АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ  ФАКУЛЬТЕТІ

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

        КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………….3

 

1  ХҮII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ                                                                                                                                                                  ХАНДЫҒЫНЫҢ ІШКІ САЯСИ АХУАЛЫ 

         1.1. Тәуке  ханның  билікке  келуі ………………………………………………………….8

         1.2. «Жеті жарғы»  қазақ мемлекетінің құқықтық ескерткіші……………….. 20

 

2  ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ КӨРШІ                      ЕЛДЕРМЕН    ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

          2.1 Ресеймен және Бұхара хандығымен өзара қарым-қатынастары.………35

          2.2 Қазақ- ойрат қатынастары ……………………………………………………………. 42

 

          ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………46

         ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….. …………………………..48

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның егеменді мемлекет болуы жағдайында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын қайта қарап, әділ бағасын беру ісі едәуір нәтежиелерге қол жеткізді. Мамандар жаңа әдістемелік көзқарастар ұсынып , жаңаша ойлау әдістерін жасауға ұмтылуда. Нәтежиеде өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі тарихи үрдісті жаңа тұжырымдама тұрғысынан айқындаған көптеген еңбектер жариялана бастады. Жұртшылықтың тарих ғылымына деген қызығуы арта түсті. Бұл посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің бәріне тән заңды құбылыс еді. Өйткені жаңадан тәуелсіздікке қол жеткізген халықтар үшін, әсіресе түркі тілдес елдердің ғалымдарына өткенге  байыппен қарап, өз елінің ертеңі үшін ұлтты тұтастандыратын, идеологиялық қыспақтан арылған ұлттық сана сезімді толық қанағаттандыратын шынайы тарих қажеттілігі артқан болатын. Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастауларын тарихшылар тарапынан терең зерттелуінің бірден-бір себебі қазақ қоғамы тарапынан жасалынған сұраныс болды. Сонымен қатар Қазақ хандығының тарихы және оның билеушілерінің отандық тарихта алатын орнына ерекше назар аудару ұлттық сана-сезімге жасайтын ықпалының басып көрсету болған еді. Қазақ хандығының орталықтанған мемлекеттік тұғырырын  сақтап қалуға іс-шаралар жасай білген, орыс зерттеушілері оны Спартаның ақылгөй ойшылы Ликурге теңеген билеуші Тәуекел – Мұхаммед — батыр хан немесе ел арасында Тәуке деген атпен белгілі  ханды  ерекше атап өтуге болады.

ХҮII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының билігі Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейінгелерден айырмашылығы-хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен  өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идеологиялық міндеттерді атқаруда ерекше рөлі болды. Алайда, олар Шыңғыс ұрпақтарына жатпайтын еді. Төңірегіне беделді топтастырған Тәуке «билер кеңесінің» қолдауына сүйене отырып, хан билігіне ашық түрде қарсы шығушы Шыңғыс ұрпақтарына қарсы күрес жүргізді. билер кеңесі халықтың айтуыншаТәуке ханға дейін, аңызға айналған Майқы би заманында-ақ белгілі болған. Билер мәжілісіерекше жағдайларда, аса маңызды мәселелерді шешуге ғана шақырылған. Билер кеңесініңқызметін ретке келтіруде Тәуке бірқатар шаралар қабылдады. Ол билер съезінің өтетін жері мен уақытын белгіледі. Ханның маңызды билік жүйесі болып табылатын билер кеңесі әрдайым Тәуке ханның белгілі бір ордасында: Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының маңындағы Мартөбе және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген.

Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырды. Осыдан бастап   билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге арналды.

Тәуке ханның билігінің бір  бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүз беделді билерінің қатысуымен  билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырды. ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің,  Кіші жүзде Әйтеке  бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруге, сондай-ақ хандықта ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.

Үш жүздің басын құрудағы саяси оқиғада билер кеңесі үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар Тәуке хан өзінің билігі мен саясатында «би-батырлар тірегін» кеңейтуге тырысты. Кеңеске барлық рулардың қатардағы билер мен әскербасылары және батырлары көптеп шақырыла бастады.

Билердің мүддесін көздей отырып, Тәуке өз билігін нығайтты. Мұның барлығы қазақ тайпалары мен көшпелілердің арасында жоғары билікті күшейтуге мүмкіндік берді. Сонымен, қазақ қоғамын ішкі саяси қайта құрулар хандық өкімет билігін орталықтандыруға тырысқан әрекет болды.

Қазақ хандығы атынан Тәуке көрші мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатуға әрекет жасады. Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарын жақындастыру мақсатында 1686-1693 жылдары аралығнда Сібірге бес елшілек жіберді. Сонымен қатар Орта Азиямен сауданы дамытуға мүдделі болды.Тәуке хан билігі тұсында қазақ-ойрат қатынастары шиеленісті. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Осыған қарамастан Тәуке хан Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ірі мемлекеттермен тең дәрежеде қарым-қатынас ұстанатын мемлекеттің саясатын жүргізді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіздік  алғалы бері біздің тақырыбымызға  байланысты  еңбектер мен ғылыми  зерттеулер жиі жарияланды. Тақырып бойынша арнайы зерттеулер болмасада, қатысы бар мағлұмат беретін еңбекте ХIХ ғасырдың өзінде жариялана бастаған. Олардың қатарына орыс чиновниктерінің және зерттеушілерінің еңбектерінің жатқызуға болады. Тәуке заманы оның тарихта «Тәуке ханның заңдары» деген атпен белгі құқықтық ескерткішпен тікелей байланысты. Қазақ халқының әдеттік- құқық баптарының жинақталуы Ресей империясы тарпынан ұйымдастырылған экспедиция мүшелері мен жеке чиновниктерінің еңбектерінің нәтижесі деп айтуға болады. Осыған орай  орыс тарихнамасын екі кезеңге немесе екі бағытта зерттеген жөн. Бірінші, қазақ жеріндегі отарлау саясатын жүзеге асыру бағытындағы жазылған еңбектер. Бұлар қазақ жерінің географиялық жағдайы мен шаруашылығына қатысты мағлұматтардан тұрды. Екіншіден, олар тұрмыс-салт дәстүрі тіршілігіне, фольклорлық байлығын жинастыруға, әдет-ғұрып заң нормалары жүйелеріне аса көңіл болды. “Жеті жарғы” қағидаларын және қазақ халқының әдет-ғұрып ерекшеліктерін А. И. Левшин /1/, Л.Ф. Балюзек, П.Е. Маковкцкий, Н.И. Гродековтың, Д.Я. Самоквасов, Л.А. Словохотов, Г. Спасский, Я.И. Гурлянд /2/ еңбектеріндегі келтірілген мағлұматтардың біз үшін ең құныдысы деп Г.И. Спасский, А.И. Левшин, Я.И. Гурлянд, Л.Ф.Баллюзек, П.Е.Маковецкий  еңбектерін атауға болады.

“Жеті жарғы” заң жобасының құрылымы жағынан әр түрлі екі нұсқасы белгілі. Алғашқысын 1804 жылы Г.Н. Спасский Жаппас руының ақсақалы Көбек Шүкірәлиевтен жазып алып, 1820 жылы “Сібір хабаршысына” /3/ мақала етіп жариялады. Г.И. Спасский он бір фрагменттен тұратын “Жеті жарғыны” келтіре отырып, қазақ тұрмыс-салты жөнінде 1816 жылы өзі қатынасқан экспедицияға сипаттама береді. Екінші нұсқасы  қазақ тарихының білгірі А.И. Левшиннің еңбегінде айтылған. Онда А.И. Левшин қазақтарды “тағы”, “жабайы”, “бастауы жоқ” дей отырып, патшалық Ресейдің жүргізіп отырған отарлық саясатының қажеттігін қолдайды. Ресейдің патшалық әкімшілік жүйесінің мұшесі екендігі, оның жаулап алып отырған халықтың тарихын шынайы тұрғыдан зерттеуді күту мүмкін еместігі түсінікті.  Дегенмен, оның нақтылы деректі мағлұматтарды пайдалануы, оның еңбегінің қазақ халқының тұрмыс-салт дәстүрін зертеуде құндылығы жағынан жоғары орында тұр.

А.И. Левшиннің еңбегі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі қазақ жерінің географиялық мәліметтері, екіншісі – қазақ халқының жалпы тарихы, үшінші бөлім этнографиялық мағлұматтар. Осында “Жеті жарғы” заңының отыз төрт фрагменттік нұсқасы берілген.

Осы жұмысымызды жазуда ХIХ және ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының шығармаларында Тәуке ханға қатысты көзқарастар берілген. Абай Құнанбаевтың /4/, Ғабдулғазиз Мұсағалиевтің /5/ «Қазақ жайынан» атты мақалсында Тәукенің билігі туралы айтып өтсе, Тәукенің шежіресі Ш.Құдайбердіұлының негізінде алынды/6/. М.Тынышпаев/7/, С.Асфендияров /8/ зерттеулерінде біз қарасытырып отырған тарихи кезеңге қатысты көптеген мағлұмат береді.

Диплом жұмысының тақырыбына қатысты зерттеулер Кеңес дәуірінде жаряланған еңбектерде көрініс тапты. Бұл еңбектерде басымдылық танытқан мәселе қазақ-орыс қатынастары немесе қазақ-ойрат қатынастары тұрғысынан зерттеу болды. Осы бағыттағы

Жұмысымыздың екінші тарауында қазақ-орыс қатынастарына қатысты В.Я.Басин /9/, И.Г. Апполова /10/, Ж.Қасымбаев /11/,  В.В.Галиев /12/ еңбектері жан-жақты қолданды.

Қазақ- ойрат қатынастары жөніндегі зеттеулер жұмысымызда қолданылды. Жоңғар хандығы туралы зерттеулер арасында И.Я. Златкинннің «История Джунгарского ханство» /13/ еңбегін ерекше атап өтеуге болады. Оның 150-ге жуық зерттеулері осы тақырыпқа арналған. Жоңғар хандығының құрылуын зерттей келе, автор қазақ-ойрат қатынастары дамуының дәйекті бейнесін көрсетеді. Монғол, қытай, орыс деректерін қолдану аясында жұмыстың құндылығы арта түседі.

Сонымен қатар В.А.Моисеевтің «Джунгарское ханство и казахи ХҮII-ХҮIIIвв» зерттеуін жатқызуға болады/14/. Бұл зерттеулер қатары Кеңестік тарихнамада Қазақстанның Ресей бодандығының алу себетерін ашу мақсатын көздеді. Жоңғарлардың шапқыншылығынан қазақ халқын құтқаруды көздеген Ресей  оларды өзінің иелігіне алды деген тұжырымдар жасалынды.

Берілген мәселелердің кейбір жақтары Ә.Хасенұлы/15/, С.Жолдасбайұлы/16/, К.А.Пищулина/17/,  К.Мамырұлының /18/ М.Қ.Абусейтова/19/ еңбектерінде талдау жасалынған.

Осы тақырыпқа байланысты тікелей зерттеу еңбегі болып табылатын Ресей тарихшылары Г.Кляшторный мен Т.И.Султановтың ой-пікірлері жаңа көзқараста жазылған/20/. Ол еңбекте тақырыбымыздың негізгі мәселелері  жан-жақты зерттеліп ашылған.

Тәуке хан заңдары тарихшылар тарыпынан және заңгер ғалымдар назарында ерекше зерттеуге ілінген болатын. «Жеті жарғының» баптары С.З.Зимановтың бастауымен  заңгерлер жан-жақты зерттеді /21/. Қазақ халқының әдеттегі-құқық жүйелеріндегі қылмыстық баптарын Т.М.Күлтелеев зерттеген болатын /22/. Қазақ халқының заңдық негізінің тарихи бастауларын ерекше зерттеу назарына алған заңгер   З.Ж.Кенжалиев еңбегі біздің жұмысымызда қолданылды. «Жеті жарғының» жаңа баптарын толықтырып, оған шариаттың әсерін ашып беруге бағытталған зерттеу Н.Өсерұлы тарапынан жасалынды /24/. Тәуке хан заңдарына С.Өзбекұлы/25/ және Н.С. Ахметова /26/ сияқты заңгерлер зор көңіл бөлді.

       Соңғы зерттеулер арасынан ерекше атап өтетін еңбек Қинаятұлы Зардыханның «Қазақ мемлекеті және Жошы хан»/27/. Мұнда «жеті жарғының» тарихи бастаулары сипатталып өткен.

Диплом жұмысымызда Тәуке ханның ішкі саясатын қатсыты, оның билер институтуның күшейтуге қатысты жүргізген шараларын зерттегеп жүрген авторлар қатарынан Ж.М.Артықбаев/28/, А.Оразбаеваның/29/ еңбегі және Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты зерттеген Э.Т.Телеуованың /30/ кандидаттық диссертациясы қолданылды.

Жұмыстың мақсаты — ХҮII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының билігіне  Тәуке хан келді. Жұмысымызда Тәуке ханды  Қазақ хандығының ірі билеушісі көреген саясаткер, ақылды дипломат хан болғандығыны талдау жасаймыз. Тәуке ханның өзіне дейінгелерден айырмашылығы-хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен  өзінің үстемдігін нығайтқандығына баса назар аудардық. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идеологиялық міндеттерді атқаруда ерекше рөлі болды. Тәукенің «Жеті жарғыны» қабылдауындағы негізгі мақсаттарын ашуға көңіл бөлінді. Сонымен қатар Тәукенің көрші мемлекеттермен терезесі тең ел ретінде дипломатиялық байланыс орнатқандығына баға беріледі.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • Қазақ хандығының ірі билеушісі Тәукенің билікке келуі және оның ішкі саясатына қатысты мәселелерді айқындау;
  • Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілгендігіндегі Тәуке ханның рөлін көрсету;
  • «Жеті Жарғының» қабылдануы, оның тарихи бастауларына және мазмұнына талдау жасау;
  • Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси бағыттарын белгілеу.

Жұмыстың хронологиялық шегі. ХҮII ғасырдың екінші жартысы және ХҮIII ғасырдың алғашқы он жылдығын қамтиды.

Диплом жұмысының деректік негізін құжаттар жинағы құрайды. ХҮII ғасырдағы Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы елшілердің естеліктері, хаттары, олардың берген мағлұматтар қазақ-орыс /31/ құжаттарында және орыс-монғол /32/ құжаттарында жинақталған. Сонымен қатар қазақтың әдеттік-құқықтық нормалардың жинағы /33/ жұмысымыздың барысында қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                        

                                                                                                                                  

                  

 

 

1. ХVII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі

  саяси      ахуалы

 

          1.1. Тәуке ханның билікке келуі

 

       XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының мемлекеттілігінің дамуында оның аймақтық байланыстары, қоғамдық қарым-қатынасындағы әлеуметтік өзгерістері, хан билігінің күшеюі, қазақ жерін сыртқы жаулап алу факторы тұрғысында тарихтың қатаң сынағынан өтуі тиіс болды.

       Осы тарауда қозғалып отырған мәселе бойынша Қазақ хандығының ішкі саяси ықпалын, билік-басқару құрылымы, әдетті-құқық жүйелерінің даму ырғақтарының бағыттарына жан-жақты талдау жасалынады.

       XVII ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақ хандығының географиялық-саяси территориясына және мемлекеттілігінің саяси ахуалына арналған зерттеулердегі пікірлер ортақ емес. Мұның басты себебі XVII-XVIII  ғасырларда қазақ тарихында сыртқы фактордың алатын үлесі жоғары. Жоңғарлардың саяси күшеюі кезінде олар қазақ жеріне жасаған шабуыл әрекеттері өз ықпалын тигізді. Сондықтан қазақ жерінің территориялық шекараларының біз қарастырып отырған кезеңде сыртқы тұрақсыздық жағдайында болды.       Қазақ хандығының мемлекет болып танылғаннан бері ауқымды аймақты иеленген қазақ халқы дербес ел ретінде шекарасын сақтап қалу үшін үнемі күрес үстінде болды.        XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ жерінің шекарасы солтүстігінде — Тобылдан Ертіске дейінгі аралықты, оңтүстігі Сырдың орта ағысын және Ташкент қаласын қамтып өтіп, ал шығысында Жоңғар Алатауындағы Еміл өзенінен батысында — Сырға дейін созылып жатты. Көрші орналасқан мемлекеттер, соның ішінде Ресей мен Қытай мемлекеті Қазақ хандығының шын мәніндегі аймақтық көлемін білуге асық-болды.

       Қазақ халқының ежелден байырғы мекені болып келген ұлан-байтақ жерінің географиялық бедері әр түрлі екендігі сөзсіз. Әрі көрші жатқан ірі Шығыс және Батыс елдерінің экономикалық дамуы жағынан ерекше, мәдени, этникалык, идеологиялық құрылымы өзгеше өркениеттілік жүйенің «дала-қала» қатынастары Қазақ хандығының географиялық территориясын қамтыды. Қазақ хандығы Евразия шеңберіндегі болып жатқан трансмәдениеттілік үрдісіне қарамастан өзіндік мәдени-тұрмысын   және   ғасырлар   бойы   қалыптасқан   этникалық территориясын жоғалтпады. Осыған қарамастан Қазақ хандығының географиялық орналасуы оның орталықтанған мемлекет ретінде ішкі және сыртқы саяси жағдайын өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақ хандығының Тәуекел-Мұхаммед хан тұсындағы тарихи-саяси ахуалын көтермес бұрын, алдымен XVII ғасырдың басындағы қазақ жерінде болған тарихи оқиғаларға шолу жасау арқылы мәселеге тереңірек тоқталғанымыз жөн. XVII ғасырда Қазақ хандығының саяси жағдайы кейінгі орта ғасырға тән барлық жерлерде Орталық Азияда, Шығыс Түркістанда тұрақсыздық жайлаған болатын. Соның салдарынан Қазақ хандығының ішіндегі саяси билік үшін тартыс күшейе өріс алған. Орта Азияда Шәйбан әулеті құлап (1598), оның орнына келген Аштрахан әулетімен Сырдарияның оңтүстігінде орналасқан қалалар үшін Қазақ хандығы үнемі күрес жүргізіп отырды. Ал XVII ғасыр басында Қазақ хандығы мен Аштрахан билеушілерінің басты тартыс орталығы — Ташкент қаласы болды.

         1598 жылы I Тәуекел хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығының ішінде әр түрлі саяси топтар жоғары билік үшін өзара күрес жүргізді. Жоғарғы хан билігі Есім ханға өтті. Бірақ Есім ханның басқа Қазақ хандықтарына тегіс билік жүргізу сайсаты іске аспады. Өйткені қазақ сұлтандары оның жеке билігін жақтамады. Сонымен XVII ғасырдың басында Қазақ хандығының мұрагері болған Шығай ханның ұлы — Есім таққа отыра салысымен, Бұхар елімен бітім жасасты. Бірақ, оның Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының қол астында қалдыру мақсаты жаңа әрекеттерді қажет етті. Ол Есім хан, Хақназар мен Тәуекелдің саясатын жүргізе отырып, Сырдария қалалары мен Ташкентті өзіне баянды етуге тырысты. Бірақ өзінің көздеген мақсатын жүзеге асыра алмады. Оған сол кездегі Тұрсын, Абылай сияқты көптеген дербес өз билігін көздеген қазақ сұлтандары кедергі жасады. XVII ғасырдың басындағы Аштрахан әулетімен Қазақ хандығының арасындағы ірі тартыстар шығыс жазбагерлерінің шығармаларында көрсетілген. Есім хан тұрақты хандық билікке жету үшін үнемі қазақ сұлтандарымен және Оңтүстігінде Бұхар хандығымен, ал шығысында ойрат билеушілер соғыстар жүргізіп отырды.

       XVII ғасырдың басында Қазақ хандығы ірі-ірі тарихи оқиғаларды бастарынан өткере отырып, орталықтанған мемлекет болудың жолын іздеді. Махмуд ибн Валидің «Бахр-ал-асрар» /34/ еңбегіндегі мәліметі бойынша, Есім хан 1628 жылы қартайып қайтыс болған.  Есім хан ел есінде өзінің істерімен белгілі болды.   Халық   аузында   «Есім   ханның   ескі   жолы» заң ережелерінің туындаушысы ретінде айтылады. Есім хан ұлттық тарихымызда батыл шешімдер қабылдай білетін билеуші ретінде танылған. Ол қазақ билеушілерінің арасындағы өзінің қарапайымдылығына қарамастан, мемлекеттің ең бір беделді, ержүрек ханы болып саналады.

       Есім хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығыньщ билеушілері
арасында саяси тартыс қайтадан өрши түсті. Мұны пайдаланған
Бұхар ханы Ташкентті басып алды. Бірақ, көп ұзамай
Ташкенттегі билік Қазақ хандығына көшті. Қазақ хандығындағы
бірнеше жылға созылған саяси тартыстан соң, хан тағына Есім
ханның баласы — Жәңгір отырады. Орыс деректерінде «Джаһангир», «Янгирь» деп айтылады. Жәңгірдің «Бахр-ал-асрар» бойынша әкесінен кейін таққа отырғандығын хабарлайды /34, 325 б./. Жәңгір хан көрші мемлекеттермен жалпы алғанда бейбітшілікті сақтады. Жәңгір моғол ханы Әбді-Рахым ханмен өте тығыз байланыста болып, үнемі одан қолдау көріп отырды. Бұл кезеңдегі Қазақ хандығы мен Бұхар арасындағы елеулі қақтығыстар бола қойған жоқ. Бірақ осы тұста қазақ жеріне ойраттар шабуылдары жиілей түскен болатын, ірі
қақтығыстарының бірі 1643 жылы ойраттардың қазақ жеріне
басып         кіруі. Жәңгірдің         әскери  білгірлігі, тапқырлығы және өзбек билеушісі алшын Жалаңтөстің көмегімен қазақ әскерлері жеңіске жеткен болатын /35/. Жәңгір халықтың ауыз тарихында батыр әрі соғыстағы жеңістер үшін «Салқам» (Айбатты) деген атаққа ие болған.

       XVII ғасырдағы Зая-Пандиты еңбегінде 1652 жылы болған қазақ-ойрат соғысында Жәңгірхан 17 жасар Қалданның қолынан қаза тапты деп көрсетеді /36/. Көптеген зерттеулерде Жәңгір хан соңғы билік құрған межесін 1680 жылға дейін жеткізеді. Зая-Пандитының биографиялық еңбегіндегі мәліметке сүйенген зерттеушілеріміз 1652 жылды көрсетеді.

       Қазақтың дербес хандығының бұғанасын бекітіп, әрі оны нығайтып, ілгері үлкен мемлекет ету жолындағы Жәңгір ханның қайраткерлігі мен күш-жігерін ойраттармен жүргізген соғыстағы әскери қолбасшы ретіндегі тапқырлығын біздің тарихшыларымыз қазіргі кезде тереңдете зерттеп, жан-жақты талдап көрсете бастады.

       Халық зердесінде өшпес із қалдырған ірі тұлғалар қатарына XVII ғасырдың екінші жартысындағы XVIIІ ғасырдың басындағы Қазақ ханы болған Әз Тәукені жатқызғанымыз жөн.

          Тәуекел-Мұхаммед — батыр хан өзінің даналығы, ұлылығы арқасында  ел арасында «Әз-Тәуке» деген атаққа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген Н.Тевкелевтің 1748 жылғы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», — деп көрсетеді /37/. Халық зердесінде Тәуке заманының Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман»,  «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин зор көрегендікпен Теукені көне Спартаның ақылгей заңгері Ликургпен теңеген еді /1, 275 б./.

       Тәуке ханның даналығына бас игендердің бірі — Ұлы Абай болды. Абай өзінің «Ғақлияларының» үшінші сөзінде былай дейді: «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғының «Қасым ханның қасқа жолын», Әз Тәуке ханның «Күлтөбенің басында күнде кеңес болғанда», «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендіктен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі ‘»У, яки тіпті жоқ /4, 5 б./. Тәуекел — Мұхаммед батыр ханның шежіресін, Қазақ хандығының алғашқы ірге тасын қалаған осы Жәнібектің тікелей ұрпағы екендігін атай отырып, таратуға болады.

       Абай,  Шәкәрімдер — тіпті бүкіл Абай айналасы хандар шежіресін едәуір толығырақ білген. Шәкәрімнің мына сөзі зер саларлық: «Бұл Әз Тәуке — Салқам Жәңгірдің қалмақтың қызы қатынынан   туған   баласы   еді»   /6, 15 б/.   Бұл   жазғандарға қарағанда, Тәукенің шешесі қалмақ қызы болған.

       Жәңгір ханның қалмақ ханшасына үйленуіне байланысты ауыз әдебиетіндегі аңыздар негізінде бірнеше бағыттағы талдаулар жасауға болады. Оның бірі ертеден шығыста қалыптасқан дәстүр бойынша бейбіт қарым-қатынастың кепілі ретінде сол елге қыз ұзатуы мүмкін.

       Еңсегей бойлы ер Есім өзінің жаужүрек жеткіншегі — Жәңгірге   Ырғыз   өзенінен   бойлай   көшіп   жүрген   қалмақ тайшасының қызына құда түсіп, Жәңгірге қалмақ аруын қосса керек.

       Тәукенің әкесі Жәңгірдің қалмақ қызына үйленуінің екінші бір себебін былай тұспалдауға болады.  1635 жылы Сібір татарларының мағлұматтарында қара қалмақ тайшысы мен қазақтар арасындағы соғыста Есімнің ұлы тұтқынға түскедігі туралы айтылып, оның қандай жағдайда құтылғаны белгісіз. Міне, осы тұтқында жүріп қалмақ қызына қосылуы мүмкін. Мұндай оқиға батырлық дастандарымыздың мазмұнында да көптеп кездеседі.

       Н.Г.Андреевтің, А.И.Левшиннің, В.В.Вельяминов-Зернов, Ш.Уәлиханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейхановта берілген мағлұматтарға сүйеніп жалғастыратын болсақ Жәнібектің сегіз баласының бірі — Жәдік сұлтан (бұл Қасым хан екеуі бір туған) Шығай хан, одан Тәуекел хан, Есім хандар тарайды, осы Есімханнан Жәнібек, Жәңгір, Сырдақ деген үш баласы, Жәңгірден есімі белгілі Абақ, Тәуке. Кейбір зерттеушілер Жәңгірдің Уәли, Бақи, Тәуке атты үш баласы болғандығын керсетеді. Шәкәрімнің шежіресінде «оның Үргеніштегі Қайып ханның қызынан Уәли-Бақы деген баласы бар еді. Әз Тәуке хан болғанда хандыққа өкпелеп Қайып ханға кетіп еді» — деп баяндалады.

       Уәли Бақы (ұрпағы Абылай) кейбір жерлерде Али-Бақи, (Вали-Баки) деп жазылады. Мұны қысқартып айтқанда Абақ болады немесе Абақ оның жанама аты болуы мүмкін.

       Тәуке хан тұсындағы тарихи оқиғалар жазба деректерде әлсіз қамтылған. Мұсылман авторларының шығармаларында оның билік құрған кезеңінен үзінді мәліметтер беріледі. Қытай деректерінде XVII ғасырдың соңындағы Қазақ хандығы туралы қазақ-ойрат қарым-қатынастарына байланысты аз көлемде болса да хабарлар сақталған. Орыс архивтік қоймаларында Тәуке атына байланысты документтер кездеседі. Бірақ, оның құндылығына қарамастан сол кезеңдегі Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайының тарихын толық баяндауға жеткіліксіз.

       Жазба деректердің әлсіздігі Тәуке хан билігін жан-жақты ашуда әрине қиындық туғызады десек те, оның тұсындағы тарихи оқиғаларға толы халықтың ауызша тарихи мұраларының алатын орны ерекше. Қазақ хандығында билік құрған Шыңғыс ұрпақтарының ішіндегі осы Тәуке туралы мәліметтер дәстүрлі ауыз әдебиетінің барлық салаларында қамтылған. Халық арасындағы осындай маңызды деректер XVIII-XIX ғасырларда қазақ жеріне келген орыс зерттеушілері еңбектерінде пайдаланылды.

       Тарихи зерттеулерде Тәукенің хандықтағы билікке келу жылының талас тудыратын мәселе екені белгілі.

       Осыған орай екі бағытта тарихи салыстырмалы тұрғыда оның билікке келген хронологиялық уақытын талдап көрелік.

       Жәңгір ханнан соң, көптеген арнайы зерттеулерде оның баласы Қазақ ханы болды деген пікір бар. Жәңгір хан 1652 жылы болған қазақ-қалмақ шайқасында қаза тапқаны Зая-Пандиты еңбегінен белгілі. Ал Тәукенің хандық құрған кезеңін XVII ғасырдың соңы (1678-80) басталатындығын зерттеушілердің басым көпшілігі құптайды. Орыс мағлұматтарында (архив) мынандай мәліметті кездестіруге болады: 1734 жылы ұйымдастырылған Орынбор экспедициясы Уфа қаласында Нұр-Мұхаммед сарттан Қазақ хандығының шежіресі жазып алынды.     Онда былай делінген: «Қайсақ ордасының ханы Джаһангер хан, одан кейін билік құрған Батыр хан, Батырдан кейін Тявки хан болды» /30, 26 б./.  Батырдың хандық құрған кезіндегі оқиғалар туралы   орыс    жазбаларында,    халық    ауызша    тарихында ежірелерінде ешқандай мағлұматтар сақталмаған.         Қазақ   даласындағы   Шыңғыс   династиясының   шежірелік мағлұматтардан     тұратын     А.И.Левшиннің,     Ш.Уәлиханов, М. Тынышпаевтың еңбектерінде XVII ғ. екінші жартысында Батыр есіміне қатысты ешқандай мәлімет табылмады. Қайыптың (1718) баласы Батыр хан (1771 ж. шамасында) кейіңгі Кіші жүздің Әлім ұлы тармағына билігі тараған Қайып (1786-1796) ханның әкесі белгілі/38/.

       Көтеріліп отырған мәселеге келетін болсақ Жәңгір  Есім хан шамамен 1628 жылы қайтыс болған соң бірден хан жарияланбады. Мұны 1635 жылы болған қазақ-ойрат қақтығысында оны «Жәңгір ханзада тұтқынға түсті» десе/32, 278 б/, 1640 жылы Батыр қоңтайшыға барған орыс естеліктерінде «Жәңгір ханзаданың төрт елшісі болды» деп жазылған/32, 291 б/.

       1643 жылғы қазақ-жоңғар соғысы туралы ауызша тарихының мәліметтер бойынша жоңғар Алатауының «Жоңғар қақпасы» деген жерде болған шайқаста Жәңгір әскери өнерін, өзінің қатысуы арқылы жеңіске жеткен шайқастан кейін қазақтардың алдында беделі өсті. Осы оқиғадан кейінгі деректерде оны Қазақ ханы деп жаза бастайды (1644-1652). Осы жерде айта кететін жәйт Есімнен соң, Жәңгірдің хан жариялануының арасындағы жыл алшақтығының бар екендігін көрсеткіміз келді.

       Бұл мәселені қозғап отыру себебіміз Қазақ хандығындағы билікке келу жолының ерекшелігі, сұлтандар арасындағы саяси тартыста жеңіске жетуде тарихи оқиғалардың шешуші орын алатындығын көрсету.

       Тәукенің хан жариялануының екінші бағытындағы талдау, оның 1653-1654 жылдары хандықтағы билікке ие болғандығын тарихи оқиғаларды салыстырмалы-сараптау арқылы нақты тұжырым жасау.

       Тәуке ханның 1678-80 жылдарға дейінгі жазба деректерде есімінің ұшырыспауы немесе осы жылдар аралығында Қазақ хандығы жағдайы туралы өзге халықтардың деректерінде кездеспеуінің себептері: 1. Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы тұрақтылық; 2. көрші орналасқан мемлекеттердің өз ішіндегі саяси өзгерістердің әсері болды.       

       Қазақ хандығының тарихына қатысты жазба деректердің ауқымды үлесі орыс жазбаларына тиеді. 1650-1680 жылдардағы Орыс мемлекеті үшін ең басты мәселе ішкі саяси жағдай болды. XVII ғасырдың II жартысында Ресей мемлекетінің саяси тұрақтылығы бірыңғай болмады. Мемлекет басында жаңа әлеуеттің орнығуы жаңа саяси және идеологиялық доктриналардың пайда болу оның сыртқы саясатына ықпалын тигізбей қойған жоқ. XVII ғасырдың I жартысында Қазақ хандығы Сібір жерлерінің Ресей бодандығына енуінен кейін саяси қарым-қатынасын үзді. Ендігі жерде Сібір жерін түгелмен өздеріне бағындыру үшін жасалынған шараларды іске асырумен, яғни осы жердегі халықтарды христиан дініне енгізу арқылы, отарлау саясатын жүзеге асырды. XVII ғасырдағы алғашқы қарым-қатынастар 1687 жылдары қайта жанданған болатын.  

       Жоңғар факторының  бәсеңдеуі  1653  жылы Жоңғар хандығының алғашқы негізін қалаушы Батыр қонтайшы қайтыс болады. Билікке оның орнына Батыр — Сенге қонтайшы (1653-1670 жж.) келген тұста ішкі саяси тартыс, әулеттік қырқыстар үдей түседі. Бұл жылдары қазақ-ойрат қақтығыстары мүлдем болмайды. Сондықтан болар қытай деректерінде XVII  ғасырдың  50-80 жылдарын қазақ ойрат қарым-қатынасына қатысты деректерді кездестіре   алмаймыз.   1670   жылдары   билікке   Қалдан Бошакту қонтайшының ойрат қоғамындағы мемлекеттік құқықтың заңдар нормаларының жүйесін іске асыра отырып 1681-1694 жылдары қазақ жеріне жаулау әрекеттерін  бастап,  Сайрам қаласын алады/13, 213 б/. Осы жерде қазақ-ойрат қақтығыстары 1680 жылдары қайта басталып бұл оқиғалар жазба деректерде қазақтың дәстүрлі ауызша тарихнамасында көрініс тапқан.

       Тәуке ханның Қазақ хандығындағы билік құрған алғашқы жылдары оның барлық іс-әрекеті ішкі саяси тартыстан әлсіреген хандықтың  ішкі  жағынан  нығайтуға  арналғандығын   «Жеті жарғының» қабылдауымен негіздеуге болады. Тәуке қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтарды шешуде, әлеуметтік және құқықтық нормаларды заң жүзінде баянды ете отырып, әрбір қауым мүшесі хандықтың қоғамдық құрылымына енуіне мүмкіндік жасады. «Жеті Жарғының» қабылдауының басты себебі: әдеттегі құқықтық нормаларды реттеу қажеттілігінің туындауы, екінші орында саяси-әскери жағдай болғандығы оның баптарынан анықтауға болады.

       Тәуке хан 1653-54 жылдары хандықтағы билік жүйесіндегі өзгерістер «дала аристократиясын» қолдай отырып, 1670 жылдары «Жеті жарғының»қабылдануына алғашқы қадамдар жасай бастады.

Жазба деректердің орнын толықтыратын, Қазақ хандығының тарихына құнды мағлұматгарды қосатын, қазақ халқының дәстүрлі ауызша тарихы: Тәуке заманын Қазақ хандығының ең бір өркендеген және тыныштық орнаған кезі екендігін «Қой үстінде боз торғай жүмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп айтылады.

       Тәуке 1653-54 жылдардан бастап хан болды десек, ол Қазақ хандарының ішінде жарты жыл билік құрған хан болар еді. 1653-1680 жылдар аралығында қазақ жеріне сыртқы шабуылдардың толастаған түсы ретінде қарастыру керектігін, хандықпен шектесіп жатқан мемлекеттердің тарихындағы жағдайлар көрсетеді.

        Жәңгір хан 1635 жылы қалмақ түтқынынан қүтылып шыққаннан кейін, Тәуке дүниеге келді деп қарастырсақ 1653 жңлдар 17 жасқа келер еді. Тәукенің билікке келуі, саяси тартыстың барысында іске асқандығын Жәңгірдің үлкен ұлы: Уәлидің Қазақ хандығынан Үргеніштің ханы Қайыпқа кетіп қалуы дәлел бола алады/6, 75 б/.

       Алғашқыда оның билігі қазақ даласына тегіс орнықпауы мүмкін. Қазақ хандығы сияқты территориялық жағынан аумақты, дәстүрлі қоғамдық қатынастардың орныққан мемлекеттік құрылымды басқару өте күрделі. Сондықтан болар Тәуке хандық биліктен үміті бар сұлтандарға қарсы хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын «дала аристократиясының» өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдетті-құқық, әскери және саяси мәселелерді шешу Тәуке хан тұсында осылардың үлесіне тиді.

       Көтеріп отырған мәселе бойынша қорытынды жасайтын болсақ Тәуке ханның билік құрған хронологиялық межесін 1652-53 – 1716  жылдар деп көрсеткен дұрыс шығар.

       Тәуке сұлтан хандықтың ішкі ісіне жас күнінен араласа бастады. Тәуке сұлтан 14-15 жасында (шамамен 1649-1650 ж.ж.) Шығыс Түркістанға барғаны туралы Фазыл Чоростың еңбегінде берілген үзіндіні келтіре кетейік: «Сол кезде Жәңгір ханнан Жүніс қожа атты елші келді, ол Шейх-Хаван Тахур әулетінен тараған. Мына жақтан Софы Қожаны, Сеиид Мұхаммед Қожаның баласын жібереді. Ал Жәңгір хан Софы қожамен бірге өзінің баласы Тәуке сұлтанды жібереді»/39/.  Жәңгірдің әкесі Есім хан өз заманында Шығыс Түркістанның біраз жеріне билік еткен Әбді Рахым ханның қызын алған. Сондықтан Жәңгір хан балаларын өзінің нағашы жұртына жиі жіберіп түрған.

       Тәуке хан билікке келісімен Қазақ хандығында ішкі тартысты тоқтатып, бірлікті күшейтуге барын салғаны мәлім. Ал сыртқы саясатта Қазақ хандығы Сыр бойындағы қалаларды өз құрамында сақтап қалу үшін күреседі. Сондай-ақ оңтүстік-шығысынан жоңғарлар тарапынан шабуылдар жасалып тұрды. Теуке ханның хандық билігінің кезеңі қазақ жеріндегі ең бір қиын да аласапыран кезді қамтыды.

       Тәуке хан билігі ішкі саясаты жайында ірі ойшыл заңгер Ғабдулғазиз Мусагалиев өзінің 1913 жылғы «Айқап» журналында жарық көрген көлемді мақаласында былайша көрсетеді: «XVII ғасырдың аяғы — XVIII ғасырдың басы қырғыз-қазақтардың күні туып тұрған шағы еді. Сол уақытта Қазақ хандарынан Тәуке хан өзінің әділ һәм ақылдылығы арқасында қазақтың ордасынан, яғни үш жүз, орта жүз, кіші жүз қазақтарын біріктіріп, өзіне қаратқан қазақтардың өз ордасындағы соттық жанжалдарды бітірген: күшсіз табындырар күштілерге қарсы тұру үшін біріктіріп, күштілерді жуасытқан жарлыны байға, күштіні күшсізге біртегіс етіп заң-закон түзеген… Тәуке ханнан кейін қазақтардың басына түрлі ауыртпалықтар келе бастаған» /5,288б/.

       Қазақ хандығында Тәуке хан тұсындағы ішкі саяси билікте «Жеті Жарғы» бойынша Шыңғыс ұрпағына қауым мүшелерінен артықшылықтары зандастырылған болатын. Ал іс жүзіндегі хандық ішіндегі билік «дала аристократиясымен» бөліске түскен  болатын. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі басқару жүйесіндегі биліктің бөлінісінің тиімді және тиімсіз жағы болды. Біріншісі, қазақ халқының ішіндегі «дала аристократиясы» дегеніміз әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі емес, өздерінің жеке бастарының артықшылықтарына сүйенген би, батырлар болды. Олар қазақ қоғамын басқару жүйесінде саяси-әлеуметтік топ ретінде қалыптасып, қазақ қоғамын демократиялық сатыға көтерді.

       Тәуке хан тұсында билер үстемдігі күшейгендігі соншалықты жүздерді басқаруда Ұлы жүзде – Төле биге (Дулат, Жаныс руынан), қарақалпақтарда — Сасық биге, қырғыздарда — Қоқым биге арқа сүйеді /7, 171 б/. Билердің қоғамдық функциясы, саяси-қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын орындады. Олар жүз, тайпа, ру билеушілері болды. Екіншіден, хан билігін нығайту, оны тұрақтандыру үшін, өзге сұлтандар арасындағы тартысты жою үшін қажет болды.

       Қазақ қоғамы үшін саяси биліктегі бөліністің тиімсіздігі мемлекетті ішкі жағынан ыдыратты. Екіншіден сыртқы фактордың салдарынан ру арасындағы тартыстар үдей түсті. Әлеуметтік топтар орыс үкіметінің тарапынан шенеуліктер алып қызметке тұрып өздерінің бастапқы саяси функцияларын жоғалтты.

       Зерттеулерде Қазақ хандығы Тәукенің кезінде орталыққа бағынған мемлекет ретінде көрсету талас тудыратын мәселе. Тәуке хан тұсындағы орталықтандырылған, бір жерден басқару жүйесі бар мемлекет ретінде 1943 Қазақ ССР тарихында атап өтіп, оның Киев Русінен да орталықтандыру дәрежесі жоғары деп бағалаған. 1945 жылы «Большевик» атты журналында Морозов деген ВКП(б) ОК-нің қызметкері жазған сын-мақаласьшда бұларға ұлтшыл айыбы тағылды. Соның арқасында 1949 жылы шыққан тарихи зерттеулерде біздің тарихшыларымыз бұл пікірінен бас тартуға мәжбүр Қазақ хандығындағы биліктің жоғары дәрежеде болғандығын көрсеткен С. Ю. Юшковты С.Л. Фукс қатты сынға алған болатын/40/. Ол, Қазақ хандығының Киев Русіне әлдеқайда төмен тұрғандығын саяси-экономикалық шеңберінде дәлелдеп берді. Осыдан кейінгі зерттеулердегі көзқарас Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымының болғандығын мойындағысы келмей, керісінше оны Ресейдің боданына айналғанға дейінгі саяси өмірін «жабайы» түрінде көрсету тиімді болды. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін қазақ тарихын дала өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, мемлекеттік құрылымдарын зерттеуге арналған еңбектер жарық көруде.

       Тәуке кезеңінде Қазақ хандығындағы мемлекеттің бірлігі, оның жүргізген ішкі саясаты бойынша ірі екі билеуші әлеуметтік топтың да мүддесін қорғай отырып, тендікте ұстау арқылы жүзеге асты. Осы әлеуметтік иерархияның жоғарғы билеушісі хан болды. Хан қазақ қоғамындағы басқару мен заң шығару құқығынан бастап, отбасылық, әскери және әкімшілік тұтқаны қолына ұстаған жеке-дара билеушісі еді. Жүздері — кіші хандар, ұлыстары — сұлтандар, арыстарды — билер, руларды — ру ақсақалдары, ал аталарды жасы келген, көпті көрген өз ақсақалы басқарды. Бұл билеу тәртібі ертеден келе жатқан рәсім болды. Хандық мұрагерлік жолмен хан өлсе, баласы таққа отырды. Баласы болмаса, аға-інісі не олардың ұрпақтары билеп төстеді. Бірақ хан таққа отырған кезде ежелден келе жатқан дәстүр — «хан көтеру» деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті еді. Ондай сайлауға бүкіл халық қатынасып ханды ақ киізге отырғызып, үш рет жоғары көтеріп, үлкен ақсақалдар бата беріп, оған барлық ұлыс-тайпа тағзым етеді. Жоғарыда айтып өткендей көшпелі қазақ қоғамының ханы өз халқының қамқоршысы болуы қажет және оған барлық қауым мүшелері бас иіп таңдауға тиіс болды. Көшпелі хандықтағы ханның атқаратын қызметі мен міндеттерін былай көрсетуге болады: Ол бүкіл қазақ тайпаларының билеушісі ретінде хандықтағы  

жерді   иеленуге   құқылы   болғандықтан, мемлекеттік территориясын сыртқы жаудан қорғау үшін әскери қолбасшы болу міндеті тұрды.

       Екіншіден, соғыс немесе бейбітшілік жариялауды хан шешеді.  

       Үшіншіден, ханға көрші мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуға, сыртқы саясаттағы байланыстарды шешу құқы берілуі.

       Төртіншіден, «Жеті Жарғыда» көрсетілгендей қылмыстыны жазалауда соңғы шешімі хан құқығында болды.

       Бесіншіден, хан қоғам мүшелеріне арналған заң шығару
қызметі жүктелді және де осы заңның орындалуын қадағалау хан
мүддесіне берілді.

       Алтыншыдан, хан салық түрлерін бекіту, салық жинауды
басқарып отырды. Хан ордасы тұрақты жері Қазақ хандығының тарихында үнемі өзгеріске ұшырап отырады. XVII ғасыр соңы — XVIII ғасыр басында Қазақ хандығының тұрақты орталығы Түркістан қаласы болатын. Тәуке ханға келген орыс елшілері Ф.Скибин мен М.Трошин бұл жерде қазақтардың ең жақсылары жиылып кеңес құратын деп көрсетеді /41/. Құқықтық мәнге ие хан жарлықтары көшпелі қазақ қоғамындағы ерекше құбылыстардың бірі. Хан жарлықтары алым-салық төлеу, астана таңдау, әскер ісі, көшіп-қону мәселелерін реттеу салаларында біршама орын алды.

       «Хан келісімге кепіл мемлекеттік санақ түрін, оның жинақ тәртібін орнатты». Сондай-ақ, жиналысының шақырылуы орынын, мезгілдік тәртібін реттеу де хан жарлықтары жүзінде іске асты, хан жарлықтары билер институтының басты қызмет атқарған құқықтық нысандардың бірі. Әсіресе, олардың тұлғалық  және  сандық  құрамын  анықтау  мақсат-бағдарын белгілеп қызмет бағыттарын салалау құрылымдық жүйесін айқындау барысында хан жарлықтары, негізгі рөл ойнады. Билердің істі қарастырғандығы үшін алатын салықты немесе ақыны Тәуке хан тұсында бекітілгендігі айтылады.

       Н.И.Гродековтың көрсетуі бойынша хан істі шешу барысындағы қызметі үшін «ханлық» алды. Яғни алынған салықтың 1/10 бөлігіне ие болды. Ханлық П.Е.Маковецкий бір түйе ал, «билердің» алатын «билік» салығы бір жылқыдан не шапаннан тұратындығын көрсетеді.

       Сонымен қатар, біз қарастырып отырған кезең де, хандық кезеңнің барынша нығаюына, үш жүздің басын біріктіріп билік құрған Тәуке ханның алатын орны ерекше. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ қоғамының ішкі ыдырауы билік үшін толассыз тартыс күшеюімен сыртқы жаулар тарапынан сұрапыл жаугершілік  соғыстың  басталуымен  сипатталады.   Осылайша, Тәуке хан  заманынан  кейін  бүкіл  қазақ даласында Қазақ хандығы ыдырап, жеке дара хандықтар пайда болды.

         Қазақ шежіресінде ”Салқам Жәңгірден кейін Әз Тәуке хан болды. Мұның өзі ақылды, табанды кісі болды. ”Байсалды айғырдың үйірін ат жақтайды” дегендей халықты жақсы басқарды. ”Күлтебеде күнде кеңес” осы Әз Тәке тұсында айтылған сөз” – деп Әз Тәуке билігіне жақсы бағасы беріледі. Қалмақ дәуірлеп тұрған уақытта жаңа саясат жүргізу керек еді. Оның нақты амалы Әз Тәуке ойынша әр жүздің орда жүзін сайлау, оларға ішкі саясаттың тізгінін беру. Евразия көшпенділерінің үштік жүйесінің тамыры өте ерте замандарға бастайды, үштік қашанда нығыз, мығым, орнықты жүйе. Ал үш жүзді ұлыс есебінде әкімшілік жүйеге келтіру және оның ішкі мәселелерін орда билеріне тапсыру ру басшыларының жауаптылығын күшейткені хақ. Осы кезеңнің тарихын сипаттай келе Н.И.Гродеков ”все три орды ежегодно собирались для совещания (маслагат) на холме Мартубе (в горах около Сайрама)” – деп жазады. Бұл жиындарда қазақ елінің басты мәселелері қай жерде қыстау, қай жерді жайлау, елдің тынышьығын қалай ұстау, қалай соғысу т.б. бүкіл ел болып ақылдасатын мәселелер талқыға түсті/24,81 б./.

         Әз Тәуке заманында билік құрылымы бірнеше сатыға жүйеленгенге ұқсайды. Көшпелілердің әуел бастан бар демократиялық тәртіптері де қайта жанданып, жалпы халықтық маслихат, жиындар жыл сайын өткізіліп тырылатын болды. Бұл жиындарға тек қарулы азатматтар ғана қатысуға құқықты еді. Оның тәртібі ”Жеті жарғыда” нақты бекітілді. Оның ең биік сатысы орда билерінен, Түркістан мен Ташкент маңындағы отырықшы халықтың өкілдерінен, қазаққа одақтас қырғыз, қарақалпақ сияқты халықтың басшыларынан құралған ”Жеті жарғы”. Зерттеушілердің көпшілігі ”Жеті жарғы” құрамындағы қазақтың үш биін ерекше айтады. Н.И.Гродековтың жазбасы бойынша ”В числе их было три знатнвх бия, по каждому из каждой орды: из Великой – Туле, из Средней – Каз дауысты Казыбек, т.е. Казыбек с голосом гуся (звучным), из Малой – Айтеке” /24,81 б.).

         М.Тынышпаев жоғарыда келтірілген деректерді толықтыра түседі. Оның пікірі бойынша Тәуке ханның басты еңбегі қазақ елінің қоғамдық өмірін бір тәртіпке келтіргендігі: «Тауке… более замечателен своею административною и законодательеою деятельностью. Слабые угнетенные роды Тауке соединил в союзы, чтобы последние могли противостоять против сильных родов. Для фактического управления подовластными родами назначили 6 биев: 1) в Старшей Орде – Толе Алибекова (дулат, отделение жаныс); 2) в Средней Орде – Казбека (Каз дауысты Казбек-аргын, каракесек); 3) в Младшей – Айтике (алим, торт-кара, внук знаменитого Джалантос-батыра Самаркандского); 4) у кыргызов-Кокым – бия Карашорина; 5) у каракалпаков – Саск-бия; 6) у катаган, джайма и других мелких родов – имя бия неизвестно. Далее отдельные роды, отделения, полколения управлялись своими биями. Ежегодно, осенью бии на 1-2 месяца собирались у ставки Тауке, «Ханабад на холму «Культобе на левом берегу реки Ангрен в 40 верстах на юг от Ташкента. В памяти народной собрания эти сохранились в выражении: «Куль-тобенің басында күнде кеңес» т.е. «на Культобе собрания происходят ежедневно. Эти собрания носили характер и законодательный и судебный. Законодательные изречения, названные «Джеты-Джарга были основаны на принципах правосознания, вытекающего из условий общежития кочевых родов… Большая часть дел решались биями единолично, но в важнейших случаях, не желая брать на себя ответственность за правильность решения, бии предстовляли свои предложения на одобрания собрания на Куль-Тобе»/7,222 б./.

         М.Тынышпаевтың келтірген мәліметтер мен пайымдаулары әлі де толықтыра түсуді, зерттеуді қажет етеді. “Жеті жарғыға” кірген жарғыш билердің аты-жөні, ата-тегі, олардың ішіндегі жол тәртібі, жалпы “Жеті Жарғы” жұмысын ұйымдастыру ісі, жоғары кеңеске ханның қатысы, оның әсері т.б. мәселелер аса қызықты да, керекті деп есептейміз.

         XVII ғасырдың 80-ші жылдары “Жеті жарғыны” қауырт шаруа, қалың жаугершіліктің арасынан көреміз. Алдымен Қазақ хандығы қалмақтың үстемелеген соққысының астында қалды. Галдан Башоггу әскері 1681 жылы Сайрамды алғаш рет қоршады. Бір жыл айналмай жатып ақ 1683, доңыз жылы, Бошоггу Сайрамды қайта шауып, қазақтың екі сұлтанын тұтқынға алып, үлкен олжамен қайтты. Сол жылы күзде Орта Азияны (Әндіжан) тағы да шауып көп елді тоздырып жіберді. “Зая-пандита өмірбаянында” бұл оқиғалардың жалғасы былай сіреттелген: “В году мыши (1684) он (Галдан Бошоггу) разграбил (улус) Чукура, а также ходил походом на Андижиян. Когда он возвращался то в (местности) Кокурин Шили разразилась буря. …Летом (Цеван) Рабдан (Галданның немере інісі – Ж.А.) выступив (в поход) разрушил Сайрам. Осенью года коровы (1685) (Бошоггу) хан, отправивишись в поход против Андижияна, возвратился, захватив в плен многих беков”/30,32 б/.

         Бұл жаугершілік 1684 жылғы Бертіс хан, Тайкелтір би, Қазыбек би елшілігімен тиянақталған уақытта Ташкент маңындағы қытай-қыпшақтармен соғыс басталды. Әз Тәуке ханды осы кезде қалың әскердің басында қытай-қыпшақтармен, жалпы өзбекпен жаугершілік ішінен көреміз. Осыған байланысты 1678 жылдары Бұқар ханы Субханқули ханмен келіссөз жүргізіліп, Бұқар ханының сенімді адамы Хошеке – аталық Түркістанға келді. Бұл оқиғалардың бәрі де мемлекет билігін күшейту қажеттілігін аса өзекті тақырыпқа айналдырды. Бейбіт уақытта өз бетімен кететін көшпелі елдің басшыларының “Күл төбеде күнде кеңес жасап”, Әз Тәуке ханның “Жеті жарғысында” билік айтып, ханның дәрегейіне бағынып тұруын осылай түсіндіреміз.

         Осы кезеңдегі ірі маслихаттардың бірі 1710 жылы Қарақұм (Арал Қарақұм) кеңесі. Қарақұм Ұлытаудан батысқа қарай орналасқан қысқы қонысқа өте жайлы жер. Ол кезде Қарақұмның солтүстік бұйраттары Ақсақал Барбы көлінде ұштасады, Су аяғы құрдым да осы жерде. Ырғыз, Торғай, Өлкейк, т.б. даланың саны жетпейтін ұсқа өзендері құятын осы аса үлкен көл XVIII ғасырдың басында дариядай шалқып жататын еді.

         Қазақ аңыздарында үш жүздің игі жақсылары қатысқан бұл ұлы кеңесте таңдамалы тоқсан би сөз сөйледі делінеді. Олардың сөзінің арқауы мемлекеттің тағдыры, болашаққа тон пішу, заңдарын реттеу, әскерін дайындау, сыртқы елдермен бәтуаға келу, не жаугершілікті діттеу, жазғы жайылымы мен қысқы қонысын ақылға салу, елдің ымырасын бекітк. Евразияның көшпелілері тарих сахнасындағы үстем орнын отырықшыларға берген уақыт еді. Батыстан қаһарын төккен Ресей, Шығыстан амалдап, айлалап жылжыған Қытай, олардың артында мұз темірге құрсанған, қару-жарағын оқтаған басқа да елдер. Бұрыңғы заманғы қылқұйрық деп ұрандап Европаның төсіне атпен шауып баратын, Қытайды төменшіктеп, тізе бүктіріп қоятын қайрат көшпелілер де қалмаған. Сахарада көшпелілерден қалған екі ел қазақ пен қалмақтың қасқырдай алсықан заманы туды. Не өлім, не өмір, басқа сұрақ жоқ еді.

         Қарақұм кеңесі елшілік жолын ұсынды. Батыста Ресей, Шығыста Қытай, оңтүстікте Бұқар хандығы барлығына да елші жіберіп бейбіт бәтуаға келу керек. Біз осы кезден бері қарай қазақ елшіліктері туралы мәліметтерді әр елдің мұрағаттарынан кездестіретініміз де осыдан.

         Екінші мәселе қазақтың өз ішіндегі ымырасын, тәртібін бекіту, ол үшін алдымен ұсақ руларды үлкен рулардың жем қылуына жол бермеу. Қазақ халқының жаңа генеологиялық құрылымы осы кеңесте шешілді деп айтуға болады. Туыстық жүйе одан әрі беки түсті.

         Үшінші мәселесе қазақтың орда тіккен қаласы Түркістан, өзінің саяси, рухани қызметін одан ары жалғастыратын қасиетті орын. Қазақ шежіресі бұдан ары қазақтың өз жолымен қатар шариғат ережелерін қатар қолданатын келісімге келді. Түркістан бір жағы Орта Азиялық ісләм орталығы, екінші жағынан қазақтың ата-бабасы жерленген қасиетті қорым-пантеон, үшіншіден қазақтың хандары қоныс, тұрақ қылатын саяси ордасы.

         Қарақұм кеңесінің төртінші нәтижесі “Жеті Жарғы” қызметін мақұлдады. Хан кеңесіне одақтас елдер, көрші қырғыз, қарақалпақ, ішкі сарт, қожа, қатағаннан өкіл қосу, олардың да пікірін жоғары кеңесте ескеру құпталды. “Жеті жарғы” кеңесіне сыртқы және ішкі елдермен тығыз қарым-қатынасқа түсуді, тек қана билікпен шектелмей мәмілегерлікке көңіл бөліну талап етілді.

         Бесінші нәтиже мемлекеттің дұрыс өмір сүруіне қажетті әсіресе елші салуға, елші қабылдауға жетерлік алым-салық жинау, бұл патша сарайының мұқтажын көтеруге де, мәмілегерлік шығынды жабуға да жетерлік болуы керек. Ол үшін тек отырықшы ел ғана емес, мал баққан көшпелі ел де 1/20 табысын мемлекет қазынасына өткізуіп отыруы керек.

         Алтыншы мәселе жаугершілік заманға сай жабдығы дайын, қайратты әскер ұстау. Қазақ қиындыққа төзімді, жаугершілікке бейім, ер мінезді, мәрт болғанымен нар тәуекелге келгенде басын қосып, бір ұран, бір тудың астына жинала қоймайтын халық.Осы себептерге бола Әз Тәуке ұсынысымен кеңес Әбілқайыр сұлтанды “әскер басы”, Бөгенбай батырды “бас сардар”деген лауазыммен тұрақты түрде әскер ісіне жауапты қылды.

         “Қарақұм кеңесінде” талқыға түскен мәселелердің ауқымы өте кең болғандығы жоғарыдағы шешімдер өзі де көрсетеді. Сонымен бірге кеңестің елдің билігіне, заңына “Жеті Жарғыны” жауапты қылуы да ақылға сиымды. Ел жақсылары түгел қатысқан кеңесті күнде жинай беру оңай емес.

         Бірнеше жыл өмір сүрген бұл мемлекеттік және құқықтық жүйе Әз Тәуке хан өлген соң-ақ (1715 ж.)босанси бастап, ақыры XVIII ғасырдың 20 жылдары жаугершілік күшейген кезде өмір сүруін тоқтатты. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп аталатын ауыр заман басталды, балапан басына, тұрымтай тұсына кетті. Шежіре бойынша Ұлы жүз Жиделі Байсынға, Орта жүз Самарқанд пен Бұқарға, Кіші жүз Хиуаға ауған заман туды. Арқада қазақтың ең жауынгер тайпалары ғана қалып, жан-жағынан қоршаған қызыл өрттің арасында жүрді.

         Қорыта келгенде, Қазақ хандығы Тәуке хан тұсында ішкі саяси тарихы тұрақтылық үшін дала билеушілеріне сүйенген саяси институттарының қалыптасып және нығаюуы бағытындағы оқиғалардан тұрады. Тәуке ханның өмірден өтуі биліктегі жіктелу, жүздерді билер емес келте хандардың билеуі хандықтағы орталықтанған биліктің ыдрауына әкелді.

 

 

 

 

  • «Жеті жарғы»  қазақ мемлекетінің құқықтық ескерткіші

 

         Қазақ хандығы Тәуке хан тұсында бір орталыққа бағынған мемлекет болғандығы  толығымен айқындалды. Бұл кезең хандықтың сыртқы саяси ахуалы біршама тұрақтануы десек, ішкі жағдайында ірі өзгерістер басталған болатын. Хандық билікті күшейту бағытында жасалған қадамдардың бірі, қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп салыстырылды. Бұл Тәуке ханның ішкі саяси тұрақтылықты орнату барысында жасаған әрекеті болды. Тәукенің саясатын тереңірек зерттегенде, оның қайшылықтардан тұратындығын көруге болады. Мысалы, хандық ішіндегі билікте «дала аристократиясына» сүйенсе, «Жеті жарғыда» «ақ сүйектер» мен «асыл сүйек» әлеуметтік топтарының мүддесін қорғайды. Осы саясаттың басты мақсаты екі арадағы тепе-тендікті сақтау болғандығы байқалады.

       Сонымен, Тәуке ханның ұлттық тарихымызда ең басты орны оның қазақтың әдет-ғүрыптарын өзіне дейінгі «Қасым ханның қасқа жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ қоғамында қалыптасқан әдеттегі құқық нормаларының негіздеріне сүйене келіп, «Жеті жарғыны» қабылдауында болып отыр. Бұл заңның қабылдануы сол замандағы қазақ қоғамын өркениетке бір саты жоғарылатты. Мұны Еуропа елдеріндегі конституциялық монархтық билікпен тепе-тең етіп салыстыруға болады. Тәуке өзінің ішкі саясатында хаңдық билікті күшейтуді көздеді. Қазақ әдет-ғұрып туралы заң нормалары қазақ қоғамының экономикалық-әлеуметтік қарым-қатынасының бет пердесін әр қырынан ашып, әрі тереңірек зерттеуге жол ашады. Сондықтан да Қазақ хандығының экономикалық-әлеуметтік және саяси тарихын зерттеуде оны әдет-ғұрып заң нормаларымен байланыстыра, отырып қараған дұрыс.

         Жоғарыда тоқталып өткендей, қазақ қоғамында билік жүргізу мен заң шығару құқығының, әкімшілік басқару тұтқасының иесі әрі жеке билеушісі хан болды. Жүздерді кіші хандар басқарса, ұлыстарды — сұлтандар, кейінірек билер, руларды — ру ақсақалдары басқарды. Осылайша билік үлгісі орныққан Қазақ хандығы XVIII ғасырдың соңында ерекше бір тығырыққа тірелген жағдайды бастарынан кешірді. Нәтижесінде дәстүрлік құқықтық заң нормаларын қоғамның жаңа талаптарына сай икемдеуге ұмтылу олардың ішінен билеуші топтың мүдделеріне сай келетінін ғана заңдастыру, ескірген және талапқа сай келмейтін нормалардың орнына жаңасын, яғни талапқа дұрыс келетіндігін енгізу қажеттігі туады. Бұл «Жеті жарғының» қабылдануы әбден мүмкін екендігін білдіреді.

       «Жеті жарғы» — әдеттік-құқық нормаларына сүйенген заң екеніне ешқандай күмән жоқ. Оның негізі мен түп төркініталассыз нақты пікір айту өте қиын. Зерттеушілер «Жеті жарғы» негізін көне тарихтан іздеп, Шыңғыс ханның «Ясасы» заң жүйесімен байланыстырады/27, 249 б/. Енді осы мәселеге, яғни «Жеті Жарғының» түп-төркініне, таралуына, байланысына тоқталып өтелік. «Жеті жарғы» қазақ даласында өмір сүрген түркі халықтарының көптеген ғасырға созылған әдетті-құқықтарының жиынтығы екені рас. Сабақтастық қай кезде де үзілмеген. Бұл –тіршіліктің даму зандылығы көшпелі тіршіліктің ықпалындағы жеке-жеке тайпалардың белгілі бір кезде одақ болып бірігуі    негізінде елді   басқаруда   жаңа   ұйымдар қалыптасып олармен бірге қоғамдық жаңа құқықтар мен жаңа билік ережелері тәріздес түрлі категориялар да туып отырған соның нәтижесінде қоғам мүшелері жаңа бір қоғамдық тәртіп билігіне түссіз арқылы жалпы халықтың мәдениетке қарай бұрынғысынан гөрі бір қадам болса да ілгерілеп жаңа бір қоғамдық сананың тууына негіз қалаған. Осындай негіздің алтын арқауы сол үзілмеген жалғасьш келе жатқан зандылық ұлан байтақ қазақ жерін біздің дәірімізге дейін ІІІ ғасырда және біздің дәуіріміздің III ғасырында мекендеген үйсін, қаңлы, ғүн тайпалары әр кезеңде бірінің орнын бірі баса отырып билік құрған. Бұл тайпалар саяси құрылымы жағынан «әскери демократияға» негізделген. Қытай жазба деректеріне сүйенетін болсақ, біздің заманымызға дейінгі II ғасырда қаңлы тайпасының ресми зандар жинағы бар болған/42/. Осы заң бойынша қылмыстыларды жазалап отырған. Өрескел ауыр қылмыс жасағандар, өлім жазасына кесіледі. Ұрлық істегендердің қолы кесіледі. Ал қаңлы елінің мемлекеттік және құқықтық белгі-нышандарына қарамастан, қоғамдық ұйымдардың негізін ру, тайпалар одағы құрайды.

     VI ғасырда Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардың бірігуі негізінде Түркі мемлекетінің құрылуы оның іргесін салушы Бумын қаған мемлекеттің тұтастығын қоғам мүшелерінің азаматтық құқықтарын қорғаған заң кодексі баптары қытай деректерінен танымал/42, 234 б/. Түркі мемлекетінің конституциясы негізі ірі жеті баптан тұрды.

Қоғам өміріне “Жеті жарғыны” әкелген Тәуке хан таққа отырған XVII-XVIII ғғ. (1680-1718) тоғысында бұрыңғы Моңғол империясы тұсында ресми орда жазуы саналып келген көне Ойғыр-Моңғол жазуы Қазақ ордасы үшін әлде қашан қолданылудан қалған кез тұғын. Аталған кезеңде қазақ даласына шығыс мұсылман, парсы өркениеті арқылы батысынан араб алфавиті келіп қосылды. Бірақ қазақ ордасының орналасу жағдайы, саяси қарым-қатынастарына байланысты аталмыш жазу қазақтың қоғам өмірінің саяси өажеттігіне әлі де бойлап кіре бермеген тұсы болатын. Олай болуының екі түрлі қисыны бар. 1. Қазақ мемлекеті ежелгі түркілік мемлекет үрдісінен бастау алатындығы және қазақ хандары Шыңғыс әулетінен тарайтындығында. 2. Аталған кезеңде қазақтың саяси өмірінде Орыстардың тікелей қолдауына ие болған Ойрат-Моңғолдардың саяси ықпалының басым болуымен тікелей баланысты. “Жеті жарғы” араб алфавитімен жазылу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмас. Дегенмен сөз болып отырған кезеңде қазақ ордасы алғаш қазақ даласында өмірге келген Ойрат тод (төте) жазуын қолдану мүмкіндігінде болды. Ойраттың тод үсэг жазуын Зая Бандида  Ойрат қантайшыларының тапсырмасымен 1648 ж. Шу өзенінің бойында қыстап отырған Абылай тәйші  ордасында өмірге әкелді. Оны Ойрат ғұламасы Зая Бандида және Ойғыр жазуын реформалау арқылы жасады.

      «Жеті Жарғы» заң баптарына XIII ғасырдан басталған монғол фактторы Қазақ жерін мекендеген халықтардың дәстүрлі қоғамы мен жүйелік дамуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан болар «Жеті жарғының» кейбір тұстарындағы жақындастықты байқауға болды. Бұл екі заң жинағының дүниеге келуі ірі тарихи кезеңге, сондай-ақ қоғамдық-саяси жағдайлардың өзгешілігіне қарамастан, басты қалыптасу себептері бір-біріне ортақ. Ол дәстүрлік-құқықтық өмір сүріп тұрған нормаларды қоғамның жаңа талаптарына сай икемдеуге ұмтылу, олардың ішінен билеуші топтың мүдделеріне сай келетінін ғана заңдастыру, ескірген қағидалардың орнына жаңасын жасауға байланысты туындаған. Бірақ, «Яса» мен «Жеті жарғы» арасында өзара байланыстар сияқты, айырмашылықтар да аз емес/43/.

Енді осы екі заң жүйесіндегі сабақтастығы қарастыратын болсақ ұрлық, зинақорлық, күш қолдануға қарсы үкімдерден көрінеді. Сонымен қатар, жазалау түрлерінен де ұқсастықтар табылады. Керек болса, тұрмыстық, салт-дәстүрге байланысты, мәселен, үлкенді құрметтемегені үшін, ата-анасын сыйламағандығы үшін жауапқа да тартылған. Монғолдарға тәуелді тайпалардан шыққандарға үлкен лауазымға ие болуға тиым салынған, ол Қазақ хандығының мұрагерлігіне тек Шыңғыс тұқымынан тарағандар ғана құқылы болған. Қылмыстық құқық және басқару жүйесіндегі мұндай сәйкестілік оның ішінде «Ясадағы» наным-сенімдерге байланысты тұстары қазақтардың жай тұрмысындағы түсінігінде де (ырымдарында) сақталған. Меселен, «Ясада» кімде-кім әскер басының табалдырығын басса, ол адам өлім жазасына кесілетін. Ал қазақтарда табалдырықты басуға, отыруға тиым салынған, жаман ырым деп саналған. Сондай-ақ, «Ясада» қонақ күткен үй иесі тағамды өзі татпайынша басқалардың асқа қол салуына тиым салынған. Мұндай әдет-ғұрып қазақ тұрмысыңда да бар. Бұған қазақ арасындағы «Ас иесімен тәтті» деген мақал дәлел бола алады. Сондықтан алдымен қожайын астан дәм татуға тиіс. «Яса» заң жобасы әскери-әкімшілдік құрылыстың нағыз көрінісі болса,   ал   «Жеті   Жарғыда»   басқару  жүйесіндегі   әлеуметтік қатынастар айқын көрініс тапқан.

«Жеті Жарғыда» Қазақ хандығының ислам дінінің ішне еніп тараған кезінде қабылданған «Ясаға» қайшы келетін баптар бар. Мысалы, «Яса» бойынша басқа дінге кіруге рұқсат етілген болса, «Жеті Жарғыда» ислам дінінен бас тартқандарды жазалап отырған. Осыған орай Қазақ хандығында ислам дінінің қағидалары «Жеті Жарғы» заң нормаларында нақты әрі толығымен көрініс тапқан деуге болады. «Жеті Жарғыға» ислам дінінің құқықтық белгілері — шариаттың өзіндік әсері болды. Оны осы заң жобасының кеибір баптары дәлелдеи түседі. Кеибір зерттеушілер   «Жеті Жарғы» бойынша қүн төлеудің өзі ислам діні арқылы енген деп пайымдайды және қазақтардың салт-дәстүр, әдеттік-құқық заңына игілікті әсер етті деуге болады/24, 100 б./. Шариат ісі де көпшілік алдында біздің билер секілді ауызша жүргізілді. Қарыз беру, алу жолдары, шариат бойынша мұсылмандар үшін бір-бірінің жоғын жоқтап жәрдемдесу жазғы нәрсе деп танылды. Мал сою, жол-жобалар қазақтарға ұқсас малдың жанып қинамай алған байлап босын күнбағысқа қаратып «бисмиллаһир рахмандар рахим» деп сояды Мұрагерлік мирастың жол-жобалар шариат бойынша мұрагерлері болса, ер адамға толық, қира жартысы берілуі. Жекеменшікке қол сұғушыларды жазалау шариат заңы бойынша өлім жазасына немесе үш тоғыз айып төлетіледі. Шариат зандарының «Жеті жарғы» баптарында көрініс тапты.

«Жеті жарғыға» шариат тікелей әсер еткенімен, олардың арасындағы өзіндік ерекшеліктердің бар екендігін мойындауымыз керек. Отбасы заңдарының баптарында шариаттағыдай уақытша неке деген мүлдем жоқ, оның есесіне «әмеңгерлік» институты бар. Сондықтан да «Жеті жарғыға», негізінен қазақ халқы, одан ертеректегі түркі дәуірінен сақталған тұрмыс-салт, әдет-ғұрып жүйесінің жиынтығы десек, қателеспейміз.

«Жеті Жарғыға» «Қасым ханның қасқа жолы», «Хақ Назардың ақ жолы» , «Есім ханның ескі жолы» сияқты әдет-ғұрып жоба-жоралғылар тікелей әсер етті. Осыған орай, «Жеті Жарға» жобасы қағызға түсірген А.Левшиннің еңбегіндегі мына үзіндіні келтіре кетейік: «Бұл билер ертеден келе жатқан Қасым хан мен Есім хан тұсындағы әдеттік-құқық жүйелері «Жеті Жарғы» заңына жинастырылды» /2, 21 б./.

     Бұл «Жеті Жарғының» қалыптасуының бір себебі екіншіден, хандықтың сыртқы саясатын«Жеті  Жарғы»   мазмұны  жағынан,   біріншіден,   қазақтың ертедегі әдет-ғұрып құқықтары, Қасым ханның қасқа жолына негізделсе керек. Қасымның тұсындағы (1511-1523) Қазақ кандығын алғаш рет этникалық құрылым ретінде әлемдік тарих сахнасына танымал болды. Алғашқы болып Мәскеу мемлекетімен байланыс жасаған кезеңдер Қасым ханның тұсына сай келеді. Бұл кезең хандықтың ішкі жағынан әскери-демократиялық құрылысының нығайған сәті болды. Хайдар Дулатидің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Қасым жеке дара рухани байлығы жоғары адам ретінде берілген. Қасым хан милионнан астам халықты бір орталыққа бағындырып, оларға билік жүргізе білген. Халық жадында сақталған, ешқашан жазылып алынбаған «Қасым ханның қасқа жолы» заң жоралғысының орны ерекше. Бұл заңға енген ережелер мынандай болды:   

  1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).
  2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза).
  3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің дуны, тұлпар ат).
  4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық
    қатынастарда сыпайлық, әдептілік).
  5. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі
    ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті) /44/.

Қасым ханнан кейін «Жеті Жарғыны» толықтыра түсетін «Есім ханның ескі жолы» атты заңы. Есім хан (1598-1628 ж.)  тұсындағы заң жүйесінің ескі     заң аталу себебі ертеден келе жатқан дәстүрлі бір үлгіге негізделуіне байланысты болуы мүмкін. Қазақ қоғамындағы осы «қасқа жол», «ескі жол» зандарына елеулі өзгеріс енгізген Тәуке хан тұсындағы ережелер «Жеті жарғының» мазмұны жағынан үшінші бөліміне жатады. Бұл жайды нақтылай түсетін тағы бір дерек Жаппас, руының сйрійинасы Кебек Шүкірәлиевтен Г.Спасский жазып алған Тәуке ережелерінің қабылдануы жайында: Байырғы қырғыз (қазақ) халқы, Тәукені сұлтанды хан жариялап, сол кезде қырғыздың үш тармағынан ұлы, орта, кіші ордаларынан би сайлап, хан олармен келісе отыр қырғыз (қазақ) ішіндегі жиі болатын ішкі қырқысты тоқтату үшін төмендегі ережені қабылдады/30, 72 б./.

Осылайша, Тәуке хан » ережелері» бойынша сол кездегі қайшылықтарды жене тұрмыстық, жағдайдың қүқықтық үлесілімділін бере отырып, әлеуметтік және қүқық нормалары арқылы әр адам хандық қүрылыстың бір бөлігі болды. Осы жағдайлар жиынтығы «Жеті жарғы» заң жүйесінде жақсы көрініс тапқан. «Жеті жарғының» қабылдануы Тәуке хан және оның айналасындағылардың    еңбегі    екендігі    қазақтың    ауызша тарихта айтылады.

Көптеген зерттеушілер Тәуке ханның реформаторлық қызметін ерекше көңіл бөлмейді. Олардың пайымдауынша Тәуке тек ескі әдет-ғұрыптың еш өзгеріссіз ортақ заң жүйесіне жинастырушы ретінде көрсетеді. Мұның басты себебі, Тәуке хан билігінен кейін Қазақ хандығының мемлекеттік ыдырауынан көреді. Бұл пікір дұрыс емес өйткені, Тәуке ханның қабылдаған «Жеті жарғысы» мек ескіден келе жатқан әдет-ғұрып жүйсіндегі айқын ерекшеліктср сақталды. Ал бұл заңның Қазақ хандығының мемлекеттілік үстемдігін сақтауға толық әсерін тигізбеуі, оның кешігіңкіреп заңдастырылуында болып отыр.

«Жеті жарғы» заң жобасы бізге толық күйінде жеткен жоқ. Ол ежелден әдет-ғұрып ережелерінің ел тұрмысына сіңіп, оның баптары ауызша түрде ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Қазақ халқының әдеттегі құқық баптарының жиналып, жазбаша түрге айналуы Ресей елінің ұйымдастырған экспедиция мүшелері мен жеке чиновниктерінің еңбектерінің нәтижесі деп айтуға болады. Осыған орай қазақ тарихың зерттеуде орыс тарихнамасын екі кезеңге немесе екі бағытқа бөлген жөн. Бірінші, қазақ жеріндегі отарлау саясатын жүзеге асыру бағытындағы жазылған еңбектер. Бұлар қазақ жерінің географиялық жағдайына, орналасуы мен шаруашылығына катысты мағлұматтардан тұрды. Екіншіден, олар түрмыс-салт дәстүрі тіршілігіне, фольклорлық байлығын жинастыруға, әдет-ғұрып заң нормалары жүйелеріне аса көңіл бөлді. «Жеті жарғы» қағидаларын және қазақ халқының әдет-ғұрып ерекшеліктерінің жүйелерінің П.Е. Маковецкий, Н.И.Тродековтың, Д.Я.Самоквасов, Л.А.Словохотов, Г.Спасский, Я.И.Гурлянд, Я.Гавердовскийдің еңбектері мен мақалаларында кездеседі. Бұл аталған еңбектердегі келтірілген мағлұматтардың біз үшін ең құндысы деп Г.И.Спасский, А.И.Левшин, Я.И.Гурлянд, Л.Ф.Баллюзек, П.Е. Маковецкий /1,2, 3/ шығармалары мен еңбектерін атауға болады. «Жеті жарғы» заң жобасының құрылымы жағынан әр түрлі екі нұсқасы белгілі. Алғашқысын 1804 жылы Г.Н.Спасский Жаппас руының ақсақалы Көбек Шүкірәлиевтен жазып алып, 1820 жылы «Сібір хабаршысына» мақала етіп жариялады. Г.И.Спасский он бір фрагменттен тұратын «Жеті Жарғыны» келтіре отырып, қазақ тұрмыс-салты жөнінде 1816 жылы өзі қатынасқан экспедицияға сипаттама береді. Екінші нұсқасы қазақ тарихының білгірі А.И.Левшиннің еңбегінде айтылған. Онда А.И.Левшиннің еңбегі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі қазақ жерінің географиялық мәліметтері, екіншісі — қазақ халқының жалпы тарихы, үшінші бөлімі этнографиялық мағлұматтар. Осында «Жеті Жарғы» заң жобасының отыз төрт фрагменттік нұсқасы берілген. Жоғарыда аталған еңбектерде Халық арасындағы «Жеті Жарғы» жобасының нүсқаларын сақтаушылардьщ бірі — Шантайүлы Молдиман. Ол атақты шежіреші, ақын әрі шешен. 1846 жылы туылып, 1927 жылы дүниеден өткен. Одан кейінгісі Көлдейбекүлы Ерінбет. Бүл да ақын, шежіреші, 1844 жылы туылып, 1916 жылы қайтыс болған. Тағы бірі — Орманүлы Тоқболат, 1861 жылы туылып 1931 жьціы ;^үниеден өткен. Ал осы ақын-шежірешілердің деректерін жинагі, оны халыққа жеткізген Қызылордалық шежіресі — Әлқуат Қайнарбайүлы /24, 16 б./. Қайнарбайүлы Әлқуат Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының түрғыны, ол қазақтың әдет-ғұрып, салтының тарихын толық білетін, ескіше сауаты бар кісі болған. «Жеті жарғы» заң жобасының ең көне бір нұсқасы Қызылордалық Ералы Саққұлақ (1846-1932 жж.) шешеннің жазбаларынан табылған/24, 100б/. «Жеті жарғының» бұл нұсқалары Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының кітапханасындағы қолжазбалар қорында сақталуда. Мұнда берілген нұсқалар дәл Тәуке ханның «Жеті жарғысының» түп нұсқасы деп айту қателік болар еді. Өйткені, бертін келе оларға өзгеріс енгендігі оның баптарынан анық көрінеді. Құрылымы жағынан жеті мәселені қамтыған. Енді «Жеті Жарғы» әдет-ғұрып заң жобасының біршама толығырақ сақталған мағлұматтық жақтарын қарастыра отырып, оның негізгі баптарына тоқталып өтелік:

І. Мемлекет тұтастығы.

1-бап. Мемлекет билігіне ірткі салған адам — өлім жазасына кесіледі.

  2-бап. Әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы мен шабарманык жазда да, қыста да қабылдап ат-көлік, азық-түлікпен қамдауға міндетті болады.

3-бап. Дауларды шешу хан немесе билерге жүктеледі.

4-бап. Арнайы тегіс барлық мал-мүлікке таңба белгіленуге тиіс болады және салық түрлері белгіленеді.

ІІ-бап Тән тазалығы.    

5-бап. Жеті ата ішінде қан алмастыру өлімге немесе ағайындар белгілеген

 

жазаға бұйырылады.

Ш-бап. Дін беріктігі.    

6-бап. Жеті адам куә болып, Құдайға тіл тигізгені дәлелденсе, тас лақтырьш өлтіріледі.

7-бап. Өзге дінге кіріп, кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады.

8-бап. Өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді.

ІҮ-бап.Отбасының бірлігі.

9-бап. Егер әйелі ерін өлтірсе, ол өлім жазасына кесіледі және ешқандай құн төлеумен ауыстыру мүмкін емес. 10-бап. Егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын төлейді.

11-бап. Егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетсе, одан өлі бала түссе 5-айлық бала үшін — 5 ат, одан әрі 1 түйе төлейді. (1 түйе-үш ат немесе 10 қой.)

12-бап. Әйел зорлау, кісі өлтірумен бірдей кылмыс болып есептеледі. Өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады.

13-бап. Әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері
өлтіруге хақылы.  

Әйелін сезіктенген еркек төрт сенімді адам дәлелдеп беруі керек, егер теріске шықса әйел жазадан босатылады.

14-бап. Біреудің әйелін алып қашса, өлімге бұйырады немесе әйелдің қалың малын төлеуі қажет.

  15-бап. Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байланған күйінде қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айналдырып шығады. Ал қыз болса, аяқ-қолын байлап анасының билігіне береді.

16-бап. Ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаса, әйелі мен
баласы жазаға тартылмайды. Өйткені, үлкеннің үстінен мәлім
айту әбестік саналады.  

V — бап. Қылмыс пен жаза.

17-бап. Қанға қан алу, принципі жұсарылып, яғни біреудің кісі өлтірілсе оған ердің құы төленеді (ер адамға 1000 қой, әйелге 500 қой).

18-бап. Ұрлық, қарақшылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі.

19-бап. Денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн төленеді.

          (бас бармақ 100 қой, шынашақ — 20 қой).

20-бап. Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды. Ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.

21-бап. Ұрлык жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс.

  22-бап. Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.

   23- бап. Барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс.

24-бап. Сарбаз атын ұрлаған адам өлім жазасына кесіледі.

25-бап. Өлтірген аңшы иті немесе бүркіті үшін иесінің құл  немесе күң беруді талап етуге қақысы бар.

ҮІ-бап. Адам құқығы және мүлік меншігі.

26-бап. Егер әкесінен енші алған ұл баласыз болып өлген ойда оның қожалығы өзінің әкесіне беріледі. Жасы кіші эалалар жақын туыстарының қарамағына беріледі.

27-бап. Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы тиіс, әйтпесе айып салынады.

28-бап. Кімде-кім азғындыққа жетелеген немесе азғындық қорлықпен әйелді итермелесе, сол адам 200 қой төлейді.

 29-бап. Төре мен Қожаның құны қарадан 7 есе артық.

30-бап. Құлдардың иелері олардың әмірлерінің қожайыны болып есептелді.

ҮІІ-бап. Билік тәртібі.        

31-бап. Үлкен дау-дамайды хан шешеді немесе билер, ақсақалдар кеңесі шешеді.

32-бап. Егер жауапкердің билерге күмәні болса, онда оларды өзгерте алады.

33-бап. Куәлікке екі немесе үш адам жүреді.

34-бап. Өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады .

Қазанғап Байболұлы «Төле бидің тарихы» /45/ атты
дастанында «Жеті Жарғыны» сөз етіп, оның жеті институтын
былайша береді.

                                            Жер дауы баяндайтын біріншісі,

                                            Ру, қоныс пен меншіктісі

                                            Иеленген жеріне жанжал болса,

                                            Біреуге басымдық қып озбыр кісі.

 

                                             Үй ішімен баланы тәрбиелеу,

                                             Болған жосық заңның екінін

                                             Ұрлық-қарлық, барымта үшіншісі,

                                             Баян етер бәрінен білген кісі.

 

                                             Төртінші боп саналган мынау заңы,

                                             Бір халықпен басқа ру болса дауа,   

                                             Ұлтын жаудан қорғамақ — бесіншісі

                                            Алтыншы, жетінші құн, жесір дауы.

 

Сонымен, тұжырымдай келгенде, жеті дау, жеті шешімді қарастырғандықтан «Жеті Жарғы» аталды деп пайымдауға болады. Жалпы, «Жеті жарғы» атауының ұғымына түсінік беретін болсақ, «Жарғы» сөзі әділдік шешім деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз түркі, парсы тілінде, монғол сөздігінде де билік, шешім деген мағынада. Әр саладағы зерттеушілер «Жеті Жарғы» атауына өзінше түсіндірме береді. Орыс жазбаларында Н.И.Гродеков: «Тәуке ханның тұсында жеті би, жеті іс бітірген қызметкерлер жиналысы» – деген /2, 24 б./. Л.А.Словохотов: «Жеті бидің туындысы» деп көрсетеді. Ол жеті бидің қатысуынан «Жеті жарғы» атауы шықты деген тұжрым жасайды/2, 40 б./.»Жеті жарғыны» жеті би шығарыпты дейтін аңыз қазақтарда да сақталған. Бұл аңыз бойынша зандар жинағын құрастыруға Әйтеке, Төле, Қазыбек, Қу дауысты Қүттыбай, Әнет баба, қырғыз Тиес, қарақалпақ Сасық қатарлы жеті би қатысқан. Бірақ «жеті» билердің санын білдіру деген дұрыс деуге болмас. Себебі, халық арасындағы жиналған мағлұматтарға сүйенетін болсақ, «Жеті Жарғының» қабылдануында болған көрнекті билердің аты тегіс аталады. Олардың саны барлық жерде бесеуден аспайды, десек те бұл кеңесте әр рудан жиналған билердің жалпы саны мүлдем көп болар еді. Сонымен бірге, егер шындығында да бұл жеті бидің қабылдаған заң жобасы болатын болса, бұл заң баптарын жадында сақтаған халық бұл жеті бидің де атын атап, ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырар еді.

Тағы бір тұжырым ол қазақтарда «жеті» саны киелі болғандықтан солай аталды деп түсіндіреді. Бұл тұжырымды дамытар болсақ, қазақтар арасында тек «жеті» саны ғана емес, басқа да мысалы, тоғыз, сегіз сандарына өте қатты мән беріледі. Енді осы «Жеті Жарғы» заң жобасының неліктен осылай аталуына түсінік беріп көрейік. «Жеті» сөзі санды білдіреді, ал «жарғы ‘ сөзі монғол-түрік тілінде билік, шешім деген мағынаны білдіреді. Әуелден мақалдап, мәнерлеп сөйлеуге құмар қазақ халқының әдет-ғұрып жүйелерінің негізі мақалдар мен афоризмдерден құралғаны белгілі. «Жеті Жарғының» нақылдарын салыстыра отырып,  онда негізгі жеті мәселенің төңірегіндегі істерді шешу бағытына байланысты аталды деуге келісуге болады. Сонымен қатар, қазақ арасында сөз ұйқастарына есте сақтауға ыңғайлы болуына көп көңіл бөлгенін ескерткен дұрыс. Мысалы, сан есімдерді пайдалануда: «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Қызға қырық үйден тию ‘ дегендей. Сондықтан бұл заң жоралғысының басы қасында болған билердің оны ұйқасқа, тілге ыңғайлы, тұжырымды болуына орай атауы да мүмкін.

Сонымен қазақ халқының құқықтық заңдары түркі тектес, туыстас халықтардың арасынан өзгешеленіп, өзінше сипат алады. Бұл қағида, ережелер ғасырлар бойы өмірдің өз талабынан пайда болып, ұзақ дәуірлер ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сай өзгерістерге ұшырап, қалыптасқан әдет-ғұрып заң нормаларын біздің ата-бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып беріп отырған. «Жеті жарғы» заңының әлеуметтік-экономикалық қарым-  қатынастар мен рухани қажеттілікті қанағаттандырарлық өзара мәмілегерлік жүйелердің жиынтығы екендігін оның әрбір баптарын талдау барысында айқындай түсеміз.

Мемлекеттің іргетасы қалыптасқаннан бері «жер» мәселесі немесе «жер дауы» ең маңызды орын алатындығы белгілі. «Жеті Жарғы» бойынша жер  дауының мәселелері қарастырылған.   Шаруашылығы жағынан көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан          қазақ халқының жерге деген меншіктік иеленуі XVII ғасырдың соңы — XVIII          ғасырдың басында рулық меншік түрінде болды. Сондықтан да әр рудың XVIII ғ. бірінші жартысынан әр ауылдың белгілі бір көшіп-қонатын қыстауы, жайлау          анықталып беріліп отырған. Бұл ру арасындағы үнемі болып тұратын дау-жанжалдың тосқауылы болды. Жер иелігі бір рудың мүддесінде болғандықтан, бұл мәселені шешуді олардың иелік етіп отырған жерлерінде ата-бабаларының жерленуіне,          құдықтарды салуына, кейбір кезде қазылған арықтардың болуына қарай          анықтап отырған. Жерге иелік туралы Д.Я.Самоквасовтың жазбаларында анық  көрсе тілген: «Кімде-кім басқа біреудің жерін пайдаланып отырса, бұл жер одан 15 жылдан кейін болса да қайтып алынады, немесе жердің көлеміне қарай өзара ризалықпен иеленіп отыра береді, жалпы ілгеріде іздеп алу болмайды» /2, 277 б./.

       Әр рудың малдарына өзіндік таңба белгіленуін «Жеті жарғыда» көрсетіледі. Бұл ұрланған малды табу оңайға түсетіндігімен ерекшеленсе, қазақ қауымы арасында малға ғана меншік болғандықтай, бұл рулардың өз ішіндегі таласты, дауды тоқтатуды көздеді. Сонымен қатар, мүлікке де белгі қоюды талап етті.

«Жеті жарғының» отбасы және некеге байланысты баптарында ертеден қалыптасқан салт-дәстүрлерге сүйенген/276/. Қазақ кауымында отбасында әкенің билігі баянды етілген. Ол ұл-қызының, әйелдерінің, қүл-күңінің, төрт-түлік малының, жайлау-қыстауының жеке дара билеушісі әрі қамқоршысы болды. Әкенің ризалығынсыз отбасының кез-келген мүшесі ешбір шешім қабылдамайды. Жеті атадан аспай қыз алыспау деген бап бойынша туыстығы бар қанның араласуына тиым салынған. Мұндай некеге рұқсат берілмеді. Бұл басқа елдерге жат, тек қазақ халқына ғана тән заң 6олды. Осыған орай, әрбір қазақ өзінің жеті атасын білуге тиіс болды. Халық арасында «Жеті атасын білмеген жетесіз қалады» деген мақал бар. Н.И.Гродеков қазақтардың өзінің жеке шежіресін жақсы білетіндігін көрсетіп кеткен. Жоғарыда айтып еткендей, Тәуке хан туысқандық жүйені дамытып, оның беріктігіне көп көңіл бөлген. Туыстардың өзара бейбіт тұруы рудың бірлігі — жүздің ынтымағы, жүздің ынтымағы — мемлекеттің нығаюы екендігін Тәуке хан жақсы түсінген. Туысқандық жүйенің белгісі, әсіресе, үлкен бір оқиғаларға орай айқын көріне түседі. Мысалы, ас беру, қыз ұзату, үйлену тойын жасау, сүйінші беру сияқты салт-дәстүрлерді жасау туыстары көмегінің нәтижесінде атқарылып отырды. Кеңес дәурінде болсын қазіргі заманда болсын туыстардың қатысуынсыз ешбір қуаныш та, жамандықта өтпейді. Бұл салт-дәстүрлер заманымыздың қаншалықты әзгергендігіне қарамастан, халық арасында әлі күнге дейін сақталып, қолданылып келеді.Қазақ отбасында әке-шешенің балаларына деген билігі шексіз екендігі «Жеті Жарғыда» анық көрінеді. Ата-анасын сыйламаған бала жазаланып отырған. Қазақтар қыз алысу, ұлдарын үйлендіру арқылы жақын туыстасуды көздеген. Көбінесе отбасының тек байлығына қызықпай, олардың тәрбиелі, тәлімгерлігіне қарай құдаласып отырған. Оны мына мақалдар дәлелдей түседі; «Шешесіне қарап қызын ал», «Бүлінген елден бүлдіргі алма». Баланы тәрбиелеуде олардың нағашы жұртының жиендерге деген ықыласы, пейілі, қызметі ерекше болған. «Жігіттің батырлығын білгің келсе, оның нағашысын ізде». «Жиеннің айласынан ешкім аспас». Осылайша баланы тәрбиелеуде туыстарды сыйлау арқылы, әрқашан бірлікте тұруға үйрете білген/46/.

Қазақ халқының салт-дәстүрі отбасы, некеге байланысты күрделі іс-әрекеттерден тұрады. Мысалы, құдаласу, ұлдың үйленуіне байланысты жол-жоралғылары, қыз ұзату, нәрестенің дүниеге келу шілдеханасы, мүшелі жасқа толуы, сондай-ақ өлімге, қайғылы оқиғаларға байланысты жасалатын салт-дәстүрлердің өзіндік ерекше белгілері ұрпақтан ұрпаққа беріліп, оны сақтауды көздеді. Қазақтың қалыптасқан салт-дәстүрін қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік аймақтары кеңінен қолданып, іске асырып отыр. Сонымен қатар, басқа халықта кездеспейтін қазақ әдет-ғұрпында ғана сақталған әмеңгерлік те әлі бар. Бұл әдет бойынша жесір қалған әйелге күйеуінің жақындығына қарай туыстары әмеңгер бола алады. Бірақ, бұл өз еркімен, егер жесір әйелдің келісімімен ғана іске асады. Әмеңгерлік көбінесе қайтыс болған ағайынның артында жас балалары қалатын болса, оларды жат қылмас үшін жасалынып отырған. Тағы бір себебі, ол әйелдің қалың малы төленгендіктен, оны төркіне қайтарудан гөрі жеке шаңырақты түтетіп отыруын қолдап, жесірді ешқайда жібермеуге тырысқан. Бұл салт-дәстүрлер «Жеті Жарғының» баптарында барынша көрініс тапқандығын атап өту керек.

 «Жеті жарғы» негізінде айтып өтетін тағы бір мәселе, бұл кек алу және құн даулауға қатысты. «Жеті Жарғының баптарында «қылмыс» деген ұғым ешқандай мазмұнда түсіндіріліп, көрсетілмейді. Мұнда қылмыскерді «күнәһар» деп атаған. Қандай дамыған қоғам болсын, қылмысты мүлде жою мүмкін емес. Бірақ, ұтымды шешімдер арқылы оған тосқауыл қоюға болады. «Жеті Жарғы» бойынша бірінші орында кек алу: «қанға — қан, жанға — жан» принципі сақталды. Кейбір жағдайларда кісі өлтіргендігі үшін кесілетін өлім жазасын билер кеңесінің шешімімен құн төлеуге ауыстыру құқы берілді. Бұл осы заңыньң тарихи прогрестік маңызын айқандайтын бап болды.

Құн  қылмыстының өз басына, болмаса ру мүшелеріне салынады. Кек алу принципі мемлекеттің тұтастығын сақтауда кереғар әсер етті. Оны Л.Баллюзектің мына жазғандары айқындай түседі: «Қырғыздардың (қазақтардың) алғашқы тарихи естеліктерінде кек алуға қатысты қанды соғыстардың ғасырларға созылғандығы, соңы ұрпақ кек алудың бүкіл ру қауымына келетін зиянын түсіне бастады» /2, 202 б./. «Қанға — қан, жанға — жан» принципі көне грек қоғамында, Түркі және арабтарда күшті сақталған. Ислам дінінің таралуы және оның қалыптасуы кек алысу принципін құн төлеумен араб халықтарында, түркі елдерінде ауыстырды. Сондықтан «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заң жолдары қүн туралы айтылғанымен, Тәукенің тұсындағыдай кісі өлімі, кек алу жағдайлары   бүкіл   қоғамды   күйзеліске   ұшыратуы   нақты көрсетілмеген еді.

Қазақ халқының құқықтық институтының қалыптасуына толығырақ тоқталып өтелік. Қылмыстық әрекеттерді жазалау ретінде барлық халықтың құқық жүйесі кек алу және құн төлеу арқылы өтті. Ертедегі халықтың заң ескерткіштері құн төлеу арқылы жазалау, кек алу принципінің орнын басып, әртүрлі қылмыс түріне қарай бекіткенін көруге болады. Қазіргі зерттеушілер арасында қазақ қоғамындағы «құн» ұғымының қалыптасуы мен оның кек алу жүйесі қандай жағдайда өтті? деген мазалайды. Құн төлеу — сатылы институт, ол әр түрлі халықтардың саяси-экономикалық, құқықтық даму барысында пайда болып отырды/26, 15 б/.

«Құн» институтының жіктелуін толығымен ашып көрсету шығыс елдерімен салыстырғанда, қазақтың қалыпты деңгейде болғайдығынан айқын көрінеді. «Құнның» алғашқы пайда болуы мен кек алу принципін тежеу, оның субъективті жағдайларына байланысты болды. Кек алудың қолайсыздығы «құнның» қалыптасуына итермеледі. А.Левшин «құнның» енуіне орай былай деп жазады: кек алу заңының жұмсаруы, енді кісі өлтірген адамның өзінің жазасын сол адамның руына мал-мүлік беру аркылы босатылады. Қазақтардағы құнға байланысты мәліметтер И.Г. Георг, Николай Рычковтың еңбектерінде кездестіруге болады. И.Г.Георг бойынша: «Кімде-кім ерді өлтірген — болса ол өлім жазасына кесіледі, немесе өз өмірін жасаған қылмысы үшін құн төлеу арқылы құтқара алады. Ол өлген адамның туыстарына 100 жылқы, екі түйе, бір еріксіз (құл) беруі тиіс. Бір жылқының орнына бес қой алынуы да мүмкін. Әйелді, баланы, құлды өлтіргені үшін ердің жарты құнын төлейді. Адам денесіне жарақат салғаны үшін де құн төлейді. Бас бармақ 100 қой, кішкене саусақ 20 қой. Егер еркектің немесе әйелдің жыныс мүшелеріне зақым келтірсе онда ол адам билер кеңесі бойынша қатаң жазаға кесіледі. Ұрлық жасағаны үшін, ұрлағанын тоғыз есе етіп қайтаруға тиіс»/47/. 1771 жылы Н.Рычков құн туралы мынандай мағлұматтар береді: «Қазақтарда құқық реттейтін ешқандай ереже жоқ оларда  өлім жазасы және ұрлық жасағаны үшін ертеден келе жатқан оғаш әдет сақталған. Адам өлтірген кісі қылмысы үін құн төлеу арқылы жазаланады. Құн түрі жүз жылқы, бір тұтқын құлдан, екі түйеден, қара түлкінің терісі, шұғадан бешпет, бүркіт немесе қаршыға және әскер салт-саймандарынан тұрды. Мұның барлығын өлген кісінің ең жақын мұрагеріне табыс етілуі, осы әдетке сай туыстары ешқандай қарсылық көрсетпеуі тиіс. Барлығы осы әдетке бағынады. Бұл тәртіп қазақтарда құн деп аталады. Кісінің денесіне жарақат салуының нәтижесінде ол еңбекке жарамсыз болып қалса, ол да өлім жазасымен теңестіріледі. Ұрлыққа қарсы заң қазақтарда айбана деп аталады. Қой немесе жылқы ұрлаған кезде ұсталса, ол би шешімі бойынша 27 қой немесе  жылқы төлеуге міндетті.

Кейбір құқықтану зерттеушілері құнның қалыптасуын ислам дінінің енуімен байланыстырылады. Рас, қазақтың әдет-ғұрып нормаларына шариаттың әсері болғаны сөзсіз. Бірақ «құн» ұғымы оның принциптерінің қалыптасуына өзіндік әсер еткен қазақ қоғамындағы жағдайлардың нәтижесі деуге болады. Әйтсе де “Жеті жарғыда» көрсетілген «құнның» мөлшері XIX ғасырдың барлық орыс жазбаларында көрсетілген «Құн» деген сөздің ұғымы парсы тілінде «Қан, қан төгу» деген мағынаны білдіреді. Ал түрік, татар тілінде бұл «қан құны» деген ұғымды білдірді. Қазақтың өз тілінде «құн» негізінен белгіл-бір нәрсенің жалпы мөлшері мағынасында қолданылды.

«Құн» мөлшеріне байланысты А.И.Левшин: «Өлген ер адам үшін 1000 қой, әйел үшін 500 қой беруі керек. 100 түйе — 200 жылқыға немесе 1000 қойға тең» деп көрсетсе, Көбек Шүкірәлиев: өлтіргені үшін 200 жылқы телеуі тиіс делінген. Мұны Тәуке хан тұсындағы құн төлеу арқылы қарастырылатын дау, жан-жанжалдың бітімі туралы халық арасында сақталған мағлұматтар арқылы білуге болады: 1. Ер құны — жүз жылқы, не оның баламасы, әйел құны мұның жарымы. 2. Ер құны жолаушы, жортушы деп екі бөлінеді, 3. құл құны бір ат, не оның баламасы, күң құны оның жарымы (ит құны да, қүл-күң құныімен бірдей болады). 4. Мұнда қалың мал түрлері берілген: 47, 37, 27, 17 ат; ат ботадан басқа да балама болады, ал ат батада бал; ма болмайды. Оньщ түрі: 5 ат, 5 балалы мал, 5 дөнен -дөнежін, 5 құнан-құнанын тұяғы 20 болады/30, 85 б/.

«Құн» түрлері Ералы қолжазбасында да кездеседі. I. Ер құны — 100 жылқы, 6 жақсы түйеден тұрды; әйел құны қалың мал мөлшерімен теңестірілді. II. Өнер құны — бұл ауыл, жыраулар үшін төленетін құн. III. Сүйек құны — өлген адамның сүйегі үшін төленетін құнның түрі/30, 86 б/. «Жеті жарғы» бойынша құн төлеу, егер адамның денесіне жарақат салынса, мысалы, А.И.Левшиннің мәліметінше үлкен саусақ 100 қой, шынашақ 20 қой сол сияқты белгіленген мал мөлшері төленіп отырды. Ал «құн» институты нақты Тәуке хан тұсыңда қалыптасты деп айту артықтау. Өйткені, қазақ арасында ертеден қолданылған әдет-ғұрып қағидалары құн төлеудің негізін дұрыс жолға түсіре алмаған.

Тәуке хан қазақ қоғамындағы орын алған іріткілер кек алу принципі екенін, халықтың мазасын алатын, ру-рудың арасындағы бас араздықтың қоздырушы күш екендігін жақсы білді. Бүлар сол кездегі Тәуке маңайына жиналған ойы озық, айтары бар билердің шешімінде негіз тапты.

«Жеті жарғыда» қаралатын тағы бір мәселе, мал дауы екендігі белгілі. Ертеден мал шаруашылығымен айналысқан қазақ үшін төрт түлік мал баға жетпес байлық болды. Алғашқы сәлемі малының амандығынан басталатын қазақ мал-жанның амандығына,  сақтығына  көп  көңіл  бөлген.  Сондықтан  мал ұрлаушыларды қатаң жазаға тартып отырған. Мысалы, ұрылардың жазасы ұрлағаның тоғыз есе (27) ете қайтару керек болды. «Тоғыз айыбы” мына түрде белгіленген: бас тоғыз немесе түйе бастатқан тоғыз; ат бастатқан тоғыз; аяқ тоғыз немесе өгіз бастатқан тоғыз.

«Жеті жарғы» бойынша, егер айыпты құн төлеуден жалтартатын болса, билер сотының немесе ру басшыларының келісімімен олардың малына барымта жасалынды. Осылайша, мал мен мүлікті ұрлаушылар қатаң жазаға тартылды. Сонымен қатар, ұрлық үстінде ұсталынған адамға құн төленеді. Бірақ, қазақ қоғамында ұрлық жасау үлкен күнәһарлық болды/290/. Орыстардың кейбір жазбаларында қазақ халқы ұрлық-қарлықпен күн көреді, оларға ешқандай шектеу қойылмайды деген пікірлер де айтылған. Ал расында, ұрлық істеген, тағы басқа жағымсыз әрекеттерге жол берген адамдар қазақ арасында қатаң жазаланып, өз кінәсін мойындап отырған.

Қазақ әдет-ғұрпында «барымта» институтының орны ерекше. «Барымта» қазақ жеріне келген жазбагерлердің түсіндіруінше, жасырын ұрлық-қорлық делінсе, ол «Жеті Жарғыда» барымта билердің арнайы шешімдерімен орындалып отырған. Олардың айтуынша «Барымта» басқа біреудің малын білдірмей айдап әкету. “Жеті Жарғы” барымтаны заңды еткенде айыпты адам мен оның руластарын билер сотының шығарған билігін еріксіз орындатқызудың басты әдістерінің бірі ретінде занды етті. «Барымта» ертеден келе жатқан рулық институт деуге болады, кейінірек феодалдық қатынастардың дамуына қарай феодалдық қырқысулардың түріне айналды. Н.Рычков/47, 234 б./ барымтаны «ұрлық-тонауға» теңеді. Бірақ басқа біреудің малын ұрлау, затын тонау қазақ қоғамында ешқашан барымта деп есептемеген. Барымтаны жасаушыларды ешқашан ұры деп санамаған, керісінше барымташылыққа қатысу үлкен игі іс болып саналды. Жасыратыны жоқ, барымта, негізінен қоғамның ішкі жағынан ыдырауына әсер ететін бір құбылыс. Билер барымтаның занда болуын қозғамаған. Ш.Уәлиханов барымтаға былайша түсінік берген: «Ескі заманда барымта деп алынбай жүрген құн, борыш немесе қалың мал үшін басқа біреудің малын немесе басқа бір мүлкін тартып алғанды айтқан. Барымта тапа-тал түсте жұрттың көз алдында күшпен алынған, ал немесе жасырын ұрланып істелінген. Ұрланып істелінген күнде барымта алушы — мен пәлендей жазаң үшін сенен барымта алдым деп үш күннен қалмай мал иесіне хабар беруге міндетті болған» /48/.

Н.И.Гродеков та барымтаға сипаттама беріп өткен: » 1) Жорыққа түнде емес, күндіз шыққан; 2) Барымта аламын деп аштық жариялайды; 3) Көздеген мақсаты — кеткен шығынды, ұрланған мүлікті, өлтірген адамның құнын өтеу. Осы кескен үкімді жауапкер орындамаған жағдайда барымта алынған». «Жеті жарғы» бойынша барымталап әкетілгенін малды ұрланған мал ретінде санамаған/49/. Барымтаның қарымта, сырымта, жырымта деген де қосалқы түрлері болды. Барымтада артықтау кеткен малды кінәлі жақ арқылы қайырып.  Бұларға артық кеткен малды жәбірленуші жақ сырымта және жарымта бойынша қайырып себін теңестірген.

С.Зиманов барымтаның әлеуметтік-экономикалық негізін былай көрсетеді. Көшпелі қазақ қоғамында мал үшін таптық қырқысу көрінісі болмаған. Барымтаны санамағанда малға иелік қылу үшін талас тумаған. Барымта біреудің жасаған қылмысы үшін, өтелмеген құны болғанда ғана жасалынды. Бұл жағдай біреудің жеке меншігіне қол сұғуға болмайтындығын көрсетеді/21, 201 б/.

«Жеті жарғыда» хандықтың әскери-жүйесін сипатын айқындайтын баптары болды. Мәселен, күш-қуаты бар, соғысуға жарайтын әрбір еркек бес қарусыз жүрсе, оған айып салынды. Көшпелі өмірде хан, билердің бұйрық, жарлығын, соғыс хабарын тез жеткізу шараларының бірі — әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы мен шабарманын жазда да, қыста да қабылдап, ат-көлік, азық-түлікпен қамдауға міндетті болды. «Жеті жарғыға» сәйкес арнайы мал-мүлікке таңба белгіленді және салық түрлері (аманаттық салық, ру басыларының борышын төлеу, қару-жарақ) белгіленді. Жалпылай алғанда, «Жеті жарғы» әдеттік құқық ережелерінің барлық салаларын (қылмыстық, азаматтық, әкімшілдік) қамтыды. Оған ешкім дау айта алмас деп ойлаймыз.

         Сонымен қатар «Жеті жарғының» прогрессивтік маңызын айта келіп, онда сол қоғамның кейбір жақтары қарастырмайтынды айта кеткен жөн. Мысалы, қылмысты тексеру және сот ісінің сипаты мүлдем көрсетілмеген. Сот процесінің ашық жұрт алдында жүргізілгендігі ғана көрсетіледі, Қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастары (жерді иелену формасы, меншіктің түрлері) толығымен көрініс таппаған. Тәуке хан «ережесінің» бағыты қазақ қоғамындағы жоғары топтың артықшылық жағдайларын, оның саяси үстемдігін қорғау, мұсылман дінін қолдау болды. «Жеті Жарғының» қабылдануында үш жүздегі билердің қатынасуы, бұл заңның бүкіл хандыққа тарағандығын көрсетеді. «Жеті Жарғыны» талдау арқылы қозғалып отырған тақырып бойынша сол дәуірдсгі қоғамдық қатынастардың, шаруашылық жағдайының дәрежесін зерттеуде негізгі дерек көзі екендігін көрсету.

         Қазақ заңдарына көне түркілік, Араб-парсылық, және Моңғолдық заң ережелерінің тигізген әсеріне мән бермеуге болмайды. Мұнда әсіресе Шыңғысханның “Ұлы Жасақ” заңының тікелей әсерін атап өткен жөн. Өйткені қазақ мемлекеті жоқтан туған құбылыс емес, ол көне Түркі дәуірінен бастау алып, Шыңғысхандық моңғолдар кезеңінде ірі реформациядан өтіп, Алтын Орда тұсында қайта сыналған мемлекет үрдісінің тікелей жалғасы, олардың қазақтық реформациядан өткен туындысы. Ал қазақ хандары Жошы ханның тікелей ұрпақтары. Мұндай династиялық билік қашанда өзіндік алғаш бастау алған ежелгі салтын сақтамай қоймайды. Сондықтан “Жеті Жарғыны” “Ұлы Жасақ” заңынан бөліп жарып қарау мүмкін емес. Бұл турасында “Бұл заңдар мазмұны жағынан сонау Орыс хан, Қасым хан, Есім хан, қала берді моңғолдық “Жасақ” заң үлгілерінен құралған” деген С.Зимановтың пікірі орынды деп танимыз.

         Сонымен қазақтың елдігінің бір белгісі ата қоныс (этнотерритория), бірыңғай этнотегі, ана тілі болса енді бірі сөз жоқ ел заңы. Қазақтың ата заңының бастауы – Жеті Жарғы. Ол ұлы жасақтан бастау алған әйгілі заңының жалғасы (аналогы), оның XVII ғ. қазақтың реформациядан өткен түрі.

         Қазақ хандығы, “Жеті жарғы” және осынау этнокеңістікте қалыптасқан саяси цивилизация Қазақ мемлекетінің тарихқа қосқан үлесі деп танығанымыз жөн. Және оның өзіндік бояуы, қайталанбас қолтаңбасы бар.Сонымен қазақтың  құқықтық  негіздерінің тарихи бастауларын  осы территорияда мемлекеттілігі қалыптасып, күрделі қоғамдық даму үрдісінен өткен мемлекеттік құрылымдардың әдеттегі құқықтық қатынастары және жеке билеушілерінің қабылдаған заңдары мен біліктері құрайды.

Біз жоғарыда қарастырған “Жарғы”, “Жол”, “Жеті жарғы”, т.б. мемлекеттік және құқықтық институттары көшпелілердің талай мың жылдар бұрын түзілген, адамның адам есебінде өмір сүріне кепілдік беретін ережелерге негізделген. Бұл ережелер мыңдаған жылдар көшпелілердің мемлекет пен құқықтық кодекстеріне, билеріне үлгі болып келді, көшпелілермен қарым-қатынасы бар көптеген отырықшы елдердің заң ережелерінің қалыптасуына ықпал етті. Егер шынтуайтына келетін болсақ, қазақ әдет-ғұрып заңдары қазіргі евразиялық өркениет өкілдері туғызған заңдардан анағұрлым адами, ол азаматтық қоғам қарым-қатынастарын реттеуге көбірек ыңғайланған жол. Болашақта зерттеушілер қазір “Жеті жарғы” атымен танылған қазақ әдет-ғұрып ережелерінің тарихын, мәні мен мағынасын осы тұрғыда қарастырады деп сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ КӨРШІ

ЕЛДЕРМЕН   ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

 

          2.1. Ресеймен және Бұхара хандығымен өзара қарым-қатынастары

 

Тәуке хан билік құрған тұста  қазақ-орыс байланыстары мен қарым-қатынастарын қайта жаңғырту үшін барлық мүмкіндікті қарастырып бақты. Өйткені, осы кезде қазақтар тарапынан Ресейдің бекіністеріне шабуыл жасау секілді арандатушылық әрекеттер болып тұратын. Бұл мәселені өзара түсіністікпен шешу мақсатында 1687 жылы Тобыл қаласына Тәшім батыр бастаған елші жібереді/31, 5 б./. Бұл елшіліктің негізгі мақсаты бұрынғы сауда байланысын қалпына келтіру еді. Өйткені, Тәуке қазақ жері арқылы өтетін Ресей, Бұқар, Хиуа, Үндістанға өтетін керуендерінің Қазақ хандығының экономикалық дамуына әсері зор екендігін көрегендікпен болжай білді.

       1686-93 жылдар аралығында Тәуке орыс жеріне бес рет елші жіберді,  бірақ олардың ішінде кейбіреуі нәтижесіз оралады. Мұның басты себебі, қазақ-орыс шекарасындағы тонаушылық қақтығыстардың әсерінен болған. Әсіресе, бұған 1690 жылы Ресей керуенінің тоналуына қарсы 1690 жылы Павел Шарйгинге келген:  Сары   мен   Келдей   мырзалар   елшілердің   тұтқынға алынуына басты себеп болады/50/. Осы оқиғадан кейін 1691 жылы: Қабай   бастаған  елшілер  барып,   Келдей  мен  Сары мырзаларды босатуды талап етеді. Бірақ шекарадағы тынышсыздық әлі басылмаған болатын. Тәукеге қарсы топтар Ресейдің ішнара аудандарында шабуылды күшейтіп, екі ел арасындағы қақтығысты одан әрі шиеленістіріп жіберді. Соның салдарынан Қабай би бастаған елшілерге Тобыл әкімшілігі жылы қабақ танытпады. Кілтипан өздерінде болғандықтан, бұл үшін Тәуке Ресей өкіметіне кінә артпайды. Көп ұзамай сауданы дамыту бағытында   Түманшы  мен   Қабай   бастаған   елшілерді  тағы аттандырады.

       Ресей мемлекетінің Қазақ хандығының талабын орындамауына байланысты қазақ билеушілерінің арасына іріткі түсе бастайды. Әсіресе, Келдейдің қайын атасы Түрке би бастаған топ орыс-қазақ қатынасын одан әрі шиеленістіреді. Нәтижесінде Тұманшы батыр мен Қабай би бастаған елшілер де қазақ мырзаларын босата алмайды/31, 14-15 бб./. Өйткені, Ресей жағы Түрке би бастаған қазақтардың шекараны бірнеше дүркін бұзғаны және көп зиян шектіргенін көлденең тартады. Солай бола тұрса да сауда-айырбас мәселелері саласында келісімге келіп, бірақ тұтқындағы елшілерді босату саяси мәні бар іс деп қаралады.

       Ал Түрке болса, бүған дейін Ордаға жақын жүрген беделді билердің бірі еді. Келдей бастаған елшілердің тұтқындалуы оны ширықтыра түседі. Ханның келісімінсіз және Ордаға хабар салмай, Тобыл қаласы мен оған іргелес бекініс шептеріне шабуыл жасайды. Түркеннің бірнеше дүркін тегеурінді шабуылын шекара үкімет орындары тойтарады. Ол ханның араласуынсыз-ақ қазақ елшілерін, босатып алмақ болады. Тіпті бұл соққылары арқылы Ресейдің өзінің бекініс шептерін тастауға мәжбүр еткізбек ойынан да арыла алмайды. Бірақ, ашуға мінген Түрке би қателескен еді Тәуке хан оны ақыры ақылға жеңдіреді.

       Ресей патшалығына көрсетілген бұл саяси арандатушылық тоқталғанымен, Түрке би атын жамылған ұры-қарылар мен қарақшылар қатары көбейіп түседі. Тұтқын түсіріп, мал олжалап баюды көздеген қарақшы, барымташылық іс-қимыл осылайша шекара шептерінің берекесін кетіреді. Ал Ресей жағы болса, мұндай арандатушылық әрекеттердің барлығына саяси мән бере қарайды да, Келдей мен Сары мырза бастаған елшілерге деген қысымды барынша күшейте түседі. Мұның соңы Қазақ хандғымен ұштасатын шекараларды соғыс жағдайына келтіруге әкеп соқтырады. Дегенмен, біреуінің Швед мемлекетімен, екіншісінің Жоңғар мемлекетімен соғыста болуы шекара жанжалын мемлекет дәрежееіндегі соғысқа айналдыруға мүмкіндік бермейді.

       Екі ел арасындағы осындай саяси сенімсіздік пен жауласу позициясы  бірнеше   жылға   созылады.   Бірақ,   бұл   уақытша сәтсіздікке мойымаған Тәуке хан Ресеймен байланысты үзбеу мақсатын көздеп, 1694 жылы Тайқоңыр  Құлтабай  бастаған елшілерді Ресейге тағы аттандырады. Тайқоңыр батырдың Сібірге келуінің басты мақсаты — көрші екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты    сақтау мен Келдей мен Сары мырзаны босатуды талап еткен Тәуке ханның хатын тапсыру/31, 14-15 бб./.  Онда ол «Адам атадан осы уақытқа дейін — ұрылар үшін елшілерді қашуға  алу дегенді   құлақ   естіп,   көз   көрмеген»  — деп жазады/31, 15б./.  Ертеден қазақ жерінде елшілерге арналған өзіндік дәстүр қалыптасқан.  Ол бойынша елшіге тіл тигізуге, оны балағаттауға болмайды. Елшілер қазақ жерінде қарусыз еркін жүретін болған. Сары, Келдей мырзалармен болған оқиға Тәуке ханның орыс жеріне атақты адамдарды жіберуден қауіптеніп, Тайқоңыр батырды жіберіп отырғандығын Мәскеу мемлекетінің елшілері хабарлайды.

       Бұл кезде Мәскеу мемлекетінің де Келдей мен Сары мырза бастаған елшілердің кінәсіз екендігіне көзі жеткен болатын. Осы жылы (1694) Тобыл әкімшілігі Келдейге сый-сияпат көрсетіп босатады. Сөйтіп, мырза бастаған елшілер 1694 жылы 7-8 жылдан кейін ғана еліне қайту мүмкіндігіне ие болады. Бұл аралықта тұтқынға алынған жылда Сары мырза (Матай Берібай батырдың

әкесі) ауырып қайтыс болып кеткен еді. Ал Келдей бастаған елшілерге орыс елшілері Матвей Трошин мен Федор Скибин қосылып, Түркістанға жөнеледі. Олар Тобылдан шығып, Ертіс арқылы Есілді одан соң Ұлытауды бойлай жүріп, Сарысу мен Шу өзендері арқылы Түркістанға келеді. Келдей орыс елшілерін жолда қалмақ тұтқынынан құтқарып қалды.

       Түркістанға келген бұл елшілердің сапары сәтті аяқталмады. 1692 жылы қазақ жеріне аттанған А.Неприпасов пен В.Кобяков бастаған елшілер кепілдікте ұсталынған болатын. Ал Неприпасов бастаған елшілердің басты мақсаты — қазақтардың тұрғылықты жерлеріне жасаған шабуылдарын тоқтату еді. Бұлардың тұтқынға алынуының себебі 1693 жылы Тауша Мергеннің Тобыл әкімшілігіне берген жауабында айтылады. «Тобылға Тәуке хан Тобылдың атты әскер казагін Александричка Алмасовты, Юлючка Жаманаевты жене оны Теушканы босатып жібереді. Ал Андрей Неприпасовты және атты әскер қазақ Васка Кобяковты және үш татарды Келдей мырзаны оған Тәукеге жібергенше ұстайтындығын айтты, егер оны босатпаса Тәуке орыс адамдарына соғыспен барады» /50, 135 б/. Тәукенің бар  тілегі өзінің елшілігін қайтару болды. Тәуке А.Неприпасов бастаған елшілерді жібермеуінің тағы бір себебі, Келдей мырзаның қайынатасы Түрке би бастаған руластарынан қауіптенуі болатын. Тағы да Тауша мергеннің айтуынша, Тәуке орыс елшілерін еркінен тыс қамауға алып отырғанын, болашақта ешбір елшілерге жамандық жасалмайтынына уәде береді. Бірақ, Грошин мен Ф.Скибин бастаған елшілердің әр түрлі кезеңде тұтқынға түскен орыс адамдарын босату жөніндегі келіссөзі де ұшырады, нәтижесінде олар да тұтқынға алынды. Кейін олар Бұқар тұрғыны Сұлтантаевтың көмегімен қашып Хиуада ноғаймыз деп алдаусыратып үш айдай тұрады. Мұның өзі олардың тілді жетік біліп, тұрмыс-салтты жақсы меңгергендігін байқатады. Бұл елшілер 1697 жылы Тобылға қайтып оралады.

       Қазақ-орыс қатынастарының шиеленісі XVII ғасырдың соңы XVIII  ғасырдың басында   Ресейді  Жоңғар   мемлекетімен жақындастыруға себепші болады. Өз кезегінде Тәуке хан қазақ-орыс байланыстарының нашарлауының басты себептерінің бірі Тобыл әкімшілігінің шекара тәртібіне ие бола алмай отыруынан деп білген. Хан ордасында орыс елшілері Ф.Скибин, М.Трошин қабылданған кезде Тәуке хан елшілерге: «Түркі сұлтаны немесе Қызылбас шаһарының ханы менен Тәуке ханнан несі артық? Олар да мен сияқты ғой» — депті/31, 15 б./.

       Тәуке хан Ресей мемлекетімен тең жағдайда қарым-қатынас орнатқысы келген болатын. Бірақ Ресей мен Қазақ хандығының арасындағы шекаралық шиеленістерге қарақалпақтар тарапынан жасалынып тұрған жорықтардың да әсері болғанын айта кеткен жөн. Оған мынадай мысал келтіруге болады: «Тәуке хан сөзімізді тыңдап болған соң, бізге былай деді: бұған дейін Тобыл уезі маңындағы қыстақтар мен деревняларда қарақалпақтармен соғыстар болып өткен…»/50, 135 б./. Қарақалпақтардың орыс шекараларына жасаған шабуылдарын 1693 жылы Түркістанға келген орыс елшісі В.Кобяков та атап өтеді/50, 136 б./. Бұл жағдай Тәуке хан мен Ресей елі арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауының тағы бір себебі болды. Рас, екі мемлекеттің де көздеген өзіндік мақсаты болды. Мысалы, Ресей мемлекеті өз тарапынан қазақ жеріне жоңғарларды қолдай отырып, айдап салу, екі жүзділік бағытты ұстанса, ал Тәуке хан сауда жолын дамыту арқылы керек кезде әскери көмек алу жолын көздеді. Бірақ сол кездегі Қазақ хандығының билеуші тобы орыс мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасаудың қажеттілігін жете түсінбеді. Оларды, әсіресе, шекарадағы тонау, содан түскен қыруар олжа барынша қызықтырды.

       Тәукенің Ресей елімен тең дәрежедегі мемлекеттік жүйелі басқарудағы ел екендігін оның жасаған іс-әрекеттері дәлелдей түседі. 1709 жылы Кондратии Буловиннің патшаға қарсы жасаған көтерілісі   жеңіліске   ұшыраған   соң   оның   туының   астына мыңдаған орыс казактары I Петрдің жазаға тарту саясатынан қашып Еділ мен Жайық өңірінде қоныс теуіп отырған қазақтарға қырғын салады. Тәуке хан Әбілқайыр сұлтан мен Бөгенбай батырды 30 мың сарбазбен жорыққа аттандырады. Тәуке қазақ жерінің шекарасын қорғауға дайын екендігін көрсетеді. Тәуке ханның әскерінің жалпы саны соғыс жылдарында 80  мың сарбазға жетіп отырған, ал бейбіт өмірде 500-1000 мыңға жуық жасақ болған. Мұны Тәуке ханға келген орыс елшілері мағлұматтарында да атап кеткен. Мәскеу мен Түркістан билеушілерінің арасындағы қарым-қатынас бұдан әрі ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейде болды деу қиын. Өйткені, 1715 жылы Тайқоңыр бастаған қазақ елшілерінің әскери одақ құру жөніндегі ұсынысына Ресей патшалығы мәмілегерлікке келудің орнына сөзбұйдалылықтан әрі аса алмаған бағыт танытады. Бұған басты тағы бір себеп, Ресейдің Швед елімен ұзақ жыл соғысуы болса керек (1701-1716 жж.).

       Екіншіден, Ресей, Қытай және Жоңғар мемлекеттерімен өзара қатынасты шиеленістіріп алудан сақтанатын. Ресейдің мұндай әрекеті Тәуке ханды да, Петр патшаны да мазасыздандырып отырған. Қазақ хандығы үшін осы бір қиын-қыстау кезеңде биліктің тұтқасын берік ұстайтын тұлға қажеттігі өте қатты сезілді.

       Көптеген тарихи құжаттарда Тәуке ханды 1718 жылға дейін  жиһан, жолкезбелердің жазбаларында кездеспейді. Сонымен бірге Бұқар,  Шығыс Түркістан деректерінде де оның есімі аталмайды.  Ресей архивіндегі материалдарға сүйенетін болсақ, 1715 жылы татар: тілінде жазылған Балгаир батыр хатының көшірмесінде: «Жасы жетіп, қартайып Тәуке-Мұхаммед қайтыс болды» немесе Тайқоңыр батырдың айтуынша, «қырғыз-қайсақ жерінде бұрынғы Тәуке хан қайтыс болған соң, оның билігі қазіргі Қайып ханға өтті» делінген/51/.

       Біздіңше бұл деректерге сын көзбен қарау керек. Өйткені, 1716-1719 жылдар аралығында барлық қазақ-орыс байланыстары мен қарым-қатынастарын Қазақ хандығының атынан Қайып хан жүргізіп отырған. Сондықтан,  егер билік тұтқасы Тәукенің қармағында болса, онда оны орыс билеушілері білмеуі мүмкін емес еді.     Себебі, Тәуке хан  Тобыл  билеушілерімен  өте тығыз байланыста болған. Екіншіден, жоғарыда айтып өткендей, ол 1636-1638 жылдары дүниеге келді деп болжайтын болсақ, онда оның 1716 жылдары нағыз қартайған шағы болар еді. Тәукенің балаларының саны деректерде әр-қилы болып кездеседі. Шоқан Уәлихановтың хандар шежіресі бойынша төрт баласының есімі көрсетіледі/180/.   Болат,   Тұрсын,   Мұрад,   Семеке,   Қасым. Зерттеулерде оның сегіз баласының есімі аталады: Болат, Сәмеке, Қосым,     Қасым,    Қошын,     Ғайып,     Мұрат/25, 5 б/.     Орыс мұрағаттарында «Тәукенің екі баласы бар» деп көрсетеді.

       Тәуке тұсында Қайып есімі жиі аталып келген. Ол Түркістанда Тәукенің жанындағы ең сенімді деген адамдарының бірі болған. Елшілерді қарсы алып, күткендігі жөнінде елші А.Неприпасов елшілігінің жауаптарының жазбаларында да айтылады/183/. Кейбір зерттеулерде Қайыпты Тәукенің баласы деп береді. Қайып Есіл ханньің екінші баласы Құдаймендіден тарайды/50, 135 б./. Қайып сұлтан әрқашан Тәукені қолдап, қуаттап отырған. Сондықтан Тәукенің тақ мұрагері тек Қайып болуы мүмкін еді.

       Қайып хан сыртқы саясатты жүргізуде Тәуке бастаған бағытты ұстанды. Ол Ресей елімен елшілер алмасып бейбіт қарым-қатынасты сақтауды көздеді. Қайып ханның алғашқы елшілері 1716 жылы қыркүйекте Тобылға жетеді.  Сібір  губернаторы М.Гагарин І Петрге қазақ жерінен елшілер келгенін хабарлайды. Бұл елшілердің мақсаты туралы: «…Олар Тобылға, Қазақ ордасы атынан жіберілген, олармен мәңгілік бейбітшілікке тұруға қазақ ордасының оны барлық елдермен бейбіт қатынаста болғысы келетіндігін Сібір губернаторы өз патшаларына жеткізуді тілейді», деп жазылған/31,8 б/.

       Бұл елшілерді бастап келген Бекболат Екишев, Байдаулет Бөреев Қайып ханның Ресей елімен мәңгілік бейбітшілікте болғысы келетін өтініш хатын тапсырады. Онда: «Қайып хан патша ағзам мен мәнгілік бейбітшілікте болуды қалайды, ал Қонтайшы мен Қайып хан көп жылдар бойы аразда, елшілер жүрер алдында ол Қоңтайшыға он мың, он бес мың әскермен шабуыл жасамақ еді. Болашақта егер патша ағзам келісім берсе, оған Қонтайшыға қарсы 20-30 мың өз адамдарымен немесе орыс әскери адамдарымен шабуыл жасауға дайын» деп көрсетеді. Қайып ханның орыс елінен әскери көмек-қолдау күткендігін білдіреді.

       Жоңғарлармен соғысып жатқан хандықтың әскери-экономикалық күш-қуатын барлап қайту мақсатында 1716 жылы әскери одақ құру жөніндегі келіссөз жүргізуді сылтау етіп Никита Белоусов бастаған елшілер жіберіледі/31, 8 б./. Оларға, әсіресе, Қазақ ордасының жоңғарлармен қарым-қатынасы, әскери күш-қуаты, сондай-ақ Орталық Азия хандықтарының ұстанған бағыты, мүмкіндік болса хандықтың территориясы, ішкі жағдайы, тағы басқа жәйттерді біліп қайту тапсырылды. Бірақ, елшілік, адамдарына мұндай мағлұматтар жинауға рұқсат берілмеді елдің жоңғарлармен соғыс жүргізіп жатуына орай, олардың әрбір қадамы қатаң бақылауға алынды.

       Бұл жағдай Ресейдің қазақ ордасы жөніндегі қобалжуын тереңдете түседі. 1718 жылы 21 қаңтарда Брянцев бастаған елшілер тобы тағы жіберіледі. Бұл елшіліктің мақсаты қазақ-жоңғар соғысының жайын білу болды: «…Бірінші үйде Құлтубай мырза қазақ-қалмақ соғысы туралы айтып берді, қалмақтарға қарсы 30000 адамнан тұратын қазақ әскери жасағы қатынасқан соғыс болды. Бұл соғыс Аякөз өзенінің жағасында басталды, оған оның өзі де қатынасты. Осы жердегі соғыс кешке дейін созылды, түнде қалмақтар ағашты тауып, орманда қорғаныс жасап шебініске отырды, қазақтар қалмақтардан биік қорған жасап, екі күн атысты, үшінші күні қалмақтарға мың жарымдай әскер қосылды. Қайтадан соғыс басталып, қалмақтар қаша жөнелді. Ал басқа қалмақтармен болған соғысты білмейді. Олардан қазақтардан, қалқақтардан қанша адам қырылғанын ол білмейді» /31, 20 б/.

       Аякөз соғысы туралы құнды мағлұмат қалдырған Брянцев елшілігінің  соңғы тағдыры жөнінде дерек  сақталмаған.      Сол кездегі ауыр соғыс жағдайы Брянцев елшілерінің де айдарынан жел естірмеген деп түйіндеуге болады.

       Ресей мұрағатында құжаттарда Қайып ханның әскери көмек сұраған екі ел арасындағы ұрыларды жазалау туралы хаттары сақталған. Сонымен бірге Ресей тарапынан Қазан губернаторы П.Салтыковтың хаттары Ресей-Қазақ қатынас-тарының жай-жапсарын айқындайтын мағлұматтар береді.

       ХҮІІ ғасырдың соңғы ширегі — XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатында орыс елімен бейбіт қарым-қатынастарды сақтауды көздеген байланыстарын көруге болады. Тәуке хан Ресей елімен жақсы қатынасын сақтап, сауда-саттықты өркендету саясатын ұстанған, ол бірнеше дүркін елшілер жіберіп, тату-тәтті, ынтымақта болатын көршіні іздеді. Өкінішке орай, Ресей мемлекеті оның ұстанған бағытын жеткілікті дәрежеде қолдамай, Қазақ шекараларына бекіністер сала бастады.         Кеңес дәуірінде Петр І-нің «Қазақ жері — Азия елдеріне ашылған бірден-бір қақпа» деген қанатты сөздері, дәлірек айтқанда, Қазақ жерін қалайда өзіне бағындыру екендігін мұндағы Ресей тарапынан болған отарлау саясаты анық көрсетіп отыр.

Жалпы, Тәуке ханның және Қайып хан тұсында Ресеймен қарым-қатынас басқа кезендермен салыстырғанда ең жақындасқан, ең түсініскен дәрежеде болды дей аламыз. Сондықтан Ресейде ұлы — Петр, Қазақ хандығында — Әз-Тәуке, көршілес екі мемлекеттің әрдайым тыныштықта өмір сүруі Евразия құрлығындағы елдер мен халықтары үшін баға жеткісіз маңызы бар екенін айқын ұғынған.

XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың басындағы бүкіл Орталық Азия мемлекеттерінде саяси тұрақсыздықтың өршіген кезеңі болды. Бұл әр түрлі топтардың мемлекет ішінде жеке билікке ұмтылған уақыты еді. Нәтижесінде Орталық Азияда оншақты жекеленген тәуелсіз ұлыстар пайда болды. Соның ішіндегі ірілері — Бұхар және Хиуа хандықтары. Тәуке хан Бұхар, Хиуа хандықтарымен бейбіт қарым-қатынасты сақтауды көздеді. 1678 жылы Бұхар ханы Субханқұлы Қазақ хандығына Хошин би басқарған елші жібереді/52/. Субханқұлы ханның дәл осы жылы елші жіберуінің саяси мәмілегерлікте зор мәні бар еді. Бұхар ханы қазақтардың қалмақ тарапынан басталған соғысқа кірісіп жатқан кезінде қысым көрсетіп, өз шарттарына көндіре аламын деген есепті ішіне бүкті. Оның жіберген елшісі Сыр бойындағы Ташкент, Сығанақ, Сауран сияқты бірнеше қалаларды және соғыс  тұтқындарын   қайтаруды,   Бұқар   көпестерінің   Қазақ хандығына ішкерілей кіріп, сауда жасау құқықтарын беруді талап етеді. Сонымен бірге, Қазақ хандығынан Бұқар, Самарқан базарларынан әкелінетін мал санын келіспек болады. Сөйтіп, екі жақ тұтқын алмасу мен сауда айырбас жасау жұмыстарын жандандыру жөнінде келісімге келеді. Ал Сыр бойындағы шаһарлар тағдырын шешу кейінге қалдырылады. Бұл мәселеде қазақ билеушілері жоңғардың сақадай сай атты әскерін қазақтар ғана тоқтата алатынын және оларды жеңуге күш-қуаты жететінін, дәл осындай жағдайда Субханқұлы хан соғыс ашса, онда өзінің кұні ертеңгі жауына көмектескен болып шығатынын, жоңғарлар қазақтарды жеңіп кетсе, Бұхар хандығының жаяу әскерін таптап өтіп, Қызылбас шаһарларына жорық бастайтынын мәртебелі аңға жете түсіндіруді елшіге баса айтады.

       Тәуке хан өз тарапынан шамамен 1687-1688 жылдары Бұхар ханы Субханқұлы мен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізген. Сөйтіп, XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың басындағы Қазақ пен Бұхар хандығының арасындағы бейбіт қарым-қатынас сауданың едәуір дамуына өз ықпалын тигізді.

        Бұхар хандығымен көрші орналасқан Хиуа да XVII ғасырдың соқыңда Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ оқиғаға іштей қырқысу жағдайында болды. 1687-1710 жылдары аралығындағы биліктің тұрақсыздығы  соншалықты,  Хиуа тағында   10  хан ауысты/.   Өзбек  аристократияларының  көңілін  табу  өте қиынға   соқты.   Сондықтан   болар,   Тәуке   тұсында   Хиуа мемлекетімен өзара қарым-қатынас нашар дамыды.

       Орта Азиядағы сауда орталығы — Ташкент қаласының саяси жағдайы өте ерекше болды. А.И.Добросмысловтың айтуынша, қазақтар XVII ғасырдың бірінші ширегінде-ақ бұл қаланы иеленген.  Осы Ташкент қаласындағы қазақтардың билігі туралы 1735 жылы Орынбор экспедициясының осы қала көпестерінен жазып алған мына бір деректері де аңғартады: «Қайсақ хандары және олардың жақын адамдары қалаға келіп жасақ жинайды. Қалада, уездерде тұратын сарттар оны ақшалай, тауар күйінде береді, қандай көлемде екені белгісіз. Уездерде тұратын сарттардан бидайдың бес бөлігін, кейде он бөлігін алады, малдардан: сиыр және қой жинайды. Қайсақтар өздерінің салық жинаушыларын белгілеп, жіберіп түрады. Ташкент әкімшілігі оларға өздерінің өкілдерін қосып, ешқандай күш көрсету болмауын қадағалауға жібереді. Бірақ қайсақтар үнемі күш көрсетіп, оларды өлімші етіп сабап тастайды. Сонда да оларға ешқандай шектеу жоқ, олар өздерінің құқықтарын жоғалтпайды».

       XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың басында қазақтар Ташкент қаласының ішкі билігіне көп араласа бермеген, олар тек жергілікті халықтан салық жинаумен ғана шектеліп отырған. Орта Азия және Қазақ хандығының қарым-қатынастарында негізгі саяси мәселеден гөрі экономикалық талаптары басты мәлім болды. Нәтижесінде сауданың өркендеуі біршама дамыған болатын.

       Сырдарияның төменгі ағысында мекендеген қарақалпақтар көпшілігі мал   шаруашылығымен,    балық    аулау   кәсібімен шұғылданды. Олар саяси жағынан Қазақ хандығына тәуелді болды. Орыс жазбаларында Тәукені тек Қазақ ханы ғана емес, қарақалпақтардың да ханы деп көрсетеді. Олар жыл сайын бидай салығын төлеп, өз одақтастарымен көрші елдерге қарсы әскери шабуылдарға қатынасты. Бұл туралы орыс жазбаларында былай көрсетілген: «Арыстың оң жағасындағы құмды жол арқылы Ақсу тастарына дейін жарты күн, осы тастар арқылы қарақалпақтарға жол түседі… Түркістаннан Сыр өзенінің төменгі ағысы арқылы үш күндік жолда Үзкент қаласы, сол қалаға 203 жылы Тәуке хан қарақалпақтардан   салық   жинауға   түсті.   Олар   егін   егіп, қазақтармен қатынаста өмір сүреді. Үзкенттен төмен Сырдың екі жағалауында да қарақалпақтар көшіп жүреді. Қалалары көп емес. Әскери істері қазақтармен ортақ. Олар ұрлық арқылы күнелтеді. Олардың билеушілері Табұршық сұлтан» /50,149/. Мұндағы ұрлық-қарлықпен айналысқан деген пікір, олардың жалдамалы әскери жасақтарға жиналып саяси тартысқа қатынасуын айтса керек. Әмударияның төменгі сағасын мекендеген қарақалпақтардың ауыз әдебиетінде, олардың ханын өлтіріп өзіне бағындырған Тәуке   хан   туралы   аңыз   сақталған.   Тәуке   ханның қарақалпақтарды   өзіне   бағындырып,   оларды   Сасық   бидің көмегімен билегендігі белгілі.

       Тәуке қарақалпақтармен, қырғыздармен саяси одақ құру арқылы ойраттардың шабуылына тосқауыл қойды. Сонымен бірге, Тәуке қырғыздармен әскери одақ құрған деректерге сүйенсек, ол қырғыздардың біраз бөлігін өзіне толығымен бағындырған. Бұл туралы көптеген халықтардың ауыз әдебиетінде мәліметтер кездеседі. Тәукенің мұндағы билігі Қоқыкі би Қорашорин басқаруы арқылы жүзеге асты. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих и — Рашиди», «Тарихи Кажғар», «Бахр ал-асрар» жазба деректерінде қазақ-қырғызды бірге атайды. Қазақ хандары Тахир, Хақназар, Тәуекел, Есім деректерде «қазақ-қырғыз билеушілері» болып табылады.

       XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясатында салыстырмалы болса да тұрақтылық орныққан болатын. Бұхар, Хиуа, Ресей, Жоңғар, Қытай сияқты ірі елдермен көршілес жатқан хандықтың саяси-географиялық орналасуының өзі оның билеушілерінен әрқашан ұстамдылық және білгірлікті танытуды талап етті. Көрші мемлекеттер болса хандықтың өзі ішіндегі саяси ісіне араласуға талпынды. Мұны Тәукеден кейін Қайып, Әбілқайыр, Абылай сияқты хандар өз мүдделеріне тиімді пайдаланған болатын. Әрине Тәукенің тұсында сыртқы саяси жағдай жоғары дәрежеде болды деп біржақтылық таныту дұрыс емес. Өйткені Қазақ хандығындағы биліктің толығымен орталықтанбауы, ондағы жеке сұлтан, би, батырлардың сыртқы саяси мәселелерді шешудегі іс-әрекеттері, кері әсерін тигізбей қойған жоқ.         Осыған қарамастан көрші жатқан мемлекеттермен Тәуке өз заманына сай тиімді дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

                               

       2.2 Қазақ- ойрат қатынастары

 

ХҮІІ ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының  көршілес    жатқан     елдердің ішінде ойраттармен жиі қақтығысқа ұшырап отырды. 1635 жылы Қазақ хандығының шығысында дербес мемлекет ретінде қалыптасқан Жоңғар елі сахнасында   ерекше   орын   алды. жартысында Қазақ хандығының шығысында орналасқан көшпелі ойрат тайпалары қазақ жеріне басып кіру әрекеттерімен көзге түсті. Бытыраңқы және өзара қырқысуы күшейген осы ойрат тайпалары (чарос, торғауыт, хошауыт дербет) 1635- 1638 жылдары Батыр Қонтайшын біріктіріп орталықтанған Жоңғар мемлекетін құрды Осылайша XVII ғасырдың екінші ширегінде пайда болған Жоңғар мемлекетінің күшеюі қазақ жеріне үлкен қауіп тудырды. Біз қарастырып отырған кезеңде Қазақ хандығына қауіпті барынша төндірген осы мемлекет болды.

       Шаруашылығы       жағынан       ұқсас,       көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Ал ойрат-қазақ тартыстарының өршуіне басты себеп жер дауы болды. Қазақ феодалдары Тәуке тұсында Жоңғар жеріне басып кіріп, елдің шекарасын кеңейтуге тырысты.  Қалдан-Бошақту қонтайшының  кезінде  (1670-1697 жж.) ойрат-қазақ қарым-қатынастарының өршуі нағыз шегіне жетті. Қалдан-Бошақту қонтайшы Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуға әрекет жасады, бірақ 1684 жылы Сайрам қаласын алғанымен, Қытай мемлекеті тарапынан басталған соғыс (169І-І697 жж.) оларды кейін шегіндірді.

       1697 жылы Қалдан-Бошақтудың өлімінен кейін Жоңғар мемлекетінің тұтқасын оның өте айлакер інісі саясатшы Цебан-Рабдані (1697-1727 жж.) алды. Ол Қытай елімен өте жақсы қарым-қатынаста бола отырып, батысындағы қазақ жеріне бар назарын аударды. Цебан-Рабдан кезінде Жоңғар мемлекеті өркендеп, дами түсті. XVII ғасырдьщ соңы — XVIII ғасырдың басында Жоңғария жерінде темір және түсті металдарды балқы-татын зауыттардың болғанын Ресейдің артиллерия капитаны И.Унковский атап көрсеткен. Сонымен қатар, Жоңғар елінде болған орыс елшісінің келтірген мағлұматында, қалмақ әскерлері отты қарумен қамтамасыз етілді деп жазады/30, 65 б/.  Цебан-Рабдан әрқашан да өзінің жүргізген саясатында Қытай елімен санасып отыруға тәуелді болды. Ол 1698 жылы Цин императоры Кансиге қазақ жеріне басып кіруінің себептерін былай көрсеткен: «Цебан-Абудан (Рабдан) жазады: (сіздің сенімді)  қызметшіңіз қазақтармен соғысты әлі аяқтай алмай жатыр. Осыған дейін қолдап қазақтардағы Тәукенің баласын тұтқынға алып, оны далай ламаға жіберген болатын. Тәуке өз адамдарын жіберіп өтінгендіктен, мен сіздің қызметкеріңіз барлық реніштерді жою үшін, елшілерді далай-ламаға ертіп келіп, Тәукенің баласын жіберуді сұрандым күзетке 500 адам қосып жібердім. Тәуке керісінше менің 500 адамымды өлтіріп, сіздің қол астыңыздағы Уәрхуде батыр тайшыны да өлтіріп, менің 100-шақты уранхайлықтарымды иеліктерімен бірге жаулап алды» /53/.

Қазақ жеріне ез әскерінің тарапынан басып кіру әрекеттерінің тағы бір себебіне байланысты былай деп жазады: «Менің қайны атам Аюке   (Сіздің)   қызметшіңізге   өзінің  қызын  жіберген болатын, менің қалыңдығымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның үлкен ағасы Саньци Чтабуға шығарып салу тапсырылған еді. Қазақтар оларға да жолда қарулы шабуыл жасады» /53, 60 б./.

Әрине, мұнда Цеван-Рабдан қазақтарды айыптау арқылы өзінің іс-әрекеттерін Цин мемлекетінің алдында ақтап алуы үшін жазды.Осыған   орай,   Тәуке   де      өз   тарапынан   жоңғар шапқыншылығына қарсы бірнеше себептерді көлденең тартқан. Сондықтан да жоңғарлардың еш ақталуының мәні жоқ сияқты. Жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы қазақ жасақтары 1698 жылы және 1702 жылы жорық жасады. Тәуке хан тұсында жоңғарлйр 1711,  1712, 1714, жылдары қазақ жеріне бірнеше дуркін басып кірді. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылы да өз әсерін тигізбей қойған жоқ.

Тәуке хан ойрат жасақтарының үздіксіз шабуылын тыю мақсатында Жоңғар ордасымен бейбіт қарым-қатынас орнату үшін ұдайы елшілер жіберіп тұрды. Соның бірі — 1703 жылы 25 сәуірде Цебан-Рабданның Текестегі ордасына қазақ елшілігі бейбіт қарым-қатынас орнатуға   келгендігін сол кезде Жоңғар еліндегі орыс мемлекетінің елшісі  П.Гордеевке тілмашына хабарлайды/14, 97 б./. Елшілік қандай нәтижеге жеткендігін білдіретін мәліметтер  ешқандай құжаттарда кездеспейді.

Бірақ,  осыдан кейін екі ел арасында ірі қақтығыстар бола қойған жоқ. Оның бір себебі, Жоңғар мемлекетіндегі ішкі қайшылықтардан болса, ал екіншіден,  қазақ жасағының  тарапынан  берілген  қатты соққылардың әсерінен болуы мүмкін.

1709   жылдары    басталған   ойрат   феодалдарының   жаңа шабуылы, Тәуке ханның қазақ билеушілерінің басын қосып 1710 жылы тарақұм маңында үш жүздің өкілдерінен құрылтайын өткізуге итермеледі.

Ал Құрылтайда үдей түскен жоңғар шапқыншылығына қарсы өтеп береміз бе, әлде келісім жасаймыз ба деген мәселелер әңгіме болды. Құрылтайға қатысушылардың бір тобы тағдыр талқысына көніп барып жан сауғалағысы келді. Ал енді біреулері қоян секілді жан-жаққа бытырап кетпекші болды. Талайы толқып жүрді, бірақ сол кезде ерлігімен әйгілі болған ру басы Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәрін тыйды/14, 120 б./.

       Екі   көшпелі   мал   шаруашылығымен   айналысқан   көрші мемлекет арасындағы материалдық ахуалын көтеру барысында жайылымдық жерлерді  үнемі  кеңейтіп  отыруды  қажетсінді. Осыған орай жайылымдық жерлерді жаңадан иелену тартысы басталды. ХҮII ғасырдың соңында Қазақ хандығы қалмақ жеріне өзі қауіп төндірген болса, оның кейбір жерлерін басып алған кездері болды десек те, хандықтағы ішкі жағдайдың шиеленісу нәтижесінде әлсірей бастағанды. Жоңғар билеушілерінің бірден-бір   қызықтырған   жерлері   Жетісудің   құнарлы   жерлерімен, Оңтүстік     Қазақстанның     мәдени     орталықтары     болды. Қазақтардың XVIII  ғасырдың  басындағы  жағдайынан  хабар 6ерген Ш.Ш.Уәлиханов: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қырғыз халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап алып, тұтас семьяларымен тұтқынға әкетіп отырды»  — деп сипаттайды.

        Қарақұмда өткен құрылтай жоңғарларға қарсы жұмыла қарсы тұру жөніндегі шешім Тәуке хан жасақтарының жеңістерінің табысты болуына әсер етті. Халық жасағы айырылып қалған қоныстарды қайтарып алып қана қоймай, жоңғар билеушілерінің жерлеріне басып кіріп, көптеген жоңғар әскерлерін тұтқындап, алып келді…

       Тәуке хан тұтқиыл шабуылдан жерін қорғау үшін Түркістан қаласының маңына 80 мың атты жасақ ұстап тұрды. Жау келер  жерлерге, асуларға, жол тораптарына күшті күзет қойылды. Жоңғарлардың әскери үстемділігін байқаған Теуке батыстағы шекаралық шептерін нығайтуда орыс елімен байланысын күшейте түсті.

       1702 жылы қазақ жасақтары жоңғарларға және Волга қалмақтарна қатар соққы берген. Князь Черкасскийдің 1702 жылы жазда қонтайшыға Сібір тұрақтарына шабуыл жасауды тоқтатсын  деген  талабымен  жіберген   Тобылдың   әскербасы Матьвей Городничийдің күнделгінде былай деп жазылады: «Қазақ ордасы Ертіс өзені арқылы екі мыңнан, тіпті одан да көп жорық жасады, енді олар Ямышев өзеніне, Көкен батыр ұлысына бет алуға дайындалды» /14, 8 б./. Жоңғар шапқыншылығы ішкі жағдайдың нығаюына бар күш-жігерін жұмсап жатқан Тәуке ханға қатты соққы болды. Академик В.В.Бартольд атап өткендей бұл жағдай саяси экономикалық құлдырауға әкелді және мал басының кеми түсуі экономикалық дағдарыстың бастамасы болды.

       Сонымен ХҮІІ ғасырдың соңы – ХҮІІІ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы туралы сөз еткенде, оның жоңғар шапқыншылығының зардаптары мен  байланыстарын көрсетпейінше тереңінен ашылмайды. Жоңғар шапқыншылығы көшпелі мал  шаруашылығымен  айналысқан  көшпелі  қазақ қауымының   жайылымының   азаюына   әкелді,   қала   мәдени орталықтары  дағдарысқа  ұшырады.   Әсіресе,   Тәуке  ханның дүниеден кетуі (1717-1718) /165/ қазақ қоғамында ішкі тартыстың күшеюі экономикалық жағдайын мүлдем құлдыратып жіберді. Осыдан кейінгі тарихи оқиғаларды қарастырсақ қазақ елінің қайғылы кезеңі — Ақтабан шұбырындының басталғандығын көреміз.

       Мұнан Тәуке хан секілді беделді қайраткерлердің ел басында жоқтығы бірден аңғарылады. Әр жүз, әр ру өз алдына ел болғысы келді. Тәуке басын біріктіріп, батырлар қолбасшылық еткен халық жасақтары жеті-сегіз жеңістен кейін-ақ табысқа мастанып әр ру өз сұлтанын, өз төресін хан көтеріп, әр ел өз батырын биік мадақтап, жан-жаққа даурығып тарап жатты. Тәукеден кейін хандыққа тұтқа болған оның мирасқорлары өзімен-өзі тарқап кетті. Орынбор архивіндегі мына бір үзінді осының дәлелі болса керек: «Сол бір ұзаққа созылған аяқталмайтын соғыс кезінде, әрине қырғыздар (қазақтар  — Э.Т.)  тез-ақ жеңер еді.  Ал қырғыздардың бір ханы жоңғарлармен соғысып жатса, екіншісі өздерін қырып жатқан жауға қарсы күш жұмсау орнына өзара келісе алмай жатқандары». Хандық ішінде саяси дағдарыс басталып, нәтижесінде мемлекеттік тұтастығын жоғалтып кіші хандықтарға бөлініп кетті.

       Қазақ-жоңғар қатынастары тарихи батырлар эпостарында көрініс тапты. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», қазақ-ноғай циклі бойынша «Мусахан», «Ораз жөне Мамаш», қарақалпақтарда, «40 қыз» сияқты мазмұнындағы ортақтық ерекше көзге түседі.

                   Алайда, XVIII ғасырдың бірінші ширегінің соңында Жоңғар шабуылы ішкі тартыстың қайта өршуі, сондай-ақ  1716-1717 жылдарда Тәукенің дүниеден өтуі Қазақ хандығы шаңырағының шайқалып, сетінеуіне бірден бір себепші болды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         ҚОРЫТЫНДЫ

 

XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған дербес мемлекеттік мәртебесін сақтап қалу үшін ішкі және сыртқы қайшылықтарды басынан өткерді. Бұл тұста әсіресе ішкі алауыздық күшейіп тұр еді. Осыған қарамастан қазақ халқының арасынан ірі саяси қайраткерлер, билер, сұлтандар, батырлардың тарих сахнасына шығуы бұл ауыртпалықтарды өз дәрежесінде шешуге мүмкіндік берген.

Сондай халық зердесінде өшпес іс қалдырған ірі тұлғалардың қатарына XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың басындағы Қазақ ханы болған Әз-Тәукенің жасаған қызметінің маңызын ерекше аталанып зерттеу объектісі болуының басты себебі ашылды. Тәуке заманының Қазақ хандығының ең бір өркендеген және тыныштық орнаган кезеңі деп халық еске алады.

Тәуке ханның тарихтағы ерекше орны оның әлеуметтік-реформаторлық қызметі айрықша көрсетілді. Оның кезінде әлеуметтік жіктелудің, экономикалық, материалдық жағдайы ғана емес әр адамның жеке басының қасиеттеріне көп көңіл бөлінген.

Тәуке ханның өзіне дейінгелерден айырмашылығы-хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен  өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идеологиялық міндеттерді атқаруда ерекше рөлі болды. Алайда, олар Шыңғыс ұрпақтарына жатпайтын еді. Төңірегіне беделді топтастырған Тәуке «билер кеңесінің» қолдауына сүйене отырып, хан билігіне ашық түрде қарсы шығушы Шыңғыс ұрпақтарына қарсы күрес жүргізді. билер кеңесі халықтың айтуыншаТәуке ханға дейін, аңызға айналған Майқы би заманында-ақ белгілі болған. Билер мәжілісі ерекше жағдайларда, аса маңызды мәселелерді шешуге ғана шақырылған. Билер кеңесінің қызметін ретке келтіруде Тәуке бірқатар шаралар қабылдады. Ол билер съезінің өтетін жері мен уақытын белгіледі. Ханның маңызды билік жүйесі болып табылатын билер кеңесі әрдайым Тәуке ханның белгілі бір ордасында: Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының маңындағы Мартөбе және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген.

Тәуке хан заңдары немесе «Жеті жарғы» заңының қабылдануы сол замандагы қазақ қоғамын өркениетке бір саты жоғарылатты. Тәуке хан дала «ақсүйек» өкілдері — билер мен батырларға сүйеніп, ез саясатын жүргізгеннен ұтылган жоқ. Тәуке хан үш жүздің біртұтас мемлекет ретінде Қазақ хандығының саяси дербестігін сақтауға барлық шаралар жасады. Қазақ арасында басты алауыздық тудырып отыратын жер дауы, кош-қоныс заңдастырылган түрде реттслді. Жесір дауы, ұрлық-қарлық мәселелері шешілді. Қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген реформа «Жеті жарғының» орыс тарихын зерттеуде «Солическая правда», «Русская правда» қаншалықты маңызы болса отандық тарихты зерттеуде «Жеті жарғыда» үлкен тарихи ескерткіш.

Тәуке хан тұсындағы биліктегі жаңа бөлініс экономикалық қарым-қатынастардан туындап отырды. Әз Тәуке ханның тұсындағы ең үлкен ұтылыс Қазақ ордасының әскери құрылымы мен шаруашылық жайының ұйымдасуы жаңа жағдайға сай болмауынан туындады. Осыған қарамастан Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының тарихы ең бір күрделі кезеңді қамти отырып өз дәрежесінде мемлекеттік мәртебесін сақтап қалуға маңызды шаралар жасалынды.

Қазақ хандығының XVII ғасырдың соңы XVIII ғасырдың басындағы тарихи жағдайы өте күрделі үрдістерді қамтыған. Сондықтан бұл тарихи кезендегі оқиғаларды зерттеудегі біздің жұмысымыз бастамасы болса керек. Болашақта Тәукенің саяси, әсіресе реформаторлық қызметі тереңірек зерттелгені ләзім. Сонымен қатар қазақ халқының арасынан көтерілген би, батырлардың ұлттық тарихымыздагы алатын орнына тереңірек көңіл бөлген дұрыс шығар.

ХҮIII ғасырдың басында бір орталыққа бағынған мемлекеттің ыдырауы Тәуке тарапынан жасалынған реформаларының қазақ қоғамына кешеуілдеп енуі болған еді.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Левшин А.И  Описание киргиз-казачьих  или киргиз-кайсакских  орд истепей. –Алматы:Санат,1996.-С.656.
  2. Материалы по казахскому  обычному  праву. –Алматы:Изд.АН КазССР,1948.-С. 21.
  3. Спасский Г. Киргиз-кайсаки Большой  и  Средней  Орды  //Сибирский  вестник.  Ч.9.СПб,1820.-С.85.-86.
  4. Абай. Алматы, Ел.1954.
  5. Мұсағалиев Ғ. Қазақ жайынан. –Айқап, 1913.ғ13.-288б.
  6. Құдайбердіұлы Ш. Түрік ,қырғыз-қазақ  һәм  хандар шежіресі.-Алматы:Қазақстан  және Санат,1991.
  7. Тынышпаев М. История казахского народа.-Алматы:Қазақ университеті, 
  8. Аспендияров С. Ж. Қазақстан  тарихының  очерктері.-Алматы: Санат,1993.-120 б.
  9. Басин В.Я. Россия и  казахские   ханство в XVI-XVIII вв. –Алма-Ата:Наука, 1971.
  10. Аполлова И.Г. Присоединение Казахстана к  России. –Алма-Ата:Изд.АН КазССР, 1948;Экономические  и   политические  связи  Казахстана  с  Россией  вXVII-начале XIX века. –М.:Изд.АН ССР,1960.
  11. Қасымбаев Ж. Государственные  деятели  казахских  ханств (XVIIIв.). –Алматы: Білім, 1999; Жонғар-қазақ  тартысындағы  саяси  және  әскери  мәселелер// Қазақ  тарихы. –Алматы.-1994.-ғ2.-24-27-б.
  12. Галиев З. Караванные тропы. (Из  истории  общественной  жизни  Казахстана   XVIII-XIX веках)  -Алматы: Атамұра, 1994.- С.128.
  13. Златкин И.Я  История  Джунгарского  ханства.  Изд. 2-е. –М.:Наука, 1983.-С.336.
  14. Моисеев В.А. Джунгарское  ханство  и  казахи(XVII-XVIII вв.)//АН Каз ССР.Институт уйгуроведения.-Алма-Ата: Ғылым,1991.-С.238.
  15. Хасенов Ә.Х. Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны. А, 1996
  16. Жолдасбайұлы С. М.Х.Дулати және ХҮ-ХҮI ғасырлардағы Қазақ хандығы. А,2000. 67-72 бб.Жолдасбайұлы С. Жетісу тарихы. 1996.
  17. Пищулина К.А. Присырдарьинские города и их  значение  в  истории  казахских  ханств  вXV-XVII вв.//Казахстан в  XV-XVII  вв. (Вопросы  социально-политической  истории).-А.: Наука,1969.-С.203.
  18. Мамырұлы К.Қазақ халқының жоғарларға қарсы күресі және оның саяси астралары. А, 1998.
  19. Абусейтова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮII вв:История политика, дипломатия. А,1998.
  20. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы Евразийских степей. Санкт-Петербург, 2004. 188 б. 63.Султанов Т. Кочевые  племена  Приаралья в  XV-XVIII вв.-М., 1982.;”Семь  установленный”-памятники  право  казахов в  XVII  века. –Страны   из  народов  Востока. Вып.22. Средняя  и  Центральная   Азия.  География,этнография, история. Кн.2.-М.,1980.
  21. Зиманов С. З.,Усеров Н. Несколько слов о  “Жеты  Жаргы”// Известия  АН  КазССР, серия   общественных  наук, 1975.-ғ4.
  22. Күлтелеев Т. М. Уголовное обычное  право  казахов.-Алматы:АН КазССР,1995.-С.302.
  23. Кенжалиев З. Ж.Көшпелі  қазақ  қоғамындағы  дәстүрлі  құқықтық  мәдениет. –Алматы, 1997.
  24. Өсеров Н. Қазақтың әдет-ғұрыпына шариаттың  әсерін  зерттеу. з.ғ.д. ғылыми дәрежесін  алу үшін  дайндалған  диссертация.-Алматы, 1997.
  25. Созақбаев С.  Тәуке  хан. –Алматы: Санат, 1994; Өзбекұлы С. XVII ғасырдың  соңы — XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  Қазақстандағы  саяси-құқықтың  ой-пікірлерін  тарихи  және  қайраткерлері. з.ғ.д.  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертация.  –Алматы, 1998.
  26. Ахметова Н.С. Социальная природа  института  “кун’’.  Диссертация  на соиск. Уч. степ. канд.юр. наук.-Алматы,1975.
  27. Қинаятұлы Зардыхан. Қазақ мемлекеті және Жошы хан.Астана,2004. 249 б.
  28. Артықбаев Ж.О. Қазақ этнографиясы: этнос  және  қоғам  XVIII ғ. –Қарағанды, 1995.
  29. Оразбаева А. И.Қазақ қоғамындағы  билер  институттар; тарихи бастаулары, орны  және  рөлі;(XVIII ғ.); тарих  ғылымдарының кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін дайндалған  диссертация. – Алматы, 1998.
  30. Телеуова Э.Т.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік және экономикалық ахуалы. А,1999.
  31. Казахско-русские отношения  в 16-18  веках.Сборник документов и материалов/Сост. В.Я.Басин, Б.С.Сулейменов, Ж.Шойнбаев/.-Алма-Ата; Изд. АН  КазССР, 1961.-С.100.
  32. Русско-монголские отношения. М, 1974. 278 б.
  33. Материалы по казахскому  обычному  праву. – Алматы:Изд.АН КазССР,1948.-С. 21.
  34. Материалы по истории казахских ханств ХҮ-ХҮIII веков.А, Наука, 1969. 418 бет.
  35. Международные отношения В центральной Азии. М,1989. 103-104 бб.
  36. Абусейтова М. Х. Казахстан  и  Центральная  Азия; политические, международные связи(XV-XVIII вв.) .Дисс.  на  соиск. уч. степ. док.  ист.наук.-Алматы,1997. 166 б.
  37. Кляшторный С. Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех  тысячелетий . –Алматы : Рауан, 1992. 304 б.
  38. Андреев И.Г. Описание Средней Орды. А, 1998. 245 б.
  39. Материалы по истории казахских ханств ХҮ-ХҮIII веков.А, Наука, 1969. 418 бет.
  40. Фукс Л.С. Известия АН КазССР. А, 1948. 101 б.
  41. МИУТ. л, 1993. 265 б.
  42. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние времена. Алматы, Т.1. 234 бб.
  43. Эренжен Хара-Даван. Чингис-хан как полководец и его наследие. А,1992. 183-185 бб.

 

  1. Қазақ совет энциклопедиясы. 6-том. 542 б.
  2. Қазанғап Байғабылұлы. Төле би. А, 1992. 213 б.
  3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. А,1996. 75б.
  4. Прошлое Казахстана в источниках иматериалах. А,1991. 233б.
  5. Валиханов Ч. Ч. Собрание  сочинений в 5 томах. –Алма-Ата: Изд.  АН  КазССР,1961-1964.
  6. Бижанов М. Социальные категории  казахского  общество  XVIII  века в  трудах  русских  ученых// Казахстан  в  XV-XVII вв.( Вопросы соц-полит. ист). –Алма-Ата: Наука,  -С. 203.
  7. Материалы по истории каракалпаков. Л, 1968. 135 б
  8. Чулошников А.П. Очерки  по  истории  казак-киргизского  народа  всвязи  с  общими  историческими  судьбами  других  тюрских  племен. – Оренбург:Киргосиздат,1924. 68б.
  9. Қазақстан тарихы. Алматы, 1998.437 б.
  10. Китайские документы и материалы по истории Восточного Туркестана, Средней Азии и Казахстана ХIҮ-ХIХ вв. А, 1994. 272б.