АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте тәрбие үрдісі

Мазмұны.

 

Кіріспе.                                                                                

 

1-тарау. Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану мәселелері.

1.1. Ақыл- ойы кем балалардың дамуының

ерекшеліктері.                                                                     

1.2. Ұлттық салт- дәстүрін таныстырудың теориялық

негізі.                                                                                     

 

2-тарау. Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте  тәрбие үрдісінде

таныстыру.

2.1. Ұлттық салт- дәстүрлерін бастауыш сыныпта,

 тәрбие үрдісінде таныстыру мүмкіндіктері.                      

2.2. Ұлттық салт- дәстүрлерін  тәрбие сағаттарында пайдалану

әдістемесі.                                                                            

 

Қорытынды.                                                                          

Пайдаланылған әдебиеттер.                                              

Қосымшалар.                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

 Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы- жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.

   Ендеше саналы, сауатты, халқымыздың барлық салт – дәстүрлеріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылып отыр.

    Ертеден қазақ халқы дәстүр бойынша баласын бес- алты жасында аузы дуалы шешендердің, батырлардың соңынан ерте білген. Онысы балам халық дәстүрін, жол- жоралғысын көңіліне тоқып өссін дегені болу керек. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу- басты талап. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», — деген нақыл сөз бар.

    Ақыл- ойы кем оқушыларға жан- жақты білім, тәрбие беру- көмекші мектеп атаулының басты міндеті. Өйткені Отынымыздың, қоғамымыздың келешегі осынау мектеп түлектерінің ой- санасын дамыту.

  Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында біршама нақты тұжырымдар жасаған. Онда «Білім беру жүйесінің  басты міндеті- ұлттық және жалпы азаматтық қазыналары, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау міндеттері»- жеке адамның рухани және күш –қуатын, мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру- қазақ халқының міндеті мен дәстүр салтын оқып- үйрену үшін жағдайлар жасау»- деп көрсетілген.

   Бұл мақсат, принциптер әрине түсінікті.

Мемлекет – ұстаздарға мол сенім артып отыр.  Оқушыларды қабілетті азамат етіп өсіруде- халықтың, салт- дәстүрлердің тәлім- тәрбиелік, біілм-танымдық рөлі зор.

   «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» -деген дана сөз бар. Шынында салт- дәстүрлер, жөн- жосық ырымдар ырымдар арқылы халқымыздың  мінез- құлқы, даналығы мен даарлығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл- ойы өзін қоршаған ортаға моральдық, танымдық, этикалық көзқарасы дархан да жомарт көрінеді.

    Халқымыздың салт- дәстүрі өміріміздің бар кезеңімен тығыз байланыста өтеді. Сондықтан олардың танымдық, тәрбиелік мәніне зер салайық. Адам баласының әр кезеңіне арналған салт- дәстүрлерді саралап, күнделікті тыныс –тіршілігіне енгізейік.

   Осындай ізденістердің біршамасы қазіргі алмағайып заманда көмекші мектеп ұрпақтары бойына ізгіліктің, аталар рухының, әжелер мейірімінің нәрін себу деп білеміз.  Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты-ақыл- ойы кем оқушыларға тәрбиелік білім беру, балаларды жат ықпалдан сақтау, оларды қоғам өмірінің негізгі мағлұматтарымен таныстыру, күнделікті өмірдегі дәстүрлердің  орнын түсіндіру.

   Оқушыларға маңызды мемлекеттік және халықтық мерекелер мен салт- дәстүрлер туралы жалпы және нақтылы мағлұматтар бере отырып: «тұсау кесу», «тілашар», «сүндет той», «бесікке салу», «Наурыз тойы» мерекелерімен таныстыру көмекші мектепте алға қойылған.

   Бастауыш сынып оқушыларына  қазақтың ата- салтынан әңгімелер, ою- өрнек, төрт түлік мал жөніндегі ұғым, бауырмалдық, туыстық қатынастарды білу ой- өрісін дамытады.

  Мұның өзі оқушының жеке тұлға ретінде дамуына қажетті көркемдік, ізгілік қасиеттерін бойына жинауда халықтың рухани мұрасының құндылығын қуаттайды.

   Зерттеудің өзектілігі: Халықтың өте әрідегі ата- баабларының өмір сүрген кезінен бастау алған, халықтың қажеттілігінен туған тәрбие мен оқу әр халықтың даму тарихын барлық жақсы қасиеттерін бейнелеп  көрсетеді.

  Халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға көзқарасы, тәрбиелеу және оқыту мәселесі мен мақсаттары, жас ұрпаққа ықпал жасау жолдары  ерте заманда белгілі болған.

   Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы- бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларымызды біліп, қастерлеп, бүгінгімізбен келешегіміздің нәрі, қайнарына айналдыру- өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.

    Сондықтан да бүгінгі ұрпақты ата- баба салт –дәстүрімен тәрбиелеу, халық педагогикасының нәрі, қайнарымен сусындату- оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі міндеттердің бірі.

   Бүгін көмекші мектептің бастауыш сыныбын аттаған оқушы- ол ертеңге қадам басқан өмір иесі. Сондықтан да жас өспірімді тәрбиелеудің ең алғашқы сатысынан бастап оларға саналы тәрбие беру, халық педагогикасымен қайнарымен сусындату, оған ұлттық мағына бере келіп, нәтижесінде ақыл- ойы дамыған салт- дәстүрін білетін оқушы тәрбиелеп шығару- халықтың педагогика түрлерін тиімді пайдаланумен байланысты болды. Сонымен тәрбие үрдісі барысында  халықтық тәлім- тәрбие түрлерін көбірек насихаттап, ұрпақ бойына ізгілік, адамгершіліктің жақсы қасиеттерін жүрегіне ұялату, олардың өз тіліне, Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, өз халқының салт- дәстүріне деген қызығушылығын арттыру.

Зерттеудің мақсаты:

  Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушылары бойында шығармашылық қабілеттердің бастауларын қалыптастыру. Білім беру, тәрбиелеу ісінде халықтың тәлім- тәрбие түрлері арқылы ізгілік, адамгершілік жақсы қасиеттерді жүрегіне ұялату, олардың өз тіліне, отанына, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, өз әлінің салт- дәстүрін бойына сіңіру. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, белсенділігін, өз халқының салт- дәстүріне деген қызығушылығын арттыру.

Зерттеу міндеттері:

оқушының жеке тұлғасы ретінде шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту.

   Халықтың рухани мұрасының құндылығы негізінде оқушының бойында ізгілікпен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, ел тізгінін берік ұстай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

   Зерттеу нысаны:

Арнайы біілм беру мекемесіндегі педагогикалық үрдіс.

Зерттеу пәні:

Арнайы көмекші мектепте оқу- тәрбие үрдісінде салт- дәстүрмен таныстыра отырып, педагогикалық түзету жұмыстары.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

  Арнайы мектепте педагогикалық үрдіс барысында  жеке тұлғамен жеке және топтық жұмыс жүрсе, онда оқу- тәрбие үрдісіндегі ақыл- ойы кем балалармен жүргізілген педагогикалық түзету жұмыстары нәтижесі болмақ.

  Бұл болжамды мына төмендегі анықтаулардан көре аламыз:

  • Ақыл- ойы кем балаларға мінездеме бере отырып, олардың салт- дәстүрді меңгеруі:
  • Арнайы көмекші мектепте түзету- дамыту жұмыстарының мазмұны:
  • Көмекші мектепте тәрбие үрдісінде қазақтың салт- дәстүрін ақыл- ойы кем балалардың дағдылануы мен бейімделуін дамыту.

   Зерттеу әдістері:

Жалпы және арнайы әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау тәжірибе қорытындысын  салыстыру.

Зерттеудің кезеңдері:

1-кезең. /2006-2007 ж.ж./ Педагогикалық –психологиялық әдебиеттер бекітіліп, жұмыс мазмұны мен болжамдау дараланды және тәрбиелік әдістемелер жүргізуде материалдар дайындау жұмыстары жүргізілді.

2-кезең. /2007-2008ж.ж./ Көмекші мектеп- интернаттағы тәрбие үрдісінде оқыту жоспарына және құжаттарға талдау жасалды. Алдыңғы қатарлы педагогтардың жұмыс мазмұны нақтыланды және эксперименттер жасалды.

3-кезең. /2008-2009ж.ж./ Ақыл- ойы кем балаларды салт- дәстүрмен таныстыруда оқу- тәрбие үрдісінде әдістемелердің нәтижелілігін және іскерлі педагтардың жұмыстарын мақсатқа алу.

Зерттеу базасы:

   Тәжірибелік жұмыстар Талдықорған қаласы облыстық көмекші мектеп- интернатында бастауыш сыныптарда жүргізілді.

    Зерттеудің ғылыми  жаңалығы:

а/ бастауыш сынып оқушыларының ұлттық салт- дәстүрмен қолдану арқылы тәрбиелік жұмысы жүргізілді.

ә/ бастауыш сынып оқушылардың ұлттық салт- дәстүрі туралы білімі кеңейді, тереңдетілді.

б/ оқушылардың сөйлеу тілі дамытылып, сөздік қоры шамалы молайтылды. Есте сақтауы, оның ішінде көріп есте сақтауы дамытылды, ойлау және қабылдау қабілеттері дамыды. Зейінін шоғырландыру жұмыстары жүргізілді.

   Зерттеудің практикалық мәнділігі:

-ұлттық салт- дәстүр туралы материал жинақталды.

-жинақталған материалдарды тәрбие үрдісінде қолдандым.

-нұсқаулар, қосымша материалдармен тәрбиешілер сабақтан тыс кезінде пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау. Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану.

1.1. Ақыл- ойы кем балалардың дамуының ерекшеліктері.

   Ақыл- ойы кем балалардың даму ерекшеліктері мен ауытқулары әр алуан. Алдыңғы қатарлы дефектолгтардың  зерттеуі бойынша «Ақыл- ойы кемшілік»- бұл психикалық дамуының кешеуілдеуі.

 Психолог С.Я.Рубинштейн мынадай анықтама берді: «Ақыл –ойдың кешеуілдеуі- бұл орталық жүйке жүйесінің зақымданған танымдық әрекеттердің бұзылуы»

   Бәрімізге аян ақыл- ойы кем балалар тек арнайы мектептерде білім алады. Оларды оқытуға арнайы көмекші мектептер және балалар жұмыс істейді.

   Ақыл- ойы кем оқушылардың танымдық әрекетінің төмендігі, психикасының –өзгеруі, дамуындағы тежелуі яғни ойлауының шектелуі, мінез- құлқынан салбырлық, бір затқа талпынысының жоқтығы, тіл дамуының артта қалуы, сөздік қорының кедейлігі және зейінінің тұрақсыздығы т.б. ерекшеліктері тән.

     Ал, енді көмекші мектептердегі ақыл- ойы кем балалардың ойлауының дамуына және елестетуіне тоқталайық.

   Ойлау- қоршаған шындықтың бейнеленуінің ең жоғарғы формасы. Ойлау- сөзбен жинақталған және жалпыланып шындықты тану. Ол заттар мен құбылыстардың мағынасын тануға мүмкіндік ебреді. Ойлау арқылы кез- келген әрекеттің нәтижесін болжауға, шығармашылық мақсатқа бағытталған іс- әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік болады.

   Ақыл- ойдың артта  қалудың анықтамасының өзінде, оның бірінші белгісі таным әрекеттерінің бұзылуы болып табылады деп белгіленген. Дәл осы жағдай ақыл- ойы артта қалған балаларға мектептің арнайы түрін құруға себеп болады.

  Танымдық әрекеттерінің дамуында негізгі басты рөл ойлау болып табылады. Ақыл- ойы кем оқушылар тапсырманы орындауда сөздік- логикалық ойлау қиналдырады. Тапсырманы орындауда ойлау ғана емес, түсіну қажеттілігі, бір сөзбен айтқанда балалар көрсете отырып, берілген тапсырмалардың біршамасын ғана орындайды.

Ақыл- ойы кем оқушылардың ойлау қасиетін дамытуда ең басты бағыт- түзету жұмысы болып табылады және танымдық әрекетінің жоспарлы түрде алға басуы.

   Төменгі сынып оқушылары да сөздік- логикалық ойлау қасиеті- тапсырманы орындауда қиындылығы, яғни түрлі- түсті суреттер, жыл мезгілдерінің бейнелерін атап айту, ал оқушылар суретте жылдың қай кезеңі бейенленгенін әрдайым айта алмайды.

   Ақыл- ойы кем оқушылар берілген материалды қысқартып, көптеген қажетті бөліктерін жіберіп қояды.

  Мәтіннің мағынасын бұзып, рет- ретімен сақтамайды, олардың арасындағы қажетті байланыстарды орнатпайды.

  Мектептегі арнайы оқытудың көмегімен оқушының ойлауының жеткіліксіздігі түзетілуі бірақ толық жойылмайды.

   Ақыл- ойы кем оқушылардың ойлау кезеңі өзінше өтеді. Мысалы, шынайы затты көру арқылы қабылдағанда оның бейнесі толық емес, бірізділігі жоқ, фрагменталды болады. Оқушы объектіге қарап отырып ол зат өзіне жақсы таныс болса да, оның бөлшектерін толық атамайды. Егер балаға үлкендер сұрақ қою арқылы көмек көрсетсе, объектінің анализі аса толық болады.

Психолог С.Я.Рубинштейн төменгі сынып оқушыларында екі немесе одан да көп объектіні салыстыруды қажет ететін тапсырмалар одан да көп қиындық туғызады. Салыстыру- заттар және құбылыстар арасындағы ұқсастық және айырмашылық жақтарын анықтау.

1-2 сынып оқушылары әдетте бір объектіні екінші бірінен айыратын ерекшеліктеріне ғана назар аударады, ал ұқсастықтарын байқамайды. Мысалы: «Бұл кесе үлкен, ал мынанаың гүлдері көк, олар әртүрлі» Оқушылар әртүрлі салыстырулар өткізеді.

    Бас қабының әрекеті бұзылған балаларда ойлау қалай қалыптасады және дамитынын жақсы білу үшін қалыпты жағдайда ол қалай өтетінін еске түсіру керек.

   Біріншіден, ойлау- бұл жинақтау, яғни қарапайым  жинақтау- қабылдау актісіне кіреді. Бала әр ағаштан ағашты тану үшін, баланың жеке тәжірибесінде ағаштың қандай да бір жалпыланған бейнесі қалыптасуы қажет. Сонымен қатар ағаштың бейнесі ағаш деген сөзбен адекватты сәйкес келуі керек. Бірақ та бұл ой емес.

Адамдар ұғымдармен ойлайды. Мектепте білім алу үрдісі кезінде баланың алдында «ағаш» деген ұғымның барлық тән белгілері ашылады: «ағаш- бұл тамырлы жүйеден, сабақтан және бұтақтан тұратын өсімдік». Ағаш туралы бұндай ортақ ой қабылдауда орын алған сол жалпылау үрдісінің жалғасы бола ма? Ия не жоқ. Бұл жалған, себебі бұл жеке тәжірибе үрдісі кезінде қалыптасқан, ағаш бейнесіне міндетті түрде сүйенеді. Бірақ бұл ойша жалпылаудың ішінде сапасы жағынан басқа үрдісте бар. Бұл жаңалық баланың жеке тәжірибесінде жоқ болуы мүмкі. /ол ағаштың тамырын көре алмайды және «тамыр» деген сөзді білмеуі мүмкін. Бірақ ол баланың елестеуінде сөзбен түсіндіру арқылы беріледі. Баланың ойлауы операциялайтын білім және ұғымның кең көлемін оның санасына үлкендер сөзбен құраған білімінің көмегі арқылы беерді. Бұл білімдерді берік меңгеру үшін балада елестету қоры бар болуы қажет. Бірақ сөз арқылы берілетін білім көлемі баланың жеке өмір үрдісінде жинақталып үлгерген  елестету қорынан біршама жоғары.Бұл ұғымдарды және білімдерді меңгеру үшін тілді жетік меңгеру қажет.

   Екіншіден, ойлау- жалпылама таным. Жалпылау- бұл бір нәрсені басқа бір нәрсенің араласуымен тану. Анасының ашулы дауысын естіп және ашулы түрін көріп, бала анасының оның сындырған затын көріп үлгергенін түсінеді немесе басқаша болжау жасайды.

   Осы барлық ой операциялары салыстыру, ой қорытындылау, барлық болу, көбейту, болжау жасау және тексеру жасау әрекеттерін бала өзі аз деңгейде жасайды. Бұндай ақыл- ой әрекеттерге оны үлкендер үйретеді, олар тәжірибелік көрнекілік жағдайларды ұйымдастырады, онда бала бағдарлайды және әрекет орындайды, содан кейін бұл тапсырмаларды сөзбен құрайды. Бірітіндеп бала бұндай әрекетті «ойша» жүзеге асыру дағдысын меңгереді.

   Сонымен қатар, қабылдау кемістігіне байланысты балада елестеу қоры аз жиналған. Ақыл- ойы кем баланың елестетуінің аздығын, фрагменттілігін-М.М.Нудельман өте жақсы суреттеп берген.

   Көрнекі және есту, елестетудің аздығы, ойын әрекетінің шектеулілігі, заттың әрекеттермен аз таныс болу, ең негізгісі-тілдің нашар дамуы баланың ойлау дамуына  қажетті негізгі базадан айырады.

  Осы ойларды Ж.И.Шиф және В.Г. Петрова өте жақсы көрсетеді. Олар былай деп жазады: «ақыл- ойы кем»  баланың ойлауы сезімдік танымның жеткіліксіз жағдайда, тілдік дамымаушылыққа, тәжірибелік әрекетінің шектелілігінде қалыптасады. Сәйкесінде, ақыл- ойы кем бала мектепке баруға дайын емес болады. Ол дені сау баладан ерекшеленеді.

  Ал осыдан келіп, ақыл- ойы кем бала арнайы тұрғыда обстрактілеуге және жалпылауға қабілетті емес, оның ойлауы нақтылық шегінен ешқашан шыға алмайды деуге бола ма?

  Бұл күрделі сұраққа жауап беру үшін нақтылы ойлаудан обстрактілеуге қалай өтеді және ойлауға  үйрету дегеніміз не деген сұраққа қайта оралу керек. Психолог С.Я. Рубинштейн келтірген мысалдарды қарастырайық:

  а/  көмекші мектепке келген баладан сұрайды: «Құс деген не?» Оның жауабы: «ол сұр, кішкентай, кішкентай мұрны не аузы бар». Оның көз алдында жақында көрген торғайдың бейнесі тұрады. Мұғалімнің сұрағына жауап бере отырып, ол бұл бейнені шамасы келгенше суреттейді. Сонымен қатар ол құстардың үлкен болатынын, барлық құстар сұр емес екенін ескермейді. Жауап берген кезде ол барлық құстарға тән белгілерді атауға тырыспайды. Оны әлі белгілі бір ұғымның анықтамасын беруге үйретпеген.

   Егер, сұраққа жауап берген кезде ол ұшады деп айтса, онда біршама жақсы жауап, себебі ол барлық құстарға тән, нақты белгілі. Бірақ, мынадай сұрақ дұрысырақ болар еді: «Құс- бұл қанаты бар және ұша алатын тірі зат»  Бұндай жауап баланың яғни заттың ортақ және нақты белгілерін белгілейді, ойды меңгергенін көрсетеді. Бірақ бала өз көзімен барлық құстарда қанат барын көрген жоқ, ол құстың қанатын алмады, ең негізгісі, ол тірі және өлі не дегенді әлі меңгерген жоқ. Осының бәрін бала өзі «ашып» бере алмады. Ол бұл туралы тек қана үлкендерден білер еді. Ал, бұл үшін тілдің дамуының белгілі бір деңгейі қажет.

 б/ Мұғалім оқушы- олигофренге сеп береді. «Балада үш конфет, біреуін жоғалтып алды, онда неше конфет қалды?» сұраққа мән бермей, оқушы былай дейді: Оны іздеп табу керек дейді. Есеп оқушы жетпейтін конфеттің   көрнекі бейнесін туғызады.  Есеп шартын түсінгеннің орнына, бала бұл жағдайға нақты келді. Есептің шартты мағынасын түсінуге және есептің шартын сәйкесінше таңдауға баланы әлі оқыту керек.

 Осыдан, нақты ойлау астарындағы жалпы, нақты түсінбей, жеке көрнекі бейнелердің меншігінде қалу. Сонымен қатар нақты ойлау, есепті шешкен кезде адам даму барысында ашқан ойлау операцияларын және формаларын қолдана алмауды білдіреді.

   Ақыл- ойы кем оқушы ойлағанның орнына еске түсіреді.

   «Көмекші мектепте оқитын ақыл- ойы кем оқушының даму ерекшеліктері» деген кітапта ақыл- ойы кем баланың ойлау операцияларына жүргізілген эксперименттік мағлұматтар көп беріледі. Мысалы, М.В.Зверева және А.И.Липкинаның қорытындылары ақыл- ойы кем бала заттарды салыстырғанда ұқсастықтарын анықтағанның орнына айырмашылықтарын анықтауға бейім. Профессор Л.В. Занков ақыл- ойы кем бала заттарды не құбылыстарды салыстырғанда  кезде кездейсоқ сыртқы белгілерге сүйенетінін анықтаған.

  Ақыл- ойы кем баланың ойлауының негізгі кемшілігі –жалпылау әлсіздігі. Ол оқу үрдісінде байқалады, яғни бала ережелерді және жалпы ұғымдарды нашар меңгереді. Олар ережені жаттап алады, бірақ олардың мағынасын түсінбейді.

  Сондықтан ережені меңгеруді қажет ететін грамматикалық және арифметикалық пәндерді оқу ақыл- ойы кем балада қиындық туғызады.

  К.Левин ақыл- ойы кем балалардың қажеттілік сферасының, әрекеттер құрылымының экспериментальдық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, олардың ойлау нақтылығын, абстрактілеу және жалпылай алмауды, аффектілі сфераның дұрыс еместігін түсіндіреді. Ол былай талдайды, ақыл- ойы кем баланың ойлауының нақтылығы мынаны білдіреді, ақыл- ойы кем бала үшін әр зат және әр оқиға өзінің ерекше маңызын береді. Ол оларды жағдайдан жеке бөліп көрсете алмайды. Сондықтан бұл балаларда абстрактілеу, яғни заттар арасындағы ұқсас белгілер енгізінде топтау және жинақтау нашар.

  Л.С. Выгодский былай деп жазады:  «Арнайы зерттеулер көрсеткендей ұғымдардың даму деңгейі аффекті динамикасының, шынайы әрекеттер динамикасының ойлау динамикасына  ауысу деңгейі»

    Ақыл- ойы кем баланың ойлауын оның қажеттілік, қызығушылық, бағыттылық сферасынан бөліп қарау мүмкін емес. Бірақ ойлау әлсіздігін аффективті сферадан шығару, аффективті алшақтықты ойлаудың нақтылығының себебі деп есептеу дұрыс емес.

 Ақыл- ойы кем балада дұрыс ойлаудың дамуы- қиын, бірақ приципиальды тұрғыда шешілетін міндет.Ол алегофрено- педагогикамен арнайы әзірленген оқу тәсілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. Бұндай оқытудың арнайы сұрақтарының бірі, көрнекі көрсетуден сөздік логикалық жалпылауға ойланып, әдістемелік сауатты өту болып табылады.

   Көмекші мектеп оқушыларының көрнекі ойлауының ерекшеліктерін Ж.И.Шиф өзі құрған экспериментальдық әдістеменің көмегімен зерттеген. Ол қызықты мәселені қолданды.Оның мазмұны мынадай:

   Балалар берілген заттың ішінен жоқ үш заттың, біріншісі – күрешкенің, екіншісі-балғаның және үшіншісі- қақпақтың рөлін атқаратын затты таңдау керек. Жалпы мектептің оқушылары бұл міндетті шешкенде алдымен бар заттар мен өзара объектілердің өзара ұқсастықтарын іздеді, ал соңғы күрделі этапта функционалды қажеттілік белгілері бойынша ұқсастықтарын анықтады, яғни бар обьектінің жаңа рольді атқаруға жарамдығын, мысалы, оймақ кесе рөлінде т.б.

     Көмекші мектептің ІІІ-сынып оқушылары функционалды белгілері бойынша  ажырату тәсілін қолданды және заттарды алмастыруды білмеді.

 Осыдан Шиф ақыл- ойы кем балалардың көрнекі ойлауларының ерекшеліктеріне және кемшіліктеріне аса дұрыс қорытынды жасады. Олардың көрнекі бейнелері жеткіліксіз динамикалы, бірақ мектептегі оқыту арқылы объектілерді ойлау анализдеудің толықтығы жоғарылайды, көрнекі сөйлеу тәсілдері жетіледі, онда қиялдың рөлі жоғарылайды, көрнекі жалпылау аса тиімді бола бастайды. Осыған дейін біз ақыл- ойы кем оқушыларға бір ортақ ойлау кемшілігін, яғни жалпылаудың әлсіздігі немесе нақтылықты қарастырдық.

  Көмекші мектеп оқушыларының ойлауына басқа да ерекшеліктер тән.Оларға көбіне ойлаудың бірізді болмауы жатады. Әсіресе бұл ерекшелік ақыл- ойы кем тез шаршайтын балада айқын білінеді.

  Тағы да бір айта кететін кемшілік- ойлаудың рөлін реттеудің әлсіздігі. Мына жағдайда мұғалімде ерекше қиындық пайда болады, егер ақыл- ойы кем балалар реті келгенде ақыл- ой әрекетімен бұрын меңгерілгендерді қолдана алмағанда. Бұл кемістіктің табиғаты аз зерттелген.

  Ж.И.Шиф көрсетеді, көмекші мектептің  төменгі сынып оқушылары жаңа тапсырмамен танысқаннан кейін кейде оны бірден орындауға кіріседі. Олардың ойларында қандай әрекет орындау керектігі туралы сұрақтар туындамайды, жаңа тапсырма ақыл- ойы кем балада алдын- ала оның шешілу жолын өз ойында қарастыру туғызбайды, яғни ойланбайды.

    Ақыл- ойы кем бала көбінесе өз әрекетін ойластырмайды, олардың нәтижесін болжамайды. Бұл жоғарыда айтылғандай ойлаудың басқаратын фунциясының әлсірегенін көрсетеді.

   Ойлаудың берілген ерекшеліктері ақыл- ойы кем оқушылардың көбіне аз не көп мөлшерде тән.

   Елестету ойлаудың «жақын арадағы дамуын» жасайды. Сондықтан біз елестетуді ойлаумен тығыз байланыста қарастыру керек екенін білеміз.

   Елестетуді тәрбиелеу- бұл ойлауды тәрбиелеу және керісінше. Шығармашылық ойлау- бұл дегеніміз ойлау қосымша елестету, басқаша айтқанда жалғыз интеллектуалды- жігерлік үрдіс.

   Бұл тұжырымдама көптеген эксперименттер нәтижесінде дәлелденген. Дефектологияда М.М.Нудельман, С.К.Сиволапова, Н.А.Цыпинаның ақыл- ойы кем  және психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың елестетуінің қалыптасуын анықтаудағы зерттеулер елестету және ойлау үрдістері тығыз байланыста және интеллектуалды фактордың елестетудің дамуындағы маңызды рөлін көрсетеді.

   Елестетуді дамыту үшін ортаның маңызы зор, ол баламен қабылданады, яғни ол қалай берілсе елестетудің қалыптасуы кезінде заттың әлем тек әр түрлі болып қана қоймай, сонымен қатар балаларға ойлауға, елестетуге мүмкіндік беретін кеңістікте болуы керек.

  • Ақыл- ойы кем оқушылардың танымдық қасиеттерінің / ойлау, елестету/ дамуында- ең басты бағыт түзету жұмыстары болып табылады.
  • Ақыл- ойы кем бастауыш сынып оқушыларының теориялық білімі мен тәжірибелік көрнекілік жағдайлары қатар ұйымдастырылғанда ғана, баланың бағдарлауы және тапсырманы орындауы мен жүзеге асыру дағдысы қалыптасады.
  • Тәрбие үрдісінде ақыл- ойы кем балалар заттарды салыстыруда ұқсастықтарын анықтаудан бұрын айырмашылығын айтуға бейім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Ұлттық салт- дәстүрін таныстырудың теориялық негізі.

 Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы- жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты.

    Ендеше, саналы- салауатты халқымыздың барлық салт- дәстүрлеріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі барлық мұғалім тәрбиесінің басты парызы.

   Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»- делінсе, басым мектептердің бірі ретінде, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллекті байыту» -деп көрсетілген.

    Мұның бәрі баланың жеке тұлға ретінде дамуына қажетті көркемдік, ізгілік қасиеттерін бойына жинауда халықтың рухани мұрасының құндылығын қуаттайды.

    Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның бойындағы қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт- дәстүр, әдет- ғұрыптар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін көптеп аңғарамыз.

   Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы- бергі тарихы мен салт- дәстүрін , тарихи асыл мұраларымызды біліп, қастерлеп, бүгінгіміз бен  келешегіміздің нәрі қайнарына айналдыру- өмір қажеттілігінің туындап отырған әрқайсымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.

     Ұрпақ тәжірибесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы  дәстүрлері мен тағылымдарын үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, балаларды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі, Л.Н. Толстой айтқандай “өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар”.

      “Дәстүрдің азығы бар, дәурені өткен тозығы бар дегендей, ата-бабаларымыздан келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрі өзекті орын алып, баланың дүниетанымын көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі”.

    Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлт болып қалыптасуына байланысты. Қазіргі ғылыми дәлелдер бойынша, қазақ ұлтының алғаш пайда болуы ХІІІ – ХІV ғасырларда басталды дей келе, сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасып дамыды. Оның озық үлгілері ұрпаұтан-ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті. В.Г.Белинский салт-дәстүрдің өміршендігі жөнінде: “Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді, Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады.  Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді…” – дейді.

     Ұлтымыздың салт — дәстүрі, әдет –ғұрпы халықтың ерекше белгісі болып сақтала береді.

      Сондықтан бүгінгі ұрпақты ата – баба салт-дәстүрімен тәрбиелеу, халық педагогикасының нәрі қайнарымен сусындату – оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі міндеттердің бірі.

      Бүгінгі бала – ол ертеңгі қоғам иесі. Сонымен қатар балалардың дара ерекшеліктеріне байланысты (кемістік түрлеріне байланысты) тәрбиелеудің ең алғашқы сатысынан бастап оларға саналы тәрбие беру, халық педагогикасының қайнарымен сусындату , оған ұлттық мағына бере келіп, ақыл-ойы дамыған, салт-дәстүрін білетін баланы тәрбиелеп шығару – халықтық тәлім- тәрбие түрлерін көбірек насихаттап, ұрпақ бойына ізгілік, адамгершіліктің жақсы қасиеттерін жүрегіне ұялатсақ, олардың өз тіліне, Отанына, дініне, халқына деген сүйіспеншілігі артып, өз елінің әдет-ғұрыптарын бойына аздап болса да сіңіруі сөзсіз.

   Салт- дәстүр, әдет- ғұрып, рәсім үлгілері туралы оның жалпы бала тәрбиесіндегі мәні туралы белгілі этнопедагогтардың- Г.Н.Волков, А.Х.Мухамбаева, С.К.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ф.Б.Бөрібекова т.б.  еңбектерінде кеңінен айтылған.

   Дана сөзге тоқталсақ: «салт- дәстүрлер қаға беріс қалдырмайды, оларды жетілдіре түсер болса, жаңаша жарқырайды» дейді П.А.Павленко және К.С.Станиславский «Дәстүрді сақта, демек, бұл оны дамыту деген сөз» деген.

   Филисоф Н.Сәрсенбаев «Дәстүрлер адамның қоғамдық қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты және мейлінше қорытылған нормалары мен принциптері, оларды ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отырады және қоғамдық мінез- құлықтар арқасында сақталады»  деген ойды білдірсе;

 Әйгілі педагог С.Қ.Қалиев «Дәстүрлер қоғамдық сананың барлық салаларымен байланысты дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет, заңын марапаттайтын ритуал»- деп түсіндірді.

   Ал «салт» деген С.Қ.Қалиевтің пайымдауынша «адам өмірінің күнделікті тіршілігінде / отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста/ жиі қолданылатын мінез- құлық, қарым- қатынас ережелері мен жөн- жора, рәсім заңдарының жиынтығы;

    Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Б.Ы. Мұқанова т.б. еңбектерінде салт- дәстүр, әдет- ғұрыптарға берген бағалары мен оларды пайдалануға байланысты ұсыныстарының маңызы, мәні зор.

  Осы еңбектерге жасалған талдамалар оларды көрсетілген дәстүрлерді былайша топтастыруға болады:

  • тұрмыс- салт дәстүрлері
  • бала тәрбиесіне байланысты: сүйінші, шілдехана, ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа міну, сүндет тойы т.б.
  • үйлену, үй болуға байланысты: атастыру, құда түсу, үкі тағу, қыз ұзату, жар- жар, бет ашар т.б.
  • адам қайтыс болғанға байланысты: қаралы үй, естірту, көңіл айту, жоқтау, қоштасу, жетісін, қырқын, асын, шегін беру т.б.б
  • халық мейрамдары: Наурыз тойы т.б.
  • діни мейрамдар: айт, құрбан айт, ораза т.б.
  • қонақ күту дәстүрлері
  • бата –тілек түрлері
  • діни- наным сенімдер
  • бесік жырларын, жұбату өлеңдерін, төрт түлікке қатысты өлеңдерді, мақал- мәтел, жұмбақ, тақпақтар айтқызу, ұлттық ойындар ойнату.
  • Тұрмыстық атауларды үйрету, оның мән- мағынасын түсіндіру арқылы үлкенді сыйлау, өнегелі қарым- қатынас, сыйласымдылыққа, қайырымдылыққа, адалдыққа тәрбиелеу;
  • Ертегі, аңыз — әңгімелер, қиссалар тыңдау арқылы халықтың ой- арманын, тілегін ұқтырып ұлттық сезімге, ұлттық этикаға баулу, талғампаздық пен сезімталдық қасиеттерін, ақыл- ойларын орнықтыру.
  • Малды ауылдың тұрмыс- тіршілігімен таныстыру арқылы ата- бабаларымыздың байырға кәсібін, малдың қасиеті, мал бағудың өзіндік тәсілдерін;
  • Табиғат, жер- су, ауа- райының ерекшеліктері;
  • Ұлттық ойындар түрлерін білу;
  • Ұлттық қолданбалы өнер;
  • Ұлттық әсемдік киімдер;
  • Халықтық ауыз әдебиеті;

С.Қалиев, М.Оразбаев,       М. Оразбаев, М. Смайлова «Қазақ халқының салт – дәстүріне» тереңінен тоқталып өте отырып үш жақты көрсетті:

  Ол- ұлттық сезім, ұлттық салт- дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлік ұлттық      мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.

   Ұлттық сезім дегеніміз- баланың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт- дәстүрлерге деген сүйіспеншілігін білдіреді.

   Ұлттық сезім баланың  жеке басының бір ісіне қанағаттануына, шаттануына немесе риза болуына немесе қанағаттанбауына байланысты ой- қиял, әсер түйсігінің тіл арқылы өзгелерге жеткізіледі.

    Ұлттық сезімнің әсерлі болуы, нақышты  ой ойшықтары көркем сөз өнері. Айталық, баланың тілі шыққан бастап, оның ой сезімі бесік жыры арқылы қалыптасып, ойын өлеңдері арқылы қанына сіңген. Өйткені, ол жастайынан ауыз әдебиетінің асылдары: мақал – мәтел, өлең-жырларды жадына сақтап өскен.

   Сондай- ақ ұлттық салт- дәстүрлер де ұлттық сезімді оятуға себепші болады. Мысалы, домбыра тартып, өлең айтып, айтыс өнеріне селқос қарайтын қазақ болмайды. Себебі домбырамен өлең айтып, жыр төгу ұлттық дәстүр және сол ұлттың мақтанышы.

   Көмекші мектеп оқушыларына ұлттық салт- дәстүріміздің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына  байланысты екенін айтып өткен жөн.

   Жалпы ақыл- ойы кем балаларға  қазақ ұлтының алғаш пайда болуы XIII-XIV басталды деген дәлелдеулерге тоқталып өтеміз. Олай болса, сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет- ғұрып, салт- дәстүрлері қалыптасып дамыды. Ол ұрпақтан – ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті.

    В.Г.Белинский салт – дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде «әдет- ғұрыптар замандар бойы сыннан  өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата- бабадан  әулетке мұра болып ауысып, ұрпақтан –ұрпаққа жетті. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет- әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді» -дейді.

    Салт- дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым- қатынаспен тығыз байланысты.  

     «Әр халықтың мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен дараланып, көзге шалынады. Алайда басқа халықтардың әсерінсіз таза, дара ұлттық мәдениет тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық және рухани байланысы, қарым- қатынасы арқылы олар бір- бірін мәдени байлығы жағынан толықтырады»- дейді. С.Н. Артановский. Бұл жерде көмекші мектептің оқушыларына бір ұлтта бар салт- дәстүрлер, ұлттық ою-өрнек, тағам түрлері екінші бір ұлтта белгілі бір ұқсастықпен және өзіндік ерекшеліігмен көрініс беретіндігі негізделер.

   Ұлттық мінез- құлыққа тоқталар болсақ, ақыл- ойы кем балаларға сана- сезімдерінің қабылдауына қарай мысал келтіре отырып тоқталамыз. Мысалы, қазақ ұлтына тән мінез бауырмалдық, ақкөңілдік,  қонақжайлық, үлкенді сыйлау сияқты мінез- құлық нормалары қазаққа ғана емес, адам баласының көпшілігіне ортақ қасиет. Бұл салт- дәстүр әр халықта әртүрлі болғанымен , шын мәні біреу.

   Сондықтан қазақтың салт- дәстүрі, әдет- ғұрпының балалардың ден- саулығын, дара ерекшеліктерін ескере отырып үйрету, көрсету оның мұғалімнің басты назарында болуы, бүгінгі күннің басты оқиғасы болып табылады.

   Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын міндет- есті, дені сау еңбек сүйген қайырымды бала тәрбиелеу. Өмірде ақыл-ойы артта қалған баланы да шамасының жеткенінше адал, үлкенді сыйлайтын мейірімді, ер-жүрек, ар-ожданы мол, қайырымды етіп тәрбиелеу үшін де ғасырлары бойы сұрыпталып, тұрмыс өмір тәжірбесі сынынан өткен, салт-дәстүрлерді педагогикалық әр-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы, психологиялық тәжірибелерге сүйеніп орынды пайдалану нәтижесінде ғана үлкен жетістікке жетуге жетелейтін басты құрал-халық педагогикасы болады.

     Халық педагогикасы халықтың рухани мәдениетінің  бір бөлігі. Халықтық педагогика тәрбиенің  бастауы және қайнар көзі, ол тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі.  Халық педагогикасының негізгі мақсаты-келер ұрпақтың Отанының ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.

  Жас ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы өмірімен азамат болуын тілеп, қазақ халқы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын ойдағыдай қалыптастырып. Ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс-тәсілдерді

(ертегі, аңыз, жұмбақ, тақпақ, т.б  ) шебер қолданып отырған.

Халық осы мақсатқа сай мақал-мәтелдерді де, кісіні ойлантып, толғантатын даналық сөздермен уағыздады, жаңылтпаш, санамақтарды, шешендік толғаныстарды ұтымды пайдаланған.

    «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Білімдегі дүние жарық, білімсіздің күні кәріп», дегендей көшпенді халық болса да ғылым мен білімді дәріптеп, ақыл-ой тәрбиесінің негізі-терең ойлау мен пайымдау екендігін  ұрпаққа жан-жақты ұғындырып отырған, отбасы өз баласының ойлау жүйесін дамыту  үшін мектеп-интернатта  тәрбие үрдісінде  санамақтар мен тақпақтардың, өсиет сөздердің тәрбиелік мәнін ескеріп отырған.

   Тәрбие жүйесінде  жеке адамның моральдық қасиеттерін қалыптастыруды адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамның орны ерекше,  яғни ол отбасы тәрбиесі.

   Отбасы-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі. Бұл тәрбие барысында ата-аналар баласының күнделікті өмірі мен ісіне басшылық жасайды. Оларды рухани және еңбек дәстүрлері рухында тәрбиелейді. Осылардың бәрі баланың жан дүнесінің қалыптасыуына әсер етеді.

  Ал, қазақ отбасы үшін үш буыннан құралады: ата-әже, әке-шеше, бала. Күнделікті өмірде тәрбие құралдары, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, жас ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, әдемділікке, сезімталдыққ т.б. қасиеттерге баулығын. Ал көмекші мектеп интернат балалары үшін тәрбие үрдісіне басты рухани және салт-дәстүрге тәрбиелеуде тәрбиесінің тәрбиелік маңызы зор.

  Халқымыздың ұлттық педагогикасы, оның ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ұрпағын жаман әдеттерден жирендіріп, жақсылыққа жетелеп, өсиет сөздердің бала бойына ұялатып отырған.

  Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халықымыз теріс қылық мінезге тыйым салған. Сол ырым мен тыйым сөздер балалықтан есейгенге дейін ереже тәрізді сақталған. Төмендегі осындай ырым-тыйым сөздердің түсініктемесіне көңіл қойсақ:

-«Балаға ми жеуге болмайды»-мидай былжыр, ынжық болып өседі деп тыйым салады.

-«Бос бесікті шайқама»-балалы болмайсың деген жаман ырым.

-«Қамшыны бейсауыт қамшылама»-мал шетінейді деп тыйым салған т.б

  Міне, осындай өмір ережесін еске ұстаған тәрбиелі бала ешқашан жаман қылыққа бармайды деп тұжырымдаған.

 Қоғамдық тәрбиеге келсек, жастардың нашақорлығы, есірткіге әуестенуі, адамзаттың басына төніп тұрған әртүрлі дерттің қанат бүкіл әлемді аландатып отыр. Мұндай дерттің ұрпағымыздың болашағына балта шауып, ертеңіміздің өшуіне әкелуі сөсіз.

  Осыны ескеріп, 1998 жылы18 мамырда шыққан Елбасының Жарлығы салауаттылық, білімділік және ел тағдыры, халықтың, ұлттың тағдыры, замана тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес.

  Бүгінгі таңда салауатты өмір салтын тәрбие саласында, қоғамда насихаттау және жас ұрпақты тәрбиелеу көпшілікпен, ұжымдық, отбасылық шараларды бастап, мектеп ұжымына, мұғалімдерге міндеттеледі.

Ал халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиесіне жүгінсек, бүгінгі өмірімізбен салыстырғанда, адамкершілік, кішіпейілдік, инабаттылық, ой-өрістердің алғырлығы мен ұшқырлығы едәуір биік сатыда көрінеді.

  Ұлттық педагогикада бала тәрбиесі сегіз түрлі мәселені қамытған.

-біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген;

-екіншіден, мейірімді болуға тәрбиелеген;

-үшіншіден, тіл алғыш, елгезек бол деп үйреткен;

-төртіншіден, адалдық пен шындыққа баулыған;

-бесіншіден, білгер бол, көпті көрген данышпан қарияны тыңда дегенді бойларына сіңіре білген;

-алтыншыдан, ата-ананы, үлкенді сыйлауды басты міндет етіп қойған;

-жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа дейді. Ол мінездегі кемшілікті айтпа деген сөз емес, ғаріп кісілердің табиғи кемдігін айтпа, көрсетпе деген сөз;

-сегізшіден, елге қорған бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді.

Тәрбиенің бұл бағыттары әлі де болса, толығымен өз құнын жойған жоқ. Ертеден қазақ халқы дәстүр бойынша баласын бес-алты жасында ауыз дуалы шешендердің, ел бастаған көсемдердің, даналардың, мергендердің, батырлардың соңынан ерте білген.

Онысы-балам халық дәстүрін, жол-жоралығысын көңілге тоқып өссін дегені. Сондықтан да халықта «Балаңды өз тәрбиесімен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»деген мақал бар.

  Баланы жетілдіре тәрбиелеуде көне уақыттан келе жатқан әдістер көп. Оның   

  ішінде  баланы қиял- ғажайып ертегілеріне әуестендірудің пайдасы зор.

Әсіресе көмекші мектептерде ақыл-ойы кешеуілдеген балалар ертеңгі болашағына зор үмітпен қарайтындықтан қиял-ғажап ертегілері мұндай балалардың көңілін сергітіп, ертеңіне балаша көз жіберіп, көңіліне демеу болады.

 М.Жұмабаевтың айтуынша да: «Балада қиял ерте оянады. Оның түсінуінше дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ; мүмкін бәрі болатында , ертегі қысқасы балаға өте қымбат нәрсе»-деген. Бұл  әсіресе ақыл-ойы кем баланың қиялын дамытып, өміріне өзек болатын, ертеңіне сенімділікпен қарауына әсер ететін тәрбиенің  бірі-ойдан ертегі құрастыру.

Жаңылтпаш айтып тіл ширатуға жұмбақ шештіріп, дұрыс ойлауға дағдыландырады, ерлікке, еңбек сүйгіштікке, елін сүюге, үлкенді сыйлауға үйретеді.

Мақал-мәтелдер-  болса халықтың көрген -білген, бастан кешкен оқиғаларынан қорытқан сан ғасырлық ақыл-ойының жиынтығы, табиғатта өмірде үнемі қайталанып тұратын оқиғаларымен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Қанатты нақыл сөздер- сөздің інжу маржандары, онда халықтың даналығы,байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірлік тәжірибесі, еңбекке деген көз қарасы, үміті мен арманы, мүдесі қалыптасып сақталған.

  Қазақ халықының балалар тәрбиесінде ғасырлар  бойы жинақталған, өмір елесінен  өткен, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрді көрсететіндер жоғарыда айтылған ертегі, мақал- мәтел, нақыл сөз, күмән тудырмайды.

  Халық музыкасының домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, күй өнері, ән өнері тағы басқа таңдаулы өнері де, өнерлі ұрпақ тәрбиелеуге таптырылмас құрал.

Халықтың сәндік қолданбалы өнерінің әлеуметтік-тәрбиелік рөлі оның туындыларының өзіндік көркемдік-эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, ол адамдардың заманына қарай толғаныс білдіруінен, өткендегі мәдениет пен ұлттық дәстүрлердің дара сабақтастығынан көрінеді.

Ата бабаларымыздың салт-дәстүрін, әдеп –ғұрып ұлттық ойындар арқылы да бала бойында кеңінен сіңіруге болады.

Өйткені баланың ойы, сезімі, қиялы ойын арқылы өсіп дамиды.

  Ақыл-ойы кем балалардың дәрігерлерімен кеңесе отырып, баланың дара ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиеші ұлттық ойындары таңдап алады.

Ол ойының белгілі бір мақсаты, мәні нақты тәрбиелік болуы керек.

Олардың көбісі баланың денесін шынықтырып, буынын бекітіп, қозғалыс икемділіктерін дамытып шапшаңдыққа алғырлыққа, батырлыққа баулыса, кей-біреуі тілін дамытуға, сөздік қорын дамытуға, баланың ашылмай жатқан өнерін ашуға, табиғатты тани білуге, тапқырлыққа тәрбиелейді.

    Ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас болып жеткен қазақтың ұлттық ойындарын жетілдіріп, тиімді әдіс-тәсілдерді орынды пайдаланып, ақыл-ойы кем баланың жай –күйіне әсер ететіндей етіп сенімін арттыру қажет.

 Ұлттық  салт-дәстүрін көмекші мектептегі балалардың жеке басының жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тәрбиелік ықпалына, болашағына сеімді қарауына әсер ететіндей дәрежеде жоғарыда айтылған әр түрлі тәрбие жұмыстарының орасан көп түрлерін әр баланың дара ерекшелігіне, жас ерекшелігіне арнайы дәрігерлердің қойылған ауру түрлеріне байланысты тиімді жүргізу баланың қозғалыс маторикаларын, дербестіктерін, өздеріне сенімділіктерін дамытып, өмірге деген    құштарлықтарын арттырады.

  Халық педагогикасының қыры мен сырын көптен бері зерттеп келе жатқан сөз зергерлерінің бірі-Музафар Әлімбаев ағамыз өзінің  «Халық –ғажап тәлімгер»деген еңбегінде былай деп жазыпты: «Халық педагогикасы –ғасырлар бойы қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым ».

 Мәселен, ұрпақтың ана бойына біткен кезіндегі құрсақ тойынан бастап, бала ер жеткенге дейінгі аралықты қамтитын түрлі жөн-жоралғы, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, тиым сөздер, түрлі ырымдар-осынау ұғымдардың бәрі халық педагогикасының жүйесін құрайды.

     Мәселесін, бесік жырында нересте, бөтен психологиясына лайықты көркем, әсерлі ырғақтар толып жатыр.

Сондай-ақ халық педагогикасында тіл ашар, тұсау кесу, сүндет той, шілдехана және бата беру, игі тілектер т.б жатады.

Бұның бәрі халқымыздың тарихында күні бүгінге дейін өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қолданып келе жатқан, атадан балаға мирас, яғни халық педагогикасының әдіс-тәсілдері.

  Салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптар негізінде ақыл-ойы кем бала зейінін, ойын, көңіл байқағыштығын дамытып, әр нәрсені салыстыра, салғастыра білуге, логикалық ойлауға анализбен синтезге дағдыланады.

   Жалпы ақыл-ойы кем балалардың оқуы мен тәрбиесі  халық білімінің жалпы мемлекеттік жүйесінің белгілі бір бөлігі. Бұл мектептің мақсаты- балаларға түзету  жұмыстарын жүргізу мамандық-еңбекке даярлау, болашағына сенімен қарауға үйрету, денсаулық-емдеу жұмыстарын тиянақты жүргізіп оқушылардың жалпы ақыл-ой дамуына жүргізілетін жұмыстар арналған. Оқу материалының мазмұны да, көлемі де оқушыларға жеңіл түсінетін, күнделікті өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста құрылады.

  Сондықтан бұл көмекші мектеп мұғалімдерінің жұмысына ерекше талаптар, көптеген ғылым ізденістер өте қажет.

 Әр ақыл-ойы кем баланың жүрегіне жол тауып, шипа іздеп халықтың өте әріде ата-бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алған, халықтың қажеттігінен туған ұлттық тәрбие мен салт-дәстүр жас ұрпаққа ықпалы жасау негізінде пайдаланудың орны ерекше. Білім беру, тәрбиелеу ісінде халықтың тәлім-тәрбие түрлері арқылы ақыл-ойы кем балаларды ізгілік, адамгершілік жақсы қасиеттерді жүрегіне ұялату, олардың өз тіліне,  Отанына, ата-анасына, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің жерінің салт-дәстүрін бойынша сіңіру-өзінің болашағына сеніммен қарауға үйрету сол мектепте істейтін ұстаздардың еңбегінің жемісі болды.

 Сонымен мектептің ұстаздарының негізгі міндеті-кеміс баланың жеке тұлғасы ретінде шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, халықтың рухани мұрасының құндылығы негізінде  баланың  бойында ізгілік пен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, ел тізгінін берік ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу негізінде әр кеміс оқушының өзінің болашағына, келешегіне зор сеніммен, үлкен үмітпен жол көрсету болып табылады.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау. Қазақтың салт- дәстүрлерін көмекші мектепте тәрбие үрдісінде қарастыру.

2.1. Ұлттық салт- дәстүрін бастауыш сыныпта тәрбие үрдісінде таныстыру мүмкіндіктері.

  Қазіргі таңда еліміздегі оқу – тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын дамытуды міндеттейді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Көмекші мектептегі бастауыш сыныбында тәрбиелеу жүйесі кембағал оқушы балаларды әлеуметтік қалыптасуына және өз бетімен өмір сүруіне даярлануға бағыталып жасалған.

   Осыған байланысты мектеп-интернаттың алдына қоятын басты мәселелерінің бірі-өркениетті, салт-дәстүрін, ұлттық тілін жоғалтпаған өрелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.

  Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге әр оқушының бойына жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушының сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес өз ұлтының салт-дәстүрін білетін ұрпақ тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатына бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкелуі», деген екен Әл-Фараби. Біз қашан да “білім мен тәрбие-егіз” дейміз. Шындығында сапалы саналы тәрбиемен шынайы астасқанда ғана ұлт тілегі, халық мүддесі орындамақ, салт-дәстүріміздің, қоғам өзінің рухани дамуына асыл қасиеттеріне қол жеткізбек. Өзінің тәрбие «тәрбие» атты мақаласында: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта ата-ананың тәрбиесі,»дейді Ж.Аймауытов.

   Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселені-біздің елдігіміздің, ұлттық өрлеуіміздің, нұрлы болашағымыздың мәселесі.

  «Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі»-деген қағидаға сұйене отырып мектеп-интернатта тәрбие сағаттарын өту барысында ұлттық дәстүрімізді таныстыруға болады.

Бастауыш сыныпта салт-дәстүрімізді таныстыра отырып өткізілген тәрбие сағаттары айнала қоршаған ортаның қыр-сырын, сын-сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады.

  Сан-ғасырлары бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді. Ал еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек өскелең жас-ұрпақтың белсенділігіне байланысты болмақ.

  Ендеше бастауыш сынып оқушыларына халқымыздың барлық дәстүрлерін, мәдениетін тәрбие сағаттарында оқушыларға жеткізе отырып таныстыру бізге тапсырылып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына білім –беруде ұлттық тәрбие дәстүрін басшылыққа алу- басты талап.

Көмекші мектептегі ақыл-ойы кем балаларға-баланы жеті жастан мектепке берудің өзі қазақ халқының жеті санын қастерлеп, қасиеттеуінде деп таныстырып өтеміз. Тоқтала кетсек: жеті қазына,жеті ата, жеті күн, жеті жұт т.б. сөздері дәлел.

Ел аузынан алынған «жетеліге жеті өсиет» аңызында –Ұлттық хакім мың жасаған екен. Ерекше талантты, мол білімі және зеректілігі арқасында Ұлықпанның даңқы шартарапқа жайылған. Ұлықпан Хакім қандай түйіні қиын дауды болмасын оп-оңай шешіп, қандай кеселді болмасын емдеп жазып отырған. Күндердің күнінде ол Ұлықпан өз шәкірттеріне

-Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре болмандар, мен көз жұмғаннан кейін қайғырмандар, сендерге қалдырар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,-депті. Ол көзін ашып шәкірттеріне қарап:

-Сендерге айтар жеті өсиетімнің

 Біріншісі-ерте тұру;

Екіншісі-орта тазалығын сақтау;

Үшіншісі-дене шынықтыру;

Төртіншісі-үнемі денені таза ұстау;

Бесіншісі-үнемі сергек жүру;

Алтыншысы-артық тамақ ішпеу

Жетіншісі-көп ұйықтап, жалқау болмау. Міне, бұлардың барлығы денсаулықты сақтауға арналған керемет ғұлама өсиеттің өзі жеті санымен шектеліп тұр емес пе?

Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдеп-ғұрыптарымен байланысты туады. Тұрмыс салтқа байланысты туған әдеп-ғұрыптардың бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырса бесікке салу, тұсау кесу, тілашар, сүндет тойы т.б. ырымдары бала тәрбиесіне айтылған. Көмекші мектептегі өткізілетін тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ халқының дәстүрлері баланың дүниеге мүмкіндіктері бар. Жас ұрпақ –ертеңгі азамат алдын ала дайындалуын керек. Сол таныстыру білім кемесі мектепте бапталып ұшырылуға тиіс. Мұғалім қауымдары тәрбие үрдісінде жасұрпаққа ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды-халықтық педагогиканы ұтымды, тиімді жерде қолданып, әр тәрбие үрдісін тартымды етіп өткізсе, оқушы есте сақтай отырып таным белсенділігі артады.

Халық даналығының ұрпақ тәрбиесіндегі атқарар қызметіне сандаған ақын-жазушылары, ұстау, ғылымдар зер салып ықлас аударған. Әсересе Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сынды ғұлама ақын-жазушылар еңбектерінің негізі арқауында өз елі, болашақ ұрпақ тағдыры жайында кең толғаныстар, өсиеттер жатыр. Осы жөнінде  М.Жұмабаев сынды ғұлама ақын-жазушылар еңбектерінің негізгі арқауында өз елі, болашақ ұрпақ тағдыры жайында кең толғаныстар, өсиеттер жатыр. Осы жөнінде М.Жұмабаев ; « Балаға дұрыс тәрбие беру үшін тәрбие майданында танылып ысылған тарландардың тәжірибелерімен ұлттан, түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойлармен, қысқасы, тәрбие туралы дұрыс жолға түсетін шын тәрбие дәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болу керек » деген өте құнды пікір айтады.

   Жақсыны жалғастыру, жаңаны дамыту-әр буынның борышы. Салт- дәстүріміз, әдет- ғұрыпымыз күні бүгінгіге жаңғыру үстінде. Халықтық педагогика-белгілі бір ұлт  өкілдерінің ежелден жинақталған келер ұрпаққа қалдырған бай қазынасы. Осыны тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына таныстыру, жүрегіне ұялатып, зердесіне сіңіру, адалдыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу бүгінгі күннің міндеті.

    Осыған орай мектеп интернатымызда тәрбие үрдісінде ұлттық мәдениетімізбен салт-дәстүрімді таныстыру ақыл-ойы    кем балалар бойына қабілеттілік, ізгілік, адамкершілік, өз тіліне, Отанына деген сүйспеншілігі арттыру. Салт –дәстүрінің бәрінің де тәрбиелік мәнін дұрыс ұғындырып, адамкершілік, қарапайымдылық ілтипаттарын оқушыларға бастауыш сыныптардан бастап, дарыта білген жөн. Оқушылар терең біліммен шындала отырып, тәрбие көзімен сусындалуға тиіс. Осы мақсатта көмекші мектеп оқушыларының бастауыш сыныпта «Бесік тойы» дәстүрін таныстырып өтеміз,

   Халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ»-деп ой түйген. Бұл-отбасы ошағының түтіні сөнбесін деген жеке бастың тілегінен туған мақал емес, сонымен қатар халықтың қамын қарастыру, елдің ертеңгісін ойлау жөнінде айтылған.

Қазақ халқының  «Бір баласы бардың үйінде маздаған шамы бар» және  «Бала-адамның бауыр еті»-деуді баланы бақыт санағандық.

   Қазіргі кезде жер-жерлерде сонымен қатар тәрбие үрдісінде қаймағы бұзылмай жалғасып келе жатқан тәлім-тәрбие. Дәстүрлеріміздің бірі осы «Бесікке салу». Ата –бабамыздан қалған тамаша да асыл дәстүрлерінің бірі- «Бесік тойы». Дүниеге келген сәби бір үйелеменінің  ғана бақыт емес, бүкіл ауылдың қуанышы. Жас ұрпақты осы дәстүрге баули отырып, тәрбиелеу осы баршамыздың міндетіміз.

   Бұрын қазақ халқы көшіп-конып малмен күн көрген. Сондай кезде бесікке салынған бала шаруа істеп жүрген анаға қол байлау болмай, әрі таза, әрі құрғақ қалпында ұйықтайтын. Бесік баланы оттан да, судан да аман сақтаған. Қазір  медицина ғылымы да бесіктің пайдасы зор, еш зияны жоқ екенін мойындап отыр. Бала қырқынан шыққаннан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл аймақты жинап бесікке салу тойын жасаған. Дәстүр бойынша бесікті баланың нағашы жұрты алдын ала арнайы жасап, бесік тойына сыйлайтын болған. Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берсін, үрім-бұтағым, өрісім көп болсын деген ой пікірлер көзделген. Қазақ халқы қызды өріс, жиенді ұрпақ, жұрағат санаған.   Егер нағашы жұрт алыста болып, бесік тойға келе алмаған жағдайда үрім-бұтағы өсіп-жетілген, бала-шағалы аналардың бірі бесікті тойға  тарту етеді. Оның себебі сәбидің өмір жасы ұзақ болсын. Осы үй балалы-шағалы болсын деген ырым көзделген. Баланы бесікке салуды беделді қариялардың біріне тапсырған. Бесікке салушы әйел бесіктің жасау-жабдықтарын үйінен жасап әкеп, ағаш бесікке саларда нәстелерден жын-шайтан аулақ болсын деген ниетпен бесікті отпен аластырған (отпен аластыру біріншіден-діни ұғымға байланысты туған болса, екіншіден –микробтарды өлтіру, үшіншіден-иіс –қоңысты кетіру), яғни гигиеналық тазалық көзделген.

Бесікке салушы бесіктің барлық жабдығын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, ірімшік, бауырсақ, қант-кәмпит, күміс ақшаны уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіреді. Шашу үлестіріліп болған соң қайтадан отпен аластаған. Дәстүр бойынша тойға жиналғандар өлең айтып,  әзіл-қалжың, ұлт ойындарын ойнап көңіл көтереді. Жас нәрестеге аналар бата беріп немерелеріне сарқыт алып қайтады.

  Бесікке баланы ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре бастаған кезде  мүлде шығарып  алады. Бала бұл шамаға  келгенде бесікті тазалап, үйдің сенімді жеріне қояды. Ол келешек ұрпақ тезірек дүниеге келсін, «Бесік тілеу-тілеуші енді оған бала жатсын» деген ырым.

    Бастауыш сынып тәрбие үрдесдісінде ақыл-ойы кем балаларға «бесікке салу» дәстүрімен таныстыра келе, бесікті қазақтың бесікті құрмет тұтуы соншалық, туған жерді алтын бесікке  теңеуі де, бесікті ардақтаудан шыққанын айтып өтеміз.

    «Ата-баба дәстүрі-асыл мұра»-дей отырып, бастауыш сынып оқушыларына «тұсау кесу» рәсімін таныстырып өтейік. 

    Әрбір адамның тағдыры тәңір ісіне байланысты деп түсінген өткен бабаларымыз дүниеге келген сәбидің өмірінің әрбір сатысын атап өтіп, өзінше жоралғыларЖасап, тәңірден балаға өмір, бақыт тілеген . Сол сатының бірі-баласының бір-екі қадам басқанын қуаныш санаған ата-ана тұсау кесу күнін дәстүрлі той ретінде атап өтеді.

    Тұсау кесу-бала қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Әдетте баланың 12-14 ай толғанда жасалады.

   Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ, Тойға келгендер балаға арнап сыйлықтар әкеледі.

   Дәстүр бойынша тұсау кесу рәсімін шаруаға икемді, елгезек пысық әйел адамдардың біріне қайшы мен жіпті ұстатылады.

«Баламның тұсауын кесер тойына  әдемі, тілек етіп,   мына жүндерді бояп, иіріп әдірлеп едім. Баламыз оңын-соңын танитын, ала жіпті аттамайтын адал болсын». деп ниет білдіреді.

-Ақ жіп қостық –адалдыққа апарсын деп.

-Жасыл жіп қостық-ғымырлы, көсегесі көгерген азамат болсын, деп.

-Қызыл жіп қостық- қырмызды қызылға оранған молшылықты болсын деп тақпақтап есілген жіптерін ұсынады.

 Содан барып жүріс-тұрысымен де, ақыл-парасатымен де, көрегендігімен көзге түскен ардақты адам баланың тұсауын кеседі.

    Нәрестенің   ата – анасы  тұсау  кесетін  кісіге  қарап ,  бала өзіңізге  ұқсасын! «Жақсылығыңыз  жұғысты  болсын!», Келешекте  сүрінбей  тек нық   бас ,  құлыным!»  —  дейді . 

     Тұсау кесер рәсімінен кейін  аяғындағы  тұсау  білезігін   жоғалатпауы ,  оны төрге ,  биікке  іліп қоюы  баланың өмірінің  өрге басуымен іспеттес  .

     Халқымыздың   ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан   дәстүрлерінің  бірі-     «Сүндет той»  .  Көмекші   мектеп оқушыларына  сүндет тойын  жасау салтын 

бастауыш мектеп  оқушыларына  таныстыру мүмкіндігі туып отыр .

Ер баланы сүндеттеу – мұсылман дінін қабылдаған барлық ұлтта бар дәстүр .     Ер баланы сүндетке 5,7 немесе 9 жасында отырғызған. Баланы неғұрлым ауырсынбай, тез жазылып кететін болған. Сүндетке отырғызу көбінесе жазға салым немесе күзге салым іске асырылған. Себебі суық та, ыстық та балаға әсер етпесін деген мақсат көзделген.

   Сонымен, баланы сүндетке отырғызатын күн де келеді. Бұл күні ересектер отырғызатын баланы айырықша әспеттеп, «енді жігіт боласың»  деп мақтап, көңілін көтеріп, жігерлендірумен болады.

                                  “ Бір, екі, үш, төрт, бес,

                                   Насыбайым ұшын кес,”

                                   “Ашамайлы атқа мінесің,

                                    Мұсалмандық таққа мінесің……” 

деген секілді тақпақ айтып баланың көңілін аулайды. Баланы сүндетке дәрігер немесе молда отырғызады.

 Бала сүндетке отырғызылған соң “сүндет тойына” ауыл аймақ шақырылады. Баланың мұсылман болған құрметіне алды боталы түйе, құлынды бие, қоздап қой, ақшалай да көремдік беріп жатады. Мұсылмандардың ең қастерлі тойларының бірі болғандықтан, келуші де, күтуші де барын аяп қалмайды.

 “Әр елдің салты әр басқа” демекші, кей ауыл тойында “сүндеташар”жасалады. Сүндеттелген баланы сүндет жейдесімен жиналған жұрттың ортасына, биік орындыққа шығарып қояды. Екі жағынан екі жеңгесі баланы қолтығынан демеп тұрады. Халық балаға ақ ниетпен, ізгі тілікпен шашу шашады.

 Сүндет тойда салт-дәстүрге қатысты ән, терме немесе күй естіліп тұрады.

     Бабаларымыздан бері келе жатқн салтымыз бойынша мұсылмандық міндеттердің бірін-ұланды сүндетке отырғызу рәсімен жасағаннан кейін сол ұлағатты іске ауыл-аймақ түгел куә болсын деген ниетпен тойға жинап отырған шаңыраққа ақ батасын берген.

   Ал енді қазақ халқының тұрмыс –тіршілігінде, әдеп –ғұрыпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі-Наурыз тойы. Наурыз-парсы сөзі, қазақша айтқанда “Жаңа күн” деген ұғымды білдіреді. Күн жыл сайын наурыз айының 22-сінде мерекеленеді. Яғни бұл күн мен түннің теңелгенін, қардың еріп, көктің шыға бастаған кезі. Осы кезде мал төлдеп, халықтың аузы аққа тиген. Сондықтан Наурыз жаңа жылдың басы-“Ұлыстын ұлы күні’’ деп есептеп , зор қуанышпен қарсы алған жұрт жақсы киініп, ауыл аралап,, бірін-бірі жаңа жыл-наурызбен құтықтап, адал ниетпен, ақ бата беріскен.  “Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын! ”

“Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын !”

“Ұлыс береке берсін!  Бәле-жала жерге енсін! ”   деп, немесе “Ұлыс күні кәрі –жас, құшақтасып көріскен жаң ағытқан қозыдай, жамырасып көріскен”

  Наурыз мейрамында қазақ халқы “наурыз көже” ішіп, ән шырқап, балуан күрестіріп, ойын сауықпен өткізген. Наурыз –діни мейрам емес, халық мейрамы. Наурыз мейрамын атап өту елу жыл ішінде аяқсыз қалған еді. Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап, бүкіл республика жұртшылығы наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтетін болды.

   Қазақтар Ұлыс күнді « жыл басы » санайды.Тілімізде Наурызға қатысты « жер бетіне жаксылық ұялаған күн » деп санаған.

   Наурыз күнінің бір ерекшелігі- бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар , кісілер бір-бірімен кездескенде:

                       -Жолың құтты болсын!

                         Өмір жасың ұзақ болсын!

                         Ұлыс бақты болсын!

                          Төрт түлік ақты болсын!

                         Ұлыс береке берсін !

                          Пәле – жала жерге енсін!-

деп құттықтап, ер адамдар қос қолдасып, төс соқтырады: ал әйелдер болса , құшақтасады: ерлермен әйелдер кездессе, құшақ айқастырады. Рәсім бойынша жылына бір-ақ рет жыл басында:

                        «Жаңа ағытқан қозыдай ,

                          Жамырасып өрістен.  

                          Ұлыс күні кәрі-жас

                          Құшақтасып көріскен».

Наурыз жырында:

                          Ұлыс күні қазан толса.

                           Ол жылы ақ мол болар.

                          Ұлы кісіден бата алса

                          Сонда олжалы жол болар-

деп айтпақшы, Ұлыс күні жеті түрлі заттан – соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай (тары, күріш), пияз және сәбізден қазан толы көп көже наурыз көже пісіреді. Қалыптасқан салт бойынша қойдың басын ауыл ақсақалдары мүжиді. Ал басқалары «жақсы ас қалғанша, жаман қарын »десіп, наурыз көжені тоя ішеді. Ал алтыбақан басында жастар түнімен түрлі халықтың ойындар ойнайды, айтысады.  Бұл кеште айтылмаған ән, артылмаған күй, көпшілік биіктеу төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алған.

   Қорыта айтсақ, халқымыздың  салт-дәстүрлеріне айналған Наурыз тойының қалыптасуына Табиғат пен Қоғамның, Ел мен Елдің, Адам мен Адамның ара қатынасындағы тепе-теңдік заңын бұзбайтын, бастау-бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын және жеке адамның ар-ұятының тазалығын сақтайтын ұлы өнегелер ұрпақтарға тәрбиелік мәнімен жеткен.

  -Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, ұрпақ тәрбиелеу –халқымыздың қасиетті де келелі міндеттерінің бірі. Ата-бабаларымыздың бала тәрбиесіндегі мол тәжірибесін, бай рухани қазынасын ұрпақ тәрбиелеуде жүйелі түрде пайдалану-бүгінгі бастауыш сыныптағы тәрбие мамандардың жауапкершілігі.  Осы мақсатқа жету үшін ең алдымен ұстаз жөн-жақты білімді, сезімтал, балаға жүрек жылуын төге білетін жан болуы керек.

  Халқымыздың салт-дәстүрін көмекші мектептегі бастауыш сыныптарда тәрбие үрдісінде тапыстыру  барысында жеткіншек ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, олардың сана-сезімін, дүние танымын, қабілетін дамуды көздедік.

   Әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы бастауыш сынып оқушыларына күн көрісі, тұрмыс-салты, мінез құлық ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр сипатымен таныстыруда мүмкіндік алдық.

   Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрі, әдеп-ғұрипы,  тәрбие мектебі.

    Осы салада көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларына тәрбие үрдісінде салт-дәстүрді таныстыру арқылы:     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Көмекші мектептегі таныстырылған тәрбие үрдісінің мәні.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Ұлттық салт- дәстүрлерін тәрбие сағаттарында пайдалану әдістемесі.

  «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі»-деген қағидаға сүйене отырып, көмекші мектепте тәрбие сағаттарында ұлттық салт- дәстүрімізді пайдаланамыз.

    Көмекші мектептің бастауыш сатысында   ақыл- ойы кем оқушыларды тәрбиелеу ең негізгі талаптардың біріне саналады. Салт- дәстүрімізді пайдалана отырып өткізілген тәрбие сағаттары айнала қоршаған ортаның қыр- сырын, сын- сипатын танытып, таным- әрекеттерін, яғни қиялын, еске сақтауын, тілін дамытады.

    Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге – үлгілері  осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.

    Олар уақыт өткен сайын жаңарып, ашылып, жас ұрпақ үшін ғибраты молая береді.

   Салт- дәстүр халықтың белгілі бір әдет- ғұрыптарымен байланысты туады. Тұрмыс- салтқа байланысты туған әдет- ғұрыптардың бәрінде халықтың арман- тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырса, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу т.б.  ырымдары да бала тәрбиесіне айтылған.

    Біздің ізденіс жұмысымыз Талдықорған қаласы облыстық көмекші мектеп-интернатында аталған тақырыпта тәжірибе жүргізілді. Эксперимент барысында,  нақтылы нәтижеге жету барысында мынадай педагогикалық ізденістер қолданылды. Таныстыру, бақылау, іс- әрекетті талдау, әңгіме.

   Осы тұрғыда қазақ халқының көпшілік дәстүрлері баланың дүниеге келуімен байланысты туғанын айта кетеміз.

    Халқымыздың қазіргі кезде жер- жерлерде қаймағы бұзылмай жалғасып келе жатқан салт- дәстүрімізді көмекші мектеп оқушыларына тәрбие сағаттарында пайдаланудың тәлім- тәрбие дәстүрлеріне көз жүгіртейік.

     Ұлттық тұрмыстық салт- дәстүрдің бірі- бесікке салуды біз 3»а» сынып оқушыларына тәрбие сағатында пайдаландық.

   Тәрбие сағатына оқушыларға бесік- нағыз халық мұрасы, ғасырлап бойы пайдаланып келген ата мұрасы деп айтып өтілді.

  Бесікке салу- бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеелді. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді. Сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба  иттің мойнына көйлегімен байланады да  жүгіртіледі, соңынан жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден  кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіледі, оны «тыштырма» деп атайды. Осы жерге жиналған аналар бесік жырын айтады. Қазақ бесігі талдан, қайыңнан иіліп жасалады.

   Баланың күн сайын өсіп, жетілуі жайлы ел аузында «Бесікті бала бес түлейді» дейді. Бесікке жатқан бала жылы, таза, тыныш ұйықтайды. Сондықтан ғылыми медицинаға негіз болған халық медицинасының бесік құнды күнделікті өмірге қабыл алынып, кеңінен қолданыс табуға лайық деп ойлаған. Олай болса, бесік тойын жасауды, бесікпен таныстыруды біз бастауыш сыныптан пайдалануға жөн көреміз.

    Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір – шапағатын арттырады. Ондай жырларды балаларда жаттап алуы керек.

    Халқымыздың сәби тәй- тәйлап жүре бастаған кезде атап өтілетін  «Тұсаукесер» дәстүрін 2 «а» сыныбында тәрбие сағатында таныстырамыз.

 Тұсаукесер  жасаған ата-ана «баламыз тез жүріп кетсін » деп армандайды. Халықтың түсінігі бойынша тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады деген ырым бар. Тұсаукесер тойы міндетті түрде атап өтілетін дәстүрлі қуаныш.

    Тұсаукесер күні белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Сәбидің тұсауын кескен қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түскен халыққа қадірлі адамға тұсаукесер сыйлығы беріледі.

    Тұсаукесерге өткір қайшы мен ала жіп арнайы дайындалады. Онысы «Болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын!» деген тілек бар.

   Бөбектің тұсауын ата- ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.

Тұсау кесер жырлары айтылады.

Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадамыңды  жаз балам.

Әнекей, ақ бесік

Әлдиіме бақ бесік

Шүмегіңді сылайын,

Сылдырмағын тағайын

Жібек көрпе жабайын

Бауың барқыт пүліштей

Балдақтарың күмістей

Жабдығыңмен сыйлысын

Жатса бөбем жайлысын,

Көсем сенен өседі.

Жайлы болсын төсегің.

    Ал 2 «а» сыныбында тәрбие сағатында «тілашар» тәрбие сағатында дәстүрлі «Тілашар» тойын пайдаланамыз.

   Бұл дәстүр баланың тілі тез шығу үшін жасалатын «тілашар» тойы

  Бұл дәстүрлі тойға арнайы шақырылған қонақтар келеді. Тойда «тілің тез шықсын» деп қойдың тілін ұстатады. Тілашар тойында ақсақал- қариялар ақ батасын береді.

   Үлкендердің алғыс айтуы, балаларға ақ бата беріп, оларға парасатты ғұмыр, бақытты өмір тілеп, адалдыққа, ізгілікке баулып отыруының өзі баланың бойына ұлтымыздың дәстүрге айналған жақсы қасиеттерін сіңіреді. Ендеше, байыптап ұғйндырып отыру бала- ұрпақтарға өткеннің  өнегесін бастауыш сынып пен отбасының аса қажетті міндеттері екенін айта кеткен жөн.

   Көмекші мектеп- интернатта 4 «а» сыныбында тәрбие сағатында пайдаланған дәстүріміздің бірі «Сүндет тойы» оқушыларға  тәрбие сағатында пайдаланған сүндет тойы бала өміріндегі қуанышты кезең болғандықтан, атап өтілетінін түсіндіреміз. Ер баланы сүндетке 5,7 немесе 9 жасында отырғызған. Сүндетке отырғызу, біріншіден мұсылмандық белгісі болып саналса, екіншіден балаға ержетіп, азамат болдың, әжетке жарап қалдың деген сөзімізді де білдіру көзделген. Сүндет тойы балалардың күресін өткізу, шашу шашу, сүндетке отырғызылған балаға көрімдік беру сияқты әдет – дәстүрлермен өткізілген.

    Көмекші мектеп- интернатында тәрбие сағатында 4 «а» сынып оқушыларына «Наурыз тойы» мерекесін пайдалану.

     Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде, әдет- ғұрпына ерекше орын алатын ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі- наурыз тойы. Бұл мейрам жыл сайын наурыз айының 22-сінде мерекеленетін болған. Яғни бұл күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастаған кезі. Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа- басы кеңіп, аққа аузы тиген. Сондықтан Наурыз күннің ертедегі адамдар  жаңа жылдың басы- «Ұлыстың ұлы күні»- деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған.

    Наурыз мейрамында қазақ халқы «Наурыз көже» ішіп, ән шырқап, күй шертісіп, балуан күрестіріп, ойын- сауықпен өткізген.

    Ұлыстың ұлы күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады деген секілді қажет тұтқан халқымыз 22- Наурыз күніне дейін үй ішін, ауланы тазартады. Наурыз күні таңертең олар «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп қараусыз қалған бастауларды аршып, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!» деген ұлағатты сөздерді қабыл алып, төңірекке тал- шыбықтар еккен.

  Осы жүргізілген ізденіс қорытындысы бойынша констатация эксперимент барысында көмекші мектеп оқушыларымен педагогикалық– түзету жұмыстары тәрбие үрдісінде ақыл- ойы кем балалармен жүргізуді алға қою қажет.  Теориялық бөлімнің қорытындысы мен нәтижесін қалыптастыруда салт- дәстүрмен таныстыру мазмұны және тәрбие үрдісіндегі педагогикалық түзету жұмыстары нақтылы мақсаты болып отыр.

   Осы тәрбие үрдісіндегі тәрбие сағаттарын пайдалану  әдістемесі мынадай кезеңдерді құрайды.

  • Бірінші ұйымдастырушылық- әдістемелік кезеңінде көмекші мектеп- интернатта «Ата салтың- дәстүрің» тақырыбында арнайы семинар өткізілді. Мектепішілік семинарға 32 тәрбиеші және 26 мұғалімдер қатысты. Мектеп- интернат педагогикалық- түзету әрекеттерін салт- дәстүрді таныстыру сағаттарында дұрыс пайдалану жолдары ашып көрсетілді.

   Салт -дәстүрді  бастауыш сыныптан бастап тәрбие сағаттарында таныстыру үшін мына төменгі кезеңге көңіл аударайық.

  • Ал екінші кезеңде біздің алдымызда мектеп- интернат оқушыларын тәрбие сағаттарда салт- дәстүрді таныстыруда педагогикалық –түзету жұмыстары алға қойылған мақсат.

Бұл кезеңде оқушылардың тәрбие сағаттарында салт- дәстүрді пайдаланудың теориялық негізін алған.

    Осы салада біздің тарапымыздан бірнеше салт- дәстүрлер әдістемелері дайындалды.

    Ұлттық салт- дәстүрлерін тәрбие сағаттарында пайдалана отырып, педагогикалық- түзету жұмыстары мен қатар төмендегідей нәтижеге жеттік.

  • Көмекші мектеп –интернат оқушыларының салт- дәстүрмен таныса отырып, қызығушылығы артты.  Бастауыш сыныптарда эксперимент нәтижесі бойынша  «меңгеруі әлсіз оқушы» саны кеміп, тәрбие үрдісінде олардың салт- дәстүрдің тәрбиелік мәнін түсініп, меңгеруі артты.
  • Салт- дәстүрді « меңгеруі әлсіз» оқушылар ұстаз- тәрбиешілердің тілегі бақылауынан, үлкендердің көмегі және педагогикалық- түзету жұмыстарынан кейін, салт- дәстүр түсінігі жоғарылай бастады.
  • Салт- дәстүрді сабақ үрдісінде пайлану олардың дүниетанымы, Отанына деген сүйіспеншілігі, адамгершілігі, қайырымдылығы, өзіне берілген тапсырмаға деген жауапкершілігін арттырады.

Осы барыста біз салт- дәстүрді оқушыларға таныстырдық, сондықтан екінші кестеде мынадай көрсеткіштер беріліп тұр. Оқу- тәрбие үрдісінде пайдаланып оқушылардың, ұлттық тұлғаның таным әрекеттерін арттыратынына толығымен көз жеткіземіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

   Қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесінің алатын орны ерекше. Бүгінгі ұрпақты ата – баба дәстүрімен тәрбиелеу, халықтық педагогикасының нәрлі қайнарымен сусындату оқу мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Академик Д.С.Лихачев өзінің «мәдениет экологиясы » деген еңбегінде былай деп жазады: «Туған өлкесіне, мәдениетіне, тіліне деген сүйіспеншілік ең кішкентай- аз жанұясына, үйіне, мектебіне деген сүйіспеншілігінен басталады. Бірітіндеп туғанына деген сүйіспеншілік кеңейіп, өз еліне, тарихына, өткені мен бүгініне, ал содан кейін азамат қоғамына, мәдениетіне деген сүйіспеншілігіне айналады»

   Педагогика ғылымының шың басында тұрған даналар: Е.А.Каменский, И.Т. Песталоций, К.Д. Ушинский тағы басқа қазақ ойшылдары: Шоқан, Ыбырай, Абай олардың ағартушылық идеяларын жасғастырған.

   А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов тағы басқалар халықтық педагогиканың ұрпақ тәрбиесіндегі орнын атап өткен.

   Қай ұлттың, қай халықтың болмасын кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби- мәдени дамуына басты ықпал жасайтын негізгі тірек- ұлттық тәрбие. Ал, ұлттық тәрбие- бастауыш сынып тәрбиешісінен басталады. Бұл бүгін ғана көтеріліп отырған мәселе емес. Кезінде түрлі кезеңдегі педагогтар мен ойшылдар да ұлттық мектептер ашып, онда ұлттық педагогиканы үлгі- өнегелі халық даналарының көрінісі ретінде пайдалану жөнінде құнды идеялар айтқан. Оларды өзінің тәрбиесінде арқау етіп, оның тәрбие саласындағы күшіне сенген.

  Қазақ халқының зиялы азаматтары А.Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев және тағы басқалар да ұлттық салт- дәстүр, ырым- жоралғы, ұлттық тәрбие саласында ірі сөз қозғап, құнды пікірлер айтқаны белгілі.

  Олардың ұлттық педагогика идеяларына мынадай сенімі, халыққа, оның мәдениетіне, тұрмыс- тіршілігіне, тіліне, дәстүрі мен ырым –жоралғысына деген сүйіспеншілігінен туындаған еді.

   Бүгінгі таңда «Ұлттық және азаматтық қазыналар» /салт- дәстүр, әдет- ғұрып, ырым- жоралғылар/ ғылым мен педагогиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін арнайы жағдайлар жасау- білім беру жүйесінің, жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті болып отыр.

   Республика мектептерінің ұлттық педагогика негізінде жасалған тәрбие жүйесін зерттеу, жарық тұжырымдамалар.

   «Халық сүйген сайын сүйеді», «Ата салтың- халықтық қалпың» -екенін туған халқының тұрмыс – салтын, әдет- ғұрпын, тілін санасына сіңірмеген ұрпақ өмір бойы рухани мүгедек «мәңгүрт» болып қалатынын күделікті өмірден көріп жүрміз.

   Ойымызды түйіндей келе айтарымыз көмекші мектептегі ақыл- ойы кем бастауыш сынып оқушысына салт- дәстүрімен таныстыруда мектеп тәрбиесіне үлкен жүк артады. Яғни елімізді, жерімізді, тілімізді, салт- санамызды, әдет –ғұрпымызды қадірлейтін,  қастерлейтін, бағалайтын жас ұрпаққа тәрбие беруші- алғашқы тәрбие ордасы, білім ордасы- мектеп болғандықтан, мектеп тәрбиесіне үлкен үміт артады.  

   Сондықтан  сабақта, сыныптан тыс шараларда, тәрбие сағаттарында  жас ұрпақты білімді, зейінді, зерек, қабілетті, халық педагогикасының нәрлі қайнарымен сусындаған азамат етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымының, тәрбиешілердің алдындағы парызы мен міндеті.

   Сонымен қатар мектеп- интернатта бастауыш сынып оқушыларына тәрбие сағаттарында «салт- дәстүрді» пайдаланумен қатар педагогикалық түзету жұмыстарын жүргізу олардың алған білімін меңгеруде жеңілдік туғызады деп тұжырымдаймыз.

  Оқушы бойына ұлттық әдет пен салт- дәстүр мұраларын сіңіру имандылыққа тәрбиелеу халықтық іске айналып, ұстаздар  назарын аударып отыр.

    Ал адам тәрбиелеу баланың жас шағынан бастап, бірітіндеп іске асырылып отырғаны аян. Сол себептен де қоғам өміріндегі тәрбиелеу, білім саласындағы әрбір жаңалық бастауыш сыныптағы тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын байыптап отырады.                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Акимова М.К., Козлова В.Т.

Психологическая коррекция умственного развития школьников.

Москва, Академия 2003г. 160 стр.

  1. Воспитание и обучения детей во вспомогательной школе.

Под редакцией В.В.Воронцовой.

Москва 1994г.

  1. Еременко И.Г.

Олигрофеннопедагогика.

Киев. 1985г. 324 стр.

4.Есимханова Р.К., Ким Т.В.

Коррекционно- педагогическая работа с детьми в дошкольных учреждениях.

Талдыкурган. 2002г. 109 стр.

5.Замбрамная С.Д.

Ваш ребенок учится во вспомогательной школе.

Москва 1993г.

  1. Замбрамная С.Д.

Отбор умственно отсталых детей в специальные учреждения.

Москва 1988г.

  1. Замский Х.С.

История олигрофренопедагогики.

 Просвещение 1974г. 387 стр.

8.Лурия А.Р.

 Умственно отсталый ребенок.

 Москва 1960г.

9.Петрова В.Т.

Практическая и умственная деятельность детей олигофренов.

М. Просвещение 1960г 158стр.

 

10.Пороцкая Т.И.

Работа воспитателя вспомогательной школы.

М. Просвещение 1984г. 176 стр.

  1. Рубенштейн С.Е.

Психология умственно отсталого  школьника.

М. Просвещение 1986 г.

  1. . Рубенштейн С.Е.

Основы общей психологии.

М. 2000г.

  1. Специальная педагогика:

Учеб. Пособие для студентов Л.И. Алексенова, Б. А. Архипов, Л.И. Белякова и др.

  Под ред. Н.М. Назаровой-2-е изд. Стереотив.

М. Издательский центр «Академия» 2001г 400стр.

14.Н. Назарбаев

Қазақстан-2030.

 Стратегиялық бағдарламасы.

Алматы. Білім.

15.С.Қалиев.

  Қазақ халық тәлім- тәрбиесінің ғылыми –педагогикалық негіздері.

Алматы. 1996ж.

  1. Ж. Наурызбай.

Ұлттық мектептің ұлы мұраты. 1995.

  1. Р.Төлеубекова

Мектепке дейінгі баалларды адамгершілікке тәрбиелеуге халықтың педагогикалық озық дәстүрлерін пайдалану.

Алматы. 1994ж.

  1. Ж. Ақпарова

Формирование интересов к казахскому народу, творчеству детей старшего дошкольного возраста.

Алматы. 1997 г.

  1. Т. Арсенбаев.

Ұлттық сана- сезім, ұлттық қадыр –қасиет. Алматы 1990ж.

  1. С. Қалиев.

Қазақ халқының салт- дәстүрлері. Алматы. 1994 ж.

  1. С.Ұзақбаева.

Тамыры терең тәрбие. Алматы. 1995 ж.

  1. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев

Қазақ тәлім- тәрбиесі.

  1. «Қазақстан мектебі» журналы 1994-1997 жж.
  2. «Бастауыш мектебі» журналы 1994-1997-2003жж.

25.С. Ахметов.

 Қуыр- қуыр- қуырмаш

Алматы. Өнер. 1993ж

26.Қ. Оразбекова.

Иман және инабат.

  1. Д. Ысқакова.

Халық дәстүр рухына ұлағат.

1994 №1 147бет.

28.М.Бапаева.

Ұлттық тәрбиенің психологиялық астары.

Ұлағат 1999. №2 25-бет.

  1. С. Кенжеахметов.

Қазақтың салт- дәстүрлері мен әдет- ғұрыптары.

Алматы. 1994ж.

  1. Р.Н. Нұрғалиев.

Шаңырақ үй- тұрмыс энциклопедиясы.

Алматы. 1990ж.

 

 

  1. Б. Сапарұлы, Ж.Дәуренбеков.

Құтты болсын тойларың

Алматы Өнер.1998ж.

  1. С.Медеубекұлы.

Сүндет тойы. Алматы. Өнер 1992ж.

  1. А.Көшербаева

Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл.

Әдістемелік нұсқау.

Алматы. 1993ж.

  1. С.Қ.Қалиев, С. Иманбаева

«Әдеп» пәнінің бағдарламасы.

Алматы. 1996ж.

35.Бастауыш мектеп 2003ж. №8

Ұлттық тәлім- тәрбие. 20-бет.

36.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2007ж №6.

Дәстүріңді сақтай біл.

  1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2007ж №6.

Ата- сөзі, ақыл көзі. 16-бет.

  1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2007ж №1.

Халқын сүйген- салтын сүйер. 20-бет.

  1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2007ж №1

Салт- дәстүрім- қазынам. 30-бет.

  1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2007ж №11.

Қазақтың тыйым сөздері.

 

 

 

 

 

 

Қосымша №1

Бесікке салу

Тәрбиеші:

   Атамыз қазақ “Бесіксіз үйде береке жоқ’’ деп түйді. Баланы өмірдің жалғасы, мәні мен сәні деп бағалады. «Бір баласы бар үйдің шығар шықпас жаны бар, көп баласы бар үйдің жанған шамы бар» дейтін сөздер  соны аңғартады.

Жүргізуші:

    Перзенттің шыр етіп жарық дүниеге келуі, тек туған ата- анасының ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі.

    Міне, осы күндері шілде күзет, шілдехана күзет өткізіледі.

Тәрбиеші:

    Шілдехана өткеннен кейін баланың әке- шешесі бесік тойын жасаған. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Оның себебі сәби де кейін көп балалы болсын деген тілекпен байланысты. Баланы бесікке салу рәсімін бесік сыйлаған анаға тапсырады.

    Ең алдымен бесікке салушы әйел өзінен жын- шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластаған. Содан кейін көпшіктер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып бөлейді. Қолбау, беубел және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тоң шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркітің тұяғын байлайды.

    Тойға келгендер шашу шашып, балаға батасын береді.

Жүргізуші:

    Құрметті  халайық!  Енді сіздер, «Бесікке салу» рәсімін тамашалайсыздар. Бұл рәсімді орындау құрметі ардақты анаға беріледі.

     Ардақты ана баланы бесікке бөлемей тұрып, бесікті аластап алады.

Ана:

Алас, алас, баладан алас,

Үй иесі келді, пәледен алас.

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас

Қырық қабырғасынан алыс.

Отыз омыртқасынан алас

Бісімәллә, келді иесі

                             Қош, қош, пәлесі.

  Бесікті жасап болған соң, апай «тыштымхана» ырымын жасайды (тыштымхана – бесіктің түбек салатын тесігі).

Ана:

Оу… ағайын… ағайын!

Баптарыңды табайын,

Оттарыңды жағайын

Қанға сіңген дәстүрдің

Көрсетейін талайын

Ең әуелі сәбиді

Бесігіне салайын

Етпеймін мен еш міндет

Тыштым, тыштым, тыштым  деп

Тыштым, тыштым, тыштым – деп

Тыштымхана шашайын

Игілікке бастасын

Наурыз тойы ағайын.

Кәмпит пе елге керегі,

Өрік пе елге керегі,

Мейіз бе елге керегі?

Несін білсін қық етпе

Қол тигізбе шүмекке

Тыштым, тыштым, тыштым – деп

Қол созыңдар түбекке.

Тыштым, тыштым, тыштым көп,

Кәне, қол соз түбекке! – деп айқайлайлы.

Жұрт бесіктің астындағы түбек тұратын тесігіне жаппай қол созып ұмтылады. Өрік, мейіз, кәмпит т.б жеміс- жидекке жұрттың уысы толып шыға береді.

Әже:

Ал бесікке саламын

Жерге тимей табаным

Шаң тигізбей бағамын.

Жел тигізбей бағамын

Ашылмай зор талабың

Жақсы болғай заманың

Ер жеткенде қарағым

Алдыңда өскен ағаңның

Алдын кеспе ініңнің

Сағы сынып жүрмесін

Қарқаралы анаңның

Ұлы болсаң халықтың

Қуып болсаң халықтың

Ана сүтін ақтасаң

Мен де риза боламын!

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №2

Тұсау кесу.

Тәрбиеші:

   Дүниеге келген сәби 5-6 айдан соң еңбектейді ал 9-12 айлығында қаз тұрып, алғаш жүруге талпынады. Сәби тәй- тәйлап жүре бастағанда ата- анасы «балам тез жүріп кетсін»- деген ниетпен «Тұсау кесу» тойын жасайды.

     Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындаған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Ала жіппен тұсаудың негізінде «Болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын!» деген тілек бар. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.

            Тұсау кесуші өткір қайшымен тұсау кеседі.

Жүргізуші:

   Ал енді бүгін осы «Тұсау кесу» рәсімін көрсетейік. Онда бүгін мектепке қонаққа келген кішкене Сұлтан балдырғанымыз бар.

   Енді осы ұлыстың ұлы күні Сұлтанға сәт- қадам тілеп, тұсауын кесіп жіберейік. Тұсау кесу рәсімін құрметті әжелер орындайды.

    Баланың тұсауын кесіп болған соң, ән орындалады. «тұсау кесер»

Ақын  Ә.Нарымбетовтікі.

Әже:

Тәй, тәй кәні,

Қаз, қаз бас!

Көрдің міне, жазды алғаш

Емін- еркін жүргенше

Бейнетің де аз болмас.

Қаз басуға құмарсың.

Әлі- ақ еркін тұрасың.

Зыр жүгіріп кеткенше,

Талай- талай құларсың.

Көңіліңе мұң датытпай.

Аялайтын жалықпай,

Жер ананың құлыным,

Алақаны мамықтай

Жаңа ғана бастаған

Жолыңа нық бас қадам.

 Кеш соңында «Сыр сандық» ойыны ойналады. Ата- аналар мен тәрбиешілер салт- дәстүр, ұлттық мәдениет, музыкалық фольклор, қол тума т.б ұлттық таным бойынша сайысқа түсті.

  • сұрақ.

              Он атаға дейінгі  туыстық қатынасты атап беріңіз?

  1. Әке
  2. Бала
  3. Немере
  4. Шөбере
  5. Шөпшек
  6. Немене
  7. Туажат
  8. Жүрежат
  9. Кекжат

10.Жұрағат

2 сұрақ.

7 қазынаны атаңыз

1.Ер жігіт

  1. Сұлу әйел
  2. Ілім, білім
  3. Арғымақ ат
  4. Құмай тазы
  5. Қыран бүркіт
  6. Берен мылтық

 

3 сұрақ

             Жеті жұтты атаңыз?

  1. Құрғақшылық
  2. Мал жұт
  3. Оба (індет)
  4. Өрт
  5. Соғыс
  6. Жер сілкіну
  7. Сел жүру

4 сұрақ

         Адамды әдепке тәрбиелейтін қандай  ырымдарды білесіз?

  1. Үйге жүгіріп кірме
  2. Босағаны керме
  3. Аяғыңды тартпа (табаныңды)
  4. Жағыңды таянба
  5. Үлкеннің алдын кеспе
  6. Құмырсқаның илеуін баспа т.б.

          Сұрақ- жауап қортындысы жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №3

«Сүндет той»

   Той күні жақындағанда сүндет атқа жабу, ашамай салып, оған сүндеттелген ұланды отырғызып, алдына сүндет қоржынын артып, бір адам жетектеп ат аяғы жетер жердегі ағайын – туған, жекжат – жұрат, тамыр – таныстың бәрін тойға шақыруға шығады.

   Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7,9 жаста отырғызған. Бұл салт көктем не күз мезгілдерінде атқарылған. Сүндетке отырғызу бала өміріндегі қуанышты кезең болғандықтан «Сүндет той» жасаған. Алыс – жақын ағайын, дос – жаран, ауыл адамдары бас қосып, той думан өткізген. Тойда құнан бәйгесі болып, балалар күрескен. Сүндетке отырған балаға көрімдік беріп, шашу шашылған. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз саналып, балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырған.

Мұсылмандық белгісі,

Ер баланы сүндеттеу.

Имандылық белгісі

Сол сүндетті құрметтеу

Діннің жолын кірлетпеу

Ақындарға болмас- ау

Сүндет тойды жыр етпеу,

Әр адамға жарасар

Тойымызды бастадым

Айтып елдің жақсы әнін

Сүндет тойы жаңғырсын

Жарып ауыл аспанын

Осындай ұлы дәстүрді

Жалғастырсын жастарың

Құтты болсын тойларың.

   Сүндеттелген баланы сүндет жейдесімен, жиналған топтың ортасына, биік орындыққа шығарып қойды. Екі жағынан да екі жеңгесі  баланы қолтығынан демеп тұрады. Ортаға ақын шығып сүндетшар айтады. Оның мазмұны кәдімгі беташар секілді. Бұнда келген қонақтардың ішіндегі үлкендерінің бірінен жұртқа таныстыра отырып:

Мұсылмандық бір міндет,

Құтты болсын бұл сүндет,

Мың көрсетпе,  бір көрсет

Төрде отырған атаңа бір көрсет!

дегенде баланың екі жағынан жеңгелері сүндет жейдесінің етегін ұстайды. Келген қонақтан сүндет көріндігін береді, бата – тілегін айтып, бетінен сүйеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №4

 

«Тіл ашар»

  Баланың ойы дамып,  дүниетанымы қалыптасып, нағыз адам болуы үшін, ол ана тілінде сөйлеу шеберлігін үйренуге тиіс. Қазақ тілі- бай тіл және тез дами беретін тіл. Абай атамыз: «Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп жоғары бағалаған.

    Тілі шыға бастағанда бөбектің, тіл үйренуге   құштар болдырғанның тілін одан әрі дамытып, ойы мен қиялын шарықтату үшін халқымыз тілашар дәстүрлері: жаңылтпаш айтқызу, санамақ, жұмбақ, мақал- мәтел, тақпақ, өлең – жыр арқылы баланың намысын ояту.

   Ата- аналар тілашар дәстүрі арқылы жас баланы мектепке даярлап, тілашар тойын жасайды.

 

«Былдыр,  былдыр бүдіршін,

Бұл бір білгір бүлдіршін.

Білгір бұл бір бүлдіршін

Білгірлігін білдірсін»-

деген сияқты «р» дыбысын айтуға құралған жаңылтпаштарды әуелі жаттап, жай айтып, кейін тез айтып үйренсе, сонда тіл ширап, «р» дыбысын айтуға балдырғанның тілі мүкістенбейтін болады.

   Халық өмірге, тұрмысқа, табиғатқа байланысты көптеген жұмбақ шығарған.

«Айдалада ақ отау,

Аузы –мұрны жоқ отау»

деген жұмыртқаның кескіні ақ отауға ұқсатылып тұр. Жұмбақ дүние танытумен қатар, ой дамытады.

   «Жақсы бала- малсақ, жаман бала- ойынсақ», «Көрген көргенін істейді» деген мақал – мәтлдер еңбекке, өнер- білімді үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді Мақал- мәтелді көп білу шешендікке баурайды, әрі әдептілікті қалыптастырады.

   «Тілашар дәстүрі»-ана тілін үйретудің негізі. Ананың ақ сүтімен дарыған ана тілін білу үлкен бақыт. Ана тілін жақсы біліп, шешен сөйлеу- ақылдылықтың белгісі. Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас» -деп ақын ана тілінді жақсы сөйлеу білмеу де күнә деп көрсетеді. Ананы сыйлаған бала- оның тілін де құрметтеуге тиіс.

   «Тілашар дәстүрі» бойынша мектептерде той өткізу жаңаша дәстүрлік салтқа айналған. Тілашар тойы бірінші сынып шәкірттерінің ең қызықты сәті. Қарттар оқуға алғаш барған жас балаға «хатты тез танып, он сегіз мың ғаламның тілін білсін. Еліне елеулі адам болсын»-деп бата беріп тарасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №5

 

Наурыз тойы.

«Наурыз тойы» мектеп  интернатта өткізіледі. Тойдан 3 күн бұрын аула тазартылып, ағаш отырғызылады. Ұрандар ілінеді.

«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!»

«Құт – береке мейрамы- Наурыз келді!»

«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын»

1-жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Босқа қаоар тұрмаңыздар!

 

2-жүргізуші:

Наурыз тойы басталады,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

1-жүргізуші:

Наурыз келсе- құт келгені, халайық!

2-жүргізуші:

Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!

 

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, тәрбиешілер, оқушылар!

Бұл күн-аспан денелері өздерінің ең бастапқы жерлеріне келіп, күн мен түннің теңелетін, жан- жануарлар төлдейтін, адамның аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнайтын күн. Сондықтан қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

    Наурыз бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсылықтың жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған халық қастерлеген қасиетті күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсы! «Мереке» күйі орындалады. Сейілхан Құсаиновтікі.

1-жүргізуші:

  Көптен күткен Наурыз тойы арайлы нұрға бөлеп жатыр міне, маңайды мал біткеннің бал татыған уызы қуат болып қанымызға тарайды.

  Төрт түлік мал халқымыздың сүйері. Көңілімнің күмбірлеген күйі еді «Аман ба?»- деп мал- жаның. Бірін – бірі құшақтайды. / халық әні «Дедім-ай» орындалады.

 

2-жүргізуші:

 

Құрметті халайық! Ендігі кезекті оқушыларға береміз. Оқушылардың мерекелік жыр шашуы- тақпақтар, әндер орындалады.

1-бала:

Жас қосатын жасыңа

Жыл басы бұл- Наурыз.

Әр кіргізген асыңа

Бал татыған сары уыз

 

 

2-бала:

Көктем тойы — әніміз,

Көрермендер сәніміз.

Өлең, әнмен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз!

«Көктем өрнегі» әні орындалады.

3-бала:

Өлең өрлеп, жыр самғай

Үйлесті әсем сәніміз.

Болады екен жыл сондай,

Қандай болса Наурыз

4-бала:

Жан қалмасын жай тұрған,

Мәз болсын жас, кәріміз.

Күй шертілсін, ән айтып

Би билейіз бәріміз

«Жайлауда » биі орындалады.

1-жүргізуші:

Кел балалар, келіңдер

Тамашаны көріңдер

Бізде қызық ойын бар

Ойынға  әбден тойыңдар.

  • Ал, балалар, ойнайсыңдар ма?
  • Иә

   Онда қазір «Арқан тартыс» ойынын ойнайық. Жеңген топқа сыйлық беріледі.

2-жүргізуші:

Кел балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық

Кәні, әуелі тыңдаңдар,

Асығыстық қылмаңдар

Асықпайық дегенде

 Бөгеліп те тұрмаңдар

 

  1. Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

/дастархан/

  1. Төрт бұрышты,

      Бір ауызды

/сандық/

3.Шыр- көбелек айналыңдар

    Беліне жіп байлаңдар.

/ұршық/

4.Арқауы бір қос қалта,

Ажыраса алмайды.

Атам қайда жол тартса,

қанжығадан қалмайды

/қоржын/

  1. Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас

/таба нан/

1-жүргізуші:

Ал, оқушылар, сендердің ұлттық дәстүрден хабарларың бар ма ?

5-бала:

Туғаннан соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт атайды «надан» деп

6-бала:

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халықпыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар  дәстүр мен салтымыз.

1-жүргізуші:

   Онда салт- дәстүр туарлы білгендерімізді байқайық. Қазір мына асықтардан қалағандарыңызды алыңыздар да, асықта көрсетілген санға орай санға берілген сұраққа жауап бересіңдер.

  1. Жеті атаңды атап бер.
  2. Ұлттық ойындарды ата.
  3. Қандай ұлттық тойларды білесің?
  4. Ұлттық киімдерді ата.
  5. Ұлттық тағамдарды ата.

  Оқушылар жауап береді, жауаптары  толықтырылады.

2-жүргізуші:

Балалар, сөз кезегін Наурыз көже пісіріп жатқан «ақ әжеге» берейік.

Ақ әже:

-Оу, айналайын, балалар,

Тоя, ішсін деп тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім.

Оттан қазан түсірдім,

Бал көжеден татыңдар,

Бар қызыққа батыңдар

Көктем болып ойынға

Құмар болып ойынға

 Іске үлес қоспаған

 Ішер бірақ тостаған

Еңбекеқорға талапты

Қоямын қос табақты

Асқа кәрі, жасыңды

Шақырып, ием басымды

1-жүргізуші:

 Ал, балалар, кәне, әжелеріңнің дастарханына барайық. Наурыз көжеден дәм татайық.

1-жүргізуші:

Шайылғандай мұң, кірбің Наурыз тойда

Жабықпайсың жаныңда наз ән бар да

Нағыз әже ойлайды нағыз салтты

Наурыз көже қайнайды қазанда.

  Наурыз көже тартылады.

М. Омаровтың «Наурыз» әні орындалады.

 

 

1-жүргізуші:

Ән салыңдар, би билеп, шаттаныңдар

Ұлы күн Ұлыстың атқарыңдар

Жадырасын бұл күні бүкіл өмір.

Жығылмасын бәйгеге шапқан ұлдар.

Мереке соңында жиналғандар тәрбиешілермен оқушылар ұйымдастырған өнерін тамашалайды.