АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары

ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Шығыстану факультеті

Түріктану кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

          Кіріспе…………………………………………………………………………..

 

1 Тарау. Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстарың қалыптасуы және дамуы

1.1 Қазақ-түрік мәдени байланыстаның  қалыптасуы………………………

1.2 Өнер саласындағы байланыстар……………………………………………….

1.3 Білім беру саласындағы байланыстар……………………………………….

 

2 Тарау. Қазақ-түрік әдеби-мәдени байланыстардағы ТҮРКСОЙ ұйымының рөлі

2.1 ТҮРКСОЙ -дың құрылымы………………………………………………………

2.2 ТҮРКСОЙ -дың мақсаты мен міндеті……………………………………….

2.3 ТҮРКСОЙ -дың қызмет аясы……………………………………………………

 

3 Тарау. Қазақ-түрік арасындағы әдеби байланыстар……………………..

 

Қорытынды………………………………………………………………………………….

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басы адамзаттың даму тарихында үлкен бір дүбірлі өзгеріспен басталды. Бүкіл Евразия материгінде ең күшті, ең қуатты, саяси аренада социализм, коммунизм идеясын басшылыққа алып, капиталистік жүйеге қарсы бағытта дамып келе жатқан біртұтас республикалар жүйесі ыдырап, халықаралық аренада жаңадан жас тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуының өзі халықаралық қатынастардың даму тарихында жаңа бір кезең туғанын көрсетті.

Экономикасы мен  саяси әлеуметтік дамуы бір орталыққа бағындырылған бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің бұдан былайғы кезеңде нақты даму бағытын белгілеп, халықаралық қатынастар жүйесінде өзіндік орнын табуы  өзекті мәселеге айналды. Осы ретте тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасының алдында өзінің барлық экономикалық-әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндеті тұрды. Ал бұл мәселе шетел мемлекеттерінің қолдауынсыз халықаралық ұйымдардың көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес жағдай еді.

Мемлекеттер арасындағы сыртқы саясат, дипломатиялық қарым-қатынастар – достықты, бейбіт мақсатты, өзара сенімді, тиімді де пайдалы келісімді көздейді. Мұндай игілік – сауда, кең ауқымды мәдени  байланыстар арқылы жүзеге асады.

Диплом жұмысының өзектілігі: Әлемдегі мемлекеттердің даму тәжірибесін ескере отырып, елдегі қайта құру ісін нәтижелі жүзеге асыруда Қазақстан үкіметі Батыс Европа елдеріне қарағанда, Азия елдерінің даму үрдісінің жақындығын ескереді.

Он бір миллион шаршы көлемдегі кең – байтақ географияда тұратын екі жүз миллиондық Түркі әлемі, бүгінде Еуразияның нақты шындығына айналды. Бұл шындық, ғасырлар қойнауына қарай тереңдеген ұлы мәдениеті, адам ресурстары, мемлекеттік тәжірибесі, табиғи байлықтары және сан-салалы мүмкіндіктерімен әлем сахнасынан өз орнын іздеуде. Бұл ұлы әлемнің ұлттық және рухани құндылықтары: тілі, діні мен мәдениеті бір. Ойшылдары мен өнерпаздары ортақ. Өмірге, дүниеге деген философиялық көзқарастары, ғасырлар туғызған табиғи өзгешеліктерге қарамастан өте жақын әрі ұқсас, түркі елдері деп аталатын түбі бір, тілі ортақ 40-қа жуық елдердің бір-бірінен ұзақ жылдар ажырап қалуы — өзекті өртегені өкініш еді. Түркі елдерінің қайта қауышуына  тәуелсіздік алған 5 мемлекеттің — Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан басқа түркі халықтары мен Түркия мемлекеті арасында орнаған дипломатиялық, сауда, мәдение қатынастырдың аса қарқынды қанат жаюы – тарихи құбылыс, ұлы үрдіс болды. Қазақстан үшін бұл ретте түбі бір, діні бір, дәстүрі бір Түркия Республикасымен жақындасуы ғасырлар бойы түркі халықтарының арманының жүзеге асқандығы еді.

Соңғы он неше жылда ел өмірінде жүргізген қайта құрулардың арқасында Алдыңғы Азияда Еуропалық даму үрдісіне сай ақсүйектік державалардың біріне айналған Түркияның халықаралық аренада алатын орны мен даму тәжірибесінің Қазақстан мемлекеті үшін маңыздылығы ерекше.

Екі ел арасындағы тығыз бауырластық қарым-қатынастың орнауы туралы Н.Ә. Назарбаев:

«Қазақстан мен Түркияны байланыстыратын ортақ негіздер аз емес: географиялық жағынан екі ел Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде, этнографиялық тұрғыдан келсек – халықтардың шыққан тегі, тілі және мәдениеті тамырлас», — деген еді.

Түркияның экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық салалардағы көмегі Қазақстан мемлекетінің бүкіл қажетін өтемегенімен де, белгілі бір дәрежеде қолдау, қуат бергені сөзсіз.

Тегі бір екі елдің өзара қарым-қатынасының барысы, даму деңгейі Алдыңғы және Орта Азия аймағы мен халықаралық аренада алатын орны мен бейбіт қатынасты қамтамасыз етудегі рөлі аймақтық интеграцияны жүзеге асырудағы белсенділіг бүгінгі күні бұл мәселердің өзектілігін айқындайды.

Бүгінгі күні Түркия мемлекетінің саяси қолдауы мен саяси қолдау мен экономикалық көмегі, мәдени саладағы нәтижелі ынтымақтастығы – нарықтық экономиканы құру бағытында дамып келе жатқан еліміз үшін үлкен әсерін тигіхзері даусыз.

Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясатының әртүрлі мәселелерін зерттеу оның халықаралық ұйымдар шеңберінде шетел мемлекеттерімен жан-жақты ынтымақтастығын, соның ішінде түбі бір Түркия мемлекетімен мәдени-әдеби байланыстардың дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасау ғылыми жағынан да, саяси көзқарас тұрғысынан да өзекті мәселе.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның сыртқы саясатында Түркиямен қарым-қатынасының ұзақ болмауы салдарынан бұл тақырыпта арнайы зерттеулердің жоқтығына негіз болған. Алайда, қазіргі кезеңдегі Қазақстанның Түркия мемлекетімен байланысының қалыптасуы, болашағы зерттеліп бір қатар көлемді еңбектер де өз бағасын тауып отырғаны белгілі.

Қазақстанның Түркиямен болған әдеби-мәдени қарым-қатынасы орнауының алғашқы қадамдары және дамуы туралы түсіну мен негіздеуде Бурыбаева Ардақтының 2002 жылы жарық көрген «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Түркия қатынастары» атты кітабы дипломдық жұмысты жазуға негіз болды.

Сонымен қатар, 1992 жылы бастап еркін еларалық газет болып шыққан «Zaman-Қазақстан» басшылығының екі жақты қарым-қатынастың барлық жағын қамтып, құнды пікірлер мен тарихи-танымдық материалдар, көптеген мағлұматтар алудың басты көзі болды десек артық емес. сонымен қатар «Егеменді Қазақстан», «Түркістан», «Жетісу» сияқты газеттер мен «Түрік дүниесі», «Bilig», «Ақ желкен» журналдарының Қазақстан – Түркия әдеби-мәдени байланыстары туралы талдаулар жасауға, ғылыми негізде ой түйіндеуге септігі мол болды.

Республикамыздың мерзімді басылымдарымен қатар Түрік Республикасы өзі мұрындық болып ашқан орыс-түрік тілдерінде кеңінен мағлұмат беретін «Medya» және «Turk Dunyasi» атты басылымдардың көмегі көп.

Екі жақты қарым-қатынастың әдеби-мәдени салаларында дамып-өрбуінің деңгейін, факторлық сипатын, нәтижесін, болашаған анықтауда саралау, талдау әдісі қолданылды.

  Екі жақты байланыстардың аймақтық дәрежедегі әлемдік даму үрдісіне қосып отырған үлесінің маңызын көрсететін салыстырмалы әдіс дер едік. Бұл әдіс Қазақстанның басқа елдерге қарағанда Түркиямен болған сыртқы саясатының ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.

Күнделікті баспасөз беттеріндегі материалдар негізінде Қазақстан Республикасының Түркиямен әдеби-мәдени байланысының орнауы, дамуын анықтап, мәнін ашуда бақылау, қадағалау әдісін қолдандық.

Тақырыптың зерттелу деңгейіне көз жүгірте отырып, жұмысты жазуда мынадай мақсат алға қойдық: қазақ-түрік әдеби-мәдени байланыстарының түркі жақындастығының тарихи заңдылығын анықтау, екі ел арасындағы байланыстардың қалыптасуы мен барысын, қазіргі кезде қалай жалғасын тауып, дамып келе  жатқанын және қатынас орнаған жылдардағы атқарған игілікті іс-шараларды, оның нәтижелерін жеткізу. Осы негізде дипломдық жұмысты жазуда туындайтын міндеттер: — Қазақстан мен Түркияны ортақ негізді, шығу тегінің бірлігінде, түркі тегінің, өркениетінің тарихи тамыры өткен ғасырлар қойнауында жатқанын көрсету.

— қазақ-түрік әдеби-мәдени саладағы байланыстардың барысын, қамтып отырған мәселелер ауқымын, қол жеткен жетістіктер деңгейі мен маңыздылығын анықтай отырып, екі жақты байланысты нығайтудағы рөлін негіздеу.

— ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланыстарға қосқан үлесін анықтау.

Жұмыстың құрылымы: Дипломды жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тарау. Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстардың қалыптасуы және дамуы

 

1.1. Қазақ-түрік мәдени байланыстарының қалыптасуы 

 

Қай халықтың болмасын елдігін, өзіне тән ерекшелігін, мемлекеттігін білдіретін жағдай сол елдің мәдениеті, білімі, әдет-ғұрпы, салт дәстүрі. Өйткені жер бетінде адам қалай пайда болып тіршілік етсе, сол адаммен бірге мәдениет, әдет-ғұрып пайда болып, өркендеп дамиды. Сондықтан әр мемлекеттің даму дәрежесі оның мәдениетінің, ғылымы мен білімінің, адамдарының әл-ауқатының қаншалықты даму деңгейде екендігімен өлшенеді, соған қарап бағаланады.

Қандай заман болмасын, қандай жағдайда болмасын екі ел арасындағы қарым-қатынаста мәдени байланыстардың маңызы өте зор. Өйткені сол елдердің дәстүрі, ғылымы, өнері, мәдениеті осы елдерді жақындастарытын, бауырластыратын, достастыратын рухани күш.  Өнердің құдіреті, ғылымның құдіреті ешқандай тосқауылды, шектеуді білмейді, оған тіпті аудармашының да қажеті жоқ. Күллі әлем мәдениетінің құдіретіне бас иіп, құрметтеп, қастерлеп ізгі дәстүрлермен мемлекеттің арасын жақындастыратын ерекше бір рухани күш ретінде үлкен маңыз береді.

Мәдениет – халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, ауыз және жазба әдебиетіне, тіліне, сазына, дініне, мораль мен этикасына және экономикасына қатысты туындылары, осы әсемдіктің қоймасы мен халық болғандықтан, мәдениет – демократия.

Мәдениет – тарих, мәдениет – тіл мен дін, мәдениет көне қазбалар мен жазба жәдігерлер, музыка, әдебиет, асқақ  рух және руханият.

Бұл ретте қазақ пен түріктің түбі бір түркі халықтары екендігі, ежелден дамып келе жатқан, тамыры тереңде жатқан түркі өркениетінің өкілдері екендігі екі елдің бір-бірімен жақындаса түсуіне негіз боларлықтай маңыз бепріліп отырғандығы бұлтартпас айғақ.

Бүгінгі күні түркі өркениеті әлемдегі қалыптасып қалған өркениет үрдісімен қатар қоярлықтай мыңжылдық тарихы бар үлкен үрдіс.

Түркі елдерінің арасынан шыққан көрнекті ғұламалардың, ойшылдардың, өнер қайраткерлерінің тізбегіне үстірт көз тастағанның өзінде түріктің өркениет тарихындағы орны мен мәніне қанығуға болады.

Алгебраның негізін салған Хорезми, «әлемнің екінші ұстазы» атанған философ Әл- Фараби, әмбебап білімпаз Бируни, тілші ғалым Қашқари, т.б. түркі өркениетінің көрнекті өкілдері. Бұған қоса түркі тілінде сопылық поэзияның негізін салған Яссауи, философиялық – дидактикалық дастан жаратқан Баласағұн, ақындар Низами, Навои, Физули сынды жұлдыздарды мәңгі есте сақтау, ұрпақтарға үлгі ету біздің парызымыз /28/.

Осындай ұлы адамдар негізін салып берген түркі өркениеті бүгінде жалғасын табуда. Бүгінгі күні түркі тілдес мемлекеттердің мақсаты – осы өркениеттердің ізгі туындыларын, мәңгі өлмес дәстүрлерін жаңартып, жаңғыртып бүкіл әлемге түркі өркениетінің өшпес маңызын көрсетіп, әлем өркениетінің ерекшелігін таныту.

Осы ретте әртүрлі саяси кедергілерден үзіліп қалған мәдени байланыстарды жалғастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстан мен Түркияның арасындағы ең алғашқы қадамның да мәдениет саласында жасалуының негізі осында деп ойлаймыз.

Кеңестер Одағы кезінде тікелей қарым-қатынастың болмауынан екі елдің арасындағы мәдени байланыс туралы деректер жоқтың қасы. Тек 1979 жылы 25-30 қыркүйек аралығында Стамбул қаласында «Гунайдын» газетінің ұйымдастыруымен болған «алтын марафон» эстрадалық әндер конкурсында жерлесіміз өнер жұлдызы Роза Рымбаеваның қатысып, екінші орынды иеленгендігі туралы мәлімет бар.

Қазақстан мен Түркия республикасының арасындағы мәдени қарым-қатынас 1990 жылы 5-6 желтоқсан аралығында Түрік мемелекетінің мәдениет министрі Намык Кемал Зейнектің біздің елімізге арнайы сапармен келуінен бастау алады.

1990 жылы 5 желтоқсандағы ниеттесу шартынан кейін екі ел арасындағы рухани байланысты одан ары жақындастыра түсу мақсатында, 1992 жылдың 1 мамырында Қазақстан мен Түркия мемелекеттерінің президенттері мәдени ынтымақтастық шартына қол қойды.

Қол қойған құжаттарда екі елдің ұлттық мәдениетінің фестивальдарын өткізу, жоғарғы оқу орындарымен тікелей байланыс жасау, студенттер алмасу, Қазақстан университеттерінде түрік тілі кафедраларын ашу, түрік раиосы мен телевидениесінің хабарларын қазақстандықтарға тарату, мәдени орталықтар ашу, екі жақты музыка, өнер қайраткерлерінің гастрольдік сапарларын ұйымдастыру, режиссер, дирижер, хореографтардың барыс-келісін қадағалау, кітаптар, өнер туындылары, микрофильдермен алмасу, екі жақты аударам саласын жандандыру, т.б. көптеген мәселелер төңірегінде келісімдер жасалды. Қоғамдағы өзгерістерді аңдап отырған бұл мемелекет басшылары түркі тілдес халықтармен жақындасуды әдейі мәдени байланыстан бастағаны көп нәрсені аңғартады.

Н.К. Зейбек бастаған делегация өкілдері түбі бір түркі мәдениетінің халықтарымен жақындасудың сәті түскендігін, ендігі жерде түркі мәдениетінің үндестіре дамытуда достық, өзара көмек, тәжірибе алмасу арқылы бүкіл әлемге түркі мәдениетінің кереметін, ұлы күшін таныту керектігін мақсат еткен.

Екі ел арасындағы бұл құжаттар мәдени жақындасудың бастамасы, жол ашары болды. Түрік делегациясының басты назарын аударған Түркістан қаласындағы түркі әлеміндегі бейнелердің бірі Қожа Ахмет Иассауи кешені болды. Түрік делегациясы осы А. Иассауи және Арыстанбаб кешендерін қайтадан жаңартып, өркендетуді Түркия мемлекеті өз қолына алатынын білдірді.

Екі елдің арасындағы байланыстың болашағын бекітуде Түрік делегациясы Шымкент қаласында болып, ондағы оқушылар сарайының жұмыс тәртібімен танысып, оқушылардың өнерлерін тамашалады. Сонымен қатар Шымкент қаласының суретшілерінің туындылары қойылған көрме залында болып, қазақтың сурет өнерімен таныстып, сол арқылы Қазақстандықтардың тұрмыс – тіршілігінен біраз мағлұмат алды.

Осы сапардың нәтижесінде түркі мәдениетінің бұтақтары түрік халқы мен қазақ халқының арасын жақындастыратын игі шаралар жүйесі белгіленіп, екі халықтың бұдан былайғы уақытта мәдени жақындасуына жол ашылды. Мәдените саласындағы бұл жақындасудың алғашқы қадамын нақты бекіте түсіп, мемелекеттік дәрежеде күшейте түсу үшін Түркияға Қазақ ССР-нің Мемлекеттік Комиетінің төрағасы Қанат Саудабаев бастаған делегация арнайы сапармен барып қайтты. Бұл сапардың қорытындылары жөнінде пресс- конференция ұйымдастырып, делегация басшысы Қ. Саудабаев есеп берді /29/.

Делегация Түрік меелекетінің бірнеше қалаларында болып, түрік мәдениетінің үлгілерімен танысып, мәдениет саласында екі елдің арасында атқарылатын шараларды келісіп келді.

Әсіресе, Қазақстан делегациясының назарын аударған түріктердің  А. Иассауи және Арыстанбаба кешендерін қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын өз мойындарына алатындықтарын, барлық құрал-жабдықты өздері жеткізетіндіктерін, туристер үшін «Керуен-сарай» халықаралық қонақ үйін салатындықтарын білдірді. Мұның өзі түрік халқының ата-бабаларының мұрасына, ғұлама ұстаздардың қасиетіне бас иіп, қадірлеп-қастерлей білетін дәстүрлерін көрсетеді.

Осы сапарда екі елдің арасында ірі өнер ұжымдарының гастрольдерін ұйымдастыру, Стамбул мен Алматыда ұлттық мәдени орталықтар ашу, өнер және мәдениет күндерін өткізу туралы мәселелер қарастырылды.

Қазақстан делегациясының сапары екі елдің арасындағы мәдени қарым-қатынасты өркендетуге жасалған нақты қадам болды. Тек қана мәдениет қай елдің болмасын саяси тұрақтылығының, экономикалық жақсартуының, рухани өрлеуінің негізі, тірегі. Осыған байланысты мәдени қарым-қатынасты дамыту, өркендеу мемлекеттің алдында тұрған міндеті.

Міне, осыдан кейін Қазақстан мен Түркия арасында мәдениет, білім, руханият салаларындағы байланыстар кең ауқымды өріс алды.

Екі жақты қарым-қатынасты жандандыруда жасалған тағы бір қадам Алматыда халықаралық ынтымақтастық жөніндегі түрік агенттігі бөлімінің (ТИКА) жұмыс жасай бастауы болды.

Түркия мемлекеті 1992 жылы 24-ші қаңтарды сыртқы істер министерлігінің құрамында түркі тілдес мемлекеттермен және постсоветтік кеңістіктегі мемлекеттермен қарым-қатынасты дамыту мақсатында Министрлер Кеңесінің №480 қаулысымен Түрік ынтымақтастығы мен даму агенттігін (ТИКА) құрған болатын /30/. Қазір бұл агентіктің Азербайжан, Грузия, Молдавия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінде тұрақты бөлімдері жұмыс жасауда.

1994 жылы 17-ші қазан күні Анкара қаласында екі елдің сыртқы істер министрлері Қ. Тоқаев пен Ә. Инөнү өзара түсінісу меморандумына қол қойды /31/. Мұнда екі жақты экономикалық және әлуметтік ынтымақтастықты жандандыру үшін, барлық іс-әрекетті үйлестіру жұмысы Қазақстан республикасы жағынан экономика министрлігіне қарасты шетелдік инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттік пен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Түрік Агенттігіне (ТИКА) жүктелгендігі жарияланған.

Агенттіктің негізгі мақсаты – дамушы елдерге экономикалық көмек көрсету, соның ішінде түркі тілдес және ТМД елдеріне экономика, сауда, білім, мәдениет, әлуметтік салаларда жәрдем беру және тікелей техникалық көмек көрсету.

Түрік Агенттігі өз мақсатындағы түрік мәдениетінің ескетркіштерін кейінгі ұрпаққа жеткізу, сақтау мәселесін жүзеге асыруда түркілердің тарихы, мәдениеті туралы кітаптарды басып шығару жұмысын жүзеге асыруда. «Манас» эпосы, «Физули», «Қазақстан және Евразия түріктері», «Орхон ескерткіштері», атты басылымдар жарық көрді. Ендігі кезекте Түрік агенттігі «Түрік мәдениетінің көрмесі» атты жобаны ұйымдастыру жұмысын қолға алуда /32/.

Бұл жоба бойынша Агенттік ежелгі түрік мәдениетінің ескерткіштерін жүйелеп, экспонат ретінде көрсетуге дайындық жүргізіліп, әлемнің әр жеріндегі музейлерге орналастыру және олардың арнайы каталогын шығаруды жоспарлап отыр.

Өркениет – дегеніміз ұзақ мерзімді эволюциялық тарихи дамудың нәтижесінде бір не бірнеше ірі этностардың қалыптасқан этнодемографиялық, әлуметтік-мәдени бірегейлігі. Белгілі бір кеңістіктегі материалды, рухани мәдениетті біртұтас макро жүйе, мәдени тип. Географиялық кеңістік бірде кеңіп, бірде тарылып, қусырылса да сол типтік негіз, оның өзегі сақталады. «Өркениетке» терең қарасақ  ол мемлекет билеу  мәдениеті, ол халықтың рухани мәдениеті, ол адами қарым-қатынастың мәденитеті, ол махаббат, отбасын құру, өмір әрекетінің  мәдениеті, ол халықаралық, мемлекетаралық қатынастар мәдениеті, ол өзі өмір сүрген ортаны сақтау мәдениеті.

Осы кең мағынадағы мәдениет — эволюциялық даму үстіндегі халықтарды тағылықтан шығарып, варварлықтан өткізіп, өркениетке жеткізеді. Батыстық еуроцентристер адам баласының бір бөлігі өркениеттік дамуға бейімді, ал қалғаны өркениеттік жасампаздық жасауға қабілетсіз деп біледі. «Даланың» құлы, «әлеммен байланысы жоқ», эволюциялық дамуы жоқ көшпенділер, олай болса «тарихы жоқ қауым»  деген пікірді уағыздайды.

Ғалымдардың бір тобы Алтайдан Днепрге дейін мәдени-тарихи кеңістікте эволюциялық даму динамикасы бар халықтардың бірлестігі –  ол түркі тектестердің мәдени бірлестігі екендігін дәледейді.

1997 жылғы қыркүйек айындағы Түркия пример-министрі М. Илмаздың сапары кезінде Алматыда түрік мәдени орталығының ашылу рәсімі болды. Мұның өзі түрік мәдениетінің қазақ еліне танылып, түбі бір ортақ өркениет негіздерінің үндесуіне жағдай жасайтын сәтті қадам болды. Орталық жұмысын түрік елшілігіндегі мәдениет ісі жөніндегі орынбасары А. Коркмаз мырза басқарып отырды. Бұл мәдениет орталығында түрік әдебиеті, өнері, тарихи ескерткіштерінің музейі ашылған, онда Ахмет Иассауи кесенесін қайта құру құрылысының жұмысын қандай  дәрежеде жүргізіліп жатқандығы туралы фото объектілер негізінде кең мағлұмат беруге жағдай жасалған. Түрік мәдени орталығы түрік тілін үйрету ісін қолға алып, арнайы сынып ашып, тіл үйрету курстары жұмысын жандандыруда. Сонымен қатар қазақ-түрік мәдениетінің жақындастығын айқындауда әртүрлі концерттер, әдеби кештер ұйымдастарып, екі жақты мәдени қатынастардың дамуына өз үлесін қосуда.

Екі елдің арасындағы мәдени байланысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға 1992 жылы 30-31 қазан аралығында жоғары дәрежедегі түркі тілдес мемлекеттердің басшыларының кеңесіне қатысу сапарында одан әрі кеңейтілуіне жағдай жасалды. Осы сапарда екі ел басшылары кездесіп, бірнеше құжаттарға қол қойды.

Олардың ішінде мәдени-имандылық қарым-қатынас саласында білім мен ғылым, мәденит пен спортты дамыту жөніндегі келісім Қазақ мемлекеттік телерадио компаниясымен Түрік телерадиосы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама, сонымен қатар ғылыми, мәдени, қоғамдық ұйымдар, жеке телекомпаниялар арасында келісімдерге қол қойылды.

Түркі мемлекет қайраткерлері, барлық түркі қауымдарының ұстанған бірсыпыра ортақ көзқарастары болған. Солардың бірі саяси тәуелсіздік, екіншісі – шашыраңқы түркі тайпаларының басын қосып, қауым бірлігін қамтамасыз ету. Түркі мемлекеттерінде билік жүргізу ісіне жат жұрттықтарды араластырмау, бөгде   мәдениеттің әсерін мейлінше сырт ұстауға тырысу, ондай мәдениет элементтерін түркі мемлекетінің мүддесіне сәйкес келгенде ғана пайдалану шынайы түркі ұлттық саясатының басты принциптері саналған.

Әрбір мемлекет — өзін туғызған мәдениеттің ең жоғарғы әлеуметтік көрінісі. Әрбір ұлт өзінің тарихын, мәдениетін мақтаныш етеді. Осы тұрғыдан бір-бірін таныған, құрметтеген туыстас, көршілес елдердің тарихы еншілес, тағдыры тамырлас болады.

Түркі тілдес халықтардың мәдени байланыстардың  жаңа қырынан дамуына 1993 жылы 21-32 наурызда Түркияның Анталья қаласында өткізілген «Түрік тілдес мемлекеттер мен халықтардың бауырластық, ынтымақтастық құрылтайы» себеп болды. Бұған Қазақстан мәдениет министрі бастаған өнер майталмандары қатысты. Құрылтайдағы басты мәселе – түркі халықтарының  мәдениетін көтеру және әдебиет пен тілді дамыту, негізінен түркі тілдес халықтардың әліпбиін ортақ негізге көшіру мәселелері қарастырылды.  Бұл Құрылтайдың екінші мәжілісі 1994 жылы 22-23 қазанда Измир қаласында өткізілді.

Қазақстан мен Түркияның арасындағы мәдени байланысты кеңейтіп одан әрі дамытуда 1996 жылы қазан айында екі елдің мәдениет министрлері Т.А. Мамашев пен Н. Кахраман қол қойған 1996-1998 жылдарға арналған Түркия мен Қазақстанның мәдени байланысы туралы келісім-шарттың маңызы зор болды.

Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы мәдени байланыс екі ел мемлекет басшыларының  арнайы кездесуінде пысықталып, мән беріліп отырды. Күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай, екі елдің арасындағы мәдени байланыстар жыл өткен сайын күшейіп, ешқандай кедергілерсіз дамуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Өнер саласындағы байланыстар

 

Қазақстан мен Түркия республикалары арасында қол қойылған мәдени ынтымақтастық шартында екі елдің мәдениет және өнер күндерін өткізудің мерзімі белгіленген болатын. Осыған сәйкес 1991 жылы 25 көкек – 1 мамыр аралығында Түркияда Қазақстанның өнері және мәдениет күндері болып өтті. Оған Қазақстан делегациясын Қазақ КСР-ның мемлекеттік кеңесшісі Мырзатай Жолдасбеков бастап барды /32/.

Өнер және мәдениет күндерінің ашылуы Анкарада, жабылу салтанаты Стамбул қаласында өткізілді. Бұл күндер түрік халқының мәдени өміріндегі елулі оқиғалар болды. Түбі бір екі халық үшін бұл күндер нағыз мейрам күніне айналды.

Қазақстан өнер шеберлері Қазақ ССР-ның халық әртістері қоюшы-режиссер Байғали Досымжанов пен балетмейстер Зауірбек Райбаев дайындаған гала-концерт берді. Бұл гала-концертте КСРО және ҚРС-нің халық әртістері Р. Жұбатурова, Ғ. Есімов, Қ. Байбосынов, әншілер А.Қоразбаев, композиторлар Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев және т.б. өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар халықаралық конкурстардың жүлдегері, пианист Гүлжәмилә Қадырбекова мен скрипкашы Гауһар Мырзабекованың өнерлері өнер сүйер қауымды тәнті етті. Ал қазақ балетінің жұлдыздары, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген әртістері Г. Тұтқабаева мен М. Қадырова, Б. Смағұловтардың шеберлігі қызу қарсы алынды.

Концертте сонымен қатар өз өнерлерін иллюзионисші-шеберлер С. Шукуров пен С. Қабигужина ортаға салса, өздерінің қызықты бағдарламасымен жас иллюзионисшілер Раиса және Балтабек Жұмағұловтар да көзге түсті.

Түрік жұртына қазақ халқының ән-күй өнерінің сүбелі туындыларын танытқан КСРО-ның халық әртісі Н. Тілендиев бастаған «Отырар сазы» фольклорлық оркестрі мен «Сазген», «Мұрагер» фольклорлық ансамбілдері болды. Сонымен қатар «Салтанат», «Алтынай» атты би ұжымдары қазақ халқының би өнерінің де жоғары дәрежеде дамығанын танытты.

Бұл мәдениет күндерінің бағдарламасында белгіленгендей Түркияда Қазақ кино өнерінің апталығы да сәтті өтті. Түрік жұртшылығының назарына төрт көркемсуретті фильм ұсынылды. Олар: режиссер Б. Мансуровтың түсірген «Бейбарыс Сұлтан» атты екі сериялы жаңа фильмі, Р. Нугманов түсірген «Ине» және режиссер Т. Теменовтың «Бөлтірік адамдар арасында» атты фильмі болды. Сонымен қатар, Е. Абдрахмановтың мультипликациялық фильмі «жаворонок» көрсетілді. Ал деректі фильиерден режиссерлар О. Рымжанов және В. Рерих түсірген семей облысындағы ядролық сынақ аймағын жабу үшін күрескен халық қозғалысы туралы «Полигон» лентасы мен В. Татенко түсірген «Момыш-ұлы» фильмі болды.

Қазақ делегациясы түрік халқын қазақ әдебиетінің туындыларымен таныстыру мақсатында кітап көрмесін ұйымдастырды. Сондай-ақ, қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен өнерін паш ету мақсатында қазақтың сәндік – қолданбалы өнерінің көрмесін ұйымдастырды. Ол үшін мемлекеттік музейден 162 әртүрлі әдемі заттар-ежелгі зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, теріден, сүйектен және ағаштан жасалған заттар апарылды. Сонымен қатар қазақтың киіз үйі ішіндегі жасаулары ұсынылып, ол Анкарадағы музейге ескерткішке қалдырылды.

Қазақстандықтардың бұл өнер күндері түрік жұрты қазақ халқының осы уақытқа дейін қандай дәрежеде дамығанын, мәдениетін, өнер және білім деңгейінің қаншалықты дамығанын танытып тастады. Сөйтіп, бұдан былай екі халықтың одан әрі жақындасуына жол ашты.

Екі елдің арасындағы мәдени байланыстың нығайып, қазақ халқының түрік халқы туралы білімін кеңейтуде 1992 жылы 31 қазаннан 1 қарашада өткен Түрік халқының өнер  мен мәдениеті  күндері үлкен ықпал жасады.

Түркия өнер қайраткерлерін Түркия мәдениет министірі Факри Сағлар бастап келді.

31 қазанда Абай атындағы опера және балет театрында түрік мәдениеті күндерінің ашылу салтанаты және түрік өнер шеберлерінің  концерті болды. Концертте көне түрік сазды ансамблдері, фольклорлық және эстрада шеберлері, мемлекеттік би ансамблі өнерлерін көрсетті. Екі күн бойы қазақстандақтар түрік халқының өнерімен танысты.

Сонымен қатар, Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде түрік қолөнершілері мен суретшілері туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Түрік мәдениетінің күндері Қазақстандағы түрік диаспорасы көп орналасқан Талғар мен Шелек аудандарында да жұртшылықты қанағаттандыратындай дәрежеде өткізілді. Осы сапарда министрлер екі жақ бірігіп Қ.А. Иассауи туралы көп сериялы фильм түсіруді қолға алу туралы келісті.

Сондай-ақ, түрік үкіметі Иассауи кешенін қайта қалпына келтіруге 3830 миллион түрік лирасын бөлетінін атап көрсетті /34/.

1992 жылы желтоқсан айында Стамбулда Түркия президенті Тұрғыт Өзалдың ұлы Ахмет Өзал  жеке телевизиялық 6-каналы мен Қазақстанның «Таң» жеке теледидар каналы арасында келісім шарт жасалды. Келісімге Ахмет Өзәл мен «Таң» телекомпаниясының директоры Ләйлә Бекетова қол қойған болатын /68/. Осы келісім бойынша Қазақстан жұртшылығы Түркия мемлекеті туралы теледидардан толық мәліметтер ала бастады. Түркия мемлекеті Қазақстанның өміріндегі барлық елеулі оқиғаларды атап өтуге, бірге өткізуге үнемі назарын аударып отыр.

1998 жылы тамыз айында Түркияға саяхат мақсатында Қазақстандық жазушылар мен журналистерден ұйымдысқан делегация барды. Бұған Қазақстан тілшілер қоғамы бастығы Камал Смайыл, белгілі ғалым-жазушы Мұхтар Мағауин, «Хабар» телевидениесі хабар бөлімі бастығы Нұрлан Нұрғазин, Қазақстан телеканалынан Ұлбосын Айтөлен, «Заман-Қазақстан» газетінен Жұмабай Шаштайұлы, қазақ-түрік білім қоры бастығы Али Тоқұл және «Заман» газеті хабар бөлімі бастығы Енес Жансевер қатысты /10/№

Қазақ-түрік білім қоры шақыруымен Түркияға келген тілшілер тобы Түркияның жазушылар және тілшілер қоғамы басшысы Фетхуллах Гүленмен де кездесті. Гүлен мырза әр тақырыпта қойылған тілшілер сұрауларына жауап берді. Қазақстан тілшілері де бір аптаға созылған сапардан тәжірибе алмасып көптеген мағлұматтар алды.

Осы жылдың 30 тамызында Заман-Қазақстан газетінің орталығында Қазастан тілшілер қоғамы бастығы Камал Смайылдың басшылығында «Қазақ-түрік журналистер одағы» құрылды /36/. Мақсаты — түрлі ұлыстардан құрылған Қазақстандағы жағдайды баымдап отыру, саясатқа қарсы барлық басылымдардың арасында ынтымақтастық орнату, Түркия мен Қазақстан арасындағы достықты, әртүрлі байланыстарды, диалогтарды жақындастыруға тырысу. Бұл бас қосуда қатысқандар жағынан «Қазақ-түрік журналистер одағы» бастығы болып, Заман-Қазақстан газетінің баспа директоры Ж. Шаштайұлы белгіленді.

1998 жылдың маусым айынан бастап Қазақ радиосының ұлттық «Шалқар» арнасы бойынша аптасына бір рет 20 минут көлемінде түрікше хабар таратыла бастады. Қазақстандағы Түркия елшілігі жанынан бұл шара бұдан екі-үш жыл бұрын ұйымдыстырылған болатын.

1999 жылдың ақпан айында «Қазақ-түрік журналистер қоғамы» ұйымдастырған «Мақала» байқауында жүлдеге лайық деген журналистерге құнды сыйлықтар табыс етілді /37/.

Жиынды қазақ-түрік білім қорының төрағасы Заман-Қазақстан газеті Өкілдігінің басшысы Әли Тоқұл басқарып отырды. Бауырлас екі халық ынтымағы мен қатынастарын нығайтуда бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше рөліне тоқталаған ол былай деді: «Тарихи тамыры бір туысқан елдердің жақындасуы, арадағы байлықтараға мұрындық болу – бұқаралық ақпарат өкілдігінің үлесінде, осы мақсатта  құрылып қауымдастық тарапынан ұйымдастырылған алғашқы ауқымды шараның нәтижесіне куә болып отырсыздар». Қазақстан журналистер одағының төрағасы, қазақ-түрік журналистер қауымдастығының төралқа мүшесі Камал Смайыл Қазақстанда тұңғыш рет құрылған халықаралық қаламгерлер одағының алдағы уақытта көлемді істерді жоспарлап отырғанына тоқталды.

Қазақстандағы Түркия елшісі К. Ташкент екі ел арасындағы мәдени, тіл, дін бірлігін баяндай келіп, ынтымақтастықты өркендетуде жазушылар мен тарихшыларға жүктелген міндеттің салмақтылығын тілге тиек етті. Бәйгеге 40-тан астам ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, олардың 15-і жүлдегер атанды.

Қол қойған бұрынғы келісімдерге сәйкес, Қазақстан мен Түркия арасында шығармашылық ұжымдар мен жеке әншілердің гастрольдік сапарлары ұйымдастырылды.

1997 жылы Түркияның Ялова қаласында өткен фестивальге Қазақстаннан 1993 жылы құрылған «Ер төстік» балалар қоры қатысып, жүлделі орынды иеленді /38/. 1998 жылы тамызда Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығының «Бозторғай» ансамбілі Түркия елінде болып өнер көрсетті. «Бозторғай» — осы елде өткен «Аспендос» атты халықаралық музыкалық-фольклорлық фестивальге қазақ елінен қатысқан үш өнер ұжымының бірі. Тараздық жас өнерпаздары орындаған әндер мен билерді шетелдік бауырларымыз үлкен қошаметпен қарсы алды.

1998 жылы 27-28 қарашада Түркия Республикасы мәдениет министрі мемлекеттік діни музыка көркем өнершілері және түрік елдері білім қоры «Сема»  үйірмесі сема ойындарын көрсету үшін Қазастанға келді /39/. Бұл мәдени шараның қазақ-түрік білім қоры мен Қазақстан мәдениет министрлігі бірлесе ұйымдастырды. Екі ел арасындағы мәдени, көркемөнер байланысының дами түсуін мақсат еткен бұл шара халыққа тегін көрсетілді. «Сема» үйірмесінің бастығы Әбдұлкәдір Дікіжі, бұл діни билерді Орталық Азияға таныстырмақ мақсатында екендігін, сема үйірмесінің бұрын Еуропа мемлекеттеріне барып өнер көрсеткенін, ал Орталық Азияға алғаш рет келуі екендігін айтты. Қазақстан мәдениет министрлігі атынан сөйлеген мәдениет мүдірі Дидаш Битова Орталық Азия мәдениетінің негізінде Мәуләна мен Қ.А. Иассауи мәдениетінің жатқанынатап өтті.

Есімі әлемге әйгілі әнші Таркан 2004 жылы мамырдың 25-і күні Стамбулдан Алматыға келіп түсті. Кешкісін «Медеу» спорт кешенінде жоспарланған концертін берді. Таркан «Ду-Ду» альбомымен халық арсында бірінші рет Қазақстанда шығып отыр. Оған Қазақстандықтар шексіз алғыстарын, ризашылықтарын білдірді /40/. Сонымен қатар, ол Орталық Азия елдерінің ішінде біздің мемлекетімізде тұңғыш концертін ұйымдастырды. Тарканды тамашалауға Алматы қаласының әкімі В. Храпунов, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Танер Севен мырза, т.б лауазымды адамдар келді.

Екі елдің елшіліктерінің көмегімен өнер ұжымдарының гастрөлдері, бейнелеу өнері көрмелері ұйымдыстырылды. Бұл орайда өнер адамдарымыз әсіресе, айтулы скрипкашы А. Мұсаходжаева мен Ж. Аубакированың Стамбулдағы концерттері және Қ.А. Иассауи атындағы университетінің жас өнерпаздары Түркияның бірқатар қалаларында гастрольдік  сапарда болып қайтты /41/.

Екі ел өкілдерінің өзара өткізген мәдени шараларға қатысуының өзіндік құндылығы бар екені даусыз. Атап айтқанда, бір топ қазақстандық ғалымдар, әдебиетшілер және қоғам қайраткерлері Денизли қаласында өткізілген VI түркі тілдес мемлекеттердің достық, бауырластық және ынтымақтастық құрылтайына ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен және президент С. Демирелдің қамқорлығымен өткен «Қорқыт ата мұрасын танып білу» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Аталмыш конференция шеңберінде елбасы С. Демирел түркі тілдес елдердің бірқатар ғылым және әдебиет қайраткерлеріне – олардың ішінде Қазақстандық белгілі қаламгер Мұхтар Шахановта бар – Ататүрік атындағы халықаралық мәдениет орталығының құрметті мүшесі куәлігін табыс етті.

Екі ел қатынасын нығайтып, мәдени байланыстарды арттыруда бауырлас қалалардың қосқан үлесі орасан зор болып отыр. Бұрын Қазақстан, Түркия күндері өтетін болса, енді екі елде алма-кезек бауырлас қалалардың күндері өтетін болып жүр.

1998 жылы Алматы мен Стамбул бауырлас қала мемарандумына қол қойылды. Осы жылы Алматы облысының әкімі Заманбек Нұрқаділов, Стамбул қаласының әкімі Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен 14-17 март аралығында Стамбулға барды. Заманбек Нұрқаділов екі бауырлас ел арсындағы достық, бауырластық және іскерлікті арттыра түсуді мақсат етіп қойғандықтарын айтты. Екі қаланың мәдениет, діни және тарихи байланыстардың күшті және ортақ болғандықтан мәдениет, хабар, білім, техника, өнеркәсіп, экология, денсаулық, спорт және туризм сияқты салаларда ынтымақтастықтың арттырылатындығын айтты /42/.

2001 жылы Стамбулда өткен Алматы қаласының күндері оңтүстік астаналықтардың әлі есінде. Бауырлас қалалардың достық құшағы айқасқан сол мерекеге Қазақстаннан 1000-ға жуық қонақ барып қатысып, жоғары деңгейдегі кездесулер, өнер мерекелері, т.б мәдени шаралар ұйымдастырылған еді. 2004 жылы 28 қыркүйек пен 2 қазан арасында Алматыда Стамбул қаласының күндері өтті. Мәдени күндердің ашылу салтанаты, яғни Стамбул қаласының Алматы қаласындағы мәдениет  күндеріне қатысушылар шеруі 28 қыркүйек күні Республика алаңынан ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайына дейін жүріп өтті /43/.

Мәдени күндер аясында көптеген ресми кездесулермен бірге бірқатар концерттік бағдарламалар, қойылымдар жоспарланған еді. Түркияның «Мехтер» оркестірінің, «Шаман» бишілер тобының және «Мевлеви» дәруіштерінің мерекелік шырқауы халық көңілінен шығып, қызу қолдауға ие болды. Сонымен қатар, Ирфан Гүрдал, Ферхат Гөчер, Зелиха Сунал, Халұк Левент сынды эстрада және кино жұлдыздарының өнерлері, бірқатар көркем фильмдер Алматылықтар көңілінен шығып, терең алғысқа бөлінді.

Бауырлас қала Астана мен Анкара арасындағы байланыстар жоғары деңгейде жалғасып отыр. 2001 жылы Астанада Түркиядан 150-ден астам шақырылған қонақтың қатысуымен Анкара күндері, артынан іле-шала Анкарада да сол мөлшердегі қазақстандық қонақтардың қатысуымен Астана күндері өткізілген болатын /44/. Мұндай бағдарламалар екі елдің достығына және мәдениет алмасуына септігін тигізді.

2002 жыл 5 рет өткізілген Астана күндеріне Анкара қаласы әкімі Меліһ Гөкчек мырза қатысты. Астана мен Анкара арсындағы қатынастар өте жақсы достықпен дамып келеді, екі қала әкімдері арасында жасалған протоколдарға сай бауырластық тек жылына бір рет құттықталып қоймай, өзара мәдениет және өнер алмасулары тіпті де жақындай, беки түседі деп жоспарланып отыр.

2002 жылы жер жаннаты Жетісудың бас қаласы Талдықорған түріктің көрнекті қаласы Антальямен бауырлас қала болды /45/. Бұл өзара достық, бауырластық қатынастардың алғашқы қадамы еді. Осы жылы Антальяға Талдықорған қаласының өкілдері арнайы барып қайтқан болатын. Сол бауырластық келісімі үшін желтоқсанның 18-і күні Анталья қаласы әкімінің орынбасары Ибрахим Коч бастаған делегациясы Талдықорған қаласына келді. Оларды облыс әкімі Шалбай Құлмақанов қабылдап, Жетісу жерімен таныстырып, сыйлықтар тапсырды.

Әкім қабылдауынан кейін екі қаланың бауырластығының маңызы жайлы айтылып, экономика, мәдениет, спорт, туризм, білім салаларындағы байланыстарды одан әрі дамыту жайлы сөз болды. Талдықорған қаласының әкімі Сәкен Жылқайдаров пен Анталья мэрінің орынбасары Ибрахим Коч бауырластық келісімге салтанатты түрде қол қойды. Қонақтар қала шетінде орналасқан қазақ-түрік лицейінде болып, оқу орнының жұмысымен танысып, өздеріне арналған дастарханнан дәм татып, концерт тамашалады. Қонақтар қонақжайлылық танытып, құшақ жая қарсы алған облыс басшылығына және қала тұрғындарына ризашылықтарын білдірді.

Өнер саласындағы байланыстар екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, екі халықтың бір-бірін одан әрі жете түсінуіне жақсы көпір болып, көңіл қуантар серпінмен дами береді деп сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Білім беру саласындағы байланыстар

 

Екі ел арасындағы мәдени байланыс білім беру саласында кеңінен дамып отыр. Бұл саланың негізгі құжаты 1992 жылғы 18-мамырда Анкара қаласында Қазақстан  республикасының білім беру министірі Ш. Шаяхметов пен Түркия республикасының ұлттық білім беру министірі К. Топтан қол қойған ынтымақтастық туралы  хаттама.

Хаттамада екі жақты студент, стажер, ғылыми қызметкерлермен алмасу, Қазақстанда түрік тілін оқыту орталығын және түрік жағы 4 оқу орнын ашуға, әдебиеттер алмасуға, т.б, нақты шаралар мерзімі, саны аныцқталып көрсетілген. Хаттама 1997 жылдың 31-желтоқсанына дейін күшінде болатындығы анықталған.

Білім беру, оқу-ағрту саласы адамдарды бір-біріне жақындатуда, топтастыруда үлкен орын алады. Өйткені ғасырлар бойы адамзат баласы жинаған жетістіктерді, ілімдерді ескермейінше, оқып-үйренбейінше қоғамның ілгері дамуы мүмкін емес. Ал оқу-ағарту ісінде әлем жұртшылығы жинаған тәжірибені оқып-үйрену бұл дамуды көрсетеді.

Тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекетінің  оқу-ағарту саласына Түркия мемлекетінің көрсетіп жатқан көмегі мол. Ең алдымен 1992-93 оқу жылында 4 қазақ-түрік лицейі ашылған еді, ал қазіргі күнде лицейдің саны 28-ге жетті. Бұл лицейлерді Алматыда құрылған қазақ-түрік лицейлерінің басқармасы түріктің «Фезагазетчилик», «Шелале» және «Ефрак» фирмаларының тікелей көмегімен ашты.

Қазақ-түрік лицейлерінің мақсаты — әлем стандарты бойынша жоғарғы деңгейде білім беру, осы заманға сай құрал-жабдықтарды және білімді жетілдіріп, білім беру қызметтерінің ең жақсы үлгілерін пайдалана отырып сапалы білім беру, сонымен қатар қазақ-түрік халықтарының бауырластығы мен достығын нығайту.

Лицейлерде математика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы мен географиясы, бейнелеу өнері, дене шынықтыру пәндері – қазақша, жалпы тарих, жалпы география, компьютер, социология, психология, логика пәндері – түрік тілінде оқытылады.

Лицейлердің бәрі дерлік жаңа компьютер, аудио-видео аппараттарымен жабдықталаған, оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Лицейлердің әрқайсысында оқушылар жатақханасы бар.

Қазақ-түрік лицейлері әлемдік стандартқа сай білім беретіндіктен, білімнің әр саласында мамандандырылған, біраз лицейлер осы жекелеген мамандық сипаттарына ие. Мысалы, Тараз қаласындағы лицей —  экономикалық , Талдықорған қаласындағы – техникалық, Шымкент және Алматыда шығыстану лицейлері ашылған. Талғарда техникалық қыздар лицейі жұмыс жасайды. Тараз қаласындағы экономикалық колледжге 9-сыныпты бітірген оқушылар қабылданады және оларға банк ісі, есеп және сауда бағытында білім беріледі.

Талдықорған қаласындағы техникалық лицейге 9-сыныпты бітіргендер қабылданады. Бұл лицейде компьютер, экономика, ағаш ұсталығы және декоративті өнер бөлімдері бар.

Шымкент және Алматыдағы шығыстану лицейлеріне 6 және 8-сыныпты бітірген оқушылар алынады. Бұл мектептерде 1 жыл арабша, түрікше және қазақша дәрістер оқытылады. Жоғарғы сыныпта жаратылыстану ғылымдарымен қатар шығыстану саласындағы пәндер үйретіледі.

Талғар техникалық қыздар лицейінде 8-сыныпты бітірген қыз балалар компьютер ісі мамандаға бойынша қабылданады /46/.

Қазақ-түрік лицейлері бүгінгі күні Қазақстан жұртшылығы назарын білім сапасы, тәрбие ісімен аударып отыр. Қазақ балаларының көбі осы лицейлерде білім алуда. Қазіргі кезде қазақ-түрік лицейлері Қазақстанның барлық басты қалаларында ашылған.

Қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары біраз халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Осылайша олар Қазақстанды әлемге танытуда өз үлестерін қосып отыр.

1994 жылы  Болгарияда биология пәнінен өткен олимпиадада Түркістан қаласындағы қазақ-түрік лицейінің оқушылары С. Шерханов, Б. Бахаудинов, Н. Сихымбаев күміс медаль, ал А. Махмудов қола медальға ие болды. 1995 жылы Түркияның Ерзурум қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің биология пәнінен өткізілген халықаралық олимпиадада қазақ-түрік лицейінің оқушылары алтын және күміс медальдарға ие болды. Сол жылы Тайландта (Бангкок қаласында) өткен олимпиадада шәкірттер екі қола медаль, 1996 жылы Украинада болған олимпиадада екі алтын, бір қола медальді иеленді /47/.

1991жылы әлемнің 23 мемлекетінің қатысуымен математика пәнінен Анкарада өткен олимпиадада Жезқазған қазақ-түрік лицейінің оқушысы Рүстем Медетов және Ақтөбе қазақ-түрік лицейінің оқушылары Ринат Бекболатов алтын, С. Нұрымов қола, Ақсай (Алматы) лицейінің оқушысы М. Шахметов қола медальға ие болды /48/.

1996ж ақпан айында Стамбулда өткен ІІІ Европалық олимпиадада Өскемен қаласының қазақ-түрік лицейінің оқушысы А. Әбілханов пен Ақмешіт қаласының қазақ-түрік лицейінің оқушысы А. Дәрібаев күміс медальді жеңіп алды /49/.

1998ж Республикалық олимпиадада 1-3 орындарды қазақ-түрік лицей түлектері жеңіп алды. 1999ж Алматы қаласында 40 мемлекет қатысқан математикалық жобалардың халықаралық жарысы болып өтті. Бұл жарыста Талдықорған қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Д. Каменев жеңіп шығып, алтынана алқа тақты.

200 1жылы математика пәнінен халықаралық олимпиада АҚШ-та өтті. Бұл олимпиадада Ақтөбе қазақ-түрік лицейінен Ә. Молдоңғаров, Б. Бектеміров және А. Жұмакеновтар алтыннан алқа тағынса, ал Өскемен қазақ-түрік лицейінен И. Гайничев те алтын медальға ие болды.

2003ж 14-19 шілдеде Жапонияның Токио қаласында математика пәнінен халықаралық олимпиадада 3 лицей оқушысы жүлде төрінен көрінді.

2003ж 4-11 шілде аралығында Грекияның Афина қаласында химия пәні бойынша өткен олимпиадада екі лицей оқушысы күміс, қола медальдарға ие болды. 2003ж 9-16 шілде аралығында Беларусияның астанасы Минскіде биология пәні бойынша өткен халықаралық олимпиадада бір лицей оқушысы қола медальға ие болды.

Университетке түсу үшін қазақ-түрік лицейлері 11-сыныпты бір жыл арнайы түлектер үшін дайындық жұмыстарын жүргізеді. Емтихан сұрақтары TCS-Түркия республикасының жоғарғы оқу-орындары үшін емтихан, TOFEL (YOS) – шетелдік студенттер үшін емтихан, SAT – Қазақстандағы университеттерге түсу үшін жүргізілген емтихан болып бөлінеді.

Қазақ-түрік лицейлерінің түлектері, бітіргеннен кейін 90% жоғарғы оқу орындарының студенттері атанады екен. Мәліметтерге сүйенсек, алғашқы қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары 80%  Қазақстан университетеріне, 20% Түркия және шетел университетеріне оқуға түскен.  

Қазақ-түрік лицейлерінің бұл жетістіктері оқу сапасының жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Бұл лицейлер болашақта қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген жоғары деңгейдегі мамандардың, екі ел арасын жақындастыратын мамандардың өсіп, білім алып шығуындағы маңызы зор.

1993 жылы Қазақстанда түрік мамандардың көмегімен Түркістан қаласында Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ашылған болатын.

Түрік дүниесінің астанасы Түркістанда орналасқан Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 1991 жылы 6 маусымда Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен «Түркістан мемлекеттік университеті» болып ашылған болатын.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкметі арасындағы келісім бойынша 1992 ж 30 сәуірінде Түркістан мемлекеттік университеті  «Халықаралық қазақ-түрік университеті» болып қайта құрылды. Бұл университетің бой көтеруіне Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаев пен Түркияның сол кездегі премьер-министрі, кейіннен  Президенті болған С. Демирельдің үлесі зор болды. Түркия мемлекеті оқу-ағарту ісінде Қазақстанға жан-жақты көмек берудегі нақты істердің бірі осы университетке халықаралық статус беріп, екі елдің арасын жалғастыратын болашақ мамандарды дайындауға үлес қосып, байланысты нығайтуда. Қол қойылған келісімде 1993 жылдан бастап университет жұмыс істейтіндігі, оның құрылысын жүргізуге, техникалық жағынан жабдықтауға Түркия өзі көмек көрсететіндігін мәлімдеді. Университеттің басшысы болып белгілі ғалым, академик М. Жүрінов тағайындалды.

Аймақтық дәрежеде білім беретін бұл университетке үлкен маңыз беріліп отыр. 1993 жылы 30 маусымда Алматы қаласында осы университетті құруда – ынтымақтастық шарт жасалды. Жасалған шартқа университеттің жұмысын екі жақтың мамандары мүше бола алатын арнайы «Өкілдік Кеңес» басқаратындығы және университет «жарғысы» қабылданғаны жарияланды. Бұл университеттің материалдық –техникалық базасы түрік мемлекетінің көмегі нәтижесінде нығайып келеді. Университет өз алдына жеке қалашық пен жатақханалар салуға Түркия  10 миллион доллар қаржы бөлді.

1995 жылғы маусым айында Түркия Президенті С. Демирел Қазақстан Президенті Н. Назарбаевпен бірге университеттің ірге тасын қалауға үлес қосты. Мұның өзі өкімет басшыларының екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға деген үлкен ниеттерін көрсетті. Сол сапарда С. Демирел бұл университет «аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілік үшін қызмет етеді»- деп атап өтті /51/.

Түрік үкіметі бұл университетті толығымен жабдықтауды өз мойнына алып, университетке 20 миллиард түрік лирасын техникалық көмек көрсетуге бөлді.

Құны 70 000 АҚШ доллары болатын компьютерлік жабдықтар, түрлі лабораториялық жабдықтарға дейін Түркістанға жеткізілді. Сөйтіп, Түркия Қ.А.Иассауи атындағы университетті қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықтауды жүзеге асырды. Түркия үкіметі 1993-2001 жылдар аралығында университет дамуына 86 млн-н астам АҚШ долларын жұмсаған /52/.

2000 оқу жылының басына дейін барлық оқу ғимараттары қайта жөнделіп жабдықталды. Сондай-ақ аурухананың құрылысына қаражат бөлінді. Тек 2000 ж Түркия тарапынан университетке 12-14 млн. АҚШ доллары жұмсалды.

Қазір мұнда 11 факультетте 11 000-нан астам студент оқиды, 4 оқу орталығы бар. 92 ғылым докторы мен профессор, 226 ғылым кандидаты мен доцент, 600 оқытушы, 70-тен астам шетел мамандары қызмет істейді. АҚШ, Италия, Испания, Қытай, Пәкістан, ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыс орнатылған /53/. Жыл сайын магистратурада 40 магистрант өз білімдерін одан әрі жалғастырса, аспирантурада 120 болашақ ғалымдар оқиды. Университет Түркиядан, Орталық Азия республикаларынан студент қабылдайды. Сонымен қатар, университет қабырғасында Қытай, Үндістан, Сирия, Палестина, Пәкістан, Монғолия, Иордания, Ауғаныстаннан келген 80-нен астам студент білім алады /54/.

1999 ж басында Түркістан мен Анкара қалаларының арасында спутниктік байланыс іске қосылды. Спутниктік байланыс арқылы «интернет» халықаралық байланыс жүйесі жұмыс істейді.

Университетте түрік тілдес елдер мен қауымдастықтардан келген студенттер де білім алады, мұнда бірінші жылы барлық факультеттерде міндетті  түрде түрік тілі  жүргізіледі. Бірқатар топтарда араб, қытай, ағылшын, т.б. тілдер арнайы пән ретінде өтіледі.

Мәдениет орталығында университет кітапханасы жұмыс істейді. Қазіргі кезде кітап қоры 400 000-дай болса, жыл сайын кітап саны артып келеді.

Осы университет студенттері әлемдік, халықаралық, республикалық спорт жарысында, Азия ойындары біріншіліктерінде талай рет жүлдегер атанған болатын. Қазақстанның ұлттық чемпионатында бірнеше дүркін жүлдегер болған қыздар баскетбол командасы 1999-2000 жж қатарынан екі рет алтын медальді иеленді. Осы университет студенті Бекзат Саттархан елге үлкен даңқ әперді, Сидней олимпиадасында аса ірі жеңіске жетіп, алтын медаль алды. Халықаралық ақындар айтысының жүлдегері де бар университетте /55/.

Университетте Түркиядан келген 40-шақты ғалым мен арнайы мамандар ғылыми-оқытушылық жұмыстарды жүзеге асыруда.

Болашақта екі елдің және түркі тілдес мемлекеттердің арасында жалғастырып, халықаралық саясатта олардың мүдделерін дәйекті танытып, қорғай білетін маман-кадрларды дайындаудағы университеттің маңызына айрықша көңіл бөлінуде.

1996ж Алматыда Фатих атындағы Қазақ-түрік университеті ашылды. Кейін бұл университет Қазақстан республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен С. Демирел атындағы университет болып қайта аталды. Оның алғашқы құрылтайшысы халықаралық «KATEV» қоғамдық қоры болды. Университеттің мақсаты: қазақ-түрік лицейлерін бітірген оқушылар мен университетте оқығысы келетіндерге дүние жүзілік стандартқа сәйкес жоғарғы білім беру. Университетке түсетіндер алдымен дайындақ курстарынан өтеді, сонан соң 4 жыл оқиды.

Университет алғашқы жылы «шетел филологиясы» мамандығы бойынша дәріс берді. 1997ж «халықаралық экономикалық қатынас», 1998ж «есептеуші техника мен желіні бағдарламалық және аппарттық жабдықтау» және «экономика мен менеджмент» бөлімдері ашылды. Инженерлік факультет, жетекші ғылымдар факультетері бар. Инженерлік факультетте компьюерлік білім беріледі, филология факультетінде түрік тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мен әдебиеті оқытылады, ал экономика факультетінде халықаралық қатынастар мен өнеркәсіптік мамандар бөлімі бар. Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәнінен өзгелері ағылшын тілінде жүргізіледі. Білім ордасы халықаралық мамандарды дайындауды ең басты мәселе ретінде қарастырып отыр. Оның дәлелі ретінде халықаралық экономикалық қатынастар мамандықтары бойынша ағылшын тілінің тереңдетіле оқытылатындығын айтуға болады.

Барлық мамандықтар бойынша университетте (дайындық курсында да) оқу ақылы, жетімдер жағдайы қиын студенттерге жеңілдіктер беріледі.

Екі елдің білім беру министрліктерінің келісілген хаттамасы бойынша Түркияда да Қазақстан республикасының азаматтарына білім алуға жағдай жасалған.  1992ж Түркияға Қазақстаннан 2000-нан астам оқушы білім алуға аттанды. Оның 600 — оқушы, 1215-студент, 205-аспирант, 70-докторант. Сонымен қатар «Бөбек» қорының демеуімен 65 жетім бала оқуға жіберілді. Олар бизнес пен банк істерінің негіздерін оқып-үйреніп, саяхат, спорт, даяшылық қызмет мамандарын алып шығады. Сонымен қатар, Түркиядан Қазақстанға 500 түрік студенті оқуға келді /31/.

1992ж Шымкент қаласындағы «Қазақ баспасы» фирмасының қалауымен Алматыда қазақ-түрік баспасөз медресесі ашылды. Бұл оқу орны негізінен қазақ және түрік тілінде жазатын журналистер мен аудармашылар даярлауда жұмыс жүргізеді /57/.

1996ж бастап Түркияның сыртқы істер министрлігінің қамқорлығымен Месхет-түріктер үшін арнайы жаңа бағдарлама енгізілді. Бұл бағдарлама бойынша 105 адам білім алуда.

Әскери істе білім беру үшін өкімет аралық келісім бойынша 93 адам әскер ісі жөнінде білім алуда. Ал 19 адам Анкарадағы полициялық академияда оқып жатыр. Одан басқа бағдарлама бойынша әртүрлі діни және қоғамдық ұйымдардың жіберуімен тағы да 200-ге жуық білім алуда /58/.

Түркияның озық оқу орындарының бірі Билкент университетінде Қазақстандық 4 студент үшін Президент Н. Назарбаев атындағы арнай степендия (2000-2001 оқу жылына) тағайындалды /59/.

2004ж қараша айында Қазақстан білім және ғылым министрлігінің шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия республикасының білім министрі Хусейін Челик мырза бір қатар еларалық маңызды құжаттарға қол қойды. Челик мырза алдымен Астанадағы қазақ-түрік лицейлеріне барды. Лицейлерді аралап көрген Челик мырза бұл мектептердің ашылуы екі ел арасындағы, әсіресе білім саласында жасалған жетістіктердің бірі екендігін атап көрсетті.

 Журналистермен кездесуде өзіне қойылған сұрақтарға жауап берген министр екі мемелекет арасында айрықша орын алып отырған білім беру саласына тоқталып: «Түркияда жүздеген қазақ студенттері оқиды. Біз жыл сайын оларға жоғарғы көлемді степендия бөліп отырмыз. Бұл жылы Түркияға келетін Қазақстандық студенттер үшін 150 бюджеттік орын бекіттік. Қазақстандық жоғарғы оқу орындарында да түрік жастары оқиды. Осындай білім беру жолында қарым-қатынастың болуы соңғы уақытта екі ел арасыгдағы ынтымақтастықтың нығаюына зор үлес қосуда»,-деді.

Астанада екі күн болғаннан кейін Челик мырза Түркістан қаласындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне ат басын тіреп, ондағы студенттермен кездесті. Ал 8 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болып, профессор-ұстаздар қауымымен тілдесті/60/.

Екі елдің жоғарғы оқу орындарында өзара маман дайындау істеріне де ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде Қазақстан университеттерінде 700-түрік азаматы білім алып жатыр. Түркияның 30-ға жуық оқытушысы жұмыс істеуде, өз кезегінде Түркияның  жоғарғы оқу орындарынан   Қазақстандық студенттер мен аспиранттар ақысыз негізде оқуларын жалғастыруда.

Білім саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Жаңаша білім алған жас ұрпақтар және білім беру саласындағы осы байланыстар екі ел арасында үлкен жақындаушылықты, бауырластық сезімді одан әрі арттыра түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тарау . Қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстардағы ТҮРКСОЙ ұйымының рөлі

2.1 ТҮРКСОЙ-дың құрылымы

 

Мәдени байланыстардың жан-жақты, әрі достық көңілде дамуында 1993ж шілде айында түркі мәдениеті мен өнерінің ТҮРКСОЙ- түрік халықтарының мәдениеті мен өнері жөніндегі Кеңес ұйымының құрылуының маңызы ерекше болды.

Оңаша ойға қалған кей сәттерде «қайран, қазағым-ай» деп риза боласың өзің бір баласы саналатын сол халыққа. Қараңызшы «төртеу түгел болса төбедегі келеді», «ағайын тату болса ат көп». Осы бір жолдар не деген керемет ойды сыйдырып жатыр десеңізші. «Бірлік бар жерде тірлік бар», «бірліктен шайтан қашыпты» деп одан әрі баяғы бір оралы ойды, өмір тағлымын тәптіштей түскен ел абыздарының дуалы сөздері қай кезе де, қай ұрпақтың да ұстанатын өмірлік бағыты болса, сол –бай, сол- бақытты.

Қазақстан ғана емес, кешегі Кеңестер Одағы дейтіннің бұғауында болған елдер егемендігін жариялап , ендігі тағдырымыз не болар деген әрі-сәрі сәтте Түркияның егемендігімізді ең бірінші мойындауынан басталған бостандық шеруіндегі түркі тілдес мемлекеттердің бас-аяғы 10 жыл ішінде әлемге танылып, басқа түгіл алпауыт АҚШ-тың ілтипатына ілінуге дейін ұласты. Бұл ағайындықтың жемісі емес деп кім айта алады?

Егемендік алдың, енді не істеу керек? Осы сұрақтың жауабын ел тұтқасын ұстағандар мен ақылдың кені зиялылардың да дәл бергені күні бүгін ғана емес, келешекте де талай ұрпақты разы етері сөзсіз. Ол жауап- түркі баба ұрпағының тұтасуы, бірлесе қимыл жасауы еді.

Егемендіктің ауыр өткен алғашқы 10 жылына көз жүгіртсек, сол тұтасу қадамының жемісін өмірдің әр саласынан көреміз. Сол алғашқы қадамдардың бірі- ТҮРКСОЙ-дың өмірге келуі. Бұл 1992 жылдың көктемі болатын. Стамбулда түркі тілдес мемлекеттер мәдениет министрлерінің бірінші бас қосуы өтіп, болашақ ілгері ұйымның негізі қаланды. Сол жылдың желтоқсанында екінші ұйымдастыру мәжілісі өткізіліп, жаңа ұйымның құрылымы мен бағдары тұжырымдалды.

1993 жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласында өткен мәжілісте Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекістан республикаларының ресми өкілдері ТҮРКСОЙ-ды құру келісіміне қол қойды. Осы кеңесте ТҮРКСОЙ-дың қызметінің негізі  және принциптері туралы келісімге де қол қойылды /3, б 435-437/. Кейінен бақылаушы елдер ретінде бұл ұйымға Татарстан, Башқұртстан, Солтүстік Кипр Түрік республикасы, Тува, Хакасия, Молдава құрамындағы Гагауыз Иери республикасы қосылды.

ТҮРКСОЙ ішкі-сыртқы саясатынан тыс, халықаралық ұйым ретіне ынтымақтастықтың барлық мүшелеріне, мемлекеттерінің саяси бағдар өзгешелігіне қарамастан, мәдени байланыс саласында тең құқықты қамтамасыз етеді. ТҮРКСОЙ өзінің қызметі, мақсаты мен міндеті, жұмыс істеу принциптері жағынан ЮНЕСКО құрылымына жақын. ТҮРКСОЙ ұйымының орталығы – Түркия республикасының астанасы Анкара қаласында орналасқан. Бұл халықаралық ұйымның ресми тілі — түрік тілі. Түркі тілдес елдердің мемлекет басшыларының жоғары дәрежедегі бас қосудағы құжатта ұйымды қолдап, қуаттайтыны айтылды. Ұйымға халықаралық бағдарламалар дайындау тапсырылды.

Ұйымның ең жоғарғы басқару органы – тұрақты Кеңес. Оның жұмысын – уақытша үйлестіруші координатор басқарады. Кейінгі отырыста уақытша үйлестіруші болып Қазақстандық министр сайланды. Тұрақты кеңес шешімін бас басқарма атқарады. Оның бас директоры қызметін 1993ж бері Әзербайжан республикасының мәдениет министрі Полад Бұлбұлоғлұ атқарып келеді.

Жарғы бойынша жыл сайын Түркия 150 000 доллар, қалған 5 мүшесі 25 000 доллардан, бақылаушы елдер 10 000 доллардан төлеуі керек деп белгіленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 ТҮРКСОЙ-дың мақсаты мен міндеті

 

ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына 10 жылдан асты. Аталмыш ұйым өткен кезең ішінде түркі тілдес елддердің кішкене ЮНЕСКО-сына айналды. Өткен жылдар ішінде ТҮРКСОЙ түркі тілдес елдермен өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастар құра отырып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, өнерін, тарихын, өркениет, тарихи мұрасын және тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеп жарыққа шығаруда және бұл құндылықтарды дамыту, қорғау және түркі тілдері мен мәдениетінің байлығын, қуат-күшін келешек ұрпаққа қалдыру, аманат ету жолдарында бір шама істер атқарылды.

Ұйымды ЮНЕСКО мойындады және түркі әлеміндегі жұмыстардың басым көпшілігін ТҮРКСОЙ-ға сеніп тансырда. Бұл ұйым енді түркі тілдес елдерде:

  • халықтар достастығы мен елдердің түсіністігін және өзара байланысын дамыту;
  • біртекті тілдік орта, жаңа ортақ алфавит әзірлеу;
  • түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен өнерінің, әдебиеті мен тарихының тұтастығын, этногенезін танудағы ғылыми – зерттеу жұмыстарын жолға қою;
  • жас ұрпақ өз елінің салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін, әдебитін, ана тілін құрметтеуге жағдай жасау, мәселеренін қолға ала отырып, үшінші бір елдің мүдделеріне нұқсан келтірмейтін халықаралық беделді ұжымға айналып отыр /61/.

ТҮРКСОЙ түркі тілдес халықтардың әлемдік қазына деп саналатын аса бағалы туындыларын өзге тілдерге аударып, оны насихаттау жұмыстарын да өз мойнына алып отыр.

Қазіргі таңда түркі тілдес халықтар саны 200 млн-нан асып түсті. Олар 30-ға тарта ұлт пен ұлыстар  түркі тілінде сөйлейді. Ең көбі – түріктер, ең азы – тоқалар делінеді. Тоқа дейтін ұлыс түркінің бір тармағы және халық саны 431 адам. Олардың да 320-сы ғана ана тілінде сөйлей алады екен. ТҮРКСОЙ-дың негізгі мақсаты – осылардың барлығының (ірісің,  ұсақсың демей) ана тілін, тарихын, фолклорын, өнері мен әдебиетін зерттеп дамытуға көмектесу болып табылады /62/.

 

 

2.3 ТҮРКСОЙ-дың қызмет аясы

ТҮРКСОЙ-дың қызмет аясы өте кең, алып айтар болсақ түрік халықтарының рухани мәдениетін бір-біріне таныстыру, түрік халықтарына ортақ тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және қалпына келтіру, әлемдік өркениетте түрік мәдениетінің алатын орнын белгілеу. Бұл ұйым құрылғанан бері түрік халықтарын ұйымдастырып, жақындастыруда атқарып отырған қызметі өте жоғары. Қазіргі жағдайда бұл ұйым түрік мәдениетінің дамуына жағдай жасап, түрік дүниесінің әлем өркениетде алатын орнының жоғары екенін көрсетіп отыр.

— түркі тілдес халықтардың мәдени, өнер байланыстарын дамыту және бұл мақсатта әртүрлі алаңдарда ықпал жасау;

— түркі тілдес халықтардың ортақ тілі, әдебиет, өнерінің дәстүрлі спорт ойындары мен басқа да тарихи мәдени құндылықтарының танылу, зерттелуіне жағдай жасап, оларды сақтау, толықтыру және әлемдік кеңістікке насихаттау;

— радио және теледидар бағдарламаларын жасап, ортақ құндылықтарымызды дәріптеп фильмдер түсіруге қолдау көрсету;

— театр, опера, балет, музыка, халық билері өнерлерін көрсететін байқаулар ұйымдастарып, фестивальдар өткізу, осы салаларға ат салысу;

— көркем өнерді көркейту үшін әр түрлі көрмелер өткізу;

— мерзімді басылымдарды жарыққа шығару;

-түрік мәдениетіне,  тарихына, өнеріне, тіліне қызмет еткен көрнекті тұлғаларға арналған еске алу, құттықтауды, мерей тойлар мен қонақасыларды жоспарлау;

— ТҮРКСОЙ-дың негізгі мақсаты аясында конференциялар, симпозиумдар, пікірсайыстар сияқты ғылыми жиындар өткізу;

— басқа да халықаралық қоғам, одақ, қозғалыс ұйымдарымен байланыс орнатып, мәдениет, өнер, білім салаларында бірлесе ортақ жұмыстар жасау;

— тарихи және географиялық жағдай салаларынан әлсіреген байланысты дамыту;

 — ортақ мәдени кеңістік қалыптастыру, түркі әлемінің мәдени құндылықтарының, тарихи, мәдени және архитектуралық ескерткіштерін сақтау, оларды қорғау шараларын қарастыру;

— түркі тілдес халықтарның ұлттық мәдениеттерінің дамуына ықпал ету, олардың тума табиғи ерекшеліктерін сақтау;

— түркі тілдес халықтардың  мәдениеті мен өнері жөнінде халықаралық ақпарат орталығын құру.

Қазірге дейін өткізілген отырыстардың 3-уі: 1993, 1997 және 2002 жылы Алматы қаласында өтті.

ТҮРКСОЙ-дың кезекті XVII мәжілісі Алматы қаласында басталып, Астана қаласында аяқталды. Бұл мәжілісте атқарылған істер мен алдағы міндеттер кеңінен талқыланды.

ТҮРКСОЙ-дың XVII отырысында қатысушыларды Қазақстан республикасының мәдениет, бұқаралық ақпарат және қоғамдық министрі М. Құл-Мұхаммед мырза құттықтап, ұйымның есепті баяндамасын ТҮРКСОЙ-дың бас мүдірі, Әзербайжан республикасының мәдениет министрі Полад Бұлбұлоғлұ мырза жасады.

«ТҮРКСОЙ-дың кезекті XVII мәжілісі Алматыда салтанатты түрде ашылып, жұмысын мазмұнды нәтижелі жүргізу үшін қамқорлық жасап отырған заманымыздың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Н. Назарбаевқа және шын ықыласты қонақжай қарсы алулары үшін М. Құл-Мұхаммед басқарған министрліктің жұмысына, сондай-ақ кеңпейіл қазақ бауырларымыз, қазақ халқына ақ алғысымды білдіремін», -деп бастады баяндамасын Полад мырза. Баяндамашы: «Біз әуелі бір-бірімізді танып содан соң әлемге танылдық», — деді /61/.

ТҮРКСОЙ өзіне мүше елдерге қатысты айтулы күндерді атап өту жобасын бекітті. Ол ұлттық, аймақтық, халықаралық деңгейде аталып өтілетіндігіне қарай арнайы 3 тізімге бөлінді. Қазақстанға қатысты Тараз қаласының 2000 жылдығы, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы, Ғ. Мүсіреповтың 100 жылдығы халықаралық дәрежеде ЮНЕСКО шеңберінде ТҮРКСОЙ-дың тікелей араласуымен аталсын деген тұжырым жасалды.

ТҮРКСОЙ-дың Қазақстандағы бас қосуы 3 күнге созылды. Түркі тілдес елдер мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің XVII отырысында қатысушылар арнайы декларация қабылдады. Оған Әзербайжан жағынан П. Бұлбұлоғлұ, Қазақстан жағынан М. Құл-Мұхаммед, Қырғыз республикасынан Камилла  Шаршекеева, Түркиядан М. Истемихан Талай, Башқұртстаннан Халяф Ишмұратов, Солтүстік Кипр Түрік республикасынан Илкай Камил, Тува республикасынан В. Наксил, Хакасиядан Н. Дьяченко қол қойды. Мәжіліске қатысушылар ТҮРКСОЙ-дың есебін қарап қанағаттанғандық сезімдерін білдірді.

Бұл бас қосудың басты оқиғасы – бұдан бұрын тағайындалған ТҮРКСОЙ-дың алғашқы сыйлығы берілетін тұлғаның есімі аталды. Ол (15 000 АҚШ доллары) түркі халықтарының тарихын зеттеуші Хакасиялық көрнекті ғалымы В. Бутанаевқа тиетін болды. Сондай-ақ, түркі тілдес елдер  суретшілерінің Алматыдағы көрмеге қойған озық туындысына сыйлық тағайындалған болатын. Ол (10 000 АҚШ доллары) Әзербайжанның қыл қалам шебері Р. Меһматовқа беріледі деген шешім қабылданды.

ТҮРКСОЙ халықаралық сыйлығы туралы айтар болсақ: жеке тұлғаларға, авторлар тобына және ұйымдарға, түрік әлемінің мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін, пластикалық өнер, сәулет, мүсін, коллеография, декоративтік – қолданбалы өнер, сұңғат өнер, графика, фото сурет, музыка, сахналық өнер, киномотография секілді өнер саласында ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде жоғарғы бағаға ие болған шығармалары үшін, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының мақсатына сәйкес берілетін түркі тілдес елдерінің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі – мәдениет саласы бойынша ТҮРКСОЙ халықаралық сыйлығын тағайындады.

1993 жылы қазанда ТҮРКСОЙ және Қазақстан республикасының мәдениет министрлігі бірлесіп, Алматы қаласында түркі тілдес мемлекеттердің дәстүрлі ұлттық қолданбалы халықаралық көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмеге ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің халықтық қолданбалы өенрдің ең таңдаулы үлгілері қойылды /2, б 59/.

1995 жылы  6 — 11 тамыз аралығында «Алматы қаласында ТҮРКСОЙ» қазақтың ұлы ақыны Абайдың  туғанына 150 жыл толуына байланысты мерейтойға қатысты. Тойға тарту ретінде Абайдың қазақ-түрік тілдерінде таңдамалы өлеңдері мен қарасөздері кітабын шығарды. Бұл кітап ТҮРКСОЙ-дың алғашқы жемісті еңбегінің бірі саналды.

1996 жылы 22-26 тамызда ТҮРКСОЙ Алматы қаласында қазақ ақыны Жамбылдың 150 жылдық мерекесіне қатысты, осы жылдың 20-27 қыркүйегінде ТҮРКСОЙ-Түркия республикасындағы Қазақстан республикасының мәдениет күндерін өткізуге қатысты.

Ал 15 қазанда Анкара қаласында қазақ ақыны Ж. Жабаевтың 150 жылдығы мерекеленді. 19 қазанда Анкарада Түрік тіл институтының мәжілісі сахнасында Ж. Жабаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халық аралық конференция болып өтті.

Конференцияны мемлекет министірі Намык Кемал Зейбек мырза ашты. Конференцияға ТҮРКСОЙ бас директорының орынбасары Зия Иылмазер, Түркия ғалымдары, доцент, докторлар Мұстафа Өнер, Метин Ергун, Ферхат Тамир, доктор Емел Аша және Қазақстаннан филология ғылымдарының докторы профессор Шәкір Ыбраев, Түркиядағы елшілік қызметкері филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жансейіт Түймебаев, докторант Мақсұтқан Жақұповтар қатысты.

1997 жылы 28-29 қыркүйекте Алматы қаласында ТҮРКСОЙ-дың Кеңесінің 9-шы мәжілісі болып, онда «ТҮРКСОЙ қызметінің міндеттері мен қағидаларының ережесі» және «ТҮРКСОЙ-дың қаржылық қызметі» ережесі бекітілді. Осы жылы 15-қазанда Анкара қаласында қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына орай мереке өткізілді.

М. Әуезовтың 100 жылдық мерейтойына арнап түрікше-қазақша қос тілді 348 беттік таңдамалы әңгімелерін шығарды. Кітап Қазақстан республикасы премьер-министірінің орынбасары И. Тасмағамбетовтың «Түркі әлемінің даңғайыр қаламгері» атты мақаласымен және ТҮРКСОЙ төрағасы Полад Бұлбұлоғлының алғы сөзімен ашылған. Меркеге қоғам қайраткері, жазушы, ғалым Мұрат Әуезов қатысты.

1998ж 18-21 маусымда Кипрде ТҮРКСОЙ опера күндері 5 рет аталып өтті. Қазақ суретшісі Оңал Әбішеваның еңбектерінің жеке көрмесі ашылды.

1999ж 7-маусымда Париждегі ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде ТҮРКСОЙ-дың қатысуымен «Қорқыт Ата» эпосының 1300 жылдығы мерекеленді.  

2000 жылы 21-23 наурызда Анкара қаласында халықаралық мейрам – «Наурыз Симпозиумы» өтіп, оған Әзербайжан, Түркменістан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Ерікті Алтай республикасы, Әзербайжан Наһшиван Ерікті республикасынан келген ғалымдар, әртүрлі маман иелері мен суретшілер қатысып, Наурыз жайында ғылыми талқылау жасады. 2001 жылы 2-3 қарашада ТҮРКСОЙ Стамбул қаласында қазақ композиторы Еркеғали Рахмадиевтің 70 жылдық мерейтойын өткізді.

Осы жылдың 13-16 қарашасында ТҮРКСОЙ Стамбул қаласында Мармара университетінің Түркият зерттеу орталығы «Тәуелсіздіктің 10 жылдығындағы түркі мемелекеттері» атты халықаралық симпозиум өткізді. Симпозиумға Түркия мәдениет министірінің орынбасары Кемал Фахир Генч, ТҮРКСОЙ төрағасы, Әзірбайжан республикасы мәдениет министрі Полад Бұлбұлоғлы, Қазақстан республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірінің орынбасары Дүйсен Қасейінов, Қырғызстан республикасының білім және мәдениет министірі Камила Шаршекеева, Түркіменстан республикасының мәдениет министірі Оразгелді Айдоғдиев қатысты. Симпозиумда аталған елдердің өнерпаздары өнер көрсетті.

ТҮРКСОЙ 2001 жылдан бері 6 айда бір «ТҮРКСОЙ» атты 60 беттік, түрлі — түсті безендірілген журнал шығарады. Бұл түркі дүниесінің мәдениеті, білімі, ғылыми-зерттеулері туралы хабар беретін журнал. Құрылтайшысы Анкара қаласындағы түрік мәдениеті мен өнерін ортақ басқару Басқармасы. Журналдың 11 елде өкілдіктері бар: Әзірбайжан, Түркіменстан, Татарстан, Хакасия республикасының мәдениет министірліктері, Қазақстан республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Қырғызстан республикасы білім және мәдениет министрлігі, Солтүстік Кипр Түрік республикасы білім және мәдениет министрлігі, Тува республикасы мәдениет және кино министрлігі, Гагауз Ерікті аймағы мәдениет кеңесі.

ТҮРКСОЙ-дың тағы бір органы болып табылатын «Ана жұрттан – Ата жұртқа түркі әлемі» — білім, мәдениет және зерттеу журналы іспеттес.

«Ана жұрттан – Ата жұртқа түркі әлемі» атты безендірілген журналды ТҮРКСОЙ Түркия республикасы мәдениет министрлігімен бірлесіп 3 айда бір шығарып тұрады. Журналда жалпы түркі дүниесіне қатысты тарихи, мәдени, әдеби әртүрлі тақырыптағы материалдар жарияланып тұрады.

Қазақ алыптарының мерейтойлары және басқа да әлем таныған түркі дүниесі тарландары мерейтойлары ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуінде ТҮРКСОЙ-дың қосқан үлесі зор.

Тәуелсіздік алғанға дейін қазақ мәдениеті мен әдебиеті алыптарының мерейтойлары көбінесе Қазақстанда, әрі кеткенде Мәскеу, Ленинград шеңберінде өткізіліп келген болатын. ТҮРКСОЙ бұл шараларды бүкіл түркі дүниесінің шеңберіне шығарды. Қазір бұл түркі халықтарының саны мөлшермен 200 миллионға жуықтайды. Олар негізінен тәуелсіз 6 мемлекеттің, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы Башқұртстан, Татарстан, Тува, Хакасия, Саха, Чуваш республикаларында, Молдавадағы Гагауз жерінде, Өзбекстандағы Қарақалпақ республикасында, Қытай халық рнеспубликасының Шыңжан аймағында, т.б жерлерде тұрады. Саны да әркелкі 70 миллионға жуықтаған түріктер мен небәрі 700 адамды құрайтын Тофалардан тұратын түркі халықтарының түбі бір, тілі бір, мәдениеті ортақ. Тіпті, діні әркелкі болса да (Хакас, Алтай, Тува, Саха – шаманизм, Гагауз, Чуваш – православие, Қарайым-индуизм) тіл бірлігін сақтаған түркілерді адамзат тарихындағы феномен құбылыс деп атауға болады. ТҮРКСОЙ осы олқылықтың орныны толтыра бастады. Сондықтан Абай (1995ж), Жамбыл (1996ж), М. Әуезов (1997ж) мерейтойлары ТҮРКСОЙ арқылы бүкіл түркі жұртында тойланды, олардың шығармалары түрік тіліне аударылды.

ТҮРКСОЙ шығарған «Манас», «Абай», «М. Әуезовтың таңдамалы әңгімелері», «Едіге жыры», «Көктүрік тарихы», т.б кітаптармен өткізілген халықаралық ғылыми конференциялары түп-тамыры бір, үлкенді-кішілі түркі ұлты мен ұлыстарын рухани жақындастыруға, біріктіруге игі қызмет етеді. Кезінде сыртқы күштердің ықпалынан ажырап қалған түркі қандас халықтардың тұтасуына құтты қадам жасауға жұмылып, жұдырық болуына, сол арқылы әлемдік қауымдастықтан өзіне лайық орнын тауып, саясатта өз мүддесі тұрғысынан тиісті еншісі мен сыбағасын  иеленуіне мүмкіндік берері кәміл.

Түркі дүниесі мен мәдениетінің өнерін, әдебиетін әлемге танытуда жемісті жұмыс істеп отырған ұйымның  атқарған істері өте көп.

ТҮРКСОЙ – «Тілде, пікірде істе, бірлік» идеясын жалғасытра отырып, түркі елдерінің мәдениет, әдебиет, өнерін кеңірек насихаттайтын, түркі халықтарының қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту ісінің дамуына ықпалы зор, шарапатты ұйым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Тарау. Қазақстан – Түркия арасындағы әдеби байланыстар

 

Көркемдік дамудың, әдеби үрдістің маңызды бір заңдылығы — әдеби байланыстар — әдебиет әлеміндегі тоғысулар, қарым-қатынастар, рухани байлықтар алмасулары. Қоғамның прогресс жолымен дамуы қажеттілігінен туған мәдени, әдеби байланыстардың өзіндік мол тарихы, бай мазмұны бар. Прогресс жолына ұмтылған әрбір әдебиет томаға-тұйықтық пен провинциализмнен бойын аулақ, дәстүрлі байланыстар орнауын, дамуын, нығаюын қажетсінген, талай ақыл-ой ізденістері осы бағдарға бағытталған.

Қай халықтың болсын өнер жағынан дамуында әдеби байланыстар сол ұлт әдебиетінің өркен жая өсуіне, оның әлеуметтік ықпалының күшеюіне септігін тигізіп, сөз өнерінде көрінген халықтың рухани қалпын, арман-мүддесін, өмір тарихын басқа халықтардың даму тарихымен ұштастыруға, сөйтіп олардың өзара білісуіне, түсінісуіне, бірін-бірі құрметтеп, достасуына дәнекер болады.

Қай әдебиет болса да өзара байланыссыз, қарым-қатынассыз толық кемеліне келе алмайды.

Қазақ халқының өнер жағынан даму тарихында оның өзге халықтармен әдеби байланысы, қарым-қатынасы қалыптасып нығая берді. Бұл дәстүрлі фольклордан басталып, профессионалдық әдебиетімізбен бірге жасасып, әрбір тарихи кезеңнің мақсат-мұратына, тыныс-талабына, қажет-мұқтажына сәйкес мән-мазмұн, сыр-сипат ала берді. Қазақ әдебиетінде тіпті, көршілес елдер әдебиетімен өзара байланыс, әсер-ықпал былай тұрсын, алыс елдердің әдебиеттерімен де қарым-қатынас қалыптасып, әдебиетіміздің интернационалистік мақсат-мұраттарына келіп жалғасты. Қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен өзара байланыс жасау үрдісінің кезеңдері, ерекшеліктері пайда болды. Мұндай байланыстар әдебиеттердің өсу, дамуына белгілі дәрежеде әсерін тигізбей қоймайды.

Тәуелсіздіктен қазіргі күнге дейін бауырлас Қазақстан мен Түркия арасындағы әдеби байланыстар да басқа салалардағы байланыстар сияқты жақсы дамып келе жатыр. Діні, тілі, тарихы тіпті әдебиеті де ортақ Түркиямен болған әдеби байланыстар күн сайын арта түсуде. Әдеби саладағы байланыстар да тәуелсіздіктен кейін жаңа бір сатыға көтеріліп, қарқынды қадаммен дами түсуде.

1991 жылы 25-сәуір мен 1-мамыр аралығында Түркия Қазақстанның өнер және мәдениет күндері болып өткен болатын. Қазақстан делегациясы түрік халқан қазақ әдебиетінің туындыларымен таныстыру мақсатында кітап көрмесін ұйымдастырды. Әдебиеттің биік мәртебелі қоғамдық міндетінің бір халықтар арасында достық пен өзара түсінісу, жанды және жемісті қарым-қатынас рухын күшейтуга қызмет ету. Әдеби байланыстардың осындай биік мақсат-мұраттарының, ізгі қызметтерінің бір көрінісі, екі жақты әдеби қарым-қатынасты жандандырудағы жасалған тағы бір қадам 1992 жылы қаңтар айында Қазақстан республикасы арасында іскерлік және мәдени ынтымақты нығайту, хабар алмасуды кеңейту, екі елдің өмірін жан-жақты жазып көрсету мақсатында «Заман-Қазақстан» бірлескен қазақ-түрік газетін шығару туралы Қазақстан республикасының министрлер кибинетінің қаулысы шықты /1, б 5/. Бұл газет осы қаңтар айынан бастап еркін еларалық газет болып  шыға бастады.

Қазақ халқының қалаулы ақындарының бірі Т. Молдағалиев 1992ж мамыр айында бүкіл түркі дүниесі ақындары шақырылған бәйгеге қатысып, Физули атындағы қос сыйлықтың бірін иеленді.

1995ж 20-27 сәуір аралығында Түркияда қазақтың ұлы ақыны ағартушы-ойшылы, данышпан Абайдың туғанына 150 жыл толу мерекесі салтанатты түрде атап өтілді.

Абай апталығы Түркияның Стамбул, Анкара, Измир, Маниса сияқты ірі саяси, мәдени және сауда экономикалық орталықтарында кеңінен аталып өтті.

Бұл мерекеге Қазақстаннан премьер-министрдің орынбасары, А. Есимов бастаған бір топ өнер қайраткерлері қатысты. Осы сапарда А. Есимов Түркияның премьер-министірінің орынбасары Х. Четинмен кездесіп, екі ел арасындағы мәдени байланыстардағы жетістіктер туралы, болашақта одан әрі дамыту мақсаттары туралы пікір алысты.

Абайдың «Таңдамалы шығармалары» түрік тіліне аударылып, кітап ретінде 1995ж екі тілде Анкара қаласында 200 мың данамен шықты. Абай туралы ғылыми мақалалар жинағы түрік тіліне аударылды. Мереке жоспары бойынша түрлі университеттерде ғылыми-практикалық семинар және конференциялар өткізілді. Оған көрнекті деген түрік ақындары мен жазушылары қатысып, ұлы ақынға арналған тамаша туындылар мен өлеңдер оқылды. Қазақстан жөнінде түрлі-түсті фотоальбомдар әзірленді, көптеген журналдардың жекелеген нөмірлері Абай шығармашылығына арналды. Түркияның ұлттық телеарнасында хабарлар мен сұхбаттар жүргізілді. Абай бейнеленген сыйлықтар мен плакаттар шығарады, көрмелер ұйымдастырылады. Стамбул, Измир, Салихли қалаларында көшелерге ұлы ақынның есімі берілді және Анкара қаласындағы  бір мектеп Абай есімін иеленді. Білім министрлігінің келісімі бойынша Түркия мектептерінде 1 күн Абай шығармашылығына арналды. Ұлы ақынның мерекесі Қазақстанның өнер шеберлерінің үлкен концерттерімен аяқталды.

1996ж 15 қазанда Түркияның Анкара қаласында Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған жиналыс болып өтті. Оған Түркиялық және Қазақстандық ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қазан айының 19 жұлдызында Анкара қаласындағы түрік тілі институтының мәжілісханасында Ж. Жабаевтың тойына арналған халықаралық конференция болды. Конференцияны мемлекет министірі Намық Кемал Зейбек ашты. Конференцияға ТҮРКСОЙ бас директорының орынбасары Зия Иылмазер, Түркия ғалымдары, доцент, докторлар Мұстафа Өнер, Метин Ергүн, Ферхат Тамир, доктор Емел Аша және Қазақстаннан ғылымдарының докторы, профессор Ш. Ыбраев, Түркиядағы елшілік қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж, Түймебаев, докторант М. Жақыповтар қатысты. Мерзімді басылымдар мен журналдарда оның шығармашылығы туралы мақалалар жарияланды.

Осы жылы Жамбылдың таңдамалы шығармалары түрік тіліне аударылып, «Жамбыл» атты суреттермен әсем безендірілген кітап 350 данамен қазақ-түрік екі тілде жарық көрді.

1997ж қазақтың біртуар перзенті, ұлы жазушы М. Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде кеңінен аталып өтілді. Бүкіл мұсылман халықтарының мақтанышына айналған М. Әуезовтың мерейтойына Қазақстандағы Түркия кәсіпкерлері де өзіндік үлес қосты /64/. Түркияның «Херкуль», «Еси», «Иассауи», «Менва» сияқты фирма басшылары М. Әуезовтың өзі және шығармашылығы жайлы мақалаларға бәйге ұйымдастырды. Осы бәйге жеңімпаздарына барлығы 13 мың АҚШ доллары көлемінде сыйлық әзірледі. Екі томдық М. Әуезовьың шығармасы «Абай жолы» роман-эпопеясы Біліг» баспасынан түрік тілінде шығарылды және М. Әуезов мақалалары жарық көрді. «ТҮРКСОЙ» баспасынан М. Әуезовтың «Таңдамалы әңгімелері» түрікше-қазақша қос тілде 348 бет болып шықты, кітап Қазақстан республикасының премьер-министірінің орынбасары И. Тасмағамбетовтың «Түркі әлемінің даңғайыр қаламгері» атты мақаласымен және ТҮРКСОЙ төрағасы Полад Бұлбұлоғлының алғы сөзімен ашылған.

Екі ел өкілдерінің бір-бірінде өткізілетін мәдени шараларға қатысуының да өзіндік құндылығы зор. 1998ж 5-6 қараша күндері Түркия республикасының Анталья қаласында түрік дүниесі жазушыларының IV құоылтайы болып өтті. Құрылтайға Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Қ. Тұрсынқұлов пен жазушы, республикалық «Санат» баспасының директоры С. Әбдірайымұлы қатысты. Түрік дүниесі жазушыларының басын қосқан бұл құрылтай екі жылда бір өтеді. Бұл – түрік тілдес елдерінің тек мәдени, әлеуметтік және экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге әдеби әлемге бірлесіп шешетін мәселелер көп екендігін көрсетеді.

1999ж бір топ Қазақстандық ғалымдар, әдебиетшілер және қоғам қайраткерлері Денизли қаласында өткен IV түрік тілдес мемелекеттердің достық, бауырластық және ынтымақтастық құрылтайына қатысып қайтты. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен және бұрынғы президент С. Демирелдің қамқорлығымен «Қорқыт ата мұрасын танып білу» ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Қорқыт бабамыздың өлмес-өшпес мұрасы дәл қазіргі дәуірде өзгеше мән – маңызға ие болатын жөні бар. Өйткені тағдардың талай-талай бұралаң-бұлтарыстарында дүниенің о шеті мен бұл шетінде тарыдай шашырап кеткен түрік тілдес халықтарды тоғыстыратын да табыстаратын да ең бір ғаламат тұлға – Қорқыт. Қоқыт ата хикаялары VII-XII ғ. Сыр  бойын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып ауыздан ауызға көшіп, түрік тектес халықтардың бәріне түгел жайылған. Қорқыт тарихта болған адам. Ерте заманның білімпаз-ғұламаларының жазуына қарағанда Қорқыт Сыр бойындағы Жанкент қаласында, Баят елінде дүниеге келген… Ол – оғыз елінің ұлы басшысы, асқан күйшісі. Бірақ оның өз өмірі жайында жазылған деректер тым тапшы. Болып өткен конференция Қорқыт ата тақырыбы әлемдік түркологияның басты тақырыптарының бірі болып қала беретінін атап көрсетті. Коференция шеңберінде призидент С. Демирел түрік тілдес елдердің бірқатар ғылым және әдебиет қайраткерлеріне, Ататүрік атындағы халықаралық мәдениет орталығының құрметті мүшесі куәлігін табыс етті. Қазақстанда мұндай сыйлыққа қазақ ақана М. Шақанов ие болды.

1998ж белгілі ғалым, ұстаз Р. Бердібаевтың «Балқаннан Байкалға дейін» атты туындысы Түркияда жарық көрді. Кейбір туындылары халықтың мәдени өміріне үнсіз еніп, бастапқыда зиялы қауымда елең еткізсе, бірте-бірте бүкіл қоғамның, көпшіліктін ортақ мүддесіне айналды. Мұндай туындыдағы көзқарас, пікір, уақыт озған сайын қоғамдақ санада көрініс береді.

Р. Бердібаевтің «Балқаннан  Байкалға дейін» атты кітабы Қазақстаннан басталып, бүкіл түркі дүниесіне үндейтін, көңілдерде терең із қалдыратын дүние, ұшы-қиыры жоқ түркі географиясын өрлеу мен құлдырауды талай мәрте басынана өткерген түркі тарихын, бүгінгі түркі дүниесін кеңінен қамтып, болашақ ұрпаққа ғибрат беретін құнды еңбек. Автор шығармасында бауырлас түркі халықтарының тамыры тереңде жатқан туыстық қатынастарын, тіл, тарих, мәдени орталықтарын суреттейді.

Түркі зиялыларының өткені  мен бүгіні қалайша байланыстырып, болашаққа ұсынуы керектігі еңбекте айқын баяндалған. Р. Бердібаевтың әрбір мәселені ғылыми тұрғыдан талдаумен қатар, сезім пернелерін де дөп баса білген. А. Иассауи университетінің көмек қоры осы кітаптың Түркияда кеңінен таралуына қатысты жұмыстар жүргізуде.

Ұстаздар қауымы мен студенттер ықыласына бөленген шығарманы профессор Шериф Акташ күллі түркі халқы зиялылары мен саясаткерлеріне үлгі, оны насихатнама әрі саясатнама деп атаған. Әдебиеттанушы ғалым Ш. Акташ Рахманқұл ағамызды «Заманымыздың деде Қорқыты» деп бағалайды.

Қазақ және түркі халықтары әдеби мұрасын зерттеуге мол үлес қосып жүрген оқымысты еңбегін бағалап, ел басымыз Н. Ә. Назарбаев ғалым ағамызды «Парасат» орденімен матапаттады /65/.

2000 жылы 26-28 мамырда Түркияда  «Түрік әлемі халық әдебиетінің халықаралық құрылтайы» ұйымдастырылды. Оған Қазақстанның көрнекті түркологтары Ф. Әли мен Ш. Ыбраев қатысып қайтты.

2002 жылы мамырдың 11-де Алматы қаласындағы Астана алаңында балалар мен жас өспірімдерге арналған «Мөлдір бұлақ» журналының тұсау кесер рәсімі өтті.

«Мөлдір бұлақ» түрік ағайындарға қарасты K-Cell, TURKUAZ, COCA-COLA сияқты жалпақ жұртқа белгілі компаниялардың демеушілігімен айына бір рет жарық көретін танымдық басылым. Аз уақыттың ішінде алғашқы аяқ алысымен балалардың, ата-аналардың ыстық ықыласына бөленіп үлгерген бұл басылымның келешектегі мүмкіндіктері зор екендіктерін «Zaman-Қазақстан» халықаралық газетінің және осы басылымның бас редакторы М. Тоқашбаев мырза құттықтау сөзінде атап көрсетті. Осынау аталмыш басылымның тұсау кесер рәсімінде 4000 журнал балаларға тегін таратылды.

2000ж Зейнеш Ысмайылдың «Қазақ түріктері» атты 500 беттік кітабы жарық көрді. Энциклопедиялық ерекшелікке ие бұл кітап негізінен 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім қазақтардың тарихы, екінші бөлім түркі дүниесі, қазақтардың шежіресі, ұрандары және таңбалары, үшінші бөлім қазақтардың ғұрып-әдептері, ал төртінші бөлім болса қазақтардың мәдениеті. Тарихи ұлы тұлғалардың, ұлттық жазушылардың, қазақ өмірі, салт-дәстүрі суреттермен безендіріліп, қазақ халық әдебиеті үзінділері түрік-қазақ тіледрінде берілген.

Бұл кітап қазақ халқын Қазақстанды Түркия және бүкіл түрік дүниесіне таныстыруда, олардың бірлігін нығайтуда үлкен рөл атқарады /66/.

Фейзуллах Будактың «Қазақстанның өткені, бүгіні мен ертеңі» атты кітабы 2000ж Анкарада шықты. Бұл кітаптың алғы сөзінде Н.К. Зейбек мырза: «Қазақстанға географилық маңызы мен көлемі жағынан түрік дүниесінің ең үлкен мемлекеті ретінде баға беремін» дейді. Бұл кітап Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағымен байланысты әлеуметтік, экономикалық зерттеу еңбегі болуымен қатар, бақытты, абыройлы өмір сүрлеуінің жаңғырығы сияқты. Өйткені бұл кітап жазушы немесе әдебиетшінің қолынан емес, өмірінің көп жылын күреске толы идея жолына арнаған адамның асқақ арманынан туындаған еді.

2000 жылдың аяғында «Құс жолы» баспасынан «Алаш анадолы ұлдары» атты жаңа кітап жарық көрді. Осы атаудағы үш сөздің әрбірі тарих жүгін көтеріп тұрғандай. Алаш аты – күллі қазақ – түркілерінің мемлекеттік сипатын паш ететін тарихи айбынды атауы. Анадолыға келсек, өзіміздің түрік бауырларымыздың жүздеген жылдар алдында ата-жұртынан ауып барып, екінші тапқан тарихи отанының төл есімі.

Кітапты шығарушылар Түркиялық бауырларымыз Әли Тоқұл мырза басқарған «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры. Осындай рухани дүниені Қазақстанның тәуелсіздік алуының 10 жылдық мерейтойына тарту етіп ұсынып отыр. Әли Тоқұл мырза бұл кітаптың алғы сөзінде: «Біз бұл еңбегімізде бір ағаштың бұтақтары болып есептелетін Түркия мен Қазастанның «улы жемістерін», мәңгі солмас гүлдерін ізгі оқырманға таныстырып, ортақ тарихымыз бен мәдениетімізге үлесімізді қосқымыз келеді», — дейді.

Кітаптың негізгі мазмұны расында осы сөздерге сыйып тұр. Кітап үлкен екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде байырғы түркі жұртының ортақ мақтаныштарына айналған мемлекет қайраткерлері мен рухани көсемдері болып есептелетін Алпарысланнан (1029-1063) бастап сәулетші Синанға (1490-1588) дейінгі, түрік халқының ұлы перзенттері Мұстафа Кемал Ататүрік (1881-1938), Тұрғыт Өзал (1927-1993) сынды ондаған дара тұлғалардың өнегелі өмірі мен халқы үшін жасаған өшпес ісін сөзбен бедерлеген. Екінші бөлімде күллі түркі халқының ортақ перзенті, қазақ топырағында туған ұлы ғұлама Әл-Фарабиден бастап, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхаммед Хайдар Дулати 1499-1551, Абылай хан (1711-1781), М. Әуезов (1897-1961), Қ. Сәтпаевқа (1899-1964) дейінгі алаш жұртының саяси-рухани көш басшыларының даңқты ғұмырнамалары баяндалады.

Кітаптың екі бөлімі бір бәйтеректің егіз бұтағына ұқсайды. Бірінші бөлімдегі түрік бауырларымыздың төл перзенттері жөніндегі толғаулар қазақ тілінде жазылған болса, екінші бөліміндегі алаш көсемдері жайлы жазылған жазбалар түрікше дайындалған.

Мақсат айқын – ұзақ  жылдар бір-біріне жат болып, алыстан келген туысқан халқымыз енді, ең алдымен бір-бірінің тарихын, дана тұлғаларын тануы керек. Үзілген тарихи – зерде осылай жалғанады /67/.

2003ж «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры «Құс жолы» баспасынан түрік тілінде «Қазақстан Орталық Азияның інжуі» атты 175 беттік альбом-кітапты 3000 дана етіп басып шығарды. Жылтыр қағазға басылап, түрлі түсті қанық бояулы суреттермен әсем түрде безендірілген қалың мұқабалы альбом-кітапты шығарудағы басты мақсат – туысқан түрік халқының Қазақстандай Ата жұрты жайлы жан-жақты мағлұмат алуына жәрдемдесу.

Кітап атының өзінен кең мағына аңғарылғандай. Сөйлеп тұрған суреттерге қарап-ақ асты-үсті қазынаға толы кең байтақ шежіресі сахаралы — қара орманды Қазақстан жайында көп нәрсеге жүйелі түрде қанығуға болады. Альбом-кітаптың бір бөлігі Қазақстан мен Түркияның туыстық қарым-қатынасына арналған. Аталған атраулар оқырмандарды марқұм Т. Өзал мен экс-президент С. Демирел негізін қалаған достық байланыстың одан әрі даму жайынан, «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының атқарып жатқан игі істерінен, сондай-ақ «Заман-Қазақстан» халықаралық газетімен балаларға арналған танымдық «Мөлдір бұлақ» журналынан хабардар етеді.

«Жас Түркістан» журналы, Махмұдтың түрікше сөздігі, түрік халқының тарихы, Ататүрік өмірбаяны туралы құнды еңбектер жарыққа шықты.

Еш уақытта ешбір елдің әдебиеті, өнері, томаға-тұйық қалыптасып, ұлттық шеңбердің ішінде ғана өсіп-жетілген емес. Ана топырағында жаратылған өнер басқа жұрттардың озық, асыл қазыналарынан нәр алып, байығанда ғана өркен жаймақ. Әдебиеттің интернационалдық сипаты көптеген халықтар өнері, тәжірибесін қорыта отырып, байлам, тұжырым жасайтын теориялық мәні бар, күрделі мәселе. Бұл орайда әдеби әсер, ықпал, аударма мәселелерін қарастырудың маңызы зор. Тәуелсідіктер ұзақ уақыт бір-бірінен ажырап қалған екі халықтың арасын жақындастыруда, өзара түсінісуді, бірлікті арттыруда аудармалардың рөлі зор болды. Қазақ халқы туралы оның фольклоры, мәдениеті, әдеп-ғұрпы туралы енді түрік халқы жақыннан таныса бастады. Көптеген шығармалар екі тілге кезек аударылды. Әдеби әсер, ықпал, аударма мәселелерін қарастырғанда, әдебиеттер туыстығының терең тамырлы байланыс мәселелерін зерттегенде тағдыры, тілі, рухы жақын бауырлас елдер мысалына жүгіну қызықты ғылыми байламдар жасауға мүмкіндік берері хақ. Түріктер өз асылым деп есептейтін: «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Бес бармақ бірдей болмайды», «Мың өлшеп бір кес», «Молланың айтқанын істе, істегенін істеме», «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде», «Асыққан шайтан ісі» сияқты мақалдар қазақ халқының да асыл қазынасы.

1995ж «Қазақ мақал-мәтелдері» атты кітап түрік тіліне аударылып, Анкарада басылып шықты. Бұл кітапта түрікше баламасымен 5000 мақал-мәтел қамтылған.

1999ж Анкара қаласында Қ.А. Иассауидің өмір жолы мен шығармашылығын көрсететін көрнекті саяси қайраткер Н. К. Зейбектің «Иассауи жолы» атты кітабы түрік тілінен қазақ тіліне аударылды. Түрік ойшылы, әрі философы Зия Гөкалыптың 1924ж жазылған «Түрікшілдік негіздері» атты еңбегін Қазақстан туркологы Ф.Ф. Әли аударып, ТИКА (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі түрік агенттігі) қолауымен жарыққа шығарды

 

 

Қорытынды

 

Бүгінгі таңда Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының және халықаралық қатынастар жүйесіне енуде алғашқы ауыр күндерінің артта қалғандығы осы бір тарихи кезеңнің куәгері, біздер көңілімізбен ұғып, ендігі жағдайда дамудың кезекті сатысының еліміз үшін қандай жетістік әкелгеніне ой жіберіп толғанамыз.

Тәуелсіздігін алған жылдар көлемінде еліміз алғашқылардың бірі болып әлемнің алдыңғы қатарлы мемелекеттерімен дипломатиялық байланыс орнатып, халықаралық ұйымдарға мүшелікке еніп, мелекеттің тәуелсіздігін, территорялық тұтастығын және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Сөйтіп еліміз орта Азия аймағындағы өзіндік орны бар, мақсатты саясаты бар, өзіндік үні бар мемелекетке айналды. Бұл ретте мемлекет басшылары әлемнің даму үрдісіне қарай сыртқы саясатта, дәйекті, сындарлы бағыт ұстап дер кезінде оқиғалар желісінің өрбуіне қарай дұрыс шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуі еліміздің әлемдік даму үрдісіне сіңісіп кетуіне жағдай жасады.

Осы жағдайда диплом жұмысында Қазақстанның түбі бір, дәстүрі бір Азия аймағында батыс мемелкеттерімен деңгейлес дамыған Түркия мемлекетімен өзара әдеби, мәдени қарым-қатынасының қалыптасып, даму деңгейіне сипат беріп, екі елдің арасынлдағы байланыстың қаншалықты тиімді пайдалы жағдайда өрістеп отырғандығына тұжырым жасауғы тырыстық.

Қазіргі таңда отаршылдық және тоталитарлық саясаттың кедергісінен үзіліп қалған байланыстың жаңғырып-жалғасуы негізсіз еместігі тарихи фактілер негізінде көрсетілді.

Түркия мен Қазақстанның ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастығы қадамдарына талдау жасалды.

Мәдени-әдеби саладағы байланыстар негізінен түркі өркениетін қайта жаңғыртып, дамытуға негізделіп отырғаны белгілі. Бұл ретте Түркия мемлекетінің еліміздің мәдениетін дамытуға қосып отырған үлесі қомақты. Білім беру саласындағы қазақ-түрік лицейлерінің, университтерінің бүгінгі күнде жоғарғы білімді, екі елдің арасын жақындастыруға атсалысатын азаматтардың білім алып шығуына кепілдік беріп отыр.

Түрік мәдениет орталығының ұйымдастырып отырған жұмысының көлемі көңілге қанағат ұялатады.

Қазақстанның сыртқы байланыстар жүйесінде Батыс елдеріне қарағанда туысқан Түркияның алатын орны, ерекшелігі бұдан былайғы байланыстардың болашағы көңілге тоқ.

Түркі мемлекеттері басын қосып, ынтымақтастығын жарастыруға тырысып отырған Түркия мемлекетінің бұл бағыттағы саясаты тәуелсіздігін алған Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттері тарапынан қолдау тауып, жан-жақты қарым-қатынас орнатылғандығы аймақтағы тыныштық пен бейбітшіліктің кепілі екені анық.

Жылдан – жылға  Қазақстан мен Түркия байланыстары бауырлас екі ел арасында жақсы жалғасып келеді. Діні, тілі, тарихы бір туысқан Түркиямен әдеби, мәдени және басқа саладағы байланыстарымыз күн сайын арта түсуде. 90-шы жылдар басынан бастау алған  қазақ-түрік мәдени байланыстары ортақ қарым-қатынасты жаңа сатыға көтерді. Қазақстан –Түкия қатынастары түбі бір түркі халықтарының тамаша үлгісі болып табылады.

Қалай айтқанда да қазіргі таңда екі елдің арасында дәйекті дипломатиялық қарым-қатынас орнап, халықаралық аренада түркі тектес елдер ынтымақтастығының нығайып келе жатқандығын бүкіл әлем мойындап отыр. Баспасөз беттері бұл кезеңді «Түркі ғасыры» деп бекерден бағалап жатқан жоқ. Бір кездері бүкіл Евразия жерін дүбірлеткен түркілер рухы, мәдениеті, дәстүрі қайта жаңғырып, әлемдік өркениетте түркі мәдениеті жасағандығын тағы бір дәлелдеп отыр.

Екі елдің мүдделері мен жақындасуының ортақ негіздері түбі бір халықтардың тарихының әріден басталатын бастауларынан туындайтынын анықтай отырып, аймақтық, халықаралық дәрежеде әлемнің бейбіт дамуына екі елдің де қосар үлесі мол екендігіне сеніміміз мол. Болашақта Қазақстан -Түркия қатынастары жақсы жалғасын тауып, бірлесіп атқарар жұмыстар алдыңғы атқарылған істердей нәтижелі болатынына үмітіміз зор.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Түркия қатынастары. Алматы, 2002
  2. ТҮРКСОЙ – түркі мәдениеті мен өнерін ортақ дамытиу жөніндегі ұйым. Алматы, 2002
  3. Қазқстан-Түркия: 5 лет дружбы и сотрудничества. Анкара, 1998
  4. Қазақстан республикасының дипломатиясы Қ. Тоқаев. Алматы, 2001
  5. Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Н. Назарбаев. Алматы, 1992
  6. Ғасырлар тоғысында Н. Назарбаев. Алматы, 1996
  7. Әдеби байланыстар. Шәмшәбәну Сатбаева. Алматы, 1974
  8. Телағыс. Р. Нұрғалиев. Алматы, 1986
  9. Заман тудырған әдебиет. М. Базарбаев. Алматы, 1997
  10. Абайдың таңдамалы шығармалары. Анкара, 1995
  11. М. Әуезов таңдамалы әңгімелері. Анкара, 1997
  12. Ататүрікрің мәдениет жайындағы сөздері. Анкара, 2000
  13. Түрікшілдіктің негіздері. З. Көкалып. Алматы, 2000
  14. Қазақ мақал-мәтелдері. Анкара, 1995
  15. Жамбыл. Анкара, 1996
  16. Иассауи өзендері. Алматы, 1998
  17. Иассауи жолы, Н.К. Зейбек. Анкара, 1999
  18. Түрік дүниесі.
  19. Bilig (журнал)
  20. Жас Түркістан
  21. Ақ желкен
  22. Ақиқат
  23. Zaman-Қазақстан
  24. Егемен Қазақстан
  25. Түркістан
  26. Жетісу
  27. Алматы ақшамы
  28. Құдышев О. «Панисламизм» және «Пантюркизм» // Ақиқат, 1995 №11
  29. Советы Казахстана. 1991. №9 февраль
  30. Евроазиатское досье. Специальный номер ТИКА. 1997, июнь

Меморандум о взаимопонимании/ Казахстан-Турция…

31.Евроазиатское досье. Специальный номер ТИКА. 1997, июнь

32.Социалистік Қазақстан. 1991, 9 мамыр

  1. Zaman-Қазақстан. 1992, 6-қараша

34.Казахстанская правда. 1992, 3-ноябрь

Zaman-Қазақстан. 1992, 20-қараша

35 .Zaman-Қазақстан. 1998, 17-тамыз

  1. Zaman-Қазақстан. 1998, 31-тамыз
  2. Zaman-Қазақстан. 1999, 26-ақпан
  3. Алматы ақшамы. 1997, 25-тамыз
  4. Zaman-Қазақстан. 1998, 27-қараша
  5. Zaman-Қазақстан. 2004, 28-мамыр
  6. Егемен Қазастан. 2000, 14-наурыз
  7. Zaman-Қазақстан. 1998, 13-наурыз
  8. Zaman-Қазақстан. 2004, 24-қыркүйек
  9. Zaman-Қазақстан. 2002, 14-маусым
  10. Zaman-Қазақстан. 2003, 26-желтоқсан
  11. Қазақ-түрік лицейлері. Анықтама
  12. Қазақ-түрік лицейлері. Анықтама
  13. Алматы ақшамы. 1997, 16-шілде
  14. Алматы ақшамы. 1997, 16-шілде
  15. Zaman-Қазақстан. 1993, 12-қыркүйек
  16. Панорама. 1995, 17-шілде
  17. Иассауи университетінің хабаршысы. 2002,№1
  18. Егемен Қазақстан. 2000, 20-қазан
  19. Zaman-Қазақстан. 1994, 9-тамыз
  20. Егемен Қазақстан. 2000, 20-қазан
  21. Zaman-Қазақстан. 1992, 20-қараша
  22. Zaman-Қазақстан. 1992, 6-қараша
  23. Столичная обозрение. 1997, 12-қыркүйек
  24. Егемен Қазақстан. 2000, 14-наурыз
  25. Zaman-Қазақстан. 2004, 12-қараша
  26. Zaman-Қазақстан. 2002, 1-ақпан

62.Zaman-Қазақстан. 1992, 6-қараша

  1. Zaman-Қазақстан. 1992, 6-қараша
  2. Zaman-Қазақстан. 1997, 25-тамыз
  3. Zaman-Қазақстан. 1998, 28-наурыз
  4. Zaman-Қазақстан. 2002, 6-желтоқсан
  5. Zaman-Қазақстан. 2003, 17-қаңтар
  6. Zaman-Қазақстан.1992, 20-қараша
  7. Күмісбаев Ө.К XIX ғасырдың соңымен XX ғасырдағы араб – парсы және қазақ әдебиеттерінің байланысы, Ғылым; Алматы – 1989.
  8. Күмісбаев Ө.К Терең темырлар, Ғылым, Алматы – 1994.
  9. Күмісбаев Ө.К Қазақ әдебиеті және шығыс, Қазақ универстеті, Алматы – 2002.

 72.Әбілдаев Ж. ХХ ғ. Қазақ-түрік әдеби байланыстары «Көркем аударма теориясы мен тарихының өзекті мәселелері» сын халықтар ғылыми-теориясы конф-я материялдары, А-2002.

  1. Әбілдаев Ж. Қазақ-түрік әдебиеттануындағы эстетикалық сабақтастық «шығыстанудың өзекті мәселелері: жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конф-я материалдары. Қаз. Унив. А-2002
  2. Әбілдаев Ж. Қазақ-түрік әдеби байланыстары «Алыптар тобының асылдары» атты халықаралық ғылыми-теор. конф. Материалдары. Қаз. Унив. А-2005.