ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ БАЛА ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУ
Алматы — 2010
МАЗМҰНЫ
1 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Қазақ этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеудің әдіснамалық негіздері 4
1.2 Танымдық процестердің психологиялық мәні
1.3 Этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеу мәселесі
2 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ БАЛА ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА ОНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ..
2.1 Ұлттық психология тұлғысыдан танымдық процестерді талдау.
2.2.Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін.
оқушы тұлғасын дамытуда пайдалану.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Қазақ елі егеменді мен тәуелсіздігін жариялаганнан кейін этнос,халық,ұлт психологиясының сан салалы мәселелері жайлы зерттеулер көзге түсе бастады.Тек соңгы кездері ғана өз алдына дербес отау тіккен ТМД елдерінде де психология ғылымы кеңінен өріс алуда.Ұлттық мәселелердің қырлары мен сырларын зерттеуге кезінде әміршіл –тоталитарлық жүйе қарсы болды. Өйткені,жалған интернационлизмнің жалауын көтеріп, коммунизм орнатуды мақсат еткен қоғамға ғылымның осы саласы қажетсіз еді. Сондықтан этнопсихологиялық мәселелер тек оқтын-оқтын лениндік ұлт саясаты жайлы желеу сөз болғанда ғана жекелеген ғылымдардың жол-жөнекей, ат үсті жазған еңбектерінде сөз болып келді.Осының салдарынан күні бүгінге дейін осынау ғылым саласының зерттеу объектісі де, термин, ұғым атаулары да бір ізге түскен жоқ.Мәселен, ,,Психологиялық энциклопедияның ,, жоба сөз тізбегінде оның 30-ға жуық терминдері ғана(дәстүр ,салт,ритуал,табу,этностық стереотип,этноцентризм,психикалық тұрпат,этностық тұлға ,т.б )тіркелген екен.Еліміздегі тыныс-тіршілік кез келген саласында (мектеп, сауда, спорт, әкімшілік, әскери кызмет,т.б.) ұлттық ерекшеліктерді ескермей,бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай тиянақты жұмыс жүргізу қиын.Әсіресе, Қазақстан секілді көптеген ұлт өкілдерімекендеген елде этностық психологиямен үнемі санасып отыру аса маңызды. Мәселен, әр түрлі этностар мен халықтардың ұлттық мүдделерін қорғау, олардың әр қайсысының дәстүр-салты мен әдет-ғұрпына ұқыптылықпен қарау, ұлттық қатынастарда шиеленістерді болдырмау, осы айтылғандарды ғылыми негізде зерттеу, яғни экстремизм мен шовинизмнің, ұлтшылдық пен нәсілшілдіктің, этностық кемсітушіліктің, кез-келген көріністеріне жол бермеу үшін, этнопсихикалық зерттеулерді ерекше жандандыру қажет. Бізде 4-5жыл ішінде іспеттес мәселелерді арнайы зерттеу үшін этнопсихология ғылыми орталығын қуру мәселесі көтеріліп жүр. Жұртшылдықтың бұл тілегі әзірше үкімет тарапынан қолдау таппай отыр
1 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақ этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеудің әдіснамалық негіздері
Ұлттық рухы құрып кетуге аз-ақ қалған қазақ ұлты үшін этнопсихологиялық зерттеулер ерекше маңызды мәселе.Тоталитарлық жүйеден қатты әлсіреп шыққан қазақтың «халықтық рухы»қайтадан көтеріліп өзіне тән бейнесін табуы аса маңызды екенін жұрттың бәрі түсінеді.Біз полиэтникалық мемлекетте мәдениеттің көп түрлілігін және олардың бір-біріне ыкпалын,мұндай жағдайда таза жеке этнос мәдениеті болмайтынын мойындай отыра,тұрғылықты қазақ ұлтының төл мәдениетінің орнын ерекше боліп көрсетуіміз керек.Өзінің төл мәдениетін саралау-бұл ұлттың өзін-өзі сақтау инмтинкті. Біз кімбіз? Өзгелерден қандай айырмашылығымыз бар? осыны әркез көрсетіп отыру-этнопсихологиялық зерттеулердің алтын дінгегі.Әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тарихи санамыз қандай? Психологиялық тұтастықтың, бірліктің негізі неде? Этнос психологиясы мәселесіне жеке –дара психологиялық әдістерді пайдалану жеткіліксіз. Осы іспеттес мәселелерді зерттейтін ғылымның біздегі жайы қандай? Еш боясасыз айтсақ: ол әлі эмбриондық күйде. Практикалық сүраныс теориялық білімдер жүйесі дасуынан озып кетіп отыр. Нарыққа өту кезеңінде жаңадан пайда болған құбылыстар мен процестерді талдап ғылыми –психологиялық түрғыдан түсіндіруден кешігудеміз. Этнопсихологиялық проблемалардың ғылыми тұжрымдарының дәрежесі төмен. Этнопсихологияның өмір талабынан артта қалуының басты бір себебі –бізде кәсіби психолог мамандардың жоқтығы.оларды даярлау өте кеш басталды. Мәселен, ҚазМҰУ –де қазақ тілді психологтрдың шағын тобы үстіміздегі жылы ғана өсірге жолдаса алды [7; 13 — 14].
Қазіргі жағдаятта этнопсихологияның методалогиялық мәселесінің толықшешілуын күтіп отыруымыз керек пе, әлде этнопсихологияның практикалық, қолданбалы ғылым ретінде дербес дами бергені жөн бе деген мәселеге келіп тіреледі. Бізге қазір зерттеудің ортақ стратегиясы, қабылданған әдістердің біркелкі жүйесі керек. Қандай методологиялық принциптерге сүйенеміз? Этнопсихология мәселесінде батыс елдерінде.
Қалыптасқан тұрғыдан, бағыт –бағдарымызды жасау қажет пе? Қазақстан психологтары ішінде С.Л.Рубинштейн[8], А.Н.Лонтьев[9], Б.Т.Ананьев[10], сияқты өз лидерлері көріңбей келеді. Содан да болар біз әлі методалогиялық «саз батпақта» отырамыз. Одан шығу үшін терең зерде, мықты интеллект керек. Сол себепті, психологтардыуниверситетте даярлау ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Жеке психология факультетін құру, оны материалдық –техникалық жағынан қамтамасыз ету, білікті кадрлармен (әсіресе, үлттық кадрлармен) қамтамасыз ету ұзақ арқан, кең тұсауға салатын жәйттер емес.
Әсіресе, этнопсихологиялық зеттеулер барысы жалпы бүрынғы кеңестік психологиядан келе жатқан, дертті мәселені жалаңаш түрде жарыққа шығарып отыр. Ол –психодиагностикалық әдістер мен әдістемелер мәселесі. Этнопсихологиялық зерттеулерге қажет сенімді әрі жарамды (валидность) әдістемелер жоққа тән. Көбінесе, пайдаланатынымыз –бастық әдістемеге тәсілдері. Қазақ тілінде ғылыми тұрғыдан ұлт ерекшелігіне бейімделген сынақтар жүйесі жайлы айтудың өзі аянышты. Зерттеушілер қазақ этносының өкілдеріне батыстық стандарт бойынша эксперемент жүргізіп, сол бойынша қорытынды жасайды. Оның қаншалықты шындыққа жанасымды екені өз алдына бөлек әңгіме[11; 9].
Қәзір Қазақстан психологтары үшін тұлғаның энтикалық сәйкестілігі (идентичность) проблемасына ерекше назар аудару маңызды. Халқымыздың өзіндік санасын зерттеу барысында «маргиналдық түлға» проблемасына, яғни «өз ішіміздегі бөгделер» немесе «Масанов синдромы» іспеттес құбылыстарға үрынып отырмыз.Ұлттық құндылықтарды,оның әдет –ғұрпын ,тілі мен дінін,әдеп жүйесін, салт-дәстүрінигермеген,өз этномәдениетінен алшақтанған ұлт өкілдерінің-метрополияныңбізге қалдырған «сыйы». Этникалық идентификацияның,сәйкестіліктің болмауы-тұлғаны ішкі психологиялық қайшылықтарға,қарым-қатынаста өз этномәдениетін жатсыну мен оған жаулық сезімін туғызатынконфлмктерге,әр түрлі әлеуметтік фрустрацияға әкелді. Ғылыми әдебиетте мұндай адамдар типін «евнух» (әтек)деп атайды екен.Бұл проблема тек жеке адамның ғана традегиясы емес, ол ұлттық трагедия. Еліміз бен жеріміздің түкпілікті иегері-қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айтуға қиын.Өйткені, қазақ этносының бүкілтыныс-тіршілігінде, отбасындағы әдеп-ғұрпымен салт санасында кең-байтақ өлкемізді мекендеген басқа халықтар мінездерінің нышандары көрініс беріп жүр.Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінездіболып, енді қой мінезді болған жуас, намыссыз халық емеспіз.
Жеріміздің ұлан-ғайыр кендігі мен табиғат сұлулығының эсерінін ғасырлар бойы қалыптасқан дарқандылық, дамға деген мейрімділік пен өнерпаздық,қазақ биосферасының ерекшелігінен туындағанасқан қонақжайлылық, жойқын соғыспен қырғынға ұшыраудың салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан-балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қалыптасқан малжандылық (мәселен,аман-саулық сұрағанда ең алдымен малдың жәйі сөз болатындығы), өзінен басқа жұрттарға деген баурмалдылық, еш уақытта біреудің жеріне көз алартпаған бейбітшілік, озі тиген дұшпанның кабырғасын қаусатқан батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі шыдамдылық-біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы емес пе?
Сондай-ақ бізде патшалық отарлану, большевиктік империялық саяст тудырған келеңсіз қасиеттер де баршылық.Осы кездері қанымызға әбден «сіңіп» кеткен даңғазалық пен ұраншылдық,күдікшіл мен күншілдік арызқойлық пен жалақорлық бойкүйезділік пен салғырттық,жалқаулық пен шалағайлық,т.б.алдымызға оралып,жаңа заман талабына бейімделуге бөгет болуда.Әсіресе,Кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге дінсіздік,спирттік ішімдікке құмарлық т.б.(бұлар бұрынғы қазақтың түсіне де кірмеген мерез қасиеттер)осы іспеттес пәлелер келіп қосылды.Бізде басқа еліктеп,солықтауда аз емес.Бұл жәйт еңсемізді көтертпей,құлдық психологияның шырмаунан шығуға кесірін тигізіп-ақ жатыр[12;21-23].
Бізге қазіргі заманға лайықты ұлттық өндірістік психологияны қалыптастыру,қазіргі «Азия жолбарыстары»-Корея,Жапония,Малайзия елдерін қуып жету мәселесін басты мақсат ету қажет.Өйткені,бізге еуропалықтардың харекетімен психологиясы үйлеспейді.Сондықтан ұлттық ерекшеліктерімізге үйлестіре жетілдірілген ғылыми-техникалық прогресті дамыту жағын ойластырғанымыз,мұны психологиялық тұрғыдан зерттегеніміз абзал.
Ұлттық ерекшеліктеріміздің психологиялық астарларын зерттеуде ештеңе бітірмедік деп,ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды.Мәселен,50-жылдардың өзінде-ақ ұлттық психология проблемаларын зерттеудің аса қажеттілігін белгілі психолог-ғалым,академик Аймауытұлы.Ж.[13] айтқан еді.1970-1990 жылдарда профессор Қоңыратбаева Т.Ә.[14] «Ұлттық психологияның табиғаты», проф. М.Мұқанофтың «Ақыл ой өрісі»,проф. Н.Елікбаевтің[15] «Ұлттық психологияның сипаты», монографиялық еңбектері жарық көрді. Бұлардан басқа «Қазақ мектебінде оқу тәрбие процесінің этнопсихологиялық аспектілірі»,орта мектептерге арналған «Әдеп және жантану»оқу құралы,жоғары оқу орындарына лайықталған «Қазақ тәлім –тәрбиесі», «Этнопедагогика пен этнопсихология» ғылыми жинақтары басылып баспадан шықты. Этнопсихологияның әртүроі мәселелері бірнеше ғылыми-теориялық конференцияларда біршама сөз болды,осы ғылым саласынан бірнеше диссертация қорғалды.Әрине,бұларды кемшіліктерде баршылық.Жоғарыда айтқанымыздай, нақтылы эксперименттік психологиялық зерттеулердің саны әлі де мардымсыз,этнопсихологиялық ұғым-түсініктердің мазмұны көп жағдайда шетелдік ғалымдардың тұжырымдарынан алысқа ұзап кете алмайды.Интернационалистік саясаттың жасанды ұрандарының әсері осы саладағы зе,рттеулерге теріс ықпал еткені сөзсіз.Сондықтан да күні бүгінге дейін, жақын шетелдерге қатысты этнопсихологиялық мәселелер(қырғыз, өзбек,түрікмен,әзірбайжан,т.б.)олардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы ғылыми астарлары зерттелген емес,жұртшылық назарына ұсынылған жекелеген тұжырымдар мен қорытындылардың дүдәмал жақтары бар.Бізге халқымыздың этнопсихологиялық ой-пікірдің қалыптасу тарихында арналған зерттеулер, әрісін былай қойғанда,типті 18-ғасырлардағы ұлттық ақыл-ой алыптары-Төле-би,Қазыбек би,Әйтеке би, т.б. рухани мұралары жөнінде ғылыми толғамдар жоқ.[16;39-41].
Біздің ұлттық психологияға байланысты жүргізген зерттеулерімізге, жарыққа шыққан азды-көпті еңбектерімізгекөңілі толмайтын,типті бұл үшін жұртты жазғырып,шабаландап,үріп жүргендердің қылығы қатты қынжылтады.Мәселен,осындайлардың бірі-психология өрісі биік,терең ғылым,сондықтан төл тілімізде сойлей алмайды,бұған қазақ тілінің мүмкіндігі жетіспейді десе, («Қазақ тілі-психология тілі емес».Ана тілі, 1994ж. 10наурыз) енді біреулер беті былш етпей қазақ этнопсихологтары ұлтшылдық ұран таратып жүр деп ойбай салды.Мұндайларға күлермісің,жылармысың,тіпті олардың ескі кіресілі-шығысылыма деп қаласың. Ұлттық өзіндік сана мәселесі жайлы қозғай бастасақ бірден «ұлтшылдық» құбылыстарын көретін кеңестік заманнан қалған әсіре «интернационализмнің»әлі де болса бой корсету қынжылтады. «Ұлтшылдық»деп айдар тағылып,талай зерттеулер кезінде жарық кормей қалғанды да есімізде.Бұл мырзалар ондай «әндердің» заманы өткенін,енді біздің егемендіел екенімізді естен шығарып алған сияқты.Оның үстіне осы автордың адамның психикалық ерекшелігінен бас сүйек формасымен түсіндіретін Ф.Гальддің ғылымға қарсы ілімін(френология)не үшін таңып отырғаны біздерге түсініксіз.Жоқ жерден «қара мысық»іздегені қай сасқаны?Ұлттық ерекшеліктердің психологиялық астарларын зерттеумен тікелей айналысатын этнопсихология ғылымы еліміздегі бір шама қоғамдық,гуманитарлық ғылымдардың байланыс қарым-қатынасына аса зәру.Өйткені,бұлардың бәрінің илейтіні-бір терінің пұшпағы іспеттес мәселелер Республикада соңғы кездері өріс ала бастаған этнолингвистика, этносоциология, этнодемография,этноантропология,этнология,т.б. осы секілді этностық ерекшеліктерді әр қырыннан зерттейтін туысғылымдардың қазақ психолгиясына берері аз емес. Мәселен, академик Ә.Қайдаровтың этнолингвистикалық зерттеулері, А.Әбдірахмановтың «Қазақ этнотопоно — микасы», С.Нұрханов пен Қ.Өмірәліевтің этнолингвистикалық очерктері, А.Ысмағуловтың ұлттық онтрополдогиясы, М.Тәтімовтың ұлттық демографиялық саласында жазған еңбектері біздің этнопсихология ғылымын өрістете түсүге мұрындық болып отырғаны хақ. «Көп болып көтерген-жүк жеңіл» дегендей,алдағы жерде де қоян-қолтық араласып,этнос психологиясын зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізетін болсақ құба-құп[17;73-74].
Бүкіл халық ұстанатын тәліми түсініктерді адамның жан дүниесіне орайластыра қарастыратын білімнің саласын психология дейміз.Осы тұрғыдан фольклор,соның ішінде,мақал-мәтелдер халықтық психологияның керемет бір көрінісі.Бұларда ғасырлар бойы сұрыпталажинақтаған ұлттық дәстүр,салт-сана,әдет-ғұрып,ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғаса беретін халықтың ішкі жан-жүйесі,өзіндік мінез-құлқы,іс-әрекеті әр қырынан сөз болады.Халықтық психология адамдардың қоғамдық тәжрибесінің қанға сінген өмірлік пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдер жүйесі.Бірақ,ол арнайы ғылыми жүйегенегізделмегендіктен адам психологиясын жан-жақты ажыратуға жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенуіміз қажет. Халықтық психологияның теориялық астарларымен этнопсихология дейтін арнаулы ғылым саласы айналысады.Этнопсихология әр этностың,халық пен ұлттың бүкіл рухани тіршілігінің (фольклор, тіл, мәденіет, миф, әдет ғұрып, дін, діл, т.б.)көріністерін,сол халықтың психологиясын білдіретін негізгі критерийлер деп есептеледі.Этнопсихология ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде,кейінірек,Батыс Еуропа елдерінде пайда болды.Оның негізін салушылар неміс ғылымдары Лацарус,Штейталь,Виндт еді.Қазақ топырағында осы мәселемен айналысқан біртуар ғалымымыз Шоқан Уалиханов болатын.Ол өз еңбектерінде халық рухы дейтін ұғымы жиі қолданған.Бұл халықтық психология мен этнопсихологияның негізгі ұғымдарының бірі.Қазір еліміз егемендігін алып,тәуелсіздігін жариялаған кезде өріс ала бастаған қазақ этнопсихологиясы кезінде ұлы Шоқан көтерген мәселенің жалғасы деуге болады.Еліміз тәуелсіздігін жария еткен алғашқы айлардың өзіндеақ зиялы қауым ұлттық психологиялық ерекшеліктеріміздің өркен жаюына ерекше мән бере бастады.Енді бәіздегі осы ғылым саласының қазіргі жағдайына,жай-жапсарына тоқталайық[18;4-5].
Мәселен,белгілі жазушы С.Елубаев «Енді немен күресміз?»атты мақаласында төмендегіше ой бөліседі:Комунистік саясат жеке ұлттың әлуметтік-саяси,генетикалық тауқыметін зерттетпеді.Ендігі жерде Қазақстанда қазақ ұлтын этникалық жанды құбылыс ретінде ғылыми тұрғыдан зерттейтін мезгіл жетті.Ол институт ұлттың бүкіл болмысын,қазағы,шала қазағы қанша,демографиясы,психологиялық болмысы,дәулет қорының жай-күйі,басқада тауқіметіне талдау жасап,жария етіп,ұлт болашағы үшін ғылыми негізделген тұрғыда күресуге жол ашуы керек.Осы институттың ұсынысы ,болжамыҚазақстанның ұлт жөніндегі мемлекеттік саясатына ықпал жасап отыруы қажет. Невада-Семей қозғалысы Брлин филиалының төрағасы, экономика ғылымының докторы,профессор Б.Дамитов былай дейді: — Мен көп жылдан бері Берліндегі жоғары техникалық мектепте жұмыс істеймін.Бұл елде психология ғылымына аса үлкен көңіл бөлінеді.Неміс халқының өзіне ғана тән психологиясы бар.Соның арқасында отбасы мен қоғамда тәртіптілік, ұқыптылық,еңбекқорлық, тазалық сияқты ұлттық мәдениеттің негізі тәрбие арқылы жастардың санасына құйылып жатады.Қазақстанның осы уақытқа дейін осындай ғылым негізіне қадам баспай отыруы мені қатты қынжылтады.Ал,жас ғалым Дүйсенбиев былайша ой тербейді: -Біз батыр халықпыз,ақын халықпыз,философ халықпыз дейміз.Ал,енді,осыны психологиялық тұрғыдан зерттеген жан бар ма?Бүгінгі өмір талабына атадан қалған асыл мұраның бәрі сай келеме,үйлесе ме,осыны неге зерттемеске?Соңғы кезде баспа беттерінде осы мазмұндас түрлі мамандық иелері жазған мақалалар жарық көріпті.Кеңес үкіметі тұсындағы қоғамдық прогрестің өрескел іркілістері этностар санасына жалпы адамзаттық абстрактілі мінез-құлық ережелерін барынша сіңіріп бақты да,ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән этнопсихологиялық асылдарын еске алмады.Осындай саясаттың нәтіжесінде жас ұрпақтың ұлт мәдениетін жасаушы,этнос тілінің иегері екенінде ұмыта бастадық ұлттық мақтаныш сезімінен де ат-тонымызды ала қашатындай жағдайға ұшырадық,ұлттық пен интернационалдықтың диалектикасы тек сөз жүзінде ғана үйлесімін тауып,бұл жайт нигилистер мен мәңгүрттердің,маргинал тұлғалардың көбеюіне әкеліп соқты.Ана тіліндегі газет-жұрнал,кітап тираждары құлдырап,азайып кетті.Қазіргі кезде 500 мыңдай қазақ баласы орыс мектептерінде тәрбиеленіп келеді.Бірнеше мыңдай орыс-қазақмектептері,мыңдаған аралас балабақша топтары бар,(бұлардың ұлттық тілмен сананы қалыптастыруда пайдасынан зияны басым.-Қ.Ж.)-тоқырау кезеңінен қалған сарқыншақтар[19;17-20].
Халқымыз ежелден өз ұрпағын жақсы адам,абзал азамат етіп тәрбиелеуді ерекше қастерлеп,мақтан тұтқан.Қазақ даласындағы жау десе қару-жарағын сайлап,ел десе еңіреген ерлер,әділдік пен шындық,адамдықты ту еткен ақын-жыраулар,бармағынан бал тамған ісмерлер,от ауызды,орақ тілді небір шешендер мен ақылман ақсақалдар,еміренген абзал аналар сан ғасырлар бойы қазақи тәрбиенің жемісі екендігі даусыз.Ұлттық психология мен этика,мінез-құлық,әдеп мәселелері-қазақ елінің тәуелсіздік жариялауына байланысты біздегі біртіндеп жүзеге асып келе жатқан ана тілін өркендету саясатына орайласатын стратегиялық мәні бар шаралардың бірі.Кеңес мемлекетінің ұзақ жылдар бойына қазақ тілінің мәртебесін төмендетуге бағытталған саясатының салдарынан елімізде қостілдік процесі етек жайды.Олжергілікті халықтың ұлттық мүдделеріне қиянат жасау есебінен жүзеге асырылды.Мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілі әзірге орыс тілінің алдына шыққан жоқ.
Ұлттық тіл психологиясында да зерттейтін объектілер ұшан-теңіз.Мәселен,төл тілімізде төрт түлікке байланысты 3000-дай,өсімдік дүниесіне қатысты 800-ден астам төл атауларымыз бар екен.Адам психологиясына тікелей қатысты ,,көз,, , ,,бет,, лексемдерінің әрқайсысының 40-тан астам синонимдері бар екендігі тағы шындық.Бұл халқымыздың жан-дүніесінің байлығын,оның психолог екендігін көрсететін елеулі фактор.
260 жылдай отаршылдық тепкісінде болған қазақ халқының қазіргі жан дүниесінің көлеңкелі көріністері,батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатыны сияқты,санамыздан көпке дейін арылақоймайтыны,сондықтан да алдағы жерде ұлттық тәлім-тәрбие саласында шет жұрттық идеологиядан біртінднп арылу негізгі міндет болып отырғандығы даусыз [20;4-6].
1.2 Танымдық процестердің психологиялық мәні
Танымдық үдерістің бұл ерекше формалары тіл мен ойлау, сөйлеу секілді адамдық табиғаттың ең жоғарғы көрсеткіштерін құрауымен қоса, күнделікті өмірде туатын қажеттіліктерді де өтеуге бағытталады. Адамның танымдық әрекеті саналы, ғылыми дәйектелген шарттар қатарында өздігінен жүзеге асатын, адам болмысы итермелейтін рефлексті амалдардан да топталады.
В.И.Писаренконың «Когнитивтік лингвистика мен «когнитивтік» терминінің семантикасы туралы» атты мақаласындағы «Когнитивтік лингвистиканың пайда болуына әсер еткен когнитивтік ғылымның өзі де уақыт өте келе, әр түрлі мектептер мен ғылыми бағыттарға жіктелу негізінде дамып отыр, мысалы: когнитивтік психология, нейроғылым, антропология және т.б., сондықтан бір ғылым саласына қатыстылығынан туындаған когнитивтік терминнің ұғымдық ерекшеліктерін әр түрлі дәрежеде түсіндіруге болады» [21] деген пікірге назар аударсақ, таным категориясының негізгі белгілері когнитивтік ғылымның мақсатына сай толықтырылып дамып отырады да, оның жалпы ұғымдық сипаттамасы жекеленген танымдық ғылыми бағыттардан, олардың бірліктері мен заңдылықтарынан сұрыпталады. Жаңа пәлсапалық энциклопедияда когнитивтік ғылымға «теоретика-информациялық модельдерді қолдану негізінде сана мен жоғары ойлау процестерін зерттейтін жүйе» деп анықтама берілген [22; 264-б.]. Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде ол адамның ақыл-ойымен шұғылданатын әрі оның ментальды жағдайымен тығыз байланыста қарастырылатын, негізгі нысана ретінде когниция мен оның құрылым-үрдістерін қамтитын, ең бастысы, хабар мен оны өңдеу амалдарын зерделейтін ғылым саласы ретінде танылып отыр. Осыған орай, танымдық ғылымның негізі «әрі білім, әрі таным, әрі хабар, әрі адамзат ақыл-ойы мен санасы, әрі оларға сәйкес анықталатын және барлығының биологиялық негізін құрайтын адамзат миы» [23; 58-б.] тұрғысынан айқындалып, күрделі танымдық процестердің тоғысын құрайтын ғылыми жүйе ретінде зерттеліп келеді. Қазіргі ғылымның негізгі екі ерекшелігін өзектей отырып, ғалымдар антропологиялық және пәнаралық даму нәтижесінде жалпы танымдық ғылымға тән негізгі белгілер қатарында төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуде:
- ғылымның пәнаралық негізде қалыптасуы;
- таным көзі ретінде білім мен ілім негіздерінің дамытылуы;
- когнитивтік құрылымдардың өзектелуі;
- білімді қалыптастыратын мәдени және әлеуметтік факторлардың
екінші кезекке қойылуы;
- таным негіздерін тіл арқылы, оның құрылымдық әрі мағыналық
ерекшеліктерін салыстыра бақылау арқылы дәйектеу;
- компьютерлі метафора ұстанымдарын қолдану,
яғни бастапқы кезде адамның миын компьютерге ұқсас құбылыс деп түсіндіру («hardware» компьютерлік метафора аппараты негізінде) үстем болса; кейін адам санасында компьютерлік бағдарламаларға ұқсас құрылымдар орналасқан, оған жады қызметі дәлел болады деген тұжырымдардың айтылуы да орын алған.
Таным адам әрекетінің, тұрмыс-тіршілігінің әр алуан кезеңдерімен айқындалып пайымдалатындықтан, оның табиғатын түсіну әр түрлі ғылыми деректерді сабақтастыруға, олардың антропологиялық өзгешеліктерін сипаттауға негізделеді. Адам белгілі бір психо-физиологиялық ерекшеліктер жиынтығы бола тұра, жаратылыс табиғатынан ойлы, пәлсапалы мүмкіндіктер орталығы, сан қилы маңызды әрекеттер тоғысы деп танылады . Адам өздігінен емес, қоғамдық бірлікте және қалыптасқан әлеуметтік-мәдени шарттарға сүйене дамып келе жатқандықтан, оның танымдық әрекетін пәлсапалық негізге, психологиялық сұрыптауға, әлеуметтік дамуға, ұлттық-мәдени өркендеуге сүйене қарастыру керектігі даусыз. Адамзат ақыл-ойының күрделі табиғатына негізделген аталмыш ғылымның бастауы жайлы әр түрлі пікір-тұжырымдардың орын алуы да содан болар. Ғалымдардың бір тобы ғылым бастауын когнитивтік психология мен лингвистика құрады десе, келесілері олардың санатына бірде пәлсапаны, бірде тіл білімін не болмаса антропология мен нейроғылымдарды жатқызғанды дұрыс деп есептеді [24; 216-б.]. Демек, «Когнитивистер пәнаралық байланыстан жырақ кете алмайды, бұл заңдылық оның тарихи тамырында жатыр. Тек психологияның, лингвистиканың, антропология мен философияның, компьютерологияның көмегімен ғана ақыл-ой табиғатын, тәжірибе пайымын, концептуалды жүйе негіздерін анықтауға болады…» [25; 23-б.],- деп аталып көрсетілгендей, қазіргі ғылыми бағыттардың ішінде когнитивтік философияның, когнитивтік психологияның, когнитивтік әлеуметтанудың, когнитивтік мәдениеттану сияқты салалардың қалыптасып дәйектелуі де соның үйлесімді жалғасын құрап келеді.
«Адамзаттың ақыл-санасы, ойлау жүйесінің заңдылықтары, білімнің қайнар көздері мен оны меңгерілу жолдары, сол сияқты ми, психика, ментальды жағдайлар мен актілер – барлығы ерте кезден пәлсапа мен логика, психология мен биология шеңберінде зерттеліп келгендіктен» [26; 61-б.], танымдық ғылымның жетістіктерін бір ғана бағытта сұрыпталатын тұжырымдар емес, олардың тоғысқан табиғаты, шебер ұштасқан жүйесі құрайды. «Таным» құбылысының ұғымдық аясы түрлі ғылыми түсініктемелердің бірлігінен жинақталып, маңызды мақсат-міндеттердің шешілуіне мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінгі күні ғылым пәлсапасының аясы кеңейген сайын пәнаралық сабөлшемдері дәстүрлі пәлсапалық талдаулардың әдістемелік негіздерін жаңа бағытта ақтастықтың ұстанымдарын жан-жақты дамыту күннен күнге өзектеліп отырғандықтан [27; 3-б.], танымның пәлсапалық негіздерін айқындау да когнитивтік ғылымның аса құнды дереккөздерінің бірін дәлелдеуге мүмкіндік берді. «Таным – дүниені, өмірді танып-білу қабілеттілігі» деп [28; 135-б.] қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көрсетілгендей, пәлсапа аясында сөз болатын танымның да өзгешелігі «сана», «қабылдау», «қабілет» ұғымдарымен байланыстырылады. Пәлсапалық сана когнитивтік зерттеулердің маңызды бірлігі бола тұра, табиғатының күрделілігіне орай, сан алуан ғылыми қағидаларға ортақтығымен ерекшеленеді, сондықтан әрі пәлсапа, әрі психология нысанын құраған бұл ұғымның анықтамалары да, функционалдық сипаттамалары да біркелкі емес. ХІХ ғасырда ғалымдардың бір қатары сананы зерттеу, оның болмысын нақтылау мүмкін емес деп келсе (биолог Т.Гексли), келесі біреулері оның тек жекеленген құбылыстары мен құрылымдарын ғана тануға болады деген көзқарасты ұстанды (В.Вундт). Кейінірек еуропалық пәлсапада сана білім көзі, бағыт, көзқарас, көңіл, өзін-өзі тану сынды ұғымдар негізінде түсіндірілді. Бүгінгі күні философтар сананы когнитивтік теориялар негізінде, жасанды интеллект мәселелерімен ұштастыра талдап зерттеуді мақсат етуде. Осыған орай, сана қызметі бірде адамның танымдық мүмкіндіктері шеңберімен шектелсе, бірде оның аясы нейрофизиологиядан мәдениеттануға дейін кеңейтіліп, ғылыми тұжырымдар тізбегінде оған таным құралы, материямен сәйкестік құрайтын құрылым, саналы не болмаса рефлексті әрекеттер сабақтастығы деп анықтама беріліп жүр.
|
Адамның анатомиялық жаратылысынан бастау алатын таным, ең алдымен, табиғи жүйенің бір бөлшегі, ішкі физиологиялық тәртіптің жемісі деп қарастырылары анық. Өзге салаларға қарағанда, әлде-қайда бұрын дүниеге келген когнтивтік психология да танымның антропологиялық негіздерін дәл анықтауға көмектеседі. Танымдық процестер психологиясын адамның ментальды дамуымен сабақтастырған аталмыш ғылым алғашында теориялық бағыттардың бірі ретінде қалыптасса, кейін ол «когнитивтік төңкерілістің» алғышартын құрады, себебі «Жалпы психология» курсында «психика — объективті әлемнің субъективті қабылдауда көрініс табуы» [29],-деп түсіндіріліп келеді. Осыған орай, психологиялық әдістер де, бір жағынан, аналитикалық зерттеулерге сүйенсе, екінші жағынан, синтетикалық ізденістердің жүзеге асуын қадағалайды. Алғашында өмірдің әр түрлі кезеңдеріне, адамның әрекет ету өзгешеліктеріне қатысты айқындалатын психика элементтерін танып білу көзделетін болса, келесі зерттеулер алуан түрлі психикалық көріністерді сұрыптау негізінде жалпы адамзатқа тән ортақ белгілерді дәйектеуге бағытталды. Осыған орай, адам психологиясын таныммен байланыстыру қажеттігі туды. «Когнитивтік психология» деген терминді 1967 ж. ғылыми айналымға ұсынған У.Найссер оны бихевиористік теорияға қарсы дамыған бағыт деп сипаттады. Адамның ішкі психикалық өзгешеліктерін зерттеу кезінде байқалған қарама-қайшылықтар әр теориялық тұжырымның өзіндік ұстанымдары мен қағидаларын сұрыптады. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның ішкі, көзге көріне бермейтін әрі нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды. Сол себепті Р.Л.Солсо танымдық психологияның ғылыми-теориялық принциптерін жалпы психологияның 10 негізгі саласы мен олардың тұжырымдары құрайды деп есептеді. Олардың қатарында ғалым қабылдау, бейне-образдарды тану, көңіл-бөлу, жады қызметі, елестету, даму, ойлау мен мүмкіндіктерді шешу, адамның ақыл-парасаты мен жасанды интеллект, тілдік функциялар сияқты құбылыстардың психологиялық белгілерін атап өтті [30; 496-б.]. Бастапқы кезде психологтар танымдық әрекетті ойлау жүйесінің бір бөлігі деп қана бағаласа, кейін зерттеушілер оны функционалды-прагматикалық, аккумулятивті және қатысымдық қызметтері ерекше, адамзат тірішілігіне аса қажет фактор ретінде саралады. Сөйтіп, психология ғылымының нысанын құраған көптеген мәселелерді жаңа қырынан талдауға әрі адам табиғатының ішкі мүмкіндіктерін тың сипатта түсіндіруге жағдай жасалды. Мәселен, бала психологиясының өзіндік проблемаларын зерттеген ғалымдар 60-жылдарда оның тек ойлау жүйесінің қызметіне және азды-көпті жекеленген заттарды тану әрекетіне назар аударды. Когнитивтік психологияның қалыптасуы баланың ақыл-санасының дамуына ықпал етер факторларды жан-жақты таразылауға мүмкіндік берді, себебі бұдан былай «адам — ерекше танымдық жүйенің иесі» ретінде айқындалып, хабар алу, оны өңдеу, жадыда сақтау мәселелерінің барлығы дерлік психотанымдық негізде талдана бастады. Нәтижесінде алғашқы проблемалар жігі бала санасында көрініс табатын бейнелі образдарға сипаттама берумен шектелсе, уақыт өте келе, олардың қатарына баланың хабарды меңгеруі, оған өзіндік қарым-қатынасын байқатуы секілді мәселелер қосылып, негізгі танымдық ұғымдарға мән беру көзделді. Қабылдау, елестету, пайымдау, сезу, сезімін білдіру — барлығы когнитивтік теорияның маңызды проблемаларына айналды.
Қабылдау. Қабылдау – психологияның, когнитивтік психология мен танымдық ғылымның негізгі ұғымдарының бірі. Өзінің табиғи ерекшелігіне орай аталмыш термин пәлсапада да, физиологияда да, нейроғылымдарда да дәстүрлі зерттеулер нысанын құрағандықтан, қабылдау шеңберіне адамның болып жатқан оқиға-құбылыстарға қатысымен қатар, оның қоршаған әлемді бейнелеу, даралап жалпылау әрекеттері де енді. Жекеленген сенсорды процестермен бірге, қабылдауға адамның біріктіру, алған деректерді саралау, шынайы болмыстан белгілі бір сапалық өзгешеліктерді бөліп көрсету, соның негізінде олардың тұтасқан бейнесін жасау әрекеттері де жатқызылды. Сөйтіп, хабарларды өңдеу, оларды әр түрлі материалдық сигналдар мен стимулдар тұрғысынан бағалау ұстанымдары қалыптасып, қабылдаудың өзіндік белгілері айқындалды. Кезінде Аристотель сенсорды қабылдаудың басты амалдары қатарында жекеленген сезім ағзаларының қабілеттері мен қызметтеріне назар аударған болатын. Осы мақсатта ойшыл ғұлама көру, есту, сезу, иіс сезу процестерінің жүзеге асу ерекшеліктерін ескеріп, қабылдауды солардың механизмі, яғни функционалдық белгісі деп таныды [31; 17-б.]. Осыған орай, когнитивтік ғылымда қабылдау тек қоршаған әлемді еш әрекетсіз тану емес, онымен үздіксіз байланыста болу, оның негізгі заңдылықтарына бейімделу, келіп түскен хабарлар тізбегінен өзіңе қажет мәліметті бөліп алу қабілетіне ие болу негіздері деп зерттеліп келеді. Қабылдау адамның өз ақыл-ойына сәйкес қоршаған дүниені танып-білуге, оны сезімдерінің қайнар көзі ретінде бағалауға мүмкіндік береді, сол себепті оның табиғатын зерделеу барысында физикалық және нейрофизиологиялық аспектілермен қатар, танымдық негіздер де маңызды роль атқарады. Демек, когнитивті тұрғыдан қабылдаудың ойлаумен байланысы, ментальды көзқарастармен сабақтастығы, білім мен оны жинау тәсілдерімен ұштасу ерекшелігі және т.б. проблемалар ескерілу керек немесе ғалым Б.Сағындықұлы атап көрсеткендей, «Кез келген затты немесе құбылысты қабылдау адамда бұрыннан бар тәжірибе, білім негізінде жүзеге асады» [32; 5-б.].
Зейін. Зейін хабарды өңдеу барысында айқын байқалатын әрі сол хабарға не болмаса объектіге, яки процеске назар аударуға мүмкіндік беретін танымдық қабілеттердің бірі болып табылады. Аталмыш нысананы саралап қарастыру мақсатында бөліп талдау, сипаттау, жіктеу амалдары қолданыла келе, адам ойында көрініс табатын шынайы болмысты саралау, оның белгілі бір ерекшелігін шектеп айқындау, зейіннің негізгі түйінін хабардың құрамды бөлігі немесе бөлшегі арқылы дәйектеу мәселелерінің барлығы дерлік адам миында қалыптасып, жүзеге асатын білімнің белсенділігін арттыруға, сырттан келіп түсетін хабарлар жүйесін реттеп отыруға жағдай жасайды. Адамзат болмысына қатысты, яғни оның табиғатына тәуелді деңгейде өңдеуден өтіп отыратын хабарлар желісі жеке тұлғалардың еркі мен эмоциясына, тәжірибесіне, жадыда сақталатын мезеттік және мәңгілік деректер тізбегіне орайласа айғақталатындықтан, адамның зейіні де бір саладан екінші салаға оңай ауыса келе, танымдық процестердің жеделдігін, бір бағытқа бағыныштылығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Зейін адамға келіп түскен мәліметтердің ішінен өзіне керектісін, маңыздысын және қызықтысын бөліп зерделеуге мүмкіндік береді, сондықтан объективті фактордың негізінде белгілі бір хабарды таңдап алу әр субъектінің жеке тәжірибесіне, түсіну, пайымдау әрекетіне қатысты сұрыпталады[33;4-7].
Ес. Ес hам еске түсіру.Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады.Ал енді,сақталып тұрған суреттеулерді бұрынғы түрі,бұрынғы ретімен жанның тіріліп алып келе білуі еске түсіру деп аталады.
Әр адамның есі әр түрлі.Кейбіреулр тез алып,яғни тез жаттап алып,тез ұмытады.Кейбіреулер шабан алады,бірақ тез ұмытады.Кейбіреулер шабан алады,бірақ тез ұмытпайды.Кейбіреулер тез алады,сонда да ұмытпайды.Адамның білімді болуына,әрине,естің осы төртінші түрі пайдалы.
Адамның есі тағы төмендегі түрлерге бөлінеді:
1)көру есі.Көру есі күшті адам нәрсенің сыртқы түрін есінде ұстап қалады.Мысалы,таныс адамдарының пішіні есіндеболады,аты,фамилиясы есінде болмайды.Яки бір шәкірт бір фәннің бір жерінен жауап беріп тұрғанда,сол фән кітабының айтып тұрған сөздер жазылған бетін көргендей болады.
2)есту есі.Есту есі күшті адам заттың дыбысын есінде ұстампаз болады.Мысалы,кейбір адам таныс адамдарының аты,фамилиясы,пішінін де ұмытып қалып,жалғыз даусын ғана есінде ұстайтын болады.Яки кейбір шәкірт сабақты өзі оқығаннан да мұғалімнің сөйлегенін тыңдағанда тез жаттап алатын болады.
3)қозғалу есі,яки мотор есі.Қозғалу есі күшті адам заттың қозғалуын есінде ұстайтын болады.Мысалы, кейбір адам таныстарының жүріс-тұрысын ұмытпайтын болады.Адамда осы ес түрлерінің біреуінің күшті болуы көбінесе тұқым қуалайды.Мысалы,әнщі,домбырашы,өлеңшінің баласында есту есі күшті болады.Және бір адам көңіл қойған нәрселеріне есті болып,көңіл қоймағандарына ессіз болуға мүмкін.Мысалы,өлеңді тез жаттампаз болады.Атақты жаратылыс ғылымы Линней өсімдік аттарын жаттауға шебер болған да,шет тілдерді үйренуге тым-ақ топас болыпты.
Адам өмірі үшін естің керектігі.Ес өмір үшін аса керек.Ес болмаса,бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса,өмірінде адамның білімі артпас еді.Адам адам да болмас еді.Ес болса ғана адам білімді бола алады,ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады.Ес неғұрлым мол,бай болса,ой да терең болады.Терең ойлы адамдардың аса есті болғандығы бізге тарихтан белгілі.Балада ес болмаса,оған ешбір нәрсе үйретуге мүмкін емес.Сондықтан тәрбиеші баланың есті болуына аса көп күш жұмсау керек[34].
1.3 Этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеу мәселесі
Ж.Аймауытұлы — тұжырымдаған педагогикалық психологияның негізгі арқауы да, сол жылдары дүлдүл ақынымыз М.Жұмабаевтың “әрбір тәрбиеші … ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті … Мектебімізді таза, берік, һәм өз жанымызға, қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай – ақ серттесуге болады” дейтін қағидамен егіздің сыңарындай үндеседі. Ұлт мәселесі, тәлім – тәрбиенің ұлттық астары, бұдан бұрын да ғұмыр кешкен көптеген қазақ ойшылдарының мұраларында сан рет сөз болғаны белгілі. Бұл салада алғаш пікір білдіргендердің қатарына – Дулатиді, Ақтамбердіні, Бұқар жырауды жатқызар едік. Олар адамның түрлі әлеуметтік топтарға бөлініп, ер мен әйел, бала мен жігіт, қыз бен келін, жас, кәрі адамдардың психалогиясы туралы айта келіп, осынау жандар — дың ұлтымызға тән ерекшеліктерін сөз етеді. Кейіннен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Н.Төреқұлов, С. Торайғыров тағы басқа көптеген қазақ зиялыларының ұлт, этнос психологиясының әр түрлі қырлары жайында сөз қозғағанын білеміз. Мәселен, халқымыздың рухани көсемі деп аталып жүрген Ә.Бөкейханов (1866 — 1937) өз еңбектерінде тәлім – тәрбие мәселесін ұлт психологиясымен байланыстыра қарап, бұл жөнінде бірсыпыра сындарлы түйіндер айтқан. Ол әр халықтың өзіндік әдет – ғұрпы, салт – дәстүрі, ұлттық мінез – бітімі, әлеуметтік сезімдері мен көңіл – күйлері, мұраттары мен талап – тілектері болатынын ерекше еске сала келіп, бір кезде Ш.Уалиханов тұжырымдаған “халық рухы” деген түйінді әрмен қарай түсіндіреді. “Түрік затты халықта, — деп жазды ол, — біздің халықтай бір жерде тізе қосып отырған іргелі ел жоқ. Анық түрік затты халық – біздің қазақта ”. Ә.Бөкейхановтың ұлт психалогиясына қатысты ой – пікірлерінің негізгі түйіні: “Халық ісін орнына салуға көп ақыл, кп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек” дейтін тұжырым. Ә.Бөкейханов әр ұлттың сана – сезімінің дамуында оның белгілі іс — әрекетпен, тиянақты кәсіппен айналысуы ерекше маңызды, бұл үшін қазақ халқы оқу – білім, шберлік, айла – тәсіл, дағды, икемділікті терең меңгеруі қажет дейді. “Адам баласы, — дейді ол, — үнемі ізденіс үстінде, жалықпай, талмай әрекет етуде ғана мақсатына жете алады. Өмір – үнемі күрес, бірлесіп тіршілік ету – бұл үшін шеберлікке, айла – тәсілдікке жету қажет. Кім шебер болса, жалықпай, талмай ізденсе, бірігіп, тізе қосып, іс қылса, өмір бәйгесі – соныкі. Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсаса іс көркейеді”. Ә.Бөкейхановтың пікірінде, туған халқы үшін қызмет ету — әр адамның перзенттік борышы, бұл оның абыройлы міндеті. Автор әр этностың өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына оның нақты өсіп — өнген ортасы, табиғаты, тау – тасы, өзен – көлі, кір жуып, кіндік кескен жері ерекше әсер ететінін төмендегіше түйіндейді: “Әркімде болатын өзгешелік өз заманындағы, өз халқындағы табиғат, әлеумет қатынастарының нәтижесі депбілу керек. Осы шарттар ұрпақтан – ұрпаққа үзілмей ықпал ететін болса, бұдан өзгеше халықтың өзгеше мінезі пайда болады. Ол мінез тұқым мінезіне айналады ”. Автор адам психологиясының қалыптасуы да осылайша қоршаған табиғаттың, жер мен судың , ландшафтың ықпал ететіндігіне ерекше назар аударады[35;119-121].
Ж.Аймауытұлы өзінің “Психологи” кітабының “Адам қылығының әлеуметтік – шаруашылық негіздері” деген тарауына “Жағрапия жағдайының адам қоғамына сүреңі” деген арнаулы параграф енгізген. Осы жерде автор әділдік , мейірімділік, мәдениет, тіл, салт, ертегі, өнер дейтін тақырыптарды да сөз етіп, бұларды қазақ ұлтының өмірінен алынған мысалдар арқылы баяндайды. “Адамның жүрегінің, — деп жазды ол, — сыры табиғатпен жалғасса, қиялы күшейіп, мінезі көркейіп, сезімі нәзіктеле бермек”. Этностық психологияның осы іспеттес негізгі түйіндерін бұдан 70 жыл бұрын осылайша тұжырымдауы ғұламаның ой – парасатының орасан ұшқырлығын көрсетеді. Ж.Аймауытұлы еңбектерінен қазақтың бір кездегі жайсаң мінезінің бұзыла бастауына не себеп болған деген сұрақтың да жауабын табуға болады. Ол мұның патша өкіметінің отарлау саясатынан туындағанын, қазақта бұрын – соңды кездеспеген кейбір теріс мінез – құлықтарының біртіндеп жұрттың сүйегіне “сіңе ” бастағанын, мұны кезінде ұлы Абайдың да сынағанын еске салады . Расында да, Абай өз замандастарының басында осындай келеңсіз қасиеттердің он бестей түрі кездесетінін өзінің қара сөздерінде көрсеткен еді.
Отарлау саясатының салдарынын қазақ халқының басында қылыптасқан жексұрын қасиеттер жөнінде Ж.Аймауытұлы былай дейді: “Қазақтың мінезіне, қылығына тиген зиян мынау: ұрлық, зорлық, қорлық, өсек, өтірік, алдау, құлық, сұмдық, айдату, байлату, кісі өлу, рақымсыздық, жалған, мақтан, ынсапсыздық, тұрақсыздық, масылдық, жалақорлық деген нәрселер шайтанның ұясынан артық болмаса кем болған жоқ”. Автор осы жерде адамда кездесетін барлық жаман қасиеттерді туған халқының басына үйіп төккенімен, бұған жаны ашып, құлдық психологиядан қалайша жол тауып шығуға болатыныны жайында тебіренеді. Ол көшпелі қазақ жұртының өскелең ұрпаққа үлгі — өнеге тұтар асылдары да өлшеусіз көп болғанын нақты мысалдар арқылы дәлелдеп, оларды ұрпақ тәрбиесінде пайдалануға ұсынады. Ұлт психологиясы жайындағы толғаныстарының әрмен қарай былайша жалғастырады: “Адамның өз басы көгергенімен, ұлт көгермейді. Ұлт көркейсе – ол бақыт, ол ұлт ішіндегі адамдарға ортақ … Ұлтын, отанын көркейту қандас, діндес, тілдес бауырларының қамын жеу”[36;15-19].
Осы айтылғандар оның ұлт психологиясына байланысты түйіндерінің іргетасы. Ғалым өзінің ұлттық мінез туралы айтқан тұжырымдарында әр этностық, әр ұлттың өзіне тән мінез – құлқы секілді қасиеттердің біршама тұрақты да, тұрлаулы болатынын, сондай – ақ олардың біртіндеп қалыптасуына оның тұрмыс – салты, әдет – ғұрпы (тіл, дін, өнер, табиғат т.б.) әсер ететінін, ұлттық қасиеттердің бір қалыпта тұра бермейтінін, олар баяу болса да, өзгеріп отыратынын, қазақ өмірінен нақтылы мысалдар келтіріп, бажайлай баяндайды. Мәселен, ол “Комплекспен оқыту жолдары” деген еңбегінде қазақ шәкірттерінің сұлулық талғамының өзіндік ерекшеліктері туралы айта келіп, былай дейді: “Жеріне, тұрмыс жағдайына қарай әр елдің сазы, ән – күйі де әр алуан. Түркістан елінің ән бұлтарысы жоқ, тік тартар айқай, қайырмасы жоқ, келте немесе бірыңғай текірек болып келеді, түйеге, атқа, есекке мінген адам болсын, ауылдан былай шыға беріп, “Ауылың сенің белде еді, ариайдай”, — деп қозғайды. Арқаның әні толқынды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайталамалы, қайыруы ұзын болыпт келеді. Теріскейдің, батыстың әні мұнды, зарлы, шерлі, желдірме, көй – көй болып келеді”. Автор бұл жерде этностық ерекшеліктердің ән, музыка саласында да ерекше орын алатынын айтып отыр.
Ж.Аймауытұлы ұлт психологиясының әр түрлі мәселелерін осылайша көрсете келіп, өзінің ұстаған бағыт – бағдарынан айнымай, көтерген мәселесін ешбір қоспасыз саралап айтатындықтан, бұл сол кездегі кейбір әсіре қызыл идеологсымақтардың жанына мықтап бататын еді. Мәселен, “Советская степь” газетінің 1928 жылдың қаңтарындағы санында басылған “Бір оқулық туралы” деген “сын” мақалада А.Михайлов деген біреу Аймауытұлының “Психологиясынан” ұлтшылдық пен идеализмнің сарынан іздеп, ол жөнінде былай депті: “Аймауытоывщине в нашей советской печати нужно положить конец, а господам Аймауытовым на то место, которое им предназначено их буржуазной природой … В вопросах психологии Жусупбек показал себе настоящим идеологом байства”. Ж. Аймауытұлы ұлт психологиясын ұлт тәрбиесімен қиюластыра баяндай келіп, бұл орайдағы өз түйіндерін қоғамдық (әләуметтік) психология мәселелерімен қосақтастыра баяндайды.
Әлеумет, қоғам – адам психологиясының негізгі қозғаушы күші. Адамның мақсатқа, дүние табуға бағытталған еңбегі алдымен кәсіп іздеу үшін былайша айтсақ, нан табу үшін істеледі. Ал бұл басқа адамдармен қарым – қатынаста басқа адамдармен байланысқанда солардың көмегімен жүзеге асады.
Мәселен, диқан еңбегі табиғат жағдайларына бағынады. Мысалы, ауа райына, жердің құйқасына, жылдың мезгіліне, жауынға, құрғақшылыққа, шағылға және т.б[37;151-153].
Автор бұл жерде “адамның күні адаммен” дегендей, жалғыз істейтін қызмет жалпы айтқанда аз, тіпті болмайды деп отыр. Еңбек көптікі болмақ. Аймауытұлының пікірінше, еңбек дегеніміз көмектестік, аңшылық пен аушылық, бірнеше адамның жай бірлесуі, бірлесіп шөп шабу, егін егу, жол түзеу, арық қазу, орман отау, аң аулау, балық аулау, там соғу, киіз басу, құдық аршу – барлығы адамдардың бір – бірімен бірлескен әрекетінің нәтижесі. Автор бұл жерде әлеуметтік психологияның негізгі мәселелерінің бірі – адамның әр түрлі бірлестіктері туралы (топ, ұжым, ұжымдастық т.б.), олардың бір – бірімен байланыстары туралы қазақ топырағында ілкі сөз қозғаған ғулама ретінде көрініп отыр. Ол қоғамдық психология туралы айтқан пікірлерінде еңбектің бөлінісінде қарай, адамда өзгеше психологиялық қабілет туындайтынын да сөз етеді. Мәселен, ол сауда, кеңсе ісі, түрлі қара жұмыс, диқаншылық, өнеркәсіптің әр түрлері, тағы сондай мамандық иелерінде түрліше психология қалыптасады, осының нәтижесінде әр адам әр түрлі, тағы сондай мамандық иелерінде түрліше психология қалыптасады, осының нәтижесінде әр адам әр түрлі қызметке жетік, маман бола алады дейді. Яғни ол, біреу шаруа иесі, екінші біреу саясатшы, үшінші біреу – сот, төртінші біреу — әскери қызмет, тағы басқа мамандық иесі бола алатынын, мұның барлығы сайып келгенде, белгілі ұжымдардың әсерінен қалыптасып отырғанын ашып көрсетеді.
Ж. Аймауытұлының қоғамдық психологияға байланысты пікірлері оның тап, дін психологиясы туралы айтқандарымен де тоқайласып отырады. Автордың пікірінше, “жалпы адам” деген құр дерексіз ұғым; адамның қылығы табымен өлшенеді, әрбір адам не ана таптың, не мына таптың адамы. Сондықтан адамның қылығын оның табымен байланыстырып қарау керек. Автордың пікірінше, адамның қандай тапқа жататындығынан оның психологиясы туралы көп мағлұмат алуға болады. Өйткені адамның қылығы, белгілі таптың туынды қылығы . Автордың пікірінше, таптан екінші тап ерекшеленіп отырады. Еңбек жемісін үлесу жолындағы таптар арасының кәдімгі қатынасы – тартыс, тап – қоғамның тарихы , тап – тартысының тарихы.
Автор әр тап өкілдерінің тәрбие туралы көзқарастарының да түрліше болатынын атап көрсетеді. Қазіргі кезде бізде әлеумет және ұлт психологиясының сан – салалы мәселелері жайында зерттеулер жариялана бастады. Осы мәселелердің қыр – сырын зерттеуге кезінде әміршіл – тоталитарлық жүйе қарсы болды. Өйткені жалған интернационализмнің жалауын көтеріп, коммунизм орнатуды мақсат еткен қоғамға ғылымның бұл саласы қажетсіз еді. Сондықтан да әлеуметтік, этнопсихологиялық мәселелер оқтын – оқтын жекелеген ғалымдардың жол – жөнекей, ат үсті жазған еңбектерінде ғана соз болып келген болатын. Осының салдарынан күні бүгінге дейін ұлттық этнопсихология ғылымының зерттеу объектісі де, термин, ұғым атаулары да бір ізге түскен жоқ. Мәселен, үш томдық “Психологиялық энциклопединың ” жоба сөз тізбегінде оның 30 – ға жуық терминдері ғана (дәстүр, салт, ритуал, табу, этностық стереотип, этноцентризм, психикалық тұрпат, этностық т.б.) тіркелгені – осының айғағы[38;80-85].
Еліміздегі тыныс – тіршіліктің кез келген саласында (мектеп, сауда, спорт, әкімшілік, әскери қызмет т.б.) ұлттық ерекшеліктерді ескермей, бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай, тиянақты жұмыс жүргізу қиын. Әсіресе, Қазақстан секілді көптеген ұлт өкілдері мекендеген елде этнос психологиясымен үнемі санасып отыру аса маңызды. Мәселен, әр түрлі этностар мен халықтардың ұлттық мүдделерін қорғау, олардың әрқайсысының дәстүр – салты мен әдет – ғұрпына ұқыптылықпен қарау, ұлттық қатынастарда шиеленістерді экстремизм мен шовинизмнің, ұлтшылдық пен нәсілшілдіктің, этностық кемсітушіліктің кез келген көріністеріне жол бермей, әр халықтың ұлттық тәлім – тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін, этнопсихологиялық зерттеулерді ерекше жандандыру қажет деп ойлаймыз.
Жеріміздің ұлан – ғайыр кеңдігі мен табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дарындылық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлық, жойқын соғыс пен қырғынға ұшыраудың салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандылық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қалыптасқан малжандылық (мәселен, аман – саулық сұрағанда қазақтар алдымен малдың жайын сөз етеді ), өзінен басқа жұртқа деген асқан бауырмалдылық, ешуақытта біреудің жеріне көз алартпаған бейбітшілік, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қаусатқан батырлық, “мың өліп, мың тірілген” кездердегі шыдамдылық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы белестері, халқымыздың ұлттық мақтанышы емес пе? Осы айтылғандарды қазіргі жас ұрпақ тәрбиесінде ескерумен қатар, педогогикалық психологияның әдіснамалық тұғырына неге енгізбеске? Сондай – ақ патшалық отарлау, большевиктік империялық саясат тудырған келеңсіз қасиеттер де баршылық. Осы кезеңдерде қанымызға әбден “сіңіп” кеткен даңғазалық пен ұраншылық, күдікшілік пен салғырттық, жалқаулық пен шалағайлық т.б. әлі күнге дейін аяғымызға оралып, жаңа заман талабына бейімделуге бөгет болуда. Әсіресе, кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге сіңген дінсіздік, спирт ішімдіктеріне әуестік, жеңіл жүрістілік, келеңсіз тіршілікке құмарлық т.б. (бұлар бұрынғы қазақтың түсіне де кірмеген мерез қасиеттер) осы іспетті пәлелер келіп қосылды. Этнопсихология саласында зерттеу жүргізетін ғалымдарымыз мінездегі осы міндерің психологиялық астарын тереңдей талдап, бұлардан қалайша арылуға болатынын іздестіретін болса құба – құп .
Біздің осылайша тізбектеп отырған мәселелеріміз, сөз жоқ қоғамдық педогогикалық психологияның зерттеу объектісіне айналуы тиіс. Бір өкінерлігі, тәлім – тәрбиелік тақырыпта қорғалған диссертациялар мен монографиялар тиісті шешімін әлі күнге дейін таппай келеді. Ал бұл айтылғандардың тәлім – тәрбиелік психологияның ұлттық астары екеніне шүбә келтіруге болмайды.
[39;20–26].
Шоқан Уәліханов
Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Шоқан Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым – білімнен мейлінше мол сусындаған, жан – жақты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш, нәзік психолог, тәлімгер – үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты.
Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны – халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді.
Шоқанның психалогиялық пікірлерінде материалистік сарын ерекше байқалады.Онда этностардың психалогиясы сыртқы ортаға, әсіресе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады дейтін сындарлы пікірлер баршылық. Бірақ Шоқан адам психалогиясының қалыптасуындағы тарихи – қоғамдық факторлардың шешуші рөлін жеткілікті ұғына алмай, ұлттық мінез – құлқы мен әдет – ғұрыптардың қалыптасуына географиялық орта мен табиғат ерекше әсер етеді деп соңғылардың рөлін асыра бағалап жіберген кездері болды.
Оның этнопсихологиялық пікірлерінің бұдан басқа да кейбір жаңсақ жақтары бар. Мәселен, ол халқымыздың басты – басты психалогиялық ерекшеліктерін (қонақжай-ылық, үлкенді сыйлау т.б.) дұрыс көрсете келіп, осы ұлттық мінезде кейбір өзгермейтін, тіпті тұқым қуалайтын негіздер де бар деген пікір айтты.
Шоқанның психалогиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғанысымен астарласып жатады. Ағартушы ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғанын айтады. Ол қазақ даласында кейінірек тараған шаман дінінің пайда болуының да белгілі себептері бар дейді. Білім – ғылымнан кенже, тәжірибесі аз адамның табиғатпен күрестегі енжарлығы, оған тәуелді болуы – діни елестер мен сенімдердің пайда болуының көзі. Оның ойынша, діни сенімдердің пайда болуының екінші бір көзі адамның жан дүниесінің, оның сана – сезімінің кейбір ерекшеліктерінен туындайды. Дүниедегі ерекше бір керемет – адамның өзі. Оның жаны, қабілеті, ойлайтын және бәрін білгісі келетін рухани өмірдің зерттелуі аса қиын нәрсе. Адамның табиғат күштерінен қорқуы – діни түсініктердің пайда болуының басты себептерінің бірі. Жас сәбиге ұқсаған алғашқы адам үшін табиғаттың апаттары қанша қаһарлы болса да ол одан жасырына жансауғалай алушы еді. Ендігі бір үлкен қырсық адамның өзінде болды. Өзі сезінетін, бірақ түсіне алмайтын сиқырлы күштен қорқу, үрейленуден теріс түсініктер туындады.
Шоқанның психалогиялық пікірлері оның кейбір тәлім – тәрбиелік педагогикалық көзқарастарымен тығыз ұштасып жатады. Ол өмір сүрген заман педагогикасында орыстың революцияшыл демократиялық идеясының өрлеп тұрған кезі еді. Осы озық идеямен нәрленген педагогика тәрбиешілерден жас буындарды қоғамдағы зұлымдық атаулымен күресе алатын, адамгершілігі мол жеке мақсатын халық мүддесіне бағындыра білетін, озат прогрессивті көзқарасы бар адам етіп тәрбиеленуді талап етті. Орыс педагогикасының осынау жаңашыл идеалдары Шоқанның ағартушылық ісіне де әсер етпей қойған жоқ. Өйткені Шоқан осы өршіл педогогиканың негізін салуға ат салысқан Чернышевский мен Добролюбов ілімдерінен де тәлім алған еді. Ағартушы – ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізінде құрып, оқу – білімінің табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, сөйтіп туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Ол халқымыздың өркениеті үшін татар молдалары сабақ беретін медреселердің, сондай – ақ патша өкіметі ашқан ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын оқу орындарының қажетсіздігін, оның орнына Еуропа жұртында кең тараған дүниежүзілік жалпы білім беретін мектептердің ашылуы зор маңыз алады дей келіп, отарлау саясаты көздеген шараларды мықтап сынға алды . Ол “Қазақ даласындағы мұсылмандық туралы” атты еңбегінде осы мәселеге ерекше мән беріп, татар молдаларының схолостикалық оқу жүйесін сынай келіп, “тек ақиқат білім ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді” – деді.
Шоқан еңбектерінде жастар тәлім – тәрбиесіне қатысты бұдан басқа да түйінді ойлар да баршылық[40].
2 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ БАЛА ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА ОНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
2.1 Ұлттық психология тұлғысыдан танымдық процестерді талдау
«Әлеумет тұрмысы», «жазбалы мағлұмат», «халықтың ащы тәжірибесі», «әлеумет көзі», «символика созидательная», «дүние қарасының теңізі», «киіз туырлықты қазақ» және т.б. осы сынды ұғымдар тізбегін ұсынған Қ.Кемеңгерұлының зерттеулері қазақ халқының кешегі өткен жолын бүгінгі тіршілігіне, ертеңгі болашағына сабақтастыруға бағытталды, сол себепті автор «Тарихи тексеруден екі мақсатқа бірден жетеміз: 1) қандай шарттардың қазақты қазіргі күйге келтіргенін білеміз; 2) бұдан былай қазаққа қандай болудың қолайлығын білеміз» деп тұжырымдады. Халықтық пәлсапа, ұлттық сана тіркестерін жанына медеу еткен ғалым шаруашылықтың «заман талқысымен» өзгеретінін, ал «салт-сананың өз заңымен» жүретінін ескертті. Оған дәлел ретінде автор ежелден сақталып келе жатқан үдерістерге, «көшпеліліктің дүние қарасының теңізіне құрылған философиясына» назар аударды. «Қазақ өмірін, қазақ тұрмысын», оларды «таныстыратын әңгімелер» мен «пәндерді», «сүгіреттерді» жоғары бағалаған ғалым тілтанымдық деректердің маңызына ерекше тоқталды, оларды өз еліңнің болсын, жат елдің болсын «мәдениеті, әдебиетімен …танысу» амалы, «жер жүзіне тиісті нәрселерді» білу құралы деп таныды [41; 177-б.].
Ф. де Соссюрдің “тіл — қоғамдық құбылыс” деген көзқарасын қолдай отырып, тілші “тіл қоғам қатынастары жүйесінде ғана адам мен адам арасында ғана жарыққа шығады”,- деп атап көрсетті. Әр тілдік ұғымның кезеңдік даму ерекшеліктерін талдай келе, Қ.Жұбанов ой туралы, оның тіл білімінде зерттелуі жайлы бірнеше пікірлер келтірді. Атап өтсек, тілші еңбектерінде «осы күнгі «жан», «рух» мәселелерінің бүгінгідей психика, психология тұрғысында емес, мистика, спиритизм нысаны ретінде ғана сөз болғаны аталды [42; 77-б.]. “Формалистер “ой” десе-ақ зірк ете қалатын болды. Формалистер ”Сөйлем ойда болса болар, бірақ сөзде болмайды”- дейді. Мағынаны мүлде жауып қоятындарын осы ғалымдардың басқалары ультра-формалист деп атайды” деген тұжырымдардың тым біржақты сипат алғандығын дәлелдеу арқылы тілші «психологиялық қиялдау», «тану, ойлау, ат қою», «ойды сөзсіз ым арқылы жеткізу», «түрлі қасиеттерді біліп үйрену» секілді мәселелерге мән берді. Ғалым тілдік механизмдердің бір бөлшегі ретінде алынатын сөзді де, сөйлемді де ой жемісі ретінде, жеке ұғымдарды біріктіретін жиынтық есебінде түсіндірген дұрыс деп есептеді. “Сөздің құрылысы мағынаға сәйкес өзгереді. Бір мағынаның өзі әр жерде әр қырынан танылады. Сөйлем (суждение (мысль) осының сыртқы түрі (көрінісі). Әр сөз өз алдына жеке ұғым (представление)…” дей келе, осындағы «ұғым» сөзін автор заттың не болмаса құбылыстың «неше түрлі қасиеттерін біліп үйрену», сол арқылы «…үйренуіміздің жинағын ұғым (представление)» деп қабылдау қажеттігін дәйектеді. Айталық, ”Киіз үйдің түндігінен жарық түседі, терезе де жарық түсіреді. Сондықтан Алтай елінде терезені түндік дейді” [43; 95-б.] деген ұғым сипаттамасы халық қабылдауында орныққан баламалы танымның негізін құрайды. Мұндай “ұлттың немесе халықтың “ұжымдық санасындағы ассоциациялар” [44; 22-б.] арқылы тілші кез келген сөздің этноментальді ерекшелігін айқындады. Ұғымды қалыптастыратын белгілі бір орталар мен этникалық қауымдастықтар болатынын ескерсек, адам санасында туындайтын алуан түрлі сөздер мен сөз тіркестері де, бір жағынан, «үйрену арқылы» этнопсихологиялық танымнан нәр алса, екінші жағынан, әртүрлі жағдайларға тәуелденіп, белгілі бір эмоционалды-экспрессивті бояуларға немесе “көңіл райын” сипаттайтын ерекшеліктерге ие болады. Ғалым адам болмысының жаны, көңіл-күйі, олардың берілу амалдары туралы маңызды ой қорытындыларын “Көңіл одағайлары” деген бөлімінде түйіндеп берді.
Ой мен таным негіздері қатар жүретін өлшемдер болғандықтан, ғалымның интра- және экстралингвистикалық факторларды байланыстырған, шығыс елдерінің танымдық пәлсапасын саралаған тілдік деректеріне де ерекше мән беру қажет. Автордың “Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жәйлі” (тіл мен тарих деректері) деп аталатын мақаласы эстетикалық таным мен халықтық дәстүр ұғымдарын сабақтастыруға негізделген. Мұнда ғалым өзінің зерттеу, баяндау принциптерін келесі үлгіде түсіндірді: “Күйдің пайда болу тарихын зерттеу үшін, біздің ойымызша, мынадай материалдарды пайдалануымыз керек: Бірінші: біздің музыкамыз жайында түрлі мәдениетті елдердің жазып қалдырған тарихи деректері; екінші: халықтың музыкаға байланысты тарихи идеологиясы; үшінші: сол идеологияның бірі болған тіл материалдары. Тіл материалы дейтініміз – түрліше музыка терминдері, бұлар мен басқа сөздердің мағынасының арасындағы байланыстар; төртінші: ең маңыздысы – музыканың өз материалдары; бесінші: осы жоғарыда айтылған материалдарды топтағаннан кейін, қазақтың халық музыка шығармаларын басқа жұрттың шығармаларымен салыстырып, солармен арасындағы байланысын, бір-біріне жасаған ықпалын, бірі мен бірінің араласып айқасқанын тексеру” яғни әр халықтың мәдениеті, өнері сол этностың танымымен, тілімен, тарихымен тұтастықта дамитынына ғалым ерекше зер салды. Тек әуенге негізделетін күйдің де астарында ортаның пәлсапасы, мінез-құлқы көрініс табады деген ғалым ойларының желісі терең логикалық қорытындылармен дәйектеліп ұсынылды. “Халықтың музыкамен байланысты салт-санасын, идеологиясын зерттеген уақытта алдымен ескеріп өтетін нәрсеміз – сол музыканың өзінің шыққан ортасы” немесе “Әбдіқадыр әр елдің музыкасы сол елдің өзінің мінез-құлқына лайық болатынын айта келіп, жауынгер түрік музыкасы жауынгерлік рух беретін түрде болатынын айтады” [45; 276-б.] секілді тұжырымдар адамның өсіп-өнген ортада қалыптасатынын және оның ой мен сезім елегінен туған дүниелері сол әлемнің құндылықтарынан сусындайтынын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Музыка этникалық танымның құралы ғана емес, ол сол халықтың психологиясын, бар болмыс-бітімін әлемге таныстырушы символдық құрал болып табылары сөзсіз. Қ.Жұбанов күй негізін құрайтын сюжеттердің де наным-сенімнен, тылсым күштердің құдіретінен нәр ала пайда болатындығын ескертті: “Қазақтың өзінің түрлі күйлері, әндері жайындағы сөздерін алып қараған уақытта да музыкаға артықша ірі баға бергендігін, табиғаттан тыс күштерге ие қылып қойғанын көреміз… Табиғаттан сыртқы бір ірі күштер мен адамның астарласуына керек болған магиялық бір бөлшек екенін көреміз” [45; 280-б.]. Өнер атаулының магиялық құдіретін дәл жеткізу мақсатында ғалым күй мен көк сөздерінің өзара мағыналас табиғатын ұштастыра зерделеді, сол арқылы “аспан, көк” ұғымдарының асқақтығын, оған мифологиялық қабылдаудың тигізер әсерін, шығыс халықтарының философиялық ойлауын сұрыптауға тырысып, автор…“күй “деген сөздің арғы тегі “көкпен” байланысты болғанын біз баста айтып едік. Ендеше күйдің де көкпен, аспанмен байланысты болғанын көреміз. Көк пен су екеуі де бір кезде бір ұғым болған. Бірі – жоғары аспан, бірі – төменгі аспан болып саналған. Алғашқы адам ұғымында екеуі де космос. Бізде барлық табиғат адамнан сыртқы күш болып саналған. Музыканың алғашқы шығатын жері адамның сыртқы табиғатпен арпалысуы, сонымен байланысуы, астарласып, арпалысуы болса, мына сөздің өзінің аспан мағынасында болушылығы осы пікірді тағы да дәлелдеп өтеді” [45; 283-б.],-деп атап көрсетті. Қ.Жұбанов “түрліше музыка терминдерін” жалпы пәлсапалық танымның нысаны ретінде талдай отырып, тілдік бірліктердің мағыналық табиғатын космонимдік, тотемдік сенім элементтерінен өрбіте түсіндірді. Тіл сияқты музыка да халықтық ойлаудың, ұлттық-мәдени өркендеудің айрықша белгісі деп саналады. Екеуі де адамның ерекше жаратылысы мен қабілетін сабақтастыратын құралдар болып табылатындықтан, олардың танымдық бастауын қоршаған әлемдік бейне, орныққан символдық көрсеткіштер, аксиологиялық ұғымдар мен образдар құрайды. “…Музыка тіл сияқты әр ұлттың, әр халықтың тарихи мәдениет жөніндегі өзгешеліктеріне қарай өзгеше болады. Сондықтан әр ұлттың, әр халықтың өз музыкасы болады, өз музыкасы өзіне жақынырақ, ұғымдырақ болады” [45; 38-б.] деген пікірдің өзегін де адамның көру, есту, қабылдау, есте сақтау әрекеттері дәйектейді. Таным әлемнің тілдік бейнесін адам мен табиғат ұғымдарының байланысы арқылы уәждеуге көмектеседі, сол себепті “Бейнемен сөйлейтін” музыка тілінің этнотанымдық ерекшелігіне терең мән берген Қ.Жұбановтың аталмыш мақаласы, шын мәнінде, қазақ халқының бар болмыс-табиғатын, этнопсихологиялық әлемін, танымдық пәлсапасын тереңнен пайымдай түсінуге мүмкіндік беретін даралықтың тұғыры іспеттес.
Үшінші бөлімнің аты – “Мұра-хаттар”. Бас тақырыптан кейін кітап шығарушылар тарапынан шартты түрде ұсынылған тағы бір атау – “Түркі әдебиеттер тілінің танымы”. Пәлсапа ғылымдарының докторы А.Т.Тайжанов аталмыш зерттеуді: „Бұл рухани мұра — тек әдеби тіл танымы туралы еңбек емес, жалпы дүниетанымдық, этномәдениеттік бағыттағы туынды” [46; 72-б.],- деп жоғары бағалады. Ол „…халқымыздың әрісі мен берісін, диалектикалық тұрғыдан ұштастыра талдаған көрнекті ғалым – профессор Қ.Жұбанов тіл болмысын қоғам болмысымен, оның әдет-ғұрпымен, салт-санасымен қоса қарастыру арқылы қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдістерін жалғастырған ірі тұлғалар мен іргелі дәстүрлер туралы этно-мәдениеттік таным жолын ұстана отырып терең шығармалар берген” [46; 83-б.],- деп атап көрсетті. Қ.Жұбанов Қожа Ахмет Иассауи шығармаларының идеялық мазмұнына тоқталып, халық танымы, пәлсапасы, тарихы туралы маңызды тұжырымдар жасады. Тілші Қожа Ахмет Иассауидің тегіне, есімінің шығу төркініне зер салды, сөйтіп, тілдік амалдардың формалық және мазмұндық ерекшеліктерін байланыстырудың жаңа үлгісін танытты. Мысалы, автор “Иассауи” сөзінің мәнін түсіндіру кезінде “ясса” немесе “ясси”соңына жалғанған “и”жұрнағының қызметіне, яғни “парсы изафетінің”функционалдық меншіктеу ерекшелігіне көңіл бөлді, ал “қожа”сөзінің мағынасын халықтық қабылдау тұрғысынан пайымдады. “Міне, осы “Хожа Ахмет Яссауи” деген атаудағы “хожа” деген сөз осы нәсілдік текті (сүйекті) білдіру үшін қолданылатын айқындауыш. Ол кездерде “хожа”деген атақ қауымдар арасында беделді, мақтанышты лауазым болып келген сияқты…” [47; 291-б.] немесе “Тарих кітаптарының айтуына қарағанда Орта Азияға ислам дінінің тарала бастауы VII-VIII ғасырларда болса керек…Алғашқы кезде жергілікті халықтар дін үйретуші хожаларды жай адам деп те ойламайды. Оларды керемет иесі, құдаймен тілдес адамдар деп те есептейді. Күні кешеге дейін жаңа туған балалардың атын “хожа” атымен байланыстырып: “Хожамберді”, “Хожағұл”…тағысын-тағылар деп қоюларының мәнісі де осы еді” [47; 295-б.] деген ғалым топшылаулары соған дәлел. Тарихи деректерге сүйене жасалған бұл тұжырымдамалар негізінде тілші қазақ елінің көнеден келе жатқан діни-философиялық дүниетанымын баяндады, А.Йассауи трактаттарын да сол терең қабылдаудың үлгісі деп таныды. Тіл мен тарих, халық пен таным ұғымдарын тығыз сабақтастырған Қ.Жұбанов “Хожа Ахмет Яссауидың 95-толғауы туралы” деген бөлімшесін қазақ халқының өткенімен, салт-дәстүрімен яки ғалымның өз сөзімен айтсақ, “Қазақстан халқының бір бөлігінің тарихымен” байланыстырды. Ақын шығармасында баяндалған қара қытайлардың жаулап алу әрекеттері, Шыңғыс ханның шапқыншылығы сол кездегі халықтың тыныс-тіршілігін, жай-күйін сипаттаумен ұласқан. Ғалым ақын шығармаларының тілі мен стилін талдауда тың пікірлер айтумен қатар, қазіргі қазақ тіл білімінде өзектеліп жүрген психологиялық, әлеуметтік, танымдық идеялардың тілдік құралдармен сабақтаса байланысуын өзгеше дәлелдеп берді. Тілші сөз өнерінің кез келген туындысын, әсіресе, ескі шығармаларды “өз кезінде қоғамның өмір-тіршілігін көрсететін жақсы құрал” ретінде бағалай білудің қажеттігін ескертті.
„Когнитивтік лингвистикада тіл арқылы адамды, адам арқылы тілді тануға бағытталса, Қ.Жұбановта мұның бір жағы субстанцияның миға әсері, сыртқы дүниенің танымдық бейне жасауға ықпалы жағын беруі басым болған…Тілдің танымдық қасиетін, қиюын тауып, қиыстыра зерделеген Қ.Жұбанов еңбектерінен когнитивті лингвистиканың қай жағы да табылатынына көз жеткізу қиын емес” [48; 139-б.],- деп зерттеуші Ж.Кемерова атап көрсеткендей, Қ.Жұбанов қабылдауындағы тіл ғылымының танымдық негіздері „тірі тіл арқылы көрініс табатын адамзаттың тарихи қорымен” әрі оның дамуын дәйектейтін „факторлар мен жалпы тілдік заңдылықтардың” [48; 398-б., 400-б.] әсерімен тығыз байланыста қарастырылды, сол себепті ғалым тілдік өзгерістерді „экономика мен қоғамдық қатынастарда байқалатын өзгерістермен” [48; 402-б.] сабақтастыру қажет деп есептеді. Тілдік материалды тарихи тұрғыдан зерттеу оның „өткенін білумен” шектелмей, „қазіргі жағдайын түсіну үшін, сөйтіп, оған саналы түрде әсер ету” үшін керек болатындығын негізге алған Қ.Жұбанов лексикалық сөздер мен тіркестерді уақыт өте қалыптасатын белгілі бір „дүниетанымның” жемісі ретінде бағалау керектігіне өзгеше мән берді. „Өз ерекшелігіне орай кез келген тілде көнерген сөздер (архаизмдер) орын алады. Олар қазіргі заманның ойлау үлгісіне сәйкес келмей, адамдардың өткен дәуірдегі көзқарастарынан хабар беретіндей болады. Айталық, қазақ тілінде қолданылатын күн көру, кү елту – „өмір сүру” сынды тіркестер сөзбе сөз аударғанда „күнді көру, өзімен бірге күнді алып жүру, күнді қасында ұстау” (автор қаламынан туған орысша нұсқасында „…в казахском словоупотреблении выражения кун кору, кун елту – «прожить жизнь», подлинно означающие «видеть (кору) день (кун) или солнце», «нести с собой день-солнце», «иметь при себе солнце» делінген) мағыналарын білдірсе де, бүгінгі күні қазақтар оны тек „өмір сүру” деп қолданып, „күн”, „көру” „алып жүру”сияқты сөздермен байланыстырмайды…Дегенмен бұл тіркестер көне дәуірдің дүниетанымдық негізін құрай отырып, қоршаған әлем құбылыстарын қабылдаудың тек анимистік қана емес, космикалық әрі микрокосмикалық кезеңдері арқылы түсіндірілетін болған” [48; 402-б.],- деп тұжырымдаған ғалым сөз мағынасының „…уақыт пен кеңістікке тәуелді және, ең бастысы, адамзат қоғамының әр кезеңіне қатысты қалыптасқан дүниені қабылдап түсінуге (миропонимание) байланысты заттар мен құбылыстарға әр түрлі мән-мағыналар беру” [48; 408-б.] арқылы дамитындығын ескертті. Қ.Жұбанов тілдік дерек пен оның қабылдануын айғақтайтын тарихи-танымдық ұстанымдарды өзектей отырып, „лингвистикалық фактілер тілдік ғұмырдың (языковая жизнь) өзге салаларымен тығыз қатынаста зерттелу керек, бұл орайда тілдің қоғам дамуымен, оның экономикасымен, әлеуметтік құрылымымен және дүниетанымымен байланысын анықтаған дұрыс” [48; 406-б.] деген қорытынды жасады.
Адам танымының сатылы дамуын түсіндіруге талпынған С.Аманжолов қабылдау, тану нормаларының ойлау жүйесіндегі, тілдегі көрінісін лингвистикалық факторлармен сабақтастыра баяндады. Тілші затқа, кісіге яки жер-суға қойылатын аттардың себеп-салдарын анықтау кезінде немесе сөз мағынасы мен мазмұнын сипаттау барысында адамдардың бойындағы танымдық функциялардың іске қосылатынын дәл сұрыптады. ”…жаңа заттың аты семантиканың үш заңы бойынша аталады: функциясына қарай, ұқсастығына қарай, бүтіннің бөлшегі есебінде” [49; 53-б.] деген тұжырымнан кейін С.Аманжолов “Семасиологияның мәселелерін” сана арқылы қабылдау, ойлау жүйесі негізінде тану, алуан түрлі ассоциативті белгілерге сүйене отырып қолдану ұстанымдарына сәйкес талдап көрсетті. Қабылдау – бұл философияда да, физиологияда да әрі нейроғылымдарда да кеңінен қарастырылатын, психология мен когнитивтік ғылымның басты ұғымдарын құрайтын, барша информацияларды (хабарларды), әртүрлі обьектілерді, процестерді адамдардың сезім мүшелерінен өткізетін не шынайы белгілерін, сапаларын айқындайтын мүмкіндіктері, ал ассоциация дегеніміз – екі түрлі ұғымдарды немесе құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру екендігін ескерер болсақ, ғалым келтірген кісі аттарының жасалу үлгілері мен заңдылықтары сол когнитивтік модельдердің, концептуалды жүйелердің принциптеріне негізделгеніне көз жеткізу қиынға соқпайды. Тілші назарына іліккен әр мысал адамның қабылдау ерекшелігінен және ұлттық-мәдени, физио-әлеуметтік тәжірибесінен бастау ала түсіндірілген, ал адам санасында туындаған әр ой қалыпты жағдайдан асып, образды пайымдауға сүйене берілген. “Жоғарыда келтірген жер мен су аттарын алсақ та, кісі аттарын алсақ та олардың жасалуында белгілі заңдылық барын байқаймыз. Мұндағы кісі атының өзі тоғыз жол яки тоғыз мақсатқа тірелетін көрінеді. Тоғыз жол дегендеріміздің бірі – адамзаттың жақсы өмір сүргісі келуіне байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін ата-ана өз баласына ең жақсы, ең белгілі, атақты адамның атын қояды. Солай етсе, оның баласы да атақты болатындай көрінеді. Мысалы, ислам дінін қабылдаған жұрт үшін қадірлі, атақты адам сол діннің бастықтары, я сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Сондықтан мұсылман діндегілердің аты бірде таза Мұхамед, Ғали, Омар, Оспан, Ахмет, Садық…болып келеді, бірде солардың басқа сөзбен қосындысы болып келеді (Мұхамедсадық, Сапарғали, Қожахмет, т.б.)» деген талдаулардың астарында да сол этникалық әлемнің дерекнамалық негізі мен ұлттық құндылықтары көрініс тапқан. Халықтық танымның ең үздік көрсеткішін, шын мәнінде, адамдардың есімдері, олардың қойылу тарихы құрайды. Сәбиге атты сол әулеттегі үлкен не болмаса аса беделді адамдарға қойдырудың себебі де этникалық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың айғағы екенін дәл байқаған ғалым қазақ есімдерінің түптөркінін, уәжділігін жан-жақты зерттеп, семалық талдауларына арқау еткен. «Тоғыз жолдың үшіншісі – баланың мінез-құлқы жақсы болуын тілеуден туатын аттар. Мысалы, жібектей болсын десе, қыздың атын Жібек қояды. Жомарт болсын десе, баласына “Жомарт”я “Мырза” деген атты қояды…”[49; 75-76-бб.],- деп келген ономастикалық бірліктерді С.Аманжолов әрі танымның, әрі психологиялық қабылдаудың нысаны деп қарастырды. Тілек-арманнан бастау алған әрбір ат сол халықтың тарихын, этностық даму ерекшелігін сипаттаумен қатар, жеке адамдардың субьективті-индивидуалды сезімдерін, құндылықтарды бағалау ерекшеліктерін, қабылдау-тану өрістерін және өмірлік тәжірибелерін сұрыптауға мүмкіндік беретіндіктен,. «Әлемнің бейнесі – бұл ойлау әрекетінің нәтижесі және шарты. Тіл бойына табиғи, климаттық, мәдени және өзге де адам өмірінің шарттарын білдірер өзгешеліктерді сіңіру арқылы дамитындықтан, ат қою жүйесінің өзі әлемнің шексіз болмысын бейнелеуден туындайды…» [50; 89-б.] деген Э.Д.Сүлейменованың тұжырымына сүйенер болсақ, адамзат тіршілігінің ажырамас бөлігін құрайтын ат қою процесінің негізінде де танымдық әрекеттің басты ұстанымдары жүзеге асатыны дау тудырмайды. Тілдік қатынастағы мұндай ішкі ассоциациялар мен интерпретациялар табиғатын зерделеген ғалым Э.Каминская “…тіл иесінің ассоциативті-вербалды жүйесіндегі сөзді ұқсата қолдану әрекеті адамның ішкі лексиконындағы атүсті немесе терең айқындалатын арнайы мәтінге, оның жеке субъективті сезіну ерекшелігіне әрі өзінің жеке және әлеуметтік тәжірибесіне сүйенген дайындығына, микросоциумның ықпалымен қалыптасатын мәдени нормаларына және тұлғаның эмоционалды-бағалағыштық қалыптары арқылы қабылданатын хабарлар базасына байланысты болады»,- деп тұжырымдады, яғни адамның ішкі әлемі оның ойлау, сезіну, бақылау, қабылдау, тану және т.б. әрекеттеріне қатысты айқындала отырып, дуалистік дамудың көрсеткішін құрайды: бір жағынан, ол жеке субьективті психологиялық, антропоцентристік ерекшеліктен тұрса, екінші жағынан, әлеуметтік-қоғамдық факторлардың сабақтасқан бірлігімен түсіндірілетін белгілер жиынтығы деп танылады. «…сөз, сөйлем ойдың көрінісі, суреті болғандықтан, сөздер, сөйлемдер адамның ой-санасының тарихын, ізін, жолын көрсететін деректер» [51; 301-б.] деген тұжырым негізінде ғалым тілдің сатылы дамуын танымның сатылы қалыптасуымен сабақтастыра отырып, тың лингвистикалық бағытты өзектеумен қатар, адамның ой-санасының космикалық кезеңнен қазірге жеткен өзгешелігін сұрыптауға, оның білім мен тәжірибелік жолын зерделеуге әрі «сана көріністерін» айқындауға мүмкіндік берді. Қазақ тілтанымының іргетасын қалауға ат салысқан С.Аманжолов зерттеулері, шын мәнінде, терең пәлсапалық түйіндерден, тарихи фактілерге, адамзат қоғамының негізгі заңдылықтарына негізделген деректерден, өзгеше пайым-түсініктерден жинақталған тұжырымдар қатарын құрары сөзсіз. «Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет еткен тілді» [51; 92-б.] маңызды тілдік талдауларының өзегіне айналдырған ғалым оның этникалық, мәдени, әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктерін диалектикалық таным ұстанымдарымен сұрыптады, сондықтан ол «адам баласының ұзақ өміріндегі….жасаған тәжірибелерін», «ойлауының ұзақ уақыт абстракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан білімін» [51; 92-б.] ескеру қажеттігіне өзгеше зейін қойды. С.Аманжолов тілді «ойдан құралып, мидың талқысынан шыққан абстракт зат» [51; 64-б.],- деп сипаттай келе, тіл мен таным ұғымдарының ажырамас одағын айқындады, сол арқылы аса құнды тілтанымдық қорытындылар жасады.
Адамзат тарихы түралы әлеуметттік экономикалық саяси дәуірлерді бастан
өткергені мәлім.Оның табиғаты қарама-қайшылығы мол әрі күрделі құбылыстардан құралған.
Қазіргі уақытта өзіміз қолданып жүрген ғылыми пайымдарға қарағанда әлемде 2300-ден астам ұлттар мен ұлыстар,этнографиялық топтар,сонымен бірге төрт мыңнан аса ұлттық тілдер,түрлі диалекттер өмір сүруде.Осының ьарлығы тарих пен табиғат тауқыметінің нәтіжесі.Әрбір тарихи кезең өз өрнегімен сипатталып,халық тағдырына тиісті ықпал етеді.Сондықтан әрбір ұлттың өмірінде,мәдениеті мен рухани-психологиялық келбетінде өткен жолдың іздері анық байқалып,ұлттық қәдір-қасиет, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отырғаны мәлім.
Ұлттық психология оның құрамдас бөліктері, ұлттық дағды, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тарихи жағынан алғанда саяхатшылар, саяси күдікті ретінде елде болғандар және т.б. жазбаларында кездеседі. Дегенмен, қазақ халқының ұлттық психологиясы мен менталитетінің табиғаты жайлы кейінгі кезде ғана Н.Жанділдин, М.Сужиков, Қанағат Жүкеш, Н.В.Романова, Р.Сәбитов және т.б.еңбектерінен тиісті пікірлер тарады[52].
Ұлттық психология ерекшеліктерін түсіндірудің методологиялық негіздерінің бірі-оның табиғатын, жалпы адамзаттық,таптық-әлеуметтік және ұлттық арақатынасын ажырата білуде.Халықтардың психологиясы ұлттың рухани бейнесінің маңызды жағының бірі.Ұлттардың рухани бейнесінің екі жағы бар:идеологиялық және психологиялық.Оның идеологиялық жағына әдебиет,өнер,ғылым,философия,дін,т.б.жатқызамыз.Әрине,рухани бейненің бұл жақтары өзара шартты байланыста болады.Ұлттардың психологиялық ерекшеліктері адам санасында халықтардың табиғи-материалдық жағдайының нақты көріністерімен қалыптасады.Ол өзінің тұп тамырымен халықтар тарихының терең түкпірінен орын алып,оның пайда болған мезгілінен бастап дамуда.
Ұлттық психология мен ұлттық менталитет адамдардың біріккен өмірі мен күресінде,әлеуметтік,табиғи-географиялық,материалдық,мәдени жағдайының шарттарына лайық қалыптасады.Соның әсерінен ұлттың бойында мінез-құлықтың,сезімнің,талғам ерекшеліктерінің бірдей элементтері,дәстүрлер мен әдет-ғұрыптары пайда болды.
Ұлттық психологияның қалыптасуына мына факторлар әсер етеді.Белгілі бір әлеуметтік жағдайлар мен өзара қатынастар,еңбектің сипаты егіншілік,мал өсіру,балық аулау,т.б.белгілі бір халықтың ұзақ мекендеген географиялық ортасы;халықтың тарихи жолы,былайша айтқанда,халық «тағдыры»маңызды тарихи оқиғалар,мәселен,азаттық күреспен байланысты ортақ қуаныш,ортақ қайғы,күйзеліс т.б.;адамдар арасындағы әрине түрлі ұлттардың әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастары мен,өзара әрекеті[53].
Осы көрсетілген факторлар халықтардың омірінде түрлі реңкті психологиялық өзгешеліктердің пайда болуына ықпал жасайды.Соған сәйкес зерттеушілерден қатаң,адал ниетпен талап қоя білуді әрі материалдарды сұрыптап талдауды қажет етіп,мәселеге ғылыми тұрғыдан қарауды,сөйтіп оның,осы даму жағынан қарағанда,қазір қандай күйге айналғанын байқауды қажет етеді.
Сонымен ұлттық психологияның ерекшеліктері тарихи негізі бар әлеуметтік процес болып шықты.Оның қалыптасуы әрбір халықтың ұзақ өмірмен біте сіңіскен жан-жақты факторлардың нәтіжесінде туады.Сайып келгенде өнегелі қасиеттермен бірге қарама-қайшы психологиялық дғдылар да болады.Бұл айырмашылықтардың топтық негізі міндетті құбылыс.Әрбір халықтың өмір сүрген географиялық ортасы,айналысқан шаруашылық дәстүрі мен бейісделген дағдысы бір-бірінен оқшау тұрады.Онымен қоса түрлі халықтардың араластық-құраластық жағдайларын да ескеруіміз міндетті нәрсе.
Ұлттардың психологиясын туа біткен өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды.Қоғамдық дамуға,әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланыстыдамып,белгілі қасиеттерде жаңаланып отырады.Ұлттық мінез- құлықты кейбір жағдайда зерттеушілер оны адамдардың темпераментімен шатастырыды.И.И.Павловтың іліміне сәйкес темпераменттің /сангвиндік,флегматтық,холериктік және меланхоликтік/ типтері адамдардың жоғары нерв жүйесінің жұмысына байланысты болатыны белгілі.Ал,ұлттық мінез-құлық тарихи жағдайларын,объективті процестердің себептерімен әрі тәрбиенің ықпалымен қалыптасады.Жеке адамның мінез-құлқының ұлттық өзгешелігі темпераментке қарағанда жылжымалы.Өмірдің жағдайының өзгеруі жеке адамның мінезінде қалыптасқан ұлттық келбетті сапалы өзгертіп жіберуге қабілетті.Ал олардың ересек адам темпераментін түбірінен өзгерте қоюы беймәлім,егер ол нерв жүйесі тұрпатының озгеруіне байланысты болса.Көптеген зерттеушілер кейбір халықтардың өзіне тән темпераменттерін атап көрсеткен болатын.[54;86-90бет]
2.2.Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін
оқушы тұлғасын дамытуда пайдалану
- Ұлттық – психологиялық ерекшеліктер – (ұлттың) нақты бір этнос өкілдерінің психикалық процестерімен күйлерінің, өзара қарым – қатынас, өзара әрекеттестік және қатынас ерекшеліктерін сипаттайтын ұлт психологиясының компоненттері. Ұлттық – психологиялық ерекшеліктер арқылы нақты бір этностың психологиясы байқалады. Ұлттық – психологиялық ерекшеліктер құрылымы өзіне келесі компоненттерді енгізеді:
- Мотивациялық — фондық ерекшеліктер – қандайда бір этеос өкілдерінің іс — әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері мен мотивация ерекшелігін анықтайтын сипаттама ретінде ұғынылады. Олар: жұмыс қабілеттілік, байқағыштық, күш салу, бастамшылық, табандылық сияқты мінез сипаттарынан байқалады;
- Жалпы адамзаттық сипаттамалар болып табылады, бірақ әрбір халықта қарқындылық пен мәнерліліктің түрлі деңгейіне ие болады;
- Іс — әрекеттер мотивациясы мен жалпы іс — әрекетті қамтамасыз ететін ұлттық сезімдер мен көңіл күйге негізделуі мүмкін;
- Қандайда бір этникалық қауымдастықта басым болатын және қғамдық саныда қалыптасқан ұлттық қундылықтар мен мүдделер негізінде қалыптасуы мүмкін.
- Интеллектуалдық – танымдық ерекшеліктері қандайда бір нақты этносқа қатысып индавидтің қабылдауы мен ойлау ерекшеліктерін білдіретін және басқа халық өкілдерін осынан ұқсас танымдық және интелектуалдық – сапаларының ерекше үйлесуі арқылы көрініс табуын қамтамасыз ететін белгілі бір сипаттамалар ретінде ұғынылады. Интелектуалдық – танымдық ерекшеліктер өзіне келесі компоненттерді енгізеді:
- логиканың үйіриктік деңгейін;
- абстракциялау кеңдігі мен тереңдігі;
- ойлау операцияларының жылдамдығы;
- ойлау қырметін ұйымдастыру ерекшелігі;
- қабылдау күші, тереңдігі, толықтығы және тапқыштығы;
- қиялдық жарқындығы;
- Имоционалдық еріктік ерекшеліктер нақты бір халықта іс — әрекет нәтижелігіне әсер имоционалдық және еріктік сапалардың көрінісі мен қызмет ету ерекшелігін бейнелейтін динамикалық сипаттамалар ретінде ұғынылады. Әр түрлі халық өкілдеріндегі имоционалдық – еріктік көріністердің айырмашылықтары келесі ерекшеліктерге ие.
- осы этностық дамуының тарихи жағдайлары мен және көптеген жүз жылдықтар бойы эмоционалдық, еріктік, мінез – құлық түрлерін қалыптастыру мен және осы түрлерді кейінгі ұрпақтардың игеруімен түсіндіріледі;
- Әрбір ұлтта сезімдер мен еріктердің көрініс табуы және ағымы динамикасының өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді;
- Коммуникативтік – құлықтық ерекшеліктер түрлі этностардың, этникалық топтардың және қауымдастықтардың өз ішінде және өз тобынан тыс өзара әрекеттестігі мен өзара қарым – қатынасының ерекшелігін бейнелейтін сипаттамалар ретінде ұғынылады. Ерекшеліктері:
- Көзқарастары мен мінез – құлықтың сыртқы нысандарынан байқалады;
- Коммуникация амалдарынан;
- Вербалды емес мінез – құлықтан;
Қазіргі психологтар мен педагогтардың жинақтаған тәжрибелері негізінде оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың зейіні, қабылдауы,қызығушылық қабілеттері дамиды. Сонымен бірге олардың оқу қызметі,ой еңбегі де дамиды.Оқыту үрдісінде оқушылар тек білім алып қоймайды,олардың дағдысы, іскерлігі қалыптасады, дүниетанымы кеңейеді. Оқыту барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері, қабілеті ескеріледі, бұл балалардың дамуына әсер етеді. Әр жастағы оқушының даму ерекшеліктеріне сай келетін оқу мен тәрбиенің тиімді жолдарын таба білу, оқу материалдарын дамудың құралы ету мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін баланың таным үдерісін, қабілеттерін дұрыс бағалауда, оқу-тәрбие үрдісінде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуіне көмек көрсетуде, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда оқушының белсенділігін қолдап отыру керек[55;26-29].
6-7 сынып оқушыларының өзіндік ерекщеліктері өте көп. Биологиялық, физиологиялық дамуы баланың психологиялық дамуына өз әсерлерін тигізбей қоймайды. Оқу материалын ұғыну қабылдаудан басталады. Қабылдаудың өзі бар бейнелермен беріліп тұрған объектілерді салыстыру, оылана отырып мағлуматтарды өз бетімен жұмыс жасауда бейнелеу болып табылады. Осы жастағы балалардың зейіні бастауыш сыныптағыдай қызықты нәрселерге көңіл аударумен ғана шектелмейді.Бұл жаста баланың ой өрісі біршама қалыптасады, қызықты емес затқа көңіл аудара алады.Олар мазмұнды мағынасына қарай есінде сақтауды ұнатады.Сонымен қатар,алған білімді өз бетімен жұмыс жасауда қажетті деңгейде қолдана алады.
Қазақ тіліндегі сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының теориялық негізін жасаған ғалым Н.Ж.Құрманова оқушының оқу үдерісінде ақыл – ойының жетіліуін теориялық деңгейде білім алумен байланыстырады. Осы жөнінде: “Оқушылардың теориялық деңгейде білім алуы, теориялық ойлауы дамуы дегеніміз – тілтану үдерісінде анализ (талдау) мен синтезді (жинақтау), дедукция мен индукцияны, лингвистикалық экспериментті, модельдеуді, логикалық операциялардың қолданылу жолдарын еркін меңгеруі, соған мүмкіндік беретін дағдылардың қалыптастырылуы” – деп пайымдайды[56].
Адам сөйлеген кезінде тіл арқылы белгілі бір ұғымдарды білдіреді. Осы ақпараттарды сезіну, қабылдау, түйсіну, ойлау, жеткізу тәрізді психологиялық құбылыстар арқылы іске асады. Бұның бәрі адам жадында қалыптасып, сөйлеу арқылы сыртқа шығарылады. Тілді меңгеру оқушының психологиялық сөйлеу, қабылдау, есту, зейін тағы да басқа қабілеттері арқылы жүзеге асады. Сондықтан да, тіл психологияның зерттеу объектісі болып таюылады. Психология ғылымында тілді – тіл және сөйлеуді біріккен тұлға ретінде қабылдайды. Тіл қарым – қатынас құралы болғандықтан, тілдік қатысым әрекетінде өзінің бүкіл қызметін айқындап көрсете алады. Психологиялық зерттеу тұрғысынан тіл – сөйлеу процесінде пайда болған ұғымдарды қабылдауы, есте сақтауы, оны ойлаудан өткізу, түйсіну тәрізді психологиялық қасиеттер негізінде зерттеледі. Оқушы өзінің ойлаған ойын, қуанышын, мұң – мұқтажын, сезімін, пікірін тілді қатынас құралы ретінде пайдаланған кезде ғана сыртқа шығара алады. Бала психикасының дамыуына оның тілді меңгеруі, оны сөйлеуде қолдана алуы маңызды қызмет атқарады. Оқушы сөз арқылы өзін қоршаған ортамен қатысым әрекетіне түседі, осының негізінде өзінің қоғамның бір бөлшегі екендігін танып біледі. Оқушының тілді меңгеруі, сөздік қорының кеңеюі, оның сөйлеу дағдылары мен икемділіктерінің пайда болуы сияқты жағдайлар психолог – педогог, тілші ғаламдардың ғасырлар бойы назарында болып келеді. Оқушының сөздік қорының мол болуы, тілді меңгеру деңгейі, оның даму психикасына тікелей әсер етеді және онымен бірлікте, байланыста болады. Баланың сөздік қоры үнемі дамып отырады. Бұған оқушының қоршаған ортасының кеңеюі, оның психикалық қабілеттерінің жетілуі, жас ерекшеліктері әсер етеді[57].
Психология мен әдістеменің өзара қарым – қатынасы – бұл педогогикалық ғылымның өзара байланыста қатарласа жүретін салалары арасындағы қарым – қатынас. Психология зерттеу әдістерінің негізінде оқушылардың мінез – құлық қызметінің білімге деген психологиялық ерекшеліктерін зерттейді және анықтайды, оқытудағы әр әдіс пен тәсілге психологиялық тұрғыдан талдау жасап дәлелдейді. Қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік сұрақтарды практикада шешуге және дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мектепте оқыту үдерісі екі жақты, оқыту үдерісіне мұғалім мен оқушы қатысады. Оқушының қызметіне қатысты оның дамуы, ой қызметі, жаңа білімді игеру қабілеті, практикада алған білім мен білік дағдыларының сақталуы, осының бәрі қазақ тілін оқыту әдістемесінде олардың жалпы және педагогикалық психологиясын жетік меңгермей, ескермей жоғары деңгейде шешілмейді. Психология мұғалімге өзінің әр оқушысының психологиялық дамуын, материалды есте сақтау, қабылдау, дайындық деңгейін білуге мүмкіндік береді, оқушыны жүйелі зерттеуге көмегін тигізетін әдістермен қаруландырады. Бұндай зерттеусіз, бағдарсыз оқушының әр кезеңдегі психологиялық қатынысын білмей, қазақ тілі әдістемесіндегі ұсынылатын әдіс – тәсілді нәтижелі қолдану мүмкін емес. Осы әдіс – тәсілдер оқушының психологиясына, олардың жеке ерекшеліктері мен ойлау қабілеттерін, жалпы дамуын ескере отырып қолданғанда ғана оң нәтиже береді. Психология психофизиологиялық негізде түсінік береді, мысалы, сөйлеу дағдылары, оқу және жазу шапшаңдығы, жазу дағдылары (көру, есту, қол қозғалыстары, сөйлеу факторлары, ішкі ой, қайталау т.б.).
Психология оқушының білім алуда қабылдауына қатысты ойлау операциялары мен механизмдерінің, дерексіз ұғымдарды таңдау мен жинақтап қорыту қабілеттерінің, қабылдау процестерінің көтерілуін анықтайды. Психология грамматикалық ұғымдарды, орфографиялық ережелерді өз бетімен талдай алуға, оны кезеңдерге бөліп, негізгі бөлімін ажырата білуге, оның бірізділігін, өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді.
Мұғалім белгілі бір әдіс – тәсілді, жаттығу түрін қолдану нәтижесінде оқушының осы әдіс кезінде қандай қабілеттерінің дамитынын немесе оқу барысында қандай дағдыға үйрету керектігін, алдында мақсат қоюда неге сүйенуі қажеттігін және оларды психологиялық ерекшеліктеріне негіздеу керек екенін танып біледі. Мұғалім белгілі бір жағдайға байланысты жұмыс түрінде немесе жаттығу таңдауда осыларды басшылыққа алуы қажет. Мысалы, мәнерлеп оқу кезінде сөйлеу және есту қабілеттері дамиды. Психологтардың зерттеулеріне сәйкес орта буындағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне бастауыш сыныппен салыстырғанда осы сыныптарға бөлінген материалды кеңейте оқыту көзделеді. Бұл оқу бағдарламаларында және осы буын оқушыларына арналған оқулықтарда ескерілген.
Мектеп – оқушылардың зейінінен оқу – тәрбие үдерісінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытады, мұғалім – балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде қалыптасады. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды. Зейінсіз өткен жұмыс түрі өзінің мақсатына жете де алмайды. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский былай деген: “Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтн тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы ерексіз зейінді тудырып отырумен қатар, белсенді зейін балада шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек”.
Оқу – тәрбие процесінде балалардың өздерінің басынан өткізетін тәжірибесі арқылы еріксіз зейін ерікті зейінге айналады. Ерікті зейіннің пайда болуы балалардың саналылығымен байланысты. Тәрбие, оқыту жұмысында балаларды түрлі ойынға қатыстырып, олардың арасында саналы тәртіп құрып, оларды байқампаздыққа үйретіп, зейінін барлық оқу – тәрбие жұмысы арқылы дамытып отыру қажет. Олардың зейін дәлділігінің өсіп отыруы түрлі шаралар ұйымдастыру арқылы іске асады.Оқушылардың зейіні көп жағдайда қызығумен байланысты болғандықтан, оқу үдерісін қызықты, көрнекті етіп жүргізгенде оң нәтиже береді.
Оқытудың дамытушылық қызметі оқу үдерісінде оқушының жеке дамуымен анықталады. Даму барлық бағытта жүреді. Жеке тұлғаның тілі, ойлауы, қимыл әрекеттерінің дамуы, сана – сезім, ерік және тиісті мотивацияның дамуы болып табылады. Дамыту қызметі психология мен оқыту және дамытудың өзара қатынасы мәселелерін құрайды. Л.С.Выготский негізін салған психологияның негізгі заңдарының бірі: оқыту өзінен кейін дамытуды ілестіреді деген тұжырымы. Барлық оқыту білім мазмұны мен қызмет нәтижесінде дамиды, ал жеке тұлға психология заңдылықтарына сәйкес іс — әрекет барысында дамиды. Оқытудың тәрбиелік қызметі негізінде жеке тұлғаның оқыту үдерісінде адамгершілік және эстетикалық талғамдарды, қоршаған ортаға, өмірге көзқарасы, айналадағы мінез – құлық нормаларына баға бере білу қабілеті, жеке тұлғаның өз қажеттілігіне сәйкес іс — әрекет қабілеттерін қалыптастырады.
В.В.Давыдовтың айтуынша, психикалық даму дегеніміз – жеке адамның тарихи түрде қалыптасқан қызмет типтерін игеруі барысында жүзеге асырылатын қабілеттерді қайта жасақтауы. Оқу және тәрбие үдерісі арқылы оқушының қызмет типтері мен соған сәйкес қабілеттерді меңгеруі – оның психикалық дамуының жалпы түрі болып табылады. Осының негізінде дамыта оқыту технологиясының әдіснамалық, теориялық және практикалық негіздері танылады. Оқушыларды жеке тұлға етіп тәрбиелеуде басты мақсат – олардың ойлау шеберлігін дамыту, жетілдіру болмақ. Жеке тұлғаның қалыптасуында осы мақсаттар басты орында тұрады. Білім – ойлауды дамытудың негізі болып табылады, ал білімді мақсатты түрде меңгеру, қызығушылықпен білім алу – ойлау процесін жетілдіреді, оқушының бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына негіз болады. Сабақтың мақсатанда арнайы оқушының ойлауын дамыту деп көрсетілмесе де, мұғалім сабақ барысында анализ, синтез, индукция, дедукция, салыстыру мен топтастыру әдістерін қолдану арқылы жаңа білім мазмұны меңгертілсе, осы әдістер негізінде оқушының ойлау дәрежесі жаңа сатыға көтерілгендігі байқалады.
Оқу мен тәрбие – қоғамның балаға тигізетін ең күшті әсерлерінің бірі. Оқу – тәрбие жұмысында оқушыларды адам баласы тарихында жиналған мәдени мұрасымен таныстырып, оларға жүйелі білім беру, адамгершілік рухында тәрбиелеу арқылы олардың психикасын дамыту. Тәрбие баланың өміріне және әрекетіне қолайлы жағдайлар туғызып, баланың бойына біткен мүмкіншіліктерді ақиқатқа айналдыру жолында әрекет етеді, баланың әрекеттерін ұйымдастырып, басқарып, оларға дұрыс бағыт беріп, жетекші қызметін атқарады. Тәрбие үрдесінде балалардың бойында бар қабілеттіктер ғана дамып отырмай, сонымен бірге бойына біткен, бірақ жарыққа әлі шықпаған, келешекте қабілеттікке айналатын мүмкіншіліктер, жаңа қабілеттер пайда болып отырады. Оүқу – тәрбие жұмысының нәтижесінде балалардың психикалық әрекеттері жедел дами бастайды. Бала психикасында бұрын болмаған, енді ғана пайда болып келе жатқан жаңа сапалардың мейлінше өріс алуына жол ашылады. Біртіндеп дерексіз ойлау пайда болады, оқу баланы ақыл – ой еңбегіне үйретеді.
Қазір мектеп қабырғасында оқып жүрген, келешекте еліміздің түрлі салалы өміріне белсене араласатын, алдымызда білім алушы жас ұрпақтың потенциалдық интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту біздің қолымызда. Қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, теориялық ойлай білудің жоғары деңгейлеріне жеткізудің нәтижелі де тиімді жолдарын іздестіру барлық уақытта да өзекті мәселе болғанымен, қазіргі таңда осы мәселелерге аса жоғары талаптар қойылып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанды бүкіл әлем танып отырған кезеңде қазақ мектебін бітірген баланың теориялық ойлай білу деңгейі жоғары, жан – жақты, рухани дүниесі бай, бәсекеге еркін түсе алатын, білім негіздерімен қаруланған азамат болып қалыптасуы осы салада жұмыс жасауы мамандардаң, яғни мұғалімдердің еншісінде.(58;8-11бет )
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі,тарихы мен мәдениеті бар.Ол мәдениет сөйлеу тілінен,ойлау жүесінен айқын көрініс табады.Сондай-ақ,ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сұру тәсілінен,діни-наным сенімінен,әдет-ғұрпынан,салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Осы тұрғыдан қарағанда,ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дарқан көңіл, ақжарқындық пен адалдық,досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті,философиялық ойлау жүесінің негізгі демекпіз.
Ол жөнінде орыс офицері А.Лешвин өзінің ,,қырғыз-қайсақ ордалары мен далалардың сипаттамасы,,атты кітабында:,,Деспотизмді көп көрмеген қырғыздар басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да ақкөңіл,сенгіш қайырымдылық,адамды аяу,қарттарға,ақсақалдарға құрмет көрсету-оның ең жақсы қасиеті.Қырғыз үшін меймандостық –қастерлері заң.Олар бар дәмді асын қонақтарға тосуды заң деп санайды, -деп, қазақтардың кішіпейімділігін, меймандостығын,қайырымдылығын,сенгіштігін сүйсіне паш етеді.
Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында(ұлттық психологиясында)ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері(этнопедагогика)мен салт-дәстүр ерекшелігінде(этнографиясында)деп білеміз.
Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелігін сөз етсек,ол-тұспалдап,мақалдап,мақамдап,тоқпақтап сөйлеу,жыр,терме,толғау,айтыс өнеріарқылы көзге көріну.
Түспалдап сөйлеу өнері,негізінен,билердің шешендік сөз өнерінен өзекті орын алған.Сондықтан қазақ билерінің шешендік сөз өнері Цицерон,Демосфен сияқты Еуропа шешендерінің сөз қолданыс түрлерінен мүлде өзгеше,өзіндік ұлттық мәнері бар сөз қолданыстары.
Халық педагогикасының негізгі мақсаты-өзінің бай тарихы тәжрибесіне сүйене отырып,келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке,өнерге баулу,жанұя,ауыл –аймақ,Отанның ар-намысын қорғай білетін,жаныжайсаң,арлы азамат тәрбиелеу болады.Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары,көне көз қариялар мен ақын,жыршы,жырау,әнші,күйші,термеші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізуші болып келгені көпке аян.Әсіресе, ақын,жырау,термешілердің өлең,жыр,дастан,терме,толғауларының мазмұнына ой жүгіртсек,онда дидактикалық ақыл-нақыл,өсиет-өнегенің тұнып тұғанын байқаймыз.Олар сол арқылы ненің жақсы ненің жаман екенін сездіріп,келер ұрпақты неден аулақ,неге ынтық болуға баулып өсіруді мақсар етеді.Ал ақыл-ойға,терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау ерекшелігін,мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болады.Сөз болып отырған кезеңдегі ақын-жыраулардың дүние танымы мен ф илософиялық бағыттары жайлы әрі ғалым,әрі ақын Ә.Тәжібаев:,,Асанқайғы,Қазтуған,Шалкеиз,Бұқарлар айтқан толғаулардың бізге жеткен бөліктеріне қарап отырсақ,тыңдаушысын теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз.Кейде жақыннан,кейде ишаратпен алысқа меңзеулер,әлде қайда біз біле бермейтін арнаулы сөздерден жаралады да,өмір,тарих,қоғам,адам,тағдыр жайлы ғажайып топшылаулар,толғау-түйіндер айтады,-дейді,,.
Қазақтың ұлттық философиясының тағы бір гнеосологиялық танымдық ерекшелігі-ата мекен,ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.
Қазақ философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі-ана тіліне,сөз өнеріне ерекше ден қойып,жоғары баға беруінде.,,Өнер алды қызыл тіл,, ддеп ұққан ата бабамыз,,от тілді орақ ауызды,, ділмәр шешендердің осиет сөздерін,табан аузында тақпақтап айтқан мақал-мәтел афоризм сөздері мен ақындардың терме, толғауларын жазу сызусыз жаттап,жалдында сақтап,қаз қалпында біздің дәурімізге жеткізген.Кешегі жонғар қалмақтары мен кескілескен ұрыс кезінде Қонтажыда кеткен ел кегін алмас қылыштың ұшы мен емес,сөз құдіретінің күшімен қайтарған Қаз дауысты Қазыбек би дің ақылды,тапқырлығы мадақтаған,,Жарақты жауды жайратқан сөз,, , ,,Тіл қылыштан өткір,,деген мәтелдердің шығуы да тегін емес.
Ақылдың көзі логикалық дұрыс ойда жатыр.Логикалық жүйемен ойлай білу-дұрыс жүйелеп сөйлей білуге жетектейтін жол,сөйлеу мәдениетінің алғашқы баспалдағы.[59]
Сөзшең өнерлі ақын,әнші азаматтарға жиын-тойларға төрден орын беріп,көшемет көрсеткен.Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара –пар санаған.Жастарды шешендікке,сөз өнеріне үйрету үшін әке-шешелері, аталары мен әжелері оларға мақал-мәтел,жұмбақ жаңылтпаш,терме,өлең-жыр жаттатып үйреткен.Ойын- тойда қыз бен жігіттер бір-екі ауыз өлеңмен қағысып,айтысуды әдетке айналдырған.Сол айтыс түрлерінен жеңісіпен көзге түскен ақындарды көтермелеп,бүкіл ауылдың,рудың,елдің атынан ұлы дүбір тойларда сөз сайысында қосып женген ақындарды көтермелеп,жорға мінгізіп шапан жапқан.Немесе екі елдің дау-шараларын сөз тапқыр ақылды адамдарға жүгініп шешкізген.Сөйтіп,тапқыр ойлы шешендерге үлкен құрмет көрсеткен.
Қазақтың ұлттық философиясының төртінші ерекшелігі-ұлттық базиси болып есептелетін көшпелі өмірімен,мал-шаруашылығымен тығыз байланыстылығы.Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған.Екі қазақ кездесе кетіп амандық сұрасса ,,мал -жан амн ба?,,-деп сұрауы да сол пікірге саяды.Терісі мен жүнін киім қып киіп,еті мен сүтін азық етіп күн көрген сауса сауын,мінсе көлік ретінде пайдаланған төрт түлікті қадірлеп,қастерлеу қазақ баласы үшін өмір заңы болып есептелінген.Өйткені,малдан айрылу шыбын жаннан айрылу мен бірдей болған.,,Мал ашуы-жан ашуы,, , ,,Малдың беті шарық,малсыздың күні кәпір,,деп ерінбей еңбек етсең ғана мал табасын,малсыз өмір жоқ,күн көрісің қараң деген ойды түйдірген.Сонымен ұлттық психологияның тілдегі көрінісі болып фолклордық шығармалардың этнопедагогика тәрбие құралы ретінде қызмет еткенін байқатады[60].
Ұлттық қалыптасуы — өте күрделі құбылыс. Адамдардың тарихы әлеуметтік этникалық бірлігі экономикалық өмір, тіл территориясы қаттық психология тұтастығы негізінде пайда болады. Ұлт болып қалыптасудың мәнін ұғынуға диалектикалық тұрғыдан қорғау керек, мұнда ұлт болып қалыптасу белгілі бір әлеуметтік этникалық бірлікке ұлтқа біріктіретін экономикалық өмір бірлігі ұлттық қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның басқа да ерекшеліктерінің сақталуына және дамуына әсер етеді.
Қазақстандағы коллективтендіру мен ұлтымыздың тарихы қалыптасқан рухани – мәдени өміріндегі қасиеттерді жаңаша түрлендіру процестердің қажетті заңдылықтардан ауытқуы халқымызға ұмытылмас, азап әкеліп сана – сезіммен уландырды. Мысалы, Сәкен Сейфуллин Қазақстанның тарихы шарттарын бір күнде – қолмен жұмыс тастауға болмайды.
Ф. Энгельстің айтуынша: дәстүрлер адамдар миында сақталады. Олар әдет – ғұрыптарға қарағанда адамдардың бүкіл психологиясы мен неғұрлым терең байланыста болады. Оның негізгі белгілерінің өрбеуінің экономикалық алғышарттары басты жағдай тудырып отырады.[61]
Ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар материалдық өндірістің жағдайына байланысты болғандықтан оған әрбір қоғамдық тап түрліше қатынаста қожалықта болуына сәйкес таптық мүддеге бөлінеді. Өздерінің таптық сипатына лайық дәстүрлермен әдет – ғұрыптар сол таптың өкілдердің пайдасына қызмет етеді. Тарихдан белгілі, нәрседен билеушілер топтарға бейім жағдайда болып олардың қызметіне тиісті көмегін беріп отырған.
Этнопсихологияның негізгі категориялары. Этникалық тұлға – этнопсихологияның негізгі категорияларының бірі. Этникалық тұлғаның мінез – құлық ерекшеліктері. Қабілет пен темперамент саласындағы этнопсихологялық өзгешеліктер. Этностық өзіндік сананы қалыптастырушы жүйе екендігі.
Қоғамдық сана құрылымындағы ұлттық психология. Ұлттық психологияның құрылымдық элементтер: көңіл – күй мен сезім, құндылық, қызығушылдық пен қажеттілік т.б[62].
Ұлттық мінездің – этнопсихологиялық құрылымды анықтаушы элемент екендігі. Психикалық тұрпат және ұлттық мінез. Ұлттық өзіндік сана және оның компоненттері. Ұлттық сана – сезімнің өзгеріске түсуі. Қазақстандық патриотизмнің этнопсихологиялық негіздері. Пәнаралық этнопсихологиялық ұғымдар (мәңгүрттік, маргиналдық тұлға, архетип, менталитет, этникалық төлеранттылық т.б.).
Тұлғаның этникалық келбетін зерттейтін әдістер (бақылау, сұхбат анкета, әңгімелесу, тесттер т.б.).
Халықтың өмірі тіршілігі мен мәдениетінің объективтік элементтерін зерттеуде қолданылатын әдістер. К.Д.Кавелиннің “ескіліктің қалдығы” дейтін әдісі.
Қарым – қатынас пен ұжымдық мінез – құлықты зерттеуде қолданылатын әдістер, жобалау әдістемесі және оның этникалық стереотиптерді зерттеудегі маңызың.
Құрылымды – функционалдық, саластырмалы – тарихи, типологилық әдістер. Жалпы және әлеуметтік психологияның есте сақтау, эмоция тіл психофизиологиясымен жапсарлас келетін әдістер. Қарым – қатынастың диогностикалық тесті. Қарым – қатынастың түрлі – түсті тесті (Дж. Келли). Репертуарлық тор техникасының әдісі. Тұлғалық конструкттың модификациялық тесті. Ұлттық стереотиптерді зерттеудің психоаналитикалық тәсілі (В.П.Петренко). Этникалық стереотиптерді зерттеу “келбет таңдау” және “емін – еркін бейнелеу” әдісі (Катц, Брейли, Гильберг)[63].
Ұлттық психикалық құрылым үш бөліктен тұрады: ол ұлттық сезім, салт – дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.
Ұлттық сезім дегеніміз – адамдардың туған жерге, өскен елге ана тіліне, салт – дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік – экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты адамның жеке басының қанағаттанбауымен байланысты ой – қиял әсер сезімінің сыртқы шыққан көрінісі. Әр ұлттың өзіне ғана тән этностық таза мінез – құлықтың болуы мүмкін емес. Мысалы, орыстарға тән дейтін төзімділік қытайларға да тән қасиет болып келеді. Немесе грузиндерді қызба қанды халық дейміз. Ал ол мінез испандықтарға да ортақ. Академик С. Кон өзінің “Ұлттық мінез – құлық ерекшеліктерінің проблемасы” атты еңбегінде “Ұлттық мінез – құлықты анықтауда әр ултқа тән этностық мінез – құлықты шартты түрде алып қарау керек”, — деуі орынды. Дегенмен, бір халықта ерекше басымдырақ болып көрінетін мінез – қүұлық сипаты сол халықтың психикалық ерекшелігі болып саналады.
Ұлттық дәстүрлер ұлттық психологиядан көрінісі тапқанда, кейбір психикалық әлпеттің жалпы адам баласына, барлық ұлтқа тән ортақ қасиетке ие екенін байқауға болады. Мысалы, қонақжайлық, үлкенді сыйлау, балажандылық сияқты мінез – құлық өлшемдері адам баласына тән, барлық халыққа ортақ қасиет.
Ұлттық дәстүрлер ұлттық психологиядан көрініс тапқанда, кейбір психикалық әлпеттің жалпы адам баласына барлық ұлтқа тән ортақ қасиетке ие екенін байқауға болады. Мысалы, қонақжайлық, үлкенді сыйлау, балажандылық сияқты мінез – құлық өлшемдері адам баласына тән, барлық халыққа ортақ қасиет.
Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлттардың интернациональдық байланыста ұлттық психикаға игі әсерін тигізіп, бірнеше ұлтқа ортақ интернационалдық мазмұны салт – дәстүрлердің пайда болуын туғызды. Мысалы, кешегі кеңістік дәуірде ұлтаралық қарым – қатынастың күшеюімен байланысты қазақтың ат бәйгесі немесе қазақша күрес теңге алу, қыз қуу ойындарына интернационалдық сипат берді де, бұл ойындар бүкіл Орта Азия елдеріне ортақ интернационалдық ойын түрлері болып кетті[64].
Білім беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы,оқушылардың саналылығы,белсенділігі, өзбеттілігі,білім мен біліктерінің беріктілігі,ұғынықтылығы және әрекеттілігі талаптарын қамтиды.Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өйтлкені жаңа мен байланыстыруға,негізгісі мен қосымшасын анықтауға,алған білімдерін тәжрибеде пайдалануға,өз пікірлерін дәлелдеуге ұмтылысынан көрінеді.
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық іс-әрекеті нәтіжесінде жүзеге асады, ал танымдыжқ әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі,білімдің қоғамдық мәнін ұғыну,қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде,тәжрибеде нәтіжелі пайдалана білуі болып табылады.Демек,оқушыжлардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажет.
Мектеп оқушыларының танымдыдқ белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің,психологтердің,әдіскерлердің көптеген еңбек тері арналған.Зерттеулерде танымдық белсенділік тұралы әр түрлі пікірлер айтылған.Бірулері танымдылық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса,екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
А.Аристова танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына сәйкес субъектіде жаңару,өзгеру әрекетінің йда болуы рет інде қарастырса, Т.Сабыров «Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде,тәжірибеде пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтілн сапалы әрекеті»деп атап көрсетті.
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек,белсенділік -адамның өз бетіднше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан,алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқылндалады.
Танымдық әрекетті дамытуда ақпараттармен жұмыс,кітаптар мерзімді баспалар,интернеттің маңызы жоғары.Сондықтан осыларды ескере отырып,оны басқа да түрлі әдіс-тәсілдермен ұштастырған жөн.
Жаңа технология,дәстүрлі емес әдіс-тәсілдердің де маңыздылығы жоғары.Бірақ,көп жағдайда әсіресе ауыл мектептерінде бүгінгі күні әліде болса өз мәнін жоймаған,оқу үрдісінде пайдаланып жүрген,қазіргі қалыптасқан оқыту жағдайында танымдық белсенділікті қалыптастыру-оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында,шығармашылық сипаттағы сабақтарды өткізуде үлкен мәнге ие[65].
2.3.Танымдық процестердің этнопсихологиялықерекшеліктерін есепке алу,негізіндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша тәжрібелі эксперементтік жұмыс.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының парасатты азаматы қалыптастыру, болашақ ұрпаққа әлемдік ғылым мен өркениет деңгейінде білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығын, мәдениетін, ойлау қабілетін шынайы этнопедогогикалық және этнопсихологиялық негізде қайта жаңғырту, іскерлігі мен біліктілігін замана талабына сай жоғарғы деңгейге көтеру, әр азаматтың Қазақстан мемлекетіне деген сезім парызын бекіту, ұлтаралық шынайы достық пиғылын қалыптастыру қазіргі Республика мектептерінің әсіресе, Қазақ мектебінің басты мұраты мен мақсаты екені даусыз. Бұл мақсаттарды шешудің жолдары оқу – тәрбие процесін этнопедогогика және этнопсихология негізінде қайта құруда болып отыр. Сондықтан:
- Этнопедогогика мен ұлттық психологияның үздіксіз тәрбие үрдісінен шығу – от басы, балабақша, мектеп арасын белектемей қайта біртұтас тәлім – тәрбие жүйесін жасау, от басымен әулеттерді мемлекет пен мектептің дәргейі алдындағы жауапкершілігін жоғары көтеріп, жолға қою, балабақшаларды тікелей мектептердің қарамағына беру, сөйтіп біртұтас этнопедогогикалық және ұлттық психологиялық жүйелі оқу – тәрбие үрдісін жасау. Қысқарта айтсақ, ұлттық мінез қалыптастыру арқылы Бүкілхалықтық., Қазақстандық МЕНТАЛИТЕТ негіздерін салу қажет.
- Мектептер мен балабақшаларда ҰЛ және ҚЫЗ балаларды бөліп, жеке оқытудың жаңа құрылымына көшу. (Мәселен АҚШ – та 205 мектепте бөліп оқытылады екен). Ұл мен қыздың этикалық, эстетикалық, моральдық, биоэнергиялық, биоритмикалық, астрологиялық, физиологиялық, жыныстық тұрмыстық және кәсіптік дамуы мен қалыптасуы әртүрлі деңгейде өтетіндігін ескермей, оларды бір мектепте, бір сынып, бір партада 10 жыл бойы қатар отырғызып бір рецептімен тәлім – тәрбие беріп жүргендігіміздің кереғар іс екендігін есермеу ұлт және ұрпақ алдындағы кешірілмес күнә.
- Әрбір этностың — халықтың өзіне тән ұлттық психологиясы, мінезқұлқы мен этикасы, эстетикалық талғамы, моральдық т.б. ерекшеліктерінің болатындығын мойындай отырып, аралас типтегі мектептердің (орыс, қазақ, ұйғыр, дүнган, корей т.б.) ғылыми үрдіске сай келмейтіндіктерінен оралдың қазіргі ахуалын қайта қарау қажет. Ұлттық мектептердің жаңа құрылымын жасап, таза ұлттық тәлім – тәрбиенің негізін қалаған жөн. Әрбір ұлттық мектеп өзіндік ұлттық ықылымдарды басшылыққа алып, оларға өз халқының тарихын, этикасын, эстетикасын, философиясын, логикасын; риторткасын, музыка, сәулет және бейнелеу өнерін, қолданбалы қол өнерін, фольклорлық әдебиетін яғни, тарихи санасын жетілдіретін пәндерді батыл ендірген жөн. Бұл бағыт жасөспірімнің алдымен адами – саналылық, ұлттық – даралылық, танымдық — нанымдық, сезімталдық қабылдау, ойлау қасиеттерін дамытады. Қазіргі мектепте ғылым – білім негіздерін академиялық тұрғыдан жөнсіз тықпалай беру жасөспірімнің психикасын бүлдіріп, жасанды – жанды роботқа айналдырып жүр. Соның нәтижесінде сәзім мүшелері, санасы толық жетіліп үлгермеген жасөспірімнің адамилық қасиеті техногендік сипатқа ие болуда.
- Әлі де ана тілінен толық қанықпай, ұлттық ой санасы тұтана қоймаған жас бүлдіршіндерге бөтен тілдерді оқыту үлкен қателікке апарады. Бұдан ана құрсағында басталған бүлдіршеннің генетикалық ұлттық ерекшелігіне зақым келеді. Өйткені 4 – 12 жас аралығында болатын мутациялық кезеңдегі бүлдіршіннің психикалық ахуалына мұның кері әсер ететіндігін яғни физиологиялық дамуының тежелуіне әкеліп соғатындығын белгілі болып отыр.
- V – IX кластардың оқу – тәрбие процесі тек бір мақсатқа — оқушының псифизиологиялық мүмкіндігін айқындап, дарындылығын анықтауға бағытталуы тиіс.
- X — XI кластарда балалардың психикалық даму дәрежесі бірдей емес екендігі белгілі. Сондықтан дарынды шәкірттерге таңдамалы пәндерді тереңдете оқыта отырып, өз қабілеттерін сарқа пайдалана алуына мүмкіндік тудыру қажет.
Бұл пікірлер “ДӘСТҮР” тұжырымдамасы мен оқу жоспары түрінде Білім министрлігіне ұсынылып бекітілген. Қазіргі таңда “ДӘСТҮР” тұжырымдамасы бағыттарында Алматы облысының Райымбек ауданы Абай атындағы орта мектеп, № 1 Кеген орта мектебі, Қаскелең ауданының Әл – Фараби атындағы орта мектептері жұмыс істеуде. Бұл мектептерде оқушылардың тәрбиелілік, білімділік дәрежесі көтеріліп, қабілеттілік, дарындылық қасиеттері айқындала бастады. Жоғары класс оқушыларының ұлттық ойлау жүйесі мен қоғамдық — философиялық көзқарастары қалыптасуда. Болашақта осы мектеп түлектерінің интеллектуалдық мүмкіндіктері жоғары жәрежеде болады деп ойлаймыз.[66]
Біздің көзқарасымызда халық дәстүрі дегеніміз – ұлттық даму процестерінің: (таным, наным, сенім, ұғым, мінез, құлық және салт) қалыптасқан жиынтық формасы. Діни, рухани, мәдени, ғылыми нысандарының жетістіктері, кәсіби тұрмыс әрекеттері мен қарым – қатынастарының тарихи – қоғамдақ тәрбие шаралары. Ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, қоғам игілігіне айналған дәстүрлер өзіне тән ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтарын жоймай, қайта жаңарып, жаңғырып отырады. Біз оларды халық дәстүрлерінің сипаты мен мазмұнына, қоғамдақ қызметіне қарай топтастырамыз. Зерттеу барысында қазақтың ұлттық даму табиғатын анықтайтын процестеріне талдау береміз. Бұл процестердің үздіксіз бірізділікте дамитынын танымнан бастап дәстүрге дейін ұлттық даму процесінен өтетіндігін сөйтіп, ұлттық, этногенездік сипатқа ие болатындығын дәлелдеуге талпынамыз.
Зерттеу барысында біз қазақтың халық педогогикасына ықпал еткен факторларға (табиғат, нәсілдік, ұлттық психологиялық әлеуметтік, этномәдениеттік, тарихи және тіл), оның даму процестеріне (таным, наным, сенім, ұғым, әдет, ғұрып, мінез, құлық, салт және дәстүр) тоқталамыз. Белгілі ғалымдардың (Ш.Уәлиханов, Л.Гумилев, М.Жұмабаев, Г.Н.Волков т.б.) ой – пікірлерін басшылыққа ала отырып олардың теориялық негіздерін ашып көрсетеміз. Қазақ халқының этногенездік ұлттық жаратылыс ерекшелігіне (құрылымы) діни нанымдарға (анимистік, тотемистік, шаманистік), соған байланысты ұлттық психологиялық ахуалдың қалыптасуына, оның ұлттық тәрбие процесіне тигізіп отырған әсері мен себеп – салдарына тоқталамыз.[67]
Халық педогогикасының даму процестеріне (таным, наным, сенім, ұғым, әдет, ғұрып, мінез, құлық, салт, дәстүр) этнологиялық сипаттама жасаймыз. Психология, педогогика, философия, этнопедогика, этнопсихология ғылымдарының қағидаларын, этика, эстетика, логика, риторика, өнер мен мәдениет құндылықтарын негізге ала отырып, олардың даму процестерінің әрбір кезеңіне анықтама береміз. Олардың этнопсихологиялық ерекшеліктері мен этнопедогогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетміз. Халық педогогикасының этнологиялық сипатын осылайша жан – жақты мазмұндау көпсалалы қазақ орта мектебінің оқу – тәрбие процесінде ұлттық дәстүрлерді тиімді пайдаланылуда көмектеседі.
Әдетте, қазақ халқының ұлттық этногенездік табиғатында халық педагогикасы дәстүрлерінің мазмұны мен мүмкіндіктері берік орын алған.Біз осыны ескере отырып,халық дәстүрлеріндегі тәрбиелік процесінің мазмұнын анықтау үшін, ұлттық даму процестерінің әрбір сатысына талдау береміз және қазақ халқының ұлттық өнері, мәдениеті, әдебиеті, моралдық, этикалық, эстетикалық, әлеуметтік тұрмыстық нысандарының сараптап, халық педагогикасы дәстүрлерінің әдіснамасына тоқталамыз.
Қазақ даласының көмеңгер ойшылдарының (Қорқыт ата, Әл Фараби, Ж.Баласағұни, А.Иасауи т.б) би шешендері мен ақын-жыраулардың халық педагогикасы дәстүрлері саласындағы философиялық, диалектикалық, этикалық, эмперикалық, интелектуалдық, дүниетанымдық, иманигүлдік ой-толғамдары және ғұлама ағартушылар мен педагогтардың (Шоқан, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов т.б ) ұсынған этнопсихологиялық, этнопедагогикалық, дидактикалық идеялары зерттеліп отырған проблеманың ғасырлар бойы көкейкестілігін жоғалтпағанын, ұлттық тәрбиеде мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.
Олардың ой-пікірлерінде халық педагогикасы дәстүрлерін бала тәрбиесінде пайдалану туралы ортақ тұжырымдар кездеседі.
- қазақ халқының ұлттық мектебін жасау, оны басқа халықтардың педагогикалық ықпалына түсірмеу, ұлттық дербестігін сақтау, демократиялық принципті ұстану.
- қазақ мектебінде тек ана тілінде оқыту, оқу тәрбие процесін халық педагогикасы дәстүрлері негізіндегі құру.
- жасөспірімнің алдымен сезімін, ұлттық танымын дамыту, оны дамытуда қазақ ауыз әдебиетілн, фольклорлық мұзыканы, шешендік өнерін, ұлттық философияны, моралдық тәрбие ұстанымдарын, ұлттық медицина, ұлдардың, қыздардың, немерелердің, келіндердің тәрбие дәстүрін, мектепке дейінгі нәресте тәрбиесін т.б. тәрбие бағыттарын пайдалануды ұсынды.
Біз бұл ұстанымдарды ұлттық мектептің оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасын және тәрбие бағдарламасын жасауда негізге алдық.Тұжырымдаманың стратегиялық және тактикалық бағыттарын анықтап, құқылық мәртебесін негіздедік. Тұжырымдаманың басты ерекшеліктері мынада:
- мектептің оқу-тәрбие мазмұнын таза қазақ тілі мен ұлттық мәдениет құндылықтарына құру,
- мектепке дейінгі тәрбиені мектептің өз құрылымында ұйымдастыру, әр отбасының психологиялық ахуалын есепке алу,
- бастауыш сыныптарда пәндік жүйе мен оқытуды ендіру,
- миектептің оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік тәсілмен басқару.Әлемдік озық педагогикалық технология мен ақпараттық жүйені кеңінен пайдалану.
Мектелптің әр бір саланың тәрбие мен оқу бағдарламаларын ғылыми негізделген біртұтас сабақтастық принципінде құрылған кафедралар жасайды.Кафедралар мен әдістемелік топтарды ғылыми-әдістемелік кеңес басқарады.Ол оқу-тәрбие процесінің стратегиясы мен тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу, сараптау, саралау, кіріктіру, ықтималды мүмкіндіктерді ашу, болжамдық және жылдық жоспарлау, мектепті әлеуметтендіру, моральдық-психологиялық оңды ахуал орнықтыру, оқу-тәрбие процесін ақпараттандыру т.б. жұмыстарды ұйымдастырып, басқарады және бақылайды.[68]
Тұжырымдаманы жүзеге асыруда,яки қазақ халық педагогикасы дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалануды ұйымдастыру нақты шаралар арқылы айқындалды:Оқыту мен тәрбие мазмұнын қазақ халық педагогикасы дәстүрлерінде қалыптастыру; оқу-тәрбие процесін халық педагогикасы дәстүрлері талаптарында ұйымдастыру; оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету.
Білім мазмұны қазақтың ұлттық философиясы негізінде қайта құрылды.пәндер мен тәрбие құрылымының ұлттық логикасын қалыптастыру, ұлттық этикалық, эстетикалық, моральдық нормаларды ғылыми негізделген заңдылықтарға айналдыру мәселесіне аса мән берілді.
Қоғам мен мектеп, мектеп пен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, ата ана мен бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа және үздіксіз тәрбие нысанасына, оның ұлттық ұстынына баса назар аударып, оқу тәрбие процесін отбасынан бастап үздіксіз демократиялық нысанда қалыптастыру.Оқу тәрбие үрдісінің ұлттық нысанда, халық педагогикасы дәстүрінде жүргізілмеуінен десек қателеспейміз.Өйткені, отбасы тәрбиесі тек қана отбасы иелерінің шаруасы, балабақшадағы тәрбие оның тәрбиешілерінің, ал, мектеп өз алдына тәрбие шараларын жүргізуі тиіс дейтін іс жүзіндегі бұл құрылым тәрбиенің үздіксіздігін қамтамасыз етудің орнына оларды бір-бірінен алшақтатып отыр.Бұл процес отбасы мен балабақшадан соң мектептің бастауыш сыныптарында одан әрі жаңа сипатта үдей түсті.[69]
Зерттеу барысында біз оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында халық педагогикасы дәстүрлері саласында жазылған ғалымдардың бағдарламаларын, тұжырымдамаларын, әдістемелік оқу құралдарын (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Ә.Табылдиев, З.Ахметова, С.Ғаббасов, М.Құрсағи т.б.)негізге алдық.Олардың ұл мен қыз қыздардың психологиялық, физиологиялық, хронобиологиялық және педагогикалық даму ерекшеліктері мен қасиеттерін зерделеуге назар аудардық.Әсіресе, қыздар мен ұлдарды жеке-дара оқыту және тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру мәселесіне мән бердік.Оларды жеке дара сыныптарда сыныптарда оқытып, тәрбиелеу үрдісінің себеп-салдарларын былайша сараладық:
- ұлдар мен қыздардың физиологиялық жетілуі.
- Ұлдар мен қыздардың психологиялық дамуы,
- Жыныстық жетілу кезеңдеріңің әр түрлілігі,
- Оларға қойылатын этикалық, эстетикалық, моральдық талаптардың өзгешелігі,
- Олардың биоэнергетикалық қуатының әр түрлілігі,
- Қойылатын педагогикалық талаптардың айырмашылығы, ұлдар мен қыздарды бірге оқытқан кездегі тәрбие шараларын ұйымдастырудың қиындықтары[70].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
- Қазақстан Республикасының «Білім тұралы » Заңы. Алматы: Данекер, 2001.
- Қазақстан Республикасында Білім беру 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы //Егеменді Қазақстан,2003.
- Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы //Егеменді Қазақстан,2003,26 желтоқсан.
- Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы // «12 жылдық білім беру»ғылыми-әдістемелік басылым.-Алматы,2006, №1.- б.6-11.
- Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.Қазақстан халқында жолдауы // Егеменді Қазақстан,2007.1 наурыз.
- Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы: Ғылым, 2004.
- Жұмабаев М.Педогогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 13 – 14 б.
- Рубинштейн С.Л. Основы опщей психологии.Изд.2-е-М,1946.
- Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.: Педагогика,1972.
- Ананьев Б.Т. Избранные психологические труды.:В 2т.М.,1980.
- Бабаев С.Б., Оңалбек Н.И. Жалпы педагогика. – Алматы: Заң мектебі, 2005
- Аймауытұлы. Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995.
- Аймауытұлы .Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995.-325б.
- Қоңыратбаева Т.Ә. Халық педогогикасы және оны оқу – тәрбие ісіне ендіру жолдары. Пед. ғыл. канд. дисс.автореф.-Алматы,1993.-29 б.
- Елікбаев Н. Қазақ ұлтының психологиясы. – Қарағанды,2000.
16.Бабаев С.Б., Оңалбек Н.И.Жалпы педогогика.-Алматы:Заң мектебі,2005.
- Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы: Ғылым, 2004.
- Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№5(11).
- Жанғозиева М.С. Ұлт психологиясы этнопсихологияның негізгі мәселесі//Бастауыш мектеп,2007, №7-б. 26-28.
- Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№6(11).
- Писаренко В.И. О когнитивной лингвистике и семантике термина
«когнитивный».
- Меркулов И.П. Когнитивная наука // Новая философская
энциклопедия в 4-х томах. Т.2. — М., 2003.
- Краткий словарь когнитивных терминов // Под общей редакцией
Е.С.Кубряковой. – М., 1996 – 245 с.
- Леонтьев А.А. Язык, речь, речевая деятельность – М.: URSS,
КомКнига, 2005. – 216 с.
- Демьянков В.З. Когнитивная лингвистика как разновидность интерпретирующего подхода //Вопросы языкознания. – М., 1994, №4. – С.17-33.
- Краткий словарь когнитивных терминов // Под общей редакцией
Е.С.Кубряковой. – М., 1996 – 245 с.
- Касавин И.Т., Порус В.Н. О некоторых итогах и перспективах анализа науки.
- Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8 том – Алматы: Ғылым, 1985. – 591 б
- Общая психология /Под редакцией В.В.Богословского и др. – М.: Просвещение, 1981 – 350 с.
- Солсо Р. Когнитивная психология- М., 1996.
- Краткий словарь когнитивных терминов // Под общей редакцией
Е.С.Кубряковой. – М., 1996 – 245 с.
- Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім – Алматы:
Қазақ университеті, 2003. – 101 б.
- Жарықбаев.Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы//Мектеп психологиясы-2007 №5.
- Абуова М. Танымдық қабілетті арттыру шарттары//Бастауыш мектеп, 2007, №12 35-36 б.
- Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты.-Алматы. 1993.
- Елікбаев Н.Қазақ ұлтының психологиясы.- Қарағанды.2000.
- Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты.-Алматы. 1993.
- Аймауытұлы Ж. Психология.-Алматы:Рауан 1995.
- Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары//Көмекші құрал.-Алматы: білім, 2000.
- Елікбаев Н.Қазақ ұлтының психологиясы.- Қарағанды.2000. б 97-99.
- Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. Зерттеулер,
мақалалар, пьесалар, әңгімелер т.б. І- том – Алматы: Алаш, 2005
- Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999.
- Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999.
- Горелов И.Н., Седов К.Ф. Основы психолингвистики – М.: Лабиринт,2001.
- Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы – Алматы: Санат, 1994.
- Тайжанов А.Т. Құдайберген Жұбанов және мәдени мұра // Жұбанов
тағылымы. VI Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005.
- Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999.
- Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Исследования по
казахскому языкознанию – Алма-Ата: Ғылым, 1987.
- Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері – Алматы: Ғылым, 2002
- Сүлейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной
лингвистики — Алматы: Демеу, 1996.
- Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан – Алматы: Мектеп, 1988.
- Асқарова Г. Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру//Қазақстан мектебі.-2007. №2 — б.53.
53.Салпынова Қ.Танымдық қызығуды дамыту//Қазақстан мектебі.-2007
№4 –б.52
- Ешмұратова Д. Елікбаев Н. Ұлттық психология мен ұлттық тәрбие хақында// Ақиқат.-2004. №1 –б.86-90.
- Голустова О.В. Этнопсихология. – Москва. 2005.
- Ниязова Ж. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері// Бастауыш мектеп, 2007, №1. –б. 8-11.
- Ниязова Ж. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері// Бастауыш мектеп, 2007, №1. –б. 15-16.
- Ниязова Ж Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері// Бастауыш мектеп, 2007, №1. –б.8-11.
59.Қалиұлы С.Қазақ этнопсихологиясының теориялық негіздері мен тарихы.Алматы «Білім»2003.
60.Жарықбаев Қ «Этнопсихология және Этнопедагогика»Алматы-2003.
61.Жарықбаев Ж «Этнопсихология»
62.Елікбаев Е «Халықтық психология»
63.Қалиев С «Қазақ тәлім тәрбиесі»
64.Жарықбаев Ж. «Ұлттық психология»
65.Байтабанова А. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру жолдары//Бастауыш білім,2004,N4.-б.6-9.