АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

 

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

Шығыстану факультеті

Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар

 

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

I. ТАРАУ

  • Түрік және қазақ тіліндеріндегі шылаулар және олардың ерекшеліктері
  • Шылаулардың түрлері

 

II. ТАРАУ

2.1. Түрік тілі мен қазақ тіліндегі септеулік шылаулар, олардың жасалуы жағынан түрлері және қолданылуы

2.1.1 Қазақ тіліндегі демеуліктер

2.2. Түрік тілі мен қазақ тіліндегі жалғаулық шылаулар, олардың жасалуы жағынан түрлері және қолданылуы

2.3. Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар  арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

 

Қазақ тілінің грамматикасындағы ең күрделі мәселелерінің бірі – көмекші сөздер. Көмекші сөздердің дербес мағынасы бар сөз таптарына  қарағанда мағынасы жағынан да, сөйлем мүшесі болу, сөз тіркесі сыңары болу жағынан да үлкен айырмашылығы бар екені белгілі. Олар қолдануда дара қолданылмай, тек дербес мағынасы бар сөз таптарымен түйдекті тіркес құрау ыңғайында қаралатыны белгілі. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, А. Ысқақов, Т. Қордабаев, Р. Әміров,  В. А. Исенғалиева, Ф. Кенжебекова, Қ. Қадашева, т.б.  ғалымдарымыз көмекші сөздердің негізгі мәні, шығу тарихы, түйдекті тіркес құрауы, кейде олардың синтаксисіне аздап болса да назар аудара бастағанын көруге болады. Көмекші сөздердің бірі – шылаулар. Шылау ішкі мазмұндары жағынан да, ішкі формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола кол үзіп, әрі осы аталған үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айрылып, өз алдына категория болып қалыптасқан  және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет етеді. Шылау сөздер есімдерге де, етістерге де  жақындаспай, өз алдына оқшауланып, жеке топ болып отырады.

Шылау сөздердің де бастапқы лексикалық мағыналары солғындап, өздеріне тән әуелгі дербестіктерінен айрылып көмекші сөздер қатарына көшуіне, сайып келгенде, оларды практикалық тілде аса жиі қолданылуы арқасында туған грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен.

Бұл жағын дұрыс аңғарған А. К. Федоров: “Выражение предикативных атрибутивных и обстоятельственных синтаксических отношений есть синтаксические функции………..союзов”,  деп, олардың тек сөйлемде ғана емес сөз тіркесінде де, сөйлем мүшесінде де қатысын барлығын  көрсетеді.

Шылаулар – сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің  ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылауларда аз да болса, лексикалық мағынаның нышанасы болады, ал шылаулардың бойындағы  қалыптасқан негізгі қасиеті – грамматикалық мағыналар. Өйткені шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым болады. Сол мағыналары олардың өзі үшін емес, өзіне тән формалары арқылы өзіндік грамматикалық мағыналарын толық қамти алмайтын атаушы сөздерге жәрдемші дәнекер есебінде жұмсалады. Сондықтан да шылаулар өз алдына жеке-дара қолданылмай, тиісті сөз тіркестерінің белгілі бір компоненті ретінде атаушы сөздердің жетегінде қолданылады.

Шылаулар туралы зерттеулерді қорытындылау барысында  мынаны аңғаруға болады. Біріншіден, шылаулар жеке сөз табы ретінде қаралмайды, сонда шылауларды қосымшалармен барабар деп білетін ғалымдар бар екені белгілі. Шынында қосымша және шылау екеуін ішкі ерекшеліктері жағынан  да және қолданылуы жағынан да бір деп  айтуға келмесе керек. [36.10]

Түрік тілінде шылаулардың қалыптасуы, түрлері,  сөйлемдегі қызметі де жеке  қарастырылуды талап ететін мәселелердің бірі. Осы себептен түрік тілінде қолданылып отырған  шылауларды белгілеу үшін осындай зерттеу жасалды.

Осы зерттеу жұмысында түрік тіліндегі шылауларды ғана емес, сонымен бірге қазақ тіліндегі шылауларды ды да қарастырамыз.

Зерттеу өзектілігі: Түрік және қазақ тілдері арасындағы шылаулардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау бұл зерттеу жұмысының өзекті мәселесі болып табылады.

Зерттеудің теория және практикалық мәні: Диплом жұмысы ұсынған тұжырымдар мен қорытындылады мектептер мен лицейлерде өтілетін практикалық дәрістерде қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу жасаудың басты мақсаты: қазақ және түрік тілдеріндегі шылаулар, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары; екі тілдегі  шылау түрлері және олардың ерекшеліктерін салыстыра келіп дұрыс бір пікір беру. 

Зерттеу жұмысында қолданылатын әдістер:

  1. салыстырмалы әдісі, себебі екі тіл арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын салыстыра келіп анықтаймыз.
  2. анықтама беру
  3. түсінік беру
  4. жүйелеу әдісі
  5. мысалдар беру

Шылау сөздер өздері тіркескен негізгі (атаушы) сөздердің мағыналарын я толықтырып, я анықтап, оларға әр қилы реңктер жамап, айқындай түсіп отырады. Ал шылау сөздердің  тиісті тіркестерде айкындалатын осындай қосымша мағыналары олардың нақтылы лексика-грамматикалық мағыналары болып есептеледі.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом кіріспе, бірінші тарау, екінші тарау және қорытындыдан құралған. Бірінші тарауға Түрік  және қазақ тіліндеріндегі шылаулар және олардың ерекшеліктері, шылаулардың түрлері атты бөлімдер жатады. Ал екінші тарауға “түрік тілі мен қазақ тіліндегі септеулік шылаулар, олардың жасалуы жағынан түрлері және қолданылуы”,  “қазақ тіліндегі демеуліктер”, “түрік тілі мен қазақ тіліндегі жалғаулық шылаулар, олардың жасалуы жағынан түрлері және қолданылуы”, “түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар  арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары” атты бөлімдер жатады.

Енді Қазақ және Түрік тілдеріндегі шылаулар және олардың ерекшеліктеріне тоқталайық.

 

 

 

  1. ТАРАУ

1.1. Түрік және қазақ тіліндегі шылаулар және олардың ерекшеліктері

 

Сөз таптарының өзіндік айырмашылықтары, ортақ белгілері, сатылы байланыстары мен даму жүйесі  бар. Тілдегі осындай сөз таптарының бірі – шылаулыр. Шылаулар сөз табы атауыш сөздерден кейін қалыптасқан деген пікірдің бары шындық. Бірақ бұл жалпы тілдерге ортақ пікір ме, ол жағы әлі зерттеуді қажет етеді.

Қазақ және түрік тіл білімімен айналысатын ғалымдардың зерттеулерін ашық қарастырған болсақ, әрбір тіл маманы шылаулар және олардың түрлері туралы  өзіндік пікірлер берген. Түрік тілінің шылаулары туралы  Tahsim Bangıoğlu  “yardımcı kavramlara karşılık oldukları ve ancak sözün unsurları arasında ilişkiler kurmaya yaradıkları için katma kelimeler ve kelimecikler ”, Muharrem Ergin “anlamları olmayan, sadece gramer görevleri bulunan kelimeler”, А. Н. Кононов “семантикалық белгілеріне көңіл бөлсек, мағынасы жоқ сөз бөлшектері”, Oya Adalı “görevsel, özgür, öncül biçim birimleridir”, деген анықтама береді.

Біз түрік және қазақ тілдеріндігі шылаулар үшін бірдей анықтама бере аламыз. Себебі екі тіл де бір тектен шыққан болатын. Яғни, екі тілдегі  шылаулардың жеке алғанда  мағынасын анықтай алмай, сөйлем ішінде әртүрлі сөздермен тіркескенде олардың белгілі бір лексика-грамматикалық сипатын байқаймыз. Шылаулар сөздермен тіркесе отырып сөйлемде қызмет атқарады. Ал шылауларды сөйлемнен алып тастайтын болсақ, сөйлемнің семантикасында бір  қателіктер пайда болып, мағынасы тым бұзылып кететінін көреміз.

Түрік тіліндегі шылаулардың ерекшеліктері:

  1. Tek başlarına alamları yoktur (Бөлек тұрғанда мағынасы болмайды).
  2. Kurdukları anlam ilgileri cümleden cümleye değişir (Тіркесіп жасалатын мағыналары сөйлемге байланысты өзгеріп отырады).
  3. Аnlam ilgisi kurdukları sözcükler ve öbekler yardımıyla bir anlam kazanmıs gibi görünü
  4. Кazandıkları anlam açıkça görülmeyen ama sezilen bir anlamdı
  5. Edatların anlamlarını değil, görevlerini tanımlayabiliriz (Шылаулардың мағыналарын емес, қызметтерін анықтай аламыз)

/Sabahtan akşama kadar, para kazanmak için ayı gibi calıstı./

  1. Edatlar genelde öbek kurarlar (Шылаулар әдетте тіркес құрайды).

/Dağ kadar işim var./                 /araba ile gitti/.

       (edat)                                         (edat)

        öbek                                         öbek

  1. Kimi edatlar cümle sonunda yer alibilir (Кейбір шылаулар сөйлем аяғында кездесе алады):

/Yarın kar yağacak gibi/.

              Қазақ тіліндегі шылауларға тоқтасақ, төмендегі ерекшеліктерді көрсетуге болады:

  1. Шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы болмайды.
  2. Шылаулар толық мағыналы сөздердің жетегінде қолданылып, оған қосымша әр түрлі грамматикалық мағына үстейді.
  3. Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не салаластыра байланыстырады.
  4. Сөйлем ішінді синтаксистік қызметіне қарай жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.
  5. Шылау сөздер түрленбейді, басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Олар лексикалық мағынасынан бөлініп кету негізінде қалыптасқан көмекші сөздер.

 

1.2. Шылаулардың түрлері

Шынында да шылаулар түрік тілі грамматикасының ең маңызды  тақырыптарының бірі. Себебі осы бөлімде (тақырыпта) түрлі классификацяларға бөлінуін көреміз.

Әрине көптеген  тіл мамандарының өзіндік көзқарастары бар. Әр жақтан әр түрлі анықтамалар беріліп жатыр. Бірақ түрік грамматика кітіптарында зерттеушілер тарапынан нақты бір көзқарас жоқ.

Енді түрікшедегі осы әртүрлі классификацияларды көрсетейік. түрік тілінің грамматика кітаптарында шылаулар топтарға бөліну жағынан екі түрде қарастылылады.  Біріншісі, мағынасы бар сөздер: зат есім, сын есім, етістік сияқты. Екіншісі – көмекші сөздер. Muharrem Ergin шылауларды көмекші сөздер табына жатқызады. Шылауларды зат есімнің түрлендіруші жалғауларына сәйкес келген жалғаулықтар, септеуліктер және одағайлар деп қарастырады.

Кейбір грамматика кітаптарына сүйенсек, edat бөлек, unlem бөлек, baglac немесе bag  grubundaki kelimeler бөлек берілген.

Шылау түрлеріне келетін болсақ, Muharrem Ergin шылауларды үшке бөледі: 1. ünlem edatları (одағай шылаулары); 2. bağlama edatları   (жалғаулықтар); 3. son çekim edatları (септеуліктер). Vefa Gökçetin, Melahat Öztürk сияқты тіл мамандары шылауларды жасалуы жағынан :

  1. sözlük edatlar (cөздік қалыпта кездесетін шылаулыр): ile, gibi, için, sanki, diye, üzere, yalnız.

Мысалы: Kapıyı anahtarla açtı.

              Bülbül gibi sesiyle bizi dinlendirdi.

  1. ek edatlar (қосымша түрінде кездесетін шылаулар): -ce, -e, -den, -si, -imsi.

Мысалы: Arabayı deli-ce  kullanıyor.

              Utancım-dan  kıpkırmizı oldum.

              Seni anlama-y-a calısıyorum.

  1. eklerle öbekleşen edatlar (қосымшалы сөзбен тіркесіп келетін шылаулар): -e kadar (dek, değin, karşi, doğru, göre); -den dolayı (ötürü, başka, beri, öte, sonra, önce, yara, içeri, dışarı).

Мысалы: Sen-den başka herkes geldi.

              Calısmadığım-dan kazanamadım.

деп үшке боледі. Осыдан Vefa Gökçetin мен Melahat Öztürk шылаулардың бір түрін ek edatlar (қосымша түрінде кездесетін шылаулар) деп береді. Яғни қосымшалар да, шылаулар да бөлек тұрғанда мағына бере алмайды. Кейбір қосымша шылаулардың орнына қолданылады. [Vefa Gökçetin, Melahat Öztürk, Türkçe edebiyat, Ankara, 1997]

 Mehmet Hengirmen  шылаулар туралы: ilgeçler, bağlaç, ünlemler’ді бөлек бөлек алып, сөз таптарына жатқызады. Ал Tahsim Bangıoğlu  болса шылауларға takı  атын береді.

Жалғаулықтарды және септеуліктерді Tahsim Bangıoğlu,  Muharrem Ergin, Mehmet Hengirmen өзінше бөледі.  

                Tahsim Bangıoğlu шылаулардың орнына көмекші сөздерді қолданылғаны үшін шылауды  takı’мен белгілеген. Осы жерде bağlamlar, ünlemler бөлек көрсетіледі. Takılar төрт септікті қажет етеді:

  1. Табыс септігін қажет ететін Takılar: eve kadar, kum gibi, çocuk gibi;
  2. Барыс септігін қажет ететін Takılar: eve dogru, havaya göre sabaha dek;
  3. Шығыс септігін қажет ететін Takılar: namazdan önce, tatilden sonra, dünden beri;
  4. Adı Katkı olan Takılar;

Ал Bağlamlar болса:

  1. Turkçe asıllı bağlamlar: de, ile, kim, ancak, yalnız, ayrıca;
  2. Birleşik bağlamlar: yine, ya da, bunun gibi,bir yandan;
  3. Yabancı asıllı bağlamlar: ve, fakat, ama, çünkü, hatta, eğer

деп  үш түрге бөлінеді. Бұған қоса Tahsim Bangıoğlu байланысуына қарай 12 топқа бөліп көрсетеді

  1. Ulama bağlamları: ile, ve, de, hem…hem, ne…ne;
  2. Ayırtlama bağlamları: ya, yahut, yada, veya, mi…mi;
  3. Karşılatma bağlamları: ama, fakat, yalnız, ancak, bununla;
  4. Anlaşma bağlamları: bir…bir, bazen… bazen, kimi… kimi;
  5. Üsteleme bağlamları: hatta, bile, üstelik, hem, zaten;
  6. Açıklama bağlamları: yani, demek ki, oyle ki;
  7. Salt bağlamları: ki, kim, de;
  8. Yer verme bağlamları: gerçekten, halbuki, oysa;
  9. Sebep bağlamları: çünki, zira, ki;
  10. Sonuç bağlamları: buna göre, bundan dolayı, bunun üzerine;
  11. Amaç bağlamları: diye, ki, kim, için;
  12. Şart bağlamları: eğer, yoksa [Tahsim Bangıoğlu, Türkçenin grammeri, 2000, s. 391-393 ];

Mehmet Hengirmen қөзқарасына сүйенсек, шылауларды ilgeçler деп атаған, ал жалғаулықтар бөлек топ деп көрсетеді. “Yani ilgeçler, ilgi kurdukları sözcüklerden önce gelir. Bu durumda ilgeçler kendilerinden önce gelen sözcüklerin belirli ad durum ekleri olmasını gerektirir. Bu bakımdan ilgeçler dörde ayrılır“  деп Tahsim Bangıoğlu айтқандандай ilgeçler былай бөлінеді:

  1. yalın durum isteyen ilgeçler: gibi, için, kadar, ile (түбір я негізгі тұлғамен кездесетін септеуліктер);
  2. yönelme durumu isteyen ilgeçler: göre, kadar, karşı (барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер);
  3. çıkma durumu isteyen ilgeçler: önce, sonra, dolayı (шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер);
  4. tamlayan durumu isteyen ilgeçler: için, kadar, gibi, ile (көмектес септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер). [10. 97]

Жалғаулықтар болса, қалпы жағынан ерекшеліктеріне қарай мынандай топтарға бөлінеді:

  1. Yalın bağlaçlar: ve, ile, de
  2. Türemiş bağlaçlar: üstelik, yalnız
  3. Birleşık bağlaçlar: öyleyse, oysa
  4. Öbekleşmiş bağlaçlar: halbuki, bundan dolayı [10. 98]

Бір жағынан Muharrem Ergin шылаулырды үш түрге бөледі: 1. ünlem edatları 2. bağlama edatları 3. son çekim edatları. Соның ішінде ünlem edatların беске  бөліп көрсетеді:

  1. a) seslenme edatları

ә) sorma edatları

б) gösterme edatları

в) cevap edatları

г) ünlemler

Жалғаулықтардың да бес түрін көрсетеді:

  1. Sıralama edatları: ve, ile;

ә) Denkleştirme edatları: veya, yahut;

б) Karşılaştırma edatları: hem…hem, ne…ne, da…da;

в) Cümle başı edatları: eğer, ancak, çünkü, yoksa;

г) Sona gelen edatlar (küvvetlendirme): daki, ise, ki, bile [9. 134]

Септеуліктерді де өзінің ішінде бірнеше топтарға бөледі. Біріншіден, септеуліктерді қолданылуына қарай бөледі:

  1. Isimlerin yalin, zamirlerin genitive hali ile birleşenler: su ile, benim il gibi;
  2. Yalın hali ile birleşirler: baş üzere, onü sıra, taş diye gibi;
  3. Datif hali ile birleşenler: eve kadar, bana göre gibi:
  4. Ablatif hali ile birleşenler: bundan dolayı, benden önce gibi;

Функцияларына қарай сегіз түрге бөледі:

  1. Vasıta ve beraberlik edatları: ile, birle.
  2. Sebep edatları: için, üzere, dolayı.
  3. Benzerlik edatları: gibi, bigi, tek.
  4. Baskalık edatları: başka, özge, gayrı.
  5. Miktar edatı: kadar.
  6. Diğer hal edatları: göre, rağmen.
  7. Zaman edatları: beri, önce, evvel, böyle,sonra.
  8. Yer ve yön edatları: kadar, karşı, doğru [9. 344]

Түрік тідінің грамматикасында шылауларды осындай классификацияларға бөледі. Түрік тіл білімінде тіл маманы Мұхаррем Ергин одағайларды шылаулардың бір түріне жатқызаты. Бұл дұрыс пікір емес. Себебі одағайлар – қуану, қорқу, жындану, таңғалу сияқты сезімдерді білдіретін, шылаулырға ұқсамайтын тым өзгеше сөздер.

Осылайша тілшілердің кейбіреулері шылау түрлері үшін  мына үш түрді көрсетіп (çekim, bağlaç, ünlem), unlem’ді шылаудың бір түріне қосады. Бірақ тілші Mustafa Hakki Kurt болса бұл пікіріне қарсы шығып шылауларға тек септеуліктерді (çekim edatları) жатқызады. Bağlaç ve ünlemi бөлек сөз табына жатқызуды дұрыс деп есептейді. [8. 35].  Түрік тілінде көптеген ғалымдар одағайды шылаулардың бір түріне жатқызады.  Бірақ қазақ тілінде одағайлар бөлек сөз табына жатады. Біз осыны дұрыс деп ойлаймыз.

               Қазақ тіліндегі шылаулар туралы сөз қозғасақ, қазақ тіл мамандары Ахмеди Ысқақов, Мадина және Нұржамал Оралбаевалар, Е. Жанпейісов, К. Хұсаин, А. Жүнісбек, С. Исаев, А. Айғабылұлы, М. Сералиев, Р. Әміров, Н. Уәлиев, Ш. Бектуров, С. Кенесбаев, А. Аханов сияқты тілшілер шылауларға деген көзқарастары бірдей. Осы тілшілердің бәрі шылау сөздердің мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан үшке бөлінетінін айтады: 1. септеуліктер (çekim edatları); 2.жалғаулықтар (bağlama edatları); 3. демеуліктер (turkcede karşılığı yoktur). Бірақ кейбір тілшілер  кітаптарында осы үшеуін тағы түрлерге бөледі.

Мысалы, қазақ тіліндегі септеуліктер бірнешеге бөлінеді:

  1. Түбір не негіз тұлғалы сөзбен тіркесетін септеуліктер немесе атау септікті менгеретін септеуліктер (yalın durum isteyen ilgeçler): үшін, сияқты, сайын.
  2. Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер (yönelme durumu isteyen ilgeçler): дейін, шейін, қарай, таман, жуық.
  3. Шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер (çıkma durumu isteyen ilgeçler): гөрі, бері, кейін, соң.
  4. Көмектес септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер (tamlayan durumu isteyen ilgeçler): қатар, бірге.

Осымен бірге Қазақ тілінде М. Балақаев, Т. Кордабаев, А. Хасенова сияқты тіл мамандары септеуліктерді мағынасына қарай (Түрік тіліндегі Muharrem Ergin классификациясы сияқты беске бөледі:

  1. Мезгіл-мекен мағынасындағы септеуліктер: дейін, шейін, таман, салым, бойы;
  2. Амал мағыналы септеуліктер: бірге, қабат, қатар;
  3. Мақсат мағыналы септеуліктер: үшін, деп;
  4. Қатыстық мағыналы септеуліктер: туралы, жөнінде;
  5. Теңеу, толғау мағыналы септеуліктер: сияқты, секілді;

Жалғаулықтар болса, қазақ тілінің  грамматика кітаптарында былай бөлінеді:

  1. Ыңғайластық жалғаулықтар
  2. Талғаулықты жалғаулықтар
  3. Қарсылықты жалғаулықтар
  4. Себептік жалғаулықтар
  5. Салдарлық жалғаулықтар
  6. Шарттық жалғаулықтар

Қазақ тілшілері М. Оралбаева, А. Абілқаев осы саралауға қосылады. Олар да кітаптарында шылауларды тура осылай бөледі. Бірақ    С. Кеңесбаев жалғаулықтарды төрке, Ш. Бектұров, М. Серғалиев,               О. Күлкенова, А. Айғабылов, А. Ысқақов жалғаулықтарды бірінші үлкен екі топқа бөледі:

  1. a) Салаластырғыш жалғаулықтар. Олар бірыңғай жеке сөздер мен сөз тіркестерін және бірыңғай сөйлемдерді байланыстырады да, солардың өзара байланысу жолдары мен қатынастарын көрсетеді.

ә) Сабақтастырғыш жалғаулықтар. Олар тек құрмалас сөйлемдердің  құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырып байланыстырып, солардың арақатынасын анықтап көрсету үшін жұмсалады.

Содан кейін осы екеуін іштей топтарға бөліп көрсетеді.

Салаластырғыш жалғаулықтарды екіге бөлінеді:

  1. Ыңғайластық жалғаулықтар: мен, бен, пен, және, тағы, әрі, да, де, та, те, әм;
  2. Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе, я, бірде, әки, не, немесе, болмаса, не болмаса, мейлі;

               Cабақтастырғыштарды алтыға бөліп көрсетеді:

  1. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сүйтсе де, сонда да, дегенмен, әйтпесе, әйткенде, әйтпегенде;
  2. Себептік жалғаулықтар: себебі, өйткені;
  3. Салдарлық жалғаулықтар: сондықтан, сол себепті;
  4. Шарттық жалғаулықтар: егер, егер де, алда-жалда;
  5. Айқындағыш жалғаулықтар: яғни, демек;
  6. Ұштастырғыш жалғаулықтар: ал, ендеше, ал ендеше, олай болса;

А. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Күлкенова, Н. Оралбаева,             А. Әбілқаев деген жазушылар да оған қосылады. Бірақ А. Серғалиев шылаудың айқындағыш түрі, Н. Оралбаева мен Ш. Бектұров шылаудың ұштастырғыш түрі жоқ деген пікірін айтады.

Сонымен, жалғаулықтарды  қорытындылап, қазақ тіліндегі ең соңғы зерттеулерге сүйенсек жалғаулықтарды алтыға бөлеміз:

  1. Ыңғайластық жалғаулықтар
  2. Талғаулықты жалғаулықтар
  3. Қарсылықты жалғаулықтар
  4. Себептік жалғаулықтар
  5. Салдарлық жалғаулықтар
  6. Шарттық жалғаулықтар

Қазақ тіліндегі демеуліктер бойынша тура осы сияқты классификациялар бар екенің айтуға болады.

С. Кеңесбаев, Ш. Бектұров демеуліктерді:

  1. Сұраулық: ма, ме;
  2. Шектік: ақ, ғана;
  3. Лептік: -ақ, -ау;
  4. Күдіктік: мыс, ғой, міс;

деп төрт топқа бөледі.

Ал А. Ысқақов демеуліктерді:

  1. Сұраулық: ма, ме;
  2. Күшейткіш: -ақ, -ау, -ай;
  3. Нақтылық: қой/ғой;
  4. Шектік: қана/ғана;
  5. Болжалдық: -мыс, -міс;
  6. Болымсыздық: түгіл, тұрмақ;

деп алты түрін көрсетсе [2. 26], А. Серғалиев, А. Айғабылов демеуліктерді:

  1. Сұраулық
  2. Күшейткіш
  3. Нақтылық
  4. Шектік
  5. Көңіл-күйге байланысты айтылатын демеулік
  6. Болымсыздық демеуліктер деп бөледі. [7. 69]

Н. Оралбаева мен А. Әбілқаев болса сұраулық, мағыналық демеуліктер тілек мағынасындағы демеуліктер, тежеу мағынасындағы демеуліктер, күшейту мағынасындағы демеуліктер, көңіл-күйді білдіретін демеуліктер, сенімсіздік, кекесін мағыналы демеуліктер деп алтыға бөледі.[6. 123]

Біз демеуліктерді нақты топтарға айырсақ:

  1. Сұраулық демеуліктері;
  2. Күшейткіш демеуліктері;
  3. Шектеу демеуліктер;
  4. Болжалдық демеуліктері;
  5. Болымсыздық демеуліктері;
  6. Нақтылау мәнді демеуліктер;
  7. Қомсыну мәнді демеуліктер (екеш).

Қазақ тіліндегі демеулік шылауладың түрік тілінде аудармасы жоқ. Бірақ профессор, доктор Necmettin Hacieminoğlu “Turk dilinde edatlar” кітабында шылаулардың мағынасына және қызметіне қарай осылай бөледі:

  1. Çekim edatları
  2. Bağlama edatları
  3. Kuvvetlendirme edatları
  4. Karsılaştırma-Denkleştirme edatları
  5. Soru edatları
  6. Çağırma-Hitap edatları
  7. Cevap edatları
  8. Ünleme edatlar
  9. Gösterme edatları
  10. Tekkerrür (tekrarlanmak, yinelenme) edatlar [ 56].

Шылаулардың осы түрлерінен біз күшейткіш (kuvvetlendirme) және сұраулық шылауларын (soru edatları) қазақ тіліндегі демеуліктерге жатқыза аламыз.

Профессор, доктор Necmettin Hacieminoğlu шылаудың бөлек бір түрі деп көрсеткен күшейткіш (kuvvetlendirme) және сұраулық шылаулары (soru edatları) қазақ тіліндегі демеуліктер болып саналыды. Ол үшін түрік тілінде демеуліктер тым жоқ деп айтуға болмайды. Бөлек бір тобы ретінде берілмесе де, қолданыста болады. Мысалы: da/de күшейткіш шылаулары – Mal  da yalan, mulk de yalan. Қазақ тілінде сияқты да/де, та/теЖылататын да, жұбататын сөз (Момышұлы). Арманын да, азабын да, қуаныш, қайғысын да әнге сыйдыра білген, айналайын елім-ай (М. Мақатаев).

Түрік тіліндегі mu/mu/mi/mi сұраулық шылаулыры қазақ тілінде ма/ме, ба/бе, па/пе  деп беріледі. Мысал: Есікті жабуға ұмытпадың ба? Kapiyi kapatmayi unutmadin mi? Тағы да бір мысал, Vefa Gökçen мен Melahat Öztürk кітабындағы sözcük edatlar’ға жататын ancak және yalnız сөздері қазақ тілінің демеуліктеріне жатады.

Мысалы: Bu kapı ancak bu anahtarla acılır.

              Бұл есік тек қана мына кілтпен ашылады.

              Toplantıya yalnız sen gelmedin.

               Жиналысқа сен ғана келмедің.

Осылайша қазақ тіл мамандарының арасында да шылауларды түрлерге бөлуге деген пікірлері әртүрлі болғатынын көрдік. Әрине әр зерттеушінің өзіндік ойы бар. Түрік тілінде демеуліктер сияқты бөлек топ болмағандығы үшін тек қана қазақ тіліндегі демеулік шылаулырды қарап өтейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТАРАУ

2.1. Түрік және қазақ тілдеріндегі септеулік шылаулар, олардың жасалуы жағынан қолданылуы және түрлері

Екі тілдің септеулік шылаулары үшін мынандай анықтама бере аламыз: Септеуліктер өздеріне тиісті септік формаларындағы атауыш сөздермен тіркесіп, сөйлем мүшелерінің арасындағы бағыныңқылық, мекендік, мезгілдік, ортақтық қатынасты білдіреді де, септік жалғаулы сөздердің мағынасын толықтырып нақтылай түседі.

А. Кононов септеулік шылауларлар септеулік шылаулар сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Сондықтан олар септік жүйемен тікелей байланысты. Яғни септіктердің мағынасын толықтырады, нақтылайды, сонымен бірге синтаксистік қатынаста септік жалғаулары бере алмайтын грамматикалық мағыналарды білдіреді деген. [4. 446]

Негізгі септеуліктер: gibi, için, kadar, ile, göre, üzere, önce, evvel, sonra, doğru, karşı, rağmen, beri, gayrı, dolayı, ötürü, değin, yalnız, sanki, dek, denli, diye.

Мысалы: Marat bizi evimize kadar uğurlaıi.

             Марат бізді үйімізге дейін шығарып салды.

             Çoktan beri seni gormedim.

             Көптен бері сені көрмедім.

Септеуліктерге жіктік, тәуелдік және көптік жалғаулары жалғана алмайды. Жалғанған жағдайда септеуліктер есім қызметін атқарады. Септеуліктер әрқашан тіркесіп келген сөздерден кейін тұрады. Бұл жағдайда септеуліктің алдында тұрған сөз септік жалғауын қажет етіп тұрады. Бұл себептен олар төртке бөлінеді:

  1. Түбір тұлғалы сөзбен тіркесетін септеуліктер (Yalın Durum isteyen çekim edatları);

Қазақ тілінде: арқылы, жөнінде, туралы, сияқты, тәрізді, түгіл, құрылым, үшін, сайын, салсақ, сынды, бойы, шамалы, қаралы.

Түрік тілінде: gibi, için, kadar, üzere.

  1. Барыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер (Yönelme Durumu isteyen çekim edatları);

Қазақ тілінде: дейін (шейін), таман, тарта, жуық, қарсы.

Түрік тілінде: göre, kadar, karşı, doğru, değin, rağmen.

  1. Шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер (Çıkma Durumu isteyen çekim edatları).

Қазақ тілінде: бері, бұрын, әрі, басқа, соңб бөтенб ілгері, кейін, тыс, шет, бастап, аса, астам, артық, былай, батыр.

Түрік тілінде: önce, sonra, dolaıi, dısarı, başka, beri, ötürü.

  1. Көмекші септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер (Tamlayan Durumu isteyen çekim edatları).

Қазақ тілінде: бірге, қатар.

Түрік тілінде: için, kadar, gibi, ile.

Қазақ және түрік тілдерінде септеуліктер қызметіне және мағынасына қарай жетіге бөлінеді:

  1. Амал мағыналы септеуліктер.

Araç ve beraberlik çekim edatları: ile, birle.

  1. Мақсат мағыналы септеуліктер.

Sebep çekim edatları: için, dolayı, ötürü, diye.

  1. Теңеу-талғау мағыналы септеуліктер.

Benzerlik çekim edatları: gibi, tek.

  1. Başlık çekim edatları: başka.

(Аудармасы жоқ)

  1. Miktar çekim edatı:
  2. Zaman çekim edatları: beri, önce, evvel, böyle, sonra.
  3. Yer ve yön çekim edatları: kadar, değin, dek, karşi, doğru, taraf, sıra, içeri, ara v. b. Бұл соңғы үш топ қазақ тіліндегі мезгіл-мекен мағыналы септеуліктеріне жатады. Осы жерден екі тілде септеуліктерді бірдей топтарға бөле алатынымызды көреміз.

 

Қазақ және түрік тілдерінде септеуліктердің сөйлем ішінде қолданылуына мысалдар келтіріп, оларды бір бірден қарастырып,  мағыналық ерекшеліктерін ашамыз.

 

GIBI – СИЯҚТЫ (ТӘРІЗДІ, СЕКІЛДІ).

Бұл септеулік атау септігінде тұрған сөздермен тіркесіп келеді. Бірге қолданылған сөздерге ұқсату, теңеу мағынасын үстейді.

Мысалы: Jazira, tilki gibi kurnaz kiz.

              Жазира – түлкі сияқты қу қыз.

              Saçları kar gibi bembeyazmış.

              Шаштары қар сияқты аппақ екен.

  1. Gibi шылауы сөйлемде әртүрлі қызметтер атқаратын тіркестер құрайды:
  2. a) Gibi шылауының құрған тіркестері затты сипаттаса сын есім қызметін атқарады:

Bülbül gibi sesiyle bizi dinlendirdi.

Hasta gibi bir hali vardi.

ә) Тіркес етістіктің мағынасына әсер етіп тұрса үстеу қызметін атқарады:

Yel gibi gelen sel gibi gider.

Kuduz gibi üstüme saldırdı.

б) Зат есіммен тіркесіп келетін жағдайда септеуліктер зат есім қызметін атқарады:

Onun gibisine rastlamadım.

Onun gibisinden başka ne beklenir.

Bu millet ne çekiyorsa sizin gibilerinden çekiyor.

  1. Gibi шылауы баяндауыштан кейін келсе сөйлемде мүмкіндік мағынасын береді:

Sutu içecek gibi yaptı.

Duşecek gibi oldu.

  1. Gibi шылауы тіркестің ортасында болған кезде тіркестің аяғындағы сөздің жағдайына қарай әртүрлі сөйлем мүшелері (бастауыш, толықтауыш) қалыптасады.

Gül gibi yüzü soldu.

      (özne)

  • Түрік тілінде sanki сөзі gibi ұқсату шылауының орнына қолданыла алады. Бірақ бұл жағдайда  gibi шылауының мағынасы бұзылып кетеді.

Sanki susuz kalmış çicekti. (doğru)

          Sanki susuz kalmış çicek gibiydi. (yalnış)

  • -ca, -cesine,- si, -(i)miş, -cileyin сын есім тудырушы жұрнақтары gibi шылауын алмастыра алады:

Şöyle garip bencileyin (benim gibi).

Arabayı delicesine sürüyordu (deli gibi).

  • Kadar шылауы gibi шылауының орнын салыстырмалы теңеуде алмастыра алады:

Pamuk kadar beyaz elleri vardı.

Ateş kadar yakıcı.

Түрік тіліндегі gibi шылауы Қазақ тілінде сияқты, тәрізді, секілді деп беріледі.  Екі тілде де бұл шылаулар бірдей мағынаға ие.

Бірақ gibi шылауы түрік тілінде атау септігіндегі сөздермен бірге қолданылса, қазақ тілінде зат есім, үстеу, есімшемен тіркесе келіп ұқсату, теңеу мағынасында қолданылады.

Қазақ тілінде сияқты шылауы кейде тудырушы жұрнақтарымен жасалып “сияқтанбай, сияқтанады” сөздерімен беріледі.

Мысалы: Қазіргі шешілмей тұрған түйін сияқты үлкен кесірлі іске келгенде күндізгі арманшыл, қауымшыл шалдар сияқтанбай, қазіргі қасында отырған бірен-саран сарнауық қажылар сияқтанбай, ұзақ тым-тырыс үндемей отырды.

Осылаша екі тілдегі  gibi – сияқты шылаулардың қолданылуында біраз өзгешеліктер бар.

IÇIN – ҮШІН

Біз бұл шылаудың қазақ тілінде де, түрік тілінде де бірдей ерекшеліктерін көрсете аламыз. Бұл шылау зат есімдермен атау сетігінде, ал есімдіктермен ілік септігінде тіркес құрайды. Için шылауы әдетте себеп, мақсатты білдіреді.

Мысалы: Derslere katılmadıgı için sınavdan geçemedi.

                Сабаққа қатыспағаны үшін эмтиханнан өте алмады.

                Amacina yetişmek için elinden geleni yaptı.

                Мақсатына жету үшін қолдан келгенін жасады.

Қазақ тілінде үшін шылауы себепті білдіргенде тәуелдік формадағы зат есіммен және есімшемен тіркесіп қолданылады. Мысалы: қөңіл үшін, келгені үшін, адамгершілігі үшін, айтқаны үшін.

Түрік тілінде üzere сөзі мақсатты білдіріп için шылауының орнын алады:

Okula gitmek üzere yola cıktım (için). –e жұрнағы мақсатты білдіріп тұрады:

Bu kitabı kardeşim-e aldım (için).

“-e göre” шылауы да кей-кезде için шылауының орнына қолданыла алады:

Çocuklar-a göre iyi bir tatildi (için)

“diye” ulacı да себепті  білдіріп için шылауының орнын алады және “ne?”  сұрау есімдігімен тіркесе келіп сұраулық үстеуді білдіреді:

Sana ne diye güvendim ki? (ne için)

“Için” edatı “niçin” soru zarfına yanıt olur; ama zarf tümleci kurmaz.

  1. Öbeğin ortasındayken özne, nesne, dolayı tümlec, yüklem öbekleri kurar:

Okuman için verdiğim kitabı getirdin mi?

        (belirtili nesne)

  1. b) Öbeğin sonunda olduğu zaman “edat tümleci” kurar:

Bu kitabı okuman için verdim.

               (edat tümleci)

  1. c) Kurduğu öbek, cümlenin yüklemi olabilir:

Tum bu çabalar sizin için.

                          (yüklem)

ILE – АРҚЫЛЫ

Түрік тілінде бұл шылау зат есімдермен атау септігінің, үстеулермен ілік септігінің жұрнақтарымен тіркеседі: dağlar ile, yaşlar ile, kitap ile; sen-in-le (senin-le), bizimle.

Ile  шылауының бас әрібі (і) түсіп, көп жағдайда тіркесетін сөзбен бірге жазылады.

Мысалы: çocuk ile > çocukla, kale mile > kalemle

Дауысты дыбысқа аяқталған сөздерге жалғанғанда ile’нің  басындағы (і) түсіп қалып, арасына (у) әрібі кіреді.

Мысалы: arkadaş ile > arkadaşla

                Nine ile > nineyle

Ile edati, beraberlik, birliktelik, araç, alet,durum ve neden bildirir (Ile шылауы байланыстыру, тіркесу, құрал, жағдай және себепті білдіреді).

  1. Sözcükler arasında araç ilgi kurar (Сөз бен сөзді байланыстырушы құрал болып табылады):

Мысалы: Almata’ya uçakla gittik.

                Алматыға ұшақпен бардық.

                Kağiti makasla kesti.

                Қағазды қайшымен кесті.

                Іс-қимыл атқарушыны да білдіреді:

Мысалы: Hediyeyi Muratla gönder.

                Сыйлықты Мұраттан жібер.

  1. Öznenin eylemi kiminle yaptığını bildirerek birliktelik ilgisi kurar (Іс-қимылдың кім арқылы іске асырылғанын көрсетеді):

Мысалы: Saule, kardeşiyle gelmis.

                Сауле бауырымен келіпті.

  1. Neden-sonuç ilgisi kurar (Себепті, іс-әрекеттің қорытындысын білдіреді):

Мысалы: Haberin gelmesi-y-le köyde huzursuzluk arttı.

                Хабар келісімен ауылда алаңдаушылық артты.

  1. Genellikle soyut kavramlara birleşerek eylemin durumunu belirten zarf öbekleri kurar (Әдетте абстрактылы ұғымдармен бірігіп келіп, етістіктің жай-күйін білдіретін үстеу жасайды):

Мысалы: Çocuğun üzüne özlem ile baktı (özlemle).

                Баланың бетіне сағынышпен қарады.

Мысалдағы “özlem ile” шылау тіркесі үстеу қызметін атқарып тұр. Түрік тілінде ile шылауына қызметі жағынан “ve” сөзі жақын болып келеді де, жалғаулық шылау қызметін атқарады.

Мысалы: Hande Hanım ile Ali Bey, üniversitenin en sert ögretmenleri.

 ile шылауының болымсыз түрі “-siz” жұрнағы арқылы жасалады.

Мысалы: Ankara’ya parasiz gitti.

Бірақ ile шылауы жалғаулықтардың қызметін атқарған жағдайда оның болымсыз түрі болмайды.

Мысалдарда берілгендей қазақ және түрік тілдерінде  ile шылауының қолданылуы әр түрлі.

Қазақ тілінде түрік тіліндегі сияқты ile шылауы сөзбен бірге жазылмайды.  ile шылауы қазақ тілінде “арқылы” деген сөзбен беріледі. Бұл шылау ешқандай жағдайда сөзге қосылып жағылмайды.

Мысалы: Kapıyı anahtar-la açtı.

Есікті кілт арқылы ашты.

Яғни, арқылы шылауы сөйлем ішінде бөлек жазылады. Бірақ қазақ тілінде бұл сөйлемді:

“Есікті кілтпен ашты”,  деп  аударсақ, осы жерже “ кілт арқылы” емес, “кілтпен”  деп бірге жазуға болатынын көріп тұрмыз. Бірақ бұл жерде бірге жазылған –пен  шылау емес, септік жалғауы болып табылады.

Қазақ тілінде кейбір жағдайларда “арқылы” шылауының орнына септік жалғаулары келіп, шылау қызметін атқарады.

Мысалы: Мадина ауылға демалу үшін кетті.

                Мадина ауылға демалуға кетті.

Бұл сөйлемде “демалу үшін” немесе “демалуға” сөздерінің екеуін де қолдана аламыз. “үшін” сөзі және  “-ға” жалғауы бірдей мағына беріп тұр. Бірақ кейбір жағдайларда олар сәйкес келмейді.

Мысалы: Ол ағасы арқылы оқуға түсті.

                О ağabeyinin yardımıyla okulu kazandı, – деп айтсақ, арқылы шылауын ешқандай септік жалғауымен ауыстыра алмаймыз. Осы жерде “ағасы арқылы” тіркесі “ағасының көмегімен” деген мағына беріп тұр.

Түрік тілінде ile шылауы әрі септеулік, әрі жалғаулық болып қолданылса, қазақ тілінде “арқылы” шылауы тек септеулік болып қолданылады.

ile шылауы қазақ тілінде септеулік септеулік қызметін атқарса “арқылы”, жалғаулық қызметін атқарса “мен, бен, пен, және” шылауларымен  беріледі.

ÜZERE – ҮШІН

Бұл шылау кейбір етістіктермен тіркес құрып, için шылауының орнына қолданылады. Сөйлемде мақсат, болжау, шарт мағыналырын білдіреді.

Мысалы: Yarın getirmek üzere bu kaseti alabilirmiyim (шарт).

Pikniğe gitmek üzere akşamdan hazırlanmıştık (мақсат).

Çalışmalar tamamlanmak üzere (болжау).

Бұл шылау қазақ тілінде үшін шылауына ұқсас болып келеді. Бірақ түрік тілінде оның сөйлемде қолданылуы біраз басқа.

 

 

 

KADAR – ДЕЙІН, ШЕЙІН

Түрік және қазақ тілдерінде ұқсату, салыстыру, болжау, өлшеу мағынасын беретін  теңеу-талғау мағыналы шылаулар. Атау немесе – е септігіндегі сөздерден кейін келеді.

Мысалы: İşimiz deveye hendek atlatmak kadar zordur.

                Salonda on bin kadar seyirci vardı.

                Arabayı hiç bu kadar hızlı sürmemişti.

                Sabaha kadar yağmur yağdı.

Kadar шылауы сөздермен тіркесіп сын есім, үстеу, кейде зат есім қызметтерін атқарады.

Мысалы: Öğretmenden dinlemiş kadar anladım (үстеу).

                 Ali kadar zei idi (сын есім).

                 Bu kadarına biz alışık değiliz (зат есім).

Kadar шылауы кейде gibi шылауымен бірдей мағынада қолданылады:

Melek gibi güzel kız → melek kadar güzel kız.

Kar gibi beyaz taşlar → kar kadar beyaz taşlar.

Tilki gibi kurnaz adam → tilki kadar kurnaz adam.

Kadar шылауы “bu, şu, o, ne” сөздерімен байланысып мөлшер үстеулі тіркестер құрайды:

Мысалы:  Ne kadar hızlı koşuyor.

“-e kadar” формасы іс-қимылдың аяқталу уақытын немесе орнын білдіретін шылаудың басқа бір түрі:

Мысалы: Sabaha kadar yağmur yağdı.

                Gün kararıncaya kadar tarlada çalıştık.

Қазақ тілінде болса дейін,  шейін шылаулары түрік тіліндегі шылаулыр сияқты бірнеше мағынада қолданылады.

Мысалы: Кешке шейін киімдерімен алысты.

                Жолдың аяғына дейін барып келдік.

Түрік тіліндегі melek kadar, kardeşi kadar, görmüş kadar сияқты тіркестерді қазақ тілінде сияқты шылауымен беріледі: періште сияқты, бауыры сияқты, көрген сияқты.

GÖRE – ҚАРАЙ, ҚАРАҒАНДА

Бұл шылау жағынан, қарағанда деген мағына беріп, көбінесе салыстыруда қолданылады.

Мысалы: Ayağını yorganına göre uzat.

                O, her zaman günün modasına göre giyinir.

                Tam size göre bir iş buldum.

Göre шылауының орнына кейде –ca (-ce) жұрнақтары қолданылады:

Bana göre sen de haklısın → Bence sen de haklısın.

Bu yıl gönlüme gore tatil yaptım → Bu yıl gönlümce tatil yaptım.

KARŞI – ЖУЫҚ немесе ДЕГЕН

Барыс септігіндегі сөздермен тіркесіп келеді.

Мысалы: İhtiyarlar güneşe karşı oturmuşlardır.

Bu davranışına karsı ne yapabilirdik?

Şeref Eroğlu Rus’a karşı müthiş bir güreş çıkararak yine şampiyon oldu.

DOĞRU – ҚАРАЙ, ТАМАН, ЖУЫҚ

Бұл шылау бір уақытты болжау мағынасында барыс септігіндегі сөздермен тіркесіп келеді:

Мысалы: Bize doğru geliyorlardı.

                Akşama kadar sinemaya gideceğiz.

Түрік тілінде doğru сөзі зат есім, сын есім, үстеу қызметін де атқарады:

Мысалы: İki noktayı bir doğru ile birleştirdi (зат есім).

                İşin doğrusunu oğrenemedik (үстеу).

                Doğru cevabı bulmak için dikkatlı okumalısınız (сын есім).

Doğru шылауы қазақ тіліндегі қарай, таман шылаулырына сәйкес келіп тұр. Мысал берсек:

 Кешке таман қонаққа барамыз.

 Достық даңғылына қарай шықтық.

 Автобус төмен қарай зымырады.

Бұл мысалдарда akşama doğru – кешке таман, caddeye doğru – көшеге қарай, aşağıya dogru – төмен қарай болып аударылады.

Түрік тілінде doğru сөзі зат есім, сын есім, үстеу қызметтерін атқаратын болса, қазақ тілінде  тек қана шылау болып қолданылады. Бірақ оның орнына қазақ тілінде дұрыс сөзін қолданады.

YALNIZ – ҒАНА (ҚАНА), ТЕК, ЖАЛҒЫЗ

Сөйлемге байланысты әр түрлі қызмет атқара алады. Yalnız сөзі әрі шылау болып, әрі зат есім, сын есім, үстеу, әрі bağlaç болып қоданылады.

Мысалы:  Bu bilgileri ancak bu kitapta bulabilirsiniz (шылау).

                 Şu karşıdaki yalnız ağacın altına oturalım (сын есім).

                 Bu kitaplardan yararlanabilirsin; yalnız güzel kullan (bağlaç).

                   Bir ömür boyu yalnız yaşadı (зат есім).

Түрік тілінде yalnız сөзі осындай түрлі мағыналар береді.

Бұл шылау септеулік болып қолданылған кезде sadece мағынасын білдіреді. yalnız сөзі қазақ тілінде демеуліктердің ғана (қана) шектеулік демеуліктер түріне жатады:

Мысалы: Akşam yemeğinde yalnız çorba var.

                Кешкі аста тек қана сорпа бар.

                Okula herkes geldi, yalnız o gelmedi.

                Мектепке бәрі келді, тек қана ол келмеді.

                Pazara gittim, yalnız meyve aldım.

                Базарға барып, тек қана  жеміс алдым.

Қазақ тіліндегі тек шылауы кейбір жағдайларда  кейбір шылауымен бірге беріледі.

Түрік тілінде yalnız сөзі әрі септеулік, әрі bağlaç болып қолданылады. Bağlaç болған кезде  yalnız сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы “бірақ” болып там өзгеріп кетеді. Қазақ тілінде бірақ шылауы  қарсылықты жалғаулықтарға жатады.

Мысалы: Sana borç verebilirim, yalnız en kısa zamanda bana geri ödemelisin. Саған қарыз бере аламын, бірақ аз уақытта маған кері қайтаруың керек.

Қазақ тілінде yalnız сөзін тағы жалғыз деген мағынада қолданамыз. Қазақ тілінде қалай болса, түрік тілінде де дәл солай қолданылады.

Мысалы: Toplantıya yalnız Ayşe gelmedi.

                 Жиналысқа жалғыз Айша келмеді.

SANKİ – СИЯҚТЫ

Теңеу-талғау мағыналы шылаулырына жатқызамыз.  Сондай-ақ сенбеушілікті білдіреді.

Мысалы: Sanki gece olmuş gibi.

                    Put kesilmişti sanki, eli şakağında öylece duruyordu.                                                                                                                                                                           (Mehmet Güler)

                    Sanki kabahat benimmiş?

Кейбір жағдайларда gibi шылауының орнына қолданылады. Қазақ тілінде sanki шылауы сияқты сөзімен беріліп,  көп жағдайда сөйлемнің аяғында кездеседі. Бұл шылаудың орнына кейде  тәрізді, секілді шылауларын қолданамыз.

Сияқты шылауы түрік тілінде gibi және sanki болып қолданылады.

BAŞKA – БАСҚА

Бұл шылаудың екі тілдегі мағынасы, айтылуы, жазылуы және сөйлемдегі қызметі өте ұқсас болып келеді.

Мысалы: Senden başka beni anlayan kimse yok.

                Сеннен басқа мені түсінетін ешкім жоқ.

Жоғарыда көрсетілгендей, бұл септеуліктер шығыс септігінде тұрған  сөздерден кейін  келеді.

BERİ – БЕРІ

Бұл шылауға екі тілде де бірдей анықтама бере аламыз. Beri шылауы бір істің басталуын көрсетеді де, шығыс септігіндегі сөздерден кейін келеді.

Мысалы: Yıllardan beri bu küçük köyde bıkmadan, usanmadan              çalışıyordu. Осы ауылда көп жылдардан бері жалықпай жұмыс істеп жүрген еді. Kar dünden beri yağıyordu. Қар кешеден бері жауып тұр.

Түрік тілінде  beri сөзі зат есім, сын есім, үстеу қызметтерін де атқарады. Мысалы: Biraz beriye geliniz (зат есім). Biz suyun beri yakasında oturuyoruz (сын есім). Beri gel barışalım (үстеу).

ANCAK – ТЕК, ҚАНА немесе БІРАҚ

Сөйлемде yalnız, sadece шылауларымен ұқсас қызмет атқарады.

Мысалы: Senden ancak kötülük beklenir.

                 Bu tür yiyecekleri ancak sağlıklı insanlar yiyebilir.

                 Bu işten ancak Ali usta anlar.

Осы жерде ancak шылауы yalnız шылауымен бірдей мағынада қолданылып тұр. Бірақ ancak шылауы жалғаулықтардың қызметін де атқара алады. fakat, lakin жалғаулық шылаулырымен бірдей қолданылады.

Мысалы: Çok çalışıyor, ancak bir türlü başarılı olmuyor.

Қазақ тілінде ancak сөзі жалғаулық қызметін атқарған кезде  бірақ қарсылықты жалғаулық шылауымен беріледі.

Мысалы: Көп еңбек етеді, бірақ жетістіктерге жете алмайды.

Түрік тілінде ancak шылауы әрі септеулік, әрі жалғаулық болып қолданылады. Айтылуы бір болғанымен, бірде yalnız шылауының орнына, бірде fakat, ama шылаулырының орнына қолданылып әр түрлі мағыналар береді. Осылайша ancak шылауының жалғаулық қызметін де, септеулік қызметін де атқаратынын байқаймыз.

Қазақ тілінде бұл шылаудың  қолданылуын мысалмен көрсетейік:

Бұл істі тек қана Али ұста түсінеді.

Bu işten ancak Ali usta anlar.

Осы жерде ancak шылауының мағынасы қазақ тіліндегі тек деген шектеу демеулігіне сәйкес келеді. Тағы бір мысал:

Мен саған бұл кітапты берейін, бірақ ертең қайтар.

Ben sana bu kitabı vereyim, ancak yarın getir.

Осы жерден ancak шылауының бірақ мағынасында қолданылып тұрғанын көреміз. Қазақ тілінде  ancak шылауы түрік тілінде сияқты емес. тек, қана шылаулары демеуліктер болып, бірақ қарсылықты жалғаулық болып беріледі. Сөйлемдерді түрік тілінен қазақ тіліне аударған кезде осындай ерекшеліктер байқалады. Түрік тілінде шылаулар мынандай түрлерде қолданылады:

Мысалы: Sabah cıkmışlarsa akşama ancak gelirler.

Біз бұл сөйлемді қазақшаға аударсақ: Азанда шықса, кешке таман келеді. Осы жерде “ancak” шылауы “таман” болып септеулік қызметін атқарады да,  мағынасы басқа болып келеді. Қазақ тілінде  осындай әр түрлі мағыналар бермейді.

Септеуліктерді осылай салыстырып түрік және қазақ тілдеріндегі ортақ ерекшеліктерін көрдік. Екі тілдегі айырмашылықтарына қарағанда ұқсастықтары мен ортақ жақтары көбірек болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.1.Қазақ тіліндегі демеулік шылаулар

Қазақ тіл білімінде демеулік шылаулырға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстары біршама бар. Дегенмен, олардың мағыналық құрамына және орын тәртібіне қатысты даулы мәселелер жоқ емес. Мәселен Қ. Жұбанов “Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер” атты еңбегінде шылауларды қосалқылар және жалғаулықтар деп бөліп, қосалқылардың өзін іштей дәйек және аяқ қосалқы деп бөлген. Соның ішінде дәйекке тым, өте, ең т. б. деген қазіргі күшейткіш үстеулерді шылау есебінде қарастыру керектігін сөз еткен. [ 26. 362]

Бүгін де бұл көзқарас кейбір тілші ғалымдардың еңбектерінен жалғасын табады. С. Исаев “күшейтпелі асырмалы шырай тұлғасын жасайтын күшейткіш үстеу деп аталып өте, тым, аса, тіпті т. б. тәрізді көмекші сөздердің сапалық сындармен тіркесуі де сөздің аналитикалық формасына жатады.  өйткені бұл жерде күшейткіш буындар да (үп-үлкен, қып-қызыл т. б.), күшейткіш көмекші сөздер де (өте үлкен, тым тамаша т. б.) біріншіден форма тудыратын қосымшалар сияқтыөзі тіркескен сөзге қосымша грамматикалық мағына үстейді, бірақ лексикалық мағынасына нұқсан келтірмейді, не оны өзгертіп жібермейді” деп тұжырымдайды.  [27. 52]

Қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктерді  зерттеген Ы. Шалқаманова  Қ. Жұбанов, Н. Оралбаева, С. Маралбаева, С. Исаев, М. Серғалиев пікірлеріне қосыла отырып, өз ойын былай түйіндейді: “Қазіргі күшейткіш үстеу деп танылып жүрген сөздерді шылауларға кіргізіп, ның ішінде тағы да саралап, грамматикалық мағынасына, тіркесетін сөздеріне орай күшейткіш демеулік немесе сындық демеуік деп қарастырған жөн сияқты.” [28. 84]

Қазақ тілінде демеуліктер өздерінің о бастағы мағынасынан алшақтап, тек қана негізгі сөздерге қосылып, оларға қосымша мағына береді.

Демеуліктер алғашында дербес мағыналы сөз болған. Бірақ көп уақыттың өтуімен қазіргі тілдерге көмекші сөз есебінде келіп жеткен. [24. 65]. Демеуліктердің көпшілігі тұлғасы мен, қызметтеріне қарай бір-біріне ұқсас, ортақ болып келеді.

Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз. Лексикалық-граматикалық мағыналары жағынан :

  1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше

Бұл демеуліктер контексте қолданылу жүйесіне қарай, әр қилы грамматикалық формадағы әр түрлі сөздермен тіркесе береді.

  1. a) Ма (ме, ба, бе, па, пе) демеулігі зат есімдермен, сын есімдермен, үстеулермен, етістіктің бұйрық, ашық, шартты райлары және қимыл атауы, есімше, көсемше формаларымен тіркесіп қолданыла береді және тіркесетін негізгі сөздер жіктік жалғаулырында, оларға тән басқа әр түрлі формаларда тұра береді. Ондайда ма шылауы тіркесетін сөздер өздеріне тән категориялық формаларының қай-қайсысында болса да қолданыла береді. Мысалы: Ерте ме, кеш пе, пайдаға ма, зиянға ма, сен де, барыңды бересің (Ғ. Мүсірепов).

ә) ше демеулігі әр қилы сөздермен тіркесіп, оларға сұраулық мән беріп отырады және үнемі көтеріңкі екпінмен ерекше бөлініп айтылады да, оның сұраулық мәні де әлдеқайда күшті болып келеді. Мысалы: Егер ісіңді реттеумін деп тұрса ше?

  1. Күшейткіш демеуліктер: -ау, -ай, -ақ, да, де, та, те

Олар сөйлемде берілетін ойға, не ондағы жеке сөздермен сөз тіркестерінің мағынасына қосымша күшейткіш мән жамау үшін жұмсалады. Мысалы: Өлең мен ән ырысын тапты-ау (М. Әуезов).

  1. Шектік демеуліктер: қана, ғана, -ақ

Шектік демеуліктер белгілі бір нәрсеге, іс-әрекетке, амалға, сын-сипатқа, мезгілге т. б. шек қоя тұжырымдап айту үшін қолданылады. Мысалы: Мен бүгін ас жемесем де, қуанышпен-ақ тоқпын (Қазақ ертегілері).

  1. Нақтылық демеуліктер: қой, ғой, -ды, -ді, -ты, -ті

Бұл демеуліктер жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын, сөйлемде айтылатын ойды нақтыландыра, тұжырымдай түсу үшін қолданылады. Мысалы: Көптің талқысы киын ғой (Б. Майлин).

  1. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс, -ау

Жеке сөздер арқылы, сөз тіркестері арқылы және сөйлем арқылы берілген ойға күмандану, болжалдау, сенімсіздік білдіру, кекеу мәнін жамау үшін жұмсалады. Мысалы: Зәрі қатты қырсық әкені Абай қатты кінәләпты-мыс (М. Әуезов).

  1. Болымсыздық демеуліктер: түгіл, тұрсын, тұрмақ

Мысалы: Жазғы ауыл түгіл, қысқы қыстауды да бірге салдық         (Ғ. Мүсірепов).

  1. Қомсыну демеуліктері: екеш

Екеш шылауы тіркесетін сөзге қомсыну, кемсіну, тіпті мұқату сияқты мағыналық реңктер үстейді. Мысалы: Құс екеш құста балапанын ұядан қияға ұшырып үйретеді (З. Шашкин). [2. 125] Енді екі тілдің септеулік шылауларын салыстырып, мысалдар берейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Түрік және қазақ тілдеріндегі жалғаулық шылаулар, олардың жасалуы жағынан қолданылуы және түрлері

Түрік және қазақ тілдеріндегі жалғаулық шылауарға бірдей анықтама бере аламыз.  Себебі екі тіл де бір түбірден шыққан. Әр ғалым әр түрлі анықтыма берген, Ахмеди Ысқақов “Жалғаулықтар – дербес лексикалық мағыналары дерексізденген, бірақ өздеріне тән ерекше семантикалық мағыналары мен абстракт грамматикалық қызметтері бар шылау сөздер. Жалғаулықтардың мағыналары мен қызметтері де өмірмен байланысты алуан түрлі заттар мен құбылыстардың аралықтарындағы неше қилы қатынастардың негңзңнде туып қалыптасқан да, сол негізде сөйлеу тілінде жарыққа шығып, үнемі көрініп тұрады. Жалғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді”[2. 363],  Tuncer Gülensoy  “Kelimeleri, kelime grublarını ve cümleleri bir birine bağlayan, onlar arasında irtibat kuran edatlara bağlama edatı denır”[34. 149], Ғ. Әбуханов “Жай сөйлемдегі бірыңғай  мүшелердің немесе құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің арасын байланыстыру үшін қолданылатын шылаулардың түрін жалғаулық шылаулыр дейді” [1. 171]

Бір түбірден шыққан үшін екі тілдің ұқсастықтары көп, бірақ айырмашылықтары да аз емес. Біріншіден,  жалғаулықтарды тізіп өтейік: ne…ne, ve, de, ki, öyle, ile, yine, yoksa, nitekim, üstelik, hem, ama, fakat, yalnız, ancak, lakin, ne varki, oysa, halbuki, madem ki, yeter ki, bile, ya da, demekki, hem de, … olsun  ж.б.

Жалғаулық шылаулар жасалу жолына қарай төрт топқа бөлінеді:

1) Yalın bağlaçlar: ve, ile, daki, ama, bile, eğer, lakin,yani;

2) Türemiş bağlaçlar: üstelik, örneğin, gerçekten, kısacası, yoksa;

3) Birleşik bağlaçlar: öyleyse, oysa, neyse;

4) Öbekleşmiş bağlaçlar: oysaki, halbuki [5. 98]

Кейбір жалғаулықтар сөздермен тіркесе келіп жаңа жаңа жалғаулық шылаулар құрайды. Көбінесе –ki  жалғаулығының тіркесуінен түрлі жалғаулықтар құралады.  Бұл шылаулар тіркестерін біз екіге бөлеміз:

1) –ki  жалғаулығымен құралған шылаулар: oysaki, halbuki, madem ki, sanki, şöyle ki, yeterki, tut ki, şu var ki, nerde kaldı ki, ne var ki, degil mi ki…

2) сөз тіркестері болып келетін жалғаулық шылаулар: bunun için, bundan dolayı, bu yüzden, bu bakımdan, buna göre, görünüşe göre, o halde, şu halde, bundan başka, senin anlayacağın, sözün kısası, bununla birlikte ….

3) қайталанушы  жалғаулықтар: ne… ne, hem… hem, gerek… gerek (se),  ya… ya, olsun… olsun,  ister… ister (se).

Кейбір жалғаулықтар белгілі бір түбір сөздерге қосылып қолданылатын әр қилы қосымшалармен үнемі жұмсала-жұмсала келіп, сол формаларда әбден тұрақталып, көнелеу арқылы әрі тұлғасы өзгермейтіндей халге етіп, әрі мағынасы солғындап делексикаланып, бірте бірте жалғаулықтарға айналған. Мысалы: sebebi (sebep+i), birde (bir+de).

Бұл жалғаулықтардың кейбіреулері түрік тіліне шет тілдерден енген. Содан кейін осы жалғаулықтардан түрік сөздерінен пайда болған жалғаулықтар туындайды.  Осылайша түрік және шет тілдегі  сөздерден пайда болған кейбір жалғаулықтар сөйлемде бірдей қызмет атқарады.

Анықтамалардан байқағанымыздай жалғаулық шылаулар және септеулік шылаулардың қызметтері өте ұқсас болып келеді. Екі тіл арасындағы ең басты айымашылық  септеуліктер  сөз  бен сөзді бйланыстыратын болса, жалғаулықтар сөздерді, сөз тіркестерді және сөйлемдерді байланыстырады. Кейбір сөздер әрі септеулік, әрі жалғаулық болып қолданылады. Көптеген тіл мамандары бұл екі шылау түрінің айырмашылақтарын осы күнге нақы көрсете  алмаған. Септеуліктер мен жалғаулықтар арасындағы айырмашылығын түсінікті көрсету үшін бірнеше мысал келтірейік:

Aslan, kaplan ve tilki etle beslenen  hayvanlardır.

Бұл сөйлемде аslan, kaplan ve tilki сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Бұл сөздер ve жалғаулық шылауымен байланысып тұр.

Atatürk tam bir halk adamıydı ve asıl küvvet kaynağının halk olduğu

               cümle                                              cümle

inancındaydı. (F. Rıfkı Atay)

Бұл мысалда ve жалғаулық шылауы сөйлемдерді бір бірімен байланыстырып тұр.  Септеулік шылауды сөйлемнен алып тастасақ, сөйлемнің мағынасы бұзылып кетеді. Кейбір жалғаулық шылауларды сөйлемнен алғанда сөйлемнің мағынасында ешқандай өзгеріс немесе кемділік байқалмайды. Жалғаулықтардың орнына үтір немесе нүктелі үтір қолдануға болады.

Мысалы: Hasan Ankara’ya araba ile gitti.

                Hasan Ankara’ya araba … gitti (септеулік).

                Murat ve Esra misafirliğe gittiler.

                Murat … Esra misafirliğe gittiler (жалғаулық).

Қазақ тіліне келетін, болсақ қазақ тілі грамматикасындағы жалғаулықтардың ерекшеліктерін көрсете аламыз. Әрине қазақ тілінде жалғаулықтардың кейбіреулерін сөйлемнен алып тастасақ, сөйлемнің мағынасы өзгермейді. Бірақ ондай шылаулар өте аз. Қазақ тілінде көп жағдайда шылау сөйлемнен бөлек алынбайды, сөйлеммен бірге қолданылады.

Мысал: Қыс пенен жаз,

             Күн менен түн,

             Тақ пенен жұп,

             Жақсылық пен жаманжық

  • болды сегіз. (Абай)

Қазақ тілінде әрі септеулік, әрі жалғаулық болып қолданылатын шылаулар да бар, бірақ олардың саны көп емес.  Жалғаулықтар мағынасы және қолданылатын орнына, яғни синтаксистік қызметіне қарай мына сияқты алты топқа бөлінеді:

1) Ыңғайластық жалғаулықтар: әрі, да (де, та, те), және, мен (бен, пен) – Sıralama bağlamları: hem, da, ile.

2) Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, әйтсе де, сүйтсе де, әйтпегенде, дегенмен, әйтпесе, сонда да, әйткенмен  – Karşılıklı bağlamlar: ama, fakat, ancak.

3) Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, мейлі, не, немесе, я, яки, кейде, болмаса – Anlaşma bağlaçları: bazen … bazen, bir … bir.

4) Себептік жалғаулықтар: себебі, өйткені, неге десең – Sebep bağlamları: çünkü, sebebi.

5) Себеп-салдар жалғаулықтары: сондықтан, сол себепті, себебі – Sonuç bağlamları: bunun için, bundan dolayı, buna göre.

6) Шарттық жалғаулықтар: егер, егерде, онда, алда-жалда – Şart bağlamları: eğer, öyleyse. [17. 557]

Түрік тілінің тіл білімі кітаптарында жалғаулық шылауларды мағынасына қарай топтарға бөлуде тіл мамандары тарапынан берілген түрлі пікірлер бар. Сол себептен түрік тілі шылаулырының классификациясын нақты бере алмаймыз. Бірақ менің ойымша, түрік тілінің шылауларын қазақ тіліндегі  классификациясына қарай ұқсатып бөлу дұрыс болатын еді. Tahsim Bangioglu да  тура осы сияқты жоғарыда көрсетіліп кеткен топтарға бөледі.

Енді біз осы жалғаулық шылауларын бір бірден қарастырайық.

 

VE – ЖӘНЕ, МЕН, БЕН, ПЕН;

Ең жиі қолданылатын жалғаулық. Түрік тілінде бұл шылау сөйлем ішінде түрлі қызметтер атқарады.

Кейбір жағдайларда ve шылауы қазақ тілінде мен, бен, пен болып келеді. Мен, бен, пен шылаулары түрік тілінде  ile  шылауымен беріледі. Осыған біз мысалдар келтіріп қарастырайық.

ve шылауы бар сөйлемдерді қазақ тіліне аударып салыстырғанда түрік тіліндегі бұл шылау қазақ тілінде бірде және бірде мен, бен, пен болып қолданылады.

Енді осы жалғаулыққа мысалдар келтіре отырап, қызметтерін анықтайық.

  • Ve шылауы бір қызметтегі сөздерді (ad, belirteç, sıfat) және сөйлемдерді бір бірімен байланыстырады:

Мысалы: İnsanları, kuşları ve çiçekleri çok seviyorum.

                Адамдарды, құстарды және гүлдерді өте жақсы көремін.

                Ali Bey dürüst, namuslu ve iyi bir insandı.

                Али Бей дұрыс, намысшыл және жақсы бір адам еді.

  • Сөйлемдері байланыстырады:

     Мысалы: Ödevlerinizi bu akşam yazın ve onlarıyarın getirin.

                    Тапсырманы бүгін кешке жазындар және маған ертең     әкеліңдер.

                    Lüzum gördü adli tabip ve Halil hastahaneye yattı gözleri için.

  • Зат есім, сын есім тіркестерінде қолданылады:

    Мысалы: Çocuğun el ve ayakları buz gibi olmuş.

                    Баланың қолы мен аяқтары мұз болып қалыпты.

                   Akıllı ve saygılı çocuklar daha başarılı olurlar.

                   Ақыллы және сыйлы балалар әлдеқайда озық болады.

Мысалдардан байқағанымыз – түрік тіліндегі ve қазақ тілінде және,  кейде мен болып беріледі.

  • Түрік тілліндеі ve шылауы қайталанып келетін сөздердің арасында қолданылады:

     Мысалы: Yıllarca ve yıllarca hep  mutlu anı bekledım. Günlerce ve   günlerce hep o sevdiği insanı bekledi. Bu yağmursuz günler, aylarca sürdü. [21. 101 ].

Түрік тілінде ve, ile шылаулары кейбір жағдайларда бірдей мағынада қолданылады:

Мысалы: Sibel ve Mehmet sinemadan hala gelmedi.

                Sibel ile Mehmet sinemadan hala gelmedi.             

HEM …HEM, HEM DE – ӘРІ (ЖӘНЕ ДЕ)

Бұл шылаулар екі тілде де мағынасы ұқсас сөздерді, синонимдерді, сөз тіркестерді, сөйлемдерді байланыстырады.

Мысалы: Kazak dili hem zengin, hem güzel bir dildir.

                Қазақ тілі әрі бай, әрі көркем тіл.

Кейбір жағдайларда hem …hem шылауы de жалғаулығымен бірге қолданылады.

Мысалы: Murat hem türkçe, hem rusça, hem de kazakça biliyor.

                Мұрат әрі түрікше, әрі орысша және де қазақша біледі.

Hem de шылауын қазақ тілінде әрі де немесе сөйлем ішінде және де деп қолданады. Қазақ және түрік тілдерінде hem …hem de шылаулырының мынандай ерекшеліктерін көрсете аламыз:

Түрік тілінде  hem …hem de шылауының  басқа да қолданылу жолы бар екен.  Мысалы:

Bana hem para vermiyorsun, hem de çok  çalıştırmak istiyorsun.

Сөйлемде  “buna rağmen, bunun yanında” сияқты мағына береді. Қазақ тіліне аударып қарасақ: Маған не ақша бермейсіздер, соған қарамастан көп жұмыс істеуімді қалайсыздар.

Бұл сөйлемде hem шылауының орнына не, hem de шылауының орнына соған қарамастан (buna rağmen) шылаулары қолданылып тұр. Егер не, соған қарамастан шылауларының орнына әрі шылауын қолдансақ сөйлемнің мағынасы өзгеріске ұшырайды. Сол себептен шылауларды сөйлемнің мағынасына қарай қолданғанымыз жөн.

BILE – ДА, ДЕ, ТА, ТЕ

Түрік тілінде бұл жалғаулық күтпеген бір сезімдерді, жағдайды  көрсету үшін қолданылады.

Мысал: Henüz dört yaşında: piyano çalıyor, şarkı söylüyor, yazı bile yazıyor. Әлі төрт жаста: пианино ойнайды, ән айтады, жазу да жазады.

Haydar Bey trafik kazasından sonra hafızasını yitirmiş, kendi kızını bile tanımıyor. Хайдар Бей жол апатынан кейін есінен айрылыпты, өз қызын да танымайды.

 Вile  шылауы бір жағдайдын ақылға сыймайтынын білдіру үшін қолданылады. Мысалы: O kadar yetenekli bir resim ki, һocası bile onun kadar güzel resim yapamıyor. Ол сондай қабілетті суретші, тіпті ұстазы да ол сияқты сурет сала алмайды.

Түрік тілінде кей жағдайларда бұл шылау бұрыннан істелініп қойған әрекеттерді білдіреді.

Мысалы: Okulu bitirdi, evlendi bile.

Кейде шарт қою мағынасында қарсылықты білдіреді.

Мысалы: Özür dilese bile onunla konuşmam – Кешірім сұраса да онымен сөйлеспеймін. Okusam bile anlayamam – оқысам да түсінбеймін.

Кейбір жағдайларда bile шылауы de жалғаулығының орнын алады.

Мысалы:  Bu sınavı kazansa da işe giremez → Bu sınavı kazansa  bile işe giremez.

Жоғарыда көрсетілгген мысалдарда түрік тілінде  da, de, dahi, bile шылаулары бірдей мағынада қолданылатынын байқаймыз. Олар сөйлемнің мағынасына қарай қолданылады. Бұл шылаулар қазақ тілінде тек қана да (де, та, те) шылауларымен беріледі.

YOKSA, AKSİ HALDE, AKSİ TAKDİRDE – ӘЙТПЕСЕ, ЖОҚ ӘЛДЕ, БОЛМАСА

Бұл шылаулар бұрынғы сөйлемде айтылған ойға соңғы сөйлемдегі ойдың мағына жағынан қарама-қарсы екенін аңғартуға дәнекер болады.  Көбінесе бұрыңғы сөйлемдегі іс-әрекеткетке қосымша бір амалдарды жасау керектігін қажет етіп отырады. Осыған сәйкес, ол қарсылықты қатынасты күшейте түсу мәнін де аңғарда алады. Қазақ тілінде бұл шылаулар әрі қарсылықты, әрі талғау мәнді шылаулар болып есептеледі. Кейде қауір-қатер келтіру, қорқытуды білдіреді.

Мысалы: Bana borcunu zamanında öde: yoksa seni mahkemeye veririm. Маған қарызды уақытында төле, әйтпесе сотқа беремін.

Yoksa шылауы қазақ тілінде сөйлемнің мағынасына қарай кейде әлде, кейде болмаса, кейде әйтпесе шылауымен беріледі.

RAĞMEN, KARŞI – ҚАРАМАСТАН

Түрік тілінде бұл шылау сөздер мен сөз тіркестерін байланыстырады. Қарсылық мәнін береді. Мысалы:

Bahar gelmesine rağmen havalar bir türlü usunmadı.

Көктем келгеніне қарамастан ауа райы жылынбады.

Yolun kötü olmasına karşın manzara büyüleyiciydi.

Жолдың жаман болуына қарамастан табиғат көрінісіғажайып еді.

ÜSTELİK – СОНЫМЕН ҚАТАР

Түрік тілінде  üstelik шылауы нығайту жолымен байланыстырады. Қазақ тілінде сонымен қатар (қоса, бірге) шылауларымен беріледі. Бірақ бұлақ қазақ грамматикасы кітаптарында шылау болып берілмейді. Мысалы:

Dün akşam yemekler çok güzel, üstelik güzel bir müzek vardı.

               Кеше кешкі ас өте дәмді еді, сонымен қатар әдемі бір әуен де бар

               болатын.

Қазақ тілінде оның үстіне, сонымен бірге, сондықтан шылауларының мағынасына сай келетін түрік тілінде тағы бір шылау nitekim шылауы. Мысалы:

Bu adam dürüst biri değil, nitekim daha önce hırsızlık suçundan tutuklanmış. Бұл адам дұрыс біреуі емес, оның үстіне бұрын ұрлық жасағаны үшін ұсталыпты. Babam bütün yaşamı boyunca sağlığına dikkat etti, nitekim tam doksan iki yıl yaşadı. Әкем өмір бойы денсаулығын күтті, сондықтан тоқсан екі жыл өмір сүрді.

YANİ, DEMEK – ЯҒНИ, ДЕМЕК

Қазақ тілінде яғни, демек шылаулары айқындағыш жалғаулық болып беріледі. Олар я жеке сөздерді, я сөз тіркестерді, я жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырады да, алдыңғы сөз немесе сөйлем арқылы айтылатын ойды кейінгі сөз немесе сөйлем арқылы не баяндауға, не айқындауға, не анықтауға не тәптіштеп қадағалай түсуге дәнекер сөздер есебінде қызмет етеді. Мысалы:

Elimizde yeterince para yok, yani biz bu evi satın alamayacağız.

Қолымызда жеткілікті ақша жоқ, яғни біз бұл үйді сатып ала алмаймыз.

Біз бұл сөйлемді қазақ тілінде  yani шылауының орнына сондықтан(onun için) салдар мағынасындағы шылауын қолдана аламыз. Мысалы:

Қолымызда жеткілікті ақша жоқ, сондықтан біз бұл үйді сатып ала алмаймыз. Elimizde yeterli para yok, onun için bu evi satın alamayacağız. Екі тілде де yani шылауының орнына onun için шылауын қолданып тұрмыз. Оған қарамастан сөйлемнің мағынасы өзгеріп тұрған жоқ.

Демек шылауына мысалдар келтірейік:

Sen geldin, demek hepsi yerinde olacak.

Сен келдің, демек бәрі орнында болады.

Осы жерде бұл шылаудың қазақ және түрік тілдерінде жазылуы, айтылуы және сөйлемде қолданылуы бірдей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар  арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Қазақ және түрік тілдерінің шылауларына жоғарыда көрсетілген пікірлердің, ұқсастықтардың бар болуына қарамастан біз екі тілдегі шылаулардың арасында көптеген ерекшеліктер, әр түрлі қолданыстар  көріп тұрмыз. Бірақ түрік және қазақ тілдері бір түбірден шыққан болса да, қалыптасуы бірдей емес. Шылаулардың айтылуы, сөйлемде қолданылу ұқсастықтары түрік және қазақ тілдерінің бір тектен шыққанын көрсетеді.

Мысалы:

 

için – үшін

boyunca – бойынша

boyu – бойы

da, de – да, де

beri – бері

yalnız – жалғыз

demek – демек

dek – тек

diye – деп

yani – яғни

hiç olmazsa – ең болмаса

 

Бұл шылаулардың айтылуы, қолданылуы, жазылуы да бір біріне өте ұқсас. Бірақ кейбір әріптер дыбыс үндестігіне ұшыраған. Жоғарыда шылаулар арасында мынандай дыбыстық өзгерістер байқалады: ç – ш, с – ш,  u – ы, n – ғ, d – т;

Қазақ және түрік тілдеріндегі шылаулардың көбінің жазылуы мен айтылуы әр түрлі, бірақ беретін мағыналары бірдей. Мысал келтірейік:

 

Gibi – сияқты, секілді

Kadar – қарай, дейін

Ile – арқылы

Göre – қарағанда

Ve – және

Ya da – немесе

Ama, fakat – бірақ

Çünkü – себебі

Hatta – тіпті

Karşın – қарамастан

Yoksa – әйтпесе

Bari – сондықтан

Hem – әрі

 

Түрік тіліндегі кейбір шылаулар әрі жалғаулық, әрі септеулік болып қолданылады. Мысалы: Ile шылауын алайық.

Elindeki balta ile durmadan kesiyordu ağaçları.

Alandakileri şapkasıyla selamladı.

Бұл мысалдарда ile шалуы септеулік болып келіп, сөздердің арасында байланыс құрайды.

Ile шылауы ve мағынасында қолданылған кезде жалғаулық қызметін атқарады. Мысалы: Gönüi ile Cem bankaya gittiler. Түрік тілінде ile шылауы өзінен бұрын  келетін сөзбен бірге жазылады: İçeriye bu kart ile gireceksiniz – İçeriye bu kartla gireceksiniz. Бірақ қазақ тілінде арқылы шылауы ешбір жағдайда өзінен бұрын келетін сөзбен бірге жазылмайды. Арқылы шылауы әрқашан бөлек қолданылатын сөз. Мысалы: Мен онымен телефон арқылы сөйлестім – Ben onunla telefon ile konuştum.

Қазақ тілінде бұл сөйлемді телефон сөзінен кейін –мен (бен, пен) көмектес септігінің жалғауын жалғап қолдана аламыз.  Бірақ бұл жағдайда    –мен жалғауы  шылау қызметін атқара алмайды, тек қана септік жалғауы болып келеді. Мысалы: Мен онымен телефонмен сөйлестім – Ben onunla telefonla konuştum.

Осылайша,  түрік тілінде ile шылауы сөзге бірігіп жазылады да, қазақ тілінде  ешқандай шылаулар   өзінің алдындағы сөзбен бірге жазылмайды. Бұл екі тіл арасында үлкен бір айымашылық.

Қазақ және түрік тілдеріндегі шылауларды салыстыруда тағы бір байқағанымыз  – бұл түрік тілі шылауларының мағынасы жағынан өзгешеліктері. Яғни, бір шылаудың мағынасына екінші шылау мағынасын қолайлы етіп келтіре алу.

  Түрік тілінде bile жалғаулық шылауы кейде de шылауының орнына қолданылады: Okusam da anlayamam → Okusam bile anlayamam.

         Partiye dedem de geldi → Partiye dedem bile geldi.

Кейбір жағдайларда қайталанушы  gerek …gerek жалғаулығы hem …hem жалғаулығымен бірдей мағынада қолданылады:

Akşam gerek radiyo dinler, gerek gazete okur.

Akşam hem radiyo dinler, hem gazete okur.

Hem de, üstelik жалғаулықтары hatta шылауымен бірдей мағына береді: Çalışıyor, hem de okuyor → Calışıyor, hatta okuyor. Güzelce gezdik, eğlendik, üstelik alışveriş de yaptık → Güzelce gezdik, eğlendik, hatta alışveriş de yaptık.

Осындай ерекшелік қазақ тілі шылауларында түрік тілінде сияқты көп емес. Мысалы, тіпті, сонымен қоса  шылаулыры:

Кінәнді мойындамайсың, тіпті біреуді кінәлайсың →  Кінәнді мойындамайсың, сонымен қоса біреуді кінәлайсың.

Кейін, соң шылаулырының да мағыналары өте ұқсас. Бір бірінің орнына қолданса да болады: Жұмыстан кейін үйге қайттым →  Жұмыстан соң үйге қайттым.

Қазақ және түрік тілдерінің ортақ жақтары (шылаулырдың мағыналары, жазылуы, айтылуы, қолданылуы, қызметтері) көп. Осымен бірге айырмашылықтары да, ерекшеліктері де аз емес. Екі тіл бір тектен шыққан болса да, тілдердің қалыптасуымен шылаулар көптеген өзгерістерге ұшыраған. Сол себепті екі тіл шылаулары арасындағы айырмашылықтарды көрсеткен жөн. Түрік тіліндегі қайталанып келетін ne…ne  шылаулары мен қазақ тіліндегі не …не шылаулар арасында үлкен айырмашылық бар. Айтылуы мен жазылуы бірдей болғанымен екі тілдегі бұл шылау әр түрлі қолданылады.

Түрік тілінде   ne…ne  шылауы сөйлемде болымсыздық мағынасын білдіреді. Бірақ бұл жалғаулық шылауы қолданылған сөйлемдерде баяндауыш болымды болады. Яғни ne …ne жалғаулығын қолданған сөйлемдер жасалу жолынан болымды болған жағдайда, мағынасы жағынан болымсыз болып келеді. Мысалы: Ne çay, ne kahve içti. Ne konuştular, ne de azıcık durup soluk aldılar.(Yaşar Kemal)

Қазақ тілінде бұл сияқты қолданыстар мүлдем жоқ. Баяндауыш болымды болып та, мағынасы ешқашан болымсыз  болмайды. Ne шылауы қолданылған сөйлемдер таңдау мағынасында әрі болымды, әрі болымсыз болады.

Мысалы: Не қонаққа барайық, не үйде қалайық. Не Анкараға, не  Стамбұлға бармапты.

Түрік тілінде ki жалғаулық шылауы ерекше бір екпінмен әр түрлі қолданылады.

Жоғарыда көрсетілгендей көптеген шылаулардың қазақ және түрік тілдерінде ортақ жақтары көп. Екі тіл бір тектен шыққанына қарамастан әр түрлі  жолдармен дамыған. Сол себепті қазақ және түрік тілдерінің шылаулары көптеген өзгерістерге ұшырап, шылаулар арасында айырмашылықтар пайда болған.  Қазақ тілінде бар кейбір шылаулар түрік тілінде және түрік тілінде бар кейбір шылаулар қазақ тілінде жоқ. Қазақ тілінде жоқ шылаулар:

Бетер – белгілі бір іс-әрекеттің бұрын істелген іс-әрекеттен анағұрлым күшті болатынын білдіру үшін жұмсалатын септеулік шылау. Гүлжан бойын одан бетер жиды (Х. Ергалиев).

Сайын – зат есімдермен, өте-мөте мезгіл атауларымен және –ған (-ген, -қан, -кен) формалы есімшелермен тіркенскенде, ол сөздерге даралау, саралау мағынасын үстейді немесе белгілі бір іс-әрекеттің дүркін-дүркінқайталанып отыруын я үдей түсуін білдіретіндей қосымша мағына жамайды. Мал ауылдың қорасында көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасындап тұр ( Б. Майлин).

Гөрі – зат есіммен, есімдікмен, кейде –қан (-кен, -ған, -ген) формалы есімшелермен тіркесе қолданылып, бір затты я құбылысты екінші бір затқа салыстырып, таңдау, талғау үшін жұмсалатын септеулік. Күзге салым туған ауылды ойлады (С. Сейфуллин).

Түгіл, тұрсын, тұрмақ – зат есім, сын есім, сан есім, есімдер, қимыл атауларына тіркесіп, болымсыздық мағына жамайтып демеулік. Жазғы ауыл түгіл, қысқы қыстауды да бірге салдық (Ғ. Мүсірепов). Өзгертті соғыс ауа райын, Қарт тұрсын шекті жылап бала уайым (С. Мұқанов).

-мыс, (-міс) – жеке сөздер арқылы және сөйлем арқылы берілген ойға күмандану, болжалдау,  көмескілендіру, сенімсіздік білдіру, мысқылдау, кекеу мәнін жамау үшін жұмсалатын болжалдық демеулік. Зәрі қатты қырсық әкені Абай қатты кінәлапты-мыс (М. Әуезов).

Ендеше – бұл жалғаулық біріне бірі орайластырыла айтылған жай жай сөйлемдерді ұштастырады да, бірінші сөйлемдегі ойды екінші сөйлемдегі ой тұжырымдап қорытынды ретінде жинақтауға дәнекер болумен қатар, екінші сөйлемдегі ойға бастама сөз іспетті де жұмсалады. Мал дүниенің шын иесі осы кісі. Ендеше бәріміз де әжемнің төрелігіне тоқтайық (М. Әуезов). [2. 370-377]

Жоғарыда екі тілге ортақ қолданыстарды, мағыналарды, айтылуы жағынан бір біріне ұқсас шылауларды көрсеттік және мысалдар келтіре отырып араларындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерін көрсетуге ынта салдық. Қазақ және түрік тілдеріндегі шылауларды салыстыруда тағы бір ерекшеліктерінің бірі – бұл түрік тілінде кейбір тіл мамандарының шылау түріне ünlemler’ді, katmalar’ды  қосуы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Диплом жұмысында қазақ және түрік тілдерінің шылауларын салыстырыа отырып, олардың мағынасы жағынан, қазметтері жағынан ұқсастықтарын, сонымен бірге ерекшеліктерін көрсетуге ынта салдық және де бұл жұмыста шылаулар, олардың ерекшеліктері, жасалу жағынан түрлері, екі тілдегі шылаулардың ортақ жақтары мен айырмашылықтары сияқты көптеген мәселелер айтылып кетті. 

Салыстырылған қазақ және түрік тілдеріндегі шылаулардың семантикасы және қызметі жағынан бір біріне өте ұқсас, яғни айырмашылықтарына қарағанда ұқсастықтары анағұрлым көп болып келеді. Кейбір шылаулардың ортақ жақтарын салыстырсақ: da, de – да, де, beri – бері, yalnız – жалғыз, için – үшін, demek – демек.

  • Шылаулар – сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Жеке алынғанда мағынасы болмаса да,  сөйлемде сөздер арасында байлынас құрып әр түрлі мағыналарға ие болады.
  • Шылауларға сөз тудырушы жұрнақтар мен жіктек, септік, көптік және болымсыздық жалғаулары жалғанбайды. Шылаулардың классификациларында екі тілде де көптеген өзгешеліктер бар екендігі жоғарыда көрсетілді. Көбінесе түрік тіл мамандарының пікірлері әр түрлі берілген. Әрбір тіл маманы шылауларды өзінше бір топтарға бөлген. Бүгінге дейін түрік тілінде шылауларды түрлерге бөлуде нақты бір көзқарас жоқ. Кейбір тіл мамандары қуану, жындану, қорқу, таңғалу сияқты сезімдерді білдіретін сөздерді, біреуді шақыру үшін қолданылатын сөздерді, яғни одағайларды шылаудың бір түріне жатқызады. Бұл дұрыс емес, себебі одағайлар бөлек бір ерекшелігі бар сөз табы.
  • Қазақ тіліндегі шылаулар болса, олардың жалпы үш түрі бар: 1. септеуліктер (çekim edatları); 2. жалғаулықтар (bağlama edatları); 3. демеуліктер. Олар өзінің ішінде бірнеше түрлерге бөлінеді. Шылаудың бұл үш түрі тек қана қазақ тілі шылауларына нақты берілген.
  • Қазақ тіліндегі септеуліктер (çekim edatları), жалғаулықтар (bağlama edatları) түрік тілінде де бар, бірақ демеуліктерге келетін болсақ, ондай түрі мүлдем жоқ. Бірақ Necmettin Hacieminoğlu’ның кітабында берілген күшейткіш және сұраулық шылаулары қазақ тіліндегі демеуліктерге сәйкес келіп тұр. Тіл мамандары демеуліктерді бөлек бір топ етіп көрсетпесе де, қолданыста бұл шылаулар бар.
  • Жалпы айтсақ, түрік тілінің шылауларын нақты екі түрі бар: 1.çekim edatları; 2. bağlama edatları. Екі тілдегі шылаулар бір біріне өте ұқсас. Сонымен бірге, түрлерге бөлінуінде де ұқсастықтар көріп тұрмыз. Мысалы: екі тілдің шылаулары  былай бөлінеді: септеулік шылаулар атқаратын қызметіне қарай төртке бөлінеді: 1. негіз тұлғалы сөзбен тіркесетін септеуліктер; 2. шығыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер; 3. барыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер; 4. көмектес септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер. Ал мағынасына қарай септеуліктер түрік тілінде сегізге, қазақтілінде беске бөлінеді:

Түрік тілінде                                    Қазақ тілінде

  1. Miktar edatları
  2. Yer yön edatları →   Мезгіл-мекен септеуліктері
  3. Zaman edatları
  4. Vasıta ve beraberlik edatları → Амал мағыналы септеуліктер
  5. Sebep edatları →   Мақсат мағыналы септеуліктер
  6. Benzerlik edatları →   Теңеу-талғау септеуліктері
  7. қарсылықты септеуліктер
  8. Diğer hal edatları
  9. Başkalık edatları

Қазақ және түрік тілдеріндегі жалғаулықтар арасында осындай ұқсастық бар. Екі тілдің жалғаулықтары алты түрге бөлінеді:

  1. Ыңғайластық жалғаулықтар – Sıralama bağlama edatları
  2. Қарсылықты жалғаулықтар – Karşılıkl bağlama edatları
  3. Талғаулық жалғаулықтар– Seçeneklik anlamındaki bağlama edatları
  4. Cебептік жалғаулықтар – Sebep bağlama edatları
  5. Себеп-салдарлық жалғаулықтар – Sonuç bağlama edatları
  6. Шарттық жалғаулықтар – Şart bağlama edatları

Қорыта келгенде, түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулары салыстырылып жазылған. Зерттеу жұмысымызда екі тілге ортақ шылаулар және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қарастырылған. Екі тіл бір тектен пайда болғанына қарамастан көп уақыт өтіп, тілдің дамуымен шылаулар көптеген айырмашылықтарға ұшыраған. Осы айырмашылықтарына қарамастан екі тілдегі шылаулардың жазылуы, айтылуы, қолданылуы және мағынасы жағынан бір біріне өте ұқсас болып келеді. Осымен қазақ және түрік тілдеріндегі шылауларында айырмашылықтардан гөрі ұқсас жақтары тағы басым енкендігіне көз жеткіздік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ғ. Әбуханов, Қазақ тілі (лексика, фонетика және морфология мен синтаксис), Алматы “Мектеп”, 1982
  2. Ахмеди Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі (морфология), Алматы “Ана тілі”, 1991
  3. Сәрсен Аманжолов, Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, Алматы “Санат”, 1994
  4. Кононов А. Н. Грамматика современного узбекского литературного языка, М-Л., Издательство АН ССР, 1960
  5. Dr. Necmettin Hacieminoğlu, Türk dilinde edatlar, Istanbul 1992
  6. Н. Оралбаев, А. Әбілқаев, Қазақ тілі, Алматы, 1982
  7. М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Күлкенова, Қазіргі қазақ әдеби тілі, Алматы, 1991
  8. Tahsim Bangioğlu, Türkçenin grammeri, Ankara, 2000]
  9. Dr. Muharrem Ergin, Üniversiteler için Türk dili, Istanbul, 2000
  10. Mehmet Hengirmen, Türkçe dilbilgisi, Ankara, 2000
  11. Nürettin Koç, Yeni dil bilgisi, Ankara, 1996
  12. С. Кеңесбаев, А. Ысқақов, А. Аханов, Қазақ тілі грамматикасы, 1-бөлім, Алматы, 1958
  13. Ш. Бектұров, М. Серғалиев, Қазақ тілі, Алматы, 2002
  14. Толеуов, Сөз таптары, Алматы, 1982
  15. Ә. Н. Нұрғабылова, Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, Алматы, 1991
  16. Кононов А. Н. Грамматика современного турецкого языка, М-Л. Издательство АН ССР, 1956
  17. Қазақ грамматикасы, Астана, 2002
  18. Vefa Gökçetin, Melahat Öztürk, Türkçe edebiyat, Ankara, 1997
  19. Türk dili ve edebiyatı, Ansiklopedisi 2-cilt, Istanbul, 1994
  20. Ibrahim Bektaş, Türkçe edebiyat, Istanbul, 1993
  21. Rasim Şimsek, Türk dili, Istanbul,1999
  22. Osman Göker, Uygulamalı Türkçe bilgileri, Istanbul, 1996
  23. Hamza Zülfikar, Yabancılar için Türkçe, Ankara, 1980
  24. А. Мұхтаров, Союзы в совремменом узбекском языке, А. канд. Дисс., Самарканд, 1953
  25. Haydar Ediskun, “Türk dilbilgisi”, Istanbul, 1996
  26. Жұбанов Қ, Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, Алматы “Ғалым”, 1966
  27. Исаев С.М., Қазіргі қазақ тіліндегі сөзднрдің грамматикалық сипаты, Алматы “Рауан”, 1998
  28. Шақаманова Ы.Б., Шылаулардың дамуы және зерттеу тарихы. Қазіргі қазақ тілі теориясы мен оны оқыту әдістемесінің мәселелері, Алматы: АГУ, 1995
  29. Әміров Р. Демеуліктердің жұмсалуы және оларды оқыту. Қазақстан мұғалімі, 1959, №9
  30. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар, 1959.
  31. Амиров Р. Союзы в казахском языке. АКД, Алмата, 1955
  32. Амиров Р. Частицы и сходные с ними по функции слова как конструктивные элементы предложения в разговорной речи. АН Каз ССР, серия общественная, №3, 1972
  33. Кенжебаева Ф. Демеулік шылаулар, септеулік шылаулардың қалыптасуы.
  34. Dr. Zeynep Korkmaz, Prof. Dr. Hamza Zülfikar, Prof. Dr. Mehmet Akalın, Prof. Dr. Ahmet B. Ercilasun, Prof. Dr. Ismail Parlatır, Prof. Dr. Tuncer Gülensoy, Prof. Dr. Necat Birinci
  35. Türk dili ve Kompozision Bilgileri, 6.baskı, Yargı Yayınevi 2003
  36. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы, 1992
  37. Молғаждаров Қ. К. Көне түркі тілдерінің шылау сөздерінің лексика-грамматикалық сипаты (диссертация)