МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
- 1 Тілдік сәйкестілік ұғымы
- 2 Жасқа байланысты тілдік сәйкестілік
2 ТІЛДІК ҚАСИЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН — ӨЗІ СӘЙКЕСТЕНДІРУІ
- 1 Оқыту тілін таңдау
- 2 Жаһандану үрдісінің студенттердің тілдік сәйкестілігіне әсері
- 3 Қостілділік және оның түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бітіру жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда тілдік сәйкестілік ұғымы лингвистика саласында маңызды зерттеу нысанына айналып отыр. Тіл адамның қол жеткен ең зор табысы болып есептелетін болса, тілдік сәйкестіліктің өзі белгілі бір қоғамда өмір сүріп отырған жеке тұлғаның ұлтпен қарым – қатынасында маңызды айқындауыш белгі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тілдік сәйкестіктердің шарпысуы, тілдер, мәдениеттер арасындағы қақтығыстар анық байқалады. Жалғыз Қазақстан ғана емес, көршілес елдерде де сәйкестілік үрдісі жан – жақты жүргізіліп жатыр. Мұның өзі қазіргі кезде сәйкестіліктің маңыздылығы, оның қажеттілігі туындап отырғанын көрсетеді. Тілдік сәйкестілік болмаған жағдайда ұлттың, мемлекеттің құрып кетуі, жойылып кетуі мүмкін. Себебі ұлттың өзіне тән сәйкестілігі болмаса, оның орнын басқа ұлттың сәйкестілігі басады. Оның анық көрінісін біз қазақ – орыс тілдік байланысынан көріп тұрмыз. Қазақ халқының тілдік сәйкестілігі орыс тілі тарапынан ығыстырылып, ақырында мұның өзі мәдени құлдырауымызға ұласа жаздады. Тілдік сәйкестіліктің келбеті әсіресе, белгілі бір қоғамда анық байқалады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы тілдік сәйкестілігіміздің қалпына келуіне себеп болды.
Сәйкестілік деген ұғымның өзінің мемлекетке, этносқа, тілге, мәдениетке, дінге, гендерге, жасқа, кәсіпке қатысты болып келетінін ескерсек, тұлғаның бұдан сырттап қала алмайтынын көруге болады. Сәйкестілік қозғалмалы, өзгермелі сипатта жүзеге асады.
Тілдік сәйкестілік солардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені ұлттың, адамның анықталған бір тілде сөйлеуі оның басқалармен қарым – қатынас жасауына себеп болады. Қазақстандағы тілдік сәйкестіліктердің ішінен студент жастардың тілдік сәйкестілігін қарастыру бүгінгі таңдағы маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі ел болашағы, ұлттың болашағы жастардың қолында. Олардың ЖОО – да толықтай білім игеріп шығуы түрлі қолайлы факторлар бойынша Қазақстанның дамуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Студенттердің тілдік сәйкестілігі екі басым бағытта өрбіп отыр: қазақ және орыс тілдерінде. Көптеген мәліметтер қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі бірте – бірте көтеріле бастағанын көрсетеді. Ал алынған сауалнамалар нәтижесінде көптеген ұлты қазақ студенттер ана тілінде жақсы сөйлей алмаса да, қазақ тілін ана тілі ретінде танитындықтарын айтқан. Яғни олардағы тілдік сана – сезімнің ояна бастағаны көрінеді.
Көптеген орыс тілді қазақ студенттердің мұндай жағдайға түсуіне кеңестік қоғамның әсері мол болғандығын байқаймыз. Себебі көп жылдар бойы орыс тілі жетекші, басым тіл ретінде танылып келді де, өзге ұлттардың тілі ығысу процесін бастарынан кешірді. Оның ішінде қазақ тілі де болды. Көптеген орыс тілінде сөйлейтін респонденттердің айтуынша, олар өздерінің ана тілдерін білмейді, себебі оларды ес білгеннен орыс тілінде тәрбиелеген, орыстілді балабақшаға апарған, орыстілді ортаға қосқан, орыс тілінде сабақ жүргізілетін мектепке берген. Ата – аналарының кезінде жасаған қадамдары қазіргі кезде студенттер арқылы қоғамдағы тілдік процестерге әсер етіп, одан әрі тілдік сәйкестіліктің де орныға алмай отырғандығының басты белгісіне айналған.
Студенттердің тілдік сәйкестілігі көп жағдайларда қостілділікке, сонымен қатар екінші тілді таңдауына, студенттердің өзін — өзі сәйкестендіруіне келіп тіреледі. Жаһандану жағдайында студенттердің өзін — өзі сәйкестендіруі негізгі сипат алады, себебі студенттер санасы толығып, өзін жеке тұлға ретінде сезінген сайын тілдік бейімділікке де дайын тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында жастардың санасына бүгінде тілдік сәйкестілікке орыс тілімен қатар ағылшын тілі де ықпал етіп отырғандығын көруге болады. Ақпараттық қоғам, жаңа технологиялар заманы жастардың тілдік сәйкестіліктерінің өзгеруінің кезеңдерін анықтай түседі. Сонымен қатар бұл ұғымның еліміз үшін маңыздылығы басқа ұлттардың қазақ тілімен өздерін сәйкестендіретіндігінде. Аталған мәселелердің барлығы зерттеу еңбектің негізгі бөлімінде толықтай қарастырылды.
Тілдік сәйкестілік ұғымы Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған кезден бастап қана жүйелі түрде қарастырылып келеді. Ал одан бұрын орыс тілі мен жергілікті ұлт тілі өзара қарым – қатынасқа түсіп, байланысып, сол арқылы бірін – бірі байытады деген пікірмен орыс тілінің басым болуына жол ашылған болатын. Күрделі социолингвистикалық өзгерістер қоғамның басқаша тілдік сипатта өрбуіне жол ашты. Қазақ халқының ана тілі — қазақ тілі көп жағдайларда тілдік сәйкестілік тұрғысынан зерттелінбей келді. Бұл жалғыз тілге қатысты емес, халықтың мәдени, әлеуметтік болмысы бастапқы табиғатынан қол үзді. Ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, жекелеген ұлт тілдерінің мүдделері ешқашан есепке алынбаған, сондықтан мемлекеттік басқару орындарында орыс тілінде сөйлеу, орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу кең таралған.
Тілдік сәйкестілік жеке тұлғаның бір тілде сөйлеуі, сол тілді қарым – қатынас құралы ретінде қолдануы. Белгілі бір тілмен байланысы оның сол тілге деген сәйкестілігін анықтайды. Қазақстан Республикасындағы жастардың тілдік сәйкестілігі көп ретте олардың тілге деген қарым- қатынасын көрсетеді.
Зерттеу жұмыста көбінесе осы мәселелер жан – жақты талданды, сараланды. Жас ерекшеліктеріне байланысты тіл білімі саласында зерттеушілер түрлі жастағы адамдардың тілдік сәйкестіліктеріне қатысты ғылыми сараптамалар жасап, қоғамның тілдік көрінісіне баға беріп келеді. Алайда қоғамның ең басты бөлшегі болып табылатын студент жастардың тілдік сәйкестілігіне әлі күнге дейін лайықты зерттеу жасалынбай келеді. Тілдердің қақтығысы жастардың тілдік санасына да әсер етеді. Зерттеу жұмысының өзекті болып табылатындығы сауалнама негізінде әр ұлт өкілдерінен құралған студенттердің тілдік сәйкестілігін анықтау болып табылады. Сауалнама жүргізілген студенттердің тілдік сәйкестіктері біркелкі емес екендігі көрінеді. Зерттеу жұмысының алдағы уақытта да студенттердің тілдік сәйкестілігін анықтауға қолдануға болатындығы дәлелденді.
Бітіру жұмысының пәні. Социолингвистика мен тілдік сәйкестілік, Қазақстандағы студент жастардың тілдік сәйкестілігі. Қостілділік және оның Қазақстандағы таралу ерекшеліктері, тілдік сәйкестіліктің әлеуметтік мәселелері.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тілдік сәйкестіліктің қоғамдағы орнын, студент жастар арасындағы көрінісін зерттеу, сол арқылы тілдік сәйкестідліктің қалыптасу ерекшеліктерін сараптау. Әр ұлттағы студенттердің арасына сауалнама жүргізіп, олардың тілдік сәйкестіліктерін талдау.
Бітіру жұмысының нәтижелері. Алғаш рет студенттердің тілдік сәйкестіліктерін анықтау үшін ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде қарқындап дамып келе жатқан тіл білімінің социолингвистика саласының ең маңызды зерттеу жүргізу әдісі сауалнама әдісін қолдану арқылы Алматы қаласындағы студенттердің тілдік сәйкестілігі анықталды. Жалпы зертеу жұмысының ғылыми жаңалықтарын топтап айтатын болсақ олар мынандай:
- Әр ұлт өкілдерінен тұңғыш рет кең көлемде сауалнама жүргізілді;
- Студент жастарының тілдік құзіреттілігі сарапталды;
- Статистикалық мәліметтер қоры жинақталып, түзілді.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелерін социолингвистика саласында қолдануға болады. Еңбектегі теориялық ойларды Қазақстанның қазіргі тіл саясатына қатысты ғылыми айналымға енгізуге болады. Сонымен қатар тілдік сәйкестікке байланысты еңбектерде жариялауға болады.
Зерттеудегі сауалнама үлгілерін кейін де зерттеулер жүргізген кезде үлгі ретінде қолдануға болады. Сонымен бірге жұмыстағы пікірлерді, анықтамаларды социолингвистикалық сөздіктер жасаған кезде қолдануға жарайды.
Зерттеудің дерек көздері: «Тіл және сәйкестік» Халықаралық ғылыми – теориялық конферециясының материалдарының жинағындағы Орусбаев А., Кулжабаева А «Язык и этническая идентичность», Нагзибекова М. Б. Азизова М. Э. «Языковая идентичность русских в Таджикистане», Пардаев А. С., Мамасолиев И. У. «Русский язык в Узбекистане: лингво – этнические тождество», мақалалары пайдаланылды. Сонымен қатар О. Б. Алтынбекованың «Этноязыковые процессы в Казахстане» монографиясы, «Новая языковая идентичность в трансформирующемся обществе: Казахстан, Кыргызстан, Таджикистан, Узбекистан» зерттеу — әдістемелік еңбегі пайдаланылды.
1 ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
- 1 Тілдік сәйкестілік ұғымы
Сәйкестілік субьективті шындықтың басты элементі болып табылады. Барлық субьективті шындық сияқты ол да қоғаммен диалектикалық байланыста болады. Сәйкестілік әлеуметтік процестер негізінде қалыптасады. Ол әлеуметтік қатынастар арқылы түрленіп, қайта қалыптастырылады. Сәйкестіліктің қалыптасуы мен ұстанынымымен байланысты әлеуметтік процестер әлеуметтік құрылыммен анықталады, керісінше, организмнің әсерімен пайда болған сәйкестілік берілген әлеуметтік құрылымға көмек көрсете отырып, модификациялап немесе қайта қалыптастыра отырып жауап береді. Қоғамда, нәтижесінде арнайы сәйкестілік пайда болатын тарихтар бар, бірақ бұл тарихтарды арнайы сәйкестілігі бар адамдар құрады.
«Осы диалектиканы ескере отырып, «топтық сәйкестілік» жалған түсінігіне жол бермеуге болады. Ерекше әлеуметтік құрылымдар тұлғалық жағдайда танылатын сәйкестілік типтерін тудырады, яғни американдықтың сәйкестілігі французға қарағанда өзгеше. Нью-Йорк қаласының тұрғынынікі – Орталық Батыс тұрғынынан, қызметкердікі дала сыпырушыдан өзгеше болады. Біздің байқағанымыздай, күнделікті өмірдегі ұстаным мен қағида осындай типизацияға байланысты болады. Бұл дегеніміз, сәйкестілік типтері күнделікті өмірде кездеседі, ал олар туралы бекітулерге қарапайым адамдар пікір білдіре алады. Француздар американдықтардан өзгеше деп ойлайтын американдық адам Францияға барып, ондағы жағдайды өз көзімен көре алады. Әрине, мұндай типизациялау мәртебесін әлеуметтік білім құрылымымен салыстыруға келмейді, ал верификация мен мәлімдеме ғылыми әдістің каноны болмайды. Біз күнделікті типизация мен әлеуметтік құрылым арасындағы нақты байланысты әзірше қарастырмауымыз керек. Пуритондық өзінің пуритандық екенін білді және ол өзінің пуритандық екенін ағылшындарға еш қиындықсыз түсіндіріп жеткізді, бірақ Бірақ Макс Вебердің пульсін тексергісі келген әлеуметтанушы басқа күрделі әрекеттерге мән беруі керек. Қазіргі контексте бізді қызықтыратын тек «бақылау» және «верификация» сәйкестілігі типтерінің теорияға дейінгі және ғылыми тәжірибеге дейінгі кезеңі» [1, 3].
Сәйкестілік индивид пен қоғам арасындағы диалектикалық арақатынастан пайда болатын феномен болып табылады. Сәйкестілік типтері, бір жағынан, әлеуметтік өнімі, обьективті шындықтың тұрақты элементтері. Сәйкестілік теориясы әрқашан шындықтың жалпы интерпретациясы болады; олар таңбалық универсалийлерге теоретикалық заңдылықпен «құрылған» және соңғылардың мінездемесімен түрленеді. Егер әлемде белгілі бір орынға ие болмаса, сәйкестілік түсініксіз болып қалады. Сәйкестілік бойынша кез келген теориялар теоретикалық интерпретация шегінде жүзеге асуы керек. Бұл бөлімді қарастырып көрелік.
Егер сәйкестілік теориясы шындық теориясына қосылатын болса, онда бұл соңғы теориялар терминдерінен пайда болады. Мысалы, эмпирикалық феноменді интерпретациялайтын психология өз матрицасы ретінде космостың мифологиялық теориясына ие, сондықтан ол есептің мифологиялық нүктесі болмайтын интерпретацияға сыймайды. Жалпы, психология әрқашан да космологияны болжаушы болып табылады.
Мұны жиі қолданылатын психиатриялық термин «шындыққа назар аудару» терминінен байқауға болады
Психологияның пайда болуымен сәйкестілік пен қоғам арасында тағы бір диалектикалық байланыс пайда болады – психологиялық теория мен субьективті шындық элементтер арасындағы байланыс. Мұндай теоретизациялау барлық теориялық заңдылықтар сияқты әртүрлі болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған заңдастырылған теориялардың көздері мен фазалары осы жағдайда қолдануға болады, бірақ оның маңызды айырмашылығы бар. Психологтар барлық индивидтер үшін өте күшті және ұзақ субьективті релевант болып табылатын шындық өлшеміне жатады. Сондықтан диалектика теориясы мен шындық индивидке жиі және тікелей әсере етеді.
Психологиялық теория интеллектуалды күрделіліктің ең жоғары деңгейіне жеткенде, көп жағдайда бұл осы жүйе үшін (дайындалған) арнайы дайындалған мамандар болғанда жүзеге асады. Бұл мамандардың әлеуметтік ұйымдасуы қандай болмасын, психологиялық теория күнделікті өмірде, проблемалық жағдайларды жоғалту үшін интерпретация сызбасын бере отырып төмендетеді. Субьективті сәйкестілік пен әлеуметтік сәйкестіліктің диалектикалық байланысынан пайда болған мәселелер теоретикалық категориялармен сәйкес топтастырылуы мүмкін, олар кез келген терапияның алдын – ала бір бөлшегі болып табылады.
Психологиялық теория эмпирикалық тұрғыдан тепе – тең немесе тепе – тең емес болуы мүмкін. Мұнда сөз эмпирикалық ғылымдағы терминдердің тепе – теңдігі жайында емес, күнделікті өмірде сарапшы немесе қарапайым адамның эмпирикалық феномендерді қолдануы жайында
Әзірше психологиялық теориялар осы тұрғыдан тепе – тең болып келеді.
Сәйкестілікті тілдік сәйкестілік тұрғысынан қарастыру үшін, ең алдымен, оның ерекшеліктеріне назар аудар қажет.
Сәйкестілік бүгінгі күнге дейін түрлі тұрғыдан зерттеліп келе жатыр. Оның бірі сәйкестілікті классикалық примордиалистік түсіну. Бұл бағыт бойынша кез – келген адам өзін өзгермейтін, нақты топтар және адам мен қоғамнан тыс, объективті өмір сүретін категорияларға жатқызыла алады. Яғни адам белгілі – бір этникалық топқа, дінге, тілге, әлеуметтік нормаларға тиісті болып туылады. Бұл бағыттың мардымсыздығынан сәйкестілікті зерттеудің келесі түрлері пайда болды. Ол инструментализм мен конструктивизм.
Инструментализм бойынша сәйкестілік белгілі – бір мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын құрал болып табылады. Ол әдетте элитамен билікке жету үшін қолданылады. Инструментализм халық санағы немесе құжаттарды (жеке куәлік) беру кезінде пайдаланылады.
Ал конструктивизм сәйкестілікті мәдени – құрылымдық феномен ретінде түсіндіреді. Конструктивизм бойынша сәйкестілік саналы түрле белгілі – бір қызығушылықтарды қанағаттандыру үшін және белгілі – бір мақсаттарға жету үшін тұлғамен немесе топпен таңдалынады. Қазақстандық тіл білімінде сәйкестілік деп тұлғаның белгілі бір мемлекетке, этносқа, тілге, мәдениетке, дінге, гендерге, жасқа, кәсіпке т.б. қатыстылығын сезінуін атайды. Сәйкестілікті динамикалық деп суреттейді. Өйткені адам барлық жағдайларда өзінің сәйкестілігін нақты анықтай алмайды. Сәйкестіліктің ауысуы да мүмкін (мысалы: СССР азаматы болған, Қазақстан Республикасының азаматына айналды). Сонымен қатар сәйкестілікпен саяси ж.т.б. мақсаттарда манипуляция жасауға болады. Сәйкестіліктің түрі көп және олардың барлығы адамның санасында жиынтық сәйкестілік қалыптастырады. Мысалы: жас сәйкестілігі, гендерлік сәйкестілік, азаматтық сәйкестілік, әлеуметік сәйкестілік, діни сәйкестілік, этникалық және тілдік сәйкестілік. Жиынтық сәйкестілік құрылысында қажетті, негізгі категориялар бөлінеді. Олар адамның өзін басқалармен салыстыруында негізгі параметрлерді анықтайды (мысалы: әлеуметтік, тілдік, жас сәйкестілігі). Жиынтық сәйкестіліктегі сәйкестіліктердің орны жағдайға байланысты өзгеріп отырады.
Ал Эриксон өз еңбектерінде сәйкестілік деп тұлғаның үздіксіздігін және тұтастықты атайды. Сәйкестіліктің қалыптасуы оның дамуының негізгі мақсаты. Эриксон бейбіт өмірге оралған жауынгерлердің психологиясын зерттеу арқылы өзінің сәйкестілік теориясын жасаған. Жауынгерлер майданда соғыстың барлық ауыртпалықтарын тартып, бейбіт өмірге оралғаннан кейін нерв жүйелерінің функционалдық нашарлауымен ауырады. Соғыс кезінде жауынгерлер қоғамда нақты орынға ие болған, өздерінің борышын өтеу үшін нақты мақсатпен өздеріне тән қасиеттері болған. Соғыс аяқталғаннан кейін жауынгерлерге жаңа әлеуметтік қарым- қатынасқа қосылу яғни жаңа сәйкестілік қалыптастыру қажеттілігі туады. Эриксон пікірі бойынша осының нәтижесінде нерв жүйесінің бұзылуы, сәйкестілікті жоғалту пайда болады.
Сәйкестілік субъективті шындықтың негізгі элементі болып табылады. Ол әлеуметтік процестер арқылы қалыптасады және өзгеріп отырады.
Отандық лингвистикада қарастырылып жүрген сәйкестіліктің негізгі түрлерінің бірі:
Гендерлік сәйкестілік – ол тұлғаның гендерге қатыстылығына байланысты анықталатын сәйкестіліктің түрі. Гендер ұғымы лингвистикалық парадигмаға жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында енді. Әйелдер мен ерлер қоғамда әртүрлі қызмет атқарғандықтан, гендер сөйлеушінің тілдік құдыретіне әсер етеді. Бұл өзгешеліктерді табу мен зерттеу тілдік тұлғаның белгісі ретінде еркектік немесе әйелдік сәйкестілікті жасауға мүмкіндік береді. Бұл тақырыбы батыстық феминистік лингвистикада толығымен қарастырылған. Американдық ғалым Робин Лакоффтың тұжырымы бойынша әйелдер беделді болуларына кедергі келтіретін биліксіз тілмен сөйлейді. Олардың тілдеріне батылсыздық, жұмсақтық тән. Әңгіме барысында сөйлеушіні ықыласпен тыңдау, үстемдік етуге тырыспаушылық байқалады. Ерлер болса диалог барысында жағлайды қадағалауға тырысады, агресивті және компромиске бейімсіз болып келеді. Ал әйелдер ерлерге тән тілмен сөйлейтін болса, ол тіл дөрекі болып көрінеді.
Бұл пікірге О. Барр мен В. Аткинстің пікірі қайшы келеді. Олардың айтуынша «биліксіз тіл» қабылдаушыға қарағанда мәртебесі төменірек кез келген сөйлеушімен қолданылуы мүмкін. Оның жынысының әйел болуы шарт емес. Осылайша гендерлік сәйкестілік өзгергіш және варианттары көп болып келеді. Осыдан бір жынысқа жататын адамдардың тіліне тән, екінші жыныстың тіліне қарама қарсы қойылатын ортақтылықтарды табу қиынға соғатыны байқалады.
Азаматтық сәйкестілік – тұлғаның сәйкестіліктерінің бірі. Тұлғаның мемлекетке қатыстылығын сезінуі.
Жас сәйкестілігі – тұлғаның жастық тобына қатыстылығына байланысты анықталады.
Кәсіби сәйкестілік – тұлғаның белгілі — бір кәсіпке қатыстылығын сезінуі. Кәсіби сәйкестілік өзін-өзі сәйкестендіру арқылы анықталады.
Әлеуметтік сәйкестілік – тұлғаның әлеуметке, әлеуметтік топқа қатыстылығын сезінуі. Өзін әлеуметтік мәртебемен теңдестіруі.
Өзін-өзі сәйкестендіру арқылы анықталады (ерлер, кәсіп иелері, этникалық топ өкілдері т.б.).
Этникалық сәйкестілік – тұлғаның этникалық топқа тиістілігі.
Сәйкестіліктің ең негізгісі тілдік сәйкестілік. Өйткені қоғамда болып жатқан өзгерістер бірінші кезекте адамның тілінен көрініс табады.
Әлеуметтік лингвистикалық терминдер сөздігінде тілдік сәйкестілікке төмендегідей анықтама берілген:
Тілдік сәйкестілік — тұлғаның белгілі – бір тілге қатыстылығын сезінуі. Тілді\тілдерді білуінен (тілдік құдырет), тілдерді қолдануынан (тіл практикасы), тілдерге қарым-қатынасынан тұратын индивидтың немесе топтың тілдік қасиеттерінің жиынтығы. Тілдік сәйкестілікті анықтау үшін жоғарыда айтылған терминдерге тоқталып өткен жөн.
Тілдік құзырет – тұлғаның өзінің этносының тілін және екінші тілді меңгеруі. Тілдік құдыретті осылайша түсідіру түрлі халықтар мен этникалық топтарда түрліше көрініс табады. Ол туралы сипаттылық мәліметтерді халық санақтарынан алуға болады. Мысалы, Ресей Федерациясында татар, башқыр, чуваш, хакас оқушыларының тек 15-25%, құмық балаларының 30%, алтай оқушыларының 50% ғана ана тілінде оқиды. Жауап берушілердің туған тілін және екінші тілді меңгерулері туралы бағалауларына сүйенген бұл көрсеткіш, тек тілдердің әлеуметтік негізінің сандық параметрлерін ғана анықтауға мүмкіндік береді. Олар тілдердің даму динамикасы және тілдерді меңгерудің салыстырмалы көрсеткіші [2, 330].
Тіл практикасы — белгілі коммуникациялық контекстегі бар тілдердің ішінен тілдерді таңдау моделі.
Жалпы, тіл тек коммуникация құралы ретінде бейтарап өмір сүрмейді. Ол әлеуметтік және нышандық мағынаға ие. Бұл тіл топтық сәйкестілікпен этникалық байланыстардың негізгі қорғану құралы ретінде қызмет ететін көп тілдік қоғамдарда айқын көрінеді. Тіл этникалық, азаматтық және мемлекеттік сәйкестіліктердің нышандық элементі ретінде өте маңызды рөл атқарады.
Мемлекеттілікті құрастырудағы тілдің рөлі өскені соншалықты, ұлттық/мемлекеттік тілдің болмауы мемлекеттіліктің өзіне күмән туғызады. Ал мемлекеттік тілді білмеу азаматтық қатыстылыққа күмән туғызады. Сонымен қатар, тілдер әлеуметтік және саяси үстемдіктің нышаны ретінде танылады. Тұлғалар өздерін белгілі-бір әлеуметтік топтармен сәйкестендіреді. Ол топқа қатыстылығы сол топпен байланысты жағымды немесе жағымсыз бағаны сезінуімен ұштасады. Кез-келген сәйкестілік белгілі дәрежеде анықталған бір тілмен немесе тіл вариантымен байланысты болады.
Жиынтық сәйкестіліктер ішіндегі негізгі сәйкестіліктермен (әлеуметтік, саяси, мәдени т.б.) байланысты тілдер де бағалырақ және даму жағынанда да алдыда болады. Бұл нышандық басымды топтың тілі табиғатынан сапалы тіл болып қабылдануына әкелуі мүмкін. Мысалы ресми тіл миноритар тілдерге қарағанда бағалырақ және белгілі әлеуметтік қызметтер атқаруға арналған тіл болып табылады.
Сондықтан тілді таңдау әлеуметтік акт болып табылады. Тіл таңдау арқылы тұлға өзін белгілі әлеуметтік топпен сәйкестендіргісі келетінін көрсетеді. Тұлғалар тілдік репертуарындағы түрлі элементтерді қолдану арқылы өздерінің әлеуметтік сәйкестіліктерінің белгілі аспектілерін ерекше белгілейді немесе төмендетеді. Мысалы, кейбір жағдайларда адам өзінің этникалық қатыстылығын ерекше көрсету үшін этникалық тілді(мыс, қазақ) қолданады. Басқа жағдайда сол адам қалалық космополит болғысы келгендіктен, орыс тілін таңдайды.
Тіл таңдау арқылы адам әлеуметтік шындықты жасай отырып, сәйкестілікті жасап шығарады. Тіл таңдау ол тек бар тілдік сәйкестіліктердің біреуіне тоқталу емес, ол сол сәйкестілікті жүзеге асыру.
- 2 Жасқа байланысты тілдік сәйкестілік
Қазіргі психологиялық ғылымда сәйкестілік мәселесі мен оның әр түрлі аспектісі (динамикасы, құрылымы, түрлері, т.б.) ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Орыс тілінде «сәйкестік» термині жиі қолданылмайды және ол көбінесе «тепе — теңдік» мәні ретінде қолданылады., бірақ Э. Эриксон « ұқсастық» деп жеке тұлғаның бүтіндігі мен толассыздығын көрсетеді. Сәйкестіктің қалыптасып, пайда болуы оның дамуында маңызды мәселе болып табылады.
Э. Эриксон невроз кезінде «мен тұрақсыздығы клиникалық сараптамасына қосылмастан, өзінің сәйкестік теориясын шығарады. Сәйкестік феноменінің маңыздылығының Эриксонға екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі психотерапиялық тәжірибе жүргізуден мәлім болды. Оның пациенттері бейбіт өмірге оралған солдаттар болды. соғыстың бар ауыртпалығын көтерген олар бейбіт өмірде невроз ауруыменм ауыратындар еді. Пациенттерде мынадай белгілер байқалды: қорқыныш сезім, қобалжу, оңашалану. Эриксонның пікірінше, бұл белгілердің жиынтығы сәйкестікке тән. Мұндай неврозды белгілердің себебін Э. Эриксон жеке тұлғаның өмір сүруінің әлеуметтік ееркшеліктерінен байқады. Солдаттар әскер қатарында болғанда қоғамда нақты бір орынға айналып, әлеуметтік қосылып, тұрақты мақсат пен бағалау жүйесіне, арнайы қабілеттер мен жеке қасиеттерге ие болып, әскери міндеттерін атқарды. Соғыс аяқталғаннан кейін солдаттар жаңа әлеуметтік қарым – қатынасқа түсіп, қоғамда әскер өмірден кейін жаңа орын табуы керек еді. Басқа сөзбен айтқанда, солдаттардың ескі сәйкестікті жаңа сәйкестікпен алмастыруы керек болды. Мұндай қайта құру процесі невроздық жағдайға әкелді. Мұны Э. Эриксон кірігу немесе сәйкестіктің эжоғалуы деп көрсетті.
Э. Эриксон әлеуметтік – психологиялық механизмдер мен сәйкестіктің қалыптасу амалдарын адамның өсу процесінде зерттеді. Адамның туғанынан бастап кәрілік шағына дейінгі өмірінде орын алатын сегіз деңгейді бөле отырып, адамның даму сызбасын құрды. Өз үлгісінде Э. Эриксон эмбриологиядан алынған эпигенетикалық принципке негіздеді. Дамудың әр деңгейі алдағы эволюцияны шештін кезеңдерден тұрады.
Сәйкестік субьектіде өзінің «Менін» тұрақтандыру және толассыздану сезімін туғызады, бұл адамның өсіп, даму процестердегі өзгерістерден тыс пайда болады. Сәйкестіктің бір формадан екінші формаға ауысуы сәйкестіктің тоқырауын тудырады. Сәйкестіктің алғашқы бүтінделген формасы жасөспірім кезеңде қалыптасады. (Э. Эриксон жасөспірімдердің жасын жеке бөлмейді). Бұл кезең өмірлік тоқыраудың ең қиын кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кризиске дамудың үш кезеңін қарастырады: қарқынды өсу және жыныстық жетілу; эмоционалдық тұрақсыздық және «мен басқалардың алдында қалай көрінемін», «мен қандаймын» деген ойлардың басым болуы; қоғам талаптарына және тұлғалық мүмкіндіктеріне сай өзінің мамандандырылған дәрежесін табу қажеттілігі;
Э. Эриксон бойынша, жасөспірімдік кезең сәйкестілік тоқырауы процесінің айналасында құрылады, ол әлеуметтік және жеке тұлғалық таңдаулардын, сәйкестік пен өзіндік анықтаудан тұрады. Егер жасөспірім бұл мәселелердің шешімін таба алмаса, онда оның бойында негізгі 4 сызық бойынша дамитын әлсіз сәйкестілік қалыптасады:
- Психологиялық жақындықтан, өте жақын тұлғааралық қатынастан қашықтау;
- Уақыт сезімін әлсірету, өмірлік жоспар құра алмау, үлкею мен өзгерістерден қорқу сезімі;
- «негативті сәйкестілік» қалыптастыру, өзіндік анықтамалар жасауданг бас тарту және жағымсыз тәртіпті таңдау;
- Өндірістік, шығармашылық мүмкіндіктерін әлсіреті, өзінің өзінің ішкі ресурстары мен белгілі бір қызметті жасай алмау қабілеті.
1996 жылы Канада зерттеушісі Джеймс Марша сәйкестіліктің дамуының 4 деңгейін бөліп көрсетті, бұлар жас адамның мамандық ,діндік және саяси өзін — өзі анықтау дәрежесімен өлшенеді.
- «Анықталмаған әлсіз сәйкестілік» — яғни индивид нақты пікір айта алмайды, мамандық таңдамаған және сәйкестік тоқырауын ұшырамаған.
- «Жедел, алдын – ала пайда болған сәйкестілік», егер индивид белгілі бір қатынас жүйесіне қосылғанда, бірақ бұл процесс өз еркінсіз, яғни басынан кешірген тоқырау немесе сын нәтижесінде, біреудің атағы мен пікіріне сүйене отырып қосылғанда, белгілі бір орынғңа ие болады.
- «Моратория» деңгейі, мұнда индивид нормативті тоқырау анықталуының процесінде, дамудың бірнеше варианттарының өзіне қажеттісін таңдап алуы.
- «Толық жетілген сәйкестілік» бұл деңгейде кризис аяқталған, индивид өзін — өзі іздеудекн тәжірибелік өзін — өзі қалыптастыруға көшеді [3, 2-3].
Жасөспірімнің сәйкестілігі анықталмаса, ол «моратория» деңгейінен бастап, содан кейін толық жетілген сәйкестікке көшеді, ал кей жағдайларда әлсіз сәйкестілік деңгейінде немесе жедел алдын – ала пайда болған сәйкестілік деңгейінде қалып қалады да, белсенді таңдау мен өзіндік анықталудан бас тартады. Сонымен қатар толық жетілген сәйкестілік ұғымы және оның критерийлері бірізді емес, себебі тұлғалық даму ерекшеліктері көптеген факторларға байланысты болады. Сәйкестілікті қалыптастыруда әлеуметтік ортаның маңызы зор. Біздің елімізде бұл соңғы онжылдықтағы әлеуметтік жағдайдың бірден өзгеруіне байланысты, адамдардың сәйкестілігінің өзгеруі, жасөспірімдер сәйкестілігіне әсер етті.
Жасқа байланысты тілдік сәйкестілікті анықтауда маңызды орынға ие болатын құбылыс – инцесстік мінез – құлықты анықтау болып табылады. Ұғымның өзі негізінен психологиялық зерттеу аясында жүзеге асады. Ғалымдар зерттеулерінде жасөспірім сәйкестілігін анықтайтын басты критерий – инцесстік сәйкестілікті зерттеу.
Инцесстік мінез – құлық, қоғамда бірнеше ғасырлар бойы талқыланып келе жатқан құбылыс, қазіргі таңда бұл зерттеушілер үшін балалардың сексуалдық қиянатының бір формасы ретінде қаралып отыр. Әлі күнге дейін мұндай мінез – құлықтың механизмі туралы нақты интегралдық көзқарастар жоқ. Сонда да көптеген феноменологияның инцесті мінез – құлыққа негізделген теориялық концептілерге сүйене отырып, тұлғаның осындай әрекетіне қатысу ерекшелігіне назар аударған жөн [4, 5] .
Қазіргі клиникалық әдебиеттерде суреттелетін инцестік мінез – құлықтың негізгі паттерні – отбасы ішіндегі дисфункция жағдайы болып табылады. Мұнда ата – ананың біреуі балаға әлеуметтік жағынан жақын болады да, ата – ана мен бала арасындағы шекара минимицацияланады және балалар сексуалдық қарым – қатынасқа да отбасы ішіндегі жұптардың біреуінің жағдайы сияқты болады. Мсыалы, әкесі отбапсында басым билікке ие болады да, сондай дәрежені ұстап қалу үшін басқа да отбасы мүшелерінің сексуалды бағынуы да қажет болады. Мынадай жағдайлар да кездеседі, ата – аналардың билігі басымдары баланы сексуалды әрекетке баулыған кезде құрбан болып отырған адамның жағымсыз эмоциясымен байланысты когнитивті қателікті бастан кешіреді. Тұлғалық бағытталған теория қатарына үлкен адамның инцестік қатынаста өз баласымен қарым – қатынасын көрсеткенде, ертеректе бастан кешірген сексуалдық тәжірибемен байланысты өзі үшін позитивті эмоционалды қалыпты қалыптастыратындығына көп көңіл бөлінеді.
ВИД әдісін қолдану арқылы жүргізілген зерттеулер барысында Мен – концепциясына бағытталған сараптама компоненттері жас мөлшерлік сәйкестілік пен басқа да көптеген психологиялық әдістермен байланысты. Мен концепциясы мен «Мен» образы жас мөлшерлік сәйкестіліктің жас мөлшерлік механизмі мен сәйкестігі болып табылады. Жас мөлшерлік сәйкестілік дегеніміз – тұлғаның белгілі бір жас аралығындағы психологиялық мінез – құлқын өзгертіп, психологиялық тұрғыдан ретке келтіріп – психологиялық – тұлғалық қасиеттерін ашуы. Сәйкестілік өзекті жағдай, өмір жолында мен – бүтіндігін бастан кешіру.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, зерттелушілердің өзіндік санасы көп жағдайда инфонтивизм шегінде суреттеледі. Онда тұлғаның әлеуметтік ролі, отбасылық жағдайы, индивидтің дәрежесі көрсетілсе, екінші жағынан, — тұлғааралық қатынастың когнитивті компонентінің бұзылуы көрінеді де, тепе – теңдік психологиялық өсіп – жетілу кезінде детерминацияланады. Жеке тұлғалар жас мөлшері жағынан дифференциациялық қиындықтарды басынан кешіреді, сонымен қатар мінез – құлықтық паттернді белгілі фактор ретінде қаралады.
Осылайша жас мөлшерлік сәйкестік бізді маңызды әлеуметтік құбылысты қалыптастыруға әкеледі.
Қазіргі заманның ерекше белгісі ретінде адам феноменінің мәнімен байланысты сауал жасқа қатысты қызығушылық болып табылады, ол адамға ғылымды үйреткен қызығушылықтар аймағының кеңеюі мен дамуында шықты.
2 ТІЛДІК ҚАСИЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН — ӨЗІ СӘЙКЕСТЕНДІРУІ
- 1 Оқыту тілін таңдау
Тәуелсіздік алғаннан бері сәйкестілік туралы мәселелер посткеңестік мемлекеттерде тек қоғамдық пікірталастардың нысаны болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ауқымды ғылыми ізденістерге де негіз болды [5, 65]. Cоциолингвистикалық терминдер сөздігіне сүйенсек, сәйкестілік ұғымы социолингвистикада тұлғаның анықталған этноспен, ұлтпен, тілмен теңдестірілуінде түсіндіріледі [6, 46]
Әлеуметтік және этникалық топпен сәйкестіктікте, Г. И. Исимбаева атап көрсеткендей, жекелеген түрде күрделі процесс болып табылады, индивидте айқын және жасырын сәйкестік болуы мүмкін, ол әр түрлі негіздердің әсерімен табылады [7, 20].
Сәйкестіліктер қақтығысы туралы маңызды дискуссиялық сұраққа жауап беруге тырысу, өзінің автохтонды мәдениетіне деген күн санап өсіп келе жатқан қызығушылықтарды түйсіну мен мойындаудың қажеттілігі және ана тілге біздің республикамызда этникалық сәйкестілікті сақтаушы құрал ретінде қарау өте маңызды деп атап көрсетеді Н. Ж. Шаймерденова, жаңа егеменді мемлекеттің полиэтникалық құрамы ұлттық саясатта оның күші бола алса, бірақ ұлтаралық қақтығыстар кезінде әлсіздіктің нүктесіне де айналуы мүмкін. Ғалымның атап өткеніндей, қазіргі кезде біздің республикамызда екі жақты процесс жүріп жатыр, бір жағынан, ұлтаралық қарым – қатынас аясын кеңейткен, әр түрлі этникалық және әлеуметтік топтардың бір интеграциялық және өркениеттік процестерге жұмылған, ақпараттық байланыстардың даму процесі, екінші жағынан, жоғары дәрежеде барлық ұлт өкілдерін өздерінің ұлттық, мәдени және тілдік сәйкестіктерімен түйсіну [8, 270].
Республикамызда өмір кешіп жатқан әр түрлі ұлттардың тілдік сәйкестігі туралы статистикалық мәліметтер көптеген ғылыми әдебиеттерде көрініс тапқан, бірінші кезекте, 1999 жылы жүргізілген санақтың нәтижелерінің арқасында біз тілдік сәйкестіктер туралы хабардар бола аламыз [9,86]. Жалпыхалықтық санақтың қорытындысында этникалық, мемлекеттік, орыс, ағылшын, неміс, француз және түрік тілдерін білуі туралы сауалнама Қазақстанның әрбір аумақтарында, қалалық және ауылдық жерлерде тұратын ұлттық топтарға олардың этникалық, гендерлік ерекшеліктеріне байланысты жүргізілді. Бұдан бұрын, ең бірінші рет мемлекеттік тілді толық меңгеруі туралы мәліметтер алынды, олар мынадай критерийлер қатары бойынша айқындалды: білемін, аздап білемін, білмеймін, үйренемін. Бұлардың барлығы да мемлекеттік тілге қатысты сауалнаманың сұрақтары бойынша сараланды.
Республикадағы қостілділіктің айқын сипат алып отырғандығы – қазақ — орыс қостілділігі және ұлттық – орыс қостілділігі. Көптеген түркі тілдес (азербайжан, күрді, түрік, өзбек, ұйғыр) этностарға ұлттық – қазақ – орыс көптілділігі тән. Татарлар, башқұрттар, дұнғандар мен шешендер бұлайша топтастыруда аралық орындарға ие.
Жоғары деңгейде тілдік сәйкестілігіне ұлттық – қазақ қостілділігі тән болып келетін тәжік ұлтын айрықша атап өтуге болады.
Біртілді ұлттардың арасында жоғары дәрежеде бәрінен бұрын Кавказ халықтарын қоспағанда, славян тектес (белорус, поляк, украин) ұлттар, сонымен қатар армяндар, гректер, еврейлер, кәрістер, немістер, молдавандар және мордва, удмурт, чуваш ұлтының өкілдері белсенді орын алады.
Жоғарыда көрсетіліп кеткен ұлттардың тілдік сипаттамасының типтері: а) сол ұлттардың бірігіп қоныстануының аймақтық ерекшеліктеріне қарай; ә) қалалық және ауылдық жерлерге қарай; б) респонденттердің жыныстық ерекшеліктеріне қарай, яғни гендерлік бөлінісіне қарай және олардың, ең бастысы білімдеріне қарай шоғырланатыны айта кеткен жөн. Қазақстан Республикасында тұратын әр түрлі ұлттар өкілдерінің ұлттық тілдерін меңгерудегі сәйкестіктері мынаны көрсетті: ана тілін білу мен оны қолдану сол ұлттардың өкілдерінің нақты білімінің және білімнің қолдануының айғағы болып табылмайды, ол тек қана этникалық сана – сезімге байланысты болуы мүмкін екен.
Саясаттанушы Б. Әбдіғалиевтің айтуына сүйенсек, Қазақстандықтардың көпшілік бөлігі ана тілін негізгі ұлтты жітеуші (этнодифференциалдық) фактор ретінде тұтынады екен, бірақ статистикалық мәліметтер респонденттердің өздерінің дербес қалауларына байланысты екендіктерін көрсетеді. Барынша обьективті және фактілік критерий болып ана тілін меңгеру және қостілділікті және көптілділікті меңгеру деп тұжырымдайды зерттеуші [10, 103].
Адамдардың және қоғамның этникалық сана – сезімінің қалыптасуында А. Орысбаев пен А. Құлжабаева тұтасымен үш бөлімді бөліп қарастырады:
1) Тіл этникалық сана – сезімнің маңызды индикаторына айнала отырып, этникалық сәйкестікті түйсінуде приматтық болып табылмайды,
2) индивидтің және этникалық топтардың коммуникативтік функциясын атқара отырып, тіл өзін адамның ұлтқа тәуелділігінің репрезентант екендігін көрсетеді,
3) бөтен тіл жергілікті автохтонды тілді ығыстырып, елдің аймағынан шығарып тастай отырып, индивидтің және қоғамның ана тіліне айналады, тілдік қақтығыстарға, тілдік қарама — қайшылықтарға бармай – ақ, ана тіл қолданылуының кез – келген шеңберінде коммуникациялық құрал ретінде қызмет атқарады [11, 190-198].
Жоғарыда аталып кеткендей, орыс тілін еркін меңгерген және осы тілде сөйлей алатын қазақтардың саны 75 пайызды құраған, шындық өмірде одан да көп екенін мойындамасқа болмас. Мұның жанама дәлелі әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттерінен алынған анкеталық сұрақтар болып табылады, ұлты қазақ студенттердің басым бөлігі (тіпті түгел дерлік) өз ана тілдері ретінде этникалық қазақ тілін атаған, олардың арасында қазақ тілін жақсы, өз деңгейінде білмей тұрса да, ұлттық сәйкесттіктерге байланысты солай істегендері бар. Өйткені қазақ ұлтының өкілдері болып табылатын студент жастар орыс тілінде сөйлеп, сол тілде араласатын ортасымен қарым – қатынасқа түссе де, ұлттық сана – сезімі, тілдік сана – сезімі қазақ қалпында қала береді. Адамның санасындағы тілдік код ол туғанынан бастап, өзге тілде сөйлей бастаса да ұмытылмайды. Бұл, бір жағынан, психолингвистикамен тікелей байланысты құбылыс. Сонымен қатар осы жерде қазақтардың ұлттық сәйкестігіне байланысты, қазіргі кезде ұлттар мен диаспоралардың арасында орын алып отырған жағдайдың психологиялық фактор болып табылатынан айта кеткеніміз жөн, сауалнама кезінде студенттер ерікті және еріксіз, саналы немесе санасыз түрде этникалық тілді меңгеру дәрежесіне үлес қосқан. Е. Ю. Протасованың жазғанындай, тіл сәйкес келуі де мүмкін, сәйкес келмеуі де мүмкін, мұндай оқиғалар тарихта көп орын алған, сондықтан адамдардың белгілі бір ұлтқа және тілге тәуелділігін естен шығаруға болмайды. Тілдің ықпал етуінің ерекшеліктері, ана тілге деген қарым – қатынас және осы аталған терминнің өзі көп кездерде дау тудырып жатады. Ана тілі деп, ең алғашқы үйренген және ең маңызды болып табылатын, барлығы керемет жақсы білетін, онымен өзін жеңіл сәйкестендіруге болатын тілді атайды [12, 13-14].
Қазақстандық орыстар өздерінің этникалық сәйкестіліктерін сақтай отырып, байланысып жатқан ұлттардың тілдік әсерлеріне аз ұшыраған, мұның өзі тарихи мұрагерлікке байланысты, орыс тілін білмейтін ұлттар орыс тілінің үстемдік құруына байланысты орыс тілін үйренуге тиісті болған, орыстар болса, ереже бойынша әлеуметтік, қоғамдық және мәдени тұрғыда басқа тілдердің қажеттілігін сезбеген, өйткені басқа тілдер тарапынан қажеттіліктер тумаған.
Әр түрлі жастағы респонденттерден сауалнама жүргізу барысында өзін — өзі ұлттық сәйкестендіруге байланысты, оның ана тілімен, туған тілімен қарым – қатынасына байланысты сұрақтар алынды [13, 82-96].
Этникалық өзін — өзі сәйкестендірудің тұрақты позициясының фонында сұралғандардың басым бөлігіне сауалнама жүргізу барысында жазылып алынған басқа тілдерді өз ана тіліндей құрметтейтіні жайлы да жауаптар қызықтырады. Көптеген адамдар өздерін осылайша басқа тілдермен сәйкестендіреді екен. Мәселен, ұлты неміс бір адам қазақ тілін ана тілі ретінде санйды және өзі қазақтанушы ғалым болып шықты. Оның отбасы 1941 жылы соғыс басталған кезде Германиядан жер аударылып келген және бір белгісіз қазақтың ауылына түсірілген. Сонда ол қазақ балаларымен емін – еркін араласып, олармен бірге ойнап, қазақ тілін өз ана тіліндей үйреніп алған. Бұл отбасынан шыққан үш адам қазақ тілі саласында қызметтер атқарады екен. Әрине, орыс тілін отбасы мүшелерінің меңгеру, білу деңгейі жоғары, бірақ қазақ тілін білгенге жетпейді.
Алматы қаласында туып — өскен ұлты қазақ бір азамат өзін қазақ ретінде сәйкестендіреді, алайда ана тілін орыс тілі деп атаған. Ол мұның мәнісін өзінің туғаннан орыс тілінде сөйлегенімен, қаладағы орыс тілді ортаның әсер етуімен және мектепке дейінгі мекемелерде (балабақшада) тәрбиенің орыс тілінде жүргізілуімен, сонымен қатар мектепте университетте де орыс тілінде жүріп – тұрғанымен байланыстырады. Профессор Э. Д. Сүлейменованың сөзіне қарағанда, бұқаралық сауалнама жүргізу барысында мәдени басымдылық әлі орыс тілінде тұрған сияқты, сонымен бірге қазақтардың аз мөлшері 0, 8% көрсеткіште орыс тілін өздерінің ана тілі ретінде есептейді екен [14, 15-25].
Біздің ойымызша, көпұлтты қоғамдағы әр түрлі ұлттардың өкілдерінің этникалық сәйкестігінің білдірілуінің индикаторы оның мектепте немесе ЖОО – да оқу тілін таңдауына да қатысты болуы мүмкін.
Тұрғылықты орнына қарай миноритарлық және біртектес болып табылатын аймақтардағы мектептер бір тілде сабақ жүргізеді, көптеген ата – аналар «тілін білсін» деген ниетпен әрі ана тіліне деген құрметпен өз балаларын ана тіліндегі мектептерге сабаққа беруге ұмтылады. Мәселен, орыс пен тәжік диаспоралары көп шоғырланған Оңтүстік Қазақстан облысында 2004/05 жылы 80,283 бала мектепті ана тілінде бітіріп шыққан, 6903 тәжік ұлтының өкілдері де ана тілдерінде білім алған.
Әр түрлі ұлттардағы жастардың ЖОО – ға түсу кезінде қазақ немесе орыс тілдлерінің бірін таңдауы жастардың шыққан ортасына қарай тілдік басымдылықпен де байланысты болып келуі мүмкін.
Сонымен қатар соңғы екі жылдың мектеп бітіруші түлектерінің ЖОО – ға түсу кезінде қандай тілді таңдағандары статистикалық мәліметтерден белгілі болып отыр. Бұл мәліметтерге сүйене отырып, біздің байқағанымыз Қазақстанда тұтастай алғанда, жастар қостілділікке ие , яғни олар қазақша – орысша және орысша – қазақша тілдерді басқаларына қарағанда, жетік меңгерген.
ЖОО – ға түскеннен кейін жастар студенттік микроәлеуметтік қоғам деп аталатын орта қалыптастырады, ол жастар ортасындағы ең жоғары білім деңгейімен, демографиялық және әлеуметтік біртектіліктің маңызды деңгейімен, коммуникативтік байланыстың ауқымдылығымен, уақыт пен кеңістік бойынша тұрақтылығымен, бұдан басқа екі тілдердің басым қолданысымен, яғни топтық қостілділікпен сипатталатын, алайда индивидтердің тілдік дәрежесінің аса бірдей еместігімен ерекшеленеді [15, 403-409].
Осыған, яғни студенттік ортадағы қостілділіктің таралу ерекшеліктеріне және оның экстралингвистикалық факторларға қатыстылығына байланысты тест пен анкета тәсілдері қолданылған социолингвистикалық зерттеулер жүргізілді. Тестілеу анкеталау әдісімен қатар социолингвистикалық ақпараттарды алудың ең бір тиімді тәсілі болып саналады. [16 ].
Студенттік ортадағы және оның экстралингвистикалық факторларға тәуелділігінде студенттік ортада қостілділіктің таралу ерекшеліктеріне қатысты нағыз социолингвистикалық зерттеулер үшін тестілеумен қатар анкеталық тәсілдер де қолданылады [17, 222-228].
Әр түрлі бағыттағы ғылыми зерттеулердің ортасында соңғы жылдары ереже бойынша жиі – жиі тілдік тұлға тұратын болды. Ю. Н. Карауловтың әділ және эмоционалды ескерткеніндей, тілді оның шегінен шықпай, оның жаратылысына назар аудармай, иелеріне, сөйлеушісі – адамға, нақты тілдік тұлғасына қарамай, өз — өзінен тану мүмкін емес. Тілдік тұлға – бұл тілдің анализі мен суреттеуін көрсететін сәулелі идея, тілді зерттеудің барлық аспектілеріне бойлай енеді және бір мезгілде адамды оның тілінен тыс қарастыруға болмайды деген пәндер арасындағы шегараларды жоққа шығарады [18, 3-7].
Тілдік тұлғаны феномен ретінде зерттеудің өзектілігімен байланыста жеке респонденттерден сөйлеу түрінде сұхбат алу тәсілі қабылданған, ол сол адамның тілдік биографиясын түсіндіру, тілдік приоритеттерге әсер етеін факторларды түсіндіру, өзінің этникалық сәйкестігін, ақыр аяғында – тілдік тұлғаның сөйлеу бейнесін жасау мақсатында қолданылады [19, 368].
В. А. Звегинцевтің жазғанындай, «социолингвистикада зерттеу нысаны тіл болған сайын, ол лингвистикалық зерттеулерде жүргізілетін әдістердің кең түрін пайдалауға міндетті» [20,312]. Социолингвистикалық мәліметтер сондықтан тілдік сәйкестікті анықтау үшін ең бастысы, зерттеулер жүргізілу керек екендігі көрінеді. Қазіргі кезде Қазақстандағы тілдік жағдайды анықтау үшін арнайы құрылған зерттеушілер тобы көптеген жерлерге сауалнамалар жүргізіп, олардан түскен деректерге қарай жастардың, қазіргі Қазақстан қоғамының тілдік сәйкестігін анықтап беріп отырады.
Астана қаласында жүргізілген социолингвистикалық зерттеулер (Ағманова 2001, Шаймерденова 2003, Досмұхамбетова 2002 және басқалары) оның жедел өзгерген демографиялық және саяси мәртебесімен байланысында қазақстан социолингвистикасының дамуына да үлес қосты. Зерттеуші А. Е. Ағманова [21, 19-26] 2001 жылы білім беру саласы мен мемлекеттік қызмет аясындағы тілдік жағдайды зерттеу, әлеуметтік – психологиялық және демографиялық факторлар мен шарттардан мемлекеттік тілді қолдану мен меңгеру процесіне қатыстылығын көру мақсатында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің 1-2 курс студенттеріне және мемлекеттік қызметкерлер – қазақ тілін жедел оқыту үшін ұйымдастырылған Республикалық орталықта тыңдаушылар арасында анонимдік анкеталық сауалнама жүргізген. Анкетада тілді пассивтік меңгеру деңгейін көрсететін мынадай формулалар пайдаланылған: тек сөздікпен ғана, не айтқанын ұғамын, бірақ сөйлей алмаймын; не айтып тұрғанын түсінемін, ойымды қиналып жеткіземін. Ал белсенді меңгергендерге арналған – еркін сөйлей аламын, оқимын, бірақ жаза алмаймын; еркін сөйлеймін, түсінемін, оқимын және жазамын; сонымен қатар тілді білмеу де ескерілген: мүлдем түк білмеймін.
Болашақта қазақстандық зиялылардың қатарын толықтыратын және өз өмірлерін тұрақтылыққа, қоғамның тыныштығына бағытталған демократиялық жаңа өзгерістерге лайықтап құратын білім алып жүрген жастардың арасындағы қостілділіктің таралуын зерттеу қазіргі кездегі елдегі жүргізіліп жатқан тілдік саясаттың тиімділігі бойынша нақты критерийлер болып табылуы мүмкін.
Сонымен сәйкестілік әлеуметтік практикада және идеологияда (тілдің әлеуметтік рөліне, тілдерді қолдану мен үйренуге қарым-қатынастар мен көз-қарастар ) көрініс табады, соның ішінде тіл практикасында. .
Тілдік сәйкестіліктің біз қарастыратын түрі жас ерекшелігіне байланысты, дәлірек айтқанда, студенттердің тілдік сәйкестілігі.
Жоғарыда атап өткендей, жас сәйкестілігі деп тұлғаның жастық тобына қатыстылығына байланысты анықталатын сәйкестіліктің түрін айтамыз.
Жастық мөлшерленуі бойынша сөйлеуші уақыт өте келе өзінің сөйлеу әрекетін өзгертеді. Ал осы өзгерістер келесі ұрпақта көрініс табады. Мысалы орта жастағы қалалық қостілді қазақтар қазақ және орыс тілін қолданса, ұлғайған шағында ана тіліне көшеді.
Осыған байланысты тілдік сәйкестілікті жас ерекшеліне байланысты зерттеу қажеттілігі туады. Өйткені әр жастық топқа кіретін тұлғалардың өзіндік тілдік ерекшеліктері болуы сөзсіз.
Студенттер қоғамның ерекше әлеуметтік тобы. Қоғамда болып жатқан өзгерістердің барлығы студенттерге әсер ететіні сөзсіз, ал ол өз кезегінде олардың тілінен көрініс табады.
Студенттердің қоғамдық – саяси және әлеуметтік өзгерістер туралы пікірлерін анық білу үшін сауалнама жүргізудің басым үлес алатындығын айтпай кетуге болмас. Біздің қарастырып отырған мәселеміздің өзі теорияны практикамен ұштастырғанда ғана жүзеге асатын процесс. Студенттердің тілдік сәйкестілігін анықтау үшін, тілдік құзіреттілігіне баға беру үшін анкета тәсілінің тиімді екенін жоғарыда айттық. Әлеуметтік лингвистика аясындағы зерттеулерді саралауға, талдау жасауға таптырмайтын бірден – бір құрал сауалнама жайлы Э. Д. Сүлейменова «анкета, сауалнама – опросный лист, вопросник, основной инструментарий Опроса»деп берілген.
Респондент – сауалнамадағы сұрақтарға жауап беруші, сыналушы тұлға. Респондент ұғымын интербьюрер, информант терминдерімен мағыналас, мәндес десе де болады.
Студенттердің тілдік сәйкестілігі сауалнама жүргізу арқылы айқындалды. Бұл сауалнама Э.Д. Сулейменова, Н.Ж. Шаймерденова, Ж.С.Смагулова сияқты қазақстандық ғалымдармен INTAS «Новая языковая идентичность в трансформирующемся обществе: Казахстан, Киргизстан, Таджикистан, Узбекистан» жобасы бойынша дайындалған [22].
Сауалнама төрт модульдан тұрады: 1) жауап беруші туралы қысқаша мәлімет; 2) қалыптасып жатқан мемлекеттік және азаматтық сәйкестіліктерге қатыстылығы; 3) тілді\тілдерді меңгеру дәрежесі және этникалық сәйкестілікке қатыстылығы; 4) тілдік сәйкестіліктің индикаторы ретіндегі жауап берушілердің тіл практикасы Сауалнама 48 сұрақтан және жүйелі жазба ретінде берілген 545 жауаптан тұрады. Кейбір сұрақтардың ( 3, 10, 13, 21, 22) жауаптары кесте түрінде берілген. Ол өте ыңғайлы, өйткені уақытты үнемдейді және жауап берушіні қажудан сақтайды. Сауалнаманың кесте ретінде берілген түрі жауаптардың варианттарын үйлестіруге мүмкіндік береді [23,328].
Сауалнамаға 18 бен 27 жас аралығындағы 100 студент қатыстырылды.
Сауалнамаға қатыстырылғандардың қазақтар 32%, орыстар 44%, балғарлар 2%, немістер 2%, ұйғырлар 4%, кәрістер 2%, украиндықтар 4%, татарлар 8%, түріктер 2% құрайды. Бұл Қазақстанның көп ұлтты екендігінің көрсеткіші.
Сауалнаманың 3, 4, 9, 10, 13, 21, 22 сұрақтары жауап берушінің тілді/тілдерді меңгеру дәрежесін, тілдік сәйкестіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Үшінші сұрақ бойынша жауап беруші әр білім деңгейлеріндегі тілді меңгеру дәрежесін көрсету керек.
Бұл кезекте Алтынбекованың жоғарғы оқу орындарындағы және мектептердегі әртүрлі ұлт өкілдерінің білім алу тілін таңдауы этникалық сәйкестілікті білдірудің индикаторы деген пікірін айта кеткен жөн /5,146/.
Сауалнама теориялық жағынан зерттеуді, өңдеуді, толықтыруды қажет ететін құрал. Сауалнамада адамның өз ойын еркін жеткізуге, ашық білдіруге құқы бар. Осының өзі оның әлеуметтік – демократиялық сипатын айқындайды. Қоғамымыздың басым бөлігін құрап отырған студент жастар арасында сауалнама жүргізу мемлекетттің қай бағытта өркендеп дамып келе жатқанын көрсететін басты құрал. Бұл сауалнаманың ғылыми сипатын анықтайтын тағы бір өзгешелігі, оның басқа ұлт өкілдерінен де алынуы. Бұл қазіргі кезде қалыптасып отырған тілдік ахуалды болжауға мүмкіндік береді.
Студенттердің тілдік сәйкестілігін анықтау мақсатында біз пайдаланған сауалнаманың үлгісін төмендегі берілген сұрақтардан көруге болады
Сауалнама
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі кафедрасы Сізден ұсынылып отырған анкетаны толтырып беруіңізді сұрайды. Анкета жасырын толтырылады және анкетадан алынған ақпараттарды тек ғылыми мақсатта қолданылады.
Атсалысып көмектескеніңіз үшін рахмет!
- Жасыңыз: _____________________________________
- Жынысыңыз: □ әйел □ ер
- Біліміңіз (бірнеше білім және тілді меңгеру деңгейлерін белгілеуге болады):
|
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
Өзге тіл (көрсетіңіз) |
Мектепке дейінгі |
|
|
|
Бастапқы |
|
|
|
Аяқталмаған (орта) |
|
|
|
Орта |
|
|
|
Аяқтамаған жоғары білім |
|
|
|
Жоғары |
|
|
|
Ғылым кандидаты/докторы |
|
|
|
- Сіз мектепке дейін қай тілде сөйледіңіз? ___________________________
- Сіз 18 жасқа дейін қай жерде өстіңіз □ қала □ ауыл
- Сіз қазір қай жерде тұрасыз? (қала/ауыл, облыс). Толық атын жазыңыз___________________
___________________________________________________________________________________
- Сіз қай салада жұмыс істейсіз?
Оқушы / студент |
|
Өндірістік мекеме жұмысшысы |
|
Мемлекеттік қызметкер |
|
Мұғалім, оқытушы |
|
Әскери қызметкер |
|
Іскери адам |
|
Қызмет көрсету салаларының жұмысшылары |
|
Басқа да |
|
- Сіздің жеке басыңыздың ай сайынғы шығысыңыз:
□ 50$-дан төмен □ 50-100$ □ 100-300$ □ 300-500$ □ 500$-дан жоғары
- Сіздің ана тіліңіз:
- Сіз тілді қалай үйрендіңіз? (Қажетті графаға белгі қойыңыз.)
|
(мектепте, жоғары оқу орнында, курста және т.б. ) |
(жанұяда, жұмыста және т.б.) |
үйренбедім |
Қазақ тілін |
|
|
|
Орыс тілін |
|
|
|
Ағылшын тілін |
|
|
|
Араб тілі |
|
|
|
Қытай тілі |
|
|
|
Түрік тілі |
|
|
|
Ана тілі, қазақ және орыс тілі болмаса |
|
|
|
- Ұлтыңызды көрсетіңіз (жазыңыз):
Сіздің ұлтыңыз |
Әкеңіздің ұлты |
Анаңыздың ұлты |
Күйеуіңіздің/ әйеліңіздің ұлты |
Досыңыздың/ жолдасыңыздың ұлты |
|
|
|
|
|
- Сіз өзіңізге және немере/шөберелеріңізге …. бітіру қажет деп есептейсіз бе?
|
Келіспеймін |
Келісемін |
Жауап беруге қиналамын |
Бастапқы мектепті |
|
|
|
9 жылдық мектепті |
|
|
|
11-12 жылдық мектепті |
|
|
|
(Училище, техникум) колледжді |
|
|
|
Университет бакалавриатын |
|
|
|
Университет магистратурасын |
|
|
|
Аспирантураны |
|
|
|
- Ана тіліңіз … арасында қалай қолданылады?
|
Әрқашан |
Жиі |
Анда-санда |
Ешқашан |
Сіздің әкеңіз бен анаңыздың |
|
|
|
|
Сіздің анаңыз бен балаларыңыздың |
|
|
|
|
Сіздің әкеңіз бен балаларыңыздың |
|
|
|
|
Сіз және Сіздің аға-әпкелеріңіздің |
|
|
|
|
Сіздің ата-аналарыңыз және атаңыз/әжеңіздің |
|
|
|
|
Сіз және Сіздің ата/әжелеріңіздің |
|
|
|
|
- Қазақ тілін меңгерудің Сіз бен Сіздің балаларыңыз/немерелеріңіз үшін экономикалық пайдасы бар деген пікірмен келісесіз бе?
□ Келіспеймін □ Келісемін □ Жауап беруге қиналамын
- Сіздің пікіріңіз бойынша, жол көрсеткіштері және көше атаулары қай тілде жазылуы тиіс? (Бірнеше дұрыс жауапты белгілеуге болады).
□ Қазақ тілінде □ Орыс тілінде □ Ағылшын тілінде
□ Өзге тілде____________________ □ Жауап беруге қиналамын
- Сіздің пікіріңіз бойынша, мемлекеттік радио және телеарналар торабы қай тілде таралуы тиіс.
□ Қазақ тілінде □ Орыс тілінде □ Ағылшын тілінде
□ Өзге тілде____________________ □ Жауап беруге қиналамын
- Сіз, Сіздің балаларыңыздың/немерелеріңіздің қай тілде оқуын қалайсыз? (Бірнеше жауаптарды белгілеуге болады).
□ Қазақ тілінде □ Орыс тілінде □ Ағылшын тілінде
□ Өзге тілде____________________ □ Жауап беруге қиналамын
- Сіз қазақ тілі еліміздің жалғыз мемлекеттік тілі болсын деген пікірмен келісесіз бе?
□ Келіспеймін □ Келісемін □ Жауап беруге қиналамын
- Мемлекеттік тіл барлық мектептердегі міндетті пән болуы тиіс деген пікірмен Сіз келісесіз бе?
□ Келіспеймін □ Келісемін □ Жауап беруге қиналамын
Біз жауап алған орыс ұлтты студенттердің 100% білім алу тілі ретінде орыс тілін таңдады. Ол олардың этникалық сәйкестіліктеріне басқа этнос өкілдерінің әсер етпегенін көрсетеді.
Ал қазақ ұлтты студенттердің 84% білім алу тілі ретінде қазақ тілін, 16% орыс тілін таңдаған.
Ұйғыр ұлтты студенттердің 30% ана тілінде, 61% орыс тілінде 9% қазақ тілінде білім алуда. Түрік ұлтты студенттердің 87.5% орыс тілін, 10% қазақ тілін, 2.7% өзге тілдерді білім алу тілі ретінде таңдаған. Бұдан білім беру жүйесіндегі өзге ұлтты студенттер арасындағы доминант тіл – орыс тілі екенін көреміз.
Келесі айқын көзге түсетін ерекшелік тұрған жерінің жауап берушілердің тілдік сәйкестілігіне әсер етуі. 18 жасқа дейін ауылдық жерде өскен орыс ұлтты респонденттердің 80%ға жуығы мектепке дейін қазақ және орыс тілінде сөйлесе, қалалық жерде өскен орыс ұлтты респонденттер 100% орыс тілінде сөйлеген. Бұл ерекшелік қазақ ұлтты респонденттерде де байқалады. Мысалы, мектепке дейін ауылдық жерде өскен қазақ респонденттердің 20%ғана орысша сөйлесе, қалалықтардың 65% қазақ тілімен қоса орыс тілін қолданған.
Студенттердің ана тілін анықтау тілдік сәйкестілікті анықтаудағы негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Жауап берушілердің ана тілін анықтауында ұлтына сәйкестендіру байқалады.
Ол төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте1 жауап берушілердің ана тілін таңдауы
Ұлты Тілі |
қазақ |
орыс |
Татар |
украин |
балғар |
неміс |
ұйғыр |
кәрис |
Түрік |
Қазақ тілі |
87.5% |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Орыс тілі |
12.5% |
100% |
25% |
100% |
— |
— |
— |
— |
— |
Түрік тілі |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
100% |
Татар тілі |
— |
— |
75% |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Ұйғыр тілі |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
100% |
— |
— |
Украин тілі |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Кәріс тілі |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
100% |
— |
Балғар тілі |
— |
— |
— |
— |
100% |
— |
— |
— |
— |
Неміс тілі |
— |
— |
— |
— |
— |
100% |
— |
— |
— |
Тілдің ұлттылыққа сәйкестендірілуі туралы статистикалық мәлеметтер тек жауап берушінің өзін белгілі – бір этносқа жатқызғысы келетіндігінің көрсеткіші. Ал негізгі шарт болып ана тілін меңгеру деңгейі және қостілділік пен полилингвизмның таралуы саналады /7,103/. Бұл кестеден байқайтынымыз өзге ұлт өкілдері меңгеру дәрежесіне байланыссыз ана тілі ретінде негізгі ұлт тілін белгілейді. Жауап берушілердің ана тілімен өзге тілдерді меңгеру дәрежесін келесі кестелерден анық көруге болады.
|
қазақ |
орыс |
Татар |
ұйғыр |
Украин |
балғар |
неміс |
кәріс |
Түрік |
Еркін сөйлеймін |
100% |
100% |
75% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Қиналып сөйлеймін |
— |
— |
8.7% |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Сөйлемеймін |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Еркін оқимын |
87.5% |
100% |
75% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Қиналып оқимын |
9% |
— |
25% |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Оқымаймын |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Еркін түсінемін |
85% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Қиналып түсінемін |
14% |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Түсінбеймін |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Еркін жазамын |
90% |
100% |
75% |
100% |
100% |
100% |
— |
100% |
100% |
Қиналып жазамын |
8% |
— |
25% |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Жазбаймын |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Кесте2 Cтуденттердің орыс тілін меңгеру дәрежелері.
Кесте3 Студенттердің қазақ тілін меңгеру дәрежелері.
|
қазақ |
орыс |
Татар |
ұйғыр |
украин |
балғар |
неміс |
кәріс |
түрік |
Еркін сөйлеймін |
80% |
13% |
25% |
50% |
— |
100% |
— |
100% |
— |
Қиналып сөйлеймін |
15.5% |
54% |
50% |
50% |
50% |
— |
100% |
— |
— |
Сөйлемеймін |
0.5% |
36% |
25% |
— |
50% |
— |
— |
— |
— |
Еркін оқимын |
78% |
63% |
50% |
100% |
50% |
— |
100% |
100% |
100% |
Қиналып оқимын |
10% |
27% |
25% |
— |
— |
100% |
— |
— |
— |
Оқымаймын |
1.8% |
28% |
25% |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Еркін түсінемін |
90% |
18% |
25% |
100% |
50% |
100% |
— |
100% |
100% |
Қиналып түсінемін |
11.5% |
72% |
25% |
— |
50% |
— |
100% |
— |
— |
Түсінбеймін |
0.6% |
18% |
25% |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Еркін жазамын |
79% |
54% |
50% |
50% |
100% |
— |
100% |
100% |
100% |
Қиналып жазамын |
15% |
30% |
25% |
50% |
— |
100% |
— |
— |
— |
Жазбаймын |
2% |
20% |
25% |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
Көріп отырғандай қазақ ұлтты студенттердің орташа есеппен 85% орыс тілін жақсы меңгерген. Бұл орыс тілі екінші тіл (ана тілінен кейінгі) ретінде оқытылатын мемлекет үшін өте жоғары көрсеткіш.
Ал орыс ұлтты студенттер орыс тілін 100% меңгерген. Бұл көрсеткіш олардың тілдік сәйкестіліктеріне басқа этностар тілінің әсер етпегенін көрсетеді.
Қазақ тілінде 13% еркін сөйлейді, 63% еркін оқиды, 18% еркін түсінеді, 54% еркін жазады. Осыдан студенттер арсында қостілділіктің қазақ – орыс, ұлттық – орыс қостілділігі кең тарағаны байқалады.
Өзге ұлтты студенттердің ана тілін меңгеру деңгейлері өте жоғары. Сонымен қатар қазақ тілін 50%, орыс тілін 80% меңгерген және көпшілігі қазақ тілін үйреніп жүрміз деп белгілеген. Қазақ тілін меңгеру өзіне және балары мен немерелеріне экономикалық пайдалы деп жауап берушілердің басым көпшілігі санайды. Мысалы, бұл пікірмен қазақ студенттердің 93% келіседі, 7% келіспейді, орыс студенттердің 86% келіседі, 13% келіспейді, татарлар 75% келіседі, 25% келіспейді, түріктер 100%, украиндықтар 100%, кәрістер 100%, балғарлар 100% , немістер 100%, ұйғырлар 100% келіседі.
Жауап берушілер арасындағы құзырлы тілді анықтауда студенттердің 50% ағылшын тілін құзырлы тіл деп есептейді. Студенттердің 60% қазақ тілін құзырлы тіл деп санайды. Ол қазақ тілінің мәртебесінің студеттер арасында жоғары екендігінің көрсеткіші. Құзырлы тіл деп студенттердің 30% орыс тілін де белгіледі. Орыс тілі көбінесе студенттер арасында бейтарап коммуникация құралы ретінде қолданылады. Ал кәсіби біліктілік үшін қажетті тіл деп студенттер ағылшын тілін және қазақ тілін санайды.
Ол мемлекеттік қазақ тілінің қолданылу ауқымының кеңеюімен байланысты. Студенттер қазақ тілінің қолданылуының қызмет көрсету аясында, радио/теледидарда, газет/журналдарда, жұмыста, мемлекеттік орындарда, білім беру жүйесінде айтралықтай кеңейгенін, жанұяда және көшеде сол қалпында қалғанын белгіледі.
Сіз қай тілді келесі жерде қолданасыз деген сұраққа студенттер келесі түрде жауап берді
|
Қазақ |
Орыс |
Ағылшын |
Өзге (атаңыз) |
Мектепте |
70% |
30% |
— |
— |
Жұмыста |
— |
— |
— |
— |
Достарыңызбен |
35% |
75% |
— |
— |
Көршілеріңізбен |
38% |
72% |
— |
— |
Дүкенде |
15% |
85% |
— |
— |
Көлікте |
15% |
85% |
— |
— |
Банкте |
10% |
90% |
— |
— |
Мемлекеттік ұйымдарда |
65% |
35% |
|
— |
Базарда |
30% |
70% |
|
— |
Газет және журнал оқығанда |
40% |
55% |
5% |
— |
Көркем әдебиет оқығанда |
60% |
40% |
— |
— |
Ғылыми әдебиет оқығанда |
45% |
50% |
5% |
— |
Радио тыңдау үшін |
20% |
70% |
10% |
— |
Теледидар көру үшін |
48% |
52% |
— |
— |
Интернетте жұмыс істеу үшін |
10% |
60% |
30% |
— |
Компьютерде жұмыс істеу үшін |
10% |
60% |
30% |
— |
Әскери салада |
— |
— |
— |
— |
Студенттер арасында орыс тілінің қолданылу ауқымы өте кең. Олар дастарымен, көршілерімен, дүкенде, көлікте, банкте, компьютермен және интернетпен жұмыс істеу барысында көбінесе орыс тілін қолданады. Жастар арасында қазақ тілі мектепте, мемлекеттік ұйымдарда, ғылыми әдебиет оқығанда қолданылады. Басқада жағдайларда орташа мөлшерде болсада қазақ тілі қолданылады. Қазақ тілі ең аз компьютермен, интернетпен жұмыс істеу барысында және банкте қолданылады. Қазақстандық студенттер ағылшын тілін интернетпен және компьютермен жұмыс істеу үшін, радио тыңдау үшін пайдаланады.
- 2 Жаһандану үрдісінің студенттердің тілдік сәйкестілігіне әсері
Қазіргі даму сатысында дәстүрлі қоғамнан ақпараттық қоғамға өту кезінде және ұлттық мемлекеттердің шеңберінен шығатын экономикалық, саяси және әлеуметтік қарым-қатынастардың күшеюі барысында басқа елдердің өкілдерімен коммуникативтік және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынас жасау қажеттілігінің өсуі байқалады. Соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және саяси, әлеуметтік-мәдени өзгерістер, бір жағынан, осы жалғасып келе жатқан айналымның нәтижесі болып табылса, екінші жағынан, барлық әлемді жайлап бара жатқан жаһанданудың нәтижесі ретінде бағаланады.
Студенттік топ осы болып жатқан өзгерістердің барлық салдарын өздерінен өткізеді. Олар қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесінде маңызды роль атқарады және білікті орынға ие. Ұдайы өндірістік, инновациялық және тасымалдаушы қызметін жүзеге асыра отырып, жаңа ұрпақ өкілдері қоғамның құрылымында әр түрлі позицияларды орындай отырып, қоғамда интеграцияланады. Жаңа қоғамдағы студент жастардың қоғамдық құрылымға шоғырлануы бірінші кезекте олардың жаһандану үрдісіне қосылуына тәуелді. Аталған үрдіске қосылу ақпараттық қоғаамға өтудің индикаторы болып есептелуі мүмкін.
Студенттік топтың жаһандану үрдісіне тартылуы, бір жағынан, біртұтас әлемдік кеңістіктегі барлық қоғамға қосылудың кепілі болса, екінші жағынан –бұл тартылыстың индикаторы болып табылады.
Қазақстандық студенттердің әлеуметтік және тілдік сәйкестіліктерінің өзгеруі жаһандану тендецияларының көрінісі ретінде танылады және олардың әсерлерінің талдауында көрініс тапқан.
Жаңа әлемдегі кәсіби өсу біртұтас ақпараттық кеңістікке қосылусыз мүмкін емес, ал бұл жеке тұлғадан анықталған компьютерлік сауаттылықты және қазақ тілі мен ағылшын тілін жан-жақты білуді талап етеді. Өйткені көптеген, қисапсыз ақпараттың көзі электрондық түрде, ағылшын тілінде беріледі.
Қазіргі жағдайда студенттердің жаһандану үрдісіне тартылуының шарттары төменгідей:
- Әлеуметтік белсенділік шарты, яғни жаһандану мәселелерін түсінуі, ондағы белсенді өмірлік ұстанымға дербес қатысудың қажеттілігі. 2. Білім беру шарттары, қоғамда білім алу деңгейінің өсуімен байланысты, тұтасымен алғанда оқу әрекетінің күшейтілуі жағынан, білім беру құндылығының өсуі және шығармашылыққа деген ұмтылыстың жоғарылауы студенттердің жеке диспозициясының өзгерісіне әкеледі.
- Ақпараттық шарт, студенттердің компьютерлік сауаттылығы және интернетте жұмыс істей білуі арқылы жер шарындағы біртұтас ақпараттық кеңістікке енуі. 4. Тілдік шарт: шет ел тілдерін оқып-үйрену арқылы тілдік құзыреттілік деңгейінің өсуі, екінші жағынан – туған тілдің құндылықтарын сақтап қалу.
Атап көрсетілгендей, жаһандану әлеуметтік орта мен қоғам құрылысының өзгерісін әкеле жатыр. Өз кезегінде ол құндылықтар жүйесін, құлықтық кодтар мен негіздемелерді өзгертеді. Жаңа ұрпақ өкілдерінің жетекшілерінің үлгілері мультимәдени командада тиімді жұмыс істеуге, көптүрлілік пен көптілділікті бүгінгі заманның сыйы деп қабылдауға, өзінің әлеуметтік және тілдік сәйкестілігін сақтауға қабілетті халықаралық менеджер болып табылады. “Жаһандану ойынының маманы”бүгінгі заманның маңызды мәселелерін жаһандық ауқымда түсіне оырып, өзін барлық әлеммен сәйкестендіреді.
Жаһандану үрдісі мәдениаралық өзара қарым-қатынас және әлеуметтік қатынастардың күшеюінен көрінеді.
Тілдік біліктілік жұмыс істеу немесе интернетке кіру үшіе ғана керек емес, компьютерлік қарым-қатынас қазіргі әлемде коммуникацияның айқын ерекшелігі болып табылатына қарамастан, оның қажетті бір шарты табысты кәсіби карьера жасау үшін де керек. Көптеген батысеуропалық компаниялар өз штаттарында шет тілде емін – еркін әңгіме жүргізіп, сұхбат құра алатын қызметкерлер ұстайды. Американдық университеттер, мемлекеттік қызмет және қызмет көрсету аясындағы компаниялар жұмысқа қабылдау кезінде ағылшын тілінен басқа, ең болмаса бір шет тілін білетін үміткерлерді жақсы бағалайды. Қазақстандық жұмыс берушілерде шет тілін білетін мамандарды бағалай бастады. Жетекшілік міндеттерді атқара алатын адамдарға ұсынылатын негізгі талаптардың ішінде шет тілін меңгеру ерекше қойылады.
Көптеген ағылшын, неміс компаниялары келесі шарттар бойынша бойынша сұрыптайды: ағылшын тілін жақсы білу, интеллект, шығармашылық қадам, адамдармен тіл таба білу, мінез тұрақтылығы, мақсатқа жетудегі табандылық. Осылайша, шет тіл біліктілігі кәсіби жұмысқа тұру кезінде іріктеудің ең басты критериі болып табылады.
Студенттік топтың жаһандану үрдісіне қосылуы бір жағынан, шет тілдерін көңіл қоюдың жоғарылауымен, екінші жағынан, әлеуметтік мәртебесі биік орыс тілінің ықпалымен сөйлеу мәдениетінің өзгеруімен байланысты.
Шет тілдерді білу мәртебесімен, орыс не ағылшын тілінен тілінен, салыстырғанда жеткіліксіз шет тілдік біліктілік студенттердің тілдік сәйкестілігінің тоқырауға ұшырауына алып келеді. Ол қазақ тілінің төмен әлеуметтік мәртебесімен бірге жеткіліксіз қазақ тілін білу біліктілігімен және ағылшын тілінің жоғары әлеуметтік мәртебесімен бірге жеткіліксіз шет тілін білу біліктілігімен қайшылыққа келіп отыр. Бірнеше әлеуметтік біліктілік үшін және тілдік сәйкестіліктің төмендеуінің тегіс бірдейлігінде жас азаматтар күнделікті сөйлеу тілінде шет тіл сөздерін пайдаланады. Осының нәтижесінде социолект қалыптасады.
Социолект дегеніміз әлеуметтік диалект, қандай да бір әлеуметтік топқа (кәсіби, жастық, топтық және т.б.) тән тілдік ерекшеліктердің жиынтығы. Оның диалекттен айырмашылығы ол толыққанды, өзінше қатынас жасау құралы бола алмайды. Социлектке тек нақты лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктер тән. Социолектке жастар тілі, сленг, жаргондар жатады.
Кәсіби жаргондармен сөйлейтін адамдарға ұқсас, жастардың жаргондары екі тілді: өз орталарында олар жаргондық құралдармен сөйлесе, бөтендермен қарым – қатынас жағдайында, ресми және бейтарап ситуацияларда әдеби тілге көшеді.
Студенттерге ішкі тілдік немесе жаргондық — әдеби диглоссия, ситуация мен қарым – қатынас шеңберінде бір ұлттық тілдің әр түрлі шағын жүйелерін пайдалану тән. Ережедегідей, ресми, іскери қарым-қатынастарда немесе жоғары жастағы адамдармен қарым – қатынас кезінде студенттер қазақ тілінің әдеби формасында сөйлеуге тырысады, ал достарымен немесе құрдастарымен сөйлескенде студенттік социолектерді пайдаланғанды дұрыс көреді.
Қазіргі студенттік социолект көптеген орыс тілді кірме сөздердің қолданылуымен ерекшеленеді, олар оккозионалды сөйлеу құбылысы ретінде, жеке сөйлем, сөздер мен варваризмдер, вульгаризм мен экзотизмдер ретінде жүзеге асады.
Жаңа қалыптасып келе жатқан жаргон мен студенттік социолект сол қоғамдық топ пен тұтас қоғамның әлеуметтік тіршілік етуін көрсеткен. Мәселен, бұл 60 – жылдарда ГФР-да студенттер қозғалысы болған кезде, студенттердің жеткілікті тұрмыстық жаргондары тез өзгеріп, қоғамдық-саяси мазмұнға ие болған, кейін бұл «наразылық тілі» деген атауға ие болған.
Барлық тілдік өзгерістер ақыр аяғында әлеуметтік сипат алады, және мына нәрсені де атап өткен орынды, студенттік социолектінің қазіргі өзгерісі жаһандану үрдісінің әсері болып табылады.
Жалпыға белгілі жайт, тілдік шағын жүйелердің ішкі факторлардың әсерімен өзгеріске ұшырайды. Тілді қолданудың ортасының өзгеруі, білім берудің таралуы, халықты, бұқараны аймақтық көшіру тіл дамынуының негізгі әлеуметтік факторы болып дәстүрлі түрде танылады. Жиырмасыншы ғасырдың аяғында жаһандану үрдісінің күшеюімен интернеттегі компьютерлік және коммуникациялық әдістердің, ғылыми – техникалық үрдістер жетістігі таралуының жеделдеткенмен, әлемдегі саяси және экономикалық өзгерістермен қатар әлеуметтік – тілдік өзгерістердің шоғырлануымен күшейтілуі байқалады. Тілге мұндай әсер етудің негізгі экстралингвистикалық себептері:
-80інші жылдардың екінші жартысы мен 90ыншы жылдардағы оқиғалардың төңкерістік сипаты;
— жаңа тілдің (кеңес дәуірінің бюрокартиялық тілі) пссихологиялық қолайсыздығының тез өсуі.
— сөйлеудің жаңа құралдарын, бейнеліліктің жаңа тұлғаларын өңдеуге ұмтылу
— жаңа құбылыстардың атаулары тууымен бірге, өткенге оралатын, Кеңес одағы өмір сүріп тұрған кезде атауға тыйым салынған сөздердің жаңғыртылып аталуы.
Бұл жоғарыда көрсетілген әлеуметтік және психологиялық факторлар қазіргі қазақ тілінің ерекшкліктеріне және бүгінгі студент жастардың сөйлеу мәдениетіне елеулі түрде әсер етеді.
Жаһанданудың әлеуметтік табиғаты қайшылықты және бірмәнді емес. Жас Қазақстандықтардың жаңа өкілдерінің қалыптасуы жаһандану тенденцияларының күшеюі кезінде жүзеге асып жатыр. Жаһандану салдарынан туындаған әлеуметтік – мәдени шектердің айқындығы бүкіл әлем қоғамының әлеуметтік, мәдени және тілдік сәйкестілігінде таңбасын қалдыруда. Жаһанданудың әлеуметтік лингвистикалық аспектілері жаңа ұрпақтың әлеуметтік сәйкестіліктерінің қалыптасуында айрықша қызмет атқарады. Жаһандану үрдісінің бүгінгі таңдағы қазақстандық студенттерге әсер етуі студенттердің әлеуметтік және сәйкестіліктерінің өзгерісінде көрінеді. Ол өз кезегінде жаңа ғылыми – техникалық жетістіктермен, мәдениаралық диалогтардың әлеуметтік жаңашылдығы мен перспиктива мен байланысында мәдени таптаурындарда тұңғиық өзгерістердің нәтижесі болып табылады.
Бүгінгі таңда қазақстандық студенттердің трансұлттық орта жағдайындағы тілдік сәйкестілігі, бір жағынан жаһандану әсерінен, екіншіден өзін елінің – мәдени болмысымен сәйкестендірудің қажеттілігін сезінумен, үшіншіден, замандастарының тобымен сәйкестенудің әсерімен қалыптасады.
Жаһандану үрдісімен байланысты әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістердің әсерімен әлемде тілдік жағдай да біршама өзгеріске ұшыраған. өзгерістердің басым бөлігі тілдердің мәртебелік жағдайына қатысты.
Қазіргі жағдайларда студенттердің жаһандану үрдісіне тартылуы қазақстандық қоғамның дәстүрлі өндірістен ақпараттық кезеңге көшуінің көрсеткіші болып табылады. Бұлайша тартылудың шарттары біздің ойымызша мыналар:
Тұтасымен алғанда, студенттер өздерін «әлемнің азаматтары», әлемдік қауымдастықтың бөлігі деп сезінеді, мәселенің маңызын жалпы ғаламдық ауқымда түсінеді, Қазақстанның жаһандану үрдісіне қосылуын мойындайды және бұл қосылуды қажет деп табады.
- 3 Қостілділік және оның түрлері
Көп ұлтты социумдарда қазіргі тіл білімінде зерттеу жүріп жатқан тілдік байланыстар өзіндік бағытта дамитындықтарын көрсетеді. Кей кезде оларды тілдік байланыстар лингвистикасы туралы, тілдік байланыстар туралы байланыста айтады. Бұл бағыттың негізін салушы көрнекті ғалым, қазіргі тіл біліміндегі танымал тұлғалардың бірі Уриэль Вайнрах осы ұғымды ең алғашқы болып енгізген адам ретінде саналады.
Тілдік байланыстардан ажыратып алып қарауға болмайтын, тілдік байланыс аясында қарастырылатын тілдік құбылыстар өмір сүріп келеді. Оның ішіндегі ең маңыздысы, тілдік байланыстың қатарынан саналатын қостілділік (билингвизм) болып табылады.
Қостілділікті зерттеу мәселелері билингвизм мен оның типтері туралы ұғымның қарастырылуымен байланысты болып келеді.
Қазіргі тіл білімінде аталмыш екі ұғым – қостілділік пен билингвизм эквивалентті ұғымдар ретінде саналады, бірақ бұл терминді сәйкестігі жағынан барлығы бірдей мойындай бермейді: көптеген зерттеушілердің айтуынша, билингвизм деген терминнің өзі француз тілінен енген кірме сөз, қостілділік деген сөзге қарағанда,жұмсалу ыңғайы жеңіл әрі қолайлы [24, 28]. Г. Паул билингвизм ұғымын кең көлемде қарастырған, ол қостілділіктің тілге әсері оның тууы мен таралуына тәуелсіз деп санаған, ол екі тілдің арасындағы байланыс бола ма, жоқ әлде екі тілде сөйлеу болып табыла ма.
Н. Б. Мечковская қостілділікті бір тұлғаның бірнеше тілді қарым – қатынас жағдайына байланысты қолдануы деп түсіндірген [25, 368].
Осылайша, қазіргі кезге дейін жалпы тіл білімінде қостілділікке берілген нақты анықтама жоқ, «билингвизмге нақты анықтама беру қиын болып отыр, өйткені бұл күрделі және көпқырлы құбылыс» [26, 133]. К. Х. Ханазаровтың анықтауында, бірінші кезекте билингвизмнің әленуметтік маңызы көрінеді, бұл «екінші тілді сол тілде сөйлеушілермен қарым – қатынас үшін үйрену» [27, 161].
Е. М. Верещагин бұл құбылысқа берген өзінің түсіндірмесінде қостілділіктің психологиялық аспектілерін ұсынады «қостілділік – бұл психикалық механизм (білім, үйрену, әдеттер), адамға екі тілдік жүйеге қатысты сөйлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді [28, 134]. В. Ю. Розенцвейг өзінің анықтамасында бұл сұрақтың социолингвисттикалық жағын қарастырады және қостілділікті «екі тілді білу және уақытында орын мен қарым – қатынас жағдайына қарай қолдана білу» деп түсіндіреді [29, 4]. Социолингвистикалық аспектіде билингвизмді қарастыруда Р. А. Хашимов те екі тілді бір мақсатқа – коммуникативтік мақсатқа пайдалану деп біледі.
Сонымен бірге А. А. Бурыкиннің айтқан пікірі де қызғылықты: бұл мағынасында қостілділік кеңестік социолингвистикада қолданылған. Орыс тілін ана тілі ретінде меңгергендер және басқа тілді – ағылшын, неміс, қазақ, бурят, нанай, — бұл тұрғыдан келгенде қостілділік элементтері байқалады.
Билингвизм, қостілділік – жеке адамның екі тілде бірдей ұдайы қарым – қатынас жасауы, яғни сөйлеу, жазу тәжірибесі. Екінші тілді меңгеру деңгейіне сәйкес билингвизм таза координативті және аралас – субординативті (күнделікті тілдесу арқылы) болып бөлінеді. Билингвизмнің координативті түрінде адам бірінші тілден екінші тілге емін – еркін ауыс алса, оның субординативті түрінде мұндай еркіндік жоқ, себебі сөйлеуші адамның ана тілінің нормалары екінші (меңгерілетін) тілдің нормаларына кері әсерін тигізіп отырады. Тіл білімінде бұл құбылысты интерференция деп атайды. Ол байланысқа кіретін тілдердің фонетикалық, лесикалық, грамматикалық жүйелерінде кездесе береді. Мсыалы, фонетикалық интерферецияға мыналарды кіргізуге болады: факультет – пакультет, фильм, — пильм, вагон – пагон т.б. Белгілі бір тілдердің байланысқа енуіне байланысты билингвизм қазақ – орыс, орыс – қазақ және қазақ – ұйғыр болып бөлінеді. Мұнда бірінші тұрған лингвоним өкілінің екінші тілді меңгеруіне, үйренуіне, яғни қазақтың екінші тілді үйрену жайы. Айта кететін бір жайт, кеңес заманында қазақ – орыс, орыс – қазақ билингвизмі тепе – тең дамыған жоқ. Шарықтау шегіне жетіп дамыған қазақ – орыс билингвизмі болса, орыс – қазақ билингвизмінде ол аз байқалды. Бұл – Кеңес заманында жүргізілген солақай саясаттың кесірінен болған жағдай. 70-бет.
Қостілділіктің типтерін әр топтарға бөлген классификациялардың ішінен ортақ қабылданған классификация Е. М. Верещагиннің классификациясы болып табылады. Ол билингвизмнің үш типін бөліп көрсетеді. – психологиялық, социолингвистикалық және лингвистикалық. Психологиялық типологияда қостілділік рецептивті, репродуктивті және продуктивті болып бөлінеді. Рецептивті қостілділікте – индивид екінші тілдегі әңгімені ғана түсіне алады (пассив қостілділік). Репродуктивті билингвизмде индивид тыңдаған әңгімесін келесі тілде жеткізе алады. Продуктивті қостілділікке индивидтің өзінің шығармашылық ойлау деңгейін екінші тілдік жүйеде жеткізе алуын қарастырады.
Сәйкестілігі жағынан екі сөйлеу механизмдері таза және араласқан болып бөлінеді. Таза деп ингдивидтің әр түрлі жағдайларда екі тілдің біреуін ауыстырып сөйлеуі, егер ол екі тілді қосып сөйлесе, мұндай билингвизм араласқан билингвизм болып есептеледі.
Байланыста болып табылған тіл әрекетінің бағытына қарай бір жақты және екі жақты билингвизм болып бөлінеді: Біржақты қостілділікте бір тілде сөйлеушілер өзгелермен байланыс жасау үшін екінші тілді меңгереді, ал екеніші жақтан ондай құбылыс бапйқалмайды. Екі жақты байланыс кезінде екіжақты тілді меңгеру үрдісі жүреді. Биллингвизмдердің бұлш түрі тіл аралық байланыстар негізінде жүзеге асырылады.
Сөйлеушілер ауқымы жағынан индивидуальдық (анықталған этностың жекелеген мүшелерінің екі тілді білуі және қолдануы), топтық (этникалық және әлеуметтік топтармен анықталған), бұқаралық (тұрғындардың қос тілді білуі және қолдануы), және жалпы қостілділік (барлық тұрғындарға қатыссты). Р. И. Хашимов аталмыш классификацияны қостілділіктің тағы бір түрімен толықтырады – отбасылық, көптеген аралас некелердің нәтижесінде қостілділік пен көптілділіктің түрлері тууы мүмкін.
Э. Д. Сүлейменова мен Н. Ж. Шаймерденова жоғарыда аталғандарды қарастыра отырып, қостілділік типтеріне сипаттама береді: аймақтық қостілділікке елдің анықталған аудандарының тұрғындарының екі тілді білуі мен қолдануы, бір елде тұратын ұлттың екі тілде сөйлеуі. Қазақ – орыс қостілділігі ұлттық – орыс қостілділігі ретінде сипатталады. Табиғи қостілділік те бар болып саналады – екі тілде сөйлеушілердің өзара байланысы негізінде жүзеге асырылады, ал жасанды қостілділік – екінші тілді үйренудің арнайы жасалған жағдайларына байланысты. Сонымен қатар ғалымдар билингвизмдерді бөліп алады, егер билингв екінші тілді қолдануды бірінші тілді ұмытпай жүзеге асырса, ол қосымша болып саналады, егер ана тілін ұмытып, бірақ екінші тілді меңгерген болса, ол орны ауысқан болыа саналады. Амбилингвизм деп екі тілді толық меңгеруді айтады, бұл жерде амбилингв екі тілді бір – бірінсіз айта білу керек және барлық сөйлеу тілінің шеңберінде қолдана білу керек, мұндай кездерде билингвтің екінші тілді басым қолдануы аз кездеседі. Семилингвизм өкілдері ретінде индивидтің екі тілді толық меңгермеген қос тілдің құрылымын ұйымдастыру кезінде қиындыққа ұшырайтын адамдарды айтады.
Осындай түрде, ұғымының өзіне байланысты келтірілген мәлімет көздері және билингвизмнің типтері билингвизмді қарастырудың жалпы психологиялық, социолингвистикалық, дербес лингвистикалық және басқа да аспектілерінің қажеттіліктері туралы кепілдік береді. Қостілділік және көптілділіктің ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси,әлеуметтік, этникалық, демографиялық, аймақтық және басқа да факторларын қалыптасуының жаңа мәселелерін зерттеу мен талдаумен қатар қарастыруға мүмкіндік береді.
Э. Д. Сүлейменова белгілегендей, кеңес тіл білімінде қай тіл – ұлттық немесе орыс тілі болса – ана тілі: ұлттық – орыс қостілділігі (туған ұлттық тілдермен – қазақ, қырғыз, литва) және ұлттық – орыс (туған орыс тілімен) тәуелділігінде қостілділікті шектеу қабылданған. Бұл шектеу билингвизмге тән қандай да бір белгілерге негізделген жоқ, алайда қостілділік теориясындағы ығысу осымен байланысты болды. Бірінші кезекте ұлттық және орыс тілдерінің өзара байытуының жағдайы туралы болғандықтан, бұл ана тілі ұғымына қатысты еді. Туған тілді қостілділік брйынша сақтаудың және ауыстырудың, жойып алудың мәселелері көп уақытқа дейін үнсіз болып келді, керісінше орыс тілімен қарым – қатынаста болған тілдерді байыту міндетті деп есептелді. Ғалымдар атаған фактілер түрінде, ұлттық – орыс қостілділігінің шеңберінде ұзақ уақыт бойы және бұқаралық ішінара байланыс түрінде жүргізілген қостілділіктен әрдайым тілдік байыту және даму жүрмейтіні белгілі болды: ұлттық тілдер қолданыс аясмында өздерінің тепе – теңдігін жоғалтып алды, кейінгі ұрпақ өкілдері арасында тілдерді қолдануда орыс тілінің басым болуы байқалды. Қостілділікке әлеуметтік – функционалдық анализ тілдік сана және ұлттық сана сияқты соншалықты маңызды факторлардың қатысуынсыз жүргізілді.
Ғалым З. К. Ахметжанова атап өткендей, бүгінгі таңда көптілді мемлекетке айналып отырған Қазақстанда қос және полилингвизмнің көптеген түрлері жасалды, олар таралу аймақтарымен, тілдер қызметінің әр түрлі шеңберлерін қамтуымен, бірінші тілдің екінші тілге әсер ету құзіреті байқалады.
Зерттеуші Қазақстандағы қос және көпділділіктің таралуы тарихындағы төрт кезеңді бөліп алады. Бірінші кезеңнің басы қазақ этносының қалыптасуына және басқа да көршілес мемлекеттермен байланысты. Ол кезде көптеген этникалық топтармен тілдік байланысқа түсу қажеттілігі туындаған.
Екінші кезең Ресеймен арадағы әр саладағы есепсіз байланыстардың кеңеюі мен бекуімен, Қазақстан аймағында орыс тұрғындардың қоныстануымен байланысты болды, бұл өз кезегінде қазіргі кезде республикадағы ең басты тілдік жағдайды құраушы қазақ – орыс қостілділігінің қалыптасуы мен дамуына бастау салып берді, 1999 жылы Қазақстанда тұратын тұрғындарға жүргізілген соңғы санақтың нәтижесінде 75% қазақтың орыс тілін білетіндігі белгілі болды. Екінші кезеңде де қазақ – орыс қостілділігі пайда болды, ол әрі қарай жеткілікті түрде тарала алған жоқ. Міне, орыстар арасында жүргізілген санақ олардың 14, 9% — ның мемлекеттік тілді меңгергендігін көрсетсе, 85, 6% — ының аздап білетіндігін көрсетті.
Екінші кезеңде туындаған қостілділік типі ана тілдің психологиялық және функционалдық басымдылығымен субординативтік сипатқа ие екендігін көрсетті [30, 300]
Қостілділік және көптілділіктің Қазақстандағы үшінші кезеңі кеңестік уақытта басталды, 30 – жылдардағы аштыққа ұласқан коллективтендіру нәтижесінде және республика аймағына көптеген халықтарды күшпен қоныс аудару салдарынан тұрғындардың этникалық құрамында Қазақстан жерінде үстемдік құрып отырған ұлттың санының азаюына алып келген түбегейлі демографиялық өзгерістер кезеңімен қостілділіктің ендірілуі тұспа – тұс келді. 1939 бен 1979 жылғы санақ болған аралықта орыстар Қазақстандағы ең саны көп халық болып табылған, ал украин және белорустермен бірге республика тұрғындарының шексіз үлкен мөлшерін құраған.
З. К. Ахметжанова атап көрсеткендей, бұл жылдары негізінен орыс тілін ұлтаралық қарым – қатынас құралы ретінде дамытуға баса назар аударылды, ал оның қызметінің мәселелерін шешуге талпыныс, Бұдан көбірек, қазақ тілінің витальдылығы жеткілікті бағаланған жоқ және тамырына балта шабылды. Сонымен қатар бұл кезде қазақ – орыс қостілділігі және сонымен қатар қостілділіктің басқа да түрлері, жекелей алғанда, неміс – қазақ қостілділігі дамытыла бастады (30, 301).
Бұл тұрғыдан Э. Д. Сүлейменованың пікірін келтіре кеткен жөн, баламасыз ұлттық — орыс қостілділігінде тілдерді қолдану мен қызмет ету шеңбері бойынша ана тілі емес, орыс тілі басым болатын жағдайлар жиі кездеседі. Атап айтқанда, туған тілде сөйлеу деңгейі төмендеген мұндай жағдайда билингвтің этникалық, мәдени және тілдік жабдықтары орыс тілінің басымдылығы формальды болып, туған тілді білу – пассив болған кезде, екі тілдің және екі мәдениеттің арасындағы қатынастардың өзгеруіне жол ашылады. Туған тілдің мәртебесінің құлдырауы, — деп атап көрсетеді ғалым, — ұлттың мәртебесінің, оның тарихы мен мәдениетінің құлдырауына әкеліп соқтырады [31, 58-59].
Төртінші кезеңнің басталуы республикамыздың тәуелсіздікке қол жеткізуімен және қазақ тіліне мемлекеттік тіл, ал орыс тіліне ресми тіл мәртебесінің берілуімен байланысты болып келді. Жол – жөнекей ескергеніміз 1997 жылы қабылданған «Тіл туралы Заңның» 1989 жылы қабылданған «Тіл туралы Заңнан» елеулі айырмашылығы, мемлекеттік тілдің мәртебесін едәуір күшейтті және орыс тілінің мәртебесінің өзгеруіне себеп болды.
Б. Х. Хасанов Қазақстандағы тілдік жағдайды талдай отырып, оның сипаттамасының үш қырын ашып көрсетеді: 1) қолдану аясы бойынша айқын бөлінетін функционалдық бірліктердің мөлшерімен;
2) қызмет етуші тілдердің тілдік сипаттамасы (республикадағы өмір сүріп жатқан қостілділік және көптілділіктің типтері мен формалары);
3) сөйлеушілер мен атқаратын қызметтеріне қарай тілдердің таралу деңгейі (кең таралған, аз таралған және өте аз таралған тілдер). Зерттеуші республикамызда өмір сүріп жатқан 126 қостілділіктің типтерін бөліп алады, олар 125 ұлттық және орыс тілдерінен тұрады.
Г. М. Бадағұлова қазіргі кездегі Қазақстандағы орыс тілінің функционалдық – коммуникативтік үлгісін қарастыра отырып, республикадағы әлеуметтік – экономикалық жаңарулар тек қана елде тілдік жағдай мен тілдік саясаттың қалыптасуын әсер етпейді, сонымен қатар тілдік өзгерістерді де тудырады. Бұл мәнінде тілдік даму тілдік және мәдени өзара байланыстың сандық және сапалық күшеюі жағдайында өтед, ол мәдени аралық коммуникацияда орыс тілінің қызмет етуінің басты факторы ретінде және қазақ және орыс тілдерінің біртұтакс коммуникативтік және социомәдени кеңістікте бірлескен қызметінде анықталады.
Ескере кететін бір жайт, полиэтникалық Қазақстан территориясында қостілділік және көптілділіктің қызмет етуін іс жүзінде кеңейту мен ендіру үшін әрі қарай жүретін зерттеулер оларды республикаға таралуына әсер етеді, бұл соңында ұлтаралық келісімдерге және Қазақстан қоғамының тұрақтануына алып келеді.
Тұрғындардың ұлттық құрамы туралы, әр түрлі ұлттық мемлекеттер мен мемлекеттік және басқа да тілдерді меңгеруі туралы көптеген мақалала тәуелсіз Қазақстан Республикасына 1999 жылы жүргізілген санақтың қорытындысы жарияланған кезде баспасөз беттерінде басылып шығып жатты. Көптеген мақалалар республикада жүргізілген тілдік саясат, миграциялық және демографиялық жағдайларға байланысты болды. Қазақстанның жаңа геосаяси мәртебесімен байланысты, әр ұлт азаматтарының қарым – қатынасын, жастық және әлеуметтік топтардың республикада жүргізіліп жатқан тіл саясатына байланысты әр түрлі социологиялық зерттеулер жүргізілді.
Тілдік сәйкестілік өз кезегінде Қазақстандағы жалпыадамзаттық құндылықтар нәтижелері ретінде қарастырылды. Онда орыс тілінің басымдылығы көрінеді. Тілдің құндылық ретіндегі қызметін толықтай қароастырып көрелік:
Қазақстандағы құндылық қарым – қатынастар макро және микро – деңгейлерде көрінеді:
- Генетикалық өзара байланыс генетикалық байланысқан ұлттар ортақ дүниетанымның, мінез – құлық стандарттарының қалыптасуының этникалық шығу тегін анықтайды.
- Генетикалық тұрғыдан өзара қарым – қатынастағы жақын ұлттардың айрылатын әсерінен саяси және идеологиялық тырысушылқтары (сепаратизм, аймақты претензиялар) пайда болады.
ІІ. Құрылымдық өзара қарым – қатынас Ұлттық Меннің бірнеше компоненттерінің негізінде – тілдік топтар, конфессиялар, тарихи – мәдени дәстүрлер, дүниетанымдық – психологиялық қондырғылар, сонымен қатар демографиялық процестердің (урбанизация, миграция) біріктіретін әсерлерінде қалыптасады.
Құндылық қарым – қатынастардың барынша тұрақтылығы біртұтас конфессия аясында қалыптасады. Егер генетикалық жақтан жақын халықтардың тілдік ортақтығынан құндылықты тұтастықтың нормалары байқалатын болса, онда жақын емес ұлттарда бұл ресми және мемлекеттік тіл негізінде жүреді, ол өзара түсінушіліктің, жалпыұлттық келісімнің белгісі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда бір тілде сабақ жүргізілетін мектептердің пайыздық үлесі 75, 8% құрап отыр, қазақ тілді мектептер 36, 6%, ал орыс тілді мектептер 38, 2%, қалғандары 1,05% — мемлекеттік тілдерде сабақ жүргізіледі. Бір уақытта қазақ тілінде де, орыс тілінде де сабақтар жүргізілетін аралас мектептер 24,2% пайызды құрап отыр.
Ұлты орыс тұрғындардың арасына жүргізілген мемлекеттік тілге қатысты сауалнама нәтижесі қазақ тілінің олардың ортасында міндетті тіл ретінде қабылданбайтынын көрсетті. Ұлттық сауалнама орталығының 1992 жылдағы қазан айында «Сіз Тіл туралы Заңды әділетті жасалған деп есептейсіз бе?» деген сұрақтан тұратын сауалнамасына «Иә» деп 75, 6% қазақ азаматтары, 36% қана орыс ұлтының өкілдері жауап берген. «Жоқ» деп, сәйкесінше 8, 9% және 32,9% сандық көрсеткіштер кестеге түскен. Ұлты орыс тұрғындардың «Тіл туралы Заңға» тұтас түрде алғанда, көзқарасы республика бойынша мынандай:
19 — 22% — жақтаған Шығыс-Қазақстан және Батыс
47–55% — қарсы Қазақстан облыстары бойынша
80% — жақтаған Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік
15% — қарсы Қазақстан облыстары бойынша
30% — жақтаған Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Пав-
30% — қарсы лодар, Жезқазған облыстары бойынша
41 — 45% — жақтаған Семей, Талдықорған, Алматы облыс-
29 – 36% — қарсы тары бойынша
Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін қазақ тілі өзінің мәртебесін, қоғамдық қызметін жоғалтып алудың алдында тұрған болатын. Осыған, жаңа этносаяси жағдайларда мәдени ирредентизм процестердің тууына байланысты, яғни халықтың ұлттық тілінің мәртебесін жоғарылатуға деген тілегін шынайы құбылыс деп бағалауымызға болады. Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл тек мемлекет тарапынан ғана демеу күтіп отырған жоқ, орыс ұлтының өкілдері жағынан да қолдау күтіп отыр.
Құрылымдық өзара қарым – қатынас мемлекеттің қолдауымен қалыптасады. Үлкен өлшемде ол ұлтаралық келісімге де міндетті: ол ұлтаралық процестерді мақсатқа тұтастылық тұрғысынан бағыттайды. Сонымен қатар діннің де мәдениет сияқты халықтарды біріктіруші әрі айырушы құбылыс екені кездейсоқ емес.
Қоғамдағы тұрақтылық құндылықтар ортақтығына негізделген мәдени интеграция ұлғайған кезде ғана күшейеді. Әлеуметтік – мәдени интеграция бұл бойынша ұлттық идеяны жоққа шығаруға (кеңестік қоғамның инетрнационалдандыру барысындағы қайғылы тәсілі); басым ұлт пен жетекші мемлекеттің мәдениеті потенциалының негізінде қабылдауға (ол мәдениеттің өзіне шығын әкеледі, не оның іргесі сетінейді, не ол құриды, бұл СССР кезеңіндегі орыс мәдениетінен де байқалады) міндетті емес.
Осылайша, өзара қарым – қатынастың құрылымдық деңгейінде ортақ құндылықтар – бұл тіл, мәдениет, материалдық тұрмыс, рухани жаңғыру,тарихты сақтау мен дамыту, діннің киелі тұңғиығына бойлау, тұлғаның еркіндігі. Бұлардың барлығы жеке – жеке тілдік сәйкестіліктер арқылы жүзеге асады. Әр ұлттың өкілдері үшін ең басты құндылық олардың өздерінің ана тілдері болып есептеледі.
Белгілі ғалым Бақытжан Хасанұлы 1976 жылы жарыққа шыққан өзінің «Языки народов Казахстана и их взаймодействие» деген құнды зерттеу еңбегінде орыс тіліне қатысты қазақ ұлтына байланысты мынадай қызықты статистикалық мәліметтерді келтіреді:
«1 миллионнан астам орыс емес ұлттар орыс тілін ана тілі ретінде есептейді, 3,5 миллионға жуық адам екінші тіл деп есептейді. 47081 қазақ оны ана тілі ретінде таниды, ал 1762454 – орыс тілінде еркін сөйлейді, яғни орыс тілін екінші тіл ретінде санайды. Бұл факторлар тілді тұтынуға деген тарихи қажеттіліктің бар екенін дәлелдейді», — деп жазады. Әрине, қылышынан қан тамып тұрған кеңестік кезде орыс тілін «бізге керек емес» деп айтудың мүмкін еместігін көкейге түйіп қойған жөн. Сондықтан оны тек өтпелі дәуірдің өтпелі көрінісі ретінде ғана қарағанымыз абзал. Нағыз тіл майданы, мемлекеттік тіл мәртебесін орнықтыру жолындағы күрес енді болмақ деп ойлаймыз. Сондықтан орыс тілі мен қазақ тілі арасындағы көрінбейтін қақтығыстардың мемлекеттік тіл мүддесіне сәйкес шешілуін қадағалауымы қажет. Қазақ тілі мен орыс тілінің аймақтық, мемлекеттік таралу ауқымына көз жүгіртіп көрейік.
Біз, ең алдымен, басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тіл – қазақ тіліне қатысын қарастырған кезде қазақ және орыс халықтарының мемлекеттік тілді үйрену деңгейін көрсететін статистикалық есеп – қисап деректеріне жүгінеміз.
«1996 жылдың көктемінде Парламенттік ақпараттық талдау жасау орталығы мен Ұлт саясаты жөніндегі Мемлекеттік Комитет бірлесе отырып, Қазақстандағы тіл мәселесіне байланысты қалыптасқан жағдайларға жүргізілген социологиялық зерттеу нәтижелері мынаны көрсетті: Мемлекеттік тілді жақсы меңгергендердің қатары өздерінің ана тілін өз беттерінше немесе оқу орындарында оқып – үйреніп жүрген қазақтардың есебінен ғана артқан. Қазақ тілінде еркін сөйлейтін, оқи алатын және жаза алатын қазақтар саны 74,7 пайызды құрап отыр(1994 жылы 71% болатын), ал қазақша еркін сөйлеп, оқи алатындары, бірақ жаза білмейтіндері – 14,4% (1994 жылы 17,5% болатын), бірін – бірі қазақ тілінде қиындықпен түсінетіндері – 6,2% (1994 жылы 7,0% болатын), сөйлей алмайтындары – 2,9% (1994 жылы 1% болатын), мүлдем хабарсыздары – 1,1% (1994 жылы 1,5% ) болып шықты. Сонымен, бірін – бірі қазақ тілінде түсінісе алатындардың саны жалпы санын негізгі көрсеткіш деп алатын болсақ, олардың 96,3% (1994 жылы 95%) қазақ тілін біледі, ал 89,8% (1994 жылы 88,5%) ол тілде еркін сөйлеп, оқи алады деуімізге болады».
Қазақ тілін білетіндердің келуі соңғы жылдары қазақ тілін меңгеруге мән беруді тоқтатқан орыстар мен орыс тілділердің есебінен орын алды. Сұрау салудың нәтижелерінен көрініп отырғандай, олардың арасында қазақ тілін әртүрлі дәрежеде білетіндердің саны әсіресе соңғы екі жылда кеміп кеткен. 1996 жылғы социологиялық зерттеу нәтижелеріне қарағанда, олардың 71% — і қазақ тілінен мүлдем хабарсыз. 13% — ке жуығы мәтінді сөздік арқылы ғана оқи алады. 9,5% — і айтқан сөзге түсінеді, бірақ өздері сөйлей алмайды. Орыстардың араларында қазақ тілін меңгергендері – 1,4%, сөйлесіп, оқи алғанымен, жаза білмейтіндері – 1.7%, тек түсіне алатындары – 4,6%. Бұдан шығатын қорытынды орыстардың арасында қазақ тілін белгілі бір дәрежеді меңгергендердің саны небары 7,7% (1994 жылы 8,4% болатын). Сонымен қазақ тілін үйренудің жалпы алғандағы тұрақты процестерінің өз ішінде бір – біріне қарама – қарсы екі бағыттың бар екенін көреміз. Бір жағынан, қазақ тілін мейлінше жетік білетіндердің, әсіресе сауатты жаза білу деңгейінің қатары арта түсті, екінші жағынан, ол тілді мүлдем білмейтін халық саны көбейіп кеткен.
Бір – біріне кереғар бұл екі процесс аймақтық деңгейлерде де айқын байқалады. Қазақ тілді облыстарда қазақ тілі орыс тілінің қолдану аясын тарылтпай – ақ, өз жағдайын едәуір нығайта түсті, орыс тілді облыстарды орыс тілі бұрынғысынан басым, тіпті кейбір салалардан қазақ тілін ығыстырып шығара бастаған.
Енді кейінгі кездердегі мәліметтерге сүйенейік. Санақ көрсеткіштері қазақ тілінің кейінгі 3 – 4 жыл ішінде біршама нықтала бастағанын әдлелдеп отыр. Бұл бұрынғысынша қазақ пен орыс ұлтының өкілдерінің арасындағы қатынастарға да байланысты.
Қазақ тілінде сөйлейтіндердің саны 2000 жылғы мәліметтер бойынша 53,4%. «Цесси – Қазақстан» салыстырмалы әлеуметтік зерттеу институты мен Астана қаласындағы Тілдерді дамыту департаменті 2000 жылы жүргізген әлеуметтік зерттеуінде «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде сөйлейтін қазақтар саны өсті ме?» деген сауалға жауап алынды. Қазақстан Республикасында қазақ тілінде сөйлейтіндер 51,9%, ал сауалнамаға қатысқандардың 37,3% орыс тілін, 10,8% басқа тілді өз ана тілім деп есептейді екен. Әлеуметтік зерттеу қорытындылары қазақ тілінің қоғамдағы қажеттілігі бәсең, яғни қолданыстағы аясының тар екенін көрсетті. Тілді қолдануда біртұтастық жоқ, ғылыми – терминологиялық сөздіктер аз, қазақ тілін жылдам оқыту әдістемесі жетілмеген. Осыған қарамастан, қазақ халқының өз тіліне деген сұранысы күшті. Қазақ тілі өкілдерінің 4 пайызы ана тілінен бас тартып отырса, 20 пайыздан астам қазақ тілін білгісі келетін қазақтар өз ана тілінен бас тартпайды.
«Этникалық ішкі коммуникациялық қарым – қатынаста сұралғандардың 40,9% — отбасында қазақша сөйлессе, 54,7% — і орыс тілінде, ал 4,4% — і басқа тілде сөйлейді екен. Өз туыстарының арасында мемлекеттік тілде сөйлейтіндер 76,4%, ауылдық жерлерде 86%, қалалық жерлерде 67%. Респонденттердің ішінде әсіресе Оңтүстік Қазақстанда тұратын орыстардың ішінде қазақша сөйлейтіндері біршама». Елдің 200 – ден астамы,ауылдық тұрғындардың 85 пайызы таза қазақша ортада өмір сүріп жатыр. Бұл орта қазақ тілінің келешегі және потенциалы болып табылады.
Қазақ тілінің орыс тілділердің арасындағы беделін аталған статистикалық мәліметтерді сараптай отырып, көз жеткізуімізге болады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасындағы тілдердің ерекшелігі, мұнда көптілділік тән болып келеді. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет болып табылады. Әлеуметтік тіл білімі саласындағы қостілділік және көптілділік ұғымдарының өзі мемлекет аумағындағы халықтардың сөйлеу тілінің санына байланысты туындайды. Яғни нақтылап айтатын болсақ, елдегі сан түрлі ұлттық, этникалық мәдени топтар өздерінің менталитеттіне, ұлттық ерекшеліктеріне қарай белгілі бір сәйкестілікке ие болады. Бұл құбылыс Қазақстанда тәуелсіздік алмай тұрып соншалықты зерттелген емес. Өйткені тәуелсіздіктен алдыңғы кезеңдерде тек орыс тілінің ғана мүддесі көзделді, орыс тілін басқа ұлттарға ана тілі етіп тағайындау көзделді. Сол кездегі аға буын өкілдеріне мұның әсері тимей қалған жоқ. Олардың көбісі қазіргі кезде тілдік сәйкестіліктерін ауыстырып алған. Тілдік сәйкестілік динамикалық, яғни өзгермелі сипат алатындықтан, қайта қалпына келтірілу үстінде.
Зерттеу жұмысы мынадай қызықты фактілерді алға тартады. Қазақстандағы қазақ тілінде сөйлей алмайтын ұлты қазақ азаматтардың бірқатары қазақ тілін ана тілі ретінде есептейтіндіктерін жазған. Ал аталмыш ұғымның төңірегінде соңғы кездері айтылып жүрген даулы пікірлер бала дүниеге келгенде қай тілде тілі шықса, сол тілді ана тілі деу керек деген мәселенің төңірегінде өрістеуде. Яғни тілдік сәйкестілікті нақты анықтауда ғылым ортақ тұжырымға әлі келе қойған жоқ. Адамның тілдік сәйкестілігі жүре пайда болады десек те, оның генетикалық нышандарында ұлтынан, нәсілінен хабар беретін ақпараттардың сақталатындығы аңғарылады. Осыларды қарап отырып, тілдік сана – сезімнің қалыптасуы сәби құрсақта жатқан кезде басталатын болар деген ой келеді. Аталған деректерге сүйенсек, олардың айтпағы, тілдік сәйкестілікті зерттеуді бір бағытта қалдырмай, биологиялық, анатомиялық, психологиялық ғылымдар байланысында да зерттеу керек.
Көзіміз жеткен тағы бір қызықты жайт студенттер арасында жүргізілген сауалнамамызбен тікелей байланысты. Студенттер арасындағы тілдік сәйкестілік қоғамның өзгеруімен де сипатталады, сол арқылы сәйкестілік ауысып отырады. Студент ана тілін және басқа әлеуметтік топтармен қарым – қатынасқа түсуіне мүмкіндік беретін орыс тілін білуімен қатар ағылшын, неміс, француз сияқты беделді тілдерді меңгеруге де күш – жігерін аямайды. Қарастырылып отырған бұл мәселенің тілдік саясатпен байланыстылығы, шет елдердің қайсысы даму дәрежесіне жетіп, дүниежүзілік бәсекеде геосаяси үстемдікке жететін болса, онда сол тілдің мәртебесі мемлекеттің шеңберінде ғана шектеліп қалмайды, ол басқа елдер үшін интенсификациялық фактор болып табылады. Оған мысал ретінде ағылшын тілін алуға болады. Сонымен қатар қазіргі кезде қытай тілін үйренуге деген сұраныс жастар арасында көбейіп бара жатыр. Кез келген елдегі студент қауымының, жастардың қосалқы тілдік сәйкестілікті қалыптастыруға ұмтылуы қоғамдық процестердің ықпалынан туады деп айтуымыздың жөні келіп тұр. Қазақстандағы студенттердің тілдік сәйкестілігінің үш бағытта (қазақ, орыс, ағылшын) дамуы жаһандану үрдісімен де тікелей байланысты. Жаһанданудың басты критерийлерінің бірі болып тілдік сәйкестілік табылатындықтан, бұл процестерге ешкімнің де бей – жай қала алмасы анық.
Студенттердің тілдік сәйкестілігі олардың санасының маргиналдануына да алып келеді. Белгілі әлеуметтанушы ғалым Парк енгізген бұл ұғым бүгінгі таңда маңызды мәселеге айналып отыр. Бұл арадан байқалатыны, маргинал адам толық түрде өзінің төл тілдік, мәдени сәйкестілігін жоғалтқанда қалыптасады.
Қорыта келгенде айтарымыз, Қазақстандағы студенттердің тілдік сәйкестілігі тілдік зерттеулерді дұрыс талдап, алынған нәтижелер негізінде соған сай іс — әрекет жүйесін жүзеге асырғанда ғана мемлекеттің пайдасына шешіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Крылов http www. traditio.ru krylov id. Интернет материалдары негізінде
- Сулейменова Э. Д., Шаймерденова Н. Ж., Смагулова Ж. С., Д. Х. Аханова. Словарь социолингвистических терминов. – Издание 2-ое, дополненое, переработанное. Алматы: Қазақ университеті, 2007
- Гринфельд И. Л. Особенности формирования идентичности у подростков. http// psilid 2. ru / statyi / sbornik/
- Рогачев М. Н. Жас мөлшерлік сәйкестік инцестік мінез – құлықта реттеуші механизм ретінде. Интернет материалдарынан алынды.
- Курганская В. Д., Дураев В. Ю. Казахстанская модель межэтнической интеграции. Алматы, 2002
- Сулейменова Э. Д., Шаймерденова Н. Ж. Словарь социолингвистических терминов. –Алматы, Қазақ университеті, 2002
- Исимбаева Г. И. Языковое самосознание и мотивация изучения языков. Алматы, Қазақ университеті, 2005
- Шаймерденова Н. Ж. Языки диаспор Казахстана как средство осознания идентичности. Алматы, Қазақ университеті, 2006
- Национальный состав населения Республики Казахстан. Т 1: Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Статистический сборник. / Под редакции А. Смайлова. -Алматы, 2000
- Абдыгалиев Б. Б. Политизация этничности: процессы, механизимы, последствия. Алматы: Үш қиян, 2003
- Орусбаев А., Кулжабаева А. Язык и этническая идентичность // Язык и идентичность. Алматы, Қазақ университеті, 2006
- Протасова Е. Ю. Феннороссы: Жизнь и употребление языка. Спб, Златоуст, 2004
- Алтынбекова О. Б. Русский язык в диаспорах Казахстана// Русскоязычный человек в иноязычной окружении. Под ред. Мустайоки. Хелсинки, 2004
- Сулейменова Э. Д. Архетип «гадкого утенка» и языковая идентичность // Язык и идентичность. Алматы, Қазақ университеті, 2006
- Алтынбекова О. Б. Студенческий билингвизм каа фактор толерантности ву молодежной сфере // Научное наследие С. Аманжолова и проблемы гуманитарных наук ХХІ века: Мат. межд. конф. Усть – Каменогорск, 2003
- Алтынбекова О. Б. Двуязычие: Программа социолингвистического исследования. Алматы, 2003
- Алтынбекова О. Б. Вопросы предвузовского тестирования по русскому в Казахстане // Русское слово в мировой культуре. Спб: Политехника, 2003
- Караулов Ю. Н. Русский язык и языковая личности. Москва, Наука, 1987
- Алтынбекова О. Б. Этноязыковые процессы в Казахстане. Алматы, Экономика, 2006
- Звегинцев В. А. О предметах и методах социолингвистики// Известия АН СССР . Серия литературы и языка. Москва, 1976
- Асманова А. Е. Проблемы изучения государственного языка: опыт социолингвистических исследовании в сфере образования и госслужбы// Вестник КазНУ. Серия филологическая. 2001. -№45
- Сулейменова Э. Д., Шаймерденова Н. Ж., Смагулова Ж. С. Новая языковая идентичность в трансформирующемся обществе: Казахстан Кыргызстан, Таджикистан, Узбекистан. Алматы, Қазақ университеті, 2005
- Акберди М. И. Противоречивость ответов при анкетировании и проблема личностной идентичности. Язык и идентичность. Алматы, 2006
- Жлуктенко Ю. А. Лингвистические аспекты двуязычия. Киев: Вища школа, 1974
- Мечковская Н. Б. Языковой контакт// Общее языкознание. Минск, Выш. школа, 1983
- Швейцер А. Д. Современная социолингвистика. Теория проблемы методы. Москва, Наука, 1976
- Ханазаров К. Х. Решение национальной языковой проблемы в СССР . Москва, Политиздат, 1982
- Верещагин Е. М. Психологическая и методическая характеристика двуязычия (билингвизма). Москва, 1969
- Розенцвейг В. Ю. Языковые контакты. Москва, Наука, 1972
- Ахметжанова З. К. Типология билингвизма и полилингвизма в Казахстане: немецкий и славянский компоненты // Жизнь языка и язык в жизни. Алматы, Қазақ университеті, 2005
- Сулейменова Э. Д. Казахский и русский язык: Основы контрастивной лингвистики. Алматы, Рауан, 1992