АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Сырдария өзенінің физикалық-географиялық және экологиялық жағдайы

 МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе …………………………………………………………………………………………..

3

1  Сырдария өзенінің  физикалық — географиялық жағдайының

    теориялық негіздері

 

1.1 Аймақтың зерттелу тарихы ……………………………………………………….

5

1.2 Физикалық-географиялық жағдайы …………………………………………..

7

1.3 Геологиялық құрлымы және геоморфологиясы …………………………

9

1.4 Климаты …………………………………………………………………………………..

11

1.5 Жер бетi және жер асты сулары ………………………………………………..

18

1.6 Топырақ   жамылғысы ………………………………………………………………

23

1.7 Өсімдік жамылғысы жануарлар дүниесі ……………………………………

28

1.8 Ландшафтысы ………………………………………………………………………….

30

 

2 Сырдария өзенi атырауы ландшафттарының  қазiргi жағдайы және

   экологиясы

 

2.1 Атыраулық ландшафттар және олардың даму динамикасы…………

34

2.2 Антропогендiк ландшафттарға сипаттама және экологиялық бағалау……………………………………………………………………………………………

 

37

2.3 Сырдария өзенi атырауының табиғи-территориялық кешенiн шаруашылықтық бағалау ……………………………………………………………….

 

46

2.4 Ауыл шаруашылығын игеруде атыраулық территорияларды пайдалану………………………………………………………………………………………

 

50

Қорытынды ……………………………………………………………………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………………….

 

54

56

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

 

Зерттеудің көкейкестілігі: Табиғат анамыз бен адамзаттың ара қатынасына жiк түсiп, ол ұлғайып барады. Оған себеп, өндiргiш күштердiң тез қарқынмен дамуы, минералдық шикi зат қорларын орасан көп мөлшерде пайдалану, бұрын табиғатта белгiсiз көптеген жасанды заттар шығару айнала қоршаған ортаға қысымды шектен тыс күшейтiп, кейбiр аймақтарда экологиялық тепе-теңдiктi бұзды.  Осы жағдайда еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы, халықтың хал-ахуалының жақсартуы табиғат байлығын тиiмдi пайдаланумен, оны сақтаумен тығыз байлынысты болып отыр. Олай дейтiнiмiз, шұрайлы жерсiз, құнарлы егiстiксiз, айдынды шалқар көлсiз, жайқалған саялы ормансыз, ну қалың тоғайсыз, түрлi жабайы хайуанаттарсыз, тағы да басқа асыл қазыналары болмайынша қоғамдық өрлеудiң өрiсi қысқа болары хақ.

Суармалы жерлер аймағында Қазақстан халқының жартысына жуығы тұрады. Алайда, суармалы жерлер жалпы егiстiк алқаптардың 4%-iн құрайды. Солай болса да, оның үлесiнде өндiрiлген күрiш, мақта және қызылшаның барлығы, жемiс-жидек пен көкөнiстi 80%-i тиедi екен. Мал шаруашылығында қой отарларының басым бөлiгi осы өңiрде шоғырландырылған. Аса қатты қуаншылық болған жылдары азық-түлiк мол беретiн ең сенiмдi өңiр осы суармалы аймақ. Соның бiрi Сырдария аймағы. [31]

Ғылыми археологиялық деректер бойынша Сыр бойында, бiздiң жыл санағымыздан бұрын VII-V ғасырларда суармалы егiншiлiкпен айналаса бастаған. Содан берi Сырдарияның бойындағы жерлер iрi сауармалы егiншiлiк аймағына (әсiресе, төменгi ағысы бойы) айналған.[1]

60-жылдардың ортасында (1964 ж.) С.Я. Жук атындағы «Гипропроект» институты жасаған жоба бойынша Қызылорда облысында 315 мың гектар суармалы егiншiлiк болады деп белгiлен,  70-жылдарың аяғында егiстiң көлемi 21,5 мың гектарға азайды.

Суармалы жерде әр түрлi дақыладар егiледi. Олардың iшiнде биологиясы ерекшесi – күрiш. Ол көктеп шыққаннан бастап толық пiскенше, яғни үш ай бойы суда тұруы шарт. Соған сәйкес егу технологиясы да өзгеше. Ал, су болатын болса, ол тiршiлiк үшiн өте қажеттi фактор екенi рас, әйтсе де бiр жерде жиналып тұрыңқырап қалса, топыраққа тигiзетiн зияны шаш етектен. Сондықтан сурамалы жердiң экологиясын күрiш дақылымен байланыстырып талдау жөн сияқты.

Қазiр Сырдария өзенiнiң бойындағы орналасқан аймақтардың жағдайында суармалы жердiң бүгiнгiсi мен ертеңi, оның тиiмдi құнары, соған орай егiннiң өнiмдiлiгi топырақ құрамындағы биологиялық қорына байланысты болып отыр. Бұл жағдай дихандар мен мамандардың көңiлiне күмән келтiрмейтiнi ақиқат.

Қарастырып отырған аймақтың ауыл шаруашылығының негiзгi екi саласының бiрi – мал шаруашылығы. Оған қажеттi азық қазiр көбiне табиғи шабындық пен жайылымдардың есебiнен қамтамасыз етiлуде. Жемдiк шөптiң жалпы балансында мал азықтың 85-92 % табиғи шабындықтың есебiнен алады. Алайда, табиғи азықтың өнiмi шамалы, олар климат жағдайына қарай пiшiн бередi.

Соған байланысты,Сырдария атырауында орналасқан аймақтың суармалы егiстiктерi мен жайылымдарын шаруашылықта тиiмдi пайдалануын зерттеп, талдап, оларды күтiп қорғаудың шараларын қарастыру өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеудің  нысаны:  Сырдария өзенінің физикалық-географиялық және экологиялық жағдайы

Зерттеудің  болжамы: Сырдария өзенiнiң физикалық-географиялық жағдайы мен географиялық сипаттамасын талдау арқылы территорияның геоэкологиялық мәселелерін және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын анықтауға болады

Зерттеудің  мақсаты: Сырдария өзені атырауының  физикалық-географиялық  жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын анықтау.

          Зерттеудің  міндеттері:

  1. Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын теория негізінде талдау
  2. Территориядағы қазіргі ландшафттардың құрылымын анықтау
  3. Сырдария өзені атырауының қазіргі экологиялық-географиялық мәселелеріне талдау жасау

Зерттеудің  әдістері:

1.Тақырыпқа  байланысты ғылыми – теориялық  еңбектермен  танысып,  талдау  жасау;

2.Библиография  түзу;

3.Салыстырмалы-географиялық, статистикалық және экологиялық экспертиза әдіcтерін қолдану

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Сырдарияның бойындағы жерлер iрi сауармалы егiншiлiк аймағына (әсiресе, төменгi ағысы бойы) айналған оның физикалық-географиялық сипаттамасы мен геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану ғылыми тұрғыдан көрсетілген.

Зерттеудің  практикалық  маңызы: Зерттеу мәліметтерін Сырдария өзені бойындағы жерлердің суармалы-егінщілік аймағын тиімді пайдалануға, геоэкологиялық мәселелерді шешуге пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Сырдария өзенінің  физикалық — географиялық жағдайының

    теориялық негіздері

 

  • Аймақтың зерттелу тарихы

 

Сырдария (тәжікше Сирдарёөз. Sirdaryoпарсыша: سيردريا‎) — Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Амудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды.

Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады.

Өзен Қырғызстан меншығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы

 екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынанбастау алады да, 2,212 km қашықтықта орналасқан Арал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы — 28 кубокилометр ғана, бұл Амударияның теңізге құятын суының жартысына тең. 

Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға және оның бойындағы ҚоқанХуджантТүркістан және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады. [29].

          Сырдария өзенін игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей ( б. Э. Б. ІІғ.) мен Герадоттың (б. Э. Б. ІІғ.) еңбектерінен көре аламыз.   Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б. э. д. VІІ ғ. ғ. кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарианы игеру кезінде жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы жібек жолының өтуі де септігін тигізді. Ол кезде суландыру әдісі ескі арналар есебінен жүргізілген

          Суландыру мынадай жүйеде жүзеге асты — өзен – ескi арна – суландыру – егiстiк. Қалыптасқан аридтi тор, «тiктөртбұрышты» тармақталуға әкелдi. Қоныстану суармалы арналар қатарына қарай қалыптасты. Осы ауданда енi 10-20 м болатын үлкен магистральдi каналдар айқындалады. Бiр ерекшелiгi көктемгi-жазғы су тасуларға суармалы егiстердiң бұзылуына байланысты өзенде ешқандай  дамбылар болмады. Нәтижесiнде жылдан-жылға өңделген үлесi жаңа жерге көшiрiлiп отырды. Егiн шаруашылығы «жартылай көшпелi» атыраулы лиманды-көлдiк сипатқа ие болды.

          Ежелгі кездегі Сырдария өзенінің алабындағы суландырған жердің ауданы 2,2-2,5млн. г. оның ішінде үнемі суландыратыны 1млн. г. құрайды, ал суландыратын каналдардың алып жатқан ауданы қазіргіге қарағанда 3 есе жоғарылаған. Ол кезде суармалы аудан қазіргіден 10 есе төмен болған. Бұдан Сырдария өзенінің су деңгейінің  қаншалықты жоғары болғанын  көруге болады.

          Орта ғасырда суландыру  жүйесінде бір  қатар жоғарылаулар болды мысалы, Іңкәрдария суландыру қорғанысы, суландырылған ескі арналар есебінен жасанды алаптар жүйесінің жартылай және тірек бөгендері салынды.Бірақ суландыру әлі де болса қарапайым лиманды-көлдік сипатта болды.Осы уақытта кең таралған су тартатын-шығырлар суландыру жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ауыстырған болатын.

          Сырдария өзенi етегiнiң суландыру қарқынының дамуы бiздiң эрамызға дейiнгi 1 мың жылдықтағы суландыру үшiн атыраулық арналарды қолданудың қарапайым сатысы бәсеңдедi.   Мұнда ежелгі кезде де, орта ғасырда да дамбалар мен канал магистралдар жүйесі болмаған .Х-ХІІ ғ. орта Сырдарияның сол жағалаулық суландыру жерлерінде канал магистралдарды қалыптастырған.Бұл жүйедегі ең басты құрылысты орта ғасырдағы Хорезм жүйесі алды (формасы — тармақты әрі ұзын). Олар ірі ортағасырлық Сырдария қалалары: Қыр-үзгенді, Найран-Төбені суландырды.С оғыс кездерінде суландыру жүйесі уақытша өзінің дамуын тоқтатқан болатын.[1]

Жоғырады  келтірілген мәліметтер негізінде Сырдария өзенінің игерілу және зерттеу кезеңдерін бірнеше кезеңге бөлуге болады.

          Бірінші, революцияға дейінгі (1896-1917) кезең.

          Осы кезде қазақтардың негізгі мал шаруашылығы азайып, отырықшылық негізгі маңызға ие  болды.Суарылған үлескелер тұзданудың, батпақтанудың т. б. әсерінен жаңа жерлер игеріліп, көлемі ұлғайған болатын. Бұның бәрі Сырдария өзенінің ағысын сол кезде реттей алмауынан болатын. 1910ж игерілген жерлер көлемі 60мың г. жетіп, онда- тары, арпа, бидай, жүгері және бақша дақылдары егілді. Мұнда ең алғаш рет күріш егу 1896ж басталған  болатын. Күріштің ауданының ұлғайуымен Сырдария бойында 500 жуық арықтар болды.. Осы  өңірдегі қазіргі экологиялық жағдайлар 1908ж инженерлер мен ғалымдардың Қазақстан мен Орта Азиядағы су ресурстарын пайдаланудың жобаларын жасаудан басталған болатын. Оны А. И. Войковтың: гидротехникалық жұмыстардың нәтижелі болуы үшін болашақта біз аз сулы жылдарда Арал алабының суларының бәрін жасанды суландылуға қолдану керек. Көл  көп  сулы жылдардағы артық сулар ағысы  үшін қызымет етеді»-деген сөзінен көруге  болады. Ауыл шаруашылығы осындай мәселелермен революциаға дейінгі кезең саяси, экономикалық мәселелердің пайда  болуының басталуының тұтас кешені болып табылады.

          Екінші кезеңде (1917-1960жж.) бұрынғыдай Сырдария өзенінің ағысын реттей алмау болмады. Өзен суы осы  жылдары күрт төмендеді, мұны 1938ж 20 мың г. егістік жердің өліп қалғанынан көреміз.     Ондай жағдайдың болуы, біріншіден, коллекторлы тîрлардың болмауынан және өңделген жерлердің тұздануынан. Аймақ территориясында ол кезде еш гидроторап  болмаған. Тек 1940ж Қызылорда бекетін салуға мемлекет көңіл  бөліп, ол 1957ж іске асты. Осы  кездерде суармалы егістік жерлердің ауданы 2,9-4,2 млн.г. өскен болатын. Бұл Арал теңізінің тартылуының бірден-бір себебі. Ал осы жылдары Сырдария өзенінің алабында 72 ірі суландыру каналдары болған  болатын

          1960ж Арал маңында суландырудың ірі массивтерін игеру бастарлды. Осы кезеңнің соңында Сырдария өзенінің су ресурстарын басқара алмауға күрес мәселесі біртіндеп судың жетіспеушілігі мен оның сапасының төмендеуімен күреске ауысқан болатын.

          Үшінші кезең (1960-1980жж.) осы кезеңде көптеген қателіктер негізінде экологиялық жағдайлар күрт өсе бастаған  балатын.Мысалы, Қарақұм каналын салу, ірі СЭС салудан көруге болады.

Төртінші кезең (1980 жылдан қазіргі уақытқа дейін) Әр мемлекет өз егемендігін алғаннан кейін өз жерлеріндегі экологиялық мәселелерге көңіл аударған болатын. Дегенмен де кейбір мәселелер өз шешімін әлі тапқан  жоқ. Адамдардың табиғи ортаға аштық көзбен қарауы негізінде біз өзіміздің Арал және Балхаш  көлдерімізден айырылу қаупінде тұрмыз.

 

 

1.2 Физикалық-географиалық жағдайы

 

Сырдарияның жалпы ұзындығының 1000 км- ден астамы Қазақстан территорясы арқылы өтеді.Сырдария орталық Тянь – Шаньда екі ірі өзен: Нарын мен қарадарияның  қосылуынан құралады. Нарынмен есептегенде оның ұзындығы 2900 км-дей, бассейннің жалпы ауданы 462000 кв км , оның 219 000 кв км-і таулы аймаққа жатады.Нарынның құйлысынан төменде Сырдария Ферғана аңғары арқылы оңтүстік – батыс бағытта ағады Ферғана аңғарынан шыққанан кейін өзен солтүстік – батысқа қарай бұрылады. Сырдарияға жоғарғы ағысындағы  көптеген салалар қосылады. Ол Қазақстан  жеріне суы   мол Шыршық өзені қосылғаннан кейін енеді.Одан әрі өзенге тағы  да бірнеше салалар құяды ең қосылатын сала Арыс.

Ағынның 70 %-ын құрайтын негізгі көлемі бассейннің жоғарғы жағында Ферғана жазықтығынан шығарға дейінгі жерде қалыптасқан.  Шардара су қоймасынан жоғары орналасқан оң жақ жағалау салаларының ағыны Қазақстанға келетін жалпы суқорларының 21–23 % құрайды. Арыс өзенінің жəне Қаратау жотасынан ағып жатқан басқа да өзен ағындарының  Қазақстан жеріндегі еншісі 9–7 %. Арал-Сырдария су шаруашылық бассейнінде су қорларының сулылығы орта болған жылдары 17,92 км 3/жыл, ал су аз жылдары 14,24 км 3/жыл бағаланады. Мұндағы ағынның міндетті шығыны 5,82  км 3 /жыл-мен бағаланады. 2,8  км 3 /жыл көлемдегі ағын су өзен арналарының жəне су қоймалардағы судың беткі қабаттарының булануына,  сондай-ақ өзен арналарының фильтрациясына жұмсалады.  Арал теңізінің деңгейін көтеруге бағытталған   экологиялық   бос   ағызу 3 , 1  к м 3/жыл құрайды.  Сулылығы орта болатын жылдарда қолдануға арналған су қорлары 12,02  км 3 –ді,  ал 20  жылда бір қайталанатын құрғақшылық жылдары олар  9,3 км 3/жылды құрайды.Арал-Сырдария бассейні,  су шаруашылығының қиын жағдайымен сипатталады.Əсіресе Сырдарияның төменгі аймағында өзеннің шынайы тоқтауы жəне өзен суының ластануының жоғарылауы табиғи ортаның Арал аймағындағы қоныс жағдайының төмендеуіне əкеледі. Өзен атырауы өзінің су басқару қабілетін толық жоғалтты.  Шөлді аймаққа айналу процесі 2  млн га жерді қамтыды.  Сырдарияға коллекторлы-дренаждық сулардың,  елді мекендердің,  өндіріс пен ауылшаруашылығының ағынды суларының Сырдария өзеніне келіп құйылуы,  судың химиялық,  бактериялық лайлануына əрі елді мекендердегі халықтың ауруға шалдығуына əкеп соғады.  Аймақтағы су проблемасын шешудің басты қиыншылығы — жер үсті су қорларының толығымен ауылшаруашылығында қолданылуы. [32].

Біздің мемлекет көршілес Ресей,  Қырғызстан,  Тəжікстан жəне Өзбекстан сияқты мемлекеттермен суды бөлу туралы көптеген сауалдарды шешу мақсатында үлкен жұмыс атқаруда.  Қытаймен бұрын болмаған дипломатиялық жетістіктерге жеттік.  Екіжақтың бірлесуімен трансшекаралық өзендерді қорғау жəне оларды қолдану комиссиясы құрылды.  Барлық трансшекаралық мемлекеттермен мұндай келісім жасалғанымен, трансшекаралық су қорларын басқару туралы көптеген шешілмеген сауалдар бар .

Солардың бірі –  Сырдария өзен бассейні.  Жоғарыда айтылғандарға дəлел ретінде 2003–2005  жылдары Қырғыз энергетиктері электроэнергияны өндіру үшін Тоқтағұл су қоймасына 750 м 3 /сек жоғарылатылған бос ағызулар түсіргендігін айтып кетуге болады. Сырдария өзен бассейнінің су деңгейінің жоғары болуы – Шардара су қоймасына келетін су мөлшерінің артуына жəне су қоймасының уақытынан бұрын толуына алып келді. Қыс кезінде судың жоғары шығындарының өтуі нəтижесінде өзен арнасынан тасып, инженерлік құрылыс, бөгет,  егістіктерді шайып, Қызылорда облысының елді мекендерін су басты.  Қазақстан Республикасының су қорлары комитеті бұл жағдайды 2  млн АҚШ

долларына бағалады. 2003–2005 жылдары Сырдария өзенінде болған сел,  су шаруашылығы мамандарын көпжақты анализге тартуы керек. Неліктен біздің су шаруашылық мамандарымыз тəуелсіздігімізді алғалы бері Сырдария арнасын тазалап,  Арал теңізіне суды сүзіп таза күйінде жіберу сауалын қарастырмаған. Мысалы, Өзбекстан территориясындағы Жезақ жəне Новои облыстарында көптеген жайлауларды,  жолдарды,  электрқуаты жолдарын,  тұрғылықты мекендерді су басты. Арнасай көлі деңгейінен асып, барлық суармалы жерлерді басып барады . Сырдарияның төменгі ағысындағы өткізгіштік қасиетінің төмендігіне байланысты Арнасай көліндегі өндірістік түсірілісі, орта есеппен алғанда жылына 3,3 км    құрайды.  

Сырдария жоғарғы ағысында мұздық  және қар суымен қоректенетін кәдімгі тау өзені болып есептеледі. Орталық бөлігінің біраз жерінде және бүкіл төменгі ағысында шөл зонасынан өтетеін жазықтық өзеннің сипатында болады. Бұл жерде өзен маусымдық қар суымен коректенеді.Шиелі поселкесінен төмен қарай Сырдариядан бірнеше тарамдар бөлініп кетеді. Олар: Шиелі,Көксу Сауранбай т.б. Қызылордадан төмен ірі тарам – Қараөзек бөлінеді . Ол Жусалы поселкесі тұсында қайтадан негізгі өзенге келіп қосылады.

     Сырдария ұзақ уақыт  — апрельдің аяғынан авгусқа дейін тасиды.      Сырдарияның шаруашылық маңызы зор. Оның суы негізінен  егін суғаруға жұмсалады

          Қазіргі уақытта қарастырып отырған территория түгелімен дерлік игерілген. Бұл ежелден келе жатқан аридті территорияның орталығы. Алғашқы кездердегі суландыру жүйелері бірті-бірте дамып, осы жердің өркендеуінің алғы шарты болды.Өлкені барлап қарағанда оның барлық ландшафтық құрылымдарының өзгергенін көруге болады [5].

          Бұрынғы КСРО-ның жалпы суармалы егістіктерінің жартысы Сырдария өзенінің бойында орналасқандығы белгілі. Бұл жерлер Қаратау жотасы мен Қызылқұм үстірті арасында  орналасқан үлкен үшбұрыш іспетті.   Жалпы территория ендік бағытта 400км, ал меридиан бағытта 200-250км-ге созылып жатыр. Яғни Сырдария өзенінің атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап орналасқан жазықтық болып келеді. Жазықтың әр жерінде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жалды бұйрат құмдар кездеседі. Кейде биіктігі 60-80м жететін жалғыз жарым төбелер мен биіктігі 40м болатын ежелгі қорғанның орындары-асарлар да кездеседі. Мысалы, Жеті асар, Шірік, Құмқала т. б.

          Атыраулық жазық шығыстан батысқа қарай 140-151м абсолюттік биіктіктен (Шиелі, Тартоғай бекеттеріде), 100м абсолюттік биіктіктен (Жосалы), 55м абсолюттік биіктікке дейін төмендейді. Ауданның шекарасы: батыста-Арал теңізі жағалауындағы құмды массивтермен, оңтүстігінде-Қызылқұмның жоғарғы құмдарымен, ал солтүстігінде-Сырдарияның қазіргі арнасының суландырылған зонасы (көлдік және батпақты ойпат) болып табылады.

          Ерте кезде қазіргі Сырдария атырауы мен Арал теңізінің орнында бір-біріне ұқсамайтын, тіркесе жатқан үлкен екі қазаншұңқыр болған. Сырдария өзені өзінің бастауын Тянь-Шань тауларынан Ферғана даласында түйісетін кішігірім өзендерден алады да, Сырдария болып алдымен Қызылорда қазаншұңқырына құйған. Шөлді аймаққа қатты ағыспен аққан өзен, ғылым деректер бойынша, бұл шұңқырды 56 мың жылда шөгінділермен толтырған. Осы ойпат қазір Сырдария ойпаты деп аталады. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай станциясы тұсынан басталып, Тереңөзекке дейін созылып, одан оңтүстік батысқа қарай Жаңадарияның арнасын бойлай созылып жатыр. Батысындағы екінші қазаншұңқырда-қазіргі Арал теңізі орналасқан.

          Қазіргі кезде  бұл  жерлер отарлы мал жайылымына айналған. Дегенменде егістік жерлердің алқаптары аймақтың жағдайына қарамай-ақ әлі де болса көлемдері ұлғаюда.

 

 

1.3 Геологиялық құрылымы және геоморфологиясы

 

          Жыныстардың литалогиясы жер  бедерінің белгілерін, жер асты және жер беті суларының қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды, топырақ  және аймақтың экологиялық жағдайына да өз ықпалын тигізеді.

          Ұзақ геологиялық даму барысында Сырдария ойпаты терригенді материалы бар аккумуляциялық облысты құраған. Ежелгі полеозой фундаменті теңіздің  шөгінді жыныстары, әрі Сырдария  өзенінің атыраулы-аллювиалды шөгінділерімен де көмкерілген.Бұл  қабатта: шаңды саздар,саздақ, құмдақ және ұсақ түірлі мезазой-кайнозой және төрттік  кезеңдердің құмдары кездеседі. [8]

          Мезазой кезеңінің шөгінділерінен кең тарағаны бор жүйесінің шөгінділері, олар котиненталды шұбар ала ұсақ түйірлі құмы бар саздармен көмкерілген. Олардың қалыңдығы 140-450м-ге жетеді. Оларда негізгі жер асты суларының су жүретін  қабаттары  орналасқан. Ал жоғары жатқан континенталды неоген жүйесінің шөгінділері плиоцен жасының құмды-сазды жыныстарының қалыңдықтарымен 60м-ге дейінгі қалыңдықта берілген. Дәл осы неогенде нақты жазықтың беті қалыптасқан. Осы жазықтың бетіндегі  жыныстар төрттік кезеңнің шөгінділері болып табылады, олар 70-80м қалыңдықтағы құм, құмдақ және саздармен берілген.

          Ауыл шаруашылығын игеру үшін жарамды территорианы бағалауда территорианың литология-геоморфологиялық ерекшеліктерінің маңызы  зор.

Сырдария өзенінің атырауының литология-стратеграфиялық кешені жоғарғы бор, полеоген, неоген және голоцен шөгінділерімен көрінеді.Бұл әртүрлі (теңіздік және континенттік) литологиялық құрам мен қуаты жоғары құрылым. Сырдария өзені атырауы шөгінділерінің литологиясы, оның генезисі, жер асты  суларының минерализациясы мен экзогенді  процестерінің қалыптасу ерекшелігінен ландшафттардың литогенді негізінің 7 типін бөліп көрсетеді.

          Табиғи территориалық кешеннің литогенді негізінің ежелгі типі жоғарғы  бор шөгінділерінен құралған. Мұнда қызыл-құба  сазды және гидрослюдалды құмды сазды алеваритті құмдар дамыған. Эоцен, олигоцен, плиоцен шөгінділермен көрінетін полеогенді-неогенді шөгінділер ландшафтының литологиялық негізінің бірлік типін қалыптастырады. Олар атыраудың солтүстік бөлігінде кеңінен таралған және теңіздік жасыл-сұр саздар мен саз және әктасты қабатты мергелдермен көрінеді. Эоцен шөгінділерінің орта бөлігі құмдақты, алеваритті, құмдармен және саздармен олигаценді шөгінділермен жамылған. Оны А. А. Яншин, Н. Н. Коспешко теңіздің кері кету кезеңімен байланыстырады.

          Ежелгі плиоцен уақытында Сырдария арырауының шығыс бөлігі үшін теңіздің тартылғаны алевариттер, құмдар мен құба сазды –жағалаулық шөгінділерден байқалады. Полеогенді-неогенді шөгінділер негізінен эолды процестердің қарқынды жүруіне байланысты құмды-сазды  шөгінділермен берілген.

          Көрсетілген ерекшелік Сырдария атырауында қалыптасқан эоценді-плиоценді шөгінділерді табиғи территориялық кешеннің литогенді негізін бірлік тип ретінде қарастыруға негіз береді. Оған шөлдік ландшафттардың
бірлік құрамы сәйкес келеді.Ежелгі плиоценнен кейін теңіздің қайтуы болып, атыраудың шығыс бөлігі эрозионды-аккумулятивті процестердің даму алаңы болды. Нәтижесінде аллювиалды-атыраулық, делювиальды-пролювиальды, көлдік-делювиальды, эолды, хемогенді және теңіздік сияқты ландшафттардың литогендік негізінің континенттік типі қалыптасты.

          Аллювиальдық-атыраулық тип кезеңі Сырдарияның эрозионды-аккумулятивті үрдісімен байланысты. Бұл әртүрлі түйіртпекті жасыл-сұр кварцты дала шпатты құмдармен карбонатты саздар, алевриттермен қалыптасқан. Бұл тип егін шаруашылығына әлде қайда қолайлы.

          Атыраулық тип карбонатты саздармен, саздақтармен, қуаттылығы аз құмайттармен көрінеді. Оны Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің жайылымдарынан көруге болады.Атыраудың солтүстігінде қазіргі уатытта да өзінің қалыптасуын тоқтатпаған делювиальды-пролювиальды тип байқалады.

          Көлдік-делювиальды шөгінділер саздақ және құмдақтармен көрініп, тақырлардың қалыптасуына алып келеді.

          Эолды тип өзінің аты айтып тұрғандай аридті климаттық жағдайда төрттік және төрттік кезеңге дейінгі даму нәтижесінде қалыптасқан.

          Құмды және аллювиалды-атыраулық шөгінділерде эолды процестердің өңделуі қазіргі уақытта да жүруде. Оның ауданының өсуі, Арал теңізінің деңгейінің төмендеуі мен адамдардың шаруашылық әрекетінің нәтижиесі.

Аллювиалды жазық атыраудың барлық территориясында кең етек алған. Бұл аллювиалды жазықтар эолды төбелі құмдар мен құрғақ арналар,  сорлар, эрозионды шірінділер көрінеді. Аллювиалды жазық ұзақ уақыт бойы эолды процестердің ықпалында болды. Нәтижесінде тегіс үлескелер төбелі-атызды құмды массивтерге айналды. Төбелі атыздардың арасындағы өткелдер тақырлармен көмкерілген. Осы жазықтар ең бір қатты игерілген жазықтардың бірі.

          Жоғарыда көрсетілген типтердің көбі егін шаруашылығында кеңінен пайдалану есебінен қазіргі кезде қатты өзгеріске ұшыраған.

 

 

1.4 Климаты

 

          А. П. Алисов бойынша алынып отырған территория континенттік Солтүстік Тұран климаттық облысының құрамына кіреді  [2]. Оңтүстік Қазақстанның климатын аудандастыруға сәйкес А. А. Пузырев Балхаш-Арал континенттік облысына жатқызады .

          Жауын-шашынның жағдайына, радиация балланысының әркелкілігіне, атмосфера циркуляциясының жағдайына байланысты Сырдария өзені атырауы өз бетінше Арал климаттық ауданына бөлінеді.

          Негізінен Сырдария өзені орналасқан алқаптың көп жері құмды және сазды болып келген шөл және шөлейттер болғанымен де оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес. Вегетация кезіндегі жылу мен ылғалдың көрсеткішіне орай, облыстың территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді. Жалпы облыс территориясында вегетация кезінде +10-тан жоғары болатын температураның жиынтығы 3400-43000 аралығында болады. Осы көрсеткіштеріне қарай мынадай агроклиматтық аудандарға бөуге болады. Олар: ыстық аудан-жылудың жиынтығы 3400-4100*; өте ыстық-4000-4300*; Cырдария өзеніндегі агроклиматтық; тау бөктері. Ауыл шаруашылығын өндiруде климаттық сипаттардағы ең маңызды рольдi температуралық және желдiк режим, жауын-шашын және олардың таралуы мен орташа жылдың күн радиациясы 142 ккал/см2 құрайды. Солтүстiктен оңтүстiкке қарай радиацияның түсу мөлшерi ұлғаяды. Метеостанциялардың мәлiметтерi бойынша орташа жылдық радиация мөлшерi мынадай: Сексеуiлде — 120-150 ккал/см2, Қазалыда — 150-442 ккал/см2, Қызылқұмда 140-150 ккал/см2.

          Агроклиматтық аудандарға байланысты Сырдария өзенi атырауының шөл зонасына жатады. Қысы ұзақ, бұлтты күндер аз, төменгi температурасы – 12,80С болса, 14,20С – ға дейiн солтүстiк аудандарда төмендейдi. Аязды күндерi 149-462 күн.

          Территорияның солтүстiгiнен Сiбiр антициклонының суық ауа массалары жеткiзiлiп, қаңтар мен ақпанда температура – 420С дейiн төмендейдi. Жауын-шашынның жылдық салқын уақытында солтүстiкте 46,7 мм, оңтүстiкте –32,1 мм түседi, ол жылдық мөлшердiң 23,4-25,2% құрайды. Көктемi тұрақсыз 25-30 наурыздан басталады. Оған ауа температурасының орташа көтерiлуi, мұздардың ауысуы, желдiң күшеюi, топырақтың тез кебуi тән. Сәуiрде, наурызға қарағанда температура 13-140С жоғары, ал мамырда орташа ауа температурасы +18,80С оңтүстiкте, ал солтүстiкте +17,80 С жетедi.

          Ауданда өсiмдiктiң өсiп өну кезеңi 191-200 күндi көрсетедi. Жауын-шашын көктемде 41,6 мм немесе жылдық мөлшердiң 30,3% құрайды. Дегенмен жоғары температура жыл бойынша жауын-шашын тұрақсыз түсуi, желдiң күшеюi, буланудың жоғарыланып, ерте-көктемгi кебудiң пайда болуы басымдайды. Көктемде топырағы ылғал қорын тез жоятын эфемерлi өсiмдiктер күштi дамиды да, жаздың басында өсiп-өнуi аяқталды.

          Жазы құрғақ, ыстық мамырдың бiрiншi жартысында басталады. Ыстық айлардағы температура айырмашылықтары бiлiнбейдi, бiрақ ең ыстық ай – шiлдеде температура +27,90, абсолюттiк максимум  +42 +440С-ға жетедi.

Жазы бұлтсыз, ал күннiң жарқырауының ұзақтығы осы ауданда 1605,8 сағатты құрайды. Жауын-шашын тегiс түспейдi.

          Климаттың жалпы құрғақшылығы — ауданның климаттық ерекше белгiлерiнiң бiрi.          Күзгi кезең көктеммен салыстырғанда ұзақ. 1-жартысы құрғақ, жылы. Термикалық депрессия жоғалады, салыстырмалы ауа ылғалдылығы жоғалады. 2-жартысында – жауын-шашын мөлшерi жоғары, ауа температурасы төмен. Желдiк режим жыл бойы 4-6 м/сек орташа жылдамдықпен солтүстiк-шығыс бағытта соғады. Бұл қарастырып отырған ауданда күштi желдер болатын күндер басым.[13].

          Зерттеп отырған аудандағы шаңды боран күндерi территорияның орографиялық ерекшелiгiне байланысты.

          Шөлдiң климаттық ресурстары жауын-шашын аз болуына, салыстырмалы ылғалдылықтың төмендеуiне, топырақтың және су бетiнiң күштi булануына байланысты егiн шаруашылығы тек суармалы егiс түрiнде ғана дамуы мүмкiн. Сырдария өзені атырабының негізгі климаттық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1. Сырдария өзенi атырауының негiзгi климаттық көрсеткiштерi

( Қазалы бекетi бойынша 1970-2005 жылдар)

 

 

Ауа температурасы ( градуспен)

Жыл

қаңтар

шiлде

абс. Мин.

Абс. мак

6,9

-12,8

27,9

-42,0

44,0

 

Жауын-шашын

Жыл,мм

Абс.мак мм

Абс.

мин мм

% шақ

қанда

Қ:К:Ж:К:

Жауын-шашынсыз күндер саны

Жылдық мөлшерi мм

Құрғақшы

лық индексi

184

237

 

25,2:30,3:26,1:22,3

272

1200

6,5

Вегетация кезеңiнiң ұзақтығы (күндер t>100С

 

 

 

 

Күн жарқырауынң ұзақтығы ((сағат) мамыр-қазан)

>15 м/с (шаңды борандар) жылдамдықтағы желдi күндер саны

173

1605,8

Мин 9

Мак 45

                         

 

 

 

Күн радиациясы. Ауыл шаруашылығын өндіруде климаттық сипаттардағы ең маңызды ролді температуралық және желдік режим, жауын-шашын және олардың таралуы мен орташа  жылдық күн радиациясы құрайды. Бұл аймаққа жоғарғы күн радиациясы тән (140ккал см).  География заңдылықтары сияқты мұнда да оның түсуі  өзгеріп  отырады. Біздің жағдайымызда ол солтүстіктен оңтүстікке қарай ұлғая түседі. Күн радиациясының жылдың әр мезгілінде әркелкі түсетіні белгілі. Көптеген мәліметтерге сүйенсек біз зерттеп отырған территорияға күз айларында 28ккал см болса, көктемде 38ккал см болса, қыс айларында бұл көрсеткіш теріс балланысты құрайды (20ккал см). Бұдан күн радиациясының жылдың жылы кездерінде басым, ал суық кездерінде аздығын көреміз.

Ауа массалары. Территорияға 3 негізгі ауа массалары ықпал етеді де , жыл бойы бұл аймақ арктикалық, қоңыржай және тропикалық ауа массаларының әсерінде болады.

          Территорияның құрылықтың ортасында орналасуы онда құрғақ қоңыржай ауа массаларының басым болуының негізгі себебі. Ал Атлант және Жерорта теңізінен келетін теңіздік қоңыржай ауа массалары тіпті аз. Ол келгеннің өзінде де жолда қатты өзгеріске ұшырайды.Аймақ қыста  солтүстіктен келетін Сібір антициклонының ықпалында болып, аймақтың қаңтар және ақпан айларын –420С-қа дейін төмендетеді.Ал жазда Орта Азия мен Ираннан келетін құрғақ әрі ыстық  тропиктік ауа массалары әсер етіп, аймақта құрғақшылықтың басталуына алғы шарт жасайды.

          Жоғарыда аталған ауа массаларының әр қайсысы аймақтың көптеген жағдайларына өзінің әсері тигізіп отырады.

Атмосфералық қысым.Біздің жағдайымызда атмосфералық қысым оңтүстік щығыстан солтүстік батысқа қарай өседі. Аймақтың орташа жылдық атмосфералық қысымы 1003гПа. Ал ең жоғарғы көрсеткіш желтоқсан мен қаңтар айларына келеді. Орташа есеппен жылына 1009-1010гПа. Ал ең төменгі көрсеткіш шілде айында-991гПа.

Жел режимі. Жел режимі аймақтың ауа айналымына оның атмосфеталық қысымына әсер ететіні белгілі. Қызылорда, Түркістан метеостанциясынан алынған жел режимінің мәліметтері 2-кестеде және 3-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 2. Қызылорда метеостанциясынан алынған мәліметтер

 

Желдің бағыты

Мезгілдер

С

СШ

Ш

ОШ

О

ОБ

Б

СБ

Штиль

Қыс

12

35

9

6

9

13

10

6

8

Көктем

15

41

10

3

4

7

12

8

10

Жаз

22

28

5

2

2

7

18

16

11

Күз

19

37

8

3

4

8

11

10

9

Жыл

17

35

8

4

5

9

13

10

9

 

 

Кесте 3. Түркістан метеостанциясынан алынған мәліметтер

 

Жел бағыты, мазгілдер

С

СШ

Ш

ОШ

О

ОБ

Б

СБ

штиль

Қыс

8

10

26

14

5

7

14

14

26

Көктем

9

18

27

10

5

6

11

12

12

Жаз

16

23

16

5

2

4

13

19

11

Күз

10

17

23

9

4

6

14

14

20

Жыл

11

17

22

10

4

6

14

15

18

 

          Желдік режим жыл бойы солтүстік-шығыс пен шығыстан соғады. Бұл бағыттағы желдердің көбі жаз және көктем айларында болады. Олар Арал және Батпақдаланың құмдарынан шаң мен тұздардың осы өңірге келуіне септігін тигізеді.

          Тек осы бағыттағы желдер ғана емес сотүстік және солтүстік желдер де түлі заттарды алып келеді. Ең сирек соғатын желдер шығыс бағыттағылар.

Желдік режим жыл бойы 4-6м/сек орташ жылдамдықпен солтүстік-шығыс пен шығыстан соғады. Мұнда күшті желдер болатын күндері көп. Оны төменгі кестеден көруге болады. Жел жылдамдығының көп жылдық көрсеткіші 4-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 4. Желдің жылдамдығы

 

Метеостансия

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

жыл

Қызылорда

3,7

4,1

3,8

4,3

2,8

3,2

2,9

3,1

3,1

3,0

3,2

2,9

3,4

Түркестан

2,4

2,7

3,3

4,1

4,2

4,0

3,9

3,9

3,4

2,6

2,2

2,3

3,2

 

Кестеден көріп отырғанымыздай желдің орташа айлық жылдамдығы біршама жоғары. Біршама күшті желдер қыс пен көктем айларына келеді екен.

 
   

Қазіргі кезде желдік режимнің өзін климаттық, агроклиматтық, экологиялық мәселелерді шешуде де пайдаланып жүр. Түркістан метеостанциясындағы жел бағыты 2-суретте көрсетілген.

 

 

2-сурет. Түркістан метеостанциясындағы желдің бағыты

 

Ауаның температурасы. Ауаның +10 0 С-тан жоғарғы температурасының жиынтығы 3600-42000, ал мезгілдің ұзақтығы 180-200 күн, жазы ыстық, әрі құрғақ. Шілде айының орташа температурасы+27,9 0 С ,ал ең жоғарғы көрсеткіші +40-42 0 С.           Аймақтың қысы ұзақ, бұлтты күндер аз. Қаңтар айының орташа температурасы –6,50 –110 С, ал ең төменгі көрсеткіш 12,8 0С болса, ол солтүстік аудандарда –14,2 0с. Аязды күндер саны 149-462.Жауын-шашын аз жылына –100-200мм.        Желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде қалыңдығы 10-15см қар жауады, ол 1,5-2,5 ай бойы жатады. Ауаның айлық және жылдық температуралық көрсеткіші 5-кестеде көрсетілген.

 

Кесте -5. Ауаның айлық және жылдық температуралық көрсеткіші (0с.есебімен)

Станция

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жыл

Қызылорда

-9,4

-7,5

0,9

11,8

19,5

24,3

26,3

23,8

17,1

8,6

0,2

-6,4

9,1

Түркістан

-5,8

-2,4

5,3

14,0

20,6

25,8

28,3

26,3

19,7

11,0

3,1

-2,4

12

 

          Аймақтың қысы ұзақ, бұлтты күндер аз, төменгі температурасы 12,8 0 С болса, ол солтүстік аудандарда 14,2 0С-қа төмендейді. Аязды күндер саны 149-462-га жетеді.

Жауын-шашыны. Аймақтың жауын-шашыны біркелкі таралмаған. Жауын-шашын  жылына 100-200мм түседі. Ол көбіне көктем мен кыс айларына келеді. Сонымен катар аймақтық солтүстігіне жауын-шашын 46,7мм, ал оңтүстігіне –32,1мм түседі де, ол жылдық мөлшердің 23,4-25,2 пайызын құрайды. Атмосфера жауын-шашынының айлық және жылдық көрсеткіші 6-кестеде көрсетілген.

 

 

Кесте -6. Атмосфера жауын-шашынының  айлық және

жылдық көрсеткіші (мм. есебімен)

 

Метеостанция

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жыл

Қызылорда

14

14

17

17

17

6

5

3

4

9

13

15

129

Түркестан

28

2

34

28

18

8

3

2

3

10

19

30

203

 

 

 

Аймақтың климаттық жағдайы жылдың әр мезгілінде әркелкі болатыны белгілі. Біз қарастырып отырған ауданның қысы ұзақ, бұлтты күндер аз, төменгі температурасы-12,8С0 болса, 14,2С0-ға дейін солтүстік аудандарда төмендейді. Аязды күндер саны 149-462 күнге жетеді.

          Территорияның солтүстігінен Сібір  антициклонының суық ауа массалары жеткізіліп, қаңтар мен ақпанда температура-420С дейін төмендейді. Жауын-шашын жылдың салқын уақытында аймақтың солтүстігінде 46,7мм, ал оңтүстігінде 32,1мм түседі, ол жылдық мөлшердің 23,4-25,2 пайызын құрайды.

          Көктем айы өте өзгермелі. Аймақта көктем 25-30 наурызда түседі. Оған ауа температурасының орташа көтерілуі, мұздың ауысуы, желдің күшеюі, топырақтың тез кебуі тән. Сәуір айында наурыз айына қарағанда температура 13-14 0С-қа жоғарылайды, ал мамыр айында айдың орташа температурасы оңтүстікте +18,80 С болса, солтүстікте +17,8 0 С-қа тең.

          Ауданда өсімдіктің өсіп өну кезеңі 191-200күнді көрсетеді. Жауын-шашын көктемде 41.6мм немесе жылдық мөлшердің 30,3 пайызын құрайды.Дегенмен жоғарғы температура жыл бойынша жауын-шашын тұрақсыз түсуі мен желдің күшеюі, буланудың жоғарылап, ерте көктемгі құрғақшылықтың басталуына алып келеді. Көктемде топырақтағы ылғал қорын тез жоятын эфемерлі өсімдіктер күшті дамиды  да, жаздың басында өсуі мен өнуін тоқтатады.

          Жазы құрғақ, ыстық мамырдың бірінші жартысында басталады. Ыстық аудандардағы температура айырмашылықтары білінбейді, бірақ ең ыстық ай-шілдеде температура+27,90 С, абсолюттік максимум +42+440С-ға жетеді .

Жазы бұлтсыз, ал күннің түсу ұзақтығы 1605,8 сағатты құрайды. Жауын-шашын біркелкі тарамаған.

          Күз кезеңі көктеммен салыстырғанда ұзақ. Күздің бірінші жартысы құрғақ,әрі жылы болып келеді. Осы кезде термикалық депрессия жоғалып, салыстырмалы ауа ылғалдылығы төмендейді.Ауданның жалпы климаттық құрғақшылығы ауданның ерекшеліктерінің бірі. Шөлдік ауданның климаттық ресурстарының қолайсыздығына байланысты мұнда тек суармалы егістіктің түрін ғана дамытуға болады.

          Қазіргі кезде аймақтың ауа бассейіні қатты ластанған.Онда ( 1998ж мәліметтер бойынша) 64 мың т. түрлі зат түседі екен. Оның ішінде 27,2 пайызы ЖЭС-нан, 69,5 пайызы- мұнай өндіруден, 3,3 пайызы-өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығынан. Ауада қазіргі кезде көмірқышқыл газы мен күкіртті газдардың мөлшерлері шамадан асып отыр.

          Жалпы ауаның ластануы негізінен күн сәулесінің түсуін және оның әсерінен фитохимиялық реакцияларға түсіп, ауаны одан да улы түзілістермен улауда. Дегенмен де қазіргі кезде оның алдын алу және жақсарту шаралары қолданылуда. Оған жалғыз ғана мысал, 1990ж бері қарай жұмыс атқарып келе жатқан “ Жасыл желек” ұйымдарын айтуға болады.

 

         

 

1.5  Жер беті және жер асты сулары

 

          Зерттеліп  отырған аудандағы басты су артериясы, өзінің бастауын биік таулардан алатын Қуаңдария, Жаңадария,Қарадария, Арыс тармақтары бар Сырдария өзені болып табылады. Оның ұзындығы 2212м, ал оның 1400км құмды жерлерден ағып өтеді.

          Сырдария өзенінің төменгі саласында жалпы ауданы 1164 шақырым, жалпы ауданы 2582 тұйық көл болған, қазіргі кезде олардың үлкенді-кішілі 123-і сақталған (кесте ). Бұл көлдер жүйесі,бір жағынан Орталық Азиядағы ауа-райының өзгеше қалыптасуына ықпал етсе, екінші жағынан Сырдария өзенімен біртұтас гидроэкологиялық жүйені құрай отырып, биологиялық өнімділік көзі болып табылады.

          Сырдария өзені бассейнің жалпы ауданы 443мың км2.Жалпы өзен бассейні төрт мемлекеттің территориясынан ағып өтеді (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Таджикстан).

          Жалпы ауданның континенттігі Сырдария өзенінің су режиміне мол ықпал етеді. Дегенменде Сырдария өзенінің су жинау алабы су ресурсы орта есеппен 37 км 3 құрайды. Ағынның негізгі көлемі, яғни 70 пайызы бассейнің жоғарғы бөлігінде, Ферғана жазығынан шығар жерлерде болса, оның 21-23 пайызы Шардара су қоймасынан жоғары өңірлерде жүреді. Ал 7-9 пайызы өзге ағыстар құрайды. Бұл көрсеткіш жыл мезгілдері бойынша өзгеріп отырады. Оған төменде жан-жақты тоқталамыз.

          Көктемгі толысу кезінде әсіресе наурыз айының басы мен маусым айының соңында судың мөлдірлігі 15-10см-ге дейін жетеді. Ал ондағы заттардың мөлшері 100-150мг/л.

          Ал тамыздың ортасы мен қазан айының соңында өзеннің ең төменгі кезеңі болады. Аралық кезеңде сулардың көп мөлшерде булануына байланысты су деңгейі біршама төмендейді [20].

          Сырдария өзенінің суының химиялық құрамы судың режиміне байланысты өзгеріп отырады.Сонымен қатар оған судың ағыын реттеу, бөгендер салу мен қатар егістерден қалған ақаба сулар мен өндірістік сулардың қайта құйылуы т. б. ықпал етеді. Мысалы, 1964ж салынған ұзындығы 65,3 км, ені-17,4м орташа тереңдігі-7м (28м) болатын Шардара су қоймасын айтуға болады. Оның өзі судың табиғи ағынын қаншалықты өзгерткені белгілі.

          Жалпы өзен суының тұздылығы 0,6г/л. Ең төменгі көрсеткіш көктем мен жаз айларындағы толысу кезеңіне келеді. Аралық кезеңдерде өзеннің жер асты суларымен қоректенуі негізінде оның минералдық құрамы біршама жоғарылайды. Осы кезде өзен суының құрамында натрий, калий мен магний сульфаттары шамадан тыс көбейеді. Ал толысу кезінде өзен суындағы тұздар құрамында кальций мен манидің гидрокарбонаттары басым болады.

          Сондықтан Сырдария өзенінің толысу кезіндегі суын сульфатты және гидрокарбонатты аралас типіне жатқызуға болады. Ал аралық кезеңді хлорлы-гидрокарбонатты-сульфатты типке жатқызуға болады [19].

          Сырдария өзенінің Қазақстанға келетін 80 пайыздық ағын суының көбі суармалы егіндікке пайдаланылады. Өзен суының ең бір тоқырауға ұшыраған кезеңі 74ж болды. Осы кездерде өзен Арал теңізіне құйуын мүлдем тоқтатты деуге болады. Мысалы, 71 жылы вегетациялық кезеңде зерттелiп отырған аудандағы  басты су артериясы, өзiнiң ағысын биiк таулардан алып қалыптасқан Қуаңдария, Жаңадария, Қараөзен тармақтары бар Сырдария өзенi болып табылады.

          Сырдария Арал маңындағы шаруашылық әрекет үшiн маңызды роль атқарады. 1971 жылы Сырдария етегiнде вегетация кезiнде су шығыны 270м3/с, ал 1999 жылы –259м3/с құрайды. Арал теңiзiне жақын аудандарды геоэкология және әлеуметтiк-экономикалық  жағымсыз жағдай қалыптасты. Сырдария суының минерализациясы 1,0-1,5 г/л көтерiлдi. Сырдария суын суаруға пайдалану жыл сайын өсiп отырды.

          Сырдария етегiнде суармалы егiстiк дамуы үшiн жылына 8-10км3 су қажет. 1960-89 жылдар кезiнде Арал теңiзi 18 метрге төмен түсiп теңiз айдыны 29 мың км2 –ге қысқарды да, тұздылық 22- 23%-ке жоғарылады.

          Аудан жер асты суларының едәуiр қорында орналасқан. Жер асты су минерализациясы 1,5-3,0 г/л, ол ауыз су үшiн жарамды. Суармалы егiстiктiң ауданын ұлғайту үшiн жер асты суларын қосымша iздеу қажет.

          Аймақтың ауыл шаруашылығының негiзгi мiндеттерiнiң күшейген жағдайы: егiстiк аудандарының құрлымын қарастыру; бақша дақылдары; шаруашылықтың мамандануын қарастыру.

          Сырдария өзенi атырауындағы күрiш егудiң қарқынды дамуы фосфор органикалық, хлороорганикалық пестицидтердi қолданумен қатар жүрдi. Осының нәтижесiнде Сырдария өзенiнiң әртүрлi пестицидтермен ластануына әкелiп соқты.

          Сырдария өзенi атырауының суайрығында орташа концентрациясы 0,01-ден 0,037 мг/л дейiн өзгеретiн ДДТ пестицидiн айтуға болады.

Жер бетi суларының пестицидтерiн анықтайтын негiзгi факторлар қатарына гидрологиялық, климатологиялық, физика-химиялық, химиялық, биологиялық факторлар жатады. Пестицидтер ағын сулардың суайрығына түсе отырып, ластанған ағыс ағынмен араласып, бiртiндеп өзен суларында таралады. Бұл үрдiстiң қарқындылығы, ең алдымен, суайрықтың гидрологиялық режимiне тәуелдi.   

          Осы айтылғандардан қорытынды жасай отырып, судағы хлороорганикалық пестицидтер Сырдария өзенi атырауының суайрықтары ластанған және бұл токсиканттар суармалы массивтерде қолданатынын көрсетедi. Сырдария өзенi суының сапасы орталықтандырылған шаруашылық ауыз сумен жабдықталу талабынна сай емес. Су көздерiнде пестицидтердiң қалдықтары: фенолдар, мұнай өнiмдерi және басқа да антропогендiк әрекеттiң ингредиенттерi табылды.

          Мол сулы 1991-1996 жылдары Сырдария өзенiнiң төменгi ағысының бөлiктерiнде судың өзiн-өзi тазарту үрдiсi бақыланады және ағыс бойынша Қызылорда қаласынан 1,09 г/л-ге дейiн төмендейдi; дегенмен тұздылық жоғары болып қалады [9].

          Сырдария өзенiнiң төменгi саласында жалпы ауданы 1164 шақырым, жалпы ауданы 2582 тұйық көл болған, қазiргi кезде олардың үлкендi-кiшiлi 123-i сақталған . Бұл көлдер жүйесi Арал теңiзiмен бiрлесе отырып, бiр жағынан Орталық Азиядағы ауа-райының өзiнше қалыптасуына ықпал етсе, екiншi жағынан Сырдария өзенiмен бiртұтас гидроэкологиялық жүйенi құрай отырып, биологиялық өнiмдiлiк көзi болатын.

          Қазiргi кезде Сырдария өзенiнiң саласына орналасқан су тұтынушылар мен пайдаланушылардың су қорын пайдалану көлемi, жалпы Арал теңiзi аймағындағы табиғи су қорының көлемiмен теңестi. Арал теңiзi мен Сырдария атырауындағы көлдер 7-кестеде көрсетілген.

 

Кесте -7. Арал теңiзi мен Сырдария атырауындағы көлдер

 

Көлдердiң және теңiздiң аттары

Көлдер және теңiздiң гидрологиялық сипаты

Ауданы, км2

Тереңдiгi,м

Тұздылығы,г/л

Арал теңiзi

66000,0

25

10-1

Қамыслыбас

165,0

105

2-3

Лайкөл

18,9

4,0

1-4

Қаязды

7,9

5

1-4

Құялы

2,3

6

1-3

Жалаңашты

20,5

12

1-3

Райымды

7,5

10

2-4

Шөмiшкөл

5,8

11

Қотанкөл

28,017,6

4

1-2

Сарғақ

17,627,1

15

1-2

Ақшатау

39,527,1

24

1-2

қаракөл

39,512,3

11

1-5

Тұщыбас

12,31,0

6

1-2

Домалақ

1,0

5

1-2

 

 

Кейбiр жылдары, Сырдария өзенiнiң алабындағы ауыл шаруашылық саласы өзiне қажеттi су мөлшерiн қайтарма су есебiнен қанағаттандыруға мәжбүр болды.  

          Қазiргi уақытқа дейiн Сырдария өзенiнiң су қорларын пайдалану мәселелерi, табиғи ортаны қорғау мәселелерi мен аймақта өндiргiш күштерiн орналастыру сұрақтарымен жүйелiк тұрғыдан бiртұтас қарастырылмады. Жалпы, Арал теңiзiне түсетiн су қорының көлемiнiң шамасы, оның бетiнен жыл бойы буланатын судың көлемiнен бiрнеше есе аз болғандықтан, теңiз су деңгейiнiң күрт төмендеуiне және гидрохимиялық режимнiң бұзылуына әкелiп соғып отыр.

          Жүйелiк талдаудың нәтижесiнде, Сырдария өзенiнiң төменгi саласында су сапасының нашарлағаны соншалықты, оны ауыз су ретiнде ғана емес, егiстiк жерлердi суғаруға да пайдалануға болмайтын дәрежеге жеттi су шығыны 270м3/с-ті құраса, 1999жылы бұл көрсеткіш 259м3/с құраған. Осы кезеңде Сырдария өзенінің минералдығы 1,0-1,5г/л жоғарылаған. Ал игеруге дейінгі жылдары оның суының минералдығы-500-600мг/л және химиялық құрамы бойынша кальцилі гидрокарбонатты болса, қазіргі кезде ол сульфатты (магний мен натрийдің иондары). Қазіргі кезде судың минералдығы 2800-300мг/л жетіп отыр.

          Минералдылықтың өсуімен қатар магний, мыс, темір және қорғасынның сульфаттары мен хлорадтарының шамадан шектеулі мөлшерлері (ПДК) күрт өсуде.

          Сырдария өзені атырауындағы күріш егудің қарқынды дамуы фосфор органикалық, хлороорганикалық пестицидтерді қолданумен қатар жүрген. Осының нәтижесінде Сырдария өзені түрлі пестицидтермен ластануы жүрді, онда әсіресе 90ж ДДТ гексохлориннің артуын айтуға болады.

          Осы өзен суларының пестицидін анықтайтын негізгі факторларға: гидрологиялық, климатологиялық, физико-химиялық, химиялық, биологиялық факторлар жатады. Бұл пестицидтер ағын сумен араласып біртіндеп  өзен суларын ластайды. Бұл үрдістің қарқындылығы ең алдымен суайрықтың гидрологиялық режиміне байланысты.

          Қорыта келе судағы хлоро органикалық пестицидтердің арту және түрлі қосылыстардың кездесуі Сырдария өзенін ауыз су ретінде де пайдалануға болмайтынын көрсетеді.Қазіргі кезде сумен берілетін ауырудың түрлері артып кетті. Мысалы, сарыауыру, іш, асқазан т. б.  Себебі су көздерінде пестицидтердің қалдықтары фенолдар, мұнай өнімдері және өзге де антропогендік әрекеттердің ингредиенттері шамадан асып кеткен. Сырдария өзені суының қасиетін 8-кестеден көруге болады.

 

Кесте -8. Сырдария өзенінің суының қасиеті

 

Негізгі ингредиенттер

Концентрациясы, мг/дц3

ПДК

1989

1996

1997

1998

1999

ПН

6,5-8,5

7,6

6,45

7,24

7,4

6,20

БПК5

2,0

 

2,27

2,29

2,68

2,23

Тұтқырлық

7,0

12,82

11,3

12,8

11,2

9,6

Хлор

3,00,0

96,2

122,1

119,3

145,4

109,9

Сульфаттар

100,0

762,0

488,8

572,8

626,4

667,3

Кальций

180,0

162,0

74,5

102,9

110

66,6

Магний

40,0

85,8

88,5

93,3

68,6

76,5

Мұнай өнімдері

0,05

 

0,05

0,02

0,033

0,02

Аммиак

0,39

 

0,34

0,31

0,28

0,28

Нитриттер

0,02

0,03

0,023

0,010

0,017

0,0017

Нитраттар

9,0

 

4,10

6,96

4,13

2,80

               

 

          1991-1996ж өзен суының мол кезеңінде Сырдария өзенінің төменгі ағысында өзеннің өзін-өзі тазарту үрдісі жүрген және Қызылорда қаласында су тұздылығы 1,09г/л дейін төмендеген, бірақ тұздылық сонда да жоғары күйінде қалған  [11].

          Әрине қазіргі кездегі Сырдария өзенінің жағдайын жақсарту шаралары атқарылуда. Дегенмен де қаржының тапшылығынан олардың кейбіреулері қарап тұрғанын айтуымыз керек. Алайда «Қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жобасы» негізінде «2030ж бағдарлама» шегінде «Қазақстан республикасы шегіндегі Сырдария өзенін жақсарту» жобалары іске асуда. Бір ескеретіні өзеннің тек біздің мемлекеттің территориясынан ғана емес, өзге де мемлекеттердің территориясынан өтетіндігі. Сондықтан да бірлесіп жұмыс істеген шарт.

          Қазіргі кезде Сырдария өзеніндегі су қорларын пайдалану көлемі Арал теңізіндегі көлемге пара-пар болып отыр. Арал көлі мен Сырдария  өзенінің көлдерін 9-кестеден көруге болады.

 

Кесте -9. Арал көлі мен Сырдария  өзенінің көлдері

 

Көлдермен теңіздердің аты.

Көлдер және теңіздердің гидрологиялық сипаты

Ауданы,км2

Тереңдігі, м

Тұздылығы, г/л

Арал теңізі

66000,0

25

10-1

Қамысылыбас

165,0

105

2-3

Лайкөл

18,9

4,0

1-4

Қаязды

7,9

5

1-4

Құялы

2,3

6

1-3

Жалаңашты

20,5

12

1-3

Райымды

7,5

10

2-4

Шөмішкөл

5,8

11

Қотанкөл

28,017,6

4

1-2

Сарғақ

17,627,1

15

1-2

Ақшатау

39,527,1

24

1-2

Қаракөл

39,512,3

11

1-5

Тұщыбас

12,31,0

6

1-2

Домалақ

1,0

5

1-2

         

 

          Кейбір жылдары, Сырдария өзені алабындағы ауыл шаруашылық саласы өзіне қажетті су мөлшерін қайтарма су есебінен қанағаттандыруға мүжбір болып отыр.

          Қазірге дейін Сырдария өзенінің су қорларын пайдалану, табиғатты қорғау мәселелері аймақтың өндіргіш күштерін орналастыру сұрақтарымен жүйелік тұрғыда біртұтас қарастырылған емес. Жүйелік талдаудың нәтижесінде Сырдария өзенінің төменгі саласында су сапасының нашарлығы соншалықты оның ауыз су есебінде ғана емес егістік жерлерді суаруға да пайдалануға болмайтын дәрежеге жеткенін көруге болады.

Жер асты суы.    Аудан жер асты суының едәуір мол қорында орналасқан. Аудандағы жер асты суының минералдығы 1,5-3,0г/л. Бұл әрине ауыз суға жарамды. Дегенмен сулардың минералдығы әр жерде әркелкі (кесте). Мысалы, ол Сырдария өзені алабында 0,5-0,7г/л өзгереді. Суармалы егістік ауданы мен суға деген сұранысты қанағаттандыру үшін жер асты суларын қосымша іздестіру қажет. Кызылорда территориясындағы жер асты суларының қорларын 10-кестеден көруге болады

 

Кесте -10. Кызылорда территориясындағы жер асты суларының қорлары (м3. есебімен)

 

Шиелі

12,96

Акмай

43,2

Шалхия

20,7

Жиделі

49,7

Сунақата

43,2

Талап

10,584

Мыңбұлақ

250,0

Жаңақорған

0,0458

 

 

1.6 Топырақ жамылғысы

 

          Сырдария өзені етегіндегі топырақтарды топырақтанушылар шөлді сұр топырақ зонасына жатқызады. Зерттелген аудандағы негізі зоналды топырақ типтерінің қатарына: құба, сұр-құба, құмды шөлді топырақтар мен сорлар, сортаңдар, тақырлар енеді. Сырдария өзені осы топырақтардың табиғи шекарасы болып табылады.  

           Қоректік заттардың жалпы қоры топырақтың құнарлылығын көрсете бермейді. Өйткені, бұлардың көп бөлігі өсімдік қорегіне жарамды емес. Тиімді құнарлылығын арттыру үшін топырақта өсімдік бойына сіңіре алатын керекті тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға жоспарлауға, сайып келгенде, дақылдардан жоғары өнім алуға тыңайтқыштарды үнемдеуге, дақылдардың өзіндік құнын қоректік заттар қаншама екенін білу керек. Топырақта қоректік заттар мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Мысалы, өсімдіктер үшін азотты қоректік заттардың негізгі қоры – органикалық заттар. Азот қара топырақта көп, сұр топырақтарда аз кездеседі. Адамның өндірістік әрекеті – дақылдардың өзара алмасуы, тыңайту системалары және басқалар – азоттың топырақтағы мөлшерін болмашы ғана өзгертеді. Міне, Сырдария өзені егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарына минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолданудың агрохимиялық картограммаларын пайдалану ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды түрде дамытуға, экономикада ашылмай жатқан резервтерді игеруге мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігін бір процент арттыруға және өнімнің өзіндік құнының қосымша ең аз дегенде жарты процентке төмендетілуіне қол жеткізуге жағдай жасайды. Басқаша айтсақ, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.

          Топырақтардағы қоректік элементтердің құнарлығын қадағалау кез – келген дақылдарға төмендетуге, қауырт науқандарда тыңайтқыштарды жедел қолдануға негіз жасайды.Атыраудың топырақтары екі фактордың әсерінде болады: шөл зонасының қасиеттері мен белгілерін иемденген басты зоналды топырақ және интрозоналды.

          Аудан  гидроморфты сияқты, автоморфты топырақтардың кездесуімен де ерекшеленеді. Сырдария өзені атырауының қазіргі топырақтарының гидроморфты және автоморфты қатарына: аллювилі-шалғынды, аллювилі-шалғын тоғайлы подтиптерге бөлінетін шалғынды топырақ, батпақты топырақ, оның подтиптеріне: майлы батпақты, қарашірікті батпақты, торфты-батпақты, шалғынды-батпақты: сор, тақыр түстес, сұр құба, шөл сорплары, құмды шөлді топырақтар жатады [31].

          Негізгі топырақ түзуші жыныстарға: полеоген, неоген, төрттік жастағылар  және Сырдария өзенінің аллювиалды шөгінділері енеді.

          Құба топырақ ауданның солтүстігінде кездеседі.Онда сорланған және сорланбаған топырақтар мен қатар құмдақтар мен саздақтар да кездеседі. Қабаттың қалыңдығы 5-7м, астыңғы төсеніш қабатында майда құмдар мен сулар 6-7м тереңдікте кездеседі. Бұл топыратар құрамындағы қарашірік мөлшері 1 % аспайды. Алайда бұл топырақтар сорлануға бейім келеді. Сондықтан да оны оқтын-оқтын сумен шайып отыру қажет.

          Ал сұр, сұр-құба топырақтар Сырдария өзенінің арналарының қырқалары мен бұйратты суайрықты жиектеріндегі ойлы жерлерде және Қаратаудың бөктерлерінде тараған. Олар шөлдік топырақ түзуші зоналық типті айқындайды және аз карбонатты сұр-құба топырақтың подтипіне жатады. Осы сұр-құба топырақтардың құрамында қарашірік мөлшері аз, олар 0,3-0,9%-ке дейін ауытқып отырады.Бұл топырақтардың мханикалық құрамы жеңіл; қабаты көп қабатты, онда құмдақтар мен саздақтар басым. Қабаттың қалыңдығы 1-6м, одан төмен майда құмдар, ал су қабатының тереңдігі 6-7м. Мұнда да жоғарғыдағыдай шараларды қолдану қажет.

          Тақыр түстес топырақтар жазықтың сорланған жерлерінің арасындағы шайылған бөліктерді алып жатыр. Ол ежелгі Жаңақуаңдария  мен қазіргі Сырдария атырауындағы гидроморфты топырақтардың шөлдену өнімін көрсетеді.Оларда 2-4м тереңікке дейін құмдар мен саздар және саздақтар кездеседі. Одан тереңде майда және ірі құмдар таралған. Сулы қабат 1.5-4.0м тереңде кездеседі, әрі дәмі ащы кермек.

Тақыр түстес топырақтартардың құрамында органикалық заттардың аз екені белгілі, оның құрамындағы органикалық заттардың мөлшері 1 пайыздан да аз. Оларды ауыл шаруашылығыда белгілі шараларды қолдану негізінде пайдалануға болады.

          Өзен алабының 15 пайызын сорланған  жерлер құрайды. Ол аймақтың геологиясы мен гидрогеологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сорлардың қалыптасуы бізге белгілі.Сорлардан көбірек тарағаны кәдімгі сор топырақтар. Осы кәдімгі сорлар аллювиалда дамиды. Беті борпылдақ, құмды болып келеді. Судың тереңдігі 3-7м, өте ащы (120-130г\л).

          Ал тақырлы сорлар-шөлейт аймақтың ойпаңдарында кездеседі. Олардыңмеханикалық құрамы ауыр саақ, аллювиалдарда дамыған және бетіндеқабықтары бар. Бұл топыратардың бір ерекшелігі хлорлы тұздарың көп болуында, әрине бұл аймқа тән құбылыс емес. Суының минералдығы 60-160г\л өте тереңде кездеседі. Қарашірік мөлшері-1 пайыздан төмен.

          Жазықтық  суайрықтарда, рельефтің ойпаң жерлерінде, ал биік жерлерде тұзды сорлар, бұрын игерілген жерлерде де кеңінен тараға. Жалпы мұнда құмдақтар мен саздақтар басым.  Олардың ішінде ауыл шаруашылығына біршама жарамдысы шалғынды сор топырақ.Ауыл шаруашылығы үшін едәуір бағалы топырақ: гидроморфты болып табылады. Оның ішінде көп кездесетіні: аллювиалды-шалғынды топырақ. Олардағы қарашіріктің құрамы 1-2 %.

          Сырдарияның сол жақ жағалауынағы кең аумақты батпақты-шалғынды топырақ алып жатыр. Ондағы қарашіріктің мөлшері 2-4% құрайды. Бұл топырақ ежелден күріш өсіру үшін пайдаланылып келеді.

Батпақты топырақтар қатарының ішінде лайлы-батпақты топырақтар аса көп таралған. Қарашірік мөлшері 2-5 пайыз. Бұл топырақтар егін шаруашылығына кеңінен қолданылады.Алайда аймақ территориясында егін егуге жарамайтын топырақ типтері де баршылық. Олардың негізгі себебіне рельефті, тұздану т. б. айтуға болады. Оларға: Қаратау бөктеріндегі сұр-қоңыр топырақ, құмтастар; жазықтардағы құмдар, ашық сұр, үрме, жылжымалы сорлар т. б.

          Сырдария атырауының гидрографиялық өзгеруімен, шөлдену үрдісінің дамуымен нәтижесінде гидроморфты қатардағы топырақтардың ауданы кішірейіп, автоторфты қатардағы топырақтардың ауданы ұлғая түсті. Сырдария өзенімен суланатын 1414мың га жерлерде гидроморфты топырақтардың шалғынды-батпақты, шалғынды түрлері тараған.

          Қазіргі уақытта суармалы массивтерді қоспағанда, барлық территория дерлігімен құрғап кеткен. Осы топырақтарда жылына беретін өнімдігі 800мың тоннаға төмендеген [12].

          Сырдария өзені атырауының топырақ жамылғысының өзгеру деңгейін 1955-1990жылдар аралығындағы мәліметтермен салыстырсақ, 3-5 жыл бойы атыраудың топырақ жамылғысының айтарлықтай өзгергенін көреміз. Егер 1955жылы гидроморфты топырақтардың кепкен және шөлденген варианттары болмаса, ал 1990жылғы мәліметтер бойынша бұл топырақ түрі атыраудың топырақ жамылғысында едәуір процесс атқарады. Көптеген тұзданбаған топырақтар тұзданған топырақтар қатарына өткен сорлардың ауданы 60мың га ұлғайған. Шөлдену гидроморфты топырақ құнарлылығының төмендеуімен жалғасты.

          Топырақ құнарлылығын анықтайтын негізгі түрбөлшек қарашірік пен азот болып табылады. Топырақтың құнарлығының өзгеру факторлары, гидрологиялық режимнің өзгеру процесінде қатты және биогенді ағыстардың қысқаруымен және аридтелу нәтижесінде топырақтардың азуына алып келеді. Қазіргі Сырдария атырауының топырағының өзгеруі 11-кестеде көрсетілген

 

Кесте -11. Қазіргі Сырдария атырауының топырағы

 

Топырақтар

Топырақ ауданы

1955

1990

га

%

га

%

Аллювиалды-шалғынды және аллювиалды-шалғынды-тоғайлы.

60254

12,9

5

Аллювиалды-шалғынды-сор

21230

4,6

1956

Аллювиалды-шалғынды, сор кепкен.

5966

1,3

12667

0,4

Аллювиалды-шалғынды шөлденген.

14639

2,8

Батпақты шалғынды сор

16410

3,2

Батпақты-шалғынды сор кепкен

30828

3,7

Батпақты шалғынды сор шөлденген.

9203

 

Барлық шалғынды

87350

18,8

85704

2,0

Батпақты және шалғынды батпақты.

245823

53,0

10833

18,9

Күрішті батпақты

29503

2,4

Батпақты сор кепкен

7780

6,4

Шалғынды батпақты сор кепкен

62842

1,7

Шалғынды батпақты сор шөлденген

15466

1,9

Барлық батпақтар

245823

53,0

12624

3,4

Сор

103898

22,4

164148

27,9

 

          Шөлдену процесі органикалық заттарды жоғалтумен ұштасады. Шалғындық топырақ құрамында 0-50см қабатта қарашірікті жоғалту 25% дейін, ал бастапқы қатарда 30% дейін болды.Сонымен қатар шөлдену үрдісінде гидроморфты топырақтардың физикалық қасиеттері төмендейді; тығыздығы жоғарылайды. Олардағы  ірі микроагенттердің күрт төмендеуіне байланысты құрылымы да нашарлайды.

          Аридтелу кезінде шалғынды және батпақты топырақ қатарындағы органикалық заттарды жоғлтудың әртүрлігінің негізгі принципі осы топырақтардағы бастапқы фитомассаның әртүрлігі мен органикалық массаның сапалық құрамына байланысты. Қазіргі Сырдария  өзені атырауының топырақтарының 0-50см қабатты қарашірік пен азоттың мөлшері 12-кестеде көрсетілген

 

 

Кесте -12. Қазіргі Сырдария  өзені атырауының топырақтарының

0-50см қабатты қарашірік пен азоттың мөлшері

 (алымында пайызбен, ал бөлімінде т/га)

 

Топырақтар

Қарашірік

Жалпы азот

 

орташа

өзгеру шегі

Орташа

Өзгеру шегі

 

Аллювиалды- шалғынды

1,51

98,7

0,95-2,08

61,3-136,4

0,08

5,2

0,06-0,10

4,5-5,9

 

Аллювиалды-шалғынды тоғайлы

0,91

78,0

0,74-1,26

41,4-114,6

0,06

4,7

0,05-0,07

4,6-6,0

 

Аллювиалды-шалғынды шөлденген

0,81

63,2

0,68-0,9

42,0-84,5

0,05

3,9

 

0,04-0,06

3,6-4,3

 

Батпақты шалғынды

1,36

92,2

6,04-1,77

72,4-113,3

0,09

5,8

0,07-0,11

5,0-6,6

 

Батпақты-шалғынды кепкен

1,06

78,6

0,92-1,20

68,3-86,0

0,08

5,5

0,06-0,10

4,1-6,0

 

Батпақты шалғынды  шөлденген

0,97

69,5

0,18-1,27

58,3-84,6

0,06

4,6

0,05-6,08

3,8-5,1

Шалғынды батпақты

1,86

116,7

1,44-2,44

92,3-156,5

0,13

7,9

0,10-0,15

5,2-10,8

Шалғынды-батпақты кепкен

1,74

110,7

0,97-2,22

69,8-148,2

0,12

7,6

0,08-0,14

6,4-8,9

Шалғында-батпақты шөлденген

1,31

89,9

0,97-1,41

6,91-98,8

0,09

4,8

0,06-9,12

3,5-6,8

Лай батпақты

2,15

136,4

1,96-3,13

123,8-203,1

0,11

0,4

0,09-0,14

5,7-6,9

Күріш батпақты

1,61

102,5

1,27-1,96

80,7-124,3

0,11

6,10

0,08-0,13

5,0-6,7

Сор-типтік

0,76

47,8

0,51-0,96

33,7-62,0

0,05

3,3

0,04-0,06

2,9-3,5

 

                           

 

          Азотты қосылыстардың қатынасы территорияның су режимімен анықталады.  Жалпы азот құрамының 90%-нан көбі органикалық қосылыстардың және  қарашірік  заттардың жеңіл жететін формасын құрайды. Сондықтан жалпы азоттың қорының құрғау кезеңі қарашіріке қарағанда біршама төмендейді. Жалпы азоттың салыстырмалы жорғары қоры шөлденген гидроморфты топырақтарда-реликті белгілермен негізделген.

          Аймақтағы топырақтың бұзылуы топырақтардың екінші рет тұздануы (сульфатты және хлорлы) мен эрозиялық-дефляционды және топырақ ресурстарын тиімсіз пайдалануының нәтижесі.

 

 

          1.7 Өсімдік  жамылғысы және жануарлар дүниесі

 

          Жалпы шөл зонасының флорасы түрлері басым. И. Г. Борщов (1865ж) шөл зонасы өсімдіктерін төмендегідей топтастырған: ксерофитті (жусан) және галофитті ( солянка) бұталар. Онда дегенмен де эфемерлер мен эфемеройдтардың барын жоққа шығармауымыз қажет.

          Шөл зонасының флорасын зерттеу ХҮІІІғ. басталған болатын. Қазақстанның шөл зоналарының өсімдік дүниелерін Паллас (1793ж), Эцхвальд (1825-26ж), Мейер (1840ж), Борщов И. Г. (1850ж) зерттеген.

          ХІХ ғ. О.А. Федченко, А.Э Регель, Г. И. Радде, ал ХХғ. А. Д. Спиридонов, М. Г. Папов, И. В. Быков т. б. ірі ғалымдардың  жұмыстары жарық көріп, олардың қазіргі кезге дейін маңызы  жойылмаған.Аймақтың өсімдіктер  дүниесін 3-ке бөліп қарастырады:

  1. Сырдария бойының табиғи қалыптасқан  өсімдіктері.Аймақтың өсімдіктері оның табиғи  жағдайымен тікелей қатынаста  дамиды. Сазды жерлерде әртүрлі эфемерлер мен итсигектер және изен аралас жусан өседі.Тау бөктерінде сұр жусан мен бұйырғын, сонымен қатар бұталар мен баялыш өседі.Құмды жерлерде бұталар, бұталы аралас шөптер: еркек шөп (agropyrum), жусан (artemisia sublessingiana), жүзгін (callidonium), баялыш (salsola arbuscula), кейреуік (alsola arlentobis), сарсазан (halocnemum strobiaceum), қарабарақ, қоянсүйек, т. б. өседі.Қуаңдария мен Жаңадария  жазықтарында қара  сексеуіл аралас эфемерлер мен жусан, кейде оларға  сораң (suaeda) мен жантақтар (alhadi pseudoalhagi), тақырларға бүйырғын, қара сексеуіл, жусандарға кейреуіктер аралас келеді.[18]

          Аймаққа енетін Қаратаудың батыс бөктерлері, әсіресе Жаңақорған, Шиелі аудандары мен ОҚО-ның жерлерінде астық тұқымдас шөптер, эфемерлер, жусан, сұр  жусандар кезлеседі. Таудың биік ылғалы мол түсетін жерлерінде жусан, баялыш, теріскен, қияқ т. б.        Сырдария өзенінің салаларында астық тұқымдас және әртүрлі шөптесінді өсімдіктер кездеседі. Мұнда батпақты-шалғынды топырақтарда: қызыл мия, есек мия, тергүлдер кездеседі.Ескі атыраудың сулы  бөлігінде айрауық, қамыс, бидайық, қоға кездеседі.Сырдария арналарында ағаштар өте сирек тараған. Онда: жиде, тал, теректі тоғайлар бар. Ал шөптесіндерден: бидайық, қамыс,жалбыз, кендір т. б.Өзен арнасынан шеттеу сулы жерлерде-қамыс пен қоға; сорлы жерлерде жыңғыл, итенген, сорқаңбақ, сарсазандар басым.Сексеуілді тоғайлар көбіне Сырдарияның жазықтарында кездеседі-жусан, торғай оты; ал тақырларда өсімдіктер дүниесі жоқтың қасы. Онда көп кездесетіні-күйреуік, бұйырғын.  Сырдың оң жағалауында-жусанды-баялышты, эфемерлер, батысында: жусан, бұйырғын,  ал жусанды жерлерде-ебелек, итсигек,күйреуік, сексеуіл, қарағайлар кездеседі.Ал Сырдың сол жағалауындағы  шымды жерлерде жусан, бұталар,  саяқ,  селеу кездеседі. Ал жазықтарда жусан, бүйырғын, ақ сексеуіл, жүзгін, баялыш, изен, еркек шөп пен бұталар кездеседі.

  1. Антропогендік немесе күріш алқаптарының әсерінен қалыптасқан өсімдіктер
  2. Күріш алқаптарының мәдени өсімдіктері.

          Аймақтың өсімдік дүниесімен жануарлар дүниесі тығыз байланыста болады. Біз зерттеп отырған облыстың фаунасы өте алуан түрлігімен ерекшеленеді. Лопатин И. К. (1980ж) бойынша Қазақстан республикасының территориясы Голарктикалық патшлықтың Палеарктикалық патшалықтың бөлігіне енеді. Ал дала және шөлейт зонасы Еврпа-Сібір облысының Европа-Обьтық облысының бөлігіне, аз бөлігі Ежелгі Жерорта, оның Сахара-Гобий облысының бөлігіне енеді. Ал құрылықты фауналық негізде бөлсек Қазақстан Европа-Сібір, Жерорта және Орат Азиялық облыстың бөлігіне енеді /Жаналиева т. б./.

          Жануарлар дүниесі өзінің мекен ететін ортасының геологиялық даму тарихы, климат және табиғи жағдайымен тығыз байланыста дамиды.

Көптеген зерттеулерде Қазақстанның шөл зонасының жануарлар дүниесі Орта Азия және Жерортатеңіздік орталықтардың ықпалы негізінде қалыптасқан делінеді.

          Сырдың алапбары шөл зонасында оналасқандығы белгілі. Ал шөл зонасының табиғи жағдайы өте қатаң.Сондықтан да онда-ксерофильді және эвритермофильдіжануарлар мекен етеді. Олар шөлге, ыстықа төзімді болып келеді және де дене бітімдерінің шағын болуы да шартты. Олардың көбі түнде белсенді, ал күндіз індерінде жатады.Мұнда сүтқоректілерден-ақбөкен, қарақұйрық; ал жыртқыштардан: қасқыр, шағыл, түлкі, қарсақ т. б. басым болып келеді.

          Құстардан 40ж зерттеулер бойынша-бірқазан,қарабай, үйрек, лашын, қырғи, ителгі, бүркіт болса, 1978 жылдары олардың саны біршама төмендеген. Қазір мұнда “Қызыл кітапқа” енген құстардың 5-еуі осы өңірлерден ұшып өтеді екен.        Мұнда 50-ші жылдары қырғауыл басым болған. Олар сол кезде ОҚО және Қызылорда облысында 45715 болса, қазір олардың саны белгісіз.Қазіргі құстардын: торғай, жамансары, шіл т. б. Ал жыртқыш құстардан: байғыз, жапалақ, үкі т. б. Жоғарыда аталған құстардың көбі қыста жылы жақа ұшып кетсе, олардың орнына-поляр үкісі, мүйізді бозторғай келеді.Сырдарияның тоғайларында-құр, ал қатпайтын салаларында және жусандар түбінде-үйректер мекендейді. Ал жыртқыш құстыр осылармен қатарлас жүреді.

          Кеміргіштерден: жалман, көртышқан, қосаяқ, құм тышқаны т. б.

Өлке бауырменжорғалаушылардың алуан түрлігімен ерекшеленеді. Олардан көбіне-кесіртке, тасбқа, сұр жылан, қалқан жылан кездеседі.

          Жәндіктерден басымы-түрлі қоңыздар мен қарақұрттар, термиттер, қыр шаяны т. б.

          Аймақтың ихтофаунасы Арал теңізінің түрлеріне өте ұқсас. Мұнда бекте тұқымдастардан: шип, тұмсықты балықтаркеңінен кездессе, тұқы тұқымдастардан: плотва, язь, жерех, усач, шмея, сазан т. б. Ал су қоймада балықтардың 21-ден астам түрлері кездеседі. Оның ішінде кәсіптіліктеріне:сазан, лещ, жайын, жерех т. б.

          Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының негізінде көп жерлерді игеру барысында көптеген жабайы аңдардың саны, мекен ету ареалдары тарылды. Соның негізінде бір түрлер жоғалып, екінші түрлердің сандары артуда. Мысалы, күрішті жерлердегі сары масаның санының артуы негізінде ол жерлерді мекендеген соналар саны күрт төмендеді.

          Адамның табиғатқа тікелей немесе жанама әсері негізінде табиғи ландшафттар орнына апнтропогендік ландшафтар пайда болуда. Ол қазіргі кездің өзекті мәселесіне айналып отыр.Аймақтың антропогендік ландшафттысының өзіне тән жануарлар дүниесіне тоқталсақ; Онда: торғайлар, қарлығаштар мен қарғалар, егеуқұйрықтармен түрлі кеміргіштердің сандары, сонымен қатар кейбір жәндіктер де шамадан көп кездеседі.

 

 

          1.8 Ландшафтысы

 

          Сырдария атырауының ландшафттық типологиялық жiктелуiне байланысты төмен түскен жазықтар, морфогенетикалық белгiлер, теңiздiк, аллювиалдық, делювиалды-пролювиалдық, аллювиалды-пролювиалдық, аллювиалды-деювиалдық, көлдiк-аллювиалдық және эолды подкластарға қарайтын 7 ландшафт түрiне бөлiнедi.[10].

          Аридтi жағдайда қалыптасқан Сырдария атырауының табиғи кешендерi эолды жазық ландшафттарына жатады. Эолды жазық ландшафттары территорияның барлық жерiнде дамыған, әсiресе, олар атыраудың оңтүстiк-шығысында көптеп кездеседi. Мұнда құмдардағы ақ жер жусанды, ақ сексеуiл орманды бiрлестiгiнде ара сексеуiлдi өсiмдiктi эолды атызды-төбелi жазықтары қалыптасады. Эолды жазықтық кең үлескiлерi жыл бойғы жайылым үшiн қолданылады.  Тұрғын елдердегi  мал қыстаулары және мал шаруашылығы фермаларына жақын жерде шаруашылықты игеру эолды және сор-дефляциялық процесiнiң белсендi дамуына әкелдi.

          Алынып отырған территорияның үлкен бөлiгiн аллювиалды жазық ландшафттары алып жатыр. Олардың ауданы 19409 км2 құрайды. Олардың iшiнде Сырдарияның аллювиальды-атыраулық жазық кең тараған. Ол жердiң 50-60%-i саздар,саздақтар, құмдар және кәдiмгi қүба және тақыр түстес топырақтар алып жатыр. Осы территорияда ауыл шаруашылығы едәуiр жақсы дамыған. Суарылмайтын  үлескелерде, әсiресе, аллювиальды   үлескiлерде, әсiресе, аллювиалды-атыраулық жазықтардың құба сор топырақтарда сор өсiмдiктер мен тұзды өсiмдiктер кездеседi.

          Аллювиалды-жазықтық ландшафттарының солтүстiк-шөлдi подтипiнен ерекшелiгi гидроморфты қатардағы табиғи кешен дамуы болып табылады. Оған: саздар, саздақтар, құмдар және арна аралық төменгi жерлердегi тоғайлы өсiмдiктермен шалғынды- батпақты топырақ, сор және тақырлар мен қалыптасқан, аллювиалды аз тiлiмделген жазық жатады. Берiлген түрдегi табиғи кешендердiң құрлымында Сырдарияның гидрографиялық режимiнiң төмендеуi, етегiнде жоғары және гидротехникалық жағдайының өзгеруi сияқты өзгерiстерге әкелдi. Қосымша суландырудың болмағанынан сарсазанды-қарабарақ өсiмдiктi сорлар дамыды.

          Алғашқы теңiздiк жазық ландшафттары зерттеп отырған территорияның шамамен 15,8% қамтиды және үлкен тұздануды сипаттай отырып, Арал теңiзiн бойлай үзiлiссiз алқапта созылып жатқан, құмды шөгiндiлерде қалыптасады. Алғашқы теңiздiк жазық Арал теңiзiнiң деңгейiнiң төмендеуiне байланысты құрылды. Ол-құрғақ теңiз түбiнiң енi 75-80 км жерiн қамтиды. Оның жер бетiне континенттiк эрозионды-дефляциялық процестер, оның iшiнде эолды процестер қарқынды әсер етедi. Теңiз түбiнiң морфологиясына байланысты онда кездесетiн алғашқы- теңiздiк жазық жыныстары тұзды қабықпен жамылған, биiктiгi 0,7-1,5 м құмды төбелер, атыз, жыралар эолды аккумуляция мен дефляция процестерiнiң қарқынды дамуымен көрiнедi. Алғашқы теңiздiк жазық теңiз деңгейiнiң төмен түсуiне байланысты жалғасып отырды.

          Алғашқы теңiздiк жазық ландшафттарының құрлымы күрделi емес. Құмдақ пен саздақ, құм жиналған қарабарақ пен алабота бiрлестiгi жайпақ еңiстеу келген жазық басым. Сонымен бiрге алғашқы теңiздiк жазық құмдарда алабота сирек кездеседi. Бұл жерлер ауыл шаруашылығын игеру үшiн жарамсыз.[23].

          Сырдарияның атырауының ландшафттарында 11688 км2 ауданда алып жатқан құрлымдық жазықтарды бөлуге болады. Оның iшiнде әлсiз дислокацияланған саздар, алевриттер, құмдардағы сұр жусанды- жалбызды, сұр жусанды-терескендi-кейреуiктi өсiмдiктермен, құба және сұр-құба, таыр түстес және сор топырақтар жиналған құрлымды — еңiс төмен толқынды жазықты бөлiп айтуға болады.

          Пролювиалды жазықтың ауданы 11,6%-iн қамтиды және ол зерттелiп отырған ауданның барлық территориясында кздеседi. Шамамен 20-25%  қамтитын тақыр түстес топырақтар мен құмдар, жоңышқалы-кейреуiк, қара сексеуiл- тұзды өсiмдiктi саздар, саздақтар, құмдақтар жиналған пролювиалды жайпақ жазықтар басым. Бұл жерлер жайылымдыққа кейде суармалы егiстiкке пайдаланады.

          Теңiздiк жазық Арал теңiзiн бойлай бөлек үлескiлерде созылып жатыр және 2822 км2 қамтиды. Оның iшiнде жусанды-кейреуiктi, қара сексеуiлдi- сор топырақтарда өсетiн өсiмдiктi құмдар саздар және сор қалдықтары жиналған теңiздiк жайпақ жазық басым. Бұл территория көктемгi жайылым ретiнде қолданылады.

          Территорияның 5,8 % делювиалды-пролювиалды жазық алып жатыр. Эолды жазықтардың өңделуiмен еңiстi делювиалды-пролювиалды жазықтар басым. Мұнда құмдар, қиыршықтасты саздақтар таралған. Сонымен бiрге бұталы-әртүрлi шөптесiндi- эфемерлi өсiмдiктер кездеседi. Тақыр түстес сор топырақ берiлген территорияның 30-40%  қамтиды.

          Көлдiк-аллювиалды жазық 789 км2 қамтиды. Көлдiк қазан шұңқырлардың айналасында таралған. Аллювиалды-иiлген жазықтар басым. Мұнда көкпектi қара жусанды, саздар, саздақтар және территорияның 1%  қамтитын сор және құба шөл топырақтары  таралған.

          Қазақстан жазығында аридтi ауданның қазiргi ландшафт құрлымы. әртүрлi биiктiгi, iшкi теңсiздiк пен антропогедiк ауыл шаруашылығының тұрақтылығына байланысты табиғи территориялық кешендi жүйесiнiң күрделi екенiн көрсетедi. Қазақстанның аридтi зоналарында әсiресе, Сырдария атырауында табиғи ландшафттың әртүрлi табиғи антропогендiк ауылшаруашылық модификациясы кездеседi.

          Осыған байланысты Сырдария өзенi атырауы табиғи жағдайын шолу және талдау жұмыстары ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң дамуына түбегейлi әсер ететiн табиғи факторларды айқындайды. Оларға мыналар жатады:

Климаттық фактор. Ол температуралық режимде (жылдық және тәулiктiк амплитуда), жел режимi (желдi күндердiң басым болуы, шаңды борандар, топырақ қабатының құрғауы) жауын-шашынның аз мөлшерiен, жалпы құрғақшылықтан, топырақ құрғауынан пайда болды.[26].

          Орографиялық фактор-жер бедерiнiң өзi немесе оның формалары эрозиялық дефляция мен аккумулятивтi үрдiстердiң дамуына мүмкiндiк бередi.

          Гидрологиялық фактор- уақытша суайрық пен шұңқыр және олардың тығыздығы, су эрозиясы, топырақ қабатының тұздануына әкеледi. Гидрогеологиялық фактор, әртүрлi тереңдiктегi жер асты суларының жатуы мн олардың минералдық жоғарылауынан сор топырақтың қалыптасуының-бiртегiс таралмауынан пайда болды.

          Топырақ факторы- қарашiрiк аз болуы, су-тұз режимi.Өсiмдiк факторы-төмен проектiлiк жамылғыда және өнiмдiлiктiң аздығы, ұзақ уақыттың тыныштық күйi, қатты құрғаушылықтан пайда болады.

          Сырдария өзенi атырауы — қазiргi уақытта табиғи ортаның өзгеруi болып тұратын тұрғылықты аудан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Сырдария өзенi атырауы ландшафттарының  қазiргi жағдайы және

               экологиясы

 

2.1 Атыраулық ландшафттар және олардың даму динамикасы

 

Қарастырып отырған территориядағы қазiргi ландшафттардың құрлымы әртүрлi биiктiк бойынша күрделi жүйенi, табиғи – антропогендiк ауыл шаруашылығы модификациясы объективтi көрiнетiн табиғи территориялық кешендердегi антропогендiк ауыл шаруашылық әрекетiне тұрақты және әртектi болып табылады[22].

Өзен аңғарындағы суармалы және жайылымдық жерлердiң табиғи кешендерiнiң дамуындағы физгеографиялық құбылыстар мен процестердiң бағыты, динамикалық өзгеруi қазiргi ландшафттардың шөлдену бағытымен тығыз байланысты.

Территорияның қазiргi ландшафттық құрлымы: оның жекелеген кешендерiнiң эволюциялық дамуына, геокешендердiң қамтып жатқан ауданына, табиғи-территориялық кешендердiң антропогендiк – ауыо шаруашылқтық салмаққа тұрақтылығына байланысты әртүрлi деңгейдегi табиғи – антропогендiк модификациялар құрайды[13]. Табиғи ландшафттар шеңберiнде дамыған антропогендiк бiрлiктердiң эвалюциялық даму бағыты жалпы шөлдену мен топырақ қабатының тұздануына да тәуелдi — әсiресе егiстiк жерлерде. Жалпы тұзданудағы негiзгi ерекшелiк — өзе атырауынан Арал теңiзiне қарай сандық шамасының артуы мен табиғи кешендердiң мелиоративтiк шаю немесе жуу жұмыстарын өткiзудi  қажет етедi.

Сырдария аңғарындағы ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерге баға беру нәтижесiнде мұнда таралған топырақ жамылғысының құнарлығы мен оның құрлымында өзгерудiң бар екендiгi байқалады [15]. Осындай жағдайда жер ресурстарын тиiмдi пайдалану шараларын қағаз жүзiнде ғана емес iс жүзiнде нақтылы жақсарту жұмыстары арқылы көрсеткен дұрыс. Дегенмен, ауыл шаруашылықтық егiстiк ауданына талдау жасай отырып, егiстiк түрлерiнiң эрозияға , тұздануға, дефляция мен өсiмдiк пен жайылымдық жерлердiң деградация деңгейiне байланысты екенiн де аңғаруға болады. Агроландшафттар құрлымында соңғы жылдары егiстiкпен салыстырғанда ландшафт түрлерiнен жайылымдық жердiң үлес салмағы артып отырғаны айқын.

Жалпы Арал маңына тән ерекшелiк: облыстың бүкiл жер қорының 80-85% құрайтын суармалы егiстiк пен 80-95% шабындықтың осы Сырдария атырауындағы орналасуы және халық шаруашылығы тұрғысынан жақсы игерiлген. Биологиялық өнiмдiлiгi жоғары агроландшафттар да осы территория шеңберiнен шықпайды. Бiрақ, өзен атырауындағы агроландшафттардың литологиялық құрамында құмды және құмдақты топырақтың 50-60% құрауын жайылымды жердiң 75% эрозиялық қауiптi жайылымдар.

Жалпы алғанда, бүкiл өзен атырауындағы табиғи ауытқулар өзеннiң суының азаюымен, сапасының және тұздылығының өсуiмен байланысты екенi белгiлi. Егiстiк жерлермен қатар шабындықтың да елеулi өзгеруi – 60 жылдармен салыстырғанда 2000-2005 жылдары шабындық ауданның үш-төрт есе кемуi байқалады [8]. (13-кесте)

 

Кесте – 13.Қазақстандық Арал маңының бөлiгiнде жер қорының таралуы

 

Табиғи-территориялық кешен

Барлық жер

Ауыл шаруашылығына пайдалану

Олардың iшiнде

Пiшен

Шабындық

жайылым

Мың га

%

Мың га

%

Мың га

Мың га

Мың га

Барлығы

8793,4

100

4276,2

48,6

28,4

27,4

4220,4

Оның iшiнде:

Аккумулятивтi-аллювиалды жазықтың ландшафттары

1940,9

22,0

997,9

23,3

18,2

20,4

959,3

Эолды жазықтың ландшафттары

3832,9

43,5

1735,4

40,6

6,0

2,8

1726,6

Көлдiк-аллювиалды жазықтың ландшафттары

78,9

0,9

26,9

0,6

1,2

3,4

22,3

Денудациялық-құрылымдық жазықтың ландшафттары

1168,8

13,4

600,4

14,0

0,6

0,1

559,7

Делювиалды-ролювиалды жазықтың ландшафттары

268,1

3,0

105,5

2,5

0,8

0,5

104,2

Тау жұрнақты жазықтың ландшафттары

287,6

3,3

120,2

2,8

1,6

0,2

118,4

Алғашқы теңiздiк ландшафт, теңiздiк жазық, сортаң, тақырлар

1216,2

13,9

689,9

16,2

689,9

                   

 

   Ал қалған шабындықты жердiң де бiртiндеп сортаңға немесе малдық азық-түлiк ретiнде нашар қолданылатын галофиттi топтармен алмасуы.

Шөлдену процесiнiң қарқынды сипат алуына байланысты Сырдария атырауындағы шалғынды жерлердiң биологиялық өнiмдiлiгi күрт төмендеп кеттi, әсiресе қамысты және қамысты – шөптесiндi шалғындардың өнiмдiлiгiнен ғана емес олардың түрлiк ауыуынан да айқын көрiнедi. 1960 жылдармен салыстырғанда өнiмдiлiктiң қазiр 6-7 есе кемiп, гектарына барлығы 1,5-2,0 центнерге жетiп отыр. Жайылымдық агроландшафттардың өзгеру деңгейi антропогендiк әсердiң ерекшелiгiне байланысты әралуан. Мысалы, аккумулятивтi-аллювиалды жазық ландшафттарында дамыған жайылымдарғаәсер: малды шамадан тыс артық жаю, шөп шабу немесе ағаш кесу сияқты тұрғыда болса, онда өсiмдiк типiнiң келесi дамуы — галофиттiк топтардың басымдылығы, ал эолды агроландшафттарда – псаммиттi топтармен алмасуы.

Биологиялық өнiмдiлiгi мен түрлiк құрамы өзгерген жайылымдардың нашарлау себебi – толығымен сапалы қамтамасыз етiлмеген жайылымда мал жаю мөлшерiнiң дұрыс сақталмауы. Осының салдарынан жыл сайын малдың азық-түлiк қорында 12-13 мың тонна шөп азық қорынан шығып қалады.

Сырдария аңғарындағы Қазалы суармалы массивiнде 60 жылдардың басында суармалы егiстiктiң көлемiн ұлғайтуға байланысты 1965-1985 жылдары мұнда суармалы егiстiктiң ауданы 33 мың гектарға дейiн өстi. Осы кезеңде оның ауданы жыл сайын 1-1,5 мың гектарға өсiп отырды [28]. Соңғы кезеңде оның көлемi тек сандық жағынан ғана кемiп отырған жоқ сапалық та күрделi өзгеруде: бүкiл суаомалы егiстiң 2 метрлiк тереңдiгiнде жыл бойы батпақтану процесi басым. Себебi: күрiш егiстiгiнен қалған артық судың жергiлiктi жер  рельефiне байланысты жиналуы және топырақтың механикалық құрамында ауыр жыныстардың басымдылығы. Сондықтан, болашақта территорияда суармалы егiстiктiң ауданын қазiргi деңгейдегiдей сақтап, өнiм алу үшiн тұз режимiн жасанды реттеу жұмыстары iске асу қажет : тұзды топырақты шаю — әр гектарына 3-12 мың м3 су қажет 1998-1999 жылғы жер қоры туралы мәлiметтер бойынша массивтегi жалпы егiстiктiң 59-60% күрiш, 30% азықтық өсiмдiктер, 14% — бау-бақша алып жатыр. Егiстiктен түсетiн өнiмнiң де мөлшерi жылдан –жылға азаюда – 1998 жылы күрiштiң өнiмдiлiгi гектарына небары 32,5 центнер болған.

Табиғи кешендердiң антропогендiк процестерiнiң ықпалымен шөлденудiң ең негiзгi себебi – дарияның гидрологиялық режимiнiң өзгеруi, яғни судың тапшылығы. Сондықтан территорияның геологиялық — геоморфологиялық ерекшелiгiне байланысты түрбөлшекаралық байланыс нашар. Шөлдену, тұздану сияқты процестердiң нақтылы көрсеткiшi – топырақ пен өсiмдiк жамылғысының азғындауы, егiстiктiң өнiмдiлiгiнiң кемуi.

Агроландшафттардың өнiмдiлiгiнiң нашарлауы жер бетi ағын сулары мен топырақ қабатының пестицидтер (линдан, пропанид, метафос, сатурн т.б.) қосымша салмақ салуда [14].

Дегенмен соңғы жылдары (1995-1996) ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтердiң мөлшерi азайып отыр. Қазалы ауданының егiстiктi аймақтарында 1989 жылдан бастап пестицидтер мүлдем қолданылмайды. Бiрақ, күрiш жәе басқа дәндi дақылдардан жақсы өнiм алу  үшiн мелиорант ретiнде тұзданған топыраққа күкiрттi цинк қолданылады. Күкiрт улы қасиетi жоғары ауыр метал қатарына жатады, сондықтан ландшафт шеңберiнен шығу қарқындылығы нашар. Топырақ қабатындағы цинктiң кларкы 1,7-2,4 есе көп екенi анықталған[30]. Сонымен қатар Қызыл-Орда  Агропром бiрлестiгiнiң лабороториялық зерттеулерi бойынша мыс пен мырыштың да бар екенi анықталған. Сырдария өзенiнiң суына келсек–химиялық элементтермен ластануы бүкiл  республиканың орташа көрсеткiшiнен 65% көп. Ал осы өзен суын тек суармалы мақсатта ғана емес ауыз су ретiнде пайдаланатынын ескерсек онда оның қаншалықты зиянды екенiн айтпаса да түсiнiктi.

 

 

2.2  Антропогендiк ландшафттарға сипаттама және экологиялық бағалау

 

Сырдария өзенi атырауы өте қатты экологиялық өзгерiстердi бастан өткiздi. Ең соңғысы 1965 жылғы Қазалы суармалы массивiн ұйымдастырумен байланысты болды.

Сырдария атырауы жүйесiнiң табиғи ландшафттары егiстiк аудандарды кеңейту мөлшерi бойынша елеулi өзгерiстерге ұшыраған,күрделi құрлымдық ұйымы мен өзiндiк ерекшелiгiмен көрiнедi. Сырдария өзенi атырауының ауыл шаруашылық әрекетiндегi ландшафттар келбетi  әртүрлi деңгейдегi агроландшафттар жүйесiн құру бағытындағы табиғи-территориялық кешендердiң пайда болуына ие.

Ауыл шаруашылығы әрекетi нәтижесiнде шөлдену процесiнiң тенденциясын талдау мен бағалау үшiн бiз мысал ретiнде Қазалы суармалы массивiнiң экологиялық өзгеруiнiң негiзгi ландшафттық — индикациялық белгiлерiн көрсеткен. Ауыл шаруашылық әрекетiне душар болған атыраулық ПТК-ның ауданы және табиғи – зоналық қатардағы атыраулық ландшафттардың кеңiстiктiк-құрлымдық заңдылығында кездесетiн талдау, жергiлiктi ландшафттық-экологиялықтың антропогендiк әсермен жоғары өзара байланысы мен өзара тәуелдiлiктiң қазiргi сипатын белгiлейдi.

Шаруашылық және  басқа адам әрекетi сонымен бiрге ландшафттық-экологиялық процестер арасындағы қатынастар қазiргi уақытқа дейiн дұрыс зертелмеген. Мұндағы қиындық ең алдымен, антропогендiк факторлар әсерiндегi ландшафтардың қайтымсыз өзгеруi кезiнде апаттық қатынастарды анықтауда. Қазалы суармалы массивi шегiндегi агроландшафттарда табиғи ПТК-ның өзгеру процесiн бағалау жергiлiктi табиғи жүйелердiң антропогендiк өзгеруi мен табиғи бейiмдiлiгi арсындағы қарым-қатынас деңгейiнiң пайда болуының нақты белгiлерiн өңдеудi талап етедi

Сырдарияның атыраулық ландшафттар жүйесiнiң көп жылдық зерттеулерi, әртүрлi таксаномиялық деңгейдегi ПТК-ның құрлымдық ұйымдарының ерекшелiгi, ландшафтардың iшкi дамуының динамикалық заңдылығы, жердi ұтымды пайдаланудың мәселелерiн шешу үшiн қажеттi негiз болып табылады. Қазалы суармалы массивiнiң ландшафтты зонасындағы әртүрлi өзгерiстердi талдау, зоналық ПТК-ның ауыл шаруашылық өндiрiсi әсерiнен, оның жекелеген элементтерi арасындағы байланыстардың құрлымы мен механизмi өзгерiске ұшырағанын көрсеттi. Ауыл шаруашылқ өндiрiсiнiң ұзақ уақыттық әсерi бойынша шөлдену аясында дамыған Сырдария атырауының ландшафттық жүйесiнiң динамикалық жағдайында көптеген өзгерiстер ПТК ның жекелеген параметрлерiнiң өте үлкен өзгерiске ұшырағанын көруге болады.

Қазiргi уақытта Қазалы атырауы шегiнде ауыл шаруашылқ кешендерiнiң ландшафттары ұйымдарының 2 деңгейi бөлiнiп шығады: жеке ауыл шаруашылық ландшафттары және ауыл шаруашылық ландшафтты-ирригационды жүйелер. Жеке ауыл шаруашылық ландшафттары тұрғындардың шаруашылық әрекетi барысында жүйеленген кешен бола отырып, шөл зонасының жалпы зоналық-провинциялық заңдылық аясына сәйкес дамиды. Көбiнесе, дәндi дақылдардың, пiшендiктердiң өнiмдiлiгi ең алдымен табиғи жағдайлармен, содан кейiн топырақтың зоналық типiнiң өнiмдiлiгi мен суармалы жүйедегi судың сандық және сапалығымен және басқада түрбөлшектердiң сипаттамасымен анықталады.

Қазалы ландшафтты – ирригационды кешен 2 жүйешеден тұратын күрделi жүйенi көрсетедi: ауыл шаруашылық ландшафттары және әрекет етушi ирригационды құрлыс. Толығымен, Қазалы суармалы массивiнiң ауыл шаруашылық  ландшафттары өзiнiң ұйымдастыруының әртүрлiлiгiмен және күрделiлiгiмен ерекшеленедi. Барлық атыраулық ландшафт – ауыл шаруашылқ жүйесiнiң аймақтық құрлымы табиғи ландшафт ерекшелiгiмен анықталады.

Сырдария атырауының табиғи-шаруашылық жүйесiнiң тұрақтылық мәселелерiн зерттеу барысында, Қазалы суармалы массивi ауданындағы табиғи ландшафттардың кеңiстiктiк құрлымдық ұйыидарының негiзгi заңдылығы белгiлi болды. Шөлдену процесiнiң даму жағдайында атыраулық ландшафтардың антропогендiк ауыл шаруашылық модификациясын бағалау үшiн ландшафттық карталар құрылды.

Территорияның геология-геоморфологиялық ерекшелiгi, топырақ құрушы жыныстардың құрамы, макро және микроклиматтық жағдай, берiлген территорияда ландшафттың келесi түрлерiн қалыптастырды:жайылмалық шалғынды және сортаң лиманды-шалғынды топырақтарда, жусанды-кермектi, бұталы, қамысты өсiмдiктермен, сазды, саздақты, құмдармен күрделенген аллювиалды тегiс жазық.

Сортаң және тақырлар, шалғынды-батпақты топырақтарда тоғайлы типтегi өсiмдiктермен, арнааралық еңiстер,арналық белдер, көптеген арналық құмдар, саздар, саздақтар мен күрделенген аллювиалды атыраулық жазық : құба топырақтағы жусанды өсiмдiктермен құмды, сазды, саздақтармен күрделенген көлдiк-аллювиалды әлсiз тiлiмделген жазық; құмды және тақыр түстес топырақтарда кейреуiктi — қара сексеуiлдi өсiмдiктермен тұйықталмаған құмдар араласқан эолды қырқалы ұяшықты жазық; құба топырақтар араласқан құмдарда жусанды-кермектi өсiмдiктермен эолды қырқалы-төбешiктi жазық.

 Зерттелiп отырғанСырдария атырауы шегiнде және оның айналасында 37 ПТК белгiленген. Барлық көрсетiлген ПТК күрделi қоныстарда типологиялық принципке байланысты жүйеленген. Атыраулық ПТК ның жалпы ауданы 1520 км2 оның iшiнде:эолды жазықтың табиғи-территориялық кешенi 711 км2 аллювиалды жазықтың табиғи-территориялық кешенi 584 км2  тау жұрнақты табиғи-территориялық кешенi 118 км2 теңiздiк жазықтың табиғи-территориялық кешенi 48 км2 аквальды ландшафтар 32 км2 — селитебтi кешен 17 км2.

Ауданның жалпы құрлымының 284 км2 және 113600 га суармалы ландшафт болып табылады. Суармалы кешендер негiзiнен аллювиалды жазық шегiнде таралған және теңiз деңгейiнен 58-53 м абсолюттiк биiктiкте орналасқан. Антропогендiк әрекет нәтижесiнде әсiресе, ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң 3/4суармалы ауданнан қажетсiз (екiншi рет тұзданған) жерлерге айналады. Осы үлескiлердiң салдарынан сортаңдар қалыптасты. Қазiргi уақытта оларды ауыл шаруашылығына пайдалануға болмайды.           

Табиғатты тиiмдi пайдалану саласында өзектi мәселелердi шешу адам әрекетi мен табиғи – территориялық кешендердiң барлық  типтерiнiң әртүрлi формалары арасындағы қарым-қатынасты зерттеуге ерекше көңiл бөлудi талап етедi. Осыған байланысты ең негiзгi мәселе – табиғи кешендердiң антропогендiк әрекетке тұрақтылығын зерттеу, ландшафтардың техногендiк өзгеруi мен динамикасын әрi қарай зерттеудi талап етедi. Техногендiк әрекетке душар болған ландшафттық болжау, ландшафтттарды картографиялаудың принципi мен әдiстерiн өңдеу – табиғи ортаның қазiргi даму тенденциясының таным заңдылығындағы басты өзектi мәселе.

Арал маңында жайылымдық экожүйенiң даму тарихын талдау ұтымды табиғатты пайдалану мәселелерiнiң шешiмiн таба алмады. Жайылымдық мал шаруашылығының отарлы-көшпелi жүйесi жайылымдық экожүйенi ауыспалы маусымдық пайдалануға негiзделдi. Мұндай жүйе жайылымдық өсiмдiктердiң қайта қалпына келуi үшiн қалыпты жағдайды және азықтық ресурстардың табиғи өзiндiк қалпына келуiн қамтамасыз етедi.

Зерттелiп отырған ауданда 1993-2000 жылы жайылымдық экожүйелердi зерттеудiң шөлденудiң келесi типтерiн көрсеттi: өсiмдiк жамылғысының деградациясы, топырақ жамылғысының тұздануы мен деградациясы, су ресурстарының азаюы, су зрозиясы, дефляция. Өсiмдiктердiң деградациясының негiзгi себептерi: жайылымда малдың артығымен жайылуы, территорияның бiртексiз сулануы, Сырдария ағынының реттелуi және Арал теңiзi деңгейiнiң төмендеуi,тоғайлы ормандарды ,бұталарды отын ретiнде кесу, суармалы егiстiктi ойланбай жүргiзу,топырақтың құрғауы болып табылады. Қазiргi уақытта мал басының саны азайғанына қарамастан жайылымдық экожүйе өзгерген.

Шөл зонасындағы жайылымдық экожүйесiнiң деградация  мен өсiмдiктердiң деградациясының жалпы қабылданған белгiлерi негiзiнде 5 өзгеру деңгейi бөлiнедi: фондық,  әлсiз, қалыпты қатты, өте қатты. Әлсiз деградация эфемерлi және бiр жылдық өсiмдiктердiң ролiнiң бiршама ұлғаюы мен эдификатор ролi төмендеген жердегi климакстық бiрлестiкке сәйкес келедi. Деградацияның қалыпты деңгейi эдификатор ролi төмендеген, сор типтi үлескелермен көрiнетiн ұзақ уақыттық — өнеркәсiптiң салыстырмалы түрлерiнiң бiрлестiгiне сәйкес келедi. Деградацияның қатты деңгейiне бiр жылдық, сор және улы өсiмдiктердiң таралуымен сипатталады. Деградацияның өте қатты деңгейiне  екiншi рет тұзданған топырақтар сәйкес [3].

Сазды жазықтың жайылымдық экожүйесi. Сазды жазықтың жайылымы Сырдария өзенi атырауының тау жұрнақты жазығы бойынша таралған. Өсiмдiктерi құба, сұр-құба және тақыр тұстес топырақтардағы жартылай бұталы формациялармен көрiнедi.

Кең экологиялық амплитудамен сипатталатын ақ жусанды жайылым ландшафт құрушы болып табылады. Ақ жусандылар көктемгi-жазғы-күзгi жайылым болып табылады. Орташа өнiмдiлiгi 2,3-тен 2,7-ге дейiн өзгередi. Сор шөптi түрлерiмен жайылымдық экожүйенiң әлсiз және қалыпты деградацияланған түрлерi көбiрек таралған.

Қазiргi уақытта отын ретiнде сексеуiлдердi есу салдарынан олардың ауданы 60-70% қысқарған. Арал маңындағы бұл бағалы түр жоғалып кету шегiнде тұр.

Құба, сұр-құба сортаң және тақыр түстес топырақтарда сазды жазықтың төмендеуi үшiн, Artemisia terrae-aibae – мен қатар шөл зонасының ландшафт құрушысы болып табылатын Anabasis saisa жартылай бұталы қауымдастығы таралған. Бұл жайылымның өнiмдiлiгi 1,0-2,0 ц/га және күзгi-көктемгi ақытта пайдаланылады.

Жалпы, сазды жазықтың жайылымдық экожүйесiне өсiмдiктердiң әлсiз және қалыпты деградация деңгейi тән. Жайылымның антропогендiк өзгеруiнiң негiзгi себебi артығымен жайылу, шабу, пiшендiктердi ору, сонымен бiрге кейбiр аудандарда малдарды суаратын суаттардың болмауы салдарынан жайылымдарды пайдаланбау болып табылады. Сырдария атырауындағы тау жұрнақты жайылымдар ирригационды-техногендiк шаралар және топырақтың тұздануы нәтижесiнде өзгерген.

Құмды жазықтың жайылымдық экожүйесi. Құмды жайылымдық экожүйе Кiшi Борсық, Арал маңы Қарақұмы, Қызылқұм, Жуанқұм құмды массивтерiне шоғырланған және Шығыс Арал маңының 40% қамтиды. Құмдар ойпауыттарында дақылды-псаммиттi жусанды, беткейлерә мен жоғарғы жағында – псаммиттi бұталы  және псаммиттi жусанды қауымдастық басым.

Жалпы, құмды массивтер үшiн түбiрлiк өсiмдiктерi бұталармен қалыптасқан (Calligonum aphyllum, Atraphaxis spinosa, Haloxylon aphyllnm, Salsola arbusiformis) қауымдастық болып табылады. Құмдар өте жоғары сапалы жыл бойы пайдаланатын жайылымдарды көрсетедi. Жобалық жамылғысы 55-60% , өнiмдiлiгi 2,5-3,4 ц/га.

Қазiргi уақытта жайылу мен бұталарды отын ретiнде кесудiң жүйесiздiгi нәтижесiнде құмды жайылымдар 50% қалыпты деградацияға және 15% қатты өзгерген. Шамамен, жоғарғы бетiнiң 5-7% бұзылған және бархандалған. Бұталы қауымдастықтың құрлымы толығымен сақталған. Жайылымның ауданы 15-20% қысқарды. Олар төменгi өнiмдiлiктi, аз бағалы қауымдастыққа ауысты.

Сортаң жайылымдық экожүйе. Барлық шөл зонасының үшiн сортаңдар – ландшафтқа тән түрбөлшек. Олар барлық табиғи кешендерде кездеседi.Өсiмдiктердiң таралуының жалпы заңдылығы жер бедерiнiң жоғары бетiндегi басым болатын, тұздану процестерiне байланысты. Ең төменгi орындарды иеленетiн ылғал сортаңдар айналасында Salicornia europea, Suaeda acuminata топтары кездеседi. Жер бедерiнiң көтерiлуi бойынша, грунт суларының төмендеген жерлерiнде галоксерафилдi жартылай бұталы және өнiмдiлiгi 0,7-1,5ц/га болатын бiр жылдық өсiмдiктер қауымдастығы тән, тұздану байқалады. Сортаңдар – түйелер үшiн қысқы жақсы жайылым [5].

Атыраулық жазықтың жайылымдық экожүйесi. Сырдария өзенiнiң қазiргi атырауы күрделi кеңiстiктiк құрлыммен сипатталады. Берiлген территория үшiн өзiне тән ерекшелiк төменгi жайылмалардың, арна маңы белдердiң және арнааралық ойпауыттардың,тау жұрнақты жазықтардың, кiшiгiрiм құмды массивтердiң және ауыл шаруашылық дақылдарымен егiлген сортаң ойпауыттардың, үлескiлердiң, сонымен бiрге пайдаланбайтын жерлердiң болуы. Атыраулық жазықтың экожүйесi қатты өзгерiске ұшыраған. Өсiмдiктердiң антропогендiк өзгеруiнiң негiзгi себебi,пiшендiктердi ору, артығымен жайылу, ирригационды-техногендiк әрекет, гидрологиялық режимнiң өзгеруi, топырақтың тұздануы мен ебуi жатады.

1954-1960 жылдары зерттелiп отырған ауданның ботаникалық және азықтық карталарын ретроперспективтi талдау Сырдария өзенi жайылмасы мен арнааралық ойпауыттарында шалғынды-батпақты және аллювиалды-шалғынды топырақтарда Phragmites australis, Calamagrostis epigeios, Hordeum bohdani, Agropyron repens шалғынды өсiмдiктермен жамылғанын көрсеттi.Шалғында өсiмдiктердiң шамамен 40% қамысты пiшендiк, өнiмдiлiгi 60ц/га.

Қазiргi уақытта гидрологиялық режимнiң өзгеруi нәтижесiнде монодоминантты өсiмдiктер әртүрлi шөптесiндi және қамысты-сор шөптесiндi қауымдастықтарға өзгердi. Қамысты жайылымдардың ауданы мен пiшендiкке пайдаланатын жерлердiң ауданы 60-70% қысқарды, өнiмдiлiгi 60-90% төмендедi. Арнааралық ойпауыттардағы көтерiңкi үлескiлер бойынша өсiмдiктердiң өзгеруi ксерофиттелуге бағытталды.

Сырдария атырауындағы жайылым мен пiшендiктiң ауданы 1960 жылдан 1990 жылға дейiн күрiш пен бақша дақылдарын өсiру үшiн пайдаланылды. Күрiш және бақша дақылдарын ойланбай жүйелеу  мен дренажды жүйенiң болмауы 2000 жылы қатты батпақтанудың салдарынан ауыл шаруашылық айналымынан 40% жер шығып қалды. Қазiргi уақытта ол жерлерде сор шөптесiндер қалыптасуда.

          Алғашқы теңiздiк жазықтың қалыптаспаған жайылымдық экожүйесi. Ауданы теңiз айдынының жартысынан көбiн қамтитын Арал теңiзiнңi құрғаған түбiнiң экожүйесiн ерекше атап көрсетуге болады. Жас экожүйелердiң қалыптасуы кезеңдiк сипатқа ие. Қазiргi уақытта Арал теңiзiнiң құрғаған түбiнiң өсiмдiктерiнен сортаң топырақтардағы қысқа мерзiмдiк гипергалофитттi және теңiздiк сортаңдардағы бiр жылдық өсiмдiктермен көрiнетiн,қалыптасу кезеңдерiн байқауға болады. Дегенмен қазiргi уақытта территорияның тұрақсыз жағдайына байланысты оларды жайылым ретiнде пайдалануға болмайды [9].

Сырдария өзенi атырауында суармалы егiстiк белдемiнде табиғатты пайдалануды ландшафттық-экологиялық ұйымдастыру негiзiнде картографиялық әдiс қабылданған. Соңғы жылдары жалпы “экологизацияң аясында ғылымда зерттеу әдiсi ретiнде экологиялық картографиялауға деген қызығушылық жоғарылауда.

Экологиялық картографиялау қолданбалы картографиялаудың бiр түрi ретiнде қарастырылады. қолданбалы картографиялауды екi негiзгi бағытқа бөлуге болады: табиғатты бағалау және табиғатты қорғау. Олардың екеуiде жалпы ғылыми экологиялық тұрғыда негiзделедi.[18].

Шаруашылықта пайдаланып жүрген жердi, әсiресе топырақтың құнарлы қабатын қорғау әр аймақта әр түрлi бағытта жүргiзiледi. Табиғатының ерешелiгi мен жер бетiнiң бедерiне байланысты бiр аймақта топырақты жел эрозиясынан, ендi бiрде жер бетi ойлы-қырлы бет-бедерi күрделi аймақта су эрозиясынан қорғайды.

Сырдария өзенiнiң бойындағы орналасқан аймақтың табиғаты мен жер бетiнiң бедерi жоғарыда айтылғандардан өзгеше. Мұнда эрозияның қай түрi болса да топыраққа қауiптi құбылыстардың ықпалында. Ол – топырақтың сорлануы . Соңғы ширек ғасырда осы қолайсыз құбылыс етек алып кеткенi соншалық, қазiргi таңда осы территорияда сорланбаған суармалы жер табу оңайға түспейдi десек шындыққа саяды. Сондықтан ғылыми-өндiрiстiк iс-әрекеттiң қайсысы болса да, топырақты тұзданудан қорғауға, айнлымдағы жердiң мелиоративтiк күйiн ойдағыдай болмағанымен қанағаттанарлық дәрежеде сақтауға бағытталады. Алайда, бұл оңай тiрлiк емес.

Аймақ территориясының үлкен бөлiгiн алып жатқан шөл және шөлейiт даланың жайылымдарын қоспағанда, Сырдария өзенiнiң атырауындағы жердiң көпшiлiгi суармалы егiншiлiкке, оның iшiнде суға бастырып егетiн күрiш дақылына пайдаланатын блғандықтан топырақтың тұздануына басты себеп сол. Шындығына келегенде, бұл өлкеде қандай шұрайлы жер болса да, бiр-екi жылда құнарын құртып, жалпы мелиоративтiк күйiн аздырып iстен шығаратын жағдай – күрiш егу. Осы аймақтың егiс далаларында күнi кешеге дейiн күрiш егудiң қарапайым технологиясы қолданылып келдi. Онда күрiштiк атыздардың көлемi 20-30 гектар, ал кейбiр жекелеген кiшкентай атыздар 0,3 гектар ғана болатын. Әрине, атыз дайындаудағы мұндай ала-құлалық жердiң жағдайына қарай болады. Атыздың ұзына бойын қуалап созылып жатқан суару және қашыртқы каналдар. Суару каналдары рельефтiң биiк жерiнен шаруашылық-аралық каналдар басын алады, ал қашыртқы каналдар ой жерлердi қуалап орталық қашыртқыға шығады. Бұл жүйеде тұрақты болатынын — ұзын оқ атыздар (бөгет). Қашыртық болғанымен ой жердiң терең суы кете бермейдi, сөйтiп егiнге орақ салуға кедергi болатын жағдай жиi кездесетiн.[39].

Суармалы жердiң мелиоративтiк күйiн талапқа сай сақтау көп жағдайда коллектор-дренаждық жүйенiң жобаға сәйкес iстелiп, олардың үздiксiз тұрақты жұмыс iстеуiне байланысты. Жоба бойынша жүйелердiң (суару мен қашыртқы) еңiстiгi топырақтың механикалық ұрамы мен учаскенi микрорельефiне сай келуi керек.  Микрорельеф күрделi болған сайын дренаждың ұзына бойындағы құламалар топырақты ыза судан толық арылтуға шамасы келмейдi де, жердi өзгермелi күйге ұшыратады. Сол учаске мен оның төңiрегiндегi жерлердiң қайта сорлануына кедергi болады. Сол себептi тегiстелген жаңа жердердi қабылдаған кезде атыздардың тегiстiгiне қандай мән берiлсе, дренаждық жобаға сәйкестiгiне қандай мән берiлсе, дренаждық жобаға сәйкестiгiн тексеруге де сонша маңыз беру керек.

Суармалы жердi аздыратын факторлардың бiрi – егiнге берiлген судың ретсiз шығыны. Рас, суды далаға айдаған соң шығын болмай тұрмайды. Әйтсе де натылы жер жағдайына және ұйымдастыру шараларының ұқыптылығына қарай шығынның мөлшерi түрлiше болатынын айта кеткен жөн. Егер күрiш егiсiне дайындалған жердiң iшiнде механикалық құрамы жеңiлдеу құмдақ учаскелер болса, онда күрiштiкке берiлген судың едәуiр бөлiгi фильтрацияға шығындалады. Мұндайда су шығыны аз болмайды.

Ақиқатына жүгiнсек, күрiш еккен топырақ өзiнiң құрамындағы ең тәуiр қасиеттерiн жоғалтады. Сондықтан жердi қорғауға бағытталған барлық шаралар суармалы топырақтың құнарлық сақтауға, оны қалпына келтiруге және тиiмдi пайдалануға саяды.

Алайда, бұл ежелден дихан қауымына оп-оңай шешiмi табылмай жүрген көкейкестi мәселелердiң бiрi. Әсiресе кейiнгi жылдары осы өлкеде азып-тозған топырақ құнары, оның келешегi кiмдi де болса қынжылтады десек шындық. Осы жағдай егiстiк жердiң қазiргi күйiн, топырақ құнарының тозу себептерiн егжей-тегжейлi қарап, тиiмдi шаралар белгiлеуге мәжбүр етедi.

Суармалы топырақтың құнарын құрайтын мүшелерiнiң өзара үлес салмағын салыстыратын болсақ, қазiргi облыстың егiс далаларында егiннiң өнiмi тек бiрыңғай химияға бейiмделген сыңай танытады. Оның басты себебi, суармалы жермен жұмыс iстеп жүрген бұл өлкенiң дихандары топырақ құнарын тез арада қалпына келтiру қиындығынан болса керек, әйтеуiр егiннен өнiм алудың құралы ретiнде химияға арқа сүйеп кеткенi ақиқат. Химия дегендi минералдық тынайтқыштар деп түсiну қажет. Егiс даласында минералдық тынайтқыш келгеннен берi оны қолдану бiртiндеп өрби түстi де, ақырында ең биiк деңгейге шықты. Басты дақыл деп жүрген күрiш басқа дәндi дақылдармен салыстырғанда iшкi биологиялық мүмкiндiктерi жоғарғы, өнiмдi және соған орай қоректiк заттардың үздiксiз мол болуын тiлейтiн болғандықтан облыс жыл сайын қолға түскен минералдық тынайтқыштардың ең алдымен соған бередi .[36].

Тәжiрибеге жүгiнсек, суармалы, оның iшiнде әсiресе күрiштен босаған жерледiң биологиялық құнары қалпына келтiру үшiн көңдi әр гектарға ең кемi 40-60 тонна, типтi 70-80 тоннаға дейiн төгуi ұсынады. Ондағы мақсат, су тигенде тез шiрiп, минералданып кететiн көндi егiстiк жерге көбiрек берсе оның белгiлi бөлiгi келесi жылға қалар едi деген есеп. Егер жинайтын, тексерiлген технологияға сай бабына келтiрiп сақтайтын мүмкiндiк болып жатса, онда топыраққа мол берген көннiң артықшылығы болмайды.

Суармалы жерлердiң биологиялық құнарын жақсартуға басқа да әдiстерi бар. Солардың бiрi сидераттық шөптер  (жасыл тынайтқыш, яғни өсiп-жетiлген көк шөптi топыраққа айдап жiберу). Күрiштiк жерлерге сидерат шөптер (ас бұршақ, вика, түйе жоңышқа) егу арқылы топырақтағы органиканы реттеуге болатының Қызылорданың күрiш тәжiрибе шаруашылығы iлгерi жылдары-ақ дәлелдеген болатын.[6].

Қызылорда облысында топырақ құнарын көтеруге бағытталған кешендi бағдарлама 1990-жылдан бастап жыл сайын тек мың гектар жерге сидераттар егу, ал келешекте оны 1,75 мың гектарға жеткiзу межеленген. Есеп бойынша осы көлемдi сидерат шөптерiнен 17,5 мың тонна малдың астынан шығарылған қиға тең органикалық зат шығады.

Қазiр Сырдария өзенiнiң бойындағы орналасқан аймақтардың жағдайында суармалы жердiң бүгiнгiсi мен ертеңi, оның тиiмдi құнары, соған орай егiннiң өнiмдiлiгi топырақ құрамындағы биологиялық қорына байланысты болып отыр. Бұл жағдай дихандар мен мамандардың көңiлiне күмән келтiрмейтiнi ақиқат. Сондықтан агротехника ережелерiнiң ең басты шарты – топырақ биологиялық ортаға айналуы тиiс.

Сонымен сайып келгенде, осы аймақта егiстiк жердi қорғаудың басты шарттары мынау:

жаңадан игеретiн жердi сапалы тегiстеу. Егер жер күрiштiк болатын болса, онда атыз бетiнiң тегiстiгiндегi алалық +- 5 см-ден ауытқымауы тиiс. Сонда ғана агротехникалық және жер пайдаланудың ұйымдық шаралар кешендi тиiмдi жүргiзуге мүмкiндiк тауды;

жыл сайын күрiштен шыққан жерге ағымдағы тегiстеу жұмыстары жүргiзiлуi керек. Оның барысында төмпешiктер, шұқырлар мен қажетi жоқ арық-атыздар тегiстеледi;

суаратын арық пен қашыртқы арықтың арасында екi атыздан артық күрiш егiсi болмау керек. Мүмкiндiгi болғанша атызға су орталық арықтан басын алатын екiншi реттегi арыққа ағызылуы тиiс;

жыл сайын топырақты өндеу алдында арық-атыздардың бойындағы арамшөп қалдықтарын құртып, сабанды жинап, тағы басқа жұмыстарды орындау қажет;

суаратын және қашыртқы арықтарды жаңа егiс маусымына әзiрлеу керек. Ең бастысы олардың кеткен жерiн жөндеп, iшiн тазарту;

жолдарды, көпiрлердi, каналдар мен арықтардың су көтергiш құрылыстарын жөндеу;

күрiш, көкөнiс, бақаш және мал азықтық ауыспалы егiстердi ұсыныстарға сәйкес енгiзу, онда топырақ құнарын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асырып, су режимiн реттеу;

көпжылдық шөптер егу және көң төгу арқылы топырақты органикалық затпен байыту;

органикалық және минералдық тынайтқыштарды ғылыми ұсыныстарға сәйкес ұқыпты қолдану арқылы табиғатты ластанудан сақтау;

зиянды фитоценоздарға қарсы тек агротехникалық әдiспен күрес жүргiзiп, егiс далалалрында қолайлы фитосанитарлық жағдай жасау;

топырақтың микробиологиялық активтiлiгiн пестицидтердiң қандай түрi болса да қолданбалы күшейту;

жердi, суды, ауаны химиялық заттармен ластанудан қорғау үшiн ауыл шаруашылығында қолданатын химиялық заттарды арнаулы қоймаларды сақтау.

Бiрақ өкiнiшке қарай соңғы жылдары жаңадан мелиоративтiк құрылыс салуды айтпағанда, суармалы жер жүйесiн қайта жөндеп, оны тиiстi деңгейде күтiп ұстауға қаржы-қаражат болмай тұр. Соның салдарынан мемлекеттiк суару жүйесi азып-тозған күйге түстi. Көптеген су көтеретiн, бөгейтiн құрылыстар бұзылған, каналдардың қабырғалары мүжiлiп, құлап, лайланып, табаны тайыздап қалды.

Бүкiл әлемнiң егiншiлiк практикасында iрi алқаптарда суармалы егiншiлiк жүйесi мемлекеттiк арнаулы бағдарлама бойынша жасалып, қалыпты жұмыс күйiн сақтау үшiн мемлекет тарапынан қаржы-қаражаттар бөлiнiп тұрады. Бiрақ облыс әзiрге мұндай көмектi көре алмай отыр.

Лабораториялық аналитикалық бақылаудың барлық жұмыс түрлерiне ұйымдастыру-әдiстемелiк және практикалық басшылық жасайды; ағын сулардан, жер бетiндегi және жер астындағы сулардан, коллекторлардан және гидробиологиялық ауыз сулардан сынама алу жолымен табиғи ортаны ластаған кәсiпорындарға талап қояды және олардан айып өндiредi; сондай-ақ топырақты химиялық анализден, стационар және жылжымалы көздерден шығатын зиянды заттарды құралмен өлшеуден өткiзедi, тексеру әдiсiмен биотест бойынша талдау жасайды.

Экологиялық сараптама – Жобалау материалдарды, соның iшiнде техникалық-экономикалық есептерге негiзделген шаруашылық объектiлерi құрылысының жобасы, лас заттардың рұқсат етiлген шектi нормативтерi қаралады, табиғат қорғау құрылыстары, сондай-ақ өндiрiс кәсiпорындарының экологиялық паспорттары жасалады.

Табиғаты пайдалану экономикасының негiзгi элементтерiне табиғи қорларды есептеу және бағасын белгiлеу табиғатты пайдаланудың лимиттерi мен лицензияларын, келiсiмдердi, шараларды, зиянды заттарды шығару мен түсiрудi, қаржыландыру, экономикалық ынталандыру кiредi.

Нормативтiк-әдестемелiк база — әдiстемелiк құжаттар, оның iшiнде тазалау және ағын суды босату, лабораториялық талдау және тазалау құрылысының жұмыстарына, кәсiпорындарда су қорын пайдалану және жай-жағдайын тексерiп тұруды жүзеге асыру, жекеменшiк автокөлiктердi, өсiмдiк қорларын тиiмдi пайдалану, ыңғайында бақылау жүргiзу салалары бойынша сiлтеме, ереже, нұсқау ережелер жасалады.

Ғылыми-зерттеулер –  “Қазiргi жер пайдалану жағдайында Арал және Қазалы аудандырының су қорларының мөлшерiң – осы тақырып бойынша, ҚР ҰҒА Арал аймағы орталығымен бiрiгiп Сырдарияның төменгi ағысындағы 32 көл және ирригациялық каналдар зерттеледi, гидрология бойынша далалық материалдар жинақталып, биологиялық талдау, топорграфиялық жұмыстар жүргiзiледi.

Ұйымдастыру-практикалық қызмет – облыстық басқарманың жұмысы болашағы бар жоспар бойынша жүргiзiлуде және ол табиғатты қорғауға өкiлеттiгi бар және әр түрлi халықаралық қоғамдық комитететтердiң бөлiмшелерi сияқты қоғамдық ұйымдарымен бiрлесе отырып, қоршаған ортаны суаықтыруға бағытталған.

Экологиялық насихат – жаппай экологиялық сауаттану жүйесiн қалыптастыру мақсатында облыстық газеттерде, телерадиожурналдарда материалдар жарияланып, экологиялық рейд, кездесу мен лекциялар өткiзiледi .[38].

 

 

2.3 Сырдария өзенi атырауының табиғи-территориялық кешенiн

       шаруашылықтық бағалау

 

Аймақты зертеудiң геоэкологиялық және әлеуметтiк экономикалық дестабилизациясымен байланысты шөлдену процесiнiң одан әрi дамуының мәселелерiн шешудi жеделдету Сырдария өзенi атырауындағы табиғи-шаруашылық жүйесiнiң тұрақты дамуының стратегиясын өңдеу жағдайының қажеттiлiгi болып табылады.

Ландшафттардың ұйымының заңдылығын талдау, шаруашылықты игерудiң түрi мен дәрежесi, шөлденудiң жаңа процестерiнiң пайда болуы Сырдария атырауының ландшафттарының бұзылу кестесiн жасауға мүмкiндiк туғызды.

Мынадай бұзылу деңгейi нәтижесiнде: қатты бұзылу(қ), аккумулятивтi-аллювиалды жазық территориясын қамтиды және ландшафттардың өзгеруiнiң терең және өңделмегенiн сонымен бiрге, тұрғындардың өмiр сүруiнiң жағдайының төмендегенiн сипаттайды; орташа бұзылу (о), денудациялы — құрлымды және аккумулятивтi – эолды жазықты ландшафттарды қамтиды; әлсiз бұзылу (ә), алғашқы теңiздiк және теңiздiк жазық ландшафттар басым болған территорияларда көрiнедi.

Сырдария өзенi атырауының табиғи территориялық кешенiнiң өзгеру деңгейiн анықтау үшiн антропогендiк ландшафт коэффициентi қолданылады/29/. Ол мынадай формуламен есептелiнедi.

Мұнда An – антропогендiк ландшафт коэффициентi;

 Sалк – антропогендiк ландшафт модификациясының барлық ауданының қосындысы;

 Sпл – табиғи территориялық кешендердiң ауданының қосындысы;

Нәтижесiнде антропогендiк кешен Ал>1 болса табиғи ландшафттар басым көрiнедi. Сырдария өзенi атырауының ландшафттары толығымен олардың антропогендiк модификасының басым болуымен ерекшеленедi.

Шөлденудiң қазiргi белгiлерi келесi белгiлермен бағаланады: жайылымдардың азаюы – биологиялық өнiмдiлiк дәрежесi мен шөптесiн өсiмдiктердiң жобалық жамылғысымен; ормандарды кесу, сексеуiлдi-орман территориясын есептеу жағдайын; топырақтың пестицидтермен ластануы – табиғи териториялық кешен жағдайын есептейдi.

Арал теңiзiнiң тартылуы Сырдария өзенiнiң ағысын реттей отырып, ландшафттардың қазiргi динамикалық қатты факторлары болып табылады. Олар ландшафттардың тез өзгеруiне әкелетiн әртүрлi табиғи процестерге жағдай жасайды.

Суландыру каналдары Сырдария өзенi арқылы барлық су шаруашылық жүйесiнде судың көп бөлiгi суландыру торабының жетiлмегендiгiнен инфильтрация мен жер асты суларының қорын толтыруға және фильтрациялы суайрық — су жинаушының жоғары сапасын толықтыруға жұмсалады. Осындай жоғары мөлшерлi суландырудың едәуiр шамасы Арал алабындағы егiстiк жер зоналары үшiн белгiлi тұзданған топырақтарды шаю қажеттiлiгiмен байланысты. Дренажды жүйелердiң жетiлмеуi бiрлестiгi таза суларды жағалауға әкелдi [34].

Халық шаруашылығында Арал алабы шегiндегi су тұтынушылар есебiнен бiрiншi орында.

Арал теңiзiнiң тартылуы күштi континенттiк климатпен, жергiлiктi шөлдену процесiнiң дамуы, ландшафттардың азаюы және табиғи сулардың сапасының күрт төмендеуiмен жалғасады.

Ауыл шаруашылық айналымындағы көп көлемдi суармалы жер массивтерi екiншi рет тұзданумен көрiнедi. Оның нәтижесiнде ғаламшарлы масштабтағы экологиялық апат болып есептелiнедi. Тек экологиялық апатты зонаға Арал маңы территориясының 4 млн. адам тұрғыны бар шамамен 900 мың км2 ауданы жатады .

Көптеген жылдар бойы бiр ғана дақылды ауыл шаруашылығының экстенсивтi дамуы мынадай улы химикаттарды пайдалану арқылы өсiрiлдi:фосфорорганикалық, хлороорганикалық, оның iшiнде жоғары улылар, буднорос, иксахлоран, мендал және т.б. Қазiргi уақытта пестицидтердi қолдану қысқартылды. Бұл тек қоршаған ортаны қорғау үшiн күрес ғана емес, сонымен бiрге экономикалық мәселелер болдырмау. Қазалы ауданының көптеген шаршылығы күрiште гербицидтердi қолдануды күрт төмендеттi. 1989 жылы Қазалы суармалы массивiнде тұздалған жерлердi мелиорациялау негiзiнде күрiштiң және басқа да дақылдардың тұрақты көктеуi үшiн күкiрт қышқылды цинк қолдануда.

Сырдарияның төменгi ағысының пестицидтнрмен ластану деңгейi жоғары. Қазалы қаласының өзенге жақын үлескiлерде мендал мен иксахлоран 2-3 ПДК-ға жетедi. Қазалы үлескiсiн кiретiн Сырдария бөлiгiн басқа да зиянды заттармен мұнай өнiмдерiнiң қосындысын бйқауға болады. Қамыслыбас көлi үшiн де пестицидтермен жоғары ластану тән. Аймақта өндiрiстiң кiшi масштабы мен әлсiз даму түрiне қарамастан Арал теңiзi алабының табиғи ресурстарын әртүрлi химикаттармен ластануына әкелдi. Алапта бiрнеше газ және мұнай өңдеу зауыттары, қара және түстi металлургия өндiрiсi мен станок жасау өнеркәсiптерi бар. Олар пайдаланған суларын жiберу арқылы ластанған ортаны толықтырады, қоқысты қалдықтарды қалыптастырады [17].

Арал теңiзiнiң деңгейiнiң төмендеуiнiң керi әсерiн 3 топқа бөлiп қарастыруға болады.

1 топ – ол  теңiздiң өзiнде болатын өзiндiк өзгеру. Оған гидрология-геохимиялық өзгеру және осыған байланысты теңiздiк гидробиологиялық жүйесiнiң өзгеруi жатады. Өмiр сүру ортасының күрт өзгеруi теңiздiң геоэкожүйесiнiң қайтып қалпына келмейтiндей өзгеруiне әкелдi. Судың терең жерiнде және батпақты шөгiндiлерде тiршiлiк ететiн микроорганизмдердiң түрлiк құрамы мен саны едәуiр азайды. Олардың қоректенуiне де ауыл шаруашылығының ұдайы өндiрiсi жағдайында балықтардың азықтың базасының өзгеруiне әкелдi. 1980 жылдың басында Арал теңiзiне балық аулау толығымен тоқталды [16].

2 топ – Арал маңы табиғи ортасының өзгеруi теңiз деңгейiнiң түсуiмен себептi. Оған климаттық пен микроклиматтық аридтелуiн, деңгейдiң төменгi және жер асты суларының минералищациясының жоғарылауын, топырақ жамылғысы жағдайының нашарлауын, атыраудағы табиғи кешендердiң азуын айтуға болады. Зерттеп көргендердiң айтуы бойынша қазiргi уақытта Арал маңының үлкен территориясында жоғарғы қарқынмен антропогендiк шөлдену процесi жүруде.

Орта Азияның құнарлы жерлерi мен Орталық Қазақстанға теңiз түбiндегi тұздардың жел арқылытаралуының қауiптiлiгi, бiздiң көзқарасымыз бойынша теңiз тағдыры мен Арал маңындағы табиғи орта үшiн өзектi мәселе. Соңғы зертеулерде судың астында шығып жатқан территорияны 80% тұзданғанда, оның 50% қатты тұздану категориясына жатады. Қазiргi уақытта тұздың жиналу процесi минерализацияланған жер асты суларының тамшыларының көтерiлуiнен болып отыр. Жағалаулық шөгiндiлер қалыңдығында қалатын теңiз сулары тамшылардан көтерiле отырып, бiртiндеп буланады. Осыған байланысты ерiтiндiден өсiмдiктер үшiн қауiптi сульфатты тұздар түзедi. Сорлар, шығанақтар фильтрациялы көлдердiң бiртiндеп кебу жағдайында қалыптасады және хлоридтi – сульфатты және сулфатты – хлоридтi құрамды болып келедi [4]. Қазiргi кезде теңiз суында шамамен 10 млрд тонна тұз болды. Осы тұздардың кiшкене бөлiгiнiң суармалы жерлерге тасымалдануы өте қауiптi. Топырақта жел арқылы тұзды шаңдардың әкелiнуi ауыл шаруашылық дақылдардың өнiмi үшiн зиянды.

Өкiнiшке орай, қазiргi уақытта сапалық бағалау үшiн мәлiметтер жеткiлiксiз. Дегенмен, сапалық өзгеру (тұзданған территорияның ауданының өсуi, сордың қалыптасу типi, шаңды тодлқындардың күшеюi және т.б.) теңiз деңгейiнiң төменгi шамасында осы процестердiң күшейгенiн көрсетедi.

Арал теңiзiң құрғауы Арал маңының климатының өзгеруiне әкелдi. Континенттiк климат жоғарылады, жазғы және қысқы температура 1,5-2,50С. Ал жағалаулық бекеттерде ортпаша жылдық салыстырмалы ылғалдылық 2,8% төмендесе, көктеммен жазда ол 9% дейiн жеттi. Сонымен бiрге құрғақ күнднрдiң қайталануы көбейдi. Жылдық жауын-шашын мөлшерi өзгерген: ақпан-наурыз айларында жоғары, ал қыркүйек пен шiлде де ең төменгi көрсеткiш. 1960 жылмен салыстырғанда шаңды борандар жағалаулық ауданда 50% дейiн көбейген [24]. Арал теңiзi деңгейiнiң төмендеуi нәтижесiнде Сырдария өзенi арнасының жағалаулық зоналарының шөлденуiне әкелдi. Сырдария атырауындағы табиғи көлдер ауданы жағынан қысқарып тұрды: 50 жылдар ол 833 км2 құраса, 60 жылдары 200 км2 -қа дейiн төмендедi. Аллювиалды шалғынды және батпақты шалғынды топырақтар , шалғынды тақырлы және шалғынды-шөлдi топырақтарға ауысты. Топырақта қарашiрiктiң сапасы төмендеп, натрий мен магний сiңiру үлесi жоғары, су-физиалық қасиетi төмен. Осындай процестер нәтижесiнде Сырдария өзенi атырауының ауданында суы аз көлдерде бұталы өскiндердiң құрғауына сонымен бiрге, 1 млн га –дан жоғары жайылманың ауданының құрғауына әкелдi. Бұталы өсiмдiктердiң түсiмi 30-40 ц/га –дан 1,0-1,3 ц/га дейiн қысқарды. Арал маңындағы тоғайлардың құрғауы жоғары өнiмдердiң 54 түрiнiң оның iшiнде, реликтi және энденттi қатарлар құрып кеуiне әкелдi. ұя салу орындарының құрып кетуi Сырдария өзенi етегiнде құс фаунасының 173-пен 318 түрiне дейiн азаюына әкелiп отыр.

Өсiмдiктердегi тұзды шаңдардың шоғырлануы табиғи ландшафттардың биологиялық өнiмдiлiгi мен ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердiң төмендеуiне әкелдi. Күрiштiң түсiмi-10%-ке төмен. Арал маңындағы пiшендi және жайылымның өнiмдiлiгi 30-40 ц/га-дан 13-15 ц/га-ға дейiн төмендедi. Өзгеру нәтижесiнде өсiмдiктiң жалпы мал азықтық қоры 1200-600 мың  тоннаға дейiн төмендедi, ал дақылды — әртүрлi шөптесiн және әртүрлi шөптесiндi – шалғындардың өнiмдiлiгi — үш есеге төмендедi.

3 топ – теңiз денгейiнiң төмендеуi мен экологиялық факторларының өзгеруi себептi болған керi әлеуметтiк-экономикалық зардаптар. Оған ең алдымен шаруашылық әрекетi жағдайының түпкiлiктi өзгеру жағдайы жатады.

Қоршаған ортаның жағымсыз әсерi тұрғындардың денсаулық жағдайының нашарлауына әкелiп отыр. Оған бiрден-бiр себеп сапасыз және жеткiлiксiз азық-түлiк, күрiштiң орнына көкөнiс пен жемiстi ауыстырып егуде жердi ауыстыру болып табылады.[10]

Арал маныңда оның iшiнде Сырдария өзенi атырауының экологиялық жағдайының қалыптасуы ең алдымен табиғи ресурс потенциалын кейiнге сақтау және қалпына келтiру жолдарын iздейдi. Даму тенденциясын бағдарлау үшiн ғылыми негiздi көрсететiн ландшафтары геоэкологиялық аудандастыру негiзiнде берiлген мiндеттi шешу мүмкiн.

Келтiрiлген көрсеткiш атыраулық жүйенiң толық ландшафтық — геоэкологиялық жағдай есебiмен жердi пайдаланудың жаңа жүйесiнiң қалыптасуының негiзгi және табиғатты қорғау шаралары мен ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң дамуының аймақтық — тариғи ерекшелiгi болып табылады.

 

 

2.4 Ауыл шаруашылығын игеруде атыраулық территорияларды

      пайдалану

 

Қазiргi Сырдария атырауының ауданы шамамен 7000 км . Оның орталық бөлiгiнде тұздардың қарқынды аккумуляциясы мен галогеохимиялық ағындардың түсетiн ауданы болып табылатын және шөл зонасының сұр құба топырақтарында Қазалы суармалы массивi орналасқан. Оның ауданы 535,5 мың га. Суландыру үшiн жарамды 300 мың га жердiң 36,5 мың га 1.01.1999 жылы суландырылған.[25].

Өзен атырауындағы топырақтың тұздануы Арал теңiзiндегiдей ұлғаюда. Өсiмдiк шаруашылығы үшiн мелиоративтiк жағдай қолайсыз, мұнда топырақтар дренаж бен шайылуды қажет етедi.

Қарастырып отырған территорияның табиғи кешендерiнiң жағдайын талдау суармалы және жайылымдық жерлерде шөлдену қатарындағы қазiргi ландшафттардың жалпы даму тенденциясы мен физикалық-географиялық процестер және құбылыстардың тығыз байланыстарын айқындайды.

Жер ресурстарын бағалауда Сырдарияның барлық аңғарлары бойынша ауыл шаруашылығына қолданылатын жарамды жерлердiң көп бөлiгi топырақ құнарлылығының азаюымен байқалады.

Атыраудағы ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердiң орналасуының басты ерекшелiгi – олардың аккумулятивтi – аллювиальды ландшафтарға және эолды жазықтарға орналасуы. Мұндағы басты фон атыраулық территорияның 70% қамтитын аккумулятивтi – аллювиальды жазықтық.

Осы территорияның ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердiң (жыртылған жерлер, пiшен, жайылымдық жер) ауданының динамикасын талдау керi процестердiң белсендiлiгi есебiнен ауыл шаруашылығына жарамды жерлердiң әртүрлi түрлерiнiң ауданының тұрақсыздығын айқындайды. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердiң құрлымында ландшафттың барлық түрлерiне жайылымдық ауданның тұрақты тенденциясының басымдылығы пайда болды.

Мұнда ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер жер қорының 48,6% алып жатыр. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердiң 98,7% жайылымдық жер [26].

1998 жылы атыраудағы ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердiң таралуын талдау нәтижесi бойынша, берiлген аймақты ауылшаруашылығына пайдаланатын жердiң жалпы құрлымының 96,1%  жайылымдыққа, пiшендiкке 1,9% , жыртылған жерлерге 2,0% кететiн аккумулятивтi-аллювиалды жазықтың ландшафттары игерiлгенi белгiлi болды. Жайылымның негiзгi массивтерi Сырдария өзенiнiң жайылмалық ландшафттарында орналасқан. Осы жылғы мәлiметтер бойынша 1664,1 мың га атыраудың зерттелген жайылымдық жерiнiң 1318 мың га жерi дефляциялық-қауiптi болып табылады.

Аккумулятивтi-аллювиалды, эолды, денудациялы — құрлымдық, аккумулятивтiк-теңiздiк жазықтар шегiндегi ландшафттардың тұздануы мен дефляциялық — қауiптi жерлердiң бар болуына жүргiзiлген талдауда, аккумулятивтi – аллювиалды жазықтардың едәуiр бөлiгi дефляциялық — қауiптi және тұзданған жерлер болып шықты. Олардың көлемi 1465,1 мың га құрайды.

Атыраудағы су тасқындарының тоқтауы ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерiнiң барлық түрлерiнiң табиғи, сапасының өзгеруiне әкелдi. Әсiресе, бұл табиғи пiшендiктерде байқалады. Егер 1960 жылы пiшендiктер қысқы мерзiмде мал шаруашылығының негiзгi азықтық балансын құраған болса, 1998 жылы олар 3 есеге қысқарды [27]. Барлық шаруашылықта жоғарғы өнiмдi пiшендiк жерлер сортопырақтағы галофиттi өсiмдiктерге ауысты.

Соңғы жылдары, шөлденудiң белсендi процестерi нәтижесiнде, Сырдария өзенi атырауында жайылымдық өнiмдiлiгi күрт төмендедi. Ең жоғарғы көрсеткiш қамысты және дәндi-құрақты жайылымдардың өзгеруi. Қазiргi уақытта олар әртүрлi шөптесiндi-сор шөптесiндi және сор шөптесiндi – тұзды шөптермен ауысты. Олардың өнiмдiлiгi 1960 жылы 6,5 есеге төмендедi және 1,5-2,0 ц/га құрады. Жайылымдық экожүйенiнiң өзгеруi антропогендiк әрекеттiң сипаты мен деңгейi арқылы анықталады және әртүрлi экотопта өзiндiк ерекшелiкке ие. Антропогендiк әректтiң мынадай түрлерiнде: артығымен жайылу, пiшен шабу, шабылған жер болған кезде жайылымдардың өзгеруi, аккумулятивтi-аллювиалды жазықтық ландшафттарында ластануға псаммофитизацияға, бұталануға, әлсiз бекiген құмдардың таралуына әкеледi.

Зерттелiп отырған ауданда жайылымдық жерлердiң антропогендiк бұзылуының негiзгi себебi, жайылымдарды жеткiлiксiз және бiртексiз суландырумен байланысты артығымен жайылғандығын айтуға болады.

Артығымен жайылу кезiнде өнiмдiлiк пен қоректiлiк төмендейдi, бiрлестiктi құрайтын экологиялық теңдестiк бұзылады. Деградацияланған жайылымдардың ауданы ағашты-бұталы өсiмдiктердi кесудiң салдарынан 9% құрайды. Ең бастысы бұл аккумулятивтi – аллювиалды жазықтағы қара сексеуiлдi жайылым және эолды жазықтағы бұталы жайылым.

Қатты деградацияланған жайылым құдықтар, тұрғын елдер, қыстаулардың айналасындағы территорияларды қамтиды. Тұрғын елдер бар жерде грунт суларының жақын таралуы жайылымды жыл бойы пайдалануға әкелдi.

Атыраулық табиғи-территориялық кешенде шөлдену процесiнiң даму нәтижесiнде ауыл шаруашылық өндiрiстерiнiң шығынын экономикалық талдау жыл сайынғы шығын 12000-13000 мың тонна пiшен және жайылымдық азықты құрайтынын көрсеттi [28].

Олай болса, Сырдария атырауындағы ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердiң даму тенденциясы және олардың қазiргi жағдайы ауыл шаруашылығына жерлердiң ауданы ауыл шаруашылқ дақылдарының өнiмдiлiгi және жайылымдардың өнiмдiлiгiнiң төмендегенi көрсететiн табиғи – шаруашылық жүйесiнiң елеулi деградациясын айқындайды.

Атыраудағы суармалы жердi ауданы 1960 жыл басында 12,4 мың га жердi құрады. Суармалы жердiң қарқынды өсуi 1965 жылдан басталады және ол аудандағы жер мелиорациясының дамуына байланысты болатын. 1965-85 жылдар кезiнде суармалы жердiң ауданы тез өстi де, осы аралықтың соңына қарай, ол 32,6 мың га құрады. Осы уақытта суармалы жердiң жылдық өсуi 1,2 мың га құрады. Соңғы жылдары массивтерде суармалы ауданының өсу қарқыны төмендедi. Шамамен суармалы массивтердiң барлық суландырылған территориясы жыл бойы 2 метр тереңдiк деңгейiне дейiн батпақталған. Батпақтану сонымен бiрге топырақта ауыр механикалық құрамдардың болуын көрсетедi.

Суармалы массивтердiң мелиоративтi жағдайы бойынша көп жылдық мәлiметтердi талдауда мынадай қорынтыға келемiз: қазiргi уақытта мелиоративтi жағдай тиiмсiз.

Қазiргi уақытта ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер массивтерiнiң құрлымында жыртылған жердiң үлес салмағы 2% құрайды. Олар аллювиалды-шалғынды ауыр және орташа сазды топырақта, құба топырақ зонасында таралған.

1998 жылдың аяғында егiстiк ауданның құрлымын талдау нәтижесiнде жыртылған 14% — жемiс және бақша 5,9% — күрiш өсiруге, 2,7% -мал азықтық дақылдар егiлгенi айқындалды.

Демек, суармалы егiстiң бөлiгi өзiнiң айналымынан тыс пайдаланылады. Бұл жерлер олардың кезiнде тұзданады да жатып қалған жерге айналды.

Қазалы суармалы массивiнде күрiштiң орташа өнiмi 1998 жылы 32,8 ц/га дейiн төмендедi. Суармалы массив жүйесiнде суды пайдалану реттелмеуi, ауыл шаруашылық дақылдарының өңдеу технологиясында агротехникалық қажеттiлiктi бақылау, еңбек ресурстарының төменгi үлес деңгейi, суармалы жерде мелиоративтi жағдайға техникалық бақылаудың болмауы, топырақтың тұздануы, соңғы жылдары ауыл шаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiн көрсететiн шаруашылқ рентабельсiздiкке әкелдi.

Суарылған судың минерализациясы мен топырақтың тұздануының жоғарғы деңгейi және суды берудегi үзiлiс өнiмдiлiкке керi әсер болып табылады. Шамамен жылына 60 %  су фильтрацияға, булануға және күрiштi алқаптарға жұмсалып, тұздану мен батпақтануға әкелдi.

Егер негiзгi дақыл – күрiштiң қатарына бау-бақша, артоп өсiру нәтижелi дамыса, онда суармалы егiстiк пен су шаруашылығының жұмыстарының тиiмдiлiгi артады.

1990 жылдың аяғында барлық дақылдардың өнiмдiлiгi төмендедi, сонымен бiрге, өнiмдiлiктiң төмендеуi 1995-1998 жылдар аралығында күрiш үшiн — 42%, бидай мен жоңышқа — 46 %, картоп – 35%, көкөнiс — 43% азайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының аз уақыт аралығында екi қайтара азаюын тек минералды тыңайтқыштардың мөлшерiнiң қатары мен технологиялық өңдеудiң жетiспеуiмен түсiндiруге болады. Ол ауданның геоэкологиялық — мелиоративтiк жағдайының төмендеу факторына байланысты. Суармалы тұзданған топырақтардың жалпы ауданы бақыланады. 1998 жылы мелиоративтi жағдайда қанағаттанбаған жер үлесi 23% құрады, ал суармалы жердiң 60 % тұздану дәрежесiнде болды.

Күрiш құрғақ аңғарлы дақылдармен бiрге өсiрiледi: жүгерi, жоңышқа, бидай және мал азықтық дақылдар. Құрғақ аңғарлы дақылдардың төменгi өнiмдiлiгiнiң себебi мынадай: батпақтану, тұздану, тұқымдардың қажеттi жеткiзiлуiнiң жоқтығы.

Топырақта негiзгi дақылы қауын болып табылатын бақша дақылдарын егуге қолайлы. Олардың үлесiне Республика ауданының 6,0% тиедi. Картоп пен көкөнiс егiстiк жердiң 5% қамтиды.

Көкөнiстiң орташа өнiмдiлiгi – 19,6 ц/га, картоптың орташа өнiмдiлiгi – 21,5 ц/га, бақша өнiмдiлiгi – 124,9 ц/га. Сырдария өзенiнiң етегiнде табиғи жағдай жыл бойына аудан тұрғындарының қажетiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Алынған мәлiметтер бойынша аудан өзiн 80% картоппен  және 59% көкөнiспен қамтамасыз етедi.

Мал азықтық дақылдар егiстiк жердiң ауданының 27,0% қамтиды, олардың үлесi ауыл шаруашылығына пайдаланатын жнрде соңғы 10 жылдықта дақылдардың әсiресе, күрiштiң үлесiнiң өсуiне байланысты төмендеп отыр. Витаминге бай көп жылдық шөптер, жоңышқа өседi және олар тек мал азықтық ғана емес, оның агротехникалықмәнi бар яғни, топырақтың физикалық-химиялық қасиетiн жақсартты, оны азотпен байытады. Жоңышқа жалпы өзiнiң айналымының 50% қамтиды.

Егiстiк жердiң 13% қамтитын сүрлемдiк дақылдар негiзгi шырынды мал азықтық болып табылатын жүгерiлiкпен көрiнедi. Сүрлемдегi жүгерiнiң орташа өнiмдiлiгi 1998 жылы – 68,9 ц/га  құрады. Күрiштi-жоңышқалы айналымға жыртылған мал азықтық дақылдарының аудан төиенгi өнiм бередi және шаруашылық iрi, шырынды және құнарлы мал азығын жеткiзбейдi [20].

Сонымен ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер мен оларды пайдалану сипаты толығымен Сырдария өзенi атырауындағы ландшафт ерекшелiгiмен байланысты.

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Сырдария өзенi бойындағы аймақтардың табиғи шөл зонасында орналасуы, аймаққа тән континентiк климаты: жауын-шашын аз, жазы ыстық, қары аз, суық қыс осының бәрi өсiмдiк жамылғысының және топырақтың  құрылымына әсер етедi. Өсiмдiк жамылғысы алуан және құрылымындары да өзгеше. Осы табиғи жағдай сол жердегi тұрғындардың айналасатын шаруашылығына да әсер еттi.   Бұл – суармалы егiстiк шаруашылығы.

          Суармалы егiстi құрайтын алуан түрлi дақылдардың экономикалық маңызы бiрiнен бiрi кем түспейдi. Оның iшiнде дәндi дақылдар (күздiк және жаздық бидай, жүгерi, күрiш, тары, арпа), көкөнiс, бақша, картоп, техникалық дақылдар (қзылша, күнбағыс, сафлос), мал азықтық даықлдар (сүрлемдiк жүгерi, жоңышқа, малжемдiк бақша, тамыржемiстiлер, судан шөбi) бар. Жалпы дәндi дақылдардың iшiнде күрiштiң көлемi – 43 %. Онан өзiлерi күздiк және жаздық бидай – 27,5 % (45 мың гектар),. жүгерi, арпа, азғантай ғана тары.

          Осы аймақтың ауыл шаруашылығының негiзгi екiншiсi саласы болып мал шаруашылығы саналады. Табиғи мал азығын дайындайтын жерлердi табиғи-шаруашылық белгiлерiне қарай негiзгi үш алқапқа бөлуге болады:

          Суармалы оазистi жердiң жайылымы мен шабындығы;

          Сырдария өзенiнiң сол жақ жағалауының жайылымы;

          Сырдария өзенiнiң оң жақ жағалуының жайылымы.

          Қазiр Сырдария өзенiнiң бойындағы орналасқан аймақтардың жағдайында суармалы жердiң бүгiнгiсi мен ертеңi, оның тиiмдi құнары, соған орай егiннiң өнiмдiлiгi топырақ құрамындағы биологиялық қорына байланысты болып отыр. Бұл жағдай дихандар мен мамандардың көңiлiне күмән келтiрмейтiнi ақиқат. Сондықтан агротехника ережелерiнiң ең басты шарты – топырақ биологиялық ортаға айналуы тиiс.

          Соңғы жылдары табиғат қорғау органдарының бақылау жұмыстарының нәтижесiнде және өндiрiстiң құлдырауы себептерiмен қоршаған ортаға техногендiк әсерлер бiршама азайды, бiрақ шаруашылық механизмi қызметiнде жаңа әлеуметтiк-экономикалық аспект пайда болды; ол меншiк түрiнiң өзгеруiне, жекешелендiру процесiнiң қарқын алуына, бұған шетелдiк инвесторлардың барған сайын кеңiнен қатысуына байланысты экологиялық жағдайға жауапкершiлiк проблемасы күн тәртiбiне өткiр қойылып отыр.  Ал шаруашылықты жүргiзудiң осындай жағдайында баяндалған экологиялық проблемалар өз шешiмiн баяу табуда. Облыс Әкiмiнiң көмегiмен, бiрiншi кезектегi проблеманы шешу орайында, негiзгi бағыт ретiнде мынадай болашақта жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда:

          — үздiксiз экологиялық мониторинг, яғни табиғи ортаның өзгерiстерiн, тұрақты бақылайтын және тексеретiн жұмыс жүйесiн қалыптастыру;

          — Сырдария өзенi суының ластануына жан-жақты баға беру, оның арнасын қайта жөндеу, суын тазалау жөнiнде Үкiметаралық Бағдарлама жасау;

          — жануарлар мен өсiмдiктер әлемi құрамына өзгерiстерiне және олардың өсiп-өну қабiлетiн зерттеу жүргiзу;

          — облыстық табиғат қорғау объектiлерi құрылысын аяқтау жұмыстарын жандандыру;

          — экологиялық және экономикалық факторларды есептей отырып табиғат қорларын пайдалану концепциясын жасау;

          — Сырдария өзенiнiң бүкiл арнасы бойынша залалды заттардан келген зиянның орнын толтырудың экономикалық механизмiн анықтауды үкiметаралық деңгейде шешу;

          — күл мен шлакты қайта өндеу және одан өнiм алу технологиясын жасап, оны өндiрiске өндiру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

  1. Андриянов Б.В. Древние орошительные системы Приаралья (связи с историей их развития).-М.:1969.-174 с.
  2. Алисов Б.П. Климат СССР.-М: Высшая школа, 1969.-104 с.
  3. Бабаева А.Г., Залетаева В.С. Этолонные обьекты экологического мониторинга в аридных зонах // Проблемы освоения пустынь. 1990.
  4. Баженов М.Г., Сарсенбаев М.Х. Регулирование водно-солевого режима земель рисовых северооборотов. Алма-Ата:кайнар, 1979.152 с.
  5. Басова Т.А. Опыт картографирования антропогенно нарушенных пастбищных экосистем.//Проблемы освоения пустынь. 2001.
  6. Бурлибаев М.Ж., Достай Ж.Д., Турсунов А.А. Арало-Сырдарьинский бассейн (гидроэкологические проблемы, вопросы вододеления)-Алма-Ата,Дауир-2001.-180 с.
  7. Веселова Л.К., Будникова Т.И. Природные ресурсы современного Приаралья.Алма-Ата.:Наука,1981.-106-117 с.
  8. Веселова Л.К. Морфоскульптура Восточного Приаралья//Использования и охрана природных ресурсов Казахстана. Алма-Ата,1979.-67-76 с.
  9. Герасимов И.Б. и др. Проблемы Аральского моря и опустынивания Приаралья // Проблемы освоения пустынь.1989.№3.
  10. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. Алма-Ата:Ғылым, 1992. 172 с.
  11. Гельдыева Г.В., Скоринцева И.Б. Эколого-хозяйственная оценка Казахстанского Приаралья // комплексный мониторинг и практика.-М.,1991.-200-212 с.
  12. Гельдыева Г.В. Будникова Т.И., Скоринцева И.Б. и др. Концепция изучение современного состояния природно-хозяйственных систем Приаралья // Вестник КазГу, Сер.Геогр.56.1998.№4-9.
  13. Гельдыева Г.В., Будникова Т.И. Ландшафты Казахстанской части Приаралья // Арал сегодня и завтра. Алма-Ата. Кайнар,1990.114-208 с.
  14. Гельдыева Г.В., Будникова Т.И. Изменение природно-мелиоративных условий Приаралья в процессе опустынивания // Населенные пункты и охрана окружающий среды.-Алма-Ата:Наука,1986.112-114 с.
  15. Гельдыева Г.В., Скоринцева И.Б. и др. Ландшафтно-экологическое картографировании пустынной зоны Казахстана // Вестник КазГУ, Сер. Геогр. №7.1998.
  16. Глазовский Н.Ф. Аральский кризис.-М.:Наука, 1990. 136 с.
  17. Диярова К.Ш. Развитие и размещение сельскохозяйственного производства в низовьях Сырдарьи // Сборник статей научно-практической конференции.-Алма-Ата:Наука, 1992.47-56 с.
  18. Еримбетов С.А., Худайбергенов Э.Б. Современные состояние растительных ресурсов в дельте Сырдарьи // природные ресурсы современного Приаралья. Алма-Ата,1981.63-78 с.
  19. Ибрагимова У.А. Гидрохимический режим реки Сырдарья внизовьи // сб. Научных трудов юбилейной научно-технической конференции, посвященной 20-летию Кызылординского ПТИ им. Жахаева «Актуальные проблемы в экологии».
  20. Картографические исследования природопользования ( теория и практика работ) Киев. Наукова думка, 1991.212 с.
  21. Комплексная характеристика пастбищ пустынной зоны Казахстана.Алма-Ата,1990.230 с.
  22. Конструктивные задачи ландшафтно-экологических исследований.М.,1990.213 с.
  23. Нурымгереев К.Ш. Ландшафтно-экологический подход к системе землепользования // Поиск,51-Алматы-2000.80-85 с.
  24. Можайцева Н.Ф.Эколого-геоботаническая характеристика и динамика растительного покрова современной дельты р.Сырдарьи // Известия АН КазССР. Серия биологическая. 1973.№4.
  25. Нурымгереев К.Ш. Некоторые аспекты экологического подхода рациональной организаций ландшафтов в Приаралье // Географические основы устойчивого развития Республики Казахстан.-Алма-АКта-1998.144-149 с.
  26. Нурымгереев К.Ш. Динамика землепользовании дельтовых ландшафтов р.Сырдарьи // Поиск,53.-Алма-Ата-2000-с.107-111.
  27. Нурымгереев К.Ш. Вопросы рационального природопользование в дельте Сырдарьи // Гидрометеорология и экология,№3.Алма-Ата-1999.83-90 с.
  28. Нурымгереев Ш.К. Охрана и рациональное использования природно-хозяйственных систем дельты Сырдарьи (на примере крестьянского хозяйства Кожабахы) // Деп.В Каз госИНТИ 11.11.97, 8711-на 99.-Алматы-1999.12 с.
  29. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
  30. Пузырева А.А. Климатические районирование Южного Казахстана.-Алма-Ата.:Наука,1675-225 с.
  31. Почвы Казалинского массива и перспективы их использования // Под.ред. Волкова Л.И.-Алма-Ата: Наука,1973.171 с.Садыкова Ж.С. Состояние и перспективы испоьзования ресурсов подземных вод аридной зоны Казахстана.// Проблемы освоения пустынь.-1983.№6-50-56 с.
  32. Скоринцева И.Б. Природно-Сельскохозяйственная освоенность дельты Сырдырьи // Сборник статей научно-практической конференции.Алма-Ата:Наука 1991. 113-118 с.
  33. Скоринцева И.Б., Басова Т.А. Динамика землеиспользования в ландшафтах дельтовых систем Сырдарьи // Устойчивое использование природных ресурсов Центральной Азии.-Алматы.1998.16-24 с.
  34. Скоринцева И.Б. Сельскохозяйственная освоенность дельты Сырдарьи // Сборник статей научно-практической конференции.Алматы:Ғылым,1992.67-72 с.
  35. Стародубцев В.М. Изменение почвенно-мелиоративных условий в бассейне реки Сырдарьи при водохозяйственном стротельстве. // Проблемы освоения пустынь.1993.123 с.
  36. Султангазин У.Н., Мукитанов Н.К., Гельдыева Л.К., Мальковский Н.М. Концепция сохронения и востановления Аральского моря и кормализации экологической и социольно-экономической ситуаций в Приаралье. Проблемы освоение пустынь.3-4,Ашхабад,1991.97-107 с.
  37. Тактов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта.-М.:1962.176 с.
  38. Тауипбаев С.Т. Арал-Сырдария аймағын гидроэкологиялық тұрақтандыру.-Алматы:2000,244 б.
  39. Чембариксов Э.И. Поверхностные водные ресурсы бассейна Аральскогго моря : их состояние, использование и охрана // Мелиорация и водное хозяйство.1995.№23-67.
  40. Экология и охрана почв засушливых территорий Казахстана.Алма-Ата.1991.215 с.