АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Судьяның кәсіби мамандығының кейбір мәселелері

Судьяның кәсіби мамандығының кейбір мәселелері

 

Кіріспе

 

Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасындағы судьяның кәсіптік қызметі мен жарамдылығын және жұмысының сапасын зерттеп зерделеуге арналған.

Сот жүйесi мен қызметiн түпкiлiктi қайта құру, сот iсiндегi кәсiпқойлықты, тәуелсiздiктi баянды ете отырып, сот iсiн жүргiзу тиiмдiлiгін жоғары дәрежеге жеткiзу, бүгiнгi күннiң бірден-бір көкейкестi мәселесi болып табылады.

Қара қылды қақ жарып төрелiк айту кәсiби бiлiмi терең, адамгершiлiгi мол, тәжiрибелi, өресi биiк, қиянатқа жаны қас, адамдарға ғана лайық. Өмiрде болатын әртүрлi жанжалдарға тоқтам салып, жүгiнуге келген тараптардың талабын қанағаттандыру үшiн заңға негiзделген қаншама ақыл, тәсiл, дарын керек.

Сот пен судьяның адам мен қоғам алдындағы жауапкершiлiгi өте жоғары. Адам тағдырына  байланысты билiк айту, үкiм (шешiм, қаулы) шығару оңай емес. Күрмеуi қиын сұрақтардың жауабын тауып, шынайы шындықтың түбiне жету үшiн арнайы бiлiм, кәсiби даярлық, зеректiк, қабiлет, мол тәжiрибемен қатар, заңдарды жетiк бiлу және оны дұрыс талдап, қолдана бiлу керек.

Қазiр қалың көпшiлiк бұрынғыдай атқарушы билiкке көп шағымданбайды. Арыз-шағымын айтып, соттарға жүгiнуге бейiм. Бұл сот билiгiне халық сенiмiнiң артқандығының белгiсi.

Қазақстан Республикасының атынан әдiлдiктi жүзеге асыратын орган — сот болса, судья – сот билiгiн жүзеге асыратын, ерекше өкiлеттi тұлға, мемлекеттiк билiктiң өкiлi.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар.

Судьялар институтының әлеуметтік табиғаты демократиялық және құқықтық мемлекеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады. Ал демократиялық ерекшелік — сот төрелігін атқаруға сауатты, жоғары білікті маманды тартумен өлшенеді.

Демократиялық құрылымды жүзеге асыру адамдарды заңды құрметтеу рухында тәрбиелеуге, өмірлік талаптарды жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұндай міндеттерді жүзеге асыруға, әсіресе, азаматтарды құқықтық  тұрғыда тәрбиелеуде судьялардың қызметінің үлкен үлесі бар.

Ескеретін жайт, судьялар институтының шынайы табиғи құрылымын өзгертпей тұрып та, сот қызметіне әлеумет жағынан бақылау, қадағалау жасауды кеңейтуге әбден болады.

Өз зерттеуімізде мәселені нақ осылай қою негізінде қорғауға мынандай тұжырымдарды шығарамыз:

Шешімдерді айқындау мен қабылдау әр кезде судья білімінің, оның құқықтық санасының тиісті деңгейін танытады. Кез келген жүйенің жұмыс істеу тиімділігі оның шешімдерінің сапасы, білімнің дұрыстығы мен оның негізінде жатқан сенімділігінің келісімділігімен анықталады. Бұл мағынада судьяның құқықтық санасының немесе оның шешімдерінде көрініс табатын білімінің мәнділігі мәселесін зерттеу ерекше өзектілік маңызына ие болады. Егер осындай жағдай орнатылса, әрбір қылмыстық іс бойынша судьяның білімі заң талаптарына сәйкестендіріліп, сот қателіктерін жою проблемасы біраз шешіліп, әрбір қылмыстық іс бойынша сот толық  мақсатына іс жүзінде жетеді.

Судьяның білімі деген түсініктің мәнін анықтау құқықтық сана механизміндегі іс жүргізуді шешудің орнын және оның бұл механизмдегі функцияларын белгілеуге мүмкіндік береді. Судья білімі жүйесі, олардың құқықтық санасы сот әділдігінің жалпы жүйесінде қызмет етеді.

Судьяның қылмыстық іс бойынша шешім қабылдауы білімнің үш блогынан тұрады: құқықтық және этикалық білімдердің жүйесі; судьяның қоғамдық кәсіби және күнделікті тұрмыстағы тәжірибесі нәтижесінде алынған білімдер; қылмыстық іс бойынша дәлелденетін деректі жағдайлар жөніндегі білімдер. Аталған блоктар нақтылы іс жүргізу шешімінде біріктірілген. Дегенмен, осыдан ерекше белгілеуге тура келетін маңызды жағдай туындайды. Сот актілерінде объективтенген судья білімінің жүйесі: істің қарастырылуына дейінгі судьяның құқықтық білімі; нақтылы іс бойынша дәлеледеу затына кіретін деректерді зерттеу нәтижесінде алынған білімдер жүйесінен тұрады. Бұл жүйелер соттың таным үрдісінде және шешім қабылдаудағы берілген басқа жүйелермен өзара қауымдасып, байланысады, сонымен қатар нақтылы іс қараудағы судья алған дәлелдемелік ақпараттарды  реттейді.

Зерттеудің әдістемелік негізін қоғамдық, әлеуметтік, құқықтық құбылыстарды зерттеудегі қалыптасқан ғылыми ұстанымдар мен таным категориялары құрайды. Зерттеу барысында танудың құқықтық ғылым үшін қажетті әдістері мен амалдары кеңінен қолданылды. Олар: тарихи қисындық, салыстырмалы, талдау, сауал-сұрақ, статистикалық және тағы басқа әдіс -тәсілдер.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың теориялық базасын С.З. Зиманов, С.Н. Сәбікенов, Б.Ж. Абдраимов, Е.Б. Абдрасулов, Н.А. Абдиканов, Т.К. Айтмұхамбетов, А.Н. Ағыбаев, З.О. Ашитов, Л.Ш. Берсугурова, М.Б. Валиев, Н.О. Дулатбеков, Н.А. Ережепов, А.А. Исаев, А.Н. Жаилғанова, Б.Ж. Жүнісов, Қ.Ә. Мәми, А.С. Нұралиева, И.И. Рогов, С. Тыныбеков, Б.Т. Тұрғараев, Ш.М. Шарипов, К.Х. Халиқов және тағы басқа заңгер ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері құрайды.

Сондай-ақ зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы Конституциялық Заңы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Президенттің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жалпы отырысы мәжілісінің қаулылары құрайды.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы мен теориялық маңыздылығы.

Зерттеу барысында жасалған қорытынды тұжырымдар Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңын, Қылмыстық іс жүргізу заңы мен құқық қорғау органдары туралы заңдарды жетілдіруге, жалпы сот билігі  қатынастарын құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге, жаңа актілер қабылдауға теориялық негіз бола алады.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, бес тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі қойылған талапқа сай.      

 

 

 

І тарау. Судьяның кәсіптік қызметі мен құқықтық санасы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 12.02.1994 жылғы бекіткен қаулысымен Қазақстан Республикасында Құқықтық реформалардың мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік және қоғамдық тіршіліктің құқықтық негізін одан әрі нығайтудың, заңдылық пен құқық тәртібін сақтаудың, әділ сот, прокуратура, заң және ішкі істер органдарының жұмысын жақсартудың қажеттілігін атап көрсетті. Қоғамның заң аясын реформалаудың қажеттілігі қоғамның экономикалық және саяси жүйесін қайта құруды жүзеге асыруды оған барабар құқықтық инфрақұрылымды жасауды талап етуден болып отыр. Бұл ретте құқық реформасы республикадағы саяси және экономикалық өзгерістермен қатар және оларды ретке салынған шеңберде ұстап тұру үшін тіпті озып кетумен де жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік және қоғамдық тіршіліктің құқықтық негізін нығайту жөніндегі судья қызметінің тиімділігін арттыру бірқатар объективтік және субъективтік қозғаушы күштермен келісілген, мұның қатарында судьялардың қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылық режимін нығайту, заңдылық деңгейі мен сот шешімдерінің негізділігін, судьяның кәсіптік құқықтық санасымен қылмыстық сот өндірісіне қатысатын азаматтардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау, сот кепілдігін арттыру айрықша аталу керек.

Заңдылық пен құқық тәртібін орнықтыру сот органдары мен азаматтық, қылмыстық және басқа істерді қарау мен шешудегі олардың қызмет жүйесін дамытудың заңдылықтарының бірі.

Сот шешімдерінің қаулысына, олардың заңдылығына және қылмыстық іс бойынша негізділігінің механизмі, оның азаматтарды құқықтық тәрбиелеудегі роліне байланысты кешенді мәселелерді зерттеуге бағытталған аса мән-маңызы болады.

Судьяның әрбір шешімі – құқық қолданудың дербес актісін – мемлекеттік биліктің ерекше органы – сот шығарады. Сот шешімі өзінің жаратылысында әрқашанда құқықтық және өнегелік мазмұндағы белгілі жәйттарды, яғни, судьяның саяси, құқықтық, этикалық біліміне сәйкес бағасы мен таным-білім нәтижесі болып табылады. Кез келген шешімнің негізінде оны қабылдаған адамның (субъектінің) білімі жатыр. Қылмыстық іс жүргізу шешімдері негізінде алдын ала анықтау органдары, тергеуші, прокурор, судья немесе сот өздерінің толық құқықтық шеңберінде заңмен белгіленген тәртіппен іс бойынша туындаған сұрақтарға жауап береді, мұның бәрін заңмен белгіленген іс жүргізу пішініне енген құқық актілері деп тану жөн. Мұндай шешімдер белгіленген жағдайлардан және қылмыстық сот өндірісі міндеттерінің жетістіктеріне бағытталған іс әрекеті туралы биліктің ерік-жігерінен құралған.

Шешімдерді жасау мен қабылдау әр кезде судья білімінің, оның құқықтық санасының тиісті деңгейін танытады. Кез келген жүйенің жұмыс істеу тиімділігі оның алдына қойылған мақсат жетістігі едәуір дәрежеде шешімдердің сапасын, өз кезегінде білімнің дұрыстығы мен оның негізінде жатқан сенімділігінің келісімділігімен анықталады. Өзінің табиғатында ақпараттық құжат (акт) болған судьяның әрқилы және күрделі бағасының, ақпараттың әрқилы түрлерінің сенімділігі, құқықтық, этникалық білім мен зерттелетін қылмыс оқиғасының бүге-шігесі туралы олардың шешімдерінде бекітілуі тиіс білім нәтижесінде шешім қабылданады. Бұл мағынада судьяның құқықтық санасының немесе оның шешімдерінде көрініс табатын білімінің мәнділігі мәселесін зерттеу ерекше өзектілік маңызына ие болады. Егер біз осындай жағдайды орната алсақ, әрбір қылмыстық іс бойынша судьяның білімі заң талаптарына сәйкестендірілер еді, онда сот қателіктерін жою проблемасы шешіліп, әрбір қылмыстық іс бойынша соттың барлық мақсатына іс жүзінде жетер едік. Тәжірибелік тұрғыдан фактілер туралы ақпаратты және қайсыбір сот актісінде шешілуге тиіс мәселелерді қандай жолмен алынғандығын зерттеу – дұрысында сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етудің субъективті қозғаушы күші ролін зерттеу.

Сот шешімдерінің стандарты нормативті реттелген, қылмыстық іс жүргізу құқықтық нормаларымен бекітілген, ал олардың мазмұны құқықтық және сондай әлеуметтік нормаларымен белгіленген. Осыдан – көрсетілген механизмді оқып-зерттеу қажеттілігі туындайды. Әділ сот мақсат-міндеттерінің теңдігін қамтамасыз ететін шарттар судьяның құқықтық санасы, оның саяси, кәсіптік, тұрмыстық тәжірибесі және процессуалдық шешімдердегі шоғырлануы мен қаралатын қылмыстық істің бүге-шігесін сеніммен оқып-зерттеу нәтижесінде алынған білім болып табылады. И.Л. Петрухин, Г.П. Батуров, Т.Г. Морщакова жүргізген зерттеулер құқық санасы заңдылықпен, негізділікпен және ол қабылдаған процессуалдық шешімдердің әділдігінің тығыз байланысын көрсетеді [49-50].

Соңғы жылдары заңнаманы жетілдіру жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Сонымен бірге, бірсыпыра тиімді және өзекті нормативтік актілердің пәрмені тұрғындардың жекелеген бөлігі мен мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің құқықтық санасы деңгейінің әлі де ойдағыдай деңгейде еместігінен болып отыр. Бұл кемшіліктерден арылу – ұзақ уақытты, табандылықты және мұндай құбылысты жою үшін жан-жақты бағалауды талап ететін күрделі үрдіс.

Судья қызметін зерттей келе Н.В. Радутная судья қызметтің мына түрлерін жүзеге асырады деген қорытындыға келді: жобалаулық – сот талқылауын жобалау; танымдық – сот ісін қарастыру; коммуникативтік – сот ұжымымен, сот құрамымен келісімділік қарым-қатынаста болу [51, с. 45].

Келтірілген жіктелімде кәсібі бойынша судьяға сот талқылауына жетекші ету міндеті жүктелген, әрі бұл әділ сот қызметін атқаруда судья үшін қызметтік міндеті болып табылады. Судьялар кәсібі бойынша шешімдер қатарын өз бетінше немесе тұрақты судьялардан тұратын алқада (аппеляциялық және қадағалау инстанциясы) қабылдайды. Судьяның кәсібі бойынша білімдердің қалыптасу үрдісін оқып білмей, мысалы, бірінші инстанцияның сотында шешім қабылдау механизмін табысты зерттеу мүмкін емес. Н.В. Радутная ұсынған судья қызметінің түрлерін жіктелімдеуді талдап, Н.В. Кудрявцев судьямен қабылданған шешімдер мен ол іске асырған әрекеттер тек кейбір жағдайларда ғана судьяның өз еркін көрсетеді деген ойға ерекше назарын аудартады. Қызметтің басқа да түрлерінде судья сот алқасының ұжымдық тәжірибесін жинастырады немесе үйлестіреді, ұжымдық шешім қабылдауға қатысып, өз позициясын басқалардың позициясымен сәйкестендіреді, байланыстырады. Судья қызметін жүзеге асыруда материалдық және іс жүргізу заңында бекітілген жалпыхалықтық еріктің маңызы зор [52, с. 150]. Сонымен бірге, қызметтің бұл барлық түрлерінде судьяның кәсіби құқықтық санасы көрініс табады.

В.Н. Кудрявцевтің лауазымды тұлғалардың құқықтық мінез-құлықтарының шығу тегі мен шарттарын жасаудағы едәуір салмақты үлесі және лауазымды тұлғалардың құқықтық мінез-құлқының негізгі мазмұнын құрайтын құқық қолдану қызметі құқықтық нормаларды жүзеге асырудағы дұрыс құрастырылған механизм — құқықтық сана  мен құқықтық мәдениеттің жоғары дәрежесін талап етеді.

И.Л. Петрухиннің, Г.П. Батуровтың, Т.Г. Морщакованың, Н.В. Радутнаяның жұмыстарында кең ауқымды әлеуметтік зерттеу материалдары негізінде судьялардың жеке қасиеттері, олардың зиялылық, сипаттамалық, коммуникативтік қасиеттері, сонымен қатар, өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері талданған [49-50].

Судьялардың кәсіби құқықтық санасының талдауын қарастырмақ бұрын, судья білімдерінің сипаттамасына, өз көрінісін іс жүргізу шешімінде табатын, оның заңдылығын, дәлелдігін және әділдігін айқындайтын білім түрлеріне тоқталу қажет.

Қылмыстық оқиғаның сотталушыға айып артылған деректі жағдайлары туралы судьяның білімі күнделікті құқықтық, этикалық терминдерде құрастырылған және ол жеке қылмыстық оқиға (қылмыстың оқиғасы) мен одан пайда болатын құқықтық зардаптарының дәлелденуінің (дәлелденбеуі) баяндалуы болып көрінеді. Бұған қоса судьяның білімі – нақтылы нәтижеге жетуге ұмтылатын (немесе ұмтылу керек) қызметтік жүйе. Басқаша айтқанда, соттық білім – танымдық қызмет пен судья (немесе судья құрамының) ойлауының өнімі. Оның қалыптасуы үрдісінде іс бойынша пайда болған сұрақтарды шешу үшін оның объективтік мағынасына сәйкес ақпараттарды сапалы іріктеп алу жүргізіледі. Судьяның білімі іс бойынша оның шешімдерінде қалыптасатын объективтік ақиқаттың деректерінің сот талқылауында зерттелетін әлеуметтік және құқықтық мәнін айқындайды. Қылмыстық сот ісін жүргізу аясында соттық шешімнің сипаты импровизациялық емес, ол шешімнің шығарылуының алдын ала белгілінген шығару рәсіміне бағынады. Соттық актінің мазмұны (мәні) судьялар өз шешімінде жауап берген құқықтық сұрақтарды әділ шешу үшін соттық білімнің заңдылығы мен дәлелдігі сияқты алдын ала анықталған белгілер негізінде бағалануы тиіс. Әр соттық шешім сананың белгілі нәтижелеріне негізделген, тағы ол судьяларда қалыптасқан эмпирикалық құқықтық пен этикалық түсініктердің нақтылы жүйесінде объективтік шындықтың бейнесін белгілейді. Фактілерді таңдау өз бетінше жүргізілмейді, ол соттық таным үрдісінің нақтылығын реттейтін қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу нормасында берілген. Соттық танымның өзгешелігі мынада: танымдық үрдіс объектіден (қылмыстық іс бойынша дәлелденетін жағдайлар) субъектіге (судьяларға) үздіксіз ауысу қозғалысында ашылады, соның нәтижесінде судьяда сот талқылауында зерттелетін объективті шындық құбылыстарының көрінісі қалыптасады.

Қылмыстық іс жүргізу қызметі барысында бірқатар факторлар заң талаптарына сайма-сай соттың фактілерді анықтаудың мәнді мазмұнын енгізеді. Бұл факторлардың іс бойынша ұсынылған болжауларды, судьяның құқықтық санасы мен құлықтылық санасының дәрежесін, оның кәсіби тәжірибесін, оның тұлғасының кәсіби және өмірлік бағыттылығын, сонымен қатар, істің деректі жағдайларының зерттелу толықтығын жатқызуға болады. Дәл осы факторлар сотта қалыптасатын сотталушының қылмыстық мінез-құлқының сезімтал және рационалдық бейнесінің өзгешелігін шарттайды. Оның үстіне материалдық және іс жүргізу заңы қылмыстық іс бойынша анықталған деректі мәліметтерімен қылмыстық іс бойынша туындайтын деректі және құқықтық мәселелерді сайма-сай шешу үшін айқындалған болып табылатын құқықтық белгілердің мәнді мазмұнын ұйымдастырады. Осылайша қылмыстық іс бойынша дәлелдеу заты – бұл нағыз ақиқаттың қажет үзінділері туралы заң шығарушының объективті білімі, оның анықталуынсыз нақтылы қылмыстық іс бойынша әділ соттың әлеуметтік мақсаттары мен міндеттерімен, әр іс бойынша объективтік ақиқатты анықтау міндетімен шартталған.

Іс жүргізу әдебиеттерінде қарастырылатын түсініктің мазмұнына қатысты бірнеше пікірлер бар [53-56].

Берілген түсініктердің едәуір көңілге қонымды анықталуын А.М. Ларин келтіреді. «Дәлелдеу заты – бұл істі шешу кезіндегі қылмыстық, азаматтық, қылмыстық іс жүргізу құқықтарының нормаларын қолдану үшін, сонымен бірге, қылмыс жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою үшін негіз болып табылады» [57, с. 16].

ҚР ҚІЖК-де мына жәйттарды дәлелдеу ескертілген: қылмыстың оқиғасын (орны, уақыты, тәсілдері мен басқа да жағдайлары); қылмысты жасаудағы айыпкердің кінәлілігі мен қылмыстың себептерін; айыпкердің жауапкершілігінің сипатына әсер ететін мән-жайлар, сонымен қатар, айыпкердің тұлғасын сипаттайтын басқа да мән-жайларды қылмыспен келтірілген зардаптардың сипаты мен көлемі, кәмелетке толмағандарды істері бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудағы айқындауға болатын жағдайлардың өзгешелігіне қатысты дәлелдеу затының алуан түрлілігі ҚР ҚІЖК баптарында көрсетілген.

Судьялардың аталған жағдайларын түсіну өзгешелігінің мәні мына жағдайларда: алғашында өзінің кәсіби құқықтық санасының негізінде судья, оның жеткіліктілігі мен заңдық дұрыстығы тұрғысынан алдын-ала тергеу органдары білімдерін меңгеріп алады, содан кейін сот талқылауының барысында судья жаңа деректерді ұғынады және меңгереді, сонымен қатар, олардың алдын ала тергеу органдарымен анықталуының дұрыстығын тексереді.

Сот сатыларында судья бір жағынан, қылмыстық іс бойынша дәлелденетін мән-жайларды танып-біледі, басқа жағынан, ол тергеуші, прокурор мен іс жүргізушінің актілерінде жинақталған білімдердің сенімділігін тексереді, басқаша айтқанда, болып өткен іс жүргізу сатысында алынған және соттық танымда орын басушы білімдер ретінде шығатын білімдердің дәлелдемелік және құқықтық дұрыстығын реттейді. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізудің  сатыларында қылмыстық іс бойынша дәлелдеу заты қоғамға қауіпті әрекеттер (әрекетсіздік), тұлғаның айыптылығы, қылмыс жасаған адам, ҚІЖК-де көрсетілген басқа да жағдайлармен қатар өткен қылмыстық сот сатыларына, сәйкес іс жүргізу актілерінде объективтіленген танымның нәтижелерінің дұрыстығынан тұрады.

Қылмыстық іс бойынша танымды қорытындылайтын іс жүргізу актілерінде тергеуші немесе судьялармен танылған нағыз шындық деректерінің идеалды бейнесі объектіленеді, сонымен қатар, автор берілген жағдайда бұл актіде бейнеленген және әлеуметтік деректің гносеологиялық мәртебесі бар білімдердің сәйкестілігі жайлы ой қозғалып жатыр деген жәйтті елемейді. Мұнда мәселені дұрыс түсінуді қиындататын әртүрлі түсініктер шатастырылады. Философия мен логикада идеалды объектілердің астарында біздің әлемде жоқ, бірақ өзінің бейнесі бар объектілер аңғарылады. Қылмыс пен оның салдары өткен іс жүргізу қызметі мен оның нәтижелерінің заңдылығы сияқты, демек, оларды біздің әлемде жоқ объектілер тобына жатқызуға болмайды деген дәлелдемеге сүйенудің қажеті жоқ. Өзінің гносеологиялық маңызында қылмыстық үрдістің өткен сатысындағы таным нәтижелерінің дұрыстығын бақылау мәні нақтылы іс жүргізу актісінде объектіленген білімдердің заң талаптарына (оның сенімділігі, заңгерлік дұрыстығы) сәйкестігін тексеруінде. Сондықтан, берілген акт оны танитын субъектіге (судьяға) қатысты идеалды объект ретінде қарастырмайды. Ол қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын жағдайлар туралы тергеушінің, прокурордың, судьяның алған білімдерін бекітудің ерекше формасы сияқты деректің гносеологиялық мәртебесіне ие болады.

Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу заты судья сот ісін жүргізудің нақтылы сатысында қылмыстық істі қарастыру бойынша сот қызметін қорытындылайтын заңды және дәлелдемелік шешім қабылдау үшін соттық танымның нәтижесінде алынатын орнықты білімді жүйелейді.

Осылайша, жасалынған қылмыстың мән-жайларын танып-білу барысында судья қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затына жататын деректердің бар немесе жоқтығы жөнінде жеткілікті және сенімді білім алуы тиіс.

Әлеуметтік таным сияқты соттық таным мағынасына деген көзқарасты болгар философы П. Гиндеев талдаған. Оның пікірінше, жеке қылмыс негізінде жүзеге асырылатын таным ғылыми және ғылымнан тыс білімдердің өзгеше ара-қатынастығымен, сонымен қатар таным үрдісінің заты мен қару-жарақ жағын реттейтін қылмыстық-іс жүргізу формасының бар болуымен сипатталатын салалық әлеуметтік таным болып табылады [58, с. 215].

Әлеуметтік танымның осындай алуан түрлілігінің нәтижесінде алынған білім (оны шартты іс жүргізу немесе соттық таным деп атайық) судьялардың теориялық білімдерінің элементтерін қосып алатын аралас білім болып табылады. Сот актілерінде қылмыстық-құқықтық тыйым салу мазмұны ашылады, сонымен қатар, құқықпен реттелетін нақтылы қоғамдық қатынастар туралы ғылыми құқықтық білімдерді нормативтік түрде бекіту болып көрінетін құқықтық түсініктер мен категорияларға сәйкес  объект танымы судьямен меңгеріліп, сонымен қатар объективтелінеді. Осындай білім ғылыми элементтерден де тұрады, өйткені судьямен ғылыми мәліметтер (дәлелдемелер) негізінде жеке құбылыстардың әлеуметтік және құқықтық мәні танылады. Аталған элементтер үкімде және басқа да соттық актілерінде өзінің практикалық айқындалуында біріктірілген. Судьяның білімі – бұл статикалық процесс емес, оның практикалық қызметі мен тығыз байланыста қалыптасатын процесс болып табылады. Соттық практика бұл жерде түрлі инстанциялар судьялары білімінің объективтік негізі және берілген іс жүргізу жағдайында объектінің дәл қандай жағдайларын зерттеу керек екенін анықтауға мүмкіндік беретін жолы ретінде алға шығады.

Судьяның қылмыстық іс бойынша шешім қабылдауы ойша өзгертілген білімнің үш блогынан тұрады: құқықтық және этикалық білімдердің жүйесі; судьяның қоғамдық кәсіби және күнделікті тұрмыстағы тәжірибесі нәтижесінде алынған білімдер; сол білімдер бойынша шешім қабылданады (қылмыстық іс бойынша дәлелденетін деректі жағдайлар жөніндегі білімдер). Аталған блоктар нақтылы іс жүргізу шешімінде біріктірілген. Дегенмен, осыдан ерекше белгілеуге тура келетін маңызды жағдай туындайды. Соттық актіде объективтенген сот білімінің жүйесі екі шағын жүйеден тұрады: істің қарастырылуына дейінгі судьяның құқықтық, этикалық және т.б. білімдері; нақтылы іс бойынша дәлеледеу затына кіретін деректерді зерттеу нәтижесінде алынған білімдер. Берілген шағын жүйелер соттық таным үрдісінде және шешім қабылдаудағы берілген басқа жүйелермен өзара қауымдасады, байланысады, сонымен қатар нақтылы іс қараудағы судья алған дәлелдемелік ақпараттарды  реттейді және соттық білім жүйесі сияқты талқыланатын тұтас білім ретінде соттық шешімде объективтендіріленеді.

Судьяның білімі деген түсініктің мәнін анықтаудың мұндай ыңғайын табу соттық құқықтық сана механизміндегі іс жүргізуді шешудің орнын және оның бұл механизмдегі функцияларын белгілеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, судья білімі жүйесі, олардың құқықтық санасы сот әділдігінің жалпы жүйесінде қызмет етеді.

Мәселенің бұл жағына Т.Н. Добровольская назарын әділ аударды. Ол заңның негізіндегі рұқсат алудан және қарастырудан қорыта келгендегі соттың  ерекше іс жүргізу түріне және құқықтық қызметке сәйкестендірілген арнайы органның әділ сот сияқты білдірілуін, және судьяның құқықтық санамен сәйкес мәселелердің құқықтық нормаларының нақтылы деректеріне, құқықтық пікірталастарға және құқықтық қатынастарға қолдануын анықтайды [59, с. 10].

Қазақстан Республикасының Конституциясында сот әділдігін жүзеге асыратын сот органдары көрсетілген. Сот әділдігін жүзеге асырудағы өкілеттік ешқандай басқа мемелекеттік органдарға тиесілі емес, және олардың қызметтері сот әділдігі ретінде қарастырылмайды.

Сот әділдігі түсінігін қалыптастыру мен бір жүйеге келтіру әрекеттері әдебиеттерде әлденеше рет қарастырылады.

Дегенмен, бүгінгі күнге дейін сот әділдігінің мәнін біркелкі түсінудің белгілерінің (қасиеттерінің) өзгеше нақты тізімдері жоқ. Бұған осы мәселе жөніндегі көптеген басылымдар дәлел болады [60-61]. Сонымен, К.Х. Халиқов сот әділдігін судья қызметі арқылы дәстүрлі түрде анықтау дұрыс емес [62, с. 18], өйткені сот әділдігі және сот өзара анықталады, деп әділ айтқан. Көпшілік мақұлдаған сот әділдігі түсінігін (социалистік сот әділдігі ол сотпен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет болып табылады – М.С. Строгович) К.Х. Халиқов қарама-қайшылық ретінде қарастырады. Дәлірек айтқанда, сот әділдігі судьяның бар болуымен ғана қажет, осыған сәйкес керісінше – сот тек қана сот әділдігін жүзеге асыру үшін керек, және мемлекеттік мәжбүрлеудің мәнді шараларын қолдану рұқсат ету негізінде ғана соттық юрисдикцияны қоғамдық тартысқа жатқызу туралы шешімдерді, және тек қана жалпы “сот әділдігі” түсінігін анықтау қажеттілігін ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік мәжбүрлеудің мәнді шараларын қажетті жағдайларда қолданумен нақты қоғамдық тартыстарға құқықты қолдану – қоғамдық қатынастарды қорғаудың мемлекеттік қызметтің ерекше түрі сияқты сот әділдігі өзінің мағынасы туралы түсінікті қарастырады [62, с. 21].

К.Х. Халиқовтың зор қызметі, оның қылмыстық істер туралы сот әділдігі концепцияларының белгілерін ұсынуы болып табылады. Әдебиеттерде сот әділдігінің келесідей белгілері: сот әділдігінің арнайы билік органымен – сотпен жүзеге асырылуы; заңмен орнатылған іс жүргізу түрінде азаматтық және қылмыстық істерді соттық отырыстарда қарастыру мен рұқсат алу көпшілік мақұлдаған болып табылады.

Біздің пікірімізше, сот әділдігі мемлекеттік қызмет болып табылады, ол арнайы іс жүргізу түрінде қоғамға қауіпті істерді сот отырысында қарастыру жолымен, мемлекеттік мәжбүрлеуде қатаң шараларды қолданған немесе қолданудан бас тарту, сонымен қатар, құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен, басқалай құқық бұзушылықпен күрес мақсатындағы заңмен қорғалған мүддені немесе құқықты қорғау [62, с. 22].

Судьяның құқықтық санасымен сәйкестендірілген азаматтық және қылмыстық істерді заң негізінде қарастыру мен шешу сияқты сот әділдігінің белгілері мен оның айқындылығы маңызды элементпен толықтырылуы керек екендігін назарға алған жөн. Ұсынылып отырған судья қызметіндегі сот әділдігі белгісінің маңызды мәні бар, себебі ол судьялар тәуелсіздігінің нағыз кепілдігі және олардың тек қана заңға бағынуы және соттық қызметтің шығармашылық мінезіне көңіл аударатын болып табылады.

Егерде заңгер қоғамдық өмірге қатысушының қылықтарын, әрекеттерін және деректерін заңның, заңдылықтың, құқықтық тәртіптің негізінде бағаламаса, онда заңгер үшін деректің ақиқаты өз мағынасынан айырылар еді.

Осыған орай, судьяның құқықтық санасы, оның құрылымы мен түсінігінің,  мәселелерді шешудегі әділ соттың қамтамасыз етілуіндегі оның қызметтерін анықтаумен байланысқан өңдеулердің өзектілігі анық.

Құқықтық сананың кәсіби түрі біршама дербес бар болуына құқығы бар ма және судьяның кәсіби құқықтық санасы жайлы айту құқыққа сәйкес пе, деген сұрақ туады.

Құқықтық сананың мәселелерін зерттейтін ғалымдар (Е.В. Назаренко, Г.С. Остроумов, Е.А. Лукашева, В.А. Чефранов, Д.А. Потопейко, Н.И. Козюбра, В.А. Щегорцев, К.Т. Бельский, В.А. Сапун)  құқықтық сананың екі дәрежесі жайлы сөз етеді: қоғамдық сананың формасы сияқты құқықтық сана  туралы; топтық және дара құқықтық сана туралы. Біріншісі (жоғарғы дәреже) заңнамалардың таптық мәні мен оның бағытталушылығын анықтайды, екіншісі – құқықтың іске асырылуын лауазымды тұлғалармен және азаматтармен ескертеді. Біздің ойымызша, бұл байланыста Д.А. Керимовтың ғылыми және әдеттегі дәрежелерімен қатар құқықтық сананың құрылымында практикалық деген тағы бір дәрежені белгілеу қажет деген ойы қолдауды талап етеді [63, с. 41-42; 64, с. 14]. Авторлар келесі жайтты анықтайды: әрекеттегі немесе үміт еткен құқыққа деген қатынасы бейнеленетін ойлар, пікірлер, көріністер мен сезімдердің жинағы сияқты құқықтық сана жеке индивидтер мен әлеуметтік топтарға тән құқықтық идеология және құқықтық қоғамдық психологиядан құралады. Осыған сәйкес әлеуметтік-құқықтық ойлау ерекше айқындалады, ол өзімен бірге құқықтық сананың белсенді формасы болып көрінетін — әлеуметтік ақиқатты танудағы үрдісті, қоғамдық қатынастарды қорғау және реттеу мақсаттарында пайда болатын құқықты қолдану, іс жүзінде қолданатын және теоретикалық мәселелерді шешу амалдары оның мазмұнын құрайды.

Құқық әлеуметтік бақылаудың жүйесі сияқты азаматтардың санасына әсер етіп, өз қызметтерін жүзеге асырады. Егер жеке құқықтық сана қоғамдық практикаға құқықтық талаптарды тікелей еңгізудің бір түрі болып табылса, юрисдикциялық органдардың қызметінің тиімділігі, кең мағынада бұл қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығымен детерминацияланады (анықталады) деп ұйғару – әділ болар еді. Субъектілердің пәндік қызметі осы немесе басқа құқықтық реттеу өрісінде заңды істерді шешкенде, жеке-билеушілік белгілеуді шығаруда құқықтық сананың кәсіби деңгейін талап етеді. Осыған орай, юрисдикциялық қызмет процесіндегі олардың практикалық қолдану мақсаттарында құқықтық құбылыстары танылады және бағаланады.

Әлеуметтік топтардың нақтылы жиынтыққа жатқызылуын сезген адамның дерегін құқықтық сананың кәсібі ретінде қарастырған, сол топтың өкілі болған Б.Д. Парыгинмен келісуге болмайды [65, с. 129]. Бұл белгінің маңызды екендігі, бірақ ол юрисдикциялық қызметпен арнайы айналысатын құқықтық сана тұлғаларының мәнін ашпайтындығы сөзсіз. Кәсіби құқықтық сананың бірінші үйлесінде қылмыстық іс жүргізу қызметіндегі субъекттерге тән арнайы құқықтық бейімдер, сендірулер, ептіліктер, сезімдер туралы айтуға болады.  Авторлардың кейбіреулері құқықтық сананың бұл түрін мемлекеттік аппараттың қызметтерінің құқықтық санасы деп атайды (Е.В. Назаренко, Е.А. Лукашева, В.М. Чхиквадзе) [66-72]. Көпшілік және теориялық құқықтық санаға қарағанда, құқықтық сананың мұндай түрін мамандандырылған құқықтық сана деуге болады.

Кәсіби топтардың бірін заң қызметімен күнделікті айналысатын заңгерлер құрайды. Олардың құқықтық санасының мазмұны еңбек қызметінің нақтылы іске қатысты керекті құралдармен айқындалатын топтасқан, кәсіби құқықты сана болып табылады.

С.С. Алексеев құқықтық сананың формасы ретінде оның мінезіне мән бермейтін кәсіби құқықтық сананы бөліп көрсетеді [73, с. 210].

Заңгерлердің құқықтық саналарының өзінің кәсіби негізі ретінде тек қана берілген органның формаларына тән өзгешелік және ерекше амалдардың құқықтық нормаларын жүзеге асыратын, нақты құқықтық мәселелерді қатаң түрде орындайтын, мемлекеттік қызметкерлер топтарының нақты кәсіби құқықтық сана түріндегі құқық қолдану қызметіндегі үрдісі ретінде қарастырылады.

Осылай, құқықты қорғау қызметімен айналысатын кәсіби құқықтық сананың түрлі категориядағы тұлғаларды құқыққа сәйкес айыру заңгерлердің кәсіби құқықтық саналарының түсінігі туралы жалпы түрі болып табылады. бұл мағынада судьялардың кәсіби құқықтық санасын, прокурорлық қадағалау тұлғаларды, тергеушілерді, жедел жұмыскерлерді, заңды қызметпен байланысқан мемлекеттік билік пен басқару органдарының басқа да лауазымды тұлғаларды мақсатқа сәйкес белгілеу жөн болып табылады.

Өз кәсібі бойынша судьялар белгілі мағынада өздерін қылмыстық және азаматтық істерді шешуде құқықтық нормалардағы ортақ тәсілдердің және іс жүргізу формаларының жүзеге асырылуынан, қызметтердің ортақ тәсілдері мен мақсаттарының бірігуінен пайда болған кәсіби және әлеуметтік-психологиялық топтардың бірқалыптылығы ретінде ұсынады. Мақсаттардың, мәселелердің, тәсілдердің және формалардың іске асырылу бүтіндігі кәсіби қызметте судьяларда кәсіби этикалық және құқықтық көзқарасының ортақтығын, құқықтық норманы жүзеге асырудағы әлеуметтік-психологиялық орнатуды өндіреді. Бұл соттық практикадағы тұрақтылықты, заңды қабылдаудың біркелкілігін және олардың кәсіби топтарындағы нормалардың ішкі өзгешеліктерін қамтамасыз етеді.

А.Р. Ратинов кәсіби құқықтық сананы “мамандандырылған” десе [74, с. 78], ал В.Н. Кудрявцев мұны “заңгердің құқықтық санасы” деп атауды ұсынады. Кәсіби құқықтық сананың субьектісі ретінде кәсібі бойынша құқықтық нормаларының жүзеге асырылуымен байланысты лауазымды тұлғалар болғандықтан, мұнда “мамандандырылған” емес, тұрақты судьяның кәсіби құқықтық санасы жайлы айту дәлірек болар еді.

Қоғам бірлікпен, қоғамның негізгі мүдделерімен халық мүддесі және жеке әлеуметтік топтардың сәйкес келуімен сипатталатын болғандықтан, құқықтық сана – біркелкі. Дегенмен, қоғамның құқықтық санасына қарағанда, судьялардың кәсіби құқықтық санасы, олардың қоғамдық-саяси жұмыстарындағы және сот төрелігі міндетін атқаруы барысында сот ісін жүргізу қызметіндегі  жете білінетін, бүкіл қоғамға ортақ құқықтық мүдделерді білдіреді.

Судьялардың кәсіби құқықтық санасы қоғамның және судьяның жеке құқықтық санасына байланысты өзгеше мазмұнымен сипатталатын топталған құқықтық сана формаларының бірі болып табылады.

Қоғамның құқықтық санасы судьялардың кәсіби құқықтық санасын басты да шешуші бағытта қалыптастырады. Кәсіби және қоғамдық құқықтық сананың байланысы мыналардан тұрады: қоғамдық құқықтық сананың дәрежесі, ойы және қағидалары  идеологиялық құрал ретінде қолданылады; солардың көмегімен  судья құқықтық нормаларды танып біледі, олардың талаптарын танып білуімен қатар, өздерінің сот ісін жүргізу қызметін заңның нақты және біркелкі қолданылуына бағыттайды; қоғамдық құқықтық сана әділ сот органдарының әлеуметтік мәртебесін қалыптастырады және судьяның кәсіби қызметін орындайтын ерекше бір рухани атмосфераның мазмұнын анықтауымен қатар, судья үкім шығаратын кезде деректі жағдайларға өзінің жеке көзқақарасын білдіреді.

С.С. Алексеев айтқандай, құқықты қолданатын қандай да бір тұлғаның, өз алдында өзінің жеке құқықтық санасынан тәуелсіз, заңды нормалары бар [46, с. 63]. Дегенмен, құқықтық сананың «өз ішіндегі заттың» «бізге арналған затқа» айналу механизмін түсіну үшін бұны одан да зор контексте баяндаудың нағыз іске асатын формаларын қолдану арқылы қарастыру қажет. Осындай кәсіби құқықтық сананың бейнелеуінің нағыз іске асатын формаларының бірі – сот ісін жүргізу шешімі.

Судьялардың топталған құқықтық санасы сотқа келтірілген талаптарын ұсынуын ұғынуды және оларға ортақ құқықтық көзқарастарының нағыз деңгейін білдіру керек.

Әр қылмыстық істің шешімі, істелген қылмыстың және сотталушы тұлғасының нақтылы жағдайларын есепке алуымен қабылданады. Бұл судьяның жеке құқықтық санасын білдіреді. Дегенмен, нақтылы қылмыста және нақтылы іс жүргізу жағдайларында қолданылатын және сотта іс қарау кезінде пайда болатын заңға түсінік беру біркелкіліктің талаптарына жауапты болу тиісті.

Заңды қолданар кезде сот тәжірибесінің тұрақсыздануы, оның табансыздығы, кейбір судьялардың құқықтық көзқарастарының қалыптаспағанын, қандай да бір көзқарастар қалыптаса да, олардың әлі де заңның рухына және қоғамның талаптарына сәйкес келмейтіндігін дәлелдейді.

Осылай, судьялардың кәсіби құқықтық санасы нормативтік қаулылар мен жоғарғы соттың жалпы отырысында және сот практикасының тұрақты тенденцияларында көрініс табатын екі деңгейді топтық және дара ұсынады.

Осы екі деңгейдің байланысын теориялық құқықтық көзқарастары мен кәсіби құқықтық сананың өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасқан құқықтық ережеден бақылауға болады.

Судьялардың кәсіби құқықтық санасының рационалды-идеологиялық түрдегі элементтерін бірыңғай құқықтық санаға қарама-қарсы қоюға болмайды, дегенмен оларды ұқсас деп те айту қате болар еді. Судьяның жеке құқықтық санасына біртұтас алынған және қоғамдық сананың бүтіндік күйін білдіретін саяси, философиялық және моральдік қоғамның қатынастары әсер етеді. Сол себепті судьяның кәсіби құқықтық санасы органикалық байланыста, оның саяси және моральдік санасымен бірге бір бүтіндікте шын бар болады. Ал, кәсіби құқықтық сана мазмұнының элементтері судья тұлғасының идеялық жетілуін анықтайтын саяси және моральдік сана мазмұнының элементтері ретінде айқындалады. Мысалы, судьяның сот әділдігі мақсаттары мен міндеттерін сезінуі, сонымен бірге іс жүргізу формаларының жүзеге асырылу мазмұны элементтері тек кәсіби құқықтық сана ғана емес, оның саяси және моральдік санасы болып табылады. Басқаша айтқанда, “норма-атқарушы” жүйесінде жеке құқықтық сана жүйенің талаптарын ұдайы жаңартумен қатар жүзеге асырылуының қандай да бір нұсқасының қалауын айқындайды. И. Сабо бұл процесті одан әрі жаңғырта түсу үшін “құқықтың өз-өзіне қайта оралуы” терминін сәтті қолданды [75, с. 231].

Судьяның жеке құқықтық санасы өзінің негізгі мазмұны ретінде, қоғамдық құқықтық сананың құбылыс дәрежесі бар идеяларды, нормаларды, ұстанымдар мен көзқарастарды және т.б қосып алады. Адам – әлеуметтік сапалық жүйенің қарапайым идеяларын сақтаушы. Жеке сана – дәуірлік санаға ортақ, тұлғаның әлеуметтік керек-жарақтарымен байланысқан ерекше, тәрбие, қабілеттілік, жеке және қоғамдық өмірдің жағдайларымен, мамандығына негізделген жеке белгілері өзгеше сай келетін біртұтас сана.

Судьяның кәсіби құқықтық санасы әділ сот санасында қоғам мүддесін қорғайтын құқықтық идеялар жүйесімен бірге, өзінің құқықтық көзқарастары мен пікірлерін, құқықтық нормалардың әділеттік пен әділетсіздік бағасын, құқықтық реттеудің тиімділігін, құқықпен реттелетін нұсқаулар мен қоғамдық қарым-қатынастардың сәйкес келуін білдіреді. Кәсіби құқықтық сана мағынасының түсінігі мен құқықтық дәрежелерінің маңызын ортақтастырады, басқаша айтқанда, құқықтық тыйым салуды жете түсіну мен қылмыстық іс жүргізу жолдарының нұсқаулары оларды қолдану тәжірибені жете ұғынуы. Егер басқа да әлеуметтік топтардың құқықтық санасына міндеттер мен құқықтар дәрежесіндегі қоғамдық дамудың талаптарын дұрыс айқындап беру қажет болса, онда заңгерлердің кәсіби санасының, мүмкін болатын қайшылықтарды болдырмау үшін, қазіргі құқықтық жүйемен арақатысын белгілеу маңызды. Құқық пен міндеттер дәрежелеріндегі, қазіргі құқық жүйесімен арақатысындағы қоғамдық даму талаптарын өзінше түсіне білу, кәсіби-заңдылық сананы бейнелеудің тәсілі болып табылады.

Судьялардың қызметінде қоғамдық құқықтық сананың идеологиялық құбылыстары судьялардың жеке санасынан өтеді де, соңында олар дұрыс деп тапқан іс жүргізу шешімінде тоқтап қалады десек, орынды болар еді.

Кәсіби санада ең алдымен құқық қолдану қызметінің мүддесі айқындалады. Содан кейін қылмыстық-іс жүргізу тәртібінің стилі қалыптасады да, әртүрлі юрисдикциялық қызметтің мақсаттарына жету үшін қолданылатын жолдар мен әдістер жете білінеді. Бұл ғылыми құқықтық категориялардың мән-мағынасын аша түседі, басқаша айтқанда, берілген категориялардың мазмұнын судьялардың қызметтері мен олар шешім шығарардағы білдіретін практикалық санаға айналдырады. Нағыз құқықтық қатынастар, құқықтық реттеудің механизмі, адам әрекеттері мен басқа да құқықтық құбылыстар және олардың бағасы мұны бейнелеу заты ретінде алға шығады. Кәсіби құқықтық сананы нормативтік бағалаулық сананың бір түрі ретінде қарастыруға болады. Себебі бұл құбылыстардың бағасы танымның өзіндік актісі ретінде іс жүргізу шешімін ескертіп, судья білімінің жүйесін жанама түрде береді.

Судьяның кәсіби құқықтық санасын сипаттай келе, біз ең алдымен ол тудырған құқықтық баға мен көзқарастырының тұрақтылығын ескереміз. Бұлар судьяның өз қарым-қатынасын кәсіби қызметке белгілейді және оның саяси мәдениетін анықтайды. Судьялардың кәсіби санасы кәсіби қызметке бағдарланған практикалық сана ретінде де қарастырылады. Берілген аспектерде кәсіби құқықтық сана әдеттегіден құқықтық білімдердің жүйелілігімен және ғылыми мен әдеттегі құқықтық сананың арасындағы аралық орын алуымен ерекшеленеді. Заңгерлердің кәсіби санасының басты мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және заңдылық тәртіпті орнату болып табылады.

Айтылғанның бәрі – кәсіби құқықтық сананың судья мінез-құлқын, сотта орнатылған жағдайларға қатысты оның таңдаулылығын реттеудің сенімді бейнесі.

Кәсіби құқықтық сана мен құқық нормалары – объективтік болмыстағы түрлі құбылыстарды бейнелейтін әр реттік ұғым, сол себепті біріншісін екіншісінің деңгейіне дейін жеткізудің еш қажеті жоқ. Кәсіби құқықтық сананың мәні талқыланатын заңның басқа нормалары мен құқық институттарымен тығыз байланысын қамтамасыз етумен тәмамдалады. Басқаша айтқанда, құқықтық сана судьяның қызметіне әсерін тигізеді, ал құқық оны реттейді. Сот шешімін қалыптастырудағы кәсіби құқықтық сананың әсер етуші маңызы судьяның өз міндеттерін ұғынуы, кәсіби қызметі мен қабылданған шешімдерінде нормативтік талаптарын өзінше тануды білдіруге ұмтылысы шешімге, оның әділдігіне және оның құқықтық салдарына (өз қорытындысына деген сенімділік) деген көзқарасы сияқты факторлардың әсер етуін бастан кешіреді. Құқықтық білімдерінде және құқықтық нұсқауларында бағасында концентрлі түрде қылмыстық істі шешудегі судьяның тікелей қатысуы мен басқа көздердің (аппеляциялық және қадағалау сатысындағы тәжірибелер мен құқықтық әдебиетті оқу, т.б.) нәтижесінде жиналған судьяның кәсіби тәжірибесі бейнеленеді.

Сөйтіп, құқықтық көзқарастар жүйесімен байланысқан судьяның құқықтық түсініктері оның кәсіби қызметіне белсене әсер етіп, заңды дұрыс қолдануға жетелейді. Сол себепті, сот шешімінің заңды және негізделген қаулысына себепкер болатын факторларының бірі болып табылады.

Құқықтық білімдер қажет, дегенмен оларды қолданардағы тиісті іскерлік пен дағдыларсыз, бұлар судьяның кәсіби қызметтерінің сәтті атқаруы үшін септігін аз тигізеді. Мұнда құқықтық білімдер қылмыстық істі қарастыру және шешу кезінде, халық мүддесі мен құқықтарының заңдылығын сақтаудағы заңның қатаң орындалуына бағдарланған кәсіби әдетке айналуы, сонымен бірге кәсіби қызметі мен қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарымен сәйкестендіре құруға бейімделу қажет. Судьяның  мінез-құлқында, оның құқықтық дағдылары мен іскерлігінде оның құқыққа деген көзқарасы байқалады. Бұл кәсіби қызметтік шындық сияқты судьяның іс жүргізу қызметін реттейтін нормалары болып табылады.

Судьялардың құқықтық санасы мақсаттылық, объективтік шындықты анықтауға ұмтылуы, құқық пен міндеттерді ұғынуы, қандайда бір ісі бойынша шешімді қабылдауы, өз тәуелсіздігі мен дербестігіне деген сенімділігімен ерекшеленеді. Осылардың бәрі үкімдердің заңдылығына, әділеттігі мен негіздігіне тұтастай жауапты болу қажеттілігінен туындап отыр.

Судьяның кәсіби құқықтық санасы – нақтылы қылмыстық іс қарастырылған кездегі құқықтық нормаларды меңгеріп алу және құқықтық ғылымдарды ұсыну, сонымен бірге құқықты қолдану қызметінде заңдылықты талап етуді қадағалауға бағдарланған және құқықтық сезім, көңіл-күй мен қылықтарда байқалатын қазіргі құқықтық жүйеге және өзінің құқықтары мен міндеттеріне деген көзқарастың нәтижесінде пайда болған құқықтық пікірлер, сенімдер, көріністер, құқық қағидалары туралы бағасының жүйесі болады.

Аталған қарым-қатынас құрылымы келесі элементтерден тұрады: танымдық, мұның мазмұны меңгеріп алу мен ұғыну нәтижесінде пайда болған құқық туралы өз білімдерінің жүйесі және бұл білімдерді өзінше қолдана білу болып табылады; бағаламдық, оған құқықтық тыйым салудың әділеттігі немесе әділетсіздігі туралы баға мен сендіру жүйесі және сот әділдігінің мақсаттарына жету үшін құқықтық атқарулардың тиімділігі кіреді; еріктік, судьяларға жүгінген заңдық құқықтары мен міндеттерін ұғынумен өз заң өкілеттілігімен  сот әділдігінің мақсаттары мен міндеттерін сәйкестендіре іске асыруға дайындығымен сипатталады; тәртіптік іс жүргізу қызметтерін жүзеге асырар кездегі судья мінез-құлығының талғамын, тәртіп ережесінің кәсіби жүйесін реттейді; әлеуметтік-психологиялық, қылмыстық іс шешумен демократиялық ізгіліктің заңдары мен нормаларының тура сәйкестігінде пайда болатын судьяның дайындығы.

Кәсіби құқықтық сананың өзіндік айқындалуы судья ісі бойынша жеке қорытындысын өзінің құқықтық санасымен қатынастырады да, нақтылы қылмыстық істің дәлелдемелерге негізделген жағдайлардың жеке құқықтық бағасы заң талаптарына сәйкес, шығарылған шешімі сәйкес келетінін анықтауында қорытылады.

Құқықтық сананы талдау кезінде құқықтық сана өрісін белгілеп алып, қылмыстық-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу немесе әкімшілік-құқықтық сана туралы айту дұрыс. Бұған ортақ құқықтың құбылыстары мен институттарына қатысты ерекше көзқарастар мен бағалардың жиынтығы кіреді.

Қамтып көрсету затының көзқарасынан кәсіби құқықтық сана өрісінде және құқықтың түрлі салаларымен құқықтық қатынас түрлерінің арақатыстығын белгілеп алу қажет.

Сөйте тұра, қылмыстық сот ісін жүргізудегі кәсіби құқықтық сана қолданудың нақтылы аясынан тыс, әлеуметтік қызметтерді біртұтастықта іске асырады. Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық пен іс жүргізудегі құқықтық сана арасындағы қырлар жоқ және шындығында тығыз бірлік көрінеді.

Нақты қылмыстық істі қарау мен шешу және сот шешімін шығару кезіндегі кәсіби құқықтық сана орындайтын қызметтердін жалпы белгілерімен сипаттап көрейік. Бұл жағдайда, кәсіби құқықтық сана,  өзара байланыс пен өзара тәуелділіктің, қылмыстық істі қарастырғандағы судьяның шешім қабылдауы және әрекеттенуі кезінде пайда болатын, судья тұлғасының жеке-психологиялық ерекшеліктерімен және оның кәсіби тәжірибесі мен нақтылы жағдайымен жанама түрде берілген оның саяси, өнегелі пікірлерімен тығыз байланыс жасауы арқылы жұмыс жасайды.

Судьяның кәсіби құқықтық санасындағы тәжірибелік қарым-қатынаста ең алдымен қажеттіліктері, мүдделері байқалады, кәсіби қызметтің мақсаттары қалыптастырылады, мақсаттарына жету үшін кәсіби құралдары танылады. Соның нәтижесінде кәсіби құқықтық сананы жеке сананың құнды формаларына теңестіруге болады.

Іс бойынша жиналған дәлелдемелерге қатысты жеке қарым-қатынастар судьяның кәсіби құқықтық санасымен және оның кәсіби тәжірибесі мен оның құқықтық білімдері, кәсіби дағдылардың маңызды тұрақты көрінісі ретінде анықталады. Кәсіби тәжірибе судьяның құқықтық санасы мен оның дағдыларын жүйелеумен қатар, талдап қорытады, сонымен бірге, дәлелдемелік мәліметтерде нақтылауға және одан істі дұрыс шешу үшін қажетті мағлұматтарды алуға көмектеседі. Судьяның тәжірибесі қылмыс оқиғасына, сотталушының айыптылығын және материалдық пен іс жүргізу заңының талаптарын қоса алғандағы жазаның жекешеленуіне бағдарландыру үшін маңызды да елеулі, деректі іс жағдайларының ерекше кәсіби бейнесін ескертеді және сот талқылауындағы оның белсенділігін айқындайды.

Судьяның кәсіби тәжірибесі төмендегі айтылған мәліметтерде байқалады:

  1. Сот әділдігі міндеттерін жүзеге асырудағы оған жүгінген әлеуметтік маңызды сезінуінде; материалдық және іс жүргізу заңының талаптарының мәнін түсінуінде және белгілі бір іс шешу кезінде оларды дұрыс қолдана білуінде; қылмыстық іс бойынша өз бетімен шешім қабылдау дағдыларын, алдын ала тергеудің мәліметтеріне қарасты сынаулық қарым-қатынастарды тудыру және ісі бойынша өз тұғырын бөгде ықпалдармен қарама-қарсы қоюында; іс шындығын табудағы олардың қызметтерін бағыттаушы мақсатында сот талқылауына қатысушылар мен сот алқасының мүшелерімен дұрыс қарым-қатынасты орната білуінде; толық және өз уақытындағы дәлелдемелік ақпараттар алу мақсатында бөлек тергеу әрекеттерін жүргізу барысындағы тактикалық тәсілдердің дағдыларын меңгеріп алуында; сот практикасында материалдық және іс жүргізу заңының қолданылуының тенденциялары жайлы білім алу үшін, жеке тәжірибе мен аппеляциялық және қадағалау инстанцияларының тәжірибесін жүйелеуде; қылмыстық іс жүргізу ғылымының сипаттамаларын меңгеріп алуында; дәлелдеме бағасы мен оның жүзеге асырылуы бойынша криминалистика мен соттық психологияда; дәлелдемелік ақпараттарды алу үшін әбден қолайлы және берік құралдарды таңдаудағы іс жүргізу нысандарын үнемдеуде; қылмыстық мінез-құлық механизмін түсіндіруінің түрлерін алдын ала іріктеу тәсілімен өз қызметін орнықты болжау мүмкіндіктерінде; белсенді құқықтық мінез-құлыққа дағдылауында; сот тергеуін дұрыс жоспарлауды және істелген қылмыстың жағдайларды толық, объективті және жан-жақты түрде зерттеуін қамтамасыз ететін сот нұсқаларын өз уақытында ұсына білуінде.

Судьяның кәсіби тәжірибесі – бұл қылмыстық іс бойынша сот талқылауын басқарудағы, соның тәрбиелік-ескерту маңызының тиімділігін арттырудағы, сот талқылауының жариялығының қамтамасыз етілуі мен ұлғайтылуындағы маңызды элемент.

Қоғамға пайдалы қандай да бір қызметтің мазмұны мен сипаты бұл қызмет іске асырылатын мақсаттар мен міндеттермен айқындалады. Қызметтің мақсаты мен міндеттері оның бағыттылығын сипаттайды. Бірақ мақсатта түсінушілік біркелкі емес. Түпкі мақсатқа жету жолында, онсыз түпкі мақсатқа жете алмайтын жақын мақсаттар да бар.

Судьяның қызметіне қатысты оның мақсаттары мен міндеттері “Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заңында көрсетілген. Олардың мәні сот арқылы іске асырылған құқықты қорғау, халық пен ұйымдардың заңды мүдделері мен бостандығында, құқық бұзушылықты ескертуінде. Бұл – әлеуметтік кең жоспардың мақсаттары. Қылмыстық сот істерін жүргізу аясындағы сот міндеттері мыналардан тұрады: жасалған қылмыстың қоғамға қауіп төндіруі мен дәрежесін, солардағы қылмыстың құрамын анықтау; кінәлі тұлғаға әділ шара қолдану мен кінәсіз тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен арашалау; қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысқан азаматтардың құқығын қорғау. Заң басқа да міндеттерді анықтайды. Оларды шешу түпкі шешімдерге жетуді қамтамасыз етеді. Қызметтің мақсаттары мен міндеттері оның мазмұны мен құрылымын анықтайды.

  1. Судьяның қызметі, былай қарағанда, бірінші инстанцияның сот құрамында істі қарастыруға және шешуге қатысқан басқа да судьяның қызметінен айырмашылығы жоқ. Соттық таным жалпы танымнан еш ерекшеленбейді, оның үстіне бұл өзі іске асатын соттан тыс жұмыс жасайды. Сол себепті, қылмыстық-іс жүргізу заңнамасының судья туралы аудандық (қалалық) соттың сот мәжілісін басқару және үкімнің орындалуына қатысты сот әрекеттерінің жүзеге асырылуының тәртібі жайлы сөз еткенде ғана, ескертуі кездейсоқ емес. Қазақстан Республикасындағы «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң судья қызметіне тағайындау мен одан босатуға байланысты ерекшеліктерді ғана бейнелейді. Жұмыс барысында қызметтің өзіндік ерекшеліктері болады.

Судьямен шешілген істер көлемі мен өзінің сипатына қарай мүлдем әр түрлі болып келеді (қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер). Судья жұмысының әр түрлілігі судьяның ауқымды құқықтық және жалпы ой-өрісіне және сипатына, күрделілігіне, оларды шешу тәсілдерінің түрлілеріне қарай жағдайға байланысты шешім қабылдай білуін ұйғарады.

Сот істеріндегі ойланатын мәселелерді шешу сипаты бойынша олардың елеулі айырмашалығы, судья қызметінің көп түрлілігі мен қиындығын және оларды таңдау мен дайындаудағы бұл ерекшелікті есепке алуды куәландырады.

  1. Қандайда бір еңбектің мазмұны саналық мақсатқа беттелген әрекеттерді құрайды. Бұлар бірнеше сатыларға ыдырайды: мәселені анықтау; оны шешудің амал-тәсілдерін табу; мәселені шешу және оның дұрыстығын тексеру. Бұл жүйеге еш кідір-мүдірсіз судьяның еңбегі де кіреді, дегенмен, басқа да қызмет түрлері сияқты, көрсетілген сатылардың әр қайсысын жүзеге асыруымен байланысты оған өз ерекшеліктері тән.

а) мәселелерді орнықтыру заңмен анықталған. Сонымен бірге заңда тек түпкілікті емес, сол сияқты аралық мақсаттар мен мәселелер көрсетілген. Мақсаттар мен мәселелердің осындай жарыса бағынушылығы және олардың иерархиясы жеке сот сатыларының және сот талқылауының жеке бөлшектерінің мысалдарында ерекше көрнекі түрде бейнеленген. Сот талқылауының дайындалу бөліктерінде шешілетін негізгі сұрақтардың талқылауынсыз, судья соттық тергеуге өте  алмайды және т.б. Сөйтіп,сот әділдігінің іске асырылуымен байланысқан судья қызметінің құқықтық тәртібі судья қызметінің бағыттылығын қамтамасыз ете отырып, негізгі еңбек міндеттерінің орындалу мәселесін шешеді. Дегенмен, бұл заңда жазылмаған басқа дара  міндеттерін шешуді ұйғарады. Сот тергеуіне қатысты осындай аралық міндеттерді анықтау қажеттілігі нұсқаларды тексеру, дәлелдеу құралдарына кіретін жағдайларды  және шешімнің түрлерін қарастыру кезінде туады.

Міндеттерді дұрыс анықтау дұрыс шешім қабылдауға тікелей тәуелді болады. Бұл ептілікті меңгеріп алу – судьяның кәсіби шеберлігінің бірден-бір нақты шарты.

Мәселелердің орнықтырылуы негізінен міндеттердің бірнеше түрлерінің арасындағы таңдауларымен, оның үстіне таңдау, мәселелерді шешу қажеттілігімен байланысты сарындармен ғана емес, сонымен бірге оларды шешу мүмкіншіліктерімен анықталады (мысалы, таным құралдарының шектеулігі).

ә) Міндеттерді  шешудің құралдары мен әдістерін таңдауға байланысты  екінші кезең судьялардың өзге де қызметтері сияқты құқықтық реттеу мен шығармашылық бастамалар негізінде жүзеге асырылады. Заң дәлелдеуге жататын мән-жайларды ғана анықтап қоймай, дәлелдемелерді табу, бекіту, тексеру және бағалау әдістерінің шеңбері мен мазмұнын анықтайды. Дәлелдемелерді зерттеу әдістерді – бұл осы зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәсілдер мен операциялар жүйесі. Зерттеудің заң талаптарына сәйкес қолданылатын әдістері мен құралдары сонымен бірге дәлелдеу процесінің күрделілігімен және көп жоспарлылығымен ерекшеленеді. Соттық талқылау міндеттерін шешудің осы әдістері мен құралдарын соттардың дұрыс таңдай білуі кәсіби қызметке дайындығы мен оны жүзеге асыру кезіндегі белгілі бір дәрежедегі шеберлігі мен дағдысына байланысты анықталады. Шеберлік белгілі бір жағдайларды ескере отырып, жұмыс тәсілдерін дұрыс таңдай білу мен қолдану арқылы әрекет пен қызметті нәтижелі орындауды білдіреді. Ол адамның белгілі бір міндетті шешу үшін әрекетті немесе қызметті жүзеге асыруға әзір екендігін көрсетеді. Шеберлік ең алдымен әрекетті жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері арқылы қалыптасады, ал тәжірибемен келген шеберлік дағдыға айналады. Деңгейі бойынша мол білімді талап ететін және тәсілдерді түрлендіріп отыруға мүмкіндік беретін шеберлік тым жоғары деп танылады. Міне сондықтан, судьяның шеберлігі жекелеген операцияны орындауға ғана тіреліп қалмай (мысалы, соттық тергеу сатысында жауап алу, істі қарау, соттық эксперименттер жүргізу), сонымен бірге белгілі бір дәрежеде басты сот талқылауының міндеттерін шешуде дұрыс міндет қоя білуіне кең біліміне негізделген құралдар мен әістердің тиісті шеңберін таңдай білуіне келіп саяды.

б) Шешім қабылдай білуге байланысты кезең дұрыс шешім қабылдауға бағытталған, сондай-ақ қызмет нәтижесі туралы қорытынды жасауды қамтиды. Сот ісінде ол соттық зерттеу жүргізу мен сол зерттеудің негізінде заңды және   негізделген шешім қабылдауды қамтиды. Кәсіби судьяның бұл қызметтегі рөлі соттық талқылаудың басқа да қатысушыларының қызметін басқару функциясы – сот төрелігі міндеттеріне қол жеткізу мақсатындағы қызметіне бағыт-бағдар беру мен үйлестіру және осы қызметтердің қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуына қолайлы жағдай туғызуы арқылы көрінеді. Іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға көмектесу басқару қызметіне төрағалық етушіге жүктелген басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл жерде атап өтетін жайт,судьяның белсенділігі іс жүргізудің басқа да қатысушыларының белсенділігінен асып түсуі керек дегенді білдірмейді. Ол дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы бар толық және дұрыс ақпарат алу мақсатындағы соттық талқылауға қатысушылардың  қызмет бағытының дәйектілігімен және мақсаттылығымен көрінеді. Соған байланысты судьялар қызметінің осы кезеңдегі шеберлігі нақты мән-жайларды қаншалықты өз бетінше анықтауымен емес, осы мән-жайларды анықтауға бағытталған прокурордың, қорғаушының және процеске басқа да қатысушыларының қызметін соншалықты басқаруымен көрінеді. Судьяның белсенділігі негізінен осы мән-жайларды анықтауға бағытталған құралдар мен әдістерді дұрыс анықтауымен көрінуі тиіс. Шешімде субъективизмнің пайда болуын ескертетін немесе басқаша айтқанда, шешімнің объективтік бағалануы мен дұрыстығына ішкі және сыртқы кедергілерді болдырмайтын объективті кепілдіктің зор маңызы бар. Сондықтан ақпараттарды жинау және олардың келіп түскендерін тексеру мен бағалау үшін субъектіні дайындап алу да басты маңызға ие болады.

Дұрыс ақпартаттар жинау мен тексере білу, оларды объективті түрде, алдын-ала бағалай білу қабілеті – судьяның кәсіби шеберлігінің басты шарты. Бұл шарттарға істің нақты мән-жайларына құқықтық тұрғыдан баға бере білуді де жатқызуға болады. Психологиялық тұрғыдан алғанда қылмыстарды саралауды В.Н. Кудрявцев бірқатар бөліктерден тұратын белгілі бір міндеттерді шешу ретінде қарастырады. Кез келген міндеттің қиындығы, оның пікірінше, міндеттердің шарттары мен олардың щещімдерінің арасындағы қисынды өзара  байланыстарының арасындағы күрделілігіне емес, сонымен қатар сол міндетті қоюдың орындылығына, оның бастапқы және соңғы бөліктері міндеттің шарты мен шешім ретіндегі қабылданған нәтижесі қандай дәрежедегі дәлдікпен тапсырылғанына байланысты боладыі [76, с. 196]. Міндеттердің шарты нақты деректерді жинау және бағалауға байланысты белгіленеді. Судья шеберлігі мәселесіне келетін болсақ, ол шешім қабылдау барысында, әсіресе қылмыстық іс-әрекетті саралауға қатысты құқықтық нормаларды білуімен ғана емес, сонымен бірге істің нақты мән-жайларын дәлме-дәл анықтауы мен  міндеттердің іс жүзіндегі және құқықтық компоненттерінің арасындағы өзара қисынды байланыстарын қамтамасыз ете білуіне байланысты болады.

Судьялардың кәсіби бейімделуіне байланысты мәселелерді зерделеу міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін шеберлікке қол жеткізу едәуір қиыншылықтармен байланысты екенін көрсетеді. Мұндай ықпалдың себептерінің бірі, біздің ойымызша, кейбір судьялардың саралау мәселелерін тергеу органдарының көзқарасына қарамастан дербес шешуді талап ететін міндет ретінде қарастырмай, істің нақты мән-жайларына ғана бағынатын шешім ретінде қарастыруы болып табылады. Соттарға әрбір сотталушыға қатысты әрбір  қылмыстың нақты мән-жайларын тиянақты анықтау және осы мән-жайларға  құқықтық дұрыс баға беру міндеттерін жүйелі түрде шешу міндеттері жүктеледі.

Көптеген жағдайда қылмыстық іс бойынша шешім қабылдау жаза тағайындауға байланысты болады. Жаза тағайындаудың заңда қалыптастырылған қағидалық бастауы — заңдылық, гуманизм және жазаның дербестігі болып табылады. Тағайындалған кезіндегі заңның талаптарын қатаң сақтау қылмысты дұрыс саралауды және жазаның сипаты мен мөлшеріне ықпал ететін мән-жайларды ескере отырып, заңмен қарастырылған шекте жазалау шараларын таңдай білуді білдіреді.

  1. Судьялар қызметінің жалпы сипаттамасы олардың іс жүзіне асыратын қызметінің мазмұнын толығымен ашып береді деп айтуға болмайды. Оның мазмұнын түсіндіруге судьялардың кәсіби қызметінің психологиялық құрылымы жағдай туғызуы мүмкін. Оның нақты анықтамасын беру, біріншіден, судьялардың шеберлікке жетуінің жолдарын анықтайтын осы қызметтің негізгі бағыттарын көрсету үшін, екіншіден, осы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жағдай жасайтын жеке-психологиялық алғышарттарды бөліп көрсету үшін, үшіншіден, судьяларды неге үйрету керек және қандай қызмет түрлеріне жүгіну керек екендігін түсіндіретіндей арнайы дайындықтан өткізу үшін қажет. Қызмет құрылымы сот төрелігін жүргізуге байланысты заңда ойластырылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қолайлырақ жағдайды қамтамасыз етуі мүмкін құқықтық және ұйымдық алғы шарттардың шеңберін анықтауға да жағдай туғызады. Соның көмегімен судьялардың жұмыс ыңғайына көнуіне, кәсіби бейімделуіне байланысты жеке қасиеттерін білуге болады.

Сот құрамы мен оның төрағалық етушісінің қызметі түрлі сот сатыларында өзіне тән қасиеттерімен сипатталады. Мәселен, басты сот талқылауында дәлелдеу процесінің  дәлелдемелерді табу, бекіту, тексеру және бағалау сияқты барлық элеметтері толығырақ көрініс табады. Бұл жерде дәлелдеме ақиқатты анықтауға қолайлы жағдай туғызатын қылмыстық іс жүргізу қағидаларын кеңірек қолданылу жағдайында жүзеге асырылады. Бұл шындықтың орнығуына үлесін қосады.

Сөйтіп бастапқы сатыдағы судьялардың қызметі алған білімдері мен олардың бағалануы негізіндегі таным процесінің жүзеге асырылуымен сот шешімін қабылдануына байланысты. Сонымен бірге, судья соттық талқылауға дайындық үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, соттың барлық құрамы мен іс жүргізуге қатысушыларға бағыт-бағдар беріп және олардың қызметін үйлестіре отырып, осы талқылауға басшылық жасауды жүзеге асырады. Ол сот шешімінің орындалуын қадағалайды, оны орындау барысында туындаған  мәселелерді шешеді. Судьяға құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты бірқатар міндеттерді де орындау жүктеледі. Осыған байланысты, судьялардың қызметтік құрылымының элементтеріне келесідей қызмет түрлерін мойындаған жөн:

  • жоспарлау, басты сот талқылауын тиісті мәнде бағдарлаумен бірге соттық тергеуді жоспарлаумен байланысқан.
  • танымдық, іс бойынша объективті шындықты анықтау мен шешім қабылдауға, дәлелдеу мәселелеріне енетін мән-жайларды білуге бағытталған;
  • коммуникативті, қарым-қатынас жасау үшін ақпарат алмасумен байланысқан;
  • ұйымдастырушылық, сот төрелігін жүзеге асырылу шарттарын жүзеге асыруға және алдын алу сипатындағы өзге де шараларды жүргізумен байланысқан.

Осы аталған қызметтердің барлығын өзара байланыста болатынын атап өткен жөн.

Судьялардың жоспарлау қызметі басты сот талқылауын алдын-ала дайындауға және оның тиісті деңгейде жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Ол судьялардың келіп түскен істермен танысуынан басталып, сот шешім шығарғанға дейін жалғасады. Судья сот құрамы мен іс жүргізуге қатысушылардың алдағы қызметін жоспарлайды, оның кейбір кезеңдерін орындалу шарттары мен жүйелілігін және соттық зерттеу мен оған дайындық жөніндегі  әрекеттер мен шешім қабылдауды, яғни сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметтің үлгісін жасайды. Судья нақты әрекетті жүзеге асырылғанға дейін ойша жобалап және жоспарлау арқылы соған бағыттай отырып, істің барысы мен нәтижесін алдын-ала болжайды. Қызметтің бұл түрі сот тәжірибесін қорытындылау, қоғамдық ұйымдарға көрсетілген көмек туралы есеп беруді ұйымдастыратын судьялардың алдын алу жұмыстарын жоспарлау кезінде де орын алады. Жоспарлау қызметі жалпы алғанда судьялардың өздерінің жұмыстарын ұйымдастырумен бірге сот талқылауының басқа да қатысушылары мен сот қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған. Ол ұйымдастыру қызметінен өзінің алдағы бағыттылығымен ғана емес, жалпы қызмет мазмұнымен тікелей байланыстылығымен және шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Судьялардың алдағы қызметті жоспарлауы, соның ішінде соттық тергеу жүргізудің жоспарын құру, әлі де болса “осалдау күйде” қалып отырғаны белгілі. Кейбір судьялар жоспарлаудың жетіспеушілігі  тыңдауға ұсынылатын істерді дайындауға уақыттың жетіспеушілігін сылтауға тартса, енді біреулері осы саладағы арнайы дайындықтың дағдыға айналмағандығын айтады. Дегенмен, мұндай қызмет түрін игеру үшін басты алғышарт шығармашылық ойлау қабілеті мен өзінің қызметін бағдарлау қабілеті болып табылатынын ескерген жөн.

Судьялардың осы қызмет түрін игеру дәрежесі олардың сот тергеуін өткізу кезіндегі дербестігін, алдын ала тергеу органдары ұстанатын шындықты іздеу жолдарына тәуелді болмауын қамтамасыз етеді.

Танымдық қызмет құбылыстар, қасиеттер, әрекеттер және басқалар туралы білім алуға бағытталған. Соттық танымға байланысты ол қылмыс оқиғалары туралы, сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі және жауаптылық мәселенін шешу үшін құқықтық маңызы бар басқа фактілер туралы білу мақсатындағы алдын ала тергеуде алынған, қосымша ұсынылған және сұратып алынған дербес, жаңа зерттеулерді қамтиды. Таным процесінде талдау мен идеяландыру және соған тән құралдар мен әдістер пайдаланылады.

Жоспарлаудың таныммен байланысын атап өткен жөн. Жоспарлау таным  құралдарының бірі болып табылады және ол құбылыс бағытына қарай жекелеген шектеулі бағыттарды көрсететін жүйелерді қамтиды. Кез келген таным  қандай да бір нәрсе жайлы ақпарат деп танылады. Шындыққа ұқсас үлгі шындықты бейнелеуге ұмтылады. Мақсатты таным оның алдағы болашағын бағдарлайтын және оның нәтижесін жоғары көтеретін ақпараттық үлгідегі алғы шарттарын құрайды. Таным процесі кезінде күтпеген небір жағдайлар болып қалуы мүмкіндігі болатындықтан бұл үлгілер бір орында қалмайды, қозғалмалы, өзгермелі, себебі таным үрдісінде пайда болатын жағдайлардың қиындығын алдын ала болжау  мүмкін емес.

Соттардың танымдық қызметіне қатысты ақпараттық қамтамасыз етілу тұрғысынан алғанда осы процестің ерекшелігі неде? Сот танымы қашанда проблемалық жағдайлармен белгілі бір мағынада бірегей байланыста болады, өйткені бір-біріне өте ұқсас сот істері бола бермейді. Әдетте, проблеманың өткірлігі жүйенің өткендігі тәжірибесі мен осы жағдайдың айырмашалық дәрежесіне бағынышты болады. Айырмашылық қаншалықты көп болған сайын проблема да өткірлене түседі. Соған сәйкес, тәжірибе барысында алынған ақпараттар бөлігі мен дәл осы жағдайдың ақпарттарының түрлі ара қатынаста көрінетін үлгі-шешімдерінің ақпарттық құрылымдары да бірдей бола алмайды.

Сот үлгі-шешімді дәл осы  ақпараттық жағдай туралы ақпарат негізінде жасайды және бұл жерде нақты бір істің  іс жүзіндегі  жағына қарай шешім үшін негіз ретінде өткен тәжірибе қалай болса да, пайдалануға тиіс емес. Бұл проблемалық жағдайларға сай келетін шешім қабылдауда судьялардың соттық тергеудің жан-жақтылығы мен толықтығына ерекше назар аудару қажет екендігін көрсетеді. Сот пен судьялардың шындықты ашуға байланысты қызметінің сипаты оларда шығармашылық бастаманы игергендігін көрсетеді. Оның мәні соттардың қызметі шығармашылық пен құқықтық қатаң реттеушілік жағдайымен де ешқандай кемімейді. Олар бір-бірімен қайшылықсыз болып қана қоймай, оның процесуалдық нысаны соттық таным үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді, ол зерттеулердің шеңберін, олардың міндеттері мен мақсаттылығын анықтайды. Соттық танымның жүзеге асырылуына процесуалдық рең беретін нақ осы дәлелдеу процесі алынған білімге дұрыс сипат береді.

Судьялардың танымдық қызметі зерттелетін ақпараттардың (іс бойынша дәлелдемелердің) қатыстылығы, болу мүмкіндігі, жеткіліктігі мен дұрыстығы тұрғысынан алғандағы бағалауға байланысты. Ол құқықтық бағалауға зерттелетін фактілер мен оқиғаларды және қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамының белгілерін анықтауды қосады. Соттық таным қызметі соттың шешімімен жасалған іс бойынша қорытындылаумен аяқталады.

Коммуникативті қызмет судьялар мен іс жүргізуге қатысушыларды, өздерінің кәсіби қызметін атқарушы азаматтардың арасындағы туындаған өзара қарым-қатынасарды сипаттайды. Оған осы қызмет барысындағы байланыстар мен қарым-қатынастардың барлық түрі жатады. Судьяға қатыстысына келетін болсақ,  бұл коммуникативті қызмет үшін судьяның әлдекіммен сөйлесуі, жауап алуы, ақыл айтуы  тән емес, керісінше оның кіммен қарым-қатынасқа түсіп отырғанын түсіне білуін немесе оны тек қана “дәлелденетін фактілер туралы деректердің көзі” ретінде қабылдауын көрсетеді. Судья өзі сөйлесіп отырған адамның адамгершілігін, қадір — қасиетін сақтап, оны әңгімеге тарта біліп, оның айтқандарына мейлі куә, мейлі сотталушы болсын айтқандарына  сене отырып сөйлесуі керек. Тіпті судья жауап алып отырған адамның берген жауаптарының шындығына күдіктенсе де, мәліметтердің дұрыс еместігі, қателігі анықталмағанша, өз күмәнін білдірмеуі тиіс.

Адамның берген мәліметтерінің сот төрелігіне маңызды екенін түсіндіріп, оның сотқа деген сенімін арттыра білу сотталушы адаммен психологиялық байланыс орнату үшін ең маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Қарым-қатынаста судьялардың кәсіби әдептілігі, этика нормаларын сақтаудың зор маңызы бар. Кәсіби әдептілік жоғары мәдениеттіліктің көрінісі бола тұра судьялардың іс жүргізуге қатысушылармен және өзге де азаматтармен қарым-қатынас жасау үшін жағдай туғызып қана қоймай, судьялар арасындағы тәрбие жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Коммуникативті қызмет ақпарат алмасуға және адамның өз-өзімен қатынасы үшін де лайықталған. Қарым-қатынастың мұндай басқа адамдармен және өзіне бағыттылығы судьялардың іс жүргізуге қатысушылармен, жауап алынушыларға және басқаларға деген көзқарасын сипаттайды.

Кейбір судьялар тарапынан мұндай маңызды мәселеге онша көңіл аудармайтындығы байқалады. Осыдан келіп, куәға, сотталушыға және процестің басқа да қатысушыларына деген теріс көзқарас пайда болады, атап айтқанда, судьялардың басқа да процеске қатысушылармен қарым-қатынасы,  мәжіліс тәртібін сақтамауы, шешім қабылдау кезіндегі судьяның өзіне сын көзбен қарамауы, өзінің пікірін басқалардың пікіріне қарағанда асыра бағалауы кездесіп тұрады.

Судьяның коммуникативті қызметі өз әріптестерімен және  сот қызметкерлерімен қарым-қатынасында да көрінеді. Сот қызметкерлерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасы  судьяның негізгі қызметін атқаруда да айтарлықтай маңызға ие болады. Әріптестермен қарым-қатынас барысында судьялар дұрыс тәжірибе ала алады, оның қызметі жетілдіріле түседі, соттың барлық қызметкерлері үшін ойдағыдай қызмет атқару үшін және азматтармен тиісті мәнде қарым-қатынас жасау үшін қолайлы жағдай туғызылады. Сот ұжымындағы өзара қарым-қатынас соттық талқылауға әсер етіп және судья тұлғаларында коммуникативті қасиеттің пайда болуына ықпал етеді. Адамдарды өзіне қаратып, тарта білу қабілеттілінің қаншалықты пайдалы екені айтпасада түсінікті. Судьялардың өзінің кәсіби қызметін  ойдағыдай атқара білуі оның айналасындағы адамдарға жақсы әсер қалдырары сөзсіз. Мұндайда судьяның “не” істеп жүргені емес, “қалай” істеп жүргені назарға алынып, бағаланады.

Ұйымдастырушылық қызметі – бұл судьялардың басқа адамдардың және өзінің қызметін тікелей басқаруын қамтамасыз ете білуі. Басты сот талқылауы жағдайында ұйымдастырушылық қызмет істің көлемі мен сипатын белгілейтін құқықтық реттеу шеңберінде жүзеге асырылады. Дегенмен, судьялардың  қызметі толығымен формальды бола бермеуі үшін, белгілі бір дәрежеде шығармашылық ізденіске, соның ішінде еңбекті ұйымдастыра білуге орын берілуі керек. Басты сот талқылауына  қатысушылардың, сол сияқты сот құрамының мүшелерінің қызметін басқару мен бағыт-бағдар беріп отыру міндетін, яғни сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруды заң сот мәжілісіне төрағалық етушіге жүктейді.

Судья басты сот талқылауына қатысушылардың қызметін ұйымдастыру, олардың процесуалдық функцияларын атқаруы, қамтамасыз етеді. Бұл судьялардың барлық қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде сот әркеттерін жүргізуді тәртіпке келтіруге бағытталған. Сот қызметінің сапасын арттыру үшін соттың және процеске қатысушылардың шындықты ашуына жағдай жасалуы тиіс, атап айтқанда, іс бойынша сот отырысына шақырылған адамдардың түгел қатысуын, заттай дәлелдемелерді жеткізуді, техникалық құрал-жабдықтарды қолдануды және оқиға орнын қарау, тану, соттық эксперименттер және басқаларды жүргізу үшін тиісті жағдай жасау қамтамасыз етіледі.

Басқа адамдардың қызметін ұйымдастырудың маңызды шарты  басты сот талқылауына  дайындық пен оны өткізуге байланысты өз қызметін ұйымдастыра білу болып табылады. Судья әрбір сот ісі бойынша шығармашылық көзқарас  үшін жағдай туғызуы тиіс.

Кейбір судьялардың өмір тәжірибесінде кездесіп қалатын сот мәжілісінің дер уақытында ашылмай қалуы, іс жүргізуге қатысушылардың біреуінің келмей қалуына байланысты істі тыңдауды кейінге қалдыру, шешімнің орындалуын дер кезінде іске асырмау, оның орындалуын бақылауға алмау сияқты фактілер судьяның өзіне жүктелген  процесуалдық жұмыстардан тыс ұйымдастыру қызметіндегі кемшіліктері болып табылады. Осы сияқты жұмыстарды жоспарлау, бағдарлау оның орындалуын күнделікті бақылап отыру, белгіленген бағыттан ауытқып бара жатқан жағдайларға өз уақытында шаралар қолдана білу, басқалардың жұмысын ұйымдастыру және көңіл аудару, басқа да жұмыстарды уақытында ұйымдастырып отыру, өзіндік ұйымдастырушылық, өзін-өзі бақылау — судьяның жұмысты ұйымдастырудағы басты шарттары. Қызметтің бұл түрі танымдық, коммуникативті сияқты қызмет түрлерінің нәтижелі іске асырылуына жағдай жасайды. Сот процесіне қатысушылардың жұмыстарының анықтығы, мақсаттылығы, ұйымдастырылуы басқалар үшін сот қызметінің заңдылығының және оларды жүзеге асырушылардың тындырымдылығының үлгісі болып көрінеді.

 

 ІІ тарау. Судьяның кәсіптік жарамдылығы

Нақтылы бір қызмет атқаратын адам кәсіптік ерекшеліктерден туындайтын белгілі бір талаптарды қанағаттандыратындай болуы тиіс деген ой қызметтің кез келген түріне тән. Қандай да бір болмасын кәсіп нақты бір қызметтердің мақсаты мен міндеттері арқылы анықталатын адам қызметінің реттеліп ұйымдастырылуын, еңбек міндеттерінің кешенін қамтиды. Оның осы реттелу шегінде жүзеге асырылуы кәсіби жарамдылықты анықтау үшін бірқатар өлшемдерді ескеру қажеттілігін көрсетеді.

Психологтар кәсіпке жарамдылықты келесідей екі түрлі өлшем бойынша саралауға болатын тұлғаның қасиеті деп қарастырады: кәсіпті нәтижелі игеруі бойынша және өзінің еңбегіне қанағаттану дәрежесі бойынша.

Бұл өлшемдер жалпы сипатқа ие. Кәсіби жарамдылықты нақтырақ анықтаушы факторлардың тобына мынадай үш компонент жатады: ниеттік, біліктілік және жеке психологиялық. Еңбекке ниет туралы, оның жағдайларының қанағаттандырылуы туралы, еңбекке дайындық туралы, ол үшін психологиялық алғышарттардың бар – жоқтығы туралы толық ақпарат, кәсіпті нәтижелі игеру туралы бағдарлау үшін  негіз болып табылады.

Кәсіби жарамдылық проблемасы мен оның судьяның кәсібіне қатысты өлшемдері мейлінше күрделі және өкінішке орай жеткілікті зерттелмеген сияқты. Оның күрделілігі сот төрелігін жүргізуге қатысты ерекшеліктерді  ескере отырып судья қызметін тиісті деңгейде қамтамасыз ететіндей нормалардың заңда болмауымен көрінеді.

«Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы»  Конституциялық Заңның 29 бабындағы судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар жөніндегі жалпы шарт судьяның өз кәсібіне жарамдылығын жеткілікті анықтаудың және оның алдағы уақытта нәтижелі қызмет ететіндігі туралы қорытынды шығаратын шарт ретінде ғана қарастырылмайды.

Кең мағынада алғанда кәсіби жарамдылығық проблемасы судьялардың сот төрелігін жүргізудегі қызметін талдауға байланысты мәселелерді зерделеуді және осы кәсіптің талаптарына сай келетін тұлғалық жеке ерекшеліктер, білімі мен шеберлікті анықтау ойластырылады.

Мұндай зерттеу мен зерделеу сот кадрларын дұрыс таңдау үшін, жоғары заң оқу орындарының студенттеріне кәсіби бағдар беру үшін, тиісті мәнде сот қызметкерлерін дайындау мен қайта дайындықтан өткізу үшін және олардың кәсіби шеберлігін қалыптастыру үшін қажет.

Судьялардың кәсіби жарамдылығы туралы мәселенің өзіне тән қойылуы шешілуі судьяны сайлау және тағайындау арқылы жүзеге асырылуына байланысты. Сонымен бірге, судьялық қызметке анықтаудың демократиялық жолы, осы қызметке сот төрелігін жүзеге асыру жолында қолынан іс келетін, жұмысты жоғары сапамен жүргізе алатын, сайлаушылардың сеніміне ие болған адамдарды сайлау қарастырылады. Сөйтіп, егер заң бойынша судьялардың сайланбалы тәртібі енгізілетін болса, осындай аса бір жауапты қызметке үміткерлер ұсыну, яғни кадр іріктеу мәселесі дұрыс шешімін тапқан болар еді. Жарамдылық проблемасына назар аудара отырып, біз іріктеудің осы алдын ала кезеңін көз алдымызға елестетуімізге болады.

Әдетте, кәсіби жарамдылықтың қызмет барысында қалыптасатыны белгілі. Әсіресе ол тиісті талаптарға мойынұсына білетін адамдардың табиғаты мен қасиеттеріне байланысты. Бұл кәсіпке өзінің кәсіби мамандықтарын жақсы игерген, қызметін сапалы атқара білетін қасиет басты өлшем болып саналады. Бәрібір қандайда болмасын мамандық пен кәсіп бойынша шеберлік тәжірибе арқылы қызмет барысында қалыптасады және онымен бірге осы мамандық  иелері үшін талаптың өзі де өзгермелі. Судья мамандығы арнайы қабілеттілікті, ерекше бір табиғи дарынды талап ететін мамандықтың қатарына жатпайды. Дегенмен, ол кәсіби іріктеуді талап етеді. Кәсіби іріктеу осы қызметке үміткерлер арасынан ең таңдаулыларын, осы жұмысты нәтижелі атқара білетіндерді таңдау арқылы жүргізіледі. Судьяның кәсіпті игеру динамикасын зерттеудің нәтижесі осы қызметте қанша уақыт істегеніне қарамастан адамның осы кәсіпке жарамдылығына, табанды мінез-құлқы мен табиғи дарынына байланысты анықталады.

Сот қызметінің жеке алғышарттары проблемасы арнайы қарастыруды талап етеді. Бұл жерде біз судья кәсібіне жарамдылықты анықтау бұрынғы кәсіби қызметімен, судьяларды дайындау мен қайта дайындаумен орны толтырыла қоймайтын  талаптар қойылатынын айта өткеніміз жөн. Осыған байланысты жарамдылық проблемасын шешу міндеті негізінен заңгерлік дайындықтан өткен кез келген адамға жағдай жасап қою ғана емес, судьялық қызметке ұсынылған адамдардың арасынан сот қызметін атқара алатындарды таңдап алу болып табылады.

Судьялардың кәсіби жарамдылық компоненттерінің үш тобын қарастырамыз: ниеттілік, яғни судьяның өз жұмысына көзқарасы, біліктілік немесе шеберлік және жеке психологиялық. Ниеттілік — еңбек ету ниеттерін, оған қанағаттанатындығын, оның шарттарын көрсетеді; біліктілік — кәсіпті игерудің нәтижелілігін көрсетеді, жеке психологиялық — тұлғаның қаситетін көрсетеді.

Ниеттілік, яғни судьяның өз жұмысына көзқарасы. Еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін талдау оның тек орындалуына ғана тіреліп қалмайды. Оған қызметтің мақсаты мен ниеті, адамның қызығушылығы мен бейімділігі елеулі әсер етеді. Адамның қызметке деген ниеті, оның  мінез-құлқына негіз болатын компоненттерінің бірі болып есептеледі. Ал, қызметтің өзі белгілі бір қажеттілікке байланысты ниетпен қозғалатын және бағытталатын үрдіс ретінде анықталады. Басқаша айтқанда, қызметіне қарай ниеті ашылады.

Еңбек қызметінің ниеті деп белгілі бір нақты еңбекке деген ынтаның пайда болуы танылады. Олар жұмыс пен кәсіпке, оның беделіне, нақты адам үшін дұрыстығына баға береді және адамның өзінің еңбегіне қанағаттаныуын, яғни еңбекке деген субъективті көзқарасын сипаттайды. Еңбекке ниет нақты бір жағдайға бағынышты құрылымға ие болады. Мәселен, еңбекке деген ниет қызмет көрсетілетін жағдайлардағы жұмыс түрімен танысу дәрежесіне байланысты өзгеруі де мүмкін. Кез келген қызығушылық белгілі бір мұқтаждық пен өзін өзі қанағаттандыру қажеттігі негізінде туындайды. Осыған қарағанда еңбектің мазмұнына байланысты, яғни қызметтің шығармашылық, танымдық қажеттілік мамандықты тез әрі, табысты игеруге себеп болады, мысалы, еңбекке ақы төленуі мен қызметтің беделі ынтаны арттыра түседі. Бойында еңбекке деген құштарлық пен ынта қалыптасқан адам қашанда өзіне жүктелген қызметті сөз жоқ тыңғылықты атқарады. Судьяның қызметтегі еңбекке деген ниеті біріншіден, еңбектің мазмұнына, екіншіден, қызметтің беделіне, судьялық қызметтің мәртебесіне, үшіншіден еңбек қызметіне қатысты материалдық-техникалық жағдайына байланысты ынтасын қамтиды. Ниеттің осы үш тобының арақатынасы судьяның  өзінің жұмысы мен кәсібіне деген көзқарасын анықтайды.

Еңбек ниеті туралы ақпараттардың сипаты объективті және субъективті тұрғыдан көрінеді. Ақпараттың алғашқы түрі, еңбек қызметінің нәтижесінен байқалады. Нақты бір судьяның қатысуымен шығарылған үкім мен шешімдердің жоғары дәрежедегі тұрақтылығы судьяның өзінің жұмысы мен кәсібін бағалауға жақсы әсер етуі мүмкін. Судьялардың өз кәсібіне деген көзқарасын жанама түрде судья боламын дегендердің ұмтылысынан аңғаруға болады. Осындай тілек пен ұмтылыс танытқандардың санының көбейе түсуі судьялардың жұмысы мен кәсібі жалпы алғанда жоғары бағаға ие болатындығынан айдан-анық көрсетеді. Жыл сайын судья қызметіне резервке қойылған  үміткерлерлердің жұмысқа алынып жатқанын атап өткен жөн.

Ақпараттың екінші түрі (субъективті тұрғыдағы) судьялардың өзінің жұмысы мен мамандығына қанағаттану дәрежесін, өздерінің кәсіптерінің қоғамдық маңызын түсіне білуімен сипатталады. Судьялардың өз жұмыстарына деген көзқарасын зерделеудің әдісі (сауалнама, сұрақ-жауап) еңбекке деген ниетті және негізінен субъективтік тұрғыдан алғандағы олардың еңбекке деген көзқарастарының пайда болуын анықтайды.

Еңбекке көзқарасы туралы судялар тобына ауызша үш сұрақтан қойылды. Біріншісі – «Сіздерді сот жұмысына не жағдай тартты?» – осы кәсіпті таңдауға не жағдайдың әсер еткенін анықтауды мақсат етті, екінші және үшінші – «сот жұмысында бәрінен бұрын не ұнайды?» және «не ұнамайды немесе не мәселе жағымсыз?» деген сұрақтар судьяның жұмысы тәжірибесін анықтауға бағытталды. Мұндай өткенге баға берудің ерекшелігі судьялардың өмірлік және еңбек тәжірибелері арқылы даңғыл жолға түсе білуінде. Осыған байланысты оларға кәсіп таңдау жөніндегі сұрақтарға берген жауаптары арқылы олардың еңбекке деген көзқарастарын да анықтауға болады.

Сұрақ қойылған судьялардың 44% сот қызметін таңдауға әділеттің салтанат құруына әсер етуге араласқысы келетіндігін, азаматтардың құқықтары мен қоғамдық мүдделерге нұқсан келтірілуіне төзімдерінің таусылғандықтарына байланысты екендігін айтқан. Сұралғандардың 32% – судья қызметінің ерекше мәнділігі мен беделдінің жоғары екендігін себепке тартады, 9% – өздерінің ізденісті міндеттерге, шығармашылық жұмыстарға құштар екендігін айтса, 20% – дербестік пен еріктілікке ұмтылыстарын айтқан. Атап өтетін бір жайт, осыған байланысты материалдық  жағдайы, тұрғын жайы мен тұрмысын жақсатрту үшін осы кәсіпті  таңдағандығы жөнінде бірде бір судья сөз қозғамады.

Демек, ауызша сауалнама деректері бойынша судьялардың кәсіп таңдау кезіндегі негізгі ынталандырушысы судьялық қызметтің қоғамдағы алатын орны мен әділетті шығармашылыққа деген ұмтылыстың бар екендігін байқауға болады. Көрсеткіштердің арасынан шығармашылық жұмыстар мен ізденісті міндеттерге  бейімділік ниеті соңғы орындарды алып отырғанын байқауға болады. Мұндай көрініс екі түрлі жағдайларға байланысты деп айтуға болады. Біріншіден, жекелеген судьялыққа үміткерлер судья қызметінің күрделі әрі шығармашылықты талап ететін сипаттарынан жеткілікті түрде хабардар емес екендігін көрсеткендей. Екіншіден, сұрақ қойылған судьялардың көпшілігі үшін ең басты орынды осы қызметтің қоғамдық мәні, мамандықтың беделділігі, қызметтің дербестігі сияқты көрсеткіштер алады. Бұл сот жұмысында бәрінен бұрын не ұнайды деген сұраққа жауаптардың сипатынан анық көрінеді. (Бұл сұраққа сұралғандардың 93% жауап берсе; не ұнамайды немесе не жағымсыз деген сұраққа 80% жауап берді.) Судьялардың 19 пайызына судьялық қызметтің беделділігі, маңыздылығы мен мәні ұнайды екен, 16% — азаматтардың құқықтарын қорғау мүмкіндігі, әділетті орнату, 23% — дербестік пен тәуелсіздік, ал судьялардың 25% өздеріне істерді қарау, шындықты ашу мен шешім қабылдаудың шығармашылық жолы ұнайтындығын айтты.

Сұралған судьялардың өздерінің кәсібіне деген оң көзқарастары жоғарыда атап көрсетілгендей басты назарлар мына жағдайларға аударылады екен, сұралғандардың 42%, дұрыс көзқарасына беделділік, еңбектің дербестігі негіз болады екен, сол сияқты пайызға жақын /41%/ судьялардың өз кәсібіне дұрыс көзқарасы сот істерін қарау мен шешуге деген қызығушылық, яғни мамандыққа деген құштарлықпен байланысты екенін байқауға болады.

Судьяларға не нәрсе ұнамайды немесе не жағымсыз деген сұрақ қою арқылы олардың жұмысқа деген көзқарасын анықтау белгілі бір қызығушылық тудырады. Осы сұраққа жауаптар судьялардың ойынша олардың қызметіне қиыншылықтар мен нәтижелілігіне бөгет келтіретін мән-жайларды анықтауға мүмкіндік береді.

Аталған сұрақтарға қайтарылатын жауаптар судьялардың нақты пікірлерін көрсете отырып, әдетте онша қысқа болмады және олардың арасынан теріс көзқарастар білдіргендер де байқалып жатты. Жауап бергендердің 30% алдын ала шаралары мен қоғамдық қосымша жұмыстар  негізгі жұмыстарды атқаруға шамадан тыс кедергі келтіретіндігін көрсеткен. Көптеген жауаптарда лекциялар, әңгіме-сұхбаттар істерді қарауға аз да болса кедергі келтіріп, жұмыс ырғағынан жаңылдырады, «жүйкеге әсер етеді» дегендер айтылады. Кейбір судьялар өздеріне қолайсыз жағдайлар тудыратын жәйттердің ұнамайтындығын  (атап айтқанда қажетті құрал – жабдықтар мен қондырғылардың жоқтығы) және жөн-жосықсыз жасалатын құжаттардың негізгі жұмысты атқаруға бөгет жасайтыны тілге тиек етеді.

Сөйтіп, судьялардың тиісті қызметіне кедергі келтіретін және олардың іске қанағаттану дәрежесіне әсер ететін қызметтер көбінесе сот төрелігін жүргізуден тысқары жатады. Осының өзі қалай дегенмен де судьялардың бәрібір өз қызметіне тыңғылықты қарауға тырысқандықтарын көрсетеді.

Еңбек нитеттерінің құрылымына жеке тұлғалық қасиеттер, әсіресе олардың құнды бағыт-бағдары, сенімі, мақсаты, мұқтаждықтары елеулі ықпал етеді. Судьялардың өздерінің кәсібі мен оның беделіне көзқарастарын зерттеуге қатысты сұрақ-жауап нәтижесін талдау көптеген судьялар біліктілігін арттыра түсуге, қажетті әдебиеттерді оқу үшін уақыт үнемдеуге, мәдениет пен өнер құндылықтарымен танысуға тырысатындығын көрсетті. Судьялардың жалпы айтқандарының арасынан сот қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар да байқалады, атап айтқанда олардың 35,2% судьялардың біліктілігін арттырудың түрлі жолдарын игеру керектігін айтса, 25,5% жалпы және құқықтық мәдениетін көрсету үшін шамадан тыс тапсырмаларды азайту мен одан босатуды айтады. Жас және орта жастағы судьялар қызмет бойынша өсуді мақсат тұтса, орта жастағы және жасы келгендер демалу үшін көбірек жағдай жасауды, еңбегі үшін материалдық ынталандыруды, марапаттау жүйесін жетілдіруді қалайды.

Сонымен бірге, ауызша сұралғандар арасынан судьялық қызметке шығармашылықпен қараудың, онша қызығушылық танытпайтындардың бар екендігі анықталады. Бұған сұралған судьялардың зертеуге, шығармашылық жұмыстарға дайындықтарының, тіпті кейбіреулерінің ынтасының жоқ екендігі басты себеп деп айтуға болар еді. Жағдайға байланысты міндеттерді шеше білу іс барысында кездесетін қиындықтарды игеруге, кез келген жағдайда жұысты нәтижелі атқаруға түрткі болады. Біздіңше, жоғары оқу орындарындағы жағдайға байланысты міндеттерді шеше білуге, осы бағыттағы ойлау білу қабілетін арттыруға бағытталған оқытып-үйретудің тиісті деңгейде қойылмағандығы көп себепкер болатын сияқты.

Ойлау тұрғысынан алғанда, судьяның еңбек қызметінің мазмұны (сот істерін қарау және шешу) оның еңбекке деген көзқарасын анықтайтын жетекші фактор болуы тиіс деп айтатын болсақ, онда шығармашылық мүмкіндігі, ойлауға байланысты міндеттері судья болатын адамның жарамдылығының басты көрсеткіші болуы тиіс. Бұл, дегеніңіз, осы кәсіпке құштарлығы мол адамнан сот істерін қарау мен шешу жұмыстарын атқаруда жоғары нәтиже күтуге болады деген сөз, демек оларға азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауда және әділетті шешім қабылдауда мол сенім артуға болады.

Судьялардың өздерінің жұмысы мен кәсібіне баға беруі белгілі бір дәрежеде олардың өз қызметіне деген көзқарасын білдіреді. Кәсібіне дұрыс көзқараспен қарау, кәсіби бейімділіктің бір белгісі болып табылады және өз ісіне деген  сүйіспеншілікті білдіреді.

 

ІІІ тарау. Судьяның біліктілігі, шеберлігі.

Судьяның жарамдылығының ең басты шарты – ол оның біліктілігі, басқаша айтқанда, судьялық қызметке дайындығы. Жұмысқа деген дайындық, судьяға қажетті білімді, дағдылар мен біліктілікті игере білу өзге де алғы шарттармен бірге сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Еңбек қызметке деген ниетке қарағанда белгілі бір дәрежеде объективтік факторларға негізделген біліктіліктің  субъективті сипаты жұмысқа деген көзқарастың объективті көрсеткіштері болып табылады.

Біріншіден, біліктілік еңбек қызметінің мазмұнымен, яғни адамның мақсатты қызметін қалыптастыртын элементтердің, тараптардың, байланыстардың, көзқарастардың  жиынтығымен тікелей байланысады және бұлар кәсіби жарамдылық белгілерінің арасындағы ең маңыздысын анықтайды. Екіншіден, біліктілік қызметке деген қабілеттіліктің пайда болуына қолайлы  жағдайлар жасайды. Үшіншіден, ол өзінің қозғалысымен /динамизм/ сипатталалады және кәсіпке қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Біліктілікті жетілдіру қызмет сапасын аттыруымен тікелей байланысты.

Еңбек қызметінің мазмұны, оны жүзеге асыратын адамның біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейін де анықтайды. Бұл судьяның кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптарды білу үшін оның қызметінің мазмұнын, құрылымын анықтау қажет дегенді білдіреді.

Судьяның негізгі қызметтерінің бірі таным процесін жүзеге асыруы мен алған білімі және оларды бағалау негізінде сот шешімдерін қабылдай білуіне байланысты. Судьяның біліктілігі қадағалауда, салыстыруда, іріктеуде, мәліметтерді және олардың қасеиттерін жіктеу арқылы танымдық қызметті жүзеге асыра білуге, қол жеткізілген нәтижелерді есте сақтау, оларды талдау,  бағалау, солардың негізінде тиісті қорытынды жасай білуді ұйғарады. Бұл жерде алынған білімі, әсіресе құқық нормаларын пайдалана білуі, оларды нақты бір жағдайларға байланысты қолдана білуі басты орынды алады.

Біз судьялардың барлық қызмет түрлеріне байланысты судьялардың біліктілігіне қатысты қасиеттердің тізімін қарастыруды мақсат тұтпаймыз. Тек атап өтуге тура келеді, судьялардың біліктілігі олардың ешқайсысының мән-мағынасына қарамастан оның құрамына енетін әралуан қызмет түрлерін игеруді ұйғарады. Бұл әрине, бір қызмет түрінің оның қалған басқа түрлерімен тұрақты түрдегі өзара байланыстылығына, қолдауына негізделген.

Өмір өз қалағанын енгізеді.

Судьялар қоғамымыздың нарықтық экономикаға көшуіне, әлеуметтік құбылыстардың кеңеюіне байланысты болып жатқан ұлан-ғайыр әлеуметтік қайта құрулар өздерімен қарым-қатынасқа түсетін адамдардың тиісті мәнде ой-өрістері деңгейінің өсуімен іс жүзіндегі қызмет барысында бетпе-бет кездесіп қалатын жәйттер де болып тұрады, осыған байланысты олардың кәсіби білімдерін жетілдіріп, оларды белгілі бір жүйеге келтіруі қажет.

Осы жағдайлар судьялардың заңгер ретіндегі жалпы, құқықтық және мәдени деңгейінің, кәсіби дайындығының судья қызметі үшін маңызы бар екендігін көрсетеді. Судьяның біліктілік деңгейі белгілі бір дәрежеде оның дайындығының қаншалықты болуына байланысты, сот төрелігін жүргізу барысында білімін қалай қолданатындығымен анықталады.

Шеберлік ұғымын нақты бір іс-әрекетті жүзеге асыруды жетілдіру деп қарауға болады. Шеберлік міндеттерінің мәнін түсініп, сезіне білу және оның шешу жолдарын таба білу, яғни судьялардың шеберлікке қол жеткізуі сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметті игеру барысындағы байланыстылықты көрсетеді. Шеберлікке қол жеткізу үшін судья мамандығына қажетті білімді игеріп және оларды іс жүзінде қолдана білу керек. Шеберлік қызметті жетілдіру барысында заңдарды біліктілікпен және дағдылықпен игеруді талап етеді, оны ойдағыдай меңгеруге міндеттерді анықтау мен шешудің жолдарын таба білу барысында қол жеткізіледі. Шеберлік жайында айтқанда, біліктіліктің істерді үстірт тындыру арқылы келетін жәйттерін емес, құбылысты зерттеуге терең бойлау, осы құбылыстарды тез және дәлме-дәл бағалау мен қажетті шешім таба білу жағы ойластырылады.

Әрбір істі нәтижелі шешкен сайын тәжірибе де жинақтала түседі. Кез келген сот ісінің өзіндік ерекшеліктері болады. Белгілі бір адамның тағдырын шешуге байланысты нақты мән-жайларды заң негізінде мұқият, жан-жақты және толыққанды зерттеуді талап етеді. Осыған орай, судьяның шеберлігі әрбір жағдайда білгірлікпен жол таба білу нәтижесінде пайда болады және шеберлік неғұрлым жоғары болған сайын, судья бір-біріне ұқсас жолдарды қолданудан соғұрлым арылады, зерттеу барысында бұрын қолданған әдіс-тәсілдерін қолданбауға тырысады.  Міне сондықтан да шеберлік үшін тек қана жинақталған тәжірибе ғана емес, қызметке деген шығармашылық көзқарас, тыңғылықты талдау мен тәжірибені орынды пайдалана білу қажет. Судьяның осылайша арнайы білімін тереңдетіп қана қоймай, сонымен бірге кәсіби мүддесінің ауқымын кеңейте түседі.

Кез келген судья өзінің кәсіби қызметінде шеберлікті шыңдауды оның тиісті деңгейде жүзеге асырылуын мақсат етіп қоюы керек. Өкінішке орай, сот жұмысында едәуір тәжірибесі бар судьялардың өздері де бұл жағдайдың қаншалықты маңызды екенін түсіне бермейді.

Судьяның кәсібін игеру нәтижелілігін анықтау, біріншіден, судьяның қызметін бағалау өлшемі негізінде, екіншіден, ғылыми жолмен, судьяның біліктілік деңгейін көтеруге жағай туғызатын, сондай-ақ осыған кедергі келтіретін өзге де факторларды анықтау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Біздің зерттеуімізді жүргізу кезінде осы екі әдістің екеуін де қолдану орынды болып көрінеді. Іс жүзіндегі судьяның қызметіне баға беру зерттеліп отырған мәселе бойынша ішінара пайдаланылуы мүмкін. Атап айтқанда, мынадай өлшемдер: кері қайтарылған және өзгертілген үкімдер, шешімдер саны мен шағымданған сот актілері салдарының арақатысы; оларды кері қайтару мен өзгертуді сипаттайтын негіздер, процесуалдық мерзімдерді сақтау; алдын-алу  шараларының саны; үкімдер мен шешімдерді орындаудың жеделдігі мен нәтижелілігі, шағымдарды шешудің дұрыстығы мен уақыттылығы және басқалары.

Бұл өлшемдер өзінің жеткілікті айқындығымен онша көзге түсе бермейді,  сот төрелігі мен оларға бағынышты жұмыс түрлерін жүзеге асыру жөніндегі негізгі қызметке қатысты бағалаудың орнын басуы мүмкін жағдайлар жоқ.

Бәрінен бұрын бұл қылмыстық істерді қарау жөніндегі судьялардың қызметін сипаттайтын деректерге қатысты. Қылмысты дұрыс сараламау, процесуалдық нормаларды бұзу, жазаны қолдану тәртібін реттейтін заңдарды теріс қолданумен байланысқан қателіктер судьялардың қызметінде елеулі түрдегі кемшіліктерге әкеп соғады.

Жекелеген судьялардың біліктілік деңгейі туралы алдын ала түсінік алу үшін судьялармен сұрақ-жауап жүргізудің жекелеген нәтижелерін пайдаландық /заңдарды білуі мен оларды орындауы, нақты жағдайларда оларды қолдана білуі анықталды/.

Осы мәселеге қатысты деректерді екі топқа бөлуге болады: олардың бірі біліктіліктің дұрыс факторы болып табылса, екіншісі біліктілікке ақау келтіретін немесе оның деңгейін көтеруге бөгет жасайтын теріс факторлар.

Дұрыс баға берудің мысалы ретінде судьялардың жеке мінездемесіндегі, соттардың жұмыстарын тексеру актілеріндегі, судьялардың жоғары тұрған сот органдарында тәжірибеден өткендігі туралы хаттамалардағы оң бағалардың арасынан мыналарды алуға болады: сауатты, мәдениетті сот құжаттарын дұрыс құрастыра біледі; заңды жақсы біледі; сотқа дейінгі дайындықты тиянақты өткізеді; процесті жақсы жүргізеді; азаматтарға инабаттылықпен қарай біледі; кең көлемде алдын алу шараларын жүргізе біледі. Жекелеген жағдайларда істің мән-жайларын анықтаудағы дербестігі, ұстамдылығы, жан-жақтылығы және басқалары кіреді. Келтірілген бағалаудың бәрі бірдей судьялардың біліктілігін бағалауға тікелей қатысты бола бермейді, өйткені олардың кейбіреуі сырын ашуға бола бермейтін жұмыстарға да байланысты. Дегенмен, қолдағы бар баға негізінде жағымсыз баға беруге басымдылығы бар судьялардың арасынан қызметін жақсырақ /жалпы алғанда/ бағалауға болатын судьяларды табуға ұмтылған орынды. Мұндай шартты көрсеткіштерге отыздан астам судьялармен ауызша сұрақ қою негізінде ие болдық.

Ауызша сұралған судьялардың басым көпшілігі ұзақ жылдар бойы қызмет атқарғандар, сондықтан біз олардың қызметіне баға беруде 2002 жылдан 2006 жылдар аралығындағы кезеңмен шектелдік.

Сот жұмысындағы стажына байланысты судьялардың осы топтардың қызметіне баға беру мына төмендегіше көрінеді.

Жалпы алғанда жұмыстарын жақсы деп бағалуға болатын судьялардың саны жұмыстары жете қанағаттандырарлық емес судьялардың санынан төрт есе асып түседі екен. Егер назарға алатын болсақ, сол сияқты аралас бағалар жұмыстарында елеулі кемшілектері жоқ судьяларға ғана қолданылады, осыған қарағанда сұралған судьялардың көпшілігі (86%) жеткілікті кәсіби біліктілікке ие болған деп айтуға болады.

Біліктілік деңгейі әсіресе, еңбек қызметіндегі көрсеткіштері мен жұмыстарының сапасы тым жоғары судьялар тарапынан аңғарылады. Сөз жоқ, мұндай нәтижеге жету үшін дағды мен тәжірибеге ие болатындай, кәсіпті игеретіндей уақыт керек. Осындай кезеңде қадағалау жүргізетін болсақ, судьялардың бойында өздеріне қажетті кәсіби қасиеттердің қалыптасып жататынын байқауға болады. Судьялардың  жұмыс тәжірибесі ұлғайған сайын олардың біліктілік деңгейі аса түсетіні белгілі, сондықтанда сот төрелігін жүргізу ісінде осы салада ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген судьялардан жоғары нәтиже күтуге болады. Шынында, осыны дәлелдегендей судьялардың арасынан жақсы деген бағаға ие болғандар сот саласында он жылдан аса және бес жылдан кем емес қызмет атқаратындар болып шықты. Шамалауымызша, жеткілікті жұмыс тәжірибесі жоқтардың жасайтын шешімдері де онша емес, ұсақ-түйек, күрделі емес жұмыстарды атқарады екен. Бейімделу тұрғысынан алап қарағанда сот жұмысына екі-үш жылдан кейін ғана үйрене бастауға болады екен, осындай жылдар өткен соң ғана оларға күрделірек жұмыстарды сеніп тапсыруға болады. Дегенмен, осы айтылғандарға қарамастан көп жыл жұмыс істегендердің арасынан да нашар бағаға ие болатын судьялардың кездесіп қалатыны өкінішті-ақ. Осыған қарағанда жоғары біліктілік жылдар арқылы келмейді, ол тек қана көп ізденіс, еңбекқорлық, білгірлік сияқты көптеген факторлардың нәтижесінде ғана келеді деп тұжырымдауға болады.

Сот билігі өкілдерінің жұмыстарына баға беру судьялардың кәсіби біліктілікке ие болуына кейбір кедергілер туралы барлық  кемшіліктерді ашып береді деп айта алмаймыз. Бұл кемшіліктер туралы мәліметтің объективті  қайнар көздерінің бірі судьялардың іс-қағаздарындағы нақты бір іс бойынша соттың атына берілген анықтау болып табылады. Мұндай құжаттар әрбір судьяның қызметіне баға беру кезінде ескеріліп отырды. Көрсетілген қателіктерді негізінен төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:

— материалдық заңды білмеу немесе дұрыс қолданбау – 33% (соның ішінде азаматтық құқық нормалары – 10,5%);

— процесуалдық нормаларды бұзу – 45,5% (соның ішінде азаматтық процесуалдық нормалар – 15%);

— сот құжаттарын қате, тіпті кейбір жағдайларда сауатсыз жасау – 10%;

— қылмыстық жазалау шараларын дұрыс қолданбау – 15%;

Үкімдердің кері қайтарылуы орын алған қылмыстық істерді зерттеу мынандай жағдайлардан көрінеді: дәлелдемелерді бағалаумен байланысты сот қателіктерінің біразы айыпталушының берген айғақтарына қатысты, соның ішінде сотталушының өзін ақтау үшін келтірген жағдайларды соттың тексермеуі немесе толығымен тексермеуі салдарынан болып отырған.

Жоғары тұрған соттарда тәжірибеден өту хаттамалары мен мінездемелерде судьялардың тұлғаларына байланысты мынадай кемшіліктер көрсетіледі: ұқыпсыздық, сот ұжымымен сыйыспаушылық, ұшқалақтық, қызбалық, сылбырлық, баяулық, өрескелдік, дөрекілік. Сот істерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыруда былықтық, құжаттарды құрастырудағы ұқыпсыздық, сот отырыстарын жүргізу кезіндегі дөрекелік сияқты кемшіліктер кездесіп қалады.

Судьялардың қызметіне байланысты қылмыстық іс жүргізу нормаларын бұзу барысында  орын алған кемшіліктерге назар аударылды: сот талқылауын толық емес, үстіртін жүргізу; дәлелдемелерді теріс бағалау; дәлелдемелерді мазмұнды талдау мен тиісті дәлелдемелік қорытындылардың жоқтығы; соттардың қорытындыларына қайшы келетін дәлелдемелерге баға берудің жоқтығы және басқалар. Судьялардың осы кемшіліктері және осы сияқты өзге де қателіктері мамандар даярлау мен олардың кәсіби біліктілігін көтерудің негізгі бағыттарын нұсқайды.

Судьялардың тиісті кәсіби біліктілікке жетуінің басты және ең алғы шарты мен кепілі арнайы заң мамандығы бойынша білім алу болып табылады.

Судьялармен ауызша сұрақ-жауап  жүргізу мен жеке іс-қағаздарын зерттеу барысында күндізгі оқу мен сырттай оқу арқылы білім алған судьялардың арасындағы айырмашылықтар мынадай көріністерді көрсетті. Сұрақ-жауап  материалдары бойынша күндізгі оқыту білімін алған судьялардың қатары 71% құраған болса, сырттай оқығандар 29%, ал деректер бойынша тиісінше  60% және 40%. Бұл жерде ескере кететін бір жай,  сұрақ-жауап қалалық және аудандық соттар судьялармен жүргізілсе, ал зерделеу облыстық деңгейдегі қала соттарында жүргізілді. Мына бір жағдай өзіне назар аудартады, сұрақ қойылған күндізгі оқу орындарында білім алған судьялардың көпшілігі жеке меншіктік емес, мемлекеттік оқу орындарының заң факультетін бітіргендер және он жылдан артық жұмыс стаждары барлар. Осыған қарап, мемлекеттік оқу орнының жоғары оқу орындары тұрақты және жүйелі білім береді, құқықтық және жалпы мәдениетті көтеру үшін тиімдірек алғы шарттар жасайды деп айтуға болады, осыған байланысты судьялар үшін мемлекеттік оқу орындарындағы күндізгі бөлімде білім алу өте қолайлы да пайдалы саналады деген қорытындыға келуге болады.

Білім алу түрі мен судья болып тағайындалғанға немесе сайланғанға  дейінгі бұрынғы кәсіби біліктілікке ие болу үдемелі қарқындылығының арасындағы белгілі бір өзара байланыстар анықталды. Мәселен, судьялардың білім нысандары мен бұрынғы кәсіптері және кәсіби бейімделу кезеңіндегі (атап айтқанда, судьяның басқа судьяларға қарағанда қандай мерзімде тәжірибеге ие болатындығы, қандай жүк арқалайтындығы және оның жұмысы жақсы бағаланатындығы жайында) өзара байланыстылықтары тексерілді. Біздің жүргізген зерттеулеріміз кәсіби бейімделу тұрғысынан алғанда сот қызметіне жақындау заңгерлік мамандық иелері (кеңесшілер, тергеушілер, прокурорлар, адвокаттар) басқа кәсіптің адамдарына қарағанда күрт ерекшеленіп тұратындығын көрсетті.

Кеңесшілердің алғашқы жылдың өзінде-ақ заңды жақсы білетіндіктері байқалады;  салыстырмалы түрде қарағанда адвокаттар аз қателік жібереді; тергеушілер болса заңды жақсы біледі және сот құжаттарын білгірлікпен құрастырады. Осыған орай, жеке меншік оқу орындарын бітірушілерге қарағанда мемлекеттік оқу орындарының бітірушілері барлық көрсеткіштер бойынша жақсы мінездемеге ие болып жүр.

Сот саласындағы көп жылғы қызмет барлық жағдайда бірдей жоғары біліктілікке ие болудың кепілі бола бере ме екен деген сұрақ туындайды. Көптеген судьялардың жұмыс стажы бойынша қызметі келесі екі топтың біріне жатады: 1) кәсіби бейімделу мерзімінен өтпеген адамдар (яғни, 4-5 жылдан кем қызмет атқаратын және негізінен жеке меншік оқу орындарын бітіргендер); 2) судья болып көп жылдан бері қызмет атқарып келе жатқандар.

Сот төрелігінің тиімділігі проблемаларын зерттеу кезінде судьялардың еңбек тәжірибесі мен жұмыстарының сапасы арасындағы тәуелділіктердің болатындығы анықталды. Судья болып қызмет атқаратын адамның еңбек өтілі мен олардың қатысуымен кері қайтарылған және өзгертілген үкімдер арасындағы арақатынасты талдау судьялардың еңбек өтілі өскен сайын жалпы алғанда сот төрелігін жүргізу біршама өзгерісте болатындығын аңғаруға болады деген қорытындыға жетелейді. Дәл осындай көрініс судьялардың құқықтық санасын зерттеу кезінде орын алды. Дегенмен қарап отырсақ, судьялардың көп жылғы қызмет барасында жинақтаған кәсіби тәжірибелері біліктіліктің өсуіне әсіресе, заңдарды білуіне, олардың жиынтығын көре білуіне, сот тәжірибесін игеруіне, қала берді өмірлік тәжірибе алуына негізінен жақсы әсер етіп, сот төрелігі міндеттерін жүзеге асыра білуге көмектеседі.

Сонымен бірге жекелеген судьялардың тарапынан сот қызметімен ұзақ айналысудан жалығатын кәсіби өзгеріс сияқты құбылыстар да байқалып жатады. Олар әсіресе зерттелетін фактілер мен оқиғаларды сезіну мен бағалауға кедергі келтіретін үйреншікті және тамырын терең жайған, жұмысқа атүсті қараушылыққа итермелейтін пайымдаулар мен әрекеттерден көрінеді. Мұндай құбылыстарға зерттелетін дәлелдемелерге үстірт қарау, оларға жеткілікті қызығушылықтың болмауы, олардың дұрыстығына асығыстықпен, ойланбастан баға бере салу, сондай-ақ адам тағдырын шешу кезінде жеке қөзқарастың болмауы тән.

Дегенмен ескеретін жайт, жұмыс тәжірибесі өздігінен кәсіби өзгеріс тудырмайды. Ол адамның өзінің жеке қасиеттеріне  қарай пайда болады. Кәсіби өзгеріс құбылысы заң және басқа да мамандықтардың бәріне тән, алайда ол сот қызметінде адамның тағдыры шешілетіндігіне байланысты өте жағымсыз мәнге ие болады. Бұл жерде судья мамандығының дәрігер мен мұғалім мамандығына ұқсастығы бар.

Кәсіби өзгерістердің жағымсыз құбылыстары судьялардың идеялық-саяси және мәдени деңгейін көтеру, өзінің қоғам алдындағы парызын дұрыс түсіне білуі, адамгершілік жолына түсуі арқылы тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Біздің пікірімізше, судьялардың кәсіби өзгерісінің мұндай көңілге қонымсыз зардаптарын болдырмауға сот талқылауына присяжный заседательдердің  қатысуы біршама жағдай туғызатын сияқты болып көрінеді.

Судьялардың кәсіби біліктілігіне ықпал ететін факторлардың қатарында судьяларды мамандандыруды енгізу қызығушылық тудырады. Заң басылымдарында судьяларды мамандандыру түрлі санаттағы қылмыстық және азаматтық істерді қарауда басымдылық танытадындығы туралы пікір бірнеше рет айтылды.

Қылмыстық істерді қарауға маманданған және басқа да судьялардың қатысуымен шығарылған үкімдерді кері қайтару өзгерту туралы деректердің арақатынастары негізінде, біз мамандандыру принципі судьялардың  жұмыс сапасын жақсартуға елеулі ықпал етеді деген қорытындыға келдік. Үнемі біріңғай, бір-біріне ұқсас істерді қарай беру туралы санаттағы істерді қарауға қарағанда дағдының қалыптасуына және оларды шешуде күш пен уақытты аз жұмсауға жағдай жасайды. Мамандандыру арнаулы нормативтік материалдарды игеру үшін шаруашылықтың жекелеген саласының қызмет қасиетімен нақты әрі кеңірек танысуға қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді. Арнайы танымның қажеттігі әсіресе ұрлық туралы, лауазымдық, шаруашылық қылмыстар туралы, қауіпсіздік техникасын бұзу туралы, автокөлік қылмыстары туралы, сондай-ақ тұрғын-үй, шығынды өндіртіп алу, денсаулыққа зиян келтіру, авторлық дау-дамайды және сол сияқты басқа да азаматтық істерді қарау мен шешуде сезініп тұрады. Сонымен бірге, белгілі бір санаттағы істерді салғарттықпен қарау зерттелетін фактілердің ұқсастығына, дұрыстығына баға берудің жауыр болған жолына, кінә мен жауаптылықты жекешелеуге қатысты істің мән-жайын асығыстықпен үстірт зерттеуге әкеп соғатын іске деген ынта мен қызығушылықтың төмендеуіне сөзсіз байланысты. Олардың тиісті шешімдері соттың назарын нақты істің мән-жайларына, сотталушының тұлғасына аудартады. Жасалған қылмыстың да, сол сияқты сотталушының тұлғасының (кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер) сипаты ретінде анықталған істердің біртектілігі сотталушының тұлғасына, оның кінәсі мен жауаптылығының дәрежесін бағалауда ұқсастық тудырады.

Мамандандырудың жақсы жағы сот қызметін жетілдірілу үшін қолданылуы мүмкін, бірақ ол үшін келесі шарттарды орындаған жөн болады.

Біріншіден, мамандандырудың шеңбері тар, басқаша айтқанда, судьялар белгілі бір санаттағы істерді қарайтындай мүмкіншіліктер шектеулі болмауы керек (мысалы, тек қана қасақана кісі өлтіру істері туралы). Судьяның өзі де түрлі категориялардағы істерді қарауға қатысқаны жөн. Қызметтегі осындай әртүрлілік маманданудағы жағымсыз зардаптарды бейтараптандыруға қолайлы жағдай туғызып, зерттелетін фактілер мен оқиғаларды жаңаша сезіммен қабылдауды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, судьялардың біліктілігін арттыру үшін іс жүзінде жүргізілетін қылмыстық және азаматтық істерді қараумен байланысқан кең шеңбердегі  мамандандыру да қолайлы жағдай туғыза алады. Бұл жерде судьяның қызығушылығы, бейімділігі, істің белгілі бір түрін қарауға деген талаптануы  назарға алынады.

Атап өту керек, судьялармен ауызша сұрақ-жауап жүргізу кезінде олардың көпшілігі мамандандыруға, соның ішінде кең шеңберде мамандануға қарсылық білдірді. Мұнымен қоса олар өзге категориядағы істерді қарауға араласу біліктілікке сөзсіз кері әсер ететіндігін айтқан. Демек бұл мамандандыруды жүзеге асыру үшін судьяның өзінің талап-тілегін, еркін тыңдау керек екендігін білдіреді.

Үшіншіден, мамандандыруды судьялық қызметке жаңадан кіріскендерге де ұсынуға болады және бұл олар үшін керек те әрі пайдалы. Олардың назарын белгілі бір категориялы істерге бағыттау әуел бастан олардың бойында сот істерін талқылаудағы дағды мен білгірлікті қалыптастыруға, мақсатты зерттеу мен істің мән-жайына дұрыс құқықтық бағалауда тәжірибе жинақтауға ыңғай туғызады.

Сонымен бірге, олардың тәжірибе жинақтау шамасына қарай қарайтын іс санаттарын өзгертіп отырғаны орынды, ал мұндай тәжірибеге қол жеткізуді жоғары білікті судьялардың жетекшілігімен 2-3 жылдың ішінде ұйымдастырған дұрыс.

Сөйтіп, сот істерін талқылауға байланысты мамандандыру, егер ол жаңадан тағайындалған судьяға қатысты кең шеңберде (яғни, жалпы алғанда қылмыстық және азаматтық істер бойынша) үнемі жүзеге асырылатын болса, не өзге де сот істерін қараумен байланысты болған жағдайда біліктілікті арттыру шарттарының бірі болып табылады. 

Судьялардың жеке іс-қағаздарын зерттеу барасында табылған біліктілікке қатысты кемшіліктерді талдау, олардың, судьялардың әрқилы қызметтерінде, атап айтқанда негізінен танымдық тұрғыда, яғни сот зерттеуі мен істің мән-жайын бағалау кезінде болатындығын көрсетті. Сот төрелігінің проблемаларын зерттеу кезінде судьялардың тарапынан заңның істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу туралы талаптарының орындалмайтындығы анықталды.

Осы сияқты құбылыстардың себептерін анықтау мақсатында судьялардың заңмен қорғалатын жекелеген құндылықтарына деген, жаза тағайындау саласындағы құқықтық саясат мәселелеріне, кейбір моральдық құндылықтарға деген көзқарастары туралы белгілі бір түсінік алуға ұмтылыс жасалды. Мәселені әртүрлі тұрғыдан қоя білу нақты бір  құқықтық проблемаларды шешу кезіндегі пайда болатын судьялар тұлғасының бағыттылығын анықтауға мүмкіндік туғызатын болып көрінеді. Бұл жерде басты назарға мамандандырылған сипатқа ие болған, яғни өзінің кәсіби қызметіне байланысты заңды қолдануға шақырылған адамдарға тән қасиеттердің жиынтығына ие болған заң мамандығы иелерінің құқықтық сана-сезімі алынады.

Бәрінен бұрын осы адамдардың құқықтық сана-сезімі олардың заңға деген көзқарастарын, заң шығарушылар ұсынған заңдарды ақыл-оймен түсіне және қолдана білу сипатын анықтайтын өте жоғары ғылыми-дүниетанымдық деңгейге ие болады деген ойдамыз. Сот төрелігі үшін жоғары деңгейдегі құқықтық сана-сезім нормативтік актілерді түсіндіру үшін негіз, құқықтағы олқылықтардың орнын толықтыруды қамтамасыз ету құралы ретінде  қызмет етеді. Құқықтық сана-сезім құқықтағы олқылықтардың орнын толтырудың материалдары болып табылады. Заңды дұрыс түсіне білу, тиісті мәнде түсіндіру мен қолдана білу арнайы заңгерлік дайындық негізіндегі кәсіби қызмет барасында қалыптасады. Мұндай қабілеттілік араларында маңызды орын алатын құқықтық мәдениеттің жалпы деңгейі мен кәсіби-заңгерлік мәдениет сияқты жан-жақты мәдениетті білімнің бірқатар факторларының өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасады.

Осыған байланысты біз белгілі бір судьялар тобының құқықтық сана-сезімін зерделеуге ұмтылыс жасадық.

Мәселен, жекелеген судьялардың жазалау шараларын таңдау кезіндегі «қаталдыққа» бейімділігін немесе «жеңіл» көзқарасын анықтау үшін сауалға арнайы тексеретін сұрақтар енгіздік. Осыған байланысты судьялардың қылмыстылықпен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында жазалау шараларын күшейтуге деген ұмтылысы, жазалау шаралары арқылы көрініс табатын судьялардың жазалау мақсаты мен олардың көзқарастары анықталды.

Судьялардың жазаны күшейтуге байланысты мәселелеріне көзқарастарын анықтау үшін ұш сұрақ пайдаландық.  Солардың бірінде өзге де шаралармен бірге, сұралғандардың пікірлері бойынша қылмыстылықпен күресте «жазалау шараларын күшейту» керек деген ұсыныс айтылған. Одан әрі мынадай бақылаушы сұрақ қойылды: «егер Сіз қылмыстылықпен күрестің тиімді нысаны жазалау шарасын күшейту деп санайтын болсаңыз, онда ол немен көрінуі тиіс» және «жазаның мақсаты қандай?» деген үшінші сұрақ қойылып, оның да жауабын ескердік.

Осы сұрақтарға қайтарылған жауаптар мынаны көрсетті. Сұралғандардың 8% ғана жазалау шараларын күшейту қылмыстылықпен күрес жүргізудің тиімді жолы деп санайды; судьялардың көпшілігі (72%) тиімді шара кең көлемді әлеуметтік тұрғыдағы шара (халықтың білімділік және мәдени деңгейін көтеру) деп санайды.

Келесі сұрақ оған дұрыс жауап берген сұрақ қойылған судьялардың іс жүзіндегі саны 8% құрайтындай болып құрылды. Сонымен бұл сұраққа да сұралғандардың 60%, яғни көпшілігі жазалау шараларының қылмыстылықпен күрес жүргізудегі тиімді жолы екендігі жөніндегі көзқарастарын білдірді. Бірінші және екінші сұрақтарға дұрыс жауап бергендердің арасындағы айырмашылық айтарлықтай үлкен екені айтпаса да көрініп тұр. Әрине мұндай айырмашылықтарды бірдей бағалауға болмайды. Мәселен, “жазалау шараларын күшейту немен көрінуі тиіс” деген сұраққа жауап бергендердің  17,5% заңда қарастырылған жазалау шаралары қылмыстылықпен күрес жүргізуге жеткіліксіз (яғни қылмыстық санкцияның жоғары нүктесін өсіруді жақтайды) деп санайды. Осы сұраққа жауап берген судьялардың көпшілігі (27%) жазалау тәжірибесін күшейтуді және мерзімінен бұрын шартты түрде босату шараларын қолдануды шектеуді қалаған (54,9%).

Кейбір жағдайларда заңды білу деңгейі біздің ойымызша, бірқатар  факторлардың ықпал етуімен кәсіби қызметінде қалыптасқан судьялардың жекелеген құқықтық нормалар мен институттарға деген көзқарастарына байланысты.

Құқық нормаларын қолдану туралы түсінік берумен байланысқан судьялардың қызметінен қалай болған жағдайда да құқықтық сана-сезімнің нышаны білініп тұрады. Басқа мамандық иелеріне қарағанда судьялардың бойынан құқықтық сана-сезім олқылықтарын адамгершілік сана-сезіммен толықтыруға деген ұмтылысы жиі көрініп тұрады. Бұл барлық мінез-құлықты белгілейтін нұсқаулардың құқықтық жағынан жеткілікті түрде қамтамасыз етілуіне негізделген. Кәсіби заңгерлік қызмет адамгершіліктік, моральдық құндылықтарға қатысты кейбір жағдайда оларды қабылдау мен бағалау үшін жалпы рең беретін “құқықтық бояуға” ие болуды қамтамасыз етеді деп айтуға болады. Мұны біз құқықтық құбылыстарды бағалауы адамгершіліктік құндылықтарға көзқарасы арқылы келетін өзге азаматтардың құқықтық сана-сезімі айырмашылықтарының бірі деп қараймыз.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру кезіндегі құқықтық сана-сезімнің мәні мен рөлі, оның судьялардың кәсіби біліктілігіне ықпалы құқық қолдану қызметінің деңгейін көтеру, азаматтардың арасында оның беделін арттыру туралы мәселелерді шешу өзінің күнделікті қызметінде құқық нормаларын қолданатын адамдардың құқықтық сана-сезімі проблемаларына назар аудару қажеттігін ұйғарады.

Судьялардың кәсіби біліктілігі туралы айтылғандарды қорытындылай келе, қызметтері негізінен ауызша сұрау бойынша зерттелген судьялардың сауал мен сұхбат жүргізу арқылы анықталған судьялар тобы негізінен кәсіби біліктілікке ие болған және сот төрелігін жүргізетін адамдарға қойылатын талаптарға сай келеді. Дегенмен, осы сияқты судьялардың кейбіреулерінің жұмыстарына күмән туғызатын кемшіліктер  біздің ойымызша сот кадрларын іріктеу тәжірибесінің әлі де тиісті деңгейде болмауынан, олардың соттағы қызмет кезіндегі кәсіби біліктілігінің деңгейін көтеруге  (немесе қолдауға) деген көңіл бөлудің аздығынан болып отырған сияқты.

Судьялардың кәсіби біліктілігіне қол жеткізу белгілі бір дәрежеде кәсіби жарамдылықтың келесідей екі түрлі басқа салаларындағы (элементтеріндегі) алғышарттарға байланысты сияқты: еңбекке деген көзқарасы саласында және жеке психологиялық салада. Егер судья болып қызмет атқаратын адамның жұмысында қайшылықтар болмайтын болса, онда оның кәсіби қызметінің нәтижелілігі оның біліктілігінің қажетті деңгейге қалай тез жетуіне байланысты болады. Мұндай деңгей бәрінен бұрын судьялардың нақты бір жағдайларда заңды білуі мен қолдана алуына байланысты болады. Мұндай білім мен білгірлік заң оқу орындарының табалдырығынан бастап, іс жүзіндегі бүкіл қызмет барысында жалғасып, молыға түседі. Біліктілік деңгейінің біртіндеп көтерілуі – кәсіби шеберлікке жетудің жолы. Біліктілікке жету белгілі бір дәрежеде іс жүзіндегі қызметке байланысты деген ереже судья болып тағайындалғанша мүмкін емес немесе қиынға түседі дегенді білдіргендік емес. Судьялар тағайындалар алдында олардың бойында қандайда болмасын қиынды жеңе алатындай, алғашқы жылдан ақ оларды орташа қиындыққа төтеп бере алатындай біліктілікке бағыттаушы негіз болуы керек. Сот төрелігін жүргізетін органға іліккен тек сондай біліктілігі бар адамдар ғана жеткілікті дәрежеде сот қателіктеріне қатысты мүмкіндіктерден аулақтау болады.

 

ІY тарау. Сот қызметіне жарамды адамдарға қойылатын жеке-психологиялық алғышарттар.

Еңбек жағдайлары бірдей бір сотта қызмет атқаратын, соның ішінде еңбек өтілдері де бірдей судьялардың жұмыс сапасына баға бергенде, әдетте басты назар олардың жұмыс нәтижелерінің арасындағы айырмашылықтарға назар аударылады және көптеген жағдайда судьялардың өздері де қызметтік міндеттерін орындауда қолайлы нәтижеге жету үшін “тиісті мәнде көзқарас қалыптастырмайды” деген қорытынды жасауға тура келеді. Судьялардың қызметі барысында оның атына мін айтуға негіз болған жағдайда, ол бұдан бұрын өзінің кәсіби қызметін мінсіз де сапалы атқару үшін қолынан келгенін жасауға ұмтылыс жасай алады деп айтуға болады. Бірақ іс жүзінде жылдар бойы судьяның басты назары қайта-қайта орын берілетін белгілі бір кемшіліктеріне аударылғанымен, бәрібір оның қызметіндегі ісі оңға баспайтын жәйттер жиі кездеседі. Мұндай құбылысты біз судьялар тобымен ауызша әңгімелесу кезінде аңғардық. Бұл істерден судьяның өзінің мамандығын игеру динамикасы туралы мәліметтермен және оған бөгет жасаған факторлармен таныстық. Мұндай факторлардың арасында судьялардың тұлғасына байланысты мынадай кемшіліктер бар екенін аңғардық: салақтық пен ұқыпсыздық, ұшқалақтық пен қызбалық; жинақсыздық, сыйымсыздық, сот ұжымымен сыйыспаушылық,  шапшаңдық пен баяулық, өрескелдік пен дөрекілік. Осы кемшіліктердің жекелеген түрлері: салақтық пен ұқыпсыздық, жинақсыздық, шапшаңдық пен баяулық, кейбір судьялардың бойынан өмір бақи арылмайтын, тұрақты болуы мүмкін.

Кейбір судьялардың бойынан жыл өткен сайын, мысалы жаза тағайындау  тәртібі туралы қылмыстық заңдарды қолдануға байланысты қайталанатын қателіктер байқалады. Жекелеген судьялардың азаматтық дау-дамайларды шешуде қиындық көретіні байқалады. Бұл жерде мынаны ескеру керек, біз назарға судьялардың осы қызметте бес жылдан артық істегенін, кәсіби біліктілікке ие болу уақытының  жеткілікті болған жағдайларын алдық. Жоғары тұрған сот судьяларының назары аударылған, сот жұмысын тексеру актілеріндегі, жеке мінездемелердегі кемшіліктердің жүйелі түрде қайталану себептерін немен түсіндіруге болады? Мұндай кемшіліктердің болуына кәсіби дайындықтағы олқылықтар, кейбір судьялар үшін жұмыстың шамадан тыс көптігінен туындайтын еңбек етуге деген қолайсыз жағдайлардың сақталуы себеп болады деп ойлаймыз. Дегенмен, осыған байланысты төмендегі айтылған жағдайларға назар аударуға болады.

Біріншіден, тұрақты сипаттағы кемшіліктердің тізімі шектеулі. Солардың бірі судья тұлғасының жинақылық, ұйымшылдық сияқты ойлауды қажет ететін белгілі бір міндеттерді шешу қабілетіне байланысты.

Екіншіден, бақылау органдарының кемшіліктерге бірнеше рет қайтара көңіл аудара оралып отыруы, судьялардың қызметін жақсартуға ықпал етеді.

Үшіншіден, кейбір судьялар жекелеген кемшіліктерге жол бермеудің (әсіресе азаматтық істерді қарауға байланысты) аса қиынға соғатынын өздері де мойындады.

Осы айтылған мәселелер, біздіңше, судьялардың мамандықты игеру қабілетінде айырмашылықтар бар екенін аңғартады. Олай дейтініміз, әдетте, кім мамандықты ойдағыдай игеріп және өзінің қызметінде жоғары нәтижеге жететін болса, сол белгілі бір қызметке қабілетті деп саналады. Мұндай жағдайда, сол адам нақты қызмет талаптарына сәйкес келетін жеке-психологиялық ерекшеліктерге ие болған деп танылады, ал сол қызметтің талаптарына сай келетін және оның шарттарын нәтижелі орындайтын адамның  жеке-психологиялық қасиеттерінің жүйесі қабілеттілік деп танылады.

Біздің қолданыстағы психологиялық әдебиеттердің еш бірінде қабілеттілік ұғымына берілген біріңғай анықтама жоқ. Осыған байланысты                       С.Л. Рубинштейннің, Б.М. Тепловтың және басқалардың тұжырымдамаларын дамыта келіп, К.К. Платонов қабілеттілікті “қызметтің нақты бір түрінде өзектілікке айналған қасиетін анықтайтын тұлға құрылымының бір бөлігі” [77, с. 5] деп таниды, яғни, қабілеттілікті белгілі бір қызметке деген көзқарастан туындаған тұлғаның қасиеті деп қарастырады. Бұл қабілеттілік қызметте пайда болады, онымен қоймай ол қызметте тұлғаның дамуымен бірге дамуы мүмкін екендігін білдіреді. Адамның дамуы тәжірибе жинақтаумен, білімді, біліктілікті, дағдылы игерумен салыстырғанда – бұл оның қабілеттілігінің дамуы.

Дегенмен, қабілеттілік қызметте дамиды деген факті адамның қабілеттілігі  судья мамандығына ие болып, соның нәтижесінде пайда болады дегенді білдірмесе керек. Егер адам қасиеттерінің белгілі бір жиынтығы  уақыт аралығындағы адамның игерген қызметінің талаптарына сай келіп, оның игерілуі негізделген болса, онда осы қызметке деген қабілеттің бар екендігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Бұл судья болуға қабілеттілігі бар адам туралы қорытынды жасау оның судьялыққа сайлану немесе тағайындалуы алдындағы тағылымдамадан өту кезіндегі ие болған бағаларына байланысты дегенді білдіреді. Осыдан келіп, судьялыққа тағайындалғанға дейінгі жеке-психологиялық алғышаттардың бар екендігін білу үшін  тәжірибелі судья тәлімгерлік жасайтын үміткерді алдын-ала дайындық кезеңінде нақты іске жақындастыра түсу қажеттігі туындайды. Сондықтан осы алғышарттар қызметте жүзеге асуы үшін үміткердің судьялыққа тағайындалар алдындағы еңбек өтілі кемінде үш жыл  болғаны дұрыс.

Судья болып сайланғаннан немесе тағайындалғаннан кейін білгірлік пен дағдыны игеру судьяларға іріктеу жүргізген органдардың судья мамандығына жарамдылығы туралы қорытындысын дәлелдеп немесе жоққа шығаруға ғана емес, шеберлікті қалыптастыра бастауға, кәсіби қызметті жетілдіре түсуге бағытталуы тиіс. Адамның тағдырына, оның өмір-тіршілігіне, тиісті рухани дамуына, оның құқықтары мен бостандықтары үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етуге қатысы бар мамандықты игеруге бет бұрған адам (бұл жерде біз, мысалы, судья, дәрігер, мұғалім, және сол сияқты басқа мамандықтарды да айтып отырмыз) өзінің кәсіби міндеттеріне кіріспес бұрын алды-артын болжап, ойлап алуы тиіс. Адамның рухани және тәндік дамуына, оның құқықтары мен бостандықтарына қоғам тарапынан кепілдік берілуі тиіс және осындай кепілдіктің бірі қоғамның барлық мүшелерін қажетті игіліктермен қамтамасыз етуге бағытталған адамның кәсіби құзыры болып табылады. Мұндай құзыр судьяның алғашқы жұмыс күнінен бастап-ақ адам тағдыры оның кәсіби тәжірибесіне бағынышты етіп қойылмағандығын білдіретіндей қызметімен  көрінуі тиіс.

Заң сот қателіктерінің мүмкіндіктеріне қарай бірқатар кепілдіктерді қарастырады. Сондай бір кепілдіктердің қатарында соттың шешімін апелляциялық тәртіппен шағым түсіру құқығы, оны қадағалау тәртібімен қайта қарау мүмкіндігі жатады. Алайда сот шешімі қабылданған адамдардың бәріне бірдей қатысты бұл құқық қолданыла бермейді, ол не осы азаматтардың сот алдындағы артықшылығына және қабылданған шешімнің заңды және әділетті екеніне сенімділігіне қарай, не жоғары тұрған соттың осы шешімді қабылдайтынына жеткілікті сенімділік болмағанда, не өзге де себептерге байланысты қолданылады. Сондықтан міндет мынада – шын мәніндегі іс бойынша соттың  (көптеген жағдайларда – соттың және сот құрамына төрағалық етуші судьяның) заңды және негізді шешім қабылдауы үшін жағдайды қамтамасыз ету.

 Мамандығы бойынша судья болатын адамның қабілеттілігі жайында айтқанда кәсіби бейімділік дегеніміз не және ол мамандық таңдау кезінде сот қызметінде адамның шеберлікке жетуі үшін қажет пе деген сұраққа жауап беруге ұмтылу керек сияқты. Көптеген жағдайларда бейімділік деп белгілі бір қызметке деген құштарлық, икемділік танылады, адам өзіне өзі сенімді жағдайда ол өте күшті болады. Шындығына келгенде мұндай құштарлық мамандыққа, кәсіпке деген сенімділіктің нәтижесі болып табылады. Адамның бойында жақсы бір ниеттің қалыптасуы белгілі бір дәрежедегі кәсіби жарамдылық пен мамандыққа деген бейімділікті көрсетеді. Сондықтан,  адамның бойындағы шектеулі білімсіз және өзінің еңбектегі тәжірибесінсіз бейімділік қалыптастырып, нәтижеге жету мүмкін емес. Егер судьяның қызметімен танысу барысында адамның бойында осы қызметті ғана жүзеге асыра аламын деген сенімділік пайда болса, онда осы адамнан түбінде жақсы судья шығуы мүмкін. Өзінің қызметін бастау кезінде ісіне бейімді құштарлық таныта алмаған судьялардан да кейде жоғары көрсеткіштер мен шеберлік күтуге болады. Дегенмен, адам мамандыққа деген құштарлығын басынан кешірген жағдайда оның жақсы жақтары мен қиындықтарын біле тұра өзінің қызметін жетілдіруге және жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылатын болса ғана судья болуға деген құштарлық жайында әңгіме қозғауға болады. Бұл айтылғандардың барлығы мынаны білдіреді.

Біріншіден, бейімділік туралы кәсіп таңдау кезінде емес, адам өзінің атқаратын қызметіне көзқарасын анықтау мен оның нәтижелілігін бағалау, ойлау керек. Екіншіден, бейімділік судьялыққа үміткер ретінде тағылымдамадан өткізу кезінде өлшем болып қызмет ете алмайды, себебі бұл кезеңде бағалау тым ертерек. Үшіншіден, адамның бойында бейімділіктің болуы бейімділігі жоқ адамға қарағанда қысқа мерзім ішінде кәсіби шеберлікке қол жеткізуге ықпалын тигізеді. Төртіншіден, сот қызметіне бейімділік осы қызметтің нәтижелі болуына, судьялардың өзінің қызметіне деген негізді қызығушылықты, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға қолайлы жағдай туғызады. Үнемі еңбек үстінде болу, аянбай іздену арқылы ғана шығармашылық қызметті жүзеге асыруға қажетті қабілеттілік қалыптасатынын естен шығармау керек.

Сот жұмысы судьялар тұлғасына оның қасиеті мен сипатына сәйкес келетін әралуан талаптар ұсынады. Бұл жерде айтып отырғанымыз жай ғана белгілі бір қасиеттердің болуы емес, көзге көрінетін және жетекші болып саналатын, іс жүзінде бір-бірімен өзара байланысқан, сонымен бірге қосымша да рөл атқаратын қасиеттер керек.

Осы қасиеттерді анықтауға әрекет жасамастан бұрын судья мамандығы үшін олардың ойынша, не пайдалы, не пайдасыз екенін анықтап алу қажет. Аудандық судьялар арасында сұрақ-жауап жүргізу кезінде судьялар тұлғасына пайдалы және пайдасыз қасиеттер мен сипаттардың тізімі ұсынылды. Бірінші тізімде судьялардың көпшілігі келесі қасиеттерді көрсетті: адамгершілік, бейтараптық, табандылық, ұстамдылық пен білгірлік. Екінші тізімде – көрегендік, күдіктілік, өктемшілік пен жөнсіздік.

Егер сұралған топта көрсетілген судьялар үшін қажетті қасиеттер тізімінің негізінде судьялардың маңызды кәсіби қасиеттерінің «идеалды» моделін жасауға ұмтылатын болсақ, онда олардың көбісі өзінің сипаты жағынан, маңыздылық дәрежесі жағынан судьялардың да және зерттеушінің де көзқарастарына жақын екнін байқауға болады. Бұл модельдер өркөкіректік немесе көнгіштік, бағытсыздық не күмәншіл элементтерінен арылған, өзінің жеке сезімі мен көңіл-күйінен гөрі істің мүддесі мен адамның тағдырына көбірек назар аударатын байсалды, ізгілікті, объективті, өзін-өзі билеуші судьялардың бейнесін суреттейді. Судьялардың мұндай бейнесі, біздің ойымызша, сот қызметімен және кәсіби судьялардың жүзеге асыратын ерекшеліктерімен таныс емес адамдар үшін ғана қарсылық тудыруы мүмкін.

Іс жүзіндегі қызметкерлерде пайда болатын және сендіруші дәлелдермен жеткіліксіз негізделетін моральдық-еріктілік салаға деген мұндай бағыт-бағдардың  механизмін ашу үшін көбірек көңіл аударылатын жекелеген еріктілік қасиеттерге қысқаша сипаттама беру орынды болып көрінеді.

Табандылық, дербестік мықты сеніммен және сыртқы ықпалдарға қарамастан оларды жүзеге асыруға деген белсенді ұмтылыспен сипатталады. Батылдық дер кезінде және ешқандай артық толқусыз негізді шешім қабылдау мен оны іс жүзіне асыра білу қабілеттілігімен көрінеді. Байсалдылық, өзін-өзі басқара білу ұстамдылық, өзін қажеті жоқ ойлардан тоқтата білу қабілеттілігімен пайда болады. Алаламаушылық фактілер мен оқиғаларды объективті бағалауға, сырттан тон пішпестен құбылыстың мәнін түсініп алуға ұмтылуына әзір екендігімен көрінеді. Осы сияқты еріктілік қасиеттердің бәрі де адамның өз мінез-құлқын реттеуге және ол мақсатқа жету жолындағы тосқауылдарды бұза білу қажеттігімен байланысты. Қызметтің еріктілік түрі адамның жалпы мінез-құлқының ұйымдастырылуын жоғарырақ деңгейге көтеретін, адамды өмірге қажетті маңызды істер мен қызметтік міндеттерін шешуге бейімдейтін бірқатар маңызды функцияларды (тежеу, бақылау, реттеу) атқарады. Еріктілік саласына жататын судьялардың тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу қасиеттері оның қызметтегі мақсаттылығын, оның ниетін дұрыс анықтауға, оның белсенділігі мен ұйымдастырылуын көтеруге жағдай жасайтын маңызды шарттар болып табылады.

Сонымен бірге соттық зерттеулердің жан-жақтылығы мен толыққандылығы, заңды және негізді шешім қабылдау судьялардың моральдық-еріктілік салаға жататын даму дәрежесімен анықталады деп санауға болады, соған байланысты кез келген заңгерді осындай қасиетке тәрбиелей отырып кәсіби қызметте табысты қамтамасыз етуге бола ма?

Осы қойылған сұраққа берілетін жауаптың сипатын біз белгілі бір дәрежеде сот кадрларын іріктеу кезіндегі проблемаларды шешуді ескере отырып, тұлғаның жеке-психологиялық қасиеттері және сипаттарымен байланыстырамыз. Егер судьялардың кәсіби қызметі үшін анықтаушы болып қалыптасуы тәрбие барысында, соның ішінде оқу кезінде және кәсіби қызметте пайда болатын моральдық-еріктілік қасиет болатын болса, онда кез келген  заңгерлік білімі бар адам судья болуға қабілетті және өзінің кәсібінде шеберлікке қол жеткізеді деп айтуға болады. Егер осы шеберлікті игеруде белгілі бір дәрежеде интеллектуальдық сала орын алатын болса (ойлау, есте сақтау, елестету сапасы), онда, біріншіден, судья мамандығы бойынша қабілеттілігі, екіншіден, бұл қасиеттерді дамыту мақсатында судьялық қызметке дайындық кезінде ерекше жағдайларды қамтамасыз ету туралы айтуға болады. Біз судья болып қызмет атқаруға бейімділігі, қабілеті бар адамдар ғана кәсіби шеберлікке қол жеткізе алады деуден аулақпыз, бірақ арнайы дайындықпен немесе кәсіби қызметтің өзімен де орнын толтырыла алмайтын жекелеген интеллектуальдық немесе моральдық-еріктілік қасиеттердің жоқ болуы адамның судьялық мамандыққа жарамсыздығын көрсете алады деп айтуға болады.

Сот төрелігін жүзеге асырудағы қызметке қажетті интеллектуальдық қасиеттің мәнін түсініп алу үшін тұлғалардың осы қасиеттерін сипаттауға тырысып көрейік.

Кез келген ақыл-ой еңбегіне деген жалпы қабілеттілікті көрсететін компоненттердің қатарына зейінділікті (ақыл-ойының бағдарының жылдамдығы), ойлампаздықты, сыншылдықты білдіретін қасиеттерді жатқызуға болады. Мұндай қасиеттер сот қызметінде жиі болып тұратын проблемалық жағдайда жедел және сапалы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

Ойлау ерекшеліктеріне қарай ақыл-ойдың тереңдігі, кеңдігі, ыңғайлылығы, жылдамдығы, дербестігі, мақсаттылығы, сындарлығы, оралымдығы сияқты қасиеттері болатындығы бұрыннан белгілі. Осы қасиеттерді дамыту үшін арнайы тапсырмалар психологиялық қағидаларға негізделген жаттығуларды қолдану дұрыс деп санайды. Мұндай ұстаныммен келіспеуге болмайды, оның үстіне ақыл-ойдың аталған қасиеттерінің әрқайсының сипаттамаларынан судьялар үшін де қажетті деп танылатын елеулі ерекшеліктерді байқай алмаймыз.

Оймен көз алдына елестету мен қиялдауды адамның шығармашылық қызметіндегі қажетті элементтердің бірі деп қарастыруға болады. Психологиялық процесс ретіндегі оның маңызды қызметі мынада, ол еңбектің  аралық өнімі мен оның басталғанға дейінгі нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді, яғни, алдағы болашақ қызметті (бағытты) және оның нәтижесін бағдарлауға мүмкіндік береді. Қиялдау бейне құру құралы ретінде қызмет етеді. Ойлау сияқты қиялдау да проблемалық жағдайларда, яғни  шешімдерді іздестіру қажеттігі кезінде пайда болады. Олардың айырмашылықтары мынада, қиялдау бейнелердің ұйымдастырылған жүйелері арқылы қызмет нәтижесін күні бұрын болжап көрсететін болса, ал ойлау түсініктің ұйымдастырылған жүйесімен көрінеді. Ең құндысы селқос қиялдаудан гөрі нақты бір қызметте белсенділік танытып және жүзеге асырылатын шығармашылық қиялдау болып саналады. Судья жұмысындағы жеке адамның мұндай қасиеті қызметтің жобалық, танымдық және идеологиялық түрлерін жүзеге асыруда аса маңызды орын алады.

Есте сақтау қызмет барысында қалыптасатын қасиет болып табылады. Ол белгілі бір ақпаратты есте сақтау мен оны кейін шығаруға, яғни пайдалануға байланысты. Судья қызметінде оның мәні мынамен көрінеді, іс жүзіндегі біліктіліктің, дағдының және шеберліктің қалыптасуы үшін пайдаланылатын есте сақтау көпжылғы тәжірибе жинақтау нәтижесімен байланысады. Есте сақтау білімді нығайтып бекіту мен пайдалануға жағдай жасайды, адам тұлғасының тұтастығын қамтамасыз етеді.

Судьяның қызметі үшін қадағалағыштық пен байқағыштық сияқты шешім қабылдау үшін елеулі маңызы бар мәліметтерді, дәлелдемелерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін ойластыру үшін жауап алудың, жекелеген сот әрекеттерін өткізудің жүйелі жүргізілуі үшін қажетті интеллектуальды қасиеттердің ерекше мәні мен маңызы бар.

Тіпті тұлғаның интеллектуалды бірқатар қасиеттерінің қысқа ғана сипаттамасы судьялардың түрлі қызметтерді жүзеге асыруы үшін тиісті мәнде дамуына және істің мән-жайларын зерттеуге және заңды әрі негізді шешім қабылдауына қатысты ерекшеліктерін көрсетеді. Шиеленісті жағдайларды шешу, мінез-құлық амалдарын дұрыс таңдауды және тиісті шешім қабылдауды қамтамасыз ету қабілеті нақ осы интеллектуальды саламен тікелей байланысты.

Сөйтіп, моральдық-еріктілік салаға жататын судьялар қасиеттеріне көңіл аударылған сұрақ-жауапта белгілі болған нәтижелерді қалай түсіндіруге болады, сұралғандардың ең төменгі қызмет шеніндегілерге байланысты неліктен судья тұлғасының коммуникативті қасиеттері қарастырылғандығын,  төмендегі жағдайлар түсіндіруі мүмкін.

Біріншіден, судья мамандығын әдетте, тек қана арнайы қабілеттілікті ғана емес, сонымен бірге жалпы қабілеттілігінің ерекше дамуын қажет ететін мамандықтар қатарына жатқызылады. Бұл іс жүзіндегі судьяларды іріктеу мен дайындауда мыналар арқылы көрінеді: іріктеудің негізгі өлшемі негізінен моральдық-еріктілік қасиет болып саналады; назар аударылатын және тексеруге түсетін өлшемдер болып байқағыштық, есте сақтау, қиялдау, көпшіл сияқты интеллектуальды саладағы қасиеттер және икемділік, шапшаңдық,  сыншылдық сияқты ақыл-ойлық жақсы қасиеттері.

Сот кадрларын дайындау кезінде осы күнге дейін интеллектуальдық саланы дамытуға жағдай туғызатын тиісті жағдай қамтамасыз етілмей келеді (мысалы, ойланып жасалатын күрделі тапсырмаларды шешуге дайындық жолымен).

Екіншіден, сұрақ-жауаптың нәтижелері қандай да бір шамада судьяның өзін-өзі бағалау деңгейі туралы куәландырып және олардың өзіндік сана-сезімін көрсетеді. Сұралғандардың барлығы судья болғандықтан, олардың судьяға қажетті деген қасиеттер мен сипаттарға көзқарасы да өзіне деген көзқарасы арқылы көрінуі тиіс. Өзін-өзі дұрыс  бағалай білу өзіне деген сындарлы көзқарасты, қойылатын талаптарға өз мүмкіндігін шамалаумен ұйғарылады. Сонымен бірге, өзін-өзі бағалай білу талаптану деңгейін анықтау үшін, тұлғаның өмірде алға міндеттер қоя білу мен оны іс жүзіне асыруға өзін қабілеттімін деп санауына субъективті негіз болып табылады. Моральдық-еріктілік қасиет интеллектуальды қасиетке қарағанда судьяға бағынышты болады (яғни, тәрбиеге көнеді) және біріншісін мүлтіксіз орындалмауы мүмкін деп тану екіншісінің мүлтіксіз орындалмауына қарағанда өзіндік сана-сезім үшін онша шығын емес. Бұдан басқа, еріктілік қасиетке қатысты оның даму, интеллектуальдық салада толығымен қолдану мүмкіндігі туралы айтуға болады.

Үшіншіден, сұрақ-жауап нәтижесінен судьяларды еріктілік саласымен байланысқан қасиеттерге тәрбиелеу бағыт-бағдарының ерекшеліктері де байқалады. Облыстық сот судьяларының арасында жүргізілген сұрақ-жауаптан басқаша нәтиже күтілген еді, өйткені мейлінше тәжірибелі және білікті судья саналатын олар үшін сот төрелігіне қатысты қасиеттердің бәрі жоғары дәрежеден көрінуі керек қой. Алайда, олай болмай шықты, соған қарап өзгелерге қарағанда еріктілік қасиеті судьялардың дербестігін қамтамасыз етіп, сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі шығармашылық процесті сыртқы әсерлерден «қорғау» функциясын атқарады деп ұйғаруға болады. Мұндай қорытынды айту бірқатар судьялар мен сарпшылардың сауалнамаларында судьяларды сыртқы әсерлерден тәуелсіздігі мен дербестігін қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар келтіруіне байланысты сұранады.

Судьяларды іріктеу мен дайындау мәселесінің одан арғы жоспарламасы елеулі шамада сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызмет сапасын анықтайтын судьялар тұлғасының интеллектуальдық қасиеттерін ашу мен дамыту жолдарын іздестіруге бағытталуы тиіс.

Төртіншіден, судья тұлғасының коммуникативті қасиетін сипаттайтын төменгі дәрежедегі қызмет орнындағы сапасы, біздіңше, соттық зерттеудің жан-жақтылығы мен толыққандылығын және соттың тәрбие функциясын жүзеге асыруын қамтамасыз ететін байланыстылықты көрсетеді. Көпшілдік сияқты қасиет судья үшін қажетті байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттермен көп жағдайда сыйыса бермейді. Осы қасиеттердің арасынан тартымдылық деген сияқты қасиеттің көрінуі кездейсоқтық болуы да мүмкін. Сонымен бірге судьялардың бойындағы коммуникативті қасиет іс жүргізуге  қатысушылардың және азаматтардың сот пен судьяға сенімін арттырады, адамдардың толық, әрі шындыққа жанасатын айғақ беруіне жетелейді. Сот мәжілісіне қатысушылардың төрағалық етушіні жағымсыз қабылдауы қабылданатын шешімдердің әділетті және негізді болмай шығатындығына деген сенімін арттыра түседі. Сондықтан судьялыққа үміткердің бойындағы көпшіл, елгезек, тартымдылық және өзге де осы сияқты коммуникативті қасиеттерінің болғаны өте орынды.

Судьялардың кәсіби шеберлікке қол жеткізуі белгілі бір дәрежеде оның өз қызметін жүзеге асыруына қажетті қаншалықты қасиеті бар екендігімен анықталады. Жоғарыда айтылған қабілеттілік ұғымы белгілі бір қасиеттер, сипаттар жүйесінің оған ие болған адамның жүзеге асыруымен сипатталады. Бұл жеке-психологиялық қасиеттер жүйесі (қызметтің көптеген түріне қолданылатын) осы қасиеттің қызмет көрсететін жерінде қолданылатын қызметке байланысты ашылуы мүмкін. Бұл жерде жеке-психологиялық қасиеттердің өздері де ішінде бір-бірімен өзара қатынастағы қасиеттерге бөлінетін күрделі құрылымға ие болатынын ескеру қажет. Бұл құрылымдарды ашу жоғарырақ деңгейдегі міндет болып табылады, себебі ол үшін адам сипатының құрылымын немесе құрылысын анықтап, олардағы негізгі компоненттерді немесе қасиеттерді ашып көрсету керек және олардың күрделі және өзара әрекеттес қарым-қатынастарының негізделген және өзіне тән қасиеттерін анықтау керек. Бұл міндеттерді шешу осы жұмыстың мақсатына жатпайтын проблемаларды психологиялық зерттеулер арқылы жүзеге асырылатын шығар. Біз тек қана судья қызметінің құрылымы негізінде қызмет түрлерін нәтижелі орындауға мүмкіндік жасайтын, осы құрылымның қатарындағы судьяның өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті және басқаларға қарағанда артығырақ көрінетін қолайлы деген қасиеттері мен сапаларының үлгілі тізімін анықтауға тырысамыз.

Алайда атап өту керек, психология ғылымы әзірше сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызмет үшін қажетті интеллектуальдық қабілеттіліктердің бәрін бірдей аша алатын құралдардың (жолдарының) жеткілікті арсеналымен қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан осы күні судья кадрларына іріктеу жүргізетін органдар судьялар үшін кәсіби қажеттілік болып саналатын қабілеттілік тізімдерін ғана бағытқа алады. Бұдан басқа да, үміткерлік шеңберінен орын таба алмаған кейбір қабілеттіліктер іс жүзіндегі қызмет барысында қалыптасуы да мүмкін.

Судьяға қайшы келетін тұлғалық қасиеттерді, яғни мамандығы бойынша судья болуға жарамсыздығы туралы куәландыратын қасиеттерді қарастырған жөн. Егер судьяларды іріктеу болашақ қызметінің нәтижелілігін бағдарлау тұрғысындағы қазіргі кезде әдістемелік жағынан онша қамтамасыз етіле алмай отырған “қабілеттіліктің жағымды факторлары” негізінде жүргізілетін болса, онда осыған орай іріктеу барысындағы жағымсыз факторлардың ашылып қалуы кәсіби деңгейде сот төрелігін жүргізе алмайтын судьялардың сот органдарына өтіп кетуінен сақтап қалар еді.

Судьялардың тұлғалық қасиеттерінің пайда болуын анықтаушы мәнге олардың жоғары дүниетанушылық деңгейі, саяси сауаттылығы, құқықтық сана-сезімінің дамуы, моральдық жоғары қасиеттері, этикалық көзқарасының деңгейі, ар-ожданы ие болады. Идеологиялық салаға жататын бұл қасиеттер судьяның моральдық-саяси сипаттамасын, оның идеялық және адамгершіліктік келбетін құрайды. Олар белгілі бір дәрежеде тұлғаның бағыттылығын, сондай-ақ судья тұлғасының өзге де сапалары мен қасиеттерін қалыптастырады және оның негізгі қызметінің құрылымына енетін кез келген қызмет түрлері үшін маңызды болып саналады. Сот  пен судьялардың тәрбиелік қызметтерді жүзеге асыруларына байланысты идеологиялық салаға жататын қасиеттердің маңызы ерекше екенін атап өту керек.

Судьялардың жеке-психологиялық қасиеттеріне қатысты мәселелерді шешудің ғылыми негізделген алғышарттары ретінде сот төрелігін жүргізу жөніндегі кәсіби қызметтің психологиялық құрылымы бола алады. Өзінің мазмұнына қарай судьялардың қызметі өзге де заң мамандық иелерінің  қызметінен айырмашылықта болады, соған орай осы қызмет түрлерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін психологиялық компоненттерде де өзіндік ерекшеліктер болады. Қабілеттілік тұрғысынан алғанда әртүрлі кәсіп  мамандықтарына қарағанда бірдей кәсіптегі мамандықтар арасындағы айырмашылықтар көп болады. Мәселен, түрлі мамандықтардың өкілдері — судьяның, дәрігердің және педагог-тәрбиешінің әртүрлі қабілеттіліктері туралы салыстырып айтуға бола қояр ма екен. Сондықтан судьяның жеке-психологиялық қасиетін ашу кезінде кең мағынадағы заңгерлік қызмет ұғымына негізделмей оның қызметінің құрылымына, ол ұсынатын талаптарға сүйенуі керек, өйтпесе заң саласындағы түрлі мамандық иелерінің қызметіне тән қасиеттер ашылмай қалады.

Судьялар қызметінің құрылымына сәйкес және оның кәсіби қызметінің жоғарыда аталған сипаттамаларының компоненттеріне қарай осы құрылымға енетін қызметтердің әрбір түрін ойдағыдай жүзеге асыру үшін келесідей жеке қасиеттер мен сипаттар болуы қажет.

Жобаланған қызметті жүзеге асыру үшін құқық саласындағы алдағы қызметтің барлық кезеңдерін ойша болжап қамти алатын және жекелеген іс жүргізу әрекеттерін орындаудың жүйелілігін анықтай алатын нақты сенімділікке негізделген қабілет; әрекетті алдын ала болжап, жоспарлай алатын қабілет; зерттеудің әрбір кезеңінде ең бастысын анықтай білу, шындыққа қол жеткізудің жолдарын таба білу сияқты қасиеттерді көрсетуге болады. Бұл қасиеттерді жалпы, әмбебап қасиеттер қатарына жатқызуға болады. Арнайы маңызды қасиеттерге мыналарды жатқызуға болады: мақсатқа талпынушылық, шығармашылық ой-қабілеті, ілтипаттылық, жинақылық, тапқырлық, дербестік. Алдағы болатын қызметті жоспарлай білу адам бойында еңбекке деген терең ізденістің, талпыныстың бар екендігін көрсетеді.

Аталған арнайы негізгі қасиеттер танымдық қызметті жүзеге асыру үшін де маңызды, бірақ олар бұл қызметте жобаланғандай емес басқаша жағдайда көрінеді.

Мәселен, егер сот қызметін жоспарлау кезінде жазбаша материалды талдау негізінде болашақ бағыттың моделін жасауға деген шығармашылық қиялдау қабілеті пайда бола қалатын болса, онда дәлелдеу барысындағы қиялдау зерттелетін оқиғаның моделін құрауды қамтамасыз етеді.

Модель танымға жағдай жасайды және бір мезгілде болашақ қызметтің бейнесі бола алады. Бұл судьялардың жоспарлау және танымдық қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін шығармашылық қиялдау қабілетіне тәрбиелейтін мәнін көрсетеді.

Судьяның жұмысын жоспарлау үшін қасиеттің дербестік сияқты түрінің маңызын атап өткен жөн. Егер дәлелдемелерді зерттеу мен шешім қабылдауға байланысты қызметке қатысты судьяның бойындағы дербестік, ауытқымаушылық тәрбиесі түсіндіруді талап етпейтін болса, онда оның жобаланушы қызметі үшін маңызы олай болуға тиіс болмаса да одан алшақ болып көрінеді. Судья айыптаудың мазмұны айтылған қылмыстық іспен, яғни іс бойынша тергеушінің, прокурордың белгілі бір құрастырылған шешіммен танысып, іс-әрекетке құқықтық баға береді. Судьяның тергеуші қолданған дәлелдеудің қисынына қарамастан, ақиқаттың жолын өз бетімен тануға ұмтылу арқылы соттық зерттеулерге шығармашылық қабілетпен қарауы — соттық зерттеудің жан-жақтылығының, толыққандылығының және объекивтілігінің сенімді бір кепілі. Міне осындай ізденіс азаматтық істерді таңдауға дайындық кезінде пайда болған құқықтық қатынастарға қатысты барлық материалдарды іздестіруі, заң нормаларын ой елегінен өткізіп талдау негізінде істің мән-жайларына алдын-ала құқықтық баға беруде өте ерекше маңызға ие болады.

Мұндай жағдайда ойлау дербестігі мүмкін болатын бұрмалаушылықты, қателіктерді және оларды тудыратын себептерді табу арқылы оқиғаларға, фактілерге, мәліметтерге баға беру арқылы көрінетін сындылықпен біріге отырып жетістірек байқалатын болады. Ойлаудың сындылығы әсіресе таным  процесінде өте қажет, солай бола тұрса да болашақ қызметті жоспарлау танымның бастапқы кезеңі болып табылады және іс материалдарындағы мәліметтерге қатысты ойлаудың сындылықпен қарау дәрежесі белгілі бір шамада танымның мақсаттылығы мен нәтижелілігіне байланысты болады.

Танымдық қызмет жаңаша бір мағұлматтар мен білім алуға бағытталған. Қылмыстық іс жөніндегі соттық таным алдын ала тергеуде жинақталған өз алдына бөлек жаңа зерттеулермен, қосымша ұсынылған және сұратып алынған  дәлелдемелермен көрінсе, ал азаматтық істе өз алдына бөлек жинақталған және ұсынылған материалдарды зерттеулермен ғана көрінеді. Соттық таным құқықтық маңызы бар фактілер туралы ақпараттарды жинаумен шектеліп қалмайды; ол танымдық қызметтің басқа да салалары сияқты ойлауды қажет ететін түрлі шығармашылық міндеттерді шешуге бағытталады. Мұндай міндеттер сот ісін жүргізуге тән болып саналмайды, оларды кез-келген ойлау қызметіне тән әрекеттер мен операциялар құрайды. А.Р. Ратиновтың ойынша, “қылмыстық іс жүргізулік дәлелдеуге тән осы міндеттердің қосындысы және белгілі-бір жағдайда ерекше орын алатын міндеттердің бірі ғана болып табылады” [78, с. 307]. Бұл, соттық таным басқа да салалардағы танымдық қызметті қамтамасыз ететін психикалық процестерге қатысты жүзеге асырылады дегенді білдіреді.

Судьялармен жүзеге асырылатын танымдық қызметтің ерекшелігі осы қызметті іске асыруға бағытталған психологиялық компоненттердің сипатын анықтайды. Көпжақты маңызды қасиеттер тізіміне мыналарды жатқызуға болады: судья тұлғасының тапқырлығы, жан-жақтылығы мен ойлау қабілеті көрсеткіштерінің жалпы деңгейі; құқықтық сана-сезімнің жоғары деңгейі, құқықтық білгірлігі, ойларының қисындылығы мен дербестігі; өз бетінше ойлауы мен дәлелдеуі, жақсыны жаманнан айыра білуі, қиялдап ойлай білуі, маңызды, негізгі деген мәселелерді айыра білуі; талдау мен жинақтау, тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын таба білу.

Осы қасиеттердің арасынан танымдық қызмет үшін тән болып саналатын  қалыптасып қалған қиялдап ойлау қасиеті анықтаушы мәнге ие болады.

Арнайы маңызды қасиеттер қатарына мыналарды жатқызуға болады: икемділік, ойлау процесінің қозғалмалылығы; тапқырлығы мен зейінділігі; ой сыншылдығы, есінде сақтай білуі, байқағыштығы, шығармашылық қиялдауы; назар аудара білуі, табандылығы, мақсаттылығы, дербестігі. Осы қасиеттердің арасынан танымдық процесс шарттарының бірі ретінде қаралатын сезіну (интуиция) қасиетінің де бар екенін айта кетуге болады, бірақ оның шартты сипаттары жоққа шығарылмайды, себебі бұлар алдағы тәжірибелерде жинатырылған және негізделген [78, с. 320-321]. Нақты бір жағдайлардың деректерінде тез әрі дұрыс бағыт-бағдар ала білу ретінде танылатын сезіну (интуиция) қабілеті әсіресе соттық тергеу тактикасын анықтап алу кезінде судья үшін қажетті деректер толық емес болған жағдайда кеңірек ойға салуды керек етпейтін шешім жолдарын табады. Дегенмен судьяның шешімі және оның барлық жолдары түсінікті, қол жететіндей, толық және жан-жақты зерттелген деректерге негізделген болуы керек және ешқандай сезікті болжаммен алмастырыла алмайды. Бұл жерде біз сот орындайтын тәрбиелік қызметті де назарға аламыз.

Тәрбиеші болу үшін судьяларға әуестенушілік, күдіктілік, қызбалыққа салынушылық, ашушаңдық, тік мінездік сияқты қасиеттер сыйыспайды.

Тәрбиеші ретіндегі судья үшін өзінің ойын анық және түсінікті жеткізу, сөз болып отырған фактілер мен оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіртпей сұрақты анықтап қоя білу сияқты қасиеттердің де айтарлықтай маңызы бар.

Коммуникативті қызмет сот қызметіне байланысты судьялардың, іс жүргізуге қатысушылар мен азаматтардың араларында пайда болатын өзара қарым-қатынастардан туындайды. Сондықтан судья тұлғасының қасиеті оның қоршаған ортаға, өзіне деген көзқарасын, оның қалай қарым-қатынас жасайтынын көрсетеді. Мұндай қасиеттерге адамгершілікті, адамдарға деген сүйіспеншілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, ықыластылық, объективтілік, сондай-ақ көпшілдік, тартымдылық, сыпайылық сияқты қасиеттерді жатқызуға болады. Бұларға қайшы қасиеттер тұйық мінезділік, дөрекілік, қаттылық, жаман ойда болу болып саналады. Өзіне қатысты сипатталатын қасиеттер: сыншылдық, сыпайыгершілік, өз қадірін түсіне білушілік, ал оларға қарама-қайшы: өзін-өзі жоғары бағалау, өзіне аса сенушілік, менсінбеушілік немесе өзін-өзі кемсіту.

Аталған  қызметтің тиісті деңгейі істі мақсатты жүргізілуін, судьялардың басқа адамдармен араласуын, жауап алатын адаммен психологиялық байланысын, сот талқылауында іскерлік жағдай туғызуын қамтамасыз етеді.

Судьяның ұйымдастыру қызметі  басқа адамдардың қызметін және өзін-өзі басқару әрекеттерін қамтиды. Оның жүргізілуін биліктік өкілеттілігі қамтамасыз етеді. Мұның басты шарты оның бойында іс жүргізуге қатысушылардың бәрін соттық зерттеулерге белсене қатысуын қамтамасыз ету, іс жүргізуге қатысушылардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды орнату, жауап алынушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олармен тіл табыса білу және психологиялық әдепті сақтай отырып, сот талқылауында туындай қалған мәселелерді шешу кезінде өзінің білімі мен тәжірибесін тез және икемді пайдалану, күрделі жағдайдан оңай шығудың жолдарын таба білу, басқа адамның қылықтары мен әрекеттерін сыншылдықпен бағалай білу болып табылады. Ұйымдастырушылық қабілет істі тыңдауға дайындауымен, оның дер кезінде өткізілуіне жағдай жасай білуімен, сот мәжілісіне шақырылған адамдардың бәрінің іс жүргізуге қатысуын қамтамасыз етумен танылады. Осының барлығы ұйымдастыру қызметін жүргізу үшін келесідей тұлғалық  қасиеттердің болуын қажет етеді: жалпы және құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейі, ойының іске асушылығы, ұйымдастыру жұмысына бейімділігі, шыншылдығы, табандылығы, талапшылдығы, бастамашылдығы, өзін-өзі игеруі, сыншылдығы, байқағыштығы, ықыластығы, көпшілдігі. Ұйымдастыру қызметіне жинақсыздық, үнсіздік, тиянақсыздық, салақтық  өзін-өзі жоғары бағалау, дөрекілік қасиеттері қайшы келеді.

Қызметтің осы түрін жүргізудің нәтижелілігі белгілі бір дәрежеде тез әрі икемді шеше білумен анықталады. Мұндай шешімдер көбінесе қалыптасқан жағдайға байланысты жеделдікті талап ететін бағыт-бағдарларға байланысты сот мәжілісінде судьямен шешіледі.

Судьялардың ұйымдастыру қызметін жүргізуге бағытталған қасиетін қалыптастырудың басты алғы шарттарының бірі болып өзін-өзі ұйымдастыра білу, өзінің бағытын, жүріс-тұрысын басқара алу қызметі саналады. Бұл судьялардың өздерінің іс жүзіндегі мүмкіндіктерін талдау мен баға беруіне, яғни өзін-өзі бағалауына, өзінің қызметінің мақсаты, құралы және нәтижесі араларына түзету жүргізе білуіне байланысты.

Өзінің қабілетіне үңіле білуі судьялардың өзін-өзі тәрбиелеуге, еріктілік күшімен шыншылдық, өзін-өзі игеру, мұқияттылық, сыншылдық, табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкін. Бұл жерде судьяның қызметі ұйымшылдыққа, жинақылыққа және тәртіптілікке сәйкес болуы қажет.

Судьяның ұйымдастырушылық қызметі тұлға аралық қатынастарды қамтиды, ал осы қатынастар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ете білу коммуникативті тұлғалақ қатынастардың болуын ұйғарады. Жекелеген соттардың жұмыс тәжірибесінде кездесетін, сот төрағасының немесе судьяның осы шарттарды қамтамасыз ете алмауы біздіңше, олардың ұйымдастырушысы үшін қажетті қасиеттерге ие бола алмағандығынан және олардың тіпті қалыптаспаған, немесе кәсіби қызмет барысында өз дәрежесін жоғалтып алған деп түсіндіріледі.

Осы жағдайларды қорытындылай келе, мыналарды атап өту керек. Судьяның жүргізетін қызметінің күрделілігі мен жан-жақтылығы негізгі деген кепілдемелердің арасынан нәтижелі орындалатындарының бірі ретінде судьялыққа үміткердің бойында белгілі бір тұлғалық қасиеттер мен сипаттар қызмет етеді. Аталған қасиеттердің болмауы немесе жетіспеушілігі адамның  өздігінен судьялық кәсіпке жарамсыздығын білдірмейді. Болашақ судьялардың тұлғалардың қасиеттері мен сипаттарының көпшілігі қызмет барысында немесе соған байланысты мақсатты тәрбиелеу нәтижесінде қалыптаса алады.

Судья кәсібі ерекше табиғи негіздер – арнайы ерекшеліктері бар мамандықтар қатарына жатқызылмайды, ал бұл дегеніміз тұлғаның жекелеген қасиеттерінің орны олармен тығыз байланысқан құбылыстармен толықтырылады. Сонымен бірге өзінің сипаты бойынша судья кәсібі жалпы қабілеті жоғары дамыған мамандықтар қатарына жатады, ал бұл кадрлар іріктеу іс шараларының судья қызметінің жеке-психологиялық алғышарттарын ескере отырып жүргізу қажеттігін білдіреді. Оны арнайы білім, тәрбие немесе кәсіби қызмет барысында толтырыла қоймайтын жекелеген кәсіби қажетті қасиеттердің болмауы (мысалы, абстрактілі ойлау) адамның судья мамандығына жарамдылығы туралы жағымсыз қорытынды берілуіне негіз болып табылады. Судьяның кәсіби қажетті қасиеттерін дамыта түсу үшін маңызды орынды осындай қасиеттерге өзін-өзі тәрбиелеу, мақсатты түрде қалыптастыру қажет. Адамның өзін-өзі адамгершілік қасиетке тәрбиелей бастайды. Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғаның дамуының заңды құбылысы. Сонымен бірге мұндай даму үшін  объективті алғышарттар да құрылуы тиіс.

Судья жұмысына тұлғалардың жарамдылығын анықтау екі кезеңді қамтуы тиіс.

Бірінші кезең. Судьялыққа үміткердің сыннан өту қорытындысын тағылымдамадан өткен соттың жалпы отырысында тәжірибе жетекшісінің,  судья қызметіне үміткерді даярлауға қатысы бар басқа сот қызметкерлерінің қатысуымен талқылау. Талқылау нәтижесі мінездемеде көрініс тапса, онда тағылымдамадан өтушінің сот істерін мәні бойынша қарау қабілетіне (мұны оның шығарған үкімдері мен шешімдердің жобаларынан көруге болады), оның кәсіп пен еңбекке, ұжымшылдық, ұйымдастырушылық қабілетіне қойылатын талаптардың әрқайсысы бойынша баға беріледі. Шешім қатысушылардың ең кемі үштен екісінің қолдап дауыс беруі арқылы қабылданады. Дауыс беруді тағылымдамадан өтушінің қатысуынсыз жүргізген дұрыс. Мысалы, кейбір жекелеген елдерде стажер-судьяның мінездемесі тағылымдамадан  өткізген соттың барлық судьяларының жасырын дауыс беру жолымен қабылданатынын атап өткен дұрыс болар еді.

Екінші кезең. Үміткерді құзыретті органдардың талқылауы және адамды судьялыққа тағайындау үшін ұсыну. Судьялыққа үміткерлерді негізделген, жан-жақты, біліктілікпен іріктеу және тағайындау үшін олардың арасынан ең лайықтыларына кепілдеме беруді қамтамасыз ету мақсатымен осы органның құрамына депутаттар, жоғарғы сот судьялары, жоғарғы заң оқу орындарының оқытушылары, ғылыми қызметкерлері мен қатар жергілікті мәслихат өкілдерін және психолог мамандарды енгізген дұрыс.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Зерттеліп отырған проблема бойынша заңдар мен ғылыми әдебиеттерді жан-жақты талдау мен саралаудың нәтижесінде автор төмендегі тұжырымдарға келді:

  1. Судьяның, яғни мемлекеттік билік өкілінің ісіне бақылау жасаудың көптеген түрлері, кең тараған қоғамдық пікір, көзқарастар олардың жұмысына тиісті баға беруге ықпал етіп, сот зерттеуінің жан-жақты әрі толыққанды болуына әсер етеді. Әлеуметтік бақылау халықтың арасында сот ісінің беделін көтереді, бұл өз кезегінде азаматтардың заңды құрметтеу мінез-құлқын қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейте түседі.
  2. Абырой-бедел ұғымы әдетте бедел ұғымының баламасы ретінде қолданылады. Егер абырой-бедел ұғымының құрылымына белгілі бір орган мен тұлғаның маңыздылығын білдіретін құрметтеу, сенім, қолдау, мойындау сияқты қарым-қатынас түрлерін қарастыратынын ескеретін болсақ, бұл дұрыс болып табылады. Абырой-бедел ұғымы әлеуметтік маңыздылық, әлеуметтік пайдалылық бағасын енгізеді, яғни, бұл қатынастың әртүрлі деңгейін көрсетеді және бұл мағынада «қоғамдық бедел» ұғымына теңесуі мүмкін. Мұнан басқа, бедел ұғымы көп жағдайда билік-өкімет, билік өкілеттігінің болуымен байланыстырылады, бұл абырой-бедел ұғымы үшін әдеттегіге тән емес. Кәсіптің нақты түріне қолданылатын абырой-бедел олардың тартымдылығын, қолдау-қуаттау қарым-қатынасын білдіреді. Әдебиетте кездесетін әлеуметтік және моральдік абырой беделдің дәл қолданылмайтыны байқалады, мұның өзі біріншіден, моральдік абырой бедел әлеуметтің әр көріністілігі, ал, екіншіден, абырой-бедел ұғымы барынша сыйымды, сонымен қатар, әлеуметтік көріністегі әрқилы қатынас түрлерін сипаттайды.

Судьяның қоғамдағы абырой-беделін тиісті деңгейде қолдауға ықпал ететін факторлардың көпшілігі құқықтық және ұйымдастырушылық санатқа жатады, дегенмен, оның қалыптасуына әлеуметтік-психологиялық факторлар да белгілі-бір үлес қосады.

  1. Судьялыққа үміткердің жарамдылығын жоғары талаптармен бағалау оны өзге де өлшемдермен анықтауына сай келуі мүмкін. Салыстырмалы өлшемдерге сәйкестік міндетті болып табылмайды, бірақ ол болашақ қызметтің табысты болуымен, сондай-ақ сот қателігін болдырмау кепілдігіне қызмет ете алады. Салыстырмалы өлшемдер қатарына судья ісі үшін аса маңызды интеллектуалдық, ерік-жігерлік және эмоционалдық қасиеттер қосылады.

Кадрларды даярлау сапасы елдегі мемлекеттік-құқықтық жұмыстарды барынша көтеру туралы уақыт талабына  толық жауап беруі тиіс. Олар сот әділдігі органдарының әкімшілік және шаруашылық аппаратының қазіргі талаптарына да толық жауап беруге тиісті. Заңгерлерді арнайы даярлау негізінен үш кезеңде жүзеге асырылады: біріншісі – жоғарғы заң оқу орнында, екінші – жоғарғы оқу орнын бітірген соң тағылымдамадан өту, үшінші – қайта даярлау, еңбек қызметі үрдісінде шеберлікті шыңдау. Мамандар қалыптастырудың осы кезеңдерінің әрқайсысының ерекшелігіне, бұған сәйкес судьялардың кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған заң қосымшаларына тоқталамыз.

Негізгі заң кәсібін игеруді, оның ішінде судьяларды, жоғарғы заң оқу орындарында арнайы әзірлеу міндетті ме деген мәселе соңғы жылдары талқылау мәселесі болудан қалды – оның оң шешімі көрініс тапты. Төмендегі мәселелерді көбірек талас тудыратын және байыппен көңіл қоюға тұрады деп қарауға болады:

а) заң жоғарғы оқу орындарында студенттерді арнайы іріктеу қажет пе және судьялар даярлау кезінде білім берудің қандай түріне артықшылық беріледі;

ә) жоғарғы оқу орындарында мамандандыру керек пе, оның шарты мен шегі қандай;

б) жоғарғы оқу орындарындағы оқыту әдісін жетілдеру қандай жолмен жүруі тиіс; оқу бағдарламасына жаңа пән енгізу қажет пе;

Судья қызметін жақсартудың басты негізі, судьяның кәсіптік білімін тұрақты толықтыруы, оны жаға тәжірибе мен қоғамдық ғылымдардың жаңа жетістіктерімен үнемі жетілдіруі болып табылады. Судья өз біліктілігін көтеру үшін нормативтік актілермен, мерзімдік заң басылымдарымен ғана емес, мейлінше кең жоспардағы әдебиеттің қайнар көзі: монографиялармен, ғылыми мақалалармен, оқулықтармен, оқу құралдарымен, кодекстерге түсіндірмелерімен таныс болуы қажет. Тек осындай жағдайда ғана судья өзінің жалпы және құқықтық мәдениетін жоғары дәрежеде ұстап, білім көлемін тұрақты түрде ұлғайтуына болады, мұның өзі судья шеберлігінің қажетті өсу шарты болып табылады.

  1. Судьяның өзінің кәсіптік деңгейін арттыру, ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерін иемдену қажеттілігіне өзін тәрбиелеу, күнделікті еңбек қызметінің жағдайына жаңалықтар енгізуге талпыну жөніндегі тұрақты жұмыс қана судья шеберлігін қамтамасыз етудің сенімді кепілі болып қызмет атқарады.

Судья шеберлігін қамтамасыз етудің сенімді кепілі, судьяның өзінің кәсіптік деңгейін арттыру, ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерін иемдену қажеттілігіне өзін тәрбиелеу, күнделікті еңбек қызметінің жағдайына жаңалықтар енгізуге талпыну жөніндегі тұрақты жұмыс бола алады. Судья мамандығын көтеру жөніндегі сабақтар, қайта даярлау курстарында оқу, судьялардың кәсіби шеберлігін арттырудың маңызды көзі болып табылады. Оның бірінші түрі тұрақты сипатта және соттың өзінің немесе жоғары тұрған соттардың тірегінде, екіншісі – біліктілікті жетілдірудің республикалық курстарында өткізіледі. Судьялардың өзін дайындаудан даярлаудың екі түрінің ерекшелігі біріншіден, олар мақсатты бағыттағы сипатқа ие,  судьялар қызметіннің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажет тұлғаның  сапалық қасиетін тәрбиелеу мен дамытуға есептелінген артықшылықтарға ие. Екіншіден, олар кәсіби білімді  толықтыруды, тек қана құқық емес, сонымен бірге білімнің басқа да салалары аясындағы жаңа жетістіктерімен танысуды қамтамасыз етеді.

  1. Судьяның кәсіби тәжірибесі – бұл қылмыстық іс бойынша сот талқылауын басқарудағы, соның тәрбиелік-ескерту маңызының тиімділігін арттырудағы, сот талқылауының жариялығының қамтамасыз етілуі мен ұлғайтылуындағы маңызды элемент.

Судьяның кәсіби тәжірибесі мына мәліметтерден: материалдық және іс жүргізу заңының талаптарының мәнін түсінуінен және іс шешу кезінде оларды дұрыс қолдана білуінен; қылмыстық іс бойынша өз бетімен шешім қабылдау дағдыларынан, сот талқылауына қатысушылар мен сот құрамы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынасты орната білуінен; толық және өз уақытындағы дәлелдемелік ақпараттар алу мақсатында тактикалық тәсілдердің дағдыларын меңгеріп алуынан; сот тәжірибесінде материалдық және іс жүргізу заңының қолданылуының тенденциялары жайлы білім алу үшін, жеке тәжірибе мен аппеляциялық және қадағалау инстанцияларының тәжірибесін жүйелеуден; қылмыстық іс жүргізу ғылымының сипаттамаларын меңгеріп алуынан; дәлелдемелік ақпараттарды алу үшін қолайлы және берік құралдарды таңдаудағы іс жүргізу нысандарын үнемдеуінен; қылмыстық мінез-құлық механизмін түсіндіруінің түрлерін болжау мүмкіндіктерінен; белсенді құқықтық мінез-құлыққа дағдылауынан; сот тергеуін дұрыс жоспарлауды және  қылмыстың жағдайларды толық, объективті әрі жан-жақты түрде зерттеуін қамтамасыз ететін сот нұсқаларын өз уақытында ұсына білуінен байқалады.

  1. Адам мамандыққа деген бейімділікті басынан кешірген жағдайда, оның жақсы жақтары мен қиындықтарын біле тұра, өзінің қызметін жетілдіруге және жоғары нәтижелерге ұмтылатын болса ғана судья болуға деген құштарлық жайында әңгімен қозғауға болады. Егер судьяның қызметімен танысу барысында адамның бойында осы қызметті ғана жүзеге асыра аламын деген сенімділік пайда болса, онда осы адамнан түбінде жақсы судья шығуы мүмкін. Өзінің қызметін бастау кезінде ісіне бейімді құштарлық таныта алмаған судьялардан да кейде жоғары көрсеткіштер мен шеберлік күтуге болады. Дегенмен, адам мамандыққа деген құштарлығын басынан кешірген жағдайда оның жақсы жақтары мен қиындықтарын біле тұра өзінің қызметін жетілдіруге және жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылатын болса ғана судья болуға деген құштарлық жайында әңгіме қозғауға болады. Бұл айтылғандардың барлығы мынаны білдіреді: біріншіден, бейімділік туралы тек кәсіп таңдау кезінде емес, адам өзінің атқаратын қызметіне көзқарасын үнемі нақты анықтап, оның нәтижелілігін бағалап, ойлау керек. Екіншіден, бейімділік судьялыққа үміткер ретінде тағылымдамадан өткізу кезінде өлшем болып қызмет ете алмайды, себебі бұл кезеңде бағалау тым ертерек. Үшіншіден, адамның бойында бейімділіктің болуы бейімділігі жоқ адамға қарағанда қысқа мерзім ішінде кәсіби шеберлікке қол жеткізуге ықпалын тигізеді. Төртіншіден, сот қызметіне бейімділік осы қызметтің нәтижелі болуына, судьялардың өзінің қызметіне деген негізді қызығушылықты, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға қолайлы жағдай туғызады. Үнемі еңбек үстінде болу, аянбай іздену арқылы ғана шығармашылық қызметті жүзеге асыруға қажетті қабілеттілік қалыптасатынын естен шығармау керек.

Судьялардың кәсіби шеберлікке қол жеткізуі белгілі бір дәрежеде оның өз қызметін жүзеге асыруына қаншалықты қажетті қабілеті бар екендігімен анықталады. Қабілеттілік ұғымы нақты қасиеттер жүйесі мен оны меңгерген адамның жүзеге асыруымен сипатталады. Бұл жеке-психологиялық қасиеттер жүйесі (қызметтің көптеген түріне қолданылатын) осы қасиеттің қызмет көрсететін жерінде қолданылатын қызметке байланысты ашылуы мүмкін. Бұл жерде жеке-психологиялық қасиеттердің өздері де ішінде бір-бірімен өзара қатынастағы қасиеттерге бөлінетін күрделі құрылымға ие болатынын ескеру қажет. Бұл құрылымдарды ашу жоғарырақ деңгейдегі міндет болып табылады, себебі ол үшін адам сипатының құрылымын немесе құрылысын анықтап, олардағы негізгі компоненттерді немесе қасиеттерді ашып көрсету керек және олардың күрделі және өзара әрекеттес қарым-қатынастарының негізделген және өзіне тән қасиеттерін анықтау керек.

  1. Біз, судья құзыретінің құрылымы негізінде, қызмет түрлерін нәтижелі орындауға мүмкіндік жасайтын, судьяның өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті және басқаларға қарағанда артығырақ көрінетін қолайлы деген қасиеттерін анықтауға тырыстық.

Судьялардың тұлғалық қасиеттерінің пайда болуына олардың жоғары дүниетанушылық деңгейі, саяси сауаттылығы, құқықтық сана-сезімінің дамуы, моральдық жоғары қасиеттері, этикалық көзқарасының деңгейі (ар-ожданы) басты әсер етеді. Бұл қасиеттер судьяның моральдық-саяси сипаттамасын, оның идеялық және адамгершіліктік келбетін құрайды. Олар белгілі бір дәрежеде судья тұлғасының өзге де сапалары мен қасиеттерін қалыптастырады және оның негізгі қызметінің құрылымына енетін кез келген қызмет түрлері үшін маңызды болып саналады. Сот  пен судьялардың тәрбиелік қызметтерді жүзеге асыруларына байланысты бұл қасиеттердің маңызы ерекше зор.

  1. Ғылыми зеттеу жұмысы бойынша қажетті заңнамалар мен ғылыми әдебиеттерді талдап зерделеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңға кейбір толықтырулар мен өзгертулер керектігін дәлелдік. Олар:

— сот пен судьяға деген ашықта, айқын құрметтемеушілік  үшін жалпы жауапкершілікті, белгілі жағдайда қылмыстық жауапкершілікке, тартылатындығы жөнінде осы Конституциялық Заңда көрсету қажеттілігі;

— судьяға қойылатын талаптарды судьяның берген антына беріктігі туралы; қызметіне адалдығы мен әділдігі жөнінде; сыбайлас жемқорлықтың қандай да болмасын түрлеріне төтеп беретіндігі туралы толықтырулар енгізу;

— судьялыққа үміткерлерге қойылатын талатарды кеңейтіп  мамандандырылған магистратура бітірген, 30 жастан асқан, мемлекеттік тілді меңгергендігі жөніндегі талаптарды қосу қажеттігі;

— сот қызметінің күрделілігі мен ауырлығын, судьяның қоғамдағы рөлін ескеріп судьялыққа талапкерлерге сот жұмысына жарамдылығы жөнінде дәрігерлік куәландыру қажеттігі жөнінде толықтыру енгізу керектігі;

— қызмет істеп жүрген судьялардың кәсіби шеберлігін сараптап,  қызметіне жарамдылығын айқындап, тиісті жағдайда кәсіби жарамсыздығына байланысты судьяны қызметінен босату туралы ұсыныс жасайтын орган құру қажеттілігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  • Халиков К.Х. Судебная власть на переходном этапе развития государства // Тураби. – 2001. – № 3. – С. 108-128.
  • Мәми Қ. Ә. Қазақстандағы сот реформасының даму кезеңдері. — Астана, 2003. – 259 б.
  • Назарбаев Н.А. Правосудие – это справедливость. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на III съезде судей РК // Юридическая газета. – 2001. – 11 июня.
  • Құқық қорғау органдары: Заң актілерінің жиынтығы // Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы. 2000 жыл 25 желтоқсан. – Алматы: Юрист, 2003. – 3-19 бб.
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамыз. — Алматы, 2006. – 31 б.
  • Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 2005. – 48 б.
  • Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы (негізгі бағыттар): Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 ақпандағы № 1569 қаулысымен бекітілген. – Алматы, 1994. — 21 б.
  • Халиқов К. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. – Алматы, 1995. – 173 б.
  • Халиков К.Х., Серімов Е.Е. Сот шешендігі. Оқу құралы. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2006. – 218 б.
  • Мами К. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. – Астана: Елорда, 2001. – 352 с.
  • Мами К.А., Омарханов К.А. Комментарий к Конституционному закону Республики Казахстан «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан». – Астана, 2003. – 468 с.
  • Мами К.А. Конституционная законность и судебная власть в Республике Казахстан: Основные тенденции и приоритеты. – М.: Наука, – 310с.
  • Настольная книга судьи. Аторский коллектив. – М.: Юридическая литература, – 741 с.
  • Судоустройство и правоохранительные органы в российской Федерации: Учебник / отв. ред. В.И. Шевцов. – М.: Проспект, – 352 с.
  • Мурадьян Э.М. Истина как проблема судебного права. – М.: Былина, – 287 с.
  • Лебедев В.М. Судебная защита свободы и личной неприкосновенности граждан на предварительном следствии: Учебное пособие. – М., 2001. – 159 с.
  • Лебедев В.М. Становление и развитие судебной власти в Российской Федерации. – М., 2000. – 368с.
  • Этика судьи: Пособие для судей / науч. ред. Н.В. Радутная. – М., 2002. – 211 с.
  • Становление судебной власти в обновляющейся России / отв. ред. Б.Н. Топронин. – М., 1997. – 56 с.
  • Воскобитова Л.А. Сущностные характеристики судебной власти. – Ставрополь, 2003. – 160 с.
  • Правоохранительны органы Российской Федерации / под ред. В.П. Божьева. – М.: Спарк, 2002. – 400 с.
  • Халдеев Л.С. Судья в уголовном процессе: Практическое пособие. – М.: Юрайт, 2000. – 210 с.
  • Научно-практический  ккомментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Российской Федерации / под ред. В.М. Лебедева. – М.: Спарк, – 1007 с.
  • Комментарий к уголовно-процессуальному кодексу Российской Федерации / отв. ред. И.Л. Петрухин. – М.: Проспект, – 1032 с.
  • Уголовный процесс / под ред. В.П. Божьева. – М.: Спарк, 2002. – 704 с.
  • Смирнов А.В., Калиновский К.Б. Уголовный процесс. – М.: Питер, 2005. – 699 с.
  • Сәбікенов С.Н. Салыстырмалы мемлекеттік құқық: Оқулық. – Алматы: Өркениет, 2000. – 408 б.
  • Куликов В.В. Советские судыдетище Октября, воплощение ленинских идей о правосудии // Советское государство и право. – 1967. – № 11. – С. 211.
  • Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. – М., 1968. – Т 1. – 470 с.
  • Строгович М.С. Демократические основы советского социалистического правосудия.М., 1965. – 256 с.
  • Добровольская Т.Н. Народный судосновное звено судебной системы СССР. М., 1956. – 129 с.
  • Рахунов Р.Д. Роль В.И. Ленина в создании и организации советского суда // В сб.: В.И. Ленин о законности и правосудии. – М., 1970. – С. 5-29.
  • Дьяченко М.С. Первые декреты о суде. – М., 1957. – С. 241.
  • Кожевников М.В. История советского суда. – М., 1957. – С. 431.   
  • Строгович М.С. Демократические основы правосудия // Еженедельник советской юстиции. — 1927. — № 346.
  • Сапаргалиев М.С. Организация советского суда в Казахстане (октябрь 1917-июль 1918). – Алма-Ата, 1954. – 113 с.
  • Сапаргалиев М.С. История народных судов Казахстана (1917-1965). Алма-Ата, 19 – 448 с.
  • Сапаргалиев М.С. Возникновение и развитие судебной системы советского Казахстана (1917-1967). – Алма-Ата, 1971. – 416 с.
  • История государства и права Советского Казахстана (1917-1925) / под ред. академика С.З. Зиманова, профессора М.А. Биндера. Алма-Ата, 1961. – Т 1. – 395 с.
  • История государства и права Советского Казахстана (1926-1937) / под ред. академика С.З. Зиманова, профессора М.А. Биндера. — Алма-Ата, 1963. – Т 2. – 398 с.
  • История государства и права Советского Казахстана (1938-1958) / под ред. академика С.З. Зиманова, профессора М.А. Биндера. Алма-Ата, 1965. – Т 3. – 318 с.
  • Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. М., 1941. – 120 с.
  • Сборник нормативных актов и инструктивных материалов к изучению курса: Организация суда и прокуратуры в СССР. М., 1965. – 139 с.
  • Назарбаев Н. Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. — 2003. – 4 көкек.
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы, 2003. – 208 б.
  • Алексеев А.А. Социальная ценность права в социалистическом обществе. М.: Юридическая литература, – 223 с.
  • Шарипов Ш. Судьяның тәуелсізідігі: Оқу құралы. – Алматы: Данекер, 2003. – 207 б.
  • Ларин А.М. Коренным образом изменить подготовку следователей // Социалистическая законность. – 1965. – № 2. – С. 59-78.
  • Морщакова Т.Г., Петрухин И.Л. Социологические аспекты изучения эффективности правосудия // Право и социология. – М., 1973. – С. 253-269.
  • Петрухин И.Л. Батуров Г.П., Морщакова Т.Г. Теоретические основы эффективности правосудия // Право и социология. – М., 1979. – С. 375-394.
  • Радутная Н.В. Народный судья: профессиональное мастерство и подготовка. – М., 1977. – 143 с.
  • Кудрявцев В.Н. Правовое поведение: норма и патология. – М., 1982. – 150 с.
  • Банин В.А. Структура предмета доказывания в советском уголовном процессе. – Уфа, 1976. – 261 с.
  • Банин В.А. Предмет доказывания в советском уголовном процессе. –Воронеж, 1978 – 382 с.
  • Банин В.А. Предмет доказывания в советском уголовном процессе. –Саратов, — 327 с.
  • Горский Г.Д., Кокорев Л.Д., Элькинд П.С. Проблема доказательств в советском уголовном процессе. – Воронеж, – 197 с.
  • Ларин А.М. Проблемы расследования в советском уголовном процессе: автореф. дис…д-ра юрид. наук. – М., 1970. – 38 с.
  • Гиндеев П. Философия и социальное познание. – М., 1977. – 389 с.
  • Добровольская Т.Н. Советское правосудие развитого социалистического общества. — М., 1965. – 351 с.
  • Мельников А.А. Понятие и содержание правосудия. Осуществление правосудие только судом // Конституционные основы правосудия в СССР. — М., 1981. – С.150.
  • Бойков А.Д. Сущность социалистического правосудия и его виды // Вопросы борьбы с преступностью. – М., 1982. – Вып. 34. – С. 144.
  • Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в Республике Казахстан (теоретические и уголовно-процессуальные исследование): дис…д-ра юрид. наук. – Алматы, 1998. – 323 с.
  • Керимов Д.А. Право, правосознание, мировоззрения // Советское государство и право. – 1975. – № 7. – С.166.
  • Керимов Д.А. Соотношение теоретической и практической деятельности в процессе познание права // Советское государство и право. – 19 – № 3. – С. 167.
  • Парыгин Б.Д. Основы социально-психологической теории. – М., 1974. –395 с.
  • Назаренко Е.В. Социалистическое правосознание и советское правотворчество. – Киев, 1968. – 301 с.
  • Лукашева Е.А. Социалистическое правосознание и законность. — М., 1973. – 239 с.
  • Чефранов В.А. Правовое сознание как разновидность социального отражения. — Киев, 1976. – 256 с.
  • Остроумов Г.С. Правовое осознание действительности. — М., 1973. – 346 с.
  • Потопейко Д.А. Правосознание как особое общественное явление. — Киев, 1970. – 229 с.
  • Козюбра Н.И. Социалистическое правосознание. Диалектика формирования и развития. – Ярославль, 1979. – 115 с.
  • Сапун В.А. Социалистическое правосознание и реализация советского права. – Владивосток, 1984. – 136 с.
  • Алексеев С.С. Общая теория права. – М., 1981. – Т – 321 с.
  • Ратинов А.Р. Структура и функции правового сознания // Проблемы социологии права. – Вильнюс, 1970. – Вып. 1. – С. 95.
  • Сабо И. Основы теории права. – М., 1974. – 231 с.
  • Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификация преступлений. — М., 1972. – 352 с.
  • Платонов К.К. Проблемы способностей. – М., 1972. – 218 с.
  • Теория доказательств в советском уголовном процессе. – М., 1973. – 735 с.
  • Дубинский А.Я. Исполнение процессуальных решений следователя. Правовые и организационные проблемы. – Киев, 1984. – 131 с.
  • Строгович М.С. Проверка законности и обоснованнсти судебных приговоров. – М., 1956. – 189 с.
  • Яковлев А.М. Принципы социальной справедливости и основания уголовной ответственности // Сов. государство и право. – 1982. – №3. – С. 167.
  • Давыдов П.М. Обвинение в советском уголовном процессе. — Свердловск, 1984. – 158 с.
  • Советский уголовный процесс / под ред. В.П. Нажимова, В.П. Резепова. – М., 1980. – 568 с.
  • Ткачевский Ю.М. Давность в советском уголовном праве. – М., 1978. –213 с.
  • Гальперин И.М. Взаимодействие государственных органов и общественности по борьбе с преступностью. – М., 1973. – 238 с.
  • Перлов И.Д. Исполнение приговора в советском уголовном процессе. –М., 1963. – 202 с.
  • Стецовский Ю.И. Уголовно-процессуальная деятельность адвоката. – М., 1982. – 303 с.
  • Мотовиловкер Я.О. О сущности, гарантийном значении и пределах действия презумпции невиновнсти в советском уголовном процессе // Проблемы советского законодательства об охране прав граждан в сфере борьбы с преступностью. – Ярославль, 1984. – С. 121.
  • Строгович М.С. Судебная этика. – М., 1983. – 408 с.
  • Мотовиловкер Я.О. Мотивировка судом правильности применения законов // Правоведение. – М., 1984. – № 3. – С.140-158.
  • Резник Г.М. Внутреннее убеждение при оценке доказательств. – М., 1977. – 143 с.
  • Строгович М.С. Материальная истина и судебные доказательства в советском уголовном процессе. – М., 1955. – 276 с.
  • Бажанов М.И. Назначение наказания по советскому уголовному праву. –Киев, 1980. – 238 с.
  • Ной И.С. Сущность и функции уголовного наказания в Советском государстве (политико-юридическое исследование). – Саратов, 1973. – 219 с.
  • Кругликов Л.Л. Смягчающие обстоятельства в советском уголовном праве. – Ярославль, 1977. – 175 с.
  • Якуб М.Л. Демократические основы советского уголовно-процессуального права // Правоведение. – М., 1960. – С. 142-151.
  • Томин В.Т. Понятие цели советского уголовного процесса // Правоведение. – М., 1969. – № 4. – С. 141-162.
  • Оганесян Р.М. Оправдательный приговор в советском уголовном процессе. – Ереван, 1972. – 211 с.
  • Пастухов М.И. Оправдание подсудимого. – Минск, 1985. – 197 с.
  • Строгович М.С. Об оправдании ввиду необходимости участия подсудимого в совершении преступления // Правоведение. – М., 1983. – № 5. – С. 145-162.
  • Фаткуллин Ф.Н. Обвинение и судебный приговор. – Казань, 1964. – 389 с.
  • Давыдов П.М. Обвинительный приговор-основная форма реализации уголовной ответственности. – Свердловск, 1972. – 216 с.
  • Скворцов Н.Ф. Оправдание за неустановлением события преступления // Советская юстиция. – М., 1970. – № 10. – С. 96-123.
  • Мотовиловкер Я.О. Основной вопрос уголовного дела (вопросы факта и права). – Воронеж, 1984. – 117 с.
  • Стойко Н.Г. Недоказанность обстоятельств уголовного дела. –Красноярск, 1974. – 137 с.
  • Строгович М.С. Право обвиняемого на защиту и презумпция невиновности. – М., 1984. – 143 с.

107 Либус И.А. Презумпция невиновности в советском уголовном процессе. –  Ташкент, 1981. – 273 с.