АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Түркістан өлкесіндегі ұлттық баспасөз дамуы

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………..

 

I-Тарау. Түркістан өлкесіндегі алғашқы басылымдар (1870-1925 ж.ж.)

 

1.1.

Түркістан өлкесінен шыққан мерзімдік басылымдар …………..

 

1.2.

Өлкеде алғашқы кітап басу ісі ……………………………………………….

 

 

 

 

II -Тарау. Түркістан өлкесіндегі ұлттық баспасөз дамуының проблемалары.

 

2.1.

Қазақ тілінде шыққан алғашқы басылымдар ……………………….

 

2.2.

Ұлттық басылымдардағы оқу-ағарту мәселесі ……………………..

 

2.3.

Қазақ зиялыларының басапасөздегі мақалаларының деректік құндылығы ………………………………………………………………

 

 

 

 

Қорытынды …………………………………………………………………………………….

 

Пайдаланылған әдебиетер тізімі …………………………………………………….

 

Қосымшалар ……………………………………………………………………………………

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Бір өзі бірнеше ғасырға татырлық ХХ ғасыр да белгілі обьективті себептерге байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле бастағандығы белгілі. Бұл ретте тарих ғылымы үшін ғасыр айнасы іспетті болған мерзімдік басылымның деректік орны ерекше. Негізінен ғасыр басында дүниеге келіп, ғасырмен бірге дамыған қазақ баспасөзінің деректік маңызын,олардың өзіндік ерекшеліктерінін, олармен жұмыс істеу тәсілдерін білу үшін алдымен ұлттық мерзімді басылымның тарихын зерттелу жағдайын білу қажет. Себебі, біріншіден, тоталитарлық жүйе, коммунистік идеология қазақ халқының тағдыры сияқты, баспасөз тағдырында да шешуші роль атқарды. Оның тарихының зерттеуіне, өрескел бұрмалауына өз ықпалын тигізді. Екіншіден, қазақ мерзімі басылымның өз дәрежесінде ұлт мүддесі тұрғысынан зерттелуі, оның деректік маңызын ашуға, ондағы салынған ақпараттардың шынайлық дәрежесін айқындауға, сол арқылы халық тарихын жазуға көмектеседі. Баспасөз беттерінде жарық көрген көптеген материалдарды «Қазірігі жағдайға сай келмейтін жат идеяларды таратқан, ұлтшыл кертартпа көзқараста болған», деп фактологиялық тұрғыдан жеткілікті талданбай, біржақты зерттеудің салдарынанан барымызды жоқ деуге шейін жеткен кезеңде, ол газет-журналдардың тігінділерін өртеп, құрытып, жойып жіберілген еді. Қиын-қыстау заманда қыруар қиындықпен дүниеге келген екі көрсеткішпен қатар қазақтың төңкерістен бұрынғы газет-журанлдарының тарихына, шығарушы редакторларына арналған азды көпті ғылыми еңбектер де жарық көріпті. Олардың ішінде Б.Кенжебаевтың, Х.Бекхожиннің, Ә.Жиреншиннің, Т.Кәкішевтің, З.Тұрарбековтың, Б.Әбілқасымовтың, С.Зимановтың, К.Идрисовтың, З.Бисенгалиевтің зерттеулерін ерекше атаған жөн.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Баспасөз тарихы көптеген еңбектерде арнайы зерттелді. Дегенмен олардың бәрінде дерлік қазақ баспасөзінің қалыптасу және даму тарихы негізінен таптық тұрғыдан қаралды. Зерттеушілердің әрбір сөзі, басқан адымы үнемі бақылауда болды. Лениндік сара жолдан сәл де болса ауытқушылық қатал айыпталынды. Мәселен 1951ж 17қарашада «Социалистік Қазақстан» газетінде «Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателіктері» деген мақалада ұлттық баспасөз тарихын зерттеушілер Х.Бекхожин мен Б.Кенжебаев «идеологиялық бұрмалаушы-лықтар мен өрескел саяси қателіктері» үшін қатаң сынға алынған. Еңбектері «…халқымыздың таңдау талғауына сай емес, тарихи шындықты бұрмалаған, бұқпа-жалтағы көп, маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалып жазылмаған құнсыз еңбектер»-деген, баға берген. Міне осындан кейін мерзімдік баспасөз тарихын зерттеу ісі ұзақ жылдарға шегеріліп, тек ХХ ғасырдың соңынан бастап қана баспасөз тарихының шындықтары ашылып, зерттеле бастады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Баспасөз тарихын зерттеудің негізгі бағыттары мен кезеңдері туралы зерттеудегі негізгі мақсат-міндеттерімізді, яғни өз пікірімізді айтсақ, олар:

  • өмір айнасы аталған мерзімді басылым тарихын еліміз тарихының контексінде қарау;
  • әр тарихи кезеңнің өзгешелігінен шыға отырып, баспасөздің негізігі мақсатын, бағыт-бағдарын, сол уақытқа тән ерекшеліктерін анықтау;
  • мерзімді басылымға әр түрлі дәрежеде әсер ететін факторларды анықтау;
  • әрбір нақты газет не журналдардың шығарушыларын авторларын анықтау;
  • нақты мақала авторы туралы мәліметтеріді толық білуге ұмтылу;
  • нақты деректің дүниеге келуінің обьективті алғы шарттарын, себептерін анықтау;
  • егер мүмкіндік болса құнды деректік маңызы бар түп нұсқасымен салыстыру, сол арқылы автор айтқысы келген, бірақ баспасөз бетінде жарияланбаған мағұлматтарды табу;
  • әр түрлі жағдайларға байланысты автор ашып айта алмаған, бірақ меңзеген нәрселерді анықтау т.б. Мұның бәрі зерттеушіге баспасөздегі деректердің шынайлық дәрежесін, оның ғылыми құндылығын анықтауға көмектеседі.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Мерзімді басылым жазба деректердің басқа түрілерінен тек өзіне ғана тән сипаттарымен ерекшеленеді. Сондықтан оларда сақталынған мәліметтерден обьективті мағұламт алу мақсатында зерттеушілер баспасөзді тарихи дерек көзі ретінде арнайы қарастыру қажет.

 Соңғы жылдары еліміздің тәуелсіздік алып, алып өз тарихын обьективті жазуға мүмкіндік тууына байланысты ұлттық деректерге, оның ішінде қазақ тіліндегі басылымдарға деген жаппай қызығушылық, оларды ел тарихының дерегі ретінде ғылыми айналымға молынан тарту, қазақ баспасөзінің тарихын зерделу мен қазақ баспасөзін өзіндік ерекшеліктері бар тарихи дерек ретінде кешенді талдаудың қажеттілігін күннен-күнге арттырып отыр.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.Диплом жұмысының негізгі практикалық маңызы сол, оның тұжырымдары, сарапталған, мәліметтері жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек береді және мектеп оқушылары мен студенттердің өзінің білімділік қажеттігін одан әрі дамытады деп сенеміз.Себебі бұл жұмыста көптеген мерзімді басылымдар мәселен: «Ақжол», «Шолпан», «Сана» газет-журналдарының негізгі түп нұсқаларымен қатар,мұрағат құжаттары да көптеп қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, мұрағаттық құжаттар мен мерзімдік басылымдар мәліметтерінен құралған.

 

I-ТАРАУ. ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ БАСЫЛЫМДАР (1870-1925 ж.ж.)

1.1.Түркістан өлкесінен шыққан мерзімдік басылымдар.

 

Х1Х ғасырдың II-ші ширегі Түркістан өлкесінің мәдени тарихы үшін маңызды кезеңдердің бірі болып саналады. 1868 жылы Ташкент қаласында кітапхана, бір қатар мұражайлар мен мәдени орталықтар, сонымен қатар орыс-түземдік мектептер, кино және театр, почта, телеграф, ауруханалар мен ғылыми орталықтар ашылды.

Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты уақиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін атқаратын мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналды.

Халыққа болған уақиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзімді басылым, сол оқиға туралы өз бойына қажетті мағұлматтарды да жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі де тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп,оқиғалардың кейбір қырларын ашуға көмектеседі.

Өткенді саралап, баспасөзді түбегейлі зерттеу ісінде белгілі ғалым,библиограф Ү.Субханбердинаның — «газет-журнал беттерінде жарық көрген материалдар архив қазынасымен қосылып бір дәуірде болған қауым тіршілігін,оның маңызды елеулі жақтарын толық сипаттайтын бағалы деректердің бірі»[1].-деп көрсетеді. Баспасөз тарихын зерттеуде және оны танып білуде үлкенді-кішілі еңбектердің елімізде әр жылдары жарық көргені белгілі.ХХ ғасырдың екінші жартысында Т.Амандосов, Х.Бекхожин, С.Имашев, М.Фетисов, Б.Кенжебаев, Т.Қожакеев сияқты белгілі ғалымдар кеңестік баспасөздің тарихын зерделеді. Заман талабына сай бұл ғалымдардың зерттеулерінде кеңестік газеттер тарихы партия мен кеңес өкіметінің көзқарасы тұрғысынан қарастырылды, дегенмен қазақ басапсөзінің қалыптасуы және даму тарихы құнды деректер негізінде жүйелі түрде сарапталғанын жоққа шығаруға болмайды.

Бұхараның санасын уландыру, жергілікті мұсылман халықтарының дінінен, тілінен, ділінен айыру, түптеп келгенде орыстандыру мақсатында патша өкіметі Орта Азияда ресми баспасөзді тимді пайдалануға әрекеттенді. Мәселен, «Түркістанские ведомости» газетінің бірінші санында жарияланған мақала патша өкіметінің Түркістан өлкесін отарлаудағы мақсатын,алдарында тұрған міндеттерін еш бүкпесіз көрсетеді: «Біздің пайымдауымзша,Түркістан өлкесінің қазіргі әкімшіліктің міндеті мынандай:орыс өкіметіне бағынған халықтарды жеңу, бірақ оларды қара күшпен емес, ақылмен және рухани басымдықпен жеңіп шығу, орыстардың Орта Азияға әкелген қоғамдық және әкімшілік құрылымы жергілікті жұрт бұған дейін бірнеше ғасырлар бойы тікелей мойынұсынып келген құрылымнан әлдеқайда жоғары және жемісті екендігі сезінуге мәжбүр етту. Бұл басымдылық түземдіктердің көз алдында және өздігінен айқындала салады деп күтіп отырмау керек. Ескі әдет-ғұрыптар өміршең,оларды түбегейлі жою үшін бірте-бірте әрекет жасау өмірдің жағдайларына тәрбиелеу керек. Түркістан өлкесінің қазіргі әкімшілігі алдына қойып отырған басты және негізгі міндетті осы. Осы мақсатқа жету өте-мөте қажет,өйтпеген жағдайда Түркістан өлкесіне орыс элементтерін енгізу-тек өзара күшпен ғана жаулап алу дәрежесінде қалып қояды.Егер орыс халқының рухани орасан зор күш-қуатына жәрдемдеспесе, Орта Азияға орныға бастаған орыс элементі де жойылып кетуі мүмкін. [2]. Құрамына Сырдария мен Жетісу облыстары кірген Түркістан генерал-губернаторлығы 1867 жылы құрылып,оның тұңғыш генерал-губернаторы болып К.фон-Кауфман тағайындалған болатын.Қасиеті Түркістан жеріне орналасып,оның шексіз байлығын иеленудің бірден-бір жолы-жергілікті халықтарды рухани жеңу екендігін жақсы сезінген патша өкіметі өз мақсатына жету үшін өлкелік басылымның қажеттілігін де жақсы түсінді.Сондықтанда газет шығару ісімен айналысты. Түркістан жерінде Х1Х ғасырдың II-ші ширегінде «баспасөз ісі» орыс мемлекетінің идеологиялық, саяси күресте шешімін табатын жаңа мықты қару ретінде қолданды. [3] мұны газетте басылып отырған Түркістан генерал-губернаторлығы бойынша өкіметтің шығарған ресми бұйырықтары мен жарлықтарынан, орыс мемлекетінің патшаларының қысқаша өмірі, орыс халықы мен басқада мемлекеттерде болып жатқан жаңалықтарға тоқталған мәліметтерінен көруімізге болады. 28 көкек (10 мамыр) 1870ж Түркістан өлкесінің мерзімдік басылымдар туған күні ретінде қаралса, бұл күн «Түркістанские ведомости» газетінің ресми алғашқы нөмері шыққан күн болып саналады, газеттің алғашқы бес жыл мерзім ішіндегі негізгі редакторы болып өлке басшысы К.П.фон-Кауфман саналды.

1870 жылдан -1892 жылдары алғашқы арнайы редакторы болып штабс-капитан Орта Азияның географиясы мен этнологиясын зерттеуші ғалым Н.А.Маев тағайындалған. Ал 20 қараша 1892 жылдан -17желтоқсан 1899 жылға дейін редактор А.П.Романович оның қазасынан кейін офицер С.А.Геппенер (1899 жылғы 22 сәуір -1901жылдың 29мамыр), бұдан кейінгі редакторынан К.Г.Мальинцкийді атауға болады. Аталған газет 1917 жылдың 15 желтоқсанына дейін шығып тұрды. [4] «Түркестанские ведмости» газетінде көрнекті шығыстанушы — оқымыстылар академик В.В.Бартольд, Л.С.Берг, Н.А.Северцов, А.Н.Федченко, И.В.Мушкетов жұмыс істеді. Газеттің Петербург, Москва, Қиыр Шығыс және Ресей империясының басқа да қалаларында корреспонденттері болды. Газет Орта Азия халықтарының қоғамдық пікіріне, тарихи дамуы мен мәдениетіне, экономикасына, өлкетанушылық саласында көптеген зерттеулер жүргізді. «Тұркестанские ведмости» негізгі мақсаты Түркістан өлкесін жан-жақты зерттеу болды. Мәселен өлкедегі мақта өсіру жайында газеттің бірінші нөмірінде «Түркістан өлкесінде мақта өсіру» мақаласында өлкедегі орыс өнеркәсібі мен саудасының дамуына. «….мы будем говорить исключительно о культуре хлопка в городах и кишлаках Туркестанского края»-деп көп көңіл бөлген. Бұдан басқада өлке мәдениеті мен халықтары туралы мәліметтерді Түркістан генереал-губернаторына үнемі хабарлап,мәлімдеп отырды.

 Х1Х ғасырдың II-ші жартысында қазақтың ұлттық баспасөзі дүниеге келді. Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар, халықтың саяси-әлеуметтік,әдеби-мәдени және эстетикалық ой-пікірін оятуға септігін тигізген қазақ баспасөзінің тұңғышы 1870-1882 жылыдарда Ташкентте шыққан «Түркістан уәлаяты газеті» [5]. Ол алғашқыда 500 дана таралымен шыққан «Түркістанские ведомостиге» қосымша ретінде шығып, кейінен дербес органга айналды. Алғашқыда айын төрт рет, екі саны өзбек тілінде, екі саны қазақша шыққан. Газеттің редакторы Ш.М.Ибрагимов кейінірек Х.Чанышев редакциялады [6]. Бұл екуі де алғашқы да генерал-губернаторлықта тілмаш болып, кейінірек газеттің жергілікті әкімшілк өкімдерін аударумен айналысты. Газеттің бас редакторы болып 1883жылы Н.П. Остроумов, Н.Г.Малицкий болды. Шартты басылымның негізгі патша әкімшілігінің әр түрлі өкімдері мен нұсқауларын тарату болды.Сонымен бірге, өлкенің әр түрлі жерлеріне сипаттама берілді. Саяхаттар, егінннің шығымы, ауыл шаруашылығының жай-күйі, мал аурулары, эрозия, су пайдалану туралы жекелеген мәліметтер айтылды.Газет беттерінде кеніштердің ашылуы,өңдеуші өнеркәсіптің жай-күйі,телеграф жүргізу, әйел мәселесі және этнография жөніндегі әр түрлі мәліметтер көрініп отырды. Газеттің редакторы Н.П.Остроумов Түркістан генерал-губернаторының канцеляриясына берген редакция есебінде мына жағдайларды ескерілгендігін және баспадан шығарылғандығын айтады:

1.Ресей патшалығы мен оның өмірбаяндарының қысқаша тарихы;

2.Түркістан генерал-губернаторының жергілікті әкімшіліке байланысты шығарған өкімдері мен нұсқаулары;

3.Жергілікті халыққа қатысты Сырдария облысының әскери губернаторының бұрық ,өкім мен нұсқауларын хабарландыру;

4.Жоғарғы әкімшіліктің жаңа өкімдерінен түсініктеме;

5.Тарихи және этнографиялық мақалалармен бірге,жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстұрі,ғылым,білім,өнер,сауда т.б

6.Өлкедегі кейбір маңызды оқиғаларды;

7.Жергілікті почтаның хабарландыруларын;

8.Газет редакциясының жарнамалары мен кейбір өлке мекемелерінің өкіметтік хабарландырулары; туралы мәлімет берілгендігі айтылады.Мұны мен қатар әр уақытта кеткен шығын мен оларды қайда жұмсап жатқандығы туралы да мәлімет беріп отырған [7]. 1883 жылы Түркістан генерал-губернаторының бұйырығы бойынша газетті қазақ тілінде шығару тоқтатылып, аптасына бір шығатын өзбек газетіне айналдырды. Біраз уақыттан кейін, 1885 жылдан бастап газет өзбек және орыс тілдерінде шықты. Жалпы газет 47 жыл бойы, 1918 жылға дейін шығып тұрған. [8] Жалпы алғанда, қазақ баспасөзінің қарлығашы «Түркістан уәлаяты газеті» кезінде қазақ халқының саяси, шаруашылық және мәдени өмірінде,сондай-ақ қазақтың мерзімді баспасөзінің тууы мен қалыптасуында айтарлықтай зор үлес қосты.Қазақ баспасөзіінің ірге тасын қалаған «Түркістан уәлаяты газетінің» соңын ала Орта Азия халықтарының тілдерінде газет-журналдар шыға бастады.

Түркістанда 80-90 жылдары бұдан әрі баспасөздің дамуына өз үлестерін қосқан газеттер: «Закаспииское обозрение» (1895-1913жж),«Русский Туркестан»(1898 ж сентябрінен 1907ж), «Асхабад» (1899-1918жж), «Окраина» (1890-1898 жж), журналдар: «Среднеазиатский вестник» (1896-1907жж), «Средняя Азия» (1895-1896 жж). Көптеген қалаларда әсіресе Ташкентте жеке меншік типографиялар мен газеттер жарық көре бастады. Алғашқы жеке меншік типографиясы Ташкентте 1877 жылы, Самаркандта 1880 жылы, Қоқанда 1887 жылы, Наманган уездінде 1882 жылдары пайда болды.

Бұл типография мен литография орталықтарынан жеке меншік газеттер мен орыс буржуазиясының газеттері басылды.Осыған байланысты Түркістан өлкесінде цензуралық мекеме комитеттері мен телеграфа агентігі де пайда болды.1882 жылы баспасөздегі мақала өкіметке зиян келтіретін болса шығартпау туралы заң шығарып, Министрліктер бұл редакцияны және редакторын жауып бұдан былай газет немесе журнал шығару құқығынан айырды.

1916 жылы Ташкентке Көлбай Төгісов келіп, 26 қарашадан бастап «Туркестанский курьер» баспаханасынан Мәриям Төгісовамен бірлесіп «Алаш» газетін аптасына бір рет шығара бастады.Патша үкімет «Алаш» газетінің шығуына бірден көңіл аударып,оның қандай мақсат ұстанғанын анықтауды Түркістан өлкелік қорғау бөлімінің бастығына жүктеген.Газетке жан-жақты талдау жасалынып,оның мақсаты туралы Түркістан генерал-губернаторлығына арнайы хат түскен. Хатта сол жылдың 16 шілдесінде Сырдария облысының әскери губернаторының Мәриям Төгісоваға Түркістан өлкесінде қазақ тілінде бірінші бейресми «Алаш» газетін шығаруға №21329 куәлік берілгендігі айтылады. [9] Тоғысовтың айтуынша Түркістан қазақтарын білімге шақырған, қазақ халқының ұлттық мәдени дамуын көздеген газет жарыққа келді. Газетте қазақ халқы үшін өткір әрі ауыр проблеманың бірі отырықшылдыққа көшіру, одан кейін халық ағарту ісі, әскери жағдай, жер мәселесі, Думадағы өкілдік, сот мәселесі, әйел теңдігі, экономикалық жағдайлар ерекше көрсетілген. Газеттің шығуына қазақ қыз-келіншектері де атсалысқан. Мұны олардың мақалаларынан,. «Келіңдер, апалар, кішкене сіңлілер, Алашқа сөз жазып, мұңдарымызды сөйлесейік, бізде адам екенімізді білдірейік» — деп қазақ қыздарын газетке ат салысып, араласып тұруға шақырғандығы дәлелдейді. Түркістан өлкесінің барлық оқыған саналы қазақ азаматтары газетке мақала ғана жазып қоймай сонымен қатар, газетті кеңінен таратуға, мәдени ағарту ісін және барлық қазақтардың бірігу қажетігін де насихаттаған. Алаш 1917 жылдың екінші жартысынан бастап тоқтатылды.

1917 жылы Ташкентте «Бірлік туы» газеті жарық көрді [10]. Осы жылдың тамыз айында исламның және Түркістан жадидизмнің ықпалындағы Сырдария қазақтары мен Ташкентте аймақтық конференция өткізіп, ұлттық автономия жобасын жасады. Конференция делегаттары апталық «Бірілк туы» газетін шығаруға шешім қабылдады. Бұл газет сол кездегі өзге қазақ газеттеріне қарағанда ислам дінін көбірек уағыздады.Айта кететін жай, газет «Құрама газеті» деп аталады. Себебі, ол өлкенің көпшілік халқына түсінікті өзбек жіне қазақ тілінде ортақ тілде жазылды. Қарастырып отырған кезеңде Түркістан қазақтары Орта Азия мен Қазақстан халықтарының рухани дамуына жетекші роль атқарады.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін жаңа өмірді дәріптейтін газет-журналдар шығарыла бастады. Соларға тоқтала кетсек: 1920 жылы сәуір айында Ташкентте «Қырғыз-қазақша» жетісіне екі рет шығатын, сыпайы тілдегі саяси һәм шаруашылық «Жаңа Өріс» газеті жарыққа келді.

Ол Ресейлік еншілестер табының кеңесімен Түркістандық кіндік Атқару Кеңесі һәм Түркістан соғыс майдандарының саяси бөлімі атынан шығады деп жарияланды. «Жаңа Өріс» алғаш тегін таратылды. Оның шет елдерде, Кеңестер ішінде, аймақ хабарлары деген бөлімдері болды. Яғни ол өз оқушыларын ішкі, сыртқы жаңалықтармен таныстырып отырды.1920 жылғы 27 шілдеге дейін «Жаңа Өрістің» 14 нөмері жарық көрді. Ал 1920 жылдың желтоқсанынан бастап «Жаңа Өрі»с негізінде Түркістан орталық партия комитетінің тілі «Ақ жол» газеті шығарылды.

Түркістан Компартиясының Орталық Комитетінің Атқару бюросының № 20-шы 1920 жылғы 19 қазандағы хаттамасының көшірмесі [11].

Слушали: О киргизской газете. Постановили:

  1. газету издавать под названием «Ак-жол» (Светлый путь) как орган ЦК КПТ и ТуркЦИКа.
  2. газете выходить не менее 2-х раз в неделю в размере пол печатного листа.
  3. тираж 18 000 экз.
  4. ответственным редактором назначить тов. Султанбека Ходжанова, ответственным секретарем Мир-Якуб Дулатова.
  5. Штат: Редактор, секретарь, Заведующий редакцией, делопроизво-дитель, Архивариус, конторщик, бухгалтер, казначей, экспедитор, рассыль-ный, кучер, сторож, уборщица.
  6. Все служащие редакции должны пользоваться пайком и обмундированием наравне с работниками ударно-производительных предприятий.
  7. По представлении сметы открыть кредит при народном банке.
  8. На средства редакции определить открытые курсы для подготовки наборщиков 10 из киргиз.

Отв. Секретарь ЦК Компартии Туркестана. Подпись Н. Тюрякулов

Алғашқы редакторы болып С.Қожанов сайланды. Мұнда негізгі қаралған мәселере ішкі және сыртқы хабарлар мен сауатсыздық, оқу-білім, әдебиет, мәдениет, әйел мәселесі, бұйрық-жарлықтар, партия талаптары, шаруашылық жағдайынан мәліметтер берді. Мәселен мынандай; Қазақстанда (Әдебиет оқу кітаптарын шығару туралы). «Ақ жол» (Ташкент), 1921, 17 февраль Келден. Қазақ –қырғыз білім комиссиясы- «Ақ жол» 1921ж №122,123 декабрь; 1922ж №126,128,129 январь Оспанов.С. Әубәкір Ахметжан ұлы Диваевтың 40-жылдық юбилейі. «Ақ жол» (Ташкент), 1923, №288, 29март. Ташкентде «Талап» төңірегінде.(Ы.Алтынсарин һәм Абай туралы). «Ақ жол» Ташкент1923, №288.29- март. Саади.А, (Абдурахман).Абай «Ақ жол» 1923ж №355, 356, 359, 363, 369, 372. Сәрсенби Ж.(Жакен). Театр керек. .«Ақ жол» Ташкент 1923, №377,378. Білім комиссиясының бір мүшесі қисынсыз жала. (Сәкен жолдасқа жауап). «Ақ жол» (Ташкент). 1924 №417, 22март. Темірбай. Қазақ әдебиеті тарихынан әңгіме. «Ақ жол» Ташкент 1924 №412, 5 март. Тоқпақ (С.Ходжанов). жақындық па, жалақорлық па? («Еңбек» қазақтың №128, 19 февральда шыққан «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» деген мақалға сын). «Ақ жол» (Ташкент). 1924. 421. б.3-4. деген мақалалар «Ақ жол» газеті бетінен жарық көрген. Түркістан өлкесінде шығып отырған мерзімдік басылымдарға мынандай анкеталар да толтырып отырған. [12]

Мерзімдік басылымдар анкетасы: «Ақ-жол» газеті- қазақ тілінде.

Адресі: Ташкент қаласы. К.Маркс көшесі 41.

1920 жылдың 7 желтоқсанан бастап, үзілістер 8 тамыз 1923 жылдан 28-не дейін себебі: қаржының жетіспеуінен.

Бағадарламасы-париялық-саяси,экономикалық және ғылыми әдебиеттер.

Мерзімділік уақыты — аптасына 3 рет Тираж — 1800 дана

Қызметкерелері:

1.Тохтыбаев Иса Тоқтыбаевич-жауапты редактор

2.Алиев Хасан Шаяхметович

3.Байтасов Абдулла Баитасович

4.Ходжиков Кангиркожа Ходжикович

5.Илаев Хади Илаевич

6.Алпаров Гибат

Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақ АССР-іне қосылады, осыдан кейін Ақ жол газеті 1925-1927 жылдары Қазақстанның Сырдария облыстық партия, кеңес мекемлерінің органы болып Шымкентте шығып тұрды.

Ақ жол газетінің 1921 жылғы 22 ақпанындағы нөмірінде «Шолпан» журналы деген хабар шықты. Октябрьден бастап Ташкентте қырғыз-қазақ тілінде Шолпан атты жаңадан айлық журнал шыға бастады. Журналда саясат, әдебиет, білім һәм шаруашылық жайынан сөздер жазылып тұратын көрінеді. Бас шығарушылар: Рысқұлов, Қожанов, Төреқұлов, Тоқтыбаев, Досмұхаммедов, Ә.Диваев, Жандосов, Бөриев һәм басқалар. [13]. «Шолпан» журналы Түркістан Орталық партия комитетінің органы болып Ташкентте шығарылды, қазақ тілінде айын бір рет шығатын саясат, шаруашылқ, білім, әдебиет журналы деп аталды.Ол 1922 жылдың қазанынан 1923 жылдың мамыр айына дейін шығарылып тұрды. Журнал 58 беттік болып, 25 беті қазақ-қырғыз, 24 беті өзбек, 8 беті түркімен тілінде болмақ.

 1923 жылы қаңтарда Ташкентте «Сана» журналы шығарылды. Ол Түркістан Мемлекет Білім Кеңесінің білім-әдебиет журналы деп аталды.1 қазан 1923 жылдан — 1 қазан 1924 жылға дейінгі қазақ тілінде шыққан Сана журналының тиражы 2000 дана. 8 басап табақ. Жылына 4 нөмері немесе 32 баспа табақ [14]. деп мәлімдейді. «Сана» журналында медереселер жай- күйін, өнер-білім,өкіметтің ғылым мен білім туралы бұйырық-жарлықтарын, нұсқауларын жариялап, сын бөлімінде қазақ-қырғыз тіліндегі және қазақ –қырғыз туралы шыққан кітапттарды таныстырып отырды; Мәселен; Арқа. (Әуезұлы Мұхтар) Жаңа кітаптарға сын. Журнал «Сана» (Ташкент)1924 №2-3,112-117 бет Қорғансыздар (М.Әуезұлының «бәбіше-тоқалының» тексеру). Журнал «Сана»,1924.№2-37 Сол жылдардағы кітап баспасына келетін болсақ мынандай мәліметтер көреміз [15]. 1922жылғы Түркістанның мемлекеттік баспасының есебінен: Бір жылдың ішінде, 1922ж Ташкенттегі Түркістанның мемлекеттік баспасында 622 кітап пен брошюралар шығарылды. Оның 36,3% өзбек тілінде, 33,7% қазақ тілінде басылыды. М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедовтің ерекше ынтызарлығы, көп күш жұмсауының арқасында шыққан «Сана» атты ғылыми-көпшілік, әдеби-көркем, тарихи-этнографиялық, қоғамдық-саяси, яғни .»аңсаған елге алақтаған мұғалімдерге, жас өспірім шәкірттерге » көмек бола алатын журналға автор ретінде өзіндік үлес қосады. 1923 жылы журналдың алғашқы нөмері жарық көріп: «Сананың» бағдарламасы жарияланады. Онда: Математика (арфиметика алгебра, геометрия, тригонометрия); 2) астрономия; 3) жаратылыстану тарихы (зоология, ботаника, геология, минерология, топырақ тану); 4) гигиена және медицина; 5) ветеринария; 6) мәдениет тарихы, этнография, археология; 7) қырғыздардың (қазақтардың) және түркі-монғолдардың тарихы; 8) география 9) отан тану (Қазақстан, Түркістан); 10) статистика; 11) халық әдебиеті; 12) көркем әдебиет; 13) ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, терминология; 14) театр, музыка, ән-күй; 15) қырғыз (қазақ) ойын-сауықтары; 16) мектеп ісі (тарихы бағдарламасы, жоспар жасау,статистика т.б; 17) педагогика; 18) баспа ісі, Типо-литография (терушілер, корректорлар); 19) рефераттар және рецензиялар; 20) хроника (мектеп өмірнің маңызды хабарлары, Халық ағарту коиссариатының, Ғылыми Кеңестің, Қырғыз Білім Комиссиясының, Қазақ Халық Ағарту институтының қызметі туралы жаңалықтары; 21)қырғыз тілінде және қырғыздарға (қазақтарға) қатысты басқа тілде шыққан кітаптардың тізімі және т.б көптеген мәселелерді қамтыды. [16] Бұл газет –журналдарды республикаға таралуы бірге жастарды бұл материалдармен таныстыру мәселесіде қаралып отырған,оған мына сұраныс куә, ғылыми Кеңестің №1123 24 мамыр күні отырысында «Мемлекетік баспадан Сана журналының 50 данасын босатуыңызды сұранамын, Инпрос тыңдаушылары жазғы каникулға кетуіне байланысты солар арқылы республика тұрғындарына таратылуы қажет». Директор Іс жүргізуші: А.Горская. 1924 жылы шығуын тоқтатқан. Осы тұстағы қазақ жастарының баспасөз тарихына келетін болсақ, жалпы баспасөздің тарихы Түркістан жерінен басталды. Солардың бірі Ташкентте шыққан жастар журналы «Кедей айнасы.» [17]. Бұл Ленин атындағы Орта Азия Комунистік Университетінің қазақ студенттерінің жылдық журналы еді. Кедей айнасында жастарарасындағы саяси жұмыстар Орта Азия университетінің тіршілік тынысы,оқытушылар мен студент өмірі көп сөз болатын, сонымен қатар әдебиет бөлімінде әңгімелер, жаңа жиналған мақал-мәтелдер берілетін. 1929 жылы қаржы тапшылығына байланысты журнал жабылған болатын. Журналдың бары-жоғы бес нөмері ғана шыққан.

№428 14 қазанда 1923ж Түркістанда регистрацияға алынған мерзімдік басылымдар мен баспалар: [18]

Аты

баспа

Жауапты редактор

1.Ақ- жол газеті

айына 3 рет

Ц.К.К.П.Т

Ходжанов

2.Шолпан журналы

айына 1 рет

П/отд печати ЦККПТ

Тохтыбаев

3.Жас қайрат газеті

айына 3 рет

ЦККСМТ

Алянгаров

4.Сана журнал

айсайын журнал

Гос.уч.совет.

Досмухамедов

 

ХХ ғасырдың бас кезінде демократиялық бағыт ұстанған қазақ тіліндегі газет-журналдар яғни осы Түркістан өлкесінде де шыға бастады. Мұнда ел болашағына алаңдаған көптеген мақалалар шығып, қазақ тарихына байланысты және қазақ тілінде шығып отырған басылымдарға тоқталуға тырыстық. Бұл басылымдар әлі де болса толық зерттеуді қажет ететін қазақ тарихының бір тұсы екені анық.

 

1.2.Өлкеде алғашқы кітап басу ісі

 

Түркістанда Ресей құрамына кіргенге дейін, кейбір шығыс литографияларын санамағанда бірде-бір типография болған жоқ. Кітап басу ісі Шығыста, Батыс Еуропа елдеріне қарағанда анағұрлым кеш басталды. Шығыста баспа стоногы тек қана ХYIII-ХIХ ғасырларда пайда болды.

 Ресейде мұсылман тіліндегі кітап бастыру В.Пятницкийдің мәлімдеуі бойынша ХYIII ғасырдың 70-жылдары басталды. 1723 жылы Астраханда алғашқы араб шрифтімен орыс типографиясы негізі қаланды. Кейінірек мұндай баспалар Петербург, Москва, Қазан, Кавказ және Қырым жерлерінде болды. Түркістанда кітап басып шығару ісі тек ХIХ ғасырдың 60-жылдарында басталды. Кітап басу ісінің бұлай кешігіп шығуын көбіне Түркістан өлкесінің экономикалық және техниканың дамуының артта қалуынан түсіндіреді.

Түркістанда 1880 жылы баспахана өнеркәсібі саны бесеуге жетті, олардың 4-еуі типография және 1-еуі литография. [19] Орта Азияда алғашқы литография 1874жылы Хиуада, кейін 70-жылдардың соңына таман Бұхара, Самарқант, Андижан т.б Түркістан қалаларында пайда болды [20]. Литографиялық баспаның кең тарауы ең алдымен кететін шығының аз болумен қатар, литографиялық техниканың қиын еместігі еді. Мұнда тәжірибелі- кәсіпқой жазбашылар мен баспа ісінің өкілдері жұмыс істеді. Түркістандағы жергілікті халықтың арасынан ең алғашқы литографтардың бірі Атажан Абдалов (1856-1927 жж) еді. Ол бастауыш білімін орыс мектебінен алып,орыс тілін жетік меңгерген болатын, жас кезінен бастап орыс мәдениетіне, ғылымы мен техникасының даму жетістіктеріне сүйсінді. Сондықтан болар ол орыстар арқылы баспа, яғни кітап басу ісі туралы алғашқы мәліметтер алып, кейін солардың күшімен 1874 ж Хиуада өз баспасын ұйымдастырып, бұл 1910жылға дейін өмір сүрді.

А.Абдалов литографиясынан классикалық өзбек және шығыс әдебиеті классиктерінің еңбектерімен қатар, тарихи шығармаларда басылды. Кейінгі кездегі деректер боцынша хивалық 40 жуық литографияның жұмыс жасағаны белгілі. Келесі бір жекеменшік өзбек басапасының иесі Исанбай Хусейнбаев болды.Ол 1883 жылы Ташкентте Ресейден әкелген құрал-жабдықтармен өз литографиясын ашты. Кітапқа деген қызығушылығы мол Исанбай орыс және өзбек тілдерінде кітап басып шығарды.

Литографиялық баспалардан небір керемет дүниелер мәселен: Әлишер Навоиның «Хамса» баспасынан («Бес поэмасы») 1880 жылы, 1893 жылы Ташкентте «Диван» (өлеңдер жинағы) басылып шығарылса, ХIХ ғасырдың 80-жылдары Мунис Хорезм ақынның «Девони Мунис» және «Девони Раджи» атты өлеңдер жинағы мен 1892жылы атақты философ, ақын Мирза Абдукадыр Бедилдің Ташкентте «Таңдамалы шығармалары», 1893 жылы литографиялық жолмен Машраб ақынынң өлеңдері жарық көрді. [21]

Литографиялық жолмен әсіресе діни мазмұндағы кітаптар шығарылды. Мұнымен қатар 80-жылдары медреседе білім алу үшін мұсылман балаларын оқытуға арналған кітаптар мен басқада әдеби шығармалар, әсіресе «Хафтияк» (құран үзінділері), Шоркитаб (мұсылман әдет-ғұрыптары), «Суфи-Аллаяр» (діни-мистикалық өлеңдер жинағы), т.б. көп сұранысқа ие болды. Бұл кітаптардың барлығы отарлаушыларға өлкеде өз монархиялық билігін орнатуда көмегін тигізді. Мұны: Энгельс — «догматы церкви были одновременно и политическими аксиомами, а библейские тексты имели во всяком суде силу закона» — деп көрсетсе, атақты шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд былай дейді: [22] — « Мусульмане без колебания заимствовали у европейцев огнестерльное оружие, но для заимствования другого изобретения «неверных» — книгопечатания — потребовалось постановление богословных авторитетов, так как пользование печатными книгами вносило полный переворот в школьную жизнь, тесно связанную с религией».

1888 жылдың соңында Ташкентте С.А.Порцевтың типографиясы құрылды. [23] Алқашқы баспа бетінен шыққан кітаптар орыс ғалымдарының Түркістан өлкесінінің табиғат жағдайы мен байлықтарын, экономикасы мен өндіріс қуатын, жергілікті халықтың әдет-ғұрыпын зерттеген еңбектері болды. Солардың бірі 1868 жылы ташкенттік әскери типографиядан алғаш шыққан орыс ғалымы Н.А.Северцев еңбегі. Орыс тіліндегі еңбектермен қатар ХIХ ғасырдың 70жылдарында жергілікті халықтың өз тіліндегі еңбектер: Шахмардан Ибрагимовтың — «Календарь» (1872ж) 500 данамен басылып [24] бүгінгі таңда бұл еңбектің нұсқасы Ә.Навои мемлекеттік кітапханасының сирек кездестін бөлімінде сақтаулы. Бұл еңбек «Туркестанских ведомостей» мәліметтеріне қарағанда оқушылар арасында үлкен сұранысқа ие болған. Ш. Ибрагимовтың. «Календарь» еңбегінде –жәрмеңкелер туралы анықтама мен көптеген мағұлматтар, Түркістан мен ресейлік қалалардың маршруттары мен арақашықтығы, Мембанк бөлімдерінің мәліметтері мен орналасуын, почта жөн-жобасы, орыс тілінде араб қаріпімен сандардардың өзбекше аудармасы берілген.

Шығыс литографиялық басылым еуропалық басылымдарға қарағанда өзінің орындалуымен ерекшеленеді. «Окраина» газеті осы бір ерекшелікке тоқатала кетіп, Ташкентте литографиялық жолмен басылған кітаптар өте ұқыптылықпен орындалғанын және шетел басылымдарына қарағанда әлдеқайда арзан түсетіндігін хабарлайды. [25] Бірақта литографиялық басылымдар қоғамның даму талаптары мен күнделікті саяси жағдайларға, ағарту саласы мен мәдениеттің дамуына лайықты жауап бере алмайтындықтан, мерзімдік баспасөз басылымының қажеттігі туды. ХIХ ғасырдың соңына қарай Орталық Азия қалаларында көптеп жеке меншік типографиялар ашыла бастады. Бұл типографияларда жеке меншік газеттер мен орыс буржуазиясының газеттері шығып тұрды.

 

II-ТАРАУ. ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ БАСПАСӨЗ ДАМУЫНЫҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ.

2.1.Қазақ тілінде шыққан алғашқы басылымдар.

 

 Қазақ баспасөзінің көшбасшысы «Түркістан уәлаятының газетінің» дүниеге келуі халқымыздың рухани және саяси-қоғамдық өміріне тың өзгерістер әкелді. Ол алғашқы ұлт зиялыларының публицистика саласын игере бастауына бағыт-бағдар беріп, ХIХ ғасырдың соңына қарай қазақ баспасөзінің толық қалыптасуына негіз болды.Алайда, басылымның жарыққа шығуының саяси астары да жоқ емес. Газеттің басылуы патшалық Ресейдің қазақ жерін түгел иеленіп, ендігі уақытта отарлау бұғауын Кіндік Азиядағы Түркімен, Хиуа, Қоқан хандықтарына, Қытай еліне бағынышты Шығыс Түркістанға салған, тіпті, ауған-ағылшын соғысына да араласып, ол жерден де өз үлесін дәметкен саяси ахуалға 1868 жылы қазақ елін толық билгеп келген Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Сырдария, Жетісу облыстарын қамтыған Түркістан уаляаты қосылды. Түркістан генерал-губернаторының қолына әскери, азаматтық билікпен қоса Қытай, Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге құқық берілді. «Түркістан уалаятының газеті»-қазақтар «жарты патша», атап кеткен сол Түркістан генерал-губернаторының (фон Кауфман) ресми газеті. [26]

 Сондықтан, 1870 жылдан бастап «Туркестанские ведомостидың» қосымшасы ретінде 13 жыл бойы шыққан газеттің алғашқы жылдарындағы сандарында көбінше жарлық, үкім, қаулы, бұйрық, сот шешімдері сияқты құжаттар жиі жарияланған. Идеология құралы болғандықтан, газетте алыс, жақын шет елдердегі шапқыншылықтар, отаршылдық соғыстар туралы хабарлармен қосажер, мал, егін шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда мәселелері мен оқу, білім салаларына да тоқталды. Сонымен бұл газет жалпы Орта Азия халықтарының тұңғыш баспасөзі болып табылады. Газет қазақ және өзбек тілдерінде шығып отырды. [27] Ішкі істер министрлігі газеттің шығуына рұқсат беріп, оның бағдарламасын тек қана патша үкіметінің бұйрық-жарлықтары, салтанатты жиналыстары төңірегіне ғана лайықтап, көбінесе ресми хабарларды басуға ұйғарған еді. Ресми хабарлардың ішінде «жергілікті халықтарға қатысты Түркістан генерал-губернаторы мен әскери губернаторлардың бұйрықтары, сот орындарының үкімдері, Түркістан өлкесіне тиеселі жалпы үкімет бұйрықтары жиі жарияланды. Ғылым, білімнен қосқаны-орыс патшаларының өмірнен қысқаша әңгіме, жергілікті қызықтыратын орыс халқының өмірінде және басқа да мемлекеттердің өмірінде кездесетін қызықты оқиғалар,өнеркәсіп мен ауыл шаруашылығна байланысты жергілікті хабарлар, әр түрлі мәліметтер» Бірақ газеттің бас редакторы Н.П.Остроумов ғылыми-зерттеу ісімен шұғылданған кісі болғандықтан, бұл бағдарды кеңейтіп, газеттің ресми емес бөлімінде жергіілікті халықтардың тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне жанасты материалдарды көп бастырған. «Түркістан уалаятының газетінде» басылған тарихи, саяси, мәдени мәселелердің деректемелік құндылығы өз мәнін әлі де жойған жоқ.

1923 жылы „Ак жол» газеті туралы Б.Майлин; „Осы декабрь жүлдызынын 7 күні Ташкентте шығатын Түркістан үкіметінің тілі «Ақ жол» жарыққа шығуына үш жыл толды, Сол күннің қүрметіне „Ақ жол» Қазақстанда көп тараған газет екенін айта келіп; Ол Түркістан үкіметінің қолдаған шараларын қазақ халқына жеткізіп тұрды», — деп атап көрсетті [28]

 Шындығында 1920 жылдың 18 сәуірінен шілденің 27-не дейін Ташкент қаласыңда қазақ тілінде “Жаңа өріс” газеті шығып тұрған болатын. Ал “Ақ жол” болса сол басылымның заңды жалғасы еді. Алдымен “Жаңа өріс” газеті жөнінде бір-екі ауыз мәлімет бере кетелік. „Ол Кырғыз-қазақша жетісне екі рет шығатын сыпайы тілдегі саяси әрі шаруашылық газет” деп аталады, [29] Басылым материалдары халықты негізінен еңбекке, игі тіршілікке шақырады. Ал, сол жылдың 7 желтоқсанынан бастап оның орнына „Ақ жол газеті Қырғыз газеті» деген атпен шыға бастады. Орташа таралу тиражы І800. Алғашқы редакторы С.Қожанов, Басылымның Ішкі хабарлар, сыртқы хабарлар, сауатсыздықты жоғалту жайынан, әйел теңдігі, ресми бөлім, бұйрық-жарлықтар, жастар арасыңда, жарнама партия тіршілігі, партия талаптары, шаруашылық жайынан деген бөлімдерді болды. Ақжол қазақ, қырғыз халықтарының жер-суы қайтарылатынын дәйекті жазып отырды. Еңбекшілерді жерге орналастыру,оны отырықшылыққа айналдыру мәселесі Ақжолда Әулеиатадағы Қазақ, қырғыз сьезінің есебін беруден басталып жазылады. 1921 жылдың көктемінде Түркістанда басталған жер-су реформасы 1922 жылдың жазында Жетісу мен Сырдария облыстарында жер-су реформасы аяқталды. Бұл реформа бойынша Әулиеатада — 80мың, Шымкентте — 16 Ташкентте — 6мың танап жер кедейлерге қайтарылғандығы айтылады. [30] „Ақ жолдың 1921жылы 29-нөмірінде Кедейлер теңсіздігі деген макала жарияланды. Онда Орта Азия халықтарынын патшалы Ресей дәуіріндегі саркыншақтарға қарсы күресі туралы айтылады. Автор байлардың кедейлерге жасаған зорлық-зомбылықтары, олардың жиі-жиі кедейлердің малын тартып алуы, кедейлердің көтеріліске шығып, жаңа өмір орнатуына алып келді деп туйіндеуіне негіз береді. Сондай-ақ газеттің осы нөмірінде, Түркістанда өткізілетін кедейлер конференциясына Рахимов, Барашов, Сафаров, Арызбаев, Оразов, Каримов сияқты барлығы 25 елдің тіркелгенін, мұнда „Мұсылмаи интернатының» ашылып, қазір барлығы 11З ұл мен 13 қыз бала оқып жатқаңдығы және 14 наурыздан Ташкентте «Мұсылман партия школасы» іске кіріскенін қысқаша хабарлайды. „Ақ жол» газетінде әйел теңдігі мәселесі де кең түрде камтылған. Осыған орай Жұмабек Қыстаубаев деген автордың „Қалың малұрлығы”- деп аталатын мақаласындағы „Шымкент уезі Қошқар ата болысындағы Бөртебайүлы 17 жасар қызды 15 кара малға сатып алған” Қыздың әкесі Таңқы 15 қараны алып, қызын әйел үстіне берген» дейтін жолдарға нақты жауап ретінде газеттің 1924 жылғы 13нөмірінде „Қазақ-қырғыз арасында қызды мал орнына сатуға тиым салынғалы бері бұл әдет жойылып та келді. Сонда да бұл туралы шығарылған заң-закон қағаз жүзінде ғана қалып, іс жүзінде шыға алмай, қала ішінде онша-мұнша орындап, даладағы қара халық арасыңда әлі жойылмай тұр. Осы жылы Жизақ уезі Атақорған болысында Оспантөс Бекұлы деген кедейлерге жол болып, жаман әдет жойылар ма екен деген оймен өз қызын малсыз Оңғарбек Қаратайұлына беріп отыр. Бұған қарағанда қазақ-қырғыз ішінде қалың мал жойылар деген үмітіміз де бар, — деп редакциялық мақала жариялады. [31]

«Ақ жол» газетінің тағы да бір ерекше көңіл бөліп, жан-жақты проблема көтерген мәселелсрі шаруалар жағдайы. Мысалы, газеттің 1921 жьшы 52-нөмірінде „Жерсіз һәм аз жерлі дихандар ұйымынын жобасы” жариялаңды. Онда, ұйым мүшелерінің ақша жөніндегі міндеттері, істері көрсетілді, яғни әр айға кіріс салығы 50 сом айлык, салығы да 50 сом. Одан әрі ұйымның құрылыс реті көрсетіледі де, дихандар ұйымының әр ауылда ашылу керектігін айтады. Сондай-ақ газетте „Шарушылық жайынан» деген айдармен „Түркістандағы жер байлығы” атты мақала да жарияланыпты, Онда, „Мухин деген бір профессор Ташкенттен Ленинградқа қайтып барып, баяңдама қылған. Баяндамада Түркістан уезіндегі Қаратау таусылмастай көп тас көмір таптым деген, Тас көмір жатқан жердің ұзындагы 200 шақырымдай дейді” [32]- деп оны тез арада кәдеге асыру жайын сөз етеді.

Ақ жолда» жиі жазылып, халықтан тиісті бағасын алған тақырыптардың бірі әдебиет, мәдениет және білім мәселесі. Мысалы, басылым өзінің “Сауық кеші» («Ак жол газеті, N71, 1921 жыл) деген мақаласында; „1921 жылғы 20 майда Түркістан қаласындағы жастар ұйымы атынан сауық кеш жасалды. Бұл тамашада «Болыс» атты 3 перделі драма қойылды» — десе, газеттің 1924 жылғы 402-і нөміріңде „Жаңа шыққан жеті азамат қырғыз-қазақ мәдениетін көркейтуге мұрындық болыңдар» атты мақаласын авторы Үсенұлы; «Қай жұрттың болса да жұртшылық санына қосылып, мәдениет сатысына қосылып аяқ басу сол жұрттын әдебиетінің өркендеуімен табылмақ -деп жазды. Ал редакция ұжымы болса Темірбай деген автордың „Тұңғыш жетеу» мақаласы арқылы Үсенұлының осы ойын әрі дамытып, былай деп нақтылай түседі: «Ташкентегі қазақ-қырғыз институтын тауысып, жеті азамат бүгін майданға шығайын деп тұр, Институт өзініқ қысқа, тайғақ өмірінде тәрбиелеп, өсіріп тұңғыш жеті балапан ұшырып отыр. Қазақ-қырғыздың тіршілігінің шарттарына қарағада, бұл жеті күш, әрйне аз, жетпіс те аз, жеті жүз болу керек еді, бірақ барымыз осы.

 Қазақ еліңің даласы осы күңде мәдени басшыға мұқтаж, мәдени басшы деп кімді айтамыз? Қай жұртта, қай заманда болса да оқусыз мәдеинет жоқ. Алдымен оқу керек. Судья, дәрігер, инженер, т.б. мәдениет басшысы емес.

Қазақ-қырғыз надаңдығана, қараңғылығына қарағанда бұл арада мәдениет басшы муғалім. Сондықтан қазақ-қырғыздың мәдениет тарихында дәрігер, инженер т.б. оқытушы мүғалімдер айрықша орын алдьы. Институның тұтқан бағыты қазақ-қырғыз оқытушы муғалімдер шығармақ.

Институт бұл бағытынан айнымаған болса, мынау жеті азамат инсгитуттың бағытынан жаза баспауы үлкен мәдениет. Халықтың білім алуы, көркеюі сіздерге қарап тұр. Институтта оқитын тұңғыш жетеуі Оспанқұл Әлиұлы, Базарқұл Даниярұлы, Әлжан Бұқарбайұлы, Жұмабек Нұрбекұлы, Сәдуақас Баймақанұлы, Насыр Қожақұлы, Шынәлі Мұсақұлы деп бүкіл иісі қазақ халқына жар салады, ой салады. [33]

1924 жылдын соңында Түркістан Совет республикасы таратылып қайта құрылды. Осыған байланысты бұрын оның қарамағында болып келген Жетісу меп Сырдария облыстары Қазақ АССР-іне қосылды. Осыдан кейін „Ақ жол» газеті 1925-1927 жылдары Қазақстаннын Сырдария облыстық партия, кеңес мекемелерінің органы болып Шымкентте шығып тұрды.

„Шолпан» журналы Түркістан Орталық партия комитетінің органы болып Ташкентте шығарылды. Қазақ тілінде айына бір рет шығатын саясат, шаруашылық, білім, әдебиет журналы» деп аталды. Ол 1922 жылдың қазанынан 1923 жылдың мамыр айына дейін шығарылып тұрды. Журналдың өнер-білім, шаруашылық бөлімдерінде көптеген танымды материалдар жарияланды. Мәселен, Қазақ тілндегі сингармонизм заңы», „Орхон жазуы туралы бірнеше сөз” „Жер сілкіну», „Ғылым не береді?» т.б. мақалалардыц ғылымдық, тәрбиелік, үгіт-насихаттық мәні зор болды, Журналы жұмысына О.Жаңдосов, Ә.Диваев қатысты. [34] Ал, енді „Шолпанның» бетінде сол кезеңнің көкейкесті мәселелерне арналған қандай басты материалдар жарияланды деген сауалға келетін болсақ онда ең алдымен „Абыр-сабыр заманда сақтану керек» атты мақалаға тоқталамыз. Себебі, бұл еңбекті көптеген зерттеушілер соңғы кезге дейін ұлтшылдык, сарында ескіні көксеумен жазылған дүние деп бағалап келді. Керісінше, біздің ойымызша оның ешбір шектен тыс асып бара жатқан ұлтшылдығы жоқ сияқты. Оған мақала тексін оқу арқылы көз жеткізуге болады: „Төнкерістен бұрын қырғыз-қазақ кедейлері ылғи өгейлік көріп келді. Басынан тоқпақ кетпеді. Жақсылықтың сәулесі тимеді. Көргені зорлық-зомбылық, жауыздық еді.

 Түркістанда патшалық өкімет басқарып келген жергілікті жұрттың қамқорлықтарыменен, патша өкіметіне арқа сүйеп, аштан келген келімсектердің қулық-сұмдығына шыдағандары қырғыз-қазак, болып еді. Өзін санға алмай қырғыз-қазақты билеп, жер-суы үшін ақы алды.

 Бұдан басқа мақсаттары да жоқ емес еді. Сондықтан революцияның алғашқы күндері қырғыз-қазақ жұрты төңкерістің ниеттеріне сенімсіз кезбен қарады. Төңкерістің әуелгі дәуірінде төңкеріс жемісін жалғыз орыстар пайдаланады деген пікірден кейін төңкеріс ісіне тіпті араласпады».

 Сондай-ақ журнал халық арасында өкіметтің түрлі саяси-экономикалык, мәселелерін түсіндіруден де бас тартқан емес. Мәселен, салык, жайы, редакция ұжымы халыққа оны былай деп түсіндіреді: -„әрбір өкімет өзінің істейтін шығындарын көтеру үшін халқына әр түрлі салықтар салады. Өкімет шығындары көп болған сайын соғүрлым халықка да салықтар көп түседі.

 Салықты аз салатын өкімет халқына жақсы қарап һәм аз салык, халықтың шаруашылығына жеңіл тиеді. Сондықтан екіге бөлінеді һәм түрлі жолмен өкімет пайдасына халықтан жиналады. Кейбір салықтар ашык салық, деп аталып, баскалары жасырын салық, делінеді. Ашық салық жер, су, аяқты мал, фабрика-завод (салынып) Һәм солар сиякты мүліктердің иелеріне ашык, салынып жиналады, жасырын салык халыққа білдірілмей, көрсетілмей, байқатпай салынып жиналатын сияқты. Енді екітүрлі салықтың қалай жиналуын түсінуіміз үшін мынадай мысалдар алайық. «Өкімет жүз уақ малы һәм 15-20 ірі қарасы бар орта шаруаға иесі өкіметке бір жыл ішінде 8-10 сомнан басқа алатын ақша есебіне басқа шығын төлемеймін деп жүрсе де тағы да әртүрлі жолменен өзі байқамай бірнеше шығындарды төлейді».

 Әрине, бұл жерде редакцияның жасырын салық туралы айтып, халықтың арасында кері пікір туындатқанын жасырмай көрсетуіміз керек. Бірақ баспасөз бетінде шындықты жазып, соңына дейін адал болғанға не жетсін.

 „Шолпан» журналында мұнымен бірге өнер-білім мәселесі де үзбей жарияланып тұрды Мысалы; белгілі шығыс зерттеушісі Ә.Диваев өзінің «Қазак-қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша баяндама деген мақаласында: Мектеп кітаптарын даярлауға комиссия өте назар салды. Бірнеше жиылыс жасады.Қазақ азаматтарын оку кітаптарын жазуға шақырды. 1922 жылдың аяғында азаматтар мынадай оқу кітаптарын жазып бермекші болып уәде борді:

  1. С.Қожанов» Арифметиканын бір бөлімін.
  2. Қ.Жолманов. Арифметиканың екінші бөлімін.
  3. А.Дәнебаев. Педагогиканы
  4. Ф.Ғалимжанов. Абсолютті арифметиканы
  5. Ғ.Досмұхаметов. Жануарлар жайынан
  6. С.Оспанов.Қазақ-қырғыз тіліндегі сөздерді түзуді Бұл кітаптардан жануарлардан басқа комиссияға кітап тапсырылған жоқ -деп дабыл кағып, алаңдаушылық, білдірді.

Егер журнал бетінде жазылған әдебиет мәселесі туралы сөз козғасақ онда „Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген тарихи әдеби сынның қысқаша мазмұнымен де таныс болғанымыз жөн сияқты: «Қазақ әдебиетінің осы күнгі халі мен бағытына оқырмандар түрлі пікір айтады. Орыс зсрттеулері әсіресе қазак, ауыз әдебиетінің жалпы түркі әдебиетінің ішінен алар орны зор деп бағалауда әрі осы жазулардың айтуына карағанда жазба әдебиетіміз әлі іргесі қатаймаған, беті анықталып ашылмаған, белгілі түрге түсіп калыптаспаған, майысқан-сынған әдебиет деп саналғандай жасырын мазақ, ащы мысқыл сезіледі», — деп ой қозғайды автор. Ал, халыққа білім беру, өнер жайы туралы жазылған материалдар болса „Оқу бөлімінен» шығып тұрды. Соның бірі Ташкентегі қазақ-қырғыз институты туралы жарияланған көлемді мақала. Журналда осы мақалаға қосымша институттың корпусы, оқытушылары, студенттердің оқу залындағы сурет беріліп, бұл оку орнының қазак өмірінен алатын орны былай деп түсіндіріледі.

 «Қай халықтың болсын мәдениетін тудыруға, күшейтуге себеп болған мәдениет көсемдерінің өткен еңбегін бағасын шамаласақ алдыменен бәйге алатын еңбек. Ал халык, арасында мәдениет ұрығын шашатын кілең оқушылар ғана. Сондықтан қай мемлекет болсын мәдениетке алғаш аяқ басқанда бар күшін сарп қылып даярлайтыны оқушылар ғана болады».[35]

Енді „Шолпан» журналында әдебиет, мәдениет, өнер мәселелеріне арналған қандай дүниелер болды, олардың авторлары кімдер еді десек, онда М.Жұмабаевтың „Қорқыт», „Батыр Баян» поэмаларын, М.Әуезовтің „Оқыған азамат» әңгімесі мен „Заман еркесі» романын, Б.Серкебаевтың «Қонай құлаған тас», Ш. Қүдайбердиевтің „Ләйлі — Мәжнүн» поэмаларын атауымызға болады. Ал редакция жұмысына үнемі араласып, туған халқына жанашырлык, танытып, материалдар жариялап отырғандар: Н.Төреқұлы, С,Қожанов, САспандияров, Т.Рысқұлов. О.Жандосов, А.Оразаев сынды азаматтар болды.

Қазақ шаруаларының арасында түсінік, ұйымдастыру жүргізуде журналдың „Шаруашылық бөлімі» белсенді қызмет атқарғаны байқалады. Мысалы, Темірбек дегеи автордың „Көшпелі қазақ халқын отырықшылдандыру дегендер туралы″ макаласын оқып көрейікші: «Соңғы жылдары қазақты тегіс жерге отырғызу деген мәселелер туып жүр. Өнімді түрі табиғаттың күшін өзіне қаратып, бағындырып алса болғаны. Сондықтан табиғаттың күшін мол пайдалану үшін мәдени кәсіптермен айналысу керек. Ол үшін жер иелену керек, тіршілікті тұрақты түрге салып, боран соқпайтын жем жемейтуғын орнықты кәсіппен айналысу керек. Көшпелінің қонысы оң болып, малының аман шығуы жүрген жерінің отына, қарына, суығына байланысты болады. Қалың қар, жұт, мұз болса, боран соқса қазақтың күні қара, малынан айырылғаны, байлығынан айрылғаны, барлық көрген түсіндей болып көзінен бірақ ұшады. Көшпелілер малым бар деп жыл шыққан соң көктемде ғана айта алады. Сондықтан бірте-бірте отырықшылыққа ауысқан қазақ халқына жөн болады».

 „Шолпанның» келесі санында отырықшылдықтың пайдасы туралы „Қыстақтардағы су мәселелері» деген бір шағын мақала жарияланды. Онда, өмірінде пара алып көрмеген бір мұғалім мұраптыққа сайланады. Байлардың берген парасын алмай, парақорлықпен күресу жолына түседі. Байлар мен кедейлер су пайдалану жұмысын тексеріле бастады. Сондықтан байлардың артық жерлеріне су жетпей, құрғауға айналды. Су аздықтан екпейтін жерлерін кедейлер гүлдендіре бастады деген мәселе айтылып, әділдік, ауызбірлік болса мұратқа жетуге болады деген ой түйіндейді.

 «Шолпаның» басқа журналдармен салыстырғанда, „Саясат бөлімі» болды, Бұл бөлімнің жұмысы кезінде жақсы жолға қойылғандығы байқалады. Мысалы, онда „Саясат дүниесінде», „Жалпы Россия кеңестерің бірінші съезі», „Еуропаның саяси халі» сияқты мақалалар жарияланып оқырмандарын дүииенің жер-жерінде болып жатқан оқиғаларымен таныстырып отырған. Осы мақалалардың бірі „Орта Азия бірлігі» деп аталады. Онда: „Март айының басында Ташкентте Орта Азиядағы, Бұхара, Хорезм һәм Туркістан республикаларының конференциясы болып өтті. Бұл жөнінен конференцияиың жұмысы жақсы болып шықты. Ескі заманда да, революциядаң бері қарай да жоғарыда айтқан аймақтардың шаруасы бір жерден басқарылып келген емес. Әбден ауданға бөлу мәселесі Мәскеуден қаралып жатады. Мәскеудің ұйғаруьша қарағанда Түркістан, Хорезм һәм Бұхара республикалары бір шаруа ауданы болып саналатын көрінеді» [36] деп түсіндірілді. Міне, „Шолпан» журналында тоғыз айдың ішінде жарияланған материалдардың мән-мазмұн, сын-сипаты негізінен осындай болып келеді. Әрине, редакция тарапынан адасушылық, бұрмалаушылық мүлде болған жоқ дей алмаймыз. Бірақ бүгінгідей егемендік, демократиялық пен жариялылық кезінде өткенімізді саралап, жақсы мен жаманның арасын айырып алғанымыз жөн сияқты. Кезінде басылымда „ұлтшыл» материалдар жарияланған екен деп өз халқымыздың тарихынан бас тартқанымыз азаматтыққа, адамгершілікке жата қоймас. Осы орайда Ташкентте „Шолпанмен» қатар „Сана», „Кедей айнасы» журналдарының да шығып тұрғанын білеміз. Енді осы басылымдарға қысқаша тоқталып өтелік. Қысқаша деу себебіміз „Сананың» 3, ал „Кедей айнасынық» 5-ақ саны шыкқан. [37] Әсіресе, „Сана» журналы (1923, қаңтар) бетінде білім, ғылым, тарихи материалдар жарияланғанымен, оған І. Жансүгіров, М.Әуезов жанашырлық білдіргенмен 1,5 жылдан астам уақыттан кейін „Саясат» бөлімі болмағандықтан, сол күннің, сол таңның көкейкесті әлеуметтік, саяси мәселелерін көтеріп, жаңаны насихаттамағаны және ескіні, өткенді сөз еткені үшін деген айып тағылып, 1924 жылдың , қараша айында жабылды.

 Әйтседе, „Сана» журналын ауызға алар болсақ, ең алдымен ойымызға Х.Досмұхамедов ағамыздың есімі оралады. Себебі, Халел 1920 жылы Ташкент қаласында Халық ағарту институтында оқытушылық, қызмет атқарумен қатар, ғылыми-педагогикалық жұмыстармен де айналысқан. Осы ретте ол қазак-қырғыз білім комиссиясының төрағасы ретінде қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндердің бағдарламасын жасауға, түрлі саладағы оқулық кітаптарды жазуға, ғылыми терминологияны қалыптастыру існе белсене кіріседі.

 Осы қызметте жүріп Х.Досмұхамедов жаңа бағыттағы ғылыми-көпшілік „Сана» деген журнал шығарып, басылымның мақсат-мүддесін: „Заманымыз мәдениет заманы, мәдениетке білім жеткізеді. Білім оңайлықпен қолға түспейді, Білім алуға көп еңбек, асқан сабырлык, керек, «Сақшы» шығарғандағы мақсатымыз аз да болса, кемшіліктерімізді жойып, елгс мүғалімдерге, жасөспірім шәкірттерге түсінікті сөз болу. Бұл өте ауыр жүмыс. Дегенмен, кіріспеске амал жоқ, — деп айқындап берді [38]

Х.Досмұхамедов „Қазақ-кырғыз тарихына көзқарас» деген екінші бір мақаласында: «Тіл жұрттың жаны». Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, тілі бұзылмақшы. Тілінен айырылғаи жұрт — жойылған жүрт. Тілімізді бұзбай ұстарту шарттарын қарастыру, жұрт әдебиетінен, көркем әдебиеттсн үлгілер көрсетіп, өрнекті түрлерімен таныстыру»[39], — дсп қазақ тіліне төнгеп кауіпті алдын ала сезгендей болды.

„Сана» журналын шығарушылар, әу бастан-ақ, өз оқырмандарына тарихи мәселелерді көбірек түсіндіруге күш салғандықтары байқалады. Сондықтан да онда «Түрік-монғол тарихы», „Ескі заманнан Шыңғыс ханға шейін» деп аталатын әүрлі тарихи материалдар жарияланып, адамдардың өз халқының өткені мен болашақ тарихын 6ілуіге деген құштарлығына жол ашқандығы сезіледі. Ал, Н.Жаленовтың „Химия аңыздары» атты мақаласында адам баласы табиғаттың төл перзенті болғандықтан оның қыр-сырын жақсы білу керектігін, әсіресе судың қадыр-қасиетін тәптіштей окырмандарға жан-жақты түсінік беруге тырысқан. Сондай-ак археология мен тарихқа, қатысты бұрынғы заттарды қалай һәм кайдан іздеген жөн», қазақ халқының демографиялық өсіп- өну процесіне арналған „Қазақстан, Түркістан жері һәм халқының саны», Әдебиет мәселесіне байланысты „Бесік жыры» атты зерттеу еңбектер берілген.

«Сана» журналының кейінгі сандарында „Тобықты, Арғын, Қоңырат, Сапақ бидің қағысқаны, Бола бидің бір сөзі» деген және „Қарауыл Арғын Қанай ауылы. деген өлсңдері жарияланған.Бұл басылымның екінші, үшінші сандары кешігіп, қараша айында ғана шыққан. Онда негізінен бала тәрбиесіне арналған материалдар жарияланған. Олардың бастылары «Қазақ мектептері үшін қосымша жоба» жәие «Әдет, заңы» деп аталады. Осымен қатар, мұнда Ақылбайдың „Зұлыс» поэмасын, Абайдың бұрын баспа жүзін көрмеген «Сап-сап, көңілім» өлеңі жарияланыпты. М.Әуезовтің «Қорғансыздар» әңгімесін, Мұрат Мөңкеұлының сөздерін, „Адай Абыл ақынның сөздерінен қалған бір жұрнақ,» сияқты ел аузынан жиналған әңгімелерді де осы саннан оқуға болады.Газет не журнал белгілі бір мерзімділікпен өткенді өз бетінде бейнелейді.Сондықтан олар қоғам өмірінің өткені жазылған өзіндік күнделік міндетін атқарады. Қазақ тілінде пайда болған газеттерден қазақ тарихын зерттеушілер ХIХ ғасырдың соңғы үшінші бөлігінен бастап бүгінге дейінгі ел өміріне қатысты сан-алуан мағұлматтар ала алады. Бейнелеп айтсақ, ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ жерінің отарлану тарихынана бастап бүгінгі тәуелсіз мемлекет құру тарихына дейінгі қазақ халқының жүріп өткен жолын сарғайған газеттер беттерінен көруге болады.

 

2.2.Ұлттық басылымдарында оқу-ағарту мәселесі.

 

 1920 жылдардағы Халық ағарту комиссариатының жұмыс бағыты жан-жақты даярлық пен әзірлікті талап етті. Оның алдында: сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, жаңа еңбек мектебін құру, мамандық алу, жоғарғы білім беру, саяси ағарту, кітап бастыру, өнер мен әдебиеттің түрлі салаларын дамыту жөніндегі мәселелер тұрды.

 1918 жылғы 26 шілдеде «Халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы» декрет қабылданды.Сондай шаралар нәтижесіндеТүркістан өлкесінің оқу-ағарту ісі едәуір жандана түсті. Жаңа тұрыптағы советтік мектептер балаларды ана тілдерінде дүние тану негізінде оқыта бастады. Дін мектептен бөлінді. Мұсылман дінінің шариғаттарын советттік мектепттерде насихаттап, тартатуға тиым салынды. Өлкедегі қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен еңбекшілірінің жаңа тұрпаттағы мектепке балаларын көбірек бере бастағаны «Ақ жол» газетінің «Оқу жайы» [40] деген мақаласында айқын көрсетіледі. Газет бұл мақаласын өлкедегі оқу-ағарту мекемелерінің мәліметтері негізінде жариялаған. «1921 жылғы қазанда Түркістандағы бірінші басқыш мектеп-1965, оқушылары — 6604. Екінші басқыш мектеп — 58, оқушысы — 7750, оқытушылары – 618. Бұлардан басқа 502 интернатта 34 мың 125 оқушы, 806 оқытушы…» [41] болғаны келтіріледі. Мұндай оқу орындарында Түркістан республикасындағы 680 мыңнан астам баланың тек төрттен бірі ғана тартырылып отырғанын көрсетіледі.

Өз балаларының ертеңгі болашағын ойлаған еңбекшілер газет редакциялары мен мәдениет мекемелеріне мектеп ашу жайынан тілек хат жазады. Солардың бірі Самарқант облысының Жизақ уезіне қарасты қазақтарда тіпті бастауыш мектептің де болмай отырғанын Бердіқұлұлы әңгімелейді, онда: «Ел баласын оқуға ынталы, бірақ, ашылғалы отырған мектеп жоқ» [42] делінген. Газет осы сияқты оқу-білімге деген ден қоюшылықты үзбей жариялап, өлке халқының өнер-білімге деген ықыласын көрсетіп отырды. Кезінде көтеріліп, бұхара қолдауына ие болып отырған мұндай редакция хаттары оқу тәрбие ісі үшін үлкен маңызы болды. Сонымен қатар газеттің «Халық ағарту істері туралы» бөлімде тұрақты мектеп ашу жағы да көлемді көтерілген.Бұл жөнінен егіншілер қыстағынан интернат ұйымдастырудың өте-мөте қажет екені көрсетіледі. Жаңа бағыттағы мектеп ашу адамзат мәдениетінің босағасын ған аттау екенін,өнер білімді жұрт қатарына теңелу үшін сол мектептердегі оқыту әдісін жетілдіре беру аса маңызды міндет саналатынын түсіндіруді газет өзіне үлкен мақсат тұтты. Бұл тұста қазақ мектептерінде ана тілінде оқыту жайына тоқталып, орыс тілін оқыту методикасының тәжірибесін үлгі етіп ұсынды. Орыс педагогикасының озық әдістері, қазақ тіліне аударылып, оны ұлт мектептерінде пайдалану жолдарымен таныстырады. Бала тәрбиесіне байланысты материалдар газетте «Мектебіміз»деген рубрикамен 1923 жылдан шілде айынан бастап дәйекті жарияланып отырды.

 «Халық ағарту ісін туралы» бөлім сұрақтарына түрлі салалынң адамдары мақала жазып, қалам тартты. Бұл арада бір ескеретін жайт-осы адамдардың кім екендігінің белгісіздігі. Мақаласында аты-жөнін толық көрсетпей «Р», «Т», «И» деп көмескіленеді. Немесе «Арқа», «Біреу» сияқты бүркеніш ат қояды.Сондықтан да «Ақ жолдағы» жарияланған оқу-ағарту мәселесі жайлы пікірлерді зерттеуде онда жазылған ұсыныстарды бүгінгі күн талабымен өлшеу, идеялық бағытын сын көзімен таразылау мақсаты қойылғанын айтқан жөн.

 Сауатсыздықты тез арада жоюдың озық әдістері баспасөз беттерінде кең таралды. Сауат ашуда өте ұғымталдылық көрсеткендер жұртшылыққа жария етілді. «Ақ жол» газеті сауат ашу ісі жөніндегі осындай игі шараларды көтеріп, бұл науқанның сәтті жүргізілуіне үлесін қосады. Қазақ, қырғыз сияқты көшпелі мал шаруашылығымен айналсқан ел жағдайында сауат ашудың тиімді жолы хат танитын адамнан үзбей оқу екенін, курсты осылай ұйымдастырғанда мұғалім іздеу мен классс дайындау сияқты қиындықтан құтылуға болатынын жазады газет.Сауатсыздықты жою курстары жер-жерде құрылғанын, олардың өз бағдарламасы көлеміндегі оқуын бітіріп еңбекшілердің сауатын ашып жатқанын «Ақжол» қысқа хабар, кейде тәжірибе тұрінде дәйекті жариялап отырды. «Ақ жол» 1924 жылы 9 қазан нөмірінде Жетісу облысында 3520, Сырдария облысынад 970 адамның сауатсыздықты жою мектептерінде оқып жатқанын хабарлайды. Мұнымен қатар «Қосшы» одақтарының жанынан ашылған курстардың жемісті жұмысы жайлы да мәлімет беріп отырған. Мәселен Сырдария облысының «Қосшы» одағының 5720 мүшесі хат танығанын жазады. Оқу-ағарту мен халыққа білім беру ісі «Сана», «Шолпан» журналдары жұмысының басты көріністері болды. Бұл журналдар шама-шарқы келгенше оқу-ағарту мәселесін насихаттауға көп көңіл бөлді.Жасөспірімді зерделі азамат етіп тәрбиелеуде жаңа мектептің ерекше маңызды екенін журналдар бірден қуаттады. Бұл жөнінен «Сана», «Тәрбие-тәлім» және «Мектеп» бөлімдерін ашып онда еңбек мектебінің артықшылықтарын таныстырып отырды.Жаңа тұрыптағы еңбек мектебінің шәкірт тәрбиелеу мақсаты-табиғат пен ондағы тіршіліктің еңбек құдіреті арқылы өзгеретінін түсіндіру екені көрсетіледі.

«Шолпан» журналында да еңбек мектебін түсіндірген материалдар жиі жарияланып тұрды. «Оқу бөлімі», «Түркістандағы халық ағарту ісі»деген бөлімдер ашылып, оқу-ағартуға, бала тәрибесіне байланысты мақалаларды осында жариялады. Бұл бөлімдер сонымен бірге жаңа типті оқу орындарында сабақ өту методикасымен таныстырп отырды. Бала тәрбиесіне байланысты методикалық әдебиеттер «Жас қайрат» журналында да көлемді таныстырылып тұрды.Журналдың «өнер-білім», «Әдебиет», «Қыздар», «Ел ойындары», «Мектеп», «Әдет-ғұрып» деген бөлімдерінде алуан түрлі тақырыпта, көптеген мәселелер көтерілді.

 Жетісу халқына өнер-білім мен оқу-ағартудың маңызын түсіндіруде «Тілші» газеті өзінің басты борышы етіп санады. Бұл тақырыпта сөз қозғағанда оқу-білім алу үшін ең алдымен соның алғы шартын жасауды газет негізгі түиін ретінде бағалайды.Осы тұста «Қазақ, қырғыз мектебі қай түрде жасалуы керек?» [43] деген мақала өзінің ілгері тұжырым жасауымен көңілге қонады. Мақала көшпелі мектеп құруға көп ынта бермейді.Советтік дәуірде кедей-батарктардың отырықшылдыққа айналатыны, тіпті олардың осы бағыта қимыл жасауда екені, сондықтан қазақ, қырғыз балаларына тұрақты, орыс мектебі үлгісінде оқу орнын ұйымдастыру қажеттігі көрсетіледі. І.Жансүгіров өзінің «Ауылдағы оқытушылар міндеті» [44] деген мақаласында мұғалім сапасы жайлы сөз қозғайды. «Мұғалім — ауылдағы мәдени қазақ, — дейді автор. Оның міндетінің үлкені мінезін түзету, өзін-өзі ұстай білу, қазақтың салт-санасынан атқа мінерліктен аулақ болу». Ұстаздың білімі, инабаты, оның ізденуінен, көп оқып, көп білуінен, білгенін көңілге тоқуынан жиналмақ. Ұстаздық жөніндегі газет ұсынған түйін міне осындай. «Тілші» жасөспірімдерді заман талабына сай тәрбиелеуде шешуші нерсе оқулық мәселесі екеніне де назар аударады. Мұнде оқу құралдарының Мәскеу, Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында қазақшаға аударылып басылып шықанны хабарланып, оны Жетісу сияқты алыс аймақ мекетептерінің қажетіне жарату шаралары көрсетілген.

 Қазақ мектептерінде ана тілін оқытуға байланысты грамматикалық мәселелер төңірегінде газет талқылау, ұсыныс пікірлер жарияланып тұрды.

Мұндай ғылыми ұсыныс, пікірлердің қазіргі қазақ тілі грамматикасының қалыптасуына аз да болса өзіндік үлесі болғаны белгілі. Газеттің «Емелені өзгертуге жоба»[45], «Емелеміз»[46], «Қосымшаларымыз» [47] тағы да басқа материалдарда дұрыс жазу ережелері, түбір сөзге жалғау, жұрнақ қосудың заңдылығы, етістік сөздер хақында алғашқы талдау, ғылыми дәлелге жақындау нышаны бар. «Тілші» сонымен бірге Жетісудағы мәдени өмір тынысын да көрсетіп отыруды әдетіне айналдырған. Облыстық «Білім» қоғамының үш жасқа толуы газетте «Үш жасарлық той» деген тақырыппен берілді. Осы күн құрметіне арнап Верный жастарының «Сәуле» жазба альманағын шығарғаны, оның бірінші данасы оқу-ағарту саласында жемісті еңбек сіңіріп жүрген Б.Сулеев, Ш.Сарыбаев, С.Қожанов, Е.Аралбаевтарға сауға етілгені белгілі.

 Жоғарыдағы айтылған газет, журналдар еңбекшілерді өнер-білімге шақыруы-халқымыз мәдениетіне қосылған игілікті қадам еді. Мұнда олардың сауатсыздықты жою мен бала тәрбиесін бір-бірімен байланысты түрде насихаттағаны көрінеді. Мұның жұртшылықты оқу-ағарту ісіне жұмылдыруда тиімді әрі әсерлі әдіс болғанын белгілі. Әсіресе «Ақжол», «Тілші», «Сана», «Шолпан» және «Жас қайрат» газет, журналдарында білім беру сипатын таныстыру бүгінгі талабымен толық көрінеді. Олар еңбекшілерді білімді азамат болуға шақырды. Оңтүстік Қазақстанның алғашқы баспасөздердің тіл, стильдік дамуында «Ақжол» газетінің ықпалы күшті болды. Олардың көпшілігі осы газеттің тіл қолданысын өздеріне үлгі тұтты.Сондықтан бұл баспасөздің журналистік шеберлігін сөз еткенде «Ақжол» материалдары көбірек пайдаланылады.

 «Ақжолдың» әдеби тілді қалыптастыруға қосқан игі қадамының бірі-саяси-әлеуметтік маңызды терминдерді дәуір талабына сай бір жүйеге түсіріп, қолдану жөнінде пікір қозғауы болды. Сәкен Сейфуллин өзінің «затқа іздеу, ұғынысқа сөз іздеу»? деген мақаласында әңгіме етеді. Мұнда ол аударуға келмейтін терминдерді сол қалыпында алуды қолдап, одан тілдің баий түспесе, зиян шекпейтінін айтады. Ол «басқа көп халықтарға аты да, заты да бірдей сөздерді қазақшаға аудармай-ақ алу керек»деген ұсыныс жасайды.

Ал Ахмет Мамытұлы болса өзінің «Пән атаулары туралы» деген мақаласында пән атауларын ақылға сиымды түрде аудару мәселесін көтереді. «пән сөздері деген нәрсені тым сығымдамай, өз еркіне жіберу керек кейбір пән сөздерін сыпайылап қазақ тіліне аударадым десең де, пәндегі ойлаған толық мағанасын бере алмайды.Сондықтан, тіпті қисыны келмейтіндерін көп әурелеудің қажеті жоқ па деймін. Мысал үшін меридиан, экватор, азот, полюс, атмосфера т.б сөздерді қанша бұрмаласаң да қазақта лайықты сөз табу қиын, орыс кітаптарында өзінен мәдениеті артық елдің мұндай пәне сөздері өте көп. Онысымен орыс мәдениеті тоқтап қалған жоқ» Мамытұлы ғылыми терминдерді қабылдау, қолдану жөнінде дәуір талабына сай дұрыс ұсыныс жасады. Атаулардың дұрыс қолданудың бала тәрбиесі үшін маңызы зор.Өйткені,оқушы танымы бала жастан шатасқанда, оның болашағының кесірін тигізері ақиқат. «Ғылым атауларын бір жолға салу керек» [48] атты мақалада оқулықтар жайы баяндалады. Жағырафия, оның карталары, геометрия, көк ғылымы /астрономия/, жер ғылымы /геология/, химия, Россия тарихы, адам денесінің құрылысы /анатомия/, қазақ, қырғыз тілдерінің тізімі- бұл кітаптар 1923 жылдың 1 ноябірінен қалдырмай баспаға берілуі үшін даярланып жатқаны хабарланған. Бұдан өзге, ана тілі, арифметика, педагогика оқулықтарының 10 бөлек кітап етіліп тәржімаланғаны, оны шығаруға қазақ- қырғыз білім комиссиясының басшылық жасап отырғаны келтірілген.

 Қазақ тілінің 40-50 мың шамалы сөзін қамтитын түсіндірме сөздік жасаудың хал-ахуалын «Қазақтың тіл тізімі /словары/ туралы» [49] деген хабарында С. Оспанов бұл жұмыстың өзіне тапсырылғанын айтады. Газет сонымен бірге, саяси терминдердің қазақ, қырғыз білім комисиясы ұсынған тәртібі негізінде алынғанда дұрыс болатынын да ескертеді.

 «Терминология хақында» [50] атты мақала ең алдымен, халық тілінің бай қорын пайдалану, болмағанда туысқан тілдер қорынан қарастыру, орыс, латын тілінің дүние жүзі қабылдаған терминдерін сол қалпында алу принципін көрсетеді. Жаңа кітаптарды газет жұртшылыққа «Жаңа кітаптар» [51] деген рубрика ашып таныстырып отырды. Осындай хабарларда учитель Иса Тоқтыбаевтың «Түркістан географиясы» кітабының баспаға берілгені, онда Түркістанның ықтысады /экономикасы/, саяси- әкімшілігі, жерінің өнімі, өсімдігі, халқы, хайуанаттар дүниесі жөнінде ғылми қуаңды мағлұмат бар екені жазылған. Жұртты бастауыш, жетіжылдық мектеп көлеміндегі огқулықтар жайынан хабардар етіп, ана тілінде жазылған алғашқы кітаптардың маңызын түсіндірді. Ғылми, саяси терминдер жөнінде газет көтерген түбірлі мәселелер осы мазмұндас болды. «Ақжолдың » тіл- стилін анықтауда ондағы мақалалардың сөйлем құрылысы мен сөз қолданыстарын қысқаша таныстыра кеткен жөн. Мұнда газет тіліндегі бір ерекшелік мақал-мәтелдерді ұтымды қолданатыны. Ауылдық совет қызметкерлерінің кейде мекемеден табылмайтынын «Әйтен болса, Бәйтен жоқ» деген қанатты сөзбен мысқылдап жазады. Стилистикада мұндай сөз мағынасын ауыстыра, күшейтіп қолдану экспрессивті тәсіл делінеді. Газетте осы сияқты тапқырлықпен қолданған фразиологиялық тіркестер жиі кездеседі. Мысалы, «Түйеден түскендей, мүйіз сұрап, құлақтан айырылды, екі үштіні бір күшті қосады», тағы басқа мақал-мәтелдер белгілі мақсат үшін үнемі пайдаланылып отырады. Мұның мақала тілін өткірлеп, ойды дәл, пәрменді жеткізуде үлкен рөлі болғаны аян.

 «Шолпан», «Жас Қайрат», «Жаңа өріс», «Жас алаш», тағы басқа да баспасөздер жұртпен дидарласып тұрған. Кезінде ел тұрмысынан қала қоймаған, қазір историзмге айналған- әмеңгер, бесікөртті, әжеқабыл, би, болыс, манап, атқамінер, бәйбіше, тоқал сөздерін бүгінгі ұрпақ түсіне бермейді . Бірақ «Ақжол» шығып тұрған дәуірдгі бұл контекстер саяси-әлеуметтік мағыналы болды. Бұған қарамастан газет тілі жаңа заманға байланысты жаңа ұғым беретін атаулардың туғанынан дерек береді. Кеңес, партия, комиссар, азық-түлік саясаты, жер реформасы, контекстер «Қосшы», одағы, жастар одағы, әйелдер бірлестігі, теңдік, право, социализм контекстері жаңа саяси ұғым білдіретін сөздер болды. Бұл халық санасын көтеріп, түсінік аясын кеңітуге қызмет етті. «Ақжол » газетінің тілдік тәсілі публистикалық деуге толық негіз бар. Онда сөйлеу тілі стиліне тең, немесе, соған жақын құрылған: «Мәдениеттен хабарсыз, бірден социализм дәуірімен айқасып отырған қазақ елінің шаруа тіршілігі болса, кім көрінгеннің итімі бойынша жасалып, қолдағы іске асарлық тіршілігіне көрнекті бұйымдардың бәрі де басқа шаруасы күшті, мәдениеті алдағы жұрт қолында, солардың қалағандарымен болып келген » [52] деген сияқты шұбалаңқы текстер көп кездеседі. Баспасөздің тартымды, бұқара талабына үйлес шығып тұруы жолында партия, совет органдарының жауапты қызметкерлері де өз ұсыныс пікірлерін беріп отырған. Газет, журналдар жұмысын жақсарту мақсатында кеңес, ақыл айтқан материалдардың бірі — О. Жандосовтың «Қазақ газеттері туралы » [53] деген мақаласы болды. Мұнда автор Түркістан газеттерінің бір сарындылығы, халықтың тілек- талғамын ескермейтінін, дәуір талабынан кейін қалып отырғандығын атап көрсетеді. Қазақ баспасөзінің өсіп, қалыптасу жолы «Туркестанская правда» газетінде жарияланған «Киргизская газета» [54] деген мақала деректерінде де тәп- тәуір баяндалған.

«Ақжол» тілшілерінің бірінші конференциясы [55] осы қатарлы маңызды мәселелерді алдағы уақытта жандандыра жазу туралы қаулы қабылдады. Бірақ, бұл қаулы газеттің олқылықтарын толық көрсете алмады. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, партия ұяларының тәжірибесіздігі, қожа- молдалардың, бай-манаптардың әлі де құрып бітпегені жөніндегі фактілер «Ақжолда» пәрменді жазаламайтын.

 Қазақ әйелдерінің еркіндігін жазғанда да, қарадүрсін насихаттау еді. Ал қыз- келіншектердің оқуына кедергі болып отырған себептер, олармен күресу жолы партия, комсомол ұйымдарының басшылық көмегі , жұмыс тәжірибесі саралап түсіндірілмейтін. Бірақ, бұл кемшіліктеріне қарамастан «Ақжол», 1924 жылы 4000 дана» болып тарайды [56]. Дегенмен, редакция коллективі баспасөзге жазылуды өз хал-қадірінше насихаттайды.Оның кезекті нөмірінде «Қалың қазақ жоқшысы болып келе жатқан қара бұхара газеті», «Ақжолға жазылыңдар», «Жұртшылық құралы-Ақжолды» сүйуші азамат бір айда кемінде 100 жазылушы тауып жіберуді жұртшылық міндеті деп білсін» деген ұрандар жариялап тұрды. Осындай жарнамалар газеттің тиражын 10000-ға жуық жеткізу міндеті қойылып, ол кейде цифрмен, кейде мақалада аталып кететіні байқалады. Бұл деректер оның Оңтүстік Қазақстанда көп таралып, әбден танымал газет болғанын дәлелдейді.

 Журнал мен газеттер саяси-әлеуметтік мәселелерді қамтып жазумен қатар, ғылымның түрлі салаларына да қатысты пайдалы материалдарға да жол ашып отырды. Бұл баспасөздегі мақалалардың ғылыми ой-пікірі мен оның қойылу шамасы — олардың мәдени, ғылыми дәрежесін анықтай түсетін мағұлматтар екені анық. Осы тұрғыдан қарағанда «Шолпан» журналына назар аударсақ ол көбіне білім жолын көздеген материалдарға кең орын берді. Мәселен осы мазмұндас мақалалар: Орхон жазуы туралы бірнеше сөз, Жер сілкіну, Дарвин сөзінің негіздері, Өсімдіктердің түзілісі, Ауа, Көктен түскен тас деген тағы да басқа мақалаларының ғылыми-тәрбиелік, үгіт насихаттық маңызы зор екенін айтқан жөн. 1923ж март нөмірінде «Дивани луғат-ат түрк» кітабының 1916 жылы Стамбул қалалсында үш кітап болып қайта басылып шығуына рецензия жариялайды. Бірақ, резенциядағы өте маңызды деректер,оны ғылыми болжам, пікір сатысына көтеріп тұр. Мақалада кітап авторы Махмуд Қашқаридің мынандай сөздері бар: «Мен өзім тұрік қауымдарының шаһарларын,далаларын кезіп жүрдім. Тұріктің тілін,һәм әдебиетін үйрендім. Тұрік болсын, тұрікпен, оғуз, яғма, қырғыз болсын олардың тілі, әдебиеттерін білдім.»[57]

 «Шолпан» бұл мақалада түрік тобындағы елге жататын қазақ халқының да өткен тарихына тұрік тобындағы елге жататын қазақ халқының да өткен тарихына кітаптың қатысты екенін ескертеді. « Түрік халқы…. сұлу, жүзі күліп тұрған…. айтқан сөзінен қайтпайтын, уәдесіне берік халық».[58] М.Қашқаридің ертедегі тұркілердің бұл мінездемесінің де ғылым үшін пайдасы зор. Ал журналдағы түркі халықтарының тарихына байланысты «Қазақ, қырғыздың аты, тегі туралы» деген мақала бұл жөніндегі едәуір маңыздылығымен көзге түседі. 1923ж № 6, 7, 8 жұртқа құлақ қағыс етілген бұл мақала түйіні қазақ, қырғыз халықтарының шығу тегі, аталуы, қалыптасуы, мәдениеті,тілі тағы басқалары қаралып, жариялау арқылы өнер-білім, ғылым пайдасын көрсетуді мақсат еткені байқалады.

 «Сана» журналында да 1923 жылғы қаңтар айындағы санында Түркістан қазақ, қырғыз білім комисссиясының «Заманымыз мәдениет заманы» деген хатын жариялап, онда өнер білімнің маңызын түсіндіруді көздеді. [59]

«Мәдениетке білім жеткізеді. Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек керек» деп жазылды жұртшылыққа арналған бұл хатта. Мұнан кейін журнал білім алудың жолдарын нұсқайды. Оның ең басты жолы- білімді мұғалім, жақсы жабдықталған мектеп қажеттілігі көрсетіледі. Бірақ солардың жоқытығы, көп мұғалімдердің шала сауатылығын ескертіп, оқулық, кітаптардың, баспасөздің тапшылығы да ескертіліді. Сондықтан, баспасөзді қолға алу, оны елге жақындату, түсінікті тілмен шығару міндеті қойылды. Осы ой, осы міндеттен барып «Сана» туып отыр деп жазды журнал. Сонымен «Сана» ел санасын оятамын, елге өнер-біліммен хабар беремін, мұғалімдерге, жас өспірім шәкірттерге көмекші, кеңесші боламын деп шықты. Осы мақсатпен журнал алғашқыда пайдалы ғылым,тарихи материалдар жариялады. «Түрік-монғол тарихы» деген еңбекте сол елдердің тіршілік, тұрмысымен, өткендегі салт-санасымен таныстырды. Мақалада түрік халықтарының тарихына байланысты құнды деректер келтірілген.

 Тарихи, этнографиялық, археологиялық ескерткіштерді іздеу, табу, оны қалай сақтап, тиісті ғылыми орындарға тапсыру мәселесін «Сана» өте маңызды істер қатарына жатқызды. «Бұрынғы заманан қалған заттарды қалай һәм қайдан іздеуге»деген мақалада адам баласының даму сатыларын тас, қола, темір дәуіріне бөліп түсіндіреді. Сонымен қатар медициналық, астрономиялық және техникалық ғылыми ұғымдардан жұртты хабардар етуді көздеген материалдар журналдың «Білім бөлімінде» жарияланып тұрды.

 

2.3.Қазақ зиялыларының басапасөздегі мақалаларының деректік құндылығы.

 

 Халық ағарту мәселесі Кеңес өкіметінің өмірге келген күнінен бастап екпінді құрылыстың біріне айнала бастады. Сондықтан ағарту мәселесі туралы баспасөз материалдарын ақтарған кезде қазақ зиялыларының көптеген құнды пікірлеріне жолығамыз. Себебі олар Кеңес өкіметінің ағарту реформасын жаппай қолдаушылар болды.

 Кеңес идеологиясынада мынандай стереотип орын алды: «өкіметті қолына алған соң, жұмысшы табы мүлдем басқа принциптегі пролетарлық басылымдар құрды, кеңестік басылым — ең әділетті, ең обьективті». Дәлелдеу үшін В.И.Лениннің сөзін пайдаланды: «-басылым кеңес құрылысының қаруы ретінде қызмет етуі керек…» Бұл цитатаны кеңес басылымы туралы партияның күшті құралы,коллективтік насихаттың және коммунизм құру жолындағы күрестің ұйымдастырушысы ретінде тарихшылар мен журналистер жиі қолданды.

 Олар мерзімді басылымды Кеңес құрылысының орнатудағы басты құрал ретінде пайдаланды. Лениннің өзі «журнал насихатқа, газет үгітке қызмет етуі керек» деп көрсетті.[60] Бірақ кеңес өкіметі тұсында бұл әдіс Коммунистік партия өз үстемдігін жүргізіп, өз идеологиясын басылым арқылы таратып отырды.

 «Интеллигентердің ой қортындыларын аз беру керек.Өмірге жақын болу керек. Жұмысшы және шаруа бұқарасының істе, күнделікті өмірдегі қызметін көрсету керек. Бұл жаңалаудың қаншалықты коммунистік екенін тексеріп отыру керек…»- «Біздің газеттердің сипаты туралы» мақаласында ашып көрсетеді. Бұдан Кеңес өкіметінің газет-журналды әміршіл-әкімшіл жүйенің қозғаушы күші етіп, халықты коммунистік идеологияны дәріптеуге шақырғанын білеміз. Егер басында кеңес басылымдарына сенімсіздік туралы сұрақ туатын болса, онда деректің бұл түрінің деректанулық зерттеушілік ролі көтеріледі. Деректанулық сын формалды ғана болмақ, тек деректің шынтуайттылығын ғана қалыптастырумен шектелмеу керек. Енді ғалымдардың алдында кеңес мерзімді басылымын деректанулық зерттеудің әдісін, бірінші кезекте, қоғамдағы идеологиялық стереотиптің құрылуы мен әрбір жеке адамға әсер ету механизмін анықтауды қайта жасау міндеті тұр . Бюрократиялық жүйе халықтың ең басты рухани азығы- баспасөзді идеологияландыруға тырысты. Сондықтан Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ мерзімді басылым туралы қаулылар шыға бастады. Олар: РКП /б/ YIII-съезінің «Партия және кеңес басылымдары туралы», Х1 съездің «Басылым және насихат туралы», Х11 съезінің «Үгіт, насихат, басылым мәселелері туралы», 1921 жылғы 18 қарашадағы РКП /б/ Орталық Комитетінің губерниалық комиттер мен партия облыстық комитеттеріне «Мерзімді басылымға назар аудару туралы жолдауы», 1924 жылғы 6 ақапндағы РКП/б/ Орталық Комиететінің «Басылым саласындағы партияның кезекті міндеттері туралы», 1924 жылғы 22 ақпанындағы «Басылым және баспа жұмысындағы партиялық басшылықты күшейту туралы» .[61] Қаулылапдың атауынан көріп тұрғанымыздай, мерзімді басылым негізгі кеңестік саясаты жүргізуші болуына партия-кеңес органдары бар күштерін салып бақты. Бұл шаралар тек жоғары жақта бүкіл партиялық аппаратта толық жүргізілген. 1921жылдың басында партиялық жұмысты нұсқауландыру, тексеру және басқару үшін РКП /б/ Орталық Комитеінің үгіт-насихат бөлімі жанындағы басылым бөлімі құрылады: басылым бөлімдері, оның бөлімшелері партияның республикалық, облыстық және губерниялық комитеттерінде құрылады. Журналдар мен газеттер барлық уақытты белгілі бір қоғамдық топтардың идеологиясы мен іс тәжірибесінің өзара қарым-қатынастарының және пікірталастарының құралы болып келді.

 Бізідің қарастырмақшы болып отырған мерзімді басылымдардың ішінде жанрға бөліп қарастырсақ, мақалаларды кешенді алып қарау кезінде олардың мазмұнына қарай, төмендегідей талдадық:

 -жалпы саяси мақалалар, олар қоғамдық идеологияны сипаттайды. Ағарту реформаларының осы екпінді коммунистік құрылыстың бөлінбес бір бөлігі ретінде қаралғандықтан, бұл мақалалардың ағарту тарихын, дамуын қарау мәселесінде атқаратын ролі зор;

 -үгіт-насихаттау стаьялары Кеңес өкіметінің саясатын таратыушылар болып табылады. Біз үгіт насихат мақалаларын қарау арқылы кеңестік ұлттық ойды жоюға қарсы бағытталған саясаттың мәнін ашпақпыз;

 -оперативті мақалалар экономикалық және мәдени дамудың ең өзекті мәселелерін көтерді. Зерттеу жұмысымыздың негізгі осы мақалалар болып табылады, себебі қазақ ұлттық зиялы қауымының негізгі көтерген мәселелері қоғамның мәдени даму процесі еді;

 А.Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінің бірінші нөміріндегі оқырмандарға арнау сөзінде басапасөздің қажеттілігі туралы былай айтып өткен болатын: Әуелі, газета- халықтың көзі, құлағы, һәм тілі… Екінші, газет-жұрттың уланбасына медет нәрсе. Олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп ғалым адамдары газета арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп басшылық етіп тұрады. Үшінші, газет – халыққа білім таратушы… Төртінші, газет-халықтың дауысы». Осыдан көріп отырғанымыздай, қазақ зиялылары мерзімді басылымның халықтың санасына әсер ете білетін қуатты күшін сезіне алды. Қазақ оқығандары бұл саясатты Кеңес өкіметі кезінде де жүргізді. Кеңес белсенділерінің қарсы тұруы оларға кедергі бола алмады. Тарихшы М.Қойгелдиев бұл кезеңді былай көрсетті: — Голощекин мен оның төңірегіндегілер алаштық интеллигенцияға қырғи қабақ танытқанымен, С.Садуақасов, жаңа жағдайға бейімделіп, олардың халықтың рухани өмірінде алатын табиғи орнына дақ түсірерлік жарты сөз айтқан емес.Керісінше, ол ескі интеллигенция өкілдеріне шамасы келгенше көмегін берді, өзі редакторлық жасайтын басылым арқылы алаштық интеллигенцияға да пікір білдіруге жағдай жасады. Өйткені, бұрын бар демократиялық мүмкіншіліктердің барған сайын өрісінің тарыла түсуі жағдайында, партияда жоқ творчестволық интеллегенцияға өз пікірлерін жариялап тұрарлық баспа орындары жоқ еді» [62] ХАК- дағы қызмет еткен зиялылар тарихын ашу үшін біз олардың газет- журналдардағы авторлық мақалаларын алдық. Жалпы авторлық мақалаларда әр түрлі материалдар талданып көрсетіледі, осының негізінде қорытынды жасалып, баға беріледі, тек ғана жақсы жақтар ғана емес, сонымен қатар жағымсыз құбылыстар, қиындықтар, жетіспеушіліктер ашылады. 1920-30 жылдарда мерзімді басылымның авторлары нақты пікірлерін білдіріп, ағарту мәселесін кең талдады. Алғашқы кезең- демократияшыл қазақ зиялы қауымының ХАК-ында қызмет еткен тұсы — 1923-30- жылдар аралығы болып табылады. Журнал-газет мақалаларының тарихи дерек құндылығы сынды, олар дәл сол уақытта жазылғандықтан қоғам өмірін, жетістіктер мен кемшіліктердің толық ашып көрсетеді. Олардың негізгі ұстаған мақсаты мерзімді басылым арқылы халыққа, оның ішінде әсіресе жастарды тәрбиелеуге назар аудару еді.

 1922 жылы Ә. Байділдинге Москвадан С. Сәдуақасов жазған хатында былай дейді: «Менің пікірімше, біздің болашақтағы міндетіміз мынадай болуы тиіс, біз үкіметті қолымызға алу үшін күреспейміз, бұны бірінші орынға қоймаймыз, қойғанның өзінде қазір бұны істетпейміз. Сондықтан бар күш жастар тәрбиесіне бағыттау керек.» Сондай-ақ бұл пікірді Әлихан Бөкейханов та қолдап, Әділевке мынадай директива береді: «Жастарды тәрбиелеу, қазақ баспасөзінде қызмет істеу және өз кітаптарын шығарудан басқа, Алашқа қызмет ету жолы біз үшін жабылды» [63] Олар газет-журналдарда өз мақалаларын, соның ішінде жастарды тәрбиелеудегі рөлі зор пікірлерін жариялап отырды. Сондықтан мерзімді басылым мақалалары тарихи ақиқатты бейнелейтін, тарихи-ақпараттық құнды дерек болып табылады. Қаншама большевиктік болғанымен, 1920-30 жылдар аралығындағы баспасөзде демократиялық, Кеңес өкіметінің саясатын толық қолдамайтын, тәуелсіз мақалалар жарияланып тұрды және олардың негізгі авторлары қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілдері болды.

 Ал 1930-36 жылғы мақалаларда Кеңес өкіметінің қысымымен ағарту саласындағы жетістіктерді асыра айту орын алды. Бұл кездегі авторларда кеңес қызметкерлері еді, олардың негізгі мақсаты коммунистік құрылыстың «жаңа мәдениетін дәріптеу» болып келеді. 1930-36 жылдарға тән мәселі, авторлар мәселесі еді. Мақалалардың авторлары маманданған зерттеушілер емес, партия мен кеңес органдарының мәдени немесе ағарту мекемелерінің практикалық қызметкерлері болды. Сондықтан оларды кешенді құрылымдық жол болмады.Авторлар мақалаларында тек мәдениеттің сол кездегі дамуы мен өздерінің қызмет ететін мекемелерінің жұмысына байланысты аспектілерді аша алады. Н.Нұрмахов, Г.Береза, О.Сафро, Х. Амрин, С. Меңдешев, Г. Романов өз мақалаларында Қазақстанда жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асырудың бірінші қорытындыларын, қалалардағы, көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы бастауыш мектептерді құру спецификасын сипаттады. Ш.Әлжанов, Г. Дейнега, Ж.Сәдуақасов қазақ жастарын республика мектептері мен оқу орындарына тарту мәселесіне үлкен көңіл аударып, Қазақстан мектептерінің оқу тәрбие жұмысындағы жетіспеушіліктерін мен тәжірибелерін талдады және ашты. [64]

 Бұндай тенденцияны орын алуының себебі — Кеңес үкіметі 1930 жылдарға таман әміршіл- әкімшіл саясатты күшейтіп, Өлкелік Комитеттің үгіт- насихат бөлімі цензураны толық енгізіп, партияда жоқ зиялылардың ең көп қызмет еткен саласы ХАК- ына ерекше назар аударғанннан еді. Осы уақыттығы мақалаларды да негізінен Кеңес өкіметінің ағарту саласындағы жетістіктерін көрсетуді күшейтті. Көптеген сандық көрсекіштерді дақпырттап айту мақалаларда кең орын алып, сапалық көрсетілімдер айтылмады. Алайда мақалаларды біз обьективті көзбен қарасақ, әр-бір мақаланың соңында оқу ісінің кемшіліктерін айтып өтті. Бұдан біз мақала авторларының бюрократиялық саясаттан сескеніп, кемшіліктерді елеусіз көрсетуге тырысқанын байқаймыз. Кейде жетістіктер мен кемшіліктер біріне бірі қарама-қайшы келіп жатты. Зерттеу жұмысымызда бұл қарама-қайшылықты объективті қарауға тырыстық.

 Қазақ зиялыларының осы екі тобы өз мақалаларында ағарту және мәдени саладағы өзгерістерді объективті түрде аша білді.Олар ағарту мәселесінің тек жақсы жақтарын ғана көрсетіп қоймай, өмір шындығын, қоғам тынысын кең түрде көрсетті. Біз деректкерді шынтуайтылық принциптермен қарауға тырыстық. Публицистика дегеніміз- публикаға арналған еркін, ашық, жеке сөз. Онда бәрі болуы мүмкін- ғылыми аргументтен бастап индивидуалды байқау эмоцияға дейін. Ол әрқашан қоғамдық іс себебіне байланысты және қарым-қатынасқа байланысты. Мерзімді басылым материалдарының деректі құндылығы сонда- деректер ешқандай жөндеуден өтпейді, дәл сол кездегі автордың пікірін ашып көрсетіп, дәл оқиға болып жатқан кездегі көзқарасты көрсететін еді. Осыған байланысты да көптеген қазақ зиялы қауымы газет-журналдарда шыққан мақалаларға байланысты қудалауға ұшырады. Алайда сонымен қатар олар өз идеяларын қалың бұқараға таратып, белгілі бір дәрежеде ықпал етіп отырды.

 1925 жылға дейін Қазақстанда баспасөз қызметі бір арнаға түспеді. Бұрынғы «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа»сияқты белгілі газет-журналдардың «Контрреволюциялық»болып жабылуынан кейін Қазақстанда әр түрлі басылымдар шығып тұрды. Бұл басылымдарға Кеңес өкіметі толық үстемдігін 1925 жылға дейін жүргізе алмады. Оған, әрине, алғашқы кездегі елдегі толық тұрақтылықтың орнамауы, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілмеуі, өкіметтің толық билікті қолына алмауы себеп болды. Жалпы Ресейлік көлемде баспасөзге үлкен мән беріліп жатса да, Қазақстанг үкіметі мерзімді басылымды идеологияландыруды 1925 жылдан бастады. 1925жылы 2-мамырда РКП/б/ Ортралық Комитетінің Секриториятының мәжілісінде «Қазақ баспасөзінің жағдайы және оны жақсароту шаралары туралы » мәселе қаралды. Бұл мәселені қарау қазақ зиялыларының баспасөзіндегі қызметіне шабуыл еді. Онда саяси линияны дұрыстауда мына шаралар орын алғанын көреміз

 а) Қазақ облыстық комитеті мен жергілікті партия органдары жағынан мерзімді басылымға басшылықтың нашарлауы;

 б) кейбір мерзімді басылымдарда ұлттық партияда жоқ зиялылардың басшы саяси линияға әсер етуінің барлығы ( «Ақжол », «Сана », «Тілші »);

 в) қызметкерлердің жетіспеушілігі және саяси дәрежесінің төмен болуы («Еңбекші қазақ», «Кедей », «Ақжол », «Сана», «Тілші », «Қызыл Қазақстан»);

 Осындай кемшіліктерді көрсете отыра, Қазақ облстық комитетіне мына шараларды жасауды ұсынды:

1.Қазақ республикасында мерзімді басылымға партиялық басшылықты күшейту.Баспасөздің органдарының басына журналист-коммунистерді басқа жұмыстардан босатып қою керек.

2.Антикеңестік элементтердің ұлттық әсер етуін жою мақсатында «Ақжол», «Сана», «Тілші», журналдарында партиялық қызметкерледің құрамын күщейту. Сонымен қатар партияда жоқ қазақ зиялыларын идеялық басшылықты қамтамасыз еткен жағдайда ғана баспасөзге жұмысқа тарту керек.

3.«Ақжол», «Еңбекші қазақ» газеттерінің жанындағы оқушылар институтында журналист қазақтарды даярлау үшін курстар ұйымдастыру;

Сондай-ақ мәжіліс мына қаулыларды қабылдады:

  1. «Қызыл Қазақстан» журналын (өз жұмысын атқара алмағандықтан) қайта құру қажет.Баспасөз бөліміне журанлдың мазмұны мен көрінісі туралы нақты деректива беру тапсырылды.

5.Ташкент қаласындағы ерекше ғылыми педагогикалық және әдеби «Сана» журналын шығару туралы мақсатсыз деп есептеп, Қазақ облыстық Комитетіне Орынбор қаласында ғылыми педагогикалық ауыл мұғалімдеріне арналған журнал шығаруды ұсынды.

6.Қазақ облыстық комитетіне мерзімді емес басылымдарға басшылықты күшейту ұсынылды.Оқу кітаптарының мазмұнына (хрестоматия, оқуға арналған кітап, әліппе т.б) және қоғамдық саяси және шаруа әдебиетінің сапасының артуына (тілі мен мазмұнының ыңғайлығына) назар аудару керек Қазақстан облыстық Комитетіне осылайша үлкен ескерту жасылынды.Бұл ескертуден соң Қазақ өлкелік Комитетінің басылым бөлігі мен губерниялық комитеттерінің саяси бөлімдері қазақ басапасөзін жақсарту туралы шаралар жасады.Онда өлкелік газет және журналдарға қызметкерлерді таңдауды ақтап, квалификацияны көтеруді, комсомол басылымдарын және «Қызыл Қазақстан» журналының түрін анықтап оған маманданған қызметкерлерді алуға бұйрық берілді Қазақ мерзімді басылымдарына жоғарыдан цензура басталды. Цензураның әсері ең алдымен қазақ зиялыларының сөз бостандығына, еркін ойлауына соққы болып тиді. Қазақстанға жасалынған бұл ескерту әрі қарай жалғасты. Бүкіл қазақ зиялыларын қудалауға және мерзімді басылымды қатаң бақылауға И.В.Сталиннің 1925 жылы 28 мамаырда Қазақ Өлкелік Комитетінің бюросының барлық мүшелеріне арналған хаты үлкен әсер етті. И.В.Сталин хатында «Ақжолдың» жураналымен танысқанын, журналдың «ақгвардияшыл» М.Шоқаевқа материал беріп жатқанын жазады. И.В.Сталин «…мен сынды түсінемін, коммунистердің қызметін сынауға болады. Бірақ жамандық әкелетін сын-біздің сын емес. Бұндай сынға Кеңестер елінде орын болмау керек. Сын буржуазияның қолында коммунизмге, Кеңестер Одағына қарсы құрал болуы мүмкін. Сондықтан мен өзімінің борышым ретінде сіздерден «Ақжол» журналын тез арада қайта құрып, ондағы партияда жоқ зиялыларды қуып, оны коммунистік насихаттың органы ретінде етуге шара қолдануларыңызды сұраймын». И.В.Сталиннің бұл сөзі Қазақстандағы мерзімді басылымға деген сенімсіздікті тудырып, жаппай тексеруге жол берілді. Партияда жоқ зиялылардың мақалаларын жариялау қиынға соқты. Зиялыларға жасырын түрде қуғын басталды. Саяси-ағарту бөлімдері күшейтіліп, мерзімді басылымда үгіт-насихат көзіне айналдрыу шаралары жүргізілді.

 Сталиннің 1925 жылғы маусымдағы «Ақжол» газетіне байланысты жорлдаған хатындағы партияда жоқ интелиигенцияға байланысты айтылған пікірлерді өзінше түсініп, басшылыққа алған Ф.И.Голощекин қоғамдық-саяси өмірден қол үзбеген ұлттық интеллигенцияның алғашқы буын өкілерін «буржуазияшыл-ұлтшыл», «алаштық интеллигенция» деп жариялап,соңына түсіп, саяси қудалау және репрессиялық шараларды іске асырды [65] Алайда біз бұл хат дәл сол уақытта іс жүзінде жүзеге асты деп айта алмаймыз.Себебі баспасөзді идеологияландыратын зиялы қауым әлі қалыптаспаған еді. Ал баспасөз редакторлары,ұйымдастырушылары көрнекті қазақ зиялылары еді. Сондықтан 1925 жылға дейінгі аралықта коммунистік,партияның бұл саладағы қызметі толық жүзеге асқан жоқ. Тек алашордашыларды ашық қудалау ғана цензураны орнатты. Алайда, Қазақстан өкіметіне қаулылар түсіп жатты.Олардың негізгі мақсаты — қазақ баспасөзіне айтылған сынан қорытынды шығаруды талап ету. 1925жыл 23 қазанда Орталық Комитеттің Ұйымдастыру Бюросының мәжілісінде «Қазақ басылымдары туралы»арнайы мәселе қаралды. Онда мынандай жетіспеушіліктер атап өтілді:

а) РКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитеті тарапынан қазақ басылымдарына басшылықтың нашар болуы;

б) қазақ баспасөз органдарының құрылымының ұйымдастырылу дәрежесінің төмендігі;

в) жергілікті халықтың күнделіктіқажеттігіне журнал мазмұнының сай келмеуі;

г) жалпы оқырмандарға аударма әдебиеттердің жетіспеуі;

 Осы олқылықтарды жою мақсатында,Қазақ өлкелік Комитетіне тапсырылды:

1.Партиялық басшылықты күшейту.

2.Басшылық органдардытаңдау және жұмысқа назар аудару.

Сондай-ақ Орталық баспаның қазақ тіліндегі жалпы саяси басылымдарын редакциялық жөндеуден өткізуде олқылықтар болғандықтан, барлық қазақ тіліндегі басылымдарды арнайы саяси редакциядан өткізу жұмысына Ә.Бөкейхановты босату ұсынылды. [66]

 Бұндай қаулылар қазақ баспасөзіне үлкен соққы болып тиді, алайда саяси үрдіске жатпайтын ағарту мәселелерін жазуға шектеу салынбады. Сондықтан көптеген қазақ зиялылары тек қана ағарту және ғылым саласымен айналысуға мәжбүр болды. Басқа салаларға қарағанда оларға жол жабылған еді. Ағарту туралы мақалаларды оқып отырсақ кейбір мақалалардың аты мен мазмұны басқа болып шығады. Бұдан мынандай қорытынды шығаруға болады, қудалау басталған соң қазақ зиялылары ағарту және ғылым туралы мақалаларға күдік түспеген соң, өз пікірлерін осы тұрғыдағы мақалалар мазмұнында елеусіз беріп отырды. Сондықтан қазақ зиялыларының саяси-экономикалық көзқарастарын жалпы ағарту туралы мақалалардан табуға болады. Бұл қазақ зиялыларының тарихының ақтаңдақ беттері. Журнал редакторлары белгілі қазақ зиялылары болғандықтан олар партияда жоқ зиялылардың мақалаларын басып отырды.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Соңғы жылдары еліміздің тәуелсіздік алып, өз тарихын обьективті жазуға мүмкіндік тууына байланысты ұлттық деректерге, оның ішінде қазақ тіліндегі басылымдарға деген жаппай қызығушылық оларды ел тарихының дерегі ретінде ғылыми айналымға молынан тарту, қазақ баспасөзін өзіндік ерекшеліктері бар тарихи дерек көзі ретінде кешенді талдаудың қажеттілігін күннен-күнге арттырып отыр. Газет, журнал өзі өмір сүрген қоғамның мәдени дәрежесін көрсететін идеологиялық құрал десек, сонымен қатар қазақ тілінде шыққан газеттердің кейбірі патша үкіметі тарапынан шығып, оның заң-законын, әкімшілік істерін қазақ бұқарасына жеткізу мақсатымен шығарылса да, патша үкіметінің ықпалына қарамастан оларда ғылыми прогрестік мәні бар мақалалар, халық ауыз әдебиет нұсқалары басылып отырған. Түркістан республикасындағы қазақтардың 1920-1925 жылдар шамасындағы ғылыми ой-пікірінің даму сатысын Оңтүстік Қазақстанның баспасөздері де өз әлінше көмек көрсетуге тырысады.

 Мәдениетті елдердің ғылым, техниканы дамытумен бірге, өз халқының арғы бергі тарихын зерттеуге де ерекше мәне беретіні мәлім. Әңгіме болып отырған баспасөздерде осы мақсатта қазақ, қырғыздағы басқа да түркі тілдес жұрттардың ежелгі тарихына байланысты деректерге, архив материалдарына көп көңіл бөлінеді. Мұнда әсіресе қазақ халқының пайда болу, қалыптасу кездерін сөз ететін ғылыми мақалалар «Шолпан», «Сана» журналдарында іргелі қозғалуы ғылым үшін пайдалы іс екенін мойындау қажет.

 Жастар мен шәкірттерді мектеп негізінде тәрибилеу мәселесін сөз етуі-бұл баспасөздер беделін көтерген маңызды іс болды. Сауатсыздықты жою мен бастауыш мектеп көлемінде білім алуға шақыру, өнер-білімнің пайдасын болашақ қоғам көзімен өлшеп түсіндіру-газет, журналдар атқарған оқу-ағарту бағытындағы игі шаралар еді. Бұл тақырыптарға Ғ.Мұратбаев., О.Тұрманжанов., Б.Кенжебаев., Ж.Арыстанов., С.Есова., Б.Сүлейовтер қалам тартып, қатысып отырды. Сонымен, түйіндеп айтқанда «Ақжол», «Шолпан», «Сана», «Тілші» тағы да басқа газет журналдар Түркістан үкіметінің қолданған шараларын қазақ халқына жеткізіп отырды. (Ауыл газеті 1923 ж 20 желтоқсан) осыған байланысты мәдениетіміз бен қоғамдық ой-пікірімізді ілгері дамытуға қызмет етті.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Ү.Субханбердина.Қазақ халқының атамұралары: Мазмұндалған библио-графиялық көрсеткіш.А.1999.- Түркістан уалаятының газеті А. 2003
  2. Эрназаров Т.Э,.Акбаров А.И., История печати Туркестана (1870-1925гг) Ташкент 1976.- с.14
  3. Сонда б.14-15
  4. Ташкент Энциклопедия –Ташкент 1984-с.346
  5. Түркістан уәлаятының газеті- Құраст//Субханбердина Ү.,Әуесбаева П,. –А. 2003- б.8
  6. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін бес томдық.Аламты.2002.- Т.3.б.565
  7. ӨРОМА, И-1-қор, 1-іс, 1132-тізе, 16-17-п.
  8. Түркістан уәлаятының газеті- құраст/ Субханбердина Ү. -А. 2003 — б.9
  9. Көлбай Төгісов шығ.жинағы-А.2003 -б.15
  10. Қожакеев Т. Жыл құстары –А.1991- б.57
  11. ААП РУз, ф.60, оп.1, д.421, л.194, 194об
  12. ӨРОМА Ф.И-34-қор.1-іс.2641-тізе. 58-59-п.
  13. Өртең №5 1922
  14. Ф.И-34-қор.1-іс.2096-тізе.10-п.
  15. Туркестанская правада 15 февраль 1923г.
  16. Қазақ тарихы 1999 № 4-5
  17. Коммунистическая мысль Ташкент. 1926 №3 С.278
  18. Ф.И-34-қор.1-іс.2641-тізбе. 64-п.
  19. Добросмыслов А.И. Ташкент в прошлом и настоящем // Исторический очерк. Ташкент . 1960г С. 365
  20. Сонда б. 368
  21. Азадаев Ф.И. Ташкент во второй половине ХIХ века. Ташкент. 1960г.С.74
  22. Абдурахимова Н., Рустамова Г. Колониальная система власти в Туркестане во II половине ХIХ- ХХвв. Ташкент. 1999г.С.15-16
  23. Эрназаров Т.Э. История печати Туркестана (1870 1925гг) С. 16
  24. Сонда б. 27
  25. Сонда б. 28-29
  26. Түркістан уалаятының газеті- А.2003ж. – б.8
  27. Сонда б.9-10
  28. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер Алматы.1956ж 23-30 б.б
  29. Ү.Субханбердина Қазақ халқының атамұралары: Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Алматы:,1999. -834 б.
  30. Сонда б.28
  31. Ә.Хасенов. Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы қазақ совет баспасөзінің даму тарихы. Автореф.тарих.ғылым.канд. Алматы, 1974ж
  32. Сонда б.10
  33. Қ.Атабаев. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері.Алматы., б.189
  34. Год работы Казахского высшего педагогического института. Ташкент. изд. казпедвуза,1928г. С.63
  35. Х.Бекхожин Қазақ баспасөзінің даму тарихы Алматы.1961ж
  36. Сонда б.126-127
  37. Коммунистическая мысль Ташкент.-1926г.№2-3 С. 221
  38. Сонда б.224
  39. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін бес томдық. Т.3 б. 698
  40. Ақжол 1922ж, 6 сәуір
  41. Ленин шығ. 26-том, 326-б.
  42. Ақжол 1922ж, 9 қаңтар
  43. Егемен Қазақстан газеті 2002ж 28 қаңтар
  44. Ә.Хасенов. Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ совет баспасөзінің даму тарихы. Автореф.тар.ғыл.канд. Алматы.1974ж
  45. Парасат 1992ж №3 б.12
  46. Тілші 1924ж, 13 ақпан
  47. Қазақ тарихы №4 1994ж б.22
  48. «Ақжол», 1923 жыл, 5 июнь.
  49. «Ақжол»,1922 жыл, 7 январь.
  50. «Ақжол»,1922 жыл, 14 январь.
  51. Год работы Казахского высшего педагогического института. Ташкент. изд.казпедвуза,1928г. С.89
  52. «Ақжол», 1925 жыл, 7 май.
  53. «Ақжол», 1923 жыл, 28 июль.
  54. «Туркестанская правда», 1923г., 17 июля.
  55. «Ақжол», 1925 жыл, 10 апрель.
  56. Қазақ ССР-інің мерзімді бзаспасөз шығармаларының летописі, /1917-57 ж/. 1963 жыл.
  57. Сонда б.23
  58. Махмуд Қашқари «Дивани луғат-ат тұрк» 1 том.Ташкент, 1960, 44б.
  59. Сонда б. 34-35.
  60. Панфилова А.М. Советская периодическая печать как исторический источник. М.,- «Высшая школа», 1970-326с- С.2
  61. Омарбеков Т. Мәдени құрылыс тарихы: тапшыл көзқарас сабақтары //Ақиқат-19986.-№3. -б.29-32., Сауатсыздықты жою: науқаншылдық және оның салдары // Ақиқат.-1996 №2.б.-30-35
  62. Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Ана тілі, 1993.-208 б.
  63. Мендешов С. Состояние и задачи подготовки национальных кадров.// Народное хозяйство Казахстана -1933-№3 С.-41-46
  64. Сулейменов Р.Б. Историография культурной революции // Историческая наука Советского Казахстана /Сб.науч.труд. Алматы:Ғылым,1990.-С.209
  65. Нүрпейісов К. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы (20-30 жылдар мысалында) //Столичное обозрение — 1998. — №7
  66. Нұрымбетова Г. Ораз Қиқымұлы Жандосовтың қоғамдық-мемлекеттік қызметі. (1916-1938жж): канд.дис.автореф. — Алматы. — 1995. — 27б.