АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Төлем карточкаларының даму перспективалары мен механизмдері

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе. 5

1 бөлім. Төлем карточкаларына жалпы сипаттама. 8

1.1.Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі 8

1.2. Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы. 20

1.3. Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері. 32

1.4. Банкомат-электронды төлем жүйесінің элементі ретінде. 43

2 бөлім. Қазақстан Халық банкінің экономикалық сипаттамасы.. 48

2.1. Қазақстан Халық банкінің тарихы мен қаржылық сипаттамасы.. 48

2.2 Қазақстан Халық банкінің атқаратын операциялары.. 58

3 бөлім. Төлем карточкаларының даму перспективалары мен механизмдері 69

3.1. Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карточкаларының түрлері 69

3.2. Қазақстан Халық банкінің төлем карточкалары арқылы көрсетілетін қызметтер. 76

Қорытынды.. 84

Қолданылған әдебиеттер тізімі 88

 

 

 

Кіріспе

      Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.

Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.

Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады. 

Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.

Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді.Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының  аумағында (ALTYN,ЕРТІС,Каспийский) қолданылады.Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International,Europay International,American Express,HSBC,Dinners Club International).

Банктерге карточкалардың беретін артықшылықтарының бірі – олардың банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық тудырғанында. Әдеттегідей клиенттер жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын банкті таңдайды. Карточкалардың пайда болуымен бұл мәселе аса маңызды болмады. Банктерге өзінің карточкаларын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға мүмкіндік туды.

Пластикалық карточкалар Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы бірнеше жылдарда «электронды әмияндарды» белсенді шығарып отыратын банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта барлық негізгі халықаралық карточкалар бар.

Қазақстанда магнитті карточкалар саласы бойынша барлығы әдеттегі классикалық сызба бойынша жүзеге асырылады:

  • халықаралық карточкалардың эмитент-банктері санының қарқынды өсуі;
  • алдыңғы қатарлы төлем жүргізу бәсекелестігі;
  • магнитті карточкаларды банктік технологиялық процесте пайдалануды ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.

Қазақстанда «карточкалық» іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп жатыр. Көптеген банктар магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады. Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ кітапшалары және смарт-карталар.

       Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстанда пластикалық карточкалар негізінде төлем төлеу нарығының қалыптасу барысын, қызмет көрсету деңгейін жүйелі түрде талдау; карточкалардың түрлері мен құрылымын анықтау және Қазақстан Халық Банкінің төлем карточкаларына талдау жасау.

Жұмыстың нәтижелері. Төлем карточкалар ұғымының мәні мен ерекшеліктері дәлірек дәлелденген, төлем карточкалар нарығындағы электронды құрылғылардың рөлі анықталды.

Қазақстанда төлем карточкаларының шығарылуы мен пайдаланылуына рұқсат беретін жалғыз орган Ұлттық банк болып табылады. Қазақстандағы төлем карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші шығарылымы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ИртышCаrd жүйесімен жүзеге асырылды. Республика территориясында айналыста жүрген карточкалардың саны  соңғы екі жылда 3,6 есеге өскен. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары болып «Visa» және «Eurocard-Mastercard» табылады. Олар арқылы 300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі.

Зерттеу көрсеткіштері болып төлем карточкалар нарығының дамуы туралы отандық және шетел авторларының кітаптары мен журналдары табылады.

Зерттеу объектісі-Қазақстан Халық Банкінің мәліметтері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден,3 бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім. Төлем карточкаларына жалпы сипаттама.

1.1.Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі

Ақша қоғамдық қарым-қатынаста өзіне тиесілі қызметтерді ғана атқарады. Жинақтау құралы ретінде ақшалар банктік және басқа да шоттарда заңды және жеке тұлғалардың салымдары ретінде сақталады. Ақша айналымының ерекшелігі болып оның ағымдылығы және үздіксіздігі табылады. Ақша айналымын жалпы алғанда негізгі орынды қолма-қолсыз айналым алады.

Дамыған елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз есеп айырысу барлық ақшалай операцияларының құрылымында 90%-ға жетеді. Қазақстанда жылдан-жылға тұрғындардың көп бөлігі – студенттен зейнеткерге дейін – карточканы пайдаланады. Бірақ та  бұл әлі жетістік емес және де 2003 жылы 14 ақпанда өткен III Қаржыгерлер конгресінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев қолма-қол ақша айналымын қысқарту процесін жеделдетудің қажеттілігін және Қазақстандықтардың күнделікті өмірінде төлем карточкалардың қолданылу сферасын ұлғайту жөнінде айтқан болатын.

Қазақстанда төлем карточкаларымен бірінші банктік бағдарлама 1994 жылы Қазақстан Халық банкімен жасалған болса, онда Солтүстік Америка, Европа және Жапонияда карточка 100 жылға жуық айналымда жүр. Карточканың төлем құралы ретінде пайдалануы туралы бірінші ақпараттар Англияда XIX ғасырдың аяғына таман пайда болды. Несие карталар туралы 1888 жылы Эдуард Белламидің «Взгляд в прошлое: 2000-1887» атты кітабында айтылған болатын.

Бірінші несие картасы АҚШ-та 1914 жылы General Petroleum Corporation of California (қазір Mobil Oil) фирмасымен шығарылған. Карточкалар мұнай өнімдері саудасында пайдаланылды.

1928 жылы Farrington Manufacturing Бостон компаниясы бірінші болып металл пластинкалар шығарды, онда мекен-жай эмбоссирленіп, несиеге қабілетті клиенттерге берілді. Саудагер бұндай пластинканы арнайы құрылғы-импринттерге салып, ондағы ақпараттар сауда чегіне шығатын.

Бірінші кең ауқымды банктік төлем карточка жүйесі болып 1949 жылы пайда болған «Dinners Club» компаниясы болды. Бұның негізгі ерекшелігі клиент пен коммерциялық компания арасында делдал компания жұмыс істеді. 1952-1953 жылдары Dinners Club карточкалары Ұлыбританияда, Канадада, Мексикада, Кубада пайда болды. 1961жылы Dinners Club картон карточкаларын пластикалық карточкаларға ауыстырады.

Пластикалық карточкаларды магнитті сызықпен бірге қолдану 1969 жылмен белгіленген. Пластикалық карточкалардың даму тарихының келесі кезеңі француз журналисі Ролан Мореномен байланысты, ол 1974 жылы электронды микросхемасы бар карточкаларды пайдалануды ұсынды. Микросхема орналастырылған пластикалық карточкалар «интеллектуалды», чип (chip) немесе смарт (smart)-карточкалар деп те аталады.

 Карточкаларға қызмет көрсету мен оларды дайындау технологиясының       даму тарихы.

Жылдар

Мағынасы

1914

АҚШ бөлшек сауда кәсіпорындарымен және мұнай компанияларымен картонды несие карточкаларының шығуы.

1928

Карточкалардағы ақпараттарды қысу технологиясының пайда болуы. Farrington Manufacturing компаниясы өзінің клиенттеріне ақпараттары қысылған металды карточкаларды шығарады.

1940 жылдар

Карточкалар пластмассадан дайындалатын болады, бұл оларды өндіруді арзандата түседі.

1960 жылдар

Магнитті сызықтың пайда болуы, бұнда сәйкестендірме ақпараттарды кодталған түрде енгізу мүмкіндігі туды. PIN-код транзакцияны жүргізуді қауіпсіздендіреді.

1974

Roland Moreno француз азаматымен микросхемасы бар карточкалардың пайда болуы. 

 

      Алғаш рет төлем карточкалары Америкада 50 жылдардың басында пайда болды. «Dinners Club International» компаниясы ең алғаш болып хаалықаралық пластикалық карточкаларын шығарды. Одан кейін «DCI» және «American Express» компаниясы мен «Интурист» акционерлік қоғамы арасында бұрынғы СССР территориясында карточкаларға қызмет көрсету үшін келісімшартқа қол қойылды. Артынан «Visa» және «Eurocard-Mastercard» компанияларымен келісімшартқа қол қойылды, тағы он жылдан кейін «JCB International» компаниясымен келісімшартқа қол қойылды.

Қазіргі таңда әлемде үш ірі төлем жүйесі белгілі: «Visa International», «Europay-Mastercard International», «Dinners Club International».

 «Visa International»-карточкаларының саны мен айналымы бойынша ең ірі халықаралық төлем жүйесі болып табылады. 1972 жылы Bank of America базасында негізі қаланған. Компанияның иелері – бүкіл әлем бойынша 21 мыңнан астам қаржы мекемелері. Басқару органы – Директорлар кеңесі, ол ең белсенді мүшелердің арасынан таңдалады (шығарылған карточкалар саны мен орындалатын операцияларының көлеміне байланысты). Директорлар кеңесі президентті тағайындайды. Қазіргі кезде ол Эдмонд Дженсен (Edmond Jansen) болып табылады. Штаб-пәтері Сан-Матеода орналасқан. Мүшелермен аймақтық Директорлар кеңесі арқылы байланысады. Әлемдік нарықтығы үлесі – 50 % шамасында.

Eurocard-Mastercard International– америкалық Mastercard және европалық Europay (Europay Eurocard және Eurocheck компанияларының бірігуі нәтижесінде пайда болды) компанияларынан тұратын 1992жылы негізі қаланған консорциум. Әлемдік нарықтығы үлесі – 20 % шамасында. Visa сияқты, компанияларының иелері 15 мыңнан астам мүшелер.

 American Express – пластикалық карточкалар нарығында карточкалар көлемі жағынан үшінші компания болып табылады, карточкаларының жалпы көлемі 18 % шамасында. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. American Express корпоративтік қаржылары автоматты түрде өз иелерін еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанына байланысты 50 000 долларға сақтандыру сомасымен, жалға алынған автокөліктің жоғалуы немесе зақымдалуына байланысты сақтандырумен, American Express жүйесіне қатысатын қонақ үйлерде шегерімдер (40%-ке дейін) алумен қамтамасыз етеді.

  Dinners Club International (DCI) – бірінші болып пластикалық карточканы 1949 жылы шығарған американдық компания, карточкалар алғашында Нью-Йорк ресторандарына арналған болатын. Кейіннен Dinners Club карточкалары бүкіл әлемге тарап, American Express сияқты саяхатшыларға қызмет көрсете бастады. Қазіргі кезде DCI Citycorp америкалық қаржылық тобына 100 % тиесілі және штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Dinners Club-тың әлемдік нарықта алатын орны көп емес, шамамен 2 %.

 JCB International 1961 жылы пайда болды, бірнеше ірі Жапон банктерімен шығарылатын карточка. Жапониядан басқа тек қана АҚШ-та және Ұлыбританияда негізінен сол елдерде тұратын жапондықтарға арналып шығарылады. Әлемдік нарықта алатын орны 1 % шамасында.

         Қазіргі нарықтағы пластикалық карточканың жалпы көлемінің үлесі бойынша рөлдерінің бөлінуін төмендегі суреттен көруге болады:

 

49%

 

 

 

 

 

 

 

2%

20%

       
   

18%

 

 

1%

 

 

 

 

 

 

Мұндағы:

 

 

 

Сурет1. Шығарылған карточкалардың жалпы көлемі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының үлесі. 

 

Банктік пластикалық карточкаларға қойылатын талаптарға келетін болсақ, олар Стандартизация бойынша халықаралыққ ұйыммен (ISO-International Standarts of Organization) бекітіледі. Бүгінгі таңда бұл стандарттар төмендегідей:

  • ұзындығы – 85,6 мм;
  • ені – 54 мм;
  • қалыңдығы – 0,76 мм;
  • карточкаларда логотип пен эмитенттің аты, карточканың нөмірі мен қызмет көрсету мерзімі, иесі туралы мәліметтер, қол үлгісі, магнитті сызық болуы керек.

 Соңғы 10 жылда біздің елімізде қолма-қолсыз ақша айналымын ұйымдастыруда және оның технологиясында түбегейлі және елеулі өзгерістер болды. Есімізге түсірсек, 1980-жылдары төлемдер кем дегенде бір апта бойы жасалды және міндетті түрде қағаздық технология қолданылды. Кәсіпорындармен, сонымен қатар жеке тұлғалар қатысуымен қолма-қолсыз есеп айырысуды өте жылдам және тиімді жүргізу мүмкіншіліктері туралы тек ғылыми фантастика жанры еңбектерінде ғана жазылып жүрді.

Қазіргі таңда қолма-қолсыз төлемдер негізінен қағаз түріндегі құжаттар айнылымын және қол еңбегін ығыстыра отырып, электронды технологияда бірнеше сағаттарда жүргізіледі. Төлем жүйелері кәсіпорындар аралығындағы және басқа төлемдерді өте тиімді жүргізе бастағаны сондай, төленбеген төлемдер, бартер,квази-ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымының жағымсыз құбылыстарын жоя отырып, ыңғайландыра бастады. Тұрғындар үшін төлем қызметтер нарығы (пластикалық карталар, жедел аударымдар нарығы) құрылу сатыларынан өтіп, өз жетістіктеріне жете бастады.

Экономикадағы институционалды өзгерістер банктік сфера мен төлем жүйесіне де әсер етті. 1980-жылдардың аяғында біздің елімізде КСРО Мемлекеттік Банкінің монобанктік жүйесі мен оған бағынышты арнайы банктер жүйесі қызмет етті. Барлық қолма-қолсыз есеп айырысулар міндетті түрде КСРО Мемлекеттік Банкінің төлем жүйесі арқылы жүргізілді. 1990-жылдардың басындағы реформа мемлекеттік емес коммерциялық банктер массасын құруға, мемлекеттік емес төлемдер жүйесін және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда төлем қызметтері нарығында әр түрлі технологиялармен, әр түрлі клиенттерге бағдарланған бірнеше ондаған төлем жүйелері қызмет етуде. Кеңестік дәуірінде отандық төлем жүйесі өз технологиясы бойынша шетелдіктерден елеулі түрде артта болды. Кеңестік Внешторгбанк, кеңестік шетелдік банктер белсенді түрде халықаралық есеп айырысуларды жүргізді және ол үшін батыстық төлем жүйелерінің технологиясын қолданды. 1980-жылдардың аяғында олар SWIFT банкаралық коммуникация жүйесінің мүшелері болып саналды және VISA пластикалық карталарына қызмет көрсетуде делдалдық рөл атқарды. Ең алғашқы рет 1958 жылы Мәскеуде  American Express жүйесінің өкілеттілігі ашылды. 1969 жылы Dinners Club компаниясымен келісім-шарт жасалды. Содан кейін біздің нарықта (1974 жылы) VISA (ол кезде Americard) және (1975 жылы) Eurocard, (1976 жылы) JSB International жапон компаниялары пайда болды.

1990 жылдардың ортасынан бастап пластикалық карталар немесе экспресс-аударулар сияқты жүйелерді жаппай енгізу қолға алынып, сол кезде отандық компаниялар бағдарламалық қамту өндірісі бойынша бәсекеге қабілеттілігі жоғары шешімдер қабылдай бастады.

Батыс елдерінен отандық төлем жүйелері және банктер тек қана технологиялар емес, сонымен қатар, құрал-жабдықтарды да тарта бастады. Біздің елімізде іс жүзінде компьютерлер, модемдер және басқа байланыс құралдары, банкоматтар мен POS-терминалдар өндіріліп шығарылмайды. Пластикалық карталар батыста ХХ-ғасырдың ортасында пайда болғанымен, 1980-жылдарға дейін ол біздің елімізде қолданбағаны белгілі. Отандық карталық төлем жүйелерінің дамуы 1990-жылдардың басында басталып, тек қана 90-жылдардың ортасында олар өз өнімдерін жаппай ұсынысқа шығара бастады. Қазіргі таңда Altyn Card Smart, Alem Card, Дуэт жүйелерінің карточкалары – микропроцессорды карталар, яғни электронды әмиян қызметтері мен әр түрлі қызмет көрсету түрлерін қамтыған.

Жалпы, электронды ақшалар компьютер торабының, ақпаратты автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

       Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы. Төлем карточкасы оның эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюта айырбастау т.б. операциялар үшін оның ұстаушысымен қолданылады. («Ақша аударымдары мен төлемдер» ҚР заңы, 29-маусым, 1998 жыл. 11-бап, 1-тармақша).

Несиелік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка. 

 

Несиелік және төлем пластикалық карточкаларының негізгі салыстырмалы қасиеттері.

 

Көрсеткіштер

Несиелік карточкалар

Төлем карточкалары

1. Клиент шоты

Ссудалық шот

Ағымдағы шот

2. Несиелендіру лимиті

Клиенттің несиеге қабілет-тілігіне байланысты пайдаланылады.

Клиенттің несиеге қабілеттілігіне байланыс-ты пайдаланылады.

3. Төлем

Артқа қалдырылуы мүмкін

Әп сәтте жүзеге асырылады.

4. Жылдық төлем

Жылдық төлем немесе комиссиялық төлем несие карточкасын пайдаланғаны-на байланысты алынып отырады.

Жылдық төлем алынады

 

 

      Электронды есептеулер жүйесін қызметтендіру механизмі пластикалық карточкалардың қолданылуына негізделген және өзіне банкоматтар арқылы жүзеге асырылатын операцияларды, тұрғындардың сауда орталықтарындағы есептеулерінің электронды жүйесін т.б. кіргізеді.

Пластикалық карточка – карточкалардың мағынасы бойынша, көрсететін қызметіне байланысты түрін білдіретін жалпы термин.

Барлық пластикалық карталардың олардың қызмет көрсету деңгейіне байланыссыз негізгі ерекшеліктері оларда түрлі қолданбалы бағдарламаларда қолданылатын белгілі бір ақпараттар жиынтығының сақталатындығында. Ақша айналымы саласында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың прогрессивті құралы болып табылады.

        Электронды ақшалай есеп айырысулар жүйесін түрлендіру процесінде Батыста ISO (International Standarts of Organization) ұйымы құрылды, ол пластикалық карточкалардың сыртқы пішіндеріне стандарттарды, шоттардың нөмірлеу ретін, магнитті сызықтың форматын енгізді. ISO мүшелері VISA, Master Card, American Express ірі карточка эмитенттері болып табылады.

Қазіргі кезде әлемнің 200-ден аса елдерінде пластикалық карточкалар төлем айналымында қолданылады, бұл пластикалық карточкалардың банк ісінде «технологиялық революция» деп аталатын маңызды элемент болып табылатынын көрсетеді. Осы пластикалық карточкалар көптеген жағдайларда электронды банктік жүйенің кілттік элементі рөлін атқарады. Олар чектер мен чек кітапшаларын ығыстыра отырып, Батыстың өндірістік дамыған елдерінің ақша айналымын ұйымдастыруда алдыңғы орындарға шықты.

Карточкаларды пайдалану ерекшеліктері мынадай:

  • Бір жағынан тәуекелдің төмендеуі (өзіңмен бірге көп ақша ұстаудың керегі жоқ), ал бір жағынан саудаға сол сәтте төлеу мүмкіндігі;
  • Валютаны айырбастау туралы қам жемеуге болады. Бұны банк істейді;
  • Карточканы жоғалтқан жағдайда банкке тек қана хабарлау жеткілікті, барлық есеп айырысуларды жауып тастайды;
  • Бүкіл әлем бойынша банкоматтар жүйесінің Сіз үшін тәулігіне 24 сағат, еш демалыссыз қызмет көрсетуі;
  • Жалақыңызды төлем карточкасы арқылы сізге ыңғайлы уақытта алу;
  • Internet жүйесі арқылы сауда жасау т.б.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «VISA», «Altyn», «Maestro» және т.б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы.

Пайдаланушылар мен банк жұмысшылары карточкалар туралы айтқанда, түсініктер шатасып кетеді. Біреулер несие карточкалары туралы айтып, оларды банктік дейді, ал басқасы есеп айырысу карточкалары  туралы айтып, оларды пластикалық деп атайды. Бұл түсініктер ұқсас болғанымен, мағынасы әр түрлі. Несие карточкаларын банктік деп, біз оларды кім шығаратынын айтамыз, пластикалық карточкалар туралы айтып, олардың қандай материалдан жасалатынын айтамыз.

24 тамыз 2000 жылы ҚР төлем карточкаларын шығару мен пайдалану ережесіне сәйкес, төлем карточкасы – бұл заңды және жеке тұлғалармен тауарлар мен қызметтерге қолма-қолсыз төлем жүргізу үшін, қолма-қол ақша қаражаттарын алу үшін, сонымен қатар, шетел валютасында айырбас операцияларын жүргізу үшін колданылатын карточка.

Карточкаларды пайдалану арқылы төлем жүйесін құруда қандай да бір карточкалардың түрін таңдау маңызды болып келеді. Бұның маңыздылығын түсіну үшін карточкалардың жеке түрлеріне талдау жасап, оларға классификация жасайық.

 Карточкалардың классификациясы – бұл жай ғана мәселе емес. Карточканы шығару туралы шешім қабылдағанда, бұл не үшін керек және бұл қандай карточкалар болатынын анықтау керек. Карточканы алғысы келген адам, оның оған не үшін керектігін түсініп, керекті карточканың түрін таңдауы керек. Карточкалық қызметтің мәні – оларды шығару емес, төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізудің механизмінде. Карточка қандай да бір төлем жүйесіндегі бұл механизмнің ерекшелігі және құралы болып табылады.

Карточкалардың түрлері:

  • қағаз (картонды);
  • пластикалық;
  • металды.

Ең бірінші қолданылған карточкалар картоннан болды. Бұндай карточкалар өткен ғасырдың 20-жылдары кәсіпорындармен бөлшек саудада және мұнай компанияларымен пайдаланылған. Төлем ретінде бұл карточкалардың қызмет көрсету мерзімі ұзақ емес, жүзеге асыратын төлем сомасы көп емес болуы керек. Қағаз карточкалар арзан, бірақ ұзақ мерзімді емес, ал металды карточкалар қымбат және ұзақ мерзімді, пластикалық карточкалар арзанырақ, қайта өңдеуге жеңіл беріледі және ұзақ мерзімді болып келеді.

Карточка ақпаратты тасымалдаушы болғандықтан, ақпаратты сақтау мен енгізудің классификациясы болады. Келесі түрлері бар:

  1. Графикалық жазу;
  2. Эмбоссирлеу (қысу);
  3. Штрих-кодтау;
  4. Магнит сызығын кодтау;
  5. Чипті кодтау;
  6. Лазерлі жазу (оптикалық карточкалар);
  7. Радиожелілік жазу.

Карточкаға ақпаратты жазудың ең алғашқы түрі болып графикалық жазу табылады. Ол қазіргі кезде де барлық карталарда пайдаланылады. Алғашында картаны ұстаушының тек аты мен тегі, картаның эмитенті туралы ақпарат болатын,кейін қол үлгісі қарастырылып, аты мен тегі эмбоссирленетін болды.

Эмбоссирлеу (қысу) карточкамен төлеу жасау операциясын жеделдетуге мүмкіндік береді. Карточкадағы эмбоссирленген ақпарат жедел түрде арнайы құрылғы импринттердің көмегімен қағазға түсіп отырады. Қазіргі заманғы жабдықтар карточкаға ұстаушының суретін және қол үлгісінің лазерлі көшірмесін енгізуге мүмкіндік береді.

Штрих-кодтау графикалық жазудың бір түрі болып табылады. Картаға страндарттарға сай штрихтар енгізіледі. Бұл ақпарат арнайы құрылғы арқылы оқылады. Карточкаға ақпаратты штрих-кодтау арқылы жазу магнитті сызық пайда болғанға дейін қолданылды. Бірақ штрих-кодты карточкалар арнайы карточкалық бағдарламаларда қолданылады, онда есеп айырысу талап етілмейді.

1960-жылдардың аяғына қарай қолма-қол ақшаларды алуға мүмкіндік беретін автоматты ақпараттың пайда болуы карточкалық бизнесте революция жасады. Карточкаларды ұстаушылар бұндай ақпараттарды пайдалану үшін карточканың арғы жағына магнитті пленкадан жасалған сызық жабыстырылды. АҚШ-та магнитті сызығы бар карточкаларға қызмет көрсететін ең бірінші банкоматтар болып 1969 жылы «Docutel» фирмасының банкоматтары табылады. Магнитті сызығы бар карточкалардың пайда болуынан бастап қана әрбір ұстаушыға Pin-кодты ендіру мүмкіндігі туды.

Транзакцияны жүргізу келесідей орындалады. Карточкамен операцияны жүргізу кезінде электронды құрылғы карточканың магнитті сызығынан ақпаратты өткізеді, осыдан кейін кассир операция сомасын енгізеді, ал карточканы ұстаушы арнайы  Pin-пад клавиатурасына Pin-кодты енгізеді. Электронды құрылғы алынған мәліметтерден ақпараттық пакет дайындап, мәліметтерді өңдеу орталығына жібереді. Бұл орталық алынған мәліметтер пакетін өңдеп, оң нәтиже алғанда электронды құрылғыға операцияны орындауға рұқсат жібереді.

Магнитті сызығы бар банктік карточкалар әлемдік стандарттарға сәйкес жасалады, ол стандарттарды Стандарттар бойынша Халықаралық Ұйым (ISO – International Organisation of Standartization) ойластырып бекітеді.

Бұл стандарттар мыналарды анықтайды:

  • карточканың өлшемі;
  • магнитті сызықтың орналасуы;
  • магнитті сызықтағы жазылымның құрылымы;
  • символдарды қысудың орны мен формасы.

Магнитті жазылым пластикалық карточкаға ақпаратты енгізу әдісінің ең кең тараған түрлерінің бірі. Бірақ 10-15 жыл өткеннен кейін магнитті сызықтар алаяқтықтан қорғай алмады. Одан да сапалы ақпаратты тасушыны ойластыру барысында чипті пайдалану идеясы ұсынылды. Чип өзімен интегралды микросхеманы білдіреді. Микросхемасы бар карточкалар ақпаратты тасушынының жаңа түрін білдіреді, бұндай карточкалар ақпаратты сақтап қана қоймай, сонымен қатар оны өзінің ішкі алгоритмі бойынша өңдейді. Бұндай карталар Смарт-карталар деп те аталады.

 Микросхемасы бар пластикалық карточкаларды 1974 жылы бірінші ойлап тапқан француз журналисі Ролан Морено. Чиптік карточканың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Олардың бірі болып өзіндік құны саналады, ол магниттік карточканың құнынан біршама жоғары.

Карточкадағы ақпараттар көлемі бірнеше ондаған байттан бірнеше килобайтқа дейін өзгереді. Осыған орай карточкалардың өзі бірнеше түрге бөлінеді:

  • интеллектуалды емес карточкалар. Бұған ақпараттары өзгермейтін тұрақты карточкалар немесе шартты тұрақты карточкалар жатады. Шартты тұрақты карточкаларда маңызды емес мәліметтер көлемі қайта жазылуы мүмкін, мысалы, карточкадағы код немесе карточканың қызмет көрсету мерзімі;
  • интеллекті шектелген карточкалар (Smart Cards). Бұл карточкаларда мәліметтер бірнеше бөлімдерге бөлініп тасталады. Бұл бөлімдердің әрқайсысында мәліметтерді өңдеудің өз тәртібі болуы мүмкін.
  • суперинтеллектуалды карточкалар (Super Smart Cards). Сырт пішінімен смарт-карталардың гибридін еске түсіреді.

Банктік карточкалар негізінде микропроцессорлы карточкаларды қолданған дұрыс, олардың көмегімен операцияларды орындауда максимальды қорғаныс қамтамасыз етіледі, микропроцессорлы карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуда «электронды әмияндар» қызметін атқарады. Қазіргі кезде гибридті карточкалар пайдаланылады, яғни карточкаларда бір уақытта магнитті сызық пен микросхема қоса орналасады.

Лазерлі жазуы бар карточкалар оптикалық карточкалар деп те аталады. Олардың негізгі ерекшелігі еске сақтау қабілетінің үлкендігі. Олар ең қымбат карточкалар болып табылады. Банк ісінде олар әзірше қолданылмайды.

Радиожелілік жазу радиосигналдар арқылы карточкадағы мәліметтерді айырбастауға мүмкіндік береді.

Радиожелілік карточкаларды келесі мақсаттарға пайдаланған жөн:

  • кәсіпорын территориясында персоналдың қозғалысын электронды бақылау үшін;
  • өндірісті, тауарды және кедендік қоймаларды, дүкендерді, тауарлардың қозғалысын бақылау үшін;
  • мәліметтерді автоматты жинау және қажеттілік жағдайында темір жолдарда, ақылы автокөлік жолдарында, жүк станцияларында және терминалдарда төлемді жүргізу;
  • қоғамдық транспорт-қозғалысты басқару, проезді төлеуді басқару т.б.

Мұндай карточкалардың негізгі ерекшеліктері:

  • карточкалар тез оқылады;
  • тікелей байланыс керек жоқ;
  • карточкалар лай, бу, су, бояу, пластмасса арқылы да оқылады;
  • карточкаларда көп мәліметтер сақталады.

Карточкаларды эмитент пен ұстаушы арасындағы есеп айырысу тәсілі бойынша классификациялаудың маңызы зор.

Карточкалардың келесідей түрлері бар:

  1. несиелік;
  2. дебеттік (төлем);
  3. оверддрафтты (есеп айырысатын) дебеттік;
  4. алдын-ала төленген.

Несиелік және дебеттік карточкалардың бір-бірінен айырмашылықтары:

1.несиелік карточкаларда тауарлар мен қызметтердің төлемін банкпен берілген несие арқылы жүргізеді;

2.дебеттік карточкаларда тауарлар мен қызметтердің төлемі карточкалық шотта қалған қалдық бойынша жүргізіледі.

Әрқайсысын дәлірек қарастырайық.

Несиелік карточкалар шет елде кеңінен таралған. Несие тек банкпен ғана емес, сонымен қатар American Express сияқты мамандандырылған компаниялармен де беріледі. Несие карточкалары өзімен эмитент арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жүргізуге мүмкіндік беретін жеке клиенттерге шығарылатын төлем карточкаларын білдіреді. Несие карточкалары клиентке ссуда берілгенін білдіреді. Барлық несиелердегі сияқты, карточканың берілуі карточканы шығаратын банк пен клиент арасындағы келісім-шартты білдіреді. Келісім-шартта проценттік ставка, карточканы пайдаланғаны үшін жылдық төлем, несиені пайдаланудың мерзімі және т.б. шарттар айтылады.

Несие карточкасын пайдалану келесі операциялардан тұрады:

1.клиент пен банк-эмитент арасындағы несие карточкасы бойынша контракт;

  1. клиент пен коммерсант арасындағы саудалық шарт;
  2. коммерсант пен саудалық банк арасындағы дисконттық шарт;
  3. саудалық банк пен банк-эмитент арасындағы есеп айырысулық шарт.

Дебеттік карточка өзімен клиенттің банктегі карточкалық шотында бар соманы ғана пайдалана алатынын білдіреді. Дебеттік карточка бойынша тауар және қызмет көрсетуге төлемді жүзеге асырған кезде банктік шотыңыздың жағдайы тексеріледі. Егер операция сомасы шоттағы қалдықтан асып кетсе, операция орындалмайды. Дебеттік карточка компьютерде иесі туралы кодталған ақпаратты (оның аты-жөні, шотының сәйкестендірме нөмірі) құрайды. Карточканы иесі салым салу үшін, қолма-қол ақша алу үшін, аударымдар жасау үшін пайдалана алады. Дебеттік карточка бойынша орындалатын операцияларға мыналар қатысады:

  • аккредитив беретін банк;
  • ұстаушы;
  • делдал;
  • реципиент (банк-эмитент, алушы банк, немесе сатушы банк).

       Дебеттік карточка бойынша операциялар банкоматтар немесе POS-терминалдар арқылы жүргізіледі. Банкоматтар банктерде және карточкалар иесіне шотын басқаруға мүмкіндік беретін жерлерде орналасады.

Овердрафтты дебеттік карточкалар – шоттағы сомадан жоғары төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретін дебеттік карточка. Карточканың иелеріне бұндай жағдайда қысқа мерзімді несие беріледі. Бұл аралас карточка және дебеттік карточка мен несие карточкасының ортасында тұратын карточка болып табылады.

Алдын-ала төленген карточка да дебеттік карточканың бір түрі болып табылады. Карточканың жасалуы кезінде оның ұстаушысы туралы ештеңе мәлімсіз. Карточка дайын болғанда, оның шотына белгілі бір көлемдегі сома салынады. Бұндай карточканы алғанда оның ұстаушысы карточканың шотындағы ақша сомасын төлейді. Алдын-ала төленген карточкалар метрополитен қызметтері үшін және байланыс кәсіпорындары қызметтері үшін төлем жүргізуде кең тараған. Мысалы, Телеком, Тұлпар, Актив т.б. карточкалары, сонымен қатар халықаралық төлем жүйесіндегі «Visa Travel Money» карточкалары.

Карточкалар әр түрлі ұйымдармен шығарылады, сондықтан оларды мынандай эмитент типтері бойынша бөлуге болады:

  • банктік (әмбебап)-банктермен және қаржылық ұйымдармен шығарылатын;
  • жекеменшік – өз компаниясының сауда жүйесінде есеп айырысуды жүргізу үшін сол коммерциялық компаниямен шығарылатын карточкалар;
  • American Express және Dinners Club сияқты ұйымдардың карточкалары.

Карточкалар шотты басқарудың құралы болғандықтан, олар басқару тәсілі бойынша да бөлінеді:

  • автономды «электронды әмиян»;
  • эмитенттегі шоты көшірілетін «электронды әмиян»;
  • «шоттардың кілті» – шоттың иесін сәйкестендіру тәсілі.

Карточканы пайдалану туралы келісім-шарт жеке тұлғамен де, заңды тұлғамен де жасалады. Осыған байланысты карточкалар жеке және корпоративті болады. 

Жеке карточкалардың негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның банкпен келісім-шарт жасасып, осыған сәйкес банк жеке тұлғаға шот ашып, несие лимитін тағайындап, карточка шығарады, жеке тұлға карточка үшін, шот ашқандығы үшін ақы төлем келісім-шартта айтылған шарттарды орындауға міндеттеледі.

Корпоративті карточкаларда келісім-шарт банк пен заңды тұлға арасында жасалады, бұл келісім-шарт бойынша заңды тұлға карточканы пайдалану құқығын қандай да бір жеке тұлғаға береді. Келісімшартқа сәйкес банк алдында жауапкершілікті карточканы ұстаушы емес, шоттың иесі алады. Ал шотты карточканы ұстаушы басқарады. Бір шотқа бірнеше карточкалар шығарылуы мүмкін, ал олардың ұстаушылары жалпы шоттан әр түрлі лимитте қаржы иеленеді. Бұндай шотты тек қана шоттың иесі – заңды тұлға толтыра алады, өйткені корпоративті карточкалар жол жүру шығындарына, көрме шығындарына т.б. арналады.

 Қазақстандық банктерде карточкалардың тағыда бір кең тараған түрі бар – бұл «жалақылық» деп аталатын карточка. Белгілі бір ұйым банкпен оның жұмысшыларына карточкалар шығару туралы келісімшарт жасасады, ары қарай ұйым банкке ақша аударып тұрады және әрбір жұмысшыға тиесілі төлем тізімін береді. Банк шоттарға карточкалардың  қаражаттарын аударады.

Қазақстанда пластикалық карточкаларға негізделген төлем жүйесін енгізу жұмыстары 90-жылдардың басында ірі банктермен – Халық Банкі, Қазкоммерцбанк, ТұранӘлембанкпен басталды. Төлем жүйесін құруда екі негізгі технологиялық шешім болды – магнитті сызығы бар карточкалар және микропроцессорлы карточкалар.

Қазақстан Халық банкі 1995 жылдардың аяғында Қазақстанда бірінші болып Europay/MasterCard ассоциациясына мүше болды, ал мыңдаған персонал мен Europay-дің сертификатталған бағдарламалық қамсыздандыруын иеленіп банк 1997 жылдың басынан бастап магнитті сызығы бар пластикалық карточкаларға негізделген «Алтын-Карт» карточкаларының жүйесін енгізуге кірісті.

Қазақстан тұрғындарының әр түрлі деңгейіне қол жетілетін және бюджетті ұйымдардың қызметкерлеріне жалақыны  беру құқығын иеленген «Алтын» карточкасы арқылы Халық банкі «Алтын-Карт» төлем жүйесінің магнитті сызығы бар карточкаға негізделген ұлттық төлем жүйесі ретінде танылуына барлық мүмкіндіктерге ие болды.

Алматыда магнитті сызығы бар карточкаға негізделген нақты өзінің төлем жүйесін құрған бірінші банк – Тұран Әлем Банкі болды. 1995 жылы Alem Card карточкасы айналысқа шықты, оның көмегімен қазіргі кезде қолма-қол ақшаны алуға, Қазақстанның барлық қалаларында тауарлар мен қызмет көрсетулерге есеп айырысуға болады.

Қазақстандық ірі банктердің үштігіне кіретін Қазкоммерцбанк 1995 жылдан бастап Europay International жүйесінің толық мүшесі болып, Cirrus/Maestro карточкасын шығарады. 1997 жылдан бастап Visa жүйесіне мүше болып Electron, Classic, Business және Gold карточкаларын шығарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

       
   
 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері.

Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық құралға айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына, яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуі үшін мынадай 3 міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өнімділік және табыстылық. Несие карточкалары бойынша жүргізілетін операциялардың табыстары мен шығыстары 1-суретте көрсетілген.

Банк-эмитенттің негізгі функцияларына мыналар жатады:

— Карточкалар шығару (карта иесінің жеке деректерін өңдеу және кодтау, эмбоссинг, клиентке карточканы жеткізу, карточканы жаңарту);

— Несиеге қабілеттілікті талдау (өтініш иесінің қаржылық жағдайын анықтау, карточкалық шот ашу, несиелік лимитті анықтау);

— Авторизация (мәміле жүргізу мүмкіндігі туралы автоматты түрде немесе телефон бойынша сатушының сұрауларына жауап беру, мастер-файлдарды жаңарту, ақпараттық айырбастау жүйелерімен өзара әрекеттесу);

— Ақпараттармен алмасу және интерчейндж үшін сыйақылар алу;

— Биллинг (карточка иесіне қарыздар сомалары мен оларды жабу мерзімдері көрсетілген көшірімдер дайындау және жіберу);

— Карточкалық шот бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу;

— Мерзімі өткен қарыздарды қайтару және несиелік лимит шектерінің сақталуын бақылау;

— Клиенттермен жұмыс (сұрақтарға жауап беру, шағымдарды қарастыру);

— Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және алаяқтыққа бақылау орнату (ұрланған және жасанды карточкалар бойынша есеп берулер, шоттарды оқшаулау);

— Маркетинг (жаңа клиенттер іздеу, жарнамалау, карточкалық шоттар бойынша операцияларды белсендіру бағдарламалары);

 Эквайрингпен айналысушы банктің міндеттемелері карточкалық жүйенің оның саудалық қатысушыларына қызмет көрсетуі бойынша рөлімен анықталады. Оның негізгі атқаратын қызметтері:

— Карточкалармен жасалған операциялар бойынша сатушының банкке ұсынған сауда шоттарының процессингі;

— Мәмілелер туралы ақпараттармен айырбастау және банк-эмитентке интерчейндж үшін сыйақылар төлеу;

— Сауда орындарының есеп айырысу жүйесіне қосылуға білдірген өтініштерін қарастыру, бұрынғы және жаңа сатушылардың несиеге қабілеттілігін талдау, алаяқтықпен байланысты күдік туғызған сатушыларды тексеру;

       — Маркетинг, пластикалық карточкалар үшін қажет құрылғыларды сатып алуға сатушыларға көмектесу.

Несие карточкаларының табыстылығы:

А) Эмитент үшін.

Несиелік карточкаларды шығару бойынша бағдарламалардың пайдалылығын табыстар мен шығыстардың келесідей негізгі құрамдас бөліктермен анықтауға болады:

 

 

 

 

 

Алдымен табыстың құрамдас бөліктері анықталады, яғни, пайыздан түсетін табыстар карточка ұстаушысына ұсынылатын несиенің пролонгация деңгейіне қатынасы  бойынша жылдық пайыздық қойылым жүргізу бойынша анықталады. Ал пролонгация жеңілдетілген мерзімде қайтарылмаған, яғни, пайыз есептелетін несиелер сомасының  барлық берілген несиелердің сомасына қатынасы ретінде белгіленеді.

Банк-эмитентке міндетті банк-эквайердің жасаған мәмілелерінің (өткізу көлемінің) сомаларынан түсетін пайыздар эмитентке эквайердің орнын толтыруы, өтеуі болып табылады.

 

 

 
   

 

 

 

Жылдық төлемақылар (жылдық мүшелік жарна) дегеніміз банктік картаны қолдану құқығы үшін карта ұстаушысынан банк-эмитентке төленетін сома. Карта ұстаушысы банкпен жасалған келісім-шарт талаптарын бұзған жағдайда, мысалы, төлемдер өз мерзімінен кідірілген жағдайларда, Pin-кодты жоғалтқан немесе несиелік лимиттен асып кеткен жағдайда әр түрлі айыппұл ықпал-шаралары пайда болуы мүмкін.

Ал, енді шығын құрамдас бөліктерін қарастырсақ, ресурстар құны – карточка шығару бағдарламасындағы шығындардың басым, ең үлкен бөлігі болып табылады. Бұл дегеніміз карта ұстаушыларына ұсынылатын несиелер сомасын қамтамасыз ету үшін банк-эмитентпен тартылатын ақша ресурстарының әралуан түрлері бойынша орташа шамамен алынған пайыздық мөлшерлеме.

        Несиелік тәуекелдерге резервтер құру – қосымша ресурстар тарту қажеттілігін тудыратын, клиенттерге берілетін ссудаларға арналып резерв құру мақсатындағы аударымдар болып табылады.

Банк міндеттемелеріне резервтер құру деп коммерциялық банктердің ізденді және мерзімді міндеттемелер шоттары бойынша міндетті резервтер қорына деген аударымдарды айтамыз. Залал, зияндар, мерзімі өткен қарыздар немесе қылмысты сипаттағы іс-қимылдар нәтижесінде пайда болады, әдетте, жабылмаған несиелер сомасынан есептелінген пайыздар ретінде бейнеленеді. Қызмет көрсету шығындары – бұл тікелей клиенттерге қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражат.

Операциялардың орындалуымен тікелей байланысты шығындар, мысалы, операцияларды құжатты түрде рәсімдеуге жауапты штатты ұстауға кететін шығындар, процессингтік, телекоммуникациялық компанияларға бағытталған пайда болып қалуы мүмкін шығындар және тағы басқалары операциялық шығындар болып табылады.

Б) Эквайер үшін.

Банк-эквайер үшін пайдалылық келесідей көрсеткіштермен анықталады:

Эквайерге ұсынылатын жеңілдіктер (сатушы жеңілдіктері, саудалық түсімдер, дисконттар) – бұл эквайер жасаған мәмілелер құнын төлегені үшін сауда немесе қызмет көрсету орнынан алатын карточкалар бойынша жасалған мәмілелер сомасының бір бөлігі. Жеңілдіктің мөлшері карточкалар бойынша өткізудің ақшалай көлемінің орташа пайыздық жеңілдіктерге қатынасына тең. Ал, басқа да табыстар төлем терминалдары мен импринтерлері сияқты құрылғыларды сатудан немесе жалға беруден тікелей пайда болады.

Эквайердің эмитентке жүргізілген операцияларды өтеуі шығындар көлемінің ең үлкен бөлігін қамтиды.

Операциялық шығындар – сауда және қызмет көрсету орындарының карточкалары бойынша  операцияларды, мысалы, авторизация, кәсіпорын шоттарын жүргізу сияқты операцияларды қолдауға кететін шығындар.

       Дебеттік (есеп айырысу) карточкаларының табыстылығы.

А) Эмитент үшін.

Дебеттік карточкалар шығару бойынша бағдарламалардың табыстылығын анықтаушы негізгі табыстар мен шығыстар несиелік карточкаларға тән позицияларға ұқсас. Тек қана ерекшелігі сонда, пайыздық табыстар мен ресурстар құнында. Дебеттік карточкалар бойынша ресурстар карта ұстаушыларының шоттарында орналасқан ақша құралдарынан құралып, оларды банк басқа да тартылған құралдар сияқты ұқсас қолдана береді.

Пайыздық  табыс дебеттік карточка ұстаушылардың шоттарына тартылған құралдарды қолдану бойынша банк-эмитенттің активтік операцияларын сипаттаушы орташа жылдық пайыздық мөлшерлемемен анықталады.

       Жылдық төлем (жылдық мүшелік жарна) – карта ұстаушының банктік карточканы қолдану құқығы үшін банк-эмитентке төлейтін сомасы. Банкпен жасалған келісім-шарт талаптары бұзылған жағдайда карта ұстаушысынан алынатын айыппұлдар да бар.

Ал, шығындар құрамына келетін болсақ, ресурстар құны  дегеніміз карточка ұстаушысының шотындағы қалдықтар бойынша банк-эмитентпен төленетін пайыз болып саналады.

Дебеттік карточкалар бойынша жобаның шығындарының негізгісі карта ұстаушыларының ұқыпсыз, құқықтық нормаларға қарсы және қылмыстық іс-әрекеттерінен туындайтын зияндар.  

Б) Эквайер үшін.

Банк-эквайердің шаруашылығының табыстылығын анықтайтын көрсеткіштер несиелік карталарға қызмет көрсету бойынша көрсеткіштермен толық ұқсас, ешқандай өзгешелігі жоқ.

Жалпы карточкалық бизнес жобасын жүзеге асыру бойынша әрбір белгіленген қандай да бір уақыт аралығындағы банктің табыстылығын мынадай формула арқылы анықтауға болады:

 

Эn = (Ттікелей + Тжанама) –  (Штікелей + Шжанама) – [(Ттікелей + Тжанама) –

 

 –  Тжеңілдіктер]*Т–К+С   

 

Эn – n-кезеңдегі табыстар ағымының элементі;

Ттікелей – Тікелей табыстар (дүкендегі сатып алулардан сыйақылар, банкомат арқылы қолма-қол ақша алудан сыйақы, валюта конвертациясы үшін сыйақы, кәсіпорынға қызмет көрсету бойынша пайыздық табыс, клиент немесе кәсіпорыннан алынатын картаның құны);

 Тжанама – Жанама табыстар (банкпен активті операциялар жүргізу барысында банк клиенттерінің карт-шоттарындағы ақша құралдарын банктік ресурстық базасында қолданудан n-кезеңде табылған банктің пайдасы);

Штікелей – Тікелей шығындар (процессингтік компанияға тұрақты аударымдар; банкоматты қондырған орындарды жалға алу бойынша ұйымдарға төлем; картаны дайындау бойынша шығындар);

Шжанама – Жанама шығындар (құрылғылардың құнына байланысты шығындар: клиенттердің карт-шоттарындағы қалдықтар бойынша шығындар; жарнамаға шығындалу; еңбекақыға шығындалу және басқа шығындар);

Тжеңілдіктер – салықтық жеңілдіктер тарапынан табыстар;

Т –  салықтық қойылым;

К – инвестициялық шығындар;

С – әр түрлі компенсациялар түрлері.

Экономикалық есептік көрсеткіштер көрсеткендей, банк үшін табыстардың негізгі көзі болып оның ресурстық базасында клиенттердің шоттарындағы ақша қалдықтарын қолданудан түсетін табыстар болып табылады. Жоспарлау кезінде банк еңбекақы қорын және кәсіпорын қызметкерлерінің санын есепке алады және сонымен қатар, банк табыстылығының орташа пайызын анықтайды.

Алдын-ала есептеу банктің мүмкіншілік деңгейін бағалауға, карточкалық бизнес бойынша жобаны жүзеге асыруды қолға алудың керек немесе керек еместігі туралы шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін.

Карта иегерлері үшін картаның мынадай негізгі жағымды жақтары бар:

  1. Қолдану ыңғайлылығы;
  2. Банктік несиенің автоматты түрде ұсынылуы;
  3. Қарызды жабу мерзімін кідірте алу мүмкіндігі;

Жүргізілген операциялар туралы үнемі толық ақпараттарға ие бола алу мүмкіндіктерін және сонымен қатар, сауда орындары үшін карталық есеп айырысулардың келесідей жасайтын жағдайлары бар:

  1. Сатылу көлемін кеңейте алады және жаңа сатып алушыларға ие болу мүмкіндігі көбейеді;
  2. Жеке құралдарын қолданбай-ақ несиеге ұсына алу мүмкіндігі және есепке алудың арнайы жүйесін енгізу;
  3. Банктік чектерді карточкалармен алмастыру жолымен тәуекелді төмендету сияқты жағдайларды және сонымен қатар, ең басты жағымды жақтарды, атап айтқанда:

— колма-қолсыз ақша айналымының дамуына әсері және айналыс шығындарын азайтуға әсері;

— банк табыстары мен айналымын арттыруға әсері;

— банктер мен әр түрлі сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының беделі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға тигізетін әсері;

— төлемдер кепілдігін ұсыну.

 Жұмыстылық (шетелдік туризм сферасындағы) өсіміне тигізетін әсері сияқты жағдайларды қарастырған сайын банктік карточкалардың нақты тиімділігіне еріксіз көз жеткізуге болады.

Бұл бизнес түрінің тиімділігіне көз жеткен сайын мынадай тұжырым айқындала түседі: карталық бизнестің табыстылығы «үш алып китке» негізделеді: есеп айырысуларды тиімді ұйымдастыру; қаржылық есепке алу; маркетинг. Бұл үшеуінің қайсысы негізгісі екендігін басып айту қиын, бірақ үшеуінің бірісіз жүйенің жұмыс жасауы мүмкін емес, ал бұл үшеудің біреуінің әлсіздігі міндетті түрде барлық жүйенің ақсауына әкеліп соқтырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Банкомат-электронды төлем жүйесінің элементі ретінде

 

Банкоматтарды пайдалану үлкен көлемді инвестицияларды талап етеді, сондықтан оларды тек ірі банктер ғана пайдаланады. Банкоматтардың қолданылу тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бір банкоматқа қолданылатын пластикалық карточканың көлемін есептеуге болады. Англия мен АҚШ-тағы атақты банкомат жүйесінде бұл көрсеткіш 2-4 мың карточка/ банкоматты құрайды. Бұнда әр банкомат аптасына шамамен 1000 рет немесе күніне шамамен 150 рет пайдаланылады. Көптеген жағдайларда шамамен 67% банкоматтарға көшеден қол жеткізіледі, ал 24% банкоматтар банктің өзінде орналастырылады.

Банкоматтар 2 режимде жұмыс істей алады: off-line және on-line.

Оff-line режимі кезінде банкоматтар орталық БЖ (БС) байланысты емес және тәуелсіз жұмыс атқарады. Көбінесе, бұндай режимде жұмыс істейтін банкоматтар орындалған операциялар туралы ақпараттарды есінде және КК магнитті сызығында сақтайды. Оff-line режимінде жұмыс істейтін банкоматқа қызметті арнайы жұмысшы – банк кассирі көрсетеді, ол қолма-қол ақшамен банкоматты толтырады және банкомат есіне мерзімі өтіп кеткен төлемдер, шоттар, жоғалған карточкалар және т.б. туралы ақпараттарды енгізеді.

Банкоматтың тағы да бір жұмыс істеу режимі – on-line. Бұнда  банкоматтар БЖ-мен тікелей байланысты. Егер банкомат бұл режимде жұмыс істесе, ол клиентке оның шотының ағымдығы туралы анықтама бере алады.

Банкоматтарды қолдану кезінде телекоммуникациялық жағдайларды ұйымдастырудың 2 жолының бірін таңдау керек:

  • жекеменшік банкоматтар жүйесіне қызмет көрсету;
  • бірнеше банктермен бірлесіп бір банкомат жүйесіне қатысу.

Жекеменшік жүйені пайдалану кезінде банк бұл жүйеге толық бақылау жасайды. Бұл жүйенің бір кемшілігі жүйені құру мен пайдалануға айтарлықтай шығын кетеді.

Банкоматтарды пайдалана отырып телекоммуникациялық жағдайларды құру тәжірибесі банктерге ортақ банкоматтар жүйесін құру пайдалы екенін көрсетіп отыр.

Internet және «банк-клиент» арнайы жүйесінің қарқынды дамуына қарамастан, банкоматтар бұрынғыдай маңызды рөлді атқарады.

Өкінішке орай, Қазақстанда банкоматтар жүйесінің дамуы баяу жүріп жатыр. Бұның негізгі себебі болып банк жүйесінің шетел деңгейіне салыстырғанда дамымағандығы және тұрғындарда бос ақша қаражаттарының болмауы және несие карточкаларына қажеттіліктерінің болмауы.

        Банкоматтар (АТМ – Automated Teller Machine) – сөзбе-сөз аударсақ автоматты кассалық машина немесе банкомат. Банкомат – бұл төлем карточкасы арқылы қолма-қол ақшаны алуға және тағы да басқа операцияларды орындауға мүмкіндік беретін электронды механикалық құрылғы.

Банкоматтың құрылымы:

  1. Монитор;
  2. Кард-ридер (карточканы салу орны);
  3. Екі клавиатура: біреуі сандық, екіншісі меню пункттарын таңдау үшін;
  4. Принтер;
  5. Банкоматтың ішінде ақшалар орналасқан төрт кассета. Онда әр түрлі ақша номиналдары орналасқан. А кассетасында 5000 теңге, В кассетасында 1000 теңге, С кассетасында 500 теңге, D кассетасында 200 теңге.

Сонымен қатар, арнайы қолданбалы ДҚ (ПО) барлық блоктардың жұмысын басқару үшін және компьютер желісіне қосылу үшін телекоммуникациялық құрылғы керек.

60-жылдардың аяғында қолма-қол ақша беретін аппараттардың пайда болуы карточкалық бизнесте революция жасады. Карточкаларды ұстаушылар бұндай аппараттарды пайдалана алуы үшін карточканың артқы жағына магнитті пленкадан жасалған сызық жапсырылатын болды. АҚШ-та магнитті сызығы бар карточкаға қызмет көрсететін бірінші банкомат 1969 жылғы «Docutel» фирмасының банкоматы болды. Магнитті сызығы бар карточканың пайда болуынан бастап қана әрбір ұстаушыға Pin-кодты ендіру мүмкіндігі туды.

Pin-код – ДСН-код – Дербес Сәйкестендірме Нөмір, карточканың иесіне берілетін және карточканы ұстаушыны сәйкестендіруге арналған төрт таңбалы саннан тұратын құпия код. Банктен карточка алғанда Сізге аузы жабылған арнаулы конверт қоса беріледі, онда ДСН-коды басылған қағаз бар. ДСН-кодын Сіздің өзіңізден басқа ешкім де білмейді, сандық код банк қызметкерлеріне де белгісіз, сондықтан карточканы пайдаланатын мерзім ішінде Сіз ДСН-кодыңызды құпияда ұстауыңыз керек, оны ешкімге еш жағдайда жария етпеуіңіз керек.

Бірінші банкоматтардың көбі қолма-қол ақшаның аз ғана сомасын беретін, 60-жылдардың аяғы – 70 жылдардың басында банкоматтарды пайдалануда көптеген қиыншылықтар көріне бастады (банкоматтардың бұзылуы, дербес карточкалардың жиі бұзылуы немесе карточкаларды операция орындалғаннан кейін ұстап қалу). Осының негізінде банктің көптеген клиенттері өз операцияларын дәстүрлі түрде банкте жүргізуді жөн көрді.

Банкоматтарды қарапайым банктік операцияларды орындау үшін пайдалану банк жұмысшыларының жұмысын жеңілдетіп, оларға мамандандырылған қызмет түрін көрсетуге кететін шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Банкоматтардың қолданылуы банктерге өз қызметтерін клиенттерге жақындатуға мүмкіндік береді. Тұтынушы үшін олардың бағалылығы клиент үшін қолма-қол ақша алу немесе салым операциялары бойынша уақытша және кеңістік шектеулерді кеңейтетіндігінде. Банк үшін банкомат қызметкерлердің санын қысқартуға және үлкен пайда табуға мүмкіндік беретін тиімді құрал. Банкоматтар тәулігіне 24 сағат, еш демалыссыз жұмыс істейді.

Клиенттердің көзқарасы бойынша банкоматты пайдалану банкте қызмет көрсетуден гөрі тиімді. Ең алдымен клиент үшін тез қызмет көрсету және ыңғайлылық, банкомат арқылы операцияны кез-келген уақытта күндіз немесе түнде жүзеге асырудың мүмкіндігі. Сондықтан соңғы жылдары банк клиенттері банк бөлімшелерінен гөрі, банкоматтар қызметін пайдаланғанды жөн көреді. Банк клиенттерінің жартысынан көбі банкоматтар қызметін пайдаланады. Мысалы:

  • қолма-қол ақшаны алу,
  • несие лимитін алу;
  • ақша аударымдарын жүзеге асыру;
  • карточкалық депозит ашу;
  • «Мобильді банкинг» қызметін пайдалану;
  • салық төлеу мүмкіндігі;
  • мобильді байланыс қызметтерін төлеу т.б.

Банкоматты пайдалану кемшіліктеріне мыналар жатады:

а) клиенттің шотынан операция атқарылған күні қаражаттарды сызып тастау (сенбі мен жексенбіні санамағанда);

б) карточканың жоғалу не ұрлану мүмкіндігі;

в) керекті кезде банкоматтың әр түрлі жағдайларға байланысты жұмыс істемей қалуы (эксперттердің анализі бойынша, банкоматтардың бұзылу уақыты оның жұмыс уақытының 5%-нен аспайды. Банкоматтардың атқаратын барлық жұмысын есептегенде, бұл банк пен оның клиенттері үшін айтарлықтай шығын болып табылады).

Карточкаларды қабылдайтын басқа да электронды құрылғылар:

POS-терминал (ағылшын тілінен Point of Sale Terminal – сауда орталығының терминалы) – магнитті сызықтан немесе карточканың микрочипінен ақпаратты оқуға және төлем карточкасы арқылы операцияларды жүзеге асыруға банкпен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін электронды құрылғы. Банкпен байланыс телефонды желі арқылы жүзеге асырылады. Банкоматтан айырмашылығы POS-терминалда кассир қызмет көрсетеді.

Импринтер – клиенттің төлем карточкасында эмбоссирленген мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін механикалық құрылғы. Берілген чек, мәліметтер алынғаннан кейін, кассирмен толтырылып, клиентпен қол қойылады. 

 

 

 

 

 

 

 

2 бөлім. Қазақстан Халық банкінің экономикалық сипаттамасы

2.1. Қазақстан Халық банкінің тарихы мен қаржылық сипаттамасы

Бүгінгі Қазақстан аумағында алғашқы жинақ кассасы 1884 жылы Верныйда ашылған.

Қарапайым халықтың қолындағы аздаған қаражатты барынша молырақ тартуды көздей отырып, билік басындағылар сол кездің өзінде түрлі амалға барған.

Патшалық Ресейдің Қаржы министрлігі бекіткен 1899 жылғы 14 маусымдағы құны 1,5 және 10 тиындық жинақ маркаларын шығару туралы ережеге сәйкес аталған маркаларды сатып алып, арнаулы жинақ парақшаларына желімдеп отыру талап етілген екен. Және осы ережеде атап айтылғанындай, бұл шараның жұртшылықты «адамгершілік тұрғыдан болсын, шаруашылық жағынан болсын, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелейтін» мәні зор болған. Жапсырылған маркалар құны бір рубльге жеткен кезде жинақ кассасына барып, есепшот ашуға болады екен.

Мұның өзі Қазақстанда өткен ғасырдың басында-ақ жинақ ісінің айтарлықтай даму үстінде болғандығын дәлелдесе керек. Айта кететін бір нәрсе, мұндай тарихи даму өте қысқа мерзімде үрдіс алған. Небәрі 15 жылдың ішінде, атап айтқанда 1899-1913 жылдар арасында жинақ кассаларының саны 84-тен 173-ке дейін жеткен, салымшылар саны 21765-тен 93532-ге дейін өскен, ал салымға салынған жинақ ақшасының қалдығы 20337млн. сом болған. 

Бұдан кейін он жылдың ішінде де жинау ісі біртіндеп даму үстінде болды. Қазақстанның өз жинақ кассасын ашу қажеттігі туындады. Сөйтіп, 1923 жылдың 15 тамызында Халық комиссариаты кеңесінің бұйрығымен Ақтөбеде Қазақстан тарихындағы тұңғыш жинақ кассасы ашылды.

Кеңестік дәуір тұсында, өткен ғасырдың 80-жылдарында КСРО жинақ ісін жаңа деңгейге көтеру қажеттігі туындады. Бұл кезде жинақ кассалары ондаған жылдың ішінде халықтың қолындағы бос жатқан ақша қаражатын салымға тартуды, оның сенімді және құпиялы түрде сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз еткен болатын, еркін айналымындағы қарыз облигацияларын игерген. Мұның сыртында жинақ кассалары тұрғындардан коммуналдық төлем қабылдау, азаматтардың жеке басын сақтандыру, жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақы төлеу, тауар сатып алу үшін есеп айырысу чектерін беру операцияларын жүргізді, ақшалай-ұтыс лотереяларын сатумен айналысты. Басқаша айтқанда, жинақ кассаларының  функциялары барынша кеңейтіліп, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық рөлі арта түсті. Жинақ кассалары ендігі жерде ірі экономикалық институтқа айнала бастады, сөйтіп өзінің нақты қалыптасқан мәртебесіне сәйкес «банк» деген ұғымға неғұрлым жақындай түсті. 

Қазақстан Халық банкінің тарихы – бұл Қазақстан территориясында жинақ  жүйесінің дамуы мен құрылуының тарихы. Халық банкі өз тарихын Ақтөбедегі 1923 жылы тамыз айында ашылған жинақ кассасынан бастады. Мемлекеттік жинақ кассасы жүйесінен тәуелсіз Қазақстанның ірі әмбебап банкісінің дамуынан өткен Халық банк дамуы Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тарихымен үзіліссіз байланысты.

Қазақстан Халық банкінің жаңа даму кезеңі мемлекет өз акция пакетін сатқаннан кейін, 2001 жылы басталды. Бүгінгі күнде Халық банкі ірі филиалдық желіні және жеке төлем жүйесін иеленіп, Орта Азия және Қазақстан территориясындағы коммерциялық банк болып табылады. Қазақстан Халық банкінің коммерциялық қызметіне жеке және заңды тұлғалардың есептесу-кассалық қызмет көрсету, дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар бизнесті саудалық және жобалық қаржыландыру кіреді. Ең негізгі бағыттарының бірі депозиттер қабылдау және ссудалар беру және несиелік құралдарды теңгеде және шетел валютасында беру болып табылады.

Банк акцияларының Лондондағы халықаралық қор биржасында IРО дәрежесімен, яғни бастапқы жариялықпен сәтті орналастырылуы, Банктің Халықаралық своп және дериватив (туынды құралдар) қауымдастығына (ISDA) мүшелікке өтуі, эквайринг қызметін іске қосуы және CUP (China Union Pay) ко-брендинг карточкаларын шығаруы, сонымен қатар еуро облигацияларды айтарлықтай табысты орналастыруы – осының бәрі өткен жыл ішінде қол жеткізілген жетістіктер.

Тағы бір айта кететін жәйт – «Euromoney» журналы 2006 жылы Халық банкін «The best bank in Kazakhstan in 2006» («Қазақстандағы 2006 жылғы үздік банк») ретінде марапаттады. «The Banker» журналының бағасы бойынша Банк әлемдегі ең ірі 1000 банктің қатарына қосылып, капитал көлемі бойынша 658 орыннан көрінді.

Halyk Group-тің алдын ала қаржы есептемесі стандарттары бойынша негізгі көрсеткіштері. Өткен жыл ішіндегі Halyk Group-тің таза табысы 65% өсіммен 25,7 млрд теңгені құрады. Банктің табысы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша 20,7 млрд теңгені құрады. Активтер көлемі жыл басындағы көрсеткіштен 76,4%-ға ұлғайып, 987,4млрд теңгеге жетті. Меншікті капитал 86% өсіммен 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 119,6 млрд теңгені құрады. ROAA (орташа активтер қайтарымдылығы) – жылдық 3,49%, ROAЕ (орташа меншікті капитал қайтарымдылығы) – жылдық 32,83%-ды құрайды. NIM (таза проценттік маржа) – 6,83% жылдық көрсеткішін құрайды.

Мұның сыртында Банк төлем карточкаларының саны бойынша бұрынғыша өзінің көш бастаушы орнын сақтап, аталған карточкалар көлемін 2,8 данаға жеткізді. Халық банкі Қазақстанда бірінші рет жаңа «VISA Infinite» деген VIP өнімін шығара бастады.

Бүгінгі күні Банктің «Мобильдік банкинг» қызметін пайдаланушылар саны еліміз бойынша 130 мың адамнан асып, бұл қызмет түрінің клиенттер үшін аса қажеттілігін тағы бір дәлелдеді. Ақша айналымы мен табыстылығы бойынша «Интернет-банкинг» қызметі қазақстандық онлайн-банкинг жүйесі арасында алғашқы орынды нық ұстап отыр.

Қазақстанның барлық 14 облысындағы облыстық, өңірлік, аудандық филиалдарды қоса алғанда, Банк өз клиенттеріне 593 филиал мен бөлімшеден және 100-ға жуық банкоматтан тұратын кеңінен таралған желі арқылы қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні Халық банкінің қызметін пайдаланушы жеке тұлға- клиенттердің саны 5,9 миллионнан асып отыр – бұл Қазақстандағы ең ауқымды клиенттік база болып табылады, сонымен қатар Банк 62 мыңға жуық шағын және орта бизнес өкілдеріне және 300 мыңнан аса ірі корпоративтік клиентке қызмет көрсетеді.

2006 жылы Банк өзінің әлеуметтік жауапкершілік шеңберіндегі қызметін жандандыра түсті және ірі қайырымдылық іс-шаралары мен жобаларды іске асырды. Демеушілік және ізгілік көмек мақсатында жұмсалған бюджет көлемі 63 млн теңге болды.

         Отандық төлем карточкалары нарығындағы Халық банкінің бүгінгі күні жетекшілік орнына ешкім талас тудырмайды, Банк шығарған карточкалар саны қазір 2,8 млн бірлікке жетіп отыр.

Карточкалық өнімдер мен қызметтер аясы да барынша кеңейтілуде:

— China Union Pay (CUP) карточкаларын ұстаушылар (олардың саны дүние жүзі бойынша 1 миллиардтан асады) Қазақстанда Халық банкінің банкоматтары арқылы қолма-қол ақша ала беруге әрі өздерінің карточкаларындағы ақша балансы туралы біліп отыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Банк дүние жүзінде алғашқы болып CUP карточкаларын шығаруды қолға алды;

— мұнымен қатар Халық банкі Қазақстанда бірінші рет жаңа «VISA Infinite» деген VIP өнімін шығара бастады, бұл нарықтың әлуеттілер сегментіне арналған, айырықша іріктелген, басымдығы бар қызметтер пакеті: сатып алған тауарды қорғауды және кеңінен кепілдеме беруді; қызметін ұсынуды; Банктен дербес қолдау көрсетуді; консъерж қызметін көрсетуді (сапар шегуді ұйымдастырудан бастап пәтер жөндеуге дейінгі қызметтердің кең ауқымын қамтамасыз ету); сапар шегу үшін жолға шыққан кезде 1 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға  сақтандыру ұсынуды және т.б. көздейді;

— Халық банкі карточкаларының иелері мобильдік байланыс (республикадағы барлық операторлар арқылы) пен коммуналдық қызмет үшін ақы төлеумен қатар, енді Қазақтелекомның қарапайым телефон байланысы үшін де банкомат арқылы, еліміздің кез келген өңірінен әрі кез келген телефон нөмірі үшін ақы төлеу мүмкідігін алып отыр;

— Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің клиенттері де ендігі жерде Халық банкі карточкаларының көмегімен салым ашуына, кредиттерін өтеуіне болады;

— «карточкалық депозит» деп аталатын жаңа ақша жинақтаушы депозит пайда болды, оны тікелей карточкамен ашуға болады;

        — Халық банкі карточкаларын иеленушілерге Банктің Жинақатушы зейнетақы қорындағы өздерінің зейнетақылық шотынан жылдық және ағымдық үзінді алып отыру мүмкіндігі берілді;

  • Interfood компаниясымен бірге бірінші Altyn City ко-брендингілік бонустық карточкасын шығарды.

Өткен жыл ішінде Банк банкоматтары арқылы, 2,5 млрд теңгеге 

түрлі төлемдер жүргізілді, Card to Card жүйесі бойынша 5 млрд теңгеге жуық сомаға ақша аударылды.

Банктің АТМ желісі тұрақты түрде даму үстінде. 2007 жылы банкоматтар желісі жаңадан тағы осындай 500 құрылғымен және 300 мультикиоскімен толықтыру жоспарланып отыр, бұл АТМ жүйесінің мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді. Мультимедиялық киоскілердің негізгі мақсаты түрлі қызмет көрсетушілердің пайдасына төлем қабылдау болып табылады. Қазіргі кезде мұндай эквайринг саласы бойынша Банкпен 35 ұйым-мекеме ынтымақтаса қызмет етіп, банк клиенттеріне өз қызметтері үшін банкомат арқылы ақы төлеуді ұсынып отыр.

      «Интернет-Банкинг» жүйесі

Ақша айналымы мен табыстылығы бойынша «Интернет-Банкинг» жүйесі қазақстандық онлайн-банкинг жүйесі арасында алғашқы орынды нық ұстап отыр. Интернет жүйесін пайдаланушылар арасында барынша танымал қызмет түрлері: карт-шотты толықтыру, интернет-шоттың біреуінен екіншісіне әп-сәтте ақша аудару, валюта айырбастау және конверсиялау, ұялы телефон байланысы мен коммуналдық қызмет үшін ақы төлеу, интернет-депозиттер ашу, банк аралық және банк ішінде ақша аудару, кредитті өтеу т.б.

2006 жылы Халық банкі клиенттері 9 елдің аумағынан өз интернет-шоттары бойынша қашықтықтан жұмыс істеп, есеп айырысу жүргізді, пайдаланушылардың 76%-ы – Қазақстан Республикасынан болды, одан әрі клиенттердің саны жағынан: Еуропалық одақ, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Лихтенштейн, Швейцария, Германия, Белоруссия сияқты елдердің клиенттері.

      «Мобильдік банкинг» жүйесі

Қазақстан Халық банкінің «Мобильдік банкинг» жүйесі – карт-шотты ұялы телефон арқылы басқарудың Қазақстандағы алғашқы жоба. Қазіргі уақытта аталған жүйе қызметін пайдаланушы клиенттер саны 130 мыңнан асады, оның ішінде 95,5 мың адам – 2006 жылы қосылған (бір жыл ішінде клиенттер саны 3,8 есе артып отыр).

Қазақстан үшін бірегей болып табылатын банк шотына ұялы телефон арқылы бақылау жасау жүйесін Халық банкі 2005 жылдың сәуір айының    19-ы күні VISA CEMEA – «Мобильдік банк – Verified by Visa» атты пилоттық жоба шеңберінде іске қосқан болатын. Сол күні бірден аталған қызметке «КаР-Тел» ЖШС (Beeline, K-mobile, Excess) GSM-операторының абоненттері қосылды. Одан кейін үш айдың ішінде жүйе қызметімен «Алтел» АҚ (Dalacom, Pathword) және GSM Kazakhstan (K-cell, Activ) ЖШС CDMA-операторының пайдаланушылары, яғни Қазақстанның ұялы байланыс рыногі түгелдей қамтылды.

Сервистік жүйеге қосылудың ыңғайлығы және мүмкіндіктерінің молдығы 2005 жылдың аяғында Мобильдік банкинг қызметінің ауқымын өндірістік көлемге қоюға мүмкіндік берді, ал 2006 жылдың 29 қаңтарында клиенттердің осы жүйемен жөнелткен SMS хабарларының саны бір миллионға жетті. Алғашқы миллиондық шепке жету үшін 10 ай мерзім қажет болса, одан әрі «екінші миллионға» небәрі үш айдың ішінде қол жеткізілді (2006 жылғы 11 сәуірде екі миллионыншы хабар жіберілді). 2007 жылдың басында ай сайын бір миллионнан SMS хабар жөнелту мүмкін болады деп күтілуде.

Алғашқы кезеңде осы қызмет түріне қосылған Халық банкі карточкасын иеленуші клиенттің мобильдік телефонына карточка бойынша жасалған кез келген операция (тауар сатып алғанда, көрсетілген қызмет үшін ақы төленгенде, жалақы түскенде, басқа ақша түскенде, т.б.) туралы әп-сәтте SMS хабарламасы түсіп отырды. Хабарда операция сомасы, жасалған уақыты мен жері туралы мәлімет беріледі. Мұнымен қатар Мобильдік банкинг жүйесінің клиенті ұялы телефонынан өзінің карточкасындағы ақша балансы, жүргізілген операциялары, шот бойынша берешегі туралы Банкке сұрату жасауына, қажет болған жағдайда карточкасын әп-сәтте оқшаулауына болады. Бұл үшін Халық банкі операторларының бірыңғай нөміріне (8080) белгіленген нысанмен SMS хабарын жөнелту керек (толығырақ мәліметті Банктің http://www.halykbank.kz/cards/mobil banking сайтынан алуға болады).

2006 жылдың 1 наурызында «Мобильдік банкинг» жүйесінің дамуында екінші кезең басталды. Ұялы байланыс қызметі үшін ақы төлеуді ендігі жерде тікелей ұялы телефонның өзінен іске асыру мүмкін болды (K-mobile, Beeline, Dalacom, Pathword, K-cell абоненттері үшін). 2006 жылдың 10 айында мұндай төлемдердің жалпы саны 27,5 мың болды, жасалған төлем сомасы 26,7 млн теңгеге жетті.

Мамыр айында аталған сервис жүйесіне қолдау жасау мақсатында Банктің мына сайты іске қосылды: http://wap.halykbank.kz. 

2006 жылдың 8 маусымында «Мобильдік банкинг» пайдаланушы Халық банкінің клиенттеріне ұялы телефонмен банк операцияларын жүргізу үшін ыңғайлы меню енгізілді. Мұндай менюге қол жеткізу үшін клиент Банктің wap-порталынан (http://wap.halykbank.kz.) тегін HalykBank мидлетін өз телефонына көшіріп алуы қажет (ақысыз). Аталған технология Қазақстан банктері арасында алғаш рет пайда болды және клиенттерден тиісті бағасын алды.

2006 жылдың 14 қыркүйегінде «Мобильдік банкинг» жүйесінде атаулы оқиға болды: жүйенің 100 мыңыншы клиенті тіркелді.

Қазан айынан бастап сонымен қатар «Мобильдік банкинг» жүйесіне Халық банкінің процессинг қызметін пайдаланатын алты агент-банктің клиенттері де қосылды.

Айта кететін бір жәйт, іске қосылғаннан кейін қысқа мерзімде – небәрі бір жарым жылдың ішінде – 2006 жылдың 17 қарашасы күні «Мобильдік банкинг» жүйесінен түскен табыс атаулы көрсеткішке жетіп, 1 млн АҚШ долларынан асты.

Қазіргі уақытта аталған жүйе қызметін жетілдірудің үшінші кезеңі басталды: бұл банктік аплетті телефонның SIM картасына орналастыру арқылы клиентке ұялы телефон экранынан өзіне ыңғайлы меню алу, мұнан кейін кез келген төлемді (ұялы байланыс, коммуналдық қызмет үшін, интернет-дүкендерінде, т.б.) мобильдік телефоннан тікелей жүргізуге және ақша аударуға (банк аралық, Card to Card, банктің ішкі жүйесі бойынша) мүмкіндік беруді көздейді. Ең бастысы – мұндай төлемдерді жүргізу қауіпсіздігі барынша сақталады, өйткені аталған операциялар клиенттің өзінің сандық қол қоюымен расталуы тиіс.

 

2.2 Қазақстан Халық банкінің атқаратын операциялары

 

Банк – банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға («Банк қызметі туралы» ҚР Заңы 1995 жыл 31 тамыз, 1-бап, 1-тармақша).

«Банк қызметі туралы» ҚР Заңының 30-бабының 4-тармақшасына сәйкес банк операцияларына мыналар жатады:

а) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

б) жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

в) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттарын ашу және жүргізу;

г) кассалық операциялар: банкоматтар мен мәнеттерді қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаптап буу және сақтау;

д) аудару операциялары;

е) есептеу операциялары;

ж) заем операциялары төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес: ақшалай түрде несие беру;

з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмасымен олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;

и) сенім операциялары: сенім білдірген адамдардың мүддесі үшін және оның тапсыруымен ақшаны ипотека қарыздары бойынша талап ету құқықтарын, және тазартылған бағалы металдарды басқару;

к) банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есебін жүргізу және клиринг қатысушылары-банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;

л) сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер;

м) ломбард операциялары:сақтауға алынып оңай өтетін бағалы қағаздарды және өзге де қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несие беру;

н) төлем карточкаларын шығару;

о) банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды инкассациялау және басқа жаққа салып жіберу;

п) шетел валюталарымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдерді қоспағанда);

с) чек кітапшаларын шығару;

у) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк  кепілдіктерін беру;

х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындалуды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру.

      Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Қазақстан банктерінің табысты дамуы үшін, бүкіл дүние жүзіндегі сияқты, төлем карточкаларын пайдаланудың тиімді талаптарымен ипотекалық несие бойынша барынша төмен процент ставкаларын ұсыну негізге алынуы керек. Бұл ретте Халық банкі біраз жетістікке жетті деуге болады. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын ғана банктің ипотекалық несие нарығындағы үлесі 10%-тен аспайтын. Бүгінгі күні банк үлесі 25%-ке жетіп қалды, бұл осы саладағы жетекші банктің көрсеткіші ретінде бағаланады.

Банктің алдына қойған стратегиялық мақсаттарының бірі – несие беру нарығындағы жетекші  банк ретіндегі өз айқындамасын айтарлықтай нығайту әрі халыққа көрсететін қызметтер аясын одан әрі кеңейте түсу.

Қазақстан Халық банкінің халыққа ұсынатын несиелері төмендегі кестеде:

Несие түрі

Мақсаты

Кімдерге беріледі

Сақтан-дыру

Займның ең төмен—гі мерзімі

Займды өтеудің макси-мальды мерзімі

Займдар бойынша сыйақы ставкасы

1

2

3

4

5

6

7

 

«Халықтық» бағдарламасы

 

Тұтынушы-лық мақ-саттар

 

Банктің жала-қылық жоба-сына қатысу-шылар, банк арқылы зейнет-ақы алатын зейнеткерлер

 

Қарасты-рылмайды

 

3 ай

 

36 ай

 

21%

1

2

3

4

5

6

7

Банктің жалақы- лық жобасына қатыспайтын жеке тұлғалар-дың кепілдігімен бағдарламасы

Тұтынушы-лық мақ-саттар

Жеке тұлғалар – ҚР резидент-тері, банктің жалақылық жобасына қатыспайтын тұлғалар

Қарасты-рылмайды

3 ай

36 ай

23%

«Зейнетақылық несие» бағдарламасы

Тұтынушы-лық мақ-саттар

Жеке тұлғалар – ҚР резидент-тері, банкте зейнетақы ала-тын 70 жасқа дейінгі зейнет-керлер

Қарасты-рылмайды

3 ай

24 ай

21%

 

 

Банкте заңды тұлғалардың шоттары бойынша жұмыстар жүргізіледі. Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, ауыл шаруашылықтар және фермерлік шаруашылықтар банктік шот ашу үшін толық құжаттар пакетін ұсынады.

Банктік шот – бұл депозитті (салымды) қабылдау бойынша Банк пен Клиент арасындағы келісім-шарттық қатынастарды көрсету тәсілі.

Банктік шоттар теңгеде де, шетел валютасында да ашылып, жүргізілуі мүмкін және ағымдағы жинақ, корреспонденттік шоттар болып бөлінеді (ҚР банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулар, 1 бөлім, 2 маусым 200жыл).

Қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасымен бекіткен «ҚР-ң банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» №266 нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.

 Жоғарыдағы ережеге сәйкес ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктерде шот ашу мынандай құжаттарды талап етеді:

  1. Резидент-заңды тұлғалар үшін:

— Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

— Статистикалық карточка;

— Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

— СТТН көшірмесі;

— Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғалардың басшыларына берілетін сенімхаттың көшірмесі;

— Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз;

— Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);

— Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың  көшірмесі мен олардың төл құжаттары мен СТТН;

— Банктік шот ашу туралы өтініш;

— Банктік шот туралы келісім-шарт.

  1. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін:

— Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған Филиал немесе өкілеттілік туралы ереженің  көшірмесі,

— Статистикалық карточка;

— Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

— СТТН көшірмесі;

— Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғалардың басшыларына берілетін сенімхаттың көшірмесі;

— Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);

— Жеке куәлігі;

— Банктік шот ашу туралы өтініш;

— Банктік шот туралы келісім-шарт.

  1. Фермер шаруашылығы:

— Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

— СТТН көшірмесі;

— Жерді пайдалануға жер бөлімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

— Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);

— Жеке куәлігі (көшірмесі);

— Банктік шот ашу туралы өтініш;

— Банктік шот туралы келісім-шарт.

  1. Жеке кәсіпкерлер үшін:

— Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

— СТТН көшірмесі;

 — Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

— Жеке куәлігі (көшірмесі);

— Банктік шот ашу туралы өтініш;

— Банктік шот туралы келісім-шарт.

  1. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:

— ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын растайтын құжаттың көшірмесі;

— Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

— Жеке куәлігі (көшірмесі);

— Банктік шот ашу туралы өтініш;

— Банктік шот туралы келісім-шарт.

  1. Жеке тұлғалар үшін:

— Жеке куәлігі (көшірмесі);

— СТТН көшірмесі;

— Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

— Банктік шот ашу туралы өтініш;

— Банктік шот туралы келісім-шарт.

Қазақстан Халық банкі Visa International (1998 жыл, ақпан айынан бастап) және MasterCard International (1997 жыл, шілде айынан бастап) халықаралық төлем жүйелерінің мүшесі болып табылады, яғни олармен тікелей қаржылық қатынаста. Қазақстан Халық банкі ҚР-дағы төлем карточкалары нарығының көшбасшысы болып табылады. Қазақстандағы төлем карточкаларын ұстаушылардың 60%-н астамы Қазақстан Халық банкінің төлем карточкаларының иелері болып табылады.

Төлем карточкалары – бұл бұндай карточканы ұстаушының төлем карточкасының эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюталарды айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік беретін электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаға бақылау жасау құралы («Ақшалай төлемдер мен аударымдар» ҚР Заңы, 1998 жыл, 29 маусым, 3-бап, 55 тармақшамасы).

Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карточкаларының түрлері:

  • Visa Platinum, Visa Gold, MasterCard Gold
  • Visa Classic, MasterCard Standard
  • Visa Electron\Plus, Maestro\Cirrus
  • Visa Instant Halyk Card
  • Visa Virtuon
  • Maestro ISIC

Банктік аударымдар бойынша үлкен операциялар жүргізіледі. Жеке тұлғалардың ақшасын аудару жүйесі ұлттық валютада және шетел валютасында барлық Банк филиалдарымен орындалады. Салымшылардың шоттарынан немесе шот ашпай-ақ қолма-қол ақшаны шетел валютасында аудару тек қана Басты банктің (Головной банк) сенімхатымен және шетел валютасымен операциялар жүргізуге құқық беретін ҚР Ұлттық банкінің рұқсаты бар Филиалдармен жүргізіледі.

 

     Қазақстан Халық банкі төмендегідей аударымдарды жүзеге асырады:

Аударым түрі

Мақсаты

Ерекшелігі

Аударым-ды жүзеге асыру ұзақтығы

Аударым валютасы

Қызметтің құны

1

2

3

4

5

6

«Жеке тұлға-лардың дереу есеп айырысу-лары» жүйесі бойынша аударымдар

Жеке тұлға-лардың не-месе заңды тұлғалардың шоттарына төлемдер мен аударымдар жасау үшін

Аударымдар «Қазақстан Халық банкі» АҚ жүйесінде жүзеге асырылады

Операция-лық күн ағымында

теңге

100 – 20000 теңге

1

2

3

4

5

6

«Экспресс-аударымдар» жүйесі бойынша

Шот ашпай-ақ төлемдер мен аударымдар жасау мүмкіндігі

«Экспресс-аударымдар» жүйесі орнатылған «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да ғана жүзеге асырылады

15 – 20 минут

теңге

200 – 60000 теңге

«Money Gram» жүйесі бойынша

Шот ашпай-ақ жеке тұлғалардың жеке тұлға-ларға ауда-рымдар жасау

«MONEY GRAM PAYMENT SYSTEM INC» жүйесімен келісім-шарт жасасқан басқа банктерге де жүзеге асырылады

15 – 20 минут

АҚШ доллары

100-10000$

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 бөлім. Төлем карточкаларының даму перспективалары мен механизмдері

3.1. Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карточкаларының түрлері

 

Төлем карточкалары – бұл бұндай карточканы ұстаушының төлем карточкасының эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюталарды айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға рұқсат беретін электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаға бақылау жасау құралы («Ақшалай төлемдер мен аударымдар» ҚР Заңы, 1998 жыл, 29 маусым, 3-бап, 55 тармақшамасы). Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады, ол карточкада көрсетіледі. Карточканың мерзімі өткеннен соң, ол ұзартылып, жаңа карточка беріледі, карточканың жұмыс істеу мерзімі 3 жыл. Қазіргі кезде жалақы алуға арналған төлем карточкалары кеңінен қолданылуда.

Қазақстан Халық банкі Visa International (1998 жыл, ақпан айынан бастап) және MasterCard International (1997 жыл, шілде айынан бастап) халықаралық төлем жүйелерінің мүшесі болып табылады, яғни олармен тікелей қаржылық қатынаста. Қазақстан Халық банкі Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалары нарығының көшбасшысы болып табылады (Қазақстандағы төлем карточкаларын ұстаушылардың 60%-н астамы).

      Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карточкаларының түрлері:

Visa Platinum, Visa Gold MasterCard Gold

Бұл карточкалар ыңғайлылықты бағалайтын ісі алға басқан адамдарға арналған. Осылайша бұл карточка қалталы азаматтарға беріледі. Берілген карточкалар бойынша клиенттер еш қиындықсыз қонақүйге тапсырыс бере алады (мысалы, шет елге шыққанда). Карточканы ұстаушы жеңілдіктер және Visa International және MasterCard International-дан арнайы ұсыныстар ала алады.

Visa Classic, MasterCard Standard

Әлемде кең таралған карточкалардың түрі, Gold карточкалары сияқты ұстаушыларына кең мүмкіндіктер береді. Берілген карточкалар электронды құрал (POS-терминал) арқылы тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер қабылдауға және қолма-қол ақшалар алуға мүмкіндік береді, механикалық құралдар (импринтер) арқылы да мүмкіндік береді, бұл белгілі бір дәрежеде карточкаларды қабылдау жүйесін ұлғайтады. Олар Visa немесе MasterCard логотипімен белгіленген бүкіл әлемнің сауда және қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Бұл карточкалардың ұстаушылары болып орташа табыс алушылар табылады.

 Visa Electron\Plus, Maestro\Cirrus

Танымал, қол жетерлік карточканың түрі. Gold және Classic\Standard карточкаларынан айырмашылығы тек қана электронды құралдар (POS-терминал), банкомат, кассалық терминалда пайдалануға болады. Бұл карточкалар арқылы қонақүйге тапсырыс беруге автокөлік жалдауға және Internet-ті төлеуге болмайды.

Visa Instant Halyk Card

Бірінші Қазақстандық дереу щығарылатын карточкалар кейінге қалдырылмайтын жағдайларға арналған. Мысалы, дереу жол-сапар, клиент жалақысын алу керек немесе дереу туыстарына ақша аудару керек. Клиент бұл карточканы тиісті өтінішін тапсырғаннан кейін дереу алады. Карточка клиенттің аты-жөні көрсетілмей шығарылады, бірақ Visa Electron карточкасының барлық мүмкіндіктеріне ие.

 

 

Мақсаты

Карт-шот ашу және төлем карточкасын алу, сол карточка бойынша жалақы, зейнетақы алу

Кімдерге арналған

Жеке тұлғалар – ҚР резиденттері және бейрезиденттері

Карточканың түрлері

Несиелік карточкалар:

Visa Platinum, Visa Gold, MasterCard Gold–VIP-сегмент тобына арналған

Visa Classic, MasterCard Standard – орташа сегмент клиенттеріне арналған

 Дебеттік карточкалар:

Visa Electron, Cirrus Maestro, Visa Electron Halyk Instant – жаппай сегмент клиенттеріне арналған

Карточканың қызмет көрсету мерзімі

Дебеттік карточка – 3жыл

Несиелік карточка – 1 жыл

Карт-шоттың валютасы

Теңге, доллар, еуро

Төлем карточкасына берілетін міндетті сервис пакеті

AIG Kazakhstan сақтандыру пакеті, IAPA карточкасы – клиенттің еркі бойынша беріледі, қонақүйге орналасу, тапсырыс беру т.б. қызметтер үшін шегерім картасы болып табылады

Жылдық қызмет көрсету құны

Visa Platinum – 5000 теңге

Visa Gold, MasterCard Gold – 2500 теңге

Visa Classic, MasterCard Standard – 1200 теңге

Visa Electron, Cirrus Maestro — тегін

 

Visa Virtuon

Бұл карточка Интернет жүйесінде есеп жүргізуге арналған, бұнда карточканы көрсету қажет емес. Карточка виртуальды болғанымен, клиентке карточканың аналогы реквизиттермен беріледі: карточканың нөмірі, жұмыс істеу мерзімі, сәйкестендірме коды және клиент туралы мәліметтер.

 

 

Мақсаты

Карт-шот ашу және интернет желісінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлемді жүзеге асыру үшін төлем карточкасын алу

Кімдерге арналған

Жеке тұлғалар – ҚР резиденттері және бейрезиденттері

Карточканың түрлері

Visa Virtuon виртуальды карточкасы

Карточканың қызмет көрсету мерзімі

1 жыл

Карт-шоттың валютасы

Теңге, доллар, еуро

Төлем карточкасына берілетін міндетті сервис пакеті

Берілмейді

Жылдық қызмет көрсету құны

2000 теңге

 

Maestro-ISIC

ISIC (International Student Identity Card) – бұл Халықаралық Студенттік Идентификациялық Карточка. ISIC барлық саяхаттағы студенттерге көмек ретінде 1968 жылы шығарылған. ISIC карточкасы ЮНЕСКО-мен ұсынылған және тіркелген. Карточка жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарға арналып шығарылады. ISIC карточкасы арқылы ISIC логотипі бар жерлерде тауарлар мен қызметтерге дисконттық шегерімдер алуға болады. Қазақстанда ISIC карточкасы бойынша шегерімдер ұсынатын  50-ден аса кәсіпорындар бар. Бұл медициналық орталықтар, боулинг- орталықтар, кафе, музейлер, түнгі клубтар және де халықаралық авиакомпаниялар. ISIC таратылған кез келген елде сіз Көмек орталығымен (Help line) байланысып құқықтық және медициналық көмек ала аласыз. Көмек Орталығы тәулік бойы жұмыс істейді және операторлар 4 тілде (ағылшын, неміс, француз, испан) жауап береді. ISIConnect арнайы байланыс жүйесі студенттерге 137 елде 85%-ке дейінгі шегерімдермен телефон соғуға мүмкіндік береді, сонымен қатар телефакс, электронды почта.

 

Мақсаты

Карт-шот ашу және ISIC ассоциясына кіретін сауда мен сервис орталықтарында шегерімдер алу мақсатында оқу мекемелерінде оқитындарға арналған төлем карточкасын алу

Кімдерге арналған

Жеке тұлғалар – ҚР резиденттері және бейрезиденттері

Карточканың түрлері

Maestro ISIC карточкасы

Карточканың қызмет көрсету мерзімі

16 ай

Карт-шоттың валютасы

Теңге, доллар, еуро

Төлем карточкасына берілетін міндетті сервис пакеті

Берілмейді

Жылдық қызмет көрсету құны

900 теңге

 

Қазақстан Халық банкі мен «China Union Pay» қытай компаниясы эквайринг туралы келісім шартқа қол қойды. Бұл келісім шартқа сәйкес, екі жақтың банктік карточкалары дүкендерде, банктік терминалдарда және банкоматтарда қаржылық операцияларды орындау кезінде Қазақстан мен Қытай территориясында бірдей танылады. Бірінші кезекте, Қытай банктік карточкалары Қазақстан территориясында жүргізіледі, ал екінші кезекте Қазақстан Халық банкінің карточкалары Қытай Халық Республикасында жүргізілетін болады.

Қазақстан Халық банкінің серіктесі болған қытай компаниясының карточкалық жүйесі КХР-ң өзінде миллиардтан астам адамға қызмет көрсетеді. CUP карточкаларының эмиссиясының басталуын банк 2006 жылдың аяғына қарай он мыңнан аса басылым шығаруды жоспарлаған.

Келісімшартқа сәйкес, екі жақтың міндеттері Қазақстанда  CUP карточкалары үшін эквайрингтік қызметтерді ұйымдастыру, және ол карточкаларды  Халық банкінің жүйесі арқылы банкоматтан қолма-қол ақша алу үшін пайдалануға  болады. Бұл үшін банктің көптеген банкоматтарына арнайы қытай азаматтары үшін өзгеріс енгізілді, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен қоса қытай тілінде ақпарат алу мүмкіндігі. Бұнымен қоса, банкоматтар мен сауда орындары CUP компаниясының логотипімен белгіленген, бұл бұндай карточкаларды ұстаушыларды айтылып өткен жерлерде қызмет көрсетілу мүмкіндігін көрсетеді.

Қазақстан Халық банкі Достастық елдері банктерінің ішінде China Union Pay жүйесіне енген бірінші банк.

 

3.2. Қазақстан Халық банкінің төлем карточкалары арқылы көрсетілетін қызметтер

 

Қазақстан Халық банкінің карточкалары бойынша банкоматтан берілетін үзінділер арқылы зейнетақы қорындағы өз шотыңыздың жай-күйі туралы мәлімет алып отыруға да болады. Сонымен қатар банкомат көмегімен коммуналдық қызметке, телефон байланысы операторларының қызметіне ақы төлей аласыз. Банкомат арқылы несие алу да еш қиындық туғызбайтын болды. Батыстың, оның ішінде Еуропа елдерінің ең керемет деген бірнеше жұлдызды отельдерінде карточканың көмегімен жеңілдікпен тұра аласыз.

Сондықтан банк ісі саласындағы бүгінгі күні банктік технологиялар жаңалықтары арқылы енгізіліп отырған жеңілдіктерді клиенттер еш қауіптенбестен, барынша пайдаланғаны жөн.

Шағын ғана карточканың мол мүмкіндігіне қол жеткізіп қана қоймай, шынайы бағалап үлгіргендердің қатары елімізде күн сайын артып келеді. Халық банкі шығарған төлем карточкалар саны бүгінгі күні 2,6 миллионнан асып отыр, оның 1,4 миллионы жалақылық жобалар бойынша жұмыс істейді, яғни осынша адам қосымша жеңілдіктерді пайдалана алады деген сөз. Клиенттердің басым көпшілігі әр түрлі мақсатқа түрліше карточка ұстағанды жөн көреді. Бұл өте құптарлық қадам. Карточка бойынша көрсетілетін қызметтер құны бірте-бірте төмендеп келеді. Өйткені бұл бүгінгі күннің талабы. Банктік технологиялар күн сайын жетілдіріліп отыратын қазіргі өркениет заманында мұндай қызметке әркім де қол жеткізе алуға тиіс.

Төлем карточкаларының мүмкіндіктері туралы айта кеткен жөн. Мысалы, карт-шотты «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы немесе «Экспресс-аударым» режимінде толықтырып отыру. Бірінші жағдайда, сіз Интернет желісі бар әлемнің кез келген бұрышынан банк шотыңыздан карточкаңызға ақша аудара бересіз және тек өзіңіздің ғана емес, кез келген жеке тұлғаның карточкасына аударым жасауға болады.

«Экспресс-аударым» –  бұл Қазақстан аумағы бойынша аударым жасау үшін пайдалануға ыңғайлы баламалық өнім. Еліміздегі ірі қалалардың барлығында POS-терминалдар көмегімен карт-шотқа жедел түрде ақша аудару мүмкіндігі бар банк бөлімшелері жұмыс істейді. Операция жүргізілгеннен кейін 15-30 минуттың ішінде алушыға жеткізіледі. Бұл қызмет үшін төленетін ақы небәрі 500 теңге және бұл жөнелтілетін ақша сомасына байланысты емес, яғни кәдімгі банктік аударым үшін төленетін ақыдан үш есе арзан.

       Card to Card жүйесімен ақша аудару

Халық банкі өзінің төлем карточкасын пайдаланушы клиенттеріне банкомат арқылы бір карточкадан екінші карточкаға ақша аудару қызметін ұсынады. Card to Card қызметі сізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: бұл қызмет түріне сіз тәуліктің кез келген уақытында, демалыссыз әрі үзіліссіз қол жеткізе аласыз, операцияны банкомат арқылы жүргізудің еш қиындығы жоқ, сонымен қатар аударылған ақшаны Қазақстан аумағында да, шет елдердің бірінде жүріп те қолға алуға болады. Бұл қызметті пайдалана отырып, сіз өз ақшаңызды қәдімгідей үнемдей аласыз, өйткені төлейтін комиссиялығы өте аз әрі жіберілетін ақша сомасына байланысты емес. Ал қызметті пайдалану үшін сіз және ақшаны алушыда Халық банкінің карточкасы болуы керек әрі сіз ақша алушының төлем карточкасының нөмірін білгеніңіз жөн.

Банкомат арқылы берілетін кредит лимиті

Халық банкі өз клиенттеріне банкке келместен, банкомат арқылы әп-сәтте кредит лимитін алу мүмкіндігін ұсынады. Банкомат арқылы берілетін кредит лимиті – бұл Халық банкінің карточкасымен кезекті жалақыға дейін Банктен қарызға ақша алу мүмкіндігі. Кредит лимиті жалақысы кемінде 15000 теңге болатын әрі жалақысын 3 айдан астам уақыт Халық банкінің карточкасымен алып жүрген кәсіпорындар мен ұйымдардың (оның ішінде бюджеттік мекемелердің) қызметкерлеріне арналған. Кредит желісінің мөлшері жалақыңыздың 70%-н құрайды. Мысалы, егер сіздің жалақыңыз 15000 теңгені құраса, кредит мөлшері 10500 теңге болады (15000*70%=10500). Кредиттің ақысы айына 2%-ті құрайды және кредит сомасының нақты пайдаланылған күндер санына есептеледі. Мысалы, егер сіз жалақыдан 10 күн бұрын 10000 теңге қарыз алсаңыз, Банкке бұл үшін 67 теңге төлейсіз. Банк берешек өтемін карточкаға жалақысы немесе басқа ақша түскенде автоматты түрде ұстап қалады. Берешек өтелген кезде кредит лимиті автоматты түрде жаңартылады. Сіз оған банкомат арқылы қосымша растамасыз қол жеткізе аласыз.

Банкомат арқылы төлемдер

Халық банкі өзінің төлем карточкаларын иеленушілерге банкомат арқылы әр түрлі төлем жасау мүмкіндігін ұсынады: мобильдік телефондағы балансты толықтырып отыру, кабельдік телевидение қызметі үшін ақы төлеу т.б. Ендігі жерде сіз банктің төлем қабылдайтын пункттері мен бөлімшелерінің жұмыс істейтін уақытына тәуелді болмайсыз – кез келген ыңғайлы уақытта банкоматқа барып, ондағы менюден өзіңізге қажетті бөлімді таңдап аласыз да, тиісті батырмаларды басу арқылы төлем жүргізесіз. Аз уақыттың ішінде төлемақылық ақшаңыз қызмет көрсетушінің шотына түседі.

Халық банкінің банкоматтары арқылы қол жеткізілетін операциялар:

  • қолма-қол ақша алу;
  • карточка бойынша транзакция мен ондағы балансы туралы үзінді алу;
  • мобильдік байланыс, кабельдік телевидение, «Қазақтелеком» АҚ қызметтері үшін, сондай-ақ сіз тұратын қалада қол жеткізуге мүмкін болатын басқа да төлемдер;
  • Халық банкінің карточкалары бойынша Card to Card жүйесімен ақша аудару;
  • «Карточкалық депозитте» ақша жинақтау;
  • Карточкамен кредит лимит алу;
  • «Мобильдік банкинг» қызметіне қосылу;
  • Қазақстан Халық банкінің ЖЗҚ-дағы зейнетақылық жинақтарыңыз туралы үзінді алып отыру;
  • «Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ-да салым жасау және несиені өтеу.

      Кедендік баж салығы мен төлемдерді жедел төлеу

«Қазақстан Халық банкі» АҚ республикамыздың кеден бекеттерінде POS-терминалдар арқылы төлем карточкасымен есеп айырысудың ыңғайлы рәсімін ұсынады. Халық банкінің карточкасымен кедендік төлемдер жүргізудің клиент үшін құндылығы неде:

— төлемдер әп-сәтте жүргізіледі;

— төлем операциясы жүргізілгеннен кейін берілетін чек төлемнің құжаттық растамасы болып табылады. Ендеше Халық банкінің төлем карточкасы кедендік төлемдердің «әп-сәтте» есепке алынуын қамтамасыз етеді;

— кеден органдарының шоттарына аванстық төлемдер жүргізудің қажеті жоқ;

— алдын-ала жоспарлаусыз ресімделеді;

— қосымша төлемдер жүргізу жедел іске асырылады;

-артық төленген кеденді төлемдерге салыстырмалы тексеру жүргізудің қажеттігі жоқ;

— жүргізілген төлем туралы ақпарат төлем құжаттарында толық көрсетіледі.

Карточкалық депозит

Карточкалық депозит – бұл банкомат арқылы кез келген уақытта өзіңіздің төлем карточкаңызға ақша жинақтау мүмкіндігі. Халық банкінің төлем карточкасын иеленуші кез келген тұлға аталған депозитті банкке келместен, банкомат арқылы-ақ ашуына болады. Бұл депозитке қаражат жинақтап отыру үшін ақшаны карточкалық шоттан банкомат арқылы аударып отырсаңыз болғаны. Карточкалық депозит 12  ай мерзімге, тек теңгемен ашылады және жүргізіледі. Депозитке қосымша жарна салып отыруға шек қойылмайды, жарна мөлшері де шектелмейді, алайда депозиттен ішінара ақша алып отыруға болмайды. Карточкалық депозитті банкоматқа немесе электрондық киоскіге барып, банкомат панеліндегі тиісті батырмаларды бірізділік тәртіппен баса отырып, ашуға және толықтырып отыруға болады. Бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері – 1000 теңге.

       Мобильдік банкинг

Қазақстан үшін бірегей болып табылатын банк шотын мобильдік телефон арқылы басқару жүйесі Халық банкінде 2005 жылдың 19 сәуірінде VISA CEMEA-мен жасалған пилоттық жоба шеңберінде іске қосылды. Бұл күннен бастап аталған сервистік қызмет түріне «Қар-Тел» ЖШС GSM-операторы абоненттерінің барлығы (Beeline, K-mobile, Excess) қол жеткізе алатын болды. Сол жылдың 25 шілдесінде «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызметтер шеңбері кеңейтіліп, «Алтел» АҚ CDMA- операторы қызметін пайдаланушыларға да (Dalacom, Пастворд) тарала бастады. Одан әрі, 2005 жылғы 11 тамызда аталған қызмет жүйесіне Қазақстандағы үшінші бір байланыс операторының «GSM- Қазақстан» ЖШС пайдаланушылары (K-cell, Activ) қосылғаннан кейін аталған сервиспен қазақстандық мобильдік байланыс нарығы түгелдей қамтылды. Жыл аяғында-ақ бұл сервис түрі қосылу мүмкіндігінің қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы арқасында ірі өндірістік ауқымға ие болды, ал 2006 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Халық банкінің «Мобильдік банкинг» жүйесіне 100-мыңыншы клиент тіркеуден өткізілді. Қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі бойынша Қазақстан банктері арасында ұсынылатын бұл ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Сервистік қызметтің осы аталған түріне қосылған Халық банкінің төлем карточкасын ұстаушылары алғашқы кезеңде өздерінің мобильдік телефонына әп-сәтте түсіп отыратын SMS-хабары арқылы карточкалық шот бойынша жасалған операция туралы (сатып алу, қызметке ақы төлеу, жалақының түскені, төлем жасалғаны туралы) мәлімет алып отырады. Мұнымен қатар мобильдік банкинг қызметін пайдаланушы өзінің ұялы телефонынан карточкасындағы ақша балансы, жасалған операциялар тарихы туралы сұрату жасай алады, қажет болғанда өз карточкасын оқшаулау мүмкіндігін де пайдаланады.

2006 жылдың 1 наурызынан бастап «Мобильдік банкингтің» екінші даму кезеңі басталды. Ендігі жерде жүйеге мобильдік байланыс үшін ұялы телефонның өзінен ақы төлеу мүмкіндігі енгізілді (Dalacom, K-cell, Activ абоненттері үшін). Дегенмен, әзірге мұндай мүмкіндікті тек Банкке SMS-хабары жіберілетін телефондардан ғана іске асыруға болады. Қазіргі уақытта аталған сервис түрінің үшінші даму кезеңін іске қосу қолға алынуда. Бұл жұмыстың мәні мынада: телефон SIM-картасында арнаулы банктік қосымша орналастырылады, ал бұл клиентке телефон дисплейінде ыңғайлы меню қойып, ұялы телефонның өзінен тікелей төлем (ұялы байланыс үшін, коммуналдық қызметке, интернет-дүкендерге) жасауға және ақша аударуға (банк ішінде, банкааралық, Card to Card т.б.) мүмкіндік береді.

2006 жылдың 8 маусымынан бастап Халық банкі «Мобильдік банкинг» жүйесінің клиенттері өздерінің ұялы телефондарына банк операцияларын жүргізу үшін ыңғайлы меню алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл менюді банктің wap-порталынан (http://wap.halykbank.kz.) әркім де өз телефонына көшіріп алуына болады. Аталған технология Қазақстанның банктік нарығында алғаш рет пайда болып отыр және клиенттер оған өз бағасын беріп те үлгерді.

       «Мобильдік банкинг» қызметінің негізгі басымдықтары:

— ұялы телефоныңызға келіп түсетін SMS-хабарының көмегімен өзіңіздің карточкалық шотыңыз туралы ақпаратқа қол жеткізе аласыз;

— банкке барып жатпастан, ұялы телефонның көмегімен кез келген уақытта өзіңіздің карточкалық шотыңыздың жай-күйі туралы (ақша қаражатының қалдығы) жедел ақпарат алуыңызға болады;

— карточкалық шоттан алынған немесе шотқа түскен ақша туралы ақпарат ұялы телефоныңыздың дисплейіне автоматты түрде келіп тұрады;

— карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда оны өзіңіз дербес әрі жедел түрде оқшаулай аласыз.

«Мобильдік банкинг» қызметін Халық бакінің төлем карточкасының иесі болып табылатын ұялы телефоны бар кез келген клиент пайдалана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі заманғы төлем ретінде төлем жүйесінің пайдалануына жасалған анализ келесі тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді:

  1. Қазақстанның нарықтық қатарға өту процесінің өзі банктік жүйенің қайта құрылуымен байланысты болды. Көптеген коммерциялық банктерге төлем карточкалары жаңа бизнес бағыты және тиімді құралы болып табылады.
  2. Халықтық нарықтарда әр түрлі төлем карточкаларын пайдалану технологиясын дамытуда көптеген жетістіктер бар. Ал Қазақстанда төлем құралы ретінде пластикалық карточкалар қарқынды даму кезеңін бастан кешуде.
  3. Төлем карточкаларының нақты даму тенденциялары болып микро процессорлы техника мен электронды коммуникациялардың жетістіктері негізінде олардың жетілдірілуі саналады.

       Сондықтан болашақ смарт карточкаларының артында, электронды ақшалар қолма-қол ақшаларды қағаз купюралар металды монеталарды жартылай ығыстырғандай ығыстыруы мүмкін екендігін көруге болады. Магнитті карточкаларға негізделген төлем жүйелері дамыған елдерде, жаңа технологиялардың ендірілуі күтілуде. Және де әлемнің кейбір банктерінде дәстүрлі жүйелердің даму кезеңінен әп-сәтте смарт-технологияларға «секіру» болуы мүмкін.

ISO халық стандарттары EMV спецификациясымен тіркелген. Магнит сызығының кодталуы мен карточкалардың микросхемасындағы мәліметтерді алмастыру стандартталған.

Болашақ банктік төлем карточкалары келесідей артықшылықтарға ие болады:

  • PVC пластик (поливинилхлорид) немесе жоғары дәрежелі;
  • Магниттік сызық;
  • Микропроцессор;
  • Енгізілген шифрлеу алгоритмі;
  • ISO және EMV стандарттарына сай келетін басқарулар жүйесі.

      Қазақстанда біз интеграциялық процестерге үміттенеміз: әр түрлі жүйелердің бірігуі мен өзара енуі. Осының хабаршысы болып пластикалық карточканың ірі элементтерінің өкілдері қатысатын ұлттық стандарт бойынша жұмыс табылады. 

 Сонымен пластикалық карточкалар – қолма-қол ақшаларды пайдалану сферасын ұлғайтатын өте икемді құрал екеніне көзіміз жетті. Егер сіз әрқашан карточканы қабалдайтын дүкендердің тауарларын тұтынсаңыз және өзіңізбен бірге үлкен ақша сомасын ұстап тәуекелге бел буғыңыз келмесе немесе үлкен сауда жасағыңыз келіп, оны қашан жасайтыныңызды білмесеңіз, онда сіз өзіңізді пластикалық карточканы иеленіп, сақтандыруыңыз мүмкін. Сіз өзіңіздің валютаңызды конвертациялаудан құтыласыз. Сіздің банкіңіз биржалық курс бойынша конвертацияны аз ғана комиссиялықты ала отырып жүзеге асырады. Осыдан келе, карточканы иелене отырып, сіз өзіңізбен бірге қолма-қол ақшаны ұстаудың қажеттілігінен құтыласыз, карточкалық шотыңыздың шегінде жоспарланбаған сауда жасай аласыз және сіздің банк жасайтын конвертация курсы мен дүкендегі айырбас курсы арасындағы айырмадан ұтасыз. Пластикалық карточканы қолма-қол ақшаның орнына пайдаланудың тағы да бір артықшылығы, карточканы жоғалтқан кезде, тек қана карточканы шығарған банкке хабарлау жеткілікті, барлық есеп айырысулар тоқтатылады. Біз тек қана клиенттің карточканы пайдаланудағы пайда туралы ғана айтып келдік, бірақ клиент белгілі бір шығындарға да кезігеді. Біріншіден, клиент барлық ақшасын бірден беріп, оны белгілі бір уақыт аралығында ұстайды және екіншіден, карточканың көмегімен ұсынылатын ыңғайлылыққа төлеу керек. Банктер карточка бойынша жүргізілетін әр транзакция үшін белгілі бір процентті ұстап қалады. Бірақ, басқа жағынан, клиент үшін бәсекелестікте, бүгінгі күні банктер алатын комиссияның көлемін қысқартуда. Осыдан клиент өзіне ыңғайлы банк таңдай алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Ақша, несие, банктері. Оқулық Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейтқасимов – Алматы Экономика, 2001.
  2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы – Алматы. Экономика, 2000.
  3. Саниев М.С. Ақша, Несие. Банктер – Алматы: Алматы экономика және статистика институты. 2001.
  4. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, 2003.