АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2011

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

  • Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің теориялық негіздері
    • Тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктері

1.2  Тұлға дамуында психотренингтерді  ұйымдастырудың маңызы

1.3 Тұлғаның даралық қасиеттерінің мазмұны

 

2  Тренинг барысында тұлға  дамуын қалыптастырудың  әдіс-тәсілдері

  • Тұлғаны жан-жақты зерттеуде тренинг топтарын ұйымдастырудың алғышарттары
  • Тұлға дамуын анықтау іс-шаралары.

2.3 Психокоррекциялық жұмыстар жүйесін ұйымдастыру 

 

Қорытынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Соңғы жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірдегі болып жатқан елеулі өзгерістер Республикамыздың білім беру жүйесінің алдына көптеген жаңа міндеттер жүктеп отыр. Әсіресе білім беру жүйесінде ұлттық және жалпы азаматтық рухани құндылықтар негізінде жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның  психикалық  дамуын арттыру елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда,оның  психикалық дамуын қалыптастыруға  ерекше  мән  бергенде   жүзеге  асады.

Мектеп қабырғасында оқу қызметтің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізі және  зейіні   дамиды, жеке тұлға белсенділігі арта түседі. Жеке тұлғаны рухани дамыту — өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз бірқалыпты жетілдіру. Жеке тұлға дамуы — өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып отырумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді.

Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адамаралық қатынастары да өте жай, ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтармен ерекшеленеді. Мұның  барлығына  психиканы дамыту  арқылы  қол  жеткізуге  болады. Баланың өзiн-өзi ұйымдастыруы алдымен үлкендердiң әсiресе мұғалiмнiң жасаған және бағыттаған ұйымдастыруының нәтижесi. Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы арқылы айқындалып, қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекші орын алады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы — топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.

Жеке адамның дамуы – бұл ең алдымен оның рухани өсу, жетілу үрдісі, іс-әрекетте өзін қоршаған өмір шындығын бейнелеуі, қоғамдық орта мен табиғи құбылыстарға, адамға қарым-қатынасы таным-білім жүйесінде  болатын сапалық өзгерістер.

Жеке тұлғаны  қалыптастырудың маңыздылығы  жөнінде көптеген ғалымдар, педагог-психологтар пайымдады. Атап айтсақ: С.М.Жақыпов, И.С.Кон, Р.В.Овчарова, А.Г.Асмолов, Л.И.Божович, А.А.Бодалев, А.И.Леонтьев, Л.Первин т.б. зерттеулері арналған].

Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз үрдіс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, онын өзіне тән санасы, есі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу — мектеп алдындағы  өзекті мәселелердің бірі екендігін есепке ала  отырып, диплом жұмысының тақырыбын «Тренинг арқылы тұлға дамуын  зерттеудің психологиялық маңызы» деп алдық.

Зерттеу мақсаты –  тренинг арқылы тұлға дамуын  зерттеудің тиімді жолдарын саралау.

Зерттеу обьектісі –  тұлға дамуын қалыптастыру  үдерісі.

Зерттеу пәні – тренинг арқылы тұлға дамуын  зерттеудің тәсілдері.

Зерттеу болжамы – тұлғаның даму деңгейін зерттеу арқылы білім, білік, дағдының қалыптасуына, психикалық әрекетті реттеуге,  жеке тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына қол жеткізуге,  аталмыш мәселенің бала өмірінде ерекше орын алатындығын дәлелдеуге  болады, себебі  қазіргі заман талабы  даралық қасиеттері толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.

Зерттеу міндеттері:

  1. Тұлға дамуын зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық ғылыми еңбектерге талдау жасау.
  2. Оқыту үдерісінде тұлғаның даралық қасиеттерін дамытудың психологиялық  маңыздылығын көрсету.
  3. Тренинг арқылы тұлға дамуын анықтаудың іс-шараларын жан-жақты дәйектеу.
  4. Диагностикалық жұмыстар жүргізе отырып, түзету жаттығуларын ұсыну.

 Зерттеу әдістері – бақылау, әңгімелесу,  эксперимент, тест, ойын-жаттығулар және танымдық тапсырмалар жүйесі.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі – зерттеу негізіне философиялық таным туралы негізгі қағидалар мен ой-пікірлер,  тұлғаның даралық қасиеттерін  қалыптастыру теориясы, А.А.Леонтьев,  Р.Берн, А.Мессердің ғылыми зерттеулері  алынды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі –  тұлғаның даралық қасиеттерін тренинг арқылы зерттеу  мәселесіне теориялық және әдістемелік талдау жасалды, оның даму деңгейлері анықталып,  даралық қасиеттерді белсендіруге бағытталған жұмыс тәсілдері жобаланды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі – зерттеу негізіне алынған әдістемелік жұмыстардың жүйесін  тұлғалық қасиеттерді  дамытуға бағытталған іс-шаралар ретінде қолдануға болады.

Зерттеудің тірек орны: Алматы  қаласы, № 128 орта мектебі.

Зерттеудің кезеңдері:

  1. Философиялық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге талдау жасалып, ғылыми аппарат түзілді.
  2. Тәжірибелік жұмыс мазмұны құрылып, зерттеу мәселесінің міндеті жүзеге асырылды. Диагностикалаудың тиімді әдіс-тәсілдері іріктелді.
  3. Зерттеу нәтижелері талданып, қорытынды жасалды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспе,  екі тарау, қорытынды,  пайдаланылған  әдебиеттер  және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің теориялық негіздері

 

  • Тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктері

 

Тұлға – өзінің  тұрақтылығына қарамастан,  үздіксіз дамып отыратын психикалық құрылым. Даму   жеке тұлғаның   ең маңызды атрибуты  болғандықтан,  оны   «өмір сүруінің  негізгі  нысаны» деп санайды.  Бұл фәниден бақиға дейінгі   — шығармашылық үрдіс.  Жеке тұлға    өзінің   жасын да және басқа шектеулерді де сезінбеуге қабілетті [1].  Жеке тұлға   уақыт ағысындағы  үрдіс  ретінде  өседі,  дамиды  және    осыған қарамастан өзі үшін  сол қалпында  қала отырып,  үнемі өзгеретін   дене түрінде эволюцияланады.    Өзінің  «МЕН»  қозғалысында ол  өзгермейді,  уақытпен  туындайтын  күйреуге төзімді келеді және   осыған қарамастан,  өзгереді,  бейімделеді,  өзін жаңадан жасайды. 

Тұлға онтогенезі, осылайша, тұлғаның пайда болуы мен       организмнің физикалық  өзгеруі барысында  оның бірізді  түрленуі мен көптеген  әлеуметтік және  өзге де  өзара әрекеттерді қамтитын   бүкіл өміріндегі жеке адам психикасының  даралық  бағдарлы дамуын  білдіреді.  Адамның онтогенездік  дамуы мен  өмірлік жолында  осы дамудың  барлық деңгейін қамтитын адам организмі мен     тұлғасының    үдемелі  даралануы  жүзеге асады. 

Тұлға онтогенезімен айналысатын  психологтардың  барлығы дерлік ие «мен-жүйесімен», не «жүйе-мен», не болмаса жай ғана «мен»   аталымымен  белгіленетін  «ядроның»  пайда болатынын мойындайды.  Әдетте  осы жағдайды «тұлғаның тууы»  деп атайды.

Л.С. Выготскийдің теориялық пікірін жалғастыра отырып, Л.И. Божович  адамның  тұлғасын    салыстырмалы   тұрақты  психологиялық   жүйе, тек   өзінің даму логикасы   бар,  жоғары  интеграциялық  деңгейдегі  жүйе деп   қарастырды.   Осындай дамудың   негізгі сипаты  — өзін  тікелей әсер ететін жағдайлардан тәуелсіз (тіптен оларға қарсы қойып та), өзінің  саналы түрде қойылған  мақсаттарын басшылыққа ала отырып   ұстай алуы   болып табылады.  Адамның   реактивті емес, керісінше   белсенді мінезі оның өз-өзінің және  қалыптасқан жағдайдың қожасы екенін  білдіреді.

Тұлғаның   жетілуіне тән осындай мінез-құлықтың   мотивациялық  механизмі,   адамның   алдына қойған мақсаттарының,  осындай  мақсаттарға   тікелей түрткі болатын  күшті хабарлайтын, оның жоғарғы сезімдерімен байланысы болып табылады.   Осындай сезімдердің әлсіздігі немесе жоқтығы адамды  ерікті  түрде өзін-өзі  көндіруге мәжбүрлейді.   Тұлға онтогенезіндегі эмоционалдық дамудың  маңыздылығы,  үнемі  іштей  кикілжіңге ұшырап отыратын адам  ынжықтығымен,  мінез-құлқының тұрақсыздығымен,  саналы түрде  қойған мақсаттарына жетуге қабілетсіздігімен  ерекшеленетінін, яғни  психологиялық тұрғыда жетілген тұлғаны сипаттайтын негіз қалаушы  бітістердің   жоқтығымен түсіндіріледі.

Тұлға  жайлы гуманистік  теориялардың жақтастарын  ең алдымен  адамның өзінің  өміріндегі шынайы оқиғаларды  қалайша қабылдайтыны,  түсінетіні  және түсіндіретіні қызықтырады.  Олар тұлғаның  түсіндірмесін  іздегеннен гөрі,  оның феноменологиясын сипаттағанды қалайды,  сондықтан осындай  теорияларды кейде  феноменологиялық деп атайды [2]. Тұлғаның және оның  өміріндегі  оқиғалардың сипаттамасы негізінен өткен немесе болашақтың емес,  осы шақтағы  өмірдің  тәжірибесіне  шоғырланған,  олар «өмірдің мәні», «құндылықтар», «өмірлік мақсаттар» және т.б. терминдермен түсіндіріледі.              

Э.Фромм тұлға теориясын адамның  табиғаты жайлы  ұғымнан  шығарады.  Жануарлар  табиғаты бұл – физикалық тұрғыда  тіршілік етудің мақсаттарына қызмет ететін биохимиялық және  физиологиялық негіздер мен механизмдер. Адамның табиғаты, бұл – адамдардың тарихи  эволюциясының өнімі болып табылатын адамның қасиеттері мен әрекеттері.  Фромм тұлғалық өлшемдердің  көбісін табиғаттың бір бөлігі болып табылатын, әрі одан  жырақ тұрған   адамның базалық  екі жақтылығынан шығарады.  Адам табиғатының  екі жақтылығы  оның бойында  екі түрлі қажеттіліктермен  көрініс береді.

Шығармашылық  (креативтік) «Мен»  ұғымы Адлердің тұлға  теориясындағы маңызды үлесі болып  табылады. «Менді»  бейсаналылықтың туындысы «Ол»-дың агенті деп есептеген Фрейдке қарама-қарсы Адлер «Меннің» біріншілігін  көрсетеді.   Адлердің «Мен»-і — тұлғаның бірегей өмір салтын  жүзеге асыруда  көмектесетін, тәжірибені іздестіретін, ағзаның тәжірибесін  интерпретациялаушы  және ойластырушы,  жоғары персонализацияланған  субъективті жүйе. «Мен»  жайлы түсінік  тұлғаға қатысты соңғы еңбектерде негізгі рөлді ойнады. А.Адлердің осындай жаңа бетбұрысқа қосқан үлесі – «Менді» мінез-құлықтың маңызды себебі  ретінде қарастыруы — зор болып   саналады.  

Юнг бойынша  тұлға өте күрделі  құрылым. Оның   күрделілігі  оның көптеген   компоненттерді  қамтуында ғана  емес,  олардың арасындағы  қатынастардың   біраз шатасуында,  ешбір теоретик    тұлғаның  құрылымын   осыншама күрделі  сипаттаған емес.   Тұлға (жан, психика, «психологиялық тұлға»)  дифференциалданған,   бірақ өзара  байланысқан  бірнеше жүйеден  тұрады.  Олардың ішіндегі  едәуір  маңыздылары: Эго,  дара бейсаналылық  және оның    кешендері, ұжымдық бейсаналылық  және оның архетиптері, персона, анима  және анимус,  көлеңке.  Осындай өзара байланысқан  жүйелерден  басқа  бағдарлар да бар,  олар – интроверсия  және экстраверсия  және қызметтер – ойлау,  сезім, түйсік  және интуиция.  Ең соңында  тұлғаның  өзіндік орталығы да бар.

Эго тұлғаның  орталық  бөлімі  болып табылады.  Бұл қабылдаудың  саналы бейнелерін,  естеліктерді,  ойлар мен  сезімдерді қамтитын сана  орталығы.  Эго  бұл пара-парлық  пен  үздіксіздік сезімі.  Эгоның арқасында  біз өзіміздің тұтастығымызды,  тұрақтылығымызды  сезінеміз   және өзімізді адам ретінде  қабылдаймыз.  Эго сана-сезімнің  негізі болып табылады.  Оның негізінде  адамдар өздерінің  саналы іс-әрекеттерінің  нәтижелерін   көруге қабілетті  болады.

Даму  тұжырымдамасы  Юнгтың  тұлға теориясының  маңызды үзбесі  болып табылады.  Юнгтың ойынша  адамдар  үнемі жетіліп отырады.    Тұлғаның дамуы  бұл динамикалық  үрдіс,  бүкіл өмір бойындағы эволюция. Сонымен бірге ақырғы мақсат өзін-өзі жетілдіру  ретінде белгіленеді.    Юнгтың тұлға жайлы  түсініктері  осындай.  Қазіргі заманда  олар күрделі  тексеруге  жеткілікті мүмкіндіктері  жоқ ғылыми болжамдар  дәрежесіне ие.  

Қатынасу қажеттілігі бұл адамның  тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудағы  негізгі қажеттілік.  Сондай-ақ үйірсектікке   деген қажеттілік деп те аталады. Адамның алғашқы табиғатпен  бірлігінің  ажырауы  оның бастауы болып табылады. Адам жануарлардағы инстинктивті  байланыстардың орнына, өнімді махаббатқа негізделгендері  едәуір қанағаттанарлық болатын, басқа қатынастарды қалыптастыруға мәжбүр. Өнімді махаббат әрқашан  өзара  қамқорлықты,   жауапкершілікті,  сыйластық пен түсіністікті болжайды.

Адамның қажеттіліктері жайлы мәселенің, оларды қанағаттандырудың   жағдайлары  мен  тәсілдеріне  әкелетіні  сөзсіз.  Фромм, сол қажеттіліктердің айрықша көріністері  мен адамның   ішкі әлеуетін жүзеге асырудың  тәсілдері адамдар  өмірінің  әлеуметтік жағдайымен  себептеледі, деп есептейді.  Адамның тұлғасы  нақты қоғам  ұсынатын  мүмкіндіктерге  бейімделеді [3, 4].  Мәселен,  капиталистік  қоғамда  адам  байып қана пара-пар  болу сезіміне  ие бола алады.  Сондай-ақ,  ол бақуатты  компанияның тәуелді де,  сенімге ие  қызметкеріне  айналып  тамырлану  сезімін  дамыта алады.  Адамның қоғамға  икемделуі   әдетте ішкі  қажеттіліктер  мен сыртқы талаптардың арасындағы  келісімді білдіріп, қоғамның  талаптарына сай келетін  әлеуметтік сипатқа (мінезге) ие болады.

Әлеуметтік   мінез  бұл – адамдарды  бір-бірінен ерекшелендіретін  жеке-дара мінезге қарағанда  нақ  сол  мәдениет өкілінің  көбісіне   тән  мінез құрылымының  өзегі.  Қарапайымдап  айтқанда, бұл қоғамға  тән мінез.  «Әлеуметтік  мінезді», даралық  мінез іспеттес, қуатты нақты арнаға бағыттайтын болатын айрықша тәсіл ретінде  анықтауға  болады. «Әлеуметтік мінез»,  бұл, бір  уақытта қоғамның қызмет  етуінің  негізгі  элементі, әрі қоғамның  экономикалық  құрылымы  мен  ондағы басым  идеялардың  арасындағы  жалғастырушы  бөлік.   Әлеуметтік мінез теориясы    мінез-құлықтың  негізіндегі,  бірақ оған  пара-пар  келмейтін  ұмтылыстардың жүйесін  білдіретін  Фрейдтің  мінездің  динамикалық  тұжырымдамасына  негізделеді.  Бұл тұжырымдама  мінез-құлықтық емес, мотивациялық, өйткені, «біз мінез-құлық  ерекшеліктерінің  бейсаналық  мотивациясын  зерттей отырып,  мінез-құлықтың  бір ғана  бітісінің  мінездің  көп және мүлдем  әртекті  бітістеріне  сәйкес келетінін анықтаймыз».

Мінездің жинақтаушы  түрі қоршаған   әлемнен жаңа  бір нәрсені  алуға болатынына аса сене  қоймайтынымен  ерекшелінеді. Ол өзін қорғаныс болар  қабырғамен  қоршап алғандай. Оның қауіпсіздігі жинақтау мен сақтауға  негізделген,   ал жұмсау қорқыныш     ретінде көрінеді.   Бұл мінездің жағымды  қыры  ұқыптылық,  сақтық,  шыдамдылық,  салқындылық,   жүйелілікте  көрінеді.

Роджерс өзінің  теориясын  жасауда  әрбір адамның  тұлғалық өзіндік  жетілуге деген ұмтылысы мен қабілетіне ие екенін ұстанады.   Ол санасы бар ағза  бола тұрып, өзі үшін  өмірдің мәнін,  оның мақсаттары  мен құндылықтарын  анықтайды, жоғары эксперт  және сот болып   табылады. Роджерстің теориясында  адамның өзін сипаттап  дербес  дамуының   жетістіктерін белгілейтін  ұғымдарды,  идеяларды,  мақсаттар мен құндылықтарды  қамтитын  «Мен»  ұғымы  орталық  ұғымға айналды. 

Жеке-дара  өмірлік  тәжірибенің  нәтижесінде  қалыптасатын  «Мен»  бейнесі  өз кезегінде  сол адамның  әлемді, басқа   адамдарды, оның өз мінез-құлқына  беретін  бағаны  қабылдауына  ықпал етеді.  Мен – тұжырымдамасы  жағымды,  екіұшты, жағымсыз  болуы мүмкін.  Әрі ол ақиқатты   бұрыс   бейнелеуі де мүмкін [5].  Адамның Мен – тұжырымдамасымен  үйлеспейтін  нәрсе шынайы  болса да  оның  санасынан  ығыстырылуы  мүмкін.  Адамның  өміріне қанағаттануының дәрежесі, бақытының өлшемі,   оның  тәжірибесінің «шынайы – Мен»  және «идеалды — Менінің»  өзара қалай  үйлесетініне  байланысты.

Тұлғаның   гуманистік  теориялары бойынша  адамның  негізгі қажеттілігі  өзіндік кемелдену  болып табылады. А.Маслоу  бірінші болып  шығармашылық   барлық адамдарда  дүниеге келген  мезетінен бастап  кездесетін, адамның едәуір  лайықты  сипаттамасы деп көрсетті.   Шығармашылық – адамның  өзін-өзі танытуының  барлық  формаларына   бағыттайтын  әмбебап қызметі.  Өзіндік кемелденудің  басым  рөлінің  мойындалуы,  көзқарастарындағы  айырмашылықтарына  қарамастан, тұлға  психологиясын  зерттеудегі осы теориялық бағыттың  барлық өкілдерін  жақындастырады.   Өзіндік  кемелденген  тұлғаның психологиялық  сипаттамаларына  төмендегідей жағдайлар жатады:

1) ақиқатты белсенді қабылдау  және онда жақсы  бағдарлану  қабілеті;

2)  өзін және  басқа адамдарды  бар қалпында  мойындау;

3) сананың адамның өзіне ғана тән  сезімдер мен  күйзелістерге  шоғырлануымен тек  ішкі әлемге  бағдарлануға  қарама-қарсы,  сырттағы құбылыстарға  назар аудару;

4) барлығымен болмаса да  айналасындағы   адамдармен  едәуір  жағымды жеке – дара өзара қатынастарды  қалыптастыру;

5) өмірді объективті  бағалау;

Өз теориясының негізгі мәселесі — өзіндік кемелдену не деген сұраққа  Маслоу: «Өзіндік кемелденетін адамдар түгелі дерлік  қандай да бір іспен шұғылданады… Олар сол іске сенеді, олар  үшін  сол іс – аса құнды – ол өмірлік ісі  болып табылады» — дейді.    Мұндай адамдар жоғары құндылықтарды  жүзеге  асыруға   ұмтылады,  әдетте   сол құндылықтар (оның ішінде – жақсылық, шынайылық,  әділдік,   мінсіздік  және т.б.)  ондай адамдар  үшін өмірдегі маңызды  қажеттіліктер  болып саналады.  Өзіндік кемелденетін  адамдар  кездескен қиындықтарды жеңе отырып,  әрқашанда  да  алға ұмтылысты  таңдайды  [6].

Өзіндік кемелдену,  сонымен қатар,  өз күшіне  сену,   өзіндік,   тәуелсіз  пікірінің   болуын да  болжамдайды.  Бұл үнемі даму мен  өз мүмкіндіктерін  жүзеге асыру процесі.  «Бұл  өзі  туралы  жалған түсініктерден арылу»  болып табылады.  Өз ұстанымдары,  әсіресе  өмірдің мәнін ұғынуы (жоғарғы мақсаттар, құндылықтарға ұмтылу)  бойынша,  барлық шетелдік  тұжырымдамалардың  ішінен  гуманистік  психология  біздің психологтардың   көзқарастарына ең жақыны деуге болады [7].

Тұлғаны зерттеудегі  кеңестік кезеңдегі  ең белгілілері, Л.С.Выготский мектебі  өкілдерінің  теориялық еңбектері  болып табылады. Атап айтқанда, тұлға проблемасын  шешуге елеулі үлес  қосқандар  А.Н.Леонтьев,  Л.И.Божович.

Л.И.Божовичтің  теориясын,  жоғарыда келтірілген  жүйеге сәйкес,   тұлғаның ерте балалық шақтан жастық шаққа дейінгі  кезеңін  қамтитын  және де тұлғаны сипаттауда,  оның ішкі қасиеттері мен ерекшеліктерін  есептейтін  ұғымдарды  пайдаланатын   психодинамикалық,  экспериментті  тұрғыға жатқызуға   болады.

Л.С.Выготский енгізген жетекші  іс-әрекет пен дамудың  әлеуметтік жағдайы  ұғымдарына  сүйене отырып, Л.И.Божович,  іс-әрекеттің өзара қатынасында  және баланың әр жас кезеңдеріндегі  тұлғааралық қарым-қатынасының  күрделі динамикасында,  ішкі ұстаным деп аталған  әлемге деген нақты  көзқарастың  қалыптасатынын көрсетті. Дәл осы ұстаным,  тұлғаның  жетекші  іс-әрекет  мотивтерінің жиынтығы ретінде  түсінілетін дамуының  алғы шарты,   негізгі сипаттамаларының бірі.

А.Н.Леонтьев,  орталық орынды  іс-әрекет ұғымы иеленетін,  тұлғаның  құрылымы мен дамуының өз тұжырымдамасын  ұсынды.  Келтірілген жүйеге сәйкес,  А.Н.Леонтьевтің  теориясын психодинамикалық,  экспериментті, құрылымды – динамикалық деп бағалауға болады, ол  адамның  бүкіл өмірін  қамтиды   және  тұлғаны  психологиялық (мотивтер)  және мінез-құлықтық  (іс-әрекет)  терминдерінде сипаттайды.

Тұлғаның дамуы дегеніміз –  жалпы алғанда биологиялық  процестердің  (жетілу) мен   ең оның бастысы  оқу болып табылатын әлеуметтік  өзара әрекеттесулердің  нәтижесіндегі  тұлғаның      даралық қасиеттерінің мазмұны мен  құрылымын қамтитын   қайта  қалыптасу  болып табылады.  Оқу барысында адам  тәжірибе жинақтай отырып,    мәдениетті игеріп танымдық,  эмоционалдық, ерік-жігер, мотивациялық және  даралық   жоғары деңгейге көтеріліп, өзінің  психикалық  қабілеттерін жаттықтырады.  Осындай өзгерістердің бағдары, өз кезегінде  елеулі өзгерістерге ұшырайтын  адамның   әлеуметтік және   заттық ортадағы   қатынасына байланысты  болады.  Психологияны  адамды  дене және рухани жағынан өзгерістерге ұшырататын  процестер қызықтырады.

Тұлға филогенезі — адамның  тарихи  эволюция процесінде психиканың дамуы мен  түрлі тарихи   кезеңдер мен  түрлі қоғамдағы жеке тұлғаның  пайда болуы және дара тұлғалардың саралануынан байқалатын   адамдардың қоғамдық өмірінің  өзгерістері  деп түсіну қажет.

Тұлға филогенезі  туралы сұрақтың басқа санаттағы  жауаптары туралы  келесі  пікір бойынша қорытынды жасауға  болады: «…Өркениет біздің  үйімізді жақсарта отырып,   онда  тұратын адамдарды  жақсартпады.  Ол  сарайларды жасады, алайда  бекзадалар мен королдерді жасау оңайға түспеді». Осындай  дүниетаным  тұрақты адамның психологиясы  барлық тарихи дәуірде бірдей екені туралы көзқарастар жиі кездеседі.  Біздің заманымыздың өзінде  кейбір әлеуметтанушылар адам   әлеуметтік жүйенің   ең  кертартпа, иілуге келмейтін  элементі   деп біледі.

Тұлға филогенезінің кейбір  жақтарының   нақты  тәжірибелік  маңызы бар және сондықтан да   олар  ғылымның,  экономиканың,  саясат пен өнердің қызығушылығын  тудырады.  Мұндай  қызығушылық   қоғамдағы   даралық өзгерістерді  қадағалап  отыру мен  «жаңа психологиялық  типтегі адамның» пайда болу сәтін  жіберіп алмауды білдіреді [8]. 

Тұлға филогенезінің екі жағы бар: қоғамның  тұлғалық дамуы мен  адамның  даралық  дамуы. Адамның даралық дамуы үшін   жеке тұлғаның өмірі мен өсуінің  әлеуметтік   ортасы болып табылатын қоғамның  ерекше – тұлғалық —  даму саласымен байланысты белгілі әлеуметтік  жағдайлар керек.  Өз кезегінде қоғам адамнан   өзінің  құндылықтары мен құрылымдарын  қолдауды  талап етеді.  Осындай өзара  әрекет  барысында   мазмұны мәдениет матрицасымен:  нақты ережелермен және мінез-құлық үлгілерімен және   жалпы: экономикалық,  саяси,  эстетикалық, діни және тағы басқа құндылықтармен берілетін     әлеуметтену  үрдісі орын алады.  Мәдениет нормалары мен құндылықтары  жеке тұлғаның құрылымына енеді және   тұлғалық  қалыптасуда  белгілі  рөл атқара бастайды.  

Тұлғаның рухани-адамгершіліктік қалыптасуының мәселесі, уақыттың рухани  жағдайының қалыптасуында, бірыңғай  мағынаның  болмауымен,  рухани  азғындау мен рухани  вакуумның  орын алуымен, түрлі   мәдениеттердің, әлеуметтік және экономикалық жүйелердің  жаһандануымен,  жиынтықталуымен  сипатталады.  Сондай-ақ,   тұлғаның  рухани — адамгершілік тұрғыда қалыптасуы, жас тәуелсіз  Қазақстан Республикасының  дамуында  ерекше маңызға  ие болуда [9]. Жаңа  әлеуметтік мәдени  ақиқаттар,  нарықтық  экономика тұлғаны  көтермелеп,   экономикалық және әлеуметтік  саяси  іс-әрекетке  адами сипатты табыс ететін  рухани қайнарларға,  адами нормалар     мен  реттегіштерді  ұстануда  құндылықтар  жүйелерін  қайта  ойластыру қажеттілігін  тудырады.  

 

1.2  Тұлға дамуында психотренингтерді  ұйымдастырудың маңызы

 

Тренинг – іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрлерін тиімді орындау мақсатында, оқытудың көмегімен  жеке тұлғаның білімдері мен нұсқауларын өзгерту немесе дамыту бойынша жоспарланған және жүйеленген іс-шаралар жиынтығы. Тренинг әдетте нақты іс-әрекетті орындауда қажетті мінез-құлық дағдыларын, іскерліктерін ұйымдастырып, игеруді болжайды. Тренинг нысанасы ретінде әдетте адам емес, іс-әрекеттің қандай да бір нақты түрі алынады.

Тренинг мақсаты – адамды нақты міндеттерді шешуге қажетті білімдермен, іскерліліктермен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталады. Тренинг өз мақсатымен қатар, міндеттерінен, құрылымдық мазмұны мен нәтижелерді бағалау әдістерінен тұрады.

Белсенді оқыту негізіне бағытталған жеке оқыту стильдері, белсенді тыңдау дағдылары, сұрақ қою және кері байланыс орнату сияқты принциптер тренингте әдеттегі оқыту үрдісіндегіндей қолданылады. Дұрыс жоспарланған және тиімді ұйымдастырылған оқыту бағдарламасы жеке адамға да, тұтас ұйымға да өз пайдасын тигізе алады. Қатысушылар тренингтен өзіне біршама пайдалы ақпарат ала алады.  Нәтижесінде адам өз қызметінен сыртқы және ішкі қанағаттануға ие болады. Ішкі қанағаттану адамның бойында өз ісін дұрыс орындауы және де іскерліктер деңгейін кеңейту барысында жүзеге асады. Ал, сыртқы қанағаттанудың көзі өз міндеттерін сапалы орындау және қызметінің өсуі, беделінің өсуі сияқты қосымша жетістіктер болып табылады.

Тренинг жетекшісінің стиліне, бағытына және жүргізілетін оқытудың алғышарттарына байланысты түрлі нұсқаларын болжайды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            «Жетекші» термині, топта біреудің басты болуын және оның басқаларға ықпал ету билігін жүргізе алатынын білдіреді [10]. Тренинг топтарының жетекшісі өзіндік этикалық мәселелерге сүйене отырып, әрекет етуі қажет. Жұмыс принципін таңдауды жетекші жүзеге асырады және топта болып жатқанның барлығына жауапкершілік тек соның мойнына жүктеледі. Мұндай жауапкершілікті ала отырып, тек интуицияға ғана сенуге болмайды. Топпен жұмыс тәжірибесінде әдептілік аспектілері жетекшінің даярлық сипатымен және жұмыс тәжірибесімен анықталады. Жетекшіге қойылатын талаптар екі бағытқа жіктеледі:

  1. Оқыту және дайындық;
  2. Топішілік этика.

Маманданған жетекшілерді даярлау әдетте төрт кезеңнен тұрады:

  1. Теориялық және практикалық даярлық алу;
  2. Топпен жұмыс жүргізуде бақылау тәжірибесінен өту;
  3. Кәсіби топ жетекшілерінің жұмысын бақылау;
  4. Топ мүшесі болудың жеке тәжірибесін жинау.

Психокоррекциялық топтармен жұмыс жүргізуге дайындық қана емес, сонымен қатар оларда орындалатын жұмыс әрекеттері де өзіндік этикалық аспектілерге сүйенеді. Неғұрлым ортақ этикалық мәселелерге мыналар жатады:

  • Қатысушылардың сапалы келісімі;
  • Таңдау дербестігі;
  • Психикалық және дене жарақаттарынан қорғаныста болу.

Ең маңыздысы, топ қатысушыларының алуға мүмкіндігі бар тәжірибенің мәні мен маңызын түсіне білуі. Бұл дегеніміз, тренинг топтарының жетекшісі топпен жұмыстың мақсаттары, әдістері, құндылығы, ұзақтылығы және принциптері жайлы неғұрлым көп ақпарат ұсынуға міндетті екенін білдіреді. Екіншіден, топпен сабақ жүргізу ұзақтығында таңдау дербестігін сақтауды қарастырады. Топтың әрбір мүшесі кез-келген уақытта топта не болып жатқанына қарамастан, қатысудан бас тартуға хақысы бар. Үшінші басты этикалық талап – бұл психикалық және дене жарақаттарын болдырмау мақсатында сақтанудың шараларын қолдану болып табылады.

Сонымен, жетекшінің жауапкершілігі тек топішілік қарым-қатынаспен ғана шектеліп қоймайды. Жетекші, топ мүшелерінің топқа қатысуы олардың сырттағы өміріне қаншалықты ықпал еткенін тексеріп отыруы қажет. Сонымен қатар жетекші, топпен жұмыс аяқталғанның өзінде де, бұрынғы топ қатысушыларына кеңес алу қажеттілігі туындағанда көмек беруге даяр болуы қажет [11]. Топ мүшесінің топпен жүргізілетін жұмыстарға қатысуды тоқтату себептері қандай болмаса да, жетекші  сол қатысушыға топ мүшесі ретінде енуі қаншалықты ықпал еткенін тексеріп отыру үшін назарынан шығармауы қажет.

Қазіргі таңда тренинг топтарының жетекшісіне қажетті дағдылар төмендегідей сипатталады:

Біріншіден, ең маңыздысы – білімге құмарлық, дамуға ынталану, өзгерістер енгізуге ұмтылу.

Екіншіден, жетекшінің өзін-өзі ұстай білу әдебі, әлемдік көзқарастар деңгейіне көтерілу, ішкі сенімділік, адамдарға өзіндік шешім қабылдауына және қорытынды жасауына көмек бере білу.

Үшіншіден, уақытты сезіне білу, іскерліктің өзіне тән қажеттіліктеріне бірыңғай икемделе білу қабілеті.

Тренинг топтарының дамуына 30 жылдары әлеуметтік психологияның көрнекті өкілі ретінде танымал болған Курт Левиннің зерттеулері бастау болды.  К. Левинге социолог Геогр Зиммельдің теориялары түрткі болған еді. Өз еңбектерінде Зиммель (1950ж) қоғамды – индивидтерді бір тұтас ұжымға біріктіретін өзара қызметтік қарым-қатынас жүйесі ретінде қарастырды. Оның тұжырымдауынша, барлық адамдар қоғам мүшесі болып табылатындықтан топтарға бірігеді және де топ жетекшілері мен мүшелері әрдайым бір-біріне ықпал етіп отырады. Левин Зиммельдің бұл динамикалық тұжырымдарының айқындылығын психологиялық зерттеулерді лабораториялық жағдайдан, шынайы әлеуметтік ортаға өзгерте бастаған кезінде мойындайды. Оның ойынша, жеке тұлға өзінің қате пікірлерін тек топ құрамында болғанда ғана тиімді өзгерте алады. Және де адам өзін басқалардың көзімен көре алса, өзінің қате пікірлерін анықтап, түзетіп, жаңа мінез-құлық формаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алғашқы тренинг тобы кездейсоқ пайда болған.  1946 жылы Леланд Бредферд, Рональд Липитт және Курт Левиннің  жетекшілігімен өткен семинарда бірнеше социологтар қатысады (Топаралық қарым-қатынас мәселелеріне арналған). Бұл семинар қоғамдық мекемелердің жетекшілерін іскерлерге әділ салық салу заңын қолдануда көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.

Оны жүргізуге атсалысқан мамандар бір сабақ өткеннен кейін өз көзқарастарымен бөлісу үшін жиналады. Бұл кездесуге семинарға қатысқан бірнеше  адамдар да рұқсат алады. Нәтижесінде мамандар мен қатысушылардың  пікірлері әрдайым сәйкес келе бермейтіндігі анықталады. Мұндай кездесулер қызықты әрі барлығына пайдалы бола бастағандықтан, өз жалғасын тапты да, бірте-бірте оқытудың тиімді әдісіне айналды.  Бұл оқыту тобының мүшелерінің кері байланысты қолдану арқылы өз пікірлерін талдай алатын алғашқы жағдайлардың бірі болып табылады.

Топтық заңдылықты зерттеудегі жаңа әдістің сәттілігі Бетел қаласында (Мэн штаты) Ұлттық Тренинг Зертханасының (ҰТЗ) құрылуына себепкер болды. Бетел қаласында басты дағдылар тренинг топтарының алғашқылары құрылған еді. Бұл топтың екі мақсаты болды: шағын топтардағы өзгерістерін жүзеге асыру бағдарламасын жасау және осы топтардағы тұлғааралық қатынастарды зерттеу.

Әр уақыт кезеңінде тренинг топтары әр түрлі міндеттерді шешуге қолданылады. Мысалға: тұлғааралық мінез-құлық жайлы топ мүшелерінің білім алуы, топтық динамика теорияларының сұрақтарын анықтау, шынайы мекемелерде қатысушылардың кездескен мәселелерін талқылау, жетекшіліктің дағдыларын дамытуда және осы дағдыларды шынайы жағдайларда қолдануда көмек көрсету. Мінез- құлықтың тұлғааралық аспектілеріне бағытталған тренинг топтары көп тарады.

«Лабораториялық тренинг» термині тәжірибе негізіндегі оқыту әдістеріне жатады, ал тренинг топтарында қолданылатын әдіс – осылардың бірі болып табылады.  Жеке тұлға теориясы мен клиникалық психологияның дамуы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған тренинг топтарының пайда болуына ықпал етті. Мұндай топтарды кейде «сензетивтілік»топтар деп атайды.(sensitivity – сезімталдық,сезгіштік). Бұл термин ұлттық тренинг зертханасы тренинг зертханасының психологтарының клиникасында топтарға қатысты 1954 жылы қолданыла бастады.

Тренинг топтарында көптеген терапевтік топтарға қарағанда,өзара әрекет мазмұны өзара әрекет процесін түсіну құралы болып табылады. Топтық процесс пен даму заңдылығын зерттеу тұлғааралық қатынастар мен табиғи жағдайдағы топ мүшелерінің мінез-құлық стильдері жайлы ақпарат береді [12]. Тұлғааралық дағдылар мен әлеуметтік-психологиялық жете білушіліктің дамуы индивидтердің өз-өзін қабылдауға түрткі болатын топтық процестерді түсінуді болжайды.

Шейн мен Беннистің айтуынша (1965 ж) лабораториялық тренинг мақсаты топтан топқа ауысқанда өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ әдетте олар келесі басты бағыттарға сәйкес келеді:

  1. Психологиялық қорғаныс шекаралары мен жекелік деңгейдегі жалғандықты жою есебінде өзіндік танымның дамуы;
  2. Топтық қызмет етуін қиындататын немесе жеңілдететін шарттарды түсіне білу (топ көлемі және оның құрамы)
  3. Тұлғааралық өзара әрекет деңгейінде орындалатын іс-әрекеттердің ерекшеліктерін танып білу;
  4. Жеке, топтық және ұйымдастырушылық мәселелерін анықтау мен шешу іскерлігін дамыту.

Тәжірібиде топтың оқыту мақсаты оның бағытымен анықталады. Мақсатты таңдау мәнді дәрежеде топ мүшелерінің өздеріне байланысты. Топ мүддесі – жеке қатысушылар,олардың арасындағы өзара қарым-қатынасқа, жеке тұлғалардың, тұтас топтың ұйымдастыру қызметтеріне, топтар арасындағы  қарым-қатынас, сонымен қатар оп мүшелері өкілетті мекемелердің мәселелеріне де байланысты болуы мүмкін. Топ қатысушыларының жеке мүдделеріне бағытталған болса, мақсаты ретінде өзіндік сананың дамуы, тәртіптерді өзгерту, әлеуметтік жетілу деңгейін арттыру болып табылады.

Тренинг тобы тәжірибеде негізінде барлық оқыту үрдісінің негізі болып табылады, ал кей жағдайларда – оқытудың бірден-бір құралы бола алады. Оқыту бірлестігі әрқайсысында он-он бес адамнан тұратын екі немесе үш тренинг топтарынан құралады. Тренер немесе фасилитатор(facilitator – жеңілдету, көмек көрсету) деп аталатын тренинг тобының жетекшісі алғашқы сабақты келесі сөздермен бастай алады:

«Бұл топтағы әрбір кездесу бірнеше сағаттарға созылады. Топ қандай да бір зертхана ретінде қызмет атқарады, онда сіздер жекелік мінез-құлықтарға және топтар мен ұжымдардың қызмет етуіне ықпал ететін процестердің мәнін жақсы түсіне аласыздар. Оқыту біздің өз мінез-құлқымыз, сезімдеріміз және реакцияларымыздың негізінде жүзеге асад. Біз топтың ұйымдасуы мен құрылымы жайлы нақты түсінік алмастан, сабақтарды бастаймыз және қандай да бір күн тізбесі немесе іс-шаралар туралы келіспейміз. Топтың даму жолында ол туралы нені тани білетініміз тек өзімізге байланысты болады [13].  Ал менің бұл жердегі міндетім қандай да бір нақты ұйымдастыру тәсілдерін ұсыну емес,сіздердің өз тәжірибелеріңіздің негізінде үйрене білуге көмек көрсету болып табылады. Мен жұмыс істеу мазмұны мен әдістерін анықтаймын. Енді менің ойымша, біз сіздердің талғамдарыңызға сәйкес неғұрлым тиімді болатын жолды таңдай аламыз ».

Осыдан кейінгі топ алдындағы міндет – шектеулі уақыт аралығында әлеуметтік құрылымды жасап шығару және оның дамуына ықпал ету. Топтың нақты құрылымы мен күн тізбегінің болмауы алдын-ала ойластырылған, өйткені топ мүшелері тек өздеріне ғана сенуі және өз мүмкіндіктерін жетілдіруі қажет. Тренинг топтары топтық процестер жайлы білім алуға бағытталған,ал сензитивтілік даму топтары – тұлғааралық қатынастар мен жеке тұлғаларды зерттеуге бағытталған.

Тренинг зертханасындағы басты назар мәселені шешудің жаңа, әдеттегіден ерекше жолын табу,яғни «қалай үйренуді оқыту» процесіне бағытталған. Уоррен Беннис лабораториялық  тренингті тұтастай бейнелейтін тренинг топтарының төрт мақсатын ұсынды.

Біріншіден, оның мақсаты жеке мүшелерінің жағдайды сезіне білу қабілетін арттыру болып табылады. Топта жұмыс атқару шынайы өмір мәселелерін шешерде таңдау мүмкіндіктерін терең сезіну ықпал етеді.

Екіншіден, тренинг топтары зерттеу рухын жандандырады.

Үшіншіден, тренинг топтарында өзара тұлғааралық әрекеттерде ашықтық пен шыншылдық қажеттілігі ескеріледі.

«Қалай үйренуді оқыту» процесіне келесі циклдік кезеңдер тән:

  • өзін-өзі айқындау
  • кері байланыс
  • зерттеу

Өзін-өзі айқындау.Топ мүшелерінің топта болып жатқанды қабылдауы, олардың әрекетінен байқалады. Мұны өзін-өзі айқындау деп атайды.Бұл әрекетті жүзеге асыру тәсілдерінің бірі ретінде тренинг топтарында «Джогари  терезелері» үлгісі қолданылады. Бұл үлгіге сәйкес адамның өзі жайлы түсінігі төрт аймақтан тұрады:

  • «алаң аймағы»
  • «фасад» аймағы (жасырын аймақ)
  • «соқыр дақ» аймағы
  • «белгісіз» аймақ.

«Алаң» аймағы жеке тұлғаның өзі және қоршаған орта таныған жалпы түсініктерге сәйкес келеді. Ал өзі жайлы тек өзіне мәлім, бірақ басқалардың білмейтіні «фасад» аймағында орын алады, бұл жасырын аймақта оның құпиялары, әртүрлі қорқыныштары, мазалаулары т.б. орын алуы мүмкін. «Соқыр дақ» аймағында жеке тұлға жайлы басқаларға мәлім, бірақ өзі әлі білмейтін мәліметтер жинақталады. Ал жеке тұлғаның не өзіне, не басқаларға да таныс емес мәліметтер «белгісіз» аймақта орналасады. Мысалға, бұл әлі ашыла қоймаған қабілеттер, даму мүмкіндіктері болуы мүмкін. «Джогари терезелерінің» көрсетуінше, ашық қарым-қатынасқа бағытталған жағдай топ пен жеке тұлғаның ахуалын арттырады,мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Топта өзін-өзі аша білу дәрежесі – топтағы өзара сенім деңгейіне байланысты. Топ дамуының алғашқы кезеңдерінде, психологиялық қауіпсіздік атмосферасы орнағанша,топ мүшелеріне өзіндік «Мен» бейнесін қорғауға, қақтығыстар мен сенімдердің айқын көрінуінен басқалардан қолдау іздеу, басқаларға кеңес беру, олар үшін шешім қабылдаудан аулақ болу сияқты қасиеттер тән болады [16]. Джибб  топта өзара қолдау мен сенім ахуалын орнатудың екі тәсілін ұсынады:

1) Бағалау тұжырымдамаларын таза бейнелікке алмастыру;

2) Өзара бақылаудан мәселелерді бірігіп шешуге қайта бағыттау. 

Кері байланыс. «Қалай үйренуді оқыту» процесінің екінші элементі – бұл кері байланыс. Кері байланыс – топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлқына өзінің реакциясын жариялауы, олардың өз мінез-құлқын өзгертуге бағыттауы.

Тренинг топтарында кері байланыс орнату топтағы болып жатқан әрекеттің мазмұнын қатысушылардың дұрыс түсіне білуіне мүмкіндік жасайды. Кері байланыс өз мінез-құлқына басқалардың жауап беруін қажетсінетін адамдармен жақсы қабылданады.

Үшінші басты элементі зерттеу болып табылады, яғни мінез-құлықтың жаңа тәсілдері мен бағдарламаларын қолдану. Кері байланыс өз-өзімен үйрете алмайды.Оқыту егер әрбір топ мүшесі өз мінез-құлқының орынды және тиімді екендігі жайлы нақты, түзетуші кері байланыс алуға мүмкіндігі болса ғана жүзеге асады. Оқытудың соңғы кезеңі – терілген дағдыларды топтан тыс орталарда қолдану болып табылады.

 

1.3 Тұлғаның даралық қасиеттерінің мазмұны

 

Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауды қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктері міндетті түрде,  бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден — әркім өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ  бұлардың бірі де  шын қабілет  тобына кірмейді, себебі, бірінші – психологиялық құбылыс емес, екінші – баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді [17]. Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған, әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде  көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулері арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.

Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған  дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда  көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет – білім, ептілік және  дағдыларды  игерудің мүмкіндік көзі, ал оны іске асу, аспауы көп жәйттерге  тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірақ ол сол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл педагог, отбасы мүмкіндіктері т.б.) орындалмаса, қабілет  жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан  қаншама даналардың болмай жатып,  құрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте «үштік» бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты [18].

Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді. Математиканы  оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды: оны  тек сандарды танып, олармен есеп құрап,  мәселе шешу барысында ғана қалыптастыру мүмкін.

Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың  өздеріне көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті  игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады.  Іс-әрекеттің   нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.

Қорытындылай келе, «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атайық:

  1. Қабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
  2. Қабілет —   барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес,  кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
  3. Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны  оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым. Әйгілі режиссер В.Немирович-Данченко «Кім болса сол режисер бола ала ма?» деген сұраққа «Әлбетте, әркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге – 30 жыл, үшіншіге – 300 жыл да аз» — деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкін.

Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылысына назар аудара  отырып, қабілет дамуына ықпалсыз, керісінше, көрінген қабілет  нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепші іс-әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән-күй не шығармашылық қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен шұғылдануына тура келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған қабілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.

Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әңгіме қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның  барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра сипаттау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның  шығармашылық мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай тәжірибесінен толық және жан-жақты ашып бере алмайды [19].

Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі – қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарғанда ауқымды да кең  мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. «Қалыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана   пайдаланады. Қолданған  және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер  айырмашылығы – адамның кім болып танылғанымен әлі де кім  болатынының көрсеткіші» (Коупленд П.).

Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудырады  [20].  Солардың ішінде өз  басымдылығын танытқан, тарихы Платоннан бермен қарай  жалғасып келе жатқан қабілеттердің биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелділігін дәріптейтін көзқарас. Бұл бойынша, оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу қарқынын өзгертуі ғана мүмкін, олардың көрініс беруі бырыңғай емес. Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгілі болған, Гайдн – 4, Дина Нүрпейісованың  күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет және  сәулет өнері қабілеттері кейіндеу білінеді: Рафаэл – 8 жаста, Ван-Дейк – 10 жаста, Дюрер – 15 жаста  өнермен айналыса бастаған.

Қабілеттердің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланыстыра түсіндіреді. Белгілі болғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г.  Ұлы тұлғалардың, мысалы, И.С.Тургеневтің миы – 2012., Д.Байрон – 1800., аталған көрсеткіштен біршама жоғары болған. Мұндай дәлелдер біршама баршылық. Бірақ қабілет пен ми байланысына орай басқаша, кері дәлелдерді де келтіруге болады: Ю.Либихтың миі – 1362 г., А.Франстың – 1017 г.  Ал ең ғажайыбы, өте ауыр ми 3000 г. артық ақыл-есі кем адамда байқалған. Солайда болса, кең қауым арасында «миы көп — ақылды» деген ұғым көбірек  жайылған, осыдан маңдайы биік, жазық маңдай  адамды сыртынан данаға баламалап, одан келелі ой-пікір күтеміз, ал екі елі, тар маңдайлы адамның қабілетін күнілгері жоққа шығарып, одан ешбір негізсіз үмітімізді үземіз.

Қабілетіне байланысты нәсілдік идея  Франц Галльдың «Френология» (phrenos – ақыл,  logos – білім) деп аталған психологиялық тағылымында  дәріптеледі. Френологтар адамның психикалық  ерекшеліктерін  оның бас сүйегінің сыртқы формасымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мәні: бас миының қабығы белгілі қабілеттерге мекен болған (локализация) бірқанша орталықтардан құралады. Осыдан, мидың тиісті бөлігінің ауқым-көлемінен онда мекен алған қабілеттің даму деңгейі анықталатын көрінеді. Арнаулы зерттеулер негізінде әрқайсысы белгілі дара қабілетке сай  келетін бас сүйегінің 27 учаскесі анықталып, картаға түсірілген. Осы картадан музыка, поэзия, сурет өнеріне сай «қабілет ісіктерін», менмендік, сараңдық, батырлық «қабілет дөңестерін» т.б. айыруға болады. Дегенмен, кейінгі дәуірде әдейі медициналық ашып көрумен тексергенде, бас сүйегі ми қабығының формасын тіпті де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның ақыл және адамгершілік қабілеттерін бас сүйегінің «дөңестігі» не «сайларымен» анықтау ғылым тұрғысынан ерсі әрі негізсіз.

Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін   мойындаумен  бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты  болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне  шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі  болған мидың құрылымы, сезім мүшелері  мен қозғалыстардың  анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады [21].  Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларды қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолы  осы екі құбылыстың өзара  ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен,  қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауынан ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.

Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметінен – қарқынды не бәсең қозулардан, жүйке процестерінің қозғалмалылығынан, уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан т.б. яғни И.П.Павлов генотип  (жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) днр атаған құбылыстан көрінеді. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана қабілетіне ықпал жасайды. Толық қан айналымы – ми қызметінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру,  жүйке байланыстарының  тез жүруінің, сана жұмысымен шаршамай, мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.

Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерекшеліктерінде екі түрде көрінеді (И.П.Павлов): 1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді; 2. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің арақатынасына байланысты. Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен  (белсенді тип) байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.  Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды [22]. Дарындылық әрбір адамның  ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу  және психомоторлық қызметтерінде  көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын  болу;  мұндай тұлғалар, сонымен бірге мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

Әрқандай кәсіптегі (мұғалім, дәрігер, ұшқыш, спортшы т.б.) шеберлік кез келген жаңа мәселелерді шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етеді. Шеберлік маман үшін шығармашылық міндетті  түсіну мен оны орындау жолдарын табу, екеуі өзара байланыста қабылданады, іске асады, яғни «не істеу» және «қалай істеу» арасында жік болмайды.

Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде қарастырады. Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілетін қабілеттерімен қажеттіліктеріне орай жасампаздықтың өмір сүре алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай жатса, ол оның деграцияға ұшырауы деп түсінеді. Ғылыми- теориялық еңбектерге талдау жасау: тек шығармашылықта, шығармашылық арқылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам қайталанбас, біртуар адам (В.А.Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі шығармашылық «ішкі» «өзін-өзі жасау» және «сыртқы» «қоршаған әлемді өзгерту» жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды.

Шығармашылық әрекетті жүзеге асыратын субъект – тұлға. Қандай типтегі тұлға шығармашылықта мұратына жетеді десек, ойы ұщқыр, ақылы алғыр болуы керек екендігі ғылымда дәлелденген, Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісінен қанағат табу сезімі болуы қажет. Осыған байланысты «адам идея, жаңалық ащам деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады» деген К.Г.Юнгтің сөзін келтіре кеткіміз келеді. Бұл шығармашылық – адамды дамытуда, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың бірі екеніне дәлел бола алады.

Шығармашылық іс-әрекет пен даму теориясының психологиялық негізін қалаған ғалымдар Б.Г.Ананьев,А.И.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Л.С. Выготский әрекет – іс-қимыл бірлігі, саналы түрде мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін белсенділік деп сипаттайды. Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі  деп те аталады. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиетте мынадай төрт түрлі жүйегі бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әралуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді. 1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайлылық т.б. 2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергегтік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік. 3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, мақтаншақтық, өзімшілдік. 4. Заттарға қатынасы: құыптылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы т.б. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады: 1. Мінездің тереңдігі.  Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді. 2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет-мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді. 3. Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәне бар.  Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінездің күшін аңғартады. Мінездің жекелеген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен және өзге адамдардың қарысм-қатынасынан байқалады  [23].  Ал оның азаматтық қарым-қатынасы қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасады. Адамның өз материалдық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі,  жұмыссыздығы не болашаққа сенімі мен сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік- мұның бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Сөйтіп әрбір адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді.

Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып, дамиды.  Үйде дара болып өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы.  Отбасында керіс-жанжал, дау-дамай жиі болып ьұрса, балалардың мінез-құлықтарының қалыптасуына игі әсер етеді. Сондай-ақ балабақшада тәрбиеленген балалардың өзара қарым-қатынастары да олардың мінез-құлқының кейбір ерекшеліктері мен қасиеттерінің қалыптасуына сөзсіз ықпал етеді. Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы- тарихи шындық және обьективті фактор.  Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат қасиеттері бар.  Ы.Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез-құлқыны тән бір сыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді.  Оның анықтауынша қазақ халқына қайырымдылық пен кішіпейілділік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген және сыйластық көзқарас, қонақжайлылықпен пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ олардың бойында өзге мінез-құлық сипаттары да бар.  Бұл орайда қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өһнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдымдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады.  Әрбір ұлт пен ұлысқа , этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай-жапсары- әлеуметтік психология саласы- этникалық психологияның зерттейтін төл пәні [24, 25]. Адамның мінез-құлқының өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және обьективтік фактор.

Жеке тұлға алдымен белгілі қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, белгілі дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары мінезі, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін тізгіндей алатын кісі.  Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы өзін — өзі таниды. Өмір адамның сыртқы дүниесін танып біліп қоймай,  сондай – ақ өзін де танып білуді талап етеді.

Өзіндік баға  тұлғалық білім беру мен оның өзіндік дамуының күрделі негізі.  Мұнда адамның басқалардан өзі туралы біледі, өзінің әрекетін белсенділігінің неге бағытталғанын және жеке тұлғалық  сапаларын ұғынады. Бірақ, осыған қарамастан тұлғаның дамуында өзіндік бағалау ерекше орын алады. 

Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік сөйлеу, өзіндік бағалау, өзіндік ұғыну арқылы өзін — өзі таниды.  Адам өзінің сыртқы дүниесін ғана танып қоймай, сондай – ақ сол арқылы  әрекет жасауға тырысады. Адам обьективті шындықты бейнелендіре отырып, сол процестерді ғана емес, сонымен бірге сезіне алатын және ойлай білетін тіршілік иесі ретінде өзін — өзі, өзінің мұрат – мүдделерін, адамгершілік бет – бейнелерін де саналы түрде түсінуге шақырады. Өзін — өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Тұлғаның тұрақты өзін — өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасу негізінде жатыр. Өзін — өзі бағалау адамның мінез – құлқы ғана емес, оның тұлғалық сипатына да әсер етеді.  Тұлғаның жас өспірім шақтағы қалыптасуы тек ол өскен орта ғана емес оқушының өз талаптарына жауап бере алуына да байланысты.

К.Левиннің және оның шәкірттерінің еңбектерінде тұлғаның қажеттіліктері, оларды қызықтырушылар деңгейі зерттеу нәтижесінде алынған деректер бойынша өзіне баға беру тұлғаның берілген тапсырманы орындау жетістіктері немесе кемшіліктеріне, топтағы мәртебесіне тәуелді екендігі көрсетіледі.

Өзіндік бағалау К.Роджерс пікірінше, қоршаған әлеуметтік ортада бейімделуге, оның ішкі талаптары мен сыртқы психологиялық жағдайларының үйлесіміне әсер етеді және өзіне баға беруге икемділік бұрынғы құндылықтарды жаңадан бағалауға мүмкіндік береді. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мен өзіне баға берудің маңыздылығы американ психологы К.Роджерс еңбектерінде айтылған. Ол тұлға құрылымында өзін өзі тану мен өзін бағалау маңызды екенін зерттеген.   Бірақ Роджерс тұлғаның қоршаған ортаны, өзара қатынастарымен қатты байланыстырып жіберген, осы қатынастарды нақты «Мен» және идеалды «Мен» арасындағы қатынастық жалғыз факторы ретінде көрсеткен.

Адамның бойында қолдау тапқан өзін өзі бағалау тек сол тұлғаға ғана тең және сол адамның дара психологиялық  жағдайы, ішкі дүниесі [26]. Осындай   пікір, өзін — өзі бағалауды зерттеп білуге, оқып – тануға болады, себебі адамның іс -әрекетінен өзіне берген бағасы көрініп тұрады. Баланың бойында қоғамнан аластатылған, ешкімге керек емеспін, еш нәрсемен ісім жоқ деген ойлар болады. И.Куперсмит «Өзін өзі бағалау шарттары» деген кітабында өзін — өзі бағалаудың психологиялық сипатын көрсетті. Куперсмиттің ойынша өзіне баға беру – жеке тұлғаның өз бағасын білу сезімінде, ал өзгелерге тұлғаның кейбір әрекеттерінен білінеді.

Розенбург өзіне өзі баға беруді зерттеп, жеке тұлғаның идеалы мен нақты жетістіктерінің қатынасы өзіндік танудың мәне болып табылатындығын айтқан. Бұл пікір У.Джемстің зерттеуімен қатарлас келеді. Өзіне өзі баға беру жетістіктерге тура пропорционал жеке тұлғаның алдына қойған мақсатына жететін жетістіктеріне кері пропорционал. К.Гроув баланың өзіне баға беруіне үш түрлі фактор әсер ететіндігін анықтап берді. Олар: жазалау, қадағалау және психологиялық қолдау. Оның ойынша, өзін — өзі бағалау көбіне әкесіне қарағанда , анасының іс — әрекетіне қатысты. Ата – аналардың мінез – құлқы қыз балаға қарағанда ұл балаға қатты ықпал ететіндігінде. Бұл зерттеуге анна баланың өзіне баға беруі арасында байланыс бар екендігі тіркелген. Анна балаға қамқор болып, қолдау көрсетіп отырса және кінасы үшін қатаң жазаламаса, баланың бойында өзіне — өзі бағалауға жағдай жасалады [27]. Егер бала анасының қамқорлығын сезінсе, ол өзіне де сондай баға береді.

К.Хорнидің   тұлғаның бойындағы қиын ішкі дағдарыстар өзіне артық баға беруден, өзімшілдіктен туындайтындығын сипаттап, «Мен» деген өзімшілдіктің нақты «Мен» қақтығысы болатындығын тұжырымдаған.  Г.Салливен өзіне баға беру адамның мінезіне бақылау жасайды деп көрсетеді.

Өзіне баға берудің атқаратын қызметі адамды ішкі толғаныстардан сақтау. Өзін бағалау қоршаған ортаға ыңғайлану, қоршаған ортамен қатынасқа түсу арқылы біржақты баға беріледі. Сонымен жоғарыдағы ғалымдардың зерттеулерінен өзін өзі бағалау қоршаған ортаның қатынастарынан, оның әлеуметтік ортаға бейімделуі,  оның сыртқы талаптарының сыртқы жағдаймен үйлесуі екендігін көреміз.

Кеңестік кезеңдегі зерттеулер  өзіндік бағалауды тұлғаның өзін тануының, оның қалыптасуының өмірдегі іс -әрекетінің нәтижесі деп түсіндірді. Өзіне баға берудің қоғамдық сипаты бар және әлеуметтік құбылыстардың өзгеруіне байланысты қалыптасатындығын Б.Г.Божович, Л.И.Ананьев, С.Л.Рубинштейн еңбектерінен көреміз.  Өзін өзі бағалау еңбектің, қарым – қатынастың қиын өнімі, мінезді үйлестіру және қоршаған ортаға қатынас әрекетінен туындайды.

Өзіңді басқалармен салыстыру, теңеу өзіне баға берудің алғы шарты екендігін тұжырымдаған. Адам өз әрекетінде өзін өзгелермен салыстырып, басқалардан байқаған қылықтарды өз бойынан іздеп, кемшілігін түзетуге ұмтылыады [28]. Л.И.Божовичтің өзгені тану өзіңді танудан бұрын қалыптасады және оның негізі мен тіреуі болып табылады.Тұлғаға тән кейбір қасиеттерді қайталап, өзіне алуға тырысады.

Осындай көзқарастардың ішінде Б.Г. Ананьев адамның өзі туралы  пікір қалыптасуға ұжымдық өмір, жағдайлар мен әрекеттерге дұрыс баға беру шешімі маңызды орын алатындығын айтқан.

Өзін өзі бағалауды В.С.Мерлиннің пайымдауынша, өз әрекетіңді бағалауда ұжымның берген бағасы, әлеуметтік бағалау  маңызды  қызметке ие болатындығын ерекше атаған. Әлеуметтік баға толық  және жан – жақты болған сайын, бала оны терең таниды және бұл тұлға қалыптасуына үлкен әсерін береді.

Адамды адамның тану ерекшеліктерін А.А.Бодалев  жас    және жеке дара ерекшеліктеріне бөле отырып, неғұрлым жасы үлкейген сайын олардың қабілеті, танымы мен сенімі туралы пікірлері өзгере түседі, олардың еңбекке көзқарасын, адамның еркі мен өзіне тән ерекшеліктерді жақсы ажыратады. Адамның өзіндік сипат белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндегі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы тәжірибе алмасатындығы .

Жеке тұлға обьектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады. Өмір сүретін ортасына қоғамдық (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Бұл жеке тұлға  сөзімен “Мен концепциясы” деп атайды.  Роджерс көзқарасы бойынша жеке тұлға сыртқы обьектілерді өзінің ішкі әлемінде қабылдайды.

Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым – қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір қасиеттері , іс-әрекет жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді [29]. Қазіргі кезде психологтар жеке тұлға бірнеше Мен-концепциясын иемденуі мүмкін дейді, олардың біреуі – жақсы, екіншілері — нашар, үшіншілері-жеке тұлғаның қазіргі шағы, төртіншілері — болашақ мүмкін болатын «Мен» концепциясы.  Іс — әрекеттің белсенді болуы жағдайында өзінің әрекетін бағалау  психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар.  Соның бірі – австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екенін дәлелдеді. А.Кординер, Е.Фромм, К.Хорни т.б. көзқарастары адамның дамуындағы өзін өзі бағалауда іс-әрекетке  жан – жақты сипаттама жасаған. Өзін — өзі қалыптастыру адамның тұлғасын жан – жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Өзін — өзі қалыптастыру ережесі төмендегі мінез-құлық пен жеке қасиеттерге:

  • асқан сабырлылық;
  • сөзбен іс — әрекетте жауапкершілік;
  • іс — әрекетті жан – жақты ойластыру;
  • батылдық;
  • санасыз уақыт өткізбеу;
  • өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау;
  • әуестік пен құмарлыққа емес, қажеттілік және жетістікке ұмтылу;
  • күнделікті өз істері туралы есеп беру;
  • жалаң сөз емес, іс — әрекет нәтижесін көрсету;
  • болғанды, болатынды мақсатсыз мақтанып айтпау.

Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс – қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті – дағдылары, іс — әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады.  әсіресе өзінің іс — әрекетін қадағалап, жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Өзін өзі бағалау арқылы іс -әрекетінің нәтижесін қадағалайды.  Дағды, ептілік, ниет, әдет адамның өзіндік бағалауының алғы шарттары.   Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Іс — әрекеттің жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен көрінеді. Оқу, еңбек, ойын – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі әрекет түрлері.  Сол әрекеттердің жас ерекшелігіне сай орындалуы да өзіндік іс -әрекетті бағалаудың нәтижесі. Өзін өзі бағалау арқылы орындалатын  әрекеттің мақсаты мен міндетіне байланысты.

Адамының іс — әрекетін тиімді ұйымдастыру   оның өз ісіне қызығу мен жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.           Осындай мәселенің  байыбын барлап оның   тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның жеке басының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз.  Мақсатсыз ұйымдастырылған іс — әрекет болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына ықпал етуі мүмкін. Іс — әрекетті баланың дамуы мен оның қалыптасуына жағымды әсер ететіндей жоспарланады.

Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. Бұл мәселенің өзектілігі қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекетінің ұжымдық ерекшелігінің артуымен байланысты, тәжірибенің талаптарымен байланысты және адамдарды ұйымдастырудың, басқарудың тиімділігінің өзекті мәселелерімен, олардың араларындағы қарым-қатынастың күшеюін реттеу, тәрбиелік және психотерапиялық әсерлерді қолдану мәселеріне байланысты. Сондықтан, баланың іс — әрекетін ұйымдастыру арқылы оның неге қабілетті екенін анықтаумен қатар болашақта жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады.  Ол баламен оған бағыт беруші ата-ана, педагог немесе үлкендердің ықпалымен іске асады.

Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы іс -әрекет  тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі туындайды. Топтық іс-әрекетті орындау барысында жеке бағалау мен топтық бағалау қасиеттері қалыптасады.

Өзін өзі бағалаудың психологиялық сипаты төмендегі деңгейде болады:

— Өзіндік бағалаудың дамуы – жағдайға байланысты іс — әрекет. Бұл деңгейде адам өзінің қылықтары мен тұлғалық сипаты арасында байланыс тудырмайды. Ол өзіндік «менді» іс — әрекеттің сыртқы нәтижесіне қарай бағалайды. Осыған байланысты бұл нәтижелер адам мүмкіндіктеріне сәйкес байланысты болуы қажет [30]. Сыртқы жағдайлардың бірден болуы өзіндік бағаны тұрақсыз етеді.

— Жағдайға байланысты  сапалы бағалау. Бұл деңгейде адам өз қылықтары мен әрекетіне есеп береді. Тұлғаның қадір қасиеті толық көрінеді.  Адамның мінез – құлқы мен дара қасиеттері арасында байланыс туындайды. Адам өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін саралап, өзін өзі тәрбиелеудің  маңыздылығын байқайды. Өзін өзі бағалаудың тербелісте болуы өзін — өзі дамытуда жағдайға байланысты қарасытрылады.

— Сапалы консервантты деп аталады.  Мұнда тұлғаның қылықтары мен  қасиеттері арасындағы тура байланыс бұзылады. Тұлғаның қасиеті нақты қылыққа байланысты оның танымына обьективті шындық түрде бейнеленеді. Нақты іс — әрекет тұлғаның қасиетін толық көрсетпейтінін таныған тұлғаның ішік таным дүниесі оның іс әрекетінен бөлінеді. Өзін — өзі  бағалау толық емес болады, жеке қылықтар арқылы жетістікке жету.  Өзін — өзі қалыптастыру деген сенімі азаяды. Өзін — өзі тәрбиелеп дамытуға күш салмайды.

— Сапалы динамикалық. Тұлға қасиетімен қылығы арасындағы күрделі байланыс барлығымен сипатталады. Ішкі дүниенің қылықтан алшақтығы кедергіні жояды. Өзін — өзі бағалау обьективті адамның ішік танымының өзгеруіне сәйкес тұлғаның қасиеті қалыпты өсу деңгейінде. Өзіндік бағалау өзін — өзі тәрбиелеу қатынасымен есептеледі.

Өзін — өзі тану мен өзін — өзі бағалаудың пайда болуы тұлғаның белсенді әрекетіне, қоғам мен табиғатына, өзін танудың мақсатына байланысты. Өзін — өзі тану тұлғаның іс — әрекетіні танудың бір бөлігі ғана. Тану мен бағалау тұлғаның  өзіндік мүмкіндіктерін білуге тұлға қоғамдық әрекет нәтижесінде, ішкі мүмкіндіктерін сезіну нәтижесінде болады. Өзіндік бағалау іс -әрекет нәтижесі мен жетістіктеріне, кемшіліктеріне баға беру.

У.Джеймс өзін — өзі құрметтеуді  жетістіктің талапқа қатынасы ретінде көрсетеді. Адам өзін құрметтей түсетініне себеп – оның жетістіктерінің көп болуына байланысты. Өзін — өзі құрметтеу мен өзін -өзі  бағалаудың қалыптасуына жеке тұлғаға тән психологиялық сипаттама үлкен маңызға ие. Олар адамның жетістіктері мен талаптары. Талап пен жетістік бір – бірімен тәуелді байланыста. Талап көбейген сайын жетістік те көбейеді. Әдетте адамның талабы оның жеткен жетістіктерінің нәтижесімен  тексеріледі, ал өзін өзі бағалау талап пен жетістіктің қатынасымен анықталады.

Адамның өзіндік бағалауының қалыптасуына отбасының да орны ерекше. Ата – ана мен бала қарым – қатынасының ерекшеліктерін үйлесімді ұйымдастыру балаға жағымды әсер етеді. Ол өзін отбасы мүшесі ретінде сезініп, өз ойын ортаға салуға, ата – анасымен санасуға, әр іс -әрекетінде үлкендерге еліктеп өсуге үйренеді.

Сондықтан отбасында  баланы жан-жақты дамытуда өзін өзі бағалауды қалыптастырудың тиімді ережелері:

  • баланы сүю, құрметтеу, табиғи қабілетін ескеру;
  • балалаға әсер ететін құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;
  • баламен қарым-қатынаста оның жас ерекшелігімен, шамасымен шар болуы қажет. Сонда ғана үлкендер мен кішілер арасында қақтығыс жағымды шешіледі;
  • баланың пікірін соңына дейін тыңдау, не айтқысы келгендігін түсіну, асығыс қорытынды жасаудан алдын алу;
  • жазалауды баланың дамуына әсер етпейтіндей етіп жасау (бала жаман емес, оның іс-әрекеті дұрыс емес);
  • балаға үйрететінді ең бірініші ата-ананың өзі толық меңгеруі қажет;

Өзін- өзі бағалау – адамға өз басын жетілдіру үшін, сондай-ақ өмір және еңбек жоспарларына сәйкес өз іс-әрекетін жолға қойып отыру қажет.  Өзін өзі тәрбиелеу адам дамуының мүмкіндіктеріне жол ашады. ӨЗін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің обьектісі ғана емес, сонымен бірге субьектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам ғана тәрбиелеп қоймайды, ол өзі күш жұмсап та тәрбиеленеді.  Осы орайда отбасының балаға ықпалы маңызды орында. Отбасының балаларға тигізер әсері олардың  өмірінің әр кезеңінде   үнемі бірдей болмақ емес [31]. Өкінішке орай, ересек адамдардың барлығы бірдей (әсіресе жас ата-аналар) жас балалрға тигізетін жанұя әсерінің мәнін  онша аңғара бермейді. Ал бұл әсер өзінің маңыздылығы жағынан таңғажайып. Соңғы жылдары физиологтар, дәрігерлер және психологтар үш  жасқа дейінгі балалардың әсіресе жанұя әсеріне, ең алдымен ана әсеріне берілгіштігін дәлелдеген.  Эмоциялық жақтан қорғана алушылық немесе қорғансыздық сезімінен туындайтын өмірге деген бастапқы  сенімділік  немесе сенімсіздік негіздері, атап айтқанда, бала өмірінің алғашқы күндері мен айларында қаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Тренинг барысында тұлға  дамуын қалыптастырудың  әдіс-тәсілдері

 

  • Тұлғаны жан-жақты зерттеуде тренинг топтарын ұйымдастырудың алғышарттары

 

Тренинг топтарының нәтижелі жұмыс істеуінің маңызды шарты осы қарым-қатынас формасын ұйымдастыру принциптерін оның жетекшісінің түсіне білуіне байланысты.

Ең алдымен толық тренингте де, оның жеке сабақтары мен жаттығуларында да өз еркімен қатысу принципінің орындалуы болып табылады. Қатысушы топ жұмысы барысында өз жеке басының өзгерістеріне іштей қызығушылық танытуы қажет.  Күштеп мәжбүр еткенде ешуақытта жеке бас өзгерістері қалыптаспайтындығын ескерген жөн.

Әрбір қатысушының әрдайым өзіндік диагностиканы ұйымдастыру принципін сақтау керек. Сабақтар мазмұнына қатысушылардың өзіндік ашыла білуіне бағытталған сұрақтар мен жаттығулар енгізілген.

Тренингтің әртүрлі бөлімдері біршама тестік процедуралар үлгісінде ұсынылады, оның барысында қатысушылар өздері жайлы алғашқы ақпарат алады. Осы ақпаратты қолдана отырып, қатысушы тренинг барысында оны қайта тексере алады, ал егер қажет болса, өзгертуге де мүмкіндігі бар.

Диалог стиліндегі өзара байланыс принципі тренинг өзегі болып табылады. Ол қатысушылардың өзара сыйластығына, бір-біріне толық сенімділігіне, әңгімелесушінің өз ойын бар екендігін мойындай білуі және оны тыңдай білуі даярлығына негізделеді. Диалог топпен жұмыстың барлық уақытында тең құқықты және толыққанды тұлғааралық қарым-қатынасты болжайды [32].

Топ құрамының бірқалыптылығы принципінің мәні бойынша тренинг топтарында сабақ жүргізу басталғаннан кейін жаңа қатысушылардың қабылданбауы және сабаққа қатысып жүрген қатысушылар тренингтің толық аяқталғанына дейін кетпеуі керек.

Интеллектуалды және эмоционалды орталардың үйлесімділігі принципі. Бір жағынан,тренингке жоғары эмоционалды қызбалық тән болады, қатысушылар топта болып жатқан жағдайларды шын көңілімен басынан кешіреді.Бұл олардың ашық ой бөлісуіне,серіктестерге сенім артуына, бір-біріне адамгершілік қатынас орнатуға көмектеседі. Бірақ бір жағынан тренинг интеллектуалды талдау процестері жағдайларды талқылаудың да белсенділігін арттырады.Және де мұндай интеллектуалды әрекеттің басты формасы – тренингтің барлық уақытында қолданылатын топтық пікір талас болып табылады.

Ыңғайлылық және ыңғайсыздық тепе – теңдігінің принципі. Оның мәні топтағы жалпы хал – ахуал ыңғайлы, қолайлы, қауіпсіз, тіпті көңілді болу қажеттігіне негізделеді. Тренингтегі бағдарламалық принцип – бұл ыңғайлылық. Дегенмен кейбір жеке жағдайларда қатысушыларға ыңғайсыздық орнауы да қажет . Мысалға, нұсқауды орындау барысында.

Оңашалану принципі. Негізгі талап қатысушылардың оларды ешкім тыңдап тұрмағанына сенімділігі болып табылады. Егер баспа құралдарын қолдану қажеттігі туындаса, тек топ мүшелерінің келісімімен жүзеге асады.

Бейнелеу принципі. Тренингте зерттелетін және қарастырылатын барлық құбылыстар міндетті түрде суреттерде және сызбаларда, метафораларда және таңбаларда бейнеленуі қажет.

Бос кеңістік принципі. Тренинг жүргізілетін орта қатысушылардың еркін орын алмастыруы үшін жеткілікті түрде кең болуы қажет.

Жүктелу принципі. Сабақтардың ұзақтығы жұмыстың ең басында анықталуы қажет.  Әлеуметтік – психологиялық тренингін жүргізу тәжірбиесі мынадай қорытынды жасауға негіз болады: неғұрлым үлкен тиімділік ірі уақыт блоктарымен жұмыс істеу барысында жүзеге асады, яғни белсенді тренинг формаларын жүйелі түрде қолдану барысында (бір сабақ ұзақтығы үш – төрт сағат немесе одан да көп). Мектеп жағдайында тренинг топтары мектеп кестесіне енгізіледі.

Тренинг нәтижелерін өмір барысында қолдануға бағытталу принципі.  Бұл принцип қатысушыларға алынған тәжірбиені практика барысына алмастыруға көмек беру үшін арналған. Тренинг практикалық мәнге ие болуы қажет [33]. Тренинг қатысушылары барлық түсінгендерін, танып білгендерін, үйренгендерін әдетті өмірде қолдануы қажет. Дәл осы мақсатта ғана тренингтік сабақтар ұйымдастырылып, жүргізіледі.

XX ғасырдың соңына қарай әлеуметтік – психологиялық практика әр түрлі тренингтерді жүргізудің бай материалдарын жинады. Теориялық зерттеулерге тереңдемей  — ақ қазіргі таңда түрлі психологиялық мектептерде және орталарда қолданылатын тренинг түрлеріне қысқаша сипаттама беріп шығайық.

Тренинг топтары (Тұлғааралық кеңістікте жеке тұлғаны дамыту тренингі).

Бұл тренингтің пайда болуының негізін қалаған топтық динамика және әлеуметтік ықпал мәселелері бойынша қызмет атқарған танымал әлеуметтік психолог Курт Левин болып табылады. Ол алғашқы рет «топтық динамика» терминін қолданған болатын.

Тренинг топтары өз бастамасын 1945 жылы Курт Левиннің басшылығымен жүрізілген лабораториялық тренинг сабақтарынан алады. 1947 жылы АҚШ — та ұлттық тренинг зертханасы құрылады. Тренинг топтары «Әлеуметтік – психологиялық тренинг» ұғымымен байланысты барлық топтық психологиялық жұмыстардың алғашқыларының бірі болды.

Лабораториялық тренинг мақсаттары әдетте келесі негізгі аспектілерден құралады:

— психологиялық қорғаныс шекараларын жою мен жеке бас деңгейіндегі шынайылық барысында өзіндік танымды дамыту;

— топтық қызмет атқаруын қиындатушы немесе жеңілдетуші шарттарды түсіну;

—  басқалармен тиімді өзара байланыс орнату үшін топта тұлғааралық қатынастарға қол жеткізу;

—  жекелік, топтық және ұйымдастырылған мәселелерді анықтау іскерлігін игеру.            

Қазіргі таңда әлемде тренингтің басқа бағыттарымен де байланысатын тренинг топтарының көптеген түрлері кездеседі.

Тренинг топтарының өзі басты үш бағытқа жіктеледі:

  —       индивидуумның жалпы дамуы (сензитивтілік топтары);

  —       тұлғааралық қатынастарды қалыптастыру және зерттеу;

  —       ұйымдастыру арқылы дамыту.

Жүргізушінің жеткілікті түрде мамандануына байланысты тренинг топтарында қатысушылар құнды қарым – қатынас іскерлігін, тұлғааралық өзара байланыс пен топтық динамиканы талдау тәжірбиесін игере алады, өзіндік және басқалардың қажеттіліктерін жақсы тани біле алады, өздерінің мінез – құлық мүмкіндіктерінің көлемін арттыра алады, өмірлік мәселелерді шешуге неғұрлым даяр болады, бірыңғай өзіндік бағалауды жүзеге асыра алады,  басқа адамдардың  көңіл – күйлеріне өте сезімтал бола бастайды.

Бихевиористік бағыттағы топтар (Өмірлік іскерліктер тренингі).

Психотерапиядағы бихевиористік бағыт Павловтың шартты рефлекстері және Скиннердің оперантты шартталу түсініктеріне байланысты зерттеулерінен өзіндік даму алды.

Бихевиористік бағыттың мәні мынада: егер адам өз тәжірбиесін үйрену арқылы жинаса, онда оны тиімсіз мінез – құлық реакцияларынан арылтып, неғұрлым бейімді реакцияларды орындауға үйрету қажет.

Бұл бағыттың міндеті – қатысушыларды қандай да бір мәселелерді шеше білуге үйрету және белгілі бір өмір жағдайларына бейімделе білу іскерлігін дамыту.

Бихевиористік топтарын жүргізудің өзіне тән әдістемесі мінез-құлықты жаттықтыру болып табылады:

1) Қатысушыларға қандай да бір жағдайда өзін-өзі ұстай білу мінез-құлқының үлгісі көрсетіледі.

2) Содан соң жаттықтыру фазасы орындалады. Мұнда қатысушы жаңа мінез-құлық түрін немесе оның үзіндісін қолданып көреді.Оның барысында жетекші қатысушыға көмек беріп, қажет болған жағдайда кері байланыс орнатып, яғни нұсқау беріп отырады.

3) Соңында бекіту фазасы орындалады, яғни сәтті әрекеттенгені үшін топтың жағымды реакцияылары немесе қандай да бір марапаттау түрінде қатысушыны мадақтау жүзеге асады.

Психодрамалық бағыттағы топтар (Жеке тұлға мәселелерін шешуге арналған тренинг).

Психодраманың пайда болуы Джекоб Леви Мореноның атымен тығыз байланысты. Топтық психотерапияда неғұрлым әсерлі және нәтижелі ағым ретінде танылады.

Бұл әдістің мәні – топ мүшелерінің (қатысушылардың) жүргізушінің жетекшілігімен арнайы тәсілдердің көмегімен қойылымдар қоюға қатысуы болып табылады.

Психодраманың өту кезеңдері:

1.Серігіту (қыздыру фазасы).

  1. Психодрамалық әсер ету фазасы.

3.Интеграция фазасы, қатысушылар өз сезімдері және алған әсерлерімен бөліседі.

Д. Морено өзінің ұсынған әдісін терең эмоционалды хирургия деп атады. Психодрамаға қатысушылар сахнада эмоционалды әсер алуына жағдай жасалып, қобалжудан, мазасызданудан арылуға, мінез-құлықтың тиімсіз формаларынжеңуге, өзіндік шығармашылық және адамзаттық ахуалын көркейтуге мүмкіндік туады. Рөлдік ойындапр барысында қатысушылар тек өз тәжірибесін қайта «сезінуге» ғана емес, сонымен қатар жауап беру сезімдерін және реакцияларды талдай білуге, мінез-құлықтың жаңа үлгілерін қолданып көруге мүмкіндік алады.

Гештальт бағытындағы топтар (Г – топтары).

Топтық гештальттерапияның негізін салушы Фредрих Перлз болып табылады. «Гештальт» — неміс сөзі, тұтас ұйымдастырылған деген мағынаны білдіреді. Гештальттерапияның негізгі міндеті – дене процестерін ынталандыру және қатысушылардың өзіндік «Менін» сезіне білуді дамытуға ықпал ету болып табылады.

Қалыптасқан тәртіп бойынша, топ жүргізушісі ортадағы орындықта орналасқан өзеркімен қатысушы топ мүшесімен жұмыс істейдіғ Топтың басқа мүшелері бұл қатысушыға қолдау көрсетіп, өздерін сонымен теңестіре отырып, зерттеуге белсенді қатысады.

Бұл өте күшті және де оны байқап қолдану қажет. Гештальттерапия өзін-өзі сезіне білуді кеңейтуге; эмпатияны арттыруға; көңіл-күйлер тереңдігін және басқалардың өзін түсіне білуін  сезінуге; қарым-қатынасқа түсе білу қабілетін арттыруға;  жеке тұлғаның тәуелділіктен дербестікке және өзіне сенімділікке  өтуіне көмектеседі [34].

Әлеуметтік психологиялық тренингтерді мектептерде, сабақ барысында қолдану  неғұрлым тиімді жүзеге асуы үшін, тренингті жүргізуші оқушының өзіндік қабілеттілігін көрсете білуіне ықпал ететін көптеген шарттарды қарастыруы қажет.

Жүргізушінің міндеті – тренингке қатысушы оқушылардың өздерінің белсенді әрекет етуіне жағдай жасау. Дәл осы принцип сабақтарда оқушылармен белсенді тренинг формаларын қолдану әдістемесі бойынша ұсыныстар мен бағдарламалар даярлауды болжайды. Мұғалім немесе психолог тренинг жаттығуларынын  сәтті жүргізу мен орындалуда қажетті жағдайларды жасайды, бірақ тек балалардың өздері қатысуы және әрекеттенуі қажет.

Әлеуметтік — психологиялық тренинг — психологиялық ықпалы топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Тренинг барысында жеке тұлға дамуының мәселелері неғұрлым тиімдірек шешіледі, қарым-қатынас дағдылары сәтті қалыптасады.

Тренингтің басты артықшылығының бірі – оған қатысушы адам өзін басқалар қабылдағанын және де қабылдайтынын сезінеді. Ол топтың толық сеніміне ие болады және де ең маңыздысы — өз ойларын және сезімдерін, уайымдары мен күмәндарын білдіруде басқаларға сенім арта алатындығында.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің басты міндеті – қатысушыға өзіндік жеке ерекшеліктерін көрсете білуіне көмектесу болып табылады, ал ол үшін өз-өіңді қабылдай және тани білуді үйрену қажет. Әлеуметтік- психологиячлық тренинг топтарының тиімді қызмет атқаруы үшін, сабақты ұйымдастырып және жүргізіп отырған жетекшісі тренингтің жалпы мақсатын танып білуі қажет:

  • жеке тұлғаның дамуы;
  • қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық хабардарлығын арттыру;
  • Қатысушылардың белсенді әлеуметтік бағытын қалыптастыру;
  • өз өмірі мен қоршаған адамдар өміріне мәнді өзгерістер енгізе білу қабілетін дамыту;
  • өзін және басқа адамдарды бірыңғай және неғұрлым толық танып білу қабілетін дамыту;
  • жеке қасиеттері мен іскерліктерді түзету, швнайы әрі өнімді әрекеттерге бөгет болатын шекараларды жою;
  • тұлғааралық өзара байланыстардың тиімділігін арттыру үшін жеке тәсілдерді зерттеу және игеру.

Тренинг – қарым-қатынасты дамыту мақсатында түрлі категориялармен жұмыс жасаудың топтық формасы(педагогтар, оқушылар, ата-аналар, отбасылар).  Әлеуметтік-психологиялық тренингтің мақсаты — әлеуметтік ақыл-ойды, кәсіби пеедагогикалық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Тренинг тиімділігіне келесілерді келтіруге болады:

  1. Өзіндік диагностика:

А)  Өзі туралы нақты мәліметтер алу;

Б) Адам басқалардың көзінде қалай көрінетіндігін анықтау;

В) Оның идеалды «Менінің»қаншалықты деңгейде дербес екендігін анықтау;

  1. Диагностика:

А) Өзіндік талдаудың дамуы;

Б) Сезімдерді жіктей білу, өзін нақты және анық көрсете білу            іскерліктерінің дамуы;

В)Өзіндік «Меніні» ашу тек басқалармен қарым-қатынаста ғана                 мүмкін болатынын сезіне білу;

  1. Басқалардың бейнелеріне нұсқауды тексеру;

А)     Басқаның бағытын түсіне білуді дамыту;

Б) Олардың анықтауының вербалды емес формаларына сезімталдықтың қалыптасуы;

В)     Басқаны тыңдай және түсіне білу іскерлігінің дамуы;

Г)     Психотерапиялық әсер ету.

Топ өзіндік әлеуметтік  ақыл-ойын арттыруға  ынталанушы  педагогтардан құралады. Топ қатысушыларының  жоғарғы саны  жиырма бес адам (медиотоп), төменгі  саны жеті- тоғыз адам (микротоп).

Әлеуметтік психологиялық  тренингі  топтарында сабақ жүргізудің келесі  негізгі  шарттарын анықтауға болады:

  1. Адамдар бірге тұйықталған ортада жиналған;
  2. Олар қарым-қатынастан кете алмайды (топ қатысушылары шеңбер бойымен  бір-біріне бетпе-бет  орналасқан)
  3. Топта алдын-ала ұсынылған сатылық құрылым жоқ;
  4. Егер топ мүшелері бір-бірімен таныспаған болса, онда танысуды  жүзеге асырмауға да болады.

5.Топта топтық тәжірибесі бар, «ойын ережесін» білетін,  топ қатысушыларының  сезінулерін, пікірлерін еткізу техникасын  жеілдетуші  адам (жүргізуі) бар.

6.Топ сабақтары жеткілікті  дыбыс изоляциясы  бар арнайы жабдықталған ортада жүргізілуі тиіс.

Тренинг топарының  қатысушылары топта  келесі мінез- құлық принциптерін ұстануы қажет: топтың әрбір мүшесі  әрқайсысы туралы не айтқысы келседе айта алады, әрбір мүшесі топта болып жатқан жағдайлар туралы, топ мүшелері туралы да «осында және қазір туындаған  барлық ой пікірлерді дауыстап айта алады».

Топта оқыту бағдарламасы екі  бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – қарым-қаиынас маәселесі жайында кіріспе лекция. Қатысушылар топ психологиясы, қрым-қатынас писхологиясының жалпы ұғымдарымен механизмдерімен танысады. Екінші бөлім- жаттығу бөлімі. Оның ұсынылатын ұзақтығы шамамен  алпыс сағат ( 1 сеанс  ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін).

Сабақтың барысында әлеуметік ақыл- оймен коммуникативті іскерлікті дамытуға бағытталған жаттығулар орындалады.

  1. Қауымдық жғдайға байланысты әрекет ету іскерліктерін дамыту
  2. Педагогикалық әрекет үрдсінде бұлшық еттің босансуын қалыптастыру
  3. Мұғалімнің сыныпта өзіндік эмоционлады жағымдв хал ахулын жетілдіру.
  4. Ырықты зейін, байқампаздық және тұрақтылық дағдыларын дамыту
  5. Қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын дамыту
  6. Дауыс ырғағын келтіре сөйлеу ережесі
  7. Қарым-қатынас жүйесін анықтау және нақтылау
  8. Мимика және пантомимиканың дамуы
  9. Ақпартты бейнелі түрде жеткізу
  10. Педагогикалық міндеттерді анықтау және шешу.

Әлеуметтік психологиялық тренинг  топтарындағы сабақтар мұғалімдердің коммуникативті  қабілеттерін дамытудың, оның барысында  кәсіби деңгейін  арттырудың жетекші тәсілі болып табылады [35].

Жалпы қорытындыға келетін болсақ топтық писхологиялық жұмыста  тренингтерді тиімді ұйымдастыру үшін  ең алдымен  тренинг жайлы  нақты түсінік алу, олардың  кездесетін түрлерін ажырата білу,  қолдану және ұйымдастыру ерекшеліктері мен принциптерін  жете білу өте маңызды.

 

  • Тұлға дамуын анықтау іс-шаралары.

 

Тренингтік сабақтарды жүргізу ерекше негізде топ адамдарының ұйымдасқан өзара әрекеттестігін көрсетеді, ал ӘПТ жүргізушімен қадағаланады. Тренингті басқарушының негізгі күштеуі, оның қатысушылары өзінің сыртқы шығармашылығын сараптап, өзінің ішкі шығармашылығын зерттеу керек.  Әрбір фазада ӘПТ тобының дамуы нақты әдістер және психотехникалық ережелер бар.

  1. «Орнықтырушы»(«мақсаттық») фаза жүргізушінің топ мүшелерімен алғашқы қарым-қатынасынан басталады, ол алдағы сабақ циклының ӘПТ программасының негізінде мақсат және міндеттер хабарланады, қатысушылар алдында тұрған топтық тәртіптің ережелері өңделеді, процедуралық және әдістемелік аспектілер талқыланады, берілген жұмыс формасына жағымды мотивация беріледі, қатысушылардың шығармашылығымен қарым-қатынас анықталады.

ӘПТ осы фазасында жүргізілетін әдіс ережеге сай, мысалдармен әңгіме болып табылады. әңгіме бітісімен және сұрақтарға жауапты жүргізуші, қатысушыларды сабақ жүргізілу барысында сараптамаға шығаруы керек. Осындай талқылаудың соңы топпен бірге «тренингке қатысушылардың тәртіптік кодексі» анықтау болуы керек. «Орнықтырушы » фаза осымен аяқталады, дегенмен оны келесі «ориентациялық» фазадан бөлуге болады, әрине тек шартты түрде.

  1. «Бағдарлық» фаза тренингке қатысушылардың қарым-қатынас жағдайында және шығармашылықтың сөйлемдік мазмұн формасына шоғырлануы. Тренингке қатысушыларға түрлерден және мінез-құлықтың жаңа формаларымен эксперимент жүргізуден бас тарту ұсынылады. Бұндай шешімге келу өте қиын. Сондықтан, бірінші сабақтан бастап, ӘПТ басқарушысының негізгі сабағы топта орташа психологиялық сенім ауасын дамыту болып табылады. Берілген фазада осы бөлімнің шығармашылығы, барлық қатысушылардың бірін-бірі жақсы тануға бағыттылығының дамуымен байланысты [36].

Әрі қарай таныстықта тренингке қатысушылардың бір-біріне сенімін күшейтуде психотехникалық жаттығулар жүргізіледі: «Интервью», «Ұжымға таныстырыламын» және басқалар. Бұл фазаның екінші негізгі бөлімі, ӘПТ қатысушыларының, олардың шығармашылығының мазмұны қандай жолмен топтық тренингте олардың қазіргі шығармашылық қарым-қатынасымен байланысты екенін өңдеуге құлшынулары. Жүргізуші мысалдар және әдістер ұсынуы керек, оның көмегімен осы мәселеде тренингтік топтың мүшелерін шоғырландару керек. Осындай мақсаттарды ереже сияқты топтық дискуссиялар қолданылады, ол осы фазаның стержіні болып табылады.

  1. «Конфронтация» фазасында дискуссиямен бірге рөлдік ойындар жүргізіледі, ол қақтығыстық жағдайда құрылымдық мінез-құлықтың қалыптасуына бағытталған. Содан басқа, ӘПТ басқарушысы орташа психологиялық сенім ауасын дамытуға талпынысты күшейтеді. Осы мақсатта келесі психологиялық жаттығулар қолданылуы мүмкін: «Менің хоббиім», «Маған дауыс беріңіздер», «Подиум» және басқалар.

Бұл фаза қарым-қатынастағы сенімділіктің жоғарғы деңгейіне апарады, тренингке қатысушыларға қалыптылық сезімі қайтып келеді. Көбінесе бұл топтың құрылуының басталуымен байланысты.

  1. «Құрылымдық және интеграция» фазасы тренингтік топта өзара қарым-қатынас құрылымы қалыптасқан, эмоцианалды және интеллектуалды байланыстармен. Топқа ортақ бірнеше сипаттамалар пайда болды. Бұл сабақ барысындағы жеке қарым-қатынас нормасы және топтық құндылықтар, мысалы, табылған және қазіргі уақыттағы қарым-қатынас қағидасымен тіркелген және өзара әрекет, зат ретінде қарастырылады топта шығарылған.

Топтың осындай сапалы жағдайына қол жеткізгеннен кейін, жүргізуші білімді – танымдық шығармашылыққа аса көп назар аударады [37]. Сондықтан дәл қазір рөлдік ойындар ӘПТ-да сабақты жүргізуші әдіс болып табылады, екінші жоспарда топтық дискуссия. Бұндай ойындарды тренингті басқарушы алдын ала дайындаған болуы мүмкін «Психологиялық жағдайлар Банкі».

Аяқталу барысында тағыда бір топтың сапалы жағдайының өзгерісі болады – бағасыз қабылдауға өту.

  1. «Референтті қарым-қатынас» фазасы – ӘПТ кезеңі бекітіледі, қарастырылған топтық программадағы ойнаған ерекше рөл. Референттіліктің көрсеткіші жоғары болған сайын, берілген ұжым мүшелерінің арасында қарама-қайшылық аз болады, ал негізінде ондағы қақтығыс деңгейі төмен болады. ӘПТ-да әлеуметтік құрылым өзгерісі және құнды шоғырлану референтті топтарды, сол топ мүшелерінің жеке мінез-құлықтарының өзгерісіне апарады.

Қарастырылған деңгейде тренингтік топта жаңа психологиялық параметрлер пайда болады. Ең алғаш, қарым-қатынас стилінде жаңа түрлер пайда бола бастайды және қатысушылардың тәртібі: бір-біріне деген жоғары деңгейлі байқампаздық. Өзара түсіністік дейгейінің жоғарылығы және компромиске және қызметтестікке нақты құрылым байқалады.

Кейбір ойындардың негізінде телімелі әдістер жатады, ол қатысушыларға терең бейсанадағы сезімдерді және ойларды, қалауды және сақтануды, еске түсірулерді және үміттерді білдіруге мүмкіндік береді. Қатысушылар сол сезімдерді сезіну үшін, белгілі бір мінез-құлықтың жасырын болатын ойындары бар. Басқа ойындарда контраст қағидасы қолданылады – қатысушылардан эксперимент жүзінде, өздерін күнделікті өмірдегідей ұстамауын талап етеді, олар өздерінің мінез-құлықтық репертуарын анықтап алу үшін. Рөлдермен ауысу техникасы бар, осыған байланысты қатысушылар жағдайға басқаша көзқараспен қарауға үйренеді, осылайша серіктесін түсінуін дамытады. Кейбір ойындар идентификация техникасын қолданады, ол жеке тұлғаның өзіндік аз байқалатын аспектілерін жақсы білуге көмектеседі. Қағида бойынша жұмыс істейтін ойындар бар, оларды қатысушылар практикада әртүрлі қарым-қатынас нормаларын оқып-үйренеді, кейін өмірде әртүрлі коммуникативті стильдердің теңесуін түсіну үшін. Қатысушылар дискуссияға келу барысында, қандай қарым-қатынастың нормалары және мінез-құлық өмірде үнемі тиімді, нәтижелі екендігіне тұжырым жасайтын ойындар да бар.

Топ жүргізушісіне талап. Әрине, барлық интерактивті ойындарды, олар қаншалықты қатысушылардың  талабына толық есептейді деген көзқараспен қарастыруға болады. Жүргізушінің қабілеттілігі жайлы сұрақ өте сирек қолданылады, сараптама және ойынның бағасын анықтау, осыған қатысты мәселелер туындағанда, сезім және тәжірибе саналы түрде атқарылған болуы үшін. Сонымен қатар топтың жұмысқа қабілеттілігі сақталу керек, ал әрбір қатысушы өзі үшін қандайда бір пайда алуы керек.

Біршама интерактивті ойындар, психологиялық топтарда жеке қатысу тәжірибесі болмаған жүргізушілерге арналған. Басқа ойындар, жүргізушінің өзі топ қатысушысының тәжірибесін иемденеді деп болжайды. Жүргізушінің сыни өзіндік бағалауы – жұмыс жетістігінің маңызды факторы. Егер жүргізуші интерактивті ойынның мазмұнын, оған қатысу тәжірибесі жоқ және өзінен, оны өткізуге квалификациясы жеткілікті ме деп сұрақ қойып оқыса, онда ойын жайында ұмыту керек немесе оны серіктестермен өткізуге тырысып көру керек. Басқа жағынан, өзіңе деген талап шамадан тыс жоғары болмау керек.

Егер жүргізуші топ таңдау алдында тұрса – пайда болған мәселені тәжірибелі жолмен, ақылдың жеткіліксіздігінен болса да шешуге тырысса, бірақ оларды бөліп және өңдеу, онда сіздің көзқарасыңыз екінші таңдау жайында көп айтады.

Интервенция масштабы. Жүргізушінің тәжірибесі аз болған сайын, оған және топқа интерактивті ойынды барлық қатысушылармен өткізу қауіпсіз болады. Бұндай жағдайда барлық топ мүшелері бір уақытта, топтың бірігуіне әсер етіп, әрекет етеді. Басқа жағынан, әрбір қатысушының әртүрлі қажеттіліктері және оқып-үйренуге дайындығы, осылайша интерактивті ойындардың тиімді деңгейі бәріне әртүрлі екендігін ескеру керек.

Тәжірибелі жүргізушілер ойынды көңілді тек белгілі қатысушыларға сиқырлап өткізуі мүмкін. Бұндай жағдайда топтың барлығы белсенді жұмыс атқара алмайды. Мәселе сол уақытта маңызды қатысушылармен талқыланады және шешіледі, ал қалғандары фон сипатында қала береді. Ережеге сай, бұндай нұсқа өте нәтижелі, яғни тиімді [38].

Сонымен қатар келесі жағдайлар мүмкін: жеке қатысушы топқа қатысты белсенді болады немесе топ қатысушыға қатысты; екі қатысушы ойынды топтың ортасында өткізеді, ал қалғандары «гректік хор» сипатында көрінеді және соңында өздерінің бақылаулары жайында айтады. Дәл осындай тек екеуімен ғана емес, сонымен қатар көп қатысушылар санымен болуы мүмкін.

Дегенмен бұндай интерактивті ойындардың қолданылуы үлкен қауіппен байланысты, жүргізушіге сондай-ақ нақты қатысушыларға да, жүргізуші өзінің тәжірибесі жеткілікті ме және топтағы сенімділік жеткіліктіме, сол жайында терең ойлануы керек. Егер жүргізуші өзіне сенімсіз болса,  онда интервенцияны сөйлем ретінде қарастырса, ондай жағдайда қатысушылар оны кейінге қалдыруға құқылы.

Ойынды жүргізу уақыты. Біріктірудің соңғы негіздері – интерактивті ойындар үшін сай келетін уақыт(момент). Кейбір ойындар тым ерте, басқалар өте кеш топтық даму кезеңдерінде өтіледі.

Тәжірибесіз жүргізушіге ең қиын сұрақтардың бірі: «Қашан жұмыста ойынды қолдану ұтымды болады?». Жүргізуші топтың даму барысын қадағалап және оның қазір қандай деңгейде екенін түсіне білуі керек.

Жүргізуші анық түсінуі қажет: нақты интерактивті ойынды жалғастыру үшін, топтың даму диагностикасын жүргізу және жеке қатысушылар немесе топтың бәсекелесін анықтау жеткіліксіз. Жүргізуші жиі ерте кезеңде белгілі мәселелерді көреді және оларды жәй ескеріп қояды,  себебі олармен кейін жұмыс жасау үшін. Бұл барлық мәселелерге қатысты, ашық талқылау жоғары бірігу деңгейін болжайды және топтағы сенімділік(сонымен қатар жүргізушіге сенім). Мысал, мәселелерге мынадай – сұрақтар, эротикалық және жыныстық қатынастарға, билік және ықпал ету мәселелері, консенсус және қызметтестікке байланысты болады. Сол себептен жүргізуші, осындай тақырыптарды қозғайтын ойындарды, қатысушылардың ішкі дайындығын сезгенде ғана ұсынылады.

Жұмыстың бастапқы кезеңінде, қатысушылардың бір-бірімен таныстығы және оларды біріккен шығармашылыққа «қыздыратын» бағытта жүргізіледі. Бұл ойынның осындай түрлерін одан да кеш кезеңдерде жүргізуге болмайды дегенді білдірмейді. Қатысушыларды белсендендіретін және жігерлендіруге бағытталған ойындарды жұмыстың бірінші жартысында жүргізген тиімді, себебі осы уақытта қатысушылар көптеген қиындықтарды және қысымды сезінеді. Басқа жағынан, топ ешқашан мәселеден және елестен толық бос болмайды, сондықтан мұндай жаттығуларды қайта-қайта жүргізуге болады. Интерактивті ойындар сенімнің дамуына және ашылуына топтың бірінші жартының үшінші шығармашылығында жүргізген пайдалы. Ережеге сай, олар топты жұмысқа «Қарым-қатынасты анықтау және кері байланыс» тақырыбымен дайындайды.

Топ жұмысының екінші жартысында, мәселелерді өңдеуге бағытталған, билікпен байланысты, ықпал ету және бәсекелестік байланысты ойындарды қолданған дұрыс. Осы маңайдағы қиыншылықтарды анықтап болған соң, өзара түсіністікпен және қызметтестікпен байланысты күрделі процестермен жұмыс жасауға болады. Осылайша жұмыстың екінші жартысында топпен қатысушылардың жеке тұлғалық процестерін қозғайтын жаттығуларды қолдануға болады.

Шынайы және бұрыннан құрылған топтар дәл осындай қағидамен жұмыс жасайды: жүргізуші қатысушыларды қадағалап, олардың белгілі білімін анықтап немесе оларды жіктеп отыруы қажет. Күрделі мәселелермен жұмыс басталмас бұрын, міндетті түрде жоғарыда жатқандарды шешу керек. Төменде кейбір интерактивті ойындар бар, оларды өзіндік сананы дамытуда  қолдануға болады.

«Тығырықтан шығу». Топ бір қатысушының айналасына жиналып тығыз орта жасайды, қолдарын қосып, ал ортадағы қатысушы сол символикалық абақтыдан құтылып шығуы керек. Сонымен қатар оған тістеуге, тырнауға және қатысушылардан аттап өтуге болмайды. Құтылып шығу бәрінің қолынан келеді және осындай қашудан кейін адам маңызды біршама жеңілдеуді сезінеді. Әшейінде қатысушы осы тәжірибенің маңызын түсіну үшін, көмекке мұқтаж болмайды. Ол ерік-күшін салып, жағдайды өз қолына алды және құтылып шықты.

Бұл процедураны текемет төселген еденде өткізген дұрыс; қатысушыларда денелік кемшіліктер болмау керек; травманы болдырмас үшін көзілдірікті және басқа да жұмсақ заттарды шешіп қою керек.

Қақтығыстық ойындар. Топ өте бірегей болғанда, жеке қатысушылар өздерін еркін ұстауға дайын болған кезде, жүргізуші қақтығыстық ойындарды ұсына алады, олар күшті сезімдерді босатуға мүмкіндік жасайды. Жоғарыда айтылып кеткен символикалық бақылаулар сияқты, қақтығыстық ойындар қатысушыға өкпелілік сезімі, өшпенділік, бәсекелестік жағдайларымен байланысты сезімдерін айтуға көмектеседі.

Жиі ашулану сезімін сезінетін қатысушы өзіне вербальды түрде өзінің сезімін білдіруге мүмкіндік бермейді немесе оны мойындамайды (оның орнына ол күтпеген бас ауруына немесе іш ауруына шағымдануы мүмкін). Осындай жағдайға жүргізушіде өзінің тарапынан интерактивті ойындары болуы керек, ол денелік тұрғыдан ашуды әлеуметті қауіпсіз жолмен жібереді. Осыған байланысты тек күшті сезімдер айтылмайды, сонымен қатар олардың себебін жақсы түсіну және осындай сезімдерді болашақта қабылдау мүмкіндігі қарастырылады.

Дегенмен басында жүргізуші кейбір сақтандыру деңгейін қолдануы керек:

  • екі қатысушы бірдей бақылауға қатысуға дайын болуы және денелік тұрғыдан өздерін жақсы сезінулері керек;
  • қатысушылар қақтығыстың аяқталғанын білдіретін белгі жайында келісіп алады;
  • бөлмедегі еден текеметпен немесе гимнастикалық маталармен жабылған болуы керек;
  • әшекей бұйымдарды, көзілдірікті т.б. қатысушылар шешу керек;
  • қалған топ мүшелері негізгі қатысушылардың айналасына тұрып, оларды қабырғаға, столға т.б. ұрынудан қорғап тұрады.

«Даттық бокс». Бұл қақтығыстық техниканың жұмсақ нұсқасы. Ол әсіресе денелік жақындықты және серіктестің қатарынан күш көрсетуді қиын көтеретін қатысушыларға пайдалы. Бұл ойын сондай-ақ әртүрлі жыныстағы серіктестермен жұмыс жасауда тиімді, онда серіктестің біреуі денелік кемшілігі бар.

Құрылымы: «Екіге бөлініңіздер және қол созылатындай арақашықтықты бір-біріңізге қарама-қарсы тұрыңыздар. Содан кейін қолыңызды жұдырыққа түйіңіз, сөйтіп оны серіктесіңіздің жұдырығына түйістіріңіз, сіздің кіші саусағыңыз оның кіші саусағына қысыңқы болу керек, шылдыр-шүмеуіңіз оның шылдыр-шүмегіне, ортаңғыңыз-оның ортаңғысына, нұсқағыш – оның нұсқағышына. Бір-біріңізге қатты жабысқандай болып тұрыңыздыр.

Сонымен, сегіз саусақ бір-біріне жабысқан, ал қолыңыздың үлкен саусақтары қақтығысқа шығады. Алдымен олар вертикалды түрде жоғарыға бағытталған. Содан кейін екеуіңіздің біреуіңіз үшке дейін санайсыз, сөйтіп «үш» дегенде бокс басталады. Кімнің саусағы жоғарыда серіктесінің саусағын бірнеше секундқа қолына қысып тұрса, сол жеңеді. Осыдан кейін сіз келесі раундты бастай аласыз. Бес раундтан кейін үзіліс жасаңыз, қолдарыңыз демалу үшін, сөйтіп өзіңізге басқа серіктесті таңдаңыз. Әрбір серіктеспен қоштасып,  оған әділ күрес үшін ризашылығыңызды білдіріңіз.» Осы сияқты әдіс-тәсілдерді оқушылардың сана-сезім деңгейін анықтауда кеңінен пайдалануға болады.

Анықтау жұмыстары қиын мәселелерді ажырата алуға дағдылануға, өз  көзқарасын  қорғай алуға және өзіндік бағаны көтеруге көмектесуге, қажетті кезде «жоқ» деп айтып үйренуге, өзінің күшті және осал жақтарын анықтауға, өз жайында жағымды түрде ойлауға, қақтығыстарды  шешуде тиімді әдістерді таңдай алу дағдысын қалыптастыруға арналған. Зерттеуге 9 «В» сыныбының 26 оқушысы қатысты [39, 40].

  1. «Жоқ» деп айт жаттығуы.

Мақсаты: қажетті кезде «жоқ» деп айтуға үйрену.

Барысы: жүргізуші таңдалды, ол шеңбер бойымен жүрді де, тоқтағанда, қарсы тұрған адам оған ұсыныстарын, тілектерін, талартарын, бұйрықтарын түрлі формада айтты (бірақ олар дөрекі болмау керек). Жүргізушінің міндеті-тиімді түрде өтінішті қабыл алмау. Соңында тілектерді қай формада айтқан оңай және қалай өтінішті тиімді түрде қабыл алмауға болатыны талқыланды.

Ескерту:  Балнұр  жекелік сапаларға байланысты «жоқ» деп айта алмады. Оның «жоқ» деп айтуы үшін жүргізушілер де араласып кетті.

  1. «Жауапкершілікті ұғыну – таңдау еркіндігі» жаттығуы.

Мақсаты: балалардың өз позициясын қорғай алу дағдысын қалыптасыру.

Барысы: балаларға  «Еркіндік деген не» тақырыбында пікір-талас ұсынылды. Пікір-талас үстінде оларға «еркіндік үшін» және «еркіндіктен» мағыналары түсіндірілді. Бірнеше бала «еркіндік не үшін керек?» деген сұраққа жауап бере алмады.

Ескерту: бір қателік – көрсеткіш емес екені түсіндірілді. Мақсатқа жету үшін бірнеше рет талпыныс жасау қажет.

  1. «Менің күшті жақтарым» жаттығуы.

Мақсаты: өзіндік күшті жақтарын анықтау, өз жайында жағымды түрде ойлау.

Барысы: әрбір қатысушы шеңбер бойынша өзінің 3-5 күшті жақтарын айтты. Бұл күшті жақтар бала тәрбиесінде өте маңызды болуы шарт. Ал қалған қатысушылар көмектесіп, ары қарай толықтырды: «сен тағы…….істей аласың».

Ескерту: өзіндік бағалауы төмен қатысушылар бұл жаттығуды орындай алмады. Сондықтан да оларға көмек қажет болды.

  1. «Ассоциациялар» жаттығуы.

Мақсаты: қақтығыс туындағанда пайда болатын сезімдерді саналы түрде түсіну.

Барысы: қатысушыларда «қақтығыс» сөзін айтқанда қандай ассоциациялар пайда болатыны сұралды: қандай жануармен, гүлмен, көңіл-күймен т.б. Содан кейін жүргізушілер топ мүшелеріне тұрып және көздерін жауып, алдарына конфликтті елестетті. Өз сезімдеріне мән беріп, сол образбен не істегісі келетініне еркіндік берілді.

Ескерту: қатысушылар қақтығысты неге дәл осы затқа теңейтінін білу өте қажет. Сондықтан, сол туралы талқылау жүргізілді.

  1. «Темперамент формуласын анықтау» жаттығуы.

Адамда темпераменттің әр түрлі типтерінің белгілі бір пайыздық мөлшері болады. Бұл темпераменттік мөлшерді (модельді) білу  өзіндік бақылауды және өз істеріне баға беруді тиімді атқаруға мүмкіндік туғызады, қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін және әдістері мен тәсілдерін дұрыс таңдауға, өз іс-әрекетін сауатты жүргізуге, жолдастық жақсы қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Темперамент моделін анықтау әдістемесі берілген кестедегі тест ретінде ұсынылған «паспортты» толтыру қажеттілігін талап етеді (Қосымша А).

Темперамент формуласын анықтаудағы жұмыс тәртібі:

а) Төрт топқа бөлінген қасиеттер жазылған мәтінді оқи отырып, егер, оның кейбірі өз бойыңыздан байқалатын болса, онда «иә» деп жауап беру қажет.

б) Нәтижелерді өңдеу алгоритмі. Алдымен, әрбір топтағы (А1, А2, А3, А4) «иә» деп берілген жауаптардың жалпы санын шығару керек. Содан соң төмендегі темперамент формулалары бойынша темперамент түрлерінің пайыздық арақатынасы анықталады:

           АІ 100

Х = ————  —  холерик _ пайызы.

              А

         АІІ 100

С = ————  — сангвиник_ пайызы.

          А

         АІІІ 100

Ф = ————  — флегматик _ пайызы.

           А

          АIV 100

М = ————  —  меланхолик _ пайызы.

             А

Темперамент – тұлға құрылымының негізі. Ол адамдың қуаттылық дәрежесін, оның іс-әрекеттерінің жылдамдығын, эмоционалдығын және бір іс-әрекеттен екіншісіне ауысуға қабілеттілігін анықтайды.

Зерттелетін тұлға өз мінез-құлқының және түйсіктерінің ерекшіліктері туралы 57 сұраққа жауап беруге тиіс. Жауабы «ия» болған жағдайда сұрақ тұсына «+», ал «жоқ» болғанда «-» белгілерін қою қажет. Әрбір сұраққа, ешқайсысын қалдырмай жауап беру қажет. Бұл адамның қабілеттерін сынау емес, тек оның әдеттегі мінез-құлқының ерекшіліктерін анықтауға бағытталады.

Барлық 57 сұрақ үш топқа бөлінеді – «интроверсия -экстраверсия » шкаласы (24 сұрақ), «эмоционалдық тұрақтылық — тұрақсыздық» (24 сұрақ), «ашықтық — жасырындылық» немесе «түзету шкаласы» (9 сұрақ). Кілтпен тең келетін әрбір сұраққа бір балл қойылып, әрбір шкала бойынша баллдар қосылады. Нәтижесі координаталар осіне қойылады. Үшінші шкала-түзету- схемада көрсетілмеген, өйткені адамның әлеуметтік тұрғыдан ұнамды жауаптарды беруге деген шалдығушылығын диагностикалайды.  «Жасырынқылық — ашықтық» шкаласы бойынша жоғары балл (5 балл) қоршаған адамдарға ұнауға деген үлкен құштарлық ретінде қаралады, ал бұл белгілі бір дәрежеде көп адамдарға тиісті.  Қорыта келетін болсақ: көп жағдайда шыққан нәтижелер зерттелінушілердің күткенін ақтамаған сәттер болды. Бірақ бұл үшін көңілсізденбеген абзал екенін түсінді. Өйткені жаман немесе жақсы темперамент болмайды. Кез келген темпераменттегі адам бай зердеге, ғылыми және шығармашылық әлеуетке ие бола алады. 26 зерттелушінің ішінен  7-і холерик, 13-і сангвиник, 3-і флегматик және 3-і меланхолик  болғанын  1- суретте көрсеттік.

 

 

Сурет –1. Темперамент типерінің  көрінісі.

 

  1. «Кім шапшаң» жаттығуы. Айнұрдың ұстамдылығы қоғамдық мазмұны бар әрекетте ғана көрінеді (жиналыс, пікірталас т.б.). Ал Сәуленің ұстамдылығын кез келген әрекет барсында көруге болады.

Сұрақ: Қай оқушының ұстамдылығы жоғары деңгейда темперамент қасиетімен  ерекшеленеді?

Айнұр 9-шы сыныпта жаңа сыныпқа келіп парталас  көршісі Сәулемен жақсы сөйлесетін болды, бері келе Айнұр Сәуленің өте лас (кітабы, дәптері, киімі) екенін байқап,  оның көзіне айтып салды. Сол-ақ екен Сәуле Айнұрмен тіптен сөйлеспейтін болып, қасына жақын келмей қойды. Осыдан кейін Айнұр  Сәулені қонаққа, киноға шақырып сөйлескісі келді. Бірақ Сәуле көнбеді. «Сен мүмкін Сәулені күзеткің келетін шығар» — деп сұрады достары. «Жоқ, бұл ойламаған жерден болды, не істерімді өзім де білмеймін» — деді Айнұр.

Сұрақ: Қай жағдайда темперамент қасиетінің  жоғары деңгейін байқауға болады?

Сәуле мен Айнұрдың сабақ үлгерімі, коллективте алатын орны, белсенділігі бірдей. Жыл басында өз сыныптарын бөлетіндігі    жайлы естігенде Сәуле өзін ренжіткен  балалардан  бөлінетініне қатты қуанды. Ал Айнұр өзінің ұрсып қалған қыздарымен бір сыныпта болатытын естіп толқып қалды. Келген күні-ақ Айнұр көп қыздармен достасып қалды, ал Сәуле ұзақ уақыт жаңа  оқушылармен қатыспай жүрді.

Сұрақ: Сәуле мен Айнұрдан темпераменттің қандай қасиетін  байқауға болады?

  1. « Болашақтағы менің орным» жаттығуы. Мақсаты: өз ойын бүкпей бөлісуге, «Мен» жүйесін саралауға үйрету.

Нұсқау: Үш қатарға үш плакат беріп әрқайсысына 1 тақырыптан беріп үш тақырыпта оқушылар сурет салуға кіріседі.

  1. Болашақтағы менің қалам.
  2. Болашақтағы мектеп.
  3. Болашақтағы көлік түрлері және осы болашақтағы сендердің рольдерің.
  4. Ранжирлеу әдістемесі бойынша өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар орындалады: 1) Ол үшін жеке тұлға бойында кезігетін сапалық көрсеткіштер беріледі: жауапкершілік, сүйіспеншілдік, өмірге деген жағымды көзқарас, ақыл, тұрақтылық, қарапайымдылық, көкіректік, шыншылдық, әлсіздік, жалқаулық, менмендік, қорқақтық, эгоизм, кертартпалық, оптимизм, принципшілдік, адалдық, кіршіксіз, көңіл.

Одан әрі өзін-өзі бағалауы төмен жасөспірімдермен әңгімелесу жүргізіліп, мынадай ұсыныстар айтылды:

  • өзің туралы ешқашан жаман айтпа, жағымсыз қылықтарды өзіңе жапсырма «ақымақпын, жолым болмайды, түзелмеймін, қабілетім жоқ» деме;
  • сіздің әрекетіңізге баға беруге болады, оларды дұрыс сынай білу керек – сыннан нәтиже шығара біліңіз, бірақ тұлға ретінде жеке басыңызды әжуаға айналдыруға жол бермеңіз.

Жаттығулар негізінде шынайы өзін-өзі бағалау бағдарламасын ұсындық:

  1. Өзіңіз жетістіктеріңіз бен кемшіліктеріңізді мойындаңыз, мақсаттарыңызды белгілеңіз.
  2. Ұялу мен кінәлау сезімі сізді жетістікке жеткізбейді. Оларға мойынұсынбаңыз.

Осы жүргізілген іс-шаралар мазмұны 1-кестеде көрсетілді.

 

Кесте – 1. Жеке тұлғаның даралық қасиеттерін анықтау іс-шаралары.

 

 

Жұмыс мазмұны

Жұмыстану деңгейлері

жоғары

орташа

төменгі

1. «Жоқ» деп айт жаттығуы.

35%

35%

30%

2. «Жауапкершілікті ұғыну –  таңдау еркіндігі»  жаттығуы.

32%

28%

40%

3. «Менің күшті жақтарым» жаттығуы.

30%

32%

38%

4. «Ассоциациялар» жаттығуы.

25%

35%

40%

5. «Темперамент формуласын анықтау» жаттығуы.

38%

25%

37%

6. «Кім шапшаң» жаттығуы.

28%

32%

40%

7. « Болашақтағы менің орным» жаттығуы.

33%

31%

36%

8. Ранжирлеу әдістемесі

25%

40%

35%

 

Жеке тұлғаның даралық қасиеттерін анықтау іс-шараларының негізінде төмендегідей  2 — сурет  түзілді.

 

Сурет –1. Жеке тұлғаның даралық қасиеттерін анықтау іс-шаралары.

 

Анықтау экспериментi жеке тұлғаның даралық қасиеттері  жеткiлiксiз деңгейде қалыптасқандығын айқындайды. Мұндай нәтиже түзету жұмыстарын талап етедi.

 

2.3 Психокоррекциялық жұмыстар жүйесін ұйымдастыру  

 

Психокоррекция – бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық ерекшелігіне (танымдық, эмоционалды еріктік, қалыпты мінез-құлық және жеке қасиеттеріне) қарай жүретін қалыпты процесс.

Біз психокоррекциялық жұмысты тренинг түрінде жүргіздік. Өйткені тренинг барысында балалар өзіндік мінез-құлық пен темпераментіндегі кемшіліктерді түсініп қана қоймай, оларды өздері саналы түрде түзете бастайды [41].

Диагностика мәліметтеріне сүйенсек, бұл балалардың демонстративтілік, экзальттілік, гипертимділік, эгоисттік қасиеттері басым болғандықтан, түзету жұмыстары өзіндік анализ және өзіндік сапаларды адекватты түрде қабылдау қажеттіліктерін дамытуға, басқа адамдардың көзқарасын ескермеу қателік екенін түсіндіруге, өзіндік басқару мен адамдарға шыдамды болу дағдыларын дамытуға, түрлі жағдайлар кезінде автоматты реакцияларды бағыттау дағдысын дамытуға, конфликтті жағдайларда автоматты реакцияларды «өшірудің» түрлі әдістерін анықтауға арналған жаттығуларға тоқталып өтейік:

  1. «Кім неге ұқсайды?» жаттығуы.

Мақсаты: ассоциативті ойлаудың дағдыларын дамыту.

Барысы: бір оқушы (Еркін) өз еркімен есік артына шықты, топ бір оқушыны таңдады (Ажар). Бөлмеге қайтып келген оқушы таңдалған баланы табуы керек еді. Ол  өзіне оңай болу үшін бірнеше сұрақтар қойды:

  • Таңдалған адам жылдың қай мезгілімен байланысады?
  • Ол қай жануарға ұқсайды?
  • Ол қай өсімдікке ұқсайды?
  • Табиғаттың қай құбылысына ұқсайды?

Жасырылған адам табылғаннан кейін, ол келесі болып, есіктің артына шығып кетті. Ойын барлық оқушылар шешуші баланың орнында болғанша шейін жалғаса берді.

Талдау: Ойынның соңында  кімді шешу қиынға соқты? кім тез-ақ табылды? неге? деген сұрақтарға балалар өте белсенді жауап берді.

Ескерту: балаларға кейбір ассоциацияларға өкпелемеу керектігін және көңілге тиетін ассоциацияларды пайдаланбауды алдын –ала айтып, ескертілді.

  1. «Маскалар» жаттығуы.

Мақсаты: өзіндік тану дағдыларын дамыту.

Құралдар: ескі журналдар, қайшы, клей, фломастерлер, қағаздар.

Барысы: Жүргізуші: «жиі біз, адамның сырт келбетіне қарап, сондай жаманшылық істей алмайды деп қателесеміз. Мұндай жағдайлардың жиі болатынының негізгі себебі, көптеген адамдар өзінің шын беттерін, ішкі мотивтерін жосырып жүруінде. Біздің әрқайсымызда әлеуметтік рөліміз бар. Соған сәйкес, біз белгілі маскаларды киеміз. Өз маскаларыңызды анықтап көріңіздерші?»

Әрбір оқушыға қағаздан трубка жасау ұсынылды. Оның сыртына оқушылар айналадағы адамдарға қандай мінезін көрсететініне ұқсас суреттерді жабсырды. Ал ішіне ешкімге көрсетпей жүрген мінезіне ұқсас суреттерді жабсырды. Кейбір қырқылған суреттер баланың эмоцияларына сәйкес келмегендіктен, оларға өз ойындағы көңіл-күйді қаламмен салуға рұқсат берілді [42].

Талқылау кезінде балалар іштегі, жасырынып тұрған мінезді сыртқа шығару қиынға соқта ма? Адамдарға маскалар керек пе? Олар өмірде кедергі болады ма, әлде көмектеседі ме? Адамдар неге маскаларды киеді? сұрақтарына жауап берді.

Ескерту: талқылау кезінде, маскаларды біз адамдар ортасында өте жағымды көріну үшін киетінімізді тікелей емес, жанама түрде түсіндірілді.

  1. Визуализация «Мен шын мәнінде кіммін?»

Мақсаты: адекватты өзіндік бағаны қалыптастыру.

Құралдар: магнитафон, аудиокассеталар.

Барысы: Жүргізуші: «біздің әрқайсымыздың ішімізде бір адам өмір сүреді. Ол ешқандай жасырын ролді ойнамайды, біреу ойымды, сезімдерімді біліп қояды деп қорықпайды. Өкінішке орай, көптеген адамдар өздерінің шын мәнінде кім екендерін білуге қорқады. Сіз өз-өзіңізбен танысқыңыз келеді ме?

Орындыққа қол, аяғыңыз айқаспайтындай, еркін отырыңыздар. Көзіңізді жұмып, өзіңізді еркін сезініңіз. Бірнеше рет терең демалыңыз, еркіндікті сезініңіз.

Елестетіңіз, сіз текпешектен түсіп жатырсыз, текпешектен түскен сайын, сіз тыныштықты сезініп отырсыз.

Сіз соңғы текпешектен түстіңіз, алдыңызда есік тұр. Есікті ашсаңыз, тағы бір текпешек тұр екен. Сіз одан түсе бастадыңыз. Соңына жеткенде, сіз мұражайға ұқсас бір бөлмеге түстіңіз. Қабырғаларда түрлі формадағы, түстегі маскалар ілініп тұр. Олардың іштерінде тым ескілері де бар екен. Олардың кейбіреулері тайпалардың биге киетін маскалары сияқты болса, кейбіреулері ежелгі грециялық спектаклдерге, маскарадтарға киюге болатын маскалар екен. Осы калейдоскопта сізді тек екі маска ғана қызықтырды. Біреуін таңдап алыңыз. Қасына жақындап, жақсылап қараңыз. Ол неге ұқсайды? Осы маскада не жасырынып тұр? Ал енді екінші масканы таңдаңыз, оған жақындаңыз. Оның түрі қандай? Бірінші маскадан ерекшелігі қандай? Ал оның бойында не жасырынып тұр? Қарама-қарсы ілініп тұрған айнаға зейін салыңыз. Жақындап, өз келбетіңізге қараңыз. Сіз өз бетіңізді көріп тұрсыз ба? Ал енді қолыңызбен масканы шешіп көріңіз, мүмкін бұл маска шығар? Егер маска шешілсе, оның артында не бар, көріңіз.

Айнадан кері беттеп, текпешекке түсетін есікті табыңыз. Сіз текпешектен көтеріліп, өзіңіз туралы білім багажымен осы бөлмеге қайта оралып жатырсыз».

Талқылау барысында балалар өз ойларымен, сезімдерімен бөлісті. Сіз қазір көрген маскаларыңыз бұрыңғы жасаған маскамен сәйкес келеді ме? Егер сәйкес келмесе, неге? Мүмкін, ішкі әлеміңізді, өзіңіздің маскаңызды көруге қорқатын шығармыз. Мүмкін, біз өзімізді тек бір жақтан ғана көретін шығармыз? сияқты сұрақтарға оқушылар белсене жауап беруге тырысты. Бұл ойын көбіне ұнағаны байқалды.

Ескерту: кейбір балалар (Айгүл, Сәния) мұндай жаттығуларға скептикалық тұрғыда қарады. Скептиктерді көндіру өте қиын болғандықтан, оларға жаттығуларды тек қайталап тұру ұсынылды.

  1. Ертегі «Үш соқыр және піл».

Мақсаты: басқа адамдардың көзқарасын ескермеу қателік екенін түсіну.

Барысы: Жүргізуші: «Баяғыда, бір ауыл болыпты. Ол ауылдың тұрғындардың бәрі соқыр болған екен. Сол ауылдың артында бір құбыжық тұратыны туралы аңыз атадан балаға айтылып отырған, бірақ ауыл тұрғындырының ешқайсысы құбыжық тұратын орманға барған емес. Бір күні үш ақсақал бұл аңыздың рас, өтірігін анықтау үшін орманға барады. Орманға кіргенде олар демалып жатқан пілге тап болады. Бір соқыр пілдің құлағын, екіншісі мұрнын, үшіншісі аяғын ұстайды. Жануарды өз бетінше танып болғаннан кейін, олар ауылдарына оралып, жиналыс жасайды, құбыжықтың қандай екенін сипаттайды: құлағын ұстаған соқыр «ол өте үлкен, жалпақ, кілемге ұқсайды» дейді. Екінші мұрнынан ұстаған соқыр: «жоқ, ол өте ұзын, үлкен және құбыр сияқты ауыр». Ал үшіншісі: «сендер екеуің де қателесесіңдер, ол үлкен және қатты, қабырға сияқты» деп түсіндіреді. Сонымен, ауыл халқы құбыжықтың қандай екенін түк түсінбей қалады.

Талқылау барысында балалар келесідей сұрақтарға жауап берді:

  • Соқырлар қалай қорытындыға келді? Оған қандай негіз болды?
  • Олар неден қателесті?
  • Қателік жасамау үшін не керек еді?
  • Өміріңде адамды бір көргеннен-ақ баға берген сәттерің болды ма?
  • Олардың тәжірибелері немен аяқталды?

Ескерту: кейбір балалар (Бота) өздерін ертегі тыңдауға тым ересек екенін айтып, қарсылық білдірді. Балаға ертегілер миға «қорек» секілді екенін және өзіңді ертегі кейіпкеріне қойып, түсіну үшін керектігін түсіндірілді.

  1. «Серігіңді көрсет» жаттығуы.

Мақсаты: эмоционалды босаңсуды жетілдіру.

Барысы: оқушылар шеңбер бойымен тұрды. Жүргізушінің белгісі бойынша олар бір ойыншының қолын итерді. Серіктестіктері табылғаннан кейін,  олар шеңберден шығып отырды. Ойын соңғы жұп қалғанша дейін жалғаса берді.

Ескерту: 1. балалар сенімін арттыру үшін. 2. өзіндік эмоционалды босаңсуды жетілдіру үшін өзіміз де ойынға белсенді қатысуға тырыстық.

  1. «Роботты өшіреміз» жаттығуы.

Мақсаты: түрлі жағдайлар кезінде автоматты реакцияларды бағыттау дағдысын дамыту.

Барысы: Жүргізуші: «ақпаратты немесе машинаны қажет кезінде қосуға немесе өшіруге болатынын білесіңдер. Ал адамды белгілі бір жағдаяттарда өшіруге болады ма? Автоматты реакцияны механикалық мінез-құлықпен, яғни басқаның ойын қабылдамау, не болса да жеңу т.б. сипаттауға болады. Көптеген адамдар реакцияны дер кезінде тоқтата алмай, көптеген жағымсыз жағдайларға душар болады».

Сынып 4-5 адамнан бөлінді. Әр топқа бір жағдаят және оның реакциясы берілді.

1-топқа: сыныптастар сіздің атыңыздан күлдіргі атау шығарды.

Сезім: өкпе, ыза, мазақтауды тоқтату.

Реакция: өкпелетушілерге агрессиялық шабуыл, мазақтау, қорқыту.

2-топқа: автобуста сіздің аяғыңызды басып кетті. Сезім……Реакция…..

Сынып ретімен өз жағдаяттарын ұсынып, сезім мен реакцияларды сипаттады.

Талқылау кезінде механикалық реакцияларды көрсетіп жатқанда не сездіңіз? Қиын мәселе шешілді ме? Роботты өшіру сізге қиынға соқты ма? сұрақтары толық талқыланды. Ойынның басында кейбір топтар қосылмай отырды, ал соңында қызығып, ойларын көрініс түрінде ұсынды. 

  1. Ойын «Аспан мен тозақ».

Мақсаты: қақтығыс   жағдайларда автоматты реакцияларды «өшірудің» түрлі әдістерін анықтау.

Барысы: Жүргізуші: «біз сөйлесіп жатқанда, өз көзқарасымыздың дұрыстығын не болса да дәлелдеуге талпынамыз. Кейбір пікірлесулер тым жаман емес, ал кейде олар төбелеске дейін барады. Мүмкін, бұл сіздің басыңыздан өткен шығар. Өзіңіз бір жағдайларда ұрысып, төбелескен сәттеріңіз болған шығар немесе қатты ашуланып, төбелесуге енді беттегенде өзіңіз «стопты» басқан сәттеріңіз болған да шығар. Кім өзінің тәжірибесімен бөліскісі келіп тұр».

Өз еркімен айтушылар болғаннан кейін, бүкіл сынып болып, осы жағдайлар талқыланды.

Талдау кезінде балалар пікірталас төбелеске айналып кетпеу үшін не істеуге болады? Біреу сізден бір затты тартып алғысы келсе, не істейсіз? Біреу сізге көңіліңізге тиер сөз айтса, не істейсіз? Төбелеске дейін баратын сәттеріңіз болды ма? «Стоп» кнопкасының пайдасы неде? осы сияқты сұрақтарға жауап берді.

Ескерту: егер өз еркімен шығатындар болмаса, онда өз өміріңіздегі тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

Рефлексия: балалар тренинг барысында не сезінгенін, қалай ұнағанын, қалай көмектескенін айтты.

Жеке тұлғаның даралық қасиеттерінің  дамуын жетілдіруге түзету жаттығуларын ұсыну арқылы оларды  іс-әрекетке бағыттау, күнделікті сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта жүзеге асатындығына көз жеткіздік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Тренинг арқылы тұлға дамуын психологиялық зерттеуде, оның оқу–тәрбие жүйесінде өзектілігін жоймайтын тың мәселе екендігіне көз жеткіздік.

Тұлғаның даралық қасиеттерін дамытудың   ерекшелігі–оқушының білімді меңгеруде ғана емес, оның мінез-құлқын, танымдық қабілеттерін, сондай-ақ қарым-қатынас, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өзін-өзі танып білуге және бағалауға  бағытталуы болып табылады. 

Теориялық және практикалық мазмұндағы сауалдарды қарастыра отырып, қажетті материалдарды сұрыптаудың негізінде мынадай қортындылар жасадық:

 

  1. Тренинг арқылы тұлға дамуын қалыптастыру ісіне атақты ғалымдардың педагогикалық, психологиялық талдау жасауы, оның бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі екендігін айқындап отыр.
  2. Оқушыларды оқытудың тиімді формалары арқылы негізгі түсініктермен таныстыру, оның іскерлігі мен дағдысына икемдеуде, қаншалықты көпқырлы әдістер пайдаланылса, олар соншалықты тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіруге үйренеді.
  3. Тренингтер –оқушылардың психологиялық тұрғыдан жетіліп өсуіне жол ашады, қарым-қатынас жасау ерекшелігі  іске асады, өзіндік таным жетіле түседі.
  4. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мектепте оқушы тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатындығы анықталды.
  5. Сыныпта оқушылардың өзіндік қабілеттерін арттырудың жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылды.
  6. Тұлғаның белсенділігін арттыруда іс-шараларды түрлендіріп өткізудің сипаты нақтыланды.
  7. Тұлғаның өзін-өзі танытуының негізгі құрамдас бөліктері сараланды.
  8. Тұлға белсенділігін анықтауда тапсырмалар жүйесі ойластырылып, ұйымдастырылды.
  9. Дамыту жаттығулары әртүрлілігімен, жас ерекшелікке сай келуімен, мазмұндылығымен ерекшеленді.
  10. Эксперименттік жұмыстар жүргізе отырып, тренинг арқылы тұлғаның даралық қасиеттерін дамыту жаттығуларын ұсыну арқылы оларды  іс-әрекетке бағыттау, күнделікті сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта жүзеге асатындығына көз жеткіздік.

Қорыта айтқанда педагогика-психология саласында ұйымдастырылатын іс-шараларды жоспарлағанда,  тұлғаның даралық қасиеттерін  қалыптастыруға  ерекше  ден  қоюда, оқушының  психикалық дамуын  жетілдіруге  жақсы  мүмкіндік туады.  Осы  орайда   тұлғаның даралық  қасиеттерін  дамытуда   мынадай     әдістемелік  ұсыныстар беріледі:

  • Оқушылардың жас және психологиялық даму ерекшеліктерін әрдайым есепке алып отыру.
  • Тәжірибеде бірін-бірі алмастырып отыратын және оқушыларды шаршатпайтын әдістердің әр алуан түрлерін қолдану аса маңызды.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР