Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………… |
|
|
|
1-тарау. Сырым батыр бастаған көтершілердің Нұралы ханды тақтан түсіруі…………………………………………………………………………….. |
|
1.1. Сырымның батыр және тұлға ретінде қалыптасуы. Көтерілістің басталуы…………………………………………………………………………. |
|
1.2. Нұралы ханның падшадан саяси баспана іздеуге мәжбүр болды |
|
2-тарау. Отаршылдық әкімшіліктің халық көсемін өз мақсатына пайдалану үшін айла тәсілдері……………………………………………………………… |
|
2.1. Сырым батырдың бастаршыны Тархан болып сайлануы және оның саяси көзқарасы. ………………………………………………………………… |
|
2.2. Орал әскерлерінің қазақ аулына жаңа шабуылы…………………………. |
|
3-тарау. Қозғалыстың қайта өрлеуі, сәтсіздіктер, және көтеріліс тағлымдары. …………………………………………………………………….. |
|
3.1. Сырымның әдіс тәсілдері, патша өнім емінің келісімге келуге ұмтылуы |
|
3.2. Көтерілістің тарихи маңызы ………………………………………………. |
|
Қорытынды ………………………………………………………………… |
|
Пайдаланыған әдебиеттер мен деректер……………………………….. |
|
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Сырым батырдың қозғалысы отырғышы халықтардың азаттық жолындағы қозғалысы қауіпті жағдайдағыдан гөрі өзгешелігі бар жағдайлардан туындаған. ХVIII ғасырдың 70-80 жылдары ханмен сұлтандар билігі, патша әкімшілігі арқылы күшейіп отырса старшындардың елді басқару ісі шектеле берді. Осы кезден бастап старшиндардың ханға қарсы қозғалысы кең етек алды. Олардың негізгі мақсаты хандық билікті жою болды. Бұдан біз сол кезеңдегі қазақ қоғамындағы дағдарыстың басталғанын көреміз.
Хандық билік күші жүзде әлсіреп, халықтың алдында беделмен айырылғанын Нұралы ханның өзіде мойындайды. Бұл сол кезеңдегі халық бұқарасының азаттық жолындағы күресінің жоғары сипат алғандығын көрсетеді. Тақырыптың қыр-сыры, ашылмаған тұстары әліде болса молынан кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда тақырып осы заманның өзекті мәселесінің бірі екендігін көрсетеді.
Осы тақырыпты басшылыққа ала отырып мынадай мақсат міндеттерді алға қойдық:
- Бірінші міндетіміз қазақ қоғамында ХVIII – ғасырда дәулеттілік және әлеуметтік қарым қатынас жағынан, саяси өмір жағынан патриархтың – ру, салт – сананың үстемдігі нақты қандай деңгейде болғандығын зерттеу.
- Қазақстандағы отаршылдық тәуелділіктің жағдайларындағы қоғамдық қарым-қатынастардың патриархтық-феодалдық системасынан туған өзгешелігін көрсету.
Зерттеп отырған қозғалысты сол қозғалыстың дамыған кезеңдегі шаруашылық, әлеуметтік жағдайлармен және сол кездегі саяси ахуалмен біте байланыстыра қарайтын болғандықтан, біз негізгі деректерге және әдебиетке шолу жасағанда бұлардың тек қана Сырым батырдың әрекетіне тіке байланыстыларын қарастыруы мен ғана тыным қоймаймыз. Сондықтан біз қазақ қоғамы тіршілігінің жағдайларын көрсететін байланысты негізгі деректермен әдебиеті сиппатауға да тоқталуға тиістіміз. Сырымның күресі ХVIII ғасырдың соңғы екі он жылдығын (1783-1797) түгел қамтиды деуге болады. Біздің шолуыңыз осы дәуірге тікелей немесе жуық қатысы бар ескерткіштерді қарастыру шеңберінен шықпауы тиіс, тек кей бір кездерде ғана, жұмысымыздың мазмұнына қарай қажетті болған жеріне ғана, неғұрлым ертеректегі негізгі деректерді пайдалануға тиістіміз.
Сырым батырдың қозғалысын зерттеуге қатысы бар тарихи негізгі деректердің көлемі толып жатқан фольклорлық материалға, сол сияқты этнография мәліметтеріне қарамай өтсек үлкен қате болар еді.
Қазақстан этнографиясына қатысты жазбаларының ішіндегі бізге ең керектісі – уақытына қарай біздің зерімен отырған дәуірімізге неғұрлым таяу уақытта жазылғандары.
І-тарау. Сырым батыр бастаған көтершілердің Нұралы ханды тақтан түсірді
1.1. Сырымның тұлға ретінде қалыптасу және көтерілістің басталуы
Сырым турасындағы 1783 жылға шейінгі документа биографиялық мәліметтер өте үзінді-үзінді болып және толық емес болып келеді. Бұл мәліметтерге маңызды толықтаулар — қазақтардың Сырым атына байланысты халық аңыздары. [1]
Аңыздың айтуына қарағанда, Сырым жас басынан-ақ ақылды және адал болған. Жиырма жасында Байбақты руының ші болып, ақсақалдардан ел билеу данышпандығын үйренемін деп ел аралайды. Ол кәрілігі жеткен Тама руының биі Малайсарыға да барады. Атақты би оған мынаны айтады. «Балам, асыл үш сөз бар, — дейді Малайсары. Егер осы үш сөзді ұмытпасаң ел де сенің төңірегінде болады, егер ұмытсаң сенің қасында ешкім де қалмайды. Ол үш сөз мынау: ар, намыс, ел алдындағы борыш. Тағы да саған айтатыным: Жақынға жара түсіремін деп асық болма, алыстағыға күйе жағам деп асық болма». Мүмкін, Малайсары бұл сөзді Сырымға тіпті айтпағанда шығар, дегенмен батырдың бейнесі халық есінде осындай болып қалған, және осы бейне тарихи ақиқатқа да өте үйлес келеді. Сырым ру басшыларының арасынан шыққан атақты батыр болған. Сырымның билеуінде 2 мыңдай үй болады, былайша айтқанда, ол өзінше ірі деген ру старшиналарының қатарында болады.
80-жылдардың бас кезінде Сырымның дәулеті қандай болғандығы туралы ешқандай мәліметтер сақталып қалмаған, бірақ оның 90-жылдар аяғындағы байлығы туралы оған берген астық келбетіне қарай топшылауға болады. Осы ас туралы Я.Гавердовскийдің айтуына қарағанда, Сырымның балалары мен туысқандары оның асына 3 мың қой, 300-ге жуық жылқы ұстаған, 6 мың шелекке жуық қымыз ішілген, бірнеше киіз үй, сауыт-сайман, толып жатқан басқа түрлі мүлік үлестірілген. Мұндай ас тек бай адамдардың ғана қолынан келеді. Сырым атқа мініп саяси күреске айналысқан кезде де ол ауқаты төмен адамдардың қатарында болған деуге ешқандай дерек жоқ. Мұның қарындасын әйелдікке Нұралы хан алған. Малы жоқ кедей батыр Нұралы сияқты ханмен жақын болады деуге болмайды. «Өзінің байлығы және соңынан ерген халқының көптігіне қарағанда, Сырым ханнан да асып түседі». [2]
Орыс материалдарында Сырым жөніндегі ең бірінші дәлді мәліметтер 1774 жылдан бастап кездеседі, бұл уақыт Пугачев, қозғалысының қазақ даласына қарай жайылған кезі.
1779 жылы Шекара істерінің Орынбор экспедициясында қазақ тұтқынынан қашып келген Орал қазақ-орысы Федор Курицын дегеннен жауап алынады, ол өзінің берген жауабында Сырым 1774 жылы әртүрлі рудан шыққан қазақтардан құралған көп санды отрядтың басшысы болды дегенді айтқан.
Мұндай құрама отрядтар наразы қазақтар өздерінің тілектерін старшиналар құттамаған кездерде құрылған, осындай кездерде қазақтар түрлі рулардан жиналып өздеріне сенімді бір батырдың басшылығымен отряд жинаған. Курицынның айтуы, Сырым 1774 жылы көтеріліске шыққан халық бұқарасының басын біріктірген санама старшиналардың бірі болған деп ойлауға мүмкіншілік береді. Сырымның 1774 жылғы көтерілісі қазақтардың линияға жасайтын әдеттегі шабуылы емес, қазақтардың Пугачев қозғалысына қатынасқан кездерінің бірі екендігін 1775 жылғы тиісті мәліметтер дәлелдейді. Суворовтың 1775 жылы 22 июнь күні Симбирскіден граф П.Панинге берген хабарынан біздің білетініміз, Сырым патша әскерлеріне қарсы жүргізілген қару-жарақты күреске тек белсене қатысып қана қоймай, мұның үстіне ол сол күрестің ең ірі басшыларының бірі болған. Қазақ жонғарлары яғни сұлтандар, қозғалыстан әлдеқашан бой тартып кеткеннен кейін де Пугачев, өлгеннен кейін де Сырым қажырлы күрес жүргізе береді. Бұл арада өкінішті бір жері, Сырымпың Пугачев қозғалысына катынасқандығы туралы ешқандай басқа материалдар сақталып қалмаған, сөйтіп Сырымның бұл кездегі күресінің нақтылы қандай түрде болғанын және қаншаға созылғанын біз біле алмаймыз. Бірақ, 1776 жылдың қүзіне Сырымның күресті тоқтатқандығында күмән жоқ. Ортажүздің Керей руында «Невидимка» [3] қозғалысы туа бастағанда, Нұралы хан қозғалыстың басқа руларға жайылып кетуінен сақтану үшін «өзіне қараған руларға» Сырым мен Есім сұлтанды жібереді, Тегі, Сырым ханның тапсырмасын орындаған болу керек, өйткені хан Есім мен Сырымды «бұлардың істеген қызметі және ханға берген жақсы кеңестері үшін» онда «қалдырып қоймауды» өтінеді, және Сырымның мұнда ұсталып жатқан аға-інілерін Сырым барлық істі ынтасымен істеп жүргендіктен, босатып жіберуді сұрайды».[4]
Сырым жөніндегі бұдан арғы мәліметтер 1778 жылдан басталады. Орынбор соғыс губернаторы Н.Н.Бахметовтың берген мәліметтеріне қарағанда, бұл жылы Орал қазақ-орыстарының қазақ даласына жасаған шабуылдарының бірінде бұлар Сырымның балаларын өлтіреді. 1783 жылы август айында Сырымға жазған хатының көшірмесі сақталып келген. Бұл хатта экспедиция Сырымға сөз салып, купец Филипп Григорьевтің керуенін қазақтар талағанда оның шеккен шығынын орнына салу жөнінде шара қолдануды өтінеді. Мұнда экспедицияның сөз тәсілінің өзі қызық: «Сіз, құрметті старшина, — деп жазылған әлгі хатта, — бұл жақтағыларға өзіңіздің көңіліңіз дұрыс келіп, қашан да ынтаңызбен қызмет істейтін болғандықтан, әлгі айтылған талаушылардан Григорьевтің малый өндіріп алып жеткізіп беруге уәде бересіз… өйткені… сіздің басқаларға қарағандағы өзгеше мінезіңіз және бұл жақтағыларға деген ниетіңіздің дұрыстығы мұнда әбден мәлім» Сөйтіп біз 1783 жылдың август айына шейін Сырым Орал әскерлеріне қарсы және шекара өкіметтеріне қарсы күреске тартылмаған деп айта аламыз. Бірақ, 1783 жылдың декабрь айында Сырымды Тополинск форпостының маңында Орал әскерлерінің қазақ-орыстары тұтқынға алады. Мұны Орал әскерлері Сырым, Шаганов деген старшинаны ұстап алып, оны Хиуа құлдығына сатып жібергені үшін одан кек алу ретінде істейді. Қазақтарды талаған, тіпті ханның өз ауылдарына шабуыл жасаған Орал әскерлерінің отрядтарына қарсы Сырымның жүргізген күресі, тегі, 1783 жылдың күзінен басталды. 1784 жылдың жазғы тұрымында Нұралы хан Сырымды тұтқыннан сатып алады. Хан Сырымның тұтқыннан босатылғаны үшін 70 жылқы және 350 сом ақша береді. Сырым 1784 жылы жүз ішіне қайтып келіп, Орал әскерлеріне қарсы тағы да өштескен күреске кіріседі. Бұл күрестің дамуы үшін себеп мейлінше толық болады, оны біз жоғарыда көрдік. Орал әскерлеріне және шекара өкіметтеріне қарсы қазақтарды үгіттеудің қажеті болмайды: олардың тек басын біріктіру ғана керек болады. Қазақтардың біз жоғарыда айтқан 1783 жылғы жаппай көтерілісі 1784 жылға шейін созылып келеді. Қозғалыс бұрынғысынша Нижнеурал линиясында және Орск бекінісінің ауданында дамый береді. Табын және Шекті руларындағы, Барақ, Тіленші, Оразбай және Айшуақ ұлы Жантөре сұлтан билеген жерлердегі қазақтар Верхнеурал бекінісімен Елек қаласының арасындағы линияға ірі шабуыл жасамақ болып әзірленеді. Ноябрь айында Сырым Сағыз өзенінің бойына линияға шабуыл жасау үшін бір мыңдай қазақтан құралған ірі отряд жинайды. [5]
Бірақ қазақтардың патша әкімшілігіне және Орал әскерлерінің старшинасы қарсы өз старшиналары бастаған күресі кең түрде дамыған кезде, Нұралы хан осы күреске қатынасқандарға жаулас бағыт ұстанады. Мұның өзі хан мен Сырымның арасы ашылуына себеп болады. Сырымның отрядтары хаш үшін белгілі түрде қауып туғызады. Сырымның отряды Сағыз-өзенінің бойына келіп жыйналғанда, хан өзінің ауылдарын алып лажсыздан Оралға көшіп кетеді. Мұның өзі хан мен Сырымның арасындағы қатынастар 1784 жылдың күзіне қатты шиеленіскендігін көрсетеді Старшиналар мен хан арасындағы қатынастар шиеленісе береді. Бұл түсінікті, өйткені шекара отрядтарының қазақтарға істеген зорлықтарына Нұралының және оның балаларының қатынасқандықтары салдарынан туған наразылық әлдеқашан шегінен асып болған және мұның үстіне хан әлгі күшейген күресте патша әкімшілігі агентінің қызметін орындайды. Бірақ қозғалыс бұл дәуірінде жергілікті әкімшілікке, Орал әскерлерінің старшиналарына қарсы күресу жолымен жүреді және дұрысында, отаршылдыққа қарсы қозғалыс шеңберінен шықпаған.[6]
Қазақтардың линияға шабуылдар жасауымен байланысты, ел ішіне жазалаушы экспедициялар жіберіледі. Бірақ бұлар Россияға қарсы қастас болған ауылдарға жазалау шараларын қолданудан гөрі, тіпті ешқандай кінәсі жоқ ауылдарға зұлымдық шабуылдар жасаумен болады. 1785 жылы 17 февраль күні Орынбордан Елек өзенінің жоғарғы бойына генерал-майор Смирнов бастаған отряд жіберіледі. Отряд қатарында-Орынбордың 237 қазақ-орысы және 2432 башқұрты болады, отряд 2 зеңбірек алады. Қатты боран болып, Смирнов кері қайтып келеді. Көп аттарынан айырылып, отряд әрең дегенде Ильинск бекінісіндегі линияға келіп жетеді. Жаулас ауылдарды кездестіре алмайды, бірақ таяудағы бейбіт ауылдардан 66- қазақты тұтқындап ұстап алып келеді, мұның да көбі әйел болады. Башқұрттар бірқатар ауылдарды талайды, генерал-майор Смирновтың айтуына қарағанда, ол бұларға «елді талама деп тілін алдыра алмаған» көрінеді. Бірақ өте-мөте қажырлы күрес 1785 жылдың жазғытұрымынан бастап Нижне-Урал линиясының ауданында күшейе бастайды. Мұның себебі, «шекара барымтасы» деп аталатын шабуылдың өте-мөте көбейіп кетуінде ғана емес, мұның үстіне мұнда қазақтар қысқы мал жайылысы жөнінен қатты қыспақ көреді. Қозғалыстың орталығы Байбақты, Табын және Тама руларының қауымдары болады. [7]
Генерал-майор Смирновтың отрядымен бір уақытта Сарайчиков бекінісінен 15 март күні ел ішіне Орал әскерлерінің Колпаков және Пономарев деген старшиналары бастатқан 1250 қазақ-орыстан құралған отряды шығады. Соғыс коллегиясының президенті князь Г.А.Потемкиннің бұйрығы бойынша бұл отрядқа «разбойник қырғыз-қайсақтарды» жазалау үшін оларды «Сырым салған ініне шейін Эмба өзенінің құйылысына шейін» қуып бару тапсырылады. Отряд ел ішіне шығып, екі күн өткеннен кейін, отрядқа ханның туысқаны старшина Мұртазаның баласы Мәмбет келеді, ол ұзынқұлақ хабардың айтуына қарағанда, Эмба өзенінің бойында «Байбақты, Кете, Шекті, Табын, Шеркес және Таз рулары Сырым, Барақ және Тіленші деген атақты ұрылардың басшылығымен жиналып жатыр, атап айтқанда Сырымның жанында 2700, Барақтың жанында 2000 және Тіленшінің жанында 1500 адам бар» деп хабар береді. [8]
«Отрядтар ел ішіне жіберілген осындағы әскерлерді келтірмеу үшін және соларға соққы беру үшін жиналып жатыр» дегенді. Қазақтардың осы отрядтарға адамдары қосылған ауылдары Эмбаның сыртына, алысқа көшіріледі. Бұл жерлерде суы жоқ болғандықтан және жылқы оты болмағандықтан жетудің өзі қиын болады. Мұнымен қатар, Мәмбет, Қолпаковқа, Қаракөл өзеніне жақын жерде, Беріш және-Адай руларының ауылдары көшіп жүреді, Бұл ауылдары Каспий теңізінің жағасындағы, Орал өзенінің құйылысына таяу жердегі Лебяжий және Прорвенский деген орыс хуторларына шабуыл жасалғанда соран қатынасқан дегенді айтады. Осы жағдайлардың бәрін салыстырады да, Колпаков Эмбаға бармайтын болады, отрядын алып Қаракөл өзеніне қарай бұрылады, осы жерге 3 күннен кейін Мәмбет те әкелінеді. Колпаковтың айтуына қарағанда, Беріш және Адай руларының қазақтары қолдарына қару-жарақ алып, қарсыласқан, осы жан-жалдың нәтижесінде әлгі рулардың бірнеше адамдары өлтіріледі, ауылдық қалған халқы — 102 адам тұтқынға алынады. [9]
Тұтқынға алынғандардың арасында 14 еркек бар болады, қалғандары қатын-балалар. Қазақтардың малы мен мүлкін Орал әскерінің отряды талап алады. Линияға 83 түйе және 2955» жылқы әкелінеді. Колпаковтың отряды Орал форпостары арқылы Сарайчиков бекінісіне қарай бет алған кезде-ақ (Колпаков ел ішіне осы бекіністен аттанбақ болған) Орал қаласына 3 март күні Нұралы ханнан хат келеді, ол бұл хатында атаман Д.Донсковке қазақ-орыс хуторларына шабуыл жасалғанда соған Табын руының кейбір ауылдары да қатынасты, бұл ауылдар Айшуақ сұлтанның маңында жүретін деп хабар береді және осыларды басып алуды талап етеді. [10]
Бұл хат ішкі істердің Орынборлық экспедициясына жіберіледі, экспедиция ханның хаты бойынша Табындарға шабуыл жасауды сол Колпаков отрядының өзіне тапсыру керек деп жарлық береді. Бірақ Оралдың соғыс канцеляриясы басқаша жарлық берген. Жаз шығып, қазақтардың жайлауға көшетін уақыты жақындап келе жатқандықтан, табындарды кезінде басып қалу үшін басқа отряд құрылады, бұл отрядтың саны премьер-майор Назаров бастатқан 405 адам Орал қазақ-орыстары болады. Назаров 24 март күні табындардың ауылдарына келіп жетіп 2124 жылқысың шауып алады. Сол кезде жылқы ішінде қасында бір аз адамдары бар Айшуақ сұлтанның баласы Жантөре жүреді, бұлар «мылтық атып», қарсылық көрсетпекші болады, бірақ оларды отряд «далаға қуып тастайды», ал сұлтан Жантөренің өзі Орал қазақ-орыстарынан мықтап таяқ жейді. [11]
Назаров табындардың малый шауып алып жүрген кезде Сахарная бекінісі жағынан түтін шығып атылған зеңбіректің даусы естіледі. Сондықтан Назаров, Антонов форпостына осыдан біраз бұрын шабуыл жасаған қазақ отрядтары-енді Сахарная бекінісіне шабуыл жасап жатқанын біліп, кері линияра бет бұрады, сөйтіп Табын ауылдарының адамдарын ұстап алып кете алмайды. Жолшыбай Назаровқа Айшуақ сұлтан жолығады, ол Сырым батыр бастаған қазақтар бекіністі бүлдіріп жатыр дегенді айтады. Қазақтар зеңбірек оғының күшімен бекіністен қуып шығарылады, бірақ бұлардың 300 адамдай бір бөлегі Айшуақ сұлтанның баласы Апақтың басшылығымен келіп Назаров отрядының алдыңғы бөліміне шабуыл жасайды. Бірақ, қазақтар қайта қашады. Ішкі істер экспедициясының мәліметтеріне қарағанда, сол жерде Апақ қаза табады.[12]
Айшуақ сұлтанның өзін Назаров тұтқындап, Орал қаласына алып келеді. Д.Донсков, князь Г.А.Потемкинге, — Айшуақтың тұтқындалған себебі, «Айшуақ сұлтанның балалары басқа қырғыздарға қосылып алып, осының алдында Қаленовский форпостына шабуыл жасаған» деп рапорт береді. Сонымен «балалары осындай іске қатынасқан соң, ханның өзі де осы урылзомен сыбайлас» деген оймен Донсков ішкі істер экспедициясынан хабар алғанша Айшуақты Орал қаласында ұстап тұрмақшы болады. Сөйтіп 1787 жылға шейін Айшуақ тұтқында жүреді.
Орал әскерлерінің хан тұқымына қарсы бағытталған бұл әрекеттері, Сырым қозғалысының бұдан былайғы сипатына үлкен әсер етеді. Патша әкімшілігі ханды қолтықтап жүрген кезде, хан тұқымы күшті болып тұрған уақытта, старшиналар ханға ашық түрде қарсы шыға алмайды. Старшиналардың ханға қарсы шықпауына вассал өзінің сеньорына қашанда адал болу керек деген ескіден келе жатқан феодалдық ғұрып та үлкен себеп болады. Хан туысқандарының ауылдағы шабылуы, оның інісі Айшуақтың тұтқынға алынуы, Апақ сұлтанның өлтірілуі — осының бәрі Нұралының жүз алдында қайта оналмастай етіп беделін түсіреді. Нұралының өзі мұны атап көрсетеді, сонда ол былай деп жазған: «Айшуақ сұлтанның не үшін талқаны шығарылды? Оның баласы қандай себеппен өлтірілді? Қырғыздар осының бәрін менен көріп, мені жамандап, хан орыстарға сенеді, біздің бәрімізді таламақшы болады» дейді, «сөйтіп бұлардың бәрі менен кетті». Ханға қарсы күрестің етек алуына дем берген тағы бір жағдай, Айшуақ тұтқынға алынып, хан тұқымының материалдық күштерінің іргесі қозғалады. Айшуақ Жеті ру әулетін билеп тұрғанда ол ханға үлкен жәрдем көрсете алатын еді. Енді бұл жәрдем болмай қалады. Осы жағдайлардың бәрі Сырым қозғалысының сипаты өзгеруіне себеп болады.[13]
Егер де 1785 жылдың жазғытұрымына шейін Сырым қозғалысы қазақ отрядтарының линияға жаппай шабұыл жасаулары сияқты әрекеттердің шеңберінен шықпаған болса, егер бұл қозғалыста түрлі феодалдық топтардың күресі тіпті көзге түспеген болса, 1785 жылдың жазғытұрымынан бастап Сырым қозғалысының сипаты жүз арасындағы ішкі күреске айналады, мұнымен қатар бұл күрес патша әкімшілігінің өз-бырлығына, зорлығына қарсы жүргізілген күрес те болып отырады. Қозғалыс Нұралы ханға қарсы және Нұралы тұқымынан шыққан сұлтандарға қарсы бағытталады. Бұл қозғалыста Сырым батыр күннен күнге үлкенірек роль атқара бастайды. Қозғалыстың қаншалық етек алғандығы туралы хан тобына қарсы күреске қатынасқан руларға карап топшылауға болады. Қару-жарақты күресте Сырымды белсене қолтықтағандар Байбақты, Шекті, Табын, Серкеш, Таз руларының қазақтары. Бұл рулардың көбі Нұралының басқаруында болған.
Симбирь және Уфа наместничествосының генерал-губернаторы, 1784 жылы өлке бастығы болып тағайындалған. О. А Игельстром
1789 жылғы «Түсіндіруінде» осы уакытты есіне түсіре келіп, старшиналардың көзкарасы ашық түрде қастас болғандығын айтады және линияда ірі жанжалдардың шығуына линия маңындағы өкіметтердің қазақтарға зорлық жасаулары әжептәуір себеп болғандығын жасырмайды . Және старшина топтарымен арадағы осы сияқты қарым қатынастар патша әкімшілігі үшін бірқатар қыйыншылықтар-тұғызады. Патша әкімшілігі тек қарулы күштерге ғана сүйенігі, жүзді билеп тура алманды. Хан тобына сүйенуден ден нәтиже шықпайды. Ханның әлсірегендігі сондайлық Игельстром 1785 жылы июнь айында хат жазып, сөз салып; ХVIII ғасырдағы әдет бойынша тұтқындарды босатуды талап еткенде» бұған Нұралы қатты ренжіп мынадай деп жауапқа қайырады: «Сіздің мұныңызға менің таным бар, — деп жазады; хан Игельстромға, — мен сіздің жоғары мәртебелі құзырыңызға жаздым емес пе, — бұл бұзықтар мені өздеріне жауап деп есептейді, ал сіз бұған сенбейсіз дағы маған осы менің қырғыз-қазақтарыма өзіңдің балаңды жібер дейсіз, сонда, бұл разбойниктер менің бұйрығымды тыңдамауы былай тұрсын, керек десеңіз менің жіберген балаларымды тірі қайтармайды, мүмкін тіпті өлтіріп те тастар».[14]
Хан тобының мұндай хәлде болуы Игельстромды ханды былай тастап старшиналарымен төте қарым-қатынас жасалған мәжбүр етеді. 1785 жылы июль айында Игельстром Екатерина ІІ-ге, Ахун Орынборда кайтқаннан кейін старшиналар жиылысынан 5 депутат келді деп хабар береді. Бұлар старшиналардың қолы қойылған хат әкеледі. Старшиналардың тілегі Абылхайр ханның балаларын хандықтан тайдыру болады. «Осылай болса, — деп жазады старшиналар, -біз барлық старосталар және Кіші жүзді ң барлық халқы бағынып тұруға уәде береміз және оның императорлық ұлық мәртебесінің жоғары дәрежелі екендігін танимыз, ал падишахты өте мейрімді және қайырымды деп білеміз».[15]
Осы хатқа қойылған қолдар ханның жүз ішінде жалғыз қалғандырын және Сырым батырдың беделі сондайлық өсіп кеткендігін көрсетеді. Хатқа мына рулардың старшиналары қол қойған: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Сықлар, Адай, Беріш, Есентемір, Масқар, Қызылқұрт, Жаппас, Байбақты, Тана, Жағалбайлы, Табын, Тама, Кердері. Бұл өтінішке қол қойғандардың арасында ілгеріде Сырым қозғалысында ірі орын алған мына сияқты білікті старшиналардың да аттарын кездестіреміз: Төртқара руынан Қаракөбек, Кете руынан Көккөз би, Серкеш руынан Тормамбет би, Сықлар руынан Қаратау би, Масқар руынан Дөнең батыр, Табын руынан Тіленші батыр, тағы басқалары, — Сырым батырды қоспағанда, барлығы 53 адам қол қойған. Өтінішке Абул-Жәлел қожа да қол қойған, оның «Бүкіл қырғыз-қазақ жұртының бірі» деген құрметті атағы болған.[16]
Көзге түсетін бір мәселе, Байбакты руынан шыққан старшиналар арасынан біз Сырымның қолын кездестіре алмадық: ол барлық қойылған қолдарды мөр басып анықтаған. Бұған қарағанда, етінішке қол қойған старшиналар өздерінін арасында Сырымды езіміздің басшымыз деп таныған деп ойлауға болады.
Старшиналардың Нұралы ханды өкіметтен тайдыру жөніндегі талабы турасында Игельстром бастапқы кезде Істің артын байқау позициясын ұстанады. Ол ханға қандай да болса залал келтіру үшін старшиналардың күш қуаты жетер мекен деп күдікті болады. Сондықтан Игельстром Петербург өкіметінен бұл туралы жөн сұрайды, — «осы күні ел билеп тұрған хан өкіметін қолтықтайын ба, немесе, бұлардың ісіне аралас пай, тек битарап болып бақылап отырайын ба» — деп сұрайды.
Өзінен бұрынғылардың саясатын сөккендікке қарамастан, Игельстром әзірше қазақ даласына тұрақты және тұрақсыз әскерлер жіберіп, бұл әскерлерді Эмба және Ор өзендерінін бонына қоныстандыруды ұсынады. Бірақ бұл әскер жіберілмей қалады.[17]
Генерал-губернатордың старшина тобымен қатынас жасағаны ханның мазасын кетіріп, ызасын келтіреді. Бұл қатынастардан өзіне қандай қауып туатындығын хан дұрыс ұғынады. Ол патша әкімшілігінің қолтықтауы өз өкіметінің ең басты тірегі екендігін білмей отыра алмайды. Август айының аяғында хан наразылық білдіріп Игельстромға хат жазады. Ол генерал-губернаторды Россияға қарсы күрескендерді қолтықтадың деп кінәлайды, өлке наместнигінің екіжүзділігін айтады, генерал-губернатордың старшиналармен төте қатынас жасаушы Сырым ханның беделін түсіру үшін пайдаланатындығын көрсетеді. [18]
Өзінің берген антын бұзбайтындығына және қызметті бұрынғысынша аянбай атқаратындығына сенім бере келіп, хан мұнымен қатар империяның шекарасынан кешіп кетемін және генерал-губернатормен қатынастарымды үземін деп бұлданады. Игельстром ханға қатты-қатты сөздер айтып хатпен жауап қайырады, оны әлсізсің деп, Орынбор әкімшілігінің айтқандарын орындамадың деп кінәлайды, егер де қазақтар ұстап алған майор Рейштейнерді, тағы басқа бірқатар офицерлерді қайтармасаң езінді бүлдіргіштер қатарына санаймын деп қорқытады, бірақ менің негізгі мақсатым, — «өзара араздықтың бәрін тоқтатып, көпшіліктің пайдасы үшін Орда ішінде тыныштық орнату, бірақ орда бастығына залал келерліктей ештеңе істемеймін» — деп уәде береді. Сонда ол хан алдына мынадай шарт қояды, — «өзіңнің қоластыңа қарағандарды тиісті тәртіпте ұстап, тілінді алғызып отыру» — дейді.[19]
Міне, істі барлық мәнісі ханның орындауға шамасы келмейтін осы соңғы айтылған шартта. Ханның халі ілгеріде қандай болатынын генерал-губернатор осы бастан-ақ шешіп қояды. Сол сентябрь айында, әлгі хат жазылған уақытта, жүз ішіне Мухаммеджан Құсаинов тағы да жіберіледі, онымен бірге асессор Бекчурин де барады. Бұлар енді старшиналардың жиылысына қолмақол қатынасу үшін келеді, жиылыс Илецк защитасынан 100 шақырым жерде тұратын Женбішке деген өзеннің бойында 21 сентябрь күні болады. Рас, ахунға жиылыста старшиналарды ханмен татуластыруға тырыс деген тансырма берілген.
Күштің дені Сырым жаққа көрінеу ауған осы жағдайларда старшиналар өздерінің съездерінде негізгі екі мәселені талқыға салады, ол: жүз ішінде өкімет ұйымдастыру туралы және қысқа коныстарды кеңейту туралы. Жиылыс генерал-губернатордан Нұралы ханды орнынан алу туралы өтінуге бірауыздан қаулы алады және жүзді билеу тәртібін уақытша мүлде жаңа негізде құру туралы қаулы етеді: жүз «Басты ордалар» делінген үш жікке бөлінеді: Байұлы ордасы, Жетіру ордасы және Қаракесек ордасы.[20]
«Басты ордалардың» әрқайсысында старшиналар және халық жиылысы «халық ішінде қуатты, жасы үлкен, беделді үш старшина» сайлайды: Қаракесек руында старшина болып Сегізбай би, Байұлы руында Тормамбет би, Жетіруда Тіленші батыр сайланады. Бұл старшиналарға жиылыс «Бұл руларға бас-көз болыңдар» деп тапсырады.[21]
Сырым батыр бұл жиылыста басты орын алады. Және «барлық жұртты осы өзгеріске және ант беруге көндіреді», сонда Сырым батыр «Орданың барлық жағдайларында басшы кеңесші» болып сайланады. Бұлардан басқа Көккөз би, Қаратау би деген тағы да екі старшина сайланады. Бұлардың істейтін қызметі айқындалмады.
Енді старшина жиылысына Шекаралық сот ұйымдастыруға келісуді ұсынып, Игельстром, ру білікті адамдарына арқа сүйеп барып қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жою жолындағы осы адымды іске асыруға болмас па екен деген мәселені айқындауға тырысқан. Бірақ старшаналар генерал-губернатордың ұсынысына өте сақтық көзбен қарайды. Бұлар Нұралы ханға қарсы күресте патша әкімшілігінің қолтықтауында қандай маңыз бар екендігін есептеп келіп, ашық бас тар та жауап бере алмай, мәселені созуға тырысады. Генерал-губернатордың ұсыныстарын негізінде теріс дей алмайды, бірақ бұлар сот ұйымдастырудың дәл өзін кейінге қалдырады олардың сонда бұған келтірген сылтауы «елдің бет-бетімен бөлініп кететін» мал жайылысына жайлы жер іздейтін уақыты жетті» дейді. Дегенмен «келесі жазға бұл сотқа сайлау үшін таңдаулы старшиналардың арасынан 6 адам дайындап қоямыз» деп уәде береді.[22]
Бірақ жаңа ханның кім болатындығы тұралы мәселеге келгенде старшиналар арасында ірі алауыздық туады. Старшиналардың бірі сұлтан Гирейді немесе оның балаларының бірін ұсынады. Гирей жүздің саяси өмірінде белсенді орын алмаған, сондықтан оның хандыққа ұсынылатындығы түсінікті, өйткені старшиналар өздеріне тәуелді адамды хан сайлап алуды көздейді. Бірақ, сайып келгенде, сұлтан Қайыпты жақтайтындар ден болады — сөйтіп, оны хандыққа бекіту туралы старшиналар жиылысы ұсыныс жасайды.
Қайыптың кім екендігі және оның саяси жағымдылығын жүз іші жақсы біледі. XVIII ғасырдың 40-жылдарында, бір жағын Батыр бастаған, екінші жағын Абұлхаир бастаған сұлтан топтарының өзара шиеленіскен күресінде, Қайып Хиуада хан болып тұрып, біз жоғарыда айтқандай, өзінің әкесі Батырға материалдық жәрдем көрсетеді. Тек осы жәрдемге сүйеніп, батыр өзінің беделді халін сақтап қалады және тіпті Нұралы мен қатар хандыққа сайлануға да жетізеді. Қайып Ортажүздіқ сұлтаны Барақтың қызын әйелдікке алып, Барақпен туыс жағынан өте жақын болады. Патша үкіметі оған сенбейді, сөйтіп, 1756 жылы ол жүз ішіне қайтып келгенде, онымен катнастас болудан бас тартады, Нұралы ханға қарсы күресіп жүрген және патша әкімшілігіне сенімсіз көзбен қарайтын старшиналардың Қайыпқа дұрыс көзбен қарауына осының бәрі себеп болады. Аса беделді сұлтан тұқымынан шыққан Қайып старшиналардық қолында болмашы қызметтін. өзін атқаруға жарамды адам болмайды. Қалай дегенмен де, старшиналардың көбі 1785 жылдын күзінде оны хандыққа ұсынған болса, мұнын, себебі — старшиналар жүз ішінде беделді сұлтандар арасынан Нұралыға қарсы күресте өздеріне арқа сүйерліктей тірек іздеген.
Ең ақырында, — мәселенің маңызды бір жері, — Россия оны хан деп танымаса да, Қайып дұрысында, Кіші жүзді ң бір бөлегінін, ханы болып турған. Нұралының орнына оның хан болып сайлануы Қішіжүздіқ саяси жөнінен бірлескендігі, Нұралы билеп тұрған жылдарда іргесі қозғалған қазақ мемлекеттігінің әжептәуір нығайғаны болар еді.
Старшиналардың жиылысында талқыланған екінші мәселе, — қысқы мал жайылысын кеңейту жөніндегі мәселе. Қысқы уақытта Орал өзеніне көшіп келіп, бұл өзеннің солжак бойындағы даланы қоныстауға рұқсат ету жөнінде старшиналар генерал-губернатордан өтінуге қаулы етеді. Мунда Орал әскерлерінің қазақ-орыстары қысқы уақытқа деп пішен әзірлейтін болғандықтан, старшиналар Орал әскері мал түсіп кетуден сақтану үшін өздерінің әзірлеген пішендерін қоршап қоюға шара қолдансын деп сұрайды.[23]
Жиылыс біткеннен кейін, генерал-губернаторға старшиналардың делегациясы келіп, ездерінің съезінің қаулыларын бекітуді сұрайды. Игельстром жүзді үш «Ордаға» бөлу жөніндегі қаулыны бекітеді. Бірақ Қайып сұлтанды хан етіп бекіту жөніндегі өтінішке келгенде ол мен бұл мәселе туралы әуелі өкіметпен сөйлесіп алайын дейді. Анығында да, старшиналардың Қайыпты хан етіп сайлағысы келетіндігін Игельстром Екатерина II-ге жеткізеді, бірақ, съездің бұл қаулысын бекіту жөнінде ұсыныс жасамайды. Оралдың сол жақ жағалауын қысқы қоныс ету жөніндегі старшиналардың өтінішін генерал-губернатор қанағаттандырады. Бұл рұқсатты 70300 үйге не болып отырған 17 старшина алады. [24]
Жиылыстың делегаттары генерал-губернаторға халықтың Нұралыны жүз ішінен кетіргісі келетіндігін айтады. «Өздерінің қашанда бағынып отыратындығы туралы ант беріп қойғандықтан, ханға қарсы өздерінің ойына алып, істейміз деген шаралардан ел әзірше тыйылып отыр» деп бұлар Игельстромға ашық айтады, бірақ ханды қандайда болса бір бекініске қойып қорғауыңызға алыңыз» деп қатты өтінеді. Бұлар ханның жүз ішінде қауіпсіз болуына кепіл болмайды, өйткені «еліміздің ішіндегі жастардың содыр-сойқан істеріне кепіл бола алмаймыз» дегенді айтады . Генерал-губернатор бұларға ханның халі қандай болып шешілетіндігін шыдап күте тұрыңыздар дейді және халық пен Нұралы арасы бітістіруден кеткендігін еске алып, «съезде сайланған бас старшиналарға» жүз ішіндегі істер жөнінде өзімен тікелей қатынас жасауларына рұқсат береді. Сөйтіп, хан қазақ даласын әлі де қоныстап жүрген болса да, дұрысында, ол ел билеу ісінен тайдырылады.
Делегаттар старшиналар жиылысынан Екатерина II-нің атына «Жолдама» әкеледі, мұнда халық бұқарасының ханға наразы болатын себептері түгел айтылады. «Ханның балалары Орал өзенінен өттіңдер дегенді сылтау етіп, Кердері руынан бір жылы 100 жылқы, Тама руынан 60 жылқы, Табы» руынан 50 шақты жылқы алады. Тіпті бұлар жәбір көрсетпеген және жылқысын алмаған ру қалған жоқ», — деп старшиналар шағым айтады. Сонда, бұл зорлық-алымдар бір жолы ғана емес, үнемі алынып тұрады. Игельстром жиылыс делегаттарынын айтуы бойынша, Екатерина II-ге берген хабарында былай деп жазған: «қазақтар малға жайлы өріс іздеп, малый линияның ішкі жағына немесе далаға айдап өткенде» әрбір жолы қос басынан бір жылқы және бір қой алынып-отырған. Мұның үстіне, ханның балалары, ал ханнын 40 баласы бар, осы жерлерге келіп халықтан әрқайсысы бірдей теліке алып отырады. Бұл айтылған сөздің керекті жері — зорлық алымдар дың үнемі жиналып тұрғаны ғана емес, мұның үстіне, бұл зорлық-алымдар жаппай алынып тұрған. Алым әрбір қосқа салынған. [25]
Бұдан кейін, старшиналардың өлке төресіне айтқаны, Ералы сұлтан қазақтардық башқұрттардан барымталап алған жылқыларын тартып алды, Бұл жылқыларды «өзі пайдаланды және басқа адамдарға үлестіріп берді», ал башқұрттар Ералыдан осы жылқыларын сурап келгенде, ол «башқұрттардың қасына екі адамын қосып беріп, Көккөз бидің қарауындағы Аккөте руының және ешқандай кінәсы жок басқа қырғыз-қайсақтардың жылқысын алуға жіберді»,— дейді. Бұларханнын інісі Досалы сұлтанды кінәлайды, ол «тұтқыннан босатылған 7 қазақты мен босаттым деп әркайсысынан табын руынын старшинасы Тіленші арқылы 20 биеден алды»,- дейді. Бұл арада тағы да «қарапайым қазақтарды» қорқытып мал алғандық туралы әңгіме болып отыр, өйткені осылай демесе бұл істе Тіленшінің дәнекер болғандығын түсіндіру қиын болар еді.
Бұдан соң, старшиналар ханның балаларын «ханның рұқсатымен де, рұқсатынсыз да біздің жақсы ат, айғырларымызды бақпастан қорқытып алады және басқа да толып жатқан жәбір-жапа көрсетеді» деп айыптайды. [26]
Ханның қауымдық мал жайылыстарын билеп-төстей алатын феодалдық правосына немесе оның феодалдық мемлекеттің жоғарғы басшысы ретінде шет елдермен қатынаса алатын правосына байланысты, мал айдай өткенде төлейтін осы зорлық-алымдардың барлық салмағы еңбекші бұқараларға келіп түседі. Көңіл аударатын бір мәселе, старшиналардың шағым арыздарында осы алымдардың бәрін хан мен сұлтандар жергілікті әкімшілікке гцрқа сүйей отырып алатындығы айтылған.
1.2. Нұралы ханның патшадан саяси баспаны іздеуге мәжбүр болды
Феодалдық алымдармен отаршылдық талаудық осы ұштасуын орыс материалдары да дәлелдейді. Мысалы, Мұхаммеджан Құсаинов қазақ даласында көп болған. Ол жүз ішіндегі халді жергілікті әкімшіліктің қайсысынан болса да жақсырақ білген. Сол Қусаинов, хан қорқытып қазақтардың малын тартып алғанда, ол мұны жергілікті өкімет уәкілдерімен бірлесіп отырып істеген деп жазады.[27]
Старшина жиылысының қаулылары да, сол сыяқты бұлардың «жолдамасының» мазмұны да Сырым батыр қозғалысының әлеуметтік сипаты туралы аса маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіншілік береді. Көшпелі — мал өсіруші еңбекші бұқараларды «көшпелі шаруа»2 деген терминмен әзірше-шартпен атай тұрып, біз Сырымның қозғалысы өзінін негізінде нағыз халықтық, шаруа күресі ретінде дамыған деп айта аламыз. Қозғалыстық шаруалық сипатының көзге түсетін жері сол, бұл қозғалыстың дамуында мал жайылысын кеңейту жөніндегі жер мәселесі де, сол сыяқты қанаудың феодалдық отаршылдық системасына қарсы болған наразылық та үлкен себеп болған.
Ханға карсы дамыған күрестің негізінде қанаудын феодалдық формалары болғандығын Сырым батыр қозғалысына тиесілі фольклорлық материалдар айқын дәлелдейді.
XIX ғасырдың аяғында Бөрте болысында жазылып алынған ел аңыздарынан үзінді келтіреміз:
«Хан халыққа жөнді қамқорлық істемеді — сондықтан хандарды жек көреді. Сұлтандар өз хақын талайды сондықтан халық сұлтандарды жек көреді; Ұялғаннан беттен от шықты. Өз халқын жақсы көрген Сырым.[28]
Сырым жөніндегі ертегінің тағы біреуінде де, осы айтылған. Вассалдық қарым-қатынастар жағынан да сол сияқты туғыс жөнінен де біте байланысты бола турса да, батыр ханды: батыл түрде масқаралап отырған. Ол былай деген: «Сен — Хан, орның елдің бәрінен жоғары. Сөйтіп отырып кішіні үлкеннен, ақты карадан, әлсізді әлдіден айыра білмедің, өзің қарашы: сенің төңірегіңде күштілер кедейлерді талап жеп жүр, осыны көре тұрып сен құдықтағы судай тунжырап аузыңды ашпайсың».[29]
Сырым қозғалысының мейлінше халыктық, шаруалық осы негізі Нұралы ханды және сұлтандарды, оның тұқымынан шыққан адамдарды жүз ішіндегі өкімет басынан тайдыру жөніндегі мәселені ешқандай икемге көнбейтін қатты түрде қоюға мүмкіншілік берген. Күрестің сол халықтық негізі Сырым ның хан өкіметін жою жөнінде мәселе қоюына мүмкіншілк берген.
Бірақ Сырым батыр қозғалысының таптық негізі өте бір түрі кеулі формула болған. Жүзді басқару ісі де, кару-жарақты; күреске басшылық ету ісі де ру басшыларының ең ірі деген әкілдерінің, яғни тан жөнінен сұлтандарға жақын тұратын әлеуметтік топтың қолында болады.
Өзінің сипатына қарағанда, шаруалық қозғалыс болған қозғалыста ру басшыларының жетекші болуы сияқты құбылыс Сырым қозғалысының өзіне тән өзгешелігі емес. Мұндай құбылысты біз, мысалы, Кішіжүзде XIX ғасырдың 20 жылдарында болған Тіленші қозғалысында да кездестіреміз. Осы сияқты құбылысты біз сол сыяқты башқұрттардың XVIII ғасырдағы бостандық жолындағы қозғалысында да кездестірдік. Бұл 1825-1826 жылдардағы қытай-кыпшак көтерілісінде де байқалған. Шығыстағы шаруа қозғалыстарының осы өзгешелігі көшпелі ауылда тап күресі жоқ деуге сылтау болған.
Істің шын мәнісін альт қарағанда, халық қозғалысына ру басшыларының, жетекшілік етуі басқаша түсіндіріледі.
1785 жылры қозғалысқа қарап біздің көретініміз, Кіші жүз де старшиналар мен халық бұқарасының ханға және оның, тұқымдарына қарсы шығуына тек қолайлы жағдай тууы былай тұрсын, тіпті қалай да болса қарсы шығарлықтай жағдай туған. Нұралы хан старшиналардың ескіден келе жатқан феодалдық кеңес правосын жойып қана қоймай, оның үстіне бұларды қорқыту, күшпен жұмсау шараларын қолданады. Мысалы, старшиналар былай деп жазады: тұтқыннан босатылғандардан «ол, хан, 20 биеден немесе сол 20 биенің бағасын алып отырды. Мысалы, Байбақты руының Итеш деген мырзасының екі туысқанынан орыс тұтқынынан босаттым дегенсіп 40 бие, Шеркес руының Тормамбет деген биініқ екі жақия адамынан 50 бие, Таз руының Құсаин деген биінің ікісінен 200 қой, 2 түйе, 3 жылқы алды». [30]
Қозғалысқа «ру басшыларынын» басшылықетуі қауымдық-рулық қарым-қатынастардың беріктігіне байланысты болған. Бұл басшылық ету қоғамдық-рулық қатынастардық өзіндік, формасынан туған. Сол форма қалыптанып келе жатқан феодалдық, таптық қарым-қатынастарды көзге түсірмей бүркеп келген. Сөйтіп, «ру басшыларының» қозғалысқа басшылық етуі сол қозғалыстын сипатын бейімдеп, оның мазмұнына да әсер еткен. Кішіжүзде XVIII ғасырдың аяғында болған халык, соғысының дамуын патриархтық-рулық салт-сананың әсер «туш есепке алмай отырып, ұғынуға және Сырымның өз тактикасын ұғыну да мүмкін емес. Оның бержағында үстірт қараған көзге Сырымның тактикасында бірімен бірі бітіспейтін (қайшы ауыздықтар бар сияқтанып көрінеді, бұл туралы ілгеріде айтылады.
Қозғалысқа коғамның феодалдық-рулық басшыларынын басшылық етуі — Қазақстанда «шаруа» соғысы дамуындағы өзгешеліктерінің бірі. Бұл «шаруа» соғысының басқа бір өзгешелігі — Жүз ішіндегі таптық күреспен халық бұқарасының отаршылдыққа қарсы қозғалысының терең байланысты болуы. Хай тобы отаршыл өкіметтермен тығыз одақ жасасып -отырғанда мәселенің осылай болмауы да мүмкін емес еді. Қозғалыстың екі жағы да күрес барысында бірімен бірі біте байланысты болып, бірімен бірі өзінше ұштасып, халык бұқарасының бостандық жолындағы бірыңғай қозғалысына айналған. Нақтылы жағдайға карай қозғалыстың әртүрлі дәуірінде құбылыстар үстіне сол қозғалыстың бірде мына жағы, бірде екінші жағы шығып отырған. Отаршылдыққа карсы қозғалыстың ішкі мазмұнында «шаруа соғысының» белгілері болған, ал жүз ішіндегі таптық күрес калай да болса отаршылдықка қарсы күреске айналып отырған.
Қазақ старшиналарьшың жиылысы болуына және съезд делегаттарының алға койған талаптарына байланысты генерал-губернатордың қолданған шаралары туралы берілген хабар соңында әйел патшаның 1785 жылғы 27 ноябрь күнгі рескрипті (алғыс айткан хаты) шығады. Игельстромның Сарлык шараларын Екатерина мақулдайды. Бірақ рескрипт бұл шаралардың уақытша екендігін, ауыспалы екендігін атап көрсетеді. Нұралы кағаз жүзінде хандықтан әлі де түсірілмегендігі біздің есімізде болуға тиіс. Сондықтан, үкімет те ханның бұдан былайғы тағдыры жөніндегі мәселені шешуге өте сақтық көзбен қарайды. Екатеринаның Игельстромға атап көрсеткені, — көп рулардың ханнан кетуін «біз өзіміздің мақсаттарымыз үшін ешқандай іс деп санамаймыз дейді. Бірақ мұнымен қатар, әйел патшаның генерал-губернаторға тапсырғаны, — ханмен және оған жақын жүретін сұлтандармен жолығысып сөйлес ханнық нақтылы пікірін және оның патша өкіметіне көзкара сын айқындап біл, тек осыдан кейін барып қана мына мәселені шеш дейді: біздің мақсаттарымыз үшін оны келісе алмай жүрген адамдарымен бітістіруге тырысып, хан орнында қалдырған жен бе, немесе, аналардың арызын қанағаттандырып, ханды орнынан алған жөн бе.
Қалай дегенмен де, хан үкіметін жойып, жүзді бытырату; сөйтіп патша әкімшілігін қазақ даласына жаю ісін жеңілдету өкіметтің өз мақсаттарына неғұрлым үйлесірек келетін жол деп есептегендігі айқын көрініп тұрады. Старшиналар тобы патшанын сенімді тірегі болатындығы жөніндегі мәселе әзірше көп күдік туғызады. Сондықтан, Игельстромға жүз ішіне «сенімді адамдардан» тезірек татар молдаларын жібер, бұлар қазақтарды — патша өкіметіне адал ниетте ұстап тура алатын болсын және «біздің шекараларымызға шабуыл жасау, зұлымдық істеу» әрекеттеріне тыйым салатындай болсын, — деген жарлық жібереді. Үкіметтің старшиналарға сондайлық сенбегендігі рескрипттің қортынды пунктінде ашық айтылған, бұл пунктте барон Игельсгромға мынадай жұмыстар тапсырылған: біріншіден «қырғыздардың старшиналарына және олардың қоластына қарағандарға соншалық сеніп кетпей, шекарада тиісті сактын қолдану, екіншіден, сондағы барлык әскерлерді, қорғануға қатысы бар барлық амалдарды түзік күйге келтіру және біз айтқан және біздің тапсыруымыз бойынша жоғарғы басшы айткан істердің бәрін жөндеу, ең ақырында, үшіншіден, өзіміздің Эмба өзенінде бекінуімізге және сондағы бетімен кеткен халықтарды нақты түрде ауыздықтауға әзірлену, бұл туралы кешіктірмей өзіңіздің пікіріңізді және істемекші жұмысыңыздың жоспарын жіберіңіз».[31]
Патша өкіметінің программасы осындай болған. Бірақ 1786 жылдың көктемінде қазақ даласындагы жағдай көзге түсерліктей болып өзгереді, осы өзгерістің салдарынан генерал-губернатор жүзді билеу системасы жөніндегі мәселені неғурлым батылырақ түрде коюға мәжбүр болады: апрель айының аяғында Нұралы хан жүз ішінен қуылады. Қазақтар қысқан соң, ол еріксіз шекара линиясыріан өтіп, патша өкіметтерін паналайды.
2-тарау. Отаршылдық әкімшіліктің халық көсемін өз мақсатына пайдалану мақсатындағы айла тәсілдері
2.1. Сырым батырдың бас старшина Тархан болып сайлануы және оның саяси көзқарасы
Старшиналардың хан сайлаймыз деген адамы бұрынғысынша Қайып сұлтан болған. Осы сұлтан хан болады деп патша әкімшілігіні өзі де үміттеніп келеді, Патша әкімшілігі Қайыпты хан атағына бекітпесе де, онымен қарым-қатынастарын үзбей оны «патшаның рахымы түседі» деп үміттендіріп кепелі. Бірақ старшиналардың тары бір тобы болған, бұл топ өздеріне патша өкіметін қарсы шығармау үшін расправалар сайлау керек екендігін бас тартады. Бұлар жүз ішінде күшті үкіммен пайдаланған, неғұрлым беделдірек старшиналар. Мұндай старшиналар Сырым, Қаратау, Қаракебек, тағы баскалары. Қазақ даласынан хан құрылғандай кейін, өкімет түгелімен осылардын қолына көшеді. Бұлардың ендігі көздеген мақсаты — осы туған жағдайды баянды ету, сонда империямен дипломатия жөнінде де және экономика жөнінде де тығыз байланыс жасау, осының өзі. Бұл старшиналардық ойынша Орал өзенінің бойындағы және «ішкі жақтағы» қоныс орындарымен ілгеріде де пайдалана беруді қамтамасыз етуге тиіс. Осы позицияның ішкі қайшы ауыздығы және алға қойылған міндеттің шешілмейтіндігі көп ұзамай-ақ көзге түсе алады.[36]
Генерал-губернатор «реформадан» өзі көздегендей мақсат шықпағандығын білмей отыра алмайды. Басқарудың жана систем асы жүзге тарамай калады. Россия хан деп танымаған Қайыптық Әлімулы әулетінің бірсыпыра руларында расправалар бекітілгеннен кейін де, хан ретінде өкіметі сақталып келеді.
Старшиналары қазақ даласының жана құрылысына қосылған елдерді алсақ, бұлардағы жағдайлар да патша әкімшілігі тілегендей болып құрылмайды. Расправалар әлі туған мекемелер болып шығады. Гранкин мынадай деп ашық жазады: «расправалардың өмір суруі мүмкін емес, өйткені бір секретарь ғана қалады, ал судьялар расправалардан бірнеше жүз шақырым жерлерде тілеген жағына қарай алыста көшіп журеді, тіпті кейде секретарьдың өзі де жоқ болып қалады».
Егер де шекаралық сотқа беделі төмен адамдар кіргені анық болса, расправаларға Сырым қозғалысында басшы роль атқармаған болса да беделді старшиналар сайланған. Бұлар: Сегізбай би, Тормамбет би, Сопыра би, Бөдене би.
Расправалар өз ролін атқарады, өйткені Бұлардың ұйымдастырылуы сұлтандарды жүзді басқару ісінен тайдырады. Бірақ расправалардың рөлі осымен ғана тынып қалады. Жүз ішіндегі өкімет Бұлардың емес, басты старшиналардын қолына көшеді. Сырымды жақтайтындарды неғұрлым беделділерінің генерал-губернатор күтпеген жерден губернатордың шараларына қарсы шығуы өлке бастығынан өзінің алған бетінен адастырып жібереді. Сол кезде басшы роль атқармаған адамдардан құралған расправаларды жүз ішінде таяныш ету мүмкін болмайды. Игельстром мұны жақсы біледі. Сондықтан генерал-губернатор өзінің реформасына үлкен қосымша енгізуге мәжбүр болады, бірақ бұл қосымшаның нәтижесі не болып шығатынын әзірше жергілікті патша әкімшілігіне де үкіметке де айқын болмайды, дегенмен осы қосымша елке бастығының Кіші жүзді басқару системасын 1775 жылғы «Учреждение» үлгісі бойынша құрамын деген талабын, дұрысында жоқка шығарады. Басшы старшиналар туралы Игельстром Екатерина II-ге «басқаларға қарағанда бұларға өздері артықшылық халде боларлықтай қызмет жүктеу» керек деп жазады және сондықтан ол, генерал-губернатор, «Бұл старшиналарды жетекші руларда басшы старшиналар етіп қойған, бұларға барлық жетекші және басшы руларды, олардың, бастықтарын бақылап зерттеп отыру міндеті жүктелген, барлық халықты билеу ісі осы шара арқасында сол кезде осылардын, қолында болған» болып белгіленгендер: Әлімулы әулеті бойынша — Сартай би, Қаракөбек би, Муратбек, Байұлы әулеті бойынша — Сырым батыр мен Қаратау би, Жетіру әулеті бойынша — Тіленші батыр мен Жанболат батыр. Сырым батырға мұның үстіне туысты деген атақ беріледі.
Жүзді басқару сахнасына ойда жоқ жерден енгізілген осы түзету патша әкімшілігін қазақ даласына будан былай да сіқіре беру ісіне бөгет болмауы үшін Игельстром қолдан көлген ісінің бәрін колданады, бірақ мұны таза төрешілдік жолмен жүргізеді, мұның өзі саяси өкіметтің басты старшиналардың қолына жыйналуына ешқандай түрде бөгет бола алмайды.
Басты старшиналардың уәкілдіктері өте кең түрде белгіленеді, бірақ нақтылы айқьш болмайды. Бас старшина Сыры батырға арналған «үгітте», ру басшылары бір-бірден саналып өткеннен кейін және расправаның құрылуы біткеннен кейін мынадай делінген: «Байұлы руындағы барлық расправаларға сіз бас старшина болып тағайындаласыз және сізбен бірге бас старшина болып Қаратау би Гумерзаков тағайындалады». Бұдан кейін бас старшинаның міндеттерін белгілейтін бірқатар жалпы формулировкалар айтылған, мысалы: «патша өкіметіне қарайтындырына қарсы ешкім ешқандай тәртіпсіздік істемеу үшін» (2 п), тәртіпті және тыныштықты бақылап отыру (1 п.), егер де «Байұлы руының қазақтары арасында жалпы тыныштыққа, патшаға барынғандыққа қарсы әлдеқалай біреу-міреу шыға қалса, онда мұндайды істетпеуіңіз керек» (3 п.). Бас старшина «генерал-губернатордан, Шекара экспедициясынан және расправадан жіберілген барлық ұйғаруларды және жарлықтарды» орындап отыруға тиіс (4 п.), бірақ мұнымен қатар расправаны, сол сияқты ру старшиналар да істеген жұмыстарын бақылап отырсын (5 п.). Бас старшиналар мен расправалар. Арасындағы қарым-қатынастардың айқын еместігін біз істейсоқ іс деп ойлаймыз оснының өзі және бір әулет ішінде бір емес екі старшинаның тағайындалуы жергілікті басшылардың осы уәкілдерінің беделіне және шекқойуға ұмтылғандықтан көрсетеді десе дұрыс сұрақ болады.
Генерал-губернатор, дұрысында, бас старшиналарды расправалардың карарларын орындаушыларға айналдыруға ұмтылған. Генерал-губернатордың бұл талабы егер де жүз ішінде расправалардың өкіметі жүріп отырса, егер де бас старшиналар рөлін неғұрлым беделдірек старшиналар атқармаған болса, сонда ғана орындалған болар еді, бірақ мұның бірі де болмаған. Осы сияқты, бас старшинаның жеке феодалдык, топтармен арасындағы қарым-қатынастары дәлді көрсетілмеген. Сырымның бас старшина болып бекітілуі жөніндегі указда мынадай делінген: «оған Байұлы руының қырғыз-қайсақтарын билеу үшін өкімет беріледі, сонда сол Кіші орданың сұлтандары старшиналары және халқы оны, Сырым батырды, танып құрметтеп отыруға, ал қырғыздары бағынып отыруға тиісті». Сөйтіп, мынадай болып шыққан, — бас старшина атағы жергілікті шонжарлар жөнінде құрметті атақ болып табылады, бұл атақтың берілуі жергілікгі білікті адамдардын сол атаққа ие болған адамға бағынуы міндет емес. [37]
Жүз ішіндегі енді бас старшина атағымен наградталған старшиналардың нақтылы хал-жайын өзгерту үшін осы айтылғандардың бәрінің жөнді маңызы болмағанын, бірақ отаршылдық саясаттың патша әкімшілігі ұстаған бетін айыру үшін бұлардың өте керекті мәнісі барлығын айтып өту қажет. Жүз ішіндегі бас старшиналар өкіметінің нығаюына көмектесу патша әкімшілігінің мүддесіне үйлес келмейді. Ал енді, осы жаңа қызмет орнын құруға, қалай дегенмен де, тұра келген болса, онда генерал-губернатор хан өкіметін қайта орнатудан старшиналардың бір жолата бас тартуына жетісу үшін бас старшиналарды пайдаланбақшы болып есептеген, — мұнсыз патша әкімшілігін жүзді билеу ісіне сіңіру ісі жеріне жетпеген болар еді. Бұл туралы Игельстромның өзі де ашық айтады, «Менің үміттенгенім, — деп жазады ол Екатерина ІІ-ге, — уақыт өте келе, өздерінің кім екендігін, қандай өкіметпен пайдалана алатындығын біле келе бұлар Ордада хан болсын деген ойды халық ішінде мүлде жояды деп білемін». Бұл сілтеу патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатының беталысын айқындау үшін ғана керек емес, оның үстіне бұл сілцтеу 1787 жылдың күзіне старшиналар жүз ішінде ханымыз болса екен деген пікірден әлі де бас тартпағандығын көрсетеді. [38]
Өкіметтің бас старшиналар қолына көшуі Игельстром «реформасының» ең бірінші нақтылы нәтижесі болып табылған. Екінші нәтижесі — сұлтан тобы мен Сырым тобының арасындағы қатынастардың бұрынғыдан да гөрі шиеленісе түсуі және патша үкіметінің саясатына сұлтандардың наразы болуы. 1787 жылы 9 ноябрьде күні Игельстром Екатерина ІІ-ге мынадай хабар береді: Абылхайр хан әулетінен шыққан барлық сұлтандар, осы күнгі Нұралы ханның балалары, оның аға-інілері бұлардың балалары халықтан қол үзіп қалды және осылардың бірде-бірі Ордадағы осы қайта құрылысқа кіріскен жоқ, өйткені осы қайта құрылыс салдарынан ел билеу ісі халықтың өз қолына берілді, біз ел билеуден айрылдық, өте қатты жәбір көрдік деп отыр».
Қайып тұқымынан шыққан сұлтандар патша үкіметтерінің өздеріне сенімсіздік көзбен қарауын ажырату үшін көп әрекет істеген болса да патша өкіметінің Қайып тұқымына сенбейтінін біз жоғарыда көрдік. Патша үкіметінің Қайыпқа сенбеуіне деректері толып жатады, және «реформаны» осы сұлтан тобынан қолтықтағаны кетіре түседі. Қайыптың халықпен яғни старшиналармен «келісуі» Қайып тобының Нұралы хан тобымен ескіден келе жатқан күресінде жүз ішінде позициясын нығайтады, ал мұның өзі старшиналардың жүз ішіндегі ханымыз Қайып болса екен деген тілегін күшейте түседі. Оның бер жағында, Қайыптың өзі де жүз ішінде өзінің саяси беделі өсуіне қарай қобалжып жүрген старшиналарға сол беталыста қысым көрсете алатын болады.
Анығында, империя шекарасында орныққан сыртқы тыныштыққа қарамастан, 1787 және 1788 жылдары мал ұрлау, адамдарды тұтқындау мақсатымен линия сыртына қазақтардың «өтуі» мүлде тоқтатылуына қарамастан, қазақтардың айырбасқа көптеп мал айдап келуі нәтижесінде шекаралық сауда әжептәуір ұлғаюына қарамастан, ең ақырында, патша әкімшілігімен Сырым тобы арасында сырт көзбен қарағанда достық қарым-қатынастар орнауына қарамастан, жүз ішінде терең күрес жүріп жатады. Бұл күрес бұрынғысынша старшиналар арасында жүз ішінде мемлекеттік өкімет ұйымдастыру мәселесі жөніндегі алауыздық салдарынан туады. Жүз ішінде хан өкіметі болсын ба, немесе, болмасын ба деген мәселе бұрынғысынша алға қойылады. Сырымның өзі хан өкіметін мүлде жойылсын дегенді жақтап шығады.
Сырым старшиналар съездерін шақырып отырды делінуі кездейсоқ айтылған сөз емес. Мысалы, 1785-1786 және 1787 жылдары осылай болған, біз оны жоғарыда көрдік. Бұдан былай да, Сырым қозғалысы аяқталғанға шейін де, осылай болып отырған. Съездердің қаулылары орындалмай қалған кездерде, Сырым, анығында, «қатал» шаралар қолданған. Ол халық ісінің жауы деп карауға дерегі бар старшиналар жөнінде жазалау шараларынан да тайынбаған, мұны біз ілгеріде көреміз. Бірақ жүздің саяси бірлігін қамтамасыз ететін «негізгі шарттары Сырым моральдық қасиет, яғни жалпылық съездерде қабылданған қаулыларға адал ниетпен қарау, деп білген. [39]
Саяси ұйымдастыру жөніндегі бұл пікірде утопияшылдық толып жатыр. Мұның өзі әсіресе қазақ қоғамының рулық құрылысын, оның қалайда болмай отырмайтын, рулық талас-тартысын еске алсақ айқынырақ көзге түседі. Ал енді, бұл мәселеге қазақ қоғамында сол кезде болып келген нақтылы жағдайлардың тұрғысынан алып қарасақ, Сырымның көзқарасында белгілі түрде дерек болғандығын көреміз. Шынында да, Кіші жүздің XVIII ғасырдың 70-80-жылдарында Кіші жүз басынан өткізген хан өкіметінің дағдарысы жағдайында хан мен арадағы вассалдық қарым-қатынастар, көбінесе, материалдық факторлармен емес, моральдық факторлармен белгіленген. Екінші жағынан біз ру басшыларының би, батырлар, мырзалар сияқты басшылары таптық жөнінен сұлтандарға өте жақын тұратындығын еске алсақ, Сырым тіпті XVIII ғасырдың өзінде толық айқындалған саяси өкіметтің патриархтық-феодалдық қалпын сақтау көзқарасын ұстанғандығын түсінеміз. Бірақ Сырым позициясының күшті бір жағы болған, мұндай жақ хан өкіметін қайта орнатуды жақтайтындарда болмаған. Хан өкіметінің жойылуы Сырым тобын халық бұқарасы арасында атағын шығарады және Сырымды халықтың қолтықтауын қамтамасыз етеді. Старшиналар тобы үстемділігінің таптық сипаты рулық салт-сана жағдайларында бүркеулі қала береді және қозғалыс басшылығының феодалдық сипатын түсіну сәулесі үлкен қиыншылықпен елестейді. Сырым батырдың бет алысының күшті жағы міне осы халықтың жақтауында.
Қазақ мемлекеттігінің орнықтылығы және тәуелсіздігі ішкі ұйымдастыру ісіне ғана емес, мұнын, үстіне сыртқы қатынастарға да байланысты екендігін Сырым жақсы біледі. Ол импернямен жақындасу қажеттігін және осы жақындасудың қандай экономикалық нәтижелері болатындығын ол жақсы түсінеді. Бірақ империя тарапынан агрессиялық әрекеттер болуынан үнемі қауіптеніп отырады да, ол патша өкіметіне сенбейді. Халық бұқарасының көтерілісіне басшы болып жүріп ол генерал-губернаторға бір мәртебе де барған емес және барамын деп ізденген де жоқ. Соғыс жанжалының қалай да болмай қоймайтындығын ол алдын ала көрген, Патша өкіметтерімен сөзге кіріскенде Сырымның дұрысында көздеген бірде-бір мақсаты: жүз ішіндегі ішкі күреске уақытша болса да патша өкіметтерін араластырмау, сұлтандарды патша әкімшілігінің қолтықтауынан айыру. Бұл мақсатқа Сырым жетеді, генерал-губернатордың патша әкімшілігін жүзді басқару системасына сіңіру жөніндегі жоспарлары, анығында, жоққа шығарылады, Патша өкіметтерімен арасының ашылуын Сырым таяу уақытқа күтеді. Ол соғысқа әзірленеді, бірақ мұнымен қатар, ішкі алауыздықпен берекесі кеткен әлсіз қазақ мемлекеттігінің күш-қуаты айбарлы Россия империясына сай келмейгіндігін ол жақсы біледі. Халық аңызының айтуына қарағанда, ол империямен соғыса қалған күнде Орта Азия халықтарының бәрінің күшін біріктіріп барып қана жеңілмей шығуға болады деп есептеген. Бұл халық аңызына біз сене қаламыз, өйткені ішкі саяси ұйымдастыруда да Сырым бірлікке ру старшиналарының бірауыздылығы арқасында жетемін деп есептеген, ру старшиналарына Сырым халық бұқарасының әкімдері деп қараған. Біз тағы бір аңызға сене аламыз, бұл аңызда патша үкіметімен арадағы болашақ жанжалдарда жеңіле қалған күнде Сырым көбінесе империямен шектес аудандардағы тіршілікке өте қажетті мал жайылысынан қалай да айрылатындығын уайымдайды. Осы аңыздарының бірінде мынадай делінген: Сырым Хиуа ханымен сөйлескенде оның алдына Россиямен соғыса қалған күнде деп үш шарт қояды: біріншісі — Хиуа қазақтарға қару-жарақпен, адамдармен, ат пен және азық-түлікпен көмектесуге тиіс; екіншісі — жеңіле қалған күнде Хиуа хандығының жерінен қазақтарға қоныс берілуге тиіс, сонда Сырым қазақтардың осы жерге ескіден келе жатқан правосы бар екендігін еске салады. [40]
2.2 Орал әскерлерінің қазақ аулына жаңа шабуылы
Қазақтарға шабуыл жасалуының қарқыны, Игельстром 1790 жылы жазғытұрым Уфада шақырылып, оның орнына генерал-губернаторлыққа А.А.Пеутлинг тағайындалғаннан кейін тіпті өте қаталдыққа айналды. Пеутлинг отаршылдық саясатының бұрын Неплюев қолданған әдістерін қатты жақтайтын адам. 1790 жылдың жазғытұрымының өзінде-ақ Орал әскерлеріні қазақ ауылдарына шабуыл жасауы жиелеп кетеді. Төртқара руының старшиналары граф А.А.Безбородкоге «талан-тараж жасау бастан асып кетті» деп жазады.
Сөйтіп, Сырымның жүздің ішкі тіршілігіне патша өкіметінің әсер етуін жоямын деген үміті іске аспайды. Мұның өзі Сырымның және оны жақтаушы адамдардың жергілікті әкімшілікпен арадағы қарым-қатынастарының шиеленісуіне әкеліп соғады. Қозғалыстың жаңадан көтерілуі үшін негіз әзірлене бастайды. [41]
1789/90-жылдың қысында қазақтардың линияға шабуыл жасау күшейеді. Полковник Персидский 20 март күні граф Воронцовқа мынадай деп жазады: «Қырғындар турал менің мынадан басқа айтарым жоқ – қарсы жақ бұларды мүлде бұзықтандырып жіберді, бұлар осы қыстыгүні ұрылар сияқты емес, дәл жау ролінде әрекет жасады, бастап жүргендер Сырым батырдың туысқандары, үш постқа шабуыл жасады, бұлардың біреуі адамдырының көптігі арқасында алты адамды» тұтқынға алды, егер естілген хабарларға сенетін болсақ, алдымыздағы жазда бұлар бірсыпыра бұқарлықтардың жәрдемімен Орал линиясына шабуыл жасамақ, бұқарлықтарды күтіп отыр деседі». Сөз жоқ, қозғалыстың бұл өрлеуі бұқараның сілтеуі бойынша әрекет жасаушы молдалардың дін жолындағы үгітіне біте байланысты болған. Абдул-Керім молда ең кеш дегенде 1790 жылдың февраль айында Кавказ наместничествосының билеушісі С.А.Брянчанинковке Орал қаласынан қашып кеткен Ясан деген молда және Шекті руынан Қаражігіт деген молда старшина Қаратау бимен жолығысқан деп хабар берген. Бұл жерге Сырым батыр да келген. Молдалар стяршиналарға өздерінің «Россияндармен араздасып, бұларға қарсы шыққандығын» дәлелдей келіп, былай дейді: «егер де бұлар да осылай істемесе, өздерінің заңдарынан айырылып, мұсылман бола алмайды, өйткені бұлар Хиуадан және Бұхарадан хат алған бұл хаттарда молдалардан да осылай әрекет жасауды талап еткен». [42]
Молдалардың үгіті іске асқандығында күман жоқ. Сырым батыр мен Қаратау би «Россиямен татулықта болу біздің заңымызға зиянды іс деп» жариялайды, сондықтан біз Россияға қарсы шығуға ризамыз дейді және бұл туралы қолдарына құрал алып ант ішеді». Седан кейін бұлар Елек өзеніне көшіп кетеді және өздеріне келгендердің бәріне «біз россияндармен татушылықтан айрылдық егер де қолдарыңнан келсе Россияға қарсы шығыңдар» деп отырады. [43]
Сөйтіп осы кезде Сырым көпшілік қозғалысын ислам дініне адал болу ұраны арқылы көтеруге ұмтылғандығында ешқандай күман жоқ, ислам дінін бұхаралықтар күшті түрде үгіттей береді. Мұны Шахмураттың хаты да дәлелдейді, бұл хатты біз жоғарыда көрсетіп өттік. Хат ислам дінін қатты жақтаған рухта жазылған және молдалардың үгіті туралы мәліметтерді Абдул-Керім молда берген. Бірақ исламшыл идеология дурысында Сырымның қозғалысына өте қастас болған, қалай дегенмен де, бұл идеология күрес сипатын белгілеп бере алмайды. Осы идеология қазақтардың онша дінқұмар еместігін еске алғанда, Сырымның халық бұқарасын көтеріліске аттандыруына жәрдем бере алмайды және Сырым бұдан көп ұзамай-ақ сол 1790 жылдың өзінде-ақ бас тартады. Сырым күресінің будан былайғы дамуында, атап айтқанда, Бұхарамен арадағы 1792 жылғы қарым-қатынастарында исламизм идеясының әсері көзге түспейді. Бірақ осы идеялардың Қазақстан ішіне тарау фактісімен патша үкіметі өзінің саясатын жүргізгенде санасуға тиісті болады. Дін үгітін өз қолына алу патша әкімшілігі үшін қажетті мәселе екендігін біз осыған қарап жақсы ұғынамыз. Игельстромның қазақ феодалдары балалары үшін мектеп ашу, Россияны жақтайтын молдаларды тағайындау, құранды кітап етіп басып шығару жөніндегі шаралары осы проблеманы шешкен. Игельстромның қазақ феодалдарының баласы үшін мектеп ұйымдастырамын, қазақ даласында мешіт құрамын деген талаптарының салдарында діншілдік фанатизм өршіп кетті деген пікірмен ешуақытта келісуге болмайды. Молдалардың қазақ даласындағы Россияға қастас әрекеті Игельстромның үнемі санасып отыратын фактісі болған. [44]
Бірақ көп ұзамай-ақ, сол 1790 жылдың жазғытұрымында, жүз ішінде көп мәселе айқын болады, мұның өзі Сырымды патша өкіметтері жөнінде қайтадан бітімшілік позиция ұстануға және бұлармен келісу үшін тағы да бір мәртебе талап-танып көруге мәжбүр етеді. Бұл туралы сол Персидскийдің өзі өте айқын жазған. Сырым қозғалысқа кең, жалпы бұқаралық сыйпат бере алмаған. «Сырымның талаптары қара халық ішінде әлі де іске аспай келеді, ол халықтан бізбен жау болуды, бізден бөлініп кетуді талап етеді, бірақ қара халық өзінің мүлкі орын тепкен жерлерден айрылғысы келмейді», — деп жазады Персидский. Персидский бұдан әжептәуір кейініректе жазған тағы бір хатында да осыны айтқан.
Тек халық қана емес, мұның үстіне старшиналардың да өздеріне қолайлы қоныстарынан кеткісі келмегендігі жөнінде өте бір қызықты толық мәліметтерді Абдул-Керім молда берген, бұл молда жүз ішінде көп тұрған адам. Ол Сырым мен Қаратау би молдаларының үндеуі нәтижесінде линия бойынан қашып кетті дейді. Бірақ сонда, Қаратау биге қарайтын ауылдар сол старшинаның баласы Қашнебай бас болып Оралдан көшіп кетуден бас тартқан.
Сөйтіп, 1790 жылдың жазғытұрымына қозғалыс дамуында екі ағымның беті әбден айқындалды. Бұл ағымның бірі патша отаршылдарының шабуылына белсене қарсыласу жолын ұстанды, бұл бағыт патша әкімшілігіне қарсы белсенді қару жарақты күреске халық бұқарасын тартумен байланысты болды. Сырым батыр осы позицияны ұстаған. Әлгі ағымның екінші күресті тоқтатуға тырысады, бұл ағымды жақтайтындар халық бұқарасының қозғалысына «бұзықтардың сотқарлығы» деп қарайды. Осы көзқарасты ұстанған старшиналар Сырымға ашық назарлық білдіреді, олар Сырымды өзінің жеке басының мүддесіне үйлес келген кезде ғана «тыныштық орнатқан» адам болып көрінгісі келеді деп, оны екіжүзді, екісөзді деп айыптайды. Жүз ішіндегі құрылыс старшиналардың бөлігі үшін хан өкіметін қайта орнату мен байланысты болып көрінеді және бұлар старшиналардың дөней көпшілігі болады.
3-тарау. Қозғалыстың қайта өрлеуі, сәтсіздіктер көтерілісті тағлымдары
3.1. Сырымның әдіс тәсілдері тәсілдері, патша өкметінің айла шарғылары
Нұралының қайтып келуі жөніндегі хабарлар, әрине, патша өкіметіні Ералы сұлтанмен арадағы қарым-қатынастары арқылы дем алып отырды. Генерал-губернатор Қайып сұлтан өлгеннен кейін, Абылхайр тұқымдарының өкіметін қайта орнатуға старшина тобын көндіруді онша қиыншылығы болмайды деп есептейді. Бірақ бұл жөнде ол қателеседі. Өйткені әңгіме патша әкімшілігі күткендей болып шықпайды; мысалы: Нұралы ханның жүз ішіне хан атағына ие болып қайта келуі жөніндегі хабарлардың әсерімен Сырым хан атағы қайта орнатуды жақтайтын старшиналардың бірқатарын хан өкіметін жоюға келісуге уақытша болса да көндіреді. Бұл мүфтимен сөйлескендегі әңгімеден айқын көзге түседі. [45]
Мүфти мен Сырым 2 май күні кездесіп сөйлеседі. Сырым және старшиналар осы сөз үстінде патша әкімшілігіне қандайлық талаптары, қандай шағымдары бар екендігін айтады. Бұлар, ең алдымен, Орал әскерлерінің атаманы Донсковтен көрген зорлықтарын,оның жазықсыз қазақтарды өлтіргендігін шағады. Осы золық-зомбылықтардың салдарынан «қазақ халқы, мұның ішінде Беріш руынан Амандық батыр, Сықлар руына Қаратау би бастарын қорғау үшін өздеріне қараған елдерін алып мезгілсіз уақытта шекарадан алыс жаққа көше қашуға мәжбүр болады, ондағы мақсаттары Россия патшалығынан мүлде айрылып кету». Бұдан соң, старшиналар Донсков тұтқындап алған қазақтарды жүз ішіне қайтаруды өтінеді. Сонда бұлар «жазықсыз қазақтар тұтқындалып отыр, ал айыптылардың беті ашылмайды, олар тиісті жазасын тартпай отыр» дегенді айтады. Старшиналар, Д.Донсковтың әрекеттеріне ештеңе өнбегендігін айта келіп былай дейді: «егер де қырғыздар россиалықтарды байлап алып кететін болса, онда бұлар өзбетімен іс жүргізбей, бұл туралы еңалдымен қағаз жүзінде Сырым тарханға және патша жарлығы бойынша орда ішінде қурылған расправаларға білдірулері керек». Бұдан кейін Сырым айтқан шағымы – Орал әскерлерінің озбырлығы туралы генерал-губернатор О.А. Игельстромға, одан кейін А.А.Пеутлингке талай мәртебе жаздым, бірақ хат жазып жіберген адамдарды «не үшін екенін білмеймін, Орал қаласында полковник Донсков мырза ұстап қалып» жүз ішіне қайтарып жіберіп отырды дейді. Старшиналардың намысына тиіп келген тағы бір іс «сол полковник Донсков мырза Сырымды, тағы басқа старшиналарды жөнді қабылдамай, ешқандай құрмет көрсетпеген».
Старшиналардың бұдан әрі айтқаны – мүфтидің құран жолын дұрыс көрсеткеніне біз сенеміз, «Россия патшалығының қоластына қарау біздің заңымызға ешқандай қайшы келмейтіндігі де рас және дінді теріс айтып жүрген молдалардың тіліне ермей, оларға осы күні елдің көбі дұрыс көзбен қарамай жүргені де рас». [46]
3 май күні мүфти старшиналармен екінші қайтара бас қосып сөйлеседі: Сырым мен старшиналардың сонда «ренжи, аяныш білдіре отырып сұрағаны, — полковник Донсков мырза мен старшина Дмитрий Мизинов өздерінің әділетсіздігін біздің алдымызда мойындарына алсын» — дейді. Сондағы бұлардың көздегені — «өздерінің айыпсыз екендігін көрсету». Бірақ, мүфти бұл жерге мен сендердің өтініштерің бойынша келдім, «келгенде сендердің мүдделі мәселелерің туралы сөйлесу үшін келдім… сендердің Орал әскерлері бастықтарымен араларыңдағы дау-шарларыңды қарастыру үшін келгем жоқ» дегенді тағы да айтады. Ол Сырым мен старшиналарға арыздарыңды әйел патша қарастырады деп уәде береді. Бірақ «себепсіз ешкімге жала жабушы болмаңдар» [47] деп тағы да ескеріп кетеді. Мүфтидің бұл сөзіне старшиналар қатты ренжиді.
3 май күні болған осы оқиға старшиналардың бір бөлігінің патша әкімшілігіне көзқарасты тұрақсыз екендігін және араларының шиеленісіп бара жатқандығын көрсетеді.
Ең ақтық мәртебе мүфти Сырыммен 8 июнь күні жолығысады. Бірақ бұл жолы Нұралы ханның бұдан былайғы тағдыры жөніндегі мәселе қолға алынады. Нұралы хан туралы мынадай қаулы алынды деп жазады мүфти: «елдің бәрі бір ауызды болсын, бұлардың ханмен арадағы талас-тартыстары жойылсын және осылардың екі жағы да келіссін». «Біздің бақылауымызша сезгеніміз, — дейді бұдан әрі мүфти, — бұлар көпшілік атынан патшаға өтініш енгізіп, ханды оның жанындағы балаларымен және нөкерлерімен қоса өздерінің ордасына қайтарып беруді сұрауға бейім көрінеді, бірақ олардың ордасында құрылған сот үкіметтерінің және солардың бастықтарының топшылауына қарағанда, ханды Орда ішіне қайтарғанда оған хан өкіметінің өкілдігін беру үшін емес тек қалған өмірін өз елінде, туған туысқандарының жанында өткізу үшін қайтарылсын дейтін сияқты». Ханның жүз ішіне хан атағын бермей қайтарылуына старшиналардың келісуі ханның ел ішіне қайтарылуын талап еткен сұлтандар тобына жарым-жартылай көнімпаздық істеу жолымен өкіметті өз қолдарында сақтап қалғылары келгендігін көрсетеді.
Сырымның басшылығымен бірнеше жылдан бері болып, келген күрес, әрине, бұқара белсенділігінің өсіп күшеюіне себеп болған. Осы белсенділік 1790 жылдың жазғытұрымында старшина тобының күштерінің жіктелуі, халық бұқарасының старшиналарға наразы болуы, қазақ еңбекшілерінің старшиналарсыз-ақ, олардың айтқанына көнбей, өзбеттерімен күреске шығуы арқылы айқын көзге түсе бастайды. Қозғалыстың мұндай формасы старшиналардың тілегіне үйлес келетін шеңберден шығып кетеді, бұл күрес старшиналарға қарсы күреске айналатын болады. Осы кезді, яғни бұқара қозғалысының белсенділігі өскен кезде, ерекше атап көрсету қажет, өйткені бұл кез старшиналар ұстанған бітімшілік позиция жағдайларында феодалдық-отаршылдық қанау системасына қарсы күрес ілгеріде тек күресші күштердің тап жөнінен іріктелу негізінде ғана дамый алатып болады. Бостандық жолындағы күрестің бұдан былайғы дамуы енді осы жіктелудің дәрежесіне және айқындығына байланысты болады. [48]
Мүфти Қоғалы бекінісінен кеткеннен кейін көп уақыт өтпей-ақ Орал әскерлерінің қазақ ауылдарына шабуылдар жасауы қайта жаңғырады. Генерал-губернатор бастаған жергілікті әкімшілік орындары өлкені басқарудағы Неплюевтік ескі әдістерді тастаудан көріне бас тартты. 1790 жылғы август айының бас кезінде Төртқара руының билері Сыртқы істер коллегиясының мүшесі граф А.А.Безбородкоға сөз салып, Орал әскерлерінің атаманы Д.Донсковтың үстіне жаңадан шағым арыз береді. Басымызға пәле жауғызып отырғандардың ең бастысы генерал-губернатордың өзі деп дұрыс біліп, старшиналар енді генерал-губернатордың төте өзіне шағым айтуды қояды. Старшиналардың атап айтқанда, шаққаны, — А.А.Пеутлинг Орынбор айырбас сарайында басшы билерді тұтқынға алды, «бұлар қолдарына құран алып шын ниеттерімен елдің ең алдымен антқа отырған адамдар еді» дейді.
Старшиналар қазақ даласын билеу үшін барон Игельстромды және мүфти Мұхаммеджан Құсаиновты қайтадан жіберуді сұрайды. Сырым батыр да әйел патша Екатерина II-ге өзінің берген хабарында осы туралы өтініш жасайды. Ол сонда мынаны айтады: «қазақтарға әйел патшаның аналық мейірім жасайтындығы туралы» мүфтидің сенім беруіне қарамастан, атаман Донсков, «1500 солдат ертіп келіп, 225 үйдің талқанын шығарды, бұлардың барлық мүлкін тартып алды, 150 адамды өлтірді, 57 адамды тұтқындап алып кетті және толып жатқан жылқы, түйе, қой, сиырларды шауып алды».
Енді, мүфти мен арадағы сөзден жөнді ештеңе шықпағаннан кейін де, Сырым жоғары өкіметке тағы да сөз салып, Россиямен өз арасын ашпауға үміттенген. Осы шағым арызға байланысты, үкімет 21 октябрь және 5 ноябрь күні екі указ шығарып, қазақ еліне жазалаушы экспедиция жіберме деп Пеутлингке тыйым салады, сонда, үкімет қазақ-орыс әскерлерінің шабуылдарынан жазықсыз ауылдар қапа шегіп отыр деген дәлелді келтіреді. Бірақ бұл тыйым салу генерал-губернаторға бөгет бола алмайды. Сыртқы істер коллегиясының указдарын ол мына мағынада ұғынады: жазалау экспедицияларына тек тыныш отырған ауылдар жөнінде ғана тыйым салынған, ал «бүліншілік жасаушы» ауылдар айқындала қалса, кару-жарақты «зерттеу» саясатын бұрынғыша жүргізе беруге болады — деп есептейді.
Жаңадан жазалау экспедициясын жіберу үшін сылтау табу қиын болмайды. Шекаралық өкіметтердің зорлығына старшиналар үкіметпен хат жазысу жолымен қарсылық білдіретін болса, халық бұқаралары Орал әскерлерінің зорлықтарына шекара линиясына шабуылдар жасауды күшейтумен жауап береді. Осы шабуылдарға Сырымның да, немесе басқа беделді старшиналардың да қатынасқандықтары көрінбейді. Қозғалыс 1790 жылдың күзінде қазақтардың ұсақ-ұсақ отрядтарының жеке-жеке шабуыл жасаулары ретінде жүргізіледі.
Осы шабуылға жауап ретінде 1791 жылдың басында генерал-губернатор Пеутлинг қазақ даласына қару-жарақты отрядтар жіберілсін деп жарлық береді. Ол Шекара істерінің Орынбор экспедициясына берген өзінің указында Орал әскерлерінің атаманы Донсковтан хабар алдым деп жазған. Донсков бұл хабарында мынадай деген: «Россия шекараларына қарсы зұлымдық істеген қырғыздардың көбін, тыныш жүрген қазақтарды орынсыз қорқытпай-ақ, қысым көрсетпей-ақ ұстап алуға осы күні қолайлы уақыт туып тұр, мұның соңынан Есім сұлтаны да осы қолайлылықты айтып, жазықсыз адамдарды пәледен қамтамасыз ету үшін, әлгі зұлымдардың көшіп-қонып жүрген жерлерін өзі көрсетіп беруге міндеттенеді». Әрине, мәселе осылай қойылған жағдайда, яғни, жазалаушы экспедициялар қазақ даласына Есім сұлтанның сілтеуі бойынша жіберіліп отырғанда, халықтың сұлтан тобына қарсы күресіне патша әкімшілігінің белсене қатынасқандығы бүркеулі қалып отырады, өйткені, Есімнің өзіне қастас ауылдарға қарсы Орал әскерлерінің отрядтарын жіберуіне ештеңе бөгет бола алмайды. Донсковтың хабар беруі және Есім сұлтанның сөз салуы нәтижесінде генерал-губернатор «сұлтан айтқан жерлерге және уақытқа үйлесе отырып, әлгі айтылғандарды оғай ұстап алу ісіне кірісу үшін полковник Донсков мырзаға» рұқсат береді. Жүз арасындағы ішкі күресте патша экімшілігі сұлтандарды жақтап шыққандығы айқын болады. Патша өкіметтерінің осылай бет бұрғандығы бұлардың сұлтан Ералымен арадағы қарым-қатынастарының бұдан былайғы дамуынан, сұлтан тобының осы көсемімен хат жазысуынан, патша әкімшілігінің Ералыға тағы басқа сұлтандарға сыйлықтар жіберуінен көрініп тұрады. [49]
Жазалаушы экспедицияның әзірленіп жатқандығы туралы старшиналарға хабар жеткен болу керек. 1791 жылы март айында сырым батыр табын және Кердері руларының старшиналарына хат жазып сөз салады, бұларды барлық ұлыстарын алып Мұғажар тауларына көшіп кетуге шақырады. Патша үкіметімен арадағы қарым-қатынастар мына екі жолдың бірін таңдап алуды алға қояды; бірі – патша әкімшілігіне сөзсіз бағынып, оның барлық талаптарын бұлжытпай қабылдау, дегенмен, мұның өзі де жергілікті әкімшіліктер тарапынан істелінетін зорлықтардың ілгеріде болмауына әлі де кепіл бола алмайды, екіншісі – патша Россиямен қатынасты айырып, оған қарсы қару-жарақты күреске шығу жолына түсу. Бірінші жолға түссе тәуелсіздік үшін күрестен бас тарту керек болады, екінші жолда ыңғайға көнбейтін зор қиыншылықтар тұрады. Бұл қиыншылықтар қазақ халқының қару-жарақты күштерінің империяға сай келмейтіндігінен ғана туып қоймайды. Бұл қиыншылықтар қазақтардың шаруашылық тіршілігінің жағдайларынан да туады, мысалы, патша Россиясымен ара ашылатын болса, қатынас үзілетін болса, қазақ елі Орал бойындағы және «ішкі жақтағы» мал жайылысынан айрылады. Ең ақырында, бұл қиыншылықтар қазақ өмірінің рулық қалпынан туады, өйткені әр ру өз алдына жүріп бытыраңқы болады, бірыңғай мемлекеттік өкімет болмайды. Сырым осының бәріне қарамастан, патша Россиясына қарсы күресу жолына түсуге бел байлайды. Күресті кеңейту үшін күш қуатты жинастыру керек екендігін ол дұрыс ұғынады. Мұғажар тауларына, яғни империя шекараларынан алыс жатқан жерлерге көшіп барып, ол патша өкіметтері жөнінде тиісті әрекеттерін белгілі түрде еркін жүргізуге мүмкіншілік алады. Ол бұл жерден өз төңірегіне қазақ халқының барлық күш-қуаттары бірлесетін орталық орнатамын деп ұйғарады. Қоныстары шекара линиясына жақын тұратын старшиналарды өзіне қосып алу үшін Сырым әртүрлі әдістер колданады. Ол ру басшыларын Россияға қарсы соғыс әрекеттері басталысымен сендерді шауып аламын, деп қорқытады. Өзінің бастаған ісі көңілдегідей болып шығатындығына екі ойлы болып жүргендерді сендіру үшін ол мұндайларға хат жазып өзі бастаған көтерілісті бекініс линиясынан алыста жатқан қауымдар да түгел қолтықтайтындығын айтады. Мысалы Сырым, «Сырдарияның арғы жағындағы Возашы деген жердегі қырғыздардың бәрі менің қоластыма қарауға ризалықтарын білдірді» деп хабар беріп, «бейбіт жатқан» билер мен батырларды өзіне қосылуға шақырады.
Беделді старшиналарды өз жағына тарту үшін, Дөнен би, сол сияқты Серкеш Тормамбет старшина және Алаша руынан Сопыра би өздерінің орындарынан алынып, «бұлардың орындарына басқа старшиналар сайлансын деген Россиядан жарлық келді» деп Сырым хабар таратады. [50]
Бірақ ол осы сияқты хат жазысумен ғана тынып қоймайды. Ол өзі ауызша үгіттеп, өз жағына тартып алу үшін екі ойлыларға және өзіне қосылмай жүргендерге барып сөйлеседі.
Сырым үгітке көнбеген старшиналарға өзінше қысым көрсету әдісін қолданады. Тікелей соғыс қаупін айтып қорқыту жолымен старшиналарды қозғалысқа қосып алуға Сырымның шамасы келмейді. Бірақ линияға шабуыл жасағанда өзімізге дұшпан старшиналардың ауылдарын басып өтіңдер деп өзінің отрядтарына жарлық береді. Сонда қазақтарды қуғанда осы ауылдардың қалайда болса талқаны шығып қалып оытрған. Өздерінің ауылдарын шабуылдан аман алып қалу үшін бұл старшиналар линиядан көшіп кетуге тиіс, ал Сырымның да іздегені осы Алаша руының старшинасы Шекара істері экспедициясына Сырымның жарлығы туралы жазған хатында ол «қалай да болса орыстарды шауып-шаңшады» дей келіп, «сонда қазақтарды қуғанда менің ұлыстарымның шабуылға ұшырауы мүмкін» дегенді айтқан. Сонда Сопыра бидің өтінгені, «осы ұрылар әлде қалай біздің ұлыстарымызды жанай өтіп қастық істесе, маған қараған елге зыяны тимейтін болса екен» дейді. Осы сияқты өтінішті Орынбор обер-коменданты И.А.Трейдинге Жабалтама руының старшинасы Төлеберген Төлеков те берген. Ол 1790 жылы июль айында мынадай деп жазған: Жосалы езенінің бойында Елекбай мен Бармақтың отрядтары жатыр, 400-дей адамы бар, «бұлар орыстарға шабуыл жасағаңда қырғыз-қайсақ ұлыстары соларға жақын тұрған жерден барып жасаймыз деседі».
Сырым көбінесе старшиналарды қорқыту әдістерін де қолданады. Ол 1791 жылы июнь айында Сопыра биге мынадай хат жазады: «Егер де сіз саудаға бару үшін және қоныс аудара көшу үшін ұлыстарыңызға рұқсат беретін болсаңыз, онда сізге қоғам қатты ренжиді. Мұның кездестірген ісінің салдарына түбінде сіз бізді кінәлап жүрмеңіз». [51]
Бірақ старшина тобының басын «біріктіру үшін Сырымның осы қолданған шараларының бәрінен де нәтиже шықпайды. Линияға жақын жерлерді қоныстап жүрген беделді старшиналар Сырымға қосылудан және даланың түпкір жағына алысқа көшіп кетуден батыл түрде бас тартады. Бірақ бұл бас тарту оларды жергілікті патша өкіметтеріне еріксіз тәуелді болу халіне әкеліп қояды. Өсіп келе жатқан қозғалыстан оқшау қалуға болмайды. Оқиғалардың дамуы старшиналардың осы тобын патша өкіметтерімен одақтасуға қалай да құлшындырады.
Осы айтылған сөз Сопыра би жөнінде де дұрыс келеді, өйткені ол патша әкімшілігімен жиі-жиі хат жазысып тұрады, Сырымның қозғалысы турасындағы және оны жақтайтын адамдар жөнінде өзі естіген хабарлардың бәрін патша әкімшілігіне жеткізе береді. Осы сияқты іс Тормамбет би жөнінде де документ жүзінде мәлім. Советник Нұрмұхаммед қожа Сырымға дұшпан басқа старшиналардың арасынан мына билерді де атайды: Әлімұлы әулетінен Қаракөбек би, Жаназар би, Мұратбек би, Байұлы әулетінен Сопыра би мен Тормамбет бидің үстіне Базарбай би, Жетіру әулетінен Тіленші батыр, Тілеп би және Жәнібек би. Бұлардың арасынан Мұратбек, Қаракебек және Тормамбет сол сияқты Шекті руының старшинасы Сегізбай хат жазысу арқылы Ералы сұлтанмен төте қатпас жасап отырады.
Бір қатар старшиналардың Сырымға қарсылығының соншалықты күшті болғандығын Абулсатар Халитовтың мына бір оқиға жайында айтқан әңгімесінен көруге болады. Бөдене би Сырымнан хат алады. Сырым Бөріштерді «Орал өзені жағына көшпеуге және халықты Орынборңға сауда істеу үшін жібермеуге» шақырады. Сырымның пәлеге шақырған осы сөздеріне Бөдене би ашуланып Сырымның хатын жыртып-жыртып лақтырып жібереді» дейді.
Сөз жоқ, 1791 жылдың басында Сырымға қас позиция ұстанып жүрген старшиналардың бір бөлігі патша әкімшілігімен келісу жолымен жүз ішінде өз үстемдігімді сактап қалуым мүмкін деп әлі де үміттеніп алданып жүреді. Осындай элементтерге, тегі, Төртқара руының старшинасы Қаракөбек те қосылған болу керек. Оның мұнысы Ералы сұлтанды хан етіп «сайлағанда» көзге түскен.
Осы бет алыста мына жағдай белгілі роль атқарған, мысалы, жүз ішіндегі саяси құрылыс мәселесі жөнінде Сырым ескі позицияларды, атап айтқанда, старшиналардың басым көпшілігін ұстанған бетіне қарамастан, хан үкіметін толық жою позицияларын ұстап келеді. Бірақ негізгі себеп бұл арада емес. Старшиналардың әжептәуір тобының Сырымға қосылудан бас тартуына жер мәселесі, бұл старшиналардың Орал ауданындағы мал жайылысынан айырыламыз деп қорқуы үлкен себеп болады. Бұл қорқыныш тек старшиналарды ғана емес халық бұқарасыныңм көпшілігін де ұстап қалады және сөз жоқ, қорқуға да зілді дерек болған, өйткені қоныстайтын жаңадан аудан тауып алу өте қиын болады.
Мал жайылыстары Оралдың төменгі бойларында болған адайлықтарды көшіп кетуге Сырым көндіргенде, осы көшіп кеткен қауымдар көп ұзамай-ақ ескі орындарына қайтып келеді, өйткені бұлармен түрікпендер арасында «өзара келіспеушілік, кісі өлімі болады. Соның салдарынан адайлықтар бұл араға сыйыса алмайды, сөйтіп лажсыздан өздерінің бұрынғы жерлеріне қайтып келеді». Сондықтан біз Таймас Сеитов деген молдаға сене, аламыз, мысалы, ол былай деп жазады: шекара линиясынан көшіп кетуге шақырып Сырым үндеу салғанда «қырғыздардың бірде-бірі оның бұл ақылына қосылмайды, сонда Сырымның ұсынысын елдің көбі жек көреді, Сырымға қосылғандар оның соңынан ере бермейді және әркім өзіне ұтымды жерін қарауы керек». [52]
Бірақ Сырым тап күштерінің екшелу өзгешеліктерін ұғынбайды, күресті тек халық бұқарасына арқа сүйеп қана жүргізе беруге болатындығын түсінбейді. Ол өзінің бұрынғы тактикасынан, атап айтқанда, халық бұқарасынан өз төңірегіне ру старшиналары арқылы жинастыру тактикасынан айнымайды. Ру басшыларына арқа сүйеуге болатыңдығына сенуге оның 1791 жылы әлі де болса дерегі бар еді. Әлгі ру басшыларының уәкілдері, әсіресе бұқаралық шекара линиясына таяу тұрмайтындары батырды қолтықтай берген. Өйткені шекара линиясымен алыс тұрған империя шекарасындағы мал жайылысынан айрылу жөніндегі мәселенің бұлар үшін шешуші ролі болмайды.
Сырымды жақтайтындар деп А.А.Пеутлинг мыналарды атайды: Айшуақ сұлтанның баласы Жантөрені, Сырым батырдың туысқандары — Рысалымен Қойсарыны, Жетіру, әулетінің Елебек және Барақ деген старшиналарын, Байұлы әлеуетінен Қаратауды жәнем Әлімұлы әулетінен Жиямес деген старшынаны, Сопыра би, мұның үстіне, тағы да Беріш руының Бедене би деген старшинасын да атайды. Бірақ дұрысында, Бөдене би сол сияқты бұл рудың Сартай және Шуйтас деген батырлары қобалжу позициясын ұстанған десек дұрысырақ болар мүмкін, Сырымның шақыруына көңіл білдірген болар, бірақ Сырымның Россия шекарасынан көшіп кетуге шақырғанына бұлар ермей қалған. [53]
Сырымды белсене жақтағандардың қатарында негізгі деректер тағы да бірқатар адамдарды атайды. Молда Ғубайдолла Феткуллин Наурызалы батырдың басшылығымен Кете руының отрядтары аттанды деп хабар береді. Табын руының Елекбай, Бармақ, Досыбарақ және Асау деген старшиналары да 500 қазақ алып атқа мінеді. Ойыл өзенінің бойына Табын руының әлгі айтылған старшиналары бастатқан қазақ отрядтары жиналады, бұларға Төртқара руынан Қаражан старшина және Жағалбайлы руынан Тотбай старшина келіп косылады. Барлығы Ойыл өзенінің бойына 2000 қазақ отряды жиналады.
Сырым бұларға Россиямен соғысу керек деп бұйрық берген». Расправаның бұл айтқаны дұрыс екендігін Сырымның біз жоғарыда келтірген хаттары және бірқатар басқа мәліметтері дәлелдейді.
Дегенмен, Сырым қозғалысқа кең қанат жайдыра алмайды. Ол бүкіл қазақ халқының күш-қуатын біріктірмекші болады. Бірақ Қайып ұлы Абылғазы сұлтанның қарауында болып оңтүстікті жайлап жүрген қауымдар күрестен тысқары қалады. Сырымның күреске Оралды қоныстанған қауымдарды тартамын деген талабынан, ру басшыларының ұстанған позициялары салдарынан, жөнді ештеңе шықпайды. 1791 жылы июль айында ол Мұғажар ауданында старшиналар съезін жинамақшы болған. Бірақ бұл талабы да өнбейді, өйткені Сырымның шақыруына старшиналар үн қоспайды. [54]
Қозғалыстың шеңбері тар болуына қарамастан, жүз ішіндегі бұл қобалжу патша үкіметінің тынышын кетіреді. Ол, егер де қазақ ауылдары шекара линиясынан көшіп кетсе мұның өзі орта азиялық хандықтарды әлдендіріп жібереді деп қауіптенеді. Бос қалған жерге башқұрттар барып бұлар тек қазақтармен ғана емес Орта Азия хандықтарыңдағы мұсылмандармен қосылып кетеді деген қауіпте болады. Бірақ мұның бәрі әзір алыстағы қауіп еді. Сырым қозғалысының өрлеуі салдарынан туған нақтылы қауып — қазақтардың линияға шабуылдарының күшеюі және орта азиялық хандықтармен арадағы сауда ісінің жолында туған қиыншылықтар, өйткені қазақ даласында керуендер ұсталып қалып отырған.
Сырым қозғалысының белсенді түрге айналуы жүз ішінде хан өкіметін орнату жөнінде әжептәуір зілді қиыншылықтар туғызатындығын үкімет алдын ала сезеді. Хан өкіметін қайта орнату жөнінде Сыртқы істер коллегиясы қаулы алып қойған. Қалай дегенмен де, бұл жағдайда Қазақстанда патша Россиясының үстемдігін нығайту үшін бұл шара онша өтімді болмайды деп есептелген, өйткені Сырым және оған ерген ауылдар қарсыласып тұрған кезде ханның мұнысынан ол қанша тырысса да жөнді ештеңе шықпайтын еді. Жүз ішінде қозғалысты Сырымды ұстап алып барып залалсыз ету патша әкімшілігінің қолынан келмейді. Сырым линиядан алыста көшіп жүреді. Патша әкімшілігі сұлтандармен қарым-қатынас жасауда сыннан өткен ескі әдісті қолдануға бел байлайды. Ол сыйлық жіберіп барып Сырымды сатып алмақшы болады.
Июнь айында Сырымға молда Ғұбайдолла Феткуллин және Әбілпейіз Мансуров деген молдалар жіберіледі. Бұларға әйел патшадан келген сыйлықтарды, генерал-губернатор Пеутлингтің хатын Сырымға апарып беру тапсырылады және бұл хатқа Сырым дұрыс жауап беру үшін барлық күшті салу керек деген құпия нұсқау беріледі. [55]
Сырымның аулына келгеннен кейін молдалар оған сыйлықтарды және хатты тапсырады. Молдалардың айтуына қарағанда, Сырым «мұны көңілденіп қабылдайды». Бірақ мұнымен қатар ол жақын отырған ауылдардыңм қазақтарын жинап алып, оларға: «әйел патша жіберіп отырған мына сыйлықты менен қабылдап алыңдар», ал «алғыларың келмесе, онда маған өкпелемеңдер» дейді. Бұған «жиналған халық біздің өкпелеріміз жоқ, сыйлықты әйел патша Сырымға жіберіп отыр, сондықтан оны Сырымның өзі пайдалансын дейді, сөйтіп бұдан халық ештеңе алмайды».
Сыйлық аларда Сырым бұл сақтықты бекерден істеп отырған жоқ. Өйткені патша әкімшілігінің Сырыммен қарым-қатынас жасаймын деп жүрген талабына Сырымды жақтайтындар өте сақтық көзбен қарап келген. Ел иесінің өзіне келген сыйлықты вассалдарымен белісіп алуы жүз ішіндегі қалыпты әдет.
Бірақ халық патша сыйлығынан нені болса да алудан бас тартады. Сыйлықты алмағанда оны Сырымға келген сыйлық деп алмауы, жүз ішіндегі үстем болып тұрған әдеттер жағдайында, мүлде сенімсіз болып естіледі. Сыйлықты алудан бас тартудың нақтылы себебін Сырымның өзі де молдаларға жасырын айтқан, ол: «халыққа мұндай ұсыныс жасағанда кейіннен халықтың өкпеші сөзіне қалмайын деп жасадым» деген.
Бірақ Сырым сатылмайды. Сырымға хат және сыйлықтар жіберу тактикалық қате болған. Сырым патша әкімшілігіне сенбейді.
Сырым күресін тоқтатпайды және мұнымен қатар сыйлықтар мен хатты линия маңындағы мал жайылысынан айрыламын деп және шекаралық отрядтардың шабуыл жасауына ұшыраймын деп өзіне қосылуға батылы бармай жүрген старшиналар арасында, үгіт жүргізу үшін пайдаланады.
Есім хан өлтірілген соң біраздан кейін, Байұлы әулетінің сұлтандары және «атақты адамдары» патша әкімшілігіне сөз салып, жаңадан хан тағайындауды өтінеді, [56] ал 28 май күні осы сұлтандар мен старшиналар хан етіп Нұралы баласы Қаратай сұлтанды бекіту туралы өтініш жасайды. Мұны Қаратайдың өзі де өтінеді, мұның өтінішін Шотқара, Шорман және Елтай деген сұлтандар да қуаттайды. Өзінің саяси бақытынан айнымаған Сырым атақтылардың хан өкіметін қайта орнатамын деген бет алысына «халық» жиылысының пікірін қарсы қоюға тырысады: ол хан өкіметі жөніндегі мәселені шешу үшін июнь айында старшиналар съезін ұйымдастырмақшы болып талап істейді. Осы мақсатпен Сырым хат жазып, қазақ старшиналарына сөз салады, «өзара кеңес жасап, Россия жаққа жалпы бірауыздан жауап беру үшін және сұлтандардан біреуді хан етуді ерте бастан қамтамасыз ету үшін немесе тіпті қамтамасыз болу үшін қазақтарды ол өз жағына «шақырады». Бұл хатты Сырым Жақсыбай өзенінде болған жиылыс атынан барлық ұлыстарға жібереді. Сырымға бұл жиылыста 300-дей адам келген. [57]
Бірақ біздің қолымызға түскен негізгі деректердің айтуына қарасақ Сырым бүкіл Жүз старшиналарының съезін ұйымдастыра алмаған көрінеді. Ол өзіне көпе-көрнеу қастық пікір ұстанған старшиналардың бір бөлегінің батыл қарсылығына кездеседі. [58]
Сырымның тактикасы ру басшыларының күш-қуаттарын біріктіруге емес, қайта старшина тобының жігін ашуға әкеліп соғады. Осы жік ашылудан бұқарадан қорыққандықтың белгісі көрінеді және өзінің хан өкіметіне қарсы жүргізген қажырлы бітіспейтін күресімен ру басшылары алдында «Орда тыныш тығын» бұзушы болып шыққан адамды жек көрушілік те көзге түседі.
Хан өкіметі турасындағы мәселе жөнінде жүз ішінде күрестің шиеленіскендігі туралы патша әкімшілігі толық хабар алады. Патша әкімшілігі хан өкіметін тезбе-тез орната кою қауіпті іс деп санайды да, көнімділік шешім жасау жолымен жүз ішінде «тыныштық» орнатуға жетіспекші болып талап істейді. Осы мақсатпен Игельстром 6 июнь күні Шекара істері экспедициясына жаңа хан сайлаудан әзірше тоқтала тұр, ал жүзді басқару ісін Хан кеңесіне тапсыр, хан кеңесі Кіші Қобда өзенінде тұрсын деген ұсыныс жасайды.
Хан кенесі 1797 жылы 8 август күні ашылады, кеңестің соғыс губернаторы тағайындаған составы мынадай: председателі Айшуақ сұлтан, мүшелері: Әлімұлы әулетінен — Сары Шоннай би, Байұлы әулетінен — Сұлтанбек би, Шақшақ би және Жетіру әулетінен — Көшекбай би мен Бітік мырза. Хан кеңесіне патша өкіметінен уәкіл етіліп Мұхаммеджан Құсаинов мүфти жіберіледі.
Соғыс губернаторы жүзді билеу ісі ханның қолына емес хан кеңсесінің қолына берілуі Сырым тобын жаңа системамен бітістіреді деп үміттенеді. Нұралы тұқымынан шыққан сұлтандарды хан кеңсесіне қатынастырмай тастаудың өзі де осы мақсатты көздеген. Балалары (Жантөре мен Апақ) бір кезде Сырым қозғалысына қатынасқан Айшуақтық кеңес председательдігіне тағайындалғанына Сырым онша қарсы болмайды деп ойлайды Игельстром. Ең ақырында, старшиналардың өздері қайтарылуын талай рет тілеп жүретін Мұхаммеджан Құсаинов мүфтидің Хан кеңесі жұмысына қатынасуы Сырым тобының жаңа өкімет орнына жөнді көзбен қарауына белгілі түрде кепілдік береді. Оның бер жағында, кеңесте ең қарт сұлтанның председательдік етуі, кеңес мүшеліктеріне Сырым қозғалысында көрнекті роль атқармаған старшиналардың тағайындалуы жүзді басқарудың жаңа системасы мен сұлтандар да келіседі деп үміттенуге дерек береді. Бірақ Игельстром өзінің бұл есептерінен қателеседі. Есім өлтірілгеннен кейін Нижнеурал линиясы ауданына топтанып жүрген сұлтандар Хан кеңесі ашылумен қатар Қаратай сұлтанды хан деп жариялайды, әдет бойынша оны ақ киізге салып көтереді, бірақ халық съезін шақырмайды. Өмір бойы келе жатқан ғұрыпты естіп көрінеу бұзу сұлтандардың өздерін де қынжылтқан көрінеді. Егер де старшиналар жөн көріп, оны танымаса жаңа ханның үкіметі берік болмайтынын бұлар ұғынады. Бұлар хан сайлау жөніндегі мәселені старшиналар жиылысына салуға даяр, бірақ «сайлау» шарттары Қаратайдың Хан деп танылуына кепіл боларлықтай жағдайға қойылса екен дейді.
Қаратай сұлтан хандыққа бекітілсе екен деген өтініш 12 августан бастап Шекара істері Экспедициясына көптеп түсе бастайды. Мұндай өтініштер хан тұқымынан шыққан сұлтандардан түседі. Бұған қол қойған сұлтандар: Жәнібек, Шотқара, Ұзақалы, Орман, Сығай, Елтай, Қара және Сары, Сықылар, Серкеш, Беріш, Алаша, Байбақты, Шекті руларының бірқатар старшиналарынан да осы сыяқты өтініштер түседі. Старшиналардан барлығы 7 өтініш түседі, бірақ осылардың бәрінің мазмұны дәл бірдей. Осы өтініштің бәрінің тілейтіні: хандыққа Қаратай сұлтан бекітілсе екен және хан сайлауы Орынбордың Айырбас сарайы жанындағы мешітте өткізілсе екен дейді, сондан бұлар ханды сайлау үшін қазақ даласына барудан бас тартады. Тегі, сұлтандар қазақ даласына барсақ хандыққа өз кандидатымызды өткізе алмаймыз деп есептеген көрінеді. [59]
29 август күні Әлімұлы әулетінің старшиналары: тархан Қаракөбек, билер: Башиқара, Манаш, Айдарбек, Жанназар Қара Шоннай, Қаражан, Назарқұл, Қараша, Көккөз, Наурызалы, Шүкіралы батыр; Байұлы әулетінен: билер Сасай Бекмамбет, Құлмамбет, Бөдене, Марқаш «екі рудың тағы басқа таңдаулы адамдары, бұлардың қатарында Жетірудың да біраз бөлігі бар», барлығы 1000 нан аса адам Сырым бас болып хан кеңесіне келеді, мұнда «кеңестің председателі өз орнына әлі қайтып келмеген аса құрметті Айшуақ сұлтаннан басқа мүшелерімен бас қосып жүз ішіндегі жағдайды талқыға салады және жуз ішіне бейбітшілік орнату шараларын белгілейді.
Жиылыстың ең алдымен тағайындағаны, «қырғыз-қайсақ Кіші Ордасы осы 7 жыл ішінде өзара барымтадан, алауыздықтан басқа ешқандай тыныштық көрмеді, осының салдарынан бүкіл Орда әбден бүлініп бітті [60] — дейді.
Бұдан әрі старшиналар жиылысы «хан жоқ осы уақытта Орда істерін басқару үшін Хан кеңесі құрылғандығына» толық қанағаттанғандықтарын білдіреді. Старшина жиылысы Хан кеңесінің құрылуына «Осип Андреевич барон Игельстромның уәкілдігі арқылы аса қайырымды патша оның (яғни Орданың – М. В.) қамын ойлағандығы» деп қарайды.
Хан кеңесіне өзімізге жақын тұратын өкімет орны деп қарауға старшина топтарының дерегі болғандығын біз жоғарыда айтып өттік. Біз бұл арада осы ойымызды дәлелдейтін бір төте дерек табамыз. Бірақ старшиналар жиылысы жүз ішінде тыныштық орнату үшін және «зұлым адамдарды» линияға шабуыл жасаудан тоқтату үшін кеңестің құрылуы жеткілікті емес деп табады. Сондықтан «жиылыста болғандар Орда ішінде тыныштық орнату, зұлым адамдарды Россия шекараларына шабуыл жасаудан тоқтату және орда ішінде ұсталып жатқан россиялық тұтқындарды Россияға қайтарып жеткізіп беру қолдарынан келеді және бұл іске лайықты адамдар деп бірауыздан Әлімұлы әулетінен Қаракөбек тарханды, Байұлы әулетінен Сырым батырды сайлайды. Сонда бұларға жүктелген жұмыс: бұлардың әрқайсысы ілгеріде өз руын бақылап отырады, керек болған кездерде Ордадағы Хан кеңесіне жәрдем көрсетеді, өзара барымта тағы солар сыяқты Даулы жұмыстарды басқа ешкімге қаратпай бәрін Кеңеске әкеліп тапсырып отырады, өйткені, мұндай мәселелерді қарастырып шешіп отыруға тек Кеңестің ғана правосы бар».
Осыған қоса айтылған сөз, егер де бір ру халық жиылысының қаулыларына, яғни билер қаулыларына бағынбағандарды «өлтіріп», әдет бойынша, тиісті жазасын беру үшін ұстап алмаса, онда бұл руға басқа бір ру жәрдемдесуге тиісті. Егер де бір наразылық үш рудан бірдей шыға қалса, онда жүз ішінде тыныштық орнату үшін старшиналар өздерінің күш-қуаттарын біріктіруге тиісті. [61]
Сонымен, старшиналар жиылысының Хан кеңесімен бірге алған осы қаулыларынан біз жүз ішінде старшиналар басқа-руды қайта орнатудың кең программасын көреміз, бұл басқару системасы 1786-1787 жылдардағы басқару системасынан тек форма жағынан ғана бірнеше өзгеше келген. Өзінің негізгі бет алысын іске асыру үшін, атап айтқанда, өкіметті түгелімен старшина тобының қолына беруге жетісу үшін, Сырым Хан кеңесін ұйымдастыруды мейлінше дұрыс пайдаланады. Осы платформада ол екі рудың көп санды беделді старшиналарын өз төңірегіне тағы да бірлестіріп алады. Россияға қандай көзбен қарау жөніндегі мәселе мына түрде қойылады: Россиямен күреспей, қайта оның жүз ішінде ұсталып жатқан тұтқын адамдарын қайтарып беру жөніндегі мүддесін жөн көру, шекара линиясына шабуыл жасаудың қандай түріне болса да тыйым салу. Старшиналардың айтқанына бағынбағандардың бәрін «өлтіріп жазасын беру» қажет деген сөз өзіне көңіл аударады.
1797 жылдың күзіне Кеңес белгілі түрде беделге ие болады, бірақ ол старшиналар өкіметінің орнына айналып кетеді, сондықтан ол патша үкіметі үшін ұнамды болмайды. Дегенмен, жүз ішінде хан өкіметін қайта орнатқанда, Игельстром хандық Қаратай сұлтанды тағайындамай, Айшуақ сұлтанды тағайындайды. Сөз жоқ, Қаратай сұлтанның кандитурасының өтпей қалу себебі патша әкімшілігі үшін хандыққа беделді сұлтанды өткізу ұнамсыз болған, Айшуақ сұлтанды хандыққа тағайындағанда соғыс губернаторы осы пікірді қолдана қойдыма екен, өйткені старшиналардың арасынан «таңдаулы адамдар» Кіші Қорда өзенінде мүфтиге ашықтан-ашық өтініш жасағаннан кейін. Қаратайдың хандыққа бекітілуі өзара күрестің тағы да шиеленісе түсу қаупін туғызар еді.
Жаңа хан 16 октябрь күні Орынбор маңындағы Айырбас сарайында «сайланады», ал 31 октябрь күні Айшуақ хандыққа да бекітіліп қояды. [62]
Патша үкметінің бұл беталысы Сырым тобының жүз ішіндегі жағдайын кенет өзгертіп жіберді. Хан үкіметінің қайта орнатылуы ру басшыларының басым көпшілігінің тілектеріне үйлес келеді. Мұнымен қатар Айшуақтың кандитурасы, старшиналар көзімен қарағанда, Нұралы балаларының кандидатурасындай болмайды. Мұның үстіне, билеп келген тұқымның ең үлкен жасты уәкілі ретінде Айшуақ әдет бойынша, хан тағына отыруға басқадан гөрі правосы үлкенірек болады. Хандыққа сайланғанда оның қарттығы әбден жеткен болатын. Айшуақ жүз тіршілігінде шешуші роль атқара алмайды, ол мұның үстіне Нұралы тұқымынан шыққан сұлтандардың әжептәуір тобы өзімді қолтықтайды деп есептей алмайды, өйткені Нұралы тұқымдары хандыққа Айшуақ сайланады, біз ескерусіз қалдық деп жүрген. Сонымен хандыққа Айшуақтың тағайындалуы патша әкімшілігінің Қаратай хан деп танудан бастартқандығын көрсетеді, сөйтіп, Сырымның 1797 жылы август айында старшиналардың әжептәуір тобын өз төңірегіне жинап алуына себеп болған негіз енді біржолата жойылған. Өз руынан айрылып, жаңа ханның тағайындалуының жайбарақат қабыл алған Әлімұлы әулетінің ру басшыларына жәрдем көре алмай, Қаратай бастатқан сұлтандар соңынан түсіп Сырым сол 1797 жылы Хиуа хандығының жеріне көшіп кетеді. Оның бұдан бұлайғы тағдары не болғандығы туралы отарлық архивтарда да, Чкалов архивтарында да ешқандай мәліметтер сақталып қалмаған. Қаратай сұлтанмен шайқасқан жолының бірінде ол қаза тауыпты деген ұзынқұлақ хабар ғана болған. Бірақ халық аңыздары Сырымды сұлтандар Хиуада улатып өлтіріпті дегенді айтады. [63] Сырымның өлімі жөніндегі бір ғана документті мәлімет Я. Гавердовскийдің запискасында бар, 1803 жылдың жазғытұрында қазақ даласында оның керуені таланған. Туыстарының өлгеніне жыл толғанда қазақтардың беретін асын суреттей келіп Гавердовский мынадай деп жазады: «осының қаншалық шығынға ұшырататындығын түсіндіру үшін біз қазақ даласына келіп кірерден бірнеше ай бұрын қайтыс болған Сырым батырға берілген асты мысалға келтіреміз». Гавердовскийдің керуені қазақ даласына 1803 жылдың февраль айында келіп кірген, демек, Сырым 1802 жылы қаза тапты десек дұрысырақ болар, бірақ қандай жағдайларда қаза тапты — ол мәлімсіз. Қалай дегенмен де, Қазақстан тіршілігінде «оның 1797 жылдың күзінен бастап қоғамдық белсенді роль атқармағандығында күмән жоқ.
3.2 Көтерілістің жеңілуі, оның себептері мен тарихи маңызы
Есім хан өлгеннен кейін кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі — Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым батыр бұл мәселеден тыс қалмай, хан сайлауда халықтың пікірін ескеруді талап етті. Хан мәселесі төңірегіндегі тартыс Кіші жүздің би, сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Осындай жағдайда Орынбор генерал-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатып, жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды. Кеңес мүшелігіне төрт адам кірді, оның құрамына Нұралы ханның бірде-бір ұрпағы енгізілмеді. Кеңес құрамына Сырым батыр да кірмеді. [64]
Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы — Қаратайды хан деп жариялады. Бұл — Нұралыға қарсы старшындардың Сырымның төңірегіне қайтадан топтануын күшейтті. Оның ықпалының өсуі патша әкімшілігін қатты үрейлендірді. 1797 жылдың күзінде патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды, сөйтіп Айшуақты хан етіп бекітті. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адаммен Қаратай сұлтан қосылды. Бірақ Сырымға олармен шайқасудың сәті түскен жоқ, ол Сыр бойына барып, көтерілісшілерді таратып өзі Хиуа хандығына өтіп кетті. Сол жақта Сырымды 1802 жылы қазақ сұлтандарының итаршылары у беріп өлтірді. [65]
Сырым батыр бастаған 1783-1797 жылдар арасындағы Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау саясатына қарсы бағыт алған, қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болғанын айтуымыз керек.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші феодалдық және отаршылдық езгіден, хандардың, сұлтандардың және патша әкімшілігінің зорлық-зомбылығынан құтылуға талпынған шаруалар еді. Олар Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы өздерінен тартып алынған жерлерді қайтарып алуға тырысты. Көтеріліске бірқатар билер мен ағамандар қосылды. Олар өздерінің таптық мүдделерін-Кіші жүздегі жағдайды нығайтуды, хан мен сұлтандарды билікті өздерімен бөлісуге мәжбүр етуді көздеді. Сырым халық бұқарасының жер үшін күресін қолдады, хандық билікті жойып, оны халық съездерімен алмастырып, ал съездер аралығында билікті ағамандардың қолына беретін қазақ мемлекеттілігінің жаңа формаларын құруға талпынды.
Сырым Датов бастаған көтерілістің жеңіліске ұшырауының көптеген себептері бар. Оның жеткілікті ұйымдаспаған стихиялық сипатта болуы, айқын бағдарламасынын жоқтығы қозғалысты мақсатына жеткізе алған жоқ. Балтамен, айбалтамен, айырмен, найзамен т. б. қаруланған қазақ шаруаларының мұздай жарақтанған, зеңбірекпен және мылтықпен қаруланған патша әскерлеріне қарсы тұруы ешқандай мүмкін емес еді, ол көтерілістің жеңіліске ұшырайтынын алдын-ала айқындап берді. Көтерілістің жеңілуінің тағы бір себебі жергілікті қауымдық-рулық меншік ру ақсүйектерінің қоныстарға иелік етуіндегі кедергі, қайшылықтар еді. Осыдан келіп халық бұқарасы мен басшыларының қолға қару алып, күресу мақсаттарындағы көзқарастары әртүрлі болды. Жеке көтерілген топтардың арасындағы байланыстар әлсіз еді. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген қолбасшылары сияқты Сырым батырға да аңғырттық-монархиялық қиялдар тән болатын. «Жақсы ханға» сенушілік Сырым Датовты да құтылдырмады. Патша әкімшілігімен келіссөз жүргізу кезінде, хан билігін қалпына келтіруге келісім беріп, көнімпаздыққа барды.
Бірақ тәуелсіздікке ұмтылған Сырым бастаған көтерілістің қазақ халқының азаттық идеясын шындауда үлкен әсері мен ықпалы тиді. Көтеріліс Кіші жүздегі хандық биліктің негіздеріне зиян келтіріп, оның түпкілікті жойылуын жақындатқан ірі аттаныс еді. Көтеріліс және оның көсемі туралы хабар ой мен қырға, қазақ даласына кеңінен жайылды. Бүкіл үш жүздін басын құрайтын қазақ халқы Сырымның, оның сарбаздарының ерлігі мен батырлығын, тапқырлығын аңыз етіп «айтып жүрді. Қазақтың ауыз әдебиетінде Сырымға, ол бастаған ұлт-азаттық қозғалысына байланысты тамаша жырлар, әндер туды. Сырымның, оның төңірегіндегілердің шешендік сөздері ауыздан- ауызға тарап кетті.
Қорытынды
Сырым батырдың қозғалысын зерттеу бірқатар қорытындылар шығаруға мүмкіншілік береді. Өзінің қоғамдық өмірінде патриархтық-феодалдық қарым-қатынастар сақтап келген халықтардың бостандық жолындағы күресін ұғыну үшін бұл қортындылардың керегі бар екендігінде сөз жоқ. Қазақтар жөнінде алғанда ең басты қортындылар бізше мыналар болу керек: [66]
- XVIII ғасырда Қазақстанның қоғамдық қарым-қатынастары техникасы өте төмен және мешеу натуральдық өндіріс негізінде дамыған. Еңбектің қоғамдық бөлінуінің ең бастапқы белгісі бола тұрса да (Сырдария ауданында жер кәсібінің дамуы, ұсақ қолөнеркәсібнің ауыл шаруашылығынан бөліне бастауы – қолөнерші қыдырма ұсталар) соның өзі өндірістің натуральдық сипатын ешқандай түрде бұзбаған.
- Көшпелі мал шаруашылығының үстем болуы қоныс орындарының байланысы тұрақты берік болуына мүмкіншілік бермеген. Патриархтың-рулық салт-сананық өмірге сіңімді болуы, қазақ қауымының патриархтық-рулық кейпін сақтап келуі осыдан келіп шыққан.
- Патриархтық-рулық салт-сана мүлік қарым-қатынастары жөнінде жерге рулық меншіктің сақталып келуінде болған. Дегенмен, осы меншік шеңберлерінде феодалданып келе жатқан қоғамға тән жер карым-қатынастары қалыптанған.
- Көшпелі шаруашылық жағдайында жерді жеке меншіктену қалыпртана алмаған. Бірақ Қазақстанда қауымдық жерлерді феодал ақсүйектердің иеленуі мына түрде болады: сұлтандар мен ру старшиналары қауымдық жерді билеп-төстену правосын заңсыз иеленіп отырады.
- Қоғымдық мал жайылыстарын билеп-төстеудің ескіден келе жатқан қалпының жерге ру басшыларының емін-еркін правосына айналуы малға жеке меншіктіліктің дамуымен және көшудің бұрынғы қоғамдық әдісі орнына ауыл болып көшу әдісі келуімен байланысты болған. Сөйтіп, ауыл болып көшкенде қоғамдық жермен пайдалану ру басшыларының коғамдық жерді емін-еркін пайдалану правосына айналған.
- Қазақстан қоғамының түрлі топтарының өндірістік негізгі шарты — жерге қатынасы біркелкі болмауы негізінде ел ішінде таптық қарым-қатынастар калыптанған. Қазақ қоғамында негізгі екі тап қалыптанған: бір жағынан феодалдар, ескіден келе жатқан көшпелі ақсүйек сұлтандар, бұлар монғол және Алтын Орда шабындысы дәуірінен бері мұра болып келеді, онан соң ру басшылары, атап айтқанда, билер, батырлар, мырзалар, тархандар, ал енді екінші жағынан феодалдық-тәуелділік халіндегі, бірақ әлі де крепостной болмаған, енбекші қазақтар бұқарасы, бұлардың халі жер кәсібіне айналысқан халықтардың феодалдық-тәуелділік күйдегі шаруашылығының халі сияқты болған.
- Мүлік қарым-қатынастары жөнінде жерге рулық меншіктің сақталып келуінен көзге түскен патриархтық-рулық салт-сана қанау формаларына да (азық-түлікпен және әсіресе еңбек істеумен өтейтін рента яғни «сауын» дейтіндер) із қалдырған. Қанау қарым-қатынастары «туысқанға жәрдемдесу» «сыйлық беру», «еркімен тарту әкелу» формасында жүрген. Еңбекші қазақтарға артылған неше түрлі алым-салықтардың міндеттілігі ешқандай жазтылмаған, бірақ әдет нормаларынан орын алған, өте күшті ғұрып жарлықтармен шартталған.
- Қосымша азық-түлікті атақты феодалдардың иемденіп кетуі жөніндегі «еріктіліктің» сыртқы формасы феодалдық қарым-қатынастарға өзінше сипат берген. Бұл қарым-қатынастар патриархтық-феодалдық қарым-қатынастар ретінде көзге түскен. Бірақ халықтың түрлі топтары «теңдес» деген алдамшы көрініспен өте жасырын түрде бүркеулі болған. Қоғамдық қарым-қатынастардың патриархтық-феодалдық сипаты қарау қарым-қатынастарының бетін бүркеп, қазақ еңбекші бұқараларының өздерінің таптық мүдделерін сезіп білуіне бөгет болған, сөйтіп тап күресі үстінде бұлардан босаңсытып отырған. Қоғамдық қарым-қатынастарды осы айтылған өзгешелігінен сырт алып, көшпелі коғамның тап күресінің өзгешелігін ұғынып болмайды.
- Негізгі екі таптан басқа, атап айтқанда, атақты феодалдар және феодалдық-тәуелділік халдегі қауымдық қазақтар еңбекшілері бұқарасының таптарынан басқа, Қазақстанда үшінші тап болған, бұлар құлдар. Бірақ Қазақстандағы құлдық ерте дәуірдегі немесе ескі шығыс құлдығы сияқтанып қоғамдық формацияға дамымаған. Қазақтарда құлдық халі уақытша болып есептелген. Белгілі бір мерзім өткеннен кейін құл өз алдына үйге, малға ие болған, оның өз алдына семьясы болуына рұқсат етілген. Ол құлдық халден феодалдық тәуелділік өндіруші халіне айналған.
- Сонымен, Қазақстанда феодалдық қарым-қатынастардың дамуы екі жолмен жүрген: негізгі жол — ерікті қауымының феодалдық-тәуелді өндірушіге айналуы, екінші жол — кешегі құлдың феодалды-тәуелді өндірушіге айналуы. Осы екі жолдың екеуі де біркелкі нәтижесі, атап айтқанда, феодалдық қарым-қатынастардың тереңдеуіне алып келген. XVIII ғасырда Қазақстаннын қоғамдық өмірінің дамуының негізгі бет алысын осы процестен көру керек.
- Қазақ қоғамының саяси жөнде ұйымдастырылуы патриархтық-феодалдық қарым-қатынастардың системасына үйлесе келген. Қазақ хандығының өзінше белгілі вассалдық қарым-қатынастар системасында болған, Феодалдық иерархияның басында хан тұрған, ханды вассалдардың — сұлтандардың, және ру басшыларының сюзерен ретінде тануы хан «сайлауы» деген жолмен іске асырылып отырған.
- Саяси өкіметтің патриархтық-феодалдық сипатының белгісі сол — орталық өкімет тура ғана ру старшиналарының қолтықтауына байланысты болған, старшиналар хандыққа байланысты барлық ірі істерді шешуде қатынасып отырған.
- Ел билеудің мұндай системасы, қалай да болса, ру тартыс-таласын және ру арасы араздығын туғызып отырған. Мемлекеттік өкіметтің патриархтық-феодалдық сипаты орталықтандырылған мемлекеттің құрылуыңа, қазақ халқының саяси берлесуіне бөгет жасаған.
- XVIII ғасырдың аяғында Кіші жүзде болған бостандық жолындағы қозғалыс негізінде жер үшін күрес болған. Бұл күрес біріне-бірі біте байланысты екі себеппен туған: оның біріншісі патша әкімшілігі және Орал әскерінің старшинасы қазақтарының жерін тартып алуы, екіншісі – қазақтың атақты адамдарының қауым жерін иемденіп алуы. Таптың біріне-бірі қарсы келетін, қарым-қатынастар үстем болып тұрғанда қазақ халқының ұлт бостандығы жолындағы күресі, қалайда болса, таптық күреске айналған.
- Сырым батырдың қозғалысы отаршылдыққа қарсы күрес ретінде басталған. Бірақ ханның және оның тұқымынан шыққан сұлтандардың патша әкімгшілігін белсене қолдайы күрес фронтының бетін көп ұзамай тез (1785 жыл қарсаңында) буып жібереді: бұл күрес енді өз ақсүйектеріне қарсы бет алады. Бұл күресте ру басшылары және халық бұқаралары әуел баста бір майдан болып көтеріледі. Қозғалыстың таптық сипаты ру билеріне қарсы күресте емес, қазақ қауымдарынан тысқары тұрған сұлтандарға қарсы күресте көрінеді. Салт-сананың патриархтық-рухтық формаларының үстем болуы қазақ қауымы ішінде таптық күштердің жіктелуіне бөгет болады.
- Дегенмен, 80 жылдардың екінші жартысында күрестің теориясында емес, тәжірибиесінде ру басшылары мен халық бұқараларының арасында қозғалыс мақсаттары мен тактикасын ұғындыруында терең айырмашалықтар білінуіне қарай, бұл жіктелу, өте қиыншылықпен болса да, сонда да болып отырған.
- Халық бұқаралары үшін күрестің негізгі мақсаты отаршыл әкімшілік тартып алған жерді және «Ішкі жақта» жатқан жерлерді қайтарып алу болса, қозғалыс басшыларындағы билер күрестің алғашқы жылдарында өздерінің айтқанынан шықпайтын көнімді хан сайлап алып, ел билеудің әдеттегі патриархтық-феодалдық формаларын қайта орнатуға ұмтылған. Жер үшін күресте Сырым халақ бұқарасына қосылып, қазақ мемлекетінің жаңа формаларын құруға ұмтылған.
Оның бұған жетем дегендегі жолы — хан өкіметін толық ажыратып оның орнына жыл сайын халық съездерін шақырып отыру, ал енді ағымдағы басқару жөнінде өкіметті «бас» старшиналар дейтіндердің қолдарына беру.
- Күрес тактикасы жөніндегі қайшыауыздықтар қару-жарақты көтеріліс турасындағы мәселеге байланысты көзге түседі. Ру билерінің басым көпшілігі тек патша өкіметтерімен ғана сөйлесіп келісе отыру мүмкін деп есептесе, Сырым мұндай сөйлесулерден нәтиже шықпаған кезде халық бұқараларын қару-жарақты күреске аттандыру қажет деп есептепті. Күрес тактикасын ұғынуда болған қайшыауыздықтар кездейсоқ іс емес: мұны мынамен түсіндіруге болады: рудың атақты адамдары ел қоныстарын билеп-төстеу жөнінде феодалдық правомен пайдаланып тұрған кезде жердің тартып алынуынан көбінесе және ең алдымен халық бұқаралары сорлаған. Бірақ отаршылдық зорлықтар мен ішкі жер қатынастарының арасындағы байланысты халық бұқаралары да, Сырым да сезбеген. Жерге қауымдық рулық меншік ішкі жер қарым-қатынастарын ұғынуға бөгет жасаған.
- 90-жылдардың бас кезінде Сырым қозғалысында болған мына ағым көзге түседі, бұл ағым алғашқы кезде ру билерінің айтуына қарамай-ақ және соларсыз-ақ дамыған, ал бұдан кейін солардың өздеріне қарсы бағытталған. Бірақ бұл ағым әлеуметтік топ ретінде бүкіл ру басшыларына қарсы емес, тек жеке билерге гана қарсы жүргізілген күреспен тынып келген. Өсуі Сырым қозғалысының дамуында байқалған шаруа соғысы патриархтық-рулық салт-сана жағдайларында жер кәсібіне айналысқан отырықшы халықтардағы шаруа соғысындағыдай өзінше жетілген таптық формаларды ала алмаған.
- Сырымның өзінің тактикасы күрестің таптық формаларының дәлсіз айқын еместігін көрсетеді. Тіпті күрестің өте-мөте шиеленіскен кездерінде, 1792 -1793 және 1797 жылдарда, Есім хан өлтірілген кезде, ру билерінің басым көпшілігі халық бұқараларынан бой тартқандығы мүлде айқын білінген уақыттың өзінде, Сырым ру билерінен айрылысуға баспаған. Қозғалыс көсемінің санасы патриархтық-рулық салт-сана үстемдігімен шырмалуы бұқаралар санасының шырмалуына кем болмаған.
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер
- Сабырханов А. Некоторые вопросы формирования этническ. тер.каз каз.нар. XVIII в Вестник АН КазССР, 1977 с 70.
- Казахско-русские отношения в XV-XVIII в.в. А. 1961.
- Валиханов А.А. Исторические предания о батырах XVIII соч. Т.1 А. 1984 с.218-222.
- Назарбаев Н.А. Тарих толқынында «Атамұра» Алматы, 1999.
- Шамшатов И. Қазақстан Россияға өз еркімен қосылды ма // Қаз. әд. 1990, 18 мамыр.
- Қанатбаев С. Есі ел елеусіз қалмасын // Қаз.әдеб, 1992, 10 қаңтар.
- Мәшімбаев С. Сырым Датұлы // Қазақ әдебиеті, 1991, 4 қазан.
- Вяткин М.П. Батыр Сырым М. Л 1947. стр.12.
- Бекмаханов Е. Некоторые итоги работы и очередные задачи историков Казахстана. Вестник АН КазССР, 1947, № 10.
- Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы 2003.
- В.В.Радолов. Түркі тұқымдас халықтардың әдеб. үлгілері. ІІІ. 1870. 23 бет.
- Орыс географ. қоғамының Известиялары 1850 окт. Декабрь 599 бет.
- Я.Гавердовский Қырғыз қайсақ далаларына шолу.
- Андреев қолжазбасы. Орыс. географ. қоғ. Известиясы. Х.1 2 – шығуы,
- Г.Ф.Миллер. сібір тарихы М: Л 1937.
- М.П.Вяткин XVIII ғасыр негізгі деректерді зерттеу проблемасы. Л. 1940.
- Вяткин М.Л. Батыр Сырым МЛ. 1947. стр.35.
- В.Н.Витевский И.Н.Неплюев және Орынбор өлкесі …. Қазан. 1989.
- Ф.И.Лобысаевич ОРта Азияға сауа және дипломатия жөнінде ілгерілеу. СП б 1900.
- В.В.Радлов Түрік елдерінің халық әдебиет үлгілері. ІІ СП б. 1870.
- В.В.Всяьяминов Зернов Қасым патшалары және патша балалары туралы зерт. ІІ СП б. 1864.
- Ф.Зобнин. Қырғыз даласындағы еркінен айырылғандар …. 1902. стр. 101.
- И.И.Крафт. Сұлтандар, тархандар, билер Орынбор. 1900.
- Бұлда сонда.
- М.М.Кавалевский. осы уақыттағы, бұдан аз бұрынғы …. салт сана. СП. Б
- А.П.Чулошников Қазақ – қырғыз халқының басқа түркі халықтарының тарихы жөніндегі очерктер. стр. 25.
- А.Ф.Рязанов Пугачев көтерілісінің Қырғыз қайсақ Кіші Ордасындағы шаңғырығы Сов. Киргизия. 1924 № 10.
- А.Ф.Рязанов Қазақ халқының ұлт тәуелсіздігі үшін 40 жылдығы (1797-1938 ж) VII, І бөлім Қызылорда 1926.
- А.Ф.Рязанов Батыр Сырым Датов Сов. Киргиз № 10. 1924.
- В.В.Бартольд. Түркістанның мәдени өмірі тарихы. Л. 1927.
- Сонда. 140.
- Батырлар. Алматы, І және ІІ
- П.П.Иванов Қазақтар және қоқан хандығы 1939 СССР Ғыл. Акад. записка …….
- Сонда.
- Сонда.
- В.П.Вяткин XVIII ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың басындағы Кіші Орда. Ғыл. Акад. Хаб. Тарих ССР №1. 1940.
- Бұлда сонда.
- А.П.Чулочников. Феодалдық қарым-қатынас тарихынан стр. 523.
- Сонда.
- Галиев В. Национально-освободительное движение казахского народа. «Мысль». 1993. с.70.
- Дергульян Г.Н. Была ли Россия колониальной «Международная жизнь» 1991. с.175.
- Бұлда сонда.
- Национальное движение в условиях колонизма (Казахстан, Целиноград) 1991. с.9.
- Бұлда сонда.
- Сонда.
- Ж.Қорғасбаев. Қазақ халқы тарихындағы көтерілістер, «Қазақ әдебиеті» 1990, 2 ақпан.
- Сонда.
- Шюль Верн. Курьер царя «Дәуір». 1992.
- Қазақ әдебиеті. 1990, 3 ақпан.
- Қ.Айтиев. Колонизация киргизского края журн. Сов. Киргиз. №3-4.
- Бұлда сонда.
- Казахстанская правда 1993, 16 июнь.
- Столичное образование. 1995, 19 январь.
- С.Аспендияров Қазақстан тарихының очерктері. 44-66 б.б.
- Егемен Қазақстан 1991, 20 маусым.
- Сонда.
- Казахстанская правда. 1993 8 июнь.
- История Казахстана средн. врем. до нашей дней. стр. 41-43.
- Сонда.
- Казахи. Историю этнограифческое исследование. 177-227.
- М.Магауин. «Қазақ тарихының әліппесі». Алматы, 1995, 61-73 б.б.
- Ш.Момынова. Материалы по историй Казахстана. Караганда. 1993.
- Сонда.
- Казахстанская правда. 1995, 27 сентябрь.
- С.Асфердияров. Қазақстан тарихының очерктері. 29-44 б.б.
- Сонда.
- М.Козыбаев. Зная прошлое, видишь и перспективу развития, страны «Казахстанская правда». 1996, 6 январь.
- Сонда.
- Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханств Алматы, 1981.
- Сабырханов А. Қазақстан мен Россияның XVIII ғасырдағы қарым-қатынасы. Алматы, 1970, 108 бет.
- Қозыбаев М. Сырым батыр және хан Кене «Халық кеңесі», 1992, 9 шілде.
- Сулейменов Б.С. Босин В.Я. Казахстан в составе России в XVIII начале ХІХ веков. Алматы, 1981, 223 бет.
- Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIII первой половины ХІХ веков . Алматы, 1960, 201 б.
- Аполлова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII начале ХІХ в. М. 1960, 100-110 стр.