АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ұлттық баспасөз ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі

Қазақстан  Республикасының  Білім  және  Ғылым  министірлігі

 

Д.А. Қонаев атындағы  Университет

Әлеуметтік  және  ізгілік  пәндер  кафедрасы

 

Диплом  жұмысы

 

Ұлттық  баспасөз  ХХ ғасырдың  басындағы  Қазақстан  тарихының  дерек  көзі

 

 

Алматы, 2008

Жоспар

 

 

         Кіріспе………………………………………………………………………………..3

 

І тарау. Ұлттық – бейресми  басылымдар  және  олардың  деректік  орны  мен  ерекшеліктері

 

   1.1  “Қазақ  газеті”  және  “Серке” —  қазақтың  тұңғыш  бейресми  газеттер…………………………………………………………………………………10-24

   1.2   “Айқап”  журналы  және  “Қазақстан”  газеті……………….25-33

 

 

ІІ тарау   “Қазақ”  газеті – Қазақстан  тарихының  дерек  көзі

 

   2.1  “Қазақ”  газетінің  шығуы , қалыптасуы  және  деректік  ерекшелігі……………………………………………………………………………..34-48

   2.2   “Қазақ”  газетінің  мәліметтері – бірінші дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  қазақ  қоғамы  өмірінің  дерегі………………………..48-57

 

 

Қорытынды…………………………………………………………………………58-60

 

Пайдаланылған  деректер  мен  сілтемелер  тізімі……………..61-63

 

          Кіріспе

      Тақырыптың өзектілігі: Мерзімді  басылымның  тарих  дерегі  ретінде  бейнелеу  объекті  мен  ауқымдылығы  тап  күресінен  әлдеқайда  кең  және  жан-жақты . Газет  пен  журнал  материалдары  қоғамдық-саяси  өмірдің  кең  суреттемесін  қалпына  келтіріп , зерттеудегі  кезеңнің  басты  актуалды  проблемаларын  анықтауға  мүмкіндік  береді . Және  де  әр  елдің , тіптен  бір  елдегі  әр  түрлі  ұлттардың  деректерінің , оның  ішінде  мерзімді  басылымдардың  да  өзіндік  ерекшелігі  болмай  қоймайды . Ол – заңдылық . Сондықтан  тарихи  сынның  да  ерекшеліктері  болатындығы  туралы  В. О. Ключевский: “Барлық  жерде  тарихи  сын  қосымша  ғылым  ретінде  бірдей  болу  керек  пе , жоқ  әр  жерде  өз  ерекшелігіне  қарай  жергілікті  тарихи  сынның  да  өз  ерекшелігі  болу  керек  пе” ,  /1/ — деген  сауал  қойып , оған  өзі:  “Тарихи  сынның  өз  ерекшелігі  болу  керек . Ол  тарихи  сынның  міндеттері  мен  тәсілдерінің  тарихи  деректің  өзіндік  қасиеттерімен  тығыз  байланыстығынан  туындайды . Ал , деректердің  өзіндік  қасиеттері  барлық  жерде  бірдей  емес” /2/ — деп  жауап  береді .      Сонымен  қатар , қазақ  тарихының  деректеріне  қатысты  деректанушылық  зерттеулер  отан  тарихымен  айналысқан  және  қазір  де  айналысып  жүрген  кәсіпқой  тарихшыларымыздың   да  еңбектерінде  кездеседі .  Халқымыздың  ғұлама  ғалымдары  Әлкей  Марғұлан    мен  Ермұхан  Бекмахановтан    бастап , бүгінгі  күні  тарихымызда  жемісті  еңбек  етіп  жүрген  ғалымдарымыз  К. Нұрпейісов  ,  Ж. Қасымбаев  ,  М. Қойгелдиев ,  Т. Омарбеков  /6/,  Қ. Атабаев  /7/,  С. Сыздықов  /8/,  Б. Ермұханов  /9/  т.б.  өздерінің    зерттеу  жұмыстарына  сай  пайдаланған  деректерді  “өңдеу”  барысында ,  сол  деректерге  қатысты  ой-пікірлерін  білдіріп , ұлттық  деректеріміздің  ерекшеліктерін , маңызын , олармен  жұмыс  істеу  тәсілдерін  көрсеткен .

3

 

 

      Бітіру  жұмысының  өзектілігі  негізгі  зерттеу  объектісі  қазақ  тілінде 

шыққан  алғашқы  газеттер  мен  ұлттық  бейресми  басылымдар.  Яғни , Қазақстандық  мерзімді  басылымдар , әсіресе  қазақ  тіліндегі  газет-журналдар  Қазақстан  тарихының  дерек  көзі  ретінде  арнайы  зерттелуі  тиіс .

    Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі:  Ұлттық  деректеріміз  туралы  деректанушылық  ойлар , олардың  ерекшеліктері  мен  құндылықтары  туралы  ғылыми  көзқарастар  Ш. Уалиханов , Ә. Бөкейханов ,  А. Байтұрсынов ,  О. Сүлейменов  сияқты  қазақ  ғалымдары  мен  ойшылдарының  еңбектерінде  де  айтылған . Мысалы , Шоқан  Уалиханов  өзінің  жазбалары  мен  зерттеу  жұмыстарында  ұлтымыздың  төл  деректері – жыр-дастандардың , шежірелердің  пайда  болуының  объективтілігі , олардың  сақталу  формалары , деректік  маңызы  туралы  айтса ,  /3/  Әлихан  Бөкейханов  “Қазақ”  газетінде  жарияланған  ғылыми  рецензияларында  өзінің  деректанушылық ойларын  білдірген  /4/.  Ахмет  Байтұрсынов  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақ”  газеттерінің  беттеріндегі  мақалаларында  және “Әдебиет  танытқышында”  жалпы  тарих  ғылымы , оның  ішінде  тарихтың  жемі  деректер  туралы , әсіресе , шежіре  мен  заманхат  туралы  құнды  пікір  айтқан  /5/.

      Сонымен  қатар , қазақ  тарихының  деректеріне  қатысты  деректанушылық  зерттеулер  отан  тарихымен  айналысқан  және  қазір  де  айналысып  жүрген  кәсіпқой  тарихшыларымыздың   да  еңбектерінде  кездеседі .  Халқымыздың  ғұлама  ғалымдары  Әлкей  Марғұлан    мен  Ермұхан  Бекмахановтан    бастап , бүгінгі  күні  тарихымызда  жемісті  еңбек  етіп  жүрген  ғалымдарымыз  К. Нұрпейісов  ,  Ж. Қасымбаев  ,  М. Қойгелдиев ,  Т. Омарбеков  /6/,  Қ. Атабаев  /7/,  С. Сыздықов  /8/,  Б. Ермұханов  /9/  т.б.  өздерінің    зерттеу  жұмыстарына  сай  пайдаланған 

4

 

 

деректерді  “өңдеу”  барысында ,  сол  деректерге  қатысты  ой-пікірлерін  білдіріп , ұлттық  деректеріміздің  ерекшеліктерін , маңызын , олармен 

жұмыс істеу  тәсілдерін  көрсеткен .                                                                    

      Бітіру  жұмысының  өзектілігі  негізгі  зерттеу  объектісі  қазақ  тілінде  шыққан  алғашқы  газеттер  мен  ұлттық  бейресми  басылымдар .

      Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  тілінде  жарық  көрген  газеттер  мен  журналдардың  тарихына  қатысты  алғашқы  мақалалар  сол  басылымдардың  өз  беттерінде  жарияланған . Ұлттық-бейресми  басылымдар  арасында  ең  ұзақ  уақыт  шығып  тұрған  “Қазақ”  газетінде  “Қазақстан” , “Айқап” , “Алаш” , “Сарыарқа” ,  “Бірлік  туы” , “Ұран”  және  “Тіршілік”  туралы  көптеген  мақалалар  басылған  . Олардан  аталған  басылымдар  туралы  деректік  мәліметтермен  қатар , сол  басылымдар  туралы  алғашқы  тарихнамалық  мағлұматтар  да  алуға  болады .

      Ұлттық  бейресми  басылымдарға  берілген  алғашқы  тарихи  баға  да  сол  басылымдардан  кездеседі .  Мысалы ,  “Бірлік  туы”  газеті  1918  жылы  қаңтардағы  большевиктердің  “Қазақ”  газетін  жабуына  байланысты:  “Қазақ”  газеті  жабылды  деген  хабарды  естігенде  әрбір  алаш  баласының  жүрегі  су  етіп , қабырғасы  қайысар . Біз  бұған  сенеміз.  “Қазақ”  газеті  алаштың  қараңғы  заманында  жол  көрсетіп  тұрған  шам  шырағы , сасқанда  ақыл  айтып  тұрған  көсемі”  /10/ — деп  жазды . Мұндай  ұлттық  бейресми  басылымдардың  көш  бастаушысы  “Қазақ”  газетінің  ұлт  мүддесі  үшін  еткен  еңбегін  шынайы  бағалау  кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарында  да  өз  жалғасын  тапты .

      “30-шы  жылдардың  ортасына  қарай  Алаш  ардагерлерінің  “халық  жаулары”  ретінде  толығымен  дерлік  жойылуына  байланысты , “Алаш”  қозғалысының  тарихын  зерттеуге  де  тыйым  салынды . Ал , “Алаш” 

5

 

 

қозғалысының  түп  нұсқалық  деректері  жарияланып  тұрған  “Қазақ” ,  “Бірлік  туы”  сияқты  газеттер  буржуазияшыл  ұлтшылдардың  органдары  деп  айыпталды  және  оларды  ғылыми  зерттеу  ісіне  пайдалануға  рұқсат  етілмеді” — деп  жазды  К. Нұрпейісов  /11/.

      1966  жылы  “Айқап”  журналы  Қазақстан  тарихының  дерегі  ретінде” — деген  тақырыпта  Г. К. Сәтбекованың  кандидаттық  диссертация  қорғауы  болды . Бұл  ұлттық  басылымдар  негізінде  қорғалған  бірінші  диссертация  еді . Онда  автор  қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  журналдың  тарихына  қатысты  мағлұматтар  келтіріп , журнал  көтерген  тақырыптарға , әсіресе  оқу-ағарту  ісіне  кеңінен  тоқталған .

      Егер  ресми  газеттер  “Түркістан  уалаятының  газеті”  мен  “Дала  уалаятының  газеті”  туралы  азды-көпті  бұрын  айтылып  келсе , ұлттық-бейресми  басылымдардың  тарихын  объективті  зерттеу , олардың  материалдарын  халқымыз  тарихының  дерегі  ретінде  пайдалану , тек  90 жылдардың  басынан , бұрынғы  КСРО-дағы  қайта  құру  мен  демократияландыру  шараларынан , әсіресе , еліміздің  тәуелсіздік  алуынан  кейін  ғана  мүмкін  болды . Бұл  салада  аз  жылдар  ішінде  көп  іс  атқарылды  деп  айта  аламыз . Саяси  жағдай  мен  Қазақстан  тарих  ғылымында   болған  түбегейлі  өзгерістер  “Қазақ”  газеті  мен  басқа  да  жазықсыз  ұмыт  болуға  айналған   ұлттық  басылымдар  туралы бетінде  ондаған  мақалалардың  жариялануына  әсер  етті  /12/.

      Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  мерзімді  басылымы   тарихының  зерттелуі , олардың  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстан  тарихының  дерегі  ретінде  пайдалануы  туралы  айтқанда , зерттеуші-ғалым , библиограф  Үшкөлтай  Субханбердинаның  осы  саладағы  атқарған  еңбегіне  ерекше  тоқталу  қажет.

      “Халықтар  татулығы  және  ұлттық  тарих  жылы” — деп  жарияланған –

6

 

 

1998  жылы  ұлттық  басылымдарды  зерттеу  ісінде  біршама  жұмыстар  тындырылды . Ең  бастысы , Ү. Субханбердина , С. Дәуітов , Қ. Сақовтардың  құрастыруымен  “Қазақ”  газетінің  материалдары  кітап  түрінде  жинақ  болып  басылып  шықты  /13/. “Ақиқат”  журналы  өзінің  сол  жылғы  4-ші  санынан  бастап  “Мұра”  айдарымен , жылдық  және  сандық  ретін  сақтап , “Қазақ”  газетінен  үзінділер  жариялап  тұрды . Жинақ  шықпастан  бұрын  дайындалып  басталған  бұл  жұмыс , жинақ  жарық  көрген  соң  да  жалғастырылды . Осылай , “Қазақ”  сөзі , большевиктер  зорлығымен  жабылғалы  80  жыл  өткен  соң , өзінің  бүгінгі  оқырмандарына  жинақ  түрінде  де , журналдағы  жарияланымдар  түрінде  де  жетті .

      Қазақстан  тарихнамасында  бірінші  рет  жас  зерттеуші  Қ. Сақов  “Қазақ”  газеті  туралы  кандидаттық  диссертация  қорғады  /14/.  Сонымен  қатар , “Айқап”  журналы  мен  “Қазақ”  газеті  туралы  өз  ойын  Президент  Н. Назарбаевта  өзінің  1999  жылы  жарық  көрген  “Тарих  толқынында”  атты  кітабында  білдірді  /15/. Дегенмен , біздің  ойымызша,  мұндай  ұлттық  басылымдарға  деген  соңғы  жылдары  кең  өріс  алған  заңды  қызығушылық , келешек  үлкен  істің – сол  басылымдардың  тарихын  терең  зерттеу  және  оларды  тарих  дерегі  ретінде  талдау  ісінің  бастамасы  ғана .

      Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін , яғни  соңғы  жылдары  жарияланған  “Алаш”  көсемдері:  Ә. Бөкейхановтың  ,  А. Байтұрсынов  ,  М. Дулатовтың    аталмыш  басылымдарда  жарияланған  мақалалары  енген  жинақтары  да  жұмыстың  деректік  негізін  құрайды . Егер , Ә. Бөкейхановтың  “Қазақ”  газетінде  жарияланған  мақалалары , аудармалары  және  рецензиялары  М. Қойгелдиевтің  құрастыруымен  1994  жылы  жеке  кітап  түрінде  шықса , А. Байтұрсынов  пен  М.

7

 

 

Дулатовтың  “Айқап” , “Қазақ”  т.б.  басылымдарында  жарияланған  еңбектері , олардың  шығармалар  жинағына  енген .

     Бітіру жұмысының деректік негізі: Жұмыстың  деректік  негізінің  бір  бөлігін  куәгерлердің , яғни  ұлттық  басылымдар  авторларының  замандастары  қалдырған  мәліметтер  құрайды . Мысалы , С. Сейфуллиннің  мемуарында  ұлттық  басылымдардың  қазақ  тарихындағы  ең  бір  күрделі  кезеңі  1916-1917  жылдарғы  орны  мен  тарихына  қатысты  аса  маңызды  мағлұматтар  келтірілсе , М. Әуезовтың  еңбектерінде  “Қазақ”  газетінің  ұлт  өміріндегі  алған  орнын  анықтауға  көмектесетін  деректер  бар .  Ал , Т. Шонанұлының  еңбегінде  мерзімді  басылымдардың  өзекті  тақырыптарының  бірі  жер  мәселесі  туралы  көптеген  құнды  мағлұматтар  кездеседі  /16/.

      Соңғы  онжылдықта  жариялана  бастаған  ұлттық  басылымдар  және  Алаш  қозғалысының  тарихына  арналған  мақалалар  мен  монографиялық  еңбектер  де  жұмыстың  деректік  негізінің  үлкен  бір  бөлігін  құрайды . Мысалы , М. Мырзахметовтың  /17/,  Ғ. Ахмедовтың  /18/,  М. Құл-Мұхамедтің  /19/,  С. Өзбекұлының  /20/, Ж. Қалиұлының  /21/

еңбектерінде  мерзімді  басылымдар  мәліметтерінің  деректік  маңызын  ашуға  көмектесетін  көптеген  фактілі  мәліметтер  жинақталған . Сонымен  қатар , баспасөз  тарихына  арналған  кеңестік  тарихнаманың  да  деректік  маңызын  жоққа  шығаруға  болмайды .  Методологиялық  қателіктерге  қарaмастан , олардан  алғаш  қазақ  баспасөзінің  тарихын  зерттеуге  көмектесетін  нақты  мағлұматтар  алуға  болады .           

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: — ХХ ғасырдың басындағы  Ұлттық  баспасөзімізді  қазақ  тарихының  дерек  көзі  ретінде  талдай  отырып , пайдалану .

   — “Қазақ газеті” және “Серке” — қазақтың тұңғыш  бейресми  газеттерін 

8

 

 

тарихи  дерек  көзі  ретінде  пайдалану

   — “Айқап”  журналы  және  “Қазақстан”  газеттерін   талдау

   —  “Қазақ” газетінің  шығуын , қалыптасуын және  деректік  ерекшелігін  түсіндіру .

Бітіру жұмысының құрылымы:   Кіріспе , қорытынды  бөлімдерімен  қатар  2 тараудан ( әр тарау 2 бөлімнен) және пайдаланылған  деректер  мен сілтемелер  тізімінен  тұрады.                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

І тарау. Ұлттық-бейресми  басылымдар  және  олардың  деректік  орны  мен  ерекшеліктері.    

 

1.1.  “Қазақ  газеті” және  “Серке” – қазақтың  тұңғыш  ұлттық-бейресми  басылымдары

 

      Мерзімді  басылым  тарихын , әсіресе  ұлттық  баспасөз  тарихын , бүгінгі  күн  талабына  сай , ұлттық  мүдде  тұрғысынан  қайта  қарау , төл  тарихымызды  толықтыра  түсері , оларды  тарихи  дерек  көзі  ретінде  пайдалану  бұралаңы  мол  ХХ  ғасырдағы  қазақ  тарихын  тереңірек  зерттеуге  мүмкіндік  берері  анық .  Өйткені  ел  тарихының  жазба  деректер  тобына  жататын  мерзімді  басылымдардың , оның  ішінде , ғасыр  басында  дүниеге  келіп , бірі  қысқа , бірі  ұзақ  өмір  кешкен  биресми , ұлттық  бағыттағы  демократиялық  басылымдардың  ұлт  тарихына  байланысты берер  мәліметтері, жеткізер  деректері  мол .

      Ұзақ  жылдар  бойы  қазан  төңкерісіне  дейінгі  ұлттық  басылымдардың  тарихын  зерттеуші , олардың  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткішін  жасап , мәтіндерін  қайта  бастыру  арқылы  бүгінгі  оқырманға  жеткізуші  ғалым  Ү. Субханбердина:  Революциядан  бұрын  қазақ  тілінде      газет , бір  журнал  шыққан . Олар: “ Түркістан  уалаятының  газеті ” (1870-1882 ) , “ Дала  уалаятының  газеті ” (1888-1902) , “ Серке ” (1907) , “ Бірлік  туы ” (1917) , “ Қазақ  газеті ” (1907), “Дала” (жылы  белгісіз ) , “ Қазақстан ” (1911-1913) , “Ешім  даласы ” (1913) , “ Қазақ ” (1913-1918) , “ Айқап ” (1911-1915) , “ Алаш ” (1916-1917) , “ Сарыарқа ” (1917) , “ Ұран ” (1917), “ Үш  жүз ” (1917) , “ Тіршілік ” (1917) ” , — дейді. /22/

      Жалпы  ел  тарихында , оның  ішінде  қазақ  баспасөзі  тарихында 

10

 

 

өзіндік  орын  алған , аталған  газет – журналдардың  алдыңғы  екеуі  белгілі  мақсатпен  шығарылған , ресми  газеттерге  жатса , қалғандары  ғасыр  басында  сап  түзеп , ұлт  мүддесі  үшін  күреске  шыққан , халқымыздың  аяулы  азаматтарының , озық  ойлы  ұлт  зиялыларының 

саналы  іс әрекеттерінің  салдарында  дүниеге  келген  ұлттық  бағыттағы  саяси  басылымдарға  жатады . Алға  қойған  мақсаты  мен  бағыт-бағдарлары , тарихы  мен  тағдырлары  бөлек , сол  бір  топ  басылымдардың  алғаш  жарыққа  шықандары  да , ғасыр  басындағы  өмір  шындығымен  бетпе-бет  кездесіп  опат  болғандары  да “ Серке ” мен “Қазақ  газеті ” болды . 

       Өркениетті  халықтар  тарихында , олардың  ұлттық  мүддесіне  сай     басылымның  дүниеге  келуі  аса  маңызды  оқиғалар  қатарына  жатады .  Демек , біздің  тарихымыз  үшін  қазақ  тілінде  шыққан  биресми , ұлттық  бағыттағы  басылымның  қай  жылы , қай  күні  жарыққа  шыққандығы  туралы  мәселе , ұлттық  маңызы  бар  принципті  мәселе . Сондықтан , осы  екі  басылымның  дүниеге  келуі  жалпы  ұлттық  көлемдегі  оқиға  ретінде , олардың  тарихына  қатысты  деректерді  жан-жақты  талдауды  қажет  етеді .

      Екі  бірдей  ұлттық  басылымның  ғасыр  басында  бірінен  соң  бірінің  жарыққа  шығуының  басты  себептері  біріншіден , француз  зерттеушілері  А. Беннигсен  мен Ш. Лемерсье-Келькежейдің  сөзімен  айтсақ: “ 20 ғасырдың  басында  патшалық  Россияға  деген  жеккөрушілік  бойын  түгелдей  билеп  алған  қазақ  зиялыларының ” /23/  отаршылдық  езгіге  қарсы  күресте , жалпы  ұлт  мүддесі  үшін  күресте , баспасөздің  қажеттігін  терең  сезінуі  болса , екіншіден , бүкіл  империяны  дүрліктірген  бірінші  орыс  революциясының  әсері  еді . Ол  туралы    Серкені   шығарушылардың  бірі , оның  негізгі  авторы  Міржақып  Дулатұлы: “ 1905 жылдан  бері  біздің 

 

11

 

 

қазақ  жұрты  да  басқалардың  дүбіріне  елеңдеп , олардың  ісіне  еліктеп  ұлт  пайдасын  қолға  ала  бастады ” , —  деді  /24/.

      Сол  қазақ  жұртының  қолға  алған  ұлт  пайдасының  бірі  газет  шығару  болды . Дегенмен , қазақ  зиялыларының  өз  тілдерінде  бейресми  газет  шығармақ  болған  алғашқы  нақты  әрекеттері  сәтсіз  аяқталды .

Алғашқы  бейресми  газет  шығару  мәселесі , тек 1907 жылы  ғана  мүмкін  болды . Осы  жылдың  көктемінде  “ Қазақ  газеті ” мен “ Серке ” жарық  көрді .

      Бұл екі газеттің  де  өмірлерінің тым  қысқа  болуына  байланысты  тарихқа  берер  дерегі  мол  болмағанымен , алғашқы  бейресми  ұлттық  басылым  ретінде  жарық  дүниеге  келгендігін  білдіріп , өздерінің  зорлықпен  тұншықтырылуы  арқылы  болса  да , соңынан  келер  ұлттық  басылымдарға  сабақ  болған “Қазақ” газеті  мен “ Серке ” халық  жадында  қалуға тиіс.   

      Алғашқы  қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  газет 1870  жылдың 10    мамырынан  бастап  Ташкентте  шыға  бастаған   “ Түркістан  уалаятының  газеті ”  екендігі  белгілі  болса , қазақтың  бейресми , ұлттық  бағыттағы , бірінші  демократиялық  газеті  қай  газет  екендігі , оның  қай  күні  шыққандығы  әлі  күнге  дейін  толық  анықталған  жоқ . Ол  туралы  Х. Бекхожин:  1906  жылы  ақпанда   “Қазақ  газеті” шықты  — десе  /25/ , зерттеушілер: Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайлар “Қазақ  газеті”, ол 1907  жылдың  наурыз  айында  жарық  көрді  /26/ — деп , дәл  қай  күні  екендігін  айтпайды . Зерттеуші  Ә. Әбдіманов:  “Серке” — қазақтың  биресми , саяси  бағыттағы  демократиялық  баспасөзінің  тұңғыш  бастау  көзі  ретінде  тарихтан  өз  орнын  алуы  керек  /27/ — десе , француз  тарихшылары  А. Беннигсен , Ш. Лемерсье-Келькежей: “Саяси  және  санаткерлік  қақтығыстардың  дәл  осындай  буырқанған  сәтінде  /28/ — деп ,

12

 

 

алғашқы  қазақ  газеттерінің  дүниеге  келген  уақытын  суреттей  келе :  1907  жылы  қазақ  баспасөзі   дүниеге келді.  Егер  Әбдірашит  Ибрагимовтың  Санкт-Петербургте  шыққан “Серкесін” есептемесек  ,  онда  1907  жылдың  наурызында  Троицкіде  Андреев  пен  Ишмұхамед  Иманбаев  шығарған “Қазақ  газеті”  жалпы  қазақ  баспасөзінің  қарлығашы  болды  деуге  негіз  бар  /29/ ,  —  дейді .

Ал ,  журналист   Т.  Боранғалиұлы :  “Серке”  мен   “Қазақ  газетінің”   не   бары  бір-бірден  нөмірі  шыққаның  ескерсек ,  1911  жылдың   қарлығаштары  “Қазақстан”  газеті  мен “Айқап”  журналын  ұлттық   баспасөздің   тұңғышы   деуге   хақылымыз ”   /30/- деп   , ол   екеуін   де   газет   қатарынан   мүлдем   шығарып   тастайды .

      Бұған   айтарымыз ,  біріншіден ,  белгілі   бір   мерзімде   шығып   тұрмағанымен ,  ол   екеуінің  де   көп   тиражбен   тасқа   басылып   шығып ,  көпшілікке   таралғаны   тарихи   факт .  Сондықтан ,  оларды   газет   емес   деп   ешкім   айта   алмайды .  Демек ,  қазақтың   тұңғыш   ұлттық   газеті   осы   екеуінің   біреуі .  Екіншіден ,  баспасөздің   маңызы   оның   шыққан   санымен   өлшенбейді ,  ұлтқа   сіңірген   еңбегімен ,  ал   уақыт   контексінде   қарасақ ,  бодандыққа   қарсы ,  ұлт   тәуелсіздігі   жолындағы   күресте   көрсеткен   ерлігімен   өлшенеді .  Сондықтан ,  қазағым   деп ,  елім   деп   айға   шапқан   арыстандай   мерт  болған  осы  екі  газеттің  тарихы  мен  тағдырын  тереңірек  зерттеу , оларға  басқаша  көзқарас  қалыптастырары  даусыз .

      Қазақстан  баспасөзінің  тарихын  зерттеушілердің  бірі  Зарқын  Тайшыбай  қазақ  тілінде  жарық  көрген  алғашқы  газеттер  “Түркістан уалаятының  газеті” мен “Дала  уалаятының  газеті” туралы  айта  келе : Кейінгі “Серке” (1907) , “Қазақ  газеті” (1911) ,  “Қазақстан” (1911-1913)  

 

13

 

 

газеттері , “Айқап” журналы  (1911-1915) – бәрі  осы “Дала   уалаятының” үлгісімен  шыққан , соның  ізін  басқан  баспасөз  органдары  деп  сеніммен  айтамыз . Оның  осы  уақытқа  дейін  өзіне  лайық  бағасын  ала алмай  келе  жатуының  себебі  неде? ”  /31/ , — дейді    

      Мұндағы  автордың “Дала  уалаяты  газетінің”  өзіне  лайық  бағасын  ала  алмай  келе  жатыр  деген  соңғы  пікіріне  қосыла  отырып , “Қазақ  газеті” 1911 жылы ,  демек “Серкеден” төрт  жылдан  соң  шыққан  деп  көрсетуімен  және  аталған  басылымдардың “Дала  уалаятының” үлгісімен  шыққан , соның  ізін  басқан  баспасөз  органдары  деп  сеніммен  айтқан  ойымен  келісе  алмаймыз .

      Біріншіден , “Серкенің” де , “Қазақ  газетінің” де 1907 жылдың  көктемінде  шыққаны  анық . Әңгіме  тек  екеуінің  қайсысының  бір  күн  болса  да  бұрын  шыққандығында . Тіптен  қазақ  егіз  туған  екі  нәрестенің де  арасындағы  минуттарын  санап  бірін  үлкені  бірін  кішісі  деп  жатпай ма?  Ол  табиғи  заңдылық . Олай  болса , қазақтың  қазақ  болғалы , өзі  дүниеге  әкелген , тұңғыш  бейресми-ұлттық  газеті  қайсысы  екендігін  неліктен  анықтамасқа?

      Екіншіден , “Дала  уалаятының  газетінің”  тарихи  орнын  да ,  деректік  маңызын  да  жоғары  бағалай  отырып ,  оның  материалдарын  қазақ  тарихының  дерегі  ретінде  арнайы  зерттеп ,  тиісті  бағасын  беру  қажеттігін  толық  қолдаймыз .  Бірақ ,  жоғарыда  аталған  басылымдардың  пайда  болу  жағынан  да “Дала  уалаятының  газетінен ” бөлек  басылымдар  болды  деп ,  біз  де  сеніммен  айта  аламыз .  Егер , олар “Дала  уалаятының” үлгісімен  шығып , соның  ізін  басқан  болса ,  “Қазақ газеті” мен “Серке ” бірінші  нөмірінен  кейін-ақ  тұтқындалып  жабылып  қалмаған  болар  еді .  М. Дулатұлы “Қазақ” туралы:  “Кешегі  өзгеріске  шейінгі   тергеу , тексеру , 

тінту , абақты ,  штрафтан… көзі  ашылған  жоқ”  /32/ – деп  жазбаған  болар .

14

 

 

      Сонымен , қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  ұлттық-демократиялық ,

бейресми  газет  туралы  үш  түрлі  пікір  қалыптасқандығын  көреміз .  Зерттеушілердің  көпшілігі “Серкені”  қазақтың  тұңғыш  ұлттық  газеті  ретінде  атаса , екінші  бір  тобы , дәл  қай  күні  шыққандығын  атап  көрсетпесе  де , “Қазақ  газетін” атайды .  Ал , үшіншілері “Қазақстанды” ұлттық  баспасөзіміздің  төл  басы  ретінде  тануды  ұсынады .

     “Серкені” алғаш  ұлттық  газет  ретінде  атаған  М. Дулатов  болатын .  Ол  1923 жылы “Еңбекші  Қазақ” газетінде: “Мерзімді  баспасөз  бізде  қашан  туғаны  белгілі .  Әр  жұрттың , әр  мемлекеттің  мәдениет  майданында     ілгері-кейінгінің  қатесіз  бір  өлшеуіші – баспасөз  болады .  Қай  жұрттың  баспасөзі  күшті  болса, өзі  де  өнерлі  екендігі  көрінеді , яки  қай  жұрт  өнерлі  болса , оның  шексіз  баспасөзі  күшті  болатындығы  айдай  анық ” /33/ — деп  жазған .

      М. Дулатұлының  бұл  пікірін  ағамыз  Д. Исақанұлы  бүгін  қайталап  отыр . Ол 1999 жылы  шыққан “Ақиқат” журналының  екінші  санында: “Қазақ  тіліндегі  ұлттық  бағыттағы  газеттер 1907  жылдан  бастап  шыққан “Серке” мен  “Қазақ  газеті” болып  табылады  /34/  — деп , нық  сеніммен  жазып  отыр .

      Міне  осылай  алғашқы  ұлттық  төл  газетіміз  туралы  пікірлер  әр  түрлі  басылымдарда  80  жылға  жуық  уақыт  бойы  айтылып  келеді . Дегенмен , оның  нақты  қай  газет  екендігі  және  дәл  қай  күні  шыққандығы  туралы  нақты  дәлелдермен  әлі  анық  айтылмай  отыр . Бұл , бір  жағынан , ұлттық  басылымдар  тарихының  ел  өмірінен  алар  орнының  маңыздылығын 

көрсетсе , екінші  жағынан , бұл  мәселені  анықтай  түсудің  қажеттілігін  көрсетеді .

      “Қазақ  газеті” (1907) мен  “Қазақ” (1913-1918)  газеті  екеуі  де 

демократиялық  бағыттағы , ұлттық-бейресми  басылымдар  болғанымен ,

15

 

 

аттары  ұқсас , екі  басқа  басылымдар .

      “Cеркенің”  жарыққа  шыққан  күні  туралы  барлық  еңбектерде  1907 жылдың 28 марты  деп  нақты  айтылса , “Қазақ”  газетінің  шыққан  күні  туралы  әр түрлі  пікірлер  айтылады . Қазақ  баспасөзі  тарихын  зерттеуші  белгілі  ғалым  Х. Бекхожин: “Қазақ  газетінің” пайда  болуының , оның  патша  үкіметінің  отарлау  саясатына  қарсы  күрес  жариялауының , әсіресе , патша  үкіметінің  ұлт  араздығын  қоздыру  әрекетіне  жауап  ретінде  еврей  Хаим  Сосновский  мен  қазақ  Ешмұхамет  Иманбаев , Жетпісбай  Андреевтердің  бірлесіп  орыс  және  қазақ  газетін  шығаруының  үлкен  саяси  мәні  бар  факт ”   —  деп ,  бағалаған , “Қазақ  газетінің” мақсаты  өз 

халқының  мүддесі  үшін  күрес  екендігін  бүкпесіз  айтқандығын , отаршылдық  езгіге  қарсы  ашық  күрес  жариялағандығын  көреміз. Газеттің  шықпай  жатып  жабылуының  басты  себебі  осы  екендігі  даусыз .

      “Қазақ  газеті”  туралы  Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабай , Ф. Оразай  “Қазақ  журналистикасының  тарихында (1870-1995 жылдар)”:  “Қазақ”  газетінің  материалдарынан  байқалғанындай , ол “солшыл  бағыттағы  органдардың  тактикасын”, яғни  революцияшыл    бағытты  қолдады . Ондағы  мақсаты — самодержавиені  құлату ,  буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен  бостандық  үшін  үгіт-насихат  жүргізу  болды ” /35/  —  деп  тұжырым  жасаған .  Әрине , мұндай  шындыққа  сай  келмейтін , ғылыми  негізі  жоқ  тұжырыммен  келісу  қиын . Өйткені , бір  ғана  нөмірі  шығып  жабылып  қалған “Қазақ  газеті”  түгіл  6  жыл  бойы  дерлік  шығып  тұрған , 265  нөмірі  жарық  көрген  “Қазақ”  та  өзінің  алдына  “самодержавиені  құлату , буржуазиялық-демократиялық  өзгерістер  мен  бостандық  үшін  үгіт  насихат  жүргізу”  мақсатын  қойған жоқ. 

      Патша  үкіметінің  және  оның  жергілікті  жерлердегі  әкімшіліктерінің  өз  үстемдіктеріне  қарсы  ашықтан-ашық  күрес  жариялаған  басылымның 

16

 

 

өмір-сүруімен  келісе  алмайтығындығы , оны  тезірек  жабуға  ұмтылатындығы  келешек  газет  шығарушыларға  сабақ  болуға  тиіс  еді , бірақ  бірден  олай  болмады . “Қазақ  газетінің”  көзсіз  ерлігін де , объективті  жағдайды  ескеріп  өз  мақсаттарын  бүркемелей алмаған  қателіктерінде , тура  бір  айдан соң , 1907  жылы  28  наурызында  “Серке”  қайталады.          

      Ол  туралы  қазақтың  тұңғыш  журналы “Айқаптың” редакторы  М.Сералин , журналдың 1911 жылғы  шыққан 1-санының  бас  мақаласында: “Соңғы замандарда  біздің  қазақ  жұртында  аз-мәз  тіршілік  көрсетіп  газет  шығара  беруді  қолға  алып  қараса  да  не  себепті  іске  ұқсатып  шығара  алмайды .  1907  жылы  ІI Мемлекеттік   думаның   жиынымен    Шәһмәрден 

Қошығұлов “Серке” есімді  журнал  шығара  бастап  еді . Ұзаққа  бармай , үкімет  тарапынан  тоқтатылды .

      Сол  жылы  Троицкіде  Есмағамбет  Айманбаев  “Киргизская  газета” есімді  орысша-қазақша  бір  газет шығармақ  болып , алғашқы  нөмірді  шығарды  да  тоқтатты…”    , — дейді.

      1907 жылы  шыққан  “Нәжет” (Азаттық)  деген  жинақта “Серке”  атты  екі  жетілік  газеттің… 28 мартта  бірінші  саны  шықты . Ол “Улфат” газетінің  67 санына  қосымша  болып  шықты”  /36/ — деп  айтылған . Кейбір  деректерде  “Серкенің” 3-4 саны шықты  деп  айтылғанымен  , әр түрлі  деректерді  салыстыру    оның  1907  жылы  28 мартта (ескі стиль бойынша) бір  саны  шығып  таратылып , екінші  санының  дайындалып , бірақ  таратылып  үлгермей  тұтқындалғанын  көрсетеді . “Серкенің”  не  жазғаны , не  айтпақ  болғаны , жалпы  бағыт-бағдары  мен  мақсаты , неліктен  “Серке”  атанғандығы  туралы  газет  шығарушылардың  бірі , оның  22 жасар  албырт  авторы  Міржақып  Дулатовтың ,  газеттің  бірінші  санында  жарияланған  “Жастарға”  деген  өлеңі  мен  екінші  санында  даярлаған “Біздің 

17

 

 

мақсатымыз”  атты  бас  мақаладан  көруге  болады .

      Өлеңнің  бірінші  шумағында:

                                              Найзаменен  түртсе  де,

                                             Жатырсың,  қазақ,  оянбай.

                                              Мұнша  қалың  ұйқыны

                                             Бердің  бізге,  ой,  аллай-ай!

десе , соңғы  шумағында:

                                           Халыққа,  жастар,  басшы  бол!

                                          Қараңғыда  жетектеп.

                                          Терең  судан  өтер  ме,

                                          Мың  қойды  серке  бастамай?

 дейді  /37/.                                        

         Бірінші  шумақтан  М. Дулатовтың  бүкіл  саналы  өмірінің  басты  мақсатына  айналған , қалың  ұйқыдағы  қазағын  оятудың  әрекеті  байқалса , соңғы  шумақта  жастарға , қараңғыда  халқына  жол  көрсетер , қой  бастаған  серкедей , халқын  соңына  ертер  деген  үміті  байқалады . Және  де , осы  шумақтан  газеттің  неліктен  “Серке”  атанғандығын  байқау  да  қиын  емес .

      Патшалық  Россияның  астанасы  Петербургта  басылып  шыққан,  алғашқы  ұлттық  басылымдардың  бірі  “Серкенің” 2-ші санында , “Арғын” деп  қол  қойған  М. Дулатов   “Біздің  мақсатымыз”  деген  мақаласында: 

                              “Қазағым  менің,  елім  менің!

      Ең  алдымен  қазақ  халқы – Россияға  тәуелді  халық…  Оның  ешқандай  правасының  жоқтығы  ыза  мен  кек  тудырады . Халықтан  жиналатын  салық  қаражатының  көп  бөлігі  халыққа  тіптен де керек  емес  нәрселерге  жұмсалады…

      … Өздеріңіз  көз  жазбай  байқап  отырғандай… Чиновниктер , урядниктер  кедей  қазақтарды  ұрып-соғып ,  мал-мүлкін  тартып ,  ойына  не  келсе  соны 

18

 

 

істеді…

Енді  бұл  чиновниктер  қазақ  даласына  мыңдаған  мұжықтарды  жер  аударып , қазақтардың  даласына  суы мен  шұрайлы  жерлерін  тартып , әперуде .Чиновниктерді  арқаланған  олар  өздеріне  жайлы  қазақ  жерлерін  еркін  иемденуде . Тұтас  ауыл  болып  келсе  бұлар  сорлы  қазақтарды  ұрып-соғып  бар  мал-мүлкін  тартып  алып  кетуде…

      Қазақ  жеріне  бұл  мұжықтарды  не  үшін  жер  аударды…  Әлде  Россияда  жер  аз  ба? Шұрайлы  жер  аз  емес , бірақ  бәрі  байлардың, дворяндардың , помещиктердің  қолында , олар  өз  жерлерін  ешқашан  тегін  бермек  емес , ал  аштан  өлуге  шақ  жүрген  мұжықтардың  оны сатып  алуға  шамасы  жоқ . Түрлі  деңгейдегі  министрлер ,  жоғары  чиновниктер  мен  генералдар  Россияда  көбейіп  келе  жатқан  мұжықтардан  құтылу  үшін  оларды  біздің  қазақтардың  арасына  жер  аударуда…” ,  — дейді .

Кезінде  Петербург  баспасөз  істері  комитеті , “Полицияға  түскен  мәліметтер  бойынша , бұл  қазақ  халқын  өкімет  орындары  мен  оның  өкілдеріне  қарсы  күреске  шақыратын  “барлық  қазақ  халқына  арналған  үндеу  сияқты” — деп  “өте  жоғары бағалаған”, сондықтан , “газеттің  осы  нөміріне  қатысты  барлық  адамдар  жауапқа  тартылсын” — деп  шешім  қабылдаған , өзінің  батылдығымен  бүкіл  Петербург  полициясын  дүрліктірген  мақаланың  одан  арғы  тағдыры  туралы  міржақыптанушы  ғалым  Марат  Әбсемет  былай  дейді: “Полиция  қанша  іздегенімен  мақаланың  лақап  атпен  жүрген  авторын  таба  алмады. Полицияның  заңсыз  әрекеттері  ақын  жанына  қатты  батты ”.

      1912 жылы  Петербургтегі  баспасөз  комитетінің кеңесшісі  В.Д. Смирнов  Міржақыптың  тәркіленген  кітаптарын  қарап  отырып , одан  кезінде үлкен шу  болған  “Біздің  мақсатымыз” деген  мақалаға  тән  тәсіл  мен  ұқсастықты  аңғарып  қалады . Тез  арада  архивтен  “Улфат”  газеті  мен 

19

 

 

оның  қосымшасы  “Серке”  алынып , сот  палатасының  шешімі  бойынша 

1913 жылғы мамырдың 15- күні  ол  жойылды” .

      Санкт-Петербург  мемлекеттік  тарих  мұрағатының  қорында  сақталған  құжаттарға  негізделіп  жазылған  бұл  ақпарат “Біздің  мақсатымыздың” патша  сақшыларының  есінде  жақсы  сақталғандығын  білдіреді .

      Сонымен , ғасыр басындағы  қазақ  баспасөзін  талдау , барлық  бейресми, ұлттық  басылымдардың  өзегі  болған  негізгі  мәселелер – жер  мәселесінің , қалың  ел  қазақты  ұйқыдан  ояту  мәселесінің , баспасөз  бетінде , алғаш  осы  екі  газетте  көтерілгенін , бұқаралық  ақпарат  құралдарының  бірі – газетті  ұлт  мүддесі  үшін , азаттық  үшін  күрес  жолында  пайдалану  әрекеті  солардан  басталғанын  көрсетеді . “Қазақ  газеті”  мен “Серкенің”  көзсіз  ерлікке  тең  бұл  істері  қазақ  даласында  ізсіз , бекер  кеткен  жоқ . Көптеген  қазақ  зиялыларына  қозғау  салумен  қатар , олар , баспасөз  арқылы  отаршылдық  езгіге  қарсы  күрес  жүргізудің  алғашқы  қадамдары 

ретінде , келешек  бейресми , ұлттық бағыттағы  газет  шығарушыларға  сабақ  та  болды  деп  айта  аламыз . Өйткені , алғашқы  газеттер  тағдыры  түпкі  мақсатқа  жету  үшін  көп  қиындықтар  мен  шығарылған  басылымды  сақтай  білудің  керектігін , кейде , айла-тәсілдерге  барып , өз  ойларын  бүркемелей  білудің  қажеттігін  көрсетті . Сөйтіп , кейіннен  шыққан “Қазақстан” , “Айқап” , “Қазақ”  сияқты  басылымдардың  едәуір  өміршең  болуына  әсер  етті.           

      Ондай  тұжырым  жасауға ,  біздің  ойымызша ,  бірнеше  негіз  бар . Біріншісі , аталған  басылымдарды  шығарушылардың  “Қазақ  газеті” мен “Серкенің” тарихын  да , тағдырын да  жақсы  білгендігі . Жоғарыда айтқанымыздай , “Айқап” журналы  редакторының бірінші  санындағы  бас  мақалада  солар  туралы  айтуы  соның  бір  дәлелі. Екінші  дәлел , “Серкенің” негізгі  авторы  Міржақып  Дулатұлының  “Қазақ” газетінің 

20

 

 

шығарушыларының  бірі  болуы . Демек , ол  өзінің “Серкеден”  алған 

сабағын  ескерері  түсінікті .

      Екіншісі , “Қазақ  газетінің”  бірінші  санының , бірінші  жолдарында  “Заманына  қарай  амалы” — деген  сөз  бар . Мұның  мағынасы – заманның  түріне  қарап  іс  істеу” , — деп  басталып , сол  өздерінің  заманын:  “Төңірекке  қарасақ  түнерген-түнерген  бұлттар  көрінеді .  Түбі  қандай  белгісіз .   Не  боларын  білмейміз”  , — деп  суреттеуі .  Бұл  жерде , Ахмет  Байтұрсыновтың  өзін  қоршаған  ортаның , саяси  құбылыстың  көрінісін , осылай , жұмбақтап  жеткізуге , “заманына  қарай  амал”  қылуға , мәжбүр  болып  отырғандығы  талас  туғызбас  деп  ойлаймыз.

      Үшіншісі ,  қазақтардың  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  азаттығы  жолындағы  күрестің  танымал  көсемі , “Қазақ”  газетінің  негізгі  авторларының  бірі  Әлихан  Бөкейхановтың 1913 жылы  “Қазақ”  газетінің  24-санында  “Ашылып  ақыл  жазатын  қалім  бар  ма?  Көкіректе  сайрап  тұр, қолымды  заман  байлап  тұр”   —  деуі.

      Бұл  мысалдар  кейінгі  мерзімді  басылымдарды  шығарушылардың  “Қазақ  газеті”  мен “Серкенің” сабақтарын , тарихы  мен  тағдырларын  ескеріп , өздері  өмір  сүрген  уақытпен , қалыптасқан  объективті  жағдаймен  санасуға  мәжбүр  болғандығын  көрсетеді .

      Сонымен , тарихы  мен  тағдыры  судың  екі  тамшысындай  ұқсас , “Қазақ  газеті”  мен “Серке”  қазақ  халқының  алғашқы  биресми , ұлттық  газеттері  ретінде  баспасөз  тарихынан  өз  орнын  алуға  толық  құқылы . Егер , бүгінгі  ұрпақ  алдында  тұрған  ең  басты , ең  қасиетті  міндет  еліміздің  тәуелсіздігін  сақтау  болса , ғасыр  басындағы  аталарымыз  алдында  тұрған  ең  басты , ең  қасиетті  міндет  еліміздің  тәуелсіздігіне  қол  жеткізу  болғандығы  белгілі . Демек , сол кезеңдегі  құндылықтың  бәрі  де 

сол  міндет,  сол  мақсат  жолында  еткен  еңбекпен , төккен  термен 

21

 

 

есептелінуі  әділеттілік . Олай  болса , қазақ  зиялыларының  тәуелсіздік  үшін  күрес  жолында  тұңғыш  рет  қолданған  ұлттық , бұқаралық  ақпарат  құралы  ретінде   де  екеуінің  орны  ерекше .

      Ақырында ,  бір-ақ  қана  нөмірлерінің  шығып  үлгергеніне  қарамастан , екеуінің  де  тарихы  мен  тағдыры , қазақ  халқының  азаттық  жолындағы  күресі  тарихының  бір  көрінісі  ретінде , екеуі  де  сол  күрестің құрбандары  ретінде  халық  жадында  мәңгі  қалуға  тиіс .  Ал , екі  газеттің  қайсысы  бірінші  болып  жарық  көрді? – деген  принципті  сұраққа  келсек , онда  бірінші  шыққан  “Қазақ  газеті” . Ол “Серкеден”  тура  бір  ай  бұрын  шыққан . Сондықтан  “Қазақ  газетінің”  шыққан  күні  ескіше  28 ақпан , жаңаша 13     наурыз  (1907  жылы  ақпан  айы  28-мен  аяқталған)  қазақтың  тұңғыш  ұлттық  бейресми  газеті  шыққан  күн  ретінде  тарихқа  еніп, ұлттық  күнтізбектерден , дайындалып  жатқан  Қазақ  энциклопедиясынан  өз  орнын  алуы  тиіс .

      Қазақ  халқының  жоғын  жоқтап , мүддесін  қолдаған   , елдің  елдігін , ұлттың  бірлігін , жерінің  тұтастығын  қорғаған   ұлттық-бейресми  басылымдардың  пайда  болуы , ел  өміріндегі  елеулі  оқиғалардың  бірі  болды . Бүгінгі  күні  халқымыз  тарихының  баға  жетпес  дерек  көзіне  айналған , кезінде  белгілі  бір  мерзімде  қазақ  тілінде  шығып  тұрған  басылымдардың  пайда  болып  ел  арасына  таратылуы  ғасыр  басындағы  қазақ  өмірінде  ерекше  қоғамдық  құбылыс  болған  еді . Тарихы  да , тағдыры  да  бөлек ,  қазақ  тарихында  өзіндік  із  қалдырған , ұлттық  басылымдар  туралы  біраз  еңбектерде  айтылды . Тағы  да  айтылары  даусыз . Ал  біздің  мақсатымыз , сол  басылымдардың  деректік  ерекшеліктерін  ашуға, олардан  алынған  мәліметтердің  ғылыми  құндылықтарын  анықтауға  қатысты  кейбір  тарихи  мәселелерге  көңіл  аудару .

22

 

 

      Егер  большевиктер  диктатурасына  дейінгі  дүниеге  келген  қазақ 

тіліндегі  газет-журналдардың  тарихына  көз  салсақ , онда  олардың  үш  түрлі  тарихи  жағдайда  жарыққа  шыққандығын  байқауға  болады. Мысалы, алғашқы  қазақ  тілінде  шыққан  газеттер  “Түркістан  уалаятының  газеті”  мен  “Дала  уалаятының  газеті”   арнаулы  мақсатпен , патша  өкіметінің  қолдауымен  шықса , 1907 жыл  мен 1917  жылдың  ақпаны  аралығындағы  шыққан  газеттер  мен “Айқап”  журналы  қазақ  зиялыларының  ұзақ  жылдарға  созылған , ерлікке  тең , саналы  іс-әрекеттерінің  арқасында ,  патша  өкіметінің  жергілікті  жерлердегі  әкімшілік  органдарының  ресми  рұқсатынан  соң  ғана  дүниеге  келіп , солардың  қатаң  бақылауымен  шығып  тұрған . Ал , ақпан  төңкерісінен  кейін  шыққан  “Сарыарқа” , “Бірлік  туы” , “Тіршілік” , “Үш  жүз”  және  “Ұран”  газеттері  тіптен  басқа  тарихи  кезеңде , біршама  демократиялық  жағдайда  дүниеге  келген .

      Басылымдардың  дүниеге  келуінің  тарихи  жағдайлары  олардың  жалпы  бағыт-бағдарына , мазмұнына  әсер  ететін  фактордың бірі. Сондықтан, ақпан төңкерісі  қарсаңындағы Қазақстан  тарихының  маңызды  жазба  деректерінің  бірі  ретінде , алғашқы  қазақ  газеттерінің  негізгі  тобын  құрайтын  ұлттық  басылымдардың  пайда  болу ,  өмір  сүру , жабылу  тарихының  кейбір  мәселелеріне  тоқталайық.

      Патшалық  самодержавие  жағдайында болады . Ұлт  мүддесін  көздейтін  басылым  шығарудың  ең  басты  кедергісі  үстемдік  етіп  отырған  саяси  жүйе  тарапынан  қойылған  тосқауыл  еді . Өз  қарауындағы  бұратана  халықтардың  қандай  формада  болмасын  ұлттық  мүдде  үшін  әрекет  етуіне  мейлінше  қарсыласқан  патша  өкіметі , әр түрлі тәсілдермен  ұлттық  газеттер  шығаруға  жол  бермеуге  , ал  шыға  қалған  жағдайда     оларды  үнемі  бақылап  отыруға  тырысты .

      Отаршылдық  саясаттың  салдарынан  бейресми  ұлттық  басылымдар 

23

 

 

шығару  тек  1905-1907  жылдардағы толқулардан кейін  мүмкін  болды . 1907 жылдың  көктемінде  шыққан  алғашқы  ұлттық  газеттер , олардың  тарихы  мен  тағдыры , деректік  маңызы  туралы  жоғарыда  айтылды . Ал , қазақ  тілінде  белгілі  бір  мерзімде  шығып  тұрған , сондықтан  мерзімді  басылым  деген  атқа  толық сай  келетін , ұлттық  бейресми  басылымдар 1907 жылдан  бастап  шыға  бастады .  Олар , патша  өкіметінің  тұсында  шыққан  “Қазақстан” , “Қазақ” , “Алаш”  газеттері  мен  “Айқап”  журналы .

      Кез-келген  деректің  пайда  болуының  объективті  екендігін , деректің  кездейсоқ ,  өзінен-өзі  пайда  болмайтындығын  ескерсек , онда , Қазақстан  тарихының  жазба  деректерінің  үлкен  бір  тобын  құрайтын  ұлттық  мерзімді  басылымдардың  пайда  болуының  объективті  алғышарттарының  бірі , ол – ғасыр  басындағы  баспасөзге  деген  ұлттық  қажеттілік , қоғамдық  сұраныс  деп  айтуға  болады . Қажеттіліктен  басқа ,  баспасөз  тасқа  басылып  шығып ,  оқырманға  жетіп , келешекте  тарихи  дерекке  айналғанға  дейін  оның  мазмұнына , демек , деректік  құндылығына  әсер  ететін  бірнеше  белестен  өтетіндігі  белгілі . Аталған  басылымдар  үшін  оның  бірінші  белесі , белгілі  бір  топтың , не  жеке  адамдардың  газет  шығармақ  болып  шешім  қабылдап , сол  мақсатта  нақты  істерге  кірісулері, газет  шығарудың  қажеттігін  негіздеп , тиісті  орындардан  рұқсат  сұрап  арыз  беруі  болды . Келешек  басылымның  қандай  болып  шығары  да  сол  топтың  не  жеке  адамдардың  саяси  көзқарастарына , қоғамдық  позициясына  байланысты  еді .

      “Қазақстан”  газетінің  шығуы  туралы  журналист  Тілекқабыл  Боранғалиұлы:  “1911 жылы  Жәңгір  Ордасында  ақындар  Шәңгерей  Бөкеев  пен  Ғұмар  Қарашев , қайраткер  Бақытжан  Қаратаев , дәрігер  Мәжит  Шомбалов , мұғалімдер  Сейтқали  Меңдешев  пен  Елеусін  Бұйрин  өз 

қаражаттарын  ортаға  салып , қазақ  тілінде  газет  шығаруға  бел  байлады” ,

24

 

 

— дейді  /38/.

      “Айқап”  журналы  оның  әрі  шығарушысы , әрі  редакторы  Мұхамеджан  Сералиннің  белсенді  еңбегінің  арқасында  шықты . “Алаш” газеті  ерлі-зайыпты  Мәриям және  Көлбай  Тоғысовтардың  әрекеттерінің  арқасында  дүниеге  келді . Осылай , бүгінгі  күні  деректік  маңызын  ешқандай  теңеумен  айтып  жеткізуге  болмайтын  ұлттық  басылымдар , сол  кездегі  өз  заманының  озық  ойлы  адамдарының, ғасыр  басындағы  қазақ  зиялыларының  көп  жылдық  ой  армандарының, мақсатты   да  тынымсыз  еңбектерінің  арқасында  пайда  болды .

 

1.2.  “Айқап”  журналы  және  “Қазақстан”  газеті                                                        

      Қазақтардың  рухани  өмірі  тарихына  1911  жыл  тұңғыш  ұлттық  бейресми  мерзімді  басылымдар  шыққан  жыл  ретінде  енді . Сол  жылдың  қаңтарынан  бастап  қазақ  тіліндегі  бірінші  журнал  “Айқап” , шықса , наурызынан  бастап  “Қазақстан” газеті  шыға  бастады .  Бұл  басылымдар  туралы  кеңестік  тарихнамада  біршама  айтылды . Дегенмен  олардың  дерек  көзі  ретіндегі  маңызы  мен  ерекшеліктерін , олардан  алынған  мәліметтердің  ғылыми  құндылықтарын  анықтау  үшін , жалпы  газет-журналдардың  пайда  болуының  алғышаттары , тарихи  жағдайларымен  қатар , нақты  басылымның  дүниеге  келу  тарихын  зерттеудің  де  маңызы  үлкен . Мысалы , “Айқап”  туралы  айтсақ , оның  әрі  шығарушысы , әрі  редакторы , әрі  негізгі  авторларының  бірі  Мұхаметжан  Сералиннің  ұзақ  жылдарға  созылған  ізденістері  туралы  да  айтуға  тиіспіз ..

      М. Сералиннің  1906  жылдан  бастап  газет  шығармақ  болған  бірнеше  әрекеттері  сәтсіз  аяқталды  .  Тек ,  1911  жылдың  басына  қарай  ғана  журнал  шығару  мүмкін  болды .  М. Сералинің  өз  ұлтының  тарихындағы 

ана  тілінде  бірінші  рет  журнал  шығару  сияқты  үлкен  іске жалғыз 

25

 

 

кіріскендігін  оның  замандастары  да  растайды .

      “Алты  миллиондай  халықтың  ортасында  бір  журналдың  яки  бір  газеттің  жоқтығы”  М. Сералинді  тәуекелге  бел  байлап , журнал  шығаруды  жалғыз  бастауға  итермелеген .  Әрине , ол   М. Сералинге  журнал  шығаруына  және  оны  үзбей  шығарып  тұруына  мүлдем  ешкім  көмектескен  жоқ  деген  сөз  емес . Жақсы  істің  басталуына , оның  іске  асуына  әрдайым  тілектестер  мен  мүмкіндігінше  көмек  көрсететіндер  табылатындығы  сияқты , М. Сералинге  де  тілектес  болып , оған  қол  ұшын  бергендер  болды . Журнaл  шығысымен  халық  оны  жылы  қабылдады . Жан-жақты  көмек  көрсетті . Көптеген  адамдар  журналдың  үзбей  шығып  тұруына  өз  үлестерін  қосты . 

      Журналдың  шығуына  бір  жыл  толуына  арналған  мақаласында  М. Сералин : “Сөз  соңында  жыл  бойынша  журналдың  тоқтамай  шығуына  себеп  болған  мырзаларға  “Алла  риза  болсын”  айтпай  қала  алмадық.

Әуелі, мәтбуға  қожасы  Сосновскийге  арзан  бағамен  журналымызды  басып  һәм  білген  мәслихаттарын  айтып  жәрдемдескеніне .  Екіншіден , Тәңірберген  Тұрысбеков , Сәдуақас  Шорманов , Ғабділрахман  Жүсіпов …  жәрдем  еткен  үміт  иелеріне. Үшінші , бір  жылдан  бері  тынбай  сөз  жазып  келе  жатқан  шәкірттерге”  — деп  жазды . Бұл  жолдардан  М. Сералиннің  “Айқап”  журналын  шығарып  тұруға  көмектескендердің  ішінен  бірінші етіп  Сосновскийді  атағандығын  көреміз . 1907  жылы  шыққан  “Қазақ  газетін”  шығарушы  да  Х. Сосновский  болғандығы  белгілі . Олай  болса  қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  бейресми  газет  пен  журналдың  шығуына  көмектескен  Х. Сосновский  кім ? – деген  сұрақтың  туары  заңды . Хаим  Шулевич  Сосновский ,  ұлты  еврей . Троицкі  қаласының  мещаны  .  Алты  жылдан  астам  Троицкіде  шығып  тұрған  “Степь”  газетінің  редакторы  болған . Сол  қаладағы  “Энергия”  баспаханасының  иесі  .

26

 

 

      Кеңестік  тарихнамада  айтылғандай , журналдың  өзімен  қатар  шығып 

тұрған  “Қазақ”  газетінен  басты  айырмашылығы  таптық  идеялық  позицияларында  емес , олардың  қаржылық  негіздерінің  екі  түрлі  құрылуында , қаржы  көздерін  екі  түрлі  іздестірілуінде  болды . Басқаша  айтсақ , басылымдарды  қаржыландырудың  уақыт  талабына  сай  нарықтық  негізде  жүргізілуінде , немесе , керісінше  уақыт  талабына  сай  жүргізе  алмауында  болды .

      ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  алдында  тұрған  мәселелерді  ұлттық  деңгейде  көтеріп , ұлттық  көлемде  қоя  білген , сондықтан  ұлттық  басылым  деген  ұғымға  толық  сай  келетін  екі  басылымның  бірінің  әлемдік  соғыстың  басталуына  байланысты  туындаған  қиыншылық  қыспағына  шыдай  алмай  өз  шығуын  тоқтатуы , екіншісінің , сол  қиыншылыққа  қарамастан  шығуын  жалғастыруы  қайсысының  дұрыс  жол  таңдай  білгендігін  көрсетіп  берді .

      “Айқап”  журналы  М. Сералиннің  бастамасымен  соның  ерлікке  тең  еңбегінің  арқасында  және  соның  қаражатына  1911  жылдың  10  қаңтарынан  бастап  Троицкі  қаласында  Х. Сосновскийдің  “Энергия”  баспаханасында  шыға  бастаған . Көлемі  4-5  баспа  табақ , таралымы  900-1000  дана . 1915  жылдың  қыркүйегіне  дейін  барлығы 88  саны  жарық  көрген.  Кей  жылдары  12-14 , кей  жылдары  24  нөмірге  дейін  шыққан . Тұңғыш  журналдың  неліктен  “Айқап”  атануы  туралы  М. Сералин: “Біздің  қазақтың  неше  жерде  “қап”  деп  қапы  қалған  істері  көп . “Қап”  дегізген  қапияда  өткен  істеріміз  көп  болған  соң  журналымыз  да  өкінішімізге ылайықтап  “Айқап”  болды” — дейді . Журналға  келіп  түскен  хаттарға  қарағанда  ол  қазіргі  Қазақстан , Қырғызстан  территориясына  түгел  дерлік  және  Ресейдің  біраз  бөлігіне  тараған .

      “Айқап”  журналын  дерек  көзі  ретінде  талдауда , ондағы  мәліметтерді 

27

 

 

тарих  дерегі  ретінде  қарастыруда  Ү.  Субханбердина  дайындаған  “Айқап”  бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлар”  атты  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткішінің  алар  орны  ерекше    екендігін  айтуымыз  керек . Ә. Марғұланның  сөзімен  айтсақ , көрсеткіш: “Революцияға  дейінгі  мерзімді  басылымның  мазмұнымен  танысып , бай  да  ерекше  деректер  әлеміне  енуге  көмектеседі” .

      Көрсеткіш бірінші рет 1961 жылы жарияланды. Ол Ү.                   Субханбердинаның  осы  салада  жарияланған  алғашқы  еңбегі  еді . Бір  қызығы , егер  журнал  патша  өкіметінің  жергілікті  әкімшілік  орындарының  қатал  бақылауымен  шыққан  болса , оның  тура  жарты  ғасырдан  соң  жарияланған  библиографиялық  көрсеткіші  кеңес  өкіметінің  одан  да  қатал  бақылауымен  шыққан .  Осылай  журнал  мен  оның  көрсеткішінің  арасында  өзіндік  тарихи  сабақтастық  пайда  болды . Егер , журнал  авторларды  кезінде  өз  ойларын  мақалаларында  ашып  айта  алмай  қиналса , көрсеткіште  сол  авторлардың  біразының  атын  да  атауға  тыйым  салынды .

      1999  жылы  шыққан  “Қазақ  халқының  атамұраларында” , “Айқап” бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлардың” библиографиялық  көрсеткіштерінің  толықтырылып  екінші  рет  басылуына  байланысты  Ү. Субханбердина: “1961, 1963   жылдары  “Айқап”  журналы  мен  “Түркістан  уалаятының  газеті” , “Дала  уалаятының  газеті” ,  “Қазақстан”  газетінің  бетінде  басылған  материалдарының  мазмұндалған  библиографиясы  басылып  шыққан  болатын .  Бірақ  өкінішке  орай , ол  көрсеткіштерде  Байтұрсынов  Ахмет , Бөкейханов  Әлихан ,   Дулатов  Міржақып , Аймауытов  Жүсіпбек , Жұмабаев  Мағжан , Құдайбердиев  Шәкәрім, Қарашев  Ғұмар ,  Ақпаев  Жақып , Баржақсин  Ахмет , Жанайдаров  Мейрам,

Жұбанов  Құдайберген , Досмұхаметов  Халел , Ермеков  Әлмұхан ,

28

 

 

Қоңыратбаев  Қалжан , Мәрсеков  Райымжан , Сейтов  Асылбек , Тынышбаев  Мұхаметжан , Шоқаев  Мұстафа  т.б.  жазған  ең  құнды  материалдары  қысқартылып  берілген  едi” , — дейді /39/.

      Ұлттық  бейресми  басылымдар  арасынан  Қазақстан  тарихнамасында  жиі  айтылған  басылымдардың  бірі – “Қазақстан”   газеті . М. Ысмағұловтың  ,  Х. Бекхожиннің  , Е. Нығметовтың  , Қ. Аллаберген  ,  Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайдың   т.б.  еңбектерінде  “Қазақстан”  газетінің  шығу  тарихы , авторлары , көтерген  мәселелері  т.б.  туралы  біршама  айтылған . Дегенмен  газет  туралы  жазған  әр  түрлі  әдебиеттерді  бір-бірімен  салыстыру  газет  тарихына  қатысты  кейбір  мәліметтерді  анықтай  түсудің  қажеттілігін  көрсетіп  отыр . Осындай  әр  жылдары  шыққан  еңбектерде  әр  түрлі  айтылып  жүрген  мәліметтердің  бірі  “Қазақстан”  газетінің  шыққан  жалпы  саны  туралы  мәлімет .

      Мысалы , зерттеушілер  М. С. Бурабаев  пен  О. А. Сегізбаев  ұлттық  бейресми  басылымдар  арасындағы  өзіндік  орны  бар  “Қазақстан”  газетінің  15  саны  шыққан  десе  , З. Тұрарбеков  газеттің  қазақ  және  орыс  тілдерінде  шыққан  сандарын  қосып  36  рет  жарық  көрген  дейді .  Бұл , әрине , шындыққа  ешқандай  сай  келмейді . Себебі , газеттің  орыс  тіліндегі  беттері  жеке  нөмір  ретінде  емес , қазақшасына  қосымша  ретінде  беріліп  отырған . Сондықтан  оларды  жеке  нөмірге  санау  дұрыс  емес .

“Қазақстан”  газетінің  қай  жылы  қанша  нөмірі  шыққандығы  туралы  Е. Нығметов:  “Қазақстан”  газетінің  1,2  нөмірлері  1911  жылы  март , май  айларында  Орда  қаласында  жарыққа  шықты . Сонан  кейін  осы  жылы  редакциясы  Орал  қаласына  көшті  де , Оралда  газет  нөмірін  қайтадан  1–ші  нөмірден  бастап  ноябрь , декабрь  айларында  № 1,2  сандары  жарыққа  шықты , сонымен  1911  жылы  “Қазақстанның”  барлығы  4 нөмірі  шықты . 1912  жылы  январь  айында  3  нөмірі  шықты  да , осы  жылдың  июнь       

29

 

айына  дейін  барлығы  9  нөмірі  жарық  көрді . 1913  жылы  январь-февраль  айында 1,2 нөмірлері  шықты”  — дейді   /40/.  Егер , Е. Нығметов  көрсеткен  сандарды  қарапайым  түрде  бір-біріне  қоссақ (4+9+2=15), онда  “Қазақстан” газетінің  15  нөмірі  шыққан .

      Дегенмен , зерттеушілердің  көпшілігі  “Қазақстан” газетінің  18  нөмірі  шыққан  деген  пікір  айтады . Мысалы , Қ. Бекхожин  “Қазақстан”  газеті  туралы  айта  келе: “Не  бары  18  нөмірі  шығып  тоқтатылды”  десе  ,  Қ. Аллаберген , Ж.  Нұсқабайұлы ,  Ф.  Оразай:  “Басылымның  үш  жыл  ішінде  18  нөмірі  жарық  көрді”- дейді . Соңғы жылдары  жарық  көрген  С.  Өзбекұлының  еңбегінде  де:  “Көп  жылдар  бойы  “Қазақстан”  газетінің  саяси-құқықтық  бағытын  зерттеу  барысында , біз  Санкт-Петербург , Москва  қалаларының  кітапханаларында  сақталған  осы  газеттің  18  санын  ғана  анықтадық” — делінген /41/.  Бірақ , бұлардың  ешқайсысы  да  газеттің  қай  санының  қай  жылдары  шыққандығы  туралы  ешнәрсе  айтпайды .

      Ал , шындығында  “Қазақстан”  газетінің  бастапқы  екі  санының  Ордада  шыққаны , Оралда  қайтадан  бірінші  нөмірінен  бастап  шыға  бастағаны  рас . Бірақ , 1911  жылдың  қараша-желтоқсан  айларында  Е. Нығметов  айтқандай , Оралда  екі  емес, үш  саны  шыққан  (15  қараша , 1 және  15  желтоқсан).  Ал,  1912  жылдың  2  қаңтарынан  бастап  шыққаны  газеттің  үшінші  емес , төртінші  нөмірі . Сол  жылдың  31  мамырына  дейін  барлығы  9  нөмірі  шыққан  /42/.  Газет  қаражат  жетіспеуіне  байланысты  біраз  уақыт  шығуын  тоқтатып ,  тек  1913  жылдың  27  қаңтарында  ғана  қайта  шыға  алды . Ол  туралы  жаңа  шыға  бастаған  “Қазақ”  газеті: “Оралский 

қаласында  он  шақты  нөмірі  шығып  тоқтаған  “Қазақстан” жаңадан  шыға  бастады…

“Қазақстанның”  27 қаңтарда  шыққан  бірінші  нөмірі  басқармамызға  келді” — деп  жазды  /43/. Бірақ , газеттің  қайта  шыға  бастауы  да  ұзаққа  бармады .

30

 

 

Сол  жылдың  16  ақпанында  шыққан  екінші  нөмірінен  кейін  газет  өзінің  шығуын  біржола тоқтатты.

      Сонымен , “Қазақстан”  газетінің  1911  жылы  5 ,  1912  жылы  9 ,  1913  жылы  2  нөмірі  шыққан . Газеттің  әр  нөмірінің  шыққан  жылы  мен  күнін  көрсетіп , ондағы  мақалалардың  мазмұндалған  библиографиясын  жасаған  Ү.  Субханбердинаның  еңбегі  де  соны  дәлелдейді . Демек , “Қазақстан”  газетінің  барлық  шыққан  саны  — 16. Газет  бетіне  жарияланған  мақалаларға  жасалынған  барлық  шолулар  да  сол  нөмірлердің  негізінде  жасалынған . Бұл  “Қазақстан”  газетінің  басқа  нөмірлерінің  болмағандығын  толығымен  дәлелдейді . Ал , газет  таралымы  туралы  ешқандай  мәлімет  әзірге  жоқ .

      Жалпы , алғашқы  қазақ  басылымдарына  қатысты  әр  түрлі  көрсетіліп  жүрген  мәліметтер  басқа  да  газет-журналдарға  тән .

Бір  уақытта  дерлік  шыға  бастаған  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетіне  дерек  көздері  ретінде  талдау  жасау  екеуіне  де  тән  көптеген  ортақ  нәрселердің  болғандығын  көрсетеді . Ең  бастысы  олардың  тек  қазақтың  тұңғыш  бейресми  мерзімді  басылымдары  ғана  емес , сонымен  қатар ,  бағыт-бағдарлары  да  ұқсас , бір-бірімен  үндес , және  тағдырлас  басылымдар  болғандығын , көтерген  мәселелерінің  де , ұлт  алдында  тұрған  міндеттерді  шешудегі  ұсынған  жолдарының  да  бір  болғандығын  байқау  қиын  емес .

      Мысалы , “Айқап”  журналы  өзінің  1912  жылы  алдында  тұрған  міндеттері  туралы: “Биылғы  жылы  “Айқап”  журналының  алдымен  қолға  алатұғын  мәселесі  былтырғыдай  жер  мәселесі  болар…  Жерден  соңғы 

журналымыздың  көп  ой  жүргізетұғын  мәселесі  таласу  һәм  партия 

болуды  жоғалту  хақында  болар…  Үшінші  мәселеміз , оқу  һәм  оқыту 

хақында  қалайынша  тәрбиелер  жасау  керек , соларды  қарастыру .

31

 

 

      Төртіншіден ,  қатын-қыздарымыздың   кемшілікте  тұрғандықтарын  халыққа  ескерту” — деп  жазса ,  “Қазақстан”: “Газеттің  мақсат-міндеті:  кәсіп  айту , ғылым , өнер  тұрғысында” — деп  жазды .

      Журнал  мен  газеттің  мақсат-міндеттерінің  бірлігі  олардың  мазмұн  жағынан  да  жақын  болуына  әсер  етті .  Екі  басылымға да  тән  ортақ  тақырыптар:  оқу-ағарту , білім  беру ,  ғылым ,  өнер  үйрену , жер , отырықшылдық , әйел  теңдігі , шаруашылық  жүргізу ,  әдет-ғұрып , салт-дәстүр  мәселелері , надандыққа  және  партиялық  бүліншілікке  қарсы  күрес  т.т.  болды . Екеуінің де  ғасыр  басында  ұлт  алдында  тұрған  отырықшылдыққа  көшу , қала  болып  тұру , бас  қосу  сияқты  қазақ  зиялыларының  арасында талас  тудырған  мәселелерде  бір  позицияда  болғандығы  белгілі . Және  екеуі  де  қаражат  жетіспеуіне  байланысты  өз  шығаруларын  тоқтатты .

      Келтірілген  мысалдар  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетінің  бір  бағытта  болған , мақсат-міндеттері  мен  тарихы  ортақ  басылымдар  болғандығын  толығымен  дәлелдейді  ғой  деп  ойлаймыз . Оның  тағы  бір  дәлелі  кеңестік  тарихнамада  бұлжымас  шындықтай  берік  орнаған  және  журнал  мен  газет  туралы  жазуға , олардың  беттерінде  жарияланған  материалдарға (таптық  тұрғыдан  болса  да)  біршама  талдау  жасауға  мүмкіндік  берген:  “Қазақ  баспасөзінің  тарихында  негізінде  екі  бағыт  болды .  Бірі – қазақ  ағартушылары  бастаған  прогресшіл-демократиялық  бағыт . Екіншісі —  буржуазиялық-ұлтшылдық  реакцияшыл  кертартпа  бағыт. Демократ  ақын-жазушылар  “Қазақстан”  газеті  мен  “Айқап”  журналының  төңірегіне  топталды , буржуазияшыл — ұлтшылдар  “Қазақ” , “Алаш”  газеттерін  және  басқаларын  өздерінің   кертартпалық   идеяларының  қаруы  етті” , — деген  тұжырымның  қалыптасуы .  Әрине ,  ақпан  төңкерісіне  дейін 

қазақ  тілінде  шыққан  не  бары  төрт  басылымның  екеуін  “прогресшіл-

32

 

 

демократ” , екеуін  “ұлтшыл-кертартпа” деп  бұлай  бөле  жарып  қараудың  уақыт  талабынан  туындаған , шындықтан  тым  алыс  жатқан  тұжырым  екендігі  түсінікті . Дегенмен , мына  бір  фактіні  ескермеуге  болмайды .

      Ұлт  дамуын  жол  айрығына  әкеп  тіреген  1917  жылдың  соңы  мен  1918  жылдың  басында , тұтас  бір  империя  азаматтары  бір-бірімен  қарама-қарсы  екі  лагерге  бөліне  бастаған  тұста , Ресей  орталығында  басталған  ол  бүліншіліктің  қазақ  даласын  да  қамти  бастаған  кезінде , “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетінің   бұрынғы  шығарушылары  мен  редакторларының   және  негізгі  авторларының  басым  бөлігінің  большевиктер  партиясының  жел  сөзіне  еріп , елде  кеңес  өкіметін  орнату  ісіне  белсене  араласқандары  да ,  керісінше  “Қазақ”  газетінің  маңына  топтасқан  ұлт  зиялыларының  большевиктер  тарих  аренасына  шыққан  күннен  бастап , олардың  сандырақ  идеяларын  әшкерелеп , кеңес  өкіметіне  қарсы  соңына  дейін  күрескендері  де  рас .

      Демек , “Қазақ  баспасөзінің  тарихында  негізінде  екі  бағыт  болғаны”  тарихи  шындық . Бірақ , кеңестік  тарихнамада  айтылғандай  бағыттар  емес, тіптен  басқа , одан  әлдеқайда  тереңде  жатқан ,  қазақ  зиялыларының  ішкі  дүниетанымдарынан  туындаған  бағыттар  болған  сияқты . Біздің  ойымызша , бұл  өзін  әрі  терең  зерттеуді  қажет  ететін  күрделі  қоғамдық  құбылыс .

      “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газеті  қазақтың  шын  мәніндегі  тұңғыш  бейресми  мерзімді  басылымдары  бола  білді . Екеуі  де  баспасөзге  деген  ұлттық  қажеттіліктің , қоғамдық  сұраныстың  нәтижесінде  пайда  болды . Және  екеуі  де  бүгінгі  ғасыр  басындағы  қазақ  тарихының  өзіндік  ерекшеліктері  бар  қайнар  көздерін  құрап  отыр .          

 

 

 

33

 

 

 

 

ІІ тарау  “Қазақ”  газеті —  Қазақстан  тарихының  дерек  көзі

 

2.1.  “Қазақ”  газетінің  шығуы , қалыптасуы  және  деректік  ерекшелігі

 

 

      Өмір  айнасы  деген  атаққа  ие  болған  мерзімді     басылым-дардың  басқа  жазба  деректерден  ерекшелігі  сонда , олардың  беттерінде  мерзімділігіне  байланысты  қоғамда  болып  жатқан  әр  алуан  оқиғалар  мен  құбылыстар  болған  уақыттарына  қарай  әр  түрлі  дәрежеде  бейнеленеді . Ол  бейнелер , яғни  құбылыстың  сөздік  суреттемелері  тасқа  басылу  тәсілі  арқылы  газет-журнал  беттерінде  бекітіледі . Сөйтіп , болған  уақиға  не  құбылыс  туралы  мәлімет  баспасөз  бетінде  ұзақ  уақыттар  бойы  сақталу  мүмкіндігіне  ие  болады .  Екіншіден , кез  келген  уақиға  мен  құбылыс  белгілі  бір  кеңістік  пен  уақытта  болатындықтан , сол  құбылыстар  негізінде  пайда  болған  объективті  дерек  ретінде , баспасөз  материалдары  өз  бойларында  өзі  дүниеге  келген  жері  мен  уақытының , яғни  белгілі  бір  тарихи  кезеңінің  ерекшеліктерін  де  сақтайды . Осылай , мерзімді  басылымдар жазба  тарихи  деректің  бір  түрі  ретінде  келешек  ұрпаққа  оқиға  мен  қатар  сол  оқиға  мен  болған  елі  мен  жері  және  уақыты  туралы  да  мәліметтер  жеткізеді .

      Сонымен  қатар , газеттер  мен  журналдар  нақты  субъектердің  саналы  іс  әрекеттерінің  жемісі  ретінде  дүниеге  келгендіктен , яғни  оларда  салынған  ақпарат  сол  нақты  субъектердің  дүниеге  көзқарастары  арқылы  енгендіктен , сол  субъектің  не  субъектердің  қоғамдағы  орнына , әлеуметтік  және  таптық  позициясына  байланысты  белгілі  бір  топтың , таптың  не  саяси  ұйымдар  мен  партиялардың , кейде  тұтас  бір  ұлттардың  да  тарихы  туралы  мағлұматтар  береді .

      1998  жылдың  басында  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  “Жадымызда  жатталсын , татулық  дәйім  сақталсын”  деген  еңбегінде  “Тегінде  тарихи  сабақтастық  пен  заңдылықтардың әркім  өзінше 

34

 

түсініп-түйсінеді , яғни  өз  елі , өз  халқы  өткен  жолдың  байыбына  әр  адам  өзінше  барады . Мұнда  бәріне  ортақ , әрі  бәріне  де  жарамды  әмбебап  әдістеме  жоқ  және  болуға  да  тиіс  емес . Тарихтың  соншама  бай, сан  қырлы  болып  келетіні  сияқты , танымның  жолы  да  сан  тарау”  /44/ —  деп жазды .

Осындай  біздер  үшін  өз  еліміздің , өз  халқымыздың  өткен  жолының  байыбына  апаратын  танымның  тек  бізге  ғана  тән  жолдарының бірі , ол – ғасыр  басында  шығып  тұрған  ұлттық  басылымдарды  тарихи  дерек  көзі  ретінде  пайдалану . Оларды  зерттеп  зерделеу , тарихи  дерек  көзі  ретінде  талдау , олардағы  мәліметтерді  синтездеу .

      Тарих  сияқты  тарихи  деректердің  де , олармен  айналысатын  тарихи  сынның  да  әр  алуандылығы  туралы  белгілі  орыс  тарихшысы , “Тарихи  деректану”  курсы  бойынша  Москва  университетінде  тұңғыш  дәріс  оқыған  профессор  В. О. Ключевский , өзінің  1888 жылы  оқыған  дәрісінде , тарихи  сын  қосымша  ғылым  ретінде  барлық  жерде  бірдей  болу  керек  пе, әр  түрлі  материалдарға  бірдей  тәсіл  қолданылып , бірдей  мақсат  қойылуы  қажет  пе , немесе  әр  халықтың  өзінің  ерекше  тарихы  болатындығы  сияқты  ерекше  жергілікті  тарихи  сын  болуы  мүмкін  бе  деген  сұраққа , жергілікті , өзіндік  ерекшелігі  бар  тарихи  сын  қажеттігін  дәлелдей  келе:  “Эта  необходимость  вытекает  из  тесной  связи  задач  и  приемов  исторической  критики  со  свойством  исторических  источников , а  эти  источники  не  везде  однородны”   — деп  жауап  берді .

      Міне  осындай , қазақ  халқына  ғана  тән , өзіндік  жергілікті  ерекшелігі  мол , төл  деректеріміздің  бір  тобын , жоғарыда  айтылғандай , қазан  төңкерісіне  дейінгі  ұлттық  мерзімді  басылымдар  құрайды . Олардың  ішінде  “Қазақ”  газеті  де  бар .

      Қазақстанның  ХХ  ғасырдың  басындағы  тарихын  зерттеуде  “Қазақ”  газетінің  тарихи  дерек  көзі  ретінде  алар  орны  ерекше  екендігіне , оның 

35

 

ғылымға    берер  мағлұматтарының    құндылығының  жоғары  екендігіне  бүгінгі  күні  бәріміздің  де  көзіміз  жеткен  сияқты . Кеңестік  тарихнаманың  “Қазақ”  сияқты  қазақ  тарихының  деректік  мөлдір  көзінің  бірін , 70  жылдан  астам  уақыт  бойы , ғылым  үшін  жауып  тастағандығы  ұлттық  тарих  ғылымына  өлшеусіз  зиян  келтіргендігін  дәлелдеп  жатудың  қажеті  болмас  деп  ойлаймыз .

      Қазақ  аспанын  қара  бұлттай  торлаған  қара  түнек  патшалық  дәуірде  дүниеге  келіп , ақын  айтқандай: “қараңғы  қазақ  көгіне , өрмелеп  шығып  күн  болам”  деген  газет  туралы , “Ақиқат”  журналы: “Қазақ”  өзі  өмір  сүрген  бес  жыл  ішінде  талай  күрделі  құбылыстардың , қоғамдық  сілкіністердің  куәсі  болды . Бір  ғана  қолдың  саусағымен  санауға  болатын  жылдар  ішінде  бір  емес  бірнеше  ұрпақтың  ғұмырына  жетерліктей  оқиғаларды  басынан  өткерді . Тарих  үшін  қас-қағым  деп  те  айтуға  келмейтін  уақыт  аралығында  бірнеше  ғасырға  татырлық  өзгерістерді  басынан  кешірді .

      Атап  айтсақ ,  “Қазақ”  екі  жойқын  соғыстың  (І  дүниежүзілік  және  азамат  соғыстары) , 1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілістің , екі  қоғамдық-саяси  төңкерістің  (ақпан  және  қазан), төрт  саяси  биліктің  (патша  өкіметі, Уақытша  үкімет , Алаш  Орда  үкіметі , кеңес  өкіметі)  куәсі  болды”  /45/ — деп  жазды .

      Біздің  бұған  қосарымыз  “Қазақ”  тек  аласұрған  заманның , аласапыран  оқиғалардың  сырттан  қараған  бақылаушысы  ғана  болып  қойған  жоқ . Ол  сол  буырқанған  оқиғалардың  бел  ортасында  жүрді . Қайнаған  құбылыстар  барысын  суретке  түсіргендей  өз  беттерінде  бейнеледі . Олар  туралы  мәліметтерді  тасқа  басып  өз  беттерінде  қаттады . Сөйтіп  “Қазақ”  қазақ  өмірінің  аса  бір  күрделі  кезеңінің  шежіресіне , баға  жетпес  дерек  көзіне  айналды .Большевиктік-коммунистік  саяси  басқару  жүйесінің , уақыт  сынына  шыдамай , тарих  аренасынан  кетуі  және  КСРО  сияқты  алып 

36

 

империяның  көз  алдымызда  күйреуі  нәтижесінде  еліміздің  тәуелсіздік  жолына  түсуіне  байланысты  туындаған  қазақ  халқының  ғылыми  тарихын  қайта  жазудың  объективті  қажеттігі , жалпы  тума  төл  деректерімізге , оның  ішінде  ұлттық  бейресми  басылымдарға , әсіресе  “Қазақ”  газетіне  деген  қызығушылықты  тудырды . Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  бірнеше  жылдың  ішінде  ғана  “Қазақ”  газеті  материалдарын  кеңінен  пайдалану  негізінде  бір  докторлық  және  бірнеше  кандидаттық  диссертациялар  қорғалды ,  ғылыми-зерттеу  еңбектері  жарияланды . Осындай  еңбектердің  бірінде , зерттеушілердің  “Қазаққа”  деген  қызығушылығының  себебін  ҚР ҒА  мүше-корреспонденті ,  профессор  Кеңес  Нұрпейісов:  “Әңгіме  болып  отырған  ұлттық  баспасөз  органдары  қатарында  “Қазақ”  газетінің  алатын  орны  ерекше . Өйткені  ол  басқа  басылымдармен  салыстырғанда  ұзақ  мерзім  (1913-1918  жылдар)  шығып , 265  саны  жарық  көрді .  “Қазақты  дүниеге  келтірген  және  оның  тұрақты  авторларының  қатарында  Алаш  қозғалысының  халық  таныған  жетекшілері  Әлихан  Бөкейханов , Ахмет  Байтұрсынов , Міржақып  Дулатов  сияқты  қайраткерлер  болды . Осы  азаматтар  мен  олардың  сенімді  серіктері  “Қазақ”  газетін  жалпыұлттық  басылым  дәрежесіне  көтерді” , — деп  түсіндірді .

      Жұртшылыққа  танымал  қазақ  ғалымының  бұл  пікірінің  дұрыстығын  соңғы  жылдары  “Қазақ”  газеті  материалдарының  әр  түрлі  жолдармен , қазіргі  оқырмандарға  түсінікті  етіліп , қайта  басылып  шығарыла  бастауы  да  дәлелдейді . Бұл  сол  газетке  деген  жаппай  қызығушылықты  қанағаттандыру  мақсатында  жасалынып  отырған  шара  екендігі  белгілі . Мысалы ,  1993  жылы  Үшкөлтай  Субханбердинаның  “Қазақ” , “Алаш” , “Сарыарқа”  атты  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткіші  шықса , Ә. Бөкейханов , А. Байтұрсынов , М. Дулатовтардың  “Қазақ”  газетінде  кезінде  жарияланған  мақалалары  олардың  жеке  жинақтарына  енді . 1998  жылы  “Қазақ  энциклопедиясы”  Бас  редакциясы  газет  материалдарының 

37

 

жинағын  кітап  түрінде  жарыққа  шығарды . Сонымен  қатар , “Ақиқат”  журналы  өзінің  1998  жылғы  үшінші  санынан  бастап  “Мұра”  айдарымен  газет  мақалаларынан , сандық  және  жылдық  ретін  сақтап , үзінділер  жариялай  бастады . Осындай  жан-жақты  жүргізілген  шаралардың  арқасында  “Қазақ”  газетімен  танысуға  тек  зерттеушілер  ғана  емес , өз  халқының  өткені  қызықтыратын  жалпы  оқырмандар  да  мүмкіндік  алды . Әрине , “Қазақстан”  әркім  алдымен  өзіне  керегін  іздері  даусыз . Дегенмен  оның  газет  ретіндегі  ең  басты  құндылығы  қазақ  тарихының  аса  бір  күрделі  кезеңінің  маңызды  жазба  деректерінің  бірі  екендігінде  ешкімнің  таласы  жоқ  деп  ойлаймыз . “Қазақ”  газетінің  тарихшы  ғалымдар  үшін  басты  құндылығы  туралы  М.  Қойгелдиев:  “…  газет  материалдары  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жиырма  жылдығындағы  қазақ  қоғамында  болып  өткен  түрлі  қоғамдық  процестерді  зерттеп  тану  үшін  аса  бағалы  деректер  болып  табылады”  —  деп  жазды .

      Дегенмен , тарихи  дерек  көзі  ретінде  “Қазақ”  газеті  де  тарихи  сыннан  өткізуді  қажет  етеді . Себебі  басқа  да  тарихи  деректер  сияқты , “Қазақ”  та  әлеуметтік  сұраныстарға  сай , нақты  тарихи  жағдайда , өзін  қоршаған  қоғамдық-саяси  ортада ,  белгілі  бір  субъектердің  саналы  іс-әрекеттерінің  жемісі  ретінде  пайда  болған  объективті  дүние . Сондықтан , газеттің  жарыққа  шығуының  объективті  тарихи  алғышарттарын  және  оның  шығарушыларының  қоғамдық  позициялары  мен  әлеуметтік  жағдайларын  терең  білудің  ондағы  мағлұматтардың  ғылыми  ақпараттық  және  танымдық  маңызын  ашуға  көмектесері  даусыз.

      Бұл  жерде  зерттеушілердің  “Қазақ”  газетінің  мазмұнына  түбегейлі  әсер  еткен  үш  түрлі  тарихи  кезеңде  шығып  тұрғандығын  ұмытпағаны  дұрыс . Қалыпты  объективті  жағдайдың  өзгеруі  газеттің  бағыт-бағдарына  да , оның  алдына  қойған  мақсатына  да , мақалалардың  мазмұнына  да  әсер  етуі  заңдылық . Аз-ғана  уақыт  аралығында  елімізде  болып  өткен  түбірлі 

36

 

қоғамдық  өзгерістер  “Қазақты”  да  осындай  өзгерістерге  ұшыратты . Мысалы , 1913 жылдың  ақпанында  дүниеге  келіп  патшалық  самодержавие  тұсында  4 жыл  бойы  шығып  тұрған  “Қазақ”  пен  1917 жылдың  ақпанынан  кейінгі  “Қазақтың”  арасында  үлкен  айырмашылық  бар  болса , қазан  төңкерісінен  кейінгі  “Қазақтың”  мазмұны  да , тарихы  мен  тағдыры  да  тіптен  бөлек . Демек , “Қазақты”  тарихи  дерек  көзі  ретінде  қарастырғанымызда  осы  айырмашылықтарды  ескеруге  тиіс  боламыз .

      ХХ  ғасырдың  басындағы  ұлттық  бейресми  басылымдарға  деген  қоғамдық  қажеттілік  пен  олардың  пайда  болуының  тарихи  алғышарттары  туралы  жоғарыда  айтылды . “Қазақта”  солардың  бірі  ретінде  пайда  болған  еді . Дегенмен , оның  өз  тарихы , пайда  болып  өмір  сүруінің  өз  ерекшеліктері  де  жоқ  емес .

      “Қазақ”  сияқты , қазақ  баспасөзі  тарихында  әлі  бірде  бір  басылым  көтеріліп  көрмеген  биікке көтерілген , сөздің  шын  мағынасында , жалпыұлттық  сипатқа  ие  болған  газет  шығару  үшін  үлкен  дайындық , көптеген  адамдардың  бірігіп  еңбек  етуі  қажет  болды . Ол  туралы  тарихшы  М.  Қойгелдиев:  “Ә. Бөкейханов  және  А.  Байтұрсынов  бастаған  белсенді  топтың  жалпыұлттық  газет  шығару  ісін  1905  жылдан  бастап  қолға  ала  бастады”  , — деп , олардың  нақты  атқарған  істеріне  тоқтай  келе:  “Егер  қорыта  айтсақ , “Қазақ”  газеті , белгілі  бір  дәрежеде , сол  кезеңдегі  ұлт-азаттық  қозғалысының  ең  белсенді  қайраткері  А. Байтұрсынов  және  М.  Дулатовтың  үлкен  еңбегінің  ортақ  жемісі  еді”   — деген  әділетті  пікір  айтады .

      Қазақтардың  күнделікті  мұқтажын  айқындап  отыру  үшін  қазақ  тілінде  газет  шығару  қажеттілігі  туралы  айтып , өкімет  алдына  талап  қойған  1905  жылғы  Қарқаралы  петициясы  мен ,  тікелей  қазақ  газетін  шығару  ісіне  кіріскенге  дейін  едәуір  уақыт  қажет  болды . Себебі , 1905-1907  жылдардағы  қазақтарды  да  қамтыған  саяси  толқуларға  басшылық 

37

 

жасап , белсенділік  көрсеткен  келешек  газет  шығарушылар  патша  жандармериясы  тарапынан  саяси  қуғын-сүргінге  ұшырады . Жоғарыда  аталған  “Алаш” көсемдерінің  үшеуі  де  әр  түрлі  уақыттарда  тұтқындалып,  бірінен  кейін  бірі , Семей  түрмесіне  жабылды . Аса  қауіпті  саяси  қылмыскерлер  ретінде  Қазақстаннан  тыс  жерлерге  жер  аударылды . Тек , осындай  тар  жол  тайғақ  кешулерден  кейін  ғана , 1910  жылдан  бастап , олар  газет  шығару  ісімен  тікелей  айналысуға  мүмкіндік  алды . Зерттеуші  Ө.  Әбдиманов  “Қазақ”  газетін  шығарудағы  А. Байтұрсыновтың  ұйымдастырушылық  істерін  айта  келе:  “Егер  оның  Орынборға  1910  жылы  наурызда  келгенің  ескерсек , газет  шығару  дайындығына  аттай  үш  жыл  кеткенің  аңғарамыз” , — дейді  /46/. Сонымен ,  “Қазақ”  жалпыұлттық  сұранысқа  сай , оның  шығарушыларының  бірнеше  жылдарға  созылған  дайындық  жұмыстарының  нәтижесінде  дүниеге  келген  газет . Оның  барлық  алғышарттары  пісіп  жетілген  табиғи  іс  ретінде  пайда  болғандығы  туралы  Міржақып  Дулатов: “Қазақтың”  шығуы  толғағы  жеткен  баланың  тууындай  еді” — деп , дәл  айтты  /47/.

“Қазақ”  газетінің  пайда  болуы  және  оның  қайта  шығуы  туралы  Тіней  Оразайдың  Мұртазаның  Файзолласы:  “Газеттің  80  жылдығына  арнап  баяғы  265-санынан  кейінгі  266-санын  шығаруға  ниет  етіп  отырмыз .

      Жалпы  бұлай  етуге  бүгінгі  Оразай  әулетінің  моралдық  құқы  бар  деп  білеміз. Өйткені , “Қазақ”  газетін  шығару  идеясы  Ахмет  Оразаевтікі  болғанын , сол  Ахмет  Оразаев  ауылына  Міржақып  Дулатов барғанда  осы  кісі  тарапынан  идеяның  мақұл  тапқанын  және  Оразаев  Ахметтің  газетті  шығаруға  қаржы  беріп , құрылтайшылық  еткенін  газет  тігіндісі  де , Орынбор  генерал-губернаторлығының  құжаттары  да  дәлелдеп  отыр” — дейді .

      “Қазақтың”  қайта  шығуына  келсек  —  1993  жылдың  11  ақпанда  “Егемен  елдің  ерікті  газеті” деген  айдармен  “Қазақтың”  кезекті  266 саны 

38

 

шыққан . Бірақ , көп  ұзамай  “Қазақ”  “Қазақ  үніне”  айналған . Ал, ең  бастысы , бұл  “Қазақтың”  ол  “Қазақ”  емес  екендігі  сезіле  бастаған .

      Газеттің  болашақ  редакторы  Ахмет  Байтұрсыновтың  “Қазақты”  нелiктен , басқа  емес , Орынбор  қаласында  шығармақ  болғандығын  зерттеушілер  мынадай  факторлармен  түсіндіреді: біріншіден , Орынбор  шығыс  пен  батысты  жалғастырып  тұрған  ірі  мәдениет  сауда  орталығы , екіншіден , онда  араб  графикалы , қазақ  тілінде  газет  шығаруға  қолайлы  бірнеше  татар  баспаханалары  бар .  Өмір  А.Байтұрсыновтың  бұл  шешімнің  дұрыстығын  толығымен  дәлелдеді . Орынбор  көп  ұзамай  бүкіл  қазақтың  ақыл-ойының  орталығына  айналды .

      Сонымен , ұзақ  жылдарға  созылған  алдын  ала  жүргізілген  жан-жақты  дайындықтардан  кейін  “Қазақ”  1913  жылдың  2  ақпанынан  бастап  Орынбор  қаласында  шыға  бастады .

      “Қазақ”  газеті   өзінің  алғашқы  адымын , саналы  да  мақсатты  күрес  жолын , өзі  дүниеге  келген  уақыты  мен  қоршаған  қоғамдық  ортаның  ерекшелігін  және  ұлтының  жағдайын  анықтаудан  бастады. Газеттің  бірінші  нөмірінің  бірінші  жолдары  “Заманына  қарай  амалы”  деген  сөз  бар . Мұның  мағынасы – заманның  түріне  қарап  іс  істеу”   /48/  деген  сөздермен  бастап , өздерінің  қалыптасқан  объективті  жағдайға  қарай  әрекет  етуге  мәжбүр  екендігін  ескертсе , одан  әрі: “Төңірекке  қарасақ  түнерген-түнерген  бұлттар  көрінеді . Түбі  қандай  белгісіз . Не  боларын  білмейміз . Нұр  болып  жауып , жерімізді  көгертіп , несібемізді  молайтар  ма , болмаса  дауыл  болып  соғып , үйімізді  жығып , үй-ішімізді  шашып  тастар  ма ?!  Көзіміз  бұған  жетпейді . Жалаң  аяқ , жалаң  бас , жеңдеріміз  киюсіз , етектеріміз  жиюсыз  ашылып  шашылып  қамсыз  жатқан  халықпыз”  — деп , қазақ  қоғамындағы  ғасыр  басында  қалыптасқан , сол  объективті  жағдайды  жұмбақтап , қазаққа  тән  теңеулермен  суреттейді . Әрине  бұл  жерде  басқарманың  атынан  жазылған  Бас  мақаланың  авторы 

39

 

Ахмет  Байтұрсыновтың  меңзеп  отырғаны  қазақ  жеріне  қарай  қаптап  келе  жатқан  қара  шекпендер  екендігі , солардың  тарапынан  бейқам  жатқан  жұртына  төнген  қатер  екендігін  түсіну  қиын  емес .  Oл  туралы  газеттің  келесі  нөмірінде  “Іргеміз  тұтас  ыдырамай , бірыңғай  жатқан  халық  едік , енді  арамызға  бөтендер  келіп  кірісейін  деп  тұр…  Арамызға  түрлі  жұрт  кіріскенде  солармен  қатар  атымыз  жоғалмай , қазақ  ұлты  болып  тұра  аламыз  ба? Осы  төсекте  төңбекшітіп  ұйқымызды  бөлетін  нәрсе…” — деп , өз  ойын  ашығырақ  айтқан . Ал  өздерінің  түпкі  мақсаттары  “Бостандық , теңдік , туысқандық…” — екендігін , тек  1917  жылдың  жазында  ғана  ашып  айта  алды  .

      Газет  шығарушылардың  “Қазақ  газеті”  мен  “Серкенің”  қайғылы  сабақтарын  ескеріп  ішкі  ойын  жасыру  да , шын  мақсаттарын  бүркемелеу  де , айтар  сөзін  жұмбақтап  жеткізу  де , “Қазақты”  саяси  қуғын-сүргіннен  құтқара  алмады . Газет    соңына  шам  алып  түскен  патша  үкіметінің  жергілікті  сақшылары  “Қазақ”  беттерінде  жарияланған  мақалалардан  үнемі  заңға  қайшы  келетін , өмір  сүріп  тұрған  саяси  құрылысқа  қауіп  төндіретін  материалдар  тауып , газет  редакторы  Ахмет  Байтұрсыновты  айыптап , штраф  салумен , абақтыға  жабумен , газетті  жауып  тастау  қаупімен  қорқытумен  болды . Ол  туралы  ақпан  революциясынан  кейін ,  1917  жылдың  жазында , “Қазақ”  басына  орнаған  азғана  шуақты  күндердің  бірінде  Міржақып  Дулатов:  “Жер  аудару”  деген  мақала  басылған  9  нөмірден  бастап  кешегі  өзгеріске  шейін  тергеу , тінту , абақты , штрафтан  “Қазақтың”  көзі  ашылған  жоқ . Дәл  Николай  түсіп   өзгеріс       болардан   бес-алты  күн  ғана  бұрын  жауыз  хакімдер  “Қазақты”  тағы  да  тексеріп , біржола  жабуға  айналып  тұрғанда , өздері  су  түбіне  кетті”  —  деп , қуана  жазды  /49/. Иә , осылай  патша  зорлығынан  құдайдың  өзі  құтқарған  “Қазақты”  келер  жылы  большевиктер  зорлығынан  ешкім  де  құтқара  алмады .

40

 

Тек ,  1917  жылғы  ақпан  төңкерісінен  кейін  ғана  “Қазақ”  қуғыннан  құтылып , оның  авторларының  қолы  бұғаудан  босанды . Сол  жылдың  9 наурызындағы  221-нөмірінен  бастап  “Қазақ”  өз   халқы —  қазағына  ашықтан-ашық ,  еш  бүркемесіз  қызмет  етуге  мүмкіндік  алды . Сөйтіп  “Қазақ”  газеті  тарихының  жаңа  кезеңі  басталды . Ресейдегі  саяси  жағдайдың  өзгеруіне  байланысты  туындаған:  комитеттер  құру , қазақ  съездерін  өткізу , өз  жеріне  өзі  ие  болу  мақсатында  Құрылтайға  депутаттар  сайлау , Алаш  партиясы  мен  Алаш  Орда  үкіметін  құру , түптеп  келгенде  ұлттық  автономияға  қол  жеткізу  сияқты  ұлт  алдында  тұрған  ірі , ауқымды  істерге  “Қазақ”  ашық  араласып , ұйтқы  бола  білді . Сол  істердің  қажеттігі  мен  маңызы ,  барысы  мен  туындаған  қиыншылықтардан  шығудың  жолдары  туралы  жазды . Сол  арқылы  “Қазақ” , бұрын  қазақ  даласында  болып  көрмеген , саяси  құбылыстар  тарихының  құнды  жазба  деректер  көзіне  айналды .  Жаңа  демократиялық  жағдайда  пайда  болған  “Қазақ”  газетінің  деректік  ерекшелігі  де , сол  газет  бетінде  жарияланған  ұлт  мүддесіне  қатысты  мәселелердің  ашық  айтылуы , еркін  жазылуынан  туындайды .

      1917  жыл  туралы  “Қазақ” , “Өткен  жыл  қазаққа  қалай  болды ?” — мақалада: “Өткен  жыл  қазаққа  жаман  болған  жоқ . Көпке  бірдей  болған  бостандықтың  айрықша  қазаққа  жақсылығы  тиген орны  болды . Алдыңғы  1916  жылдың  ауырлығын  өткен  1917  жыл  жоғалтқан  жыл  болды…  Қысқасын  айтқанда , өткен  1917  жыл  қазаққа  өшкені  жанып , өлгені  тірілгендей  қуанышты  жыл  болды” — деп  шаттана  жазды  /50/.

      Бірақ , 1917  жылдың  күзінде  Ресейдің  астанасында  басталған  большевиктік  бүлікшілік  көп  ұзамай  қазақ  даласын  да  қамтыды .  Алданған  солдаттар  мен  жұмысшыларға  арқа  сүйеген  большевиктер  алдымен  Түркістан  өлкесінде , кейін  дала  уалаятында  өкімет  билігін 

41

                                                                                                                                   өз  қолдарына  күшпен  тартып  алып , барлық  жерлерде , жергілікті  халықтарға  жат , саяси  мәні  түсініксіз , кеңес  өкіметін  зорлықпен  орната  бастады . Осылай  “Қазақ”  тарихының  жаңа  кезеңі  басталды .

      Қазан  төңкерісінен  кейінгі , әсіресе  соңғы , 1918  жылғы  “Қазақ”  газетін  большевиктерге  қарсы  ымырасыз , принципті  күресімен  ерекшелінеді  деуге  болады . Газет  большевиктер  партиясы  тарихи  аренаға  шыққан  күннен  бастап  олардың  авантюристік  әрекеттерін , адамзатқа  қарсы  істерін  әшекереледі . Сондықтан  “Қазақ”  газеті  Қазақстанда  кеңестік  тоталитарлық  жүйенің  орнау  тарихының  ең  алғашқы  жүйелі  жазба  деректерінің  бірі  ретінде  ғылым  үшін , тарих  үшін  қымбат .

      Өз  кезегіндегі  кеңес  үкіметі  де  “Қазаққа” , оның  шығарушыларына қарсы  аяусыз  күрес  жүргізгені  белгілі . Бұл  күрестің  ең  алғашқы  құрбандарының  бірі  “Қазақ”  газеті  болды . Орынборда  кеңес  өкіметінің  орнауына  байланысты  өзінің  бес  жылға  жуық  тарихында  “Қазақ”  бірінші  рет , 1918  жылдың  17  қаңтарындағы ,  260  нөмірінен  кейін  шығуын  ұзақ  уақытқа  тоқтатты . Оны  біржола  жабу  туралы  Омбы  атқару  комитетінің  1918  жылы  4  наурызда  Орынбор  совдепіне  берген  телеграммасында:  “Ввиду  того , что  киргизский  орган  партии  Алаш  “Казах”  является  контрреволюционным , открыто  выступает  против  Советской  власти , организуя  Алаш-Орду , просим  немедленно  закрыть  газету” — делінген  .

      Үш  күнге  созылған  соғыстың  нәтижесінде , Орынбор  қаласының , 1918  жылдың 20  маусымында , большевиктерден  азат  етілгеннен  кейін  ғана , шілденің 23,30-да  “Қазақтың”  261,262 , қыркүйектің 5-16-да  263-265-нөмірлері  жарыққа  шықты . “Қазақтың”  өз  жұмысына  қайта  кірісуіне  байланысты , оны  шығарушыларының  және  негізгі  авторларының  бірі  Мадияр  (М. Дулатов)  “Жандарм  үкіметтің  штрафынан , абақты-айдауынан  аман  өткен  “Қазақты”  жауыз  большевиктeр  қанды  қолымен  тоқтатып еді,

құдайға  шүкір , бүгін  жарық  дүниеге  қайта  шығып , ардақты  Алашын 

44

 

тағы  аралап  отыр . Сағынып көрген жұртына “Қазақ” жеті айдан  бері көкірегінде  байланған  шерін  тарқатып , көрген-білгенін  айтқысы  келеді” –дeп жазды .

Газеттің  соңғы  нөмірлерімен  тереңірек  танысу  оны  шығарушылардың  келешекке  үлкен  сеніммен  қарағандығын  байқатады . Мысалы , “Қазақтың”  1918  жылғы  16  қаңтардағы  265-нөмірінде  басқарма:  “Январдың  17-нен  бері  большевиктің  кесірінен  “Қазақ”  тоқталып  тұрды .  Енді  газет  жұмысы  реттеліп  келеді . Мезгілінде  шығып  тұрады” — деп , өз  тілшілері  мен  оқырмандарын  газетпен  үзбей  байланыс  жасап  тұруға  шақырды . Бірақ  өмір  басқаша  шешті . Бұл  нөмір  қазақтың  соңғы  нөмірі  болды.

      Мерзімді  басылымның  сипатын , оның  қоғамдық-саяси  бағытын  анықтау  және  оны  есепке  алу – оған  деректанулық талдау  жасаудың , одан  алынған  мәліметтерді  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  пайдаланудың  ең  басты  және  міндетті  алғышарты . Ол  үшін , алдымен  нақты  газеттің  не  журналдың  кімнің  қаржысына  немесе  қандай  қаражат  көздерінің  арқасында  шығып  тұрғандығын  анықтау  қажет . Себебі  басылымның  сипаты , бағыт  бағдары  түптеп  келгенде , оның  деректік  маңызы  мен  шынтуайттық  дәрежесі  осы  фактормен  тікелей  байланысты . Сондықтан , бұл  кез  келген  басылымды  тарихи  дерек  ретінде  пайдалану  барысында  ерекше  көңіл  аударатын  принціпті  мәселелердің  бірі .

      Ал , енді  өзіміздің  негізгі  зерттеу  обьектісі  ретінде  қарастырып  отырған  “Қазақ”  газетіне  келсек , онда  оның  қаражат  көздері  туралы  бүгінге  дейін  үш  түрлі  пікір  айтылып  келгендігін  көреміз . Біріншісі -газетті  қазақтың  қалталы  байлары  бірігіп  ақша  жинап  шығартқан. Сондықтан , ол  өзінің  сипаты  жағынан  “байшыл”  газет  болған . Екіншісі – газет  негізінен  бір  адамның  ақшасына  шыққан .  Сондықтан , ол бір  ғана 

әулетке  тән  газет . Үшіншісі – газет  байы  бар  басқасы  бар  жалпы 

45

 

халықтың  қолдауымен , газетті  жаздырып  алушылардың    алдын  ала  төлеген  ақшасына  және  жарнамадан  түскен  қаражатқа  шығып  тұрған , негізінен  өзін-өзі  қаржыландырып  тұрған  газет . Сондықтан  ол  жалпыұлттық  сипатта  болған  газет . Oсы  пікірлерге  жеке-жеке  тоқталып , қай  пікірдің  шындыққа  жақын  екендігін  қарастырып  көрейік .

      Газеттің  қаражат  көздерін  арнайы  зерттеген  Қайрат  Сақов  “Қазақ” —  өзін-өзі  қаржыландырған  газет”  /51/ — деген  мақаласында ,  бірінші  пікірді  айтқан  белгілі  жазушы  Сәбит  Мұқанов  екендігін  айтады . Ол  мақалада  жазушының  1932  жылы  шыққан  “ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті”  деген  кітабындағы:  “Қазақ”  газетін  шығару  үшін  қазақ  байлары  7  жыл  дайындық  жасап , 5000  сом  ақша  жинаған . Оны  газет  шығарту  үшін  Смайыл  қажы  Жаманшаловқа  тапсырған . “Қазақ”  сол  ақшаға  шыққан”   — деген  пікірдің  негізсіз  екендігін , ондай  болжамның  сол  кездегі  уақыт  талабына  сай  пайда  болған , тарихи  шындықтан  алыс , саяси  болжам  екендігін  дәлелдейді.

      Газет  өмірге  келіп , өз  жұмысын  бастаған  соң  да  үнемі  халықтың  қолдауын  көріп  отырды . Ә. Бөкейханов  екі  жылдан  кейін , газеттің  екіге  толып  үшке  аяқ  басуына  байланысты:  “Тәңірден  соңғы  күшті  халық  қой. Халық  қолдаған  іс  анау-мынаудың  қастығымен  өшпейтінің  көзбен  көріп , қолмен  ұстағандай  болдық…  әуелі  құдайға  сеніп , екінші , құдайдан  соңғы  күшті  халыққа  сүйеніп , “Қазақ”  алдағы  жасына  аяқ  басты . Қайырлы  болсын!” — деп  жазды  /52/. Мұнда , “Қазақ”  газетінің  негізгі  сүйенері  халық  екендігі  ашық  айтылған . Олай  болса , газеттің  жалпыхалықтық-ұлттық  сипатта  болуы  заңдылық .

      Дегенмен , бір  қолдың  саусақтарымен  санап  шығуға  болатын  жылдар  аралығында  болып  өткен  қоғамдық  құбылыстар  тасқыны  “Қазақ”  газетінің  сипатын  өзгерте  алмағанымен , оның  бағыт  бағдарына , алдына 

қойған  міндеттеріне  түбегейлі  өзгерістер  енгізбей  қоймады . Уақыт  газет 

46

 

шығарушылардан  бұрын-соңды  еш  қазақ  кездесіп  көрмеген  мәселелерді  шешуді  талап  етті . Жер  мәселесінің  қазақ  үшін  өмірлік  маңызы  бар  мәселе  екендігін , 1916  жылы  қазақтан  солдат  алу  мәселесі  газеттің  өзекті  мәселесіне  айналды . Ал , 1917  жылдың  наурызынан  бастап  газеттің  бағыт-бағдары  түбірімен  өзгерді . Енді  ол  Алаш  ұлына:  “Азаттық  таңы  атты . Тілекке  құдай  жеткізді .Күні  кеше  құл  едік , енді  бүгін  теңелдік !” — деп   , ұрандап  комитет  құру , съез  шақыру  істеріне  кірісіп  кетті . Басқа  да  Ресей  халықтары  сияқты  құрылтай  жиналысына  көп  үміт  артып , оған  қатысатын  қазақ  депутаттарын  сайлау  жұмысымен  айналысты .  Баспахана  сатып  алып ,  келешекке  үлкен  үмітпен  қарады .

      Бірақ ,  “Қазақтың”  мұндай  шуақты  күндері  ұзаққа  бармады .  Сол  жылдың  күзінде  Ресейдің  орталығында  орын  алған  қазан  төңкерісі  “Қазақ”  газетінің  бағыт-бағдарына  кезекті  өзгерістер  енгізді . Енді  ол  өзінің  бар  күш  жігерін  большевизмге  қарсы    күреске  арнады .  Олардың  демагогиялық  желауыз  сөздерін  әшкерелеп , ұлтының  көзін  большевиктердің  тарапынан  төнген  қауіпке  жеткізуге  тырысты . “Аттан  Алаш  азаматы !” — деп  ұран  тастап ,   қазағына:  “Жауың —    большевик…  Ортақ  жау – большевикке  қарсы  жорыққа  аттану  кеудесінде  жаны , денесінде  бабалары  түріктің  қаны  болған  алаш  азаматына  парыз” — деп  ,  халықты  қазақ  жеріне  күштеп  орнатыла  бастаған  кеңес  өкіметіне  қарсы  күреске  ұйымдастыру  ісімен  айналысты .

      Міне  осылай , айналасы  бірнеше  жылдың  ішінде  ғана  қоғамда  болған  күрделі  саяси  өзгерістер  “Қазақ”  газетіне  өзінің  бағыт-бағдарына , алдына  қойған  мақсаттарына , Ұлт  мүддесінен  шығып , бірнеше  рет  түбегейлі  өзгерістер  енгізуге  мәжбүр  етті .

      Сонымен , “Қазақ”  газетінің  өзінің  объективті  негізі – қаражат  жағынан  да , атқарған  іс-әрекеттері  жағынан  да  жалпыұлттық  газет 

болғандығы , оның  қалыптасқан  әрбір  объективті  тарихи  жағдайдағы ,

47

 

нақты  бағыт-бағдары , алдына  қойған  мақсаттары  ұлт  мүддесінен  туындағаны  анық .

      Қайталанбайтын  деректердің  деректік  маңызы , олардан  алынатын  ақпараттың  ғылыми  құндылығы , сол  деректерді  жасаушы  субъектерге  тікелей  байланысты . Мерзімді  басылымдарда  субъектерге  редакторлар , авторлар , тілшілер  жатады . “Қазақ”  газетінің  бетінде , бес  жылдан  астам  уақытта , жүздеген  авторлардың  мақалалары  жарияланғанымен , оның  бастан  аяқ  негізгі  шығарушылары  және  тұрақты  авторлары  Ахмет  Байтұрсынұлы , Міржақып  Дулатұлы  және  Әлихан  Бөкейхановтар  болды  және  жинаққа  енген  материалдардың  53  процентке  жуығын  жазғандар  да  осылар .

      Бүгінгі  күні  — тәуелсіз  Қазақстанның  төл  тарихының  қалыптасу  кезеңінде , өз  бастауымызға  көз  салсақ , А. Байтұрсынұлының  тарих  туралы , әсіресе  тарих  ғылымының  аса  бір  күрделі  саласы , тарихи  деректану  ғылымы  туралы  айтқан  ойлары , пікірлері  өзінің  дәлдігімен , ғылыми  құндылығымен  ерекшеленетіндігін  байқауға  болады .

      Тарих   ғылымының  негізін  тарихи  деректер  құрайтындығын , деректерде  салынған  ақпараттарды  алып , ғылыми  еңбектерде  пайдалану  үшін  тарихи  деректану  ғылымның  қажеттілігін , “Шежіре , заман  хат , өмірбаян , мінездеме – бәрі  де  тарихтың  жемі  есебіндегі  нәрселер . Тарих  олардың  айтқанының  бәрін  ала  бермейді . Аударып , ақтарып  түрлі  жағынан  қарап , түрлі  мағлұматтармен  салыстырып , сипатталған  мағлұматтарды  ғана  алады” — деп ,  қарапайым  ғана  сөздермен , аса  маңызды  ғылыми  проблеманың  шешімін  түсіндіре  білді .

      “Қазақ”  газетінің  авторларының  жалпы  саны  200-ден  асады . Тек  жинақта  келтірілген  “Ашылмаған  бүркеншік  есімдер” — деген  тізімде  109  “Қазақ” авторларының  әлі  ғылымға  белгісіз бүркеншік  аттары көрсетілген.

 Солардың  бірі  мазмұндылығымен , ұлттық  мерзімді  басылым  беттерінде 

48

 

көтерген  мәселелерінің  маңыздылығымен , өзіне  еріксіз  көңіл  аудартқан  мақала  жазған , “Қазақ”  газетінің  2-ші  нөмірінен  бастап  бірнеше  нөмірлерінде (№№ 3,5,7,9) Қазақтың  тарихы” — деген  көлемді  де  қызықты  , танымдық  маңызы  жоғары  мақала  жариялаған  “Түрік  баласы”.  

      “Қазақ”  газеті  халықтың  рухани  және  ақшалай  қолдануымен  шыққан, ұлттық  сипаттағы  бейресми  басылым . Оның  негізін  қалаушылар  және  негізгі  авторлар  А. Байтұрсынов , Ә. Бөкейхан , М. Дулатов  және  басқалар  болды .            

 

     2.2.  “Қазақ”  газеті  мәліметтері – бірінші  дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  қазақ  қоғамы  өмірінің  дерегі

 

“Қазақ”  газеті  жарыққа  шыға  бастаған  1913  жылдың  әлем  халықтарының  тарихына  І-ші  дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  соңғы  бейбіт  жыл  ретінде  енгендігі  белгілі . Әрине  бұл  кездейсоқтық  болғанымен , ғылым  үшін  маңызы  зор  сәйкестік . Басқа  да  мемлекеттер  тарихы  тәрізді , Ресей  империясының  тарихында  да  1913  жыл , ел  өмірінің  белгілі  бір  кезеңінің  аяқталғанын  көрсетеді  ерекше  жыл  ретінде  тарихнамаға  енді . Кеңес  өкіметінің  ұзақ  жылдар  бойы , өздерінің  қол  жеткізген  табыстарын  1913  жылдың  көрсеткіштерімен  салыстыруы  соның  бір  дәлелі . Соғыс  өрті  қазақ  даласын  тікелей  1916  жылдың  жазында  шарпығанымен , қазақтардың  да  соғысушы  елдің  құрамындағы  халықтардың  бірі  болғандықтан , ол  әлемдік  оқиғадан  тыс  қала  алмағандығы , 1914  жылдың  күзіне  қарай  басталған  соғыстың , белгілі  бір  дәрежеде , Қазақстанға  да  өз  әсерін  тигізетіндігі  түсінікті . Демек , 1913  жыл  қазақтар  үшін  де  соңғы  бейбітшілік  жылы  болды  деп  айта  аламыз . Ал , соғыс  аяғы  неге  ұласқанын , қандай  қоғамдық  сілкіністер  мен  әлеуметтік  қақтығыстарға  әкеліп  соқтырғанын ,  қорытындысында             

49

Ресейдің , онымен  бірге  Қазақстанның  да , адамзаттың  жалпы  даму  жолынан  ауытқып , басқа  бағытта  кеткенін  ескерсек , онда  соңғы  бейбіт  жылғы  ел  өмірін  тереңірек  білудің  қажеттілігі  арта  түседі . Ол  бізге  басқалармен  бірге  ортақ  соқпақпен  қай  жерге  дейін  келгенімізді , адамзаттан  қай  тұста  бөлініп  қалғанымызды  айқындауға  көмектеседі.  “Қазақ”  газетін  алғашқы  әлемдік  соғыс  қарсаңындағы  еліміз  тарихының  дерек  көзі  ретінде  талдаудағы  мақсатымыз  да  осында .

      І-ші  дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  Қазақстан  тарихынан  мағлұмат  беретін , әр  түрлі  формада (ауызша , жазуша , фото , кино , дыбыс  т.б.), әр  түрлі  мақсатта  (ұлттық , топтық , таптық  т.т.)  пайда  болған  деректер  баршылық . Дегенмен , олaрдың  бәрі  бірдей  соңғы  уақытқа  дейін  ғылыми  айналымға  түскен  жоқ . Тек  солардың  бір  бөлігі  ғана , үстем  ұлттың  мүддесіне  сай , дәлірек  айтсақ , орыс  тілінде  дүниеге  келген  деректер  ғана , таптық  тұрғыдан  қаралып , кеңестік  тарихнамада  ғылыми  айналымға  молынан  тартылды .  

      Ал , екінші  бір  бөлігі , яғни  қазақ  тілінде  дүниеге  келген  ұлттық  деректеріміз  саналы  түрде  назардан  тыс  қалдырылды . Осындай ,  тарихты  тануды  кеңестік  өлшеміне  сай  келмегендіктен , өткенді  өлшеп-пішудің  большевиктік  қалпына  симағандықтан  тарих  дерегі  ретінде  пайдалануға  қатаң  тиым  салынған , төл  жәдігерлеріміздің  бірі  және  бірегейі  “Қазақ”  газеті  болды .

      Халық  өміріне  қатысты  тарихи  деректердің  көбі  соғыстарға  байланысты  пайда  болғандықтан , әр  алуан  соғыстар  тарихы  тереңірек  зерттеліп , ал  сол  халықтың  негізгі  тарихын  құрайтын  бейбіт  тіршілігі , күнделікті  қарапайым  жасампаздық  істері  зерттеуші  назарынан  тыс  қалып  қояды . Мұндай  тарихты  зерттеудегі  біржақтылық  қазақтарға  да  тән . Ол  туралы  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  “Тарих  толқынында”  деген  еңбегінде:  “Халқымыздың  тарихы – соғыстардың , 48                 

50

 

әскери  жеңістер  мен  жеңілістердің  ғана  тарихы  емес . Оның  қашаннан  да  жасампаздық  сипаты  бар . Мемлекет  құрып , оны  нығайту , қалалар  салу , керуен  жолдарын  тарту , ғылыми  трактаттар  жазу , төл  мәдениетін  қалыптастыру – бәрі-бәрі  де  жасампаздыққа  жатады”  — деп  жазды /53/.

      Біз  зерттеу  объектісі  ретінде  қарастырып  отырған  уақыттағы  халқымыздың  жасампаздық  істерінің  нақты  көрінісінің  бірі , әрі  дерегі  сол  “Қазақ”  газетінің  өзі . “Қазақ”  сияқты  қай  жағынан  қарасаң  да деңгейі  биік  мерзімді  басылым  шығарып  тұру , бір  жағынан , төл  мәдениетіміздің  дамуының  айқын  дәлелі  болса , екінші  жағынан , беттерінде  ел  өмірі  әр  түрлі  қырынан  бейнеленген  ұлттық  жазба  дерегіміздің  пайда  болуы  болып  табылады .  

      “Қазақстанның  ХХ ғасырдың  бас  кезіндегі  мәдениеті  мен  әдебиеті”  деген  топқа  1913  жылы  шыққан , осы  мәселелерге  арналған  18  мақала  енген . Оларда:  қазақ  халқының  соғыс  қарсаңындағы  мәдени  өмірі , ұлттық  ойын-сауықтары , салт-дәстүрі , әдебиеті , тілі , өнері-білімі  туралы  жазылған . Әсіресе , сол  жылдары дүниежүзілік  саясаттың  орталығына  айналған  Еуропа  туралы  мақалалар  көптеп  жарияланғанын  байқауға  болады . Құрамына  қазақтарды  қосып  алған  Ресей  мемлекетінің  тарихына, оның  басқа  елдермен  жасаған  байланыстарына , Балқан  соғысына  қатысты  19  арнайы  мақала  енген . Газеттің  жиырмадан  астам  нөмірінде  “Сыртқы  хабарлар” , 6 нөмірінде  “Соғыс  жайынан”  материалдар  басылған .

      “Қазақ”  газетінің  бірінші  күннен  бастап  ерекше  көңіл  бөліп , өз  бетінде  үздіксіз  көтерген  мәселесінің  бірі  оқу-ағарту , білім  беру , жалпы  халықтың  рухани  өмірі  туралы  мәселесі  болды  деп  айтуға  болады . Тек , 1913  жылы  ғана  апталықта  оқу-ағарту  ісі  бойынша  30-дан  астам 

арнаулы  мақалалар  басылған .Оқу  жайы  “Тілшілер  сөзінде” , “Ішкі  хабарларда”  айтылып  тұрған . Олар  да  маңызды  дерек  көзі  болып           51

 

табылады .

      Зерттеуші  Ө. Әбдіманов  газет  алдына  қойған  мақсаттарды  шартты  түрде:  саяси-әлеуметтік  мәселелер , шаруашылық-экономикалық  мәселелер  және  мәдени-ағартушылық  мәселелер  деп  үш  желіге  бөле  отырып:  “Газеттің  осы  мәселеге  қатысты  жарық  көрген  мақалаларын  негізінен  үш  публицист  жазып  және  дайындап  отырғаны  талассыз  шындық . Олар  Ахмет  Байтұрсынов , Міржақып  Дулатов , Әлихан  Бөкейханов . Қай-қайсысы  да  кез  келген  тақырыпқа  жаза  алар  хас  шеберлер  болғанымен  де Әлихан  көбінесе  саяси-экономикалық , Ахмет – мәдени  ағартушылық , Міржақып  әдебиет  пен  өнер  мәселелеріне  көбірек  барғаны  “Қазақ”  беттерін  ақтарғанда  көзге  айқын  түседі . “Қазақтағы”  көптеген  бас  мақалаларды  Ахмет  Байтұрсынов  жазған  және  бас  жазушы  ретінде  қандай  бір  мәселе  болмасын  өзіндік  пікірін , өзіндік  көзқарасын  білдіріп , газеттің  бағдар-бағытын  айқындап  отырған . Оның  кейінірек  “батысшылдық”  тобының  идеологы  атануы  себепші  болған  көбіне-көп  осы  “Қазақтағы”  мақалалары  арқылы  танылуы  болса  керек-ті” — дейді .

Иә , өмірдің  қай  саласынан  болмасын  қалам  тарта  білген  бұл  үш  арыстың  жазған  мақалаларының  өзіндік  ерекшеліктері  болғандығы  рас . Газет  материалдары  үшеуінің  ұлт  алдында  тұрған  өзекті  мәселелерге  көбіне  бірдей  көңіл  бөліп , газет  бетінде  көтере  білгендіктерін  де  білдіреді . Мысалы , қазақтың  мәңгі  уайымы  жер  мәселесі  “Қазақ”  газетінің  де  ең  өзекті  мәселесіне  айналған . Жерге  қатысты  мақалалардың  көбін  ғасыр  басындағы  осы  мәселенің  ел  таныған  маманы  Әлихан  Бөкейхан  жазған . Дегенмен , мәселенің  өте  маңыздылығына , өткір  қойылуына  байланысты  Ахмет  Байтұрсынұлы  сол  жылғы  газетке  “Қазақ  жерін  алу  турасындағы  низам” , “Жер  жалдау  жайында” , “Көшпелі  һәм  отырықшы  норма”  сияқты  мақалалар  жазды . Жер  мәселесі  Міржақып  Дулатұлының  “Земство  не  нәрсе”  атты  мақалалар  сериясында  да                   

52

 

айтылған . Газет  шыға  бастаған  бірінші  жылы  қазақ  зиялыларының  арасында  қызу  талас  тудырған  бас  қосып , съез  өткізу  мәселесі  туралы  да  үшеуі  бірдей  арнайы  мақалалар  жазған . Апталық  бетінде  жарияланған  басқа  да  мақалалар  сияқты , бірінші  дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  қазақтардың  саяси-әлеуметтік , экономикалық  және  мәдени  өмірі  туралы  мақалалардың  да  көпшілігін  сол  үш  публицист  жазған . Бұл  жағдай  бір  жағынан , зерттеу  объектісіне  қатысты  газет  материалдарының  шынайылық  дәрежесінің  жоғары  екендігін  көрсетсе , екінші  жағынан , неліктен  мақалалардың  көбін  үш-ақ  адам  жазған? – деген  сұрақ  тудырмай  қоймайды .

      Оның  ең  басты  объективті  себебі , басқарма  халықтан  газетке  мақала  жазып  тұруды  қаншама  өтінгенімен , жалпы  жұрттың  газетке  мақала  жазатындай  білім  дәрежесінің , сауаттылығының  болмауы . Сонымен  қатар, оның  бірнеше  субъективті  себептері  бар . Біріншіден, халық  арасында  еңбек  етіп  жүрген  оқығандарымыздың  бойындағы  қазаққа  тән  енжарлық  пен  жалқаулық , оларға  ел  хабарын  айтып  газетке  хат  жазып  отыруға  кедергі  болған  сияқты .

      Екіншіден , басқарма  тарапынан  газетке  хабар  жазушыларға  бірінші  күннен  бастап  қойылған  қатаң  талап , көптеген  авторлардың  мақалаларының  газет  бетінен  орын  алуына  кедергі  болған  сияқты .

Үшіншіден , апталыққа  мақала  жазып  тұруға  мүмкіндігі  бар  хат  білетін  аталарымыздың  бір  бөлігі  хатты  басқармаға  емес , басқарманың  үстінен  басқаларға  жазып  тұрған . Дәлірек  айтсақ , олар  газет  шығарушылардың  үстінен  тиісті  орындарға  арыз  жазумен  айналысқан . Ол , әрине , газет  ісіне  өз  зиянын  тигізбей  қойған  жоқ .  Басқарма  газет  шығарумен  қатар  өз  аттарына  айтылған  өтірік , өсек , жаламен  де  күресуге  мәжбүр  болды .  Дүниеде  екі  әділ  сыншы  бар:  халық  һәм  тарих. Бұл  екеуі  де  кімнің  қайда  жүргенің  тексермейді , кімнің  не істегенің  тексереді , мұны 

53

 

 

ұмытпасқа  керек” — деп  жазса , кейінірек  Міржақып  Дулатұлы  өз  жақындарынан  көрген  қорлығы  туралы:  “Жәбірді  жаудан  көргеніміз  жоқ  жақыннан  көрдік . Бізге  ең  қиын  жанымызға  батқаны  жаудың  жақыннан  шыққаны  болды”  — деп  жазды . Осындай  және  басқа  да  себептер  басқарма  мүшелеріне   газет  шығару  ісін  негізінен  өз  қолына  алуға  мәжбүр  етті .

      Бұл  газет  шығаруға  өз  үлестерін  қосқан  басқа  да  ондаған  Алаш  азаматтарының  еңбектерін  жоққа  шығарғандық  емес , “Қазақ”  солардың  арқасында  толық  қанды  ұлттық  басылымға  айналды . Дегенмен , ошақтың  үш  пұтындай  “Қазақтың”  негізгі  үш  тірегі  Әлихан  Бөкейхан , Ахмет  Байтұрсынұлы  және  Міржақып  Дулатұлының  болғандығы  тарихи  шындық .

      Сонымен  қатар  ерекше  көңіл  аударатын  тағы  бір  нәрсе , ол  Абай  шығармашылығының  газет  авторларына , солар  арқылы  газет  мазмұнына  тигізген  оңды  ықпалы , үлкен  әсері .  Абай  даналығының  “Қазақ”  газетіне, оның  тіліне , сөзіне  мазмұнына  тигізген  әсері  арнайы  тақырып  ретінде  зерттеуді  қажет  ететін  күрделі  проблемалардың  бірі .

      ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамын  өз  шығармаларында  Абайдай  дәл  бейнелеп , қалың  елі  қазағының  өмір-салтын , тұрмыс-тіршілігін , бар  бітім  болмысын  Абайдай  дәл  суреттей  білген  адам  кемде  кем . “Қазақ”  газетінің  “әсерлі  анық  сөздері”  туралы  Мұхтар  Әуезов:  “Сол  уақыттарда  “Қазақ”  газетінің  бетінен  анда-санда  оқып  отырған  әсерлі  анық  сөздер  қауіптің  пішінің  айқын  қылып  көрсетіп , мектeптегі  жас  балалардың  сезімін  түзу  жолға  беттеткендей  болушы  еді . Жас  буынның  жаңа  туып  келе  жатқан  әлсіз  ойын  “жол  мұндалап” , жетегіне  алып  бара  жатқандай  байқалушы  еді”  — дейді .

      Демек  ,  Абай  туындылары  мен  “Қазақ”  газетінің  басты  ортақ  қасиеттері  екеуінің  де  қазақ  өмірі  туралы  ақиқатты  анық  айта 

54

 

білгендері,  олардың  ел  тарихының  дерегі  ретіндегі  маңыздылығы , шынайылық  дәрежелерінің  жоғарылығы  және  өзара  үндестігі . Кезінде  Абайды  ойландырған , ақын  жанын  күйзелткен   мәселелердің  көбі  “Қазақ”  газетінің  де  өзекті  мәселелеріне  айналды . Абай  сынына  ұшыраған  қазақ  қоғамынан  орын  алған  келеңсіз  көріністер  апталық  беттерінде  де  сыналды .

      “Қазақ”  газетінің  материалдарының   деректік  маңызына , ондағы  ақпараттардың  шынайылық  дәрежесіне  әсер  еткен  факторлардың  тағы   бірі , апталықтың  рухани  қайнарының  бастауын  Абайдан  алуы  деп  айта  аламыз . Екіншіден , газетті  шығарушылар  Абайдан  тек  рухани  нәр  алып  қана  қойған  жоқ , сонымен  қатар , олар  газетте  Абай  шығармашылығына  арналған  мақалалар  жариялау  арқылы  абайтану  ғылымының  қалыптасуына  да  өз  үлестерін  қосты . Газет  редакторының:  “Абайды  қолымыздан  келгенше  қадірлі  жұртқа  таныту  үшін  мұнан  былай  кейбір  өнегелі , өрнекті  сөздерін  газетаға  басып , көпке  көрсетпекшіміз”  /54/ —  деген  сөздерін  орындап  “Қазақты”  екінші  Абай  мектебіне  айналдырды . Осылай  газет  арқылы  Алаш  зиялылары  Абай  ісін  әрі  жалғастырды .

      Дегенмен , ескертетін  бір  жағдай , ол  Абай  мен  оның  ісін  жалғастырушылардың  мақсат-мүдделері , арман  тілектері  бір  болғанымен , олардың  өмір  сүріп , өз  туындыларын  дүниеге  әкелген  орталары  мен  қолданған  күрес  тәсілдерінің  бөлек  болғандығы . Ал , оның  ізбасарларының  Абаймен  заманы  бір  болғанымен  өскен  орталарының  басқа  болғандығы  тарихтан  белгілі . Сондықтан  олардың  таңдаған  күрес  жолдары  да  басқаша  болды . Олардың  біразы  империя  орталығында  білім  алып , сонда  саяси  қозғалыстарға  қатысса , біразы  басқа  қалаларда  өсіп  жетілді , 1905-1907  жылдардағы  саяси  толқуларға  араласып , күрескерлер  ретінде  қалыптасты , абақтыларда  шыңдалды .  Мұның  бәрі  оларды  сол  кездегі  күрестің  өркениетті  елдерге  тән  түріне – газет   шығаруға  алып 

55

 

келді . Бұл  тәсіл  көп  ұзамай-ақ  өзінің  тиімді  тәсіл  екендігін  іс  жүзінде  көрсетті . Осылай , Алаш  ардагерлері  Абай  ісін  жаңа  жағдайда  жалғастырып , жаңа  деңгейге  көтере  білді .

      Баспасөздің  ұлт   мүддесі  үшін  күресте  пайдалы  да  тиімді  екендігін  мына  фактілерден  де  байқауға  болады . Егер , Ахмет  Байтұрсынұлы  өзінің  Абай  өлеңдерімен  тек  1903  жылы  ғана  танысқандығын  айта  келе:  “Ақмоламен  сыбайлас  Торғай  облысында  Абайды  білетін  адам  кем , тіпті  жоқ  деп  айтсақта  боларлық . Олай  болуы  сөзі  басылмағандықтан , Абайдың  сөздері  кітап  болып  басылып  шыққанша  Абайдың  аты  да , сөзі  де  Торғай  облысында  естілмеуші  еді”  /55/ — десе ,  “Қазақ”  газетінің  бірге  толып  екіге  аяқ  басуына  арнап  жазған  мақаласында:  “Дүниеге  шығып  көрінуі  мұң-ақ  екен , жұрт  жабылып  көтермелеп  кетті . Сондықтан  бастауға  себепкер  біздер  болсақ  та , жүргізуге  себепкер  болған  жұртқа  кірген  саңылау  һәм  сана , яғни  ішіндегі  саңлаулы , саналы  адамдар .  Жұрт  азаматтарының  бірсыпыралары  пұл  жағынан , бірсыпыралары  қалам  мен  білім  жағынан , бірсыпыралары  екі  жағынан  да  жәрдем  етті , баршаларына  жұрттың  тілі  болып , тұрған  “Қазақ”  атынан  тәңір  жарылқасын  айтасыз !”  — деп , Абайды  да , “Қазақты”  да ,  жұртқа  танытқан  баспасөз  екендігін  атап  айтты . Бұл  мысалдар  баспасөз  құдіретінің  айқын  дәлелі .

      Газеттің  1913  жылдың  басынан  бастап  шыға  бастауы  оны , өзінің  еркінен  тыс , бірінші  әлемдік  соғыс  қарсаңындағы  соңғы  бейбіт  жылғы  қазақтардың  саяси-әлеуметтік , экономикалық  және  мәдени  өмірінің  құнды  дерегіне  айналдырды . Сол  жылғы  апталық  бетінде  жарияланған  материалдарға  талдау  жасау , оның  мынадай  деректік  ерекшеліктері  болғандығын  көрсетеді:

      Біріншіден , газетте  басылған  мақалалар  ел  өмірінің  барлық  жағын 

дерлік  қамтыған .  Сондықтан , зерттеушілер  олардан  ұлтымыздың  

56

 

аласапыран   алдындағы  бейбіт  өміріне , күнделікті  тұрмыс-тіршілігіне  қатысты  өздерін  қызықтыратын  мағлұматтар  ала  алады .

      Екіншіден , газетте  жарияланған  мақалалардың  басым  бөлігін , ел  жағдайының  терең  білгірлері , халқымыздың  ойлары  озық , қаламдары  жүйрік  азаматтары  Әлихан  Бөкейхан , Ахмет  Байтұрсынұлы  және  Міржақып  Дулатұлы  үшеуінің  жазғандығы . Бұл  фактордың  газет  материалдарының  тарихи  дерек  ретіндегі  шынайылық   дәрежесінің  жоғары  болуына  әсер  ететін  негізгі  фактор  болғандығы .

      Үшіншіден , Абай  шығармашылығының , Абай  даналығының  газеттің  негізгі  авторларына , солар  арқылы  газетке  тигізген  оңды  ықпалы . Абай  ісі , Абай  ойы  мен  тілінің , газет  ісі , газет  ойы , газет  тілімен  сәйкестігі .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

57

 

 

 

 Қорытынды

 

      Сонымен ,   ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  қоғамда  болған  әлеуметтік  өзгерістер  мен  саяси  қақтығыстар  қазақ  даласына  да  өз  әсерін  тигізбей  қойған  жоқ . Уақыт  тарих  сахнасына  ұлт  бостандығы  жолындағы  күресте  жаңа  буын  өкілдерін — әр  тектілерден  шыққан  ұлт  зиялыларын  шығарды . Заман талабына  сай , жан-жақты  білім  алған  зиялыларымыздың  бір  тобы  қалыптасқан  тарихи  жағдайда  ұлт  мүддесін  қорғау  үшін  газет  шығарудың  қажеттігін  жақсы  түсінді . Нәтижесінде , 1907  жылдың  наурызынан  бастап  қазан  төңкерісіне  дейін  қазақ  зиялыларының    ұйымдастыруымен  бірнеше  ұлттық-бейресми  басылымдар  дүниеге  келді .

      Қазақ  зиялыларының  газет  шығару  ісіндегі  алғашқы  қадамдары  сәтсіз  аяқталғанымен , ұлт  мақтанышына  айналып , атадан  балаға  асыл  мұра  болып  қалатын , ұлт  мүддесі  үшін  күресте  әлі  бірде-бір  қазақ  басылымы  атқарып  көрмеген  істер  атқарған  басылымдар  да  сол  жылдары  пайда  болды . Осылай , әзірге  адамзатқа  белгілі  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  тұңғышы – мерзімді  басылымдардың , бір-біріне  қарама-қарсы  мақсаттағы  әлеуметтік  топтардың  саналы  іс-әрекеттерінің  нәтижесінде  пайда  болғанымен , бүгінгі  күні  бәрі  де  қазақ  тарихының  құнды  дерек  көзіне  айналып  отыр .

      Сонымен ,  егер  алғашқы  қазақ  тіліндегі  ресми  газеттердің  дүниеге  келуінің  басты  себебі , қазақ  жерін  одан  әрі  отарлаудың  күшейтілуі  болса , ұлттық-бейресми  басылымдардың  дүниеге  келуінің  басты  себебі , керісінше , сол  отарлаушылыққа  қарсы  күрестің  нәтижесі  болды . Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  басылымдарының  деректік  ерекшелігі  де  осыдан  туындайды .

Қазан  төңкерісіне  дейін  елімізде  оннан  аса  ұлттық-бейресми  басылымдар 

58

 

жарық  көрді . Олар  негізінен  екі  түрлі  тарихи  жағдайда  шығып  тұрды . Егер , “Қазақ  газеті” , “Серке” , “Қазақстан” , “Қазақ” , “Алаш”  газеттерімен  “Айқап”  журналы  патшалық  самодержавие  тұсында  шықса , “Бірлік  туы”, “Сарыарқа” , “Ұран”  және  “Тіршілік”  газеттері  Уақытша  үкімет  тұсында , демек , біршама  демократиялық  өзгерістер  кезеңінде  дүниеге  келді . Бұл  объективті  жағдай  басылымдар  мазмұнына  ғана  емес ,  олардың  тағдырына  да  әсер  етті .

      Ресми  орындардың  рұқсатымен  шығып  тұрғанымен  ұлттық  басылымдардың  әрбір  саны  қатаң  тексеріліп  отырды . Басылым  тек  бекітілген  бағдарлама  бойынша  ғана  шығуға  тиіс  болды .

      Ұлттық  басылымдардың  сипатына , бағыт  бағдарына , демек  оларда  салынған  ақпараттардың  мазмұнына  әсер  еткен  факторлардың  бірі – қаражат  көзі . Қазан  төңкерісіне  дейін  шыққан  бейресми  басылымдардың  бәрі  де    жеке  адамның , немесе  бір  әлеуметтік  топтың  қаражатына  емес , нақты  басылымдарды  жаздырып  алушылардың , ауқатты  азаматтардың  берген  көмегінің  және  жарнамалардан  түскен  ақшаның  негізінде  шығып  тұрған . Сондықтан  олар  ұлттық  сипат  алды . “Қазақстан”  журналы  мен  “Айқап”  журналы  сол  қаражаттың  жетіспеуінен  жабылып  қалды . Бұл  факт  ұзақ жылдар  бойы  кеңестік  тарихнамада  жазылып  келген  “Айқап”  пен  “Қазақтың”  айтысына  таптық-антагонистік  сипат  беру  әрекетінің  ойдан  шығарылған  негізсіз  әрекет  екендігін  және  “Айқап”  журналы  “Қазақ”  газетінің  қастандық  әрекетінен  жабылып  қалды  деген  тұжырымның  шындыққа  сай   келмейтіндігін  дәлелдейді .

      “Қазақ”  газетінің  тарих  дерегі  ретіндегі  тағы  бір  ерекшелігі , одан  алынған  мағлұматтардың  жан-жақтылығы , ел  өмірінің  барлық  салалары  туралы  толық  мәлімет  бере  алуы  және  олардың  шынайылық  дәрежесінің  жоғарылығы . Мысалы , газеттің  әлем  халықтары  тарихында  болып  өткен 

бірінші  дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  жылы  дүниеге  келуі , оны 

59

 

қазақ  халқының  соңғы  бейбіт  жылғы  өмірінің , тұрмыс-тіршілігінің , қоғамдық  қарым-қатынастарының   жазба  дерегіне  айналдырды .

      Ұлттық  басылымдар  тарихының  жаңа  кезеңі  ақпан  революциясымен  тікелей  байланысты  болды . Патша  өкіметінің  құлатылуы  қазақ  тілінде  жаңа  газеттер  шығаруға  мүмкіндік  берді .

      Сонымен , ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  тілінде  жарық  көрген  мерзімді  басылымдар , отан  тарихының  аса  бір  күрделі  кезеңін  жазба  дерегін  құрайды . Дегенмен , басқа  деректер  сияқты, олар  да  өздерін  деректанулық  “сыннан”  өткізуді  қажет  етеді . Басылымдардың  өздеріне  ғана  тән  ерекшеліктерін  ескеріп , әр  түрлі  тәсілдерді  пайдалану  арқылы  жүргізілген  деректанулық  талдау , олардан  шынайылық  дәрежесі  мен  ғылыми  құндылығы  жоғары  мәліметтер  алуға  мүмкіндік  береді .

      Жалпы , қазақ  баспасөзін  тарихи  дерек  көзі  ретінде  әр  түрлі  бағытта  қарастыру  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  халқының  тарихын  жан-жақты  зерттеуге , оның  әлі  де  ғылымға  белгісіз  жақтарын  ашуға  мүмкіндік  береді  деп  ойлаймын . Оған  қажетті  материалдар  ұлттық  басылымдарда  жеткілікті . Мысалы , ғасыр  басындағы  қазақ  өмірінде  көріне  бастаған  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  қатынастардың , қазіргі  тілмен  айтсақ , нарықтық  қатынастардың  ел  арасына  енуі  мен  даму  жолдары  тек  баспасөз  деректерінің  негізінде  ғана  толық  ашылып  көрсетілуі  және  объективті  зерттелуі  мүмкін .    

      Ә. Бөкейхан , А. Байтұрсынұлы , М. Дулатұлы  бастаған  ондаған  авторлар  өз  ұлтының  тарихы  туралы  жазып , жалпы  тарих  ғылымы  туралы  көзқарастарын  білдірген . Олардың  баспасөз  бетінде  қалдырған  тарихқа  қатысты  мол мұраларына  тарихнамалық  талдау  жасау  тарих  ғылымын  байыта  түсер  еді  деп  ойлаймын .  

 

60

 

 

                  Пайдаланылған  деректер  мен  сілтемелер  тізімі

 

 

  1. Ключевский В.О.  Сочинения  в  девяти  томах.  Т.VII. М.: Мысль,      1989. С.6.
  2. Сонда.
  3. Атабаев Қ.  Мерзімді  басылым  ХІХ ғасырдың  аяғы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде. Алматы: “Қазақ университеті”, 1998. 195 б. (15-21).
  4. Сонда. Б. 21-27. 
  5. Сонда. (27-35).
  6.  Омарбеков Т.  20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы: Санат. 1997. 320 б.
  7.  Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі(1870-1918). Алматы: “Қазақ университеті” 2000. 358 б.
  8.  Сыздықов С.М.,  Айдаров Ғ.  Орхон жырлары – тарихи дерек.  Алматы: 1991. 78 б.
  9.  Ирмуханов Б.Б.  Прошлое Казахстана в письменных источниках. Алматы: Өлке, 1998. 370 с.
  10.  “Қазақтың” жабылуы… //Бірлік туы. 1918. 20(7) февраль. № 22.
  11.  Нұрпейісов К.  Алаш һәм … Б.22.
  12.  Мақалалар.
  13.  “Қазақ” газеті. Жинақ. Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы. 1998. 560 б.
  14.  Сақов Қ.Ө. “Қазақ” газетіндегі ұлттық-саяси мәселелердің жазылуы. Ф.ғ.к.дисс. автореф.  Алматы, 1998. 26 б.
  15.  Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. 296 б. (162-165)
  16. Шонанұлы Т.  Жер тағдыры – ел тағдыры. Алматы: Санат, 1995. 224-б.
  17. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы: Атамұра, 1993. 128-б.
  18. Ахмедов Ғ.  Алаш  “Алаш” болғанда. Алматы:  Жалын, 1996. 224-б.
  19. Құл-Мұхаммед М.  Алаш ардагері.  Алматы:  Жеті жарғы,  1996. 224-б.
  20. Өзбекұлы С.  Арыстары алаштық. Алматы:  Жеті жарғы, 1998, 192-б.
  21. Қалиұлы Ж.  Мамания.  Алматы:  Атамұра,  1999.  272-б.
  22. Субханбердина Ү. Қазақ  баспасөзі  тарихынан  // “Айқап” . Жинақ. – Алматы , 1995. Б.6.
  1. Беннигсен А., Лемерсье-Келькежей Ш. Қазақ баспасөзі // Қазақстан  коммунисі , 1991. № 10. 72-77бб.

 

61

 

 

 

  1. “Қазақ”. № 28.
  2. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің  даму  жолдары . Алматы. 1964.  Б.68.  Первая  казахская  газета  “Дала  уалаяты” (1888-1902). Автореф. канд. дисс. Алма-Ата. 1949. С.13.
  3. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф. Қазақ  журналистикасының  тарихы (1870-1995). Б.31.
  4. Әбдіманов Ө. Қазақ газеті. Б.24.
  5. Беннигсен А., Лемерсье-Келькежей Ш. Қазақ баспасөзі  // Қазақстан  коммунисі. 1991.  № 10. 74 б.
  6. Сонда.
  7. Боранғалиұлы Т. Ел атауына  ақ  жол  тілеген  // Егемен  Қазақстан, 1997. 19 қараша.
  8. Тайшыбай З. Қазақтың қазақтан  басқа  досы  жоқ  // Орталық  Қазақстан. 1992, 9 мамыр.
  9. “Қазақ”, 1917 жыл, № 239.
  10. Дулатұлы М. Баспасөз үмесі // Еңбекші  қазақ, 1923, 5 мамыр.
  11. Исақанұлы Д. Барлық мүддеден жоғары  // Ақиқат, 1999. № 2. 37б.
  12. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф., Көрсетілген  еңбек. 32б
  13. “Айқап”. Жинақ. Алматы, 1985. Б.20.
  14. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991.37б
  15. Боранғалиұлы Т // Егемен  Қазақстан,  1997, 19 қараша
  16. Субханбердина Ү. “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Алматы. ҚР, Орталық ғылыми кітапхана, 1999. 834 б. Б.5.
  17. Нығметов Е. “Қазақстан” газеті. //Білім және еңбек. 1964. №5.
  18. Өзбекұлы С. Арыстары алаштың: тарихи очерктер. Алматы: Жеті жарғы. 1998. 192 бет. (52).
  19. Субханбердина Ү. Қазақ халқының атамұралары. Б. 62.
  20. “Қазақ” газеті. Жинақ. 1998. Б.16.
  21. Назарбаев Н. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын //Егемен Қазақстан. 1998,15 қаңтар.
  22. Не екен ойландырған арыстарды? // Ақиқат, 1998, № 4, Б.78.
  23. “Қазақ”, 1993, № 266.
  24. М.Д. (Дулатов М.) “Айқап” журналы //Қазақ, 1914, № 51, 21 февраль.                                  
  1.   “Қазақ”,   1913, № 1.
  2.   Дулатов М.  Қазақ баспаханасы  //Қазақ,  1917.  № 239.
  3.  “Қазақ” газеті.  Жинақ.  Б.421.
  4.   Сақов Қ. “Қазақ” — өзін-өзі қаржыландырған газет //КазМУ хабаршысы.  Журналистика сериясы.  1998.  № 2.  Б.37.

 

62

 

 

 

  1.   “Қазақ” 1915. № 101.
  2.  Назарбаев Н.  Тарих толқынында.  Б.163.
  3.  “Қазақ” газеті.  Жинақ.  Б.75.
  4.  А.Б. Қазақтың бас ақыны.  “Қазақ” газеті.  Жинақ.  71 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

63