АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері

 

«Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері»

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………….

5

 

І.

 

СУ СПОРТЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР

 

1.1

Бассейндердің сипаты мен жіберу мүмкіндігі……………………………………….

7

1.2

Бассейн түрлері……………………………………………………………………………

10

1.3

Бассейн ваннасымен оның жабдықтары………………………………………………..

17

1.4

Спорттық ғимараттарындағы қосымша мекемелер………………………….

29

 

ІІ.

Су спортымен шұғылданушыларға сабақ  өткізу әдістері

 

2.1

Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі………………………..

35

2.2

Оқытушыны сабақ өткізуге дайындау……………………………………………………

45

2.3

Шұғылданудың сабақтан тыс түрі…………………………………………………………

50

 

 

ҚорЫтынды…………………………………………………………………………………

57

 

Пайдалынған әдебитеттер……………………………………………….

60

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің  бірі ретінде көрініс тапқан.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен спорттық құрылыстардың қажеттіліктерін сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған міндеттерінің бірі. Спорттық құрылыстарының мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, спорттық құрылыстардың жіктелуін оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.

Зерттеу нысаны. Спорттық құрылыстар және су спортына арналған құрылыстар.

Зерттеудің мақсаты – Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу         

Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан – 2030” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т.б.), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.

Зерттеу базасы: Стадиондар, манеждер, ашық және жабық спорттық құрылыстар.   

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының озектілігі мен қоғамдық сұранысы, онын бүгінгі күнге дейінгі зерттелу жағдайы, зерттеу мәселесінің қарама- қайшылықтары мен проблемасы, сондай-ақ, зерттеу мәселесінің ғылыми аппараты баяндалады.

« Су спортымен шұғылданушыларға сабақ  өткізу әдістері « деп аталатын екінші тарауда су спортында пайдаланатын құрылыстар көрсетілген.

Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының нәтижелері тұжырымдалып диплом жұмысының нәтижелерін практикада пайдалануға нақтылы ұсыныстасы беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми және әдістемелік еңбектер тізімі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      

 

 

 

IТАРАУ.   СУ СПОРТЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР

 

  • Бассейндердің сипаты мен жіберу мүмкіндігі

 

Жүзу  бассейні  «Суға  секіруге  немесе  су добына арналған»  лайықты жабдықтары  мен  шомылуға,  оқу сабақтарына және жарыс өткізуге арналған құрылғылары бар табиғи немесе жасанды су қоймасы болып табылады.

Белгіленген норма бойынша спорт бассейндері ұзындығы 50 және 25 м., ені 21, 16, 11 м. ванналарымен салынуы қажет «Ұзындығы 25 м. бассейндер дене тәрбиесімен Спорт комитетінің келісімі бойынша салынады». Бұндай бассейіндерде «шеткі жолдарды 0,5 м–ге кеңейту есебімен жол ені 2,5 м. болғанда» 8, 6, 5, 4 жол салуға (4–тен аз жол салуға рұхсат етілмейді) болады.

Суға секіруге арналған бассейндердің көлемі қабылданған секіру құрылғыларының құрамымен спорт құрлыстарынын жобалау нормаларына байланысты болады. Құрылғылардың бір топтамасын орнатқанда бассейн ваннасының көлемі 20х20 м. болуы тиіс. Егер ванна ұзындығы 33,33 метрге дейін ұлғайтса, онда бассейнде су добы ойынымен жүзуге пайдалануға болады. Бассейндердің жіберу мүмкіндігін жүзумен айналасушылардың контингентіне байланысты қарастыру қажет (1–кесте).

Түрлі сабақтарға кезектесіп пайдаланатын ванналардың жіберу мүмкіндіктерін орта есеппен қабылдаған дұрыс. Жүзуге арналған ваннаның ең төмен тереңдігі 1,2 м., ал ең терең бөлігінде жасалған ылдиға байланысты 1,8–ден кем емес; Ал республикалық жарыстарға арналған бассейндердің ваннасының ең саяз тереңдігі 1,8м. Бұндағы бассейндердің ұзындығы 50 м. өйткені рекордты көрсеткіштер осы қашықтықпен есептеледі (ұзындығы 3 мм–ге ауысуы мүмкін) электрохронометражды құрылғысының пластинасын салуға байланысты, бассейн ваннасының ұзындығы пластина қалындығының есебімен ұлғаюы мүмкін.

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1– кесте

 

Ашық және жабық бассейндердің бірмезгілде жіберу мүмкіндіктері

Сабақ түрі

Жаңадан бастаушы

лар

3-2 дәрежелі жас спортшы

лар

2-1 дәрежелі жас спортшылар

1 дәрежелу және СШҮ спортшылар

Спорт шеберлері

Жаттығушылар саны

Сабақтың  мөлшері

Жаттығушылар саны

Сабақтың мөлшері

Жаттығушылар саны

Сабақтың мөлшері

Жаттығушылар саны

Сабақтың мөлшері

Жаттығушылар саны

Сабақтың мөлшері

Жүзу

(Бір жолға)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а) 25 м ваннаға

8-10

45 м

7-8

45

5-7

1,30

4-5

2 сағ.

2-3

2,15 м

б) 50 м ваннаға

12-13

45 м

8-12

45

6-8

1,30

5-6

2 сағ.

3-4

  2,15 м

Суға секіру (бір ұрылғыға)

7-8

45 м

7-8

45

6-7

1 сағат

5-6

1,30 м

3-4

  2,15 м

Су добы (Бір ваннаға)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а) 25 м ваннаға

18-20

45 м

18-20

45

18-20

1 сағат

15-18

1,30 м

12-15

  2,15 м

б) 50 м ваннаға

25-30

45 м

25-30

45

25-30

1 сағат

25-30

1,30 м

15-20

  2,15 м

 

Секіруге арналған ваннаның көлемімен тереңдігі, сондай-ақ секіру құрылғыларының орналасуы сызбада келтірілген секіру құрылғыларының топтамасы бойынша анықталады (1–сурет). Ваннаның ұзындық жиегі 2–суретте берілген спорт құрылысы тәжірибесінде туы көтерілетін немесе түсірілетін бассейндер жиі таралып жатыр. Бұндай бассейндер сан алуан сабақтар жүргізуде оның ішінде жатқан бастаушылар мен балаларға жүзу үйрету үшін пайдаланады.

Республикалық, бүкілодақтық, халықаралық жарыстар өткізуге арналған бассейн ванналарын максималды параметр бойынша салу қажет. Белгіленген мөлшер бойынша 25–метрлік жобамен бассейндерге 10–метрлік мұнара салынбайды. Барлық платформалар мен сатылар жақтаулармен қоршалады (алдағы жиектен түскенде 0,8 м.) трамплен биіктігінің ауытқу мүмкіндігі +10 см, ал мұнаранікі +10 см болады.

Ашық бассейнердегі секіру құрылғыларын солтүстікке, солтүстік–шығысқа, шығысқа бағыттау керек. Әрбір жабық бассейндер 7–14 жастағы балаларды жүзуге үйрету үшін ванналар жабдықталуы керек.

7–ден 11 жасқа және 11–ден 14 жасқа дейнгі балаларға арналған ванналарды олардың ылдиына қойылатын талаптар есебінен бір ғана ортақ ваннаға біріктіруге болады. Бұл ванналарды басқалардан бөлек орналастыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1–сурет.Темірбетонды секіру құрылғысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2–сурет. Бассейндегі ваннаның жанынан кескіні.

а,б– секіру қондырғысы жоқ ванна; в-секіру қондырғысы бар ванна.

 

 

1.2  Бассейн түрлері.

 

Өз саласы бойынша бассейндер былай бөлінеді.

  1. Шомылатын;
  2. Оқу–спорттық (жарыс өткізу мүмкіндігімен);
  3. Аралас (түрлі мақсаттарға арналған).

Бұдан басқа бассейндер жабық және ашық болып екіге бөлінеді.

Қала құрылысының нормалары түрлі ауқымдағы бассейндер желісін құруды қарастырады (мектептік, халықаралық, т.б).

Бассейн құрылысына арнап жер таңдағанда тұрғын алшақтығын инженерлік коммуникация, қызметі және ауа құрамын ескерген дұрыс. Егер бассейнді табиғи су қоймасына салатын болса, онда судың сапасын, ағыс жылдамдығын, түбімен жағасының жағдайын ескеру қажет.

Бассейндер өзінше дербес нысан болып және сол сияқты спорт залдарымен, мәмлелерінен, алаңдарымен біріктіре салынып, ашық және жабық ваннасы болуы мүмкін. Бұндай үйлесімділік спорт кешенінің қолайлылығын, үнемділігін арттырыды.

Ашық бассейн ванналарымен дайындық жүргізетін алаңдары көгалданған жерлерге орнатқан дұрыс (аумақтың ең кемі 35%, көгал болуы керек). Барлық құрылыстар жер бөлігінің түкпіріне орналасуы тиіс (оның шекарасынан 15 м., ванналарды тұрғын үйден кем дегенде 50 м. алшақ салу қажет). Серілердің дене тәрбиесі таптық және әскери болды. Серілер өздерін тек әскери дайындықпен, көңіл көтерумен айналысу керек деп білді. Сондықтан олар дене еңбегімен айналыстады. Олар көбінесе әскери жорықтарда, басқа жерлерді мемлекеттерді тонау, халықтың көтерілісін басып отырды.

Серілердің тәрбиесі тек қана олардың серілік атаққа жету еді. Оларды атпен шабуға, семсерлесуге, жүзуге, садақ атуға, шахмат ойнауға, аңға шығуға, өлең жазуға үйретті.

Болашақ серілер 7–14 жасында феодалдың әйеліне пажа болды. Ал 14 жастан бастап оларды қару алып жүруші атағына сайлады. 21 жасында серілікке өткізілді.

Серілікке дайындық кезінде жастар дене жаттығулармен айналысты, өздеріне шыдамдылықты, күштілікті үйретті. Серілердің дене тәрбиесінде ойын мен спорттің ролі үлкен болды. Ойындар жылжымалы, спорттық және әскери болып бөлінді.

Ашық бассейндер

Ашық бассейндер қарапайым, табиғи су қоймасына салынған және жасанды арнайы салынған, ваннасы болып бөлінеді. Табиғи су қоймасындағы бассейндердің мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Табиғи қоймасына салынған қарапыйым бассейндерге балалар бақшасында, пионер лагерьлері мен ауыл мектептеріндегі көлшіктер жатады

Жүзу спорттық бассейніде қарапайым болуы мүмкін: кіші (ұзындығы 25 м.) және үлкен (ұзындығы 50 м., 6 – 8 жолы бар). Бассейн жағасында киім ауыстыратын, киім қоятын арнайы бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, сондай –ақ жазғы жуынатын бөлмелер мен әжетханалар болуы тиіс. Киім ауыстыратын бөлмелерді жеңіл материалдармен салған дұрыс (3–сурет).

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3–сурет. Су қоймадағы бассейн.

 

Табиғи су қоймасындағы бассейндер ағаш немесе темір тақталардан салынуы мүмкін. Бассейн құрлымын таңдау көбінесе су қоймасының жағдайы мен материалдық жағдайға байланысты. Ағаш құрылымдарды мұз зақымдауы мүмкін, сондықтан оларды маусым барысында су деңгейі жиі өзгеретін жерлерге салмаған дұрыс. Тақтадан жасалған бассейндерді қыста қайта жөндеуден өткізуге болады. Алайда бұл бассейндер дайындалуы жағынан күрделі және мұқият күтілуді талап етеді.

Сөрелік жәшіктерді сөре плотына өзара метрлік арқан мен байланысқан (диаметрі 6–8 см.) жол нүктесі бойынша орналастырады. Жүзіп өту жолдары бассейнге қараған ұзындығы бойынша ені 1,5 м., торцты – 3 м. болады. Бассейн бөлігінің ерекшелігіне байланысты жүзіп өту жолдары сондай түрдегі қалқыма қоршауымен қоршалуы мүмкін. Балалар бассейні қалыңдығы 30 мм., тақтайлардан орнатылған қалқанмен қоршалады. Бассейн тереңдігі оның қызмет саласына байланысты. Бассейн терең болуы үшін оны жағадан қашық орнатады, сонда ол арнайы жолдармен жалғасады, егер бассейн салынған су қоймасы терең болса, онда бассейн қалқымалы болып орнатылып, түбі қалқан мен бекітіледі .

Кейде бассейндер су қоймасының жағасына салынады. Бұндай бассейнді жабдықтау үшін үлкен астау дайындап, оның жиегін шыммен, бетонмен немесе таспен бекітіп, сосын пайда болған ваннаны өзен ағысымен байланыстыруы қажет. Шағын өзеннен көлшік ұйымдастыруға болады. Ағысқа қойылған шығыршықтар су ағысын реттеп тұруға мүмкіндік береді. Құрғаққа салынған жасанды ваннасы бар бассейндер суды трубамен алады, су көршілес су қоймасынан немесе су трубасынан арнайы отпен немесе күнмен жылытып алынуы мүмкін. Ваннаның су қоймасының сумен толтыру үшін бассейн су қоймасына қарсы қойылады. Тәулігіне суды 3 рет, ал балалар бассейніндегі суды 4–5 рет тазартып тұруы қажет. Суы жылымайтын бассейндерді (немесе күн сәулесімен жылытатын) пайдалану уақыты шектеулі (климаттық белдеуге байланысты) 4–суретте ашық жасанды бассейндердің жоспары берілген. Күн сәулесімен су жылытқыш құрылғылар күнге қараған жақтау бойымен суды шашыратып жылыту принціпіне негізделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4–сурет. Су қоймасындағы бассейндердің орналасуы.

 

Жазықтықтың қиғаштығы жергілікті жердің географиялық ендігіне тең қабылданады. Гелео қондырғыларды солтүстік ендікте оңтүстікке қарай 30° орналасқан аудандарда пайдалануға болады. Мысалы: Мәскеу облысындағы ендікте әрбір 1м2 қыздыру бетінің тәуліктік өнімділігі сәуірде 60 л, ал қыркүйекте 50 л (су 50–55°қа қыздырылады) болып анықталады.

Егер су арнайы қыздырылса, онда ол рециркуляцияның шектеулі бағыты бойынша қозғалады, су сүзгіден және залалсыздандыратын құрылғыдан өтеді, содан кейін бассейнге қайта келеді. Үнемдеу мақсатында (суды) бұл жүйе қыздырылмайтын бассейндерде де қолданылады.

Суы қыздырылатын ашық бассейндер жыл бойы пайдаланылады, сондықтан оларда бассейн ваннасымен арнайы қалқыма арқылы жалғасатын (ені 1,8 м.) киім ауыстыратын бөлмелер бар, яғни жылы бөлмеден шығып суық ауа тиюден қорғайтын қалқымамен өтіп ваннаға түседі.

7–14 жастағы балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін бассейндерде жылынатын орын салған дұрыс.

Ашық бассейндер ваннасының құрлымы жер асты сулары мен қысқы мұз қату деңгейі есебімен жобаланады.

Жерасты сулары деңгейінің көтерілуі тасу қаупін туғызады, ал бұл сыртқы гидроизоляция мен ваннаны барынша көтеруді талап етеді және қыста ванна пайдаланылмайтын болса суды ағызып тастаған дұрыс.

Ваннаның қабырғасы мен түбі кірпіштен, темірбетоннан, тастан жасалады (үнемді әрі мықты).

Ашық бассейндердің қабырғалары тік, әрі қоршаған топырақ басып қалуынан сақтайтын мықты болуы тиіс. Қарапайым ванналар қабырғалары тік жиекті немесе жартылай жиекті болуы мүмкін. Бұндай торцты бассейндердің ванналарының (су астында 80 см-ден кем емес) қосымша бұрылыс қалқандары (спорттық жүзуіне қажетті) болуы мүмкін.

Бассейн ваннасының қабырғасы мен түбін гидроизоляциялау негізгі құрлымының сапасына байланысты және тиіс жағдайлы негізде орнатылады.

Гидроизоляциялау мен бетін сылау түрін таңдағанда оның аязға шыдамдылығын ескеру қажет. Бетіне жапсыратын плитаны қолданғанда оны желімдеу жағына назар аударған дұрыс. Бассейн ваннасының бетін безендіру барысында тек ішкі жоғарғы жағын темірлеу мен ғана шектеледі. Арнайы құрылған ваннасы бар жасанды ашық бассейндер арасында жиналып жазылатын құрылымды темір бассейндер әсіресе қызығушылық туғызуда. Бұндай бассейндер ваннасы ішінен су өткізбейтін пленкалық материалмен қапталады. Бұндай бассейндерге су қыздырғыш, су сүзгіш құрылғылары, сондай – ақ суды залалсыздандыратын қондырғылар қосуға болады. Жиналып жазылатын бассейндер орналастыруға қолайлы, үнемді болып табылады. Ашық бассейндердің көмекші орындары жеке тұрған павилион түрінде жобаланады. Одан бөлек бұл жерде орындықтар, су тиетін қауыздар орнатылады, бассейн айналасына су жолы салынады. Сол сиақты дайындық сабақтарына арналған алаң салынып, ол қоршалады және желмен шаңнан қорғайтын жасыл желекпен қоршайды.

 

Жабық бассейндер

Біздің елімізде жыл маусымдарымен ауа – райы жағдайларының өзгеруіне тәуелсіз жұмыс жасайтын жабық бассейндер қолайлы саналады. Бұған қоса жабық және ашық ванналары бар кешенді бассейн көптеп дамып келеді.

Жабық бассейн ғимаратында спортшылармен көрермендерге ортақ вестибюль немесе екеуіне екі бөлек орын болуы тиіс. Көрермендер вестибюльден фойеге, мінбеге және қоғамдық әжетханаларға өтеді. Спортшылар вестюбильден киім ауыстыру бөлмесіне өтіп, одан дайындық сабақтары өтетін залға келеді (ашық бассейндер үшін алаң). Киім ауыстыру бөлмесіне келіп, киімін ауыстырып шомылу заттарын алып, спортшылар жуынатын бөлмеге барып одан су жолы арқылы ваннаға келіп түседі. Қайтар жолында спортшылар жуынатын бөлмеге соғуы керек.

Балалар бассейн кешені бөлек орналасады жабық бассейндердің жобалау шешімдерінің технологиялық сызбасы берілген. Ғылыми зертеу жұмыстарын жүргізуге физиологиялық жаттықтыру бассейні қолайлы (5–сурет).

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5–сурет. Физиологиялық жаттықтыру бассейні

 

Ені 2,5 м., тереңдігі 1,2 м. су ағысы ілмек бойымен су бетіне жақын және тереңдігі  3 м. бассейн түбімен айналып жүреді. Циркуляцияны екі винті сорғыш сорып тұрады. Су ағысының жылдамдығын реттеп тұруға болады. Жүзгіштің қауіпсіздігі қорғаныш торы мен сорғыштың апаттық қосылу арқылы қамтамасыз етілген. Бұдан бассейнде жүзгіштің қимыл тәсілін, жүрек жұмысын т.б. зертеуге болады.

Іс – тәжірибелік дене тәрбиесі сабақтарымен бір немесе бірнеше спорт түрлерінен жарыстар өткізілетін 1000 – 1200 м2–қа дейінгі аумақты мекемені спорт залы деп атайды.

Бірнеше спорт түріне арналып жабдықталған залдарды әмбебап деп, ал бір немесе ұқсас бірнеше спорт түріне арналған залдарды арнаулы деп атайды.

Спорт залдарының ауқымымен олардың бағдары спорт залдары көлемі жағынан оқу жаттықтыру сабақтарымен жарыстарға толығымен лайықты болуы тиіс. Тағайындалуы жағынан залдың биіктігі, ұзындығы мен ені анықталады. Яғни жоспардағы ойын залының көлемі салынып жатқан ойын алаңының көлемінен кем болмауы керек.

Ойындарға арналған спорт залының биіктігі доптың кедергісіз ұшуына жағдай жасаумен, ал гимнастикалық залдарының биіктігі жарыс ережесіне байланысты дөңгелектердің іліну ұзындығының дұрыс болуына байланысысты анықталады. Залдардың көлемі сондай–ақ жаттықтыру мен көрермендік ойындарға жіберу қасиеті мен анықталады және құрамында осы зал қамтылатын спорт ғимаратының немесе басқада ғимараттың технологиялық сызбасын құру барысында қарастырылады. КСРО–да қазіргі кезде кең ауқымды спорт залдарымен кең қолданысқа ие (24х42х8–ден 12x24x6 м–ге дейін). Кей жағдайларда жекелеген жобалар бойынша үлкен көлемдегі салынады.

Спорт залдары мен мекемесінің терезелері қалың шыныдан салынады. Зал еденінде жарық біркелкі түсуі үшін мүмкіндігінше екі жақтан терезе болуы қажет. Кіші залдарға бір жақты жарық (9×18 м.) беруге рұқсат етіледі. Екі жақты табиғи жарықтандыру үшін ұзын қабырғаға терезелер орнатылады, ал жарық мол түсуі үшін қарсы қабырғаға қосымша терезелер орнатылады.

Жарықтың түсу бағыттары бойынша спорт залдарының негізгі терезелерінің залдары құрылыс жүріп жатқан орының ерекшелігіне байланысты анықталады және жергілікті жер талаптарына байланысты таңдалып орнатылады. Спорт залдары терезелерінің солтүстік бағдары КСРО–ның ешқандай табиғат аймағына сәйкес келмейді.

Өйткені жылдың барлық маусымдарында табиғи жарық беру жеткіліксіз болады, әрі күн сәулелері мекеме ішіне түспейді.

Ең қолайлы табиғи жарықтар жыл бойына солтүстік және орталық аймақтарда тұрақты болады, яғни олар оңтүстік және оңтүстік–шығыс бағдарынан жақсы түседі. Батыс және оңтүстік–батыс бағдарынан кешкі уақытта күннің кешкі шапағы жарық береді. КСРО–ның оңтүстік аймақтарында (оңтүстікке 45°–таяу) терезелердің солтүстік және солтүстік – шығыс бағдарлары ұсынылады. Біздің еліміздің оңтүстік аудандарында терезені үлкен етіп салудың қажеті жоқ, себебі бұл спортшылар организімінің жылу алмасуына кедергі келтіріп, оның ысып кетуіне жол береді.

Кейбір жекелеген спорт мекемелерінің қолайсыз бағдары болған жағдайда, осы қолайсыздықты реттейтін бірнеше шарттрады ұсынуға болады, яғни оңтүстік – шығыс және батыс бағдарындағы спорт ғимараттарын күн сәулесі әсерінен ысып кетуден сақтау үшін терезеден 5–10 м. қашықтықта жапырақты талдар отырғызылады. Оңтүстік бағдар жағдайында ғимарат бұрышынан 2 м. шығып тұратындай етіп терезенің жоғарғы жақтауына күннен қалқан жасауды қарастырады. Барлық жағдайда біркелкі жарық түсіріп тұратын және ыстықты ұстап тұратын матадан перделер тұту қажет. Күннен қорғаныш ретінде сол сияқты жалюзилерде қоданады.

Спорт залдарының құрлымы, қабырғалар, ұстындар, тіреуіштер, бөлмелер және аркалар оған жалғасқан және қосылып салынған. Жабдықтардың (баскетбол қалқаны, гимнастикалық шеңбер т.б) бекіп тұруы үшін қолданылады.

Залдың ішкі жағында еденнен 2 м. биіктікте ешқандай артық тұрған жартылай ұстын қалқандар болмауы тиіс.

Есіктерде де артық ешнәрсе болмайды. Қабырғалар, есіктер доптың қатты соққысына шыдауы тиіс. Спорт залының есігі мен құрал–жабдық бөлмесінің есігі 1,5 – 2 м. болуы тиіс. Залдың қабырғасына жалғаса соғылған киім ауыстыратын бөлмелердің есіктері залдың осьтік сызығына 3 метрдей қашықтықта орналасуы тиіс.

Терезе әйнектері де доп соққысына шыдамды болуы керек.

Егер тез сынатын әйнек салынса, онда түрлі қорғаныш заттармен қоршалады. Спорт ойындарына арналған және әмбебеп спорт залдарының (шахмат пен дойбы залдарынан басқа) жабдық ілінген қабырғаларына терезе орнатуға тиім салынады.

 

1.3 Бассейн ваннасымен оның жабдықтары

 

Көлемі 50×21 м. (8–жолға арналған) және 25х14 м. немесе 25×12,5 м. ванналар кең таралған, олар 24,18,15 м. модульді өту залына жатады. Бұдан ені 0,5 м. бортпен жүзу жолына арналған орын қалады. Жабық бассейндеріндегі жүзу жолдарының ені (борттың сыртқы шегінен есептегенде) 1,5 м. ал ашық бассейндерде 2 метрден кем емес. Сөрелік жәшік аумағында жүзу жолдарының ені 3 м–ге дейін ұлғаяды. Секіру құрылғыларын қосқанда жүзу жолдарының ені оның сипатымен анықталады. Екі ванна аралығындағы жолдың ені 5 метр болуы керек.

Спорт ғимараты деп – құрамының бір немесе бірнеше негізгі мекемелер (зал, манеж, бассейін) сондай – ақ қажетті қосымша, қосалқы және әкімшілік мекемелері кіретін жабық спорт құрылыстарын айтамыз.

Спорт құрылысындағы негізгі, қосымша, қосалқы және әкімшілік–шаруашылық мекемелерінің орналасуы техниологиялық сызбаға бағынады. Бұл сызба түрлі бағыттағы ғимараттардағы мекемелердің орналасуының төмендегідей негізгі спорт–технологиялық қағидаларын бейнелейді.

  1. Ұқсас мәніндегі мекемелерді қызметі жағынан жақын мекеме топтарына біріктіру қажет. Мысалы, қосымша шаруашылық мекемелері бір топқа біріктіреді, спорт ғимараттарының негізгі мекемелері бірігуі мүмкін немесе спорт ғимараттарына мүлдем тәуелсіз болуы мүмкін.
  2. Спрот құрылысының ғимараттарында негізгі және қосымша мекемелерді орналастыру спортшылардың қозғалыс жолдарын көрермендер жолымен қиылысуын мүлдем болдырмауды ескертеді.
  3. Жаттығушылардың киім ауыстыратын орны спорт залымен жалғасқан немесе тек соыған арналған дәліз арқылы жалғасатын етіп орналастыру керек, ал бассейннің киім ауыстыру бөлмесі ваннамен тек жуынатын бөлме арқылы. Ал дайындық сабақтарына арналған залмен немесе алаңмен жуынатын бөлме арқылы ғана жалғасы қажет.
  4. Спортшаларға арналған жуынатын және әжетхана бөлмелері киім ауыстыру бөлмесіне жоспарлас немесе тек соған ғана арналған дәліз арқылы жалғасуы керек инструктырлық және жаттықтырушы-оқытушылар құрамына арналған жуынатын бөлмелер инструктырлар бөлмесімен, қызметкерлерге арналған жуынатын бөлмелер тұрмыстық мекемелермен жоспарлас орналасуы тиіс.
  5. Көрермендерге арналған әжетхана көрермендерге арналған орынға баратын жолда орналасады және спортшылар әжетханасынан болады.
  6. Спорт залындағы, дайындық залындағы және бассейін дегі құрал жабдық миекемесі осы залмен аралас орналасады. Құрал жабдық бөлмесіндегі белгі сызықтарды зал едендегідей етіп түсіреді (табалдырықсыз). Ашық бассейіндер ваннасы жанындағы құрал жабдықтар мекемесі залға кіретін есік арқылы жалғасады.
  7. Жаттықтырушылар мен оқытушылар залға спорттышлармен бір есіктен кіреді немесе өздері киім ауыстыратын бөлме жақтан да кіруге болады.

Спорт ғимараттарын жобалауда көптеген қосымша мекемелерді мүмкіндігінше топтау принципіне сәйкес біріктіруге тырысады. Бірақ киім ауыстыратын, жуынатын және әжетхана бөлмелері әр залға, әр бассейнге орнату міндетті болып табылады.

Көп залды ғимарат құрылысындағы тығыз орналасу жағдайына байланысты көпқабатты спорт ғимарат етіп салады. Көпқабатты спорт ғимараттының бірінші қабатына ауыратлетика мен гимнастика залдарын, ал екінші және үшінші қабатқа ойын залдарын орналастырады. Спорт ғимаратының құрылымында сондай – ақ жеңілатлетикалық манеждер де болады. Әлемдік спорт құрылысы тәжірибесінде спорт құрылысын жіктеу бірлігі жоқ. Бірқатар елдерде спорт құрылыстарын категориялар мен топтарға бөлуде өз әдістерін жасап шығарған.

КСРО министрлер кеңесі жанындағы дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі комитеттің 1970 жылы 26 наурыздағы «Спорт құрылыстарын жаңаша жіктеуді спорт құрылыстарын бір мезгілде іске қосу мөлшерлерін және спорт құрылысы туралы үлгі жобаны бекіту туралы» қаулысына сәйкес КСРО-да спорт құрылыстарын жіктеу бірлігі жұмыс жасайды. Бұл жіктеу типтік жобалау сапасын жақсартуға, спорт құрылыстары желісінің есеп көрсеткіштерін дәл анықтауға көмектесетін жобалау мен құрылыс жөніндегі ең маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Берілген жіктеу бірлігі спорт құрылысының категориясын айқындауда, спорт құрылыстарын есепке алумен құжаттауда қолданылады. Серілердің дене тәрбиесі таптық және әскери болды. Серілер өздерін тек әскери дайындықпен, көңіл көтерумен айналысу керек деп білді. Сондықтан олар дене еңбегімен айналыстады. Олар көбінесе әскери жорықтарда, басқа жерлерді мемлекеттерді тонау, халықтың көтерілісін басып отырды.

Серілердің тәрбиесі тек қана олардың серілік атаққа жету еді. Оларды атпен шабуға, семсерлесуге, жүзуге, садақ атуға, шахмат ойнауға, аңға шығуға, өлең жазуға үйретті.

Болашақ серілер 7–14 жасында феодалдың әйеліне пажа болды. Ал 14 жастан бастап оларды қару алып жүруші атағына сайлады. 21 жасында серілікке өткізілді.

Серілікке дайындық кезінде жастар дене жаттығулармен айналысты, өздеріне шыдамдылықты, күштілікті үйретті. Серілердің дене тәрбиесінде ойын мен спорттің ролі үлкен болды. Ойындар жылжымалы, спорттық және әскери болып бөлінді.

Спорт құрылысы – бұл сан алуан спорт түрлерінен оқу–жаттықтыру сабақтарымен спорт жарыстарын өткізуге арналған ашық немесе жабық түрде сәйкестендіріліп жабдықталған арнайы салынған құрылыс.

Спорт құрылыстарының желісі қала мен ауыл тұрғындарын жалпы мәдени тұрмыстық және сауықтыру жүйесінің бір бөлігін құрайды. Тұрғылықты жерлердің жоспарлық құрылымына сәйкес дене тәрбиесі – спорт құрылыстары төмендегіше бөлінеді:

1.Мөлтек аудандық (мөлтек ауданның, тұрғын үйлер тобының және жеке үйлердің тұрғындарына қызмет көрсету).

2.Аудандық (өндірістік – тұрғылықты ауданға немесе тұрғын халықтарға қызмет көрсету).

3.Ауданаралық (аудан топтарының халқына қызмет көрсету).

4.Жалпы қалалық (бүкіл қала, поселка тұрғындарына қызмет көрсету).

Пайдалану сипатымен арнайы тағайындауына қарай спорт құрылыстары төмендегіше ерекшелінеді.

1.Оқу–спорттық, бұл тек оқу–жаттықтыру сабақтарына арналған;

2.Шерулік, көрермендер тамашалайтын жарыстар өткізуге есептелген;

3.Тұрғындардың белсенді демалысына арналған оқу – спорт құрылыстарына оқу орындарының, мектептердің, техникумдардың, институттардың, спорт базалары мен жоғары дәрежелі спортшыларын дайындау оқу – жаттықтыру орталықтары жатады.

Көрермендерге арналған арнайы орындары бар спорт құрылыстары шерулік болып табылады. Оған стадиондар, спорт сарайлары, әмбебап алаңдар, велотректер, шаңғы және тау шаңғысы стадиондары және басқа мінбелер, орындықтары, тұруға арналған орындары бар спорт құрылыстары жатады.

Тұрғындардың белсенді демалысын арналған спорт құрылыстарына саябақта, ормандарда, су қоймалары жанында орналасқан және тұрғындар мен дене тәрбиесі – сауықтыру жұмыстарын жүргізуге арналған демалыс базалары жатады. Бұдан басқа балалармен спорт сабақтарын өткізуге сондай–ақ емдеу – сауықтыру мақсатына арналған арнайы спорт құрылыстары бар.

Спорт құрылыстары өзінің сәулеттік жоспарлау және көлемдік–құрылымдық ерекшелігіне қарай көлемді және жазықтық болып бөлінеді.

Барлық жабық спорт құрылыстары көлемдігі жатады. Мысалы: спорт залдары, спорт сарайлары, жабық бассейндер мен манеждер. Спорт алаңдары жеңіл атлетикалық және коньки тебу жолдары, шаңғы және тау шаңғысы жолдары, кросстық қашықтықтар жазық спорт құрылысына жатады.

КСРО–да қолданылған жіктеу бойынша барлық спорт құрылыстары өзінің қуаттылығы есебіне жеке және кешенді спорт құрылысы болып бөлінеді. Жеке спорт құрылысы спорттың жеке бір түріне арналған (мамандарылған залдар, бір ванналы бассейндер, алаңдар, т.б.), ал кешенді спорт құрылыстары бір ғимаратқа орналасып немесе көлемді аймаққа біріктіріліп жекелеген бірнеше спорт құрылыстарынан құралған (стадиондар, спорт сарайлары, бірнеше ванналы бассейндер, т.б.).

Көлемдік жоспарлау құрылымы бойынша спорт құрылыстары жабық және ашық болып бөлінеді.

Жабық спорт құрылыстары – бұл оқу – жаттықтыру сабақтары, жарыстар жабық залдарды, бассейндермен спорт сарайларында өтетін құрылыс.

Ашық спорт құрылыстары – бұл оқу – жаттықтыру сабақтары ашық жерде өтетін құрылыс.

 1–сызбада спорт құрылыстарын көлемдік – жоспарлау құрылымы ерекшелігі бойынша жіктеу көрсетілген.

Әрбір жеке спорт құрылысының құрылымы үш құрамдас бөліктен тұрады. Ең бастысы негізгі құрылыс болып табылады, онда дене тәрбиесімен спорт сабақтары үздіксіз жүргізіледі. Қалған екі құрамдас бөлігі – бұл қосымша және көрермендерге арналған құрылыс. Егер спорт құрылысы тек оқу – жаттықтыру жұмыстарына арналса, онда көрермендерге арналған орын болмайды. Негізгі құрылыстың көлемдік – жоспар мөлшері, жамылғысы, белгілері мен жабдықтарын мемлекеттік құрылыс мөлшеріне спорт федерациялары дайындаған жарыс ережелеріне спорт құрылысының спорт құрал – жабдықтарының жұмыс жасау таблдерінің сай болуы керек.

Қосымша спорт құрылыстары спортшылар мен жарысқа қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған. Қосымша құрылысқа гардеробтар, киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын, массаж, әдістемелік бөлмелер, жаттықтырушы оқытушылар құрамы мен дәрігерлік қызметке арналған мекемелер, спортшыларға арналған моншалар, төрешілер бөлмесі, т.б. жатады.

Сондай – ақ қосымша құрылыс құрамына негізгі спорт құрылысына қызмет көрсететін әкімшілік және шаруашылық мекемелері, инженерлік – техникалық қызмет (жылу, су, энергия, т.б.) мекемелері кіреді.

Көрермендерге арналған құрылыстар – бұл негізгі құрылыс пен қызмет көрсету мекемелерінде (спорт ядросы, алаң, бассейн, файе, буфет, кафе) орналасқан мінбелер, орындықтар, тұруға арналған орындар.

 

 

Бір түрдегі спорт құрылыстары өзінің қуаттылығы жағынан топтарға бөлінеді. Спорт құрылыстарын топтарға бөлу КСРО министрлер кеңесінің еңбек пен еңбек ақы төлеу мемлекеттік комитеті мен Бүкілодақтық Кәсіподақ Орталық Кеңесіне сәйкес КСРО спорт қоғамдары мен ұйымдары Одағы Орталық кеңесі призидиумының 1967 жылы 13 маусымдағы қаулысына сөйкес жүргізіледі. Спорт құрылыстарының 6 тобы белгіленген, оларды анықтауда төмендегі көрсеткіштер ескеріледі.

  1. Мінбедегі орындар саны және ашық спорт алаң саны.
  2. Ванналар қуаттылығы және саны: (бассейндер).
  3. Мінбедегі орындар саны және жасанды мұз айдындар (спорт сарайы).
  4. Ашық және жабық түрдегі спорт құрылыстары және спортшылар тұратын ғимараттар саны (оқу – спорт базалары).
  5. Қолда бар шаңғылар саны (шаңғы базалары).
  6. Механизациямен қамтамасыз етілген қашықтықтағы жабдықталған тирлер есебі (нысана ату).
  7. Траншеялық және дөңгелек нысаналардың саны (аңшылық –ату нысанасы).
  8. Қолда бар су көліктерінің саны (ескек базасы, яхт – клуб).
  9. Жеке құрылыстар саны (кешенді алаңдар).
  10. Трамплин қуаттылығы,   секірудің   есеб   ұзындығы (шаңғы трамплины).
  11. Жеке спорт залдарының санық құрамы.

4–ші кестеде спорт құрылыстарының кейбір түрлерінің топтарын айқындау үшін негізгі көрсеткіштер келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2–кесте

Спорт құрылыстарының топтарын анықщауға қажетті негізгі көрсеткіштер

 

 

Спорт құрылыстар

 

Негізгі көрсеткіштер

Спорт құрылыстарының топтары

Ескерту

I

II

III

IV

V

VI

Стадиондар

Мінбелердегі орындар саны.

40000-нан жоғары

30000-40000

20000-30000

10000-20000

5000-10000

1500-5000

Ашық спорт алаңдары.

Көрермендерге арнал-ған  орын саны.

14000

12000

10000-нан аса

8000-нан аса

6000

4000

Бассейндер

 

Ұзындығы 50 м. ван-налар саны.

Ұзындығы 25 м. ванналар саны.

5

 

4-5

 

1

 

2-3

1

 

1-2

 

1-2

1

 

1

Спорт сарайлары

Жасанды    мұз есебі.

Мінбедегі орындар саны.

+

 5000

+

3000-5000

+

3000-ға дейін

Оқу жаттық. базалары

Әр алуан спорт құрылысының есебі. Тұрғын-орындардағы жататын орындар саны.

+

 

250-ден аса

+

 

150-ден аса

 

 

 

 

 

 

Ескек базалары

Қайықтар саны.

 

Желкенді қайықтар саны.

150-ден аса

150-ден аса

100-ден аса

 75-тен аса

75-тен аса

50-ден аса

50

 

25

 

50-ге дейін

25-ке дейін

 

Су-мотор базалары

Қайықтар саны.

 

 

100-ден аса

75-тен аса

50

25

25-ке дейін

 

 

Ату орны

Механикаландырылған қондырғылары бар 300, 100, 50 және 25 метрлік тирлер. Механикаландырыл-ған қондырғысы жоқ тирлер.

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысаналар

100,   50   және одан аз тирлер.

Дөңгелек және траншеялық нысаналар есебі.

 

 

 

4

және 8

 

 

2 және 4

+

 

2-4-тен аз

+

 

 

Дене тәрбиесі үйлері

Спорт залдарының есебі.

 

5-8

 

4-тен аса

 

3-тен аса

 

3

 

2

 

1

 

 

Шаңғы трамплиндер

Трамплин қуаттылығы (секіру ұзындығы.).

 

 

60-тан аса

60 м.

40-60 метр

40 м-ге дейін

 

Шахмат-дойбы клубтары

Өтілетін жарыстардың маңыздылығы.

Халық-аралық

Бүкіл- одақ-

тық

Респуб-

ликалық

 

Облыс-

тық

Кешенді аландар

Алаңдар саны.

 

 

 

 

 

13-20

 

7-12

 

 

 

Сол сияқты топтан тыс спорт құрылыстары да бар. Оларға Мәскеудегі Орталық стадион, Алматыдағы Медеу мұзайдыны, Мәскеудегі Су спорт сарайы, Киевтегі, Минскідегі Спорт сарайлары, т.б. қалалардағы ірі спорт кешендері кіреді.

Барлық спорт құрылыстарының тобын дене тәрбиесі мен спорт комитетінің бекіткен көрсеткіштері бойынша анықтайды I және ІІ топты КСРО Спорт комитеті, қалғандарын – Республикалық Спорт комитеттері  тағайындайды. Спорт құрылысының ешқандай топқа жатпайтынын еңбек пен еңбек ақы төлеу жөнінденгі КСРО Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік  Комитеті тағайындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ші сызба

Спорт құрылыстарының құрылым сызбасы

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2-ші сызба

Спорт құрылыстарын жіктеу сызбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Спорт ғимараты деп – құрамының бір немесе бірнеше негізгі мекемелер (зал, манеж, бассейін) сондай – ақ қажетті қосымша, қосалқы және әкімшілік мекемелері кіретін жабық спорт құрылыстарын айтамыз.

Спорт құрылысындағы негізгі, қосымша, қосалқы және әкімшілік–шаруашылық мекемелерінің орналасуы техниологиялық сызбаға бағынады. Бұл сызба түрлі бағыттағы ғимараттардағы мекемелердің орналасуының төмендегідей негізгі спорт–технологиялық қағидаларын бейнелейді.

  1. Ұқсас мәніндегі мекемелерді қызметі жағынан жақын мекеме топтарына біріктіру қажет. Мысалы, қосымша шаруашылық мекемелері бір топқа біріктіреді, спорт ғимараттарының негізгі мекемелері бірігуі мүмкін немесе спорт ғимараттарына мүлдем тәуелсіз болуы мүмкін.
  2. Спрот құрылысының ғимараттарында негізгі және қосымша мекемелерді орналастыру спортшылардың қозғалыс жолдарын көрермендер жолымен қиылысуын мүлдем болдырмауды ескертеді.
  3. Жаттығушылардың киім ауыстыратын орны спорт залымен жалғасқан немесе тек соыған арналған дәліз арқылы жалғасатын етіп орналастыру керек, ал бассейннің киім ауыстыру бөлмесі ваннамен тек жуынатын бөлме арқылы. Ал дайындық сабақтарына арналған залмен немесе алаңмен жуынатын бөлме арқылы ғана жалғасы қажет.
  4. Спортшаларға арналған жуынатын және әжетхана бөлмелері киім ауыстыру бөлмесіне жоспарлас немесе тек соған ғана арналған дәліз арқылы жалғасуы керек инструктырлық және жаттықтырушы-оқытушылар құрамына арналған жуынатын бөлмелер инструктырлар бөлмесімен, қызметкерлерге арналған жуынатын бөлмелер тұрмыстық мекемелермен жоспарлас орналасуы тиіс.
  5. Көрермендерге арналған әжетхана көрермендерге арналған орынға баратын жолда орналасады және спортшылар әжетханасынан болады.
  6. Спорт залындағы, дайындық залындағы және бассейін дегі құрал жабдық миекемесі осы залмен аралас орналасады. Құрал жабдық бөлмесіндегі белгі сызықтарды зал едендегідей етіп түсіреді (табалдырықсыз). Ашық бассейіндер ваннасы жанындағы құрал жабдықтар мекемесі залға кіретін есік арқылы жалғасады.
  7. Жаттықтырушылар мен оқытушылар залға спорттышлармен бір есіктен кіреді немесе өздері киім ауыстыратын бөлме жақтан да кіруге болады.

Спорт ғимараттарын жобалауда көптеген қосымша мекемелерді мүмкіндігінше топтау принципіне сәйкес біріктіруге тырысады. Бірақ киім ауыстыратын, жуынатын және әжетхана бөлмелері әр залға, әр бассейнге орнату міндетті болып табылады.

Көп залды ғимарат құрылысындағы тығыз орналасу жағдайына байланысты көпқабатты спорт ғимарат етіп салады. Көпқабатты спорт ғимараттының бірінші қабатына ауыратлетика мен гимнастика залдарын, ал екінші және үшінші қабатқа ойын залдарын орналастырады. Спорт ғимаратының құрылымында сондай – ақ жеңілатлетикалық манеждер де болады.

Жабық стандиондар – бұл әмбебап үлгідегі аренасы, көпшілік көрермендерге арналған мінбесі бар спорт құрлысы. Бұл құрылыстар қала жүйесімен көлік арқылы және жаяу жүргіншілер жолы арқылы жақсы байланыста болуы керек, автотұрақ болуы міндетті. Олардың қызметтік және құрылымдық қатынасы күрделі болып келеді. Қызметі жағынан күрделілігі оның тек спорт жарыстарына ғана арналмай, сонымен қатар концерттерге, жиналыстарға, кинофильм көрсетуге пайдаланатын, яғни арнайы жабдықтар мен мінбелерді толығымен ауыстыруға тура келетін қызметімен байланысты болып табылады.

Көлемі 34х65 м. арена кең таралғане түрі болып табылады, ол манерлеп сырғанаудан, тенистен, қол добынан 7:7, волейболмен баскедтболдан, ауыр атлетикамен гимнастикадан жарыстар мен шайбалы хоккейден кездесулер өткізуге мүмкіндік береді.

Көлемі 20х40 м. аренада хоккеймен манерлеп сырғанаудан жарыстар өткізу мүмкін емес. Көлемі 18х30 метірлік  арена қол добынан жарыс өткізуге лайықсыз болып табылады.

Жеңіл атлетикалық жолдары және велотректері бар ареналарда кездеседі. Мысалы, Англияның «Уэмбли» стадионында жүзу бассейнімен мүз айдынына алмасып түратын спорт гимнастикалық арена салынған. Алайда пайдалану барысында бұндай құрылыстарды салудың тиімсіз екені байқалды. Өйткені аренаны алмастыру қиынға соғады, басқа жарыстарды өткізген кезде мінбелерден жарысты тамашалау нашарлайды, ғимараттың көлемі мен соған байланысты құны артады және пайдалану талаптары күшейеді. Сондықтан бұндай көп құрылымды ареналар салу көп сұранысқа ие бола алмайды.

Арена түріндегі құрылыстарды таңдағанда оны тиімді пайдалану мүмкіндіктерін мүқият сараптаған жөн. Өйткені кейбір спорт жарыстары жабық стадиондармен спорт сарайларының мүмкіндігін қамтамассыз ете алмайтынын пайдалану барысында байқауға болады. Сондықтан бұл жерде концерттермен мерекелерді және басқада көпшілік шараларын жүргізу мүмкіндігін алдын – ала қарастыру қажет.

Көрермендерге арналған мінбелер қатарлардың көтеру биіктігімен жоспарлау орналасуы бойынша да жан – жақты айқын көрсетілуін қамтамассыз етілуі керек. Мінбелерді бір қалыпты және алмастырылатын етіп бөлуге болады.

Жабық стадион мінбелерінің пішіні жоспарда ғимарат жамылғысының құрылымына байланысты болып табылады және шеңбер, эллипс, ромб, тікбұрышты түрінде кездеседі. Концерттермен жиналыстар өткізгендегі орындарды пайдалану зал аренасының орналасуына байланысты. Зал сахнасы ауыстырылмайтын немесе алмастырылатын болып келеді. Мысалы, Киев спорт сарайында сахнаның жобасы мінбелер аумағын бұру нәтижесінде пайда болады.

Алмастырылатын мінбелердің құрылымы әртүрлі келеді. Оларды олрналастыру құрылымы күрделі болған жағдайда оны алмастыру мен қайта жинау өте қарапайым болуы қажет. Қосымша мекеме ретінде мінбе астындағы орындар пайдаланылады, онда киім қоятын жері бар вестибюль фае, буфетпен көрермендерге арналған әжетханалар сондай – ақ спортшылармен төрешілерді қызмет көрсететін кіретін шығатын есіктері бар кешенді мекемелер орналасады.

Ғимарат құрылымы әсіресе залдың құрылысы ғимараттың архетектуралық бейнесін айқындайды. Зал құрылымын жасауда жарық түсіру, радио ақпарат және желдету қондырғылары сияқты мәселелер ескеріледі. Қабырғаға жарық түсіретін терезелер қалдырғанда оны таза ұстаумен кино сияныс кездерінде пердемен қымтап қоюға қолайлы болатындай етіп қарастырады. Бұған қоса терезенің өте үлкен болуы мекеме ішін қыздырып, мұз сапасын төмендетеді, сонымен қатар табиғи жарық тек жаттықтыруларды, ал жарыстар жасанды жарықпен өткізілетін безелген жарысты өткізіп, түрлі жарық әсерлерін пайдаланып, теледидар ақпаратарын беру үшін жарық жүйесі қосылудың барлық мүмкін болатын тәртібін қамту керек.

Әмбебап залдар, спорт сарайларымен жабық стадиондар үшін эстрадалық қойылымдармен радио ақпаратқа қажет күрделі дыбыс күшейткіш жүйе жобасы жасалады. Қабырғалармен төбесінің пішіні олардың акустикалық материалдарымен жабдықталуы дыбыс жаңғырығын төменедетуді мүмкіндік береді. Осыған сәйкес барлық инженерлік жүйе, сондай – ақ жылу беру, желдету, мұздату, сумен қамту әмбебап залдардың техникалық жабдықтары пайдалануға өте күрделі және бұл жүйелердің барлығын құрылыс салынған кезден бастап жақсы меңгерген мамандардың жұмыс істеуін талап етеді.

 

1.4 Спорттық ғимараттарындағы қосымша мекемелер

 

Ғимарат пен қосымша мекемелерді  спорт құрылыстарын пайдалану мен қызмет көрсетуге арналуына қарай ажыратады.

Спорт құрылыстарының қызмет көрсету мекемелеріне жекеленген арнайы құрылыстар, спортшыларға арналған қызмет көрсету мен қосымша ғимараттар кіреді. Көрермендерге арналған орындар негізгі ғимаратта орналасады.

Пайдалануға берілген ғимараттарды шаруашылық, техникалық, әкімшілік – қызмет, сол сияқты төрешілер жұмысын қамту мен орналастыру орындары, ақпараттық хабарларға арналған орын болып бөлінеді.

Сыртқы киімдерді қоятын гардеробы бар вестибюль қосалқы бөлмелер қатарына кіреді.

Кіру есіктері мен вестибюль. Жабық спорт құрылыстарының жапсырылып слынған дәлізі бар кірі берістеріне сырт киім қоятын гардероб орналасады. Ірі спорт құрылыстарының вестибюльдерінде кассалар, тіркеу орындары, қоғамдық тамақтану бөлмелері орналасады. Ал мектептерде спортзалға өтетін дәліз әдетте негізгі оқу ғимараттарынан спорт залға жылу жүргізілген ғимараттың ішінде болады.

Ашық, жазық құрылыстар үшін вестибюль бір орынға 0,12 м2, спорт залында 0,15 м2, ал бассейндерде 0,45 м2 мөлшерде болады. Орындар саны әрбір спорт құрылысының бір мезгілдегі адам қамту мөлшерімен анықталады. Сондай – ақ әртүрлі келушілер тобына қарай жекеленген кіру дәліздерін жобалайды, бұл жағдайда спортшылар мен көрермендер жолы қиылыспауы қажет.

Гардеробтар. Спорт құрылысындағы гардеробты киім ауыстыру бөлмесіне жақын, жалпыға ортақ орналыстырады. Гардероб көлемін бір орынға 0,07 м2  етіп жоспарлайды. Мектеп ғимараттары үшін бұл көрсеткіш жоғары болып табылады. Вестибюльде бір оқушыға 0,1 м2, ал гардеробта – 0,15 м2 орын бөлінеді. Кейбір мектептерде бүкіл апта бойы спорт киімдерін сақтау үшін гардероб киім ілгіштерін пайдаланады. Арнайы қаптарда ұсақ спорт жабдықтарының негізгі тобы сақталынады.

Шаруашылық бөлмелері.  Негізгі спорт құрылыстарындағы қоймалар, шеберханалар, гараждар сияқты жабдықханалар шаруашылық бөлмелеріне кіреді.

Негізгі спорт құрылыстарының жабық бөлімі мен қоймалары жабық бассейндерде 20 м2, ашық бассейндерде 10 м2, ал спорт зал үшін 20 м2 болуы тиіс. Мектеп спорт залы үшін бұл мөлшер сәл төмен, яғни 16 м2 болады. Жиналмалы жабдықтарға арналған қоймалардың жобасын жасағанда жиналатын бөлме еденінің 1000 м2 көлеміне 4 м2 өлшем бірлігімен қабылданады.

Жабық бөлмесінің есігін жабдықтарды сабақ өтетін орынға жеткізу үшін кең көлемде салады. Оларды негізгі спорт құрылысымен қатар орналастырады. Бұл бөлменің ішінде сөрелер, арнайы орындар және оқу құрал – жабдықтарын сақтауға арналған жапсырмалар орнатады. Темір сөрелерді спортзалда өтетін сабақтарға қажетті жабдықтарды қою үшін пайдаланады. Оның есептік көлемі 4,4 м3.

Жабдықтар бөлмесінде көптеген оқу құралдары мен спорт жабдықтары бөлмеден оларды алып шығу оңай болатындай етіп орналасады. Спорт құрал – жабдықтарын сақтайтын қоймада шаруашылық заттарын, арнайы қоспалар мен олардың бөлшектерін (бассейндерде – хлор т.б.) сақтайды. Бұл бөлмелерді негізгі жұмыс жасайтын спорт және шаруашылық құрал – жабдықтарының барасына сәйкес және спорт құрылысының құрамына байланысты қарастырады.

Қоймаларда ринг сахнасын, күрес кілемдерін, гимнастикалық аспаптарды, спорт ойындарына арналған тақтайшыларды, сол сияқты жылжымалы мінбелер мен көрермендерге арналған орындарды құрастырады.

Мектеп – интернаттарда қосымша қызмет бөлмелері қатарына оқушылардың жеке спорт құралдарын сақтауға арналған бөлмелер де кіреді.

Техникалық бөлмелерді бойлерлік, қалқандық, желдеткіш, сорғыш және ақпарат тасымалдаушы бөлмелерге жіктейді. Ғимараттың бұл тобына инженерлік желілердің тарату жүйесін орнатуға, сол сияқты зеретхана бөлмелеріне арналған арнайы жабдықталған орындар кіреді. Мысалы; бассейнде – бұл суды сорғышпен жіберетін және тазалайтын бөлме болып табылады.

Әкімшілік – қызмет бөлмелерін – әкімшілік пен дирекцияға, оқытушы – жаттықтырушылар құрамына, қызметкерлерге арналған және қоғамдық тәртіп сақшыларына аранлған бөлмелерге бөледі. Жобалау мөлшері бойынша директор мен бас инженердің бөлмесіне 12 м2, бөлім бастығы мен коменданттар бөлмесіне 8 м2 және әрбір әкімшілік қызметкеріне 4 м2 беріледі. Мектеп спорт залында дене тәрбиесі кабинеті әкімшілік бөлмесіне жатады. Бұл спорт құрылыстарында инструктор бөлмесін 7 – 10 м2 көлемінде жобалайды. Әкімшілікке арналған бөлмелер санын спорт құрылысындағы штат кестесіне сәйкес анықтайды. Әдетте әкімшілік бөлмелері тобын бір блокқа біріктіреді.

Тұрмыстық бөлмелер. Қызметкерлерге арналған бөлмелерді бір қызметкерлерге 1,5 м2 көлемінде және бүкіл бөлме үшін 6 м2 мөлшерінде орын есептеледі. Онда киім ауыстыруға, қажет жабдықтарды сақтауға, қол жууға арналған орындар қарастырылу тиіс.

Оқытушы – жаттықтырушлар құрамына арналған бөлмелер спортшылар тобының есебіне қарай, ал бассейндерде жолдар мен секіру құрылғыларының (бір оқытушыға 2,5 м2, ал бір жаттықтырушы командасына 9 м2 кем болмауы керек) есебіне қарай анықталады. Оларды киім сақтайтын шкафтармен, демалатын орындықтармен жабдықтайды. Жатықтырушы – оқытушылар құрамына аранлған бөлмелерді ашық спорт құрылыстарында 25 спортшыға 1 орын есебімен әйелдер мен ерлерге жекелеп бөліп жобалайды. Бұл бөлмелердің жанына тек оқытушыларға арналған жуыну кабиналары мен қолжуғыштар орнатылады.

Спортшыларға арналған қосымша және қызмет көрсететін бөлмелерге киім ауыстыруға, киім сақтауға, жуынуға, әжетханаға, массажға арналған бөлмелермен қатар құрғақ ыстықты моншалар, дәрігерлік қызмет көрсету бөлмелері, теориялық сабақ өтетін бөлмелер, асханалар, қыздыратын, құрғататын қондырғылар кіреді.

Киім ауыстыру бөлмелері жеке және жалпы болуы мүмкін. Жеке киім ауыстыру бөлмелерін уақытымен ерлер және әйелдерге арнап пайдалануға болады. Жеке кобиналарды орындықтармен, үстелдермен, киім ілгіштермен жабдықтайды.

Спорт құрылысында оларды вестибюльге немесе негізгі құрылыспен өте жақын орналасқан арнайы жоспарланған бөлмелерде орналастырады.

Киім шешетін орындарды жоспарлағанда әрқашан олардың қызмет жағдайларын, басқа бөлмелермен өзара қатынасын, гигиеналық талаптарын ескереді. Олардың ең негізгісі спортшылардың  осы құрылысқа еркін орналасуы болып табылады. Осыған қоса спортшылардың қимыл – қозғалысына қатысты барлық қызметтік және технологиялық процестер мен бөлімнің анық көрінуі,  оның дыбыстық жүйесі, дыбыс пен гидроизоляциясы, жарықтануы, ауа ауысуы, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау тәрізді басқа да факторларды есепке алады. Әлемдік спорт құрылысы тәжірибесінде спорт құрылысын жіктеу бірлігі жоқ. Бірқатар елдерде спорт құрылыстарын категориялар мен топтарға бөлуде өз әдістерін жасап шығарған.

КСРО министрлер кеңесі жанындағы дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі комитеттің 1970 жылы 26 наурыздағы «Спорт құрылыстарын жаңаша жіктеуді спорт құрылыстарын бір мезгілде іске қосу мөлшерлерін және спорт құрылысы туралы үлгі жобаны бекіту туралы» қаулысына сәйкес КСРО-да спорт құрылыстарын жіктеу бірлігі жұмыс жасайды. Бұл жіктеу типтік жобалау сапасын жақсартуға, спорт құрылыстары желісінің есеп көрсеткіштерін дәл анықтауға көмектесетін жобалау мен құрылыс жөніндегі ең маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Берілген жіктеу бірлігі спорт құрылысының категориясын айқындауда, спорт құрылыстарын есепке алумен құжаттауда қолданылады.

Спорт құрылысы – бұл сан алуан спорт түрлерінен оқу–жаттықтыру сабақтарымен спорт жарыстарын өткізуге арналған ашық немесе жабық түрде сәйкестендіріліп жабдықталған арнайы салынған құрылыс.

Спорт құрылыстарының желісі қала мен ауыл тұрғындарын жалпы мәдени тұрмыстық және сауықтыру жүйесінің бір бөлігін құрайды. Тұрғылықты жерлердің жоспарлық құрылымына сәйкес дене тәрбиесі – спорт құрылыстары төмендегіше бөлінеді:

1.Мөлтек аудандық (мөлтек ауданның, тұрғын үйлер тобының және жеке үйлердің тұрғындарына қызмет көрсету).

2.Аудандық (өндірістік – тұрғылықты ауданға немесе тұрғын халықтарға қызмет көрсету).

3.Ауданаралық (аудан топтарының халқына қызмет көрсету).

4.Жалпы қалалық (бүкіл қала, поселка тұрғындарына қызмет көрсету).

Пайдалану сипатымен арнайы тағайындауына қарай спорт құрылыстары төмендегіше ерекшелінеді.

1.Оқу–спорттық, бұл тек оқу–жаттықтыру сабақтарына арналған;

2.Шерулік, көрермендер тамашалайтын жарыстар өткізуге есептелген;

3.Тұрғындардың белсенді демалысына арналған оқу – спорт құрылыстарына оқу орындарының, мектептердің, техникумдардың, институттардың, спорт базалары мен жоғары дәрежелі спортшыларын дайындау оқу – жаттықтыру орталықтары жатады.

Көрермендерге арналған арнайы орындары бар спорт құрылыстары шерулік болып табылады. Оған стадиондар, спорт сарайлары, әмбебап алаңдар, велотректер, шаңғы және тау шаңғысы стадиондары және басқа мінбелер, орындықтары, тұруға арналған орындары бар спорт құрылыстары жатады.

Тұрғындардың белсенді демалысын арналған спорт құрылыстарына саябақта, ормандарда, су қоймалары жанында орналасқан және тұрғындар мен дене тәрбиесі – сауықтыру жұмыстарын жүргізуге арналған демалыс базалары жатады. Бұдан басқа балалармен спорт сабақтарын өткізуге сондай–ақ емдеу – сауықтыру мақсатына арналған арнайы спорт құрылыстары бар.

Спорт құрылыстары өзінің сәулеттік жоспарлау және көлемдік–құрылымдық ерекшелігіне қарай көлемді және жазықтық болып бөлінеді.

Барлық жабық спорт құрылыстары көлемдігі жатады. Мысалы: спорт залдары, спорт сарайлары, жабық бассейндер мен манеждер. Спорт алаңдары жеңіл атлетикалық және коньки тебу жолдары, шаңғы және тау шаңғысы жолдары, кросстық қашықтықтар жазық спорт құрылысына жатады.

КСРО–да қолданылған жіктеу бойынша барлық спорт құрылыстары өзінің қуаттылығы есебіне жеке және кешенді спорт құрылысы болып бөлінеді. Жеке спорт құрылысы спорттың жеке бір түріне арналған (мамандарылған залдар, бір ванналы бассейндер, алаңдар, т.б.), ал кешенді спорт құрылыстары бір ғимаратқа орналасып немесе көлемді аймаққа біріктіріліп жекелеген бірнеше спорт құрылыстарынан құралған (стадиондар, спорт сарайлары, бірнеше ванналы бассейндер, т.б.).

Көлемдік жоспарлау құрылымы бойынша спорт құрылыстары жабық және ашық болып бөлінеді.

Жабық спорт құрылыстары – бұл оқу – жаттықтыру сабақтары, жарыстар жабық залдарды, бассейндермен спорт сарайларында өтетін құрылыс.

Ашық спорт құрылыстары – бұл оқу – жаттықтыру сабақтары ашық жерде өтетін құрылыс.

 1–сызбада спорт құрылыстарын көлемдік – жоспарлау құрылымы ерекшелігі бойынша жіктеу көрсетілген.

Әрбір жеке спорт құрылысының құрылымы үш құрамдас бөліктен тұрады. Ең бастысы негізгі құрылыс болып табылады, онда дене тәрбиесімен спорт сабақтары үздіксіз жүргізіледі. Қалған екі құрамдас бөлігі – бұл қосымша және көрермендерге арналған құрылыс. Егер спорт құрылысы тек оқу – жаттықтыру жұмыстарына арналса, онда көрермендерге арналған орын болмайды. Негізгі құрылыстың көлемдік – жоспар мөлшері, жамылғысы, белгілері мен жабдықтарын мемлекеттік құрылыс мөлшеріне спорт федерациялары дайындаған жарыс ережелеріне спорт құрылысының спорт құрал – жабдықтарының жұмыс жасау таблдерінің сай болуы керек. Серілердің дене тәрбиесі таптық және әскери болды. Серілер өздерін тек әскери дайындықпен, көңіл көтерумен айналысу керек деп білді. Сондықтан олар дене еңбегімен айналыстады. Олар көбінесе әскери жорықтарда, басқа жерлерді мемлекеттерді тонау, халықтың көтерілісін басып отырды.

Серілердің тәрбиесі тек қана олардың серілік атаққа жету еді. Оларды атпен шабуға, семсерлесуге, жүзуге, садақ атуға, шахмат ойнауға, аңға шығуға, өлең жазуға үйретті.

Болашақ серілер 7–14 жасында феодалдың әйеліне пажа болды. Ал 14 жастан бастап оларды қару алып жүруші атағына сайлады. 21 жасында серілікке өткізілді.

Серілікке дайындық кезінде жастар дене жаттығулармен айналысты, өздеріне шыдамдылықты, күштілікті үйретті. Серілердің дене тәрбиесінде ойын мен спорттің ролі үлкен болды. Ойындар жылжымалы, спорттық және әскери болып бөлінді.

Қосымша спорт құрылыстары спортшылар мен жарысқа қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған. Қосымша құрылысқа гардеробтар, киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын, массаж, әдістемелік бөлмелер, жаттықтырушы оқытушылар құрамы мен дәрігерлік қызметке арналған мекемелер, спортшыларға арналған моншалар, төрешілер бөлмесі, т.б. жатады.

Сондай – ақ қосымша құрылыс құрамына негізгі спорт құрылысына қызмет көрсететін әкімшілік және шаруашылық мекемелері, инженерлік – техникалық қызмет (жылу, су, энергия, т.б.) мекемелері кіреді.

Көрермендерге арналған құрылыстар – бұл негізгі құрылыс пен қызмет көрсету мекемелерінде (спорт ядросы, алаң, бассейн, файе, буфет, кафе) орналасқан мінбелер, орындықтар, тұруға арналған орындар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II – ТАРАУ.  Су спортымен шұғылданушыларға сабақ  

                        өткізу әдістері

 

2.1  Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі

 

Жүктемені мөлшерлеп бөлу (дозировка) — бұл оның көлемін және қарқынын бағытты реттеу деген ұғым. Мөлшерлеп бөлу мәселесі дене жаттығуларындағы жүктемені белгілеу бойынша ұсыныстармен шектелмейді. Шұғылданушыларға әсер ету күші тек жаттығулардың сипатына ғана емес, сонымен бірге оқу жұмысының мына элементтерімен де байланысты: түсіндіру, жаттығуларды көрсету, оқушыларды ұйымдастыру және т.б.

Әрбір нақтылы жағдайда оқытушы сабақта жүктеменің мүмкін болған үлкен көлемін қамтамасыз етуге ұмтылады (оның педагогикалық ақталғандығы жағдайы ескеріліп). Жүктеменің келемінің көбеюі сабақтың барынша ұтымды жалпы тығыздығы нәтижесінде іске асады.

Сабақтың жалпы тығыздығы деп педагогикалық белгіленген уақыттың барлық сабақтың ұзақтығына қатынасын айтады.

Педагогикалық өтілген уақытқа келесі қызмет түрлері немесе сабақ бөліктері жатады: оқытушылардың түсіндіргені, көрсеткені, оқытушының нұсқауын ұғыну және түйсікпен қабылдау, өз жолдастарының әрекетін ұйымшылдықпен талдау; дене жаттығуларын орындау және одан кейінгі қажетті демалыс; жәрдемші әрекеттер – қайта сапқа тұрғызу; спорт қондырғыларын орнату, секіру шұқырындағы құмды жұмсарту және т.б.

Оқу уақытының ақталмаған шығынына ұйымдастырудағы қойылған оқу-тәрбие міндеттерін шешуге және кемшіліктерге байланысты бос тұрып қалу жатады: сабаққа кешігіп келу және оны ерте аяқтау, тәртіп бұзуға байланысты сабақ үстіндегі үзілістер, спорт құрал-саймандарының жарамай қалуы, мұғалімнің кетіп қалуы.

Оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін сабақтағы педагогикалық өтілген қызмет түрлері маңызды емес. Мысалы, амалсыз демалыс және жәрдемші әрекеттің аз мәні болады, ал сол уақытта оқушылардың өз жолдастарының әрекеттерін зерттеп және сын көзбен талдауы педагогикалық тұрғыдан сабақтың өте маңызды сәттеріне жатады (егер бұл оқытушының арнайы  ұйымдастыруымен және оның тікелей қатысуымен өтсе). Мүмкіндігінше босқа тұрып қалуды және жәрдемші әрекеттерді болдырмау жолдарын қарастыру қажет.

Бұл үшін әр түрлі әдістер қолданылады: алдын ала оқушылардың жүретін барынша қысқа жолдарын белгілейді; артық сапқа тұрғызу және қайта тұрғызудан қашу; спорт қондырғыларын орнату және жинауды шұғылданушылардың ішінен арнайы кезекші тағайындап жарыс тәртібімен өткізіледі.

Осы тәртіппен оқытушы түсіндіруге, өз бетінше жұмысқа және тікелей жаттығуды орындауға мүмкіндігінше көп уақыт бөледі. Сабақтың жалпы тығыздығына қолайлы келудің тәсілі осылай жасалады. Жаттығуды орындауға жұмсалған уақыт моторлы тығыздық ұғымымен байланысты, яғни жаттығуды орындауға кеткен уақыттың сабақтың жалпы уақытына қатынасы.

Моторлы тығыздық — дене жаттығуларымен шұғылданудың өнімділігінің барынша ерекше көрсеткіші, сондықтан, әрине, бірдей жағдайда мүмкіндігінше сабақтың үлкен моторлы тығыздығын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге оның ең бастысы оқу-тәрбие міндеттерін шешу сапасы болып табылатын сабақтың шұғылданудағы маңызын артық бағалауға болмайды, өйткені ол өз кезегінде түсіндіруге, қозғалысты, кинограмманы, үлгіні және басқа да оқытып үйрету әдістерін көрсетуді талап етеді. Осылай гимнастика сабағынның негізгі бөлімінде сабақтың моторлы тығыздығы ең жақсы, қолайлысы деп жиі саналып, 10-15 пайызды құрайды.

Уақыттың арақатынасын түсіндіруге, көрсетуге және жаттығуға жақсы бейнеде белгілеу, сабақты әдістемелік сауатты жүргізудегі ең басты жағдайдың бірі. Ысылған, іскер оқытушылар түсіндіруді оқушылардың тікелей қозғалысты орындауы кезінде жүргізеді.

Алайда ол кезде жаттығудың күрделілігі, оқушылардың дайындығы және шұғылданудың ұсынылған сабақ үлгісінің талаптарын ескеру қажет. Сабақтағы педагогикалық өтілген қызметтің барлық түрлеріне бөлінген уақыт шегінде жүктеменің қарқындылығын мөлшерлеп бөлу мәселесі де өте маңызды. Дене жаттығулары сабағындағы жүктеменің қарқыны оның көлеміне қарағанда тікелей үлкен реакцияны қозғайды. Көп шамада сабақтың оқу-тәрбиелік нәтижесі және олардың сауықтыру әсері қарқындылыққа көп байланысты.

Сабақтағы жүктеменің қарқындылығына қойылатын негізгі талап оның физиологиялық және психологиялық әсерінің мүмкін болған шегін анықтау болып табылады. Әрбір нақтылы сабақта жүктеменің өзіндік мүмкін болған шектегі шамасы болуы тиіс және ол әр кезде жасына, жынысына, шұғылданушылардың жаттыққандығына және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты анықталуы тиіс.

Жүктеменің шектелуі, әсіресе, жоғары шектеулі туралы мәселе әр түрлі авторлармен әр қилы шешіліп келеді. Әр уақытта бәрінен жиі жүктеменің дәл көрсеткіші ретінде тамырдың соғу жиілігі алынады. Кейбір авторлар тамыр соғу көрсеткішінің абсолюттік шегін сабақта анықтауға тырысты. Мысалы, тамыр соғуының максимальді мүмкіндігі 1 минутта 150 рет соғу деп саналды. Басқалары тамыр соғуы жиілігіне мүмкіндік шегін бастапқы қалпынан пайызбен белгілеуге ұмтылды, мысалы, 80%. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер (В.С.Фарфель, М.В.Раскин және т.б.) шұғылдану сабақтарында тамыр соғуы жиілігінің шектеулі қалпына қатынасы бір мағыналық шешім болуы мүмкін емес екенін делелдеді. Мысалы, спорттағы көптеген сабақтарда сабақтың басындағы тамыр соғуының төмендетілген көрсеткішінде (мин/55-60 рет соғуы) тамыр соғуының шектеулі жиілігі минутына 200-250 рет. Сондықтан тамыр соғуынын жиілігінің өсуі 400 пайызға дейін жетеді, яғни 1 минутта 240-250 рет соғады.

Жүктеме қарқынын сауатты мөлшерлеп бөлу үшін оқытушы сабақта оқу-тәрбиелік қызметтің барлық түрлерін-ұйымдастыру кезінде оны арттыру және төмендету (түсіру) әдістерін жақсы меңгеруі тиіс.

Мысалы, қызметтің көмекші түрлерін күшейту үшін оларға оқу-тәрбиелік сипат береді: спорт қондырғыларын орнату және жинауды, ауырлықты алып жүруді үйрету, ұжымдағы тәртіпті, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу үшін пайдаланады; сапқа тұрғызу мен саптағы қозғалысты жүгіріп немесе керісінше белсенді демалыс үшін орындайды (денені босатуға, тыныс алуға және т.б. жаттығу беріледі). Жаттығуды орындар алдында кезек күтіп тұрған шұғылданушылардың белсенділігін сүйемелдеп, қолдау үшін оларға арнайы тапсырма ұсынады: «Қозғалыс тәсілінің мына элементтеріне назар аударыңдар және оны барлық топтағы шұғылданушылардың қаншалықты меңгергенін талдауға тырысыңдар»; шұғылданушыларға өз бетінше орындау үшін ұштастыру және жалпы дамыту жаттығуларын ұсынады; зерттеу, үйрену үшін кинограмма, сызба үлгі, суреттер және т.б. береді.

Оқытушының шұғылданушыларды оқу-тәрбие міндеттерін өздігінен іске асыра білуге үйретуі ерекше назар аударуға тұрарлық мақтаныш. Мұнда әр түрлі қызмет түрлері пайдаланылады: әңгіме, кеңес өткізу, тапқырлықты, ептілікті, қиын жағдайда жөнін таба білу талап етілетін шұғылданушылардың алдына міндет қою.

Түсіндіру және көрсету кезінде шұғылданушылардың назарын өзіне аударуы, олардың белсенділігін тәрбиелеуі оқытушының басты міндеттерінің бірін құрайды. Оқушылардың жұмысы неғұрлым қарқынды болған сайын, жаттығу нәтижесінен солғұрлым табыс күтуге болады.

Дене жаттығулары қарқындылығын мөлшерлеп белгілеу шұғылданушыларға тікелей және жанама әсер ету арқылы әдістемелік тәсілдердің қатарымен іске асады.

Шұғылданушыларға тікелей әсер ету әдістеріне жаттығудың қайталану саны, жылдамдығы, күші, қолданылатын сыртқы ауырлық жүктеме шамасы туралы сөзбен нұсқау беру және т.б. жатады. Тікелей әсер ету әдістерін пайдаланып, егер оқушылар мұғалімнің тапсырмасын дұрыс орындаса, онда барынша кең ауқымда жаттығудың қарқындылығын дәл мөлшерлеп, бөлімдермен орындатуға болады.

Шұғылданушыларға жанама әсер ету әдістеріне қатаң уақытпен белгіленген жаттығулармен орындалатын ойындық және жарыстық әдістерінің кезектесуімен жүргізілуі жатады.

Мысалы, әдеттегі тапсырмамен орындауға қарағанда спорттық сайыс кезіндегі жаттығуды орындау жағдайындағы үлкен қарқындылығымен айырмаланады. Селқос, бейқамдықты жеңу үшін осыны пайдалануға болады. Бүтіндей алғанда жаттығулардың орындау қарқындылығын жанама әдіспен мөлшерлеп, бөлу тікелей әдіске қарағанда дәлдігі азырақ болса да оны қолдану кажет. Осы бейнеде сабақтағы жүктемені ең қолайлы мөлшерлеп, бөлу жоғары қарқындылығын, шұғылданушылардың ақыл-ой, сонымен бірге дене жұмыстары ретінде сабақтың 100 пайыздық жалпы тығыздығын қамтамасыз етуді талап етеді. Жүктемені мөлшерлеп бөлудің жоғарыда сипатталған әдістері оқушыларды дұрыс ұйымдастыра білуге және оларға жаттығудың ететін әсерінің дәрежесін бақылауға тәуелді.

Сонымен сабақты ұйымдастыру әдістемесі. Сабақты ұйымдастыру әдістемесі оқытушының белгіленген оқушылар санымен (сынып, команда, үйірме) жұмыс істеу әдісіне, шұғылданушылардың тапсырманы орындау тәртібіне, оқытушылар мен оқушылардың және шұғылданатын орындағы спорт қондырғыларының орналасуына (зал, стадион, спорт алаңы және т.б.) байланысты. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Сабақта шұғылданушыларды ұйымдастырудың негізгі үш әдісі айырмаланады: фронтальді (маңдай алдынан), топтық және жеке.

Фронтальді әдісі кезінде оқытушы бірегей оқу материалы бойынша барлық оқушылармен бір уақытта жұмыс істейді.

Сабақты топпен өткізу әдісі кезінде оқушылар топтарға бөлініп, әр топ жеке оқу тапсырмаларын алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында ұстап, бір топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немесе кезекпен бірінен кейін келесі топқа өтеді.

Жеке өткізу әдісі кезінде әрбір оқушы жеке тапсырма алып, оны өздігінен орындайды. Мұнда оқытушы, оқушылардың жұмысына таңдап, іріктеп басшылық жасайды.

Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылығы және кемшіліктері бар. Сабақты фронтальді әдіспен өткізу кезінде барлық оқушылардың қимыл-қозғалысын назарда жақсы ұстауға және олардың қимыл әрекеттерін тікелей басқаруға болады. Алайда бұл кезде оқушылардың әрқайсысына қимылын дербес, өздігінен басқару қиындайды. Топтық және жеке әдістерді қолдану керісінше, оқытушының барлық оқушыларды бақылау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әдістердің қайсысының берілген сабақты өткізуге жарамды екені, оқу материалдарының жаңалығына және күрделілігіне, сабақ өткізілетін орыннның материалдық жабдықталуына, шұғылданушылардың жасына, жаттығу өткізілетін орынның кеңдігіне және т.б. байлынысты.

Мысалы, бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын фронтальді әдіспен жиі өткізеді, өйткені жае ерекшелік күшіне қарай олар өздігінен қозғалысты қажетті мүмкіндікті меңгеруге қабілетсіз. Сабақты спортшы-гимнасттармен топтық әдіспен өткізу басымырақ, өйткені жекелеген гимнастикалық қондырғылардың сыйымдылық мүмкіндігінің аздығы және т.б., шебер-жеңіл атлеттерге жеке әдіспен сабақ өткізу тән, өйткені бұл спорт түріндегі оқытып үйрету жүйесін спорттық шеберліктерінің артуына байланысты жаттығуды жекешелендіру талабы артады.

Сабақтық шұғылдануда тәртіп бойынша оқушыларды ұйымдастырудың әдістерін араластырып қолдану тән. Сабақтың басталуы әдетте фронтальді әдіспен, негізгі бөлімінде шұғылданушыларды топқа бөледі немесе олармен жеке жұмыс жүргізеді, ең соңында, сабақты қайтадан фронтальді әдіспен аяқтайды.

Сабақтың әдістемесін, сонымен бірге шұғылданушылардьщ берілген тапсырмаларды орындау тәртібін анықтау. Қажет сабақтың әдістемесін аньщтайтын екі тәсілі бар: бір уақытта және кезекпен.

Біріншісі, жаттығу немесе басқа қызмет түрлерінде барлық оқушылармен орындалады, ал екіншісінде әрқайсысын кезекпен орындайды.

Екі әдісте де оқушылар үзіліссіз (ағыммен) немесе арақашықтықпен жұмыс істеуі мүмкін.

Үзіліссіз, толассыз орындаудың мәні, мұнда оқушылар жаттығулардың бірінен кейін бірін дем алмай орындайды.

Мысалы, гимнастика сабағында денені жалпы дамыту жаттығуларының лайықтыларын таңдағанда алдыңғы сабақтың соңындағы жаттығу келесілері үшін негіз болатындай болса, онда жаттығулар сериясын үзіліссіз орындауға болады. Мысалы, жеңіл атлетика сабағында жүгіріп келіп, екпінмен ұзындыққа секіру кезінде бір оқушы жерден серпінді күш алып секіргенде, екінші оқушы жүгіруді бастаса, үшінші оқушы бастапқы дайындық қалпында тұрады, төртіншісі секіру шұқырынан оралып қайтадан дайындалатын орынға келіп тұрады және т.б.

 Толассыз әдістің ерекше әр түрлілігі дене сапаларын қарқынды дамытуға мүмкіндік жасайтын жаттығуларды айналма әдіспен орындау болып табылады. Мұнда оқушылар жаттығулар кешенін толассыз арнайы жерде немесе шеңбер бойына орналастырылған спорт қондырғылары «бекеттерінде» («станция») біреуінен кейін екіншісіне («тұтқалы аттан», белтемірге тартыну «бекетіне») өтіп орындайды.

Жаттығуларды толассыз орындау бөліп өткізуге қарағанда үлкен қарқындылықты қамтамасыз етеді. Алайда оның жалпы білім беру қатынасында әсерлілігі төмендеу, өйткені жаттығулардың арасында үзілістің болмауы түсіндіруді, қозғалысты талдауды және оқытып үйретудің басқа да элементтерін пайдалануды қиындатады. Сабақта жаттығуларды толассыз немесе бөлек-бөлек орындауды таңдау бәрінен бұрын оқу материалының жаңалық дәрежесіне және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты. Мысалы, жаңа оқу материалын таныстыру және үйрену кезінде жаттығуды  бөлек-бөлек орындау орынды, қозғалысты жетілдірудегі дене сапаларының қарқынды даму міндеттері қойылғанда, жаттығуды үзіліссіз орындау мақсатқа сәйкес келеді.

Оқушылардың жаттығуларды жақсы орындауы сабақ өтілетін орындағы оқытушының, оқушылардың және спорт қондырғыларының дұрыс орналасуына тікелей байланысты. Егер оқушылар бір қатарда сапқа сап бойынша тұрса, ал мұғалім осы қатардың оң немесе сол жақ шетіне жақын тұрса, онда оның түсіндіруін, көрсетуін және т.б. саптың екінші жақ шетіндегілері нашар қабылдайды. Егер мұғалім спорт қондырғыларының ортасында тұрса, онда шұғылданушы топтардың бірі оның назарынан тыс қалады. Егер оқушылар сапқа күнге қарсы қарап тұрса, онда олар мұғалімнің көрсеткенінің барлығын нашар көреді. Осы мысалдардың бәрі мұғалімнің, оқушылардың және сабақ өтілетін жердегі орынның орналасуынан оқу-тәрбие жүйесінің маңызды бөліктері, яғни көру және есту түйсіктері, жаттығуларды орындауды бақылауы және т.б. тікелей осыларға байланысты. Барынша әр түрлі сапқа тұрғызулар үйлесімді болуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда олар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

а) мұғалім мен оқушыға сабақта болған нәрсенің барлығын естуге және көруге мүмкіндікті қамтамасыз ету;

ә) жеке және қоғамдық гигиена ережесіне сай болу;

б) бөгет және жарақат алу мүмкіндіктерін болдырмау.

Сабақта шұғылданушылардың жақсы ойластырылып орналастырылуы тәртіптілікке және ұжымшылдықка тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

Сақтандыру және жәрдем беру үлкен дене жүктемесі жағдайындағы қозғалыс әрекетінің белсенділігі барысында шұғылданушылардың дене, психикалық және қызметтік жарақат алуы мүмкіндігінің кездесуі мүмкін.

Шұғылдану сабақтарында сайыстармен және басқа сабақ түрлерімен салыстырғанда статистикалық мәліметтерге жүгінсек, әр түрлі сипаттағы жарақат алудың көпшілік пайызы, яғни 50%-ға түседі екен. Ал спорт шеберлерімен өткізілетін сабақта бұл көрсеткіш 80% пайызға дейін жетеді. Бұл шұғылдану сабақтарында қозғалыс әрекетінің жаңа үлгілерін меңгеру өзгешелігімен және жоғары нәтижелерге жету дайындығымен түсіндіріледі. Сабақты өткізу барысында ерекше назарды жарақат алмау жолдарына аудару қажет. Осы жағына байланысты оқытушының қызметтік шарасын, әдетте сақтандыру деп атайды.

Сақтандырудың әсерлілігі сөздің кең ұғымда бәрінен бұрын оқытып үйрету және тәрбиелеу принциптерін қатаң сақтаумен түсіндіріледі.

Оқушылардың жоғары саналылығы және белсенділігі, сабақты құрудағы жүйелілік және бірізділік, оқу материалының игерілу мүмкіндігі және оны меңгеру беріктігі – жарақаттың алдын алып, сақтандырудың бірінші дәрежелі жағдайы.

Жарақаттанудың алдын алуға дене жаттығуларының жүктемелерін ақылмен мөлшерлеп бөлудің, шұғылданушылардың жақсы тәртіптілігінің, жаттығуды орындауды жүйелі ұйымдастырудың нәтижесінде қол жеткізуге болады.

Көптеген жаттығуларды орындау кезінде (суға секіру, акробатика, спорттық қондырғылардағы гимнастика, семсерлесу және т.б.) барынша тар ұғымда сақтануға деген қажеттілік, яғни олқылықты, құлауды, қарсыластың қатты соққысын, ауруды сезінуді және т.б. тікелей алдын ала ескертетін шара ретінде пайда болады. Бұл шараларға оқытушының арнайы әрекеті (көтермелеу әдістері, ұстап қалу, шұғылданушыларды ажырату), оқушыларды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуі (белбеу, маска-шлем, қалың киім және т.б.), өзін-өзі сақтандыру, оқытып үйрету кіреді. Мұндай сақтандыру орындалуы қауіпті емес жаттығуларды орындаумен қатар іске асады. Топтық әдісімен жұмыс жүргізу кезінде оқытушы барынша қауіпті жаттығуларды орындау кезінде топты алдын ала сақтандыруы тиіс.

Басқа топтардағы шұғылданушыларды жарақат алудан сақтандыру үшін жоғары дайындығы бар оқушыны сақтандыру әдістерін меңгеруге байланысты олармен сабақ өткізіп, нұсқаушылыққа тағайындау керек.

Сақтандырудың сақтық шаралары былай жүргізілуі тиіс: сабақ өтілетін орын мен спорт қондырғыларының дайындығын алдын ала тексеру, жаттығуларды орындау кезінде шұғылданушыларды қауіпсіз орынға орналастыру (мысалы, лақтыру кезінде). Сүйемелдегенде, итермелегенде және басқа әдістерде сақтандыру оқытып үйретудің әдістемелік тәсілдері сияқты жиі көмек берумен үзіліссіз байланысты. Мұндай көмек беру сияқты сақтандыруды жарақат алу қауіптілігі айкын болған жағдайда ғана пайдалану керек (мысалы, спортты жаңа бастағандармен күрделі жаттығуларды үйрену кезінде және т.б.). Мұндай сақтандыруды теріс пайдалануға болмайды, өйткені оны шұғылданушылар дағдыға айналдырып батылдық, ұстамдылық, өзін-өзі игере білу және жаттығуды өздігінен орындауға қажетті басқа да сапаларын тәрбиелеуді тежейді. Сондықтан әдістемелік өтілген, бірінші жағынан, жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтын, бірақ басқа жағынан кейбір тәуекелге барып, қауіптіліктің болатынын алдын ала ескеруді қарастырады.

Оқытушының жеткілікті дәрежедегі байсалды жарақат алудың алдын алуға назар аударуы дене тәрбиесі сабағында жарақат алудың болмауын қамтамасыз етеді. Жарақатты емдеудегі табыс көп жағдайда оқушыға дәрігерге дейінгі көмек: көрсетуде анықталады. Оқытушы мамандық саласына қарамастан әр түрлі деңгейдегі алған жарақаттарға бірінші көмек көрсете білуі тиіс. Дәрігерге дейінгі көмек дене жаттығулары сабағындағы оқытушы жұмысының маңызды жақтарының бірі.

Сабақтық шұғылданудың әр түрлілігі. Дене жаттығуларымен шұғылданудың сабақтық түрлерінің барлығын олардын бағыттына қарай жалпы дене дайындығы, спорт түрлерінен жаттығу сабақтары және кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабақтары деп бөлуге болады. Жалпы дене дайындығы сабағы балалар бақшасында, мектепте, жоғары және орта оқу орындарында жалпы дене дайындығы (Ж.Д.Д.) топтарында, ересек тұрғындар үшін, яғни барлық жастағылар санымен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін оқу материалының әр түрлілігі, оны меңгеру кешенділігі, біркелкі денеге берілетін жүктеме және басқа да бірқатар ерекшеліктеріне тән.

Спорттық жаттығу сабақтары тандап алған спорт түрлерімен шұғылданатындар жұмыста пайдаланылады: жеңіл атлетика, акробатика, гинастика, суға секіру және т.б. сабақтары. Әрбір жекелеген жағдайда олар жеке спорт түрлерінің ілімі мен әдістемесі жинағында мазмұндалған ерекше өткізу әдістемесін талап етеді. Мұндай сабақтар жаттықтырушылар мен спортшылардың бірлестіктегі шығармашылығын, жүктемені мөлшерлеу шамасына ерекше назар аударуын, жарақаттанудан сақтану жолдарын табуды міндеттейді.

Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабағы жеткіншектермен, жасөспірімдермен, үлкендермен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін қозғалыс әрекеттеріне мазмұны ұқсас кәсіби еңбекке үйренуге тән.

Оқу жұмысының сипатына қарай сабақтар жаңа оқу материалын меңгеру сабағы, оны жетілдіру және бекіту сабақтары, аралас типтес сабақтар болып бөлінеді.

Жаңа материалды игеру сабағы үшін салыстырмалы кіші моторлы тығыздық тән, сол себепті түсіндіруге, көрсетуге, қозғалыстағы бірінші өрескел қателерді жөндеуге көп уақыт жоғалтады. Мұндай сабақтардың табысты болуы сабақ өтетін орынды дайындаудың ерекше мұқияттылығына байланысты.

Оқу материалын жетілдіру және бекіту сабағында, мысалы, жоғары дәрежелі спортшылармен жаттығу сабағында моторлы тығыздығы ең жоғарғы мөлшерге дейін өседі.

Бақылау сабақтары әдетте спорттық жарыстар түрінде өтеді. Бұл сабақтарда қатаң тәртіп, жарыс ережесіне сәйкестік, нәтижелерін дәл белгілеу қамтамасыз етілуі тиіс.

Дене тәрбиесі үшін бүтіндей алғанда аралас типтес сабақтар басымырақ тән (яғни бір сабақта жана материалды зерттеу, бұрын меңгергендерді жетілдіру және тексеру).

Сонымен бірге ерекше әдістемелік тәсілдер сабақты әр түрлі орында және әр түрлі уақыт жағдайында өткізуді талап етеді: спортзалда, спорт алаңында (стадионда), табиғи орындар жағдайында, қыста, жазда және маусым аралығында.

Сабақты спортзалда өткізуді ұйымдастыру, өте қолайлы болады. Салыстырмалы кіші жұмыс алаңы, көру аясының шектеулілігі, температураның тұрақтылығы сабақ міндетін шешуде оқушылардың назарын жақсы бейнеде шоғырландыруға мүмкіндік жасайды. Алайда ғимарат ішінде сабақ өткізудің елеулі кемшіліктері бар. Атап айтқанда, гигиеналық сипаттағы, яғни мұнда ғимарат ішіндегі жарықтың талапқа сәйкес еместігі, шаң, буланудан ауаның ластануы шұғылданушылардың жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан барлық мүмкіндіктерді пайдаланып сабақты сыртта таза ауада өткізу дұрыс. Әрине, шұғылданушыларды ашық алаңда басқару қиынырақ. Бір жағынан сабақты өткізуге күн, желдің бағыты мен күші, бөгде заттар, оқушылардың назарын аудартатын көрермендер кедергі жасайды.

Дегенмен, бұл әдістемелік қиындықтар таза ауа жағдайындағы оқушылардың жұмыс қабілеттілігінің артуымен түгелдей есесі қайтады. Ашық аспан астында, таза ауада өткізілген сабақ, әсіресе, егер ол жыл бойы әр түрлі ауа райында өткізілсе шынығуға, денсаулығын нығайтуға жәрдемдеседі. Спорт ғимаратындағыға қарағанда таза ауада, ашық аспан астында өткізілген сабақта шұғылданушылар әдістер мен тәсілдерді жақсы меңгереді және барынша жоғары нәтижеге жетеді.

Табиғи орындар жағдайында сабақ өткізу үлкен дәрежеде жаттығуды түрлендіруге және ең бастысы оқушыларды өмірдегі қызмет ету жағдайына ете жақын жағдайға көшіреді. Табиғат аясында – сабақ өткізуге көптен шұғылданушыларды өмірге дайындаудың басты құралы ретінде маңыз берілген.

Сабақ өткізу үшін жергілікті жердің табиғи жағдайын пайдалану әдісі осы заманғы дене тәрбиесі жүйесінде кең қолданылып келеді. Мектепте, орта, жоғары оқу орындарында, әскерде табиғат аясындағы сабақтар міндетті түрде өткізіледі. Бұлай сабақ өткізу, әсіресе, спортта кең таралған.

Жергілікті жердегі қолайсыз ауа райы жағдайына сәйкес күні бұрын сабақ өткізілетін орынды дайындау және сабақ өтілетін орынды сынап көру, оқушыларға мұндай сабақтың пайдалылығын ұғындыру, олардың киімі жайлы және т.б. қамын ойлау өз жемісін береді. Дегенмен, көпшілік дене жаттығуларының әдістерін меңгеріп, сауатты орындау үшін арнайы жабдықталған сабақ өткізу орны талап етіледі. Сондықтан табиғи орындарда сабақ өткізуді спорт ғимараттарындағы және спорт алаңдарындағы сабақтармен ауыстырып өткізген дұрыс.

 

2.2 Оқытушыны сабақ өткізуге дайындау.

 

 Сабақ өткізу көп жақты, күрделі қызмет түрі болып саналады. Сондықтан сабақтың жоғары сапалылығына жету үшін оқытушы оған күні бұрын және тыңғылықты дайындалып, келесі мәселелерді ойластыруы тиіс:

а) сабақтың міндетін анықтау;

ә) оның нақтылы-жоспарын жасау;

б) материалдық жабдығын дайындау.

Бұл жоғарыда көрсетілген сәттер өзара байланысты және оның әрқайсысы арнайы жұмысты талап етеді. Сабақтың міндетін анықтау дегеніміз — шұғылдау жүйесіндегі орнын айқындау және мүмкін болған  толықтығымен оның нәтижесін өзінше шамалау болып саналады. Мұны іске асыруға жоспарланған жүйесіндегі орнын айқындау және мүмкін болған толығымен оның нәтижесін өзінше шамалау болып саналады. Мұны іске асыруға жоспарланған жұмыс мүмкіндік туғызады.

Алайда, оқу-тәрбие және оқу-жаттығу жүйесінің нақтылы ағымы барлық уақытта жоспарға түзетулер ендіреді. Сондықтан жоспарда қойылған міндеттерді барлық уақытта өткен бірқатар сабақ нәтижелерін тыңғылықты талдау негізінде сабақтың барлық сериялары бойынша қалған уақыт санын есепке алып нақтылау қажет. Тек осылай жоспарланған сабақтың лайықты сабақтастығын қамтамасыз етуге болады. Бұдан басқа, жұмыстық жоспарлаумен сабақтың барынша елеулі міндеттері кешенін дайындау алдын ала ойластырылады, әдіс-тәжірибеде нақтылығының қажеттілігі туындайды. Сонымен, оқу сабағының алдыңғы жоспарларына қатыссыз нақтылы міндеттерін белгілеу барлық уақытта байсалды, ойластырылған еңбекті талап етеді. Сабақ міндетін дұрыс белгілеу және оны іске асыру жоспары оқытушының педагогикалық тәжірибесімен және оның шығармашылық қабілетімен анықталады. Бірақ ешқашан жеке тәжірибені артық бағалауға болмайды, өйткені оқу-тәрбие жүйесін терең және жан-жақты түсінуге тек ұжымдық күш салу нәтижесінде ғана қол жетеді. Сондықтан сабақ міндетін – белгілеу кезінде оны іске асырудың әдістемелік жолы туралы жаңа мәліметтерді зерттеу қажеттілігі туындайды. Алдын ала белгіленген тапсырма мен жалпы жоспарға сәйкес әдебиеттік деректерді күні бұрын оқып, зерттеу нәтижесінде оларды шешуге де түзетулер ендіріледі. Сабаққа дайындалудың келесі кезеңі — бұл оны өткізудің сабақ жоспары, яғни әр сабақтың жазбаша жоспары (план-конспект). Сабақты жазбаша жоспарлау қызметтің барлық жақтарын барынша толық ескеруге және оның ұйымдастырылуын терең зерттеп, дайындауға мүмкіндік береді.

Сабақты жоспарлау оның міндетін барынша тиімді жүйелілікпек анықтаудан басталады. Атап көрсетілгендей, аса үлкен назарды және жоғары жұмыс қабілеттілігін талап ететін жаңа материалды оқытып үйрету сабақтың негізгі бөлімінде өтуге, ал барынша жеңіл міндеттерді іске асыру сабақтың басында және соңында жоспарланады. Одан әрі сабақтың негізгі бөлімі терең зерттеліп дайындалады. Оқушылардың жаттығуларды орындау кезіндегі ұйымдастыру үлгісі белгіленеді.

Жоғарыда көрсетілген үлгі жазбаша сабақ жоспарына түседі. Мұнда ерекше назарды жаттығуды іріктеп алуға аударып, міндетті шешу үшін оқушылар әрекетіне қажеттілердің барлығы тыңғылықты жоспарланады. Нәтижесінде ғылыми негізделген жүйеліліктегі тәрбие және жеткілікті дәрежедегі толық оқытып үйрету әдістемесін көрсететін жаттығулар кешені өңделіп, дайындалуы тиіс.

Сабақтың негізгі бөлімінің мазмұнын дайындап, оқытушы оның биологиялық және педагогикалық маңыздылығын есепке алып, дайындық және қорытынды бөлімдерін жоспарлайды. Мұнымен бірге ол негізгі бөлімінің жоспарын дайындағандай айқын сабақтың міндетін белгілеу түрін, әрбір жаттығудың мәнін және белгіленген бағытын, мөлшерленіп бөлінуін, оқушыларды ұйымдастыру әдістерін, орын ауыстыруы мен сапта қайта тұрғызылуын, сабақ кезіндегі өзінің жұмыс – алаңындағы орнын білуі тиіс. Осылардың барлығы әр сабақтын жазбаша жоспарында (план-конспект) толық мазмұндалады.

Сабақтың алдында мұғалім өзі тікелей сабақ өтілетін орынды дайындауы және жаттығуды орындап, байқап көруі тиіс. Сабақ өтілетін орынды дайындау кезінде оқушылардың өздерін қимыл-әрекеттерін бақылай отырып қатыстыру керек. Іс-тәжірибелер нәтижелері көрсеткендей, сабақ өтілетін орынның талап дәрежесінде дайын болмағандығынан көбіне босқа тұрып қалушылық және жарақат алу жағдайлары жиі кездеседі,

Сабақты педагогикалық бағалау. Оқытушы әрбір өткізген сабағын бағалауы тиіс. Бұл оның қанағаттану сезімін анықтайтын немесе өз еңбегіне қанағаттанбауын анықтайтын, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге талаптандыратын оның қызметінің бөлінбейтін жағы. Сабақтардың өтілу дәрежесін кезеңдермен оқытушылардың жұмыстарына басшылық жасайтын халыққа білім беру саласының инспекторлары, жалпы білім беретін мектептер мен спорт мектептері директорларының оқу ісінің меңгерушілері де бағалайды. Екі жағдайда да сабақты әділ бағалай білу өте маңызды.

Барлық жағдайдағы сабақ сапасының басты көрсеткіші оның нақты міндеттерін шешу дәрежесі болып табылады. Мұндағы ең жақсы жолы, егер оқу материалын оқушылардың барлығы түгелдей меңгерсе, алайда, әдетте олардың құрамының қабілеті және дайындығы жағынан бір тектес болмайтынын есте ұстаған дұрыс.

Сондықтан барлық оқушылар үшін бірдей оқу материалын үйрету кезінде кейбір оқушылардың оны толық меңгере алмауы сабақтың нашар өткізілгендік белгісіне саналмауы тиіс. Мұнда ең маңыздысы тапсырманы шұғылданушылардың негізгі бөлігі меңгергендігі болып табылады.

Егер оқу материалы тапсырмаларын шұғылданушылардың аз белігі немесе барлығы игере алмаса онда сабақ нашар өтілген болып саналады. Мұның себебі, сабақ міндеттері шамадан тыс қиын белгіленген немесе мұғалім әдістемелік негізде кәсіби қабілетсіз немесе оқушылардың шеберлігіне қатысы жоқ, тәуелсіз кездейсоқ болуы мүмкін (оқушылар сабаққа толқып, көңіл-күйлері болмай келді).

Сабақ міндеттерін іске асыру туралы негізделген ұғыну мыналарды талап етеді: а) оқушылардың оқу материалын меңгеру көрсеткішінің айқын, дәл есебі; бұл есеп орындалатын жаттығулардың сандық нәтижесін өлшеу және әдістерін бағалаудың жәрдемімен немесе дене сапаларының даму деңгейін анықтау үшін тест алу жүйесімен жүргізіледі; ә) бұл мәліметтерді хаттамаға түсіру; б) оқушылардың оқу тапсырмасын орындағандығы және орындамағандығы жайлы арақатынасының есебі. Сабақта оқу міндеттерін шешу дәрежесі туралы соңғы қорытынды жасағанда оның сауықтыру және тәрбиелік маңызын ескеру қажет.

Егер сабақта нақтылы сауықтыру және тәрбиелік міндеттері қойылса, оны шешу туралы пікір міндет талаптарын орындаған оқушылар санының есепке алынуына негізделген болуы тиіс. Нақтылы міндеттер қойылмаған кей жағдайларда сабақтың сауықтыру және тәрбиелік мәні туралы дене тәрбиесі жүйесінің осыған сәйкес принциптерінен туындайтын ережелер мен талаптардың іске асырылуымен пікір айтылады. Жаттығу орнының тазалығын камтамасыз ету, оқушылардың ағзаларының қызмет мүмкіндіктері мен тұлға сымбатын жүйелі бақылау, адалдыққа, шыншылдыққа, тәртіптілікке және т.б. тәрбиелеу сабақты жақсы өткізудің белгілері. Кейде сабақтың білім беру міндеттері шешіліп, ал сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері шешілмей қалуы мүмкін. Мұндай сабақты дұрыс өтті доп бағалауға болмайды.

Оқу материлын меңгеру дәрежесі және сабақ сапасы әр түрлі болуы мүмкін: бір жағдайда оқушылар тапсырманы майда бөлшектеріне дейін дұрыс орындайды, ал басқа жағдайда олар қателермен, кемшіліктермен анық емес, сенімсіз орындайды. Мұны сабақты өте жақсы, жақсы, орташа деп бөліп, оқушыларды бағалар кезде есепке алу қажет.

Оқытушының әдістемелік дайындығы сабақты жүйелі жоспармен талдап құруға, оның тығыздығына, жүктемені мөлшерлеп, белгілеу әдістеріне, оқушыларды ұйымдастыруына, жәрдем, сақтандыру және сабақтың басқа жақтарын дұрыс басқаруына мүмкіндік туғызады. Бақылау жоғары деңгейдегі мөлшерлеп, өлшеумен толықтырылуы тиіс. Сабақтың құрылысы туралы жаттығулардың жұмыс қабілеттілік заңдылықтарына сәйкестігіне, жекелеген міндеттердің қиындықтарды арасындағы арақатынасына қарай, оны іске асыруға бөлінген уақытымен сабақ бөлімдерінің өзара байланысының қисыны бойынша пікір айтылады. Оқушылардың оқу қызметімен және жаттығулар мен шұғылдануларын бақылап, сабақтың тығыздығын анықтайды.

Сабақтың тығыздығын барынша қатаң анықтау үшін сабақ бөліктерінің (түсіндіру көрсету кезекте тұру т.б.) уақыттарын өлшеуден тұратын сабақтың жалпы және моторлы тығыздығын шығаратын хронометраж (хронометр — өте дәл жүретін қалта сағаты) пайдаланылады. Жалпы көпшіліктік тексеруде келесі хронометраж әдісі пайдаланылады.

Сабақтың типтік бөліктері (компоненттері) бөлініп, шығарылады (түсіндіру жаттығуларды көрсету, кезекті күту, спорт қондырғыларын орнату және жинау, босқа тұрып қалу және т.б.). бақылау жүргізу үшін оқушылардың біреуін сайлайды. Ол оқушының сабақтың бөліктеріндегі қозғалыс-қимылдарын жылжыған секундомер тілімен белгілеп, мәліметтерін хаттамаға түсіреді. Сабақтан соң олардың бәрін қосып тығыздықтың шамасын анықтайды. Хаттаманың көлденең графасында көрсетілген мәліметтерден басқа сабақтың жекелеген бөлімдеріндегі тығыздығын есептеуге мүмкіндік береді. Хронометраждың жоғары деңгейдегі дәлдігі үшін уақытты автоматты түрде белгілеуге мүмкіндік беретін арнайы аспап пайдаланылады.

Оқытушының жүктемесін мөлшерлеп бөле білуі оқушылардың тапсырманы орындау реакциясымен бағаланады (назар аудару, тыныс алу және т.б.). Оқытушының жәрдем беру мен сақтандыруды ұйымдастырудағы әдістемелік сауаттылығының өлшемін оның оқушылармен қарым-қатынастағы нақтылы жағдайдағы, жалпы әдістемелік ережелері мен талаптарына сәйкестігін анықтайды. Оқытушы қызметінің сипаттамасы үшін оның сабаққа дайындығы, (жазбаша сабақ жоспары), спорт залдағы тәртіп, сөз, оқушылармен қарым-қатынас мәнері, сыртқы түрі және оны сипаттайтын педагогикалық әдептілігі, өз мамандығына деген сүйіспеншілік, белсенді оқушылар мен ұжым мүшелеріне сүйеніп шығармашылықпен жұмыс істей білуі зерттеледі. Әрбір оқушылар ұжымының оқытушының әрекетінде және бүтіндей алғанда сабақ нәтижесінде көрінетін ез ерекшеліктері бар. Оқушыларды зерттемей сабақты дұрыс бағалау мүмкін емес. Тапсырманы үлгі бойынша орындаудағы барлығының қызығушылығы, әлсіз дайындалған жолдастарына жүйелі көмек беру, сабақ өтілетін орынды дайындау үшін оқытушыға көмектесу, сақтандыру, төрешілік ету, тәртіптілік және басқа да осы тектес белгілер оқушылардың дене жаттығуларымен байсалды, саналы түрде шұғылдануын куәлендіреді. Сонымен бірге кейбір оқушылардың тәртіпсіздігінен, дене дайындықтарының арасындағы үлкен айырмашылықтан, байыпты шұғылдануға талап жоқтығынан жұмыс істеу күрделілене түсетін қиын ұжымдар да болады. Мұны оқытушының әдістемелік дайындығын бағалау кезінде, әсіресе, ол осындай топпен сабақты ауық-ауық өткізеді немесе сабақты сүйелі түрде өткізуді енді бастаған кезінде ескеру қажет.

Сабақты педагогикалық толық талдау және оны жан-жақты бағалау міндеттері, ұйымдастыру және әдістемелік тексеру анық айқындалған, алдын ала өңделіп дайындалған жоспар бойынша іске асуы тиіс (анкета, сабақты талдау картасы). Талдаудың мәліметтері жұмыс сапасын арттыру жолын табу үшін хаттамаға түсіріледі және мұғаліммен тиянақты талданады. Бағалаудың әсерлілігі және өзін-өзі бағалау, талапшылдығы дәрежесіне тәуелді. Екі жағдайда да жоғары талап қоюшылық – педагогикалық шеберлікті арттырудың негізі.

 

2.3 Шұғылданудың сабақтан тыс түрі

 

Жалпы сипаттама. Дене жаттығуларымен сабақ өткізудің сабақтан тыс түрлері үшін денсаулықты нығайту, жұмыс кабілеттілігін сақтау және арттыру, шынықтыру және емдеу, дене және ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу, сонымен бірге белгілі бір анықталған әрекеттерді оқытып үйрету мақсатында өз бетінше ұйымдастыру қызметіне тән. Сабақтан тыс шұғылдану сабақтық түріне қарағанда барынша арнайыландырылған мазмұнымен айырмаланады және олардың құрылымы күрделі емес. Әдетте бұл ойын немесе сайыс немесе жеке гимнастика немесе жаттығулардың кандай да бір түрлері түрінде болады. Сабақтан тыс шұғылдану көбінесе сабақтық түріне қарағанда өзін тәртіптілікке, бастамашылдықты алдын ала ойластыруға, мәдениетті демалысқа үйретеді. Сабақтан тыс шұғылданудың мазмұны мен нақтылы міндеттері елеулі дәрежеде шұғылданушылардың бейімділігі мен көңіл-күйіне тәуелді.

Сабақтан тыс шұғылдануды өткізу әдістемесінде сабақ өткізу әдістемесіне тән көп ұқсастықтар бар. Олардың құрылымы негізгі жұмысты орындау және оны аяқтау үшін жақсы жағдай жасайтын ағзаның жұмысқа бейімделгіштік кабілетін біртіндеп қамтамасыз етуі тиіс. Жүктемені мөлшерлеп бөлуде көмек көрсету және сақтандыру, шұғылданушыларды ұйымдастыру және сабақ өтілетін орынды дайындау үшін оқытушы басшылыққа алатын көптеген әдістер мен ережелер пайдаланылады.

Сонымен, бірге бәрінен бұрын сабақтан тыс шұғылданудың мазмұнының ерекшелігіне байланысты әдістемелік айырмашылық та бар.

Басқару сипатына қарай сабақтан тыс шұғылданудың келесі түрлерін айыру қажет: жеке, өз күштерімен топталып, топталып және ресми түрде ұйымдастырылу бастамасымен өткізілетін жалпы-көпшілікті сабақтар. Бұлардың әрбірі шұғылданудың белгілі бір түрін қамтиды. Мысалы, туристік саясат көп жағдайда белгілі бір әуесқой адамдар тобының өз күштерімен шығуымен өткізіледі. Алайда осындай тәртіппен ұйымдастырылған туристік саяхаттарға осы салада ресми қызмет атқаратын нұсқаушы — маман басшылық жасауы мүмкін. Сабақтан тыс өткізілетін шұғылдану негізгі түрлерінің әрбірінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Дербес, жеке сабақтар. Дене жаттығулары мен жеке сабақтар әдетте дене шынықтыру, гигиеналық гимнастика, сумен, ауамен, күнмен шынығу түрлері (процедураларды), өз беттерінше дене және басқа да бірқатар шұғылданулар түрінде өткізіледі.

Гигиеналық гимнастика, шынықтыру процедуралары, серуендеулер сияқты жеке шұғылданудың барлық түрлерін аз күш пен уақыт жұмсалу нәтижесінде оны кез келген жеке тұлғаның орындауға мүмкіндігі бар.

Гигиеналық гимнастика — жеке шұғылдануды ұйымдастыру үшін барынша қарапайым және орындалуы оңай түрі. Негізінен ол жүру, жүгіру және 8-10 минут бойы орындалатын 8-12 жалпы дамыту жаттығуларынан тұрады.

Гигиеналық гимнастикамен жеке адамдар күнделікті кызметке тез бейімделіп, кірісіп кету, жұмыс қабілеттілігін көтеру, белсенді демалысты қалыптастыру үшін шұғылданады. Жаттығулар кең ғимаратта немесе ашық аспан астында, таза ауада ауырлық құралдарымен (гантельдер, кір тастары, резина эспандерлер және т.б.) орындалады. Шұғылдану су процедурасымен аяқталады. Жаттығуларды іріктеп және мөлшерімен шамасын белгілегенде ағза қызметінің жүмысқа біртіндеп тартылуын және оған барлық бұлшық ет топтарының қатысуын қалыптастыру қажет. Уақыт өте келе жаттығулар кешенін жаңарту және күрделілендіру керек. Таңертеңгілік дене шынықтырумен және гигиеналық гимнастикамен адамдар өмірге келген күннен бастап, еңкейген қария болған шаққа дейін шұғылдануы мүмкін және шұғылдануға тиіс. Жеке шұғылданудың бұл түрлері радиода, теледидарда, баспасөзде, дәріс түрінде кең ауқымда насихатталып, таратылуда және осы заманғы дене тәрбиесі жүйесінде көрнекті орын алады. Өз бетінше, өз күшімен дене дайындығы барынша күрделі (жалпы, спорттық және кәсіби-қолданбалы). Шұғылдану міндеттерінің және жаттығуларының әр түрлілігімен айырмаланады, көп уақытты, арнайы өмір күн тәртібін (режим), дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесінен белгілі дәрежеде білімі болуын талап етеді. Негізінде өз бетінше дене дайындығы шұғылданудың сабақтық түрі үлгісінде өткізілуі тиіс. Қазіргі таңда біздің елімізде өз бетінше дене дайындығы кең ауқымдағы қолданысқа ие. Бұл дене тәрбиесі мен спортты халықтың тұрмысына ендірудің көрнекті мысалдарының бірі болып табылады. Әрбір ұғымы бар дене шынықтырушы мен спортшы қаншалықты дәрежеде болса да өз бетінше шұғылданады.

Жеке сабақ өткізу адамның ықыласына, ынтасына, бастамашылдығына негізделген. Бұл шұғылданушыларды өз бетінше, өзінің дене дайындығы деңгейін арттыруда елеулі табыстарға жетулеріне мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге дене жаттығуларын өткізуде пайдалы әсері бар кейбір әдістемелік білім, біліктілік және дағдылар қажет. Бұл білім, біліктілік және дағдылар бірінші кезекте дене жаттығуларымен шұғылдану сабақтарында алынады. Білімді, біліктілікті және дағдыларды қалыптастырудағы өз бетінше сабақ өткізуде көпшілікке таралған әдістемелік әдебиеттер, радио, -теледидар, дәрістер, баяндамалар, сонымен бірге еліміздегі ғылыми-зерттеу институттарындағы және оқу орындарындағы кеңес берулер үлкен рөл атқарады. Дене жаттығуларымен жеке шұғылдануда табысқа жету үшін өзін-өзі бақылау ерекше маңызды. Ол көңіл-күйді талдауға және ағзаның морфологиялық және қызметтік жағдайының кейбір айқын көрсеткіштерін есепке алуға негізделеді.

Дербес өздігінен топпен өтілетін сабақтар. Бұларға тән арасынан сайланған немесе тағайындалған адамның басшылығымен өткізілетін ойындар, туристік жорықтар, сайыстар және дене жаттығуларымен шұғылданудың басқа түрлері болып табылады. Мұндай шұғылдану сабақтарының барынша таралған түрі ойындар болып саналады.

Ойындарды таңдау, шұғылданушылардың жасына, жынысына, кәсіби мамандығына байланысты болады. Өз бетінше ойналатын ойындар бағыты бойынша оқу-жаттығу, сауықтыру, көңіл көтеру және сайыс ойындары болып бөлінеді. Мысалы, жас жеткіншектердің аула командаларынын арасындағы жарыстар республикамыздың елді мекендерінде кең таралған. Балалар бұл жарыстарға өз беттерінше дайындалу барысында қатарынан бірнеше рет оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді. Ересектер өз денсаулықтарын нығайту және жұмыс қабілеттілігін сақтау немесе көңіл көтеру, демалысты мәдениетті өткізу үшін стол теннисі, волейбол, баскетбол, минифутбол және т.б. ойнайды.

Біздің елімізде спорттық ойындар кең таралған, дене жаттығуларымен ұйымдасқан топтармен өткізілетін жоспарлы туристік саяхат-туризм және өз бетінше саяхаттау (жиһан кезу), бір күндік жорықтар, туристік эстафеталар, ғылыми, білім беру мәдени ағарту мақсатында белгілі орындарға сапар шегу (экскурсия) және серуендеу және т.б. бар. Туризммен шұғылдану қолданбалы білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгерту, ағзаны шынықтыру және ауа райының (климат), орынның өзгермелілігіне байланысты дене сапаларын тәрбиелеу бағыттылығымен сипатталады. Туристер жол үстінде кедергілерден өтуді, демалу үзілістерін және түнеуді ұйымдастыруды, жергілікті жерлерді бағдарлауды, бірінші медициналық жәрдем беруді, ауа райын болжалдауды үйренеді. Туризммен шұғылданудың үлкен танымдық (танып білерлік) маңызы бар.

Туристер таныстык, танымдық қызметінде геоморфологиялық (жер бетінің көрнісін, оның жаратылыс тегін, өзгерісін тексеретін), геологиялық, ботаникалық, зоологиялық, энтомологиялық, насекомдарды зерттейтін) гидрологиялық, гляциологиялық (мұздықтарды зерттеу), спелиологиялық (үңгірлерді зерттейтін ғылым), археологиялық немесе тарихи бақылау сияқты өлкетану жұмыстарынан қарапайым білім мен дағдылары болуы тиіс.

Өнегелі туристердің азаматтық борышы – саяхат барысында табиғатты, тарихи ескерткіштерді қорғауда қоғамдық пайдалы жұмыстар атқару, жергілікті тұрғындармен мәдени байланыс орнату, оларға қажет болған жағдайда еңбегімен және білімімен жәрдемдесу.

Туризммен шұғылданудың дене дайындығына әсер етуі жол сапардың (саяхаттық) ұзақтығы мен күрделілігіне байланысты. Қысқа уақыттық серуендер, бір күндік және көп күндік жорықтар болып бөлінеді, яғни саяхаттың күрделілігі жер бедерінің ойлы-қырлылығымен, сол жердегі халықтың қоныстану сипатымен, жиілігімен жолдағы аудандардағы кедергілер анықталады.

Туризммен шұғылданудың тәрбиелік маңызы оның құрылымына да байланысты. Кейбір қарапайым түрлерін санамағанда туризммен шұғылдану күрделілігімен айырмаланады. Жорық танымдық қызметпен, өзіне-өзі қызмет етумен, түнеуді ұйымдастырумен кезектесіп отыратын асулардан, кедергілерден өтуден, таңертеңгілік дене шынықтырудан, су процедураларынан, ереже бойынша ойындардан және т.б. тұрады.

Алайда үлкен күрделілігіне қарамастан-жорық бөлінбейтін, тұтас шұғылдану болып табылады және жалпы әдістемелік ережелер мен талаптардың сақталуына құрылуы, дене тәрбиесі жүйесінің осы заманғы жалпы принциптеріне сәйкес өткізілуі тиіс.

Мысалы, шұғылданудың жалпы үлгісінен шығатын талап жорықтағы қозғалыс кестесімен іске асырылады.

V дәрежелі (категориясы) жаяу саяхатқа шыққандар үшін қиындықтың келесі кестесі тән: 1-ші күн — 10 км, 2-ші күн — 15 км, 3-ші күн 20 — км, күндік аялдау (демалыс), сосын 20, 20, 20, 20, 20, 20 километрден, күндік аялдау, 25, 25, 25, 25, 25, 15 км. Осындай бейнеде кестемен бейімделушілік (врабатываемость) кезеңдері (жорықтың 1-4-ші күндері), негізгі жұмыс (5-15-ші күндері) және оның төмендетілген жүктемемен аяқталуы (соңғы күні) алдын ала ескерілген.

Туристерді ұйымдастырудың көп әдістері жүктемені мөлшерлеп бөлу, көмек көрсету және сақтандырудың өзіне тән сипаты болады. Саяхат түрлеріне байланысты туристер белгілі бір орныққан қозғалыс тәртібін сақтауы тиіс. Мысалы, жаяулар сағатына орташа 4-4,5 км, жылдамдықпен өр 40 минуттан кейін 10 минут аялдап қозғалады. Мұндай ерекше әдістер мен ереже туристік саяхатты өткізудің-жағдайы мен ерекшеліктеріне сәйкес шұғылдануды өткізудің жалпы әдістемесін айқындау болып табылады. Оларды білу және шұғылдану сабағын құрудың жалпы ережелерін сақтау жорық кезінде оқу-тәрбие міндеттерін жақсы деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Сабақтың әсер басқарушыны алдын ала дұрыс тағайындау, саяхаттың талап дәрежесінде аяқталуының басты кепілі болып есептеледі. Басқарушы тек өз жеке абыройлылығымен, ынталылығымен ғана шектелмей, дене жаттығуларын өткізу әдістемелерінің негіздерін және жарыс ережелерін білуі, жорыққа шығуда мол тәжірибесі болуы тиіс. Ойындар мен туристік жорықтарды өткізу кезінде басқарушыны тағайындаумен қатар, қатысушылардың арасынан қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын әр түрлі қоғамдық негіздегі міндеттерді орындауды белгілейді. Мысалы, туристер тобынан арнайы шаруашылық жабдықтау, тамақтандыру және т.б. жауаптылар, ал ойнайтындарға төрешінің жәрдемшілері, ойын орнын дайындайтын жауаптылар, спорт құрал-жабдықтары бөлінеді. Ойын барысында, әсіресе, жорықта шұғылдану сабағының мазмұнын түбірлі өзгертуден, алдын ала жасалынған жоспар мен ережеден ауытқудан әрдайым қандай да болмасын сақтану керек. Дегенмен, өз әрекеттерімен істеу жағдайында, сонымен бірге күтпеген жағдайларға байланысты осы жағдайларға бару мүмкіндігі туындауы мүмкін. Мұндай кезде шешім көпшілік дауыспен қабылдануы тиіс. Жеке тұлғалардың ұжым пікіріне тәуелділігі, жолдастық өз күштерімен өткізілетін топтық шұғылдану сабақтарына негізделіп, оларды маңызды тәрбие құралына айналдырады.

Ұйымдастырылған топтық шұғылдану сабақтары. Оларға тән болып мыналар саналады: спорттық жарыстар, кәсіпорындар мен мекемелердегі сауықтыру шаралары, дене шынықтыру мерекелері, спорттық көріністер және дене жаттығуларымен оқудан тыс уақытта мамандардың басқаруымен іске асырылатын шұғылданудың басқа да түрлері.

Спорттық жарыстардың қызметтік аясы әр алуан. Олар жекелеген спортшылар мен ұжымдарды спорттық жетістіктерге жеткізу әдісі, дене тәрбиесі мен спортты тарату құралы, жарысқа қатысушылар арасында әдіс, тәсілдер мен әдістемелік тәжірибе алмасу, сонымен бірге халықаралық байланыстар орнату және халықтар арасындағы өзара түсіністік қызметін атқарады.

Сол сияқты барлық спорттық жарыстар жарысқа қатысушыларға қарқынды дене қуатынын және көтеріңкі көңіл күйінің арқасында өте жоғары тәрбиелік әсер ететін дене жаттығуларымен шұғылдану болып табылады. Көп рет ресми жарыстарға катысу спортшылардын дене дайындығының өсуіне жағдай туғызатынын іс-тәжірибе көрсетті.

Жарыстың бағдарламасы және созылу ұзақтығы әр түрлі. Барлық жағдайда жарысқа қатысу үшін оған тікелей дайындық жарысқа қатысу және аяқталуы кіреді.

Тікелей дайындықты психологиялық және дене дайындығы күйіне келтіру, ұйымдастырылған шараларға қатыстыру, жарысқа шығар алдындағы қыздырыну жаттығуларын құрайды.

Жарыстық жаттығуларды орындау сайыстың барлық қызметтік көрсеткіштерінің (егер бұл қызмет қысқа бодса да) басты бөлімі (нәтижелердің жоғарылығын әдіс-тәсілдік шеберлікке, жігерлілік және мінез сипатын көрсетуге).

Жарыс әдеттегі қызметтік күн тәртібіне біртіндеп қалыптасуға жағдай жасайтындай жеңіл жаттығуларды орындау, қорытындылау, қорытынды дәстүрлерге қатысумен аяқталады.

Барлық ерекшеліктеріне қарамастан, дене жаттығуларымен шұғылдану жалпы үлгісімен өткізіліп, онда қызмет ерекшелігіне сәйкес мына көптеген жалпы әдістемелік талаптар сақталуы тиіс: міндеттердің нақтылығы, осы заманғы дене тәрбиесі жүйесінің принциптеріне сәйкестігі, барлық қатысушыларға жағдайдың теңдігі, сақтандыруды қамтамасыз ету және т.б. спортшылардың денсаулығына деген қамқорлық, мысалы, жарыс алдындағы дәрігерлік тексеру міндеттемесі жарыс өтелетін орынның гигеналық жағдайының қатаң бақылауынан көрінеді. Спорттық сайыстар түрінде дене шынықтыру мерекелері, шерулер, жарыстық көрсетілімдер өткізіледі.

Оларды ұйымдастыру комитеттеріне біріктірілген адамдардан тұратын мандат комиссиялары, сарапшылар, төрешілер алқасы басқарады.

Сабақтан тыс шұғылданудың маңызы. Дене тәрбиесі елеулі мөлшерде сабақтан тыс шұғылдану түрлері есебінен іске асырылады. Бұл табиғи да, өйткені оқытып, үйрету педагогикалық ұйымдастыру саласы ретінде адам өмірінде салыстырмалы түрде өте көп уақыт алмайды.

Мектепте 10-11 жыл оқығанда барлығы 700-770 сабақ өткізіледі, ал оқушылардың барлық сабақтан тыс шұғылдану түрлеріне 8000 сағат қамтылған.

Ересек және жасы келген-адамдар негізінен дене жаттығуларымен өздігінен шұғылданады. Сабақтан тыс дене жаттығуларымен шұғылдануды халықтың түрмыс тіршілігіне терең ендіру, оның өткізу сапасының түбегейлі жақсаруымен қабаттаса жүруі тиіс. Мысалы, дене жаттығуларымен сабақтан тыс уақытта барлық адам өмірінің күн тәртібімен табиғи байланысқа шұғылдануды ғылыми негізделген жүйеге әкелу, осы бейнеде оның еңбегіне, күнделікті тұрмысына, демалысына ықпалды мүмкіндік туғызатыны өте маңызды. Осыған байланысты сабақтан тыс шұғылдану түрлерін өткізудің әдістемесін ғылыми тұрғыдан жете зерттеу жүргізіліп, олардың әрқайсысының ерекшеліктері және тәрбиелік мүмкіндіктері нақтылануда. Жалпы көпшіліктік дене шынықтыру қозғалысын одан әрі дамытудың маңызды жағдайы дене жаттығуларының сабақтан тыс түрлерін сапалы насихаттауды жақсарту және оны жоғары деңгейде өткізу үшін белсенді қоғамдық нұсқаушылар мен төрешілер дайындау болып табылады.

Дене шынықтыру мәдениеті мен спортты тұрмыста дамытудың бірінші дәрежедегі маңызы елді мекендерде, ауылды жерлерде, қалашықтарда, көше комитеттерінде және демалыс орындарында спорт ғимараттарын, стадиондармен, спорт алаңдарының құрылыстарын кеңейтуге байланысты.

Сабақ кезіндегі және сабақтан тыс шұғылдануды өткізудің жоғарыдағы әдістемелік негіздерінің жалпы сипаты бар. Оларды сақтау оқытушыны немесе дене жаттығулармен өздігіңен шұғылданушыларды ірі қателерді жібермеуге кепілдік береді өйткені, оқушылардың қозғалыс әрекеті бұл ережелерімен тек әдеттегі жағдайлары, жаттығу өткізетін орынды ұйымдастыру жатады. Жұмыс тәжірибесінде шұғылдану нәтижелілігі тек жалпы қозғалту күштерге ғана емес, бүтіндей нақтылы жағдайларға байланысты болады. Олардың ешқандай ережемен алдын алуға болмайды, сондықтан сабақты жоғары сапамен жүйелі әдістемемен құрастырып өткізуге шығармашылық ізденіс талап етіледі.

Шығармашылықтың мәні дене жаттығуларымен шұғылданудың міндетін және мақсатын іске асырудың ең жақсы жолдарын өз бетінше табумен қорытындыланады. Оның негізгі көздері қызметіне мыналар жатады: сабақтың нақтылы жағдайын дұрыс бағалай білу, адамдардың дене тәрбиесінің заңдылықтарын және олардың әр түрлі жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерін білуі, сонымен бірге, ең бастысы, сабақ өткізудің жинөтілген әдістемелік еліктеуге сын тұрғысындағы қатынаста көрінетін әдістемелік ойының батылдығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Спорт құрылыстары өте ертеден бастап салына бастаған дене тәрбиесі саласындғы ең көне ілімдердің бір түрі. Спорт құрылыстарының  негізгі саласы дене мәдениеті және спорт мамандарға бағытталған қажетті жаңа мәліметтерді игеруге, белгісіз теориялық жағдайда сынды дұрыс қабылдауға және іс жүзінде ғылыми тәртіпті творчествалық және де мәдениетін дамытудағы міндеттерді іске асыруға шақырады.

Атап айтқанда Спорттық құрылыстардың мақсаттары, міндеттері, ерекшіліктері негізгі мәселелер болып табылатын; дене тәрбиесі мамандарын даярлау, білімдерін жетілдіру, дене мәдениеті мен спортты насихаттау, дәрігерлік және педагогикалық бақылау, материалдық-техникалық базасын гигеналық негіздерді нығайту жан-жақты жетілдіру қарастырылған.

  Өз саласы бойынша бассейндер былай бөлінеді.

  1. Шомылатын;
  2. Оқу–спорттық (жарыс өткізу мүмкіндігімен);
  3. Аралас (түрлі мақсаттарға арналған).

Бұдан басқа бассейндер жабық және ашық болып екіге бөлінеді.

Қала құрылысының нормалары түрлі ауқымдағы бассейндер желісін құруды қарастырады (мектептік, халықаралық, т.б).

Бассейн құрылысына арнап жер таңдағанда тұрғын алшақтығын инженерлік коммуникация, қызметі және ауа құрамын ескерген дұрыс. Егер бассейнді табиғи су қоймасына салатын болса, онда судың сапасын, ағыс жылдамдығын, түбімен жағасының жағдайын ескеру қажет.

Бассейндер өзінше дербес нысан болып және сол сияқты спорт залдарымен, мәмлелерінен, алаңдарымен біріктіре салынып, ашық және жабық ваннасы болуы мүмкін. Бұндай үйлесімділік спорт кешенінің қолайлылығын, үнемділігін арттырыды.

Ашық бассейн ванналарымен дайындық жүргізетін алаңдары көгалданған жерлерге орнатқан дұрыс (аумақтың ең кемі 35%, көгал болуы керек). Барлық құрылыстар жер бөлігінің түкпіріне орналасуы тиіс (оның шекарасынан 15 м., ванналарды тұрғын үйден кем дегенде 50 м. алшақ салу қажет).

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты спорттық құрылыстар туралы дұрыс мәлімет алуына көмектеседі.

  • спорттық құрылыстар туралы қажетті теориялық білімдерді меңгеру және бұл білімдерді тәжрибелік қалып, дағдылар түрінде қолдану амалдарын меңгеру;
  • спорттық құрылыстарды дамыту және қолдану мәселелерін шешу дайындығы кіретін шығармашылық іс-әрекет тәжрибесін қалыптастырумен;
  • әрекет нәтижелері мен амалдарына, сонымен қатар қоғамдық еңбек құрған материалдық құндылықтарға тыңғылықты қатынасынан көрінетін еңбектің жоғары мәдениетін тәрбиелеумен анықталады.

Әр түрлі спортқа арналған спорттық құрылыстарды жоспарлаудағы дене тәрбиесі мамандардың ролін, спорттық құрылыстардың жіктелінуіндегі негізгі ұғымдарын меңгеріп, алдын ала білімін жетілдіру және дене тәрбиесінің түрлері мен қызметі, оның қоғамдық дамуын зерттеу.

Дене тәрбиесі мен спорт өзінің тарихи тамырларын өте терең жіберген. Археологиялық қазбалар тіпті тас ғасырына қатысты дене жаттығуларына арналып қолданған құрылыстар туралы мәлімет береді. Серілердің дене тәрбиесі таптық және әскери болды. Серілер өздерін тек әскери дайындықпен, көңіл көтерумен айналысу керек деп білді. Сондықтан олар дене еңбегімен айналыстады. Олар көбінесе әскери жорықтарда, басқа жерлерді мемлекеттерді тонау, халықтың көтерілісін басып отырды.

Жабдықтар бөлмесінде көптеген оқу құралдары мен спорт жабдықтары бөлмеден оларды алып шығу оңай болатындай етіп орналасады. Спорт құрал – жабдықтарын сақтайтын қоймада шаруашылық заттарын, арнайы қоспалар мен олардың бөлшектерін (бассейндерде – хлор т.б.) сақтайды. Бұл бөлмелерді негізгі жұмыс жасайтын спорт және шаруашылық құрал – жабдықтарының барасына сәйкес және спорт құрылысының құрамына байланысты қарастырады.

Қоймаларда ринг сахнасын, күрес кілемдерін, гимнастикалық аспаптарды, спорт ойындарына арналған тақтайшыларды, сол сияқты жылжымалы мінбелер мен көрермендерге арналған орындарды құрастырады.

Мектеп – интернаттарда қосымша қызмет бөлмелері қатарына оқушылардың жеке спорт құралдарын сақтауға арналған бөлмелер де кіреді.

Техникалық бөлмелерді бойлерлік, қалқандық, желдеткіш, сорғыш және ақпарат тасымалдаушы бөлмелерге жіктейді. Ғимараттың бұл тобына инженерлік желілердің тарату жүйесін орнатуға, сол сияқты зеретхана бөлмелеріне арналған арнайы жабдықталған орындар кіреді. Мысалы; бассейнде – бұл суды сорғышпен жіберетін және тазалайтын бөлме болып табылады.

Әкімшілік – қызмет бөлмелерін – әкімшілік пен дирекцияға, оқытушы – жаттықтырушылар құрамына, қызметкерлерге арналған және қоғамдық тәртіп сақшыларына аранлған бөлмелерге бөледі. Жобалау мөлшері бойынша директор мен бас инженердің бөлмесіне 12 м2, бөлім бастығы мен коменданттар бөлмесіне 8 м2 және әрбір әкімшілік қызметкеріне 4 м2 беріледі. Мектеп спорт залында дене тәрбиесі кабинеті әкімшілік бөлмесіне жатады. Бұл спорт құрылыстарында инструктор бөлмесін 7 – 10 м2 көлемінде жобалайды. Әкімшілікке арналған бөлмелер санын спорт құрылысындағы штат кестесіне сәйкес анықтайды. Әдетте әкімшілік бөлмелері тобын бір блокқа біріктіреді.

бөліктері жатады: оқытушылардың түсіндіргені, көрсеткені, оқытушының нұсқауын ұғыну және түйсікпен қабылдау, өз жолдастарының әрекетін ұйымшылдықпен талдау; дене жаттығуларын орындау және одан кейінгі қажетті демалыс; жәрдемші әрекеттер – қайта сапқа тұрғызу; спорт қондырғыларын орнату, секіру шұқырындағы құмды жұмсарту және т.б.

Оқу уақытының ақталмаған шығынына ұйымдастырудағы қойылған оқу-тәрбие міндеттерін шешуге және кемшіліктерге байланысты бос тұрып қалу жатады: сабаққа кешігіп келу және оны ерте аяқтау, тәртіп бұзуға байланысты сабақ үстіндегі үзілістер, спорт құрал-саймандарының жарамай қалуы, мұғалімнің кетіп қалуы.

Оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін сабақтағы педагогикалық өтілген қызмет түрлері маңызды емес. Мысалы, амалсыз демалыс және жәрдемші әрекеттің аз мәні болады, ал сол уақытта оқушылардың өз жолдастарының әрекеттерін зерттеп және сын көзбен талдауы педагогикалық тұрғыдан сабақтың өте маңызды сәттеріне жатады (егер бұл оқытушының арнайы  ұйымдастыруымен және оның тікелей қатысуымен өтсе). Мүмкіндігінше босқа тұрып қалуды және жәрдемші әрекеттерді болдырмау жолдарын қарастыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Спортивные сооружения. Учебник для ИФК. /под.общ.ред. Ю.А.Гагина./ М.,-1976.
  2. Байболав С.М., Ломоносов Г. Плоскостные спортивные сооружения. Алматы, 1981 г.
  3. Булгаков А.М. Строительство плоскостных сооружений. М., 1987
  4. Вершило Р. Спортивные сооружения. Варшава, 1965 г.
  5. Герасименко В.Г., Наканов М.Г. Методические рекомендации по созданию пришкольных физкультурно-игровых площадок. Алматы, 1981г.
  6. Кистяковский А.Ю. Проектирование спортивных сооружений. М, Высшая школа, 1980 г.
  7. Лещанская С., Сарапаниди П.И. Лабораторный практикум по курсу «Спортивные сооружения». Алматы, 1981 г.
  8. Николаенко А.В. Спортивные сооружения. Уч.пособие для факультетов фозвоспитания педагогических институтов. М, 1976г.
  9. Поликарпов В.П. Проектирование спортивных сооружений. М, 1
  10. Поликарпов В.П. Спортивные и физкультурные сооружения. Уч.пособие для физкультурных учебных заведений. М, 1965.
  11. Сарапаниди П.И., Федулова О.Б. Строительство и разметка легкоатлетической беговой дорожки. Алма-ата, 1990.
  12. 3алы для гимнастики. М., Строийздат, 1975.
  13. Залы для спортивных игр. М., Строийздат, 1975.
  14. Спортивные сооружения. М., Строийздат, 1979.
  15. Сарапаниди П.И. Строительсво и эксплуатация футболных полей. Алма-ата, 1983.
  16. И.Т.Горбашев. Баскетбол в вузе.  Оқу құралы. — Алма-Ата: КИФК. 1992. -186 б.
  17. Давыдов М.А Судейство в баскетболе.: М: ФиС, 1983. -128 б.
  18. Л.В.Костикова. Методика ведения научно-исследовательской работы по баскетболу: Әдістемелік құрал. М.: 1980. -246 б.
  19. Б.Коузи., Ф.Пауэр. Баскетбол концепции и анализ /ағылш.тіл.ауд. Е.Р.Яхонтева. -М.: ФиС, 1975. -272 б.
  20. В.В.Кузин,, С.А.Полиевской. Баскетбол:  Оқудың бастапқы кезеңі. М.: ФиС, 1999. -134 б.
  21. Официальные правила баскетбола для мужчин и женщин. М.: -2000. -112 б.
  22. К.В.Суетнов. Обучение школьников игре в баскетбол: Оқу құралы. -Алма-Ата, 1985. -92 б.
  23. Юный баскетболист: Жаттықтырушылар үшін оқу құралы / ағылш.тіл.ауд./ Е.Р.Яхонтева., М.: ФиС, 1987. -172 б.
  24. Гандбол. Справочник /сост. Н. П. Клусов/. М: 1982.
  25. Зотов В.П., Кондратьев А.И. Моделирование подготовки гандболистов высокой квалификации. Киев: «Здоровье», 1982.
  26. Ивахин Е.И. Ручной мяч. /Лечебное пособие для секций коллективов физкультуры//. М: 1962.
  27. Игнатьев В.Я. Гандбол пособие для ИФК. М: ФиС, 1978.
  28. Клусов Н.П. Ручной мяч в школе. Пособие для учителей. М: ФиС,
  29. Клусов Н. П. Тактика гандбола. М.: ФиС, 1980.
  30. Кудрнцкий В. Н. Гандбол. Минск: «Белорусе», 1977.
  31. Спортивные игры и методика преподавания. Учебник для ИФК (под ред. профессора Портнова Ю. И.). М.: ФиС, 1986.
  32. Латышкевич Л. А., Турчнп И.Е.,  Маневич  Л.Р. гандбол.  Киев: «Здоровье», 1988.
  33. Теория и методика гандбола.  Программа для факультетов базовой подготовки ИФК. М.: 1990.
  34. Программа для ДЮСШ   и   СДЮШОР   (Гандбол).   М.:   советский спорт, 1990.
  35. Правила соревнований по гандболу. М.: ФиС, 1995.
  36. Бриль М. С. отбор в спортивных играх. М.: ФиС, 1980.
  37. Волков В. М., Филин В. П. Спортивный отбор. М.: ФиС, 1983.
  38. Гандбол. Программа для групп начальной подготовки ДЮСШ. М.: ФиС, 1983.
  39. Гандбол. Поурочная программа для учебно-тренировочных групп и групп спортивного совершенствования ДЮСШ. М.: ФиС, 1984.
  40. Положепие о детско-юношеской спортивной школе (ДЮСШ) специализированной детско-юношеской школе Олимпийского резерва (СДЮИЮР). Алматы: Микмолтурспорт, 1996.
  41. Жоғары сынып оқушыларының жеңіл атлетика бойынша іс-әрекет қабілетін күшейту әдістері. //Педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал. № 3. – Ташкент, 2003. – Б. 77-78.
  42. Особенности физического развития детей среднего школьного возраста. //Бастауыш мектеп. № 8. –Алматы, 2004. – С. 25-28.
  43. Дене тәрбиесі ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. № 10. – Алматы, 2004. – Б. 33-34.
  44. Культорологический подход в преподавание легкой атлетики на факультете физической культуры. //Поиск. № 2(2). – Алматы, 2005. – С.279-282.
  45. Методика скоростно – силовой подготовки юных борцов. //Высшая школа Казахстана. № 3. – Алматы,   – С.153 – 155. (Авторлық бірлестікте: Мұхамеджанов Б, Халилаев А).
  46. Особенности подготовки педагога по физической культуре и спорту на базе высшего и среднего профессионального образование на очном отделении факультета физической культуры. //Достояние нации. № 3. – Алматы, – С.139-141.
  47. Методика подготовки и проведения соревновании. //Білім – Образование. № 4 (22). – Алматы,   – С.77-80.