МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ФИЗИКАЛЫҚ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІКТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
- Географиялық орны
1.2 Аймақты зерттеген зерттеушілер және зерттеу тарихының негізгі кезеңдері
1.3. Жер бедерінің сипаттамасы
1.4. Жер беті және жер асты сулары
1.5.1.Сырдария өзені төменгі ағысының тұзды ағын айналымы
- Судың ластану себептері және одан кейінгі су жағдайы
1.5.3. Жер асты сулары.
1.6. Топырағақ жабындысы
- Өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі
- ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДА МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
2.І. Геоақпараттық технологияларда карта жасаудың әдістері
2.2. Ландшафттық ақпараттардың көзі және оларды талдаудың жолдары
2.3.Территорияның иерархиялық құрылымын анықтау әдістері
2.4.Жер бедерін жіктеу тәсілдері мен жіктелулері
- СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ТӨМЕНГІ БӨЛІГІ ГЕОЖҮЙЕЛЕРІН ГАЖ – ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ЗЕРТТЕУ
3.1. Аймақтың ландшафттық карасын, құрылымдық-генетикалық легендасын жасау
3.2. ГАЖ-ді пайдаланып аймақтың техногендік ластану картасын жасау
3.3. ГАЖ-ні пайданып аймақтың модификациялық картасын жасау
3.4. Сырдария өзені алабының төменгі бөлігінің табиғатын жақсарту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Сырдария – Қазақстанның ірі өзендерінің бірі. Бұл өзен ежелден ойынан тыс қалмаған.Алғаш адамдар мекендеп, игергенде ақ, өзеннің маңыздылығын бағалап, көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізген. Ғылым дами келе өзеннің адам тіршілігіне атқаратын қызметін ғана емес, со- нымен біргеоның геологиясын, топырағын, өсімдігін, жануарларын, т.б. зерт- теп жаңалықтар енгізіп отырда.Соңғы кездерде физика-географиялық ланд- шафттарына көңіл бөлді. Ал, ұсынып отырған жұмыста ғылыми зерттеулерді пайдаланып, Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технология- ларын пайдаланып, жаңа әдістер арқылы оның табиғатын сипаттау.
Жұмыстың мақсаты. Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу.
Қаралатын мәселелер:
- Аймақтық физика-географиялық ерекшеліктеріне жалпылама тоқталып өту;
- Табиғатын сипаттауда ГАЖ технологияларын пайдалану;
- Ландшафт құрудағы негізгі әдістер және карта жасау жолдары;
- Аймақтың ландшафттық картасын, құрылымдық-генетикалық легендасын жасау;
- ГАж технологияларын пайдаланып аймақтың тезногендік лас- тану картасын жасау;
- ГАЖ технологияларын пайдаланып аймақтың модификациялық картасын жасау;
- Зерттелетін нысанның табиғат кешенін жақсарту жолдарын қа- растыру.
Зерттеу әдістері: көптеген зерттеулер нәтижесінде шығарылған ғылы- ми еңбектер, әдебиеттерді салыстыру, талдау, картографиялық, статистика- лық , т.б.
Жұмыстың практикалық маңызы: Осы кезге дейінгі мәліметтерді қоры- тып, жинақтау арқылы ұсынылады. Зерттеу жүргізіп жатқан практикалық жұмыстарды қолдануға болады.
- ФИЗИКАЛЫҚ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІКТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
- Географиялық орны
Сырдария өзенінің төменгі алабы Қызылорда облысында орналасқан. Қызылорда облысының байтағы 228,1 мың шаршы шақырым, Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан.Бұл облыс шығысы мен оңтүстік-шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, яғни Азиялық шөл даланың белдеуіне орналасқан. Батысын-Арал теңізі алып жатыр.Сырдария өзені осы Арал теңізіне құяды. Оңтүстігінде-Қызылқұм шөлінің солтүстік , солтүстігінде – Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және Орталық Қазақстан шет аймағына кіретін шөлейт үстірті орналасқан. Тұран ойпатының жазықтау келген байтақ алқабын алып жатыр. Оныыыыың басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады.Тарихқа қарасақ, ерте кезде қазіргі Сырдария атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазаншұңқыр болған.Сырдария Тянь-Шань тауынан басталып,Ферғана даласында түйісетін кіші-гірім өзендерден басын алып, батысқа қарай Сырдария болып ағатын өзен, алдымен Қызылорда шұңқырына құйған . Ол кезде Сырдария ірі суы мол өзен болса керек. Себебі, Шу мен Сарысу өзендері Сырдария арнасына құйған екен. Шөлді аймақта қатты ағыспен аққан өзен өзімен бірге лайды да ала келген.
Ғылыми деректерде бұл шұңқыр 56 мың жылда сумен келген шөгіндімен толып , осы заманғы геоморфологиялық аймақ қалыптасқан көрінеді. Сол геоморфологиялық солтүстік-шығысында Қаратау, батысында Қызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып , батысқа қарай кең жайылып жатыр.Осы жер Сырдария ойпаты деп аталады. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай станциясы тұсынан басталады да , Қызылорда арқылы Терең-өзекке дейін созылып, одан оңтүстік батысқа қарай бұрылып , Жаңадарияның арнасын бойлап жатыр. Батысындағы екінші қазаншұңқырда –қазіргі арал теңізі. Аралға деген осы заманғы көзқарас әртүрлі. Біреулер оны әлемдегі таңғажайып су жинағы , Енді біреулер—табиғаттың жұмбағы десе, кейбірі—табиғаттың қатесі деп атайды.
Арал теңізі өте ерекше георафиялық құбылыс. Себебі, әлемге әйгілі Жазира шөл — Тұран ойпатының едәуір бөлігін алып жатқан Арал теңізі жыл-дың алты ай бойы қызып , айнала бет қаратпайтын ыстық аптап шашып тұра-тын құмдардың ортасында жатыр. Осынша қатал климаттың бетін қайтарып, оны сәл де болса жұмсартып тұрған-Арал /23/.
1.2 Аймақты зерттеген зерттеушілер және зерттеу тарихының
негізгі кезеңдері
Біздің заманымызға дейінгі III-II ғасырларда өмір сүрген адамдардың аңшылықпен, егіншілікпен айналысқанын кзрсетеді.Б.з.д.II ғасырда қазіргі Қазақстан жерінің аумағында өмір сүрген түркі халқы Еуразиядағы отырық-шы, мәдениті дамыған ел болған, егіншілікпен айналысқан.Ертедегі грек жаз-баларында қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпаларды «сақтар» деп атаған. Сақтар Жетісу мен Сырдария өзендері алабында өмір сүрген. Грек ға-лымдары Птоломей (б.з.б.II ғ.) мен Геродот (б.з.б.II ғ) өз еңбектерінде Кас-пий теңізінің шығысындағы шексіз жазық жер, ондағы өмір сүрген халықтар Жайық, Жем және Сырдария өзендері туралы мәліметтер қалдырған.
VI-VIII ғасырларда шығыс пен батыс елдерін сауда және мәдени байла-нысын дамытқан Ұлы Жібек жолының маңызы жоғры болды. Бұл жолдың бір тармағы осы Сырдария бойымен батысқа қарай өтіп, Каспий теңізінің солтүстік жағалауын бойлай Ресейге өтеді.Осы уақыттарда өзен бойларында ірі мәдени орталықтары Жаңакент, Қорқыт Ата, Қызтөбе, Сығанақ, Сауран, Ашнас, Отрар, Сүткент қалалары пайда болды.
IX-X ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсіреді.Гректердің Әмудария мен Сырдария Каспий теңізіне құяды деген жорамалдарын теріске шығарып, өзендердің Арал теңізіне құятынын анықтаған.XI-XIIғасырларда өмір сүрген араб ғалымы Әл-Идрисидің «Нуз-хат ал-Муштак », түркі Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат Ат-түрік » деген еңбектерінің Қазақстан географиясын зерттеуде маңызы зор.
Зерттеушілерден Николай Алексеевич Северцовты ( 1827-1885 ) айтуға болады.Ол өзінің зерттеуін Арал теңізі мен Сырдария өзенінің төменгі ағысын, Қызылқұм шөлін зерттеуден бастаған.
Л.С.Берг өзінің « Арал теңізі » (1902 ж) деген еңбегінде жүргізген бар-лық зерттеуін жазған. Бұл күні бүгінге дейін Арал теңізіне арналған ең баға-лы да құнды еңбек болып саналады /5/.
Сырдария өзенін игеру ежелден жүргізілгені белгілі. Негізгі шарықтап дамыған кезеңдері б.з.д.VII ғ. Кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдар-ианы игеру кезінде жүзнге асқан. Ол кезде суландыру әдісі ескі арналар есе-бінен жүргізілген.Сырдария өзенінің алабындағы суландырған жердің ауда-ны 2,2-2,5 млн.г. оның ішінде үнемі суландаратыны 1 млн.г.құрайды, ал су-ландыратын каналдардың алып жатқан ауданы қазіргіге қарағанда 3 есе жо-гарылаған. Ол кезде суармалы аудан қазіргіден 10 есе төмен болған.Бұдан Сырдария өзенінің су деңгейінің қаншалықты жоғары болғанын көруге бола-ды.
Орта ғасырда суландыру жүйесінде бір қатар жоғарылаулар болды, мы-сылы, Іңкәрдария суландыру қорғанысы, суландырылған ескі арналар есебі-нен жасанды алаптар жүйесінің жартылай және тірек бөгендері салынды.Осы уақытта кең таралған су тартатын шығырлар суландыру жүйесінің жартылай және кезеңін ауыстырған болатын.
X-XII ғ. орта Сырдарияның сол жағалаулық суландыру жерлерінде ка-нал магистралдарды қалыптастырған.Бұл жүйедегі ең басты құрылысты орта ғасырдағы Хорезм жүйесі алды (формасы – тармақты әрі ұзын). Олар ірі ортағасырлық Сырдария қалалары: Қыр-үзгенді, Найран-Төбені суландырды.
Белгілі соғыс кездерінде суландыру жүйесі уақытша өзінің дамуын тоқ-татқан болатын.
Осы мәліметтер бойынша Сырдария өзенінің игерілу және зерттеу ба-рысын бірнеше кезеңдерге бөледі.
Бірінші, революцияға дейінгі (1886-1917жж) кезең.Бұл кезде негізгі мал шаруашылығы азайып,отырықшылық негізгі маңызға ие болды.
Суарылған үлескелер тұзданудың, батпақтанудың т.б.әсерінен жаңа жерлер игеріліп, көлемі ұлғайған болатын.Бұның бәрі Сырдария өзенінің ағысын сол кезде реттей алмауынан болатын. 1910 ж игерілген жерлер көлемі 60 мың г.жетіп, онда тары, арпа, бидай, жүгері және бақша дақылдары егілді.Мұнда ең алғаш рет күріш егу 1986 жылы басталған болатын.
Осы өңірдегі қазіргі экологиялық жағдайлар 1908 жылы инженерлер мен ғалымдардың Қазақстан мен Орта Азиядағы су ресурстарын пайдалану-дың жобаларын жасаудан басталған болатын. Оны А.И.Войковтың гидротехникалық жұмыстардың нәтижелі болуы үшін бола-шақта біз аз сулы жылдарда Арал алабының суларының бәрін жасанды су-ландыруға қолдану керек. Көл көп сулы жылдардағы артық сулар ағысы үшін қызмет етеді” – деген сөзінен көруге болады.
Ауыл шаруашылығы осындай мәселелермен революцияға дейінгі кезең саяси, экономикалық мәселелердің пайда болуының басталуының тұтас кешені болып табылады.
Екінші кезеңде (1917-1960 жж) бұрынғыдай Сырдария өзенінің ағысын реттей алмау болмады. Өзен суы төмендеп, 1938 жылы 20 мың г. егістік жер-лер өліп қалды.
Себебі,коллекторлы трактордың болмауынан және өңделген жерлердің тұздануынан.Ол кездерде ешқандай гидроторап болмаған.Тек 1940 жылы Қызылорда бекетін салуға мемлекет көңіл бөліп, 1957 жылы іске асты.Осы кездерде суармалы егістік жерлердің ауданы 2,9-4,2 млн.г. өскен болатын.Бұл Арал теңізінің тартылуының бірден-бір себебі.Бұл жылдары 72 ірі каналдар болған.
1960 жылы судың жетіспеушілігі мен сапасының төмендеуімен күресу мәселесі қаралды.
Үшінші кезеңде (1960-1980 жж ) экологиялық жағдайлар өсе бастады. Мысалы, Қарақұм каналын салу мен ірі СЭС салудан көруге болады.
Төртінші кезең (1980 жылдан қазіргі уақытқа дейін ).Әр мемлекет өз егемендігін алғаннан кейін өз жерлеріндегі экологиялық мәселелерге көңіл аударған болатын. Дегенмен, кейбір мәселелер өз шешімін әлі тапқан жоқ. Адамдардың табиғи ортаға ашық көзбен қарауы негізінде біз өзіміздің Арал сияқты әсем және Балхаш көлімізден айырылу қаупінде тұрмыз /23/.
1.3.Жер бедерінің сипаттамасы
Сырдария аллювий жазығы негізінен құм тасты және сазды, ал кей жерлерде құмды шөгінділерден тұратын Сырдария аңғарымен Арал теңізіне қарай көлбеулеу жатқан жайпақ жазықтық болып табылады.
Жазықтың ең биік нүктелері Тратоғай тұсында 140-151м, Жосалы тұ-сында 100м, ал аралдың шығыс жағасында 55м-ден аспайды. Сонда Сырда-рияның атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап, көлбеу жатқан жазық дала.Жазық бетінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйрат құмдар. Теңіздің шығыс жағалауында Қуаңдария мен Жаңа-дария арасында келтемұнар дәуірінен қалған бұйрат құмдар едәуір үлкен кеңістікті алып жапыр. Кейде жазық бетінде жалғыз-жарым төбелер кездесе-ді, мысалы, Аққыр, Қарақ, Жосалы, Көксеңгір. Олардың бйіктігі 60-80 м-ге дейін барады.Бұл шоқылардың баурайы тік жар болып келеді. Бұлардан басқа биіктігі 40 м-ге дейін баратын шағындау төбелер әр жерден бой көрсе-теді. Олар ескі заманнан қалған топырақ қорғандардың орны – асарлар.Құра-лыасар, Жалпақасар, Жеті асар, Құмқала, Шірік, Рабат тағы басқаларын көруге болады.
Арналар арасындағы кеңістіктің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мұнда теңіз толқыны тәрізді бұйратталып жатқан су айрықтары, ойпаттар тараған. Дария тасығанда бұл ой-шұқырлардың бәрі сумен толып, көлдер пайда бол-ған. Олардың ішіндегі балығы мол тұнба көлдер: Соркөл, Қаракөл, Көксу, Ақсай,т.б. Егістік, шабындық жерлерді су басып, ыза көтеріп кетпес үшін жиегін тоғандап қойған Далакөл, Жыңғылдыкөл, құм төбелердің арасындағы ой жерлерде ащы көлдер бар.Кезінде бұл өлкеде көлдердің көп болған себебі Сырдария 2000 шақырымнан асатын ұзақ жолында өзінің арнасына сыймай жазық даланы жаппай қамтып тарамға бөлініп ағатын болған. Біраз жылдар бұрын Қызылқұмды жағалап ескі дариялық, оның солтүстік-шығыс жағынан Іңкәрдария, даланың ескі тұсында Қуаңдария, одан оңға таман Жаңадария, сосын негізгі арна Сырдария болып теңізге құйған.Қазір олардың көпшілігі кеуіп, құрғақ арналары ғана қалған /39/.
1.4. Климаттық жағдайлары
Қызылорда облысының климаты еуразиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады.
Қазақстанның жазық-аласа таулы бөлігі үшін жалпы атмосфералық қысымның бөлінуінің материктік типі тән. Мұндай жағдайда қысымның көбі қыста байқалады, ал азы жазда. Ауа қысымының өзгеруінің сипаты радиациялық және циркуляциялық процестердің өзгеруімен байланысты. Қысқа қарай атмосфералық қысымның жоғарылауы күнен келетін жылудың азаюына, ауа температурасының төмендеуіне, арктикалық ауа массасының кіре бастауы мен Сібір антициклонының батыс тармағының пайда болуына байланысты.
Мысалы, Петропавл (солтүстік) және Қызылорда (оңтүстік) ауа қысы-мының көрсеткішін келтірейік.
Кесте-1 Солтүстік және оңтүстік облыстардың ауа қысымы (мм)
Айлар
Бекеттер |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Петропавл |
754,6 |
755,3 |
753,6 |
752,3 |
749,0 |
745,6 |
744,1 |
745,8 |
749,2 |
751,9 |
753,7 |
755,2 |
Қызылорда |
758,1 |
756,6 |
754,6 |
751,8 |
750,1 |
746,0 |
744,2 |
746,2 |
751,3 |
755,4 |
757,7 |
757,2 |
Сурет-1 Петропавл және Қызылорда қалаларының ауа қысымы
өзгерісінің көрсеткіші
Міне осы таблица арқылы ауа массасының өзгеруін байқауға болады.
Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс байтағының барлық жерінде шілде айының орта температурасы +250 -280С. Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +440 -470С.Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы: облыстың сол-түстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың ор-та температурасы – 13,40, ал оңтүстігінде «Аққұмда» -6,80, екеуінің арасындағы айырмашылығы -6,60С.
Облыс территорисының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірдің жыл-жыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады.Қыстың қысқа болса да суық болатыны содан.Қыс айларында кейде ең төменгі абсолюттік темпе-ратура 400-450-қа дейін төмендейді.Температураның жылдық абсолюттік тер-белуі,яғнижоғары және ең төменгі температураның айырмасы -850-900С.
Ауаның тәуліктік орта температурасы 00-тан жоғары болатын күндер са-ны – 235-275. Ол 23 ақпан – 18 наурыздан басталып , қарашаның 12-28-інде бітеді.Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге со-зылады.Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын — ша-шынның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм – ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60% — ті қыс – көктем айларында жауады. Жазда жау-ған жауынның топыраққа және өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындасы жартымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші – үшінші онкүндігінде жауады, қалыңдығы 10-25см, 2,5 ай бойы жата-ды.Мысалы: 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігіне дейін жат-қан.
Жел режимі ауа ағыны процестеріне, әсіресе атмосфера қысымының та-ралуына және жер бетінің орографиясына ты5ыз байланысты болады.Қазақ-стан территориясынан шығыстан батысқа қарай шамамен 500 параллель бойынша кесіп өтетін, сондай – ақ жазда да, қыста да болатын барометрлік жоғары қысымды ось аймақтың жазық – аласа таулы бөлігіндегі негізгі жел айрық болып есептеледі /3/.
Облыс территориясында солтүстік – шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 4,1 – 6,0 метр/сек.(м/с). Дауылдатып, то-пырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады.Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да кейде жел соғып, шаңдатып тұрады (кесте-2).
Кесте-2 Қызылорда қаласының орташа айлық жел жылдамдығы (м/с).
Айлар |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
(м/с) |
5,5 |
5,7 |
5,7 |
6,1 |
5,5 |
4,8 |
4,8 |
4,1 |
4,1 |
4,2 |
4,5 |
5,0 |
Бұл кесте және суреттен (сурет-2) жел жылдамдығы сәуір айында жоғарғы көрсет-кішті көрсетсе, тамыз, қыркүйек айларында бірқалыпта,ал қыста қараша, желтоқсан айларында жоғарылайтынын байқаймыз.
Сурет-2 Қызылорда қаласының орташа айлық жел
жылдамдығының көрсеткіші
Төмендегі кестеде (кесте-3) Қызылорда облысының жел бағыты мен штиль саны берілген. Осы мәлімет бойынша жел бағытының графиктік сызбасын көруге болады.
Кесте-3 Жел бағытының және штильдің қайталанушылығы (%) қаңтарда, шілдеде және жыл бойынша көрсеткіші(2000 ж).
Айлар |
С |
СШ |
Ш |
ОШ |
О |
ОБ |
Б |
СБ |
штиль |
Қаңтар |
8 |
40 |
14 |
7 |
10 |
12 |
6 |
3 |
8 |
Шілде |
21 |
24 |
6 |
2 |
2 |
5 |
20 |
20 |
11 |
Жыл бойы |
13 |
34 |
12 |
4 |
6 |
9 |
12 |
10 |
10 |
Төмендегі суреттен (сурет-3) көріп отырғандағымыздай қаңтар айында СШ ба-ғыттағы , шілде айында СШ бағыттағы, ал жыл бойына СШ бағыттағы жел-дер басым болатындығын байқаймыз.
Сурет-3 Қаңтар айының жел бағыты көрсеткіші
Сурет-4 Шілде айының жел бағытының көрсеткіші
Сурет-5 Жыл бойынша жел бағытының көрсеткіші
Облыс байтағының барлық жері құмды және сазды келетін шөл және шөлейт жазық болғанымен оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес.Вегетациялық кезеңдегі жылу мен ылғалдың көрсеткіштеріне орай, об-лыстың территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді. Жалпы облыс территориясында вегетация кезінде +10 0 – тан жоғары болатын темпе-ратураның жинағы 34000 – 43000 аралығында болады. Осы көрсеткіштеріне қарай мынадай агроклиматтық аудандарға бөлінеді:
- Ыстық аудан – жылудың ( +100 – тан жоғары ) жинағы 34000 — 40000.
- Өте ыстық – 40000 – 43000.
- Сырдария өңіріндегі агроклиматтық аудан.
- Тау бөктері.
1.Өте құрғақ ыстық агроклиматтық ауданға кіретін әкімшілік аудандар мен олардың бөліктері: Арал, Қазалы (орталық бөліктерін қоспағанда), Қар-мақшы ауданының солтүстігі, Тереңөзек (орталық және оңтүстік бөліктерді қоспағанда), Сырдария ауданының солтүстігі, Шиелі, Жаңақорған ауданы-ның орталық бөлігі. Бұл аудандарда температураның жинағы 34000-40000.
Ауанаң температурасы +100 – тан жоғары болатын кезең 175-195 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші онкүндігінің аяғында және үшінші онкүндікте басталып, 160-205 күнге созылады.Шілде айында орташа темпе-ратура +250-270. Қаңтар айында -90 – 130. жылына жауатын жауын – шашын-ның мөлшері 115 – 130 мм. Қар желтоқсанның екінші онкүндігінде жауады, қалыңдығы 10-25 см. Дақылдың қандай түрін егуге де ауа-райы қолайлы.
- Өте құрғақ, әрі ыстық агроклиматтық аудан Қазалы, Қармақшы, Жа-лағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының оңтүстік ай-мақтарын алып жатыр.Ауаның температурасы +100 – тан жоғары болатын жылу жинағы 40000-43000С. Осы кезеңнің ұзақтығы 195-205 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші жартысында кіреді, оның ұзақтығы 180-190 күн.Күзде қазанның бірінші жартысындаегінді суық ұрады.Жазы өте ыс-тық. Шілдеде орташа температура +270-280С. Жаз айларында Иран жақтан кейде өте ыстық ауа массасы келіп тұрады, ондайда ауаның температурасы +450-қа дейін көтеріледі.Ондай ыстық егінгеөте зиян, бақша өнімі нашарлай-ды.Жауын өте аз, сирек жауады, жылдық нормасы 35-60 мм. Қыста қар жоқ, жауса да тез еріп кетеді.су болмаған соң егін егілмейді. Бұл ауданға кіретін жерлер малдың жайылымы ретінде пайдаланады.
- Сырдария өңіріндегі агроклиматтық аудан – негізгі егіншілік аймақ. Ол Сырдария өзенінің бойына орналасқан. Бұл Арал әкімшілік ауданының шағын ғана оңтүстік – батыс бөлігін және Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Те-реңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандарының орталық бө-лігін қамтиды.
Ауаның +100-тан жоғары температураның жинағы 36000-42000, ал мез-гілдің ұзақтығы 180-200 күн. Жазы ыстық, ұзақ, шілдеде орташа температура 6,50-110С.Жауын- шашынның орташа мөлшері 35-75 мм. Желтоқсанның екін-ші – үшінші онкүндігінде қалыңдығы 10-15 см қар жауады, ол 1,5-2,5 ай бойы жатады.Бұл аудандарда жылу сүйгіш дақылдардың көбі егіледі (күріш, жеміс – жидек, жүзім, көкөніс, бақша).
- Тау бөктеріндегі құрғақ агроклиматтық аудан, мұнда +100-тан жоға-ры температураның жинағы 37000-35000С.Бұл ауданға Жаңақорған мен Шие-лі аудандарының Қаратау етегін қамтитын оңтүстік-шығыс бөліктері кіреді. Ауаның температурасы +100-тан жоғары болатын маусымсәуірдің ортасында басталып, 185-188 күнге созылады. Қазанның бірінші онкүндігінде егінді су-ық ұрады. Жылдық жуын-шашын мөлшері 75-125мм. Қыста жауатын қардың қалыңдығы 20-25см, ол 65-70 күн жатады.Жылу сүйгіш дақылдарды егуге қо-лайлы. Суармалы егіншілікпен қатар тәлімі егіншілік бар /23,37/.
.
- Жер беті және жер асты сулары
Бұл облыстың көлеміндегі су қоры жер бетіндегі, жер астындағы және қашыртқы сулардан құралады.Облыстың шетінде құралатын жер бетіндегі сулардың қоры онша көп емес.Бұларға бірлі-жарым бұлақ сулары, уақытша ағын сулар, көлдер мен тақырларға жиналатын қар мен жаңбыр суы жатады.
Қазақстан Республикасында өндірістер дамыған сайын, өзендер мен көлдердің сапалық құрамы, яғни гидрохимиялық, гидробиологиялық және са-нитарлық режимдері өзгеріске ұшырады.Бұл тақырыптағы негізгі мәселе – Сырдария өзені.
Сырдария өзенінің ұзындығы оңтүстіктен солтүстікке қарай 1274 км ұзындықты алып жатыр. Өзен алабының жалпы ауданы 38 мың км3 болса, қа-зіргі кезде бұл көрсеткіш 48 мың 3 құрайды. Өзеннің жылдық су тасымал-дау жағдайы 12,0-20,0 км3 суды қамтиды.Өзен суының ағынының 40%-і кли-маттық жағдайға сәйкес көктемгі су тасқыны кезіндегі мерзімде ағып өтеді. 1960 жылдары облыс көлемінде балық шаруашылығында маңызы бар 3000-дай көл болса, қазіргі күні 78-і ғана қалды. Бұл көлдердің экологиялық жағ-дайын тұрақтандыру үшін жыл сайын 1280 млн.м3 суды қажет етеді.
Сырдария өзінің арнасын өзгертті, ло қазір Үлкен Аралға емес, солтүс-тік — Кіші Аралға құяды. Үлкен Аралды шығыс және батыс бөлікке бөлетін меридиандық тізбек пайда болып, құрғап қалған теңіздің бұрынғы түбі өзін-дік жаңа шөлді (нео) байқатады. Уақыт өткен сайын одан тозаңды және тұз-ды дауылдар соғады. Жылына 40 мың тонна ауланатын тұщы сулы балық тү-гелімен жойылып кетті деуге болады.
Аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына, әсіресе ауыл шаруашы-лығының өндірістерінде Сырдария өзенінің алатын орны ерекше. Бірақ, соң-ғы 10 жыл ішінде Сырдария өзенінің суы өзінің табиғи сапалылығын жоғал-тып, құрамында жасанды ингриедиенттер пайда болып,улы заттар көбеюде.
Сырдария өзенінің жэоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттер (Өз-бекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) ағып келетін құрамы пестициттерге, улы химикаттарға, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қалдық-тарына толы лас сулардың дарияға тоқтаусыз ағызылуы өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайына қатер туғызуда.
Арал-Сырдария су инспекциясының мәліметтеріне сүйенсек жыл сайын Өзбекстан Республикасының 51 шаруашылығынан шыққан 600-750 млн. км қалдық су Сырдарияға келіп құяды. Өзін — өзі тазалау мүмкіндігінен айрылған дария суының құрамында хлор мөлшері 5 есе, сульфаттар мен нит-раттар 10 есеге дейін өскен. Қазір дария суында гексохлоран, фосфороорган-икалық қосындылар, фенол сияқты заттар жыл сайын артып келеді.
Қызылорда облысына дейін Сырдария өзеніне 140 коллектордан 10-12м3 көлемінде қалдық су ағыны келсе, облыс көлемінде өзенге Түгіскен кү-ріш алқабынан К-1 оң жаға, К-2 сол жаға және Көксу қалдық су коллкеторы-нан тазаланбаған қашыртқы қалдық сулары құйылуда (кесте-4).
Кесте-4 Сырдария өзеніне тасталатын қашыртқы суы
өзгерістерінің құбылымы.
Коллекторлар |
Көлемі |
|||||||
1995 |
1996 |
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
|
К – 1 |
34,30 |
30,54 |
20,39 |
13,53 |
11,0 |
12,48 |
15,04 |
18,21 |
К –2 |
57,72 |
83,37 |
60,22 |
27,76 |
26,0 |
20,65 |
27,04 |
34,52 |
Көксу |
21,68 |
24,11 |
22,03 |
24,7 |
17,0 |
10,84 |
9,46 |
3,24 |
Сырдария өзені ерекшелігінің бірі – химиялық заттардың мөлшерден тыс көптігі, оның ішінде, магний мен сульфат иондарының жоғарылылығы байқалуда. Судың құрамында қорғасын, мырыш, мыс мөлшерлері шектелген концентрациядан жоғары болып отыр. Сырдария өзенінің жоғарғы жағы Өз-бекстан мен Тәжікстан мемлекеттеріндегі өндірістерден шыққан лас қалдық сулармен ластануда. Мысалы, Көкбұлақ шекара маңында өзен суына азот ам-мониі 0,2 мг/л , фтор 0,5 мг/л , азот нитриті 0,18 мг/л , фенол 0,006 мг/л , мұ-най өнімдері 0,02 мг/л және сульфат 538 мг/л шамасында тастауда / 5/.
Суармалы массивтерде Сырдария өзенінің төменгі алабында жыл сайын 1,2-1,5 км3 коллекторлы – қашыртқы су (КҚС)қалыптасады. Сырдария өзеніне 2,0-3,2 г/л минералданған КҚС құйылады. Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту өзеннің жоғарғы және ортаңғы ағыс суларының сапасын көтерумен, төменгі бөлігінің тұз жиналуына әсер ететін факторлар құбылы-мына байланысты. Жанама түрде бұл жағдай ландшафттардың арқатынасы сұрақтарымен байланысты. Ландшафттардың әсері ағынды территорияның гидрохимиясы арқылы көрінеді.
Қазіргі уақытта бұл әрекеттесу деңгейін барынша азайту керек және ландшафттан өзенге түсетін қашыртқы — ағындар көлемін қысқарту жұмыстарын жүргізу шаралары алда тұр.
Сырдарияның төменгі алабына ҚСА-лар Түгінкен және Қызылорданың оң жағалауынан өзенге түседі. Сонымен қатар К-1 коллекторынан КҚС тү-седі.
Төмендегі кестеде берілген мәліметтер Сырдария өзені суы арнайы зертханаларда сынама алып, зерттеу арқылы анықталады /38/.
Кесте-5 Сырдария өзенінің орташа минералдануының уақыт бойынша
көрсеткіші. (2001) Кошкаров С.И.
№ |
Аудан бойынша негізгі бекеттер |
Басталуы (сәуір),г/л |
Ортасы (маусым),г/л. |
Аяғы (қыр-күйек), г/л
|
Орташа маңыздылығы, г/л |
1 |
Сырдария |
1,656 |
1,320 |
1,150 |
1,375 |
2 |
Жалағаш |
1,942 |
1,672 |
1,239 |
1,617 |
3 |
Қазалы |
1,704 |
1,221 |
1,154 |
1,358 |
Кесте-6 Сырдария өзені суының негізгі сапалық көрсеткіштері (2001)
№ |
Негізгі көрсеткіштер, мг/л. |
Бекеттер |
||
Сырдария ауд. |
Жалағаш ауд. |
Қазалы ауд. |
||
1 |
Хлордтер |
159,5 |
329,6 |
170,0 |
2 |
Сульфаттар |
714,0 |
702,0 |
950,0 |
3 |
Аммонинді азот |
0,40 |
0,41 |
0,53 |
4 |
Нитриттер ( NO3) |
0,269 |
0,002 |
0,064 |
5 |
Нитраттар ( NO2) |
5,26 |
5,17 |
4,64 |
6 |
Кальций |
140,0 |
180,0 |
140,0 |
7 |
Магний |
99,6 |
156,7 |
80,0 |
8 |
Мыс |
0,55 |
1,88 |
1,79 |
9 |
Темір |
0,42 |
0,42 |
0,01 |
10 |
Мұнай өнімдері |
0,03 |
0,03 |
0,04 |
Сырдария өзенінің сапалық құрамын 2001 жылғы әр тоқсан бойынша есептелетін көрсеткішін қарасақ оның өзгеріп отыратындығын байқаймыз.
Кесте-7 Сырдария өзенінің гидрохимиялық көрсеткіштерінің
сапалық құрамы (2002) /16/. |
||||||
Тоқсан |
Судың ластануының индексі |
Ингредиент-тердің аттары |
Орташа концентрация-сы , мг/л |
ПДК |
Су сапа-сының сипаты |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
жалғасы |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
I
|
2,43 |
Нитритті азот |
0,04 |
2,0 |
3 класты ластанған |
|
Сульфаттар |
539 |
5,4 |
||||
Мыс |
0,004 |
4,0 |
||||
Фенолдар |
0,002 |
2,0 |
||||
II |
|
Нитритті азот |
|
|
3 класты ластанған |
|
Сульфаттар |
530 |
5,3 |
||||
Мыс |
0,004 |
3,0 |
||||
Фенолдар |
0,002 |
7,6 |
||||
III |
|
Нитритті азот |
0,043 |
2,2 |
3 класты ластанған |
|
Сульфаттар |
658 |
3,0 |
||||
Мыс |
0,003 |
2,0 |
||||
Фенолдар |
0,002 |
6,6 |
||||
IV
|
|
Мыс |
0,004 |
4,0 |
4 класты ластанған |
|
Фенол |
0,002 |
2,0 |
||||
Сульфаттар |
1108 |
11,1 |
||||
|
||||||
Ал, 2003 жылғы мәліметтерге қарасақ, Сырдария өзені судың ластану индексіне сәйкес 4 класты ластанған су көздері қатарына жатады. Өзен суында кездесе планктондардың жағдайына және гидробиологиялық көрсеткіштеріне қарағанда өзеннің төменгі ағысы ең лас сулар қатарына жатқызылады (кесте-8) /41/.
Кесте-8 2003 жыл бойынша Қызылорда облысы территориясындағы
Сырдария өзенінің төменгі алабы бойынша
сапалық көрсеткіші.
% |
Негізгі ингридиенттердің аттары |
ПОК(балық шаруашылығы су қоймасы үшін) |
Тексеру алынған жерлер |
|
Қызылорда |
Қазалы |
|||
1 |
РН |
6,8-8,5 |
7,33 |
7,55 |
2 |
БПК5 мг О/дм3 |
2,0 |
2,35 |
3,16 |
3 |
Перманганат тотығы, мг О2/дм3 |
10,0 |
4,39 |
4,17 |
4 |
Кермектілігі , мг экв/дм3 |
7,0 |
10,2 |
11,1 |
5 |
Хлоридтер,мг/дм3 350,0 |
126,8 |
120,8 |
|
6 |
Кальций, мг/дм3 |
180,0 |
80,2 |
102,3 |
7 |
Магний, мг/дм3 |
40,0 |
62,9 |
74,9 |
8 |
Жалпы темір, мг/дм3 |
0,3 |
0,33 |
0,27 |
9 |
Мұнай өнімдері, мг/дм3 |
0,05 |
0,05 |
0,016 |
10 |
Құрғақ қалдық |
1000,0 |
1275,4 |
1544,9 |
11 |
Аммонинді азот, мг/дм3 |
0,39 |
0,33 |
0,46 |
12 |
Нитритті азот, мг/дм3 |
0,02 |
0,034 |
0,077 |
13 |
Нитратты азот, мг/дм3 |
9,1 |
8,17 |
14,3 |
|
||||
14 |
СПАВ, мг/дм3 |
0,1 |
0 |
0 |
15 |
Мыс, мг/дм3 |
0,001 |
0,021 |
0,026 |
16 |
Хром +6 , мг/дм3 |
0,01 |
0,02 |
0,01 |
Көріп отырғандағымыздай, Сырдария өзені суының құрамы аса қатты ластанған. Ал, мұндағы халық жер асты суы жетіспегендіктен, өзен суын ауыз суға пайдалануға мәжбүр болады. Осыған байланысты облыс айма-ғында іш аурулары, қан айналым, т.б аурулар кең тараған.
Оьлыста негізгі жер беті су қорларын пайдаланушылар – ауыл шаруа-шылығы, өнеркәсіп және жылу – энергетика саласы болып табылады. Суды тиімді пайдалану, қайта тазарту арқылы айналымға жіберу, тиімді техноло-гияларды ендіру шаралары ең тиімді дәрежеде қалып, күнделікті тыныс тір-шілікке енгізілмеген /25/.
Қызылорда облысының халық шаруашылығына 2003 жылы Сырдария өзенінен 5,1 м3су, яғни жалпы су қорының 27 % алынды. Оның ішінде өнді-рістік мақсаттарға 19,01 млн.м3 (0,003 %), шаруашылық тұрмысқа 12,0 млн.м3 (0,02 %), ауыл шаруашылығын суландыруға 2728 млн. м3 (53 %), шабындық-тар мен балық шаруашылығы көлдерін суландыруға 87 млн.м3 (0,02 %)су бөлінді.
Су айналымында және қайта пайдаланылған су көлемі 1,4 м3 құрайды. Жалпы қашыртқы сарқынды су көлемі 270 млн.м3 болса, оның су жүйелерін-де қайта тасталған су көлемі 56 млн.м3, аймақтағы ашық жер бетіне тазартыл-маған күйде жіберілген су көлемі 214 млн.м3 болып отыр.
Сырдария өзеніндегі экологиялық ақуалдың әсерінен соңғы жылдары өзеннің төменгі ағысындағы балық шаруашылығымен айналысатын көлдер-дің аудандары азайды, Қамыстыбас көлінде судың минерализациясы 2003 жылы 8,5 г/л , ал Ақшатау көлінде 5,0-5,5 г/л жетті. Барлық балық өсірілетін су қоймаларының қоректік көзі болып табылатын өте ластанған Сырдария өзені ғана. Ал, Сырдария өзенінің сапалық құрамы өте төмен екендігі белгілі. Осындай жағдайдағы су қоймаларындағы балықтардың сапалық және сандық қасиеттері бүгінгі күннің талабына мүлдем сәйкес келмейді /7/.
1.5.1.Сырдария өзені төменгі ағысының тұзды ағын айналымы.
Ауданның экологиялық жағдайына Сырдария өзеннің гидрохимиялық жағдайы үлкен әсер етеді. Өзеннің орташа тұздылығы — 0,6 г/л. Судың химиялық құрамы маусым бойынша ауысады. Өзендегі судың минералдануы көктем — жаз айларындағы су тасуларда төмендеп, қалған кездерде жоғары-лайды.Өзен жиегінің деңгейі негізінен минералданған жер асты суларымен қоректенеді. Тасқын кездерінде тұз құрамында кальций мен магний гидро-карбонаттары болады.
Осыған байланысты, тасқынды жаз мезгілінде Сырдария өзені сулары аралас сульфатты — гидрокарбонатты су типіне жатады, ал өзен жиегі хлорид-ті — гидрокарбонатты — сульфаттық су типіне жатады .
Өзеннің тұзды ағыны су массасы алабтың топырақ қабатымен жанасу процесінде қалыптасады. Сондықтан өзеннің қоршаған ортамен тұз алмасты-ру процесінің бағытталғанын айтуға болады.
Тұзды ағын қалыптасқан зонадан ағын жылына шамамен 7,8 млн.т. құ-райды. Олардың 5 млн.т. (64%) Нарын және Қарадария алабтарында қалыптасады, 1,6 млн.т. (21%) Сырдария және Ферғана аңғарының жанама ағындары және 1,2 млн.т. (15%) Чирчик және Ахангаран ағындары әкеледі. Тұздардың негізгі массасы (шамамен 70%) вегетациялық кезеңде ағын қалыптасатын зонадан келеді /16/.
Төменгі алабта ағындар тасымалынан және оның минералдануынан тұзды ағын уақыт және өзен ұзындығы бойынша өзгереді.Тұзды ағынның пропорционалдық өсімі немесе азаюы және су ағынының жоғарылауы неме-се төмендеуі соңғы 10 жылда біртіндеп жойылуда. Осы өзгерістердің си-паты жайында Сырдария өзені тұзды ағынын Төменарық, Қызылорда және Қазалы бекеттерінде байқауға болады.
Төменгі ағыстағы тұзды ағынның қалыптасу заңдылықтарын және та-сымалдануын, сонымен қатар сұйық ағынның есебіндегі кездейсоқ қателерін минимумға жеткізу үшін және минералдауда оның әр кезең және маусым бойынша орташа мәнін қарауға болады (кесте –9) /29/.
Кесте-9 Сырдария өзенінің төменгі ағысының тұзды ағыны, млн.т/жыл.
Кезең, ж.ж. |
Бекеттер |
Судың көтерілуі |
Судың тө-мен түсуі |
Күздік межені |
Қыстық межені |
Жылдық |
1951… 1960 |
Қызылорда |
5,34 |
3,69 |
3,30 |
3,15 |
15,5 |
Қазалы |
4,44 |
2,82 |
2,61 |
2,19 |
12,1 |
|
1961… 1973 |
Қызылорда |
3,87 |
2,30 |
3,84 |
2,88 |
12,2 |
Қазалы |
3,30 |
1,64 |
3,40 |
2,22 |
10,6 |
|
1974…1987 |
Қызылорда |
1,38 |
1,05 |
1,36 |
1,11 |
4,90 |
Қазалы |
0,57 |
0,30 |
0,72 |
0,84 |
2,43 |
|
1988… 1998 |
Қызылорда |
2,46 |
1,37 |
2,88 |
2,70 |
9,41 |
Қазалы |
1,62 |
0,56 |
2,24 |
2,19 |
6,61 |
1951…1960 ж.ж. — молсулы, қалыпты — табиғи кезең;
1961…1973 ж.ж. — ағынның антропогендік қысқаруынан орта сулы-лыққа жақын кезең ;
1974…1987 ж.ж. — ағын қалыптасқан зонадағы азсулы режим және алабта қарқынды су пайдалану кезеңі;
1988…1998 ж.ж. — молсулы кезеңдегі антропогендік әсер бар, ағынның табиғи құбылмалы кезеңі.
Өзендер негізінін суармалы аймақтан өткен кезде тұзданады (кесте-10).
Кесте-10 Қалыптасқан аймақтың ағысына қатысты Сырдария
өзенінің тұзды ағыны, %.
Кезең, ж.ж. |
Төменарық |
Қызылорда |
Қазалы |
1951…1960 |
200 |
181 |
141 |
1961…1973 |
202 |
162 |
133 |
1974…1987 |
142 |
72 |
36 |
1988…1998 |
166 |
103 |
73 |
Тұзды ағынның өзу қарқындылығы қалыптасқан аймақтан алыстаған сайын азаяды және өзеннің төменгі алабында тез төмендейді. Яғни, Тө-менарықта тұзды ағын 1961-1998 ж.ж. 1,7 есеге, Қызылордада — 1,2 есеге кө-терілген, ал Қазалыда ол 17%төмен. Өзеннің төменгі алабында (Қазалы қала-сы) тұздар суармалы зонода шөгеді.
Облыс жеріндегі жалғыз үлкен өзен Сырдарияның су көздері облыстың әкімшілік шекарасынан тыс жерде құралған. Жер астының сулары борлы –
үштік және төрттік шөгінділерден тұратын қабаттардың аралығында жатады. Дүмпу сулар да кездеседі.Минералдануы жоғары болғандықтан және әр жер-де шашырап жатқандықтан олардың көбі пайдаланылмайды.
Сырдария арнасына жақын алапта жерасты суының деңгейі жауын-шашынға, өзендегі судың биіктігіне, жер суаратын каналдардың жұмыс істеу қарқындылығына байланысты.Өзенге, каналдарға, басқа су көздеріне жапсар-лас учаскелерде ыза суы 4-5 метрден жоғары жатады, көбіне тұщы немесе сәл-пәл кермек. Сырдария атыраулық егін егетін бөліктерде ыза судың терең-дігі көбіне 2-7 метр.Олар минералдануы жағынан әртүрлі, дегенмен ащы-кер-мек және тұзды су басым. Жерасты суының қоры едәуір мол, онан секундына 5, 8 текше метрге дейін су шығарып пайдалануға болады.
Суарылтын аймақтан тыс су айрықтары мен құрғақ арналардың бойын-да қабаттағы су 5 – 15 метр тереңдікте жатады.Мұнда скважиналар мен құ-дықтардың сулылығы онша көп емес, секундына 0,2 – 0,5 литр.Тақырлы жа-зықта қабаттағы су терең жатыр (10 – 30 метр) және күшті минералданған. Жазықтардың әр жерінде кездесетін кіші-гірім бұйрат құмдардың астындағы судың тереңдігі 5 – 10 метр.Қабатағы судан басқа артезиян сулары бар.Мұн-да скважиналардың көпшілігі секундына 5 – 50 литрге дейін су береді.Мұн-дай сулар Қызылқұмда 200 – 300 метр, алқаптың теріскейінде 300 – 500 метр тереңдікте жатады.
Жергілікті өзендер мен уақытша ағын сулар Сырдарияға жетпейді.Сон-дықтан облыста пайдаланатын судың балансы Сырдариядағы Көктөбе су бе-кетінен өтіп, өзеннің төменгі ағысындағы гидротораптарға келетін судан тұ-рады /35/.
- Судың ластану себептері және одан кейінгі су жағдайы
Қазақстандағы су ресурстарын негізгі пайдаланушы болып суармалы егістік алады, оның үлесіне барлық жер беті ағындарының 90% тиеді.
Кесте-11 Суару үшін табиғи бастаулардан жиналған сулар, млн.м3
( су ресустары басқармасының мәліметі бойынша)
Қызылорда облысы |
1995 |
1996 |
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
3571 |
3854 |
3497 |
3297 |
2868 |
2767 |
Гидрохимиялық сараптама жасап қарайтын болсақ, кейінгі кезде ласта-ну құбылымы өсіп келе жатқандығын байқаймыз.Бұл дегеніміз, жылдан – жылға ластанған заттар көлемін сақтағанда жер беті суының ластануы ай, тоқсан және жыл бойынша өзара бір – бірінен қатты ерекшеленелді.Мұның себебі, гидрохимиялық ереженің гидрологиялық ережеге бағынуынан, яғни ағынның бір жылдағы өзін — өзі тазарту мүмкіндігіне байланысты.(кесте-12 ).
Кесте-12 2000 жыл бойынша Қазақстан Республикасының жер беті
негізгі өзендерінің сапалық жағдайы /29/.
Өзендер |
Нұра |
Сырдария |
Ертіс |
Іле |
Есіл |
Шу |
Орал |
Талас |
|
Көрсет-кіштер |
3,7 |
2,4 |
1,6 |
1,5 |
1,2 |
0,8 |
0,7 |
0,6 |
|
Су сапасы сипатамасы |
5 кл. лас |
4кл. ластанған |
3 кл орт.ласт |
3 кл орт.ласт |
3 кл орт.ласт |
2кл таза |
2 кл таза |
2 кл таза |
|
Су ласта-нуының индексі |
2,4,5, 6,8,11 12 |
4,5,9,11 |
8,11,12 |
4,5,8,11 |
8,9 |
2,5 |
4,5 |
5 |
Зиянды заттар және су массасы көрсеткіштері:
- Оттек 6. Аммонинді азот
- БПК-5 Фториттер
- Бор Мұнай өнімдері
- Фенол Сульфаттар
- Нитритті азот Ксантогенаттар
- Мыс 13. Темір
- Қорғасын 14. Хром
Жыл ішіндегі сульфаттардың өзгеруінің зерттеуі осы заттың барлық жерде бірдей екендігін көрсетеді. Мысалы, қалыпты ережеде сульфаттар-дың максимальді концепциясы Төменарық бекеті бойынша қыс айларын-да 200-300 мг/л дейін және минимальді 180 мг/л дейін жаз айларында бел-гіленген. Қазіргі деңгейде олар 500-600 мг/л – дан 1200 мг/л деңгейінде қыс айларында байқалады.
Қызылорда бектінде қалыпты – табиғи жағдайда қыстық меженде мак-симум 200-300 мг/л және минимум 150-180 мг/л шамасында болды.Қазіргі максимумдар сульфаттар концентрациясының максимумдары 600-ден 1000 мг/л шамасында, жазғы минимум 400-500 мг/л шегінде. Дәл осындай жағдай Қазалы бекетінде де кездеседі.
Суды егістікті суару мақсатында пайдаланған кезде, тазартылмаған сулар өзеннің негізгі арнасына түсіп, әрі қарай қайтадан суармалылыққа пайдалануда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы жерле-ріндегі коллекторлы-қашыртқы сулары 900 млн. км3 шамасында қайтадан Қызылорда облысында пайдаланылады. Осыдан келіп, өзен суының құра-мында ауыр металдар, сульфаттар, хлоридтер және пестициттер ионы кө-бейеді /1/.
Кесте-13 Судың ластану себептері мен салдарлары
№ |
Себептері |
Салдарлары |
1 |
Су шаруашылығы балансы қата-рындағы тең құқықты қатысу-шылырдың бірі ретінде өзен экожүйесінің болмауы. |
· Су ресурстарының сапалық жә-не сандық тұрғыдан азып – тоз-уы; · Өзендік, көлдік экожүйенің нашарлауы; |
2 |
Суармалы ауыл шаруашылық мәдениеті үшін суландыру мөл-шерін анықтауда қазіргі заман-ғы биологиялық әдістердің бол-мауы. |
· Судың көп шығын болуы; · Фитильдік әсерден жер асты сулары (тұзды) деңгейінің көтерілуі; |
3 |
Қашыртқы суларын бөлек шы-ғаруда коллектордың болмауы. |
· Жердің тұздануы; · Топырақ суының эрозиясы; · Топырақтың тұздануы; · Жер асты суының деңгейінің көтерілуі; · Жер асты суының ластануы; · Суды тиімсіз пайдалыну; |
4 |
Несовершенная гидрожақсарту жүйесі. |
· Сүзуге және булануға пайдала-нылмаған су шығыны; · Пайдаланатын суды есептеудің қиындығы; |
5 |
Жергілікті тазарту құрылысы-ның тиімсіздігі немесе болмауы. |
· Жер беті суларының ластануы; · Жер асты суларының ластануы; · Тірі су жәндіктерінің интосикациясы |
6 |
Өсімдіктерді сақтауда биология-лық әдістердің болмауы және улы химикаттарды , минералды тыңайтқыштарды қолдануда ғы-лыми жаңа бағыттардың бол-мауы. |
· Жер асты және жер үсті сула-рының ластануы; · Атмосфера ауасының ласта-нуы; · Топырақтың ластануы; · Топырақтың және судың тірі организмдерінің интоксикация-сы; |
7 |
Су ресурстарын пайдалану және қорғаудағы Орталық Азия Рес-публикаларының ережелері мен міндеттерінің болмауы. |
· Экологиялық коллапс |
1.5.3. Жер асты сулары.
Облыс жеріндегі жалғыз үлкен өзен Сырдарияның су көздері облыстың әкімшілік шекарасынан тыс жерде құралған. Жер астының сулары борлы –
үштік және төрттік шөгінділерден тұратын қабаттардың аралығында жатады. Дүмпу сулар да кездеседі.Минералдануы жоғары болғандықтан және әр жер-де шашырап жатқандықтан олардың көбі пайдаланылмайды.
Сырдария арнасына жақын алапта жерасты суының деңгейі жауын-шашынға, өзендегі судың биіктігіне, жер суаратын каналдардың жұмыс істеу қарқындылығына байланысты.Өзенге, каналдарға, басқа су көздеріне жапсар-лас учаскелерде ыза суы 4-5 метрден жоғары жатады, көбіне тұщы немесе сәл-пәл кермек. Сырдария атыраулық егін егетін бөліктерде ыза судың терең-дігі көбіне 2-7 метр.Олар минералдануы жағынан әртүрлі, дегенмен ащы-кер-мек және тұзды су басым. Жерасты суының қоры едәуір мол, онан секундына 5, 8 текше метрге дейін су шығарып пайдалануға болады.
Суарылтын аймақтан тыс су айрықтары мен құрғақ арналардың бойын-да қабаттағы су 5 – 15 метр тереңдікте жатады.Мұнда скважиналар мен құ-дықтардың сулылығы онша көп емес, секундына 0,2 – 0,5 литр.Тақырлы жа-зықта қабаттағы су терең жатыр (10 – 30 метр) және күшті минералданған. Жазықтардың әр жерінде кездесетін кіші-гірім бұйрат құмдардың астындағы судың тереңдігі 5 – 10 метр.Қабатағы судан басқа артезиян сулары бар.Мұн-да скважиналардың көпшілігі секундына 5 – 50 литрге дейін су береді.Мұн-дай сулар Қызылқұмда 200 – 300 метр, алқаптың теріскейінде 300 – 500 метр тереңдікте жатады.
Жергілікті өзендер мен уақытша ағын сулар Сырдарияға жетпейді.Сон-дықтан облыста пайдаланатын судың балансы Сырдариядағы Көктөбе су бе-кетінен өтіп, өзеннің төменгі ағысындағы гидротораптарға келетін судан тұ-рады.
Жер асты суларының табиғи ресурстары және олардың ағындары ат-мосфералық жауын – шашын инфильтрациясы есебінен, өзен және сулан-дыру сүзгішінен қалыптасады. Геологиялық құрылымына сәйкес облыс аймағы : артезиандық алаптардың Арал – торғай жүйесі; артезиандық алаптардың Сырдариялық жүйесі; жарылым сулар алабының Қаратау жүйесі; артезиандық алаптардың Шу – Сарысу жүйесі болып бөлінеді /39/.
Кесте-14 Жер асты суларының қорлары
Гидрогеологиялық аймақтар |
Су сақтағыш кешендердің геологиялық индексі |
Болжамды эксплтациялық қорлар,м3/с |
|||||
Минералдану, г/л |
Барлығы |
||||||
1-дейін |
1-3 |
3-5 |
|||||
1 |
2 |
3 |
5 |
6 |
7 |
||
Артезиандық алап-тардың Арал – Тор-ғай жүйесі. |
Q P K |
0,3 — — |
0,4 0,4 1,0 |
0,5 1,1 2,0 |
1,2 1,5 3,0 |
||
Барлығы: |
|
0,3 |
1,8 |
3,6 |
5,7 |
||
Артезиандық алап-тардың Сырдария-лық жүйесі. |
Q+H K |
19,9 3,0 |
11,57 69,0 |
1,28 — |
32,75 72,0 |
||
Барлығы: |
|
22,9 |
80,57 |
1,28 |
104,75 |
||
Жарылым сулар алабының Қаратау жүйесі. |
PZ |
1,0 |
— |
— |
1,0 |
||
Барлығы: |
|
1,0 |
— |
— |
1,0 |
||
Артезиандық алап-тардың Шу – Сары-су жүйесі. |
K |
— |
2 |
0,5 |
2,5 |
||
Облыс бойынша барлығы: |
|
24,2 |
84,37 |
5,38 |
113,95 |
||
Жер асты суларының қоры облыс аумағында біркелкі тарамаған, сон-дықтан Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған аудандары ауылдық жерле-рінің тұрғындары ауыз суды әлі күнге дейін жер беті су көздерінен пайда-лануда.Тұрғылықты жерлердің 10% толық жабдықталған су құбырлары болмағандықтан тасып әкелінетін суды пайдаланады.
Жер асты суларының сапасы үнемі ГОСТ талабына сәйкес келмейді. Жер асты суларының қала маңында және ЖЭО золоилаконаколителінде ПДК деңгейі хлоридтің – 17, сульфаттардың – 20, минералдану – 18, аммони азоты – 5 көрсеткішіне жоғарылағанын көруге болады. Жер асты суларының сапасының өзгеру қарқындылығы оның ластануының деңгейін көрсетеді. Мұның бәрі геологиялық ортаға антропогендік әсердің өсуіне негізделуде /38/.
1.6. Топырағақ жабындысы
Облыстың топырақ жамылғысы түрлерінің көптігімен ерекшеленеді, олардың көпшілігінің бір – бірінен сапасы жағынан айырмашылығы бар. Олардың бәрі үлкен төрт топырақ группасына бөлінеді.
Бірінші группаны облыстың солтүстік бөлігінде таралған және палео-гендік жыныстар элювийінде қалыптасқан сұр – құба және құба топырақтар құрайды.
Топырақтың екінші группасын тақыр тәрізді топырақтар және тақыр-лар құрайды және олар Сырдария өзенінің төменгі алабы шөлденген ауданда-рының негізгі топырақ жамылғысын құрайды.
Үшінші үлкен группаны аз дамыған құмды шөл топырақтар мен құмды шөл кеңістігі алып жатыр. Өсімдіктер өсу деңгейінің әртүрлі кезеңдеріне сәйкес топырақтардың бірнеше түрлері тараған.
Топырақтың төртінші группасын атыраулық облыстарда тараған гидро-морфты топырақтар құрайды – батпақты, шалғын – батпақты, жайылма – шалғын және сор. Бұлар ауыл шаруашылық егістікке пайдаланылады. Облыс-тың негізгі топырақ түрін сұр – құба (22,5%) және құба (19,0%) топырақтар болып табылады, әрі қарайғы кезекте құмдар, тақырлар және тақыр тәрізді топырақтар, батпақтар /37/.
1980-1990 ж.ж. Қызылорда облысы топырағын, соның ішінде суармалы аймақтардың топырағын тұзданудан қорғау, қалпына келтіру шаралары ба-рысында бірнеше топырақтанушы ғалымдар(Мамытов Ж,) зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде осы өңір топырағын 3 категорияға, 10 топқа бөлді.
Сырдария өзені төменгі алабына осы топырақтардың 4 тобы жатады.Ол Сырдария төменгі ағысының оң және сол жақтарын қоршап жатқан шөл және шөлейт даланың жер бедері жағдайына байланысты суаруға жарамайтын қуаң топырақтары. Олар өзен арнасынан шалғай жатқандықтан гидрология режимі атыраулық аймақтан бөлек автоморф жағдайында қалыптасып дамиды.
Климаттық құбылуы мен шаруашылықта пайдаланудың өнімділігі ғана өзгеретіні болмаса, жалпы генетикалық типі сол күйінде сақталады.
1 топ. Облыстың солжағалық бөлігінде топырақ жамылғысының негізін құрайтын кәдімгі тақырлар мен аралас жатқан тақырлау топырақтар. Кей жерлерде бетін үрінді құм басқан қалдық сорлар аралас суармалы жерлер. Бұл топырақ түрлері Жаңадария, Қуаңдария, Ескі дариялық өзендерінің көне арналарын бойлап және солтүстік Қызылқұмға тірелетін жазықтарда кең тараған.
Механикалық құрамы ауыр саздақ, қабаттасып жатқан грунттардан құ-ралады. Ең үстіңгі қабаты қабықтанған, өте тығыз, беті кедір – бұдыр. Кескі-нінде 1-10 см-ге дейінгі тереңдікте тұз көп, гумус – 1,0-1,5 %, қабаттағы судың жатқан деңгейі 10-20м, дәмі ащы (10-50 г/л). Сонымен бірге сорланған тақырлау топырақтың беткі қабатының сілтілігі өте жоғары.
Топырақтың қабығындағы сілтілік сексеуілдің қалдықтары шірігенде пайда болады. Бұл жерлерді игеру орта дәрежеде мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді. Мысалы, жерді сексеуілден тазарту (өртеуге болмайды), тегіс-теу, кей жерлерді сумен шайып тастау және егінді суару ережесін өте қатаң сақтау.
2 топ. Кәдімгі қалдық және тақырлау сорлар сортаң топырақтармен араласып өте күрделі кешен болып жатады. Кәдімгі сорлар қабат – қабат ал-лювийде дамыған, құм шөгіндіоер көбірек , беті қабыршақты немесе борпылты немесе борпылнің биіктеу элементтерінде тараған. Қабаттағы су 3-7 м терең-дікте, өте ащы (20-130 г/л) . Тақырлау сорлар шөлейт аймақтың ойлау жер-лерінде механикалық құрамы ауыр саздақ аллювийде дамыған, бетінде қабық бар. Басты ерекшелігі тұздың құрамында хлоридтер көп, бірақ аймаққа тән құбылыс емес. Беткі қабатындағы тұз – 3,5-7,0 % дейін, қабаттағы судың ми-нералдануы – 60-100 г/л , жатқан тереңдігі 10м және лдан да төмен, гумус – 1%. Бетін жел үрлеген қалдық сорлар облыстың солжағалық орталық бөлігін-де тараған. Беткі қабаты жылтырап тұзы шығып жатқан жұмсақ қабық. Тұз-дың құрамында хлоридтер басым (2-3%), қабаттағы су 10м және одан да те-реңдікте – 1л-де 50г/л тұз бар. Сротаң топырақтар Қазалы оазисінде солар-дың арасында ойдым-ойдым болып араласып жатады. Тұздар 1,5-2,0 %. Сіңі-ру кешенінде катиондардың ішінде натрийдің мөлшері 10%.
Рельеф жағдайына байланысты суармалы егіншілікке жарамайтын
үшінші категориядағы жерлер.
Бұл категорияға үштік-бор үстіртінің қоңыр, сұр-қоңыр топырақтары, құрамында гумус аз атыраулық аймақтың құмдары мен Сырдарияның сол жағында жараған бұйрат және жал-бұйрат құмдар жатады.Рельеф жағдайына байланысты суармалы егін егуге жарамайды.
3 топ. Бұған кіретін Арал, Қазалы; Қармақшы аудандарының солтүсті-гінде тараған қоңыр топырақтар. Механикалық құрамы құмдақ, саз құмдақ, гумус – 0,65-1,5 % шамасында, тұздың мөлшері 0,2-0,3 %. Қабаттағы су өте терең жатады. Сұр-қоңыр топырақтар облыстың солтүсігінде және Қаратау бөктерінде құрамында гипс бар үштік – бор шөгінділерінде дамыған. Бет жа-ғын құмтастар басып жатады, гумус – 0,5 % шамасында, 40-50 см-ден төмен ақ таңдақ болып жататын гипс жиынтығы бар.
4 топ. Бұл топқа ірі құмды аймақтардың – шығыс Арал өңірінің, Арысқұмның, Арал өңіріндегі Қарақұмның, Қызылқұмның, Бозшоқының құмдары жатады. Кей жерде биіктігі 20 м-ге дейін баратын төбе – жол құм-дардың рельефі өте күрделі, арасында ойпаң “өзекшелерде” тақырлар мен та-қырлау топырақтар тараған.
Сырдарияның төменгі ағысында топырақ құрылымының өзгеруі.
1965-1972 жылдары Қазақстан ғылым академиясының топырақтану жә-не Казгипрозем институттары жүргізген зерттеулері Сырдария өзенінің тө-менгі ағысында топырақ жамылғысы үлкен өзгеріске ұшырағанын көрсетті. Оның басты себебі, өзен суының тапшылығынан арнадан асып жайылатын судың болмауы атыраулық табиғаттың дамуына жаңа сипат берді. Қабаттағы су тереңдеп, топырақ кескінінің жоғарғы қабаты құрғады, содан гидрофильді өсімдіктер сиреді. Мұның өзі топырақ түрлерінің даму бағытына үлкен ық-пал жасады. Атап айтқанда, батпақ пен шалғынды батпақ құрғап, кей жерлерде қатты кеуіп, өздерінің бастапқы белгілерін жоғалтты, сөйтіп қуаң жағдайға ауысты /22, 23, 27/.
Онша көп өзгеріске ұшырамаған Сырдарияның арналық қырқалары. Өйткені, онда қабаттағы су өзен арнасынан көлбеу бағытта тарайтын капил-ларлық сумен толығып тұрады. Сол себепті арналық қырқада азды-көпті бол-са да , кей жерлерде сиректеу бұталы жиде тоғайы сақталған.
Қазіргі кезде Сырдарияның төменгі ағысында топырақ жамылғысының жалпы эволюциялық даму бағыты сақталғанымен қуаңдану процесінің күше-юіне орай және жерді шаруашылықта пайдалану мен жергілікті жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты топырақтың бір түрден екінші түрге көшуі қар-қынды жүріп отыр.
Сырдария атырауының жаңа гидрологиялық режимі топырақтың физикалық – химиялық қасиеттері мен топырақ құнарын құрайтын элементтердің сипатына кері әсерін тигізеді. Ылғал топырақтар кепкенде оның бетінде қа-быршақ пайда болып, суда езілмейтін агрономиялық қатты түйіршіктер азай-ды. Мысалы, гидроморф топырақтың жоғарғы (0-50 см) қабатындағы суға тө-зімді түйіршіктер 70-80 % болса, ол кепкеннен кейін 30-35% дейін азаяды.
Бұрын жер астына жақын жатқан судың ықпалымен қабаттағы судың қоры ирригациялық ережеге көшті, яғни суармалы егін, әсіресе күріш егілген жерлерде және соған жақын жатқан жерлерде ғана қабаттағы судың деңгейі онша терең кетпейді, демек оның құбылымы маусымға қарай өзгеріп отыра-ды. Қорыта келгенде, Сырдың төменгі ағысында топырақ түрлерінің дамуы, олардың бір түрден екінші түрге айналуы , мелиоративтік күйі мен құнарлы-лығының қалыптасуы өзеннің құбылымымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде топырақтың даму бағыты қуаңдану процесінің ықпа-лымен жүруде /23/.
Кесте-15 Қызылорда облысында көп тараған топырақтарға
сипаттама
( Волков А.И., 1969)
% |
Топырақ түрлері |
Гумус% 0-50см қабатта |
Тұзды-лығы%о (%) |
Жылжымалы |
Қабаттағы су |
||
фосфор |
азот |
Терең-дігі, м |
Тұзды-лығы,г/л |
||||
1 |
Арналық қырқадағы шалғынды аллювий топырақтар. |
1,6-3,5 |
0,1-1,5 |
18,3-70,9 |
43,9-75,6 |
2,5-3 |
0,5-10 |
2 |
Су айрықтарындағы тыңайған шалғынды аллювий топырақтар |
0,9-2,5 |
0,1-0,6 |
6,7-15,3 |
62-134,9 |
2,5-5 |
1,0-10 |
3 |
Беті тақырлана бастаған шалғынды аллювий топырақтар |
0,6-1,6 |
0,2-0,8 |
2,9-12,5 |
51,1-131,0 |
5-10 |
10-ға дейін |
4 |
Шалғынды батпақ то-пырақтар. |
0,8-3,0 |
0,2-1,2 |
44-11,6 |
86,5-111,1 |
3-5 |
5-ке дейін |
5 |
Кебе бастаған шалғын-ды батпақты топырақ-тар. |
0,9-4,1 |
0,2-0,8 |
3,8-14,2 |
83,7-165,2 |
5-7 |
— |
6 |
Батпақты топырақтар. |
1,5-4,5 |
— |
9,6-21,1 |
108,5 -174 |
10-3 |
— |
7 |
Сорлар |
0,4-1,7 |
0,9-10,4 |
4,6-21,1 |
46,2-107,0 |
3,5-7 |
10-25 |
8 |
Қара сексеуілдің ас-тындағы тақырлау то-пырақтар. |
0,6-0,8 |
0,1-0,5 |
2,6-22,5 |
34,7-59,5 |
7-15 |
10-50 |
9 |
Бұйырғынның астын-дағы тақырлау топы-рақтар. |
1,0%-ке дейін |
0,5-0,2 |
өте аз |
— |
8-20 |
25-100 |
10 |
Құм бүркенген тақыр-лау топырақтар. |
1,0% |
— |
— |
— |
— |
— |
11 |
Тақырлар |
1,0% |
0,3-1,5 |
— |
— |
— |
— |
12 |
Сұр-қоңыр топырақ-тар. |
1,0%-ке дейін |
0,1-1,8 |
— |
— |
— |
сирек болады |
- Өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі
Қызылорда облысы аумағының топырақ – климат жағдайы негізінен екі түрлі – Сырдарияның ескі атыраулық жазығы және оны айнала қоршап жат-қан шөл және шөлейт дала. Облыстың жалпы жер көлемімен есептегенде Сырдария атырауының үлесіне небәрі 10% тиеді. Шөл және шөлейт дала 86% алып жатыр, ал қалғандары шаруашылық үшін аса маңызы жоқ жерлер.
Осы аймақтардың табиғатына бейімделген өсімдіктер қауымдастығы қалыптасқан. Жалпы облыс аумағының өсімдіктерін төрт топқа бөледі: — саз-дақ жазықтардың өсімдіктері, құмды жазықтардың өсімдіктері, тау етегіндегі жазықтардың және Сырдария атырауының өсімдіктері.
Аймағы жағынан саздақ шөл дала облыстың солтүстігінде, құмды жа-зықтар – оңтүстігінде, ал ортасында ескі және жаңа атырау жатыр.
— Саздақ шөл даланың фитоценозы солтүстік Арал өңірі мен ескі атырау-дан солтүстік жағында үштік бор, қыратында және жаңа атырау жазығында кездесетік қалдық төбелер де тараған. Сазды жерлерде әртүрлі эфемерлер мен итсигек және изен аралас жусан өседі. Төбе бөктерлерінде фитоценозды сұр жусан мен бұйырғын құрайды. Өнімділігі гектарына 5,2 центнер шама-сында. Ылдый жерлерде қарапайым өсімдіктер тобында бұйырғын басым. Бұл аймақта сортаң қоңыр топырақтарда көбіне бұйырғынмен аралас қара жусан өседі. Саздық шөлдің оңтүстік жағына кіретін Сырдарияның оң жаға-сындағы Майлыбас – Төретам – Қорқыт – Жосалы (Саралаң қыраты) бекетте-рінің аралығында шөптің түрі біркелкі емес. Өсімдіктердің көпшілігі жусан мен бұйырғынға аралас сиректеу сораң, әртүрлі бұталар, сексеуіл, баялыш өседі.
— Қызылорда облысының байтағына үлкен және кіші борсық, оңтүстігінде Мойынқұм, Сарасудың аяғындағы құмдар, Арал өңіріндегі Қарақұм және Сырдарияның сол жағында жатқан Жуан құм кіреді.Бұл аталмыш құмды ал-қаптардың өсімдігін үш топқа бөледі: бұталы, бұта аралас және еркек шөп, жусан, қоянсүйек, жүзгін т.б. Орнықты құмдар мен құм төбелерді жиектеп аралас өсетін түйесүйек, еркек шөп, жусан шөптерінің өнімділігі гектарына 7-8 центнер болады. Құм арасындағы жазықтарда гектарлық өнімі 3-8 цент-нердей болатын еркек шөппен аралас басқалары бар. Солтүстік шөл даланың ерте заманнан қалған бұйрат және жал бұйрат құмдарына тән өсімдіктері жүзгін, баялыш, қара сексеуім аралас шығатын жусан мен эфемерлер.
Қуаңдария мен Жаңадария жазықтарында қара сексеуіл аралас эфемер мен жусан, кейде оларға сораң мен жантақ аралас өседі. Құм төбелердің ара-сындағы тақырлау жерлерге бұйырғын, қара сексеуіл, күйреуік өседі. Осы за-манғы аллювиден тұратын құмдарда шөптің аталмыш топтарында жыңғыл, шеңгел, баялыш, теріскен кездеседі.
— Тау бөктерінің өсімдіктері. Қызылорда облысының жеріне кіретін Қа-ратаудың батыс бөліктері. Бұл Жаңақорған мен Шиелі аудандарының мал жайылымы. Өсімдіктердің түрлері астық тұқымдас шөптер әртүрлі эфемер-лер мен сұр жусан. Көктемнің екінші жартысында аралас шөптер тығыз бо-лып тұрады. Содан жаз шыға эфемерлер құрғап, даланың жасыл көркі кетеді, бірыңғай жусан қалады. Бұл шөптердің өнімділігі әр жылы гектарына 1,9-7,2 центнерге дейін барады. Тау ішіне тереңдеп биікке көтерілген сайын (400-500м) әртүрлі шөптер жусан, баялыш, теріскен, қияқ, т.б. едәуір тығыз болып өседі.
— Атыраулық жазықтың өсімдіктері. Шығыс Арал өңірінің өсімдік дүниесін зерттеуде ғалымдар өткен ғасырдың ортасында бастаған. Алғашқы кезде бұл зерттеулер жекелеген аймақтардың өсімдіктер дүниесін сипаттау-мен шектелген толық емес материалдар болатын. Одан кейін бұл жұмысты үстіміздегі ғасырдың басынан бастап зерттеушілер бірнеше дүркін жалғас-тырды. Солардың ішінде бұл өлкенің топырақ – климат аймақтарын толық қамтыған көлемді зерттеу жұмыстары 50-ші жылдарда Қазақстанның Ауыл шаруашылығы Министрлігінің тапсырмасы бойынша орындалды, республи-ка ғалымдары 13 млн. гектардан астам жердің өсімдіктерін зерттеді. Нәиже-сінде Сырдың атырауы мен оған жақын жатқан үштік бор қыраттарының өсімдіктерінен толық мәліметтер алды.
Бұл өңірдің өсімдіктер дүниесінің қалыптасуына атыраудың табиғи ланд-шафтын құрайтын факторлар тікелей ықпал жасайтыны белгілі. Сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуына антропогендік және зоо-гендік факторлар да әсер етеді. Сырдың атыраулық аймағындағы өсімдіктер-дің жалпы эволюциялық даму бағыты соңғы кезде өлкенің гидрологиялық ережесінің өзгеруіне байланысты ылғал сүйгіш өсімдіктер тобы ксерофилдік, аймақтар тобы – экологиялық топтармен ауысқанын аңғартады. Сондықтан мұндағы өсімдіктердің сипаттамасын, олардың эволюциясын және бір топ-тың өзге топпен ауысу ерекшеліктерін рельефтің негізгі элементтері бойын-ша берген ыңғайлы.
— Өзен арналық қырқаның өсімдіктері. Сырдария өзені мен одан тарай-тын сулы өзектердің арналарына жақын жатқан ылғалды жерлерде өсетін ас-тық тұқымдастар мен әртүрлі шөптер. Бұл топқа кіретіндер айрауық, аздап қамыс және шалғынды аллювий топырақтарға тән әртүрлі шөптер – қызыл мия, есек мия, тергүлді, айбатмия т.б. Ескі атыраудың сулы бөлігінде және атырау басында айрауық, қамыс, қияқ аралас қалың бидайық өскен жерлер кездеседі. Мұндай жерлерден гектарына 15-20 центнерге дейін сапалы шөп алуға болады.
Сырдарияның арналық қырқасында ағаштар сирек. Кейде шоқ болып өскен жиде мен тал аралас жиделі тоғайлар кездеседі. Тоғайлар атырау мен атырау басында суға жақын жерлерде өседі. Жоғарғы белдікте өсетін ағаштар мен жиде, терек, тал, тораңғыл. Екінші белдікте қалың шеңгел, жыңғыл. То-пырақ бетіне жақын төменгі үшінші белдікте бидайық, айрауық, қамыс, жа-байы арпаға аралас әртүрлі шөптер өседі.
Өзен арнасынан шеттеу дарияның тасмқын суы жиі басатын ойлау жерлерде ну қалың қамыс. Кейбір суы тайыз көлшіктердің жағасында қамыс-пен аралас қоға да бар. Су басқан, бірақ суы ұзаққа тұрмайтын ылғалды жер-лерде бірыңғай таза қамыс өседі, ал ылғалы аздау жерлердің қамысы сиреп, оған аралас жыңғыл, қарабарқын, кейде сораң өседі. Мұндай әртүрлі шөп пен бұра аралас қамыс өскен жерлер атыраудың едәуір аумағын алып жатыр. Мұндай өсімдіктер формацияларының арасында кездесетін борпылдақ және шалғынды сорларда галофиттердің жұтаңдау өскіні сирек кездеседі. Сор жер-лердің өсімдіктерінің дені жыңғыл, итекгек болып келеді. Шалғынды тұзы аздау сорларда сиректеу өскен ажырық, ал жалаңаш сорларда сарсазан, ба-лықкөз, қарабарқын, сорқаңбақ өседі.
Сыр атырауының қуаң бөлігінде кепкен ескі арналарды жағалай және жазық жерде шоғырланып өскен сексеуіл тоғайлығы кездеседі. Олардың арасында сиректеу болып өсетін күйреуік, жусан, торғай оты, раң, балықкөз. Едәуір кеңістікті жалаңаш тақырлар алып жатып. Онда жоғарыда өскен өсімдіктер өспейді. Тек көктемде және күзде жаңбырдан кейін тақырға жи-налған қақтың суын көкжасыл балдырлар басып кетеді. Тақырлар жерлерде өсетін раң, күйреуік, бұйырғын. Олардың да шығымы сирек.
Қазақстан Ғылым Академиясына қарайтын Зоология институтының мә-ліметі бойынша қырқыншы жылдары Сырдарияның төменгі ағысында құс-тардың 319 түрі (оның 173 ұя салатындар, 123 ұшып өтетін түрлері және си-рек келетін құстардың 23 түрлері) болса керек. Олардың көпшілігі су құста-ры – бірқазан, қарабай, аққу, үйрек, шағала, балшықшы, т.б. Ал, жыртқыш құстардың – бүркіт, лашын, қырғи, тиелгі т.б.
1978 жылы Арал теңізінің жағалауына жүргізілген зерттеулерге қара-ғанда тіркелген құстардың түрлері 154 ғана болатын, оның 38-і ұя салатын-дар – шіл, қасқалдақ, қарабай, сүңгуір, шағала, т.б. Демек, қырқыншы жыл-дары жүргізілген зерттеулермен салыстырғанда кейінгі отыз жылдың ішінде құстардың түрлері азайып қалғандығы байқалады. Қазақстанның “Қызыл кі-табына” тіркелген құстардың түрлерінен бұл өлкеде қалғаны тек 5 деген мә-лімет бар /24, 34, 39/.
Арал өңірінің базистері мен оазистеріне жақын аймақтарында сүт қо-ректілердің елуден астам түрі тіршілік етеді. Оның ішінде 8 қолқанаттылар, 4 жәндік қоректілер,1 қоян, 26 кеміргіштер, 11 жыртқыштар, 3 тұяқтылар түрі бар. Ірі сүтқоректілер – жабайы шошқа, ақбөкен, қарақұйрық, жыртқыштар-дан – қасқыр, шағал, борсық, түлкі, қарсақ т.б. бар. Арал теңізінің суы кеткен ұлтаны мен жағалауындағы қуаң аймақтарда кеміргіштердің саны көбейіп кеткен. Теңіз бен көлдер тартылып, өлкенің қуаңдануы, әсіресе тіршілігі су-мен байланысты аңдарға үлкен зиянын тигізді. Халықаралық табиғатты қор-ғау одағының деректері осы кезге дейін жер бетінен құстың 94 түрі (1,09%) және сүтқоректілердің 63 түрі (1,48 %) құрып кеткен. Осылардың ішінен құстардың 86 %, сүтқоректілердің 75 % адамдардың тікелей қызметі нәтиже-сінде құрып кеткен.
Жануарлар дүниесіне күшті әсер ететін адамдардың шаруашылық қыз-меті. Соның нәтинесінде хайуанаттардың кейбір түрлерінің саны өседі, енді бір түрлері азаяды, ал кейбір түрлері тіпті жойылып та кететін жағдай бола-ды.
Лопатин И.К. (1980ж) бойынша қазақстан республикасының территориясы Голарктикалық патшалықтың Палеоарктикалық патшалық бөлігіне жатады. Ал дала және шөлейт зонасы Европа – Сібір облысының Европа – Обьтық облысының бөлігіне, аз бөлігі Ежелгі Жерорта, оның Сахара – Гобби облысының бөлігіне енеді.Ал құрлықты фауналық негізде бөлсек, Қазақстан Европа-Сібір, Жерорта және Орта Азиялық облысытың бөлігіне енеді /10/.
Сырдария өзені бойы шөл зонасында орналасқан. Шөл зонасының табиғи жағдайы өте қатаң. Соған байланысты бұл жерде ксерофильді және эвритермофильді жануарлар мекен етеді. Олар шөлге бейім, ыстыққа төзімді, денелері шағын болып келеді /37/.
Қазіргі кезде шаруашылықтың дамуына байланысты көптеген жануарлар саны азайып, мекен ету ареалдары тарылуда. Соның себебінен кейбір жануарлар саны азайса, кейбірінің саны өсуде. Мысалы, күріштік алқаптарда маса саны көбейіп, ол жерді мекендеген соналар саны төмендеді.
Адамның табиғатқа тікелеу әсер етуінен қазіргі кезде антропогендік ландшафттар пайда болуда. Зерттеліп отырған аймақтың өзіне тән антропо- гендік ландшафтысының жануарлар дүниесі: торғайлар, қарлығаштар мен қарғалар, кеміргіштер және тағы да басқа кейбір жәндіктер. Қазіргі кезде әр- түрлі қорғау шаралары ұйымдастырылуда /11/.
Сонымен барлық айтып кеткен табиғат жағдайларына былай деп тұжы- рым жасауға болады:
- Зерттелетін аймақтың географиялық орны оның басты факторларға әсері бар екені белгілі;
- Аумақтың табиғи өзгерістеріне климаттық факторлардың әсері бар және аумақта болатын әртүрлі өзгерістердің басты себебі;
- Литогендік ерекшелігін біз аумақта болып жатқан экзогендік про- цестердің жүруінен пайда болған эрозиялар негіз болып отыр;
- Аймақта су көздерінің таралуы, режимі территорияға негізгі әсер етуші фактор;
- Аймақта таралған өсімдіктер мен жануарлар дүниесі алуан түрлі болғанмен қазіргі кезде олардың көбі жойылған.
- ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДА МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ-дар)туралы алғашқы жұмыстар 1960ж басталған болатын. Осы негізді алғаш АҚШ мен Канада елдері қолға алған болатын. ГАЖ-лар сол кездерде көп мақсатты ақпараттардың кешендік негізі болып табылды. Дегенмен де оның шарықтауы 1976ж басталды. Себебі оны тек бір бағытты ғана емес, ғылымның өзге де салаларында пайдалана бастады. Мысалы, геология, геоморфология және тағы басқа /17/.
ГАЖ-лер бүрынғы СССР елдеріне осы 70-ші жылдардың соңында енді. Оны мемлекеттік қорғаныс аясында ғана пайдаланды, кейінен келе оның қолданылу көлемі біршама кеңейе түсті. Осылардың барысында біздің елімізге ГАЖ-дің негіздері мен алғашқы бастамалары алдыңғы ғасырлардың соңында келді десек қателеспейміз. Ал біздің негізімізде ГАЖ-лер карталарды сандауда, динамикалық негіздерді пайдаланылып, көптеге мәліметтер қайтадан өңделінуде. Осы негіздердің бір артықшылығы еш қиындықсыз белгілі бір территория туралы жан-жақты мәліметтерді далалық зерттеулерсіз-ақ ала-алуымыз.
ГАЖ-лер дегеніміз — географиялық ақпараттарды автоматты түрде жинайтын және сақтайтын, техниканың көмегімен тез өңдеейтін техника мен адамның негізінде жүзеге асырылатын жүйелердің жиынтығы.
Жоғарыда біз негізінен ГАЖ-дің тиімділігін атасақ, бізге қажеттісі, белгілі аймақтардың кеңістіктік көрсеткіші болып табылатын-карталардың жасалу барысы.
Онда, яғни ГАЖ-де карталар автоматты түрде жасалады. Ол үшін бізге алғшқы мәліметтерді енгізіп, мәліметтер базасын жасауымыз қажет, онда мәліметтер ретінде кез-келген карталарды да алуға болады. Осыдан кейін ғана географиялық мәліметтердің жүйеленуі басталынып, сандық және белгілік үлгілердің көмегімен математикалық-картографиялық негізді ала аламыз. Енді карталардың жасалыну әдістері мен сарапталу жолдарына географиялық объектілер мен кешендердің қалай жүйелену жолдарына тоқталсақ.
2.І. Геоақпараттық технологияларда карта жасаудың әдістері
Жалпы біз зерттелетін территориямызды жан-жақты білгіміз келсе әрине алғаш осы өңірдің топо негізіне сүйенетініміз белгілі. Алайда ол нақтылы тұжырымдар бере алмағандықтан да аймақтың ландшафттық құрылымдарына тоқталамыз. Ол физикалық географияның басты негізі екендігі белгілі.
Ландшафттану, жалпы география ғылымы өзге ғылымдармен салыстырғанда күрделі ғылым. Оның өзіндік себебі бар. Себебі бұл ғылымдардың зерттеу объектілерінің қасиеттерінің түрліше болуында. Мысалы, объектілердің шығу тегі, жасы, көлемі, масштабы тағы басқа. Әрине бұл зерттейтін үлгіні үнемі жүйелік зерттеуді талап ететіні белгілі.
Жалпы ландшафт ұғымына ғалымдар түрліше анықтама беретіні белгілі. Дегенмен бұл анықтамалардың өзіндік дұрыс орындары бар. Ландшафты көптеген ғалымдар зерттеген. Мысалы, Т. З. Пассаргеннің («Описательная ландшафттоведения»), В.В. Докучаев (51ж), М.В. Ломоносов (1849ж), А. Гумбольдт, Л.С. Берг (1947-52ж), Б.Б. Полынов(1952), Н.А. Солнцев (1949ж), А. И. Перельман (1975ж), М. А. Глазовская (1964ж), А. Г. Исаченко (1991ж) және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін айтуға болады.
Қазіргі кезде біршама жаңа ұғым-геожүйе пайдаланылып жүр.
Жалпы геожүйе дегеніміз әлде қайда кең ұғым. Оны алғаш В. Б. Сочава енгізген болатын /42/.
Геожүйе дегеніміз- табиғаттағы біртұтас жүйе құруға ықпал ететін кез-келген құрылым саналады /10/. Дегенмен бұл ұғымның негізі ландшафтта жатқандықтан да біз ландшафттардың жүйелеріне және үлгілеріне жан-жақты тоқталамыз.
Ландшафт дегеніміз- ( нем. көркем жер, бейне тағы басқа) генетикалық бірыңғай, зоналық және азоналдық қасиеттері бойынша біртекті, жергілікті комплекістердің ерекше қасиеттерін жинақтайтын бірлік /34/.
Ландшафттардың ішіндегі кеңістіктік-уақыттық және қызыметтік қатынастардың үлгісі болып-ландшафттық, яғни кез-келген картаны санауға болады. Ал ландшафттық карта өз тұрғысында зерттеу объектілеріне сай белгілі мақсаты болуы шарт.
Жалпы картаның тиімділігі оның комплекістік қасиеттілігі, ақпараттылығы мен дәлдігі тағы басқалары жатады.
ГАЖ-лерде ландшафттық карта құруда жиналған мәліеттерді ғана пайдалану барысында біз нақтылы карта алдық деп айта алмаймыз. Мұнда ТТК-дің түрлі типтері мен құрылымдарын пайдаланған орынды. Ландшафттық картаның негізін нақтылай түсу үшін түрлі масштабтағы тематикалық карталарды пайдаланған жөн.
ГАЖ-дің сандық блогы ТТК-дің сандық үлгілерінен түратындықтан, ландшафттық ақпараттарды 3 негізде қарастырамыз:
- компоненттік
- морфологиялық
- динамикалық
Ландшафттық үлгіні алу үшін ең бірінші, біз оның морфологиялық құрылымына сүйенеміз /32,33/. Алайда ландшафттың жан-жақты морфологиялық құрылымын анықтау үшін төмендегідей мәселелерді анықтауымыз қажет:
- Морфологиялық бірліктердің сатылық деңгейі мен таксономиялық қатынасын.
- Морфологиялық бірліктектердің кеңістіктік қатынасы (доминантты, субдоминантты, сирек тағы басқа).
- Морфологиялық бірліктердің типологиясы және олардың ерекшеліктері.
- Ландшафттың морфологиялық бірліктері арасындағы байланыс пен біртұтастылық.
- Морфологиялық құрылымдардың шығу тегі мен дамуы.
Морфологиялық бөліністердің деңгейлері мен таксономиялық қатынасы табиғи-территориялық жүйенің иерархиясын қалыптастырады. Көбіне табиғи-территориялық комплекстердің иерархиясы үш бірліктен: фация-қоныс-ландшафт беріледі. Дегенмен кейбір ғалымдар оның өзін бірнеше бөлікке бөледі. Мысалы, Н. А. Солнцев күрделі ландшафттарды-фация-звено-қарапайым қоныс-күрделі қоныс-жергілікті-ландшафт деп бөледі /35/.
Территориялық табиғи комплексті белгілі бір иерархиялық категорияға жатқызуда басты көрсеткіш болып морфологиялық құрылым алынады. Егер территория бір ғана фациядан құралса онда оны қонысқа жатқызады, ал егер ол бірнеше фациядан құралса ландшафтқа жатады.
Әрбір иерархиялық деңгейдің морфологиялық бірліктерінің типологиясы мен олардың қасиеттері бірлікттерді бір-бірімен ортақ белгілері бойынша салыстыру арқылы жүреді. Түрлі иерархиялық деңгейдің шегінде жеке немесе типологиялық территорияларды бөлу әрқашан біркелкі жүрмейді. Оны ТТК-дің әртүрлілігімен және алуандылығымен түсіндіруге болады.
Оларға:
1.Құбылыстардың көп өлшемділігі, яғни ТТК-і салыстыруда объектілердің жеке қасиеттеріне емес, ортақ қасиеттеріне сүйенуіміз қажет. Дегенмен, ескеретіні ТТК-і бір қасиеті бойынша бір-біріне ұқсас болса да, міндетті түрде екінші қасиеттері бойынша ерекшеліктер табуға болады. Сондықтанда бұл тұрғыда біршама нақтылық қажет.
- Дискреттілік пен үздіксіздіктің қатынасы. Географиялық шекаралар туралы түсініктер біршама баршылық. Мысалы, Ф. Рацель табиғатта нағыз, дәл шекаралар жоқ, тек өтпелі аймақтар ғана болады десе, Н. А. Солнцев /33/ керісіше екі көрші кешендер арасындағы шекаралардың айырмашылығы сантиметр ғана, сондықтан да олар сызықты, әрі олардың еш айырмашылықтары жоқ деген пікірді айтады. Жалпы ТТК-дің шекаралары дискретті, үздіксіз, фракталды болып келетін факторлардың жағдайымен анықталынады /25/.
Егер құрылымдар үздіксіз болса, онда олардың шекаралары шартты түрде болады, ал егер олар фракталды (үздіксіз, еш жере айырылмайтын) болса шекаралар әрқашан объективті түрде беріледі. Табиғаттағы дәл келген шекарала дискретті құрылымдарға ғана тән.
Жоғарыда аталған ерекшеліктер гомогенді контурларды бөлгенде немесе олардың арасында шекара жүргізгенде біршама қиындықтар туғызады. Бұл қиынықтар ТТК-ң жүйенің кеңісіктік-уақыттық қызыметін анықтау болып табылады. Әрбір үлгідегі қателіктер маманның біліктілігіне байланысты болып келеді. Оған мысалы, картада жеке аудандарды бөлуде кеткен қателіктеді айтуға болады /26/.
ТТК-і бөлудің негізгі тәсілдеріне:
А) типолгиялық. Бұл әдісте негізінен зерттелетін объектілердің сыртқы ұқсас белгілер мен өзгешеліктері бойынша жіктеулер жүзеге асады. Жіктеудің нәтижелері картаға енгізіліп, онда объектер ұқсас белгілері бойынша біріксе, керісінше өзгешеліктері бойынша ажыратылады. Осындай жолмен алынған контурлар-изотропты, яғни бұл жағайда барлық жағынан да таңдап алынған белгілер өзгермейді деген сөз.
Бір территорияны типолгиялық бөлудің бірнеше әдістері болады. Дегенмен жер бетін типологиялық бірліктерге бірдей етіп бөлетін әдістер жоқтың қасы. Бірақ карта жасауда типологиялық негіз біршама қарпайым болып келеді. Мысалы, мұндай жіктеулерді орман алқаптарын, шаруашылықты жерлерді жіктеуде пайдаланған қолайлы.
Б) генетикалық. Генетикалық негізде заттар мен олардың қасиеттері табиғи ортаның түрлі факторларының қатынастары тұрғысынан қарастырады. Бірліктердің әсер ететін қасиеттерін табу барысында объектілер бір жүйеге біріктіріледі. Жай түзілімдер шығу тегі бойынша ұқсас объектілерді біріктіреді. Мысалы, бірдей, біркелкі тау жыныстарында және біркелкі жер бедері мен климатта тараған топырақтар мен өсімдік жамылғысы тағы басқа. Н. А. Солнцев бойынша ТТК-і бөлуде генетикалық негіз қолайлы болып табылады. Әрбір ТТК өзінің ерекше тарихи ерекшеліктерімен табиғи комплекстерді құрайды. Мұндай генетикалық үлескелерді біз жалпы ТТК-р немесе табиғи территориялық бірліктер деп атаймыз /33/.
В) функционалдық. Бұл негізде жүйеге зат және энергия ағымының негізінде бірігетін, осы объектіні бір жүйеге біріктіретін функциялды қасиеттері енеді.
Жылы және қоңыржай климат деңгейінде геосистемалар жер беті және жер асты ағынымен ерекшеленеді, яғни мұнда басты көрсеткіш ретінде сулар алынады.
Жер бетіндегі заттардың айналымы бір бағытты иемденген және олар тұйық жүйені түзетіні белгілі. Оларды заттардың келу және заттардың шығу облыстары ретінде тануға болады. Осы негізде заттардың ағымдарының шекаралары геожүйелердің шекараларына сай келеді де геожүйенің бөлінуі геофизикалық мәнге ие болады.
Көбіне ландшафттарды картографиялау әдісі генетикалық біртұтастылық және біркелкілік принципіне негізделген. Өз тұрғысында генетикалық және типологиялық негіз белгілі бір құбылыс түрлеріне байланысты көптеген нақты шешімдер береді.
Ландшафтты территорияның эндетипі ретінде бөлуде екі негізгі әдістер қолданылады /28/.
- кеңістікті өз тұрғысында бірнеше ішкі аудандарға бөлу әдісі.
- ұқсас үлескелерді біріктіру немесе керісінше.
Бірінші жағдайда (жоғарыдан аудандастыру) алғаш табиғи компоненттерді таңдау мен олардың арнайы қасиеттерінің градицияларын анықтаулар жүргізіледі. Градация 5-балл бойынша алынады. Нәтижесінде территориялар бірнеше шартты метоөндіргіш типтерге бөлінеді. Ал екінші жағдайда: объектіні таңдау-ортақ белгілерін ажырату-жіктеу-таралу облысында жеке кластарды немесе олардың бірлестіктерін табу. Объект ретінде жеке нүктелер, яғни белгілі бір үлескелер мен жалпы табиғи жүйелер, кеңістіктегі кез-келген нүктелер алынады. Осылардан кейін ғана объектілердің ең маңызды қасиеттері анықталынады. Кластар таңдап алынғаннан кейін біз объектілерді олардың жеке қасиеттері бойынша топтастыра аламыз. Бұл мақсатта сандық әдістер пайдаланылады. Әрине, алынған әрбір класс үшін картада арнайы орын беріледі де олар арнайы түстермен немесе белгілермен белгіленеді.
Компьютерлік технологиялардың дамуы кеңістіктік мәліметтерді талдауда, қазіргі кезде объектілерді жіктеуде жер бетін жүйелі торлармен жауып жаттатын ұяшықтар (матрица) қолданылады. Бұл торлардың әрбір ұяшығы арнайы өлшемді сызықтар мен географиялық координаталардан тұрады. К. В. Зворыкиннің теориясы бойынша ұяшықтар территорияның ақпарат тасушысы болып саналады. Бірақ бұл бірліктердің бөлінбейтідігін ескере отырып біз оның орнына қарапайым территориялық бірліктер деген терминді қолданамыз.
Аудандарды генетикалық белгілері бойынша бөлуде негізінен, бірінші, осы объектіге әсер ететін факторларды жіктеуден басталады. Дегенмен табиғаттағы белгілі бір жүйелілік пен байланыстылық жоқ болғандықтан да топтастыру бірнеше негізде бір-біріне бағынышсыз жүруі мүмкін.
Кей жағдайларда кеңістікте шектелген жеке үрдістер өз тұрғысында әсер етуші факторлардың ролін анықтау барысында генетикалық негіз функционалдық негізбен түйісіп, оған ұқсас нәтижелер береді. Ол өзінің нақтылығы жағынан типологиялық негізге жақын. Себебі факторларды анықтау барысында типологиялық негіздің жіктеу әдістері пайдаланылатындықтан.
Кешенді физгеографиялық зерттеулер үш кезеңнен тұрады:
дайындық
далалық
камералдық
Қазіргі кезде экспедициялардың технологиялармен жабдықталуы дайындық және далалық зерттеулердің сапасын арттыра түсуде. Жалпы да- лалық зерттеулер жазғы кезеңдерде басталатыны белгілі. Осы кезде алдын ала алынған мәліметтерді нақтылай түсеміз. Мұнда картагафияланатын жерлерді толығымен зерттеледі. Онда алғашқы кезде далалық мәліметтерді жинау мен талдау қатар жүреді.
Далалық зерттеулер барысында өсімдіктер жамылғысын зерттеуде арнайы аудан алынып, оған жан-жақты сипаттама береміз. Онда мысалы, ағаштардың ұзындығы, шөпті өсімдіктердің қалыңдығы мен түрлері тағы басқалары анықталынады. Осы сияқты топырақ қабатын да анықтаймыз. Оның өзіндік ережесі бар.
Алынған мәліметтердің бары картаға енгізіліп, ГАЖ-де жүйеленеді. Сосын келесі тірек нүктелері де дәл осындай әдістермен анықталынады.
Дайындық кезеңнің басты мақсаты; берілген масштабта зерттелетін территорияның алдын-ала ландшафттық картасын құру болып табылады. Бұл кезеңде пайдаланылатын негізгі мәлімет-топографиялық карта мен дистанциялық мәліметтер. Гомогендік үлескелерді бөлу, біріншіден, топографиялық картада жер бедерінің бір типті позициясы ретінде жүзеге асады. Ал дистанциялық ақпараттар күрделі жағдайлармен алынған контурлардың интерпритациясын анықтауда қолданылады.
Алынған карта территорияның типологиялық үлгісі болып есептелінеді. Кейде бұл қосымша ақпараттар (геолого-геоморфологиялық карта, бейнелік тағы басқа) бөлінген құрылым типологияның шығу тегіне анықтауда көп көмегін тигізуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда үлескелердің арнайы кеңістіктік байланыстарын олардың парагенетикалық негізімен түсіндіріледі. Мысалы, опырылымдардың байланыстары және олардың ысырынды конустары.
Территорияның генетикалық трактовкасын міндетті түрде далалық ізденістердің негізінде жүзеге асыруымыз қажет. Себебі кейбір рельеф формаларының генетикалық байланыстары өте қиынға соғады.
Жалпы далалық ізденістерде негізінен 2-мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.
- тірек нүктесін анықтау.
- тірек нүктелерін сипаттау.
Соңғы ландшафтық карта морфологиялық құрылымдарды, осы далалық ізденістерде анықтауда жүзеге алады.
Қорыта келе осы ландшафтық карта жасауда тағы да негізгі міндеттерді атап кетсек:
- Ландшафттың иерархиялық және жүйелік құрылымдарын жан-жақты талдау.
- ТТК-дің кез-келген бірліктерін жіктей білу.
- ТТК-дің сызықтарын бағалау.
- Кез-келген ТТК-дің ішкі күрделіліктерін анықтау тағы басқа.
Жоғарыда талған талаптарды жан-жақты орындау үшін нақтылы, әмбебап, сандық талдаулар қажет. Қазіргі кезде мұндай мәліметтерге жергілікті жердің сандық үлгісі мен ара-қашықтықты зерттеу мәліметтері саналады. Олардың өзін қолданудың түрлі әдістері бар екендігі белгілі. Сондықтан да карталар жасау барысында жоғарыда аталған мәліметтерді ретімен талдап, әрине арнайы әдістердің негізінде, тиімді пайдалана білген жөн. Сол кезде ғана жоғарыда аталған талаптарға картаның мазмұны мен мәні сай келіп, жергілікті жерді ГАЖ-дің көмегімен зерттеу біршама нәтижелі болып шығады.
2.2. Ландшафттық ақпараттардың көзі және оларды талдаудың жолдары
Кез-келген жаңа территорияның ландшафттысын зерттеуде көбіне біздер тек топографиялық карта мен ара-қашықтықта зерттеу мәліметтеріне ғана сүйенеміз. Қазіргі кезде бұл мәліметтер біршама жүйелендірілген және кез-келген территорияға сай келеді. Топографиялық картаның горизонталь сызықтары арқылы жергілікті жердің жер бедері туралы толық түсінік алсақ, ал ара-қашықтықтан зерттеу мәліметтерінен өсімдіктер дүниесі, су, топырақ, антропогендік әсерлер туралы толықтай түсінік ала аламыз. Дегенмен ара-қашықтық суреттердің мәліметтері сөзсіз сандық талдауға тиімді екені белгілі, ал топографиялық картаны жергілікті жердің сандық үлгісіне айналдыру қажет. Содан кейін ғана жіктеулер мен талдауларды жасауға біршама қолайлы болып келеді.
Жер бедерінің картасын космостық суреттерді пайдаланып салуға болатынын жоғарыда атап өттік. Мұндай түсірістерді Ресейлік және Америкалық LANDSAT, Француздық SPOT пен қазіргі кезде Үнділік IRS-тің суреттерін пайдалануға болады. Бір айта кететіні бұндай суреттер қымбат болғандықтан да біз ондай суреттеді пайдалана алмаймыз. Дегенмен мұндай суреттерді интернет жүйесі арқылы да ала алатынымызды ескеруіміз керек.
Зерттеліп отырған жұмыста космостық суреттер пайдаланылмағандықтан кейін біз ара-қашықтықтан алынған мәліметтерді қалай талдау керек екендігіне тоқталған жоқпыз.
Жалпы жер бедері жылу мен ылғал тарататын басты фактор болып табылады. Сондықтан да ТТК-дің шекаралары көбіне жер бедерінің формаларына сай келеді. Сонда да жер бедерін ландшафтты дифференцациялауда түгелімен дерлік пайдалануға болмайды. Жер бедерінің горизонталь сызықтары арқылы қалай жұмыс атқару қажеттігіне көптеген әдебиеттер арналған. Сол әдебиеттер негізінде жер бедерін анықтау оңайға түседі.
Жер бедерін көзбен барлау (визуальный) әдісі негізінде жіктегенде топографиялық картада алғашқы болып өзен арналары мен эрозиялық жерлер бөлінеді. Өзен аралық үлескелер түрлі беткейлік формалары бойынша бөлінеді. Мысалы, тік, еңістігі, көлбеулігі тағы басқа. Дегенмен бөлініп алынған контурлар ландшафттық бірліктерге сай келеді деген пікірлер бар. Оны былай түсіндіруге болады, ландшафт түзуші үрдістердің ерекшеліктеріне сай жер бедері бірыңғай келеді. Сондықтан да контурлар біркелкілігімен ерекшеленеді. Көзбен барлау әдісі мұндай контурларды қате деп санамайды.
Қазіргі кезге дейін геоморфологтар мен картографтардың алдында жер бедерінің элементтерін анықтауда қолданылатын әмбебап өлшемдер табылмаған. Кеңістіктік жер бедерінің үлгілері мен талдаулар бірте — бірте жер туралы ілімдердің зерттеу объектілерінің біртұтас бөлігіне айналып барады.
Мұндай үлгілеулер Жер туралы ілімдерде көп аттарға ие емес. Мысалы, ағылшын әдебиеттерінде оны «Жер бедерінің сандық талдауы» және «геоморфометрия» немесе “сандық геоморфология” деп те атайды /13/.
Қазіргі морфометрияның зерттеулері негізінен сандық үлгілер арқылы жүреді. Ал географиялық объектілердің сандық үлгісі негізіне мәліметтер мен олардың құрылымдарын бейнелеу әдісі алынады, олар объектіні интерполяция, аппроксимация немесе экстраполяциялық жолмен анықтауды, талдауды ұсынады /13/. Жер бедері тұрғысында мұндай үлгілерді біз жер бедерінің сандық үлгісі деп атаймыз.
Мәліметтердің көзі мен үлгіленудің әдісіне байланысты екі түбірімен өзгеше әдістерді ерекше атап кетуге болады. Олардың біріншісі: бұл әдіс ара-қашықтықтан өлшеу әдісі. Бұл облыста көптеген зерттеулер жүргізілген, нәтижелері өте дәл және қанағаттанарлық. Дегенмен бұл әдістің өзіндік қиындықтөзіндік қиындықт техникалық құралдардың жетпеуі немесе сай келмеуі. Екінші әдіс: жер бедерінің үлгісін топо негіздегі сандалған сызықтарды интерполяциялау жолымен құру. Оның негізгі кемшілігі-нәтижелердің дәл келмеуі. Бірақ — та осыған қарамай — ақ бұл әдіс кеңінен қолданылуда. Себебі біздер жергілікті жердің жер бедері туралы түсінік алуда міндетті түрде топо карталардағы сандық мәліметтерге сүйенетініміз белгілі.
Жер бедерінің барлық интерполяциялық алгорифмдерін екі топқа бөліп қарастыруға болады.
1.Делон интерполяциясы негізіндегі триангуляция
2.Интерполяцияның өзге де әдістері, мысалы, крикинг, плайн тағы басқа.
Жер бедердің үлгіленуінің өзге де әдістеріне: ТІN; GRID; TGRID жатқызуға болады. Енді төменде осыларға жан-жақты тоқталсақ.
ТІN-жүйелік сызықтық тор; Делонның триангуляциясына сай үшбұрыштар жүйесін толығымен жауып қалмайды. Ал мұндағы үш бұрыштардың ұштары тірек нүктесі болып табылады. Жер бедері бұл жағдайда көп грандты болып келеді. Әрбір гран қызымет сызығын бейнелейді /18/.
GRID- грид, үлгі, өз тұрғысында мәліметті биіктік негізінде матрицада бейнелейді. Ал матрицаның әрбір ұяшығында мәліметтер интер- поляцияланады /4/.
TGRID-ТІN-үлгісі мен GRID үлгілерін біріктіретін үлгі.
Триангуляциялық үлгінің өзгешелігі болып онда мәліметтердің қайта өңделмеуі табылады. Бұл бір жағынан тиімді себебі, қателіктер үлгі тарапынан емес, маманның тарапынан кететіндіктен. Бұл интерполяцияның ең бір тиімді әдістерінің бірі. Қазіргі кезде ең бір етек алып бара жатқан үлгі-жүйелі матрица үлгісі. Аталған үлгі өзіне жоғарыда аталған екі әдістің тәсілдерін біріктіре отырып қосымша мәліметтер пайдалануға мүмкіндік береді.
Интерполяция әдісі ретінде кригинг алынады. Бұл әдіс нақты интерполяторлаушы болып табылады. Біз қарастырған өзге де әдістерге қарағанда бұл әдіс жер бедерінің формаларын нақты горизонтальдар арқылы бейнелеп береді. Дегенмен бұл әдісте қателіктер көбіне опырылымдар мен беткейлерді бейнелеуде жіберіледі.
Барлық интерполяциялық алгоритмдер мәліметтердің біркелкі таралуына негізделген. Жалпы горизонтальдарды сандағаннан кейін ғана биіктік белгілер сызықтар бойынша жүйелендіріледі. Сондықтан да горизонтальдардың маңында жатқан нүктелердің мәндері жүйелі торлардың тораптарында осы горизонтальдарың мәніне жақын келеді. Ал екі көрші горизонтальдардың арасында жатқан нүктенің мәнін анықтауда интерполяция түрлі нүктелердің мәнін пайдаланады, әрине бұл жағдайда қателіктер біршама аз болып табылады. Мұндай жағдайдағы қателіктер көбіне жазық жерлер мен дөңесті жер бедерлерінде, яғни горизонталь торлары сирек кездесетін жерлерде болады. Интерполяцияның алгормтмдерін пайдалану шегінде мұндай қателіктерден тек РСҮ-нің (рельефтің сандық үлгісі) торларының көлемдерін өзгерту арқылы ғана құтылуға болады.
Жалпы жер бедерінің сандық үлгісі жер бедерінің әрбір нүктесіне бір ғана қасиетті-абсолюттік биіктікті иемденеді. Көрші нүктелерді салыстыру арқылы сол нүктенің айналасы туралы жалпы түсінік алуға көп көмегін тигізеді. Қазіргі кезге дейін жер бедерінің морфометриясын зерттеуде екі тұжырым қалыптасқан:
1.Геоморфологияда пайдаланылады. Бұл тұжырымда жер бетінің бедерін және даму тарихын, шығу тегін анықтауда жер бедерінің геометрикалық қасиеттері пайдаланылады
2.Ландшафттану мен топырақтану ғылымдары негізінде дамыған. Жер бедерінің негізінде түрлі табиғи үрдістердің морфометрикалық қасиеттерінің арасындағы қызыметтік байланысына негізделеді. Оған П. А. Шарым, Г. А. Курякова (1991ж) өзінің еңбектерінде жан-жақты тоқталған.
Ал жер бедерін морфометриялық тұрғыда зерттеуде қызметтік (функционалдық) негізді пайдалану топырақтық, геоботаникалық, ландшафтық карта жасауда қолданылады.
Әртүрлі аймақтың жер бедері және ландшафттысы әркелкі болып келетіні белгілі. Дегенмен топырақ пен өсімдік жамылғысының өзгешелігі көбінесе жер бедерінің параметрлеріне сай бола бермейтіндігін ескеруіміз қажет. Ескеретіні бір масштабтан екінші масштабқа ауысқанда бұл бағыныштылықтар да ауысып отырады. Сондықтан да дайындық кезеңдерінде жер бедерінің параметрлерін пайдалана отырып тақырыптық карталар жасау тек сынақ екенін ескерген жөн. Ал далалық зерттеулерден кейін бұл карталар нақтылана түседі.
Біршама әмбебап морфометрикалық қасиеттер ретінде-тік жарлылық, көлденеңдік және вертикальдық қисықтықтар, суайрықтың аудандары алынады.
Жалпы жер бедерін талдауда беткейлердің еңістіктері де анықталады. Бұл тұрғысында техникалық қиындықтардың кездесетінін ескеру қажет. Мысалы, шкаладағы 0-360 гарустық солтүстіктік нүкте кері мәнге ие: 0 және 360 градусқа ауысады. Сондықтан да мұндай кездерде біршама ұқыпты болған абзал. Себебі осындай жіберілген қателіктер маманның біліктілігін көрсететіндіктен де үлкен қателік болып табылады. Міне сондықтан да картаның соңында мұның оғаштау болып көрінетіні де сондықтан. Ал ол тек картаның бетінде ғана емес, зерттеулер барысында да, мысалы, контурларды бөлу кездерінде де көптеген кері әсерлерін тигізеді.
2.3.Территорияның иерархиялық құрылымын анықтау әдістері
1940ж бастап ғылымда иерархияға деген көзқарас біршама кеңейе түсті. Оның екі негізгі себебі бар: тәжірбиелік және түбірлік (фундаментальдық).
Тәжірбиелікте адам әрекетіне табиғаттың тұрақтылығын арттырудың негізгі көзі-табиғатпен бірлесіп жұмыс атқару деген тұжырымға сай келеді. Ал екінші түбірлік негізде тек белгілі бір деңгейлердің иерархиясы ғана емес, жалпы кеңістіктік иерархияға негізделеді. Бұл аталғандар кез-келген картаның талаптарына сай келеді, ландшафтық картаның да.
Жалпы иерархиялық жүйенің өзін осы жүйенің бөліктері арасындағы қатынас деп танысақ, ондағы жүйелердің бөліктерінің өзі бөліктердің бөліктерінен құралғандығы белгілі. Осы тұжырымдарды Ю.Г.Пузаченконың еңбектерінен көп кездестіруе болады.
50 жылдары орыстың ландшафтық мектебінің талдауынша ландшафттың кеңістіктік иерархиясының бірлестіктерінің феномені сол кездің өзінде барлық ландшафттардың басты зерттеу көзі болып табылды /32/. Бұл тұрғысынан алып қарағанда ландшафтың иерархиясы жер бедерінің геологиялық құрылымы мен иерархиясын жан-жақты түсіндіріп береді.
Иерархия туралы түсінік ландшафттардың экологиялық тұжырымдарының да негізін құрайды. Иерархиялық теорияның құрылымы бұл бағытта 3-компонентті біріктіреді:
Төмен деңгейдегі түсініктер (неразложимые).
Кеңістіктік құрылымдар мен үрдістердің енуі туралы түсінік.
Енген құрылымдардың қатынастарының ережелері.
Жалпы жоғарғы иерархиялық деңгейге біршама төмен сапалы, уақытша ауытқулар тән.
Бұдан 4-негізгі мәселені ерекше атап өтуге болады.
- Иерариялық деңгейлердің өлшемдері арасындағы бағынышты- лығы, оның уақыттың қатынасы мен әсер ету облысына қалай әсер етулігі туралы түсініктер.
Кеңістіктік және қызметтік иерархияны қандай әдістермен зерттеу.
- Кеңістіктік және қызметтік иерархияны қандай әдістермен зерттеу туралы.
- Иерархиялық деңгейлерді адамдардың меңгере білуі.
- Ортаңғы деңгейлі ландшафттық мәселелер.
Енді ландшафттық деңгейлерге жан-жақты тоқталсақ. Табиғатта қарапайым элементтерден құралған жүйелер жай физикалық заңдылықтармен толық зерттелуі мүмкін, ал күрделі жүйелерді зерттеуде немесе бейнелеу тек статистикалық әдістерді қолдану арқылы ғана жүзеге асады.
Ландшафттық экологияны зерттеу, гидрология және метеорологиялық зерттеулер көрсеткендей кеңістік пен уақыттағы белгілі үрдістер кейбір басымдылық тенденцияларына ие болып келеді. Бақылай келе, бір масштабта жүргізілген бақылаулар тек сол зерттеулер алынған масштабқа ғана тән кеңістіктік және үрдістерді ғана бейнелейді. Бұл табиғаттың күрделі комплекстеріне зерттеулер жүргізу үшін, оны түрлі масштабта жүргізу керектігін көрсетеді. Сонда да таңдап алынған масштабта түрлі нәтижелер пайда болады, бұл әрине ландшафттың кеңістіктік құрылымына байланысты. Географияда бұл эффект масштабтың ауытқу мәселесі деп аталады.
Масштабтың негізгі қасиеттеріне кеңістіктік таралу мен кеңістіктік басылым тән. Кең аумақтық қамытулар нақты түсініктер бере алмайды, бірақ кең көлемді мәліметтер береді. Кейде кеңістіктік таралулар мен кеңістіктік қамтулар бір-бірінен белгісіз негізде өзереді және ландшафтты құруда кеңістіктік құрылымдар мен үрдістерді анықтауға көмек береді.
Территорияның иерархиялық құрылымын анықтаудың түрлі алгоритмдері бар. Мысалы, геостатистикалық әдіс. Бұл әдістердің басты құралдарының бірі-вариограмма. Оны кеңістіктік құрылымның өлшемдері мен санын, бейненің жалпы құрылымы мен орналасу орнын және тағы басқаларын анықтауда қолданады. Вариограмма кеңістіктік статистикалық есептер негізінде облыстық өлшемдері бейнелейді, ал ондағы өлшемдер бір-біріне көрсеткіштері бойынша жақын келуі шарт. Бұл әдістің тиімділігі оның математикалық есептеулерінің қарапайымдылығында. Ал кемшілігі жергілікті жерлердегі сирек орналасқан объектілерге деген сезімділігінің төмендігі. Және де мұнда келесі иерархиялық деңгеуді анықтау үшін міндетті түрде бейненің өлшемдерін көзбе-көз өлшеп отыру қажет. Сонымен қатар есептеулер барысында ваиограмманың әрбір қадамын есепке алу қажет.
Жоғарыда аталғандармен қатар геостатистиканың екінші бір әдісі-бейненің түрлі өзгешеліктерін ажыратуда қозғалмалы терезе әдісін пайдалану болып табылады. Егер терезенің өлшемі біршама кең таралған құрылымның орта сызықтарының өлшемдеріне сай келсе, онда жоғарғы деңгейлі нақты өлшемдер ала аламыз деген сөз. Қандай да заттың кемшілігі болытыны белгілі сондықтан да оларды атап кеткен жөн. Себебі осы әдістерді пайдаланушылардың ең тиімдісін пайдалануы үшін. Бұл әдістің бір кемшілігі: алуан масштабты құрылымдардың өлшемдерін анықтау үшін міндетті түрде осы қозғалмалы терезелерді жүйелі түрде орналастыру қажет.
Жалпы аумақтың иерархиялық құрылымдарын анықтаудың негізгі міндетіне-аумақтың ақпараттылығы енеді. Әрбір иерахиялық деңгейді типологиялық жіктеуде қарапайым территориялық бірліктердің аудандары осы деңгейдегі құрылымдардың өлшемдерінен біршама төмен болу қажеттігін ескеру қажет. Онда аумақтың қарапайым бірліктерінің де қарапайым болуы қажет, яғни біртұтас. Кез-келген иерархиялық деңгейдің жіктелу бірліктері біркелкі болып келуі мүмкін, егер оған енетін қарапайым территориялық бірліктер бір-біріне ұқсас болса.
Негізінен қарапайым территориялық бірліктердің бірінші иерархиялық деңгейдігі ірі масштабты жіктелулері функцияның өлшемдеріне сай келуі қажет және де олардың ішкі қасиеттері де бір-біріне ұқсас болғаны дұрыс. Себебі кластарды жіктеу барысында біздер ортақ белгілерге тоқталатынымыз белгілі. Алайда ортақ белгілердің әрқашанда біркелкі болып келетін кездері сирек кездеседі, ол туралы жоғарғы тарауларда айтылған болатын. Сондықтан да олардың ішкі қасиеттері бір-біріне ұқсас болсын деуі де орынды.
Қарапайым территориялық бірліктердің ең жоғарғы деңгейлерін жіктеу үшін өзіндік ерекшліктері бар кешендердің төмен деңгейлі бірлестіктерін аламыз. Мұнда да қарапайым территориялық бірліктердің өлшемдерінің жіктелу деңгейлері болуы шартты.
Иерархиялық деңгейлерді анықтауда спекторлық әдістер де пайдаланылады. Онда көбіне жер бедерінің абсолюттік биіктіктеріне ерекше тоқталады. Жер бедерлерінің биіктік деңгейлерін біз спект орлардың белгілі бір түстері арқылы ажыратамыз. Оның арнайы әдістері бар, соның негізінде барлық зерттеулер жүзеге асырылады. Оларды білмейінше бұл әдістерді пайдалану мүмкін емес және де ешқандай нәтижие ала алмаймыз. Біздің жұмысымызда ондай әдістер қолданылған жоқ. Сондықтан да осы аталған екі әдіске тек шолу ретінде ғана тоқталып отырмыз.
Жоғарыда талған өлшемдердің барлығы қарапайым территориялық бірліктердің жер бедерінің және тағы басқа бірліктерінің қарапайым өлшемдерін көрсетеді. Олардың типологиялық жіктелулерінің нәтижесі болып, жер бедерінің типтік картасы саналады. Алайда осы жіктелінулердің қайталануы жер бедерінің күрделі формалы екендігін көрсетеді. Келесі иерархиялық деңгейдің бірліктерінің жіктелінуі жер бедерінің типтеріне сай келеді. Жер бедерінің типтері жер бедер формаларының кеңістікте таралу заңдылығына бағынады. Сондықтан да жіктеулер осыдай типтер арқылы жүргізіледі. Жіктелулердің себебін түсіну үшін тек кеңістіктік тұрғыда ғана емес, жер бедерлердің типтері мен жер бедерлердің формаларына да мән берген жөн. Сол кезде ғана жіктелулер біршама нақтылы болып табылады.
2.4.Жер бедерін жіктеу тәсілдері мен жіктелулері
Жер бедерін жіктеуде қолданылатын әдістер өте көп. Олардың негізінде көптеген бір-бірімен қиылыспайтын ұқсастықтарды бөлу болып табылады . Мұндай өзгешелік жіктеудің синтетикалық пен аналитикалық әдістерінің арасында байқалады. Жалпы аналитикалық әдісте зерттеуші зерттелетін нысаналарды топтар ретінде қараудан бастайды. Алғашында бұл топтар екіге бөлінеді. Мұндай әдістердің мәнінде түрлі өзгешеліктер құралады. Керісінше синтетикалық әдіс топтарға бірігетін жеке объектілерді зерттеуден басталады. Мұнда «жергілікті» мәнде өзгешелік мәндер басым болып табылады. Кез-келген жағайдағы жіктеулер көптеген жіктелетін жеке элементтердің ұқсас белгілерін топтастыру негізінде жүзеге асады.
Элементтер арасындағы ұқсастық пен өзгешеліктерді айыру өлшемдер арқылы жүзеге асады. Метрикалық негізде жіктелетін қарапайым объектілердің арасындағы ара-қашықтық басты рол атқаратыны белгілі. Сондықтан да онда өлшемнің екі типі қолданылады.
- Салыстырмалы объектілердің көп өлшемділігі бойынша дистанциялық өзгешелігі.
- Салыстырмалы объектілердің формларының дистанцияық өзгешелігі /26/.
Ал көлем бойынша салыстырулар белгілі аралықта жүзеге асады да арнайы формулалармен шешіледі. Объектілерді осыған ұқсас түрде салыстыру дистанциялық тұрғыда түрлі корреляциялық коэффициенттер типін немесе скалярлық туынды векторларды пайдалану арқылы жүреді. Жалпы метриканы таңдауда біз біршама жүйелердің бірлестіктерінде қандай қатынас барлығына сүйенеміз.
Жер бедерін жіктеуде бір-бірінен мүлдем өзгеше екі жіктелетін объектіні алу қажет, яғни қрапайым жер бедерін және жербедерінің формасын. Қарапайым жер бедерлерінің жіктелулері 2-негізде жүреді:
- Жер бедерлерінің қарапайым бөліктерін сипаттайтын морфометриялық белгілерді салыстыру арқылы.
- Нүктелердің абсолюттік және салыстырмалы биіктік мәндері арқылы /26/.
Бірінші жағдайда биіктік мәніне сай келетін қисық сызықтардың еңістігі және көлбеулігі аудандардың стандарттығымен сай келеді. Жер бедерлерінің жіктелулерін екі өлшемді спектірдің көмегімен де жүргізуге болады.
Жоғарыда аталған тәсілдердің арқасында алынған қарапайым жер бедерінің типтік картасы ландшафттық картаның негізі ретінде табылады. Осыны пайдаланып кез-келген жердің картасын жасауға болады.
Жер бедерін көзбен шамалап бөлгенен көрі горизонтальдардың көмегімен алынған жіктеулердің көптеген жақсы жағын атап өтуге болады, әрі олар өте нақты болып табылады. Оларға мысалы, шекаралардың сызықтарының нақтылы, әрі дәл болуын, жер бедерінің формаларының және параметрлерінің дәл көрінетіндігін айтуға болады. Осындай жолдармен алынған контурлардың ендігі кезекте сематикалық мазмұныне сематикалық мазмұнын бекіту қажет. Әрине бұл оңай емес. Мұндай кездерде көптеген әдістер пайдаланылады. Бірақ олардың өзі зерттеушінің пайдаланған әдістері мен мәліметтері негізіне байланысты болады. Енді алынған кластардың семантикалық мазмұндарын жасаудың негізгі деген әдістеріне тоқталсақ:
Априорлық әдіс-ол типтердің өздерінің жеке қасиеттері арқылы ауыспалы түрде жіктелетін интерпретациялық негіз. Бұл әдіс көбіне карта жасаудың алдындағы, алғашқы кезеңдерде қолданылады. Бұл кезде кластардың бейнеленуі әлі далалық зерттеулер жүргізілмеген кездерде алдын-ала болжамдар ретінде жасалады. Әрине олар кейінен толықтырылады.
Жер бедері үшін әрбір класс өзінің орташа морфомертиялық мәндері бойынша жылдам идентификациялануы мүмкін. Егер де кластардың еңістену бұрышы нол мәніне ие болса, көлденеңдік және вертикальдық қисық сызықтары жазықтықты білдіреді. Ал егер де кластардың беті дөңес болса, онда ол қолатты немесе дөңесті элементтерді беретіні белгілі. Осы арқылы жердің орографиялық негізін тануға болады. Осы кездерде жіберілетін кейбір қателіктер кеңістікті көзбен көру арқылы құрастырылулардан болатыны белгілі.
Кластардың кейбір өзіндік ерекшеліктерін олардың су көздері арқылы тануға болады. Онда негізгі орынды табиғаттың табиғи ылғалдылығы алады. Осы арқылы судың тереңдігі, ағысының жылдамдығын болжауға болады. Сол сияқты жер бедерінің ағыстарын да анықтауға болады. Осы әдісті спекторлық суреттерді жіктеуде пайдалансақ, онда біз спектордың каналдары мен дихотомдық жіктеулерді пайдаланамыз. Дегенмен бұл әдісті тек жіктеулердің алдыңғы деңгейлерінде ғана пайдаланамыз (10-24 класс). Ал көп санды кластарда бұл әдісті қолдану шектелінеді. Себебі трактовкалық жарық мәнінің біркелкі еместігі мен олардың түрлі каналдарда бір-біріне сай келмеуінен. Априорлық және спекторлық әдістің көмегімен орман, батпақ сияқты түрлі табиғи кластарды анықтауға болады.
Енді келесі әдістерге тоқталса:
Интерпретация әдісі-бұл әдіс сандардың дешифрирленуінде далалық зерттеулердің мәліметтерін пайдалану арқылы жүреді. Бұл жағдайда әрбір кластардың шегіндегі тірек нүктелерінен алынған мәндері пайдаланылады. Бұлармен бірге жер бедерінің ерекшеліктері де пайдаланылады, мұнда бір ескеретіні жер бедерін пайдаланғанан кейін өсімдік және жануарлар түрлерін пайдалануды да ұмытпаған жөн. Бұл әдістердің кемшілігі өзге кластардың алынған мәліметтерінің жоқтығында. Және де оларды қолданылмауы. Бұл әдістердің априориялықтан бір ерекшелігі статистикалық талдаулармен жүзеге асуы. Оларға:
Дисперсиялық сараптау. Бұл сараптаудың басты мақсаты әрбір алынған кластардың біртұтастығын түсіндіру болып табылады. Әрине біртұтастық бұл жерде географиялық заңдылықтар негізінде беріліп тұр. Жалпы талдаулар дисперсиялық салыстырулар негізінде құрылады, жүзеге асады. Олардың белгілі бір кластарға жатуы арқылы жалпы дисперсиялық бірлестіктер пайда болады. Негізінен дисперсиялық талдау текстатистикалық тұрғыда ғана кластардың параметрлік және ауыспалы түрліліктерінің жиынтықтарын көрсетеді. Идентификацияның мақсаты үшін әрбір кластардың мазмұны біршама дисперсиялық сараптаудың парамертларіне емес аналогна сай келеді екен.
Көптік регрессия. Әрбір тірек нүктесіне сканерлік суреттің оптикалық тығыздығы сай келетін оның әрбір қарапайым элементтері болып табылады. Әрбір ауыспалы тірек нүктелерінде бұл әдіс пайдаланылып отырылады. Бұл әдісті негізінен спекторлық түсірістерді пайдаланған да ғана қоладануға болады. Кемшілігі де осында.
Дискриминтальдық сараптау-ауыспалылықтың өлшенген қызыметін қалыптастыруға септігін тигізеді, объектілерді топтастыруда жіктеу, бөлу ережелерін бейнелейді. Мұндай қызымет жіктеудің сапасын бағалауға көмектеседі. Сонымен қатар мұнда объектінің қандай ерекшеліктерде дамитынын және топтарға енбейтін кластардың қасиеттері бойынша осы кластарды көрсете алады.
Мұнда белгілі мазмұны бар кластарды эталон ретінде алады да, ондағы дискриментальдық әдіс кластардың нөмерлерін және шекараларының сызықтық үйлесімділігін көрсетеді. Осы әдіспен біз эталонды кластарды анықтасақ, осы әдіспен керісінше кластарды да анықтауымызға болады.
Осындай әдістердің негізінде алынған мәліметтер арқылы картаның соңғы, ақырғы легендасы жасалынып, дегенмен карталарды жасауда ГАЖ-лердің мәліметтерін пайдаланамыз. Онда мәліметтер базасында олар өңделініп біз олардың сандың түрін ғана карта бетіне түсіре аламыз. Нәтижесінде ақырғы карта алуға болады немесе белгілі бір территорияны жан-жақты зерттеп шықтық деп айта аламыз.
Бір ескеретіні осы карталарды ГАЖ-лерге мәлімет ретінде пайдалануға болатындығы. Біз өзіміз зерттеулер барысында ГАЖ-лерде өңделініп жасалған мәліметтерге сүйендік, әрі қазіргі өзгерістерді еңгізе отырып мәліметтер базасын құрдық. Нәтижесінде аймақтың ландшафттық картасын және антропогендік өзгерістер картасын жасап шықтық.
Мұнда белгілі мазмұны бар кластарды эталон ретінде алады да, ондағы дискриментальдық әдіс кластардың нөмерлерін және шекараларының сызықтық үйлесімділігін көрсетеді. Осы әдіспен біз эталонды кластарды анықтасақ, осы әдіспен керісінше кластарды да анықтауымызға болады.
Осындай әдістердің негізінде алынған мәліметтер арқылы картаның соңғы, ақырғы легендасы жасалынып, дегенмен карталарды жасауда ГАЖ-лердің мәліметтерін пайдаланамыз. Онда мәліметтер базасында олар өңделініп біз олардың сандың түрін ғана карта бетіне түсіре аламыз. Нәтижесінде ақырғы карта алуға болады немесе белгілі бір территорияны жан-жақты зерттеп шықтық деп айта аламыз.
Бір ескеретіні осы карталарды ГАЖ-лерге мәлімет ретінде пайдалануға болатындығы. Біз өзіміз зерттеулер барысында ГАЖ-лерде өңделініп жасалған мәліметтерге сүйендік, әрі қазіргі өзгерістерді еңгізе отырып мәліметтер базасын құрдық. Нәтижесінде аймақтың ландшафттық картасын және антропогендік өзгерістер картасын жасап шықтық.
- СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ТӨМЕНГІ БӨЛІГІ ГЕОЖҮЙЕЛЕРІН ГАЖ – ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ЗЕРТТЕУ
Қазақсандағы ірі де, маңызды өзендердің бірі – Сырдария. Бұл аймақ ежелден игеріліп, адам баласының қоныстанған жері. Бұл өңірді көптеген зерттеген. Ең алғашқы зерттеулер бұл өңірді мекендеген адамдардың тіршілігімен байланысты болды. Соның ішінде өзен жағасына мекендеген халықтың егін егіп, мал шаруашылығымен айналысуы зертеушілерді өзіне аударды. Уақыт өте келе ғалымдар бұл өңірдің табиғатының қалыптасу ерекшелігін, онда жүретін әртүрлі процестерді зерттеп, еңбектерін жарыққа шығарды.
Бұл жұмыста біз осы зертеулерді пайдаланып осы өңірдің табиғатын қазіргі замандық геоақпараттық технологияларды пайдаланып сипаттау. Бұл тараудың мақсаты – Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ-дің көмегімен зерттеу:
- Аймақтың ландшафттық карасын, құрылымдық-генетикалық легендасын жасау;
- ГАЖ-ні пайдаланып аймақтың техногендік ластану картасын жасау;
- ГАЖ-ні пайдаланып аймақтың модификациялық картасын жасау;
- Зерттеп отырған нысанның табиғат кешенін жақсарту жолдарын қарастыру.
3.1. Аймақтың ландшафттық карасын, құрылымдық-генетикалық легендасын жасау
Ландшафттық карта жасауда бірінші, зерттелетін нысанның топо картасын және тағы да басқа көптеген карталар пайдаланылады. Табиғат ерекшелігін сипаттайтын ғылыми еңбектер негіз болады.
Ландшафттар контурын жүргізгенде бірінші, ол жердің жер бедеріне көңіл бөлу керек, екінші, сол жерде тараған өсімдік дүниесі мен топырақ жамылғысына назар салу керек, т.б. ерекшеліктерге байланысты бөлуге болады.
Аймақты зерттеу барысында 25 ландшафттық контур алынды (карта-1). Типологиялық жіктеу бойынша оларды салыстырмалы төмен түскен жазықтар, көтеріңкі жазықтар және аңғарлы ландшафттар деп бөлеміз. Аймақтық ең көп бөлігін (сол жақ жағалауын түгелдей) алювиальды жазық алып жатыр. Онда алювиальды тегіс жазықтар, алювиальды-пролювальды жазықтар, алювиальды көлдік жазықтар, алювиальды көлбеу жазықтар, эолды жазықтар тараған /37, 39/.
Салыстырмалы төмен түскен жазықтар.
1.Құба топырақтағы жусанды-тұзды өсімдіктер тараған саз, әктас, құмайт құмтастармен құралған теңіздік жазық.
2.Сұр-құба топырақтағы тұзданған өсімдіктер тараған сазды және сорланған төмен түсулер.
3.Жайылма-шалғынды және қойнаулы-шалғынды, сор торырақтағы жу- санды-тұзды, қамысты және түйнектасты өсімдік тараған сазды, саздақты, құмды болып келген алювиальды тегіс жазық.
4.Сор және тақырлардағы шалғынды-батпақты топырақтағы тоғай типті өсімдік тән көптеген арналы, арна аралық төмен түсулер саздармен, саздақ жәнеқұмдармен құралған атыраулы, алювиальды жазық.
5.Алювиальды және шалғынды-батпақты топырақтағы қамысты және түйнектасты өсімдікті, тақыртәрізді топырақтағы қара сексеуіл, еркек жусан, бұйырғынды өсімдік тараған сазбен, саздақпен және құмнан құралған әлсіз бөлшектенген алювиальды жазық.
- Құмдардағы және тақыртәрізді топырақтағы бұйырғынды, қара жусан- ды өсімдік тараған қара сексеуілмен бірге құмды және саздақты болып келген алювиальды көлбеу жазық.
7.Жайылма-шалғынды және шалғынды-батпақты топырақтағы қамысты, түйнектасты өсімдік тараған саздақ, саз, құмнан құралған алювиальды жазық
8.Тақыртәрізді топырақтар қатысуымен және сортаңды сор және құба то- пырақтағы сұр жусан, баялышты-сұр жусан, кейреуікті-сұр жусан, бұйырғын, қара жусанды-бұйырғын өсімдіктері тараған саздақты, құмайтты, сазды бөл- шектенген алювиальды-пролювиальды жазық.
9.Кәдімгі құба топырақтағы еркек-жусанды өсімдікті саздақтан, құмнан, саздан құралған әлсіз бөлшектенген алювиальды көлдік жазық.
10.Сор және тақырлардағы құба-сортаң топырақтағы жусанды-тұзды өсімдік тараған гипсті сазды, саздақ болып келген тұзды көлді, алювиальды көлдік жазық.
11.Құмдағы аралас сексеуілді, эфемерлі, терескенді және сұр жусанды өсімдікті, тұйықталмаған құмды жерлері бар жүйектелген-ұяланған эолды жазық.
12.Бұл да сондай, құмдағы және тақыртәрізді топырақта қарасексеуіл, сұр жусанды-қара сексеуілді өсімдіктер тараған.
13.Құмда және тақыртәрізді топырақта сексеуіл және эфемерлі-жусанды өсімдік тән жүйектелген эолды жазық.
14.Кәдімгі құба топырақтар тараған құмдардағы дәнді-құмды-жусанды өсімдікті дөңді тізбектелген эолды жазық.
15.Құмдағы және тақыртәрізді топырақтағы дәнді-сұр жусанды өсімдікті эолды жазық.
16.Бұл да сондай, құмда ақ сексеуілді, жүзгінді,эфедра және жусан өсімдіктері тараған.
17.Тақыртәрізді топырақтармен бірге санағанда құмдағы аралас сексеуілді эфемерлі, терескенді, сұр жусанды, жүзгінді өсімдікті дөңесті-тізбекті эолды жазық.
Көтеріңкі жазық ландшафттары.
18.Толық жетілмеген сұр-құба топырағымен қоса санағанда сұр-құба эро- диралық топырақтағы баялыш, сұр жусанды-баялышты, тұрандық жусанды- баялышты өсімдік тараған саздан, әктастан құралған қат-қабатты жазық.
19.Тақырлардағы және құба-сортаң топырақтағы сұр жусанды, дәнді-сұр жусанды өсімдікті құламалы қат-қабатты жазық.
20.Құммен бірге құба топырақтағы қара сексеуіл, сұр жусанды-қара сек- сеуіл, кейреуікті-қара сексеуіл өсімдіктері тараған құрамы сақдан, әктастан тұратын эрозиялық қалдықты қат-қабатты жазық.
21.Құба топырақтағы сұр жусан, эфемерлі-сұр жусан, бұйырғын өсімдік- тері тараған, құрамы саздан, құмнан, құмайттан тұратын құламалы қат-қабат- ты жазық.
22.Кәдімгі сұр-құба топырақтағы баялышты, сұр жусанды өсімдікті қат- қабатты жазық.
23.Сұр-құба және сортаң, тақыр тәрізді топырақтағы эфемерлі-сұр жусан- ды, баялышты-сұр жусанды өсімдікті қат-қабатты жазық.
24.Толық жетілмеген құба топырақтағы сұр жусанды, эфемерлі, баялыш- ты, бұйырғынды өсімдіктер тараған сазды, әктасты, құмды болып келген, күшті тілімденген устіртті жазық.
Аңғарлы ландшафт.
25.Алювиальды-шалғынды топырақтағы тоғайлы, құмнан, саздақтан құралған жайылма /2/.
Алювиальды жазықтарда сұр, сұр-құба, тақыр тәрізді топырақтар тараған құмды, саздақты, шалғынды-батпақты, тақыр тәрізді өңірлерде сұр жусан, бұйырғын, баялыш тәрізді өсімдіктер дүниесі бар.
Алювиальды көлбеу жазық Жаңадария өзенінің екі жағын ала орналасқан. Құмды тақыр тәрізді топырақ түрлері басым.
Аридті жағдай қалыптасқан Сырдария өзенінің алабындаэолдық ландшафттар да басым. Эолды жазықтар аймақтың көп жерлерінде кездеседі, әсіресе оңтүстік-шығыста. Мұнда құмдардағы сүр жусанды, сексеуілді бірлестіктерде эолдық дөңесті атызды жазықтар қалыптасқан. Олардың көбі жыл бойғы жайылым үшін пайдаланылады. Жазықтарда-құмды, тақырлы топырақтарда эфемерлі, теріскенді, сұр жусанды, дәнді, ақ сексеуілді, жүзгінді өсімдіктер кездеседі.
Көтеріңкі жазық ландшафттары 7 контурмен берілген. Бұл негізінен зерттеліп отырған нысанның солтүстік-шығыс өңірінде тараған. Морфологиялық жағынан қат-қабатты болып келген. Құмнан, саздан, құмайттардан, күшті тілімделген үстірттерден тұрады. Жазақтарда ең көп кездесетін өсімдік түрлері: сұр жусан, баялыш, бұйырғын, сексеуіл,т.б.
Арналық ландшафттар картада 25-ші нөмірмен берілген. Мұнда алювиальды-шалғынды топырақтар тарап, құмнан,саздақтан құралған және тоғайлы өсімдік түрлері тән. Сонымен қатар, Арал теңізі маңайында құба топырақтағы жусанды-тұзды өсімдіктер тараған, әктас, құмайт, саздардан құралған теңіздік жазықтар, сазды, сорланған төмен түсулер және Арал теңізі маңының көп бөлігін гипсті сазды, саздақ болып келген тұзды, алювиальды көлдік жазықтар алып жатыр.
Аймақтың ландшафттық құрылымы осындай. Осы негізде осы өңірдің табиғи жағдайы мен қазіргі кездегі антропогендік жағдайын салыстыра сипаттауға болады.
3.2. ГАЖ-ді пайдаланып аймақтың техногендік
ластану картасын жасау
Қазіргі кездегі уақытта ҒТР-ның дамуы белгілі-бір деңгейде кері әсерлерін байқатып жатыр. Оған техногендік ластанулар негіз болады, яғни табиғи қалыптасқан ортаның адам әрекетіен бұзылуы. Жалпы табиғи техногенездік геожүйелерді географиялық тұрғыда техногенез бен табиғаттың немесе табиғат пен техниканың үйлесімі деп қарастырады.
Табиғи техногенездік геожүйелер дегеніміз – бұл кез-келген техникалық құралдар мен табиғи денелердің бірлестігі, әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттер негізінде бірлескен элементтердің жиынтығы /11/.
Бүгінгі күнде табиғи геожүйелерге қарағанда адам әрекетінен өзгерген антропогендік-техногенездік геожүйелер басым. Оларға тау-кен, егіншілік, т.б. әрекеттер нәтижесінде пайда болған жүйелер жатады. Зерттеулер кезінде алдын-ала болжам жасалып, оның болашағының қандай деңгейде болатын- дығын, қорғау шараларының жобаларын жасау керек.
Осы күнге дейін ғалымдар 6 – түрлі табиғи-техногендік геожүйелерді атап көрсеткен. Олар: қала, тау-кен, көлік, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылы- ғы, ерекше қорғалатын жерлер, су шаруашылығы. Қасиеттері бойынша антропогендік ландшафттарға өте ұқсас болып келеді. Осы мәліметтер бойынша техногендік карта жасап шықтық (2 – карта). Картаға негіз ретінде жоғарыда жасалған ландшафттық және Арал өңірінің экологиялық картасы алынды. Зерттеу бойынша аймақтың 80%-мал шаруашылығы, 30%-ы ауыл шаруашылығы, 11%-ы қала, 3%-көлік, 2%-ы табиғатты қорғау, 15%-ын су алып жатыр.
Аймақ шөл зонасында орналасқаннан кейін көп жерлер пайдалануға жарамсыз және су көздері нашар тараған. Сондықтан көп бөліктер мал өсіруде пайдаланылады. Ауыл шаруашылық ландшафттық жерлердің топырағы нашар. Суармалы егістік әсерінен көп жерлер тұзданып, сорланеып кеткен . Сонымен қатар техника, экономика салаларының дамуының да әсері байқалуда.
Байқоңыр қаласы маңындағы Байқоңыр ғарыш айлағының өзі көптеген әсерін тигізеді. Аймақтың жалпы көлемі 6717 шаршы шақырым. 20000 гектар жер шаруашылықтан шығып қалған. Ол жерлер не егін егуге, бау-бақша өсірге жарамайды және мал жаюға болмайды./24/.
Ал соңғы кездердегі шөлденудің дамуы нәтижесінде Сырдария бойында жайылымдардың өнімділігі күрт төмендеген. Ең жоғарғы көрсеткішті қамысты және дәнді-құрақты жайылымдар көрсетеді. Қазіргі кезде олар түрлі шөптесінді-сор және сор-шөптесінді тұзды шөптермен ауысқан. Олардың өнімділігі 1960 жылы 8,3 есеге төмендеген және 1,3-2,0 ц/г құрайды /44/.
Осындай жағдайларға байланысты көптеген алдын алу шаралары, қорғау жұмыстары ұйымдастыруда. Картада ірі қалалар мен облыс аудандары берілген. Соның ішінде Байқоңыр қаласының маңындағы ғарыш аймағын айтып кеттік және тағы бір қала ол Қызылорда. Бұл қалада көптеген өндіріс орындары бар. Осы өндіріс орындарынан шыққан әртүрлі улы газдар, көлік- терден шығатын газдар қаланы ластауда. Картада сонымен бірге мұнай кен орындары бар: Құмкөл, Арысқұм, Майбұлақ, Досжан, Қоныс, Бектас, т.б. Игеру кездерінде ауа, су көздері, топырақ жамылғысы ластанады.
Ерекше қорғалатын жерлер картада сандармен берілген. Олар: Тұранғыл- сай, Барсакелмес, Құланды, Қамышлыбаш.
Қазіргі кезде қандай экологиялық жағдай болмасын алдымен оларды болдырмайтын алдын алу шараларын жүргізуде. Бірақ, олардың көпшілігі тек құжат түрінде қалып, әлі күнге дейін орындалмауда. Соған байланысты табиғи ортаны қорғап, оның болашағын ойлау керек.
3.3. ГАЖ-ні пайданып аймақтың
модификациялық картасын жасау
Жоғарыда айтылып кеткен көрсеткіштер бойынша енді аймақтың модификациялық картасын жасауға болады. Антропогендік көрсеткіштер бойынша ластанған аймақты бірнеше ірі ареалдарға бөлуге болады. Карта Қазақ СССР-нің ландшафттық картасы (1:25000000) /37/ және Арал маңының экологиялық картасы (1:1000000) /43/, Сырдария өзенінің техногендік ластану картасы (1:1000000) негізінде жасалған /39/.
Картада ландшафттар: табиғи жағдайға жақын, аз өзгерген, қатты бұзыл- ған, мәдени және қайта қалыптасқан ландшафттар болып бөлінген (2-карта).
1.Табиғи жағдайға жақын ландшафттар – табиғи күйін сақтаған және жанама түрде өзгеріске ұшыраған ландшафттарды жатқызуға болады. Карта- да ондай жерлерге солтүстік өңірлер, солтүстік-шығыс өңірлер, 440501 с.б. тан төмен барлық жерлер кіреді. Бұл жерлер адам іс-әрекетімен бұзылмаған не- месе әлсіз өзгеріске ұшыраған аумақтар. Сонымен қатар, бұндай жерлерге адамдар аз қоныстанған жерлер, қорықтар мен қорықшалар да кіреді. Бұл өңірде өзен торлары өте аз және олардың көбі топыраққа сіңіп кетеді. Сұр жусан, жусан, бетеге, жыңғыл, тікенекті өсімдіктер тән. Картада бұл өңірлер қоңыр түспен берілген.
2.Аз өзгерген ландшафттар – техногенездің әсерінен өзгерген, топырақ және су режимдеріне әсер ететін, жер бедері,литологиясы және гидрография- лық торы өзгермейтін ландшафттар. Бұларға: ормандар, ауыл шаруашылықтары, дамалыс орындары кіреді. Картада бұл жерлер Сырдария өзенінің екі жақ жағалауын ала тараған және қою сары түспен берілген. Бұл антропогендік ландшафттардың типіне бұрын тіке техногенездік әсерлердің ықпалында болған территориялар да жатады.
3.Қатты бұзылған ландшафттар – жер бедеріне, топырағына жәнеөсімдік дүниесіне тікелей әсерінен қалыптасқан жерлер жатады. Негізгі әсер ететін- дер: өнеркәсіп орындары, транспорттық кешендер, гидротехника. Нәтижесін- де өсімдіктердің басқа түрлері қалыптасып, олардын таралу ареалдары өзге- реді және оларда нақты шекара болмайды. Картада мұндай жерлер торланған қоңыр түспен берілген және олар аумақтың солтүстік-шығысын алып жатыр.
4.Мәдени ландшафттар – топырақ пен биотаның және тағы басқа фактор- лардың толық тезногенездік әсердің негізінде пайда болуы. Картада мұндай жерлер қара нүктемен және қызыл торланған аймақтармен берілген. Мысал ретінде Қызылорда қаласын, Жалағаш және т.б. елді мекендерді айтуға болады.
5.Қайта қалыптасқан ландшафттар – қандай да бір уақыт ішінде жаңарып қалыптасатын ландшафттар. Бұндай жерлерге Арал теңізінің тартылған өңір- лерін айтуға болады. Бұл жерлер көптеген жылдар тіпті ғасырлар бойы су астында жатып, әртүрлі процестер әсерінен тартылып, құрғап қалатын өңірлер
Осы айтқанымызды түйіндей келгенде Сырдария өңірінің әлі де болса та- биғи жағдайының сақталғандығын және оларды қорғауда бірнеше шаралар жасалып жатқандығын айта кетуіміз керек. Табиғи аумақтар шамамен 70 пай- ыздайын құрайды деп айтуға болады. Осы негізде табиғатты қорғаудың шаралары жөнінде төмендегі тақырыпта айтылады.
3.4.Сырдария өзені алабының төменгі бөлігінің
табиғатын жақсарту жолдары
Қазіргі кездегі әртүрлі шаруашылық салаларының дамуына және ҒТР-ның деңгейіне байланысты аймақтың техногенездік ластануы жоғарылап, экологиясы айтарлықтай өзекті мәселе болып отыр. Соған байланысты көп- теген ғалымдар бұл жағдайлардың алдын алу мақсатында жаңа шаралар мен ғылыми әдістер пайдалануды жөн көруде.
Негізді деп алып қарастыратын мәселе, қазіргі кезде ол — аймақтың экологиялық жағдайы. Бұл жерде біріншіден, су кездерінің ұқыпсыз пайда- ланылуы, әртүрлі заттармен ластануы, булану мен фильтрлеу кезіндегі судың шамадан тыс ысырап болуы, Топырақ жабындысының ластануы жатады.
Соңғы жылдары Қызылорда облысы егіс далаларында химиялық заттарды кеңінен қолдануға байланысты су көздерін көбірек ластаған – пестициттер.Ғылыми деректер бойынша пестициттер суға араласқан соң биологиялық жағынан ажырамай ұзақ сақталып, балықтың, планктонның денесіне тұрақтанады да, биологиялық тізбек арқылы адам денесіне көшеді.
Сыртқы факторлар – күн сәулесі, жоғары температура, оттегі активті әсер етпейтін ортада, мысалы, жер қыртасының қабатында пестициттер, гексахло- ран сияқты хлорорганикалық препараттардың қалдықтары өзінің улылық кү- шін жоғалтпай ұзақ сақтайды.
Өзен суының сапасы қандай дәрежеде екенін 1992 жылы жарық көрген Арал маңының экологиялық картасындағы мәліметтерден көруге болады. Сырдария суында әсіресе, хлордың көптігі ерекше назар аудартады. 70-ші жылдары өзен суының 1 литріндегі хлордың мөлшері 100 мг-нан сәл ғана жоғары болатын. Ал, 80-і жылдары бұл көрсеткіш Жаңақорған тұсында 167мг/л, Қазалыда – 215мг/л жетті. Азот тобына келетін болсақ, оның деңгейі онша көп емес. Осыларды құрайтын құрғақ қалдық бір литр суда – 1800 мг, кей жылдары Қазалы тұсында – 2500-3000 миллиграмға дейін көтеріледі. өзен суының сапасын сипаттайтын басты көрсеткіштерінің бірі оның тұтқыр- лығы. Суда кальций мен магний тұздары неғұрлым көп болса, оның тұтқырлығы да соғұрлым жоғары. Олар организм үшін өте зиянды.
Сырдарияның суы тым аз болған жылдары оның тұтқырлығы көбейіп кетеді. Мысалы, өзен өте қайту болған 1975 жылы судың тұтқырлығы 22мг-экв – ке (миллиграм-эквивалент) дейін көтерілді.
Сыртқы факторлар – күн сәулесі, жоғары температура, оттегі активті әсер етпейтін ортада, мысалы, жер қыртасының қабатында пестициттер, гексахло- ран сияқты хлорорганикалық препараттардың қалдықтары өзінің улылық кү- шін жоғалтпай ұзақ сақтайды.
Өзен суының сапасы қандай дәрежеде екенін 1992 жылы жарық көрген Арал маңының экологиялық картасындағы мәліметтерден көруге болады. Сырдария суында әсіресе, хлордың көптігі ерекше назар аудартады. 70-ші жылдары өзен суының 1 литріндегі хлордың мөлшері 100 мг-нан сәл ғана жоғары болатын. Ал, 80-і жылдары бұл көрсеткіш Жаңақорған тұсында 167мг/л, Қазалыда – 215мг/л жетті. Азот тобына келетін болсақ, оның деңгейі онша көп емес. Осыларды құрайтын құрғақ қалдық бір литр суда – 1800 мг, кей жылдары Қазалы тұсында – 2500-3000 миллиграмға дейін көтеріледі. өзен суының сапасын сипаттайтын басты көрсеткіштерінің бірі оның тұтқыр- лығы. Суда кальций мен магний тұздары неғұрлым көп болса, оның тұтқырлығы да соғұрлым жоғары. Олар организм үшін өте зиянды /30/.
Сырдарияның суы тым аз болған жылдары оның тұтқырлығы көбейіп кетеді. Мысалы, өзен өте қайту болған 1975 жылы судың тұтқырлығы 22мг-экв – ке (миллиграм-эквивалент) дейін көтерілді.
Өзен суының мұншалықты ластануы әлеуметтік проблемаларды асқындырып барады.Құрамында еріген тұздар мен түрлі химиялық заттардың мол болуы себепті.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы төртінші тоқсанда жариялаған экологиялық ақпарат бюллетенінде сырдария суын сапасы жағынын 2-класс деп тазаға жатқызған. Онда ең қауіпті ингридиенттер – нитрит азоты мен мұнай өнімдерінің бір литр судағы мөлшері ПДК- дан аспайды. Судың ластану индексі 1992 жылдың IV-тоқсанында 0,70 болса, 1994 жылдың аталмыш тоқсанында сәл төмендеу болды – 0,68 /6/.
Ғылыми деректер бойынша, су күн көзі радиациясының әсерімен өзін-өзі тазарту жолымен үнемі жаңарып отырады. Мұның басты агенттері бакте- риялар, саңырауқұлақтар және балдырлар. Әрине, лас суды жаңарту үшін оны таза сумен араластыру керек. Таза түспесе ешқандай өзін-өзі тазарту процесі жүрмейді.
Қазіргі кезде де облыс жерінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы, қалалар мен елді мекендердің өсуі суды үнемдеп, ұқыпты пайдаланумен бірге оның тазалығын сақтау, сапасын жақсарту проблема- ларын алға көлденең тартып отыр. Бұл күрделі мәселені шешудің төте жолы өндіріске сусыз немесе суды аз пайдаланатын технологияны енгізу, айналым- дағы таза суды қайталап пайдалану.
Табиғат қорғаудың басты шарттарының бірі — шаруашылық пен тұрмыс- тық лас суларды тазарту. Облыста жұмыс істеп тұрған су тазалайтын құры- лыстардың саны – 18. Олар тәулігіне 71,17 мың текше метр су тазалайды. Алайда, олардың жұмысында да ұйымдастыру жағынан кемшілік жоқ емес. Қалалар мен аудан орталықтарында жыл өткен сайын қалдық лас суды ағы- зып жіберу үлкен проблемаға айналды. Көптеген өнеркәсін орындарынан шыққан лас сулар Сырдария өзеніне қайта құйылып жататын кездер де бола- ды. Аймақтың тыныс тіршілігіне әсер ететін және биологиялық түрлердің сақталуына негіз болатын бұл өзен қазіргі кезде антропогендік әсерлердің негізінде ластануда.
Сырдария өзенінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи жүйесі бүгінгі күні адам танымастай өзгерген. Айналасындағы есепсіз жүргізілген егістік аймақтардың болуынан көптеген жерлер өз қасиетінен айырылып, өзен жағасындағы бастапқы өсімдіктер жамылғысы жойылып, суармалы егістік еккен жерлерде тұз мөлшері көбейіп сорланып, жер асты суларының тұздылығы жоғарылап экологиялық аймаққа айналдырып отыр.Өзін-өзі тазалау мүмкіндігінен айырылып өзен суының құрамында хлор 5 есе, суль- фаттар мен нитраттар 10 есеге дейін көбейген.
Қазақстан Республикасының ақпараттық экологиялық бюллетеньдерінің мәліметтері бойынша Сырдария өзені 4-класты ластанған өзенге жатады. Негізгі ластаушы компоненттер : мұнай өнімдері-4,0 ПДК, фенол-6, мыс 2-ден 1-ге дейін, азот қосылыстары-3 тең 15 ПДК /6/.
Осы мәліметтер бойынша Сырдария өзенінің суының сапасын жақсарту үшін мынадай шараларды іске асыруға болады :
- Бірлесіп шешілген келісім негізінде Сырдария өзеніне құйылатын қалдықты-лас суларға шектеу қою;
- Сырдария өзенінің негізгі арнасын реттеп қалпына келтіру;
- Сырдария өзенінің суды бақылау бекеттеріне су сапасын тексеретін орындар ұйымдастыру;
- Суды шаруашылық негізге тиімді пайдаланып, реттеу.
Сырдария өзені атырауында суармалы егістік егілетіні бәріне белгілі. Ал соңғы кездердегі экологиялық мәселелерге қарайтын болсақ егістік егілетін жерлердің көп бөлігі сорланып, жарамсыз болып қалуда. Сонымен қатар, егістікке себілетін тыңайтқыштар көлемінің ұлғайып, топырақ құнарлылы- ғын азайтуда.Осы мәселе жөнінде қазіргі кезде «Арал – 2006» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Қазір Қызылорда облысының жағдайында суармалы жердің бүгінгісі мен ертеңі, оның тиімді құнары, соған орай егіннің өнімділігі топырақ құрамындағыбиологиялық қорына байланысты болып отыр. Сондықтан агро- техника ережелерінің ең басты шарты – топырақ биологиялық ортаға айналуы тиіс.
Егістік жерлерді қорғаудың басты шарттары:
- жаңадан игерілетін жерді сапалы тегістеу. Егер жер күріштік болатын болса, онда атыз бетінің тегістігіндегі алалық + 5 см-ден ауытқымауы тиіс. Сонда ғана агротехникалық және жер пайдаланудың ұйымдық шаралар ком- плексін тиімді жүргізуге мүмкіндік туады;
- жыл сайын күріштен шыққан жерге ағымдағы тегістеу жұмыстары жүргізілуі керек. Оның барсында төмпешіктер, шұқырлар мен қажеті жоқ арық-атыздар тегістеледі;
- суаратын арық пен қашыртқы арыұтың арасында екі атыздан артық күріш егісі болмауы керек. Мүмкіндігі болғанша атызға су орталық арықтан басын алатын екінші реттегі арықтан тікелей келіп, қажет болған жағдайда бірден қашыртқы арыққа ағызылуы тиіс;
- жыл сайын топырақты өңдеу алдында арық-атыздардың бойындағы арамшөп қалдықтарын құртып, сабанды жинап, тағы басқа жұмыстарды орындау қажет,
- күріш егілетін алқаптарда су режимін сақтау керек,
- көпжылдық шөптер егу және топырақты органикалық затпен байыту;
- органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ғылыми ұсыныстар- ға сәйкесұқыпты қолдану арқылы табиғатты ластаудан сақтау;
- зиянды фитоценоздарға қарсы тек агротехникалық әдіспен күрес жүр- гізіп, егіс далаларында қолайлы фитосанитарлық жағдай жасау;
Бұл шарттарды айтқанмен қазіргі кезде орындалмай жатыр. Көптеген су көтеретін, бөгейтін құрылыстар бұзылған, каналдар қабырғалары мүжіліп, құлап, табаны тайыздалып қалған.
Сонымен қатар Байқоңыр қаласында салынған Байқоңыр ғарыш айлағы осы өңір тіршілігіне кері әсер етуде. Әрбір зымыран аспанға ұшқан сайын ауа қабатына әртүрлі улы газдар бөліп, ол жердің ауа райын күрт өзгертеді.
Байқоңыр ғарыш айлағының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ол оңтүстік- ке қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр ғарыш айлағын салуға байланысты 20000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер не егін егугі, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жармайды. Тағы да айта кететін жағдай ол – атмосфераға тарлатын әртүрлі газдар. Бір ғана РН – «Протон» зымыранын аспан кеңістігіне ұшырғанда, ауаға 200 тонна радиоактивті көміртектің қос тотығы, ал РН «Союз» зымыранын ұшырғанда, 133 тонна көміртектің қос тотығы келіп қосылып отырады. Қазақ жерінің атмосфералық аусына қосыл- ған радиоактивті көміртектің қос тотығының мөлшері, кейінгі кездегі жүргі- зілген ғылыми деректердің қорытындыларына қарағанда, 221478 миллион тоннаға жеткен. Сонымен қатар, Құмкөл кен орнындағы жанып жатқан ілеспе газды пайдаға асыру мәселесі 1996 жылдан бері өз шешімін таппай келеді. Жүргізілген ғылыми деректердің қорытындыларына қарағанда, 221478 миллион тоннаға жеткен /24/.
Осындай жағдайларға қарай отырып, болашақта мынадай жұмыстарды іске асыруға болады:
- табиғи ортаны үздіксіз бақылап отыратын тексеру жұмыс жүйесін қалыптастыру;
- Сырдария өзені суының ластануына шектеу қойып, арнасын қайта жөндеуден өткізу және Үкімет тарапынан әртүрлі қорғау шараларына қолдау жасау;
- суармалы егістік жерлерді тиімді пайдаланып, жарамсыз жерлерді қалпына келтіру, топырақ эрозиясынан сақтау;
- ауа бассейніне өтетін улы газдарға шектеу қою, түрлі жақсарту шараларын ұйымдастыру;
- жануарлар мен өсімдік дүниесін жойылып кету қаупінен сақтау;
- экологиялық және экономикалық факторларды еске ала отырып, тиімді жақтарын ойластыру,
- жалпы табиғат кешенін жақсартуға арналған шаралар мен міндеттерді қарастыружануарлар мен өсімдік дүниесін жойылып кету қаупінен сақтау;
ҚОРЫТЫНДЫ
Барлық айтылып кеткен мәліметтер бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
- Қандай да болмасын бір аймақты зерттегенде оның топо негізін және т.б. көптеген карта, әртүрлі мәліметтерді пайда даланылды. Табиғат келешегін сипаттайтын ғылыми еңбектер негіз болады.
- Ландшафттар жүргізгенде ол жердің жер бедеріне көңіл бөліп, өсімдік, топырақ таралауы арқылы контурын жүргіземіз. Бұларды ландшафттың «айнасы» деп атауға болады.
- Зерттеулер арқылы кез келген нысанды болашығымен байланыстыра білу керек, яғни, бүгінгі күндегі туып жатқан әртүрлі экологиялық проб- лемалардың алдын алу шараларын қарасытыру керек және оның болашағын түрлі техника көмегімен білуге болады.
- Көптеген әдістер көмегімен, яғни, ГАЖ технологияларының әдіс-тәсілдерімен жаңаша карта жасап шығардық.
- ГАЖ көмегімен зерттелген нысанның барлық табиғат ерекшелігін, онда- ғы болып жатқан өзгерістерді картаға түсітіп, иолардың ластану деңгейін анықтауға болатындығын білдік.
- Ластауға жол бермеу үшін қандай шаралар қолдану керектігін атап өтіп, олардың шаруашылықта маңызды екенін білдік.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Амиргалиев Н.А. Осрбенности изменения ионного стока р. Сырдарья в ус- ловиях усиленияантропогенных воздействий в бассейне // Автореф.Диссер. Конд. Алматы, 2002., 25с.
2.Баймолдаева А.Т. Ландшафтно –экологическое состояние окружающей среды г. Кызылорды и задачи природы. А., 2002. 69с.
3.Байшоланов С.С. Метеорология және климатология. Оқу әдістемелік құрал. А., 2000. 95-104 б.
4.Баранов Ю.Б., и др. Геоинформатика. Толковый словарь основных терминов. М.: ГИС-Ассоциация, 1999.-204с
5.Берг Л.С. Аралское море. Опыт физико-географической географии. Спр., 1908
6.Бутаков А.И. Информации об экспедиции по изучению Аралского море, 1848. Вестник., ч 7, 1 книга, 1853
7.Бурлибаев К.Ш. , Достаев Ж.Д. Арало-Сырдарьинский бассейн., А., 2001
8.Веселов В.В. Гидрогеологическое районирование и региональная оценка ресурсов подземных вод Казахстана. А., НИЦ «Гылым», 2002.,437с
9.Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. А., 1992. 172с
10.Джаналеева К.М. Физическая география Республики Казахстан. Учебное пособие. А., Изд-во Қазақ университеті. 1998- 266с.
11.Джаналеева К.М. Антропогенные ландшафты. А.: Қазақ университеті, 2001,164с.
12.Достай Д.Ж. Анализ стоковых рядов рек Сырдарья, Амударья и модели управление уревенном режимом Аралского моря. А., 2004 ,31-44с
13.Елобогоев А.В. и др. Постранственное моделирование и верификация моделей рельефа стандартными средствами ГИС. http:gisa2. Gubkin.ru/864.html
14.Есназарова Ұ.А., Темірбеков А.Т. Түркі тілдес елдердің географиясы. А., Анкара., 1999., 47-50б
15.Ибрагимова У.А. Гидрохимический режим реки Сырдарья // Кызылорда., 2000.
16.Информацонный экологический бюллетень Республики Казахстан. 1-2 кварталы. А., 2001, 2002.
17.Линник В.Г. Построение геоинформационных систем в физической географии. М..1990-77с.
18.Мусин О.Р. Цифровые модели для ГИС. Информационный бюллетень. ГИС-Ассоциация, №4 (16), С30, 1998.
19.Нурымгереев К.Ш. Охрана и рациональное использования природно-хозяйственных систем дельты Сырдарьи (на примере крестьянского хозяйства Кожабахы)//Деп. В Каз ГосИНТИ11.11.97,№8711-на99.-А.:1999.-12с.
20.Нұрымкерей К.Ш. Охрана и райиональное исползование природно- хозяиственных систем дельты рек Сырдарьи.2002
21.Нурымгереев К.Ш. Динамика землпользовании дельтовых ландшафтов р. Сырдарьи // Поиск. 2000. 107-111с.
22.Жамалбеков Е. Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А., 2000. 158б.
- Нұрғызарынов А. Арал өңірінің экологиясы. А., 1996, 49-98б.
- Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері А., 2003 .188б.
25.Пузаченко Ю.Г. Методологические основы измерения сложности ландшафта // Изв. АН СССР, серия геогр., 1995, №4, С.30-50.
26.Пузаченко Ю.Г., Онуфреня И.А. Количественные методы классификации форм рельефа. Изв. РАН, сер. Геогр. 2002.
- Почвы Казахской СССр. Вып-14. Наука, 1983.304с
28.Ретеюм А. Ю. Физико-географическое районирование для выделения геосистем //Вопросы географии, №98: количественные методы изучения природы. М: Мысль, 1975
29.Рубинова Ф:э: Притое воды и солей в дельты рек Амударьи и Сырдарьи. Тр.САНИИ, 1983. 3-11с
30.Елибаев Н. Гидрохимия водоемов низовья реки Сырдарьи. Авто.дисс.канд. Ростов-на-Дону.1980
31.Симонов Ю. Г. Морфологически анализ рельефа. М. С., Изд-во СГУ, 1998
32.Солнцев Н.А. О морфологии природного географического ландшафта // Вопросы географии. Сб. 16 М.: Географгиз. 1949. С61-86.
33.Солнцев Н.А Учение о ландшафте (избранные труды). -М. Изд-во Моск. Ун-та, 2001.-384с.
34.Мұқашева Ж Н. Жалпы жертану. А.: Қазақ Ун-ті.
- Омаров К.А. Влияние антропогенных нагрузок на транформацию солевого стока бассейна реки Сырдарьи. А., 2003
36.Омаров Т.Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А., 1975. 21-50 б
- Өтемағамбетов М. Қазақстанның физикалық географиясы. 1977,78 б
38.Кошкаров С.И…, Отчет о научно исследовательской работе на тему Сырдарьи на эколого-мелиоративные условия. Кызылорда. 2001. 24с
39.Урикбаева З.С. ландшафтно-экологическая оцнека Кзылординской боласты на основе учета факторов анторпогенной нагрузки. А., 2002
40.Эверсман Э.А. Естественная история Оренбургского края. Оренбург.1840
41.Экологически доклад г. Кызылорды. 2003
42.Экологическая карта Приарала, 2002
43.Сочава В.Б. Учение о геосистемах. Новосибирск: Наука, 1975, с-30.