Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары тақырыбына арналған бітіру жұмысына.
Рецензия
Диплом жұмысының барысында экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелер, яғни аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау мәселелеріна тоқталған.
Басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу бағалаудың сарапшылық (эксперт) әдістерін қолдану негізінде белгіленген қағидаларға сәкес жүргізілуі, дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы тәжірибелерін және аумақтар дамуының әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын қамтамасыз етуде бюджеттік ресурстар негізгі рөлі, аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етілуі, аймақтың жалпы республикалық еңбек бөлінісіндегі орнын ескеру, орталықтандырылған қаржы-қаражатты жергілікті халықтың жұмысбастылығын және аймақтық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында аймақ шаруашыльщтарын қайта құруға бағытгау сияқты негізгі қағидаларға сүйене отырып, ,әлеуметгік бағдарламалардың белгілі бір бөлігін орталық атқарушы органдардан жергілікті басқару органдарына беруде қаржыландырудың бұрынғы көлемін сақтау қарастырылған.
Дайындалған диплом жұмысы жақсы деген бағаға лайықты деп есептейміз.
Рецензент
Сын пікір
Диплом жұмысында зерттелген тақырып “Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары”
Диплом жұмысының мақсаты — Қазіргі кезеңдегі аймақтық басқарудың тиімділігін арттырудың мемлекеттік стратегиясы ең алдымен, халықтың өмір сүруінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге, елдің экономикалық кеңістігінің тұтастығы мен бірлігін сақтауға, экономиканың нақты секторының түрақты дамуы үшін жағдайлар қалыптастыруға бағытталуын реттеу. Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы дербестіктің барған сайын арта түсуі аумақтың түрақты, тиімді дамуын қамтамасыз ететін экономикалық саясатты жасақтаудағы аймақтық басқарудың жауапкершілігін күшейту.
Орындалған диплом жұмысының құрылымы кіріспеден,үш тараудан,қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде қарастырылған мәселелер қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері, аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралдары,аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері қарастырылған.
Екінші бөлімде қарастырылған негізгі мәселелер аймақтық қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды қалыптастыру,бюджетаралық қатынастарды реформалау үрдістері және Қазақстан аймақтарындағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бағыттары көрсетілген.
Үшінші бөлімде аймақ экономикасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету және аймақтық менеджмент механизмін тиімді қолдану жолдарына тоқталып өткен.
Диплом жұмысы мамандығына сәйкес жазылған және оны қорғауға жіберуге ұсынамын.
Орындалған диплом жұмысы жақсы деген бағаға лайықты деп есептеймін.
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..
1.Тарау.Аймақ мемлекеттік басқару обьектісі ретінде ………………………………..
1.1. Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері…………………………………..
1.2.Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы……………..
1.3. Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері..
2.Тарау. Аймақтық мәселелер және бюджет аралық қатынастар………………..
2.1. Аймақтық қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды қалыптастыру……………………………………………………………………………………………
2.2. Бюджетаралық қатынастарды реформалау үрдісі…………………………………
- Қазақстан аймақтарындағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру..
3.Тарау. Аймақтық басқарудың тиімділігін арттыру жолдары……………………
3.1.Аймақ экономикасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету……………………
3.2.Аймақтық менеджмент механизмін тиімді қолдану……………………………..
Қорытынды………………………………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтық өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін өңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді.
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар кебінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, Сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады
Аймақтық саясаттың екі деңгейлілігі екі басқару субъектісін — орталық (Үкімет) пен аймақты (аймақтық басқару органдары) анық бөліп көрсетумен байланысты болып отыр. Бұл деңгейлердің әрқайсысы өздерінің басқару аясында, функцияларын орындауда толықтай дербестікке ие. Барлық мәселе осы аялар мен функциялардың қалай бөлінетіндігінде, аймақтық басқару органдарына қаншалықты бостандық берілгендігінде және басқару субъектілерінің арасында қандай қатынастар орнатылғандығында. Жалпы алғанда екі түрлі нұсқа болуы мүмкін: біріншісі, орталық аймақпен салыстырғанда артықшылықты жағдайға ие болады; екіншісі, аймақтардың мейлінше дербес бола отырып орталықпен айқын қатынастар орнатуы.
Аймақтардың өзіндік бюджеттерінің табыстарын құру қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:
- тиімділік және орындылық;
- аймақтық саясатгың жалпы мемлекеттік макроэкономи-калық саясатқа сай болуы;
- салықтық баламалылық.
Қазіргі жағдайда, әсіресе жергілікті басқару жүйесін рефор-малауға орай, жергілікті бюджеттердің табыстарын құрудың осындай әдісі тиімді болып табылады. Бұл әдісті тиімді пайда-ланудың басты шарты — мемлекеттік деңгейде үстемелердің шекті көлемдерін белгілеу.
Біздің ойымызша, Қазақстанда бюджеттер арасындағы табыстарды бөлудің аталған барлық әдістерін тиімді түрде ұштастыра отырып, қолдануга болады. Дәл осындай ұштастыру салықтық түсімдердің нақты түрлерін, оларды тағайындаудың өзіндік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Аймактык; проблемалардың ерекшелігі — оларды шешу үшін әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпо-рындар мен ұйымдардың да, Сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі.
Аймақтар дамуын басқару жүйесін жетілдіру үшін, ең алдымен, республикалық, облыстық және жергілікті деңгейлердегі билік органдарының бірлесіп әрекет ету мәселесін шешу керек.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты аймақтардың түрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген масатқа жету — мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Диплом жұмысының міндеті — жеке аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін аймақтардьщ экономикалық даму деңгейі мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке аймақтардың дамуының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру үлкен мэнге ие болмақ.
Диплом жұмысының маңыздылығы — аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің әдіс, тәсілдерін, аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін анықтау болып табылады. Осыған байланысты аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктеріне, индустриялық-инновациялық стратегияның жүзеге асу барысына, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне, аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруге басты назар аудару.
Сонымен, аймақ экономикасын басқару аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жалпы мемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың негізгі буыны болып табылады. Аймақтар дамуын басқарудың ұтымды жүйесін қалыптастыру және оны жүзеге асырудың механизмдерін жасақтау түптеп келгенде түрақты экономикалық өсудің кепілі бола алады деп қорытынды жасауға болады.
1.Тарау.Аймақ мемлекеттік басқару обьектісі ретінде.
1.1. Қазіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми түрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.[2,5 бет]
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б. араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, нсмссе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, өнда жүргізіліп жатқан реформалардың өң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу — Бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды (дифференциация) тым «күшейтіп» жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. Ал АҚШ-та ең «алдыңғы» және ең «артта қалған» штаттарының арасындағы айырмашылық небәрі 1,8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі — Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2003 жылғы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАО-дегі айырмашылық 12 ссе болған.
Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім, мың теңге
Облыстар |
жылдар: |
||||
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
|
Қазақстан Республикасы |
121,5 |
157,8 |
168,4 |
172,3 |
266,9 |
Ақмола |
87,1 |
94,7 |
95,8 |
98,1 |
157,6 |
Ақтөбе |
124,2 |
162,5 |
185,4 |
200,1 |
285,9 |
Алматы |
58,5 |
72,0 |
74,6 |
85,7 |
120,8 |
Атырау |
288,6 |
581,7 |
698,2 |
701,5 |
1099,4 |
Шығыс Қазақстан |
125,6 |
143,3 |
152,4 |
164,8 |
196,7 |
Жамбыл |
44,0 |
50,2 |
56,4 |
60,0 |
91,2 |
Батыс Қазақстан |
115,9 |
203,4 |
240,0 |
258,9 |
323,0 |
Қарағанды |
150,8 |
197,2 |
201,4 |
202,5 |
272,2 |
Қызылорда |
122,6 |
144,1 |
145,6 |
158,3 |
217,1 |
Қостанай |
58,8 |
93,4 |
100,7 |
103,4 |
189,5 |
Маңғыстау |
247,4 |
432,1 |
458,3 |
504,3 |
566,5 |
Павлодар |
136,7 |
175,2 |
198,3 |
203,4 |
289,9 |
Соитүстік Қазақстан |
55,1 |
61,1 |
67,5 |
71,3 |
147,8 |
өңтүстік Қазақстан |
55,1 |
61,1 |
67,5 |
71,4 |
110,3 |
Астана қаласы |
243,3 |
254,0 |
259,4 |
302,5 |
510,6 |
Алматы қаласы |
283,1 |
329,9 |
331,2 |
367,1 |
625,7 |
Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды «жұмсарту» қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық түрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың түрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы түрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроөнеркәсіптік;
- дағдарыстық.
Бірінші топ — стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және түрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестиқиялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;
- ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» құрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады. [2,9 бет]
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін пробле-малар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;
- нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ — ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмыс бастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын түрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;
- ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техниқаларды енгізу және пайдалану;
- тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа — қысылшаң (экстремальный) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
- экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
- осы аймақтарда түратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да түрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
- шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет — аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
- өндіріс қарқынының төмендеуі;
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар. Бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады. [4,54 бет]
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар кебінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, Сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады
Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктсрмен анықталады, олар өз кезегіне экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың түрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, Бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар. Макро-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Осы суреттен көрініп тұрғанындай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Аймақты басқару жүйесі және оның мемлекеттік реттеу жүйесінің орны
Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жузеге асырады. [2,25 бет]
Аймақтық саясатты нақты қалыптастыру үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегілер:
- еліміз аймақтарының табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;
- аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды иайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, Сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
- аймақтың орналасуының «құрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етеді;
- инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
- елдің экономикалық даму тенденқиясы;
- тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;
- институқионалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы және т.б.;
- орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфра-құрылым;
- әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б;
- орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;
- орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.
Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеу» саясаты болуы тиіс. Бұл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін талап ететін санқырлы проблема ретінде қарастыруға болады.
Нарықтық экономикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы ушін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б.
Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады.
1.2.Басқару –аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы.
Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденіп отырған ақиқат. Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару жүйесінсіз бәсекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды. Өздерінің мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай «жаңартқан» мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын орналастыру үшін, шет ел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті. Ал Бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік жағдайында аса маңызды.
Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:
- «әділдік», яғни барлық аймақ түрғындары үшін жақсы түрмыс-жағдайына жетудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
- «тиімділік», жалпы ұлттың түрмыс-жағдайын көтеру мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану талап етіледі.
Бұл екі мақсат қарама-қайшы да бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдынғы орынға шығады. [2,35 бет]
Қазіргі кезеңде әлеуметтік-экономикалық жүйенің құрделенуіне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес қалыптасқан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару құрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді:
- мақсаттар қою арқылы;
- белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы;
- ресурстарға шектеу қою арқылы.
Басқарудың әр түрлі деңгейлерінің арасында өкілеттіліктер, жауапкершіліктер және функциялар болып бөлінеді. Бекітілген өкілеттілік аясында әрбір басқару құрылымы өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға құқықтары бар. Басқарудың жоғары деңгейі ағымдағы қызметке, соңғысы өзінің функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алады. Бір деңгейдегі басқару құрылымдары тікелей бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, басқарудың жоғары деңгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше алады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген өкілеттіліктер мен функциялар шегінен шығып кететін болса, келісімшарт түрінде жүзеге асырылады. Өкілеттіліктерді бөлгенде функциялардың қайсысын ерекше орындау қағидасымен, ал, қайсысы үшін басқарудың әр түрлі деңгейлеріне ортақ жауапкершілік бекіту керектігін ескеріп, соған сәйкес өңтайлы шешімдер табу маңызды болып табылады.
Аймақтық басқарудың кез келген деңгейі басқарушылық қызметтің нақты түрлерін орындаумен сипатталады, яғни, құрылымның әрбір деңгейіне қатысты нақты функциялардың болуы. Аймақтық басқарудың нақты функцияларының жиынтығы басқару деңгейінің негізгі сипаттамасы болып табылады. Оларды бөлудегі бастапқы негіз — аймақтық басқарудың нақты әр деңгейінің мақсаттары мен міндеттері. Әр деңгей жоғары деңгеймен келісе отырып, өзінің мақсаттарын қалыптастырады.
Аймақтық басқару құрылымының деңгейлері бойынша функциялар мен міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен, яғни басқару объектісінен, сол сияқты жоғарыдан — басқару субъектісінен де таралуы тиіс. Функциялар мен міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса, төменгі деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі туындайды, сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырған жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу қаупі бар. Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі басқару деңгейлерінің басымдығы немесе тендігі сақталуы тиіс. Бөлу барысында басқару органдарының міндетті өкілеттілігіне аймақты басқару мақсатгарына жауап бермейтін және нарықтық қатынастар арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер өздері жүзеге асыратын функциялар енгізілмеуі қажет. [5,215 бет]
Осыған байланысты аймақты басқарудың көптеген функцияларын бөлудің негізгі ережесі болып субсидиарлық қағидасы табылады. Ол қағидаға сәйкес басқарудың нақты функциясы оны тұтынушыға барынша жақын болуы тиіс. Демек, басқару деңгейлері арасында бөлінген функциялар басқару объектісінің мақсатына қаншалықты сай болса, басқару да соншалықты нәтижелі болады. Сонымен қатар басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлгенде сақталуы қажет бірқатар қағидаларды атап өтейік:
- өкілеттіліктердің жеткілікті болу қағидасы, оған сәкес функцияны орындайтын басқару деңгейінің өкілеттілігі оны тиімді жүзеге асыру үшін қажет және жеткілікті болуы тиіс;
- өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің сәкестік қағидасы, белгілі бір функцияны орындаудағы жауапкершілік берілген өкілеттіліктер шегінен асып кетпеуі кажет, Сондай-ақ бұл өкілеттіліктерден кем болмауы да шарт;
- ресурстармен қамтамасыз етілу қағидасы, басқару деңгейіне сәкес нақты функцияны жүзеге асыру қажетті материалдық, қаржылық, еңбек және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.
Басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу бағалаудың сарапшылық (эксперт) әдістерін қолдану негізінде белгіленген қағидаларға сәкес жүргізіледі. Басқарудың белгілі бір деңгейінде функцияны тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауда аумақтық бірліктердің түрлі сипаттамаларын ескеру талап етіледі, атап айтканда, халық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым функциялар жоғарыға берілмей, басқарудың аймақтық деңгейлерінде қалады. Аумақтық бірліктердің экономикалық және әлеуметтік дамуы қаншалықты жоғары болса, дамуға қатысты функциялардың көбі сол аймақтың басқару органдарының құзіретінде қалдырылады.
Нақты функцияның жүзеге асуының тиімділігін бағалау әрбір деңгейде тиімділіктің әр түрлі экономикалық және техникалық көрсеткіштерімен анықталады. Функцияны жүзеге асырудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар деңгейге сол функция бекітіліп беріледі. Аймақтық басқарудың әрбір нақты функциясының жүзеге асырылуына және оның тиімділігіне басқару объектісінің қанағаттандырылу деңгейі үнемі сарапшылық бағалау негізінде анықталып отырылуы тиіс.
Осы теориялық негізге сүйене отырып, Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы ретіндегі басқару ерекшеліктерін қарастырайық.
Қазақстаннық аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құрылады. Осыған орай, аймақтық экономикалық саясат, орталық үкіметпен қоса аймақтық билік органдарымен де жүргізілуі тиіс. Тек орталық билікте ғана жалпы елдің экономикалық өсуін ынталандыру, жалпы әлеуметтік шиеленісуді азайту үшін аймақ пен салалар арасындағы пайданы тиімді қайта бөлу, елдің экономикалық дамуындағы терең аймақтық және салалық теңсіздікті қысқартуға мүмкіндік беретін түрақты экономикалық өсу траекториясына шығу тәрізді құрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік бар. Ал аймақтық деңгейдегі билік болса өз мүдделеріне сәкес, өз өкілеттіліктері
шегіндегі мәселелермен айналысады. Аймақтық дамуды басқару осы орталық пен аймақтар арасындағы мүдделерді үйлестірудің нысандары мен әдістерін қолдануды, аймақаралық және аймақшілік материалдық ресурстар мен қаржылық ағындарды пайдалану арасындағы өзара байланысты күшейтуді, республиканың, әсіресе дағдарыстық аймақтардағы субъектілердің
әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттік қолдау механизмін жетілдіру тәсілдерін көздейді. Қазіргі кезеңдегі аймақтар дамуының негізгі басқарушылық астары ретінде республикалық және аймақтық бағдарламалардың өзара әрекеттесуі мен үйлесуі, болып жатқан өзгерістерге сай олардың өңтайлы сәкестігі қарастырылады.
Аймақтық саясаттың екі деңгейлілігі екі басқару субъектісін — орталық (Үкімет) пен аймақты (аймақтық басқару органдары) анық бөліп көрсетумен байланысты болып отыр. Бұл деңгейлердің әрқайсысы өздерінің басқару аясында, функцияларын орындауда толықтай дербестікке ие. Барлық мәселе осы аялар мен функциялардың қалай бөлінетіндігінде, аймақтық басқару органдарына қаншалықты бостандық берілгендігінде және басқару субъектілерінің арасында қандай қатынастар орнатылғандығында. Жалпы алғанда екі түрлі нұсқа болуы мүмкін: біріншісі, орталық аймақпен салыстырғанда артықшылықты жағдайға ие болады; екіншісі, аймақтардың мейлінше дербес бола отырып орталықпен айқын қатынастар орнатуы.
Аймақтық саясатты жасақтаудың мәні аймақты басқару функцияларын белу қағидаларын, мемлекеттік және жергілікті деңгейде аймақтық саясатты жүзеге асыру қағидаларын, сонымен қатар нақты экономикалық механизмдерді жасақтау болып табылады.
Мемлекеттік аймақтық саясаттың құрамы мен құрылымы
Орталық үкімет аймақтық саясатты елімізді дамытудың жалпы ұлттық мақсаттары шегінде жүзеге асырады және экономиканың даму жағдайына тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде — экономикалық мақсаттар, ал экономикалық өсу кезеңінде әлеуметтік мақсаттар артықшылыққа ие болады. Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:
- Әрбір аймақтағы халықтың түрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру;
2.Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру.
Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру тек ірі, жалпы-мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы,
артта қалған аумақтарды даму деңгейі жоғары аймақтардың деңгейіне жеткізу, бірақ мұндай жағдай халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс;
- Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;
- Түрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аймақтық деңгейдегі басқару функциялары рөлінің өсуіне алып келеді. Осыған орай билік деңгейлері арасында өкілеттіліктерді, жауапкершіліктер мен функцияларды бөлу жүзеге асырылуы тиіс. Биліктің барлық деңгейлері:
- халыққа әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуы және негізгі конституқиялық құқықтарын қамтамасыз етуі тиіс;
- шаруашылық жүргізудің әр түрлі механизмдерін қолдануды реттеуі қажет;
- халыққа қажетті, бірақ пайдасы аз және тиімділігі төмен кәсіпорындарды ұйымдастыру мен қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы тиіс;
- басқару органдары аймақтың артта қалған аудандарын дамыту саясатын жүргізуі керек;
- табиғат қорғау шараларын жүргізуі тиіс.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтың ерекшелігін, олардың шешетін стратегиялық және тактикалық міндетгерінің сипатын ескеретін, икемді және саралангғн болуы керек.
Сонымен аймақтарды басқару келесілерді талап етеді:
- республикалық және аймақтық деңгейлердегі басқару органдарының функциялары мен өкілеттіліктерін шектеу. Бұл басқару функцияларының қайталануына жол бермеуге, басқарудың ұйымдық құрылымының иерархиялылығын белгілеуге, әрбір деңгейдің шаруашылық жүргізу нәтижелеріне жауапкершіліктерінің шамасын анықтауға мүмкіндік береді;
- республикалық басқару органдарының, Сондай-ақ шаруашылық жүргізудің аймақтық жүйелерін басқаруға аймақтық басқару органдарының қатысуының негізгі нысандарын табу. [12,56 бет]
Аймақтық басқарудың маңыздылығы мен қайтарымы әлемдік шаруашылық жүргізу тәжірибесімен де дәлелденіп отыр. Атап айтқанда, экономикалық даму түрғысынан алдыңғы қатарға шығу үшін міндетті түрде нарықта сұранысқа ие аймақтық ресурстардың жеткілікті болуы, экономикалық әлеуетке ие болу шарт емес. Көбінесе дамудың, оның ішінде аймақтық дамудың да жоғары деңгейінің кепілі басқарудың озық түрлерін қолдану, басқару өнерін игеру, шаруашылық айналымға аумақтағы экономикалық әлеуетті тарту, аймақтың өзi үшін, басқа аумақтар үшін экономикалық қызмет нәтижелерін пайдалана білу екендігі шет ел тәжірибесімен айқындалған.
Қазіргі кезеңдегі аймақтық басқарудың тиімділігін арттырудың мемлекеттік стратегиясы ең алдымен, халықтың өмір сүруінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге, елдің экономикалық кеңістігінің тұтастығы мен бірлігін сақтауға, экономиканың нақты секторының түрақты дамуы үшін жағдайлар қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Аймақтық экономиканың қызмет етуінің айқын белгіленген шекарасының болуы, аумақтардағы шаруашылық жүргізу мен әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы дербестіктің барған сайын арта түсуі аумақтың түрақты, тиімді дамуын қамтамасыз ететін экономикалық саясатты жасақтаудағы аймақтық басқарудың жауапкершілігін күшейте түседі. Нақ осы аймақтық басқару халықтың өмір сүру жағдайы мен деңгейіне, қоршаған ортаның қорғалуына, аймақ экономикасының инвестициялық тартымдылығына, оның бәсекеге қабілеттілігіне жауапты болады.
1.3.Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері.
Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы тәжірибелерін ескеру қажет екендігі айқын. Өйткені, экономиканы басқарудағы жинақталған әлемдік тәжірибені оқып-үйренбей, оларды жан-жақтылы зерттемей экономиканы мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін емес. Ел экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту барысында әлемдік тәжірибеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай аймақ экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән үлгісін қалып-тастыруға тиіспіз. Осы орайда бірқатар шет мемлекеттердің аймақтық саясатты қалыптастыру, оны жүзеге асыру бағытындағы өнды тәжірибелерін ұсынуды жөн санаймыз.
Мемлекетгің құрылымы аймақтық саясат саласындағы өкілеттіліктерді орталықсыздандыру немесе бөлу деңгейін анықтайды. Егер «интеграцияланған» мемлекеттер тәжірибесіне сүйенсек, өнда Ирландия, Португалия, Греция сияқты мемлекеттерде аймақтық саясат мәселелеріне қатысты орталықтандырылған әдіс қолданылады. Бұл мемлекеттерде шағын жобаларға қатысты жауапкершілікті аумақтық деңгейге жүктеуге әрекет жасалынғанымен, жергілікті жерлерде қажетті тәжірибенің болмауы салдарынан одан әрі жалғасын таппады. [12,65 бет]
Италия мен Германия мемлекеттерінің басқару құрылымы «интеграцияланған» мемлекеттердің басқару құрылымынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Бұл, әрине, аймақтық саясаттың жасақталу, жүзеге асу барысын айқындайды. Мысалы, Германияда аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі «Жерлерге» жүктелген, ал итальяндық жүйенің көпшілік элементтері орталықтандырылған сипатқа ие. Германияда аймақтық саясат саласындағы федералды үкіметтің негізгі функциясы — GA (Біріккен оперативті топ) шеңберінде Жерлермен серіктестік қатынастар құру. Жоспарлау жөніндегі Комитет GA құрамын анықтап, жыл сайынғы бас жоспар жобасын және аймақтық даму басымдықтарын қалыптастырады. Бас жоспар жобасы аймақтарға қажетті көмек көрсету шаралары мен шарттарынан түрады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру екі жақтан (Федералды үкіметпен және Жерлермен) бірдей үлеспен қаржыландыру негізінде жүргізіледі. Жерлер әкімшілігі аймақтық саясаттың іске асуына жауапты болады.
Финляндияда аймақтық саясаттың құрылуына, яғни, аймақтық саясатты үйлестіруге, зандарды жасақтауға, проблемалы аймақтарды анықтауға т.б. Ішкі істер министрлігі жауап береді. Аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі әр түрлі орталық министірліктерге жүктелген. Финляндияның аймақтары жекелеген шешімдерді (шағын жобаларды) қабылдайды, ал негізгі шешімдер орталықтан кабылданады.
Лл Швецияда қалыптасқан жүйе бойынша аймақтық әкімшіліктер жалпы ұлттық директиваларды іске асырады. Бұл жүйеде Өнеркәсіп және сауда министрлігі басты орынға ие. Министрліктің жанынан артта қалған аудандарға қатысты аймақтық саясатты жасақтау, оны бақылау және Еуропалық комиссиямен байланысты жүзеге асыру істерін атқаратын бөлімдер құрылған. Аймақтарды дамыту стратегиясын жасақтаумен графствалардың әкімшілік кеңесі (CAB) айналысады. Өздерінің саясатын іске асыру үшін олар бюджеттен қаржыландырылады.
Солтүстік Еуропа мемлекеттері аймақтық саясатты жүргізудегі бай тәжірибелерімен ерекшеленеді:
- Франциядағы орталықтандырылған әдіс;
- Нидерланды мен Ұлыбританияда орталықсыздандырудың жоғары
деңгейі.
- Австрия мен Бельгиядағы федералдық жүйе.
Францияда министр CIALA-дан (қолдау көрсету жөніндегі ведомствоаралық комитет) алынған ұсыныстарға негізделген аймақтық саясатқа жауап береді және оның құзыретіне аймақтық дамытуды ынталандыруға қатысты шешімдер қабылдау кіреді. DATAR — Франциядағы аймақтарды дамыту жөніндегі басты ұйым. 1995 жылы қабылданған негізгі Заңға сәкес аймақтық даму саясаты ұлттық деңгейде анықталып, жергілікті әкімшіліктермен жүргізіледі.
Нидерланды да Экономика министрлігі мен провинциялар әкімшілігі аймақтық саясат мәселелерімен айналысатын негізгі ведомоствалар болып табылады. Экономика министрлігі аймақтарға көмек көрсетуде 10 млн. флориннан асатын инвестициялар көлеміндегі жобаларға жауап береді, ал одан төмен көлемдегі басқа жобалар орталықсыздандыру түрінде іске асырылады.
Ұлыбританияда аймақтық саясат мәселелерімен Сауда және өнеркәсіп министрі және Шотландия мен Уэльс істері жөніндегі Министр айналысады. Англияда аймақтық саясатты қалыптастыру мәселесі Сауда және өнеркәсіп министрлігі мен аймақтық үкіметтік ведомстволарға жүктелген. Аталмыш министрлік Англиядағы үкіметтік ведомстволардың құзырет шегінен тыс көптеген жобаларды және Ұлыбританияға өз салдарларын тигізетін жобаларды бағалайды, сонымен қатар, ұлттық деңгейдегі директиваларды жасақтап, олардың орындалуына бақылау жүргізеді. Үкіметтік ведомствалар құзыретіне аймақтарға көмек көрсетуге қатысты шешім қабылдау кіреді.
Австрия Конституқиясы аймақтық саясатты жүргізу өкілеттілігін шектемейді. Федералды деңгей, жерлер әкімшілігі және жергілікті билік арасында өкілеттілік аялары бейресми бөлінеді. Аймақтарға көмек көрсету федералды үкіметпен және сол аймақтың жер әкімшілігімен қаржыландырылатын және жүзеге асырылатын біріккен жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Бельгияда аймақтық саясат мәселелері аймақтық деңгейлерде қарастырылады. Ірі жобаларға көмек көрсету шешімі аумактық әкімшілікпен қабылданады, ал қалған шешімдер аймақтық экономика министрімен қабылданады.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әр мемлекеттер үшін маңызы әр түрлі көптеген құралдары бар. Тарихи даму түрғысынан мұндай құралдардың бес үлкен тобын көрсетуге болады:
- халық тығыз қоныстанған аймақтарда жаңа кәсіпорындарды орналыстыруды қолдауға кететін каражат; экономикалық даму саласында мемлекеттің қызметін кеңістіктік болу;
- қаржылық қолдау жолымен компания қызметін ынталандыру;
- инфрақұрылымды қалыптастыру;
- дамуды ынталандыру жөніндегі «жұмсақ» шаралар.
Қазіргі уақытта алгашқы екі құралдың рөлі айтарлықтай төмендеп кетті. «Қолдау» құралдары Франция, Ұлыбританияда қолданылғанымен, Бұл құралдардың қолданылу ауқымы уакыт өткен сайын азаюда.
Қазіргі уақытта Еуроодақтың (ЕО) көпшілік мемлекеттері аймақтық саясат құралы ретінде соңғы үш топты қолданады. Қаржылық ынталандыруларға жұмыс орнын құрумен байланысты жәрдемақылар, субсидиялар, несиелер және т.б. жатады. Бұл әдістер фирмаларды проблемалы аудандарды инвестициялауға ынталандыру үшін жасалған. Осы аталған құралдар Еуроодақтың барлық мемлекеттерінде кеңінен қолданылуда. Инфрақұрылымның «жұмсақ» элементтеріне ақпараттық желілерді қолдау, консалтингілік қызмет, ғылыми зерттеулер жатады.
Интеграцияланған мемлекеттерде саясат құралдарының құрамы айтарлықтай көлемді болып келеді. Оның себебі аймақтық проблемалардың «тереңдігімен» байланысты. Аймақтық саясатты дамытуды ынталандыру үшін құрылымдық және интеграциялық қорлар құрылған. Бұл қорлар тек өндірісті инвестициялауды ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсетуді және бизнестің дамуына жағдай жасауды да көздейді. Интеграциялық қор көлік және қоршаған ортамен тікелей байланыста болатын инфрақұрылымның дамуына қатысты үлкен жобалармен айналысады. [10,65 бет]
Скандинавия елдеріне қатысты аймақтық саясаттың «тар» және «кең» астарлары бар. Тар мағынасында мұндай саясат бизнес пен экономиканы дамыту іс-шараларын қамтиды. Аймақтық саясаттың кең астары халық аз қоныстанған аймақтардағы өмір сүру деңгейін қолдау мақсатында үкімет тарапынан байланыс, көлік, білім және денсаулық сақтау саласындағы әрекеттер кешенін көздейді. Скандинавия елдерінің негізгі ерекшелігі ЕО-ның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда аймақтық саясаттың бip астарының өзінде де мазмұны кең болып табылады. Мысалы, проблемалы аудандардың өздеріне тән ерекшелігін, олардың қатаң климаттық жағдайларын ескере отырып, ЕО-ның басқа мемлекеттерінде қолданылмайтын ұзақ мерзімді қолдаулар бар.
Солтүстік Еуропа мемлекеттері аймақтық саясаттың әрекет ету аясын кеңейту туралы шешімдер қабылдауда. Атап айтқанда, Францияда аймақтық саясат ауқымы кеңейе түсуде, өнда «аумақты басқару» түсінігі аймақты дамытудың саяси шараларының кең жүйесін құрайды. Аймақты дамыту туралы заңдардың бірі аймақта сараланған салық салу, инфрақұрылымды дамыту, аймақтарды дамытуды ынталандыру туралы шешімдер қабылдау және т.б. қамтиды. Сонымен қатар кедей аймақтарға көмек көрсететін аймақтардың дамуын жоспарлау жөніндегі келісімдердің мемлекеттік жүйесі бар. Нидерланды мен Австрияда аймақтық саясаттың маңыздылығы әлдеқайда төменірек, бірақ бұл мемлекеттер фирмаларға қаржылық көмек
көрсету шегінен шығатын аймақтық саясатты жүргізуге талпынуда. Нидерландыда аймақтық саясаттың негізі тар мағынада капитал салуға келіп саяды, ал кең мағынасында – қолайлы бизнес ортаны құру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені. Австрияда аймақтық саясатты дамытуда саяси шаралар қабылдануда, яғни аймақтардың экономикалық даму саясаты бизнес ортаның дамуына қолдау көрсету, Сондай-ақ көлік, білім беру және өмір сүру деңгейін жоғарылату сияқты
жергілікті факторларды қамтуы тиіс.
Данияда аймақтық саясат «шекті шаралар» аясында құрылған. Оған фирмалар қолдана алатын, бірақ ақшалай қаражат беруді немесе қандай да бір фирмаға көмек көрсетуді көздемейтін қызметтер кіреді. Техникалық және коммерциялық қызметтер жиынтығына еркін қол жеткізуге болатын мұндай шаралар бүкіл мемлекетте жүргізіледі. Дания 1991 жылдан бері жеке аймақтарды дамытуды ынталандыруға қатысты бағдарламаны жүргізбеген ЕО-дағы жалғыз мемлекет. Данияда әлеуметтік қамтамасыздандырудың біртұтас мемлекеттік жүйесі бар, Сондай-ақ қаржылық механизмдерінің жұмыс істеуі табыс деңгейі мен әлеуметтік мүмкіндіктерде айырмашылық тудыруы мүмкін жекелеген аймақтардың экономикалық дамуындағы теңсіздікке жол бермеуге бағытталған.
Бельгия, Ұлыбритания сияқты мемлекеттердің аймақтық саясаты ынталандыру саясаты болып табылады. Қолайлы бизнес — ортаны құруға бағытталған шараларды аймақтық саясаттың емес, жалпыұлттық саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырған жөн. Ұлыбританиядағы аймақтарды дамыту шараларын екі түріге бөлуге болады:
- ынталандыру саясаты деп атауға болатын аймақтық индустриялық саясат;
- ауылдық және қалалық аудандарын дамытуға арналған бағдарламалардың тұтас жүйесін құрайтын «қайта өрлеу» саясаты.
Бұл екі бағыт бұрын бір-бірінен бөлек орындалатын, қазіргі уақытта бірге орындалуда. «Қайта өрлеу» саясатының ерекше белгісі жекелеген аймақтарды дамыту және олардық бәсекелестігін арттыру болып табылады. Соңғы кездері «қайта өрлеу» саясатын жүргізудің тиімділігі артып келеді. Қазір аумақтық индустриялық саясаттың бюджеті «қайта өрлеу» саясатының (бюджетіне Қарағанда он есе аз, бұрын бұл бағыттарға бөлінетін қаржы көлемі бірдей болатын.
Еуроодаққа мүше мемлекеттердің аймақтарды дамытуға қатысты саясатын талдай отырып, олардағы (Данияны қоспағанда) аймақтық саясаттың өзегі аймақтық дамуды ынталандыру екендігіне көз жеткіздік. Енді аймақтық саясатты жүзеге асырудың бірқатар механизмдеріне тоқталып өтейік.
Батыс Еуропадағы бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері. Берілген әдіс механизмдерін үш түрғыда қарастырған жөн:
ЕО ішінде экономикалық және әлеуметтік интеграцияның дамуына ықпалын тигізетін құрылымдық қордың бағдарламалық әдісі;
Аймақтық экономикалық құрылымдарды жетілдіру үшін құрылған GA(Gemeinschaftsaufgabe) міндеттерді бірлесіп шешудің германиялық жүйесі. Бұл жүйе федералды үкімет пен Жерлердің келісу нәтижесі болып табылады.
Мемлекет пен аймақтар арасындағы француздық жоспарлық келісімдер (CPERs).
Жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдардың түрлі мақсаттары мен механизмдері бар, олардың жалпы негізгі ерекшелігі: аймақтарды дамытуға басқарудың әр түрлі элементтерін қатыстыруды ұйымдастыра отырып, олардың күштерін біріктіреді. [2,25 бет]
Батыс Еуропадағы бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері
Бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері
|
Құрылымдық Қордың бағдарламалық жүйесі (ЕуроОдақ) |
Аймақгық экономикалық құрылымдарды жетілдіру үшін міндеттерді бірігіп шешу (Германия) |
CPER Мемлекет пен аймақтар арасындағы жоспарлық келісімдер (Франқия) |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
||
Қағидаларды жобалау кезеңі |
|||||
Сипаттама |
Әрбір бағдарламалық кезең басталар алдында құрылымдық қәр қағидаларын жасақтау және үйлестіру. Осы шарттардың негізінде қаржылық көмек көрсетілетін аумақты және бөлінетін қаржының көлемін анықгау |
«Біріккен міндет» заңдарын жасақтау және сыртқы ортаның өзгерісін ескере отырып, үнемі қайта қарап отыру. Қолдау объектілерін қалып-тастыру және олардың арасында қаражаттарды бөлу |
CPER келісімдер жүйесінің заңнамалық негізін құру және оларды өзгертіп отыру. Мұқтаж аймақтарға бөлінетін қаражат келемін анықтау |
||
Жауапкерші-ліктерді бөлу |
Қаржылық қолдауға аумақтың қажеттілігі анықталады |
Биліктің фед. органдары мен Жерлер аймақтық саясатты жасақтауға бірге қатысады және қолдауды қажетсінетін обьектілерді анықгайды. |
CPER-дің әрбір буынына қаржы бөлу ұлттық денгейде анықталады. Бірақ шешім қабылдауға аймақтық деңгей ұсынатып дәлелдер әсер етуі мүмкін |
||
Ұжымдық талдау, жоспарлау кезеңі |
|||||
Сипаттама |
Жобалау кезеңіңде бекітілген қағидалар негізінде жасалған жоспарлар мен бағдарламалар енгізуге дейін бағалаудан және Еуропалық Комиссияның бекітуіне дейін келісуден өтеді |
Әр жыл сайын біртұтас ұлттық жоспар (Rahmenplan) жасалады. Ол жалпы ережелерден және әрбір Жердің мақсаттарын нақтылайтын бөлімдерден түрады |
Ұлттық экономикалық жоспар негізінен бірнеше жылға құрылады Осы жоспар, тиісті заңдар мен ұсыныстар негізінде үкімет аймақтық деңгейде қара-жатты шығындауға қатысты стратегиялық жоспарды жасайды |
||
Жауапкершіліктерді бөлу |
Әр түрлі деңгейдегі билік органдары (ұлттық аймақтың жергілікті деңгей), бағдарламаны жасау кезеңін өз жауапкершіліктеріне алады. Бағдарламаны жасақтау және қабылдау ЕО бақылауымен орындалады |
Құра.мына бірдей дауыспен федерадды және аймақтық деңгей өкілдері кіретін Жоспарлау Комитеті Rahmenplan-ды бекітеді. Жерлерге қатысты бөлімдер Жердің билік органдарымен жасақтальш, әрқайсысы Комиссиямен келісіледі |
Ұлтгық жоспар федералды, деңгейде құрылады. Осыған байланысты мемлекет пен аймақтар арасыңдағы серіктестік туралы жоспарлы келісімдер құрылады |
||
Оперативті таңдау және жүзеге асыру кезеңі |
|||||
Сипаттама |
Берілген бағдарлама бо- йынша жүзеге асыры- латын жобаларға мәлім- демелерді тарту, олар-дың бағдарлама мақсат-тарына сәкес келетін-дігін бағалау, анықгау және олардың ең үздік-теріне каржылық қолдау көрсету. Жобаның жүзе-ге асырылуын бақылау |
Жоспарда баяндалған мақсаттар мен мүдделерге жетуге бағытталған жоба бойынша ржыландыру. Жоба бойынша эдің шешімдердің қабылдануын және жүзеге асуын қадағалап отыру |
Аймақгық деңгейде жасалған бағдарламаларды жүзеге асыру |
||
Жауапкерші-ліктерді бөлу |
Бағдарламалар арналып жасалған денгейде серік-тестік нысанында жүзеге асырылады. |
Жерлер жобаның орындалуына жауап береді. Мониторинг Жерлерге қаржы-ландыру туралы қажетті шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді |
Әрбір қатысушы ұйым өзі жоспарлаған жобаны өз құзыреті шегінде жүзеге асырады |
||
Қарастырылған еуропалық тәжірибе республикалық та, аймақтық та деңгейлерді қамтитын аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жүйесін енгізудің айқын артықшылықтарын дәлелдеп отыр. Жалпы мемлекеттік деңгей аймақтардың проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін жалпы қағидаларды белгілесе, аймақтық деңгей өзінің әлеуеті мен проблемаларын бөлшектеп қарастыруды көздейді. Аймақтардың экономикалық даму аясындағы жинақталған тәжірибелері аумақтарды дамытуға қатысты мақсаттары ұқсас болғандықтан, әр аймақтың өз ерекшеліктеріне сай бірінен-біріне тарала алады.
Осындай жүйелерді құрудың еуропалық тәжірибесі айқындағандай, олардың табысты болуы үшін белгілі шарттар мен факторлар қажет екен. Соларға кеңірек тоқталып өтуді жөн санаймыз. Ең алдымен, нашар және күшті дамыған аймақтар арасында «ынтымақтастық туралы пакт» қажет. Нашар дамыған аймақтарды дамытуға қаражаттарды бағыттауға мүмкіндік беретін кез келген қайта бөлу механизмдерін енгізудің шарты — жақсырақ және нашар қамтамасыз етілген аудандар арасындағы «ынтымақтастық пактінің» болуы.
«Ынтымақтастық пактісін» жалпы мақсатқа сай құрылатын кез келген жүйені қалыптастыруда алуға болады. Мұндай жүйе екі әдіспен енгізілуі мүмкін: тікелей және жанама. Тікелей әдіс елдің барлық аумағында аймақтық дамуға ықпалын тигізгені үшін қандай нысанда болсын ынталандыруларды көздейді, дегенмен, нашар дамыған аумақтар үшін ынталандыру артығырақ болады.
Жанама әдіс те тиімді болып табылады. Оған экономикалық кеңістікте дамыған аймақтардың «қолайсыз» аймақтардың дамуынан алатын экономикалық және әлеуметтік жанама артықшылықтары жатады.
Түрақты экономикалық жағдай. Жоғарыда сипатталған әрбір жүйе аймақтағы кәсіпорындар мен ұйымдардың бағдарламаларға қаржы бөлуге және оларды орындауға мүмкіндік беретін түрақты экономикасының болуын көздейді. Бұл әрине, саяси жағдайы түрақты, макроэкономикалық дамуда түрақтылыққа ие мемлекеттерде мүмкін болады. [2,29 бет]
Саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктерді бөлу. Егер аймақтық даму жүйесіне көптеген ұйымдар қатысатын болса, өнда жүйенің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында рөлдер мен жауапкершіліктерді нақты бөлу қажеттілігі туындайды.
Міндеттерді бірігіп шешудің германиялық жүйесі міндеттерді бөлу түрғысынан алғанда нақты жүйе болып табылады: жоспарлау кезеңін нақты құрылымы, ақша қаражаттарын аудару және шешім қабылдау жүйесі бар Жоспарлау жөніндегі комитет жүзеге асырады; қабылданған Rahmenplan-ды жүзеге асыру түгелімен Жерлерге жүктеледі.
Құрылымдық қорлар міндеттерді бөлудің айқын еместігімен, олардың қайталануымен сипатталады. Бұл жүйеде қандай да бір нақты саясатты жүзеге асыруда қатысушылардың көп болуынан өзгерістерге жол беріліп, бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан шараларды бақылауды қиындатады. Мұндай жағдайда міндеттерді дұрыс бөлу мақсатында барлық қатысушылармен белсенді байланыс қажет. Сонымен қатар әрбір ұйым немесе ұйым топтарының жауапкершіліктерін шектеудің тағы бір механизмі — бұл жоспарларды жасақтау және жүзеге асыру кезеңдерінде биліктің жоғары деңгейінде шығарылған нені, қалай істеу керек екендігі көрсетілген нұсқаулар. Құрылымдық қордың 2000-2006 жылдарға арналған реформаларында жауапкершіліктерді шектеу жөнінде шаралар қабылданған.
Экономикалық ықпал ету басымдығы. Экономикалық дамудың қағидалары нәтижелі болу үшін олардың басымдығы болуы қажет. Мысал ретінде тиімділігі төмен компанияларға жұмыс орындарын жасанды түрде сақтау үшін жәрдемақылар беруді атауға болады. Бұл экономикалық ықпал етудің төменгі басымдықтарының бірі.
Бүгінгі күні Еуропаның дамығын елдері мен АҚШ-та аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы болып табылатындар:
- билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға өзіндік дербестік беру;
- елдің және аймақтың экономикалық даму стратегиясын өзінің жеке табиғи ресурстық әлеуетін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, бірігіп әзірлеу;
- аймақтардың экономикалық даму деңгейлерін теңестіру.
Сондай-ақ әлемдік тәжірибеде аумақтарды дамытудың үш мүмкін нұсқасы белгілі, олардың мәні:
- алдыңғы қатарлы, бай аудандарды дамыту және қолдау керек, ал қалғандары бай аудандар есебінен дамиды (АҚШ тәжірибесі);
- салық салу, жұмыспен қамту, өмір сүру деңгейін реттей отырып, барлық аудандарда өмір сүрудің шамамен тең жағдайларын қамтамасыз ету (Германия тәжірибесі);
- кедей аудандарды ғана қолдау қажет, ал бай аудандар өздігінен дами алады (Скандинавия елдерінің тәжірибесі).
Осы тәжірибелерге сүйене отырып, біздің республикамыздың қазіргі даму жағдайында Германия мемлекетінің тәжірибесін қолдану белгілі бір нәтижеге жеткізеді деп тұжырымдауға болады.
Сонымен шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысын, оны іске асырудағы басқару органдарының қызметін сараптау нәтижесі елдің аймақтық саясатын жүргізуде бірқатар тәжірибелерді ескере отырып, оларды өз ерекшеліктерімізге сай бейімдеуді және пайдалануды талап етеді.
2.Тарау.Аймақтық мәселелер және бюджетаралық қатынастар.
2.1.Аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару.
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтың қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару мәселесін шешу пәрменді аймақтық саясаттың жүзеге асырылуын көздейді. Аймақтың қаржылық ресурстары кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қаржыларынан, бюджеттік және несиелік ресурстардан құралады.
Аймақтың экономикалық әлеуетінің жағдайы мен деңгейі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен басқарудың қажетті алғышарты болып табылады. Аймақтың экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатын өнеркәсіп саласының даму барысы оқу құралының алдыңғы тарауында қаржылық ресурстарының маңызды бөлігі ретіндегі жергілікті бюджеттердің қалыптасу барысын қарастырамыз. Кез келген реформаны, оның ішінде экономикалық реформаларды жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға орасан зор қаржы ресурстарын салуды талап ететіні белгілі. Осы мақсатта, әсіресе, аймақтардың дамуында жергілікті бюджеттердің атқарар рөлі аса маңызды. Аймақтарда қалыптасатын қаржылық қатынастар негізінен жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер елдің бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. [2,32 бет]
Ал бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалъщ және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан — федералды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті;
- ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджет!).
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Облыстың бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзара төлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады.
Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, Сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасынық бюджет жүйесі
Жеке аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық жағдай; қаржы-бюджет саясаты, өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы , инфляқия қарқыны, бағаның есуі және т.б. сан алуан факторлар әсер етеді.
Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан Республикасының Конституқиясымен, арнайы бюджеттік және салықтық заңнамалардың нормативтік актілерімен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңдармен қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын қалыптастыру қағидалары жалпы бюджет жүйесін құру қағидаларына негізделген.
Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерге сәкес жергілікті бюджеттер арқылы жергілікті бағдарламалар, сонымен қатар онымен байланысты басқа да бағдарламалардың қаржыландырылуы жүзеге асырылады. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын ұстау шығындарын қаржылындыру; білім беру мен денсаулық сақтауды; халықтың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыруды және занды түрде бекітілген жеңілдіктерді жүзеге асыруды; түрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және инженерлік инфрақұрылымды; мәдениетті, спортты, туризмді және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын; шағын және орта бизнесті дамытуды; жұмысбастылықты қамтамасыз етуді қаржыландыру және кезекті қаржылық жылға арналған бюджетте қарастырылған басқа да бағдарламаларды қамтамасыз ету. Мемлекеттік банктер арқылы қайтарымды негізде берілетін бюджеттік қаражаттар қысқа мерзімді, орта мерзімді және үзақ мерзімді мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға арналады. [1,15 бет]
Табыстық түсімдердің шектелуі жағдайында құрылымы мен құрылу әдістері нарықка өткеннен бастап айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жергілікті бюджеттердің өзіндік табыстық базасының құрылуына ерекше көңіл бөлінеді. Ең алдымен, бұл нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында табыстарды алу көздерін, олардың деңгейлерін, жалпы қоғамдағы, Сондай-ақ, жекелеген шаруашылық жүргізуші субъект пен азаматтар-дың тұтынулары мен жинақтарын реттеу үшін қолданылатын әдістерге қатысты. Бұл әдістер мемлекеттік билік органдарының барлық буындары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негізін құруда маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының аймақтық бірегей бюджеті жергілікті бюджет бола отырып, елдің бюджет жүйесінің дербес буыны болып табылады. Бюджеттік қаржылардың орталықтандырылу деңгейін сипаттайтын әр түрлі деңгейлер бойынша бюджеттің табыс бөлігінің бөліну құрылымын айқындайтын деректеріне назар аударайық.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттердің әр түрлі деңгейлері бойынша табыстардың бөліну құрылымы
Бюджет түрлері |
1999 ж |
2000 ж |
2001 ж |
2002 ж |
2003 ж |
|||||
млн. тенге |
% |
млн, тенге |
% |
млн. тенге |
% |
млн. тенге |
% |
млн. тенге |
% |
|
республи калық |
250352 |
53,5 |
317748 |
54,1 |
393584 |
53,6 |
505709 |
62,6 |
722000 |
59,7 |
жергілікті |
217575 |
46,5 |
269290 |
45,9 |
340352 |
46,4 |
302331 |
37,4 |
486376 |
40,3 |
мемлекеттік |
467927 |
100 |
587039 |
100 |
733660 |
100 |
807852 |
100 |
1208376 |
100 |
5-ші кестені талдау нәтижесінде республикалық бюджетте қаражаттардың орталықтану деңгейі 1999 жылғы 53,5 пайыздан 2003 жылы 59,7 пайызға дейін жоғарылағанын байқап отырмыз. Кестеде келтірілген деректерді «жағымсыз» құбылыс ретінде сипаттап, оны орталықтану тенденқиясының көрінуі деп бағалауға болады. Бұл табыстарды орталықтандыру саясатының жүргізіліп отырғандығына дәлел болса керек. Жалпы алғанда республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы табыстардың бөлінуі 1999 жылдан бастап орташа есеппен алғанда 56,7/43,3 шамасында болып келеді.
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамалары жергілікті деңгейдегі билік органдарының қызметтерінің дербестік талаптарына сай келе бермейді. Аймақтардың бюджеті олардын, қаржылық әлеуетінің маңызды элементі екендігін ескерген жөн. Аумақтар дамуының әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын қамтамасыз етуде бюджеттік ресурстар негізгі рөл атқарады. Аймақтық мүдде аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етілуі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттерді қалыптастыруда аймақ пен орталықтың өзара қарым-қатынастарын да ескермеуге болмайды. Ол бюджетаралық қатынастар үрдісі арқылы жүзеге асады. Бұл мәселе оқу құралының келесі бөлімінде қарастырылады.
Жергілікті бюджеттердің өзіндік табыстары салықтық және салықтық емес түсімдерден құрылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәкес жергілікті бюджеттерді құрайтын табыстар бекітілген және реттелетін болып бөлінеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттердін орындалуы
|
Республикалық бюджет |
Жергілікті бюджет |
||||
|
2004 жылғы 1 каңтарға кассалық атқарылуы, млн.теңге |
қорытын-дысына %-бен |
бір жылға бекітілген бюджетке кассалық атқарылуының %-ы |
2004 жылғы 1каңтарға кассалық аткарылуы, млн.теңге |
қорытын-дысына %-бен |
Бір жылға бекітілген бюджетке кассалық атқарылуының %-ы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Түсімдер |
722034 |
100,0 |
101,7 |
486289 |
100,0 |
104,4 |
Табыстар,оның ішінде: |
649000 |
89,9 |
101,7 |
355676 |
73,1 |
104,2 |
Салық түсімдері |
603396 |
93,0 |
104,0 |
343855 |
96,7 |
104,4 |
Салықтык емес түсімдер |
39348 |
6,1 |
76,4 |
5575 |
1,6 |
86,8 |
Капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыстар |
6256 |
1,0 |
94,6 |
6246 |
1,8 |
111,5 |
Алынғанресми трансферттер |
57630 |
8,0 |
100,0 |
122926 |
25,3 |
107,2 |
Кредиттердіқайтару |
15404 |
2,1 |
106,7 |
7696 |
1,6 |
76,5 |
Шыгыстар |
768935 |
100,0 |
97,0 |
479119 |
100,0 |
99,5 |
Шығындар, соның ішінде |
730459 |
95,0 |
97,1 |
471957 |
98,5 |
99,8 |
Жалпы сипаттағы мемдекеттік кызмет керсету |
42738 |
5,9 |
96,0 |
21220 |
4,5 |
146,1 |
Қорганыс |
40415 |
5,5 |
91,3 |
7153 |
1,5 |
100,3 |
Қоғамдық тәртіп пен кауіпсіздік |
73779 |
10,1 |
99,9 |
17771 |
3,8 |
99,6 |
Білім беру |
23203 |
3,2 I |
98,9 |
130966 |
27,7 | |
99,2 \ |
Денсаулық сактау |
19104 |
2,6 |
100,5 |
74087 |
15,7 |
98,9 |
Әлеуметгік камтамасыз ету және әлеуметтік көмек беру |
202043 |
27,7 |
97,9 |
40145 |
8,5 |
97,3 |
Түрғын үй коммуналдық шаруашылық |
10321 |
1,4 |
99,5 |
33986 |
7,2 |
94,7 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттьж кеңісгік |
12879 |
1,8 |
99,5 |
20910 |
4,4 |
96,8 |
Отын-энергетикалық кешен және жер койнауьш пайдалану |
8486 |
1,2 |
99,2 |
783 |
0,2 |
100,0 |
Ауыз су, орман, балық шаруашылығы және көршаған ортаны көрғау |
41337 |
5,7 |
93,0 |
7022 |
1,5 |
98,5 |
Өнеркәсіп және кұрылыс |
1364 |
0,2 |
92,0 |
2501 |
о! | |
95,5 |
Көлік және байланыс |
58812 |
8,1 |
96,5 |
25620 |
5,4 |
96,1 |
Өзгелер |
680І0 1 |
9,3 |
97,1 |
30973 |
6,6 |
98,1 |
Борыш кызметі |
34338 |
4,7 |
90,8 |
U70 |
0,2 |
91,4 |
Ресми трансфертгер |
93630 |
12,8 |
99,8 |
57650 |
12,2 |
100,0 |
Несиелер |
38476 |
5,0 |
93,8 |
7162 |
1,5 |
82,9 |
Бюджет тапшылығы |
-46901 |
|
|
7179 |
|
Әр жыл сайын заңды түрде Қазақстанның республикалық бюджеті бекітіледі. Осы бюджет арқылы республика аумақтарында бюджеттік үрдіс жәие бюджеттік реттеу жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер республикалық бюджет бекітілген-нен кейін, субвенқиялар мен бюджеітік алып алулардың шама-сы белгілі болғаннан соң барып бекітіледі.
Соңғы уақытта Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджет түсімдерінің құралу тәртібін реттейтін заннамаларға біркатар өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер томендегідей:
- Жергілікті бюджетгердін кірістері:
- сазлықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
- салыққа жатпайтын түсімдер;
- капиталмен жасалған операциялардан түсетін түсімдер (коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін түсімдер және басқалары);
- Ресми трансферттер;
- Несиелер бойынша негізгі борыштарды өтеу.
2003 жылғы Реепубликалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын сипаттайтын деректеріне назар аударайық.
жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер келемі 722 млрд. теңгені құрады, Бұл 2003 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд. теңге) деңгейінен 27,7% артық.
2004 жылдың тиісті кезеңімен (541,6 млрд. теңге) салыстырғанда несиелерді есепке алғандаш шығыстар 42%-ға өсті және жылдық 1 қаңтарына 768,9 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің тапшылығы 46,9 млрд. теңге деңгейінде анықталып отыр.
Есепті кезеңде республикалық бюджепің 89,9%-ын табыстар (соның ішінде салықтар — 93%) құрады. Түсімдер көлеміндегі ресми трансферттер үлесі — 8%.
Шығындардьщ негізгі бөлігі — 35,2% әлеуметгік сала мен жалпы мемлексттік кызметгер — 21,5% үлесінде. 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Бұл шығымдар тиісінше 27,4% және 25,5% артты, өндірістік салаға шығындар 54,8%-ға өсті.
Осы кезең ішінде жергілікті бюджетке түскен түсімдер 486,3 млрд. теңгені, несиені есепке алғандағы щығыстар 479,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың осы кезеңіне қарағанда тиісінше — 26% және 21,4% артық (түскені — 386 млрд. теңге, несиені есепке алғандағы шығыстар — 394,5 млрд. теңге). Бюджет тапшылығы 7,2 млрд. теңге деңгейінде анықталды.
2004 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджетке түскен түсімдердің құрылымындағы табыстар — 73,1% (сОның ішінде 96,7% — салық түсімдері), ресми трансферттер — 25,3%-ға құрады.
Жергілікті бюджет шығындарының елеулі бөлігі әлеуметтік салаға (51,9%) жұмсалған, оның ішінде: білім беруге — 27,7%, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекке — 8,5%, денсаулық сақтауға — 15,7%.
2003 жылғы тиісті кезеңнің деректерімен салыстырғанда жергілікті бюджеттің шығындары тұтастай алғанда — 22,4%, олардан өндірістік салаға 51,1%, борышты өтеуге — 29,5%, әлеуметтік салаға — 24,1%-ға өсті.
2003 жылғы жергілікті бюджеттердің табыстар құрылымын 4-сурет арқылы бейнелеуге болады.
2003 жылғы Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттерінін табыстық құрылымы, %
Бұл деректер 2003 жылы Қазақстан Республикасының жер-гілікті бюджеттерінің табыстар құрылымында салықтық түсімдер (96,7%) үлесінің жоғары болғандыгын көрсетеді. Байқап отырғанымыздай, жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер көлемі тым төмен, Сондай-ақ алынған ресми трансферттер үлесі де жоғары емес. Дерек коздері жыл сайын Бұл көрсеткіштер бойынша төмендеу тенденқиясы орын алып отыр-ғандығын айгақтайды. Атап айтқанда, 1999 жылы салықтық емес түсімдер 21,78% болса, 2003 жылы 1,6%-ды құрады; ал трансферттер бойынша 1999 жылы — 44,6%, 2003 жылы 25,3% деңгейінде болды. Сонымен қатар аумақтык, бірліктердің жер-гілікті бюджетінің табыс бөлігіндегі салықтық түсімдердің үлес салмағы да бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.
2001-2003 жылдардағы облыстардың жергілікті бюджетінің табыс бөлігіндегі салықтьік түсімдердін үлес салмағы, %
Аймақтар |
жылдар: |
||
2001 |
2002 |
2003 |
|
Акмола |
56,5 |
45,8 |
45,2 |
Ақтөбе |
85,2 |
93,9 |
92,1 |
Алматы |
47,9 |
54,7 |
57,5 |
Атырау |
98,2 |
85,8 |
87,7 |
Шығгыс Қазақстан |
81,3 |
76,0 |
64,1 |
Жамбыл |
52,4 |
41,4 |
28,2 |
Батыс Қазақстан |
93,7 |
84,5 |
89,3 |
Қызылорда |
78,8 |
51,0 |
42,8 |
Қарағанды |
96,1 |
96,3 |
88,3 |
Қостанай |
79,0 |
67,0 |
65,4 |
Манғыстау |
97,4 |
97,8 |
93,2 |
Павлодар |
88,7 |
93,5 |
93,1 |
Солтүстік Қазақстан |
55,1 |
51,6 |
49,6 |
өңтүстік Қазақстан |
47,4 |
54,2 |
45,4 |
Астана қаласы |
81,3 |
81,1 |
67,3 |
Алматы қаласы |
94,7 |
96,4 |
88,7 |
Кесте мәліметтері экономикалық әлеуеті жоғары облыс-тардың бюджетінің табыс бөлігін құрайтын салықтар үлесінің де жоғары екендігін айқындап отыр. Бұл тенденқия Маңғыстау, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан сияқты экономикасы қарқынды дамып отырған облыстар үшін тэн.
Нарыққа өту жағдайында жергілікті бюджеттердің түсім-дерін негізгі голықтырушы болып келген заңды түлғалар табысына салынатын салық 2002 жылдан бастап толықтай реснубли-калық бюджетке тусетін болды. Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттерді жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, республика аумагында өндірілген ішімдік өнімдеріне салынатын акқиздер, жер салығы т.б құрайды.
1999-2003 жылдардағы жергілікті бюджеттерді талдау нәти-жесі бірқатар аймақтарда табыстардың 40%-нан астамына дейін мемлекеттік трансферттер есебінен қамтамасыз етіліп отыратынын айқындайды. (8-кесте) Мұндай жағдай Ақмола, Алматы, Жамбыл, өңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарын-да орын алып отыр.
Жергілікті бюджеттердің табыс бөлігіндегі трансферттердің үлес салмагы, %
Аймақтар |
жылдар: |
||||
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
|
Қазақстан Республикасы |
14,7 |
13,4 |
12,7 |
19,3 |
25,3 |
Ақмола |
46,8 |
38,6 |
35,4 |
35,2 |
33,9 |
Ақтөбе |
1,6 |
1,4 |
1,2 |
1,3 |
1,5 |
Алматы |
48,4 |
43,4 |
42,1 |
45,3 |
43,5 |
Атырау |
0,5 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
Батыс Қазақсған |
9,3 |
3,2 |
2,8 |
2,7 |
2,9 |
Жамбыл |
33,2 |
41,2 |
40,3 |
41,1 |
41,6 |
Қарағанды |
0,4 |
1,0 |
0,9 |
0,6 |
0,6 |
Қостанай |
0,9 |
0,4 |
0,5 |
0,5 |
0,4 |
Қызылорда |
39,7 |
23,1 |
22,9 |
22,7 |
22,6 |
Маңғыстау |
0,0 |
0,04 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
өңтүстік Қазақстан |
42,8 |
38,6 |
35,8 |
35,7 |
35,9 |
Павлодар |
2,6 |
1,0 |
1,1 |
1,2 |
1,3 |
Солтүстік Қазақстан |
36,4 |
34,8 |
33,5 |
33,2 |
32,6 |
Шығыс Қазақстан |
1,9 |
30,2 |
32,1 |
31,5 |
31,8 |
Астана қаласы |
25,4 |
9,3 |
8,9 |
8,9 |
8,7 |
Алматы қаласы |
0,3 |
2,8 |
2,7 |
2,9 |
3,5 |
Аймақтардағы халық санының әртүрлілігі, экономикалық даму деңгейінің бірдей еместігі жан басына шаққандағы бюджет шығындарының түрліше болуын туындатады. Оны төмендегі кесте деректерінен айқын аңғаруға болады.
1999-2003 жылдардағы жергілікті бюджеттердің жан басына шаққандағы шығындары (жан басына шаққанда, тенге)
Аймақтар |
жылдар: |
||||
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қазақстан Республикасы |
10281,0 |
14376,5 |
20100,0 |
21150,6 |
22365,0 |
Ақмола |
7443,4 |
11287,0 |
13500,0 |
14521,6 |
15210,0 |
Ақтөбе |
7947,0 |
13726,3 |
18900,0 |
19661,0 |
17852,0 |
Алматы |
9175,3 |
6700,5 |
8500,0 |
8965,3 |
9015,0 |
Атырау |
11107,6 |
37966,2 |
89800,0 |
82634,0 |
89569,8 |
Батыс Қазақстан |
9065,6 |
13159,9 |
16200,0 |
16987,0 |
17102,3 |
Жамбыл |
7564,9 |
7016,3 |
1300,0 |
1425,3 |
1542,5 |
Қарағанды |
8994,6 |
12163,4 |
18181,5 |
19618,1 |
20205,8 |
Қостанай |
8584,3 |
10456,6 |
17374,7 |
18523,2 |
19862,3 |
Қызылорда |
18355,3 |
13340,8 |
11857,2 |
12859,3 |
13585,0 |
Маңғыстау |
10212,9 |
33940,4 |
59305,07 |
6023,2 |
6835,0 |
Оңтүстік Қазақстан |
8387,4 |
7008,9 |
10401,5 |
1(059,8 |
12105,0 |
Павлодар |
10910,7 |
16347,3 |
15850,1 |
16289,0 |
17256,5 |
Солтүстік Қазақстан |
13688,4 |
11147,7 |
12043,6 |
13050,0 |
14250,6 |
Шығыс Қазақстан |
10581,2 |
14796,6 |
6400,0 |
6895,5 |
9853,6 |
Астана қаласы |
31906,8 |
62410,0 |
72570,3 |
75869,8 |
76989,5 |
Алматы қаласы |
12498,0 |
26376,1 |
35788,8 |
37852,2 |
38985,7 |
Биліктің жергілікті органдары бюджет қаражаттарыньи бағытын (жоғары бюджеттен берілген мақсатты арналымы (бар қорларды қоспағанда) өздері анықтайды. Ал жергілікті бюджеттердің табыс көзін қалыптастыру «жоғарыдан» жүргізіледі, яғни шешімдерді қабылдау жоғарыдан төмен жүреді. Шындығында жергілікті басқару органдары бюджеттің шығысы мен кірісін» ықпал ете алмайды. Оларды бақылау қифрларын есептеі отырып және соның негізінде аймақтар үшін субвенциялар мен бюджеттік алып алулардың мөлшерін белгілей отырып, Қаржы министрлігі аныктайды.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың механизмнің мазмул-дық негізін тіркелген табыс көздері құрайтынын ескерген жөн. Тіркелген және реттелетін табыстар арасындағы сандық қатынас жергілікті бюджеттердің дербестік дәрежесінің нақты көрсет-кіші болып табылады. Көптеген жылдар бойы төменгі билік органдарының өз бюджеттерін құрудағы мүмкіндіктерінің шек-телуі нәтижесінде барлық аймақтық бюджеттер бойынша тіркелген табыстар үлесі 30 пайыз шегінен асқан жоқ. Нарық жағдайында жергілікті бюджеттерді құрудың негізгі алғышарттарының өзгеруімен байланысты тіркелген және реттелетін табыстар арасындағы қатынас айтарлықтай өзгерді, ал кейбір жағдайларда тіпті тіркелген табыстар үлесі өсті. [11,125 бет]
Қазіргі кезде Қазақстанда жергілікті органдардың өз дең-гейінде салық салу бойынша өкілеттіліктері жоқ және бюджет табыстарына әсер етуі шектеулі, демек, олар жергілікті салықтардың көмегімен қарыздар бойынша төлемдерін өтеуге «қауқарсыз».
Жергілікті бюджеттерге жергілікті үстемелерді енгізу, салықтық қойылымдарды өзгерту жолымен бюджеттердің табыс бөлімін құруға нақты мүмкіндіктер беру жергілікті бюджеттердің дербестігіне ықпал етеді.
Аймақтық экономиканың қазіргі кездегі негізгі қайшылық-тарының бірі әлеуметтік-экономикалық аядағы жергілікті басқару органдарына жүктелген міндеттердің өсуі мен оларды жүзеге асырудың қаржылық мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтардың артуы болып отыр.
Әлемдік тэжірибе көрсеткендей бюджет құрылымының қайта құрылуы бюджет жүйесінің республикалық және аймақ-тық деңгейлері арасындағы қатынастардың жетілдірілуімен ғана шектелмейді. Өйткені Бұл төмен тұрған билік органдарының дербес бюджеттерін құру және олардың атқарылу мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдауда нақты орталықсыздандыруға экелмейді. Осыған байланысты Қазақстанның бюджеттік құры-лымын демократияландырудың жетекші бағыты субсидиарлық қағидасына сәкес бюджет үрдісіндеq өкілеnтіліктерді, функwияларды және жауапкершіліктерді бөлуге негізделген жергілікті басқару органдары мен мемлекет арасындағы қаржылық ағындарды шектеу болып табылады. Бұл қағида бойынша жоғары тұрған деңгей төменгі тұған деңгей шеше алмайтын мәселелер бойынша ғана шешім қабылдайды. Субсидиарлық қағидасының жүзеге асырылуы жергілікті билік органдарының бюджеттік құқықтарын кеңейтуді талап етеді.
Республика аймақтарының түрлі факторлардың әсерінен (ол факторлар алдыңғы бөлімдерде қарастырылып өткен) даму деңгейлерінің әр түрлі болуы бюджеттерді теңестіру мәселесін туындатады. Жергілікті бюджеттердің теңестірілуі жоғары тұрған бюджеттерден субвенқия бөлу және теменгі бюджеттерден бюджеттік алуларды жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етіледі. Соған орай донороблыстар және субвенқиялы-облыстар тобы қалыптасады.
Донор-облыстар мен субвенқиялы-облыстар
Донор-облыстар |
Алымдардағы үлес салмағы |
Субвенқиялы-облыстар |
Субвенқиядағы үлес салмақтары |
||||
2001 |
2002 |
2003 |
2001 |
2002 |
2003 |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Алматы қаласы |
43,37 |
43,5 |
43,7 |
өңтүстік Қазақстан |
24,0 |
29,1 |
30,3 |
Атырау |
18,1 |
26,3 |
25,6 |
Алматы |
23,7 |
22,3 |
24,2 |
Маңгыстау |
13,0 |
8,4 |
9,1 |
Астана қаласы |
— |
— |
— |
Қарағанды |
10,5 |
11,5 |
11,6 |
Солтүстік Қазақстан |
11,9 |
11,7 |
12,1 |
Павлодар |
9,4 |
3,16 |
4,2 |
Ақмола |
15,8 |
15,3 |
16,2 |
Ақтобе |
4,4 |
3,6 |
4,1 |
Қызылорда |
12,7 |
8,8 |
8,9 |
Қостанай |
0,9 |
0,7 |
0,8 |
Жамбыл |
9,2 |
11,6 |
12,0 |
Шығыс Қазақстан |
— |
2,5 |
— |
Батыс Қачақстан |
1,3 |
0,9 |
— |
|
|
|
|
Шығыс Қазақстан |
1,1 |
— |
1,1 |
Соңғы жылдар бойы алты облыс (Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай) және Алматы қаласы түрақты түрде — донор-облыстар, ал сегіз облыс (өңтүстік Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан) пен Астана қаласы субвенқия алушы облыстар қатарында болып отыр.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғанындай, бірқатар донор аймақтарда проблемалық аумақтар (артта қалған аудандар) бар: Ақтөбе облысында — Ырғыз ауданы, Атырау облысында Қызылқоға ауданы, Маңғыстау облысында — Бейнеу ауданы, Шығыс Қазақстан облысында — төрт аудан: Бесқарағай, Абай, Ұржар, Тарбағатай аудандары, Павлодар облысында — Ақтоғай ауданы.
2003 жылы алымдардың жалпы сомасындағы үлесі 43,75%-ды құраған Алматы қаласы ірі донор болып табылады. Қарағанды, Актөбе, Павлодар сияқты экономикасы дамыған облыстар, Сондай-ақ дамыған мұнай-газ секторы бар Атырау мен Маңғыстау облыстары донорлар болып отыр. Ал субвенқия алатын облыстарға басымдықпен агралық секторды дамытып отырған облыстар жатқызылады. 2003 жылдағы бағамдау бойынша субвенқия алушыдан донорға айналып отырған өтпелі топтагы облыстарға Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарын жатқызуға болады.
Сонымен, аймақтық бюджеттердің гіімақтық деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөліне, оның маңызына жеткілікті деңгейде талдау жасалынды. Аймақтық бюджет табыстары нарықтық экономика жағдайында Қазақстан аймақтарының дербестігінің қажетті шарты бола отырып, жергілікті билік органдарына жүктелген міндеттердің олардың қаржылық мүмкіндіктерімен сәкес келуіне негіз болуы тиіс. Ал Бұл, өз кезегінде билік деңгейлері арасында өкілеттіліктер мен функциялардың, жауапкершіліктердің нақты бөлінуін және соған сәкес бюджетаралық қатынас мәселелерін жетілдіруді көздейді.
2.2.Бюджетаралық қатынастарды реформалау үрдісі.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы өзінің жеке бюджет саясатын қалыптастыра бастады. Алғаш қабылдан-ған Тәуелсіз мемлекетіміздің зандарының бірі «Бюджет жүйесі туралы» болды. Республикадағы бюджетаралық қатынастарды реттеу зандылықтарының негізі осы заң болып табылды. Бұл заңға сәкес жергілікті бюджет республикалық бюджеттен тәуелсіз, сонымен қатар төменгі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасу үрдісіне жоғарғы органдардың араласуына шектеу қойыл-ған, жергілікті органдарға қолда бар қаражаттарын еркін пайдалануға құқық берілген.
Қазақстандағы бюджеттік үрдіс «Бюджет жүйесі туралы» Заңның үш рет (1991, 1996, 1999 жылдар) қабылдануына «куэ» болып, сонымен іргелесе келе жатыр. Соңғы қабылданған (1999 жылғы) жаңа заң негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, орындау және бақылаудың жаңа тәртібі анықталды. Осы заңмен бюджет қаражаттарын қалыптастыру мен жұмсаудың қағидаларына өзгерістер енгізіл-ді, атап айтқанда:
Орталық және жергілікті билік органдарының функциялары бөлінді, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалардың тізімі анықталды;
Аймақтар бюджетінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін олардың орындайтын функцияларына сәкес бюджет деңгейлерінің арасында табыстарды белу белгіленді.
Бюджеттің кредиторлық қарызының өсуінің алдын алу механизмдері жасалынды.
Барлық бюджеттен тыс қорлар қысқартылды.
Бұл заң шынайы тенденқияларға едэуір жақын болғанмен де, бюджет үрдісін жеткілікті деңгейде реттеуге дәрменсіздеу, ксмеліне жетпеген болып шықты. Сонымен 2004 жылдың 24 сэ-уірінде Бюджет Кодексі қабылданды (2005 жылдьщ 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді). Бұл Кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейтін және бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі ережелерін, қагидалары мен механизм-дерін, бюджет қаражатының құрылуы мен пайдаланылуын белгілейтін болады.
Бюджетаралық қатынастар — бұл бюджет үрдісіндегі жоғары және төмен тұрған бюджеттердің арасындағы қатынас. Бюджет мемлекеттің өз функцияларын орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік саясат шараларын жүзеге асыру жөніндегі негізгі құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін жүктелген функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы құралдарымен қамтамасыз ететін-дей, өзара қарым-қатынастың түрақтылығы мен айқындылығы қағидасына негізделген, Сондай-ақ тиімді бюджет еаяеатын жүргізуге ынталандыратындай бюджетаралық қатынастардың өңтайлы моделін қалыптастыру талап етіледі.
Бюджетаралық қатынастарды реформалау мемлекет пен экономиканың ілгерілеуі үшін аса қажет және соған орай қазіргі кезендегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды, соның ішінде бюджет деңгейлері арасында табыстарды бөлуді реформалау 1998 жылы басталған еді. Табыстарды бөлу түрғысынан бюд-жеттік үрдісті жетілдіру үш кезеңнен өтті.
Бірінші кезең. 1995 жылдың 1 шілдесінде қабылданған Салықтық Кодексте салықтар мемлекеттік бюджет деңгейлері бойынша бөлінді. өнда салықтарды бөлудің жылдар бойы өзге-ріп отырған әр түрлі тэсілдері қолданылды. 1996 жылы жергі-лікті бюджеттерге:
акқиздер (Павлодар облысы мен Алматы қаласынан басқа) — жалпы түсімдердің 100 пайызы;
- қосымша қүн салығы — 10 пайыздан 100 пайызға дейін;
- задды тұлғалардан алынатын табыс салығы барлық ай-мақтарда дерлік 40 пайыз мөлшерінде;
- жеке түлғалардан алынатын табыс салығы.
1997 жылдан бастап қосымша құн салығы тұтасымен рес-публикалық бюджетке түсті. 1997-1998 жылдары бюджетаралық реттеу зақды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы есебінен жүргізілді. [2,]
Екінші кезең. 1999 жылдан бастап барлық облыстар бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер арасында табыстарды бөлудің бірыңғай нормативі белгіленді. Осы уақыттан бастап заңды түлғалардан алынатын табыс салығы мен ішімдік өнімдері бойынша акқиздердің 50 пайызы, занды тұлғалардан алынатын табыс сальны мен әлеуметтік салық — 100 пайыз жергілікті бюджеттерге түсті.
Үшінші кезең. 2002 жылдан бастап бюджет деңгейлері арасында салықтың нақты түрін бөлшектеуді жүзеге асырмай-ақ, салықтардың түрлері бойынша республикалық және жергі-лікті бюджеттердің табыс көздері дәл айқындалды.
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму карқынын ескере отырып, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі өңтайландыру қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта осы бағытта бірқатар ілгері қадамдар жасалуда. Атап айтқанда, Республика Президентінің 2001 жылғы 24 қазанындағы №713 Жарльнымен мем-лекеттік басқару деңгейлері және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру арсында екілеттіліктерді ажырату жөнінде Мемлекет-тік комиссия құрылды. Комиссия жұмысының мақсаты мем-лекеттік басқару деңгейлері арасында мемлекеттік қызметтерді тиімді бөлу, Сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде үсыныстар әзірлеу болып табылады. Комиссия жұмы-сының шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 5 ақпанындағы №4 Қаулысымен мемлекеттік басқару деңгейлері мен бюджетаралық қатынастарды жетілдеру арасындағы өкілеттіліктерді шектеу Тұжырымдамасының жоба-сын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрып, жергілікті бюд-жеттердің түрақтылығын қамтамасыз ететін бюджетаралық қатынастарға өңтайлы көзқарасты калыптастыру мақсатында томендегідей торт нұсқа жасақтады.
Біріншісі — оған түрақтылық элементтерін бере отырып, ягни орта мерзімді кезеңге арналған субвенқия мен бюджеттік аяымдар мөлшерін бекіту арқылы қазіргі тәртіпті сақтау. Көрсетілген тәртіпке сай бюджет деңгейлері арасында салық түрлері бойынша нақты бөлу сақталады. Басты проблема -облыстардың, айталық, донорлардың шығыстар нормативтерінің жүйесі қаншалықты сапалы деңгейде есептелсе де, әрқа-шан алымдардық белгіленген мөлшерінің эділдігі төңірегінде туындайды.
Екінші — әрбір нақты аймақ үшін жеке орта мерзімдік кезеңге арналған бөлудің түрақты нормативтерін белгілей отырып, салықтардың реттелетін турлерін анықтау. Осы нұсқа бюджеттік алымдар тетігін алып тастау мақсатында түрлі деңгейдегі бюджетгерді тік теңестіруді көздейді, ягни төлем салынатын кірістерден жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қайта бөлуді жүзеге асыру үсынылады.
Үшінші нүсқа — республикалық бюджеттід кірістерінде төлем көзінен салынатын кірістерден алынатын жеке габыс салығын және әлеуметтік салықты орталықтандыруды жүзеге асыру ұйғарылды. Осы жағдайда бюджетаралық қатынастар орта мерзімдік кезеңге түрақтандырылған республикалық бюд-жеттен жергілікті бюджетке берілетін субвенқияларды белгілеу арқылы қалыптастырылады. Көрсетілген нұскд бюджеттік алымдар жүйесінен бас тартып, бюджетаралық қатынастардың қарапайымдылығын және айқындылығын қамтамасыз етеді.
Төртінші нұсқа — кәсіпорындар бойынша түсімдерді база-лық (республикалық бюджетке) және аймақтық экономикаға (жергілікті бюджетке) белуге негізделген. Жергілікті бюджет-терді теңестіру үшін салықтармен реттелетін жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты және аймақтық экономиканың кәсіпорындарынан қосымша құн салығын анықтау көзделген.
Бұдан басқа бюджетаралық қатынастардың ұтымды үлгісін қалыптастыру шеңберінде селолық окрупердің бюджеітерін қалыптастыру және аралық жерлерді институқионалдық ны-ғайту мәселесі қаралатын болады. Осы мақсагта түжырымда-маға сәкес ауылдық экімдердің аппаратына заңды түлга мәр-тебесі беріледі. Бұл оларға шаруашылық басқару қүқығындағы оқшауланған мүлікті, өз атынан мүліктік және мүліктік емес қүқықтар мен міндеттерді сатып алу жүзеге асыру кұкыгы беріледі. Сондай-ақ өз атауы бар мер болуын кездейді.
Бюджетаралық қатынастар мәселесін зерттеушілердің ойла-ры бойынша, орталықтандырылмаған бюджет жүйесі элдеқайда тиімді. Себебі мұнда шешімдер әр түрлі деңгейде қабылданады. Мұндай жүйеде салық салу деңгейі мен бюджеттік қызметтердің арақатынасы біртіндеп сол жердегі түрғындардың қажеттілік-тері мен мүдделеріне сәкестеледі. Сонымен салықтың әрбір деңгейі жоғары қайтарымдылыққа ие болады. Бұл үшін бірнеше шарттардың орындалуы талап етіледі. Атап айтқанда, азаматтық қоғамның болуы, аймақтардың өз ішінде инвестиқия тарту үшін, жұмыс орындары үшін езара бәсекелестік жүргізуі, шығындық екілеттіліктердің нақты түрде бөлініп берілуі және табыс көздері түрақты түрде бекітіліп, бюджеттік теңестіру салықтық әлеует пен мен объективті қажеттіліктерге сай жасалуы қажет. Сонымен бірге, республикалық бюджеттен бөлінетін трансферт-тер (субвенқиялар, субсидиялар, мақсатты трансферттер) теракты әрі мақсатты болуы тиіс. Бұл жергілікті бюджеттерді қаржылай қолдаудың механизмінің объективтілігі мен айқын-дылығын күшейте түседі. Әр түрлі бюджет деңгейлері арасын-дағы бюджетаралық қатынастар жүйесі бірлік және дербестік қағидасына негізделуі қажет. Бюджетаралық қатынастар жүйесі нәтижелі жұмыс істеу үшін жергілікті екілетті және атқарушы органдардың қызметін күшейту керек. Сонымен, бюджетаралық қатынастарды реформалау, ең алдымен, жергілікті ортаның бюджет үрдісінің тазалығын, айқындығын қамтамасыз ететіндей ынталандыруды арттыруға бағытталуы қажет. [9,35 бет]
Бюджет жүйесін ұйымдастыру келесідей негізгі қағидаларға сүйенуі тиіс: біртутастық қагидасы үйымдық-экономикалық орталықтандырылған бюджет жүйесін керсетеді; толықтыльщ қагидасы бойынша үкіметтің барлық қаржылық операциялары-ның бюджетте жинақталған және барлық түсетін табыстар мен жұмсалған шығындарды білдіреді; нақтылық қагидасы қаржы-лық операциялардың бюджеттегі нақты керінісін, бюджеттік бұрмалаушылықты болдырмау қажеттілігін қарастырады; жа-риялыльщ қагидасы бойынша бюджеттердің шығындары мен табыстары туралы мэліметтер баспасез беттерінде жариялана-ды. Дегенмен, қазіргі кезенде Қазақстанның бюджет жүйесінде осы қағидалар толық орындалып отыр деп тұжырым жасауға болмайды.
Бүгінгі күні бюджет жүйесіндегі бюджетаралық қатынас-тардың реттелмегендігі құрделі мәселелердің біріне айналды. Сондықтан бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселеле-ріне жеке бөлім арналып отыр.
2.3.Қазақстан аймақтарындағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру.
Қазіргі кезеңқегі бюджет жүйесінің негізгі проблемалары-ның бірі бюджетаралық қатынастардың жетілдірілмегені болып табылады. Бұл проблеманың түп қазығы — орталық пен аймақ-тар арасындағы функциялардың нақты ажыратылып, бөлінбеуі. Осыған орай мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жоғары мэнге ие болып отыр.
Бюджетаралық қатынастар жұмылдырылған салықтар мен табыстарды бөлу бойынша және оларды мемлекеттік элеумет-тік-экономикалық нысандарда пайдалану бойынша әр түрлі билік органдары арасындағы қатынастарды білдіреді.
Республиканың бюджет жуйесін реформалаудың бірқатар өңды ілгерілеулеріне қарамастан шешімін табуы тиіс проблема-лар элі де жеткілікті. Осындай проблемалардың бірі — салықтық табыстарды аумақтар бойынша және әр түрлі деңгейдегі бюд-жеттер арасында бөлу механизмі.
Әлемдік тэжірибеде бюджеттер арасындағы салықтарды бөлу мэеелелерін шеіиуде келесідей әдістер мэлім:
салықтарды сәкес деңгейлер бойынша бекіту: феде-ралды, аймақтық және жергілікті (федеративті мемлекет-терде) немесе орталық және жергілікті (унитарны мемле-кеттерде). Сонымен қатар салықтарды енгізу құқығы басқарудың әрбір деңгейіне беріледі;
- салықтардың үлестік бөлінуі;
- салық салу базасын бірігіп пайдалану (салықтарға үстемелер немесе қосымша салықтар);
- салық салуға сәкес құқықтардың болуы.
Бекіту әдісі жалпымемлекеттік реттеуші салықтар мен табыстардың әсер ету механизмін көздейді. Олар жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын теңестіру мақсатында сәкес бюджетке белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтер бойынша салықтар немесе басқа да төлемдерден пайыздық аударымдар түрінде түседі. Реттеу облыстарға, қалаларға, аудандарға жалпымемлекеттік табыстар бөлігін жекелеген негізде беру есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл табыстар көлемі алдағы тұрған шығындарға қарай жасалатынын білдіреді. [8,67 бет]
Бюджет жүйесіндегі табыстарды бөлу ең аіідымен, түрақты немесе үзақ мерзімді негізде әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге табыстардың белгіленген түрлерін бекіту, екіншіден, бюджеттік реттеу тәртібінде жүзеге асырылады.
Бекітілген табыстар бюджеттердің габыс бөлігінің негізін қамтамасыз етеді. Мұнан басқа, бекіту негізінде бюджеттер арасында барлық табыстарды болу ретінде оларды жүзеге асыру бірқатар объективті жағдайларға байланысты максатқа лайық-сыз болып табылады: әр түрлі табыс көздері бойынша түсімдердің теңсіздігі; аймақтардың экономикалық дамуындағы айырмашылықтар және т.б. Мұндай бекіту бюджет жүйесіндегі табыстар мен шығыстар арасындағы орынсыз теңсіздіктің күшеюіне экелер еді.
Аймақтардың өзіндік бюджеттерінің табыстарын құру қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:
- тиімділік және орындылық;
- аймақтық саясатгың жалпы мемлекеттік макроэкономи-калық саясатқа сай болуы;
- салықтық баламалылық.
Салықтардың белгілі бір билік деңгейіне бекітілуі бюджеттік қамтамасыздандырылу деңгейлерінде теңсіздікке экеліп, аймақтық бюджеттер жүйесін түрақсыздандырады.
Бюджеттік реттеудің Мұндай түрін қолданғанда жергілікті билік органдары мемлекеттік салық қызметіне қатысу мүмкін-дігінен айырылып, мемлекет салықтарынан дайын түсімдердің белгілі бір белігін ғана алады. Мұндай жүйе кезінде аймақтар мемлекеттің салық саясатының нәтижелеріне мүлдем мүдделі емес деп айтуға болмайды. Керісінше, салықтық түсімдер өскен сайын, сол аумақтық бірлікке арналған абсолютгі мөлшері де оседі. Бірақ олардың мүдделігі «енжар» болып келеді. Бұл жағдайда мемлекет пен аймақтар арасындағы қатынастар икемсіз болып, аймақтар өздеріне аударылған қаражаттарын алумен ғана шектеледі.
Республикада 1996 жылдың аяғынан бастап жургізіліп келе жатқан аймақтык саясат тұжырымадамасына сәкес бюджеттер арасындағы бөлуге бірыңғай ұзақ мерзімді нормативтер негізін-де өту қарастырылған. Бірыңғай тэсілдеме барлық аумақтар үшін бірыңғай нормативтік аударымдарды белгілеуді емес, бірыңғай әдістемені және оларды есептеудің бірдей қағидаларын қолдануға негізделген. Бұл барлық аумақтардың ерекшеліктерін, олардың қаржылық-ресурстық әлеуетін ескеруге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталып өткен себептерге сәкес сапықтарды бе-кіту әдісі жергілікті бюджеттердің дұрыс қызмет етуін қамтама-сыз етпейді. Сондықтан да табыстық түсімдерді бөлу кезінде салықтарды бекіту әдісін салықтык үлестік бөлу әдісімен үйлестіре отырып қолдану керек деп ойлаймыз.
Салықтарды үлестік бөлу әдісін қолдану мемлекеттік билік деңгейлері арасында бөлуге жарамды бюджеттік түсімдердін түрлерін дұрыс тандауды галап етеді. Салықтарды үлестік бөлудің келесідей әдісі бар. Бірінші әдіс бойынша салықтар жиналған аймақтың аумағындағы әкімшілік бірліктің ислігінде қалады. Бұл әдістің артықшылығы — оның қарапайымдылығы және жергілікті билік органдарына түсімдердің белгілі бір бөлігін алуға кепілдіктерініңболуы.
Салықтық түсімдер үлесін алудың келесі әдісі бойынша аумактарға жалпымемлекеттік салықтарға қосымша салықтар салуға рұқсат етіледі. Бұл қосымша салықтың көлемі белгілі шекпен анықталады. Осындай «салыққа үстеме» жүйесі тиім-дірек қызмет етеді. Әдетте, осындай қосымша салықтарды жинау кезінде аймақтық билік органдары орталық үкіметтің одан да жстілдірілген әкімшілік механизмін қолдана алады.
Үстемелер бюджет жүйесінің әр түрлі буындары арасындағы салықтық түсімдерді шектеудің тиімді нысандарының бірі болып табылады. Мемлекеттік салыққа салынатын үстемелер экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасы үшін бұл жүйе жаңалық емес. Нарықка өту кезеңіндс жергілікті бюджеттердіқ табыстарын құрудың берілген әдісі жергілікті басқару органдарының қаржылық дербестігін нығайтудың индикаторларының бір қызметін атқарды.
Қазіргі жағдайда, әсіресе жергілікті басқару жүйесін рефор-малауға орай, жергілікті бюджеттердің табыстарын құрудың осындай әдісі тиімді болып табылады. Бұл әдісті тиімді пайда-ланудың басты шарты — мемлекеттік деңгейде үстемелердің шекті көлемдерін белгілеу.
Біздің ойымызша, Қазақстанда бюджеттер арасындағы табыстарды бөлудің аталған барлық әдістерін тиімді түрде ұштастыра отырып, қолдануга болады. Дәл осындай ұштастыру салықтық түсімдердің нақты түрлерін, оларды тағайындаудың өзіндік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Дамыған елдердің бюджеттік тәжірбиесі жоғарыда айтылған әдістердің міндетті түрде ұштастырылуы арқылы бюджет жүйесінің буындары арасында табыстарды бөлу ең тиімді түрде жүзеге асырылатындығын дәлелдейді. Сондықтан да бюджет түрлері бойынша салықтар мен табыстарды бөлу жүйесі біртұгастық және дербестік қағидасына негізделуі тиіс. Осы қағидалардың дұрыс жүзеге асырылуы және олардың үйлесуі аймақтар арасында және аймақтар ішінде қаражаттарды қайта бөлудің ерекше механизмінің болуын көздейді.
Бұл механизм келесі құраушылардан құрылуы қажет:
- облыс, аудан аумагында құрылатын қаржы ресурста-рының жалпы көлемін анықтау;
- табыстарды бюджет түрлері бойынша бөлу механизмін ескере отырып, бюджеттік ресурстардың үлес салмағын анықтау;
- аймақтарда құрылатын өзіндік бюджеттік ресурстардың үлес салмағының төменгі шегін анықтау.
Енді аймақ деңгейінде қалыптасқан бюджеттік ресурстарды басқару мәселесіне тоқталайық. Аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару меншік қатынастарының қалыптасуымен және институқионалдық өзгерістермен анықталатын аймақтық қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету мен өзіндік жеткіліктілік механизмдерін жүзеге асыру арқылы мүмкін болады. Бюджеттік реттеудің басымды мақсаты аймақтагы барлық меншікті тарта отырып, оның әлеуетін белсенді қолдану негізінде аймақтың өзін-өзі қамтамасыз етуі мен өзін-өзі дамыту қабілетін (мүмкіндігін) теңестіру болып табылады. Мысалы, меншік объектісі болып, тек үйлер, ғимараттар, машина ғана емес, сонымен қатар капитал, өнім және табыс та алынадқы. Осының барлығы мүліктік қатынастардағы, меншік объектіслнің мазмү.-нындағы меншік түсінігіне кіреді. Сонымен біррГе меншік қатынастары өмір сүру ортасы мен аймақтық қалпіына келтіру шарттарын қалыптастыру қатынастарын да қамтиды..
Атап айтқанда, қазіргі кездегі меншік Қатынастары аймақтық жүйелердің тиімді қызмет етуіне, мемлекеет пен оның аймақтарының экономикалық әлеуетінің өсуіне бағьқтталмаған.
Аймақтық меншік құрылымы екі бөлімнен тұрады:
- әлеуметтік сала меншігі, оны қаржыландыруу бюджеттік ресурстар есебінен жүргізіледі;
- өндірістік сала меншігі, аймақтың эк(ономикалық әлеуетінің өсуін қамтамасыз етеді.
Аймақтың қаржылық ресурстарын басқару; басқару үрдісін орталықсыздандырудың мәні ерекше.
Жергілікті басқаруды орталықсыздандырудың тұтас ел үшін оңды тұстары ретінде төмендегілерді атап өтуге болаады:
- «күшті аймақтар -күшті мемлекет» қағидасьқна жету;
- орталық билік органдарын әлеуметтік-эк<ономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары мен »міндеттеріне жұмылдыру;
- аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру;
- мемлекет пен аймақтардың бюджеттік қатыщастарының түрақтылығын арттыру.
Ал аймақтар үшін орталықсыздандырудың өнды әсері ретінде олардың әлеуметтік-экономикалық жүйесівпң түрақты-лығын көтеруге мүдделіліктерінің артуын айтуға боліады. [2,65 бет]
Унитарлық мемлекет болып табылатын елімізз үшін жер-гілікті органдарға өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес қаржы көздерін бекітіп беру қажеттілігі сөзсіз., Қаржысыз аймақтардың дербестігі қамтамасыз етілмейді. Жергілікті бюджеттер аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған ал аймақаралық мәселелер республикалық бюджет арқь,шы ұлттық деңгейде шешіледі.
3.Тарау.Аймақтық басқарудың (менеджменттің) тиімділігін арттыру жолдары.
3.1. Аймақ экономикасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету.
Аймақ экономикасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету -аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәкес механизмдерді қалыптас-тыру мен шаралардың түтас кешснін қабылдауды талап ететін шешілуі құрделі проблемалардың бірі болып табылады. Аймактык; проблемалардың ерекшелігі — оларды шешу үшін әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, Сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байла-нысты аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жургізу козделеді:
— біріншісі макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;
— екіншісі — мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;
— үшіншісі — жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.
Аймақ экономикасын басқару механизмін бұлай шектеу, әрине, өзін-өзі ақтайды. Өйткені аймақ экономикасын басқару механизмінің негізінде барлық аумақтарға омір сүру мен еңбек етудің тең жағдайларына жету үшін тең мүмкіндіктер беру және әрі қарай олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру жатса, ал аймақтық менеджмент пен жергілікті өзін-озі басқару механизмі түрақты экономикалық осуді қамтамасыз ету мен бүкіл халықтың түрмыс жағдайын көтеру үшін аймақ-тың ішкі әлеуетін және тартылған сыртқы ресурстарды барынша пайдалануға бағытталады.
Бірінші бағыт жөнінде айтар болсақ, макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін жасақтау мен дамытуға әрекет жасалынды. Оған дәлел — 1996 жылдың қыркүйек айында қабылданған Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының
Тұжырымдамасы және оны жаңартуға жасалынған әрекеттер, 2000 жылы жасақталған 2015 жылғы кезеңге дейінгі Қазақстан Республикасы өндіргіш күштерінің даму және орналасу Тұжы-рымдамасы мен Схемасы, мемлекеттік билік органдары тара-пынан бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге қатысты үнемі шаралар қабылданып жатқанын айғақтайды.
Жалпы ашанда осы жасақталған қүжаттар негізінен жеке-леген аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі ауытқуларды қысқартуға, сонымен қатар өнеркәсіптік өндірісті қайта құруға, оны әртараптандыруға, ауыл шаруашылығын көтеруге, ауылдық аудандардың дамуына ықпал етуге, жұмыс-сыздыққа қарсы құреске және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына көмек көрсетуге, дағдарысты аймақтар мен экология-лық қолайсыз аймақтарды қолдауга бағытталған макродеңгейде аймақ дамуын басқару механизмін қалыптастырудың негізгі тәсілдерін анықтайды. Дегенмен, осы уақытқа дейін бұл механизм жан-жақты жасақталды деуге болмайды. Сондықтан да оның міндеттерін, әрекет ету бағыттары мен жекелеген құралдарын нақтылау қажет. [2,76 бет]
Нарықтық реформалардың жүргізілуі мен аймақтар ара-сындағы сараланудың күшеюі олардың біразы ғана өзінше экономикалық өсу мен дамуға қабілетті екендігін көрсетті, соған орай аймақты басқару механизмі мемлекеттің, аймақтардың, әр түрлі меншік субъектілері мен барлық халықтың мүдделерін үштастыра отырып, барлық аймақтардың проблемаларын шешуге бағытталуы тиіс.
Сонымен, аймақ дамуын басқару механизмінің әрекет етуінің негізгі міндетіне кіретіндер:
Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық-құқықтық кеқістігінің тұтастығын сақтау;
— аймақтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін кысқарту және біртіндеп жою;
— аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі талаптарына сәкестендіру;
— барлық аймақтарда табиғатты ұтымды пайдалану мен адамдардың өмір сүру ортасын сақтауды қамтамасыз ету;
— мемлекеттің унитарлық құрылымымен анықталған өкі-леттіліктер шегінде аймақтардың дербестігін қамтамасыз ету.
Түптеп келгенде, аймақты басқарудың бүкіл механизмі барлық аймақтардың күшін бірктіре отырып, елдің түрақты эко-номикалық дамуы негізінде республика халқының эл-ауқатын көтеруге бағытталғаны жөн. Демек, Бұл механизм түратын аумағына байланыссыз өмір сүрудің белгілі бір сапасына кепілдік беретін тендестірілген аймақтық дамуды қамтамасыз етуі тиіс, яғни, халық табысындағы, жұмыссыздық деңгейіндегі, әлеуметтік инфрақұрылымдағы, көлік желісіндегі, қоршаған ортаның жағдайындағы және т.б. аймақаралық айырмашылық-тарды теңестіруді көздеуі қажет.
Аймақтар дамуын басқару жүйесін жетілдіру үшін, ең алдымен, республикалық, облыстық және жергілікті деңгейлер-дегі билік органдарының бірлесіп әрекет ету мәселесін шешу керек. Жүзеге асқан жағдайда орталық пен аймақтар арасындағы қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың тиімділігін айтарлық-тай арттыруға ықпалын тигізетін бірқатар шарттар бар.
Бірінші және негізгі шарт — Қазақстан Республикасының аймақтары өздерінің табиғи, экономикалық, ғылыми-техника-лық және әлеуметтік әлеуеті жағынан әр түрлі болғандықтан, орталық тарапынан аймақтарды басқаруға сараланған көзқарас қажет.
Екінші шарт — қатынасқа түсуші субъектілердің арасьшдағы экономикалық өкілеттіліктерді айқын бөлу, Бұл, ең алдымен, орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктер, салықтық міндеттемелер және әлеуметтік мәселелер аясындағы қүзырет-терін шектеуге қатысты.
Үшінші шарт — аймақтардың экономикалық еркіндігін ке-ңейту, бірақ, ол аймақтық саясаттың толықтай ырықтандырылу нысанына енбеу керек.
Бұл қарастырылған шарттардың жүзеге асырылуы бірқатар басымдықты шараларды іске асыру жолымен мүмкін болмақ. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
- Бір жағынан, бюджеттік қарым-қатынастарды әрбір аймак бойынша сараланған салықтың негізгі түрлері бойынша аударымдардың орта мерзімді түрақты норма-тивтер кағидасына көшіруге, екінші жағынан, бюджеттік жоспарлаудың мерзшш үзарта отырып, жетілдіруге бағытталған орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру;
Аймақтың жалпыреспубликалық еңбек бөлінісіндегі орнын ескеру, орталықтандырылған қаржы-қаражатты жергілікті халықтың жұмысбастылығын және аймақтық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында аймақ шаруашыльщтарын қайта құруға бағытгау сияқты негізгі қағидаларға сүйене отырып, аймақтарға экономи-калық көмек керс^ту;
Әлеуметгік бағдарламалардың белгілі бір бөлігін орталық атқарушы органдардан жергілікті басқару органдарына беруде қаржыландырудың бұрынғы көлемін сақтау;
Алдағы жылдың бюджетін жасақтауға барлық аймақ өкілдерінің міндеггі түрде қатысуы. [12,5 бет]
Макродеңгейде аймақтық басқару механизмінің құралы ретінде: экономикалық, қаржылық әдістер, инфрақұрылымды ұсыну және қазіргі уақыгга Еуропалық Одақтың көпшілік елдері қолданып жүрген (1-т£рауда қарастырылған) аймақтардың дамуын ынталандырудың «жұмсақ» шаралары ұсынылады. Казак-стан Республикасында аймақтық дамуды басқарудың қаржылық әдістері көбірек қолданьюқа түседі, атап айтқанда, бюджетке демеуқаржы (дотақиялар), жаңа жұмыс орындарын құруға суб-сидиялар, жеке компаниялардың дамыған немесе дағдарысты аймақтарға инвестиқия салуын ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктер беру. Сонымен бірге қаржылық әдістерді қолдану жеткілікті негіздеусіз жүргізіліп, бірқатар аймақтар тарапынан «масылдық пиғылдың» тууына және олардың дамуын тежеуге алып келеді, Сондай-ақ, донор-аймақтардан алынатын қаржы-ның шамадан артуы, олардың өсуге деген ынтасын төмендетеді және тиімсіз жағдайға кояды, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мүмкіндіктерін кысқартады.
Аймақтық дамуды орталықтан басқарудың басқа нысанда-ры, атап айтсақ, нарықтық инфрақұрылымның түрлі элементте-рін үсыну; ақпараттық желілердің, консалтингілік қызметтің дамуына, белгілі бір аймақтың аумағында бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға ықпал ету; білім беру және басқа да қызметтер көрсету жолымен аймақтарға атаулы қолдау көрсету сияқты нысандар салыстырмалы түрде көп қолданысқа түсе бермейді. Жалпы алғанда, аймақтық механизм құралдарын тиімді қолдану орталық пен аймақтар арасында қаржылық-экономикалық өзара әрекеттің өңтайлы үлгісін (моделін) табумен байланысты.
Аймақ деңгейінде аймақтық менеджмент механизмі аймақгардың ресурстық әлеуеті мен даму мүмкіндіктерін толықтай пайдалану барлық аймақтарда бірдей емес болғгіндықтан, әр облыста әр түрлі дамиды немесе мүлде болмауы мүмкін. Осы түрғыдан алғанда, аймақтық менеджмент механизмін жетілдіру жолдарын үсынуды жөн санаймыз. Жалпы мақсаттардан оның негізгі міндеттері келіп шығады, олар төмендегідей:
— аймақтың өндірістік қызметінің ауқымын және жалпы табысын арттыру;
— ұтымды мамандандыру және салалар мен қызмет аяларының өңтайлы түрін құру;
— аумақтық жоспарлау мен өндіргіш күштерді орналас-тыруды жетілдіру;
— қолайлы инвестиқиялық климат жасау;
— кәсіпкерлік қызметті дамыту мен бәсекелестік ортаны кұру үшін жағдайлар қалыптастыру.
Аймақтық менеджмент аймақтық мүдделер айкын бейнеле-ніп, олар жалпымемлекеттік мүдделермен үйлестірілгенде, оларды іске асырудың нақты қадамдары, тэсілдері мен әдістері айқындалғанда ғана белсенді әрі тиімді жүзеге аса злады.
3.2. Аймақтық менеджмент механизмін тиімді қолдану.
Аймақтық менеджмент механизмін тиімді қолдану биліктің республикалық және аймақтық органдарының арасында функ-қияларды міндетті түрде бөлуді көздейді.
Сонымен, аймақтардың дамуын басқарудың маңызды мін-деттерінің қатарына біздің көзқарасымыз бойынша, төмендегі-лерді жатқызуға болады:
— аймақтардың экономикалық және элеуметгік даму дең-
гейлеріндегі бастапқы айырмашылықтарды «тегістеу»,
халықтың лайықты өмір сүру деңгейі мен сапасын
қамтамасыз ету;
— мемлекет пен оның жекелеген аймақтарының мүдделерін үйлестіру арқылы біртұтас ұлттық экономиканың қызмет етуін қамтамасыз етуге бейімді әрекетті әлеуметтік-экономикалық механизмді құру;
— меншіктің түрлі нысандарын тең негізде дамыта отырып, көпукладты экономиканы, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.
Аймақтар дамуын басқару бағдарламасы тиімді жүзеге асуы үшін ол әрине, ресурстар көлемімен сәкес келуі, әрбір нақты жағдайға сай реттеуші шараларының баламалары болуы, көзделген іс-әрекеттің орындалуын бақылауы тиіс. Осыған орай аймақтар дамуын басқару жүйесі қалыптастыру «жинағынан», есурстар «жинағынан», жүзеге асыру «жинағынан» және бақы-лау «жинағынан» құралуы қажет. Оны аймақтық басқарудың сызба улгісі арқылы бейнелеп көрсетейік. [12,79 бет]
Аймақтар дамуын басқарудың қалыптастырушы «жинақ» злементтері біріге келіп мүмкіндіктің өзін, сонымен қатар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің мүмкін болатын нысан-дары мен әдістерін, бағьптары мен объектілерін занды арнаға түсіруі тиіс. Мұндай элементтер қатарына, ең алдымен, Казак-стан Республикасының Конституқиясы, билік деңгейлері мен тармақтары арасьгнда өкілеттіліктерді бөлуді аньгқтайтын Заддар, азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен соған сәкес нормативтер (мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері), бюджетах үрдіс пен салық жүйесі, меншік қатынастары мен олардың аймақ деңгейлері бойынша бөлінуі және т.б. жатады. Осыларға байланысты Бұл «жинақтың» маңызды элементі мемлекет пен оның жекелеген аймақтарының мүдделерін үйлестіру болып табылады.
Аймақтар дамуын мемлекеттік басқарудың ресурстық «жинағы» көздеген міндеттерді шешу үшін бөлуге болатын мемле-кеттің табиғи, қаржылық, материалдық ресурстарының бөлігін, Сондай-ақ мемлекеттік емес ресурстарды (жеке түлғалардың қаржысы, сыртқы қарыздар және т.б.) құрауы тиіс. Ресурстар-мен қамтамасыз етудің басқа да бірнеше шарттары бар болғандығына қарамастан аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды шарты болып табылады.
Басқарудың жүзеге асырушы «жинағы» құрылымы жағынан санқырлы және қалыптастырушы «жинақпен» рұқсат етілген, белгілі бір дәрежеде ресурстық «жинақпен» қамтамасыз етілген көптеген нақты әрекеттерді, механизмдерді қамтиды.
Аймақтар дамуын басқарудың бақылаушы «жинагы» жүзеге асырылатын шаралардың (мейлі ол ауқымды мақсатты бағдар-лама болсын, трансферт немесе қандай да бір жағдайға байла-нысты шешім болсын) барысын жан-жақтылы және үнемі қадағалауды білдіреді. Мұнда қабылданған шешімдерді және олардың орындалуын бақылау аса маңызды болып табылады.
Мемлекеттің аймақтық саясаты аймақаралық ерекшеліктерді жоюды, экономикалық қызметті тең жағдайлармен қамтамасыз етуді, аймақтағы экономикалық өсуді ьшталандыруды қамтиды. Нарықтық механизмдер аймақтық саясат тиімділігін, халықтың өмір сүру деңгейлеріндегі аймақтық ерекшеліктерді көбіне ескере бермейді. Осы кезге дейін қолданылған қаржылық реттеу механизмдері мен әдістемелері аймақтық сараланудың азаюына жол бермей қойған жоқ, керісінше оның күшеюіне әсер етті. Ағымдағы жедел мәселелерді шешуде трансферттер бөлуді қолдану өз кезегінде, экономикалық өсудің стратегиялық жос-парларын жүзеге асыру мен жергілікті бюджеттердің тапшылы-ғын төмендетуге маңызды әсер етпеді. Соның өзінде стратегия-лық мәселелерді дотақия және мақсатты бағдарламаларды қар-жыландыру механизмдері арқылы шешуге талпыныс жасалынды.
Сонымен, аймақ экономикасын басқару аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жалпымемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың негізгі буыны болып табылады. Аймақтар дамуын басқарудың ұтымды жүйесін қалыптастыру және оны жүзеге асырудың механизмдерін жасақтау түптеп келгенде түрақты экономикалық өсудің кепілі бола алады деп қорытынды жасауға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Аймақ экономикасын басқару мәселелерін қарастыру нәтижесінде төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
Егер Үкімет макроэкономикалық саясатты жүргізуде ай-мақтық ерекшеліктерге баса назар аудармаса, жүргізілетін аймақтық экономикалық саясаты айтарлықтай табысты болмайды.
Аймақтар экономикасын басқарудың маңызды міндеттерінің бірі жеке аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін аймақтардьщ экономикалық даму деңгейі мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке аймақтардың дамуының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру үлкен мэнге ие болмақ.
Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық міндеттер — Бұл экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру, жекелеген ай-мақтарды дағдарыстық жағдайдан шығару, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, экономиканы түрақтандыру, аймақара-лық көлік жүйесін дамыту, экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу.
Аймақтардағы басқару жүйесін өзін-өзі басқарушы өндірістік бірліктерді құру жолымен өндірісті дамыту арқылы жетілдіру қажет. Бұл мәселені шешу үшін бюджетаралық қатынастар жетілдірілуі тиіс.
Аймақтар арасындағы теңсіздіктін өсуі мен экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелердің терендеуіне байланысты аймақтардың біразы және республикалық бағыныстағы қалалар ғана экономикалық өсу мен даму мүмкіндігіне ие. Олардың көбі инвестиқияны талап етеді. Сондықтан мемлекет өзінің барлық қуатын проблемалы аймақтарға көмек көрсетуге бағыттап, барлық аймақтардың даму мәселелерін шешіп, және бір уақытта әрбір аймақ үшін артықшылықты, әрі тиімді болатын жеке бағдарламаларды эзірлеуі қажет.
Қорыта келгенде, аймақтардың эканомикасын басқаруды жетілдіру үшін:
- Орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалгастыру керек.
- Аймақтарға көмек көрсетудің негізгі қағидалары келесі-
лер болуы тиіс: жалпыреспубликалық еңбек бөлінісіндегі ай-
мақтардың перспективалары мен орнын анықтау, жергілікті ха-
лықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасайтын шаруашылық
құрылымын құруға орталықтанған қаржылық құрылымдарды
бағыттау.
Аймақтық дамуды орталықтан басқарудың басқа нысанда-ры, атап айтсақ, нарықтық инфрақұрылымның түрлі элементте-рін үсыну; ақпараттық желілердің, консалтингілік қызметтің дамуына, белгілі бір аймақтың аумағында бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға ықпал ету; білім беру және басқа да қызметтер көрсету жолымен аймақтарға атаулы қолдау көрсету сияқты нысандар салыстырмалы түрде көп қолданысқа түсе бермейді. Жалпы алғанда, аймақтық механизм құралдарын тиімді қолдану орталық пен аймақтар арасында қаржылық-экономикалық өзара әрекеттің өңтайлы үлгісін (моделін) табумен байланысты.
Аймақтың экономикалық әлеуетінің жағдайы мен деңгейі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен басқарудың қажетті алғышарты болып табылады. Аймақтың экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатын өнеркәсіп саласының даму барысы оқу құралының алдыңғы тарауында қаржылық ресурстарының маңызды бөлігі ретіндегі жергілікті бюджеттердің қалыптасу барысын қарастырамыз. Кез келген реформаны, оның ішінде экономикалық реформаларды жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға орасан зор қаржы ресурстарын салуды талап ететіні белгілі. Осы мақсатта, әсіресе, аймақтардың дамуында жергілікті бюджеттердің атқарар рөлі аса маңызды. Аймақтарда қалыптасатын қаржылық қатынастар негізінен жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер елдің бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Ал бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалъщ және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан — федералды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Мемлекеттік басқару органдарьшан жергілікті орган-дарға әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды беру кезінде оларды қаржыландыру көлемі азаймауы тиіс.
Бюджетті әзірлеу барлық облыстар мен аймақтардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылуы керек.
Ең негізгі бағыт — орталық пен аймақ арасындағы қаржылық-экономикалық өзара қатынас жасаудың өңтайлы моделін табу.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Аймақтық экономиканы басқару мәселелері Г.С. Смағұлова Алматы Экономика 2005 ж
- Кєсіпорын экономикасы жєне кєсіпкерлік . А. ‡мбеталиев. Ѓ. Керімбек.Алматы “Бастау”2002
- Кєсіпорын экономикасы . А. Ќ. Мейірбеков. Ќ. Є. Єлімбеков.” Алматы”
- ЌР Азаматтыќ кодексі. – Алматы,1994.
- Салыќ жєне бюджетне тµленетін басќа да міндетті тµлемдер туралы( салыќ кодексі).- Алмат: Жеті жарѓы, 2001.
- ЌРЗ “Инвестициялар туралы”, Егемен Ќазаќстан,2003,11 ќањтар.
- ЌРЗ “Инновациялыќќызмет туралы”, Егемен Ќазаќстан,2002, 9 шілде.
- ЌР Мемлекеттік сатып алу туралы зањы ,Зањ газеті , 1997. 5 ќараша.
- ЌРЗ “Акционерлік ќоѓамдар туралы”, Егемен Ќазаќстан ,1998, 23 шілде.
- ЌРЗ “Ќазаќстан Республикасыдаѓы ењбек туралы” зањы 2002 ж. 1 ќањтар Алматы: Юрист, 2002.
- Грузинов В. П Экономика предприятия. – М: Банки ибиржи, ЮНИТИ-1998. 54.
- Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия. –М: ИНФРА- М-1999
- Экономика предприятия : Учебник для вузов Под ред. Проф.. О.И. Волкова, В.К . Скляренко . –М: ИНФРА- М.-2000
- Экономика предприятия : Учебник Ф. К. Беа, Э. Дихала, М. Швайтцера. – М: ИНФРА- М- 1999
- С. Раќымжан±лы . Экономика, ќаржы – несие, салыќ- кеден , саќтандыру, биржа жєне кєсіпкерлік атауларыныњ орысша- ќазаќша сµздігі. Алматы, 1999.