Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
«Археология және этнология» кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі
1.3. Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдары
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары
ІІ ТАРАУ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ПАЙДА БОЛҒАН ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған Түркістан алқабы
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары
ІІІ ТАРАУ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛАР
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: «Ұлы Жібек Жолы» — Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ол сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Жалпы адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан бейбіт қарым – қатынас сырын жан-жақты зерттеп білу қазіргі таңдағы мәдениетті өркендетуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда Жібек жолын көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға әсер ететін өзекті мәселе.
Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.
Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер алынып отыр:
- Ұлы Жібек жолы тақырыбын жан жақты зерттеу барысында ғылыми деректерді және бұхаралық хабарлама құралдары мен баспасөз материалдарын барынша тиімді қолдану.
- Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау
- Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді құралы болуы ықтимал «Ұлы Жібек жолының» қыр-сырын жан-жақты зерттеу
Тақырыптың ғылыми жаңашылығы: жаңа деректер мен оқу құралдарын пайдалана отырып Ұлы Жібек жолының тарихына толық зерттеу жүргізуге тырысу.
Зерттеудің ғылыми құндылығы: зерттеу барысында қолданылған материалдар мен қорытындылар тақырыптың өзектілігін аша түседі.
Зерттеу барысында қолданылған деректер: тақырып бойынша негізгі оқулықтар мен қатар қосымша монографиялар және баспасөз құралдары негізінде жазылды.
Жұмыстың мазмұны мен құрылымы: диплом жұмысы кіріспе мен қорытындыдан басқа үш негізгі тараудан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми құндылығы және пайдаланылған деректер көрсетілген.
І тарауда Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған.
ІІ тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Отырар, Түркістан және Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы жайлы айтылған.
ІІІ тарауда Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам (Испиджаб) сондай-ақ сол кездегі маңызды роль атқарған Тараз қалалары жайында айтылған.
Қорытындыда зерттеу бойынша нәтижелер шығарылады.
Автор диплом жұмысын жазу барысында тек негізгі оқу құралдарымен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар монографиялар, баспасөз қүралдарын өте тиімді пайдалана білді.
І ТАРАУ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы
«Жібек жолы» дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай кәдеге жарады, қай жерлерді басып өтті — әркімді – ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.
Бұтқа табынушы (будда дініндегі — ауд) қажы Сюань-Цзан 629 жылы «Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шыңдап зерттеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға дінге мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.
Чань-Анань шыққан саудагерлердің қоспақ-түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап Дунхан арқылы «Ұлы айдаһар құмы» аталатын сортаң шөлейтті Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь-Шаньның солтүстік бөктерімен мұздақ тауларын шамасы, Музур-Ола жоталарын басып өткен Сюань-Цзян түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді. Сюань – Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: «Бұл қателіктердің аттары керемен екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жолақ басына ұзындығы чжан (3,2м) ұштары желкесіне түскен Жібек шолпа орап алған. Оған оқалы – зерлі жібек шапан киіп, шаштарын айдар – тұлындап өрген екі жүзден астам тархан (нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киімдер киіп, айбалта, садақ асынып ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша, көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес».[1]
Бұл әңгіме барысында ежелгі дәуір мен орта ғасырда халықаралық қатынастың күретамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл жол қай кезден «жұмыс істей бастады» деген сұраққа күні бүгінге дейін әрқилы жауап беріліп келеді.
Егер «Жібек Жолының» жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотан аймағындағы Яркент (Жаркент) – Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орай жолға қойылды.
Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопотамияға, Анатолийге, Египет пен Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті, І мыңжылдықтың жартысында Қытайға да жеткізіле бастады.
Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта теңізімен және Үнді мен жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нефрит жолы» Шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды.
Біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықтың орта кезінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғары Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.
Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық саналып келеді.
Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін тарады.
Жібек жолы тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У – Дидің көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған книязі Чжон – Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжон-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға, Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі
Жібек жолы ІІ-Ү ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ Чаньниден басталып, Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді, одан әрі Нан-Шаньның солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және «Яшмо қақпалары заставасына» жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айрылады. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді, ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді мен, Жерорта теңізіне жетіп, «Оңтүстік жолы» аталады. «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан Сирияға жетеді. [2]
Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол ҮІ-ҮІІ ғасырларда барынша жандана түсті.
Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол ҮІІ ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. [3] Үшіншіден, түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.
Сөйтіп бұл жол бас жолға айналды да ҮІІ-ХІҮ ғасырлардағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Алайда Жібек жолының бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның анау, не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, ҮІ-ҮІІІ ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас алқабы – ШУ алқабы — Ыстықкөл қазан-шұңқыры-Шығыс Түркістан арқылы таратылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын – Маңғыстауды – Арал жағалауын – Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғары аталған негізгі жолға келіп қосылды.
Батыс Түркі қағанаты Византиямен сауда-дипломатиялық одақ келісім жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенмен ІХ-ХІІ ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды.
Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу қандай жағдайда еді дегенге келсек: Бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықшы тұрғындар да туыстас немесе біркелкі этникалық саяси қауымға бірлескен тайпалар еді. Отырықшылар (жатақтар) мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір-біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүниежүзілік өркениеттің қызыл арқау-күретамыры болды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір-біріне осылайша кірігуі, сондай-ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр-салтының үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ-ІІІ ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандарды қабірлерден, оның ішінде Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Үйгәрәк қабірлерінен табылған қазбалар бойынша олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде-ақ сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта Шығыспен байланысы болған. Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азия мен Ираннан әкелінен аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдарда куә бола алады.
ҮІ ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Кореядан Қара теңізге дейінгі ұлан – ғайыр алқапты алып жатқан ірі көшпелілер мемлекеті – Түрік қағанаты құрамына кірді.
Жібек жолы осы кезде жанданып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы феодалдық мәдениеттің өркендеуінде маңызды роль атқарды. Жетісуда ол талай қалалардың орталық негізгі қалануына мұрындық болып, Қазақстанның оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзынна-бойында тұрған немесе онымен сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп, өркендеуіне септігін тигізді.
Өзара талас-тартыстар мен жортауыл-жорықтар, сондай-ақ Қытайда теңіз жолдарының игерілуі бұл жердегі қалалық мәдениетті титықтатып, күйдіруге жеткізгенге дейін, яғни ХІҮ ғасырға дейін Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек Жолынан кереуен арылған жоқ.
Батыстан Шығысқа қарай қозғалсақ, Жібек жолының қазақстандық бөлігінің сыр-сипаты, міне, мынадай еді. Жол Шаштан /Ташкенттен/ Турбат асуы арқылы Испиджабқа өтетін. Бұған дейін айтқанымыздай, Қытай сапарнамасында Испиджаб «Ақ өзендегі қала» аталды, ал ХІ ғасырда Махмуд Қашғаридің түсініктемесі бойынша «Испиджап деп аталған Ақ қаланың (Ал-мединат ал Байда) шын атауы-Сайрам». Оны Сарьям деп те атайды. Ежелгі қаланың осы атауы күні бүгінге дейін сақталып келеді. Шымкент іргесіндегі орта ғасырлық ірі қаланың қалдықтары қалған қалашық та /поселка/ осылай аталады. Оның орнында бұрын Жібек жолындағы ірі орталықтардың бірі болған. Түрлі елдердің саудагерлері осы жерге тоқтайтын, өйткені бұл қалада Бұхара, Самарқанд көпестерінің сауда құрылыстары /базарлар/ мен керуен – сарайлары болды, ал Испиджаб көпестері Мерв Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге Бағдаттағы Харб ибн Абдаллақ ал Балх рабадында өздерінің сауда-саттық орындарын ұстады. Испиджабтан сыртқа құлдар мен ақ маталар, қару-жарақ, қылыштар, мыс пен темір сатылатын.
1.3. Жібек жолы бойындағы керуен жолдары
Жібек жолындағы ең үлкен қала Талас алқабындағы Джувикат болатын, Таразға сол арқылы жететін. Бұл сонау ҮІ ғасырдан белгілі Қазақстандағы ең ежелгі қала еді. Түрік қағаны 568 жылы дәл осы жерде Иранға қарсы әскери одақ шартын жасасу және жібек саудасы мәселелерін шешу мақсатымен Византиядан әскери сарапшы /стратег/ Замархтың бастауымен келген Юстиниан ІІ-нің елшілігін қабылдаған болатын. Тарихи деректерде Тараз «көпестер қаласы» деп аталады. Сонымен бірге ол кейін қарлұқтар мен қараханидтердің де сауда-саттығының орталық астанасы болды.
Талас алқабындағы Таразға керуендер, сондай-ақ, Ферғана алқабынан Шатқал жотасындағы Чанач, Алатаудағы Қарабура асулары арқылы өтетін жолмен де жүретін. Жолдың бұл бөлігі Жібек жолының «Ферғанаға» және «Жетісу» бағыттарын жалғастыратын.
Бұл қалалардың жұрты жатқан жерлерді археологтар таба білді: олар осы күнгі Тоқмақ қаласына таяу маңда жатқан болып шықты және олардың бір-бірінен 5 км жерде жатқан ескі Ақбешім, Боран қалаларына келетіні анықталды.
Жібек Жолы Суябтан Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік жағалауымен өтеді. Жолдың оңтүстік тармағында керуен ірі Жоғарғы, Барысқан қаласын басып өтетін, ал солтүстік тармағында атаулары бізге жетпеген шағын керуен – сарайлардың қалдықтары кездеседі. Одан әрі бұл жолдар Бедел асуында немесе сол арқылы Ташрабатта түйісіп, Жібек жолы Қашғар мен Ақсуға апаратын.
Х-ХІІ ғасырларда Жібек жолының бір тармағы Іле алқабын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай көктей кесіп өтті.
Керуен жолы Испиджабтан Арыс жағалауындағы Арсубаникетке, Отырар-Фарабқа және одан әрі Сырдария өзені ағысын қуалай отырып Арал теңізі алқабына кетеді.
Сырдарияны жағалай созылған керуен жолындағы аса ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шавгар қалалары болды. Бірінші қаланың атауы Арыстың Сырдарияға құяр сағасындағы қираған қаланың аты арқылы осы күнге дейін сақталып келеді. «Фараб» сөзін тәжімалағанда «арғы беттегі қала» деген ұғым береді, ал мұның өзі Сырдария өзенінің арғы бетінде тұрған қала атауына сәйкес келеді.
Отырар маңында Х ғасырда Отырардың көгал алқабында болған басты қаланың бірі – Кедер. Ол «әр елден ағылған көпестер мекені» ретінде белгілі.
Отырар көптеген керуен жолдары тоғысқан түйін еді. Бір жол осы жерден Шавгарға кетсе, екінші жол Сырдария өткелі арқылы Басиджа қаласына барады. Соңғысы Шығыстың көрнекті ғұламасы Әбу Насыр әл – Фарабидің алтын бесігі болды. Бұл қала ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Зернук аталады. Жібек жолы одан Сырдарияны жоғары бойлап, оғыз қаласы – Сүткент арқылы Шашқа, ал төмен қарай Жентке барады. Осы жерден жол Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке, одан Еділ жағалауымен Кавказға кетеді. Жібек жолының бұл бөлігі ХІІІ ғасырда, яғни Еділдің төменгі ағысы сағасында Алтынордалық Сарай қаласы салынған кезде қатты жанданды.
Бұл жол ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Сарайшық, Сарай-Бату және Каффа қалалары арқылы өтті.
ҮІІІ ғасырдағы деректерден белгілі Шавгар қаласы осы күнгі Түркістан маңындағы қираған ескі Чуйтөбе /Шойтөбе/ қаласына сәйкес келеді. Шавгар атауы «Қаратау қаласы» деген мағына береді, ол бұл Қаратау бөктерінде орналасқан қалаға сайма-сай келеді. Х-ХІІ ғасырларда қазіргі Түркістанмен қарайлас Шавгарға жақын маңнан Яссы қаласы ірге тепті. Бұл кәдімгі аты шулы Темірдің бұйрығымен моласының басына күмбез мазар /мавзолей/ орнатылған атақты ақын Қожа Ахмет Яссауи туып, өз уағызын жүргізген қала еді.
Жібек жолы Шавгардан оғыздардың астанасы болған Янгикентке /Жаңакент/ баратын. Жол бұл жерден де Қызылқұм арқылы Хорезмге тірелетін. Бұл аралық 10 күндік жол еді.
ХІІ ғасырда Жент, оңтүстік-батысқа таман орналасқан Сығанақ тәрізді, қыпшақ мемлекетінің орталығы болды.
Шавгардан, кейінірек Яссыдан Тұрлан асуы арқылы шыққан жол Қаратаудың солтүстік бөктеріне жететін, ал дәл осы жерден Сырдарияны бойлай созылған екінші жолмен иықтаса жарысып жататын. Ол жол әсіресе ХІІІ-ХІҮ ғасырларда қатты жанданды. Аралдың солтүстік жағалауынан Монголияға бет алған армян патшасы Гетум мен сопы Рубрук дәл осы жолмен жүрді. Бұл жолдың бойында Созақ, Уростан, Құмкент, Сүгүлкент қалалары жатты. Ол Таластың төменгі ағысына жетіп, өзенді жоғары өрлей көтерілетін немесе Билікөлдің батыс жағалауын бойлап, Бүркіт-Паркет, Хутухнин арқылы Таразға апаратын.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының негізі сорабынан солтүстікке де, шығысқа да жол бұтақтары тармақталып жатты. Олар Орталық және Шығыс Қазақстанды басып өтіп, кейін Сарыарқа ретінде баршаға мәлім болған Дешті – Қыпшақ жеріне Ертіс жағалауына, Алтай мен Монғолияға жетелеп кететін. Бұл жерде атты көпшелілер тайпалары жүретін дала жолы болатын. Алайда, бұған қарап Қазақстанның далалық аймақтарын тек қана көшпенділер мекендеген екен деп ойлауға болмайды. Мұндай егіншілікке қолайлы жерлерде – Сарысу, Кеңгір, Жезді өзендері жағалауларында, Ұлытау етегінде, Ертіс жағасында, орта ғасырда егіншілік және қалалық тіршілік төңірегінде суармалы көгалдар алқаптар көбейе түсті. Оның үстіне мыс, қалайы, қорғасын, күміске бай кен орындары сонау қола дәуірінен игеріле бастады, ал көп кейінірек осы жерлерде кеншілер, метал балқытушылар, мысшылар мен күміс бұйым шеберлерінің қалашықтары бой көтереді. Мал, жүн, былғары, металл тәрізді шикізат қорына бай Орталық Қазақстан аудандары сауда-саттық жүйесіне, оның ішінде халықаралық байланысқа тартылды және көптеген керуен жолдарымен қоса Жібек жолы жүйесіне енгізілді.
Отырардан Арсубаникет, Арыстанды, Шаян арқылы, Қаратаудың аласа жоталарынан асып, Тұрлан асуы арқылы Шавгар мен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Янгикенттен шыққан жолдар Орталық Қазақстанның далаларын шарлап, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл өзендері жағалауларына жетіп жатты. Бұл жерлерде Болған-Ана, Жаман-қорған, Нөгербер-дарасы, Домбауыл, Милы-құдық, Ормамбет тәрізді қабырғалары шөгіп кеткен, төрт бұрышты елді мекен табылып, аршылды. Олардың айналасынан Жошы-хан, Алаша мавзолейлері тәрізді сәулеткерлік ескерткіштер сақталған ауқымды зираттар кешендері ашылды. Әл-Идриси Бақырлытаға, Махмуд Қашғаридің орта ғасырлық жазбаларындағы деректерінде кездесетін Жұбын, Қоңғылыкент қалаларын, Ортау мен Кейтау (Кейтаг) жайлауларын, Гарбин кен орындарын да осы жерлердің шеңберіне енгізу керек.
Тағы бір сораб — «Ханжолы». Жаңа дәуірге дейін кәдеге жараған, бұл жол Тараздан шығып, Таластың ағысы бойымен төмен жүріп, Мойынқұм мен Бетпақдала арқылы Атасу жағасына апарды.
Ибн-Бахра мен әл-Идрисидің мәліметтеріне қарағанда, сауда жолы Тараздан басталып, Адахкес, Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертістегі қимақтарға-қимақ қаханы ордасына, одан әрі Енисейдегі қырғыз еліне жеткізеді екен. Жібек артқан керуен қырғыздарға әрбір үш жыл сайын қатынап тұрған.
Іле алқабы Шу – Іле тауларын бөктерлей қуалап, Шу өзені сағасына қарай төмендеп барып, Сарысу өзені жағасына жететін жол арқылы Орталық Қазақстанмен ұласып жатты. Тағы бір маңызды жол негізгі солтүстік-Іле жолынан Шеңгелді маңында бөлініп, Балхаш атырабындағы Көктал мен Бояулы керуен – сарайлары арқылы, одан соң Іле өзенінің бойында Ақтам, Ағашаяқ қалаларының қалдықтары жатқан Ортасу тармағын бойлай жүреді де Балхаш жағасына жетеді, одан ені 8 километрден сәл ғана астам түбек қалдырып, Өзеннің оңтүстік және солтүстік жағалауларын қосып жібере жаздап тұрған Ұзынарал түбегімен кетеді. Міне, осы маңдағы мүйістен көп бөлігі су астына қалып, қираған қала қалдығы табылды. Шамамен, керуендер бұғаздың кешу — өткелінен өтіп, Тоқырау өзенінің құйылысынан шыққан, содан соң осы өзеннің арнасын бойлап, Ұлытаудың етегіне қарай жүрген деп болжауға болады.
Жоңғар қақпасына қарай беттейтін солтүстік — Іле жолынан Алакөлді батыс жағынан айналып өтіп, Тарбағатай арқылы қимақтар мемлекетінің жеріндегі Ертіске шығатын бір жол бөлініп кетеді. Тарбағатай мен Ертіс өзені жағалауларында Банджар, Ханаум, Астур, Сисан атты қимақ қалалары және берік қорған қабырғалар мен қоршалған, темір қақпалары бар үлкен қала — «Қаһан астанасын» қоныс тепкен. Қимақ қалалары Енесейдегі қырғыздармен Монғолиядағы ұйғырлармен және Шығыс Түркістанның көкорай алқаптарымен сауда жолдары арқылы байланысып тұрды.
Жібек Жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өтетін бөлігі мен оның бұтақтарының жалпы бағыттары осындай еді.[4]
Сауда саттық және тауарлар.
Жібек Жолы, айтып өткенімдей, алғашында Қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. Сонымен қатар бұл жолмен Рим, Византия, Индия, Иран, Араб халифатының, ал кейінірек Европа мен Русьтан сол елдерде өндірілген тауарлар да тасымалданды.
Жібек жолымен Ферғананың «қызу қанды» арғымақтары, арап пен нисситліктердің сәйгүліктері, түйелер мен пілдер, мүйіз тұмсықтар мен арыстандар, қабыландар мен еліктер, қаршығалар мен қырандар, тауыстар мен тотықұстар да, түйеқұс та сатылып жатты.
Жүзім, шабдалы, қауын дәмдеуіштер /бұрыш, қалампыр т.б./ мен қант, көкөністер мен жидектер, көк мәуелер тәрізді мәдени өсімдіктер де осы Жібек жолы арқылы кең тарады.
Жібек жолымен өтетін жібектер мен тауарлардың белгілі бір бөлігі осы жолдағы Қазақстан қалаларында қалып жатқаны әбден табиғи нәрсе. Бұған археологиялық қазбалар кезінде табылып жүрген сондай тауарлар айғақ бола алады.
Жамбыл қаласында, Тараз орнының бір бетінде – дулыға киіп, найза мен қалқан ұстаған император, екінші бетінде – қолына крес ұстаған Жеңіс әйел-құдайы бейнеленген Юстиан І-нің византиялық алтын құйма теңгесі табылды. Бұл жерде Византияның алтын теңгелері кең таралып, халықаралық өлшемпұл /валюта/ ретінде пайдаланылған.
Шетелдік бұйымдар олжасы қираған ескі Талғар қаласы жұртынан табылды. Мұның өзі-құрамында көп жасау белгісі ретінде айшық – саңырауқұлақ тәрізді медальондармен жиектелген сәбилер бейнесі түбіне өрнектеліп салынған қытайдың төрт қыш тостаған кейіпіндегі қазына дерлік.
Шетелдік бұйымдар Сырдарияның орта ғасырлық қалаларының жұртын, әсіресе жиырма жылға жақын зерттеліп жатқан Отырардың қалдығын қазу кезінде табылуда.
Отырардан табылған күміс көмбесі халықаралық сауданы зерттеу үшін аса маңызды, мәні жағынан өте сирек олжалардың қатарына жатады. Өзінің құрамы жағынан олар ақшалай – заттай нәрселер. Көмбе жиынттығының теңгелер құрамы өте құнды.
Отырарды қазған кезде табылған заттардың ішінде ХІІІ-ХІҮ ғасырдың қола айналары болғанын айта кетуге болады. Олардың бірқатары Жібек жолымен Қытай мен Парсыдан келіп, қалаға тап болған айналардан түсіріп алған үлгілер бойынша құйылған.
Жібек жолымен бұйымдар ғана таратылып қойған жоқ, сонымен бірге олардың көркемдік үлгідегі сәні де өріс алды. Сөйтіп олар жеткен жерлерінде белгілі бір этникалық – мәдени ортаның әлеуметтік талғамына қарай тапсырыстар жасауына жол ашты.
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары
Жібек жолымен діни сенімдер де таратылды, ал әр алуан дін уағызшылары /миссионерлер/ өздерінің діндерін теңіздің арғы бетіндегі елдерге де «ала барды». Үндіден Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы будда діні, ал Сырдариядан, Иран мен Арабтан әуелі христиан діні, артынша ислам діні таратылды.
Зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, будда діні Қытайға Үндіден Орта Азия арқылы енген. Бұл діни ағым біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдың орта шенінде тараған. Шығыс Түркістан мен Қытайда будда дінінің таралуында орта азиялық діни хадисшылар мен дін уағыздаушылары, әсіресе соғдылар мен парфяндар, қаңлылар маңызды роль атқарды. Шамасы Шығыстағы Қушан мемлекетінің саяси мақсаттары әсер еткен болуы керек, будда діні біздің дәуіріміздің ІІ-ІІІ ғасырларында өте белсенді түрде таралды.
Ерте орта ғасыр дәуірінде будда дінін тарату міндетін негізінен соғдалық діни уағыздаушылар атқарды. Будда дінінің Орта Азияға таралуында да, тұтастай алғанда: осы соғдылықтар маңызды жұмыстар жүргізді. «Бодисатва» сөзі орта парсы, ұйғыр, қытай тілдеріне соғды тілінен енді. Шығыс Түркістанның будда дініндегі түркі сөз тіркестеріндегі терминдерге талдау жасап көргенде, олардың соғдылардың аралық дәнекерлігі арқылы алыс-берістен туған сөздер екені көрінеді. Жапонның Нара астанасындағы будда шіркеуі Кареджиден соғда жазуы табылған. Будда ескерткіштері Жібек жолының Орта Азияның қиып өтетін күретамырларында тұрған қалалардың көпшілігінен табылған. Қаратөбедегі Термезден І-ІІІ ғасырларда салынған будда сопыханасы /монастырь/ көп жылдан бері қазылып жатыр. Соғдының Санзар алқабында жеке басқа /дінге/ табыну ғимараты болған. Мервтегі ескі қираған Гуяр-қаладан да будда ескерткіштері ашылды. Будда мозалының төбесі тегіс жабылған. Оның шығыс жағындағы қақпа бетіне тұрғын және шаруашылық жайлары орналасқан. Олардың құрамында төрт бұрышты жобамен салынған шағын шіркеу бар. Дәліздің ұзына бойы қабырғасына орнатылған тас-табандар мен суфаларға монументті мүсін салынған. Ғимаратқа кіреберістің екі жағында қосқатар баспалдақты тұғыр-тастар болғанға, ал олардың үстінде аяғын еденге түсіріп жіберіп отырған Будда мүсіндері болғанға ұқсайды. Ғибадатхананың еденінен Будданың суреті бейнеленген, алтын жалатқан икон жапсырмасы табылды.
Төрт бұрышты үлгімен (38х38м) салынған Ақ-бешім ғибатаханасының есігі солтүстік жаққа қаратылған. Крест тәрізді үлгімен салынған целланың (10х10м) екі жағынан ұзынша дәліздер /коридорлар/ таратылып, олар төртбұрышты шағын аулаға шығарылған. Ғибадатхананың және дәліздерінің қабырғаларында мүсіндерге арналған кертпе қуыстар бар, ал қабырғалардың бәрі ою-өрнекті жазулармен безендірілген. Қыш мүрделері, оның ішінде будда, Бодисатва, Докшита бейнелері бейнеленген.
Уақыты ІХ-Х ғасырларды көрсететін бірнеше Краснореченск шіркеуі Ақ-бешімнен біршама өзгешелеу. Оның орта құжырасы /целласы/ зал мен екі жағын орап өтетін ұзынша дәліздерден тұрады, есігі оңтүстік-шығысқа қаратылған. Орталық ғибадатхананың көлемі онша үлкен емес (3,2х3,2м). Оның қабырғаларында ақ сылақтың үстіне көк, қызыл, қоңыр және қызыл бояулармен жазылған ою-өрнектер аздап сақталған. Өрнектердің бірінің астына қара «сиямен» жазылған жазу бар, бірақ бұл нашар сақталғандықтан оқуға келмеді.
Сырттан белдеулеп жатқан галерея ғибадатхананы үш жағынан орап жатыр, дәліздерінің ені 2,3-тен 2,7 м-ге жетеді. Шіркеу кешені құрамында ғибадатхананың екі қапталынан жапсарластыра салынған, аула жақтары ашық екі жай бар.
Екінші Красноречинск шіркеуі құрылысы жағынан бірінші Ақ-бешім ғибадатханасына ұқсас. Ғибадатхана қабырғасы ашық, оның қарсы бетінде шағын аула, екі орама дәліздері бар. Орталық құжыра төрт бұрышты (6х6м), төбесі күмбезделіп жабылған күмбез төбенің астыңғы жағынан бұрын арқа (ойық қақпа) болғаны аңғарылады. Ғибадатхананың қабырғаларын ағаш бағандар мен тіреуіштердің көмегімен кірпіштен бірге өріп жасалған күрделі мүсіндер кешені безендіріп тұр. Осы бір кейін қосып салынған ірі мүсінді уақыт бізге дейін сақтай алмаған, дегенмен құлаған ғимарат үйінділері астынан негізгі мүсіндер өрнегімен үйлесімді майда оюлы сынақ тақталар қалдығы көп табылды. Екі қыш мүсін қалдықтар орталық құжыраға кіреберістен көтеріп алынды. Олардың екеуі де екі жақтаудағы тас-тұғырдан тұрған, олардың жекелеген бүйір сынықтары мен бас пішіндеріне қарағанда қалпына келтірілетін биіктіктері біржарым адамның бойындай. Мүсін сонау ежелгі заманда-ақ қираған.
Орама дәліздерінің ұзындығы 1м болған. Қабырғаларда құрылысты қайта салу кезеңдерінің бірінде сары сазға түсірілген көркемсуретті өрнектердің қалдықтары сақталған.
Батыс беттегі дәлізде «Нирвандағы будда» атты мүсін болған /басы мен бүйірінің бір бөлігі сақталмаған/. Оның ұзындығы 8м, тұлғасының ені 1,5м. Мүсін қызыл түске боялған тас-тұғырда, оң жақ жамбасымен жатты. Будданың киімі қыртыс-қатпар салынып, ол да қызыл түске боялған. Жетісудағы будда қауымының мүсіндік таңбасында дәстүрге айналдырылған табынушылық белгілері басым келеді. Будданың жүзі жалпақ, екі бетінде жұмсақ шұңқыры бар, қабағы жартылай төмен қарай жабылған, құлақтарының ұшы кейін тартылған, көзінің қиығы ұзынша, жұмық. Краснореченскідегі сазға салынған мүсінде көздің жоғарғы аласы, мұрнының қыр үсті, ернінің езу тұстары қызылмен сызылған, көздері шекеге дейін жететін қара бояумен әдіптелген. Қос доғасы мен шаштың ірі бұйрасы көк және қара түспен ап-анық сызылған, шеке тұсында әшекей ретінде жапсырып жасалған, жарты шар тәрізді қоңыраушалар, омырау әшекейлері, қолының қос басында білезіктер бар. Кездейсоқ табылған олжалар ішінде үнді заттары аса көп кездеседі. Бұлар – будданың, буддашылардың алтын жалатып, құнды тастармен безендірілген мүсіншілер, қола таңбалар мен жапсырмалар, бір кезде будда шіркеулері мен софыханаларының /монастырь/ табынатын тұлғасы және қасиетті әшекейлер санатын құраған майда тастар мен металл қоспаларынан жасалған көрнекті де бедерлі бұйымдар. Әсіресе Краснореченскідегі шіркеу кешенінен табылған будда құдайнамасының мазмұны бойынша әшекейленген гранит стелла ерекше назар аударады. Металл құймасының ұзындығы 60см, ені 35- 32см, ал тақтаның қалыңдығы 14см. Тақтаның беткі жағы суреті үш бөлікке бөлінген. Ғимараттың сыртқы қабырғасының жоғарғы жағына әміршілер үштігі – көпжылдық өсімдік сабағы үстінде отырған Будда мен оның екі жағында тұрған буддиставтар /пайғамбарлар/ бейнеленген. Олардың беттері бүлінген. Орталық белдеуде екі қиял-ғажайып хайуандар екі жақта отыр, төменгі белдеуде осы шіркеуді салушылар бейнеленіпті. Жақтаудағы бөліктерінде асқан шеберлікпен оюлап салынған гүл өрім-өрнектермен үнді сағанасының құдіретті қасиеті паш етілген. Құйманың сыртқы бетінде үнді жазуының іздері безерленген. Сондай-ақ сырттан әкелінген бұйымдардың қатарына Аджант өнері үлгісінен көшіріп жасалған көрініс кішкене ғана тастан қашалған бедерлі өрнек те жатады. Мұның атауы: «Будда әлемге».
Арехологтардың соңғы табыстары қатарына орта ғасырдағы атақты қалалардың бірі Испиджаб-Сайрам үйіндісіне жақын жерден табылған жерасты софыханасы жатады.
Тау бөктеріндегі сары топырақты обалар бірнеше ұзынша, жіңішке жайлар табу мүмкіндігіне қол жетті. Олардың күмбез төбелері ҮІ-ҮІІІ ғасырларға тән тік бұрышы қам кірпіштерден өріліп жабылған. Сол кездегі жер үсті құрылыстарына тән қабырғалардың әр жеріне қойылған қыш тіреулер қара бояулар сырланған.
Жерасты софыханалары мен шіркеулер кешені будда дінінің әр түрлі аудандарға кең тарағанын паш етеді. Мұндай ғимараттар құрылысы Шығыс Түркістанда, әсіресе оның солтүстік жартысында-батысында Қашқардан Хамиге, шығысында Қытайға, Дунхуанға дейінгі аралықта өте көп табылды. Міне, енді солардың аралық бір буындары Оңтүстік Қазақстаннан табылып отыр. Үңгір софыханалары кешендерінің осыған ұқсас түрлерін Муарь дәуіріндегі, Магадха мен оған таяу жерде /Осы күнгі Бихарда/ үңгірлік сәулет өнері дамыған Үндіден іздеген жөн. Ертедегі Батыс үнді жеріндегі үңгірлік ғимараттар софыханалар болды. Әрбір софыхана бір немесе бірнеше чатьялерден – ғибадатханалардан және бірнеше вихаралардан – софылар тұратын жайлардан тұрған.
Испиджаб маңынан табылған жай да вихара болуы мүмкін.
Жібек жолымен буддизмнен қатар Батыстан Шығысқа қарай христиан діні де таралып жатты. Ү ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Рим империясына «шерік қатушылар» сектасы, яғни әулие Несторийді пір тұтушылар сектасы келіп енді. Бұл соңғы діни ағым қасиетті Мария құдайды туған жоқ, адам туды, сөйтіп Христос тек қасиетті рух иесі, «құдай өкілі» ғана деп уағыздады. Несторийдің пікірінше қасиетті Мария құдай туған жоқ, Христы туды, яғни «Мария құдай-тағаланы емес, адам – Христосты туды». Дәл осы күтпеген күрт жаңалық бұхараның толқуын туғызды. Мұның өзі 325 жылы Никей соборында Христостың ұласқан ұлы құдіретін-адам мен құдайдың ажырамас біртұтас бейнесі құдайдан бөліп қарауға болмайтын қасиетті рух екендігіне сәйкес дін символы ретінде қабылданған сенімге қайшы келетін күпірлік деп таныды алған бетінен қайтпайтын шіркеудің әулие әкесі. Нестория ілімі 431 жылы Эфесс соборында қатты сынға ұшырап, несторияшылар қатты қуғын-сүргінге салынды. Сөйтіп, олар оның нәтижесінде Иранға қашып кетуге мәжбүр болды. Несторияның жақтастары Персияда, шекаралық күштер басын біріктіретін мектеп ашты, Константинопльдегі сауда орталығынан айырылған сириялық бай көпестер мен қол-өнершілер Шығысқа қарай ағылды.
Бір таңғаларлығы, сонау бір қияндағы Азия аймақтарының сириялықтарымен тығыз байланыста болғандығы. Олардың отарлары мен өз иелігіндегі сауда орталықтары Жерорта теңізінен сонау «Аспан империясына» дейін қанат жайып жатыр еді. Таулы аймақтар мен көгал ойпаттарды басып өтетін осы жолдың өн-бойынан тамаша мәдениет ескерткіштері табылды. Осы жолдың бойына әлі де тіршілік тынысы мен өнердің, түрлі діндерге және христиан дініне тән құмға көміліп қалған ескерткіштері табылуда. Және осы жолдың басынан аяғына дейін тұс-тұсқа таралуы өте ерте дәуірде басталған сириялық жазу мәдениетінің, сириялық християн дінінің айғақ заттары табылады да жатады. Сириялықтардың көпғасырлық экономикалық байланыстары олардың араб түбегінде де, Үндіге де, иран мен түркі тілдеріне сирия тілінің белгілі бір дәрежеде әсері болған Орта Азияға да өзінің мәдениеті ықпалын тигізбей қоймайды. Христиан дінінің метрополийдегі және отарлардағы сияқты соғдаларға да таралуы соғдылардың Сирия жазуымен танысуына мүмкіндік берді. Сирия жазуы соғды-христиандар арқылы ұйғырлардың қабылдауымен ежелгі түркі тайпаларына да таралды: «сириялықтар дүниежүзілік ғылым мен мәдениетке аса зор үлес қосты. Олар Шығысты антикалық ең ежелгі заманнан бастау алған дүние жүзілік мәдениеттің даму сатысына көтерді».
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда несторияндық діни ілім кең етек алды.
Көптеген қалаларда христиан шіркеулері болды. Шамасы, христиан дінін түрік патриархы Тимофей кезінде сірә қарлұқ жабғысы арқылы қабылдаған болса керек. Өйткені ІХ-Х ғасырлар қарсаңында қарлұқтар айрықша көп аймақтарды өз билігіне қаратып, Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері жұмыс істеді, Сырдария бойындағы қалаларда да християндар тұрды.
Іле алқабындағы Қаялықта өздерінің шіркеуі, сондай-ақ өз қонысы болған христиандар жайлы Вильгельм Рубрук хабарлайды. ХІҮ ғасырда Ыстық көл жағасында әулие Матфейдің денесі шірімей сақталған христиан софыханасы болғаны мәлім.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларынан несториандарға байланысты табылған олжалар жазба ескерткіштердегі мәліметтердің анықтығын жеткілікті түрде айқындай түседі. Бұған ескі Ақ-Бешім қаласы жұртынан аршып алынған христиан шіркеуінің қалдықтары жатады. Оның құрылысы тең төрт бұрышты жобамен салынып, төбесі күмбезбен жабылған, тік бұрышты ауласы бар.
Жамукат және Навакат қалаларындағы мазарлар кешенін қазған кезде күміс, қола крестерімен қоса жерлеген христиандар бейіттері табылды. Ал Красная Речка атты ескі қала жұртынан кездей-соқ нефрит кресі табылғаны да белгілі. Қираған ескі Төрткөл қаласынан табылып, Шараб қаласында жасалған деп ұйғаруға келетін тас келі Шымкент қаласы музейінде сақтаулы тұр. Онда христиан таңбалары – крест пен көгершін бейнеленген.
Тараз қаласы жұртын қазғанда ҮІ-ҮІІІ ғасырларға жататын топырақ қабатынан бүйірінде «Петр және Гавриил» деген сириялық жазуы бар қыш күрешке табылды. Ертедегі христиан икконамасы аңызының желісімен өрнектеліп, Анаковтық және Григорьевтік деген атақпен мәшпүр болған екі күміс ыдыстарды да несториан қолөнершілерінің қолынан шыққан бұйымдарға жатқызуға болады. Григорьевтің күміс ыдыстағы (ІХ-Хғғ) бейнелер тегіс өрнек түрінде қосымша оймышталып салынған. Ыдыстың жалпы көрінісі мен жекелеген бөліктеріне алтын жалатылған. Бір-бірімен шеңберлесе айқасып жатқан үш алқа үш түрлі аталған: «Мадақтау», «Табыт басындағы әйел», «Қол-аяғы керіп тасталған Иса», олардың ара-арасында «Арыстан орындағы Даниил», «Петрдің безінуі және «Қожайын табытының күзетшісі» делінген.
Бұл өлкелерде христиан діні пайда болған ХІҮ ғасырдың аяқ шеніне дейінгі кезеңде ортаазиялық түркі ұлтты христиандардың «діни өнер мен діни мәнді айшықтарының» озық үлгілеріне қайрақтастар – несториандық жазулары мен айшықты таңбалары бар құлпытастар болды. Олардың негізгі көпшілігі Жетісу мен Шығыс Түркістанда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде табылды, рас ондай олжалар қазір де ұшырасып қалады. Мәселен, ескі Краснореченск /Қызыл өзен жағасындағы/ қаласын қазғанда ХІ-ХІІ ғасырда салынған құрылыстың іргетасынан сириялық жазулары бар ескі қайрақтас табылды. Олар екінші қайтара пайдаланылған. Қайрақтастың бірінде 789 жыл таңбаланса, екіншісі 909 жылды көрсетеді. Біріншісінде «Иал-анч бикештің» аты жазылған. Мұның өзі өте ертеде сириялық құлпытастарға жазылатын қабірнамаға Ү-ҮІ ғасырларда Сириядан табылған қайрақтастардың осыған ұқсас үлгілерінің аралық буынына жатады, ал ХІІ-ХІҮ ғасырлардағы қайрақтастар, жоғары айтқанымыздай, Жетісу мен Шығыс Түркістаннан табылды.
Навакетте христиан қауымы өмір сүргенін қабірлер құлпытастарындағы сириялық жазулар ғана емес, сонымен бірге қыштарға, шарап құятын үлкен қыш көзелердің гүлтәж өрнектеріне түсірілген соғды жазулары да айғақтай түседі. Солардың бірінде былай деп жазылған: «Бұл көзе Иарук-Тегін ұстазға /арналды/. Шебер – Пастун ылайым ол /көзе/ әрқашан толы болсын, әумин, әумиін». Бұл жазуға «ұстаз» сөзі түрік- соғды құлпытаснамаларында кездесетін «ұстаз-тәлімгер» сөздерімен мағыналас. Соңғы «аминь» /әумиін/ сөзі Иарук-Тегіннің христиан қауымының билеушісі болғанына күмән қалдырмайды. Өзге біреуінде мынадай өте қысқа сөз жазылған: «Бұл көзенің шебері — Пастун». Ал Навакеттің батыс бетіндегі ескі Пакровка қаласы жұртынан табылған тағы бір ыдыста екі жол соғды жазуы бар, тәжімалағанда былай болып шығады: «Бұл ыдыс – Пакап қауымының сыйы. Бұл шарапты қуаныш үстінде ішкейсіз, тақсырым… Құдайдың қайырымына бөленген Әли-Білге тақсыр әменда бақыт-берекетке кенелсін. «Тараздан табылған көзе жақтауында «Әмірші Ильтаг» деген сөздер ойып жазылса, ескі Қасымшы қаласындық көзенің гүлтәжі өрнегінде «Епископ Ширфон» деген жазу бар. Сипатына қарағанда бұл полеографияның уақыты ІХ-Х ғасырларға немесе тіпті ХІ ғасырдың бас кезіне жатады.
Бұл жазулардың бәрі шарап ыдыстарына жазылғанына қарап, өздерінің салт-дәстүрінде маңызды роль атқарған шарапты Жетісуда шығару билігі христиандардың қолында болған деп жорамалдауға болады. Мұндай пікірдің дұрыстығын Степнинскідегі ескі Ақтөбе қаласы жұртынан археологтар тапқан Х-ІХ ғасырға жататын шарап жасау орыны да дәлелдей түседі. Оның түбі крест таңбасы сызылып, күйдірілген кірпіштермен қапталған.
Сөйтіп, археологиялық және эпиграфиялық олжа заттар орта ғасырлық жазба деректермен астата отырып, христиан дінінің таралу жолдарын көрсетіп береді.
Жібек жолымен тараған тағы бір дін – манихей /рух мен материяны шендестіруге ұмтылыс/ діні. Ол Иранда ІІІ ғасырда пайда болып, тез қарқынмен Италиядан Қытайға дейінгі аралықта көптеген өз жолын ұстаушылар ықыласын жаулап алды. Оның өзі зороастризм мен христиан діндерінің тұтас бір синтезін құрайтын еді. Сөйтіп, манихей діні христиан дінінен осы дінді уағыздап таратушылық әдісін, ол зороастризмнен – жақсылық пен жамандық, жарық пен түнек күресі идеясын алды.
Манихей дінін таратуда, сондай-ақ, соғдылар да жетекші роль атқарды. ҮІІІ ғасырдың бас кезінде манихейшілерді басқарушының ресми орыны Самархандта болды. Манихей діні Орта Азияда ұзақ уақыт бойы өмір сүрді және буддизм манихей дінінің сағаналарына, терминологиясына, тіпті оның негізгі көзқарасы жүйесіне де қатты әсерін тигізді.
Манихей діні Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, ең алдымен, отырықшы жұртшылық арасында өзінің жолын қуушылар тапты. Турфан алқабынан табылған «Қасиетті екі негіз кітабы» атты манихей шығармасының ежелгі ұйғырша қолжазбасында бұл кітаптың «он оқ елінің /дени/ сенімін ояту үшін», «Аргу-Талас» қаласында жазылғаны жөнінде айтылады. Бұл жерде әйгілі Тараз қаласы сөз болып отыр. Сондай-ақ, манихей тұрғындары Жетісудың басқа да бір қатар қалаларында – Баласағұнда, Шігілбалықта тұрғаны мәлім.
Таразды қазу кезінде табылған манихей дінінің жұлдыз құдай айшығы болып саналатын жарты ай мен әйел жүзі бейнеленген қол алқаны да манихейлік қасиетті заттар қатарына жатқызуға болатын шығар.
Қазақстанның орта ғасырлық қалаларының бірқатар тұрғындары ежелгі Иран жерінде біздің дәуірімізге дейінгі ҮІІ-ҮІ ғасырларда өмірге келген тағы бір дүниежүзілік діннің зороастризмінің өкілдері болғаны хақ. Бұл діннің іс жүзіндегі салт-дәстүрі сипатына тән нәрселер-Әлемнің төрт элементін – суды, отты, жерді, ауаны қастерлеу. Зороастризмнің бұл элементтерін Орта Азиядан, Соғдыдан, Сырдария қалаларынан және Жетісудан аңғаруға болады. Оттың шалқи, сүйірлене көтерілген жалыны тәрізді сүйір күмбезді мұнара құрылыстарының қалдықтары осыны еске салады. Олар ескі Қостөбе және Қызылөзен қалаларының жұртында сақталған. Дегенмен Орта Азия мен Қазақстанда зороастризмнің каконикалық түріне ұқсамайтын, айрықша бір түрі ғана кең таралады. Оның өзі жергілікті пұтқа табынушылықпен, оның ішінде отқа, ру, ата-баба аруағына, тіпті қой, жылқы, түйе тәрізді жануарларға табынушылықтармен тығыз астаса сіңісіп кетті.
Бұл дінге байланысты ескерткіш деректер оссуарлық жерлеу түрінде – сүйектер салынатын саз жәшіктер, хумдық жерлеу түрінде, жерден қазылған сағана-лахаттарға өліктің қойылуы, өлік сүйектерін жинап жерлеу түрінде кездеседі.
Зороастра діні Қазақстан қалаларына ҮІ-ҮІІ ғасырларда соғдылар арқылы енді, алайда оның элементтері Оңтүстік Қазақстанда бұдан көп бұрын сақ-массагет тайпалары кезінде-ақ қалыптаса бастаған болатын.
Осы таяуда ғана Сырдария қалаларынан Соғдыға байланысты айқын деректі ескерткіштер табылды.
Отырар алқабындағы ескі Құйрықтөбе қаласының қамалын қазып ашқанда ортасында аумағы 157,5 шаршы метрге тең салтанат залы бар сарай кешені аршылды. Құрылыс кешені қатты өрт шығуы нәтижесінде күйреген. Құлаған сарай төбесін, оның ішінде төбе астындағы оймыштап өрнектелген әшекейдің сынық қалдықтарын салтанат залының күйреп түскен қаңылтыр жабындысы ұзақ уақыт сүрлеп сақтаған. Өрт қалдықтары қабатынан табылған қыштан, күйдірген саздан жасалған бұйымдар, екі түрлі теңге табылды. Теңгелердің бір бетінде салынған жүріп келе жатқан арыстан, екінші бетіндегі «НУШ» немесе «АТ» деген руналық монограммалар өртенген құрылыстың көкжиегін ҮІІ ғасыр мен ІХ ғасырдың алғашқы жартысынан көрсетеді.
Қабырғаның жоғарғы бөлігінде өрнекті жолақтың сақталып, тазартылған тақтайларына бір кезде әлде бір көркем-ойлы идеялық сюжетке байланысты салынған құдайлар мен тіршілік қаракеттер көрінісі бейнеленген. Тақтайлардың бірінде көлемі (122х25см) аң бейнеленді тақта отырған қос құдай жұбы суреттелген. Еркек құдай басына тарам тісті тәж киіп, бастарын бір-біріне бұрып жатқан қанатты қос түйе түріндегі тақ үстінде отыр. Құдай кеудесі тұсына кесе ұстаған, оң қолына ұшында иілген үш айрық тармағы бар асатаяқ ұстаған. Ал кілеммен жабылған аң бейнелі тақтың алдында тізелерін бүгіп тұрған екі адам бейнеленген көрініс осы өрнекті тақтайдың астыңғы бөлігі болса керек. Құдай сол жақ қолына тостаған, әлде жиегі кертпешті құрбандық кесесін ұстаған. Әйел құдай мүйіздері артына доғалана иіліп жатқан екі қой кейпіндегі тақта отыр. Әйел құдайдың басына ортасы бантталып, маңдайында түсіре байланған жемелік, оның екі ұшы иретіле желбіреп тұр. Шынтағы сәл бүгілген оң қолында үш бұрышты бір зат бар.
Құдайлардың осыларға ұқсас бейнелері Педжикент әшекейлерінде және оңтүстік Соғдыдағы осы маңдық Сиваз қышлағынан табылған оссуарий көріністерінде де кездеседі.
Орта Азия мен Қазақстан қалаларында ислам діні таралған кезеңде пайда болған құрылыстар қатарына көпшілік моншалар да жатады.
Өлікті жерлеу рәсімі ІХ ғасырдың екінші жартысы мен Х ғасырда өзгереді. Ол мұсылманға тән сипатта және белгілі бір қағидаларға сәйкес жүргізілді: өлік жерден қазылған шұңқырларға, шикі кірпіштен қаланған сағаналарға қойылды. Өлік басын солтүстік-батысқа беріп, бетін оңтүстікке бұрып жатты. Қабірлерде құрал саймандар жоқ. Ең ертеректегі мұсылман мазарларының кешендері Отырар алқабынан табылды, олар ІХ-Х ғасырларға жатады. Соның бірі – Х ғасырлық ескі Боран қаласындағы мазарлар кешені.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы зираттар кешендерінде зәулім де сәулетті мазарлар құрылысы бой көтерді. Мұсылман мазарларының ертеректегі бір тобы ескі Боран қаласы жұртынан аршылды.
Тараздың шығыс бетіндегі 18 шақырым жерде Головочевка селосы маңында екі мазар – мавзолей сақталған. Солардың бірі – Бабаджи-хатун-ою-өрнекті қасбеті жоқ және Х ғасырға жататын мавзолей. Екіншісі Айша-бибі мазары. Оның әсемдік бедерлері мен геометриялық ою-өрнектерге толы жапқан жұқа кірпіштерді пайдалана отырып, сыртқы тегіс бетіне бай әшекейлер салынған батыс беттегі қабырғасы ғана сақталған. Бұл мавзолей ХІ-ХІІІ ғасырларға жатады.
Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлытам мазары – ХІІ ғасырлық мавзолей. Оның күйдіріліп, оймышталған сары саз тақталармен безендірілген биік қасбеті бар, ХІ-ХІІ ғасырларда салынған.
Жылтыр сыр жалатылған, ою тәрізді арап әріптерімен әшекейленген ыдыстардың көпшілігі қыштан жасалған. Мұндай жазулардың бір бөлігі жазу деуден гөрі әшекейге көп келеді, оқылмайды, дегенмен бірқатарында әр алуан діни мазмұнды оң тілектестіктер мен өсиет сөздер жазылған.
Сәндік үлгілердің таратушысына айналған мыстан, қоладан жасалған металл бұйымдарға да әлгіндей тілектестік және діни мазмұнды сөздер жазылып, әшекейленген.
Осы бір дүниежүзілік өркениеттің айшықты да айрықша куәсі — «Жібек жолы» проблемаларына қысқаша шолуды тұйықтай келсем, ұлан – ғайыр қазақ даласы сахараларын, биік таулар мен етектегі құнарлы алқаптарды кәсіп етіп, Европадан Азияға дейін және оған керісінше бағытта созылып жатқан сауда жолдарына сипаттама бере отырып, сондай-ақ сол жолдармен ағылған сан-алуан таңсық тауарлар, ежелгі өнер мен дін жолдары туралы әңгімелей келіп, орта ғасырлық тарих пен рухани өмірдің аса күрделі болғанын атап айтпасақа болмайды. Шығыс пен Батыс, Азия мен Европа тоғысқан Қазақстан қалаларында бір-біріне мүлде ұқсамайтын мәдениеттердің өзара кірігіп, бір-бірін байыта түсулеріне аса қолайлы жағдай, ахуал туды. Өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті алқасында маржандай жарқыраған таңғаларлық мәдениет жасай алады.
ІІ ТАРАУ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған Түркістан алқабы
Мөлдір сулы Арыстың сары лайсаң Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде талай ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы – Отырар.
Отырар Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айрықша орын алады.
Егер әлде қандай күн туып, алмас қылыштар айқасып, сұр жебелер суылдаса, егер сарайлар мен күркелер алау өртке оранып, күн көзін қара түтін тұмшалар кез болса, онда далалықтарға да, қалалықтарға да бірдей қатерлі жаулар келгені. Міне, сонда өзінің ұстаханасындағы көрік отын сөндірген ұста мен малын айдалада қалдырған малшы қамал қабырғасында тізе қосып, қанжарларын ауыздарына кесе тістеп, сатымен жоғары өрмелеген елдермен жаудың бетін бірлесіп қайтарады. Одан тағы бейбітшілік, тағы соғыс… Кангюйдің ұзын семсерлері түріктің қиқы қылышына орын береді, қарапайым ағаш соқаларды темір ұшты түрендер алмастырады, ені кең түбі таяз арналар орынына ені енсіз, бірақ түбі терең су сыймдылығы үлкен арналар қазылады. Отырар өсе түсті, міне енді шағын қыстақ орнынан бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала, дүниеге орта ғасырдың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әль-Фарабиді келтірген, осы өлкенің байырғы астанасына айналған тарихи қала бой көтерді.
Отырар Сырдарияның орта ағысындағы суармалы құнарлы алқап орталығы болып табылады. Батысында оған Қызылқұм шөлі келіп тіреледі, шығысында Қаратаудың жон-жоталарымен жалғасатын біркелкі жазық дала жатыр.
Отырар алқабы немесе ертеректе аталғанындай Фараб округі Оңтүстік Қазқстанда тоқсан жолдың тоғысқан торабында тұрады. Отырар орта ғасыр авторларының барлық дерлік географиялық және тарихи шығармаларында ескерілуі тектен-тек емес. Ол Жетісу қалалары санатына да, Испиджаб шеңберіндегі қалалар тізіміне де кіргізіледі. Осыған орай бірнеше Отырар болған ба деген күдік те тууы мүмкін. Дегенмен Отырар біреу ғана еді, ол оның осыншама «мәжшһүрлігін» қаланың географиялық көрінісі әр-алуан алқаптардың тоғысқан жерінде және сантарау керуен жолдарының түйінді қиылысында тұрғандығына байланысты түсіндіруге болады.
Арыс пен Сырдария құйлысындағы Отырар – үлкен егіншілік ауданы. Қаратау жоталарының шалғайын басып жатқан Отырар-көшпенділердің сенімді тірек қамалдарының бірі. Отырардан Арысты өрлей шыққан жолдар Тараз бен Баласағұнды басып өтіп, одан әрі Шығыстан Түркістанға жетеді, Сырдарияны өрлей жоғары кететін ежелгі жол сорабы Шал, Соғды арқылы жалғасып, Мерв пен Нишапурға жеткізеді, төмен кететін жол Арал аймағына, одан Оралға шығады, батысқа Қызылқұм арқылы өтетін жол Хорезмге, одан әрі Қара теңіз бен Кавказға апарады. «Орта Азияда, — деп ескертті белгілі совет археологі А.Н.Бернштам,-бұдан ең қолайлы және ең қауіпті орынды табу қиын».
Қала үстінен қара құйындай соғып өткен мың жылдық басқыншылар соғысы өзінің істерін істеді – бір кезде гүлденген қала орнында қазір үстін шөп басып кеткен үйінді обалар жатыр. Ежелгі елді мекендердің орынына оба болып көтерілген әрбір төбенің өз атаулары бар: Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Пышақтөбе. Бір заманда олар басқаша аталған еді, бірақ ол атаулар ұмтылған, тек аттары жазба деректерден белгілі екі қала атауларын осы күнгі үйінді обалар атауларымен салыстыруға болады. Зерттеушілердің анықтауынша Құйрықтөбе орнына Кедер қаласы болған, ал күйреген ескі Оксус қаласы Весидж қаласына сәйкес келеді. Бір кезде бұлар да басқаша аталған, бірақ жергілікті аңыздар қазіргі атауларды бұрынғы қалалардың Отырармен қарым – қатынаста атқарған өзіндік кәсіптерінің түрлерімен байланыстырылады. Мәселен, Алтынтөбе атауы да зергерлер тұрғандықтан солай аталған. Пышақшытөбе-қару жарақ ұсталарының мекені, Құйрықтөбе /қойдың құйрығы тәрізді жалпақ жота/ — қасапшылар жайлаған орын.
Отырардағы алғашқы қазба жұмыстарын Түркістанның археология әуесқойлары үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А.Черкасов 1904 жылы жүргізген. Олар қазылған ұзынша орлардан керамика, кірпіш түрлерін жинады және бірнеше ондаған мыс теңгелер тапты.
Отырар жұртында тұрғындардың пайда болу кезеңі оның Отырар-Фараб атауы жазба деректерде алғаш рет атала бастаған ІХ ғасырдан көп бұрын, яғни біздің дәуірімізге дейінгі алғашқы ғасырларға жатады.
Сонымен қатар бұл қаланың тым әріректегі атауын анықтауға мүмкіндік беретін деректер де бар.
Отырар мен осы көгал алқаптың қалаларынан жиналған теңгелер санаты жоғарыда аталған дәуірлерге жатады. Бірінші үлгіге жататын теңгелердің оң бетінде садақ түріндегі түргеш таңбасы, теріс жағында арыстан бейнеленген. Екінші үлгідегі теңгелердің бет жағында Х белгісі таңбаланған. Жетісуда, Шашта және Соғдыда жасалған орта ғасырлық теңгелермен салыстырып көргенде бұл жергілікті билеушінің әмірі мен шекілген ең жаңа түрлі теңгелер үлгісі болса керек деген ойға келтіреді. Екінші үлгідегі теңгелер Кангу Тарбанның кангар билеушілері қалауымен жасалған болар деген болжам да бар. [5]
Отрардың ерте ортағасырлық қабаттарын жан-жақты қазып зерттеу – келешектің ісі. Дегенмен, шамасы кангар иеленушілердің қала сыртындағы резиденциясы болған ескі Құйрықтөбе қаласының қамалын зерттеу материалдары бойынша сол кездегі көрнекті архитектура сәулеті жөнінде айтуға болады. Қамалдан айнала галлереялармен және сигмент тәрізді сыртқа шығыңқы мұнаралары бар дуалмен қоршалған тұрғын және шаруашылық жайларынан тұратын сарай кешенінің қалдықтары табылды. Оның қабырғалары күйдірілген балшық блоктар қатарын қалақша қам кірпіштермен араластыра қалау әдісімен салынған. Құрылыстар биіктігі 10,5х15 метрлік салтанат залының қабырғалары оюлармен және тақтайлар бетіне ойып түсірілген тәтілермен әшекейленген. Мұндай өрнекті тақтайлардың қамал өртенген кезде күйген, қазба кезінде табылғандары да осындай күйде. Тақтай-тәті бетерінде аймақ иелерінің тіршілік тынысы және құдайлардың бейнелері суреттелген сюжетпен безендірілген.
ІХ-Х ғасырлардағы деректер Отырарды Испиджаб қалалары құрамында атайды. Испиджабтың алғашында халифатқа, кейін саманидтерге бағынышты болуы нақты бір сипатта болды, өйткені испиджабдықтардың Бұхараға төлеп отырған салығының өзі символикалық сипатта болатын. Деректерде Фараб – Отырар ең алдымен ұзыны мен көледенеңі бір күндік жолға жуық алқапты алып жатқан округ орталығы болғаны сипатталады.
Қала ғимараттары арасында монша тәрізді қоғамдық құрылыстар пайда бола бастайды.
Монша Орта Азия қалаларында ХІІІ ғасырдан ерте салынған жоқ. Үлкен қалаларда бірнеше ондаған моншалар болатын. Шығыс қалаларында монша қоғамдық ғимараттар мен қатар көрнекті орынға ие болды.
Отырардың гүлденуі моңғолдар шапқыншылығынан тоқталып қалды. Сонымен аз-ақ алдында Отырар Хорезмшах мемлекеті құрамына кірген болатын. Шыңғысхан 1218 жылы хорезмшах Мұхамеддтің сарайына өзінің сауда керуенін жіберді. Керуен Отырарға келіп кірген кезде, қала мұрагері Иналшық Қайырхан Мұхамеддтің әмірі бойынша керуенді талауға бұйрық берді. Ол мемлекет мүддесін көздеп солай етті, өйткені керуендер көпестерге қарағанда жасырын да, ашық та жансыздар /шпиондар/ көп еді. Бүкіл керуеншілердің ішінен мал айдаушылардың біреуі ғана қашып құтылып сұмдық хабарды Шыңғысханға жеткізді. Ашуланған Шыңғысхан кінәлілерді жазалап, Қайырханды қолына беруді талап етті. Алайда Хорезмшах моңғол елшісін өлтіруге бұйрық етті.
1219 жылы моңғолдар Отырар дуалы іргесіне жетті. Олар ең алдымен Отырарға келді. Қаланы айнала өз шатырларын құрып алды. Сұлтан Қайырханға шекаралық әскерден 50 мың адам берді және оған Қараша Хаджибты 10 мың адамымен көмекке жіберді. Қамал, ішкі бекіністер мен қала дуалы жақсы бекітілді және жауынгерлерге қажетті қару-жарақ өте көп жиналды. Қайырхан өзінің сарбаздарымен бірге қала ішінде соғысудың барлық дайындықтарын жасады, жаяу және атты әскерлерін қақпалардың тұсына бөліп орналастырып, өзі қорған қабырғасына көтерілді, ол алдына көз жіберген кезде күтпеген көріністі көріп, бармағын тістеді, айнала көз жетер жазық жердің бәрі қисапсыз қыбырлаған адамдар нөпірі мен сақадай сай жауынгерлер қарасынан қайнаған теңіздей сапырысып кеткен, оның үстіне аспан асты ызы-қиқу, айқай-шудан, сауыт-сайманға малынып кісінескен аттар мен қышқырған қашырлардың үндерінен азан – қазан болып кеткен. Әскер бекіністі белдеу-белдеу шеңберлермен қоршай орналасқан. Әскері аяқ-басын жинап алған кезде Шыңғысхан әскербасыларының әрқайсысын әр түрлі бағытқа аттандырды. Өзінің үлкен ұлы /Жошыны/ ол бірнеше түмен ержүрек те епті жауынгерлерімен Жент пен Баршылығкентке, әскербасыларының енді бірқатарын Ходжент пен Фенакентке жұмсады. Отырарды қоршауды одан әрі жалғастыруға Үгедей мен Шағатай бастаған әскерді қалдырып, өзі Бұхараға аттанды.
Осылай, моңғолдың атты әскері бүкіл Қазақстан жерін қирату мен қайғы-қасірет тасқындай жайпап өтті. Қалалар құлдырап, бұрын гүлденген қоныстар қаңырап өтті. Ойрандалған, өртенген іздер қалдығы ХІІІ ғасырдың бас кезіндегі мәдени орталықтарға тән құбылыстар. Оның үстіне көптеген қалалар қайтып қалпына келе алмады.
Дегенмен Отырар қайтадан еңсе көтере алды. Шыңғысхан өлгеннен кейінгі өзара қырқысулар өршінген бұлыңғыр-бұлдыр жылдарда бұл қала қайтадан Сырдария бойындағы мән-маңызы зор саяси және экономикалық орталық болды.
Отырарда Ахмет Яссауидің ұстазы Арсылан-Баба бейіті үстіне салынған мавзолей де Темір есімімен тығыз байланысты. Ол сақталған жоқ, дегенмен қазір Темір заманында салынып, қираған ғимараттың орнына, яғни Отырардың батысына таман 3км жердегі қорымға ХІХ ғасырдың бас кезінде қайта салынған мовзолей зіңкиіп тұр.
Қаланың салыну үлгісі, қала кварталдарының, көпшілік ғимараттардың сипаты, ақыр соңында, тұрған үйлердің жаңа түрлерінің қалыптасуы жөніндегі мәліметтер Отырарды кең түрде қазу арқылы белгілі болып отыр.
ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы кварталдардың бірі 2300 шаршы метр алаңнан қазып аршылды. Ол әрқайсысының жерінің ауқымы 30-40тан 250 шаршы метрге дейін жететін 12 жеке үйлер иелігінен тұрады. Кварталдың ХІ-ХІІ ғасырлардағы алып құрылыстар қалдығы құрамында жасалынғанын анықтауға қол жетті: ХІ-ХІІ ғасырлық құрылыстардың бірқатар қабырғалары жаңа жоба құрылымына енгізілгені, алайда іс жүзінде ол жаңаша үлгімен салынғаны байқалады.
ХІІІ ғасырдағы ХҮ ғасырдың бас кезінде Қазақстан қалалары құрылыстарының дәстүрлі санаттары құрамында, одан бұрынғы уақыттағыдай, монашалар да болды. ХІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХҮ ғасырдың басындағы кезеңге жататын бір монша Отырардан қазып ашылды. Ал оңтүстік кіреберістен батысқа таман 200м жерде, су қоймасы жағасында, ХІ-ХІІ ғасырлық монша орнына салынған.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, Отырарда археологиялық зерттеу жұмыстары одан әрі жалғастырылып жатқанын және әрбір далалық маусым осы бір Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық саяси, экономикалық және мәдени ірі орталығының дамуы жөніндегі біздің түсініктерімізге қыруар жаңалықтар енгізе түсетінін айрықша атап айтқан жөн.
Түркістан алқабы ҮІІІ ғасырда Шавгар өлкесі атауымен белгілі болған. Астанасы басында өзіне аттас шаһар екен, ал кейінірек аты ХІІ ғасырдан белгілі Яссы қаласы болғаны мәлім. Орта ғасырлардың аяқ шенінде Яссы – Түркістан Оңүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және Талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белі мен Қаратау баурайын түгел қамтитын үлкен айқаптың орталығына айналған.
Қазіргі Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан Шүйтөбе атты бұзылған көне қала сол бұрынғы Шавғар шаһары деген болжамға саюшылық бар. Біздің ойымызша ол Түркістан қаласының өз территориясында жатқан Күлтөбе атты көне қала қалдығының орнында қонысталынған. ХІІІ ғасырдың онжылдығының басында Қазақстанның оңтүстігін иемдеп алған хорезмшах Мұхаммед ибн Текеш дәл осы жерде ақша соққызған. Ақшаның нақ осы Яссада соғылып шығарылуының саяси, идеологиялық әр-түрлі себептері бар болуы әбден айғақ.
Бұл қаланың моңғол шапқыншылығы кезіндегі тағдыры белгісіз, алайда ол Асон атауымен ХІІІ ғасырдың орта шенінде Гетум жол бағдарламасында аталған. ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында сопы шейхы Ахмед Ясави молдасына орасан зор бейіт құрылуына байланысты қала атағы жұртқа жайылып, Орта Азия мен Қазақстанның үлкен идеологиялық және саяси орталығына айнала бастады.
Ясы – Түркістан ірі сауда орталығы болған. Рузбихан бұл жерде қыр-даланың, Орта Азияның, Қытайдың сауда жолдары түйіскен деп мәлімдеген. «Солтүстік жағындағы өзбек жерлерінен Андижанға жүретін жолдарменен Қытайдың шегарасына дейін… Иасыға заттар мен сирек бұйымдар жеткізіледі. Мұнда саудаға түседі. Бұл саудагерлері мен жолаушыларының аялдайтын жері» Түркістан үлкен диқаншылық аймақтың да орталығы болған, құқықтық куәліктерде Ходжа-Тұмасы құдығы,Қара-бұлақ, Сарай-бұлақ т.б. арықтар айналасындағы суармалы жерлер аталған.
Көне қала жобасы жазбаша деректермен ұласа келе қала топографиясын былайша сипаттауға мүмкіндік береді. Ходжа Ахмед Яссави бейіті түрған мешіт қаланың солтүстік-батыс жағында орналасқан. Жобасында бұл бес бұрыш төбе, оның оңтүстік-шығыс жағы-13м, солтүстік-шығысы-80м., солтүстігі-90м., солтүстік батысы – 130м., оңтүстік батысы-200м.
Мешітті қоршай шикі кірпіштен мұнаралары бар бекініс қабырға салынған. Жақсы сақталып қалған қаланың тек батыс қабырғасы, оның ұзындығы 350м., мешіттің ортасына дейінгі қашықтығы да дәл осындай.ХҮІІІ ғасырдың бас шеніндегі сурет бойынша, қаланың шығыс бағытындағы ұзындығы батыс жағына қарағанда екі есе артық және қабырғадан 700м қашық. Қайта жасау жобасы бойынша көне қаланың алып отырған орны 35га-дан кем емес. Қақпалардың санына келсек, суретте олар төртеу болған. Қаланы төрт қақпаны қосатын 3 негізгі көше кесіп өткен. Оңтүстік бөлігінде керуен-сарай орналасқан және оның қасында қала қабырғасының сырт жағында-базар. Бұзылған ескі қала өзінің орта ғасырлардың аяқ кезіндегі өлшемдерімен монғол басқыншыларына дейінгі Яссы қаласының өлшемдерін қайталайтын тәрізді. Қала орнының барлық жерінде ІХ-ХІІ ғасырлардың материалдарының табылуы оған айғақ. Қазба жұмыстарының көрсетуі бойынша қаланың өзі ХІХ ғасырға дейін өмір сүрген.
Түркістан қаласында өзінің атауын әлі күнге дейін сақтап келген Иқан қаласы болған. Түркістанға қарасты жер ретінде Иқан Хафиз Таныштың шығармасында Абдолла ханның 1582 жылғы Түркістанға жорығы туралы жазған жерінде аталған.
Сол сияқты, Сури туралы да Хафиз Таныш шығармаларынан белгілі. Ол Абдолла хан әскерлері «Түркістанның қарамағындағы жер-Суриға келіп лагерь болып орналасты», — деп мәлімдейді.
Сури Түркістанның шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан және ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Материалдарын берген Сортөбе атты бұзылған ескі қаламен тепе-теңдестіріледі.
Жазбаша деректер Хғ. авторы Аль-Макдиси Испиджат аймағындағы қалалардың тізіміне кіргізген алқаптың тағы бір қаласы – Шагильджаны атайды. Зерттеушілердің пікірі бойынша Шагильджан Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жердегі өзіне аттас селоның шетінде жатқан Шаға атты бұзылған ескі қалаға сәйкес келеді.
Мұнда бір-біріне жақын жерде біздің дәуірдің бірінші ғасырларындағы қоныстардан бастап, ҮІ-ХҮІІІғғ. қаласына дейінгі қалалық өмірдің біртіндеп дамуын беретін Шаға І, Шаға ІІ және Шаға ІІІ деген үш төбе жатыр. Қаланың қалыптасуының басы ҮІ-ҮІІІ ғасырларға жатады. Осы кезеңге науыстармен жерленген зираттар да жатады. ҮІ-ҮІІІ ғасырларға материалдарын берген олардың біразы, оның ішінде тиындар да қазылып алынған.
Түркістан алқабының қалалары мен қоныстары туралы бұл қысқаша баяндаманың өзінен де, оның Ұлы ЖІбек Жолы бойындағы зор мәдени және экономикалық орталық болғаны айқын.
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы мен Оғыз және және Қыпшақ қалалары
Сауранның жеті қабырғасы. Сырдария белінде белгілі қалалардың бірі – Сауран. Өз атауын сақтап қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер Х ғасырдан әйгілі. Х ғасырдың белгілі араб географы қаланы былай деп сипаттаған: «Сауран бірінен кейін бірі 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан. Ол гүздер мен қыпшақтарға қарсы құрылған шегаралық бекініс қамал».
Кейінірек ол туралы Ибн-аль-Асир мен Якут Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі мәдени және сауда -өнеркәсіптік орталық ретінде жазған. ХІІІғ. ортасында Сауран Савран атауымен армян патшасы Гетумның жол бағдарламасында Сығанақ /Сгнах/, Қарашық /Карачук/ және Асон /Яссы/ қалаларымен бір қатарда аталған.
ХҮ ғасырдың бірінші жартысында джучидтер кезінде Сауран тіпті Ақ-Орданың астаналық ортасы болған.Қалада 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың патшасы Сасы-бұқа жерленген. Оның ұлы Эрзен Сауран және басқа қалаларда медресе, хапака, мешіттер салған.[6] Аcтаналық орталық ролін Сауран кейінгі кезде де сақтап келген. ХҮ ғ. 80-ші жылдары қаланы алғашқы қазақ хандарының бірі Жәнібектің ұлы Иренші-сұлтан билеген.[7] ХҮІ ғасырлық Сауранды Рузбихан толық сипаттаған. Ол оны «аса жайлы» тамаша қала, өте сауықшыл, жарқын, жанға шипа болып, бойды сергітетін жұмсақ ауасы бар … бүкіл аймағында әр түрлі әдемі ағаштар өскен және көрінген. Қаланың өзі биік қабырғамен қоршалған… ал оның айналасында — ор». [8]
Қала туралы құнды деректер мұнда 1514-1515 жылдары тұрған ақын және жазушы Басифидің мемуарында бар. Ол қаланың аса көрнекті ғимараттарының бірі теңселмелі екі мұнарасы бар медресе туралы мәлімдейді: «Оның айванының иықтарына орасан зор және аса келіскен екі биік мұнара қойылған. Ол мұнарлардың «гүлдастына» екі шынжыр бекітілген, ал әр мұнараның күмбезінің астына бөренені қатты күшпен қозғалысқа келтірсе, шынжыр тербеледі де, қарама-қарсы мұнарада тұрған адамға мұнара құлап кететін сияқты көрінеді, ал бұл — әлем ғажаптарының бірі».
Васифи Қазақстан үшін әдеттен тыс кяриздер – жерасты суларды сыртқа шығаратын жерасты галереялар көмегімен қаланың сумен қамтамасыздандырылғанын да сипаттайды. Васифидің айтуынша, «олар сияқтыны бүкіл әлемдегі жер мен суды шарлап шыққан адамдар да көрмеген». Олардың құрылысында 20 индиялық құлдар жұмыс істеген. Кяриздердің бастауы Саураннан бір фарсах жердегі қашықтықта болған, оның үстінде қамал салынған, қамалдың ішінде терең құдық қазылған, 200 гяз, жер бетінен суға дейін 50 гяз, құдықтағы су діңгегі 150 гяз болған, суды шығыр арқылы көтерген. Шығыр бұқамен қозғалысқа келтірілген. Кяриздердің басында су қоймасы орналасқан. Кяриздердің біреуінің суымен суғарылатын жер участогінде бағы, жүзім бақшасы және шаруашылық қора-қопсылары бар шарбақ орнатылған.
Кезінде Сауран мықты қамал болған, қала бекіністері туралы айта кетуді замандастары өздеріне борыш тұтқан. Мысалы, Хафиз Таныш қаланың қорғаныс биналарының және сумен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыздандырылуының арқасында бірнеше ай бойы жау қамауына төтеп бере алатындығын мәліметтейді. Сауранның бекініс жүйесінің ішінде ол мұнаралары және кіріп шығатын есіктері бар қамал қабырғаларын, қорған дуалын, орын атаған. «Сауран бекінісінің күші мен мықтылығы соншалықты, тіпті құйты тағдыр қолы оның дуалының кенересіне де жетпеген».
Сауранды археологиялық жағынан бақылау бұдан 100 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Ол туралы П.И. Лерхтың шығармаларында, П.И. Пашиноның жол жазбаларында, А.И.Федченконың берген есебінде айтылған. Олардың бәрі ескі қала қалдықтарының, оның қабырғаларының жақсы сақталғандығы туралы, медресенің қаусырықтары туралы жазған. [9]
Көне қала қалдықтарының бірінші археологиялық зерттеулерін біздің жүзжылдықтың 40-жылдарында А.Н.Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Ескерткіштің көрнекі сырт пішіні жобаға түсіріліп, Алынған материалдар негізінде кезеңдеме ұсынылған. [10]
Қала тарихы жайында айтыс туғызған мәселелердің бірі болған оның қоныстанылу мәселесі. Егер ХІІІ-ХҮІІІғғ. Сауранның орналасқан жері күмән туғызған болса және оған Сауран атты ескі қала қалдығы сәйкес келсе, моңғолдарға дейінгі қаланың қонысы тура тауып көрсетілмеген болатын. Мәселе көне Сауран қаласының ХІІІғ. дейінгі материалдары бар қабаттарының жоқтығында, яғни бұл қала ХІІІ ғасырда пайда болып, ХҮІІІғ. дейін өмір сүрген.
Тек Қаз.ССР ҒА АЭҒЗИ-нің ескерткіштер жинағы археологиялық экспедициясының ескі Сауран қаласының микроауданында жасаған тиянақты зерттеулері моңғолдарға дейінгі Сауранның орналасқан жері жөніндегі сұраққа сенімді жауап беруге мүмкіндік туғызды. Сауран-төбе атты ескі қала қалдығы жатыр. Онда әлденеше рет зерттеушілер болып, қаланы б.д. бірінші-ҮІғғ. — мен кезеңделген.
Алайда жаңа зерттеулер Қаратөбе өмірі кезеңін қайта қарастырып, оны б.д. бірінші ХІІ ғасырларына жатқызуға мүмкіндік берді.
Көне қала орнына ақ ангобаның үстінде ХІ-ХІІ ғасырларға тән мөлдір жалатпасы бар және жасыл, қызыл, қоңыр бояулармен көркем суреттелген су құятын тостаған сынақтарының бай коллекциясы жиналып алынған.
Сонымен, ҮІ-ХІІ ғасырлардың Саураны Қаратөбе көне қалашығының орнында болған, ал ХІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Сауран жаңа жерде орналасқан және оған өзіне аттас ескерткіш сәйкес.
Соңғы жылдардың зерттеулерінде бұл көне қала қалдықтарының сипаты туралы жаңа мәліметтер алынған, ал археологиялық-топографиялық байқаулар мен жазбаша деректерді салыстыру орта ғасырлардың аяқ шеніндегі Сауранның көрінісін толығырақ елестетді мүмкін етеді.
Көне қаланың аэрофотосуреттерінің мәнін ашу, топожобаларды талдау-көрнекті зерттеулермен қосыла келе – қаусырықтарды былайша сипаттауға мүмкіндік береді.
Сауран қалдықтары жобасында құлап шөккен бөліктері 3-тен 6м., дейінгі биіктігінде сақталған қабырғамен қоршалған сопақ алаң. Ол солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 800м және солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 550м-ге созылған. Қала ауданы төңірегіндегі жерлерден 2-2,5м көтеріңкі. Қала қабырғасы биіктігі 2-3м, стилобаттың үстіне тұрғызылған. Оның сыртқы бөлігі берма болып келген. Қабырға шикі кірпіш пен пахсадан жасалған, оның бойында екі қабатты, дөңгелек, қабырғадан жуандау 4 мұнара орналасқан. Жоғарғы қабаты күмбезбен жабылған, Ал күмбездің тіректерінің қалдығы осы күнге дейін сақталған. Мұнараның жазықтығында зеңбірек атуға арналған жіңішке саңыраулар ойылған. Қаланың 2 қақапасы болған. Бас қақпасы қабырғаның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және ол екі жағынан сыртқа қарай шығыңқы тұрғызылған 2 қабатты қорғаныс мұнараларымен бекітілген мықты фортификациялық бина болған. Кіретін жері – қабырғаның шығып тұрған кесінділерінен құралған 20-метрлік коридор тәріздес өткел. Екінші қақпасы қала қабырғасының оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған. Шығыс жағында мұнараның ішінде тағы да бір қалаға кіретін, құпия болу керек, ені 1,2м биіктігі 1,7 м есік болған.
Қабырғаның сыртын айналдыра тереңдігі 1-3м дейін, ені 15-20м ор қазылған. Одан шығарылып тасталған топырақтан биіктігі 1-1,5м, ені 5м үйінді-дуал қалған. Солтүстік-шығыстағы қақпадан басталған орталық көше қала территориясын солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай қақ бөлген. Қабырғаның оңтүстік батыс бөлігіне 150м жетпей ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған төте көшеге келіп тіреледі. Бұл көшенің бір бөлігі оңтүстік-шығыс қақпасына шығады. Екі үлкен орталық көшеден басқа көне қала топографиясында шиеленісе тармақталған жол торабын құрайтын көптеген кішігірім көшелер мен мұқалмалар байқалады. Солтүстік-шығыс жағындағы қақпадан 210м жерде орталық көшенің сол жағында күйдірілген кірпіштен жасалған үлкен бина қалдықтары жатыр. Бұл үстін күйдірілген кірпіш пен қыр сынықтары жауып қалған төбе қалдықтары. Төбе жобасында өлшемдері 100х100 м үшбұрыш формалы, ал көптеген глазурь жалатқан сылақтың бөлшектеріне қарағанда, дәл осы жерде жазбаша деректер мәлімдейтін медресе тұрған.
Орталық қаусырықтардың радиусы 1400-1600м айналасында тығыздығы әртүрлі болып салынған қора-жайлы, бау-бақшалы жеке қоныс қалдықтары жатыр.
Әр-бір қоныстың үй-жайы мен жері айнала қабырғамен қоршалған. Жерінде бақша дақылдары, жүзім, жеміс –жидек және дәнді дақылдары өсірілген. Әсіресе бақша дақылдары егілген жерлер анық байқалады.
Ұқсас ортасында суаты бар квадраттағы бөлінген тік бұрышты төртбұрыш болып келген бау-бақша отырғызу жобасы Шаһарлық төңіректерінде және Сол жағадағы Хорезмдегі Дэвкескенде кездеседі.[10] Ал бақшалардың молдығы Жаңадариядағы ХҮІІІ-ХІХғ.ғ. түркімендер тұрған жерлерде байқалады. [11]. Жеке қоныс аудандары әртүрлі. Ішіндегі ең ірілерінің өлшемдері 150-110, 180-90м. және алатын орны 1,5-1,8га. Орташа қоныстың ауданы 1га-ға дейін, ал кішілері 0,5ға-дан аспаған. Орташа қоныстар саны басымырақ. Барлығы – Сауранның ауыл шаруашылық аймақтарының аэрофотосуреттері негізінде жасалған болжалды есеп бойынша – 350 қоныс шамасында.
Көтерім материал – керамика, тиындар Сауран маңайындағы жеке қоныстардың өмір сүрген уақытын ХІІІ-ХІҮ және ХҮ-ХҮІІІ ғасырлармен кезеңдеуге мүмкіндік береді.
Алда айтылғандай қаланы сумен қамтамасыз ету және қала төңірегіндегі бақтарды суғару кяриздер көмегімен жүзеге асырылған. Кяриздердің қалдықтары басында қаланы самолеттен қарап шыққанда байқалған, соңынан аэрофотосуреттерде белгіленген. [12].
Кяриз күрделі және орасан зор еңбекті қажет ететін бина. Оның құрылысы мен тазартылуы тек ауыр еңбекпен ғана емес, өмір үшін де зор қауіп-қатермен сыбайлас болған. Жер қазушыларға үстеріне жер опырылып құлау, шахта газдарына тұншығу, кенеттен су атқылап шығу қатерлері әрдайым төніп тұрған. Васифи Сауран кяриздері туралы былай деп жазған: «Бір уақытта құдық ішіндегі ауа бұзылып, жұмыс істеуге болмайтын жағдай туды. Сонда құдықтың бір жағынан оның түбіне дейін мөлшері кішірек арықтай жол қазып, оның ішінен былғарыдай ұстаның көрігін орналастырды да ауа шайқады, ал жер қазғыш шеберлер жұмыс істеп жатты. Су фонтаны болып атқылап шыққан жағдайда батып кетпес үшін жер қазушылар белдеріне 2 асқабақтан байлап алып жұмыс істеді». [13]
Орта Азия мен Қазақстан территориясын кяриздер арқылы суару Туркменияда кең өріс алған. Онда жақын уақытқа дейін, тіпті қазірдің өзінде де бірнеше кяриздер қолданылып келеді. Олардың ішінде ұзындығы 2,8 шақырым құдықтарының ең тереңі 19,9м. Ал су кірісі секундына 20,5 Исберзен, ұзындығы 2,36 шақырым, 70 құдығы бар және су кірісі секундына 176л. Хан-кяриз, Дэв. Ишан және т.б.
Бұхара хандығында кяриздер Нұрат өңірінде қолданылған. Әзірбайджанда жақынға дейін кяриз саны 812 болған.Кяризбен суғару жұмысы әбден жетілдірілген Иран жерінде ұзындығы 50 шақырымға дейін кяриздер болған. Сонымен, Сауран кяриздерін соларға ұқсас биналармен салыстыру олардың кең өріс алғанына және Сауран аймағында кяриз арқылы суарудың зор маңызы болғанына куәлік етеді. Көне Сауран қаласы, өзінің биік, қазірге дейін жарым-жартылай бүтін қалған қабырғаларымен, тұрғын кварталдары және қоғамдық ғимараттары қаусырықтарымен, уникальды кяриздермен, төңірегіндегі қоныс-жайларының қалдығымен және ежелгі егінді жерлерімен Қазақстанның аса құнды археологиялық және архитектуралық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Бұл Қазақстан және Орта Азия халықтары ата-бабаларының еңбегі мен мәдени өмірінің ерекше музейі. Сауранды қорғау әрекеттерін жасау және жоспарлы түрде зерттеу – ғалымдарының, Совет органдарының, бүкіл республика жұртшылығының алдында тұрған актуалды міндеттерінің бірі.
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары
Оғыздар державасы Орта Азия мен Европаның саяси және соғыс тарихында маңызды роль атқарған. Оғыздар Орта Азияға шапқыншылық жасаған, Хорезм және құдыретті Хазариямен бақталас болған. Тарихи дәректер оғыз патшасы мен Киев князі Святослав арасында 965 жылы хазарларға қарсы әскери келісім жасалу фактісін мәлімдейді. Олар да, бұлар да нақты саяси мақсаттар мен экономикалық пайда көздеген.
Назар аударарлық мәселе – қыпшақтардың ХІ-ХІІІ ғғ. Орта Азияның ең құдіретті мемлекеттерінің бірі болған Хорезммен ара қатынастары. Хорезм мен қыпшақтардың әскери соқтығыстары бітім жасаумен және қыпшақ хандарының хорезмшах вассалдары болуымен аяқталған. Алайда көп кешікпей қыпшақ ақсүйектері өз қолдарына шешуші әскери мансаптарды шоғырландыру арқылы сарайдағы ең күшті топқа айналады. Оның үстіне, қыпшақтың бір қожасының қызы Тұрқанхатун соңғы хорезмшах Мұхаммедтің анасы болған. [14]
ХІІІ ғасырдың басында Хорезмшах Мухаммед қыпшақтарды әбден бағындырып алды.
Оғыздан, онан соң қыпшақтар иелік еткен қалалар қазір археологиялық ескерткіш қала қалдықтары ретінде тұр, оларды зерттеу және қазбалау жұмыстары құлашын әлі де кең жая алған жоқ. Сондықтан қазір олардың көбінесе сыртқы топографиясы мен материалдық мәдениетінің кейбір жақтары белгілі.
Жанкент атауымен белгілі Яншкент қаусырықтары Сырдарияның оң жағалауында Қазалы қаласынан алыс емес жерде жатыр. Көне қаланың сыртқы пішіні өлшемдері 375х255м. тік бұрышты төртбұрышқа ұқсас болып келген. Солтсүтік-батыс бұрышында өлшемдері 100х100м, және биіктігі 7-8м, ішкі қамал орналасқан. Қаусырықтардың топографиясында шығыс және батыс қабырғаларындағы қақпаларды байланыстыратын негізгі үлкен және кіші бағыты оқылады. Мұнда б.д.д. бірінші ғасырлардан ХҮІІІ ғасырларға дейін жерлеу жүргізілген. Бір уақыттарда майолик плиткалар және кірпіштер мен қапталған тозығы жеткен ХІІІ-ХІҮ ғғ. Мавзолейлері назар аударарлық, Жанкенттің Сырдариядағы бұзылған ескі қала қалдықтарының ең ірілерінің бірі және археологиялық зерттеулер үшін перспективалы екендігі даусыз. Бұны Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеушілері де өте жақсы түсінген. Жанкентке П.И. Лерх, суретші В.В.Верещагин назарларын аударған. Верещагин бұл жерде тіпті кішігірім қазба жұмыстарын да жүргізген. Белгілі орыс ғалымы В.В.Стасов: «…Неліктен Жанкенттің жанындағы көне қалаға біздің Помпей болмасқа!» — деп жазған.
Ескерткіштің маңыздылығын қала қалдықтарына 1867 жылы күзет ұйымдастырған, қаусықтардың арасынан күйдірген кірпіштерді талан – таражға түсіріп тасымалдаумен күрескен орыс офицерлері де түсінген. Жанкент б.д. бірінші – ХІІІғғ. даталанған. [15]
Жанкенттің қасында Сырдарияның ең төменгі сағасында тағы бірнеше оғыз қалаларының қаусырықтары жатыр.
Оғыз және қыпшақ қалаларына Жент-Жаңқала жатады. Оның қаусырықтары Жаңадрияның оңтүстік жағасында, Қызылордадан солтүстік-батысқа қарай 300 шақырымдай жерде орналасқан. Көне қала бекініс қабырғасымен қоршалған және ауданы 40 га шамасында. Қаланың солтүстік батыс бұрышында квадрат төбе ұсқынды ішкі қамал орналасқан. Қала айналасындағы бекініс қабырға кейбір жерлерінде 8м биіктігінде сақталған. Женттің айналасында каналдар арналары, ирригациялық тораб, бау-бақша қалдықтары, құрылыс іздері сақталған. Қала І-ХҮІІІғғ.-мен кезеңделген, алайда көтерме материалдарға қарағанда, қала әсіресе интенсивті түрде Х-ХІІІғғ.-да өмір сүрген. ХІІІ ғ. Жент қыпшақ мемлекетінің астанасы болған.
Қалада осы уақытта тиын соғылған деген деректер бар, қалай болғанда да «Жент» деген жазуы бар күміс дөңгелек бір қазнаның құрамында табылған.
Сығанақ қаласы туралы алғашқы рет Хғ. жазбаша деректерінде айтылған, ал ІХ ғ. оны Махмұт Қашқари оғыз қалаларының ішінде атап өткен.
ХІІ ғасырда Сығанақ қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің астанасы болады.
Сығанақтың айналасында Сырдариядан Төмен-арық және Бұзғыл-Ұзақ арқылы шығарылған каналдармен және Қаратаудан ағатын Мыңбұлақ, Шолақ, Арсланды, Қызыл-тала, Келте-Шалғыз тау өзендерінен шығарылған арықтармен суғарылып айдалған жерлер жатқан. Ол каналдар мен арықтардың көне қала маңайында әлі күнге дейін сақталған.
Қала, басқа да көптеген Сырдария қалалары сияқты, ХІХғ. Орта шенінде иесіз қалған, бірақ осы күнге дейін бұл және Сырдарияның басқа қалалары туралы Ұлы Жібек жолы трассасындағы ірі сауда орталығы ретінде халық аңыздары мен ертегілері сақталған.
ІІІ ТАРАУ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛАР
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары
Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстардың барлық жер-суы – шығыста Талас-Шуға дейін, солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты.
Испиджаб жазба деректерде сонау ҮІІ ғасырдың бас кезінен белгілі, Сюань-Цяньнің Сапарнамасында ел «Ақ өзендегі қала» деген атаумен еске алынған.[16] Өзге емес дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек Махмуд Қашқаридің ХІ ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. «Сайрам-деп жазды ол, — Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың /Ал-Мединат ал-Байда/ атауы. Оны Сайрам деп те атайды». [17] Испиджаб атауы соғды тілінде «Ақ су» мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса «Ақ өзендегі қала» — «Испиджаб» «Сайрам» деген атауларының түп – төркіні бір екендігіне осының өзі айғақ бола алады.
Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб – Сайрам Х ғасырмен ХІІІ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның Оңтүстігіндегі ең ірі қалаға айналды.
Испиджаб округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын, Қаратаудың солтүстік бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын: Жетісудың Тараз, Құлан, Мирки /Мерке/, Суяб қалаларын қамтыды.
Х ғасырдың географы Ибн Хаукаль былай жазды: «Испиджаб – шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала. Ол мединадан /орталықтан/, қамал мен рабадтан тұрады. Камал күйреген, ал медина мен рабадта тұрғындар тұрады, медина дуалдармен қоршалған рабадты да ұзындығы фарсахқа таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабадтан өз бағы мен суы бар. Ол тегіс жерде жатыр». Бұл адамы құжынаған, ауқымды қала, бүкіл Хорасан мен Мавреннахрда осы Испиджабтан басқа харадж /салық/ төлемейтін бірде-бір қала жоқ.[18]
Қалада сауда құрылыстары – керуен сарайлар мен «тимдер» көп болды. Керуен сарайлар /рабаттар/ Нахшеб, Бұхара, Самарқант көпестерінің иелігінде еді. Халықаралық сауда Орта Азия мен Шығыс шығарған және Испиджабтың өзінде ХІ-ХІІ ғасырларда шекілген жергілікті теңгелермен қару-жарақ, семсерлер, мыс пен темір жеткізіліп тұрды. Қала құл сату орталығы ретінде де бүкіл Шығысқа әйгілі еді – одан сол кездегі қырқысқан қыруар соғыстарда әр түрлі түркі тайпаларынан қолға түскен тұтқындар сатылып, әкетіліп жатты.
Испиджаб төңірегінде көптеген қалалар мен қыстақтар болған, ол туралы Х ғасырда ал-Истархи былай жазады: «Оның құрылыстары саз балшықтан жасалған. Оның базарлары жеміс-жидекке тұнып тұр, онда түрлі өнім көл-көсір және сан-алуан пайдалы заттар да көп. Оның айналасы толған қалалар мен қыстақтар». [19] Жазба деректер олардың ішінде Макент, Джумишлаг, Газгерт, Харлуг атауларын атайды.
Өз округі мен іргелес қалаларды қосып алғанда Испиджаб – Сайрам халқы өте тығыз орналасқан аудандардың бірінен саналатын. Археологтардың есептеуінше қаланың өзінде және қала маңында 40 мыңға тарта халық тұрған. Қала халқының саны көшпенді жұртшылықтың тұрақты түрде отырықшылана бастауы есебінен өсіп отырады.
Жазба деректерде сақталған естеліктерге қарағанда Мұхаммед Сайрам бекінісінде шағын жауынгерлер тобын қалдырған тәрізді, өйткені «Сайлан /Сайрам/» бекінісін қоршауға алған монғолдардың қабырға бұзғышты қолдануларына тура келген». Дегенмен, басқа қалаларға жасалған шабуылдар нәтижесін қарағанда, бұл қала қатты қирамаған тәрізді, өйткені 1221 жылы Сайрам арқылы өткен даос сопысы Чань-Чунь қаланы жақсы күйінде тапқан және шәкірттерімен бірге бұл жерде бірнеше күн болған. Қайтар жолында Чань-Чунь 1223 жылы тағы да Сайрамның үстімен өтеді және оны «Үлкен қала» деп атайды. [21]
Қала өз заманына қарай жақсы бекітілген ХҮ-ХҮІ ғасырлардың тарихшысы, «Мехман наме-н Бухара» шығармасының авторы Рузбихан Исфагини былай жазды: «Қаланың негізгі бөлігі қоршалған дуалдардың биіктігі сонша, иемденіп алмақшының қолы оның қабырғасына тез жете қоймас: оны айнала қазылған ордың тереңдігі сонша, одан аттауға да қазақтың аяғы да бармас». Сайрам сыртындағы ор Хафиз-ге Танышемнің ХҮІ ғасырдың аяқ шеніндегі оқиғаларды сипаттап жазған шығармасында да еске алынады. Кейінірек қаланы қазақтар қолға алған кезде ол Бұхара мен Самархандқа сол жерден жасалатын жорықтардың тірек қорғанына айналды.
Қала деп аталатын қалдықтары Сайрам селосының орталығында сақталған күйреген ескі Сайрам қаласының жұрты қазір де көргеннің көңілінде таңданыс әсерін қалдырады. Мұның өзі тік бұрыш кескінді биік оба, оның биіктігі 6,5-11 метр, көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 метр, ал шығыстан батысқа қарай 500 метр. Барлық қабырғаларымен жарыса созылып жатқан биік жал бар – бұл бұрынғы қамал дуалдары, оның сыртында батпақты шұңқырға айналған ордың үздік-үздік қалдықтары сақталған. Жұмыр өркешті қабырғалардың кей жерлеріндегі қалдықтары ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына дейін сақталып келген. Қамал шығыс беттегі бұрышта болған. Күні кешеге дейін дерлік Қала бекініс ролін атқарады және орта ғасырлық шығыс қаласына тән құрылыс жобасын сақтады. Жазба деректер бойынша, ескі қаланың бір-біріне қарама-қарсы салынып, қаланы көктей өтетін тура көшелермен жалғасып тұрған төрт қақпасы болған.
Орта ғасырдың аяқ шеніндегі қалалар, сол бұрынғысынша, саяси, экономикалық және мәдени орталықтар болып қалды әрі Қазақ хандығы өмірінде маңызды роль атқарды.
Сайрам халқының этникалық құрамы әр түрлі болатын. Қалалықтар құрамында иранша да, түрікше де сөйлей алатын ежелгі қалалық тұрғындар әулеті де сондай-ақ қалада тұрақты отырықшылана бастаған көшпенділер де бар еді. Көшпенді малшылардың кедейленіп қалған топтары отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысты. Ал 1598 жылғы грамоталардың бірінде Сайрам уәляй-атының тұрғындары құрамында отырықшылар-«қышлақништер» және одан көшіп жүргендер-«сахаранишндер» атаулары болған. Қаладағы қазақтар саны тұрақты түрде өсіп отырды.
ХІҮ-ХҮ ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез дами бастады да Қазақстанның оңтүстігіндегі бас қала ролі бірте-бірте соған ауыса берді.
Шымкент – елді мекенінің атауы алғаш рет 1425 жылы Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында ауызға алынады. Темірдің жорықтарына байланысты 1366 жылғы оқиғаға берілген сипаттамада Шымкент, Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ғана еске алынады.[22] Алайда қала тарихы мыңдаған жылдар тереңінде бойлап кетеді.
Шымкент ауданында мәдени өмірдің одан әрі дамуының кезекті дәуірі, Оңтүстік Қазақстанның барлық жерінде сияқты артына көптеген елді мекендер мен қорған-мазарлар қалдырған сақтар тайпаларымен тығыз байланысты. Мәселен, Шымкент қаласы ішінде құрылыс жұмыс жүріп жатқан жерден жұмыр сопақша балдағы бар қола – қанжар-ақинақ табылды. Сақ ұрпақтары – кангюйлер біздің дәурімізге дейінгі І мыңжылдықтың аяқ шені мен біздің дәуріміздің І мыңжылдығының алғашқы жартысында орталығы Сырдарияның орта ағысында болған аса қуатты Кангюй мелекетін құра білді. Шымкент территориясында және оның таяу төңіректерінде бірнеше елді мекендер болғаны белгілі. Олардың бірқатары осы күнгі құрылысшылар қолымен қирап та үлгерді. Мәселен, соның бірі – автостанция салынған территорияда қалды. Басқаларын археологтар зерттеуде және оларды өткеннің маңызды мұра ескерткіштері ретінде мемлекет өз қорғауына алды. Соның бірі – Қара төбе елді мекені Шымкенттің фосфор заводына жақын тұста болған.
Орта ғасыр дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстанның ең ірі қаласы Сайрам болғаны мәлім. Оның айналасында бірнеше қалалар мен қалашықтар қалыптасты.
Монғол дәуірінен кейін Шымкент одан әрі өсіп, өркендеп, жоғарыда келтірілген деректерде жазылғандай, бірте – бірте ірі қалаларға айнала берді. Оның қалдықтары Шымкенттің орталығында, қаланың қазіргі келбетіне көмескі көрінісімен өзіндік рең беретін, ескі қаланың қамалы жақсы сақталған. Қамалдың пішіні доға тәрізді иіліп, айналасындағы жер бедерінен 25 метр биікке созып тұр. Төбесіндегі тегіс алаңқайы бойынша есептегенде доға көлемі 30-45м. Бұрыш-бұрыштарынан мұнаралар байқалады, кіреберіс қақпасы оңтүстік беттегі қабырғада. Қамалға жапсарласа шахристан салынған, бірақ қазіргі замандық құрылыстар салынып кеткендіктен оның көлемі шекарасын ажырату қиын. Ескі қаланың қазіргі топографиясын тек қана бөлекше Сібір корпусының тәжімашысы Филипп Назаровтың осы бекініс жөніндегі сипаттамасы арқылы түсінуге болады. Қоқандыққа барар жолында ол бірқатар қалаларға, оның ішінде Шымкентке де сипаттама жазған. Оның айтуынша «Бадам өзені бойындағы биік дөңес басына салынып жорғабақты биік қабырғасымен көмкеріп тұр. Қалаға өзен жағынан бір атпен ғана жүріп өтетіндей тар жолмен кіруден басқа амал жоқ. Су қалаға арналарды толтырады, бірқатарына су-диірмен орнатылған. Үйлері қытайлардікі тәрізді, күйдірілген қыш кірпіштен қаланып, терезесіз салынған, неге екенін қайдам, үй ішіне жарық түсіру үшін барлық жерде есіктері ашық тұрады».
Қамал тұрған жерді қазғанда екі құрылыс сұлбасы ашылды, бірі ХІХ ғасырға, екіншісіХҮІІ-ХҮІІІ ғасырға жатады. Қазба кезінде қыш ыдыстар санаты, оның ішінде ХҮІІІ-ХІХ ғасырға жатқызылуы мүмкін құйма қыш бұйымы табылды.
Осы күнгі Шымкенттің нақ орталығында жатқан ежелгі қала қалдықтарын зерттелуге тиіс деп ойлаймын. Жібек жолымен сапар шегуші туристер өлкенің алыстағы өткенімен дидарлассын деген ниетпен қазылған құрылыстардан алынған қалдықтар консервіленіп, музейлендіріліп қойылды.
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы
Тараз Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі.
ҮІІ ғасырда Тараз Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқаратын ірі қалаға айналады. Осы уақыттан бастап оның атағы кең жайыла бастайды. Ол туралы мағлұматтар жол бағдарламаларында, ежелгі шежірелерде және географиялық шығармаларда бар.
893 жылы, жазбаша деректердің айтуы бойынша, Исмаил Ибн Ахмад Таразға қарсы соғысқа шығып, көптеген қиыншылықтарды басынан кешіреді. Ақырында Тараз әмірі жауға бас иіп, көптеген диханқандарымен бірге Исламды мойындайды.
Макдиси, Хғ. географы, былай деп жазған: «Тараз бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабады бар үлкен бекітілген қала. Медина қақпасының түбінде үлкен өзен аққан, оның арғы жағында қаланың бір бөлігі жатыр, үстінде өткелі бар. Алқалы мешіті базарлардың арасында».
Қазіргі кезде Тараз қалдықтарының үстіне басқа үйлер салынып, оның бұрынғы көрінісін тек ХІХғ. 30-жылдарының басындағы мағлұматтар бойынша елестуге болады. Ол жерде бір кездерде көптеген бөлек-бөлек төбешіктер-ҮІ-ХІІғғ. Жеке қоныс айналары мен ғимарат – сарайларының қалдықтары жатқан. Мысалы, ХІХ ғ. аяқ шенінде жасалған схемалардың біреуінде көне қаланың жалпы территориясында 48 төбешік белгіленген. [23]
ҮІ-ҮІІІғғ. Қабаттары назар аударарлық, олар барлық стратиграфиялық қазбалардан табылған. Олардың қалыңдығы 1,5-2,5м.
Қабаттан алынған керамика әртүрлілігімен және өзгеше сәнділігімен ерекшеленеді. Едендері күйдірілген кірпіштен жасалған ғимарат қалдықтары (кірпіштің өлшемдері – 0,22х0,22х,0,05м), жұмыр тас төсеніштердің қолданылуы құрылыс техникасының өзгергендігін көрсетеді.
Керамиканың екі түрлі тобы табылған: глазурь жалатпаған және глазурь жалатқан. Жалатпағанының ішінде көбінесе қызылжылтыр сапытаяқтар кездеседі. Ал екінші тобында-ақ, мөлдір, жасыл және қоңыр глазурь жалатқан ыдыс. Оюлары өсімдік әуендерінде жасалған өрнектерден құралған.
Тараз моншасы Каср-ал Хайр ал-Гарбидағы таяу шығыс моншасын еске түсіреді. Зерттеушілердің пікірі бойынша, моншалар Орта Азия қалаларында ҮІІІғ. пайда болған, олар Жерорта теңізі алқабынан шығып, Таяу және Орта Шығыс арқылы Орта Азияға жеткенге ұқсайды.
Монша салынатын кезеңге қазбалау кезінде табылған қала жарау-жабдықтарының қалдықтары да жатады. Ең алдымен ол – қаланың сутартқыш жебелері. Ол 12,8м ұзындықта байқалған. Оның құрылыс техникасы зерттеліп, қалпына келтірілді.
Қала территориясындағы қазбалаулармен үй – жайлар және қорғаныс қабырғасын ішінен бір-біріне жапсыра салу принципіне негізделген құрылыс-салымдар ашылған. Олардың сипаттамасы мынандай: «Бірінші бөлме жобасында квадрат тәріздес, өлшемдері 4х3,4м. Солтүстік – шығыс қабырғасы қорғаныс қабырға болып келген. Бөлменің оңтүстік – шығыс қабырғасының ортасына тіркеп биіктігі 0,4м пеш салынған. Оның өлшемдері 0,25 тереңдігі – 0,36. Іші толы ақшыл – қызғылт күл, жағатын ауызы солтүстік жағында. Ошақтың алдында өлшемдері 1х0,9 тікбұрыш формалы, еденнен 8см. тереңделген жазықтық орналасқан. Бөлменің оңтүстік-шығыс қабырғасында, ошақтан оңға қарай, еден деңгейінен 2 қуыс жасалып шығарылған. Олардың биіктігі 20см, ені 15см, тереңдігі 15см. Бөлменің едені тегіс емес, еденнің бетін күйіп кеткен қамыс пен ағаштың қалыңдығы 3см қабаты басып қалған.
1а бөлмесі – коридор, өлшемдері 4х0,9м. Бөлменің едені тегіс емес, саз-балшықпен сыланған.
2а бөлмесі 2-бөлмеден ені 20 см., қысқа қабырғалармен бөлінген. Араларындағы өткелдің ені 1,8м. Оңтүстік-шығыс қабырғасының ортасында өлшемдері 80х25см, тікбұрышты жазықтық түріндегі қуысы жарты шеңбер формалы, қабырғаға тіркеле салынған ошақ табылған. Ошақтың оңтүстік-батыс маңайындағы еденде қыш құмыра табылған. Құмыра соғып жасалған, кең ауызды, тұтқалары бар, өсімдік тәріздес өрнекпен әшекейленген. Қазбалау жұмыстарының нәтижесінде табылған материалдардың көпшілігі керамика. Орындалу техникасы жағынан ол негізінде станокты. Өңдеу тәсілі жағынан оны жалатқан және жалатпаған деп, ал қолдану қажетіне қарай оны ас ішетін, ас пісіретін және зат салатын деп бөлуге болады. Қазан әсіресе көп кездесетін ыдыстың түрі. Бұл топқа үнемі отқа қойылатын ыдыстар біріктірілген. Олардың формасы стандартты, жаншылған шар тәріздес, тұлғасы жалпайтылған, дөңгеленген, кей-кезде түбі қатты жуандалған. Ернеулері тіп-тік немесе сыртқа қарай қайырылған, тұтқалары құйылып жасалған немесе ілгек тәріздес.
Құмыралар күзеші дөңгелегінде және соғып жасалған. Корпус өлшемдері, мойындарының формасы, өрнектер бойынша олардың екі түрі ерекшеленеді. Бірінші түрі – бір тұтқалы, жіңішке мойынды, созыңқы науа тәріздес шүмекті және жұмыртқа тәріздес тұлғалы. Ыдыстың мойындары мен иықтары көбінесе өсімдік әуендерімен безендірілген. Өрнектер тырналып жасалған.
Кейбір ыдыстардың суреттемесіне тоқталайық. Үлкен соғып жасалған құмған, биіктігі 48см-ге жақын, мойнының ұзындығы 18см-дей, түп диаметрі 14см. Қою балшықтан жасалған, түсі қызыл-қоңыр. Тұтқаларында жапсырма түйіншіктері бар, мойнында бірнеше сызықтар, екіден біріккен жеке сызықтар және үшеуден біріккен нүктелерден құрастырылып жасалған сопақ фигуралардың композициясы орналасқан.
Екінші түріне жұмыртқа тәріздес тұлғалы, жіңішке мойынды, бірақ құйылатын шүмегі жоқ ыдыстар жатады. Олардың көлемі ықшамды, биіктігі 30см. Олар жақсы иілген қызғылт-сазқамырдан жасалған. Ыдыстардың сыртқы-әшекейлері-қоңыр ангобтан иықтарына ағылтып жасалған жол.
Төрткөлде табылған керамиканың жартысына жақыны жалатқан ыдыс-аяқтан тұрады. Бұл топтан табылғандардың көбісі аяқ-табақ, тостағандар. Әдетте ангоб үстіне жағу үшін күңгірт те, мөлдір де глазурь қолданылған. Ыдыстардың беті жасыл бояу қосылған мөлдір глазурь мен жағылған – ойылған өрнек және жазулармен безендірілген.
Керамикалық материал Төрткөл қонысының өмір сүрген кезеңінің ХІғ. басы-ХІІІғ. екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Басқа табыстардың ішінде темірден және мыстан жасалған шамалы ұсақ-түйек заттарды атап кету керек: темір тоғалар, шегелер, тұтқалар, садақ ұштары. Мыстан жасалған кішкене құмған аса назар аударарлық. Біржақты формада құйылған, бедерлі, білігінен қысқан жарты сауыт тәріздес алқа. Мұндай алқалар Пенжикентқазбаларында табылған ҮІІІғ-мен даталанған материалдардан белгілі.
Барыстың басы бедерлендіріп салынған кашин ыдыстың қалдығы, сондай-ақ кашиннен жасалған, анық шет елдік, тамаша тостаған табылған. Оның беті мөлдір глазурьмен жағылған және өсімдік әуендері мен геометриялық формалар сипатындағы көркемсуреттермен әшекейленген.
Төрткөлдің стандартты секциялардан құралған салыну жобасы, керуен жолы трассасында орналасуы, шет елдік заттардың табылуы оны Тараздың тура жанында орналасқан керуен-сарайдың қалдығы деп санауға мүмкіндік береді.
Тараз керуен жолдарының түйіскен жері және Талас аңғарының негізгі қаласы болған. Испиджабтан Таразға жүретін жібек жолы Шараб, Будухкет, Тамтадж, Абарджадж және Джувикат арқылы өткен. Соңғысы Тараздан батысқа қарай 2 фарсах кейін орналасқан. Джувикаттың орналасқан жері дәл тауып көрсетілген: ол-ежелгі Тараз қалдықтарынан 17 шақырым шығыстау орналасқан Бектөбе атты көне қала, яғни екі қала аралығы деректерде аталған екі фарсахқа тең болып отыр. [24]
Ол үлкен Бурылтай жотасының оңтүстік баурайында орналасқан. Қаланың Орталық бөлігі жобасында өлшемдері 100х120м., биіктігі 5-7м. болып келген тікбұрыш төбе. Оның жалауында бұрыштары мен периметрі бойында мұнаралары бар қабырға іздері байқалады. Оның солтүстік-батыс бұрышында жобасында сопақ төбе ұсқынды, үсті жазық ішкі қамал қалдығы орналасқан. Оның түп кенересінің өлшемдері 30х20м., ал үстіндегі жазық алаңның өлшемдері – 20х15м.
Орталық қаусырықтарға ұзын қабырғамен қоршалған ауыл шаруашылық аймақ жанасады. Көне қала ҮІ-ХІІ ғасырлармен даталанған, бұл Джувикат қаласының өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді және Бектөбе-Джувикат тепе-теңдігін дәлелдейді.
Алқаптың ірі қалаларының бірі Атлах болған. Ал Максиди оны былай деп сипаттаған: «Атлах-үлкен қала, ауданы жағынан негізгі қалаға жақын, айналасы қабырғамен қоршалған. Үлкен бөлігі бау-бақша, ал рустагінде көбінесе жүзім егісі. Алқалы мешіт мединеде, ал сауда орталығы рабадтың ішінде». Қаланың Тараздан мұндай қашықтығы Қашқарлық Махмұдтың мәліметтерін анықталады.
Атлах Тараздан 12 шақырым оңтүстіктеу жерде орналасқан Жуан-төбе атты ескі қала қалдығымен тепе-теңдестірілген. Соңғы жылдардың археологиялық зерттеулері бұл пікірге дәлел болатын жаңа материалдар берді. Жуан-төбе Талас алқабының ең ірі қала қалдықтарының бірі деп табылған. Ол ҮІ-ХІІғғ. даталанады.
Жалпақ-төбе ескі қала қалдығы жобасында түп-кенересінің өлшемдері 90-95м және биіктігі 3-4м, тік бұрыш болып келген төбе. Шығыс бөлігінде биіктігі 4,5м дейін және диаметрі 30м төбешік түрінде сақталған ішкі қамал орналасқан. Төбе айналасында тереңдігі 0,5м-ге дейін, ені 10м-ге дейін ордың іздері әлі күнге дейін байқалады. Қаланың үлкен қақпасы оңтүстік қабырғаның ортасында орналасқан және екі жағынан екі дөңгелек формалы мұнарамен бекітілген. Қазіргі кезде қалаға кіретін жердің орны сай тәріздес. 1986 жылғы зерттеулер кезінде орталық қаусырықтардан 1-1,5 шақырым жерде қабырға табылған.
Қала территориясындағы қазбалау жұмыстары кезінде ҮІ-ІХғғ. деңгейіндегі үй-жай құрылысының ерекшеліктері анықталған. Ол тұтас құрылыс болған, барлық үй, қора-жай, бөлмелер бір-біріне жалғастырыла салынған. Тұрғын бөлмелерде ашық типті ошақтар мен софылар болған. Софылар қабырғалар бойында орналасқан.
Жалпақ-төбедегі құрылыс комплексін тюргеш тиындары ҮІІ-ІХ ғасырлармен даталайды.
Көне қаланың жоғарғы құрылыс қабаты, жалатпа керамиканың сынақтарына қарағанда, Х-ХІІғғ. жатады.
Қазбалаулар қаланың бекініс құрылымы сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Қабырғалары 4м-ге дейінгі биіктікте сақталған. Олардың түп ені 5м, жоғары қарай жіңішкеленген. Қабырғалардың ең астыңғы қабатында өлшемдері 80х80х60см пахстан жасалған блоктар қойылған, олардың үстіне өлшемдері 35х25х10см шикі кірпіш қаланған. Қабырғалар бұрыштарында дөңгелек мұнаралар орналасқан. Солтүстік қабырғасының бермасы болған – ені 4м, шығыңқы жері. [25]
Тараздан солтүстікке қарай жүретін жолдың ең ыңғайлысы Талас жағалауларымен өткен. Сондықтан Кевакиб жерін, екі қаласымен бірге, Талас аңғарынан іздеу орынды. Тараздан солтүстікке қарай тұрған Орта ғасырлық көне қалалардың ішіндегі ең ірілері Тоймакент пен Оххум.
Тараз бен көне қала қалдықтарының арасындағы қашықтық 50-55 шақырым, ал бұл деректерге сәйкес келеді.
Таразға жақынырақ тұрған Адахкент қаласын Тоймакентпен, ал дех Нуджикесті – Оххум қаласымен, тепе—теңдестіру керек. Бірақ жаңа археологиялық материалдарға негізделген басқа да пікір бар. Адахкент пен Дех Нуджикестің қоныстанылған жері Жамбылдан 30 шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Асса аңғарындағы Қаракемір көне қала қалдығының орнында болуы мүмкін. Аэрофотосуреттер мен көз көрерлік зерттеулердің нәтижелерін үйлестіре талдау Қаракемір-1 және Қаракемір-2 қалдықтарының айналасында бүкіл ауылшаруашылық аймақты қоршап тұрған ұзын қабырға бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сонда бүкіл бұл ерекше Кевакиб жерімен тепе-теңестірілуіне болады, ал сонда қалалар сол жердегі екі қала қалдықтарына сәйкес келеді.
«Кенджак-Сеңгір – Тараздың жанындағы қала»[24],- деп бірінші рет Қашқарлық Махмұд атаған. ХІІІ ғасырда қала Кенджақ атауымен әлі өмір сүрген. Деректердің мәлімдеуінше: «Янгі-ол төрт қала. Олардың әр қайсысының бір-бірінен ара қашықтығы бір фарсах, әр қайсысының өз атауы бар. Біреуі – Янгі, екіншісі-Янгі-Балық, үшіншісі-Кенджак, соңғысы-Тараз». ХҮ ғасырдың бірінші жартысының авторы Арабшахта Испиджабқа төрт күндік жол қашықтығында орналасқан Янгі-Талас қаласы аталған.
1253 жылы Рубрук саяхатының суреттемесінде Кинчат атты қала аталған, ал бұдан Кенждақ атауын оңай тануға болады. Қаратаудан асқан соң Рубрук былай деп жазған: «…Жетінші күні біздің оңтүстік жағымыздан өте биік таулар көріне бастады да, біз бау-бақша сияқты суарылатын жазыққа шығып, өңделген жерлерді таптық. БІз Кинчат атты сары-үйсін қаласына кірдік… Таудан сол жердің бәрін суғарып жатқан үлкен өзен аққан… Ол ешбір теңізге құйылмайды да, жерге сіңіп, шалшық су, батпақтарға айналады екен… Мен Буридің неміс құлдары бар Талас қаласы туралы сұрадым».
Рубруктың суреттемесі бойынша Кинчат Таластың төменгі ағысында орналасқан. Бұл жерде ХІІІ-ХІҮғғ. қабаттары бар екі ескі қала қалдықтары белгілі: біреуі-Шаруашылық /Шарвашылық/, екіншісі – Оххум. Оның көзқарасы бойынша, Кинчатқа Шарвашылық көне қаласы сәйкес, ол Рубруктың келесі күні жеткен қонысы Оххум көне қала қалдығы болған.
Әдебиетте Янгі-Талас және Янгі-Балық атаулары Садыр-Қорған атты ескі қала қалдығына сәйкес келетін бір қалаға жатады деген болжам пікір айтылған. Алайда деректер 4 қала туралы мәлімдейді. Оның ішінде Талас Таразға сәйкес келеді, ал Кенджек-Шарвашылық Янгі-Балық пен Янгіні Орта ғасырлардың соңғы кезеңінің қабаты бар қала қалдықтарымен салыстыру керек. Мұндай ескерткіштерге Садыр-Қорған мен Талас жанындағы Ақтөбе жатады. Кейінгісі осы жерде сақталған ХІҮғ. тамаша архитектуралық ескерткіші «Манас күмбезіне» қарағанда, сол аңғардың жаңа саяси орталығы болған қалаға сәйкес келеді. Бұл Ибн – Арабшахтың Темірдің тұсында наиб дәл осы Янги-Таласта тағайындалатындығы туралы мәліметтерімен үйлеседі. Сонымен, Янги-Талас көрінісіне қарағанда, Ақтөбе көне қала қалдығына, ал Янгі-Балық Садыр-Қорғанға сәйкес.
Тараздың солтүстік-батыс жағында Хатухчин және Берукет қалалары болған. Біріншісі Х ғасырдан белгілі. Армян патшасы Гетумның жол бағдарламасында Берукет Пергант ретінде белгілі. Тараздан шығып, Гетум Хуттухчин, пергантты басып өтеді де, Сүгулханға жүріп кетеді.
Хуттухчин Майтөбе атты ескі қала қалдығының орнында болған, ал Беркент – Тамды атты көне қала қалдығының орнында. Бұлар Тараздан Қартаудың солтүстік баурайындағы қалаларға жүретін ескі керуен жолында орналасқан. Бұл жол Билікөлдің тұсынан өтіп, Сүгұл – хан қоныс тепкен қазіргі Байқадамға қарай созылып жатқан.
Жібек жолы трассасында шығыс бағыттағы келесі қала ретінде деректер Төменгі Барсханды атайды. Ибн Хордадбех пен Құдаманың жол бағдарламалары бойынша Төменгі Барсхан Тараздан 3фарсах жерде орналасқан. Ол туралы былай делінген: «Барсхан – Тараздан шығысқа қарай екі адам дауыс қашықтықтағы қала, оның айналасында қабырға, ол қирап та қалыпты. Алқалы мешіт базарлардың ішінде».
Төменгі Барсхан Талас теміржол станциясы жанындағы Тараз қаусырықтарынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Төрткөл-төбе атты ескі қала қалдығымен тепе-теңдестіріледі. Қала топографиясында ішкі қамал мен шахристан ажыратылады. Көне қаланың жобасындағы түрі екі қабатты, жақтарымен жердің бөлімдеріне бет қойған тік бұрыш төбе. Төбенің түп кенересінің өлшемдері 140х140м., биіктігі 4-5м. Солтүстік-батыс бұрышында ішкі қамал орналасқан. Оның орнындағы төбенің биіктігі 10м., өлшемдері 30х30м. Шахристан барлық жағынан бұрыштары мен периметрі бойында мұнаралардан қалған төбешіктері бар шөккен дуалмен қоршалған. Ішкі қамалмен ұласып жатқан ең биік қабырғасы солтүстік жақта-8м. Шахристан территориясына кіретін жерлері екеу, орнында шығыс пен батыс жақтарында байқалады. Кіретін жерлері екі жағынан мұнаралармен мықталған. Қала қақпалары тұрған жақтарына екі алаң жанасқан – шығыс жағында, өлшемдері 70х70м. Және батыс жағында, өлшемдері 100х100м. Бұл рабад қалдықтары. Алаңдарынан территориясында ойдым жерлердің ізі байқалады – хауздардың қалдықтары.
Қаладан шығыстау жерде бөлек-бөлек төбешік болып қалған құрылыс іздері байқалады. Бұл қаланың ауыл шаруашылық аймағына кіретін жеке қоныс қалдықтары. Үлкен масштабты кварталдың аэрофотосуреттерінің мәнін ашып талдау бізге орталық қаусырықтардың айналасынан олардан 1,5-2км. Қашықтықтағы территорияны қоршап тұрған ұзын қабырғаның қалдықтарын табуға мүмкіндік береді.
Ішкі қамалда жасалған қазбалардың нәтижесінде жобасында тікбұрыш және шаршы болып келген бөлмелер тобы ашылды. Едендеріндегі жер-ошақтар мен олардың жанындағы тас төселген орындар тазартылды. Бөлмелердің бірінде күлгін қырдан жасалған өлшемдері 2,5х3,7 м. кішкене алаң болған. Оның жанында жерге қазып орнатылған биіктігі 1м., тұлғасының диаметрі 70см., хум табылған. Бұл құрылыс шарап жасайтын жердің қалдықтары болып шықты.
Ішкі қамалдың жоғарғы құрылыс қабаты Х-ХІІ ғасырлармен даталанған. Шахристанда жасалған қазбалар ошақтары мен тандырлары бар бірнеше үй-жай қора-қопсы құрылыстарды ашқан. Олар ҮІІІ-ІХ ғасырлармен даталанады.
Пахса қабаттарынан таспа техникасымен жасалған бекініс қабырғасының бір бөлігін тазалай алдық. Қабырғаның түп қалыңдығы 5,5м сақталған биіктігі 5м. [27]
ҚОРЫТЫНДЫ
Жеңіл де шапшаң жүріп тұруға, кең ауқымды байланыстар жасауға дағдыланған ХХ ғасырдың адамдары өткен дәуірлердегі қарым – қатынастарды толық түсіне бермейді, я болмаса болымсыз ғана нәрсе деп қабылдайды. Және де ғасырлар тізбегінің тереңіне қарай жылжыған сайын адамға тән байланыстар да қиындай түсетін сияқты көрінеді.
Дегенмен, бүгіндегі саяхат жасау, сауда қылу, дипломатиялық сапарлар, адамдардың алыс-қиырларға қоныс аударуы сонау көне дәуірлерде жиі болып тұрғаны барған сайын айқындай түсуде. Ертедегі дәуірде, әсіресе орта ғасырларда қоғам дамуына қозғалыс күшті болған, адамдар мәдени байланыстар мен алыс-беріс жасауға ұмтылған. Солардың бір айғағы — «Ұлы Жібек Жолы» болып табылады. Бұл дипломдық жұмыста оның Қазақ даласын, шөлді өлкелері мен тау асуларын басып өтетін бір саласы туралы сөз болды. Онда ең негізгі сауда желілерінің және де шалғайда жатқан аудандарды аса ірі мәдени және экономикалық орталықтармен жалғастырған орасан мол тармақтарының бағыттары жайында әңгімелейді.
Тірлік істеп бар жапанды шарлайды,
Ақыл есін бір құдайға арнайды.
Туардан-батар беттеп кезеді
Тауып сенің тілегіңді келеді.
Дүниенің таңсық қымбат нәрсесі
Көп оларда ей, Ер, биік еңсесі –
деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, олардың бойымен іскер, көпестер жасақтаған керуендер ағылып жатты.
Сан тарау жолдар Сырдария мен Таластың, Арыс пен Ертістің жағасында, тау шатқалдарына кіре берісте, асулар мен өткелдер маңында, таулар мен далаларда қоныс тепкен үлкенді-кішілі қалаларға барып тіреліп жатты. Бұл қалалардың кейбіреулерінің аттары барлық өлкелерге әйгілі болды, олар туралы еңбектерде, сөз болады, аңыздар сыр ақтарады. Олар – Отырар мен Тараз, Түркістан мен Баласағұн, Испиджаб пен Суяб. Өзгелері түгелдей халықаралық сауда-саттық ісіне тәуелді аралық сауда бекеттері ретінде белгілі болды. Далалық өлкелермен шектес аймақта орналасып, шекаралық сауда-саттық байланыстары арқылы байып, гүлденген Сауран немесе Дех Нуджикес сияқты қалалар да болды. Дегенмен қалай болған күнде де қалалардың қай-қайсысы да сан қырлы, алуан үнді және олардың мұндай қасиеттерінде шек жоқ. Олар белгілі бір дәрежеде халықтың қозғаушысы, көптеген оқиғалардың кейіпкері әрі куәгері болып табылады. Кейбір қалалар тұтас дәуірлер мен мемлекеттерден де ұзақ өмір сүрді, жойылып кетіп, қайта жанданды, енді біреулерін соғыстар мен жойқын шабуылдар тып-типыл етіп, жер бетінен жойып жібереді, олардың ізін табу да қиын. «Ең қиын нәрсе — өзің тұратын қала болса да әйтеуір бір қала туралы әңгіме қозғау. Әрдайым өзің қалаған нәрселеріңнің жүзден бірін көре алмайтыныңды сезіп тұрасың. Қалалар – біздің планетамыздағы кішкентай әлемдер, қалалар — әрі сонау көне дәуірлер, әрі бүгінгі өмір, әрі ертеңгі болашақ». [26]
Сонымен қорыта келгенде Ұлы Жібек жолы – Еуразия құрлығындағы сауда, керуен жолдарының жалпы атауы, біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдан ХҮІ ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Чжан Цяньның жасаған саяхаты нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырда ашылды. «Ұлы Жібек жолы» Сианьнан Ланьчжоу арқылы Дунхуанға апарады, бұл жерден жол екі торапқа бөлінеді: солтүстік жол Тұрфан, Қашқар, Самарқан, Ферғана алабын, ал оңтүстік жол Хотан, Жаркент, Балх және Мервті басып өтіп, Памирдің тау жоталары арқылы Үндістанға, сондай-ақ, Таяу Шығысқа апарады. Мервте оңтүстік және солтүстік жолдар қосылып, одан әрі батыстағы «Ұлы Жібек жолы» Ниса, Гекатомпил, Экбатана, Бағдад арқылы Жерорта теңізінің шығыс жағасындағы порттарға, Тир мен Антиохияға дейін созылып жатыр. Қытай жібегі негізгі сауда тауары болды. «Ұлы Жібек жолы» І – ІІ ғасырлар аралығында жақсы дамыды. 97 жылы қытай саяхатшысы Гань Ин Парсы шығанағына дейін, ал македониялық Май Тициан 100 жылы Ланьчжоуға дейін жеткенімен, жол қатынасының қиындығы Қытай мен Рим арасында тікелей байланыс жасауға мүмкіндік бермеді. ҮІІ – Х ғасырларда «Ұлы Жібек жолының» халықаралық маңызы арта түсті. ХҮ ғасырдан Алдыңғы Азия мен Орталық Азия және Қытай халықтары арасында экономикалық және мәдени байланысты дамытуда «Ұлы Жібек жолының» рөлі зор болды. «Ұлы Жібек жолының» ұзындығы 7 мың шақырымнан асты». ХХ ғасырда «Ұлы Жібек жолы» Шығыс пен Батыс халықатарының арасындағы қалыптасқан бейбіт қарым-қатынасты әрі қарай дамытуда маңызды роль атқаруда.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Зуев Ю.А. Китайские сведения о Суябе /Известия АН Каз.ССР.Серия истории, археологии и этнографии. Вып.3,1960г. С.87-89
- Лубо — Лесниченко Е.И. Великий Шелковый путь 372-373
- Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. Соч. Т.П.4.2М 1963г. С.31
- Байпақов К.М. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың орта ғасырдағы қалалық мәдениеті.-Алматы:1986,9-92б.
- Горячев В.Д. Город золотого верблюда. Фрунзе,1988с.62-68
- Байпақов К.М. Ерте Орта ғасырдағы Отырар қаласының кейбір тарихи этнографиялық мәселелері. 1985 68-65б.
- Алтын Орда тарихына жататын материалдардың жинағы, ІІт., М-Л,1941ж. 129б.
- Пищулина К.А. СЫРДАРИЯ өңіріндегі қалалар және олардың қазақ хандықтары тарихындағы маңызы. Алматы,1969, 17б.
- Фазлаллах ибн Рузбихан Исфагани. Михман-наме-йн Бухара. Аудармасы алғысөз және ескертулері Р.П. Джалалилованікі М.,1976, 116б.
- Лерх П.И. Түркістан өлкесіне 1867 жылғы археологиялық сапар. СПб,1870,14,21,31б.
- Бернштам А.Н. Ертедегі тарих және оңтүстік Қазақстан халықтарының шығу проблемалары, ҚазССР ҒА хабарлары, археолог.сериясы, 1950ж. 82б.
- Андрианов Б. Арал өңіріндегі ежелгі суарту жүйесі. М.,1969, 41-б. 10-сурет
- Акишев К.А. Байпақов К.М. Сауранның кариздері. Қаз.ССР. ҒА хабаршысы, 1973, 76-78бб.
- Акишев К.А. Сауранның кяриздері. Қаз.ССР. ҒА хабаршысы, 1973, 76-78бб.
- Балдырев А.Н. Зайнаддин Васифи. 335-б.253-ескерту
Қазақ ССР тарихы. ІІт. Алматы, 1979, 64-68бб.
- Толстов С.П. Оғыз қалалары С.Э., 1947, 58-62бб.
- Зуев Ю.А. Китайские известия о Суябе. ИАН Каз.ССР, сер.ист.археол.и этнограф. Вып.3, 1960г. 91с.
- Волин С.Л.Сведения арабских источников о долине р.Талас и смежных районах. ТИИАЭ АН Каз.ССР. Т.8 1960 с.78-80
- Валин С. Сведения арабских источников. ТИИАЭ, АН. Каз.ССР, Т.8 1960г. с.82
- Валин С. Сведения арабских источников… с.78
- Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Соч. Т.Т. М-Л.: 1963г. с. 518
- Бартольд В.В. К истории о решения Туркестана. Соч.т.Ш.М.1965, с.223
- Ф.Назаров Записики о некоторых народах и землях средней части Азии М.1968г. с.33
- Лаврентьев В. Әулиеата қаласының шеңберінде жатқан төбелердің қысқаша тізімі. Ташкент, 1900ж. 39-45бб.
- Каллаур В.Әулие атадан батысқа қарай Шымкент уезінің шекарасына жүрген ескі Керуен жолындағы Әулие-ата уезінің ежелгі қоныстары. ПТКЛА ІҮ том, 1899, 53б.
- Сенигова Т. Орта ғасырлық Тараз. Алматы, 1972, 71-76бб.
- Волин С.Л. Талас өзені аңғары мен оған жанама алқаптар туралы араб деректерінен мағлұматтар, 84бет.
- Акимжанов С.М. Кыпчаки в историй средневекового Казахстана Алма-Ата,1989
- Баласағұн Ж. Құтты Білік Алматы,1986, 414б.
- Айтматов Ч. Мой Чудо-город «Огонек», 1966, №11
- Агаджанов С.Г., Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІІІ вв. Ашхабад, 1969 с.122-125
- Ежелгі Қазақстан А.Сәрсенбаев «Аруна» баспасы, Алматы,2002
- Қазақстан тарихы ССР, Алма-ата, 1977 Іт. 287-291бб.
- Орбели И.А. Баня и скоморох ХІІв. В кн. Помятники эпохи Руставлли Л.: 1938г. С.159
- Толстов С.П. Оғыз қалалары С.Э.1947 №3, 58-62бб.
- Кляшторный С.Г. Древнетюрские руднические памятники с.164
- ҚазақССр тарихы ІІт. Алматы,1979, 64-68бб.
- Каллаур В. Уәлие атадан батысқа қарай Шымкент уездінің шекарасына жүрген ескі керуен жолындағы Әулиеата уездінің ежелгі қоныстары. ПТКЛА ІҮт. 1899,53б.
- Большаков О.Г. Ислам тыйым салады. Ғылым және дін 1967ж., №7, 41б.
- Мец А. Мұсылмандық қайта өрлеу 129б.