АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Үйсіндер тарихы (б.з.д. ІІІ – б.з.Y ғғ.)

Үйсіндер тарихы  (б.з.д. ІІІ – б.з.Y ғғ.)

 

 

МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ

 

  1. ЕЖЕЛГІ ҮЙСІНДЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ, ОРНАЛАСУЫ, КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

1.1 Мәселенің тарихнамасы және деректері

1.2 Ежелгі үйсін тайпаларының территориялық орналасуы мен көрші   елдермен қарым-қатынастары

 

  1. ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

2.1 Үйсін қоғамының материалдық және рухани мәдениеті: жергілікті  ерекшеліктері мен ұқсастықтары

2.2. Үйсіндердің шаруашылығы, оған табиғи орта әсері

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының ғасырлар бойы мемлекеттік дербестік және тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің тарихи тәжірибесін объективті шындық тұрғысынан жүйелі түрде зерттеу Отандық тарихнамаға жүктеліп отырған күрделі де маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта қол жеткізген ғылыми тұжырымдардың мемлекеттік идеологияны, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруына, егеменді еліміздің іргетасын нығайтуға, жалпы алғанда халқымыздың болашаққа деген сенімінің артуына қосар үлесі зор.

Бүгінгі қазақ халқы өзінің өсіп-өнуін алғашқы қауымдық құрлыстағы ру-тайпалардан басталғандығын ешбір жоққа шығаруына болмайды. Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне замандағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер қажет болып отыр. Яғни, адамдардың тіршілік әрекетінен қалған заттарды зерделей келе, археология ғылымы өткен тарихымыз турасында мәліметтер тобын беріп отыр. Осы мәліметтер туралы ежелгі еліміздің территориясында орналасып, кейіннен қазақ елінің тайпаларының құрамында кездесетін тайпалар тобы да кездесірп отыр. Міне сондай тайпалардың бірі ретінде үйсін тайпаларын алуымызға болады.

Үйсін атуаы қытай деректері арқылы ортамызға сіңісіп, қазіргі қазақтың Ұлы жүзінің құрамында үйсін атауы кездесіп отыр. Сол себепті де Қазақстан территориясын ежелгі заманда мекен етіп, кейін бұл атауы ортамызда қайта кездесуі әрине заңдылық болып отыр. Сол себепті де ежелгі заманда елімізде мекен етіп, артында өзіндік тарихын қалдыра білген үйсін тайпасы туралы зерттеп, оның мәнін ашу жұмыстың өзектілігін байқатып отыр.

Қазақстан тұрғындарында тарихи сананы қалыптастырудың мемлекеттік консепциясында бұл мәселе кезек күттірмес маңызды мәселе ретінде қойылады. «Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы» атты ғылыми сессияда да: «Үшінші мыңжылдыққа аяқ басарда бізге өткен-кеткенімізді қайта сараптамасқа жағдай жоқ. Өйткені, тарихи жадымызды қалпына келтіріп, тағдырымызды қайта таразылау тәуелсіздігіміздің де мән-мағанасын ұғындыра түседі» делінген /1/.

Соған орай тарих ғылымында өткеніміз бен бүгінімізге көз жүгірткен болатынбыз. Өзінің 2500 жылға созылған ұзақ тарихын көптеген оқымыстылар зерттеулеріне көз жүгірте отырып, ежелгі үйсін тайпаларының қазақ халқының құрамына енген жергілікті Жетісулық тайпалар болғандығы қазіргі таңда айтылып жүргендігі белгілі. Олай болса, б.з.д ІІІ-І ғасырларында өмір сүрген үйсін тайпаларының тарихын зерттеу күні бүгінге дейін қазақ тарихында ерекше орны бар өзекті  тақырып екендігін танытып отыр.

 

Бітіру жұмысының зерттелуі Жазба деректер бойынша үйсін тайпалары туралы алғаш тарихи жазбалар немесе ғылымға таныс етушілер Н.В. Кюнер мен Н.Я. Бичурин болды /1,2/. Олар қытай тілін өте жақсы меңгергендіктен, олардың аудармаларын және басқа деректерді пайдалана отырып В.В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихы очеркі» атты еңбегінде үйсін тайпаларының қысқаша тарихын жазды /3/. Сол сияқты қытай маманы Ю.А. Зуев та үйсін тайпасы туралы жаңа деректер тобын пайдалана отырып, қазақстан тарихын жазуда үйсіндер жайлы өз үлесін қосты /4/.

Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек сіңірген ғалымдар академик Ә. Марғұлан мен М. Бернштам болды /5/. Іле өзенінің орталық ағысының оң жақ жағалауында үйсін ескерткіштеріне археологиялық жұмыстар жүргізіп, алынған материалдар бойынша олардың өмір сүрген мезгілін дәуірлерге бөліп, даму кезеңдерін бір жүйеге келтірген А.Г. Кушаев болды 6/.

Сол сияқты сақ, үйсін тайпаларының тарихымен ұзақ уақыт айналысқан К.А. Акишев болды. Ол үйсін тайпаларының қоғамдық құрлысы мен әлеуметтік-экономикалық жақтарын бір жүйеге келтіріп, үйсін тайпаларының мемлекеттік дәрежеде – таптық құрлыста өмір сүргендігі туралы жазды /7/.

Ал қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов болса қазақ арасынан жинаған шежірелік жинақтарына қарай отырып, үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы екендігін мәлімдеген болатын /8/

Сол сияқты әйгілі ғалым Е.С. Малов үйсін атауының 8 ғасырдағы Орхон-Енисей жазбаларында кездесіп, олардың сақ тайпаларымен туыс болғагдығын атап өтеді /9/.  

Тарихшы Н. Мыңжанұлы Қытай елінің б.д.д. деректерінде кездесетін «Большой Ючежы», «Малый Ючежы» деген ұлыстарды Ұлы жүз және Кіші жүз деп оқуға болады десе, ғалым С. Жолдасбайұлының пікірі бойынша мүмкін Ұлы  жүз деген сөзді қытай тілінде «Ючежи» деп атаған болар, ал оның өзі (ючеждер) түркі тілдес тайпалар болған соң, қайтадан бұрынғы Ұлы жүз сөзі жанданған деген ой туғызады дейді /10/.

Іле өзенінің сол жақ жағалауына зерттеу жұмысын жүргізген археолог               Е.И. Агеева мен А.Г. Максимова зираттарға жұмыстар жүргізіп, жерлеу әдет-ғұрыптарының әртүрлі тәсілдерде болғандығын, сондай-ақ қорған оның шетін таспен қоршайды, осы тасқа дейін келеді ары қарай баруға болмайды, яғни үйінділерге ата-баба аруағына табынушылықтың болғандығын айтады /11/.

Үйсін тайпаларның этникалық құрамы турасында зерттеушілерің екінші тобына Қазан төңкерісінен кейінгі Ю.А. Зуевты, С. Аманжоловты,                        В.В. Восторовты атауға болады.

Зерттеуші Ю.А. Зуев өз кезегінде үйсін титуылының есімін лингвистикалық жолмен анализ жасап, үйсіндердің түркі тілдес болғанын дәлелдесе, ал  зерттеуші С. Аманжолов болса тайпалардың түркі тілдестігі жайлы зерттеуінде үйсін, дулат тайпаларының тілі туралы дау-таласты қарастырып өзіндік пікір ұстанады /12/. Сол сияқты  В. Востровтың Ұлы жүз тайпаларын Жетісу аймағына XІХ ғасырдың аяғында келіп қоныстана бастаған деген пікірі ешқандай шындық тұрғысына келмейді /13/.

Сонымен тарихнамамызда, оның ішінде ғалымдарымыз Ш. Уәлиханов, А.И. Левшин, А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, К.Г. Кушаев, Ю.А. Зуев,               А.Г. Максимова, С. Аманжолов және т.б. авторлар үйсін тарихы мәселесін зерттеуде үлкен үлес қосары сөзсіз.

Біртіру жұмысының деректік негізін ежелгі үйсін тайпалыары туралы негізгі дерек көздерін қытай деректері береді. Яғни, Н. Мыңжан кітабына сүйене отырып, үйсін тайпалары турасында бірнеше деректер тобын атап өтуімізге болады. Мәселен, үйсін тайпалары туралы «Хан патшалығы тарихы, дуан шежірелерінде», «Хан патшалығы тарихы, Батыс өңір шежіресінде» «Үйсін елі» деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің ьтарихы баяндалған. Сол сияқты «Тарихи жазбалар, Дуан шежіресінде» де үйсін тайпалары аталады.

Сондай-ақ жоғарыда аталынып өтілгендей жұмыстың негізгі дерек көздерін археологиялық материалдар тобы құрайды. Академик                          Ә.Х. Марғұлан Жетісу өңірін мекендеген тайпалардың тұрақты қоныс-жайларының даму тарихын сонау көне дәуірден бастап, архитектуралық қоныс жүйелері туралы мәліметтер берсе, археолог-тарихшы                                   А.Н. Бернштамның Жетісудың оңтүстік және оңтүстік батыс аудандарына жүргізген зерттеу жұмыстарының арқасында археологиялық ескерткіштерді дәуірлерге бөліп, олардың этникалық жағына баса назар аударады. Ал               К.А. Акишев Жетісу жерін мекендеген сақ-үйсіндердің материалдық жағын зерттей отырып, олардың мәдениетінің өзара ұқсас болғандығы туралы мәліметтер береді. Археолог ғалым Г.А. Кушаев Іле бойындағы сақ-үйсіндердің б.д.д. Y -ІY ғасыры  мен б.д. ІІІ-ІY ғасырларына дейін тайпалық одақтар болғандығы туралы мәлімет береді. Бұл аталғандардың барлығы да бізе ежелгі үйсін тайпалары туралы негзгі дерек көздерін береді.

Сол сияқы үйсін тайпалары туралы тағы бір құнды мәліметтер тобын Шадыман Ахметұлының құрасытыруымен ҚХР Үрімжі қаласында басылып шыққан «Ежелгі үйсін елі» атты үйсін тарихына қатысты қытай деректері мен зерттеулерінің топтамасы беріп отыр /14/. Аталған зерттеуде 1960-1990 жылдар аралығында зерттеушілер назарында болған үйсін тайпаларының тарихы, деректері, археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер топтастырылған.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.  Бітіру жұмысының негізгі мақсаты ІІІ-І ғасырлардағы ежелгі үйсін тайпаларның тарихын саралап, аталаған мәселе бойынша жарық көрген зерттеулерге тарихнамалық тұрғыдан шолу жасай отырып, мәселенің мәнін ашу болып отыр.   Айқындалған мақсатымызға  байланысты мынандай міндеттер тобын шешуді белгіледік:

     —  Үйсін тайпаларына қатысты  мәселенің тарихнамасы және дерекік мәліметтеріне тоқталу;

— Ежелгі үйсін тайпаларының территориялық орналасуын айқындау;

— Үйсін тайпаларының көрші   елдермен өзара болған қарым-қатынастарының мәнін ашу,

— Үйсін тайпаларының қалыптастырған материалдық және рухани мәдениетне тоқталу арқылы өзіндік ерекшеліктерін көрсету;

— Үйсіндердің тайпаларының шаруашылығы және оған табиғи ортаның әсерін баяндай болып отыр.

Жұмыстың методологиялық негізі: Бітіру жұмысын жазу барысында жан-жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері басшылыққа алынды. Дегенмен үйсін тайпаларын қарастыруда өркениеттік тұрғы басты назарда болды. Яғни, зерттеу жүргізу барысында этноцентристік, ұлтшылдық және этнониглистік көзқарастардан бас тартып, оларды айқындауға мүмкіндік береді және әртүрлі тайпалар мен мәдениеттердің, өркениеттердің, теңдігі мен әлем дамуының полимәдени және көпұлттық құндылықтарын оның дамуының негізгі шарты ретінде қабылдау туралы сананы қалыптастырады. Сондай-ақ бітіру жұмысында тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістері мен талдау тәсілдері: тарихилық, құрылымдық-функциялық талдау, салыстыра талдау, жүйелілік т.б.  басшылыққа алынды.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Жұмыс б.з.д. ІІІ – б.з.Y ғасырлары аралығында тарих төсіне шығып, кейін түркі тайпаларының құрамына еніп, қазіргі қазақтың Ұлы жүзінің құрамына енген үйсін тайпаларының осы уақыт аралығындағы территориясы, саяси тарихы және көрші мемлекеттерімен мәдени байланыстары туралы жазылған отандық және шетелдік зерттеулерді  талдауға арналған.

Бітіру жұмысының құрылымы бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан (әр тарау екі бөлімнен) және пайдаланған әдебиттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЕЖЕЛГІ ҮЙСІНДЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ, ОРНАЛАСУЫ, КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

 

1.1 Мәселенің тарихнамасы және деректері

 

Б..б. ІІ ғасырда қытай жазба деректерінің хабарларына қарағанда Жетісу аймағында атақты үйсін тайпаларының өмір сүргендігі туралы мәліммметтер кездеседі. Үйсін тайпалары кейіннен сол атаумен қазақ халқының Ұлы жүз құрамына сіңген ру. Үйсін этносы қазақ халқының тарихында ерекше орны бар тарихи тақырып болғандықтан зерттеуді көп қажет етеді.

Мәселенің тарихнамалық қарына келер болсақ, зерттеуші Н.Я. Бичурин аударған қатай деректерінде үйсіндердің зерттелу тарихының негізгі деректік қорлары кездеседі. Үйсіндер тарихын зерттеген ғалымдар Н.Я. Бичурин,    Н.В. Кюнер, В.С. Таскин, Ю.А. Зуев, Н. Мыңжан үйсіндер тарихына мол үлес қосқан. Бұл ғалымдардың еңбектері үйсіндердің зертттелу тарихнамасын толықтыра түседі.

Деректік мәліметтер бойынша Іле өзенінің оңтүстігіндегі Іле Алатауын қытай елінің б.д.д. жазба дерегінде Үйсін тауы беп атаған. Халқымыздың тарихына ерекше мән беріп, оны алғаш тарихшы ретінде жазған атақты ғалым А.И. Левшин өзінің еңбегінде бұл Қытай жеріне кіріп жатқан Алатау ма немесе Үйсін Алатауы ма деген сауалға нақты ешнәрсе айта алмайтындығын жазған /14/. Ал археологиялық зерттеулер бойынша Іле өзенінінің оң жағы болсын сол жағы болсын б.д.д. ІІІ ғасырларда ежелгі үйсін тайпаларының өмір сүргендігі толығымен дәлелденген. Көрнекті шығыстанушы ғалым, академик В.В. Бартольд үйсін атауына үлкен мән берген. Ғалым халқымыздың тарихына байланысты алғаш рет «Жетісу очеркі» атты көлемді еңбегін жазды. В.В. Бартольдтің пікірі бойынша Ыстық көлдің оңтүстік жағындағы Ферғана, Күшпен Шершинге дейінгі Қытай Түркістаны аралықтағы Манглай Сүбе облысының жері де Жетісудың бір бөлігіне жатқан. Ғалым бұл жерлер түріктенген моғол тайпаларының бірі дулаттардың жері деп көрсетеді /15/. В.В. Бартольд дулаттардың жері Жетісу аймағы деп көрсетеді.

Ал зерттеуші Н.А. Аристов өзінің пікірі бойынша дулу тайпасы шығыстан хундармен бірге Батысқа қарай жылжыр қоныстанғанын атап өтеді /16/.

С. Аманжолов болса «Менің ойымша бүгінгі дулаттар ертедегі орхон-енисей түріктерінің тура ұрпақтары (Y-YІІІ  ғғ.) деп көрсетеді /17/. Ертедегі үйсін, қаңлы, дулат және т.б. тайпалар қазіргі қазақ халқының құрамына сол атауман енген Ұлы жұздің рулары екендігі айқын.

Тарихшы Н. Мыңжанұлы Қытай елінің б.д.д. деректерінде кездесетін «Большой Ючежы», «Малый Ючежы» деген ұлыстарды Ұлы жүз және Кіші жүз деп оқуға болады дейді. Бұл тайпалар шығыста көршілес өмір сүріп ақыр аяғында олардан теперіш көріп, Жетісу жеріне келіп, мұнда сақ тайпасын ығыстырып, үйсін тайпасымен араласса керек //.                                                    Ғалым С. Жолдасбайұлының пікірі бойынша мүмкін Ұлы  жүз деген сөзді қытай тілінде «Ючежи» деп атаған болар, ал оның өзі (ючеждер) түркі тілдес тайпалар болған соң, қайтадан бұрынғы Ұлы жүз сөзі жанданған деген ой туғызады дейді /18/.

Жетісу жерінде судың молдығына байланысты бұл өлкенің құрғақ табиғатына қарамастан отырықшылық күй кешкен. Бұл процесс турасында академик Ә.Х. Марғұлан Жетісу өңірін мекендеген тайпалардың тұрақты қоныс-жайларының даму тарихын сонау көне дәуірден бастап, архитектуралық қоныс жүйесінің бүгінге дейінгі өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетеді /19/. Бұл кезеңде Жетісу аймағында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген археолог-тарихшы А.Н. Бернштамның қазақ халқының тарихына сіңірген еңбегі өте зор. А.Н. Бернштам Жетісудың оңтүстік және оңтүстік батыс аудандарына жүргізген зерттеу жұмыстарының арқасында археологиялық ескерткіштерді дәуірлерге бөліп, олардың этникалық жағына баса назар аударады /20/. Ғалым ескерткіштердің материалдық  жағына сүйене отырып, ежелгі үйсіндердің шығыстан яғни Қытайдың Гонсу провинсиясынан келмегендігін олардың таза Жетісуды мекен еткен үйсіндер болғандығын дәлелдей отырып, қытай дерегінің негізсіз екендігін жазады.

1946 жылы қазақстанда ғылыми академия ашылады. Соған орай үйсіндер тарихын зерттеу мәселесі кеңейе түседі. Жетісу аймағына жүргізілген зерттеулердің барысында болған К.А. Акишев Жетісу жерін мекендеген сақ-үйсіндердің материалдық жағын зерттей отырып, олардың мәдениетінің өзара ұқсас болғандығын атап өтеді. Сондай-ақ үйсін тайпалары сақ тайпаларының заңды жалғасыт ұрпағы болғандығын да атап өтеді. Зерттеуші Алматы облысының Кеген ауданының Ақтас қыстағынан алынған материалдарға сүйене отырып, үйсін тайпаларының негізінен үш мезгілді баснан өткізгендерін дәлелдейді. Яғни, бірінші кезеңінде б.з. І-ІІІғасырында, екінші – ІY-YІ ғасырларында және үшінші кезеңі – ХYІІІ ғасырында қазақ халқының өмір кешкен кезеңі. Бұл кезеңдер қазба жұмыстарының кезінде табылған үйсіндердің тұтынған бұйымдарынан белгілі болған. Археолог ғалым Г.А. Кушаев Іле бойындағы сақ-үйсіндердің б.д.д. Y -ІY ғасыры  мен б.д. ІІІ-ІY ғасырларына дейін тайпалық одақтар ғұмыр кешсе, ал одан кейін таптық жіктелулер болғандығын атап өтеді. Сол сияқты ғалымдар                       Г.А. Кушаев пен К.А. Акишев өз еңбектерінде үйсіндердің әдет-ғұрып, салт-санасына байланысты зираттардан алынған материалдарға талдау жасай отырып, үйсін тайпаларындағы салт-сана, әдет-ғұрыптардың қазақ халықнда да кездесетіндігін де дәлелдейді.  Мәселен үйсін тайпаларының көкке (көк тәңірге), жерге (жер анаға), суға (су анаға), отқа (от анаға), күнге, айға және т.б. аспан дененлеріне сиыну салтының сақталғандығын жазады /21/.

Іле өзенінің сол жақ жағалауына зерттеу жұмысын жүргізген археолог               Е.И. Агеева мен А.Г. Максимова зираттарға жұмыстар жүргізіп, жерлеу әдет-ғұрыптарының әртүрлі тәсілдерде болғандығын, сондай-ақ қорған оның шетін таспен қоршайды, осы тасқа дейін келеді ары қарай баруға болмайды, яғни үйінділерге ата-баба аруағына табынушылықтың болғандығын айтады /22/. Бұл қазақ халқына тән діни наным-сенімдер болып табылады. Яғни, қазақ халық ерте кезде қайтыс болған ата-баба аруақтарына сыйынған, ол аруақтар өзінің ұрпақтарын руластарын қолдайды деп сенген. Сондықтан соғы шайқасына кірген кезде немесе атй бәйгеге шапқанда қазақтың ру-тайпалары өзінің ата-бабаларын яки сол рудан шыққан батырлардың атын ұран етіп шақырып, олардың аруағынан медет күткен. Жетісу аймағ                 ынан табылған обалар ежелгі сақ-үйсін тарихының туындысы. Ғалым К.А. Ақышевтың Қазақстанның басқа жеріне қарағанда, әсіресе Жетісудағы қысаулар тұрақты болған деп дәлелдеген. Жетісу жерін мекен еткен тайпалардың әдет-ғұрпы, салт-санасы және мал шаруашылығымен қатар сондай-ақ этникалық құрамында ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарынан тыс қалмағаын.

Үйсін тайпаларның этникалық құрамы турасында зерттеушілерің екінші тобына Қазан төңкерісінен кейінгі Ю.А. Зуевты, С. Аманжоловты,                        В.В. Восторовты атауға болады.

Зерттеуші Ю.А. Зуев өз кезегінде үйсін титуылының есімін лингвистикалық жолмен анализ жасап, үйсіндердің түркі тілдес болғанын дәлелдейді. Ал  зерттеуші С. Аманжолов болса тайпалардың түркі тілдестігі жайлы зертеуінде үйсін, дулат тайпаларының тілі туралы дау-таласты қарачстырып өзіндік пікір ұстанады /23/. Ал академик В.В. Бартольд дәне               Н.А. Аристовтың еңбектерінде қаңлы, қыпшақ тайпаларынан басқа тайпалардың барлығы түркі тілдес емес деген қате пікірді дәлелдеген. Ғалым өз кезегінде түркі, қытай дерегі және қазақ шежіресіне сүйене отырып дәлелдер келтірген. Ғылыми жағынан күнбилердің есімдеріне, жер-су аттарына сұрыптама жасап, көз жеткізген. Сол сияқты    В. Востровтың Ұлы жүз тайпаларын Жетісу аймағына XІХ ғасырдың аяғында келіп қоныстана бастаған деген пікірі ешқандай шындық тұрғысына келмейді.

Жетісу аймағын мекен еткен тайпалардың антропологиялық жағынан зерттелу жұмыстары да  ғалымдар назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Ұлттық Ғылым академиясының короспондент мүшесі профессор О. Исмағұлов өзінің монографиясында көне дәуір мен жаңа дәуірдегі қазақтардың яғни 500-600 жылдарға жуық аралықта олардың антропологиялық жағыанан онша өзгеріске түсе қоймағандығын дәлелдеп, ежелгі этникалық топтармен соңғы кездегі қазақ халқының арасында генетикалық байланыстың үш мың жылға созылған ұзақтығына қарамастан арада өте тығыз ұқсастық бар екендігін айтады /24/. Қытай деректерінде үйсін тайпаларының көздері көк делінсе, ал археологиялық деректер үйсіндердің европойдтық рассаға жататындығын дәлелдеп отыр /25/. Іле өзенінің бойында орналасқан обадан табылған 50 адамның бас сүйегінің 44 –і европейдтық болса, қалғаны монголойдтық аралас типте болғанын зерттеуші О. Исмағұлов дәлелдеп көрсетеді. Бұдан біз бүгінгі осы күнгі қазақ халқының антропологиялық құрамының негізін қалауға үйсін антропологиялық типінің үлкен әсері болғандығын көреміз. Жетісу қазақтарының көптеген рулары үйсін антропологиялық типтің нәсілері екендігі айқын. Қытай жазба деректерінде Жетісу жерінде мемлекеттік дәрежеде Қытай өкіметімен терезесі тең дәрежеде саяси қарым-қатынаста болған үйсіндер туралы  деректер біршама жақсы жазылған Осы деректерге сүйене отырып, үйсіндердің қай тілдік семьяға жататындығы туралы мәселе XІХ ғасырдан бері қарай көтеріліп келеді. Осы уақыт аралығында үйсіндердің тілін иран, түркі тілдеріне жатқызды. Сондай-ақ үйсін тілі орыс қазан тілдес деп айтатындар да болды. Жапондық ғалым Сиратори «Ханзуша» ми деген әріп хан әулеті тұсында «би» деп атап келген. Ертедегі үйсіндер қазақ тілінде сөйлеген деп дәлелдеді. Зерттеушінің бұл пікірімен келісуге болады. Себебі қазақ халқының тарихында Майқы би, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би, Бисенбі би және тағы да басқа билер болған. Бұл мәселеден ежелгі үйсіндердің қазіргі қазақ халқының арғы атасы болғандығын айқындайды /26/.

XІХ ғасырдың аяғында Жетісу аймағында өмір сүрген ру-тайпалардың этникалық құрамы және олардың көшіп-қону бағыттары туралы жарық көрген Н.А. Аристовтың еңбектері болды. Ғалым өз еңбегінде ежелгі үйсіндердің қазақ халқындағы Ұлы жүз құрамына кіргендігін атап көрсетеді. Ұлы жүз қазақтарының атасы Майқыдан: қаңлы, бақтияр, қарақ жүз, мың жүз, бақтиярдан: үйсін мен ойсыл, үйсіннен ақсақал (абақ), абақтан қараша, қарашадан бәйдібек, бәйдібектен: албан, дулат, суан, сары үйсін тарайды //.

Н.А. Аристовтың еңбегін өзінің ғылыми жұмыстарына пайдаланған этнолог ғалымымыз В.В. Востров Жетісу өлкесінің ру-тайпаларының этникалық құрамы туралы жазған /27/. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан уәлиханов қазақ халықының арасынан жинап зерттеген шежірелік деректерінде үйсін, ұлы жүз қазақтарының түп-тамыры немесе түп атасы болған деп көрсетеді. Онда Төбей, Төбейден үйсін, үйсіннен қойылдыр, мекірелі (жалайыр), майқы (абақ), қоғам (қаңлы) тайпаларынының өрбігенін көрсетеді.

Алайда В.В. Востров Жетісу аймағында қазақтар ХYІІІ ғасырдың екінші жартысында қоныстана бастады деген қате пікір айтады. Сол сияқты қазіргі қазақ шежірелерінде үйсін тайпаларының таңбалары ту және ағын су формасында келеді. Қазақ арасында үйсін ұлысынның арғы тегімен өсіп-өрбуін баяндайтын шежіре деректері сақталған. Үйсіндер қазақтың Ұлы жүзін құрайтын ұлыс. Еліміздегі қазақтар арасында албан, суан, жалайыр, шанышқылы және тағы да басқа тайпалар осы ұлы жүз «Үйсіннен» тарайды. Мәселен, ежелгі үйсіндердің ата-мекенінінң орталығы болған Млнғолкүре ауданынынң аралығында «Үйсін тауы» деп аталатын тау бар. Ежелгі қытай дерегінде үйсіндерді «усун» деп жазған.

Әйгілі ғалым Е. Малов «үйсін» деген ел атының YІІІ ғасырдағы Орхон-Енисей ескерткіштерінде бар екендігін дәлелдейді /28/. Осыған сүұйенген орыс ғалымдары үйсіндердің исондармен (сақ тайпасы) туыс екендігін айтады. Ал зерттеуші Ә. Хасенов «Юбан және Чубан кім?» деген мақаласында: «Үйсін, дулат, қыпшақ, найман және т.б. қазақ халқының елдігін құрағанкөне түркі тілдес тайпалар « деп өз пікірін білдіреді /29/.

Соңғы кезеңде Қытай тарихшысы Су Бейхэйдің еңбегінде «усундердің іс қимылары Іле алқабында өтті. Бірақ бұл олардың ата-мекені емес» деп жазды /30/. Қытай ғалымдары ертедегі қытай деректеріне сүйене отырып, үйсіндерді шығыстан келген деп өздеріне жақын тартуға тырысқан пікір білдіреді.

Сонымен қорыта келгенде, тарихнамамызда, оның ішінде ғалымдарымыз Ш. Уәлиханов, А.И. Левшин, А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, К.Г. кушаев, Ю.А. Зуев, А.Г. Максимова, С. Аманжолов және т.б. үйсін тайпалары ешқайдан келмеген, Жетісу жерінде ежелден өмір сүріп, сан атаумен қазақ халқының Ұлы жүз құрамына енген түркі тілдес тайпалары деп дәлелдейді. Сол себепті де ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, ертедегі үйсін тайпаларын соңғы кездегі үйсіндердің аарасында белгілі бір байланыстары болған түркі тілдес тайпалар деп көрсетуімізге болады.

 

1.2 Ежелгі үйсін тайпаларының территориялық орналасуы мен көрші   елдермен қарым-қатынастары

 

Үйсіндер–Қазақстан территориясындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктерідң бірі болып табылады. Б.з. YІІІ ғасырындыағы жазушылардың Бесбалықты усын княздерінің шекарасы деп атағыанына қарай отырып, үйсін тайпаларының территориясының шығыстағы шектері біраз уақыт бойына Бесбалық маңында болды деп көрсетеді. Батысында үйсіндердің шекарасы шу және Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс бөліктерне дейін созылып жатыр. Үйсін иеліктерінің орталығы – Іле аңғары, бірақ үйсін тайпавларының ордасы – қызыл аңғар қаласы болған. Ол Ыстықкөлдің маңында болған. Чжань Цянның хабарлауына қарағанда (б,з.б. ІІ ғасыры) үйсіндердің бұрын тұрған жері шығыстағы бір қиыр шет болған. Мұның өзі сірә шындыққа жатпайды. Археологиялық және полеоантропологиялық деректемелер бойынша сақтар мен үйсін тайпаларының арасында мәдени сабақтастықтар болғандығы көрсетіледі.

Үйсін  тайпалары турасындағы алғашқы хабарлар б.з.б. ІІ ғасырдың соңғы тұсынан бастап мәлім бола бастаған. Хань император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, «Батыс өлкесіне» Чжань Цянь бастаған елшілік жібереді. Ол Жетісу жерінде болып, үйсін тайпалары турасындағы алғашқы хабарларды жеткізеді. Ол кезеңде үйсін тайпаларының арасында сэ (сақ) және юечжи тйпаларының тармақтаврынан тұрған.

Чжань Цяньнің хабарлауы бойынша үйсін тайпаларының саны 630 мың адамға жетіп, олар 188 800 жауынгер жасақтап шығара алатын болған. Алайда бұл көрсетілген санның шынайы шындыққа жанаспайтындығы белгілі. Алайда үйсін тайпалары қажет болған жағдайда атты әскерлерден және шабуыл жасау қимылдарына үйретілген жаяу садақ тартқыш жауынгерлерден құрылған үлкен әскер жасақтай алатыны күмәнсіз еді. Жазба деректемелер үйсін билеушілерінің жасағы – 30 мың атты әскер мен ондаған мың садақ тартқыш жауынгерлерінің болғандығын хабарлайды /31/.

Үйсін еліндегі жоғарғы билік – гуньмо деген билеуші басқарушының қолында болған. Үйсін гуньмосының ордасы – Чигу-чэн  (Қызыл Аңғар) қаласы болған. Ол үлкен бекінісі бар үлкен қала болған. Жаңа заман басталар тұста және оның алғашқы ғасырларында Чигу-чэн  елеулі саяси орталықпен бірге Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда орталығы да болған. Осыған орай саяхатшы-шежірешінің мынадай хабарламалыары бізге жеткен: «Солтүстік жолмен жүріп отырып (Іледен) Қызыл Аңғарға (Чигуге) кіріп, үйсіннен өттік, Қанцзюй (княздық) шекарасынан өтіп, батыста Толған көлден (Ыстық көлден) шықтық».

Б.з.б. 73 жылға дейін-ақ үйсіндердің территориясы мұрагерлер арасында үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөліәнген еді. Бірақ олардың барлығы да «гуньмоның жоғарғы тәуелділігінде» болды /29/.

Б.з.б. 64-51 жылдар аралығында Хань империясының таққа мұрагерлікке араласуына халықтың наразылығы күшейді. Халық бұхарасы гуньмоның ғұн тегінен тараған мұрагерлігіне ашық түрде қызғаныш танытып, сол себептен гуньмоның халқы мен территориясы екі бөлікке: ұлы гуньмо мен кіші гуньмо иеліктеріне бөлініп кетеді. Олардың арасындағы шекараларына межелер қойылады.

Үйсін тайпаларының тарихы кіші гуньмолар мен ұлы гуньмолардың үстемдік үшін өзара қырқысына, ғұндарды қолдайтын саясатты жақтаушылар мен Хань империясын саясатты жақтаушылардың арасындағы күрестерге толды. Цылимдік билік жүргізген уақыты – б.з.б. 45-14 жылдар аралығы болды. Бұл кезең үйсін елінің дәуірлеген кезеңі болып саналды. Себебі бұл тұста билік берік болып, ел арасында тыныштық пен бейбітшілік орнайды /32/.

Үйсін елі екіге бөлінген соң да екі топ арасында билікке талас күшейе түсті. Бұл тартыстың аяғы олардың бірін-бірі өлтіруіне алып келді. Оңтүстік иеліктің билеушілері күнмудың хан патшалығынан алға. әйелінен тараған ұрпақтар болды. Ал оңтүстік иедіктің немесе кіші иеліктің билеушілері ғұн тәңірқұтынан алған әйелден тараған ұрпақтар болды. Сол себепті де өзара тартыс туғанда оңтүстік топ Хань патшалығына арқа сүйесе, ғұн тәңірқұтына сол жақ тобынының өкілдері арқа сүйеумен борлды. Үкімет билігіне таласқан ішкі қырқыстар бір замандарда кемеліне келіп, халық арасындағы күйзелістерге алып келеді.

Үйсіндердің батыс өңірге ауып, Іле аумағына көшуден бұрын тіршілік еткен өңірі туралы айтқанда , алдымен үйсін ханы Нәнду би мен оның ұлы күнби дәуірінде қоныстанған өңірді айтамыз. Мәселен, «Тарихи жазбалар» дерегінде мынадай мәліметтер бар. Яғни, күнбидің әкесіғұндардың батысындағы ел , ғұндар үйіндерге шабуыл жасап, Нәнду биді өлтіреді. Бұл оқиға туған кез Нәнду би жасаған уақыт болды. Нәнду өлген соң, үйсіндер топ-тобымен барып, ғұндарды паналаған. Ал күнбидің дәуірінде ғұндар оған Батыс қамалды баянды қорғау жөнінде әмір берді. Слондықтан екеуінің қоныстанған жері қашық емес болды. Тарихта бір ұлыс соғыста жеңлгеннен кейін өз жерінен айырылып, түгел кетіп қалған жайт кездеседі. Ал кейінгі кезеңдерде ғұндар ұлыс бойынша бастысқа ауған кезде де 100 мыңнан артық халқы бұрынғы мекенінде қалған. Осы тұрғыдан алғанда үйсіндердің көп бөлігі бұрынғы мекенінде қалып қойған.
Көпшілік ғалымдар үйсін тайпалары мен оған көршілес нүкіс тайпалары Кентау мен Дахатаның аралығында қоныс тапкенмен, бірақ үйсіндер мен батыс ғұндарды нүкістер қысым жасап, қуып шығып, сондықтан ертедегі батыс ғұндар , сақтар, үйсіндер бұл ұлыстың екі басқа аталуы болып отыр.

Жалпы қытайлық «Тарихи жазбалар» мен «Хәннамада» жазылған Келентаудың орны үйсіндердің батысқа ауудан бұрын қоныстанған өңірін табудағы маңызды деректердің бірі болып табылады. Бұл мәселе жөнінде ғылыми-көпшілікке негізінен мынадай екі пікір бар: бірінші бірнеше кітаптарға негізделіп Келентауды Жючюан өңірі деп есептейді, ал екінші «Тарихи жазбаларының» 109-тарауында «Келен Тәңіртауы» деп қосып айтылған. Сол сияқты «Хәннамада» Гансуды оңтүсік тау Келентау деп алынбай, ғұндардың тәңірі Келентау аймағы болды деген пікір бар.

Жалпы күнбидің әкесі Нәнду би тегінде Келентау мен Дахта аралығындағы ұлы нүкіс тайпаларымен қатынас орнатқан шағын ұлыс билеушісі болады. Ұлы нүкістер шапқыншылық жасап, Нәнду биді өлтіріп, олардың жерін тартып алады. Халқы босып, ғұн тайпаларын паналайды. Ал жаңа туған нәресте күнбиді аталық Бозақ яғбу қалың шөптің арасына алып барып жасырып қояды. Бозақ оған азық алып қайта келсе, оны көк құртқа емізіп жатыр екен, ет тістеген қарғалар оны төңеректей ұшыпоны өз қолында бағып ер жеткізеді. Азамат бала оған қол бастатыпты. Бірнеше жылғы соғыста көзге түскен соң, тәңірқұт күнбиге әкесінің бұрінғы ел жұртын қаратып, Батыс өңірді баянды қорғау жөнінде әмір берген екен. Күнби халқына қорғау болып, қоңсылас отырғавн көрші елдерді шауып күн көреді. Күнби өз елін қорғану мен шабуылдауға машықтандырады. Тәңірқұт қайтыс болғаннан кейін, күнби өз елін алысқа көшіреді. Тәуелсіз ел боламыз деп ғұндарға қол тапсырудан бас тартады /14, 47 б/.

Ғұн тайпалары атты әскерін қаптатса да, оларды жеңе алмайды. Мұны қасиетті киенің құдіретіне жорыған ғұн тайпалары олардан қашық кетуге тырысады. Осы себепті ғұндар күнбиге мол тарту тартып, оларды біртіндеп шығысқа көшіру арқылы бұрынғы ғұния ханның жеріне қоныстандырырмақ болады. Сонан нәрестені көтеріп барып, ғұнға бағынады. Тәңірқұт оны жақсы қабылдап, өз қамқорлығымен ер жеткізеді. Азамат болып, тәңірқұт күнбиге бұрынғы әкесінің ел-жұртын қаратыпты. Оған қол бастатыпты. Ол бірнеше жылғы соғыста көзге  түседі. Бұл тұста ғұндардан жеңілген нүкіс тайпалары батысқа ауып, тақ тайпаларына шабуыл жасапты. Сақ ханы оңтүстікке қашып кетіп, ал ұлы нүкістер олардың жерін жаулап алыпты. Күнби кәмелеткее келген соң тәңірқұтқа әкесінің кегін алатынын айтып, батысқа шеру тартады. Сонымен нүкістерді жеңіп, оларды батысқа ығыстырады. Күнби олардың қалған халқын бағындырып, әскери жағынан күшейеді. Осы тұста тәңірқұт өліп, күнби ғұндарға қол тапсырудан бас тартады. Ғұндар қанша күш көрсетсе де оны жеңе алмайды. Мұны киенің құдіретіне бағалап, ғұндар олардан алыс кетуге бел шешеді. Тығырыққа тірелген тәңірқұт ескі мекендерін қимай, үйсіндерге мол тарту тартып, олардың шығысына мекен етуді ойлайды. Сол себепті күнбиге ханша ұзатуға шешім қабылдайды. Олар үйсіндермен біріккен жағдайда оның батысындағы Бактрия және т.б. елдердің бажамызға айналуы даусыз деп шешеді. Үйсіндерге елшілікпен барған Жаң Чян оларға патшаның дегенін жеткізеді. Бұл туралы қытайлық «Батыс өңірі баянында» жазылдады.

Алайда қытай деректерінде бұл пролцес әр түрлі айтылады. Мәселен, «Тарихи жазбаларда» күнбидің әкесі ғұндардың батыс жағында бір шағын елді билеген екен делінсе, «Хәннамада» күнбидің әкесі Нәнду би негізінен Келентау мен Дахата аралығындағы ұлы нүкістермен қанаттас отырған шағын ұлыстың билеушісі екен /31, 43 б/.

«Тарихи жазбаларда» ал қазір хұндар хан әулеті тарапынан мықтап тығырыққа тірелді. Күнбидің бұрынғы мекені иен жер, олар Хан әулетінің байлығын көргенде мән-рейлердің көзі тұнып кетеді. Осы орайда Үйсінге мол тарту тартып, оларды біртіндеп шығысқа көшіру арқылы мекендеріне қоныс тептірген.

Жоғарыда көрсетілген «Тарихи жазбалар» мен «Хәннамадағы» осы айырмашылықтар үйсін тайпаларының ата қонысы мен территориясы турасында сөз қозғайды. Сол себепті де көптеген зерттеушілер үйсін тайпалары сөз болған тұста «Хәннама» мен «Тарихи жазбалар» бойынша мәліметтер бере отырып, олардың ата қонысын ажыратқан болатын. 

 Б.з.б. бірінші ғасырдың орта тұсында оңтүстік ғұндар хань патшалығына бағынып, солтүстік ғұндар батысқа қарай ығысып, Алтай, Саян тауларын мекен еткен қырғыз, диңлин тайпаларын өздеріне бағындырып, үйсчіндер мен қаңлыларды өздеріне қосып алуды көздейді.

Бірқатар иеліктер немесе тайпалар үйсіндердің билігінде немесе ықпалында болды деп топшылауға негіз бар. Мәселен, Ханның үлкен үйінің тарихында үйсін басқа да көптеген иеліктерді өзіне баығндырады. Сол стияқты «Давани туралы әңгімеде» үйсін тайпалары көршілес шағын иеліктерге шабуылдар жасайды. Сол сияқты үйсін тайпалары өздеріне жақын қоныс тепкен тайпаларды өз вассалдарына айналдырып отырған. Бұл сол тұстағы әдет-ғұрыптары мен киімдері жөнінен үйсін тайпаларына жақын тұрған хюсюнь, гюаньду, юйту тайпалары немесе үш иелік жерплері болған. Б.з.б. бірінші ғ,асырджа согюй немесе ярхян иелігінде жергілікті старейшиналар мен билеушінің өзінің сұрауы бойынша үйсін тайпалары оң қабақтарын таныту үшін Ван-Гуйми гуньмоның баласы Ваньнянь әмірші болған/33/.

Деректерге қарағанды, үйсін күнбиін Елжау бидің  он ұлы болған. Олардың ішінде Дулы өте қабілетті де қайраты болған. Соғыс өнерінде мықты қолбасшы болып, он мың атты әскерімен көзге түседі. Б.з. д. 141 жылы Хан патшалығында Уди патша болды. Бұдан бұрын Хан патшалығының солтүстігіндегі ғұндар күшейіп, Хан патшалығына қарсы үздіксіз шабуылдар жасап, үлкен қауіп-қатер алып келеді. Уди таққа келген соң хан патшасының мемлекеттік қуаты күшейіп, ғұнжарға қарсы соғыстар жасайды. Олар ұлы иозилермен достық қарым-қатынастар орнатып, ғұндарға қарсы шығуды ойлайды /14, 56-58 бб/.

Бұл мақсатқа жету үшін б.з.б. 138 жылы жаң Шиаң юастаған жүз адамды иозилерге елшілік сапарға аттандырады, Бірақ жол-жөнекей Жан Шианды ғұндар ұстап алады. Ол ондаған жыл ғұндар қолында тұтқында болады. Кейіннен өзі құтылып, Ферғана аймағы арқылы иозилерге барады.

Үйсін тайпалары неке одақтарын жасау арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қарым-қатынастар орнатты. Мәселен б.з.д. 69 жылы жоғарыда аталған Ван-Гуйми өзінің Даши деген қызын Кучи әміршісі болып отырған Гян-биньге береді. Хань империясы мен ғұн тайпалары үйсіндермен одақ жасауға мүдделі болады. Сол себепті хань мен ғұн әміршілерінің қызарын үйсін күнбилеріне әйелдікке ұзатып отырған.

Сол сияқты елжау би де хан әулетінің ханшасы Шижұнды айттырып, некелесуі жайдан-жай емес,  тек саяси мақсат үшін жасалған еді. Ол тұста Елжау би жасы жетпістен асқан, немерелі-шөберелі адам болған. Оның үстіне олардың іргелес отырған ірі һұндерден алыс кетуі мүмкін емес болды. Нәтижесінде ханшаны сол тізесін басқан ханша етті. Бұл сол тізесін басу оның бәйбіше болуы еді. Шижұн ханша өзінің саяси міндетін орындау үшін жылына бір рет күнмуға кездесіп, шарап ұсыныпғ орданың төрелігіне сыйлық ұсынып отырған. Өз кезінде Елжау би бұл ханшаны өзі алмай, немересі Жөншіге қосуды ұйғарған еді. Алайда негізгі күнмуға әйел болуды көздеген Шижұн әкесі Удиға хат жолдайды. Бірақ, Уди ооған үйсіндердің әдеет-ғұрпына көндігіуі керектігі туралы айтады. Соңында Елжау бидің немересі Жөнші би мен Шижұнның некесі қиылады.

Б.з.д. 104 жылы үйсін күнмуы Елжау бидің тағына оның немересі Жөнші отырады. Шижұн ханша қайтыс болған соң қайта екі ел арасында құдандалық жалғасып, Уди патша өзінің немере қызы Жиейұй ханшаны Жөншіге ханымдыққа береді.

 Б.з.д. 96 жылы Жөнші би қайтыс болып, оның һұн әйелінен туылған мұрагері Най би әлі жас болған соң, жөнші бидің немерелес туысы Оңқа би таққа отырады. Ол әмеңгерлік салт бойынша ағасының әйелі Жиейұй ханшаны алады. Осы тұста үйсін елінің шығыстағы көршісі чесілер маңызды жол торабына иелік етіп, оған һұн билеушілері көз тігеді. Бұл қауіпті байқаған үйсін күнмуы Оңқай би Елжау биге хат жолдап, һұндерге қарсы шығуды көздейді. Нәтижесінде күш біріктірген үйсін елі һұндерге қарсы шабуылға шығады. Олардың арасында соғыс екі мәрте орын алады. Соғыс барысында үйсіндер жеңіске жетіп, көп тұтқын түсіріп, үлкен олжаға тап болады. Нәтижесінде мемлекеттің беделі арта түседі. Территориясы да кеңейеді. Хан патшалығы үйсін елінің бұрынғыдан да күшеюін ескере келіп, үйсін елімен дипломатиялық қарым-қатынасты жоғалтпау мақсатымен әлсін-ілсін құдандалық байланыстарын жоғалтпай отырады /66, 83б/.

Сол сияқты күшейген үйсін елінен басқа елдер де көмектер сұрап отырған. Мәселен, үйсіндердің шығыстағы көршілері чес елініңханы һұндерден қысым көргендігін айтып, көмек сұраған болатын. Нәтижесінде екі ел арасында одақтық байланыс орнап, үйсін күнмуы Янғұйге бір қыздарын ұзатады.

Б.З.Д. 53 жылы Оңқай бидің баласы Ожет үйсін күнмуы болуға әрекет жасайды. Сол үшін Най биді өлтіріп, өзін күнби деп жариялайды. Хан патшалығы бұл әрекетті тқтату үшін үйсіндерге қарсы әскер жібереді. Бірақ Фың Лиау ханыммен Ожет күнбидің тіл табысуы бұл процесті тоқтатады. Ожет кіші күнму болуға келісім беріп, янғұй би ұлы күнму болады. Осы тұстан бастап үйсін елі қайтадан хан патшалығына тәуелділікке түседі.

Үйсін елі ендігі тұста кіші күнмулық және үлкен күнмулық деп екіге бөлінеді. Хан патшасының ұлығы Чаңның қатысуымен екі ел шекарасы бөлінеді. Деректер бойынша ұлы күнмуга оңтүстік иелік, ал кіші күнмуға солтүстік иеліктиеді. Оңтүстік иеліктің орталығы Ыстықкөл алқабы мен Іле өзені алабы болса, солтүстік иеліктің орталығы Жетісу жазығы болады.

Үйсін елінің екіге бөлінген кезінен кейін олардың арасында өзара қырқыстар, таққа талас тоқтамады. Бұл үйсін еліні қатты күйзелтті. Оңтүстік иеліктің билеушілері күнмудың Хан патшасының қыздарынан тараған ұрпақтар болса, ал оңтүстік иеліктің басшылары күнмудың һұн тәңірқұтының қыздарынан тараған ұрпақтар боды. Сондықтан өзара тартыстар кезінде екі жақ екі көрші елдің көмегіне сүйенумен болды. Әр иеліктің өз ішінде таққа таласқан ішкі қырқысы жүріп жатты. Мұндай қырқыс солтүстік иеліктіе тым күшейе түсті /33, 58 б/.  

Заманымыздан бұрынғы бірінші ғасырда оңтүстік тәңірқұты Хан патшалығына бағынады да, солтүстік тәңірқұты батысқа қарай ығысып келіп, Алтай, Саян тауларын мекен еткен қырғыз. Қыпшақ тайпаларын өздеріне бағындарады. Олар өздеріне үйсіндер мен қаңлыларды да қосып алады. Осы мезгілде Хан патшалығы үйсін еліне тағы да бір елші жібереді. Бұрын үйсін елінде тұрып, Фың Лиау қайтадан Хан елінің елшісі болып үйсін тайпаларының арасына келеді.

Осы тұста б.з.д. 49 жылдары солтүстік тәңірқұты Шоже әскер бастап үйсін жеріне келіп, кіші күнму Ожетке елші жіберіп, үйсін елін өзіне қосып алуға әрекеттенеді. Кіші күнму бұдан бас тартады. Екі арада үлкен шайқас болып, кіші күнму жеңіске жете алмағанымен өзінің батылдығын көрсетеді.

Ендігі тұса шоже тәңірқұт қаңлы тайпаларымен бірлесе отырып, үйсін еліне жорық жасамақ болады. Б.з.д. 44 жылы олар бірлесе отырып үйсін елінің астанасы Чигу қаласына шабуыл жасайды. Халқын тонап, үйсіндердің көптеген малдарын олжалайды. Үйсіндердің батысындағы қоныстары қаңырап бос қалады.Ұлан байтақ жермен елді өзіне бапғындырып күшейген Тәңірқұт батыс өңірдегі басқа елдерге де қауіп төндіреді. Үйсін әскерлері де шабуылға шығады.

Б.з. д. 33 жылы үйсін тағына Сылы  би келеді. Алайда осы тұста тағы да биилікке талас ісі өрши түседі. Әсіресе кіші күнмулікте үлкен қырқыс болады. Олар бірін-бірі өлтіреді. Алайда көп уақыт өтпей Сылы би елді қайта біріктіреді. Ел іргесі тынышталып, ел өркен жаяды. Оның бір ерекшелігі сол, өріс-қонысқа таласып, озбырлық жасауға тиымдар салады. Елде өндірістік қатынастар жанданып, ел іргесі уақытша болсын тынышталады. Ол мемлекетті мықты меңгеріп, оңқалар мен бектерді толық бағындырып, халық тұрмысын жандандырып, елде тыныштық орнатады. Алайда, солтүстік иелікте отырған Уижың бүлік шығарып, б.з.д 16 жылы Сылы биді өлтіреді. Сылы биден айырылған үйсін елі қайта күйзеліске түседі. Заманымыздың төртінші ғасырында үйсін еліне шығыстан сәнби тайпалары басып кіреді. Сол сияқты жужан тайпалары да шабуылдар ұйымдастырады. Заманымыздың 435 жылы үйсін елшілері батыс алқаптың сегіз елшісімен бірігіп Уи патшалығына тарту апарады.

Үйсін елі өз заманында Орта жазықтағы Хан патшалығы, һұндермен және басқа халықтармен: динлиң, Енисей қырғыздары, Алтайдың және Орта Азияның тайпаларымен қарым-қатынастар жасап отырды. Әсіресе Орта жазықтағы Хан патшалығымен саяси, шаруашылық және мәдени қарым-қатынастар жасап, өзінің дамуына жол ашты.

Ал территориялық орналасу мәселесі тағы да қытай деректерінде кездесіп отырды. Мәселен, Хань дәуіріндегі әулеттік хроникаларда үйсін тайпаларының саяси деректерін баяндап жазу шамамен алып қарғанда б.з. д. үшінші ғасырларға сәйкес келген. Орталық империяның кейінгі тұстарында жазба деректер мәліметтерінде үйсін тайпалары туралы үзік мәліметтер кездеседі.

Әсіресе соңғы тұстардағы Шығыс Жетісу территориясын зерттеу барысында табылған археологиялық материалдар түрік тайпалары пайда болғанға дейінгі заманда ұлан-байтақ территорияда үйсін тайпалары үйсін тайпалары түрік қағандарының  тікелей бақылуында болып, кейін үйсін мәдениеті түріктер арасында болғандығын мәлімдейді.

Үйсін тайпаларының басқару жүйесінде де өзіндік ерекшеліктер болды. Ел басшысы күнби елдегі барлық қарулы күштерді басқарды. Оған ру-тайпаны басқаратын бектер бағынып отырды. Бүкіл үйсін елі өз ішінде оң қанат және сол қанат және орта деп үш әкімшілік-әскери аймаққа бөлінді. Оң қанат пен сол қанат енкі қолбасшы меңгеруіне өтті. Ал ортадағыв қанатта күнбидің өзі отырып елде борлып жатқан процесті өз көзімен бақылауында ұстады. Үйсін елінде басқарудың ондық жүйесі орнады. Күнму өзіне қарағанда ел-жұртты балавларына бөліп беріп, мыңнан әскер мен көшіп-қонатын жердлер беріп отырды.

Үйсін елі құрылған кезеңнен бастап оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Ол негізгі тоғыз лауазымнан: күнби, дулы, қолбасы, оңқа, дарту, абыз, ұлыс бегі, орда бегі, атқосшы болып бөлінді. Тоғыз дәрежеге бөлінген билік жүйесін жалпы он бес адам атқарып отырған. Б.з.д. үшінші ғасырға дейін 1200 жылдық үйсін елінің тарихында үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы турасында ғана нақты деректер тобы сақталған. Үйсін елі екі иелікке бөлінгеннен кейін де билеуші топтар арасында тақ таласы аяқталған жоқ. Бұл тартыстың аяғы бірін-бірі өлтіруге дейін апарып соқты. Оңтүстік иеліктің билеушілері кунмудің Хан патшалығынан алған әйелінін туған ұрпақтары еді. Әр иеліктің өз ішінде таққа таласқан ішкі қырқыстары болып жатты. Үкімет билігіне таласқан ішкі қырқыстар бір заманда кемеліне келіп, дәуірлеген үйсін мемлекетін жегідей жеп, халық бұқарасын қатты күйзеліске ұшыратты /34/.

Үйсін елі өз заманында Орта жазықта орналасқан хан патшалығымен, ғұндармен, және басқа халықтармен Енисей қырғыздарымен, Алтайдың және Орта Азияның тайпаларымен қарым-қатынастар жасаған. Әсіресе Орта жазықта орналасқан хан патшалығымен саяси, шаруашылық және мәдени қарым-қатынастар жасап отырды. Мәдениетінің гүлденуіне олардың ықпалы болды.

Үйсін шаруашылығының дамуына көбінесе Жетісу жерінің географиялық жағдайы себеп болды. Мұндағы ерекшелік сол классикалық егіншілік немесе көшпелі мал шаруашлығы аудандарынан өзгеше мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасытырыла жүргізілді. Ал көшпелі тұрмыс салты жартылай отырықшылықпен ұштасты.

Ежелгі заман авторларының жазбалары бойынша олардың шаруашылығ мен тұрмысына қатысты сипаттамада малға азық іздеп бір жерден екінші жерге көшумен болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

 

2.1 Үйсін қоғамының материалдық және рухани мәдениеті: жергілікті  ерекшеліктері мен ұқсастықтары.

 

Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толық зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле аңғарындағы қоныстар мен қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар үйсіндердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, керамиканың эволюциясы мен негізгі үлгілерін зерделеуге, үйсін тайпаларынын еңбек құралдары мен қаруларын білуге мүмкіндік туғызды. Ертедегі үйсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпақ қоршаулар түріндегі құрылыстар болып табылады. Әдетте, кұрылыстардың екі үлгісі де бір корымның кұрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым кұрайды, бірақ мұндай реттер біршама аз. Тек бір ғана қоршаулардан тұратын оқшауланған қорымдарды оп-оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда бұлар: Қалқан-1, Үңгірқора-2, Бесшатыр-4, Ақшоқы-3, Ақтасты-5 (Кеген езенінің аңғары), Өсек-2 (Өсек өзенінің аңғары). Батыс Жетісу мен солтүстік Ферғанада Шығыс Жетісумен салыстырғанда мұндай қорымдар әзірше белгісіз.

Көп жылдық қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, бұл ескерткіштердің сыртқы түріндеп айырмашылық олардың этникалык және мәдениетіндегі айырмашылықты білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен қоса салынған саймандар жөнінен олардың бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Әдетте, үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі дәуірлердің сарқыншақтарымен байланыстырылады, сондықтан олардағы хронологиялык белгілер айқын ажыратылады. Алайда біздің байқауларымызда ондай тұжырымдарды дұрыс деуге салмақты дәлелдер жок /35/.

Сонымен, үйінді обалардан тұратын қорымдар үйсіндердіц жерлеу құрылыстарын сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады. Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген. Обалар жазықдалаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе өзеннің малта тастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақ тастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға бөлуге болады. Белгілі қорымдардың басым көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері құрылысының екі үлгісі — үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап тұратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік басындағы коршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3, Акшоқы-4), бірақ үйінді астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдекайда жні кездеседі (Қалқан-1).

Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда – дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен қойтастарлы бір қатар немесе бір қабат етіп жай ғана қалай салу жолымен қоршаударға алдын ала ойластырылған түр беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғұрлым ұсақ сынықтары пайдаланылса, олардың биіктігі мен ені бірнеше қабат етіп қаланған. Өзен аңғарларында қоршауларды калауға өзеннің үлкен малта тастары қолданылған. Қоршаулардың биіктігі мсн ені орта есеппен алғанда тиісінше 0,5-0,6 м және 0,2-0,3 м. Өсек қорымында (Өсек озенінің сол жағалауы, Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі) ірі жентектастар қырынан көміліп тік бұрышты және дөңгелек қоршаулар тұрғызылған. Ертедегі үйсін қорымдары тек қана қыстау-қоныстардың маңына, тау етектеріне, шатқалдардан жазыққа шығар жерлерге орналаскан. Үйсіндер қоныстануды ұнататын жер бедері қорымдарды олардың мәдениетіне тән меридианалдық «тізбекте» жоспарлауды анықтап берді. Қыстау-қоныстар тау шатқалдарының түбіне орналасқандықтан, зираттар тау өзендері мен жылғаларының жарқабақтарына салынған. Мұның өзі қабір кұрылыстарының өзара орналасуы судың солтүстіктен оңтүстікке және керісінше ағу бағытына қатаң сәйкес келіп отырды. Алайда ертедегі үйсін қорымдарының ерекше жоспарлануын жер бедерлері туғызған деген тұжырым бір қорым құрамындағы обалардың әрбір тізбегінің бір руға немесе үлкен әулетке жататындығы туралы әдебиетте бар қағиданың дұрыстығын әсте де теріске шығармайды. Ол былай тұрсын, біздегі жаңа материалдар, әсіресе Кетпентау етегіндегі Ақтасты қорымдарының тобы рудың немесе үлкен әулеттің ыдырауына қарай қорымдардың жоспарлануы қалай өзгеретіндігін айқын дәлелдейді: ұсақ тізбектер үзіледі; шағын әулетке тиесілі әрбір қыстау-қоныстың жанынан өз зираты пайда болады; жүйесіз орналасқан үйінділерден тұратын көлемді қорымдар кездеседі, оларды, сірә, енді қандас туыстық байланыстары бойынша емес, қайта аумақтық-шаруашылық мүдделері бойынша біріккен ұжымдар тастап кеткен болса керек.

Ақырында, кейінгі жылдарда археологиялық әдебиет беттерінде дұрыс баяндалмай келе жатқан бір жайға тоқталып өту қажет. Ол қорымдарды жоспарлаудағы және үйінділер қоршауларының орналасуындағы өзгерістерді обаның мерзімін анықтайтын белгілер деп қарастыруға әрекет жасау.

Біздің Жетісудың ертедегі кезі жөніндегі біліміміздің қазіргі сатысында            А. Н. Бернштамның пікірін даусыз дұрыс деп санауға болады; оның пікірінше, белгілі бір корымдарды қазып, мерзімін белгілейтін материал алғанға дейін-ақ сақ-үйсін мәдениетіне жататындығын анықтаушы белгі оларда обалардың тізбек бойынша орналасуы және қабір құрылыстарының құрылымында үйінділер мен қоршаулардың ұштасуы болып табылады /36/. із сақтар мен үйсін ердің кезіндегі мәдениет туралы жалпы сөз еткен кезде осы көзқарастың дұрыс екенін атап көрсетеміз. Бірқатар ескерткіштерді кезең-кезең бойынша хронологиялык топтаудың өлшемі, мәдениеттің сатылық эволюциясын анықтаушы емес. Үйсіндердің белгілі қорымдарының бәріндегі қабір құрылыстарының құрылымдарын салыстыру қоршаулардың үйінділерге қарай орналасуының әр түрлі нұсқалары үйсін мәдениеті дамуының барлық кезеңдеріне тән екенін көрсетеді. Сірә, әр түрлі нұсқаларды ертедегі үйсіндердің діни көзқарасы болып табылатын әлдебір рәсімдік-магиялық ұғымдар туғызған болса керек.

Қорымдардың жоспарлануындағы өзгерістер де мерзімін дәл анықтайтын белгі бола алмайды. Біріншіден, жоғарыда айтқанымыздай, обалардың ерекше орналасуын жер бедері қалыптастырған. Екіншіден, үйінділердің «тізбектеле» орналасуы үйсін мәдениетінің неғұрлым алдыңғы кезеңіне, рулық байланыстар әлі де күшті болған кезге тән болған; ал олардың ыдырауына байланысты, яғни неғұрлым соңғы кезенде үйінділері жүйесіз орналасқан қорымдар пайда болады.

Сондықтан біз қорымдардың топографиясы мен қабір құрылыстарының құрылымы олардың мерзімін белгілеудің қосалқы өлшемі ғана бола алады, ал соларға ғана негізделген тұжырымдар мен топтаудың қандайы болса да қатерлерге ұрындырмай қоймайды және олар жасанды кұрылымдар деп саналуға тиіс деген тұжырымға тоқталамыз. Мұндай қателерге мысалдар аз емес. Бегазының (Орталық Казақстан) тақтатас қоршауларын Байкал сыртындағы тақтатасты молалармен немесе Ноин-Ула қималарын Пазырық обаларының қималарымен және т. б. салыстыру сәтсіз болғанын еске сала кетейік /36/.

Бүкіл халық үшін ортақ жерлеу ғұрпы компоненттерінің бірі ретінде ертедегі үйсіндердің табыну құрылыстары олардың діни дүниетанымының тікелей көрінісі болып табылады. Біртіндеп күрделілене түскенімен, діни түсініктер негізінен алғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады және жерлеу ғұрпы мен табыну құрылыстарының да кұрылымы езгерген жоқ.

Үйсін ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәдени дамудың хронологиялық үш кезеңін беліп көрсетуге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысына қорымдардың жоспарлану ерекшеліктері, қабір құрылыстарының өзгешелігі және құрал-саймандардың, кару-жарақтың, тұрмыс заттарының, әшекейлердің өзіндік түрлері мен үлгілері тән.

Ескерткіштердің неғұрлым ертедегі тобы б. з. б. III-I ғасырларға, орта кезендегілері — б. з. I-III ғасырларына, кейінгі кезендегі ескерткіштер б. з. III-V ғасырларына қатысты.

«Қаратал» кезеңі (б. з. б. III-I ғғ.) — ертедегі үйсіндер мәдениеті дамуының бастапқы сатысы, бұл кезде археологиялық және палеоантропологиялық деректер бойынша сақ ескерткіштерімен сабақтастығын сақтап қалған, бірақ сапалық жағынан жаңа мәдениетке тән жаңа сипаты бар ескерткіштер тобын азды-көпті иланымды түрде бөліп көрсетуге болады. Біздің пікірімізше, бұл кезеңнің ескерткіштері: Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3, Үңгірқора-1, Қызылеспе, Бесшатыр-2, Өтеген-1, Қалқан-1, Ақшоқы-4, Бетағаш, Мойынтоғай-2, Сартоғай, Кеңсай, Шормақ-1, Бұрана, Шелпек обалы қорымдары.

Ертедегі кезеңнің қорымдарына обалардың солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле немесе қосарласып тізбектеле орналасуы тән. Әдетте олардың әрқайсысында үйінді үстіне және үйінді сыртына оны айнала дөңгелете белдеулептас каланған 5-10, ал кейде 25-ке дейін оба болады; белдеулер онша ірі емес тастар жағалата қойылған 1-2 немесе 3-4 катардан тұрады /34/.

Бұрыштары сәл дөңес қабір шұңқырлары шығыстан батысқа қарай ұзынынан қазылған. Шұңқырлардың қабырғалары тік, беті ағашпен жабылған. Өлік шұңқырға созыла жатқан күйінде, шалқасынан, қолын қапталына созып, басы батысқа қаратылып қойылған. Өліктің бір қолын шынтағынан бүгіп жерлеу ете сирек кездеседі. Шұңқырдың батыс бөлігіне, еліктің бас жағына қыш ыдыс қойылған. Марқұм тамақпен — қойдың сан етімен «жабдықталған». Қабірге өлген адамның немесе әйелдің өзінің тұтынып жүрген заттары — темір және қола пышақтар мен түйреуіштер, моншақтар, алтын, күміс және қола сырғалар, металл айналар, кейде жебелердің темір ұштары салынған.

«Жетісу» кезеңі (біздің заманымыздағы IIII ғғ.) — үйсін мәдениеті эволюциясының дамыған сатысы. Бұл кезеңнің ескерткіштері көп және мәдениет жетістіктерін мейлінше толық сипаттайды. Оларға мына обалы қорымдар жатқызылады: Талғар-1,3, Бастау-2,3, Ақтас-7, Сарытау-1,2, Ақшоқы-3,4, Отеген-2,3, Бесшатыр-1,3,4, Қадырбай-2, Шормақ-2,3, Ащысу, Актерек, Мойынтоғай-1, Сартоғай, Диқан-1, Күрті, Қызылауыз-2, 3, Тайғақ-1, Алтынемел-1, 3, 4, Қапшағай-2, Қалкан-4, Алатөбе-1, Ақтас-4, Қараша, Шошқалы, Ұзынбұлақ, Қызылқайнар.

Біздің заманымыздың шебіндегі қорымдарда обалар жүйесіз орналасқан. Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер саны азаяды, беті ағашпен жабылған шұңқырлар саны кемиді. Мола құрылысының жаңа үлгісі — бүйірінде ұңғымасы бар шұңкыр пайда болады, ол шұңқырдан және оның бір жақ қабырғасынан қабірдің түбі деңгейінде қазылып, жерленетін өлік қойылатын ұңғыма лақыттан тұратын болды. Ұңғыма әдетте шұңқырдың солтүстік қабырғасынан қазылған Қабір қазудың тағы бір түрі — «ақымды» түрі пайда болады. Бүл — сырғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған қалқамен бөлінген жерден қазылған шұңқыр. Қалқаның жоғарғы жағы шұнкырдың солтүстік қабырғасына, түбі онтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге қыш ыдыстар бұрынғыдан гөрі көбірек — көбінесе алты-жеті ыдыс қойылатын болды, ыдыстың түрлері де өзгереді: оның түбі бұрын деңгелек болса, енді жайпақ болып келетін болды /37/.

«Іле» кезеңі (б. з. IIIV ғғ.) — ертедегі үйсіндер мәдениеті дамуының кейінгі сатысы. Зерттелген кеп ескерткіштер ішінен ол кезеңге жататын бірнеше қорымды ғана бөліп алу мүмкін болды. Бұлар: Ақтас-1, 3, 6, Үнгірқора-2, Шолақжиле -1 қорымдары.

Соңғы кезеңде зираттардың жүйесіз салынуы дағдылы болған, кейде бірнеше тізбек (әркайсысында 5-7 үйіндіден) қыстау-қоныстың маңына орналасады (Актас тобы). Кейде үйсін қабірлері арасынан бірлі-жарым түрік обалары кездеседі. Үйінді үстіне дөңгелете тас қалаған обалар жасалмай, тастан қаланған шеңбер жоғарғы жағынан топырақпен көміледі. Қабірлер екі түрлі — жерден қазылған және ұңғылап қазылған лақыт. Қабірлерден түбі жайпақ және дөңгелек кәзелер, дәнүккіштер, әшекейлер, ыдыстар, ғұрыптық тамақ қалдықтары табылды.

Үйсін мәдениеті әр түрлі даму сатыларында сабақтастық байланыстарын сақтап отырған, бұл — 600-700 жыл бойы дамыған біртұтас мәдениет.

Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті әжептәуір толық зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле, Талас және Шу аңғарларындағы қоныстар мен қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар үйсіндердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, еңбек құралдары мен қару-жарағын білуге, керамиканың эволюциясы мен оның негізгі үлгілерін зерттеуге мүмкіндік туғызды.

Жоғарыда ертедегі үйсіндердің жартылай көшпелі, жартылай отырықшы өмір салты оларда қыстау-қоныстар мен қала үлгісіндегі бекіністі қалалар салынуына себеп болғаны атап өтілді. Ертедегі қытайдың жазбаша деректемелеріндегі азын-аулақ мәліметтер шынында да солай болғанын қуаттайды /38/.

Үйсін мемлекетінің Чигу (Қызыл Анғар) деген өз астанасы болды. Хань шежірелері бұл атауға «чен» деген косымша жалғауға болады деп тапқан, бұл арқылы олар қамал-қала үлгісіндегі бекіністі қоныс дегенді білдіреді /38/.

Б. з. б. II ғасырда Чигученде үйсін гунмосы Люецзяоми мен оған ұзатылған кытай ханшасы Цзяндудың сарайы орналасты. Үйдің сәулеттік шешімі мен ішкі көрінісі бізге беймәлім, бірақ құрылысты ежелгі қытай сәулет өнерінің дәстүріне негізделген деп топшылауға болады. Ертедегі үйсіндер қоныстанған бүкіл кең-байтак жерде, сірә, Чигу-ен бірден-бір қала болмаса керек. Қолда бар деректерге қарағанда, біздің заманымыздағы IV-V ғасырларда сяньбилермен соғысқан әлдебір үйсін гуньмосының Хангай тауларында сарайы (қала ма, әлде орда ма?) болған. Хань әулеттік хроникасының неғұрлым кейінгі түсіндірушісі ертедегі үйсіндерді отырықшылық мекендері туралы мәліметтерді қуаттап, олар малшы болып, көшпелі тұрмыс салтын жүргізгенмен, бәрібір «қалалары мен елді мекендері болды» деп көрсетеді.

Бұл хабарлардың археологиялық жолмен расталмауын қала мәдениеті ескерткіштерінің, атап айтканда Жетісудың бүкіл аумағындағы ертедегі отырықшы мәдениет ескерткіштерінің аз зерттелгенімен түсіндіруге болады. Екінші себебі Жетісудың қираған қалалары орындары стратиграфиясының және соған сәйкес керамикалык кешендерді хронологиялык топтаудың нашар талдап шешілгендігі болып табылады. Соңғысы әсіресе, қала мәдениетін Жетісуға соғдылардың әкелгендігі туралы сынаржақ кағиданы негізге алып, дәстүр бойынша түрік заманына теліп жүрген алдынғы ортағасырлық кешендерге қатысты. Солай бола тұрса да, қала орындарының түрік кезеңі қабаттары мен олардың қабірлерінен және әсіресе соңғы үйсін заманының қоныстарынан табылған керамикалық кешендер (тік әшекейленген тұтқалары бар ыдыстар, ілмек тәрізді тұтқалары бар саптыаяқтар, алуан түрлі көлбеу құлақты қазандар, хумчалар және т. б.) арасындағы көптеген ресми-типологиялық ұқсастықтар түрік керамикасының мерзімін ертерекке (кем дегенде 300 жылға) ысыру қажет екеніне коз жеткізеді. Кең келемді қазба жұмыстарын жүргізіп, стратиграсрияны мұкият зерттеген жағдайда кеп қабатты бірқатар қалалардын (Сүмбе, Лепсі — Шығыс Жетісу; Суяб, Кұлан, Ақтөбе — батыс далалық) төменгі қабаттары үйсін заманына жатқызылатын болады /39/.

Сонымен біздің қолымызда әулеттік хроникаларында үйсін қалалары туралы жоғарыда келтірілген мардымсыз мәліметтерден басқа деректер жоқ оның есесіне «елді мекендер» туралы едәуір жақсырақ білеміз, себебі онда қоныстар мен қыстау-қоныстар туралы біршама кұнды деректер келтірілген.

Үйсіндердің отырықшы қоныстарының қалдықтары Шу және Кеген озендерінің аңғарларында зерттелді. Шу аңғарларындағы қоныстарда тұрғын үйлердің пішімі тік бұрышты болған, шикі кірпіштен салынып, балшықтан соғылған таға тәрізді ошақтармен жылытылған.

Кеген өзеніндегі Ақтас қонысында кұрылыс сипаты әлдеқайда жақсы сақталған. Мұндағы кұрылыстар кешені тастан салынған 5 тұрғын жай мен бірне шекара-қоңсылардан тұрады. Кұрылыстар ішінде орталығы «шаршы белме» болған, оған іргелес көлемі 126 шаршы метрлік «үлкен бөлме» бар, бұл бөлмеге ұзын да енсіз дәліз арқылы кіреді. «Шаршы белмеде» тастан қаланған жер ошақ орналасқан.

Суық түскенде үйсін отбасылары екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қыскы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланған. Әрбір тұрғын үйде үлкен бөлме, ұсақ қосалқы жайлар және мал қамайтын қашалар болды. Үй-жайлардың бәрі біріне-бірі жапсарластыра салынған. Олардың едендері балшықпен сыланған жер еден болды. Тұрғын бөлмелердің едендерінде айнала тас қаланған ашық шаршы жерошақтар болды. Жерошақтар үйді жылытты, жарық берді және оларда тамақ пісірілді. Қыс кезінде үй ішінің тіршілігі ошақтың айналасында өткен, оның маңынан ас құйылған қыш ыдыстар, ұн тартатын тас қол диірмендер табылды. Бала-шағалы терт-бес үй бір ауыл болды. Қонысқа жақын жерде ру және әулет зираттары орналастырылды. Зираттардың үстіне топырақ тас обалар үйілді, тас қалама мес қоршау жасалды. Жаз кезінде, кешіп жүргенде, ежелгі авторлардың жазуына қарағанда, үйсін отбасылары «киізбен жабылған дөңгелек жайда» — киіз үйде тұрған.

Үйсін отбасының тамағы ет, сүт және түрлі өсімдіктер болған. Ерлер, әйелдер және балалар жүннен, теріден және жібектен тігілген киім киген. Жібек және баска бетен ел бұйымдары не сауда арқылы әкелінген, не үйсін шонжарлары соғыс шапқыншылықтары кезінде қолға түсірген.

Мал шаруашылығымен және егін салумен қатар үйсіндерде үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең еріс алған. Ыдыстар пайдаланылуы жағынан — тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық (азық-түлік қорын сақтайтын) ыдыстар болып бөлінеді. Тамақ ішетін ыдыстардың ішінде ағаштан (негізінен алғанда қайыңнан) ойып жасалғандары да болды, бұлар — тағандары бар шағын табақтар, текше тостағандар, ожаулар болып келеді.

Үйсіндерде құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ыдыстар құмырашы ұршықшасында жасалды, сондай-ақ құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсырылып та жасалды. Керамиканың іш жағында және түбінде матаның таңбасы кездесіп отырады. Ыдыстың қабырғасы жолақ-жолақ болып өсіп отырады, ал жолақтар бірімен-бірі қосылған жіктер сыланып, үстінен түсті бояумен боялады. Ыдыстар түрі жағынан да, пайдаланылуы жағынан да алуан түрлі болды /40/.

Ең көп таралған ыдыс түрлері мыналар: дөңгелек кең түпті тегенелер, олар ішінен жиегі иілген, тік жиектілері сирек, бүйірінің биіктігі мен диаметрінің арақатынасы 2:1; түбі деңгелек немесе сирек болса да, жайпақ және аузы тар тостағандар. Жалпы алғанда алмұрт тәрізді болып келетін құмыралардың ерекшелігі — мойны тар, биік немесе түбі кең болады. Текше тостағандар екі түрлі: аласа жатаған (биіктігі мен диаметрі бірдей) және биік. Тұтқалары ілмек тәрізді немесе шығыңкы етіліп, бүйірінің ортасына немесе ернеуіне бекітілген, биік текше тостағандарға бүйірінің ортасында ғана болатын тұтқа тән. Көзелердің аузы тар немесе кең, түбі жайпақ және иіні ішке қарай сәл иіліңкі болады.

Ас пісіретін керамикадан табылғаны — жентектелген балшықтан қаралай күйдіріліп, алуан түрлі көлденең және тік құлақ шығарылған, қалың, жайпақ қазандар.

Үйсін ыдыстарының негізгі түрлері — жарты шар тәріздендіріліп жасалған тегенелер мен кеселер, ілмек тұтқалы текше тостағандар, алмұрт тәріздес құмыралар, бүйірі қалың тобатайлар, жапсырма құлақ шығарылған қазандар. Тұтқасы мен шүмекшесі бар шәугімдер, тікше құтылар, су таситын шүмекшелі құмыралар кездеседі.

Біздің заманымыздың басындағы керамикаға қызыл түс пен бүйірінің тіктігі тән. Кейінгі кезеңде, ПІ-У ғасырларда, түбі дөңгелек ыдыстар аз кездеседі, жайпақ түптілері көбірек ұшырасты.

Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызды орын алды. Темірден, мыс пен қоладан еңбек құралдары, тұрмыс және табыну заттары — балталар мен шоттар, орақтар мен пышақтар, біз бен шеге, қазандармен құрбан шалатын ыдыстар, кішкене мехраптар мен шырағдандар, қару-жарақ, қанжарлар мен жебелердің ұштары және сәндік заттар — білезіктер, сырғалар мен сақиналар жасалды. Алтыннан ерлер мен әйелдер киімінің, бас киімінің және қаруының әшекейлері, көлемі мен бітімі әр түрлі қаптырмалар жасалды. Зергерлік бұйымдары — алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап жасалған, асыл тасты алқалары бар сырғалар, қола түйреуіштер болып келеді, олардың бір шетіне құстың мүсіндік бейнесі салынады, әдетте мүсіндер ез ерекшеліктеріне барынша бейімдей жасалады.

Жұқа жапырақша алтыннан сақиналар мен қаптырмалар жасалды. Соңғы үйсін дәуірі кезінде зергерлік заттарға түсті тастардан кез салу таралды. Полихромдық өнердің мұндай ескерткіштерінің тамаша үлгілері қызыл тастан түйірлеп кез салған, бедерленген алтын салпыншақтар Ақтас-2 қорымын қазып ашқанда табылды. Асыл және бағалы тастар — ақық, гауһар, перуза моншақ жасауға пайдаланылды .

Алматыға жақын жердегі Қарғалы қойнауынан табылған алтын бұйымдар ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерін мейлінше айқын сипаттайды. Табылған заттардың ішінде айыр өркешті түйенің мүсіні салынған екі жүзік, таутекелердің он мүсіні, адамды кеміріп жатқан тышқан бейнеленген сырға, көптеген қаптырмалар бар. Бұл бұйымдардың бәрі алтыннан жасалып, перузадан өрнек салынған.

Ерекше бір көз тартатын нәрсе Қарғалыдан табылған тәті. Бұл  жалпы ұзындығы 35 см, ені 4,7 см екі бөлектен тұратын алтын жолақ, жолақтың жоғарғы жағына да, төменгі жағына да ені 0,5 см жиек жүргізілген. Оның ішкі беті толған күрделі өсімдік тектес ернектің ортасында тұрған андардың, құстардың, адамдардың бейнелері; бұлар қалыппен қысу әдісімен салынған. Мұнда басын артқа бұрып салынған марал, ұрғашы марал, олардың арасында ұшып жүрген құс, онан кейін үстіне адам мінген, андып басып келе жатқан қанатты жолбарыс бейнеленген; адам басын артына бұрып, қолымен ағаштың бұтағынан ұстап отыр. Онан әрі тұғырда тұрған қанатты ат бар. Тәтінің екінші жартысында жүгіріп келе жатқан аждаһа бейнеленген, оның үстінде сол қолымен аждаһаның мүйізінен ұстап алған адам отыр. Адамның үстінен қаз немесе үйрек ұшып бара жатыр. Онан соң тағы да тұғыр үстінде тұрған қанатты аттың суреті бар. Ақырында, бейнелердің соңғы тобы — ұшып жүрген құс, арқасында адам бар шауып келе жаткан таутеке, төбесінде құстар ұшып жүрген аю, олардың үстінде тағы да арқарға салт мініп алған адам бейнеленген. Адамның қолында гүл бар. Жануарлардың кездері түсті ақық пен альмандиннен салынған, денелерін оймыш-оймыш перуза жолақтарымен өрнектеген.

Тәті ежелгі заман қоленерінің тамаша ескерткіші болып табылады. Тегінде тәтіде үйсіндердің діни ұғымдары мен мифологиясы бейнеленген болуы керек /41/.

Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де дамыған. Жіп иіру мен тоқымашылық киіз басу, үйде жүннен киім тоқып тігуді қамтамасыз ететіндей едәуір ауқымда болған. Мата тоқу үшін қарапайым тоқыма станогы (қазақтардың «өрмегі» сияқты) қолданылған, Ақтас-2 қыстау-қонысын қазған кезде иірілген жіпті орап отыратын айқыш-ұйқыш орналаскан 4 тесігі бар сүйек қалақша табылды. Үйде мата тоқылғанын бүйірінің ішкі жағында матаның ізі қалған ыдыстар да дәлелдейді, ал олардың көп табылғаны және жалпы жұртқа мәлім екені белгілі.

Былғары ісі — жануарлардың терісін өңдеу және аяқ киім (Қызылауыз қорымының обалы қабірінен табылған былғары аяқ киімнің жұқаналары), ішік, тері шалбар мен бешпент тігу үшін тері илеу, теріден ыдыстар мен ат әбзелдерін дайындау кеңінен дамыды. Тастан еңбек құралдары — кетпен, диірмен, келі; тұрмыс заттары мен сәндік заттар — ұршықбас, мұсат, қайрақтас, түрлі-түсті асыл тастан моншақтар жасалды. Сүйектен жұмырлағыштар, жебелердің ұштары (Актас-2 қонысы) істелді, сүйек түймелер мен басқа да ұсақ заттар шаруашылық пен тұрмыста пайдаланылды.

Жазбаша және археологиялык деректемелер бойынша үйсіндердің тілі мен жазуы женінде жөнді ешнәрсе жок. Біз руналык үлгідегі белгілер тырнап салынған призмалык үш қырлы тас және төрт белгісі мен сөз белгіші бар, соңғы үйсін және соңғы сақ заманына (тиісінше б. з. б. IV—III ғғ. және б. з. III—V гг.) жататын кішкенетас ыдыс табылғанын бұдан бұрын айтылды. Алайда олардың жазба ескерткіштеріне жататындығы болжам ғана және оны филологтар қуаттаған жоқ.

Оның есесіне үйсіндердің этникалык-мәдени бабалары — соңғы сақтарда беймәлім әліпбилік жазба ескерткіштің табылғаны бұлтартпайтын факт. Бұл жазуды сол тайпалар шығарып, пайдаланған деп жорамалдауға толық негіз бар.

Үйсіндерге көршілес мемлекеттер мен тайпалардағы лингвистикалық жағдай үйсін қоғамында да әліпбилік жазудың болуына қолайлы еді. Мәселен, III-VI ғасырларда Гаочан (алдыңғы чешилер) елінде қытай жазуы ғана емес, сондай-ақ түрік жазуы да, яғни «көлденең жолдармен» жазылатын жазу да колданылған. VI-VII ғасырларда Кан мемлекетінде (Кангюй үйінің тармағы) тіпті түріктердің зандар жинағы болып, қылмыскерлер сол бойынша жазаланған, мұнда да жазу көлденең жазылған. Сірә, VI-VII ғасырларда Кучада түрік жазуы қолданылған болуы ықтимал, өйткені оның тұрғындары көлденең жолдармен жазған /42/.

Үйсіндердің тілі мен жазуына ғылыми әдебиетте орын алып жүрген көзқарас негізделу дәрежесі бойынша әр түрлі, бірақ жалпы алғанда жұмыс болжамы денгейінде қала береді.

XIX ғасырдың 20-жылдарында Абель Ремюза да 1809 жылы Ертістегі үңгірден және Зыряновск руднигінің маңынан Г. Спасский тапқан руналық тоғыз жазбаны зерттей келіп, жазылуы жағынан олардың солтүстік руналарға ұксастығы бар және бұл жазуды «қытайларға үйсін деген атпен белгілі және Христос туғанға дейін 100 жыл бұрын Ертіс жағасымен Зайсан көлінің батыс жағында жаткан жерлерді мекендеген» тайпалардың қолданғаны күмәнсіз деп жазған еді /42/.

А. Ремюзадан кейін ежелгі түркі жазуымен айналысқан шығыстанушылар мен филологтардың көпшілігі оның көзқарасын қолдап, ертедегі үйсіндердің түркі тілдес болуы мүмкін екеніне қосылды.

Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесімен, шаруашылық қызметке тартылуымен, шаруашылыктың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленді. Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және аддыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар менкалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай кошпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді. Бұл орайда сол шаруашылық бағыттарының өкілдері этникалық жағынан туыс еді, олардың мәдени тамырлары бір болатын.

Бұл қоныстар тұрғындарының шаруашылық қызметі қарапайым суландыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ біздің заманымыздағы алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ, мысалы, Шыршық өзенінің оң жағалауында ірі Зах каналы (20 шақырым) қазылды, ал сол жағалауында Ханарық каналы тартылды.

Жстіасар алқабында тұрақты емес оазистерді, су жайылғыш тоғандарды, көп еңбек жұмсау керек етілмейтін шағын суландыру жүйелерін пайдаланып, көлдете жайып суару түрі басым болды. Көк-Мардан алқабындағы суландыру жүйесін қосымша зерттеу Арыстың ескі арналарында топырақ үйіп бөгелген тоғандар мен бөгет салынған тармақтары суландыру үшін пайдаланылғанын керсетті, олардан егістіктер мен бақшаларға су ағатын арықгар тартылған. Жергілікті жерді зерттегенде және ескерткіштер мен олардың төңіректерінің аэрофотосуреттерін ажыратып қарағанда арықтардың іздері, плотиналар мен бөгеттердің қалдықтары аңғарылды. Кангюйдің қазылған қоныстары мен ертедегі қала орталықтарының бәрінен дәнді дакылдардың (арпа, тары, бидай) қалдықтары, бақша дакылдары (қауын, қарбыз) мен жемістердің (алма, жүзім, әрік және басқалары) дәнсүйектері табылды.

Тұрғын үйлер жанындағы зат сақтайтын жайлардан қор сақтауға арналған үлкен қыш көзелер мен ыдыстар табылды, еденнен ұра-шұңқырлар қазылған. Мәдени қабатта, тұрғын үйлердің қираған жұртында дәнүккіштер, тас диірмендер мен келілер көп. Тұрғын үйлер жанында малды қоршауда ұстауға арналғаны анық орындар кездеседі. Малдың негізгі бөлігі, сірә, қоныстан тыс жерде, ұжымдық табында ұсталса керек. Кангюйлердің қоныстарын қазған кезде үй жануарларының сүйектері көп кездеседі. Олардың ішінде ең көбі қойдың, сиырдың, ешкінің, жылқының сүйектері. Палеозоологтар елік, таутеке, арқар, киік, марал, қабан сияқты жабайы жануарлардың сүйектерін де бөліп көрсетеді. Басқасын былай қойғанда, мүйіздерден әр түрлі бұйымдар жасалған. Үйрек, қаз, бірқазан сияқты суда жүзетін құстар ауланған. Балық аулау дамыған, оны балық сүйектері мен қабыршақтарының табылуы дәлелдейді. Балықты сүңгімен түйреп, басқа да әр түрлі кұралдармен аулаған.

Тегінде, мемлекеттің билеуші тандаулы адамдары, кейініректе Орталық Азия тарихында болғанындай, өздерінің ерте замандағы ата-бабаларының көшпелі тұрмыс дәстүрін, идеологиясын, тарихи аңыздарын сақтап қалса керек. Осыған байланысты қытай хроникаларының кангюйлер билеушілерінің жазғы және қысқы ордаларының әр жерде орналасқанын, олардың бір-бірінен 900 ли қашықтықта жатқанын хабарлайтындығын еске сала кетейік /43/.

Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығына өте ертеден бастап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдар бойынша бөлінуі тән екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатынын ескере келіп, үйсіндердің астанасы жылы аймақта болса, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста жатқан Орталық Қазақстан далаларында болуы мүмкін деп жорамалдау әбден орынды болады.

 

2.2. Үйсіндердің шаруашылығы, оған табиғи орта әсері.

Үйсіндер шаруашылығының даму ерекшелігіне көбіне-көп Жетісудың географиялық жағдайы себеп болды. Мұндағы ерекшелік сол, «классикалық» егіншілік немесе көшпелі мал шаруашылығы аудандарынан өзгеше мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштастырыла жүргізілді, ал көшпелі тұрмыс салты жартылай отырықшылықпен ұштасты.

Үйсіндердің шаруашылығы туралы жазбаша деректемелердің мәліметтері үздік-создық және олардың шаруашылығының бағытын бір жағынан ғана көрсетеді. Ежелгі заман авторларының үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысына берген сипаттамасы малға азық пен су іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп жүреді деп барынша қысқа қайырылады. Бұл – көшпелі және мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың көпшілігі үшін дәстүрлі және ортақ тұжырым. Алайда ол уйсундер жөнінде онша дәл емес /44/.

Ертедегі Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы бірнеше кезеңнен өтті. Оның алғашқы кезеңі б. з. б. II мыңжылдықгың бірінші жартысынан бастап қола дәуіріндегі тайпалардың үй жанындағы бақташылық мал шаруашылығы болды. Б. з. б. IX-VIII ғасырларда ғана ол көшпелі мал шаруашылығына айналды. Бұл кезеңде жайылымдар мен су көздерін маусымдық пайдалану қалыптасты, табында алысқа көшуге және қыс кезінде тебіндеп жайылуға мейлінше бейімделген қой мен жылқы басым болды. Мұндай жайылымдық-көшпелі жүйе тұрақты сипат алды. Ғасырлар бойы қоныстардың, қыстаулардың және жерлеу құрылыстарының белгілі бір жерлерде орналасуы нақ осыны дәлелдейді. Сан алуан үлгідегі ескерткіштерден тұратын үлкен зираттар мен көп қабатты қыстау-қоныстар осылайша пайда болды. Атап айтқанда, үйсіндер заманынан бастау алған осындай зираттар әсіресе Жетісудағы қыстаулы аймақтарда көп кездеседі.

Ежелгі үйсундердің қоныстары мен қабірлерінен табылған мал сүйектерінің қалдықтарына жасалған статистикалық талдау оларда қандай мал табындары мен малдың қандай түліктері болғанын айырып білуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мал түліктерінің осындай арасалмағына қарап, мал шаруашылығының формасы туралы және тайпалардың тұрмыс салты туралы қорытынды шығаруға болады.

Ақтас-2 (Шығыс Жетісу) және Луговое-холм (Батыс Жетісу) қыстау-қоныстарын қазғанда алынған остеологиялық материал уйсундердегі малдың түліктік құрамы мал өсіруге негізделген жартылай көшпелі шаруашылыққа тән екендігін көрсетеді.

Луговое-холм қонысындағы ірі қараның (33,1%) және Ақтас қыстау қонысындағы қой (48,4%) мен жылқының (32,7%) проценті назар аудартады. Мал түліктерінің мұндай арақатынасы шығыс уйсундеріне қарағанда батыс Жетісу уйсундеріне көбінесе отырықшылық тән болғанын айқын көрсетеді. Мұндай айырмашылық Талас және Шу өзендерінің аңғарларындағы отырықшы егіншілікке жарамды жазық жерлердің ерекшеліктерінен, сондай-ақ Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның егіншілік орталықтарының батыс Жетісуға ықпалынан туындайды. Бүкіл Жетісу үйсіндерінің мал кұрамында үй малдарының барлық түрлері: қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп отыр. Хань әулеттік хроникаларында уйсундерде жылқы шаруашылығының дамығаны атап өтілген. Байларындағы жылқы саны бес мыңға дейін жеткен, ал ұлы және кіші гуньмолардың жасағы 30 мың атты әскерден тұрған. Үйсін гуньмолары қытай ханшаларына үйленген кезде сөз байласу сыйы ретінде мындап жылқы мен қашыр айдатып жібереді екен. Таулы аудандарда қашырлар жүк артатын көлік ретінде пайдаланылған. Жетісуда асыл тұқымды жүйрік жылқы өсірген көрші елдердің білгірлері оларды төзімділігі мен жүйріктігі үшін бағалап, Даванның «қантерлі аспан» аттарынан кейінгі орынға қойған. Бір ғажабы, уйсундердің жылқысы «батыс шек» деп аталған /45/.

Теңлік обасынан табылған, салт аттының суреті салынған алтын қаптырмалардан үйсін жылқысының тұқымын білуге болады. Ол бейнеге қарағанда, бұлар ірі де биік, бұлшық етті, басы үлкен, құйрық-жалы ерілген немесе күзелген болып келетін жылқылар. Үйсін жылқысының Теңлік қаптырмаларындағы бейнесі б. з. б. I мыңжылдықтың аяғындағы — б. з. I мың-ылдығының басындағы бізге мәлім (Ашурнасирпал мен Ашурбанипалдың аңшылық бедерлеріндегі, Персепольдегі мидиялык және сириялық бедерлеріндегі, Иранның күміс табақшаларындағы сасанилер патшаларының аң аулау көріністеріндегі) Евразия жылқылары бейнелерінің бәрінен де дерлік ерекше.

Үйсін жылқысының бейнесі Персеполь бедеріндегі сақ жылқысына және Сібірден табылған (Петр коллекциясы) алтын қаптырмада суреті салынған, жыртқыш аң жұлмалап жатқан жылқы бейнесіне көп жағынан ұқсас келеді. Бұл бейнелердің бәрінде де аттардың кекілі мен жалын әсемдеудің ұқсастығы, олардың дене бітімі мен бастарын бейнелеуде ұқсастық таңғаларлық.

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы үйсіндер шаруашылығының негізгі түрі болды. Қейінгі кезде де ол экономикада өзінің жетекші рөлін сақтап қалды, шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жүйесі жетілдіріліп отырылды.

Егіншілік жане отырықшылық. Ақтас қыстау-қонысын қазып ашқанда үйсіндерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер өндеу құралы — тас кетпендер және егін жинау құралы — қола орақ (сынығы). Тастан жасалған дәнүккіштер өсімдік тағамының тұрақты тамақ құрамына кіргенін айқын көрсетті. Мәселен, Актас қыстау-қонысының үйлерінде 11 бүтін дәнүккіш және 15 дәнүккіштің сынықтары табылған; олардың бәріде ұзақ уақыт пайдаланудан әбден тозған /46/.

Ақтас қыстау-қонысының теңірегін зерттеген кезде үйсіндерде қарапайым суармалы егіншілік болғандығының белгілері байкалды. Мұнда арықтардың және аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өнделген шағын танаптардың іздері табылды, бұларда, шамасы бақша дақылдарын өсірген болуы керек.

Өнделген алаптар су өздігінен ағып баратын жерлерде орналасқан, арықтардың арнасы жердің табиғи көлбеулігін есепке ала отырып жүргізілген. Қарапайым суарма жүйелерінің мұндай іздері Жоңғар Алатауы, ІІІолақ (Іле аңғарында) және Шу-Іле (Шу аңғары) тауларының қойнаулары мен баурайларында, Қырғыз Алатауының (Талас аңғары) солтүстік баурайларында да кездеседі.

Үйсіндерде бақша егу егіншіліктің бір түрі ғана болып қоймайды. Егер тас кетпендер бақша дақылдарын күту ге жұмсалса, қола орақтар дәнді дақылдарды оруға пайдаланылған. Ол кезде қандай дәнді дақылдар өсірілгенін анықтайтын деректер әзірше аз. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның үйсіндер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы дақылдардың дән қалдықтары дәлелдейді /47/.

Жетісудың жерасты суына қаныққан сарғылт-сұр топырағы дәнді дақылдар еккен кезде суаруды қажет етпейді, артық ылғал тек зиянды болуы мүмкін.

Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік те дамыған деп топшылауға болады. Жауын-шашынның біршама кем болуы, топырақтың табиғи ылғалы жақсы болуы жағдайында тәлімі егіншіліктің өнімі түсімді болған. Сірә, егіске пайдаланылған жер көлемі шағын болса керек, өйткені егіншілік кұралдарының (кетпен) сипаты егіс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермеген.

Ежелгі үйсіндерде егіншілік пен отырықшылық болғаны жазбаша деректемелерде айтылған. Мәселен, хань тарихшысы Бань Гу былай деп жазады: үйсін гуньмосына ұзатылған қытай ханшасына қызмет ететін сарай әйелі Фынь Чигу астанасында немесе оның төңірегінде тұратын үйсіннің «отырықшы шонжарларына» сыйлықтар үлестірген.

Хэ Цю-Тао ежелгі деректемелерге сүйене отырып, ежелгі үйсіндер жер өңдемеген, бірақ «ағаш егетін болған» деп жазады. «Ханьшуды» түсіндіруші Янь Ши-Гу — б. з. VII ғасырдың тарихшысы — «ағаш егеді» деген сез «ағаш отырғызады» деген сөз» — деп, бұл хабарды дәлелдей түседі. Тарихшы Суй Сун үйсіндер «су мен шөп іздеп жүретін» (көшетін) болсада, «дегенмен қалалары мен қала төңірегіндегі мекендері болған» деп тура айтады. Ертедегі қытай деректемелеріне сенбеуге негіз жоқ. Ресми тарихнама империяның «солтүстік» және «батыс» тайпалар женіндегі дәстүрлі ұлы державалық саясатынан туындап, олардың даму кезеңін бөліп көрсеткеннен гөрі, көшпелі мешеулігін атап көрсетуге неғұрлым бейім болды.

Мәселен, отырықшылық пен егіншілік ертедегі үйсіндерде біздің заманымыздың алғашкы ғасырларында-ақ болған деуге негіз бар, ал б. з. Ш-V ғасырларында, сірә, бау-бақша шаруашылығы, тәлімі егіншілік түрінде оның ілгері дами түскені өзінен-өзі түсінікті.

Меншік қатынастары. Бұдан бұрын атап етілгеніндей, көшпелі мал шаруашылығына көшу қоғамның өндіргіш күштері дамуында ілгері басқан кадам болды. Осы негізде малға жеке меншік қалыптасты, қауымдык, тайпалык және рулық жайылымдарды тайпаның үстем топтарының озбырлықпен иемденіп алу процесі жеделдеп, тайпааралық айырбас өрістеді.

Сол кездің өзінде-ақ әлі аз болса да рулық-тайпалык ақсүйектердің қоғамның үстем тобы болғаны даусыз. Археологиялық материалдардың көрсетіп отырғанындай, рулық зираттарда құрылымының алыптығымен және жерлеу рәсімінің байлығымен қайран қалдыратын ақсүйектер зираттарының табылуы кездейсоқ емес. Бір ғажабы олар енді бірлі-жарым немесе тіпті топтық құрылыстар емес, қайта ондаған тас немесе топырақ обалардан тұратын қорымдар. Олар үйсіндерге дейін-ақ пайда болып, үйсіндер заманында барған сайын көбірек таралған /48/.

Қандай формада болса да — рулық па, қауымдық па, немесе жеке меншіктің болғанының бір белгісі оның ерекше бір белгімен таңбалануы. Ерекше белгілерді ойлап тауып, оларды пайдалану ең алдымен әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты болды, мұның өзі таңбалардың пайдаболған кезінен бастап меншік белгісіне дейінгі эволюциясын жоққа шығармайды.

Кейін, қыш ыдыстағы белгілер пайда болған соң, үй малдарына да, атап айтқанда, мініс аттарына да салынатын белгі-таңбалар пайда болды. Жылқыға таңба салу түрік және түркі тілдес тайпаларда б. з. УІ-ҮІІІ ғасырларында кеңінен тарады. Металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғанын көрсетеді. Олардың шығуы туралы мәселе пікірталас туғызатын тақырып болғанмен, мөрлердің таңбасы қандай материалға басылса да, бейнесі сол заттың мөр басқан адамға тиесілі екені барша жұртқа түсінікті белгі болған. Мұндай тұжырымды үйсін моласындағы қыш мөр растайды. Үйсін мөрінің табылуы күтпеген жай емес. Ертедегі хрониктердің мәліметтеріне карағанда, усундердің кейбір әскербасылары мен чиновниктерінде алтын және мыс мөрлер болған.

Ал қабір жанынан табылған қыш мөр үйсін қоғамында тек шонжарларда ғана емес, адамдардың неғұрлым қалын тобының да өз мөрлері болғанын дәлелдейді. Шонжарларда мөрлер гуньмолар сарайы жанындағы лауазымды адамдар билігінің белгісі болса, ал қарапайым тас және қыш мөрлер, тегінде, әр түрлі қожайындардың меншігін ажырату үшін пайдаланылса керек.

Мәселен, ыдыстардың бүйіріне тырнап салынған белгілерге, аттардың құлағына салған ен-белгілерге, жылқының таңбалары мен ендеріне қарап, жеке пайдалану мөрлері бойынша рулык қауымдық меншіктен жеке иеленетін меншікке дейінгі меншіктің қалыптасу кезендерін аңғаруға болады.

Жеке меншік туралы жазбаша деректемелерде де айтылған. Сыма Цянь өзінің «Тарихи жазбаларында» («Шицзи») үйсіндерде «бай адамдардың төрт мыңнан бес мыңға дейін» жылқысы болады деген мәліметті бірінші рет келтіреді. Басқа бір деректеме — «Цяньханьшу» (б. з. I ғ.) бұл жәйтті біраз басқаша редакцияда: «байлар 4000-нан 5000-ға дейін жылкы ұстайды» деп қайталайды.

Н. В. Кюнер «Шицзндің» осы мәлімет жазылған 123-тарауын жаңадан аударды, сөйтіп түсіп қалған жерлерін түпнұска бойынша қалпына келтірді. Оның аудармасында бұл үзінді былай болып келеді: «үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мын жылқы болады». Бұл шағын болса да, бағалы хабардан мынадай қорытынды шығады: жылқыға, оның үстіне үйір-үйір жылқыға, жеке меншіктің болғаны даусыз; малға бай әулеттер болса, кедейлердің де болғаны түсінікті, өйткені олардың байлық дәрежесін мұндай үйірлі жылқысы жоқтармен ғана салыстыруға болады. «Ең байларында» деген сөз әлдеқалай айтыла салмаған, сірә, үйсіндер арасында жай байлар да болса керек. Және, ақырында, байлықтың негізгі өлшемі шаруашылықтағы жылқының саны болғаны да анық /49/.

Алайда, ежелгі үйсіндердін жеке меншігінде болған үй малдарының ішінде, әрине, жылқы бірден-бір түлік болмаған. Ол байлыктың өлшемі ғана болды. Үйсіндердің ескерткіштерін қазған кезде табылған сүйек қалдықтары бойынша үйсіндердің малы құрамында қой көп, бірақ сиыр, қашыр, ешкі де болған. Бұл жануарлар да ірілі-ұсақты қожайындардын меншігінде болды деп санауға негіз бар.

Қоғамдық байлықты қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім, олардың біріншісінде — мал, қолөнер өнімдері мен тұрғын үйлер, екіншісіне жер жатқызылады. Қозғалмалы мүлік ертерек жеке меншік өнімдеріне айналды, өйткені оны айырбасқа беруге болатын еді. Шаруашылығының негізі мал шаруашылығы болған көшпелі тайпалар көшіп жүретін түрмыс салтының нәтижесінде басқа халықтармен үнемі араласып жүрді. Мұның өзі отырықшы халықтарға қарағанда айырбастың біршама ертерек шығуына, сол арқылы байлықтың жинақталып, мүліктік теңсіздігінің дамуына себепші болды. Жетісудың ертедегі үйсіндерінде нақ осындай үрдіс дамыды.

Жер пайдалану және иелену объектісі бола тұрса да, табиғат өнімі және қозғалмайтын байлық ретінде әлі басқаның қолына кешуге келмеді. Бірақ үйсіндерде малға жеке меншік болғандықтан, жерді жер қатынастарының бірден-бір түрі ретінде толық тең пайдалану мүмкін емес еді. Мұнда жер жөніндегі қатынастар жеке меншікті және тіпті мұрагерлік жолмен пайдалану түрінде болды деп топшылауға негіз бар. «Менің ата-бабаларымның сүйегі жатқан жер немесе менің қыстауым тұрған жер — менің жерім» деген белгілі принцип ежелгі заманнан бері, жер маусымдық жайылымдарға бөліне бастаған заманнан бері белгілі болды, ал жерді бұлай бөлу көбіне іс жүзінде оның монополиялық жолмен және мұрагерлікпен иеленуге бекітілуі болып шығатын еді /50/.

Жерді жеке меншіктеніп иеленудің қалыптасуын жазбаша деректемелердің мәліметтері дәлелдейді. Бань Гудің «Цзяньханшудағы» хабары бұл жөнінен едәуір ынта-ықылас туғызады: «Ол кезде ұлы гуньмо Цылими билікті өз қолына (ұстап) тұрды, ал лин-хоулардың бәрі (қорыққандарынан оған бағынды. Ол жұрт жылқы және мал баққанда жайылымға кірмесін деп жариялады». Бан Гу шығармаларының түсіндірушілері, оның ішінде Ян Ши-гу (VII ғасыр) «жайылымға кірмесін» дегенді «Гуньмо жайылымына» деп ұғыну керек деп түсіндіреді. Назар аударарлық бір жай — мүндай мәлімдеме Цылими гуньмо ретінде «билікті өз қолына мықты ұстап тұрған» кезде жарияланады /51/.

Тегі б. з. б. I ғасырда-ақ ежелгі үйсін коғамында шұрайлы жайылымдарды басып алу үрдісі басталған болуы керек. Көшпелі қоғамдардың бәрінде де орын тепкен жазылмаған заң — кімнің малы болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы — үйсіндердіңде нақты әлеуметтік өмірін бейнелейді. Егер бай үйсіндердің терт-бес мыңнан жылқысы болса (ал қыс кезінде бір жылқыны асырау үшін сапасы орташа 8-10 га табиғи жайылым керек), мұншама жылқыны бағу үшін шамамен алғанда 30-50 мың гектар табиғи жайылым керек екенін есептеп шығару қиын емес.

Тегі, негізгі байлық — мал басын сақтап, көбейту үшін неғұрлым қажет қысқы жайылым ғана жеке меншікте болса керек. Бұл жердегі қысқы үй-жайлар мен ата-бабалардың зираттары жер алқаптарын іс жүзінде мұрагерлік жолмен иеленуді баянды етті.

Бертін келе, біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында үйсін жоғарғы топтарының қолдарында қозғалмалы мүліктер қорлана берді де, мүліктік теңсіздік езушілердің үстемдігі мен езілгендердің тәуелділігін күшейте түсті. Сөйтіп тапқа дейінгі қоғамнан таптық қоғамға өтпелі кезеңге тән қатынастар қалыптасты, қоғам әлі құл иелену формациясының да, феодалдық формацияның да аяқталған түрлеріне жете қойған жоқ, шаруашылықтың ерекше үлгісімен байланысты өзінше бір сипатта болды және мұның өзі әлі күшті патриархаттық-рулық институттардың, жайылымдық көшпелі қауымдар мен қандас туысқандық қатьінастардың қатар өмір сүруімен байланысты еді.

       Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толық зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле аңғарындағы қоныстар мен қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар үйсіндердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, керамиканың эволюциясы мен негізгі үлгілерін зерделеуге, үйсін тайпаларынын еңбек құралдары мен қаруларын білуге мүмкіндік туғызды. Ертедегі үйсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпақ қоршаулар түріндегі құрылыстар болып табылады. Әдетте, кұрылыстардың екі үлгісі де бір корымның кұрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым кұрайды, бірақ мұндай реттер біршама аз. Тек бір ғана қоршаулардан тұратын оқшауланған қорымдарды оп-оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда бұлар: Қалқан-1, Үңгірқора-2, Бесшатыр-4, Ақшоқы-3, Ақтасты-5 (Кеген езенінің аңғары), Өсек-2 (Өсек өзенінің аңғары). Батыс Жетісу мен солтүстік Ферғанада Шығыс Жетісумен салыстырғанда мұндай қорымдар әзірше белгісіз /52/.

Көп жылдық қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, бұл ескерткіштердің сыртқы түріндеп айырмашылық олардың этникалык және мәдениетіндегі айырмашылықты білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен қоса салынған саймандар жөнінен олардың бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Әдетте, үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі дәуірлердің сарқыншақтарымен байланыстырылады, сондықтан олардағы хронологиялык белгілер айқын ажыратылады. Алайда біздің байқауларымызда ондай тұжырымдарды дұрыс деуге салмақты дәлелдер жок.

Сонымен, үйінді обалардан тұратын қорымдар үйсіндердіц жерлеу құрылыстарын сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады. Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген. Обалар жазықдалаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе өзеннің малта тастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақ тастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға бөлуге болады. Белгілі қорымдардың басым көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері құрылысының екі үлгісі — үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап тұратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік басындағы коршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3, Акшоқы-4), бірақ үйінді астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдекайда жні кездеседі (Қалқан-1) /53/.

Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда – дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен қойтастарлы бір қатар немесе бір қабат етіп жай ғана қалай салу жолымен қоршаударға алдын ала ойластырылған түр беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғұрлым ұсақ сынықтары пайдаланылса, олардың биіктігі мен ені бірнеше қабат етіп қаланған. Өзен аңғарларында қоршауларды калауға өзеннің үлкен малта тастары қолданылған. Қоршаулардың биіктігі мсн ені орта есеппен алғанда тиісінше 0,5-0,6 м және 0,2-0,3 м. Өсек қорымында (Өсек озенінің сол жағалауы, Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі) ірі жентектастар қырынан көміліп тік бұрышты және дөңгелек қоршаулар тұрғызылған. Ертедегі үйсін қорымдары тек қана қыстау-қоныстардың маңына, тау етектеріне, шатқалдардан жазыққа шығар жерлерге орналаскан. Үйсіндер қоныстануды ұнататын жер бедері қорымдарды олардың мәдениетіне тән меридианалдық «тізбекте» жоспарлауды анықтап берді. Қыстау-қоныстар тау шатқалдарының түбіне орналасқандықтан, зираттар тау өзендері мен жылғаларының жарқабақтарына салынған. Мұның өзі қабір кұрылыстарының өзара орналасуы судың солтүстіктен оңтүстікке және керісінше ағу бағытына қатаң сәйкес келіп отырды. Алайда ертедегі үйсін қорымдарының ерекше жоспарлануын жер бедерлері туғызған деген тұжырым бір қорым құрамындағы обалардың әрбір тізбегінің бір руға немесе үлкен әулетке жататындығы туралы әдебиетте бар қағиданың дұрыстығын әсте де теріске шығармайды. Ол былай тұрсын, біздегі жаңа материалдар, әсіресе Кетпентау етегіндегі Ақтасты қорымдарының тобы рудың немесе үлкен әулеттің ыдырауына қарай қорымдардың жоспарлануы қалай өзгеретіндігін айқын дәлелдейді: ұсақ тізбектер үзіледі; шағын әулетке тиесілі әрбір қыстау-қоныстың жанынан өз зираты пайда болады; жүйесіз орналасқан үйінділерден тұратын көлемді қорымдар кездеседі, оларды, сірә, енді қандас туыстық байланыстары бойынша емес, қайта аумақтық-шаруашылық мүдделері бойынша біріккен ұжымдар тастап кеткен болса керек.

Ақырында, кейінгі жылдарда археологиялық әдебиет беттерінде дұрыс баяндалмай келе жатқан бір жайға тоқталып өту қажет. Ол қорымдарды жоспарлаудағы және үйінділер қоршауларының орналасуындағы өзгерістерді обаның мерзімін анықтайтын белгілер деп қарастыруға әрекет жасау.

Біздің Жетісудың ертедегі кезі жөніндегі біліміміздің қазіргі сатысында            А. Н. Бернштамның пікірін даусыз дұрыс деп санауға болады; оның пікірінше, белгілі бір корымдарды қазып, мерзімін белгілейтін материал алғанға дейін-ақ сақ-үйсін мәдениетіне жататындығын анықтаушы белгі оларда обалардың тізбек бойынша орналасуы және қабір құрылыстарының құрылымында үйінділер мен қоршаулардың ұштасуы болып табылады.Біз сақтар мен үйсін ердің кезіндегі мәдениет туралы жалпы сөз еткен кезде осы көзқарастың дұрыс екенін атап көрсетеміз. Бірқатар ескерткіштерді кезең-кезең бойынша хронологиялык топтаудың өлшемі, мәдениеттің сатылық эволюциясын анықтаушы емес. Үйсіндердің белгілі қорымдарының бәріндегі қабір құрылыстарының құрылымдарын салыстыру қоршаулардың үйінділерге қарай орналасуының әр түрлі нұсқалары үйсін мәдениеті дамуының барлық кезеңдеріне тән екенін көрсетеді. Сірә, әр түрлі нұсқаларды ертедегі үйсіндердің діни көзқарасы болып табылатын әлдебір рәсімдік-магиялық ұғымдар туғызған болса керек /54/.

Қорымдардың жоспарлануындағы өзгерістер де мерзімін дәл анықтайтын белгі бола алмайды. Біріншіден, жоғарыда айтқанымыздай, обалардың ерекше орналасуын жер бедері қалыптастырған. Екіншіден, үйінділердің «тізбектеле» орналасуы үйсін мәдениетінің неғұрлым алдыңғы кезеңіне, рулық байланыстар әлі де күшті болған кезге тән болған; ал олардың ыдырауына байланысты, яғни неғұрлым соңғы кезенде үйінділері жүйесіз орналасқан қорымдар пайда болады.

Сондықтан біз қорымдардың топографиясы мен қабір құрылыстарының құрылымы олардың мерзімін белгілеудің қосалқы өлшемі ғана бола алады, ал соларға ғана негізделген тұжырымдар мен топтаудың қандайы болса да қатерлерге ұрындырмай қоймайды және олар жасанды кұрылымдар деп саналуға тиіс деген тұжырымға тоқталамыз. Мұндай қателерге мысалдар аз емес. Бегазының (Орталық Казақстан) тақтатас қоршауларын Байкал сыртындағы тақтатасты молалармен немесе Ноин-Ула қималарын Пазырық обаларының қималарымен және т. б. салыстыру сәтсіз болғанын еске сала кетейік.

Бүкіл халық үшін ортақ жерлеу ғұрпы компоненттерінің бірі ретінде ертедегі үйсіндердің табыну құрылыстары олардың діни дүниетанымының тікелей көрінісі болып табылады. Біртіндеп күрделілене түскенімен, діни түсініктер негізінен алғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады және жерлеу ғұрпы мен табыну құрылыстарының да кұрылымы езгерген жоқ.

Үйсін ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәдени дамудың хронологиялық үш кезеңін беліп көрсетуге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысына қорымдардың жоспарлану ерекшеліктері, қабір құрылыстарының өзгешелігі және құрал-саймандардың, кару-жарақтың, тұрмыс заттарының, әшекейлердің өзіндік түрлері мен үлгілері тән.

Ескерткіштердің неғұрлым ертедегі тобы б. з. б. III-I ғасырларға, орта кезендегілері — б. з. I-III ғасырларына, кейінгі кезендегі ескерткіштер б. з. III-V ғасырларына қатысты.

«Қаратал» кезеңі (б. з. б. III-I ғғ.) — ертедегі үйсіндер мәдениеті дамуының бастапқы сатысы, бұл кезде археологиялық және палеоантропологиялық деректер бойынша сақ ескерткіштерімен сабақтастығын сақтап қалған, бірақ сапалық жағынан жаңа мәдениетке тән жаңа сипаты бар ескерткіштер тобын азды-көпті иланымды түрде бөліп көрсетуге болады. Біздің пікірімізше, бұл кезеңнің ескерткіштері: Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3, Үңгірқора-1, Қызылеспе, Бесшатыр-2, Өтеген-1, Қалқан-1, Ақшоқы-4, Бетағаш, Мойынтоғай-2, Сартоғай, Кеңсай, Шормақ-1, Бұрана, Шелпек обалы қорымдары /55/.

Ертедегі кезеңнің қорымдарына обалардың солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле немесе қосарласып тізбектеле орналасуы тән. Әдетте олардың әрқайсысында үйінді үстіне және үйінді сыртына оны айнала дөңгелете белдеулептас каланған 5-10, ал кейде 25-ке дейін оба болады; белдеулер онша ірі емес тастар жағалата қойылған 1-2 немесе 3-4 катардан тұрады.

Бұрыштары сәл дөңес қабір шұңқырлары шығыстан батысқа қарай ұзынынан қазылған. Шұңқырлардың қабырғалары тік, беті ағашпен жабылған. Өлік шұңқырға созыла жатқан күйінде, шалқасынан, қолын қапталына созып, басы батысқа қаратылып қойылған. Өліктің бір қолын шынтағынан бүгіп жерлеу ете сирек кездеседі. Шұңқырдың батыс бөлігіне, еліктің бас жағына қыш ыдыс қойылған. Марқұм тамақпен — қойдың сан етімен «жабдықталған». Қабірге өлген адамның немесе әйелдің өзінің тұтынып жүрген заттары — темір және қола пышақтар мен түйреуіштер, моншақтар, алтын, күміс және қола сырғалар, металл айналар, кейде жебелердің темір ұштары салынған.

«Жетісу» кезеңі (біздің заманымыздағы IIII ғғ.) — үйсін мәдениеті эволюциясының дамыған сатысы. Бұл кезеңнің ескерткіштері көп және мәдениет жетістіктерін мейлінше толық сипаттайды. Оларға мына обалы қорымдар жатқызылады: Талғар-1,3, Бастау-2,3, Ақтас-7, Сарытау-1,2, Ақшоқы-3,4, Отеген-2,3, Бесшатыр-1,3,4, Қадырбай-2, Шормақ-2,3, Ащысу, Актерек, Мойынтоғай-1, Сартоғай, Диқан-1, Күрті, Қызылауыз-2, 3, Тайғақ-1, Алтынемел-1, 3, 4, Қапшағай-2, Қалкан-4, Алатөбе-1, Ақтас-4, Қараша, Шошқалы, Ұзынбұлақ, Қызылқайнар.

Біздің заманымыздың шебіндегі қорымдарда обалар жүйесіз орналасқан. Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер саны азаяды, беті ағашпен жабылған шұңқырлар саны кемиді. Мола құрылысының жаңа үлгісі — бүйірінде ұңғымасы бар шұңкыр пайда болады, ол шұңқырдан және оның бір жақ қабырғасынан қабірдің түбі деңгейінде қазылып, жерленетін өлік қойылатын ұңғыма лақыттан тұратын болды. Ұңғыма әдетте шұңқырдың солтүстік қабырғасынан қазылған Қабір қазудың тағы бір түрі — «ақымды» түрі пайда болады. Бүл — сырғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған қалқамен бөлінген жерден қазылған шұңқыр. Қалқаның жоғарғы жағы шұнкырдың солтүстік қабырғасына, түбі онтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге қыш ыдыстар бұрынғыдан гөрі көбірек — көбінесе алты-жеті ыдыс қойылатын болды, ыдыстың түрлері де өзгереді: оның түбі бұрын деңгелек болса, енді жайпақ болып келетін болды /56/.

«Іле» кезеңі (б. з. IIIV ғғ.) — ертедегі үйсіндер мәдениеті дамуының кейінгі сатысы. Зерттелген кеп ескерткіштер ішінен ол кезеңге жататын бірнеше қорымды ғана бөліп алу мүмкін болды. Бұлар: Ақтас-1, 3, 6, Үнгірқора-2, Шолақжиле -1 қорымдары.

Соңғы кезеңде зираттардың жүйесіз салынуы дағдылы болған, кейде бірнеше тізбек (әркайсысында 5-7 үйіндіден) қыстау-қоныстың маңына орналасады (Актас тобы). Кейде үйсін қабірлері арасынан бірлі-жарым түрік обалары кездеседі. Үйінді үстіне дөңгелете тас қалаған обалар жасалмай, тастан қаланған шеңбер жоғарғы жағынан топырақпен көміледі. Қабірлер екі түрлі — жерден қазылған және ұңғылап қазылған лақыт. Қабірлерден түбі жайпақ және дөңгелек кәзелер, дәнүккіштер, әшекейлер, ыдыстар, ғұрыптық тамақ қалдықтары табылды.

Үйсін мәдениеті әр түрлі даму сатыларында сабақтастық байланыстарын сақтап отырған, бұл — 600-700 жыл бойы дамыған біртұтас мәдениет.

Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті әжептәуір толық зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле, Талас және Шу аңғарларындағы қоныстар мен қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар үйсіндердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, еңбек құралдары мен қару-жарағын білуге, керамиканың эволюциясы мен оның негізгі үлгілерін зерттеуге мүмкіндік туғызды.

Жоғарыда ертедегі үйсіндердің жартылай көшпелі, жартылай отырықшы өмір салты оларда қыстау-қоныстар мен қала үлгісіндегі бекіністі қалалар салынуына себеп болғаны атап өтілді. Ертедегі қытайдың жазбаша деректемелеріндегі азын-аулақ мәліметтер шынында да солай болғанын қуаттайды.

Үйсін мемлекетінің Чигу (Қызыл Анғар) деген өз астанасы болды. Хань шежірелері бұл атауға «чен» деген косымша жалғауға болады деп тапқан, бұл арқылы олар қамал-қала үлгісіндегі бекіністі қоныс дегенді білдіреді.

Б. з. б. II ғасырда Чигученде үйсін гунмосы Люецзяоми мен оған ұзатылған кытай ханшасы Цзяндудың сарайы орналасты. Үйдің сәулеттік шешімі мен ішкі көрінісі бізге беймәлім, бірақ құрылысты ежелгі қытай сәулет өнерінің дәстүріне негізделген деп топшылауға болады. Ертедегі үйсіндер қоныстанған бүкіл кең-байтак жерде, сірә, Чигу-ен бірден-бір қала болмаса керек. Қолда бар деректерге қарағанда, біздің заманымыздағы IV-V ғасырларда сяньбилермен соғысқан әлдебір үйсін гуньмосының Хангай тауларында сарайы (қала ма, әлде орда ма?) болған. Хань әулеттік хроникасының неғұрлым кейінгі түсіндірушісі ертедегі үйсіндерді отырықшылық мекендері туралы мәліметтерді қуаттап, олар малшы болып, көшпелі тұрмыс салтын жүргізгенмен, бәрібір «қалалары мен елді мекендері болды» деп көрсетеді /57/.

Бұл хабарлардың археологиялық жолмен расталмауын қала мәдениеті ескерткіштерінің, атап айтканда Жетісудың бүкіл аумағындағы ертедегі отырықшы мәдениет ескерткіштерінің аз зерттелгенімен түсіндіруге болады. Екінші себебі Жетісудың қираған қалалары орындары стратиграфиясының және соған сәйкес керамикалык кешендерді хронологиялык топтаудың нашар талдап шешілгендігі болып табылады. Соңғысы әсіресе, қала мәдениетін Жетісуға соғдылардың әкелгендігі туралы сынаржақ кағиданы негізге алып, дәстүр бойынша түрік заманына теліп жүрген алдынғы ортағасырлық кешендерге қатысты. Солай бола тұрса да, қала орындарының түрік кезеңі қабаттары мен олардың қабірлерінен және әсіресе соңғы үйсін заманының қоныстарынан табылған керамикалық кешендер (тік әшекейленген тұтқалары бар ыдыстар, ілмек тәрізді тұтқалары бар саптыаяқтар, алуан түрлі көлбеу құлақты қазандар, хумчалар және т. б.) арасындағы көптеген ресми-типологиялық ұқсастықтар түрік керамикасының мерзімін ертерекке (кем дегенде 300 жылға) ысыру қажет екеніне коз жеткізеді. Кең келемді қазба жұмыстарын жүргізіп, стратиграсрияны мұкият зерттеген жағдайда кеп қабатты бірқатар қалалардын (Сүмбе, Лепсі — Шығыс Жетісу; Суяб, Кұлан, Ақтөбе — батыс далалық) төменгі қабаттары үйсін заманына жатқызылатын болады.

Сонымен біздің қолымызда әулеттік хроникаларында үйсін қалалары туралы жоғарыда келтірілген мардымсыз мәліметтерден басқа деректер жоқ оның есесіне «елді мекендер» туралы едәуір жақсырақ білеміз, себебі онда қоныстар мен қыстау-қоныстар туралы біршама кұнды деректер келтірілген.

Үйсіндердің отырықшы қоныстарының қалдықтары Шу және Кеген озендерінің аңғарларында зерттелді. Шу аңғарларындағы қоныстарда тұрғын үйлердің пішімі тік бұрышты болған, шикі кірпіштен салынып, балшықтан соғылған таға тәрізді ошақтармен жылытылған /58/.

Кеген өзеніндегі Ақтас қонысында кұрылыс сипаты әлдеқайда жақсы сақталған. Мұндағы кұрылыстар кешені тастан салынған 5 тұрғын жай мен бірне шекара-қоңсылардан тұрады. Кұрылыстар ішінде орталығы «шаршы белме» болған, оған іргелес көлемі 126 шаршы метрлік «үлкен бөлме» бар, бұл бөлмеге ұзын да енсіз дәліз арқылы кіреді. «Шаршы белмеде» тастан қаланған жер ошақ орналасқан.

Суық түскенде үйсін отбасылары екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қыскы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланған. Әрбір тұрғын үйде үлкен бөлме, ұсақ қосалқы жайлар және мал қамайтын қашалар болды. Үй-жайлардың бәрі біріне-бірі жапсарластыра салынған. Олардың едендері балшықпен сыланған жер еден болды. Тұрғын бөлмелердің едендерінде айнала тас қаланған ашық шаршы жерошақтар болды. Жерошақтар үйді жылытты, жарық берді және оларда тамақ пісірілді. Қыс кезінде үй ішінің тіршілігі ошақтың айналасында өткен, оның маңынан ас құйылған қыш ыдыстар, ұн тартатын тас қол диірмендер табылды. Бала-шағалы терт-бес үй бір ауыл болды. Қонысқа жақын жерде ру және әулет зираттары орналастырылды. Зираттардың үстіне топырақ тас обалар үйілді, тас қалама мес қоршау жасалды. Жаз кезінде, кешіп жүргенде, ежелгі авторлардың жазуына қарағанда, үйсін отбасылары «киізбен жабылған дөңгелек жайда» — киіз үйде тұрған /59/.

Үйсін отбасының тамағы ет, сүт және түрлі өсімдіктер болған. Ерлер, әйелдер және балалар жүннен, теріден және жібектен тігілген киім киген. Жібек және баска бетен ел бұйымдары не сауда арқылы әкелінген, не үйсін шонжарлары соғыс шапқыншылықтары кезінде қолға түсірген.

Мал шаруашылығымен және егін салумен қатар үйсіндерде үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең еріс алған. Ыдыстар пайдаланылуы жағынан — тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық (азық-түлік қорын сақтайтын) ыдыстар болып бөлінеді. Тамақ ішетін ыдыстардың ішінде ағаштан (негізінен алғанда қайыңнан) ойып жасалғандары да болды, бұлар — тағандары бар шағын табақтар, текше тостағандар, ожаулар болып келеді.

Үйсіндерде құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ыдыстар құмырашы ұршықшасында жасалды, сондай-ақ құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсырылып та жасалды. Керамиканың іш жағында және түбінде матаның таңбасы кездесіп отырады. Ыдыстың қабырғасы жолақ-жолақ болып өсіп отырады, ал жолақтар бірімен-бірі қосылған жіктер сыланып, үстінен түсті бояумен боялады. Ыдыстар түрі жағынан да, пайдаланылуы жағынан да алуан түрлі болды.

Ең көп таралған ыдыс түрлері мыналар: дөңгелек кең түпті тегенелер, олар ішінен жиегі иілген, тік жиектілері сирек, бүйірінің биіктігі мен диаметрінің арақатынасы 2:1; түбі деңгелек немесе сирек болса да, жайпақ және аузы тар тостағандар. Жалпы алғанда алмұрт тәрізді болып келетін құмыралардың ерекшелігі — мойны тар, биік немесе түбі кең болады. Текше тостағандар екі түрлі: аласа жатаған (биіктігі мен диаметрі бірдей) және биік. Тұтқалары ілмек тәрізді немесе шығыңкы етіліп, бүйірінің ортасына немесе ернеуіне бекітілген, биік текше тостағандарға бүйірінің ортасында ғана болатын тұтқа тән. Көзелердің аузы тар немесе кең, түбі жайпақ және иіні ішке қарай сәл иіліңкі болады.

Ас пісіретін керамикадан табылғаны — жентектелген балшықтан қаралай күйдіріліп, алуан түрлі көлденең және тік құлақ шығарылған, қалың, жайпақ қазандар.

Үйсін ыдыстарының негізгі түрлері — жарты шар тәріздендіріліп жасалған тегенелер мен кеселер, ілмек тұтқалы текше тостағандар, алмұрт тәріздес құмыралар, бүйірі қалың тобатайлар, жапсырма құлақ шығарылған қазандар. Тұтқасы мен шүмекшесі бар шәугімдер, тікше құтылар, су таситын шүмекшелі құмыралар кездеседі.

Біздің заманымыздың басындағы керамикаға қызыл түс пен бүйірінің тіктігі тән. Кейінгі кезеңде, ПІ-У ғасырларда, түбі дөңгелек ыдыстар аз кездеседі, жайпақ түптілері көбірек ұшырасты.

Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында емір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызды орын алды. Темірден, мыс пен қоладан еңбек құралдары, тұрмыс және табыну заттары — балталар мен шоттар, орақтар мен пышақтар, біз бен шеге, қазандармен құрбан шалатын ыдыстар, кішкене мехраптар мен шырағдандар, қару-жарақ, қанжарлар мен жебелердің ұштары және сәндік заттар — білезіктер, сырғалар мен сақиналар жасалды. Алтыннан ерлер мен әйелдер киімінің, бас киімінің және қаруының әшекейлері, көлемі мен бітімі әр түрлі қаптырмалар жасалды. Зергерлік бұйымдары — алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап жасалған, асыл тасты алқалары бар сырғалар, қола түйреуіштер болып келеді, олардың бір шетіне құстың мүсіндік бейнесі салынады, әдетте мүсіндер ез ерекшеліктеріне барынша бейімдей жасалады /60/.

Жұқа жапырақша алтыннан сақиналар мен қаптырмалар жасалды. Соңғы үйсін дәуірі кезінде зергерлік заттарға түсті тастардан кез салу таралды. Полихромдық өнердің мұндай ескерткіштерінің тамаша үлгілері қызыл тастан түйірлеп кез салған, бедерленген алтын салпыншақтар Ақтас-2 қорымын қазып ашқанда табылды. Асыл және бағалы тастар — ақық, гауһар, перуза моншақ жасауға пайдаланылды.

Алматыға жақын жердегі Қарғалы қойнауынан табылған алтын бұйымдар ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерін мейлінше айқын сипаттайды. Табылған заттардың ішінде айыр өркешті түйенің мүсіні салынған екі жүзік, таутекелердің он мүсіні, адамды кеміріп жатқан тышқан бейнеленген сырға, көптеген қаптырмалар бар. Бұл бұйымдардың бәрі алтыннан жасалып, перузадан өрнек салынған/61/.

Ерекше бір көз тартатын нәрсе Қарғалыдан табылған тәті. Бұл  жалпы ұзындығы 35 см, ені 4,7 см екі бөлектен тұратын алтын жолақ, жолақтың жоғарғы жағына да, төменгі жағына да ені 0,5 см жиек жүргізілген. Оның ішкі беті толған күрделі өсімдік тектес ернектің ортасында тұрған андардың, құстардың, адамдардың бейнелері; бұлар қалыппен қысу әдісімен салынған. Мұнда басын артқа бұрып салынған марал, ұрғашы марал, олардың арасында ұшып жүрген құс, онан кейін үстіне адам мінген, андып басып келе жатқан қанатты жолбарыс бейнеленген; адам басын артына бұрып, қолымен ағаштың бұтағынан ұстап отыр. Онан әрі тұғырда тұрған қанатты ат бар. Тәтінің екінші жартысында жүгіріп келе жатқан аждаһа бейнеленген, оның үстінде сол қолымен аждаһаның мүйізінен ұстап алған адам отыр. Адамның үстінен қаз немесе үйрек ұшып бара жатыр. Онан соң тағы да тұғыр үстінде тұрған қанатты аттың суреті бар. Ақырында, бейнелердің соңғы тобы — ұшып жүрген құс, арқасында адам бар шауып келе жаткан таутеке, төбесінде құстар ұшып жүрген аю, олардың үстінде тағы да арқарға салт мініп алған адам бейнеленген. Адамның қолында гүл бар. Жануарлардың кездері түсті ақық пен альмандиннен салынған, денелерін оймыш-оймыш перуза жолақтарымен өрнектеген /62/.

Тәті ежелгі заман қоленерінің тамаша ескерткіші болып табылады. Тегінде тәтіде үйсіндердің діни ұғымдары мен мифологиясы бейнеленген болуы керек.

Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де дамыған. Жіп иіру мен тоқымашылық киіз басу, үйде жүннен киім тоқып тігуді қамтамасыз ететіндей едәуір ауқымда болған. Мата тоқу үшін қарапайым тоқыма станогы (қазақтардың «өрмегі» сияқты) қолданылған, Ақтас-2 қыстау-қонысын қазған кезде иірілген жіпті орап отыратын айқыш-ұйқыш орналаскан 4 тесігі бар сүйек қалақша табылды. Үйде мата тоқылғанын бүйірінің ішкі жағында матаның ізі қалған ыдыстар да дәлелдейді, ал олардың көп табылғаны және жалпы жұртқа мәлім екені белгілі.

Былғары ісі — жануарлардың терісін өңдеу және аяқ киім (Қызылауыз қорымының обалы қабірінен табылған былғары аяқ киімнің жұқаналары), ішік, тері шалбар мен бешпент тігу үшін тері илеу, теріден ыдыстар мен ат әбзелдерін дайындау кеңінен дамыды. Тастан еңбек құралдары — кетпен, диірмен, келі; тұрмыс заттары мен сәндік заттар — ұршықбас, мұсат, қайрақтас, түрлі-түсті асыл тастан моншақтар жасалды. Сүйектен жұмырлағыштар, жебелердің ұштары (Актас-2 қонысы) істелді, сүйек түймелер мен басқа да ұсақ заттар шаруашылық пен тұрмыста пайдаланылды /63/.

Жазбаша және археологиялык деректемелер бойынша үйсіндердің тілі мен жазуы женінде жөнді ешнәрсе жок. Біз руналык үлгідегі белгілер тырнап салынған призмалык үш қырлы тас және төрт белгісі мен сөз белгіші бар, соңғы үйсін және соңғы сақ заманына (тиісінше б. з. б. IV—III ғғ. және б. з. III—V гг.) жататын кішкенетас ыдыс табылғанын бұдан бұрын айтылды. Алайда олардың жазба ескерткіштеріне жататындығы болжам ғана және оны филологтар қуаттаған жоқ.

Оның есесіне үйсіндердің этникалык-мәдени бабалары — соңғы сақтарда беймәлім әліпбилік жазба ескерткіштің табылғаны бұлтартпайтын факт. Бұл жазуды сол тайпалар шығарып, пайдаланған деп жорамалдауға толық негіз бар.

Үйсіндерге көршілес мемлекеттер мен тайпалардағы лингвистикалық жағдай үйсін қоғамында да әліпбилік жазудың болуына қолайлы еді. Мәселен, III-VI ғасырларда Гаочан (алдыңғы чешилер) елінде қытай жазуы ғана емес, сондай-ақ түрік жазуы да, яғни «көлденең жолдармен» жазылатын жазу да колданылған. VI-VII ғасырларда мемлекетте (үйсін үйінің тармағы) тіпті түріктердің зандар жинағы болып, қылмыскерлер сол бойынша жазаланған, мұнда да жазу көлденең жазылған. Сірә, VI-VII ғасырларда Кучада түрік жазуы қолданылған болуы ықтимал, өйткені оның тұрғындары көлденең жолдармен жазған.

Үйсіндердің тілі мен жазуына ғылыми әдебиетте орын алып жүрген көзқарас негізделу дәрежесі бойынша әр түрлі, бірақ жалпы алғанда жұмыс болжамы денгейінде қала береді.

XIX ғасырдың 20-жылдарында Абель Ремюза да 1809 жылы Ертістегі үңгірден және Зыряновск руднигінің маңынан Г. Спасский тапқан руналық тоғыз жазбаны зерттей келіп, жазылуы жағынан олардың солтүстік руналарға ұксастығы бар және бұл жазуды «қытайларға үйсін деген атпен белгілі және Христос туғанға дейін 100 жыл бұрын Ертіс жағасымен Зайсан көлінің батыс жағында жаткан жерлерді мекендеген» тайпалардың қолданғаны күмәнсіз деп жазған еді.

А. Ремюзадан кейін ежелгі түркі жазуымен айналысқан шығыстанушылар мен филологтардың көпшілігі оның көзқарасын қолдап, ертедегі үйсіндердің түркі тілдес болуы мүмкін екеніне қосылды /64/.

Үйсін мемлекеті алып жатқан жер табиғи-климаттық және ландшафтық-географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің аңғарлары, кең-байтақ дала кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әркайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесімен, шаруашылық қызметке тартылуымен, шаруашылыктың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленді. Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және аддыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар менкалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай кошпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді. Бұл орайда сол шаруашылық бағыттарының өкілдері этникалық жағынан туыс еді, олардың мәдени тамырлары бір болатын /65/

Бұл қоныстар тұрғындарының шаруашылық қызметі қарапайым суландыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ біздің заманымыздағы алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ, мысалы, Шыршық өзенінің оң жағалауында ірі Зах каналы (20 шақырым) қазылды, ал сол жағалауында Ханарық каналы тартылды /66/.

Жстіасар алқабында тұрақты емес оазистерді, су жайылғыш тоғандарды, көп еңбек жұмсау керек етілмейтін шағын суландыру жүйелерін пайдаланып, көлдете жайып суару түрі басым болды. Көк-Мардан алқабындағы суландыру жүйесін қосымша зерттеу Арыстың ескі арналарында топырақ үйіп бөгелген тоғандар мен бөгет салынған тармақтары суландыру үшін пайдаланылғанын керсетті, олардан егістіктер мен бақшаларға су ағатын арықгар тартылған. Жергілікті жерді зерттегенде және ескерткіштер мен олардың төңіректерінің аэрофотосуреттерін ажыратып қарағанда арықтардың іздері, плотиналар мен бөгеттердің қалдықтары аңғарылды. Кангюйдің қазылған қоныстары мен ертедегі қала орталықтарының бәрінен дәнді дакылдардың (арпа, тары, бидай) қалдықтары, бақша дакылдары (қауын, қарбыз) мен жемістердің (алма, жүзім, әрік және басқалары) дәнсүйектері табылды.

Тұрғын үйлер жанындағы зат сақтайтын жайлардан қор сақтауға арналған үлкен қыш көзелер мен ыдыстар табылды, еденнен ұра-шұңқырлар қазылған. Мәдени қабатта, тұрғын үйлердің қираған жұртында дәнүккіштер, тас диірмендер мен келілер көп. Тұрғын үйлер жанында малды қоршауда ұстауға арналғаны анық орындар кездеседі. Малдың негізгі бөлігі, сірә, қоныстан тыс жерде, ұжымдық табында ұсталса керек. Үйсіндердің қоныстарын қазған кезде үй жануарларының сүйектері көп кездеседі. Олардың ішінде ең көбі қойдың, сиырдың, ешкінің, жылқының сүйектері. Палеозоологтар елік, таутеке, арқар, киік, марал, қабан сияқты жабайы жануарлардың сүйектерін де бөліп көрсетеді. Басқасын былай қойғанда, мүйіздерден әр түрлі бұйымдар жасалған. Үйрек, қаз, бірқазан сияқты суда жүзетін құстар ауланған. Балық аулау дамыған, оны балық сүйектері мен қабыршақтарының табылуы дәлелдейді. Балықты сүңгімен түйреп, басқа да әр түрлі кұралдармен аулаған.

            Осылайша өз кезегінде белгі дәрежеде үйсіндер өзінің шаруашылық мәдениетін қалыптасырып қана қоймай, белгілі дәрежеде оның қалыптасуы мен дамуына үлес қосып. Соған орай өмір сүру тіршілігін қалыптасырған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта айтқанда, ежелгі үйсін тайпалары ежелгі заманда Қазақстан территориясын мекен етіп, кейінгі тайпалар мен одақтардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Жетісу жерінде ежелден өмір сүріп, сан атаумен қазақ халқының Ұлы жүз құрамына енген түркі тілдес тайпалары деп дәлелденді. Сол себепті де ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, ертедегі үйсін тайпаларын соңғы кездегі үйсіндердің арасында белгілі бір байланыстары болған түркі тілдес тайпалар деп көрсетуімізге болады.

Яғни, үйсіндер өз кезегінде мемлекеттік дәрежеде өмір сүре отырып, өзіндік өмір салтын қалыптастыра білді. Елде тоғыз сатылы билік орнап, ел басқарушы күнби әр кезде елінің негізгі мәселелерін шешумен айналысумен болды. Әр кез елінен мол жасақ шығарып, оны қорғауға үлкен үлес қоса білді. Бектер мен абыздарды пайдалана отырып, мемлекеттік жүйенің бұзылмауына күш салды.

Саяси жағынан елдің берекесін қашырмауды ойлаған үйсін басшылары тіпті көрші елдермен құдандастық та жасап отырған. Бір-біріне қыздарын ұзату арқылы елде саяси тұрақтылықты қалыптастырып қана қоймай одақтық бітімшарттар жасасқан. Көрші елдермен өзара қарым-қатынас орнатуда белгілі бір әдіс-тәсілдері пайдаланған.

Сол сияқты ежелгі үйсін тайпалары өзінің материалдық және рухани мәдениетін қалыптастыра білді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығмен айналысып, жылқы малын көптеп ұстады. Күнделікті күнкөріс қамы үшін оларда басты рөлді мал атқарды. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығына өте ертеден бастап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдар бойынша бөлінуі тән екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатынын ескере келіп, қысқы астанасы Сырдария бойындағы аймақта болса, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста жатқан Орталық Қазақстан далаларында болуы мүмкін деп жорамалдау әбден орынды болады. Тұрғын үйлер жанындағы зат сақтайтын жайлардан қор сақтауға арналған үлкен қыш көзелер мен ыдыстар олардың материалдық мәдениетінің жақсы дамығандығын көрсетеді. Сол сияқты тұрғын үйлер жанында малды қоршауда ұстауға арналғаны анық орындар кездеседі. Малдың негізгі бөлігі, сірә, қоныстан тыс жерде, ұжымдық табында ұсталғанын байқатады. Үйсіндердің қоныстарын қазған кезде үй жануарларының сүйектері көп кездеседі.

Қоғамдық байлық қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктен құралы. Олардың алғашқысына мал, қолөнер өнімдері, тұрғын үйлер, жатқызылса, ал екіншісіне жер жатқызылды. Шаруашылығының негізі мал өсіру болған көшпелі тайпалар тұрмыс салтының көшім-қонымы көп болғандықтан, басқа халықтармен үнемі кездесіп, қатысып жүрді. Сұның өзі отырықшы халықтарға қарағанда, көшпелілерде айырбастың неғұрлым ертерек шығуына, сөйтіп байлықтың қорлануына мүлік теңчіздігінің пайда болуына себепші болды. Жетісу үйсіндерінде дәл осындай процестердің орын алғандығын көреміз. Сол сияқты ежелгі үйсін қоғамында құлдық бола тұрса да құл еңбегі өндірісінің негізгі көзі болмады. Сол тұстағы дүние жүзінің көптеген халықтарындай үйсіндерде де құлдықтың негізгі көзі – соғыс тұтқындары болды.

Үйсін қоғамында әлеуметтік-экономикалық қатынастар өздерімен көршілес тайпалармен қатар дамыды. Оларда әуелі таптық қоғамның қалыптасу процесі жүрді. Алайда экономикалық формалардың ешқайсысы да басым болған жоқ. Құлдардың, құлдықтың болғанына қарамастан, бұл қоғамды құл иелденушілік қоғам деп қарауға болмайтын еді.

Ал үйсіндер әр кез өздерін қолдап қорғаушы әулиелер мен рухтар аруағына сенім танытты. Көкте белгілі бір күштің бар екендігін сезінді. Бұл олардың шаруашылық жағдайында да көрініс беріп, әр кез соған мән берумен болды.

Осылайша, өз кезегінде белгілі бір территорияны мекен етіп, өзінің мәдениеті мен шаруашылығын қалыптастырып, Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсін елінің тарихы тікелей қазақ тарихымен байланысты екендігін байқатады. Үйсін тайпасы үлкен ірі ел болумен қатар көрші тайпалармен қарым-қатынастар орнатып, ел іргесін сөкпей, іргелі ел болу үшін күш салды. Бұл ақыр соңында үйчін тайпаларының өз атауын жоғалдтпай, кейінгі тайпалар мен ұлыстар құрамында өз атауын сақтауына негіз болды. Сол себепті де ежелгі үйсін тайпаларын зерттеу арқылы қазіргі Ұлы жүз құрамындағы үйсін тайпаларының арасында байланыстардың бар екендігіне кішкене болса да көз жеткізуімізге болады. Үйсін тайпалары өзінің саяси жағынан күшті де мықты ел ретінде көрсете отырып, кейіннен түркі тілдес тайпалар құрамына еніп, сіңісіп кеткені белгілі болып отыр.

Бүгінгі таңда ежелгі тайпалардың мәдениеті мен мәдени байланыстары, оладың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлестері туралы тың тұжырымдар жасалуда. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары одан әрі жүргізіле бермек. Бірақ, аталған мәселедегі тарихнамалық ойдың жеткен жетістіктері, жаңа тұжырымдары тек қазақстандық ғалымдар мойындаған ғана шыңдық ретінде қалып қоймауы тиіс. Сондықтан аталған мәселені зерттеудің егемен елеміздің болашақ даму стратегиясы мен әлемдік тарихтағы ролін анықтаудағы маңызын ескере отырып, қазақстандық зерттеуші ғалымдар мәселені жан-жақты зерттеп, жалпы тарихи ой үрдісінің дамуына ықпал жасауға тиіс. 

 Олай болса ежелгі үйсін тарихын зерттеп, оған баға бері, қазақ халқымен байланысының бар немесе жоқ екендігіне әлі де болса көз жеткізу ісі әлі де болса зерттеуді қажет етіп тұрғандығы сөзсіз.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРТ МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ

 

1 Кюнер Н. В. Китайские известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока. М., 1961, 117-6.

  1. Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в
    древние времена. Т. I. М.-Л., 1950, 91-6.
  2. Бартольд В.В. очерк истории Семиречья соб. Соч. 11т. –Москва, 1963, 23-29 бб; Соныкі: история тюрко-монгольских народов. –Ташкент, 1928. 20 б.
  3. Зуев Ю. А. К вопросу о взаимоотношениях усуней и канцзюй с гуннами и
    Китаем. — Изв. АН КазССР, сер. обществ. наук, вып. 2, 1957.
  4. Марғұлан Ә.Х. Қазақстан архитектурасы. – Алматы, 1959. 58-85 бб.,
  5. Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963: «Чуйская долина». Материалы и исследования по археологии СССР, т. 14, 1950,58-71-6.
  6. Акишев К. А. Зимовки-поселения и жилища древних усуней. — Известия АН КазССР, сер. обществ. наук, 1969, вып. I. 45-6., 4-сурет;
  7. Уалиханов Ш. Киргизский родословия. 2 т. 148 б.
  8. Малов С. Памятники древнетюркской письменности. –М-Л., 1951. 11-43 бб
  9. Мыңжан Нығымет. Қазақтың көне тарихы. –Алматы, 1993. 56-69 бб
  10. Агеева Е.И., Максимова А.Г. Усуньские курганы левобережье р. Или. «Известия АН. КазССР» сер. арх. этногр. -1959. вып 1. 79-95 бб
  11. Зуев Ю. А. К этнической истории усуней. ИИАЭ АН КазССР, А., 1960,т. 8.
  12. Востров В.В.., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселения казахов «конец XІХ- нач. ХХ в.) –Алма-Ата, 1968. 120 б
  13. Ежелгі үйсін елі. / Құрастырушы Шадыман Ахметұлы. –Үрімжі: ҚХР Шыңжаң халық баспасы, 2005. 348 б.
  14. Левшин А.И. описание киргиз-казачьх или киргиз-кайсакских орд и степей. Ч. 1. СПБ. 1832. 66 б
  15. Бартольд В.В. очерк истории Семиречья соб. Соч. 11т. –Москва, 1963, 23-29 бб;
  16. Аристов Н.А. Опыт выяснения этнического состава киргиз-казахов Большой Орды и кара-киргизов. СПБ, 1895. -110 с.
  17. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. –Алматы, 1959. -36 б.
  18. Жолдасбаев С. Ж. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. –Алматы, 1995. 162-б
  19. Мыңжан Нығымет. Қазақтың көне тарихы. –Алматы, 1993. 58-69 бб
  20. Бенштам А.Н. Кенкольский могильник.-Москва, 1940. 137 с.
  21. Аристов Н.А. Опыт выяснения этнического состава киргиз-казахов Большой Орды и кара-киргизов. СПБ, 1895. -110 с.
  22. Агеева Е.И., Максимова А.Г. Усуньские курганы левобережье р. Или. «Известия АН. КазССР» сер. арх. этногр. -1959. вып 1. 79-95 бб
  23. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. –Алматы, 1959. -34 б.
  24. Исмағұлов А.О. Этническая антропология Казахстана. -Алматы, 1982. -182 б
  25. Мыңжан Нығымет. Қазақтың көне тарихы. –Алматы, 1993. 7 б.
  26. Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1969. 2 том. 401 б
  27. Востров В.В.., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселения казахов «конец XІХ- нач. ХХ в.) –Алма-Ата, 1968. 120-123 бб
  28. Малов С. Памятники древнетюркской письменности. –М-Л., 1951. 11-43 бб
  29. Хасенов Ә.Х. «Шалқар», 1995. 14 қазан
  30. Салғараұлы Қ. Таным тармақтары. –Алматы, 1998. 87-б
  31. Маргулан А. X., Акишев К. А. идр. Древняя культура… 301-302-6.

33 Дьяконов М. М. Очерк истории древнего Ирана. М., 1961, 45-6., 8-сурет; 70-б., 12-сурет, 73-6., 13-сурет.

34 Луконин В. Г. Иран в эпоху первых Сасанидов. Л., 1961, XI-XIX-XXI кестелер.

35 Воеводский М. В., Грязнов М. П. Усуньские ..югильники на территории
Киргизской ССР. — ВДИ, 1938, № 3(4), 178-6.

36 Безсонов А. И. Почвенный покров Джетысуйской области. См. Джетысу (Семиречье). Естественно-историческое описание края. Ташкент, 1925, 177-214-37. Бичурин Н. Я. (Иакинф). Собрание сведений.., т. II, 196-6. Буквально «ЧэнГо» — владетель укрепленного поселения» (караңыз.: Н. В. Кюнер. Китайские известия… 88-6.).

  1. Руденко С. И. Культура населения горного Алтая вскифское время. М.-Л.,1953, 147-148-6.
  2. Зуев Ю. А. Тамги лошадей из вассальных княжеств. Труды ИИАЭ АН КазССР,т. 8, 1960, 121-124-6.
  3. Шелов Д. Б. Глиняные штампы из Танаиса. Сб. Новое в Советской археологии. М., 1965, 230-6.; Толстов С. П. Древний Хорезм. М., 1948, 151-6.; Кой-рыл-ган-Кала. Труды ХАЭ, т. V. М„ 1967, 218-6.
  4. А. Г. Максимова 1967 жылы Караша корымынан (Талас аңғары, 23-корған) тапқан олжа Бичурин Н. Я. Собрани.: сведений., т. 1, 198-6.;
  5. Кюнер Н. В. Китайскиеизвестия… 93-6.
  6. Потапов Л. П. 0 сущности патриархально-феодальных отношений у кочевых народов Средней Азии и Казахстана. // Материалы объединенной научной сессии, посвященной истории Средней Азии и Казахстана в дооктябрьский период. Ташкент, 1955, 21-6.
  7. Воеводский М. В., Грязнов М. П. Усуньские могильники на территории Киргизской ССР, 177-179-6.
  8. Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины р.Или. А, 1963.
  9. Зуев Ю. А. К вопросу о языке древних усуней. // Вестник АН КазССР, № 5(146), 1957, 72-73-6
  10. Байпаков, К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. — Алма-Ата: Наука, 1986. — 254 с.
  11. Аристов Н.А. Опыт выяснения этнического состава киргиз-казахов Большой Орды и кара-киргизов. СПБ, 1895. -110 с.
  12. Жолдасбайұлы С. Жетісу тарихы. –алматы, 1996. 11-215 бб
  13. Марғұлан Ә.Х. Қазақстан архитектурасы. – Алматы, 1959. 58-85 бб
  14. Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины р.Или. А, 1963. 172 б
  15. Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины р.Или. А, 1963.174-178 бб
  16. Маргулан А. X., Акишев К. А. идр. Древняя культура… 301-302-6.
  17. Ежелгі үйсін елі. / Құрастырушы Шадыман Ахметұлы. –Үрімжі: ҚХР Шыңжаң халық баспасы, 2005. 348 б.
  18. Левшин А.И. описание киргиз-казачьх или киргиз-кайсакских орд и степей. Ч. 1. СПБ. 1832. 66 б
  19. Бартольд В.В. очерк истории Семиречья соб. Соч. 11т. –Москва, 1963, 23-29 бб;
  20. Аристов Н.А. Опыт выяснения этнического состава киргиз-казахов Большой Орды и кара-киргизов. СПБ, 1895. -110 с.
  21. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. –Алматы, 1959. -36 б.
  22. Жолдасбаев С. Ж. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. –Алматы, 1995. 162-б
  23. Мыңжан Нығымет. Қазақтың көне тарихы. –Алматы, 1993. 58-69 бб
  24. Бенштам А.Н. Кенкольский могильник.-Москва, 1940. 137 с.
  25. Аристов Н.А. Опыт выяснения этнического состава киргиз-казахов Большой Орды и кара-киргизов. СПБ, 1895. -110 с.
  26. Агеева Е.И., Максимова А.Г. Усуньские курганы левобережье р. Или. «Известия АН. КазССР» сер. арх. этногр. -1959. вып 1. 79-95 бб
  27. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. –Алматы, 1959. -34 б.
  28. Исмағұлов А.О. Этническая антропология Казахстана. -Алматы, 1982. -182 б
  29. Ежелгі үйсін елі. / Құрастырушы Шадыман Ахметұлы. –Үрімжі: ҚХР Шыңжаң халық баспасы, 2005. 348 б.