АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: ТМД елдері халқына сипаттама

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

ТМД елдері халқына сипаттама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

           Кіріспе……………………………………………………………………………………

 

1

ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама………………………………………………..……………………

 

 

1.1.

1.2.

ТМД халқының өсу динамикасы……………………………………………

ТМД халқының жастық-жыныстық құрамы……………………………

 

2.

Қазақстанның халқына жалпы сипаттама…………………………

 

2.1.

Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы……………..

 

2.2

Халықының жастық-жыныстық құрамы…………………………………

 

2.3

Қазақстандағы демографиялық детерменизм………………………….

 

3

Қазақстан Республикасының демографиялық мәселелері

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     Дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі өзекті тақырыптардың бірі. Қазіргі кезде ТМД елдернің халқының саны жылдан-жылға азайып, табиғи өсім төмендеуде. Мұндағы негізігі мәселе табиғи өсім деңгейін көтеру, ал оны көтеру үшін ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеру қажет. Қазіргі кезде ТМД елдерінде 450 млн. жуық халық тұрады, бірақ олар әркелкі орналасып, өздерінің тілдік, этностық, діни құрамы бойынша әркелкі орналасқан.

   Бітіруші жұмыстың негізгі мақсаты дүние ТМД елдері халқына этнодемографиялық сипаттама бере отырып, оның өсу қарқыныныана тілдік  және этникалық құрамына  талдау жасау.

   ТМД елдерінің халқының 30 пайыздан астамы Ресейде қоныстанған, сондықтан осы аймақта халықтың қоныстану тарихына ерекше тоқталып өткен. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Республикасы халқына ерекше көңіл бөлінген.

    Біріуші жұмыстың негізгі міндеті:

— ТМД елдері халқының өсу динамикасын;

— табиғи және механикалық өсімін;

— жастық-жыныстық құрамын;

— тілдік құрамы мен этникалық құрамын айқындап, талдау жасау.

    Бітіруші жұмысын жазу барысында статистикалық, аналитикалық, сараптау,  экологиялық, әлеуметтік-экологиялық тәсілдер қолданылған.

  Бітіруші жұмысында көптеген статистикалық мәліметтер пайдаланыла отырып, оларға сараптама джасау негізінде дүние жүзі елдеріндегі демографиялық саясат пен демографиялық жағдайларға көп көңіл бөлінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама

1.1. ТМД халқының өсу динамикасы

   Әрбір елде, әсіресе экономикалық дамыған елдерде халықты есепке алу ұдайы екі бағытта: кезеңдік жалпыға бірдей халық санағын жүргізу және халықтың  өсіп-өнуін ағымдағы есепке алу түрінде жүзеге асырылады. Одан басқа халық санақтары арасында немесе жалпыға бірдей санақ жүргізу кезінде іріктеме зерттеу жүргізіліп отырады.Ресейде және ТМД елдерінде алғашқы жалпыға бірдей халық санағы 1897 жылы жүргізілді және одан бері санақ жеті рет (1926,1939,1959,1979,1989,1999) өткізілді. Қазіргі кезде  ТМД елдернің территориясында 450 млн. жуық халық өмір сүреді. ТМД халықының өсу динамикасына  қарасақ, біраз өзгерістер болғандығын байқауға болады. Соңғы жылдары ТМД елдерінде табиғи өсім күрт төмендеп, Ресей Федерациясы сияқты мемлекеттерді оның көрсеткіші теріс сипатқа ие болды. Қазіргі кезде  ТМД елдеріндегі халық санын төмендегі кестеден көруге болады.

Мемлекет

Халық саны, млн. адам, %

Туу деңгейі, %

Өлім деңгейі

Урбанизация деңгейі

Ресей

147

9

16

73

Белорусь

10,3

11

13

70

Молдова

4,3

15

12

51

Украина

52

11

14

70

Әзірбайжан

7,3

23

7

56

Армения

3,7

16

7

69

Грузия

5,4

12

10

58

Қазақстан

15,5

19

9

59

Қырғызыстан

4,4

26

8

39

Тәжікстан

5,8

33

9

32

Түркменстан

4,5

33

8

45

Өзбекстан

22,7

31

7

41

 

1.2. ТМД халқының жастық-жыныстық және тілдік құрамы

    СССР-де, XIX ғ. Аяғында Ресейде ерлер саны әйелдер санынан аз болды. 1897 жылы халықты тiркеу бойынша — әр 1000 ер адамға орта есеппен 1010  әйел келген, ал европалық бөлiгiнде – ерлер әйелдерге қарағанда аз(1000 ерге1042 әйел), ал орта Азияда – көбiрек (1000 ерге-800 әйел). I дүние жүзiлiк соғыс және ұлт-азаттық соғыс кезiнде – жыныстардың диспропорциясы күшейдi: 1926 жылғы тiркеу бойынша ерлер әйелдерге қарағанда 5 млн-ға аз болды. 1939 ж бұл көрсеткiш өстi. Мұндай диспропорция — негiзiнен II дүние жүзiлiк соғыс кезiнде пайда болды. Ерлердiң басып болуы 30 жасқа дейiн сақталынып, 60жасқа жеткенде әйелдер саны басым болады. 1913 ж әйелдер ерлерден 1 млн.-ға көп болды, ал 1950 ж- бұл айырма- 21,5 млн өстi, 1984 ж -әйелдер мен ерлер арасындағы санының азаюы – 17,2 млн адамды құрады. Қазіргі кезде де ТМД елдерінде ерлерге қарағанда әйелдердің саны басым.

Тілдік құрамы. Дұние тұрғындарының жартысы сөйлейтiн тiл-үндi европалық семьяда және ол ең жақсы зерттелген. Олар саны жағынан ТМД елдерінде кең тараған. Үндi европалық тiлдер-туыстық жағынан жақын диалектi тобынан пайда болған, оларды таратушылар б.э.д. 3 мың жылдықта оңтүстiк Батыс Азия мен Солтүстiк Жерорта теңiзi Каспий маңы ойпатына дейiн жеттi.

     Үндi европалық тiлдiң  шығыс бұтағына –үндi арийлiк тiл (санскрит, хинди, урду, бенгаль, маратхи, пандтаби, раджастхани, арий, уткали) және иран тобының тiлдерi (батыс парсы немесе фарси, тәджiк, курд, белуджия, таттық, талыш т.б. ; шығысы – дари, пушту, немесе афгандық , осетиндiк, ягнобиндiк; памирлiк тiлдер – вахандық, шугнан, шикашим тағы басқалар); олардың арасында – нуристандық тiлдер (кати, вайгали, ашкуни, паруни), сонымен қатар грек және армяндық тiлдер жатады.

Үндi европалық семьяның батыс бұтағына – романдық, кельттiк және германдық тiлдер жатады.

Шығыс және батыс үндi европалық тiлдер арасындағы кезеңдiк тiлдi – бальто-славяндық топтар алады- олар балтылық (батыс балтылық -өлi прусс тiлi шығыс балтылық –литважәне латыш тiлi) және славяндық болып бөлiнедi. Славяндық топқа –Шығыс славяндық (орыс,украин, беларусь), батыс славяндық (чеш, словакия,  польшалық  және оған жақын кашут , лужицк), оңтүстiк славяндық (ескi славяндық, болгар, македония, серб-харват, словения тiлдерi) тiлдер жатады.

Семиттiк топ –екi негiзгi бұтақтан тұрады – шығыс және батыс; Батыс-солтүстiк және оңтүстiк топшаларға бөлiнедi.

Солтүстiк Кавказдың семьяға абхаз-ады және наждагестанның топ жатады. Бiрiншiсiне – абхазияның атазимдiк кабардино чериесстiк және убыхтiк тiлдер кiредi. Екiншi топқа кахстiк (чечен, ингуш, баубили тiлдерi) дагестандық (Дагестанның 30 горстiк тiлдерi) топшалар болып бөлiнедi. Дагестандық топшаға – авар андышiлiк тiлдер ( авр тiлi кең тараған), кезстiк (кезс және т.б.), лакс – даргиндiк (лакс және дарган тiлдерi) және лезгиндiк тiлдер (лезгин және табасарган , цахур т.б.) жатады.

Олардық тiл семьясы – географиялық жағынан Ресейдiң  европалық бөлiгiнде Европаның орталық бөлiгiнде( Венгрия, Повалжьеде, Прибалтика, Финляндия мен Скандинавияның солтүстiгiне) таралған.  Ол екi топтан тұрады- фин-угорлық немесе (угрофиндiк ) және сомалиндiк; фин угорлық топ келесi топшаларды қосады(финдiк, карельдiк, эстондық, саамдық), вольжестiк(эрзия-мордовия, макша-мардавия, марий луговой және марий таулы), пермдiк(кеми немесе коми-зирияндық, коми-пермяцетiк және удмурттiк) және угорлық (венрглiк ханты, маншiлiк), сомадильдiк топқа неция, энеция, наганасан,селькупстiк тiлдер жатады.

Эскимос – алеуеттiк семьяға – эскимостық тiлдерсмен жақын туыстық тiл – алеуеттiк тiл жатады. Олардың келерi – Американың (Греландияны қосқанда) кең байтақ арктикалық территориясында және Азияның қиыр солтүстiк шығысында орналасқан.

Алтай тiлi семьясына батыста Туркия мен шығыста Сiбiрдiң солтүстiк шығысына дейiнгi түрiк, монғол, тунгус, маньчжурлiк тiлдер жатады. Түрiк тiлдерi келесi топшаларды қамтиды: чуваш немесе булгар (чуваш тiлi ) огуз немесе оңтүстiк батыс(түрiк, азербайжан, түркiмен, самар, т.б.), қыпшақ немесе солтүсттiк батыс(татар,башкир, қазақ, қырғыз,қарақалпақ, карачаево-балкар,құмық, ноғай және қаралым), қарлұқ немесе оңтүстiк шығыс(өзбек-ұйғыр)якуттiк(якут және домандық, оңтүстiк сiбiрлiк алтай хакас, тувин т.б.).

Қазiргi кездегi монғол тiлдерiне – орталық Азиялық аудандарда таралған- монғол, бурят, қалмақ және оған жақын ойрат т.б. тiлдер жатады.

Чукот – камчат семьясына – Ресейдiң қиыр солтүстiк шығысындағы – чукот корак ителмен және т.б. тiлдер жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан халқына жалпы сипаттама

        2.1. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы.

Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуы XVIғ. басталды. Бұл кезде Ресей өкіметінің қудалауынан қашқан орыстар, украиндықтар, татарлар және басқа ұлттардың өкілдері қазақ еріктілері деп аталатынға бірікті. 1890 жылдары Ресей мен Украинадан келген шаруалардың отарлауы күшейе түсті. Ресейдің әскери және миграциялық   экспансиясының  барысында салынған бекіністердің   негізінде негізін   орыстар,   украйндықтар және татарлар мекендеген алғашқы отарлық қалалар пайда болды.

1881-1883 ж.ж Қытайдың солтүстік-батысынан 50 мыңдай дүнгендер мен ұйғарлар көшіп келді.

1864 жылы Шымкент пен Ташкенттің құлауынан кейін бұл жерге Ресей империясының орталық губерниясынан орыс және украйн жерсіз қалған шаруаларын көшіре бастады. Қоныстанушылардың басым көпшілігі суғармалы егіншілікпен таныс емес еді, сондықтан облыстың оңтүстік-шығысындағы барлық өзен алқаптарын мекендеді.

Қазақстанды шаруалардың отарлауы XIX ғ. Соңғы он жылында және ХХғ басында Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты ерекше күшейді. Небір 46 жылдың ішінде (1871 -1917 ж.ж) өлкеге 1,6 млн. Адам келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жылдарға келеді. Осының салдарынан XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлтың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дүнген, тәжік, еврей және т.б . бар еді.

1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 проценті қазақ, 20,6 проценті-орыс, 13,9 процент-украйн ,2,1 процент-өзбек, 1,3 процент -татар, 1,0 процент-ұйғыр, 0,8 процент-неміс және т.б.

1928-1934 ж.ж Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпенді және жартылай көшпелді елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізуі салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украйндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бойынша 1929-1938ж.ж. 2610 мың қазақ қырылды, 1935-1938 ж.ж. әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 2750 мың адам болды.

1928-1930 ж.ж. ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940ж. Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордавия, Чувашия, Татарстан жэне басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды.

30 ж.ж. ақырында бірсыпыра этностық топтардың жер аудару басталды, олардың бір бөлігі Қазақстанға жер аударылды. 1937 ж. қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Қазақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзірбайжан, курд, армиян отбасылары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.

1939 ж. халық санағы бойынша қазақтардың үлес салмағы 1926 ж. салыстырғанда 20,5 дәрежеге құлдырап, 38%-ке тең, украйндердің үлесі 13,9-дан 10,8%-ке, өзбектер 2,1-ден 0,66%-ке төмендеді.

Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40,2%-ке жетті. Немістер 1,5%-ке, корейлер 1,6, белорустар 0,5% болды.

Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 ливан және т.б. тұратын. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944-1945 ж.ж. көшіп келді. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2,5 млн.адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді.

Орта Азия мен Қазақстанға 1944 ж. ақпанда-чечен және ингуш халықтары, наурызда-балқарлар, қарашада — месхет-түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріліп әкелінді.

1957 ж. чечен жэне ингуш халықтарының автономиялары қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін олар Солтүстік Кавказға қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының,  поляктардың, корейлердің, Еділ бойы немістерінің бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда қалды.

1954-1962 ж.ж. тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. Жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан іріктеп алынды.

1939,1959,1970 ж.ж. халық санағы арасында Қазақстандағы ең саны көп этнос орыстар болып келген. 1939-1970 ж.ж. арасында орыстар, украиндар, белорустар халықтың басым көпшілігі болып келді .

Орыстар, татарлар, корейлер негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, немістер,өзбектер, әзербайжандар ауыл селолық этностар болды.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс шөл және шөлейт аймақтарының ауа-райы КСРО-ның Европалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыз болды. Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталығы     ведомстволардың  күш  салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі көлемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстаушылар жіберіліп жатты.

1951-1970 ж.ж. жалпы алғанда КСРО-ның басқа аудандарынан Қазақстан кіші-қоныс процесінің бәсеңдеуі байқалады.

Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990 ж.ж. орыстар 53-55%, украиндар 9-12% , немістер 6-8 %, қазақтар 6-9%  республикаға көшіп келушілер арасында орыстар  48 , украиндар 8%, немістер 5% қазақтар 20% болды.

1991 жылы Қазақстаннан қазақ емес халықтар көшіп кетуінің нәтижесінде азайып кетті, ал Өзбекстаннан, Түркменстан және Ресейден қазақтар көшіп келуі нәтижесінде өсе бастады. Шығыс Европа елдерінен келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ ҚХР-ден табыс табу үшін (ауылшаруашылық жұмыстарына және коммерцияға) қытайлар келіп жатты.

1979-1989 ж.ж. этнодемографиялық құрамының ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989 ж.ж. халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 процент болды.

2.2.Халықтың жастық-жыныстық құрамы.

Әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан  қарағанда үлкен ынталық көрсететін халықтың  жыныстық-жастық құрамы еңбек ресурстарын мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларды (зейнеткерлерді: оларға материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті қаражаттарды анықтау мақсатында) есептеп шығару үшін ең маңызды сипаттама болып табылады.

  Жоғарыда айтылғандай, әр жаңа туған 100-қызға шаққанда 104-107 ер баладан келеді. Физиологтардың пікірі бойынша сәбилік жалпы ер баланың организмі қыз баланың организмінен әлсіздеу болып келеді және ер баланың алғашқы өмірінде өлім-жітім көбірек болады.

  Өмірдің бұл кезеңі қыз балада 0-12

  Ол ұл балада 0 – 5, 6 – 14 жас. Бұл  екі жастың арасындағы балалық шақ. Осы екі ортада қыз бала  немесе Ұл бала арасындағы алшақтықтар айќын байқалады. Бұлай болудың себебі: ұл балалардың организміне байланысты өлім-жітім көп болып, жыныс органдарыныњ кеш дамуы байќалады, қыз балалардың организмінің жыныстық жағдайының толық жетілуінің кезеңі жүреді.

  Балалық  шақтан кейінгі келесі шақ жастық шақ. Жас ерекшелігіне және физиологиялық дамуына байланысты ер бала мен қыз бала арасынғы алшақтықтар жақсы көрінеді. Жастық  шақта өлім-жітімнің түрі өзгереді. Дамыған елдерде жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жол апат оқиғаларының көбірек болды және түрлі қақтығыстарда  өлім-жітім көп болады. Сондай-ақ, алкоголизм мен темекі тартудың себептері бойынша  еркектердің өлім-жітімі көбірек болады; дамушы елдерде әйелдердің өлімі көп тіркеледі. Бұл әйелдердің ерте некеге тұруынан бала тууынан,  ауыр еңбекпен айналысуынан, мардымсыз тамақтанудан және қоғамдағы құқығының еркектермен тең еместігінен өлім-жітім көбейді.

  Осы жас аралықта жыныстық құрылымдар толық жетіліп, отбасы құру дәрежесіне келеді. Осы кезде қыздардың бала тууға организмі толық жетілген кезі болады. Қазақ менталитеті бойынша ертеректе қыз баланы 13 жастан кейін күйеуге берген. Бұл қыз баланы неке құруға толық құқы бар болған шақ.

  Ал қазіргі кезде қыз балалардың тұрмысқа шығуы 18-19 жасқа жоғарылады. Қазақстанда жүргізілген статистикалық мәлімет бойынша   2005 ж туу көрсеткішінің ең жоғарғы деңгейі 23-25 жас аралығында келді. Бұл, қазіргі жағдайда қыз балалардың мектепті ЖОО бітіргеннен кейін немесе соңғы курстарда күйеуге шығатынын көрсетеді.

  Бірақта қазіргі экологиялық және физиологиялық қатынастардың алшақтауына байланысты, қыз балалардың 13-16 жас аралығындағы жастардың босануы, өлім-жітімнің көбеюіне әкелді. Мұнда ана мен бала өліп, көп жағдайда екеуі де бірге өліп кететін жағдайлар кездеседі.

  Ер балаларға келетін болсақ 16-36 жас аралығында жыныстық ағзаларының толық жетіліп, олардың  өмірге деген құлшыныстардың артуына өзін нағыз жігіт санауын қалыптастырады. Осы жастың 16-25 жаста ұл балалар оқуды аяқтап, ЖОО, армияға алыну кезењі ж‰реді. Орта  жаста, қыз балыққа салынып, өлім–жітімнің көп болуына әкеледі. Шылым шегуге, алкоголизмді қабылдауды және одан әрі нашақорлыққа салынып кетулер көптеп кездеседі. Бұл жағдайлардың көпшілігінің соңы өлімге жетіп соқтырды немесе ер балалардың бедеулікке (белсіздікке) алып келеді. Қазіргі кезде нарықтық қатынасқа байланысты жастардың кеш үйленуі белең алып келеді, ол демографиялық ахуалға зиянын тигізуде.

  Еңбек жасындаѓы адамдардың өлім-жітімінің көп кездесетін түрлері бойынша Қазақстанда  мынадай болып келеді: бірінші орында – қан айналымының жүйесінің (жүрек-тамыр жүйесі) ауруларынан болатын өлім-жітім тұрады (жартысына жуғы); екінші орында–қайғылы оқиғадан, уланудан, жарақаттанудан болатын өлім–жітім; үшінші орында ісік ауруларынан болатын, өлім – жітім тұрады.

  Еңбек жасындағы халықтың өлім-жітімінің құрылымы осындай.

  Еңбек жасындағы еркектердің өлім-жітім деңгейі әйелдеркімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып келеді. Бұл жұмыстағы жарақаттанумен, алкоголизммен және темекі тартумен байланысты, өлім-жітімнің мұндай секірмелі өлуі соғыс болған жағдайда көптеп кездеседі. Бұрын эпедемиялар жұқпалы аурулардан туындайтын демографияның еркектермен әйелдердің арасынағы алшақтықты байќаймыз.

           Пирамидаға қарай отырып, 1000 адамға шаққандағы туылған сәбилер бойынша ұл балалар көп болса, 20-25 жасқа  келгенде екі жыныс ортасында өлім-жітімге байланысты теңесе бастайды. 25 жас аралығынан кейін қыз балалар саны көбейе бастайды. Қазақстанда әйелдердің артықтығы 600 мың адамда болған  (1000 әйелге- 900 еркек). Барлық жерде жастардың арасында еркектер көбірек те, ал, ересек адамдар арасында әйелдер көбірек болып келеді.

  Себебі, әлі күнге дейін екінші дүние жүзілік соғыстың, соғыстан  кейінгі репрессияның зардаптары байқалуда: соғысқа қатысқан  елдердің ересек адамдар арасындағы әйелдердің артықтығы табиғи құбылыс жесірлік пен жалғызбастылық көптеген әлеуметтік-психологиялық проблемалар туғызады.

  Халықтың жыныстық құрылымына көші-қон айтарлықтай ықпал әсер етеді. Бұл жағдайда еркектер әйелдермен салыстырғанда шымырлау келеді. Көші-қон қай жаққа бағыт алмасын, еркектер көбірек болады. Осыған байланысты жаңа игерілген аудандарда қала мен село халқының жыныстық құрылымының айырмашылығы байқалады.

  Халықтың жынысы мен жасы жөнінде құрамы туралы ұғымдар оның жастық-тыныштық пирамидасында бейнеленеді. Пирамида  сұлбасының сипаты бойынша ұдайы өсіп-өнудің типі туралы түсінік қалыптастыруға болады: І типі,  өсудің тұрақтануы, станционарлық жастық құрылымы жіңішкеге созылған кескін деп немесе төменгі жіңішкелеу жағын, халықтың азаюы, регрессиялық жас құрылымы деп; ІІ типіне қарапайым жас құрылымы, пирамиданың үш бұрышты сұлбасы деп айтуға болады.

2.3. Қазақстандағы демографиялық детерминизм.

1988 жылдың күзінде «Казахстанская правда» газетіне осындай тақырыппен көпшілікке арналған «О чем не ведали обществоведы» деген ғылыми мақала әзірленді. Ондағы мақсат ұлттық республиканың шыққан этнодемографиялық тегіне балта шапқан Қазақстандағы қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу еді. Бірақ оның орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырыппен партия тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды. Онда Голощекиннің қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құрбан болғандардың саны әдейі екі еседей азайтылып көрсетілді. Былайша айтқанда орталық партократия өкілінің қазақ халқының алдындағы ауыр кешірілмес күнәсін екі еседен артық «жеңілдетті» деген сөз.

Мұндай үлкен «ғылыми оғаштықты» СОКП тарихшылары демографиялық зерттеу әдісін білмегендіктен ғана жіберген деу шындыққа жанаспайды. Себебі, олар бұдан да, қазіргі кезеңнің өзінде де Қазақстандағы ашаршылық жылдарында 2,5 миллион адамның (оның 2,3 миллионы тек қазақтар) жазықсыздан қырылуына себепкер болған сол кездегі ВКП (б)-ның өлкелік партия ұйымы мен Орталық комитеттің кінәсін енді жасыра алмаса да, қалайда «жеңілдетуге» тырысып келген болатын. Тіпті, партия тарихшылары ғылыми-санақ (статистика) есебін айлакерлікпен әдейі бұрмалап, әміршілдікпен асығыс жүргізілген саяси-әлеуметтік науқан кезіндегі адам шығынын екі есе төмендетіп көрсетуге тырысты. Олар жариялылыққа дейін де осындай партия жолын дәріптеуге әбден машықтанған қолжаулық ғалымдар тобын құрады.

Кейінгі кезде ізденімпаз жас зерттеушілеріміздің (Ә.Ғалиев, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев т.б. арқасында көптеген архив деректері табылды. Ол деректер бойынша біздің бұрынғы ғылыми демографиялық талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1924 жылғы болжам бойынша 1932 жылы Қазақстандағы ауыл-село халқының саны 4,2 миллион адам болуға тиіс еді. Ал 1933 жылдың ортасында жүргізген ресми сынаққа республика басшылары қанша қосып жазуға тырысып, өлген адамдардың санын азайтқысы келгенімен, ауылдық жерде тірі қалғаң адамдардың санын 1,5 миллионнан асыра алмады. Қазақстанда ашаршылықтан 2,54 миллион адам өлді деген дерек шындыққа өте жақындайды. 1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдардың санын 1937 жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынадай деректер келтіруге болады. 1926-1937 ж.ж. қазақтар — 3,627,6 мыңнан 2,181,5 мыңға дейін, украиндар-860,2 мыңнан 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар-63,4 мыңнан 33,4 мыңға дейін өзбектер 129,4 мыңнан 110,0 мыңға дейін кеміп кетті.

Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, белорусь), олар ашашылықтан кейін қаңырап бос қалған қазақстан жеріне күштеп қоныстандырылды. Сөйтіп, бұрынғы олқылықтарының         орнын толтырып қана  қоймай, келімсектердің саны онан сайын қаулап өсе түсті. Алайда, біздің қоғамтанушы ғалымдарымыз күні бүгінге дейін орталықтың «ерікті  коллективтендіру», «жедел индустрияландыру» саясатының кесірінен Қазақстанның байырғы халқының мүлдем азшылыққа айналғандығын түсінгілері келмеді.

Сталин мен Голощекин бір халықты қырып-жойып құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан-ашық жол ашты. Соның бір мысалы, қазақтың малын конфискелеп, бүкіл орта Азияны отырықшы тұрақты егіс алқабына айналдыру болып табылады.

Қорыта айтқанда бірқатар қоғамтанушы ғалымдарымыз Голощекиндік геноцид-әміршіл зұлматтың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерменизм, яғни санға тәуелділік жағдайында қалып қойғанын өз мақалаларында дұрыс ұғына алмаған. Сол демографиялық кәріптікті жеңіп, дертті жазбайынша қазақты ұшпаққа шығара алмаймыз. Қазақстан республикасының жан-жақты дамуы демографиялық детерменизм жағдайында тұр.

Қазақстандағы ерлер мен әйелдер саны салыстырмалы түрде тең дәрежеде. Ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен, әйелдер саны 30-34 жастан бастап айтарлықтай көбейеді, 60-69 жаста бір жарым есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алмағанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырымдық құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0 %, ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9 %; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесі-6,1%. Орташа арифметикалық жас небәрі 25 жас. Басқаша айтқанда, қазақ халқының басым бөлігі-балалар мен жастар.

Қазақстан тұрғындарының бейімділік индексі және сауаттылық көрсеткіші өте биік деңгейде. Мысалы, 1990/1991 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мың адамға жетті.

Соңғы онжылдықта жергілікті тұрғындардың білім алуында серпіліс пайда болды. Әрбір 1000 адамның 126-сы жоғары білімді. Әсіресе, студенттер санының қазақ жастары есебінен күрт өсуі 90-жылдардың басынан басталды. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ  студенттер  саны тұрақтанып келеді. Бұл күнде олардың жоғары оқу орындарындағы үлесі 67 %, бұдан жоғары өсуі онша көп емес.

Қазақстан тұрғындары білімінің жоғары деңгейі, бір жағынан, еңбекке орналастырудың шектеулі мүмкіндігін, екінші жағынан, бәсекелестікті         тудырып, халық шаруашылығында жұмыс істейтін мамандардың кәсіптік деңгейінің көтерілуіне ықпал етті. Экономика саласында еңбек ететіндер арасындағы жоғары және орта арнаулы білімділер үлесі айтарлықтай өсті: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары білімділер саны орта есеппен 130 адам болған болса, 1999 ж. — 212; орта арнаулы білімділер тиісінше 234 және 296 болды. Тек орта немесе толық емес орта біліммен еңбек ететіндер саны бір жарым есе азайды.

Қазіргі кезде мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде білім алуда.

1997 ж. республикадағы жалпы білім беретін жеке меншік (мемлекеттік емес) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқиды.

Қазіргі кезде Қазақстанда 3455 мектеп мемлекеттік тілде жұмыс істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бірге 2522 сабақ орыс тілінде жүргізілетін мектеп (1461,4 мың оқушы); 78 өзбек (77,2 мың оқушы); 14 ұйғыр (22,3 мың оқушы); 3 тәжік (2,5 мың оқушы); 1 украин (0,1 мың оқушы) тілдерінде сабақ жүргізілетін мектептер және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар.

Қазақстан үшін табиғи өсім тұрғындар саны өсуінің негізгі көзі болып табылады.

Табиғи өсім қазақ халқы өсімінің басты факторы болып қала береді. Мысалы, қазақтардың табиғи оң өсімі 1989 ж. Қазақстан тұрғындарынан бүкіл табиғи өсімінің 63,5% -ін құраған болса, 1991ж.-72,4%, 1993ж.-88,2%, 1995 ж. -88,0 % болды.

Отбасы құрамына жасалған талдау көрсеткеніндей жұбайлардың, әсіресе жастардың әлеуметтік-білім деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым аз балалы болуға деген ұмтылыс айқын байқалады. Әдетте орта арнаулы немесе жоғары білімі бар әйелдер тек отбасылық міндеттермен шектеліп қалмай, өздерінің жұбайларымен тең құқылы болуға ырысады, соған орай өндіріс саласына көп уақытын жібереді. Олар бос уақыттарында өздерінің жұбайлары сияқты және шамаларына қарай білім алуға және баларларының дұрыс дамып жетілуі үшін олардың тәрбиесіне көңіл бөлуге барынша тырысады.

Қазақстан экономикасындағы өзгерістер еңбек рыногының қалыптасуына айрықша ықпал етті. Экономикалық реформа жылдары    республикада    жұмыс    күшін    пайдаланудың    жаңа шартары анықталды. Қазіргі кезде экономика саласында еңбек етушілерге акционерлік  қоғамдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда (мекемелерде, ұйымдарда), меншік түріне қарамастан шағын және біріккен ұйымдарда, шаруа қожалығында жұмыс істейтіндер, сондай-ақ, жеке еңбек қызметімен, жеке қосалқы шаруашылықтарда және жеке адамдарға қызмет ететін адамдар жатады.

Нарықтық экономика барысында қосымша жұмыс істеу үрдісі кең тарала бастады. Қоғамда бірнеше жұмысты ұштастыра шектеусіз атқару, жұмыстарды үйде орындау, қосымша табыс көздерін табу мен іздестіру мүмкіндіктері пайда болды.

Қосымша жұмыс бастылық, әсіресе, шағын кәсіпорындарда кең таралған. Мәселен, 1997 ж. мұнда 26,5 мың адам немесе барлық жұмыс істеушілердің 12%-і, есепті жылдың қаңтар-маусым айларында 23 мыңнан астам адам немесе 11%-і шарт бойынша және қосарлы жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта қоғамда ең алдымен меншік нысанының өзгеруі мен еңбек ұжымдары мүшелерінің меншік қатынастарына қатысуына байланысты жаңа еңбек қатынастары қалыптасып дамып келеді.

Республикада жұмысшы күшін қайта бөлу үрдісі жүруде, яғни, «жалдамалы жұмысшылардың» саны азайып, өзінің жеке ісінде (жалданбай жұмыс істейтін) қызмет атқаратын немесе дербес жұмыс істейтін адамдар саны артуда. Мәселен, 1995-1999 ж.ж. аралығында бұл категорияның саны 2,5 есе өскен, егер 1995 ж. олар еңбек қорларының 11,7% -ін құраса, 1999 ж. 3 1,9 %-ке жеткен.

   3.Қазақстан Республикасының демографиялық мәселелері.

   Қазақстан халқының саны 2000 жыдың басында 14896,1 мың адам болды. 1989 және 1999 жылы 16199,2 мыңнан, 1999жылы 14953,1 мың адамға азайды. Шындығында жеке облыстар, қалалар және ауылдар арасында халықтың аумақтық қайта бөлінумен қатар жүретін халық санының кемуі, елді мекендер желісі мен жүйесінің қалыптасуына елеулі өзгерістер туғызады. Қазақстан халқының динамикалық аймақтар бойынша едәуір айырмашылықтары байқалады. Соңғы екі халық санағының арасында еліміздің аймақтарының 80% -да (78,6%), оның ішінде Павлодар облысында 85,6%, Ақмола облысында -78,6%-ға дейін,Солтүстік Қазақстан аймағында едәуір халық санының төмендегені байқалады. Тек Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өсу тенденциясы сақталуда. Бірақ бұл облыстарда да халық саны салыстырмалы азаюда. Екі халық санығының арасындағы он жылда халық саны недәрі 5,3%-ға ғана өсті. Халық санының және оның аймақтарының төмендеу тенденциясы еліміздің экономикасы тұрақталмайынша, халықтың тұрмыс жағдайы жақсармайынша біраз уақыт сақталуы мүмкін.

Әзірше елімізде және оның аймақтарында халықтың сыртқа жаппай қоныс аударуы байқалып, туу деңгейі төмендеуде.

Экономикалық реформалармен байланысты болған өзгерістер (өнеркәсіп, оның ішінде өндеуші салалар кәсіпорындарының жабылуы) урбандалу үрдісіне едәуір әсер етті. Еліміз және оның аймақтарында қала халқы санының өсуі баяулап, оның керісінше жедел төмендеуі байқалуда. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша халық саны екі халық санағының арасында 8,85%-ға төмендесе, еліміздің өнеркәсібі дамыған аймақтарында қала халқының саны- Алматы облысында 13,3%-ға Ақмола облысында -24,3%-ға азайды.

Қала халқы санының қысқаруы орташа және шығыс қалаларда көбірек болды. Олардың халық саны қысқарып қана қоймай, кейбір шағын қалалар тіршілігінің тоқталуы байқалды. Халықтың саны 10 мың болатын қалалар (1989ж. 67 болса, 1999ж. 60-қа түсті). Ал халқының саны 20 мың болатын қалалық елді мекендер он жылда 17 мыңға дейін төмендеп, Қазақстандағы орташа қалалар 42%-ға күрт азайды. 12 қаланың орнына 1999 жылы 7 ғана қала қалды. Сондай-ақ ірі қалалар саны да, азайды. Республикадағы осы қатардағы 25 үлкен қаланың орнына бүгінде бір ғана Алматы қаласын қалды. Реформа кезеңінде 500 мыңнан төмен тұрғыны бар қалалар Қарағанды қаласы жатты (1989 жылы 507,3 мың адам, ал 1999 жылы — 436,9 мың адам).

Халық санағы аралығы кезеңінде қала халқы негізінде елімізден тысқары жерлерге көшіп-қонуы есебінен қысқарды.Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан сияқты екі аймақтағы халықтың бір шама өсуі-табиғи өсу және халықтың ауылдан қалаға, республика ішілік қоныс аударуы есебінен жүзеге асуда. Экономиканың құлдырауы, еліміз аумағы бойынша салыстырмалы түрде халықтың орналасуын біркелкі ете отырып, қала халқының шоғырлануының бұзылуын (декоцентрация ) күшейтуде.

Ауылдық      қоныстану үрдесі қалыптасуының  едәуір аймақтың айырмашылығы  байқалады.   1999жылғы статистикалық мәліметке сүйенсек, ауыл халқының ең жоғарғы үлес салмағы Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына келеді. Осы екі облыстар үлесіне ауылдық мекендер тұрғындарының 35,6% келеді. Қазақстанның жеке аймақтарында ауыл халқы санының өзгерісі әрқалай. Мысалы, 1989-1999жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа ауыл халқының саны 19,5%-ға азайды, Қарағанды облысында-21,2%-ға Шығыс Қазақстан облысында -14,2%-ға азайғандығы байқалды.

Ауылдан халықтың қалалық мекендерге кетуін жалпы шаруашылық тұрмысынан қарасақ, ауыл халқының кемуі заңды болып табылады. Бірақ Қазақстанда соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы саласындағы дәлелсіз реформалар салдарынан (фермерлік шаруашылықтың жедел дамуы) көші-қонның жеделдеуімен байланысты ауылдық мекендердің елсізденуі орын алуда. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары ауылдық мекендерінен халықтың кетуі соншалықты, ауылда еңбекке жарамды адамдар қалмауда. Сондықтан мемлекет мүддесіне сай келетін бұл аудандарда халықтың ауылдық көші- қонуын реттеу мәселесі орын алуда. Халықтың динамикасы мен құрлымы ерекшілігін анықтайтын негізгі элемент туу болып табылады. Қазіргі кезіңде туу мыналармен анықталынады:

-1988 жылдан бастап туудың жалпы деңгейінің төмендеуге едәуір қарқынды болды. Тек 1990 жылдан 1992  жылға дейінгі кезеңде туудың жалпы деңгейінің төмендеуі едәуір қарқынды болды. Тек 1990 жылға дейінгі кезеңде туудың төмендеу қарқыны Қазақстан бойынша 9,3%-ды құрып, яғни туу коэффициенті осы кезеңде 1990 жылғы 21,7%-дан 1992 ж.19,2%-ға төмендеді.  Мұнан  кейінгі  жылдары коэффициентінің  төмендеуі  едәуір         болды.    1994-1997жж. кезеңінде туу коэффициенті 23,8%-ға, яғни 18,2%-дан 14,7%)-ға төмендеді. Туудың елеулі төмендеуі қала және ауыл хақына тән болды. Және де бұл үрдіс қарқынды түрде қалалар және қала типтес поселкелерде 1990 жылмен 1992 ж. аралығында, ал ауылдық қоныстарда 1994 пен1996 жылдар аралығында жүзеге асты. Бұл белгілі бір мөлшерде, қалалық қоныстарда әйелдердің төменгі ұдайы өсу (туу мүмкіндігі), ал ауылдық қоныстарда оның әлі де болса мүмкіндігінең болуымен түсіндіріледі. Қарастырылып отырған облыстарды алсақ, онда әрі жалпы, әрі қалалық және ауылдық қоныстар бойынша туудың ең жоғары төмендеуі Шығыс Қазақстан, ал ең төменгісі-Оңтүстік Қазақстанға тән болып келеді;

-әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкідігі дәрежесінің төмендеуі 30 жастан бастап құрт төмендейді (1996 ж. статистикалық мәлімет бойынша әйелдердің 30-34 жас аралығындағы туу мүмкіндігі 20-24 және 25-29 жаспен салыстырғанда төмен болып келеді);

-әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкіндігінің тек орыс әйелдері ғана емес, сонымен бірге қазақ әйелдерінің арасында да төмендеуі. Мысалы, 1996ж. статистикалық мәлімет бойынша қазақ әйелдерінің туу қабілеті негізінде 35 жасқа дейін аяқталады (баланың тууының 90,9%-ы 35 -ке дейінгі ана жасына келеді). Орыс әйелдерінің туу қабілеті 30 жасқа таман аяқталады (барлық туудың 84,1%-ы 30 жасқа дейінгі аналарға келеді). Мұндай тенденция қалаға да және ауылға да тән;

-жанұядағы бала санының қысқаруы. Орыстар негізінде қалалық қоныстарда екі баламен және ауылда үш баламен шектеледі. Қазақ әйелдері негізінде қалалық қоныстарда үш баламен (90,0%) және ауылда төрт баламен (91,4%)шектелді.

3.2. Қазақ халқының өсіп-өну мәселелері туралы.

Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметіне жүгінсек, соңғы мәліметтер біршама қуантып, қазақ халқының саны көбейгендігін дәлелдейді.

Тұрғындардың саны 01.12 04.ж.-15,068 миллион адамды құрады. 2004 жылдың басынакн салыстырғанда халық саны 116,9 мың адамға өсті.

Халықтың өсуі табиғи өсімнің, миграция, өлім-жетім азаю есебінен болды. Республиканың табиғи өсімі 23,2% өсіп, өлім-жетім 2,2% төмендеді. Некелесу процесі төрт есе өсті. 2004 жылдың 11 айының ішінде мигранттардың саны 8% өсіп, 63,9 мың адамды құрады. Ал кеткендердің саны 12,1% азайып, 61,1 мың  адамды құрады. Жұмыссыздықтың деңгейі 8,8% төмендеді. Тұрғындардың экономикалық белсенділігі 69,9% құрады. 7,2 миллион экономикалық белсенді халықтың 7,2 миллион адам жұмыспен қамтылды.

Қазақстанда 7 млн.704 мың әйел бар-51,8 %, ерлердің саны-7 млн.158 мың 300 адам-48,2%. 2002   жылы-526қыз 554 ұл-бала дүниеге келеді.

42  мың әйел-85 жас өмір сүріпті. Орташа жасы әйелдердің-71,4 жас, ерлердің-60,6 жас. Әйелдердің -55,6% ерлердің -62,3% отбасылы, әйелдердің-21,6%-ерге шықпаған, 30,4% ерлер үйленбеген. Әйелдердің 8,1%,ерлердің -4,4% ажырасқан. Орташа есеппен қыздар-23,6 жаста, жігіттер-26,6 жаста үйленеді. Әрбір отбасы орташа есеппен 4 адамнан тұрады. 2002жылы-2-124 500 қыз-келіншек баласын алдырған. 5 554 ер, 181 әйел СПИД пен аурады.

Демографиялық процестер бүкіл қоғамдық өміріне әсер етіп, оның салдары көп түрлі. Көршілес өзбек халқы 2030 жылы 40 миллионға жетпек, Қытай көрші мемлекет 2050 жылы 1,5миллиардқа өспек, Ресей халқы 2050 жылы 144 миллионды құраса, бұл аз сандар емес. Ел басы Н. Назарбаевтың 2030 жылы ҚР-ң халық саны 25 миллионға өсу қажет дегенін дұрыс түсінбесек, осыған сәйкес демографиялық дамуды дұрыс жүзеге асырмасақ, ұлттық мемлекеттік    қауіпсіздікті    қамту    қиын    болады.    Қазақстан

Республикасының экономикасын дамытуда демографиялық фактор шешуші роль атқарады. Кез-келген мемлекет еңбек ресурстарымен, экономикалық белсенді халықпен байыды. Қазіргі 47 пайыз экономикалық белсенді еңбек ресурстары балаларды, зейнеткерлерді, оқып жатқан жастарды асырап жатыр. Бұл сан өзгермей, тек өсуі үшін белсенді демографиялық саясат тек Оңтүстік Қазақстанда емес, сонымен қатар Қазақстан барлық аймақтарында жүзеге асырылуы тиіс.

Осы проблеманы жою үшін өсіп келе жатқан қазақтың өскелең жастарының экономикалық жағдайын көтері, оларға қалдау көрсетіп, олардың пәтер мәселесін, жұмыс орны мәселесін шешіп, олармен бірге жүйелі түрде жұмыс атқарсақ нұр үстіне нұр болар еді. Міне, осы мәселелер толық шешілсе, онда қазақ жастарының, қазақ харқының санын өсіруіне толық ықпалы   тиер еді.

Қазақ халқының ұрпағының өсіп-өнуі және өшіп-өлуіне деген жауапкершілік Қазақстан мемлекетінің басты идеологиясына айналуы керек, мемлекетті мемлекетіне қарап емес, ұлттылығына қарап анықтаған. Қазақ халқының үлес салмағын оңтүстік региондағы бес облыстар — Атырау, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы-белгілеп отыр. Осы облыстар Қазақстандағы тууған барлық балалардың тең жартысынан артығын береді. Туған баланың ең көп саны Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиеді, ал Солтүстік Қазақстан Облысының қазақтар үлес салмағы — 15,2%, Қостанай облысы — 22,9%, Павлодар-28,5%, Көкшетау-28,9% құрайды.

Республика бойынша қазақ ұлтының үлес салмағы — 57% жетті, ал тарих деректеріне жүгінсек, қазақ халқы 1897 жылы-81,8% құраған. Ресей отаршылық саясатының нәтижесінде 1959 жылы қазақ халқы өз жерінде үлес салмағы 30% төмендеп кетті. Қазақ халқының демографиялық өмірбаяны өте ауыр, сол себептен бізге белсенді демографиялық саясат қажет. Демографиялық саясат жастарға, өсім бере алатын ауыл халқына оңтүстік региондағы бес облысқа арнаулы тиіс.

Табиғи өсімі жақсы облыстардың (ОҚО, Ақтөбе, Жамбыл, Астана қаласы)-қазақ халқының үлес салмағы басымды екені айқын. Ал қазақ халқының ұлттық менталитеті, демографиялық мінез-құлқы, ислам дінінің әсері, ата-бабалардың салт-дәстүрі-баланы қажет ету, баланы сүю, оның санын шектемеу. ОҚО-қазақтар үлес салмағы 66%, Қызылорда-94%, Атырау-89%, Маңғыстау-78%, Ақтөбе-70%. Ал қазақ халқының үлес салмағы аз облыстар: СҚО-29%, Қостанай-3 1%).

Қазақстан-Орталық Азиядағы эмиграция мен депопуляция халқының азаюына әкеліп отырған жалғыз мемлекет. Депопуляция, сондай-ақ халықтың жалпы санының төмендеуі демографиялық болжамдар бойынша жуық арада тоқтамауы мүмкін. Болжамдарға сәйкес бұл процесс тағы 10-15 жылға созылуы мүмкін. Осы аралықта Қазақстан халқының едәуір бөлігін (1,5-2 млн) жоғалтатын болады.

Ол негізінен еуропалық диаспора арқылы жүзеге асады. Еуропалық даиспора 1989 жылы 9 миллионға сәл жетпейтін еді. 1999 ж 6 млн болса, 2020  ж.еуропалық ұлттар 4,5 млн адамды құрайды.

Қазақстанда 1999  жылдың басында тұңғыш ұлттық халық санағы өткізілген болатын. Санақаралық ішінде өткен 10 жыл ішінде Республиканың барлық облыстарында, әсіресе Солтүстік облыстарда халықтың көшіп кетуі кеңінен байқалды. Тек қана Оңтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында оралмандар мен жергілікті халықтың табиғи өсімінің арқасында халықтың өсімі сақталып қалды. 1993 жылдың басымен салыстырғанда 9 жыл ішінде 2млнға жуық адам тысқары жерлерге қоныс аударған. Бұл әрине кейбір ұлт өкілдерінің өздерінің табиғи отанына оралуымен тікелей байланысты. Нақтырақ айта кетсек, шетелдерге, әсіресе жақын елдерге көшіп кету соңғы жылдары үдей түсті:1994 ж-410 мың, 1995 ж-238  мың, 1996 ж-176 мың, 1992 ж-270 мың, 1998 ж-200 мың жалпы еліміз егемендік жариялаған соңғы жылдары-2,1-2,3млн астам адам біржолата көшіп кетті.

        Өткен ширек ғасырда 1967-92 жылдары Қазақстаннан 1,5 млн адам кеткен болса, 1992 ж-2000 ж. Осы мерзім ішінде Қазақстан халқының саны аттай 2,0  млн адамға кеміп, ол 1992   жылы 17  млн болған болса, 2000 жылы ол 14,9 млн дейін төмендеді.

         Бұл Қазақстандағы соғыстан кейінгі уақытта бұрын-соңды болмаған кемушілік жағдай. Оны ғылым тілінде депопуляция деп атайды. Сан кемушілік әзірше миграция есебінен болып отыр.

        Республикадағы ең басты этностың-қазақ пен орыстың жас мөлшерінің құрылымы жағынан бір-бірімен үлкен айырмашылығы бар. Қазақтар арасында жастар мен балалар жоғары пайызды құрайды. Керісінше орыстар арасында жасы үлкендер басым. 1999  ж санақ бойынша қазақтардың орташа медиандық жасы 23 болса, орташа Арифметикалық жасы 28%-ді құрады. Бұл бойжеткеннің тұрмысқа шығып, жігіттің отау құратын кезі. Алайда көптеген жастар өтпелі кезеңнің қимылдығына тап болып, отбасын құруға асықпайтын қимылға көшті.бұл өз кезегінде демографиялық әулетіне төмендеуіне әкелді.  Яғни онсызда саны аз халықтың өсімін тежеп отыр.

        Эмиграцияның, халықтың табиғи өсімінің, өлім-жетімінің нәтижесінде тұратын шығыс халықтарының үлес салмағының өсуі мен қаладағы еуропалық ұлттардың үлесінің  азаюына әкеліп соқты. Мәселен түркі тектес халықтар 1982 ж 23%-дан 2002 жылы 65 жетті. Алдағы кезеңде, яғни 2010  ж қарай олар барлық Қазақстан халқының төрттен үш бөлігінен астамын құрайтын болады.

        Қазақстандағы демографиялық  ақуалдың өзгеріс құрылымының маңыздылығы соншалық, бұл деректердің өздері еліміздегі этнодемографиялық тенденцияны айқындайды. Депопуляция мен көші-қонның  әсерінен еуропалық ұлттар соңғы он жыл ішінде 2,1 млн адамға азайып, шығыс халықтары керісінше 1,6 млн адамға ұлғайған. Халықтың ұлттық-этникалық құрамы күрделі өзгерістерге ұшырады. Егер де қазақ халқыынң өсімі 1488,1 мың адам және 22,9% құраса, ал оның Ресупблика халқының арасындағы үлес салмағы 40,1%-дан 53,4%-ға өсті. Өз кедергінде орыстар-1582,4 мың адамға (26,1%), немістер-593,5 мың адамға (62,7%), украйндар-328,6 мың адамға (7,5%), татарлар-71,7 мың адамға (22,4%), белорустар-66 мың (37,1%) арасында табиғи өсім кеңінен байқалуда. Мыс: Күрдтер-29,1%, дүнгендер-23,3%, ұйғырлар-15,9%, өзбектер-12%-ға сондай-ақ түріктер мен әзербайжандардың да өсуі белең алуда.

Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9км2) болғанымен, сирек қоныстанған елге жатады. Оның терроториясының 1 км2-ге 5,5 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер-Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары.

        Мұнда Республика тұрғындарының 37,8%-і орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1км2 16,9  6,9 және 7 адамнан келеді.

Салыстырмалы түрде тұрғын көп келесі аймақ Солтүстік Қазақстан-Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының аумағы, мұнда ел тұрғындарының 24,8%-і орналасқан, тұрғындарының тығыздығы 1км2-ге 5,2, 7,4, 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда Республика тұрғындарының 10,2%-і тұрады, тұрғындар тығыздығы 1км2-5,4 адамнан келеді. Ең аз қоныстанған аудандар Батыс аймақтар-Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстандағы Қызылорда облысы. Мұнда халықтың 17,7% орналасқан, 1км2 келетін орташа тығыздығы, тиісінше 1,9, 3,7, 4,1, 2,3 және 2,6 адамнан келді.

1999 жылғы  санақ жүргізілген ккезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-терроториялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәлімсеттер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і  қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.

Әдетте қазақтар көпшілік жағдайы ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.

        Консульдық қызмет департаменті басқармасының соңғы жедел мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.

Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:

Қазақстанның өзінде 8 млн 590  мың.

Бұрынғы посткеңестік, Қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.

Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999  жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар мен метистері қосқанда исі қазақ саны 15 млн-ға толады. Соның 12,5 млн таза қазақтар қалғандары ұлттық менталисті анықталмаған ділі шала қазақтар.

Олардың орналасуы бойында санын көрсетсек: Алыс шетелдерде және жақын шет елдердегі қазақтар.

 

Жақын шет елдерде.

 

Өзбекстанда                        2560 мың

Ресейде                               1000 мың

Түркіменстанда                 140  мың

Қырғыстанда                      95 мың

Украйнада                          15 мың

Белоруссияда                     5 мың

Азербайжанда                    4 мың

Грузияда                             3  мың

Молавада                            3 мың

Прибалтикада                    2,5 мың.

 

Алыс шет елдерде.

 

Қытайда                           2000 мың

Монғолияда                    100 мың

Ауғанстанда                    30 мың

Түркияда                         25 мың

АҚШ-та                          14 мың

Иранда                            10 мың

Алманияда                      9 мың

Канадада                         7  мың

Францияда                      9 мың

Иракта                             5 мың

 

Алыс және жақын шетелдегі қандастарымыздың саны 6 млн 100 мың (метис пен маргиналдарымызбан бірге).

        Қазақстанға миграциялық ағым осы Республика мен елдер жағынан біртіндеп күшейе түсуде.

        Біздің есептеуіміз бойынша соғыстан бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені Қазақстанға қайтқан. Бұл процес осылайша стихиялы түрде жүре отырып 2020-2030 жылдары қазақтың етек жеңі біршама жиналып қалады. Біздің есептеуіміз бойынша алдағы он жылдықта Қазақстанға 300 мыңдай қазақ қайтуы ықтимал, 1996 жылы Монғоиядан 130 мыңға жетерлік бауырларымыз көшіп келген екен.

Осындай миграцияның 12-17 мыңдық мөлшері жыл сайын алда сақтала бермек.

Дәл бүгінгі күні жыл сайын бұрынғы Одақтас Республикалардан Қазақстанға 10-15 мыңға жық қазақтар қайтып оралуда. Ол 1992 ж 24 мыңға дейін жетті. Алда осы сияқты өз еліне береке молшылық ала келетін “Майтабандар” көші-қоны бұданда кең етек жояды. Бұл қозғалыс жақын болашақта Республикамыздағы қазақтар саны келесі ғасырдың ортасына дейін 4-5 млн қомақты үлес қоса алады.

Қазіргі таңда Президенгтіміздің жолдауы бойынша әр жыл сайын мемлекеттік квотаның көлемін кең дегенде 15 мыңның үстінде ұстап отырып, экономикамыздың дамуына орай квоталар санын бұдан 2 есеге көбейту жоспарланып отыр.

Шет елдердегі қандастарымызды елге көшіріп әкелумен демографиялық мәселені шеше алмаймыз. Демографияның басты локомативті бұл табиғи өсім болуда. Халықтың динамикасы мен құрылымы ерекшелігін анықтайтын негізгі элементі туу болып табылады. Қазіргі кезеңде туу мыналармен анықталынады:

-1988 жылдан бастап туу-дың жалпы деңгейінің төмендеуге едәуір қарқыны болды. Тек 1990ж дейінгі төмендеудің жалпы қарқыны 9,3%-ды құрады. Бұл тікелеу әлеуметтік жағдайларға байланысты болды.

-Әйелдердің жас айырмашылығы тікелеу әлеуметтік жағдайларға байланысты болды.

-Әйелдердің жас айырмашылығына сай туу мүмкіндігі  дәрежесінің төмендеуі 30 жастан бастап күрт төмендеуі (1996жылғы статистикалық мәлімет бойынша әйелдердің 30-34 жас аралығында туу мүмкіндігі 20-24 және 25-29 жастан салыстырғанда төмен болып келеді.)

-Әйелдердің туу мүмкіндігінің тек орыс әйелдері ғана емес, сонымен бірге қазақ әйелдерінің арасындала төмендеуі. Мысалы:1996ж статистикалық мәлімет бойынша Қазақ әйелдерінің туу қабілеті негізінде 35 жасқа дейін аяяқталады (бала тууының әйелдерінің туу қабілеті 30 жасқа таман аяқталады. (Барлық туудың 84,1% 30 жасқа дейінгі амаларға келеді) мұндай тенденция қалаға да, ауылғада тән.

-Жанұядағы бала санының қысқаруы. Орыстар негізінде қалалық қоныстарда екі баламен және ауылда 3 баламен шектеледі. Қазақ әйелі негізінде қалалық қоныстарда үш баламен (90,0%) және ауылда төрт баламен (91,4%) шекелуде.

-Әйелдердің арасында аборттың көбеюі. Мыс: 1992-93 жылдары Республика бойынша қазақ әйелдері әр жыл сайын орта есеппен 200мың бала туса, оның есесіне ішке біткен 100мың шақалақ абортқа ұшыраған, ал 30мың әйел тумаудың амалын жасап, жатырына “сақиналатқан”.Егер мұндай шектеулерге үзілді-кесілді тиым салынса, жыл сайынғы туған балалар саны кемінде 25 мыңға дейін көтеріп тастауға әбден мүмкіндік бар.

                             4.Демографиялыќ болжам

        Кез-келген ғылымының құндылығы болашақты білу қабілетімен бағасы-демография негізінен халық санына байланысты болжамға құрылатын ғылым. Болжам қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Демография азды-көпті нақты болжамды 25-30 жыл алдын-ала беруі мүмкін. Ал бұл уақытта алдыңғы буын аға ұрпақ өкінішке қарай тұтастай болмасада біртіндеп кеми бермек. Демографиялық болжам ары кеткенде 20-15-10-5 жылға яғни қысқа мерзімі қамағат тұтатын саяяси, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық болжамдардан озық тұрады. өтен шақтағы өсіммен салыстырғанда, келешекте халықтың кемуі ұзаққа созылады жәгне мехнизмінен аңғарғандай оның өз заңдылығы бар-қарапайым орын алмастырудан (1-2бала) көп төмен тұрған бала туудың әлсіз жағдайында қатты қартайған халықтың табиғи кемуі-сәйкес емес.

Егер екінші мыңжылдық жер шарының барлық түкпіріне халықтар қоныстанғандықтан “Нomo sapiens” деп аталса, онда соңғы ХХ ғасыр Адамзат баласының санының тез өсуімен сипатталады. Адамзат баласының санының тез өсуімен сипатталады әлем халықтарының саны 4есе көбейеді. Адамзат санының 6млрд-қа жетуі ең аза мерзім ішінде өсті, небары-11 жылда. (1988-1999).

        Алайда, сөзсіз болатын абсолютті тығыздықтағы баяу депопуляцияны еңсеру қажет және сол арқылы барлық халық міндетті түрде көпбалалыққа (1-2 баладан) біртіндеп көшеді. Бұл яғни, адамдардың демографиялық іс-әрекеттерінің ғаламдық өзгеріске ұшырауы хақында 1999 жылдың қазан айында адам санының 6млрд-қа көбеюіне байланысты “Almaty Times” газітне алғашқы рет жазған болатын.

әлемдік “демографиялық жаратылыс” алдымен словян тілдлес халықтарды, әсіресе оның ішінде орыстарды шарпыса, одан кейін демографиялық жарылыс үлкен қуатпен түркі тілдес халықтарды, оның ішінде 1 кезекте Османдық түріктерді қамтыды. Одан көп кейін мұндай халықтардың жылдамдатылған өсімін қазақтар, сонан соң да  Орталық Азия халықтары бастан кешті.

Жуық аоада 2010 жыл олардың саны-теңеседі, осыдан 50жыл бұрын словяндардың саны 3 есе көп болса, ал 80 жылдан кейін керісінше түркілер 2 есеге дейін өседі, кейінен де православиеліктер мен түркітілдес этностардың ақырғы және шешуші позициялары бірдей болып келеді. Бұл кереғарлықта халықтардың даму заңдылығы терең жасырынып жатыр. Орталық Азия немесе Түркістан территориясы 6 млн км2  құрайтын бір тұтас этномәдениетті аймақ болып табылады.

Шығыс және оңтүстік бөліктерін қоса есептеген халықтарының саны 75млн адамға шейін жетеді.

Орталық Азия халықтарының қатарына өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз және қарақалпақ т.б. түркі халықтары жатады.

Демографиялық болжамның қазқақ ұлының 2030 жылға дейінгі болжамын берсек:

1979-2030жылдары.

1979ж (санақ)-5289, 1989ж (санақ)-6497. 1999ж (санақ)-7985, 2005ж (санақ)-8650, 2010ж (қысқа мерзімді) –9300, 2020ж (орта мерзімді)-10700, 2030ж, (ұзақ мерзімді)-12000.

Бұл сандарды көре отырып біз қазақтардың 70%-ды құрайтын болады. Демографиямыздың күміс кезеңін оралмандар мен ішкі табиғи өсіім беріп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       ТМД елдерінде қазіргі таңда демографиялық жарылыс мәселесінен гөрі демографиялық дағдарыс мәселесі алдыңғы орында тұр.

     Негізі проблема халық санының бар ресурстарға қатынасында  болып тұр. Қазіргі ұдайы өсу деңгейі мемлекеттердің білім бері, денсаулық сақтау және өнімділігіне қауіп төндіреді. Сондықтан дамушы елдердің мақсаты туу деңгейін қадағалайтын саясатты дұрыс жүргізу, ресурстарды үнемді пайдалану, әлеуметтік қауіпсіздікті сақтау болып келеді.

    Ғалымдардың болжамы бойынша 2100 жылы біздің планетамызда хылық саны 40 млрд. адам, ал тығызыдығы 1 км2-ге 120 адамнан келеді. Олар бұл проблемадан шығудың басты амалы адамдарды өз еркімен және күштеп бала туудан бас тартқызу деп санайды.

    Біздің мемлекетіміз Қазақстанның негізгі демографиялық саясаты- өмір сүру деңгейін жақсарту, соның ішінде демографиялық көрсеткіштердің сапасын көтеру. Сонымен қатар, адамдардың тұрмысының жақсаруы, әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтауды қарастыру, айналадағы ортаның сапасының жақсаруы болып келеді.

    Қорытындылай келгенде, адамзаттың негізгі проблемасы демографиялық проблема екеніне көзіміз жетті. Біздің ойымызша, дүние жүзінің көзі бұл проблемаға жетсе де және біздің ұрпақ бұл ісіті қолға алып, айналадағы ортаны ластануын тоқтатып, табиғи ресурстарды үнемді пайдалансақ, келешекте осы проблема жоғалып кетпесе де, бізге төнген осы қауіпті жойып, мүмкіндік үлесінің санын кемітуге болады. Барлық ұрпақатр осы проблеман шешіуді өз мақсаты етіп алдына қойса, дұрыс шараларды қабылдап біріксе, бұл проблема шешілуге тиіс.

Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Солардың отанына айналған біздің кең байтақ еліміз қашан да өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, оларды бауырына басуға дайын. Қазақстан халықтарының өсіп-өну процесін бақылап, зерттеу демограф ғалымдардың еншісінде.

Қазақстандағы соңғы санақтың өткеніне де бес жыл өтті. Бұл жылдардағы экономикалық-әлеуметтік салалардағы өзгерістер ғылымның зерттейтін обьектісіне елеулі өзгерістер енгізетіндей болды. Сондықтан да өз басым Қазақстанның ұлттық құрамындағы жағдайдың өзгерістер барысын ұдайы қадағалап, сараптап, ғылыми ақыл таразысынан өткізіп отырамын дейді белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімов. Биылғы зерттеу жұмысы да сол үйреншікті жұмыстың бір саласы. Егер оның нәтижесі қандай деген сұраққа жауап берер болсақ, ол «көңіл көншітпейді» деген сөз болып шығады. Бір этноста болмашы өсу болса, келесісінде азаю орын алған, нәтижесі бізді қанағаттандырмайтын жағдай. Сондықтан мемлекеттік деңгейде бір шұғыл шара қолданбасақ демографиялық жағдай көңіл қуантардай болады деу бос сөз болып шығады. Әлі күнге дейін табиғи өсімнің азаюы түйінді мәселе қалпында қалып отыр. Балалар тууының азаюы халықтың қалыпты өсімін тежеуішке айналған. Тұрғындардың орта жасының өсіміне орай бала мен ана өлімі азайса да өлім көбейген. Бұл нәтижелер Қазақстанда этнодемографиялық жағдайдың мол өзгерістері жалғасып жатыр дегенімізбен ақырындап болса да нағыз еуроазиялық мемлекетке айналып барамыз. Бізде де еуропалық этностар тууды дәстүрлі түрде шектеуіне байланысты олардың елден кетуі азайғанымен саны кеміп барады. Бұл шамамен 35 мың адам немесе үлкен бір майданда кездесетін шығын. Елімізден негізінен еңбекке жарамды жастар кетіп, кәрілер қалуда. Бұл республика тұрғындарының орта жасын ұлғайтып, өлімді көбейтуде, тууды азайтуда. Тұрғындардың шығыстық саналатын бөлігінде де аймағымыз үшін дәстүрлі болып саналатын көп балалы отбасыларының саны азайып кетті. Олар да еуропалықтар соңынан ергендер. Бұлардың қай-қайсысы да еліміз үшін ойласарлық жағдай.

Осынау тұйықтан шығудың жолы туралы әңгіме қозғасақ, әрине, ол жоқ емес, бар. Ең алдымен жас шаңырақты бала тууға бір-екі емес, көбею шарттарына сай ең кемі үш сәбилі болуына ынталандыру керек. Таяуда парламент мінберінен сөйлеген Тәтімов мырза жастарға тұрғын үй несиесінберу мәселесіне өзгерістер енгізу керектігі жайлы ой тастады және ол несиені баланың дүниеге келуіне орай, мәселен, үйлерде бала туу аз ғой. Менің бүл пікірімді парламент те, үкімет те мақұлдады. Дегенмен, екіншісі ұсыныстарды толық күйінде қабылдамады. Демографиялық жағдайды түзеудің екінші бір жолы-елімізде жасанды түсікке (аборт), ең болмағанда біріншісін түсікке айналдыруға тиым салу. Өйткені алғашқы баланы түсік ету, ананы енді сәби көтермеуге соқтыратын жолдарының бірі екені белгілі ғой. Бүдан бұрынғы зерттеулерімізге қарасақ, тоқсаныншы жылдардың орта шенінде жасанды түсік тірі туған балалардың санынан асып жығылған екен. Халық арасында үгіт-насихат жүмыстары жүргізілуіне қарамастан қазір де жағдай оңып түрған жоқ, жылына 150 мыңдай түсік тасталынады екен. Адамзаттың және діни көзқарастардың барлығы қолдан жасалған түсікті күнә дейді. Демек, қоғамдық санаға осы жағынан да қозғау салу қажет.

1994 жылы  Каирде өткен      БҰҰ-ның  тұрғындардың орналасуына арналған Дүниежүзілік конференцияға болды.

Исламның жасанды түсікке қалай қарайтындығы жайлы мәселеге көңіл аударсақ, шарана қимылдаған сәтінен Алланың бергені саналады да оны түсіру кәдімгі ересек адамды өлтіргенмен тең. Бала туу мөлшерін көрсететін арнайы коэффициент 1999 жылы 1,76-ға түсіп, яғни шартты шектен құлдырап кеткен болатынбыз. Сол тұста туудың азаюы мен өлімнің өсуін қағазға сызықтармен түсіргенде (схема) «қақпан» бейнесі шыққан! Шошынасың! 1999 жылы сол «қақпан» шаппалары түйісіп, қабысып қала жаздады. Мұны көру сұмдық еді. Қазір сол қақпан шаппалары бір бірінен ептеп те бола ажырасып, ашылып барады, өлім азайып, туу көбейе бастады. Дегенмен, көп балалы болудан кетіп, еуропалық дәстүрге келе жатқанын да қосу керек.

Енді біз келесі сұраққа шығамыз, яғни баяғы азиялық дәстүрдің, көп балалы болуға көшудің жолын табамыз ба деген сауалға жауап іздейміз. Меніңше, біз: «Көп балалық, қош!» дейтін секілдіміз. Нарықтық қатынас кезіне көп баланы өсіріп тәрбиелеу мәселелері қиындай түседі. Әр отбасында үш бала болса да жетеді. Ол үшін де кәдімгі қарапайым отбасында қалыпты түрмыстық жағдайдың болуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Жалпы алғанда Қазақстан тұрғындарының шектен шығып бара жатқан жер шарында тұрғыны аз ел болып қала алмайды.

Ал енді этносарлық түсіністік демографиялық жағдайға әсер ете ме дейтін сұраққа келетін болсақ, жауап дайын-әлбетте! Мысалға аралас некені алуға болады. Шығыстық көзқарас пен батыстық пікір түйісіп ортасынан жаңа бір шамамен айтсақ еуразиялық байлам шығады. Бұл нағыз алтын көпір. Оның демографиялық түйінді шешуге оң әсері болары сөзсіз. Қазақстандағы орыс отбасы мен Ресейдегі орыс шаңырағын мысалға алайық. Ресейдегі отбасында бала аз, біздегіде көп. Немістерге байланысты да осыны айтуға болады. Көрші: «көпбалалы көршім ешкімнен кем емес қой» деп ойлайды да жақсылыққа қадам жасайды.

Қазақстан Еуразия суперконтинентіндей этнодемократияның айнасы. Мұнда демографиялық көзқарастың барлығы дерлік шоғырланған. Этносаралық түсіністіктің қазақстандық моделі түптің түбінде бүкіләлемдік үлгіге алынуы да мүмкін. Бұл жайлы әсіре сыпайылық сақтамай-ақ, мақтанышпен айтып өз еліңнің болмысымен, ертеңімен ғана емес бүгінгімен марқаюыңа болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Брук С.И. Население мира (этнодемографический справочник).- М.,Наука,1981
  2. Голиков Н.Ф.,Двоскин Б.Я., Спектор М.Д. Проблемы расселения населения Казахстана.- Алматы,1989
  3. Демографический ежегодник Казахстана (статистический сборник).- Алматы,2004
  4. Демография: Современное состояние и перспективы развития (учебное пособие) Под ред. Д.И. Валентея. – М., 1997
  5. Искаков У.М. Города в системе расселения Казахстана (экономико-демографический аспект).- Алматы, 1992
  6. Копылов В.А: География населения М.,1999
  7. Народы мира (демографический справочник) .- М,.1997
  8. Покшишевский В.В. Население и география.- М.,1978
  9. Страны и народы (популярная энциклопедия).- Санкт-Петербург,1997

10.Тәтімов М.Т.Халықнама немесе сан мен сана.- Алматы.,1992

11.Увалиев Т.О. Халықтар географиясы (оқу құралы).- Алматы., 1997

  1. Шалекенов У.Ш. Әлем халықтарының этнографиясы.- Алматы.,1994
  2. Шувалов В.Л. Геогафия населения.- М., Просвещение, 1985
  3. Весь мир Минск Литература
  4. Весь мир Минск Хорвест Москва 2001.
  5. Гладкий Ю.Н, Лавров С. Б. Все мирная экономическая и социальная

география. «Мектеп» 2002.

  1. Максаковский В.П. Всемирная экономическая и социальная география А,

Рауан  1998.

  1. Максаковский В.П. Географияческая картина мира М., 2004.
  2. Страны мира Смоленск «Русич»
  3. Страны и народы. Зарубежная Азия. М., «Мысль» 1982.