Мазмұны
Кіріспе
- Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі
- 1. Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы……………
- 2. Әбіш Кекілбаев туындыларындағы түстің көркемдік құрал ретіндегі
- көрінісі……………………………………………………………………………………………
- Түс көрудің поэзиядағы рөлі
- 1. Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі психологизмнің түс көру
тәсілі арқылы берілуі…………………………………………………………………….
- 2. Иран-Ғайып поэзиясындағы түс көру табиғаты……………………………..
Қорытынды………………………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………
Кіріспе
- ТҮС КӨРУДІҢ ПРОЗАДАҒЫ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ
1.1. Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы
“Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді.
“Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”.
Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту — өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі – көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі — өлім әлемі, екіншісі — өлім әлемі. Түсте өзеннің немесе теңіздің суына қарық болу, яғни суға кету – жамандықтың, қасіреттің нышаны. Халық нанымындағы бұл жору да оқиға барысынан көрініс береді. Анасының түсінде тасыған Бұқтырмадан өте шыққан Аққан соғыстан аман-есен оралады.
Ақанның түсі:
“Түнде кезегім бітіп, шаршапкеліп, ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет Ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей, шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында қалған мен айғайлап сондарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым-жырт. Бұл түс арқылы еңбек армиясында жүрген Ақан майдандағы ағасы Ақтайлақ пен інісі Бағдаттың оралмайтынын біледі.
“Екеуінен де мәңгілікке айрылғанымды жүрегім сезіп еді.
Бұқтырмадан аман-есен өткен Ақан ауылға оралады, ал сол Бұқтырманың толқыны жұтып қойған Ақтайлақ пен Бағдат майданда қаза болады. О.Бөкеев кейіпкерлерінің түсінде Бұқтырма — өмір мен өлім межесі. Және ол түске тасыған қалпымен енеді.
“Су әлемі – түс жоруда екі түрлі сипатыменкөрінеді. Біріншіс – адам жаратылысының негізі, тіршілік көзі. Ол алғашқы материялық негіздердің бірі, аналық бастау мәңгіліктік және тылсымдылық сипаты да бар.
Екіншісі – қауіптің, қатердіңмекені, көз жасының символы. Түске өзеннің мазасыз қалпы, тасуы кірсе күтпеген қолайсыздық болады.Аласұрған теңіз, дауыл, тасқын болатын жаманшылықты алдын ала сезіну болып табылады. Халықтық ұғымдада түстің осындай символикалық белгісібар. Жазушы кейіпкерлерінің түсіндегі Бұқтырманың тасуы – қауіп-қатер, судан аман өту — өмірдің ұзақ болуы, суға кету – ажал, қаза болып көрінеді.Суға түсу де ауыртпалықты, сәтсіздікті білдіреді. “Ардақ” әңгімесіндегі Ардақ өзінің суға түсіп жүргенін көреді. Көп ұзамай қасіретке ұрынады.
Сонымен, кейіпкерлертағдырын түс көру арқылы болжап білу біз мысалға келтірген түс көру оқиғаларынан айқын байқалатынын көрдік. Өмір мен өлім мәселесі түстегі су әлемі Бұқтырма өзені арқылы бейнеленеді. Ақтайлақ пен Бағдаттың “ суға кеткенін” түсінде көретін Ақан жар жағасында қалады. Яғни, су — өлім әлемі, жар жағасы – тіршілік әлемі. Халық “су түбіне кетті”, “суға кеткен тал қармайды”, “су аяғы құрдым” деген тіркестерді осы мифтік ұғымға негіздеп туғызған. Суда Үббе болады, ол адамдарды өзіне шақырып, ажал қаптырады делінетін мифтен де судың қауіптік белгісі танылады. Мифтік дәуір адамдары болжамға, ішкі интуицияға көп сүйенеді десек, сол дәуірлерден қалыптасқан сенім жазушы кейіпкерлерінің таным-түсінігінен де елес береді.
Ақанның тасыған Бұқтырмадан ақ боз атқа мініп өтуінің де символдық мәні бар. “Егер кісі түсінде ерттеулі атқа мінсе, мұратына жетер”. Ақан мінген ат – ақ боз. Ақ түс те, боз түс те халық ұғымында киелі саналған. Ақ түс — жақсылық хабардың нышаны, әрі қасиетті түс. Боз түс туралы көне таным елестерін негізге ала отырып, осы пікірдіт айтуға болады. Ақанның аман оралуы судан аман-есен өтуімен болжанса, ақ боз атқа мінуі осы болжамды нақтылай түсетін белгі.
“Көне дүние көшпенділері үшін су – шейіт патшалығы. Оған кеткендер қайтып оралмайды. Жер тіршілігіне ұқсас құрылғанына қарамастан, бұл – қыршын өмірлерді қылғып жұтып жатқан мүлде басқаша әлем. Көзге көрінбейтін албасты осы әлеммен сабақтас, екі қабат әйелдердің ажалы содан, өкпесін ұрлап алып, суға атып жібереді. Албастыны түріп айдап шығатын тек ақ боз ат қана,- деп жазады З.Серікқалиев.
“… Кеше көзім ілініп кеткен екен, түс көрдім. Қынымда сармойын, мүйіз сап пышақ, астымда аспанға атылған арғымақ, уралап батысқа шауып барады екем деймін… Сенің де күнің жақындап қалды-ау… Шүйіншілі хабарға жорыдым”.
Түсте көрінетін қылыш, мылтық, пышақ, т.б. адамның өңінде ұл перзентті болуының белгісі жорамалы. Мұндай халықтық танымға сәйкес жору кейіпкерлерге де белгілі.
Міне, қарап отырғаныңыздай, бұл повестегі түстер шығарма бойында өрілген сюжеттің бағдарын бедерлеп, жобасын белгілеп, алдағы болар оқиғаның хабарын беріп отырады. Автор түсті басты тәсіл ретінде ала отырып, Ұлы Отан соғысы жылдардағы халық өмірін, қан майданның елге тигізген зардабын, сол замандағы елдің мүшкіл халін, әке орнына әке болып, ана орнына ана болған әйелдердің зар илеп, қайғы жұтқан ауыр күндерін, бір уыс жанын орамалына түйіп, қанды шайқасқа аттанған, Отан үшін айқасқан ерлердің ерлігі, етті жүрегін Алма шешей мен Ақан шалдың әңгімелеуі негізінде баяндайды.
Түс көру сюжеті – образды-символдық түрде көбінесе түс көрушінің психологиялық мотивін, инстинкті тілегін, талабын, эмоциясын және сезінуін, бүкіл сана астарындағы алуан түрлі психологиялық комплексті құрайды. Автор кейіпкерлеріне түс көргізе отыра, заман шындығын еш бүкпесіз жеткізеді. М.Ф.Достоевский шығармаларындағы түс көру табиғатын зерттеген әдебиетші – ғалым Ж.И.Степаньянцтың: ”түс қандай бір нақты қызмет атқармасын, ол шығарманың негізгі ой-нысанасынан ауытқымайды”, — деген сөзі біздің ойды нақтылай түседі. (10,102) Повестегі автордың негізгі идеясы Достоевскийдің мына сөзімен сәйкес келетіндей:”Түстің таңғажайыптылығы сонда өз санаңда неше жылдан бері жауабын күтіп жүрген сауалыңды қайта жаңғыртып, бейне бір сәуегейлілікпен шешіп береді. Және ол Сізге жаңа өте күшті сезім не қуаныш не реніш сыйлайды”.(19,494)
О.Бөкей кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін жарқырата ашу үшін түс көру тәсілінің көркемдік қызметін, көп қырлылығын, тақырып пен идеяға, уақыт пен кеңістікке шек қойылмайтын көркемдік еркіндігін жақсы меңгерген жазушы.
Оның шығармаларында түс көрмейтін кейіпкер кемде-кем. Және олардың бәрі де шығаманың сюжеттік-композициялық құрлымын қолынан шығармайтын идеялық-эстетикалық құндылықтың қазығы бола білетін, бүкіл туындының көркемдік дәрежесін биік деңгейге жеткізетін бірден-бір көркемдік тәсіл болып табылады. О.Бөкей туындыларында фантастикалық түстер кездеспейді. Олар кәдімгі кез-келген адамға енетін, шындық өмірден алынған шынайы түстер. Кез-келген түс психологиялық негізде әрқашан реалды көріністермен байланысты және көркем ойлаумен тығыз қатынаста болады.
Достоевский: ”Фантастиканың өзі шындыққа жанасымды, сондықтан оған сенуіңізге де болады”,- дейді. О.Бөкей шығармасындағы автор мен кейіпкерлер ойы жалғасып, бірегей образдарға айналып кетеді. Кейіпкерлері ойшыл мүлде өзгеше қырменен сезімтал қалпымен ешқандай ұлы істерсіз-ақ өнеге таратып, үлгі көрсетіп жатады. Шыншылдыққа, батылдыққа, мөлдір, тазалыққа, соның бірі қосыла келіп – жан сұлулығына үнсіз шақырып тұратын кейіпкерлер. О.Бөкейдің үлкенді-кішілі шығармаларына тән аңызға бергісіз жұмбақ сыр, қызық сарын, ілесе жүреді. Кейде тіпті адам сенбес оқиғалардың сілемі қабаттаса қиял мен шындық арасындағы жұмбақ халдер бірде оқиға арқауында, бірде күшейткіш көркемдік нақыштар түрінде көрініп қалуы мен келеді. Д.Әшімханов өз естелігінде: ”Оралхан адамның өзін-өзі жұмбақтау ұстау қасиетін ерекше бағалайтын” дегендейін жазушы мәңгілікке жұмбақ қалпын, сыры тереңде жатқан жұмбақ өмірді, сол өмірде шешімі жоқ адамның жұмбақ әлемін Мәңгілікке ескерткіш ретінде сол адам жаратылғалы бері шешімі жұмбақ болып келе жатқан Түсті шығармаларына енгізе отыра, айтар ойын жұмбақ күйінде оқырманына ұсынды. Бұл – жазушының әдебиет айдынына өзіндік өрнекпен салған сара жолының бір қыры еді.
1.2 Әбіш Кекілбаев туындыларындағы түстің көркемдік құрал ретіндегі көрінісі
Түс көру тәсілі Ә.Кекілбаевтың шығармаларында өз шыңына жетіп, көркемдік, характерлік, символдық, мифологиялық, психоаналитикалық қызмет атқарар әдіс қана,тіпті түгелдей бір туындының тұтқасын құрайтын көркемдік тұтастыққа ие болғандай.
Мысалы, Ә.Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” мен “Ханша-дария хикаясы” роман-повестері бастан-аяқ түстен тұрады де болады.Бұл шығарманың идеялық,көркемдік тұтастығын құрайтын түс – ішкі монологтыңбір элементі ретінде кейіпкердің көңіл-күйін, санасында үздіксіз жүріп жатқан психикалық процесті бейнелейтін бірден-бір тәсіл. Қазақ прозасында соншалықты мән беріп,одан үлкен философиялық ой, әлеуметтік-қоғамдық мәселе көтеретін Ә.Кекілбаевтың көркемдік әлемі әлі де ашылмай жатқан арал секілді.(8.122)
Ә.Кекілбаев шығармаларына бір көз жіберіп, түс көру тәсіл көріністерін байқайық. “Үркердегі” Әбілхайыр ханның түс көріп, оны сонша жерге ат арылтып досы Тайланға жорытуы, “Аңыздың ақырындағы” Кіші ханым мен Әміршінің түстері, “Күй” повесіндегі Жөнейттің, “Ханша-дария хикаясындағы” Гүрбелжін ханымның қыз күніндегі мен ерге шыққаннан кейінгі үнемі кіретін бір мазмұндағы түстері т.б.Бұл түстердің поэтикасын талдау,мағынасын оқып тану арқылы біз көркем шығарманың шындығын, кейіпкердің бүкіл табиғатын,шын бет пердесін,ішкі иірімдерін, көңіл-сана түкпіріндегіқұпия сырды,адам жанының психологиясына тереңдей енеміз. Біздің ұлттық менталитетіміздеежелден қалыптасқантүс туралы ұғым-сенім,дәстүрлі жорыту жолдары Ә.Кекілбаев шығармаларында жаңаша өң алып,олар үлкен әлеуметтік, философиялық,ғибраттық,психологиялық та қызмет атқаратын болды.
Өмірдің мәңгілік құндылығы да осы түстер туралы толғаныстарда кеңінен әңгімеленеді.Түстер мына өмірдің жалғандығын, бүгінгі тақ пен мансаптың, байлық пен бақтың Ажал-Ақиқат алдында бір тиындықта құны жоқьығын тұспалдайды. Осы түстер арқылы философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару,бүкіл адамзат баласына ортақ “мәңгілік құндылықтар”, адамгершілік мәселелері, кезең, орта,уақыт таңдамайтын көкейтесті проблемалар жөнінде ой толғау тек Ә.Кекілбаев түстеріне, оның қаламгерлік қуатына тән қасиет.(6.122)
Сондай-ақ, жазушы түстерді сюжет құруда және әдеби тәсілдерді түрлендіруде, шығарманың бүкіл көркемдік-құрылысын ажарландыруда бірден-бір айшықты тәсіл ретінде қолданады.
Жазушы Ә. Кекілбаевтың әрбір шығармасында Түс- Ақиқат.Олар оқушысына ақыл айтпайды, жол сілтемейді.Ол тек тұспалдайды, ой толғайды. Өмір мен өлім, тазалық пен настық, қуаныш пен қасірет, адалдық пен жауыздық т.б. толып жатқан қайшылықтар жайында сыр шертеді.
Енді бір сәт осы түстердің өздеріне, олардың берілу тәсілдеріне де тоқтала кетейік.
Аңыздық желілерді, мифтік мотивтерді, ертегілік сюжеттерді шағын және орта жанрда өзіндік стильдік ерекшеліктерін танытқан жазушы Ә.Кекілбаев ежелгі аңыз бен мифтерден, бүгінгі өмір сүріп отырған дәуірлердің талап-тілегімен, адамгершілік болмысымен ұтымды ұштастыра суреттейді. Осындай шығармаларының бірі “Аңыздың ақыры” романында жазушы түс көру тәсілін аңыздық желіде тарихи шындықты, өмір шындығын көркемдік шындыққа ұластырып суреттеуде шебер қолданған.
“Аңыздың ақыры” романындағы “Махаббат” атты тараудан бір үзінді: «…Бауыры от құшақтағандай өртеніп барады. Ол төсегіне батылсыз енген жас жігіттің мойнына оратыла кетті. Бұның баяғыдан бергі сарылып күткен ыстық іңкәрі басқа ешкімде емес, тек осы ғана…» \151-б\ Бұл — кіші ханымның түсі, екі бетке созылып әйелдің есін алған шебер жігіттің ыстық құшағы түс емес тап өңдегідей өртеп барады, яғни бұл көрініс бар бояуымен, табиғи болмысымен бейнеленеді. Өйткені, түс өтірік айта алмайды. Адамның жан баласына жақ ашып айтпаған, отыз тістен шығармаған шынайы шындықты, ішкі жасырын құпия-сырды әшкерелеген де осы Түс. Сіз өзге түгіл өзіңізден де жасырып жүрген құпияңызды ашатын да, жұртқа жария ететін де – Түн, Түс, ондағы бейсаналы сәттер.Сіздің күндізгі еркіңізге көніп, жасырын жатқан іңкәр сезімді де оқыста опасыздықпен әшкерелеп қоятын да осы — Түс. Абайдың ел-жұрттан жасырып, тек жүрегінде ғана сақтап-жаттап жүрген жалғыз есім – Тоғжан еді. Ұл-қызы бар, некелі жұбайы болса да, елге танылған атақты Абайды да естен айырып, “Тоғжан” деп толғандырып қойған осы Түс емес пе еді? Бөгде жұртта, әсіресе Тоғжан деп тіл қатуға қақысы жоқ. Тоғжанның қайын елінің көзінше – “Жаным!Асылым. Барым бір өзің”-деп бар сырын жұртқа жариялатып, ішкі әлемін әшкерелеген де осы- Түс.(6,98)
Кіші ханым да күні бойы алыс сапардан оралған Әміршіні ойлап, аңсап, бар жан – тәнімен соған бағышталды,бірақ Түсінде шебер жігіттің шырмауынан шыға алмай қалады.Өйткені,ол өтірік өрге баспайтын Түс өлкесінде,өзге әлемнің ішінде жүр. Ешқандай ақыл-еске, ырыққа көнбейтін бейсаналы елінде саяхатта жүр. Күндізгі өзін-өзі алдаусыратқан алдамшы, жалған өмірден өзге шынайы өмір, шындық пен тазалықтың, адалдық пен Ақиқаттың ауылында ол. Өзін-өзі алдайын, ұстайын десе де,ерікке көнбейтін Түн, Түс деген тылсым күш оның бүкіл шын бет-пердесін ашып тастады. Өзі де білмейтін,сезбейтін, тіпті мойындамайтын жүрек сырын Түс әшкерелеп берді. Осы жерде ұйықтап жатқан адамның қимыл-қозғалысын, дене қалпын (позы спящего) зерттеген көрнекті психиатр Самюэл Данкелл түс көру сәтінде ашылған ақиқат алдында кім де болса кіші, өйткені ол күндізгі маскировкаға көнбейтін шынайы шындықтың қайнар көзі екендігін ескертеді. Сол себепті де Ә.Кекілбаев түстің осынау психоаналитикалық, символдық, көркемдік мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана білген.
Романның үзіліссіз бір үндестікпен дамып келе жатқан оқиға желісі түс сюжетімен үзеңгілесіп,сол қалпында дами береді. Біз оқып отырған үзіндінің сана актісі екені Кіші ханымның түс көру барысындағы ілеспе ішкі күдігі,өз болжауы арқылы анықталып жатады:” Ханым ұйықтайтын ұлан-асыр кең жайды барша жарық жалғаннан көлкештеп тұрған алтын шайған ауыр есік сықырсыз ашылып,аяғының ұшынан басып әлдекім ішке өткендей болды”. Мұны алғашында түс емес, елес, көзге елестету екен деп қаласыз. ”Кірді де, одан арғыға батылы жетпегендей босағада тұрып қалды… Апыр-ай, кім болды екен. Ханым оны танитын сияқты… Күнде-күнде қасында жүрген, күнде-күнде көріп жүрген біреуі тәрізді. Бірақ жыға тани алмсады…” Осылай ұзаққа созылған түс-елес сана астарында Кіші ханымды біраз әуре-сарсаңға салады. Ол ұзақ уақыт мұның кім екендігін білмей, бет-жүзіндегі бейвербалды ишараттарды, сыртқы психологиялық қимыл көріністерді қадағалаумен болады,сосын ғана шырамытады, шебер жігітті. Өңінде өзіне ғашық болып, үздіккен жас жігіттің батылы жетіп бұған келуі Кіші ханым үшін тосын жайт. Екеуінің де ішкі бір іңкәрліктерін үйлестірген бұл түс ынтық сезімнен туған сананың сәулесі екені сөзсіз. Өңінде шебер жігіттің салып жатқан махаббат мұнарасында мөлдіреп тұрған мөп-мөлдір сезімді күнде көрсе де мойындағысы келмеген Кіші ханымның да жүрек түкпіріндегі жасырын сырын әшкере еткен бұл түс ең бастысы, ұлы Әмірші алдында сыр алдыртып қояды. Оқып көрелік: “Иә, ол өмірінде өз күйеуінің алдында,Әміршінің алдында жалғыз-ақ рет күнә істепті. Онда да өңінде емес, түсінде күйеуінің көзіне шөп салыпты. Бірақ сол жалғыз қылмысының өзін Әмірші иенің қырағы көзі қалт жібермей, үстінен шығыпты. Бұның бөлмесінде көп аялдамағаны — әйелінің түсінде шайтансырап жатқанын өз көзімен көргені ғой, ашулы шыққаны – бұның түсінде өзге еркектің құшағына кіріп, құштарлыққа берілгенін түсінгені ғой…” (152-б)
Бұл түстің көркемдік — эстетикалық қызметі мен философиялық құндылығы мынада — жан мен жүректі жегідей жер сезім, ғашықтық дерттің қандай да бір сезімдік – эмоционалдық құбылыстарды, яғни бейсаналы сәттердегі психологиялық процестерді паш ету. Осындай терең ой, үлкен философиялық тұжырымға тірейтін түстің роман оқиғасына одан әрмен әрлеп, ажарландыра түсері хақ. Мұндағы түс көру тәсілінің кейіпкерлердің мінез — құлқын, болмыс — бітімін, күрделі ішкі жан дүниесін ашудағы атқарар қызметі де орасан зор.
Адам атаулыға тән интимдік тәжірибеге сүйенсек, әркім көрген түсінің мағынасын, оның себеп — салдарын іздейтіні табиғи құбылыс. Сондықтан да Ә.Кекілбаев шығармаларындағы түс көрушінің түсі де, ондағы оқиға да оқушысын ойландырмай қоймайды. Және олардың бәрі де романдағы шындықтан алшақтамайды. Олар бейне бір суреткер — автордың философиялық ойлары жинақталған, өз бетінше аяқталып тұрған аңыз — әңгіме, новелла секілді. Түсті алып тастар болсақ көркем шығарманың құндылығынан түк те қалмайтындай. [6.125]
Негізі Ә.Кекілбаевтың кейіпкерлері ерекше түстер көреді және оны автор да асықпай, толыққанды түрде баяндайды. Соның бір дәлелі де осы — Кіші ханымның түсі. Түс көрушінің ұйықтар алдындағы, түс көру сәтіндегі,тіпті түстен кейінгі дене мен ішкі жан сезімдеріндегі әрбір психологиялық құбылысты қалт жібермей кеңінен толғап, тереңнен қозғаған қаламгер қатаң бақылаушы, қыбыр еткен қозғалысты аса қырағылықпен қадағалауға құмар.
Дүниеде тән опасыздығынан ой опасыздығының ауыр екендігін ежелден жақсы білетін Әмірші жан мен сананың өзгеге арналғандығын кешіре алмады. Осы опасыз Түс кесірінен он саусағынан өнері тамған жас жігіт екі бірдей көз бен қолдан айрылып, домаланған тас секілді зынданға тасталды. Кіші ханым кешірілмес күнәға батты.
Жазушы Түсті, одан кейінгі ой — толғаныстарды, сезім мен ой қайшылықтарын, атап айтқанда ашу-кек, опыну мен ақталу, өзекті өртеген өкініш пен налу, күйзелу мен күйреу т.б. секілді болып жатқан ойлау процесінен туындап жатқан сыртқы психологиялық сәттердің бірін де не көзден, не көңілден таса етпей егжей-тегжейлі баяндайды. Және ол баяндаулар үстірт, сырттай бақылаудан туған оқиға тізу емес, әрбір қалт еткен қыбыр-қимыл арқылы ой айту, образ ойнату, өмірдің өміршең өнегесін көксеу, адам тағдырының мәңгілік құндылықтарын меңзеу бар. Оны да бір сәт бақылап көрелікші :
«Сүйегін сүйреткен ебіл-дебіл бір хал. Енді ханымға бұл дүниеде, бұл тіршілікте ешқандай қызық қалмағандай. Дарға асса да, басын шапса бәрібір, өз күнәсін, өз қылмысын мойындап болған… Көңілін түсінде жеңген әзәзіл өңінде жеңбей ме?… Өз қылмысын өзі осылай мойындаған /мойындауға мәжбүр еткен — түсі. Г.П./ Кіші ханым Әміршіге деген адал көңілі, ендігі өмірінің мәнсіздігі т.б. туралы ой арпалысына түседі. Оның бүкіл өмірін өксітіп қойған бұл Түстің нендей құдіреті бар? Кіші ханымды да, Әміршіні де, оқушысын да ойлантып қойған осы түс. Оның айтпағы — тек ой опасыздығы ғана емес, оны жүзеге асырып отырған табиғат пен Ар-Ақиқат алдындағы адам атаулының әлсіздігі. [6.126]
Кіші ханым шебер жігіттің таза да адал махаббаты алдында әлсіздік танытса, Әмірші — Табиғат пен Ақиқаттың алдында, яғни Кіші ханым мен шебер жігіттің жастығы мен таза махаббатын «күш — айбат», даңқ пен байлық арқылы табындырып, жас жүректі жаулап алмасын мойындайды. Түс міне, осындай мәңгілік мәмлеге келмейтін жас пен кәрінің, тазалық пен байлықтың, махаббат пен жауыздық секілді екі әлемнің қақтығысын, сезім сәйкессіздігін астарлап жеткізеді. «Жұмыр басты пенденің кез-келгеніне лайық күйбең тірліктің қарапайым рахатынсыз қонған бақ пен даңқтың қай-қайсысы да соқыр тиынға тұрмайды екен». Бұл — Әміршінің әлгі түстен кейін сол түске қатысты үш адамның (Кіші ханым, шебер жігіт, өзі — Әмірші) тағдырын толғана келіп түйген түйіні.
«Аңыздың ақыры» дейтін төртінші тарауда Әміршінің өз түсі баяндалады. Мұнда да жазушының терең ойлы, әлеуметтік — философиялық мән-мағынасы терең адам жанының ішкі иірімдеріне үңгірлей, қазбалай үңілетін айшықты стильдік мәнері айқын көрініп тұр. Дарынның кәсіби даралық шеберлігі де осы түс көру тәсілін ерекше бейнелеп беруімен ұштасып жатқандай.
Оқылық: «Ол мынау қарғыс атқан қағынды өлкедей алыстаған сайын басындағы зіл-зілдей тәжден, үстіндегі оқалы киімнен арылып, тұла бойы жеңілейіп бара жатқандай көрінді. Бір уақытта тіпті иығындағы лыпа ихрамға айналып кеткен екен дейді…» 185-188 беттерге дейін созылған түстің қысқаша мазмұны осындай. Автор Әміршінің көрген түсін ертеңіне еске ала отырып, ондағы әрбір детальға, әрбір іс-әрекет пен оқиғаға талдау жасау арқылы жадыңда қайта жаңғыртады: «Есіне таң алдында көрген түсі оралды. Анау қарлы шыңдар түсіндегі Арафа мен Мұздалифтің, Саф пен Мәрудың күйген бауырдай қоп-қоңыр шоқыларына, көп шуылдақ қиқу салып аң қуып жүрген көк жасыл қойнау аяғыңды бассаң бұрқ-бұрқ шаң ұшқан Мин алқабына атымен ұқсамайды. Алайда, түсінде көрген өңірдің шаң-тозаңы, ыстық жалап кеткен топырақтың күңірсік иісі көкірегіне біржола орнап қалғандай. Ғұмыры көрмеген алые өлкенің көз алдына тап осынша анық сайрап келе қалғанына қайран қап отыр. Әлде қажыға сан рет барып қайтқан пірінің әңгімесінің әсері ме екен. Кешелі — бүгін ойына да алмаған жер түбіндегі киелі өлке бұның түсіне неге кірді? Әлде ата-баба бұған басындағы мына дағдарыстан қалай шығудың жолын меңзеді ме… Шынында да, осы қажыға неге бармайды?…. Осылай өз түсін әзі ұзақ ойға беріле отырып, болжауы осындай тосын түйін жасатты. Түс-географиялық та, математикалық та өлшеуге сыймайтын, тек көркемдік уақыт пен кеңістік секілді категорияға тән шексіздігі мен еркіндігін де осы жерде айқын көрсетеді. Жер жаһанды жаулаған Әмірші болса да ғұмырында бір рет жолы түспеген өлкені тап өңінде көргендей тау-тасына, топырағына дейін анық көріп, Құранды да өз қүлағымен өңіндегідей естуі, елге сүйдірген қағбаның бұдан қашып сүйдірмей қоюы да тек түс көру тәсілі арқылы жүзеге асатын қиял-ғажайып оқиғалар, эмоционалдық, психологиялық, сезімдік құбылыстар, эстетикалық құндылықтар екендігін дәлелдей түседі.
Түстің оқиғасы өтіп жатқан жер — Мин алқабы, мұнда түс көруші кейіпкер көп сынақтан өтеді. Мұндай сынақ роман кейіпкерінің басына түскелі отыр. Түстегі пейзаж кейіпкер өміріндегі табиғатпен мүлдем қайшы. Әмірші аулындағы қарлы шыңдарға Арафа мен Мұздалифтің, Саф пен Мәрудің шаң басқан шөлі кереғар. Бұрын-соңды өңі түгілі түсінде көрмеген бөтен өлкеде Әмірші өмірінде білмеген қорлықтың, сынақтың бәрін көріп бағады. Әлемді билеген Әміршімін деп ойлаған ол да көп пенденің бірі екен. Тіпті түсінде кім-көрінгенге ұстатып жүрген қағба тасының бұл келсе ұстатпауы да көңіліне күдік ұялатып, ойын аласапыран етеді.
Ә.Кекілбаев өз шығармаларыңдағы түстерде ертегілік уақытты /сказочные время. М.Бахтин ендірген термин. — Г.П./ көп қолданады. [6.128]
Әміршіні әрі-сәрі күйге бөлеп, арғы-бергі күнәларын тізуге мәжбүр еткен Түс одан арылудың да жолын қарастыруға көз сілтейді. Ол қажылыққа барғысы келіп, үнемі түс жорытып, әр жорық алдында батасын алатын Піріне келеді. Алайда ол: » — Жаратқан ие, ата-баба, желеп-жебеуші, әулие-әмбие, ақыл қосса, ол тұспалдары соқырға таяқ ұстатқандай сайрап тұрады. Кие үркіткен, әруақ ренжіткен жерің бар шығар, балам, ойлан, — деді де тыйылып қалды». Далалық жұрағаттар жады мен өмірлік-тәжірибелік болжамында сан ғасырдан бері орын алатын діни-мифтік, этнографиялық салт-сананы танытатын түсті тек жақсылыққа жоруға тырысқан. Әмірші түсі жаманшылықты тұспалдаса да, өзі іштей жақсылықты тілеп келсе де, Пірі ыңғай бермеді. Әміршінің рухани күйреуі, міне, осы тоқырау түсінен басталады.
Әлгі түстен кейінгі тынышын тонаған сансыз сауалдарына көңіл орнығатындай жауап ала алмаған Әміршінін көңіл күйзелісі, күдік пен күмәнға толы көңіл-күйі, жан дүниесіндегі арпалыс шығарма соңына дейін үздіксіз жүріп жатады. Жалғандағы жалғыз жанашыр деп жүрген Пірінің өктем пішінінен, жарытымсыз сезінен соң біржола өмірден безген Әмірші рухани тоқырауға, адамдық, моральдық тұрғыдан күйреуге ұшырайды. Кеше ғана бүкіл ғұмырының мән-мағынасына айналған ел билеу секілді астамшылық ой-арманы осы түстен соң-ақ аяқасты болып, күл-талқаны шығады. Тіпті, мына өмірден баз кешіп, Қажылыққа да барғысы бар, күнәсінен айрылғысы да келеді. Бірақ, Пірінің пұшайман пішінінен соң, күрт өзгеріп, тынышын тонаған беймаза тірліктен, осынау опасыз дүниеден біржола безудің бірден-бір жолы жорық, ұлы жорық деп шешеді де, шұғыл сапарға аттанады. Бұл сірә, соңғысы да болуы мүмкін?! Әрі оның жұмбақ әлемінің шешуін осы ұлы шайқастар шешіп бермесіне кім кепіл?!
Бұл туындының өн бойында осылай өріліп, кейіпкерлердің ішкі жан дүниелеріне жаңаша жол аша білуі, олардың алуан түрлі хал-ахуалын, көңіл-күйін, психологиялық жағдайларын баяндау шығарма сюжетін дамытуға дәнекер болады. Әрі бұл түстер оқиғаны өрбітер өлке ғана емес, тап сол жағдайды туғызатын үзік бір үзіндінің өзі болып табылады. Мұның өзі жазушы шығармашылығындағы түс поэтикасын танып-түсінуге түрткі болары сөзсіз. Ә.Кекілбаев шығармашылығына фантастикалық — реалистік, иллюстративті — психологаялық және сюжетгі түс көріністері тән. Шығарма сюжетіне тірек болатын мұндай түстер оқушының ойында мәңгі сақталады. Сондықтан да оның түстерін рет санымен санамалап, циклды түстерге жатқызуға болады. Айталық, Кіші ханымның түсін бірінші түс десек, әміршінің түсін екінші деп реттеуге болады.
Екінші, Әміршінің өз түсіне тоқталайық: «…Жан даусы шығып: «Хақ тағала қай қызметіңе де әзірмін, — деп айқай салып келеді. «Тек жұртқа жасаған мейіріміңді маған да қия гөр», — деп екі етек боп жалбарынып келеді. Бірақ тірсегінен қағып өтіп, шыркөбелек үйіріліп, шыр айнала қашып жүрген қағбаның қасиетті тарғыл тасы бұған бәрібір жеткізер емес» [186-б.]. Мынадай ауыр жазаға қай пиғылынан тап болғанын, оны неге жорырын білмей дағдарады. Кейіпкердің көркем шығармаға бергісіз мазмұнды, әрбір деталына дейін айқындалған мұндай шынайы, күрделі оқиғалы түстегі әлем, кісі күтпеген көптеген оқыс сезімдік психологиялық көріністерімен көкейде қалатыны бар. Әміршінің түсі, міне, осындай сюжеттік оқиғаға бай, романның көркемдік құндылығын арттырып тұрған символдық, мифологиялық, психоаналитикалық сана актісі екендігі шынайы айқындайды. [6.129]
Сондай-ақ оған аң аулауға барғанда оқыстан шыға келген жолбарыстың неліктен бұған шаппағаны қосымша болып, қайғы үстіне қайғы жамағаны белгілі. Жолбарыс қарсы алдында тұрса да ол Түс туралы ойланады, оның шешуін тапқандай болады: «Түсіндегі тастың мұны маңайлатпай қойғаны мынадай тосын ажалға көрінгсн екен» дейді. Алайда ол тірі қалады, есін жиып садағымен атып алған олжасы арасындағы осынау қас-қағым сәтте түсіндегі қара тас секілді Ажал да бұған ұстатпай кетеді. Мұны да жаман ырымта санаған Әмірші енді өзінің Піріне барып, «анау күнгі түсі мен тосыннан тап болып, бірақ шаппаған жолбарыс жайын айтып» жауап тосады. Ол тағы да: «Кие үркіткен, әруақ ренжіткен жерің бар шығар, балам, ойлан» — дейді де қояды.
Міне, бұлардың бәрі қаламгердің адамды қайта тудыруға және жаңартуға тікелей әкелетін тоқырау түстерінің (кризисных снов) үздік үлгілері екендігін атап айту керек. Жоғарыда атап еткен Әмірші, Жөнейт, Кіші ханым, т.б. секілді жарты әлемді билеген адамдардың тоқырау түстерден соң Адам, Ақиқат, Ажал, Тағдыр алдындағы «аллаларын танып», өздерінің қанды қолдарымен жеткен жеңістері мен даңқтарының өткіншілігіне өкінеді, жерінеді, мүлдем жаңарады немесе біржола күйрейді. [6.130]
Мұның бәрі атақты әдебиеттанушы М.Бахтин айтпақшы, тоқырау түстерінің әдебиетте маңызды роль атқаратынын айғақтайды. Кейіпкерлерге өмірді басқаша қырынан танып, түсіндіруге тырысқан мұндай тоқырау түстер Ә.Кекілбаев шығармашылығында көптеп шоғырланған.Сондықтан да Ә.Кекілбаевта түс көрмейтін кейіпкер кемде — кем. Және олар жәй түс көрмейді. Олардың түстері өміріне өзгеріс әкелетін, кейіпкерлердің жан дүниесін, өмірге деген көзқарасын түбірінен жаңартатын түстер. Оған Әбілхайыр, Әмірші, Жөнейт т.б. түстері куә. Олардың бәрі де Түстерінен соң өздерінің қанды қолдарымен қиратқан өмірдің мәңгі құндылықтарының қадіріне жетіп, бағалай бастайды.
Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесінде де Сырым деген жігіттің Құрбан қариядан естіген Жөнейт батыр туралы хикаясы да бастан-аяқ түстен тұрады. Күй шежіресіне айналған бұл аңыз-әңгімеде Жөнейт батырдың ұлы Дәулет күйшінің жауға барып, қайтыс болғаны, оның құнына әкелінген қазақ күйшісін тірідей жерге көмгелі батырдың көрген күні азаппен, түні түс көрумен өтеді. Өмірі мен өнері Дәулетінен айнымайтын күйші күн сайын өз баласы болып түсіне еніп, Жөнейттің өзін ажал құштырады. Күн мен түнін ауыстырып, ақыл-есінен айрылғандай ахуал кешкен Жөнейттің күні күн емес. Ол ашумен күйшіні тірідей жерге көмдіргенімен кейін жаны ашып, талай түн кірпік ілмей, құтқарудың да амалын ойластырады. Бірақ бәрі ойы, түсі арқылы ғана жүзеге асады. Осы орайда, түс көру тәсілі қандай көркемдік қызмет атқарып тұр? Жазушы бұл тәсілді қалай пайдаланады? Бұл повестегі түс көру тәсілінің өзге шығармалардағы түстерден айырмашылықтары мен ерекшеліктері қандай? деген сауалдарға жауап беру үшін жазушының өз тәжірибесіне сүйене отырып қана ой-пікір айтуға болады.
«Күй» повесінде шым-шытырық оқиға жоқ, онда тек ой бар, Жөнейттің күндіз жорудан, түнде көруден жалықпайтын түсі бар. Тіпті, шығармадағы оқиғадан түсті бөліп алып тастауға мүлдем болмайды. Өйткені, олар біртұтас дүние. Бір леппен, бір деммен беріледі. Мәселен: «Ояуында көңілін паршалап жан жүйесіне ұша сіңіп қалған ойран ой ұйықтаған соң да мазалады. Көзі ілініп кетсе, аяғының астында жыланша ирелеңдеген қу томар жатқан, қарсы алдыңнан шабынған буыршындай кеудеңнен қағып, алапат бұталар аңдаған қара түлей келеді…» деген секілді кілең жүйелі ой ағымына кеңінен орын беріп, көңілдің ала-құйын асау сезімін селдете жөкелген суреткердің дара стильдік ерекшелігі, ойлау сипаты, көркемдік әлемі «ә» дегеннен назар аудартады. Үлкен өнері барда қандай өлімге де бас имейтін тәкаппар тұтқын күйші тағдыры мен оның аянышты өлімі туралы жазушы толғанысы сана актісі арқылы айшықталады. Туындының өн бойында өріліп, тақырыпқа тұтасқан түс мазмұны тұтқын күйшіні қалай құтқарудың амалын таппай тордағы арыстандай аласұрып, беймаза күй кешкен Жөнейттің жан азабына құрылған. Түс пен өңнің арасындағы эзотериялық жағдайдағы сананы образды түрде ойнатудың таңғажайып түрлерін асқан шеберлікпен пайдаланған Ә.Кекілбаев батыр Жөнейттің ішкі бір үрейінен, рухани күйреуінен хабар береді. Күн мен түннің, анық ақыл мен шатасқан ойдың арасалмағын ажыратудан қалған Жөнейтке өз баласы Дәулет болып көзге елестеуі сенімді. Алайда әдеби кейіпкердің түсі кәдімгі өмірдегі адамдардың түсіне мүлдем ұқсамайтындығы түсінікті. Негізі көркем шығармада түс автордың қалауына қарай белгілі бір психологияның заңдылығына байланыстырыла пайдаланатындығы мәлім.
Жөнейт өз түсінде кеше ғана өз қолымен көмген тірі тұтқынды енді құтқарғысы келіп алас ұрады: «…Жаным-ау …Мынау Дәулет пе? Бұл қайдан жүр? Аңтарылып тұрып қалды. Баласы жүзін қырын сап, бұған қарамайды. Жөнейт баласын жер астынан қазып алғысы кеп, қос қолдап тырналай бастады. …Қарғам-ау, неге үндемейсің?» Өзінің әлем-тапырық даусынан өзі оянып, көзін ашып алды». Кейіпкердің түс көру процесі мұнда көркемдік тұрғыдан талданады. Және түс көру мен одан кейінгі күрделі көңіл-күй күйзелісі сюжетгің өрбуіне сәйкес оны жүргізетін эмоциялық тон, психологиялық хал-ахуал құрады. Жөнейттің бірінші күнгі түсінен соң-ақ ұйықтау мен ояну мезеті психологиялық тұрғыдан өте толыққанды түрде баяндалады. Егерде автор осы екі аралықтағы байланысты үзіп алған болса, шығармадағы бүкіл көркемдік-психологиялық шындық нанымсыз болып қалған болар еді. Және түстің өзінен гөрі одан кейінгі кейіпкердің ойлану сипаты, күрделі психологиялық процесс бүкіл шығарманың сюжеттік — композициялық мазмұнын тереңдетіп, түстің психоаналитикалық қызметін жан-жақты танытуға үлес қосары сөзсіз.
«Анау бір күні түсінен шошып оянып, кешке дейін ес жия алмай қойды. Қара түлейден шыға келсе, күйшіге бір көк шулан бөрі тісін ақситып, желкесін күдірейтіп тап-тап беріп тұр. Көре сала мылтығын оқтап еді. күйші: «Атпа! Оны атқанша мені ат! — деп шыңғырды. Бөрі мұны көріп безе жөнелді…»
Күйші туралы түн сайын енетін түсі ақыры Жөнейтті өлімге алып келеді. Күн-түн ойынан бір кетпейтін күйші тағдыры оның «Күні кеше намыс қуған, кек қуған еңіреген ермін» деген ойының күлін көкке ұшырып, «кек», «намыс» деп босқа лепіріп жазықсызға тырнағы, нақаққа найзасы батқан желбуаз жендетке айналғанын мойындатқандай еді. Жөнейт батырға өңінде бір кісі айта алмайтын Ақиқатты — Түсі түспалдап жеткізіп отыр. Аңыз — әңгімеге құрылған бұл түс бір емес бірнеше күн қатарынан өнетін болды. Тіпті, түсін жорытып, көңілін аулағысы келіп Темір бабасына да барады. Алайда, атағы жер жарған әулиенің өзі «жүні жығылып, ықтап кеткендей көрінеді» оған.
Бүгін де көргені сол түс, сол айдаладағы құм ішінде өлімін күткен күйші кейпі қайталанды. Мұнда күйшінің басы қу басқа айналыпты: «Ендеше, сол күйшінің басын жұтқан өзің емес пе?» — деп тісін ақситып, сақ-сақ күледі. Бұл түсі. Жөнейт қу бастан сырт айналып қашамын деп, сүрініп құлап, мерт болады. Бірақ, бұл түсі емес, өңі еді.
Мұндағы не ақылсыздыққа не өзін-өзі өлтіруге алып келетін күйреу /сон-катастрофа/ түсі кейіпкердің өліміне себепкер болады. Өнері бар адамның өмірі өшпек емес. «Өнер құдіреті кім-кімді өз алдына бас идірмек» деген ақиқатты, философиялық ой-түйінді тұспалдайды Ә.Кекілбаевтың түстері.
Қазақ жазушыларының ішінде дәл Ә.Кекілбаевтай түске терең мән берген, оның мағыналық мәнін, табиғатын, поэтикасын танып, оны бояуы қанық көркем психологиялық көріністермен кестелей білген суреткер сирек. [6.132]
Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаң» атты романындағы түсті, түс мазмұнын оқығанда кейіпкердің өңіңдегі өз ойымен өзі алысқан, санасымен салғыласа сырласқан, сан сауалдарына жауап іздеген ілкі бір сәттеріне тап болғандай әсерде боласың. Кейіпкер түсіндегі оқиғаға тікелей қатысып, ондағы сезінген психологиялық, физиологиялық сезімдерді жаны ауыра қабылдап, бастан өткереді.
Роман соңындағы Әбілқайырдың ақырғы түсінде тағы да сол баяғы түлкі кіріп, қырық құбылып кейіпкердің ойынша бірде жендетке, бірде таусылғалы тұрған талай-тағдырына айналғандай болады. Ол билеген ханға ертеңгі халық тағдырын сәуегейлікпен тұспалдап берген бұл түсті сұлтан көріп жатып, жол-жөнекей жорып та жатады. Бірақ, ол тап сол сәтте /түс көру сәтінде/ оның бірде-бірінен бейхабар еді.
Сөзіміз дәлелді болсын десек, бір-екі үзіндіге үңіліп көрелік: «Қызыл түлкі аяғы жерге тимей жұлдыздай ағып келеді.
…Апыр-ау, бұл қырық бұлтақ түлкі емес пе? Жаны қысылғанда айлаға баспайтын ба еді?…Бұл соншама неден қорықты?
…Сорғалап төніп қалған, екі иығына мініп қалған көк тағысы қайқаң етіп қайта биіктейді. Сақ-сақ күлгеңдей саңқ-саңқ үн шығарады… Құдай-ау, мынау не өзі — құс па, адам ба?…
«…Осы қашып келе жатқан өзі кім? Расында түлкі ме?…
«Салақ қойшының ұлтарағыңдай сатпақтанып, екі шекесін сабалап келе жатқан салпаң құлағы айбар жиып, едірейіп-едірейіп шыға келген екен дейді. Жалт бұрылып қарсы атылды. Аспанға атылды. Төбесінен сорғалап төніп келіп қалған тарғыл бүркіттің өзіне тап-тап берді. Аузын ашып, тісін ақситты. Іліксе қиьп түсуге бел буды… Сұлқ түсіп жата кетті. Көзі тағы да көкке түсті. Манағы тарғыл бүркіт әлі шүйлігіп жүр. Мұның ендігі күні не болар екен деп алаңдай шолып айналсоқтап жүргендей… Бірер бетке (4) созылған түс осымен бітті.
«Сонда әлгі көргені не? Әруақтар көзіне күңдіз елестетпеген нышанды түнде түсіне кіргізгені ме? Тарғыл бүркіттің мұны қызыл түлкі қылып қуалап көргені, қанша дегенмен, әруақтардың шақырғаны ғой. Жеме-жемге келгенде төбесінен сорғалап түспегені, не десе де, бұның басындағы халді түсінгені ғой. Сонда да айналсоқтап шыға алмай жүргені, қайтсе де желеп-жебейтін пейілдерінен таймағаны ғой.
Ендеше, баяғы Мәті би айтқаңдай түлкі дәуреннің біржола орнағаны ғой. Ал, сонда бүның Өлгі тағдырдың жазуындай тарғыл бүркіттің өзіне тап-тап бергені не болғаны? Өлермендігі ме, Өміршеңдігі ме?…
Не де болса, келешек көрсетер…» Сұлтан өз түсін осылай өзі жориды. Түсі қандай анық әрі ұзақ болса, оны жоруы да солай, •түстің әрбір деталіне дейін еске алып, өз-өзіне сауал бере отырып, оның жауабын іздейді. Өзінше қорытынды, болжау жасайды. Ә.Кекілбаев бүл шығармасында түсініксіз, шым-шытырық түстерді көп пайдаланбайды, керісінше мұнда көбіне мазмұны айқын, түсте көрген көріністердің, тіпті адамның түр-түсіне дейін анық әрбір жан-жәндіктердің қимыл-қозғалысына дейін қанық бояумен беріледі. Ә.Кекілбаевқа тән бір қасиет — ол түсті кейіпкерінің сол түс көріп жатқан кезінде-ақ сана астары арқылы оқиғаға тікелей араластырып, ой жарыстырып қояды. Түс көруші түстегі әрбір әрекетке Өзінің көңіл-күйін білдіріп отырады. Түлкінің әрбір қимылын қалт жібермей қадағалаған сұлтан «ол неге олай істемейді, өзінің айлакерлігіне неге салмайды» деп жаны қинала, жан күйерлік жасайды, оның себеп-салдарын тереңнен талдауға тырысады. Кейіпкер роліне кешкен автордың психологиялық талдауы таңдай қақтырарлықтай. Ә.Кекілбаев мифологиялық сипаттағы түс көру тәсілінің көркемдік мүмкіндігн кейіпкердің сол сәттегі көңіл-күйін, психологиялық жағдайын жан-жақты ашуы үшін асқан шеберлікпен пайдалана білген.
Түс көру сәтіндегі толғанысты, түстегі оқиға мен түс көруші арасындағы сезімдік, эмоционалдық, психологиялық байланысты З.Фрейд: «…Адамның түс көру сәтінде бастан кешетін жан қозғалыстары күндізгі сергек кезіндегіден мүлдем бөлек… Түстегі образдар мен психологиялық көріністерді сөзге түсіріп, сол көңіл-күйді қайта бастан кешу көп қиындық тудырады» деп түсіндіреді.
Адамзатқа бейсаналы сәтте пайда болып, неге олай, ол неге менің түсіме еніп жүр деген сан сауалдардың тууына себеп болу түс көру табиғатына жат нәрсе емес. Соңдықтан да суреткердің сауалдарды көбейтіп, соған жауап іздеп жанталасуы да шындыққа жанасымды. Және түс көру кезінде бейсаналы түрде бола тұра түгелі ой ағымына құрылған психологиялық түзілістер мен талдаулар ертеңіне түсті еске алу сәтінде де қайталанады. Түстегі адамдардың, заттардың, көріністердің образын дәл, анық көзге елестете алмау да көп қиындық тудырары сөзсіз. Түс көрген кісілердің ертеңіне «келе жатыр екем деймін», — деп, көбіне болжаммен, күдікпен тұспалдап жататыны да тегін емес. Түс — адамға бір-ақ рет кіреді. Оны кино лентасындай қайталап көруге болмайды. Ол тіпті мүмкін емес. Қайталап енгеннің өзінде тап сол мазмұнда, сол көріністе, болған оқиғаның еш өзгеріссіз көрінуі мүмкін емес. Ол түс көру табиғатына жат құбылыс. Бір түсті сан рет көрсе де оларды бір-бірімен шатастыруға болмайды. Мәселен, Жөнейттің, Әбілқайырдың, Гүрбелжіннің түстерін тек солардың өздері ғана көре алады. Оны басқа кейіпкер көруге болмайды, ол мүмкін де емес. Керек десеңіз түрбелжіннің қайталап енген түстері де мүлдем ұқсамайды бір-біріне. [6.134]
Негізі, Ә.Кекілбаев түс көру тәсілін екі мақсатта пайдаланады. Бірі — кейіпкердің ішкі жан дүниесіне тереңірек үңіліп, ену үшін, яғни аналитикалық таңдау тұрғысынан келсе, бірі — түс көргеннен кейінгі көңіл-күйді егжей-тегжейлі талдап жазу үшін қолданады. Суреткердің көп арқа сүйейтін «тоқырау» түстерінен кейінгі кейіпкердің жан дүниесіндегі ой мен сезім арпалыстары мен қайшылықтарын қатар қойып, салыстыра бейнелеу ең ұғымды тәсіл. Кейіпкердің осындай екі әлем, екі ұшты сезім ссәттеріндегі психологиялық процесті бейнелеу арқылы үлкен әлеуметтік-философиялық ой қорытуға бейім жазушы түс көрудің поэтикасын шын мәніңдегі көркемдік сапаға көтере білді.
Ә.Кекілбаев «Елең-алаң» романыңда да түс көру тәсілін кейіпкерінің ішкі жан дүниесін зерттейтін көркемдік құрал ретінде көп қолданады, Мысалы балшы қыз Бопайдың түсін алайық: «…Түс көріпті… Түсінде тап осы Бегәлінің отауының табалдырығының ішінде мал сойып отыр… Мал дегені, терісін сыпырарда байқады, арлан қасқыр… Жон арқасы көк шуланданып тұр… Өзінен қан шықпайды, ағыл-тегіл сүт ақтарылып жатыр… Селк етіп қолын тартып ала қойды». Түсіндегі қан дегені сүт болып шықты, аппақ сүт ақтарылып жатқанын жақсылыққа жорыған Бопай тап сол күйі ойламаған жерден алдына жаралы болып, ес-түссіз күйде жеткізілген белгісіз бозбаланың тегін адам еместігін, бұньң өміріне керемет өзгеріс ала келетіндігіне осы түсті жору барысьнда көз жеткізеді. Қыз алдында сұлап жатқан жігіттің Бопайға ертең өмірлік серік болып, жолы да ашық, өзі де аққа жарып, алды жарық болатынын меңзеген бұл түс тегін енген жоқ. Кейін тұрмысқа шыққан соң да тап осындай мазмұнда, бірақ басқа жағдайда (түс фабуласы өзгеше) енген қан орнындағы аппақ сүт символы бейне бір Бопай басына қонған бағы мен бақыты дерліктей. Осы орайда, бір мазмұндағы бірақ, әр түрлі психологиялық жағдайда көрінген түстің бұл түріне Бопайдьң Әбілқайыр сұлтанға ерге шыққаннан кейінгі көрген түстерін жатқызуға болады.
Айталық, бүгін түнде түсіне Ералы кіріп жүр. «Бұлар іште сары табаққа салып ап сары сазандай аунатып бүйенге қатырған шырын уыз жеп отырғанда, ол түрулі іргенің тұсына келіп, көзін сатьп, қолын жаяды. Бұлар оны аяп қолдарын қанша созса да, іргеге жетпейді. Үйдегілердің қайырынан күдер үзген Ералы отыра қалып, топырақтың астына қолын сүңгітп, бұлқын-тып саршұнақ па, борсық па бірдеңе суырып алып шығады. Жаңағы олжасын бауыздамай, іремей, тыпырлатып, тырнағын қадап, жайратып жатады. Әлгі немесінен қан шықпайды, ағыл-тегіл сүт ақтарылып жатады…» Көзбен көріп, қолмен ұстағандай көріністерді де, түстің мазмұны да айқын. Мұнда шатасу, еске түсіре алмай дал болу жоқ. Бопайдың бірінші, қыз күнінде көрген түсіңде сойып жатқаны арлан болса, мұнда не борсық, не саршұнақ екені белгісіз келеді. Бір қызығы екеуінен ақ сүт ақтарылып төгіліп жатады. Тәңіріден төгілген ырыс-береке, бақ-бақыты болтан ақ сүтті Бопай бұл жолы да жақсылықа жориды: «Селк етіп оянып кетсе мең-зең… Бет-аузы жоса-жоса жас. Ұйықтап жатып жылап жатыпты. Әлденеше рет кәлимасын қайырьп, әлгіндей сөлекеттеу түсті жақсылыққа жорып бақты. Баяғыда Әбілқайыр алғаш бұның төркінінің табалдырығын аттағанда, бұл өзі де түсінде босағада жайратып арлан бөрі сойып отырмап па еді… Одан да қан шықпай, сүт ағып жатпап па еді… Арты жақсылық болып еді ғой соның… Мұның да арты жақсылық шығар… . Ләйім солай болғай…».
Бұл түс бір жағынан «түсіңде жыласаң, өңіңде қуанасың» деген қарапайым өмірде көп қолданатын жору салтын, тұрмыстық пәлсапаны еске түсіреді. Қарапайым түстің де шығармада атқарар Өзіндік Өрнегі, көркемдік эстетикалық құндылық ретіндегі ролі орасан зор.
Сондай-ақ, Ә.Кекілбаев түс пен өң, яғни өлі мен тірі аралығындағы, ең көркемдік әлемді онирикалық поэтика тұрғысынан танып, психологаялық таңдау тәсілі арқылы айшықтап, ажарлап суреттеуге де шебер. Мәселен, Кирилловтың өң мен түс аралығындағы есалаң күй кешуін түске теңеп, төрт бет бойы оның психологиялық ауыр жағдайдағы хал-ахуалын жан-жақты таңдап жазады. Әдебиеттегі өрнегі өзгеше бір әлем болып табылатын бұл тәсіл кейіпкердің ішкі өміріне, сана астарына т.б. ену ғана емес, шығарманың сюжеттік желісін қүрделендіріп, оны көзге көрінетіңдей иллюстрациямен, рационалистік эмоциямен бейнелеу де болып табылады. Ә.Кекілбаевтың түс көруге деген қызығушылығы романның соңына дейін бір толастамайды. Романның «біссімілләсыңда» басталған түс-түлкі соңына дейін темір қазық секілді қайталанады да отырады. Өзіне ешқандай көркемдік жауапкершілік жүктемейтін, бейсаналылыққа кеп сүйенетін, өң мен түс арасындағы есалаң күй т.б. секілді эзотериялық нышандар мен құпия белгілер Ә.Кекілбаевтың көп қолданатын тәсілдері. Романның басында көрген түсі ме әлде, елес-нышан ба әйтеуір Мәтінің келіні Патшайым жортқан қызыл түлкісі қызыққа құмартқан қиялдай қыр соңынан бір қалмайды. Оны автор былайша береді: «Енді, міне, бұл дүниеде бар-жоғы белгісіз сол рух бұған тағы да аян беріп, шырт ұйқьдан оятып алды. Бір сәт байыз тапқан алаңсыз көңілін қайтадан бебеулете бастады».
Жалған дүниенің, мына өмірдің өзі де «сағым-түс» секілді алдамшы деген астарлы ой, философиялық түйін түйдірген бұл түстің тұспалын жазушы мынадай оймен тұжырымдайды: «Байқап қараса, бұның өмірінде болып жатқан оқиға-құбылыстардың бәрі де сағым іспеттес екен. Қазір ғана бадырайып көз алдында тұрған көрікті көрініс еді айнальп бір қарасаң, жым-жылас жоғалып шыға келеді. Бәрі өң мен түстей. Бәрі де құбылмалы. Бәрі де алдамшы. Өзгермейтін, құбылмайтыны — түсіндегі шат-шадыман қуаныштың өңінде өзегіңді өртер өкініш боп шыға келетіні. Кеп-келте рахаттың өмірбақи жаныңды өртер бейдауа азапқа айналатыны. Сонда кешегі жеңісі мен желпінісінің де бар болғаны енді айналып келмейтін, көзден біржола бұлбұл ұшқан бұралқы елес, алдамшы көрініс қана болғаны ма?!. Бұл да тоқырау түске жатады. Алайда, Жөнейт пен Әмірші секілді рухани тоқырауға ұшырамай, Әбілқайыр келешекке сенеді, өмірдің өтпелі екендігіне көзі жете отырып, келер өмірден, атар таңнан үміт күтеді. [6.135]
Ә.Кекілбаев түс көру тәсілін әдеттегідей, үшінші біреу, яғни баяндаушы арқлы тек мазмұнын ғана қысқаша әңгімелеп қана қоймай, көргенін сол сәтте-ақ талдап, сол түске ілесе отырып, оқиғаны дамытуға құмар. Оның түс екенін кейде байқамай да қаласың. Мәселен: «Көзі іліне беріп еді, өзінің Уфаның шет жағындағы бөренеден қиып жасаған жатаған үйінің ауласынан сопаң етіп шыға келгені. әйелі Устинья бұның көзі таяр-таймаста ақ қырмызыдай құлпырып, гүл-гүл жайнап қоя беріпті. Екі беті албырап, екі көзі жайнақтап өртеніп тұр…
— Сидор Ефимович, қалай тез оралғансыз?! — деп сыңғырлай шыққан даусынан тани кетті.
Бал-бұл жанып, жайраңдап тұрған әйелін құшақтай алғысы кеп, әзер шыдап тұрса да, көңіліне бір қитұрқы ой қашып, қолындағы қамшысын умаждай түсті.
Жаныңның барыңда мойныңа ал… деп төне түскелі жатыр еді, кенет…» Біреу иығынан тартқылап, оған мүмкіндік бермеді .
Міне, осындағы түс көру тәсілі романның сюжеттік және композициялық құрлымымен жымыңдасып, ара-жігі білінбейді. Жалпы қазақ әдебиетінде түс көру тәсілін жан-жақты дамытып, оның түрлік, көркемдік, символдық, мифологияльгқ, психоаналитикалық, т.б варианттарын жасаған, оның әрқайсысының көркемдік кеңстігі мен поэтикасын көркейткен жазушы да Ә.Кекілбаев. [6.138]
«Ханша-дария хикаясы» атты повесіндегі оқиғаның өмірге келуіне түрткі болған жәйт — Шыңғыс ханның түсі. Ол түсінде керемет сұлу әйелді көреді. «Бар мақсаты таусылып, әйелден басқа ойлайтыны қалмаған кісіше…» деп ол түсін ұмытқысы келгенмен кездейсоқ кез болған мына сурет оны қайта еске салады: «Қасар мерген екеуі желе жортып қасына жетіп барды. Түңде жауған қар бетіне тамғанда қан қандай әдемі. Есіне түндегі түсі оралды. — Осы дүниеде, сірә, денесі тап осы қан сонардың қарындай аппақ әйел баласы бар ма екен? — деді.
Қасар мерген:
— Таңғұттардың Шидүрге деген бір бекзадасының Гүрбелжін деген әйелі қараңғы үйге кіріп барғанда, самалдай жарқырап кетеді дейді. Болса, тек соның жүзі ғана осындай шығар, — деді шала-жансар қоянды тамағынан орып жатып.
— Таңғұттардың дейсің бе…
Шыңғыс хан ойланып қалды» .
Міне, осыдан «Ханша-дария хикаясы» басталады. Гүрбелжінді алғысы келген Шыңғыс хан қаншама халықты қырып, ақыры оған да қолын жеткізеді. Алайда, жауына жар болғысы келмеген ханым оны өлтіреді де өзі дарияға құлап өледі. Ханша-дария хикаясының өмірге келіп, дамуына дәнекер болған әлгі түс Шыңғыс ханның өліміне әкеліп тірейді.
Осы туындыда тағы бір тоқталар ерекше бір түс көру тәсілі Гүрбелжіннің ерге шықпай тұрып көретін түстері. Ол кейін Шидүрге ерге шыққан соң да талай еніп жүрді. Алайда, оның жоруын ең соңында өзі құздан құлап өлген соң, оқырмаңдары ғана болжап білді емес пе? Бір мазмұнда қайталаньш енетін түс тек Ә.Кекілбаевтың шығармаларында ғана кездеседі: «Ақ некенің төсегінде де баяғы қыз түнгі түстерін көріп жүрді. Ол ылғи түсінде ертегілердегідей бір перизада жігітке ғашық болып, елден-жерден безіп, айдалаға барып, құздан ұшып өлгелі жатқан-да оянып кетеді. Сонда дәйім қасындағы серігі өзі әлі бұл дүниеден көре қоймаған бейтаныс біреу болушы еді. Ондай түс көрген күннің ертесіне өзінен-өзі қуыстанып, күйеуінің бетіне қарай алмайтын.
Осы жуықта да түс көрді. Тағы да баяғы құздың басы. Соңдарында — қуғыншы. Алдарында-зымыран. Бұл қасындағы серігіне қарайды. Сөйтсе-Шидүрге. Ажал алдында оған деген көл-көсір сүйіспеншілігін білдіргісі келіп күйеуінің салалы саусақтарын құшырлана қысады. Гүрбелжін күйеуіне деген айрықша ықыласын сол түсінен кейін анық аңғарғандай болды». Осы түстері арқылы кешегі қыз күнінде арман болған ғашығының өз қосағы екендігін кеш те болса түсінген Ханым соның жолыңда өз арын да, махаббатын да аяқ асты етпей өзі мерт болды. Түсіне үнемі кіретін құздан ақыры өзі құлап, қайтыс болды. Ол өзімен бірге жер-жаһаңды жаулаған атақты Шыңғыс ханды мерт етерлік дертке шалдықтырып, өз елінің кегін де ала кетті.
Басқа түстерден бұл түстің ерекшелігі үнемі бір мазмұнда енетін түстің қазақ прозасында алғаш рет пайда болуы жене өзіндік өрнегімен өзек алуы еді. Және бұл түстің бір ерекшелігі Гүрбелжінге ғана тән түс, оны өзге кейіпкердің көруі мүмкін емес. Қайталанып отырса да ол түсті тек Гүрбелжін ханым ғана көретін түс болуы тиіс. Осы жерде З.Фрейдтің «Түс жеке санаға тән құбылыс. Және бір рет енген түс қайтып қайталанбақ емес», — деген сөзіне сүйенсек, қыз қиялындағы сүйген жар образы әр кезде қол жетпес армандай болуы заңды да .
Әбіш Кекілбаев әр шығармасында аңыз-әңгімелердегі бір ғана қарапайым оқиғаны (детальды) тілге тиек етеді де соны үлкен драмалық-трагедиялық коллизиялар дәрежесіне көтеріп, рухани әлемдегі, адам санасындағы психологиялық, әлеуметтік, этикалық, моральдық өзгеріс — қозғалыстар арқылы шебер береді. Детальға үлкен мән беретін суреткер сол арқылы өмірдің әлеуметтік, философиялық, эстетикалық мағынасына үңіліп, жан диалектикасын, адам психологиясын, ішкі рухани әлемді ашуға тырысады.
Әбіш Кекілбаев өз көркем туындыларында миф, аңыз түс көру тәсілі арқылы кейде метафоралық мысал ретінде, кейде кейіпкер мінезін сомдауда психологиялық көркемдік компоненттер қызметін қоса атқарып келеді. Көркем шығармадағы мифологизм мен психологизімді осы түс көру тәсілі арқылы байланыстыра, бір-бірімен ұштастыра суреттейді. Мәңгілік адамзатқа жұмбақ болып, сұрақ күйінде жабулы келе жатқан тылсым психологиялық процесті көркемдік шындыққа енгізе отырып, адамзаттың ішкі құпия әлемін, санадағы түсініксіз, тіл жетпес нәзік ирімдерді, өмірдің, адамның ойын сан-саққа жүгіртер алуан жағдаяттарын, кейіпкердің табиғи бітім болмысын сомдауда қазақы таным-түсінікке сай етіп шебер қолданған. К.Абрагам миф пен түс көрудің психологиялық туыстығын, олардың санадағы қызметі мен пайда болуының типологиялық ұқсастығын дәлелдегенін Ә.Кекілбаев көркем прозада анық ашып көрсетті.
Ә.Кекілбаевтің өзге жазушылардан ерекшелігі де сол, ол түс көру тәсілін жоғарыда айтқандай тек психологиялық тұрғыда емес, мифологиялық, философиялық аспектіде ала отырып, аңыз бен шындық өмірді байланыстыра, көркемдік шындықта бейнелейді. Сол арқылы ұлттық дүние танымды негіздейді.
2 ТҮС КӨРУДІҢ ПОЭЗИЯДАҒЫ РӨЛІ
- . Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі психологизмнің түс көру
тәсілі арқылы берілуі
Поэзия – халқымыздың жан-күйінің жарқылы, сезімнің сырлы шектерінің пернесі, оның эстетикалық көз қарасының сәулелері, оның этикалық арманының айнасы.
“Психологизм әр түрлі шамада эпос, драма,лирикаға да ортақ” дейді А.Изуитов. Иә, адамтану ғылымының айрықша бір саласы әдебиеттің бір объектісі адам туралы мәселе қойылған жрде оның ішкі рухани жан дүниесі, ондағы тылсым сырлар әр жанрда өзінше әр қырынан ашылады. Түсіндірме сөздікте: ”Психологизм – кейіпкердің ішкі жан сезімін тереңдете бейнелеу әдісі”дегендейін сонвң ішінде поэзияны психологиядан алшақ алып қарастыру мүмкін емес. Ал түс көру тәсілі поэзияда ақынның психологиясын,жан сарайын, сезім дүние сырларын бейнелеуде қолднылатын тәсілдерінің бірі. Оның алғашқы көріністері халық ауыз әдебиетінде: “Қайғы мен қасіретке толады ішім
Ұйықтасам, сен боласың көрген түсім” деп халық поэзиясында, жыраулар поэзиясында көрініс тапты.
Поэзиядағы түс көру тәсілі прозаға, поэмаға қарағанда қолданыс асы тар. Ақындар түс көру процесін бір жақты психологиялық тұрғыда қарастырады. Оған ақындар өлеңі арқылы көз жеткізейік.
Адам жанының терең қатпарына үңілу, терең психологизмге қол жеткізу – шын шебердің еншісінде болса, осындай “күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын”деп қарапайым халықтың көңілін қара өлеңімен тербеткен, барша қазақтың жүрегінен орын алған, ХХ ғасырдың “Ғасыр ақыны” атанған Мұқағали Мақатаев өлеңдеріне тоқталып кетелік.
Ақынның қай өлеңін алма, жан дүниеңді тебірентіп, көңіліңе әсем ән салдырады. Бұл ақынның адам жанының психологиясын терең меңгергенінде жатыр ма деп қаласың?! Мұқағали “Түн мағаұйықтау үшін жаралмаған” өлеңінде:
Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,
Ұйықтасы сапарларын тәмамдаған.
Алдымда сапар жолы тарам-тарам,
Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам, — деп “ұйқы – үш арсыздың бірі” дегенді негізге ала отыра, алтын уақытын ұйқыға қиғысы елмегендігін айтып, о дүниеде мәңгілік ұйқы күтіп тұрғанын меңзегендей.
Түн менің ұйқым үшін жаралмаған,
Түн келсе, түйсік түсіп алаң болам.
Іздеймін жоқтарымды таба алмаған,
Аңсаймын жерлерімді бара алмаған.
Алдандырып, әлдилеп кеше-бүгін,
Неше жылым өтті екен,неше күнім?
Қаншама ойлар қалды екен қаза болып,
Жастығымның астында, төсегімнің,-деген жолдарында адамның түн келіп, ұйқы қысар, түс көрер мезетінсуреттей отырып, “Түн келіп, түйсік түсіп” деп сол сәттегі санадағы психология құбылысын бейнелейді.
Түңілдіріп түсімнен сиқыр ашқан,
Қаншама ойлар қалды екен ұйқы басқан?
Қанша сәттер ғажайып ғайып болды,
Оянғанда сүреңсіз сиқы қашқан?- деп күдізгі ойдың бәрі сана астарына түсіп, түс болып еніп, адамды сиқырлы ғажап әлемнің аясына алатынын айтады.
Бұл өлеңінде ақын “Адамның есі бүтін болмайтын күйлері болады. Сондай күйлердің бірі – түс көру. Ұйқы дегеніміз- мерзімді демалыс, тыныс алыс. Ұйықтаған адамдарда сана не мүлдем болмайды, не кем болады,- дегенпсихолог ғалым, жазушы Ж. Аймауытов пікірін жырмен тоқып әдемі әрі анық жеткізе білген.
Мұқағали “Сағынып кеткенім-ай сол жылдарды” өлеңінде:
Сонда да сағынамын қайран күнді,
Сонда да жаным менің сайрап жүрді.
Қуантып жатушы еді майдан кімді…
Жылан боп, аждаһа боп түске кірді,- деп сұрапыл сұм соғыстың елді қа қақсатқан қаһарын “Жыла боп, аждаһа боп түске кірді” тіркесімен жеткізіп тұр. Әрие, үрейіңді алып, жаныңды әбігерге салған күйзелістер немесе қуанышты кездер адамды бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Түске жылан боп, аждаһа болып енуі соғыстың хабары екені айдан анық. Оны да ақын түс көмегімен ақиқатын дәл басып жеткізген.
З. Фрейд “Түсті жору мен оны талдау арқылы адамның өзіне беймәлім жасырын жәйттерді, құпия ойларды, жұмбақ сырларды ашуға болатынын” дәлелдеп берді.Бұл ойдың негізінде Мұқағалидың “Жиі енеді” өлеңіне талдау жасайық.
Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр.
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,
Іркіт иісі келеді мұрынға бір.
Ойнамай жағасында құрақпенен,
Жалығып әзер аққан бұлақ көрем.
Мал өрістен қайтқанда кешке қарай
Жамыраған қозы мен лақ өрем.
Қырық түтін шығады қырық тамнан,
Қырық торғай ұшады шыбық, талдан.
Қырық әже күзетіп отырдады,
Қырық ұлдың орынын суып қалған.
Қыр басына қырық шал жиналады.
Бір-біріне тартуы – сый қабағы.
Бір-біріне отырар басу айтып,
— Қайтесің,- деп тәңірдің қимағанын.
Тауларым да тұрады қалқан болып,
Соны көріп қалады арқам кеңіп.
Өлі ұйқыдан осылай оянамын,
Оянамы, көңілім талқан болып.
Бұл өлеңнен біз ақынның ауылға деген махаббатын, сағынышын кестелей отырып, ауылдың жайма шуақ сұлу табиғатын, сол табиғатта жамырап өрген төрт түлік мал, сайран құрған, ойнақ салған балалық шақ, бір-бірімен сыр бөлісіп, әңгіме шертіскен кемпір-шал бәрі-бәрікөз алдында өңіндегідей өтіп жатқанын көреміз. Өлеңдегі қырық сөзі, кейіпкердің түсіне қырық түтін, қырық торғай, қырық әже, қырық ұл, қырық шалдың енуі – бұл ақынға киелі қасиетті Алланың дарытқаны ма деп қаласыз.Себебі қырық – киелі сан және халықта “қырықтың бірі қыдыр”, “әйелдің қырық жаны бар”, “қызға қырық үйден тыю” т.б. тілдік қолданыстар ырым-тыйымдар, баланы қырқынан шығару, қайтқан адамның қырқын беру, қырық қадам аттау т.б. сияқты салт-дәстүрдің көріністері кездесетінін білеміз. Және де поэзияда түс көру тәсілі прозадағыдайавтордың өз шығармашылық қиялынан туындамай, адамға “Алланың құдіретімен жіберген хабар” ретінде ақынның шынайы түсі сол қалпында еш қоспасыз жеткізіледі. Себебі өлең – ақынның төл перзенті, жан сарайының айнасы.
“Тауларым да тұрады қалқан болып” дегені ақынның үнемі түсіне тау кіретінінің айғағы шығар… Ақын “Түсіме тау кіреді” өлеңінде терңінен толғап, түсін анық бейнелеуге ұмтылады.
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді,
Тау жайлап, тау қыстаған шал жүреді.
Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен,
Астында балпаң басқан сал-күреңі.
Сөйлесуге, меніменсырласуға
Шақырады, кім білсін, мұңдасуға
Енді жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір қыр басында.
Шақырады, отырып қыр басында
Шыбындаған күреңі тұр қасында.
Тағы жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір шың басында.
Өліп-талып, оған да жетемін де
Көз салам таудың алыс етегіне.
Шалым кетіп барады өз жайымен
Ер-тоқымсыз күреңі жетегінде…
Қалып қойдым, түсе алмай, шың басында,
Кеш те келді, айналды түн басуға.
Шың басынан түсе алмай әуреленем,
Бір минутым тең болып бір ғасырға…
Түс көруді мидың дағдылы психологиялық қызметі десек те оның жұмбақ сыры мол.Ақынның бұл түсі тағдыры, болашақ ғұмырынан баян етеді. Түсіне тау кіріп, шыңнан шыңға жетелеген шалдың, оны шақырып, кенет ғайыпболып, бір шыңның басына жалғыз қалғанын қазақи түс жоруға салсақ – тау – алып, биіктікті білдірсе, таудың шыңына жетіп қонақтау – ұлылықты, Мәңгілікке ескерткіш боп қалған өлеңінің белгісі. Түс – Алланың аяны, болашаққа бағдары. Түсте адам тағдырының кілті жатқанға ұқсайды.Халықтың “Әуелі түсің түзелсін, түстен кейін ісің түзелсін” дегені бекер емес шығар.
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді,
Түсінбеймін, неғылғантағдыр едің?!
… Тауда жортқан тағыдай алғыр едім,
Алғырлығым қай жақта қалды менің.
Ақын осы соңғы шумағында түсін өзінше жоруға тырысады, алайда ақынның түсіне таң қалысын, неге жорырын білмей сарсалаңға түскенінкөреміз.
Негізінен Мұқағали туындаларында түс және оны жоруға байланысты өлбең жолдары көптеп кездеседі. Ақынның өз түсі туралы жазған өлеңінөпшіліктің өз еншісіне, өзі жорып, тануына ұсынады.Ал көрген түсті міндетті түрде талдап жору – қай халықта да берік сақталған салт-дәстүр. Тіпті ол дәстүр де емес, әрбір жеке адамдағы табиғи талап-тілектен туған түсінік.
“Сезім психологиясы – кең көлемде айтқанда әр түрлі пікірлер мен сенім-наным психологиясы” дейді психолог ғалым Э.Б.Титчэнер. Әсіресе, лирикаға тән көркем қасиеттерінің бірі – ішкі монолог. Монолог – автор толғанысы. М.Мақатаев “Майгүлге” атты өлеңінде өз ішкі толғанысын қызы туралы көрген түсі арқылы жазған. Оқып көрелік:
Түсіме енді ап-арық қызм бүгін,
Қызым бүгін. Жұлынған қызыл гүлім.
Бақшамдағы балбырап пісіп тұрған
Үзіп кетті, апыр-ай жүзімді кім?
…Түсімде қызым мені шақырады,
Өзеннің ар жағында отыр, әні…
Ғафу, балам, ғафу ет, бара алмаймын,
Мен деген – жер бетінің ақымағы.
Мен деген — жер бетінің ақымағы,
Алдымда асқарасу жатыр әлі.
Сабыр балам, қай жаққа қашар дейсің,
Сені жапқан қара жер топырағы.
Дей көрме әзір маған “жаныма кел”,
Тағдырдың дегеніне бағына бер.
Түбінде бір жол бізді табыстырар,
Қайтейін, сағына бер, сағына бер.
Ақын бұл өлеңінде ерте көз жұмған сәби қызының “Мен деген – тірі жанмын, сен – елессің” дегеніндей күндіз есінен, түнде түсінен кетпейтінін баяндайды. Бұл жерде ақын түс арқылы қызына деген өз күйініш, аяныш, сағыныш сезімін өлеңмен өрнектей отырып, әкелік мейірім, махаббатын кестелеп суреттейді.
“Күйініш көңілге наразылық тудырады. Көңіл наразылығы мұң туғызады,мұң ой туғызады,- деп А.Байтұрсынов айтқандай ақынның осы түс арқылы барлық айтар ойын, жан күйзелісінаңғаруымызға болады. Түс сөзі – бір уыс ойды өзімен бірге ұсына әкелетін күрделі құбылыс атауы. Түс – ақиқат жаршысы, оны ойдан құрап, жалған қиялмен бере алмаймыз. Себебі ол адамға түнде еніп, күндізгі өмірінен хабардар етеді, немесе Ф.Перлз айтқандай “…адамның өзіне-өзінің кім екендігін, оның нағыз өмірлік жағдайы қандай деген сауалдарға жауапбереді”. Мұқағали сонымен қатар түс арқылы бұл өмірдің жалғандығы, “жазмыштан озмыш жоқтығын” айтып қызын жұбату арқылы өмір философиясын жырлайды.
Адам психологиясының түпсіз терең қатпарлары автордың риалистік шешімімен ғана ашылады. Көп ақындар түс көру тәсілін нақ шындықты айтуда, шынайы сезімін суреттеуде жиі қолданады. Оны Мұқағалидың мына өлеңінен көрсек те болады.
Көрмеймін!- дейсің.
Көрмесең, мейлің көрмегін.
Көретін көктен тәңірім емес сен менің.
Көрмедің, мейлің, көңліңді мған бөлмегін,
Мен – дағы қарап өлмедім,
Түсіңнен, бәлем, шошытар
Мендегі леп, мендегі үн.
Мұнда ақын адамға деген ренішін, ызаға толы көңілін білдіріп отыр. Бұл өлеңінен ақынның түске имандай сеніп, оның маңызды құбылыс екенін меңзегендей.
Иә, түс сана астарында бір адамның био өрісін, бір адамға тасымалдаушы, немесе ой, сезімін бір-біріне байланыстырушы, хабарлаушы қызметін де атқарады. Бұл әсіресе, бір-біріне жаны жақы екі адамның ортасында жүзеге асатын прцесс. Мұдай қолданыс поэзияда көптеп кездеседі.
2.2 Иран-Ғайып поэзиясындағы түс көру табиғаты
Жазушы С. Мұқанов: «…Әр ақында әр түрлі әдіс бар. Біреудің үгіт жағы, біреудің фальсапа жағы, біреудің психология жағы басым болмай қоймайды», — дейді. Шынында да, адам жанының пернесін әр ақын өзінше басады. Адам жанының пернелерін баса отырып, әр ақын өзіндік қасиетімен танылады. Ақындар стилі әр түрлі болғанымен, бәрінің бөлер ляззаты, сезімін ұқсас, кейде бірдей деуге де болады. Эстетикалық ляззат сиқырын түсіну – жүректің ісі.
М. Мақатаевтың ізін қуған, халқын жырымен сусындырып, әнімен әлдилеп келе жатқан ақындардың бірі Иран Ғайып та шығармаларында түс көру тәсілін жиі қоданған. Ғашығына арнап жазған мына бір өлеңін оқып көрелік:
«Ай ашына Жерге мұңын тыңдатты –
Қызғаныштан қып-қызыл боп Күн батты.
Мойныма қолын артақн құштарлық:
«Ұйқып келіп барады!..» — деп тіл қатты.
Тіл қатты да тербеп ләззат бесігін,
Қойнын ашты – жапты ұяттың есігін…
Одан арғы өңім түсте көргісіз,
Оянғанда оралды ойға есімнің…
(23, 45)
Ақын психологиялық паралеллизм арқылы жүрегіндегі іңкәр сезімін білдіре Ай, Күн, Жерді махаббатына кейіпкер етіп алып, жанын өртеген Құштарлыққа тіл қатырады. Бұл — ақынның бейне бір ұшқыр қиялының ұтымды бейнеленуі. Осы екі шумақ арқылы автор түстің, түннің құпия сырлы әлемін ұқтырғысы келегендей. өлеңді махаббатын табиғаттың тылсым сырымен байланыстыра бастауы – осы түс, түн деген ұғымдардың құпия құбылыс екенін, қызға деген асыл сезімін жұмбақтап жеткізуінде жатқан шығар.
Қалай десек те ақынның түс көру тәсілін Абай айтқандай:
Жүйрік тіл, терең ой,
Сол күнде қайда едің?
Ғашыққа мойын қой,
Жеңілдің, жеңілдің!.. – деген Ұлы сезім махаббатты шынай әрі әдемі жеткізуде таптырмас құрал екенін нақ дәлелдегендей.
И. Ғайып:
Неге, жаным, түнде түсім бұзылды:
Күңгірт тартып көре алмадым жүзіңді.
Жол үстінде жатты үлкен із жұптасып,
Жаза басып жасырардай ізіңді.
Кезікті кездейсоқ нақ сүйерің?!
Бап орнына бағымды ұрлар «жиенім»! –
Жұптасқан із айнымайды жүректен –
Айнымайды табанынан түйенің … – (23, 47)
деген өлеңінде көрген түсін баяндай отырып, өзі жориды. Түс оның беймазаланып күдікпен қараған сезімінің жауабын береді. Біз прозадағы түс көру тәсілін талдаған кездегідей, Түс, Түн – адам санасының ырқына көнбейтін, ақиқат жаршысы. Ол – адамды мазалаған ойлардың күдік астына алған сауалдардың жауабын, арасына уақыт салып болса да хабарлайды. «Түсті Алладан келген хабар» деп бекер айтпаса керек. Өлеңде лирикалық кейіпкер аңғал сезіміне алданып, қызының жүрек гүлін біреуге ұсынғанын түсі арқылы біледі.бұл жолдардан түс және оны жору элементтері де кездеседі. Ақын: «Жол үстінде жатты үлкен із жұптасып» — деп, түсінде анық көрген ізді жүрекке теңейді, сөйтіп өзі жориды. Түсте анық көрген нәрселер — өңінде болатын оқмғаның символы. Қазақи түс жоруға сәйкес ақын да түсті дұрыс жори білген. Бұл – ақынның түсті жорудағы сауаттылығын танытады.
Тағы да махаббат лирикасына арнаған өленінде И.Ғайып түс көру тәсілін былай деп қолданады.
Өң бе,
Әлде түс пе деп күмәндана,
Қайта-қайта қараймын құмарлана…
Асып-таспай не қылсын кемерінен,
Екі асау өзен құйса бір арнаға!..
(23, 81 б)
Бұл жолдардан біз ақынның құыз сұлулығына тамсанып, «өң бе әлде түс пе» — деген тұрақты тіркесті қолдана, ғашықтығын, қуанышын жасыра алмай, жан сырын ағынан жарыла баяндайды. Өзге ұлттың қызы болса да
«…Тәңір тәңір болудан қалды білем,
Жүргізе алмай қор болыр жүрекке әмір» — деп, тіптен, жүрекке жарды сезімі бір сәт Тәңірдің құлы екенін ұмыттырғандай… Ақын бұл жерде түсі тек жәй эмоционалды жағдайын дәл басып суреттеуге ғана қолданады. Әйтсе де, осындай халықтық тілдік біліктерді таңдауы – ақынның түстің астарында үлкен құпия мән жатқанын айтқысы келгенін көрсетеді.
Жігері құм жан бола алман жерінген,
Ернеңіме қараймын нық сеніммен.
Тағдыр торын тастай берсін тұтқындап,
Сені мәңгі сүйіп өтем өмірден! – деген ақын осы сүйгеніне арнап шығарған өлеңіде:
Күрсіну мен күн кешкенше күстеніп,
Күрсінумен тіл кескенше тістеніп –
Рухыңды көтерейін-
Құдірет,
Құпия,
Сақи,
Бақи,
Тылсым түске еніп!.. – дейді. (23, 108 б)
И. Ғайып осы бір шумақ арқылы түстің құпия, сиқыр әлемін баршаға паш етеді. Оның осынау құпия құсының (адамның) Әмірші Сана ұйқысы кеткенде адамның жан сарайында Тылсым Түнге еркелей еркін самғайтынын, оған ешкімнің билігі жүрмейтінін айтып, жүректің аңсар сезімімен түс қана дос бола алатынын қолданады. Сондықтан шығар көп адамдар түске белгіленген өмір көріністеріне қол сермеп, мән бермейді. Алайда түсте адам тағдырының, адам өмірінің құпия сыры жатыр.
И.Ғайыптың «Әке рухы» деген реквием туындысында әке туралы түсін енгізген. «Түс» деген екінші бөлімінде былай деп баяндайды:
Түсімде:
Қасқа ат астында
Тұрғандай құпия сый күтіп –
Үстелеп қамшы бастың да,
Ғайып боп кеттің құйғытып.
Кейінтей кейіс мұң басқан,
Бұлт сүзген айдың қияғы –
Құбыла қуған тынбастан.
Қасқа аттың қасқа тұяғы.
Кеберсіп,
Кеуіп таңдайым,
«Әкелеп қалдым артыңнан…
Құс жолын көміп шалғайдың,
Көрінді көктен нар тұлғаң.
Дедің де күндей күркіреп:
«Мұңдамын, ұлым, қамықпа!..» —
аспанның шаңын сілкілеп,
жантайдың аппақ мамыққа…
(23,145-бет)
Мұнда ақын әкесіне махаббатын, қимас сағыныш сезімін түсі арқылы жеткізеді. Түсінде әкесінің қасқа ат мініп, көктен «Мұңдамын, ұлым, қамықпа!..» — деп ұлын жұбатып, өзінің жұмақтан орын алғанын естірткендей… бала көңіл қимаса да, есейген сана ақылына салады. «Түске енген өлген адам тек шындықтан хабардар етеді» деген халық жоруында ұғым бар. Соған сүйенсек, түс құдіретін тереңнен түйсінген ақынның әкесінің түсінде аян юергенін жиылған жұртқа әке сәлемі деп оқығанына ұқсайды. Бұл жерде ақынның бір қолданыс ерекшелігі мынада жатыр. Ол әкеге деген асыл сезімін көп ақындар сияқты нақты психологиялық сіреттеулер арқылы ұснбай, көрген түсін баяндай отырып, барлық көңіл ақсарып, барлық көңіл-күйін осы түске сыйдырады. Әрине, түстің, онда өмірдің шым-шытырық болса да, көріністері бедерленетін болғандықтан, жинақты, ойды жеткізуде ұтымды тәсіл екенін ақын жырымен көрсетіп берді. Бұл ақынның өзіндік бір ерекшелігі.
Поэзия жанрының ең көлемді түрі поэмадағы түс көру тәсіліне тоқталмас бұрын, поэма жанрына анықтама беріп өтейік.
Поэма (грекше poiema-туынды) — өлеңді повесть, өмірде боған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу. Поэмалар түрлі-түрлі: сюжетті поэмалар да, сюжетсіз поэмалар да болады. Поэмаларда жасалатын адам образдары да әралуан: эпикалық образ да, лирикалық образ да, романтикалық образ да, риалистік образ да болады. ( , 302) Ал осы поэмада образды түрлендіріп, сюжетті құбылта өрбітуде түс көру тәсілі таптырмас құралдардың бірі болып табылады. Түс көру тәсілі тереңде жатқан тамырын эпос жанрларынан алады.
Кейіпкерлердің ішкі жан әлеміндегі әр түрлі сезімдік, психологиялық құбылыстарын, олардағы ой мен оқиға шиеленісін, көңіл күйді психологиялық дәлдікпен бейнелеудің көркемдік үздік үлгілері де осы (әрине, оларды балаң әдебиетке тән қарапайымдылық тұрғысынан талдағанда) элостық жырлардағы ішкі толғаныстарда, түстерде, одан кейінгі нілдей бұзылған көңіл-күйде екендігін байқаймыз. Айталық, Баян сұлудың әпкелері Ай мен Таңсықтың елімен қоштасудағы ішкі зарлары, Қыз Жібектің жеңгесіне түсін айтып, Төлегенді тоқтатпақ болудағы үрей-қорқынышы, Жібектің жоқтауы т.б. секілді мысалдар кейіпкердің ішкі толғаныстарын, сол сәттегі күйініштерін, қайғы-қасіреттерін қапысыз береді. Және бұл көркемдік тәсілдердің бәрі – сол кезеңдегі көркемдік ойлау жүйесіне, ұлттық психологияға тән танымдық, сезімдік құбылыстар әрі сол кезең туындыларында молынан қолданылатын бейнелеу құралдары. Ал эпостағы түс көру әуендері – образды ойлаудың, ішкі жұмбақ сырларды тұспалдап, символдық астармен жеткізудің көркемдік жүйесін жасаудың, сөйтіп кейіпкерді идеялизациялаудан аулақтатып, ішкі тағдыры, драмасы бар тірі пенде ретінде тану, бағалаудың үздік үлгісін көрсететін бірден-бір бейнелеу құралы.( , 67)
Түс көру тәсілінің қазіргі поэмада көркемдік қызметі мен атқарар міндеті эпостық жырлардағы түстің қолданысы жаңғыртылып берілген. Бұл – көп ақындардың қолданысында бар тәсіл. Оның қазіргі поэма жанрындағы көрінісін Иран-Ғайыптың «Шолақ ата мен Шырын» поэмасын оқи отыра байқауымызға болады. Ақын бұл поэмасында:
Қатал тағдыр талқысынан ақсаған,
Жанымызда жүр ғой талай жақсы адам…
Дана – Кеше Бала – Ертеңді жетектеп,
Келе жатты үйге балабақшадан.
Біріне өмір қойған бітеу жара сап,
Ал, бірінде көңіл сергек, сана шат.
Келе жатты Шолақ ата мен Шырын-
Келе жатты Өткен шақ пен Болашақ.
Бірі ағынан кете алмады жарылып,
Бірі соған жете алмады сарылып.
Келе жатты жұмбақ Сұрақ пен Жауап-
Келе жатты Балалық пен Кәрілік,-деп метафора арқылы өмір философиясын терең әрі нақты теңеулер негізінде тамаша тарту етеді. Осы орайда неміс ғалымы Ф.Шлегельдің мына бір сөзі ойға еріксіз оралады:
«Поэзия мен философия – бұл бөлінбейтін бір тұтастық, бірақ тұтастығы сирек болғанымен, олар адамгершіліктің биік шыңы мен ұлылығын өзара бөліседі. Бірақ олардың әртүрлі бағыты орта кезеңде түйіседі, мұнда ұлылықтың ұлылық тұңғиығында поэзия мен философияның рухы біртұтас, бірлікте, бір-біріне кірігіп кеткен.
«Қайғы мен қуаныш», «Рахат пен Азап», «Ұғым мен Ұлылық», «Соғыс пен бейбітшілік», «Төзім мен Толғаныс, «Қорғаныс пен Қорғаныш», «Ойын мен Ойланыс» т.б. ұғымдарды ата мен қыздың бойында бедерлей өмір жайлы толғанысын поэзия тілінде баяндайды.
Поэмада «Өңі түгіл кермесін деп түсінде,
Тұншықтырып келегн едім ішімде», — деген Шолақ атаның соғыс елесінен арыла алмай жүргені, «Елес» деген бөлімінде, «Соғыс – жылан» оны тәубеген келтіріп, өмірден ұтқан жеңісін айтып жұбатқаны баяндалады. Келесі «Қиял» бөлімінде қарияның «Шіркін, соғым болмағанда» деген қиялын бейнелей, соғыс өмірдің бейбіткішілік құсын тынышын алғанына өкініші, реніш-наласы, арман-аңсары шығарма өзегінде кеңінен жырланады. Поэма осы ойлардың өрбуіне, сюжеттің дамуына Шынардың «Неге әлі күн тастамайсың балдақты?» — деген сауалы түрткі болды. Шолақ атаның құпия жан әлемінің тұңғышында тұнып жатқан тар-сырға, қайғы дертке қозғау салды. Ақын бұл поэмада «Елес», «Қиял», «Түс» — деген санаға бағынбайтын, түсініксіз тылсым процесстерді шығарма нысанасына алып, жас жауынгер, қарт ардагер психологиясын кейіптеуде ұтқыр пайдаланған. Автор соғыс тәрбиелеген адам санасын, жүрек жарасын философиялық астарда, психологиялық мәнде дұрыс жеткізе білген. И. Ғайып поэмасын қызы Шырынның түсі арқылы аяқтайды. Атасының соғыс салған бітеу жарасының бетін бүгін ашты. Ақтарылған қарт сыры, ем іздеген жүрек дерті, сұм соғыс сыңарын жұтқан шолақ қол сәби шырынның санасына қатты әсер еткені соншалық, түсіне былай енеді:
Шырын Шолақ Атасымен түсінде, жүр екен кіл аппақ әлем ішінде.
Ағаш та аппақ,
Гүл де аппақ,
Дала да аппақ,
Ақ жалаулар желігіп тұр далақтап…
Шолақ Ата әжесіне ақ келген,
Ақ орауды ұсынды да алақтап –
Жалбарынып әлденені өтінді,
әжесі оған көнбейтұғын секілді.
Шешті әжесі сол орауды не керек,
Ал ораудан қызыл түске малынып,
Атасының қолы шықты!
Керемет!..
Атасының қолын көріп қызыл қан,
Қорқып әже құлап түсті ұзыннан.
әжесімен қол да бірге құлады,
Айбарлы үннен тұнды Шырын құлағы.
Құлаған қол бомба болып жарылды,
Жарылды! –
Әлем ақ түсінен арылды!
З.Фрейд айтқандай: «Түс көру – мидың аса маңызды ерекше тілі» екенін түсінген автор әсершіл сәби сананың нені болса да тез қабылдап алатынын бағамдай, психологиялық тұрғыда сана астарында жүріп жатқан процессті ұтымды бейнелейді. Дін жағынан қарасақ, Алла оған соғыстың суық қаһары түсі арқылы түсіндіргендей… Бұл жерде ақынның мақсаты – тылсым түс құдіреті негізінде соғыстың келешек ұрпақ санасында қалай бедерленгенін көрсету.
Ой, сұмдық-ай!
Папасының басы жоқ!
Басы қара көздерінен шашып от,
Қорынады мамасының қолында,
Торығады мамасының торында.
Жас сәбидің түсін бала түсін қиялын бал тілімен анық жеткізуге тырысады. Және бұл түсі психолог С. Мұқановтың: «Түс — әр түрлі көріністерінің жүйесіз іске асуы» деген пікірін айғақтайды.
М.Жұмабаев: «Дүние адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі – жалғыз өлім» — дейді. Иә, расында, жұмбақ жанын қанша жырласақ та, тереңіне барып үңілсең де, бір шыңырау құдық секілді, қанша қазып әуреленсең де түбіне жете алмайтын сиқырлы жұмбақ әлем. Алайда «Вся внутренняя задушевная жизнь человека, та таинственная почва души и сердца, откуда поднимаются все неопределенные стремление к лучшему, к возвышенному, стараясь находить себе удовлетворение в идеалах, творимых фантазию», — деп В.Г.Белинский айтқандай ұлылықты, бестікті, жақсылықты нысанаға алған өнер иелері мәңгілік жырлап, рухын ұрпағына табыстап кетіп жатыр. Ұрпағы мирас тұтып, оны заманының лайықтап, бойына рухани азық қылады.
Поэзия – халықтың жыр бесігі болып мәңгіге қала береді.
Қорытынды
Кейіпкердің жан-дүниесіне үңілу оны әр қырынан танытатын көркемдік құралдарды пайдалану жазушы шеберлігіне талантына байланысты. Осы заманғы әдебиеттің даму жағдайымен сәйкес уақыт қойып отырған міндеттің бірі «адам жанының диалектикасын» ашу (Н.Г.Чернышевский), кейіпкердің рухани өміріне үңілу, жан саарйына психологиялық талдау жасау, адамның ішкі дүниесінің құпиясын ашу.
«Өнер – ұлттық сананың тікелей көрінісі» десек, түс көру – бүкіл адамзаттық сананың көрінісі санадағы сезімдік процесстің өмірдегі, жеке адам санасындағы сәулесі, нақты қорытындысы.
Адамзатпен бірге туып, бірге қалыптасқан ойлау процессінде, іс-әрекеттерде ерікті және еріксіз түрде жүзеге асырып жататын психологиялық, биологиялық, табиғи құбылыстың құпиясын, ғажайып сырларын ұғынуға, сезініп білуге деген талпыныс еш толастаған емес. Негізгі адамның түс көруі туралы туралы алғашқы ұғым-түсініктер ежелгі діни наным-сенім негізінде қалыптасқан. Өйткені ешқандай информация хат-хабар жоқ кездерде түс солардың қызметін атқарғаны аян. Түс көрудің алдыңғы орынға шығуы, соған елдердің имандай сенуі, сол арқылы келешекті де сәуегнейлікпен сезінуі, болашақты болжауы, келер қауіптен қорғануы т.б. соның бірден-бір дәлел болса керек. Оның сан алуан көркемдік көріністері біздің төл әдебиетімізде, әсіресе көне эпостарда кестелі бейнеленген. Және оны ақын-жыраулар өз ойларын айшықтау үшін қолданған. әсіресе түс жорудың символикасы, этнографилық маңызы, өзіндік қалыптасқан дәстүр тағлымы, сән-салтанатының өзі қойнауы құпия сырға толы ғажап дүние.
Түс көру мотиві шығармаларда жекелеген адам ойына келе бермейтін, қиялына сыймайтын түсініксіз, таңғажайып, сенімсіздеу оқиғаның орын алып, сөз өнерінде өзіндік өрнекпен өріс алуына шексіз мүмкіндік береді. Түс көру тәсілінің көркемдік еркіндігі мен мүмкіндігі, ойны ойнатып берудегі, қиялды қанаттандырудағы, күрделі психологиялық жағдайды талдаудағы ешбір көркемдік тәсілге теңеспес, түрлік формалардың көркемдік қызметі шексіз.
Әдеби түс көруде кейіпкердің ішкі жан әлемін психологиялықтұрғыдан нанымды бейнелеу басым түсіп жатады. Ол түстің спецификасын, табиғатқа тән құбылыс екенін естен шығармау керек.
Түстің әдебиеттегі көрінісі, алар орны, атқарар қызметі әлі де толық зерттеуді қажет ететін тақырап. Алайда түс көру тәсілінің көркемдік табиғатын бүгінгі дипломымызда біршама ашуға тырыстық. Түс көру тәсілінің прозадағы, поэзиядағы қолданыс ерекшеліктерін негізге ала отырып, оның айырмашылықтарын, ұқсас жақтарын бір-бірімен салыстыра жүйелеуді жөн көрдік. Түс көру процессінің екі әдебиет жанрына ортақтығы мынада жатыр:
- Түс көру тәсілі халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Сол кездің өзінде поэзияның көне түрі эпостарда, қара өлеңде, прозаның алғаш үлгілері аңыз, ертегі, мифте кеңінен қоланыс тапты. Сондықтан да түс көру тәсілі – екі жанрда да ортақ құбылыс.
- Әдебиет адам психологиясынан тысқары өмір сүре алмағандықтан, әдебиет жүрген жерде психологизм қатар жүреді. Ал осы адам психологизмінің тылсым көріністері «Түс» арқылы бейнеленеді. Бұл екі жанрға да ортақтығын тағы дәлелдей түседі.
- Түс және оны жору ұғымдары туралы түсініктер екі жанрда да кездесседі. Бұл құбылыстар халықтық дүниетаным негізінде, кей кезде кейіпкердің өз топшылауы арқылы жүзеге асады.
- Нақты өмір шындығынан тысқары өмірді, қиял меңдеген адамның бейсаналы кезін суреттеу екі жанрда да кездеседі.
Түс көру тәсілінің прозадағы айырым-белгілері:
- Прозада түс – шартты нәрсе, оны жазушы өз қиялына салып, кейіпкер психолгиясына, өміріне икемдейді;
- Прозада бір шығармада бірнеше кейіпкерлердің түстері қатар, тізбектеле кездесуі мүмкін. Және ол сюжет желісінде баяндалады;
- Түс көру тәсілі кейіпкер мінезін, эмоциялық жағдайын, тағдырын сомдауда, образды құбылта ойнатуда қолданылады.
- Аңыз бен көркемдік шындықты бір-бірімен байланыстырушы қызметін атқарады.
- Прозада түс шартты болғандықтан, кейіпкер түсі болып саналады, онда тек автордың өмірлік позициясы жатуы мүмкін.
- Түс көру тәсілі прозаны фантастикалық, романтикалық жанрда жазылуына себепші болады.
- Түс көру тәсілі психологиялық прозада кейіпкердің есінен адасқан бейсаналы сәтін бейнелей, қиялға еріп өмір шындығынан адастырса да, көркемдік шындықты сюжетті желіден ауытқытпай ұстап тұрады.
- Прозада ғалымдар жүйелеген түстердің барлық түрі көрініс береді.
Түс көру тәсілінің поэзияда бейнелеу ерекшеліктері:
- Поэзияда бейнеленген түс – автордың өз өмірінен алынған, шынайы көрген түсі. Оған автор өз қиялынан қосып, түсін түрлендіре алмайды. Себебі, аққын – ақиқат өмір жаршысы.
- Поэзияда түс тек психологиялық тұрғыда баяндалады. Алайда, поэма — сюжетті, өлеңді повест болғандықтан, онда түс прозадағыдай көрініс беруі мүмкін.
- Түс және оны жору элементтері кездеседі. Ақындар халықтық дүние танымды жеткізуде осы тәсілдерге сүйенеді. Олар өз түстерін жазып, өзіндік жоруларын ұсынады.
- Поэзияда түс – қарапайым адамдарға енетін түс.
Түс – адам жанының, адам өмірінің, тағдырының жұмбақ сырлары сақталған жан сарайының құпия көріністері сияқты. Атақты психолог ғалым З.Фрейд «Түс көру – мидың аса маңызды, ерекше тілі» — деп тегін айтпаса керек.
Халық танымында да түс және оны жору құбылыстары күнделікті күйбең тіршілікпен қатар жүретін процесс. Түсті қазақ халқының киелі санап, қадір тұтқаны соншалық, түсті діндар, сәуегей, түс жорушыларға, тіптен болмаса үлкен жасы ұлғайған дана қарияларға жорытып, түс садақасын беруі әуел бастан келе жатқан салт-дәстүрдің бір көрінісі. Халықтық философияда түстің алар орны ерекше. Бұл барлық ұлттарда кедесетін дәстүр. Ал осы адамға әлі жұмбағы беймәлім құбылыстың ғалымдар арасында даудамай туғызып келе жатқаны былай тұрсын, қарапайым халықтың «Түс түлкінің …» деп қарайтындары тағы бар. Сондықтан шығар, түс көру тәсілі әдебиеттану ғылымында кеш қолға алынып зерттеліп жатыр.
Бұл тәсіл — әлі де үлкен зерттеулерді қажет ететін тәсіл. Біз бұған түс және оның зерттелуіне қатысты материалдар жинауда, автор шығармаларында анализ жасауда көз жеткіздік.
Ресейлік ғалым В.В.Коженов «К вопросу о стилевых традициях» — деген мақаласында «адам — әлемді, ғалам — әдемді тану түс көру табиғатын танумен тең, өмірдің өзі түс» екенін айтады.
Иә, біз де қорыта келе, түс көру тәсілі нағыз халықтық дүниетанымда, ұлттық психологияны, қара қазақ философиясын әдебиет айдынында бедерлеуде таптырмас құрал екенін айтқымыз келеді.
Түс қазақ әдебиет тарихын жаңа заманмен үндестіріп, жаңаша қалыптасуын негіздейді.