АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР  ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

 

 

МУЗЫКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ  МЕН ӘДІСТЕМЕСІ  КАФЕДРАСЫ.

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

I тарау.  Тәлім- тәрбие  жұмысының әлеуметтік — педагогикалық мәні.

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні, мазмұны.

1.2. Оқушыларды  музыкалық  мәдениетпен таныстырудағы сыныптан тыс

жасалатын  жұмыстардың  түрлері.

 

II тарау. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың экспериментті ізденісі.

2.1. Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысын  жоспарлау және талдау.

2.2. Оқушылармен  лекция — концерт өткізу үлгісі.

 

Қорытынды.

Әдебиеттері  тізімі.

Қосымшалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

          Қоғамның  экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани  өмірін дамытуда  әр адамның  жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген  шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші   роль  атқарады. Жас  ұрпақты осындай  тұлға  етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз — жетекшінің    атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие   бағдарламалары да,  тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен  де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау  шыңына бағдарлайтын  музыка пәні  мүғалімінің орны бөлек.

Педагогикалық  шеберліктің  компонентеріне- психологиялық, педагогикалық білімнің тереңдігі, кәсіптік  қабілетінің дамығандығы, педагогикалық  техниканы игергендігі жатады.      Педагогикалық  техника- оқушыларға  әсер етудің сан қилы тәсілдерінің жиынтығы. Педагогтік өнері, даусы, ырғағы,  сөйлеу темпі,  көзқарасы, мимикасы,  бұрылысы,  жүрісі т.б. сан түрлі қимылы  жатады.  А.С.Макаренконың педагогикалық техниканы  игерудің маңызын ерекше бағалаған.  Өнер институтындағы сияқты педагогикалық оқу орындарында да дауысты қою, сөйлеу, қарау өнерімен таныс болу қажет  деп есептеген. Дауысты мұғалімнің  жұмыс  құралы  деп таныған. ”Тәрбиенің даусын үйлестіре білуінде де, өзінің бет құбылысын басқара білуінде де  педагогикалық   шеберлік  болады”,- деген, ендеше әрбір педагог  шеберлікке  жетуді  мұрат  етуі тиіс.

Музыка  пәні мұғалімәнің  күнделікті жұмысында  психология мен педагогикадан  терең білімді білу, тәрбиенің мақсат- міндеттерін,  прициптерін, оқушы- тәсілдерін теориялық тұрғыда  түсінуге  мүмкіндік  тудырады. Содай-ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі,  жеке оқушыларға, оқушылар ұжымына  дәл  мінездеме беруге оқушылардың  әрекетіне, құбылыстар мен факторларға  дұрыс талдау жасап, тиімді  тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік  тудырады.

Тәрбиеде  табысқа жету үшін  музыка  мұғалімінің кәсіби қабілетінің болуының мәні ерекше. Кәсіби  қабілеттілікке көрегендігі, оптимистік  болжам жасай алуы, ұйымдастырушылық іскерлігі, педагогикалық интуициясының болуы жатады.

Сайып келгенде  , музыканттың  тәрбиелік  ықпалының  күші- оның  жеке басында,  жоғарыда  аталған  қасиеттерді  игеруінде.

Өйткені  адамзаттың  адамгершілік және рухани    тәжірибесі, мұраттары жас ұрпаққа мұғалімнің,   оның ішінде музыка мұғалімінің  еңбегімен жетеді.

 

 

 

          

 

I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік – педагогикалық

мәні.

 

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні, мазмұны.

 

          Бүгінгі  таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай,  демократияланған, ізгіленген кезең  мектептерде тәлім  — тәрбие  мазмұнын  қайта қарап  жаңғыртуды,  халықтық  педагогиканы тәрбие процесінде  негізге  алуды  талап етіп отыр. Өйткені, әр  ұлттың  тарихының ұрпақтарға оқытылуы,  салт –дәстүрлерінің  сақталуы және әдебиеті мен өнерінің  дамуы, ұлттық  бостандық  жағдайында болуы  мүмкін.

Қазақстан  Республикасының  Білім мазмұны тұжырымдамасында  және  Білім туралы  Заңында  : осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық  дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен  диалектикалық бірлікте   қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын  жаңартудың қайнар көзі  бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда айтылғандай, білім, тәрбие мазмұнын  жаңартпайынша, қоғамды жаңарту  мүмкін  емес.  Себебі, қоғамның алға  басуы   жас ұрпақты  білім, тәрбие арқылы  дамытуға , жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге  байланысты делінген. Құжаттардағы  аталған  пікірлерге  орай,  қоғамды  дамытатын  жас азаматтың   жеке тұлғасы жан- жақты жетілген,  іскер,  белгілі дәрежеде ғылыми  білім жүйесін, ана  тілін игерген, жаңа жағдайда, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын  болуы керек.  Сонымен  бірге  өзге халықтардың  тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын  нығайтуға, адамгершілік  қасиеттерін, эстетикалық  талғамын  дамытуға  ынтазар,  өмірдің  әрқилы  кезеңдеріне  дербес  еңбек  етуге  даяр  ұрпақты     қалыптастырудың  бір жағы  білім   мазмұны  арқылы іске  асса, екінші  жағы  тәлім- тәрбие  мазмұны  арқылы бойға  сіңеді. Сондықтан  “Білім  мазмұнын  жаңарту тұжырымдамасында” білім  мазмұнын  қазіргі  ғылымның  құрылымына   сәйкестендіру, оқу тәрбие ісінде оқушылардың  шығармашылық ойлауы мен өздігінен  еңбек етуіне, білуге үйрету, дүниені  дұрыс тануға,  жалпы  азаматтық   мәдениетті   бойына дарыту  көзделіп отыр.

Сонымен, оқыту  ісін жастардың  белсенді  ақыл- ой  еңбегі  саналы  іс- әрекеті негізінде  ұйымдастырса, тәрбие  процесін ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық  психология, сана- сезім, мінез –құлықты  қалыптасыру негізінде   ұйымдастырған абзал.

Жас ұрпақты  тәрбиелеуде, оның бойындағы  туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамтыу, бағалау, сенім, үлгі  көрсету, талап  ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын  пайдалану  арқылы жеке тұлғаны  қалыптастыруға жол ашылады.

Байқап  отырғанымыздай,   халыққа  білім беру  қызметкерлерінің,  яғни  мұғалім соның ішінде   музыка пәні  мұғалімінің  алдында  жас  ұрпаққа  эстетикалық  білім —  тәрбие  беру ісінің  мазмұнын  тәрбиелеуге  батыл,  шығармашылықпен кірісу  мәселесі  тұр. 

      Білім  мазмұны жеке тұлғаны   жетілдіру,  дамыту,  тәрбиелеу,   тәжірибені меңгерту үшін қызмет етеді.

     Білім  мазмұны деп- жеке адамның  ой- өрісін, дене  тәрбиесін, адамгершілік  — имандылық  қаситтерін, эстетикалық қабілеттерін, талғамын,  мінез- құлқын  дамытуды, жалпы  азаматтық  мәдени  дәстүрлер  рухында  тәрбиелеуді  қамтамасыз  етіп,   дербес   өмір  сүруге  дайындайтын  ғылыми-  білім,   тәжірибелік, іскерлік және дағды   жүйесін  қалыптастыратын жадығаттарды айтамыз.

       Тәрбие   жұмысы мақсатында  педагогикалық үйірмелер, олимпиадалар, дөңгелек үстел басындағы сұхбат,  тақырыптық,  кештер,  кездесулер,  айтыстар, пікірсайыстар, атамекен апталығы, сұлулар, сымбаттылар,  білімділер,  өнерлілер,   іскерлер сайысы,   ғылыми- шығармашылық   қоғамдар,  бірлестіктер  достық-  танымдық  сапарлар,   саяхаттар т.б. ұйымдастырылады. Сонымен,  оқыту   процесін  жастардың  белсенді ақыл- ой  еңбегі,  саналы  іс -әрекеті   негізінде   ұйымдастырып,  тәрбиелеу   ісін  қоғам талабына лайықты  ғылыми-  тәжірибелік  бағытта,  ұлттық  психология,   сана- сезімі  мен  мінез-  құлқын   қалыптастыру  негізінде    ұйымдастырса,   жұмыс нәтижелі  болады.

         Жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде  ғана емес,  өзіндік  ақыл- ойы,  талап- тілегі,  қажеті  бар субъекті ретінде  қарап, бойындағы  туа біткен, табиғи  мүмкіндіктерін  дамыту, бағалау, сенім, үлгі  көрсету, талап  ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру,   ынтымақтастық   педагогикасын  қолданып,  оқу- тәрбие   жұмысын  жүргізу  арқылы  жеке   тұлғаны   қалыптастыруға жол  ашылады.

         Педагогикалық  қызмет  еңбек объектісінің  ерекшелігімен  айрықшаланады.  Өйткені,  ол үнемі дамып,   бір мезгілде   тәрбиенің   объектісі де, субъектісі де  бола алатын жеке тұлғамен істес.  Қоғамдағы  жас  ұрпақ   тәрбиесі  төрт түрлі әлеуметтік  күштің  бірлескен  жұмысы  арқылы жүзеге  аспақ : отбасы, мектеп,  әлеуметтік  орта, жұртшылық.  Осы  күштерді  біріктіріп, байланыстырып ортақ  мақсатқа  бағыттап отыратын –музыка  мұғалімі.

         “ Ана  тілін       ұмытқан адам  өз  халқының өткенінен де, болашағынан да қол   үзеді“ (Ғ.Мүсірепов ),  сондықтан  болашақ  педагогтарда орта  арнаулы және  жоғары  мектеп қабырғасында   тәрбие  құралы  болып  табылатын ана  тілінің  кәусарына қандырып, ұлт  әдебиеті мен өнері  туындыларына  қанықтырып халықтық  педагогиканы   және  халық  музыкасын бойына  сіңірту  жағдайында  ғана  оқу- тәрбие  жұмысында жоғары  нәтижелерге  қол жеткізуге  болады.

         Оқу- тәрбие  жұмысының  мазмұндылығын қамтамасыз  ету  үшін  топқа  сабақ  беретін  мұғалімдермен бірлесіп жұмыс  істейді.  Оқу көмегін  ұйымдастырады.

           Оқушыларға  мектеп    пен отбасы  тарапынан  қойылатын  педагогикалық  талаптардың   бірлігін қамтамасыз  етіп, ата- аналарымен  байланыс жасап отырады. Сонымен  бірге  оқушылардың  денсаулығын  нығайтуға жағдай   туғызып, үлгерімі  мен сабаққа   қатысына  қамқор болып,  мінез- құлқын,  тәртібін адамгершілік  қасиеттерін  дамытатын  шараларды жүзеге  асырады,  болашақ  мамандығына  деген сүйіспеншілігін, дұрыс   қатынасын  қалыптастырады.

        Музыка  пәні  мұғалімі  оқушыларға  музыкалық білім берумен қатар,

жан- жақты  дамып қалыптасуына жүйелі жүргізілетіні жұмыстар  арқылы  үздіксіз  ықпал  етіп отырады.  Педагогикалық  ықпалдың   табысты  болуы  оны іске  асыратын   музыка пәні мұғаліміне және   оқушылардың   қабылдауы  мен белсенділігіне  байланысты.  Олай болса,    музыка пәні  мұғалімінің жеке басы   қабілетіне, жұмыс  істеу ынтасына жоғары талап  қойылады.  Ол талаптарға теориялық,  тәжірибелік  дайындығының болуы,  рухани байлығы, педагогикалық   білімі  мен біліктілігі  т.б. жатады.  Бұл талап    музыка пәні  мұғалімінің өзін- өзі тәрбиелеу  процесінде  жеке басының  қасиеттерін дамытуын, педагогикалық шеберлікке, іскерлікке  жетудің  құпияларын игеруін  қажет етеді.

  

         1.1.б)Тәрбие  жұмысының ерекшелігі мен қиыншылығы.

 

       Бірінші ерекшелігі- тәрбиенің  көп қырлы, көп факторлы процесс екендігі.Тәрбие мақсат,  міндет,  мазмұн,   идеологиялық бағыт беру,  отбасы, жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің  тәрбие  мен талап қоюдағы  бірлігін  сақтау,  тәрбие  әдістерін дұрыс талдап, тиімді  пайдалану  басты ерекшелігі.

       Екінші ерекшелігі- тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір  бойы тәрбиеленді, тәрбиеде тез  табысқа  жету мүмкін емес. Ол ұзақ уақытты, қажымай — талмай, шыдамдылықпен тәрбие  жұмысын жүргізуді қажет  ететіндігімен  ерекшеленеді.

       Үшінші ерекшелігі- тәрбиенің сатылы сипатта  болатындығы.

  • 1-сатыда: Отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Қарапайым сезімдер мен мінез- құлықтың алғашқы   дағдылары бойға қалыптасады.
  • 2-сатыда:Этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Әдет-құлық көрсету, қоғамда қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады.
  • 3-сатыда: Дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастардың қалыптасуы, мінез- құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға даруы, күрделі сезімдердің бұдан әрі қарай тереңдеп дамуы іске  асады.

     Бұл сатылар арасанда  шек болмайды, бір- бірімен  тығыз байланыста өрбиді.

       Төртінші ерекшелігі— тәрбие жұмысы  мазмұнының бір орталыққа  жинақталып жас шамасында,тәрбие деңгейіне қарай бірте-бірте күрделеніп берілуі, бір қасиеттің қайталанып, толықтырылып  түсіндірілуі.

       Бесінші  ерекшелігі- тәрбие  ісінің  екі жақты белсенді процесс  екендігі. Музыка пәні  мұғалімінің  тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің  ішкі ойымен  , ниетімен  ,өзін-өзі  тәрбиелеуімен  ұштасып, табиғи үйлестік табуы жұмыстың  нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Олай болса, тәрбие ісінде  де, музыка пәні  мұғалімі де,  оқушылар да белсенділік көрсетуі тиіс.

        Алтыншы  ерекшелігі – тәрбие ісінде педагогтар  ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің   күшті  болуының  мәні зор .А.С.Макаренко “Тәрбие беру жұмысы ең алдымен ,ұйымдастырушының  жұмысы” деп бекер айтпаған . Музыка пәні  мұғалімінің  ұйымдастырушылық  қабілеті  зор болғанда ғана жеке  оқушыларға ықпал етіп ,оқушылар  ұжымының  қарым – қатынасынын  жолға  қойып  жұмылдыра алады .

       Жетінші ерекшелігі-   тәрбие нәтижесін тез арада  анықтау, тексеру, бағалау өте қиын процесс. (Жазбаша бақылау, шығарма, мазмұндама,  ауызша сұрау,  есеп алу т.б.)  ал қаншалықты тәрбиелі, иманды екенін анықтау қиын.

       Сегізінші  ерекшелігі— тәрбие  болашаққа ұмтылған іс-әрекет.Бүгін мен  мен ертеңгі келешек өмірдің ұштасуы.

      Бүгінгі  жақын мақсат- болашақтағы ортаңғы және алыс мақсатқа жетудің негізі. Бүгінгі  оқушы- ертеңгі  азамат,  маман, қоғамдағы  дамытушы,  алға апарушы, қоғам иесі.

      Тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың аталған  ерекшеліктерімен қатар, өзіндік қиыншылықтары да бар.Атап айтсақ:

  • а).тәрбие жұмысын ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастырумен салыстырғанда уақыт жағынан едәуір қиындық тудырады.Оқу белгілі уақытта,сабақ кестесіне байланысты басталады, аяқталады, ал тәрбие жұмысының уақытын музыка пәні мұғалімінің  оқушылардың бос уақытын есепке  алып өзі  белгілейді.
  • ә).тәрбие жұмысының бағдарламасы жалпылама жасалған, ал оқу процесінде әр пәннің жеке- жеке бағдарламасы бар. Бұл тәрбие жұмысының жоспарын нақты жасауға мүмкіндік бермейді.Тәрбие салаларына байланысты тақырыпқа бөлініп жасалған бағдарлама,  бағдарламаға  байланысты  құрастырылған хрестоматиялық жинақтар, әдістемелік құралдар тапшы.
  • б).тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына   ыңғайлап, музыка пәні  мұғалімі    тақырыптарды өзі таңдап, тәрбие материалдарын өзі сұрыптап  алып иснцинировка  , жоспар жасайды. Бұл біріншіден музыка пәні  мұғалімінің    қыруар уақытын алса, екіншіден күрделі, жан- жақты еңбекті талап етеді.

          Аталған  ерекшеліктер  мен қиыншылықтар  музыка пәні  мұғалімінен    сан – салалы білім мен іскерлікті, шеберлік пен дағдыны, педагогикалық іскерлікті, тәжірибені қажет етеді.Өйткені, ол әр  оқушының жеке басы  қасиеттерін және сынып ұжымын зерттеп  таниды. Тәрбие  құралдары  мен әдістерін таңдайды, сол арқылы олардың  жеке дамуын, ұжымға бірігуін, ынтымағын, татулығын қамтамасыз етеді. Осы орайда, музыка пәні  мұғалімі    тәрбиені кешенді  жүргізуге тырысады. Оның мәні  — тәрбие ісінде  мақсат, міндет,  мазмұн, әдіс- тәсіл  түрлерінің бірілігігн сақтау, тәрбиені жоспарлау, есепке алу, нәтижесін ескеру, сана-сезімге, мінез- құлыққа бірдей тұтас ықпал  ету, тәрбиелеу, тәрбиеде   барлық әлеуметтік  күштердің  бірілігін қамтамасыз етеді. Демек,  тәрбиені  кешенді  жүргізу  тәрбиеге  бір жақты  келуден, жүйесіздіктен құтқарады.

          

 

 

 

 

 

Тән тәрбиесі .

          Жеке тұлғаны  жан- жақты  дамытуда тәр тәрбиесі мен жан  тәрбиесі  ерекше орын  алады.  Олай  дейтін  себебі, адамзат  қоғамы сан ғасырлардан  бері жинақталған  рухани және  материалдық байлықты игеру, тәні, жаны таза, дені  сау   азаматтың қолынан келеді.  “Денің сау болса жарлымын  деме”,”Басы аманның- жаны сау”, “Тәні  саудың- жаны сау” дейді    халық педагоикасы.  Бұл қағидалар  жас ұрпақты   дені  сау, тәні таза, дене  мүсіні сұлу, ақыл- ой толық дамыған, адамгершілік  қасиеттері жоғары, табанды  батыл, қайратты, ел қорғауға, еңбек етуге дайын  етіп қалыптастыруды  көздейді.

          Тән —  тәрбиесінің  негізгі  мақсат- міндеттері — жас ұрпақтың  денсаулығын  сақтау, нығайтуға  қамқорлық  жасау,өмір  тіршілігіне  қажетті  икемді қимыл әрекетке жаттықтыру, күш қуатын молайту, мәдени- тазалық  дағдыларына  баулу болып табылады. Дұрыс қойылған  тән тәрбиесі әдейі  ұйымдастырылған оқу, тәрбие  жұмысы арқылы жас ұрпақтың    дұрыс  дамуына  қолайлы  жағдай  жасап, денесін шынықтырады.

          Тән  тәрбиесі бүкіл организмнің  қызметін  дамыту үшін ғана қолайлы  жағдай  жасап қоймайды, ақыл- ойы  шалымды, денсаулығы  мықты, төзімді, жүйкесі  берік болып жетілуіне  , дене  еңбегі мен ақыл- ой еңбегіне бейім болып   қалыптасуына  мүмкіндік тудырады.

          Халық педагогикасында денені  шынықтырудың  төс  тоғыстыру, иық қағысу,маңдай сүзістіру,бел күшін сынау, соқыр теке, қыз қуу т.б және спорттық  ойындарда  бейсбол, волейбол, күрес, хоккей,  шахмет, дойбы т.б.  жарыстарда  іске асырлады.  Бұлар  жастардың  денесін шынықтырып, шымырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа,  еңбек қабілетттілігіне  баулиды.

       Дене тәрбиесі  өзге  тәрбие бағыттарымен  тығыз байланыста жүреді, бірін- бірі  толықтыра  отырып  жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек тәрбиесі .

        Адамның адам  болып қалыптасуының құралы- еңбек.  Еңбектің  нәтижесі  әрбір адамға, оның  еңбекке саналы, шығармашылық   көзқарасына байланысты.  Олай болса, бүгінгі  таңдағы қоғам қажеттілігі- жас ұрпақтың  бойында  еңбекке ынталандыруды  тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын  дұрыс таңдауға баулу.  Баланың  жеке басының еңбек жолын  дұрыс таңдауға   баулу.  Баланың  жеке басының  еңбекке  бейім  болып  өсуі оны еңбек  тәрбиесіне  баулуға тікелей байланысты.

   Тәрбие  тек адамның  ақылын  дамытып және белгілі  бір мағлұматтар  беріп ғана қоймай, қайта саналы  еңбекке  деген ынтасын арттыра  түсуі  керек, мұнсыз оның  өмірі ардақты да, бақытты  да бола алмайды.  Адамның  жастық  шағында   алған әсерінің  салдарынан  еңбекке деген ынтасы  өсіп те, өшіп те  қалуы мүмкін,  сондықтан  баланы  жас шағынан ұқыптылықпен  баулып, еңбекке деген  ынта- ықыласын  қалыптастырған дұрыс.

  Қазақ халқы  ежелден –ақ ұл мен қыздың  тәрбиесін отбасында өзара бөлісіп  атқарған.  Ұлды төрт   түлікті   бағып- баптауға, отын шабуға, тамақ табуға, құсбегілікке, аңшылыққа, қолөнер  шеберлігіне  әкелері  мен  аталары  баулыса, ал қыз балаларды үй жұмысын, қолөнерін  (кесте тоқу, ою- өрнек салуға)  атқаруға  яғни отбасының  ішкі жұмысына  аналары  мен әжелері үйреткен. “Ата көрген  — оқ жонар, ана көрген- тон пішер “ деген  мәтелдің  мәні осында жатыр. Жастарды   мамандыққа  тәрбиелеу  төрт түлік  мал бағуға үйрету,  үй ұстауға үйрету т.б  баулып, оларды ептіліке, қырағылыққа, бейімділікке, ұстамдылыққа, сыпайылыққа  машықтандырған. Өйткені, жастардың   еңбексіз жеңіл өмір сүруі, біреудің арқасында   күн көруі адамгершілік – имандылық қағидаларымен сыйыспайды   деп дәлелдеген. Оларды  ой еңбегі   мен дене   еңбегіне   шығармашылықпен   кірісетіндей етіп тәрбиелеу, еңбекті   дәріптеу, еңбек адамын үлгі ету  халықтың  “Еңбегімен  ел көгерер”, “Еңбек ер атандырар”,”Еңбектің наны тәтті”, “Еңбегі аздың — өнбегі аз” деген тұжырымдар адам өміріндегі  еңбектің ролін ашып көрсетеді.

 Еңбекке  оқыту  мен тәрбиелеудің  нәтижесінде   қалыптасқан   білім мен  білік, дағды мен іскерлік адам баласының  өмірге,  еңбекке  құштарлығын арттырып, мүмкіншілігін дамытатын сенімді құралына  айналдырды.  Жастарды болашақ  мамандығы   бойынша машықтандырып еңбекке  дайындау, оларға   еңбек етудің  дағдыларын  игерту    әр  пән мұғалімінің, тіпті  музыка пәні  мұғалімінің де басты міндеті. Білім негіздерін  оқып үйренудің өзі – оқушыларды  еңбекке  тәрбиелеудің  негізгі құралы.  Оқу- үлкен  еңбек.  Оқушының  қоғам, халық, ата- ана алдындағы  жауапті міндеті- жүйелі  оқу еңбегіне   үйрену : (кітаппен жұмыс істеу, зертханалық жұмыстарды орындау, бақылау, өздігінен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру, жұмыс орнын  дайындау, таза ұстау ) . Көпшілікпен жүргізілетін  тәрбие  жұмыстарында  әр оқушыға  жеке дара қабілеті  мен  қасиетіне  сай қатынас жасау ерекше орын алады.

 

Ақыл- ой тәрбиесі

 

 Бала күнделікті  өмірде айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы   сан түрлі мағлұматтар мен дағды, білім игереді.  К.Д.Ушинский айтқандай.”Ақыл-ой дегеннің  өзі жақсы ұйымдастырылған  білім жүйесі” екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты  бай, сан- алуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан музыка пәні мұғалімі    тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірімеген, баланың  өзінің тікелей  өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты есептерін дәл анықтауға кедергі  жасайды да нәтижесінде  жалған түсініктерінің тууына негіз болады. Ақыл- ой тәрбиесі  тек ойдың ғанаемес, оның дамуы ойлау процесінің  құбыслытарымен сипатталады.  Даму- баланың сандық және  сапалық   жағынан жетілуі,психиканың  , ой- сананың  өсуі.

            Ақыл- ойдың дамуы дегеніміз- оқушының  жасына  байланысты білім мен  тәрбиенің  әсерінен, тәжірибе  жинақтауынан  оның ақыл- ой  әрекетінде  болатын сандық  және сапалық  жағынан  жетілуі,  психиканың, ой- сананың  өсуі. Ақыл- ойды  дамытудың шарты- жастардың  сан қилы  іс- әрекетінің  тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның  әсері, адамдардың  қарым- қатынасы, тілді  меңгеруі, қабылдауы  мен түйсінуі, берілетін  ғылым, білім  сапасы.

          Ақыл- ой тәрбиесі дегеніміз- жастарға  мақсатты көздей ықпал  етіп, оның айналадағы   дүниені  шынайы  ақиқат  тұрғыда  танып білуін, ғылым негіздерін   игеруін  қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға , адамдарға дұрыс  қарым- қатынасын   қалыптастыру.

           Жас ұрпақтың   түйсік, қабылдау, ес ,қиял,ой және тіл сияқты  танымдық- психикалық  процестерін  дамыту- ақыл- ой тәрбиесінің  басты міндеттерінің  бірі.

            Айналадағы   дүниені  түйсік пен қабылдаудың дамуы неғұрлым жоғары  болса, дүниені  танып  білуі  соғұрлым  бай болады.

               Жас ұрпақтың  ақыл-  ойының дамуы еңбек пен ғылым- білімнің  ұштасуына байланысты. Қоғамдағы  барлық  байлық- адамның  ақыл- ойымен, екі қолымен  жасалатын еңбектің   нәтижесі, ғылым мен  техника, бүкіл өнер туындылары, еңбек пен  ақыл- ой қызметінің  жетістіктері.Халықтық педагогикада “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ”, ”Оқу білім бұлағы, білім- өмір шырағы”, ”Ақыл озбайды, білім тозбайды”, “Оқу  түбі- тоқу”,- деп қарапайым өмір   тәжірибесінен туындаған  қағидаларды жас ұрпақтың ақыл-ойын тәрбиелеу үшін пайдаланылған. Халық  бар дүниенің  тетігі  ғылымда, оны төзімді еңбекпен  аласың деп, заңғар  ойлы, парасатты, әділдік  жолында  алыса  білген  адамдарды үлгі  — өнеге  еткен.

               И.П.Павлов адамның  сөзі барлық   нақты  тітіркендіргіштің орнына  жүреді  де, ол  ми қабығында  сан алуан  тежеулер  мен  қозу тудырады.  Сөз жеке  зат туралы,  толып  жатқан  біртектес  заттар  туралы  мәліметтер беріп, сол арқылы ойлауға, ой қорытындысын жасауға, түрлі    ұғымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөз адамды тәрбиелеу, ғасырлар  бойы жинақталған тәжірибені сақтау, білімді  ұрпақтан- ұрпаққа  жеткізу  құралы  болып табылатындығын  айтқан болатын.

               Сөз өнерін  дәріптеген халқымыз жастардың  ақыл- ойын  дамытуда  ауыз әдебиетінің  айтыс жанрын, музыкасының  өнер жарысын (өлең жырмен айтысу,  өнер сайыстыру, ән айту, би билеу, күй тарту,) пайдаланылған.Айтысарда  ақындар  қарсыласына  — өнер , білім, өнер, еңбек, кәсіпкерлік  туралы  өлеңмен сұрақтар   қойып, оған өлеңмен  жауап алып, бір- бірін сынаған, сөйтіп ой- өрісін, білімін  сарапқа салған.  Көп оқу, білу керек  екенін  жастарға  танытып, өнер- ғылымға  бағыттап, сөз шеберлігіне тәрбиелеп отырған.  Бұлар халықтың  салт- дәстүріне байланысты мерекелерде  ұйымдастырылатын, ойын- сауық  кештерінде  іске асырылып, жастардың ой- өрісін  жетілдіріп,  тапқырлыққа, шешендікке, өткірлікке  , ой- қиялын   дамытуға мүкіндік беретін.  Халқымыз “Өнер  алды-  қызыл тіл”, “Шешеннің  сөзі —  мерген, шебердің көзі- мерген”,   “Қаһарлы  сөз- қамал бұзар”,- деп жастарға  сөз құдіретін  , оның  мәнін  түсіндіріп  келген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамгерішілік тәрбиесі.

 Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл- ой тәрбиесі, бір- бірімен  өзара тығыз байланысты. Өйткені, мораль адамның  еңбекке  деген көзқарасы  арқылы  қоғамның  экономикалық  мәдени дамуына   ықпалын  тигізеді.Адамгершілік  жағынан  дұрыс қалыптасқан адам ғана  біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады.  Адамгершілік   тәрбиесі моральдік жағынан кіршіксіз таза, қоғам  мүддесі  үшін еңбек ететін  , жан- жақты жетілген  адам даярлау – тәрбиенің  басты мақсатына  айқындайды.

Мораль дегеніміз адамдардың  мінез- құлқының  тарихи  қалыптасқан  ережелерінің  жиынтығы. Бұл ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық,ар- намыс, ұждан деген ұғымдардың   тұрғысынан қарағанда, адамдардың  мінезі мен іс- әрекетін  бағалаудың  өлшеуіші болып табылады.

Бұлар  адамдардың  бір- біріне, қоғамға, елге, отбасы  мүшелеріне  деген қарым- қатынастарын ретке келтіріп отырады. Мораль  қоғамнан   тысқары  тұра алмайды.  Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды.   Ал моральдік  қоғамның  дамуына әсер етеді, экономикалық  құрылыстың   өзгеруімен  бірге мораль да өзгеріп отырады.  Моральдің  қалыптасуына  қоғамдық   сана, саясат,  құқық, көркемөнер  , дін, музыка ықпал етеді.

Барлық  уақытқа  бірдей, барлық халықтарға  ортақ  ереже  болмаса  да, жалпыға   бірдей қарапайым  қағидалар бар.  Мысалы,  барлық заманда табиғат  апаты  кезінде          зардапшеккендерге  көмек өкрсету моральдық борыш деп есептелінген.Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған  ата – аналарды, ата- анасы алдындағы  өз борышын орындамаған   баланы моральдік  атаулының бәрі де  айыптаған,қоғамдық   орындарда  ең қарапайым  тәртіпті сақтау, үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған.   Адамдардың  қарым- қатынас мәдениеті  осы ережелер   арқылы  баянды етілген.

Адамгершілік қасиеттің негізі  -имандылық  пен ізеттілік.  Ал,  ол отбасы  тәрбиесінен басталалы. Жастарды осы рухта тәрбиелеу бірінші міндет  деп саналған.

Адамгершілікке тәрбиелеуде негізгі жолы- оқу процесі  мен оқушылардың күнделікті  өмірмен  іс- әрекетінде тиімді  тәлім – тәрбие шараларын ұйымдастыру.  Оқушылардың  адамгерішілік   туралы түсінігі  мол болғанымен, тәжірибеде іс- әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін  жайлар  кезігеді.

Ең негізгі  — тәрбие үрдісінің ролін  өктеру, ол үшін  тәрбие теориясын  әлеуметтік- экономика, этика, физиология, биология, экология, психология  , музыка  ғылымдарымен  бірлікте талдау, дамыту жаңа ғылыми  ұсыныстарды  белсенді түрде  қоғамдық  тәрбие орындарының  жүйесіне ендіру., педагогикалық   үгіт- насихат  тартуды  күшейту т.б. Ол үшін  халық педагогикасын  негізге алып, раио, телевидение, баспасөз, кино, театр,әдебиет,көркемөнер  тәрбие құралдарын  кеңінен пайдаланылған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.(д).Оқушыларға  эстетикалық тәрбие беру.

 

            Эстетикалық тәрбие дегеніміз- жас ұрпақты  өмірдегі, күнделікті  тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі  әсемдікті, сұлулықты, асқақтықты, азаматтықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, түсініп бойына сіңіре  білуге, әділ бағалауға, тіршілкте іске асырып   отыруға баулу, әсемдікті  тани, жасай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты- әр адамның  ақыл- ойын,  әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән- мен жанның қалыптасуына ықпал ету.Жасампаздықты  мұрат  тұтып, өзінің   тұрмысын, мінез- құлқын, адамдармен қарым-  қатынасын, ұйымдастыра  білу қабілетін,  қиялын,  эстетикалық талғамын дамыту.  Эстетикалық тәрбие  жан- жақты дамыған, еңбек  сүйгіш, достыққа берік, жаны сұлу, әдепті  жастарды тәрбиелеудің  басты  бір  саласы.

           Эстетикалық тәрбие- кең ұғым. Ол әсемдікті  сезе білуге тәрбиелейді. Эстетикалық  тәрбие  көркемөнер  құралдары  арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің  , табиғаттың  әсемдігін  тану  кезінде, адамдармен  қарым- қатынас   үстінде тәрбиеленеді.

           Көркемдікке  көркемөнер   құралдары арқылы тәрбиеленеді. Көркемдікке тәрбиелеу  эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  қүрамдас бөлігі.

           Эстетикалық  даму дегеніміз  жас ұрпақтың  эстетикалық  нәр алуға  мүмкіндік   тудыратын  сезім мүшелері  мен  шығармашылық  қабілетін   ұштау,  өмірдегі, көркемөнердегі  әсемдікті  түсінуіне, оны  қабылдауына   педагогикалық  жағынан  ықпал ету  арқылы  адамның  эстетикалық  сезімін дамыту.

           Эстетикалық  сезім- дегеніміз өмірдегі  көркемөнердегі әсемдікті  қабылдаудан туатын  эстетикалық  нәр алу, толқу, рахаттану.  Ол – адам  табиғатына  ғана тән жоғары  сезім.

          Ғалымдар эстетикалық тәрбиені қоғамдық  —   мәдени  өмірдің жан- жақты дамуымен байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен  дәуірдің  алдыңғы  қатарлы  дәстүрі  мен тәжірибесіне сүйенеді. Әсемдік болмыста объективті түрде өмір сүреді, адам өзінің  шығармашылық  қызметінде өмірді  және оның  әсемдігіні сәулелендіреді. Адамның   әсемдікті  сезе, тани білу қабілеті әсемдікті жасауға қатынасы оның сезім байлығы  мен эстетикалық  мәденитінің  даму  дәрежесіне байланысты.

         Эстетикалық тәрбие өмір құбылыстарын терең қабылдауға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал  етеді. Байқағыштығы мен әсерленгішітігін ( қуану, қобалжу, әрі- сәрі  болу, қайғыру) тереңдетеді.  Эстетикалық  әсерлену әсемдікті  қабылдауға   ғана негізделіп қоймайды, өнер           шығармасының мазмұны  мен идеясын терең  түсінуге де  негізделеді.  Бұл эстетикалық  тәрбиенің  ақыл- ой,  адмгершілік, еңбек, тән тәрбиесімен тығыз байланыстылығын   байқатады.

           Көркем шығарманы,  табиғат әсемдігін, адамның  жақсы  тәртібін, тамаша мінез- құлқын көріп  сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына үлкен әсер етеді.

          Әсемдікті   сезіну адамның   өмірін байытып, бір- біріне  достық қарым- қатынасын, жақсылық  істеуге  талпынысын, белсенділігін тудырады.  Эстетикалық тәрбиені  бала  дамуының алғашқы  сатысынан  бастау жан- жақты  жарасымды  дамыған  ұрпақ  тәрбиелеудің алғы  шарты.

Эстетикалық  тәрбиенің  міндеттері :

  • Жастардың эстетикалық  қабылдауын  жүйелі  түрде  дамыту.Осының негізінде  қоғамдық өмір  мен айналаны терең  таныту және олардың  адамгершілік  бейнесін  қалыптастыру.Олардың  зейінін  өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, адамдардың   тәртібі  мен іс- әркетіндігі, тал бойындағы әсемдікті  көре білуге аудару, өмірдегі  шын әдеміліктті жасанды  әдеміліктен  ажырата  білуге, оны дұрыс  бағалауға  үйрету.
  • Жастардың эстетикалық түсінігі  мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін  дамыту.  Эстетикалық  жан құбылысын тудыратын қуану, қайғыру, қобалжу,әсерлену, бейжай болу, көркемдікті қабылдауда шығармада бейнеленген кейіпкердің қуанышы мен ренішіне, табысына   бірге қуанып,  бірге қайғырып әсерленуін, көңіл- күйінің  толқуын   дамыту.
  • Жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеу.  Оларды  жақсы  мен жаманды, сұлулық пен кейіпсіздікті, нәзіктік пен дөреклікті, бір түстілік пен ала- құлалықты ажырата  білуге, өлең, ән, музыка, бейнлеу өнері  шығармалырынң  не себептен  ұнамайтынын  аңғара  білуге  үйрету.

      Эстетикалық  талғам- өте кең түсінік. Ол өнер  шығармаларын  түсініп, нәр  алу ғана  емес сонымен  қатар   табиғаттың, өмірдің,  еңбектің, тұрмыстың, киімнің  әсемдігін түсіну  және бағалай білу.

      Талғамды дамытуда оқыту  ісі ерекше  роль атқарады.  Сабақта  оқушылар  көркем  әдебиет, музыка, бейнелеу  өнері туындыларымен  танысады, әсемдік әлеміне  саяхат  жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезу талғамы  қалыптасады, бұл адамның рухани   дүниесінің   баюының  негізі.

  • Жастардың күшіне сай өзін  өнерде  көрсете білу қабілетін,  айналаға қажетті әдемілік жасауға талпынысын тәрбиелеу, көркемдік- шығармашылық  қабілетін  дамыту.
  • Эстетикалық тәрбиенің тағы  бір мәнді  міндеті  жас ұрпақты  мамандығына қарамай, өмірдегі, табиғаттағы әсемдікті қорғауға, бағалауға, сақтауға  , молайтуға  үйрету.
  • Табиғаттағы әсемдікті өнердегі  көрсеткіштер  — ескерткіштер мен сәулет  өнері  туындыларын  көзінің  қарашағындай  етіп  аялауға  баулу.  Бұл адам  еңбегін бағалауға, Отан, табиғат  байлығын  ұқыпты  қарауға  үйрету.

             Қоршаған  дүние, табиғи  орта, күнделікті тұрмыс  эстетикасы, табиғаттан, өмірден  алған  әсері, көркем  әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер  мен  сауық кештері, қарым- қатынас жасап  араласып жүретін адамдардың  моральдік бейнесі, тәртібі, қазақ  халқының  салт- дәстүрі эстетикалық    тәрбие құралының  тиімді  түрлері  болып табылады.

             Жас ұрпаққа   эстетикалық тәрбие  беріп, сезіміне ықпал   етуде атап  өткеніміздей халықтың салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы, музыкалық  шығармалары, ән- күйлері, аңыз- күйлері, мақал- мәтелдері, жыр- дастандары, қолданбалы  өнері, ою- өрнектері т.б.   эстетикалық  мәні  бар өнер  шығармалары пайдаланылады.

           Қазақтың   халықтық  педагогикасында музыкалық- эстетикалық тәрбиенің   құралдары  сан алуан.  Халқымыз  “Ақылды болсаң, ән тыңда”, “Ән  — көңілдің  ажары”, “Ауылдың  алты ауызы”, “Қонақ кәде” айту, күй шерту, күй жарысы, айтыс, терме айту, сазды ойындар ойнау, би билеу сияқты  құралдары  отбасында  ,мерекелерде, той думандарда  т.б.  салт-дәстүр арқылы тәрбиелеген. 

             Оқушыларды  концерттерге  , театрға, киноға, көрмелерге  ұжымды  түрде  баруын ұйымдастыру  мұғалімнің  сыныптан  тыс  дәстүрлі  шараларына  айналған.

             Тағы  бір  сыныптан  тыс шараларды  ұйымдастыруда  кітапханалардың үлесі өте зор. Олар  музыка және  музыканттар  туралы, театр және  кино  актерлері, әнші, күйшілер  туралы  көрмелер  ұйымдастырады. Мысалы : “Ұлы дала күйшісі-Құрманғазы”  . Соған  байланысты  көрме ұйымдастырылп, оған өмірбаяны, күйлері және  күйлерін  жеткізуіш   шәкірттері  туралы  мақалалар  көрсетіледі.

           Барлық  мектептен  тыс мекемелердің   мақсаты- балаларды әсемдік  әлеміне, мәдениет жетістіктеріне тарту, тұтас алғанда  шығармашылық қабілетін дамыту, жан- жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу. Ал мұның өзі  үйірмелердің алуан түрі : хор, вокал,  би, аспаптық, оркестрлік үйірмелер арқылы жүзеге асады. Олар  оқушылардың  музыкалық  даярлығын  тереңдетудің  аса маңызды  факторы  болып табылады.

              Қазақ халқы  өзінің  сан ғасырлық тіршілігі  ішінде   балаларды тәрбиелеудің өзіне  тән тәжірибесін жинақтап, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде өзінше талаптар қойды. Оның ішінде   музыкалық  эстетикалық  тәрбие  алуан түрлі тәсілдермен жүргізіліп, педагогикалық ықпал  жасау әдістері көп болды. Бұл тәсілдер яғни тәрбие берудің  әдістері айналадағы  табиғат, күнделікті  еңбек, халық ауызекі әдеби және музыкалық  творчествосы, ұлттық ойындар  мен спорттық жарыстар  арқылы ұрпаққа   музыкалық тәрбие берудің  құралы қызметін  атқарып келеді. Музыкалық жазуы,  музыкалық оқу орындары   мен мамандары болмағандығына   қарамастан, қазақ  халқы  музыкалық қабілетін, ұнаған   музыкалық  немесе  әдеби  шығарманы  бірден  қағып  алуға мүкіндік  беретін есте сақтау қабілетін дамытып,  ұрпақтан- ұрпаққа  тәрбиенің бұл  түрін  жеткізіп келеді. Сыныптан  тыс жүргізілетін жұмыстардың  ішінде  халық  музыкасын  оқыту  және  соның өзін тәрибелеу процесіне  пайдалану  әдісін  тиімді  қолдана  отырып “ Қазақ халқының  ән өнері”  деген  бағдарламамен  факультативтік курстар ашуға болады. Бұл факультативтың басты мақсаты- оқушыларды   қазақ халқының халықтық  ән жанрымен  таныстырып, халықтық музыканы  сүюге  тәрбиелеу.

               Осындай  мектеп пен мектептен  тыс мәдени  мекемелердің  оқу тәрбие  жұмысының  маңызды  түрінің  бірі- музыкалық  лекторийдің тәжірибесінде педагогика саласында баршаға  танымал түсіндіру, әңігмелесу, лекция — концерт, қызу пікірталастар, жарыс,  педагогикалық   байқау және т.б. басқа тәрбие  әдістерін қолданылады. Әсіресе, жоғарыда  аталған  педагогикалық жарысу әдісі  мектеп  оқушыларының  мектепішілік, мектепаралық,  Республикалық  “Әнші болғым келеді”, “Сиқырлы қазан” жарысында өте   ұтымды   пайдаланылады. Осындай  жарыстармен   бірге  музыкалық  кештер, тақырыптық  концертер, лекторий, диспуттар мен  сынптан  тыс  мәдени ағартушылық  “Қыз  сыны”, “Жігіттің  сұлтаны” сияқты   жаңа сипаттағы  т.б. ойын- жарыстары , байқауларын өткізе отырып, музыкалық  бағыт- бағдар ғана  қоюмен  шектелмей  , олардың   музыкалық  тәрбие  деңгейлерінің  өсуіне  көмектеседі.

              Сыныптан  тыс өтілетін  жұмыстардың   тәрбиелік  пәрменділігі  оқушылардың  жас шамаларына,  өзіндік  жеке дайындығына  байланысты.

               Эстетикалық   тәрбиеде  , сонымен  бірге оқушылардың өлеңдерді, әндерді, әңгімелерді, ертегілерді   қайталап  қабылдау әдістері  пайдаланылады.

               Көріп отырғандай , эстетикалық  тәрбиенің   оқу процесіндегі  мүмкіншіклетір ұшан- теңіз. Оларды  тек  пайдалана білу керек.  Дегенмен  де өнермен тікелей байланысты  шешуші  роль оқу  сабақтарына байланысты. 

               Өнер адам  сезіміне  көркем образ  арқылы әсер етеді, оның жарқын толғанысын оятады, әр түрлі  сезімдерді қалыптастыруға  ықпалын тигізеді. 

              Сондықтан  оқушылармен  жұмыс жүргізген кезде , балаларға әсемдігін ашып, олардың рухани  бейнелерін   байыту үшін, қоғамдық қызметке деген белсенділігін   оятып, адамның өмірдегі  жақсы мұраттарын бекітуге бөгет  болатындармен күрес  жүргізу  үшін, өнермен  шұғылдану  жолында әрбір  мүмкіндікті   пайдалану қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.(В) Тәрбие принциптері.

 

           Тәрбие  — мақсат  көзделіп, жүйелі  ұйымдастырылған  тәрбие нәтижесінде  іске  асады, сонда  ғана жастардың  өмірге құштарлығын, еңбекті қажетсінуін дамытуға болады.  Міне, осыған байланысты музыка пәні мұғалімінң атқарар   жүгі мол.

            Музыка пәні  мұғалімінің  күделікті  тәрбие жұмысында  төмендегі  міндеттер көрініс  табуы тиіс:

  • оқушыларға қоғамның идеологиясын таныту, отаншылдығын, жоғары  адамгершілік қасиеттерін, азаматтық  тұлғасын, демократиялық  , адамдық тұрғыда  қалыптастыру.Ол  үшін  жоғарыда  аталған  тәрбие  бағыттарын ескеру керек  болды.
  • Еңбек және кәсіптік, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие, еңбек дағдылары, іскерлік қалыптастыру, бауырымалдыққа, отаншылдыққа , олардың  тазалық   дағдыларын  бекіту.

Оқушылардың жалпы  мәдениетін  көтеру, қазақ халқының озық  салт- дәстүрлері  рухында   тәрбиелеп, дүние  танымын, дербестігін, мінез- құлқын   жетілдіру көзделеді.

Оқыту  процесі сияқты тәрбие  жұмысы да белгілі ұстанымдар      негізінде жүргізіледі. Тәрбие ұстанымдары жеке  тұлғаны  тәрбиелеу жөніндегі  ілімге  және ғасырлар  бойы  жинақталған   халықтық  тәжірибеге  және  ғылыми  педагогикаға сүйенеді.  Бұл ұстанымдардың  идеялық негізі-  мектептің   өмірімен, тәжірибемен, еңбекпен   байланысына  сай.

Ғылыми   педагогика мен  халық педагогикасында тәжірибеде  тексеріліп, кеңейтілген  , төмендегі  ұстанымдар  қабылданған:

  • Мақсаттылық принципі. Оның мағынасы – тәрбие жұмыстары қоғамның  жалпы мақсатына байланысты. Бұл ұстаным  музыка пәні мұғалімінің   өз жұмысының   мақсатын  дәл түсінуді, тәрбие мазмұнын, түрлерін, әдістерін дұрыс таңдап  ала  білуді талап етеді де, тәрбиені  қоғамның идеологиясы рухында   ұйымдастыруды  қажет етеді.

     Мақсаттылық  принципі- тәрбие  жүйесіндегі  басты  принцип  болып есептеледі.

     Тәрбиеде  бұл принципті ескеру  жастарға қанат бітіріп үйлесімді  дамуына  жол ашып, бағдар  беретін   халықтық  педагогика   баяғыдан  отбасындағы, ауыл- аймақтағы  бала тәрбиесінде  басшылыққа  алып отырған.

  • Тәрбиенің өмірмен,еңбекпен, тәжірибемен байланысты болу принципі. Бұл мақсаттылық принципінен туындайды.

Халықтық педагогикада тәрбие  өмір сүрген ортасын, ауыл –аймақта, отбасында іске асырылып, ата-ананың, ақылды  қариялар  мен әже, аналардың, ағалардың  ,есті үлкендердің  үлгі- өнегесімен , кеңес- басшылығымен іске асырылады.

Дұрыс  тәрбиенің  нәтижесі өмір  сүру барысында еңбек үстінде  көрініс табады.

  • Ұжымда тәрбиелеу принципі. Бұл принциптің мәні- жеке адамға ұжымның  оң ықпалын, ұжымға  жеке тұлғаның  ықпалын, дұрыс қатынасын қалыптастыру. Ұжыммен  жұмыс  істеу  жастармен  жеке тәрбие  жұмысын  жүргізуді  жоққа шығармайды.  Тәрбие  міндеті  ұжымның  оқушыға   оң қатынасын тудыру емес, оқушының  ұжымға   жақсы қатынасын да қалыптастыру.

 Оқушыны ұжымға тарту ғана емес, оның  ұжым мүшесі болуға талпыну тілегін тудыру, көпшілік  мақсаты  үшін күресу сезімін тәрбиелеу. Бұл принцип халықтық педагогикада :”Ісім жақсы деме, көпке ойлат”, “Ұлға  отыз үйден  тыю, қызға қырық үйден тию”,” Жұмыла көтерген жүк жеңіл”,”Ақылды  ауыл аймақты келер”,”Тентегін  тиған ел берекелі”,”Елі үшін  басы ауырып, балтыры сыздайтын азамат” етіп қалыптастыратынын атап көрсеткен.

  • Белсенділік принципі.Әрекетке ықтиярлы  талпыну  жеке тұлғаның  дамуының   қажеттілігі  болып табылады.  Тәрбие  ісі- екі жақты  процесс: тәрбиешінің де, тәрбиеленушінің де белсенділігін қажет етеді.

Тәрбие ісінде  жастар, оқушылар күш жұмсап, белсенді  қатысқанда  ғана нәтижелі  болады. Халық педагогикасында :”Болатын бала пысық”, ”Бала күлкіге тоймас, болбыр ұйқыға толмас”, ”Еріншектің ертеңі бітпес”,”Ештеңе сұрамайтын  адам өмірден де ештеңе үйренбейді”, ”Болар  бала бесігінде жұлқынар, болар құлын  желісінде  жұлқынар”- деп енжарлықтың нашар қасиет екенін  , өмірде  белсенді  жастардың  ықпалы   зор болатынын дәлелдеген.

           Тәрбие сөзсіз өзін- өзі тәрбиелеумен ұштасады, бірақ  ол өзінен- өзі іске аспайды, тәлім- тәрбие мазмұнының беретін бағыт- бағдарына  , баланың өскен ортасына байланысты екенін “Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,  қызың  өссе, қызы жақсымен ауылдас бол”,- деп  түйіндеген.

  • Жеке тұлғаны құрметтеу және жоғары талап қою принципі.А.С.Макаренко  адамды мейлінше  құрметтеу, мейлінше  мол талап  қоюды ұсынған.  Құрметтеу  де, талап  ету де, оның кісілігіне сену, қамқорлық жасау, оқушының  бойындағы  жақсы қасиеттерінің  , қабілеттерінің  дамуына  тірек болады.

Құрметтеу  мен талап қою  бір-бірімен  байланысты. Құрметтеу  жастарға  қамқорлықпен назар аудару, көмектесу, сезімталдықпен, ілтипатты қарым- қатынас  жасауда  көрінеді.  Ал талап қою-  адамды  қарым- қатынастың екінші жағы, оқушының  күшін ескеріп, мақсатты  , жүйелі, табанды  түрде талап  қойып, тапсырманы  орындауын  қадағалау, бағалау.

          Қазақ халқы ежелден   жастар  тәрбиесіне  ұқыптылықпен  қарап : “Ақырып  айтқаннан , ақырып  айтқан артық”,”Құрмет етсең, құрмет көрерсің”,”Үлкенге ізет,жасқа жол”,”Өсер жастың алдын кеспе”,- деп болашағына  үміт арту,сыйлау керектігін   меңзеген.Сол сияқты  “Атадан  жақсы  ұл туса екен, ата жолын  қуса екен”,”Тең құрбыңна кем болсаң, көрінгенге жем боласың”,”Ұлың  өссе  Күндей болсын деп тіле, қызың  өссе, Гүлдей  болсын деп тіле” т.б. деп жастарға   ақылды ,өжет,ел қамын ойлайтын ер,жайсаң, азамат бол деп талап –тілек  қойып отырған.

  • Оқушылардың жеке және жас ерекшелігін  ескеру  принципі.Тұтас дамуына ықпал ету.  Музыка пәні мұғалімі  ең алдымен ұжымдық   қатынасты    қалыптастырудың  ерекшелігін, оқушылардың  жас арасындағы  өзгешелігі,мен байланысын  біліп, оны сынып  ұжымының  дамуымен бірлікте  қарайды.  Оқушыны  ұжымнан  бөліп ерекшелеп те, ал ұжымды  жеке адамдардың   өзіндік ерекшелігі жоқ “тобыр”  деп те қарауға  болмайды.  Музыка пәні мұғалімі   әр оқушының психологиясын, типін, темпераментін, жүйке- жүйесінің  қызметін, мінез- құлқын, жеке ерекшелігіне  сай даму   өзгешелігін негізге алуы  ,сөйтіп  әр тұлғаға  жеке ықпал  етуі абзал

Бұл принцип   халықтық  педагогикада да ескерілген : “Жаманнан   жақсы туады,  атасын  айтсаң – нанғысыз, Жақсыдан жаман туады, бір аяқ  асқа алғысыз. ”, “Болайын  деген баланың бетін  қақпа, белін бу” – деп  әр адамның  жеке ерекшелігі,мінез –құлқы, ақыл- парасаты, қабілеті әр қилы екенін, сондықтан  тәрбиеде  әр балаға  жеке  келу қажеттілігн   танытады.  Соынмен бірге  тәрбие  жұмысында  жас ерекшелігін ескеру керектігін:”Баланы бас жасқа дейін- патшадай қара, он жасқа  дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан  соң ақылшы   досыңа бала”,- деп бағдар берген.

  • Тәрбиенің біртұтастығы, бірізділігі, жүйелілігі, үздіксіз принципі.Тәрбие- үздіксіз іске асырылатын біртұтас прицип.Жеке тұлғаның  адамдық  қасиеттерін үзік- үзік, бөлек- бөлек  тәрбиелеуге болмайды .(А.С.Макаренко өйткені  тәрбиенің біртұтастығы, жүйелілігі, бірізділігі принципі, ең алдымен  , оқыту  мен тәрбиелеудің  және тәрбие бағыттарының  арасындағы  өзара   логикалық  байланыс кешенді жүргізуді  талап етеді.

Халық  бала дүниеге  келгенде  әр түрлі  ішкі  күшпен,мүмкіндікпен, қабілетпен типпен,  темпераментпен, жүйе- жүйесіне   келетінін :

“Бір  бала  атаға жете туады,

Бір бала  атадан өте туады,

Бір бала  кейін кете  туады”,

дейді, осыған орай  әр баланың  даму дәрежесі, мінез- құлқы сан қилы болып қалыптасады. “Жетесінде жоқ  жете сыйламайды”, ”Тентекке-келтек”, ”Көргенсіз бала көкірек”, ”Ана алдында – құрмет,ата алдында- қызмет”, ”Арсыз  болса, қыз қорлық” сияқты қағидалар, әр түрлі  мінез- құлықты болып дамып келе жатқан жастарды  тәрбиелеудің  жолдарын, әдіс- тәсілдерін  таңдап  қолдану  керектігін  меңзейді.

             Сондықтан  да оқу- тәрбие процесінде  жеке тұлға, білім беру, дамыту, тәрбиелеу  қатар жүргізіледі. Бұны  іске  асырудың  шарты- ата- аналар  мен педагогтардың  оқушыларға  қоятын талабының  бірлігі.

            Тәрбие  процесінің  біртұтастығы мен бірізіділігі  , оқу, тәрбие   мазмұны мен оқушылардың бос уақытын  тиімді ұйымдастырып, оларға  жоспармен , жүйелі, үздіксіз ықпал ету арқылы шешіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.(Г).Оқушылармен  сыныптан  тыс жұмыс жүргізудің

  кейбір  мәселелері.

           Бүгінде  балаларды  тәрбиелеудің, оларға  дүние  танытудың  алуан жолдары бар. Бұл реттен  мектепте  музыка өнері мен көркем   әдебиеттің бірігуі, олардан  шыққан туындылар- басты құрал болып табылады. Көркем  әдебиет   пен  музыканың  мәні  мен  құнын  арттыратын  ең қолайлы  нәрсе-  мектеп  сахнасы  екені  даусыз, яғни   балалар көркем  әдебиеттен көркемдікті  ,тілді, ой- сана  мәліметтерін  үйренетін болса, ал  музыка   саласынан  әсемдікті, өнер  атты  әлемнің   құпияларын, оның адам  санасына   әсерінің   қандай екенін  біледі.  Мектептегі  көркем  әдебиет пен  музыка  саласымен  тығыз байланыста   өткізілетін   тәрбие шараларының   кең таралған   формасы  түрлі  тақырыптарда   өткізілетін  кештер, кездесулер, ойын  сауықтар болып табылады.  Бұл істерді  сыныптан  тыс  сабақ  уақытында  тақырыппен  байланыстыра  жүргізіледі. Халқымыздың  ұлы  перзенті   Абайдың  “Артыңа  із қалдырғың келсе,  кейінгі  ұрпаққа  білім нұрын  сеп,  білімге тәрбиелеу, болашағымызды  өз ұлт  өнері  мен мәдениетінің тұнығынан  сусындап, тарихын терең түсінетін  болсын” деген өсиеті  де болашақ ұрпақты өнер білім арқылы тәрбиелудің  қажеттігі  мен  маңыздылығын  дәлелдейді. Бүгінгі оқушы,  тәрбиеленуші- ертеңгі  дүние  тұтқасын  ұстап, халық мәдениетін   көтеретін азамат.  Ұстаздықтың,  соның  ішінде   музыка мұғалімі қызметінің қиындығы да  осында.  Мектептегі  музыка мұғалімі  өз сабағында  білім беруші,  білікті  маман ғана  емес,  музыкалық- тағылымдық  жұмыстарды жүргізуші  Мерекелік  кештер  мен концертттерді, түрлі  кештерді  үйірмелерді  ұйымдастырушы.

             Оқушылардың өткізілетін  әрбір даталық, тақырыптық , өнертанымдық кештерді әзірлеу барысында  балалар  өз бетімен  ізденуге, творчестволық қабілетін  танытуға мүмкіндік алады. Өнерпаздық қабілеттері  ұшталып, арман  қиялдарына  қанат бітеді. Сондықтан жалпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінде  оқушыларды дәстүрімен, өнер  атты әлемнің   шоқтығы  биік жұлдыздары  шығармашылығымен  таныстыру, олардың  ой- пікірін  оқу  тәрбие  ісінің  тірегін  айналдыру- бүгінгі  күннің өзекті  мәселесі   деуімізге  әбден  болады.

                Алайда  мектептердің  іс- тәжірибесінде  оқушылармен   сыныптан  тыс  уақытта  жұмыс жүргізу  жүйесінде  музыка  мәдениетіндегі  рухани    дәрежесі   мен  тәрбие  деңгейін  қалыптастыру   негізінде  жүргізілетін жұмыстарда  кемшіліктер  мен қайшылықтар  бар. Атап  айтсақ, мектеп  педагогикасында   ғасырлар  бойы ерекшелініп, өмір  сынынан  өтіп, келер  халықтық  ұрпақ тәрбиесіндегі  жинақталған  тағылымы,  тәлім- тәрбиесі  мен   салт- дәстүрінің  озық  үлгілерін  пайдаланбау-  жастар  арасында  өрескел  мінез- құлықтың   етек алып,  тәрбиелік  мәні,   мағынасы  таяз  жат рухани  кедейшілікке әкеп  соқты. Халқымыздың  ауыз екі   әдебиетінде, халық ән- күйінде , толғау   термелерінде  қаншама педагогикалық  мәдениет бола тұра, оны  тәрбие  мәселесіне   дұрыс қолдана  алмағандықтан  ар- ожданымыза , инабат- ізетіміздің  таяздап  бара жатқанын  енді ғана аңғардық.

                Сондықтан  өскелең  ұрпаққа   музыкалық  тәрбие  берудегі  біздің   алдымыздағы  ең басты міндет- оқушыларға  көркемдік  білім  беру мен эстетикалық  тәрбиені  айтарлықтай  толық, өнер шығармалырының  , туған табиғаттың сұлулығы мен  байлығын түсініп, бағалай  білу қасиетін қалыптастыру. Осы  мақсатта  әрбір   оқу  пәнінің,  әсіресе, зор танымдық  және  тәрбиелік   күші бар әдебиет, музыка  өнерінің эстетикалық  мүмкіндіктерін  жақсы  пайдалану  қажет.

                   Музыкалық  тағылым  мен  эстетикалық  тәлім- тәрбие  беру жөнінде  көптеген  айтарлықтай  тәжірибе жинақталды. Осы мәселе жөнінде  оның түрлері,ұйымдастыру  әдістері О.А.Апраскина, Л.Арчажникова, Е.Я.Гембицкая, Д.В.Кабалевксий еңбектерінде және  басқалардың  зерттеулеріне  көрініс тапты.

                   Бүгінгі  таңда  оқушылардың  музыкалық- эстетикалық  тәрбие   мәселесі Қазақстан  ғылым педагогтары  А.Нұғманова, М.Момынов, С.Ұзақбаев, Ж.Өтемісов,М.Балтабаев т.б  еңбектеріне елеулі орын алған.

                   Ал мектеп  сахнасына  арналған  тәрбие жұмыстарының  әр түрлі  формаларын өз еңбектерінде көрсетіп, әр түрлі  тақырыптарда, кештерге, мерекелерге және  сынып сағаттарына  сценарийлер жазып жинақтаған   көптеген ақын  жазушыларымызды атауға  болады. Солардың ішінде  Ә.Табылдиев, оның  “Тәрбие очерктері” , “Көңілді  кештер” атты еңбектерін, Т.Боранғалиевтың”Мектеп кеші көңілді”, Б.Ысқақовтың “Әлімнің әлегі”, Қ.Боқаевтың “Өнерлі өрге жүзер” т.б. жинақтарын  айта кетуге болады.

                 Бұл жинақтарда  жазылған  пьесалар мен ертеңгіліктердің ,  мектеп сахнасына арналған  сценарийлердің  оқушыларға   эстетикалық тәрбие  беруде  маңызы зор. Жинақтарда  жазылған кейбір образдар арқылы, олардың  жақсы  жақтарымен  оқушылар санасына  сіңіп кету, олардың  бойында  өнер  мен әдебиет  арқылы жақсы азаматтық  қасиеттердің  пайда болуы көзделіп, елге, жерге, Отанға, ата-ана, туған  ұл мен қоршаған  ортаға  деген  махаббат сезімінің қалыптасуына  көмектеседі.

                  Жеткіншек  ұрпаққа  музыкалық  тәрбие  беру мәселелері   бойынша  материалдарда  бүгінгі  мектептердің  практикалық  тәжірибесі  бар  болғанына қарамастан  бұл  проблеманың көптеген  жүйелері  әлі толық зерттелмеген. Мәселен, егер  қазақ халқының музыка өнерін   игеруде сабақ  пен сыныптан  тыс  әрекеттердің өзара  байланыстылығы  мен халықтың   музыка  мұрасын игеруге  тартуда қазақ музыкасының  өзіндік  ерекшеліктері  ескеріліп, мақсатты бағытталған  әдіс- тәсілдермен  жүзеге  асырылса, онда  оқушылардың   музыкалық  тәрбиесінің тиімділігі анағұрлым  артады. Сол  сияқты   әртүрлі  жүйелерде  пайдалану, халықтық педагогика, ұлттық музыка  тәрбиесі  негізініде  жұмыстар  жүргізу, онда  жаңа жолдарын іздестіру  жас жеткіншектерге  рухани  тәрбие беру, музыкалық  тәрбие беруде бағалы  жолдары  болып табылады.

                   Біздің  дәуірімізде  мектеп жастарын  тәрбиелеу   жолында мектеп өмірінің  мектептегі  әрбір  сабақтың, соның ішінде ән- музыканың , сабақтан тыс  көркемөнер үйірмелерін жүргізудің маңызы ерекше болып отыр. Музыкалық тәрбиенің, оның ішінде сыныптан  тыс жұмыс жүргізудің мақсаты  жастарды білімді, жоғары саналы, өнерлі, жан- жақты етіп тәрбиелеу болып отыр. Бұл орайда балалар мен жасөспірімдер арасындағы  музыкалық  тәрбие  жұмысын жетілдіру  мәселесіне  зор көңіл  бөлінеді.

                 Білім  беру жүйесінің ажырамас  бөлігі  оқушылармен жүйелі  түрде  сыныптан  және  мектептен  тыс тәрбие  жұмысын жүргізу.Сыныптан  тыс жұмыстар деп оқушылардың білімін тереңдетуге, іскерлік пен дағдысын дамытуға, қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыурға, демалысын  дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызатын  арнайы  ұйымдастырылған  жұмыстарды айтады. Бұл  жұмыстарды  пән мұғалімдері мен  ата- аналар, қамқоршы мекеме қызметкерлері немесе  оқушылар  ішіндегі ең белсенді, дарындыларды жүргізеді. Әр педагог  сыныптан  тыс жүргізілетін тәрбие жұмысының  жүйесін ұтымды ойластыруға міндетті.Сыныптан  тыс жұмыстардың мазмұны оқушының  теориялық білімін  кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың   жеке қабілетін  дамыта түсерліктей  болғаны жөн. Мұндай істердің   барлығы  да, бұл тәрбие  жұмысының  материалының мазмұныдылығы  методикалық  сапасы мұғалімнің  шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты. Ең алдымен, оқушыларға  әңгіме тақырыбын  ұғындырып, ізденуге  тапсырма  берілуі  қажет. Балалар   мұғалім тапсырмасын  орындай  отырып, бұл  жұмыстың  мазмұнына қанығады, оның  пайдалы  жағын ұғынады. Сыныптан  тыс тәрбие жұмысын  жүргізгенде еңбек және эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына жүргізілген жұмыстардың әсерінің болуын қарастырған жөн. Ол үшін  мұғалім оқушыларды  түгелдей  қатыстыра отырып, оларға  түрлі тапсырмалар беріп, әр  оқушының шамасына  қарай, нәтиже  алып, ұялшақ, бұйығы, үлгерімі  нашар балаларға көмектер көрсетіп, қабілетін арттыру үшін іске  үздіксіз жаттықытурға  міндетті. Мұның  өзі жүйелі және творчестволық жоспарлы  еңбек арқылы  іске асады.

                Сыныптан  тыс жұмыстарды мазмұнды жүйелі  жүргізу арқылы осы  жұмыстар жөнінде  оқушылармен  үнемі  пікірлесіп,  ақылдасып, келісе отырып, оқушылардың  жеке істер  жүргізуіне, еркін  ұсыныстар  айтуына  шек  қойылмауы керек.

                Сыныптан  тыс жұмыстар оқушылардың өз қалауымен олардың  белгілі бір өнер  түріне бейіміділігін ескере отырып ұйымдастырылады.Осы мақсатта  алуан түрлі үйірмелер, қоғамдар, клубтар  мен  студиялар құрылуда. Олардың  ішінде  оқушыларға  тәрбие  беруде  әсіресе көркемөнерпаздар үйірмелері  ерекше орын алады. Қазіргі кезде  көркемөнерпаздар үйірмелері жоқ мектептер кемде-кем.

                  Халық музыкасын оқушылардың  музыкалық- эстетикалық  жән адамгершілік тәрбиесін  жетілдіруде пайдалану мәселері А.Нұғманова, Т.Тұрсынов,А.Хасанов т.б зерттеулерде  айтарлықтай көрініс тауып, жас ұрпақтың рухани  дүниесіне ықпалы зор тәрбие құралы  екендігі  дәлелденген.

                  Оқушылар тәрбиесін  жаңа  деңгейге көтерудің   тағы  бір тиімді тәсілдері  лекция- концерттер  жүргізу, факультативтік курстар жүргізу. Факультативті курстарды, әсіресе , қазақ  ұлттық  өнер саласына, мысалы : айтыс, әншілік, жыр- терме және т.б. өнерлерден  ұйымдастырған жөн.

                  Музыкалық тәрбие- ұзақ, күрделі әрі  сан  қырлы процесс. Ол ең алдымен балалардың мектепке дейінгі  мекемелерінде  басталады. Ал жалпы білім беретін мектепте тікелей ықпал  ету- музыка, өнер, эстетика  жөніндегі факультативтер,сабақтан тыс  уақыттағы көркемөнер үйірмесі арқылы  тәрбие беруді  жалғастыра түседі. Жыл өткен сайын ортаңғы және  жоғарғы  сыныптарда балалардың жас ерекшеліктері сараланып, музыка сабағында, әр түрлі  елдерде өмір сүрген композитор шығармашылығымен, түрлі   музыкалық аспаптармен  танысады.

                   Жоғарғы  сыныптарда  эстетика, бейнелеу өнері, музыка  және  өнер  циклының  басқа  салалары жөнінде  қосымша сабақтар енгізу   музыкалық  тәрбие беруге  шексіз мүмкіндік береді. Сондай- ақ  сыныптан  тыс жүргізілетін музыка мен эстетика  жөніндегі арнаулы сынып  сағаттарының алуан түрлі  тақырыптары  оқушыларға  жан- жақты  тәрбие беруге көмектеседі.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.А)  Тәрбие  әдістері  мен  формалары.

 

         Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны орындаудың бірізді жүйесі жасалғанымен, музыка пәні  мұғалімі    тәрбиелудің негізігі  әдістері  мен формаларын меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса , тәрбиені іске асыра алмайды.

        Әдіс — алға қойған мақсатқа жетудің жолы. Тәрбие әдістері- тәрбие  міндеттеріне  жету үшін  жасалған музыка пәні  мұғалімі мен тәрбиеленушілер ұжымының  өзара  байланыс  әрекеттерінің жолы. Егер  тәрбие  әдісі  дұрыс  таңдалып алынса, дұрыс пайдаланылса, тәрбиеленушілер өздерінің   жауап әрекеттері   арқылы  тәрбие міндеттерін шешуге ықпал етеді. Олардың санасы дамиды, сезімі баийды,  мінез- құлқы, қажетті әдет- дағдылары, іскерліктері қалыптасады. Сонымен  оқушыларды тәрбиелеу әдісі- оқушылар мен  музыка пәні  мұғалімі өзара байланысты әрекеттерінің күрделі комплексі. Әрбір  әдіс оқушылардың  сезіміне,  санасына ықпал  ететін музыка пәні  мұғалімі    қолындағы құрал ретінде көрінеді. Тәрбие әдістеренің бәрі бір- бірімен  өзара тығыз байланысты, оларды  классификациялау  тек шартты  түрде болмақ.

  • Сендіру әдісі- оқушылардың сана-сезіміне, ерік- күшіне сөзбен  әсер  ету арқылы сенімін  қалыптастыарды. Олар әңгіме, әңгімелесу (жаппай, топпен, жеке), лекция, пікірсайыс, түсіндіру,  көзін жеткізу, нандыру,иландыру, (жаңа мәліметтер беру, адамгершілік  ережелері  мен нормаларыне  түсіндіру.)

 Сендіру –адамгершілік-имандылық қасиеттерін, дүниеге  дұрыс  көзқарасын  қалыптастыру мақсатында пайдаланылады.

  • Іс әрекетті ұйымдастыру әдістері- оқушылардың күнделікті пайдалы іс- әрекеттері (оқу- тәрбие, спорт, ойын, еңбек, көркемөнер, жарыс ұйымдастыру т.б.) тәжірибеде іскер асырылады. Олар– үйрету, жаттығу,  машықтану (ситуация тудыру, жол беру, кешірім сұрау,мәдениетті  қарым –қатынас, тапсырманы  орындау, уәдеге  тұру т.б)

Іс- әрекетті ұйымдастыру  әдістері- жастардың белгілі әрекеттерді орындаудың  дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру мақсатында пайдаланылады. Адамгершілік нормалары мен ережелері қалай талап етсе, күнделікті өмірде дәл солай істеуге   жағдай  жасап мәжбұр ету, жүйелі дағдыландыру, жаттықтыру, керекті  мінез- құлықты тәжірибеде қайталау, бекіту арқылы  бірте-бірте  әдетке айналдыру.

  • Мадақтау мен жазалау әдістері- бұлар әділ болса, оқушылардың  сезіміне  күшті әсер етеді.Мақтау – ауызша, жазбаша (алғыс, сыйлық

     кітап т.б.), мақтау грамотасы, оқудағы  үздік

    табыстары  мен үлгілі  тәртібі үшін алтын, күміс,

                                              медальмен  наградтау) т.б. болады.

        Мадақтау  әдісі- оқудағы  тәртіптілігі, жарыстағы (спорттағы, еңбектегі, көркемөнердегі) табысы үшін  қолданылады.

       Жазалау  әдісі- қойған талапты, берген   тапсырманы орындамағаны, тәртіп бұзғаны үшін қолданылады.Олар: ескерту, сөгу,мінеп-сынау, кіналау, айыптау, жиналысқа салу,сөгіс  жариялау, педагогикалық кеңеске салу немесе сабақтан соң қалдыру,сынған мүлікті  жөндету, орнына  келтірту т.б.

Жазалау әдісі-тән азабын шектіру емес, санаға  әсер ету мақсатын көздейді.Сондықтан  әділ, орынды, жеке ерекшелігі ескеріле  қолданылса ғана нәтижелі болады. Жаза жеке  оқушыға да, топқа да қолданылуы  мүмкін, тым жеңіл, тым ауыр жаза ықпалды әсер етпейді. Жазалау- негізгі  емес, қосымша, көмекші  әдіс болып табылады.

  • Ынталандыру әдісі—мақұлдау, мінеп –сынау, кіналау, көтермелеу, мінез- құлқына баға беру арқылы  іске асырылады.

        Ынталандыру мадақтау— әдісімен  тығызы байланысты. Жастардың жақсы  іс- әрекетін мақұлдау, кемшілігін  мінеп-сынау, мінез- құлық тәртібіне қойылатын  талаптарды терең  меңгеруге үйретеді. Мұнда “Адамға   барынша  талап  қою және  барынша құрметтеу”  сияқты  педагогиканың принципіне  сүйенеді.

        Мақұлдау- мінеп- сынау  оқушылардың  жақсы  іс істесем деген  тілегіне  туындайды да, бірте- бірте  мінез- құлық  тәртібіне  ауысуына  жалғасады.

Мақұлдау әдісінің ең қарапайым  түрі  оқушы  іс-әрекетінің  дұрыстығын қолдау. Ол жеке  сипатта  және ұжымдық  сипатта  болады. Оқушыларды  тәрбиелеуде сынып жетекшісінің мақұлдауы, көтермелеуі, бағалауы үлкен роль атқарады. Мақұлдаудың тәрбиелік күші- тек бір  оқушыға ғана емес белгілі  топтағылардың барлығына  әсер  етіп, іс- әрекетке  жұмылдырады.

Мақұлдауды қолданғанда  оқушының  жеке ерекшелігін ескерген жөн. Мысалы өз күшіне сенбейтіндерге мақұлдау дер кезінде   айтылуы керек. Егер музыка пәні  мұғалімі    кешігіп қалса, мұндай  оқушылардың өзіне сенімсіздігі оның күшін тежейді, тапсырманы орындағыны келмейді, оның себебі, тыңдамаушылық емес,  өз күшіне  сенбеушілік. Орындай  алмай, ескерту  алудан   жасқанушылық. Мақұлдау  істелген   іс- әрекеттің  қорытындысынан  асып  кетпей әділ  болып, талап  қоюмен  , баланың  жеке  басының  мүмкіншілігін ескерумен , құрметтеумен  қарап  жүріп  отырғаны жөн.

 Кіналау- ықпалды әдіс.Бірақ  ол әділ  болмаса, оқушыға қайғы- қасірет  шектіреді. Бұл да  мақұлдау сияқты дер кезінде қолданылса, нашар  әрекеттен  аулақ болуға  ынталандырады.

Кіналаудың  түрлері – ескерту, сақтандыру,сөгу.

          Ескерту- жасау   кемшілікті оңай  жөндеуге болатын  кезде қолданылады. Ал жиі қолданылса, тәрбиелік мәнін, ықпал  күшін  жояды. Егер  оқушы  қойылған  талапты  біле тұрып, оны  екінші  рет бұзса, ескертумен  қатар сақтандыру  әдісі қолданылады.Қорқыту  арқылы емес, ережені  орындауын  талап ету арқылы  өтеді.

           Сөгу —  кіналаудың  күшті түрі. Сөгу  өтірік, ұрлық, дөрекілік, тәртіп ережелелрін орындаудан  бас тартушылық кезінде қолданылады. ( жеке немесе  ұжым  алдында). Кейде сөгіс әңгімемен жалғасады, онда тәрбиелік әсері күшті  болады. Егер  оқушы  дөрекілігін қайталай берсе, сынып  жетекшісінің талабына  бағынбаса, еріксіз  көндіру, күштеу  әдісі  қолданылады..Бұл- тәрбие әдісі  және жазалаудың  түрі. Жазалау  ретінде  ешуақытта баланы жұмыстан, сабақтан, тамақтан шектеуге болмайды, еңбек   процесінің өзінің   ұйымдастырушылық, тәрбиелік ықпалының  күшті  екенін ескеру жөн. Тәрбие  практикасында бұл сан  түрлі  әдістер  бірімен бірі  байланыстырылып, қиылыстырылып, үйлестіріліп, алмастырылып   қолданылады., бұлай   қолдану оқушыға  әсер етудің ең маңызды шарты.

           Қазақтың   халықтың  тәлім- тәрбие педагогикасында әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сенім көрсету, бұйыру, жаттықтыру, әдеттендіру, өтіну, жаттықтыру, бата- тілек, қарғыс,сөгу, тәжірибеде көрсету,  өнегелік тәлім, бәсеке жарыс т.б. сияқты тәрбие әдістері бар және осылардың  бәрі ғылыми педагогиканың  негізін қалайды.

          Тәрбие   ісі сан  түрлі  формада ұйымдастырылуы мүмкін.Тәрбиенің  ұйымдастыру формасы дегеніміз- тәрбие процесін ұйымдастыру түрлері.Тәрбие процесін ұйымдастыру формасы кең мағынада және тар мағынада  түсініледі.Кең мағынадағы тәрбие жұмысының  формасы   тәрбие жұмысының тұтас  ұйымдастырылуымен сипатталады: оқыту процесінде тәрбиелеу, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда тәрбиелеу, отбасында тәрбиелеу формасы түгел қамтылады. Тәрбие процесінде  сынып оқушылары  түгел қатысуы,  қатыспауы,  түгел ұйымдастырылуы, топпен  және жеке ұйымдастырылуы ғылыми негізде, педагогикалық әдебиеттерде қалыптасқан және  кең тараған. Соңғы жылдары  тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары көрініс тапты :  әр түрлі  клубтар, ғылыми қоғамдар, мәдениет университеті, мектептегі көркем — өнер театры, кино студиялар, алқалы жиындар т.б жарыстар (“Ал, қанеки қыздар ! ”, ”Өнерпаздар жарысы”, ”Алтын сақа”,  ”Мамандықты қорғау”, ”Ән жарысы” т.б.)

             Тәрбие  сияқты  күрделі процесте бір формамен шектеліп, қанағаттануға болмайды немесе  кез келген өмірдегі жағдайға байланысты тәрбиенің жаңа формасын қолдана  беруге  де болмайды. Қандай жаңа  болса да, дайын бір ғана  тәрбие формасы  арқылы жас ұрпақты баулудың барлық  мәселелерін шешуі  мүмкін емес, сондықтан аталған  тәрбие  формалары үнемі бір- бірімен  алмастырылып, кезектесіп  ұйымдастырылады.

           Еліміздегі  көптеген мамандық иелерінің  жеке тұлғасының  “Сегіз қырлы, бір сырлы” дамуы  алдымен  сабақ процесінде  (Әр түрлі пәндерді оқу үстінде) іске асса, ал сыныптан  тыс кездерде  тәлім- тәрбиенің  өзге формалары  қолдану  арқылы  түрлене   түседі.

            Тәрбие  жұмысының  тиімді  ұйымдастырылуының  шарттары:

1.Тәрбиенің  барлық  бағыттары  бойынша  жүргізілетін  жұмыстар  бірімен  — бірі  тығыз байланысты, кешенді  тұрғыда, бірін- бірі  толықтыра  , бірізді  , жүйелі  жүргізілуі тиіс.                                        

2.Адамды тәрбиелеу  үшін  оны  жан- жақты түгел зерттеп, психофизио

логиялық дамуын, мінез-құлқын, қажетін, мүмкіндігін біліп, оған  жеке- дара  келгенде  ғана  табысқа  жетуге  болады.

        3.Тәрбие шараларын белгілегенде  жеке  ерекшеліктерін түгел тескеріп, тәрбие  әдістерін  таңдау қажет.

         4.Жеке адамға ықпал  ету  әдістерін таңдағанда оның бойында  қалыптасып қалған тәрбиесін ескерген  дұрыс.

        Осы аталған  тәрбие  шарттары мен принциптерін ескеру, тәрбие әдістері мен формаларын дұрыс  таңдау  сынып  жетекшісі жұмысының   нәтижелі болуын қамтамасыз  етеді.

        Сонымен  педагогикалық колледждерде жүргізілетін жұмыстың  негізгі  формалары  төмендегіше болады:

— Оқу жұмысы- оқу бағдарламасын орындау  үстінде  іске асырылады.

— Идеялық- құқықтық тәрбие- бүгінгі  таңдағы  ішкі, сыртқы экономикалық әлеуметтік мәселелер, қоғамдық құрылыстың онан әрі дамуы туралы, қазіргі  кездегі халықаралық қозғалыстар туралы, шетелдердегі  жағдайлар  туралы  оқушылардың терең оқып, үйренуін қамтамасыз  ету.

 — Көпшілік жұмыстары, лекторилер, конференциялар, халық университеттері, мәдени және ғылыми  қызметкерлермен, жазушылармен, өнер қайраткерлерімен  кездесу, сұрақ- жауап кештері, диспуттар, тақырыптық кинофильмдер,спектакльдер көру, талдау, жинау.

— Үгіт, насихат   жұмыстары

— Клубтық үйірме жұмыстары(көркемөнерпаздар, үйірмелері,спорт секциялары, спорт клубтары, педагогика, психология, әдеби- драмалыққ үйірме  жұмыстары.)

— Жеке жұмыстар

      Тәрбие жұмысының  негізгі  өзегі, әрине  сапалы білім, дағдыны меңгерту, болашақ мамандығына сүйіспеншілігін қалыптастыру, ғылымға  құштарлығыны арттыру. Өйткені оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың көзі- осылар. Орта  арнаулы оқу орындарындағы тәрбие жұмыстарының аталған  формалары мен әдістерін жүзеге асыратын басты тұлға- музыка пәні  мұғалімі    .

Музыка пәні  мұғалімі    тәрбие жұмысының әсерлі  әдістерін қолдана  отырып, ықпал   еткенде әрбірі  оқушының  саналылығын көтеру, жауапкершілігін  арттыру  проблемасын   негізгі   мәселе  етіп қоюы керек.

Музыка пәні  мұғалімі      1- сыныптан  бастап  оқушыларға үздіксіз  басшылық жасап, лайықты  талап қойып,  оның орындалуын  бақылап, өзара көмек ұйымдастырады. Ол мезгіл- мезгіл оқу  үлгерімінің  қорытындысын шығарып, оны топта  қарап, алдағы  күннің  міндеттерін белгілейді.

Музыка пәні  мұғалімі    тәрбие  жұмысының  әсерлі  әдістерін қолдана  отырып, ықпал еткенде  әрбір оқушының саналылығын көтеру,  жауапкершілігін  арттыру проблемасын  негізгі   мәселе  етіп қоюы керек. Мамандығына  бағыттау, қызықтыру жүйелі түрде іске  асырылып отырса, оның тиімділігі айқын. Тәрбие жұмысында  музыка пәні  мұғалімі    үйірме, саяси хабар,  кездесу, экскурсия, диспут, психологиялық апталықтар  өткізудің мәні зор. Бұл жұмыстарда  қосымша әдебиеттермен, зерттеу жұмысының элементтерімен  танысады,  практикалық  іскерлігі  мен дағдысын  тереңдете түседі.

Музыка пәні  мұғалімі    апта сайын  топтағы  оқушылардың  түрлі  педагогикалық шаралар  өткізеді. Педагогикалық  журналдарды талқылап,  ата-аналармен  әңгімелер жүргізеді. Саяси хабар- тәрбие  жұмысының  ең көп тараған  формасы. Оның  екі түрі бар: шолу және тақырыптық мәдени- саяси хабар. Шолу хабары еліміздегі  мәнді оқиғаларды, шет ел жаңалақтары, еліміздегі  елеулі жұмыстарын қамтиды. Тақырыптық  саси хабар  күнтізбедегі атаулы күндерге, меркелерге, оқиғаларға  арналады. Дайындық  кездерінде   мерзімді басылымдарды   пайдаланған жөн. Дүниедегі  еліміздегі болып жатқан жағдайлармен  таныс болып, оны түсінуге, бағлауға  мүмкіндік береді. Тақырыпты  айқындау, материалдарды    дұрыс жинау,  түсінікті, сенімді  етіп айтып беру  оқушылардың  санасына із қалдырып, отаншылдық, достық сезімін тәрбиелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Сыныптан тыс жүргізілетін  тәрбие жұмысының түрлері

 

              Мектеп оқушыларды  әнді өз ырғағымен ән сала білуге, ән  балаларды қуанышқа   бөлейтіндей, оны жанындай жақсы көруге  үйретеді.

            Хормен  ән салу музыка  тыңдау және  музыка сауаты. Бұл  әрбір  музыка  сабағының өзегі, программаның басқа  екі бөлімі бойынша  жүргізген   жұмысында  мұғалім осыған сүйенеді.  Ән   сияқты  музыкалық   қабілеттерін дамытудың  ең пәрменді  түрі.  Вокальды   хор дағдыларды   қалыптастыру әрбір  сабақ  сайын жүзеге  асырылып отырады.  Ән салу  жөніндегі берілетін    нұсқаудан   бастап  әннің  ұнамды   шығуына   дейінгі  барлық объект  назарда болуға тиісті.  Хормен  ән салу  музыкалық  тәрбиенің  ең оңай  қол жетерлік   түрі болып  табылады.  Бірінші  сынып  оқушылары өздерін  қуанышқа бөлеп, машықтандыратын   қарапайым әнді  салуға  болады.

               Музыкалық  тәрбие  тек бір жүйемен  үзбей  үйрету негізінде ғана ойдағыдай  және жоспарлы  түрде  жүзеге асырылады. Ән салу  үшін, балалар оны мұғалімнің  орындауында ынта-  ықыласпен  тыңдап алуға тиіс, музыка сазын  дәл меңгеріп, ойда  сақтауға, әннің  мазмұны мен көңіл- күйін жақсы ұғынып алып, оны өзінің  орындауында  басқаға  жеткізе білуге  тиіс. Дұрыс қойылған хор әні мектеп оқушыларынан  музыкаға белсенді   қатынасуды,  еріктілікті, есте сақтай білуді, аңғарымдылықты  талап етеді.

                Музыка  мен ән  сабақтарының  мазмұнына  өзінің қарапайымдылығымен, жинақылығымен, сүйкімді тартымдылығымен және үлкен  мәнерлілігімен ерекшеленетін халық әндері  енгізіледі. Бұл әндер   мектеп оқушыларына өз халқының  музыкалық   тілін түсініп, көркемдік  талғамын  дұрыс қалыптастыру  үшін тамаша  материал  болуы мүмкін.

              Балалардың  басқа халықтар музыкасымен  және әндерімен  танысуының  сондай-ақ  үлкен тәрбиелік  мүмкіндігі бар.  Музыка пәні мұғалімі  тарапынан дұрыс басшылық болса балалар  басқа халықтар  музыкасынан   көркемдік  ерекшеліктерін  түсінеді  де бағалайды.  Басқа  халықтардың  көркемдік даналығын  түсіну-  балаларды көпұлттылық рухта тәрбиелеудің  тамаша мектебі.

             Ән салуды  дұрыс жолға  қойған кезде ол оқушы коллективін ұйымдастырудың  маңызды  құралы  болып алуы мүкін.

            Әнді тамаша орындау- орындаушы  коллективтің  үлкен   еңбегінің нәтижесі.  Ән салып  үйрену жалпы үйлесімділік пен келісімділікті, жалпы  эмоциялық  көтеріңкілік, көңіл- күйді талап етеді.  Міне, осының  барлығы балаларды дәл түсіп топтастырады.  Жақсылап орындау балаларға үлкен қанағаттанарлық   әкеледі. Осы қанағаттандықты  бірге көріп,  бастан  кешіру коллективті топтастырудың  ең жақсы құралы  болып табылады.

              Мектепке  келісімен баланың  ойнау әрекеті  үзіліп қалмайды, бірақ  басқаша  сипат  қабылдап, белгілі бағыт  алады.  Балаларды эстетикалық тәрбиелеуде  драматизациялар, инсценировкалар кеңінен пайдаланылады.

             Әрбір  оқушының  ойнайтын  рольдердің  ауқымы мен мәні   шамамен  бірдей болғанда  , балалар көптеп  қатынасқан  ойын  аса қызықты  болады. Өлеңдері  оқу, драматизациялау, ән салу, музыка өз ара  үйлесіп келіп  отырылса, ертегілерді  инсценировкалау  және әдеби- музыкалық  композиция  жасау  мұндай мүмкіншіліктерді   бере алады.

            Мұндай  инсценировка мысалын  В.А.Сухомлинскийй  өзінің  “Мектеп   оқушыларының  рухани  дүниесі”  деген кітабында келтіреді :  ертегі оқығанда,ертегінің идеясын  барынша айқын  беретін  оқиға туралы  сөз болып  отырған сәтте, балалардың  көз алдына  олардың қаһармандары тиісті  костюмдерімен шығып ойнағандай болады.  Бұл әдістің,- дейді автор,- балаларға  әсер еткені  соншалық  , тіпті  олар ертегіде  немесе әңгімеде  сөз болып отырған   оқиғалар   барысына  өздері ықпал етуге  тырысты”.

               Балалар  қоятын   ойында   жалпы ынтымақтылыққа жету  мақсатын  да педагогтың алдын ала елеулі  жұмыстар жүргізуі қажет. Оған инценировкада барлық  оқушылардың  ұйымшылдығына, жинақтылығына, алаңсыздығына қол жеткізу керек.  Балаларды  жиі де ұзаққа  созылған  репетициялармен  ығыр етпеген жөн. Қатысушы оқушылардың   барлығы бірдей   шығарманың  мазмұнын, қатысатын  адамдардың  мінез- құлқын, қандай эпизод болсын  әрекет бағытын түсініп, сезінгендерінің зор маңызы бар.

              Жұмыс бастамас  бұрын музыка пәні мұғалімі  әрбір педагогтық әдістердің  мәнділігін ойластырып алады.  Балаларды   әрбір ойынға ұқыпты  әзірлеу керек.  Осы тұрғыдан  алып қарағанда  балаларды  қандай ойыны  болсын табысты болмақ  деп жорамалдайтын  кейбір мұғалімдердің   көзқарасы   зиянды болып табылады.  Драматизация мен инсценировка  оқушылардың   ақыл- ой өрісінің  дамуына  үлкен әсер етеді : олардың  сөйлеу  қабілетін  дамытады,  оқушылар  сабақтарда   жақсы оқитын  бола бастайды, қызықты  әңгімелер айтатын болады.

             Сыныптан  тыс  жұмыс түрлерінің бірі би  билеумен  шұғылдану болып табылады.  Төменгі сынып  оқушылар  билеуге аса құштар.  Би билеуде  олар өздерінің  қозғалыстағы, әсерлері мен іс- қимылындағы өзгерістерінің   табиғи қажетін қанағаттандырады. Бұл ұмтылыстарын  балалардың  әдемі  қозғалыстарымен таныстыруға, оларды  музыканы  тыңдатуға  үйрету үшін  пайдалану қажет.

                Би билеуге үйрету үстінде балаларды  жалпы  ұйымшыл, тәртіпті  болу, бірі- бірімен  достықпен, әдепті  түрде сөйлесе білу, педагогтың  нұсқауын  ынта- ықыласпен  тыңдай  білуге талап етіледі. Осының барлығы  тәртіптілікке,  мінез- құлық эстетикасын  тәрбиелеуге әсер етеді.

             Бастауыш  мектеп балаларынң  хоеографиялық  оқуына, халықтық, көпшілік  және  бал билерін , оңай ырғақты жаттықтыруларды, ойындарды үйрену  енеді. Биге үйретуді  халық билерінен   бастаған жөн, өйткені  олар қозғалыс  пен образға бай,  оларда  ұлттық  сипатты  белгілер орын алған.  Би билеу ойындарын   көрсету  үлкен  даму ықпалын  тек орындаушыларға ғана емес,  сонымен бірге   сахнада  өтіп жатқан   оқиғалардың   барлығына   терең толғаныспен  сезініп  отырған көрермендерге  қалдырады.

           Осылармен   бірге  үйірме жетекшісі  бұл оқудың  балалар үшін   қуаныштың  қайнар көзі  болуына қамқорлық жасайды.  Бұл музыканың   сүйемелдеуімен , костюмдердің түр-сипаттарымен, оқуды  өткізу барысында  жасалған барлық жағдайлармен қамтамасыз етіледі.

            Мынындай  да жағдайды ескеруге  тура келеді, би үйірмесіне  жазылған  балалар  барынша  көбірек  қуаныш, рахатқа  бөленіп, қызыққа бату  үшін  келеді.  Оқушыларға  мынаны түсіндіру қажет, би-  нағыз  өнер шығармасы, сондықтан  оны жасау  үшін  еңбек пен ұйымшылдық  керек.

         Оқудың  маңызды бөлігі  оқушылар  үшін қол жетерлік  көпшілік  бал билерін  үйрену болып табылады.  Оларды мектептің   барлық оқушылары орындайды, сонымен бірге  үлкен тәрбиелік   мәні  бар.  Оқуға  билеу  қозғалыстарын дұрыс да, сауатты  орындауды  қамтамасыз  ететін  билеуге  әзірлік  элементтерін  енгізген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Театр үйірмесі.

       Театр-  сөз бен  әрекет   өнерін  бейнелеу өнерімен, музыкамен  және т.б. біріктіретін синтетикалық  өнер.  Үйірмеге  мүше  мектеп оқушыларын   театрдың  ерекшелігінен   туындайтын алуан түрлі   қызмтеке  тарту  олардың  қабілеттерінің  әр   тарапты  дамуы үшін  үлкен  мүмкіндіктер  ашады.

        Театр  үйірмесіндегі  сабақтар   қатысушылардан  орындалатын  туындыны ( пьесаны, инсценировканы, композицияны) ой жіберіп талдауды, пьесаны   идеялық- көркемдік  түпкі  ойына үңілуді талап етеді.   Бұл сабақтар   үйірме  мүшелерінің бойында   олар ұғына  алатын  өмірлік   құбылыстар, аумағын, адамдар арасныдағы  қарым- қатынастарды, тартыстарды, қылықтарды   дұрыс  идеялық- эстетикалық  тұрғыдан бағалауды қалыптастыруға   көмектесуі  қажет.

       Театр- колективтік  өнер.  Спектакль  — коллективтің  творчестволық  күш- жігерінің  жемісі. Театр сабақтары  мектеп оқушыларынң   колективизм, нағыз достық  пен  жолдастықтың   әсемдігін  сезіну және бағалау қабілеті  , өзіне  және басқаларға  талап  қойғыштық сияқты  бағалы  сапаларға  тәрбиелей  алады  және тәрбиелеуге тиіс.

         Өздігінен әрекет  ететін  театр коллективіндегі барша ұйымдастыру жұмысы  мектеп   оқушыларына  өнермен  шұғылдану дегеніміз  тек жан  сүйінер  нәрсе ғана емес, сонымен   бірге  еңбекте екенін, еңбек   болғанда табандылықты, өздерінің білімдерін   үнемі кеңейтіп, шеберліктерін  жетілдіре   беруді  талап ететін   творчестволық еңбек екенін аңғаруға  көмектесу тиіс.  Осымен  қабат үйірме мүшелерін  алған  білімдерін  творчестволықпен кәдеге  асыруға  тырысуға, қоғамдық  белсенділікке  тәрбиелеу керек.

      Пьесаны саханада  көрсету  жөніндегі   жұмыс театр  коллектив  сабақтарының  басты  мазмұныны  құрайды.   Ол реалистік   театр   өнері принциптерінің  негізіне  құрылады, бұл —  жетекшінің   алдында   тұрған  көркем- тәрбиелік  міндеттерінің  бүкіл комплексін шешудің    қажетті шарты.

       Осы өнердің   негізі ретіндегі сахналық әрекетпен  практика  жүзінде  танысудың  жалпы тәрбиелік маңызы  бар : ол оқушылардың   творчестволық  мүмкіндіктерін дамытуға, оларды байқағыштыққа, зейінге, ерік  сапаларына, қиялдай білуге, творчестволық инициативаға, көркемдік ойдан  шығаруға, сөйлеу мәдениетіне эмоциялық сергек сезімталдыққа және басқаларға  тәрбиелеуге жәрдемдеседі.

      Жетекші  мектеп  оқушыларына  сахналық    жағдайларда әрекет жасауға, өздерінің  шамалары келетін рольдер мен бүкіл  пьесаның мазмұнын  әрекет  арқылы  және  бірімен- бірін   өзара  әрекеті арқылы  ашуға көмектесіп, оқушылардың көркемдік ойдан шығаруға әуес, қиялдың көмегімен  өзін  ойдан шығарылған қаһармандардың жағдайына қойғыш, осы қаһармандардың өміріне  белсенді   түрде   кірісіп  кететін табиғи қасиеттері мен қабілетін  дамытып отырады.

        Шын мәніндегі  сахналық  әрекет үнемі  өмірге жүгініп отыруды, сахнада болатын  құбылысты   өмірдегі дәл  сондай құбылыстармен   салғастыруды және бағалауды  талап етеді.  Шәкірттердің сондай  салғастыруларға  деген  ынта-ықыласын дамытудың, олардың сахнадағы  мінез- құлық шыншылдығының , боямасызыдығының  критерийі  өмір  болып табылатынын  саналы  түсінуге көмектесудің  маңызы зор.

       Сөзбен әрекет жасау  шеберлігіне  айрықша назар  аударған жөн, өйткені пьеса кейіпкерлерінің ойлары, сезімдері, қарым- қатынастары, талап- талпыныстары, ең алдымен сөз арқылы ашылады.  Сахнада да, өмірдегі   сияқты, сөз  қарым- қатынас   пен әсер  ету  құралы  болып табылады. “Сөйлеу — әрекет  ету деген сөз” ( К.С.Станиславский)

            Мектеп оқушыларынң  бойында   көркем  сөздің  образдық  табиғатына  мән берушілік пен эмоциялық  сергек сезімталдықтың дамуына  мән берушілік пен эмоциялық сергек сезімталдықтың  дамуына  барынша  дем беріп отыру, олардың  текстің негізінде  нақты  көріністерді  (көру елесі) жаңғыртып қайта  жасауына      көмектесіп, қиялын ояту керек.  “Табиғат  былай :  бізбасқа   адамдармен  сөзбен  қарым- қатынас  жасаған  кезде  әуелі сөз болып отырған  нәрсені көңіл көреміз де, көрініп   тұрған нәрсені  жайлы  содан кейін  барып  ғана айтамыз “( К.С.Станиславский)

          Театр туралы  айтқанда  жетекші  үйірме  мүшелерін  олар түсіне  алатын формада  реалистік театр өнерінің  ерекшеліктерімен, оның түрлерімен  және жанрларымен, шетелдік және Отандық театр сахнасының  бірқатар  қайраткерлерінің   творчествосымен таныстырады;  театрдың қоғамдық- тәрбиелік  ролін ашып көрсетеді.

         Сахналық  әрекетпен  практика жүзінде танысуды ойын- жаттығулардан, импровизациядан, этюдтерден  бастаған жөн болады.  Спектакльді   әзірлеу сияқты, этюдтік жұмыс процесі де шәкірттің рухани   пішінінің қалыптасуына  әсер етеді. Сондықтан оқушыларға  ұсынылатын  байқағыштықты, эмоциялық еске сақтауды, қиялды және басқаларды дамытуға    арналған  жаттығулар мен  этюдтердің        тақырыбын таңдауға   өте мән  беріп  қарау  керек.  Үйірме мүшелерінің өмір тәжірибесіне жанасымды, оларды  эмоциялық қолдау табатын, творчестволық белсенділік, фантазияның  жұмысын  талап  ететін  тақырыптар  мен сюжеттерді  таңдап алу  ұсынылады.

            Алғашқы  жыл жұмыс істеп отырған үйірмеде  басты назар коллективті құруға, үйірме мүшелерінің жалпы көркемдік ой өрісін кеңейтуге және оларды сахналық сауат  ашу элементтерімен практика жүзінде таныстыруға (ойын- импровизациялар, шағын пьеса,сценка,пьесаның үзіндісі, композиция дайындау жұмысындағы этюдтер процесіне ) аударылады.

 

 

 

 

 

Қуыршақ театры.

             Қуыршақ театры үйірмесі –көркем  тәрбие  беру  саласында  балалармен  сыныптан  тыс ( мектептен тыс) жұмыс істеу  формаларының бірі.  Бұл жұмыстың  негізіне- оқушылар  жақсы көретін   театрлық   тамашалаудың    бір түрі- қуыршақ театры болады.

         Қуыршақпен  жұмыс істей отырып, орындаушы  образдың мазмұнын, сахналық ситуацияны, қуыршақтың бейнелеу мүмкіндіктерін   түсінерліктей  музыкадан   хабардар болуы тиіс.  Қуыршақтарды, декорациялар мен монтировкаларды даярлау процесінде оқушылар  түрлі аспаптармен және материалдармен қалай айналысуға  болатыны мен жан- жақты шеберлікке   ие болады, олардың бойында тапқырлық  пен конструктивтік қабілеттер, эстетикалық  талғам  мен бейнелеу өнері  саласындағы   қабілеттер- түсті, форманы сезіне білу, көркем образды, бейнені түсіну       дами түседі.

        Үйірменің бүкіл  жұмысы эстетикалық тәрбие міндеттеріне бағытталған. Осыған  сүйене отырып, үйірменің жетекшісі  репертуарды   іріктеп алады, үйірме  мүшелерінің  арасындағы өзара  қарым- қатынасты  бағдарлап отырады, өз міндеттерін орындау, үйірме мүлкіне  ұқыппен қарау  жауапкершілігін  үйретеді.

         Қуыршақ театры  үйірмесін  ұйымдастыру формасы  жұмыстың  ыңғайына қарай сан алуан болады.  Ең бір қарапайым  форма- спектакльді ұйымдастырып, оны өз жолдастарына көрсетуді көздеген   оқушылар  тобының бірлестігі.  Бұл топ  қуыршақ  басын жапсырып, қуыршақтарды жасайды, жасауларды безендіреді- қоршау  мен декорацияны әзірлейді, рольді жаттап  үйретеді, спектакльді ойнайды.   Жұмысты  осылай ұйымдастыру  үйірменің  кейбір  мүшелеріне  бейнелеу  ісіне  не  конструкторлық қызметке, не қуыршақпен ойнауға қабілеттіліктері байқалғанмен, еңбекте  және творчестволық процестерде, суретшілер  мен ойнаушыларға  бөлу ісін қарастырады.

       Үйірмені ұйымдастырудың басқа да формасы  болуы мүкін, мұнда спектакльді қою процесі көркемдеу жұмысы  мен орындаушылық қызметке бөлінеді.  Мұндай   жағдайда  үйірме  бөлек құрамы бар жұмыс  істейтін  екі топтан тұрады : а).көркемдік безендіру  тобы ; б).театрлық орындаушылар  тобы. Осындай   ұйымдастыруды  үйірме күрделі де,  ірі  постановкаларды  жүзеге  асыруда, қуыршақтар  мен декорацияны жасау жұмысында  , сондай-ақ  тікелей  актерлік  ойынға  көп уақыт қажет  болғанда  ғана  мақсатқа  сәйкес  болады, осының  салдарынан  бір ғана  коллектив  жұмыстың  жалпы  көлемін   қамти алмайды.

         Қуыршақ  театры  әр түрлі  компоненттерден  құралады, ал ұйымдық  формада  бір орында мәңгі тұрақтап  қалуға болмайды. Бірнеше  жыл бойына  жұмыс істеп  жүрген үйірменің  құрамы  тұрақты   болса да  , оның  жұмысының   даму жолдары   да қарапайым   эксперименттерді   жетілдіру  , өнерді   іздестіру жолымен  анағұрлым   күрделі іске  бағыттай түседі Қуыршақ театры  үйірмесінің   жұмыс процесінде  түрлі бригадалар, топтар   пайда болуы мүмкін  ( мысалы, монтировшылар, жарық түсірушілер, музыканттар ). Сонымен  үйірме  дербес қуыршақ   театры  сияқты  театр  организмнің  барлық құрамды  бөліктерін  жинақты мөлшерде  ойнайтын болады.

                Спектакльмен  жұмыста  пьесаны  таңдап алу  негізгі  кезең болып саналады, бұл белгілі үйірме жұмысының   бағыты мен мазмұныны  едәуір   уақытқа   анықтап береді. Пьесаны  таңдап алу, ең алдымен  , оның мамұны, идеялық   және көркемдік   құндылығы жағынан анықталуы керек. Пьесаның қай жастағылар екенін анықтаған жөн. Міндетті түрде көрермендерге   түсінікті де қызықты болуыт иіс.   Оқушылардың ой- өрісін кеңейте  түсу керек, олардың  ұғымдарындағы  бұрын   бар елеспен  пьесаны  таңдап  алуды  шектемеу қажет.

              Қуыршақтардың  образдары  типтелінген, жинақталған немесе жұрттың  пікірнше маска  киіп алғандай.  Кейіпкерлердің  нағыз  сыртқы  түрі  мен мінез  — құлқындағы елеулі  және типті  жағдайларды  ғана бейнелейді. Сондықтан  да қуыршақ  театры  пьесаларына арналған образдар   жинақталған әрі жоғары  дәрежеде  шоғырлануы тиіс. Кейіпкерлердің  сөзі пәрменді де өзіне  тән   характерлері    болуықажет.

            Рольдерді  бөлу тек режиссерлік іс емес, сондай-ақ  педагогикалық   та іс.  Үйірмеде жұмысты  біркелкі  бөлу қажет, жетекші рольдерге үнемі  сол бір орындаушыларды ұсына  беруден аулақ болған  жөн.  Бұдан басқа да   оқушыларда   бар белгілі бір ерекшелікті жеке алып қарамай, олардың  орындайтын  рольдерінің  диапазондарын  кеңейту   жағын  қарастырған  дұрыс.

          Үйірменің  жұмысында  қуыршақтың  қандай  түрі көбірек  қолданылатынын туралы мәселе  ( биялайлық немесе аса таяқтық) принципті  де педагогикалық  та маңызға ие емес.  Қуыршақтардың  қандай  да болсын түрін   таңдап алу, бүтіндей  алғанда, спектакльдің  мән жайынан  туады да, қою жағдайындағы   пайымдаулармен   анықталады.  Қуыршақ  жүргізу  дағдыларын  игерудің қиындығы  жағынан басқару  таяқтарына  бекітіліп  қойылған төртаяқты  қуыршақ- жануарларды  ерекше топ  етіп бөлге болады.

         Қуыршақ- кейіпкердің  мінез- құлқының  бүкіл образы  сахнаның  ішкі  мазмұнының  көрінуі тиіс.  Қуыршақ  қимылдарының мәнерлілігі сахна шындығын  көрсетуде   қаншама  қызықты  да дұрыс  текстер  табылғандығына байланысты  болады, осының  арқасында  оның  қимылдары неғұрлым  айқынырақ  бола түседі.

        Қуыршақ театрындағы  сахналық қимыл- спектакльдегі  кейіпкер- қуыршақтың  әрекетін  көрсету болып табылады.  Бұл көрсету  , біріншіден, кейіпкер   қимылдарының  логикасын , әрі екіншіден  қуыршақтың  бейнелеу құралдарын   түсінумен  анықталады. Қуыршақ театрындағы сахна   қимылының  ортақ  заңдары  кейіпкер мінез- құлқының  және әрекет  өрістеуінің  негізі  болып табылады.  Қуыршақта  қимыл  процесінің  өзі ерекше  жолмен өтеді.

       Қуыршақ театрындағы   спектакльдің  безендірілуі  қоршаудан, декорациядан немесе  ( немес  декоративтік бөлшектерден  ) қуыршақтардан  және қимылдың   барысында   қажет болатын   әр түрлі заттардан  тұрады.

 

                  Көркемдеу  тобында  жұмыс  істей  жүріп,   балалар қатар  нақтылы  шеберліктер мен дағдыларды игеруге тиіс.

  • Жеткшінің бірінші міндеті- олардың бойында жұмыстағы негізгі  элемантарлық  дағдылар  мен өз бетімен   жұмыс істеуге  баулу ( дербес деп,  әрине   бақылаусыздық          еске алынып отырған жоқ).            
  • Педагогикалық екінші міндет- балалардың бейнелеу мен конструктивтік қабілеттерін дамыту. Олар монтировка жөнінде, декорацияны жасау жөнінде көркемдеудің   қандай  да болсын, қиын емес міндеттерін дербес шешіп отыруларын бақылаған жөн. Өздерінің  шешімдерін  олар сызба мен суреттер  түрінде білуі тиіс. 
  • Педагогикалық үшінші міндет- оқушыларды тапсырма орындағанда   сапасын түсінуге үйрету. Олар өздері жасаған   заттардың спектакльге пайдаланып, көрерменге   көрсетілетіні туралы білуі тиіс.

                 Жұмыстың табысты  болуының  ең қажетті шарттарының бірі- оқушылардың ой- өрісінің   дамуы-  оларға  тұтас тапсырмалар жүктеу ( мысалы, қуыршақты  түгелдей жасап шығару ), әсіресе жаңадан   бастаған оқушыларға қалыпты  жұмысты  үнемі кездейсоқ тапсырмалармен алмастырудан қашу  қажет, оқушыларды бір тапсырмадан екінші  тапсырмаға  ауыстыра беруге   болмайды.  Бастапқы  кезді  жұмыстағы   негізгі  дағдыларды дамытуға арнаған жөн.  Балалар осыларды  игергенде  ғана, спектакльмен  практикалық  жұмыс істеуге   жұмылдыру керек.                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хор.

 

          Мектепте немесе мектептен тыс мекемелердегі хор үйірмелері хор мәдениетін көтеріп, дамыту жолында, оқушыларға  музыкалық- эстетикалық тәрбие беруде  көмектесуді өзінің алдына  міндет етіп қояды.  Осы бағытта  үлкен ұйымдық  және тәрбиелік ,методикалық   жұмыс жүргізеді : вокальдік- хорлық тәрбие   берудің  және оқытудың   барлық мәселелері   жөнінде  мектептің  хор коллективтерінің басшыларына, мұғалімдерге нұсқау береді, хор коллективтерін  мерекелік  концерттерде  шығу үшін құрама  коллективке біріктіреді,ән-күй мерекелерін ұйымдастырады.

         Хор  бастауыш сынып пен ортаңғы   сынып  жастарындағы  қыздар мен  балалар хоры (1-3, 4-5 сыныптар), ортаңғы сынып ( 5-10 сынып),ер балалар хоры (1-2, 3-4 сынып) бола алады.Төменгі  және ортаңғы  сынып жастарындағы   қыздар мен  балалардың хоры  хор коллективіән ұйымдастырудың   әдеттегі түрлері болып саналады.  Кейбір  мәдениет үйіндегі, Оқушылар  сарайындағы   хор үйірмелері  (8-11 сыныптар)

Арасындағы аралас хорлар  бар.  Көбіне  мұндай  хорлар  ересек қыздар  мен ер балалардан  құралады.

          Вокальдық-хорлық жұмыстардың міндеттері  мен әдістері  ортаңғы  және ересек  жастағы  балалар  хоры  үшін  көрсетілген дағдылар  мен  шеберліктерді нығайтып, дамыту болып табылады.  Хордың  жетекшісінен  жас өспірімдер  мен қыздардың  әлі жетіле  қоймаған даусына зер сала  қарауы  қажет. Барлық жас  өспірімдерге  шағын  диапазонды – шеткергі  дыбыстарды  -жоғарғы  және төменгі  дыбыстарды  жиі  қайталамайтындай – қолайлы  тесситуралы  октава  шектеріндегі  бір партияны тапсырған  жөн болады.

           Акселерацияға  байланысты  жастық өзгерістер  оқушылардың  бойында  он бірінші  жаста байқалады.  Осы кезде  әсіресе  ер балаларға   ерекше назар  аудару жөн, өйткені оларды  дауыс  ырғағының өзгерісі тез байқалады :  кеңірдегінің  шұғыл қызаруы, сілекей шырыштарының мол болуы, дем алу  фунциясының  бұзылуы, октаваға  дауыс диапазоының   өзгеруі   көбірек  көрінетіні  мутация  белгілері айқын білінеді. Жетекші  ұл балалардың   дауысындағы   өзгерістерді қадағалап, оларды дер кезінде басқа партияға  ауыстыруға, ал сырқат болған  жағдайларда жалпы     оларға ән айтуға тыйым салу керек. Даусы жаңа сапада байқалысымен аралас хорға      тартуға болады.

            Балалардың  әнге  ыңғайлы  дауысын дамытуға  жұмсақ мейлінше  қолайлы  ықпал  жасайды.  Кіші жастағы оқушылар  үшін  қатты бастау қажет емес.  Ортаңғы  және жас өспірім   жастағы оқушылар   үшін қаттылық  жеке мәнерлік   тәсіл ретінде  орын ала алады.  Қаттылықты  үнемі қолдану  тыныс алудың  бір қалыпты  жұмысын  бұзады, дауыс   байланыстарына  теріс ықпал  етеді.

     Баланың  музыкалық  даму дәрежесімен  атап  айтқанда   диапазоны

 ( жоғарғы және төменгі дыбыс ) мен  даусының  сипаты  және тембірімен     жетекші  мейлінше  зейін салып, кеңінен  танысуы қажет.  Сондықтан жетекші  күні бұрын   бірнеше ең қарапайым   және көп тараған   әндерді белгілейді. Егер ұсынылған әндерден  қатысушыған  бірде- бірі таныс    бомаса, онда оған   шағын музыкалық   жаттығу ұсынылады.  Әнді  айту немесе түрлі дыбыстардан бастап жаттығу жасау, жетекшіге  бір  мезетте  қабылданушының естуі мен   музыкалық  қабілеттілігін  тексеруге көмектеседі. Қабылданушы  аспаптарда  бір ойналған  әуенді  немесе   қайталауға   тиіс   шағын   мелодиялар мен  жеке дыбыстарды   кейін қайталауы  керек.  (Егер  оқушы  кіші хорға қабылданатын болса , онда   бұл мелодиялар 3-4 дыбыстан, егер ортаңғы  хорға  қабылданса, онда 4-6 дыбыстан құрылуға тиіс). Бұдан гөрі   толығырақ   тексеріп көру  үшін кіші  жастағы   оқушылар  үшін  аспапта  бір кезде  2 дыбысты  ,ал ересектер үшін  3 дыбысты ойнап, олардан   осы дыбыстардың әрқайсысын   жеке әнге  қосуды  сұраған жөн.

              Кіші хорда хорды  екінші  және бірінші   дауыстарға  бірден бөлуге болмайды, өйткені  ең алдымен  коллективте бір  дауыста таза әндете  білуді   қалыптастырудың   маңызы зор.  Мұны жеке- дара   тыңдап  көру негізінде   сабақтардың тұрақты 2-3 айы  өткеннен кейін жасаған жөн.   Екінші дауыста   кіші хорда   есту қабілеттілігі дамымаған   балаларды   анықтап  алуға болмайды.

           Хорға  қабылданатындардың  орташа саны 60-70 адамға болуы тиіс.  Үлкен хорда  көп тапсырмадан  , қарқында  дыбыс  шығарудан  сескенбеуге болады. Бұл хорға  қабылдау  жыл сайын   оқу жылының басында өткізіледі. Жаңадан қабылданушыларға арнайы  дайындық   топтары ұйымдастырылады.  Бұлар  да өткен  жылғы қабылданушылармен  қосылуына бұрын 3-4 ай сабақ  оқиды.

           Хорға  қабылдаушылардың әрқайсысына  арнаулы  дәптер толтырады. Мұнда  оның туған жылы, метебі, сыныбы, үй адресі, даусы мен сапасы,мінезінің  ерекшеліктері (  самарқаулығы, эмоциональдылығы, белсенділігі) туралы жазылады.  Бұл оқушының  өсуі мен даусының  жетілуін қадағалау  үшін ғана  емес, сондай-ақ  мектеп   жәнеата-аналармен үнемі  байланыс жасап, үйде де,  мектепте үлгерімі мен тәртібін    қадағалау үшін қажет.  Хорға қатынасушылардың  дауыс жетілуін үнемі бақылап отыру үшін  магнитофоннның болғаны пайдалы.  Бұл вокальдық  ести білуге  тәрбиелеуге  көмектеседі.

           Әдетте, хор коллективтері аптасына екі рет  сабақ оқиды : кіші хор

 1 1 /2   сағат, ересек 2-3 сағат. Сабақтың  орта кезінде үзіліс жасау керек., ал үш  сағаттық  сабақтарда екі рет үзіліс  қажет.

             Вокальдық- хор дағдыларына  баулығанда  әнді  шырқап  айтуға елеулі  мән беріледі.  Әнді шырқауда енгізілген жаттығулар  дауысты   қыздыра түспей, сондай- ақ барлық   вокальдық  — хор  дағдыларын бекітіп, нығайта түсу одан гөрі маңыздырақ. Бұлар қарапайым, бірақ музыкалық  жағынан  қызықты болуы тиіс; осы  мақсатпен үйреніп жүрген  әндерден үзінді пайдалану дұрыс.

               Жетекшінің басты назары  ноталарды игеруде және ырғақты  ести білуін  дамыту негізінде  сольфеджиолау  дағдысын  дарытуға бағытталуы тиіс.  Мұнда         дыбыс   шығуының сапасын  , оқушылар  ән салған  кезде интонацияның  тазалығын мұқият қадағалаған  жөн (сольфеджио, демеп әндету, дыбыс қатарлары, үш  дыбысты, интервалдар).Хорға   қатынасушылар   музыкалық  сауат   жөніндегі   сабақтарда   да кез келген   жаттығуды ән  дбысымен  орындауға   қажет.

         Музыка пәні мұғалімі  оқушылардың  тыңдай  білушілік  мәдениетін, олардың ой- өрісін кеңейтуді алдын ала қарастыруы тиіс. Хор колективін  үйретіп, тәрбиелеуде   жетекшінің  түсініктемесі белгілі орын алады.   Қысқаша түсіндіру   балалардың   алдында  композиторлардың  әндерінің  мазмұнын, көне халық әндерінің ерекшеліктері  мен олардың  сол дәуірмен  байланысын толығырақ   аша түседі, классикалық  шығармалардың  жоғары  көркемдік сапаларын   тереңірек түсінуге   көмектеседі. Бұл түсіндірулерден   оқушылар  композиторлардың   өмірі мен   твочествосы туралы, олар өмір сүріп, еңбек еткен  заман туралы, олардың музыкалық      тілінің характері  мен ерекшеліктері туралы танысады. Концерттерге,  опера театрларына баруды жиі ұйымдастырып тұру, музыкалық кионфильмдер көру өте пайдалы.   Музыканы  үнемі тыңдаумен   ұштастырылған хормен   орындауға белсене  қатынасу  хорға қатынасушылардың  толық, құнды музыкалық- эстетикалық   жағынан өсуін көмектеседі. Концерт беру   коллективті   белсендіре түседі, үйренген  шығармаларды   орындауда жауапкершілікті арттырады, тыңдаушылардың алдында  эстрадада әндерді   мәнерлі де жігерлі   орындау дағдысын   дарытады.

            Оқу- тәрбие  міндеттерін  атқаруда репертуар мен жұмыс   әдістерінің шешуші маңыз беріледі.  Дұрыс және шебер таңдалып алынған  репертуар коллективтің   музыкалық және  ән айту  мәдениетін  көтеру  мүмкіндігін арттырып ғана қоймайды, сондай- ақ едәуір дәрежеде  оқушылардың жан- жақты дамуына, олардың адамгершілік      көзқарастарының, мінез- құлқының  қалыптасуына, эстетикалық талғамының  тәірбиеленуіне  жол ашатын болады. Міне, сондықтан  да жетекші   тәрбиелік жағынан  да, әдеби- музыкалық сапасы жағынан да,сондай –ақ коллективтің  жас ерекшеліктерін   сай болуы жағынан да ең жоғары талап   қоя отырып, үйретуде   шығарманы  мұқият қарап көруге   тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

Жеке ән айту.

 

            Жеке ән айту  үйірмелерін   мектептерде, оқушылар сарайында, сондай- ақ  хор коллективтері  мен вокальдық  ансамбльдері   жанында  қосалқы топтар  ретінде   ұйымдастыруға болады.  Ән айту  үйірмелеріне   дауыс жағынан      жеткілікті  деректерді  , музыка  есту  қабілеті, музыканы  еске сақтау қабілеттілігі, ырғақ сезімі, жеке ән  айтумен  шұғылдануға  ынтасы  болса, барлық жастағы   оқушыларды  қабылдап алуға болады.

        Қабылданарда  әрбір оқушы  өзі жақсы білетін  әнді орындайды. Мұны  түрлі  тональдікте   тыңдап  көрген пайдалы, бұл- ән айтушының  дауыс сипаты мен сапасын, диапазонын, интонациясын анықтауға мүкіндік береді.  Егер де әнді   тек тыңдап  көру   оқушының   жеке- дара  ерекшеліктерін толық анықтау үшін аздық   көрсетсе,   онда қосымша жаттығулар  беруге болады.

            Оқушылардың тексерудегі  музыкалық  деректерді  арнаулы  журналға  тіркеліп  отырады да,  осылардың  негізінде  бұдан  арғы  жерде  әрбір  оқушы  жұмысының жеке дара жоспары құрылады.Сондай-ақ  жетекшінің   методикалық журналының  болуы да қажет, мұнда келесі  сабақта не істеу керектігі   және нені  талап  ету керектігі жазылып  қойылады. Мұндай  жазулар сабақтардағы  дәйектілікті  сақтауға көмектеседі.

            Балалармен  вокальдық  жұмыстың   бірқатар ерекшеліктері  болады.  Бала организмі түпкілікті қалыптаспаған және жасына  қарай дамуының белгілі  бір сатысында болады, өсіп келе жатқан организм ересектер үшін маңызды маңызды тапсырмаларды атқара алмайды.  Жеке ән айтатын үйірменің   жетекшісі бала дауысының   табиғаты мен  даму ерекшелігін, оқушыларға  ғылыми  негізделген      талаптарға   сай- іс-  әрекетті   жоспарлап, жүзеге асыру үшін, жасқа байланысты физиологиясы мен психологиялық ерекшеліктерін білуге тиіс.

            Бүкіл педагогикалық процесс, оқушылардың вокальдық және музыка   жағынан  даму  мақсаттарын көздеп ғана қоймай, сондай-ақ жалпы тәрбие беру міндеттерін де көздеп  жүзеге асыруы тиіс.  Үйірменің  жетекшісі оқушының  мектептегі  үлгерімін қадағалауы, ата-аналармен тығыз байланыс  жасауы, ата-аналарға  мектеп  оқушыларын әнге үйрету дегеніміз эстетикалық  тәрбие  формаларының   бірі екендігін  түсіндіру қажет.

           Үйірме жетекшісінің  жұмысында  оқушылардың  жалпы білімі мен музыкалық ой өрісін кеңейтуге   бағытталған  әңгімелердің   зор мәні бар.  Бұған  музыка туралы, оқушы шығармаларын әнге үйрету  дегеніміз  эстетикалық   тәрбие  формаларының  бірі екндігін  түсіндіру қажет.

            Бұған  музыка туралы, оқушы  шығармаларын үйреніп жүрген композитор туралы әңгімелерді,  шығарманың   әдеби текстін талдауды, ақын туралы мәліметтерді, шығарманың жазылу тарихын    түсіндіре отырып, маман  әншілердің  (ересек жастағы оқушылар үшін )  орындауындағы   дыбыс  жазбалар   тыңдап көруді   жатқызуға болады.

           Үйірмедегі  жұмыс жеке  ән айту   үйірмесінің  жетекшісі  хор  жетекшісімен ( немесе  вокальдық ансамбль жетекшісімен) тұрақты байланыс  жасап,     бала даусын дамытудың  жалпы міндеттері  мен бірыңғай  принциптерін  түсінгенде   ғана жемісті болады.

             Даму процесінде  мектеп оқушыларның  даусын үш  негізгі  топқа  бөлуге болады : балалық таза дауыс, қалыптасып келе жатқан дауыс, қалыптасқан дауыс. Өзгерістер  оқушылардың есеюімен, олардың  бүкіл организмінің өсуімен және атап  айтқанда дауыс  аппаратының  өсуімен байланысты болады. Алайда жасының  есеюіне   байланысты  бұл өзгерістерді дәл анықтау мүмкін бола бермейді, өйткені  жеке дара  даму процесі белгілі бір  жаста болмайды.  Кейбіреулерде  даму тез  өтеді, ал екіншілерде баяу өтеді.Дегенмен  де дауыстарының  даму сатыларына сәйкес  мектеп оқушыларын   жастарына байланысты  үш топқа  бөлуге негіз бар.

  • Бірінші топтың дауыстары (көбінесе 7-1 жас аралығы) жеңіл үнділігмен сипатталды.Бұл топтың дауыс диапазоны до1 ─ ре1 ─ ре2 ─ ми-бемоль2
  • Екінші топтың дауыстары ( көбінесе12-14 жас аралығы) оқушылардың жалпы психологиялық дамуына, олардың  кеңірдегінің  жетілуіне байланысты қалыптасу сатысында болады. Бұл топтың дауыс диапазоны шамамен алғанда , си  ─ до — ден ми2 немесе  до ─ реден   ми2 ─ фа2
  • Үшінші топқа даусының шығуы қалыптасқан  жеткіншек  қыздардың  (15-17 жасқа дейінгі ) даусын жатқызуға болады, дауыс  шығуы ересек  әйел даусына   жақындайды.  Бұл сатыға тән дауыс диапазоны бір октавада, шамамен  рекіші─ ре1 де көрінеді.

                Сабақтардың  процесінде  негізгі  вокальдық дағдылар  қалыптасады, тілдегі кемшіліктер  жойылады, жоғары  дыбысты  есту қабілеті, интонация қоя білу  тазалығы, ырғақты  сезуі дами  түседі, әрі осының   негізінде   музкалық   шығармаларды көркем- мәнерлі   орындау  машықтаналады (оқушының  музыкалық   және вокальдық   даму дәржесіне  сәйкес ) белгілі бір қиындықтар  тудыратын  хор  және ансамбль  партиялары игеріледі.

             Жеке ән  айтуға  үйренуде  идеялық  жағынан  дұрыс бағытталған, оқушыларды көркемдік  талғамға  тәрбиелейтін  репертуарға  едәуір  мән берілуі тиіс.

              Оқу  жұмысының  процесінде  сондай-ақ жұртшылық  алдында концерттер  бергенде оқушылардың  үлгерімі тексеріледі. Алайда үнемі  сол  бір оқушылардың  немесе топтардың  концерттерде жиі көріне  беруі  орынды  болып шықпайды, өйткені бұлар жеткіншек әншілердің  психикасына  зиянды  әсер  етіп, менмендікке, дандайсуға желеу болып  кетуі мүкін.  Көптің  алдына  шығу  жарты жыл ішінде бір-екі  рет ғана  болуы   тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үрлемелі  оркестрлер.

            Үрлемелі оркестрлер  мектеп оқушыларына  музыкаға тартудың  кең таралған  түрі  бола отырып, музыка мәдениетін көтеруге  мүмкіндік береді, көркемөнерпаздар   үйірмесіне   белсене араласып, үйірме мүшелерін коллективтік   сезімін тударды.

               Үрлеме  оркестрдің аспаптарымен ойнай білуге  үйрету  үйірме  мүшелерін  жеке дайындаудан басталады.  Оның мақсаты : үрлеме  аспапта ойнаған  кезде  бастың, кеуденің, аяқ пен қолдың және саусақтардың   еркін, табиғи  қалыпта  болуын қалыптастырып, еріндік аппараттармен  дыбыстың  таза шығуын   нығайту, шапшаң тыныс алып, белсенді түрде   ұзақ тыныс   шығаруға  негіз  бола алатын ойнауға   қажетті  тыныс алуды   жетілдіру, үрлеме  және соқпалы   аспаптарда  ойнаудың техникалық   тәсілдерін игеру.

             Күнделікті  өздігінен  дайындалу  сабақтарын  дұрыс ұйымдастыру  музыкалық  орындаушылықтың   табысты  болуына  алғы шарт  болып табылады.

           Жетекші  және дайындау сабақтарының  барысында өз бетімен   орындалған   тапсырманы  басынан  аяғына  дейін  тыңдай отырып, оның  орындалуын  түзетуге   қажетті  нұсқау  беріп, оларды  жояды және  жаңа тапсырманы анық   етіп  тұжырымдап  қояды.

             Музыка пәні мұғалімі   музыкалық  шығарманы  толық немесе  ішінара   үйлесімді  түрде  сөзбен  түсіндіре  орындауын  жазып алынған жақсы орындаушының  ойнағанын және  жан- жақты   талдай отырып өз орындауында  тыңдауды   үйірме мүшелерінің   қызығуына   жағдай жасап, олардың   зейіні  мен белсенділігін  арттыратын  өте тиімді   формасы деп санауға  болады.

            Үйірме мүшелері   ойдағыдай  үйрену үшін оларға  шектен тыс  тапсырма беріп, ауыртпалық  түсірмеген   жөн, жеке- жеке   қабілеттіліктерін   ескеріп, материалды   ең қарапайым түрінен   әлдеқайда күрделі   түріне  қарай біртіндеп үйрету, мүмкіндігінше  әр алуан   жаттығулар   және көркем материалды  беру қажет.

            Үйірме мүшелері  жеке дайындықпен  қатар үйренудің   бірінші   жылының  екінші  жартысында ансамбльдік  дайындықпен  шұғылдану керек.  Түрлі — түрлі ансамбльдерде  (дуэт, трио, квартет) ойнай   білу дағдылардың  (интонация жиілігі, күйге келтіру, ырғақтылық, музыканың  әр түрлі  эпизодтарындағы   өз партиясының  ролін  түсіне білу және  т.б. )  арта түсуіне  себепші болады, оларсыз оркестрге қатысу мүмкін емес.

            Музыкалық  үлгілерді   орындау кезінде    дәл  және анық  интонацияларды  міндетті  түрде дирижерлеуге, екпін  мен динамикалық   белгілерді   қадағалауға   зейін аударылады.  Нотаға  қарап ән айту  үшін  ладтық құрылымы   жағынан  онша күрделі  емес музыкалық үлгілер  оркестрлік  партияларды  үзінділері  пайдаланылады.

           Үйірме мүшелері  жұмыстағы  шеберлікке  қажетті  оркестрлік  орындаушылыққа  мынанадай творчестволық  қатыста  болуға дағдыландырылады :  ойын кезінде  өз аспабының  , бүкіл оркестрдің және оның топтарының   үн шығаруын тыңдау ; жалпы оркестр үнінен өз  партиясының ролін  дұрыс түсініп, оны автордың   көрсетуіне  қарай орындау; ырғақтық ансамбльдің  динамикалық үндестігін сақтай  білу, дирижердің   қимыл- ишаратын түсініп, өз орындаушылық   шеберлігін  соған бағындыру ; солист пен  хорды   сүйемелдеу ;  парақтағы нотаны оқу .

             Оркестр  репертуарына  енгізілетін  музыкалық  шығармалар  музыкалық- эстетикалық  тәрбие мақсаттарына арнап, үйірме мүшелерінің   мүмкіндігін, қызығы мен   тілегін  ескере  отырып,  ұқыптылықпен іріктелуі қажет.  Оркестр репертуарында  ұлттық және шетел  классиктерінің   шығармаларымен   бірге  балалар композиторларының   мектептік  тақырыпқа   жазылған тпатриоттық  сипаттағы  шығармалары  болуы керек.

               Пьеса  тексін  ұқыпты талдаудан  соң  оны аспапта орындауға  кіріседі.  Оны зейін  қоя, ілтипатпен, нотаны  оқудан көз жазбай, үзіндіні  немесе  бүкіл шығарманы  аяғына  дейін  жеткізе  орындайды.  Жиі- жиі бөгелу  оын  түсініп, меңгеруге бөгет жасайды.

               Оқушыларға эстетикалық  тәрбие беру  ісінде  және олардың  оркестрлік  орындаушылыққа  творчестволық  қатысын дамытуда музыка  тыңдау  үлкен көмек  көрсетеді.  Сондықтан  жеке сабақтарда   көрнекі солистер, ансамбль және оркестрлерден жазып алынған таңдамалы   музыкалық  шығармалар тыңдалады.   Жазбаларға  аннотациялардың   дұрыс іріктеп алынуы, жоғары мәдениетті   кезеңдерді және стильді түрлендіре   түсіндіру оқушыларды  жақсы  дәстүрге, ойынның орындаушылық   өнгесіне   тәрбиелеп, олардың   әсемдікті түсініп, сезіну  қабілеттілігін арттыра түседі, әр түрлі халықтар  музыкасының  тарихынан орындаушылығынан, музыкалық мәдениетінен  алған білімін жетілдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бал билері .

             Бал биі  үйірмесінің  практикалық  міндеті мынадай : мектеп оқушыларының  биге деген  қабілетін үйлесімді дамыту, бал блиерін әдемі де  әсем билеуге үйрету, олардың көркемдік  талғамдарын   жетілдіріп, би өнерін  толық көркем  шығармадай  қабылдап, биді   эстетикалық  тұрғысынан сын көзбен дұрыс бағалауды қалыптастыру, мінез- құлық  және қарым- қатынас  мәдениетіне  тәрбиелеу.

             Оқу- тәрбие  міндетін  орындауда  репертуар  мен жұмыс  методтары мәнге ие болады.  Бал билерін  іріктеудің   негізгі  критерийі  олардың көркемдік  құндылығы   мен қоғамдық дамудың қазіргі   талаптарына   үйлесімідлігі  болып табылады. Музка пәні мұғалімі  репертуармен  жұмыс  істеу  процесінде  оқушылардың өз елінің  би өнеріне  деген  сүйіспеншілігі   мен басқа  халықтардың  би мәдениетін қадірлеу  сезіміні дамытып отыруы тиіс.

               Программа  материалы  бірнеше  бөлімдерге бөлінеді.  Барлық бөлімдер бір- бірімен тығыз байланысты болғанымен, сонымен  бірге  әл бөлімнің  өзіне тиісті  нақтылы  мазмұны  және білім  , шеберлік   пен дағдыны  қалыптастыру  жөніндегі  белгілі міндеті болады.

             “Би әліппесі”  бөлімі классикалық  , халықтық  сипаттағы  билер   позицияларынан, дене қалыптарынан, негізігі би адымдарынан  және 6- позициядағы  жаттығулардан   тұрады ; соңғылары  жас өспірімдер   мен  мектептгеі  ересек  оқушыларға  арналған  программаға  енгізіледі. Машықтандыру   жаттығулары мектеп  оқушыларынң  кез келген   барлық   топтарына  қажетті, өйткені   ол биге   қабілеттілікті дамытуға жәрдемдесіп,мүсінді, икемділікті  қимыл үйлесімділіг мен мәденитін  қалыптастырады.

               Кіші сыныптағы   мектеп оқушыларына  арналған  программадағы “Би” бөлімі  көпшілікке  арналған халықтық  және бабалар  бал билерімен   қатар  вальс-гавот, вальс-мазурка   және т.б.  халықтық негіздегі тарихи  бал билерінің  бірталайы  және  қазіргі кездегі  отандық және шетелдік  бал билері  енеді.

             Музыка пәні  мұғалімі билердің  әр тобынан  билердің  бірнеше біртектестерін  тауып алады, ол педагогтың дайындық жағдайына  , топтың  құрамына, ноталар мен пластинкалардың және  басқа  жағдайлардың  болуына байланысты неғұрлым    жарамды  материал іріктеп   алуына  мүмкіндік   береді.  Жыл бойы  мектеп  оқушыларына  әр топтан  2-3 би  үйрету  ұсынылады.

           Программа  материалы мектеп  оқушыларынң  жас ерекшеліктері  олардың  мүмкіндіктері мен қызығуын ескеру  тұрғысында  іріктелген.  1-3  сынып  оқушыларына   қимыл  үйлесімінің, кеңістіктегі  және коллективтегі   бағдарлаудың  біршама  нашар  дамуы, музыкалық- ырғақтық  сезімнің  жеткіліксіз дамуы тән.        Сондықтан  программада  ырғақтық  және коллективтік- қатарлық   жаттығуларға  орын көп бөлінеді, ал репертуар адымдарға, шоршыма, желдірме жүріске құрылған  балалардың қарапайым  , бал билерінен    тұрады.

               4-6  сынып  оқушылары   үйлесімділік   пен бағдарлау, ырғақ сезімі  едәуір  жақсы  жетілген. Олар дене   жағынан күшті, неғұрлым ұйымдасқан болып келеді, солай болғанмен де бұл жаста   олардың  қимылы   дөрекілеу   және  өздері ұялшақ келеді, мұның өзі орындау сапасын кемітеді. Бұл сыныптар  оқушыларына   жұп билерді   аз, ал топтасып билейтін  билерді көбірек  беру ұсынылады.

             7-11  сынып  оқушылары  бал билеріне  едәуір саналы  түрде қызығады.  Осы жаста  олардың  дүниеге  деген  көзқарасы қалыптасып,  талғамы  анықаталады, идеялық  мұраттары пайда болады.  Сондықтан  жоғары топтағы   оқушылармен  жұмыс  істегенде  репертуарды  іріктеп  алуға   және орындалу   үлгісіне  ерекше  назар аударылып, көркемдік   талғамы   мен творчестволық   қабілеттерінң  дамуына  неғұрлым   белсенді  әсер   ету қажет.

         Көпшілікке  арналған  халықтық  билер  мен  бал билерін  үйрету  барысында  педагог  мектеп оқушыларының  өздерінің  үйренген композициясын  сауатты, дәуір  стилін  , бидің ұлттық   сипатын сақтай отырып,  музыкалық тұрғыда  , жете  аңғарып, мәнерлеп   орындауына  күш салу керек.

        Би кештерін  ұйымдастырудың  , биді көрермендер  алдында  орындаудың  және конкурстар  мен байқаулар өткізудің   үлкен тәрбиелік  мәні бар. Жұмыстың  бұл  формалары болып табылады, оларды   бос уақыттарын   колективте  жарасты, мәдениетті  жәнеқызықты  өткізуге, сондай- ақ   жақсы билер  мен  орындаудың   үлгілерін  насихаттауға   қатысуға  үйретеді. Мектеп оқушылары   мұндай  шараларды  дайындап, өткізуге  белсенді  қатысуға тиіс.

           Биге үйретудің  толық курсын  өткен  мектеп  оқушыларының  би мәдениеті мен эстетикалық  тәрбиеленуінің   негізгі көрсеткіштері  мыналар деп есептеуге болады :  би бейнелерін  жасаудағы  музыкалығы, мәнерлілігі, шыншылдық пен шынайылық, орындау   мәнерінің хореографиялық мектебіне   тән  ұстамдылығы  мен инабаттылығы, биге  сезім мен ойды, ұлттық ерекшелік пен әлеуметтік  сипатты бейнелейтін көркем туынды ретінде  саналылықпен қарау ;  бидегі  форма  мен мазмұн бірлігін  түсіну ;  белгілі  мазмұнды берудегі  би мен  музыканың  жеке элементтерінің  мәнерліллігін  түсіну ; хореографиялық туындыны  туындыны  өздігінен  білуге қабілеттілік ;  этикетті  сақтау .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хореографиялық үйірме.

            Хореографиялық  өнер   балаларды  сұлулыққа, мәнерлі  қимылға үйретеді, олардың  фигурасын  қалыптастырады, дене күшін, төзімділігін, ептілігін және  батылдығын  дамытады.  Хореографиялық жүйелі  білім  мен  тәрбиенің  арқасында   оқушылар жалпы  эстетикалық  және  би  мәдениетін  игереді, ал би  мен музыкалық  қабілеттің  дамуы- хореографиялық  өнер  мамандығыны нәзігірек   қабылдауға  көмектеседі.

               Хореографиялық үйірмедегі сабақтың  негізі  жүйелі  де бірізді  білім  беретін  және  мектеп оқушыларын эстетикалық  жағынан  дамытып тәрбиелейтін  программа  болып табылады.  Жетекші  программа  мазмұнын сақтай  отырып, сабақты  өткізуге де,сол сияқты постановка  қою  жұмысында да    оқушылардың жалпы  эстетикалық  және би мәдениетін  игереді, ал  би мен музыкалық қабілеттің дамуы – хореографиялық өнер мамындығын нәзігірек   қабылдауға  көмектеседі.

             Үйірмелерде орын алған, тек қана  биде тәрбиелейтін кейбір бір жақтылық оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне уақыт қойып отырған  жаңа талаптарға жауап бере алмайды. Хореографиялық өнерге тарту, кең мағынада алғанда, оқушыларды Чайковскийдің классикалық   балеттерімен, қазіргі кездегі музыкамен  және ірі  балетмейстерлердің  балеттерімен, би мәдениетінің  қайнар бұлақтарымен, халықтардың өмір- тіршілігімен байланысты  ұлттық билердің ерекшеліктерімен, олардың әшекей костюмдерімен, мелодиясының музыкалық-ырғақтық құрылысымен,  халық  аспаптарымен таныстырылады.

              Эстетикалық тәрбие ісіне музыканың  жоғары  дәрежеде маңызы бар, оқушылар оны  сабақта және постановка қою тәжірибесінде естиді.Ол, мейлі, халық мелодиялары мен ырғақтары немесе классик-композиторлар мен қазіргі  авторлар  шығармалары болсын, түсінерліктей  көркем болуға тиіс.

              Постановка қою жұмысы үшін И.Бахтың, А.Скарлаттаның, В.Моцарттың, Л.Бетховеннің, Ф.Шуманның, Ф. Шопеннің, П.Чайковскийдің,А.Глазуновтың,С. Прокофьевтің, И.Дунаевскийдің шығармалырын қысқа үзініділерін пайдалауға болады.

          Халықтық  билерді  оқушыларға  арналған  тақырыптарға жақындата, ертегілік сюжеттерден немесе тұрмыстық сипаттағы  блалалар   ойындарынан  алынған  би элементтерімен байыта отырып, оларды  түсіндіріп беруге болады. Сондай-ақ  әр түрлі  жастағы   балаларға  лайықты нағыз ұлттық  биді  жазбалар бойынша көз алдына елестету  ұйғарылады.                                                        

Программада  көрсетілген  материал, музыка пәні мұғалімінің  қалауы бойынша, қимылдық  дәрежесі шамалы  басқа материалдармен ауыстырып отырады. Ұсынылған  халықтық      билердің ішінен   музыка пәні мұғалімі   оқу жылының  тақырыптық міндетері  мен коллектив   мүмкіндіктеріне  байланыстыларын таңдап алады.

 Соңғы жылдары  бастауыш  мектеп жасы  оқушыларының (7-8 жастағы ) хореографиялық үйірмелерге келуі едәуір  өсті, бұған оқушылардың  ерте дамыған   дене күші мен ақыл- ойы, хореографияның көпшілікке  тарауы мүмкіндік болды. Бірақ та  олар үшін, мысалы, оң немесе сол аяқты  анықтау, бір жақтан  екінші  жаққа  тез  бұрылу, кеңістікті  дұрыс  бағдарлау проблема  болып  табылады.  Әдетте, бұл жастағы  оқушылар   қимылдары стихиялы сипатта болады, олар айналадағы  құбылыстарға тікелей реакция жасау  негізінде пайда болады және жиі ретсіздік  пен           бейберектсіздік  кезедеседі.

 Эстетикалық  тәрбиенің  бастапқы  міндеттерінің  бірі, жалпы алғанда  , оқушыларға  қарапайым  қимылдың  әсемдігі  мен логикасының, ал жекелеп айтқанда, би қимылының срын ашу. Оқушылар тәртіптелген  қимылдар дағдысын бірте- бірте иегердеі, олардың  заңдылық  сипатын  , үйлесімділіг және оларды   меңгеруін      жете түсінеді.

Әсемдіктің қалыптасуы мен қимылдың  дұрыстығы- методиканың  ерекше  бөлімі. Сымбаттың  әдемі   қалыптасуы сияқты,мұндай  маңызды мәселе  музыка пәні  мұғалімінен зор көңіл қоюды, динамикалық анатомияны білуді, тұла бойды ұстау ережесін, әрбір қимылдың физикалық және  эстетикалық  құрылысын  түсінуді талап етеді.

           Хореографиялық үйірмеге көбіне  балалар  арнайы  іріктеліп қабылданбайтынын ескерсек, хореографтың- міндетінің  бірі- сымбаттағаы кемшіліктерді ( кифозды, лрдозды,               сколиозды) ,егер олар  байқалып  қалса, түзету  болып табылады.

          Сабақ процесінде қимыл сезімі машықтанады, музыканың  демеуіне   қимыл сәйкес келтіріледі.Қимыл  түйсіктерінің  музыкамен  арақатыстығын белгілеу  дағдысы- жете түсіну  мен бұлшық  ет бөліктерінің саралануына  әкеледі.

          Кеңістікте бағдарлауға машықтану әр түрлі  суреттер  бойынша  жүруден басталады.

          Кідіріс      жасап  қимылдау, айталық, бір тізерлеп отыру пайдалы.   Би қимылын осылай үйрену, би образдарын музыкалы  би ретінде,  белгілі  бір актерлік  міндетерді  түсінуге жол ашады.

         Би қимылы  сезімін дамыту  үшін классикалық, халықтық  және тарихи билердің  қимыл- әрекеттері негізінде меңгерілетін әр түрлі  үйлесімдерді бір ізділкпен   дамытқан жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              2.1.(А). Тәрбие жұмысын жоспарлау.

                Оқушылар  мектепте оқитын  белгілі  мерзім ішінде  теориялық  және  әдістемелік  білім алады, таңдаған мамандығы        бойынша  тәжірибелік  ж дағдылар мен  білікті иегереді. Бұл процесс оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу орнының   тәжірибеде  тексерілген іс әрекетіне негізделіп құрылады.Жас  маманды қалыптастыру мәселесі  мектепте педагогтар ұжымының басшыларының бірлескен  күшімен шешіледі.Сыныптан  тыс  тәлім- тәрбие жұмысы ғылыми негізде жасалған жоспраға байланысты жүргізіледі. Ол оқу  орнына  қабылданғаннан бастап бітіргенге дейінгі уақытта тұтас қамтиды.Оқушылармен жүргізілетін  жалпы  тәрбие жұмысының перспективтік және ағымдық ( жылдық,семестрлік, тоқсандық, апталық) жоспары Қазақстан  Республикасының  Білім министрлігініңұсынған “Комплексті үлгі жоспарына” сәйкес жергілікті  жердің ерекшеліктері, мүмкіндіктері, болашақ маманның мамандыққа  бөлінуі, мінездемесеі ескеріле отырып жасалады.Орта арнаулы  білім беретін оқу орындарында  тәрбие жұмысының  осылай (алғашқы жылдан  бітіргенге дейінгі кезеңді қамтитын) сатылы жоспарлауының дұрыстығы көп жылдық тәжірибеде дәлелденген.

            Мектепте перспективтік жоспарын  жасау үшін педагогтардан пәндік комиссия  құрылады. Жоспар жасағанда, талдағанда, іске асырғанда тәрбиенің   негізгі  бағыттары  мен принциптерін, іске асырғанда тәрбиенің  негізгі  бағыттары мен принциптерін бейнелейтін барлық бөлімдерінің өзара  байланысы болуы негізделеді.Ағымдағы тәрбие  жоспарларында нақты шаралар, жауапты адамдар, өткізу мерзімі белгінедеі.Бұл жоспар  жалпы  оқу орны  бойынша бөлімдерде, топтарда  , пәндік комиссияларда, оқушылар кеңестерінде  іске асырылады.Әрине, бұл ағымдағы  жоспарлардың а расындағы  тығызы байланыс  орын алып, педколледждің  жалпы  жоспарынан  туындап  отырады. Тәрбие жоспарын жасауда төмендегі  педагогикалық  талаптар ескеріледі.

  • Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысының  жоспары тәрбиенәің мақсатына, міндетіне, бағытына сәйкес келуі;
  • Тәлім — тәрбие жұмысының жоспары тәрбиенің мақсатына, міндетіне , бағытына сәйкес келуі;
  • Тәлім- тәрбие жұмысы оқушылардың талап- тілегінен, мүддесінен туындап, олардың  ғылым мен техника, әдебиет  пен өнер, спорт т.б  саладан  қабілеттерін  дамытуды қамтамасыз  ететіндігі;
  • Тәлім- тәрбие жұмысы жоғары  идеялық- құқықтық, ғылыми  дәрежеде, шебер  сынып  жетекшісінің басшылығымен өткізілуі ;
  • Тәрбие жұмысында оқушылардың  жас және жеке ерекшеліктері , дербестігі  мен білімі, бастамашылыдығы, қызығушылығы ескеріліп, тәрбиенің  мазмұны тереңдетіліп, түрлері мен әдістері  жыл озған  сайын күрделеніп  отырылуы.

        Осы   талаптарға  сай құрылған   перспективтік  жоспарда  тәрбиенің мақсаты, міндеті, оны шешудің  жолдары, әдіс-  тәсілдері  де белгінеді. Егер  1- курста  оқушылардың өмірге  дұрыс көзқарасын, дүниетанымын кеңейтуге мүкіндік  беретін жұмыс формалары көп пайдаланылса, жоғары куртсарда дін, ғылым, техника, этика, өнер салаларының  пікір  таласын тудыратын  өзекті  мәселелері сөзсіз қосылады.

        Тәжірибеде жастардың шығармашылық  қабілетін дамытуға көңіл  бөліп, мамандығына   бағдарлау  ескеріледі.  Перспективтік жоспарды  директордың  төрағалығымен  педагогикалық  кеңесте  талқылап бекітеді.

         Жас ұрпаққа  тәрбие беру  саласындағы  сынып жеткшісінің  жұмыс жоспары  әр курста  жалпы  перспективтік  жоспар негізінде  тәрбиенің  бағыттарына  сай жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Патриоттық- интернационалдық  тәрбие:

Жұмыстың  мазмұны мен бөлімдері

Мерзімі

Жауапты адам

1

Қазақстан  Республикасындағы халықтар достығы

10.10

Музыка пәні мұғалімі

2

Қазақ халқының  батыр ұлдарының  өмірі- жас ұрпаққа  үлгі- өнеге  (алқалы жиын)

25.02

Үйірме мүшелері

3

Бейбітшілік- өмір  салты

11.11

Музыка пәні мұғалімі

4

“Отан үшін-  отқа түс- күймейсің” (Б.Момышұлы)

05.11

Үйірме мүшелері

5

Ақпыз, қара,сарымыз,  туысқанбық- бәріміз ( әдеби  муз.монт)

14.10

Үйірме мүшелері

6

Отаным- алтын бесігім ( баяндама)

28.09

Музыка пәні мұғалімі

7

Қос тіл- достықтың  қос қанаты

17.12

Үйірме мүшелері

8

Отан, достық  туралы  әндер  байқауы

19.12

Үйірме мүшелері

9

Отаншылдық  сөзбен  емес, іспен  дәлелденеді  (кездесу)

20.12

Үйірме мүшелері

 

 

 

Жұмыстың  мазмұны мен бөлімдері

Мерзімі

Жауапты адам

1

Кионтеатрларға,  көрмелерге,мұражайларға бару,көрген  кинофильмдер мен спектакльдерге талдау жасау

Айына бір рет

Музыка пәні мұғалімі

2

Тарихи  орындарды  қызықтау

Айына бір  рет

Музыка пәні мұғалімі

3

Саз кештерін өткізу.

1.”Музыка жан азығы”

2.”Сен  саз таңдай білесің бе?”

2.                    Классикалық  саздың ерекшеліктері

3.                    “Қазақ халқының  саздық шығарамалаы” (кеш)

4.                    “Рок,фольк,хар  музыкаларды қалай түсінесің ?”

5.                    “Опера, драма жанрларының  қандай айырмашылығын білесің?”

6.                     “Күй атасы- Құрманғазы”

 

1 тоқсан

 

2-тоқсан

 

2 рет

Музыка пәні мұғалімі

 

 

Үйірме мүшелері

 

Үйірме мүшелері

 

 

 

Үйірме мүшелері

 

Үйірме мүшелері

 

 

 

 

 2.1.Сыныптан  тыс тәлім- тәрбие  жұмысын талдау :

 

 1.Сыныптан тыс жүргізілетін  тәрбие жұмысының  тақырыбы,мақсаты, тү, әдісі.

  1. Тәрбие  жұмысын  ұйымдастырушының  аты- жөні,  қатысушылардың  саны.
  2. Тәрбие шарасын өткізу үшін  алдын- ала  жүргізілген  дайындық  жұмыстары.  Жазған ұрандары, шығарған  қабырға  газеттері. Т.б.
  3. Белгіленген бағдарламаның  орындалуы немесе одан ауытқуы.
  4. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттың  орындалуы.
  5. Тәрбие процесінің ең тиімді  ,әсерлі, қызықты  кезеңдері.
  6. Оқушылардың қабылдауының  эмоциялық  көрінісі.
  7. Тәрбие жұмысына  пайдаланылған қосымша  материалдар, көрнекі және техникалық құралдар.
  8. Музыка пәні мұғалімінің жеке басы, сыртқы бейнесі, көрінісі, киімі, шашын  әсемдеп  тарануы.
  9. Музыка пәні мұғалімінің тәрбие жұмысын  өткізуде өзін- өзі  ұстауы, оқушылар  алдындағы  іс- әрекеті,сөзі мен мимикасы.
  10. Музыка пәні мұғалімінің білім дәрежесі, тақырыпты меңгеруі.
  11. Музыка пәні мұғалімінің педагогикалық  жұмысқа  икемділігі, әдептілігі, педагогикалық тактыны игеру дәрежесі.
  12. Музыка пәні мұғалімінің оқушыларды  ұйымдастыра  білу, ұжымды үйіріп  ала білу қабілеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Орта мектепте  лекция — концерт жүйесін

жетілдірудің  әдіс- тәсілдері.

Оқушылармен  лекция- концерт  өткізудің   ұтымды   тәсілдері.

 

           Қазіргі  кезде жеткіншектерді  өнерге  баулу  бүкілхалықтық  іс болып отыр.  Бұл орайда  музыка пәні  мұғалімі, сыныпта сабақ беру шеберлігін  ғана жетілдіріп қоймай,  балалар мен жасөспірімдер арасында  музыкалық  тәрбие  беру ісінде , лекция- концерттер  жүргізу  арқылы тәрбиелеу  ісіне  ерекше  көңіл  бөлген жөн.

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  бірі –лекция- концерт  өткізу  музыкалық- ағартушылық  тәрбие негізінде  іске  асады.  “Лекция- концерт” деп аталтын  жұмыс түрі оқушылардың  музыка  әлеміне терең  үңілуіне, халық мұрасының  өте бай  мұрасымен  танысуға  терең үңілуіне,  қазақ  музыка өнері , шетел  музыкасының қайраткерлері, композиторларының  шығармашылығымен танысып, одан  нәр алуға баулитын  салалы  жұмыс.

Лекция- концерт дайындап  өткізуде  қоятын  мұғалімге   қоятын  үлкен  талаптар бар. Ол “сегіз қырлы, бір сырлы”  болса, істеген  ісі сапалы  болмақ. Мұғалім  өзінің  орындаушылықы мүмкіндігіне  қарай ғана сүйеніп  қоймай,  сөзді  сөйлеу шеберлігін  ұстартқан жөн. Сондықтан, біз  алдында  айтып кеткеніміздей, лекция- концерттер  өткізу   кезінде  сөз бен саздың  үйлесімділігіне, үндестігіне қатты  назар аудару керек.  Осы орайда  Б.Сухомлинский былай  дейді :”Сөз ешқашанда   музыканың  шын мәніндегі  тереңдігін шегіне жеткізе  түсіндіре  алмайды, бірақ  сезім  дүниесінің  осы  бір өте нәзік саласын  сөзбен ғана сезініп түсінесіз.  Сөз жүректің  аса сезімтал  қылын басып, құлақ күйін  еліктіруі тиіс, музыканы  түсіндіру поэтикалық тұрғыда, сөзбен  музыканың   байланыстылығы  негізінде  жүзеге асырылады”.  Ендеше  лектор-  музыкантқа  творчестволық  ізденіс,  тапқырлық, зеректік қажет.

Лекция- концерттің  тартымды  болуы, тыңдаушыларды  қызықтырып, келесі  лекция- концертке деген  ынтасын  жоғарлатуы лектордың жүргізу  шеберлігіне  көп байланысты. Сөзді  тыңдаушыларға айқын, әрі  әсерлі өткізіп  жеткізу, сөйлеу техникасы  мен логикасына көңіл  қою амалдарды қамтамасыз етілсе, саздың  әсемдігі мен әсерлі  сөзбен  бірге қуаныш, үндестік   табу  арқылы жүзеге  асады.  Ал, орындалатын музыкалық  шығарма өзінің әсемділігімен ғана емес, жүрекке әсер  ететін  мағыналы  сөзімен, үндеуімен  қымбат. Бұған  сөзді анық, бұзбай  жеткізетін  тамаша  дауысты   әншілер, аспапта  орындаушылар сол  лекция- концерт  тыңдаушыларының  жүрегіне  жол табады.

Лекция- концерт  дайындаудың   мынадай қажеттіліктері бар:  тақырып таңдау,  әдебиеттерді ретімен  орынды  пайдалану, музыкалық  шығармаларды іріктеп, дайындау, ұйымдастыру жұмыстарын қадағалау.

Лекция- концерт  өтетін  бөлменің  эстетикалық талғаммен  безендірілуі тыңдаушылар мен өткізушілердің  көңіл- күйіне жағымды  әсер  қалдырады. Бөлме  іші таза, қойылған  мүліктер  ретті болып, тақырыпқа сай, тәрбиелік  мәнге  толы  нақыл сөздер  мен нақты, әрі ұтымды  суреттер  салған  плакаттар  ілсе артық болмас еді.

Мектеп- оқу процесінде  баланың  бойына  жақсы қасиеттер  мен сапалары қалыптастырады. Мектеп баланың  дүниеге  көзқарасы  мен адамгершілік  қасиеттерін   қалыптастыруда  шешуші роль атқарады дейтін болсақ, баланы  сабақ  үстінде  ғана тәрбиелеп қоймай,  сабақтан тыс  уақытта да әр  түрлі  жұмыстарға  тарту  арқылы (мысалы,  лекция- концертте )  баланың  жеке орындайтын номерлері  болмаса, көркемдеу  жағына, әр түрлі көрнекіліктерді  жасауға  қатыстырған  жөн, ал соңында әр баланың еңбегіне қарай бағалаған жөн.  Бұл жағдайда баланың  еңбекке  деген талпынысы  күшейіп, бойында өнерге  деген қызығушылық  күші  пайда болады.  Оқу мен  тәрбие  ісін  бөліп  қарамай, олардың үнемі  байланысты  болуын  оқыту мен білім беру  ісінің жаңаша  қазіргі  заманғы   тәрбиеге негізделгенін  есте ұстағаны абзал.

Дұрыс тәрбие  алу оқушының  тәртіпті болуына, сабақ  үлгерімінің жақсаруына, қоғам  жұмыстарына араласып, сергек  жүруніе  мүмкіндік  жасайды.  Өнерлі  сөз, ән мен күй  музыка  баланың   өмірі үшін ең қажетте педагогикалық процесс. Музыканы,  әнді  тыңдауды  бала ертеден сүйеді.  Ол  баланың  жан дүниесі  мен көңіл  күйіне  , көркемдік  сезімдеріне  зор эмоциялық  әсер етеді.  Халық әндері,  кейінгі  кездегі   қазақ, орыс, басқа  халықтардың   өнері, әндері, композиторларымыздың  музыкадағы  табыстары  , Абайдың, Ақан сері, Біржан, Жаяу  Мұсаның, Құрманғазы, Тәттімбеттің  күйлері мен  әндерін  таныстырудың, балаларға   тыңдатып үйретудің  маңызы зор.  Бұл оның қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сүйіспеншілігін  дамытады.  Музыка  пәнімен  байланыста   берілетін тәрбие  шаралары  мазмұны  мен көркемдігі  арқылы   оқушылардың  идеялық көзқарасын  , қоғамға  , Отанға  деген  сезімдерін  қалыптастырады, өмір  құбылыстарын дұрыс түсінуге, дұрыс қабылдауға жәрдемдеседі.  Сондықтан да музыка  арқылы берілетін  эстетикалық  тәрбие  сабақта  және  сабақтан  тыс жұмыстар  жүйесінде  беріле береді.

Бұл жерде  музыка пәні  мұғалімінің  атқарар  ролі  зор.  Ол өткізілетін лекция- концертті  жоспарлаушы, бағдарламасын жасаушы,  өлең,тақпақ, инсценировкаларды  таңдап, жәрдемдеседі,   өзі  де белсене  қатысады.  Балаларды қабілеттеріне  қарай  әр түрлі  топтарға  бөледі. Осы өткізілетін лекция- концерттер  арқылы  оқушылардың  уақытын  дұрыс  пайдалануына көмек көрсетіп, тәртіп  бұзуына жол  бермейді.  Мүмкіндік  болған  жағдайда  оқушылардың  бәрін де қатыстырған жөн.

Жалпы  лекция- концерттер   арнайы  тақырыптық  немесе  мерекелік  және танымдық  (лекция- концерт) түрінде  жүргізіледі.  Мәселен, тақырыптық лекция- концерттерді   арнайы  бір мерекелерге, композиторлар (мысалы, “Құрманғазы  Сағырбайұлы- 200 жаста”  т.б.) негізінде жүргізуге  болады.  Сонымен бірге  мерекелік  күндерге, 8 наурыз  мерекесіне  “Анамызға  мың алғыс”, “Бас иеміз  Анаға”  деген  тақырыптарда “Батыр  ана”  немесе ұстаз арқылы толықтыру.Ұлыстың  ұлы күні  Наурыз  мейрамына арнайы  ұлттық  салт- дәстүрді негізге  ала отырып, халықтық дәстүрмен  байланыстыра лекция- концерт жүргізу. Бұдан басқа  ұстаздар   күніне  арнап әр түрлі  жұмыстар  жүргізу  арқылы  балаларға  эстетикалық  тәрбие негізі етіп, музыкалық  тәрбие  беруге болады.

Ал лекция- концерттердің  бір- бірінен  айырмашылығы, тақырыптық  лекция- концерттер  атында  айтылып  тұрғандай, арнайы  тақырыпта, мерекелерге  жоспар  құрылып  өткізіледі.

Ал, танымдық лекция- концерттерді оқушыларға ақыл-ой,                музыкалық  түсінік  беру, музыкалық  қабілеттеріне  ары қарай  дамыту,  эстетикалық  тәрбиенің  бір негізі болып табылатын балалардың  өнер атты сұлулық  әлеміне деген  құлшынысын      арттыру негізінде әр түрлі  тақырыптарда  жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, “Ән табиғаты” деген тақырыпта лекция жүргізер  алдында, оның мақсатын, яғни  бұл лекция- концертті жүргізуде   нендей  мақсат қоямыз ? Қандай тәрбие беруге  болады Осыған байланысты  жоспар құрылып көрнекі  құралдарды  пайдалануымыз керек. 

Бұл лекция- концерттің негізгі  мақсаты- табиғаттың  адам баласына тарту еткен  сыйы- ән және әншілік дәстүр жайлы әңгімелеу, яғни, ән- адам баласының  жүрек сезімін үн, дауыс және сөз арқылы жеткізе  білетін  асыл мұра екендігі жөнінде  әңгімелесу. Шыныда   да, халықтың  қайсы бір ән- күйін, жыр – толғауын, терме- желдірмесін алып қарасақ, онда  тұрмыс- салт өміріне, белгілі бір тарихи оқиғаға, адамға , заман  ағымына  байланысты құбылыстар, тәрбие, ой толғанысы, сезім  түсінігі, ой- пікірі, өмірлік тәжірибесі, танымы көрініс табады.  Сондықтан   халық даналығында әнді ертеден- ақ ерекше бағалап, оны халықтың   жаны  деп атаған.  Қазақ халқы әнге  бай.

Ән туралы  халық арасында көптеген ақын- жазушыларымыз, зертеушілеріміз өз ойын  айтып кетті.  Оның ішінде, ұлы  Абай атамыз :

Туғанды  дүние  есігін  ашады өлең,

Өлеңмен  жер қойнына  кірер денең,-

деп жырласа, қазақ халқының  әдебиеті  мен өнерін зерттеген, Шоқан Уалихановтың  досы  Потанин : “Маған  бүкіл қазақ  даласы  ән салып тұрғандай көрінеді”,- деген.  Яғни, қазақ халқы бар өмірін туғаннан  бесік жырынан  бастап , соңғы  ғұмырына  дейін  ән  тербеген, әнмен қуанып, әнмен жазылған.  Қазақ халқының әншілік өмірі жайлы  , ерекшелігі  жайлы халық арасында мынадай  аңыз бар :

“Ән аспаннан  қалықтап  ұшып, жер бетіне келеді, оның жерге  ең жақындаған  кезін байқаған  халық әнді  ұстап   қалған, ал жоғары қалықтаған жердің адамдары ештеңе  үйрене алмаған. Құдайдық  құдіретімен  келген ән қазақ  жерінде, тіпті  төмен ұшқан қазақ  халқы  оны естіп, әнді жақсы айтатын болған.  Қазақтардан  басқа  халықтардың  әнді жақсы айтатын себебі де сол екен.”

Осы  сияқты  аңыз әңгімелер  айтып, нақты  сөздермен, мысалдармен  жеткізу  сол ұтымды  болмақ және  де әннің  қазіргі  кездегі   жетістіктері  жөнінде  әңгімелеп халық  әндері мен халық  композиторларының  әндерін  тыңдатықызып,   арасындағы   айырмашылықтарын  айту.  Қазіргі  кездегі  классикалық  әндер  жөнінде  , бұрынғы  халық әндерін  өңдеп,  қазіргі классикалық  музыкаға  бейімдегені жөнінде  әңгімелеп, әр түрлі әнді тыңдатып өздеріне  қандай өзгешеліктер барын, байқағанын  сұрау. Әр түрлі  әндер тыңдатықызып, дауыстар  , олардың   түрлері  жөнінде  әңгімелеу, әр дауысқа сипаттама  беріліп, әр  дауыстағы әншілер әндерін күйтабақтан  тыңдату.  Шығармаларды  тыңдап болғанна  соң, түрлі сұрақтар   қойылып, пікір алысу бүгінгі  өткізілген  лекция- концерттің  қаншалықты танымдық   функция атқарғанын  байқау.

Егер  мұғалім  бұл тақырыптағы  лекция- концертті  ешқандай  қосымша  жұмыс түрлерінсіз  , педагогикалық  әдіс- тәсілсіз  жүргізіетін болса, онда  сабақтың   жүргізу  мақсатына   жетпей, оқушылар  бұл тақырыптағы мәліметтерді  ешқандай  құштарсыз  , ынта- ықылассыз жалпылама түрде игереі сөзсіз.  Лекция- концерттерді  жүргізудегі  басты  мән  беретін проблеманың  бірі- оқушылардың  музыкаға  деген қызығушылығын, құштарлығын арттыратын  әдіс-      тәсілдерді  кеңінен  пайдалану.  Атқарылатын  іс- әрекетке  қызықпаған  жағдайда оқушының  музыка әлемінің  сырларын  түсінуі, оны терең, нәтижелі  игеруі  мүмкін емес.

Ұстаздың  қысқа да, тұжырымды, һәм тартымды әңгімесі  оқушыларды   бірден баурап, музыканы  түсінуге ынталандырса, ал орында   пайдаланылған әсерлі, үзінділер  оқушылардың  өнер, музыка  жайындағы білімдік, танымдық әсерлерін тереңдте түседі.Лекция- конццерттерді   жүргізуде мына әдістерді пайдаланылған жөн : мысалы, сабақ барысында  күйші Құрманғазы  Сағырбайұлының шығармашылығмен “Кісен ашқан”  күйі жоспарланды делік. Бұл  жағдайда  ең бірінші күйші  және күй туралы  оқушыларға сұрақ қойып, олармен әңгімелесу; көрнекі      және техникалық құралдарды пайдалану, күйлерден  үзінді тыңдату ; ғұмырнамалық музыка  әдебиетінен  үзінді оқу. Бұл жерде мұғалімге ескеретін нәрсе  күй туралы  немесе  күйші шығармашылығы  жайлы  ұзақ әңгіме айтып кетпеу керек. Ұстаз  күйді  тыңдап немесе  өзі орындап  көрсетіп, оны көркемдік, ритмикалық  жақтарына тоқталған жөн.

Міне, лекция- концерттік  жүргізудегі  осындай жан- жақты жұмыс түрлері мен методикалық  әдіс- тәсілдері, оны көркемдік ерекшеліктерін терең түсінуге, музыка  тыңдауға мүмкіндіктер туғызады. Оларды  ән мен күйге  , халық композиторына  немесе  жалпы  өнер адамына  деген  қызығушылығы мен құмарлығы артады.  Жалпы алғанда, музыка  сабағы мен сыныптан  тыс жұмыстардың осы түрі, лекция- концерттердің  біріге  жұмыс жасауы, жан- жақты  музыкалық-методикалық  әдіс- тәсілдерін пайдалануы  арқылы  жүргізу-бұл ұстаздың  үлкен педагогикалық  шеберлігі.

Лекция- концертті  жүргізетін  тақыоыптар  өте көп, оны  ең  алдымен таңдап алып, талғап  құрастыра  білу керек.

Өткізілетін  лекция- концертті  музыкалы етіп өткізсе, жұрт  жалықпай  , қызыға  тыңдап, балалардың  ой- өрісіне де әсері көп болады.  Мәселен, балатек ғана  өнер дегенге  өнер адамының өзін ғана біліп  қоюмен шектелмей, сол өнер  әлемінің сырлы әуенімен, сазымен  суысындауы керек.      Ол үшін тақырыпқа сай әндер мен билерді таңдай білу керек.  Әр әнді орындаушы  оқушының  аты- жөнін атап, авторлармен таныстырған  жағдайда, оқушылар  көңіл –күйіне  де әсер етіп, жүргізілері сөзсіз.

Егер лекция- концерттің  мазмұнына немесе тақырыбына  сәйкес оған ән- күйдің, бидің қажеттілігі болмаса, соңында  екінші  бөлім етіп, концерт қойып жіберу керек.  Концерт  соңынан жұмбақтар, викториналар шештіруге, түрлі ойындар ойнатуға болады.  Жұмбақтар  мен викториналарды  бәрінен  де көп шешіп, ойынға  белсене  қатысқан  оқушыларға  сыйлықтар  беріледі. Сыйлықтарды  жиын   өткізген  сынып өз күшімен  дайындайды. 

Тәжірбиелі  музыка  мамандары  жұмыс  істеген  мектепте  ғана  оқушылардың әдеміліктен, көркемөнер, музыкадан, мәдениеттен  ләззат алуға қабілеті оянады, өзінің  музыкалық   қабілеттіліктерінің  одан әрі  дамытуға  мүмкіндік  алады.

Жалпы алғанда музыкамен  байланыста  жүргізілетін барлық байқаулар, лекция- концерттерді жүргізуде ескеретін  жағдай, оны  қорытындылау. Мәселен, байқаудан соң, әр  сыныпты  немесе  әр  оқушының  еткен  еңбегіне қарай бағалап, оларға мақтау айтып, оларды  кейінгі  сыныптарға  үлгі ету- бұлардың   бәрі  оқушылардың  сана-сезіміне  тікелей әсер етіп, қуаныш әкеледі.  Оларды  келесі   концертке  немесе  өнер  байқауына  қатысуына  деген  құлшынысы артады.  Музыка пәнінен деген қызығушылығы  одан да арта  түсетінін  байқадық.

         Лекция- концерт  оқушыларды  өнердің  сан қилы  салаларымен  әнші, күйші, сазгерлер шығармашылығымен  , өнер  жолдарымен таныстыруға мүмкіндік береді, сондай –ақ алған  мағлұматтары мен тыңдаған   музыкаларын әрі қарай  игеруге  жағдай жасайды. Оқушыларға  күйтабақ арқылы музыка  тыңдату, өнер   қайраткерлерімен мүмкіндік бар жерде кездесу кештерін ұйымдастыру, осы бағыттағы концерттерге өнер сүйгіш балаларды  қатыстыру, оларды  музыка  құдіретін түсінуге, бала  жүрегінің нәзік те  мейірімді болып қалыптасуына  ықпалын тигізеді. Өткізілетен лекция- концерттердің   балалар санасына  тікелей әсер ететіндей етіп  жеткізу арқылы, жоғарыда  айтылған қаситтерді бойға сіңіретіндей тәрбие  беру осы  ретте  басты  мақсатымыз  болып  саналады.

       Бұл жерде  ең жауапты  жұмыс  лекторға жүктеледі.Ол өз сөзінің арасында  тарихи деректерге  сүйеніп, тақырыпқа  үйлестіре толғау  мен ақындар  айтысынан  үзінді  немесе  өлеңнен   үзінді  айтып берсе, шәкірттер  көңілін  серпілтері  анық. Мәселен : “Әсемпаз болма әрнеге,

                                                 Өнерпаз болсаң әр қалан” деген  Абай атамыздың   өлеңінде  ғибраты  зор, өзің өнерпаз, білімдар болсаң, артыңа  із қалдыр, шәкірт баулы, ұстаз болып жалықпай  тәрбиеле, өнерге ұмтылмай  өрге  баспайсың, талаптылық адам бойындағы  қасиеттердің  көзін ашады  дейді.

        Мұндай  лекция- концерттерді  жүргізуге кез- келген  мұғалім емес, соның ішінде  өз ісінің  білгірі де,  шебері  де таңдап алынады. Неге десеңіз, білу  бар да білгенді  сол қалпында  жұрт көкейіне құйып беру бар. Балалар жүрегіне  жол тауып, оларды  жылы сөзбен баурау үшін, жаттанды  жадағай сөз емес, шын өмірден  алынған  жанды да, дәлелді сөз керек. Жүректен  шыққан  жылы  сөз  ғана жүреке ұялайды. Өнер  әлемінің, оның  ішінде  музыка  саласының  шындығыны белгілі  бір  мысалдармен  айту  жеткіліксіз. Лекция- концерттердің  мазмұнды  , әсерлі шығуы,  оны  қалай құрып, әзірлеуге байланысты.

          Бір  тақырыпта жүргізген  екі лектордың лекциясын екі түрлі әсер етуі мүмкін. Бірі күнделікті тыңдап  жүрегіне сөздермен ғана жеткізіп, ешқандай  көрнекі құралдарсыз, жаттанды сөздерімен ғана айта  салып, музыканы  жай  ғана  тыңдатумен шектелсе, шәкірттер көңілінен  мүлдем  шықпай  қалуы мүмкін.

           Ал, екінші лектор осы мәселенің  тарихын, композитор немесе  әнші, күйші  өмірін нақты   қызықты  етіп  жеткізе келе, бүгінгі   өмірдегі  ол композитор, әнші немесе  күйшінің шығармашылық табысын өз сөзімен немесе  халық  сөзімен  баяндап немесе ауызекі  әңгімелеп берсе, жұрт ұйып тыңдайды, ал балалар есінде  сол өнер  адамы  туралы өшпестей  із қалады. Лектор  тың материладар  мен  цифрларды құр келтіріп ғана қоймай, соған  деген  өз көзқарасын  , қатысын  сезіммен  айтып берсе, тыңдаушылардың өздерін қатыстырып, олардың  ойларын  тыңдаса бірден шәкірттер көңілін  баурап алады, жалықтырмайды.

                  Тақырыптас лекция- концерттер  бір  мазмұнда  қайта- қайта  оқытылмауы керек.  Қайталау  тыңдаушыларды  жалықтырады,себебі мектеп  оқушылары  әлі де болса  санасы қалыптасып келе  жатқан  дүниенің бір бөлігі. Жақсы, тартымды  өткен  кештерден, тек ғана  сол тақырып бойынша  өнер  адамдарымен  олардың шығармаларымен  танысып қоймай, тағы да  сондай  лекция тыңдасам екен деген шәкірттер  ойында  әсер қалдырады. Сонымен  қатар, сол лекция- концерттен  алған әсерін  , өзі де  кез- келген   біреулерге дәл  осындай  етіп  айтып  беретіндей  болып шығады. Сондықтан  өткізетін  лекция- концерттердің  санынан сапасына  көп көңіл бөлуі қажет. Лекция- концерттердің  құрылысы, өткізу формасына қарай  бірнеше  сыныпты   біріктіріп өткізуге болады. Мысалы, 1-2 сыныптар,5-6 сыныптар,10-11 сыныптар т.б.

                Лекция- концертті өткізуде  композитор,  әнші өмірінен  басқа осы  таныс  есімдер  өнернамасын  басқа қырынан көрсететін, балалар ойын өрістетіп, қиялына  қанат бітіретін тақырыптарды, мәселен әр аспаптың шығу тарихы, өзіне тән ерекшелігі,  музыка тілі, белгілі  бір  музыкалық  жанрдың дамуы т.б. алуға болады. 

               Мектепте сыныптан  тыс жұмыс жүргізудің  қажеттілігі  бүгінгі  заман  талабы  мен әлеуметтік жағдайларға байланысты жаңарып өзгеріп  отыр. Оларды  мынандай  жұмыстардан  аңғаруға болады. Осы негізде мектепте балаларды тәрбиелеуде “Мұрагер” бағдарламасын  Құрманғазы атындағы  Алматы  консерваториясының оқытушысы  А.Райымбергенов құрастырды және  Қазақтың   Абай атындағы  мемлекетік  педагогикалық  университетінің оқытушылары  М.Балтабаев,  С.Ұзақбаев,  Т.Қышқашбаев,  М.Быковсих,  Б.Әлмұхамбетов,  Қ.Жолымбетов  құрастырумен  “Елім –ай”  эксперименталды ән –күй бағдарламасы, Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалардың құрастырумен “Музыка” бағдарламасы жарыққа шықты. Бұл бағдарламалардың  балаларды  тәрбиелудегі  маңызы зор. Осындай  маңызды  кейбіріне  тоқтала  кетені болсақ, эксперименталды  “Елім-ай” ән- күй  бағдарламасының  ерекшелігі  халқымыздың  қанына  сіңіріп, бойына  дарыған  өнер түрлері: ән күй, би қимылдары, ұлттық ойыны  ,ауыз әдебиет және домбырада  ойнау  машықтары  берілген.

                  Әрбір ұлттық  салт- дәстүрге  байланысты  өткізілетін  байқаулардан  немесе кештің алдында  сыныпың  ішін әсемдеп, тақырыпқа байланысты әртүрлі  нақыл  сөздермен безендіріп, мәселен “Қыз сыны” байқауы болатын  болса  ана, қыз   жайында “Қыз – қылығымен көркем”,”Қызға қырық үйден тию”т.б. қанатты  сөздер  жазылып  ілінсе, оқушылар  жадында   сол нақыл сөздің  мән- мағынасы  қалады. Арасында  байқаудан  тыс   көрермендермен  ойын жүргізу,  кештің  қыза  түсуіне  септігін  тигізеді.

              Сыныптан  тыс жүргізілетін  танымдық жұмыстардың бірі- оқушыларды  оқып білген  әнші- күйші  , ақын- жазушылар өмірімен таныстыру, халық  аспаптары музейіне, сурет  галлереясына тарихи мұражайларға апару. Сондай-ақ театр, концерт залдарына ,спектакль мен опералық  театрларға апарып көрсету.Бұдан  соң пікір  алмасды ұйымдастыру. Әсіресе,  басты  назар рольде  ойнаған артистер шеберліктеріне  басты  назар  аударып, жетістіктерін талдау.

             Талқылау  кезінде  оқушыларға ария, опера,  оператта,  увертюра, бас, баритон т.б музыка өнерінің  терминдері  төңірегінде  әңгіме  өткізіліп, түсіндіріледі. Мұның  өзі  оқушылардың  ой-санасын  кеңітіп,  музыкалық, эстетикалық талғамын  дамытуға әсерін тигізеді. Оқушылардың  өз ойларын  ортаға  салып, көрген білгені жөнінде ой бөлісуі әрбір   көрген  спектакль, концерттерінен  алған әсерін, сезімін  көрсетуіне , ысылуына  септігін тигізеді.

         Балалар бойындағы  осындай  қасиеттерін  , музыкалық қабілеттерін  азаматтық  сезімдерін оятуға музыка пәнінің мұғалімі сияқты ешқандай педагогикалық  мамандық  жан- жақты алуан түрлі әдістемелік тәсілдерді талап  етпейді. Сонымен қатар басқа  ешқандай мамандық тәрбиесінің қолына өз елін, оның табиғатын жырлайтын әндер,  опералар, симфониялар, концерттер, балеттер  түріндегі  бай  матералидарды  бермейді. Сондықтан жалпы  музыкалық мәденитепен таныстыруда  музыка арқылы,  танымдарын арттырады, оқушылар бойында шабытын оятады. Мұғалімнің әрбір айтқан  әңгімесі  әсерлі, тартымды, бағдарламаға   сай,  жоғары     сапада өткізу,  сабақтың   әрбір  сәтін,  кездесудің  әрбір  сәтін тиімді  пайдаланып, берілген  мазмұнын   ойластырып, ұтымды  өткізудің  жолдарын талап етеді. Тартымды, әсерлі  өткен  әр кештің  немесе  лекция- концерт, тіпті жай пікірталастың өзі де оқушылар тәртібіне, олардың  тәлім- тәрбиесіне  үлкен әсер етеді.Бос уақыттарын  ұтымды  пайдаланып, концерттік  залдарға, театрларға қойылымдар немесе  әр түрлі   концерттерге  бару,  өнер  шеберлерінің  өмірімен  , өнердегі сәттерімен  танысу, бүгінгі  күнгі  мәдениетіміздің  театрдағы, сахнадағы  деңгейін көру, олардың өнерін бағалау, — бәрі де баланың  музыкалық  танымдың   деңгейін  өсіреді. Қазіргі  музыкалық  өнерімізбен  аз да  болса  танысады.

             Мектеп өмірінде  ән  сабағымен қатар, сабақтан тыс  уақытта  хор сабағын  да  жүргізу керек. Бұл     жөнінде  әуелі  екі дауысты  хорлардан  бастап, кейін  көп дауыстыға  көшуге  болады. Сондай- ақ кім   дауысты  дуэттерді  де айтықызып, дағдыландыру керек.  Жас ұрпаққа  музыкалық  , эстетикалық   тәрбие беруде      бұл өнер  түрінің мәні зор. Бірігіп ән айту, бірлікке,       тәртіпке, ортақшылыққа    баулиды. Хор өнері  көп дауыстылыққа, музыка тілін  байытуға баулиды. Сонымен бірге  сыныптан тыс  уақыттарда  кішкентай аспапты  , халық аспаптарының   ансамблін  ұйымдастыру  арқылы бейімділігін, өнерге қызығушылығын  арттыруға болады.

            Мектептерде  музыкалық  тәрбие  жұмысында  өнердің  бар түрінің  үлгі- өнеге  боларлық орны  үлкен. Олар    балаларға  гармониялық  түрде  өсіп- жетілуіне  мүмкіндік береді. Қазіргі  кезде     біздің жастарымыз радио, телевидение арқылы кино, театр, концерттер арқылы  өнердің  басты саласы музыкадан тәрбие  алуда бар мүмкіншілікке бөленуде.

            Әрине  жоғарыда  баяндаған      жетістіктеріміз  , алға қойып  отырған  міндеттермен  салыстырағанда  , теңіз тамшысындай  ғана деуге болады. Мектепте , біріншіден, материалдар  жетіспейді. Музыкалық  аспаптар  жоқтың қасы  болса да  ескі, есту қабілетіне  зиян тиердей. Балаларға  арналған  мектеп  жасындағы  балаларға  лайықталып      жазылған әндер  аз емес. Еңбекті, достықты, адалдықты, ерлікті, өнер- білімді, Отаншылыдықты  жырлайтын  әндерден бастау  — жас буынның  керек   ететін   материалы  сияқты. Мектептерде   кейбір оқытушылар   лирикалық мәнісі  кең. Ол тек  ғашықтықпен   бітпейді. Отанды  сүюді, елін,  жерін  суреттеуде  лирикалық түрде  образ   беруге болады. Сондықтан  лирикалық  ән дегеннің  бәрінен  жас буында  ала қашуға болмайды. Алайда, мектеп оқушыларның  жас буынға  арналған  репертуарлары болуы керек.

             Қазіргі  кездегі  жиі кездесетін  кемшіліктерінің  бірі- көптеген  жерлерде  ән  сабағын  жүргізуші мұғалімдердің  өздерінің  музыкадан  хабары  жоқ немесе  тіпті аз екендігі. Сол үшін  жаз айларында  ән  сабағын  беретін  оқытушылардың  1-2 айлық  семинары  өткізіп отыруы керек.  Сол аз мерзімнің  ішінде болса да олар бірқатар  білім алып,  сол   музыкалық білімдерін   сырттай   көтеруге  мүмкіншілік   алар еді.   Қазіргі  кезде республикалық   халық ағарту  жүйесі   бойынша   музыкалық   тәрбие  беру бағытында   музыка  сабағын   оқыту әдістернің   жаңа жасалынған   бағдарламаларын осындай  семинарлар   уақыттарында  таныстырып,  сол бойынша  жұмыс істеудің, онан әрі қарай   дамытудың  жолдарын  іздестіру қажет.

        Сөз өнері ән мен күй,музыка  жасөспірімдердің  өмірінде де үлкен роль атқарады. Яғни  сөз өнері, ән  мен  күй, музыка — өмір  үшін   де өте  қажетті  процесс  екендігін  педгогикада   теріске  шығармайды.  Бұл жөнінде  Т.Нұртазин былай деді :”Педагогика —  өнер болса, ол өнер   оқушыны  ынтықтыра,сабақты  асқан  дәрежеде  өткізуге , сыныптан  тыс   оқуға   да ынталандыруға жұмсалатын  болса,  онда  мұғалімдер  өнерпаз, оның  әртістікпен  әрекетінде қатынастар  болғаны.  Мұғалім  өз табиғатында   осындай  рольді  есте тұтқан  абзал”-  деген пікірі  мұғалімдерді  ойландыратыны  болу керек.  Баланы  музыкаға  тәрбиелеу  өнер әлемінің  түпсіз  тұңғиық  әлеміне енгізу, мұғалімнің  сабақ барысындағы  істеріне  ғана емес, сабақтан   тыс жұмыстарда  тәрбиелеу  керек.  Оларды тартып, біріге  іс істеуге   жұмылдырып, музыканың сырларын  аша түсуіне   жағдай жасау  керек.  Ол жаңағы   айтпақшы, әр түрлі сыныптық  концерттерде өнер  көрсетуден  басталып, бірте- бірте деңгейі  де жоғарылай  бастайды.

             Сабақ  үстінде  эстетикалық тәрбие   мен  сынптан   тыс жүргізілетін эстетикалық  тәрбиені бөліп қарау, біздіңше дұрыс емес.

            Дұрыс  жүйелі, алдына   белгілі бір мақсат  қойып, белгілі  бір бағытта  ұйымдастырылған  музыкалық, эстетикалық   тәрбие  сабақта басталып, сыныптан  тыс  жұмыстарда жалғасып, өріс   алып, қайтадан   сабақтармен   ұштасып  оқушылардың қызығушылығын арттыруға   көмектесуі тиіс.

            Әрбір   оқушы  бір лекция — концертке  қатысудан   өнердің  түрлерінен, музыка әлемінің  құпияларының  түрлерінен  шағын “зертеу”  жұмысына  бейімделеді, олай дейтініміз әр лекция- концертте   белгілі   бір композитор, музыка адамының  өмір жолы туралы  әңгімелйді.  Оның  әр еңбегіне,  музыкалық   шығармашылығына  түсінік беріледі.  Сол арқылы  бала өз ойы  тұрғысынан  қорытынды  шығарады.

             Демек,  оқушының  бұл сияқты   жұмыстарын  алғашқы  ғылыми еңбекке  баулаудың  бастамасы  деп атауға болады.

            Осындай  жүйелі  түрде  жүргізілетін лекция- концерт қоғамда  өмір сүріп  отырған  жастардың  сыртқы  бейнесінің  көркемдігі, ішкі   дүниесінің тазалығы  мектептен    алған  тәрбие  нәтижесінің жемісі болмақ.

            “ Музыкалық  тәрбие  беруің  мақсаты” музыкант тәрбиелеу емес, ең алдымен  адам  тәрбиелеу”- деп  белгілі  педагог Сухомлинский  айтқандай, мектепте  сыныптан  тыс өткізілетін  әрбір жұмыстардың  , лекция   концерттердің  басты  міндеті  оқушыларға эстетикалық  тәрбие  беріп  қана қоймай, сол арқылы  жақсы қасиеттерге- иманжүздікке, адамгершілікке баулу.  Өткізген  лекция- концертердің  тартымды, қызықты  болғаны  оқушылар есінде  қалып, олардың  музыкалық  тәрбиенің  осы бір түріне  қызығушылығын  арттырады  және баланың  ойлы, білікті  болып  өсуіне  септігін тигізеді

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс өткізілетін  лекция- концерт үлгілері  мен бағдарламалры  және  олардың  тәрбиелік мәні.

              Мектепте  музыкалық  тәрбие  беруде   музыка  сабағының  өзі  аздық етеді.  Музыкалық  тәрбиенің баланы жан – жақты етіп тәрбиелеуде, оларға эстетикалық  тәрбие  беруде мәні зор.  Бірақ та бұл жөнінде  көңіл бөлетін  нәрсе  сыныптан  тыс  уақыттарда  тәрбиенің  бұл түріне көп көңіл бөлу керек.  Себебі, сыныптан  тыс өткізілетін  бағдарламалар  арқылы  баланың ой- өрісі дамып, бір өнердің түрімен  композитор шығармашылығмен кеңінен  танысуға  мүкіндік береді.   Балаларға эстетикалық,  музыкалық  тәрбие беруде,  музыкаға  құлшынысын  арттыруда  мектептегі  музыкалық  лектоийлер  үлкен роль атқарады.  Жақсы және жоспарға  сай ұйымдастырылған  музыкалық  лекторийлер  балалардың жан- дүниесіне әсер етіп, үлкен  қызығушылықпен келесі       өткізілетін  іс-  шараларды  да күтетін  болады.

             Болашақ   музыка  мұғалімдері  осы  музыкалық  лекторийлерді практика  кездерінде ұйымдастырып, өз білімдерін   көтерулер керек.  Сыныптан  тыс өткізілетін іс-  шаралардың  тәрбиелік мәні-  балалардың  бос уақытын  дұрыс  пайдалана  білуі, адамгершілік,  азаматтық  қасиеттерінің  дамуына, өнер  әлемінің  сырлы  саздарын  түсіне  білуге  септігін  тигізеді.

            Мектеп оқушыларынң  эстетикалық  талғамын  артыру  жұмысы сыныптан тыс уақыттарда “Әдеби- драма” үйірмесі арқылы сабақ процестерімен байланыстыра отырып  жүргізілді. Негізінен алғанда  оқушыарға  сынптан тыс  уақыттарда эстетикалық   тәрбие берудің бірнеше түрі бар. Ондай жұмыстарға :

  • Өнер сүюшілер клубы
  • Өнер туралы мектептік кештер
  • Эстетикалық мақсаттағы саяхаттар
  • Өнерқайраткерлерімен кездесулер
  • Пікірталас кештері
  • КВН
  • Әдеби-музыкалық кештер т.б.

            Өнер сүюшілер  клубын өнер  сүюшілер үйірмесі  деп те айтуға болады.  Бұл клубқа  мүше  болған  мектеп оқушыларынң бәрінде бірдей өнер қабілеті  бар деп айту қиын.  Алғашқы үйірменің  алдына  қойған  мақсаты- оқушыларға  өнердің  әр түрі туралы  элементарлық  түсінік  беруден басталады.

           Әдемілікті  сүйсіне  сезініп, ұнату бағалай  білу қабілеті оқушының бойына бірден бітпейтінін  тек дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің, алған білімнің нәтижесінде, ең алдымен жоғары идеялы, шын мәніндегі  көркем шығармаларды оқып үйрен,  өнер  , техника туындыларын  меңгеру, табиғаттың  тамаша көрінстерінің  адам мақсатына  лайық  әсер  етуі арқылы  дамитыныдығын естен шығармау қажет.

         Оқушылардың  эстетикалық  сезімдері  мен ұғымдарын дамытып, тәрбиелеу сыныптан  тыс уақыттар мен сабақ  оқыту  процесінде іске асырып отырады.  Әсіресе әдебиет, ән – күй, музыка  сабақтары  оқушылардың эстетикалық талғамын арттыра түседі және  бұларға  деген олардың  сүйіспеншілігін  шыңдай түседі. Оқушылардың  сыныптан  тыс уақыттарда  жүргізетін өнер   сүюшілер клубы жұмыстарының түрлері көп.  Бұларға : хор, оркестр,  балалар театры, бейнелеу студиясы, мәнерлеп оқу жатады.Эстетикалық тәрбие беру ісінің ең негізі- оқушылардың  өмір мен өнегеге деген ынтасын арттыру. Сондай- ақ өмір мен өнердегі  озаттық пен жарасымдылыққа ынтық та құштар болып, шын өнерді  боямадан айыр білу, сонымен қатар  саяси қозқарасын қалыптастыру, өмір мен өнердегі   тартымдылықты тартымсыздықтан айыр білетін етіп тәрбиелеу- басты роль атқарады.  Содан кейін үйірме мүшелерінің әрқайсысы өздері сүйетін өнер түріне бейімділігін  анықтап, олардың   өз  тілектеріне қарай шағын топтарға  бөліп, музыка, мүсін өнерлері мен әдебиет  сүюшілер  тобына  жазады.

             “Музыкалық       өнер  сүюшілер клубы” арқылы эстетикалық       тәрбие беру. Музыка  өнері туралы  түсінік  алғаннан кейін қазақ халқының  композиторлары  Құрмағазы,Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина  туралы  қысқаша  таризхи түсініктер алады және  олардың   күйлерін тыңдап көреді.Музыканың  әуені  мен мазмұны оқушылар жүрегінде  жаңа жақсы сезім туғызып, оның эмоциялық  әсер алу қабілетін  ілгері дамытады, олардың бойында ұнамсыз  әдеттердің, мәдениетсіздіктің болмауына жәрдемдеседі. Сонымен қатар музыканы  тыңдап — өсуіне  , түсінуіне  оқушыларды  жарқын  сезімге, өмір қуанышына  бөлейді.

            Көрнекті   композитор  Д.Шостакович үлкен музыканың  ролін зор  бағалай  келіп : “Адамдарға  қарапайым  сыбызғыдан бастап симфониялық  үлкен оркестрдің  дауысынашейін, екінің  бірі айтатын жәй әннан бастап,Бетховеннің сонаталарына шейін- музыканың  барлық түрі қажет.  Алайда  өзге жанрларға қарағанда  симфониялық үлкен музыканың орны бөлек.  Анағұрлым терең мазмұнмен  қаныққан  ол –музыка   патшалығының  тәңірі іспетті “,- деп жазды.

            Күрделі   музыкаларды тыңдап- үйренуге  біздің мектептерімізде жағдай жасалса- радиодан берілетін концертер,музыка жайлы лекциялар, музыкалық тәрбие сағаттары, кездесулер өткізілсе жақсы болар еді.

            Балалар  күрделі музыканы  жүйелі түрде  түсіну үшін  ,әуелі  таныс қазақтың  күйлері туралы  аңыз- әңгімелерден бастаған жөн.Себері  әрбір халықтың музыкасының өзіндік тарихы бар, қазақ   халқы  музыкаға  ерекше орывн беріп бағалағаны сонша, олар табиғаттың  адам күші  жетпейтін сұрапыл күштеріне   қарсы музыканы  пайдаланып отырған.  Мысалы, орта ғасырдың алғашқы   дәрігерлер жоқ кезінде  ауруларды   емдеу құралына дейін (  тістің құртын    шақыратындар, тамыршылар, бақсылар ) пайдалану туралы   әңігмелерден  бастау оқушыларды қывзықтырады.  Осындай мақсатты көздеген  “Музыка әлеміне  саяхат! туралы  музыка пәні мұғалімі, ең алдымен  музыка  дыбыс өнері екендігі, қазақтың  музыка аспабының бірі- сыбызғы, домбыра жайында  түсінік беріліп болған соң  құдіретті  күші  жайындағы  аңыздарға  оқталады.  Оған дәлел  ретінде “Ақсақ құлан”, “Жошы хан” аңыздарын айта келіп, артынан   осы күйлерді тыңдатады немесе домбырадан тартып береді.

            Мектептегі  кеш өткізу жұмыстарын жоспарлауға, оның   программасын жасауға, өлең, тақпақ, би  инсценировкаларын және костюмдерді іріктеп  алуға жәрдемдесу музыка мұғалімдеріне міндеті.  Ол- сынып жетекшілерімен және  музыка  пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушылардың  қайсысы көркемөнердің қай  саласына бейім екенін анықтайды,сөйтіп  әнді  жеке айтушы хормен айтушы, тақпақ   айтушы және биелуші  оқушыларды  саралап   беріп отырады.

          Әр  музыка пәні мұғалімі  өзінің  педагогтік қабілетін көрсете білуге тиіс. Сондықтан  бір тәрбиешінің өзі басқарған кездегі тәрбие жоспарындағы көрсетілген жұмыс түрінен гөрі осы  педагогикалық практиканың кезіндегі оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс уақыттардағы тәрбие жұмыстары түрлері  күрделніп кетеді.   Мұндай  жүргізілетін жұмыстар оқушылардың   ой- өрісіне сай болып, оларды  қызықтыратын  түрлері болса,  онда 7-8  сынып оқушыларын   пайдалы   істерге жұмсауға болады.

              Соңғы  жылдары  көптеген  композиторлардың өмірі мен  творчествосы жайында   оқушылар жиі- жиі лекциялар  тыңдап  , едәуір мағлұматтар   алып  отырады.  Соынмен  қатар  мектепте  жеке композиторлардың  шығармасына  байланысты кештер, әңгіме, лекция,музыка  сағатын  өткізіп  отыруға әбден  болады. Эстетикалық тәрбиенің талаптарын музыка арқылы жүзеге асыру жұмыстарының мақсаттарына арнап әр алуан  тақрыптары, әр түрлі  композиторлардың творчествосын қамтитын дискілерді,  бейнетаспа және үнтаспаларды жинаған да қолайлы.

              Педагогикалық тұрғыдан  дұрыс және жүйелі ұйымдастырылған музыкалық кештер оқушылардың  өнер туралы, музыка  туралы  түсінігін  молайтып, тереңдетіп қана қоймай, сонымен  қатар  көркемдік туралы   белгілі бір ой тудырып, көркемдік туралы оқушының ой- өрісі әрі қарай  дамып, оны игерідің шеңбері  , сондай-ақ музыканың  мәнін  терң  түсінудің  сипаты да өзгеріп  отыратындығы  байқалады.