АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Тарихи тұлға- Абылай хан

Мазмұны

 

 

Кіріспе———————————————————————————4

 

1  Тарихи тұлға- Абылай хан

 

1.1 Абылай тұлғасының қалыптасуы——————————————15

 

1.2  Абылай хан саясаткер және дипломат————————————20

 

2  Ел қорғаны, жер қорғаны алып тұлға-Абылай хан

 

2.1  Абылай хан  билігінің нығаюы———————————————34

 

2.2 Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі—-40

 

2.3 Абылай хан мирасқорлары кезіндегі саяси жағдай———————52

 

3 Қорытынды———————————————————————57

 

4 Пайдаланылған әдебиеттер————————————————63

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Көптеген  ғасырлар бойы қазақ халқының тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпаққа мақтаныш. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің  бірегейі Абылайхан.  ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу – қалмауы тарих таразысына түскен «ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін» қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат. Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес.  Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Ол қисса-дастандарда Абылай ханның жастық шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Абылай туралы орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе. Осының бәрінің ұйытқысы, алтын діңгегі Абылай билеген Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі, жерінің бүтін сақталғандығы деп бір ауыз сөзбен ғана айтуға болады. Бүгінгі ұрпақ осындай ұлы бабасының өмірі мен қызметін неғұрлым толығырақ білгісі келетіні заңды құбылыс. Осынау ұлан-байтақ жерді сақтап қалған, қазақ деген халықтың бойында ерлік, елдік, намыс сияқты асыл қасиеттердің өшпей, ұлттың ұлылық сезімін бойымызға ұялатқан Абылай хан екенін білуіміз керек.

 Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, тарих дегеніміз тек өткеннің ғана сабағы емес, өткен өмірдің мәнін, сарынын айқындайтын әрі сараптап беретін құрал. Сол себепті, әр халық дамуға бет алған кезде қайдан шыққанын, қалай дамығанын, тарихи даму кезеңінде бастан өткергендерін, қазіргі дәрежеге қалай жеткенін, қандай қиындықтардан өткенін есте сақтауымыз керек.

Тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік негізі. Бұған дейінгі болған қоғамдамдық тарихы тап күресінің тарихы болды деген белгілі қағида кеңес тарихнамасында ұшқарылыққа ұшырады. Тарихи жағдай өзгеріп отырғанымен ол негізгі өлшем ретінде алынды, қоғамдық өмір тек тап күресі тұрғысынан қаралып келді, басқа қатынастар көзге ілінбеді. Қоғамтанушылар сол тап күресінің өзін жүргізушілер адамдар, жекелеген тұлғалар екенін назарға да алғысы келмеді. Сөйте тұра белгілі орыс философы С. Н. Трубецкой өткен ғасырдың өзінде-ақ былай деп жазған болатын: «Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады». Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен коғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы. Мәселе қоғамдық құбылыстарға тарихи тұлғалардың ететін әсерінің, осыған сәйкес олардың тарихтағы орнының айқындалуында. Бұл орайда ұлы неміс философы Гегельдін айтқанын еске алмай болмайды: «Тарихи тұлғалардық ұлылығы олардың жалған емес, аса қажет те әділ, ұлы дүниені жүзеге асыра білуінде». Осындай тарихи тұғалардың қатарына Абылай да жатады (1711 — 1781).[9]

Абылай хан —XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Тарихи тұлғаларды бір-бірімен теңдестіре салыстыруға болмайды. Әйткенмен Ресей үшін Бірінші Петр немесе Германия үшін Бисмарк қандай болса, Қазақстан үшін ол да сондай тұлға. Абылайдың дара_тұлғасы, Қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихн кезеңде көзге түсті. Абылай сол казақ халқының тағдыр-талайы кыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдас-тырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды. Солай бола тұра оның өмірі мен қызметі неліктен кеңес тарихнамасында тиісті және әділ барасын ала алмай келді деген сауалдың қойылуы занды. Оған жауап беру үшін осы тақырыпқа байланысты құжаттарға, әдебиеттерге талдау жасаран жөн ғой деймін.

Абылай тақырыбын зерттеу үшін басты деректер болып саналатын құжаттар орыс архивтерінде. Олар — орыс патшаларының грамоталары мен Указдары. Сенат пен сыртқы істер коллегиясының документтері, аталмыш органдардың хандармен, сұлтандармен жазысқан хаттары қазақ хандығында болып кайтқан орыс елшілерінін жазбалары. Міне, осындай документтерден тұратын «Қазақ-орыс қарым-қатынастары» деген жинақта 500-ден астам құжаттар бар. Бұл материалдарда Абылай туралы, оның ішкі және сыртқы саясатынан мағлұмат беретін көптеген жәйттер кездеседі. Әрине, ол құжаттарды жасаған негізінен үкімет мекемелері, патша чиновниктері, ал, олар отарлау әшмшілігінің көзқарасы мен саясатын көрсететіндіктен жаңағы құжаттарды пайдаланғанда жітілік, сыни саралау және басқа нұсқалармен салыстырып отыру қажет. Екіншіден, Ресей архивтерінің көптеген қорлары қазақ тарихын зерттеушілердің қолына тимей келгенін ескере отырып, оларды жан-жақты зерттеп пайдаланбай, біз тарихи шындыққа жете алмаймыз.

Бұлардан басқа Абылай туралы мәліметтер революцияға дейін басылған энциклопедиялық сөздіктерде, сондай-ақ «Россия. Біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деген іргелі басылымда кездеседі. Сол басылымнын, 18-ші томы түгелдей қазақ өлкесіне арналған, мұнда төмендегідей сөздерді оқуға болады: «Қырғыздардың арасында кен танымал, хан атанған Абылай қырғыздарды бөгделердің билігінде қалдырмауға тырысты».

1911 жылы профессорлар Э. Л. Гримм, Л. В. Классовский және Г. В. Хлопиннің редакциялауымен Петербургте жарық көрген энциклопедиялық сөздікте Абылай хақында бұдан да кеңірек айтылған. Алайда төңкеріске дейінгі орыс энциклопедияларының ішінде Абылай бабамыз хақында ең көлемді мағлұмат беретіні Брокгауз және Ефрон энциклопедиясы. Онда: «Аблай немесе Абулай — Қырғыз-қайсақтардың Орта жүзінің XVIII ғасыр-дағы ханы, ол 1839 жылы (дәлірек айтқанда 1840 жылы — К. А.) Орынборда Ресейге мәңгілік боданды болуға ант еткен. Оның қалай қырғыздардың (қазақтардың) ішінен топ жарып шығып хан дәрежесіне көтерілгені, неге оны халық қаһарманы ретінде қырғыздар осы күнге дейін жырлайтындыры жөнінде әр қиды аңыздар бар, алайда отызыншы жылдары ол Орта жүздегі ең басты күш ретінде өзін танытты және онымен қарым-қатынас жасауға болушы еді. Дегенмен, Орта Азиядағы қозғалыстың және Жоңрария мен Кіші Бухарияны қытайлықтардың жаулап алуына байланысты, Абылай өзін Қытай бодандығына тәуелді екенін мойындаран, боғдыхан болса оған князь атағын берген, Түркістанда 1781 жылы қайтыс болган» деп жазылған.[22]

Абылай хан мағлұмат беретін әдебиеттер баршылық. Олар— Қазақстанның тарихына арналған революциядан бұрын шыққан басылымдар. Оған ең алдымен алғашқы орыс зерттеушілері П. С. Палластың, П. И. Рачковтық, Н. Г. Андреевтіқ, А. И. Левшишнің, В. В. Радловтың, С. Е. Маловтың, В. Л. Тоомсеннің, Н. М. Ядринцевтің, И. Фальктің, И. Г. Георгидің, Г. Н. Потаниннің, Н. П. Рычковтың, Н. А. Аристовтың, Г. Спасскийдің едбектері ‘ жатады. Бұл авторлар Қазакстанның XVIII— XIX ғасырлардағы қоғамдық-саяси дамуының ерекшелігімен жақсы таныс болғандықтан, халықтың тұрмыс-салтын, жағдайын, мәдениетін жан-жақты сипаттаған. Олар өздері сөз еткен оқиғалардың куәсі болған, немесе ізі өшірілмей жазған, сондықтан жоғарыда аталған орыс авторларының еңбектерінің қазақ тарихы үшін мағынасы зор. Осы сөз болып отырған авторлардың еңбектерінде Абылайға арналран кептеген беттер бар. Десек те, біздің өлкенің алғаш орыс тарихшылары мемлекеттік отарлау мекемелерінің өкілдері екенін және олардын, саясатын іске асырушылар екенін ұмытпаған жөн.

Біздін, сөз етіп отырған тақырыпты зерттеуге қазақтың ұлы ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлихановтың жинастырған материалдарының алатын орны ерекше. Онда Абылайдың руы, тегі жөнінде шежіре, оның әйелдерінің аты-жөні, ата тегі және ұрпақтарының тағдыр-талайы жазылған. Бұл құжаттарды Шоқанның орыс тілінде шыққан бес томдық шығармалары жинағының бірінші және төртінші томынан оқғра болады. Ал, үшінші томында оның XIX ғасырдың 60-шы жылдары жазған «Абылай» атты мақаласы бар. Ол негізінде Абылайға арналған тұңғыш ғылыми еңбек. Онда  автор өзінің ұлы атасына байланысты көптеген мәліметтер келтірген және олар өз мағынасын осы күнге дейін жойған жоқ.

Қазақ хандықтарынын, архивтері ертеде-ақ қолды болып әр елдің қоймаларында қалғаны белгілі. Мысалы, Абылай туралы көптеген тарихи деректер көршілес елдердің, атап айтқанда Қытайдың, Иранның, Түркияның, Ауғанстанның архивтерінде, қоймаларында, тіпті АҚШ-тың, Батыс Европа елдерінің кітапханасында зерттеушілерін күтіп жатыр. Оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу және орыс құжаттарымен салыстыра отырып пайдалану біздің (тарихшылардың, ғалымдардың) жауапты парызы деп ойлаймын.

XVIII ғасырдағы Қазақстанның тарихын зерттеген кеңес тарихшылары да Абылайдың атын аттап өте алмады. Ол туралы біршама объективті мәліметтер 1935 жылы С. Д. Асфандияров жазған Қазақстан тарихында, 1941 жылы М. П. Вяткин шығарған «Қазақ ССР тарихы очерктерінде» бар. Бұл кітаптарда Абылайдың өз халқының тағдырындағы ролі Қазақстан тарихындағы қиын-қыстау процесстермен ұштастырыла көрсетілген. Қалайда бұл авторларды тарихты бұрмалады деуге еш негіз жоқ. Ал Н. Г. Апполованың, С. Н. Толыбековтың, В. Я. Басиннің, Б. П. Гурьевичтіц, В. С. Кузнецовтың, Т. Ж. Шойынбаевтың кітаптары туралы былай деуге болмайды. Оларды оқи отырып, ғылыми нақтылық басым ба, әлде ойдан шығарылған біржақты тұжырымдар басым ба, соны түсіну қиын. Бұл еңбектерде Абылай хан тұлғасын сипаттай отырып, оны залым, аса қатал және опасыз билеуші, өз мүддесін ғана көздеп, рулар арасындағы алауыздықты өрістетуші болып көрсетіледі. Мысалы, В. Я. Басин, Н. Г. Апполованың кітабындағы пікірге сүйене отырып, былай деген: «…Политика Абылая была двуличной не только в отношении Цинской империи, но и России» . Абылайға бұлайша бір жақты қазақ халқының намысына тиетін пікірлерді В. С. Кузнецовтың 1980 ж. Новосібірде шыққан «Амурсана» атты кітабының беттерінен де кездестіруге болады. Осы жалған тұжырымды басқа авторлар да қайталайды.[35]

Біздін, тарихнаманың тағы бір парадоксы — Абылай хан туралы мәліметтердің ұлан-ғайыр болғандығына қарамастан, бертінге дейін арнайы ғылыми-зерттеулердің болмауы. Осы орайда академик Р. Б. Сүлейменов «XIX расырдың 60 жылдары Ш. Уәлиханов жазған «Абылай» атты шарьш мақаладан басқа, осы уақытка дейін бірде-бір зерттеудің болмауы өкінішті-ақ» деп жазды.[29] Бұл шынында да солай. Бірақ академик сыпайлық танытып,

В. А. Моисеевпен бірігіп жазған кітабың  атамай отыр. Ал, бұл енбек жарық көрісімен-ақ лезде тарап кеткен болатын. Себебі, онын, маңызы орыс архивтеріндегі кұжаттарды, қытай авторларының еңбектерін кеңінен пайдалануында ғана емес, ең бастысы кітапта Қазақстанның тарихи даму процессіндегі Абылай ханның ролі терең ойлау тұрғысынан ашылғандығы, Рас, кітапта, меніңше, талас тудыратын мәселелер де аз емес.

Абылайдың есімімен байланысты тарихи проблеманы саралауда белгілі жазушы Шот-Аман Ыдырысүлы Уәлихановтың қосқан үлесі мол. Ол кісінің осы аттас еңбегінің бір бөлігі Көкшетау облыстың газет беттерінде жарияланды. Автор Абылайдың ата-тегіне, оның даңқты патриоттық істеріне шолу жасап, көптеген түпнұсқалар келтіреді.

Сондай-ақ С. М. Пресняков та Абылайға қатысты өз пікірлерін білдірген. Ол үлкен еқбек үшін көптеген деректер жинаған екен. Әрине, автордың бүкіл айтқандарымен келісе беруге болмайды, бірақ мұнын, қажеті де шамалы. Ең бастысы автор өзі міндет еткен ойын объективті түрде көрсетуге ынталы екен.

Қазақ халқының ұлы көсемінің бейнесін жасауға-көптеген жазушылар, оның ішінде Шәкәрім Қудайбердиев те, Мұхтар Әуезов те, Сәкен Сейфуллин де қалам сілтеді. Бірақ, кейбір тарихи жағдайларра байланысты ондай туындылар жарық көре алмай, кейін жоғалып кетті. Осы тақырыпқа қазақтың тағы бір асыл перзенті Міржақып Дулатов өзінің «Хан Абылай» атты мақаласын арнапты. Бірақ оған авторы репрессияға ұшырағансоң тыйым салынған. Тек аса көрнекті қаламгер Ілияс Есенберлин ғана Абылай бейнесін көркем әдебиетте сомдай алды, оның романы қазақ, орыс тілдерінде жарияланды. («Жанталас», орысшасы — «Отчаяние»). Бұл кітаптың жақсы жақтары да, нашар жақтары да бар деп пікірталас тудыруға болар еді, бірақ мәселе онда емес. Алпысыншы жылдардың соңы мен жетпісінші жылдардың басында Абылай хақында қалам толғаудың өзі үлкен ерлікті талап етуші еді.

Абылай тақырыбының тарихнамалық шолуы қазіргі кезде бүкіл әлем танып отырған «ауызша тарихты» сараламайынша толық болмайды. [42]

Бұл өзі заңды да дүние. Геродот пен Рим тарихшыларынан бастап ғалымдар қай кезеңде болсын өз замандастарынң көрген білгендеріне де сүйенген. Осы тұрғыда біздің тарихшыларымыз үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Олар аса бай қазақ фольклорын пайдалана алады. Халық эпосы, жырлар, хиссалар, мақал-мәтелдер, басқа да ауыз әдебиеттерінің көптеген үлгілері Абылай хақындағы тарихи шындықты керсетеді.

Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын, бар саналы ғүмырын өз елі, өз жерінің тағдыры үшін арнаған ғажайып тұлға Абылай хан хақында дастан, аңыз, тарихи әңгімс мен шежірс де мол. Соның көпшілігіі қазіргі күнде мүлде өшіп, жоғалуга айналды.

Мәшһүр Жүсіп: «Қалмақтың құтын қашырып, Сарыаркадан аудырған, қалмақтың басына қан жаудырған Абылай хан екен. Сол заманда сүргсн дәурснді Қазақбайдың баласы Абылайдан бұрын Адам Атаға шейін көрген емес, Абылайдан соң бұл заманға дсйін дс көрген емес»,— депті. Ал Шоқан Уәлиханов осы пікірді жандандыра түсіп: «Қазақ ішіндс Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы қазақтық ерлік заманы болып саналады»,— деп өте әділ айтқан.[16]

«Бұқарекең жырлайды» деп жалпы тақырыппен берілгсн «Абылай ханның қасында» деп басталатын өлең алғаш «Таң» журналында (1925, №4), кейін «XVIII— XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларында (1962 ж. 29-6), одан «Алдаспаңда» (1971, 153—154-6) толық жарияланды. Бұл Қазақстан Ғылым академиясы Ғылыми кітапханасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазбасынан (1170-папка) алынған. «Мұсылманның баласы»— алғаш жарияланып отыр. Текеті Мәшһүр Жүсіптен (1170-патжа) алынды.

«Көкшетаудан салдырған»— бұл да Мәшһүр Жүсіптен алынып, тұңғыш рет жарияланып отыр.

«Шүршіт келем деген сөз барды»— алғаш «Алдаспанда» жарық көрді, одан кейін «ХҮ—ХҮІП ғасырдағы қазақ поэзиясы» атты кітапта басылды. Біз Мәшһүр Жүсіптен алып (1170-п.) бердік.

Осы туындының тағы бір нұсқасы Г.Н. Потаниннен табылып, «Казахский фольклор в собрании Г.Н. Потанина» (273—274-6) кітабында жарық көрген.

«Ал, тілімді алмасаң»—- түңғыш рет «Таң» журналында (1925, №3) басылды. Содан ксйінгі кітаптардың бәріне еніп келеді. Жетінші-сегізінші жолдары С, Сейфуллин хрестоматиясы (1931, 84-6) бойынша түзетілді.

«Ей, Абылай, Абылай»— бірінші рет «Таң» журналында (1925, №4), кейін барлық жинақтарға енді, Тексті МәшҺүр Жүсіптен (І170-п) алынды.

«Садыр, қайда барасың?» өлені окушы қауымға бұдан бұрын «Керей, қайда барасың?» деген атпен таныс. «Алдаспанда» (157—158-6) Мәшһүр Жүсіп колжазбасы бойынша «Садыр, кайда барасың?» деп жарық көрді, одан кейін «ХҮ—ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясында» (1982, «Ғылым» баспасы) басылды. Бұл кітапқа да Мәшһүр Жүсіп бойынша (1170-п) ұсынылды.

«Әй, Абылай, сен он бір жасыңда»— тұңғыш рет С. Сейфуллиннің «Қазактың ескі әдебиет нұсқаларында» (85—86-6), кейін «Алдаспанда» жарық көрді. Содан кейін «ХҮ—ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясында» басылды.

«Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай»— бірінші рет Қ. Халидұлының «Тауарих хамса шарқи» (1910, 263-6) кітабында шықты, артынан негізгі басылымдарға беріліп келеді. Текст Мәшһүр Жүсіптен алынып (1170-папка) беріліп отыр.

«Құбылып шыққан бәйшешек»— алғаш С. Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларында» (87-6), кейіннен негізгі жинақтардың бәрінде жарияланды. Текст С. Сейфуллин бойынша берілді.

«Қалданменен ұрысып»— түңғыш рет С. Ссйфуллиннің «Қазақтын ескі әдебиет нұсқаларында» (1932 ж.), сонан соң кейінгі шыққан жинақтарда жарияланды. Мұнда «Алдаспан» (1971) бойынша ұсынылды.

«Асан Қайғы сөзі»— алғаш Қ. Халидұлының «Тауарих хамса шарқи» атты кітабында (1910, 260-6) басылды. Артынан «Таң» журналында (1925, №1), одан кейін С. Сейфуллиннің «қазақтың ескі әдебиет нұсқаларында», артынан «Алдаспанда» (1971, 173-6), кейіннен «Жұлдыз» журналында (1991, №7) жарияланды.

«Күпшек санды күреңді»— Абылай ханнның өліміне байланысты айтқан. Өлеңнің тексті Ш. Уәлихановтан (Собрание сочинение в 5 томах, т. 1961, с. 169-170) алынды.  Бұл өлеңнің Г.Н. Потанин жазып алған нұсқасы «Казахский фольклор в собрании Г.Н. Потанина» (с. 274-411275) кітабында «Абылай ханның мүлкін мақтағаны» деген атпен басылған.

«Бас ауырса, жан қоркар іште пікір»— алғаш жариялануы. Мәшһүр Жүсіптен (1177-п) алынды.

«Бұқардың толғаулары»— толғауды Пекин архивінен тапқан ғалым М. Оразбайұлы осы аталған асыл мұраны «Ана тілі» газетіне (1990, шілденің 12 және 19-ы) жариялаған А. Сейдімбеков. Біз Абылай ханға қатысты он бір толғауды сол «Ана тілі» газетінен алып отырмыз.

«Үш жүзге би Төле еді»— өлең «Сүйінбай шығармалары» атты кітаптан (1990) алынып беріліп отыр.

«Бөгенбай батырдьщ өлімін Абылай ханға естірту»— тұнғыш рст «Таң» журналында (1925, №4) жарық көрді, артынан «Ертедегі әдебиет нұсқаларында» (1967, 128-6), «Алдаспанда» жарияланды.

«Қамыстың басы майда»— алғаш «Әдсбиет жәнс искусство» журналында (1946, №7—8), артынан «Ертедсгі» әдебиет нұсқаларында» (1967, 124-125-6), «Алдаспаңда» жарық көрді. Өленді Қостанай облысы, Урицкий ауданында тұратын Дәулетов Қажиахметтен жазып алып жариялаушы М, Хлкімжанова. Өлең сол алғашқы нұскасы бойынша берілді.

«Кебеже қарын, кең құрсақ»— алғаш «Ертедегі әдсбиет нұсқаларында» жарық көрді, кеңіннен «Алдаспанда» толықтырылып басылды.

«Абылай ханға көніл айту»- алғаш «Егеменді Қазақстанда» (1991, 27 сәуір) басылды. Материал Қазақстан Ғылым академиясынын қолжазбалар қорында сақтаулы.

«Сабалақ»— бұл туынды Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы, Ғылыми кітапханасының Мәшһур Жүсіп қорынан (1177-п) алынған. Мәшекен «Бұл дастанның авторы белгісіз» депті. «Батыр Баян»— алғаш рет «Шолпан» журналында (1923, №4, 5—8) жарияланды. Артынан «Мағжан Жұмабаев» шығармалары атты 1989, «Жазушы» баспасы) кітапта басылды.

«Хан Абылай»— алғаш рет 1943ж. жарық көрген, онда былай деп жазылыпты: «Кітап Милли Түркістан Комитеті жаныңдағы әдеби ғылыми бөлімінің тарапынан шығарылған. Авторы «Қобызшы Қорқыт». Ал осы жоғарыдағы аталған жинақтың авторы Мәжит Айтбаев екенін дәлелдеп, «Жас алаш» (1991, 17 шілде) газетінде оның «Хан Абылай» атты дастанын жариялаған Жолбосын Шайқақов екені айтылады.

«Абылай хан дәуірі» деп аталатый қысқа-қысқа аңыз әңгімелср Мәшһүр Жүсіптің Қазақстан Ғылым академиясы Ғылыми кітапханасынын қорындағы әртүрлі бумасында, бірнеше дәптерде кездеседі. Бұлардың бәрі де «Егеменді Қазақстан» газетінде (1992, 11 қаңтар) жарияланған.

«Абылай ханның түсі»— бұл аңыз әнгіме Қазақстан Ғылым акадсмиясы Ғылыми кітапханасында (1177-п) сақтаулы. «Абылай хан»— алғаш осы ғылыми еңбек Қазан қаласында «Тауарих хамса шарқи» атты кітапта (1910) басылып шыққан. «Уәлибакьшың нәсілі»— тұнғыш рет «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты кітапта (1911, Орынбор) жарияланған.[20]

 Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі.  Баспасөз беттерінде  жарық көріп жүрген Абылай хан дипломатиясы туралы материалдарда мәселе жүйелі зерттелмеген. Сондықтан  зерттеу жұмысында Абылай хан дипломатиясы, саяси қызметтерін бүгінгі уақыт талабына сай тарихи-ғылыми жағдайда жан-жақты ашып көрсетуге әрекет жасалды. Осыған байланысты бұл еңбектің тоталитарлық жүйе жылдарында жазылған зерттеулерден өзіндік ерекшелігі бар. Еңбек идеологиялық «құрсаудан» таза және сондықтан да мәселеге қатысты құжаттар мен материалдар барынша толық пайдаланылды. Онда республикадағы және одан тыс жерлердегі мемлекеттік құжаттар, шет ел ғалымдарының еңбектері, тоталитарлық жүйе тұсындағыдай ел ғалымдарының еңбектері, орыс тілді басылымдар ғана басшылыққа алынбай, басқа да ұлт тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, жеке адамдар    жинаған құжаттар пайдаланылды; — қазақ дипломатиясы құнды деректер негізінде сипатталды;

 Жұмыс зерттеуде тың проблемаларды да көтерді. Сонымен қатар, тұнғыш рет бұрын жарияланбаған деректер іріктелініп, олардың құндылығы айқындалды. Тарихи сананың іргетасын тарих ғылымы қалайтындықтан, осы уақытқа дейін идеологиялық қысаңдықтың құрсауында болып келген бұрынғы тарих бүгінгі күн талабына жауап бере алмайды. Осы себепті де, біз мәселені зерттегенде Қазақстан тарихының басқа мәселелері сияқты бұл мәселеде де бірқалыпты «өрлеу сызығының» бойымен баяндап, тарихи құбылыстарды біржақты «қара» мен «ақ» түске ғана бөліп шендестіріле жазылуға орын беріліп келгендігін ескердік. Таптық көзқарас тұрғысынан, тек кеңестік кезеңнің ыңғайына жығылып, сыңаржақ марапаттау немесе шындықты айналып өтуге, одан жалтарып кетуге бейім жазылған еңбектерден біздің алар сабағымыз да шамалы. Сондықтан да, бұл еңбегімізде ұлттық өркөкіректікті  ойлай отырып, өткенді гуманистік тұрғыдан бағалауға ұмтылдық. Бейбіт жасампаз өмірдің қымбаттығын, бізге өркениетті інжу-маржандарын мирас еткен бабаларымыздың кемеңгер қызметінің болашақ ұрпақ үшін де қымбат екенін естен шығармау керектігін ойладық. Таптық, партиялық принциптерден бас тарта отырып, тарихи шындықты толық ашуға, оны бұрмаламауға талпындық.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Зарқын Сыздықұлы Тойшыбай Абылай хан өмірінен сыр шертетін «Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітапты халыққа ұсынды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2000 данамен «Ел-шежіре» қоғамдық қорынан басылып шыққан бұл зерттеу еңбекте ресми деректердің ең құндылары ғылыми тұрғыда баяндалған. Қазақ ханы туралы жазылған БАҚ беттеріндегі жарияланымдардың барлығы осы жинақта топтастырылып отыр.

Тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбеков тарихи тұлға жайында: «Абылай – Қазақ хандығының азаттығын қамтамасыз еткен даңқты батыр. Абылай хан туралы дерек көздері Қытайда, Ресей мен Орталық Азия елдерінде баршылық. Аты аңызға айналған Абылай хан ерлігін насихаттауға әдебиетшілер мен тарихшылардың ғана емес, өзге де сала мамандары ат салысулары қажет», – дейді. .[39]

 Зерттеу жұмысының мерзімдік және аумақтық шегі. Дипломдық жұмыста Абылай ханның өмір сүрген жылдары, яғни ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірі, ондағы Абылай ханның  қызметі мен ролі анықталған. Сонымен қатар,Абылай ханның қазақ дипломатиясының тарихындағы саяси беделінің биіктігі, сол кезеңдегі қоғамдық өмірдегі өзгерістер жайында айтылады.

 Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық  маңыздылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін Абылай ханның саяси қызметке келуі мен қазақ дипломатиясы туралы жалпылама еңбектер жазу барысында, сондай-ақ, Ресейдің отаршылдық саясаты және қазақ халқы өміріндегі өзгерістерді зерттегенде пайдалануға болады. Бұл жұмысты Қазақстан тарихы пәнінен жоғарғы оқу орындарындағы дәрістерде, арнаулы курс пайдалануға болады.

 Жұмыстың сыннан өтуі. Ғылыми зерттеу жұмысына өзек болған негізгі мәселе ғылыми басылымдар арқылы конференцияға мақала жазу нәтижесінде көпшілік назарына ұсынылды. Диплом жұмысы  «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.

 Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Бірінші тарау негізінде  Абылай ханның өмірі мен тұлға ретінде қалыптасуы жайында тың деректер талқыланып, саяси қызметке араласуының мән-мағынасы ашылған. Екінші тарауда хан ретінде танылуы мен дипломатиясы, саясаттағы ролі, батырлығы  ерекшелігі, қоғамдық өмірдегі белсенді  қызметі анықталған.

Диплом жұмысының құрылымы. Бұл диплом жұмысы кіріспеден, екі  тараудан, яғни бірінші тарауда екі мәселе, екінші тарауда  төрт мәселе қамтылады. Сондай-ақ, қорытынды мен пайдаланылаған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Абылай хан саясаткер және дипломат

 

Абылайдың ресми түрде бүкіл қазақ ханы болып сайлануы 1771 жылы екенін күман туғызбайтын жәйт. Оған дейін қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігі үшін жапан далада жолбарыстай жортып, талай шайқастарға қатынасып, батырлығымен абыройға бөленеді. Ұлт-азаттық күресті ұйымдастырып, қазақ, әскерлеріне тікелей қолбасшылық етеді. Қазақ халқының экономикалық және саяси жағдайын біршама көтеруге бар мүмкіншілікті қолдана біледі. Елдің қолдауына ие болады. Абылай өзінің хандық мемлекетін басқаруда қатты тәртіп орнатумен бірге, елін, жұртын адамгершілікке, имандылыққа бастаған.

Абылайға байланысты орыс құжаттарын мұқият тексерген Шоқан оған арнаған мақаласында былай деп жазған: «Как бы то ни было, в 1739 году мы находим его самым сильным из владельцев Средней Орды, и рус-ское правительство по преимуществу сносится с Аблаем». Бірақ Орта жүз жұртшылығы оны хан етіп сайлағанымен, Абылай өзін ресми түрде ханмын деп санамаған болуы керек. 1740 жылы Ор қаласында Ресейге боданды болудың шартына қол қойған хан ретінде Әбілмәмбет, сұлтан дәрежесінде — Абылай.[9]

Сыртқы істер Коллегиясының 1760 жылы 18 шілдеде Орынбор губернаторы  А.Давыдовқа жіберілген Указында: «… в протчем Абылай- солтана киргиз-кайсаки ханом признавали» деп жазған. Оның хан бола тұрып, билігін бүкіл қазақ еліне жүргізсе де, бұрын өзін ханмын деп санамауы түсінікті. Өйткені оның мақсаты елді біріктіріп, бір ортаға, яғни бір ханға бағынған мықты мемлекет құру еді. Содан болар 1760 жылы патша өкімет Абылайды орта жүздің ханы етіп тағайындамақшы болғанда ол халық саялаған Әбілмәмбет хан тірі тұрғанда оған көнбейтінін бірақ айтқан. Абылай тақырыбына арналған туындыларда пікір –талас тудырып жүрген бір мәселенің бірі оның 1741 жылы қалмақ тұтқынына қалай түскені жайында, кейбір зерттеушілердің пайымдауынша аң аулап жүріп, қалылыста қолға түседі. Енді біреу Абылай 200 әскерден тұратын шолу отрядын басқарып келе жатып, жайдың негізгі әскерлері тұрған жеріне тап болады. Азғана қазақ тобын мыңдаған ойрат әскері қоршап алып, талқандайды-мы. Біздің ойымызша осы екі пікірдің соңғысы шындыққа жанасады. Өйткені 30 мыңнан асып түсетін жоңғар әскері Қалдан-Церенннің ең бір қаһарынан қан тамған жойқын нояны сыптанның бастауымен қазақ жеріне шабуылы тағы да тұтқиылдан күтпеген мезгілде, ақпанның аяғында басталады. Қазақ жеріне айтарлықтай қарсыластық күш кездестірмеген қалмақ әскері аз уақытта  Шідерті өзінің жағасынан алып жетеді. Дәл осы сәтте Абылай асқан ерлік көрсетіп, қалмақтарға қарсы «екі жүз адамнан тұратын шағын қолмен шабуыл жасады». Бұл жөнінде Ямышев бекінісінің коменданты Сібір губерниясының кеңесінен 1741 жылдың 1-ші маусымында  жіберген мәлімдемесінде жазылған. Әрі қарай сол документте: «қалмақтар оларды  талқандап, сұлтан Абылайдың өзін қолға түсірді делінген».

Абылайдың бұл қимылы жеңіске жеткізбегенімен алайда қазақ сарбаздарын аттанысқа көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күштерін жасауға мүмкіншілік әперді. Соның нәтижесінде бұл жолы жоңғар шапқыншылары  Сарарқаны баса көктеп кіріп, шағын шайқастарда жеңіске жетсе де түпкі стратегиялық мақсаты- қазақ әскерінің негізгі күштері талқандау, елдің  бытшытын шығару қолынан келмеді. Жоңғар әскері көп шығынға ұшырап кейін шегінуге мәжбүр болды. Оған байланысты тағы бір оқиғаға тоқтала кетлік. Ол аты-жөні белгісіз бір қазақ жігітінің таң қаларлық батырлығы хақында. Абылайды тұтқындағаннан кейін қалмақ әскерінің қолбасшысы қазақ әскерінің негізгі күштерін топтаспас бұрын жекелеп талқандау үішін бір қолға түскен қазақты жол көрсетуге алады. Жоғарыда келтірілген документте: «бірақ ол қалмақтарды қасақана адастырып, оппа қарға ұрындырып, сақылдаған сары аязда қансыратты. Бірқатары суықтан үсіп, әрең жол тапқан қалмақтар қазақ ауылдарына шабуыл жасамас бұрын бәлкім, ондағылардың саны көп болғандықтан ба оған жеткізбей жол бастап, айдалаға адастырған тұтқынды азапқа салып, өртеп өлтірді. Өйтпесе де олар аяз азабынан әбден титықтағандықтан шабуылдауға батылдары бармай, кері қайтты» деп жазылған Ямышев комендантының мәлімдемесінде. Әттең сол, өз елін жерін қорғау үшін жанын пида қылған батыр бабамыздың аты жөні белгісіз.

Ал енді Абылайдың қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың қыркүйегінде құтқарылу себебіне келсек, тарихи басылымдарда оны бірауыздан Ресей өкімстінің іс-әрекетімен байланыстырады. Өған тілге тиек етіп жүрген құжат Жоңғар хандығына Орынбордан жіберілген майор Миллер басқарған елшілік. Мәселен, Қазақ ССР тарихында: «Сұлтаи Абылай Жоңғар тұтқынынан Ресей елшісі Миллердін белсенділік қимылының нәтижесінде босатылды» делінген. Бұл тұжырымды Т. Ж. Шонынбаев та, тағы басқа зерттеушілер де қолдайды. Миллерге берілген сыртқы істер коллегиясының, нұсқауында басқа да мәселелермен қатар Абылайдың тұтқыннан босатылу жөнінде айтылғаны шындық екенін растайтын құжаттар бар. Алайда Миллер елшілігінен еш нәтиже шықпағаны да тарихқа белгілі жәйт. Елшілікті қалмақтар бірнеше ай ұстап, шын мәнінде тұткындап, Қалдан-Церен қа-былдамай кейін қайтарып жіберген.

Осы орайда біздің айтарымыз Абылайды Қалданның аман қалдыруының негізгі себебі: жоңғар хандығының 1740 жылдардары сыртқы және ішкі жағдайына байланысты болса керек. Қалдан-Церен — Абылайдың кеменгерлік қасиетін түсініп, өз саясатының мүддесіне пайдаланбақшы болған. Ол өзінің қазақ еліне, тұтқиылдан шабуыл жасағандығының қате екендігін енді ғана түсінген тәрізді. Бұран себеп болған сол тұстағы Жоңғар хандырының Ресей, Қытай импермясымен қатынастағы қарама-кайшылықтың ұлғайып шиеленісуіне және өз хандығындағы алауыздықтың байқалуына байланысты еді. Екіншіден, еліне беделді Абылай хан казақ хандығымен келіссөз жүргізілгенде оның барысына әсер өте алатын күш деп есептелінгені сөзсіз.

Абылай ханнық өміріндегі осы бір драмалық жағдайға байланысты тағы бір айта кететін жәйт мынау. Ол тұтқында екі жылдай уақыт жүрсе де өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын да тәнті еткен. Ол жөнінде Жоңғар елшілері Орскіде Орынбор комисспясының бастығы И. Неплюевпен келіссөз жүргізгенде былай деген: «Он убил у нас знатного и свойственного Галдан-Чирина и за то-де он более удержан, однако-де со всякую чсстью содержится  Қалдан-Цереннің қазақ сұлтанын сондай жоғары бағалағанының тары бір айғағы ол қазақ елімен 1743 жылы бейбіт келісім жөнінде өз тұтқыны Абылаймен шарт жасағаны. Оған қоса қалмақ ханы Абылайды тұтқыннан босата отырып, оған жоғары мәртебелі сый-сыяпат көрсстсді.[33]

1743 жылдың күзінде Әбілмәмбет ханның ордасына барып қайтқан Орынбор комиссиясының өкілдері Иван Лапин мен Мансұр Асанов осы сапар жөніндегі мәлімдемесінде былай деген: «Он, Аблай, от зюнгарцев с великим паграждснием отпущен, а имянно: дана ему палатка, шитая золотом шуба, крытая парчою золотою, палатка железная складная, панцырь и протчее»3. Оған қоса Қалдан Абылайға калмақтың бір сұлу қызын қосыпты. Қенесарының әкесі Қасым сұлтан сол әйелінен туған деседі. Абылаймен оның тұтқында бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам, оның ішінде Жолбарыс сұлтан да бар, босатылып қыркүйектің 5 санында елге қайтып оралыпты.

Абылай үшін жоңғар тұтқынында болған жылдар із-түссіз кеткен жоқ. Ол ойрат тілін, жазбасын үйренумен қатар ол елдің, ішкі жағдайымен мұқият танысты. Абылай сонда жүріп жоңғар ханзадаларымен кездесіп, пікір алысты, мән-жағдайларын түсініп білді. Мұндағы хандықтың мықты және осал жақтарын көрді. Белгі бере бастаған жарықшақтарды аңғарды, өзімен пікірлес адамдар тапты, әсіресе Дауаци, Әмірсана деген нояндармен жақындасты. Мұның бәрін кейін өз саясатында мейлінше тиімді пайдалана білді.

1745 жылы Қалдан-Церен қайтыс болғаннын нояндар арасында таққа таластық өрістеді. Дегенмен Жоңғар хандығына ие болған Лама Доржи казақ еліне шапқыншылықты қайта өрбітті, Бірақ оның қазақ елін шауып өз билігін нығайтып, беделін арттыру мүддесі іске аспады. Оның себебі Қабанбай мен Бегенбай бастаған Абылай әскері бірнеше шайқастарда ойрат басқыншыларына қатты соққы беріп жеңіске жетті. Соның нәтижесінде кезінде қалмақтар қол астына өтіп кеткен Жетісу мен Тарбаратайдағы қазақ қрныстарын қайтарып алуға қол жетті. Сол сәтті қимылдарды Үмбетай жырау «Бөгенбай өліміне» деген толғауында сипаттайды.

Лама Доржидің Қазақ еліне қарсы қанды жорықтары сәтсіздікке ұшырағаннан кейін оның сыртқы және ішкі саясатына қарсы наразылық өрбіді. Алайда қонтайжыны тақтан кұлату мақсатымен жасалған 1752 жылғы бүлік сәтсіздікке ұшырады. Бүлікті басқарған наяндар Дауаци мен Әмірсана елінен қашып, Абылайды паналады. Енді екі елдің арасындағы қарым-қатынас қайтадан шиеленісе түсті. Жоңғар билеушісі Абылайдан Дауаци мен Әмірсананы дереу қайтаруды талап етті. 1752 жылының күзінде Абылай Ұлытауға үш жүздің басшы өкілдерін жиып, кеңес ашты. Біраз ел басылары, оның ішінде Әбілмәмбет хан да бар қонтайжының қаһарынан сескеніп, қашқындарды ұстап беруді ұсынды.

Алайда кеңеске қатысушылардың басым көпшілігі Абылайды қолдап, Дауаци мен Әмірсананы ұстап бермеуге шешім қабылдады. 1753 жылдың басында Абылай Лама Доржидың әскери жорығын күтіп отырмай, өзі калың қолмын бастап қалмақ жеріне еңді. Саяси дағдарысқа ұшыраған Жоңғар хандырының билеуші табының үлкен бір тобы бірігіп қонтайжы Лама Доржиді өлтіріп, оның тағына Дауациді отырғызды. Міне енді Жоңғар хандығының ішкі де сыртқы да жағдайы тұйыққа тіреліп мүлде әлсіреді. Соны пайдаланып қалмақ елін билеушілерінен кек алуға мүмкіншілік те туды, бірақ Абылай оған барған жоқ ол елді қырып-жойып шапқан жоқ. Осы сәтте Абылай хан асқан адамгершілік, парасаттылық танытып, қалмақ елін талқандаудаи бас тартты.

Алайда Цин империясының сарайы Жоңғар хандығының дағдарысқа ұшыраған жағдайын қырағылықпен көріп-біліп отырған және бұл сәтті қалт жібермеген. Олар енді Жоңғар мемлекетін түбегейлі жоюға кірісуді ұйғарды. Оған қажет сылтау да табыла қойды. Кезекгі  ханға қарсы бүлік сәтсіздікке ұшыраған соң оны басқарған Әмірсана тағы да елінен кашып кетуге мәжбір болды. Бірақ бұл жолы ол Абылайды паналаған жоқ, хандық билікті басқа елдің көмегімен алмақшы болып, Пекинге қашып тығылды. Оның ойы Цин әскери күшін пайдаланып, Дауациді  құлату, сөйтіп ел билігіне ие болу еді.

Қытай императоры Хун Лидің көктен тілегенін жерден беріп, ол Әмірсананы құшақ жая қарсы алды. Себебі Цин империясының сарайы Жоңғар хандығын біржола жаулап алудың күні туды деп дайын отырған болатын. Енді Дауациге қарсы соғыс деген бүркеушілікпен өз саясатын іске асыруға кірісті. Қьгтай әскері жоңғар жеріне баса-көктеп кіре сала қырып-жоя бастады. Дауаци ұзамай қолға түсірілді, Пекинге жіберілді. Бірак Кытай әскері кетуге асықпады. Олар шептер салып, ойраттарды бағындыруды жүргізе бастады. Өз қателігін-түсінген Әмірсана 1755 жылдың кыркүйегінде кытай басқышыларына қарсы күреске кірісті.

Қытай империясымен қазақ елінің арасында буферлік атқаратын Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге әкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. СондыІқтан да ол қалмақ халқының ұлт-азаттық күресін қолдады. Сол көмекке сүйене отырып Әмірсана елін азат етіп, өз билігін жоңғардың негізгі жеріне жүргізе алды.

Бірақ ол аз уақыттың ішінде көп жыл қырғын-сүргінге ұшыраған елдің шығынынын, есесін толтырып үлгермеді, ауыз бірлігіне жете алмады. Жау кетісімен бақталастық қайтадан басталды. Соның салдарынан 1756—1757 жылдардағы Цин империясының әскери шапқыншылығы олар үшін жеңіспен аяқталып, жоңғар мемлекетінің тағдыры түбегейлі құрумен шешілді.

Жоңғар хандығының дербестілігі жойылғаннан кейін Қытай императоры Цян-Лунның әскері шырыс Түркістанды басып алып, өзіне қаратты. Осы кезде Қазакстанның жағдайы біршама қиындай түсті. Енді сол тұстағы ең зәулік және басып алумен көніккен екі империяның қыспағына түсті. Россия болса, Еуропадағы жеті жылдық соғыска кіріскен, сондықтан да қытай шапқынншығына қылатын мұршасы жоқтырынан оның іс-қимылы тек дипломатиялық әрекеттермен ғана шектелді. Осы түс Абылайдып, мемлекет қайраткері болғаннан кейінгі өміріндегі ең жауапты кезең болды. Цин империясы жоңғар жерін, Шығыс Түркістанды басып алғаннан кейін қазақ жерін де солай жаулап алмақшы болып, талай шапқыншылық жасаған-ды. Бұл орайда олардың жеңіске жеткен кездері де, қатты таяқ жеген кездері де болды. Әсіресе: Жоңғар қақпасында, Талқы өңірінде болған қанды шайқаста ұлы Абылай тікелей қолбасшылық еткен қазақ әскері шүршіттерді ойысырата жеңген. Осындай «сабақтардан», кейін боғдыханнық да Абылай-ды оцайлықпен жеке алмайтындығьтна көзі жеткен тәрізді. Енді ол басқа саясатқа көшуге мәжбүр болды. Абылайды алдап-сулап өз ықпалына көндіруге тырысты, оған сый-сияпаттар жасады, онық бодан болуын талап етті. Орынбордық губернаторы сыртқы істер Коллегиясына 1758 жылдың 29 қантарында жазған мәлімдемесінде: «Богдыхан Абылай солтана сыном называет и протчия лести употребляет»  деп өзінің абыржитьшын білдірген. Қытаймен ұзаққа созылған соғысқа килігіп, түбегейлі женіске жету-жетпесі екі талай екенін және оның салдарынан елдің жүдеп-әлсіреуі сөзсіз екенін Абылай жақсы түсінген. Ал ондай жағдай туған күнде Ресей патшалырының отаршыл басып алу саясатының құрбаны болуының ықтималдығымен санаспауға болмаған. Әйткенмен ол Кіші және Орта жүздің Ресейге бодандырын тану шартын 1731, 1840 жылдары жасағанымен жоңғар шапқыншылығына қарсы қанды күрес жүріп жатканда ақ патшадан еш көмек болмағанын да бір сәт умытпаса керек. Осыңдай жағдайларды есеспке ала отырып, Абылай Цин Сарайымен 1757 жылдан бастап келіссөз жүргізуге кіріскен. Абылайдыд бұл саясаты ел басшыларының алқа кеңесінде бірауыздан қолдау тапты. Жылма-жыл алмастырылып отырған Абылай елші Пекинге барып, керісінше Қытай елшілері Көкшетауға келіп бірнеше шарттарға қол қойысқан. Абылайдың көздегені — Қытаймен бейбіт келісімге келіп, оның рыногына жол ашу, екіншіден Қытай факторын Ресей импсриясына қарсы қолдану болғаны сөзсіз. Қытай имернясы болса әдеттегісінше келіссөз жүргізген елді өзіне боданды деп есептеген. Оларды ешқашан өзімен тең санамаған. Дәл осы кезеңде Ресей мен Қытай империяларының арасында Қазақстан мен Орта Азия халықтарын өз ықпалдарына алып билігін жүргізуде бақастық өрістеген. Олар осы саясаттың іске асуын Абылайдьгң позициясымен байланысты деп түсінген. Соғаң байланысты екі құжатқа тоқтала кетейік.[44]

Оның біріншісі Орынбор әкімшілігінің 1759 жылдын 20 мамырында сыртқы істер коллегиясына жазған мәлімдемесі. Онда Цин императорының елшілері  Қытай әскерінің Самарқанды, Ташкентті, Бухарияны және тағы басқа қалаларды басып алу үшін аттанғанын жариялай отырып, Әбілмамбет хан мен Абылайдан көмек беруді талап етті. «Хан мен сұлтан болса, — делінген сол құжатта,— одан бас тартатынын ғана айтып қойған жоқ, онымен қатар мынандай  шешімді  жариялайды: егер іздер шапқыншылықты бірден тоқтатпасаңдар біз Қытай әскері біздің елімізді жаулап алуға шықты деп есептегнбіз». Елшілер мұндай жауапты күтпеген болса керек, бірер уақыт ақылдасқаннан кейін олар өздері аттанбас бұрын қытай әскерінің қолбасшысына дереу жаршы жіберіп, жорықты тоқтатып кейін  шегінуінің қажеттігін жариялауды тапсырғандарын айтады және хан мен сұлтанға еш алалдаудың қажет еместігіне сендіріп, тек сосын ғана өздері аттанған. Көріп отырғапымыздай Абылай бабамыз тек қазак, халқының ғана емес, бүкіл Орта Азия елдерінің қамын ойлаған, қамқоршысы болған. Екінші документ Абылай ордасында болып қайтқаны Ресей чиноунигі Ф. Гордеевтід жазған рапортында: 1760 жылы Жолбарыс пен Дәулеткерей сұлтандар басқарып барған Абылайдың елшілеріне Цин богдыханы мынандай сауал қойған: «Егер Қытай мен Ресей арасында соғыс бола қалған күнде қазақтар кім жағын да болады?» Елшілер мұндай жағдай туа қалғанда ешқайсына көмектеспей, бейтараптықты ұстайтындығын мәлімдеген.

Қорыта айтсақ Абылай дәуірінде Қазақстан мен Кытай арасында тұрақты бейбіт саяси қатынас қалыптасты, сонымен қатар сауда-саттық биік дәрежеге көтерілді. Чугучакта, Тарбағатай мен Құлжада тағы басқа қалаларда ашылған жәрменкеде қазақтар малын, колөнерлік бұйымдарын әкеліп, Қытай тауарларымен айырбастап алуға мүмкіншілік туды. Қазақ жері арқылы Ресейдің, Орта Азия мемлекеттерінің сауда керуені Қытай қалаларына келіп- кетіп жатты.

Қытаймен бейбіт қарым-қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан саяси және экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей патшалығы болса Қазақстанды өз саясатын Абылайдың қолдауынсыз іске асыра алмайтынын мойындаған-ды. Мәселен, қазақ елінің жай –жапсарын қырағылықпен бақылап отырған Орынбор әкімшілігінің чиноуниктері генерал- майор А.Тевкелев пен кеңесшілі П.Рычковтың сырқы істер Коллегиясына 1759 жылдың 22 қаңтарындағы мәлімдемесінде: «Бұл күндері Абылай бүкіл орта жүзде бас билеуші ретінде танылады, ал сонымен қатар ол ең білікті де білгір екенін және қытайлықтармен қатынас жағдайды ескере отырып, Абылайды мейлінше ішке тарту керек. Алайда, сол жердің халқы біздің нұсқауымызсыз хан сайлап жібергенін білмей де қалуымызмүмкін, өйткені  қазірдің өзінде әр жерде  Абылайды хан атап жүр» деп абыржи жазған.

1771 жылы Әбілмәмбет хан дүние салуына байланысты дәстүр бойынша оның балаларының бірі хан сайлануы тиіс еді. Алайда үш жүздің өкілдері жиналып, бүкіл қазақтың ханы етіп Абылайды сайлайды. Ал патша үкіметі болса онымен келіспейтінін блдірді. Өйткені қазақты жаулап алудың отырлық саясатын ғана көздеген ол хандық билігінің нығаюына, үш жүздің басының бірігуіне қайткенде жол бермеуге күш  салғанды.

Патша үкіметінің көздегені — қазақ елін бірімен-бірі бақас бірнеше хандыққа бөлу және келешекте хандықты, яғни тәуелсіздікті мүлдем жою еді. Сондықтан болар, Ресей патшасы II Екатерина Абылайдың оған арнайы жазған хатында келтірілген деректерге құлақ аспады. Онда Абылай өзінің Әбілхайыр мен Әбілмәмбет хандардың заңды мұрагері екенін айта келіп, былай деген: «1771 жылы Түркістан қаласындағы мұсылмандар әулие тұтатын Қожа Ахмет мазарының басында біздің дәстүр бойынша намаз оқып, үш жүздің хандары мен ұлтандары және Ташкент пен Түркістан провинциясының басқа да қалаларының өкілдерінің қатысумен мені бүкіл үш жүздің ханы етіп сайлады».  Осыған қарамастан II Екатерина қол қойған Грамотада Абылайды тек орта жүздің ханы етіп тағайындағаны көрсетілген. Сонымен қатар патша өклдері Абылайдың аөз етілгенГрамотаны алуға және өзінің бодандығын қайта мойындау шартына қолын қоюға петербургке немесе орынборға келуін талап еткен. Абылай болса көнбеді. «мені үш жүздің ханы етіп халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куәлік алудың қажеті жоқ»  деп жауап қайырған.[45]

Абылайдың өз еркімен  елінің бірлігін, дербестігін сақтаудан тайынбайтынына көзі жеткен Ресей өкіметі оны қайтсе де өз ықпалына көндіру шараларын қарастырды. «Абылайдың бұл қылығына, — деп жазды, — А.Левшин, — ыза болған Ресей оған ақы төлеуді  тоқтатып, оны кеміту үшінкез келген бір сұлтанды көтермелеп, оған қарсы қоюды ұйғарған. Онымен қоймай, Абылайды тұтқындап, ішкі бір губерниясына жер аударуды да ойласытрған. Бірақ дәл осы сәтте ол әскерін жиып, буруттармен соғысып, оларды жеңіп бітім жасады. Осыдан соң Түркістан маңына қалып, баласы Ғалдильдіңсұраымен Талас өзенінің жағасына қала салғызды».

Әбден амалы таусылған соң патша үкіметі Абылайдың хан ордасына әдейілеп  елші жіберіп, сөз етілген Грамотаны және көптеген  сыйлықтар  тапсырды.  Хан ордасында болып қайтқан капитан Г. Лингрейн өзіні сапары жөнінде есеп бергенде Абылайдың Түркістанда тұратынын айта келіп, енді ол Ресей шекарасына жақындап көшіп келмейтінін жазады. Ресеймен қарым-қатынасында Абылай бейбіт, тату көршілестік жағдай, өмір сүру қажеттігін еске ала отырып, тағы да ресми түрде өзін оның боданы екенін мойындап патшаның Грамотасын алған-ды. Бірақ іс жүзінде өз елінің дербестігіне дақ салған жок, беделін түсірмеді. Абылайды ықпалына көндіре алмаған патша үкіметі енді Қазақстанды отарлаудың басқа жолдарын қарастырды. Оның бірі-қазақ жерінің шекарасына қалашықтар, бекіністер салу, оларды келімсектермен, әсіресе казактармен толтырып жайғастыру еді. Әсіресе, халық үшін қиын жағдай туғызған мәселе — Жайықтың, Ертісің тағы басқа өзендердің жағасына қазақтар малын жаюына тиым салу жөніндегі патша өкіметінің жарлықтары. Патшалықтың бұл әрекеттері, әрине, Абылайдың наразылығын тудырды, бірақ ол Ресеймен үзілді-кесілді қатынасты тоқтатуға,  жағдайды  шиеленістіруге  бармады,   мәселі дипломатия тұрғысынан шешуді ойластырды.

Абылай орта жүздід ханы бола тұрып, өз билігін бүкіл еліне жүргізсе, кейін үш жүздің ханы етіп сайланғаннан соң казақ хандығының мемлекеттігін нығайту жолында аянбай аса зор, нәтижелі қызмет атқарды. мемлекеттер онымен санасуға мәжбүр болды, қазақ елі мен тығыз экономикалық байланыс жасап бейбіт өмі сүрді. Абылай, әсіресе, Сібір қалаларымен сауда-саттықты дамытуға ерекше мән берді. Мысалы, 1740 ж Орынборда Ресей бодандығын мойындау шартына қол қою сапарында қазақ-орыс сауда-саттық қатынасын тек Орынбор жәрмеңкесімен шектелмей, Сібірдің басқа қалаларында жүргізу қажет екендігі туралы мәселе көтерді. Бұл ұсыныс орыс патшалығының ойынан шықты. Өйткені ол Орта жүзде өзінің экономикалық, саяси ықпалын күшейтуді кездеген-ді. Көп ұзамай Орскі, Троицкіде, Ямышев бекінісінде жәрменкелер ашылып, сауда-саттық екі елдің арасында өрбіді. Ол өз халқын орыстардан егіншілікті, балық аулау тәсілін үйрен шақырды. Абылайдың өтінішіне байланысты патша өкіметі қазақтарға егіншілікті үйрету үшін он кісі жіберіпті.

Абылап қазақ халқына біткен қасиетін, күш-қайратын бойына сіңірді. Ол бір мезгілде екі алып импсрияға ресми түрде бодан болғанын аса тиімді пайдаланды. Ресей патшалығынан қыспақты көрсе, Қытай  боғдыханына қарай ығысыл, керісінше-Цин империясынан қысым көрсе, патша үкіметімен жақындаса түскен. Сөйтіп, билік тізгінін ешкімге ұстатпай, өзінің ішкі және сыртқы саясатын  дербес  жургізе  алды.  Оны А. Левшин растай отырып, былай дейді: «Өзінін,  күшіне сүйеніп» қажетіне карай өзін біресе Ресейдің, біресе Қытайдың боданы екенін мойындай отырып, бірақ шын мәнінде мүлде тәуелсіз билеуші болды». Мұндай іс тек тарихи ұлы тұлғалардың   қолынан   келер еді. Қазақстанның. Абылай заманында «Іс жузінде тәуелсіз ел» болғанын, Шоқан Уалиханов та растайды. Ал, Ресейдің шығыстанушыларының ең көрнектісінің бірі В. В. Бартольдтың. Айтуынша: «XVIII ғасырда Қырғыздар (қазақтар) орыс үкметінің қойған талаптарын өзіне тиімді  болса ғана орындап отырған». Мұндай саясат тәуелді билеушінің. қолынан келмейтіні айтпаса да мәлім. Абылайдың қайталанбас тұлғасы халқымыздын басынан кешкен сонау қиын-қыстау кезеңінде қалыптасуы, оның үлттық көсем дәрежесіне көтерілуі кездейсок жәйт емес екені түсінікті. Ол ат жалын тартып мінген кезде қазақ хандығыныі іргесі сөгіліп, уығы ыдырап, бірімен-бірі бақас біреше хандыққа бөлініп кеткенді. Сонының салдарынан қанды балақ жоңғар феодалдарының қырып-жоюына, жаулап алуына ұшырады. Абылайдың қазақ халқының басын құрап, жерін жаудан азат етіп, мемлекеттігін өрбітіп, ұлттық мақсатын іске асырудағы, елдің тірлігі мен бірлігін сақтап қалудағы іс-қимылы, ерен  еңбегі ру басыларының,  ақын-жырауларының,  атақты батырларының ойынан  шықты,  жұртшылықтың қызу қолдауын тапты. Дәл осы сәтте қазақ халкы бірліктің қажеттігін түсіне бастады, ұлттық санасы оянды. Олай. болмаған күнде қазақ халқы да жонғарлардың тағдырын кешіп, мүлде құрып кетуі мүмкін еді. Иә, дана халқымыз «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деп тегіннен тегін айтпаса керек. Абылайды еліміздід игі жақсылары қолдамаса, оның аты шығар ма еді, шықпас па еді, қайдам? Абылайдың ақылгөйлігі сол емес пе, ол ақсүйек сұлтандарға емес, қалың қазақ жұртшылығына, халқымыздың рухани көсемі болған Бұхар, Үмбетей, Ақтамберді сынды жырауларға, орта жүзден Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы, ұлы жүзден Төле Әлібекұлы, кіші жүзден Әйтеке Бәйбекұлы сияқты ақыл-парасаты шыңдалған билерге, Қаракерей Қабанбай, Қанжыралы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Бәсентиін Сырымбет, Малайсары, Уақ Баян сияқты басқа да қаһарман батырларға сүйенді. Осы Абылайдың ақ туының астына топтасқан данышпан ойшылардың біздің тарихымызда алатын орны ерекше. Әттең өкініші екі жүз жылдан астам уакытта олардың ұлы тұлғалары тарихымыздың беттерінен тністі орнын ала алмай келгені өкінішті-ақ.

Сондықтан Қазақстан тарихнамасының бір маңызды міндеті жалғыз Абылай немесе оның үзенгілес серіктерін ғана емес, бүкіл тарихи процестің субъектілерін атүсті, біржақтылы қараудан арылып жаңаша ойлау тұрғысынан ашып керсету. Бұл мәселедегі алғы шарт ретіпде жалпы адамзаттық талаптар, яғни гуманизм, өнегелі шынайылық бірінші кезекге қойылуы керек, өйткені мұндай қасиеттердің атаға, руға, тапқа еш катысы жоқ.  Тарихи тұлраларды жұмысшы немесе шаруа табынан шықпады деп «социалистік жолмен коммунистік болашақты» таңдамады деп олардың еліне еткен қызметтерінең еңбегінен бас тартуымыз керек пе? Сол сияқты біз Абылайды көп әйел алғаны үшін (оның 12 әйелі болыпты) де, баласының көп болғандығы үшін (отыз ұлы, қырық қызы болған) де кінәлай алмаймыз.

Абылайдың асыл тұлғасы сол заманның ақын-жырауларының шығармаларында бес қаруды жете білген батыр, ел қамын ойлаған кемеңгер қайраткер, халық сыйлаған парасатты хан ретінде сипатталады. Оған дәлелдер көп, жеткілікті.

Хан бабамыздың алып тұлғасы, асыл қасиеттері халык, аныз-әңгімелерінде де сүйіспеншілікпен жырланған. «Абылай аспас бар ма асу?» деген ұлағагты сездер соның айқын куәсі болса керек.

Алайда Абылай хан атына байланысты жаттанды пікірлер, аңыздар да баршылық. Соның бірі — Қаракесек руынан шыккан Ботақан деген кісінің өлімі хақында. Ол жөнінде Қазақстанның ұлттық академиясьшың орталық ғылыми кітапқанасының қолжазба қорында сақталған «Абылай аспас сары бел» атты құжатта да айтылған. Сол қолжазбаны арқау ете отырып, «Из истории Казахстана XVIII века» деп аталатын кітапта мынандай деген: «Абылай был упрям и злопамятен, не прощал даже мелких обид» —деп тұжырым жасалған. Оған дәлел ретінде мына оқиға келтірілген. «Так, однажды во время пира у Казбек бия джигиты решнли подшутить над ним и один из них палкой сбросил с Абылая шапку. Последний, не подняв шапки, молча удалился. Спустя некоторое время во время ярмарки в Кзылжаре по при~ казу Аблая были схвачены родственггики обидчиков, в том числе младший брат Казбек-бия Ботакан, которого живьгм закопали в землю. С болыиим трудом кровопро-литие бьгло предотвращено» . Ол ол ма, әрі қарай сол кітапта одан да сорақы жолдар бар. Автордың пайымдауынша: «Абылай дау-дамай туа қалғанда байларды жақтаған, төрелік еткені үшін кедейдің ең ақырғы дүниесін, тіпті балашағаларына дейін тартып алып отырған. Абылайдың қаныпезерлігі езілген жұртшылықтың наразылырын туғызған».

Мұны неліктен тізбелеп, тәптештеп жатырмыз? Оның себебі мыңада. Аты аталған кітаптың авторларының бірі көрнекті ғалым Р. Б. Сүлейменов те, екіншісі тарихшы В. А. Моисеев. Рамазан Бимашұлының сол кітаптан жоғарыда келтірілген жолдарға қатысы болмаса керек. Өйткені ол Абылай бабамызға арнаған кітабып жазуды аяқтап, баспақанаға берілген соң кенеттен қайтыс болған. Сол кітапта жоғарыда келтірілгендей орынсыз сыни пікір келтірілмеген, керісінше «Атғы жерді жарған хан Абылай» деп сүйсіне жазған» сондықтан ол жолдардың авторы В. Моисеев деп білеміз. Данышпан Бұхар жырау келешекте Абылай атын жоғарыда айтылғандай қара күйенің жағылатынын сезгендей нақыштап:

«Жетім менен жесірге

 Ешбір жаман қылмадың,

Әділетпен жүрдіңіз,

Әдепті іске кірдідіз» деуі тегіннен тегін болмаса керек.

Бұхар бабамызға қоса айтарымыз аталған қолжазбада келтірілген әңгіменің түпнұсқасы нақтылы болған оқиға. Бірақ соған сүйене отырып жазылған кітапта «однажды во время пира у Казбек-бия» делінуін құптай алмаймыз. Өйткені Қаздауысты Қазбек би 1765 жылы дүние салған, ал сөз етіліп отырған оқиға шамасы 1779-ші жылы болған. Оран дәлел сол колжазбада «Абылай кек алушылардан қорыққанынан қашып Түркістаннан бірақ шыққан» деп көрсетілген. Олай болса Абылайды Түркістанға қоныс аударғаны 1779 ж. болған.

Ал Абылайдың бас киімін қамшымен қағып түсірген, Ботақан деген жігітті кітапта «младший брат Казбек-бия» делінгені де үйлеспейтін жәйт. Өйткені Қазбек-бк 1765 ж. жүзге келіп дүниеден өткен, сондықтан оның туған інісі ең кем дегенде жетпіс бесте болуы керек қой. Ботақан болса жас жігіт. Енді автордық «джигиты решили подшутнть над ним» дегенін алайық. Олай деуі «несі бар жігіттер қалжың ретінде ханның бас киімін қағыл түсірді, онда не тұр» дегені ғой. Қазақ айтпай ма: «жылайтын бала әкесінің сақалымен ойнайды» деп, ол заманда бұл заман қай елде жігіттер ханның бас киімімен ойнаған? Әрине ол «қалжың» арандатушылық пиғылдан, ханды кемсіту ниеттен туғаны айтпаса да белгілі. Және бұл істің артында хан саясатына қарсы белгілі бір топ тұрғанын Абылай неге сезбесін. Алайда көпшіліктің алдында өзіне қатысты мәселегс байбалам салып даудамай шырармай байсалдылық танытып, ханның бас киімді өзі көтермей, қасындағы біреулерге көтертпестен сол жерде қалдырып, кете баруы даналықтын белгісі емес пе?

Бұл арандатушылықтан еш нәтиже шықпаған соң әлгі шонжарлар Абылайдың сауда-саттықты өрбіту саясатына сенімсіздендіру туғызуды ойластырған. Ол үшін жігіттерді ұйымдастырып, Қызылжарға жәрменкеге келе жаткан керуенді тонауға жіберген. Керуен тонауға манағы «қалжыңбас» Ботақан мен Жанай дегендердің қатынасқандары анықталғаннан кейін хан оларды зінданға тастауды бұйырады. Ол кезде абақты болмаған, оның ролін зіндан атқарған болу керек. Ыза кернеді ме әлде ақылына келіп ұялғандықтан ба белгісіз, әйтеуір Ботақан өзін-өзі пышақтап өледі. Осы оқиғаға арнаған шумақтарында Көтеш ақынның: «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» дейтіні содан. Мінеки, аталған кітаптың авторының «Ботақана живым закопали в землю» деуінің арқауы осындай жағдай.

Бұл ретте тағы да бір жаттанды аңызға тоқтап, шындықтың бетін ашқанды жөн көріп отырмыз, Ол аңыз Абылай өзін елімнен құтқарған Ораз құлды опасыздықпен «өлтіруі» хақында. Бұл аңыздың да шындыққа еш қатысы жоқ Өйткені, біріншіден, өзін өлімнен құтқарып жол бастап келе жатқан Оразды он үшке толмаған жас бала қалай және не үшін өлтіреді? Туған бабасы Абылайдың өмірбаянын тұңғыш зерттеуші Шоқан: «Адал төлеңгіт өз түлегін ертіп Қырғыз (қазақ) даласыыа тартты»  демей ме.

Ал кейін жоңғар шапқыншылырына карсы соғыста жұлдызы жанып, аты шыққаннан соң Абылай Оразды іздеп тауып алады. Сонан соң Абылай онаң қалың төлеп қыз әпереді де Көкшетаудың теріскей тұсына қоныстандырады. [48]

Міне, Абылай атына қатысты осындай жаттанді аңыздарды ой таразысымен қайта бір сарапқа салып, бара беруге кезек келген тәрізді. Ол аңыздар әр кезеқте, әр қилы себептен туғаны айтпаса да белгілі. Алайда олардың астарында бірақ мақсат бар- ол Абылай атын кемсіту, оның ұстанған саясатының беделін түсіру. Өйткені елдің бірлігін, тәуелсіздігін сақтап қалу үшін Абылайдың ұстаған саясатын, атқарған іс-қимылын, ерен еңбегін бүкіл қазақтың біреуі қалмай қолдады десек артық айтқан болармыз. Олай болса, еліміз ыдырап тәуелсіздігінен айырылар ма еді? Осы күнгі айтып жүрген тайболизм дерті, яғни руға, жүзге бөліну ол кезде нағыз үдеп тұрған шағы емес пе? Абылайдың бір ортаға бағынған мемлекет құру саясатына қарсы  пиғыл  да, әрекет те болғаны тарихи шындық қой.

Абылайдың бойына біткен асыл қасиеттерді айта отырьп, біз бұл тарихи тұлғаны идеализациялаудан аулақпыз. Өйткені ол да адам, ол да пенде болған, сондықтан оның кемшіліктері де, қателіктері де болған. Абылайдың ел басқару ісіндегі көлеңкелі жағын көрсететін дүниелер де кездеседі. Мысалы, ол еш заңмен шектелмеген өз билігін орнатты, тіпті өлім жазасын қолдануды да зорлықпен иеленді. Қазақ дәстүрі бойынша, ондай хұқ тек халық өкілдерінің жиналысында болатын. Кейбір ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Абылайдың өз ұрпақтарына өсиет ретінде тапсырған-ру арасындағыі кикілжің мәселелерді түбегейлі шешпеу, өйткені ру арасындағы жікшілдік ханнық билігін нығайтады деген ой болу керек.

Абылайды өз заманы, өз ортасы тудырған, сол себепті де өзі шыққан билеуші тап мүддесін қолдауы заңды, өйткені ол сол ортада тәрбиеленді ғой. Сондықтанда одан басқаша ойлауды талап етіп, оньң дүниеге деген көзқарасына сыни түрде талдау жасауды жаңсақ деп білеміз. Қайта, осы бір тарихи айтулы кезеаде бүтін қазақ жұртының мүддесін тұтастығып, өз ортасының мүддесінен жоғары қоя білгендігі Абылайдың ұлылығының жарқын көрінісі деп білеміз. Әрі осы сияқты ұлы да қайталанбас тұлға мен оньң бірін-бірі толықтыра түскен жауынгер серіктерінің тарихи аренара шығуы, бүтін бір халыктың болу-болмауы таразыға түскен толғаулы кезеңге тұспа-тұс келуі кездейсоқ емес екендігі айқын.

Абылайдың тақырыбына байланысты күні бүгінге дейін аз зерттелген мәселенің бірі сол тұстағы қазақ халкының оңтүстік және солтүстік батысындағы көршілес халықтармен, атап айтқанда қырғыз, өзбек, башқұрт, Еділ жағалауындағы қалмақтармен қарым-қатынас. Оны тек бейбітшілік түрде сипаттауға болмайды, қақтығыстан да құр емес. Соидықтан болар ізденушілер көрші туысқан халықтардың ар-ожданына дақ келтірмеуді, ел арасында наразылық туғызбауды көздеген тәрізді. Бірақта, біздіңше тарихи шындықты объективтік түрде көрсете білсек, өткеніміздің тәжрибесінен сабақ алатын болсақ, ол ешкімнің өкпесін туғызуға тиіс емес. Өйткені ертеде кім-кіммен соғыспады? Мысалы, тек осы ғасырдың бірінші жартысында Германия мен Франция қаруын екі рет айқастырды және сол фактілер екі елдің тарихынан тиісті орнын алды. Солай бола тұра осыған байланысты екі елдің арасында ешқандай қырғи-қабақтық туған жоқ.

Шындығына келсек Абылайдың Жоңғар хандығының жаулап алуына қарсы іс-қимылы Орта Азия халықтарының дербестілігін сақтап калуға ыкпал етті. Бірақ жау жағадан алғанда бөрі етектен алатын әдеті ғой, оңтүстіктегі сол дәуірдегі хандыктар халқымызға зорлық-зомбылық жасауды, жерімізге көз алартуды қоймаған. Абылайх ан олармен де соғысып, жеңіске жеткені жөнінде де біраз құжаттар бар.

Мысалы, Абылайхан 1779 жылы 13 тамызда Орынбор  губернаторы И. Рейнсдорпқа жазған хатында өз билігінің Ұлы жүз бен Кіші жүзге де жүретінін ескерте келіп, Түркістан тұрғындарының шағымы жөнінде жазған. Сол аймақта тұратын қазақ елдерін қырғыз ханы жылма-жыл шауып, мал-жандарын айдап әкетуді кәсіпке айналдырған көрінеді. Соған байланысты қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан кұтқарып, қорғауды талап еткен екен. Сол жылы Абылай іріктеп алынған төрт мың әскерімен қырғыз хандырының шебіне кірген. Бұл жөнінде орыс ғалымы А. Левшин: «Он  в то самое время, собрав войско, отправилсяна бурутовнанес им сильное поржение, взл с них аманатов и остался кочевать близ Туркестана» деп жазған.

Деректерге қарағанда Абылай қырғыздармен бітім жасаған соң Түркістанды, Сайрамды, Шымкентті, Созақты азат етеді. 1781 жылы Ташкентті алып, өзіне бағынышты етеді. Сонан соң Абылай хан Бұхарға барып, ондағы әулиелерге құран окып, бас иіп, сол сапардан қайтып келе жатқанда кенеттен ауырып, қайтыс болады. Алайда, кейбір шығармаларда Абылайдың қайтыс болуы 1780 жыл деп те айтылады. Біздінше осының алғысы шьндықка саяды. Оған дәлел, Абылайдың үлкен ұлы Уәлі султанның 1781 жылдың 23 тамызында қатын патша П Екатеринаға жазған өтініш хатынан көрінеді. Сол хатында Уәлі әкесі Абылайдың дүниеден өткендігін хабарлаған. Егер Абылай хан шыныңда 1780 қайтыс болса, онда жыл бойы оны патша ағзамға хабарламағаны болады ғой. [46]

Ал ендігі жерде сөз етіп отырған тақырыпқа байланысты құжаттарды, әдебиетті шолуды аяқтай отырып, осы очерктің басында қойылған Абылай тұлғасы неге тарихтан өзінің тиісті орнын ала алмай келді деген сауалға жауапты туйіндейік.

Қазір біз көріп-біліп отырғандай Қазақстан тарихының бұрмалана жазылуына әсер еткен көптеген факторлар болған. Қаталықтан да құр емес және сол сәттегі жалған түсініктегі мүдделерге байланысты тарихи фактілердің саналы түрде бұрмаланғаны да шындық. Тарихтың шын мәні сол өткенді әділ, объективтік түрде көрсетуде ғой, өйтпеген жағдайда ол жамандыққа, жауыздыққа айналады. Ал бізде жетпіс жыл үстемдік еткен большевиктік идеология мен саясат тарихи процесті тек белгілі схема бойынша алдын-ала көздеген межеге жету жолындағы әрекет ретінде ғана қабылдады. Сондықтан «ВКП(б)-ның қысқаша курсына» сәйкес келмеген дүниенің бәрі қуғын-сүргінге душар болды. Зерттелмеген фактілердің толып жатқандырына  қараған көптеген зерттеушілердің ойы қалыптаскан әдеттаптаурын болған соқпаққа түсіп жүре беретін  болды, олар әртүрлі болжамдардың, балама мүмкіндіктердің анық-қанығына жетуге бара қоймады. Соның салдарынан бүгінгі тандағы Қазақстан тарихы тарих емес мүлде авторитарлық жүйеге құлдық қызмет еткен идеалогияландырылған саясат және оның беттері шешілмеген проблемалармен сипатталады.

Осы проблемалардың бір қомақты бөлігі — біз зеттеп отырған Абылай хан және оның дәуірі. Абылайды өмірі мен қызметі негізінен академиялық әдебиетте жазылған, сондықтан тек  ғылыми қызметкерлер мен маандарға ғана белгілі. Ал оқулықтарда, 1957, 1977 жылдары шыққан Қазақ ССР-інің тарихында, энциклопедиялық сөздіктерде Абылайға арналған азғана беттерді оған объективті емес, мүлде кереғар бара беріледі. Мысалға Үлкен Совет энциклопедиянын, 1970 жылы шыққан 1-ші томын алайык,- Онда былай делінген: «Абылай Қазақстандағы орта жүздің сұлтаны, 1771 жылдан хан 1740 жылы орыс бодандығын қабылдап, Ресеймен сауданы ұлғайтқан. Орта жүз қазақтарын біріктіріп, зорлық пен зомбылық тәртібін орнатқан. Қарсыластарын әлсірету үшін руаралық жауластықты тұтатып отырған». Бұл сипаттаманы түсіндіріп жату артық.

Абылай ханнын дәуірімен байланысты тағы да бір күрделі тарихнамалық мәселе— Қазақстанның Ресейдің құрамына кіру процесін ой елегінен қайта өткізу, оны көрсетудегі біржақтылықтан арылу. Бұл процестіқ бір жарым ғасырға созылғаны белгілі және оның шынайы прогрессивтік мәнімен қатар драмаға толы қырлары да мол болды. Тоталитарлық режимнің гүлденген кезенінің идеолгиясына сүйсне отырып, кеңес тарихнамасы әртүрлі аймақтар мен халықтардың «өз еркімен Ресейге қосылуы деген ұғымның концептуалды  негізін  жасады.  Оның өзекті мақсаты царизмнің сыртқы  бағытын дәріптеп, экспансиялық пиғылын ақтау болды. Мұны теория жғынан негіздеу үшін Ф. Энельстін Маркске 1851 жыл 23 мамырда жазған белгілі хаты, дәлірек айтқанда, сол хаттағы бір сөйлемнің бір бөлігі келтіріледі:  «…Қара  және Каспий теніздері мен Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін Россияның билігі цивилизторлық роль атқарды». Ал сөйлемнің басындағы «Өзінің барлық жауыздығы мен славяндық пасықтығына қармастан»,— делінген сөздер алынып тасталған. Бұл мәселе жөнінде Ф. Энгельстің «Орыс патшалығының сыртқы саясаты» деген енбегінде тағы да сынайы жазған өлең бар.

Абылай заманында Қазақ жеріне көзін тіккендердің бірі Цин империясы болды. Ол Жоңғар хандығын талқандап, шығыс Түркістанды басып алғаннан кейін енді қазақ жерін де солай жаулап алмақшы болды. Тек Абылай әскерінен бірнеше қанды  шайқастарда  жеңіліске шығараннан кейін ақылына түсіп келіссезге келген-ді. Алып империяның қыспағына түскен Қазақ елінің жағдайы  күрделене түсті. Дәл осындай  қиын-қыстау кезіңде Абылай өзін халықтың намысын қорғаған ер жүрек батыр, ыдыраған елдің басын құраған кеменгер саясаткер екендігімен катар асқан дипломаттылығымен көзге түсті. Халық аралық сыртқы саясат саласында да табыстарға ие болды. Бір мезгілде Ресейге де Қытайға да боданды  бола тұрып, Абылай оларды Қазақ елімен санасуға, онымен  сауда-саттық өрбітіп, бейбіт өмір сүруге мәжбүр етті. бамыз өзінің стратегиялық максатын-бір ортаға бағынған Қазақ елінің мемлекеттігін құрып, тәуелсіздігін сақтап қалуды  асқан  жігерлікпен  жүргізе білді. Елінің бостандығы мен болашағы үшін Аблайдың екі империямен  дипломатиялық  «ойын»  арқылы арбасқанын тілге тиек етіп, кеңес тарихнамасында оны сыртқы саясатында «екі жүзділік болған» деген ұғым тұрақты орын алған. Осыған қарамастан халқымыздың санасында ұлы бейне болып қалыптасуы Абылайдың елді азат етіп барлық қазақ жүздерін біріктіре біліуі байланысты болса керек.

Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекеттігінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. Сондықтан да 1781 жылы Аблайхан дүние салғаннан кейін еліміз қайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Сонымен бірге Қазақстанның тәуелсіздігі жойыла бастады. Патша үкіметі орта жүздің ханы етіп Абылайдың үлкен ұлы Уәлі сұлтанды тағайынды. Оның сыры Уәли Абылайдың отыз ұлының ішіндегі жуасы және патша үкіметіне жан пидасымен берілген болғандықтан болса керек. Сол кезеңнен бастап Қазақстанда Ресей билігі шешуші жағдайға айналды.

Абылай дүниеден өткеннен кейін енді патша үкіметі қазақ жерін отарлауды қызу колға алды. Оны іске асыру жолында әртүрлі шаралар қолданды, оның басты әскери (шептер сызыры, жекелеген бекіністер, казак станнцалары), экономикалық (қазақ жерін тартып алу айламен алу, кейде арзан бағамен сатып алу, салық салу, әртүрлі монополиялар еңгізу), саяси (хандықты, өзін өзі басқарушылықты жою, әкімшілік басқарудың реформасын жүргізу), рухани (орыстандыру, дінін, тілін жойып шоқындыру), (демографиялық) орыс келімсектерін көшіріп қондыру) жағдай жасау болды.

         Абылайдың алға ұстанған саясаты, мақтасы- қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттілігі мен тәуелсіздігі еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Ел қорғаны, жер қорғаны алып тұлға-Абылай хан

 

2.1 Абылай хан  билігінің нығаюы.

 

Цин агрессиясына тойтарыс беру және Қазақстанның шығысындағы жерлердің қайтарылуы Орта жүзде ғана емес, Ұлы жүзде де және ішінара Кіші жүзде де Абылай сұлтанның билігін нығайтты. 1752 жылы Барақ сұлтан қайтыс болғаннан кейін ол іс жүзінде қазақ жерлеріндегі бірден-бір толық құқылы билеушіге айналды.

Сыр өңірінің жерлері ¥лы жүзге билік етуден дәмелі, сондықтан да Абылай сұлтанның пікіріне амалсыздан құлақ асатын Ералы сұлтанның билігінде болды, иелігі Арал өнірінде орналасқан Досалы сұлтан да іс жүзінде Нұралы ханға тәуелді емес еді. Кіші жүзде мынадай жағдай қалыптасты: Ресей әкімшілігінің қолдауына қарамастан Нұралы хан күрделі сыртқы саяси проблемаларды жеке-дара, Абылайдың келісімінсіз және қолдауынсыз шеше алмады.

Қартайған Төле бидің тікелей басқаруындағы Ұлы жүздегі жағдай да сондай еді. 1758 жылы Орынбор кеңесі жіберген М. Шиховбылай деп жеткізген: «үлкен орда қазір өз ханы Төле бидің иелігінде болып отыр, ол Сайрамға… жақын жерде көшіп жүреді, ал… Түркістан қаласына Әбілмәмбет хан билік етіп отыр, ол Абылай сұлтанның ағасы және оның Орта… ордасы көбінесе соны тындайды, ол, Әбілмәмбет хан, Түркістанға жақын жерде көшіп жүреді ал көбінесе Түркістан қалашығының өзінде де тұрады және оның тұрғындарынан барлық алымдарды жинап алады»

Әбілмәмбеттің мәртебесі екі жақты болды. Бір жағынан,ол жоғарғы хан деп есептеле берді және Ұлы жүз бен Орта жүз қоныстарын тексеру сапарына жиі шығып тұрды. Ханмен бірге Түркістан қаласына сапар шеккен М. Асанов «оның, ханның дағдылы жүрісі сияқты, өте баяу жүріс болды, өйткені қандай киіз үй кездессе де, соған барып, әрқашан қонып қалады» деп хабарлады. Екінші жағынан, Әбілмәмбет Абылайсыз бірде-бір елеулі шешім қабылдамайтын, тіпті оларды ықпалды сұлтанға тапсыра салатын. Мәселен, 1763 жылы Орталық Азия елдерінің циндерге қарсы одағына қосылуға шақырып, өзіне жолданған хатында ол Абылайға жіберген.

1762 жылы Әбілмәмбет өзінен Сәмекенің ұлы, хан атағынан дәмелі Есім содан төрт жыл бұрын алып қойған Түркістан қаласын Абылай сұлтан мен Қазыбек бидің арада жүруі арқасында ғана қайтарып алды. Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың 50-60-жылдарында Орта жүз, Ұлы жүз, ішінара Кіші жүз де нақты алғанда Әбілмәмбеттің жоғарғы билігінде және іс жүзінде Абылай сұлтанның басқаруында болған.

Орта жүзде Абылай билігінің нығаюына оның елдің оңтүстік шекараларын нығайту жөніндегі белсенді қызметі себепші болды. 50-жылдардың аяғы — 60-жылдардың басында қазақтардың қырғыздармен қатынастары ерекше шиеленісіп кетті. Алатаудың солтүстік жағындағы, Жоңғария құлағаннан кейін қазақтар да, қырғыздар да көз тіккен Жетісу жайылымдары дау нысанасына айналды. 50-жылдардын аяғында бұл жерлерге Ұлы жүздің қауымдары берік орнығып алған еді, алайда 60-жылдардың басында жер дауы ашық соғысқа ұласты. 1760 жылы қырғыздар дулат және коңырат руларының қоныстарына шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Абылай едәуір әскер жинап, сол жылдың тамыз айында талас қырғыздарын жеңіліске ұшыратты. Сөйтседе, 1764 жылы қырғыздар Жетісу қазақтарына тағы да жорық ұйымдастырып, наймандардың ауылдарын күйзелтті. 1765 жылдың жазында Абылай басқарған 30 мыңдық армия қырғыздарды тағы да талқандады. Бұл жорық Ш. Уәлиханов жазып алған атақты «Абылай туралы жырда» жырланған. Қазақтардың жеңіске жеткеніне қарамастан, 60-жылдарда жанжал шешілген жоқ. Бұған Қазақстанның халықаралық аренадағы күрделі жағдайын, қытайлардың басып кіру қаупінің сақталуы, сондай-ақ күшейіп келе жатқан Қоқан мемлекеті тарапынан кауіп тууы себеп болған еді. Абылайдың қырғыздармен сияқты, соңғысымен де талай рет соғыс қақтығыстары болған, 60-жылдардың екінші жартысында Орталық Азия мұсылман мемлекеттерінің арасында Цин империясына қарсы одақ қалыптаса бастады.[39]

Бұл одаққа бастама көтерген Ауғанстан билеушісі Ахмад шах болатын, ол мұсылмандық Шығыс Түркістанды «дінсіз» қытайлардың билігінен азат етуді талап етті. 1762 жылдың өзінде-ақ Абылай сүлтан мен Әбілмәмбет хан Орта Азияны басып алуға бара жаткан қытай армиясын өз иеліктері арқылы өткізуден бас тартқан еді. Ақсақалдар кеңесінде «қытай әскерлері қарсы аттанғандар түркістандықтар және самарқандықтар болсын…қазақтар солармен бірге соғыссын» деген шешім қабылданды. Сонымен бірге қазақ билеушілері ауғандықтарға ашық қосылуға асықпады және Пекинмен дипломатиялық байланыстарын жалғастыра берді, тіпті қоқан бегі Ерданаға қарсы күресте әскери көмек сұрады. 1767 жылы Абылай қоқандықтарды талқандап, Ердана барып тығылған Пішпек бекінісін қоршап алды. Алайда зенбірек және 20 мың жаяу әскер беруді сұрап, Қытайға жасаған өтінішіне жұмсақ айтылса да, үзілді-кесілді бас тартылған жауап келді.

Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Абылайдың күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара-тұра жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдары сондай жорықтар жасалды. Соңғысы қырғыз руларының бір бөлігінің Қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ және Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханның XVIII ғасырдың 70-жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығаюынажеткізді.

Абылайға дейін де, одан кейін де бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз кұдіреттілік сипатына байланысты еді. Ш. Уәлиханов былай деді: «құрмет (ханға) әлде бір мистикалық сипатта болды… Бұл хан уакыт қастерлі еткен еркін жеңілдіктерге қарсы рақымсыздықпен әрекет ете отырып, өз әрекеттеріне ұрпақтары оны әулие деп санайтындай сипат бере білді». Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дәрежеде себепші болды. Текті әулетген шыққанына қарамастан, балалық шағында оның бақташы да, түйеші де болуына, жоңғарларға қарсы соғысқа қатардағы жасақшы ретінде қатысуына және шайқаста батыр атағын алуына тура келді. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, тамаша қолбасшы және дипломат болды. Дегенмен де, ол тарих көшін өзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш-қуатын қайтадан қалпына келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние салып, Кожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленді.

 

 

 

 

2.3 Абылай ханның мәмілегерлік саясаттары

 

Абылай ханның Қытай империясымен байланыстары әсіресе осы орайдагы мәмілегерлік тактикалары мен саясаттары оқырмандарға әлі беймәлім. Қазіргі таңда бұл саланы жүйелі зерттеудің ғылыми-теориялық және практикалық маңызы айрықша. Сондықтан біз сол ғасырда жазылған Қытайдың орда құжаттарына сүйене отырып, Абылай ханның Қытаймен тікелей байланыс орнату динамикасын және оның қолданған мәмілегерлік саясаттарын зерттеймін.

Бажайлап бақсақ, Абылайдың (1711—1781 жж.) саяси өмірі көбінесе Шығыспен байланысты болғаны мәлім. Жоңғар ақсүйектерінің Түркістанға жасаған шабуылы салдарынан бала Абылай жансауғалап өмірдің талай қиышпылықтарына тап болады, жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте жеңген жас Абылайды арғынның атығай-қарауыл тармағы өздеріне сұлтан сайлайды, жоңғардың тұтқынынан құтылып келген (1743 ж.) соң Абылай орта жүзге хан болып, ел билейді; 1755 жылы жоңғар хандығының жойылуына байланысты хан Абылай Қытайдың Чиң империясымен мәмілегерлік байланыс орнатып, ғүмырының соңына дейін олармен карым-қатынаста болды.

Абылай хандық таққа отыра салысымен-ақ Қазақ хандығының әуелгі географиялық кеңістігін қалыптастыруды қарастырған. Сондықтан 1745 жылы Ғалдан-Серен өліп, жоңғар билеушілері өз ішінен бөлшектеніп, қырқыса бастаған кезде, Абылай хан жоңғардың жауласқан топтарын кезек-кезек қолдап, өздерін-өздерімен әлсірету тәсілін қолдану арқылы, кезінде жоңғарлар иеленіп кеткен қазақтың атамекенін қайтарып алуға әрекет жасайды. 1754 жылы Қытай жазбаларында «Абылай Батымашылин, Ежендермен бірге, ойрат, қалмақ әскерлерінен он мың қолды бастап, Бөратала қатарлы жерлердегі жоңғар малшыларын бұлап-талап, қолға түсірген малшыларды алып қайтты делінген. Осы оқиғаны анықтаған адамның патша ордасына жолдаған мәлімдемесінде: «1755 жылы ақпанның 6 жұлдызында Бан Ди Іледегі Махмут деген адамнан сұрағанда, ол: қазақ әскерлері Ілеге келіп ұйгырлардың астығын бұлап- талап әкетті. Олар қазір Сағанусу белінде жатыр — дейді. Жағдайға қарағанда, қазақ әскерлері Ілеге жақын жерде тұр екен» делінген. Ал Чиң патшалығының шекараны тыныштандыру сол қол генерал шеніне ие болған Әмірсана өзінің 1755 жыл акпанның 1 жұлдызыы күні патша ордасына жолдаған мәлімдемесінде: «Ақжолдың айтуынша, Батымашылин мен Абылай әскерлері Дауашқа жорық жасап, Бөраталаның сырт жағындағы елді талан-таражылап кетіпті» дейді. Осындай ақпарларға талдау жасаған патша ордасының әскери органы; «Батымашылин және Қазақ әскерлерінің Дауашқа жорық жасауына қарағанда, Дауаштың күші әлсіреп, жоңғарлар күйрейін деген екен. Егер біз  жедел әскер аттандырмасақ, қазақтардың көлденең олжаға ие болып кетуі сөзсіз» деген пікірді Чиянлұң патшаға ұсынады. Сол жылы наурыз айының 9-жұлдызы күні патша ордасына жолдаған әскери мәліметте: «… осыған дейін қазақ әскерлері сөз болып еді, қазір оларды Дауаш әскерлері жеңіп, кері шегіндіріпті. Бірақ қазақ әскерлері одан күштірек. Олар Дауашты тұтқындай алады. Сондықтан біз әскери жорық жасағанда олардан сақтануымыз керек. Қазірге дейін олар ілені иеленіп алған жоқ. Олар Іледен шегініп кетіпті. Сондықтан біздің әскерлердың жорық жасауына жағыдай қолайлы» делінген. Осы және осыған мазмұндас келетін басқа да құжаттарға негізделетін болсақ, XVIII ғасырдың 50-жылдары, Абылай ханда жоңғар Дауаштан «күштірек» әскердің болғандығын, сондай-ақ ол өзінін әскери күшіне сүйене отырып жоңғар қарамағындағы қазақтың ежелгі атамекенін қайтарып алуға әрекет жасағандығын байқауға болады. Міне, бұл, академик Манаш Қозыбаев айтқандай: «Ол ұлттық сананы оята алатын, ұлттық туды көтере алатын, ұлттық мүддені жоқтай алатын, ұлттық мақсатты асқар шыңға көтеріп, халықтың бірлігі мен тірлігін қорғай алатын қайраткер болып ерте қалыптасқандығының нақтылы бейнелері болып табылады.[48]

Чиң патшалығы 1755 жылы ақпан айында жоңғарға екі бағытпен 200 мың қалың қол аттандырды және өздерінің қазақтар жөнінде қабылдаған саясаттық принциптерін де жариялайды. «Бан Ди мен Әмірсанаға айтылсын: ұлы іс орындалған соң, қазақтар өздері келіп бізге ел боламыз десе, олардың басшыларын ылайығымен астанаға ертіп келіп, патшамен кездестіріп, оларға шен беру керек, Ал олардың қоластындағы халқы, сол бұрынғы орындарында отыра берулері керек. Оларды көшірудің қажеті жоқ. Егер олардың бізге ел болғылары келмесе, оларды әскери күшпен бағындыруға болмайды. Олардан қалай сақтану керектігін осы орайда шешу керек. Әмірсана олардың жағыдайын өте жақсы біледі. Бан Ди мен ақылдасып ұсыныс айтсын» дейді. Ал олар жоңғарды жойғаннан кейін, яғни, 1755 жылы 17-маусымда Чиң патшалығы ордасы Абылай ханға хат жолдап: «Жоңғарлар ежелден қазақтарға өш еді, Патша оларды тыныштандырған соң, оларға жарлық түсіріп, жоңғарлардың өз бетімен қазақтарды бұлап- талауына тыйым салды. Ал сен қазақтардың бізге ел болу- болмау еріктері өздерінде, бірақ шекараны тыныш сақтауларың керек. Өз беттеріңмен шекарадан өтіп келіп жоңғарларды тонауларыңа болмайды. Егер осы жарлыққа бойсынбасаңдар, сендерге сөзсіз қалың қол аттандырып шабуыл жасаймыз, сонда өкініп жүрмецдер» дейді. Бірақ олар қазақтармен де қатаңдыдқа бармауды ойластырып, оған іле-шала Абылай ханға және бір хат жолдап былай дейді: «Қазір жоңғар жері тыныштандырылды. Олардың бәрі біздің пақырымыз, Осыған дейін болып келген олардың сендерді арандау әрекеті тыйылды. Егер сендер бізге ел болуды қалайтын болсаңдар, еселенген мейірімділік — сыйға бөленесіңдер. Егер өздерің ел болып тұрғыларың келсе, онда да шекараны тыныш сақтап тұруларың керек. Шабуыл жасап, бізді әуре-сарсаңға салуларыңа болмайды». Осы деректерден-ақ, Чин патшалығының қазақтарға бірде сес көрсетіп, бірде шырғалау әдісін қолдану арқылы қазақтарды жоңғарлардың сырткы кеңістігін тыныш сақтауға міндеттеу мақсатын іске асырмақ болғандығын байқауға болады. Бірақ Абылай бұл кезде олардың іс-әрекетін, ниетін-мақсатын әбден байқау үшін үнсіздік әдісті қолданды.

Чиң патшалығы жоңғар хандығын жойғаннан кейін, төрт рулы ойраттарға төрт ноян тағайындап, оларды бөлшектеп басқару режимін қолданды. Әмірсананың тұтас жоңғардың ханы болу маңсаты іске аспады. Сонымен ол Чиң патшалығына қатты наразы болып, 1755 жылы жазда топалаң шығарды. Екі жылға жалғасқан Әмірсананың Чиң патшалығына қарсылық әрекеті, қазақ-қытай ортасындағы қарым-қатынастардың күрделілене түсуіне мұрындық болды.[45]

Әмірсана соғыста жеңіліл, орта жүз жеріне қашып барып паналайды да,

«Әмірсана Абылаймен достасыпты, олар мәңгі тату болады екен. Абылай Әмірсанаға көмек көрсетпекші екен» дейтін дақпырт таратады. Әмірсана егер Абылаймен одақтасатын болса, онда оның үлкен қарсылық көрсететінін білетін Чиң патшалығы ендігі жерде қазақтарды насихаттап өз жағына тарту жұмысын жасайды. Сонымен Чиң патшалығының әскери шонжарлары Дан Жиңды Абылай ханға елшілікке жіберіп, Абылай мен Әмірсананың байланысының қандай екендігін барлайды. Ол қайтарда Абылай да өзінің Әмірбатыр деген елшісін оған қосып жіберіп, Іледегі Чиң патшалығының әскери жағдайын ұтысады.

Осы кезде Чиң патшалығы өзінің алдыңғы шептегі сардарларына берген нұсқауларында: «Қазір Аралбай қатарлылар Бесағашқа көмектесіп қазақтарды насихатпен иландырулары керек. Олар қазақ жеріне барғанда бұлап-талау оқиғасын тудырмасын. Олардан тек қырағылықпен сақтанулары керек. Олардың әскерлері шабуыл жасаған жағдайда да, жөн айтып, оларды кері шегіндірулері керек… Осыдан былай қазақтарды насихатпен иландыру жәйін үздіксіз мәлімдеп тұрыңдар» делінген. Демек, Чин патшалығы қазақтарды «насихатпен» өз жағына тарту, Әмірсанадан алшақтату әрекетін жасайды.

1755 жылы 16-казандағы орда естелігінде: «Монизапты бірге жіберіп, қазақтың Абылайына: Сенің жіберген елші пақырың Әмірбатырды генерал Жау Хуймен кездестірген соң, сіздің ылтипатыңызды патшаға мәлімдеген едік, патша қатты риза болды. Сепің елшіңді қабылдағанда патша сендерді жарылқамақшы…. Бейне сенің елшің айтқан, ойраттардың сөзіне толықтай сенуге болмайды дегені рас болды. Қазір әр бағыттағы әскерлерге Әмірсананы қуып ұстауға бұйрық берді, Егер ол сендердің жерге қашып барғанда, сендер оны ұстап әкеліп берсеңдер, ұлы мәртебелі патша сендерді мол сыйлықпен жарылқайды, Егер ол сендердің жерде жасырынып ұзақ тұратын болса, біздің әскерлер оны тұтқындауға барады, онда сендердің халық үркіп әуре- сарсаңға түседі — деп түсіндіріп айтыңдар, Абылайдың әлпетін — реакциясын байқап, мәлімет беріңдер делінген екен. Осы жарлықты жеткізумен қатар Абылайға жүз сері ақ күмісті сыйлыққа ала барған елші Шүн Дына, 1756 жылы ақпан айында патша ордасына жолдаған мәлімдемесінде Абылайдың оларға риза екендігін баса айтады. Алайда Абылай Чиң патшалығының талабы бойынша, Әмірсананы тұткындауға кіріспейді. Әмірсанаға да көмекке ат-көлік бермей қояды. Міне бұдан, Абылайдың қақтырысқан екі жаққа да бірдей мәміле жасап, оларға өзінің қазақ халқының қадырын арттыра түсу әдісін қолданғандығын байқауға болады.

Осының нәтижесінде Чиң патшалыгының патшасы Чиянлүн 1756 жылы 24-сәуірде Абылай ханға жолдаған хатында: «Қазақтың Абылайына: жоңғарларда көп жылдан бері ішкі қырқысу толастамады, одан сендер қорлық көрдіңдер, патша аспан астының қожайыны болғандықтан, оған қарап отпыра алмады. Тәңірдің берген аяны бойынша, патша Ілені тыныштандырады, сендер тыныштықтың қызығын көріп отырсыздар… Қазір Әсірсананың қауқары қалмады, ол елін тастап өзі шалғайға қашып кетті. Ол сендердің жерге сөзсіз барады. Ол сұмырайдың қылмысын кешіруге болмайды. Ол қайда қашып барса да, біз оны қолға түсіріп, басын кесеміз. Сендердің ол сұиырайды паналататын жөндерің жоқ. Оның сердерді паналауы сендерге зиян әкелмесе, пайда жеткізбейді. Қалың қолдарымыз сендерге таяп барып тұр. Оларды сендердің жерді тінуге жіберетін болып, сендердың елде тынытық ьолмайды, ол кезде өкіну кеш болады. Сен өздеріңе болатын пайда, зиянды салмақтан гөрі, жарлвқ бойыша оны жедел ұстап беріп, патшаның мейір шапағатына мәңгі бөленгенің жөн деп жазады. Алайда Абылай тағы да сөз бұйдаға салып, Әмірсананы тұтқындағга әрекет жасамайды. Себебі ол Қазақ  хандығы мен Қытай ортасындағы жерде жүрген Чиң патшалығына қарсы Әмірсана күштерін тез жойып жіберуді өзіне тиімсіз деп санаған сияқты. Әрине, Абылайдың бұл ойын Чиң патшалығы да сезді. Сондықтан олар алдыңғы шептегі сардарларына қазақ даласына жорық жасап, Әмірсананы тұтқындап келуге 1755 жылы маусымда бұйрық береді: «Қол бастаған Да Үйңа, Қадаларға, сендер қол бастап қазақ шекарасына барғанда, әскерлеріңді бастап, ішкерлей беріңдер. Жол үстіндегі елдерге: біз тек сұмырай Әмірсананы ғана тұтқындауға кетіп барамыз, сендерге мүлде шабуыл жасамаймыз, сендер жәйбарақат отыра беріңдер — деп айтыңдар. Егер оларда қарсылық болмаса, біздің әскерлердің бүлік шығаруына қатаң тыйым салыңдар. Олар себеп көрсетіп бөгет жасайтын болса, онда әскери құдіретімізді көрсетуге болады. Олардан титтей де сескенуге болмайды. Біздің әскерлер ішкерлеп барғанда, қазақтар арт жақтарыннан тұтқиыл шабуыл жасауы мумкін, бұдан да сақтанбауға болмайды. Далдана тез жеңіске жетуі керек» делінген Патша өмірі бойынша. Чин патшасының әскерлері үш бағытпен орта жүз өңіріне Әмірсананы ұстауға жорық жасайды.[48]

Абылай хан қазақ даласына баса көктеп келе жаткан Чиң империясы қалың қолының қарсы алдынан шығып, тойтарыс беруге әскер аттандырып, шайқас жасал, қазақтың жеріне ешкімнің де агрессия жасауына жол берілмейтіндігін батыл көрсетеді. Бірақ Абылай хан Шығыстан қаптап келген қалың қолды қарумен емес, келіссөзбен қайтаруды жөн көреді. Сонымен ол қарсы жақтың қол бастаған шонжарларына елші жіберіп: «Біздің әскер бастап баруымыз әсте ірі елмен жауласу емес еді. Қалың қолдарың оларға шабуыл жасады» деген наразылық білдіріп, оларды кіналайды. Алайда оларға ат тарту етіп, Әмірсананы тұтқындауға атсалысатындығын айтып, арадағы қақтығысты тоқтатады. Генерал Жау Хүй да патша ордасына болған жағдайдан берген мәліметінде: «Қазақтың Дөмеш және Тоқтау деген екі адамы әскери штабымызға келіп, кешірім сұрап, екі ат тарту етті. Олар біздің әскерлерімізбен әсте соғыса қоймайды екен… олар ойламаған жерден қалың қолдарыңызбен шайқасып қалып, екі жақ бірдей арандалды. Міне, бүгін ат тарту етіп, кешірім сұрап келдік— дейді. Сондай-ақ олар бізбен сауда жасау ниеттде екендігін де білдірді деп түсінік жасайды. Демек, бұл арада Абылай ханның қарсы екі жақ бірдей мүдделі болып отырған саудаға назар аудартуы — аса ақылдылықпен жасалған мәмілегерлік әдіс болып табылады.

Чиң патшалығы ендігі жерде Әмірсананы тұтқындауды Абылай ханға тапсырып, өз әскерлерін кері қайтаруға шешім қабылдайды. Осыған орай шығарған патша жарлығында: «Қалдаңа қатарлыларға жеткізілсін, олар Абылай хан бабаға айтсын. Қалың қолдарымыздың баруы тек Әмірсана сұмырайды ұстау үшін ғана болатын. Бірақ сендер қарсылық көрсеткендіктеріңнен, біздің әскерлердің шайқас жасауына тура келді. Егер сендер Әмірсананы тұтқындап әкеп берсеңдер, патша сендерді барынша жарылқайды. Қазір күн суытып келеді, қалың қолымыз кері шегінеді, келер жылы тағы келеді. Егер Әмірсана ұсталмаса, әскерлеріміз екінші жылы ғана, он жыл, жиырма жыл келе береді, оны сенің көшпенділерың қалай тоса алады? Онда сендердің елде қандай тыныштық болсын? — деген жарлықты оған жеткізіп, әскерлерді кері қайтара беріңдер» делінген. Осы және осындай басқа да жарлықтар бойынша, Чиң патшалығының қазақ даласына барған әскерлері түгелдей кері қайтады.

Абылай хан Чиң патшалығының шонжарларына Әмірсананы тұтқындап беремін деп айтқанымен, бұл уәдесін орындауды кешіктіре береді. Сонымен Чиң патшалығының әскери шонжарлары Абылай адамдарын кепілге ұстау және оларға «рахымдылық етіп, көп сыйлықпен жарылқап қайтарып, қазақтарды тебіренту арқылы Әмірсананы ұстатып алмақ болады». Бірақ бұл әрекеттерінен де нәтиже шықпаған соң, олар Абылай ханға артартынан елші жіберіп, торғы-торқаларын тарту етіп, бұйымтайын айта берумен айналысады. Осы іс жөнінде орлаға жолданған бір мәліметте: «Біз тәйжі Еркесара, атқосшы Ну Сан тады басқаларды оларға торғын-торқа тарту етіп, рахымет айтуға жібердік. Еркесараға Абылаймен кездескенде, оның бізге ілтипатта болғандығын мақта, оларды ел болуға зорлама, Егер олар сауда жасасуды айтатын болса, қазір әскери штапта саудагерлер жоқ, бірақ біз дайындық жасап, сауда жасайтын орын мен уақытты белгілеп, саудагерлерді сонда әкеліп, сендермен сауда жасаймыз — деп айт. Абылай егер ойрат жеріне көшіп барып мал бағуды өтінетін болса, онда оған шекарадан асып келіп отыруға болмайды — деғңер деп тапсырдық» деп жазылған. Абылай да бұл кезде өзінің елшілерін Іледегі Чиң патшалығының органдарына жіберіп жүріп, «Чиң патшалығы хан билігі үшін ешқашан қатерлі емес» екендігіне көз жеткізеді. Сондай-ақ ол «ойрат жеріне» айналған қазақтың шығыстағы атамекеніне қазақтардын қайта оралуы үшін, Чиң патшалығымен тығыз байланыс орнатудың қажеттігін терең сезінеді. Сонымен Абылай өзіне барған елшіден 1757 жылы тамыз айында Чиң патшалығына хат жазып, «оларға ел болатындығын» аңғартады. Себебі, өзін «елімнің қожасымын» деп санайтын Қытай патшасы, «өзімен тікелей байланыста болғандарды» «өзіне сырттай ел болғандар» деп қабылдап, олардың елшілерінің апарған жөн-жосық сәлемдемесін «маған тарту-таралғы әкелді» деп біліп, мәз-мейрам болатын-ды.

Чиң патшасы Чиянлүн өзінің 1757 жылы 31-кыркүйекте Абылай ханға жолдаган жарлық хатында: «Патша әлемнің иесі болғандықтан, Қытай мен шетелді бір тұлғаландырады. Қазақтар жоңғарлардың жолды бөгеуі себебінен, бізге тарту -таралғы, елші жібере алған жоқсыңдар. Қалың қолымыз жоңғарды тыныштандырғаннан кейін, өз ризалығымен еліңді бастап бізге қарадық. Генералдарымыздың айтуынша, өздеріне шен беріп, жерлеріңді анықтап алу керек екен, бірақ патша өте пысықтық істеу қажетсіз, сендер қыйыр шалғайда тұрасыңдар, моңғолдың қалқа руларымен салыстыруға болмайды — деді. Өзің бұрыннан хан екенсің, патша хандығыңды бекітті. Бұл артық емес, егер өзің тілеген мансап-шенің болса хат жолда, патша оны да бекітіп береді. Мұны өзің мәлімдеуің керек. Патша сендердің жәйлі қоныстанып, көңілді тіршілік көрулеріңе тілектес. Сендер әлі де бурынғы салттарында бола беріңдер. Алым-салық беру-бермеу еркі өздеріңде. Егер елші жіберіп патшаға сәлем беретін болсаңдар, патша сендерге ерекше сый көрсетеді» дейді. Сонымен қатар қазақтардың өздерімен болатын қатынасының сипатына тоқталғанда, Чиянлүң патша: «.. Сыртқы дуниеде надандар жосып жүр, олардың айтқандарына сене салуға болмайды… Түмен шақырым жердің аржағында жатқан қазақтарды түсіне алмаймыз. Олар қиыр шалғайда тұрып, елші жіберіп, шақырмасақ та, өздері хат жолдап, ел боламыз деп, ат тарту етіп отыр.  Бұның бәрі олардың өз еркімен болған іс. Олар ел болды, біз қабыл алдық деген — оларды жанамалай баурау ғана , бейне Въетнам. Тайлаңдар сияқты, оларға тек тәңір патшасының лебізін білдіріп қана қою» деп атап көрсетеді. Іс жүзінде де өздері айтқандай, қазақтарға «шекараны тыныш сақтаңдар» деген лебізін білдірумен шектеліп, олардың ішкі-сыртқы істеріне киліккен жоқ. Демек, Абылай хан қазак халқының ұлттық еркіндігі, хандық жүйесі сақталған, тіпті қолдау табатын негізгі принципте Чиң патшалығымен мәмілегерлік карым-қатынас орнатқан.[37]

Абылай хан Қытаймен қалыпты қарым-қатынас орнатқан соң Қытайға тұңғыш рет жіберген ресми елшілігіне, Чиянлүң патшадан қазақтың атамекені Тарбағатай аймағын сұрауды тапсырады. Осыған орай жазылған жауап хатта: «Абылай — сендер шалғайда жатқан бөтен елсіңдер. Егер сендерге ішкерідегі жасақ режимін қолданатын болсақ, сендер қысым көріп, қымтырылып қаласыңдар. Сендер және де бұрынғы, көне салттарыңда бола беріңдер. Малшыларыңды орнықты басқар. Елші жіберіп патшаға сәлем беретін болсаңдар, патша сендерді әмірене жарылқайды. Ал сенің елшің бізге жеткізіп келген: «Тарбағатай тегінде біздің байырғы жайылым жеріміз еді, сол жерді патша жарылқап, бізге берсе» деген сөзге келсек, бұл жер жаңа ғана тыныштандырылған. Әлі иен жатқан өңір. Патша әсілі ол жерді сендерге қиып бере салушы еді, бірақ сендер бізге ебін тауып ел болып алғансыңдар, бізге еңбек сіңірген жоқсыңдар. Сондықтан ол жерді сендерге сыйға бере салу — мемлекеттің тәртібіне қиғаш келеді… Сендер егер айтқандай-ақ Әмірсананы тұтқындап әкеліп беретін болсаңдар, онда ол жерді сендерге жарылқап беруге болады»  делінген. Бұдан ұлттық аумақты қалпына келтіру — Абылай ханның дәйекті идеясы және оның сыртқы саясатының басты мақсаты болғандығын көруге болады.

Абылай хан барлық мәмілегерлік іс-әрекеттерде өзінің хандық мәртебесін және қазақ халқының ұлттық намысын қорғауды парыз тұтады. Мысалы, Чиң патшалығының орда құжаттарында 1757 жылы 18-қарашада жазылған деректе: «Жау Хуйдің ордаға мәлімдемесі, Еркешара, Ну Сандардың мәлімдеуінше, олар шілденің 1 жұлдызы қазық жеріне кіргенде бастық Дәулетбаймен кездескен. Оған сен Абылайға мәлімде, біз онымен шілденың 22 жұлдызы күні кездесейік. Абылай бізге тізерлеп сәлем жасасын. Біз Абылайға: Сендердің тізе бүгіп, ел болғандықтарыңа ұлы мәртебелі патша қуанып отыр. Егер сендердың ел билеушілерің лауазымшен сұраса, патша бекітіп береді. Сондықтан сен әр рудың атын және олардың бастықтарының аты-жөнін мәлімдесең, біз оларды ордаға мәлімдейміз — деп айтамыз»1 дейді. Абылай олардың мұндай намысқа тиетін, ұлттық тұтастыққа нұқсан келтіретін талаптарын мүлде қабылдамайды. Сондықтан ол Дәулетбайың жерінде Әмірсананың жоқ екендігін, өзі ауырып қалғандықтан оларды қабылдамайтындығын айтып жібереді.[48]

Ол елшілер зарығып күтіп жатып, ақыры 9-қыркүйекте Абылайдың көмекшілеріне барып, «Біз Абылайға барып кездессек, ортадағы пайдалы істерді айтсақ» дейді, «Абылай тізерлеп сәлем берсін» дегенді аузына алмайды. Осылайша Абылай хан оларды екі айдан аса күттіріп, мысын құртып барып қабылдайды. Сондағы екі жақтың диалогінен үзінді келтірейік. Еркешара мен Ну Сан «Абылай хан, орта жүз, ұлы жүз және кіші жүз бастықтарыньың аты-жөнін жазып берсеңіз» дейді. Абылай олардан «Генерал ұлықтар бұрын маған біздің ұлы патшамыз мейірімді, сендердің салт-жүйелеріңді өзгертпейді дегенге қатты риза болып, тебіренген едім. Сендер не істеп жүрсіңдер» деп сұрайды. Біз «Әмірсананы сөзсіз тұтқындап әкетуге келдік» дейді. Абылай «Әмірсананың Ресеаге қашып кеткені рас екен. Мен адам жіберіп, анықтатып келдім» дейді. Демек, тұтас халқымыздын болашақ тағдыры шешілетін шиеленісті жағдайда Абылай ханның Чиң патшалығының оспақтауына олардың өз сөздерімен тойтарыс жасауы оның жүйелі сөздің майталманы, елім деп еңіреген ер екендігін аңғартады. Егер дәл сол жолы Абылай хан Чиң патшасынан сескеніп, емеурініне көнетін болса, әйгілі ғалым Оразақ Сымағұлұлы айтқандай «Бүгінгі қалмақ халқының ұрпақтарының тағдырымен қазық ұрпақтарының тағдыры бірдей болуы ғажап емес еді».

Абылай хан Чиң патшалығының жіберген елшілерін қабылдай бермеген. Ал қабылдаған күнде олардың айтқан уақытында емес, өзіне қолайлы мерзімде қабылдаған. Чиң патшалығының жоңғарды жойған атышулы генералы Фу Ды 1757 жылы Абылаймен кездесуге бірнеше мәрте елші жіберіп, уақыт белгілейді. Бірақ онымен кездескісі келмеген Абылай оларға өз елшісін жіберіп «Абылай әскер бастап малшыларды көзден кешіруге кетті» деген хабар айттырып жіберіп, оны кейін қабылдаған екен. Осындай мысалдар Абылай ханның саяси айла-тәсілдердің сан алуан түрін игерген мәмілегер екендігін аңғартады.

1757 жылы Әмірсананың Ресей жеріне қашып баруына байланысты қазақ-қытай ортасындағы байланыстар едәуір қалыпқа түседі. Бірақ Чиң империясының шекарадағы әскери шонжарлары «Қазақтар ойраттармен іргелес тұрады. Ойраттар жойылғаннан кейін, олардың жері кеп қалды. Ол жерлерге қазақтардың баса-көктеп келуі сөзсіз, Біздің ол жерлерді толық қорғай алуымыз қиын. Сондықтан алдымен шекараны белгілеп алуымыз керек» дейді. Сондай-ақ олар «Жоңғарлар тыпыштандырылды. Олардың бұрынғы көшіп-қонып жүрген жерлерінің барлығы біздің жер болады» деп, өздері жоңғарлар жері деп есептеген Ертістің солтүстігінен Іленің оңтүстігіне дейінгі аралықтағы белестерге тас үйіп, оба тұрғызып, қада қағып, шекара қарауылдарын белгілейді, Ол жерлерді әскермен барлау жасап күзетеді, қазақтардың шығысқа көшіп «жоңғар жеріне» баруынан сақтанады. Атап айтқанда, қазақтарды сол шекараның сыртында ұстау саясатын қолданады.

Ал Абылай хан қазақ халқы Тянь-Шаньның батыс солтүстігіндегі көне жұртқа қайта оралуға тиісті деп санайды да, орта жүз бен ұлы жүз малшыларын шығысқа қарай жылжытып көшіру қозғалысын бас-тайды. Сонымен шығысқа беттеген қазақ малшылары Чиң патшалығы орнатқан шекара оба-қарауылдарының төңірегіне барып мал бағады, тіпті кейбір малшы қауымдары «жоңгар жеріне баса-көктеп кіріп кетеді». Чиң патшалығы ордасы 1760 жылы шекарадағы сардарларына «қазақ малшыларын дереу шекарадан қуып шығарып, Абылайга малшыларын қай-тарып әкетуге әмір беруді» тапсырады.[45]

Чиң патшалығы қазақтарды өздері белгілеген батыс өңірі шекарасының сыртында ұстауға және шекарасының сыртқы өңірін аман сақтауға тырысады. Бірақ Абылай хан қазақтың шығыстағы атамекенін қайтарып алу әрекеті мен заңды талабын тоқтатпайды. Ол Тарбағатайға барған малшыларын «қайтарып әкету« емес, оның үстіне Ілені қазақтарға беруді өтінеді, 1760 жылы 8-маусымда Чиянлүң патшаның Абылайға жолдаған хатында: «Сенің елшіңнің айтуынша, ойрат жері қазір иен жатыр екен. Қазір Әбілфеистің қоластындағы Тыңатар руы Барлықта, Тарбаторсық көлде, Қархаралы руының ішіндегі Есепкелді, Жолымбет рулары Тарбағатайда; Тұрсынбайдың қол астындағы Жаңалғыр рулары Алтынеміл, Қаратал, Көксуда тұрады екен. Осыған қарамастан сен және де патша жарылқағанның үстіне жарылқай түсіп, қазақтардың Ілеге барып мал бағуына рұқсат берсе деген сөзді айтыпың Тарбағатай қатарлы жерлер ежелден жоңғарлардың жайылма жері, патша қалың қолмен тыныштандырған…. Сен қазақтардың жайылым жерлері ұлан-ғайыр кең дала болғандықтан, сендер бұрынғы шекараларыңды сақтап, шекара қарауылдарымыздан асып келуді ойламауға тиісті едіңдер. Сондықтан сен, Абылай, Тарбағатай қатарлы жерлерді мал багуға сұрағанда, патша саған бермеген еді ғой. Қазір сен қалайша өз білгеніңше өріс жайып келесң? Кезінде жоңғарлар басым күшке сүйеніп тартып аманда, сендер олардьщ маңайына келе алмас едіңдер ғой. Патша Ілені тыныштандырғаннан кейін ғана сендер тыныш өмір сүре бастадыңдар және де сендер қанағат қылмайсыңдар» деп жазғырады. Сондай-ақ Іледегі генерал амбыларына «әрқашан шекараға әскер жіберіп, барлау жасаңдар, егер Абылайдың адамдары қоныстанып алған болса, дереу қуып жіберіңдер» деген жарлық түсіреді.

Абылай хан қазақтың атамекенін Чиң патшалығынан сұрап ала алмағандықтан, қазақ малшыларын шығысқа жылжыта көшіру арқылы ол жерлерді біртіндеп иелену әдісін қолданған, Сонымен шығысқа қоныс аударып Чиң патшалығының шекара қарауылдарының ішке тартылуына ілесе өрлеп көшіп-қонып мал бағатын шаруалардың қатарын көбейе береді. Олардың бәрін кері қуып жіберуге Чиң патшалығының шекарадағы әскерлерінің шамасы келмейді. Сонымен Чиң патшалығы шекара төңірегіне қоныстанған, малшылардан жер майы салығын алып, олардың сонда тіршілік жасауына рұқсат береді. Сонымен екі жақ жербасар салығына келісіп, қазақтар жүз бас жылқыдан бір бас жылқыны жылдық алым-салығы үшін тапсырып тұратын болады. Сонымен қазақ малшыларының шекара қарауылдарының төңірегше қоныстанып, мал бағулары, алғашқы қадамда заңдасады. Осыдан кейін шығысқа қоныс аударып, Чиң патіпалығы шекара қарауылдарын төңіректеп мал бағушы қазақтардың қатары бұрынғыдан да көбейіп отырады. Олардың ішіндегі бірқатар рулар қарауылдың ішкі өңірін қоныстап келіп жүріп, сонда тұрақтап қалып отырады. Осылайша шығысқа жылжып көшуші қазақтар, ақыры XIX ғасырдың 60-жылдары Іле, Тарбағатай және Алтайдағы атамекендеріне оралып, өздерінің көне жұрттарына қайтадан орын тебеді.

Демек, шығысқа беттеген көші-қон қозғалысын және оның соңғы нәтижесін Абылай ханның ұлттық аумақты қалыптастыру идеясы мен практикасының, мәмілегерлік стратегиясының нақтылы жемісі деуге болады.

Қытаймен экономикалық сауда жасау — Абылай ханның Қытаймен мәмілегерлік байланысының маңызды саласы. Ол 1756 жылы Чиң пат-шалығының өкілдеріне езінің олармен айырбас сауда жасау ойының бар екендігін айтады. 1757 жылы Чиң патшалығының ресми адамдары мен 1758 жылы күзде Үрімжіде айырбас сауда жасауды бастауға келіседі. Сондықтан ордада 1757 жылы 15-желтоқсанда хатталған деректегі «Қазақтармен Үрімжіде сауда жасауды Абылаймен келісім жасағанбыз, патша өз жарлығымен бекіткен» деген жазу тарихи шындықты айғақтайды.

Чиң патшалығының қазақтармен жасайтын саудасы үкімет тарапынан тікелей басқарылады. Қазақтармен болған сауданы басқаруға таңдап жүріп, орынбасар генерал шені бар, ойрат тілін жақсы білетін, қазақтардың қыр-сырынан хабары бар Ну Санды (манжу-манжүр болса керек) тағайындайды, Осыған сәйкес Абылай хан да олармен сауданы ұйымдасқан, топтасқан түрде жасауды жолға қойып, ең алғашқы сауда рәсімін ашуға өзінің сенімді дарабоз қолбасы Қабаибайды жібереді. Бұның өзінен Абылай ханның мәмілегерлік жөн-жосықты ескергендігін байқауға болады.

1758 жылы күзде Чиң патшалығы Үрімжіден тек қазақтармен айырбас сауда жасайтын арнаулы базар ашады. Оған Қабанбай бастаған қазақ сауда өкілдігі жылқыларын айдап барады. Осы жөнінде ордаға жолданған мәліметте: «Қабанбай ойрат Бұқсақаның баласын тұтқындап, 300-ден аса жылқыны айдап, қыркүйектің 17 жұлдызы күні (1758 ж.) Үрімжіге келіп сауда жасады. Сондай-ақ ол қайтып барғап соң Абылай ханның басқа да адамдары келіп сауда жасайтьтдырын айтты» делінген. Сол жылы Үрімжіде екі дүркін зор көлемде айырбас сауда жасалады,

Чиң патшалығы 1759 жылдан бастап Іле және басқа жерлерден тың игеру жұмысын бастайды. Сондықтан оларға әскери мініс және егістікке жегін көлік қажет еді. Осы қажетін олар тек қазақтармен айырбастан ғана өтей алатын. Сонымен Чиң патшалығы Абылаймен келісу арқылы 1760 жылы Іледен, 1763 жылы Тарбағатайдан қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базар ашады. Сөйтіп екі жақты сауда кең көлемде өрістейді.[33]

Абылай хан Қытайға ешқандай жалпақшешейлік жасамай, әділ сауда жасасу саясатын ұстанған. Ол өзінің осы ұстанымын іске асыру үшін қарсы жақтың сұранысына қарай мал бағасын кейде жоғарылатып, кейде төмендету сынды сауда заңдылығын сақтаған. Ал сауда барысында қарсы жақтың тауарларының айырбас бағасы, сапасы, түр-түсі сынды мәселелерде сауда жасаушылармен келісе алмаған жағдайда, Чиң патшалығының ордасына арыз айту немесе сауданың салмағын ұйғырларға аудару тәсілдерін қолдану арқылы сауда барысындағы келіспеушіліктерді реттеп отырған. Мысалы, Чиң патшалығы қазақтардың сауда жөніндегі наразылығына берген жауабында «Тауарлардың барлығын сапалы, жақсы дей алмаймыз. Оны алушылар тпаңдап алулары керек. Ал баға мәселесі айырбас сауда жасаушылардың өз еркінде, тауарт қарай баға кесіледі. Кейде қымбаттау, кейде арзандау болып отырады. Бағаны үкімет тарапынан төмендету орынсыз болады. Егер екі жақ бағаға келісе алмаса, онда зорлық жасауға болмайды деп, түсінік жасаған.

Абылай хан шығыспен болған айырбас саудада тек қытайларға қарап қалмау үшін, сондай-ақ, қарапайым халық сатып алатын жәй маталарды қазақ жеріне көбірек әкелу үшін 1763 жылы өз саудагерлерін Қашқарға барып сауда жасауға жібереді. Сондықтан болар, Іледегі шонжарлар патша ордасына «Созақ саудагерлері Қашқар қаласын көктей өтіп, Чаршен ауданына дейін барып сауда жасап жүр» деп мәлімдегенді. Ал 1767 жылғы мәліметінде қазақтар мен ұйғырлар «осылай сауда жасай беретін болса, Ілеге қажет малдарды сатып алу қиынға соғатын сияқты» деп, алаңдауына қарағанда, қазақтар мен ұйғырлардың саудасы біршама зор көлемде болған көрінеді. Сонымен бірге Абылай саудагерлерін солтүстік жақтан Ертісті өрлеп Ұластай базарына барып сауда жасауға да жіберген. Бірақ Чиң патшалығы өзінің экономикалық және саяси мүддесін қорғау мақсатымен ұйғырлардың қазақтармен сауда жасауына тыйым салады. Сондай-ақ олар қазақтармен саудасын жақсартады. Сонымен Іле, Тарбағатайдағы базарда қазақ-қытай саудасы бір ғасырға жалғасады. Осылайша тарихи жазба деректерге жүгінсек, екі жақты айырбас сауданың шарықтау кезеңі Абылай хан заманында болған екен. Және Абылай хан басқарған кезде қазақ-қытай саудасы алым-салықсыз жүргізілген. Чиң патшалығы Орталық Азия халықтары ішінде тек қазақтарға ғана бажсыз (салықсыз) сауда жасаған. Абылай ханның Чиң патшалығымен жасаған осы сауда келісімі кейін Ресейдің Қытаймен сауда жасау келісім-шарттарына тұп-тура бір ғасыр үлгі болғандығы — бұлжымас тарихи шындық. Міне, бұдан Абылай ханның сыртқы сауда саясатының халықаралық ықпалын көруге болады.

Абылай ханның Қытаймен арадағы айырбас саудасы қазақ үшін әлеуметтік, экономикалық жағынан прогрестік маңызы болды. Атап айтқанда Қытайлармен кең көлемде сауда жасағандықтан, қазақ қоғамында саудагерлер, делдалдар, алыпсатарлар сынды қоғамдық жік қалыптасқан. Қытайлардың, «қазақтың ұсақ саудагерлерімен Тарбағатайда сауда жасап, үлкен саудагерлерімен Іледе сауда жасау керек» деген сөзі осының айғағы. Қытаймен сауда жасаған қазақ саудагерлері тек өз малдарын айырбастап келумен ғана айналысқан емес, олар Ресей бұйымдарын да қытайларға көтерме бағамеы саудалаумен шұғылданған. 1768 жылы 13-тамыздағы Чиң патшалығының жарлығында «Қазақтардың орыспен сауда жасауын біз шектемейміз. Бірақ ішкерінің (Қытайдың) орыспен сауда жасауына тыйым салынған. Бұны қазақтар білмегендіктен олар ала келіп сатып жүр. Осы жолы әкелгендерін сатып алыңдар, бұдан соң қазақтардың тек жылқы сатуына болады, орыс заттарын әкеп саудалауға тыйым салынады. Бүған қайшылық жасағандары ауыр жазаға тартылсын» делінген. Осыған қарағанда сол кезде қосымша құнды қуған қазақ саудагерлер қауымының қалыптасқандығын байқауға болады.[49]

Қазақтар Қытаймен сауда жасау арқылы өздері тұрмыста зәру болып отырған бұйымдарды — тоқыма маталарды, торғынтарқа жібек, драптар, чай, фарфор ыдыс-аяқ, кесте тігетін жібек жіптер, тіпті алтын-күміс қатарлы бұйымдарды көптеп айырбастап алу арқылы экономикалық тұрмыстарын жақсартқан. Сонымен бірге малдың сауда айналымына апарылуы қазақтардың мал шаруашылық өндірісін дамытуына қозғаушы күш болған. Сондықтан Абылай хан дәуірінде қазақтың мал шаруашылығы айтарлықтай өркендеген. Сол тұста жер шарлаған Қытай қаламгері Шүй Үйіннің «Қазіргі қазақтың патшасының аты Абылай. Еліндегі халық оны «Абылай хан» деп атайды. Олардың жері кең-байтақ дала, халкы көп, малдары мол — мыңгырған, Байларында он мыңдап жылқы, сиыр бар, қойларында есеп жоқ. Байлары қола, күміс қолданады, киген киімдері де көрікті, әсем болады» деп, сипаттауынан Абылай хан тұсындағы қазақ қоғамының экономикалық өмірінің жалпы дамыған бейнесін аңғаруға болады.

Демек, Абылай ханның сыртқы экономикалық саясаты да алуан қырлы болған. Ол сыртқы экономикалық байланыста жалпы халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту мен мемлекеттік күш-қуаттың арта түсуін көздеген. Сондықтан ол билеп түрған кездегі қазақ халқының жан-жақты дамуы мен Қазақ хандығының қайтадан күшеюі Абылай ханның да бет-беделін өсіріп, атақ-абыройын асқақтатады.

Абылай Қытаймен мәмілегерлік саяси байланыста мемлекеттің дербестігін сақтап қалу және өзінің дара билік жүргізуін қамтамасыз етуді мақсат қылады. 1758 жылы ақпан айында Чин патшалығының шонжарлары Шүн Дына, Ну Сан патша ордасына «Кіші жүз қазақтарының Әбілқайыры өз баласын орысқа аманат-кепілге беріп отыр екен. Абылай да орыс шекарасына жоқын жерді қыстап шығыпты» деп мәлімдейді. Чиянлүң патша оларға «Қазақтар әсілі орыстардан жасқанады. Сондықтан біз жоңғарларды тыныштандырған соң олар бізге қарсы отыр ғой. Ендеше олардың орыстармен жақсы тұруы ақылға сыйымды іс. Олар шын ниетімеп бізге сәлем-сауға әкеліп жатса, оларды жарылқауымыз керек. Егер келмесе, оның да оқасы жоқ. Олар орыстардан қорқа ма, жоқ па, оған біз назар аударып жатпаймыз» деген. Ал олар Ресейге жолдаған хатында: «…Қазақтардың Ресеймен қарым-қатынас жасауына тыйым салмаймыз» деп мәлімдеген. Қазақтардың ішкі қақтығысына, басқару істеріне мүлде қол сұқпайтындығын Абылайға айтады. Іс жүзінде Чиң патшалығы қазақтардың ішкі істеріне (1860 жылдарға дейін) де, сыртқы байланыстарына да араласқан емес.

Алайда Абылай хан Чиң империясына әрқашан қырағы қарап, олардың әрбір әрекетін бақылап, байыптап, кейде сыр тартып байқау әдісін де қолданады. Мысалы, 1766-1767 жылдары Чин патшалығы сонау Сышуан өлкесінің батыс оңтүстігіндегі Жин шүн аймағындағы тибеттердің қарсылығын қанды жаныштап, олардың басқару жүйесін өзгертеді. Осы тұста (1766 ж.) Абылай хан қазақ жеріне сұғынып кірген Қоқанның Эрдене бегінің шабуылын тойтарьш, оны Пішпекке қуып тығады. Абылай хан осы оқиғаны сылтауратып, Чиң патшалығынан көмекке зеңбірек сұрайды. Чиянлүң патша «Абылайдың бұл талабы орынсыз. Қоқандықтардың барлығы менің пақырым, біреуіне болысып, енді біреуін қырғындауға болмайды» деп жауап қайтарады. Бұл жауаптан оның ниетін байқай алмаған Абылай хан, 1777 жылы Отаршы деген елшісін Пекинге жіберіп «Абылай Тәшкентті 30 мың түтін тұрғынымен тарту етпекші» дейді. Осыған байланысты Чиң патшасы Іле генералына жолдаған жарлығьшда «Бұдан бүрынғы 40-жылы  Абылай Отаршыны Ілеге жіберіп, Ташкентті тарту етеміз дегенде, Ілету  олардың ниетін сезіп, онң сөзін кері қаққан еді.  Патша жарлық түсірт, оларға жағдайды түсіндіруді тапсыртқан болатын. Бірақ Абылай күдікшіл. Соңғы кезде қалың қолымыз Жин шуанді жойға еді, содан олор секем алып, орайын тауып сөз тастап, сыр тартып отыр. Отаршы патшамен кездескенде патша оған өзі түсіндірмесе, Абылайдың күмәні сейілмейді. Патшаның Абылайға жолдаған жарлық хатьш Ілетуға да көшіріп жіберді. Отаршы Ілеге барғанда, одан Абылайға беріп жіберсін. Абылай бізден секем алып, күмәндана бермесін. Ілету бұл жағын толық түсіндірсін» дейді.[42]

Бұл деректер Абылай ханның кемел ойлы мәмілегер, қағылез қайраткер, айлакер-әдісқой басшы екендігіы аңғартады, Сонымен бірге, алпауыт Чиң империясының қазақтарды ауызша «ел болды» дегенімен, іс жүзінде бастан-аяқ дербес мемлекет қатарында қазақтарға мәміле жасауы әсте Чиң патшалығының мейірімділігінен емес, керісінше Абялай хан басшылығында қазақ халқының ұлттық тұтастығы мен Қазақ хандығының дамып, күшеюінің заңды нәтижесі.

 

 

 

2.4 Абылай хан мирасқорлары кезіндегі саяси жағдай

 

Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында ұзаққа созылған саяси дағдарыс басталады, ол ақыр аяғында Қазақ хандығы саяси жүйесінің ыдырауына және оның өз тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соқты.

Бұл кезеңде Шаруалар соғысының сұмдықтарын бастан кешірген, Батыс Еуропада да, Қара теңізде де өз жағдайын нығайтып алған Ресей империясы едәуір күшейеді. 1768-1774 жылдардағы орыс-түрік соғысының барысында Ресей әскерлері Қырым мен ноғай даласын басып алды, ал 1783 жылы Қырым хандығы тіршілік етуін тоқтатты. Ресей Алтын Орданың мұрасына және Еуразияның барлық халықтары арасындағы басты рөлге жеке-дара дәмелене бастады. Бұл Ресейдің Орталық Азияға, соның ішіндегі Қазақстанға экспансияшылдық, саясатын жеңілдетті.

Уәли хан билік еткен жылдардағы Орта жүз. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін күздігүні қазақ қоныстарында оның үлкен баласы Уәлиді хан жариялауға дайындық басталды. Оның басқа хан атағынан Барақ сұлтанның баласы, Абылайдың қызын алған, Орталық Казақстандағы көптеген руларды басқарып келген Дайыр және Кіші жүз ханы Батырдың баласы, ол да Абылайдың күйеу баласы Құдайменде сұлтан дәмеленді. Соңғысы Обаған мен Есіл арасындағы үлесті басқарды. Оңтүстік Қазақстанда Әбілмәмбет ханның баласы Болат сұлтан мен Шахмұхамедтің  баласы Есім сұлтан ықпалды болды, олар Сырдариядағы қалаларды иеленді. Солтүстік-шығыс Жетісуда Әбілмәмбеттің басқа бір баласы, әбден қартайған Әбілпейіз сұлтан билік етті. Орта жүз бен Ұлы жұздің басқа жерлерінің бәрі Абылайдың балаларына бөліп берілген еді. Нақ солардың қолдауы мен әкелерінің даусыз беделі Уәли сұлтанның, таққа басқа үміткерлерді жеңуін қамтамасыз етті.

1771 жылдың қарашасында хан жариялаудың ресми рәсіміне қазақ, даласына Цин империясының елшілігі келді. Бастапқыда бұл рәсімді Көкшетаудағы хан ордасында өткізу жоспарланған еді, алайда кейіннен қытай елшілігімен кездесетін орын шығысқа ауыстырылды. 1781 жылдың желтоқсанында Ханбаба сұлтанның ауылында Уәли Цин елшілерінің, сұлтандардың қатысуымен хан жарияланып, ақ киізге көтерілді. Сол жерде Абылайға ас берілді, Орта жүздің жаңа ханына көп сыйлықтар, соның ішінде алтын жалатқан тақ, күміс ыдыс-аяқ, көп мөлшерде жібек маталар мен қағаз ақша тарту етілді. «Уәли сұлтанды ақ киізге отырғызып, сонымен көтеріп, хан болуымен құттықтады», — деп хабарлады Сұлтанмұхамед сұлтан Сібір бекіністі шебі әскерлерінің командашысы генерал-майор Н.Г.Огаревке. Сайлау рәсіміне әр түрлі қазақ руларының бес жүздей өкілі қатысты, соның ішінде орыс елшісі Чучаловта болды. 1782 жылдың басында Уәли                 Петропавл бекінісіне барып, Ресейге адалдыққа ресми түрде ант берді және оны Ресей әкімшілігі таныды.[33]

Уәлидің бір мезгілде Ресейге де, Қытайға да ант беруінің өзі-ақ. оның әкесінің саясатын жалғастыруға Ұмтылғанын көрсетеді. Бір жағынан, ол II Екатеринаға: «Тірі тұрған кезімде, өз күшім жеткенше, Ұлы мәртебелі Сізге қызмет етуімді жалғастыра беремін», — деп мәлімдеді.» Екінші жағынан, хан ара-тұра Пекинге өз елшілерін жіберіп, цин императорын өзінің адалдығына сендіріп отырды. Дегенмен де, оның билігі Абылай ханның қолында болғанындай абсолютті билік болған жоқ. 80-жылдардың басында қаракесек және төртуыл руларында Барақ сұлтанның баласы Дайыр хан болып жарияланды. Оны Нұра өзенінің бойында арғын руларын басқарған Бөкей сұлтан қолдады. Уәлидің өзі «менде Қарауыл және Атығай сияқты шағын ғана екі болыс жағдайында күш көп емес, ал үлкен болыстар… атап айт-канда: өздеріңде атақты сұлтандары бар Төртуыл, Қаракесек, Алтай және Найман болыстары, ал олардан менің ешқандай кәсіпте үмітім жоқ, өйткені олар мені амалын тауып тыңдамай кетуі мүмкін» деп білді.

А.И.Левшин 1783 жылы қазақтарда тағы бір хан болды, ол Барақ сұлтанның баласы, Әбілпейіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін найманның қаракерей руы хан етіп жарялаған және Қытай императоры сол құрметте таныған Ханқожа деп санады. Бірақ бұл жылы Ханқожаның хан атағы жайында әлі сөз бола қоймаған еді. «Сен, Ханқожа, Әбілпейіздің үлкен баласысың, саған өз әкеңнің мұраға қалған ван атағын рақымдылықпен береміз», делінген император Цянь-лунның грамотасында.[28]

Дегенмен Ханқожа 1799 жылы өзі қайтыс болғанға дейін хан деп атала берді. Деректемелерде Абылай қайтыс болғаннан кейін тәуелсіз болған және 1798 жылы Ташкентті, Түркістанды және басқа қалаларды Жүніс кожаның басып алуы салдарынан биліктен айырылған Болат хан мен Есім ханның есімдері де айтылады.

Дайыр хан 1786 жылы өлді, оның інісі Бөкей сайлануға қол жеткізе алмай, өз иеліктеріне сұлтан атағымен билік ете берді. Сонымен XVIII ғасырдың аяғында Орта жүзде екі хан — Уәли мен Ханқожа қалды.

Уәли ханның ішкі саясатын шекаралық шепке жақын жерде кешіп жүретін сұлтандар мен ақсақалдардың бір бөлігінің орыстарды жақтайтын пиғылдары да қиындата түсті. Соңғылары патша әкімшілігіне ханның озбырлығы мен қысым көрсетуіне жиі шағым жасайтын. Нәтижесінде шекарада тұратын қазақтар орыс иеліктеріне көшіп кетіп отырды. Мәселен, 1789 жылы Болат сұлтанның баласы Тоғым сұлтан Орта жүздің өзіне бағынатын ауылдарымен Өскемен бекінісіне қамқорлық көрсету туралы өтініш жасап, қоныстану үшін Ертістен жер алды. Солай бола тұрса да, 1796 жылдың өзінде орыс елшісі Телятников оны Түркістан түбінде кездестірген. 1795 жылдың қаңтарында тағыда екі сұлтан мен 19 ақсақал өздерінің қоныстарын тікелей Ресейдің басқаруына қабылдауды сұрап өтініш жасады. Бөкей және Кұдайменде сұлтандар атын көзқарас ұстанды. 90-жылдардың басында Уәли Оңтүстік Қазақстанға бақылау жасаудан айырылады және Жетісудың өз бауырлары Сүйік және Әділ сұлтандар билік еткен бөліктерінде ғана оның билігі сақталып қалады. Ханның 1785 жылғы қырғыздармен соғысы осы аймақтағы тағы бір сәтсіз сыртқы саяси әрекеті болды.

Қазақтар мен қырғыздар арасындағы әсіресе Абылай хан қайтыс бол-ғаннан кейін жиілей түскен бір-біріне шабуыл жасап, мал айдап әкету Уәлиді қырғыздарға қарсы өз інілері Шыңғыс пен Қасым бастаған әскер жіберуге мәжбүр етті. Барлау жасаған Қасым тұтқынға алынды, бірақ келіссөздерден кейін босатып жіберілді. Дегенмен соғыс тоқтатылмады. Тыз сұлтан мен Бердіқожа старшын жеке қолымен қырғыздарға шабуыл жасады. Тыз да талқандалып, тұтқынға түсірілді, тек Бердіқожа ғана 1786 жылы қырғыздарды талқандаудың сәтін түсірді. Келесі жылы ол да тұтқынға түсіп, өлтірілді. Оның інілері мен балалары қырғыз қоныстарына сәтті шабуыл жасағанына қарамастан, жанжал бітпей, шапкыншылық жалғастырыла берді.

Уәлидің Цин империясымен қатынастары неғұрлым тұрақты болды. Қытайлардың Ресейге қарсы жоспарланып жатқан соғысына қатысудан оның 1785 жылы бас тартқанына қарамастан, үнемі елшіліктер алмасып отырды, 1789 жылы Уәлидің өкілдері Бопы мен Әділ сұлтан императордың 80 жылдығына байланысты Пекиндегі салтанаттарға қатысты, ол 1800 жылы ханның өтініші бойынша имератор Цзяцин Ғаббас сұлтанды Уәлидің мирасқоры деп ресми түрде таныды. Хан циндердің  көмегімен қазақтарда қолданылып жүрген саяси жүйені өзгертіп, сайланбалы биліктің орнына мұраға қалдырылатын билік орнатуға тырысты, алайда оның бұл идеясы нақты орындалмаған күйінде қалды. Ғаббас Уәлидің тірі кезінде өлді, оның басқа балалары не жас болды, не айтарлықтай беделі болмады. Хан билігінің әлсіреуі Орталық Қазақстан қазақтарының 1816 жылы Бөкейді өз билеушілері деп жариялауына әкеп соқты, оны орыс үкіметі ресми түрде танып, сол арқылы Уәлидің Орта жүзге ықпалын әлсіретуге тырысты. 1817 жылы Солтүстік-батыс Қазақстанда тағы екі хан пайда болды. Тобыл және Аят алқаптарында көшіп жүретін қыпшақ руының қазақтары Қайып ханның ұрпағы, ықпалды сұлтан Жантөрені, Торғайдағы, Тобыл мен Обағандағы арғын қауымдары оның туысы Құдайменде сұлтанның баласы Жұмажанды хан етіп жариялады. 1819 жылы, Бөкей хан қайтыс болғаннан кейін, оның орнына Шыңғыс сайланды, алайда оның Нұраның жоғарғы ағыстары мен Қарқаралы және Кент тауларының төңірегінде көшіп жүретін бірнеше қауымдарға ғана билігі жүрді. Сонымен ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде Орта жүзде Уәлиден басқа, оның билігіне таласқан тағы да үш хан болды. Уәли өзінің баласы Ғүбайдолла сұлтанды мирасқоры деп жариялап, 1821 жылы қайтыс болды.[36]

Уәли хан мен оның бақталастары билік етуінің негізгі қорытындысы Қазақ хандығының жалпы әлсіреуі еді. Басқарудың үлестік жүйесіне  көшу — сұлтандар ықпалының өсуіне, ал XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басында орталық биліктің бөлшектенуі іріткі салу сарынның күшеюіне және мемлекеттің іс жүзінде ыдырауына әкеп соқты. Ресей шекаралық шебіне жақын маңда көшіп жүретін руларды басқарған көптеген сұлтандар мен ақсақалдар орыстың өкімет орындарынан қолдау іздеп, Уәли ханды орағытып өтіп, олармен белсенді байланыстарды жолға қойды. Рубасылар шендерге, сыйлықтарға, олардың қазақ қауымдарына билігін қолдау мен нығайтуға берілген уәделерге айырбастап, Ресейге адалдыққа ант берді. Нақ осы жағдай ХІХғасырдың 20-жылдарында Ресейдің Орта жүзде хан билігін жоюға әрекет жасауына және қазақтарды тәуелсіздігінен айырып, Қазақстанды Ресей империясының бір бөлігіне айналдыратын әкімшілік реформалар жүргізуіне мүмкіндік берді.

Ресейдің Орта жүздегі XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басындағы саясаты. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай қалыптасты. Сұлтандар мен рубасылардың Уәли ханның үстінен шекаралық әкімшілікке жасаған шағымдары Солтүстік және Шығыс Қазақстанның аумағын империя құрамына қосу үшін қолайлы сылтау ретінде пайдаланылды. Ол ол ма, үкімет мұндай жолданымдар мен өтініштерді көтермелеуді, рубасыларды марапаттау, сыйлықтар мен шен беру арқылы сатып алуды ұсынды. Қазақтарды егіншілікке, шөп шабуға және солардың салдары ретінде отырықшылыққа тарту жоспарланды. Бұл оларды жақсырақ бақылауға және дала халқын ішкі губерниялардыңс тұрғындарына жақындатуға мүмкіндік беретін еді. XVIII ғасырдың аяғында аймақта Ресей билігін орнықтыру жөніндегі шаралар көзделетін бірқатар жобалар пайда болады. XVIII ғасырдың 90-жылдарының  орта шенінде әзірленген Я.Боувердің жобасына сәйкес, саяси және экономикалық сипаттағы өзгерістердің тұтас кешені көзделген. Біріншіден, Уәли ханның жанынан екі алқадан тұратын Ақсақалдар кеңесін құру жорамалданды. Бас сот алқасы Петропавл бекінісінде, екіншісі- хан ордасы жанында болуға тиіс еді. Сонымен бірге  әрбір руда билердің «ауызша соты» құрылмақшы болды. Ең маңызды істер екінші алқада қаралып, оның шешімін Петропавлда бекіту қарастырылды. Сөйтіп қазақтардың сот жүйесі шекаралық өкімет орындарының бақылауында болар еді. Екіншіден, Петропавл бекінісінде қазақ, балаларына арналған мектеп және қазақ болыстарында мешіттер ашып, оларға Ресей бодандарынан молдалар тағайындау көзделді. Осы шаралар арқылы Ресей әкімшілігі қазақтардың рухани өмірін бақылауға алуды жоспарлады. XIX ғасырдың басында Омбы мен Семейде қазақ балаларын орысша сауат ашуға оқытуға арналған мектептер ашылды. Бұл оқу орындары негізінен отаршыл-дық аппарат үшін қызметкерлер даярлады.

XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басында шекара өңіріндегі қазақтарды тікелей басқаруды ұйымдастыру жөнінде шаралар қолданылды. 1798 жылы Орта жүз руларына Ресей бодандығын қабылдауының өтеміне Ертіс алқабынан жер бөлінді. ХІХ ғасырдың басында Томск губерниясының Бийск жәнеТюкалинск округтерінде — 32,1 мың қазақ, Тобыл губерниясының Есіл және Қорған округтерінде -19,8 мың, Омбы округінде -10 мың, Петропавлда — 23,6 мың, Семейде- 32,5 мың, Өскеменде — 9,8 мың, Сібір шебінің дистанцияларында 11,4 мың адам тұрды. Ресейдің тікелей бодандығында Орта жүздің барлығы 140 мыннан астам қазағы болды.[9]

XIX        ғасырдың  басында шекаралық өкімет орындары әскери-барлау сипатында бірқатар шаралар қолданды. 1815 жылы Усть-Уйск бекінісінен Торғайдың жоғарғы ағысына подполковник Феофилатьевтің бастауымсн 1617 адам-нан, соның Ішінде 330 казактан, 1080-нен астам башқұрттан, екі зеңбірегі бар 100 жаяу әскерден тұратын экспедиция жіберілді. Бұл экспедицияның басты мақсаты қорғасын рудасы кеніштерін зерттеу және оларға апаратын қолайлы жолдарды барлау еді. 1816 жылы Ертіс шебінен И.Шангиннің басқаруымен 200 адамнан тұратын осындай экспедииия және Пресногорьков бекінісінен 150 казактан тұратын                 Ф.Набоковтың отряды жіберілді. Бұл экспедициялар ғылыми және барлау мақсаттарына қоса, Ресей империясының әскери күші мен орыс әскерлерінің Қазақстанның кез келген нүктесіне жету мүмкіндігін де көрсетті.[18]

Көріп отырғанымыздай, XIX ғасырдың басында Ресейдің Орта жүздегі саясаты неғұрлым белсенді бола түскен. Мұны Уәли хан билік еткен кезде Қазақ хандығының әлсіреуі, сондай-ақ Ресей империясының аймаққа ықпалының күшеюі туғызған еді. Отаршылдық өкімет орындарының барлық шаралары Солтүстік және Шығыс Қазақстанды империя құрамына қосуға негіз дайындау мақсатын көздеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

1.Қазақстан тарихы Алматы 2002.III-том, 247-бет.

2.Б.Ысқақов        «Абылай хан» Алматы 1992.

3.Абылай хан І-том.Алматы 1993.

4..Қазақстан тарихы Алматы 2008. 340-бет.

5.С.Сұнғатай, Б.Еженханұлы.  «Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері» Дайк Пресс 2005.  ІІ-том 56-65 бет.

6.Ч.Мусин Қазақстан тарихы Алматы 2003. 114-117 бет.

  1. Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев: Из истории Казахстана ХVIIІ веке о внешней и внутренней политике Аблая.- Алма-Ата, 1988
  2. Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из истории Казахстана в ХVIIІ веке. –С.34; Русско-джунгарские отношения (конец ХVII-60-е гг. ХVIII вв.). – С.106.
  3. Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен ма­териалдардың жинағы. (Құрастырған З.Тайшыбай). – Петропавл. 2005.
  4. Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из истории Казахстана в ХVIIІ веке. –С.47-52
  5. Қазақ хандығы мен Чиң империясы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты құжаттар. – Алматы, 1998.
  6. Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. ІІІ том. Алматы, 2006.

13.Ерофеева И.В. Родословные казахских ханов и кожа XVIII-ХІХ вв (история, историография, источники). – Алматы, 2003.

  1. Мұқанбетқанұлы Н. Тарихи зерттеулер. –Алматы, 1994.
  2. Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. ІІІ том.
  3. Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-1860 жж).

17.Ерофеева И.В.Символ Казахской государственности (Позднее средневековье и новое время). – Алматы, 2001.

  1. Құдайбердіұлы Ш. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий. – Алма-Ата, 1990.
  2. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы, 1994.
  3. Дәуіт С. Абылай хан. Алматы, «Жазушы», 1993 І –том.
  4. Назарбаев Н. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын.//Ақиқат-1998. № 3.-8 б.
  5. Е.Бекмаханов. Қазақ халқының Кенесары бастаған азаттық қозғалысы. «Жұлдыз». 1997ж. 111-125б. №8
  6. М.Қозыбаев. Қазақ әдебиеті. 1991 жыл 14 маусым
  7. Ж.О.Артықбаев «Қазақстан тарихы» Астана 2003.

25«Қазақтар» Алматы 1998.   Қазақстан даму институты ІІ-том.

  1. М.Жолдасбекұлы.,Қ.Салғараұлы.,А.Сейдімбек «Елтұтқа»
  2. Ж.Артықбаев «Абылай хан» Астана 2005.

28.А.Ж.Нұсқабай «Қазақ хандарының ғұмырнамасы» Алматы 2001.

29.Жас Алаш «Абылай қазақ халқының айбыны» 18 наурыз-2000.№34

  1. Дәуіт С. Абылай хан. Алматы, «Жазушы», 1993 ІІ –том.

31.Қазақ әдебиеті «Атағы жерді жарған хан Абылай»11 желтоқан-1992 №14

  1. Толыбаев Қ. Хан Абылай. // Шалқар, 1991, 5 шілде.
  2. Халидұлы Қ. Абылай хан. // Қазақ әдебиеті, 1992, көкек.
  3. Бартольд В.В. Түрік-монғол халықтарының тарихы. Шығармалар. — М., 1968 ж., 5 т.
  4. Сейдімбеков А. Күйші Абылай хан. // Қазақ әдебиеті, 1991, 26 шілде.
  5. Мырзатаева З.Б. «Ханзаданың қасіреті немесе ел бірлігін ыдыратқан дерт» // Әл-Фараби ат. ҚазҰУ. 2004ж. 19 мамыр.республ.конф.
  6. Шот–Аман Уәлихан. Абылай. Ана тілі. 13 маусым қой жылы
  7. Абылай ханның түсі. Қазақ әдебиеті. 1992 жыл, 7 ақпан.
  8. С.Дәуітов. Абылай ханның түсі. \\Социалистік Қазақстан,1991 жыл 6 сәуір
  9. Н. Қуантайұлы. Кенесары соңғы ханы алаштың. Жас алаш. 1999жыл 10 наурыз

41.Ж.Асанұлы Азат. Әзберген Мұңайтпасұлының 1869 жылғы Орал, Торғай облыстарындағы ұлт–азаттық көтерлісін ұйымдастыруы. 2005 ж. 26 қаңтар №4

  1. Сулейменов Р. Б., Моисеев В. А. XVIII ғасырдағы Казакстан тарихынан. Абылайдың сыртқы және ішкі саясаты туралы. Алматы, 1988.
  2. Мұхаметханұлы Н. Абылай ханның мәмлегерлік саясаттары. //Қазақ тарихы, 2000, №3 3-10бб.
  3. Мұхаметханұлы Н. Абылай ханның мәмлегерлік саясаттары. //Қазақ тарихы, 2000, №5 3-8бб.
  4. Тынышбай З. Қазақтың ханы –Абылай. Алматы, 2011. 1-том
  5. Тынышбай З. Қазақтың ханы –Абылай. Алматы, 2011. 2-том
  6. Абылай хан. Алматы, «Айқап», 1992.
  7. Әбуев Қ Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінен. Алматы, 1994.
  8. Абылай хан. Алматы, жазушы, 1993
  9. Аыблай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен таериалдар. Астана, 2005