АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс.Сұлтанбек Қожанұлы мемлекет және қоғам қайраткері

 

«Қазақстан тарихы және География» кафедрасы

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ.

Тақырыбы: Сұлтанбек Қожанұлы мемлекет және
қоғам қайраткері

 

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………03

1. Тарау. С. Қожановтың өмір жолы……………………………………….. 08

1.1. Сұлтанбек Қожановтың балалық шағы……………………………..08
1.2. С. Қожановтың шығармашылығы…………………………………………22

2. Тарау. Сұлтанбек Қожанов мемлекет және қоғам қайраткері….26

2.1. С. Қожанов жауапты қызметтерде………………………………………..26
2.2. Мәскеуде «Қожановшылдық» қайдан туды? ………………………..40
2.3. С. Қожановқа тағылған жалған жала…………………………………….43

Қорытынды…………………………………………………………………………………….45

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………….48

Кіріспе

Бұдан жарты ғасыр бұрын ілеріде заңсыз жапа шеккендер есімі халыққа қайтарылып, қайта құрудың әділетті аясында тиісті қадір – құрметке бөленіп жатқан қазіргі шақта оқырман назарын сондай ықыласқа лайық мына тұлғаға аударуды парызым санап бітіру жұмысымның тақырыбы етіп алдым.
Бітіру жұмысымның көкейтестілігі 1937 жылғы Сталиндік зұлматтың құрбаны , жазықсыз жазаланған көрнекті мемлекет қайраткері , публицист С. Қожановтың өмірбаяны, қоғамдық қызметі , еліне сіңірген еңбегі.
Менің бітіру жұмысым кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Бітіру жұмысымды С. Қожановтың сол кездегі кеңес өкіметінің көсемі В.И.Ленинмен және 1937жылғы Сталиндік зұлматтың құрбаны, жазықсыз жазаланған көрнекті мемлекет қайраткері, публицист Сұлтанбек Қожанұлының (1894-1938) өмір баяны, қоғамдық қызметі, еліне сіңірген еңбегі баян етілді. Оның В.И.Ленинмен кездесуі, В.В.Куйбышевпен, С.М.Кировпен, И.В.Сталинмен жүздесіп, әріптес болуы, сондай-ақ халқымыздың аяулы ұлдары Т.Рысқұлұлы, Н.Төреқұлұлы, М.Жұмабайұлы, тағы басқалармен қоян-қолтық араласа еңбек етуі баяндалды.
Бітіру жұмысымның негізгі мақсаты мен міндеттері мемлекет және қоғам қайраткері С.Қожановты хлқымызғ паш ету.
Ақталғанына отыз жылдан асқанымен, не Қазақ Совет Энциклопедиясынан, не басқа анықтамалықтардан С.Қожанов туралы ешқандай өмірбаяндық дерк таба алмайсыз. Таңқаларлық жәйт. Өйткені ол ревалюция тудырған айшықты тұлғалар қатарындғы қйраткер. Ендеше оның сонша ұмыт қалдырылуы қалай? Абайлап қарасақ, мәселе оның Қакзақстан партия ұйымы тарихындғы 20жылдардың алғашқы жартысынд қылаң беріп, белсенділер тақпыртымен дабырайған «шылдық-шілдіктердің» бірімен таңбаланғнында екен.
«Тұтқындалғанға дейін (1937 жылғы 16 июль) Советтік бақылау комиссиясының Өзбекістан бойынша өкілінің орынбасары болып істеген Сұлтанбек Қожанұлы Қожановты айыптау жөніндегі істі СССР жоғарғы сотының әскери коллегиясы 1957 жылдың 5 июльінде қайта қарады, — делінген онда. — Әскери коллегияның Сұлтанбек Қожанұлы Қожановқа қатысты 1938 жылғы 8 февральдағы үкімі жаңадан ашылған жағдайларға байланысты қайтып алынып, қылмыс құрамы болмағандықтан іс тоқтатылды. Сұлтанбек Қожанов қайтыс болған соң ақталды.
Қазіргі Шымкент облысы, Созақ ауданындағы Ақсүмбе деген жерде 1894 жылы туған Сұлтанбектің қысқа ғана балалық шағы сол Қаратау баурайында, шаруасы жартымсыз, сіңірі шыққан кедей малшы болған әкесі Қожан Қоңқанұлының қолында өседі. Көп балалы қойшы Қожанның ұлдарының үлкені Сұлтанбек екен. Патша үкіметі өзінің отардағы ісіне септесер болашақ қолшоқпарларын тәрбиелеу мқсаты мен орыс-тузем мектептерін ашып, оқытатын балаларды әр болыстан жинауға кіріскенде, ауқаттылар «тұқымын шоқындырып алудан» қорғаншақтағандықтан, жеребе «бір қора ұл-қызы бар кедей – кепшек Қожанның бақташы болып жүрген еті тірі, пысық жеткіншегі – Сұлтанбегіне түседі. Осындай жағдаймен он бір жасар баланың тұрмыс салтына өзгеріс енеді — әкесі оны Түркістанға әкеліп, танысының үйіне орналастырады. Мұнда ол бір ауыз орысша сөз білместен орыс-түзем мектебінің партасына отырады әрі күнкөріс талабына орай етікшінің жәрдемшісі ретінде жұмыс істей бастайды.
Зирек бала орысшаға тез түсініп, төрт кластық бастауыш орыс-түзем мектебін ойдағыдай аяқтайды да үш кластық қалалық училищені бітірген соң, білім қуып Ташкентке келеді. Ізденімпаз жас өспірім Сұлтанбек сондағы мұғалімдер семинариясына түсуге талпынады, ол Түркістан уезінің түземдіктері үшін төрт орын бөлінгені Алдын ала біліп алғантын. Алайда тым жүдеу киінген жарлы баланы бұл оқу орны маңайлатқысы да келмейді. Тек өзінің ұстазы, Түркістан қазақтары арасында Ұзын сақал атанып кеткен орыс тілінің мұғалімі Иван Михайлович Яковлевтің араласуымен ғана кокурс бойынша қабылдау емтиханын тапсыруға рұқсат алады. Сынақтардан мүдірмей өтеді. Семинарияда оқыған жылдарында Сұлтанбек жалпы білімін көтеру мен қатар қоғамдық озық ой пікірлері мен таныса бастайды, мұғалімдердің астыртын ұйымдарының жүргізген жұмыстарына қатысады. Өзі оқып жүрген мұғалімдер семинариясында 1915жылы «Кеңес» атты жасырын үйірме ұйымдастырады. Оқуды 1916 жылы мақтау грамотасымен тамамдайдыда Әндіжан өзіндегі орыс-түзем мектебінің мұғалімі болып тағайындалады. Онд бір жыл істейді, сосын туған жеріне оралып, ауыл метептернде бала оқытуға кіріседі. Қожановтың белсенді саяси жұмысқа саясижұмысқа біржола ден қоюын февраль ревалюциясы мүмкін етті. Ол Ташкентке барып, мұғалімдер институтында тыңдаушы бола жүре, буырқанған саясат жолдарынан өз бағытын адастырмас дұрыс жолды табуға тырыстырды ал ол кездегі жағдай нүрделі болатын. Патша тақтан құлаған сәтте туындаған саяси мүмкіндіктерді ең алдымен ұлттық буржуазия мен оған іркес-тіркес жүрген интилегенция тобы пайдаланып қалуға ұмтылды бұл топ өлкенің Европа капиталымен тығыз байланысқан түрде капиталистік жолмен дамуын қолдайтын олар уақытша өкіметтің Түркістандағы сенімді тірегіне айналды. Тағы бір шапшаң ұйымдасқан топ – мешіт үстемдігін орнатуға тырысқан мұсылман дін басылары еді. Олардың «Улема» атты ұйымы өлкені шариғат негізінде басқару үшін уақытша үкіметтің алдына федероация болу талабын қойды. Буржуазиялық ұлт интелегенциясын «орыстарға беріліп, шариғатты мойындамағандығы» мешіттен аллыстатады. Ал еңбекші бұхара негізінен осы екі топтың соңынан шұбыратындай сыңайда-тын, сондықтан да оларды ревалюцияшыл өз ұйымдарына біріктірудің, сөйтіп орыс пролетариятына жақындастырудың маңызы зор болды. Бұл орайда жергілікті халық арасынан шыққан ревалюцианерлердің кең көлемде үгіт насихат, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізгені белгілі. Сұлтанбек те батыл түрде сол жолды ұстанды. Жоғары да аталған «костры» журналының мағұлыматына қарағанда – Қожанов «февраль ревалюциясы күндерінен бастап киргиз газетінің редакторлары газет улемистермен, олардың ұйымы ресми жойылған сәтке дейін, күшейе түскен күрес жүргізді.
Түркістан халықтары еңбекші бұхарасының тілегі ревалюцияшыл пролетарият қозғалысы мен үндесіп жтқанын сол кездегі кейбір басшы қайраткерлер ұлы октябрь жеңісінен кеінде түсіне қоймады. Мәселен 1917 жылғы 19 ноябрьде Ташкентте өткен советтердің үшінші съезінде комфранция мынадай декларация қабылдады: «Қазірг уақытта өлкенің жоғары ревалюциялық өкіметіне мұсылмандарды енгізу тиімсіз болып табылады, өйткені солдат жұмысшы және рестиян советі өкіметіне түземдік халықтың көз — қарасында ешқандай айқындық жоқ, әрі түземдік халықтың көз-қарасында ешқандай айқынды өлкелік өкімет органдарында өкілділігі болуын франция құп аларлықтай, таптық пролетр ұйывдары жоқ». Езілген халықтардың күллі ревалюцияшыл элементтерін баурап алып , басқаруға тиіс пролетар партиясының өкілдері трапынан жергілікті халыққа мұндай сенімсіздік көрсетілуі ортақ іске көп залалын тигізді. Оның басты себептерінің бірі — әсерлер ықпалының сол тұста зор болғандығында жатыр еді. Ескі отаршылдық көзқрастан арыла алмаған ондай қайраткерлер жергілікті халықтың аштыққа ұрынуы да көз жұмып қарады. Сол шақта теріс пиғылдары мен жанаямас күреске түскен Тұрар Рысқұловтың қатарында Сұлтанбек Қожановта болды. Тұрар өлкедегі аштыққа қарсы күрес комиссиясын басқарып Сұлтанбек 1918 жылдың көктемінде омиссия тапсырысымен Түркістан уезіне аттанды. Мұнда ол жергілікті капиталистер мен байлардан азық-түлік, киіз үй жинап, Созақ, Түркістан, Жаңақорған, тағы басқа елді мекендерде ашыққан адамдарды тамақтандыратын пунктер ашуды ұйымдастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Тарау. С. Қожановтың өмір жолы

1.1 С. Қожановтың балалық шағы.

Ақсүмбе – жер аты. Әйгілі Қаратаудың қарасүйер тұсы. Осы өлкенің жер жағдайымен жете таныс кісі болмаса, Ақсүмбені екінің бірі біле беруі екіталай.
Қарт Қаратаудың қойнауында туып, балалық, жастық шағымыз сонда өтсе де атағы жер жарған Ақсүмбе трихына, Ақсүмбе шежіресіне пәлендей зейін қойып, зердеге түймегеімізге кейінірек өкнгеніміз бар. Шындыққа жүгінер болсақ, бұл Қаратаудың қай қойнауы шежіре емес дейсіз. Не көп – атау көп. Не көп – тарихи орын көп. Келіншектау, Талдысу, Ынтымақ, Ботасоқты, Наридірген, Тастүскен, Тоқтамыс, Қатынқамал, Сопасыздың сазы… Осылайша кете береді, кете береді. Ал, осы атаулардың әрқайсысына зейін сала қарап, тарихына үңілсеңіз – тұнған сыр. Тыңдаңыз да жаза беріңіз. Тек тыңдайтын құлақ керек.
Бір жылдары қазақтың белгілі ақыны Асқар тоқмағанбетов осы Қаратаудың кең құшағындағы ең бір шұрайлы жерде демалғаны бар. Табиғатына тарихы, тарихына табиғаты сай тау қойнауында жатып ерекше әсерленген арқалы ақын Асекең жанындағы суырып салма ақын, бертінде республикамыздың халық ақыны болған Манап Көкеновке бұрылып былай деп сауал қойыпты:

Ақын ең Қаратауда туып өскен,
Сағымын арман етіп қуып өскен.
Қиялдың көк дауылын қамшы қылып
Бұрқанып төбесіне бұлт көшкен.
Ақын ең жас та болсаң көрген көпті,
Тауың бар «Қарны жарық», «Ботасоқты».
Отырмын соның жайын сұрағалы,
Қалай сол ел аузында аңыз болыпты.

Сонда ауыз екі сөзге дес бермеген Манап ағамыз дереу жауабын бере қойған екен:

Бұл таудың аңызы да, жыры да көп,
Тылсымды, терең жатқан сыры да көп.
Барлығын баяндасақ бастан – аяқ
Таусылмас шығар шыңы, құзы да көп.
Жолбарыс таудың ішін еткен мекен,
Бір нардың ботасын мрет еткен екен.
«Ботасоқты» деп елде аңыз қалып,
Аталып бұл тау сонан кеткен екен.
Жаралы бота қашып, арып – ашып,
Жығылғанда тас тілген қарнын жарып.
Жазықсыз жас ботаны есіркеп ел,
Содан бастап атаған «Қарны жарық».

Жер тарихи, ел тарихы жайлы ой толғаған ол екеуінің айтысы Қаратаудың қатпар – қатпар жыр жолына түсірген асыл қазына болып қалды.
Айтыс А. Тоқмағанбетовтың де, М. Көкеновтың де кезекті жыр жинақтарында жарияланды. Мұнда көптеген тарихи атаулар жыр кестесіне түсірілсе де, не себептен еені белгісіз, Ақсүмбе туралы сөз айтылмапты. Ақсүмбе жайлы білетініміз мынау тектес аңыз әңгіме ғана: Ақсүмбе – кісі аты деседі. Ертеде осы ймақта атағы жер жарған, елінің қамын ойлаған Ақсүмбе есімді батыр болған дейді. Ақсүмбе батыр қайратымен де, айбынымен де, ақыл – парасатымен де, көзге түсе біліпті. Ол жерінің де, елінің де қорғаны болыпты. Ауылының айбаты болыпты. Сонысына тәнті болған халқы осы аймаққа Ақсүмбе деген ат беріпті…
Ал, расына келсек, Ақсүмбе жайлы аңыз көп. Әңгіме де жетерлік. Дегенде тегін кісі болмағандығы айқын. Болмаса ел жүрегінен берік орын теуіп қалу екінің бірінің пешенесіне жазылған ба…
Ал, енді біреулер Ақсүмбе кісінің аты емес, сол атағы жер жарған жаужүрек батырдың астына мінген сенімді серігі – тұлпардың аты екен деседі. Кім біледі, ода рас шығар.
Ия, сөзді ілгері сабақталық.
Осы Ақсүмбе аталатын кішкене ауылдың түтіні түтеп, оты жанғалы бері де не ықылым заман өтпеді дейсіз. Ақсүмбе Ақсүмбе болғалы талай бұлақ ағып – ағып, сарқылды. Талай – талай есіл ерлер еңіреп жүріп көз жұмды. Татих доңғалағы тоқтаған ба.
Ауыл – сол ауыл.
Төбесінен төне қараған көне Қаратау – сол Қаратау. Тек ұрпақтар алмасуда. Адамдар жаңаруда.
Ақсүмбені ежелден мекен еткен халық қоңыраттарды. Қоңырат руының божбан атасы, оның ішінде – жәукімдер еді. Сол жәукім атаның ұрпақтары қай кезде де билікке таласпаған, кісіге қиянат жасауды білмеген, момын ел – ді. Момын елдің де бір басшысы болады ғой.
20 ғасырдың бас кезінде Ақсүмбенің датқасы – Сапарбай Мырзабайұлы еді. Сапарбай – көзі ашық, көкірегі ояу азамат. Датқа деген атқа масайрамайда қалмайтын. Кей – кейде ауылды азан – қазан етіп, елдің берекесін алып, Түркістанның қала бегінің барлығын жария ететін. Түркістанның қала бегі – Бектұрсын мүледе ат ізін салмайтын. Алда – жалда келе қалса, оның қошеметі зор болатын.
Сол Сапарбай датқа бір күні түйеден түскендей етіп, жарлық қылды.
— уа, халайық, мен сендерге Бектұрсын бегіміздің жарлығын жеткізгелі тұрмын. Біздің Ақсүмбеден биылғы жылы Түркістанға екі бала оқуға бару керек. Жібермесек, айып төлейміз, — деді.
Ел үрпейісіп – үрпейісіп, үрейленіп қалды. Бұған дейін оқу білім дегеніміз ой тұрмақ, түсіне кірп шықпайтын, өзінің бұйығы тірлігіне разы аыуыл адамдарына мына жарлық тікенектей қадалғаны.
— Ау, неге үндемейсіңдер? Айтсаңдаршы, кімді жібереміз… – Сапарбай дікектеп тұр.
Бір тұстан ауыл ақсақалы Қоңқаң бой көрсеткен.
-Е, қарағам… – деді ол кісі даусын кеней сөйлеп.- Сенің әкең Мырзабайды білуші едік. Мырзабай бүкіл әулеттің қамын жеп, ешкімге есемізді жібермеген еді. Сен болсаң ақсақалдарға ақыл сала сөйлеп, кеңесе отырып келісімге келу орнына жан алқымға аласың келіп. Осының орынсыздау ғой…
Көптің ортасынан біреу күңк етті. « Көп сөйлеп, көсемсей бергенше, балаларыңның басы бар, біреуін жібермей ме оқуға» дегенін құлағы шалып қалды.
Е, несі бар – деді Қоңқаң ақсақал жұлып алғандай. – Айтсам, ел бірлігін, ағайын татулығын сөз қылдым. Марқұм Мырзакеңнің ризалық сөзін айттым. Бала шағаның басы бар екені рас. Берсек береміз де. Мына тұрған Түркістанға оқуға жіберу сұмдықтың үлкені ме екен…
Сол күні Қоңқаң шалдың немересі, ескіше хат танып қалған зерек ұл – Сұлтанбек оқуға баратын екеудің бірі болып жазылды.
Сұлтанбек ол екзде небәрі 11-12 жастағы бала болатын. Кішкентай ғана Ақсүмбе ауылынан басқа жаққа ұзап шыға қоймапты. Алыс – алыстағы үлкен қалаларды былай қойғанның өзінде мынау тұрған Түркістанға да бір рет барып қайтуды тағдыр маңдайға жазбапты. Әйтеуір сырттай атына қанық. Түркістанды атақты Қожа Ахмет Яссауи күмбезі бар екенін біледі. Ол жайлы ауылдың Ақсақал қарасақалдары әр бас қосуда әңгіме қылысатын.
— Шіркін, біздің Ахмет Ясауи күмбезіне не жетсін. Меккеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет деп неге айтады дейсіз. Мекке – Мәдениеге қолы жетпегендер Ахмет Ясауиге келіп жығылсада қажы болып қайтады, — деп ауыз ашарларда, той – томалақтарда бастары біріккен шал-шауқандар құж-құж әңгіме шертетін.
Мұның бәрі жас Сұлтанбектің кеудесінде сайрап тұр.
«Әттең» деп арман ететін сондайда. Түркістанға барып, Ясауи күмбезін көріп қайтар ма еді. Үлен адамдар сықылды мінажат қылсам, мен де қажы болып қайтар ма еді, қайтер ем…
Осындай балаң ойын бір жолы атсы Қоңқаққа айтқанды, ана кісі мырс етіп күліп жібергені бар.
— Неге күлесіз, мен шын айтып тұрсам… – деп Сұлтанбек бұртыйа қалған.
Атасы айтты:
— Қарағым, сен әлі кішкентайсың. Қажы болу үшін әуелі пірге жығылу керек, бес уақытылы намазды жібермеу қаза керек.
Сұлтанбек әңгімеге одан бетер ынтаға түскен.
— Ал, сонда пірге жығылу деген не? Ол көзге көрінбейтін адам ба?
— Жо-қ – деді Қоңқаң пір деген өзіміз секлді кісілер ғой. Айталық осы аймақта аты шыққан тәуір молдалар, ишандар, қажылар болса, соның бәрі бір құдайға құлшылық еткен кісі өзіне пір етеді. Соған пірге жығылады. Соның алдында бұдан былайғы жерде боқтық сөз айтпасқа, өтірік сөйлемеске, ұрлық жасамасқа, кісіге қианат жасамасқа ант етеді. Ал, егер кейінгі уақытта, сол айтқнын орындамай, шартты бұзса, пірі оны құдай алдына күнаһар пенде деп жазуға мүдделі.
— Ә-ә, — деді Сұлтанбек енді түсінгендей ыңғай танытып. Сонан соң кенет жұлып алғандай:
-Ата, сіздің піріңіз бар ма? Деген.
— Е, балам, ол ойда бар іс. Күні кешеге дейін тірлік дедік, бала-шаға дедік. Анау дедік, мынау дедік. Бірде артық бірде кем сөйлеп жаттық. Енді о дүниені де ойлайтын уақыт жетті. Бұл жұмыр басты пенденің бір жаратушы алдында күнәсіз жетерлік қой. Қайдам, кешірсе жақсы… – деп әлденені ойлап, маңдайын тайанды.
Қай кезде де сезім тал, зергек бала атасын біртүрлі аяп кеткен. Соданда оның көңілін аулағысы келіп:
Ата, сіз әлі-ақ қажы боласыз, әлі көп жыл өмір сүресіз, — деді. Қоңқақ сол кезде басын көтеріп немересін емірене иіскеді.
Бала көңіл осыған мәз болды.
Сұлтанбек атасын кішкене күнінен жақсы көріп өсті. Ол қыстың ұзақ кештерінде барлық немерелерін жанына жинап алып, қызық-қызық ертегілер, хиссалар айтатын. Оның біреуінен екіншісі қызық. Дала үскірік аяз сіреп тұрған кезде атасының күпісіне оранып отырып, маздап жанған ошақтың түбінде қоңыр көлеңкеде ертегі тыңдаған қандай ғанибет. Аңыз – хиссалар бала көңілін қияларға алып ұшатын. Арманға берілетін. Ертегідегі батырлар секілді күні ертең елінің, жернің қамқоры, жанашыры болсам деп қиял кемесінде тербелетін.
Осы атасы Қоңқаң болмаса мұнда бала көңілін аулайтын да адам жоқ екен. Өз әкесі Қожанбайдың қойын бағады. Таңала көбеннен қара кешке дейін үй бетін көрмейді шешесі де жұмыс басты. Тамақ әзірлейді. Кір жуады. Киіз басады. Әйтеуір таусылмайтын шаруа.
Бала күнінде шешесінің жанына барып отыратын. Сондайда ойлайтын: «Бұл недеген көп кір? Тамақты неге мұнша көп пісіреді? Осындай жұмыстан босап, қашан демалады екен?…» Ішінен шешесін аяитын. Бірақ қолынан не келеді.
— Апа, шаршадыңыз ғой. Қалғанын ертең-ақ бітірмейсіз бе? – деген жолы.
Сонда шешесі жіпсіген маңдайын білегімен ысып жіберіп:
— Е, балақаным бұл бүгіннің шаруасы, ертеңнің өз жұмысы бар, — деп жауап қайырған.
— Сонда демалуға болмайды ма? Ауырып қалсаңыз қайтесіз?…
— Қайдан демалайын сендерді асырау үшін тамақ керек емес пе. Жұмыс істемесек, кім бізге ас береді. Кімнен қос алақанымызды жайып қайыр сұраймыз қа бай бізге қайырым етеді дейсің.
Сосын үндемеген.
Ішінен тісін қайраған. Осыдан өскен соң көп дүние тауып, атасын да, әкесін де, шешесін де «Ауыр жұмыстан біржолата босатамын» деп арман қылған.
Бала қөңіл нені арман қылмайды. Оның орындалатыны бар, орындалмайтыны бар.
Бірақ Сұлтанбек кішкентайынан бір бет болатын. Бір нәросені ойға алса болды, қашан соны бітіргенше тыным көрмей, әбегерге түсетін еді. Оның сол мінезін байқаған атасы да:
-Әй, осы Сұлтанымның темірі қатты түбі бір жерден шығар дейтін. Темірі қатты деген сөз Сұлтанбекке қатты ұнайтын темірі қатты дегенді болашақ батыр болады деп топшылайтын. Алайда, өз бойынан баяғының батырларына тән ерекшеліктерді байқаған емес. Рас, қатарларының арасында әлсіз де көрінбейді. Анау – мынаусымен белдесе кетсе оңайлықпен әл бермейтін. Өзі қатарларының біразы Сұлтанбектен сескенетін де. Бертін келе қара күштің заманын өткенін, мықты болу үшін ақыл-парасат, білім керек екенін өзі де түсіне бастаған.
Күні кеше екі баланың бірі болып Түркістанға оқуға баратын болдым дегенде Сұлтанбектің пәлендей қинала қоймағаны содан еді. «Оқысам оқиын, Ақсүмбеде жүре берсем, көптің бірі болып қала беремін бе. Ер жеткен соң, байдың малын баққызар. Одан басқа не болушы еді. Біздің кішкене Ақсүмбеден оқыған кісілер шығуы керек қой» деп жеке қалғанда өзінен өзі күбірлеп қоятын.
Енді бар ой мүддесі де сол болды. Жолға атанар күнді күтіп қалған да еді.
— Әй, Қоңқақ ! Бұл сенің не қылғаның? Мұсылманның баласын кәпрдің оқуына жіберіп, бір аллаға күпірлік іс қылғалы тұрғаныңды білемісің өзі – деп, шоқша сақалды, шүңірек көз, қаз мойынды бір замандасы жағасынан ала түскен.
— Сен кісінің сойылын соқпа, өз шаруаңды-ақ түзеп ал. Сауат ашу – күпірлік емес, — деді Қоңқаң анаған тістене тіл қатып.
Қайдам-ау баланың сауатын ашамын деп, ақыр аяғында баланың обалына қалып жүрме. Тіршілік болып тұрса осы айтқанымды есіңе аларсың. Көпті көрген мына кәрі бас осы әрекетіңді құптамайды-ақ. Қайтейін енді айтсаң айтқаныңнан қайтпайтын бір қыңырлығың бар ғой. Соныңа басқаның да тағы да.
Е, құрдас-ай, заман ағымына, уақыт үніне неге құлақ түрмейсің. Біз өмір сүрген уақыт бөлек, бұлардың уақыты бөлек… Заманың түлкі болса тазы болып шал дегенің өзің емес пе ең ылғыйда айта беретін соныңды бүгін нг ұмытып қалдың а?
-Ол басқ бұл басқа екеуінің арасы жер мен көктей. Бөрілерді жеңу үшін бөрілердің арасына барып, ұзын арқан, кең тұсаумен – ақ жығуға болмас па. Ата бабамыздың ежелден ұстанған әдісі солай еді ғой, Қоңқаң солай демей көрші, кәні.
Келіншегі бірнәрсе деп күліңкіледі ме, жол сапарға жиналуға бірер күн қалғанда Қожан да мұрнының астынан мүңгірлеп әкесі Қоңқаққа бұл не қылғаның» дегендей қарсы емеурін білдіріп қалған.
Жағалай жатқан қалың ел. Соның тап ортасынан бізге ғана түскен де ауыр салмақ. Баласының басы бар тек біз ғана екеміз. Отырған жоқ па дүйім жұрт. Оларды неге көрмейді бұл Сапарбай… – деп, зіркілдеп сөйлесін. Сөз сорабын Сапарбайға бұра айтса да, астарында «сіз де қарап жүрмейсіз, үндемей-ақ қойсаңыз ғой, үндемеген үйдей бәледен құтылады деп, бұдан да сытылып шығып кетермек» деген сықылды ашсы сарын жатты.
Мұны көпті көрген кәрі кеуде айнытпастан дөп баса қойған.
— Енді болары болып, бояуы сіңген соң, малтаны езе беріп қайтеміз. Айтылған сөз атылған оқ. Е, несі бар, оқуға бару сонау Сібірге жер аудару емес қой. Менің білуімде ендігі жастардың бар үміт тілегі, арман мүддесі сол білімде қалып бара ма деймін. Әлі-ақ көрерсің, оқымағанға нан жоқ дейтін заман тумаса да. Осыны жаңылысқыр кеуде сезетіндей ме қалай. Сары уайымға салына берме балам. Сұлтаным әлі-ақ еліңнің, бүкіл халқымның шын сұлтаны болады, — деп, Қоңқақ ақсақал сақалын салалап қойып, әлдене деп күбірлеп бата қылды. Содан соң:
— Баланың өзімен де сйлестің емес пе. Көңілі соғып тұр. Оқуға талапты. Ендеше несіне шаршаймыз, — деген. Бұдан әрі әңгімені көп созбады орнынан көтерілдде, тысқа беттей беріп:
Әй, Қожан, мына Раымбегің, ана Әмірәлің қыздарың тұрғанда жалғыссырай қоймапсыз. О, несі әй – деді жерге шырт түкріп жіберіп.
Екі күннен соң Қоқаң атын әзер әзірледі. Сұлтанбекте таң атқалы бері әбігерге түскен. Үлкен қалаға баратынын ойлап, жүрегі алып ұшса да осы кішкене ғана ауылды қияда алмайтын сынды. Дәл бүген Ақсүмбенің тасына дейін ыстық көрініп кеткені. Іштей толқып, өкпесі аузына тығылса да, онысын сыртқа сездіргісі де жоқ. Әсіресе, Қоңқақ атасы мұнысын байқасада зекіп тастауыда ықтимал. Ағасы Райымбек пен өзімен тете інісі Әмірәлі екеуі бұның жанынан шықпайды. Әшейінде үшеуі үш жвққа тайып отырушы еді. Бірін-бірі күн ұзақ көрместен жүре беретін. Ал, бүгінгі күннің орны алабөтен. Райымбек пен Әмірәлі ойларын ашып айтпаса да, бұны қия алмай жүргені жанарларынан көрініп-ақ тұр.
— Онда барған соң хабар беріп тұр. Үлкен қаладан хат жазуға болады дейді ғой. Сен де сөйт, — деп Райымбек үлкендік жасап, ақыл айтқансиды.
— Әрине, оқуға түскен соң демалыс алып, келіп-кетіп тұрмаймын ба. Түркістан жердің түбі дейсіңдер ме, — деп Сұлтанбек те оларды жұбатқансиды.
Ақыры не керек, ат әзір болған соң, Қоңқаң немересін мінгестірді де, жолға аттанды.
Торы ат желе жортып ауыл үстіндегі кішкене қыратқа көтерілгенде Сұлтанбек атасына сездірместен ақырын бұрылып артына қараған. Алақандай жерге орын тепкен туған жер Сұлтанбектің көзіндегі қос моншақ жаспен бұлдырап тұрды.
Жарау ат өзінің бөкен желісінен танар емес.
Баланың өрекпіген көңілін басайын деді ме, атасы торыны сипай қамшылап қойып:
— Сұлтанжан, Түркістандағы мектепті бітірген соң, кім боласың? – деп сұрақ берген.
— білмеймін, — деді бұл.
— Е, неге білмейсің. Құйтақандай күніңде бастық болам, кедей, бай деген атауды мүлде жоям демеуші ме ең. Әлде ол райыңнан енді мүлде қайтып қалдың ба, ә?
— Жоқ, — деді Сұлтанбек. – Ол есімде ғой. Әйтсе де бастық бола салу оңай шаруа емес шығар. Соны ойлап…
— Ә, ә, енді өзіңе ақыл кіре бастады ма. Бастық деген көрінгеннің қол шоқпары емес. Елді билеу екінің бірініңпешенесіне жазыла салмаған. Елді кемеңгер билейді. Дүйім жұртқа билер ғана билік айтады. Ілгеріде қаз дауысты Қазыбек би деген атаң өткен. Қаз дауысты Қазыбектің аузынан шыққан сөзі халқының көңіліне қона кеткен. Қазыбек би турасында әңгіме де, аңыз да көп. Бертінде мына Сыр сағасында Шиелі ауылынан Досбол деген шешен шыққан. «Досбол айтқан екен» деген әңгіме осы күнге дейін ел аузында жүр…
— Ата, — деді Сұлтанбек әңгімеге ынтыға түсіп. — Біздің Сыр бойының елін жыр елі деп неге атағаған? Ақын жыраулары көп болған ба сонда?
— Әлбетте, қарағым. Халық мұндай атақты тектен тек бере ме. Кәрі сыр мен мына төбемізден төніп тұрған қарт Қаратаудың арасын қаншама жезтаңдай әншілер, күйшілер, ақындар, жыршылар мекен қылмады дейсің. Мен де барлығын біле бермеймін ғой. Дегенмен, көнекөз қариялардың айтуынша осы аймақта Жиенбай, Сәрсенбай, Тасберген, Қазанқап, Әлшекей іспетті Жыршы-күйшілер, Мәделі, Майлы Құлыншақ, Молда Мұса, Бұдабай, Мұхан, Құлан секілді шайырлар болыпты. Бұлардың бірқатары күні бүгінгі дейін тірі. Мысалы әлгі Әлшекей деген күйшіні, Құлан деген ақынды ана жылы өз көзіммен көрдім. Ой, екуі де сұмдық екен. Әлшекей домбыраға тіл бітірген сұңғыла күйші де, Құлан – тілінің қотыры бар өткір ақын екен. Ә, әлі есімде сол Құлан ақын бір сөзінде:
Атымды сұрасаң – Құланмын,
Қырғызалының ішінде сыбанмын.
Жайыңды жұртым білгелі
Әдейі келген шығармын
Жақсыға жаным жайдары.
Жаманға шұбар жыланмын, —

деп төгіп тастағаны бар. Міне, балам осындай өнерлі ұрпақтары шығар Сыр бойын жыр елі, ән елі деп дүйім жұртқа таратып жүрген…
Торы аттың артында атасына жармасып отырып, Сұлтанбек іштей «шіркін, ақын болып елдің ойындағысын жыр кестесіне түсірер ме еді» деп арман қылды. Бұл ойдың басына келуі тек бүгін ғана емес. Анада Ақсүмбеде жүрген кезде атасының ұзын сонар әңгімесінен соң өлең шығарып көрейінші талап қылған бар-ды. Алайда, онысынан түк те шықпады. Өлең деген еріккеннің ермегі емес екенін сонда ұққан сияқты еді. Енді қазір тағы сол ойдың қайта мазалай бастағаны…
Торы ат жорға желіспен отырып, түс ауа Бабай қыстағына алып келді. Бабай қыстауы санаулы ғана баспанасы бар кішкене ауыл екен. Осында ат басын тіреген соң, Қоңқақ көкжиекке қарай еңкейіп бара жатқан күнге қарап тұрды да:
— Бүгін түркістанға жете алмаспыз осында қоналық, — деді.
Сұлтанбек аттан сырылып түсе берді.
Ертесіне қайтадан торы атты жолға әзірлеп, жүргелі жатқанда қонған үйдің қожайыны – таба сақалды ксі күле сөйлеп:
— Әй, Қоңқақ, сен өзің бұрын соңды Түркістанға барып келіп жүргенбе едің, — деген.
— Е, бармай ше! мына тұрған Түркістан емеспе таяқтастам жердегі әзірет сұлтанға бармай не көрініпті, — деп Қоңқақта сыр бергісі келмей өзеурей сөйлеген. Ал, расына келгенде ана шаруа деп, мына шаруа деп жүріп, талай жылдан бері бәір ретте ат ізін салмаған екен-ау. Ішінен соны ойлап тұрды. Көне түркістан бұл күнде мүлде өзгеріп кеткен болар. Барған соң адасып кетпесе неғылсын. Заманға лайық адамдарыда қзгерген болар. Ертелі кеш құж-құж қайнап жатар базары ше. Тұп – тура құмырсқаның илеуіндей – ау.
Оның соңы ойын оқып қойғандай қаба сақал:
— Түркістан қазір мүлде өзгерген. Үлкен қала. Ақшаң жоқ болса, аштан қатасың. Теңгең болмаса сенммен адам баласы сөйлеспейді, — деп бұлардың зәре құтын ала сөйледі.
Қоңқақ сонда да сыр берген жоқ.
— Ас, суыңа рахмет. Алдағыны тәңірден сұрадықғ, — деді де, торы тебініп қалып, желе жортып, жүріп кетті.
Бабай қыстағынан біршама ұзап шыққан соң, ескі арықтың бойымен өрлеп келе жатып, Қоңқақ әлденедегі қаба сақалдың жымысқы сөзін тағы да есіне түсірді. Содан соң артындағы немересіне: Сұлтанжан жаңағы сақал не деді осы? Түркісиан тиыны жоқ адамдарды қабылдмайды ма, — деп, көкейдегі күдігін айтқкндай болған.
— Мүмкін әзілдегені шығар ол сақал менімен көп әзілдеспеуші еді. Түркістан өзгерген екен онда. Өңей саудагерлер мекеніне айналғаны да. Қой, қарап қалғанша, әрекетімізді қылалық. Ең болмса, торы атқа мына тұстан тантық етер көк балауса орып алайық, — деді де, атының басын тартты.
Екулеп ескі арықты бойлай өскен көк құрақты орды. Сосын теңге бөліп, аттың екі жағына байлап алды. Екі бау көк құрақ екі бүйіріне кезек сабалап келе жатқан торы аттың үстінде маңда терін білегімен ысырып атстап бойын әлде бір шаттық керней жөнелген Қоңқақ енді ыңылдап әндетіп қояды. Сұлтанбек атасының қарлығыңқы қоңыр үніне балқи түсті. «Жас күнің де әдемі әнші болған шығар» деп ойлады ол. «Кісі қартайған соң даусы да ескірер болар…»
Сәлден соң атасы да әнін доғарып үн-түнсіз күй кешті. Ол кісіде ой жетегіне еріп кетті.
Сұлтанбек те өзімен — өзі. Алдағы күңгірт тағдыры мазалай түскен. Қайда оқиды? Кімдермен оқиды? Өмір бұның а не дейді сый – сыбаға тартпақ? «Оқимын, қалаға барамын» деп өзеуріп несі бар еді? Жұрт қатарлы Ақсүмбеде жүре берсе біреу бұның бірнәрсесн тартып алатын ба еді. Еһ, Түркістан: кәрі Түркістан… сен мені жатырқамасаң жарар еді.
Біраздасын ауа райы тез өзгеріп, көкте найзағай жарқылдаған. Бұл жақта жаздың ыссы кезінде де аяқ астынан бұл көтеріліп, жаңбыр жауатыны бар еді. Тап осының кері келгені тұр.
— Қап, әкеңнің… – деді Қоңқақ атын қамшыла түсіп. – Біз ұрлық қылған күні ай жарық болған деген осы. Жаңбырдың астында қалып қоймасақ жарар еді. Сенде тым жеңіл киінген екенсң. Жаздың жаңбыры жайсыз келеді. Өкпеңнен өтіп кетеді. Мұндайда суық тиіп ауыра қаласың, жазылуың қиын. Қап, мынаны-ай, ә…
Торы атқа қамшыны басып-басып жіберді.
Ал, таяқ тастам жерде ежелгі Яссы топырағы – кәрі ТҮркістан қаласыда көрініп тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 С.Қожановтың шығармашылығы.

Сұлтанбек Қожанұлының шығармашылығы жайында сөз қылғанда, біз оны мына төмендегі екі топқа бөліп қарауға тиіспіз.
1. Сұлтанбек – журналист, публицист.
2. Сұлтанбек — әдебиетші, ақын.
Енді осы айтқандарымызды кішкене шамамыз жетекнше таратып
әңгімелеп көрелік.
Сұлтанбектің партия, кеңес қызметтеріне белсене араласа жүріп, өз ойлары мен тұжырымдарын мерізімдік баспасөз беттерінде жиі жариялатуы негізінен алғанда 1924-1925 жылдары болып табылады.
Сұлтанбек Қожанұлының партиялық қызметінің анық жарқырап көрінетін тұсы — осы кезең. Жоғарыда әңгімелеп кеткеніміздей, Сұлтекең 1924 жылдан бастап қазақ автаномиясының басына келеді. Әуелі Орынборда басталған Бұл жұмысы қазақ республикасының жаңа астанасы – Қызлордаға дейін жалғасып жатыр.
Осы екі-үш жыл ішінде Сұлтанбек Қожанұлының көптеген мақалалар, проблемалық материялдар, публицистикалық ой толғандар ариялатады. Оның жазғандары сол кезде үзбей шығып тұрған «Ақ жол», «Жас қайрат», «Еңбекшіл қазақ» газеттерінде, «Қызыл Қазақстан» журналында жарық көріп жатты. Және ол бұл кезеңде баспасөзде тиіп қашып араласпады, үнемі байланыста болып, заман ағымына өз үнін қосып отырған.
Бір ғана мысал. «Ақ жол» газетінің 1924 жылғы қаңтарынан желтоқсанына дейінгі аралықтағы нөмірлерін парақтап шыққанымызда, сонда жарияланған мақалаларының өзі отыздан асып кетті. Ал бұған басқа да мәселен, әдебиетшілік, ақындық жұмыстарын қосыңыз. Бұл бір кісіге аз ба? Әрине жоқ.
Оқырмандарға «Ақ жолда» жарияланған бірқатар мақалаларының тақырыптарын айта кетейік.
«Аз күн» (Ленин жөнінде) (№ 396 ), «Жас буын, жаңа жұрт – жаңа жолға түсіңіздер» (№ 402), «Көп сұмдықтың бірі» (№ 480), «Міндет ауырлады, шығу керек» (№ 485), «Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақта болсын» (№ 507), «Ұлт мәселесі – іс мәселесі» (№ 424), тағы басқалары.
Тақырыптарының өзі айтып тұрғанындай, Сұлтанбек сол кезеңде барлық мәселелерге араласып, ойын білдіріп отыруға тырысқан.
Сұлтанбек Қожанұлы халық арасында жүрген шала сауатты атқа мінерлерге тілмашсымақтарға аяусыз соққы беріп отырды. Оларды сқзімен де, мақалаларымен де түйреді. Шалағай адамдарға ел тағдырын сеніп тапсыруға болмайтынын айтты.
«Қызыл Қазақстан» журналының 1925 жылғы екінші нөмерінде Сұлтанбектің «Жалаң ұрандардан іске өту керек» деген мақаласын бастырды. Мақала өткір де ащы жазылды. Қазақ еліндегі былықшылық ру таласы, билік таласына ашына жауап қатты.
Сұлтанбек Қожанұлы мұндай өз көзінің ащы шындығын ашына айтқан мақалаларды атым шықсын, беделім өссін деп жазбағаны белгілі.
Сұлтанбек екі сөзінің бірінде жастарға сенім артты. Болашақ жастардікі екенін қадап айтты. «Ақ жол», «Қызыл Қазақстан», «Жас қайрат» басылымдарында жастарға арнаған көптеген мақалалары жарияланды.
Қысқасы Сұлтанбек Қожанұлының журналистік, публицистік еңбектері арнайы тоқталуды, зерттеуді қажет етеді.
Ол газет бетінде әдебиет тарихы, әдебиет мәселелері жөніндегі материалдарды үзбей оқып оған үн қосып отыруды өзіне міндет санаған. «Ақ жолда» «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» деген мақала (1924 жылы ақпанның 19-ы ) Жарияланып, оған Сұлтанбек жауап жазады. Ондағы «Ұлт әдебиетін жасау, тіл түзеу 1905 жылдан басталды деген пікірге дау білдіре отырып , «Онда Абайды, Алтынсаринды қайда қоямыз?» дейді. Ахмет Байтұрсыновқа лайықты баға берілмегеніне қапа болады. Қысқасы, Сұлтанбек Қожанұлы осы мақаласында («Жақындық па, жалақорлық па?», І. IV) әдебиеті, оның арғы бергісін терең білетінін танытқан.
Сұлтанбек Қожанұлы өз жанынан өлең де шығарып, сол кездің әлеуметтік мәселелеріне ақын ретінде де үн қоса білген. Қазақ ел болса екен, кеудесін көтерсе екен деген арман көкейінде түйткіл болып қамалып жатқан. Содан ба екен, оның жазғандарының бәрі де қоғамның кеселін көрсетуге, жақсылыққа ұмтылуға арналып отырады.
Сұлтанбек Қожанұлы сол жылдарда «Шынға ұқсаған пірлер» («Ақ жол», 31.08.24жыл) Қазақ мақалдарынан («Ақ жол», 5.09.24 жыл), «бұл кім?» («Ақ жол», 28.07.1924 жыл) «нені айтайын?» («Ақ жол» 3.04.24 жыл), тағы басқа өлеңдер шығарып газетке жариялады.
Бүгінгі күннің талғамы мен, әдебиетіміздің биік талабы мен қарар болсақ, әрине, Сұлтанбек өлеңдерін төрт аяғынан тең басқан жорға деуге болмас. Әйтсе де сөз етуге тұрарлық.
Азамат ақынның өзі жазғанындай:

Мен дағы өлең жазсам ұнамайды ма,
Ақын да жоқтан бар қылып құрамайды ма.
Өлең қылып ұйқастырып тізіп қойсам.
Бір надан білгішсініп сынамайды ма? — деп,

біткен іске сыншы көп екені рас.
Жалпы алғанда 20 жылдағы әдебиетіміздің тарихында Сұлтанбек Қожанұлы секілді азаматтардың алаңсыз аталмай қалуы ұят. Бұл ендігі жерде ойлануды қажет етеді.
Сұлтанбек Қожанұлының алғашқы баспа жүзін көрген жеке кітапшасы – «Есеп тану туралы» 1924 жылдардағы Ташкентте студенттер алдында оқыған лекциялары, кездесудегі сөйлеген сөздерінен түзілген. Сөйте тұрса да кітапша ның бас – аяғы жинақы. Мұнда қазақ балаларына түсінікті, ұғымды болу жағына баса назар аударылған. Көлемі алпыс беттен асады еңбектің тілі же қарапайым. Мұнда арифметиканың мәні, оны қалай оқып үйренудің жолдары, қосу мен алу, көбейту мен бөлу секілді амалдар, ережелерге кеңінен орын берілген.
Сұлтанбек арнаулы математикадан курстан өткен жоқ. Бұл саланы терең зерттеп, түбегейлі іздене алмағаны белгілі. Алайда заман, уақыт соны талап еткен соң, оның үстіне Советтік дәуір де енді-енді ғана білім нәрін сусындай бастаған жас шәкірттерге қажетті ұлттық тілдегі еңбектер жоқ болғандықтан, оны дереу бере қоятын арнаулы мамандар іске тәуекел деп бел буғаны тай болғандықтан қажет іске тәуекел деп бел буғаны тарихи шындық.
Расында да Сұлтанбек Қожанұлы 1921-1922 жылдары Ташкентте біршама уақыт ағартушылық қызмет атқарды емес пе. Осы жылдарда ол өз мамандығына ат үсті қарамағанын мына біз әңгіме етіп отырған еңбек дәлелдей түскендей.
Егер біз 1917 — 1925 жылдары қазақ зиялылраның ағартушылық жұмысына лайықты баға беруді ойланар болсақ, бұл кезеңнен Сұлтанбек Қожанұлы да өзінің орнын алуға тиіс. Тарихшыларымызға да, зерттеушілерімізге оның «есеп тану құралы» («Арифметика») еңбегі көп көмек бола алады.
Сұлтанбек Қожанұлының екінші бір баспа жүз ән көрген шағын кітапшасы – «Кеңестік Түркістан автаномиясының он жылдығына» (1928) атты еңбегі.

 

 

2-Тарау. С. Қожанов мемлекет және қоғам қайраткері

2.1 С. Қожанов жауапты қызметтерде.

1920-1921 жылдарда Сұлтанбектің таланты жарқырап көрінді. Съездер мен кеңестерде сөз алып, ойлы ұсыныстар мен өзгелерден оқшауланды.
Осы кезең ішінде ол орталық комитет атқару бюросының мүшесі болып сайланды. Түркістан советтерінің өлкелік тоғызыншы съезінен соң ТурЦИК – тің президиум мүшесі болды.
Қысқа уақыт аралығынд Сұлтанбек Қожанұлы жер халық комиссары, сосын ішкі істер халық комиссары, одан кейін Түркістан орталық атқару комитеті төоағасының орынбасары секілді жауапты жұмыстарды атқарысты.
Халықты жермен қамтамасыз ету, отырықшылыққа үндеу өзінше бір майдан болса, ішк істер халқ комиссарына жүктелер міндетте ұшаң-теңіз еді. Социалистік өкімет жеңіп, билік жұмысшы мен шаруаларға берілді десе де, етектен тартып, ескі өмрді көксеушілер де аз болған жоқ. Ондай топтар әр ауылда, әр ауданда кездесіп жатты. Шаруалардың егінін өртеп, құрал-саймандарынтартып әкетеді. Жаңа өкіметтің өкілдерін қолға түсіріп, қарауылға дейін барады.
Мұндай көлеңкелі көріністер әр-әр жерлерден-ақ шаң беріп, шұғыл түрде шешім қабылдауға мәжбүр еткен. Бар ауыртпалық ішкі істер халық комиссариятына түсті.
Алайда қиыншылықтар Сұлтанбектің жігерін жасыта алмады.
Түркістан өлкесіндегі тәртіпті орнықтыру, халық жаулары мен ымырасыз күрес жүргізу, адасқандарды жолға салып, көзін ашу мәселесінде бірқатар игілікті жұмыстар атқарылды.
Сұлтанбек Қожанұлы ревалюция көсемі Владимир Ильи Ленинмен жүздесіп, тікелей ақыл кеңесін тыңдап, нұсқау алу бақытына ие болған қазақтың бірі.
Тұңғыш рет 1921 жылдың көктемінде РКП(б)-ның оныншы съезіне делегат болып қатысып, көсемнің данышпан даусын естіді. Съезде тікеле басшылық етіп, үлкен-үлкен мәселе төңірегнде сөз сөйлеген Ленинді Сұлтанбек зор ықыласпен тыңдғанды. Еліміздегі қазіргі саяси жағдай, эканомикалық саясатқа тез арада көші туралы толғамды ой-пікір білдірген көсем ұлттар тағдырын сөз еткенде тіпті қызына сөйледі. Советтер еліндегі әрбір ұлт өзін-өзі билеуге құқылы екенін, олардың тарихи салт-дәстүрлері тілі сөзсіз сақталатынын айтқанда Сұлтанбек ішінен «нағыз көреген, ойы терең кісі екен» деп таңданумен болды.
Расында да солай емес пе. Кез келген халықтың ұлы болуы, сайып келгенде, оның жалпы санында, иеленіп отырған жерінң кездігнде емес қой. Қай ұлттың болмасын өзіне тән ерекшеліктері болады. Әдет-ғұрыптың барлығы бірдей ойдан шыға бермес. Тұрмыс тіршілігі түгелдей жаңа заман рухымен сәйкес келе қоймас. Сойте тұрса да аз халықтың озық дәстүрі болмасына кім кепіл. Кішкента елден талай-талай данышпандар, ғұламалар шықпасына кім кепіл…
РКП(б)-ның оныншы съезіне қатысуы Сұлтанбек үшін үлкен сабақ еді. Елге зор шбытпен оралды. Жол бойы қайта-қайта көсемнің бейнесін көз алдына әкеліп, кемеңгердің әрбір сөзін іштей қайталаумен болған. «Әттең» деп ойлаған сонда. «Өзімен жеке отырып сөйлесерме едім. Бірқатар мәселелер төңірегінде пікір таластарын көрсе ғой… Әй, бірақ… Ленин аты Ленин ғой, оның ширегіне де татымаспыз. Ақыл ойдың данышпанымен тілдесу үшін көп оқып көп біле керек болар… Бірнеше тілд еркін меңгерген адамен жүздесу үшін де жүрек керек шығар…»
Осы жылдың аяғында Мәскеуде советтердің бүкілроссиялық тоғызыншы съезі өткізілетін болды да, оған Сұлтанбек тағы да делегат ретінде шақырылды. Съезде сыртқы және ішкі саясат туралы бүкілроссиялық орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары советінің есебін Владимир Ильич Ленин жасада. Жан-жақты, терең талданған баяндама бойынша жарыссөз басталды.
Жарыс сөзге Сұлтанбек Қожанұлы да қатысты.
Сөйлеп болып, мінбеден түсіп бара жаиқанында көсемнің бұны сұқсаусағымен көрсетіп жанындағы кісіге әлдене айтып жатқанын байқады.
— Сізді Ленин жолдас шақырып жатыр, тез келуіңізді сұранады деген хабар жетті. Сұлтанбек жүгіре басып, айтылған жққа жетіп келсе, Владимир Ильич Ленин ерсілі – қарсылы шапшаң адымдап жүр екен. Сұлтанбекке оң қолын ұсынып, сол қолымен иығын қағып тұрып: Жарайсың, қызу қанды қырғыз! — дейді.
Сол сәтте Сұлтанбек те іле жауап қайтарып
Қызу қанды қырғыздар далада жүр, Владимир Ильич, дейді, олар әлі сізге жеткен жоқ бірақ келеді, өзңізбен сөз жоқ кездеседі…
Әрйне-әрйне! – дейді Владимир Ильич Ленин кездесеміз, кездесуге тиіспіз. Сіздің Түркістан өлкесі бай да байтақ өлке.
Қысқа ғана әңгімелесу кезінде көсем Сұлтанбекке «сіз ендіхалық ағарту мәселелерімен айналысуыңыз керек, оған қабілетіңіз жететіні көрініп тұр, Түркістан халқы ендігі жерде түгел сауаттану тиіс. Біз халықты неғұрлым тезірек сауаттандырсақ, соғұрлым жеңісімізді де баянды ете аламыз» деп ағынан жарыла, сырын айтады.
Кейінірек Сталиндік азап лагерінің қиыншылықтарын бастан кешірген, 89 жасқа келіп дүние салған Күләндә Мұңайтпасқызы Қожанова әжеміз сол кезде күйеуінен естіген осы әңгмені жадында берік сақтап қалыпты.
— елге келгенннен кейін Сұлтекеңнің қуанышын көрсеңіз, — дейді Күләндә әжей. – тіпті бала болып кетті. Үйде байыз тауып отыра алмайды. «маған Ленин жолдастың өзі сенім артты халқыңды сауаттандыр деді, енді сол уәдемді орындауым керек…» дейді.
Сол съезде Сұлтанбек Қожанұлы бүкілроссиялық орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Ташкенттен оралғансоң ағарту халық комиссары болады. Бір кезеңде екі-үш жауапты жұмыстарды қатар атқарды. Түркістан орталық комитеті органы «Ақ жол» газетіне редакторлық етті. Осы газетке өзі де араласып, көптеген мақалалар, өлеңдер жариялатты.
1921-1922 жылдары Сұлтанбек елді сауаттандыру мектептер ашу бағытында көптеген істер тындырды. Оның бұл кезеңдегі жұмысы арнайы зерттеуді қажет еттті.
Біздің алдымызда «Түркістан республикасының халыққа білім» беру жөніндегі халық комиссары қызметіндегі Сұлтанбек қожановтың жұмысына баға» деген тарихи құжаттар жатыр. Онда былай делінген: «Қожанов жолдас бұл қызметке 121 жылдың қазанынан бастап жұмыс істейді. Өзінің қызмет етіп келе жатқан мерізімінде оның нақты жетекшісі ретінде: күш-қуаты зор, инициативалы, өзінің ведомоствосының жұмысын ортақ, мемілекеттік міндеттер мен ұштастырып отырады қызметкерлерді және басшыларды іріктеудегі қабілеті зор, белгіленген міндеттемелерді жүзеге асыруда талапшыл. Түркістан жағдайындағы халық комиссары ретінде оны ешкім алмастыра алмайды. Негізгі қызметінен басқа Қожанов жолдас жер шаруашылығы жөніндегі халық комиссары қызметін де атқарады, мұнда да ол өзін жұмыстың түркістандық жағдайын білетін жақсы басшы ретінде таныта білді».
Осы құжаттың өзі-ақ Сұлтанбектің қандай басшы болғанын толық аңғарта білсе керек.
Жалпы осы тұста айта кететін бір жайт бар. Тоқырау кезіндегі әдебиеттерде жиырмасыншы жылдардың бас кезіндегі Ташкентті «қазақ ұлтшылдарының ордасы» деп сыңғаржақтық пір білдіріп келеді бұл мүдде тарихқа жасалған қиянат.
Сұлтанбек Ташкентте жұмыс істеген жылдарында (1920-1924) негізінен үш мәселеге ерекше көңіл аударғанын тарихи деректер дәлелдейді.
Ол жер мәселесі туралы өз ойларын жасырмай, ашып айтып отырды. Әртүрлі жиналыста сөйлеген сөздерінде, баспасөзде жарияланған мақалаларында жер туралы өзекті ой қозғай білді. Шаруаларға жерді бөліп беру, сол арқылы отырықшылыққа үйрету керектігін айтудан жалықпады.
Оқу ағарту мәселелерінде назардан тыс қалдырған жоқ. Туған халқына шын жаны ашыған азамат қысқа мерізім ішінде ұл-қыздардың сауатын ашып, басқа елдердің мәдениеті мен, әдет-ғұрпы мен тезірек танысқанын армн қылды оқыған адамның өсері де биік болатынына кәміл сенді.
Сұлтанбектің жанын жегідей жеп, әрдайым мазасын алған өзекті мәселелердің бірі – ұлт мәселесі болды. Жиырмасыншы жылдардағы Түркістан өлкесінің жағдайы аса ауыр еді. Бұған дейін өзбек, қырғыз, қарақалпақ, тататр, қазақ болып бөлінбей-ақ, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей ауызбіршілікті өмір сүріп келген Орта Азия хлықтары арасында бірлі жарым алауыздықтар байқалып қалып жатты. Оған қоса мұсылмандар бір бөлек, басқа діннің өкілдері бір бөлек болуы тиіс деушілер де табылды.
Жиырмасыншы жылдың басында Тұрар Рысқұлов басшылық еткен мұсылмандар бюросы істеді. Оның құрамынка көптеген ұлттың ревалюцианерлері, жалынды жетекшілері кірді. Солардың бірі – Сұлтанбек болатын.
Өз хакоқының шын жанашыр ұлы екенін Сұлтанбек Қожанұлы 1923 жылы 9-12 маусымда өткен РКП(б) Орталық комитетінің ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерімен өткізген төртінші кеңесте тағыда дәлелдеді.
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш» — Ж.Ә.) газетінің 1991 жылғы 16-20 тамыздағы санында жарияланған «Дүрбелең басы» атты көлемді мақаласында жас тарихшы Ордалы Қоңыратбаев осы төртінші кеңестің бар құпиясын алдымызға жайып салды. Ол кеңесте өткір-өткір пікірлермен ерекшеленген Тұрар Рысқұлов, Н.Скрыпник, А. Икрамовтарға терең талдау жасауға талпынған.
Осы мақала ішінде Сұлтанбек Қожанұлы туралы былай деп жазады: «мәселені төтесінен қойған адам – Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов болды. Көп нәрсеге кінәлі, — дейді. Сұлтанбек Қожанов, — ол біздің шығыс аймақтардың отарлық жағдайы. «Кокую бы Советскую ввеску ни приклеить, все равно калоня доныне на деле остается колонией…» тіпті, оған қазіргі таңда мынауың қате деп айта алмайсың. Себебі, эканомикалық тұрғыдан алғанда талай уақыт орталық бізге тек арзан шикізат көзі деп қарап келді емес пе…»
Бұл кеңестеде Сұлтанбек Түркістан халықтарының болашақ тағдыры туралы ерекше алаңдаушылық танытады. Кеңесте қатысушылардың назарын Ақмал Икрамов пен Сұлтанбек Қожанұлы сөздеріндегі ойлы ұсыныстар аударып әкетті.
Жиынға басшылық етіп отырған И. В. Сталин де бұл екі кісінің сөздерін селхоз тыңдай алмады. Ең ақырында сөз алған И. В. Сталин А. Икрамов пен С. Қожанұлын сынға алды.
— Менің ойымша, — деді И.В.Сталин нығыздан сөйлеп, — Қожанов жақсы айтты. Икрамовта жаман айтқан жоқ. Алайда, мен олардың сөзіндегі бір мәселе жөнінде мынаны айтпақпын, ол мәселе сөзсіз ойға жетелейді. Екеуіде бізге бүгінге Түркістан мен патшалық Түркістанның арасында ешқандай айырмашылық жоқ деді, тек маңдайшадағы жазу ғана өзгерді деді. Түркістан бұрынғысынша патшалы Россия кезіндегідей күйде қалып отыр екен. Жолдастар егер бұл айтыла салмаған сөз болмаса, егер бұл ойластырылған сөз болса, және егер бұл толық саналылықпен айтылса, онда бысымашылардікі дұрыс та біздікі бұрыс болғаны ғой… Егер айтылған мәселелер дұрыс болса, түсінбеймін онда неге өздеріңіз басмашыларға қосылып кетпегенсіздер. Демек, Қожанов пен Икрамов өз сөздеріндегі осы тұс хақында ойламбаған өйткені олардың қазіргі Советтік Түркістанның патшалық Түркістаннан түпкілікті айырмашылығы бар екенін білмеуі мүмкін емес. Аталған жолдастардың сөздеріндегі осы көлеңкелі тұстарды атап көрсетудегі мақсатым, жолдастар, осы жөнінде ойлануға және қателерін түзетуге тырыссын дегенім…» Өз сөзін әрі қарай жалғастырып, И.В.Сталин орталық комитеттің Орта Азия мен Қазақстандағы алаңдатып отырған жағдайларды егжей – тегжей зерттей алмағанын мойындайды. Алдағы уақыттарда ескертетін мәселелер екенін айтылды. Қожанов пен Икрамовқа бірден «ұлтшылсыңдар, антисоветтік бағыт ұстап отырсыңдар деп кінәләмайды. Тек олардың сөздеріндегі артық кем түсіп жатқан тұстарын түзеуді ұсынады.
Дәл осы кеңес үстінде Сұлтанбек Сталинен мына тектес хат алады: «Қожанов жолдас! Сіз бүгін өте жақсы айттыңыз. Егер сіз жергілікті жерде де осылайша жақсы жұмыс істейтін болсаңыз (мен әзірге бұған күмәндімін) мен сіздің досыңыз, жолдасыңыз болуға дайынмын. И. Сталин».
Республиеамыз ұлттық-территориялық жағынан межелегенге дейін бірқатар жауапты қызметтерде де болған Сұлтанбек Қожанұлы 1920-1924 жылдар аралығында Түркістан Советтері мен Түркістан коммунистік партиясының барлық съездеріне, РКП(б) –ның Х және ХIII съездеріне делегат болып қатысты.
Осы жалдарда ол көптеген партия, совет қайраткерлерн тәрбиелеп шығарды. Кейінрек Орта Азия және Қазақстан жастарының жалынды жетекшілері болған Ғани Мұратбаев, Садықбек Сапарбековтарды өз қолыммен қабылдатып, үлкен өмірге жолдама берді.
Бұл жерде біздің арнайы тоқталғандағы алға қойғн мақсатымыз — әлі күнге ескерілусіз келе жатқан екі мәселе
Оның біріншісі мынау: 1978 жылы «Молодая гвардия» баспасынан «Комсомол жетекшілері» деген жинақ басылып шықты. (ЖЗЛ сериясымен) осында Ғани Мұратбаевтың Түркстан Орталық атқару комитетіне мүше болып сайланғндығын куәландыратын билеттің фото көшірмесі жарияланған. Билетке ТурЦИК-тің председателі ретінде қол қойған кісілер кім дейсіздер ғой. Ол – Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов. Міне, бұның өзі Сұлтанбектің Ғаниды өте жақын көріп үнемі қамқорлығына алып жүргендігін тағы да дәлелдей түседі.
Екіншіден: Ғани 20-сыншы жылдары Нәзір Төреқұлұлы мен Сұлтанбек Қожанұлы ағалары секілді журналист жұмыстарда да жарқырап көрінеді. Ол осы кезеңдерде жастар газеті «Жас алашқа» жауапты редактор болды.
«Қазақтар арасындағы ревалюция туралы мәселе қозғалғанда Абай Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсыновты айналып өтуге болмайды. Олар қазақтар арасындағы ревалюцияның дамуына көп еңбек сіңіргеніне күмән келтіруге болады ма. Қазіргі ревалюцианерлердің барлығы да Абай мен Ахметтің шәкірттері болып табылад».
Ол Ахмет Байтұрсыновты өзінің рухани ұстазы ретінде таныды.
Халқына есімі кешігіп жеткен акық Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағын бастыруға көмек берді. Сол жинаққа өзінің алғы сөзін жазды да.
«Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері қазақ әдебиетіне үлкен орын алған деп басып отырмыз.
Мағжан Жұмабайұлының өлеңдерімен оқушылар бұрыннан таныс. Әдебиеті жаңа аяқталып, әдебиет тілінде жасалып келе жатқан жұртта Мағжандай ақындардың қызметі зор екені анық. Осы күнге дейін Түркістанда қойшылар тілі саналып келген ресми қағаздар жазуға, кітаптар жазуға жарамсыз делініп келген қазақ – қырғыз тілі іске асуы былай тұрсын, өнерге аса тым бай, жатық, таза, өткір, әдемі тіл екенін Мағжан өлеңдері көрсетеалады…» деп жазды Сұлтанбек. Мұнан әрі оның өлеңдеріне пір білдіріп, елге, халыққа қажет дүние екенін айтады.
Сұлтанбек м Қожанұлы – қай кезде де, қай жұмыста да жерге бөлену, жүзге бөліну сияқты топас түсінікке үнемі соққы беріп отырды. Оның ұғымында жалпы қазақ деген ел бар. Ал, оның ішінде іскер, қолынан шаруа келетін адамдар бар да, екінші жағынан жылпос, аузымен орақ оратын, іске тиянақсыздары тағы да бар. Бірінші топтағыларды үнемі қолдап, көтермелей білетін болса, екіншілерімен ымырасыз күрес жүргізіп отырғантын.
Сұлтанбектің жаңа астанада хатшы болып жұмыс істеген шағында ерекше көңіл аударған мәселесі – қазақ ұлтының сал-дәстүрі, халықтың мерекелері болды. Ол екі сөзінің бірінде «әр халықтың өзіне тән ерекшелігі болады, жақсы, озық дәстүрлі болады, оны ұмытпау керек, қайта жаңартып отырған ләзім» дейтін.
Қазақстанның бес жылдығына арналған той ерекше есет қаларлықтай болып өткізілд. Сұлтекең жиналғандарға арнайы арнап сөз сөйледі.
Осы тойға қатысқан белгілі әдебитші ғалым Әуелбек Қоңыратбаев Сұлтанбектің әзілқой, көңілді кісі екенін өзінің Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде 1987 жылы екінші қазанда жарияланған мақаласында былай деп сүйреттейді: «Сұлтанбек Қожанов өткір тілді, тапқыр, кең тұлғалы кісі еді. Қызыл тілге келгенде ондай шешен адамды мен сирек көрдім. Сол тойда (Қазақстанның бес жылдық тойын айтып отыр – Ж.Ә) бәйге басындағы Маевский деген толық кісіне әзілдеп тұрғаны әлі есімде. «Жолдас Маевский, байқйсызба, жүйрік аттар қапсағай денелі келеді. Қарындары жер сызып тұрса, олар ұзаққа шабалмас еді» — деп қоятын.

Финанс министірі жуан қарын Маевский бәйге комиссиясының төрағасы болатын…»
Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы В.И.Нанейшвили Сұлтанбектің іскерлігіне тәнті болып, оны барлық уақытта қолдап отырды. Оның ұсыныстарына ат үсті қараған жоқ, еркіндік берді. Бір жағынан осыншалық отты, жігерлі, қызу қанды қазаққа таңқалушы да еді. Бұған дейін ол грузиндерден өткен қызу қанды халық жоқ деп есептеп келіпті, сөйтсе қателескен екен. Сұлтанбек мінезі әуелгі кезден-ақ көп ой салды. Бірақ бұлда ұзаққа созылмады.
Екі хатшының қатты табан тіресе айтысқан мәселесі – бай-құлақтарды кәмпескелеу болды.
Сұлтанбектің ойынша қазақ байлары мен шаруаларын кәмпескелеу жөн емес. Егер олардың алдындағы малын алып қойса әрі қарай өмір сүре алмайды. Қазақ қазақ болғалы бері тек малмен тіршілік жасап келеді. Одан басқа шаруаға еш икемі жоқ, талапта қылып көрмеген. Сол себепті осы науқнды кідірте тұру қажет. Халықты осыған әзірлеген жөн. Алдындағы малын алуға асығудың қажеті шамалы. Сонда болар жаңа үкіметке үркей қарамайды. Жаңа саясатқа өздері-ақ көндіге бастайды.
Сұлтанбек мұнан соң да әлде нені түсіндірмек болып қанша талпынса да, бірінші хатшы әңгімені жүре тыңдады. Ол адам тағдырымен бас қатырғысы жоқ, саясаттың сойылын соғуға әзер тұр екен. Ең соңында түсінгені осы болды. Сонан кейін онымен ымыраға келудің еш мүмкін еместігін аңғарған.
1925 жылдың қазанында Сұлтанбек Қожанұлы жаңа астананы өзгенің қолына тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды. Олай етпейін десе екеуінің арасындағы талас тіпті ушығып бара жатыр еді.
Сұлтанбек БКП(б) Орталық комитетінің аппаратына Ұлт республикалары мен облыстары бойынша жауапты нұсқаушы болп жаңа қызметке тағайындалды.
Сөйтіп қазақ республикасының тұңғыш ұлттық хатшысы болған қазақ бұл қызметте небәрі бір жылға жетер жетпес ғана уақыт жұмыс істей алды.
1926 жылдың 25-30 қарашасында БКП(б) қазақ өлкелік комитеті мен өлкелк бақылау комиссиясының біріккен пленумын өткізілді. Онда бірқатар мәселелер қаралды. Оның ең негізгілерінің бірі-«БКП(б) өлкелік комитетінің бюросындағы жағдай туралы» болды. Оқырмандарға түсінікті болуы үшін біріккен пленумының осы мәселеге байланысты қабылданған қаулысын түгел келтіре кетелік.
«Өлкелік комитеттің бюросындағы жағдай туралы баяндаманы талқылай келіп, оның кейбір мүшелерінің әкімшілдік күреске қатысу фактісне байланысты БКП(б) өлкелік комитеті мен өлкелі бақылау комиссиясының біріккен пленумы қаулы етеді:
1. V конференциядан бергі жерде көрініп отырғанындай, өлкелік комиттеттің бүкіл бағыты тұтысы мен және толық V конференцияның және II пленумының бағытын бейнелейді және өзінің партиялық ұстамдылығы мен практикалық жетістіктері жөнінен шынайы партиялық көзқарастағы адамдардың бәріне алауыздыққа және өлкелік комитет бюросының басшылығын кінәлауға сылтау болмауға тиіс еді және болада алмады.
2. Бюро мүшелері Мыңбаев пен Сәдуақасовтың бюро басшылығының бағытына қарсы көтерген науқаны тек топшылдық пиғылдан туған.
3. Біріккен пленум былай деп есептейді: Қожанов, Сәдуақасов және Мыңбаев бастаған топ өзінің мәні мен күрес әдістері жөнінде Қазақстанға тән болған ескі жікшілдіктің қалдықтарын (принципсіздік және жеке бастың бақастығы) сақтай отырып сонымен бірге ауылдағы дәулетті топтардың партия және совет өкіметіне жасамақ ықпалын білдіретін идеялық ауытқушылықты көрсетеді.
4. Бұл ауытқу мынадан көрінеді
а) Мыңбаев пен Сәдуақасов ауылдағы әлеуметтікэканомикалық қатынастарды өзгертудің ревалюциялық әдістері туралы мәселе жөнінде II пленумның бағыты мен өздерінің келіспетіндігін талай рет айтты; олар ауылдағы қазіргі бар, ревалюцияға дейінгі әлеуметтік-эканомикалық қатынастарды өзгертпей-ақ еңбекшілердің шынайы советтерін құруға және ауылды социалистік құрылысы арнасына көшіруге мүмкін болды деп санайды.
ә) Мыңбаев пен Сәдуақасов жергіліктендіру саласында өлкелік комитет айыптаған ауытқушылықты қорғайды; бұл ауытқудың мәні жергіліктендіру ісін дұрыс түсінбеуде және оны жергіліктендірудің аппаратты қазақ бұхарасына жақындату мен сол бұхараны совет құрылысына тарту міндеттеріне қаншалықты сай келетінін есепке алмай, қалай болса солай жүзеге асыруда; олар өздерінің талаптарына, бір жағынан партия аппараты мен Совет апаратын халықтың ұлттық құрамының пропорциясына қарай қазақтандыруға дейін барды, екінші жағынан, нақты кондидатураларды және партиялық басшылықты қамтамасыз етуді есепке алудың орнына, басты назарды партияның жоғарғы буынның басшыларын қазақтандыруға аударды; сөйтіп мәселенің шын мәніндегі шешімін өлкелік комиттетің аппаратты функциялық тұрғыдан жергіліктендіру қажеттігі жөніндегі бірауыздан қабылданған шешіміне назарды басқа жақа аударды;
б) Ревалюциялық заңдылық бағыты жүргізу әлсіреді;
5. Біріккен пленум Совет органдарында жалпы орын алып отырған және партиялық басшылықтан қол үзу мен шектеу сияқты әрекеттердің өте қауіпті белгілерін алып көрсетеді.
6. Біріккен пленум Қожанов, Мыңбаев және Сәдуақасов басқарған топтың мінез-құлқы мен жұмысын және позициясын айыптайды және өлкелік комитеттің тарапынан оларға ұйымшылдық пен тойтарыс берілгенін мақұлдайды.
Біріккен пленум топ құрушылықтың қайталануы бұл жөнінде Қазақстанның бүкіл партия ұйымының пікірін сұрауға мәжбүр ететін ескертеді.
7. Пленум «солшыл» жалауды жамылған қарама-қарсы топтардың әрекеттерін де дәл осылай батыл айыптайды.
8. Біріккен пленум еск топтардан қол үзіп, тура партиялық бағытта сай бағдар ұстанған салауатты қазақ қызметкерлері октивінің өсіп келе жатқандығын қанағаттандықпен атап көрсетеді.
9. Біріккен пленум қазақ жетекші баспасөзінің партиялық бағытының дұрысталып келе жатқанын атап көрсетеді және жалпы алғанда қазақ ұйымындағы партиялық бағыты идеялогиялық және ұйымдық тұрғыдан бұрмалаушылықтарға қарсы батыл күрес жүргізу қажет деп есептейді. Атап айтқанда алаш орда идеялогиясына, қазақ комунистері арасындағы ұлтшылдық «оңшыл» және «солшыл» ауытқушылықтрға қарсы идеялық күресті күшейту қажет.
10. Сәдуақасов пен Мыңбаевтың жікшілдік күреспен жұмысты тоқтатамыз деген мәлімдемесін ескере отырып, біріккен пленум партия ұйымы Сәдуақасовпен Мыңбаевтың мәлімдемесін олардың практикалық жұмысын да тексеріп көреді және топ құрушылықтан бас тарту шынында да алдағы уақытта қалыпты жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар жасайды деп есептейді. «(«Қазақстан комунистік партиясы съездерінің, конференциясының және пленумының қарарлары мен шешімдері», 1 том 286-288 беттер, «Қазақстан» — 1987жыл).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Мәскеуде «ҚОЖАНОВШЫЛДЫҚ» қайдан туды?

Ф.И.Голощекинмен «жылы» қоштасып Мәскеуге жеткенімен Сұлтанбек оның ұзын құрығынан оп\оңай құтылып кете алмады. «Барлық халықтардың көсемі» И.В.Сталин Сұлтанбекті БК(б)П Орталық комитетіне жұмысқа алуға қарсы болған жоқ әйтседе өз айтқанын екетпейтін Ф.И.Голощекин арқылы бұның үстінен пікірлер жинақтап жүргенді.
Бір жылдан аса уақыт БК(б)П орталық комитетінде ұлт республикалары мн облыстары бойынша жауапты нұсқаушы болып қызметт атқарған кезінде Сұлтанбек Қожанұлы көп мәселелердің байымына жеткендей болды. Сөйтсе қазіргі саясатты мүлде түсінбейді екен. Сонау Ташкентте жүрген кезінде, бертіндегі Қызылорда іс-әрекеттері тіпті баланың байбаламындай көрініп кетті көп мәселенің жоғарыдан, үлкендердің аузынан шыққан бірекі ауыз сөзімен шешіліп келе жататынын ім білген. Әйтеуір өзінің аман есен жүргеніне қуанды. «Тек жүрген, тоқ жүреді» кері екен соны ұққан сықылданды. «Аяқты ақырын жүріп аңдап баспасам болмас» деп толғанды.
Сұлтанбек Ташкентте өте ауыр, қиын жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болды. Оның жауабын көбейіп кетті. Анаусы да, мынаусы да жалған жала жауып, мұны сүріндіргісі келіп тұрады.
Әйтсе де ревалюцияны қиын қыстау кезеңдерін бастан өткеріп, кеңес үкіметін өз қолымен орнатысуға ат салыса жүріп, әбден шындықтан Сұлтанбек мұндай «аяқтан шалушылыққа» пәлендей қайғыра қоймады. Қайта онан бетер ширығып, алғы күндерге үлкен үміт арта түсті.
Осы тошкентте қызмет істеп жүргенде партия жұмысын оқу ағарту жұмыстарымен ұштастырды. Сұлтанбектің тікелей араласуымен мұнда Орта азия мақтаирригациялық политехника институты (САХИПИ) құрылды. Оның алғашқы директоры да өзі болдыы.
Сұлтанбек Қожанұлы Тошкентте Жүрген кеінде бірқатар жұмыстарды қатар атқарып, білікті басшы, талантты ұйымдастырушы ретінде айрықша көзге түсті. Ол БК(б)П Орталық Комитетінің Орта Азия бюросында идеологиалық жұмыса болса, іле-шала мақта – ирргация институын ашуға қызу ат салыты оның аяғынан тік тұып кетуіне тікелей ықпал етті. Осының арттынша-ақ Сұлтекеңе жаңа қызмет ұсынды. Орта Азиялық мақта Одағы басқармасының төрағысы болды. Осындай еңбек еткен жылдары ол мақта шарушылығына әбден маманданды. Оны өсірудің қыр – сырына үңілді. Көп ізденді.
Мақта шарушылығы басқармасының төрағасы қызметінде жүрген Сұлтанбек Қожанұлын 1932 жылдың сәуір айында Мәскеуге қайта шақырды.
«Неге шақырды, не айтпақшы» деп көілі алабұртып жеткен оны Мәскеуге келген бетте-ақ жаңа жұмысқа тағайындайды. Сөйтіп, Сұлтекең Мәскеуде Орта Азиялық мақта дайындау одағы басқарушысының орынбасары болып шыға келді.
Жаңа жұмыс, жаңа орта оған бұрынғыданда бетер зор жауапкершілік жіктей түседі. Қай кездеде елі үшін отаны үшін аянбай еңбек ете білген ол мұнда да абройсыз болмайды. Өзінің тәжірибесін іске асыруға бар күш жігерін салады. Аз мерзім ішінде Орта Азиялық мақта дайындау Одағының жұмысы алға басты. Мұнда Сұлтанбектің зор үлесі болды.
— Мақта — байлықтың үлкені. Бұдан түсетін пайда орасан зор. Әлі-ақ көрерсің, мұны сұраушылар тек қана өз елімізде емес, шетелдерде де табылады деп – отыратын Сұлтанбек, — дейді Күләндә әжеміз әңгімесін сабақтай түсіп. — Әңгімесінің бірі құлағыма кірсе, бірі кірмейді. Мен үшін ең қиыны – бір жерден екінші жерге көше беру болды. Қайда да дұрыстап тұрақтай алмаймыз. Бұл шақта бір емес, үш бірдей балам бар еді. Үлкеніміз – Зиба он екі-он үш жасқа келіп қалды. Одан соңғы ұлым — Нұрлан да он жасқа жетті, ал ең кшісі -Арыстан небәрі екі-үш жаста.
Мәскеуде жүрген кезінде Сұлтанбек Қожанұлы И.В.Сталинмен тікелей баланыста болды. Ол кезде «қабағынан қар жауатын» ұлы «көсемге» екінің бірі батылы жетіп бара бермейтін. Қай-қайсысыда тайсақтап, көзіне түспеуге тырысып, сырттап жүретін. Әріптестерінің көбі-ақ Сұлтанбектің жүректігіне таң қалатын. Ол осы уақытқа дейін И.Сталиннің алдына әлде неше рет болыпты. Соның қа-қайсысында да «кінәлі болмай», аман – есен шығып, жұмыс істеп жүргеніне таңданатын.
Сұлтанбек Қожанұлы бұл кезеңде В.Куйбышевпен, С.Кировпен, басқа да көптеген ірі тұлғалармен дос болды. Үнемі араласып, ақылдасып жүрді.
Оның іскерлігін, алғырлығын, білімділігін өте жоғары бағалаған В.Куйбышев өзіне қарай тартты. Ол шақта В.Куйбышев ССРО Еңбек және Қорғаныс Советтік төрағасы болатын. Сұлтанбек оған техникалық мәдениет тобының жетекшісінің орынбасары болып жұмысқа крді. (ЦКК НК – РКИ) Ол бұл қызметте небәрі жеті – сегіз ай ғана істеді.
1934 жылдың ақпанында Сұлтанбекті қайтадан ССРО халық комисарлар жанындағы советтік бақылау комиссиясының мақта мәселелері жөніндегі қызметіне отырғызды.
Осы кезде Сұлтанбек көзге ерекше түсіп, тіпті И.В.Сталиннің өзі де бұған басқаша көзқараста қарай бастаған шақ еді оған Күланда әжейдің мына бір әңгімесі бола алады.

 

2.3 С.Қожановқа тағылған жалған жала.

-1934 жылы болатын. Бір күні өз кабинетінде жиналыс өткізіп жатқан Сұлтекеңді Сталин шақыртады. Сұлтекең жиналысын үзіп тастап жете алмай біраз уақыт кідіріп қалса керек. Сонда әлгі шақыртушы зілдене сөйлеп «егер тезірек жетпесеңіз, артынан өкнесіз» дейді. Кешігіңкіреп жеткен Қожанұлын Сталин тым салқындау қарсы алды. Біразға дейін неге шақырғанын айтпай сызданады. Ең соңында барып бұған Қазақстандағы жағдайдың шиеленісіп бара жатқанын айтып, сонда хатшы болып баруды ұсынады. Сұлтанбек үндемейді. Сталин екі рет айтады. Сонда Сұлтанбек «енді тым кеш емес пе, өз еліме, өз халқыма менің атымды әбден қаралап бітті, беделден жұрдай етті, онда барып қалай жұмыс істемекпін» дейді. Осы әңгіменің үстіне С.М.Киров кіріп келеді. Кішкене отырып, әңгіме ыңғаайын түсінгендей болады. Сталин Кировке бұрылып: «мен Қожанов жолдасқа Қазақстанға барыңыз десем, бұл кісі бас тартады, сіздің ойыңыз қалай, жолдас Киров?» дейді. С.М.Киров Қожанұлының ойын қостапты. Дегендей ишарат білдіреді. Үйде біраз достарымен шай ішіп отырғанда осылай деді. «Киров бекер мені жақтады, енді оған қиын болмаса жарар еді» деп қиналғаны әлі күнге есімде…
Сұлтанбек Қожанұлы Сталинмен болған әңгімеден соң, Чернов деген бастығымен ақылдасып , ақыры Мәскеуден кету туралы шешімге келеді. Сөйтіп 1934 жылдың көктемінде ССРО жер халық комиссариятының Орта Азия бойынша өкілі болып Ташкентке қайтты ол мұнда шамалы істеген соң сол жаздың аяғында Советтік Бақылау Комиссиясының Өзбекстан бойынша өкілінің орынбасары қызметіне отырды.
Міне, осы жұмыста Сұлтанбек қожанұлы өз өмірінің аяғына дейін істеді. Қырық жастан енді ғана асқан жалын жүрек иесі 1937 жылы жалған жаламен ұстап, қыршынынан қиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бірсәт ойға беріліп, ел үшін, жер үшін еңіреп өткен есіл елді еске аласың. Оның айяулы тағдырын ойлап, еріксіз қиналасың. « ау, халқымау, сен үшін жанын қимаппа еді ол. Ең болмаса атын атап, келер ұрпаққа енбегін неге паш етеміз. Бүл самарқаулығымызға жол болсын… дгің келеді.
Көзі тірісінде әдибетші – ғалым Әуелбеке Қоңыратбаев « Ұстаздар мен тұстастарым көп еді » деген мақала жазыпты бүл мақала қайтыс болған соң Қызылорда облыстық « Ленин жолы » газетінде 1987 жылы жарияланд. Мұнда Сұлтанбек Қожанұлының кім болғанын, Қылылорда астана болып тұрған т кездегі еңбегін қысқаша болсада қамтуға тырысады.
Жазушы Жайық Бектұров 1988 жылы Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде Сұлтанбек жөнінде көлемді мақала жарияланған.
Ал, жазушы Бейбіт Қойшыбаев « Арай » журналының 1988 жылы сегізінші нөмірінде « От кешу » аты мақаланы бастырды. Осы мақала Сұлтекең жөніндегі толық қанды материл болып есептелінеді. Мұнда ол кісінің өмір қолы қысқаша болса да түгел қамтылған.
Журналис Армиял Тасымбеков те мерзімдік баспа сөзде Сұлтанбекпен оның семясы жөнінде бірнеше шағын мақалалар жазды. Тарихи деректерді парақтап отырсақ Сұлтанбек Қожанұлы 1957 жылдың өзіндеақ ақталған екен. Содан бері қаншама жыл өті. Заман өзгерді уақыт жаңарды. Адамдардың сана сезіміде өсе түскен арғы – бергіні салмақтап салыстыра сөлей алар хәлге жеткен сиақтымыз.
Сұлтанбек Қожанұлы жайлы әңгіме қозғай алсақ тілге тиек етер тұкте істемеппіз. Тіпті бірнеше бітіруді айтамыз – ау, оны өзі туралы да халқы жарытып ешнәрсе білмей келіпті. Ұлкен жазушымыз Сабит Мұқанов өзінің «өмір мектебі» аты трилогиясында «Сұлтанбек ұлтшыл, өзімшіл, көкірек болды» деп кінәлауға тырысып бағады. «Қазақстан Компартиясы тарихының мәселелері» (Алматы, «Қазақстан», 1969 ж) деген кітапта да сол байағы сарын. «С Садуақасов, С Қожановтың анти партиялық топтары… Комунистік партияның Қазақстандағы саясатына шабуыл жасап, ұлт араздығын қозырды… деп жазды онда.
Бұдан өзге жөні түзу әңгіме жоқ,
Неге олай
Біздіңше, бұған екі түрлі нәрсе себеп болатын секілді.
Біріншіден, Сұлтанбек Қожанұлы өте тілді, өткір, бет-жүзің бар демей, тура айтатын кісі болған. Өз кезінде талай мықты сынған адамдарға «тісі батқаны» сөзсіз. Сондықтан да олар Сұлтанбекті жақсы (көре қоймаған. Сөйтіп, адамдардың арасына сөз тастап, қалайда оны сүріндіруді ойлаған. Сәл кемшілігі болса, бадрайтып көрсетіп, іліп ала жөнелген.
Сөйте – сөйте бір ұрпақтан осы пікір жалғасып жетіп отырған.
Екіншіден, оның есімі аталмай, аталса да теріс қырынан көрінуі – Сұлтанбектің Қазақстанда аз жұмыс істеуәнен. Оның қызметі негізінен Ташкентте, Мәску болды. Елден сырт жерде жүрді. Міне, сондықтанда біздің сол кездегі «мықтыларымыз» ол туралы тон пішіп, «Антипартия топтың жетекшісі» деп мойнына қиып сала қойған.
Сұлтанбек Қожанұлының партия, халық алдындағы орасан зор қайраткерлік еңбегін ең адымен тарихшыларымыз сарапқа салып, «өз бағасын» беруі керек. Бар саналы ғұмырын халық игілігіне арнаған бұл қайраткер партияның Х, ХIII және ХVII съездеріне делегат болып қатысты. БүкілроссиялықАтқару Комитеті мен СССР Орталық Атқару комитетіне мүше болды. Бұл – уақыттың талабы.
Сұлтанбек Қожанұлы 1894 жылғы қыркүйектің 10 күні туып, 1938 жылғы ақпанның 10 күні атылған. 1994 ол кісінің туғанына жүз жыл толады екен. Осыған орай Сұлтанбек жөніндегі естеліктер жинағы мен өз еңбектерінің бір томдығын басып шығарсақ, халқы үшін еңіреп өткен ерді өз халқына қайта оралтқан болар едік.
Бар саналы ғұмырын қорыта айтқанда халық игілігі үшін еңбек етуге арнаған бұл қайраткер партияның Х, ХIII, Х және ХVII съездеріне делегат ретінде қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Құдайбергенұлы Ж. «Түркістанмен тағдырлас қайраткер» 1998ж.
2. Тілегенов Қ. «Халық қаһарманын ұмытпайды» Оңтүстік Қазақстан 1997ж 30 тамыз 2 бет.
3. Нұрпеісов Н. «Ахметке ара түсіп, Мағжанды сүйрегені үшін. Оңтүстік Қазақстан 2004ж. 17 тамыз. 6 бет.
4. «Аяаулы аға туралы айтар сөз» Оңтүстік Қазақстан. 1994ж. 25 маусым. 4 бет.
5. Жаңақорғани Ж. «Өткен күнде белгі бар. Ақиқат. 1994ж. 9. 73 бет.
6. Жолдасов С. Ақсүмбеден ұшқан ақиық. Оңтүстік Қазақстан 1994ж. 13 тамыз.
7. «Ұлтын сүйген ұл» С Қожанов 110 жаста. Жас алаш. 2004ж. 12 қазан 4 бет.
8. Әлиқызы А. «Аға есімі ұрпақ есінде» Атамекен. 1998ж. 14 қазан. 4 бет.
9. Қырғызбаев Ө. «Ұлтымыздың мақсатынша болған С Қожановтың туылғанына 110 жыл» Оңтүстік Қазақстан 2004ж. 28 қазан 5 бет.
10. Оңтүстік Қазақстан. 2004ж. 23 қазан. 13 бет.
11. Сырұлы Н. «Сұр жебедей» 2004ж. 23 қазан. 13 бет.
12. Тілеуов Г. «Жазықсыз жазаланған тұлғалар» Ташкент. 2000ж. 29 бет.
13. Тұрантегі Д. Оңтүстік Қазақстан. 2004ж. 21 тамыз. 4 бет.
14. Жолтай Әлмашұлы. «Түрмеде сөнген шырақ»
15. «Арай» журналы 1998ж N8.