Ұлттық идея қалыптасуының рухани — әлеуметтік негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………..………..4
- I. Ұлттық идея қалыптасуы және әлемдік тәжірибе………7
1.1 Ұлттық идея ұғымы, оның мәні мен маңызы…………………………………….7
1.2 Әлемдік тәжірибедегі ұлттық идеяның қалыптасу ерекшеліктері……….14
1.3 «Азаттық», «Намыс», «Атамекен» идеялары – қазақ ұлттық идеясының
прототипі………………………………………………………………………………………….25
- Тәуелсіз елдегі ұлттық идеяның қалыптасуы мен
дамуының басты шарттары……………………………………………………28
2.1 Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі (мәдени – рухани, дәстүрлі құндылықтар)……………………………………………………………………………28
2.2 Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясын жаңғыртудағы әлеуметтік – экономикалық басымдықтар………………………………………………………………38
2.3 Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына ықпалы…………………………………………………………………………………………………..44
Қорытынды………………………………………………………………….53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….……………55
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл Зерттеу жұмысында ұлтты ұйыстырушы ұлттық идеяның мән – мағынасы айшықтала отырып және әлемдік тәжірибемен қатар Қазақ ұлттық идеясын қалыптастырудағы рухани – мәдени құндылықтар қайта қаралып, мәдениеттанулық талдау жасалады сонымен қатар қазіргі әлеуметтік – экономикалық басымдықтарға баса назар аударылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихы сонау мыңдаған жылдардан бастауын алатын мың өліп мың тірілген қазақ халқы егемендігін алып, етек жеңін жиып, дүниежүзілік қауымдастық мүшесі болып, өзіндік құндылықтарын қайта қарап, XXI ғасыр нарықтық экономикалық қоғамға қадам басуда. Осы жолда тарих тезінен еленіп, елдің еңсесін көтеруші, ұлттың ұлы мұраты болған ұлттық идеяның рөлі өте маңызды орын алады. Ұлттық идея ұлттың қарыштап даму жолында алға қойған мақсат – мұраты. Ал, қазіргі ақпараттық, нарықтық қоғамда ұлттық идеяны қайта қалыптастыру қиынның қиыны.
Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби: «Өткен тарихыңды білмей келешекке дұрыс қадам баса алмайсың» – дегендей, қандай – да болмасын мемлекеттің және ұлттың идеясын жасау үшін оның басынан өткерген қиын – қыстау, қибалаң тарихы бойындағы сан мыңжылдар бойы қалыптасқан негізгі ерекшеліктері мен өзіндік құндылықтарынсыз елестету мүмкін емес. Сол сияқты бүгінгі таңда да Қазақстанда ұлттық идеяны қалыптастыруда халқымыздың сонау ғасырлар елегінен өтіп, айдар тағылған өзіндік мәдени – философиялық, рухани — әлеуметтік ерекшеліктерін негізге алу қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін өміріміздің түрлі саласында болып жатқан өзгерістер мазмұны жағынан да, түр сипаты жағынан да жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастырудың асқан қажеттілігін аңғартып отыр. Ендігі жерде барлығын жан – жақты ой – сана елегінен жаңаша өткізіп, жаңаша қабылдауымыз керек. Қазақстан Республикасында мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан рухани мәдени шараларға қатысты ұлттық мәдениетпен дәстүрдің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылып отыр. Оған Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу – бұл әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, қарым – қатынасты, мәдениетті… дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», — деген сөзі идеяның бірден – бір айғағы [1].
Алайда нақ бүгінде, жаһандану жағдайында Қазақстанның ұлттық идеясын ұсыну қажеттігі мемлекет пен қоғамның алдында тұрған бұрынғыдан да өзекті мәселеге айналып отыр. Ұлттық идея елді және бүкіл қоғамды жұмылдырушы фактор болуы тиіс. Ол Қазақстанның жаһандық дүниеге лайықты кірігіп, жаһандық күрделі процестерге оңтайлы қатысуына жағдай жасауы керек. Ұлттық идеяны іске асыру бүкіл қоғам мен әрбір Қазақстандықтың игілігі тұрғысынан еліміздің одан әрі өскелеңдікпен дамуын қаматамасыз ету үшін жаһанданудың осы заманғы сынақтарына пара – пар жауапқа айналуы тиіс. Түптеп келгенде, ұлттық идея Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында қадап айтылған, сипаттары жан – жақты тұжырымдалған қоғамды құру ісіне қызмет етуі керек.
Ұлттық идеяның қажеттілігі жаһандану жағдайындағы мемлекет пен қоғамның алдында тұрған бірқатар міндеттерден туындайды:
Қоғамды топтастыру міндеті; Қазақстан үшін – қазақстандық қоғамды этностық емес, біз азаматтық қауымдастық деп түсінетін біртұтас ұлтқа топтастыру міндеті. Қазіргі кезде Қазақстанда ондай бірыңғай, біртұтас ұлт әлі жоқ. Қазақстандықтардың өмірлік бағдарлануының анықталмауына себеп болатын және соны туындататын бірқатар жағдайлар бар. Қазақстан азаматтарының этностық, саяси, діни сана сезімі тым әрқилы. Қазақстандықтардың құндылықтыр жағынан бағдарлануы айшықты емес және бұл тұрғыдағы топтасушылығы әлсіз. Ал құндылықтар бірқатар жанама жәйттар арқылы әлеуметтк мінез – құлық моделіне айналатындықтын, біздің азаматтардың әлеуметтік құлшыныстыры түрлі арнада жүреді, олардың бұл тұрғыдағы бірігушілігі де некен — саяқ.
Қазіргі жағдайда топтасуға этностық өзін — өзі біріздендіру де көмектеспейді. Көп ретте ол өткенді алға тартады, бірақ та, өткеннің қаншалықты құнды болғанына қарамастан, жаңа нақтылықтар мен жаңа міндеттерге негізделген біріздендіруден өтпесе, оның өзі осы заманғы сынақтар алдында дәрменсіздік танытады.
Демек, ұлттық идея ұлтты топтастырудың осындай көпқырлы міндетін шешуге қабілетті болуы керек, ол мақсаттар мен құндылықтардың екіұштылығын жойып, біртұтас қоғамдық сананың қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс. Ұлттық идеяның қоғамды сапалық тұрғыдағы секіріске, Қазақстан бастан кешіп отырған қазіргі саяси – экономикалық жағдайлардан қарыштап өтуге жұмылдырудағы рөлінің мәні де еш кем емес. Президент Жолдауына өзек болып тартылған, онсыз Қазақсатн дамыған елдер қатарына шыға алмайтын жедел жаңару ұлттың топтасуын ғана емес, сонымен бірге мұндай жаңарудың стратегиясын талдап жасауды, мақсатқа жету үшін қажет болатын жолдың айқын түсінілуін талап етеді.
Бұл тұрғыда да ұлттық идея қоғамды жұмылдыруға әрі осы жолдың бағытын көрсетуге, Қазақстанның даму арнасын белгілеуге тиіс және оның бұған қабілетті екендігі дау тудырмайды.
Азаматтық теңдік және мәдени саналуандық қағидаттарына негізделіп құрылған бірыңғай Қазақстан ұлтын қалыптастыру мәселелерінде ұлттық идеяның рөліне баға жетпейді. Демек, ұлттық идеяны қалыптастыру қажеттілігін қазіргі кезде Қазақстанның алдында тұрған бірқатар міндеттер туындатып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгіигі күні ұлттық идеяны қалыптастыру Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен мемлекет болғаннан бері жүріп жатқан ұлтаралық процестер мен бірлікте қарастырылып келеді. Және де бұл мәселе қоғам өмірінің бар саласымен тығыз ықпалдасатындықтан, саясаттанушылардың, мәдениеттанушылардың, философтардың, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың және басқа да қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысанына айналып отыр. Бұл зерттеулердің нәтижелерін бір жүйеге келтіру арқылы ғана ұлттық идеяның қалыптасуы мен даму процесіне кешенді зерттеу жүргізуге болады.
Елімізде қазірде ұлттық идеяның қалыптасуына атсалысып жүрген ғалымдарымызды атап өтетін болсақ: А.Айталы, Ә.Нысанбаев, А.Сейдімбек, Д.Кішібеков, Т.Ғабитов, Ә.Ғали, Ж.Молдабеков, А.Шәріп, Б.Г.Аяғанов, К.Н.Бұрханов, С.А.Дьяченко, И.Н.Тасмағамбетов, Т.С.Сәрсенбаев, Л.И.Кармазина, Р.Қ.Қадыржанов, С.З.Нарматовтар.
Ұлттық идеяны қалыптастырудың әлемдік саяси – мәдени тәжірибедегі тұжырымдары С.И.Абдулпаттаев, Қ.Е.Көшербаев, Б.А.Майлыбаев, А.Орлов, Э.Паин, К.Л.Сыроежкин, Т.Н.Ушанова сынды зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеудің нысаны ретінде ұлттық идеяның мәні мен маңызы, оның қазақ тарихы бойында қалыптасуы және қазіргі кезде орнығуына мәдениеттанулық талдау жасалады.
Зерттеудің пәні. Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық идеяны қалыптастырудың негізгі өзектілігі мен қажеттілігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ мәдениетінде ұлттық идеяның қалыптасуының түпқайнарларын айқындап, даму арналарын ашып анықтауды және соның барысында сатылық, сапалық өзгерістерді жан – жақты пайымдап парықтауды мақсат етіп, межелеген аталмыш еңбектің алдына соған сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
- Ұлттық идеяға түсініктеме бере отырып, әлемдік елдердегі ұлттық идеяның қалыптасуынан тәжірибе алу;
- Қазақ менталитетіне ғана тән қазақ тарихындағы ұлттық идеяның негізгі прототипі болған «Азаттық», «Намыс», «Атамекен» идеяларына жеке – жеке мәдениеттанулық талдау жасай отырып, оны қазіргі қоғамға сай ете отырып жаңғырту;
- Жаһандану үрдісіне байланысты жойылудың аз – ақ алдында тұрған ұлттық идеяның негізгі өзегі болған ұлттық құндылықтарымызды қайта қарау;
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен (алты бөлімшеден), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломның жалпы көлемі 57 бетті құрайды.
- Ұлттық идея қалыптасуы және әлемдік тәжірибе
- Ұлттық идея ұғымы, оның мәні мен маңызы
Ұлттық идея ұғымын ашудан бұрын, біз ең әуелі ұлт мәселесіне тереңінен талдау жасап, содан соң сол ұлтты ұйыстырушы идеяға тоқталайық.
Әрбір халықтың өзін өзгеден айрықшалайтын дара мүсінін, дербес мінезі мен мәдениетін танып – түйсінуі ең әуелі этникалық төркін – тамырын бажалаудан бастау алатыны белгілі. Жер жүзіндегі адамзат қауымдастығын құрайтын табиғи – тарихи жаратындылар – ру, тайпа, ұлыс және ұлттарға анықтама бергенде ғылымда көбінесе гректің ethnos (тайпа, халық), латынның nation (тайпа, халық) сөздерінен жапырақ жайған атаулар қолданылады.
«Ұлт» ұғымына байланысты зерттеулер қандай көп болса, пікірлер соншама көп деп айтуға болады. ХІХ-ХХ ғ. басындағы Мадзини, Актон, Ренан, Масарик, Соловьев сияқты ойшылдар ұлттарды жаңа әлеуметтік құбылыс ретінде қарады және оның негізгі белгісі рухани дүниеде, яғни ерекше ұлттың өзін-өзі тануы деп есептейді. Қазіргі «ұлт» сөзіне негіз болған «нация» сөзі латын тілінде қандас туыстарға байланысты қолданылған болатын. Уокер Коннор «нация» сөзі Англияда ХІІІ ғ. латын тіліндегіндей қолданыста болса (қандас туыс), ал ХVІІ ғасырға қарай белгілі бір елдің жалпы тұрғындарын атауға байланысты, олардың әртүрлі этникалық топтарға жататына қарамастан қолданыла бастаған деп есептейді. Сонымен бірге ол буржуазиялық революциялр кезінде «нация» ұғымы мен «мемлекет» ұғымының синоним ретінде қолданыла бастауына себеп болған Локк және Руссоның «халық суверенитеті» теорияларының әсері деп есептейді [2]. Энтони Д. Смитт ұлттардың қалыптасуына Батыстағы үш түрлі революциялар – еңбек бөлісіндегі, басқаруды бақылаудағы, мәдени координациядағы — әсер етті дейді [3]. Карл Дойч «ұлт…ол әлеуметтік мәжбүр етудің бірқатар институттарының үстінен бақылау орнатуға қол жеткізген халық және ол өзінің тарихи даму болшағында толыққанды ұлт-мемлекет ретінде қалыптаса алады, ал ұлтшылдық жеке қауіпсіздік пен топтық етенелесу мақсаттарды топтық мүдделерді жүзеге асырудан көрініс табатын осы ұлт пен оның мүшелерінің әлеуметтік белсенділік, мүдделер мен лауазымдар сферасында өзге ұлттармен бәсекелестік мүдделестікке ден қоюы» [4].
Бұл пікірлерге қосарымыз, революциялар дәуірінде әр түрлі этникалық топтардан тұратын қоғамдардың өзінде экономикалық біртұтастықпен бірге, енді саяси біртұтастық қалыптасады және революцияның барысында, әсіресе сыртқы факторларға байланысты ортақ идея – ұлттық идеялар қалыптаса бастайды. Ортақ идеялар немесе ұлттық идеялардың негізінде басқа халықтармен бәсекелестік немесе сырттан келген жаулап алушыларға деген наразылық бар. Сонымен бірге кеңестік дәуірдегі зерттеушілердің көпшілігі «ұлт» бұл капиталистік дәуірдің туындысы деп келді. Бұл пікірдің де жаны бар. Себебі капиталистік қатынастар бір мемлекеттің құрамындағы әр түрлі этникалық топтардың өзара араласуын және ортақ мүдденің, ортақ дүниетанымның қалыптасуына әсер етті. Ал енді осы процестерге негіз болған орта ғасырлардағы кітап шығарудың кең тарауы және Ұлы географиялық ашылулар болды. Мысалы, Францияда 1470-1600 жылдар аралығында 12 мың атаумен, ал Италияда 20 мың атаумен кітап басылса, ал Германияда 1564 жылдан бастап есептегенде Франкфурттегі кітап жәрменкесіне 39 жыл ішінде 20 мың кітап шығарылып сатылған [5]. Кітаптың кең тарауы ортақ тілді қалыптастырса, ішкі рынок пен орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы ортақ территорияны қалыптастырған болатын. Ал Ұлы географиялық ашылулар қазіргі ғаламдыстырудың бастамасы ғана болған жоқ, сонымен бірге революцияларды бастан кещірген халықтардың өз іс-әрекеттерін ақтайтын философиялық, саяси ойларын дүниеге алып келді және қоғамның дамуының барлық саласы бойынша өзара бәсекелестік басталды.
Ал ұлттық идеяның алғашқы көрінісі ретінде әлеуметтік және саяси идеялардың негізге ала аламыз. Ежелгі Шығыстағы және ежелгі Римдегі идеалды билеуші туралы, ежелгі Грециядағы идеалды мемлекет туралы саяси ойлардың пайда болуы осыған мысалы бола алады.
Қоғамдық идеалдар туралы ілімнің негізін Платон мен Аристотель қалыптастырды. Егер Платон болмайтын идеалдарды жүйелеп дамытуға тырысса, ал Аристотель, керісінше бар нәрсенің идеалды нормалары туралы ілім жасап, оған қарсы тұрды [6]. Орыс философы князь Трубецкой идеалдардың утопиялардың күйреген, «апатты жағдайларда» пайда болатынына мең берген болатын [7]. Өзін-өзі тану «күйреу жағдайын» бастан кешіру барысында басталады және болашақ дамудың идеалдарын туғызумен аяқталады. Идеалдар жүзеге аспай, утопияға айналып, дағдарысқа ұшыраған кезде тағы «күйреу» басталады. Бұл процесс адамдар бірлестігі бар жерде үздіксіз болатын құбылыс.
Ұлттық идеялар мен идеологиялардың қалыптасу кезеңін зерттеушілер Жаңа дәуірмен байланыстырады.
Ұлттық идеалдардың ішінде барлығының жүзеге асуына негіз болатын бастысы ұлттық идеяға айналады. Зерттеулерде ұлттық идея мәселесіне жан-жақты көзқарастар көп. Арапов М.В. және Мирский Э.М. «ұлттық идея қоғамдағы және оның ұяшықтарындағы саяси күштердің бәсекелестіктерінің нақты шекарасын белгілейді, ал оның арғы жағында қоғамның, тіпті тұтастай алғанда, мемлекеттің аталмыш ұяшықтарының тұтастығына қауіп төндіретін қақтығыс бар. Ұлттық идея оларға тарихи оқиғалар, жеке атаулар ретінде мәртебе берілген көптеген ғасырлар бойы сүзгіден өткен шешімдерді қабылдау мен жүріс-тұрыс моделі ретінде қолданылатын образдардан жинақталады, ал бұлар, өз кезегінде «біздің территория» түсінігін қалыптастыратын ұлттық пантионды топониндерді құрайды» деп есептейді [8].
К.Г. Красухин ұлттық идея – бұл белгілі бір идеологиялық конструкция, ол ұлттың өзін-өзі тануы процесіне әсер ете отырып, оның күнделікті өмірге және болашақ дамуға байланысты стереотиптерін көрсетуі керек деп жазды [9].
Уақытында көптеген елдерде әр түрлі ұлттық идеялар қалыптасты. Соның бірі Ресейдегі «орыс идеясы». Оның мағынасы мен мазмұны туралы Д.Д. Драгунский былай дейді: «Бұл орыстардың өздерін және әлемдегі өздерінің ерекше орындары туралы түсініктері. Алайда, орыс ойы өзіне емес, өздерінің әлемдегі алатын орындарына баса назар аударады – орыстардың өзіндік бітімі орыс мақсаты арқылы анықталады. Яғни Орыс идеясы түпкілікті нәтижеде ерекше миссия идеясына тұғырланады» [10].
Әдетте әр түрлі көзқарастардың қалыптасуына қоғамдағы саяси топтардың қоғамдағы орны мен білім дәрежесі, саяси мәдениеті әсер етеді. Міне осыдан келіп негізгі басты идея мен сол идеяны жүзеге асырудың жолдарын ұсынған идеялардың жиынтығын – идеология пайда болады.
Идеология – бұл ұлттық идея негізінде қалыптасқан және оны жүзеге асырудың әр түрлі жолдардың негіздеген идеялық ағымдар. Сондықтан да әр түрлі елдер тарихи, саяси жағдайларға байланысты әр түрлі идеологиялар қалыптасады. Ұлттық идеологияны жүзеге асыруға әр түрлі әлеуметтік топтар өз мүдделерін сақтай отырып атсалысатын болғандықтан олардың ұлттық идеяны жүзеге асыру жолдары да әр түрлі болады және соның негізінде әр түрлі идеологиялар қалыптасады. К. Манхейм мүдделер қарама-қайшылығын идеялар қарама-қайшылығына айналдыратын интеллектуалдар деп есептейді [11]. Неміс ғалымы У. Матц идеология – бұл қоғам дағдарысқа ұшырап, сүйеніш іздеген кезде кездейсоқ табыла алған балдақ іспеттес деп суреттейді [12].
Идеология ұғымы ғылыми айналымда ХІХ ғ.бірінші жартысында пайда болды және оны ұсынған француз философы және экономисі А. де Траси боды. Ол «егер біз оның тақырыбын және грамматикасын алатын болсақ, егер біз оның құралына, логикасына мән беріп, оның мақсатын қарастыратын болсақ, онда бұл ғалымды идеология деп атауымыз керек» деп жазды [13].
Е. Савеленок «идеология ұғымының» эволюциясын үш кезеңге бөледі:
1. идеялар туралы ғылым, олардың пайда болуы және қоғамның даму тәжірибесінде пайдалану заңдылықтары зерттейді (ХІХ ғ.басы);
2. қоғамдағы әр түрлі теориялар мен көзқарастардың саяси-әлеуметтік бағыттарын анықтайтын ұғым ретінде (ХІХ ғ.-қазірге дейін);
3. идеология зерттеу пәні ретінде және әлеуметтік ғылымдарда құралдық ұғым ретінде (Махеймнің «білім социологиясы» және т.б.) [14]. Ал енді идеология туралы Батыс зерттеушілерінің анықтамаларын бірнеше топтарға бөлуге болады [15]:
«Ұлт» ұғымы жайында қазақтар арасында тұңғыш рет толымды ғылыми түйін жасаған кісі – Ғаббас Тоғжанов (1900-1937). Ол өзінің «Ұлт деген не?» атты көлемді полемикалық мақаласында бұл категорияға: «… тілі бір, жері бір, ғасырлар бойындағы тіршілік күресінен, тұрмыс салтынан, жиі қатынасынан туған мінез – жан сипаты бір жұрттардың қосылуы, бір жұрт болуы» [16], — деп анықтама берді. Осы еңбегінде автор Сталиннің «ұлттың ең елеулі белгісінің бірі – экономика ортақтығы» деген ойымен келіспейтіндігін атап көрсетіп, жоғарыдағыдай тарихи — әлеуметтік және психологиялық факторларды бірінші қатарға қойды.
Сайран Әбушәріптің жазуынша: Қазақтардың ұғымында ұлт – бұл табиғи, биологиялық сипатқа ие болған, этникалық, ру — тайпалық құндылықтар негізінде пайда болатын этнос, суперэтнос (рулар мен тайпалар бірлестігі), қауымдастық» [17]. Ұлтты даралауға тиісті қасиеттердің қатарында бұлардан басқа да бірқатар шарттар (ұлттық рух, ұлттық дін, ұлттық мемлекеттілік капиталистік қарым – қатынастың орнығуы т.б.) тілге алынып жүр. Әйтсе де, этностың бүкіл жұрт бірдей мойындаған толассыз белгілерін тұжырып беру гуманитарлық ғылым ғалымдарының жұмыла бітіретін жұмысы деп ойлаймыз.
Ал, ұлтты біріктіруші, топтастырушы «Идеяның» өзінің кемінде 5-6 мағынасы бар екенін ескерсек, жалпы аталмыш сөз тіркесінің өзі туралы біршама пікірталасқа баруға тура келеді. Себебі, сөз болып отырған объектінің өзі ортақ түсініске түспесе, ол жайында жаппай пікір айтудың өзі неғайбыл ғой? Дегенмен, аталмыш ұғымның қазіргі кең тараған тұсын ескере отырып, «ұлттық идеяға» нені сыйғызғанымыз жөн дегенге жолайы тоқтала кетейік. Ұлттық идея, біріншіден, бір ұлтқа болмаса бір мемлекеттің халқына тиесілі идея екені түсінікті болар; екіншіден, мұндай идеялар бүкіл ұлттың бәрі бірдей бір уақытта ойлап тапқан «эврикасы» емес, бүкіл ұлтты болмаса халықты белгілі бір құндылықты бекітуге жұмылдырушы немесе сол ұлттың әлдебір проблемасын соның қатысуымен шешуге бағытталған идея болса керек. Міне, сонысымен де мұндай ауқымдағы идея қай ұлтқа да бағалы, қасиетті. Алайда, ұлттық идея ұғымын этностық идеямен шатастырмағанымыз абзал. Қазіргі жағдайда қазақтың проблемасын шешуге бағытталған идеяны оның қаптаған мәселелерінен арашалап алсақ, ол нағыз ұлттық болар еді және ұлттық идеяны мемлекеттік деңгейге шығара алсақ, әлгі идеяның көсегесі көгеретіні тағы сөзсіз. Кез келген ұлттық идея ең әуелі ұлттың өзін селт еткізіп, оған оның барлық мүшесін тартатындай ауқымды да, құнды болуы шарт. Сонымен бірге мұндай идеяға мемлекеттік назар болмайынша, әлгі идея белгілі бір топтардың ғана бастамасы болып қала бермек. Айталық, осындай идеяға жатуға тиіс қазақ тілінің ұлттық идеяға айналмау себебі неде жатыр? Аталмыш идея тек қана проблема күйінде қалып, ұлтты әлгі проблеманың ығыр қылуында. Демек, ұлттық идея дегеніміз проблеманың төңірегіндегі бас қатырулар емес, сол проблеманың шешілуі жолындағы ұлттық ұжымдасуға жеткізетін идея. Егер де ол мемлекеттік тұрғыдан өзіне лайық назармен қаруланып, оның алға басу мысалдары пайда бола бастағанда, қазақ тілінің алға басуы тек қана қазақтарды ғана емес, қазақ еместерді де марқайтқан болар еді. Өкінішке орай, қазіргі жағдайда қазақтілділер өз тілінің жауы соны меңгермегендер деп танитындығы өтірік емес, бұл — әлгі проблеманың шешілуге жатқызылған мақсатқа айналмағандығы.
Ұлттық идея дегенiмiз – халықтың әрiден алғанда дәуiрлiк, берiден алғанда ғасырлық мұратын айқындайтын, келешек ұрпаққа жол көрсететiн шамшырақ болатын заманалық рухани философия. Ол белгiлi ұлттың немесе мемлекеттiң әлемдегi орнын анықтап, оның тағдырын шешетiн реформасының теориялық негiзiн және сол қоғамның мұратын айқындайды.
Жалпы, ұлттық идеяны (аты мен заты сай келетiн белгiлi ұлттың идеясы) iске асырудағы мемлекеттiң мақсаты да — халықты бiр негiзгi тiлге үйрету арқылы, бiр сананы қалыптастырып, белгiлi жарқын мақсатқа жеткiзу.
«Ұлттық идея дегеніміз – этностың әлеуметік – этникалық тұтастығын сақтап, ұлттық күш – қайратына сенімін күшейтетін ұмтылыс пен іс – қимылдың маңызды құралы» – дейді А.Айталы [18]. Ұлттық идея – талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш – қайғысымен сараланған рухани дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы. А.Сейдімбек айтқандай «әрбір ұлт — өз болмысының авторы» [19]. Ұлттың мұрат пен мүддесі, кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі, қайғы – қасіреті мен абырой – мақтанышы ұлттық идеяда көрініс алады. Жалпы алғанда әрбір ұлттың ерекшеліктерін дамытатын құрал – ұлттық идея мен елдік мүдде.
Қазақстанның (тарихи, саяси және мемлекет ретiндегi) анықтамасы «қазақ елi» дегендi бiлдiредi. Осы республиканың негiзгi тұрғылықты халқы – қазақтар. Олардың ана тiлi түркi тiлiнiң қыпшақ тобына жатады. Дiнi – мұсылман сунниттер. Қазақтардың негiзгi жерi – Азия құрлығында, менталитетi – шығыстық. Бұл – тарихи қалыптасқан аксиома. Оны отаршыл патша үкiметi де, Кеңестер одағы да мойындаған. Соңынан қазақ халқы мен оның ана тiлiнiң және тарихи қалыптасқан жерiнiң негiзiнде тәуелсiз Қазақстан Республикасы құрылып, оның мемлекеттiк тiлi болып қазақ тiлi заңдастырылды. Қазақстанда қазақтардан басқа өткен ғасырда әртүрлi себептермен көшiп келген ондаған басқа ұлт өкiлдерi (диаспоралар) тұрады. Қазақстандағы барлық ұлт өкiлдерi татулығының негiзi – қазақтардың табиғи болмысы мен ұстанатын дiнiнде. Себебi, ислам – адамды дiнiне, тiлiне, нәсiлiне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын бiрден-бiр әлемдiк дiн.
Сондықтан, жоғарыда айтылғандар – Қазақстандағы барлық ұлттардың өкiлдерi, билiк, оппозиция, зиялылар… барлығы мойындаған және қоғамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететiн ұстанымы.
Хан Абылай қалмақта тұтқында жатқанда оны босатып алуға барған Қазыбек би Қоңтәжi ханға: «Бiз – қазақ деген мал баққан елмiз, бiрақ ешкiмге соқтықпай, жай жатқан елмiз. Елiмiзден құт-береке қашпасын деп, жерiмiздiң шетiн жау баспасын деп, найзаға үкi таққан елмiз. Ешбiр дұшпан басынбаған елмiз, басымыздан сөз асырмаған елмiз. Досымызды сақтай бiлген, дәм-тұзды ақтай бiлген елмiз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай бiлген елмiз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елмiз» дегенi – қазақтың әлi күнге дейiн маңызын жоймаған сипаттамасы.
Осындай ұстанымдарға негiзделген Қазақстан мемлекетiнiң ұлттық идеясы – қазақ идеясы. Жоғарыда келтiрiлгендер – осы ұлттық идея мен оны iске асыратын даму стратегиясының базалық негiздерi. Қазақстандағы ұлт, мемлекеттiк мүдде, қоғам дамуы мәселелерiнiң барлығының мiндеттерi осы қазақ идеясының аясында жүредi.
Кейінгі кезеңде қазақ зиялылары ұлттық идея туралы сөз қозғай бастады. Бұл жақсылықтың нышаны, ұлттық есею мен зерделенудің белгісі. Ұлттық идеяны іздеу – халықтың өзін өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге, тарихында тәлімі бар ел төл дәуірінің толғақты сәттерінде өзіне өзі есеп беріп, қош айтысқан замандарды санасында қорытып, төрт құбыласын түгендейді, көшкен ғасырлардан сыр сауады, маңдайы тірелген кезеңнің тамырын басады, келер күнге барлау жасайды. Етек-жеңін осылай түгендегеннен соңғы ойды ұлттық идея деңгейінде қорытуға талпынады. Анығында, ұлттық идея дегеніміз – тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгінгінің талабын тарихта кеткен қателіктерден арыла отырып қанағаттандыру, келешекке халық тарихының философиясы арқылы үңілу.
Батыстың саясаттану ілімі мен философиясында кең зерттелген орыс идеясының тереңіне зер салсақ, аталған идеяның қалыптасуына атсалысқан Ресей ғұламаларының бәрі мәселеге біз айтып отырған қағида арқылы келуге тырысқанын көреміз. Олар ұлттық идеяға халықтың өткен кезеңдері мен нақты орыс идеясы әуелде ұлтты тарихи санасымен қауыштыру және этникалық жетілдіру мақсатын көздеді, оған Ресейді құтқару деген дағарадай ат берді.
Иә, ұлттық идея шын мәнінде – ұлтты құтқару идеясы. Н.М.Карамзиннен Н.А.Бердяев, Н.С.Трубецкой, И.А.Ильинге дейінгі Ресей тарихшылары мен ойшылдары аталған идеяны тек осы мақсатпен іздеді, «Ортақ мұрат философиясы» деді, орыстың жеке-жеке әлеуметтік топтарының мүддесін бір ұлттық мүддеге біріктіруге күш салды. Келе-келе бұл талпыныс тұтас философиялық категорияға айналып, үш негізге: халықтың тарихи тәжірибесіне, православия дініне, неміс диалектикасына сүйенді.
Аңғарып отырғандарыңыздай, ұлттық идея – халықтың уақытша қиындықтары мен кезеңдік қажеттіктерін өзек ете салатын тыз етпе идея емес, халықтың бері салғанда ғасырлық, әрі салғанда дәуірлік мұратын айқындайтын, келер ұрпақтарға да шамшырақ бола алатын заманалық рухани философия. Мәселеге дәл осы тұрғыдан келгенде, қазақ зиялылары ұсынып жатқан кейбір ой-ұсыныстар ұлттық идеяның ат шалдыруына да жарамайды.
Философия ғылымдарының докторы Әбдеш Қалмырзаев («Тағы да ұлттық идея туралы». «Егемен Қазақстан», 9 тамыз, 2005 жыл) [20] ұлттық идеяға атқарушы биліктің кезеңдік шаруаларын арқау етпек болады. Егер біз ғалым ұсынып отырғанындай, кедейшілік пен жұмыссыздыққа, ұйымдасқан жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күресті, шағын және орта бизнесті дамытуды ұлттық идеяға айналдыратын болсақ, мұндай идея туралы жалпы бас қатырудың қажеті қанша? Әуреге түспей-ақ, Үкімет жүзеге асырып жатқан қара жұмыстың жетегінде жүре бермейміз бе?
Тағы бір ғалымымыз «қазақстандық ұлт» идеясын ұлттық идеяға айналдырмақ болып көшқұлаш мақала жазды. Бұл идея Қазақстандағы қазақ ұлтының тарихи орнын ұрлап, азаматтық делінетін ығы-жығы қауымдастық құруға итермелейді. Мұндай жағдайда исі қазақ этникалық қанын сұйылтып, жер мен мемлекеттің мұрагері ретіндегі құқынан айырылады. Бұл ештеңемен ақталмайтын, тарих та, бүгінгі күн де, ертеңгі келешек те кешірмейтін күнә болар еді.
Халық заманалардың белгілі бір кезеңдерінде түрлі саяси жағдайлардың салдарынан жерінің бір пұшпағынан айырылуы, селдіреуі, әр елдің құрамына жырымдалып сіңуі мүмкін, солай болып та келді, бірақ қандай ауыр күйге ұшыраса да ұлттың атын жоғалтқан емес, оны әлдебір мақсат үшін саудаға да салған емес.
Қане, ақыл тезіне салайықшы, елімізде “қазақстандық ұлт” құрудың қандай саяси-әлеуметтік қажеттілігі бар. Бізді мұндай қадамға не мәжбүрлеп отыр? Бәлкім бір заманда Еуропаның түрлі ұлттарынан жырымдалғандар керегесін керген Америка Құрама Штаттарына еліктегеніміз шығар? Әлде өзге ұлт өкілдерінің этникалық сезімін сұйылтып, қазаққа айналдыруға ұмтылған түріміз бе? Жаһанданудың қазақстандық үлгісін жасағымыз келді ме екен?
Осылардың қайсын алып қарасаңыз да бүгінгі Қазақстан үшін сұранып тұрған жоқ. “Қазақстандық ұлт” деген ұғым мына мақсатта ғана, елге ой салып, көкейін тану ниетінде айтылғанда ғана өзін өзі ақтайды. Ол бәлкім рухани-әлеуметтік айналымға осы орайда енгізілген де болар.
Ал қазіргі ақиқат, қазіргі ғана емес, тарихи ұзақ сынақтан өткен ақиқат ұлттың этникалық негізін білдіретін киелі аттың реформалауға жатпайтынын үсті-үстіне дәлелдеуде. Біз өзге ұлт өкілдеріне қазақ баласымен бірге берілген «Қазақстан азаматы» деген қасиетті аттың құдіретін барынша ықпалды пайдалана алсақ та аз жетістік емес. Асылында не саяси, не рухани қажеттігі айқындалмаған және айқындалуы мүмкін де емес жалпақшешей атаудың елесін қуғанша, конституциялық құқықтарға ие, әлеуметтік те, экономикалық та теңдікке кенелетін осы мемлекеттік мәртебенің күш-қуатына сүйенген жөн ғой.
Тоқетерін айтсақ, біз «қазақстандық ұлт», «Қазақстан халықтары» деп қайта-қайта жариялау арқылы қазақ халқының жер мен Отанның иесі ретіндегі тарихи құқын сұйылтып әуреміз. Бұл идеялар сондықтан да ешқашанда ұлттық идея бола алмайды. Керісінше ұлттық идеяның күрес объектісіне айналады.
Сөз етіліп отырған тақырыпқа қалам тартқан Серік Ерғалидың («Ұлттық идеология туралы бас қатыру». «Жас Алаш», 22 қаңтар, 2005 жыл) [21] мына ойларын да құптамас едік. Ол қазақ тілділер, орыс тілділер және аз сандылар үшін жеке-жеке идеология жасауды ұсынады. Бұл қазақтарды өзгелерден, өзгелерді қазақтардан ашықтан-ашық бөліп тастау болар еді. Әрі демократияға біржола бет бұрған елдің саяси-рухани ұстанымына сай келмейді.
Егер С.Ерғали ұлттық идея (идеология емес) ең алдымен республиканың тарихи ұлты – қазақ ұлтының саяси-рухани, экономикалық өркендеу идеясы болады, елдегі ұлттар өкілдерінің кемелдену идеясы содан қанаттанады және сонымен үйлестіріледі десе, көкейге толығымен қонар еді.
Енді «Ұлттық идея дегеніміз не?», «Оның мақсат-мұраттары қандай?» деген сауалдарға жауап іздеп көрейік.
Ұлттық идея дегеніміз, белгілі бір тарихи кезеңге ұлттың сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық мұраттар және оларды жүзеге асырудың жолдары. Оның негізгі нысанасы, ұлттық мемлекет құру. Бұл мынандай үш өмірлік міндетті алға тартады.
- Ұлттық саяси элита қалыптастыру.
- Ұлттық экономикалық буржуазия қалыптастыру.
- Ұлтты жетілдіру.
Бүгінгі қазақ қоғамына ұлттық құндылықтар (саяси, рухани, материалдық) әлемдік додаға түскен кезеңде жеке мүддесін ұлттың мүддесіне толық бағындыра алған, отаншыл, халықтың тарихы мен мәдениетіне жетік әрі оны құрметтейтін, азаматтық және ұлттық намысы биік, саяси білім-танымы планетарлық деңгейдегі элита ауадай қажет. Тек қана осындай элита халықты жиырма бірінші жүзжылдықтың өткелдерінен жігерін жасытпай алып шыға алады. Қазақстанда, республика Президентінің тарапынан сол элитаны қалыптастыру жолында табанды күрес жүргізіліп келді, ол әлі жалғасуда. Жалпы бұл төзімділікті, парасаттылық пен байсалдылықты қажет ететін, ТМД елдерінің бәрі басынан кешіріп жатқан ұзақ та күрделі процесс.
1.2 Әлемдік тәжірибедегі ұлттық идеяның қалыптасу ерекшеліктері
Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, алға әлеуметтік – экономикалық мақсат жоспарлар қоя отырып, мәдени – рухани құндылықтарын қайта қарап, жаңғырту үстінде. Міне осы процестер барысында көпұлтты еліміздің ұлттық идеясын алға қоя білу өте қиын. Осы мәселенің негізінде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ұлтаралық қатынастар мен қоғамды реттеудің Батыстық және Американдық үлгілері, Азиядағы дамыған және дамушы көпұлтты мемлекеттердің тәжірибесі көп нәрсені үйретері сөзсіз. Сондай — ақ ТМД елдерінің өткеніне сын көзбен қарап, болашағына болжау жасай отырып, мүмкін және ықтимал кемшіліктер мен қауіптерден арылуымызға болады.
Әлемдік тәжірибенің бұл тұрғыда берері көп болғанымен, сыртқы үлгілерді көз жұмып көшіріп алу сайып келгенде мемлекеттік ішкі қайшылықтарымызбен үйлеспей, ауыр зардаптарға ұрындырары сөзсіз. Сондықтан оларды халқымыздың сай менталитеттік елегінен өткізе отырып, синтездеп, сай келмесе қабылдамау қажет.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев : «…ұлттық мемлекеттік ерекшеліктерімізді, саяси тарихымызды, мәдениетімізді, посткеңестік стереотиптерімізді, этникалық дәстүрлер мен басқа да, қысқаша айтсам, өркениеттік мәдени айшықтарымызды ескере отырып, стратегиялық дамуымызды өз күшімізбен анықтауға тиіспіз», — деуі әбден түсінікті [22]
Ал енді, әлем мемлекеттерінің дамуына негізгі фактор болған ұлттық идеясына қысқаша тоқталып өтсек.
Ғылым мен философияның күрделi саласы ретiнде ұлттық идея мәселелерi соңғы екi ғасырда жүйелi түрде зерттелiп келедi. Осы мәселемен Еуропада француз ойшылдары жүйелi айналысқан. Француз ойшылдарының зерттеп қалыптастырғаны – дәстүрлi Батыс қоғамындағы ұлттық идеяның үлгiсi. Шығыс қоғамындағы ұлттық идеяның классикалық үлгiсi – Жапон идеясы. Ұлттық идеяның Шығыс пен Батыстың арасындағы аралас түрiне Ресейдегi (I Петрдiң) және Түркиядағы (Кемал Ататүрiктiң) реформалары жатады. «Американдық идея» немесе АҚШ мемлекетi идеясының негiзгi ұстанымы – ағылшын тiлiн қолданыста әлемдегi жетекшi тiлге айналдыру. Сонымен қатар, жоғарыда аталған ұлттық идеялардың негiзiнде iске асып жатқан «Азия жолбарыстары», Канаданың және Скандинавия елдерiндегi реформалардың Қазақстан үшiн тиiмдi жақтары бар.
Қазақстан болашақта қай бағытта дамиды немесе бiзге жоғарыдағы ұлттық идеялардың қайсысы пайдалы? Ол даму жолында Шығыс пен Батыс құндылықтарының қайсысын таңдайды? Әлде өзiнiң сара жолымен жүре ме? Немесе Омар Һайямның:
Жүректiң түрiп құлағын,
Ойланып тағы қарашы.
Кiмсiң сен, қайда тұрағың?
Ендi қайда барасың?
дегенiндей, жаhандану дәуiрiндегi Қазақстанның және түркiлердiң алатын орыны мен болашағы қандай болмақ? «Қайткенде осы мәселенiң тиiмдi шешiмiн табамыз, қазақ идеясы қандай болу керек» деген сұрақ соңғы кезде зиялы қауым мен қоғам қайраткерлерiн ойлантып отыр. Ұлтты қалыптастырып, бiрiктiретiн – оның тiлi, нәсiлi, елi, мемлекетi және дiнi болса, идея оның негiзi болып саналады.
Қазiргi қазақ идеясының негiзгi мiндеттерi – ұлт пен түркi халықтарын бiрiктiру арқылы қоғамды тұрақты дамытатын стратегияны анықтау, зиялылар мен кәсiпкерлердiң iшiнен ұлттық элита қалыптастыру.
Автордың «Түркi өркениетi негiзiндегi қазақ идеясы» (Алматы, 2007 жыл) атты монографиясында тәуелсiз Қазақстанның ұлттық идеясының негiзгi мiндеттерi осылай анықталады. Осы еңбекте өркениеттi елдердiң ұлттық идеяларын iске асыру тәжiрибелерiн сараптағанда, олардың Қазақстанға тиiмдi жақтары мынадай:
«… Жалпы, басқа елдердiң кемшiлiктерi мен тәжiрибелерiнен үйрену тиiмдi болғанымен, өркениеттi елдерге көзсiз елiктеу – қоғам дамуы стратегиясындағы негiзгi кемшiлiк, ал кейбiр жағдайда тiптi, қауiптiң өзi. Себебi, әрбiр ұлт, басқа ұлттан тiлi мен өнерi, дүниетанымы, мiнез-құлқы, салт-дәстүрi өзгеше болуымен ерекшеленедi. Сондықтан заңдары мен даму стратегиясы өз ерекшелiктерiне негiзделген қоғам жан-жақты дами алады. Егер ол өзiндiк ұлттық болмысына негiзделмесе, ондай қоғам алғашында алға басқанымен, ақыр аяғы өзi елiктеген қоғамның көлеңкесi болып қалады. Оны солтүстiктегi көршiмiзге елiктеген өз болмысымыздан көрiп жүрмiз. Ол елiктеу – қазақтың бiр бөлiгi «ана тiлiнде сөйлеп, өз дiнiн ұстанып жүрмiн» десе де, ұлттың келесi бөлiгiн қазақ болғылары келмейтiн жағдайға жеткiздi. Мөңке бидiң: «Орыс-қазақ қосылып, Бiр-бiрiне үйiр болар. Сөйткен заман кез келсе, Түзелуi қиын болар» дегенiне келдiк. Бұл елiктеу одан әрi жалғаса берсе, түптiң-түбiнде мәңгүрттенiп, тобырға айналамыз. Тiптi, ұлт ретiнде жойыламыз. Сондықтан, ұлт болып қалыптасу мен өркениеттi қоғам құрудың негiзi – сол ұлттың тiлiн, дәстүрiн, жалпы, мәдениетiн дамыту. [23]
Басқаларға елiктеудiң қоғам дамуына зиянын көршi Ресей мен Түркияның соңғы ғасырлардағы тарихы дәлел болады. I Петрдiң реформасы «Еуропаға терезе» ашудан басталып, Батыстағы барлық жетiстiктердi Ресейге енгiзудi дәстүрге айналдырды. I Петр православтық-христиандық Ресейдi, өзiнiң ерекше миссиясына сенетiн еуропалық жүйенiң құрамдас бөлiгi болған, динамикалық мемлекетке айналдыруға ұмтылды. Вестернизацияланған Ресей ескi православтық дәстүрден түгелдей айырылған Батыс бағытындағы үкiмет құрды. Оның заманында мемлекеттi сыбайлас жемқорлық жайлады. Белгiлi мемлекет қайраткерi, ғалым Татищевтiң I Петрге «…сен мықты мемлекет құрдың. Бiрақ ол ешқашан да бай болмайды. Себебi, төменнен бастап ең жоғарыға дейiн барлығы ұрлайды» деген көрегендiгi патшалық Ресейде, кейiн Кеңес Одағындағы республикалардың барлығының қанына сiңген, жойылмайтын дертке айналды. Еуропаға елiктеген I Петрдiң реформасы қоғамның барлық саласына сiңiп, оның дүниетанымына айналды [24]
Оны орыс ақсүйектерiнiң жаппай француз тiлiнде сөйлеуiнен, патша отбасының Германия корольдерi отбасына қосылып, солардың тiлi мен дәстүрiн қабылдауынан көремiз. “Еуропаны кезiп жүрген коммунизм елесiнiң” де орыс жерiнде iске асуы Еуропаға көзсiз елiктеуден болған едi. Табиғи қоры әлемде ең бай бүгiнгi Ресейдiң жалпы iшкi өнiмiнiң көлемi, алты миллиондай халқы бар Норвегиямен шамалас. Батысқа елiктеген Ресей соңғы үш ғасырда еуропалық бола алды ма? Жоқ, бола алмады. Себебi, оның реформасы, А.С.Пушкиннiң, «Ана тiлiне сенiңдер. Барлық қуат пен құдiрет – сонда» деген қағидасынан аулақ едi.
Еуропаға елiктеп реформа жасаған Түрiк мемлекетiндегi Ататүрiктiң реформасы отыз жылдан кейiн мұсылман мемлекетiн түгелдей еуропалық бағытқа түскен қоғамға айналдырумен аяқталды. Ол ел астанасын Стамбұлдан Анкараға көшiрiп, мемлекеттi Осман империясы кезiндегi Ұлы сұлтандардың мұсылмандық дәстүрiнен айырып, ел басқару жүйесiн, оның iшiнде парламенттi де еуропалық қалыпқа келтiрдi. Осы мақсатты көздеген түрiк елi латын әлiпбиiне бiр жылдың iшiнде түгел көштi де, жас ұрпақ соған дейiн жазылған араб, парсы және осман түрiктерi классиктерiнiң шығармаларын оқи алмайтын күйге түстi. Сонымен қатар, қоғамның барлық саласы қысқа уақыт iшiнде батыстық жүйеге ауысты. Бiрақ, түрiктер қоғам дамуында Еуропаның деңгейiне көтерiле алған жоқ, болашақта да жетуi екiталай. Себебi, олар да орыстар сияқты өздерi елiктеген Еуропаның көлеңкесiнде қалып отыр. Түрiктер Еуропаға қанша елiктеп, қоғамын түгелдей Батыс жүйесiне ауыстырғанымен, бүгiнде Еуроодаққа мүше болуға талпынғанда, олардың Батыс үшiн бәрiбiр бөтен екенi көрiнiп тұр. Бұл жерде мәселе дiнде немесе нәсiлде емес. Бүгiнгi түрiктердiң орташа табысы еуроодақтағылардан тоғыз есе аз.
Ресей мен Түркияның реформаларына тән ортақ бiрiншi кемшiлiк – олардың екеуi де реформа жасағанда ұлттың мәдениетiн (тiл, дәстүр, өнер, менталитет) негiзге алмай, өркениеттi елдердiң мәдениетiн трансформациялау арқылы қоғамды дамытамыз деп түсiндi. Ұлттың болмысын айқындайтын оның тiлi мен дәстүрi консервативтi дүние және ұлтты сақтайтын – осы қасиеттер. Оның iшкi заңдарын толық түсiнбей тұрып, өзгертудiң пайдасынан зияны көп болады. Екiншi кемшiлiк – осы реформаторлар өз ұлтының рухани жетекшiлерi – зиялыларға сүйенген жоқ. Олардың реформаларынан кейiн Ресей мен Түркия зиялылары негiзiнен қуғын-сүргiн мен сергелдеңде болды. Өздерi «тар жол, тайғақ кешуде жүрген» зиялылар ұлттың қамын ойлап, оның рухын көтерiп жарыта алмайды. Зиялылардың ұлт тағдырындағы рөлiн француз ойшылы Сен-Симонның: «…егер бiр уақытта француздың елу ғалымын, елу фабрикантын, елу агрономын және елу әртiсiн жойып жiберсе, онда француз ұлты болмайды. Ал сондай уақытта француздың елу мың жұмысшысын, елу мың шаруасын және елу мың қызметкерiн жойып жiберсе, онда француз ұлты қалады» дегенiнен көремiз. Халықты өркениеттi ұлт қылатын – шенеунiктер немесе тобыр емес, зиялылар. «Дүниежүзiнде зиялыларсыз ұлтқа айналған саяси, әлеуметтiк халық бұқарасының бiрлiгi ешқашан болған емес. Сондай ақ, халық бұқарасынан қолдау көрмеген жағдайда зиялылар да түк iстей алмайды. Халықты ұлт деңгейiне көтеру, яғни оны жат үстемдiктiң тепкiсiнен құтқарып, өз мекемелерiне ие, тәуелсiз бiр жеке тұлғаға айналдыру сынды негiзгi мақсатқа жету үшiн ұлттық зиялы қауым мен бұқара халық арасында бiр ортақ сана болуы тиiс. Мiне, осы сананы айқындау, яғни халық тiлегiн дұрыс және анық бiр формаға келтiру, аталған мақсатқа жету үшiн iс пен әрекет бағдарламасын жасау – зиялылардың мiндетi» дейдi М.Шоқай. Қоғамда iлгерiлеушiлiк жасайтын да оның зиялылары.
Реформаны түрiктермен қатар бастаған, орыстар мен түрiктерге қарағанда, географиялық орналасуы, рухы, дәстүрi және дүниетанымы жағынан Батыстан әлдеқайда алыс тұрған Жапония ешкiмге елiктемей-ақ және өркениеттi елдер мәдениетiн трансформацияламай, өзiнiң ана тiлi мен ұлттық дәстүрiн негiзге алып дамыту арқылы аз уақытта әлемде алдыңғы қатарлы елдердiң бiрегейi болып, Батыс Еуропаның өзiне үлгi болатын жағдайға жеттi.
Жапонияның ұлттық идеясы мен реформасының бағдарламасы жапон тiлi мен жапон менталитетiне негiзделген. Өткен ғасырдың елуiншi жылдарынан басталып, әлемдi таңғалдырған «жапон ғажайыбы» осы халықтың өзiне ғана тән қайталанбас құбылыс болды. Батыс елдерi қанша талпынғанымен, оның тәжiрибесiн өз жүйесiне енгiзе алмады. Себебi, ол үшiн алдымен жапон тiлiн меңгеру керек. Оның үстiне Батыс ұғымындағы қоғам дамуындағы жеке тұлғаның ерекше орны, шығыс кәсiпорнын ұжымдық еңбекке сүйенiп дамыту ұстанымына, яғни жапонның «Z-теориясына» қайшы келедi. Ана тiлi мен ұлттың менталитетiне сүйенiп, ғылым мен техниканы дамытқан жапондықтар екiншi дүниежүзiлiк соғыста күйрей жеңiлгенiне қарамастан, қысқа уақыт iшiнде жалпы өнiмнiң мөлшерi жөнiнен АҚШ-тан кейiнгi – екiншi, әр адамға шаққандағы еңбек өнiмi жөнiнен әлемде бiрiншi орынға шықты. Жапон экономикасының тiрегi – автомобиль өнеркәсiбi мен электроника. Бұл салаларда дүниежүзi бойынша өнiмнiң үштен бiрi осы елде шығарылады. Қазiргi Жапонияда ЖIӨ-нiң мөлшерi халқының саны одан он еседей көп Қытаймен бiрдей [25]
Жапон экономикасын дамытушы негiзгi күш – оның ана тiлi. Жапонияда мемлекеттiк тiлдi меңгерген маман ғана жұмыста өсе алады. Жапон мен қазақ тiлдерi туыстас. Орал-алтай тiлдерi тобына жатады. Сондықтан, ана тiлiмiздiң қадiр-қасиетiн түсiнудi осы жапон тiлiнiң қоғам дамуындағы орнымен салыстыра отырып, анықтаған дұрыс. Жапония – бүгiнгi таңда өз тiлiн қоғамның барлық саласына енгiзу арқылы ғылым мен техникада, оның iшiнде жаратылыстану ғылымдарында, электроникада, биотехнологияда және т.б. ағылшындар сияқты тамаша табыстарға жеткен, әлеуметтiк саладағы жетiстiктерi (жапондар – дүниежүзiнде ең ұзақ өмiр сүретiн халық) барлығына үлгi болатын ерекше қоғам.
Жапония реформасы соңғы ғасырдағы әлемдегi реформалардың классикалық үлгiсiне айналып, «Азия жолбарыстарының» барлығы дамуда осы елден үлгi алып отыр. Оның iшiнде қоғамның өркендеуiн ана тiлiнiң дамуымен ұштастыра бiлген Малайзияның тәжiрибесi де бiзге үлгi боларлық. Бiз де осылардан үлгi алып, қоғам дамуында көршiсi АҚШ-тан iлгерi тұрған Канада сияқты, Қытай мен Ресейден көш iлгерi шығатын стратегияны ұстануымыз керек. Қазақстан Даму стратегиясының негiзi болып мемлекеттiк тiл мен қазақ идеясы қабылданғанда ол жоғарыдағы елдердегi сияқты қоғам дамуын қамтамасыз ететiн болады.
Себебi, Рим Папасы II Иоанн Павел: “Этникалық, мәдени және дiни ұғымдары әртүрлi осы ұлы ел – Қазақстан мен оның тұрғындарының әдiлеттiлiк, бiрлiк және бейбiтшiлiкте дамуын Құдайдан сұраймын.
Қазақ халқы Елдiң жасампаздық пен нағыз прогресс жолында дамуының құнды мiндетi саған жүктелген” деп қазақ зиялыларының ойын қолдаған едi.
Жоғарыда келтiрiлген реформалардың елге тиiмдi жақтарын алып жатқанымызбен, соңғы кезде «Қазақстан – халықтар достығының лабораториясы» деген ұранға қайта жан бiте бастады, сосын «америкалық ұлт», «америкалық идеяға» елiктейтiн «қазақстандық ұлт» және «үш тұғырлы тiл» деген пайда болды.
«Америкалық ұлт» – құрамының 37 пайызы ағылшындардан, 51 пайызы немiстерден, қалғандары басқа ұлт өкiлдерiнен (негiзiнен құлдыққа әкелген негрлер және 200 мыңдай үндiстер) т.б. тұратын, ағылшын тiлiн референдумсыз (дауысқа салса, немiс тiлiнiң өтетiнi белгiлi) ресми етiп заңдастырудан шыққан термин. Ондағылар, осыдан үш ғасырдай бұрын ресми екi тiлмен ұлттық идеяны iске асырып, елдi өркениеттi қыла алмайтынын түсiнгендiктен, тек ағылшын тiлiн мемлекеттiк тiл етiп қабылдаған. Осындай идеяның баянды болатынын түсiнген сол елдегi немiс диаспорасы да, саны жартысынан артық бола тұрып осыған келiскен [26]
Жалпы, АҚШ азаматы деген бар да, «американдық ұлт» деген жоқ. Оны қытайлық АҚШ азаматы бiр штатқа губернатор болып кеткенде түсiнiп жатыр. Әлемнiң барлық құрлығында АҚШ мемлекетiнiң мүддесi бар, ол мемлекет өз азаматтарын қорғайды, бiрақ «американдық ұлт» – кешегi «кеңестiк ұлт» сияқты гибридтiң бiр формасы. Ол жердiң жергiлiктi ұлты – үндiстер. «Американдық ұлт» – ағылшын ұлты, ағылшынның ұрпағы немесе ағылшын тiлi дегеннiң баламасы. Британияның да валютасын еуроға айналдырмай, яғни Еуроодаққа кiрмей отыруының бiр себебi осында.
Бiздегi «американшылдар», олардан американ идеясының негiзгi ұстанымы – ағылшын тiлiн әлемдiк қолданыстағы бiрiншi тiлге айналдыру тәсiлiн үйренiп, қазақ тiлiнiң сондай болуына неге еңбек етпейдi?
Ұлт тағдырын айқындайтын оның мiнезi екенi XIX ғасырда дәлелдендi. Кезiнде Г.Лебон сияқты белгiлi ғалымдардың еңбектерiне сүйенiп, ағылшындар мен қазақтардың мiнезiн салыстырып зерттегенбiз. Ағылшындардың мiнезiне тән тоғыз қасиеттiң қазақтарда бiреуi, не екеуi ғана бар екен. Бұл осы екi халықтың мiнезi, яғни менталитетi бiр-бiрiнен алшақ болғандықтан, ағылшынның немесе АҚШ-тың ұлттық идеясын қабылдап, оны iске асыру бiзге мүмкiн емес екенiн көрсетедi.
Ал «Қазақстан – халықтар достығының лабораториясы» деген ұран Голощекиннiң кезiнде ендi. Оның «нәтижелерiн», 1928-1931 жылдардағы қазақтарды жасанды аштықпен жаппай қыру (әртүрлi деректерде 2,5-3,6 млн. адам немесе қазақтардың 40-55%-ы), 1937-1939 жылдары қазақ зиялыларын жаппай репрессиялау, 1938-1943 жылдары Кавказдағы, Едiл өңiрiндегi, Қиыр Шығыстағы халықтарды Қазақстанға ерiксiз көшiру, 1954-1957 жылдары тың игеруге шеттен 1,5 миллиондай адамды көшiрiп әкелiп, жетi жүзден астам қазақ мектебiн жаптыру, сонымен қатар «КарЛаг», «АЛЖИР» сияқты ең iрi концентрациялық лагерьлерде билiктiң өз халқына жасаған геноцидтiк тәжiрибелерiнен көремiз. Ендi осы жантүршiгерлiк қылмыстармен белгiлi «…лабораторияны» қайта тiрiлту кiмге керек болды екен?
Бiз диаспоралардан құралған АҚШ-тың ауызбiрлiк пен мемлекеттiк институттарды нығайтып, қоғам дамуын қамтамасыз ететiн бiртiлдiлiк және оны халықаралық аренаға шығару тәжiрибесiн қабылдап, жергiлiктi үндiлердi қырғынға ұшыратқан «американ халқы» деген миллитаристiк, күмәндi нәрселерден аулақ болған дұрыс.
«Орыс идеясы» осыған дейін Ресей мемлекетінің мақсаты болып келген «Москва Үшінші Рим» идеясының жалғасы болатын. «Орыс идеясының» қалыптасуына XIX ғасырдың 2 жартысында Достоевский мен Соловьев сияқты көрнекті интеллигенция өкілдері үлкен әсер еткен болатын. Достоевский тұжырымдаған «орыс идеясы» төрт идеяның жиынтығы болатын: 1) Славян бірлігі (Балқанды басып алу). 2) Шығыс бірлігі (Түркияны басып алу, бұғаздарға бақылау, Ай – София мешітіне крест тағу, сөйтіп Қиыр шығыстан Босфор бұғазына дейінгі жер Ресей бақылауында, қысқасы қазіргі Дугиннің Еуразия идеясымен ұқсас). 3) Проваславия діні әлемдік діндердің ішіндегі ықпалдысына айналады. 4) Патша мен халықтың арақатынасы әке мен баланың арақатынасына ұқсас болуы керек. Біртіндеп бұл идея орыс халқының дүниедегі ерекше рөлі туралы идеяға айналып кетті. Қазіргі Ресейдің өзінде «державничество» идеясы кешегі сайлауларда негізгі идеяға айналды. Ал Ресей интеллектуалдарының бір бөлігі «Либералды империя», «Либериялды ұлтшылдық» деген идеяларды тұжырымдап, жариялай бастады. Мұны бұрынғы ұлттық идеялардың жаңа сипаты деуге болады [27].
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлттың бірлігі мен топтасуына негізделген «дәстүрлі жапон рухы мен ең жаңа батыстық технологияның бірлігі» туралы жапон идеясы Жапонияның әлемдегі экономикасы ең шарықтау шегіне шыққан мемлекеттердің қатарына кіруге, сонымен қоса дәстүрлі мәдениет құндылықтары мен Батыстың либералдық құндылықтарының синтезін жүзеге асыруға, сол арқылы өскелең жаһандану жағдайында өзінің этностық бірізділігін сақтап қалуына негіз болды.
«Азия жолбарыстары» қатарындағы Оңтүстік Кореяның қазіргі кезеңдегі дүниежүзілік деңгейде алдыңғы орындарға шығуына да ұлттық идея әсер етіп отыр. 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін Оңтүстік Корейлік ұлттық идея – Жапондарды қуып жету және олардан асып түсу идеясы біртіндеп ұлттық идеологияға айналды. Міне соның негізінде Оңтүстік Корея әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің біріне айналды.
Америка Құрама Штаттарының «америкалық арман» деп аталатын идеясы ол: «ортақ береке және қоғам мен оның ұрпағын азаттық игіліктерімен қамтамасыз ету» ретінде тұжырымдалды. Осының негізінде Америкадағы әртүрлі этностарды азаматтық қауымдастық ретінде бірыңғай америка ұлтына біріктірді бірақ ол рухани әлеуеті жоқ, таза прагматикалық пайдаға бас иетін идея болып шықты. Осының негізінде Америка экономикасы, технологиясы, ғылымы өте жоғары деңгейде дамыды, ал рухани жағдайы ескерілусіз қалды.
Қазіргі жағдайда Ресейдің ұлттық идея іздеген, зиялылары әңгімені билік элитасынан бастауда. Олардың саяси жетекшілеріне беріп отырған бағасы қатқыл. Бірнеше ғылымдардың докторы, қоғам қайраткері И.Панарин «Технология информационной войны» деген еңбегінде былай дейді: «Ресейдің қазіргі саяси элитасы өзінің мән-мазмұны жағынан романов-кеңес кезіндегі деңгейде. Ол уақыттан ұтылған элита. Кейінгі жүз жылда өзгерген емес» [28].
Басқа орыс білімділерінің пікірі де оңып тұрған жоқ. Жинақтап айтсақ, бүгінгі Ресей элитасы жалғыз қасиетімен көзге түсуде, ол – пайдакүнемдік. Ақпарат тасқыны ғасырындағы ақыл мен білім бәсекелестігіне төтеп бере алмай, шаң қауып қалған.
Көрші ел зиялылары осылай қажып келіп, «жеңімпаздардың саяси элитасын» армандайды. «Ұлттық рухтағы шығармашылық элитаны» көксейді. «Державалық ауқымда сілкіне алатын жойқын элитаны» аңсайды. Біздер де осылай құлшына алар едік. Асылында Еуразияның кіндігіндегі әлемдік державалар көз қадаған, кен байлығы алыптар мен алпауыттардың жерік асына айналған, жер көлемі бас айналдырған, халқының құрамы ала-құла Қазақстанға ерекше элита, Назарбаев сынды тұлғалардан сомдалған айбынды элита ғана жарасады. Нақ осындай элита ұлттық идеяның ұлы мұратының бірі – ұлттық экономикалық буржуазияны қалыптастыра алады.
Біз ұлттық экономикалық буржуазия деп қазақтың жер байлығына ие болып, оны тиімді игере алатын, осы заманғы жоғары технологиялы өндіріс ошақтарын құруға қабілетті, әлемдік бәсекеге төзімді өнім беруге бейім, патриоттық сезімі күшті, табысының белгілі бір бөлігін ұлттың рухани өркендеуіне бақай есепсіз ықыласпен жұмсайтын, саяси билікке ашқарақ емес буржуазияны айтамыз.
Ол үш деңгейде болуы мүмкін: аймақтық, республикалық және континенттік. Аймақтық буржуазия – орын тепкен өңірінің экономикасын өрге бастырады. Республикалық-жалпы ел экономикасының жүрек соғысын реттейді. Континенттік – Қазақстанның халықаралық экономикалық беделін арттырады.
Әлемдік тәжірибеге қарасақ, дүниежүзілік ықпалға ие болған әлді мемлекеттер қазіргі державалық күш-қуаты үшін ең әуелі осындай ұлттық экономикалық буржуазиясына қарыздар. Қазіргі таңда жаһан мойындаған, жылдық кірісі 16019 миллиард долларға жетіп, барынша дамыған жеті мемлекеттің жылдық жалпы табысынан асып кеткен 500 ірі концерн бар болса, олардың бәрі дерлік атақты сегіздікке тиесілі. Солардың ішіндегі ең бай жүз концерннің 55-і АҚШ-та, 17-сі Англияда, 7-еуі Германияда, 6-ауы Францияда, бесеуі Жапонияда. Осындай алпауыттардан Швейцария мен Италия да құралақан емес [29].
Қазақ халқына әзірге мұндай элита қиял ғана. Біздің осы күнгі байлар, бизнесмен деп жергендеріміз “атақты жекешелендіру” кезінде жіліктің майлы басын ұстап қалғандар, елдегі тауар тапшылығының есебінен қалталы атанған саудагерлер мен билік элитасының қорғап-қоштауындағы іскерлер. Бұлардың ешқайсысы да стратегиялық өндірістер мен шикізат қорына ие емес. Ие болуға білім-қабілеттері де, қаржы мүмкіндігі де жетімсіз. Олардың өздері ұлттық тарихи парызын зерделеп бола алмаған. Мұрты майланғандары – төрге, ұрты майланғандары – өрге таласып арамтер.
Осыдан тағы бір өзекті мәселе туындайды. Егер елдің стратегиялық экономикалық тұтқаларын ұстаған шетелдер компанияларының үлес салмағы 15 пайыздан асып түссе, бұл ойландыруға тиіс. Себебі оның соңы экономикалық дербестіктің босаңсуына әкеліп соқтырады. Бұл — әлемдік сараптаудың дәйегі.
Ұлттық идея осындай тағдырлы, мемлекеттік стратегиялық және жалпы халықтық мұраттармен ұлттық бола алады, ұлтқа тікелей қызмет етеді, басты мақсаты ретінде сол ұлтты нақты тарихи кезеңнің саяси-экономикалық, рухани талаптарына сай жетілдіру міндетін таңдайды.
Ұлтты жетілдіру дегеніміз – оның бойындағы тарихи дәстүрлі игі қасиеттерді адамзаттық деңгейде байытып, қазақ адамын әлем адамы дәрежесіне көтеру.
Дәл осы мақсатты өз заманында Ататүріктің ұлттық идеяға негіз етіп алғаны белгілі. Оның ғасырында түрік жұрты дамудың еуропалық қарқыны туралы ойлаудан да сескенетін. Соған қарап, ұлтты жетілдіру көштен кейін қалғандардың ғана сыбағасы деп қабылдауға болмайды. Жетілу – жүзден озған жүйріктің де, мыңнан озған тұлпардың да еншісі.
Әйгілі саясаткер, Нобель сыйлығының лауреаты Г.Киссинджер “Дипломатия” атты еңбегінде Америка халқына қажет екі мұратты атап көрсетеді. Олар – өзін құрметтеу және қайта бейімделу.
Нақ осы қос қасиетке келгенде американдықтардың алдына жан салмайтыны белгілі. АҚШ-тың әлемдік державаға айналуына экономикадағы буржуазия қаншалықты үлес қосса, халықтың өрлігі мен өзін өзі көкке көтеруі, ұлттық намыс пен жігер, заманға бейімділік соншалықты ықпал еткені анық. Алайда Киссинджер оған қанағаттанып отырған жоқ. Державалық мәртебе жетілген үстіне жетілуді талап етеді.
Енді осы мемлекеттер таныған қайраткердің әлгі екі тұжырымын өз ұлтымызға лайықтап көрейік. Қазақ елі заман заңғарынан дәмеленуі үшін өзін өзі ардақтауды үйренуі керек. Халықтың ұлы серпіліс, Лев Гумилевше айтқанда, пассионарлық содан қайнарланады. Өзін құрметтеуге дағдыланған ел тарихы мен мәдениетін, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық идеалдарын дәріптеуді дәстүр етеді. Ұлттық негізде жетілу нақ осы жерден басталады. Өйткені, сен тек ұлт адамы, төл халқыңның рухани құндылықтарымен нәрленген адам ретінде ғана толыса аласың. Басқаша көктеу жоқ, бар болған күнде ол тамырсыз, қансыз есею, дүние-әлемге ұлт перзенті бітімінде көз салу бақытынан айырылып, ұлттық мақтаныш сезімі мен намыстың рахатынан жұрдай болған механикалық ержету.
Ұлттың өзін өзі ардақтау қасиеті рух құдіретін асқақтата отырып, жаңа толқынды сондай бақытсыздықтан қорғайды. Халықтың жер мен заманның мәңгілік иесі бола алатындығына деген қайсар сенімі де содан нәрленеді. Сол сенім сауырға қамшы бастырады, әлемдік аламанға ақыл-ойдан ат қостырады, ғасыр бойы суырылып шыққандарға қарап «ондай болмақ қайда» демейді, айшылықты алты аттауға жігерленеді. Өзін өзі ардақтау осылайша ұлттық сілкініс қуатын оятады. Ал ұлттық сілкініс, барға-мәзір, жоққа-қанағат психологиясынан арылу, заман биігінен табылуды намыс мұраты ету – ұлттық идеяның күретамыры.
Ұлттық идея, оның ішінде ұлттық жетілу мұратына үн қосқан қайраткерлердің бірі – Ресей президенті В.Путин. Ол 1999 жылы халыққа арнауында («Россия на рубеже тысячелетий») орыс ұлысы патриотизм мен державалық құлшыныс арқылы шыңдала алатынын атап айтты. Мұндағы патриотизмнің қыр-сыры әмбеге аян, ал державалық, Путинше таратқанда, ұлттық мүддеде Невский мен Суворовша, Пушкин мен Есенинше, Матросов пен Гагаринше тұлғалану [29]. Осыны өз кеңістігімізге көшірсек, қазақ ұлтының тұлғалануы. Осыны өз кеңістігімізге көшірсек, қазақ ұлтының жетілуі – ұлттық мұраттардың жолында Бөгенбай мен Қабанбайша қайраттанып, Абай мен Ахметше толғанып, Шәмші мен Нұрғисаша тебіренуі.
Қазақстан бұл жолда құрқол емес, тарих, ұлттық сабақтастық т.б. жылдардың мемлекеттік деңгейде өтуі, кейін қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы елімізде ұлттық идеяның іргесі қаланғанын аңғартады. Мақсат – осы қозғалысты уақыт өткен сайын мазмұндандыра, елдік идеалдармен байыта беру.
Бірде көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев әңгіме үстінде қазақта кәсіп жоқ екенін сөз етті. Мал бағуды ата кәсіп десек, ол күнкөрістің көзі ғана. Егіншілікке толық сіңіп кете қоймағанымыз да белгілі. Тіпті осы екеуін терең меңгердік деп өзімізді өзіміз көтергіміз келсе де алысқа шаба алмаймыз. Олардан алынатын өнімді тұтынуға дайын, өтімді азық түріне айналдыру біз игермеген сала. Голландиялық сыр, үнді шайы секілді әлемді аралап кеткен тағамымыз жоқ. Ал техника туралы айту артық, осы заманғы көлік түгілі, өтек шығару ойда жоқ.
Сонда не істейміз, осылай жүре береміз бе?
Әлемге көз салсаң, бізден басқаның бәрінің ұлттық ерекшелік пен мақтанышқа айналған кәсібі бар. Жапондар мен кәрістер электрониканың құлағында ойнайды. Қытай ұқсатып тауар шығару (иммитация товаров) арқылы Еуропа мен Азияның рыногын жаулап алды. Кезінде Жапония да осы жолмен экономикасын түзеген. Орыстар соғыс техникасында алдына жан салмайды. Неміс ұлты жеңіл көлігімен әйгілі. Үнділер компьютердің, финдер қалта телефонының технологиясын игеру арқылы ғаламға танылды. Швейцариялықтар қол сағатымен бағзыдан белгілі. Ал қазақта ұлттың атын осылай шығаратын, бүгін де, ертең де тамағын тоқ, көйлегін көк ететін кәсіп жоқ. Бұл бізді ойландырып отыр ма, әлде «таңғы тамақ Тәңірден» дейтін мінезімізге салып, жер байлығына сеніп жайбарақат жүрміз бе? Тегінде толғанатын, толғанып қана қоймай, қолға алатын жай. Қазақ әлемдік рынокқа сай осы заманғы бұйым шығаратын елге, технологияның ұлтына айналуы керек. Ұлттық идеологияның бір буыны сірә осы болса лайық.
Ойсыз қоғам болмайтыны секілді, идеясыз ұлт болмайды. Ғұмырлық идеалсыз халық – жел қуған қаңбақ. Әлемдік тәжірибеге барлау жасасақ, сол идеялар мен идеалдарды туғызған және туғызатын қажеттіктердің әркелкі екенін көреміз. Ол қажеттіктер нақтылы ұлттың ғаламдағы тарихи орынына, әл-қуаты мен дәстүрлі мінез-бітіміне, географиялық жағдайы мен халық санына, басқа да ерекшеліктеріне қарай анықталады. Қытай нәсілін «Аспан асты елі» дегізген құдірет не екенін білеміз. АҚШ-ты әлемді реттеуші держава түрінде империялық дәмемен желіктіргісі келетін саяси топтардың тамыры неден нәрленетіндігі де анық, ол – ғасырлар бойға алыс-жақынды аузына қаратқан үстемдік.
Мұның бәрін жіпке тізіп отырғанымыз, ұлттық идея жайлы ой қорытқанда, айналадағы елдердің ау-жайын назарда ұстау керек болады. Қазіргі таңда әлемде ақпарат соғысы жүріп жатқаны көзіқарақты елге аян. Бұл соғыстың астарында геосаяси мүдде және игеруге таңдалып алынған мемлекет мәдени интервенция жасау пиғылы бар. Оған АҚШ пен Қытай тарапынан ашылған ақпарат майданының стратегиялық мақсаттары дәлел бола алады.
Теориялық үрейлендіру, экономикалық ақпарат агрессиясы, мәдениет ақпарат агрессиясы, бейбіт үрейлендіру, психологиялық қысым – міне, Қытай стратегиясының мәні. Мұның ішінде бейбіт үрейлендіру – негізгі тәсіл психология – басты нысана деп аталған.
АҚШ тактикасы да осыған ұқсас, көп баптың ішінен ұлттың ерік-жігеріне қарсы операция және ұлттық мәдениеттер деңгейіндегі операция деген бөлімдерін даралап көрсетейік.
Сонымен державалар тарапынан сезімің мен рухыңа майдан ашылып, ұлттық қаныңды сұйылтуға қам жасалып жатыр. Сен бұған дайынсың ба? Ішіңе еніп алған компаниялар, қаржы берген елінің идеологиясын шым-шымдап санаңа сіңіретін үкіметтік емес ұйымдар, күні-түні эфирлерді босатпайтын ығы-жығы әндер мен экрандарды жаулап алған атыс-шабыстар, кімге не үшін өшігетінін өзі білмейтін, әйтеуір ызалы, түрі-ұлттың, мазмұны космополиттік ағайындар арқылы кеулеп кеткен мылтықсыз шайқасқа төтеп бере аласың ба?
Ұлттық идея осы сауалдарға да жауап тауып беруге тиіс. Ол сондай-ақ іргедегі елдің, қыруар жылдар еріксіз тағдырлас, ырықсыз мүдделес болған жұрттың қабағын бағуға мәжбүр.
Ресейдің қазіргі саясат сахнасында аузы дуалы болып жүрген ұлтжандылары (бәлкім ұлтшылдары) геосаяси ұстанымға келгенде ашқарақ болып барады. Психология ғылымының кандидаты, саясат ғылымының докторы, әскери ғылым академиясының профессоры, саясат, экономика және әскер салаларындағы ақпараттық күрес бағдарламасының теоретик-авторы И.Панарин жоғарыда аталып кеткен еңбегінде Ресей “Москва – Үшінші Рим” доктринасына қайтып оралуы керек дейді. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялысының байламы осындай. Оған әлемдегі ең үлкен территория, Россияның 17 миллион шаршы шақырымнан астам қисапсыз жері тар болып көрінеді екен.
Негізін Иван ІІІ қалаған, Иван Грозный жүзеге асырған бұл доктрина әуелде Алтын Орда аймағын жаулап алуды көздегені, сол мақсатпен Қазан, Астрахан мен Сібір Ресейге қаратылғаны тарихтан мәлім. Панарин сол доктринаның орыс ұлысы үшін державалық маңызы болғанын қадап айтып, 1480 жылы бар-жоғы 2 млн. адамды құраған Ресейдің 1880 жылы 84 млн. жанға өскенін, оған әлгі геосаяси басқыншылық әрекеттерінің нәтижесінде қол жеткізілгенін ризалықпен баяндайды. Сол екпінмен ХІХ ғасырда Н.Данилевский жасаған панславизм концепциясының мәнін таратады. Концепция бойынша астанасы Константинополь болатын бүкілславяндық федерация құрылу керек еді.
Бұдан кейін түрлі ғылымдардың білгірі еуразистердің империялық ниетіне ат шалдырып, Кеңес Одағының да орыс кеңістігі үшін қызмет істегенін еске салады. Ақыр соңында қазіргі Ресейдің саяси элитасын либеральдық идеологиядан державалық идеологияға көшуге шақырады.
Панарин осының бәрін ұлттық идеяның аясында қарастырып отырып, бұл идеяның орыс зиялыларының бәріне бірдей сіңімді емес екені туралы жақ ашпайды. Ал бізге А.Яновтың «Русская идея и 2000 год» еңбегінде орыс идеологиясын – «орыс имперализмнің идеологиясы» деп жариялағаны, 1992 жылы Горбачев қоры ұйымдастырған «Орыс идеясы және Ресейдің жаңа мемлекеттігі» конференциясында саясатшы Драгунскийдің де солай мәлімдегені, АҚШ славянисі Скэнланның орыс идеясын архивке тапсыру керек дегені белгілі. Бірақ орыс державашылдарының тізгінін тартар түрі жоқ. Бүгінгі евразийстер таяуда ғана ТМД республикаларының шеңберінде, астанасы Қазан қаласы болатын империя құру үшін күресетіндіктерін ашықтан-ашық жариялады [30].
Жоғарыдағы әлемдік тәжірибеден көріп отырғанымыздай әр мемлекеттің өзіндік өмір сүру ерекшеліктеріне, тарихи жағдайына, қалыптасқан менталитетіне, сеніміне, географиялық орналасу жағдайына, байланысты оның алға қойған бағыт – бағдары, идеясы анықталады.
Біз ұлттық идея, өз атымен атағанда, қазақ идеясын іздеуге кіріскен ХХІ ғасырдың басындағы ахуал, арғы-бергі елдердің бірінде мемлекеттік идеологияға айналған, бірінде соған айналуға дәмелі ұлттық идеялар осындай. Оларды ескермеу және есептеспеу табан жолыңнан жаңылдырады. Ұлттық идеяға әлемдік ақыл-ой мен оны қажет еткен ұлттың даналығы, бүгінгі есті ұлдарының көрегендігі мен біліктілігі, мемлекеттің саяси қуаты керек.
Пушкин өзімен кеңескен ұлтжандыларға: «Халықтың рухына сеніңдер, құдірет санаңдар, бізді құтқаратын ұлы күш сол ғана», – деген екен.
Абай ақылын сұраусыз-ақ айтты. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос».
1.3 «Азаттық», «Намыс», «Атамекен» идеялары – қазақ ұлттық идеясының діңгегі
Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби: «Өткен тарихыңды білмей келешекке дұрыс қадам баса алмайсың» – дегендей, қандай – да болмасын мемлекеттің және ұлттың идеясын жасау үшін оның басынан өткерген қиын – қыстау, қибалаң тарихы бойындағы сан мыңжылдар бойы қалыптасқан негізгі ерекшеліктері мен өзіндік құндылықтарынсыз елестету мүмкін емес. Сол сияқты бүгінгі таңда да Қазақстанда ұлттық идеяны қалыптастыруда халқымыздың сонау ғасырлар елегінен өтіп, айдар тағылған өзіндік мәдени – философиялық, рухани — әлеуметтік ерекшеліктерін негізге алу қажеттілігі туындайды.
Тарихтан бізге мәлім қандай бір қиындықпен құлдыраудан кейін халық басын біріктіріп, ұйытқы болатын мүдде – ұлттық идея. Ұлттық идея – уақыт талабына, заман ағымына қарай өзгеріске түсіп, толысып, синтезделіп, дамып отыратын құбылыс. Тарихымызға тереңінен үңіліп сыр шертетін болсақ: Бүткіл Еуразия даласын билеген ежелгі Түркілер барлық әлемнің жаратушысы – Көк Тәңірі. Ол бүкіл жаратылыстың – жер-судың, аспанның ұмай ананың негізі болған деп сенген. Сонымен бірге ел басқарушы қағанды Тәңірінің жердегі көлеңкесі, екінші Тәңірі деп, оны құрмет тұтқан. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Кұлтегін жазуынан үзінді келтіре кетсек:
«Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп,
Әкем қағанды, шешем қатынды
Көтерген Тәңірі, ел берген Тәңірі
Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп,
Мені қаған етіп отырғызып еді.
…Көп қолмен он екі жорық жасадым.
Сөйтіп Тәңірі жарылқады». [Кұлтегін жазб.еск. 12б.].
Міне осы сенімдер Түркілердің Көк Тәңіріні өздеріне идеал тұтып, халық қалаулысы қағанды қастерлеуі «Тәңірлік идеяны» немесе «Көк Тәңірі» идеясын қалыптастырды. Оның негізінде бір Тәңіріге табыну, бір орталыққа бағыну, бір идеяға ұйысу жатты. Осыған орай Түркілер ешқашан басқа елдің боданы болмаған. Егер болған жағдайдың өзінде көтеріліп өз азаттықтарын алған. Яғни көшпелі Түркілерге азаттықта, босатандықта өмір сүру табиғатынан сіңген азат ел болған [31].
Беріден Қазақ хандығы құрылар шақта Асан Қайғының Желмаяға мініп желе отырып жер жәннаты «Жерұйықты» іздеуі. Ол Өзбек (Әбілхайыр 1428-1468жж) хандығы құрамында болған және олардан қысым көрген Керей мен Жәнібек ұлысы (Қазақ ұлысы) бостандыққа ұмтылып тәуелсіз қазақ хандығын құрып оның қоныстанар қонысы «Жерұйық» болуын арман – мақсат еткен. Соның негізінде «Жерұйық» ұлттың идеясы, арман – мұраты болып қалыптасқан. Нәтижесінде бір идеяға біріккен қазақ ұлысы 1456 жылы бір түнде Керей мен Жәнібек сұлтан бастап үдере Шу бойына Қозыбас жайлауына көшіп келеді де, біржолата бас бостандықтарын алады. Яғни мұнда да қазақ менталитетіне тән азаттыққа ұмтылу идеясы көрініс береді. Сонымен қатар жер жәннаты «Жерұйық» дегені қазақтың қоныстанар мекені Атамекен идеясы көтерілген.
Кейіннен қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегін мемлекеттікті нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру, халқымызды дәстүрлі діни (исламдық) негізде тәрбиелеу орын алған. Сонымен қатар тағы да ұлттық идеяның құраушы бір белгісі Атамекен (жер) өз көрінісін береді. Қазақтың қиын қыстау жаугершілік заманында халық өздеріне таңдау жасаған «ел керек пе әлде ұрпаққа мұра болар жер керек пе» дегенде халық бірауыздан жер деп, келешек ұрпақтың қамын ойлаған. Соның арқасында Қазақстан қазіргі әлемдегі жер көлемі жағынан 9 орынды алатын үлкен мемлекетке айналып отыр.
Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде айтқанындай: «…Бұрынғы біздің ата – бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. …Әлгі екі мінезін біржола жоғалтып алдық. …Сол екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік, мінез жоқ болған соң, үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа ұқсамайды. Сайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.
Ол екі мінезі қайсы десең — әуелі – ол заманда ел басы. Топ басы деген кісілер болады екен. Көші – қонды болса, дау – жанжалды болса, билік соларда болады екен. …Өзге жұрт «Бас – басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп, мал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шынымен жетесінде жоқ болмаса солардың қамын жемей қайтеді?
Екіншісі намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға, өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады» — деп, …Ағайынның азары болса да, безері болмайды» деп…[32] Абайдың айтып отырған қасиеттері қазақтың тарихи бойында болған қасиеттер. Міне осыдан да байқауға болады қазақ тумысынан, табиғатынан намысқор, намысшыл келеді. Яғни осының өзі біздің ұлтымыздың туабіткен болмысында, ұлттық менталитетінде, ұлттық идеясында намысшылдық бар.
Қашанда ұлттық идеяны қалыптастыруда негізгі рөл атқарған сол дәуірдің ел қадір тұтқан би – шешендері, ақын – жыраулары болған. Сол сияқты қазақ хандығы кезеңінде де елдік сананы қалыптастыруда, рухани салт – дәстүрді, ел бірлігін дәріптеген де сол би шешендер, ақын – жыраулар болған. Олар халықтың сан жылдар өткен тарихи ұлттық болмысын осы ұрпаққа жеткізіп және келешекке жол салып, ұлттың болашақтағы ұлы мұраттарын, идеяларын жасап отырған.
XIX ғасырда патшалық Ресейге толығымен отарланған түркі әлемі оның ішінде қазақ ұлты бас – бостандығын алу мақсатында өз алдарына «жәдитшілдік» идеясын қояды. Ондағы басты идея: Н.Ильминский, Е.Малов, А.Алекторов, Н.Остроумов секілді миссионерлердің ұсыныстары негізінде қалыптасқан Ресейдің ресми саясаты, мұсылман түркі халықтарының дінін, тілін және дәстүрлі әдет – ғұрпын толық жойып, жергілікті халықты орыстандыру мен шоқындыруды көздеген болатын. Міне осы іс — әрекеттерге қарсы шыға отырып, яғни ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, ғылым – білімге озық технологиямен қарулануға бағытталды. Бұл жәдитшілдік идеясы негізінен дін мен ағарту саласында көрініс береді. Мұның жалғасы ретінде XX ғасыр басында Алаш зиялыларының бірігуімен Алаш автономиясын құруды, тәуелсіздік алуды ұлттық идеяға айналдырады. Негізінен Алаш идеясы сонау түркілер дәуіріндегі алты алаштан бастауын алады, бірақ та ол тарихымыздың бойында анық өз көрінісін бермей осы XX ғасырдың басында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейхановтар Алаш идеясын көтереді. Нәтижесінде Алаш идеясы алаш зиялылары үшін ең негізгі идеяға айналады.
Кеңестік Қазақстанда зиялыларымыз ұлттық идеяны әр қырынан қарастырады: Сырым, Махамбет, Кенесарылар ұлттық идеяны қарулы күрестен іздесе, Шоқан, Абай, Ыбырайлар ағартушылықтан, Әлихан, Ахмет, Міржақыптар Алаш автономиясынан, Шоқай тұтас Түркістанды құрудан олжалады. XX ғасыр басы үшін ең пәрмендісі әрі халыққа тиімдісі Алаш автономиясын құру идеясы екенін аңғарады [33].
Тарихымызды саралай келе қазақ идеясының өзегі жоғарыда байқағанымыздай – «Азаттық», «Атамекен (жер)», жене «Намыс» деген үстанымдар негізінде орныққан.
«Қазақ идеясы, яғни сол мәндегі қазақстандық немесе ұлттық идея өзара шендескен екі бастаудан нәр алуға тиіс» – дейді А.Сейдімбек. «Біріншісі – қазақ халқының тарихи тағдыры қалыптастырған мейірім, шапағат, парасат, жарасым, бақыт туралы арман – аңсары (идеалы). Яғни кең мағынасында, ондай идеалдың мәдениет пен өнер, тіл мен діл, салт пен дәстүр түріндегі өмірлік көріністері. Екіншісі – бүгінгі тарихи кезең аясындағы нақты бастан кешіп отырған ахуал» [34]. Сондықтан қазіргі біздің алға мақсат қылып қояр ұлттық идеямыз тарихпен (жоғарыдағы 3 ұстаным оның ішінде бүткіл менталитетімізге тән рухани, дәстүрлі құндылықтар) қазіргі жағдайды сабақтастыра отырып қарастыру қажеттілігі туындайды.
Қазіргі жағдайда ерік – бостандығымыз, тәуелсіздігіміз өз қолымызда бола тұра және саяси — әлеуметтік өмірдегі, экономикадағы көптеген жетістіктерге қарамастан, қоғамның тұрақты түрде дамуы үшін ұзақ мерзімді идел бола алатындай ұлттық идея және идеология әлі де болса толығымен қалыптаспай отыр. Ал мемлекет тағдыры, ұлт тағдыры объективті ақиқаттың бетіне тура қарап, стратегиялық тегеуірінді идеалды нысана етуді қажет етеді. Осы тұрғыда Ф.М.Достоевский айтып өткендей: «Асқақ идеясыз адам да, ұлт та өмір сүре алмайды». Яғни мемлекеттің, ұлттың алға қадам басуы, дамуы, тұрақтануы үшін әрине оның арман – мұраты, идеясы, идеологиясы болуы қажет.
«Ұлттық идея дегеніміздің өзі – этностың әлеуметік – этникалық тұтастығын сақтап, ұлттық күш – қайратына сенімін күшейтетін ұмтылыс пен іс – қимылдың маңызды құралы» – дейді А.Айталы [35]. Ұлттық идея – талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш – қайғысымен сараланған рухани дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы. А.Сейдімбек айтқандай «әрбір ұлт — өз болмысының авторы» [34]. Ұлттың мұрат пен мүддесі, кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі, қайғы – қасіреті мен абырой – мақтанышы ұлттық идеяда көрініс алады. Жалпы алғанда әрбір ұлттың ерекшеліктерін дамытатын құрал – ұлттық идея мен елдік мүдде.
- Тәуелсіз елдегі ұлттық идеяның қалыптасуы мен
дамуының басты шарттары
2.1 Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі (мәдени – рухани, дәстүрлі құндылықтар)
Көп ұлтты, көп конфессиялы республикамызда мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі салыстырмалы аз мерзімнің ішінде берілген конституциялық құқық негізінде идеологаялық ағымдардың түрлі варианттары қалыптасып үлгерді. Еліміздегі этно-демографиялық, саяси-әлеуметтік жағдайдың дамып, өзгеруіне байланысты осы идеялардың арасынан басталған реформалардың табысты жүргізіліп, оған қоғам мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ететін, халықгың көпшілік бөлігінің рухани сұранысын қамтамасыз ете алатын ұлттық дәстүрін мемлекеттік дөрежеге көтерудің қажеттілігі барынша сезіле бастады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлттық идея ол ең алдымен өзінің ұлттық тұтастығын айқын түсінуге негізделеді. Ұлттық идея қоғамның өз ішінде пісіп жетіледі. Оңда сырттан таңылған сипат болмайды. Ұлттық идея идеология жәдігөйлерінің ашқан жаңалығы емес, миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерін түсінуінің жемісі болып табылады. Ұлттық идеяны қалыптастыруымыз өзіміздің төл тарихымызды жаңаша үғыну негізінде ғана мүмкін болмақ» деп атап көрсеткен еді [36].
Міне жоғарыда Президентіміз айтып өткендей немесе қазақ тарихынан біз білетіндей ұлттық идеяның негізгі ұстыны ұлттық құндылықтыр (дін, діл, салт – дәстүр, тіл) екені айдан анық. Оларды талдап жазатын болсақ:
а) ұлттық мемлекет;
ә) дәстүрлі дін;
б) мемлекеттік тіл;
в) ұлттық діл;
Кеңес үкіметінен тәуелсіздігімізді алғаннан кейін осы құндылықтарымызды біржола ұмытқандаймыз яғни профессор Мекемтас Мырзахметұлы айтқандай мәңгүрттену белең алған.
- Кеңес үкіметі кезінде ұлттық жазу таңбасынан айрылып, латынды соңынан кириллицаны қабылдап, өткендегі ұлттық тарихын оқи алмай мәңгүрттену;
- Жеке ұлттардың халықтық жадын ұмытып, өткендегі ұлттық тарихи санасынан көз жазып қалу;
- Дінінен яғни рухани тірегінен мүлде айрылуға бет алу;
- Табиғи тіл байлығынан қол үзіп, тарихи ой санасынан кедейлену;
- Ұлттық менталиетінен яғни ділінен ажырауы;
- Ұлттық әдет – ғұрып, салт – санасынан көз жазып, рухсыздануы;
- Отбасы тәрбиесі мәйегінен тыс қалып, жаттануы;
- Ұлттық өнер туындылары туындыларының уызына жарымай, тіпті, ұғына да алмай, бөгде ұлт өнерінің ығына санасыздықпен жығылуы;
- Түріктік ортақ рухани тұтастықтан алыстай беруі;
- Ұлттық антропонимдер бояуының солғын тартып, алашұбарлануға бет алуы;
- Орыс тілі мен емлесінің ықпалына түсу себепті, ана тілінің дыбыстық табиғи бояуының солғын тартып, орфоэпиялық дағдарысқа ұшырауы;
- Шала қазақ пен ада қазақтардың нигилистік, космополиттік қалыпқа түсіп, рухани жағынан азғындауға бағыт алуы;
- Мінез – құлық этикеті мен киіну жағынан сырттан енген модалық көрініске ойсыз, қамсыз ерудің себебі де А.Байтұрсынов атап көрсеткендей: «…тіл мен ділінен айрылған қазақ неге көрсеқызар болмасынның» өзі болып шығуы;
- Дүниетанымдық жағынан евроцентристік танымның тұтқынында қалуы; [37].
Міне, мәңгүрттенудің бұлар басты көзге ұрар ортақ белгілері ғана, оның көрінбейтін ішкі рухани әлеміміздегі өзгеріс белгілері бір Аллаға ғана аян.
Қазақ халқының бүгінгі болмысы осы айтылған ортақ белгілерден алыс жатқан жоқ. Бұлардан, яғни мәңгүрттік рухани қасіретімізден қайтсек арыламыз? Бұдан құтылудың, түбірімен тазарудың жолы бар ма? Бар! Алыс та болса жақын жолы бар. Ол – біз қарастырып отырған ұлтты ұйыстырушы – ұлттық идея мен сол ұлттық идеяны іске асырушы ұлттық идеологияны қалпына келтіру, рухани болмысымызды жаңғырту.
Ұлттық идея — ұлттық мүдденiң туындысы. Идеология сол ұлттық мүдденi мейлiнше анық белгiлеген идеяға қол жеткiзудiң нақты әрекет-қимылына сiлтеу жасап, бағыт-бағдар беретiн үгiт-насихат мазмұны.
Қазақтың ұлттық мүддесi не? Бiр тараптан, аталмыш сауалдың жауабы елдiң бәрiне анық тәрiздi. Бұл сұраққа бiз неғұрлым сауатты, кең және нақты жауап берсек, онда жоғарыда қойылған екiншi сауалдың жауабы да өзiнен-өзi табыла кетедi.
Сондықтан, менiң ойымша, қазақтың алға койған мақсат-мұраты зор болуы қажет. Бұл мақсат-мұрат бiздi озық халықтардың қатарына қоятындай көп сатылы, әрi ұзақ мерзiмдi қамтуы керек. Үлкен мұратқа қарай жүрген жолдың әр кезеңде нақты шешiп отыратын мәселесi, қол жеткiзетiн қомақты ұлттық табысы, есеп беретiндей даму биiгi анық көрсетiлуi тиiс.
Ұлттық мүдде — ұлттық құндылықтар. Құндылықтар ұлтқа берiлетiн анықтаманың әр параграфынан құралады: атамекенi, ана тiлi, қалыптасқан дiлi, бiр дiнi, ортақ салт-дәстүрi, төл әдет-ғұрпы, жалғыз тарихы. Ұлттық идея — ұлттық құндылықтардың жаһандастыру дәуiрiнде қауiпсiз өмiр сүре алатын жағдайын көксеген мұраттың көрiнiсi. Сондықтан, ұлттық идея әрi мәңгiлiк, әрi кезеңдiк ой-тұжырым. Ұлт өзiн-өзi сақтау үшiн үнемi сергек өмiр сүруi қажет. Бiрақ, сергектiк тек қана ұлттық дәстүрдi сол қалпында сақтау ғана емес, сонымен қатар, оны кемелдендiрiп отыру пейiлi, замана жетiстiгiне қарсы қою емес, керiсiнше, дәуiрдiң қол жеткiзген игiлiк-табысын өз пайдасына шешiп отыру пәлсапасы.
Сергектiк, менiңше, ұлттың әлем халықтарымен үзеңгi қағыстырып қатар жүруi үшiн ұдайы iзденiсте болу, елгезектiк таныту, жаңалық атаулыны тез арада игерiп, өз пайдасына жарата бiлу қабiлетi, қасиетi және мiнезi. Бойға, қанға сiңе алған жақсы әдет күнi ертең оның қасиетiне айналады.
Ұлттық құндылықтар ұлттың тек кана ежелден келе жатқан, ертеден меншiктенген қазынасы, игiлiгi, алтын қоры, асыл мұрасы емес, сонымен қатар, ұлттың бүгiнгi күнде басқа халықтардан бұрын ойлап тапқан, бұрын қол жеткiзген, бұрын игерген ғылымдағы, өндiрiстегi, мәдениет-өнердегi бiрiншi табысы. Кезiнде пәлсападан алдыңғы орынға шыққан немiстер сол пәлсапаны өздерiнiң ұлттық құндылығына айналдырып жiберген болатын. Сол тұста пәлсапа ғылымын немiстiң ұлттық табысы ретiнде таныған ойлар да айтыла бастаған едi — оған куә Гегельдiң сөзi — ол пәлсапамен тек немiстер ғана айналысуы қажет деген пiкiр бiлдiрген едi. Ендi бүгiн тағы сол немiс халқы машина жасау өнiдiрiсiнде қайыра озық шығып, iскер топқа, мемлекет қайраткерлерiне арналған уәкiлдi автомобильдердi тек солар ғана жасай алатыңдай ой қалыптастыратын жағдай туғызып отыр. Мерседес — ең озық уәкiлдi автомобиль. Ол — немiс жұртының ұлттық табысы, атадан балаға мирас ұлттық қазынасы, немiстiң қабiлет-қарымын көрсететiн ұлттық құндылығы. Бiрақ, сол ұлттық игiлiктi сақтау үшiн олар не iстеп отыр деген сауалға келсек, бiз қызық жағдайға тап боламыз: олар уәкiлдi автомобиль рыногын қолдарынан шығарып алмас үшiн үнемi iзденiс үстiнде жүредi, сергектiк танытады, ауыртпашылық кешедi, қиындық көредi. Жеңiс, табыс онайлықпен келмейдi, басқа қонатын бақтың да арғы атасы — еңбек.
Иә, бiз киiз үйдi ойлап таптық, ол — ешқашан ескiрмес асыл қазына, бiрақ, бүгiн қандай архитектуралық табысқа жеттiк, жаңалық әкелдiк? Немiстер Мерседестi жасап отыр. Сондықтан, мен үшiн ұлттық кұндылықтар қатары ұдайы толықтырылып отыруы қажет. Ұлттық мүдде болашақтағы ұлттық құндылықтарымызды да ескеретiн арман-тiлектен тууы керек.
Тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңіндегі қоғамымыздағы идеологаялық ваккумды, соңдай-ақ берілген заңдық қықгық артықшылықтарды ұғымды пайдалануға тырысқан жат жерлік, дәстүрлі емес ңдеялық ағымдар Қазақстан қоғамынан өз орындарын алуға жарыса ұмтылуда. Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде-ақ аталмыш мәселемен айналысқан бірқатар зерттеушілер қоғам мүшелерінің сұранысы мен көзқарастарына сәйкес осы идеологиялардың ішінен ортақ бір идеология суырылып шығып, мемлекеттік дәрежеге көтерілетініне баса назар аударған болатын [38]. Дегенмен, сол идеялардың көпшілігі ел халқының, әсіресе бірден- бір титулы саналатын Қазақ халқының рухани талабына жымдаса сәйкес келе алмағандықтан қоғам мүшелері тарапынан белсеңді қолдауға ие бола алмады. Тіпті, керісінше, бұл идеялар ел ішінде саяси-әлеуметтік қайшылықтарды тереңдетіп, халықтың ұлттық-психологиялық болмысына елеулі нүқсан келтіріп те үлгерді. Осы орайда назар аударар жай – дәстүрлі емес, жасанды идеялық ағымдардың басым кемшілігі, ол жергілікті халықгың ұлттық ерекшеліктерімен қайшылықта болып, тіпті, өзара түсіністік жағдайына келе алмауында болып отыр. Біздіңше, белгілі бір идеологияның мсмлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін негізгі екі талапқа жауап беруі тиіс. Біріншіден, ол сол мемлекетте өмір сүріп отырған халықтың мақсат-мұддесімен, болмысымен толық сәйкес келгені жөн. Бұл туралы данышпан Монтъеске «заңдар, үкіметтің табиғаты мен принциптеріне, басқару формасына, елдің географиялық факторы мен физикалық қасиеттеріне, жағдайы мен көлеміне, климатына, топырақ сапасына, халықгың тұрмыс-тіршілігіне, санына, байлығы мен қабілетіне, әдет-ғұрпына сәйкес болу керек» деп айтып кетіп еді. Сонымен бірге идеологияның мемлекеттік сипат алуына қажетті тағы бір қасиеті — оның сол мемлекет тарихымен сабақтас болып, ұзақ мерзім бойы сол қоғамда үйреншікті, жетекші идеологиялық деңгейде болуға тиістігі.
Сондай-ақ көп ұлтты, көп конфессиялы Қазақстан қоғамы сияқты күрделі қоғамда идеяларға қойылатын басты талап, ол ел тұтастығын қамтамасыз ете алатын күшке ие болу кажеттілігі екендігі түсінікті. Қоғамның барлық мұшелерінің жоғын жоқтап, бәрінің мүддесін бірдей қорғайтын идеялар мен көзкарастар ғана тұтастықты сақтауға көмектеседі. Көпұлтты Қазақстан жадайында халықтың бірлігін сақтайтын, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы олардың ерен еңбегін, қажымас жігерін тасытатын идеялардың бірі ретінде қазақ халқының рухани түлеу ңдеясының потенциалын пайдалануды ұсыну да осы талап-тілектен туған шаралар [39].
Қазақ халқының рухани түлеуінің тарихи құндылықтрды түгендсусіз мүмкін еместігі, тарихи, ділдік, діни және тілдік сабақтастықтың ұлттық идеологияның негізі екендігі де барынша сезіле бастады. Тоталитарлық кезеңде ұлттық идеяның негізі боларлық қазақ халқының рухани болмысы туралы жазылған еңбектердің басым бөлігі сыңаржақ, кертартпа бағытта, билеуші режимнің саяси мақсатына ынғайлана жазылды. Соңғы он жылда Қазақ тарихына, мәдениетіне, дүние танымына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстары осы олқылықтардың орнын толтырып, халкымыздың рухани тарихына байланысты біраз ақиқаттардың бетін ашты. Әсіресе, Қазақ мемлекетінің тарихын тек мақганып қана емес, жүріп өткен жолымызды үнемі сынға ала отырып, әттеген-айлардан сабақ алып, жетістіктерді қайта жаңғыртып, қазіргі қазақ қоғамына негіз етіп алар үрдістердің жетерлік екенін байқадық. Тарихсыз болашақ жоқ. Біз тарихтан қазіргі қоғамымызға керекті, қоректендіруші қайнар көз күшті батыл етуіміз қажет. Тарих — біздің қатынасымыздың бастапқы пункті. Сондықтан да интегративті идея біздің тарихтан басталады. Тарихи сабақтарды қалпына келтіру қазақстандықгардың рухани өрлеуіне, азаматтардың мінезі мен іс-әрекетіне, патриотизмге тербиелеуге көмектеседі [40].
Ұлттық дөстүрді тарихи қалыптасқан берік дәстүр ретінде қарау, ол:
Біріншіден, адамдардың, халықтың материалдық және рухани мәдениетіне тартылуына әсер етеді.
Екіншіден, халыкгың тарихи танымын қалпына келтіреді, ұлттық психологияны дамытады, ұлттық дәстүр, өз Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік пен құрметті күшейтеді. Ұлттың өзін-өзі тануына, жеке адамда өз халқының ерліктері арқылы ұлттық мақтаныш пайда болады [41].
Дегенмен, тарихи процестер барысында, әсіресе қазіргідей ғаламдану үрдісінің жедел қарқынмен дамып келе жатқан кезінде ұлттық дәстүрдің, тіпті ұлттық дәстүрге деген көзқарастың өзінің айтарлықгай трансформацияға ұшырауы мақсатымызға күмәнмен қарауға итермелейді. Бірақ, аталмыш мәселе бойынша жүргізілген социологиялық зерттеулер ол күмәннің негізсіз екендігін, еліміздегі негізгі халық — қазақ халқының ұлттық дәстүрді әлі де берік сақтай отырып, оның әр отбасында жетекші рольге ие екендігін көрсетіп отыр. Қазақгардың өздерінің дәстүрлі мәдениет негізінен ажырамағанын төмендегі мәліметтер растай алады. Зерттеушілердің «Сіздің жанұяңыз ұлттық дәстүр мен салттарды ұстанады ма?» деген сұраққа Қазақгардың 60 %-і – «иә» деп, 30 %-і ~ «ең кең тарағанын» деп жауап берген [42]. Бұл көрсеткіш ел халқының басым көпшілігін қүрайтын және титулды халық – қазақгардың идея регінде ұлттық дәстүрді қабылдай алатынын көрсетеді
Қазақгар өздерінің дүниетанымда және жүріс-тұрысында басқа ұлттарға қарағанда өз ұлтына, ұлттық құндылықтарына бүйрек бұруында, өз ұлтының ұлттық мүддесіне тартушылығы басымдау, Мұны этникалық патриотизм, этникалық түтастық деуге болады.
Дегенмен, қазақ халқының ел халқының басым көпшшігін құрайтынына қарамастан, бір ғана ұлттың (қазақтардың) дәстүрі мен сенімін жалпыұлттық идея нетізі етіп алудың Қазақ емес, басқа қоғам мүшелері тарапынан қолдау таппауынан күдіктенетін пікірлер де болмай қоймайтыны зандылық. Әсіресе, демократия, азаматтық қоғам, азшылық мүддесі сияқгы саяси үранарды басшылыққа алған топтар қазақ емес ұлт өкілдерінің, ең алдымен орыс ұлт өкілдерінің мүдделері аяққа тапталды деп байбалам салуы да түсінікті.
Шынында да бастапқы кезеңде еліміздегі орыс ұлтының қазақтардың ұлттық кұндыльықтарын дамытуға талпыныстарына түсінбестікпен карағаны рас, Кеңес Одағының аяқ астынаи қүлауы бүрын жетекші жағдайда болған орыс емес орыс тілді халықтың бүқаралық санасын тез деформация жағдайына келтірді. Олар өздерінің этнолингвистикалық және этногенетикалық отанынан саяси және әлеуметтік-мәдени жағынан ажырау қаупін айқын сезді. Екіншіден, жаңа, түбегейлі процестер негізінде де посткеңестік кеңістікте қазақ халқының мемлекеттігінің қалыптасуына славян және орыс халықгарының теріс көзқарастары күшейді [43]. Жоғарыда атап өткеніміздей, негізгі факторларды талдау ТМД шеңберінде БАҚ арқылы «ақпараттық байбалам етудің» елімізде мүдделері тоғысқан белгілі бір саяси-экономикалық, мақсаттагы топтар мен тұлғалардың тұрғандығын көрсетті. Бұл топтар еліміздегі орыс-славян ұлтының атынан сөйлегенімен, тек санаулы ғана желіккен тұлғалардың басын біріктіретін, барлық орыстарды арттарынан ерте алмайтын қуыршақ топтар екеңдігі барынша белгілі бола бастады [43].
Керісінше, қазіргі кезде Қазақ емес ұлт өкілдері үшін ұлттық мәселелерден көрі физикалық және әлеумепік-экономикалық тірі қалу мәселелері өткір, көкейкесті болып отыр. Екіншіден, орыс халқы саны жағынан азшылық жағдайға келіп, тіпті ірі қалалардың өзінде қазақ халқынан әлдеқайда төмен дәрежеге түсті. Үшіншіден, бастапқыда тарихи отаңдарына үдере көшіп кеткен олар, кейін түрлі себептерге байланысты қайта оралып, өз тағдырларын Қазақ қалқының мақсат-мүддесімен мәңгілік бір ете, жергілікті халықтың рухани түлеуге ұмтылыстарының зандылығын біржолата мойындаған сыңай танытты.
Осындай демографиялық саяси-әлеуметтік мәселелердің күрт өзгеруіне орай аталмыш мәселе де өз езекіілігін біршама бәсеңцетті. Мәселе төңірегінде зерттеу жүріізген М.Романованың пайьшьшша, казіргі кезде орыстар мен Қазақгардың ұлттық менталитеттері келісімге келген, Автордың келтірген социологиялық зерттеулеріне қарағаңца жаңа және кэзіргі замандаш әлемдік еркениеттегі еуроцентристік көзкарастардың жагымсыз ыкдалына ҚР орыстарының көгашлігі түсе қоймаған. Керісінше, олар қазақ халқының мәдениетішң, мемлекеттілігі пен экономикалық дамуьша мүдделілік танытьш отыр [44].
Міне, сондықган да қазіргі және келешектегі қазақ халқының пайдасына шешілер демографиялық, этнолингвистикалық өзгерістерді ескере отырып, ұлттық дәстүрлер мен құндьшықтарды қоғамымыздағы идеялық тұғырнама дәрежесіне көтеруде, батыл тиянақгы шешімдер қабылдаудың кезі келді.
Қазақ халқының ұлттық дәстүрінің жетекші идеологиялық дәрежеге көтерілуі еліміздегі Қазақ халқымен тарихы тамырлас түркі тілдес халықгардың рухани жақындасуына ыкпал етері даусыз. Мәліметтерді талдау 1989 жылдың басында еліміздегі түркі тілдестердің көрсеткіші 44,2 %, ал шығыс славян этностар – 50,2 % кұраса, 1999 жылдың басыңда бұл көрсеткіш түркі тілдес этностар (қазақтар, татарлар, өзбектер, үйғырлар, әзірбайжандар) ел халқының 62 % құрап, шығыс славяндар 37 % құрағанын көрсетеді.
Ал осы дүйім халыктың дінге қатысына келсек, АҚШ мемлекеттік департаментінің зерттеулері мен Халықаралық Сенім Бостандығы (ІҒК) мәліметтеріне сәйкес (1998) Қазақстан халқьшың 70 %-і — мұсылман-дар. Қазақгардың 80 %-і өздерін мұсылман деп таниды [45].
Осы орайда қазақ халқының ұлттық дәстүрінің ғасырлар бойы ислам дінімен жымдасып, бірігіп ажырағысыз жағдайға түскенін, ұлттық дәстүрді діннен айналып өтіп дамытудың мүмкін еместігін де айта кету аса маңыэды. Сощъі жылдардағы еліміздегі ислам дінішң ықпалының өсуі ресиубликада қазақ лингвистикалык; фонетазсасының күшеюіне әсер етіп отыр. Қазақстанда тығыз топтанып орналасқан өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, түріктер, Қазақ тілінің маңызын терең түсініп, оның қолдау аясын кеңейіп жатыр, түркі тілдестер тілдері қазақ тілі 11с жақын болған соң балаларын Қазақ мектептеріні; беруде. Орыс тілі түркі тілдестер тығыз орналасқан аудандарды ұлтаралық функциядан айырылып, ориын қазақ тілі басуда [45].
Дәстүрлі түркілік дүниетаным мықты іргетас болып, салыстырмалы жаңа идея — исламмен біте қайнасқан қазақ ұлттық дәстүрін қайта жаңғырту қазақ мақал-мәтелдері, батырлық жырлар мен ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бір идея мен ортақ құңдылықтар төңірегінде қалам тербеп, жалпы түркілік-исламдық-адамзаттық озық қасиеттерді дәріптеген барша түркіге ортақ Абай, Жүсіп Ьаласағұн, Мақтұмқұлы, Манас, Низами, Шәкәрім, Махамбет, Асан Қайғылардың ой-толғауларына шын мәнісіндегі сұраныстарды тудырып, олардың қазіргі қазақ қоғамына араласу дәрежесін арттырып, олар көтерген идеялардың пайдалану механизмдерін іске қосар еді. Бұл дегенің Көне түркі жазбаларыңдағы ел бірлігі туралы ойлар мен кешегі өткен түркі қоғамының ақын-жырауларының толғауларының екінші, шынайы өмірінің басталуы еді. Бұл ез кезегінде Қазақ қоғамының қайта өрлеу кезеңінің шынайы, буырқанған кезеңінің басталуына себепкер болған болар еді.
Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі — адамдардың бойында еліміздің тәуелсіздігін айрықша қастерлейтін қасиет- ұлттық рухты нығайту. Енді рухани мәселелерге ден қоятын уақыт та келіп жетті. Себебі, рухани тамырымыз терең болса ғана өзгелер бізбен санасады. Кім көрінгеннің таптаурын болған ескі жұртын шиырлап жүрсек, дамыған елу елмен иық тірестіру түгіл, егемендікті сақтап қалудың өзі қиынға соғады. Өйткені, материалдық байлығымен танылған ғана емес, рухани құндылықтарын дәріптеген, ұлттық ерекшелігі сақталған, тарихы таза мемлекет қана ертеңгі күні халықаралық қауымдастықтың ортасында зор беделге ие болады. Ұлтты ұлт ретінде анықтайтын тек, оның қоныстанған мекені ғана емес, оның тілі мен ділі, діні мен рухани дүниесі, салт-дәстүрлері мен философиясы, әрине ұлттың рухы.Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді, ділімізді айтпау мүмкін емес. Бүгінгі күндегі біздің қоғамымыздағы рухани дүниедегі, елдік пен бірлікке негізделген жоғарыдағы келтірілген қасиеттер ұлттың құндылық бағытына айналуы қажет. Әсіресе егер ұлт – ол ашық әлеуметтік жүйе екендігін ескеретін болсақ, онда өзіндік ұлттық ерекшелігі мен өзіндік сананы сақтап қалу күрделі жағдай екенін түсіну қиын емес. Өйткенеі қоғамда әртүрлі процесстер жүріп жатады, ол жасауда, сақтау, қирату сияқты процесстер, онда дәстүрлі құндылықтар, салт-дәстүрлер, институттардың жаңғыруы мен дамуымен қатар, жаңа институттардың енуі, басқа мәдени идеялардың орнығуы, басқа халықтардың тәжірибесін пайдалануы сияқты процесстер де жүріп жатады. Сол себептен де әсіресе жаһандану кезеңіндегі өзіндік ұлттық ерекшеліктерді сақтап қалу күрделі де, қажетті болып табылады. Ол ұлттық идея, ұлттық идеология мен ұлттық рухтың негізінде, қазіргі қоғамға сай қаншалықты ыңғайланса да, өзіндік өзегін сақтайтын мызғымас құндылықтарымызды жоғарғы дәрежеде қалдыру міндет. Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгіннің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеологиямыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты, ой толғаныстары күшті ел болу еш күмән тудырмайды.
Рухы бар елдің сағы сынбаған, сағы сынбаған елдің бағы бар деген қанатты сөз босқа айтылмаған болар. Халық рухты болса көші еселенеді, ол өз ортасынан батыр өсіреді, рухсыз халық қара тобырға айналады деген де бар. Алайда « рухты халықтың алды жарық » деген даналық сөздің дәлелдігі бүгінгі күндегі еркін тәуелсіз қоғамның көрінісі.
«Рух – А.Байтұрсыновтың анықтамасы бойынша, халықтың жаны. Рух туған жер, туған ел, ана тілі, ата тарихы, ұлт менталитеті ұғымдарымен, түйіндеп айтқанда Отанмен тағдырлас.Рух адам баласының жан дүниесінің арқауы. Рух Ахмет Байтұрсынов көрсеткендей, «ұлы мақсат, ұлы мұрат» үстінде керек, ендеше рух Отан сүйгіш патриоттың жаны мен қаны » деп жазды белгілі ғалым, тарихшы М.Қ.Қозыбаев.
Француз тіліндегі идеал, грек тіліндегі идея- мақсат туралы ұғым, түп – негізі мұрат-мақсатқа келіп тіреледі. Біздің бүгінгі идеямыз, идеологиямыз – тәуелсіздік. Математикада алгебраның негізгі ұғымдарының бірі – идеал болса, сол идеалымыз сан ғасырлар бойы – тәуелсіздік болды. Өзі философиялық ұғым, адам ойының бір жүйеге бет алуы, білімнің іске асуын қамтамасыз ететін процесс – идея десек, сол идеямыздың түп-төркіні де – тәуелсіздік. Ұлттық тәуелсізідік, содан барып идея мен логиканың қосындысынан пайда болған идеология да, әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, саяси, философиялық, моральдық, эстетиалық, діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы болса, сол идеологияның шыңында да, қайнар көзіде де – тәуелсіздік рухы өз туын желбіретуі тиіс. Адамның ойлау жүйесінің басты қазығы – жан-жүйеңді елжіретіп, жүрекке жеткізетін — әрине ұлттық рух !
Ұлттық идея мәселесін қарастыруда біздің рухани дүниеміздің маңызды бөлшегі болып табылатын салт-дәстүрлер жайында да ұмытпауымыз керек. Өйткені салт-дәстүр — өз ұлтыңа деген, өзіндік ерекшелікке деген құрмет пен өз халыңа деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Салт-дәстүр «Менді» «Басқадан» ажыратып, ерекшелеп отыратын фактор болып табылады.
Кез – келген халықтың өз салт-дәстүрі болады, салт- дәстүрсіз халық болмайды. Салт-дәстүр халықтың сапалық қасиетінің, моральдық өмір сүру нормасының басты өлшеуіші. Жақсы дәстүр уақытты жатсынбайды; уақыт өзгерісі, даму диалектикасына орай дамып отырады, ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасады, сабақтасады. Ата салты мен халықтың қасиетті салт-дәстүрін ардақ тұтқан ұтады. Уақыт өлшемі өтіп, тұрмысына төтеп берген кісілік қасиеттеріміз бен салт-дәстүрімізді қастерлей білгеніміз абзал. Халқымызда әдепті, инабаты мол жасты « көргенді елдің баласы » деуі тегін емес. Бұл – ұлттық тәрбиені дамыта беру деген сөз.
Ұлттың өмірді құрайтын кез-келген негіздерінің қайсысы болмасын оның келесі ұрпаққа берілуімен тығыз байланысты. Осы байланысты жасауда жүйеленген салт-дәстүрдің орны зор. Салт-дәстүрдің әдістері, тәрбиелеу мазмұндылығы, ұлттық құндылықтарға деген моральдық этникалық құнды көзқарастары, тарих сынынан өткен ұлттық құндылықтары — кез-келген жанға адам болып қалыптасып, дамуының кепілі. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың « бүгінгі қазақ қауымына аса қажет нәрсе — өзіміздің намысшылдық дәстүрімізді дамыту » деп нақтап айтуы жай айтыла салған сөз емес. Салт-дәстүр мәселесін мәдени-философиялық тұрғыдан қарастырғанда оның бастау бұлағының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптарда, халық ауыз әдебиетінде, ақын-жазушылардың ұлттық рухтағы шығармаларында жатқандығына көз жеткіземіз. Қазіргі әдебиеттерде ұлттық құндылықтарды зерттеуде этнографиялық жағынан қарастыру жиі кездеседі. Бұл орынды да, себебі ұлттық рух адам қалыптастырудың жүйелі процесі ретінде әлеуметтік топтың, дәлірек айтсақ адамның мүддесі тұрғысынан қарастырылады.
Қорыта келгенде, салт-дәстүрдің мүмкіндіктері жайында мыналарды тізбектеп көрсетуге болады:
- Салт-дәстүр көптеген факторлардың: а) ана тілі, ә) халықтың тарихы, б) халықтың діні, в) қазыналық мәдениеті, г) халықтық әдет-ғұрып пен ырым-тиымдары, д) халық әндері, ертегілері, қиссалары мен аңыздары, ұлттық көркем әдебиеті ықпалының оң нәтежиелігі;
- Танымдық функциясы — өз ұлтының мәдени-рухани қазынасын танып білуге, әрбір тарихи-мәдени кезеңдегі қоғамның құндылықтарын бағалай білуге, оның идеологиялық бағытын санамен ұғынуға көмектеседі.
- Дамытушылық функциясы — салт-дәстүр арқылы халықтың рухани қазынасын меңгеруге қызығушылығын оятып, қажеттілігін арттырады.
- Коммуникативтік функциясы — ұлттық мәдени-рухани мұраның құндылықтарын, өнеге тұтар дәстүрлерін түсінікті тілмен логикалық жүйемен жеткізе білуге үйретеді [46].
Салт-дәстүр- ұлттың болмысынан нәр алып, құндылықтарын өшпес мұра ретінде өркениет шеңберіне өрбітуге жол ашады. Салт-дәстүрдің кеңістігі кең, уақыты әрекет әсерімен тең.
Біз әлемдік өркениетке сырттан алынған « қондырғылар » арқылы емес, өз топырағымызда тамыр жайған отандық құндылықтарымызды өсіру, өркендету арқылы ғана қосыла аламыз. Демек, қазақтың ұлттық идеологиясы – ұлан ғайыр даланы алып жатқан ата-мекендегі салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық кескінді сақтап, сара жолды саралай отырып, жіберілген тетіктеріміз бен кемшіліктерімізді түзеп, рухымызды биікте ұстау, экономикасы дербес, мәдениеті жоғары, мықты мемлекет болу, білікті де білімді Отан сүйгіш ұрпақты қалыптастыру.
Біз осы кезеңге дейін қалыптасқан рухани қазынамызды түгендеп, оның шынайы құндылығын анықтап біткен жоқпыз. Кеңес одағы идеологиялық саясатының көлеңкесінде қалып қойған көлеңкесінің ішінде – салт-дәстүрімізде бар. Ал қазіргі таңда оның біртұтас жүйесін жасап шығу – алдымызда тұрған мақсаттардың бірі.
Қазақ ұлтының діни бірлігін сақтап, оны әрқилы діндерге бөліп, ыдыратып, бір-біріне қарсы қоймау, қазіргі күнгі өте маңызды идеологиялық міндеттердің бірі. Жалпы діни идеология, әсіресе оның заңдары, шариғаты қатал ислам идеологиясы адам санасын терең жаулап алатын, оның шыр етіп өмірге келгеннен ( шілдехана, ат қою, бесікке бөлеу) о дүниеге кеткенше ( ас беру, жерлеу, құран шығарту) бүкіл ғұмырын, салт-дәстүрін, өмір сүру әдісін бірқалыптық, қоғамдық арнаға салып отыратын құдіретті күш. Діни идеология көп жағдайда мемлекеттік идеологияға терең әсер етеді. Қазақстан оның Конституциясы белгілегендей « зайырлық », яғни діни емес мемлекет. Жалпы Қазақстан жағдайында діннің мемлекеттік билікке аса ірі әсері болмасы да анық. Бірақ әр адмның жүрегінде дінге деген сенім бары ақиқат. Діни идеология Қазақтың ұлттық мемелекеттік идеологиясын іске асыруға жәрдемдеседі, қазақ жастарын ұлтжандылық-патриоттық, мелекеттік рухта тәрбиелеуде өз үлесін қосады. Дін бірлігі – ұлт бірлігі.
Діннің күштілік жағы – оның ізгілік сипатында. Қазіргі аласапыран дүниеде адамның азып кетпей, адам болып қалуының негіздері осы дінде жатыр. Дін жаныңды жалғандықтан, арамдықтан тазартып, өзіңді кіріптарлықтан құтқарып, азат азамат етеді. Дін ұстанатын адамдар, адамдар арасындағы қарым-қатынас қағидалары адамзат қоғамы адамгершілік нормаларының негізін құрайды. Мысалы, « адам- адамға дос, бауыр » деген ұстанымдар ислам дінінен алынған екендігі көрініп тұр. Сондықтан рухани таянышты діннен көбірек іздейтін болады. Демек, дін адамдардың адамша өмір сүруі үшін аса қажетті маңызды факторлардың бірі екендігінде дау жоқ.
Рух адамды еркіндікке итермелейді. Рухы күшті адам қашанда тәуелсіз. Ол қашанда қозғалыста, үнемі өзгерісте болады. Рух – адамды алға жетелейтін, адам бойындағы адамгершілікті, ақыл мен парасаттылықты қозғалысқа келтіретін, оған бағыт-бағдар беретін күш.
Қандай да болмасын қоғамның түпкі мақсаты — өзіне сенімді, әрненің шегін ажырата алатын, шығармашылық инициативалы, дүниедегі өз орнын сезінетін және өзі құрған өмір үшін жауапкершілік ала алатын тұлғаны, өз ұлтының өкілін қалыптастыру десек, ол мақсатқа ақиқаттылығын, табиғилығын, дұрыстығын өмір көрсетіп берген ұлттық мәдениетке, ұлттық рухани қазынаға сүйенгенде ғана жету мүмкін екеніне көз жетті. Сондықтан бұрынғы «нағыз ақиқат білімді», «білетін, түсіндіретін» аз ғана топ пен оған бас шұлғушы, табынушы көпшіліктің орнына өз ұлтымыздың руханиятын нақтылауға ұлттық сананың қалыптасуын қадағалауға, бағыттауға, әр бір өкіліне ұлттық рухты дарытуа талпынған тұлға қалыптастыру біздің ұстанған идеологиямыздың ең басты мақсаты. Бұл — толассыз терең жауаптылық пен жоғары сапалы ой қызметін талап ететін күрделі міндет. Мәселенің күрделілігі — ұлттық руханияттан сусындау, ұлттық санаға ие болу адамның туа бітті қасиеті еместігінде.
2.2 Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясын жаңғыртудағы әлеуметтік – экономикалық басымдықтар
Егемендігін алып, етек-жеңін жиып, алды-артына байыппен қарап Қазақстан XXI ғасырға өз экономикасын нарықтық бағытқа түзеп, өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға ұмтылуда. Жаңа ғасыр басында Қазақстан әлемдік қауымдастыққа жан-жақты бәсекеге қабілетті болумен қатар, еліміздің халқына ғаламдық күрделі мәселелерді шешу мұра болып тигелі отыр. Бұл біздің қолымыздан келеді. Біздің халықтың бойында буырқаған интелектуалды және рухани күш-қуат бар. Қазірде Қазақстанда саяси-әлеуметтік өмірдегі, экономикада көптеген жетістіктері баршама. ( Н.Ә. Назарбаев).
Алда бұралаң жол, асу бермес асулар, өткел бермес өзендер, кешу бермес көлдер, шеті жоқ мұхиттар бар. Сол сапарға өзгелермен иық қағыстырып тағы бір халық тәуекелдің кемесіне қаймықпай мінді. Ол – қазақ халқы. Оның өз тәуелсіздігі, рухы, идеологиясы бар. Ол тәуелсіздік, рух, идеология еркіндікке енді қолы жеткен қазақ деген халқының намысын ешкімге таптатпайды, ешкімді құлдыққа бермейді, өз елінің рухын жоғары ұстап, әлемдік мұхиттар айдынын көктей өтіп, өзінің де, туған халқының да айбарын асыра береді.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң саяси билік біршама қазақыланды. Ұлттық мүдде, ұлттық идея мәселелері осы кезеңде біршама қызу талқыланды. Бірақ, бұрынғы кеңестік республикалардағы ұлтаралық жанжалдар мен азамат соғыстары ұлшылдықтың кері әсерін көрсеткен де болатын. Сондықтан 1994 жылдан бастап ішкі экономикалық және саяси жағдайдың шиеленісе бастауына байланысты ұлттық қозғалыстар шектелгенімен, жаңа ұлттық идея қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу идеясы тұжырымдалды.
Сонымен ұлттық идеяның тұжырымдалуына қажетті ең басты нәрсе ол – ұлттың өзін — өзі тануы және әрбір дәуірге байланысты сол кезеңнің мәселесін шешетін өзекті идеяларды тұжырымдай білуі. Өзекті идеялар тұжырымдалған соң оны жүзеге асыру жолдары жобаланған әртүрлі идеологилар қалыптасады. Әдетте бодандықтан шыққан елдерде ұлттық идея қалыптасады да, ол езілген ұлттың барлық саладағы басымдығын негіздеуге ұмтылады. Бірақ, Қазақстандағы 90-жылдардағы ұлтаралық қатынастар мен экономикалық қиындықтар ұлттық идеяның орнына «технократиялық идеологияны» дүниеге алып келді. Осы құбылысты біз мемлекеттік доктрина деп атадық.
90-жылдардың бас кезінде жарияланған негізгі ұлттық идея – ұлтаралық келісім және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу болды. Бұл идея 2001 жылы Президент Н.Назарбаев жариялаған ұлттық идеяның бес принципінде нақтылана түсті. Осы кезеңде қазақ ұлттық идеясының астарында ең басты мәселе «біз өз мемлекеттігімізді сақтай аламыз ба?» деген мәселе тұрды. Бұл мәселе құрамдас үш бөліктен тұрады: Бірінші бөлігі – шекара мәселесін реттеу, яғни халықаралық деңгейде мемлекеттің мойындату; Екінші – халықаралық деңгейде мемлекеттің мойындалуы; Үшіншісі — әлемдік экономикалық және саяси жүйенің ажырамас бөлігіне айналу үшін экономиканы да, саяси жүйені де жетілдіру қажет.
Президенттің халыққа жолдауындағы басты идеялардың бірі, қазақ қоғамының алдағы кезеңге арналған ұлттық идеясы – біз әлемдік дамудың соңында қалмауымыз керек және ол үшін кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру қажет.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылы халыққа арнаған Жолдауында ең бірінші сөзін «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр»,- деп бастағаны белгілі. Яғни, Елбасының бұл ойы бұрынғы қиындық кезеңінен өткен кезімізді анық көрсетіп, болашаққа нық қадам басып, жаңа белеске көтерілетінімізді байқатып тұрған келелі жоспарды меңзейді. Оның ішінде Қазақстанның жай ғана саяси-экономикалық немесе әлеуметтік саласын түзетіп қана қоймай, елдің барлық мәселелерін толық қамти отырып, дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылу жоспары көзделіп отыр. Бұл барлығымыздан осы мақсатта жұмылып, өте қажырлы, қайратты жұмсап, жұмыс істеуді талап ететін үлкен кезеңнің туып отырғанын көрсетеді.
Өркениетті елдердің қатарына қосылу, оның негізгі баспалдақтары қандай? Адамзат өркениетінің бағзыдан тартылған көш-керуеннің бүгінгі түзеген бағыт-бағдары, оның замана жүгін айқындаған буынды-буынды кезеңдері, сан салалы мазмұндық, құрылымдық негіздері жөнінде әлемдік мәдениеттану ғылымында, өркениеттанушы ғалымдардың арасында аз айтылып жүрген жоқ. Ұлт мәдениеті, оның өркениет көкжиегіндегі орын-салмағы, олардың арасындағы күрделі де нәзік байланыстар жөнінде де отандық ғалымдар, мәдениеттанушылар шама-шарқынша қалам тартып жүр. Осы орайда, бүгінгі заманның шынайы кескін-келбеті, оның құрылымындағы өркениеттік өзгерістердің мән-мағынасы, ұлт мәдениеттерінің қазіргі даму деңгейі жөнінде айтылар сарабдал әңгіменің саралы пікірталас өзегіне айналар кезі де жеткен секілді. Ұлт мәдениетінің барар жер, басар тауы қайсы, жаһанданудың сыры неде, ол бізге не әкелмек, өркениеттің көш- керуені қай тарапқа жол түзеді, тағы да сол секілді күрделі де түйінді сауалдарға жауап іздеу – біздің мақсатымыз.
Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына кіру мақсаты – сол өркениет үрдісінен қалмай, тамыры тереңде жатқан өркениетті саралап, қазіргі жаңа қоғамда жан-жақты дамытып, әлемдік өркениетке бет бұру.
Біздің еліміз жағдайында өзінің белгілі бір маңыздылығын сақтаған трансұлттық құрылықтың сипаттағы идеология – Еуроазиялық идея болып табылады. Ол идеяның негізгі бағдары мәдени ықпалдасу, әр түрлі саладағы коммуникацияны тереңдете түсу және бұрыннан қалыптасып қалған әр қилы құндылықтар шеңберінің іргесін сөкпеу болып табылады. Бұл идеяның сонымен қатар саяси процесс деңгейінде де өзіндік көрінісі бар. Өйкені, түбінде бірнеше ғасырлық тарихи жолымыз ұқсас елдеріне байланысты жандандырып отыру игілікті іс және ол көптеген тарихи-мәдени, әлеументтік сабақтастықты қамтамасыз ететін фактор деген ойдамыз. Міне, енді осы Евразиялық идея қазақстандық ұлттық идеологиямен қандай қатынаста болуы керек екен деген заңды сұрақ та туындайды. Осы тұрғыдағы кең көлемді теориялық зерттеулер мамандар үшін болашақың ісі екені белгілі.
Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына кіру және Еуразиялық одақты басқаруға байланысты алға қойған мақсаты, Батыс өркениеті мен Шығыс өркениеті арасындағы жалғаушы көпір міндетін атқару міндетін өз мойнына алуы Қазақстанның әлем алдындағы жауапкершілігі өте жоғары екенін аңғартады. Н. Назарбаевтың «Еуразиялық одақ » идеясының жүзеге асырылуы қай халықтың да ұлттық мүддесіне қайшы келмейді, қайта қалыптасқан саяси, мәдени, рухани байланыстарды одан әрі дамытары сөзсіз [47].
Ұлттық идея бүгiнгi күнде кез келген халық үшiн әлемдiк бәсекелестiкте озық шығудың жолын нұсқай алатын үде болып отыр. Әр халық өз қабiлет-карымын қай салада, қай бағытта, қай өнер түрiнде мейлiнше озық көрсете алады — тура сол жолды таңдай бiлуi қажет.
Қазақстан, мысалы, әлемдiк рынокта кез келген экономика саласында басқа елдермен еркiн бәсекеге түсе алмайды, себебi аталмыш сала бойынша бiздiң елдiң бүгiнгi мүмкiндiгi аз, әрi елде жағдай жасалмаған болуы мүмкiн. Ал бұрыннан қалыптасқан мектебi, дәстүрi бар, ешқандай елде жоқ бiлiм-тәжiрибе жинаған белгiлi өнер түрiнен, экономика-өнiдiрiс саласынан бiз озық шығуымыз мүмкiн. Тек сол бағытты ертерек қателеспей дұрыс таңдай бiлсек, әрi қазiргi заман талабына сай iзденiс-жұмыс жасай алсақ, онда бiз ескi дәстүрдi жаңғырта отырып, жаңа табыстарға жетуiмiз мүмкiн.
Соңғы кезде Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына кіру және Еуразиялық одақты басқаруға байланысты алға қойған мақсаты, Батыс өркениеті мен Шығыс өркениеті арасындағы жалғаушы бірден – бір көпір міндетін атқару міндетін өз мойнына алуы Қазақстанның әлем алдындағы жауапкершілігі өте жоғары екенін аңғартады. Н.Назарбаев көтеріп жүрген «Еуразиялық одақ» идеясының жүзеге асырылуы қай халықтың да ұлттық мүддесіне қайшы келмейді, қайта қалыптасқан экономикалық – саяси және мәдени байланыстарды одан әрі дамыта түсері сөзсіз. Осы тұрғыда Ә.Нысанбаев: «Қазақстандық Еуразия идеясы – жалпыұлттық бірліктің, әлеуметтік әділеттіліктің идеясы, ол – жаңа рухани адамгершілік кеңістігі қалыптасуының белгісі. Осы идеяның аясында әр халықтың ұлттық сана – сезімі жаңғырып, бейбітшілік пен молшылықтың кепілі бола алатын қуатты мемлекет құрылады» — дейді. [47]. Ал қазақ мәдениеттанушысы Т.Ғабитов Еуразиялық мәдениетті тек Батыс пен Шығыстың ортасындағы буферлік аймақ ретінде қарастыруды сыңаржақтылықтың бір түрі ретінде батыл сынай отырып, бұл ойын былай деп түйіндейді: «Өйткені бұл жерде біз адамзат тарихындағы екі суперөркениеттің жай қарым – қатынасын емес, олардың тұтастану үлгісінің қалыптасуының куәсі болып отырмыз» [48]. Бірақ та қазіргі жағдайда жүріп жатқан жаһандану процессіне толығымен кіріп, сіңісіп кету емес ондағы қазақ мәдениетіне қажетін қабылдап, менталитетімізге жат, кері әсер етуші факторларды қабылдамай, оларды санамыздың елегінен өткізе отырып саралау қажет.
Елбасы мемлекеттік деңгейде арнайы «Қазақстан- 2030» стратегиясы арқылы жария еткен. Даму стратегиясының мәнісі күндер, жылдар өтумен анықталып, нақтыланып, толығып келеді. Басында ол болашақ туралы айтылған қағида болса, бүгінде, яғни XXI ғасырға өткенде, оның бағыты халыққа айқындалып, бүгіннен ертеңге өтетін жол екені айшықталып отыр. 2030 – бүгінгі жас ұрпақ сабасына, сабырына түскен аға ұрпаққа айналмақ, енді сол кезде тарих сахнасына албырттықттың туын желпілдетіп жаңа ұрпақ шықпақ. Ол жас ұрпақ нені мақсат, нені арман етіп өсіп шықпақ ? Ол үшін «Қазақстан — 2030» стратегиясына, оның дүниетанымдық, нақтырағы философиялық мағынасына зер салып қарау керек. XXI ғасырдың егеменді елінің ұрпағын тәрбиелеп-өсіруден асқан болашақ туралы биік арман бар ма, сол арман Н. Назарбаевты «Қазақстан — 2030» бағдарламасына әкелді. Президент 1997 жылы «Қазақстан — 2030» бағдарламасын Қазақстан халқына ұсынғанда былай деп еді : «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды, халқымды қалай елестетем ? Ол өз ұрпағының жауапты, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, адал, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі силы, елінің патриоты болады. Нарықтың бас кезінде жоспар атаулыға жоламай кеткеніміз бар болатын. Енді ойлап қарасақ, мәселе жалпы жоспарлауда емес, нені қалай жоспарлауда екен. Қазақта сөз бар емес пе: Бес күндігін ойламаған әйелден без, бес жылдығын ойламаған еркектен без…деген. Соңғы жылдарда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді шешумен ғана жүре беруге болмайтынына көзіміз анық жетті. Бұған елдегі экономикалық жағдайдың біршама тұрақтанғаны да жағдай жасады. Сонан барып осындай стратегия дүниеге келді» [48]. Тарихи он бір жылды жүріп өттік, адал ниетті адамдардың арқасында сүйсінетін істер атқарылды.
Бүгінгі таңда Елбасы қойып отырған негізгі талап, әрбір жастың үш тіл: қазақ, орыс, ағылшын, немесе өзге бір шет тілін меңгеру. Өйткені Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр алып, бүгінгі күн талабына сай рухани, материалдық, яғни жан-жақты жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік «сахнасында» өздігіңді және өзіңдегіні жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. (А.Құлсариева). Бірақ та қазіргі жағдайда жүріп жатқан жаһандану процессіне толығымен кіріп, сіңісіп кету емес, ондағы қазақ мәдениетіне қажетін қабылдап, менталитетімізге жат, кері әсер етуші факторларды қабылдамай, оларды санамыздың елегінен өткізе отырып, саралау қажет.
Президентіміздің жоғарыдағы келтірілген сөзінде екі мәселе нақтылы, біріншіден, жастар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарық жағдайындағы кәсіби мамандар болуы, осы мәселе ешқашан күн тәртібінен түспеуі керек. Екіншіден, жастар әлемге әйгілі және силы патриот болуы. Заман өтіп жатыр, ғасырлар тоғысында басталған ұрпақтар алмасуы, құндылықтар алмасу дәуірі болды. «Қазақстан — 2030» стратегиясында Президент армандаған әлемге әйгілі, әрі силы патриоттар күн санап молығып, толысып келеді. Осы ниетті өріс алған, бәсекеге қабілетті елу елдің сапасына ену деген биік мақсат көзделіп отыр. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясының 10 жылдығына арналған конференциядағы сөзінде атап көрсеткендей: «Біздің мемлекет 2030 жылға қарай әлемнің барынша дамыған елдерінің қатарына кіруі тиіс. Егер біз өзіміздің тұсымыздағы тұрақтылықты, өзіміздің тұсымыздағы тыныштықты ғана ойлайтын болсақ, мұндай ауқымды шаруаны қолға алмас едік. «Саясаткер биыл өтетін сайлаудың жағдайын ойлайды, қайраткер биыл туған баланың тағдырын ойлайды »-деген сөз бар. Біз қайраткер, мемлекет қайраткері болғымыз келсе, ең алдымен халықтың болашағын, әсіресе жастардың болашағын ойлауымыз керек». Ол өздігінен іске асатын мақсат емес, оны іске асыратын азаматтар, жас ұрпақ, олардың болашаққа деген нық сенімі, әрі ыстық патриоттық сезімі болмақ [49].
Қазақстанда көптеген диаспоралар, ұлттар бар екені белгілі, бірақта президентіміз Н. Назарбаев айтып өткендей: «Қазақ халқы – сол ұлттық диаспоралардың, ұлттардың жарасымды өмірлеріне ұйтқы болатын, ұйтқы болуға тиіс бірден-бір тірек ұлт». Осыдан біз Қазақстанда қазақтан басқа бірде –бір ұлттық диаспора ұлттық идеологияға ұйтқы да, тірек те бола алмайды, ұлттық идеяны да, идеологияны да тек қазақ ұлты өз тарихына, мәдениетіне, дәстүріне, менталитетіне, тіліне, дініне сүйене отырып ұзақ мерзімді стратегиялық тұрғыда жасауы қажет екенін аңғарамыз. Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты – біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі бір тұтастығы.
Қаншама ғасырлар бойы бодандық пен тоталитарлық жүйенің құрсауында болған еліміз тәуелсіздігін алып, шекарасын анықтап, бұрын-соңды болмаған айбынды шаққа, яғни ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп отыр. Осы азаттықтың алғашқы баспалдағына аяқ басқан тұста сырт көз сұғын қадап, қалай болар екен, ауыр өткелден, тар жол, тайғақ кешуден өте ала ма бұл жұрт, мақсатын орындап, діттеген жеріне жете ме деген кездер де артта қалды. Қазақстан, қазақ жұрты тектіліктің үлгісін көрсетіп, береке – бірлікке ұйып, тәу етер тәуелсіздігін баянды етті. Сол бір кезде қарама – қайшы пікірлер қайшыласып, бір қалыпқа түсе алмай тұрған шақта, тәуелсіздікке екі жыл толар – толмас уақытта, 1993 жылы Елбасы Н. Назарбаев әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білікті де білімді жастардан кадр дайындау үшін «Болашақ» халықаралық степендиясын тағайындаған. Бұл Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі осы жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді деген озық ойдан туғаны анық еді. Елбасы өзі айтқандай, бұл игі істен қателеспегенін өмір өзі көрсетіп отыр. Қазір мыңдаған түлектер ел сенімін, Президент үмітін ақтап, қарым-қабілетімен өркениетті елдерде өткен тәжірибе, алған тағылымдармен Отанымыздың іргесін бекітіп, әлемдік биікке жетуіне өз үлестерін қосып жүргені шындық. Бұл, ең алдымен, басқарудың тиімді тетігін білетін жастардың шоғырын қалыптастыру. ХХІ ғасырда қалай жұмыс істеу керектігін білетін мамандар Отанының мақсат-мүдесін алдыңғы орынға қоятын патриоттар болып қалыптасады. Жаңа идеяларға бастамшы болулары шарт. Идеологияның басты мақсаты- жаңа қазақстандықтарды тәрбиелеу. XXI ғасырдың білімін дамыта алмаған елдің тығырыққы тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қоры жасақталынуда. Бұған бірден-бір дәлел Елбасымыздың «Болашақ » бағдарламасын жасауы. Бұл жастарға әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білу мүмкіншілігі, әлемдік стандартқа сай, өз еліне келешекте риясыз қызмет ету мүмкіншілігі.
«Жас өспей ме, көкейіңді теспей ме » дегендей, Тәуелсіз мемлекеттің тұтқасын ұстап, аға-буын негізін қалаған мәнді де мағыналы, патриоттық тәрбиеге негіздейтін идеологияны күрделендіріп, келешекке нық қадам басарымыз анық.
Ал ұлттық идеямыз қандай мазмұнда болуы қажет? Ең бірінші ұлттық идеямыз ойдан шығарылмаған, табиғи, қазақ ұлтының нақты болмысынан туындаған болуы. Екіншіден, ол біздің Ата Заңымызға қайшы келмеуге тиіс. Яғни нәсілдік, ұлттық, діни кемсітуден алыс тұрғаны абзал. Үшіншіден, ұлттық идея Қазақстандікі болғандықтан, қазақ халқының мұратын ұлықтаумен қатар басқа диаспоралардың тарихи, дәстүрлі, этникалық ар – намысына тимейтін болуы. Төртіншіден, ұлттық идея ұзақ мерзімді, баянды болуы қажет.
«Тәуелсіздікті Нұрсылтан Әбішұлы тек ұлттық идея тұрғысынан ғана емес, азаматтық идея тұрғысынан да қабылдап, ұлтаралық қатынастарды таптық, партиялық принциптерден жаңа арнаға – адамгершілік, ізгілік, келісім арнасына аударды. Таптық партиялық идеологиядан азаматтық құндылықтарға ауысу ұлттардың бір – біріне шынайы құрметпен қарауын тудырды, саны көп ұлттың «аға», азының «іні» болып бөлінуі өзара сенім туғызбайтындығын танытты. Тілдер саясаты, азаматтық тәрізді мәселелердің ұлтаралық қатынастарды демократиялық негізде қалыптастырудағы маңызы зор» [49] — дейді А.Айталы. Қазақстанда көптеген диаспоралар, ұлттар бар екені белгілі бірақта президентіміз Н.Назарбаев айтып өткендей: «Қазақ халқы – сол ұлттық диаспоралардың, ұлттардың жарасымды өмірлеріне ұйытқы болатын, ұйытқы болуға тиіс бірден – бір тірек ұлт». Осыдан біз Қазақстанда қазақтан басқа бірде – бір ұлттық диаспора ұлттық идеяға ұйытқы да, тірек те бола алмайды, ұлттық идеяны да идеологияны да тек қазақ ұлты өз тарихына, мәдениетіне, дәстүріне, менталитетіне, тіліне, дініне сүйене отырып ұзақ мерзімді стратегиялық тұрғыда жасауы қажет. Сонда дәл қазіргі жағдайда біздің ұлттық идеямыз не болмақ? Президентіміз Н.Назарбаев Ұлттық идеяның негізін құрайтын 5 принципті атап өткен: «1) Республикамыздағы бүкіл этностардың шын мәнінде және заңды түрде теңдігі; 2) Қазақ халқы Қазақстанда мемлекеттің негізгі құраушы этносы болып табылады, сондықтан ол басқа этностардың алдында жауапкершілікті өз мойнына алуы қажет, ал басқа этностар оған түсіністікпен қарауы керек; 3) Қазақстандық патротизмді қалыптастыру (тәрбиелеу); 4) Халықтың діни бірегейлігі және төзімділігі; 5) Кіші және орта бизнестің дамуы, Қазақстандық орта таптың қалыптасуы;». Осымен қоса біздің бүгінгі таңдағы ұлттық идеямыз алдыңғы құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік өркениеттер арасында саяси, әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан өз орнымызды иелену, ол үшін сан жылдар ата – бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіздігімізді баянды етіп, тек қана қазаққа тән ұлттық рухымызды, намысымызды, жайдары – жайсаң мінезімізді, кеңпейілділігімізді әлемге паш ету және әр қазақ қазақ екенін мақтан тұтуы қажет. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде жоғарыда айтылған қазаққа тән барлық қасиеттер мен құндылықтарды жинақтап «Ұлы Қазақ елі, Азаттық, Бірлік» деген ұғымдарға кіргізіп, идея тұрғысында алға ұран етіп қойсақ.
2.3 Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына ықпалы
Бүгінгі таңда жаһандану жағдайында Қазақстанның ұлттық идеясын ұсыну қажеттігі мемлекет пен қоғамның алдында тұрған бұрынғыдан да өзекті мәселеге айналып отыр. Ұлттық идея елді және бүкіл қоғамды жұмылдырушы фактор болуы тиіс. Ол Қазақстанның жаһандық дүниеге лайықты кірігіп, жаһандық күрделі процестерге оңтайлы қатысуына жағдай жасауы керек. Ұлттық идеяны іске асыру бүкіл қоғам мен әрбір Қазақстандықтың игілігі тұрғысынан еліміздің одан әрі өскелеңдікпен дамуын қаматамасыз ету үшін жаһанданудың осы заманғы сынақтарына пара – пар жауапқа айналуы тиіс. Түптеп келгенде, ұлттық идея Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында қадап айтылған, сипаттары жан – жақты тұжырымдалған қоғамды құру ісіне қызмет етуі керек.
Ұлттық идеяның қажеттілігі жаһандану жағдайындағы мемлекет пен қоғамның алдында тұрған бірқатар міндеттерден туындайды:
Қоғамды топтастыру міндеті; Қазақстан үшін – қазақстандық қоғамды этностық емес, біз азаматтық қауымдастық деп түсінетін біртұтас ұлтқа топтастыру міндеті. Қазіргі кезде Қазақстанда ондай бірыңғай, біртұтас ұлт әлі жоқ. Қазақстандықтардың өмірлік бағдарлануының анықталмауына себеп болатын және соны туындататын бірқатар жағдайлар бар. Қазақстан азаматтарының этностық, саяси, діни сана сезімі тым әрқилы. Қазақстандықтардың құндылықтыр жағынан бағдарлануы айшықты емес және бұл тұрғыдағы топтасушылығы әлсіз. Ал құндылықтар бірқатар жанама жәйттар арқылы әлеуметтк мінез – құлық моделіне айналатындықтын, біздің азаматтардың әлеуметтік құлшыныстыры түрлі арнада жүреді, олардың бұл тұрғыдағы бірігушілігі де некен — саяқ.
Қазіргі жағдайда топтасуға этностық өзін — өзі біріздендіру де көмектеспейді. Көп ретте ол өткенді алға тартады, бірақ та, өткеннің қаншалықты құнды болғанына қарамастан, жаңа нақтылықтар мен жаңа міндеттерге негізделген біріздендіруден өтпесе, оның өзі осы заманғы сынақтар алдында дәрменсіздік танытады.
Демек, ұлттық идея ұлтты топтастырудың осындай көпқырлы міндетін шешуге қабілетті болуы керек, ол мақсаттар мен құндылықтардың екіұштылығын жойып, біртұтас қоғамдық сананың қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс. Ұлттық идеяның қоғамды сапалық тұрғыдағы секіріске, Қазақстан бастан кешіп отырған қазіргі саяси – экономикалық жағдайлардан қарыштап өтуге жұмылдырудағы рөлінің мәні де еш кем емес. Президент Жолдауына өзек болып тартылған, онсыз Қазақсатн дамыған елдер қатарына шыға алмайтын жедел жаңару ұлттың топтасуын ғана емес, сонымен бірге мұндай жаңарудың стратегиясын талдап жасауды, мақсатқа жету үшін қажет болатын жолдың айқын түсінілуін талап етеді.
Бұл тұрғыда да ұлттық идея қоғамды жұмылдыруға әрі осы жолдың бағытын көрсетуге, Қазақстанның даму арнасын белгілеуге тиіс және оның бұған қабілетті екендігі дау тудырмайды.
Азаматтық теңдік және мәдени саналуандық қағидаттарына негізделіп құрылған бірыңғай Қазақстан ұлтын қалыптастыру мәселелерінде ұлттық идеяның рөліне баға жетпейді. Демек, ұлттық идеяны қалыптастыру қажеттілігін қазіргі кезде Қазақстанның алдында тұрған бірқатар міндеттер туындатып отыр.
Өз тарихын, рухани мұраларын, құндылықтарын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін келесі ұрпаққа таныту – ұлттың өзін-өзі сақтау инстинкті. Әсіресе, тарихи сананы қалыптастырудың орны ерекше. Өйткені, өткенімізді білмей келешекке қадам басуға болмайды. Ұлттық мүдені ұғынуда зиялы қауымның атқарар рөлі аса зор. Нақ солар бұқара, көпшілік санасына ұлттық мүддені жеткізуі, көрсетуі тиіс. Ұлттың өз мүддесін қорғай алуы – оның күштілігінің, өміршендігінің көрсеткіші. Оның адамзат тарихынан іс-түссіз жоғалып кетпеуінің кепілі. Мәселен, бұл жағынан бізге жапондардан, еврейлерден көп үлгі алуымызға болады. Қазіргі өзекті мәселенің бірі – ұлттық өзіндік болмысымызды, төлтума мәдениетімізді қалай сақтап қалу жайлы. Бізге азаматтық қоғам ба, әлде ұлттық қоғам құру керек пе? Қай жағы басым, приоритетті болуы керек. Қазақтар еуропалық және азиялық мәдениеттің күшті ықпалына ұшырап отыр. Осындай мәдени ағынның, тасқынның астында ұлттық белгімізді қалай сақтаймыз? Мәдени антропологтар әр индивидті нақ өзінің этникалық тобығындағы басқа да индивидтерімен біріктіретін ортақ белгілерді, ерекшеліктерді айырықша атап көрсету үшін «негізгі тұлға» ұғымын кіргізеді. Өзімізді қазақпыз деп санау үшін бізде қандай белгі, ерекшелік болу керек? Этникалық қасиеттің иесін «этнофор» терминімен білдіреді. Бізде олар кімдер? Тоталитарлық жүйеден жойылуға аз-ақ қалып, әрең аман шыққан ұлттық мәдениетімізді қалпына келтіріп алмай, ғарыштық деңгейге ұмытыламыз деу тым асығыстық пікір емес пе екен? Өзіміздің қазақ екенімізді көрсетіп тұратын ұлттық мәдениеттің негізі құламау керек. Бәрібір объективті түрде мәдени ағынға тосқауыл қою мүмкін емес. Оның үстіне ашық қоғам құрамыз деп отырсақ. Мынандай бір ой туады: ұлттық негізді сақтау үшін қандай да болсын бір «этнофильтр» қажет емес пе екен? Ұлт тамыры ауылда әрі шет елдік диаспораларда (қазақтар көп сақталған елдердің бірі – көрші Қытайдағы бауырларымыз) ұлттық белгімізді, дәстүрімізді жаңғыртуда өзіндік бір үлестерін қосатыны анық. Империялық бұғаудан босап жаңа шыққан, ассимиляцияға ұшырауға аз қалған қазақтар үшін өз ұлтының болашағына қауіптенуі заңды құбылыс. Әр ұлт тарих субъектісі ретінде өзіне тән этномәдениет тудырады.
Қазақстандағы батыстық мәдениеттің ықпалының артуы болашақ даму стратегиясын таңдау мәселесін жаңа қырымен қояды. Зерттеушілер осы мәселе бойынша қазір тек Ресей мен Қытайдың арасында тұрған Қазақстан емес, ал біздің еліміз үшін мұсылмандық және батыс христиандық өркениеттік үлгілердің арасалмағын айқындаудың маңызды екендігі жөнінде өз пікірлерін білдіреді.
Біріншіден, Қазақстандық исламдық елдер қатарына жатады ма және вессприцизияға қарсы ислам туын көтеруге болады ма? Әрине, ел халқының 70 пайызы мұсылмандар құрастырғандықтан және төлтумалық мәдени ерекшеліктерден Қазақстанды ислам өркениеті аралығына жатқызуға негіз бар. Алайда, бұл жерде бірнеше нақтылы жағдайларды ескеру керек. Исламдық түсінік бойынша, мұсылман ұлты дегеніміз «умма» болып табылады, және діни ортақ сезімді ұлттық төлтумалықтан жоғары қоюға болады. Осымен бүкіл қазақстандықтар келісе қояма екен? Оның үстіне Қазақстан республикасы діни емес, ол зайырлы мемлекет болып табылады.
Қазір қоғамның екі типі – дәстүрлі және посмодернизмге бар деп біршама зерттеушілер жар салады. Бірақ, рухани сабақтастық пен заман талабын үйлесімде қоса білген ұлыстар бар екендігін ұмытпаған жөн, олар өз әлеуметтік-рухани құрылымдарын шайдалған, айдын емес постмодернизм ұстындарынды емес, ал тарихи тәжірибеге сүйене отырып дамытады. Бұл тәжірибе мәдениеттер сұқбатының қашанда озық құндылық болғанын дәлелдейді.
Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы ашық, төзімді, үйлесімді болғаны белгілі. «Қазақ мәдениеті, — деп жазады Г.К. Шалабаева өзінде түрлі этностардың, әлеуметтік және діни топтардың бірге өмір сүре алатындығын паш етеді, ол мәдени синтезге бейімді. Ол тарихи тәжірибені (соның ішінде бөтен халықтардікі де бар) жалпылауға, табиғи-әлеуметтік өзгерген жайларға бейімделу тесіктерін шыңдауға бағытталған мәдени кодтарды қалыптарстыра білді» [50].
Кейде мәдени төзімділік пен ашықтық ұлттық түп-тамырларға қауіп төндіреді деп айтатындар да кездеседі. Бір жағынан, бұл дұрыс. Бірақ адамзаттық үлгіде қалыптасқан, жоғары құндылықтар жүйесі бар мәдениет басқа этномәдениеттермен сұхбатқа түскенде төмендемей, қайта жаңғыра отырып, үйлесімді бола бастайды. Осы мәселе жөнінде зерттеуші С. Аязбекова мынадай ойларын алға тартады: «Егер кез келген мәдениетті өзіне өзіжеткілікті жүйе деп алсақ, онда оның ішіндегі қос-мәдениеттілік тепе-теңдік жағдайында болуға тиіс. Алайда қазақ мәдениетіндегі еуропалық бөлік париттеті емес, сырттан ішкі төлтума мәдениет арқылы қабылданды». Ары қарай автор өз ойларын дәлелдеу мақсатында төмендегідей аргументтерді келтіреді:
«И связано это с космогонической многомерной и многовременной картиной мира казахов, которая, будучи сформирована веками как органическая, самодостаточная и гармоничная система, лишь ассимилировала элементы инородной картины мира в снятом виде, обогащая себя экзогенным содержанием. Вообще в бикультуре, со свойственным ей двумирьем, беспрестанно всплывает проблема целостности, проблема центра, проблема эстетической доминанты, поскольку, как показывает практика, происходит постоянная «передислокация» приоритетов. Это и предопределяет взаимодействие субкультур в бикультуре в форме глубинного общения… Именно поэтому и важно говорить о необходимости доминирования эндогенного компонента бикультуры с присущей ему картиной мира, пусть и измененной под воздействием социальных перемен. Такое доминирование эндогенного компонента бикультуры, отражающего прежде всего национальные интересы, — то обязательное условие, которое значимо для формирования новой этноидентичности, тот идеал, к которому должна стремиться каждая культура в поисках своей самобытности» [51].
Автор қазақ мәдениетінде вестернизацияға қарсы тұра алатын ішкі күштердің барлығына назар аударады.
Бұл мәселе жаһандану үрдістерінде ерекше мәнге ие болады. Белгілі болғандай, жаһандану нәтижесінде ұлттық мәдениеттер өркениеттілік факторларымен біріктіріліп, мета-мәдениет деп аталатынды құрастырады, С. Хантингтон бұл мета мәдениеттерді супер өркениеттер деп атаған. Мета мәдениет тек саяси бірлестіктерді ғана емес (НАТО, ЫШБ, АСЕАН), ортақ діни аймақтарды ғана емес, сонымен бірге бүкіләлемдік (Метаәлемдік)мәдениет ретінде қалыптасып келеді.
Мәдениет ұғымы жаһандануды батыстандыру, америкаландыру деп түсінудің сыңаржақтылығын көрсетеді. Жаһандану қарсы қозғалыстар тек дамушы елдерде ғана емес, тіпті АҚШ-тың өзінде өрістеп келеді. Мысалы, американдықтар иммигранттар санының тез өсуінен ағылшын тілінің күй-жайы төмендеп бара жатыр деп есептейді. Біздің жағдайға келсек, бұл мәселе тек орыс тілді қазақтармен ғана байланысты емес. Болашақта Қазақстанға келуі мүмкін өзбек, қырғыз, пуштуге, тәжік т.т иммигранттары санының артуы қазақ елінде де шұбарландырып жіберуші ғажап емес. Тек бұл мәселені шешу үшін алдын-ала шараларды ұйымдастыру қажет.
Жалпы алғанда метамәдениетінің қалыптасу үрдістерінде жағымды процестер де қатар жүреді. Олардың кейбіріне назар аударамын.
Біріншіден, метамәдениет жаһандық мәселелерді (экологиялық, демографиялық, девианттық, қақтығыстық,т.т) шешуде тиімді рөл атқара алады.
Екіншіден, дүниежүзілік нарықтық қалыптасуы, технологиялық ауысулар, интернет жүйесі, ақпарат ағыны т.б. дамушы елдердің экономикалық үрдісін арттырады.
Үшіншіден, метамәдениет шектелген мәдени тәжірибені бүкіл әлемге таратуға мүмкіндік береді.
Ең маңыздысы, метамәдениет тек күш көрсетпеу, сұхбат, төзімділік, ашықтық жағдайында қалыптаса алады және ғасырлар бойы созылып келген, Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің арасында текетіресті кемітуге мүмкіндік береді.
Бірақ, жаһанданудың, әлемдік метамәдениет қалыптасуында қиындықтар бастан асып жатыр. Бұл жерде жаһанданудың шектеулі екендігін де естен шығармаған жөн. Осы жөнінде атақты философ Ф.Х. Кессиди былай дейді: «…метамәдениет қалыптаса алмай жатыр, өйткені мидың функционалдық ассиметриясы сияқты, Шығыс пен Батыстың ассиметриялық ерекшеліктері біріккен адамзатты болдырмай жатыр». Баяғы Шығыс пен Батыстың қарама-қарсылығы туралы ой қайта жаңғырғандай болып тұр. Алайда дүниежүзілік мәдени тәжірибе бұл антитезаны абсолютіне айналдырып жіберудің өзі дұрыс емес екендігін айғақтайды. Мысалы, жапон рухын батыс технологиясымен үйлесімді қоса білген Күн шығыстағы ел үшін метамәдениет қауіп төндірмейді» [52].
Егер осы тұрғыдан алынған метамәдениет қауіптеріне келсек, кезінде оларды орыс ойшылы Н.Бердяев дәл суреттеп берген:
«Объединение человечества, его развитие к всеединству совершается через мучительное болезненное образование и борьбу национальных индивидуальностей и культур. Другого исторического пути нет, другой путь есть – отвлеченность, пустота, или чисто индивидуальный уход в глубь духа, в мир иной. Судьба наций национальных культур должна свершиться до конца. Принятие истории есть уже принятие борьбы за национальные индивидуальности, за типы культуры. Культура греческая, культура итальянская в эпоху возрождения, культура французская и германская в эпохи цветения есть пути мировой культуры единого человечества, но все они глубоко национальны, индивидуально-своеобразны. Все великие национальные культуры – всечеловечны по своему значению. Нивелирующая цивилизация уродлива. Культура воляпюка не может иметь никакого значения, в ней нет ничего вселенского» [53].
Қазақстан республикасындағы мәдени экспанцияға, жас ұрпақтың рухани ассимиляцияға түсуіне жол бермеудің саяси тұжырымдамалық негізі жасалуы, және осы мәселеде мемлекеттік аппаратттың нақтылы шешімдер қабылдауын қажет етіп отыр.
Әдетте осындай ақпараттық-коммуникациялық экспанция қатарлы әлемдік өркениет құбылыстарының кейбір қырлары барлық елдерде, оның ішінде дамушы елдер мәдениетіне зор ықпал ететіндігі қоғамдық даму. Комунистік-отаршылдық саясаттың нәтижесінде діндік-мәдени-тілдік агрессияға ұшырап, дінсізденген халқымыз ұлт ретінде азып-тозуға шақ қалып еді. Енді неден ауырсақ содан жазылу керек. Ұлттық мәдениеттің қорғаны да сауыты да өркениетті ислам негіздерін (исламтану, ислам мәдениеті) танудың дамуы арқылы келу қажет.
Мәдениеттің қазақстандық дағдарысынан өту, жергілікті халық – қазақ халқының ұлттық болмысы мен мәдени дамуының формацияларына негізделген, жаңа замандық талаптарға сәйкес мәдениет институттарының құрылымдарымен ошақтарын дамыту мен жетілдіру функцияларын анықтайтын, жан-жақты зерделенген тұғырнаманы жасау. Ол уақыттық-кеңістік ауқымында мөлшерленер болса – стратегиялық мақсат-мүдделер мен ағымдық ұстанымдар қатарлы бағдарлардан құралмақ:
Стратегиялық міндет: тіл, дін, діл тұтастығы. Осы үш ерекшелікті басқа ұлт өкілдерінің ұйытқысы ретінде қолдану арқылы ынтымақтастықты дамыта отырып, жалпы мемлекеттік сүйіспеншілікке жетелеу.
Жуық арада ескеретін, ағымдық міндеттер: қоғамның тыныс тіршілігінде болып жатқан құбылыстарды стратегиялық міндеттер негізінде реттеп, бақылап отыру.
Қазақстан Республикасының мәдени даму тұжырымдамасы тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру және отарсыздандыру (деколонизациялық) саясатын жүргізу маңызды болып табылады.
Жаһанданудың алып келетін жағымды құндылықтар. Бұлар:
— қоғамның ашықтығы тіршілік қалыптарының жоғарылуына, экологиялық бүлдірулердің баяулауына, жалпы гүлденуге себепші бола алады;
— ашық нарық жаңа жұмыс орындарын ашады, табысты молайтады, жаңа технологияларды таратады;
— әлемдік экономикамен бірігу өзімен бірге жаңа технологиялар мен идеяларды ала жүреді, халықаралық сауданы дамытады, инфляцияны жұмсартады, инновацияларды жеделдетеді;
— ашықтық адамдық факторға инвестицияларды ұйғарады: білім беруге, денсаулықты сақтауға, инфрақұрылымға;
— өзгерістер билікті саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге мәжбүрлейді;
— электрондық сауда, ақпаратқа сүйенетін «жаңа экономика» адамдардың басты қор бола бастайтынын көрсетеді. Теңдік идеясы әрбір адамның өзіндік құндылығымен ауыстырылды, әрбір адамның мүмкіндігін дамыту міндеті қойылды;
-сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы әрекеттену мүмкіндігі.
Жаһанданудың негізгі заңдылықтарын анықтауда әр елдің ғалымдарының өзіндік, эмоциялық көзқарастары біршама қиындық туғызды. Дегенмен, салыстыру, институционалдық әдіс, контент-анализ т.б. тәсілдерді қолдана отырып жаһанданудың объективті себептері мен заңдылықтарын табуға тырыстық.
Енді бұл үрдісте Қазақстан қандай бағыт ұстану керек? Бұл өте кең көлемді қоғамға енген жаңа үрдіс. Қазақта “елу жылда ел жаңа”, – деген тұжырым бар десек, XXІ ғасыр да өзімен талай өзгерістерді, жаңалықтарды әкелді. Қазіргі ғасырда халықтар, мемлекеттер дәл бұрынғыдай өмір сүре алмайды. Әр ғасыр адамзатқа өзінің талаптарын ала келеді. Осы тұрғыдан XXІ ғасыр да жаһандану талаптарымен ерекшеленеді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап өткеніндей, жаһандану кезеңі – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігуімен, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуымен ерекшеленеді. Жаһандық қоғам қаржылардың, ақпараттың еркін қозғалысы, тіпті, “шекарасыз әлем” деген ұғыммен де ерекшеленеді.
Елбасымыз осы айтылған ерекшеліктерді біздің халқымыз қалай бастан өткереді, бүкіл адамзаттық бәсекелестікте еліміз өзінің орнын табу үшін не істеу керек, осы істе мемлекетіміз қандай рөл атқаруы тиіс екенін халқымызға, жастарымызға көптеп айтуда.
Тағы бір атап өтетін жағдай, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың әркелкілігі күшеюде. Жаһанданудың тиімділігін әзірге әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің аз тобы ғана сезінді және де өз игіліктеріне пайдалануда. Өкініштісі, дүниежүзілік ортақ “өркендеу кеңістігінің” орнына бірқатар өңірлерде “қайыршылық кеңістігі” мен әлеуметтік құлдырау орын алуда. Үшіншіден, жаһандану халықаралық өте қатал бәсекелестікті ала келді. Яғни «жаһандану ол білім мен білімнің, техника мен техниканың және адам мен адамның қатаң бәсекелесу заманы» — егер осы бәсекелестіктен қалыс қалсаң, онда өз орныңды өзгеге беруің заңды құбылыс. Бұл тұрғыда президент Н.Ә.Назарбаев жаһанданудың зор мүмкіншіліктерін пайдалану үшін елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.
– Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті студентерінің алдында оқыған лекциясында бәсекеге қабілеттілік қалай өлшенетіні және табыстың көзіне қалай айналатыны жөнінде көптеген мысалдар келтіре отырып айтқан-ды. Ішкі жалпы өнім ең қарапайым өлшеуіш бола алатыны аталып өтілген. Әрине, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, ел мен оның азаматтары соғұрлым бай, өмір сапасы соғұрлым жоғары болары сөзсіз.
Жаһанданудың ұлттық идеядан бұрын ұлттық мемлекеттерге тигізер кері ықпалы толып жатыр. Яғни сол ұлттық мемлекеттің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін, қасиетін, тілін, дәстүрін, мәдениетін, дінін біржола жояды. Жаһанданудың ұлттық идеяға ықпалы екіұдай. Жаһандану осы заманғы кез – келген феноменнің өзіндік мазмұнын тегістеп, ұлттық бірізділікті шайып, жіберу үрдісіне ие екендігі белгілі. Сондықтан ұлттық идея жаһанданудың ықпалы салдарынан болмысиың жалпы адамзаттық мәнімен араласып, нақ сол ұлттың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты өзіндік ерекше мазмұнын жоғалтуы тиіс болатын.
Алайда, ұлттық идяны қойыртпақ жасайтын сол жаһанданудың өзі сонымен бірге ұлттық санада ұлттың өз ерекшелігінен айрылуына қастық туғызады. Сондықтан да, осы заманғы жаһандық процестердің ықпалымен ұлттық идея өз бойында ұлттықтың мәнін мүлтіксіз шоғырланған түрде бейнелей отырып, нығаюға қабілетті болып шығады.
Қазіргі жағдайда, ұлттың өзіндік ерекше мазмұнын сақтауға деген ұмтылысы көп ретте қақтығыстық деңгейге жететін қарсылыққа айналып, экстремизм және лаңкестік әрекеттеріне ұласып кетеді. Қарсылықтың мұндай келеңсіз көрінісі ұлттың оң шығармашылық әлеуетке ие өзінің ұлттық идеясын бір мезгілде ұлттың төл тумалығын сақтауға да, оны осы заманғы дүниеге интеграциялауға да қабілетті ұлттық идеясын тұжырымдай алмауынан туындайды деп ойлаймыз.
Бөліп көрсеткен екі процесс бұл күнде, көріп отырғанымыздай, қатарласа жүріп келеді. Сондықтан жаһандану ұлттық идеяны қалыптастыруды мүмкін етпейді деп айтуға болмайды, жаһандану тек ұлттық идеяның мазмұны мен түріне қосымша талаптар жүктейді. Бұл қосымша талаптардың мәні бүгінде ұлттық идея ұлт пен мемлекетті оқшаулауға соқтырмауға тиіс, ұлттық идея әлемге «созылатын» болуға тиіс, өз бойында ерекше ұлттық мазмұнды және жалпы адамзаттық құндылықтар мен құлшынысты табиғи түрде үйлестіруге тиіс дегенге саяды.
Адамның өміртіршілігінің барлық жайттарын объективті түрде бірдей етуге бастайтын процесс ретінде жаһандану ұлттық идеяға, әділдікке, құрметке ұмтылыс, ар-намыс секілді және басқа ұлт үшін маңызды қасиеттердің өз мәнін жоғалтуы арқылы да ықпал етеді. Мұндай сипаттарынан айрылған ұлттық идея ділдік және психологиялық терең ерекшеліктерін жоғалтады. Әсіресе, жаһанданудың келеңсіз көріністерінің күшті ықпалына халықтың дәстүрлі құндылықтарының мазмұны түседі. Сондықтан дәстүрлі бағдарланудың ең болмағанда нышандарын ұстанып қалуға тырысатын ұлттар жаһанданудың келеңсіз ықпалына барынша ұшырайды. Демек, ұлт әлемдік қауымдастық тарабынан қабылдану үшін ол өзінің ұлттық идеясының мазмұнына дәстүрлі мәдениеттен туындайтын мұраттар мен құндылықтарды жинақтамауы тиіс.
Ұлттық идея күшті мемлекетті қажетсінеді. Тек күшті мемлекетте ұлттық идеяны нақты жүзеге асырудың мүмкіндіктері болады. Жаһандану мемлекеттің егемендік деңгейін төмендетіп, ұлттық мемлекетті осы заманға аса маңызды көптеген проблемалар бойынша дербес ұстанымнан айырады(бұл процестерді халықаралық қаржы институттары, трансұлттық компаниялар, халықаралық құқық нормаларын бұза отырып, іске асырады). Егемендігінің елеулі бөлігін жоғалтқан мемлекет ұлттық идеяның іске асуына қажетті деңгейде жағдай жасай алмайды, сондықтан ұлттық идеяны іске асыру жөніндегі функциясының бір бөлігін қоғамға береді.
Жаһанданудың ұлттық идея мазмұнына ықпал етуінің жоғарыда айтылған жайттары жинақтала келіп, сол мазмұнның бұзылуына соқтырады. Сондықтан, жаһанданудың осы саладағы сынақтарына жауап бере білу керек. Мыналар мұндай сынақтарға лайықты жауап болып көрінеді: біріншіден, нақтылы елдің ұлттық құндылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан өз тарихы бойындағы аса құнды құндылықтарын: салт – дәстүрін, ұлттық мәдениетін, тілін, дінін, ділін қазіргі ақпараттық қоғамға сай ете отырып жаңғырту, яғни өз түп тамырымызға үңілу арқылы тәуелсіздігімізді барынша нығайту мәселелері. Сонымен қатар көп ұлтты халықтың бір – бірімен тату тәтті өмір сүруі, түсінісе білуі мұның барлығы сол басқарып отырған қазақ ұлтының жауапкершілігінің аса жоғары екендігін көрсетеді. Міне осы мәселелердің бәрін алға қоятын, шешетін ұлттық бірізділенген идеяның қажеттілігін тудырады.
Ұлттық идеяның қажеттілігі жаһандану жағдайындағы мемлекет пен қоғамның алдында тұрған бірқатар міндеттерден туындайды:
Қоғамды топтастыру міндеті; Қазақстан үшін – қазақстандық қоғамды этностық емес, біз азаматтық қауымдастық деп түсінетін біртұтас ұлтқа топтастыру міндеті. Қазіргі кезде Қазақстанда ондай бірыңғай, біртұтас ұлт әлі жоқ. Қазақстандықтардың өмірлік бағдарлануының анықталмауына себеп болатын және соны туындататын бірқатар жағдайлар бар. Қазақстан азаматтарының этностық, саяси, діни сана сезімі тым әрқилы. Қазақстандықтардың құндылықтыр жағынан бағдарлануы айшықты емес және бұл тұрғыдағы топтасушылығы әлсіз. Ал құндылықтар бірқатар жанама жәйттар арқылы әлеуметтк мінез – құлық моделіне айналатындықтын, біздің азаматтардың әлеуметтік құлшыныстыры түрлі арнада жүреді, олардың бұл тұрғыдағы бірігушілігі де некен — саяқ.
Қазіргі жағдайда топтасуға этностық өзін — өзі біріздендіру де көмектеспейді. Көп ретте ол өткенді алға тартады, бірақ та, өткеннің қаншалықты құнды болғанына қарамастан, жаңа нақтылықтар мен жаңа міндеттерге негізделген біріздендіруден өтпесе, оның өзі осы заманғы сынақтар алдында дәрменсіздік танытады.
Демек, ұлттық идея ұлтты топтастырудың осындай көпқырлы міндетін шешуге қабілетті болуы керек, ол мақсаттар мен құндылықтардың екіұштылығын жойып, біртұтас қоғамдық сананың қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс. Ұлттық идеяның қоғамды сапалық тұрғыдағы секіріске, Қазақстан бастан кешіп отырған қазіргі саяси – экономикалық жағдайлардан қарыштап өтуге жұмылдырудағы рөлінің мәні де еш кем емес. Президент Жолдауына өзек болып тартылған, онсыз Қазақсатн дамыған елдер қатарына шыға алмайтын жедел жаңару ұлттың топтасуын ғана емес, сонымен бірге мұндай жаңарудың стратегиясын талдап жасауды, мақсатқа жету үшін қажет болатын жолдың айқын түсінілуін талап етеді.
Бұл тұрғыда да ұлттық идея қоғамды жұмылдыруға әрі осы жолдың бағытын көрсетуге, Қазақстанның даму арнасын белгілеуге тиіс және оның бұған қабілетті екендігі дау тудырмайды.
Азаматтық теңдік және мәдени саналуандық қағидаттарына негізделіп құрылған бірыңғай Қазақстан ұлтын қалыптастыру мәселелерінде ұлттық идеяның рөліне баға жетпейді. Демек, ұлттық идеяны қалыптастыру қажеттілігін қазіргі кезде Қазақстанның алдында тұрған бірқатар міндеттер туындатып отыр.
Біздің алға қояр ұлттық идеямыз қандай мазмұнда болуы қажет? Ең бірінші ұлттық идеямыз ойдан шығарылмаған, табиғи, қазақ ұлтының нақты болмысынан туындаған болуы. Екіншіден, ол біздің Ата Заңымызға қайшы келмеуге тиіс. Яғни нәсілдік, ұлттық, діни кемсітуден алыс тұрғаны абзал. Үшіншіден, ұлттық идея Қазақстандікі болғандықтан, қазақ халқының мұратын ұлықтаумен қатар басқа диаспоралардың тарихи, дәстүрлі, этникалық ар – намысына тимейтін болуы. Төртіншіден, ұлттық идея ұзақ мерзімді, баянды болуы қажет.
«Тәуелсіздікті Нұрсылтан Әбішұлы тек ұлттық идея тұрғысынан ғана емес, азаматтық идея тұрғысынан да қабылдап, ұлтаралық қатынастарды таптық, партиялық принциптерден жаңа арнаға – адамгершілік, ізгілік, келісім арнасына аударды. Таптық партиялық идеологиядан азаматтық құндылықтарға ауысу ұлттардың бір – біріне шынайы құрметпен қарауын тудырды, саны көп ұлттың «аға», азының «іні» болып бөлінуі өзара сенім туғызбайтындығын танытты. Тілдер саясаты, азаматтық тәрізді мәселелердің ұлтаралық қатынастарды демократиялық негізде қалыптастырудағы маңызы зор» дейді А.Айталы. Қазақстанда көптеген диаспоралар, ұлттар бар екені белгілі бірақта президентіміз Н.Назарбаев айтып өткендей: «Қазақ халқы – сол ұлттық диаспоралардың, ұлттардың жарасымды өмірлеріне ұйытқы болатын, ұйытқы болуға тиіс бірден – бір тірек ұлт». Осыдан біз Қазақстанда қазақтан басқа бірде – бір ұлттық диаспора ұлттық идеяға ұйытқы да, тірек те бола алмайды, ұлттық идеяны да идеологияны да тек қазақ ұлты өз тарихына, мәдениетіне, дәстүріне, менталитетіне, тіліне, дініне сүйене отырып ұзақ мерзімді стратегиялық тұрғыда жасауы қажет. Сонда дәл қазіргі жағдайда біздің ұлттық идеямыз не болмақ? Президентіміз Н.Назарбаев Ұлттық идеяның негізін құрайтын 5 принципті атап өткен: «1) Республикамыздағы бүкіл этностардың шын мәнінде және заңды түрде теңдігі; 2) Қазақ халқы Қазақстанда мемлекеттің негізгі құраушы этносы болып табылады, сондықтан ол басқа этностардың алдында жауапкершілікті өз мойнына алуы қажет, ал басқа этностар оған түсіністікпен қарауы керек; 3) Қазақстандық патротизмді қалыптастыру (тәрбиелеу); 4) Халықтың діни бірегейлігі және төзімділігі; 5) Кіші және орта бизнестің дамуы, Қазақстандық орта таптың қалыптасуы;». Осымен қоса біздің бүгінгі таңдағы ұлттық идеямыз алдыңғы құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік өркениеттер арасында саяси, әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан өз орнымызды иелену, ол үшін сан жылдар ата – бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіздігімізді баянды етіп, тек қана қазаққа тән ұлттық рухымызды, намысымызды, жайдары – жайсаң мінезімізді, кеңпейілділігімізді әлемге паш ету және әр қазақ қазақ екенін мақтан тұтуы қажет. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде жоғарыда айтылған қазаққа тән барлық қасиеттер мен құндылықтарды жинақтап «Ұлы Қазақ елі, Азаттық, Бірлік» деген ұғымдарға кіргізіп, идея тұрғысында алға ұран етіп қойсақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде – Алматы: Қазақстан XXI ғасыр 1999. – 32б.
- Уокер Коннер. Нация-это нация, это государство, это этническая группа, это …//Этнос и политика: Христоматия. М., 2000, с. 62-63.
- Энтони Д. Смитт. Образование нации//Этнос и политика: Христоматия. М., 2000, с. 86-87.
- Карл Дойч. Рост нации// Христоматия. М., 2000, с. 63.
- Горфункель А.Х. Гуманизм и натурфилософия Итальянского Возрождения. М., 1977 с.23
- Социальный идеал и массовое сознание: Историко-культурное исследование. Сборник обзоров. М., 1992 .С.9
- Новогородцев П.И. Об общественном идеале. Гл. 2. Эл. Нұсқасы: humanities.edu.ru
- Арапов М.В. Мирский Э.М. Содержание школьного образования: система и методы исследования//Системные исследования. Методологические проблемы. Ежегодник 1995-1996.-М., 1996, с.69-70
- Красухин К.Г. Может ли сформулирована национальная идея?// Вестник Института цивилизации. Эл. Нұсқасы: inci.ru
- Драгунский Д. Грани национальной идеи//Дружба народов. 1998,№3.
- Манхейм К. Идеология и утопия. Ч. М., 1992, с.15.
- Матц Ульрих. Идеологии как детерминанта политики в эпоху модерна. Полис, 1992,№ 1 Эл. Нұсқасы: politstudies.ru
- Совеленок Е. Краткая история понятия «идеология» в период с начала ХІХ века //Антология истории идей и идеологии. Эл. Нұсқасы: ideology.ru
- Бұл да сонда.
- Бұл да сонда.
- Тоғжанов Ғ. Ұлт деген не? // Темiрқазық, 1923, № 2-3. 76-87б.
- Әбушәрiп С. Этнос және оның өзiндiк санасы. – Алматы: Ғылым, 1996. – 198 6.
- А.Айталы «Ұлттану» Алматы 2000, 133-б.
- А.Сейдімбек «Ұлттық идея». // Қазақ әдебиеті №33, 15.08.2003ж.
- Әбдеш Қалмырзаев «Тағы да ұлттық идея туралы». // Егемен Қазақстан 9 тамыз, 2005 жыл.
- Серік Ерғалидың «Ұлттық идеология туралы бас қатыру». // Жас Алаш 22 қаңтар, 2005 жыл.
- Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы // Тәуелсіздігіміздің бес жылы – Алматы 1996, 103-133 б.
- Әкім Ж. «Қазақ идеясы». Алматы «Өлке» 2006ж 45-68б
- Бердяев Н.А. «Русская идея». Харьков – Москва, Фолио АСТ 2002 г. Стр. 68
- Хантингтон Самюэль. «Кто мы»? Вызовы американской национальной идентичности. Москва. АСТ. Транзиткнига – 2004 стр. 78
- Мәулен Әшімбаев, Анатолий Косиченко, Әбдімәлік Нысанбаев, Асқар Шоманов. «Ұлттық идея» Таным мен талқы таразысына. // Егемен Қазақстан 25 наурыз 2005 жыл
- Шәріпбек Ағабайұлы. «Ұлттық идея, ұлттық идеология, мемлекеттік доктрина». // Жас Қазақ үні 26 наурыз 2004 жыл
- И.Панарин «Технология информационной войны» Москва 2006 г. Стр 36
- Кривов А.С., Крупнов Ю.В. Дом в Росии: Национальная идея. Москва Олма Пресс 2004. стр. 78
- А.Янов «Русская идея и 2000 год» Москва 2001. стр. 125
- Жанұзақұлы Әкім «Қазақ идеясы». Алматы «Өлке» 2006ж 26-63 б.б.
- Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. А.,
2005ж. Т. 2, 127б.
- Әбжанов Х.М. «Алаш аманаты және ұлттық идея». // Алаш және Әуезов: Халықаралық ғылыми теориялық конф. Матер. Алматы 2007ж
- А.Сейдімбек «Ұлттық идея». // Қазақ әдебиеті №33, 15. 08. 2003ж
- А.Айталы «Ұлттану» Алматы 2000, 133-б.
- Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 296 6.
- Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай мәңгүрттенді» // Түркістан 2007ж. 15 қазан
- Кішібеков.Д. К. Біздің идеологиямыз қандай болу керек? // Халық кеңесі. 1995, 7 казан.
- Калмырзаев Ә. Тәуелсіз мемлекетке төл ңдеология керек пе? //Ақиқат. 1993. Тамыз. 3-8 б.
- Қасабек. Ақиқат, тамыз 2000 ж. 8-96 б.
- 41. Менлибаев К. Н. Роль националъных традиция в патриотческом воспитании. Автореф.канд.дисс. Алматы, 17 с.
- Аренов М.М. Казахи на пути к национальному возрожценшо (по результатам соіщологаческих исследовашш) //Саясат, январь, 1998. 60-64 стр.
- Абишев А. Национальные меньшинств в РК — политическнй анализ развития в условиях суверенитета. Автореферат канд дисс. Алматы, 2000. 34с.
- Романош Н. Этнополитические процессы в РК. Алматы, Казахстан — наш общии дом. 1998, 250с.
- Гали.Д Казахи и русские в Казахстане. Эхно-демографические и миграционные аспекш. Евразииское сообщесіво: N4. 1999. 71-89 стр.
- Давлетьяров. Б.М. Роль массовых идеологаи в государственном политическом процесе. Автореферат канд.дисс. Алматы, 1995, 24с.
- Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. Алматы 1998, 135-б.
- 48. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. Алматы 1998, 194-б.
- А. Айталы «Ұлттану» Алматы 2000, 49-б.
- Шалабаева Г.К. Глобализация и проблемы культурной идентичности
Мультикультурное общество в Казахстане: модели, проблемы, перспективы//. – Алматы: Институт философии и политологии МОН РК, 2002. – с. 53-63.
- Аязбекова С. Восток на исходе XX века: художественная культура этноса в мире современности (к понятию «бикультура») // Адам әлемi-Мир человека. — 1999. -№ 2. — с.52-64.
- Кессиди Ф.Х. Глобализация и культурная идентичность // Вопросы философии. — 2003. — № 1. — с. 76-79.
- Нысанбаев А. Казакстан в условиях глобализации: Алматы – 2006, с.214.