Тараз қаласы ескерткіштерінің тарихы /Х-ХҮ ғғ./
Кіріспе……………………………………………………………………………………………….
І тарау. Қазақ сәулет өнерінің қалыптасу, даму кезеңдері……………………
ІІ тарау. Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы………………………..
2.1. Қарахан (Әулиеата) кесенесі…………………………………………………………
2.2. Тектұрмас және Дәуітбек мазары………………………………………………….
2.3. Айша бибі кесенесі………………………………………………………………………
2.4. Бабаджа қатын мазары…………………………………………………………………
2.5. Ертедегі Тараз қаласындағы монша……………………………………………..
ІІІ тарау. Тарихи архитектуралық ескерткіштерді қорғау мәселесі.
3.1.Көне ғимараттардың қазіргі жағдайы……………………………………………
3.2. Архитектуралық ескерткіштерді туристік аймаққа айналдыру……..
Қорытынды………………………………………………………………………………………..
Архитектуралық ескерткіштерді көріп танысу ережелері……………………
Хронологиялық таблица…………………………………………………………………….
Сілтемелер…………………………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………
Кіріспе
Талас, Тараз, Әулие-ата, Мирзоян, Жамбыл, Тараз… Қазақстан территориясындағы ежелгі қаланың аты осылайша сан рет өзгерді әр бір қаланың өзіндік тарихы болатын сияқты Тараз қаласының екі мың жылдық тарихы бар. Тұран өлкесіндегі Тараз қаласы да әлемдегі ұлы қалалар тағдырымен тағдырлас, өзіндік қайталанбас ғұмырды бастан кешіріп келеді. Бірде гүл жайнап толықсыған әсем ару қала көркімен де, тарихи тағдырымен де әлемге танымал болса, бірде жермен жексен болып, естіген, көрген пенделердің жағасын ұстатып та жатты.
Тақырыптың өзектілігі. Сол заманның асыл мұрасы ретінде Тараз даласындағы тарихи архитектуралық ескерткіштердің құндылығы ешқашан жойылмақ емес. Менің диплом жұмысымның тақырыбы осы туған даламның асыл мұрасы тарихи архитектуралық ескерткіштерге арналады. Яғни, Айша бибі, Қарахан, Дәуітбек тәрізді кесенелер мен Жүсіп қожа моншасының тарихта құндылығы өте жоғары деп бағалай отыра олар туралы әлі де көптеген зерттеулер жүргізуді қажет етеді деп сенеміз. Себебі бабалар аманатын ұрпақтан-ұрпаққа мұқалтпай қайта жаңғыртып, жарқыратып жеткізу қазіргі заманның талабы болып отыр.
Тарихнамасы. Көне Тараз өз тағдырының тарихи ізін әлем тарихының беттерінде қалдырды. Араб, прсы, қытай, грек және еуропалық тілдердегі азды-көпті аса құнды дерек-мағлұматтар осының айғағы. Тақырыптың тарихнамасы өте құнды деректер мен зерттеулерге толы. Академик Әлкей Марғұлан, шығыстанушы В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам тәрізді зерттеуші-тарихшылар Тараз қаласының пайда болуы және ондағы түркі замандарынан қалған тарихи архитектуралық ескерткіштерге ерекше мән беріп зерттеді.
Сол сияқты, Басенов Т., Денике П.Р., Ердаулетов С.Р., Меңдіқұлов М. қазақ архитектуралық ескерткіштеріне аса жоғары баға беріп, Айша бибі, Қарахан, Дәуітбек, Шомансұр тәрізді кесенелерде зерттеулер жүргізді. Тараз қаласы және ондағы тарихи ескерткіштер туралы мәліметтерді Байпақовтың, Нұржановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Қазіргі тараздық ғалым тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Рысбайдың Тараз тарихына және ондағы тарихи архитектуралық ескерткіштерге арнап жазылағн кешенді зерттеулері мен бірнеше еңбектері бар.
Мақсаттары мен міндеттері.
- Халқымыздың асыл мұрасы тарихи архитектуралық ескерткіштерді
кешенді зерттеу.
- Архитектуралық ескерткіштерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу.
- Тарихи архитектуралық ескерткіштерді қорғау мәселесін жандандыру.
- Өлке тарихына аса мән беріп, ұлтжандылық тәрбиені уағыздау.
І тарау. Қазақ сәулет өнерінің қалыптасу, даму кезеңдері.
«Архитектура»сөзі грек тілінен «architechon» мастер-стройтель деген мағынаны береді .
Адамзат қоғамының даму тарихында әлемдік мәдениеттің, цивилизацияның өркендеу этаптарында архитектуралық ескерткіштер зор мәнге ие. Архитектуралық – бұл құрылыс өнері,шығармашылық түрі,шын мәніндегі сұлулық заңымен жасалатьын құрылым.Ежелгі Римдік теоритик Витрувийдің триадтында «төзімділік» «қажеттілік», «әдемілік» сәулет өнерінінің, сәулетшіліктің ерекше бір қасиеті деп таныған.
Барлық ғимараттар ғимараттар ғимараттар архитектуралық қасиетіне қарай оларды 3 топқа жатқызады: функционалдық (удобство,пользо) констуктивтік (прочность, экономичность) , эстетикалық (красота) /1/.
Функционалдық маңызы ол тұрғын үй, өндірістік ғимараттар болсын, оның сыйымдылығына, орналасуына, бөлімдері мен өлшеулеріне қарай архитектуралық құрылыс типіне жатады. Ғимарат түрлері белгілі бір қажеттілікке байланысты бірден қалыптаспай оның діни, саяси талаптарына, сонымен бірге халық дәстүріне байланысты қалыптасады. Ғимараттардың эстетикалық қымбаттылығы оның сыртқы және ішкі кескінінің көріністері- мен сипатталады. Ғимараттың көркемдік кейіпі оның барлық архитектуралық композиторларының бірігуі, яғни, сыртқы және ішкі көлемі, силует, тепе-теңдігі және жалпы ғимараттарға тән композициялары, ол-карниздері, балкондары, декорлық элементтерді жинақтап, қатыстыруын айтамыз.
Силуэт-адамның не заттың өз көлеңкесіне ұқсас етіп, бір түспен істелген бейнесі.
Декор-архитектурада декорация – сәндеу әдісі элементтері жиынтығы жүйесінің аты.
Архитектураның дамуы көркемділік өнер туындысының эстетикалық құндылықтарымен тығыз байланысты. Архитектура дәуір бейнесін бейнелейді. Оған әлеуметтік факторлар да өз әсерін тигізді, қоғамның құрылымы және саяси билеуші идеология басты әсер етушілер болып табылады. Барлық уақытта және барлық елде әсемдік пен архитектураның көркемдік стиліне көп көңіл бөлген /2/.
Констукция көп жағдайда пайдаланылатын құрылыс материалының технологиясы мен оның өзгеруімен, дамуымен байланысты болады. Классикалық кезеңде ежелгі грек архитектуралары монументтік констукция тұрғысындағы ғимараттар салынып, оларға мрамор блоктары пайдаланылыды. Императорлық дәуірде ежелгі римдік архитектураның да монументтік ғимараттарды күйдірілген кірпіштен өріп бетондарды пайдаланып, композицияның кеңейіп, дамуына мүмкіндік берді /3/.
Мұның барлығы адам іс-әрекетінің алғашқы қадамын көрсетіп,оның белгілі түрде жаратылыстағы паналарды пайдалануы кейбір мәселерді шеудегі тәжірбиесін көрсетеді. Мұнымен бірге қазіргі Қазақстан территориясындағы жасаған ертедегі аңшы тайпалардың тұрмыс ерекшелігін бейнелеп, олардың идеология түрлерінің, көркем өнерінің ең алғаш қалыптасуын жарыққа шығарады /4/. Адам санасы мен іс-әрекетіндегі бұл алға басушылық бұдан гөрі үлкен аттауға әзірліктің басы алғашқы күрделі қадамы еді, ол аңшылық шаруашылығынан мал бағуға ауысқанда, ортағасыр дәуірінде тастарды өңдеу техникасы өзінің даму дәрежесіне жетті, металл дүниесін игерген кезде, қайта өрлеу дәуірінде кірпішке қайта оралып, жылтырақ глазурь тастармен безендіру, өндірістің жаңа түріне ауысуы жаңа шгаруашылықты өрбітіп мәдени жағдайларды байыту, адамның білім өрісін кеңейтті, құрылыстың алуан түрлі формаларының пайда болуына, сол арқылы техниканың дамуына және өркендеуіне ұйытқы болды.
Бұл дәстүрлі техника тек ХХ ғ. ғана индустриялды техника мен темір бетон конструкциясымен араласты.
Осылайша функционалдық, конструктивтік және эстетикалық архитектуралық ерекшеліктері тарихи процестердің барысында өзгеріп, архитектуралық стильде жаңарды. Бүкіл әлемдік архитектураның даму процесі тұйық стилистік жасанды өнер болуы мүмкін емес. «Стиль» сөзінің түсіндірмесі өте қиын. Стиль деп өзіндік басты белгісі бар және архитектурада белгілі бірр уақыты мен орналасқан орнын анықтайтын ,ең басты оның функционалдық, констуктивтік және көркемдік мәнін соның ішінде композициялық шеберлігі мен фасадтары мен интерьтерін айтады. Сонымен стиль белгілі бір уақытта немесе бағыт өнеріндегі яки жеке туындыдағы бейнелеу тәсілдерінің идеялық және көркемдлік сабақтастығының бірлігі болып табылады.
Тарих бізге әрдайым дамушы, өзгеруші архитектуралық процестердегі жаңа мен ескі арасындағы күресті, жалпы көркемдік стильдің өзгеруін ұлттық ерекшеліктеріне қарай әр елде өзгеріс үрдісінің күшейіп жүріп жатқанын көрсетеді. Дегенмен, әр кезеңнің өз тұрақты стилін анықтайтын белгілері бар .
Архитектураның ең басты сипаты болып оның өзіне техниканы, өнерді, және инженер-техникалық білімді қырынан, ал екінші жағынан-творчестволы-шығармашылық негізді, сондай-ақ негізгі геометриялық формаларын жинақтайтын ұлы өнер.
Архитектуралық құрылыс бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, архитектураның ең жоғарғы шығармашылық формасы сәулет өнері, сәулетшілікті жасайды.
Архитектуралық ескерткіштер бейнелеу өнерінің түрлерін рельфтер-бедер суреттер, статуялар, мозайкалар, фрескалар басты көркемдік құндылықтарымен ерекшеленді
Композициялық құрылыс — күрделі шығармашылық сәулетшіліктің нәтижесі /5/.
Далалық ауызша тарихнамасымен ғажайып өмір салты – көшпелі қалпымен-ақ әлемдік руханият көшіне именбей кірген халқымыздың ежелгі ой-арманын, мақсат-мұратын бедерлеген сәулет өнерінің тарихы да тым тереңде жатыр. Халқымыздың негізінен өмір салтынан көшпелілік тән болса да,сәулет өнері оның ықпалында қалып қоймай уақыт талабына сай жауап беріп жатты. Енді осы ойымызға кезеңдер көзімен үңіліп көрейікші.
Қазақстандағы архитектура мен құрылыс техникасының өрлеуі, кейінгі қола заманының өзінен-ақ (б.з.б 2000ж соңы-1000ж.басы) байқалады. Оның айшықты белгілері Арал төіңірегіндегі шикі кірпіштен өрілген Тегіскен кесенесінен, Сарыарқадағы Ақсу-Аюлы, Беғазы-Дәндібай тақта бейіт тастарынан көрінеді. Бұл ретте діни нанымдары басым сәулет өнерінің үздік үлгілері Жетісуда, Сырдария Аралда және басқа өңірлерде кең қанат жая бастады. Әсіресе Сырдария атрабындағы ежелгі ескерткіштер оның ішінде әлемдік архитектурадағы ең көне күмбезді құрылыс ретінде Баланды кесенесі (б.з.б 4-2ғғ.) ерекше көзге түседі. Қазақстаннның оңтүстігінде қала салу өнерінің басталуыда осы кезеңге жатады /6/.
Ежелгі түріктер заманында (6-9ғғ.) діни атрибуттары мол құрылыстар – қорпаты және күмбезді жабындылары быр шикі кірпіштен қаланған ескерткіштер (Домбауыл мазары) тұрпаттас тақта тастан қаланған кесенелер салу жаппай сипат алды. Олар сәулет өнері тарихында қазақ кесенелерінің бастау көздері болып қалады /7/.
Монғолға дейінгі кезеңде-ақ қазақ өнерінің құрылысы мен архитектурасы жаңа сатыға көтерілген еді. Бұл дәуір бір жағынан қала орталықтарын сәулеттендіру қалыптаса бастаса, екінші жағынан монументттік сәулет өнері ескерткіштері – керуен сарайлары, кесенелер, мешіттер далалық өңірлерде пайда бола бастады. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстандағы Айша бибі, Бабажа қатын кесенелерін, Арал өңірінде Бегім ана, Сараман Қожа мұнаралары құрлыстарын, Маңғыстаудағы жартасқа салынған Шақпақ ата мешітін ерекше бөліп айтуға болады.Бұл кезеңде ортағасырлық сәулет өнерінің композициялық жоспарлау қағидалары қалыптасты.
Қазақстанның ортағасырлық архитектурасына далалық аймақта (Дәшті Қыпшақта) тараған күмбезді құрылыстар — Алаша хан, Жошы хан, Аяққамыр кесенелері, сондай-ақ шатыр тұрпаттас ескерткіштер – Көк кесене, Абат Байтақ кесенелері тән. Ақсақ Темір билеген қазақ сәулет өнеріне елеулі ықпал жасаған шығыс архитектурасының бірегей туындысы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кешенін дүниеге әкелді /7/.
Кейінгі ортағасыр дәуірінде (ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлар басы) мемориалдық сәулет өнерінде үлкен бетбұрыс болды Әсіресе, осы кезеңде киіз үйге ұқсайтын кесенелер салу жаппай өріс алған болатын. Ислам дінінің енуіне байланысты көшпелі ортада мешіт салу өріс алды. Сөйтіп, ХҮІІІ ғасырға қарай халқымыздыңи сәулет өнерінде, атап айтқанда, діни жоралғылық үрдістен кесене салу ісі өрістеді.
Азаматтық сәулет өнері (оның дәстүрлі нысандары) революцияға дейінгі Қазақстанда біршама баяу дамыды, ол негізінен көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық мұқтаждарына бағындырылды. Қазақтардың қыстауларында тұрғын үй және шаруашылық құрылыстарын салу ХІХ ғасырда жаппай өріс алып, олар көбнесе әсемдігімен көз тартты. Сондай-ақ тастан қаланған немесе балшықтан соғылған киіз үй тәрізді шошала құрылыстың көне түріне жатады. Қазақтың дәстүрлі тұрғын үйінің негізгі түрі құрылымдық жағынан қарапайым, қашап өнделген тастардан, шикі сабан кірпіштен қаланған, иленген саз балшықтан, шымнан соғылған төбесі жайпақ бір, кейде екі бөлмелі тікбұрышты үйлер болды. Кейбір құрылыстарға күйдірілген кірпіштер пайдаланылған. Мысалы, Орталық Қазақстандағы Кеделбай мен Шалдыбай ауылындағы үйлерді айтуға болады. Сондай-ақ құрылым бітімі қоржынға ұқсас болғандықтан қоржын үй аталған, үш бөлмелі тұрғын үй салуда дамыды. Сонымен қатар шаруашылық құрлыстармен жапсарластыра салынған көп бөлмелі тұрғын үйлерде болған. ХІХ ғасырдың екнінші жартысынында арнайы архитектуралық айшықтар мен декорды пайдаланған (кірпішті өрнектеп қалау, өрнекті белдеулер) тұрғын үйлер біртіндеп пайда болды. Торғай облысының Үрпек шатқалындағы тұрғын үйлерді айтуға болады.
ХҮІІІ- ХХ ғасырлар басындағы қазақтың дәстүрлі архитектурасында еліміздің оңтүстік аймағының өзіндік бет-бейнесі бар. Бұл өңір құрлыстары бірегейлігімен ерекшелінетінін бөле жарып айту ләзім. Халық арасында кең тараған осынау ескеркіштер шоғыры қазақ халқының мемориалдық діни жоралғылық архитектурасының жетістіктерін көрсетеді.
Бұл тұрғыдан алғанда екі мыңнан астам ескерткіші бар Маңғыстаудағы Шопан атаның үлкен қорымын атап өуге болады. Бұл кешеннің басты ескерткіші, аңыздарға сүйенсек, түркістандық шайық, Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті, Шопан ата мазары болып табылады. Маңғыстауда Хорезмге баратын көне керуен жолы үстіндегі бұл қорымды тек қзақ халқы ғана емес, сондай-ақ түркімен, қарақалпақ халқы да кие тұрады.
Кешеннің діни жоралғылар өткізетін орталығы жартас- жер асты мешіті болып табылады. Олар әктастан шабылған бірнеше қызмет бөлмелермден (намаз оқуға,демалуға арналған) тұрады. Мешіттің батыс және солтүстік-батыс аймағын ортағасырлық ескерткіштер алып жатыр. Оладың ішінде қойтастар, ежелгі қоршау шарбақтар, сандықтастар өте көп. Қазақтардың кейінгі кезеңге жататын ескерткіштері шоғырланған қорымның шығыс жақ бөлігінде архитектуралық композицияның шешімі және безендірілуі жағынан сан алуан монументтік ескерткіштер –кесенелер,сынтастар мен құмтастар пайдаланған.
Қазақтардың діни-жоралғылық архитектурасында қызмет атқару жағынан алғанда неғұрлым күрделі де маңыздысы –Қазақстанның оңтүстігінде бастапқы орта ғасырда-ақ пайда болған мешіттер жоғарыда айтылған жартас мешіттердің өзінше бір типі Шығыс Каспий өңірінде оғыз-қыпшақ кезеңінде (ХІ-ХІІІ ғасырлар) пайда болған.Олардың ішінде тұтас жартас ішінен қашап жасалған Шақпақ ата мешіті бірегей ескерткіш болып табылда.
Қазақстандағы ортағасырлық мешіттердің негізгі бөлігі, әсіресе, қала орталығында неғұрлым кең сипатта өрістеген.Олардың құрылысы көбіне мемлекеттік, ортағасырландырылған сипатта болды. Бұған Түркістан қаласындапғы мешіт кешенінің, алтынордалық Бельжамендегі жұма жатқызуға болады.
Алайда, Қазақстанның негізгі аумағында мешіттер салу ХҮІІІ ғасыр соңында ғана кең тараған. Бұл кезде ислам діні идеология ретінде көшпелілер ортасына тереңдей ене бастаған еді. ХІХ ғасыр ортасында далалық аймақта әдетте діни-жоралғылық тұрғын үй кешендері мен мешіттердің жаны бір типі қалыптасты. Бұл ойымызға Доңызтау ауданындағы қазақтың табын руының сүлікті кешені мысал бола алады. Алты күмбезден тұратын сондай-ақ оған қоса көптеген қызмет, тұрғын үй, шаруашылық құрылыстары бар, құрылымы күрделі осынау ескерткіш жотадан кең сайға түсетін жайпақ беткейге орналасқан. Ғимарат ішінара шикі кірпіштер араластыра жан-жағы тегістелген кесектердерден қалданған.
Мешіттің күмбезі шикі кірпіштен өрілген. Мешіт кешеніне таяу жерде тұрғын үйлердің бірлі-жарымды қабырғалары, сондай-ақ шағын 3 бейіт сақталған.
ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында мешіттердің біршама өзге түрлері пайда бола бастады. Әдетте бұлар жоспар бойынша
тікбұрышты, едәір шығыңқы мұнарасы және михраб бөлмесі бар ғимарат болып келеді. Ескерткіш құрылымы мен сипатынан көрші аймақтардың архитектурасының белгілі бір әсері байқалады. Солтүстік Арал өңіріндегі Дүйсенбі ақынның мешіті осы тұрпаттығы ескерткіштердің үлгісі.
Жалпы алғанда қазақ сәулетшілерінің шығармашылық ізденістері сан алуан кесенелер салу дәстүрлері айқын көрінер еді. Оларды монументтік ескерткіш кесенелер, сағана тамдар, «төртқұлақ» шарбақ және кішкентай нысандағы мемориалдық архитектура деп білуге болады.
Ескеркіш түрлі материалдардан – иеленген сазбалшықтан, сабан, күйділген кірпіштен, тегістеліп кесіп алынған тас кесектерден, тастардан, ағаштан жасалған. Күйдірілмеген сазбалшықтан және дөрекі өндірілген тастан жасалған кесекелер көне заманың еншісінде. Олардың көпшілігі елімізде кең тараған «үйтамға» жатады. Бұлар сырттай қарағанда киіз үйге ұқсас «үйтамдардың» архитектурасы кірер есігіне түрліше дәліздер, порталдар жасау арқылы күрделендіріп отырады.
Қазақ даласында ХІХ ғасырда кесенелер салу ерекше жағдайда әрі барлық жерлерде дамыған, бұл кезде мұндай қызмет түрі халық өнерінің беделді де дербес саласына түпкілікті айналған еді. Там кесенелерді және т.б. да қабір үстіндегі кесенелерді салу жөніндегі маманды «тамшы» деп атайтын кез де осы тұс.
Арал — Каспий аралығындғы ауданның (Маңғыстау түбегі ,Үстірт жотасы, Ембі өзенінің аңғары) сәулет өнері өз ерекшелігі мен есте қалады. Мұнда ХҮІІІ-ХХ ғасырлар басында тас қашап құрылыс салу архитектурасының өзіндік бағыты қалыптасты. Дулыға тәрізді күмбездері бар тақтатас кесенелер салынды. Сондай-ақ сәулет өнерінің аса көрнекті үлгілері –Омар мен Тура.
Нұрберген Қалышұлы, Шойынбай, Боран, Жұбан кесенелері ерекше көзге түседі. Олардың өзіне тән ерекшелігі мынада: ескерткіш 3 қабат қабырғалардан жақсылап қашалған, бір- біріне мұқият жақындастырып өрілген тақтатастар мен кесектерден тұрады. Ішкі жағы конструкцияны жеңілдету үшін кесектен өрілген. Қас беті қуыстармен, қалақшалармен, бірегей шығыңқы бөліктермен көмкерілген, әрі ашық түске боялып, жазық бедерлі және сұлбалық оймышпен өте бай әсемделген /9/.
ІІ тарау. Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы және
қорғау мәселесі.
Қазіргі Қазақстан территориясындағы құрылыс ісінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Бұл өнер Қазақстанның таулары мен жазықтарын ертедегі адам бірте-бірте игеріп, бұлар алғашқы қоғамның өндіргіш күштерін дамыту үшін негіз болған заманда туған болатын. Бұл адам жетілуінің ұзақ жолын басынан өткерген адамзат мәдениетінің іргесі жасалып құрылыс техникасының негізі қаланған бір ұзақ дәуір еді.
Ертедегі материалдық өндірістің бізге келіп жеткен ескерткіштерінің көрсетуі бойынша алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға алмай өзіне азды-көпті қолайлы тұрақ таба алмаған. Өйткені ол тіршілік ету қиыншылығымен жаншылып келген еді.
Мұнымен бірге феодалдық үстем таптың салт сана қажетін өтейтін ірі монументалдық құрылыстар шыға бастады.
Құрылыс ісінің өнер дәрежесіне жетіп оның өркендей бастауы қола дәуірінің соңғы кезінен басталады бұл кезде құрылыс ісінің негізі мен принциптері жасалып құрылыс тәсілдері қалыптасады. Өзінің маңызын кейінгі ұзақ дәуірлер ішінде де жоймаған балшықтан, ағаштан, тастан жасалған конструкциялар құрылды.
Қола дәуіріндегі құрылыс техникасының табыстарына ең алдымен кеңістік көлем мекемелерін шешкендікті қосуға болады, одан кейінгі күрделі табыс-төбе тіркеулерін ойлап шығару бүрме төбе негізіне сүйелген баспалдақты шатыр төбе идеясын табу.
Қалыптасқан конструкциялар мен модельдерді қайталап қолдану жаңа мүмкіндіктерді еске ала отырып оларды жетілдіру құрылыс дағдыларын жасауға негіз болды осының негізінде онша жетіспеген боса да композицияның дұрыс геометриялық формасы қалыптасады жеке бөліктерді дұрыс орналастыру жағы игерілді соның негізінде құрылыс өнерінің ең басты принциптері ритм мен симметриялы заңдары жасалды.
Тұрғын үй архитектурасын өркендетуде ағашпен қамыстың ролі орасан зор. Алайда Қазақстанның әр түрлі аудандарындағы табиғат пен климат жағдайларына қарап тайпалардың кәсіп түріне қарай құрылыс ісі әр түрлі дамып өркендеді. Байтақ кең дала түз арасында қоғам дамуы біркелкі болмады қоғамның бір бөлігі неғұлым прогрессивті дамыды ал екінші бөлігі кенже қалды /10/.
Қаралып отырған дәуірдегі құрылыс ісінің бір ерекшелігі Орталық және Оңтүстік- Шығыс Қазақстанда тас құрылыстар көп өркендесе осы кезде Сырдария, Талас алаптарында балшықты құрылыстар белең алып, Жетісуда балшықтан, ағаштан, тастан жасалған аралас конструкциялар дамиды /11/.
Алғашқы қолдан жасалған құрылыстар шыққан кезден бастап, бергі басқа әлеуметтік экономикалық жағдайларда туған бекініс қабырғалар құрылғанға дейінгі Қазақстандағы құрылыс ісінің қысқаша тарихы осылай еді.
Революцияға дейінгі Қазақстандағы құрылыс ісі мен архитектурасының даму тарихында және техника мен мәдениеттің осы саласында ұлттық дәстүрдің қалыптасуында ҮІІ-ХІІ ғасыр басты орын алады.
Тарихи себептердің салдарынан бұрынғы кезде тоқтап қалған қала құрылысының өсе бастауы, кейіннен қалыптасып дәстүрлі ұлттық тәсіл болып қалған архитектурадағы формалардың орнығуы осы дәуірмен байланысты.
Осы дәуірде бұрынғы шеберлік ою өнерінің белгілі синтезі жүзеге асады. Осы өзгерістердің барлығының негізі қоғам ішінде болған әлеуметтік өзгерістер болды. Бұл жаңа қоғамдық формация қалаларды салып оларды көркейту ісіне дұрыс роль атқарды. Алайда архитектурадағы үдемелі қозғалыс сол кездегі қоғамның саяси шаруашылық және мәдениет қарым- қатынастарының әр түрлі дамуына сәйкес біркелкі болып отырмады.
Қарақандықтар заманында көшпелілер мен егіншілік орталықтарының арасында сауда қатынасы барған сайын күшейе түсті. Осының нәтижесінде көршілес елдер Орта Азия және Қазақстан сауда қатынасы өседі, елдің мәдениет дәрежесін көтеру жолында мұнын маңызы зор болды. ІХ-ХІІ ғасырларда басқа елдермен байланыстың нығаюы оның қалаларының өсуіне ықпал жасамай қоймады. Қалалардың барынша гүлденіп өсуі және бейне сурет өнерінің өркендеуі дәл осы қарақандықтар заманына тән болып келеді /12/.
Оңтүстікке қарағанда біраз кейінірек бірақ сондай заңды түрде Батыс Қазақстан Киев Русімен байланыс жасайды. Бұлардың мәдениеті мен өнерлерінде өзара байланыс туралы атап айтқанда ою ісмерлік өнерінің өзара алмасуы туралы Киевтегі София соборының жазба сызықтарының ішіндегі кейбір суреттердің Айша бибі кесенесінің өрнек суреттеріне тұп- тура дәл келетіндігі тағы осындай дәлел бола алады.
Орда — қалаларының тарихқа белгілі болғандары Чигу Үйсін ханының ордасы, Суяб түрік қағандарының орда астанасы, Керуен сарайлар- Испиджаб, Талас қазіргі Тараз, Атлах, Созақ, Сығанақ /13/.
Қалалардың құрылымы қоғамдық өмірдің дамуымен байланысты және жоғарыда көрсетілген қала-қоныс типтерінің қалыптасуы жағдайында құрылды.
Мұның үстіне осы дәуірде құрылыс және шеберлік өнерінің дамуы үшін материалдық және шығармалық негіз әзірленді құрылыс материалы ретінде күйдірілген кірпіш қолданылады кірпіш ою өрнегі , штамп өрнек трафарет бойынша жазып сызу және тағы басқалар пйдда болады.
Қарахандық дәуірдегі Х-ХІІ ғасырларда қалалар барынша алуан түрлі типті құрылыстар арқылы өседі. Медреселер ғимараттары бар, мешіттер феодалдар мен шонжар адамдар мовзолейлері моншалар, ал далалық жерлерде құдық үстіне салынатын құрылыстар салынады. Ислам дінінің таралуына дейін сақталып қалған христиан шіркеулері мешіт етіліп қайта жасалды. Мысалы ертедегі Тараздан бас шіркеу мешітке айналдырылған (893-894 жж). Дін иелері мен феодалдың арасынан шыққан шонжар адамдарды мәңгі есте қалдыру ескерткішке арнап ІХ ғасырдан басталған Самарадағы халифаттар мовзолейі құрылыстары бүкіл мұсылман арасына соның ішінде сол кездегі Қазақстанға да тез тарайды /14/.
Монументальды қалалық моншалар тек үлкен қалаларда ғана салынып қала берді, ал бұлардың жаппай құрылысқа айналған мысалы кездеспейді. Тараз қаласындағы монша өзінің монументальдығы мен архитектуралық жобасына қарағанда Орта Азия мен Қазақстандағы азаматтық архитектурасының сирек кездесетін үлгісі бола алады.
Үйлер салумен қатар қалалар көркемдеу ісі де барынша өркендетілді. Оған Таразда, Тақабкетте, Суккулукта, Шу өзенінде су құбырын жүргізу жолдары Тараздағы монша маңында төселген көшелердің болуы және басқалар дәлел бола алады.
Қалалар да құрылыс жұмыстарының аумағының артуымен, оларды көркейту және монументалды құрылыс типтерінің алуан түрлігімен қатар құрылыстың ұзаққа шыдауын мықтылығын қамтамасыз ету жөніненде белгілі дәрежеде қамқорлық туады. Бұл жөнінде арша мен қара ағаштардан жасалған ағаш байлам элементтерін қолдану және жадағай кірпіштерді пайдалану, сайып келгенде құрылыс материалдары саласында жалпы алға басудан антисептикалық шаралар кепіл бола алады.Сөйтіп, күйдірілген кірпіш ертінділердегі тұрақты зат ретінде гипс, альбастер фасадтарды өндеуде терракот және шимайлы көзге тақтайлар қолданылады.
Қарахандықтар дәуірінде қалыптасқан осы табыстардың барлығы кейінде монументальды құрылыстар формасымен архитектура құрылыс тәсілдерінің негізгі түріне айналды. Ашық қарапайым жоба орталық порталды құрылыстардың төбелері не порталды күмбез не конус түрінде жасалды. Мысалы, Тараздағы монша сияқты көп күмбезді үйлер мен құдық үстіне салынған құрылыстар — Мырзашөлдегі Мырза-Рабат сардобасы күмбездің формасы белгілі мөлшерде киіз үйдің түріне еліктеген .Алдңғы фасадтың сипаты мен қосымша архитектуралық өңдеу ісі туады. Бұл кейінгі дәуірлерді Пештақтың туылуына жағдай жасайды.
Х-ХІІ ғасырларда бірталай жоғарғы өркендеген, әсіресе декоратив өнер құрылыстың кіре беріс аузындағы әдемі пропорция мен салынған жарма бағаналардың сыртын кілемнің түріндей етіп безерлеу, сол бағаналарға тірелетін саңылау арқалар сол кездегі құрылыс фасадтарын қандай декоратив тәсілмен өңдеудің айқын мысалы Айша –Бибі мовзолейі /15/.
Кірпіштен сызып қалауды өркендету (Қарахан мавзолейі), ойынды террахат тақталардан бет жасау (Айша-бибі мавзолейі), құрылыстың ішкі қабырға бетін жапсырма ете шимай өрнектермен безендіру ертедегі (Тараз моншасы), Қазақстанның ою-өрнек өнерінің бұрынғы дәстүрі жаңадан көркейгенін көрсетеді.
Қарахандық дәуірінде қабырға архитектурасын өңдеу қолданылған ою-өрнек сарындары қазақ халқының өнерінде сақталып келеді. Бұл әрине айтылған өнердің халықтық тамыры күшті екендігін дәлелдейді.
Қазақстанның бұрынғы декоратив ою өнерінің жаңадан көркейген дәстүрін көрсететін ҮІІ-ХІІ ғасырларда жасалған архитектура мұралары біздің архитектурамыз үшін де өте құнды болып саналады. Бірақ сол архитектура белгілерінен біздің заманымызға дейін жеткені тіпті аз.Оның көпшілігі табынуға байланысты ескерткіш мавзолейлер.
Бұл дәуірден Орта Азия мен Қазақстанда мәдениеттің жалпы дамуының өзіде прогресшіл еді. Архитектураның дамуын да осы жағдаймен байланыстыруға болады.
ҮІІ-ХІІ ғасрлардағы көптеген қалаладың ішінен тек олардың кейбіреулеріне ғана қысқаша шолу жасамақпыз.
Бұл қалалардың бірінші тобы Шу, Талас өзендерінің алабында орналасқан. Исфиджаб, Шымкет пен Тараздың арасындағы керуен жолдың үстіне салынды. Қаланың жобасы бірін — бірі кесіп өтетін екі магистаральдың үстіне топтастырылды. Бұлардың үстінен қаланың төрт шетінде қақпа жасалды. Солтүстік бел қақпа, шығыста Қарамұрт қақпасы, оңтүстікте базар қақпасы, батыс Шымкент қақпалары болды. Өзара перпендикуляр болып келетін екі магистаральдың болуы олардың арасында тар –тұйық көшелердің болуына себеп еді /16/.
Шымкент және Тараз сияқты қалаларға жақын және отырықшы, көшпелі аудандардың ортасында тұрған Исфиджаб қаласы ислам идеологиясын насихаттауда маңызды орын алады. Халық аңыздарында бұл қаланың қасиеті орны әулиелердің ұясы ретіндегі маңызы сақталған. Сайрамда ХІ ғасыр аяғынан ХІІ ғасыр басына дейін өмір сүрген Мірәлі баба дегенге тиісті мавзолей Ибрагим ата, Азиз баба Қызыр пайғамбар және басқалардың мавзолейлері осы уақытқа дейін тұр. Бұл мавзолейлердің көпшілігі бірнеше рет қайта салынды және архитектураның құрылыс жағынан алғанда олардың құндылығы онша емес.
Тараз қаласы Талас өзені бойына салынған 568 ж. өзінде-ақ Византия елшісі Земарх және одан 60жылдан кейін Сюань-Цзань жазып кеткен. Тараз керуен жолындағы іріленген сауда қаласы .
Ертедегі бұл қаланы қазғанда адамзат қолынан істелген 5 қабаты табылды. Жоғарыдан- төмен қарай, 1-ші қабат-қазіргі кез қабат, 2-ші қабаты ХІІІ-ХҮ ғасырларға сай келеді, 3-ші қабатында ХІ-ХІІ ғасырдағы қала қалдықтары бар, 4-ші қабаты–Түркеш -Қарлұқ заманындағы Ү-ҮІІ ғасырлар мәдениетінің іздерін сақтаған.
ХІ-ХІІ ғасырлардың өзіне тән ерекшеліктерінің бірі қара, сұр ренктерді ұштастыра отырып, қоңыр, қызыл бояумен сырлау болып табылады. Үй, монша қабырғаларына сызып жазуға, фасадтардың керамикамен қапталған беттерінде де осындай көрініс байқалды.
Қаланың түзу жолды ретті жобасының ізі байқалады. Тұрғын кварталдар неғұрлым ұсақ көлемде, ал қоғамдық кварталдар барынша ірі болған . Тараз құрылысының ішінен ХХ ғасырда өңделеген Х-ХІІ ғасырлардағы Қарахан мавзолейі ғана сақталған және Х-ХІ ғасырлардағы моншаның қалдығы қазылып табылды. Тараз бірнеше рет бүлікшілікке ұшырады. 1207-1210 жылдары Хорезм шахы Мұхамед, 1219-1220 жылдары монғолдар, 1307 шағатайлықтар және басқалар бұл қаланы қиратып кетті. Х-ХІІ ғасырларда Тараз өз гүлденуінің шегіне жетті /17/ .
Құлан қаласы, Баласағұн, Отырар, Сығанақ осы жоғарыда аталып өткен Қазақстан қалалары оның әр түрлі экономикалық аудандарында орналасқан, олардың туып өркен жайғандары да әртүрлі болған.
Олардың бәріне ортақ бір ғана тарихи тағдыры сол — бұлардың бәрі қирап күл-көпір болып жатыр. Ертедегі қалалардың барлығы бұрыштары 4 құбылаға қаратылып салынған, тағы да бір төмендегідей өздеріне тән ерекшеліктердің болғанын айта кеткен жөн. Тараз, Исфиджаб және Баласағұн т.б қалалардың көшелері 4 құбылаға, Талғар, Қойлықтың бұрышты конфигурацяалары бұрыштарына қаратылған. Қаланың архитектуралық тұлғасы оның атқаратын негізгі қызметіне қарай қалыптасқан. Мысалы, ескі Сайрамның орталығында жұма мешіті болды /18/.
Қазіргі Қазақстан территориясында ҮІІ-ХІІ ғасырлардан бері сақталып келе жатқан біраз азаматтық және діни архитектуралық құрылыстар құнды заттар болып табылады. Бұлардың негізгілері төмендегі ескерткішер: Қарахан мавзолейі (Х-ХІ ғасырлар), Тараздағы монша (ХІ-ХІІ ғасырлар), Мырзашөлдегі Мырза-Рабат сардобалары (Х-ХІІ ғасырлар), Бабаджа қатын (Х-ХІ ғасырлар), Айша бибі (ХІ-ХІІ ғасырлар) кесенелері.
- Қарахан (Әулиеата) мазары
Орта ғасыр дәуірінен бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгісінің бірі – Қарахан кесенесі. Ол көне Тараз қаласының батыс жағындағы ғасырлардан келе жатқан мұсылман зиратына жақын орналасқан. Қарахан кесенесі орналасқан қала зираты Х ғасырда ислам дінін қадылдауына байланысты адам жерленіп, кейіннен Қарахан, Шомансұр кесенелері тұрғызылған. 1870 жылдары Түркістан өлкесінің генерал губернаторы Әулиеата қаласында болып, Қарахан кесенесінде оның айналасындағы зиратта бірнеше сағаналардың бар екенін тілге тиек етеді /19/. Сөз жоқ, ғасырлар бойы мекен еткен қала тұрғындары осында жерленіп басына құлыптас немесе шамасына қарай сағана кесене орнатқан. Түптеп келгенде зираттар да тарихи ескерткіштер қатарына жатады.
Әулиеата (Қарақан) кесенесі Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің ескерткіші. Тараз қаласындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық- музейінің қарау аймағында тұр. ХХ ғасырдың бас кезінде қайта салынғандықтан бұрынғы конструциялық қағидасы сақталынғанымен өзінің алғашқы сәулеттік безендіру өрнектерінен айырылған . Ол қабір үстінен тұрғызылған ғимарат типі. Оны алғаш В.П.Денике жан-жақты зерттеп, өзінің «Орта Азияның сәулеттік өрнектері» деген кітабында жазған болатын.
Қарахан кесенесі туралы Түркістан әуесқой археология үйірмесінің мүшесі В. Панков «Бұл анау-мынау мазар емес, назар аударарлық ежелгі замандардың аса құнды ескерткіші… Онда екі минареті ғана сақталған. Уақыт оның көптеген ою-өрнектерін жойып жібергенімен алдыңғы жағынан қарағанда кесене әлі асқақ көрінеді. Мен сондай-ақ әсем қытай кірпішінен тұрғызылған бұл құрылыстың түзу әрі үйлесімді салынғандығына назар аудардым. Ескерткіштің төменгі бөлігіндегі кірпіштерде крестер бейнеленген, биіктігі шамамен алты қадам»- деп жазып қалдырған /20/.
Кесене ішінде текпішекті құлыптас сақталған. Мазар ірге тасы шаршы тәріздес төбесі күмбезді ғимарат. Мазар қабырғасының сырты қазіргі замандық кірпішерден, ал күмбездің іші мен аралық қуыстар, терезе қуыстары Қарақандар дәуірінен қалған кірпіштерден қаланған. Мавзолейдің қас беті оңтүстікке қараған, шет-шеттері мұнаралармен көмкерілген. Мазарға терең арка арқылы кіруге болады, оның екі жағында тік бұрышты, шаршы және садақ оғы тәріздес үш қуыс орналасқан. Геометриялық ою-өрнек түрлерінің бірі ретінде қабырғаларының ызылып қалануына айрықша көңіл аударуға болады. Ою-өрнек көркемділігі кірпіштерді блокталған торкөз, шаршы, ромб етіп және таңдайлап қалау болып келеді. Ызба қалау принципі қалаудың өз қарапайымдылығы сияқты өте қарапайым болып келеді. Бұлай етіп қалаудың декерлеуін осы түрінің ертедегі үлесі болып табылады. Таңдай, үшбұрыш және ромб түрінде бұдан ерте қаланған архитектуралық ескерткіштер Орта Азия мен Қазақстан территориясында кездеспейді. Қабырғаларды торлап қалаудың сындай ертедегі үлгілерін б.з.д. Бұқарадағы Исмаил саманитін мавзолейі, Талқатан баба мешіті (Мерфтің Оңтүстігінде) және басқа ескерткіштер сақтап келеді. Сол сияқты бұлардан беріректегі уақытта салынған таңдайлы және үшбұрышты қалауда кедеседі.
Декордың бұл түрінің дәстүр болғандығын, кейінгі тарихи дәуірлерде оны шығармашылықтың қолданғанын архитектураның жаңадан ашқан әртүрлі ескерткіштерінен көруге болады.
Қарахан мавзолейінің негізгі қабырғалары бірыңғай кірпішпен ызып қалаумен өрнектеліп, блоктар арқылы байланысып отырған. Басқұрлардың тігінен тартқан қатары тәрізді үшбұрышты ромбалар және таңдайлап қалау ескерткіштің порталдық бөлігінде ғана қолданылған. Бұл әрине композицияның динамикалығын күшейте түседі.
Портал аркалығын блоктап қалау порталды үйдің негізгі бөлігінің қабырғаларымен жалғастырып тұрады. Сонымен, мавзолейдің сәулетті қабырға конструкциясына декорды енгізіп және оны архитектуралық пікірге сәйкес бөліп, архитектуралық формамен ою-өрнек декорының синтезін жүзеге асыра білген. Декор архитектуралық жеке элементерді байланыстыратын буыны болып, олардың архитектуралық маңызын баса көрсеткен /21/.
Қазір мазардың орталық залында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық –музейінің Тараздың бұрынғы бай тарихын баяндайтын экспозиция орналасқан. Мазар экскурция объектісі ретінде шет елдік туристердің назарын көп аударып жүр. Бізге келіп жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгісі және киелі жер деп халқымыз мінажат ететін қасиетті ғимараттың тарихи мәнін өз дәрежесінде насихаттау біздің басты парызымыз болу керек.
Қарахан атауы жайындағы ақиқат.
Енді Қарахан атауына тоқталған жөн болар. Көп жұрт Қараханды билеушінің аты деп ұғады. Бұл мүлдем қате түсінік. Қарахан лауазымын көне түркі заманында ұлыхан деген мағынада қолданылған. Мәселен, «Қар»халық деген сөз «Көп халық», «Ұлы халық» деген мағынаны білдіреді. Ал сол ұлы ханға бағынатын хандарды «илек» хандар деп атаған. Қарахан әулетін «Қарханидтер» деген атауды көне грек дәстүріне сәйкес орыстың шығыстанушысы, Ш. Уалиханов шығармашылығын алғашқы зерттеушілердің бірі В. Григорьев ғылыми айналымға енгізген болатын /22/.
Оса орайда Тараз қаласының қақ ортасындағы мазардағы «Әулие ата атанған Қарахан кім?» деген сауал өзінен-өзі туындайтындығы сөзсіз.
Тарихқа жүгінсек Х-ХІІ ғасырларда Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мауереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашқарға дейінгі кең байтақ жерге иелік еткен Қарахан мемлекеті өмір сүрген /23/. Қарахан мемлекетінде ислам дінін бірінші қабылдаған Сатук Бограхан Абд ал-Керим болған. Ол туралы алғашқы деректерді Ибн ал-Асира (1160-1230жж.) және Жамал Қарши (ХІІІ ғасыр) еңбектерінде кездестіреміз. Аңыз бойынша Сатук Боғрахан 96 жыл өмір сүрген. Жамал Қаршидің көрсетуінше ол Қашқардың терістік-шығыс жағында 60 шақырым жерде жерленген. Демек, біз Қарахан мазары атап жүрген кесенеде Сатук Боғрахан жерленуі мүмкін.
Ал, келесі ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек О. Прицак, О. Восфордтың «Мусульманские династий» деген кітабында 1059 жылға дейін Таразды билеген Қарахан Ша-Махмут (Шах-Махмут) екендігін нумизматикалық деректер арқылы дәлелдеп көрсете, академик В.Бартольд сол Ша-Махмуттың Қарақытайларға қарсы талай қырғын соғыстарға қол бастап, талай жеңістерге жеткенін, бірде Талас өзенімен тоғытылған қойдай ағып бара жатқан жау өліктерін көріп, жиреніп, алтын тағын мүлдем тастағанын, сопылық жолға түсіп, жер астына қылует үй қазып алып өле-өлгенше Аллаға жалбарынып өткенінің, сондықтан Әулие ата атанғанын жазған еді. В. Панковтың жергілікті Абдолла деген қазыдан жазып алған шежіресі де жоғарыда айтылған деректі дәлелдей түседі.
Орта Азияда Х-ХІІ ғасырларда сонау Қашқардан Самарқан, Бұқараға дейінгі кең байтақ өлкені билеген Қарахан әулеті құрған мемлекет туралы да біраз сөз болып жүр. Осы әдебиеттерде Қарахандар Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі Фатима атты қызын алған күйеу баласы Әзірет Әлі халифадан тараған қожалар әулеті деген де деректер жазылған.
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданыны қарасты Бабата атты елді-мекен көп жұртқа белгілі. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Алғабас ауданындағы Бәйдібек баба, Ысқақ бап әулие қарахан қожаның арғы бабасы болып келеді. «Бап» демекші, араб тілінде бап «есік» деген ұғымды білдіргенмен, оның мағынасы христиандардың Рим папасын әулие тұтып, құрметтегені сияқты сол «папа» деген ұғымға жуықтайды. Қазақ арасындағы «Сайрамда бар сансыз бап», Түркістанда түмен бап, баптардың бабы Арыстанбаб деген сөздегі «бап» «әулие», «шапағатты» деген мағынаны білдіреді. Қазақтар арасындағы атаның әкесін баба деу сол арабша баптан, грекше «папа» яғни әке деген сөзден шыққан деп жорамалдауға негіз бар.
Сонымен, «әулие» деген сөздің мағынасы қандай. Арабтарда «уәли» деген сөз бар. Оны қазақша билеуші деп атауға болады. Міне, осы уәлидің көпше түрі — әулие.
Қарахан атауының шығуы жөнінде қытай ғалымы Гың Шымин Зерттеушілер кейінгі кезде: «қара» деген сөз байырғы түрік тілінде «солтүстік жақ» деген мағынаны білдіретін, кейін «басқыш», ең жоғарғы деген ауыспалы мағынаға ие болған деген пікірді көбірек айтып, соған жорыған тәрізді.
Сонымен жоғарыда айтылған деректерге сүйенсек ХІІІ ғасырдағы Жамал Қаршидың айтқан Сатук Бограханы 96 жыл, ал В. Панков жазып алған шежіредегі Шахмахмуд 95 жыл өмір сүрген болып шығады. Келтірілген деректердегі адамдардың есімдері екі түрлі болғанымен шын мәнінде олардың бір адам болуы мүмкін. Өйткені, уақыт өткен сайын адам аттары да өзгеріске түседі ғой. Оның нақтылы мысалдары тарихта көп кездеседі. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер, археолог Күзенбай Байбосынов Ташкент қаласындағы мемлекеттік архивтен Түркістан әуесқой археологиялық үйірмесінің құжаттарымен танысып, жұмыс істеу барысында 1897 жылы Әулиеата қаласынан әкелінген бірнещше құжат тапқандығын баяндайды. Бұл құжатта келтірілген деректер В. Панков қалдырған деректермен мазмұндас болып шықты. Бұл екеуінде негізінен Шахмахмудтың аты аталған, «Оның лақап аты Әулие Қарахан еді»
делінген /24/.
Қорыта келе жоғарыда келтірілген деректерге сүйене отырып Қарахан кесенесіне Шахмахмуд есімді Қарахан мемлекетінің билеушісі жерленген деген пікірге тоқталмақпыз.
2.2.Тектұрмас және Дәуітбек мазарлары.
Тектұрмас мазары.
Тектұрмас мазары Талас өзенінің оң жағалауында төңіректен биік тұрған төбе үстінде, Тараз қаласының шығыс жағалауында орналасқан. Талас бойында Тараз қаласын салған халық тектұрмастың да басына тамаша құоылыс салған. Мазар ХІІІ ғасырда салынды деп есептелінеді. Оның авторы мен салушысы белгісіз. Қазір толық қирап біткен. Ол ХІХ ғасырдың 80 жылдарында сақталған фотосурет арқылы ғана белгілі. Мазар күйдірілген кірпіштен салынған, күмбезі болған, іргесі төрт бұрышты болып келген. Оған кіретін үшкір арка тәрізді қақпа батыс жаққа, Таразға қарай қараған. Мазардың бұрыштары пилястрілмен тамамдалған, қабырғаларында сызық іздері болған.
Ескерткішті ХІХ ғасырдың аяқ кезінде В.А. Каллаур, 1949 жылы А.Н. Ремпель, 1939-1950 жылдары Г.И. Ппцевич, 1963 жылы Т.Н. Сенигова археологиялық жұмыстар жүргізген, зерттеген.
Тектұрмас жайында бір жазба дерек бар. Оның авторы орыс отрядын басқарып, 1864 жылы көктемде Қоқандықтарды Әулиеата қамалынан қуып шыққан Черняев. Оның 1864 жылы 1 маусымдағы «Әулиеата қамалы» деп аталатын жазбаларында былай делінген: «Әулиеатадан батысқа қарай 40 сажень жерде зират бар, сонда кірпіштен салынған, жартылай мүжілген, іші айтарлықтай кең, кесене тұр, ол Қарахан деген қасиетті әулиенің есімімен аталады. Мұның өзі қамалды да осылай атауға негіз болған. Осы арада біржарым шақырымдай жерлегі әжептеуір дөңесте Тектұрмас деп аталатын тағы бір әулиенің моласы бар, бұл жота соның атымен аталады».
Филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев бұл кесене жөнінде былай дейді. Тектұрмас атаның әу бастағы қасиет тұтып қойған аты Сұлтан Махмұдхан екен. Әулие ата оны бек болып қызмет етуге сарайына шақырады. Бірақ, ол бек болудан бас тартып, жеке дара әулиелік жолға түседі. Бектіктен бас тартқандықтан, ел оны Тектұрмас атап кетеді. Жұрт Тектұрмас атаның мазарын қасиет тұтып, оның басына шырақ жағып, құрбандық берген. Бала көтермеген әйелдер бала сұрап жалбарынатын болған. Бұл Тектұрмас жайындағы аңыз. Ал енді Тектұрмас әулиеге келсек, ол Қарахан тұсында әскербасы, жасауылбасы болып қызмет атқарған көрінеді. Ол өз қызметін атқаруға шыққанда, қара жолдың үстіндегі жолаушы, керуен біткен түгел тексеруден өтеді екен. Көңіліне жақпаған жолаушыларды өз бетінше жазалап, оларға өз бетінше шара қолданыпты. Жолаушы жұртты да, тұрғылықты елді де үнемі тексеріп, халыққа да тыныштық бермей, өзі де тыным алмай жүргендіктен, көпшілік оны Тектұрмас атап кетіпті. Сол автор енді басқа бір аңызды тілге тиек етеді. Онда Таластың төменгі бойында Тектұрмас атты қаланың болғандығы жайында айтылады. Осыдан бес жүз жыл бұрын мұнда қалмақтар билік жүргізген. Жергілікті ел Әмір Темірмен сөз байласып, қалмақтарды Талас бойынан қуып шығуға келіседі. Әмір Темір қалың қолын бастап, осылай қарай жолға шығады. Бұл хабарды естіген қалмақтар Тектұрмасқа өздері жинаған, алып кетуі мүмкін емес асыл заттарды алып кетудің жолын іздестіреді. Ондай мүмкіндік болмайтындығына көздері жеткен соң, үйіп жинайды да олардың үстіне таудай етіп сексеуіл үйеді. Жинаған түрлі асыл заттар отқа оранып, күлге айналады. Әмір Темір келгенше, қалмақтар түгелдей жиналып, көшіп кетеді /25/.
Ал, тарих ғылымдарының докторы, профессор К. Рысбайдың айтуынша Тектұрмас қандай да бір жеке тұлғаның аты емес. Бұл орынның осылай аталу себебі мынада: халықтың жанында терең із қалдырған адамды жұрт әулие тұтатыны белгілі: осында келіп, мінәжат етеді. Перзент көрмей жүргендер түнеп жатып жалбарынып, Аллаһтан перзент сұрайды, дімкес, ұзаққа созылған ауру сырқаудан айығып кетуіне рақымшылық жасауын, т.т. сұрап, келіп-кетіп жатады. Яғни бұл жер ешқашан адамсыз болмайды, тек тұрмайды.
Осы ойымызды қуаттарлық фактіні еске алайық. Талас өзенінің төменгі ағысында «Қызыл жар» ауылының маңында Тектұрмас деген көне қаланаң орнын археологтар анықтап отыр. Оның тұрғызылған мерзімі ҮІІ ғасыр деп белгілейді. Сонда бұл қала ислам діні тарамаған кезде, зороастризм наным-сенімі кезінде бой көтерген. Яғниол да жеке тұлғаның аты емес, халықтың сол қаланы тұрғызған тұлғаны пір тұтып, кейәнгілер үнемі оны ардақтап отырғанын білдірсе керек жаңағы атау.
Сонымен, қорыта айтқанда, бұл жерге жерленген адам атқарған ісімен көзі тірісінде әйгілі болған көрнекті тұлға, ол Қарахандықтар әулетінен шыққан билеушілердің бірі. Қарахан мемлекетінің билеушісі Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Содан бастап әлгі аты беймәлім тұлға бар ғұмырын осы жаңа дінді жергілікті түркі тілдес халықтар арасында таратуға, соны уағыздауға арнаған. Сондықтан да оның іс-әрекеті жұрттың жадында сақталған, оны әулие деп таныған. Дүниеден озғаннан кейіноның моласының үстіне ХІІІ ғасырда сол қарахандықтардың билеушілері кесене орнатқан /26/.
1864 жылы көктемде орыс отрядының зеңбіректері осы кесене маңына қойылып, төмендегі қоқандықтардың қамалына оқ жаудырып тұрған, қарсыластарының оқтары осындағы оларға жетіп, кесенеге көп залал келтірген.
Кесене ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғында большевиктердің дінге қарсы күрес науқаны кезінде толық қиратылған. Кірпіштері осы маңда 30-шы жылдардың басында салына бастаған қант зауытының құрылыс нысандарына пайдаланылған.
А. Момышев құрған «Тектұрмас әулие» қоғамдық қорының қаржысына 2002 жылы қыркүйекте сол ескі кесененің орнына жаңа кесене орнатылды.
Дәуітбек (Шамансур) мазары
Дәуітбек мазары Тараз қаласындағы рабад жерінде, Қарахан мазарынан шығысқа қарай орналасқан. ХVІІІ ғасырда қаланған сәулеттік ғимарат. Мазар моңғолдық билеушілердің бірі (тегі түркілік әскер басы) Ұлық Білге Ықбалхан Дәутбектің қабірінің үстінен тұрғызылған. Оның салған авторы мен құрылысшысы туралы деректер белгісіз.
Мазар порталды күмбезді, шаршылық жобадағы ғимарат. Порталы төмен, жан-жағындағы екі шағын жылтыр мұнаралары бар. Жатықтау күмбез ішкі қуыстарды жабатын аркалар мен мазар қабырғаларының үстіне орналасқан. Портал күмбез бөлігіне барынша жақындатылған. Мазардың ішкі орталығында араб тілінде жазылған құлыптас бар, оны В.В. Бартольд оқып шыққан. Мұнда көмілген жылы, аты-жөні және 1262 жылы өлген мерзімі көрсетілген /27/.
Мазар қазіргі түріне ХІХ ғ. жартысында ие болған. Алғашқыда оның конструкциясы (киоскі типтес) күмбезді болған еді. Мазардың күмбезі 4 жартылай аркадан тұратын. Арқалар қаланған плиткалы ірге тақты тірелетін. Мазар жалпақтау күйген кірпіштен қалаған. Ескерткішті В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, Д.А. Иванов, К.М. Байпақов зерттеді. 1982 ж. мазарды «Жамбылреставрация» ғылыми – қалпына келтіру шеберханасы қалпына келтірді.
Мазар Қазақстандағы ХІІІ ғ. сәулет өнерінің азынаулақ ескерткіштерінің біреуі болып табылады.
Жылдан жылға отанымыздың көне тарихына деген қызығушылықтың арта түсуі ұлттық қоғамдық сананың мейілінше кеңейуіне жол ашып отыр.
2.2. Айша бибі кесенесі (ХІ-ХІІ ғасырлар).
Тараз қаласының оңтүстік жағында 20 шақты шақырым жерде Аса өзенінің жағасындағы Айша бибі ауылында екі ғимарат тұр. Олардың бірі –Айша бибіге орнатылған ескерткіш. Бұл архитектуралық көркемдік жағынан өте құнды, біздің заманымызға дейінгі ою-өрнек сарынын және композициялық тәсілдерінің байлығы мен алуан түрлілігін сақтап келген тамаша ескерткіш болып табылады.
Облыстағы барлық ескерткіштер арасындағы Айша бибі мавзолейі тек республикада, тіпті елімізден сырт жерлерде де Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен қатар ерекше назарда. Ұлы археолог А.Н. Бернштамның өткен жүз жылдықтың 30-40 жылдарындағы зерттеулері негізінде бұл ғимараттың ХІ-ХІІ ғасырларда салынғаны дәлелденіп отыр.
1987 жылы В.А. Каллаур мұқият зерттеген /28/. 1938-1939 жылдары А.Н. Бернштамның басшылығымен ИИМК және Эруда экспедициялары, 1943 жылы КСРО сәулет академиясының ассистенттер тобы, 1953 жылы ҚазақССР академиясының экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Айша бибі мазары оның авторы мен құрылысшысы белгісіз. Қазіргі уақытта мазар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық музейінің қорғау аймағына алынған.
Б.П.Деникенің айтуына қарағанда,бұл ескерткіш Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы ең тамаша ескерткіштердің бірі. Ол қима терракотпен безендірілген.Мұны қолдану Орта Азия мен Қазақстан аймағында ғана кең тараған. Бұл Бабаджа қатын кесенесімен қатар тұр. Олардың шығыс фасадтары бірқатар болып орналасқан. Мавзолейдің көлемі, бағаналардың сыртқа шығып тұрғаныңн есепке алмағанда, сыртқы қабырғалары 723х723 см жоба бойынша тұрғызылды.
Бабаджа қатын кесенесі сияқты Айша бибі кесенесінің кеңістігі құрылысы шаршы формалы болып келді, бірақ күрделі архитектуралық бөлшек салаларының және бай тдекоратив құрылысының арасында бұл әсем істелген жоғары бойлай түскен құрылыс ретінде көрінеді. 1953 жылы өлшеп зерттеу Айша бибі кесенесінің конструктив схемасы өте қызық екенін және өзінің сипаты жағынана алғанда Орта Азия мен Қазақстанның құрлыстарының конструктив шеңберінен тыс жататынын көрсетті.
Кесененің қабырғалары үш қабат болады, бұлардың сыртқы қабатын қаптайтын террокот плиталар одан кейін қабырға ішіне салынған толтырғыш заттар және ішкі қабаты – қалыңдығы 40 см, ішіне салынатын заттарға қалып болып табылатын кірпіш қабырғалары болды. Толтырғыштар дегеніміз ганч пен балшық араластырылған жарамай қалған террокат қалақтарының қоспалары. Толтырғыштардың қалыңдығы 80 см болып келеді. Қалаудың мұндай системасы Орта Азия мен Қазақстанның құрылыс практикасына бұрын-соңды болып көрген емес. Тек ХІХ ғасырда ғана Сам және Маңғыстау аудандарында осылай етіп салу тастан жасалған конструкцияларда жаңадан туады.
Диаметрі 86 см болып келетін төртбұрыштағы мықты бағаналар, барлық ойықтарының бұрыштарындағы шағын бағаналар мен шатырлардың және аркалардың системасы кесене қаңқасын құрайтын негізгі конструктивтік өзек болып табылады. Қабырға бөліктер мен бағана системаларын биіктігінен алғанда әрбір 60-80 см кейін қалау арасына салып отырған арша байламдар арқылы жалғасады.
Арша дегеніміз — тау беткейлерінде өсетін ағаш тәрізді бұталар, оның ағашының құртап шіріген және басқа дерттерге қарсы өте төзімді қасиеті болатындығы ертедегі құрылысшыларға мәлім болған. Бабаджа қатын мен Айша бибі кесенелерінде арша бөренелері ғасырлар бойына жақсы шыдап келеді. Бұлардың өздері де сақталған және осы құрылыстарды да сақтаған.
Арша байламдары ойдағыдай қолданудың мысалдарын ертедегі Мервтегі (ХІІғ.) Сұлтан Санжар, мавзолейінен де,Ұлықбек медресесінен де көреміз ( ХҮ ғ.).
Айша-бибі мавзолейінің арқа шатыр системасы қабырғаға күш түсірмейді және түсетін күшті бағаналар мен кірпіш тіреулерге ауыстырыладфы.Фасадтағы 4 ойықтың бәрі де жартылай шатырмен жабылған.Бұл жартылай шағын бағаналарға және ойықтардағы кірпіш тіреуге сүйенеді. Арқа шатырлар өз кезегінде 384 өлшеуден басталатын көлденең арқалар системасына сүйенетін болған.Мавзолей үйінің күмбезбенжабылғандығын 286 өлшеудегі бұрыш арка тромптарының қалдықтары дәлелдейді.
Өлшеу материалдары бойынша кесененің қисық порталдық аркаларын талдау жолымен оны салудың заңдары анықталған.Порталдық арка ҮШ кіндіктен салынған спираль қисықтың бірін — бірі кесіп өтетін екі кесіндісі болып келеді. Портал аркаларының ұшпасы оның көтерілуі шығыры және негізгі нүктелері тиісті қатынаста жалғастырылған. Айша-бибі кесенесінің қисық порталдық аркаларын салу принциптері Бабаджа қатын кесенесінің порталдық аркаларын салу тәсілімен тығыз байланысты болғанына қарамастан спиральды қисық қолданылған, алайда жарты шеңберін едәуір көтеру және пропорцияның басқа элементтері Айша бибі кесенесінің портал аркасын неғұрлым сымбатты және әсем етіп көрсетеді. Арканың сымбаттылығы мен әсемдігі оған келіп тірелетін бағаналар арқылы бұрыңғыдан гөрі де күшейе түседі. Портал қуысының түпкіріне орналасқан арка констукцияларына ұқсас болып келетін терезе ойығы жарық контрастысын және көлеңке жасап, кеңістік композициясын байыта түседі.
1953 жылы қазба жұмысы жүргізіліп топырақ қабаты кесененің цоколы және тас тақтадан жасалған суағары болғанын көрсетеді. Бұлар осы уақытқа дейін сақталған. Бірақ 70см артық тереңдікте көміліп қалған.
Айша бибі кесенесінің қалдықтарын тексеріп зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, бұл кесене тек сәулетшінің топырақ конструктив тәсіл қолдануының арқасында ғана сақталған.
Айша бибі кесенесінің сыртын қаптаған терракот қалақтары қабырғаға ерекше қадалар және жалдар арқылы қиюласқан. Мұның өзі қабырғаны оның ішіндегі заттармен тиісінше мықты байланыстырған. Кейінгі дәуірлерде (ХІІ-ХІІІ ғасырлар) мысалы, Үзген ескерткішіндегі сияқты қабырға беттерін өңдеу тек балшық немесе алебастер сылауларымен нығайтылып отырған.
Айша-бибі мавзолейінің порталы жоқ. Қабырға кенересінен бастап арка өкшесіне дейін көтерілген қырлы панельдер кірер есікті шығарумен қатар конструктив қызмет атқарып, бұлар қабырғаның жоғарығы нәзіктелген және ойықтармен бөлшектенген бет тыстауларына көп қуат береді.
Тұтас ою-өрнек салынған осы көрсетілген конструктивтік элемент қабырғалары панельдер мұнымен бірге архитектуралық деталь болып табылады; ал Үзген ескерткіштерінде бұшл тек архитектуралық декоратив элемент болып, порталдың бүкіл ұзын бойын алып тұрады. Сондай-ақ Айша бибі мавзолейінің Үзген ескеркішінен айырмашылығы мұның қабырғасын кілем түріндей ызып қалау арқылы тұтасып жатқан ою -өрнек безеулеріне сүйенген.
Фасад қабырғаларына жазуы бар Бабажа –Хатун мавзолейінен Айша-бибі мавзолейінің тағы бір айырмашылығы мұнда жазу бұрыш бағаналарындағы тыстау қалақтарына түсірілген. Кесененің оңтүстік- батыс және солтүстік –батыс бағаналарының үстінде жазуы бар бұрау қалақтардың бейнелері келтірілген. Жазу орны суретте ашық көрінеді. Ол П әрпімен белгіленген.
Айша-бибі мавзолейінің қолданған барлық осы құрылыс және декоратив тәсілдері оның салынған уақыты ХІ ғасыр және ХІІ ғасырдың бас кезінен кеш емес екендігін көрстеді, ал кейбір әдебиеттерде бұл кесенелердің салынуын ХІІ-ХІІІ ғасырларға жатқызып жүр. Айша бибі кесенесі өз алдына бір музей сияқты. Мұнда Қазақстан архитектурасының негізгі ою-өрнек сарындарының дәстүрлік формалары мен негізгі ою-өрнек қазынасы толық жинақталған және революциялық принциптері бұлардың ұштасуын түсіндіретін тетік болып табылады.
Айша-бибі кесенесі соңғы ғасырлардың ішінде Қазақстан ою-өрнек декорын шығармашылықпен дамыту үшін ерекше таусылмас бұлаққа айналды, мұның үстіне осы ескерткіштің ою-өрнектерінің барлық түрі дерлік қазақтың тұрмыста қолданылған заттарындағы халық ою-өрнектерінің ішінде кездеседі.
Жоғары да айтылғандар қосымша ретінде Айша-бибі мавзолейіндегі өрнектелген қалақтарды ызба қалаумен тұтастырып салу тәсілдері және қалақтардың үстіне салынған өрнек сарындары Бабаджа қатын ескерткішіндегілерге қарағанда неғұрлым кеңінен өрістеп отыр.
Айша-бибі мавзолейінің өте бай декорының едәуір бөлігі бұзылудың нәтижесінде құрып кеткеніне қарамастан тіпті осындай жағдайдың өзінде әртүрлі суреттері бар жиырмадан астам терракот қалақтардыгң алуан түрлі формаларына қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Бұлардың едәуір бөлігін ою-өрнек сарындарының өте көп алуан түрлілігіне және оларды композициялық жағынан ұштастырудың одан да гөрі алуан түрлілігіне қарамастан, тексере зерттеу, оларды талдау ою-өрнектердің тек негізгі төрт түрін ғана талдап отырып, Бұлардың бірі өрілген көп бұрыш крест және жұлдыз түріндегі геометриялық ою-өрнек. Екіншісі, гүлі бар өсімдік сабағы және будақ гүлді гүл түріндегі өсімдіктектес ою-өрнек.Үшіншісі, өсімдік сарынына бой ұрған қошқар мүйіздер. Төртіншісі, қалғандарынан біраз ереешк болып келетін суреттер. Бұл Г.В.Григоревтің сөзімен айтқанда қошқардың дериват бейне суреті болып келетін образды суреттер.
Айша-бибі мавзолейінің ою-өрнек декорын талдау архитектуралық өрнектің тұрмыс ою-өрнектерімен тарихи және шығармашылық байланысы болғандығы және бұлардың біреуінен екіншісіне өзара ауысу тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен Айша бибі кесенесін жан-жақты тексерудің негізінде біз архитектуралық стилі мен ою-өрнектер деталдарының молдығы жағынан алғанда ол Қазақстан архитектурасы тарихында ерекше орын алады деген қорытындыға келеміз.
Кесене фасадтарының ою-өрнектерінің тұтасқан кілем сияқты сипатына қарамастан сәулетші ою-өрнек декорының тәсілдерімен консрукциясының салмақ түсетін және салмақ түсіретін бөліктерін баса көрсетіп, констуктив детальдарды айқындауға кеңістік композициясында вертикальды , құрылыс масштабын және басқаларды белгілей білген.
Бұл жағдайдан ою-өрнек декоры архитектуралық формалармен ұштасып, мавзолей үйінің теңдесі жоқ сыртқы көрнісін жасаған /29/.
Тегіс қабырғаларды жалпы сәндеу жіңішке жолақ қабырғаларды декорлау, қабырғалы керегеден тегіс керегеге жұмырланған қалақ арқылы көшу ісін жүзеге асыру және мұнымен бірге бордюрмен қабырғалардың жеке беттерін бөліп көрсету, бұрыш бағаналарын белдеулермен және жұмырлау арқылы бөлшектеу, арка тимпандарын өрнектеу тематикаларының болуы-міне мәні жағынан осы қарама-қарсы барлық формалар мен тәсілдерді ұштастыру, Айша бибі мавзолейіндегі қолданылған бұл жағдайлар ешқандай қарама-қайшылыққа ұшыратпайды және көркемдік тұтастығын бұзбайды. Өрнек суреттердің масштабтары, қалақтардың көлемі мен формалары композициядағы осы суреттер мен қалақтардың орнына сай келеді.
Айша бибі туралы аңыз
1964 ж Ташкенттегі Өзбекстан роеспубликалық орталық архивінен Айша бибі аңыз бойынша оған ғашық болған Қарахан туралы алғашқы мәліметтерді кездестіруге болады. Ал, қалың жұртшылық білетін аңыз бойынша тоқталсақ ол былай:
Қара қидандардың ішінде Қарахан ислам дінін бірінші болып қабылдаған екен. Сол Қараханның түсіне әулиелер аян беріп, арабтан дін таратуға келген Зеңгі бабаның 15 жасар қызы Айшаны түсінде көреді. Зеңгі бабаға Сүлеймен пайғамбардың қасиеті дарыған үлкен әулие адам екен. Ол өзіне өтінішпен келген Қараханды қара деп менсінбей Айшаға үйленуге рұқсат етпейді.
Айша өзі Қараханды түсінде көріп ғашық болған екен. Ол бір күні әкесіне өзі келіп, Қараханды өзі іздейтінін айтып рұқсат сұрайды. Зеңгі баба қызына батасын беріп, Қараханға аттандырады. Ол қызының қасына 40 қыз бен Бабажа қатынды қосып беріп:
-Балам, алдыңнан 6 өзен кездеседі одан өтесің, ал, жетінші өзеннен өтпеуің мүмкін. Сол жерде Қарахан бабаны өзің күтерсің,- дейді. Айша аттанып кеткеннен кейін, қызым қайда кетіп барады кен деп бір шыңның басына шығып артынан қарап тұрыпты. Сонда оның көзіне сәукелесі желбіреп кетіп бара жатқан қызының бейенесі елестейді. Алладан медет тілеген Зеңгі баба ішінен өкініші мен зарын төгіп ұзақ отырыпты. Көзін ашса жап-жасыл шыңның қап-қара болып күйіп кеткенін көреді. Сөйтіп, сол шың осы күнге дейін Күйік аталды /30/.
Айша 40 қыз нөкерімен ойын-сауық құра жүріп Заравшан, Сырдария, Келес, Бадам, Арыс, Теріс өзендерінен өтіп Аса өзеніне келіп дамылдайды. Асау толқынды, суы терең Аса өзенінен өтуге батпай сонда жата береді. Айшаның келе жатқан естіген Қарахан да жолға дайындалып, Айшаны күтпек болады. Аса өзеніне шомылып жүрген Айшаны әзірейіл жылан болып келіп шағып өлтіреді. Айша денесі суымай жеткен Қарахан қатты қайғырады.
— Ақыры бұл дүние қосылдмадық. Алла- Тағала о дүниеде қосуға нәсіп еткен болар,- деп оның денесін биік төбенің басына жерлеуге бұйырады. Айша өлгеннен кейін бір күн өтпей көз жұмған Бабаджы қатынды оның қасына жерлеп, екеуіне де кесене тұрғызған екен.
-Екеуміздің бейітіміз бір-біріне көрініп тұрсын-деп төбеге өз кесенесін тұрғызыпты /31/.
Ең бастысы — Ташкент мұрағатында Айша бибінің асырап алған әкесі Зеңші бабаның тегі туралы деректер, сондай-ақ Зеңгі бабаның мазары, Айша бибінің анасы Әнбар бибінің және әжесі Ұлықпатшаның басына тұрғызылған қабірлер жақсы сақталған.
Зеңгі арабшадан аударғанда қара түсті деген мағынаны білдіреді. Оның өзінің азан шақырып қойған аты — Айтқожа. Әкесінің аты — Темірқожа. Зеңгі бабаның алтыншысы атасы Қ.А.Ясауи сопының ұстазы Арыстанбаб. Зеңгі бабаның зәулім биік мазары Ташкент қаласынан 25-30 км оңтүстікке, Самарқанға қарай апаратын жол бойында.
Айша деген сөзді арабшадан аударғанда өмірге құштар, іңкәр деген мағына береді. Ал бибі деген қосымша атау түркі халқында хан әйелдерін атаса, қожа қыздары ерге шыққанда оларды «бибі» деп атағандығы белгілі /32/.
Сонымен, Айша бибі –қазақ халқының, әлбетте, түркі халқының 2,5 мың жылдан ары тарихына терең бойлататын қасиеті анамыз.
2.3. Бабаджа қатын мавзолейі
Ертедегі қарахандық дәуіріндегі ескерткіші болып табылатын Бабаджа қатын кесенесі өзінің архитектуралық формасы мек декоратив көркемделуі жағынан алғанда көңіл аударуға тұрарлық. Бұған аяқталған порталдың жоқтығы, жобасында жай тік бұрыштар түріндегі архитектуралық формалардың және кеңістіктегі шаршының болмауы, сондай-ақ ирек жол мен ызып қалау тәртібі, архитектуралық детальдарын және басқалардың болмауы дәлел бола алады. Бұл ескерткіш археологиялық жағынан алғанда жеткілікті зерттелмеген, бұл жөнінде әдебиетте де ештеңе жоқ деуге болады.
Бұл Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Головочовка (қазіргі Айша бибі ауылы) деген селода. Оның қалдықтары қазір мемлекет тарапынан сақтауға алынған.
Бабаджа қатын кесенесінің түрі кубқа келеді, көлемі 6,9 х 6,9 5,0 метр қабырғаларының қалыңдығы 1,23 метрге жетеді. Ол күйдірілген қылан кірпіштен салынған. Мазардың сәулеттік композициясы өте қарапайым да монументальді. Әсемдік үшін жасалған қуыстар мен медальондар қаланған қабырғадағы төртбұрышты науа сияқты П әріпі тәріздес кәсекіге орналастырылған. Қабырғадан сегіз қырлы төбесі және күмбезге жалғасу тромбтармен көлегейленген. Мазар үйде 16 қырлы қоныстың күмбезде негіз болатын қырлы барабан бар. Күмбез біздің заманымызға дейін сақталмаған. 1981 жылы оны «Казпроекрестоврация» институтының жобасы бойынша қайтадан қалпына келтірілген.
Бабаджа қатын мазарының Қазақстан жеріндегі неғұрлым ертеде салынған кесенелердің бірі ретінде тарихи-сәулеттік бағасы үлкен.
1938 жылы материалдық мәдениет тарихы мен институтының ССРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының А.Н. Бернштам басқарған экспедициясы, 1953 жылы сәулетші Т.К. Басенов мавзолейді өлшеп, зерттеді. 1956 жылы А.Н. Бернштам «Происхождение мавзолея Бабаджи-Хатун» кітабы шықты.
Бабажи-Хатун мавзолейінің қабырғасы текшеге жақын тік бұрыш 6,80х6,80. Қабырғалар көлемі 25 х25х4,5 см крпішпен қаланған 1,37м биіктікте арканың табанымен 8 қырға ауысатын томп белдеуі бар,8,8м биіктіктен 16 қырлы ішкі енсенің қатпарлап жасалған күмбез қалауы басталады. Мұндай күмбездер Қазақстан архитектурасының сақталған ескерткіштерінде сирек кездеседі. Қостанай облысындағы Кесе, Орталық Қазақстандағы Жұбан ана ескерткіштері 8 қырлы барабанмен бітіп, конус тәрізді етіліп жабылған. Бабажи-Хатун мавзолейінің сыртқы күмбезі 16 қырлы конус формалы биіктігі86 см, қырлы призманың үстіне салынған. Оның қанша күмбезі болса, сонша қыры бар /33/.
Мавзолейдің алғы фасады шығысқа қаратылған жазуы тарап беті бар. Бұл араб тіліндегі жазуы көптеген әріптерінің өшіп қалуы себепті, әлі оқылған жоқ. «Бабаджа қатын» деген жазу анық оқылады.
Парапед жазуының муляжі Қазақ ССР мемлекеттік құрылыс арохивінде сақталуы
Мавзолейдің архитектуралық композициясы өте қарапайым және монументалды. Оның алғы фасадының оның бүйір фасадынан өзгеше. Тек парапедтерінің болуында. Бұл порталдық композицияға жол ашады. Фасадтардың қуыстарындағы доға сынықтары горизонталь және вертикаль көлем қатынастары жағынан жарты циркульге өте жақындап келеді. Алайда, талдау көрсетуінше портал аркасының қисық сызықтары спиральдік қисық сызық кейіпінде істелген. Сондықтан оның әрбір жартысында үш кіндік бар.
Аласалау келген қырлы барабан мен шошақ күмбездің қарама-қарсы көтеріліп, Сахарада дөңес орында тұрған үйдің шаршы көлемінен құралатынкесене, бүтіндей алғанда сәулетшінің пікірі бойынша дененің мәңгі тынышталуын және «жанның» аспанға қарай ұшуын бейнелеп көрсетеді. Сол кездегі заманның көзқарастарын көрсететін, өзінің алдына қойған міндетін сәулетші қарапайым және әсем орындаған.
Бабаджа қатын кесенесінде архитектуралық декор онша емес, бірақ оның есесіне архитектураның деталдары шағын көлемде және жеңіл жолдармен баса көрсетілген. Батыс және артқы фасадтарын қоспағанда, фасад қабырғаларының бетіне қуыстар мен резоттар салынған. Розеттер ызба қалау арқылы жасалған, ал қуыстары сірә, қима қалақтардан жасалса керек, бұған ертінділердің қалдықтары дәлел бола алады. Мавзолей жанынан және оның төңірегіндегі жерлерден табылған үлгілерге қарағанда қуыстардың ою-өрнекті қалақ тақталардан жасалғаны әбден айқын стияқты.
Қуыстың жоғарғы жағында бұрыштары сыртқы қабырғалардың тегіс бетіне қаратылған қос кірпіштен ызып, қалау арқылы қалыптасқан. Декоратив көркейтудің бұл тәсілі сол уақыт үшінг жаңалық болып табылады. Сондықтан да бұл кейініректе, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ескерткіштерде пайдаланып, оның арқасанда дәстүрлі әдіске айналады.
Сонымен Бабаджа қатын кесенесі декоратив көркейту әдістері ызып, қалап көркейтуден, бірте-бірте көшуде аралық буын болып табылады.
Қатпарлап жасалған еңседен басқа Бабаджа қатын кесенесі констукциясындағы екнші бір көңіл аударалық жаңалық, шатыр іргесіне бекіту байламы түгрінде арша ағаштары қолдану болып табылады. Бұл ағаш элементтерге, шатырдың сөгіліп кетуіне жол бермейтін, антисейсмикалық байлам мен констукция ролі берілген болуға тиіс. Мұндай құрылыс осы аудандағы басқа ескерткілштердің констукцияларында да қайталанып отырады /34/.
Бабаджа қатын кесенесінің конструкциясы оның салынғанына көп ғасыр өте тұрса да қаз қалпынша сақталған. Мұны, оны салған кездегі құрылыс өнерінің дәрежесі жоғары болғандығы деп түсіндіруге болады. Өйткені ескерткіш тас фундамент үстіне тұрғызылып, сонымен қатар тақталардан суағар жасалған. Үйдің қабырғалары ойықтарымен, қуыстарымен әсерлеген, қайта оның көлемдік композициясы тағы сондайлар бапрынша мықты болған.
Кесененің сыртқы қабырғаларының бұзылған жерлерін 1947ж өзінде-ақ Қазақ ССР министрлер советінің жанындағы архитектура істері жөнінде басқарма қайта жөндеткен.
2.4. Ертедегі Тараз қаласындағы монша.
Бұл моншаның қалдығын 1938 жылы археолог А.Н.Бернштан қазып тапқан. Оның қабырғаларының көлемі 25х25х4,5 см кірпіштен қаланған
Үйдің жобасы өзара функциялық тұрғыдан жасалған үйлердің (бес бөлмелі) комплексінен тұрады. Қабырғалардың қалдығы және олардың конструкциясы ғылымға төбе жабындысының көп күмбезді екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазған кезде қыштан жасалған су жүргізетін құбырлармен, кірпіштен жасалған ванналар табылған.
Монша үйдің өңдеуінде Қазақстан архитектура тарихында тұңғыш рет қабырғаларды жазу кездеседі. Әшекейлердің ою — өрнек сарыны геометриялық және өсімдік элементтерінен құралған.
Геометриялық өрнек Тасақыр заманының ою — өрнегіндегі схема бойынша құрылған: ал өсімдік ою-өрнектері өте тақпырлықпен үш жапырақты стильде болып келеді.
Ерте заманғы Тараздағы монша туралы тіпті осы деректердің өзі бізді Х-ХІІ ғасырларда Қазақстандағы құрылыс өнері күмбез салу әдістерімен, декоратив техникада жаңа тәсілдерімен және көркемдеу жабдықтарымен бай түскендей қорытынды шығаруға алып келеді. Бұл жағдай өткендегі дәуірлермен салыстырғанда едәуір прогресс болып табылады.
Сардобалар, демек құдық үстіне салынған құрылыстар (Мырза-Рабатікі) және Якка көшпе мекендерде ауылшаруашылық тұрақтары болғандықтан келісімді болған. Конструктивтік жағынан алғанда бұлар арка ойындылары бар күмбез құрылысы түрінде жасалған.
Құрнылыс түрі бойынша сардобалардың өзінің қалыптасқан архитектуралық тұлғасы бар. Сардобалар мен кесенелердің архитектуралық формалары мен ашылған ойықтар, олардың саны құрылыс көлемі және сыртынан көрінетін ішкі кеңістігі сардобалардың архитектурасында ярустық күмбез стилі жасалған, мұны өзі мұндай күмбезбен үлкен кеңістікті жабуға мүмкіндік береді. Кейінде осы сияқты күмбездермен кесенелер (Орталық Қазақстанда ХІХ ғасырда салынған кесенелер), мен мешіттер жабылатын болды /35/.
Сонау бір кезде шетсіз-шексіз бетпақ далада сардобалар құтқарушы маяктай болып тұрушы еді. Бұлар аңызақ, ыстықта еріндері кезеріп шөлдеген адамдар мен жан-жануарлардың бәріне су бергісі келіп, өздеріне тартып тұратын. Кең байтақ аспан күмбезінің астында көсіліп жатқан сахара сілемінде де осы сардобалар көрсететін. Қазақстанның оңтүстік аудандарымен Орта Азияға тән болып келетін құрылыстың түрі.
ІІІ тарау. Тарихи архитектуралық ескерткіштерді қорғау мәселесі. Көне ғимараттардың қазіргі жағдайы.
Қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштер қилы-қилы заманын бастарынан кешірді. Еліміз патшалық Ресейдің құрамына өтпестен бұрын, Қазақстанның жеріндегі кейбір археологиялық ескерткіштер жөніндегі мағлұматтар Ресей ғалымдарының еңбектерінде өте сирек болса да кездеседі. Ал, Қазақстан Ресейдің отар елі болғаннан соң, қазақ жерінің үстіндегі және астындағы байлықтарын және рухани мәдениет мұраларын патша үкіметі билеп- төстегені баршаға мәлім. Атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан ескерткіштер патшалық Ресей отаршылық көзбен қараған және олардың мұра екенін түсінгісі келмеген. Солай бола тұра Ресейден Қазақстан жеріне келген ғалымдар, саяхатшылар кездескен ескерткіштерге көңіл аударуды ұмытпаған. Тіпті кейбіреулері сол ескерткіштерге барлау жүргізген. Қолға тиген археологиялық заттарды өздерінің еңбектерінде жазған.
Ең өкініштісі табылған археологиялық деректер тапқан адамдардың қолында кете берген. Енді олардың қай жерде сақталғанын табу оңайға түспейтіні анық. Келесі кезекте Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы ескеркіштің жағдайына тоқталайық. Кеңес өкіметі алғашқы күндерінен бастап-ақ тарихи ескерткіштерді қорғауға көңіл аударған. 1917 жылы қарашада жұмысшылар мен солдаттар депуттатарының атқару комитеті өзінің үндеуінде : «Азаматтар, ескерткіштерді қорғаңдар, олардың бірде-бір тасын қозғамаңдар. Олар ғимараттар, көне заттар, жазылған қағаздар барлығы сіздердің тарихтарыңыз, мақтанышыңыз. Осылардың неігізінде, сіздердің жаңа ұрпақтың көркем өнерлері өсіп шығады» деп жариялады.
Ескерткіштерді қорғау туралы болған осы алғашқы үндеуден кейін, В.И.Ленинің қол қойған ескерткіштерді сақтау және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу жөнінде 1918 -1921 жылдары бес мәрте декреті жарияланған. Одан кейін 1921 -1934жылдар ішінде Бүкіл Одақтық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі ескерткіштерді қорғау жөніндегі алты рет декреттер мен қаулыларды жарыққа шығарған. Бұдан кейінгі жылдарда Кеңес үкіметі және КСРО жоғарғы Кеңесі ескерткіштерді одан әрі сақтау және бұл жөніндегі жұмыстарды жолға қою жөнінде 25 –тен астам қарарлар қабылдаған. 1932жылы ескерткіштерге қамқорлық жасайтын «ерікті қоғам» құру жөнінде үкіметтің қарары шығарылса, 11 ақпан 1978 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «тарих пен мәдениет ескерткіштерін» қорғау және пайдалану туралы заң қабылдады.
Сөйтіп, 1917-1978жылдар ішінде Кеңес үкіметі коммунистер партиясы ескерткіштерді қорғау жөнінде 36 мәртебе декреттер мен қарарларды қабылдап, халықтың тарихи мұраларын қорғауға көңіл бөлуге тырысты. Жоғарыдағы негізгі деректер мен қарарларды негізге ала отырып, Қазақстандағы ескерткіштерді қорғау және пайдалану жөнінде едәуір жұмыстар жүргізілді. Олар жүргізілген іс-шаралар мынадай: ескерткіштерді есепке алу, бұзылғандарын қайтадан қалпына келтіру және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу, мұражайлар ұйымдастыру ескерткіштерді қорғайтын әр түрлі қоғамдар, солардың бірі Қазақ ССР мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамын құру сол атқарылған істердің жемісі /36/.
Бірақ 70 жылдан астам Кеңес үкіметі өмір сүрген кезеңдегі Қазақстандағы ескерткіштерді бір жағынан қорғап оларды зерттесе, екінші жағынан көптеген ескерткіштерді жоспарлы түрде қиратып, қайтып орнына келместей дәрежеге келтірді. Олардың ішінде әлемге әйгілі «Ұлы жібек жолы» бойындағы ірі –ірі қалалар да бар. Орта ғасырда Қазақстандағы отырықшы мәдениеттің орталығына айналған үлкенді кішілі қалалар көп болған. Арабтың Х ғасырда ұлы геогрофтарының бірі Әл-Макдиси Қазақстанның оңтүстік және шығыс жағында 200-ден астам қала бар екенін баян еткен. Қазір бұүл қалардың орындары қай шамада біз оларды қандай дәрежеде сақтай алдық. Енді аз-кем осы сұраққа тоқталайық.
Ортағасырда Сайрам (Испиджаб) деп аталса, Шымкент маңында дүниеге аты шулы үлкен қала болған. Араб геогрофтары ІХ ғасырда қаланың бау-бақшаға бөленгенін, суы мол, үйлері қай кірпіштен соғылғанын, базарында адам өте көп, жеміс-жидекке өте бай қала деп сипаттаған.
Екінші ғалым Испиджаб қаласы 3 бөліктен құралған: Цитодель, Медина және Рабад қала түгел посходин соғылған қорғанмен қоршалған.
Мединаның 4 қақпасы бар: Нуджакент, Фархана, Совакросы, Бұқара қаланың базары мешіттері шорарды басқарушының үйі Мединеде орналасқан. Бұдан басқа Әл-Макдеси Әл-Хамави және тағы басқа Испеджабқа толық тоқталған.
Міне, осындай төрткүл жерінде белгілі жібек жолындағы, ірі қалаға үш апталық уақыт ішінде қандай жағдайға әкелдік.Жоғарыдағы ескерткіштерді қорғау жөніндегі декреттерді қолға ұстап тұрып, Испиджабты тегістеп оның үстіне Сайрам қыстағын салды және оның төңірегіндегі ортағасырда өмір сүрген қыстақтардың, ауылдың орындарын жермен — жексен етіп жіберді. Олардың орнына егін екті. Сөйтіп, бұрынғы Испиджаб зерттелмей, осы күнгі көп және бір қабатты үйлердің астында мәңгі қалып қойды /37/.
Қазақ жеріндегі көне қаланың бірі Талас қазіргі Тараз. Талас өзенінің жотасына орналасқандықтан сол өзенінің атымен аталған қала. Ұлы Жібек жолындағы ең ірі жоғардың бірі болған.Оның тарихы 2000 жылдан асады деп жорамалдаған. Х ғасыр бас кезінде Али-Асиридің айтуы бойынша Талас сауданың белгілі орталығы болған. Әл-Макдиси Тараз үлкен бекінісі бар қала. Адамдар тығыз орналасқан бау-бақшаға толы, төрт қақпасы бар Рабадта тұрғындар көп орналасқан. Тараз жөнінде көп жібек жолымен жүрген эуломалар еңбектерінде жазған /38/. Тараз қаласын Кеңес археологтары 1960-1965жылдары аздап зерттеген.
Тап осындай жолмен Ұлы Жібек жолындағы көптеген ортағасырлық қалалар жоқ болып кетті. Олардың қатарына Жанкент, Саудакент, Құмкент, Құман, Аспара, Талғар және көптеген қалалар жатады. Бұл қалалардың қалдықтары жердің бетінде кішігірім төмпешіктер, «біздер ертедегі қалардың жұртымыз» деп айқайлап тұрған сияқты. Осы бұзылған қалалардың орнын шет ел ғалымдарына мақтанышпен көрсетіп жүрміз.Көне шаһарларды қорыққа айналдырып, оны зерттеп бұрынғы қалпына келтіріп, дүние жүзіне мақтаныш ретінде көрсетуге болмас па еді?
Сөйтіп, ескерткіштерді қорғау және оларды қалпына келтіру жолында деректер мен қалардың шыққаннын жоғарыда айтып өттік. Соларға ой жіберіп қарасақ, бір жағынан ескерткіштерді қорғау керек деп қызыл кеңірдек болсақ, екінші жағынан жоспарлы түрде ескерткіштерді қираты.
Мысалы, жоғарыда айтылған Тектұрмас кесенесі.
Тараз қаласының баршаға мәлім Айша бибі күмбезі де бізге жартылай бұзылған қалпында жеткен. Бұл аса көркем ескерткіштен қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ою-өрнек әшекей түрлерінің бәрін ұшыратамыз. Күмбезді сақтау үшін Кеңес үкіметі кезінде оны әйнек семсермен қаптаған. Бірақ та ескерткіштерді мұндай жолмен ұзақ сақтаудың келешегі бұлдыр. Жылма-жыл күмбездің қабырғаларының астары үгіліп түсіп жатты. Егер дер кезінде қимылдағанда көп ұзамай бұл ғимарат құлап қалуы мүмкін еді. Айша бибі кесенесін 2005 жылы толық реставрацияу аяқталды.
Тағы бір айтатын нәрсе, ескерткіштерді бұрыңғы қалпына келтілру,әлі де болса дұрыс жолға қоойылмай келе жатыр.Қайтадан қалпына келген ескерткіштердің сапасы нашар. Сондықтан, ескерткіштерді сақтаймыз десек, бұл күрделі мәселені қолға алып оны ғылыми дәрежеде жолға қоюмыз керек. Тіпті Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің жанына ескерткіштерді қорғау және оларды зерттеу жөнінде дербес мекеме құрылса да артық етпес еді.
Қорытынды.
Тәуелсіз ел мәртебесінің қайтадан ие болғанына 10 жыл толған уақытта Қазақстан Респуцбликасында 2000 жылы «Мәдениетті қолдау» жылы болып жарияланса, 2005 жылы «Мәдени мұра » бағдарламасы қабылданды. Бұл науқаншылықтан туған шара емес. Шынайы тәуелсіздікке тек барша жұртымыздың мәдени және рухани бірлігін қамтамасыз етіп, дәстүрлік халықтық дүниетанымызды жоғалтқан ұлттық рухымызды тарихи санамызды қайтадан қалпына келтіргенде ғана жете аламыз
Кез-келген халықтың дүниетанымы — біртұтас. Әрине — ұзаққа созылған бодандық бұғауы мен сыртқы экспанцияның өктемдігі осы тұтасты бұзуы мүмкін. Бұзды да. Алайда, тарихи себептер әсерінен шытынаған түркілік рухымыз бен дәстүрлеріміз бір кездегі тұтас жүйесінен айрылса да, жер бетінен мүлдем жойылып кете қойған жоқ. ҮІІ ғасырда тасқа қашап жазылған асыл жәдігерлеріміз Білге қаған мен Тоныкөк жырлары, Қорқыт күйлері мен Қожа Ахмет хикметтері де еш уақытта жойылмақ емес.
Егер біз мемлекет болғымыз келсе өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. «Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр» дейді Н.Ә.Назарбаев.
Ерте заманнан бері ұлан байтақ өлкемізде саф алтындай сақталып ұрпақтан — ұрпаққа мұра болып келе жатқан жәдігерлеріміз, ескерткіш кесенелеріміз қаншама десеңізші. Олар талай-талай зұлмат күндерді бастан кешірсе де, қасиетілігі мен құндылығын жоғалтпай келеді.
Қаламыздың 2000 жылдық ұлы мерекесі қарсаңында ғылыми зерттеу анықтамалық мәселелерді зерттеуші ғалымдар-өз үлестерін аямай қосты, әлі де қосуда. Осы қаламыздағы аты мәшһұр кесенелердің біздің тарихымыздағы, рухани өміріміздегі орны мен ерекшеліктері ерекше.
Алайда, уақыт пен тарихи қозғалыстарға табиғаттың дүлей мінезіне орай өткен ғасырдың басында кесенелер зақымданып, алғашқы бейнесін жоғалта бастаған. Арада көп уақыт өтпей-ақ кесенелер қайта салынды. Ал, өткен ғасырдың 70-80 жылдары ішінара жөндеу жұмыстры жүргізілді. Жалпы, 2001 ж Әулие ата Тараз жерінде сәулет өнерінің ескерткішін жөндеу қайта қалпына келтіру жұмыстарына арналып Республикалық бюджеттен 40 000 000 теңге бөлінді. Бұл бөлінген қаржы Қарахан, Дәуітбек, Бабаджа қатын, Қали Жүніс моншасы секілді ескерткіштерді жөндеуге жұмсалды. Бұған мемлекеттік тархи мәдениет «Ежелгі Тараз» ескерткіштері қорық мұражайы басшылық жүргізді.
Жөндеу жұмыстарын осы сала бойынша мамандандырылған арнаулы Республикалық мекеме Қазреставрация мамандары мен Республикалық материалдық мәдениет институтының қызметкерлері іске асырды. Бұл шеберлер қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет кесенесіне жүргізілген қайта жөндеу жұүмыстарында тәжірбие жинақтаған білікті мамандар.
Алдыңғы жылдары археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмек. Бұл көне ескерткіштеріміздің саны ұлғаймақ деген сөз. «Бәрін айт та бірін айт демекші, кесене ғылыми танымдық орнынан бөлек адамдардың зиярат ететін киелі жері болғандықтан дүниенің түпкір — түпкірінен келушілер саны көп. Алыс-жақын шет елдердең туристер келіп киелі мекенді тамашалап, тәу етіп кетеді. Қасиетті дегеніміз –Тараз, Түркістан төрінен орын алған кесенелердің үздік нұсқаулары шоқтығы биік, рухани азығы мол дүниелер. Ал, сол асыл мұраларды қастерлеп, қадірлеу баршамызға аманат. Кейінгі толқын жастардың нанымын оятып, рухани тәрбие арқылы киелі кесенелеріміздің қыр -сырын ұғындыру парыз, әрі қарыз.
Бұл 2005 жылдың 18 ақпанында Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын жария етті .
Президент жолдауындағы тұжырымдар келесі: 2006 жыл экономика және әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында, қоғамды одан әрі демократияландыру мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттыртудың, мәдениет, білім беру мен руханият салаларынан дамытудың негізгі бағыттары баяндалып отыр. Оның ішіндегі 3.7. пунктінде рухани даму мен конфессиялар аралық келісім бөлімі қамтылған.
Мәдени тарихи мұраны сақтау руханият салаларын дамытудың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде биыл бірқатар ауқымды жобаларын басын қосатын мәдени мұра бағдарламасы қабылданды.
Оның мақсаты ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі тарихи мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтірудің қамтамасыз етуі. Ұлттық мақтанышымыз руханиятымыздың мұрасы болып табылатын кесененің кешегісін бүгінге, бүгінгісін келешекке көркем қалпында жеткізу.
Өзімнің ұсыныстарым
1.Ұлы Жібек жолын жаңғырту
2.Шетелдік туристтерді архитектуралық ескерткіштерді аралауға тарту.
Ол үшін жағдай жасау :транспорт,қонақ үй ( халықаралық стандартқа
сай, т.б.), Қарахан -Айша бибі –Бабаджа қатын, Арыстан
баб, Қожа Ахмет Ясауи бағытында маршрут құру
3.Жергілікті әкімшіліктің тарихи архитектуралық ескерткішке көңіл
бөлуін күшейту.
4.Бүкіл халық тарапынан архитектуралық ескерткіштерді қорғауға
көмек көрсету.
Архитектуралық ескерткіштерді көріп танысу ережелері.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен ЮНЕСКО келісімдеріне сай ескерткіштерді қорғау мен сақтау, ғылыми құжаттау жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай көрермендерге төмендегі ережелер ұсынылады:
- Археологиялық ескерткіштердің үстіне шығуға, қазуға, заттарды жылжытуға, басқа зиян келтіретін әрекеттерге баруға болмайды.
- Көрерменлер үшін белгіленген жолдардан шығуға, басқа бағытқа жүруге болмайды.
- Көне ескерткіштердің аумағына ат, ит т.б жануарлармен және көлікпен кіруге болмайды.
- Ғимараттар аумағында ешбір затты қолмен ұстауға, алуға, орындарынан жылжытып қозғауға болмайды.
- Көне заттарды қорғау аумағын белгілейтін және ішкі бөліктерінде құрылған қоршауларды ұстауға, жылжытуға болмайды.
Хронологиялық таблица
Х-ХІІ ғғ. Қарахан кесенесі
ХІ-ХІІ ғғ. Бабаджа қатын кесенесі
ХІ-ХІІ ғғ. Айша бибі кесенесі
ХІ-ХІІ ғғ. Тараз моншасы
ХІІІ ғ. Тектұрмас кесенесі
ХІІІ ғ. Дәуітбек кесенесі
1940-1948 жж. Эруда экспедициясы Бабаджа қатын кесенесіне зерттеу
жүргізді
1949 ж. А.Н. Ремпель Айша бибі кесенесіне зерттеу жүргізді
1951-1956 жж. Реставрацияны Өзбекстанның арнайы-ғылыми
реставрациялық өндіріс шеберханасы /СНРПМ/ жүргізді
1973-1974 жж. Таразда Т.Н. Сенигова археологиялық қазба жұмысын
жүргізді
1980 ж. Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік қорық мұражайы
құрылды
1981 ж. Қазпроектреставрация ескерткіштерді жөндеді
1982 ж. Жамбылрестоврация ғылыми-қалпына келтіру шеберханасы
ашылды
1997ж. 8 қаңтар Жамбыл қаласына ежелгі атауы қайта беріліп Тараз қаласы
аталды
1998 ж. Халық тұтастығы мен ұлттық тарих жылы
1999 ж. Тараз тойына орай ескерткіштерге реставрация жүргізілді
2000 ж. Мәдениетті қолдау жылы
2002 ж. Тараз қаласының 2000 жылдығы тойланды
2005 ж. Айша бибі кесенесін толық реставрациялау аяқталды
Сілтемелер.
- Басенов Т. Орнамент Казахстана в архитектуре. Алма-Ата, 1957. 5-8 стр.
- Маргулан А.Х., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана в ҮІІ-ХІІ вв. Алма-Ата, 1959. 27-31 стр.
- Ғабитов М. Мәдениеттану. Алматы, 2002. 52-59 бет.
- Алпыспаев Х.А. Находки памятников каменного века в хребте Каратау. М., 1966. 7-9 стр.
- Басенов Т. Орнамент Казахстана в архитектуре. Алма-Ата, 1957. 20-24 стр.
- Қазақстан тарихы. І том. Алматы, 1996. 154 бет.
- Қазақстан тарихы. І том. Алматы, 1996. 248 бет.
- Түркістан тарихы. Түркістан, 2001. 45 бет.
- Қазақстан тарихы. ІІІ том. Алматы, 2002. 178-184 бет.
- Бернштам А.Н. памятники стрины Таласской долины. Алма-Ата, 1971. 15-24стр.
- Маргулан А.Х., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана в ҮІІ-ХІІ вв. Алма-Ата, 1959. 84-86 стр.
- Рыспаев К.Р. Древний Тараз. Тараз, 2002. 25-27 стр.
- Кәрібай Б. Түркістан және Қазақ хандығы. Алматы, 1999. 23 бет.
- Рыспаев К.Р. Древний Тараз. Тараз, 2002. 29-30стр.
- Винник А.Ф. Тюркские памятники таласской долины. Фрунзе, 1963. 78 стр.
- Кәрібай Б. Түркістан және Қазақ хандығы. Алматы, 1999. 37 бет.
- Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. Алма-Ата,1972. 97 стр.
- Бартольд В.В: Соч., т.1. М., 1930. 7-20 стр.
- Байпаков К.М., Нұржанова А. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, 1992. 53-54 бет.
- Әулие Ата – Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас. Алматы, 2003. 15 бет.
- Маргулан А.Х., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана в ҮІІ-ХІІ вв. Алма-Ата, 1959. 72 стр.
- Әулие Ата – Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас. Алматы, 2003. 16 бет.
- Қазақстан тарихы І том. Алматы, 1996. 247 бет.
- Әулие Ата – Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас. Алматы, 2003. 18 бет.
- Пацевеевич Г.И. Древний гуристан Тараза на горе Тик-Турмас. Труды СЭА. Алма-Ата, 1970. 4-7 стр. Егемен Қазақстан, 2002 жыл, 27 шілде.
- Әулие Ата – Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас. Алматы, 2003. 45-46 бет.
- Ақ жол, 2002 жыл, 18 ақпан.
- Каллаур В.А. Древние местности Аулие-Атинского уезда на пути к границе Чимкентского уезда. ПТКЛА. Т.ІҮ. Ташкент.
- Денике П.Р: Архитектурный орнамент народов Средней Азий. Ташкент, 1951. 47-53 стр.
- Көктәнді Х. Аспан мен даланың төрт ұмтылған тарихы. Москва, 2001. 375-379 бет.
- Әбілдаұлы Б. Талас. Айша бибі. Қарахан. Алматы, 2002. 193 бет.
- Әулие Ата – Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас. Алматы, 2003. 20 бет.
- Бернштам А.Н. Пройсхождение мовзолея Бабаджи-Хатун. М., 1956. 4-17 стр.
- Басенов Т. Орнамент Казахстана в архитектуре. Алма-Ата, 1957. 57-60 стр.
- Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. Алма-Ата,1972. 103 стр.
- Қазақ ССР тарихы. Ү том. Алматы, 1974. 245 бет.
- Кәрібай Б. Түркістан және Қазақ хандығы. Алматы, 1999. 47 бет.
- Мырзахметұлы М., Жеменей И., Әбдуалиев А. Көне Тараз. Алматы, 2002. 39-49 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Басенов Т. Орнамент Казахстана в архитектуре. Алма-Ата, 1957.
- Маргулан А.Х., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана в ҮІІ-ХІІ вв. Алма-Ата, 1959.
- Ғабитов М. Мәдениеттану. Алматы, 2002..
- Алпыспаев Х.А. Находки памятников каменного века в хребте Каратау. М., 1966.
- Қазақстан тарихы. І том. Алматы, 1996.
- Түркістан тарихы. Түркістан, 2001.
- Қазақстан тарихы. ІІІ том. Алматы, 2002.
- Бернштам А.Н. памятники стрины Таласской долины. Алма-Ата, 1971.
- Рыспаев К.Р. Древний Тараз. Тараз, 2002.
- Кәрібай Б. Түркістан және Қазақ хандығы. Алматы, 1999.
- Винник А.Ф. Тюркские памятники таласской долины. Фрунзе, 1963.
- Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. Алма-Ата,1972. 97 стр.
- Бартольд В.В: Соч., т.1. М., 1930.
- Байпаков К.М., Нұржанова А. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, 1992.
- Әулие Ата – Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас. Алматы, 2003. 15 бет.
- Пацевеевич Г.И. Древний гуристан Тараза на горе Тик-Турмас. Труды СЭА. Алма-Ата, 1970.
- Егемен Қазақстан, 2002 жыл, 27 шілде.
- Ақ жол, 2002 жыл, 18 ақпан.
- Каллаур В.А. Древние местности Аулие-Атинского уезда на пути к границе Чимкентского уезда. ПТКЛА. Т.ІҮ. Ташкент.
- Денике П.Р: Архитектурный орнамент народов Средней Азий. Ташкент, 1951.
- Көктәнді Х. Аспан мен даланың төрт ұмтылған тарихы. Москва, 2001. 375-379 бет.
- Әбілдаұлы Б. Талас. Айша бибі. Қарахан. Алматы, 2002. 193 бет.
- Бернштам А.Н. Пройсхождение мовзолея Бабаджи-Хатун. М., 1956.
- Қазақ ССР тарихы. Ү том. Алматы, 1974. 245 бет.
- Мырзахметұлы М., Жеменей И., Әбдуалиев А. Көне Тараз. Алматы, 2002.