МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І—ТАРАУ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ
БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
- Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
- Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар
- Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері
ІІ-ТАРАУ. «РОБИНЗОН» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ
ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙІ
2.1. Туристік фирманың жалпы сипаттамасы
2.2. Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау
2.3. Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктері
ІІІ-ТАРАУ ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕЛЕСТІК
СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі
3.2. Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру
3.3. Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық механизмдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
СӨЗДІК
гид (гид-аудармашы) — туристерге уақытша келген елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсететін кәсіби даярланған жеке тұлға;
туристік қызмет көрсетуге жасалған шарт — өтелмелі туристік қызмет көрсету бойынша туроператордың немесе турагенттің және туристің арасындағы келісім;
туризм нұсқаушысы — тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар кәсіби даярланған жеке тұлға;
туристерді орналастыру орындары — мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
туристік өнімді ұсыну — туристік қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) бағытталған шаралар кешені;
тур — белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
туризм — жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты;
өз бетінше туризм — туристер өз бетімен ұйымдастыратын, жүріп-тұрудың белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхат;
турист — жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға;
туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) — қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі — турагент) туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі қызметі;
туристік қызмет – жеке және заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі қызметі;
туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызметтің осы түріне лицензиясы бар 3анды тұлғалардың (бұдан әрі туроператор) өздерінің туристік өнімдерін қалыптастыру, ұсыну және туристтер мен туристерге өткізу ижөніндөгі қызметі.
туристік жолдама — туристік қызмет көрсету кешенін алуға растайтын құжат;
туристік ұйымдар — қызметінің негізгі түрі туристік қызмет болып табылатын заңды тұлғалар;
туристік ресурстар — туристік көрсету объеқтілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер;
туристік ваучер — турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;
туристік өнім — саяхат барысында туристің қажетін қанағаттандыру үшін жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы;
туристік рынок — туристік қызмет саласында тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) және ақша айналысы;
туристік қызмет көрсету — өзінің туристік саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты туристің қажеттерін қанағаттандыру үшін берілетін қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулері);
уәкілетті орган — туристік қызмет саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін орталық атқарушы орган;
экскурсант — бір жерге, елді мекенге, аумаққа немесе сол жерден басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген жеке тұлға;
экскурсиялық қызмет — азаматтардың уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды;
экскурсовод — уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктілігі бар, кәсіби даярланған жеке тұлға.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.
Жұмыстың мақсаты: туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының қалыптасуы мен дамуын қарастыру болып танылады. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталды:
- Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктерін қарастыру;
- Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторларды қаратыру;
- Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясын қарастыру;
- Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау,
- Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктерін қаратыру;
- Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін қарастыру.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста туризмнің ерекшеліктері, оны құраушы компоненттері қарастырылған. Сонымен қатар атаулы еңбекте басты назар стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіру жолдарына бөлінген.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектері, Қазақстан Республикасының нормативтік, құқықтық актілері, түрлі әдістемелік нұсқаулар, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен тұрады.
І -ТАРАУ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
- Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
Қазіргі туризм — бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сейтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1 Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
- Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3 Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осыған орай туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Бұл ретте біз экономиканың дамып келе жатқан саласының объектілері мен субъектілеріне тоқталып қарастырайық.
Туристік қызмет субъектілеріне біз келесілерді жатқызамыз:
- туристік операторлар (туроператорлар);
- туристік агенттер (турагенттер);
- гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
- туристер және олардың бірлестіктері;
- экскурсанттар;
- туристік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер;
- туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар жатады.
Ал туристік қызмет объектілері дегеніміз — табиғи объектіпер және табиғи-климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету объектілері және саяхат кезінде туристердің қажеттерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер.
Атаулы субъектілер мен объектілер туристік индустрияда қамтылған. Туристік индустрия — туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы. Соынмен қатар біз туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлеріне тоқтала кетуіміз жөн:
- турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
- тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
- тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
- ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
- келік қызметін көрсету;
- ойын-сауық;
- өзге де туристік қызмет көрсетулер.
Турисік индустрияда міндетті түрде туристік ресурстар (қорлар) қарастырылады. Осыған орай Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен туристік ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар арнайы заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.
- Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар
Кез келген саланың құраушы бөліктері мен құрамдас бөлшектері арасында бәскелестік туындайды. Бұл экономикамыздың дамуының басты шарты болып келеді, себебі, бәсекелестік бар болған жағдайда тауар мен қызмет көрсетудің сапасы да , бағасы да тиімді болмақ. Бұл ретте бәсекелестік құраудағы негізгі факторлар әр түрлі болып келеді. Әрине, ол ең алдымен кәсіпорынның өнімінен басталып, ары қарай технологиялар дамыған сайын, халықтың сұранысы мен тұтынушының қоятын талаптары жоғарылаған сайын жалғасып жатады. Осыған орай біз туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлерін қарастыруды жөн көрдік.
Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады.
Халықаралық туризмге біз келесілерді жатқызамыз:
- келу туризмі — Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Респубпикасы шегіндегі саяхаты;
- шығу туризмі — Қазақстан Республикасының азаматтары Республикасында тұрақты тұратын адамдардың саяхаты;
Ал ішкі туризм дегеніміз — Қазақстан Ресубликасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Ресубликасының шегіндегі саяхаты аталады. Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестіктетерінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайтын туризмнің келесі түрлері белгілі:
- әлеуметтік,
- экологиялық,
- шытырман спорттық,
- іскерлік,
- конгрестік,
- емдеу-сауықтыру,
- мәдени-танымдық,
- діни және басқа туризм.
Еліміздің аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету экспорты болып табылса, басқа елге шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету импорты болып табылады.
Кез келген саланың дамуында мемлекет басты рөл ойнайды. Бұл оның құрылымы мен ерекшеліктеріне, атқаратын қызметіне, өндіретін өніміне, халыққа тигізетін пайдасына, басқа салармен байланысына қатысты болып келеді. Осы ретте турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен оларды ажырату факторларын туристік қызметті мемлекеттік реттеудің принциптері арқылы көрсетуге тырыстық..
Жоғарыда аталғанға сай мемлекет тарапынан келесі реттегі жәрдем беріледі:
- туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
- Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының туристері мен туристік ұйымдарының және олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.
Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен олардың деңгейі мемлекеттік реттеу барысында қойылып, төменде берілген мақсаттардың орындалуынан танылады:
- азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау;
- туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;
- туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
- халықаралық туристік байланыстарды дамыту;
- туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;
- туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;
- балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
- туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
- ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру;
- туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау;
- туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті лицензиялау туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және сертификаттау;
- бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
- туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
- ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда туристік өнімді ұсынуға жәрдемдесу;
- елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар атаулы салада мемлекет пен құзіретті органдар келесі қызметтерді атқарады:
- туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
- туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
- туристер аралауға тыйым салынған объектілер мен аумақтарды белгілейді;
- туристік қызмет саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты айқындайды;
- туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;
- туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды асырады;
- Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту бағдарламасын әзірлейді;
- туристік қызмет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық жобаларын әзірлеуге қатысады;
- өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңдарды қолдану практикасын жинақтап, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- туристік рынокқа зерттеу жүргізеді, халықаралық туристік рынокта және мемлекет ішінде Қазақстан туралы және оның туристік мумкіндіктері туралы ақпаратты әзірлеп, таратады;
- өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралык туристік ұйымдарда және туризм жөніндегі халықаралық іс-шараларда Қазақстан атынан өкілдік етеді;
- атқарушы органдардың, меншік нысандарына қарамастан туристік және басқа да ұйымдардың туристік қызмет саласындағы қызметін үйлестіреді;
- туристік қызмет көрсету рыногында бәсекені дамытуға жәрдемдеседі, онда меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілері үшін тең жағдайлар жасайды;
- стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп сертификаттау мен стандарттауды реттейді;
- Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
- туристік қызмет саласында халықты жұмыспен қамту шарасы ретінде кәсіпкерлікті дамытып, қолдайды;
- туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеп, орындайды;
- жергілікті туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп, енгізеді;
- әкімшілік-аумақтық бірліктердің туристік қызмет көрсету рыногына талдау жасайды;
- әкімшілік-аумақтық бірліктердегі туризмнің дамуы туралы талдау жасап, қажетті мәліметтерді уәкілетті органға береді;
- турагенттік, туроператорлық қызметті және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін лицензиялауды жүзеге асырады;
- туристік қызмет көрсетулерді және туризм объектілерін жарнамалайды, туристік ақпаратты береді, туристік ақпарат орталықтарын құрады;
- балалар мен жастар лагерьлерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
- Туристік ақпарат орталығы өз қызметін уәкілетті орган бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері
Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері туризмді дамыту мақсатынан бары туындайды. Ол мақсаттарға біз келесілерді жатқызамыз:
- сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті, рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
- республиканың туристік әлеуетін арттыру;
- тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
- халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
- тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
- мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
- әрбір адамның демалу және бос уақытын өткізуге деген құқығын іске асыруы;
- халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың ізгілік сипатын, бейбітшілік пен сыйластық, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау;
- әділеттілік пен егемендік, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесіне қарамастан, мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпау;
- қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарау;
- әлеуметтік тепе-теңдік пен даму, жеке адам мен қоғамның игілігін арттыру;
- туризмді тұрақты дамыту;
- туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
- туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
- туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін одан әрі дамыту;
- туристік рынокты демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;
- туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;
- ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
- туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;
- туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің әдіснама-сын халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
- туристік объектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
- туристік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негізінде туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
- туризм саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
- туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, теріс әлеуметтік әсерлерді бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;
- туризм саласындағы келеңсіз үрдістерден арылу.
ІІ-ТАРАУ. «РОБИНЗОН» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Туристік фирманың жалпы сипаттамасы
Туризм құрамында қамтылған қызмет көрсетулерге, оларды беру жеріне, қызмет көрсетілген халқына байланысты ішкі және халықаралық деп бөлінеді.
Ішкі туризм — туризмнің берілген мемлекеттің территориясында сол елдің тұрғындарымен (ішкі туристер) іске асырылуымен байланысты қызмет.
Халықаралық туризм — туризмді бір елдің халықының басқа елдің территориясында іске асырумен байланысты қызмет. Мұндай туристер шетел туристері категориясына жатады. Басқа мемлекет территориясында туристерге туристік қызмет көрсетулерді ұсынку мен қызмет – көшпелі туризм деп аталады да, шетел туристеріне мемлекеттің территориямһсында көрсетілген туристік қызмет кірме туризм деп аталады.
Айта кететін жағдай, неғұрлым жалпы категорияларға «туристерді жіберу» мен «туристерді қабылдау» ұғымдары жатады. Олар бірдей деңгейде ішкі және халықаралық туризмге қатысты болып келеді. соынмен қатар туризм статистикасында туристік келу деген ұғым орын алған. Сол себептен туристік келулерге қарай туристік ағымдар бағаланады. Туристің ішкі табиғатынан келесі түсінік туындайды: турист келгендіктен, ол қайтадан кетуі тиіс.
Сонымен қатар туризмнің статистикасын бір ел территориясынан екінші ел территориясына жылжитын транзиттік туристер шиеленістіре түседі. Мемлекет территорисында транзитпен жүру үшін арнайы транзиттік виза болуы тиіс. транзитік туристердің елде болу транзитінің мерзімі шектеулі болып келеді. бұл Санкт-Петербургтен Швецияға барған ресей туристерінің мысалында анық көрінеді. Мұндай саяхат үшін ең тиімді жол болып Туркаға автобуспен, ары қарай Викинг Лайн компаниясының теңіз паромымен Стокгольмге бару табылады. Жол жөнекей Финляндия территориясын кесе отырып, туристер төрт сағатқа «Серена» аквапаркіне кіруге Хелсинкиде тоқталады. Финляндия үшін бұл туристер транзиттік болып саналады.
Туристерді қабылдау атаулы аймаққа немесе туристік орталыққа келіп жатқан туристерге қызмет көрсету бойынша қызметті сипаттайды. Туризмді ұйымдастыру бойынша атаулы қызметтен тасымалдаушыларды, қонақ үйлерді, мейрамханаларды (туризмнің барлық инфрақұрылымын) іске қосу, ақша массасының келуі, ал шетелдік туризм жағдайында шетел валютасыынң келуі шығады. Туристерді қабылдау туристік аймақта немесе орталықта жұмыс орындарының пайда болуын қамтамасыз етеді, аймақ экономикасыынң дамуына септігін тигізеді. Соынмен қатар ішкі және шетел туристерін қабылдау арасындағы баланс ұғымы қалыптасқан.
Формальды белгі бойынша барлығы да саяси-экономикалық факторларға байланысты болып келеді. СССР-да идеалогиялық және экономикалық ойлар бойынша шетел туристерін қабылдау маңызды болған, бұл өз кезегінде шетел туристеріне қызмет көрсету бойынша жеке саланың құрылуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар туризм шетел валютасының келіп түсуінің маңызды көі болып табылған. Соынмен бірге белгілі шетелдік туристер катеогриясына уһтуристік ықмзет көрсетулер тегін көрсетілген. кеңес азаматтары мен шетел азаматарына туристік қызмет көрсетуде айырмашылық байқалып отырды. Рубль ковертациясын енгізгеннен кейін және қызмет көрсетулердің құндары теңестірілгеннен кейін өзгерістер пайда болды. Бірқатар астаналық фирмалар мен туристік оралықтар үшін Тюменнен келген ауқатты туристі қабылдау (салыстырмалы түрде) ауқаты төмен сараңдау неміс туристін қабылдағанға қарағанда тиімдірек саналған.
Туристерді жіберу де маңызды категория болып саналады. Мұндай қызмет ақша массасының басқа аймақтарға, ал шетел туризмі кещінде басқа мемлекеттерге, тартылуымен сипатталады. Жұмыс орындары туризмді ұйымдастыру кезінде (тасымалдау) ғана болмақ. сол себептен, жергілікті аймақ билік басшылары үшін туристерді жіберу ешуақытта да алғы сала болып табылмайды. Туризм валютаның сыртқа кетуін қамтамасыз еткендіктен мемлекеттер ішкі туризмді дамытуға белсенді күш жұмсауда. Бірақ та көшпелі туризмнің барлық түрлері жергілікті қазынаға айтарлықтай көлемді салық түсіруде.
Сонымен қатар ішкі және сыртқы туризм саласындағы қызмет жиынтығын қамтитын ұлттық туризм деген ұғым бар. Ол мемлекеттің өз тұрғындарына қызмет көрсетуді қамтиды.
Туризм үйлесімді дамып жатқан дамыған мемлекеттерде көшпелі және кірме туризмнің балансы сақталған. Ішкі туризм ұлттық туристік қорларды игеру мен іске асыруға, өнеркәсіптің дамуына, туризмнің инфрақұрылымының дамуына септігін тигізеді.
Алайда іс жүзінде барлық мемлекеттер (мемлекет экономикасы толығымен туризмге бағытталған жағдайда) мұндайды қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, 50 мың жергілікті андоррлықтар жыл сайын 12 млн шетел туристерін қабылдайды. Кейбір мемлекеттер ішкі құрылымдық себептерге байланысты азаматардың шетеле шығуын шектейді немесе туристік қызметтің мемлекеттік реттелуіне қатысты шаралар қолданады.
Туризм мен туристік өнім адамзат өмірінің көп саласының бір турі мен күрделі әлеуметтік үрдістер болып табылады. Туристік қызметті тұтыну өнімін (туристік өнім) қалыптастыру бойынша туризмді ұйымдастырушылардың (туроператорлар, туристік агенттер, басқа да қатысушылар) қызметі деп және атаулы өнімді тұтынушылрадың (туристердің) қызметі деп тануға болады. Туристік өнім туристік ұсыныс пен турдың негізі болып табылады.
Туристік өнімнің негізгі көзі болып дестинацияның туристік қорлары танылады.
Туристік қорлар – бұл туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, күш-қуатын қалпына келтіре алатын туристік көрсетілім нысаналарын қамтушы тарихи, әлеуметтік-мәдени және табиғи-климаттық нысаналар.
Мұндай анқтама кезінде бірқатар мәселелер туындайды.
- Бұл ретте экскурсанттардың жағдайы қалай болмақ? Заңға сүйенсек, экскурсант үшін туристік өнім жоққа шығатын ұғым. Мысалы, Санкт-Петербургке турист ретінде келген тұлға атаулы денистанцияға қатысты міндетті ретте турист болып саналады, бірақ та Новгород қаласына күндізгі саяхатын жасаған кезде, ол келу денистанциясына қатысты өзінің туристік қасиетін жоғалтады да, экскурсантқа айналады. Осыған орай оның келуі туристік статистикада тіркелмейді. Мұндай жағдайдағы бір экономикалық категориядан екінші экономикалық категорияға алмасулар жиі орын алып отыратын құбылыстар.
- Туристік қорладың функционалдық қызметі туристің рухани қажетіліктерін қанағаттандыру мен ның күш-қуаиын қалпына келтіруден тұрады делік. Сонда тек турист қана емес, барлық жеке тұлғаларға қатысты материалдық қажеттіліктермен не істемекшіміз?
- Ал егер де туристік денистанцияға жатпайтын туристер категориясымен тұтынылып жатқан жағдайда туристік қорлар өздерінің туристік қасиеттерін жоғалтып алмайды ма?
- Атаулы қорларға денистанциялардың жергілікті тұрғынардың қатынасын қалайша анықтауға болады? Олар халықаралық нормаларға сәйкес туристік қорларға тең құқылы қолжетерлікті иеленген.
Соңғыға қарап келесі қорытындыға келуге болады: туристік қорлар туристерге байланысты емес, сол себептен олар туристік категорияларға жатпайтын басқа да салаларды өздерінің туристік қасиеттерін жоғалтпай қызмет атқара алады.
Сонымен қатар келесіні де мойындауға жөн: табиғи, климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да қорлар туристедің бар немесе жоқтығына қарамай өмір сүріп келеді. Біздің пайымдауымызша, туризм -150 жыл бұрын пайда болған формация немесе құбылыс. Алайда бұл жағдайда 3000 жылдан асқан Хеопс пирамидасын қайда жібермекпіз? Сол ұзақ уақыт бойы, соңғы 150 жылды алмағанда, ол туристік қор ретінде саналмаған, дегенмен де өзінің рухани және материалдық қасиеттерін әлі күнге дейін жоғалтпай, сол күйі сақтап келеді. күн, ауа теңіз әдемі жерлер мен басқа да нысаналар тұтынушыға қатысты абсолюттық болып келеді. Күн жергілікті тұрғыдан да, келген туристі де басқа да адамды бірдей жылытады.
Осыған орай қорлардың тәуелділігі мен туристер категориясы туралы көзқарастарды жүйеге келтіру үшін бірқатар шектеулерді енгізуді жөн көрдік. Кез келген түрдегі қорлар қажетті және жеткілікті қасиеттерді иеленіп, әлеуметтік және экономикалық факторлар күшінің негізінде туризм мақсатында қолданылып, индвидумдермен (туристер немесе экскурсанттар) тұтынылған жағдайда ғана туристік өнім құрайды. Сонымен қатар, кез келген қор құраушы бірлік туристік ретінде басқалармен жиынтық құраған кезде ғана саналады. Демек, қорлар туристік қасиеттерін тікелей немесе жанама туристік қызметтермен кешен құрған кезде ғана иелене алады. Туристік қорлар туристік өнім көздері қызметтерін атқарады. Ресурстық негіз туристік өнім ретінде келесі ретте беріледі:
- туристік қорлар
- материалдық және матеиалдық емес нысаналар;
- туристік өнімді тұтынуға бағытталған туристік қызмет көрсетулер.
Қолдағы бар қорлар туризм мақсатында пайдаланылуы үшін қорларды туристік өнім ретінде беретін технологиялар мен білім жиынтығының жүйесі қажет.
Туристік қызмет көрсетудің дәстүрлері, салттары, әдістері мен тәсілдері көне замандардан келе жатыр. Туризмнің негізін құраушы дәстүрлер мен салттар мыңжылдықтар бойы қалыптасып келе жатыр.
Сонымен қатар тек қана білім мен біліктілік жеткілікті емес. Туристік индустрия мен көршілес салаларды құру үшін ұйымдастырушылық және құқықтық орта мен жақсы дайындығы бар қызметкерлер тобы қажет. Олардың дайындалуы, қайта оқытылуы, мамандандырылуы да біраз шығындар мен уақытты қажет етеді. Маманды кәсіби дайындау 2 ден 5 жылға дейін уақыт алады, ал кәсіби дағды иеленуші үшін тағы біраз жылдар қажет. Сонымен, туристік өнім үш көзін иеленген.
- табиғи ресурстар;
- туристік қызмет көрсету мен туризмнің технологиялары мен білімінің тәртіпке келтірілген жүйесі;
- кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымы мен дайындалған мамандар тобы.
Өзінің құрылымы бойынша туристік өнім бірнеше деңгейлерді иеленген:
- қызмет көрсету, жұмыс немесе тауарлардың бір ғана өндірушісінің өнімі – тұтыну өнімі;
- өнімді өндірушілердің біртекті немес әртекті топтары;
- туристік сала өнімі;
- дестинация өнімі (бірнеше салалар мен қор көздерінің жиынтық өнімі)
- жоғарыға ұқсас мемлекет немесе аймақ өнімі.
Туристік өнім – бұл заңдыға қаранда, экономикалық категорияға жақын келетін категория. Кез келген туристік өнім заттық бағытталған құрамдас бөлшекке ие болып келеді. соынмен қатар, априор туристік өнімі барлық тұтынушылар үшін жалпылыққа ие қор элементеріне негізделеді. Құрамдас бөліктер табиғи сипатта болуы мүмкін және де өндіруші мне тұтынушыға мүлдем тәуелді болмауы мүмкін. Мысалы, туристік қызығушылық тудыратын табиғи құбылыс: солтүстік нұр шашу, табиғи ландшафт, теңіз, тау және т.б. атаулы категорияларға тарихи-мәдени нысаналар мен кешендер, сәулетік және тарихи нысаналар, мұражай, ғибадатханалар жатады.
Туристік өнімге қатысты әр жеке құрамдас бөлік жиынтық құрамында қызмет етеді. Мысалы, дамыған инфрақұрылымның (байланыс, жолдар, коммуналды және тұрмыстық қызмет көрсетулер жүйесі, сауда) бар болуы міндетті шарт болып табылады. Табиғи қор туристік өнімнің әлеуетті құрамдас бөлігі болып табылғанымен, басқа элементтермен тіркесіп барып тұтынылуда іске асырылады. Егер де қолжетерлік пен басқа да қосымша жағдайлар қарастырылмаса, онда қор туристік өнімнің әлеуетті құрамдас бөлігі деп саналмайды.
Туристік өнім оны құраушы үш бөліктен тұрады:
- Туристік қызмет көрсетулер (яғни туризмді ұйымдастырушылардың қызметттері: туроператорлар, туристік агенттер, қонақжайлылық жүйесінің қызметі, тасымалдау қызметі, қоғамдық тамақтану және туристік категориясына жататын басқа да қызмет көрсетулер);
- Туристік қызметті тұтынумен қатар жүретін жұмыстар;
- Турда тұтынылатын тауарлар мен турдан тыс тұтынылатын тауарлар.
Атаулы құрамдас бөліктердің өзара байланысы мен олардың туристік өнімдегі пайыздық арақатынасы туризм мақсаты мен ұйымдастырушылардың дайындығы мен ауқаттылығына байланысты. Соынмен қатар туристердің белгілі өнімді тұтынуға деген уәжі мен дайындығының да рөлі баршылық.
Туристік өнім турдың негізін құрайды да, оның жеке элементтері тур бағдарламасына еніп, ваучерге жазылуы м.үмкін.
Сонымен, қарапайым өнім бір ғана қызмет көрсетуден, қызмет көрсетудің бір кешенінен немесе бір топ шаралардан тұруы мүмкін. Бұл типтік немес жеке тури құраушы күрделі қызмет көрсету кешеніне негізделген жиынтық өнім болуы мүмкін. Соынмен қатар, жоғары деңгейде ірі тур операторларына ұсынылатын бірнеше турлардан тұратын туристік өнім да бар. Ең жоғарыда туристік орталықтың, аймақтың туристік жиынтық өнімі тұрады. Қор құраушылардың басым бөлігі тур құнына енгізілмейді, дегенмен де олар қалғандарымен тікелей байланыста болып, өнім құнына ықпал етеді.
Туристік өнімнің тұтынушысы ретінде туристер, экскурсанттар және туристік орталықтың басқа да қатысушылары танылуы мүмкін.
Тур – орналастыру, тасымалдау, туристерді тамақтандыру бойынша қызмет кешенін құрайды. Бұл ереже ұйымдастырылған туризмге қатысты болып келеді. Сонымен қатар тур — тек бір ғана қызмет көрсетулер кешені емес, ол бір бірімен тығыз өзара байланысқан қызмет көрсетулер кешендерінің жиынтығын құрайды. Сонымен турды келісім-шарт нысанасы деп таниды.
Турды іске асырумен немесе сатумен турагент пен туроператор айналысады. Олрадың екеуі де туристік өнеркәсіп кәсінорындары мен туристер арасындағы делдалдық қызмет атқарады.
Сонымен қатар, кез келген туристің өзіндік құқықтары болады. Турға қатысты құқықтарын иеленген турист келесілерге құқықты:
- турға бару немесе бармау, яғни одан бас тарту;
- оны толығымен немесе бөлшектеп пайдалану;
- турды құқықтың басқа субъектісіне беру;
- турды басқа субъектіге сату,
- турды өзінің шешімі бойынша біреуге сыйға тарту;
турды ауыстыруға, кепілдікке беруге және т.б
- 2 Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау
Туризмді ұйымдастыру формалары мен негізгі категорриялары.
Туризм – бұл негізгі қызмет көрету. Бірақ қызмет көрсету барысында туристік қызмет көрсетулер бір реттен емес, бірте-бірте бірінің артынан көрсетіліп отырады. Бұл оның ерекшелігі ретінде саналады. Мысалы, көліктік қатынас қызметі туристерді жылжу үшін көлікпен қамтамасыз етеді, қонақ үйлер жатын бөлмелер мен тамақтаныу орындарымен қаматамасыз етеді.
Сонымен қатар кез келген кәсіпорынды құру кезінде ең алдымен оның құрылымының негізін ұстаушы болып өндірген тауарлар мен қызмет көрсетулерін адлдыға жылжыту әрекеттері саналады.
Осы орайда келесі сызбаны қаратырайық:
|
- Сурет Туристерді тарту құралдары
Сонымен қатар турфирмалардың бір-бірімен әрекеттесу маңыздылығы ортақ турөнім шығару кезінде байқалады. Аталғанды ескере отырып, турқызметтердің бірін-бірі толықтыру екрекшеліктеріне де тоқталған жөн. Олардың негізінен, үш аспектісі белгілі:
- әр турфирма ішіндегі кірме факторлар мен өндірістік факторлар арасындағы бірін-бірі толықтырушылық;
- әртүрлі туркәсіпорындарының бірін-бірі толықтырулары;
- турқызмет кәсіпорындары мен туристік еоекшеліктер арасындағы бірін-бірі толықтырушылық.
Сонымен қатар тауар өнімділігі сапалы болу үшін ең алдымен білікті қызметкерлер болуы шарт. Мысалы Отель менеджері қызметкерлерді сұрыптап, таңдағаннан кейін оларды қызықтыра отырып, дайындаулары тиіс. бҰл ол үщін маңызды болып келеді. сонымен қатар таулы мекендердегі отелдер тек турагент пен тур оператаорларға ған тәуелді болмайды. Олар, жаңа жоғарыда аталғандай, көлік кәсіпорындарына және т.б. тығыз байланысты болып келеді.
Сонымен қатар турфирманың қызметінде дистрибьторлық жүйе маңызды рөль атқарады. Олардың құрамын турөнімді құрушы мен тұтнушылар арасындағы байланысты қамтамасыз етушілер құрайды. Дистрибьторлық қызметердің маңызы келесіден байқалады:
- олар сұраныс жайлы нақты мәліметтерге ие;
- тұтынушылардың талаптары жайлы неғұрлым тереңірек мәліметтенген;
- нарықтың сегментациянысна қатысты сұраныстың өзгеруін жедел арада анықтай алады.
- Атаулы қызмет атқарушылар түрлі қызмет түрлерін бір жиынтыққа жинап, кешенді қызмет көрсетулерге қатысы тұтынушыға қызмет көрсетулердің жиынтық пакетін ұсына алады;
- Олар тек қана джиынтық қызмет көрсетулердің пакетін беріп қана қоймай, тұтынушыға маршруттар, қызмет көрсетулердің типтері, олардың рекшеліктері мен кемшіліктері туралы өосымша мәліметтер береді.
Осыған орай келсесі сызбаны қарастырып көрейік:
2- Сурет туризмдегі дистрибьюция жүйесі
Сонымен қатар, айта кететін жағдай, бәскелестікке қажетті факторларының бірі болып сұранысты анықтаушы фактор танылады. Мұны келесі сызбана көруге болады:
3-сурет Арнайы сұранысты анықтаушы факторлары
2.3 Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктері
Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.
Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді (турөнім) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.
ДТҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қазіргі тәжірибенің негізінде, қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.
Көрсетілген басымдықтарға сәйкес бірінші кезекте игерілетін мынадай аудандар мен тірек орталықтары анықталды:
- Іле (Алматы қ., Түрген с, Есік қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с, Қапшағай қ.).
- Солтүстік Тянь-Шань (Кеген с, Нарынқол с, Жалаңаш с, Шонжы с, Көлжат с).
- Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ., Кектал с, Басши с, Текелі қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты).
- Балқаш (Балқаш көлі, Балқаш өңірі с).
- Солтүстік Жоңғар (Достық, Алакөл көлінің маңы, Лепсі с, Лепсі өзенінің маңы, Жарбұлақ с, Көктұма с, Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты).
- Жамбыл (Тараз қ., Мерке с, Мойынқұм ауданы);
- Түркістан (Түркістан қ., Тұрбат с, Отырар с, Шәуілдір с, Баба-ата с, Кентау қ., Шаян с).
- Сайрам-Шымкент (Шымкент қ., Сайрам с, Арыс қ., Шардара қ., Сары-ағаш қ., Ленгер қ., Ванновка с).
- Жоғары Бұқтырма (Қатон-Қарағай с, Беріл с, Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлінің маңы).
- Маңғыстау (Фетисово с, Ақтау қ., Ералиев-Құрық а.п.).
Бұдан басқа, басымдықты игеру объектілеріне жатқызуға болатын қазіргі және құрылу жоспарланған мемлекеттік ұлттық табиғат парктері (МҰТП): «Іле Алатауы» МҰТП, «Алтын емел» МҰТП (Алматы облысы), «Ақсу-Жабағылы» МҰТП (Оңтүстік Қазақстан облысы), «Баянауыл» МҰТП (Павлодар) облысы, «Қарқаралы» МҰТП (Қарағанды облысы), Щучье-Бурабай курортты аймағы базасындағы «Бурабай» және «Көкшетау» МҰТП, «Қорғалжын» мемлекеттік табиғат паркі (Ақмола облысы) ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумағының игерілуі туризмді ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғары деңгейімен сипатталады.
Орталық Азия аймағындағы туризмнің ерекшелігін ескеру қажет. Жібек жолы және оқиғалы туризм сегменттерінде шетелдік туристердің негізгі ағыны барлық көрсетілген аймақтың ішінде: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округі (ҚХР), Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанның шегіндегі ұдайы қозғалысына бағытталған.
Сөйтіп, қазақстандық өнім тек қана кешенді орталық азия турөнімінің құрамында тиімді ұсынылуы мүмкін, бұдан мынадай қорытынды шығады:
- Турөнімнің институционалдық элементтері үкіметаралық деңгейде келісілуі тиіс.
- Қазақстандық турөнім біздің аймақтағы көршілеріміздің турөнімдерінен (ең болмағанда баға/сапа қатынасында) кем түспеуі тиіс.
Қазақстандық туристік өнімнің ерекше белгісі оның сипатының маусымдығы болып табылады, бұл маусымнан басқа кезде нақты шаралар қабылдауды және туризмнің баламалы түрлерін дамытуды талап етеді. Атаулының барлығы да турфирманың қызмет көрсету барысында ескеріледі.
Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген сегменттерге сәйкес инфрақұрылымның белгілі бір талаптары бар. Ол қарапайым, салыстырмалы түрде қымбат та, үлкен де емес (25 —100 орын шегінде) экологиялық таза жерлердегі бір орында клиенттер 2—3 күн болуға есептелген туристік бағыттарда орналастырылған объектілер болуы тиіс.
Қазақстанның бизнес-туризм сегментінде белгілі бір болашағы бар. Бұл — ең алдымен Алматы, Астана, Атырау қалалары. Геосаяси жағдай мен табиғи шикізат-ресурстары Қазақстанға бизнес және халықаралық конвенцияларға қатысу мәселелері бойынша келушілер бизнес туристер санын көбейтеді деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген орталықтардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға сай келеді. Алматы қаласы республика үшін стратегиялық (әуе, автомобиль, темір жол) қақпасы болып табылады және негізгі көші-қон осы қала арқылы өтеді. Әртүрлі жиындар еткізуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ үйлерінен басқа, қалада ойын-сауық құру үшін барлық жағдай жасалған, сонымен қатар қала маңындағы радиусы 500 км жердегі аумақта тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Астана қаласы осындай стратегиялық аймақ болып келеді. Біздің мемлекетіміздің жас ел ордасы ретінде өзіндік келбеті мен инфрақұрылымы бар қалаға деген қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық және ішкі туризмді жылдам дамытуға қызмет ететін болады.
Турөнімнің маңызды құрамының бірі көлік болып табылады. Туристерді Қазақстанға алып келуде авиа қатынас басты рөл атқарады. Сондықтан, рынокта ұлттық авиа тасымалдаушының жағдаятын күшейту және дамыту мейлінше маңызды мәселе болып табылады. Ұлттық авиажелілерде осындай бағыттағы рейстер ашу арқылы бәсекелестік қабілеті төмендеуінің нәтижесін бейтараптандыру қажет.
Республика аумағының кеңдігін ескере отырып, рыноктың көрсетілген сегменттерінің көпшілік белігін құрайтын жеке туристердің автобустар мен поездарда еркін қозғалуға ұмтылатынын ескере отырып, сенімді автобус қатынасы мен темір жол көлігінің мәні зор.
Туристік жағынан дамыған көпшілік елдерде туризмнен түскен жалпы табыстың 30-дан 50-ге дейінгі пайызын ішкі туристік рынок құрайды. Бұл ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен бір мезгілде, қазіргі кезде ішкі туризм негізінен бейберекет күйде екенін, ұйымдастырылмағандығын атап өткен жөн. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс істеуде. Туризмнің осы түрін дамытуға тиісті көңіл бөлінбей отырғандықтан, мемлекеттің бюджеті қыруар соманы ала алмайды, инфрақұрылымның бұзылуы жалғасуда, табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің экологиялық жай-күйіне орасан зор нұқсан келтірілуде. Демалу құқығын пайдалануда халықтың аз қамтылған бөлігі ретінде әлеуметтік көмек көрсетілетін оқушыларға, жастарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне және өзге әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға саяхат жасау үшін жағдай жасау мақсатында мемлекет, мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлардан, басқа да қайырымдылық ұйымдары мен қорлар әлеуметтік көмек көрсететін бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен қаражат бөлу арқылы әлеуметтік туризмді дамытудың экономикалық әлеуеті зор.
Бұл ретте, әлемдегі демалыс түрлері мен туризм өндірісін пайдаланушылардың неғұрлым қарасы көп тобын құрайтын мүгедектер мен қарттардың, сондай-ақ осы бір кеңейіп келе жатқан туризм индустриясы рыногының бір бөлігіне айналған балалы отбасылардың көптеген қонақ үйлерге, көлік құралдарына және туристік керікті жерлерге қолы жете бермейді. Сөйтіп, туристік ресурстарға қол жеткізу туризмді дамытудағы неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Көптеген туроператорлар туристік ресурстар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу туристер санын көбейтуге мүмкіндік беретінін біле отырып, осыған қатысты шаралар қабылдау қажеттілігінің мәнін әзірге түсінген жоқ. Сондықтан, туристік қорларға қол жеткізудің стратегиясы мен саясатын жіті әзірлеу, туризм өндірісі қызметшілерінің арнайы даярлық деңгейін көтеру, мүгедек туристер талабы мен сұранысы туралы және әлеуметтік-экономикалық дамудағы туризмнің алатын маңызы жайында жұртшылықтың хабардар болуын арттыру қажет.
Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары шағын бизнес кәсіпорындарына, оның ішінде әлеуметтік туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарға қолдау көрсету тәжірибесін жалғастыруы тиіс. Әлеуметтік туризмге қатысты қайырымдылық, жебеушілік және демеушілік көтермеленуі тиіс.
Әлеуметтік туризмді, оның ішінде өлкетану, спорттық, жеке, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, экологиялық туризмді, отбасылық туризмді, қарттарға және мүгедектерге арналған туризмді, жастар және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың тәрбиелік және патриоттық маңызы зор.
Осы мәселелердің барлығын шешуде турөнімді қалыптастырудың институционалдық элементтерінің бірінші дәрежелі рөлі бар.
«Қазақстан» деген фирмалық атауы бар турөнімді жылжыту, оның барлық компоненттерін нақты анықтауды және рынок сегментіндегі орналасуын ғана емес, оны өткізудің барынша тиімді арналарын іздестіру, мақсатты рыноктарды (мысалы, Англия, Германия, Жапония және т.б рыноктарды) іздестіруді талап етеді.
Сонымен қатар жоғарыда көтерілген мәселеге қатысты халықаралық байланысты жүзеге асыру құралы болып табылатын әуе тасымалдау жолдары туралы да айтып кеткен жөн. Шетелдік тәжірибеде бұл саланың дамуына қатысты келесіні айтуға болады. Азаматтық авиацияның неғұрлым маңызды халықаралық ұйымдары ретінде ICAO мен IATA танылады. Олар азаматтық авиацияның халықаралық даиуының стратегиялық бағыттары бойынша әдістемелік материалдар ен ұсыныстарды, үрдістер мен ережелерді анықтайды. Олардың әрқайсысы көпжылдық тәжірибеге ие болып кееді.
ICAO (Internftional Civil Aviation Organization) 1944 жылы Чикаго қаласында 7 желтоқанда Халықаралық азаматтық авиация бойынша ковенцияға 52 мемлекеттің қол қоюымен құрылды.1947 жлыдың қазанында ICAO Экономика және әлеуметтік мәселелер бойынша комитеттің шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі болды.
Халықаралық IATA ұйымы (The International Air Transport Association) 1945 жылы сәурде Гаванада құрылды. Ұйымның мақсаты авиакөлікті пайдаланушылардың игілігіне экономикалық тиімділік пен авиатехниканың беріктігі, қауіпсіздікті көтеру бойынша бірігіп жұмыс істеу үшін авиакомпанияладың бірігуі болып табылады.
Бүгінгі күнде IATA 130-дан аса мемлекеттен 230 мүше қамтиды. “Аэрофлот- Российские международные авиалинии” және “”Трансаэро” екі ресейлік компания IATA мүшелері болды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес азаматтық авиация жыл сайын 1 трлн АҚШ долл. қосымша өнім құрап, 22 млн адам жұмысбастывлығын қамтамасыз етеді.
Атаулы ұйымдар БҰҰ және ДТҰ (ВТО – Всемирная туристкая организация) бірігіп, авиациялық көлікпен туристік тасымалдауларды жетілдіру мәселелерін шешеді.
Дүниежүзінде әуе көлігінің дамуының болжамы ICAO, IATA мәліметтерінде, БҰҰ статистикалық мәліметтеріне негізделеді. Атаулы болжаидардың дүниежүзі мемлекеттері бойынша кестеде келтірілген.
Тасымалдаулардың жыл бойынша түрлері |
Жолаушылар/километрлер |
Өсудің жылдық орта есебі, % |
||||
1982 |
1992 |
1993 |
2003 |
1982-1992 |
1993-2003 |
|
Халықаралық |
496,5 |
979,4 |
1045,6 |
1960 |
7,0 |
6,5 |
Ішкі |
640,3 |
973,2 |
925,2 |
1485 |
4,3 |
4,0 |
Барлығы |
1136,8 |
1952,6 |
1970,8 |
3445 |
5,6 |
5,5 |
Евроаплық экономикалық қоғамдстық шеңберінде тасымалдауды жетілдіру мәселелерімен тұрақты қызмет атқарушы Көлік министрлер конференциясы мен Көлік мәселелері бойынша комиссия айналысады.
Европалық экономикалық қоғамдастық қызметінің бір кезеңі ЕЭҚ – қа кіретін мемлекеттердің әуе кеңістігін либеризациялау болып табылды. Аспанның ашық болып жариялануы Европа үстімен еркін ұшуларды қамтамсыз етті. Мысалы, Эйр Франс Мәскеуден Лондонға немесе Франкфуртке Францияға тоқтамай еркін өте алады.
Ұшулардың либерализациясы авиакомпаниялар арасындағы бәсекеталастықтың өсуіне әкелді. Бұл өз кезегінде жиі ұшатын жолаушылар үшін жаңа бағдарламаладың пайда олуына, үшу қызмет көрсетуінің жетілуіне әкелді.
Халықаралық тасымалдау – кем дегенде екі мемлекет арасында жолаушылар мен жүк тасымалдау болып табылады.
Тұрақты бағыттар үшін ең басты шарттар лһболып келесілер табылады: бағыттың нақтылығы, ұшу кестесі, ұшу тұрақтығы, нақты белгіленген жерлерде қону мен ұшу.
Халықаралық тұрақты бағыттарда ұшудыі ашылуы екі жақты мемлекеттік келісім-шарттармен реттеледі де, үшінші мемлекет арқылы транзит БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясының көлік бойынша комитетінің рұқсатын қажет етеді.
Атаулы құжаттард келесі ережелер бекітілген:
- атаулы тасымалдауларда пайдаланылатын жолдар;
- көлік түрлері;
- көлік құралдарына қойылатын экологиялық талаптар,
- келу мен шығудың рұқсаттық жүйесі;
- салықтар мен жиналымдар;
- шекаралық, тазалық және кедендік бақылау,
- есеп берулер мен төлемдер;
- келісімдерді бұзғаны үшін санкциялар.
Халықаралық тасымалдау келісімдерін қарапайымдандыру үшін 1973 жылы 1 наурызда Женевалық конвенция шеңберінде «Жолаушылар мен жүкті халықаралық автокөлікпен тасымалдау келісім-шарты туралы конвенция» қабылданды. Халықаралық туристік тасымалдаулардың ары қарай қарапайымдалуы Туризм бойынша Гаагалық деларация (1989) мен Европалық уеңес мүшелері үшіни Шенген келісімдері бекітілді.
ТМД елдері шеңберінде туристік тасымалдауды ұйымдастыру ТМД қатысушы – мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясының 1994 ж. 19 қарашадағы «Туризм саласында ТМД мемлекеттерінің әрекеттесуінің негізгі ұстанымдары туралы» қаулысымен реттеледі. Мысалы, Ресей мен Укранина арасындағы тұрақты тасымалдаулар 1995 жылы 9 маусымда қол қойылған үкіметаралық «Украина республикасымен халықаралық автомобильді қатнас жасау туралы» келісіммен реттеледі.
1982 жылы 26 мамырда Дублин қаласында қабылданған жолаушыларды автобустармен тұрақсыз халықаралық тасымалдау туралы Европалық келісім-шартқа сәйкес Батыс және Шығыс Европа елдерінде жолаушыларды тұрақсыз халықаралық тасымалдау үшін автобус ішінде бақылау құжаты пайдаланылады. Осыған орай Ресейдің Көлік министрлігі 07.02.97 ж. №ЛШ –6/60 «Ресей мен Бельгия, Германия, Голландия, Испания, Польша, Словения, Чехия және Югославия европалық мемлекеттері арасында автобустывқ тұрақсыз халықаралық жолаушылар қатнасын жасауда Унификацияланған жолаушы парақ кешенін (номері бар бақылау құжаты) қолдану туралы» шешім қабылдады.
Атаулы құжатты пайдаланудың жалпы ережелеріне сәйкес АСОР сәйкес орындалатын барлық халықаралық тасымалдауларда жолаушы парақ кешені үшінші тұлғаларға берілмейді және тасыалдаушы парақтың дұрыс толтырылуына жауапты болады (олар бас әріппен және өшірілмейтьін сиямен толтырылады). Атаулыпарақ тексеоуге өкілетті тұлғалардың сұрауы бойынша көрсетілуі тиіс. кешенде АСОР қатысушы мемлекетерінің мемлекеттік тілдерінде толтырылған бас беттің мәтінін қамтушы парақ болуы тиіс.
Ресейдің Көлік министрлігінің Европалық конференциясына енген кезінде тасымалдау қызметінің көптеген лицензияларын алу мен басқа мемлекеттердің шекарасын кесіп өту мүмкіндігі туындайды.
Атаулы көпжақты шешімдер бір күнтізбелі жыл мерзімінде қызмет атқарады.
Халықаралық келісім-шарттарға сәйкес халықаралық бағыииардағы жылжымалы құрамға қатысты арнайы талаптар жасап шығарылды. Олар келесілерді қамтиды.
- экологиялық қауіпсіздік (шу деңгейі, газдардың улылығы, вибрациялар, зиянды ылғалдану) бойынша халықралық стандарттарға сәйкес келуі;
- салмақ, көлем, кіндщікбойынша жүктеме бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келуі;
- қауіпсіздік нормаларвна сәйкес келуі;
- халықаралық тасымалдау белгісінің және мемлекеттің бөлу белгісінің бар болуы;
- ыңғайылылыққа қойылатын талаптар және т.б.
- Автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде де елесі мәселелерді шешкен жөн:
- жол бойы мен аяққы жерге дейін техникалық қызмет өрсету мен жөндеу, техникалық көмек;
- тұрақтар, жанармай станцияларын, демалыс, тамақтану, медициналық қызметтерді ұйымдастыру;
- бағыт трассасында байланысты ұйымдастыру.
Көптеген европалық мемлекеттер жүргізуші куәлігін екіжақты мойындайды, сол себептен аударма бұл ретте қажет емес. Мысалы, Германияда Андоррада, Бельгияда, Кипрде, Данияда, Финляндияда, Швецияда, Норвегияда, Францияда, Грецияда, Англияда, Гонконгте, Венгрияда, Ирландияда, Португалияда, Испанияда, Швейцарияда, Сан-Маринода, Сенегалда, АҚШ-та, Канадада берілген жүргізуші куәліктері мойындалды.
Халықаралық теңіз тасымалдаулары мемлекетаралық келісім-шарттар мен Афиндік «Жолаушылар мен жүкті теңізбен тасымалдау туралы Конвенция», Халықаралық «Адам өмірінің теңізде қорғау Конвенция» (Лондон, 1974 ж.) Халықаралық «Жолаушылар мен жүкті теңізбен тасымалдау кезіндегі кейбір ережелерді унификациялау туралы Конвенциялар» (Брюссель, 1967 ж.) шеңберінде жүргізіледі.
Халықаралық тасымалдау ретінде шығу орны мен келу орны екі бөлек мемлекетте орналасқан немесе бір мемлекетте орналасып, келісім шарттары бойынша аралық порт басқа мемлекетте орналасқан кез келген тасымалдау саналады.
Сонымен қатар, келесі берілген жағдайларда Афиндік Ковенция жарамды деп табылады:
- кеме атаулы Ковенцияға қосылған мемлекеттің кемесі болған жағдайда жүзе алады;
- тасымалдау келісім-шарты атаулы Конвенцияның бір жағы болып табылатын мемлекетте жасалса.
- Келісім-шартқа сәйкес тасымалдаудың жөнелту мен келу орны атаулы Ковенцияның жағы болып саналатын мемлекетте орналасқан жағдайда.
ІІІ -ТАРАУ ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі
Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін ең алдымен атаулы салада қызмет етуші субъектінің қызмет трлерінге лицензия берілуіне негізделеді.
Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
- туроператорлық;
- турагенттік;
- экскурсиялық;
- туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
Лицензия субъектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі және бір данада беріледі; лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым (бұдан әрі — лицензиялық алым) төлейді.
Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиат он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.
Лицензия «Лицензия туралы» Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.
Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мерімен куәландырылады.
Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
- белгіленген нысан бойынша өтініш;
- лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
- жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
- меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
- білімі және жұмыс өтілі туралы қужаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;
- туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;
- тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
- туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
- экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;
- жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
- туристік бағыттардың тізілімі;
- туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;
- «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
- туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.
Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
- белгіленген нысан бойынша өтініш;
- лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
- жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
- кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
- меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендіпн растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
- білімі және жұмыс етілі туралы құжаттардың көшірмесін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;
- туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;
- тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
- туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
- жарнамалық-ақпараттық материалдар (женсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
- «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17-ба-бының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
- туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.
Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
- белгіленген нысан бойынша өтініш;
- лицензиялық алым телегенін растайтын құжат;
- жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңцы тұлғалар үшін);
- кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
- штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адам-дар: оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;
- әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;
- туристерге қызмет көрсетуге арналған меншікті немесе жалға алынған көлігі бар екендігін растайтын құжат.
Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
- белгіленген нысан бойынша өтініш;
- лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
- тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен жүріп ету тәжірибесін растайтын құжаттар;
- әзірленген туристік бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;
- денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.
Өтінуші ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауаптылықта болады. Өтінушінің өткізген құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеру қажет болған ретте, лицензия беру туралы шешім тексеруден соң қабылданады. Тексерудің нәтижелері бойынша туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді, сондай-ақ туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы қорытынды шығарылады.
Сонымен қатар стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіру кезінде талаптар қамтылуы тиіс:
- жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту;
- кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
- туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;
- туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;
- туристік бағыттардың тізілімі;
- туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;
- меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды;
- туристік жарақтар;
- көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;
- экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарт немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;
- тасымалдаушымен шарттар;
- туристік жолдама, турист жаднамасы;
- туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;
- жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).
Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
- жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту (заңды тұлғалар үшін);
- кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
- туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;
- туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;
- меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін не туристерді орналастыру орындары;
- туристік жарақтар;
- көлікті ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;
- тасымалдаушымен шарттар;
- туристік жолдама, турист жаднамасы;
- туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;
- жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).
Экскурсиялық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
- кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
- штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адам-дар: оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама-сы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;
- әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;
- туристерге қызмет көрсету үшін меншікті немесе жалға алынған көлік.
Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады, егер:
- туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;
- лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;
- лицензиялық алым енгізілмесе;
- өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;
- өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынған сот шешімі бар болса.
Турагенттік, туроператорлық, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтінушіге бас тарту себептері көрсетілген жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Егер заңнамамен белгіленген мерзімде лицензия берілмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды етінуші негізсіз деп тапса, ол бір ай мерзімде лицензиардың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе өтінушінің құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Лицензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Лицензия өз күшін мына жағдайларда тоқтады:
- лицензияның қайтарып алынуы;
- азаматтың кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.
3.2. Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру
Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризмнің барлық түрінің нұсқаушылары, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесіне негізделеді.
Белгіленген стратегияны іске асыруға бағыталған құрылыды қалыптастыру туралы айту үшін туристік кадраларғане жатанының білуіміз жөн. Оларға біз келесілерді жатқызамыз:
- кәсіби жоғары немесе орта арнаулы туристік білімі бар кәсіби жеке тұлғалар, сонымен қатар туристік салада кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар туристік ұйымдардың қызметкерлері;
- туризм саласында сәйкес кәсіби дайындығы немесе кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар, туристік индустрия саласында қоғамдық бастамаларда немесе ақылы төлем негізінде халыққа қызмет көрсете алатын жеке тұлғалар жатады.
Туристік кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен аттестаттау туризм саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге, халықаралық стандарттарға сәйкес туризмді дамытуға қабілетті, жоғары білікті кадрлармен саланы қамтамасыз ету, кәсіби шеберлікті, туристік жорықтарды өткізуде жауапкершілікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Туристік кадрларды даярлаудың, олардың біліктілігін арттыру мен аттестаттаудың келесі негізгі міндеттері анықталған:
- туристік іс-шараларды мазмұнды еткізу үшін кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіру;
- туризмді дамыту саласындағы жаңа жетістіктер бойынша білім алуда мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру;
- туризм түрлерін дамытуда шетел тәжірибесін зерделеу, қорытындылау және тарату.
Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру мақсаты — рыноктық экономиканың өскелең талаптарына сай кадрлардың теориялық және практикалық білімдерін жаңарту болып табылады. Біліктілігін арттыру бүкіл еңбек қызметінде 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі. Мамандардың білікгілігін арттырудан өту кезеңділігін жұмыс беруші белгілейді. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстан қол үзіп және қол үзбей өткізілетін оқу іс-шараларының (мектеп, курстар, семинарлар, жиындар) шеңберінде сондай-ақ ішкі туризмнің белсенді түрлерін дамытатын ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, оқу мақсаттарында өткізілетін жорықтарда, маршруттарда, жарыстарда, экспедицияларда жүзеге асырылады. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру шарттық негізде, білім беру ұйымдарының базасында (туристік салалар үшін кадрлар дайындайтын ғылыми, жоғары және орта кәсіби оқу орындарында) ұйымдастырылады. Біліктілігін арттырудан өткен адамдарға осы Ереженің қосымшасында белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі. Туристік кадрларды аттестаттаудың мақсаты олардың кәсіби дайындық деңгейін айқындау, қауіпсіз және тиімді туристік жорықтар мен экскурсиялар жүргізу кезінде жан-жақтылығы мен жете білушілігі, ұйымдастыру қабілеттіліл болып табылады. Аттестаттау әрбір 5 жыл өткен сайын өткізіледі.
Туристік кадрлар аттестаттаудан:
- жұмыс берушінің шешімі бойынша;
- тиісті нұсқаушы санатын немесе экскурсия жетекшісі санатын алу мақсатында, өз қалауы бойынша;
- қызметі туристік жорықтар мен экскурсиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты ұйымның жолдамасы бойынша өтеді.
Аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
- аттестаттауды өткізуге дайындық;
- туризм саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша тестілеу;
- туризм мәселелері бойынша әңгімелесу;
- туристік кадрларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімін шығару.
Аттестаттау нәтижелері бойынша қоғамдық туристік кадрларға еңбек қызметінің ерекшелігіне байланысты тиісті санаттар беріледі. Қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын дайындауды туристік жарыстарды, оқу-жаттығу жорықтарын және экскурсияларды, әртүрлі күрделі туристік маршруттарды өткізу кезінде, сондай-ақ қоғамдық туристік бірлестіктер ұйымдастырған туристік іс-шараларда (курстарда, семинарларда, жиындарда), экскурсия жетекшілерінің курстарында спорттық туризмнің облыстық федерациялары жүзеге асырады.
3.3 Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық механизмдері
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары біздің д.д. үшінші мың-жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО-ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдениағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып самалды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.
Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.
Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту “Туризм туралы” Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі № 1508-ХІІ Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы туралы» 1997 жылғы 30 сәуірдеп № 3476 және «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.
Осы құжаттарды қабылдау туризмнің қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етті.
Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі — Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ-ға толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Бірқатар келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуеті мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы дерегі бойынша елде 425 туристік ұйым болды, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік нысанында және 14 шетелдік туристік агенттік жұмыс істеді. Қазақстандық кәсіпорындар 80 елдің туристік фирмаларымен шарттық қатынастар орнатқан. 4 алматылық, және 13 облыстық турфирма 8 мемлекетке чартерлік әуе рейстерін жүзеге асырады.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурсанттардың 88 пайызына дейін қызмет көрсетеді.
Тұтастай алғанда, 1999 жылы барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар 2410,5 млн. теңге сомасында, оның ішінде мемлекеттік туристік кәсіпорындар 57,3 млн. теңге, жеке меншіктегілері 2298,5 млн. теңге, шетелдік фирмалар 54,7 млн. теңге сомасында өнім сатты, жұмыстар орындады, қызметтер көрсетті.
Республика бюджетінен түсетін жалпы түсімдердегі туристік қызметтен түскен салық пен алымдардың үлесі 1998 жылы 0,1%-ды құрады. 1999 жылы статистикалық есеп беру үлгісі бұл мәліметтерді жинауды көздейді. 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда елдегі ЖІӨ-нің туризмдегі үлес салмағының өсу үрдісі байқалады, ол 1,1%-ды құрады.
Туристік ұйымдармен 1999 жылы барлығы 228,3 мың туристке қызмет көрсетілді, Қазақстанның туристік фирмаларының қызметін 55,9 мың шетелдік азамат пайдаланды, бұл 1998 жылмен салыстырғанда 20,9 мыңға немесе 60%-ға көп. 1999 жылы қызмет көрсетілген туристердің жалпы көлемінен шетелге туристерді жіберу 45%-ды құрады, ішкі туризм 30%, шетелдік туристерді қабылдау 24%, экскурсиялық қызмет көрсету 1% құрады.
Қазақстандық туристердің неғұрлым көп баратын жерлері: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАӘ. Біздің елімізге Ресейдің, Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның, Түркияның азаматтары жиірек келеді.
Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бұл, бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Тек қана 1999 жылы 57,1 миллион АҚШ доллары республикадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматтарының шет елге тауарлар сатып алу, кейіннен оны сату мақсатында баратын жолсапарлары, бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету рыногының жай-күйін анық көрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тәжірибесінің және білікті мамандарының жетіспеушілігіне байланысты туристер мен «чартер ұстаушылар» арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі кемек көрсетті. Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бірін «қапшықтау» бизнесі тауарлармен толтырады және тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату жүйесіндегі 150 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы «қапшықтау» саудасының көлемі шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Сонымен бір мезгілде, шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне кері әсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін көтеруге елеулі әсер ете қойған жоқ.
Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды кездерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның езі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық қамтамасыз етудің жай-күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет.
Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық авиажелілерінің Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Таиландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Ішкі және халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін «Эйр Қазақстан» ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мұның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, авиабилеттер құнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімнің құнын өсіреді және тиісінше оның халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабілетін темендетеді. Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмді ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Алайда, оны дамыту, тұтасымен алғанда, жолдардың жай-күйіне және туристік көлік құралдарына тиісті техникалық қызмет көрсетілуіне де байланысты болады. Республиканың автобус паркі қараусыз қалған, сонымен бірге қазіргі заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл туристерге қызмет көрсетуді жоғары деңгейде ұқстауға мүмкіндік бермейді.
Негізгі темір жол тасымалдаушысы «Қазақстан теміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темір жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстанның және Түркіменстанның жолаушылар пайыздары өтеді.
Келешекте экологиялық жағынан-таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар аудару қажет.
Орналастыру құралы. Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендігі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру объектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің 35%-ын құрайды. Сондай-ақ елдегі қонақ үйлердің саны 1997 жылмен салыстырғанда, 40%, ал бір жолғы көрует-орынға сыйымдылық тиісінше 30%-ға төмендеді.
Соңғы бес жылда 605 қонақ үй жабылды, 1999 жылы республикада 205 қонақ үй жұмыс істеді, немір қоры небәрі 15%-ға ғана толтырылды. Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім берудің басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескірген, қонақ үйлердің бір бөлігінің жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі олар 60-шы жылдары салынған.
Талдау көрсеткеніндей, туристік сыныптағы қонақ үйлердің (2-3 жұлдызды немесе шағын және орташа мейманханалар) рентабельділігі неғұрлым жоғары Кадрлармен қамтамасыз ету. Туризм дамуындағы түйінді мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстандағы мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қосқанда, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар. Қазақстанда мұндай кадрлар даярлаудың негізі 1992 жылы қаланғандығына қарамастан, туристік саланы мамандармен қамтамасыз ету әлі күнге дейін қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында мұның басты себебі Қазақстандағы туристік әлеует туралы оқытушылар құрамының білім және туристік саладағы жұмыс тәжірибесі, деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр. Соның нәтижесінде, мамандарды даярлау отандық туристік-рекреациялық ресур-старды ұстау, туристерді қабылдау үшін оларды пайдалану технологиялары мен ықтимал клиенттер арасында туристік қызмет көрсетулерді атаулы жар-намалаудың әдістемесі жеткілікті түрде ескөрусіз жүргізілуде. Сондықтан, жоғары оқу орындары түлектерінің едәуір бөлігінің туроператорлық қызметті толық атқаруға шамасы жетпейді
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда айтылғғандардың бврлығын қорыта келіп, келесі біршама ой-түйіндеулерге келуге болады:
Ең алдымен туризмді дамытудың негізгі бағыттарын анықтау қажет:
Мақсаттар мен міндеттерге сәйкес туристік саланы дамытудың мынадай негізгі бағыттары белгіленеді:
- Туристік қызметті мемлекеттік реттеу
- Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға толық жауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдары мен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің рөлін арттыру қажет. Саланы орталықтандырып басқару Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне жүктеледі.
- Туризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:
- республикалықжәне аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;
- туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтіру мен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету;
- сапалы туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- статистиканы және зерттеу қызметін жетілдіру;
- білім және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсіптік даярлау;
- туризм саласында мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегі үйлестіруді қамтамасыз ету;
- туризмді дамытудың нақты аудандарында жерді пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау;
- тарифтерді, туристік ұйымдардың, тасымалдаушылардың қызметін лицензиялауды, туристік объектілердің сапасын және қызмет көрсетудің стандарттарын бақылау;
- ел беделін қалыптастыру, қазақстандық туристік өнімнің маркетингі
- және жылжытылуы жөніндегі басым шараларды белгілеу, оның ішінде туристік көрмелерді және басқа іс-шараларды ұйымдастыру;
- халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;
- халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттары мен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
- визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлату;
- мемлекеттің туристік көрнекті орындарын құру және қорғау;
- туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерін жасау.
- Туризм инфрақұрылымын дамыту
Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жып сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристік салаға курделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.
Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін:
- жалпы пайдалану және туристік мұқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;
- ілеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристік аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер және қатты қалдықтарды жою жүйесін, телекоммуникацияларды дамыту;
- туристік кешендерді, этнографиялық мұражайларды және демалыс аймақтарын құру; тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мұражайға айналдыру;
- жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристік объектілер жобаларын оның ішінде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу.
- Маркетинг стратегиясын әзірлеу
- Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуетіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.
- Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:
- сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
- Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
- қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;
- жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;
- Германия, АҚШ, ¥лыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және т.б. туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;
- рыноктың жаңа сегменттерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;
- ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен объектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;
- ғылыми негізделген өткізу әлеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;
- жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және бағалық тәсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;
- ұлттық туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;
- туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.
- Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру.
Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.
Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеулі талап етеді.
Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.
Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.
Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудио-бейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнама-баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмалары-ның WEB -сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.
Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.
Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар еткізу ықпал етеді.
Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.
Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарда қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қоса берілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.
Елде халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, мемлекеттің туристік әлеуетінің әлемдік туристік рыноктағы тұсаукесерін өткізу жөніндегі жұмысты күшейту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазан-дағы № 1604 қаулысымен бекітілген Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтиды. Оған Қазақстанға туристер тарту жөніндегі көпжақты қызмет және халықаралық туристік рынок жүйесіндегі елді интеграциялау кіреді.
Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.
Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.
Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды злемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ұғынуға көмектеседі.
Мемлекеттік органдар, туристік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауіп тудыратын табиғи апаттан, әлеуметтік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулі іркілістер, індет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді.
Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуір дәрежеде осы салада жұмыс істейтін кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет — туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.
Қазақстандағы тиімді туристік салаға сәйкес кадрлар әлеуетін қалыптастыру үшін:
- жаңа буындағы «Туризм» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік стандартын әзірлеу;
- туристік кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристік кызметтің әртүрлі қажеттілігі мен даму деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау;
- мамандарды оқытуда олардың отандық туристік ресурстарды игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттық технологияларды білуіне, тілдік дайындауға негізінен иек арту;
- орта арнаулы оқу орындарында бірінші деңгейдегі туристік қызметшілерді даярлауды ұйымдастыру;
- жалпы білім беретін оқу орындарында туристік сыныптар, секциялар мен үйірмелер құруға көмектесу;
- бұдан бұрын таратылған балалар мен жасөспірімдер туризмінің республикалық және аймақтық станцияларын қайта қалпына келтіру;
- Ұлы Жібек жолының (1700 ш) қазақстандық учаскесіндегі туристік-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және түгендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.
Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрмайынша мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге игерілмеген «тың» күйінде қалып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Агеева О.А. Туристические фирмы и гостиницы; бухучет и налогооблажение.- М.: Совр. экономика и право, 2000.-184с.
- Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебник.-М.: Аспект-Пресс,2002-470с.
- Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма: Учеб. пособие. – Алматы: Каз ГАУ, 1999.-94с.
- Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,2001.-176с.
- Багатов А.П. и др. Туристические формальности: Учеб. пособие / Багатов А.П., Бойко Т.В., Зубрева М.В.-М.: Академия, 2004.-304с.-(Высшее проф. образование)
- БиржаковМ.Б. Введение в туризм: СПб.: Герда, 1999.-192с.
- БиржаковМ.Б. Введение в туризм: Учебник.-Изд.7-е, перераб. И доп.- СПб.: Герда,2005.-448с.
- Бирюков Е.С. Развитие туризма в СССР и его влияние на экономику (на примере исторического города-музея Суздаль): Афтореферат.-М.,1975.-20с.
- Борисов К.Г. Международный туризм и право: Учебно-метод. Пособие.-М.: НИМП, 1999.-352с.
- Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. – М.: АСПЕКТ-ПРЕСС, 1995.-382с.
- Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения.-М.: Финансы и статистика, 1999.-352с.
- Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Бухгалтерский учет и отчетность в туризме : Учеб. пособие.- М.: Нолидж,1998.-272с.
- Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения.-М.: Финансы и статистика,2000.-352с.
- Волошин Н.И. Правовое регулирование туристической деятельности: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,1998.-120с.
- Волков Ю.Ф. Технология гост. обслуж. Ростов-на-Дону. Феникс 2003г.
- Вуколов В.Н. Теория и практика подготовки специалистов туристической деятельности: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,1998.-120с.
- Гвозденко А.А. Логистика в туризме: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,2004.-270тен.
- Гостиничный и туристический бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского.-М.: ЭКМОС,1998.-352с.
- Гостиничный и туристический бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского.-М.: ЭКМОС,1999.-352с.
- Гостиничный и туристический бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского.-М.: ЭКМОС,2000.-352с
- Гуляев В.Г. Организация туристической деятельности: Учебное пособие / Московская Академия экономики и права.- М.: Нолидж,1996.-313с.
- Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустр. гостеприимства Уч. Пос. 2005г. М. Академия
- Ляпина И.Ю. Организация и технология гост. обслуж. Уч. М. Академия 2005г.
- Папирян Г.А. Менеджмент в гендустр. Гостепреимства : Отели и рестор. М. Экономика 2000
- Рахимбекова Ж.С. Международный гостиничный бизнес: Учебное пособие. Алматы Каз. Ун.
- Сенин В.С., Денисенко А.В. Гостиничный бизнес: классификация гостиниц и других средств размещения. Учебное пособие М. Финансы и статистика,2004г
- Скараманга В.П. Фирменный стиль в гостеприимстве . Учебное издание / Российской международной академии туризма. М. Финансы и статистика, 2005г.
- Скобкин С.С. Маркетинг и продажи в гостиничном бизнесе М.:Юрист,2001 г.