АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Түр- түске байланысты байланысты топонимдердің этнолингвистикасы

                                   МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………

І.ТАРАУ. .«АҚ» ЖӘНЕ «ҚАРА» ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫ

І.1 «Ақ» және  «кара» түр-түс атауларының мағыналық даму шеңбері………………………………………………………………………………

І.2. «Ақ және «қара» түр-түс атауларының тұлғалық дамуы……………………………………………………………………………….

І.3. «Ақ» және «қара» түр-түс атауларының қолданыс аясы және   қарама-қарсы жүйеде қолданылуы……………………………………………….

1.4. М.Мақатаев өлеңдеріндегі  «қара» түсінің қолданысы………….

II.ТАРАУ. ТҮР- ТҮСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАЙЛАНЫСТЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ  ЭТНОЛИНГВИСТИКАСЫ………………………….

ІІІ.ТАРАУ.  ТҮР-ТҮСТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ  БЕЙРЕСМИ ЕСІМДЕРДІҢ ЭТНИКАСЫНА ҚАТЫСЫ………………………………….

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.

Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді. Негізінен қандай да бір ұлттың тіліндегі түр-түс атаулары сол ұлттың тіл байлығы ретінде қарастырылады. Себебі, басқа тілдер сияқты, қазақ тілінде түстердің барлығы тек өзінің негізгі мағынасында ғана қолданылмай, қосалқы бір жасырын мағынасында да жұмсалуы мүмкін. Бұлар қандай да бір халықтың материалдық-рухани мәдениеті, әдет-ғұрпы, тарихы, наным-сенімдері жайлы ақпарат бере алады.  «Қара» түс, керісінше. қара қоңыр, қара қошқыл, қара торы, шойын қара т.б. осы сияқты қараңғылықпен тұмшаланған түстердің өзіндік ұйытқысы тәрізді. Басқаша айтқанда, «ақ» және «қара» түстері бір тәулікті екіге бөліп тұратын күн мен түннің символы іспеттес құбылыс.Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді.Түр-түс әлеміне қатысты тілдегі атаулар мен олардан туындаған жай және тұрақты (фразеологизм, салыстырмалы тіркес, жұмбақ, мақал–мәтел) тіркестерінің баршасының табиғатына терең үңіліп, бір зерттеудің ауқымында тәптіштеп қарастырып шығу әрине, мүмкін емес. Сондықтан да біз «түр-түс әлеміне» байланысты зерттеу нысанымызды тек «ақ» және «қара» түстерге ғана бөліп алып, осы екеуін бағыштап, танымдық табиғатын мүмкіндігінше кең де терең, әрі жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.Тақырыпты осылай анықтап, зерттеу мақсатымызды нақты осы мәселеге арнауымыздың себебі мыналар: біріншіден «ақ» және «қара» түстері жалпы түр-түс жүйесіндегі, жалпы таным жүйесіндегі (ұлттық ұғым-түсінік бойынша) ең негізгілері, олар қүрылымы тұрғысынан түр-түс гаммасын екіге бөліп тұратын қарама-қарсы (конрастивті) түстер. Екіншіден, осы екі түске қатысты табиғиқоғамдық ортада түр-түс әлемі атауларының тілдік және тілден тыс атқарылатын қызметін, қолданысын, оларға қатысты нысандардың түрін, ерекшеліктерін түгел аңғаруға болады. Үшіншіден, зерттеу объектісіне байланысты «ақ» және «қара» атаулары бойынша мол жинақталған материал теориялық ой-пікірімізді кеңірек айтуға мүмкіндік береді.                   

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл біліміндегі «түр-түс әлемі» зерттеуге қатысты , кейін толықтырылып басылған Ә.Қайдар т.б. авторлардың еңбектерінің орны ерекше. Бұл тақырыптың негізгі мәселелері де осы еңбектерде қарастырылған. Алайда, ұлттық болмыс және ұлттық таным тығыз байланысты. Бұл күрделі де кешенді құбылыстың түйінді бір – мәселесі. Осы екі атауды бөліп алып,арнайы зерттеуді қажет етеді. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі тур-түс атауларын тек тілдік тұрғындан ғана емес, этнолингвистикалық тұрғыдан да қарастыруға, «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, ана тілі ұлттық болмысымызды тануға байланысты өзекті мәселеге жатады. Адамзат ғұмыр кешіп отырған барша дүниені «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп, белгілі шарттылықпен үлкен үш салаға бөліп қарау — ғылымда қалыптасқан жүйе. Түр-түс құбылысының атқаратын қызметін, оның мән-мағыналарын, калыптасқан атауларын осы жүйеде қарастыру өте тиімді. Мұның өзі жалпы түр-түс атауларына, соның ішінде, әсіресе «ақ» және «қара» түстеріне жүктелген қызметтің ауқымы соншама зор және алуан түрлі екенін сипаттайды. Олардың ішіндегі негізгі ұғымдар мен түсініктер рухани және материалдық мәдениетіміздің ең өзекті салаларына жатады. Сондықтан да болар, салт-сана, әдет-ғұрып, заттар мен құбылыстарды іштей жіктеп жіліктеп, танып — білуде де, нарқын айыруда да тілшілер қауымы түр-түс әлеміне жиі жүгінеді. Бұл құбылыстың көріністерін сан-алуан өнер саласынан да байқауға болады. Халықтық ұғым — түсініктер мен өмір — тіршіліктің өзіндік қыр-сырын түсініп, құндылықтарын бағалауда да түр-түс әлемінің аңғартар мағұлұматы мол, қызметі зор.

Демек, түр-түске байланысты  атауларының қалыптасуы мен мағына–мәнінің дамуын, қолданыс аясының ауқымын қарастырып, оларды жанжақты айқыштай түсүдің тілдік теорияға қатысы бар, ғылыми сипатқа ие құбылысқа жатады..

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың жалпы мақсаты түр-түс әлеміне тән атаулар ішінен қолданыс аясы кең, мағыналық реңктері мол, денотаттық мәнінен де коннотаттық мәні басым әр түстің атауларының жекедара түрінде де, тіркес құрамында тұрып та атқаратын қызметіне арнайы тоқталып, қолданыс дәстүрі мен сөзжасам тәсілдерін айқындау, сол арқылы олардың лексикалық қордан алатын орны мен ұлттық тарихи – мәдени тұрғыдан этнолингвистикалық табиғатын танып — білу. Бұл мақсатты орындау үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай нақтылы міндеттер қойылады:

  • түр-түс әлеміне қатысты бас-аяғы әлі жинақталып болмаған, тіл корының қойнауларынан түгел теріліп алынбаған лексикалық  қордан әр түстің атауларын, солардан туындаған тіркес түріндегі атауларын  және  тұрақты  тіркестер құрамындағы қолданысын жүйелеп көрсету;
  • түр-түс атауларының қолданыс аясы, семантикалық, тақырыптық топтарын айқындау;
  • Түр-түс атауларының қолданылуы барысында негізгі лексикалық мағыналарынан өрбіген қосымша мағыналарының пайда болу себептері мен уәжділігін (мотивациясын) көрсету;
  •  түр-түс атауларының мағыналарына сәйкес  тілімізді көптеп  кездесетін  және жұптаса қолданылатын контрастивті (қарама қарсылы) тіркестердің этнолингвистикалық табиғатын зерделеу;

-Қазақ тіліндегі түр-түс  атауларын  3  сала — «Адам», «Қоғам», «Табиғат» — бойынша жіктеп, осы салалардағы нақтылы құбылыстар мен  заттарға қатысты қолданысына қарай оларды лексика-семантикалық және тақырыптық топтарға бөліп қарастыру;

  • Түр-түстердің түбірлерінен синтетикалық, аналитикалық және семантикалық тәсілдер арқылы туындаған тұлғалардың жасалуын саралау;
  • тұрақты тіркестердің (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар т.б.) құрамындағы түр-түстер атауларының мағынасын талдап, қолданыс жиілігін ауыс мағынасынан анықтау;

— топонимдердің этнолингвистикалық атауларын және олардың қатысуымен жасалған тіркестердің басқа тілге аударылуын лингвомәдениеттанымдық негізде қарап, заңдылығын анықтау т.б.

Зерттеудің дереккөздері. Қазақ тіліндегі түр-түстердің атауларына қатысты сөздер мен саналуан (негізінен анықтауышты) тіркестер ең алдымен қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі, орфографиялык, фразеологиялық, диалектологиялық сөздіктерінен, әр түрлі кәсіпке байланысты терминологиялық сөздіктерден, сондай-ақ әдеби, тарихи, этнографиялық, фольклорлық , паремиологиялық т.б. көздерден жиналып, сұрыпталып берілді.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Жұмыста негізінен сипаттама, семантикалық талдау, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды. Түр-түс атауларының туынды, ауыспалы, рәміздік, кәделі мағыналарының пайда болу уәждерін айқындау мақсатында бұл атаулар ретроспективті бағытта талданып, этнолингвистикалық ізденістер жүргізілді. Сонымен қатар жүмыста салыстырмалы және  статистикалық әдістер де пайдаланылады.

Зерттеудің теориялық мәні мен практикалық құндылығы. Әр түстің атаулары мен олардан туындаған сан алуан тіркестердің жасалу уәждеріне, лексика-грамматикалық, семантикалық тәсілдеріне қатысты талдаулар мен тақырыптық, лексика- семантикалық топтарға жіктелуіне байланысты зерттеулер қазақ тіл білімінің сөзжасам, әсіресе оның этимология, семасиология, ономасиология, синонимия, омонимия салаларына өз дәрежесінде теориялык- практиқалық үлес қосты деп айтуға болады.

Қазақ тіл біліміндегі түр-түс атаулары мен олардан туындаған жай және  тұрақты тіркестердің ауыспалы, символикалық, метафоралық, кәделі т.б. мағыналарын ашып, айқындап, қолданыс аясын анықтау тек конгнитивті функционалды лингвистикаға немесе этнолингвистикаға ғана қатысты емес, сонымен бірге практикалық (оқыту процесі, мәтін талдау, лексикографиялық тәжірибе т.б.) қажеттілігімен де құнды.

Нақтылап айтқанда, бүгінгі таңда халықаралық қарым -қатынастардың жанданып, рухани, мәдени және  экономикалық байланыстардың дами түскен кезеңінде жалпы сөз байлығымен қатар түр-түс атаулары әлемін де жан-жақты терең білудің практикалық мәні зор. Өйткені бұл құбылыс қазақ тілінің байырғы, әрі көне лексикалық қорына жатады. Олардың бәрін басқа (орыс, ағылшын, неміс т.б.) тілдеріне бірден оп-оңай аудара салуға келмейді. Ол үшін сол атау, тіркестердің негізінде жатқан, олардың уәждік мәнін айқындайтын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенім, дүниетаным сияқты ұлттық факторларды жетік білу қажет. Осыған байланысты жұмыста көркем шығармалардағы  түр-түс атауларының орысшаға аударылу үлгілері де қарастырылды.

Түр-түс әлемінің құнарлы да көп мағыналы, ерекше дамыған компонент саналатын түр-түстер атаулары мен олардан туындаған тіркестердің табиғатын зерттеудің нәтижелері жоғары оқу орындарында қазақ тілі лексикологиясын, оның семасиология, этимология, терминология, фразеология т.б. салаларын оқытуға қажетті, жүйеге келтірілген, анықталған бай әрі құнды материал болып саналады. Бұл материал қазақ тілін үйретушілер мен үйренушілерге де, лексикографиялық еңбектер (қазақша-орысша, орысша-қазақша, фразеологиялық, түсіндірме сөздіктер т.б.) жазуға да қажеті бар деп білеміз.

Зерттсу жұмысының кұрылымы. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және  косымшадан тұрады.

Зерттеу жұмысының мазмұны. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, ғылыми жаңалығы негізделіп, мақсаты мен міндеттері, теориялық және  практикалық құндылығы, негізгі теориялық-методологиялық бағыты мен зерттеу әдіс–тәсілдері, талқылауға ұсынылған тұжырымдар мен сараптау сипаты айқындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.ТАРАУ.«АҚ» ЖӘНЕ «ҚАРА» ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫ

І.1. «Ақ» және  «кара» түр-түс атауларының мағыналық даму шеңбері

«Ақ» және «қара» түр-түс атауларының мағыналық және тұлғалық дамуы — деп аталатын қазақ тіліндегі жалпы түр-түстерді ішінен зерттеу нысаны етіп, ерекше бөліп алып, қарастырылған «ақ» және  «қара» түр-түс атауларына қатысты ең өзекті мәселелердің бірі — өте кең шеңберде қолданылатын сан түрлі мағыналары мен әр алуан түрлі тұлғаларын анықтау оның ең басты себебі бұл түр-түс атауларының күрделі табиғатына, басқа түр-түс атауларымен салыстырғанда қолданыс аясының кеңдігіне, тұлғалық жағынан өзгерістерге бейімділігіне байланысты.

«Ақ» және  «қара» түр-түс атауларының табиғаты күрделі дейтін себебіміз — бұл екеуі екі — ақ түсті білдірумен шектелетін құбылыс емес. Табиғатты жай көзбен және арнайы аспаптар арқылы көруге болатын түстердің жалпы саны табиғатта 2 мыңнан 30 мыңға дейін болса [2.23], бірақ Ньютонның 7 түрлі заңы бойынша олардың өзі екі — хроматты және  ахроматты топқа бөлініп, солардың қосымша ахроматты тобына тек «ақ», «кара», «сұр» түстері ғана жатса, мұны қалай түсіндіруге болады? Біздің пайымдауымыз бойынша, түр-түс кұбылыстарының сапасы мен саны, сыны мен сипаты, оларға сәйкес атаулары барлық тілдерде бірдей емес. Қазақ тілінде болса, түр-түс атауларының жалпы саны 70 — тен асып жығылады. Олардың 30-ы негізгілері де, 40-тан астамы туынды түрлеріне жатады. Осылардың ішінде тұлғалық өзгерістерге ұшырауы жағынан да, мағынасының күрделілігі жағынан да «ақ» және  «кара» түр-түс атаулары ерекше көзге түседі. Тек «ақ» атауының өзі ғана 15 түрлі (бағыт-бағдарды, кәдені, геосимволикалық, ауыспалы, қосыміпа т.б.) мағынаны білдірсе «қара» атауы 23 түрлі (осы тәрізді) мағына түрін білдіретінін көреміз.

«Ақ» және «қара» атауларының бұл қасиетін тек көпмағыналық ерекшелігі ғана емес, онда да кеңірек құбылыс деп қараған жөн. Демек, олардың бұл толассыз дамуы, бір жағынан, қолданыс аясының кендігі мен жиілігіне, екінші жағынан өмір-тіршіліктің сан алуан ситуациясында тура мағынасында да, болмаса, салыстырма түрінде де кең қолданылуына байланысты деген соз.

Бұл мәселені зерттеген ғалымдардың көбісі-ақ, мәселен, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, И.Циртаутас, Е.Қойшыбаев, Ә.Қайдаров, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков, Р.Сыздықова, Ә.Қ.Ахметов, Ө.Айтбаев, Ж..Манкеева, Қ.Ш.Хүсаинов, Р.Н.Шойбеков. С.Сәтенова т.б. «ақ» және  «қара» т.б. түр-түс атауларының көп мағыналыққа бейімділігін бізден бұрын да айтқан болатын. Мысалы, академик А.Н.Кононов тек «қара» сын есімінің түркі тілдерінде 20 — шақты қосымша, қосалқы, символдық. ауыспалы, кәделік т.б. мағыналарға ие екендігін санамалап көрсетеді.

Әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бұл сан өзгеріп отырады және  мағына түрі де бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Академик Ә.Т.Қайдаров және  т.б. авторлардың жоғарыда көрсетілген еңбегінде қазақ тіліндегі «қара» түске байланысты атаудың 30 шақты мағынасы бар екен. Бұл тәрізді айырмашылық «ақ» түске байланысты да байқалады.

        «Ақ» түсті білдіретін «ақ» атауы түркі тілдерінің барлығына бірдей ортақ атау. Бірақ оның мағына өрісі барлық түркі тілдерінде бірдей емес. Мәселен, оның қазақ тіліне тән бір ерекшелігі: «сүт» және  «сүт тағамдарына» байланысты мағыналарын жеке-дара тұрып та, белгілі бір мәтін құрамында тұрып та білдіре берсе, одан басқа ауыспалы (қосымша, кәделі, рәмізді, салт-дәстүрге байланысты т.б. ) мағыналары көп жағдайда тіркес құрамында тұрып қана білдіре алатынғында.

«Ақ» түс атауының екінші бір ерекшелігі: көптеген ауыспалы мағыналары ғайыптан пайда болған емес, сол «ақ» ұғымының өз табиғатынан теңеу, салыстыру, балау, ұқсату т.б. тәсілдері нәтижесінде туындап, өрбіп, дамыған мағыналар. Бұлайша дамудың шарықтау шегі, логикалық шеңбері кең екенін, мысалы «ақ» атауының; «таза, пәк, кіршіксіз адал, әділ, жайдары, әдемі, сұлу, айқын, анық, асыл, ардақты» т.б. осы сияқты өзара сәйкес, мәндес ұғымдардың білдіруінен де анық көруге болады. Дегенмен, «ақ» мағынасының нақтылы түрлерін тек белгілі мәтінде ғана айқын көруге болады. Біз анықтаған 15 мағынаның бәрін болмаса да, кейбіреулерін атап өтіп, мысалдар келтірейік.

  1. «Ақ» — «қара» түс атауына қарама-қарсы мағынасында, яғни өзінің негізгі номенативтік мағынада қолданылуы: аршыған «ақ» жұмыртқадай; Ақ серке жол бастайды, Ақын жігіт той бастайды. Мақал.
  2. «Ақ» — «сүт, сүт тағамдары»; Кедейдің аузы аққа тигенде мұрны қанапты. Мақал
  3. «Ақ» — «асыл, таза, қоспасыз»: ақ берен сауыт;
  4. «Ақ» — «адал, таза, күнәсіз, пәк» Аққа құдай жақ; Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды. Мақал
  5. «Ақ» — «ізгі тілекке, игілікті ниетке» қатысты сипаттама: ақ дастархан, ақ отау, ақ жаулъқ, ақ босаға т.д.
  6. «Ақ» — «бір қалыпты, бірыңғай, ұзаққа созылған, ұдайы, қайталанып тұратын құбылыс сипаты»: ақ жауын, ақ нөсер т.б.
  7. «Ақ» — «бағыт-бағдарды (шығыс, кейде батысты) білдіретін рәміздік (геосимволикалық) белгі, нышан»: ақ ноғай, ақ үйсін, ақ қаңлы т.б.
  8. «Ақ» — «кең, ұшы-қиыры жоқ, шексіз»: ақ жазық, ақ дала, ақ жайлау; Ағаның үйі — ақ жайлау.  Мақал т.б.

«Ақ» атауының мағына шеңбері қазақ тілінде бұлармен ғана шектелмейді. Ол бұлардан басқа да саяси-әлеуметтік қтар, ақ жайлау, ақ ту, ақ билет, ақ аүыл, ақ күн, ақ көз батыр т.б.) рәміздік, кәделік мағыналарда әр алуан тұрақты тіркестерде көптеп кездеседі.

Түр-түс атауларының ішінде мағынасының ең кең дамығанын қазақ тілінде «қара» атауы жатады. Оның себебі, біріншіден, табиғатының кең түрде қабылдауына, көрнекілігіне және басқа түр-түс атауларымен тіркесе қолданылуына, яғни аралас түр-түсті білдіруге бейімділігіне байланысты болса, екіншіден, оның табиғатпен қоғамдық өмірдегі құбылыстардың көбісінің түр-түсіне, бейнесіне, сұлбасына, қайғы-қасіретіне, қаралы сәтіне, қөңілсіз т.б. осы сияқты күңгірт жақтарына қатыстығына байланысты. Осылардың негізінде қазақ тілінде: қара қазан, қара су, қара ниет, Қара шал, қара қобыз, қара шаңырақ т.б. осы сияқты 30 — дан астам туынды мағыналардың қалыптаскқандығын көреміз. Олардың біразы Н.А.Кононов, Ә.Қайдар, Ф.Ахметжанов т.б. авторлар тарапынан түркі тілдері бойынша анықталған «қара» атауы беретін мағыналардың 30 шақтысын біз дипломдық жұмыста  нақтылы деректер арқылы сипаттадық. Солардың біразын келтіре кетсек:

  1. «Қара» «ақ» түстің қарама- қарсы  мәнін білдіретін, өзінің  негізгі номинативтік мағынасы: мысалы: қара көмір, қара күйе, қара шаш т.б.
  2. «Қара» — төрт түліктің ішіндегі сиыр, жылқы, түйе сияқты ірі мал атауы: қара «мал»; мысалы: эпоста: Тоқсан мың екен қарасы басына ноқтатимеген…
  3. «Қара» — «жырықтан бұлдырап, қарауытып көрінетін бейне, жансыз зат тұлғасы, сұлбасы (силуэт)» Мысалы: Алыстан бір қараны көресің бе, жаны жоқ қимылдауға денесінде…(Жұмбақ-киіз үй;)
  4. «Қара» — «хан, төре, қожа т.б. ақсүйек, билеуші тап өкілдеріне жатпайтын қарапайым халық» Мысалы: Ханнан әділет кетсе, қарадан ұят кетеді. Мақал
  5. «Қария» -«серік, ес, жәрдемші». Мысалы Қыз бала болса  да, қасымда қара болып жүрген жалғыз қарындасым еді;
  6. «Қара» — «майсыз, дәмсіз, қатықсыз, сүтсіз дайындалған ас – дәм, су — сусын» Мысалы: Қара ет, қара сорпа, қара су, қара көже т.б.
  7. «Қара» — «айыпты, кінәлі, қылмысты (адам)».Мысалы: Кіммен қарайсаң, сонымен отыр. Мақал.
  8. «Қара» — «адамға зияндық, қастық істейтін жын-шайтан, албасты, мақұлық». Мысалы: Қара басқыр! Қара албасты т.б.;
  9. «Қара» — «өлім — жетім, қайғы — қасірет, қаралы оқиға». Мысалы: қара тұту, қара жамылу, қара көтеру, қара қағаз (извещение о смерти);
  10. «Қара» — «жай, қарапайым».Мысалы: Қара сөз, қара өлең т.б.
  11. «Қара» — «жазу-сызу, хат, и әріп таңбалары». Мысалы: Қара тану, қараю – оқып-жазғанын ұмыту т.б.
  12. «Қара» — «күшті, екпінді, тегеурінді, дүлей». Мысалы: қара боран, қара жел, қара суық т.б.
  13. «Қара» — «солтүстік», «терістік» бағыт-бағдарын білдіретін геосимволикалық мән. Мысалы: қара шапшаң, қара керей, қара қаңлы т.б.
  14. «Қара» — аң төлінің , құс балапанының есейіп, ұшуға, жүруге жарап қалған шағына байланысты мағынысы: қара қанат, қара тырнақ, қара құлақ т.б.
  15. «Қара» — «қарғыс, теріс бата». Мысалы: Ақдегені — алғыс, қара — дегені қарғыс. Мақал

«Қара» — атауының басқа мағыналарына да осы тәрізді, түптеп келгенде, ғайыптан пайда болған емес, негізгі де номинативті «қара» түс мағынасының әр түрлі ситуацияларға сәйкес өз бойынан туындап, логикалық, уәждік, танымдық жүйе бойынша дамыған ауыспалы мағыналар. Бұл мағыналар тілдегі жүздеген, мыңдаған тұрақты тіркес құрамында қалыптасып, сематикалық бірлік ретінде қолданылып келеді. Мысалы, Ислам Айбаршаның «Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама)» атты еңбегінен қара, ақ сөздерінің символдық мағынасына келесі мысалдарды таба аламыз: Көзінің ағы мен қарасы, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығу, қара шаңырақ, қара орман – «қасиетті», «үлкен» деген ұғымды берсе, қара жамылу, ниеті қара сияқты тіркестердегі қара сөзі «қайғы», «қаза», «жамандық» мағынасында жұмсалып отыр. Бұл жерден қара сөзінің қазақ мәдениетінде «қасиетті», «туған» деген мағынада қолданылатыны да байқаймыз. Мысалы, қара шаңырақ, қара хан және т.б. «… Әрине мұндай бинарлық бөліну әр мәдениетте ортақ әмбебап концептілер құрап, тілде көрініс табады. Сонымен қатар, бұрыңғы ата-бабамыздың киіз үй ішіне төр жаққа ақ пен қара түстi сырмақ төсегені де халқымыздың белгілі бір түстерге мән беретінін дәлел еткендей. Ол, төр – ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады. Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар. Бұдан не ұғамыз? Бұдан халқымыздың қасиеттi жерiн киелi киiз үйiндей қастерлейтiнiн ұғамыз. /5/.  Келесі бір айтып кететін жайт: қазақ тарихында көне ата-бабаларымыздың Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда деп жер атауларын атап кеткенін қарастырайық. Ол үшін тарихи деректер мен мағлұматтарды зерттеп көрелік: «Көк орда» дегендегі зерттеушілердің бірқатары «көк» сөзімен түсіндіретін. Яғни «шығыс» деген сөз. Сосын одан 600 жыл бұрын қолданылған әйгілі «Көк Түріктер» сөзімен салыстыратын. «Көк Түріктер» деп өздерін Түрік қағанатын құрған түрік тайпалары айтқан. Оны Гумилев «Голубые тюрки» деп аударған. Бірақ-та қазіргі зерттеушілердің пайымдауынша бұл аударманың дұрысы – «Аспан (небесные тюрки) түріктері» немесе «Тау (горные тюрки) түріктері». Бұлар таудан (Алтай) түсіп, әлгі жарты әлемді жаулап алып Ұлы Түрік қағанатын құрған Ашиналар (Көк бөрінің ұрпақтары). «Ауылым көшіп барады таудан асып, аспанда көшкен бұлтпен араласып»,- деген халық әні бар. Олар, Көк Түріктер шышында да «аспандағы бұлтпен араласып» көшіп жүрген. Көк Түріктер қыпшақ тайпаларының тікелей атасы. Біздің туымыз көк — Қазақ хандығының туы да көк болған.

Ақ Орданың негізін қалаушы Жошы ханның үлкен ұлы Орда хан (Әйгілі Бату ханның ағасы). Осы Ақ орда қазіргі Қазақстанның негізін қалаған мемлекет. Оның ең әйгілі ханы Орұс (Ұрыс) хан — Орда ханның 8-ұрпағы, Қазақ хандығын құрған ағайынды Керей мен Жәнібек хандардың 3-атасы. Орұс хан шын мәнінде қазіргі Қазақстанның жері мен қазіргі оның үш жүзін құрап отырған ру-тайпаларды толықтай дерлік біріктірді. Керей мен Жәнібек сол замандағы тарихтың тілімен айтқанда «Атасы Орұс ханның қол астында болған аймақты қайтадан өз қолдарына алды», яғни Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрғанда аспаннан түскен мемлекет құрған жоқ, тек қана «Әбілқайырдың көшпелі өзбектер мемлекетінен» бөлініп, қайтадан еркіндік алды. /8/

Біздің елді қазір ресми ақпаратта Елбасының резиденциясының атауымен «Ақ Орда» немесе «Астана» деп атайды. «Ресми Астананың ақпараты» немесе «Ресми Ақ Орданың хабарлауынша» дегендей. Қазіргі де Қазақстанды бейнелі түрде «Ақ Орда» деп атауға болады. Қазақ хандығының кейінгі құдіретті хандарын (Хақназар хан, Тәуекел хан, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хан т.б.) кейде «Ақ Орданың» хандары деп те атай береді.  Ал Бату ханның (Батый) иелігіндегі аймақ Алтын Орда аталды. Алтын Орда деген атау кең таралғанмен, сәтті емес. Ол кезде Шыңғыс тұқымынан шығып ел басқарған хандардың орталық шатыры — Хан Ордаларының бәрі «Алтын Орда» аталады.       Қорытындылап айтқанда, әр ұлттың өзінің түске байланысты өзіндік танымы болады. Яғни түске байланысты түрлі ассоцияциялар тізімі қалыптасады. Және де оның әр мәдениетте әр түрлі болатынын да ескерген жөн. Сондықтан да осындай ахуалдар мәдениетаралық байланыс аясында қайдай да бір түсініспеушілік пен коммуникация қиыншылықтарына әкеліп соқпас үшін, сол ұлттың өзіндік мәдениетін, тарихын және жалпы дүниетанымын ескеру қажет. Мысалы, біздер үшін ақ пен қара бинарлық оппозициясы маңызды болса, басқа елдер қараның орнына қызыл, яғни қызыл-ақ (әсіресе, ағылшын мәдениетінде) оппозициясы басым. Мұндай ерекшеліктерді әрқашанда ескеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.2. «Ақ және  және «қара» түр-түс атауларының тұлғалық дамуы.

 «Ақ» және  «қара» түр-түс атауларының екінші бір даму көзіне олардың тұлғалық өзгерістері жатады. Өйткені олар да, басқа сөз таптары сияқты, қазақ тілінің ортақ заңдылықтары бойынша толығып, жаңғырып, жаңаланып, сан алуан өзгерістерге түсіп отыратын құбылыс.

Ол өзгерістерді екі топқа бөліп қарауға болады: біріншісіне «ақ» және «қара» түр түс атауларының жеке-дара өз бастарына жалғанатын (тәуелдік, септік, жіктік, көптік, есімше, көсемше т.б.) жалғау-жұрнақтар жатса, екіншісіне басқа сөз таптарындағы атаулармен тіркесіп, тіркесті (анықтауышты) күрделі атауларға, бейнелі де тұрақты тіркестерге айналуын жатқызуға болады.

1.2.1 «Ақ» және «қараның» көптік жалғауында қолданылуы. Әрине, көптік жалғауын кез-келген сөз қабылдай бермейді. Сол сияқты түр-түс атауларының бұл қосымшаны қабылдауы да олардың көптік санын емес, затқа айналған мағынасын білдіру үшін, орыс тілінің әсерінен ақтар (белые) және қара түсті нәсілге, негрлерге қатысты атауларында қалыптасқан. Бұл жерде көптік жалғауы сөзжасамдық қызметін атқарып тұр.

1.2.2 «Ақ» және «қараның» тәуелдік жалғауында қолданылуы. Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» түр-түс атауларының тұрақты тіркестер кұрамында тұрып қабылдайтын грамматикалық форманттардың бірі – тәуелділік жалғауы. Мысалы: көзінің ағы — ақ, қарасы — қара; Көзінің ағы менен қарасындай т.б. Бұл арада тәуелдік жалғауы тіркеске идиоматикалық рең беріп, «аса қымбат зат», «асыл дүние», «жақын адам» деген мәнде қолданылып тұр.

1.3. Синтетикалық сөзжасам негізінде «ақ» және «қарадан» туындаған күрделі тұлғалар. Сөзжасамдық моделіне байланысты бұл атауларды негізінен екі топқа бөліп қарауға болады: біріншісіне «ақ» және «қара» атауларынан туындаған етістік тұлғалары да, екіншісіне — есім тұлғалары жатады. Бұл екі топтың екеуі де қазақ тілінің өз табиғатына тән сөзжасам  жұрнақтары арқылы  жасалады. Бұлардың ерекшелігі; «ақ» және «қара» түс ұғымдарынан қалыптасқан туынды етістіктер мен есім сөздер көбіне — көп өзінің негізгі мағынасында емес, ауыспалы мағынасында қолданылатындығында. Мәселен, «Кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деген мақалдағы: қараю —«әбестік іс істеп қою» ағару «ақтаяу, оқ ісімен беделін сақтап қалу»; осы сияқты: «көзі қараю» дегендей екі түрлі мағынада — 1) «ас — тамақ ішпей әбден ашығу»; 2) « көптен бері көрмей, құмартып жүрген адамды көруге ынтығу»; қаны қараю «біреу істеген қаскүнемдікке, арам ойы мен қылығына зығырданы қайнау, өзінің істегенін өзіне қайтаруға тырысу» т.т. Сол сияқты: қара жамылу — «тарихтың беймәлім айқындалмаған беттері» т.т.

Көріп отырғанымыздай, бұл түр-түс атаулары ауыспалы мағынасында қолданылып тұр. Алайда, «ақ» және «қара» түр-түс атаулары мағыналырының бәрі осылай деп қарауға болмайды.Олардың мағыналарын біз төмендегі мысалдардан айқын көреміз.

1.3.1 «Ақ» түс атауынан синтетикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған тұлғалар және олардың мағыналары. Қазақ тілінде бұл топқа жататын етістіктер мен есім сөздерге мыналарды жатқызуға болады: ағар (<ақ+ар=) етістік. 1) ақ түске айналу; ағаранда =((<ақ+ар+аң+да) — «заттың ала көлеңкеде ақ, ақшыл болып (ағараңдап) елес беруі»; ағарт (ақ+ар+т) — 1) етістік «үй қабырғасын әктеп  (ақ бормен) аппақ етіп бояу»; 2) ауыс. қалың жұртқа білім беру, санасын ояту, ағартушылық шараларын жүргізу»; ағартушы (ақ+ар+т+у+шы) — «халыққа білім беру ісімен шұғылданушы»; ақилан (ақ+и+лан) — ет. «көзін аларта қарау, жыны келіп, арқасы қозу»; ақшылтым (ақ+шыл+т+ым) — сын . «Ақ түсі аралас» т.б.

Міне, бір «ақ» түс атауынан туындаған осы тәрізді тұлғаларды әлі декелтіруге болады.

1.3.2 «Қара» түс атауынан синтетикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған түлғалар және олардың мағыналары. «Қара» түс атауынан туындаған етістіктер мен есім сөздерге мыналарды жатқызуға болады: қарай (қара+ай) — ет. 1) «басқа түскен қара түске ауысу, алмасу»; 2) ауыс «алыстан қарауытып көріну». 3) ауыс. хат танып, білгенін ұмыту; қараңғы — сын, «күн нұры, жарық – сәуле түспейтін, ешнәрсе көрінбейтін сәт, түн іші»; қараша (қара+ша) — зат. 1)ауыс «қарапайым халық, ханның құзырындағы жұртшылық»; 2) «қара түсі басым, қарапайым көрінетін зат (қараша үй, қараша қаз)» қара+лы — сын. 1) «қимас адамы өліп, қасіретке душар болған, қаза тұтушы адам кейпі» т.б. осы сияқты ондаған тұлғалар.

1.4. «Ақ» және «қара» түр-түс атауларынан аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған тұлғалар және олардың мағыналары. «Ак» және «қара» түр-түс атауларынан синтетикальқ сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған күрделі туынды тұлғалар аталған екі атаудың өздерінен ғана тарайтын болса, аналитикалық тәсілде бұл екі атау кептеген басқа сөздермен тіркеу арқылы жаңа мағына беретін мүмкіншілікке ие.

1.4.1 «Ақ» түс атауынан аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған күрделі тұлғалар және олардың мағыналары.

Ақайрауық (<ақ+айрауық) зат есім — өсімдік атауы;

Ақбайпақ (<ақ+байпақ) зат есім — індет ауруы;

Ақбайтал (<ақ- байтал ) зат есім — ірі қара;

Ақбақай (<ақ+бақай) зат есім — бапыш атауы;

Ақбас (<ақ+бас) зат есім тұт ауруы;

Ақбикеш (<ақ+бикеш) зат есім — тары атауы;

Ақбозат (<ақ+боз+ ат) зат есім — жұлдыз атауы;

Ақбекен (<ақ+бөкен) зат есім — ақ атауы;

Бұл тәрізді мысалдар өте көп. Сөзжасам тәсілінің бұл түрі жаңа атау туындатуымен қатар бір тектес, өзара ұқсас заттар мен құбылыстардың мағынасын жіктеу қызметінде атқару.

1.4.2 «Қара түс атауынан аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған күрделі тұлғалар және олардың мағыналары.

Қараандыз (<қара + андыз) зат есім — өсімдік турі;

Қарабай (<қара + бай) зат есім — құстың атауы;

Қарабайыр (<қара + байыр) 1) сын есім — малдың қарапайым тұқымы; 2) зат есім өсімдік атауы;

Қарабие (<қара + бие) зат есім — ойын атауы

Қарабұға (<қара + бұға) зат есім — өсімдік атауы;

Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Алайда солардың өзінен — ақ «ақ» және «қара» түр-түс атауларымен, біріншіден, аналитикалық тәсіл арқылы жаңа түсінік — үғымдарды білдіретін атаулардан өнімді жасалатындығын, екіншіден, тіліміздегі сан алуан сөздердің «ақ» және  «қара» түс атауларымен тіркесу принциптері мен уәжділігі де күрделі құбылыс екенін аңғартады.

Қалай болғанда да, осы екі түс атауынан туындаған тіркестер мен күрделі сөздердің жалпы саны қазақ тілінде мыңнан асады. Бұлар өздерінің коммуникативтік белсенділігімен ерекшеленеді.

 

І. 3.«Ақ» және «қара» түр-түс атауларының қолданыс аясы және   қарама-қарсы жүйеде қолданылуы

Жалпы «түр-түс әлеміне» тән атаулардың ішінде өзінің коммуникативтік белсенділігімен көзге түсетін «ақ» және «қара» түр-түс атауларының өздеріне тән пайда болу және қолдану жүйесінде калыптасқан ерекшеліктері бар. Солардың ең бастысы олардың өзара қарама — қарсы мағынада қолданысы жатады.

        Дүниедегі құбылыстардың ерекшелігі мен құндылығын, әдетте, оларды салыстыру — салғастыру арқылы айқын байқауға болады десек, «ак» және «қара» түр-түс атауларына байланысты да олардың көп құпия сырын айқындауға болатын сияқты. Мысалы, тіліміздегі бір біріне қарама-қарсы мағынада колданылатын «ақ ниет» пен «қара ниет» тіркестерін алып қарасақ, екеуінің де сипатты отырған нысаны — адамға тән қасиеттердің бірі — ниет. Бірақ оның біреуі — «ақ» та, екіншісі — «қара» және біреуін айтқанда екіншісі ассоциативті түрде еске түсетін, логикалық байланысын сақтайтын — бір құбылыстын екі көрінісі, екі қалпы.

Ал, қазақ тілі бұл тәрізді контрастивті жұп қолданыстарға өте бай және  олар тіл қарым-қатынасының барлық саласында «Адам», «Қоғам», «Табиғат» түгел кездесетін тіл табиғатымен етене бірге дамыған құбылыс. Мысалы: ақ кемер >< қара кемер, ақ жауын >< қара жауын, ақ өлең >< қара өлең

«Ақ» және «қара» контрастивті атаулары ортақ нысанға байланысты болғанымен оларға деген әр түрлі мағыналық қатынасына қарай үш топқа бөлуге болады.

 Контрастивті жүйеге шартты түрде ғана қатысты «ақ» және «қара» атауларынан туындаған жұп тіркестер. Қазақ  тілінде  кездесетін «ақ» және «қара» атауларынан туындаған контрастивті жұп тіркестерінің біразы бір нысанға қатысты қалыптасқанда, мағыналары әр қилы болып келеді. Сондай-ақ, жұп тіркестердің бір тобы бір сыңары тура мағынасында болса, екінші сыңары ауысалы мағынасында, не қазақ болмысында қалыптаспаған тосын мағынасында қолданылуы арқылы жұптасып тұрады.

Осы құбылысқа ұқсас «ақ сауыт» пен «қара сауыт» деген жұп тіркестерді де шартты қолданыстан туындаған кұбылыс деуге болады. Өйткені мұндағы «ақ» түс атауы «шынжырлы тор көздері болат, құрыш, асыл темірден тоқылып жасалған сауыт» дегенді білдірсе, «қара» түс атауы «көненің көзіндей көп сакталған, атадан балаға мұра болып келе жатқан көне сауыт дегенді білдіреді.

Контрастивті жүйеге енген «ақ» және «қара» атауларының тура мағынасында қалыптасқан жұп тіркестері. Қазақ тілінде контрастивті жүйеге өз мағынасында тұрып енген жұп тіркестер өте көп кездеседі және қолданыс аясы мен нысанды негіздері өте кең. Оның басты себебі: контрастивті жұптың екі сыңары да ортақ нысанға өзінің «ақ»  не «қара» мағынасында бірдей қатыстылығына байланысты. Мысалы: ақ ауыз тіркестерінде «ақ»  және «қара» атаулары екі түрлі хайуанның аузының «ақ»  және «қара» түр — түсін тура езінің номинативті мағынасында көрсетіп тұр. Ал біздің жинақтаған материалдарымызда: ақ ауыз — «ылғи қуанышты, жаңалық хабар білдіруге икемді адамға» қатысты, қара уыз — «ылғи жағымсыз хабарды, өсек-аянды тоғытатын адамға» қатысты қарама – қарсы мағыналарды білдіретін жұптарда кездеседі. Бірақ бұл түр-түс атауларының ауыспалы мағынасынан туындаған жұптарға жатады.

Осы ерекшеліктеріне байланысты топтастырылған контрастивті жұп тіркестердің әр түрлі саладан 30-ға жуығы диссертацияда қарастырылып мағыналарына талдау жасалады. Олар: Ақ Ертіс >< Қара Ертіс, ақ киік >< қара киік, ақ аю >< қара аю, ақ жалау >< қара жалау, ақ от >< қара от.

Бұл жұптардың бәрінде де «ақ» және «қара» атауларының түр-түс мағыналық элементі сақталған .

      Контрстивті жүйеге енген «ақ» және «қара» атауларының ауыспалы мағыналары арқылы қалыптасқан жұп тіркестер. Ортақ нысанға қатысты «ақ» және «қара» атауларының жұп тіркестері кейде олардың біреуі не екеуі бірдей ауыспалы мағынасында қолданылуы  арқылы қалыптасады. Мұндай жағдайда түр-түстік ұғым-түсінік көлеңкеленіп, мүлде көрінбей қалуы, тіпті жоғалап кетуі де мүмкін. Бірақ кей жағдайда ондай жұп тіркестердің ауыспалы мағынасымен қатар тілде негізгі лексикалық мағынасы сақталуы да мүмкін. Мысалы: ақ танк><қара таяқ деген жұп тіркесті алып, талдап көрейік. «Ақ таяқ» — ата-баба кәсібінің (мал бағудың) символы, оның қасиетті, киелі «белгісі» деген мағынанада, «қара таяқ» — 1) «оқымаған, хат танымайтын сауатсыз адам» 2) «ұр да жық азбыр»  мағыналарында қолданылып тұр. Бұл жұп тіркесте «ақ», «қара» » деген үғымдар жоқ болса да, олар бір нысанға (таяққа) қатысты контрастивті жұп құрап тұр. Ал, енді осы тіркестердің екінші бір вариант: ақ таяқ («ащы етіме ақ таяқ тиді» дегенде ол «ақ» түсті таяқты және қара таяқ (мысалы: оның қолында әдемі қара таяқ бар)) дегендегі қара түсті қара таяқты білдіріп тұр.

Демек, кейде «ақ» және «қара» өзінің номинативті мағыналарымен қатар ауыспалы мағыналары арқылы да бір нысанға қатысты екі түрлі мағыналық топқа бірдей жататынын көреміз. Бұл түр-түс атауларының ауыспалы мағыналары арқылы қалыптасқан жұп тұркестерде де тілде де өте көп кездеседі. Олар дипломдық жұмыста талданып, жасау мотивтері, мағыналары деректер негізінде айқындалды. Мысалы: ақ үй >< қара үй, ақ бет>< қара бет, ақ тұяқ қара құлақ, ақ адам >< қара адам, ақ пейіл қара пейіл, ақ жаңбыр >< қара жаңбыр, ақ балта >< қара болта, ақ бақыр >< қара бақыр, ақ жорға >< қара жорға, ақ құдық >< қара құдық т.б.

Бұл тәрізді контрастивті жұп тіркестер қаншама болса, олардың тікелей қатысты нысандары да соншама көп. Демек бұл тәрізді жұп тіркестерді түсіну де және  олардың қалыптасу мотивтері ғылыми тұрғыдан түсіндіру де ұлттық салт-дәстүр, әдет — ғұрыпты терең білуі талап етеді. Мәселен, ақ табан >< қара табан контрастивтік жұптардьң мәнін түсіндіру үшін олардың қарапайым мағынасын ғана емес, сонымен қатар ауыспалы мағьнасын да білуіміз қажет. Ол жұптың біреуі тарихи оқиғаға байланысты қалыптасқан «ақ табан шұбырынды» деген тұрақты тіркестегі «ақ табанның» (басқа мағыналарының ішінен) өзіндік мағынасын (1723ж. Жоңғар шапқыншылығына байланысты қазақ халқын басып, өз мекендерін тастап, шаң- топырақ болып, табанынан тозып, тентіреп кету оқиғасын) дәл айқындап білуге байланысты болса, оған жұп болып түрған қара табан тіркесінің «еңбегін сатып, күн көрген жарлы-жалшы, кедей бейнесін сипаттауын аңғарған жөн.

Демек, контрастивті жүйеге енген ауыспалы мағыналағы жұп тіркестердің баршасы бір — біріне түр-түс мағынасы түрғысынан қарама-қарсы болуы міндетті емес.

            Түр-түс  әлеміне тән белгілі атаулар мен солардан туындап, өрбіп дамыған, тіл қолданысында тұрақтанып, пайдалануға дайын тұрған және толастамай жаңа түрлерімен толығып жатқан тұрақты тіркестері (фразеологизмдер, теңеу — салыстыру модельдері, жұмбак, мақал-мәтел т.б.) тіліміздің ең бір құнарлы саласы мен көркемсөз қорының бейнелі де әсерлі байлығын құрайды. Сол байлықтың бел ортасынан біз «ақ» және «қара» түр-түс атауларының қатысуымен жасалып, қалыптасқан сан алуан тіркестерді көреміз.

Олардың этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру деген сөз — ең алдымен тілдегі реалды (шынайы) әрі байырғы құбылыс екенін танып- білу, мойындау. Ал, оны «ақ» және «қара» түр-түс атауларының мағына шеңберін, қолданыс аясын, тақырыптық топтарға жіктелуін, басқа тілдерге аударылуын т.б. ерекшеліктерін айқындау арқылы дәлелдеуге болады.

«Ак» және «қара» атауларының дамыған өрісін, даму шеңберінің кеңдігін көрсету үшін мысалы, 10 томдық ҚТТС-де берілген сипаттаманың өзі де жеткілікті. «Ақ» атауын сипаттауға ғана кітаптың 11 беті (I — том, 126 — 97 бб.) «қара» атауын сипаттауға — 24 беті (6 — том, 36 — 59 бб.) арналыпты. Бұлардан туындаған сөздердің жөні бір басқа. Оның себебі бұл атаулардың өздері де және олардың төңірегінен өсіп — өрбіген туынды тұлғалар мен әр түрлі тұрақты тіркестер бір дәуірдің емес, әр түрлі себептерге байланысты толассыз дамып келе жатқан әр дәуірдің жемісі болып саналады. Тіл байлығын сөз санымен ғана емес, сөз мағынасымен де айқындайтын болсақ, сол қайнар — көздердің біріне «ақ», «қара» атаулары негізінде өрбіп — өскен мағыналық бірліктер жатады деп атай аламыз.

        Этнолингвистикалық тұрғыдан олардың бірнеше көздері мен танымдық сипаттарын, тіркестердің жасалу тәсілдері мен мотивтерін көрсетуге болады.

«Ақ» және «қара» атауларының кейбір өзіндік танымдық сипаты. «Ақ» және «қара» атауларының табиғат пен коғамдағы реалды бейне-сипатын, ұлттық таным тұрғысынан қалай түсініп, неменеге балап, не деп бағалай аламыз деген заңды сауалдарға берер жауаптар да жоқ емес. Жалпы халықтық таным тұрғысынан бейнелеп айтқанда олар төмендегідей:

«Ақ» — қазақтың ең қасиетті сүттің түсі;

«Ақ» — қара жер бетіне жаңа ғана жауған қардың түсі;

«Ақ» — айдын көлін аңсап, алыстан ұшып келген жыл құсы — аққудың түсі;

«Ақ» — қасиетті аналарымыз бен аруларымыздың басына сақалының түсі;

«Ақ» — көгілдір аспан әлемін шарлап ұшып, күн нұрымен шағылысып көрінетін қаз -бауыр бұлттың түсі;

«Ақ» — ел байлығы саналатын «ақ алтын» мақтаның түсі т.б.

«Қара» түсті де халык осы нысандарға балап сипаттайды:

«Қара» — жер астынан шығып, көп тіршілікке жарап жатқан байлығымыз мұнай түсі; кей жерлерде оны «қарамай» деп те атайды;

«Қара» — адамның адал қанын соратын сүлктің түсі;

«Қара» — қарқылдап ұшатын қара қарғаның түсі;

«Қара» — Африка т.б. құрлықтарда жасайтын қара нәсіл негрлердің (зәңгерлердің) түрі т.б.

«Ақ» және «қара» атауларының жай және тұрақты тіркес құрамында анықтауыш, не анықталушылық қызметін атқаруларына байланысты да өзіндік ерекшеліктері байқалады. Яғни «ақ» атауы анықтауыш қызметінде (препозитив түрінде) көбірек қолданылса (мысалы: ақ боз, ақ сұр, ақ сары, ақ шабдар, ақ қол, ақ таңдақ т.б.), «қара» атауы, керісінше, анықтаушы (постпозитив түрінде) қызметінде көбірек қолданылады. Мысалы, дипломдық жұмыста бір ғана «қара» атауының 35 анықтауыш сөзбен тіркесуі келтіріледі: боз қара, ботқа қара, қою қара, қошқыл қара, мейіз қара, мойыл қара, мақпал қара, мөлдір қара, түм қара, шой қара, шойын қара, шымқай қара, сүлік қара т.б.

Айта кету керек, кейбір адам аттары да осы үлгі бойынша жасалғанын көреміз: Шойқара; Салғара, Мауқара, Дәуқара, Қойшығарат.б.

Бұл екі топтың алдыңғысына жататын тіркестер «қара» атауының өзіне тән неше түлі реңктерін білдірсе, екіншісінде «адам» «қарапайым жүрген пенде» мағынасында қолданылып тұр.

«Ақ» және «қара» атауларыныц фразеологиялық тіркестерде қолданысы. Жалпы түр-түс атауларының, соның ішінде әсіресе «ақ» және «қара» атауларының тілдегі негізгі өмірі белгілі бір мәтіндік қоршауда өтетіні айқын. Оның басты себебі бұл атауларының тілдегі тұрақты атқаратын грамматиткалық қызметі сын есім болуында. Міне, соның нәтижесінде көптеген  анықтауышты тіркестер (определительно-атрибутивные сочетания) даму барысында тұрақтылыққа ие болып, штампқа айналады. «Ақ» және «қара» атаулары тұрақты тіркестердің құрамындағы бір элемент ретінде олардың бойына өзіндік бояу, реңк-нақыш болып жарасып, мән-мағынасына әсем де астарлы, эмоционалды-экспрессивті сипат беріп, олардың көркемдік, бейнелік деңгейін көтеріле түседі.

Түр-түс атаулары қатысуымен жасалған фразеологизмдер массивінен, мәселен: -дай// -дей// -тай// -тей тұлғасындағы салыстырма-теңеу тіркестері назар аударады: ақ шаңқан, боз үй, көмірдей қара сақа аршыған жұмыртқадай ақ жүзді, қара құрттай қаптау т.д.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдер қорының ауқымды бөлігін түр-түс атауларының, соның ішінде «ақ», «қара» атауларының қатысуымен жасалған және әр салаға қатысты фразеологизмдер кұрайды. Мысалы: ақ-қарасына, қарамау; ақ тер, қара тер болу; ақ шұнақ шал; ақ езулеу; ертеден қара кешке дейін; қазыққа қара айналдыру; қара үздіру, қара қасқа кедей; жүрегі қараю; қара жаяу т.б.

Дипломдық жұмыста осы тәрізді фразеологизмдер біразына этнолингвистикалық талдау жасалынып, олардың қалыптасу мотивтері (уәждері) сипатталады. Солардың біреуін келтірейік. «Ақ» йық фразеологиялық тіркесі екі түрлі жағдайда: құсбегі, саяткерлердің лексиконында және адамға қатысты қолданылады: Алтайдағы ақ йығы, Алатаудың ақ йығы 1) «екі топшысының ұшар басында екі ақ жолағы бар текті қыран бүркіт»; 2) ауыспалы «алғыр да өжет, біртума талантты ( ақын, күйші, жазушы, әнші, күйші) адамға қатысты анықтама» (мысалы: Мұқағали — қазақтың ақиық ақыны) т.б.

Осындағы ақиық ақын тұрақты тіркесінің пайда болу мотиві қыран кұстың сыртқы сипатына, тектілігіне байланысты деуге болады.

Дипломдық жұмыста осы тәрізді ондаған фразеологизмдерге (қарадай түңілу, қара шағым, қара тоқал, қара қасқа кедей, қазығына қара айналдыру, ақ жолды аттау, т.б.) этнолингвистикалық талдау жасалынады.

1.3.1.«Ақ» және «қара» атауларының мақал-мәтелдер құрамында қолданалуы. Бұл түр-түс атауларының лексикалық байлығымыздьң көне де байырғы элементтері екендігін көрсететін деректердің біріне олардың мақал-мәтелдер құрамында кең түрде қолданылуы жатады. Біздің жинақтаған материалымызда мұндай мақал-мәтелдер жүздеп саналады және оларда түр-түс атаулары өзіндік мән мағынасы бар ұйытқы элементтердің қатарында қолданылады. Мысалы: п Қазаннан қара нәрсе асап — асап, қарның тояды, Қардан ақ нәрсе жоқ ұстасаң қолың тоңады (Мақал) — ауыс. «түр әлпетіне қарасаң, көңілін толады, іс-әрекетіне қарасаң, қарның ашады». Жауды қара шақырады, «батыр» атақ, барақта қалады (Мақал).

Мұның мәні қарсыласқан қалың қолды қаншама батыр болса да, бір адам қайтара алмайды. Бұл шайқаста абырой-атақ жеңіске жеткен калың қолға емес, әдетте, оған қолбасшылык еткен батырдың атына айтылып, сол марапатталады дегенді аңғартып тұр. Мақалдағы «қара» сөзі — қарапайым жұрттан тұратын қалың қол т.б.

              «Ақ»  және «қара» атауларының қазақ жұмбақтары мен басқа да тұрақы тіркестердің кұрамында қолданылуы. Жүмбақтар да мақал-мәтелдер сияқты, халық даналығына жатады. Біз қарастырып отырған түр-түс атауларының бір ерекшелігі — олар жұмбақ құрамында көбіне — көп ауыспалы мағынасында қолданылып, белгілі бір зат пен құбылыстың баламасы болып тұрады. Мысалдар:

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (Күн)

Бұл жұмбақтағы ақ сандық — «күннін көзі». Жарық күнді іші-сырты жарқыраған ақ «қаңылтырмен қаптаған» «ақ сандыққа» ұқсату, одан шашылған жібекті -күннің нұрына балау — логикалық жүйеге сәйкес келетін уәжділік деп қарауға болады.

Айдалада ақ отау,

Аузы мұрны жоқ отау. (Жүмыртқа)

Шынында да, жұмыртқа алыстан қарағанда домалақ болып көрінетін ақ түсті отау үйге ұқсайтыны белгілі, бірақ отаудың жұмыртқаға ұқсамайтын бір жері — оның кіріпшығатын есігі, жарық түсетін, түтін шығатын шаңырақ, түндігі бар. Сондықтан да жұмбақ «аузы — мұрны жоқ отау» деп ескеретіп отыр. Тірек сөз — «ақ отау, оның жұмбақталған баламасы- «жұмыртқа».

Дипломдық жұмыста осы мәселе тәрізді көптеген жұмбақтарға этнолингвистикалык талдау берілді.

«Ақ» және «қара» атаулары қатыскан тіркестердің тақырыптық топтары. Түр-түс атауларының жиі қолданылатын, мазмұны да мәнді түрлерінің бірі «ақ» және  «қара» атауларының тілдегі қолданыс аясын, табиғат, қоғам өмірінің кай көрініснде көбірек кездесетіндігін анықтау үшін біз оларды «Адам», «Қоғам», «Табиғат» аталатын үш салаға жіктеп қарастырдық. Этнолингвистикалық зерттеудің бұл тәсілін ұсынған академик Ә.Қайдардың пікірі бойынша [ Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998, 8-29 бб.] жұмыс нысанына қатысты тілдік деректерді мүмкін болғанынша түгел қамтудың бірден-бір дұрыс жолы — осы үш сала бойынша жіктеп қарастыру. Өйткені 30 макротоптан және 70 шақты микротоптан тұратын бұл сала түр — түске қатысты әлемнің баршасын түгел қамтиды.

Қазақ тілінің когнитивтік кеңістігінде «адам» концепті сөз тіркестері, фразеологизмдер, антропонимдер, топонимдер сияқты әр түрлі тілдік бір-ліктер арқылы беріледі. Солардың ішінде «адам» концептін көріністеуде «ақ» — «қара» тілдік бірліктерінің алатын орны зор. Олар арқылы берілетін «адам» макроконцепті адамның жеке басына, сыртқы келбетіне қатысты оппозициялық микроконцсптілерді құрайды. «Ақ» — «қара» концептілері бағалауыштық қасиетке ие.

Сұлулық — көріксіздік оппозициялық ұғымдары — адамның сыртқы бейнесіне, түр-әлпетіне байланысты қалыптасқан эстетикалық концептілер. «Ақ» лексикалық бірлігі «сұлулық» концептін кескіндеу арқылы «көріксіздік» концептін кескіндейтін «қара» атауымен оппозиция кұрайды. Алдымен, «сұлулық» концептінің семантикалық өрісін құрып алайық.

«Сұлулық» концептіні семантикалық өрісі: әдемі; көрікті; көркем; тартымды; ажарлы; сүйкімді; айдай сұлу; бидай өңді; айдай таза; күндей нұрлы; ай десе — аузы, күн десе — көзі бар; айдай аузы, күндей көзі бар; үріп ауызға салғандай; көргеннің көзі тойғандай; аса сұлу; адамнан асқан сұлу; хор қызындай; көз сүріну; жаңа туған айдай; қараса көз тоймау; келбетті; алтын асықтай; киіктің асығындай; сағағынан үзілген; қырмызыдай ажарлы; сүмбідей әдемі; ай қабақ, алтын кірпік, жүзіктің көзінен өткендей; ай мен күндей, әмбеге бірдей; аршыған жұмыртқадай; бетінен қаны тамған; кескіні келісті; ақ дидар; ақша жүз; ақ құба; ақ тамақ; ақ маңдай; ақ, білек, т.б.

«Сұлулық» концептіне байланысты семантикалық өріске қатысып тұрған оралымдардың ішінен зерттеуімізге қатыстылары — ақ дидар; ақша жүз; ақ құба; ак, тамақ; ақ маңдай; ақ білек тіркестері. Қазақ — әдемілікті, сұлулыкты сүйген, ардақтаған, аса жоғары бағалаған халық. Қыздардың тән сұлулығын ғана емес, жанының да сұлу болғандығын және осылардың өзара үйлесімін қалаған. Соған қатысты қыздарға тән әдемілік әр түрлі тілдік бірліктер арқылы тілімізде қалыптасып, орныққан.

Сұлулық концепті, соның ішінде, әсіресе әйел сұлулығына байланыстысы қазақ халхының дүниетанымын байқататын, оның өмірге көзқарасын анықтайтын ең қомақты да салмақты үғымдардың бірі болып табылады. Әйел адамның сұлулык қасиеті дүниедегі толып жатқан заттармен, құбылыстармен ассоциацияланып, сонын нәтижесінде сұлулық ұғымы нақтыланып, көркем әйелдің көрікті суреті жасалады. Ол қазақ ұғымындағы әсемдік әлемінің шамшырағы іспетті.

Ғалым Б.Қалиев: «Сөз мағынасы таным кағидасымен (теориясымен) тікелей байланысты. Адам затты, құбылысты қаншалықты жақсы таныса, сол затты, құбылысты белгілейтін сөздердің мағыналарын соншалықты анық, айқын біледі», деп сөз мағынасын таныммен байланыстырады. Халық дүниетанымында әйел адамның сұлулығы да әдемілігі, сұлулығы жөнінен әбден сыннан өткен, әр қырынан танылған заттармен, кұбылыстармен ассоциацияланады. Нәтижесінде сұлулық қазақ ұғымындағы ең қасиетті нәрселерге теңеліп, ең, сүйкімді нәрселермен салыстырылады. Осындай ассоциациялық қабылдау негізінде қалыптасқан халық ұғымындағы сұлулықтың ең басты көрсеткіштерінің бірі — ақ түс. Себебі ақ — қазақ үғымындағы ең қасиетті, ең ардақты, ең сүйкімді, ең жұмсақ түстердің бірі. Сондықтан халқымыз қыз бетәлпетінін ақтырын сұлулықтың нышаны деп қабылдаған. Осыдан келіп ақ дидар; ақша жүз; ақ құба; ақ тамақ; ақ маңдай; ақ білек тіркестері қалыптасқан. Сұлулық концептін кескіндейтін «ақ» тілдік бірлігі әйел табиғатының бет-бейнесін, түр-әлпетін сипаттауға негіз болған. Мысалы, «Өңкей бір аққұба азанда жауған ақша қар секілді сұлу қыздардан қыз сүрінеді» (О. Бөкей).

Қазақ теңеулерін арнайы зерттеген ғалым Т.Қоңыров: «Ақ түсті сұлулар қазақ ұғымына етене жақын нәрселерге ақ түсті аңдар мен құстарға, ақ түсті та-биғат құбылыстары мен заттарға теңелген. Осының нәтижесінде оқырман көз алдынан ақ түсті заттар мен құбылыстар тізбектеліп өтіп жатады да, теңеулерге образ болып қолданылып, әйел сұлулығын жасауда ең қажетті бояуға айналады. Біздің көз алдымызға сұлу қыздың, ару келіншектің, жүрекке жылы тиіп, көңілді өсіретін жанды суреті, ақ бояумен өрнектелген бейнесі келеді. Жалпы, ақ бояу арқылы өрнектелген сұлулық мінсіз әдеміліктің шыны суреті болып есептеледі», деп, «ақ тілдік бірлігіне әдемілік концептін кұрудағы маңыздылығын көрсетеді.

Бұл тілдік бірліктерде әйел адамының сұлулығы өздерінің әдемілігі жөнінен халықтың сан ғасырлық тәжірибесі арқылы жинақталған аялық білім негізінде сыннан өткен ақ түсті заттар мен құстарға, ақ түсті аңдар мен табиғат кұбылыстарына теңелген. Ақ марал, ақсұңкар, аққу, көгершін — қазақ ұғымында қасиетті ұғымдар. Сондықтан қазақ халқы ақ түсті әйел сұлулығын «керілген ақ маралға», «ақ сұңқарға», «аққудың көгілдіріне», «айдын көлге шомылып шыққан аққуға», «ақ қанатты көкаршынға», «аршыған жұмыртқаға», «наурыздық ақшақарын», «атқан таңға», «аппақ нұрға» т.б. теңейді. Халық дүниетанымында тәжірибе негізінде жоғарыдағыдай ақ түстерге қатысты аялық білім жинақталған. Тілдік бірліктер осы аялық білім негізінде «сүлулық» концептін құрайды.

«Қара» лексикалық атауы көз, қас, шаш соматикалық атауларымен тіркесіп, әдеміліктің эталоны ретінде жұмсалады. Алайда «қара» концепті үнемі жағымды мағынада жұмсала бермейді, ол жағымсыз мәндегі концепт жасауға да қатысады, Ол сұлулық, әдемілік концептіне қарама-қарсы оппозиция болатын көріксіздік концептін жасауға қатысады.

«Көріксіздік» концептінің семантикалык өрісі: ұсқынсыз, көзге қораш көріну, үрген шардай, беті безеудей, аузы апандай, жалмауыз кемпірдей, местей, мыртық, домбал, добал, денесі бөлек, салақ, мұрны қоңкиған, ерні дүрдиген, мандайын ат тепкендей, кем иек, пұшық мұрын, танауы делдиген, түр дейтін түрі жоқ, тұрпайы, қожбан қара, қара аюдай қорбиған, қатпа қара, қара өгіздей, қара қотыр бет, қара қожыр, қарала-торала, қаратүндей, көмір кқра, сіріңке қара, т.б. Семантикалық өрістен біздің тақырыбымызға қатыстылары қожбан қара, қара аюдай қорбиған, қатпа қара, қара өгіздей, қара қотыр бет, қара қожыр, қарала-торала, қара түндей, көмір қара, сіріңке қара, қап-қара  тіркестері. Бұл тіркестер жалпы көріксіздік концепты құрады. Аталмыш концептіні құруға негіз болып отырған — «қара» лексикалық бірлігі. Мысалы, «Өзінің түрі анау қап-қара, бұжыр-бужыр» (С.Адамбеков). «Көріксіздік» концептінің семантикалык өрісін қүруға қатысқан сіріңке кара, қара аюдай қорбиған, қара өгіздей тіркестері адамның сыртқы пішінінің көріксіздігін эмоционалды-экспрессивтік мән бере отырып, бейнелі түрде кескіндейді. Ал қожбан қара, қара қотыр бет, қара кожыр, қарала-торала тілдік бірліктері адам бетінің таза еместігіне, қара түмдей, қатпа қара, көмір қара тілік құралдары адамның түр-әлпетінің түсіне негізделе отырып «көріксіздік» концептін құрып отыр.

Қара аюдай қорбиған деп семіз, ебедейсіз, жұмысқа икемі жоқ, көріксіз адамды айтады. Теңеуде адам аюға, ақ аюға емес, қара аюға теңелу арқылы көріксіздік концептін құрьш түр.

Қатпа қара адамның түр-әлпетіне байланысты жағымсыз мағынада жұмсалады. Сіріңке қара -арық, қатпа қара деген мағынаны білдіреді. Мысалы, «Даусы шыңылдап шығатын сіріңке қара осылай әмір берді де, ат үстінде қалшиып қатып қалды» (Қазақ әдебиеті).

«Ақ» пен «қара» тілдік бірліктері «әдемілік» -«көріксіздік» концептілерін кұруда бірде адамның түр-әлпетіне негізделсе, бірде адамның сыртқы пішініне негізделеді.

Тілімізде адам жасына қатысты «жастық» — «кәрілік» концептілері «ақ» — «қара» тілдік бірліктері арқылы көрінеді. «Ақ» лексикалык бірлігі кәрілік концептін бейнелейді. Э.В. Севортян «аға» мен «әке» туыстық атауларының негізі ак — ок (қартаю) етістігінен өрбіген деген пікір айтады. Егер «ақ» түбірініц көне түркі тілінде «қартаю» синкреттік мағынасы болса, онда тілек мағынасындағы «қосағыңмен қоса ағар» тіркесі құрамындағы «ағар» сөзі де жоғарыдағы «ақ» түбірімен төркіндес болуы мүмкін . Мысалы, «Ал Еріктің жары Айнаға Кап тауын асып кетсе де бәрібір, күйеуі қайда — бұл сонда, қосағымен қоса ағарудан өзге арман да, мақсат та жоқ» (О. Бөкей). «Ақ» — «қара» тілдік бірліктері «сақал»сөзімен тіркесу арқылы «жастық» — «кәрілік» оппозиция;) ық концептілерін құрады. Мысалы, «Ауылдың ақ сақал-қара сақалдары түгел жиналыпты» (Қазақ әдебиеті). Мысалдағы ақ сакал — қара сақал тілдік бірліктері ауылдың жастары да, кәрілері де жиналыпты деген мағынаны білдіреді. Кәріліктің «ақ тілдік бірлігі арқылы объективтенуІ қартайғанда шаштың, сақалдың ағаруына байланысты. Мысалы, ақ шаш, шашына ақтүсу, самайы ағару. Ал қара шаш тілдік бірлігі жастықты, қайраттылықты сипаттайды. Сонымен қатар адамның балалық шағы қара борбай, қара сирақ тілдік бірліктері арқылы көріністенеді. Мысалы, «Біреулер құм илеп, біреулер тас уатып, күйген қыш жонып, су  тасып, кесек күйдіруге от жағып, оның үстіне қара май құйып, қойшы әйтеуір, кішкентай қара борбай балаларға дейін тоғай ішінен шөптер теріп кетті» (С. Лчамбекок).

«Ақ» тілдік бірлігінін кәрілік» концептін беруі әмбебаптылық сипатқа ие. Д.Заан Африкада қартайған адамдар денесін аққа бояйтынын айтады. Бұл енді олар өмір қиындықтарына,өлім қиналысына көңіл аудармаулары тиіс екендігін символдайды. «Ақ» арқылы жаңа туылған сәби де бейнеленеді. Хал-қымыз жаңатуылған сәбиді періште деп, ақбөпе. ақ сәби, ол жататын бесікті ақ бесік деп ардақтайды. Адамның дүниеге келу шағы мен дүниеден өтетін «кәрілік» шағының «ақ» арқылы бейнеленетінін Д.Заан арнайы атап көрсетеді.

Тіліміздегі «ақсақал» тілдік бірлігі. бір жағынан, «кәрілік» концептін сипаттаса, екінші жағынан, «қадірлілік», «ақылдылық», «кұрмсттеу» концептілерін білліреді. «Ақсақал» тілдік бірлігінің «қадірлілік», «ақылдылық», «құрметтілік» концептілеріне ие болуы түркі халықтарына ғана тән идиоэтникалык ерекшелік. «Ақсақал» тілдік бірлігінің бұл концептілерді иеленуі халық тарихымен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Ертеде ауылды, елді ақсақалдар басқаратын болған. «Ақсакал» тілдік бірлігінің «қадірлілік», «ақылдылық», «құрметтілік» концептіне ие болуы осындай тарихи жағдайға байланысты болса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • М.Мақатаев өлеңдеріндегі «қара» түсінің қолданысы

Адам баласы өзін қоршаған табиғи ортаны, өзін — өзі, қоғамдағы заттар мен құбылыстарды жан — жақты танып — білудің көптеген тілдік қайнар — көздері мен тәсілдеріне түр — түс әлемі жатады.

«Ақ» және «Қара» түр — түс атауларының барша жарық дүниені қақ жарып, қарама-қарсы екі полюске бөліп, өзара салыстыру арқылы танып — білуде атқаратын қызметі зор. Біздің пайымдауымызша адам баласының өзін қоршаған дүниені түр-түсіне қарап танып білуі о баста осы екі түске байланысты болуы керек. Өйткені, бұл екеуі мың құбылып тұрған түр-түс әлеміндегі көзге көрінер заттар мен құбылыстарды бір-бірінен айырып жіктеуге ең қолайлы өте «карапайым» түр-түстерге жатады. Түптеп келгенде. «ақ» түс күннің жарық сәулесіне шалынып, ақшыл, ақ сары, ал қызыл, ала т.б. болып көрінетін «отты» түстердің бастау — бүлағы саналса, «қара» түс, керісінше.  қара қоңыр, қара көкшіл, қара торы, шымқай қара, сүлік қара т.б. осы сияқты караңғылықпен тұмшаланған түстердің өзіндік ұйытқысы тәрізді.Басқаша айтқанда, «ақ» және «қара» түстері бір тәулікті екіге бөліп тұратын күн мен түннің символы іспеттес құбылыс.

Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.

Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді.

Түр-түс әлеміне қатысты тілдегі атаулар мен олардан туындаған жай және тұрақты (фразеологизм, салыстырмалы тіркес, жұмбақ, мақал–мәтел) тіркестерінің баршасының табиғатына терең үңіліп, бір зерттеудің ауқымында тәптіштеп қарастырып шығу әрине, мүмкін емес.

«Ақ» және  «қара» түр-түс атауларының табиғаты күрделі дейтін себебіміз — бұл екеуі екі — ақ түсті білдірумен шектелетін құбылыс емес. Табиғатты жай көзбен және арнайы аспаптар арқылы көруге болатын түстердің жалпы саны табиғатта 2 мыңнан 30 мыңға дейін болса , бірақ Ньютонның 7 түрлі заңы бойынша олардың өзі екі — хроматты және  ахроматты топқа бөлініп, солардың қосымша ахроматты тобына тек «ақ», «кара», түстері ғана жатса, мұны қалай түсіндіруге болады? Біздің пайымдауымыз бойынша, түр-түс кұбылыстарының сапасы мен саны, сыны мен сипаты, оларға сәйкес атаулары барлық тілдерде бірдей емес. Қазақ тілінде болса, түр-түс атауларының жалпы саны 70 — тен асып жығылады. Олардың 30-ы негізгілері де, 40-тан астамы туынды түрлеріне жатады. Осылардың ішінде тұлғалық өзгерістерге ұшырауы жағынан да, мағынасының күрделілігі жағынан да «ақ» және  «кара» түр-түс атаулары ерекше көзге түседі. Тек «ақ» атауының өзі ғана 15 түрлі (бағыт-бағдарды, кәдені, геосимволикалық, ауыспалы, т.б.) мағынаны білдірсе «қара» атауы 23 түрлі (осы тәрізді) мағына түрін білдіретінін көреміз.

Қазақ  елінің  тәуелсіздік  алған   кезеңінде Мұқағали  Мақатаев  мұрасына  бұрынғыдан  әлдеқайда  басым  жаңаша  көзқарас  қалыптасты, ақын  мұраларын  танудың  жаңа  бір  кезеңі  басталды. Ақын  шығармаларына  өзі  дүниеден  қайтқаннан  кейін  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығы  берілді.

      Мұқағали  өлеңдері – ұлттық  поэзияның  жаңа  бір  белеске көтерілгендігін, жаппай  евроцентристік  ағымға  ойысқан  заманда   қазақтың  қара  өлеңінің шынайы  қасиеттерінің  қадірі  артып,  бұрынғыдан  да  толысып, кемелдене  түскендігінің  куәсі. Ол  қазақ  өлеңінің ұлттық  бояуы  мен  рухын  ұстанды,  оны  түрлендіре  байытты,  сөйтіп  қалың  қазақ  оқырмандарының   жүрегіне  жол  ашты. Сонымен  қатар  ақын  қазақ  лирикасын ХХ ғасыр   әдебиетінің  озық  үлгілерімен  құнарландырды. Білікті, парасатты   ақын  ретінде  өз  заманының  ірі  мәселелеріне  қалам  толғаса  да,  соның   өзінде  қазақ  өлеңі  мен  ана  тілінің    ғасырлар  қойнауынан  нәр  жинаған  аталы  дәстүрін  бұзбай  жарасымды  табиғи  дамытты. Ол  бірде  қоғамның  керенаулығын  бетіне  басқан  қатал  сыншы, енді  бірде бала  мінезді  кіршіксіз  таза,  аңқылдаған  аңғал  жан. Сөйтіп  жыр  әлемінде  өз  ойын, өз  шындығын,  жүйелі  көркем  тілде  ақындық  биік  тұрғыдан тұтас  шеберлікпен       жырлай  білген. Мұқағали сыршыл  ыстық  лирикасымен өз  оқушыларының  жүрегіне    жол  тапты, оларды  жақсы  жырдың ләззатына  қандырып,  өзінің  менімен  адамзатқа  ортақ  ақиқатты жырлап, қалың  оқырманның   жан  жүрегін   баурады. Сондықтан да біз «түр-түс әлеміне» байланысты зерттеу нысанымызды  М.Мақатаев өлеңдеріндегі  «қара» түсінің қолданысын  ғана бөліп алып, танымдық табиғатын мүмкіндігінше кең де терең, әрі жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.

         Мұқағали Мақатаев лирикасының лексикалық қат-қабаттары әр алуан болып келеді. Көп мағыналы сөздер, синоним, антонимдер өте шебер қолданылып, өлеңнің көркемдігін арттырып, стильдік бояуын айқындай түседі.

Сол сөз мәтін ішінде  сан түрлі мағынаға ие болады. Көп мағыналы сөздер де тіліміздің байлығының көрсеткіші. Сыртқы формасы жағынан көп мағыналы сөз омонимге ұқсайтындықтан, оларды бір-бірінен ажыратуда көптеген қиындық туындап жүр. Көп мағыналы сөзде мағыналық бірлік болса, ал омоним сыртқы формасымен ұқсас болып келеді. Көркем шығармада көп мағыналы сөз өте көп қолданыста жүреді. Суреткер көркемдік үшін ойын айқын жеткізуде стильдік бояуы бар көп мағыналы сөздерді қолданып, контекст ішінде бір сөздің бірнеше мағынасын ашып береді. Ақын өлеңдерінен сөздің негізгі мағынасынан басқа туынды мағынасында жұмсалған коннотативтік қызметін (қосымша мағыналық реңктердің) айқын көруімізге болады. Сонымен әр түрлі мағынасы бар сөз көп мағыналы сөз екені бізге мәлім. Полисемия- барлық тілдерде қолданылатын құбылыс.

Қоғам дамуымен қатар тіл де дамып отыратын категория. Ақын, жазушыларымыздың тілі сөздік құрамымызды молайтып, лексикамызға жаңа сөз қосып отырады. Сөздің бойындағы әр түрлі мағыналардың табиғаты біркелкі емес. Сөздің негізгі мағынасы, туынды мағына, поэтикалық мағына,фразеологиялық байлаулы мағына, синткасистік шартты мағына-осылардың бәрі сөзді жан-жағынан көрсетеді.

Бір сөзге бірнеше мағына беру арқылы берілген сөздер ақын лирикасында кең орын алады. Көп мағыналы сөз тек тілдік құбылыс қана емес,көркем дүниедегі бейне сырын ашудың көрсеткіші. Ақын тіліндегі көп мағыналы сөздер өлеңнің көркемдігіне, мазмұнына, мәнеріне, әсеріне қызмет етіп тұр.

Мұқағали лирикасындағы өте кең және актив түрінде қолданылған сөздердің бірі-қара. Бұл сөзді автор әр түрлі мағынада жұмсап, тура және ауыспалы мағыналы сөздердің сырын ашты. Қара-ақ сөзінің антонимі. Көбінде сындық мағынада қолданылып зат есімді анықтайды.

Жалпы, тілімізде қара сөзі өмірдегі кереғар құбылыстарды көрсетіп, адамның алуан түрлі көңіл-күйін беруде және табиғат құбылыстарын суреттеуде өте жиі ұшрасатын сөз: қолаң қара шаш, қара құлып, қара бояу,қара көз, қара бұлт, қара шәлі,қара тас,қара түн,қара су, қара нөсер, қара орман, қара қарға, қара жорға,қара тау,қара аспан,қара жол,қара тамшы,қара бала,қара жауын, қара жұлдыз, қара бақ,қара орда, қара қой, қара моншақ, қара емен, қара қорған, қара жал,қара дақ, қара күз,қарашаруа, қара шаңырақ, қара шалғын,қара халық,қара бас, қара кебін, қара жау, қара бала, қара түнек,қара қайғ,қара кеш,қара уайым,қара күш,қара мұрт,қара нар,қара қазақ,қара кісі, қара өлең, қара жаяу, қара көңіл, қара күн, қаралы сұлу.

Келтірілген сөз тіркестерінен қара сөзінің 52 сөзбен еркін тіркескенін байқаймыз. Бұл сөз тіркестері-тура және ауыспалы мағынада беріліп,өлеңнің эмоциялық-экспрессивтік әсерін күшейтіп тұрған мағыналы, образды сөз тіркестері.

«Қара» сөзі-зат есімді айқындап, сөзге үстеме мағыналық реңк жамап, поэтикалық тілдің әрін жандандырып тұрған полисемиялы сөз.

  1. «Қара» сын есім тура мағынада, сындық қызметте жұмсалған.

Қап-қара көзді бір қыз бар,

Қашпаңдар қара бояудан.

            Аспанда жарық жұлдыздар,

        Қап-қара түнде оянған. (Қап-қара, ғажап сиқыры)

немесе:

    Жарыңның шашы қап-қара,

    Көзі де қара шамасы.

    Сондықтан жүзі аққала,

    Сондықтан әсем қарашы.(Ақ қайын әні).

Ақын қара сөзін бірнеше рет қайталап, өлеңге айрықша нәр беріп,стильдік бояуын нақтылайды.  Бұл шумақтағы қара көз, қара бояу, қара шаш тура мағынада берілген.Алғашқы және соңғы шумақтағы күшейтпелі шыраймен жасалған қара өлеңнің салмағын мығымдай түседі.

  Қара бұлт қаралы ару түнереді,

  Қарағай қара аспанға тіреледі.

  Қаптай кеп қарбаласта қара қарға,

  Қарайды қара тауға түнегелі . (Ақ қайың әні).

«Қара бұлт, қара аспан, қара тау» табиғат құбылысын суреттей отырып, адам өмірімен байланыстырып көңілсіздікті, жабырқаулықты, жайсыздықты суреттейді. Өлең аллитерацияға құрылып, ерекше эмоциялық әсерге ие болып отыр. Өлеңнің бірыңғай дауыссыз қатаң «Қ» дыбысынан басталуы да сондай мәнерлі. Табиғат пен адам арасындағы байланысты тереңдете отырып, ақын адамның басындағы күнделікті өмір ағынында өтіп жатқан көріністі қара сөзімен суреттейді.  Қаралы ару- туынды сын есімнен жасалған тіркес. Ақын лирикасынан өте шебер берілген осындай мағыналық байланысты жиі кездестіреміз.

     Қара жаумен іргелес, ел едіңдер қарағым,

     Ойран болып сендер де бұзылды ма қамалың

не болмаса:

               Қаусаттың-ау, іргемді, қара жауым,

               Қан боп ақсын басыңа қара жауын.

«Қара»- адамның ниетіне байланысты айтылып, пейілінің тарлығын сездіреді, елді қырғынға ұшыратып отырған жаудың әрекеті айқын берілген. Әдетте салмақты сөздер өлеңнің соңында тұрып, ұйқасы жағынан да, дыбыстық жағынан да анық көрінеді.

               Ұлылардың ұрпағын да, өзін де,

               Қара күштің қабірінде ұстады.

«Қара»- озбырлық, зұлымдық мағынасында жұмсалып, өлеңге ерекше мағыналық реңк үстеп тұр. Тұтастай бір ұрпаққа еркіндік, теңдік, бостандық бермей күш көрсетуін «қара күштің қабірі» соны метафоралы тіркеспен нақты берген.

            Қарымта қайтара алмай қарсы дауға

            Қабақтан қара тамшы тамшылауда.

            Жебір ой жігеріңді жаншығанда.  (Шіркіндер)

«Қара»- адамның көңіліндегі тарығу, зарығу мағынасында жұмсалып, дыбыстық аллитерацияға құрылған мағыналы сөз.

                Қара емендей қатып қалған әжеңді,

               Кейінгі ұрпақ, батыр емес деп көргін. (Қырқыншы жылдыр)

«Қара»- мықтылық, төзімділік, шыдамдылық мағынасында пайдаланылған.

               Аулақ,аулақ,

               Аулақ менің жанымнан!

              Қара уайым қара шәлі жамылған (Аулақ,аулақ)

«Қара»- бұл жерде мұң-зарды көрсету мағынасында жұмсалып тұр. Бұралаң-бұралаң жолы бар өмір соқпағында адам басында сондай сәттер басымдау болды, сондықтан өмір шындығы өлеңде айқын суреттеледі.

        Қара түнек қара түнді шарпыған,

        Ойлар,ойлар, ойлар кетті соқтығып.

«Қара» — адам жанының жабырқаған сәтін, көңілінің жадаулығын көрсетеді.

             Жалған-ай,-тынысымның тарылғаны-ай!

              Бақытсыз басым қара жамылғаны-ай…. (Құзда).

«Қара» -басына қайғы орнады деген мағынада жұмсалып тұрған тіркес.

                Енжарлық, көңілсіздік езілемін,

                Қалғандай қара жаяу сезінемін ( Түс)

«Қара жаяу»- ақынның жалғыздығы, өмірден тарығуын,зарығуын, қиналған бір сәтін көрсетеді.

Ақын лирикасындағы қара сөзінің мағынасы әр алуан және өте көп ұшырасады. Көп мағыналы сөз де түрлі реңкте жұмсалып өлеңнің қуатын арттырып, әрлендіре түседі. Мәтіндегі ой тереңдігі, тіл ұтқырлығы, сөз мәнерлілігі осы көп мағыналы сөзден айқын көрінеді. Жалпы, тілімізде қара сөзі көрікті ойды суреттейтін ұғым емес. Қара қашан да жамандықты, жауыздықты, арамдықты, зымияндықты, адамның басындағы сан алуан қасиеттерді және қоғамдағы кереғар құбылыстарды суреттеудегі пайдаланылатын бейнелі сөз. Ақын тілінде өте көп ұшырасып, образдың қыр-сырын ашуда жұмсалған. Қара сөзі табиғат құбылыс атауларының бәрімен тіркесіп, ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Адам мен  табиғат тұтастықта жырланғанынан сиқырлы сөздерді ұтымды қолданудағы тапқырлығы десек те болады. Қара аспан, қара нөсер, қара тас, қара жер, қара бұлт, қара су, қара жел, қара тау, қара түн, қара жауын және тағы басқа тіркесімдер бірнеше рет қайталанады. Ақын  «Қара» түсін мағыналық топтарға бөле белгін: жамандықтың белгісі (қара тізім, қара қағаз, қара ту т.б.), жауыздық, қатыгездіктің белгісі (қараниет,қара көңіл т.б.) ,алғашқылықтың, бастапқылықтың белгісі (қара су, қара тау), киеліліктің, қасиеттіліктің белгісі (қарашаңырақ, қара жер т.б.), қарапайымдылықтың белгісі (қара қазақ, қара бұқара т.б. ), қайғы-мұңның белгісі (қара күн, қара уайым, қара түн т.б.).

Мәтін ішінде қара сөзін құбылтып, түрлендіре отырып, бір ойды әр басқа мағынамен беріп, сырлы да сиқырлы сөздер тізбегін тізіп, қазақтың қара өлеңінің құдіретін биіктете түседі. Жоғарыда келтірілген өлең шумақтарында қара сөзін үш-төрт реттен қолданған тұстары да бар. Ойды өрбіту негізінде үстемелеп, одан сайын асырмалатып суреттеу басым. Біздің байқағанымыз: дәуір шындығын, адам өмірін бейнелеуде «қара» сөзінің салмағы өте күшті, әрбір жұмыр басты пенденің басындағы іс-әрекеттерді дәл, нақты үйлестіріп жазған.

Ілгеріде айтқанымыздай «қара» сөзін еркін құбылтып пайдалану нәтижесінде ақынның творчестволық потенциалы да арта түседі. Бұл сөз- тек Мұқағалида ғана емес, классик Абайдан бастап Мағжан, Сәкен,Қасым,Төлеген және бүгінгі ақындарымыздың қолданысында жүрген мағыналы бейнелі сөз. Осылайша, біз суреткер тілінен дәстүр жалғастығын айқын көреміз.

Ақын өлеңдерінің ғұмыры ұзақ, жылдар өткен сайын оның бағасы биіктеп, асқақтай түседі. Ол осылайшы қанша оқырманының жүрегінен әлі де орын алатынына сеніміміз мол. Туған халқының арман мақсатын терең ұғынған ақын туған жермен тағдыры да, тамыры да қосылып жатқанан сезініп, өзінің бар бітім- болмысымен жырлап, баласындай мәпелеген жырын айшықты сөздермен өрнектеді. Мұқағали  туған халқын терең түсініп оның тауына, тасына, жеріне құдайдай табынып қастерлеудің негізінде қарасаз топырағында өлмейтін жыр, өшпейтін ақын туды. Ол ұлты үшін туған, оны жыр арқылы танытқан, сөз құдіреті арқылы ғажап та ғаламат сөз-бейнелер жасаған дарынды ақын. Өзінің таусылмайтын жыр-қазынасында, нақтырақ айтсақ, ұтымды қолданған сөз мәнері арқылы ұтқыр ойларды, құдіретті сөздерді Мұқағалидай ғана үлкен тұлға бере алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІI.ТАРАУ.   ТҮР- ТҮСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАЙЛАНЫСТЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ  ЭТНОЛИНГВИСТИКАСЫ

Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де және еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Топонимика географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Топономика гректің topos — орын + опума — есім, ат деген сөздерінен алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдерді); тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді); елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-жақты зерттейді. Қазақ ономастикасының негізін қалаушылардың бірі, ономаст-ғалым Т. Жанұзақовтың айтуынша тіліміздегі жер-су атауларының саны 3 миллионға жетеді. Жер-су аттары-біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі. Ұлттық тарихымыздың белгісіне айналған елді мекендер атаулары әр ғасыр шежіресінен сыр тартып, салт-дәстүрден, халықтың өмір тұрмысынан дерек беретін қайнар көзі. Атауларға негіз болған белгілердің барлығында ұлтымыздың, ата-бабаларымыздың да танымы жатыр деп айта аламыз. «Жер-судың атауы-тарихтың хаты» деген халық атауында терең мазмұн, сындарлы салмақ жатыр.

Атамекен жеріміздегі жер тарихы мен ел тарихы атауларының көзі ғасырлар бойы тарих көшінде алмасқан ұрпақтар санасында сақталып, жалғастық дәстүр негізінде тұрақтанып қорланған жиынтығының бір көрінісі. Қазірі кезде тарихи зерденің бір саласы ретінде танылған адамзат тарихи зерденің бір саласы ретінде танылған адамзат  баласының тербеліп өскен тал бесігі- Жер ананың атауларына дейін жаңаша мән- мағына берілуде.

Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар. Демек, топоним атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгіл бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Ұлттық топонимия этникалық мәдениеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және осы жер-су атауларының қалыптасуына, құрамының лексика-тақырыптық сипатына этностың (халықтың) шаруашылығы, дүниетанымы, діни сенімдері, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрі үлкен ықпал, әсер етеді. Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов: « Біздің қазақ-жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай өлкеге барсаң да жер, су, жаһан дүзде кездескен кішкентай бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия-сыр жатады»-десе,  халқымыздың біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов: «Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрпының қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты жер-су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады» деп, жер-су атаулары елдің болмысы, салт-дәстүрі, тілі, діні екенін, ешқашан жөн-жосықсыз, ойсыз-мәнсіз кездейсоқ қойыла салмағанын еске салады.

 Халқымыздың тарихында белгілі орны бар, ұлтымыздың рухани өмірі мен дамуына айтарлықтай зор үлес қосып келе жатқан өңірлердің бірі- Жамбыл облысының аймағы. Облыс маңайына шоғырланған ауыл-аймақ, аудандардың да өзіндік сыр-құпиялары, аңыз-әңгімелері баршылық.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды  құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкеңнің тарихын, табиғатын танудан басталады»- деген сөзін назарға ала отырып, өзім тұратын Жамбыл облысы, Жуалы жерінің жер-су атауларының тарихын зерттеуді көздедім.

Жуалы ауданының жері, суы, тауы, өзені, көлі, қыры, даласы барлығы да сан – салалы табиғат көрінісінің әрбір аттамы атсыз емес. Есімсіз адам болмайтын сияқты бұл өлкенің атсыз өңірі жоқ. Ол атаудың әрқайсысы өз кезегінде ел қалауынан туындаған. Сондықтан да осы атаулардың барлығы да қоғам ризығы, табы сіңген тарихтың ұшқыны десек болады.

Жуалы ауданында бұрындары саясиландырылған, ұлтымызға жат, саясаттан ада, ұйымдастырушылық тұрғыдан кедергі келтіретін атаулар да болған. Мысалы: Любимовка, Юсуповка, Марья-новка, Зыковка, Петровка, Алексеевка, Кантемировка, Юрьевка, Ясная- Поляна,Казанка, Евгеньевка, Некрасовка т.б. Қазіргі таңда көптеген атаулар тарихи атауларына қайта ие болды.

Жуалы жер-су атауларын халық жасаған үлкен қазынаға немесе көнеде жазылған шежіреге балауға болады. Жуалы ауданының топонимикалық жер-су атауларын зерттеген кезде оның құрылысы мен құрамы жағынан бес топқа бөлдік: 1) Жалпы есімдерден пайда болған көптеген Өзен, ұлақ, Бастау, Төбе т.б. елді мекен атаулары, 2) Туынды түбір тұлғалы Жосалы, Құлан, Шілікті, Алмалы,Бақалы,Қақты, Жыланды т.б. бойынша жасалған жер елдімекен атаулары, 3).Біріккен тұлғалы жалқы есімдер арқылы жасалған атаулар: Қоңыртөбе, Сарықайқаң, Қарамұрын, Жолбарысқамал, Кәріқорған, Шегірқамал т.б.4).Қос тұлғалы жалқы есімдерден тұратын: Ақсу – Жабағылы, Теріс-Ащыбұлақ сияқты атаулар.5).Сөйлемнен қалыптасқан жалқы есімдер: Көсегенің көк жоны, Қыз құлаған, Теке қамал, Қалмақ қырған, Қыдыр қонған сай т.б. аталатын атаулар.

Қазіргі Жуалы өлкесінде сақталған Бұлақ, Қайнар, Бел, Өзен, Бастау, Өзек, Төбе т.б. атау тұлғалардың барлығы өткен дәуірдің елесін беріп тұрғандай. Бұл тұлғалар келе-келе күрделеніп оларды үстемелейтін : ақ, қара, көк, сары, қызыл, биік, терең, кіші т.б. анықтауыштардың жалғауы арқылы өзгеріске ұшырағанын көреміз.Мысалы: Ақбастау, Қоңыртөбе, Кеңбұлақ, Қостөбе, Жетімтау, Айнакөл, Қарабастау, Көктөбе т.б. атаулар.

Қазақстанның кез келген аймақтық топонимиялық жүйесіндегі географиялық атауларда ақ, қара, қызыл, көк, сары, ала, қоңыр, боз т.б. түрлерін кездестіруге болады. Қазақ тілінде болса, түр-түс атауларының жалпы саны 70 — тен асып жығылады. Олардың 30-ы негізгілері де, 40-тан астамы туынды түрлеріне жатады. Зерттеушілер А. Әлімхан, Е.Ә. Керімбаев,       Б.М. Тілеубердиев, Ұ.Р. Ержанова т.б. еңбектерінде аймақтық топонимдерде кездесетін ақ, қара, көк, сары, қызыл, қоңыр сөздердің семантикасына талдаулар жасалынған. Сол талдаулар нәтижесінде түр-түс компонетті топонимдер қазақ халқының рухани болмысын, жан-дүниесін көрсететін тілдік таңбалар ретінде қолданылатын лексикалық атаулар екені дәлелді түрде анықталып отыр.  А.Әлімханның байқауынша, мысалы ақ компонентті топонимдер Қазақстанның кез келген өңірінде сияқты Жамбыл облысындағы, Жуалы ауданының аймағында да жиі кезедеседі: Ақбастау, Ақсай, Ақтасты т.т.

Ақбастауды -жергілікті жұрт „Әулие бастау“ деп те атайды. Бұрын осы бастаудың басына Бірлік ауылының тұрғындары жиылып көктемде тасаттық ( құдай тамақ) беретін болған.

Ақбастау кезінеде төменгі жағындағы егінді бау-бақшаны сол сияқты Бірлік ауылын суландырған. Бастау суы Бірлік, Шақпақ ауылдарының ортасынан ағып өтіп Шақпақ өзеніне қосылады.

Бұлақтың „Ақбастау“ аталуы оның ешқандай сындық сипатқа байланысты емес, өйткені оның төңіредінде ақ сынымен ерекшеленетін белгі жоқ, оның этимологиясы „ тұнық бастау“ мәніндегі гидронимдік атау.

Жуалы жерінде Ақсай аталатын өзен бар. Түркия, Қырғыз, Әзірбайжан халықтарында „Ақсу“ сөзі сай тұлғалары „чай“ түрінде келеді де ол „өзен“ (су) мәнін береді. Ал „ақ“ сөзі тау жыныстарының ақ түстілігіне байланысты я болмаса, К:К. Юдахин айтқандай „шалғынды жота“ мәнінде болуы мүмкін“-деп көрсетеді. ( Юдахин К.К. Киргизского –русски словарь. Изд. Советская энциклопедия. Москва 1965,226 стр.)

Қорыта айтқанда, Ақсай сөзі „ақ“ және „сай“ компоненттерінен құралған атау.

 Ақ түске байланысты тағы бір осы өңірдегі Ақтасты елді-мекені. Ел аузында „Ақтасты әулие“ аталатын бұл тарихи жер қазіргі Рысбек батыр ауылының шығысында 2,5 — 3 шақырымдай жердегі қыратта орналасқан.

Бұл жердің „Ақтасты“ аталатын себебі, өзінің тіке мағынасында ақ және тас компоненттерінен құралған атау. Ол жерде үйдің орнындай үйілген ақ тастар бар, атау сол үйілген ақ тастарға байланысты қойылған.  

Бұл атаулардағы ақтардың барлығы өң мен түс мәнінде қолданылған деп кесіп айтуға келмейді. Сөз жоқ, Ақсай, Ақтасты сынды атаулар құрамындағы ақ – түстік мағынада жұмсалған. Ал мөлдір сулардың бастау алар жерінде өскен бұталарға, әлем бойлап, тұнығына теңге тасталатын Ақбастау сынды гидроним құрамындағы ақ халық арасында “киелілік” ұғымын береді.

Е. Қойшыбаевтың пікірінше: Ақтөбе, Ақдөң сияқты топонимдердегі  ақ – “шөп”, “шөпті” мағыналарын білдіреді. Ғалымның бұл пікірімен келіспеуге болмайды. Себебі, аймақ топонимиясында ұшырасатын Ақжаулау, Ақтүбек, Ақтеріскей атаулары “атты жер” түсінігін беріп тұр. Е. Керімбаевтің: “Байқап қарасақ Ақсулар тау биіктеріндегі мұз, қардан басталып ағатын өзендер” деген ойы ақ компонентінің тағы бір сипатын танытып тұр. Сонымен, аймақ топ жүйесіндегі ақ компонентті атаулар құрамындағы ақ сөзі негізінен, төмендегідей ұғым түсініктерді танытады:

1) түс; 2) “шөпті”, “отты”; 3) “киелі”; 4) “ағын”, “ағынды” .

Ақ сыңарымен келетін топонимдер түрлі семантикалық мәнге ие болғаны жөнінде зерттеуші Б.М. Тілеубердиев былай дейді: “Біздің байқауымызша, объектінің қандай түрін немесе типін атауына қарай ақ әр түрлі мағынаны білдіреді. Мәселен, көшпенді малшылар топырақты  төбелер, үстірттер тәрізді орфографиялық объектілерді түр-түсіне қарай атаған. Мәселен, бетеге мен басқа шөптердің кейбір түрлері ақшыл түсті болған. Ашық (ақ) түсті шөп түрлерінің төбенің өз түсімен өзара байланысы “ақ” сөзінің семантикасы “шөп”, “шөптесінмен” ауысуына мүмкіндік берген, сондықтан да Ақтөбе, Ақдөң – бұлар “шөпті” төбе болады.

Сонымен, көптеген географиялық атауларға арқау болған, түр мен түсті білдіретін сөздер тек түсті ғана білдіріп қоймай, сонымен бірге қазақ халқының рухани жан-дүниесін танытатын семантикалық таңбалар. Түр-түске халық ерекше мән беріп отырған, оларға байланысты туындаған топонимиялық аңыздар қазақ рухани болмысының өзгеше бір көрінісі іспетті.

Аймақтық топонимдерді зерделеуге арналған еңбектерде қара, қоңыр, қызыл, сары т.б. компонентті жер-су атаулары қарастырылған. Сол еңбектерде, топонимдерде аталған, түсті білдіретін сөздер түстен басқа да мәнге ие екендігі көрсетілген, яғни түр-түсті меңзейтін жер-су атаулары түрлі халықтық ұғым-түсініктерден хабардар етеді. Жамбыл облысындағы түске байланысты топонимдердің семантикасын қарастыру барысында географиялық атаулардағы “қара” компоненттерінің бірнеше семантикалық мәндерін анықтаған: 1) жер асты суларынан нәр алатын өзен ұғымы; 2) белгілі бір объектінің екінші бір объектімен салыстырғанда, үлкен көлемді екендігін білдіруі; 3) “қалың”, “ну” ұғымы; 4) биіктік атаулары;
5) “көп” ұғымы; 6) тура мағынасында, яғни түстік мәнде қолданылуы .

Қарабастау атауындағы „қара“ сөзі судың түсіне қатысты атау емес. „Қара“ ұғымы ежелден –ақ  „мөлдір су“, сусын мағынасын береді.  „Қара суға зар болдық“, „Бір ұрттам қара су көз көрім жерге апарады“- деген халқымыздың сөз тіркестері бар. 

Көне түркі тіл топонимдерін зерттеушілердің дәлелдеуінше қарасу- үлкен өзен емес, жер астынан сайлардан шығып жатқан қайнар су. Қарабастау атауындағы „қара“ сөзін түркі тілдес халықтар „жер“ мәнінде қолданған. Сондағы мағынасы „жер-су“ деген ұғымды білдіреді.               Е. Қойшыбаев бұл жөнінде: „ Адам мен мал шоғырланған жер  мәніндегі атау“ – деп көрсетеді.            

  ( Қазақстанның жер-су атауларының сөздігі. Алматы: Мектеп 1986, 150 бет)

Қорыта келгенде бастаудың және елді мекеннің атауы „ қара“ және „бастау“ деген комоненттерден құралған атау. Сонымен қатар Қаражол Б. Момышұлы ауылының 5 шақырым, ал Қайрат елді-мекенінен 3 шақырым жердегі ескі жолдың арнасы „Қаражол“ аталады. Бұл жолдың Қаражол аталуына тоқталатын болсақ, қазақта „ қара жол“ деген сөз тіркесі көп қолданылуы мұндағы „қара“ сөзі жолдың түстік сын есімнің сипаты емес, үлкен жол деген мағынаны беретін этимология.

Жуалы ауаданына қарасты Шыңбұлақ елді мекенінің солтүстік шығыс жағында Үлкен Қоңыр төбенің жанындағы жота  „қара мұрын“ деп аталады.

Жотаның „Қарамұрын“ деп аталуы ол жотаның орналасуын дөңес мұрынға теңегендіктен туындаған атау. „Қарамұрын“ атауы қаратұмсықпен бір мағыналас, „ мұрынға ұқсаған қара жота“ деген  ұғымды беретін ороним.  Ал Қарасаз елді мекеніндегі „Қара“сөзі „жер“ деген мағынаны береді. Бұл  атаудың өзіндік сипаты сол — жер асты суы жер бетіне тым таяу жатады. Сондықтан да бұл атау көнедегі „жер-су“ немесе  „саз-су“ұғымындағы сөз тіркесін толық дәлелдеп тұр.

Қарасай — Қазақстанның Оңтүстік аймағында көп кезедесетін жер атауларының бірі. Сондай Қарасай аталатын жер Жуалы жерінде екеу. Біріншісі: Талас Алатауының етек жағындағы Талапты елді мекенінің маңында, Екіншісі: Шыңбұлақ елді мекенінің солтүстік шығысындағы Үлкен Қоңыртөбенің жанында.

Бұл екі Қарасайдың аталу этимологиясы екі бөлек. Талапты елді мекенінің үстіңгі жағындағы Қарасай, ол аймақтың малға жайлы „отты“ мағынасын беретін атау. Бұл атау жердің түріне байланысты атау емес, өйткені ол маңда қараға лайық көз тартар ешқандай белгі жоқ.

Екінші Үлкен Қоңыртөбенің жанындағы Қарасай, сайдың екі қабағындағы қара-қошқыл тастардың түсіне қатысты қойылған атау. Тағы осы қара түске байланысты „Қаратас“ атауы бар. Бұл атау реңмен байланысты. „қара“ және „тас“ деген сөздерден қалыптасқан атау. Оның себебі, сол аймақтың шығысындағы тау қыраттарының және ондағы қатпарлы тастардың түсі қара. Сондықтан бұл жер Қаратас аталады, ал оның етегіндегі шағын елді мекен „Қаратас“  ауылы деп аталады.

Қараүңгір — бұл Жуалы ауданының Оңтүстік жағындағы Б. Момышұлы ауылының 16 шақырым жерде Талас Алатауының шатқалындағы үңгір атауы.  Үңгірдің аумғағы бр отар қой (шамамен 600-700 бас.) сыйып кететіндей көлемді алып жатыр. Қараүңгірдің ішінде жағалай жақпар тастарды тесіп мал байлауға жасалған тесіктер бар. Үңгірдің бітер жеріндегі түкпірінде киіз үй сиятындай орын бар. Қараүгіңрдің атауына тоқталатын болсақ,  қара және үңгір сөзіне туындағын атау. Қазақ тілінде „қара“ сөзінің ұғымы әр түрлі мағынада қолданылатындығы белгілі. Мысалы: Қарадаладағы „қара“сөзі „отты дала“, Қарақамыстағы „қара “ сөзі „қалың қамысты“, Қаракемердегі „қара“ сөзі „жар қабақты“, Қарақоңыстағы „қара“сөзі „қоныс “ атауын білдірентін тағы сол сияқты атаулар тізбегі жатады.

Осы жоғарыдығы мысалда келтірілгендей қара сөзі „қоныс“, „пана“ мағынасында қалыптасқан деп ой түйеміз, яғни Қараүңгір сөзі „қоныс үңгір“ деген сөзден туындаған оронимдік этимология.

 Жуалы ауданындағы   топонимдер құрамында кездесетін қара компонентті атаулар мынандай: 1) түстік мәнде; 2) “үлкен” мағынасында; 3) “қалың”, “ну”, “көп” ұғымында; 4) “ежелгі”, “ескі” мәнінде; 5) “биік” ұғымында; 6) “жер асты суынан бастау алатын өзен” мағынасында; 7) “кіші”, “жұпыны” мәнінде” мәнінде қолданылады.

Шөккен нардай болып қазіргі Шақпақата елді мекенінің  солтүстігінде оқшау орналасқан төбені жергілікті жұрт „Қоңыртөбе“ деп атайды. Бір құдірет осы аймаққа әдейі алып келіп орнатқандай:   Қоңыртөбе аталу себебі, қоңыр (отты) төбе деген мағынаны беретін атау.

Қызыл дала— Республика бойынша көп кездесетін дала аттары. Жуалы өңіріндегі кездесетін Қызыл даланың алыстан қараған кісіге  күнгей жағы қызғылт тартып көрінеді екен. Бұл жердің аталуы осы беткейдің қызғылт түсіне байланысты ороним.

 Қызыл түске байланысты Жуалы ауданының тағы бір өңірі Қызылжар жері. Тауға шығатын адам осы Қызылжардың үстіндегі қылта жолмен көтеріледі. Етектен қараған кісіге Қызылжар жоғарғы және төменгі жағы көкорай белдеу болып ерекшеленіп, 45-50 метрдей жері қып-қызыл болып айқын көрінеді. Бұл жердің „Қызылжар“ аталуына тоқталатын болсақ, мұндағы „қызыл“ сөзінің жер қыртысының реңімен байланысты атау екендігін аңғару қиын емес.

Жер-су атауларының көк түске қатысты елді-мекендері көптеп кездеседі. Мысалға Жуалы ауданындағы Көксай елді мекенін атап айтсақ болады.  Өзеннің „Көксай“ аталуына тоқталатын болсақ, „көк“ сөзі түспен байланысты анықтауыш яғни, көк сол аңғардың „көгеріс, ну жынысты “ екендігін айқындап тұр. „Көк“ және „сай“ сөздері қосылып Көксай атауын құрап тұр.  Сонымен қатар осы өңірде кезедесен Көктөбе елді мекеніне Еркебай Қойшыбаев өзінің „Қазақстанның жер-су аттары“ деп аталатын сөздігінде „Көктөбе“ атауына төмендегідей анықтама береді: „Бұл арада Көктөбедегі „көк“ сөзі „заңғар биік“ немесе тіпті аспан мәніне сай келеді, оған „төбе“ сөзі қосылып „заңғар биік төбе“ деген ұғымды білідерді — деп анықтама берген. Мұндағы „көк“ сөзі түспен байланысты „төбеге“ қосылып „Көктөбе“ атауын құрап тұр.

Ал енді жер-су аттарындағы сары түстің көптеп қолданылуындағы аталатын  бірі Жуалы ауданындағы „Сарықайқаң“ елді мекені. Бұл жердің Сарықайқаң аталуына екі түрлі болжам бар. Біріншісі: жазық күнгей беткейдің сап-сары болып жататындығына байланысты „сары“, „қайқы бел“ деген мағынаны береді. Халық этимологиясын „сары“ сөзінің түсінігін жер бетін жаздың ыстық сарша тамызынан соң қуаң тәртіп сарғайған түсіне балайды. Қорыта келе айтарымыз, Сары қайқаң атауы  „кең байтақ қайқы беткей “ деген ұғымды білдіреді.

Жуалы ауданындағы солтүстік шығысындағы Кіші Қаратаудың шығысқа қараған шатқалдары мен аңғар асулары өте көп. Соның бірі Қарабастау елді мекенінің батыс тұсындағы „Сарытас“ аталатын жер. Бұл жердің „Сарытас“ аталатындығына келетін болсақ, ол осындағы шөпкен түйедей болып шашылып жатқан сары тастарға байланысты қойылған атау.

Сонымен, көптеген географиялық атауларға арқау болған, түр мен түсті білдіретін сөздер тек түсті ғана білдіріп қоймай, сонымен бірге қазақ халқының рухани жан-дүниесін танытатын семантикалық таңбалар. Түр-түске халық ерекше мән беріп отырған, оларға байланысты туындаған топонимиялық аңыздар қазақ рухани болмысының өзгеше бір көрінісі іспетті.

Түр-түске қатысты топонимикалық аңызды зерттеуші А. Әлімхан өз диссертациялық еңбегінде келтіреді: “Ертеде екі алып – әкесі мен ұлы Тарбағатай өңіріндегі Қалмақ тауын Ертіс өзені жағасына суды бөгемек ниетпен апармақ болады. Тауды көтеріп әкеле жатып, шаршаған олар жолда Қаракөл маңында дем алуға тоқтайды. Бұл жер баласының болашақ қайын жұртының мекені болса керек. Ол айттырған қызына кездеспек оймен әкесінен сұранады, әкесі рұқсатын беріп, былай деп ескертеді: “Ұлым, есіңде болсын, қалыңын төлеген жоқпыз, түнге қалуыңа болмайды”. Қалыңдығына келген жігіт қыздың сұлулығына сүйініп, түнге қалады. Таңертең жас алып таудың өз жақ жартысын көтере алмайды. Сөзге құлақ аспаған ұлына ашуланған әке тауды тастап  жібереді. Тау құлап екеуін басып қалған екен. Екеуін ұзақ күткен ана, күйеуі мен ұлын іздеп жолға шығады. Тауға жете бере не болғанын түсінген ана, көп жылапты. Ананың көз жасы алдымен таудың жасындай қан қызыл, кейін бұлақ суындай мөлдір болып төгіліпті. Бұл оқиғаға куә болған мекенде ананың көз жасы мәңгіге сақталып қалған екен.

Қалмақ тауынан бес шақырымдай жерде қызыл және ақ тасты жерлер бар. Содан бастап ақ тасты жерлер халық арасында Ақтас деп аталған екен” [

Шығыс Қазақстан топонимдерін зерттеген А. Әлімхан қара сөзінің қатысуымен жасалған топонимдердің төмендегідей мәндерге қолданылғаны жөнінде былай дейді: “Қарасу, Қарабұлақ, Қарагем атауларындағы қара – “жерден шығатын сулар” ұғымын берсе, Қаракөл, Қаражер, Қараүңгір “үлкен” мәнінде қолданыс тапқан. Ал, Қаратоғай, Қаратал көптікті, молдықты танытса, Қарақия, Қарашоқы, Қаракемер “биік” ұғымын көрсетіп тұр. Сондай-ақ қара сөзі тура мағынада қолданыс тапқан топонимдер ретінде Қарақойтас, Қарақойын, Қарасаздарды атай аламыз. Топонимдер құрамындағы қара сөзі осы аталған мағыналардан басқа “қара орын”, “қара шаңырақ” тіркестеріндегідей “ежелгі”, “ескі” мәнінде де жұмсалады деп ойлаймыз. Мысалы: Қаражайлау, Қарақоныс, Қараөткел т.т. зерттеу нысанымыз болып отырған аймақта Қараертіс қара жерден бастау алатын өзен емес, ол басын таудан, тау мұздықтарынан алады. Екіншіден, халық арасында “Қара Ертіспен” қатар “Ақ Ертіс” тіркесі де қолданылады. Ал тілімізде ақтың – “бай”, “төре” екені белгілі. Ендеше, Қара Ертістің құрамындағы қара “жұпыны”, “кіші” ұғымында қолданылған сияқты. Сонымен, ойымызды түйіндей келе, Шығыс Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі топонимдер құрамында кездесетін қара компонентті атаулар мынандай мәндерге қолданылған деп таптық: 1) түстік мәнде; 2) “үлкен” мағынасында; 3) “қалың”, “ну”, “көп” ұғымында; 4) “ежелгі”, “ескі” мәнінде; 5) “биік” ұғымында; 6) “жер асты суынан бастау алатын өзен” мағынасында; 7) “кіші”, “жұпыны” мәнінде” қолданылған. .

Көлемді үзінді келтіріп отырған А. Әлімханның, басқа да зерттеушілер (Е.Ә. Керімбаев, Б.М. Тілеубердиев, Ұ.Р. Ержанова т.б.) еңбектерінде аймақтық топонимдерде кездесетін ақ, қара, көк, сары, қызыл, қоңыр сөздердің семантикасына талдаулар жасалынған. Сол талдаулар нәтижесінде түр-түс компонетті топонимдер қазақ халқының рухани болмысын, жан-дүниесін көрсететін тілдік таңбалар ретінде қолданылатын лексикалық атаулар екені дәлелді түрде анықталып отыр.

Ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі болып табылатын салт-дәстүрлер қазақ бәйге ойындары Қазақстанның ұлан-байтақ жеріндегі кез келген өңірінде топонимдер құрамында өз көрінісін береді. Ұлттық ойынмен, рухани болмысымен астасып жатқан географиялық атауларға қатысты халықтың жадында көптеген аңыз-әңгімелер сақталып қалған. Сондай топонимиялық аңыздың бірін А. Әлімхан өз диссертациясында келтіреді: “Ертеде Көкжарлыдан тараған Тарлан деген бай Керей елімен құда болып, жазда қызын ұзатқанда жүйрік Қоңыр атын мінгізіп жіереді. Қыс өтіп жаз шыға Қоңыр ат қашып, үйіріне қосылады. Алыстан құдалары іздеп келгенде, Тарлан бай Қоңыр атты жаратып бәйгеге қостырады. Қаракөк деген жүйріктерін бәйгеге қосқан  ағайынды екі жігіт Қоңыр атқа қастандық жасамақ болып, орта жолдан тосып тұрып, Қоңыр атты талдың ішінде ұстап, шауып келе жатқан аттардың бәрін өткізіп жібереді. Аласұрған қоңыр ат, ұстап, жібермеген жігіттің тізесін қарш тістеп жұлып алады. Сонда екі жігіттің кішісі: “Әй, аға-ай, айтып едім болмадың. Тұлпар тістегеннің тұқымы құриды” деген сөз естіп едім бір қарттың аузынан. Осы қылығымыз бізге жақсы игі еді?!”-депті. Ыза кернеген қоңыр ат босана сала, төте жолмен шауып отырып, көшеден бірақ шығады. Ат тістеген жігіттің аяғы жазылмай, шіріп, жігіт сол жарадан өлген екен. Сол мекен Шірікаяқ атанып кетіпті. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Шірікаяқ деп аталатын елді мекен бар. Ал қоңыр ат шапқан төте жол – Шірікаяқтан Балақазға дейін созылып жатқан тақыр тау Қоңыр ат жолы аталған екен”.

Лингвомәдени танымдық ақпаратқа мол осындай топонимикалық аңыз-әңгімелер Қазақстанның барлық аймақтық-топонимиялық жүйелерде кездеседі. Осы және де басқа жоғарыда келтірілген жайттар ұлттық топонимия қазақ халқының рухани мәдениетінің сан-саналы қырлары мен көрінісі беретін, сол халықтың рухани мәдениетінің негізінде қалыптасқан ономастикалық жүйе екенін көрсетіп тұр.

Ұлттық мәдениеттің рухани және материалдық салалары мен түрлері топонимиялық атаулардың этномәдени негізінде қалыптасуына ұйытқы болған, сол себепті көптеген қазақ жер-су аттарының уәжділік тамырлары халықтың материалдық және рухани болмысында жатыр, қазақ тілінің топонимиялық жүйесі қазақ ұлтының тарихымен, мәдениетімен, тұрмыс- тіршілігімен, халықтық дүниетанымымен астасып, тығыз байланысты болып келеді. Географиялық атаулардың этномәдени сипатта қалыптасуына шешуші әсер еткен этнографиялық, географиялық және тарихи-әлеуметтік факторлар екені анықталып отыр. Қазақ топонимдерінің идиоэтникалық семантикасын белгілі бір этномәдени сипаты бар ақпараттардың жиынтығы мен көрінісі ретінде қарастыруға болады. Қазақ жер-су аттарының идиоэтникалық семантикасын құрайтын, қалыптастыратын және паш ететін ақпараттар қазақ халқының болмысына: мал шаруашылығына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, наным-сенімдеріне, материалдық мәдениетіне т.б. экстролингвистикалық факторларға қатысты туындаған және солармен байланысты болып келеді.

 

 

 

ІІІ . ТАРАУ.  ТҮР-ТҮСТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ  БЕЙРЕСМИ ЕСІМДЕРДІҢ ЭТНИКАСЫНА ҚАТЫСЫ.

Қазақ халқының жалпы адамзаттық құндылықтар қатарына кіретін асыл мұраларының бастысы ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ұлттық болмыс-бітімі мен тілі болып табылады. Антропонимика саласы жер бетіндегі ең күрделі жаратылыс – Адамды, оның есімін зерттей отырып, тұтас бір ұлттың ментальдық қасиетін анықтайды.

Бейресми есімдердің пайда болып қолданысқа түсуі көптеген экстралингвистикалық және тілдік факторлардың нәтижесі екені белгілі. Ал осы есімдердің жасалуы түрлі ассоциация, уәжге негізделген дайын тілдік бірліктерге тікелей қатысты. Лақап есімді қоршаған орта қойып, ал бүркеншік есімді субъектінің өзі таңдап алуына қарамастан, ортақ нысандар алынады. Тілдік тұлғаның қарапайым деңгейіндегі ұлт өкілінің өзіндік кеңістігін құраушы нысандар төмендегідей болады. Есімдердің бүркеншік есім, лақап ат сияқты бейресми түрлерінде біріншіден, ұлт атаулары көрініс береді. Бүркеншік есімдерде, әдетте, автордың өз ұлты аталса, лақап есімдердегі жағдай мүлде басқаша. Г.Ф.Саттаров мұндай лақап есімдерді үш топқа бөліп қарайды:

— аталушының шыққан тегі (нағашылары жағынан да) басқа ұлт болса;

— аталушы сыртқы түр-тұлғасы немесе мінез-құлқымен басқа ұлт өкілін еске түсіргендей жағдайда;

— аталушының басқа халық арасында ұзақ уақыт болуына байланысты [1].

Қазақ бейресми есімдеріне жасалған талдау екінші топтың жиі кездесетінін көрсетеді. Лақап есім қызметіндегі ұлт атаулары сол халыққа тән түр-түс, мінез ерекшеліктерінен хабардар етеді. Оны мынадай мысалдардан анық байқауға болады. Неміс халқының басқа халықтардан басты ерекшелігі — дәлме-дәлдігі, яғни, уақытынан кешіктірмей, белгіленген мерзімінде, келіскен уақытында іске асыруы. Осы уәж «Неміс» /Жақып/ лақап есіміне негіз болып, жинақылық, тазалық сияқты ұғымдарды қоса қамтып тұр.«Кәріс» /Сәрсенбай/, «Якут» /Жанат/, «Япончик» /Дүйсен/ лақап есімдері сыртқы түр-тұлға ұқсастығына байланысты қойылса, «Өзбек» /Жұматай/ сауда-саттыққа жақын, аздаған қулығы бар адамға берілген.

Діні мен тілі бөлек көршілес орыс халқы — бетің бар жүзің бар демей, ойындағысын ашық айтатын тік мінезімен ерекшеленеді. Ел ішінде қазақ пен орысты бір-біріне қарсы қойған лақап есімдер жиі кездеседі. Орыс Раушан мен Қазақ Раушан, «Орыс келін» мен «Қазақ келін» — осының айғағы. Екі жағдайда да «Қазақ» — мінезі созымды, туған-туыс пен ата-енесіне жайлы, салт-санадан хабары бар, қысқасы, өз ұлтының бар ерекшелігін бойына жинаған адам. Осы мінез айырмашылықтары жазушы С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» повесінде де көрініс табады: «… Ауыл ішінде оны «Шопыр Оспан, Орыс Оспан» деп атайды. Оның себебі бар. Біріншіден, сол колхозда үш Оспан бар. Үшеуін бір-бірінен ажырту үшін олардың мінез-құлқына, қызметіне қарай жеке-жеке ат қойып алған. Колхоз ұйымдасқалы бригадир, полевод болып, екі аяғы салақтап үнемі ат үстінен түспей шапқылап жүретін ұзынтұра, қаз мойын Оспанды жұрт «Кеңірдек Оспан» дейді. Кеңірдек десе, кеңірдек. Мойнының рабайсыз ұзындығын былай қойғанда, қашан көрсең жұмыстағы адамдармен керісіп, қызылкеңірдек болып жатқаны. Екінші Оспан – маңайдағы колхоздардың тері-терсек, жүн-жұрқасын жинайтын агент. Сондықтан да оны «Әгінт Оспан» дейді. Ал, мына Оспанның жөні бір бөлек. <…>«Орыс Оспан» дейтіні мінезіне қарай қойылған болуы керек. Көңіліне жақпаған нәрсесін бетің бар, жүзің бар демей, жарып салатын тік мінез. Ел арасындағы қысыр әңгіме, қақ-соқта жұмысы жоқ. Өз жұмысын біліп, шаруасын тындырып жүре беретін еңбекшіл бір жан (15-бет). Үш Оспанның мінез, түр-тұлға, айналысатын ісі сияқты үш түрлі белгінің ажыратқыш ретінде тұрғанын көреміз.

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романында Есенейге серік болған екі Мүсірептің бірінің «аңшы», екіншісінің «түрікпен» аталатыны белгілі. Екінші Мүсірептің аталуының себебін жазушы былай түсіндіреді: «Бұлардың арғы аталары жаугершілік заманда қолға түскен бір түрікпен қызына үйленіпті. Өзі батыр кісі екен. Ерте өліпті. Содан қалған жетімді ел «түрікпен» деп кетіпті» (117-бет). Яғни, кейіпкердің арғы тегінің лақап есімнің тууына негіз болғанын көреміз.

Еліміздің тәуелсіздік алуымен Қытай мен Монғолиядан, Өзбекстаннан тарихи отандарына көшіп келіп жатқан оралман қандастарымызды халық арасында «Қытай», «Монғол», «Өзбек» есімдерімен атау дәстүрге айналса, «Қырғыз» /Руслан/, «Қалмақ» /Қайырбек/, «Қожа» /Қайрат/, «Араб» /Есенәлі/ лақап есімдері мен «Қырғыз» /Ишанғали Арабаев/ бүркеншік есімі сол адамдардың ата-бабалары кезінде қазақ ішіне сіңіскен ұлттардың ұрпақтары дегенге мегзейді.

Түр-түс атаулары есімдердің бейресми түрлерін жасауға белсене қатысады. Адам табиғатының жақсы мен жаманды, дос пен қасты, адал мен арамды ақ пен қараға теңейтіні белгілі. «Ақкөңіл», «ақжүрек», «ақ-адал», «қаражүрек» (тасжүрек), «қаратас» ұғымдары ұлттық тіл мен ділден хабардар әр адамға таныс. Бір-біріне үнемі қарсы тұратын осы ақ пен қара ғана емес, басқа да түр-түс атаулары бейресми кісі есімдерінен орын алып, өздеріне белгілі бір шамада мағыналық, эмоционалдық жүк артып, өз бойларына күшті ұлттық әлеуетті шоғырландырған жоғары ассоциациялық семиотикалық белгілер болып табылады: «Аппақ», «Ақ Әлима», «Ақкемпір», «Сары», «Қоңыр», «Тасқара», «Шикіл» т.б. Қаныш Сәтбаевтың анасы Әлиманы ауылдастары аппақ өңі, ақжарқын мінезі, ұтқыр әзіл-қалжыңы мен ерекше тазалығы үшін Ақ Әлима атап кетеді [2]. «Ақ», «Аппақ» есімдерін иеленушілердің сыртқы сұлулық пен жан дүниесі жарасымдылық тапқан, көңілінің ақтығы мен ниетінің тазалығы ұштасқан, жан-жақтарына жарық сәуле тарататын шапағат иелері екендіктері талассыз. Дүниедегі бар жақсылықтың «ақ»-тан басталатыны, «ақ» жүрген жерде адалдық пен әділдік, тазалық пен пәктік жүретіні анық.

Түр-түс уәж болған, танымның жоғары сатысында тұрған тағы бір есім – «Қоңыр». Бір қызығы, осы есім кісінің төл есімінде де, бейресми — лақап, бүркеншік есімдерінде де көрініс береді. «Қоңыр» – ұлы жазушы М.Әуезовтің бүркеншік есімі. Халқымыздың момын, жуастықты қойға телитіні, сол себепті де моп-момақан, монтиып қана отыратын қарадомалақ баласын жақсы көргенде «қоңыр қозым» деп айналып-толғанатыны шындық. Кезінде бала Мұхтардың да осындай ықылас-мейірімге бөленуінен «Қоңыр» лақап есіміне ие болып, санасына сіңген әрі табиғатына жақын осы есімді кейін бүркеншік есім еткені белгілі: «Атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің бауырында өскен қалың ерінді, аялы үлкен көзді Мұхтарды осы ауыл түгелімен «Қоңыр қозы» дейді. Мінезі салмақты, ойынға онша құмар емес, үнемі көз алдындағы көрініске таңданып, монтиып отыратын немересін қариялар еркелетіп солай атайтын» (Т.Жұртбаев). Өйткені, бүркеншік есімді алушы автор өзіне бұрыннан таныс, өз кеңістігіне енетін атауларды (ру, ата-тегі, туған, оқыған жері, мамандығы, айналысатын ісі, туыс-туғанының аты т.б.) алатыны белгілі. Екіншіден, табиғатынан салқынқанды, сабырлы кісінің не мәселе болсын асықпай ой таразысына салып, жан-жақты зерделемей шешімге келмейтін орнықты, сыпайы мінезі жарқыраған ақты да емес, тұнжыраған қараны емес, ұлттық таным-түсініктен берік орын алған «қоңыр кеш», «қоңыр дауыс» сияқты қоңырды таңдағаны деп білеміз.

Сол сияқты Қоңыр есімді жас келіншектің төл есімін, «Майдақоңыр» /Сапарғали/, «Балқоңыр» /Меруерт/, «Қоңырша» /Зәуреш/ лақап есімдерді кездестіруге болады. Бір ерекшелігі, есімнің қай түріне жатпасын, есіміне қоңыр анықтауышы тіркескен адамның бәрі жайлы мінезімен («Майдақоңыр», «Қоңырша) және тілінің майдалығымен («Балқоңыр») ерекшеленеді, содан кейін барып, қараторы өңі туралы атауға болады. ҚТТС-де берілген «Қоңыр: 1. Қоңырқай, сұрғылт (түс), 2. Ауысп. (дауыс туралы) қоңыр үн, жұмсақ, майда дауыс, 3. Ауысп. (мінез жайлы) тыныш, біртоға, жайлы, 4. Ауысп. (ауа-райы туралы) салқын, қара суық, қоңыр күз т.б. алғашқы үш мағынаның да бейресми есімдерден көрініс тапқанын көріп отырмыз. Жоғарыдағы үш жағдайда да уәждеме құбылысының ең негізгі ұстанымы – сөздің /атаудың/ сыртқы тұлғасы мен мағынасының бірлікке ұмтылуы, сол арқылы уәжділіктің пайда болуы көрінеді. «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» мақаласында Абай қазақтың қоңыр қазақ аталуын «біраз момындықпен тұрған кезі болса керек» деп санайды. Сол сияқты ұлттық ән өнерінің атақты жұлдызы «Қоңыр» тобының атауының да, Арқа күйлерінің шебер орындаушысы, дәулескер күйші Ф.Тұтқабековтың күй кешінің «Қоңыр» аталуы да осы мақсаттан туғаны анық.

Аты ескі замандардан таныс қыпшақ тайпасына қатысты есімдер көбіне сары түспен байланыстырыла айтылады. Ғалымдардың деректері мұны былай түсіндіреді: «Қыпшақты баяғы Орхон жазбаларында «сір» (бәлкім, сары) деп те атағаны еске түсетіні бар. Бірсыпыра ғалымдар (Аристов, Грум-Гржимайло, Гумилев т.б.) қыпшақтар әу баста сары басты, көк көзді болуы мүмкін дегенді айтады. А.Харузин башқұрт қыпшақтарының жартысына жуығы сары, жирен түсті екенін жазса, К.Шаниязов өзбек қыпшақтарының арасында да сары түстілер мол ұшырасатынын тілге тиек етеді. Ал Монғол жорығының екпінінен Мажарстанға (Венгрияға) ығысқан қыпшақтардың сары шашты, көк көзді болғаны (олар әлі де солай) талайдан айтылып келеді. …Демек, қыпшақтарды маңайдағы басқа халықтардың сары жұрт ретінде танығаны, соған байланысты оның «сары» деген анықтауышпен аталуы әбден мүмкін («Қазақ шежіресі»). «Байырғы қыпшақтар үшке емес, төртке бөлінген. Олар: ақ қыпшақтар, қара қыпшақтар, қызыл қыпшақтар, көк қыпшақтар болып жіктеледі. Ал осылардың негізгі ұйтқысы (орталық ядросы) сарылар, яғни, сары қыпшақтар деп аталған. Былайша айтқанда, әлгі төрт қыпшақ осы сарыдан бөлінеді. Осылайша бөліну ол кезде тек қыпшақтарға ғана емес, Алтай мен Оңтүстік Сібірді мекендеген тайпалардың бәріне бірдей ортақ болған. Сонда олар солтүстікті – қара, оңтүстікті – қызыл (қырғыздар), шығысты – көк, батысты – ақ (половец), орталықты – сары түспен атаған. Көне қыпшақтардың түске бөлінуінде де, міне, осы заңдылық сақталған тәрізді» [4].

Бүркеншік есімдерден де түс атауларын кездестіруге болады. Олар, негізінен, екі түске байланысты алынған: «Қараша бала», «Қара бала» /Б.Майлин/, «Қараторы жігіт», «Қараторы» /Ә.Ғалымов/ және «Қызыл найза» /І.Жансүгіров/, «Қызылбас», «Қып-қызыл» /Жүсіпбек Аймауытов/ т.б. Соңғы есімдер Кеңес өкіметінің орнауымен кең қолданысқа түскен «қызыл» түсіне байланысты алынса, қара, қараторы, қараша түстері ұлттық ерекшелік, сын-сипатқа байланысты деп ойлаймыз. Сөз – өткір найзаға теңеліп, ал ол найзаның өзі басқаның емес, кеңестік адам сөзі, жан-жақтың бәрі қызыл, тіпті қып-қызыл, одан басқа ештеңе жоқ деген жеңіл ирония да байқалғандай.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келгенде, атау, ат қоюдың сөздік қордағы дайын тілдік бірліктерді өз орнымен, белгілі мақсатта қолданысқа түсіретін, бойында талғампаздық пен шеберлікті ұштастыратын күрделі үдеріс екендігін көреміз. Ұқсату, салыстыру арқылы екі нысанның арасындағы ортақ белгіні тани білу есім берушінің жеке таңдауы сияқты көрінгенімен, оның түп-тамырының ұлттық менталитетпен тығыз байланыста жатқанын аңғару қиын емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

               Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.

Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді.

Түр-түс әлеміне қатысты тілдегі атаулар мен олардан туындаған жай және тұрақты (фразеологизм, салыстырмалы тіркес, жұмбақ, мақал–мәтел) тіркестерінің баршасының табиғатына терең үңіліп, бір зерттеудің ауқымында тәптіштеп қарастырып шығу әрине, мүмкін емес. Сондықтан да біз «түр-түс әлеміне» байланысты зерттеу нысанымызды тек «ақ» және «қара» түстерге ғана бөліп алып, осы екеуін бағыштап, танымдық табиғатын мүмкіндігінше кең де терең, әрі жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.

Тақырыпты осылай анықтап, зерттеу мақсатымызды нақты осы мәселеге арнауымыздың себебі мыналар: біріншіден әр түрлі түстері жалпы түр-түс жүйесіндегі, жалпы таным жүйесіндегі (ұлттық ұғым-түсінік бойынша) ең негізгілері, олар қүрылымы тұрғысынан түр-түс гаммасын екіге бөліп тұратын қарама-қарсы (конрастивті) түстер. Екіншіден, осы екі түске қатысты табиғиқоғамдық ортада түр-түс әлемі атауларының тілдік және тілден тыс атқарылатын қызметін, қолданысын, оларға қатысты нысандардың түрін, ерекшеліктерін түгел аңғаруға болады. Үшіншіден, зерттеу объектісіне байланысты әр түр-түс атаулары атаулары бойынша мол жинақталған материал теориялық ой-пікірімізді кеңірек айтуға мүмкіндік береді. Қазақ тіл біліміндегі «түр-түс әлемі» зерттеуге қатысты , кейін толықтырылып басылған Ә.Қайдар т.б. авторлардың еңбектерінің орны ерекше. Бұл тақырыптың негізгі мәселелері де осы еңбектерде қарастырылған. Алайда, ұлттық болмыс және ұлттық таным тығыз байланысты. Бұл күрделі де кешенді құбылыстың түйінді бір – мәселесі. Осы екі атауды бөліп алып,арнайы зерттеуді қажет етеді. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі тур-түс атауларын тек тілдік тұрғындан ғана емес, этнолингвистикалық тұрғыдан да қарастыруға, «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, ана тілі ұлттық болмысымызды тануға байланысты өзекті мәселеге жатады.

      Мұқағали  өлеңдері – ұлттық  поэзияның  жаңа  бір  белеске көтерілгендігін, жаппай  евроцентристік  ағымға  ойысқан  заманда   қазақтың  қара  өлеңінің шынайы  қасиеттерінің  қадірі  артып,  бұрынғыдан  да  толысып, кемелдене  түскендігінің  куәсі. Ол  қазақ  өлеңінің ұлттық  бояуы  мен  рухын  ұстанды,  оны  түрлендіре  байытты,  сөйтіп  қалың  қазақ  оқырмандарының   жүрегіне  жол  ашты. Сонымен  қатар  ақын  қазақ  лирикасын ХХ ғасыр   әдебиетінің  озық  үлгілерімен  құнарландырды. Білікті, парасатты   ақын  ретінде  өз  заманының  ірі  мәселелеріне  қалам  толғаса  да,  соның   өзінде  қазақ  өлеңі  мен  ана  тілінің    ғасырлар  қойнауынан  нәр  жинаған  аталы  дәстүрін  бұзбай  жарасымды  табиғи  дамытты. Ол  бірде  қоғамның  керенаулығын  бетіне  басқан  қатал  сыншы, енді  бірде бала  мінезді  кіршіксіз  таза,  аңқылдаған  аңғал  жан. Сөйтіп  жыр  әлемінде  өз  ойын, өз  шындығын,  жүйелі  көркем  тілде  ақындық  биік  тұрғыдан тұтас  шеберлікпен       жырлай  білген. Мұқағали сыршыл  ыстық  лирикасымен өз  оқушыларының  жүрегіне    жол  тапты, оларды  жақсы  жырдың ләззатына  қандырып,  өзінің  менімен  адамзатқа  ортақ  ақиқатты жырлап, қалың  оқырманның   жан  жүрегін   баурады. Сондықтан да біз «түр-түс әлеміне» байланысты зерттеу нысанымызды  М.Мақатаев өлеңдеріндегі  «қара» түсінің қолданысын  ғана бөліп алып, танымдық табиғатын мүмкіндігінше кең де терең, әрі жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.

         Мұқағали Мақатаев лирикасының лексикалық қат-қабаттары әр алуан болып келеді. Көп мағыналы сөздер, синоним, антонимдер өте шебер қолданылып, өлеңнің көркемдігін арттырып, стильдік бояуын айқындай түседі.

Мәтін ішінде қара сөзін құбылтып, түрлендіре отырып, бір ойды әр басқа мағынамен беріп, сырлы да сиқырлы сөздер тізбегін тізіп, қазақтың қара өлеңінің құдіретін биіктете түседі. Жоғарыда келтірілген өлең шумақтарында қара сөзін үш-төрт реттен қолданған тұстары да бар. Ойды өрбіту негізінде үстемелеп, одан сайын асырмалатып суреттеу басым. Біздің байқағанымыз: дәуір шындығын, адам өмірін бейнелеуде «қара» сөзінің салмағы өте күшті, әрбір жұмыр басты пенденің басындағы іс-әрекеттерді дәл, нақты үйлестіріп жазған.

Ілгеріде айтқанымыздай «қара» сөзін еркін құбылтып пайдалану нәтижесінде ақынның творчестволық потенциалы да арта түседі. Бұл сөз- тек Мұқағалида ғана емес, классик Абайдан бастап Мағжан, Сәкен,Қасым,Төлеген және бүгінгі ақындарымыздың қолданысында жүрген мағыналы бейнелі сөз. Осылайша, біз суреткер тілінен дәстүр жалғастығын айқын көреміз.

Қазақстанның кез келген аймақтық топонимиялық жүйесіндегі географиялық атауларда ақ, қара, қызыл, көк, сары, ала, қоңыр, боз т.б. түрлерін кездестіруге болады. Қазақ тілінде болса, түр-түс атауларының жалпы саны 70 — тен асып жығылады. Олардың 30-ы негізгілері де, 40-тан астамы туынды түрлеріне жатады. Зерттеушілер А. Әлімхан, Е.Ә. Керімбаев,       Б.М. Тілеубердиев, Ұ.Р. Ержанова т.б. еңбектерінде аймақтық топонимдерде кездесетін ақ, қара, көк, сары, қызыл, қоңыр сөздердің семантикасына талдаулар жасалынған. Сол талдаулар нәтижесінде түр-түс компонетті топонимдер қазақ халқының рухани болмысын, жан-дүниесін көрсететін тілдік таңбалар ретінде қолданылатын лексикалық атаулар екені дәлелді түрде анықталып отыр.  А.Әлімханның байқауынша, мысалы ақ компонентті топонимдер Қазақстанның кез келген өңірінде сияқты Жамбыл облысындағы, Жуалы ауданының аймағында да жиі кезедеседі: Ақбастау, Ақсай, Ақтасты т.т. диплом жұмысында толығымен талданды.

Көлемді үзінді келтіріп отырған А. Әлімханның, басқа да зерттеушілер (Е.Ә. Керімбаев, Б.М. Тілеубердиев, Ұ.Р. Ержанова т.б.) еңбектерінде аймақтық топонимдерде кездесетін ақ, қара, көк, сары, қызыл, қоңыр сөздердің семантикасына талдаулар жасалынған. Сол талдаулар нәтижесінде түр-түс компонетті топонимдер қазақ халқының рухани болмысын, жан-дүниесін көрсететін тілдік таңбалар ретінде қолданылатын лексикалық атаулар екені дәлелді түрде анықталып отыр.

Шығыс Қазақстан топонимдерін зерттеген А. Әлімхан қара сөзінің қатысуымен жасалған топонимдердің төмендегідей мәндерге қолданылғаны жөнінде былай дейді: “Қарасу, Қарабұлақ, Қарагем атауларындағы қара – “жерден шығатын сулар” ұғымын берсе, Қаракөл, Қаражер, Қараүңгір “үлкен” мәнінде қолданыс тапқан. Ал, Қаратоғай, Қаратал көптікті, молдықты танытса, Қарақия, Қарашоқы, Қаракемер “биік” ұғымын көрсетіп тұр. Сондай-ақ қара сөзі тура мағынада қолданыс тапқан топонимдер ретінде Қарақойтас, Қарақойын, Қарасаздарды атай аламыз. Топонимдер құрамындағы қара сөзі осы аталған мағыналардан басқа “қара орын”, “қара шаңырақ” тіркестеріндегідей “ежелгі”, “ескі” мәнінде де жұмсалады деп ойлаймыз. Мысалы: Қаражайлау, Қарақоныс, Қараөткел т.т. зерттеу нысанымыз болып отырған аймақта Қараертіс қара жерден бастау алатын өзен емес, ол басын таудан, тау мұздықтарынан алады. Екіншіден, халық арасында “Қара Ертіспен” қатар “Ақ Ертіс” тіркесі де қолданылады. Ал тілімізде ақтың – “бай”, “төре” екені белгілі. Ендеше, Қара Ертістің құрамындағы қара “жұпыны”, “кіші” ұғымында қолданылған сияқты. Сонымен, ойымызды түйіндей келе, Шығыс Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі топонимдер құрамында кездесетін қара компонентті атаулар мынандай мәндерге қолданылған деп таптық: 1) түстік мәнде; 2) “үлкен” мағынасында; 3) “қалың”, “ну”, “көп” ұғымында; 4) “ежелгі”, “ескі” мәнінде; 5) “биік” ұғымында; 6) “жер асты суынан бастау алатын өзен” мағынасында; 7) “кіші”, “жұпыны” мәнінде” қолданылған. .

Түр-түс атаулары есімдердің бейресми түрлерін жасауға белсене қатысады. Адам табиғатының жақсы мен жаманды, дос пен қасты, адал мен арамды ақ пен қараға теңейтіні белгілі. «Ақкөңіл», «ақжүрек», «ақ-адал», «қаражүрек» (тасжүрек), «қаратас» ұғымдары ұлттық тіл мен ділден хабардар әр адамға таныс. Бір-біріне үнемі қарсы тұратын осы ақ пен қара ғана емес, басқа да түр-түс атаулары бейресми кісі есімдерінен орын алып, өздеріне белгілі бір шамада мағыналық, эмоционалдық жүк артып, өз бойларына күшті ұлттық әлеуетті шоғырландырған жоғары ассоциациялық семиотикалық белгілер болып табылады: «Аппақ», «Ақ Әлима», «Ақкемпір», «Сары», «Қоңыр», «Тасқара», «Шикіл» т.б. Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келгенде, атау, ат қоюдың сөздік қордағы дайын тілдік бірліктерді өз орнымен, белгілі мақсатта қолданысқа түсіретін, бойында талғампаздық пен шеберлікті ұштастыратын күрделі үдеріс екендігін көреміз. Ұқсату, салыстыру арқылы екі нысанның арасындағы ортақ белгіні тани білу есім берушінің жеке таңдауы сияқты көрінгенімен, оның түп-тамырының ұлттық менталитетпен тығыз байланыста жатқанын аңғару қиын емес.  Түр-түсті білдіретін символдар жүйесі қандай да болмасын ұлттың дәстүрлі дүниетанымын құрайды да сипаттайды.

Академик Ә. Қайдардың айтуынша, «түр-түс атаулары тамыры алыста жатқан, халықтың ұзақ өмірімен астарласа келіп, эстетикалық талғам-танымымен, ұлттық психологиясымен, салт-сана, әдет-ғұрпымен ұласатын қоғамдық, филологиялық, эинолингвистикалық мәні зор мәселелер қатарына жатады» [1.23].

Сонымен ақ пен  қара түстерінің қазақ халқында қолданатын ерекшеліктерінде тоқталдық. Ақ түсінің бейбітшілік мағынасында, тазалықтың, сұлулықтың, үлкендіктің, қасеттіліктің, қуаныштың белгісі ретінде қолдану, қазақ халқының ұлттық танымын көрсетеді. «Жылан кірсе кірсе, ақ құй» дейді халқымыз. Бұл қазақ халқының ақты соншалықты қадірлеп, қолданатынын көрсетеді. Ақ түстің тура және ауыспалы мағынада қолданылатынын жоғарыда айтып өттік. Қара  түсінің де салт-дәстүрде алатын орны бар. Бұл аққа қарама-қарсы айтылады. Біздің қазақта бұл түсті жамандықтың белгісі ретінде таниды.  Расында да сондай-ақ. Мәселен; адам дүниеден өткенде осы белгі арқылы біледі. Әйткенменде екуінің бірге жүруі заңды. Қорытындылай келгенде, бұл ғылыми жұмыста көрсетілгендей, «ақ» пен «қара» түстері қазақ халқының салт-дәстүрінде, күнделікті өмір тіршілігінде, жиі қолданылады.

 Нақтылап айтқанда, бүгінгі таңда халықаралық қарым -қатынастардың жанданып, рухани, мәдени және  экономикалық байланыстардың дами түскен кезеңінде жалпы сөз байлығымен қатар түр-түс атаулары әлемін де жан-жақты терең білудің практикалық мәні зор. Өйткені бұл құбылыс қазақ тілінің байырғы, әрі көне лексикалық қорына жатады. Олардың бәрін басқа (орыс, ағылшын, неміс т.б.) тілдеріне бірден оп-оңай аудара салуға келмейді. Жұмыста негізінен сипаттама, семантикалық талдау, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды. Түр-түс атауларының туынды, ауыспалы, рәміздік, кәделі мағыналарының пайда болу уәждерін айқындау мақсатында бұл атаулар ретроспективті бағытта талданып, этнолингвистикалық ізденістер жүргізілді. Сонымен қатар жұмыста салыстырмалы және  статистикалық әдістер де пайдаланылады.

Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.

Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қайдаров Ә., Ахтамбердиева З., Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. – Алматы: Ана тілі, 1992.

2.Қоқыров   Т.   Қазақ  теңеулері.  —  Алматы:
Мектеп, 1978. — 192-6.

  1. 3. Қайдаров Ә., Оразов М. Түкітануға кіріспе. —
    Алматы:   — 248-6.

4.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, І том А., 1959

  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, ІІ том А., 1961

6.Құрышжанов А.К. Исследование по лексике «Тюркско-арабского словаря» А., 1970

7.Наджип.Э.Н. Архаизмы  в  лексике  ,,Гулстана” Сейфа  Сараи.- Краткое  сообщения  Института  народов  Азии.  Монголоведение  и  тюркология.  № 83, М.,  1964.

  1. ХҮІІІ-ХІХ ғ. қазақ ақындарының шығармалары. Алматы, 1962.

9.Радлов. В. В. Опыт  словаря  тюркских наречий. т. І, СПб., 1905.

10.Қазақ  тілінің   этимологиялық  сөздігі. Алматы, 1966.

 

  1. Әлімхан Ә. Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймағы топонимдерінің тілдік және этномәдени негіздері: филол. ғыл. канд. дисс.: 10.02.02. – Алматы, 2001. – 129 б.
  2. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. – Алматы, 1985. – 256 б.

13 .Керімбаев Е. Атаулар сыры. – Алматы: Қазақстан, 1984.

14.Телқожа Жанұзақ, Қыздархан Рысберген. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы. – Алматы: Азия, 2004. – 192 б.

15.Ержанова Ұ.Р. Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты: филол. ғыл. канд. авторефер.: 10.02.06 – Алматы, 1998. – 24 б.

  1. Н. Ә. Назарбаев “ Мәдени мұра“ бағдарламасы, Егемен Қазақстан 2003 ж, 29-қараша
  2. Сырғабаева Р. Жамбыл облысының топонимикалық атауларының анықтамалығы.- Тараз, 2007ж

18.Телғожа Жанұзақ „Қазақ онамастикасы“ І том, Алматы, 2006.

19.Ахмет М. Жері, суы дуалы-Жуалы. Алматы: Тоғанай ,1998.

20.Жамбыл облысының энциклопедиясы. Алматы 2003.

21.Байдалиев Д.Д. Жуалы өлкесінің ежелгі тарихы. Тараз,2007

  1. М.Мырзахметов „Қазақ топонимдері мен антропонимдері“, Қазақстан тарихы. №1 2004 ж. 104б.

23.Қайдаров Ә., Ахтабердиева 3.,Өмірбеков Б. Сырға толы түр мен түс . Алматы,1986.966.ж.

24..Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы Ғ. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы». Алматы. Санат. 1999

25.Сыздық Р. «Сөздер сөйлейді».   Алматы 1998ж.

26.. Сыздық Р.»Сөз құдіреті»   Алматы 2002ж.

27.. Мұқағали Мақатаев «Өлеңдер жинағы». Алматы 2007 ж.

  1. Алпысбаев Қ. Мұқағали өрнегі. Алматы, қазақ университеті, 2001ж.
  2. Өтейұлы Ж. М.Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі,2007ж.
  3. Белов А.И. Цветовые этноэйдемы как объект этнопсихолингвистики // Этнопсихолингвистика. М., 1988, С. 49-577

31.Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998, 8-29 бб.

 

Резюме

Дипломная работа посвящена проблеме цветообозначения вообше к изучению этнолингвистической природы одного из характерных его разновидностей — терминов обозначения белого («ақ») и черного («қара») цветов в казахском языке, в часности «мир цветов» и его языковое выражение всегда находились в центре внимания лингвистов, либо они представляют собой наиболее колоритную и эмоциональнанасыщенную часть лексического стоя национальных языков.

Актуальность исследуемый нами проблемы — «этнолингвистическая характеристика цветообозначений в казахском языке» — прежде всего объясняется отсуствием специального ее исследования в казахской лингвистике (хотя общие вопросы рассматривались в отдельных трудах) и, во — вторых, сложностью их языковой и этнолингвитической природы, которая в общей макросистеме цветообозначений образует своеобразную микросистему.

Цветообозначения «ак» («белы») и «қара» («черный») в структуре контрастивного употребления. Это относится к числу весьма интересних явлений и образного мышления.

Во второй главе дипломной, посвященная этнолингвистической характеристике указанных цветообозначений, преследует цель показать их как исконное явление языка, топонимическая семантика цветов впервые стали обьеком филологического анализа.