АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық — саяси қызметі және ғылыми мұрасы

Төлеген Тәжібаевтың  қоғамдық — саяси қызметі және ғылыми мұрасы

                   

 Мазмұны

 

I        Кіріспе…………………………………………………………………………….3 – 18

 

I тарау  Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы…………………………………………………………………………….19 – 32

I.1   Т.Тәжібаевтың өскен, білім алған ортасы және мемлекеттік қызметкер ретінде……………………………………………………………………….19- 25

I.2   Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық саланың және

 сыртқы саясат ісінің дамуына қосқан үлесі………………………………26 – 32

II тарау Т.Тәжібаевтың халық ағарту тарихына арналған мұрасы………………………………………………………………………………………33 – 49

II.1  Ғалымның Қазақстандағы ағартушылық пен білім беру жүйесінің тарихын зерттеудегі ролі……………………………………………………………33 – 42

II.2   Ұлы тұлға ұмытылмайды…………………………………………………..42 – 49

 

III тарау  Қорытынды…………………………………………………………………50 – 51

 

IV тарау  Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер

 тізімі………………………………………………………………….52 – 57 

 

            

 

Мәселенің өзектілігі

 Қазақстанның әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Еліміздің дамуында тарих ғылымының алдында зор міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазғанды: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы — тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шындықка, тек қазақтардың ғана емес, барлық Қазақстаңдықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз» [1].

«Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында» отандық тарих ғылымы алдында тарихи білімнің үзіктілігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылған [2]. Осыған орай тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен ерекшеленген қайраткердің, ұлт зиялыларының, ғалымдардың өмір жолын шынайы тұрғыда зерттеуге де мән беруіміз керек. Бұл жөнінде елімізде көрнекті тарихшы-ғалым ретінде танылған академик М.Қозыбаев отандық тарих ғылымында ең зәрулі проблема — оны тарихи қайраткерлермен тұлғалау екенін баса көрсете отырып: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер — жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек. Ендеше, Отан тарихынан кейбір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек», [3] — деп жазған еді.

Кеңестік дәуірде қазақ зиялыларынан шыққан ел қайраткерлері мен ғалымдарының атқарған қоғамдық — саяси қызметі аракідік зерттелді. Көбіне ондай зерттеулер Қазан төңкерісіне, революцияларға атсалысқандарға арналды. Басқаша айтқанда, жалпы зиялылардың, оның ішінде қазақ зиялыларының тарихын зерттеуге негізгі бөгет болған кедергі коммунистік идеологияға негізделген методологиялық ұстаным екендігі бұл күні айқындалуда.

Маркстік-лениндік методология ұстанымдарының нәтижесінде ұлт зиялыларының рөлі жасанды түрде төмендетіліп кейінгі орынға ығыстырылып отырды. Көптеген талантты ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері кеңестік жүйе тарапынан қысымшылық көрді. Кезінде кеңестік билік қазақ ұлтының бетіне шыққан оқығандарын, зиялыларын, қаламгерлері мен санаткерлерін сылып алып тастап, бірнеше буынның төбесіне қорқыныш пен үрейді төндірді де тұрды. Бұл ұлт ой-санасының жетілуі мен дәстүр сабақтастығына өз зиянын тигізбей қоймады. Ұлт дамуының күретамыры — рухани салада «ақтаңдақ» беттер көбейді. Осы қиянат ұзақ жылдарға созылып, 80-жылдардың соңына қарай ғана тарихтағы өздеріне тиесілі бағасын ала бастады. Мұндай қарқын еліміз егемендік алғаннан кейін күрт арта түскендігіне бүгінгі таңда куә болып отырмыз.

Қазақстанның аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, академик Төлеген Тәжібайүлы Тәжібаевтың (1910-1964 жж.) тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Кеңестік Қазақстанда 1940-1950 жылдары Т.Тәжібаевтың Халық ағарту комиссариатының басшысы ретінде атқарған қызметі, қазақ жоғары оқу орындарының қара шаңырағы болып табылатын — қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті) ректоры қызметінде жоғары білімді дамытуға қосқан үлесі және Қазақ ССР Сыртқы істер Халық комиссариатының (Министрлігінің) алғашқы халық комиссары-министрі болып тағайындалып, бұл саланың аяғынан нық тұруы жолында сіңірген еңбегі, соңдай-ақ XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуы мен халық ағарту ісі тарихына арналған еңбектері отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырыла қойған жоқ.

        Халық ағарту ісінің тарихына қатысты тың зерттеулер жүргізіп, тұжырымдар жасауда Т.Тәжібаев еңбектерінің орны зор. Қазақстан тарихындагы халық ағарту ісі мәселелерін талдап, саралап, мәні мен маңызын көпшілік қауымға жеткізе білуде көп еңбек сіңірген ғалымның мемлекеттік, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне талдау жасап, баға беру, құнды жақтарын көрсету тақырыптың маңыздылығын арпыра түседі. Төлеген Тәжібайұлы тек Қазақстанның ғана емес, бұрынғы одақтас республикалардың да тарихнамасында халық ағарту ісі тарихын зерттеу ісіне тың ойлар айтып, талдаулар жасады, мәдениеттің кейінгі дамуын ілгеріден келе жатқан үрдістерімен, тарихымен байланыстыра, сабақтастыра қарауды дұрыс деп санады.

Көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, педагогика ғалымдарының докторы, профессор Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың мемлекеттік, қоғамдық-саяси қызметіне және халық ағарту ісі тарихына арналған мол мұрасына объективті ғылыми баға беру қайраткер өмір сүрген дәуірдің кыр-сырын  терең түсінуге өз септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар мұндай бағыттағы зерттеу жұмысының нәтижелерін көпшілік қауымға ұсына отырып, өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге игі ықпал жасай аламыз. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып ғылыми және практикалық сұраныстарға ие мәселеге арналған деп нық сеніммен айтуға болады.

 

Мәселенің зерттелу деңгейі. Т.Тәжібаевтың өмір жолы, қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметі және оның ғылыми еңбектері жайлы ғылыми пікірлер XX ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Олардың алғашқылары қатарына Т.Тәжібаевтың ғылыми еңбектеріне қатысты М.Балакдев, Қ.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Е.А.Будилова, А.Т. Колмаков және С.Баишев секілді белгілі зерттеуші — ғалымдар тарапынан білдірілген пікірлерді [4] жатқызуға болады. Бұл аталған ғалымдардың ғылыми пікірлерінде Т.Тәжібаевтың еңбектеріне жоғары ғылыми баға беріліп, оның Қазақстанда педагогикалық ой-пiкiрдің даму тарихын зерттеуге қосқан үлесі ерекше аталып көрсетілген. Сонымен қатар бұл пікірлерде Т.Тәжібаевтың халық ағарту ісі тарихына қатысты жасаған тұжырымдары осы салада зерттеу жұмыстарын терең зерттеу жасауға жол аша түсетіндігі де айтылған болатын.

Т.Тәжібаевтың ғылым саласында ғана емес, дипломатиялық қызметте де атқарған ісіне қатысты алғаш пікір білдіруші К,Б.Жарықбаев болды. Оның 1967 жылы «Южный Казахстан» газетінде жарияланған мақаласында [5] Т.Тәжібаев ғылымды дипломатиялық қызметпен қатар алып жүрген қайраткер ретінде көрсетілген.

Қазақстанда педагогикалық ғылымның дамуына байланысты Р.Г.Лембергтің 1962 жылы жариялаған мақаласында [6] бұл салада Т.Тәжібаевтың сіңірген еңбегіне жан-жақты талдау жасалынған. Онда Р.Г.Лемберг сол дәуірдегі өзге де авторлар секілді Т.Тәжібаевтың еңбектерін кеңестік педагогика талаптарына сай бағалаған болатын. Дегенмен кеңестік идеология талаптарына қарамастан зерттеушілер Т.Тәжібаевтың еңбектері қазақ халқының мәдени, рухани мұраларын зерттеуге өзіндік игі ықпалын тигізетіндiгiн атап көрсетіп жатты. Мәселен, белгілі филолог — ғалым М.Мырзахметов Абай Құнанбаевтың әдеби мұраларын зерттеу мәселесі  бойынша   қорғаған кандидаттық диссертациясында [7] Т.Төжібаевтың абайтану саласына қосқан үлесі қазақ халқының рухани қазынасын жаңа қырынан қарауға итермелейді деген тұжырым жасаған. Мұндай тұжырымның астарынан қазақ халқының рухани мәдениетін ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеу қажеттігі жатқан еді деген пікір туындайды.

Қазақстанда психология ғылымының дамуы мәселесіне арналған К,Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, М.Н.Мукдинов, К.М.Монтаев, Н.А.

Айғабылов, А.Т.Көсеубаев секілді зерттеушілердің 1960-1970 жылдары жарық көрген мақалаларында [8] Т.Тәжібаев есімі бұл ғылым саласымен тығыз байланыстырылған. Бұл   авторларлар     Ш.Ш.Уәлиханов,        Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев секілді қазақ ағартушыларының философиялық, психологиялық және педагогакалық көзқарастарын зерттеуге алғашқы із салушы ғалым ретінде Т.Тәжібаевты көрсетеді. К.Р.   Рахымбековтің    мақаласында  [9]  белгілі    орыс                педагогы К.Д. Ушинскийдің психологиялық концепциясының Т.Тәжібаев еңбектерінде талдануы қарастырылып, ғалымның бұл мәселені таңдауындағы әдісі айқындалған. К.Р.Рахымбековтің көрсетуінше Т.Тәжібаев К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қазақ ағартушыларының көзқарасымен үйлесім тапқан тұстарына алғаш назар аударған.

Халық ағарту ісі мен педагогакалық ой-пікірдің дамуы мәселесіне қатысты 1970-1980 жылдары қазақстандық зерттеушілердің қаламынан бірқатар еңбектер [10] жарық көрді. Олардың барлығында дерлік Т.Тәжібаевтың бұл салаға қосқан үлесі зерттеушілер тарапынан аталынып  өтілді. Қ.Б.  Жарықбаев   қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-әрлерін зерттеуде Т.Тәжібаев еңбектерін айналып өтуге әсте болмайтындығына арнайы тоқталған [11]. Г.М.Храпченковтың халық ағарту ісі тарихына байланысты жазылған еңбектерінде [12] Т.Тәжібаевтың бұл саладағы зерттеу жұмыстарына жоғары баға береді. Автор Т.Тәжібаевтың XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы халық ағарту ісі тарихын зерттеуде көптеген мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға тартқанын, сөйтіп отарлық дәуірдегі халық ағарту ісінің ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсетуге алғашқы қадам жасағанын айтқан.

Т.Тәжібаевтың ғылыми мұралары отандық тарих ғылымында 1980 жылдың орта тұсынан бастап саралана бастады. Бұл ретте  Д.И.Дулатованың есімін ерекше атап көрсетуге болады. Оның революцияға дейінгі Қазақстан тарихнамасына арналған еңбегінде [13] Т.Тәжібаевтың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлері мен халық ағарту ісі тарихын зерттеуге қосқан үлесі тарихнамалық талдауға түскен. Автордың пікірінше Т.Тәжібаев Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуын Ш.Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А. Құнанбаев есімдерімен байланыстыра отырып, халық ағарту ісіне байланысты патша өкіметі ұстанған реакциялық саясаттың зардаптарын дәл ашып көрсеткен. Мұндай пікірді Д.ИДулатованың 1990 жылы жарық көрген мақаласынан да [14] кездестіруге болады.

Академик Т.Тәжібаевтың мемлекеттік қызметте және педагог-ғалымдарды тәрбиелеп қалыптастыруда атқарған өнегелі істері жайында кеңестік дәуірде бірқатар мақалалар жарық көрді. Ғалымның мерейтойларына орай жазылған Ы.Сағынтаев, Е.Құлымбетов, Қ.Рысбеков, Х.Сүйіншәлиев, Қ.Қаражігітова, Ж.Түрікпенов секілді авторлардың мақалаларында [15] біз қарастырып отырған мәселеге қатысты пікірлер білдірілген. Бұл мақалаларда Т.Тәжібаевтың қазақ ғалымдарына көрсеткен қамқорлықтары жайында мәліметтер берілген.

Дегенмен, кеңестік дәуірдегі ғылыми еңбектерде және көпшілікке арналған басылымдарда Т.Тәжібаевқа кеңестік жүйе тарапынан жасалған қысымшылықтар жайлы ешқандай  да пiкiр  білдірілмеді. Бұл негізінен сол дәуірдің идеологиясының әсеріне байланысты еді. Алайда, Т.Тәжібаевтың өмірі мен қызметіне қатысты мұндай мәліметтер еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде біршама болса да жариялана бастады. Мұндай мәліметтерді Р.Бердібай, Г.Уманов, М.Серікбаев, Ж.Түрікпенұлы, С.Қалиев, Г.Тетеева секілді автордың мақалаларынан [16] кездестіруге болады.

Осы аталған авторлардың ішінде Ж.Түрікпенұлының Т.Тәжібаевтың өмір жолын, қызметін және ғылыми мұраларын зерттеуде елеулі іс атқарып келе жатқанын ерекше атап өтуге болады. Профессор Ж.Түрікпенұлы Т.Тәжібаев туралы соңғы он жыл көлемінде көптеген ғылыми мақалалар мен еңбектер [17] жариялап, қайраткердің қоғамдық-саяси кызметіне және ғылыми мұраларына қатысты көптеген мәліметтерді көпшілік қауым назарына ұсынды. Оның 2002 жылы «Академик Т.Т.Тәжібаев» атты еңбегі [18] жарық көрді. Бұл еңбегінде Т.Тәжібаевтың өмір жолы мен ұстаздық қызметіне шолу жасалынып, қайраткер-ұстаз жайлы естеліктер берілген.

Бүгінгі таңда Т.Тәжібаевтың ғылыми мұралары педагогика ғылымы саласында диссертациялық деңгейде зерттеліне бастады. Бұған М.К.Ахметованың және М.Ж.Құлжабаеваның диссертациялық жұмыстары [19] дәлел бола алады. Бұл диссертациялық жұмыстарда Т.Тәжібаевтың ғылыми мұралары педагогика ғылымының талаптарына сай талданып, оны практикаға енгізудің тиімді жолдары қарастырылған. Сондықтан аталған автордың зерттеу жұмысында Т.Тәжібаевтың атқарған қызметінің астарлары қаралмай қалған.

Қазақстандық саясаттану ғылымы саласында да Т.Тәжібаев диссертациялық деңгейде зерттеу объектісіне алынған. З.С.Гайповтың саясаттану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялык жұмысында [20] Т.Тәжібаевтың әміршіл-әкімшілік жүйедегі тұлғалық ерекшелігі сараланған. Саясаттану ғылымдарының талабына сәйкес аталмыш жұмыста Т.Тәжібаев өмір сүрген тарихи кезеңге сәйкес келетін және қайраткердің қоғамдық-саяси қызметіне қатысты барынша мол деректі қамту мақсат етілмеген.

Т.Тәжібаевтың ғылыми мұраларының еліміздің гуманитарлық ғылымдарының дамуындағы орны мен рөліне баға беру бүгінгі таңда да өз жалғасын табуда. Педагогика ғылымы  саласы бойынша жазылған А.Н.Ілиясованың және И.Р.Халитованың докторлық жұмыстарында [21] Т.Тәжiбаевтың еңбектерінің педагогикалық зерттеулердегі рөлі аталынып  өтілген.

Отандық тарих ғылымы саласы бойынша қорғалып жатқан диссертациялық жұмыстарда да Т.Тәжібаев еңбектеріне тарихнамалық талдау жасалуда. Ондай талдаулар көп жағдайда XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың  бас кезінде халық ағарту ісі тарихының мәселелеріне қатысты жазылған еңбектерде көрініс тапқан. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған М.Ә.Жолсейітованың, Ж.Б.Әмірханованың және Э.К.Мырзалиеваның диссертациялық жұмыстарында [22] Т.Тәжібаевтың еңбектері тарих ғылымының қазіргі кездегі жетістігі тұрғысынан талданған. Осы авторлардың ішінде М.Ә.Жолсейітова Т.Тәжібаев еңбектерін тереңірек, өзге авторлардың еңбектерімен салыстыра қарастырумен ерекшеленеді. М.Ә.Жолсейітова Қазақстандағы халық ағарту ісі тарихын жазған Н.П.Остроумов секілді т.б. орыс зерттеушілерінің тарихи шындықты бұрмалағанын ашық мәлімдеген бірден-бір ғалым Т.Тәжібаев болғанын баса көрсетеді. Бұған дейін Н.П.Остроумов Түркістан өлкесіне білім таратқан ғалым ретінде дәріптеліп, оның миссионерлік әрекеті айтылмай келген еді. Т.Тәжібаевқа кеңестік билік тарапынан жасалған қысымшылықтардың бірі 1951 жылы Е. Бекмаханов, Б.Сүлейменов және К,Бекхожин секілді қазақ ғалымдарының  ісіне байланысты жүргізілгенді. Отандық тарих ғылымында бұл мәселе көрнекті қазақ тарихшысы Т.Омарбеков еңбегінде [23] нақтылы көрініс тапқан. Сондай-ақ сол тарихи кезеңдегі қазақ ғалымдарының бастан кешкен ахуалын түсінуге И.М.Қозыбаевтың еңбегі де [24] белгілі дәрежеде өз септігін тигізеді. Л.Я.Гуревичтің еңбегінде [25] Т.Тәжібаевтың тоталитарлық режим жағдайында атқарған қоғамдық — саяси қызметінiң кейбір астарлы тұстары ашылып көрсетілген. Автор Т.Тәжібаевтың қазақ зиялыларына көрсеткен қамқорлықтарына да тоқталған.

Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың естелік кітабында да Т.Тәжібаевқа қатысты оң пікір білдірілгенін осы жерде айта кеткен жөн. Ол өзінің бұл естелігінде Т.Тәжібаев туралы былай деп жазған: «Тәжібаевпен мен ол халық ағарту халкомы болып қызмет етіп жүрген кезде таныстым. Кейіннен бізді тағдыр тоғыстырып, бірге Халық комиссариаты кеңесі төрағасының орынбасарлары болып қызмет еттік. Бұл Ұлы Отан соғысы жылдары еді. Тәжібаев республиканың тұңғыш Сыртқы істер министрі болды, біраз уақыт Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болып қызмет етті. 1954 жылы Мен Ғылым Академиясында жұмыс істегенімде ол республика Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды. Ол республика ғылымы мен мәдениетінің дамуына және білікті мамандар даярлау ісіне елеулі үлес қосты» [26]. Д.А. Қонаевтың Т.Тәжібаев туралы айтқан бұл пікірінің өзі шынайы екендігі еш күмән тудырмайды. Т.Тәжібаев туралы мұндай жылы лебізді академик М. Қозыбаевтың «Жұлдызым менің» атты естелігінен де [27] кездестіруге болады. Ол өзінің университетте білім алу барысында Т.Тәжібаевтан дәріс алғанын үлкен мақтаныш сезіммен жеткізеді.

Қазақ КСР-нің 1981-1989 жылдар аралығында Сыртқы істер министрі болған М.Исиналиевтің еңбегінде және жарияланған мақаласында [28] Т.Тәжібаев жайында, әсіресе оның дипломатиялық қызметіне қатысты тың ой-пікірлер білдірілген. М.Исиналиев Т.Тәжібаевтың дипломатиялық қызметіне шолу жасай отырып, оны Қазақстанның сыртқы байланыстарының негізін қалаушы ретінде орынды бағалайды. Т.Тәжібаевтың дипломатиялық қызметіне баға беру Ә.Ыдырысовтың және Д.Қыдырбекұлының мақалаларында [29] орын алған. Бұл авторлардың Т.Тәжібаевтың дипломатиялық қызметі жайында айтқан пікірлері М.Исиналиевтің пікірімен үндестік тапқан.

Л.Ахметовтың еңбегінде [30] Т.Тәжібаевтың қызметіне қатысты мысалдар келтірілген. Онда автор Т.Тәжібаевтың қазақ интеллегенциясы өкілдеріне танытқан қамқорлығын отаншылдық рухтың кеңестік дәуір кезеңінде бой көрсетуінің белгісі ретінде бағалайды.

Еліміздің зиялы қауымы Т.Тәжібаевтың мемлекеттік және ғылыми қызметі өзіндік маңызға ие екендігін атап көрсетуде. Бұған Т.Тәжібаевтың 2000 жылы мерейтойына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Педагогика мен психологияның өзекті мәселелері» атты ғылыми конференцияның өткізілуі дәлел бола алады. Бұл конференцияда академик М.Қ.Қозыбаев және Қ.Жарыкбаев секілді т.б. ғалымдар Т.Тәжібаевтың елімізде жоғарғы оқу орындарының дамуына қосқан үлесіне және республикамызда сыртқы істер ведомствосының қалыптасуына сіңірген еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ ғалымдар қатарында Т.Тәжібаевтың патша өкіметінің отаршылдық саясаты дәуірінде елімізде халық ағарту ісінің даму ерекшеліктерін ашып көрсетуге қосқан үлесін тарих ғылымының бүгінгі таңдағы жетістігі тұрғысынан саралағандар да болды [31]. Осы аталмыш конференцияны Т.Тәжібаевтың мемлекеттік және ғылыми қызметін онан әрі терең зерттеле түсуге өзіндік серпін береді деп те ұйғаруға болады.

Т.Тәжібаевтың мемлекеттік, қоғамдық-саяси және ғылыми қызметінің ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектерде баяндалу тарихына шолу жасау арқылы бұл мәселенің әлі де зерттеле түсуі қажеттігіне көз жеткізе аламыз. Әсіресе, Т.Тәжібаевтың өскен, білім алған ортасына және атқарған қызметіне қатысты мол дерек көздерін жинастырып, Қазақстандағы ағарту ісінің тарихына арналған ғылыми мұрасын саралай отырып, тарихи зерттеу жұмысын жүргізу өте қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың басты мақсаты — түрлі деректер мен ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған мұрағат материалдарын сараптай келе Т.Тәжібаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін, тарихи шығармашылық мұрасын ашып көрсету. Сол арқылы оның мемлекеттік тұлғасы мен ғалымдық келбетін айқындау зерттеу жұмысының басты өзегі болып табылады. Зерттеу жұмысында Т.Тәжібаевтың халық алдындағы еңбегіне және ғылыми мұрасына сүйене отырып, оның өмір жолын барынша ашып көрсетуді мақсат еттік. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай нақтылы міндеттер қойылды:

Т.Тәжібаевтың өскен және білім алған ортасын айқындап, оның қайраткер, көрнекті ғалым ретінде қалыптасуына тигізген әсерін көрсету;

Кеңестік дәуірде қайраткерлік дәрежедегі ірі тұлға деңгейіне көтерілген Т.Тәжібаевтың Халық ағарту комиссариатының жетекшісі ретінде атқарған ауқымды еңбегін қоршаған саяси-әлеуметтік құбылыстармен байланыстыра зерттеу;

— Т.Т.Тәжібаевтың республикада жоғары білім беру саласына қосқан үлесін оның қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ректор болып атқарған қызметін саралау арқылы баяндау;

— Казақ КСР Халком төрағасының орынбасары ретінде және Сыртқы істер комиссариатының алғашқы басшысы болып қызмет еткендегі Т.Тәжібаевтың атқарған қажырлы еңбегіне тиесілі ғылыми баға беру;

—  әкімшіл-әміршілдік жүйе тарапынан Т.Тәжібаевқа жасалған қысымшылықтар кеңес өкіметінің ұлт саясатымен ұштасып жатқандығын дәлелді деректік мәліметтермен негіздеу;

—  Т.Т.Тәжібаевтың Қазақстандағы қоғамдық, педагогикалық ой-пікірдің даму тарихын зерттеуге қосқан үлесін тарих ғылымының бүгінгі таңдағы жетістігі тұрғысынан саралау;

— Қазақстандағы халық ағарту ісінің тарихын зерттеуде Т.Т.Тәжібаевтың соңына қалдырған ғылыми мұраларының маңыздылығын айқындау.

 

 

      Зерттеу жұмысының деректік негізі.

Жұмыстың дерек көзі ретінде түрлі мұрағат құжаттары, мерзімді баспасөз материалдары, ғылыми еңбектердің мәліметтері сұрыпталып пайдаланылды.

Зерттеу жұмысы барысында Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатының және Казақстан Республикасының Президенті мұрағатының қорларынан алынған кұжаттар ғылыми айналымға кеңінен тартылды. Ол қүжаттардың елеулі бөлігі алғаш рет осы зерттеу жұмысында қолданыс тапқандығын ерекше атап көрсетуге болады.

Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатынан мына қорлардың құжаттары қолданыс тапты: Р-1352 (Еңбек Қызыл Ту орденді С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті), Р-1955 (ҚазақКСР Сыртқы істер министрлігі),   Р-1692 (ҚазақКСР Халық ағарту министрлігі),        Р-1137 (Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесі),           Р-7888 (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты), Р-2070 (Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми зерттеу институты).

Осы аталған қорларда Т.Тәжібаевтың атқарған қызметтеріне қатысты көптеген құжаттар жинақталған. Ондай кұжаттардың басым көпшілігі Т.Тәжібаевтың кезінде атқарған мемлекеттік қызметтеріне байланысты десек те болады. Мәселен, Р-1955 қорда Т.Тәжібаев негізін қалаған Қазақ ССР Сыртқы істер министрлігінің бастапқы қызметін қайраткер есімімен байланыста көрсететін құжаттар молынан кездеседі. Бұл қордағы алғашқы құжаттардың барлығы дерлік Т.Тәжібаевтың қолынан шыққан десек артық айтпаған боламыз. Сондай-ақ бұл қорда Т.Тәжібаевтың Сыртқы істер министрі болып тұрғандағы кезіне қатысты ғана емес, елшілік кызметіне де байланысты құжаттар жинақталған.

Т.Тәжібаевтың қазіргі Қазақ Ұлттық университетіне ректор болып тұрған кезіндегі қызметіне қатысты кұжаттар Р-1352 қордан алынды. Бұл қорда Т.Тәжібаевтың басшылығымен өткен университеттік іс-шараларға қатысты құжатгар көптеп ұшырасады. Олардың ішінде университетте оқу ісі мен ғылыми жұмысты жетілдіру, студенттер арасында тәрбие жұмысын жүргізу секілді істерге Т.Тәжібаевтың жіті көңіл бөлгендігі жайында сыр шертетін құжаттардың жеткілікті екендігін айта кеткен жөн.

Қайраткердің Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатын басқарған кезіндегі кызметіне қатысты құжаттар Р-1692 қордан алынды. Ол құжаттар Т.Тәжібаевтың республикадағы халық ағарту саласына жетекшілік еткен кезде, халық мүддесін жоғары койғандығына және ұлттык білім беру ошақтарының қорғанышы болғандығына көз жеткізеді.

Мемлекеттік қызметтен өзге ғылым және педагогика саласында Т.Тәжібаевтың атқарған еңбегіне қатысты мөліметтер Р-2070, Р-1137, Р-7888 қорларында молынан ұшырасады. Ол кұжаттардың қатарында Т.Т.Тәжібаевтың әкімшіл-әміршіл жүйе тарапынан қысымшылық көргені жайында мәліметтер де бой көрсетеді. Мұндай мәліметтерді Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатының 708-қорының құжаттары да нақтылай түседі.

Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатында XX ғасырдың 50 жылдары тоталитарлық жүйе тарапынан қазақ интеллегенциясы өкілдеріне жасалған қысымшылықтар жайында көптеген құжаттар барлығы көпшілік ғылыми қауымға аян. Сондай кұжаттардың бір шеті Т.Тәжібаевқа да қатысты. Т.Тәжібаев Қазақ ұлттық университетінде ректор қызметін атқара жүріп, қазақ ғалымдарына көп камқорлық жасады. Оның қамқорлығын көргендер қатарында М.Әуезов, Е.Бекмаханов және т.б. болды. Оның мұндай қамқорлығын тоталитарлық жүйе «ұлтшылдық» көрінісі ретінде бағалап, түрлі қысымшылық көрсетті. Бұл жайлы құжаттар Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатында соңғы он жылдықта ғана ашыла бастады.

Т.Т.Тәжібаевтың өмір жолына, атқарған қызметіне қатысты мәліметтер мерзімді басылымдарда да жетерлік. Мәселен, қазіргі Қазақ ұлттық университетінің 1940- жылдардағы баспа органы болған «За отличную учебу» деп аталатын газет беттерінде университеттің күнделікті өмір-тынысына қатысты материалдар жарияланған. Ондай материалдардың ішінде Т.Тәжібаевтың атқарған қызметіне қатысты мәліметтер де бар.

«Правда», «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде және «Большевик Казахстана», «Педагогика и психология», «Вестник Академии Наук Казахской ССР» атты журналдарда да Т.Тәжібаевтың сол тұстағы қызметіне қатысты материалдар жарияланған. Ол материалдарда Т.Тәжібаевтің ғылыми қызметіне қатысты баға берілген. Сондай-ақ баспасөз материалдарында Т.Тәжібаевты «ұлтшыл» ретінде айыптаулар да кездесіп қалады. Соңдықтан да баспасөз мәліметтері мұрағат құжаттарымен және соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектерде білдірілген пікірлермен салыстырыла отырып пайдаланылды.

Қолданыс тапқан дерек көздерін мұқият талдауға, ғылыми құндылығын ашуға ерекше мән бердік. Деректерді сұрыптау барысында салыстырмалы әдіс кеңінен қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыста көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері және белгілі ғалым, академик Т.Тәжібаевтың өмір жолы мен қызметі, халыққа сіңірген еңбегі тарих ғылымы тұрғысынан тұңғыш рет ашылып көрсетіліп, оның өз соңында қалдырған ғылыми мұраларына бүгінгі заман талабына сай талдау жасалды. Зерттеу жұмысында нақтылай айтсақ мынандай жаңалықтар бар:

—  Т.Т.Тәжібаевтың көрнекті ғалым, мемлекет қайраткері ретінде қалылтасуына әсер еткен факторлар алғаш рет көрсетілген;

— Республикалық халық ағарту саласына Т.Т.Тәжібаев жетекшілік еткен кезде ұлттық мүддені биік ұстауға талпынғаны айқындалған;

Еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы саналатын қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дамуына Т.Т.Тәжібаевтың елеулі үлес қосқандығы баяндалған;

Қазақстанның болашағы өскелең жас ұрпақтың отаншыл рухта тәрбиеленуімен тығыз байланысты екендігін ескерген Т.Т.Тәжібаевтың ғылыми-педагогикалық кадрларды қалыптастыруға ерекше мән бергендігі нақтылы мәліметтермен негізделген;

Республикамызда Сыртқы істер министрлігінің қалыптасуы мен оның алғашқы қадамы Т.Т.Тәжібаев есімімен тығыз байланысты екендігі дәлелденген;

Тоталитарлық жүйе жағдайында Т.Т.Тәжібаевтың қысымшылықка алынуының астары әшкерленген;

Т.Т.Тәжібаевтың Қазақстанда ағарту ісі тарихы жөніндегі ғылыми мұралары отандық қоғамдық ғылымдардың, сондай-ақ тарих ғылымының бүгінгі таңдағы жетістігі тұрғысынан сараланып, оның ғылыми еңбектерінің құнды тұстары айқындалған.

 

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Зерттеу жұмысы тарихилық, жүйелілік, объективтілік және тағы басқа методологиялық принциптерге негізделген, тарихи салыстырмалық, диалектикалық және басқа әдістер қолданыс тапты. Жұмыс тұлғатану саласында әлемде қалыптасқан өркениеттік ұстанымға басты назар аударылды. Кез келген жеке тұлғаға баға беруде оның өркениетке қосқан үлесі бірінші кезекке қойылуы және оның өмірі мен қызметі сол кездегі тарихи кезең аясында қарастырылу керектігі ескерілді. Сонымен қатар зерттеу жұмысында жасалған тұжырымдар мен айтылған пікірлердің өзара логикалық үйлесімділікте болуына да ерекше мән берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   I тарау «Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері ретінде калыптасуы» деп аталатын бірінші тарауда Т.Тәжібаевтың өскен, білім алған ортасы және Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатының халық комиссары ретіндегі қызметі қарастырылады.

  1. 1 Т.Тәжібаевтың өскен, білім алған ортасы және  мемлекеттік қызметке кірісуі.

            Өткен XX ғасырда еліміздің қамын жеген көптеген қайраткерлер тарих сахнасына көтерілді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай секілді Алаш қозғалысының көшбасшыларының аңсаған мұрат-мақсаттары кейінгі толқындағы ұлт зиялыларының да басты нысанасына айналды. Кеңестік дәуірде халық мүддесін жоғары қоюмен ерекшеленген, өз соңында мол ғылыми мұра қалдырған қайраткерлердің бірі Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев болды.

Төлеген Тәжібаев 1910 жылы 23 ақпанда Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының Черняев уезінің Қарааспан болыстығындағы № 9 ауылда (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласының маңы) дүниеге келді. Оның жастық шағы қазақ қоғамы үшін күрделі кезеңмен тұспа-тұс келді. Ол тарихи кезеңде Түркістан өлкесін өз отарына айналдырған патшалық Ресей империясы ұлттық езгіні және орыстандыру саясатын пәрменді түрде жүргізіп, қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді. Қалыптасқан осындай жағдайда отарлық қанауға деген наразылық, ұлттық еркіндік жолындағы күрес қазақ қоғамы арасында өрістей түскен-ді. 1916 жылғы көтеріліс пен оны басып-жаншу кезінде қисапсыз көп зардап шеккен көшпелі малшы қауымдары өздерінің аса қатты бүлінген шаруашылықтарын калпына келтіруге мұршасы болмай, 1917 жылы басталған сұрапыл ашаршылыққа алғашқылардың бірі болып ілікті. Сыр өңірін сұрапыл аштық жайлады. Күн көрудің барлық көзінен айырылған халық баудай түсе бастады. Ашаршылық салдарынан, Т.Тәжібаев жастайынан ата-анасынан айырылып, жетімдік тақсіретін ерте тартты. Осылайша Төлеген Арыс теміржол станциясының жұмысшысы И.Ф.Кабановтың отбасында тәрбиеленді.

Т.Тәжібаев мектеп табалдырығын 1918 жылы аттады. И.Ф.Кабановтың ұйғарымымен Арыстағы балалар үйіне беріліп, сондағы бастауыш орыс мектебінен білім алды. Арыстағы балалар үйі қазіргі кезде де өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінде ол үй Т.Тәжібаев есімімен аталады. Балалар үйі жанындағы орыс мектебі көп ұзамай қазақ-орыс мектебі деп аталып, Төлеген қазақ тілінде де білім алуға қол жеткізді.

1922 жылы Төлеген Арыстағы жеті жылдық мектепті үздік бітірді. Оның мектепті бітіру туралы куәлігінде барлық пәндерден үздік деген бағалар көрсетілген. Мұндай жақсы үлгерім Төлегеннің болашағынан зор үміт күттіретіндігін аңғарған И.Ф. Кабанов оны Сырдария облысының орталығы Шымкент қаласына аттандырады. Сол тұста Шымкенттегі ең беделді деген оқу орны педагогикалық техникум болатын. Негізінен кеңестік мектептерге мүғалімдер даярлаумен шұғылданатын бұл оқу орнының негізі 1920 жылы қаланған еді.

Педагогикалық техникумда оқу Т.Тәжібаевтың ғұмырындағы маңызды кезең болды деп те бағалауға болады. Ол мұнда өзінің халық ағарту саласында атқарылуы тиіс ауқымды жұмысқа күш-жігерін бағыттау керек екендігін терең сезіне білді. 1927 жылы педагогикалық техникумды Т.Тәжібаев үздік бітіріп, осы оку орнында оқытушылық қызметке қалдырылды.

Т.Тәжібаевтың дарындылығы сол тұста техникум директоры болған қазақ халқының көрнекті қайраткері, жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың назарынан тыс қалмағандығы айқын анғарылады. Жүсіпбек Аймауытов кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде де бұрынғы, Алаш қозғалысы қайраткерлерімен астыртын байланыста бола отырып, 1919-1924 жылдары «Қазак. тілі» газетінің редакторы, 1924-1926 жылдары әйгілі «Ақжол» газетінің редакторы қызметін атқарып, 1926 жылы Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметін 1929 жылдың соңына дейін атқарды. Директорлық қызметті одан әрі атқаруына Ж.Аймауытовқа кеңестік қуғын-сүргін саясаты жол бермеді. 1929 жылы желтоқсанда Ж.Аймауытов «ұлтшылдықпен» айыпталып, абақтыға жабылды.

Тәжібаев өз естеліктерінде «менің ұлы оқытушым, тәлімгерім» деген сөздерді жиі қолданады. Бірақ онда оқытушысы, тәлімгерінің есімін атамайды. Оның өзіндік себебі бар екендігі белгілі. Кеңестік идеология үстемдік құрып тұрған шақта ЖАймауытов есімін ашық айту мүмкін еместін.

Ж.Аймауытов абақтыға жабылғаннан кейін Т.Тәжібаев педагогикалық техникумда екі жылдай мұғалім болып қызмет етті. Ол онда география пәнінен дәріс берді. Т.Тәжібаев өз дәрістері барысында ЖАймауытовтың педагогикалық шығармаларының педагогика ғылымы саласының бастауында тұрғанын насихаттады. Сондай-ақ ол Ж.Аймауытов еңбектерінде жасалған тұжырымдардың негізділігін дәлелдей түсуді өз борышы санады. Төлеген Тәжібаев өлкелік Лениндік жастар одағының ұйғаруы бойынша 1931 жылы тамызда Мәскеу қаласындағы Н.К.Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясына оқуға жіберілді.

Т.Тәжібаев Коммунистік тәрбие академиясының қабырғасында білімнің тұңғиығына тереңдеп бой ұрды. Оның білім мен ғылымға деген құмарлығы бірден оқытушы ұстаздарының көзіне түсті. Ол оқумен қатар қоғамдық жұмыстарды да белсенді түрде жүргізіп отырды. Академияның комсомол комитеті құрамына еніп, белсенді қызметімен көзге түскен ол көп ұзамай комитеттің бірінші хатшысы болып сайланды. Сол кездегі әкімшіл-әміршіл жүйенің орныға түсуіне байланысты оппозициялық топтардың әрекеті Академия комсомол комитетінде қызу талқыға түсетін. Осылайша Академия студенттері елдегі идеологиялық күреске барынша тартыльш, саяси өмірдің барысынан хабардар болып отырды.

Коммунистік тәрбие академиясы қабырғасында студенттердің ғылыми үйірмелерге қатысуына да ерекше көңіл бөлінді. Т.Тәжібаев Академиядағы көрнекті психолог-профессорлар А.В. Веденов, М.Н.Шордаков, доцент В.Д.Эльконин жетекшілік ететін психология үйірмесінің жұмысына катысып, өздігімен білімін арттыра түсті.

Т.Тәжібаевтың табиғи дарыны, ғылыми жұмысқа деген құмарлығы мен еңбекқорлығы оның сол Академияда психология саласында білімін арттыруына жол ашты. 1935 жылы оқуын ойдағыдай бітірген Т.Тәжібаев Академияның аспирантурасына қалдырылды. Ол психология кафедрасының аспиранты болды. 1939 жылы А.М.Герцен атындағы педагогикалық институттың ғылыми кеңесінде Т.Тәжібаев «К.Д.Ушинский Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін қалаушы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Т.Тәжібаевтың Қазақстанға оралған соң алған білімін жастарға жеткізу, оларды қоғамның адал перзенті болуға және адамгершілік рухта тәрбиелеу, ғылым шыңына шығару жолындағы ұстаздық жұмысы, ғылыми-педагогикалық қызметі еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны, республикамыздағы педагогикалық ғылымдардың орталығы болған Абай атындағы педагогикалық институттан басталды.

           Т.Тәжібаевтың мемлекеттік қызметке кірісуі жылдан бастау алады. Осы жылы 30 жасқа енді ғана толған Т.Тәжібаев Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатына халық комиссарының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалып, мемлекеттік қызметіне кірісіп кетті. Ол көп ұзамай, 1941 жылдан Қазақ КСР Халық ағарту комиссары қызметінде болды.

Халық ағарту комиссариатындағы қызметі барысында Т.Тәжібаев аса көңіл бөлген мәселенің бірі республикадағы балалар үйінің жай-күйі болды. 1940 жылы республикадағы балалар үйінің жалпы саны 126 еді. Онда 15713 жетім балалар тәрбиеленді. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің тамағы, киім-кешегі, білім алу жайы республикада ақсап жатқандығынан Т.Тәжібаев хабардар болатын. 126 балалар үйінің жартысынан астамы 1940-1941 жылғы оқу жылында қысқа даярлықсыз күйде болатын. Сонымен қатар ондағы балаларды еңбекке баулу ісі, яғни ер жеткенде өз беттерінше күн көретіндей қабілетке ие болуы жайы қолға алынбай жатқандығы да бар еді. Осыған орай Т.Тәжібаев балалар үйінің жұмысын тексеру жөнінде арнайы комиссия құруды қолға алды. Бұл іске Мемлекеттік бақылау комиссияриатын да тартты. Сондай комиссиялардың бірін өзі баскарды.

Балалар үйіне деп бөлінетін қаржының дұрыс жұмсалмауы, тіпті оның жымқырылуы салдарынан ондағы тәлім-тәрбие жұмысы ақсап жататындығын жақсы түсінген Т.Тәжібаев шұғыл түрде барлық балалар үйлеріне толық тексеру жұмыстарын жүргізу керек деген шешім кабылдады. Ол балалар үйлерінің толық жылумен қамтамасыз етілмейтіндігін, олардың антисанитарлық жағдайда болуын, тәрбиеленушілердің сабақ үлгерімінің төмен болуын және еңбекке баулынбай жатуының себебі балалар үйі басшыларының салғырттығымен және жауапкершіліксіздігімен байланыстырды. Соған орай балалар үйінің қаржысын жымқырып қалған басшылардың ісін сотқа тапсыруды жөн санады. Балалар үйінің басшылары мен қызметкерлері білімді және өнегелі болуын талап етті. Олардың арнайы педагогикалық білімі болуы керектігін ескере отырып, балалар үйі басшыларын сырттай педагогикалық жоғары оқу орындардан білім алуын ұйымдастыруды ұсынды [32].

Халық ағарту комиссариаты 1940 жылдан бастап қазақ әліпбиінің кириллицаға көшуіне байланысты қазақ халқы арасында жаңа әліпбиді үйрету ісіне ерекше мән берген еді. Бұл істі комиссариатта тікелей қадағалау Т.Тәжібаевқа жүктелді. Соған орай Т.Тәжібаев қазақ әліпбиінің жиі ауысуына байланысты өзінің наразылығын сыртка шығармай, жаңа әліпбиді қазақтардың тез меңгеріп кетуіне қолайлы жағдай жасауды қолға алды.

Қазақ әліпбиінің латыншадан кириллицаға көшірілуі мен оны меңгеруі ісі қазақтар арасында ауыр қиыншылықтармен жүрді. Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына қазақтардың жаңа әліпбиге көшу жағдайын тексеруге 1941 жылы мамырда жіберілген Халық ағарту комиссариатының комиссиясы бұл іс-шараның жүзеге асырылуы сын көтермейтіндігін айқындаған-ды. Осы комиссия түсірген мәлімдемедегі айтылғандарға қарағанда, аталған облыстарда бірде-бір мемлекеттік мекеме жаңа қазақ әліпбимен іс-қағаздарын жүргізбеген, соның салдарынан қазақтар арасында жаңа әліпбиді қолдана отырып, билік орындарына өз арыз-шағымдарын түсіру тіптен доғарылып қалған болатын. Тіпті, аталған облыстарда жаңа қазақ әліпбиіндегі жазу машинкалары бола тұра, олармен бірде-бір бет қағаз басылмай тұрған.

Жаңа әліпбиге көшумен бірге қазақтарға өз ана тілінен айырылып қалу қаупі төніп келе жатқанын Т.Тәжібаев жақсы түсінді. Т.Тәжібаев осындай сәтте республика басшылығына, Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасы Н.Оңдасыновқа және Орталық партия комитеті хатшысы М.Әбдіхалықовқа мұндай келеңсіз жайтқа тосқауыл қою керектігі жөнінде мәлімдемелер түсірді [33].

Қазақ халқының жаңа әліпбиге көшуімен бірге өзінің ана тілінен айырылып қалу қаупі төнген кезде Т.Тәжібаев туған халқының шын жанашыры ретінде көріне білді. Ол жаңа әліпбидің тезірек меңгерілуі қазақ тілінің сақталып қалуына игі ықпалын тигізеді деп санады. Оның мұндай тұжырымы сол дәуірде өзінің дұрыстығын дәлелдеп те берді. Кеңестер Одағында ұлттарды ұлттық тегі мен рухани қазыналарынан айырып, оларды «біртұтас кеңес халқына» айналдыру саясаты өріс алған шақта, қазақтардың жаңа әліпбиге көшуі қатерлі қадам еді. Кеңестік билік қазақтардың жаңа әліпбиге көшуі қандай ауыршылықтармен өтетіндігін ескермеді деп айту қиын. Жаңа әліпбиді республикадағы қазақтардың меңгермей қалу қаупі де болмай қалған жоқ. Оның меңгерілмей қалуы қазақтарды орыстанған «біртұтас кеңес халқының қатарына қосылуын тездете түсетін. Сондықтан да сол тұста Халық ағарту комиссариаты басшылығында Т.Тәжібаевтай ұлтжанды азаматтың болуы қазақ халқының орыстана түсуіне белгілі дәрежеде тосқауыл жасады, халықтың өз ана тілінен айырылмай, өзіндік ұлттық болмысын сақтап қалуына игі ыкпалын тигізді деп айтуға болады.

Жаңа қазақ әліпбиін қазақтардың тез игеріп кетуі ұлттық тілдің өркендеуіне әсер ететіндігін ескерген Т.Тәжібаев республикадағы жоғары оқу орындарының басшыларына қазақ студент жастарының міндетті түрде жаңа әліпбиді меңгеріп шығуы жөнінде талап қойды. Жаңа әліпбиді меңгере алмағандар оқуын аяқтағаннан кейін дипломдары бола тұрса да, қосымша оқу курстарын аяқтаулары тиіс болды [34]. Т.Тәжібаев жаңа әліпбиді меңгерген жоғары білімді жас қазақ маманы ұлттық мәдениеттің, дәстүрдің қорғаушысына айналады деп санады. Былайша айтқанда, ұлттың тағдырын Т.Тәжібаев жаңа әліпбидің меңгерілуімен байланыстырды. Оның мұндай пікірде болуы негізсіз емес еді. Ол жаңа әліпбиді қазақтар меңгермесе, онда тез арада орыс тілінде жазып, сол тілде сөйлеп кетудің қарсаңында тұрғанын, бұған орыс тілді басшылардың мүдделі екендігін сезе біліп, содан сақтанудың жолын қарастырды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Т.Тәжібаев жетекшілік еткен Халық ағарту комиссариаты оқушыларды интернационалдық, отаншылдық рухта, еңбек сүйгіш етіп тәрбиелеу жолында қомақты жұмыстар атқарғандығы жұмыста жан-жақты баяндалған. Т.Тәжібаев соғыстың қиын жағдайында мектеп жасындағы балалардың оқудан тыс калмауына баса назар аударды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 I.2 «Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық саланың және сыртқы саясат ісінің дамуына Т.Тәжібаевтың қосқан үлесі» деп аталатын тарауда кайраткердің ҚазМУ-да ректор, Сыртқы істер министрлігінде министр, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің мүшесі ретіндегі атқарған қызметтері және Үндістандағы елшілікте аткарған жұмыстары талданған.

Соғыстан кейінгі Қазақстанда білікті мамандарға деген тапшылық айқын сезіліп тұрды. Бұл проблеманы шешуде ҚазМУ жоғары білікті маман кадрларды даярлау орталығына айналған университетке ерекше мән берілді. Бұл мәселені шешу үшін алдымен бірқатар кафедралардағы оқытушылар тапшылығын, кафедраларды лабораториялармен жабдықтауды, кітапханаларды оқу құралдарымен толықтыруды шешіп алуы керек еді. 1946-1947 жылғы оқу жылында университеттің профессорлық — оқытушылар құрамы 147 адамды құрайтын, олардың 63-і оқытушылық қызметін ғылыми мекемелердегі ғылыми жұмыспен қатар алып жүретін. Осы оқу жылында барлық факультеттердегі студенттердің саны 861 адам болса, дайындық бөлімінде 116 болашақ студенттер білім алып жатты.

Материалдық-техникалық базаның әлсіздігі университет ғалымдары мен оқытушыларының оқытудағы және ғылыми, ізденістегі мүмкіндіктеріне кедергі келтірмей қоймайтын. Сабақ өткізетін дәрісханалардың аумағы екі кезекте студенттерді оқытуды көтере алмай жатты. Ғылыми ізденістер мен зерттеулер жүргізуге арналған лабораторияларда құрал-саймандардың жетіспеушілігі ғалымдарға қол байлау болды. Жатақханалардағы орынның тапшылығы салдарынан студенттердің біраз бөлігі жататын орынмен қамтамасыз етілмейтін. Осындай жағдайда университеттегі ғылыми ізденістер мен оқу процесін жандандыруға білікті басшылық кажеттілігі айқын сезілген еді. Мұндай басшы ретінде Т.Тәжібаевтың кандидатурасы республикалық басшылық тарапынан ұсынылды. Оның кандидатурасы КСРО Жоғары білім министрлігі тарапынан да қолдауға ие болды. 1948-1954 жылдар арасында Қазақ Мемлекеттік Университетінің болып істейді [35].

Т.Тәжібаев ҚазМУ-дың ректоры болып тағайындалысымен университеттің материалдық-техникалық базасын жетілдіріп, профессор-оқытушылар құрамының нәтижелі жұмыс жасауларына жағдай жасауды және студенттердің тұрмыстық ахуалына назар аударуды бірінші кезекті мәселе ретінде қойды. Т.Тәжібаев ректорлық қызметі барысында студенттердің терең білім алуына толық жағдай жасауды және ұстаз-ғалымдарды ғылыми ізденістер жасауына қолдау көрсетуді жадында берік ұстады. Осы принциптің арқасында ұстаздар мен студенттер қауымы арасында Т.Тәжібаев үлкен құрметке ие болды.

Т.Тәжібаевтың ректорлығы қызметінің алғашқы жылынан кейін-ақ университеттің профессор —оқытушылар құрамында елеулі өзгерістер жүрді. Университетте қызмет ететін 285 адамның қатарында 18 ғылым докторлары, 58 ғылым кандидаттары болды. Оқытушылардың ғылыми дәрежесін арттыруға барлық жағдайлар жасалды. Оған университет аспирантурасында оқитындар санының артуы дәлел. 1950 жылы аспирантурада 49 адам болып, оның 12-сі кандидаттық диссертация қорғады. Университеттің 30 оқытушысы кандидаттык, емтихандар тапсырьш, қорғауға әзірлік үстінде тұрды. Университеттің 10 доценті мен оқытушысы Мәскеу, Киев, Ленинград, Томск қалаларындағы жоғары оқу орындарының доктарантурасы мен аспирантурасына жолдама алды.

Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің нұсқауларын орындау сол тарихи кезеңде қалыпты жағдайға айналған-ды. 1948 жылы партия комитеті республикада жоғары білім берудің сапасын арттыруды бақылауға алу жөніңде шешім қабылдап, жоғары оқу орындарының жұмысын тексеруді жиілете түсті. Сондай тексеру барысында ҚазМУ-да «қоғамдық ғылымдар талапқа сай жүргізілмеуде» деген шағым түсіп, ол шағым СОКП Орталық комитетіне жеткен болатын. Көп ұзамай, КСРО Жоғары білім министрлігі университетке арнайы тексеру комиссиясын жіберіп, «кемшіліктердің орын алып жатқандығын растады. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайында қоғамдық ғылымдардың маңызды идеологиялық қаруға айналғанын ескерсек, ҚазМУ басшылығы үшін қоғамдық ғылымдарға жеткілікті көңіл бөлмеу ауыр қылмыс жасаумен бірдей еді. 1949 жылы 28 ақпанда КСРО Жоғары білім беру министрі С.Кафтанов «С.М.Киров атыңдағы Казақ мемлекеттік университеті Қоғамдық ғылымдар кафедрасының жұмысындағы өрескел кемшіліктер және оны жоюдың шаралары туралы» деген қаулыға қол қойды. Онда табылған кемшіліктер тізіліп көрсетіліп, кемшіліктер қатарына мыналар жатқызылған: «кейбір оқытушылар коғамдық ғылымдағы партиялық принципті ескермейді, семинарлар мен лекцияларда оқытушылар субъективизмге жол береді, Ресейдің қазақ халқына тигізген прогрессивті ықпалын бәсеңсітіп көрсету етек алған, марксизм-ленинизм кафедрасындағы он оқытушьшың бірде-бірінде ғылыми дәреже жоқ, студенттер арасында идеялық-саяси тәрбие жүргізу ісі төменгі деңгейде».

КСРО Жоғары білім министрлігі қоғамдық ғылымдарды оқытуда университетте жіберілген кемшіліктер үшін Т.Тәжібаевқа сөгіс жариялай отырып, ол кемшіліктерді жоюдың жолдарын ұсынды. Министрлікітің ұсынысы бойынша қоғамдық пәндерді оқытатын кафедраларда, атап айтканда, Марксизм-ленинизм, КСРО тарихы және Қазақстан тарихы кафедраларында партиялық сынды күшейте отырып, «формализмге және схоластикаға жол бермеу керек болды. Сондай-ақ онда Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Е.Бекмаханов лекцияларында «Ресейдің қазақ халқына тигізген прогрессивті ықпалы» мәселесі көбірек айтылуы керектігі де аталып көрсетілді. Е.Бекмаханов әзірлеген Казақ КСР тарихы бағдарламасы талапқа сай емес деп бағаланып, оны қайта әзірлеу керектігі министр бұйрығында орын алды [36].

Тоталитарлық идеология қысымы Т.Тәжібаевты университетте «кемшілік жіберген ұстаздар тобын» жазалауға итермелей алмады. Одақтық Жоғары білім министрлігі осындай сыннан кейін Т.Тәжібаев университетте тазарту жұмыстарын жүргізеді деген үмітте болды. Бұл жайды министр С.Кафтановтың Н.Ондасынов атына жолдаған хатында білдірген-ді. Ол бұл хатында Т.Тәжібаев сыннан сабақ алып, өзінің партия алдындағы адалдығын көрсету үшін алдымен университетте «саяси субъективизмге бой алдырғандарды қайта тәрбиелеуі тиіс, немесе олардан университетті бір жолата тазарту керек» екендігін айткан болатын.

Т.Тәжібаев ешкандай «тазарту» жұмыстарын жүргізбестен, бұрын жіберілді деп танылған кемшіліктерді жоюдың басқаша жолын қарастырды. Ондай жол ретінде сабақтың, яғни оқылатын лекциялар мен өткізілетін семинар сабақгарының сапасын арттыру жолын таңдап алды. 1949 жылдың күзінен бастап қоғамдық ғылымдар кафедраларында лекциялар мен семинар сабақтарына профессорлар мен оқытушылардың өзара қатысып, олардың сапасын талкылау мәселесі күшейтіле түсті. Осы оқу жылында қоғамдық ғылымдар кафедраларында 30-дан астам лекция профессорлар мен оқытушылар талқылауына түсті. Қоғамдық ғылымдар кафедралары тарапынан 38 ғылыми мақала, 12 брошюра шығарылды. Кемшілікгі жою бағытындағы бұл қадам республикалық үкімет тарапынан белгілі дәрежеде қолдаушылық тапты. Н.Оңдасынов университетте жіберілген кемшіліктерді жоюда Т.Тәжібаев атқарып жатқан іс-шараларды дұрыс деп бағалады.

Т.Тәжібаев университеттің білікті ғалымдары мен ұстаздарын космополитизммен және ұлтшылдықпен айыптаушыларға шама-шарқы жеткенше қарсы тұруға тырысып бақгы. Мәселен, космополитизммен айыпталған жалпы әдебиет кафедрасының ұстаздарын қорғаштауда да табандылық таныта білді. Олардың мәселесі университеттің партия ұйымы жиналысында қаралғанда, партия ұйымы орталықтың нүскауымен профессор Фридманды, доцент Блюменфельдті және оқытушылар Рубинова мен Жовтисті «Отанға қарсы әрекет етуші космополиттік пиғылдағылар ретінде көрсетуге тырысқанын Т.Тәжібаев өз көзімен көрді. Т.Тәжібаев оларға тағылып отырған кінәнің батыс әдебиетін жетік білулерінен туындап отырғанын жақсы түсінді. Батыс әдебиеті үлгілерін студенттерге жеткеруде ұстаздарды бұлайша сынға алу өзіңдік кері әсерін тигізбей қоймайтындығын да сезді. Сондықтан жалпы әдебиет кафедрасының ұстаздары мәселесін университеттің Ғылыми кеңесіңде тағы да қарап, оларда одан әрі қуғындалудан сақтап қалудың тиімді жолы ретінде сөгіс жариялаумен шектелу керек деп есептеді. Ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес жалпы әдебиет кафедрасының ұстаздары өз қателіктерін тез арада жойып, сыннан сабақ алулары тиіс болды [37].

Университеттің Е.Бекмаханов, Х.Бекхожин, Б.Кенжебаев секілді ғалымдары негізсіз айыпталып жатқанда Т.Тәжібаев оларға өз қол-ұшын созып, қамқорлық көрсетуге тырысты. Соған орай, Т.Тәжібаевқа «университетте ұлттық-буржуазиялық пиғылдағы Бекмахановты әшкерлеуге кедергі келтірді», «университетте саяси тәрбие жұмысын жүргізуді жеткілікті дәрежеде ұйымдастыра алмауда», «университеттегі профессорлық-оқытушылық құрамды іріктеуде кемшіліктерге жол берді деген айыптар тағылды. Оған сөгіс жарияланумен қатар жоғарыда аталған кемшіліктерді жуық арада жоймаса, ректорлық қызметтен босатылатындығы да ескертілді [38].

Тоталитарлық жүйе жағдайын да бюрократиялық топ билік тұтқасына ие болуына байланысты өзінің дегеніне көне қоймайтын интеллектуалдарға шыдамсыздық танытпай қоймайтын. Республикалық бюрократияға сол кезде Т.Тәжібаев «қалыпқа сыймайтын тұлға ретінде көрініп, оны қалайда ығына көндіруге тырысып бақты. Оны дегендеріне көндіру үшін орталық басылымдарға Т.Тәжібаевтың беделіне нұқсан келтіретіндей тапсырысты мақалалар жариялауды қолға алды. Сондай мақалалардың   бірі         1952 жылы 22 қарашада «Правда» газетінде жарияланды. «Қазақ университетінде сын қыспаққа алынған» деген атпен жарық көрген Е.Макаровтың мақаласында Т.Тәжібаев ҚазМУ-да «ұлтшылдарға қолдау көрсетіп, оларды сынға алуға жол бермеуде» деп көрсетілді. Сонымен қатар мақала авторы Т.Тәжібаевты университеттегі кадр мәселесіне селқос қарап, кафедраларда «кеңестік құрылысқа жат элементтердің» қызмет етуіне жол беріп отыр деп айыптады, «Правда» газетінің корреспонденті Е.Макаров Т.Тәжібаевты даттау деген осы екен деп ректор университет қаржысын оңды-солды шашып жатыр деп те байбалам салған болатын [39].

Осындай қысымшылықтар көп ұзамай Т.Тәжібаевтың ректорлық кызметтен кетуіне себеп болды. Осылайша, еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы саналатын ҚазМУ-дың, яғни    қазіргі   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дамуына, көркейіп, білім мен ғылымның ірі орталығына айналуына елеулі үлес қосқан Т.Тәжібаев тоталитарлық жүйе қыспағының әсерімен университет басшылығынан кетті. Алайда, университет басшылығынан кету Т.Тәжібаевтың беделіне, танымал қайраткер екендігіне көлеңке түсіре алмады.

Жұмыста бұдан әрі Т.Тәжібаевтың негізі 1944 жылы қаланған Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің алғашқы жетекшісі болып атқарған қызметіне зерттеу жасалды.

Т.Тәжібаев Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі қызметінде өзіндік өшпес із қалдырды. Оның сыртқы саясат саласындағы сіңірген еңбегіне тәуелсіз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болған Е.Ыдырысов былай деп баға береді: «Оның күш-жігері арқасында Қазақстанда шет елдермен мәдени байланыс қоғамының Бүкілодақтық бөлімшесі ашылды. Қазақстан мен Қытай, Моңғолия, Үндістан және басқа елдер арасында тығыз мәдени және ғылыми байланыстар орнатылды. Т.Тәжібаев уақыттан озып, сол кездің өзінде республикамызды толық көлемді тәуелсіз сыртқы саяси қызмет жүргізуге дайындады» [40].

Қазақстанда құрылған Сыртқы істер министрлігінің алғашқы басшысы қызметін атқару Т.Тәжібаевтың республикалық үкімет құрамындағы беделінің зор болғандығын айғақтайды.Оған 1954 жылы 6 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Т.Тәжібаевтың Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалуы дәлел бола алады [41].

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы             Д.А. Қонаевтың бірінші орынбасары Украинадан келген С.Ф.Николаев болды. Төрағаның екі орынбасары — М.Б.Бейсебаев (Көкшетау облысы партия комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы) пен И.Г.Слажнев (Қостанай облыстық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы) ауыл шаруашылғы мәселесіне жауап беретін болды. Өнеркәсіп саласы төрағаның орынбасары Р.М.Байғалиевқа, ал құрылыс мәселесі төраға орынбасары М.И.Горбуновқа (Свердлов облысы атқару комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары) жүктелді. Т.Тәжібаевқа болса төраға орынбасары ретінде мәдениет, ғылым, денсаулық және халық, ағарту мәселелері тапсырылды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде де Т.Тәжібаев өзінің іскерлігімен таныла білді. Мұны сол уақытта Д.А.Қонаевтың Т.Тәжібаевты Министрлер Кеңесінде нәтижелі еңбек еткендер қатарына жатқызуынан да аңғаруға болады. Осылайша ісіне ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қараған Т.Тәжібаевтың Министрлер Кеңесіңде онан әрі нәтижелі еңбек етуіне 1958 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қызметке шақырылуы бөгет болды. Ол Мәскеуге келісімен КСРО-ның  Үндістандағы елшілігіне жіберілетіні жөнінде, онда елшінің кеңесшісі болатындығы жайлы хабардар болды.

1955-1958 жылдары  Біріккен Ұлттар Ұйымына кеңес делегациясы басшысының  орынбасары, 1956, 1957 жылдары  делегация мүшесі, 1957-1961  жылдары    дипломатиялық  қызметке ауыстырылып,     КСРО елшісі  ретінде      Үндістанда болды. [42].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау «Т.Тәжібаевтың халық ағарту тарихына арналған мұрасы»

II.1 Ғалымның Қазақстандағы ағартушылық пен білім беру жүйесінің тарихын зерттеужегі ролі.

           Төлеген Тәжібаевтың қалам тартып, терең зерттеу жүргізген мәселелердің көпшілігі қазақ халқының өткен дәуірлеріндегі қоғамдық ой-пікірдің, ағартушылықтың, білім беру ісінің даму ерекшеліктеріне арналған. Сондықтан да ғалымның еңбектері әлі күнге дейін педагогика саласының мамандарын ғана емес, тарихшыларды да қызықтыруда. Себебі, оның бұл салада қалдырған мұралары Қазақстан тарихының ең күрделі кезеңі болып табылатын XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі дәуірге арналған. Зерттеушілерге ол тарихи кезең ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Өйткені, ол тұста патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының ықпалымен қазақ қоғамының болмысына елеулі өзгерістер еніп, тығырықтан шығудың жолдары іздестіріле бастаған еді. Мұндай жолды іздестірудің көш басында ұлттық зиялы қауым тұрды. Сол зиялы қауым өкілдерінің қызметі ағартушылық жұмыспен ұштасып жатты. Өскелең жас ұрпақтың бойында  ұлтжандылық   сезімін  ояту   ісі   ағартушылар   қызметінің бір қыры болды.Сонымен қатар Қазақстанның түрлі өлкелері мен аймақтарындағы оқу-ағарту істерінің жай-жапсарын егжей-тегжегейлі қамтитын зерттеулері де (1957) ұлттық тәлім тәрбиенің сонау патшалық заманда да өскелең ұрпаққа өнеге болғанын,білім берудің түйінді мәселелерін кеңінен сөз еткенін баяндайды.Осы орайда ол ұлттың, халықтың қам-қарекетін ойлайтын ұрпақ өсіру қажеттігіне баса мән беріп, ғылым мен білімнің, өнердің әр алуан салаларын меңгеру қажеттігінің         психологиялық         және        педагогикалық  тұрғыдан    жан-жақты қарастырып талдап берген. [43].                                                                                  Сондықтан Т.Тәжібаевтың сол дәуірдегі педагогикалық ой-пікірді зерттеуге арналған еңбегі өз маңыздылығын бүгінгі таңға дейін жоғалта қойған жоқ.

Көшпелі тұрмыс кешкен қазақ халқының ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік мол тәжірибесі бар екендігін Т.Тәжібаев өзінің зерттеу еңбектерінде негіздей отырып, қазақтар арасындағы тәрбие ұлттық дәстүр мен әдет-ғүрыптарға негізделгенін баса көрсетеді. Тіршілік, тұрмыстың әлеуметтік-экономикалық және тарихи-географиялық жағдайларға қарай көшпелі қазақ отбасыларында балалар мен жастарды тәрбиелеудің өзіндік талаптары (жастайынан еңбекке баулу, денесін шнықтырып өсіру, табиғат пен жан-жануарларды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет т.б.) болғанын Т.Тәжібаев алға тартады.

Қазақтың дәстүрлі халықтық педагогика тарихын терең түсінген Т.Тәжібаев халық ағартушылары — Ш.Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарын талдағанда да бұл мәселенің білгірі екендігін байқатты.

Тәжібаев еңбектеінің біразы халқымыздың өұлама перзенттері Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың психологиялық және педагогикалық көз-қарастарын зерттеуге арналған.Ол, әсіресе,Абайдың психологиялық көз-қарастарын көп жылдар бойына сарыла зерттеген еді. [44]. Ғалымның тұжырымдауынша,Абай тек асқан ойшыл, кемеңгер, ақын ғана емес, ол сонымен бірге қазақтан шыққан ірі философ, ол психологиялық білімдер жүйесін туған халқына насихаттаумен айналысқан ғұлама.Байырғы қазақ тілінің сарқылмас бұлағынан сусындай отырып, Абай ұлттық психологиялық ұғымдардың негізін қалады.Ол – қазақтың жазба әдеби тілінің негізін қалаумен ғана шектелмей, сонымен қатар ұлттық философиялық және психологиялық бәләмдер саласына қатысы бар ұғым түсініктерлі саралап, бұлардың ғылыми жағынан пайымдалуы жолында тер төккен адам.

Абайдың психологиялық  көзқарастары жайлы кезінде Тәжібаев жасағандар түйіндер соңғы кездері жүргізілген зерттеулерде одан сайын тереңдетіле, айқындала түсті.Абай еңбектерінде келтірілген психологиялық  психологиялық ұғымдардың көпшілігі өздерінің ғылыми мәні жағынан қазіргі психология ғылымында қолданып жүрген  атаулардан оншама алшақ кетпейтіндігі байқалады.Т. Тәжібаевтың Абайдың психологиялық мұралары жөніндегі болжамдары мен пікірлерінің ғылыми тиянақтылығын кезінде,кешегі Кеңес Одағының психологтары жақсы бағалаған еді. [45].

Т. Тәжібаев «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деген ғылыми зерттеу шығармасында былай деп жазады: «Абай  арнаулы психологиялық еңбектер жазған жоқ, бірақ оның шығармаларынан  психология мәселелері жөнінде аса қызық және сас бағалы пікірлер табамыз.Өзінің психологиялық пікірлері мен ұғымдарын көбінесе поэтикалық шығармаларында, сол сияқты өсиет-өнеге, үлгі сөздерінде (Ғаклияларында)» айқын көрсетіп  отырды.Сөйтіп Абай көптеген шығармаларында өзінің психология мәселелеріне көз-қарасын белгілі шамада толық айтып берген ең бірінші қазақ болып табылады. [46].

Белгілі психолог – ғалым Т. Тәжібаев мұраларының ішінде аса зейін қойып  көңіл аударалық өзекті мәселелердің бірі — өскелең ұрпақтың дүние танымдық көзқарасын қалыптастыру мен олардың ақыл-ойын, сана –сезімін өрістету бағытындағы кең көлемді зерттеулері.Оның бұл салада іздестірген ғылыми көзқарастары халқымыздың еліміздің көкей –кесті іргелі мәселелерімен  үндеседі.Атап айтқанда, өскелең ұрпақтың әр кезеңдердегі тәлім тәрбиесін, ұлтымыздың болашағын ойлап, халықтың салт – дәстүрлер негізінде тиянақты түрде меңгеріп отыру қажеттігіне баса мән беруі.Оларды өмір тәірибесінде қолданып отырудың пайдасы мен тәрбиелік мәніне өз еңбектерінде ерекше мән берген. [47].

          Т. Тәжібаевтың – ұлттық мінез бен этнопсихологияға, қазақ халқының этнопедагогикалық мұрасына байланысты да қалам тартқан ғалым, мамандығы бойынша психолог бола тұра Төкең әсіресе халқымыздың педагогикалық ой-пікір тарихын зерттеу ісінде  өзін аясы кең, алымы қарымды, білімі мол ғалым екендігін байқатты.  [48].

          Көрнекті ғалым Т. Тәжібаев Қазақстанда оқу-ағарту ісінің салалары мен санынан  басқа діттеген мақсаты болғанын да атап өтеді. Өйткені Ресей империясының өктем саясаты бұратана халық балаларын бағындырып, оларды неғұрлым уысынан шығармауды көздеді.Ал, жергілікті халықтардың балаларына білім беру аясы олардың тек күнделікті іс жүргізуге ғана қажеттілігі бар деп санап терең білім беруге құлықты болмады.Баяндалған жәйттерді қорыта айтқанда, Қазақстанның кең байтақ жерінде халыққа білім беру мәселесі Ресей империясының бұғауынан шыға алмайтын саясат шеңберінен аса алған жоқ.Себебі бұартана халықтар үшін ұлы державаның тарапынан жүргізілген шовинистік идеяның мақсат мүддесі көзделді.Мұндай пікірді кемел зерттеуші Т. Тәжібаев кешегі Кеңестік дәуірде –ақ өз еңбегңнде цифрлар мен фактілерді сөйлету арқылы баяндай отырып, оқу-ағарту ісінің түйінді мәселелерін ғылыми зерттеу тұрғысынан көрсете білді.Сондықтан өнегелі ұстаздың халық ағарту ісі саласында жүргізген зерттеулері бұдан былайғы кезеңде де егемен елімізде оқу мен білімді, өнер мен мәдениетті ұлттық сипатта дамытуға жетекші болатындығына ешқандай күмән келтіруге болмайды.

           Ұлағатты ұстаздың көлемді де ауқымды моногрфиялық еңбегі  «Қазақстанда XIX  ғасырдың  II  жартысындағы оқу ағарту істері » деп атлады. Бұл еңбекте Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ даласындағы оқу-ағарту ісі мен өскелең буынға білім беру жәйттері кеңінен сөз болады.Осы еңбекте сол кездегі оқу орындарындағы тәлім –тәрбие істерінің қандай бағытта жүргізілгеніне айрықша мән бере отырып, оның өзекті деген мәселелеріне ғана талдау жасайды.Осындай күрделі мәселенің жай-жапсарын ашып көрсету үшін XIX   ғасырдың    II жартысындағы кең байтақ қазақ жеріндегі оқу ағарту істерінің түрліше сипатта болғанына жан-жақты анықтама береді. Сондай-ақ сол кездегі жергілікті халық балаларына ұлттық тұрғыда білім берумен бірге, өлкемізді мекен еткен өзге халықтың балаларын оқыту ісінің қандай бағдар-сипатта жүргізілгенінің қыр-сырын баяндайды. [49].          Тәжібаевтың ұлттық  патриоттық сезімін  паш  ететін     тағы  бір  байыпты  еңбегі  «Қазақстанның ауылдары мен мектептерінде қазақ балаларын тәрбиелеу »  атты моногрфиясы. Еңбектің «Халықтық педагогиканың негіздері » деген тармақшасында  Кеңестік тоталитарлық саясат үстемдік құрып тұрған кездегі халық педагогикасын арнайы сөз етіп, оған терең мән беруі автордың әрі көрегендігін, әрі батылдығын байқатады.

           Бұл еңбекте  он екінші он үшінші ғасырлардағы қазақ тайпаларының жүзге бөлінуіне, көшпелі өмірді бастан кешіре отырып, ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне (әсіресе ұлттық ойын, батырлық өнер, салт дәстүр үлгісінде ) ерекше мән беруіне, қазақ, өзбек, түрікмен, қырғыз елдерінің мәдени-экономикалық байланысына арнайы көңіл бөліп, салт-дәстүрлердің тұрмыс –тіршілікпен, мұсылман дінімен байланысты  туындауын дәлелді пайымдауы оқырмандарды  қызықтырады.Мәселен, Т. Тәжібаев  түрікменнің «Көрұғлы», қырғыздың «Манас», қазақтар мен өзбектердің  «Алпамыс», қазақтардың    «Қозы  Көрпеш    Баян сұлу», «Ер Сайын» , «Ер Қосай », «Орақ Мамай» жырлаында суреттелетін ат жарыс, жаяу бәйге, күрес, теңге алу, садақ ату, көкпар, аударыспақ  т.б ұлттық ойын түрлерінің ұқсастығын шаруашылық кәсіппен, тұрмыс-тіршілікпен байланыстыра қарастырады.

          Сондай-ақ  «Ләйлі-Мәжнүн», «Шах-Намә» поэмаларының «Қыз Жібек», «Қозы көрпеш Баян сұлу» жырлары мен мазмұндық жағынан үндес келуін шығыс елдерінің салт –дәстүрлерінің бір-біріне  (әсіресе қыз айттыру, құда түсу  т.б) ұқсастығынан деп қарайды.»Бұл шығармалардың  бәрінде халықтардың көксеген мұрат-мақсаттары жырланады.Олардың өткендегі аңсау арманы, бостандығы мен тәуелсіздігі үшін  күресі, қуаныш, думаны мен аза, қайғысы, дүниеге келуі мен дүниеден өтуі, бір сөзбен айтқанда, адам баласына тән барлық қуаныш пен күйзеліс кең түрде орын алған » ,- дейді.

         Т. Тәжібаев қазақ, қырғыз  елдеріне  тән ауыз әдебиетінің ерекше жанры айтыс өнерінің мағынасына, қоғамдық – тәлімдік мәніне арнайы тоқталып талдау жасаған. Төкпе ақындардың тапқырлығы мен шешендігіне, поэтикалық өлең үндестігіне ғалым ерекше көңіл бөліп назар аударған.

          Осы еңбегінде ғалым халықтың бай іс- тәжірибесіне негізделіп ой қорытқан мақал-мәтелдердің тәлімдік мәнін ашуға зер салған. Оның пайымдауынша, мақал-мәтелдер қамтымайтын тақырып кем де кем. Әсіресе, халықтың өз ұрпағын адал еңбек етуге, ерлік пен адалдыққа, шыншылдық пен парасаттылыққа, достық пен адал махаббатты дәріптеуге шақырған мақал-мәтелдердің мол екенін нақтылы мысалдар келтіре отырып дәлелдеген.

           Ғалымның  назарынан ұлттық ойындар мен тұрмыстық  салт-дәстүрлерге байланысты туған өлең-жыр, әндер де тыс қалмаған. Ғалым тұрмыстық өлең –жырлардың қазақ халқының өмірімен, ата кәсібі мал шаруашылығымен байланысты туғаны, рухани байлықтың материалдық байлықпен тығыз байланыста дамитыны жайында ой қорытады. Бұл жерде автор Қазан төңкерісіне дейінгі орыс, батыс саяхатшы ғалымдарының ой-пікірлерін    келтіре отырып, қазақ халқының психологиялық  ерекшеліктерін арнайы сөз етеді. «Жастайынан сар далада мал соңында ат үстінде болу қазақ балаларын көрегенділікке , қырағылыққа, шыдамдылыққа  үйретті…малды түстеп айыру олардың есте сақтау қабілетін дамытты… Жұмбақ айту, айтыс өнері ой  зеректігіне , тапқырлыққа  баулыды… Қонақ күту кәделері, ойын – тойлар ізеттілікке, үлкенді сыйлауға , өнерлі адамдарды қастерлеуге  үйретті »,- дейді.

          Автордың пайымдауынша, ат үстіндегі және жаяу спорттық ойын түрлері жастарды күштілікке, шыдамдылыққа, ептілікке, қимыл-қозғалыстың дәлдігіне, батырлыққа, шымырлыққа денелерін шыңдайды, тәуекелшілділікке тәрбиелейді. Ал  бәйге,  сайыс, аударыспақ, тізгін  таласу, қыз қуу, бүркіт салу, теңге алу, күрес, жаяу бәйге, арқан тарту, т.б спорт ойындары жастарды жауынгерлік  пен өжеттікке, шабандоздыққа  шыңдаудың  ұлттық тәрбие  ментебі деп жоғары  бағалайды.

          Т. Тәжібаев  қазақ баласын атқа отырғызудың өзіне үлкен мән бергендігін, 5 жасқа келген баланың  атқа мінгізу  тойын  қалай сән- салтанатпен өткізетініне айрықша көңіл бөлген.Ғалвм « Қазақ баласының ат құлағында ойнауы, жылқы малын танып,баптап  мінуі, «ер қанаты  —  ат » деп жүйрік тұлпарды ел қорғаушы батырлармен тең санауы көшпелі өмірдің қажеттігінен, сан  ғасырға  созылған жаугершілік заман талабынан туындаған халықтық  салт- дәстүр»  деп әділ  баға береді. [50].

Казақстандағы ағарту ісі жүйесінің өзіндік бірнеше ғасырға созылған тарихы бар. Оның өзі түрлі кезеңдердегі саяси ахуалдармен тығыз байланысты. Сондай кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның патшалык Ресейдің шеткері отар аймағына айналған дәуірін ерекше бөле көрсетуге болады. Бұл кезең XIX ғасырдың екінші жартысына сай келетіндігін Т.Тәжібаев былайша білдіреді: «XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстаңдағы мектеп ісі мен ағартушылықтың дамуында өзіңдік маңызға ие. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуының аяқталуымен 1867-1868 және 1891 жылдары жүргізілген әкімшілік реформалар орыс тұрғындары арасында ғана емес, сонымен бірге қазақтар арасында да білім беру ісінің, мектептердің дамуына елеулі ықпал етті. Егер XIX ғасырдың 60-жылдарына дейін Қазақстанда мұсылмандық мектептер үстемдік кұрса, ендігі жерде орыс-қазақ мектептері қалыптаса бастады. Сонымен қатар, патша өкіметінің отаршылдық саясаты қазақтардың мәдениетіне тосқауыл қою мақсатында қазақ балаларын мектепке тартуда аса кұлшыныс танытпады. Қазақтардың ұлттық, ана тілінде білім алуына тосқауыл қою үрдісі етек алды» [51].

Кеңестік дәуірде қоғамдық ғылымдарда салтанат құрған маркстік-лениндік методологияға сәйкес Т.Тәжібаев XIX ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі тарихының зерттелу деңгейіне шолу жасай отырып, патшалық дәуірдегі зерттеушілердің тұжырымдарын сынға алады. Оның кеңестік идеология талаптарынан ауытқымауға деген талпынысы зерттеу барысында айқын аңғарылғанымен тарихи шындықты объективті тұрғыда көрсетуде ерекшелігі болды. Ондай ерекшелік қатарына XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы орыс зерттеушілерінің білім беру саласындағы ұлы державалық сипаттағы, орысшылдық рухтағы тұжырымдарын өткір сынға алуын жатқызуға болады. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының сойылын соғушы орыс зерттеушілерінің орыс білім беру жүйесін империяның шеткері аймақтарындағы жергілікті халықгың «көзін аштың деген біржақты тұжырымына Т.Тәжібаев келіспейді. Ол патша өкіметі құрған шеткері аймақтардағы білім жүйесінің жергілікті халықты орыстандыру ісімен ұштастырылғандығын, сөйтіп ұлттың рухани болмысына кері ықпал еткендігін алға тартады. Бұл ретте ол Казақстанда орыс үстемдігіне дейін мұсылмандық мектептер мен медреселердің халық ағарту саласында елеулі рөл атқарғандығын дәлел ретінде ұсынады.

Патша өкіметінің 1870 жылы 26 наурызда бекіткен ережесіне сәйкес ұлттық аймақтарда орыс-түзем мектептерінің ашылуы мәселесіне Т.Тәжібаев салмақты тұжырым жасайды. Оның айтуынша, орыс-түзем мектептері қазақтар секілді империяның шеткері аймақтарыңдағы халықтардың сауаттылық деңгейін арттыруда елеулі рөл атқарды, сондай-ақ бұл мектептер жергілікті халықтарды орыстандыру бағытындағы шаралардың жүзеге асырыла бастауының көрінісі болды.

Орыс-түзем мектептеріне қатысты Т.Тәжібаев тарапынан жасалған тұжырым халық ағарту ісінің отарлық дәуірдегі тарихына объективті баға берудің көрінісі болатын. Өйткені, орыс-түзем мектептері оқу-ағарту ісін орыс емес халықтарды орыстандыру, орыс мәдениетіне жақындастыра түсу мақсатында дүниеге келген еді. Ондай мектептерді қалыптастыруда шеткері аймақтардағы билік орындарының ұсыныстары ескеріліп, Н.И. Ильминскийдің жүйесі басшылыққа алынған-ды.

Т.Тәжібаев Орынбор шекаралық комиссиясы жанында 1850 жылы құрылған қазақ мектебінің тарихына еңбек арнаған зерттеуші болды. Ол бұл монографиясында аталмыш мектептің құрылу алғышарттарына, қызметіне және онда білім алған қазақтарға қатысты көптеген деректік материалдар негізінде патша өкіметінің халық ағарту саласындағы ұстанған саясатын жан-жақты ашып көрсеткен.

«Патша әкімшілігі, — деп жазды Т.Тәжібаев, — қазақ мектебінің алдына тек тілмаштар мен іс-кағаздарын жүргізушілерді даярлауды ғана қойды. Билік орындары мектептің тәрбиеленушілерінің терең білім алып, жаратылыстану ғылымдарынан хабардар болуына мүдделі болмады. Әкімшілік орындары оқу мен күнделікті өмір арасындағы байланыстың орнауын қаламады. Мектепте тек элементарлы білім беру, тілмаштыққа, іс-қағаздарын жүргізуге баулу ғана жүзеге асырылды. Тіпті, әскери тәртіп негіздерін мектепке енгізуді әскерилерден тұратын басшылық қажетсіз деп тапты».[52]

          Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан құрылған қазақ мектебі Т.Тәжібаевтың пікірінше, патша өкіметінің халық ағарту саласындағы ұстанған саясатының айнасы болып табылатын. Бұл мектепте де білім алушыларға орыс үстемдігінің «өркениеттік миссия» атқаратындығы барынша сіңіруге күш салынды. Т.Тәжібаев бұл мектепте де орыстандыру лебі сезіліп тұрғанымен қазақ балалары өзінің сауаттылығын көтеруге мүмкіндік алды деп санайды. Осы себепті ұлы державалық пиғылдағы шенеуніктер қазақтар арасына білім тарататын мұндай оқу орнының болуын қаламады. Сол себепті Н.И.Ильминский секілді миссионер ғалымдар Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы қазақ мектебін жабуға күш салды.

XIX ғасырда педагогикалық ой-пікірдің, ағартушылықтың және білім беру жүйесінің тарихына қатысты мол ғылыми мұра қалдырған Т.Тәжібаевты республикамыздағы қоғамдық ғылымдардың онан әрі дамуына өзіндік серпін берген ғалым ретінде қабылдауымыз керек. Оның ғылыми еңбектерінің құндылығы әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпауда. Тіпті, қоғамдық ғылымдардағы өзекті мәселелерді шешуде өз пайдасын тигізе беретіндігіне күмән келтіруге болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.2  «Ұлы тұлға ұмытылмайды»

 Ғалым, педагог-психолог, жарқын тұлға,мемлекет қайраткері, дипломат  Төлеген Тәжібаев – халқымыздың бір туар ұлдарның бірі. Төкеңнің өмірбаяны  көпшілікке белгілі.Ол Оңтүстік Қазақстанда  1910 жылы дүниеге келіп, өзінің барлық саналы  өмірі қиын қыстауы мол Кеңес мемлекеті кезеңінде өтті.Ол 1928 жылы Шымкент қаласында педагогикалық техникумды үздік аяқтап, сол оқу орныныда ұстаздық қызметке қалдырылады.Техникумды бітіре салып оқытушылық қызмет атқару жас маманның ерекше білімі мен дарындылығы, табиғи қабілеттілігі бірден көзге түскенін білдіреді.Жас жеткіншек сол заманғы аумалы –төкпелі өмірде өз болашағын ғылымға,ұстаздыққа айтарлықтай табандылықпен, қызығардық тұрақты бет бұрғанын байқатады.Халқымыздың қалың ортасында өскен жас түлек 1931 жылы ерекше талапкерлік білдіріп, академияның «психология»  мамандығы  бойынша аспирантурасына түседі.Ол кезде қазақ баласының орыс тілінде оқып, аспирант болуы таң қаларлық жағдай екенін айтуға болады.Әрине, аспирантураға өз бетімен түсуі, бәсекеге таласқан орыс  жігіттерінен озып шығуы, Москва профессорларының   қазақ баласына көңіл  аударуы да Төкеңнің жарқын бейнесін, ақыл парасатының артықшылығын дәлелдейтіні сөзсіз.Төлеген  Тәжібайұлы 1931 жылдан бастап қазақстан жоғары мектебінің  қара шаңырағы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.осы институтта қызмет      атқара  жүріп      1939 жылы    бүкілодақтық     маңызы бар «К. Д. Ушинский  —  Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін қалаушы  »  деген  тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.1939 жылы ғылым кандидаты болу өте сирек кездсетін оқиға еді.Диссертация тақырыбының өзі жас ғалымның күрделі және қиын мәселені қозғап, осы салада жан-жақты талдау жасай отырып, өте зор еңбек атқарғанының кепілі.Талабы мол өте байыпты, табиғи ақылы, ой-өрісі ерекше тұлға республика басшыларының назарын аударып, Төлеген  Тәжібаев  Қазақ  ССР Ағарту наркомының орынбасары, онан соң Нарком қызметіне тағайындалады.30 жастағы жігіттің нарком болуы да кездейсоқ оқиға емес.Төкеңнің педагогика психология ғылымдары саласындағы терең білімділігі, табиғи дипломаттық ерекшеліктері ол кісінің Қазақстандағы   тұңғыш сыртқы істер министрі қызметіне  тағайындалуынан көрінді.

1944-1957 жылдары Төлеген Тәжібайұлы республиканың дипломатиялық  ұйымын басқарды.Осы қызметінің нәтижесінде Төкең Біріккен Ұлттар Ұйымының бесінші сессиясында Совет делегациясының құрамында болып, Америка Құрама Штаттарына ресми барып  қайтқан алғашқы қазақ азаматы болғаны белгілі. Төлеген  Тәжібайұлы 1948 жылы  Қазақстанның  мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.1949 жылы оған рпофессор атағы берілді. Мен Төкеңді 1949 жылдан өмірінің соңғы мезгіліне дейін білуші едім.Әсіресе  ректор болған кезінде және  Қаз МУ-дың  педагогика және психология кафедрасын  меңгерген жылдары жиі кездесетінбіз.Ол кісінің маңғаздығы, ерекше бір байыптылық,өзіне тән салмақты сабырлылық, жастарға аса зор қамқорлығы, кішіпейіл адамгершілік қасиеттері қазір еске түседі.Төлеген Тәжібайұлы ректор, прфессор, ғылым докторы, академик,бүкіл Совет одағына белгілі қайраткер, дипломант бола тұра   студент, аспирант, жас мұғалімдерге қарапайым, қамқоршы әке ретіндеқызмет атқарды.Мен аспирантурада оқып жүргенде,кейіннен оқытушылық қызметте болғанда да Төкеңнің  жатақхана аралап, әрбір бөлмеде студенттермен кездесіп, ақыл – кеңес берген кездерін көрген едім. Ол кісі ректор болған кездері студенттерді қабылдауының бір ерекшелігі бар еді. Үлкен кабинетке 40-50 баланы кіргізіп әрқайсысының мұң –мұқтажын әдептілікпен сұрап, оларға бірден жауап беріп көмегін көрсететін.Төкең үлкен адам бола тұрып өзіне тән  ерекше мәдениетін, өте білімділігін барлық жағдайда  ұстамдылық пен адамгершіліктің тамаша үлгісін қалдырған азамат. Төлеген Тәжібайұлы қазіргі жастарға, болашақ ұрпаққа ізгі жол сілтеген халықтың мақтаулы ұлы болып мәңгі есте қала бермек. (Б.Әубәкіров (академик))

1961 жылдың қараша айының соңы, желтоқсанның соңы болса керек.ҚазГУ-дің үлкен залында партия комитетінің есеп беру –сайлау жиналысы жүріп жатты. Баяндама аяқталып,коммунистер жарыс сөзге шығып,енді партия комитетінің жаңа құрамына мүшелер ұсынғанда Төлеген Тәжібаевтың да есімі аталды.Бір кезде кескін келбеті келісті,кең маңдайлы, қалың қасты, өткір көзді,қара шаштарының етегін қырау шалған, бидай өңді, сыпайы киінген Төкең залға қарап : «Құрметті, коммунист жолдастар! Мен сіздерді өте сыйлаймын. Мен Ленин партиясының солдатыретінде қайда жіберсе де, ешқашан бас тартқан емеспін.Биыл жазда ғана Үндістаннан оралдым.Мен халқыма қарыздар адаммын.Профессор, академик деген атақты бердіңіздер.Сол таақты ақтау үшін жазып жүрген монографиямды аяқтаймын. Соны бітіргеннен кейін қандай тапсырма берсеңіздер де, мен орындауға дайынмын, қазірше мені сайламай қоя тұрыңыздар» , — деп сөзін аяқтады.

Сөйтсек,  бұл 1962 жарық көрген « XIX  ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу ағарту ісі  мен мектеп» деген көлемді 11250 дана тиражбен жарық  көрген монографиясы туралы екен.Т. Тәжібаевтың өзіміздің өлкемізде, Арыс ауданында туғанын кейін білдік.Сонан екі күн өткен соңфилософия факультетінің бастауыш партия ұйымының кабинетіне партиялық жарна төлеуге келсем, секретарымыз А. Першин, оның орынбасары Лениншіл Рүстемов, белгілі ғалымдар Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Т. Тәжібаев отыр екен. Төкең маған қарап : « О , кешегі жаңа құрамға  сайланған жігіт сен емссің бе? Мен сені юрфактан екен десем ,филфактан екенсің ғой. Құттықтаймын. » деп қолымды қысты.

Университет студенттерінің дәстүрге айналған бір салты ҚазГУ-де қызмет ететін, сонда оқитын оңтүстік қазақстандықтар немесе бір ауданнан жерлестер бірлесіп суретке түсетін еді.

Мұндай шараны көбінесе жоғары курс студенттері  өздері ұйымдастыратын.Осы жылғы ұйымдастыру кезегі маған тиді ме, мен Төкеңе келдім.Ол кісі КазГУ-де педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болатын.

Кейінірек  КазГУ-ді бітірушілермен суретке түсуге шақырдық, онда да, бізбен бірге түсті. Ол  1963 жылдың жазы болатын. Кейін суреттерді апарып бергенімде : «Қарағым, мынау бір жақсы естелік болды-ау» — деп, маған ризашылықпен айтты.Үлкен адамның ризалығы, оның алғысы көңіл-күйіме керемет  әсер етіп,қанат байлап шыққандай болдым.

СССР-дің Біріккен Ұлттар Ұйымына делегацияның мүшесі ретінде 1950-57-61 жылдары АҚШ-тың президенті Ф. Рузвельт, Англияның  премьер-министрі Ч. Черчиль, Үндістанның премьер-министрі Жавахарлал неру, Вьетнамның президенті Хо-ШИ-Мин және тағы басқа көрнекті ірі-ірі мемлекет, саяси-қоғам қайраткерлерімен кездескендерін естігінде таң-тамаша қалып,даңқты жерлесімізді зор мақтан тұттық.Сол сияқты Ушинскийдің, Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың философиялық, педагогикалық, психологиялық тәрбиелік маңызы зор еңбектерін зерттеп, халық ағарту, моральдық тәрбие мәселелеріне бірнеше кітап арнағанын да, Отан игілігіне  еңбегі үшін  Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен  наградталғанын да сол жолы естіп-білдік.

…Арыстағы балалар үйіне барып,оның музейін көрдім.Балалар үйінің директоры Қондыбай Тасқынбаев музейді аралатып,онда қойылған экспанаттармен таныстырды.Сөз кезегінде Төкеңді асырап өсірген, өкіл әкесі Кабановтың семьясынан кімдер бар деп сұрағанымда:

— Шымкентте бір қызы тұрады, деді.Сұрай-сұрай Мекенін де табуға болады дегендей, ақыры сексен үш жасқа келген, қарт коммунист Мария Ивановна Кабановға да жолықтым.Ол Төлеген Тәжібаевтың атын атағанда қуанышынан көзіне жас алды.Арыста балалар үйінде сақталған суреттерін көрсеткенімде: «Мынау Төлеген ғой, мынау Азиза,мынау Ерлік, қой»,-деп суретті көкірегіне басып, бетіне тигізіп,ағыл-тегіл болып жылымасы бар ма.Онан соң Төлегеннің балалық шағын суреттеп берді.Төлегенді әкем мен анам, үлкен ағам Петр жанындай жақсы көретін еді.Петя қазақша судай білетін.

— Мен: «Мария Ивановна, сіздер Төкеңді қалай таптыңыздар?»-

 дедім.

             — Ой, шырағым-ай несін айтасың,ол кез өте ауыр еді ғой,- деп ауыр күрсініп, әңгімесін бастады: ол кез жаңа мен ескінің, ақ пен қызылдың айқасы мен шайқасы еді ғой.Ол бір жағынан, екінші жағынан, жерге шөп шықпай тақыршылық ашаршылыққа ұласты.Тек темір жолда жұмыс істегендер ғана тірі қалды емес пе. Олар нан жеп тірі қалды.Ал мал мен егін шаруашылығымен айналысқан қазақтар көп қырылды.Ол кезде Арыс станциясының күн шығыс жағында ауылдың шетінде тұратынбыз.Әкем Иван Төлегенді шала-жансар болып  жатқан жерінен үйге әкелді. «Үш күндей аздап-аздап сүт, нан беріп,әліне келтіріп алдық» ,- деп айтып отырушы еді.Ол кезде мен он жаста едім.Әкем оны Ташкентке апарып, қаратып,жаздырып алды.Өзімізге лайық уақ мал мен сиырларымыз болатын.Петяның қасынан қалмай соларды бағатынКейіннен  әкем сол малды Сырдария бойында тұратын қазақ тамырларына бағып бер деп беріп жіберді.Әкем де анам да қазақша білетін.

            Төлеген жас кезінде музыкалық аспаптарға қосылатын ән салатын.Сауықшыл болатын.Әкем Төлегенді «Толик» деп қасынан тастамайтын.Шашы қою, қап-қара болып қайта шықты. Әкем қыркүйек айы болса керек, Петя мен Төлегенді оқуға беремін деп алып кетті.Бұл 1920 жыл болатын.Оларды балалар үйіне апарса, Петяны алмай Төлегенді қабылдапты.Сол балалар үйінде жатса да, демалыс күндері үйге келіп, балалармен ойнап, мауқын басып кетуші еді.Төлеген семьямыздағы ең сүйікті әрі сүйкімді бала болатын.Ол өтірік айипайтын,не тапсырса да аяғына жеткізбей тынбайтын

             Төлегеннің алғырлығы мен пайымды-парасаттылығына әкем марқұм қайран қалатын.Әкем сол қолы босаса болғаны «Толиктен хабар алайыншы», — деп барып,мұғалім-бастықтарынан : -Біздің баланың оқуы қалай? – деп сұраса, ондағылар: «Сізге дән рахмет,балаңыз жақсы,өте тәрбиелі,тәртіпті, бір көргенін жазбай үйреніп, естігенін лезде жаттап,жадында сақтап ала қояды,өзінің ойын, оқып білгенін біреуге жеңіл де түсіндіре алады» -дейді екен.

             Әкем үйге келіп, тек Төлеген, Толик тірі болсын,тірі болса,бір жерден шығар деп,қуанып отырушы еді.

             Арыстағы балалар үйінің жанындағы жеті жылдық мектепті өте жақсы бітірген соң,Шымкент қаласындағы педагогика техникумында оқыды.Жамбыл қаласында мұғалім болып істеді.Бізбен жиі хат жазысып,қатынасып тұратын.

             Алматыдан Москваға, Америкаға баратын болса да,бізге соқпай кетпейтін.Мен бір ретте Төлегенді танымай қалдым. «Уақыт аз,барып- шығуға мүмкіндігім жоқ,вокзалдан келемін келе ғой » — деді.Кетіп бара жатсам Төлеген дауыстады.Жалт қарасам,үстінде көк сұр, генерал формасы бар екен.Кейін Үндістанға елші болып кетті.Кейін Москвада ауруханада жатып,маған бірнеше рет хат жазды.Соңғы хатында «жазылып қайтармын,келем демей-ақ қой, аты жаман ауру дейді,дәрігерлер.Қайдам » — деп жазыпты.Бұл 14 май 1964  жылы жазған хаты еді,- деп Төкеңнің хатын көрсетіп,соңғы сәлемі екен ғой деп,көңілін босатып алды.Кешікпей-ақ, қайтыс болды деген суық хабар жетті.

            Клавдия Ивановна «Шіркін,Төлеген жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар – дегендей, жетімдіктен жетілген, жігіттің жігіті, кісінің кісісі,- деді.Көңілі көктем, жаны жаз, жақсының жақсысы еді ғой.Ол мейлінше адал еді.(Қ. Рысбеков (доцент)). [53]

Төлеген Тәжібаев қазақтың белгілі ғалымы, үлкен қоғам қайраткері еді.Ол кісімен Халық комиссарлар кеңесіне қызметке ауысып келген тұста таныстым.Кейін қызметтес болдық.Соғыстың күйіп тұрған уақыты, мұрнымыздан шаншылып жатамыз. Соған қарамастан ел тағдыры, халқымыздың болашағы, оның ертеңгі ұрпағыжайындағы ортақ әңгімеміз таусылмас еді. Төкең қазақтан тұңғыш дипломат, республиканың алғашқы Сыртқы істер министрі, ол ұзақ жылдар бойы Қазақ мемлекеттік университетін басқарып, оның қалыптасып, қанат жаюна зор үлес қосты.

Мен Ғылым академиясында жұмыс істеген кезде, ұмытпасам  1954 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының  академигі болып сайланды. Тәжібаев қоғамдық,  мемлекеттік қызметті зор ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштастыра білген оқымысты.Психология саласындағы зерттеулері қазақ топырағында осы ілімнің дамуына, оның дұрыс қалыптасуына игі ықпалы тиді. [54]

Төкең қазақ  зиялыларының арасында өзінің мәдениетімен, парасаттылығымен, сүйкімділігімен, білімділігімен бүкіл Қазақстан жұртшылығыныңестен кетпес тұлғаларының алдыңғы қатарынан орын алады.Қазақтың бәріне бірдей қарауы, таланттарды байқап, бағалай білуі және қамқоршылдығы үшін Төлеген   Тәжібаевты  Жүсіпбек Аймауытов Шымкент техникумының директоры кезінде (1926 жылдары) оны техникумның комсомол ұйымының бірінші хатшысы етіп бекітеді.

Төлеген Тәжібаев  —  университет ұжымының сүйкімді, жақсы көретін ректоры болды.Студенттерге мазмұнды, көлемді баяндаманы жиі жасайтын. Тәжібаевтың баяндамасын тыңдауғапрофессорлардан бастап, студенттер түгел қатысатын.

Төлеген Тәжібаев басқа атақты кісілер сияқты 1948-1954 жылдары қазақстандық ішкі репрессияға да ұшыраған. Кейін Қазақ ССР Сыртқы істер Министрі болады.1955 жылы В:М:Молотовпен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының сессиясына қатысып, Опека елдерінің комитетін бсақарды. Үлкен баяндама жасайды.Бірде Біріккен Ұлттар Ұйымының сессиясынан кейін Қазақтың мемлекеттік университетінде кездесу болды.Ол баяндамасында Біріккен Ұлттар Ұйымының структурасы туралы, өзінің подкомитетті  басқарғанын, Американың жан-жақты жетістігін екі сағаттай әңгімелеп берді. Баяндама біткеннен соң профессорлар мен студенттер орындарынан тұрып, ду қол шапалақтап, оны үлкен құрметпен шығарып салды.

             Өкінішке орай, Төлеген Тәжібаевтың аты көп жылдар бойы ескерілмей келіп, беріде 34 жылдан кейін ол тұрған үйге мемориалдық тақтай әкеліп қойылды.

               Төлеген Тәжібаев Әлкей Хақанұлы Марғұлан, Санжар Жафарұлы Асфендияров сынды елімізге еңбегі сіңген көрнекті тұлғалардың бірі еді.(Серікбаев М.геолог-картогроф)

Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев 1951 жылдың бас кезінде Нью-Йорктен Біріккен Ұлттар Ұйымының бесінші сессиясының жұмысынан оралып, Алматыға келген соң Өазаө университетінің студенттері мен ұжымына арналған Жаңа жылдық жиын өткізді.Жиын сол кездегі астанамыз Алматы қаласындағы ең әсем, әрі көрікті ғимарат Абай атындағы Опера және балет театрында өткізілді. Естуімізше, театр ғимаратын университет ректораты жаңа жылдық мерекені өткізу үшін әдейі  жалдап алыпты.

Салтанатты жиында ректорымыз Төлеген Тәжібайұлы  екі сағат бойы қарапайым әңгіме стилінде баяндама жасады. Ол  кезде Төкең  Қазақ университетінің ректоры, профессор, Қазақ ССР-нің Сыртқы істер министр қызметін қоса атқаратын. Бұл кезең Төкеңнің ССРО-ның Біріккен Ұлттар Ұйымының ассамблеясының делегация құрамында болып,сессиядан келген кезі болатын.ТөлегенТәжібайұлы әңгіме-баяндамасында Америка туралы, Нью-Йорк қаласында  бірнеше ай бойы жұмыс істеген  БҰҰ-ның ассамблеясы туралы әлемнің түпкір-түпкірігдегі орасан мол, жан-жақты қамтылған сан алуан оқиғалар жайында бай материалдарды, қызықты оқиғаларды шұрайлы тілмен, дипломаттық  біліктілікпен баяндап берді. Біз ол кезде логика – психология бөлімінің жоғары курс  студенттері болатынбыз.Сөзге шебер, дипломат, білгір ұстаз – ректорымыз Төкеңнің сөзінен біздер, әсіресе студенттер, әлемнің тыныс тіршілігі  жайында қолмен жазса бірнеше томдық  еңбек болатын мазмұнды хабарынан нәр алып, ұлағатты ұстаз  сөзінен көңіліміз тасып, жиыннан шығысынан кемеңгер адамның, біздің ректорымыз екеніне мақтанып, мерейіміз тасып, шаттық сезімге бөленетінбіз.Шіркін, өмір тіршілігі-ай десеңізші! Сол кезде Төлеген Тәжібайұлы әлемге аты мәшһүр болған дипломат, министр, университет ректоры қылшылдаған қырық жаста екен ғой. [55]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қорытынды» бөлімінде зерттеу жұмысының жетістіктері  жұмыстың мазмұнынан туындайтын тұжырымдар  жасалынады.

Азамат жайлы ең әділ баға беретін — тарих, уақыт. Тарих алдында пенденің бәрі бірдей. Тарих ертелі-кеш әркімді өз орнына қояды. Кез келген дәуірдің ерекшелігі де, мәні де жеке тұлғалар арқылы анықта-лады. Тарихты халық жасағанымен, тарихи даму заңдылықтарына сәйкес ауқымды мақсаттарды заманның біртуар азаматтары, нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі.

Еліміздің тарихында өзіндік терең із қалдырған, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әйгілі ғалым, академик, педагогика ғылымдарының докторы Төлеген Тәжібаевтың өмір жолы, өскен және білім алған ортасы, атқарған қызметі, соңында калдырған мол ғылыми мұрасы зерттеушілердің назарын өзіне аудартпай қоймайтындығының өзіндік себептері бар. Ондай себептер қатарына: біріншіден — Т.Тәжібаевтың кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайында еліміздің халық ағарту саласына, сыртқы істер ведомствосына және жоғарғы оқу орындардың қара шаңырағы саналатын бүгінгі таңдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жетекшілік етіп, ұлттық мүддені жоғары ұстай білгендігін, екіншіден, ғалым ретінде елімізде педагогика, психология және халық ағарту ісі тарихының өзекті мәселелерін зерттеп мол мұра қалдыруын жатқызуға болады.

XIX ғасырда педагогикалық ой-пікірдің, ағартушылыктың және білім беру жүйесінің тарихына қатысты мол ғылыми мұра қалдырған Т.Тәжібаевты республикамыздағы қоғамдық ғылымдардың онан әрі дамуына өзіндік серпін берген ғалым ретінде қабылдауымыз керек. Оның ғылыми еңбектерінің құндылығы әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпауда. Тіпті, қоғамдық ғылымдардағы өзекті мәселелерді шешуде өз пайдасын тигізуге беретіндігіне күмән келтіруге болмайды.

Жалпы қорыта айтқанда, Т.Тәжібаевты уакыт алыстаған сайын аскақтайтын тұлғалар қатарына қосуға болады. Сондықтан Т.Тәжібаевты еңбегіне сай еске алып тұрудың маңызы зор деп санаймыз. Осы мақсатта Т.Тәжібаевтың ғылыми еңбектерінің жинағын шығару ісін қолға алу керек деп есептейміз. Сонымен бірге еліміздегі жоғары оқу орындарының біріне Т.Тәжібаев есімін берудің уакыты жеткенін де ескеруіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ

  1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. — Алматы: Атамұра, 1999. — 296 б. /293 б./
  2. Қазақстан Республикасында тарихи сана калыптасуының тұжырымдамасы. — Алматы: Қазақстан, 1995. — 32 б.
  3. Қозыбаев М.К, Өркениет және ұлт. — Алматы: Сөздік — Словарь,  2001 — 369 б. /366 б./.
  4. Балакаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері Алматы, 1965. — 60 б.; Бержанов Қ. Қадірменді азамат // Қазақстан мектебі. 1964. № 8. 21-26 б.; Жарықбаев Қ.Б. Бағалы еңбек // Қазақ әдебиеті. 1965. 1 октябрь: Жарықбаев Қ.Б. Дарынды ғалым // Оңтүстік Қазақстан. 1996. 12 октябрь; Бержанов К.Б. Русско -казахское содружество в развитии просвещения (старино-педа-гогическое исследование) — Алма-Ата: Казахстан, 1965. С.13,124, 333; Будилова Е.А. Борьба материализма и идеализма в русской психологической науке (вторая половина XIX — начало XX в.). -М. : Изд. Ан СССР, 1960. С. 279; Колмаков А.Т. Высшее педагогическое образование в Казахстане (1926-1957). Автореф. Дис.канд.пед. наук. М. : 1958. С.16; Баишев С. Слово о Тажибаеве // Тажибаев Т.Т. Развитие педагогической мысли в Казахстане во второй половине XIX века. Алма-Ата: Казахстан, 1965. С.3-5; Жарыкбаев К.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане (со второй половины XIX века до наших дней). — Алма-Ата: Казахстан, 1968. С.Ң, 60, 125, 144.
  5. Жарыкбаев К.Б. Ученый, дипломат, деятель (о профессоре Т.Тажибаеве) // Южный Казахстан. 1967. 1 августа.
  6. Лемберг Р.Г. К истории педагогической науки в Казахстане // Развитие народного образования и педагогическая наука в Казахстане за 40 лет. Алма-Ата, — 1962. — 107 с.
  7. Мырзахметов М. Об исследовании литературного наследия Абая Кунанбаева. Автореф. дисс. канд. филол. наук. — Алма-Ата, 1964.

— 28 с. /с.12/.

  1. Жарикбаев К.Б., Шабелъников В.К. Развитие психологической науки в Казахской ССР // Вопросы психологии. 1967. — № 4. С.6.; Монтаев К.М., Айгабылов Н.А Косеубаев А.Т. Книга о психоло-гической мысли казахского народа // Вопросы психологии. 1970.

— № 4. С.149-157; Муканов Н.М., Развитие психологической науки в союзных реслубликах // Вопросы психологии. 1972. № 5. С.47-55.

  1. Рахимбеков К.Р. Психологияеская концепция К.Д.Ушинского в оценке профессора Т.Тажибаева // Проблемы истории психологии в Казахстане. — Алма-Ата, 1986. — С. 87-93.
  2. Уманов Г.А. История создания и тенденции развития профессионалъно-технического образования в Казахстане. Автореф. … докт. пед. наук. — Алма-Ата, 1970. — 46 с; Сегизбаев О.А. Традиции свободомыслия и атеизма в духовной культуре казахского народа. — Алма-Ата; Наука, 1972 — 107 с. /С.ЮЗ/.; Уразбеков А. Этические воззрения Ибрая Алтынсарина. — Алма-Ата: Наука, 1974. — 128с. /с.4/.; Илъясова А.Н. История становления и развития педагогической науки Казахстана (1917-1988). — Авто-реф… канд. пед. наук. — Алма-Ата, 1989. — 24с. /С.4/.; Шаимерденова К. Педагогические взгляды Абая Кунанбаева. Автореф. канд. пед. наук. — Алма-Ата, 1987. — 22с. /С.4/. 11.    Жарикбаев К.Б. Проблемы обучения и воспитания в произведениях казахских просветителей. — Алма-Ата; С.3,9,14.
  3. Храпченков Г.М. Научно- педагогаческие вопросы народного образования в Казахстане. — Алма-Ата: Мектеп, 1976. С.3,73.; Храпченков Г.М. Становление и развитие русско-национальных школ Средней Азии   и Казахстана в конце 19 ~ начале 20 вв. Автореф… докт.пед. наук. М., 1989. — С.6.
  4. Дулатова Д.И. Историграфия дореволюционного Казахстана (1861-1917 гг.) .- Алма-Ата: Наука, 1984-272с. /с.215/.
  5. Дулатова Д.И. Изучение социально-экономической, политической и культурной истории дореволюционного Казахстана (сере-дина 30-50-х гг.) // Историческая наука Советского Казахстана (1917-1960 гг.) Очерки становления и развития — Алма-Ата: Ғылым, 1990. — 272 с. /С.152/.
  6. Сағынтаев Ы. Абзал азамат // Казақстан мұғалімі. 1985. 22 февраль.; Қүлымбетов Е., Ысқақов Ж. Көрнекті ғалым, педагог қайраткер // Оңтүстік Казақстан. 1985 21 февраль.; Сүйіншәлиев X. Есімі ел есінде // Өркен. 1990. 17 наурыз; Рысбеков Қ. Ғалым, дипломат, ірі мемлекет қайраткері // Оңтүстік Қазақстан. 1990. Бердібай Р., Уманов Г., Серікбаев М. Ұлағатты есім ұмытылмауға тиіс // Қазақ. 1997. 19 қыркүйек;
  7. Бердібай Р. Ғалымның хаты өлмейді // Егемен Қазақстан. 1997. 6 қыркүйек; Түрікпенұлы Ж. Ғибратты ғалым, көрнекгі қайраткер // Қазақстан жоғары мектебі. 1996. N2 3. 86-90 б.; Калиев С. Т.Тәжібаев және халық педагогикасы // Ұлт тағлымы. 2000. № 2. 19-20 б.; Тетеева Г. Т.Тәжібаевтың халық ағарту хақындағы   зерттеулері   // Қазақстан мектебі. 1999. № 9. 76-78 б.
  8. Түрікпенұлы Ж. Академик Төлеген Төжібайұлы. — қазақтың көрнекті психолог-педагогы. — Алматы: КР Білім министрлігінің Баспа кабинеті, 1993. 88 б.; Академик Төлеген Тәжібайұлы // Ұлағат. 1995. Х« 2. 62-64 б.; Көрнекті ғалым, педагог, мемлекет қайраткері // Ұлт тағлымы. 2000. №2. 14-18 б.; Педагогика тарихы және академик Т.Тәжібаев // Ұлағат. 1997. № 1-2.
  9. Түрікпенүлы Ж. Академик Т.Тәжібаев . — Алматы: Қазақ университеті, 2002. — 377 б.
  10. Ахметова М.К. Педагогическое наследие Т.Т.Тажибаева (1910-1964). Автореф. дисс. … канд. пед. наук. — Тараз, 1999. — 35с; Кулжабаева М.Ж. Историко-педагогическое наследие Тулегена Тажибаева и его использование в воспитании молодежи. Авто-реф. дисс. канд. пед. наук. — Алматы, 2002. — 29 с.
  11. Гаипов З.С. Личность в командного-административной системе:

Т.Т.Тажибаев — педагог, ученый, политик. Автореф. дисс…. каңд. полит. наук. — Алматы, 2000. — 28с.

  1. Ильясова А.Н. Проблемы развития педагогической теории Казахстана (1900-1960). Автореф. дисс. … докт. пед. наук. — Алматы, 1997; Халитова И.Р. Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы (1960-1995 жж.) Пед. ғылымд. док. … дисс. авторефераты. — Алматы, 1998. — 48 б.
  2. Жолеейтова М.Ә. Қазақстандағы халық ағарту ісінің қалыптасуы мен дамуы (Тарихи аспект. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. Жетісу мәліметгері бойынша). Тарих ғылымдарының канд. … дисс. авторефераты. — Алматы, 1999. — 286.; Амерханова Ж.Б. Политика царизма в области народного образования в Казахстане (вторая половина XIX — начале XX вв.). Автореф. …канд.ист.наук. — Алматы, 1995. — 23 б.; Мырзалиева Э.Қ. Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының мәселелері (XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. Сырдария облысы қазақ уездерінің мәліметтері бойынша. Тарих аспект). Тарих ғыл. канд…. авторефераты. — Алматы, 2001. -29 6.
  3. Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. — Алматы: Қазақпарат, 2001. 404 б. Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. — Алма-Ата: Рауан, 1990. — 36 с.
  4. Гуревич Л.Я. Тоталитаризм против ингеллегенции (Из истории политики тоталитарного государства в отношении ингелигенции Казахстана). — Алма-Ата: Караван, 1992 — 145 с.
  5. Кунаев Д. О моем времени. — Алма-Ата: Дәуір — Ынтымақ, 1992. — 312 с. /с.258/.
  6. Қозыбаев М. Жұлдызым менің. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2001. — 240 б. /95 б:/.
  7. Исиналиев М. Он был первым и единственным Наркомом иностранных дел Казахстана (Т.Тажибаев — первый казахстанский дилломат) // Казахстанская правда. 1998. 22 января.; Записки дипломата. — Алматы, Атамұра, 1998. — 220 с.
  8. Ыдырысов Ә. Төлеген Тәжібаев рухына тағзым // Ақиқат. 2002. 39-44 б.; Кыдырбекулы Д. Исторические истоки нашей дипломатии. // Мысль. 1996. — № 1. С.13-17.
  9. Ахметова Л. Патриотизм в ракурсе истории. — Алматы: Санат,

1996, — 224 с.

  1. Актуальные вопросы педагогики и психологии. Сборник статей.

— Алматы. Қазақ университеті,  1990. 4.1-3. 132 с.

  1. Казақстан Республикасы орталық мемлкеттік мұрағаты (ҚРОММ).

1137-қ., 6-т., 803-іс, 193-п.

  1. ҚРОММ. 1137-қ., 6-т., 803-іс, 193-п.
  2. ҚРОММ. 1692-қ., 1-т., 206-іс, 152-п.
  3. Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993 ж. 7 — б
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің мүрағаты (ҚРПМ). 708-қ., 14-т., 1640-іс, 14-15 пп.
  5. ҚРОММ. 1352-қ., 2-т., 337-іс, 71-73 іш.
  6. ҚРПМ. 708-қ., 15-т., 220-іс, 23-п.
  7. Правда. 1952. 22 ноября.
  8. Ыдырысов Е. Өмірі өнегелі дипломат // Егемен Қазақстан. 2000, 23 ақпан.

41    Т.Тәжібаев  Жалпы психология» Алматы 1993 жыл 7-8 б

42    Қазақстан мектебі 1999 ж №9 76 –б

43   Қ. Жарықбаев «Қазақ псхологиясының тарихы» Алматы Қазақстан 1996 ж 135б

44    Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993 ж 9-б

45    Ұлт тағлымы

46    Қазақстан мектебі  1999ж №9 96-б

47   «Т. Тәжібаев (1910-1964) » Алматы Қазақ Университеті баспа 2000ж 7-б

48   Қазақстан мектебі 1999ж №9 76-78б

49   Ұлт тағлымы 

  1. ҚРОММ. 1109-қ., 3-т., 286-іс, 164-п.

51  Тажибаев Т.Т. Просвещение и школы Казахстана во второй половине XIX века. Алма-Ата, Казгосиздат политлитературы, 1962, 507 с. (С.З.).

52 Тажибаев Т.Т. Казахская школа при Оренбургской пограничной комиссии. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959. С.64.

53  Ж. Түрікпенұлы «Академик Т.Тәжібаев» Алматы Қазақ Университеті 2002ж, 377 б   

54       «Ақиқаттан аттауға болмайды»Алматы; Санат  1994 ж 416-417 бб

55   Ж. Түрікпенұлы «Академик Т.Тәжібаев» Алматы Қазақ Университеті 2002ж, 377 б   

 

 

 

 

Жұмыстың тақырыбы бойынша жарияланган еңбектер тізімі:

  1. Т.Төжібаевтың Халык ағарту комиссариатындағы қызметі // Отан тарихы, 2005. № 1.
  2. Т.Тәжібаев және оның ғылыми мұрасы // Гуманитарлық ғылымдар академиясының хабаршысы, 2000. № 2 (6). 39-6.
  3. Төлеген Тәжібаев ҚазМУ-дың ректоры (әкімшілік қызметін естеліктер негізінде талдау) // ҚазМҮУ хабаршысы. Тарих сериясы. 2004. № 3/34. 164-6.
  4. Ұлт тарихын ана тілінде оқыту мәселесінің Т.Тәжібаев еңбектерінде көрініс табу // ҚазМҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. 2004 №4 (35)7 194-б
  5. Төлеген Тәжібаев — Қазақстандағы халық-ағарту ісі тарихының ірі зерттеушісі. // Білім жүйесін реформалау жағдайындағы этно-педагогика. Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінің 35 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 13-14 қараша 2000 ж. Жетісай. 111-6.
  6. Төлеген Тәжібаевтың өмірі мен ғылыми мұрасы // 1993 жылдың 27-29 мамырындағы Ордабасы тауында өткен Ұлы жиынның 10 жылдығына арналған Халықаралық конференция. Алматы, 2003. 285 б.
  7. Патша өкіметінің халық ағарту саласындағы реакциялық саясатының Т.Тәжібаев еңбектерінде көрініс табуы // Республикалық ғылыми-практикалық конференция. 18-19 маусым. Алматы, 2003. 238-243 бб.