Мазмұны
Кіріспе..…………………………………………………………………………………………………..
1 Консерваторлардың 1979 жылғы сайлаудағы
жеңісі………………………………………………………………………………………………….
1.1 М.Тэтчер және XX ғ. 70-жылдарының аяғындағы консервативтік
партиядағы құрылымдық өзгерістер.………………………………………
1.2 Тэтчеризм — консервативтік идеология мен саясаттың жаңа
Нұсқасы.………………………………………………………………………
2 М.Тэтчер үкіметінің ішкі және сыртқы
саясаты……………………………………………………………………………………………
2.1 Фолкленд соғысы және XX ғ. 80-жылдарының басындағы
конституциялық реформалар..…………………………………………..
2.2 Консерваторлар үкіметінің әлеуметтік-экономикалық
саясаты………………………………………………………………………..
2.3 Ұлыбританияның сыртқы саясаты…………………………………………
Қорытынды..…………………………………………………………………
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі..………………………………
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Британ тарихындағы әйел затынан шыққан саяси қайраткерлердің бірінен саналатын, Маргарет Тэтчер есімі, әлем тарихының жадында мәңгі сақталады. М.Тэтчер дүниедегі ең озық саяси идеологиялардың негізін салушы болып табылады. Ол тарихта «тэтчеризм» деген атпен қалды. Бұл саяси идеология Британияда бірқатар әлеуметтік, экономикалық, саяси құрлыстар барысында реформалар жүргізді. Тарихқа терең үңілер болсақ, Маргарет секілді Британ тарихында терең саяси-әлеуметтік экономикалық реформалар жүргізген әйел затынан шыққан қайраткерлер аз болмаған. Мысалы: Елизавета, Виктория ханшайымдардың есімі тарихта мәңгі ұмытылмастай сақталып қалды. М. Тэтчер де сол есімдердің ішінен өз ерекшелігі, құндылығы бар дара есім болып саналады. М.Тэтчер және «тэтчеризм» атауларына қатысты Ұлыбританияда көптеген түбегейлі бет-бұрыстар жасалынды. Бұл туралы бүгінгі таңда да өз бағасын алып, талқыланып келеді. М.Тэтчердің қолдауымен әлемде көптеген өзгерістер орын алды. Оның Кеңес Одағымен 80-жылдардың ортасында байланыс ұстауының өзі көптеген саяси идеологиялардың алмасуы мен төңкерісіне алып келгенін көре аламыз. Осы мәселелерге қатысты әлем баспасөздерінде және Британияда «Тэтчер факторы», «Тэтчер феномені», «Тэтчер революциясы» деген терминдер қалыптасты. Бұл терминдердің сипаты өте жоғары мәнге ие. Бүгінгі таңда әлем саясаткерлерімен, Британ үкімет органдарының ірі өкілдері М.Тэтчердің жүргізген саяси бағыттарына біржақты қолдау білдірмегенімен, оның іскерлігі мен терең саяси атқарған қызметтерін еріксізден мойындайды. М.Тэтчер партия бойынша, консервативтік партияның өкілі болып табылады. Консерваторлар осы күнге дейін оның есімін толықққанды мақтаныш тұта алады. Оған себеп болар айғақтарды біз өз кезегінде толық, тиянақты талқылаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты. Әлемдік және Ұлыбританияның саяси кеңістігіндегі М.Тэтчердің атқарған саяси қызметтері мен жеке тұлғалық қасиетінің мәнін, портретін аша білу, жұмыстың негізгі мақсатының бірі болмақ. Сондай-ақ М.Тэтчер есімімен тығыз байланысты, саяси- идеологиялық «тэтчеризм» теориясына да жан-жақты кең тоқталып, ол жасаған реформаларға қазіргі таңдағы көзқарастар мен пікірлерге өзіндік пікір білдіре отырып, обьективті тұжырым жасау. Кеңес Одағына қатысты саяси ұстанымдарының мәнін айшықтап, ондағы М.Тэтчердің роліне кең тоқтала кету.
Диплом жұмысының міндеттері. Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
— М.Тэтчер және саяси өмірге қадам басуы;
— Консервативтік партия аясындағы оның атқарған қызметтері мен жаңа бағытын қалыптастыруы;
— М.Тэтчер үкіметінің ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары;
— «Тэтчеризм» идеолгиясының пайда болуы;
— М.Тэтчердің саясаттағы жеке рөлі мен Кеңес Одағына қатысты оның көзқарасы;
— М.Тэтчер кезіндегі Ұлыбританияның саяси-әлеуметтік, экономикалық жалпы сипаты.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ол – мәліметтер базасының түрлі деңгейде болуы еді. Қазіргі таңдағы отандық зерттеушілердің еңбектері мен мақалаларының тақырыбқа байланысты кең қолданыс табуы да, айтарлықтай маңызды болып табылады. Жұмыста ғылыми методологиялық әдістер, өз деңгейінде қолданылған. Маргарет Тэтчердің жеке өмірі мен қызмет саласындағы жетістіктері мен іс-әрекеттерінің, жұмыста обьективті түрде көрінуі, жұмыстың өзіндік идеясы мен мәні бар екендігін білдіреді. Өткен кезеңде жазылған ой-пікірлер мен қазіргі кездегі көзқарастар мен пікірлердің ара-салмағы бойынша салыстырмалылық, аналогиялық тұжырымдар орынды жасалынған.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Жұмыс өзінің территориялық ауқымы бойынша, континентаралық мазмұнға ие бола алады. Еуропа, Солтүстік Америка, Азия құрлықтарының территориялық белгілері анық көрсетіледі. Ал хронологиялық шеңбері М.Тэтчер туылған- 1925 жылдан, премьер-министр қызметінен кеткен- 1991 жылға дейінгі, уақыт аралығы қамтылады.
Жұмыстың тарихнамалық, деректік базасы. Жұмыстың тарихнамалық, деректік базасының құрылымы әр-алуан сипатқа ие. Ол бойынша орыс, ағылшын зерттеушілерінің еңбектеріне негізінен сүйенеді. М.Тэтчердің жеке өмірімен саяси өміріндегі қызметтерін кең тоқталып жазған зерттеушілердің бірі, ол – И.Д.Бирюковтың «Кризис британской импералистической политики (1968-1984)» атты еңбегі 1985 жылы Москвада басылып шықты [1.36]. Бұл еңбек Кеңес Одағы кезінде шықсада өзіндік пікір мен тұжырымдарға ие, еңбек болып табылады. Одан соң, Л.М. Замятиннің «Тэтчеризм» атты еңбегі 1989 жылы жарық көрді [2.67]. К.Огден 1992 жылы Москвада «Женщина у власти» атты монографиясын жарыққа шығарды. Өзінің зерттеулік мәліметтер құндылығымен бұл еңбек аса жоғары бағаланады. 1991 жылы Ресейлік зерттеуші В.И.Попов «Тэтчер: человек и политик» атты еңбегін жазып шықты [3.19]. Сондай-ақ «Современный консерватизм» еңбегі 1992 жылы жарық көрді [4.]. Бұл еңбекте консерваторлар мен М.Тэтчер есіміне кеңінен тоқталады. Бұл еңбектердің көпшілігі М.Тэтчер билігі кезінде және биліктен іле-шала кетісімен жазылған еңбектер болып табылады.
Атап өтер тағы бір нәрсе, зерттеушілердің басым көпшілігі терең саясаткерлер мен тарихшы, журналист ірі мамандар қатарынан саналады. Еңбектер дәлме-дәл, анық анализ бен сыни пікірлерге толы болып жазылған.
Негізгі деректер қоры. Бұл жұмыстағы пайдаланылған негізгі деректер мен материалдар қоры қазақ, орыс зерттеушілерінің жазылған еңбектеріне сүйенеді. Сондай-ақ жұмыста ағылшын тіліндегі әдебиеттерден орыс тіліне аударылған әдебиеттер мен мақалалар көзі де қолданыс тапқан. Отандық зерттеушілерден С. Куттыкадамның «Еще раз о тэтчеризме» атты мақаласы, осы жылы жарық көрді. Онда мақалалар жиынтығы жинақталған. Сонымен қатар К.Огденнің Маргарет Тэтчер. «Женщина у власти» атты еңбегі әлемдік кеңістікте кеңінен танымал болды. Орыс зерттеушілері И.Д. Бирюковтің «Ольстер: кризис британской империалистической политики (1968-1984)» атты еңбегі Маргарет Тэтчердің билік басында тұрған кезінде шығып, обьективті сипатта жазылғанымен құнды болып табылды. Белгілі қазіргі заман тарихы зерттеушісі, бірнеше маңызды еңбектердің авторы Д.Б. Воскобойниковтің «Леди с даунинг-стрит» атымен шыққан еңбегі 1989 жылы КСРО мемлекетінде мәскеу қаласында басылып шықты. Консерваторлардың билікке келуі мен олардың түрлі салада жүргізген реформалары туралы жаңа көзқараста жазылған С.М.Мәшімбаевтің «Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» атты еңбегі отандық құнды еңбектердің қатарынан орын алады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс бірінші кіріспе бөлімі, негізгі тараудан құралады. Кіріспе бөлімінің ішінде де бірнеше бөлімдер бар. Негізгі тарау екі бөлімнен тұрады: 1-тарау- 2 –тараушадан тұрса, 2-тарау- 3-тараушадан құралады. Жұмыстың соңғы құрылымдарын қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі құрайды.
1 Консерваторлардың 1979 жылғы сайлаудағы
жеңісі
1.1 М.Тэтчер және XX ғ. 70-жылдарының аяғындағы консервативтік
партиядағы құрылымдық өзгерістер.
Жұмысымызды бастамас бұрын, тақырыбымыздың басты жұмысы Маргарет Тэтчердің өмірінен аз да болса, мәліметтер беріп кету орынды болады. Маргарет Хилда Робертс 1925 жылы 13- қазанда Ұлыбританияның Линкольншир графтығы, Грэнтема қаласында дүниеге келеді. Жастайынан өжет, пысық, қайсар қыз әкесі Алъфрид Робертстің айтқан ақылы мен кеңестерін бойына сіңіріп өсті. Отбасындағы екі қызды әкесі округтегі ең алдыңғы мектепте оқытады. Маргарет жастайынан-ақ, болашақтағы үлкен өміріне дайындықты қалыптасытырып өсті деуге әбден негіз бар. Маргарет мектеп жасында мектептегі кітапханадан шықпай, ондағы барлық кітаптарды оқумен қатар, түрлі маңызды лекцияларға қатысып, саясаткерлердің айтыстарын тыңдауға әуес болды. Өзінен төрт жас үлкен апасы, Мьюрилден ақыл-ойымен және парасаттылығымен әлдеқайда ересектеу көрінді. Маргареттің әкесінің майда-шүйде сататын, кішігірім азық-түлік дүкені болды [5.123].
Маргарет сол дүкенде де әкесіне қолғабыс тигізуден кеш қалмайтын. Биографтардың айтуы бойынша, Маргаретке тоғыз жасында ол мәнерлеп өлең оқу жарысында бірінші орынды жеңіп алады. Мұғалімі оны құттықтап жатып: «Сенің жолың болды Маргарет» дегенде: «Неге олай дейсіз? Мен жеңіске лайықтымын ғой» деп, жауап бергенін ерекше жазады. Маргарет өте ұқыпты, сөзді тыңдай білетін, білуге деген құмарлығы әрдайым оянып отыратын. Ол кешкісін әкесінің бөлмесіне оның әңгімелерін, саясат жөніндегі пікірлерін тыңдау үшін әдейі түсетін. Оның саясаткер болып туылған, туылмағанын айыру қиын болатын. Тэтчерлердің дүкені 1935 жылы сайлау қарсаңында үлкен консерваторлар, партиясынан ұсынылған кандидаттың штаб-пәтеріне айналады. Сол уақытта он жастағы Маргарет сайлау штабында байланысшы болып қоғамдық жұмысқа тартылып, сайлау учаскелеріндегі күнделікті болып жатқан, жаңалықтарды тасымалдаушы шабарманның қызметін атқарады.
Кейін жаңадан сайланған депутат өз қолдаушыларына алғыс білдіруге келгенде, Маргарет өз қуанышын жасыра алмады. Осыдан соң ол «саясатпен айналысу менің қанымда бар» деген берік ұстанымға келеді. Бұл оның алдағы өміріндегі негізгі шешуші бетбұрыстарға жетелей түсті. Маргареттің орта оқу орнын тәмәмдағаннан кейінгі негізгі жоспары мен мақсаты жоғарғы оқу орнына түсу болатын [5.11]. Университетке түсер алдындағы Кестевен жекеменшік мектебінде оқып жүргенде Маргарет өз құрбыларымен, ашық пікірталасқа шығып, өзін тәжірбиелі саясаткер ретінде көрсете білді. Ол біржағынан актриса да болғысы келді.Әйтсе де оның билік құмарлығы саясат тақтасына алып келді. 1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталар қарсаңында ол 14 жаста, ал соғыс аяқталғанда 20 жаста болатын.
Оның Оксфордтағы Самервилл колледжінде оқуы, саясатқа шындап келуіне жол ашты. Ұлыбританияда Оксфорд және Кембридж колледждерінің бірінде білім алмаған адам саяси билік институттарына барып, билікке араласа алмайтын. Ол университеттердің қалыптасып, Ұлыбританияда негізгі шешуші орынға шыққанына да 700 жылдай уақыт болатын. Ағылшын аристократиясының білім ордалары саналатын осы жоғарға оқу орындары Ұлыбританияға 13 премьер-министр мен барлық үкімет мүшелерінің қатарын даярлап бергеніне, оқу орындары мақтана алатын. Енді Маргарет неге осы жоғарғы оқу орнында оқығысы келді? Деген сұрақ туындайды. Өйткені бұл оқу орны басқаларына қарағанда саясатқа бір табан жақын тұрды. Жастайынан саясаткер болуды армандайтын Маргарет үшін бқл оқу онын бітіру міндет болды. Дәл осы оқу орнында Маргарет өзінің белсенді саяси әрекеттерін бастады. Ол бірден Оксфорд университетінің Консервативті ассоциациясының құрамына кірді [7.210].
Соғыс аяқатлған кезде Маргарет оқуының жарты кезеңін аяқтап қойған болатын. Бірақ оған химиямен айналысқаннан, саясатттану пәнімен айналысып, қызығушылық танытуы анағұрлым жоғары болатын. Осы уақытта Маргарет парламентпен қарым-қатынас білдіруге ынта білдіреді. 1946 жылы ол ассоциацияның төрайымы болып сайланады. Бұл оның саясаттағы карьерасының басталғанын көрсететін. Осы жұмыс барысында ол үш-төрт сағаттан артық ұйықтамайтын. Дипломдық жұмысын қорғар сәтінде, ол жоғары нәтиже көрсетіп, қанағаттанарлық белгімен химия бөлімінің екінші дәрежелі бакалавры болып шықты.
1948 жылы Маргарет Консервативті ассоциацияның жыл сайынғы бітіруші түлектерінің конференциясында төраға болып, өзінің келесі бір ірі қадамын жасады. Оған 1950 жылы алдағы сайлауға Дартвуд округінен парламентке өз кандидатурасын ұсыну туралы ұсыныс келді [8.45]. Бірақ та Маргарет бұл округтегі сайлау нәтижесінде лейбористерден жеңіліп қалды. Өйткені бұл округ ертеден лейбористердің жіті бақылауындағы округ саналатын. Бірақ сонда да бұрынғы сайлауға қатысушыларға қарағанда Маргарет лейбористердің осы сайлауда дауыс алуын үшке қысқартып, парламенттегі олардың үлесінің едәуір азаюына алып келді.
1950 жылғы сайлауда Маргарет Робертс консерваторлар партиясынан ұсынылған ең жас кандидат болып саналды. 1948 жылы маргареттің кандидатурасы парламентке ұсынылған кезде, ол өзінің болашақ жары Денис Тэтчермен танысты.
Ол мықты консерватор болғанымен, саяси амбициясы төмендеу болатын. Олар танысқан кезінде Дениске отыз жас, бір некелі болғанын айта кету керек (айтпақшы оның бұрынғы әйелінің аты да Маргарет болатын). 1951 жылы Маргарет өзінен он жас үлкен Денис Тэтчерге тұрмысқа шықты. Ол осы кезден, күйеуінің фамилясы бойынша Тэтчер болып аталады. Оның Дениске тұрмысқа шығуы олның отбасының күйбең тірлігінен арылып, алаңсыз саясатпен айналысуына жол ашты. Денис қаржы мәселесі орынға қойылған, аристократтық ортадан шыққан болатын. 1953 жылы маргарет егіз бала туды. Оларға жұбайы Марк және Кэрол деген ат қойды. Әрине Маргарет қарапайым әйел болудан қашты. Ол өзінің болашақ юристік білімін алып, босанғанына төрт айдан соң адвокаттық жұмысөқа емтихан тапсыруы керек болды. Ол юристік білімін алып, адвокаттық практикасын жүргізіп жүрді. Ол «консервативті адвокаттар» ұйымында белсенді іс-әрекеттер жүргізді [9.46].
Маргарет салық құқығы бойынша білім алуға шешім қабылдады. Өйткені елдің мемелекеттік қаржысы маргареттің белсенді әрекеттер жасап жүрген жерінде дайындалды. Сондықтан да ол салық саласын жақсы меңгеруге тырысты. Ал салық саясаты Тэтчердің Британияды жүргізген енгізгі қозғаушы бастамаларының бірінен саналатын. 1950 жылдардың соңында Марагарет бүкіл өзінің энеогиясын саясатқа жұмсчауымен ерекшеленеді. Ол сайлауларға қатысып, өзіне лайық округтерді іздеді. Ал ондай сай келетін округтерді табу оңайға соқпайтын [10.92]. 1957 жылы Маргарет Кент графтығы бойынша өзінің партиядағы кандидатурасын ұсынды. Бірақ нәтижесінде екінші орынды иеленді. Сосын басқа графтықтан ұсыныс білдіргенімен дауыс беру қорытындысы тағы да солай болып шықты. Әдеттегідей, бұл жерде консерваторлардың ер адамға деген шовинизмдік мінездемесі үлкен роль ойнады. Өйткені Маргарет бұл кезде, екі баланың анасы болатын.
Консерваторларда бұл уақытқа дейін, әйел затынан партия лидері болмақ, парламентке сайланған әйел шықпағандықтан, маргаретке бұл қағидамен күресу оңайға соқпады. Фиинчли округінен Маргарет сол жылы парламенттік сайлауға қатысты. Оның арман-тілегі 1959 жылы ақырында орындалды. Көп жылға күрестен соң, ол парламенттің мүшесі болып сайланды. 1960 жылдардың бастапқы кезеңдері консерваторлар үшін қолайсыз болды [11.99].
Макмилланның атақ-абыройы 1963 жылы елдің экономикалық жағдайының күрт нашарлауымен, үкіметтегі жанжалдарға қатысты бірден түсті. Макмилланның өзі науқасқа шылдығып, қызметтен кету жөніндегі арызын берді. 1664 жылғы парламенттік сайлаудағы лейбористердің жеңісі алды-ала шешіліп қойғандай еді [12.49]. Бұл солай болды да. Жаңа лейбористік үкіметті Г.Вильсон басқарды. Сайлаудан соң, Тэтчер парламенттік орнында қалып, тұрғын-үй құрылысы жөніндегі министр болып тағайындалды. 1967 жылы Тэтчер министірлер кабинетінің мүшесі болып, осылайша ол осы кабинет құрамындағы бірінші әйел болып саналды.
Маргарет Тэтчер өзінің премьерлік қызметінде Британия тарихында ерекше рекордттар жасайды. Консерваторлардың 13 жылдық билігі кезеңінде (1951-1964) бірінен соң бірі Черчилль, Иден, Макмилан үкіметтері ауысып билік тұтқаларына келіп жатты. Алайда олардың билік кезеңдерін М.Тэтчердің үкімет басында отырған кезімен салыстыруға болмайтын.
Саясат сахнасында Маргарет Тэтчер есімі 80-жылдардың соңында кеңінен танымал бола бастады. Маргарет Тэтчердің консервативтік партиядағы ролі 70-жылдардың басында айтарлықтай өсе түсті. 1970 жылы 18 маусымда Ұлыбританияда парламенттік сайлау өтті. Лейбористерді қолдап 12 миллион сайлаушылар дауыс берді. Парламентке 287 депутат өтті. Консерваторларды 13,1 миллион сайлаушылар қолдап, парламентте 330 депутаттық орын алды. Консерваторлар жаңа үкімет құрып, премьер-министр болып, Э.Хит тағайындалды. Э.Хит халық арасынан шыққан, нақты сөзбен жеткізгенде, қарапайым ортадан шыққан тұңғыш премьер-министр болды [1.212].
Консерваторлар өздерінің «Жарқын болашақ» атты бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама оппозиция және саясаткерлердің қызу талқысынан өтті. Британ экономикасын дағдарыстан шығару үшін, неоконсерватизм идеясын қолданды. Лейбористер кезіндегі, экономиканы мемлекеттік реттеу саясатынан бас тарты. Мемлекет тарапынан бөлінетін көмекті мемлекеттендірілген өнеркәсіптерге азайтты. Кәсіпкерлерге еркін сауда кеңістігі ұсынды. Тред-юнион ұйымдарынан үкіметтің әлеуметтік саясатын қолдауды талап етті. 1970 жылы парламент арқылы «Өндіріске қатысты» заңдарды бекітті. Бұл заң бойынша ереуілге шығуға тыйым салынды. Ереуілге шыққандарды соттауға және айып төлемдерін төлеуге тиісті болды. Кәсіподақ ұйымдары үкіметтің рұқсатынсыз саяси шерулерге шығуға тыйым салынды [13.29]. «Өндіріске қатысты» заңға қарсы кәсіподақ ұйымдары мен жұмысшылардың шерулері кең етек алды. 1970 жылы ереуілдердің көп болуы, 11 миллион жұмыс күнін жоғалтса, 1972 жылы 24 миллион жұмыс күні жоғалды. Өндіріс иелері қарсы жауап ретінде, өздерінің өнеркәсіп орындарына банкрот жариялап, жұмысшыларын жұмыстан шығарды. Ереуілдік қозғалыс жалпы ұлттық ереуілге айналды.
1970 жылы үкімет басында Эдвард Хит бастаған консерваторлардың келуімен Маргарет Тэтчер Білім және ғылым министірі болып тағайындалды. Консерваторлар элиталық мектептер аясының кеңеюін, жекеменшік секторды дамытуды қолға алады. Тэтчер жалпы білім беретін саланы өркендету жөніндегі лейбористік партия тарапынан болған ұсынысты қабылдаттырмай тастады. Бірақ Хит бастаған консерваторлар партиясы елдегі әлеуметтік-экономикалық салаларды көтеру мәселелерінде кәсіподақтармен оңды тіл табыса алмады [5.45]. 1972 жылы қаңтар-ақпан айларында елде жаппай ереуілге шығу құбылыстары орын алды. Бұл ереуілдерде, 280 мың адам қатысты. Ереуілшілердің талабы жалақыны өсіруді талап етті. Ұлыбритания жұмысшылары сол кезде, орта дамыған Еуропа елдерінің жұмысшыларының жалақысымен тең дәрежеде болды. Бұған Ұлыбританиядағы күнкөріс көрсеткішінің ол елдерден жоғары болып табылатынын қоссақ, шын дағдарыстың Ұлыбританияны меңдеп алғаны белгілі еді. Кейбір баспасөз беттері «Ұлыбритания енді Ұлы деген атқа лайық емес, Британия деген сөз, жеткілікті» деп жазды. Бұл ереуілдердің нәтижесінде, теміржолшылардың жалақысы 14-25 %-ға өсті. Ереуілге қарсы үкімет күш көрсету арқылы басуға мәжбүр болды. Үкімет кәсіпкерлері мен кәсіподақ ұйымдарының үш жақты келісімі жыл сайын жалақыға 250 фунт стерлинг көлемінде өсіріп отыруға келісті. Бұл кәсіподақтардың нәтижелі жұмыстарының арқасы болатын [14.85].
Э.Хит үкіметі кезінде, Солтүстік Ирландия мәселесі бұрынғыша шиеленіскен күйінде қалды. Протестанттар мен католиктер арасындағы діни қақтығыстар мен террорлық әрекеттер үдей түсті. Ұлыбритания үкіметі Солтүстік Ирландияға 15 мың әскер күшін төксе де, олардың көшедегі іс-әрекеті ешқандай тоқтамады. Ұсталға адамдарды үкіметоргандары сотсыз, тергеусіз түрмелерге жауып отырды. 1972 жылғы басты оқиға, келісімге негізделіп құрылған, парламенттті (стормантты) жабу туралы қаулы шығарылды. Солтүстік Ирландия тікелей Ұлыбритания үкіметіне бағындырылды. 1973 жылы халықтық референдумда Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамында қалама деген сауал өткізілді [6.123]. Сайлауға католиктер байкот жариялады. Ирландиялық ұлтышылдар бұл бастамаға тікелей түрде қарсы шықты. Протестанттар одақта қалуды қалап, 57,5 % дауыс берді. Сайлаудан кейін, Солтүстік Ирландияда төтенше жағдай жарияланды. Э.Хит үкіметі «Солтүстік Ирландия туралы» және « Терроризмге қарсы күрес » заңдарын қабылдады.
Ұлыбритания билік орындары жағдайды, төтенше шаралар арқылы шеше алмады. Ағылшын әскері католиктерді қуғынға ұшыратты. Елдеқақтығыстар бұқаралық күреске айналып, 1972 жылы 30 желтоқсанда «қанды жексенбі» оқиғасына ұласты. Бұл бір кездердегі патшалық Ресейдегі оқиғаны еске салатын. Ағылшын әскері Лондондерри және дублин қалаларында адамдарға қарсы оқ атты [10.41]. Солтүстік Ирландияда 475 адам өліп, мыңға тарта адам жарақат алды. ИРА толықтай күреске шыққанын білдірді. Солтүстік Ирландия мәселесін шешу үшін, Ұлыбритания мен Ирландия Республикасы арасында Саннигдейл келісіміне қол қойылды. Бұл келісім арқылы, Ирландия Кеңесі консультативтік органы құрылды. Кеңеске Ирландия Республикасынан парламент мүшелері мен Солтүстік Ирландия өкілдері кірді. Протестанттардың қарсылығы барысында келісім екі жақтан да ратификацияланған жоқ. Консерваторлар үкіметі Солтүстік Ирландия мәселесін шеше алмады. Ольстер дағдарысы жалғасты.
Э.Хит кезінде, Ұлыбританияда «Біртұтас ұлт» идеясы кең тарала бастады. Жаңа консерваторлардың тобы үкімет саясатына реформалық өзгерістер арқылы неоконсерватизмді қолдады. Реформа авторлары Г.Джонсон, А.Прост және Р.Боллдар экономиканы радикалды өзгертуге щақырды. Үкіметтің оң қанаттағы мүшелері К.Джозеф пен М.Тэтчерлер де неоконсерватизмді қолдады. Мемелекет қоғамдық қатынастарды табиғи механизмдер арқылы, жеке адамдардың белсенділігін арттыру арқылы жеке кәсіпкерлердің қызметін қолдау, бәсекелестік күресті қолдау арқылы жүргізуді қолдады. Мемелекттік бюджет кірісін және әлдеуметтік басқаруды бақылау мен террорды тежеу құбылыстарын тежеу арқылы тұрақты саясатты қолдады. 1973 жылы денсаулық саласында, реформалар жүргізілуі денсаулық саласындағы кемшіліктердің бетін ашып берді. Барлық денсаулық қызметкерлері жеке қызмет, көмек көрсетуге ауруханаларда емделушілердің орнын көбейту, жеке дәрігерлік көмекпен айналысатын мамандарға қоғамдық денсаулық орындарындағы құралдарды пайдалануға мүмкіндік жасады. Нарықтық экономика кезеңінде жеке меншіктегі дәрігерлік көмек көрсету мен мемлекеттік көмек арасындағы айырмашылықты жойып, ұлттық денсаулық қызмет көрсету жүйесін қалыптастырды [15.67].
Маргарет Тэтчердің басшылығымен білім беру саласында бірқатар реформалар жүргізілді. Ол Ұлыбританияның әлемде озық білім беру артықышылығына ие екендігін алға тарта отырып, оны алға дамыта түсу керектігін айтты. Бұл үрдістердің оңды жалғасуы, Ұлыбританияның әлем алдындағы жан-жақты сипатын қалыптастырады. Білім беру мекемелері жеке меншік білім беру саласы мемелекеттік салаға қарағанда, элитарлық бағытта болуы керек болды [12.89]. Жеке білім беру мемлекеттік білім беруден жоғары болуымен қатар, әр адам өздері анықтауы тиіс болды [36.136]. Мемлекеттік білім беру мен жоғары оқу орындарына бөлініп келген бюджет қысқарды. Сапалы білім беру жүйесіне өту мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды. Студенттердің саны азайды. Маргарет Тэтчер сапалы білімге, экономикадағы сапалы құрылымға, бәсекелестікке бас назар аударатынын, айта кеткен жөн.
Консерваторлық үкімет білім саласында ақылы оқу жүйесін қолдады. Сондай-ақ үкімен «Әділетті бағыт» атты тұрғын үй реформасын жүргізді. Тұрғын үй саясатын нарықтық экономикаға бағыттау болды. Тұрғын үй саясатында мемелекеттік дотациялық көмекті алып тастады. Жер сатып алуға берілетін жеңілдіктерді, жердің бағасын либеризациялады. Жер комиссиясының жұмысын тоқтатты. Тұрғын үй реформасы жеке меншіктің еркін жүргізілуіне жағдай жасады. Муниципалдық тұрғын-үй бағдарламасы тоқтатылды. Бұл бағдарламалар мемлекеттік реттеуден бас тарту саясаты болды. Өнжірістік саласында «денационализациялау» үрдісі жүргізілді. Ірі монополияларға салынатын салық мөлшері азайтылды. Жекешелендіру жүргізілмеді. Э.Хит үкіметі ішкі экономикалық саясатты неоконсерватизм саясаты арқылы жүргізіп, жеке кәсіпкерлердің өндірісінің дамуына қолайлы жағдай жасады. Мемлекеттік реттеу Кейнс теориясынан бас тарта бастады. Кейнс теориясы экономиканы мемлекттің қатаң бақылауға алуын, негіздейтін /16.94/.
70-жылдарда Э.Хит үкіметі ішкі өнеркәсіптің дамуына көп көңіл бөлді. Ішкі өндіріске капитал салу инвестициялық саясат арқылы жүргізілді. 1972 жылы ішкі инвестиция 2,5% өсіп, капитал мөлшері 1%-ға артты. Мемлекеттік бюджет мөлшері өнеркәсіпті дамытуға 50% көлемінде көрсеткішті құрады. 1973 жылы өндірісте өнім өндіру 7 %-дан артты. Инфляция төмендеді. Ұлттық өндіріс өнімдерін шығару біркелкі тұрақтанды. 1973 жылы ОПЕК (мұнай шығарушы елдер ұйымы) мұнайдың 1 баррелінің бағасын 3 доллардан 11,65 долларға өсірді. Ұлыбританияда «мұнай ауруы» кең етек ала бастады. Транспорт саласы мұнай тапшылығын айқын сезіне бастады [5.12]. Шикі мұнай сұранысының 2/3-сін таяу шығыс елдерінен алып отыратын. Ал Таяу Шығыс елдері Ұлыбританияның Таяу Шығыс мәселесінде, Израйльді қолдауын жаратпайтын. 1973-1974 жылдарда Ұлыбританияда энергетикалық дағдарыс басталып, өндіріске қажетті шикі зат көзі жетіспеді. 1973 жылы Ұлыбританияның дүниежүзілік капиталистік елдер арасындағы үлес салмағы 6,6% болып, дамыған капиталистік елдер арасында бесінші орынға түсті. Бұл көрсеткіштердің реті төмендегідей:
1-АҚШ, 2-Жапония, 3-ГФР, 4-Франция, 5-Ұлыбритания болды. Э.Хит үкіметінің негізгі міндеттерінің бірі, Еуропалық Экономикалық Ынтымақ (ЕЭЫ) ұйымына кіру болды. Көп жылдар бойына Францияның «бархат ветосы» кедергі болып келді. 70-жылдарда «Ортақ Еуропа» идеясын қолдауы Ұлыбританияны Еуропаның елдеріне тереңдей кірігуіне жол ашты. 1972 жылы 22 қаңтарда Э.Хит Брюсселде Ұлыбританияның ЕЭЫ-қа қосылуы туралы шартқа қол қойды [7.23]. 1973 жылдың қаңтарында келісім күшіне енді.Ұлыбритания Еуропалық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болып табылды. Бұл ұйымға кіруі Ұлыбританияның сыртқы саясатының бағытындағы маңызды бетбұрыстардың бірі болды. 1972 жылғы журналистерге берген сұхбатында Э.Хит «Еуропалық ұйымға Ұлыбритатнияны кіргізу, менің үкіметімнің маңызды мақсаттарының бірі болатын» деп мәлімдеді.
Британ ғалымдар шоғыры бұл оқиғаға салмақты қарады. Сыртқы саясатта Ұлыбритания Хит үкіметінің кезінде, АҚШ және Солтүстік Алянспен арадағы қарым-қатынасты бұзып алмауға тырысатын. 1972 жылғы Брюссел келісімінде Хит АҚШ-ын да, Солтүстік Алянс ұйымын да ауызға алмады. Бірақ бұл оның саяси рөлдердегі айла-амалдарының бірі болатын. Болмаса сыртқы саясатта АҚШ-ның мүдделері міндетті түрде қарастырылатын. 70-жылдардың ортасынан бастап Ұлыбританияның ЕЭЫ-тағы рөлі айтарлықтай өсті [1.156]. Бұл кезеңде Ұлыбританияда барлық сала бойынша түбегейлі реформалар жасау қажеттілігі туындап тұрған кезең еді. Енді консерваторлардың осы қиын кезеңіндегі жағдайына қысқаша дәйекті тоқтала кетсек. Ұлыбритания бұрын-соңды бұндай экономикалық қиын әсерге душар болмаған еді деп, жазады баспасөз беттеріндe [17.90].
Ұлыбритания соғыс жағдайынан соң екінші дәрежелі державалар қатарына көшіп, оның әлемдік кеңістікттегі өнеркәсібінің үлесі едәуір қысқарды. Бұл жолы екі еседей қысқара түсті. Консервативтік партияының беделі осы ғасыр ішіндегі беделінің одан әрмен түсуіне бұл кезең айырықша әсер етті. 1974 жылғы парламент сайлауында консерваторлар партиясы аз дауыс алғаннан кейін, енді лидерлікке кімді қоямыз деген сұрақ тұрды. Пратия лидері Хит бұрынға премьер-министр Дуглас-Хьюманың жетекшілігімен комиссия құрды. Бұл комиссия сайлаудың мәселелерімен айналысу қажет болды. Комисиясның ұсынған шарттары қатаң болды. Бірақ Хит оған көнуге мәжбүр болды. Атқарылған шараларға сәйкес, сайлауға түсуші, өзінің бәсекелестерінен 15% көп жинау тиіс болды. Маргарет Тэтчер де өз кандидатурасын ұсынды.
Бұл қадам өте өресі де көрінді. Өйткені партия тарихында, партия лидері әйел затынан болмаған болатын. Осы уақытта М.Тэтчердің мына бір сөзін еске алмасқа болмайтын: «менің әйел екенімді ұмытыңыздар» [35.91]. Лидер Хит сайлаушылардан, ұсақ буржуазия мен жастардың қолдауына үміт артты. Оған сондай-ақ ықпалды кабинет иелері мен баспасөз айдарлары да қолдау көрсетті. Осы жерде Тэтчерге қарсы болуышылардың ауқымды компаниясы пайда бола түсті. Ал енді М.Тэтчердің сайлауға түсу барысындағы басты бағдарламаларымен танысуға көңіл бөлсек [18.49]. Ол ең бірінші елді дағдарыстан алып шығу мәселесін ең басты міндеті деп білді. Сондай-ақ инфляцияны төмендетудің шаралары мен экономикалық ысырапшылдық пен қолданыстың мемлекет тарапынан реттеліп отыруының жоғары болуын да көрсету керек.
Сайлаудың нәтижелері Хиттің жақтастыран тығырыққа тіреді. Маргарет Тэтчер сайлаудағы дауыс беруші 276 дауыстан 130 дауыс алса, Хитке-19, Шотландиялық аристократ Фрейзерге- 16 дауыс берілді. Бұл хабарды естіп, Хит бірден қызметтен кету жөніндегі арызын беріп, партия лидерлігінен түсті. Сайлаудан соң. Белгілі болғандай, сайлауға төрт адам ұсыныс беретін болып, олардың ішінен беделдісі У.Уайтлоу саналды. 1975 жылы 11 ақпандағы сайлаудың екінші турындағы нәтижелер М. Тэтчердің толық басымдығымен бітті [19.56]. М.Тэтчерге парламент мүшелерінен 146 дауыс, Уайтлоуға-79 дауыс берілді. Өзінің ең басты бәсекелесінен Тэтчер 67 дауысқа артық жинады. Консерваторлар 1974 жылғы сайлаудағы қатарынан екі жеңілісі оларды 1945 жылғы жағдайға әкеліп тірегендей еді. Партия мүшелерінің саны қысқара түсіп, оған күмәнданушылардың саны арта түсті. Партияда дағдарыс басталған болатын. Осы уақытта партияға жаңа көзқарастағы, іскер, шешімтал, тығырықтан алып шығар бір лидер керек болды. Ол лидер М. Тэтчер болып шықты.
1979 жылдың басына қарай, Ұлыбританияның экономикалық жағдайы нашарлай түскен болатын. Инфляция 20%-дан 7%-ға дейін, қысқарып, баға тағы да 10% өсті. Ағылшындардың әлеуметтік деңгейі күр төмендеп, жалақы уақытылы берілмей, әлеуметтік жағдайы бойынша ортаеуропалық деңгейге жетті. Ұлыбританиядағы өнеркәсіптің жұмыс көрсеткіштері төмендеп, ағылшын өндірістік құралдарының елдегі қолданылуы азайып кетті. Ағылшын өнеркәсібі құлдырады. Англияда үкіметті дағдарыс та басталды. Биліктегі лейбористер, бұған дейін көп дауыс иеленбей келген, оларға либералдар қолдау керсетті. Бірақ либералдар лейбористерден кейін тұрып, тайталаса алмады. Үкіметтің жұмыс атқаруына Шотландия мен Уэльстік парламентарилерде көңіл толмаушылығын білдірді. Оппозицияның лидері бұл жағдайды пайдаланы, бірден қарсы әрекеттерге көшті.
Сайлау күні қарсаңындағы парламенттегі үкіметке сенім бойынша сұрақ мәселесінің атмосферасы сондай қарқынды болып тұрды. Лейбористік партия алға шыға ма деген сұрақ соңғы нәтижеге дейін, белгісіз болды. Билік тұтқасында қалуға лейбористік партяға бір ғана дуыс жетпей қалды. Осылайша олардың үкімет басындағы өкілі қызметтен кетуге мәжбүр болды. Бұндай жағдай Ұлыбританияның кейінгі жарты ғасырында болмаған жағдай орын алды. Жаңа сайлау 1979 жылдың 3 мамырына белгіленді [20.86]. Әрине Тэтчер өз пратиясын билікке әкелуді қалады. Пратияның манифесті, басты көздеген бағдарламасы Тэтчердің өзінің жазуы бойынша ол-елдегі инфляцияны төмендету болды. Ол бойынша Ұлыбританияны өркендету, алға шығару мәселесі де басты орындарда тұрды. Ол бағаның өсуінің бәсеңдейтінін жай айтпай, ол жолға мемелекеттік аппартақа жұмсалатын шығындардың қысқартылуымен жетуге болатынын үндеді. Консерваторлардың сайлау алды бағдарламалары Тэтчердің үндеуі бойынша кәсіпкерлікті дамытудың, жаңғыртудың шараларын атап көрсетті. Бұл бастамалар шағын кәсіпкерлер тарапынан қызу қолдау тапты.
Тағы атап өтер нәрсе, ол ондіріс пен кәсіпкерлік, кәсіподақ саласындағыларға салықтың түрлері бойынша төмендетілуі еді. Бұл дағдарыстағы ел үшін өте тиімді жасалынған жоба болып табылатын. Әсіресе салық бойынша халықтын әлеуметтік жағдаймен аз қамтылған бөліктеріне салықтың біраз түрімен қысқартылуы оң шара болды. Сайлау алдындағы М.Тэтчердің негізгі тезисі ол- мемлекеттің экономикаға минимумдық көрсеткішке дейінгі араласу, кірігуі мен, дамытудың мақсатымен әрбір адам мен компаниялар дербес болуы керек делінді. Осы бойынша консерваторлардың экономикалық жобасы түзілді [21.45].
Сондай-ақ Тэтчер отбасы мәселелері, тұрғын үй бойынша жас отбасы құрушыларға тиімді жеңілдіктермен тұрғын үй берілудің де жобаларын атап көрсетті. Бұл жоба, тұрғын-үй мәселесі қинап жүрген ағылшындарың көпшілігін қуантты деуге негіз бар. Консерваторлардың сайлау алды сенімді іс-шараларына қарамастан сайлаудың соңғы күніне дейін, олардың толық жетістігі айқын бола қоймады. Тэтчердің өзі сайлау күнін, өзінің сайлау округі Финлинде өткізді. Тэтчер 3 мамыр күні көп дауыс жинады. Ол өзінің бұрынға басқа кандидаттарына қарағанда аз айырмашылықпен дауыс алды. Сайлаудың соңғы нәтижелері, консерваторлардың 13 млн. 697 мың адам, лейбористердің-11 млн.532 мың, либералдардың-4 млн адамға дауыс алуымен аяқталды.
Нәтижесінде, мажоритарлы жүйе бойынша, консерваторлар парламенттегі 635 орыннан 339 орын иеленді. Бұндай праламенттік қолдауға арқа сүйеген Тэтчер өзінің көздеген мақсаттарын толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Сонымен Тэтчен өзінің премьер-министірлік резиденциясын Даунинг-стрит, 10 бойынша иемденді. Сол уақытта барлық сала бойынша түбегейлі өзгерістер болатынан алдын-ала айту қиын болатын. Бірақ көптеген британдықтан бұл сайлаудың тегін болмағанын айқын түсінді. Жаңа қызмет бабындағы Тэтчерге күшті министірлер кабинетін құру қажет болды [22.19]. Тэтчер бұл бастамада, өзінің идеясына толық қосылатын, өзіне берілген, сенімділер деуге болатын үкімет мүшелерінен жасақтады. М.Тэтчер бүкіл саясаткерлерді екі топқа бөлді: «біреулері бізден», және «біреулері олардан». Үлкен саясат сезіміне ие ол өз кабинетінің мүшелерін, өзіне берілген, бағдараламаларды атқаруға жанын сала істейтін, адамдарды маңызды орындарға қойып, ал қалғандарын өздеріне ықпал өрісі мен беделін өсіруге көмектесетіндер қатарына жатқызып, құрды.
Қазына канцлері орнына Джефри Хау сайланды. М.Тэтчердің бағалауы бойынша, ол өз ісіне, сенімге ие адам. Қазына бөлімінің бастығы Хаудың бас хатшысы, орынбасары болып Джон Биффен сайланса, өнеркәсіп министірі –Кит Джозеф, сауда министірі- Джон Нотт сайланды. Сондай-ақ үкімет мүшелері қатарына, Маргарет Тэтчердің саяси карерасында маңызды рөлдерге ие бірнеше адамдар кірді. Олар: Леон Бриттен, Нейджел Лоусон, Сессил Паркинсон, Питер Рис. Бұл саясаткердің барлығы да үлкен бизнестің мүддесін қорғаушылар болып табылады. Тэтчердің бірінші кабинетінің 22 министірінің 18 министірі бұрынығ Хиттің администрациясы кезінде қызмет атқарған болып табылатын. Тэтчердің экономикалық саясаттарына олардың көпшілігі жақын жүрмеді. Нәтижесінде Тэтчердің бірінші кабинетінде тек қана тоғыз министр қалды. Олардың ішінен қаншамасы оппозициялық өкілдер қатарына саналатын.
1.2 Тэтчеризм — консервативтік идеология мен саясаттың жаңа
нұсқасы
Тэтчердің бірінші үкіметі экономикалық бағдарламаларды орындауды алдыңғы қатарғы мәселеге қойды. Бұл экономикалық бағдарлама «тэтчеризм» деген атауға ие болды. Ал кейіннен бұл атау түрлене келе, «тэтчерлік революция» деп аталды. Ол Маргарет Тэтчердің өзінің саяси карерасының бастапқы сатыларында үнделген принциптерге негізделді. Ол бойынша: еркін кісіпкерлік, экономикаға үкіметтің минимумдық шамаға дейін араласуы, салықтөлемінің тікелей төмендетілуі, жеке бизнестің дамуының стимулдері, монополияны ликвидациялау мен бәсекелестіктің дамуы шаралары жатқызылды. Осы жерде Тэтчердің мына сөзін кірістіре кету керек секілді: «мен әрбір адамның меншігі болуын қалаймын». Бұдан шығатын қорытынды үкіметтің әрбір адамның мүмкіндігінше бай болуына жағдай жасау мен қолау туғызуы еді. Өмір сүру деңгейін жоғарылату мәселесі, Тэтчердің беделінің артуына жағдай жасады. Еркін кәсіпкерлік, салықтың төменгі шегі, шағын бизнестің өрістеуіне қолдау білдіріліп, ол кеңінен жүргізіле бастады.
Тэтчердің және ол құрған «тэтчеризмнің» басты элементі монетаризм принцптерін ұстану болды. Бұл саясат қаржы саясатын түбегейлі өзгертуден бастау алды. Алайда қаржы саясаты инфляцияның артуына әкеп соқты. Мұның соңы әлеуметтік салаға бөлінетін, мемелекеттік шығындарды азайтып, ұсақ және, шағын бизнеске жеңілдіктер жасауға алып келді. Осының ықпалынан акциясы бар британдықтардың саны үш еседен асты. Акцияны сату табысты молайтып, тауарлық өнімнің өзіндік құны арзандады. Халықтың қарапайым бөлігі қол жетімді пәтерлерге ие бола бастады. Тұрғын-үй мәселесінің оңды шешілуі консерваторлардың жалпы Ұлыбританиядағы қолдаушыларының артуына, сенім білдірушілердің молаюына әкелді. Маргарет Тэтчердің үндеуімен муниципалдық үйлерді тіпті 60 пайыздық көрсеткішке дейін сатып алуға мүмкін болды. Ірі компаниялар жеке меншікке өтіп, халықтық капитализм орнықты. Монетаризмнің экономикалық доктринасы 60-жылдардың басынан бастап, бедел ала бастаған болатын [23.27].
Ол Мильтон Фридманның «Капитализм және еркіндік» атты кітабы шыққан уақыттан шарықтай түсті. Бұл теория бойынша ақша массасының өсуі, оның экономикалық өнімдердің үстінде тұруы барлығы инфляцияның себептері болып табылады. Бұның барлығы саяси біилік орындары реттей алады. Өйткені үкіметттің қолында техникалық мүмкіндік бар. Ол ақша массасының айналымға шығуын қадағалап, оны ізінше азайта алады. Бұл теорияның екінші маңызды жағы ол экономикалық саясат кәсіпкерліктің аясын шектемеуге тиісті,капитализмнің механизміне араласу қажет емес, ол тек өнімдердің азаюына әкеліп соғады. Экономиканы кез-келген жағына реттеуді «еркін нарыққа» қалдыру керек деді.
Тэтчеризм саясаты ең алдымен ел бюджетін қайта құрудан басталды. Бюджет 1979-1980 жылдары Маргарет Тэтчердің ең көп белсенді әрекет еткен жері болып табылады. Ол мемелекеттік бюджет саясатын түбегейлі өзгерістер енгізумен баса айналысты. Бұл сонымен қатар салық саясатына да қатысты еді. Салық саясатында бірқатар оңтайлы екі есеге жуықтай қысқартулар немесе төментетулер жүрді. Мемелекеттің кірісіне түсіп жатқан кірістер өнеркәсіпті жаңарту мен дамытуға жұмсалына алатын. Бірақ бастысы мемелекеттік шығындардың қысқартылуы болатын. Тэтчер «ысырапшыл министірлікке» шығындарды 3.5 млрд фунт стерлингке азайту тапсырмасын қойды. Әрбір ведомствада 10-20% штатттар қызметтері қысқартылды. Бұл тек денсаулықсақтау министірлігі мен қорғаныс саласын ғана қамтымады. Өйткені Ұлыбританияның саяси жағдайы осы екі салаға мұқтаж болатын. Әскери саланы дамытуға бірқатар тиімді өзгерістер енгізілгенін айта кету керек.
Бұл жерде Маргарет Тэтчердің «тэтчеризм» саясатының аясында жүргізіліп жатқан бағдарламалардың көпшілігі саннан сапаға (экстенсивті жағдайдан интенсивті жағдайға көшу) өту деп, қабылдағанымыз жөн. Бағдарлама бойынша 1979 жыл мен 1989 жылдар аралығында азаматтық әскери міндетін атқарушылар саны 732,3 мың адамнан 567,2 мың адамға қысқартылды. Үкіметтің мемелекеттік басқару құрылғысының іскерлігін көтеру мақсатында Тэтчер мемелекеттік аппаараттарда «менеджеризациялау» жүргізді. Сапалы менеджерлердің санын арттыру көзделді. Ол жоба бойынша жеке корпорациялардан және сырт елдерден тәжірбиелі менеджерлерді шақырды. Мәселен қара металлургия, көмір өнеркәсібі саласында модернизация жүргізу барысында американдық миллионер Я.Макгрегор шақырылды.
Жаңа экономикалық қаржы саясаты бойынша инфляцияны бәсеңдету мен жұмыссыздықтың санын арттырмай көзделінді. Бірақ-та екінші қаржы мына міндеттерге құрылды. Мемелекттің қаржы шығындары әлеуметтік сфераға едәуір қысқарып, ал шағын және орта бизнеске жаңа жеңілдіктер жасалынды. Мемелекеттік секторға қарыз 3.5 млрд фунтқа қысқарып, жаңа жанама салықтар енгізілді (бензинге, машина майларына, автомобилдерге, темекі өнімдері мен спиртті сусындарға) [24.75].
Рас Маргарет Тэтчер әлемнің жарты шарын социализм идеялары билеп-төстеп тұрғанда үкімет басына келді. Ағылшын қоғамы «консерваторлар жарқын болашаққа бет алған машинаның бұзылған тежегіші іспетті» дегшен ұрандарды жиі көтеріп жүрді. Өндіріс орындарындағы барлық шарттарды солшыл кәсіподақтар жүргізді. Олар қарызға белшесінен батқан, қайтарымы жоқ, шахталар мен зауыттардың жұмысын тоқтатуға қарсылық білдірді. Тэтчер премьер-министр қызметіне жаңадан кіріскен тұста ереуілдеоге миллиондаған адам шығып, өз наразылықтарын білдіріп жатты. Ол «адам өз қалауы бойынша жұмыс жасауы тиіс әрі еңбегінің ақысын өз еркінше жұмсауға құқылы және өз иелігіне қожа бола білуі керек» деген ұранды қоғамның талқысына алып шықты. Экономикаға модернизация жасау арқылы оның әлсіз буындарына қолдау білдірді. Оның бұл мақсатта үлкен тәжірбиесі болатын. Осы тәжірбие оның саясат кеңістігінде өз-өзіне сенімді іс-әрекеттер жасауына арқау бола білді. Сол кезеңдегі әлем бойынша экономикасы ең озық деген мемелекеттер қатарына Ұлыбританияда жататына.
Бірақ олардың ішіндегі мықтыларын санамалап келгенде Ұлыбритания өзінің жүз жыл бұрынғы экономикалық, әлеуметтік, өндірістік қуатын сақтап қала алмайтын. Бұл кезде Жапонияның, ГФР, АҚШ секілді мемелекеттердің экономикалық даму, өсу көрсеткіштері Ұлыбританиядан әлдеқайда жоғары болатын. Әсіресе соғыстан жеңіліп шыққан ГФР, Жапония елдерінің даму қарқыны таңқалдырарлықтай еді. Ұлыбритания, Франция елдері бұл даму қатпарларынан кейінгі орынды иеленетін. Маргарет Тэтчер сондықтан да Ұлыбританияның экономикалық, әлеуметтік деңгейін көтеру жолында бар күшті жұмылдырды. Ұлыбританияда жалпы дағдарыс ол 1950 жылдардың орта шеніне орын алған болатын.
Бұның себебі мынада болатын. Ұлыбритания 300-400 жыл уақыттан бері отарлы империя болып саналатын. 1947 жылы « Британ інжу-маржаны» немесе «Британ тәжі» аталған Үндістан бөлініп кеткеннен кейін, Британ отарлары жаппай тәуелсіздік ала бастады [19.68]. Шикізат өнімдерін, арзан жұмысшы күшін пайдаланып қалған британдық капиталистерге бұл ауыр тиді. 50-жылдардың ортасынан Ұлыбританияда жиі-жиі экономикалық дағдарыс болып тұрды. Бұл үрдісті реттеуге бірінен кейін, бірі келіп жатқан үкіметтердің мүмкіндіктері жете бермейтін.
Экономика саласына қатаң бір реформалардың керек екендігі сөз жоқ көрініп тұрды. Үкіметтің атқарған шараларының нәтижесінде өмір сүру, құны біршама жоғарылады. Мыңдаған перспективасыз банктер банкротқа ұшырап, өнеркәсіп өндірісі 9% кеміді. Бұл жағдайлардың барлығы жаңа экономикалық жағдайға қабілетсіз, бәсекесіз болғандықтан шығып отыр. Өнеркәсіпке кредиттік пайыздарды пайдаланып немесе үкіметтің көмегінсіз дамуға тура келді [25.59. Ең бастысы жұмысссыздар санының өсуі еді. Бір жағынан жеке бизнестердің алға жылжуы қосымша жұмыс көздерін ашты. Бір жағынан үлкен өнеркәсіп орындарын жаңа технологиялармен игеру жұмысшы күштеріне мұқаждықты тудырмауға итермеледі. Айта керу керек, Тэтчерлік саясат жұмыссыздардың өсуінің заңдылыққа сиымды көрінісін көосетіп берді. Ұлыбританияда сол уақытта көртеген өзгерістер жүріп жатты. Барлық салалардағы дамулар мен кері кетулер тең шамада (баланссивті) жағдайда өрбіді. Ұлыбританияның экономикасы мен түрлі өнеркәсіптік секторлары жаңа тенденцияға бірден бейімделіп кетуге, дайын болмай шықты.
Сондықтан шешімін табуы қиын біраз мәселелер туындады. Үкімет басшысы Тэтчер өзінің сөйлеген сөзінде, реформалар бірінші кезеңде күткен нәтижелерді бермейді, жұмыссыздардың өсуі ол қашып құтыла алмайтын құбылыс, деп атап өтті. Ол реформалардың бірінші кезеңінің жүру барысын дәрімен салыстырып, ол бойынша дәрі қабылданғаннан соң барып қана, соңында жазыла бастайтыны сияқты реформаларда соңында береді нәтижені, деді. Бірақ-та консерваторлардың билікке келгеніне бес жыл өткен соң, жұмыссыздық көрсеткіші Ұлыбританияда рекордты көрсеткішке, 3 млн адамға көтерілді. Монетарлы саясатқа үлкен үміт артылды, Тэтчер үкіметі 1982 жылдан бастап экономикалық қатаңдықтың бағытын ауыстырып, жұмсартуға мәжбүр болды.Одан басқа Тэтчер және «тэтчеризм» саясаты мемелекеттік шығындарды қысқартудың шегіне жете алмады. Шығындар кейінгі кезеңдері экономиканың дамуы бойынша, қысқартыла бастады, бірақ айтарлықтай болмады [26.39].
Британдық қоғамда әлеуметтік бөліну пайда болды. Жұмыссыздардың өсуі, кедейлену үрдістері бұл үрдістерге қарсы үкіметтің нәтижесіз шаралары британ қоғамында «екі ұлттың»- дүниесі бар және дүниесі жоқ деген екі бөлікке бөлінуіне әкеліп соқты. Тэтчер үкіметінің айналасында сындардың ащы сындары айналып жүрді. Үкіметтің саясатына қарсы кәсіподақтар-бірден Тэтчердің қызметтен кетуін талап етумен қарсы шыға бастады. Лейбористер үкіметтің ісіне көңіл толмаушылықпен резолюция енгізбекке әрекет еткенімен, оны консерваторлар тоқтата алды. Ұлыбританиядағы қиын жағдайға қарамастан, Тэтчерлік реформаның бірінші кезеңі, өздері таңдаған реформаның нақтылығы мен алдағы уақыттағы шешімін таба алатындығын көрсетіп берді. Бұған қарамастан Тэтчер үкіметінің алдағы тағдыры егер 1982 жылға сыртқы саяси жағдай болмағанда қалай өрбитінін болжап болмайтын еді.
2 М. Тэтчер үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты
2.1 Фолкленд соғысы және XX ғ. 80-жылдарының басындағы
конституциялық реформалар
Маргарет Тэтчер үкіметінің сыртқы және ішкі саясатындағы саяси қадамдар ол- әлсіреп қалған Британ ықпалының әлемдік кеңістікте, қайта қалыптастыру жолындағы саясаттары еді. Бұл мәселелерді, Фолкленд соғысынан көруге болатын. Маргарет Тэтчер осы соғыс қарсаңындағы бір сөзінде былай деген еді: «Біз соғысуға тиістіміз» [8.26]. Бұл сөздің түбірінде үлкен саяси мән, жатқанын ұғына білу керек. 1982 жылы 2 сәуірде Аргентина өз әскерлерін Фолкленд ( Мальвин) аралына түсірді. Бұл ашық соғыс жағдайына көшті дегенді білдіретін. Фолкленд аралдары Аргентинаға таяу орналасқан, Ұлыбритания мен Аргентина арасындағы даулы, геосаяси мәселелердің қызу орын алған жері болып, табылатын. Екі жарым мың жауынгерден тұратын Аргентина әскерлері арал астанасы Порт-Стэнли қаласына басып кіріп, онда өз жалауларын тікті.
Бұл мәселеде, Британ үкіметі бұл қарсылықты қабылдамайтындарын, және Аргентинамен арадағы саяси байланыстың үзілгенін мәлімдеді. Енді, бұл аралға қатысты тереңдеу тарихи мәліметтерге тоқтала кетсек. 1833 жылға дейін, бұл аралдар шоғыры Аргентинаға жататын, содан кейін, оны Британия отарлап алған болатын. Аралдардың территориясы 12 мың км квадрат болса, онда 1800 адам өмір сүріп жатты. Ол аралдың адамдарының негізгі күнкөрісі мал өсірумен айналысу болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл аралдардың отарлық статусын таныитынын мәлімдеп, бұл мәселелерді келісім арқылы шешеу жолдарын ұсынды.
Бұл жөніндегі келісімдерде, консервативті үкімет бұл арлдардың суверинететтігі жөнінде жоспар құрып, келесі келісімдер бойынша Аргентинаға беріп, одан Британияға арендаға өткізуін талап ету керек, деген ұсыныс білдірді. Бірақ Тэтчердің өзі Аргентинаға беру жөніндегі ұсынысқа қарсы шығып, тіпті келісім жүргізу жөніндегі пікірде де болмады. Тэтчер үкіметінің бұл мәселе аясындағы бірінші әрекеттері Аргентинаға шығатын экспорт және импорт өнімдеріне шек қойып, Аргентинаның Ұлыбританиядағы 1.4 млрд доллар активтерін бақылауға алды. Белгілі болғандай, Аргентинаның аралға қатысты жоспарларының Ұлыбританияға кездейсоқ тигендігі мәлім болды. Оның үстіне 19 наурызда Аргентина Оңтүстік Георгия аралына 40 адамнан тұратын «металсынығын жинаушылар» отрядын түсірді. Олар тасталынып кеткен, кит аулау базасын жөндеуге әрекет етпек болды. Кейіннен мәлім болғандай бұл киімдерін ауыстырып алған, аргентиналық кәсіби жауынгерлер болып шықты. Ұлыбритания Буэнос-Айреске бұл жауынгерлердің іс-әрекеттерін шешім бойынше іс атқаруын немесе кері шақырып алуын ұсынды. Бірақ Аргентина мұны, мақұлдамай тастады. Аргентина жауынгерлерінің аралға түспес бұрын бір ай бұрын, Буэнос-Айрестегі британдық елші Лондонға аралға қатысты Аргентинаның әрекеттері жөнінде хабар берген болатын. Бірақ Ұлыбритания үкіметі бұған құлақ асқа жоқ. Наурыздың аяғына дейін, Ұлыбритания бұл мәселені талқыламаған еді [27.16].
Әрине Тэтчер Буэнос-Айрестің әрекеттерін түбіне жете бағалай алмады. Бірқатар саясаткерлер, оның ішінде британдық саясатттанушылар бұл мәселеде, АҚШ демеуімен Аргентинаның саяси қадамдарға барғанына пікір білдіреді. АҚШ Аргентинаға аралға әскер түсірген кезінде қолдау көрсетеміз деген желеу берді деген де пікірлер бар. Өзінің бірінші жылдарындағы сенімдерді ақтамиаған тэтчеризм саясаты егерде бұл жағдайда ұтылыс тапөқан жағдайда, олар мүлдем сенімнен айырылған болар ма ед. Оның үстіне елдегі үдей түскен дағдарыс та консерваторлардың беделін түсіре түскен болатын. Бұндай жағдайды пайдаланып қалуға тырысатын, лейбористер мен либералдар оппозициялық позицияда белсенді әрекеттерге көшті. Тэтчердің өзі бұл жағдайда қалай әрекет еті керек екендігін айқыне түсінді. Оған енді тек жеңу керек еді. Бұл соғысты Ұлыбритания пайдасына шешуі оның алдағы карерасының, абыройының өсуіне септігін тигізетін. Кабинеттің жиналысы өткенде, ол шешімтао кейіп танытып, «джентльмендер бізсоғысуға тиіспіз» деді.Әобір кабинет мүшелері бұл мәселеде өз пікірлерін анық білдіруі керек болды. Бірақ ешкім қарсылық білмей, бар жауапкершілікті тек Тэтчер емес, бүкіл кабинет мүшелері жауапты болып табылды. Сонымен қатар ағылшын баспасздері бұл соғысты «тэтчерлік соғыс» деп атап жүрсе, бұл жерде бірдеңе деп, наразылық білдіру қиынға соғатын. Шешім премьер-министірдің авторитарлы шешімі нәтижесінде қабылданды. Әскерлерді жабдықтау мен дайындау жөніндегі бұйрық парламенттің құзыретімен бекітілді. Гибралтар бұғазында жаттығу жүргізіп жатқан бір британ флотилясы Фолкленд аралына бағыт алу жөніндегі бұйрық алды. Флотиля командирінің дәлелдеуі бойынша, сол уақытта кеме бортында аралдың картасы да болмаған екен. Портсмут протынан оркестірдің демеуімен, екі авиа тасушы кеме «Инвинсбил» және «Гермес» аттанды. Атлант мұхитында ол флотқа жиырма әскери кемелер келіп қосылды. Олардың алдында арал бағытында төрт атомды сүңгуір қайығы жүзіп бара жатты. Ұлыбритания толық әскери жағдайға көшті. Әлем назары Фолкленд мәселесіне қадалды.
Сондай-ақ Аргентина да аралдарда өз әскери қорғанысын нығайтып жатты. Леопольдо Фортунато Гальтери ( Аргентина президенті) 80 мың адамды мобилизациялық әскери шақыртуға бұйрық берді. Тікелей түрде, аралға 10 мың офицерлер мен жауынгерлер аттандырылды. Британия әскерлері әскери-теңіз күштері бойынша, он жеті әскер икеме, 130 мың тұрақты әскер мен 20 мың адамдық әскери—әуе күштері дайын тұрды. Тэтчер бірден құрылған әскери комитетті басқаруды өз қолына алды. Ұлыбритания Фолкльен аралының 20 миль қашықтық бойынша жабық зона деп жариялады. Қорғаныс министірі Джон Нотт кез-келген бұл зонадағы кемелер шабуыл деп қабылданатынын ескертті. 1982 жылдың 25 сәуірінде британдық флот десанттары аралға кеоіп түсті. Екінші майда Фолкленд аралынан 200 миль тыс қашықтықта тұрған аргентиналық корабль «Белграно» британ атомды сүңгуір қайығы «Конвейер» нысанасында атқыланды. Онда 368 адам қаза тапты. Бұл оқиға әлемді тітіркентті. Ол ешқандай әскери пікірмен түсіндірмеді. Крейсер Британ флотына тікелей емес қауіп-қатер төндірген болатын. Оның бағытында әскери шабуыл жасау міндеті болмаған болатын. Ол тіпті Фолкленд аралына бағыт алмағаны жөнінде айғақтар бар. Тэтчердің мәлімет беруі бойынша ол британ флоты үшін қауіп төндірді делінді. «Белграно» корабльінің батырылуы, британ-аргентиналық қайшылықты ушықтыра түсті.
Екі күн өткен соң, француздық өндірістегі «Эгзосе» ракетасы «Супер-Этандар» бомбалаушы ұшағымен ағылшын әскери «Шеффилъд» кемесіне тиіп, 270 адамнан 22 адам қаза тапты. Соншалықты саяси жағдайлардың бағыт алуы, «Белграно» кемесі батырылғаннан кейін, көптеген еуропалық мемелекеттер Аргентинамен сауда әріптестік қарым-қатынасын үзді. Беделді халықаралық ұйымдар Ұлыбританияның мүддесі тұрғысынан қолдау білдірді. Бұдан кейін, жағдай бір үкіметтік талқылаудан шықты. Ирландаия мемлекеті БҰҰ-на бұл мәселені реттеу жөніндегі арақатынасқа түсуге шақырды. БҰҰ бас хатшысы Перес де Куэльярдің басшылығымен саясаткерлер бұл мәселенің шешімін табуға әрекеттеніп көргенімен, бірақ бірде бір мемелекет, жол беруге ниет танытпады.
Тэтчер жан-жақты әскери қимылдарға көшу жөніндегі бұйрық берді. 21 мамырдан соң, теңізден берілген артиллериялықсоққыдан соң, ағылшын десанттары Фолкленд аралына түсті. Әскери қимылдар 15 маусымда бітті. Порт-Стэнли қаласында, капитуляция жөніндегі британ жалауы орнағаннан кейін, Тэтчер Даунинг-стритке шықты: «Бүгін Британия-тағы да Ұлыбритания. Бұл бізге істелген ұлы ақталу» [18.35].
Тэтчердің сыртқы саясаттағы саясаты оның ел ішіндегі беделін айтарлықтай бекітті. Бұл жағдайлар оның саясатының, оған деген саясаттанушылар мен оппозицияның ұстанымын екі жарым ай ішінде өзгертті. Консервативті партияның оппозициясы ақырына жетті. Маргарет Тэтчердің атағы өсті. Егер 1982 жылдың қысындағы Тэтчерге қатысты, сауалнамалар 24% құраса, 1982 жылы маусымда ол-45,5% өсу қарқынын көрсетті [18.36]. 1983 жылдың көктеміндегі консерваторлардың ықпалының өсуін ескергенде, парламенттегі кезектен тыс сайлау жөніндегі шешім қабылданды. Әйтсе де тэтчер үкіметіне сындар айтылып, оның қызметтен кетуін талап етушілер де болып жатты. Бірақ Аргентинамен арадағы соғыс, оның беделінің артуына себепші болды. Аргентинамен арадағы соғыс, Британ үкіметі тарапынанболған, әділетсізсоғыстардың қатарына жатады. Осы күнге дейін, Аргентинада бұл мәселе қызу талқы үстінде. 2004 жылы жаңадан сайланған Аргентина президенті бұл мәселенің әлі де қозғалатынын мәлім еткен болатын. Осы жерде айта кетер нәрсе, беделді, ірі халықаралық ұйымдардың бұл мәселеге келгенде, үнсіз қалуы еді. 70-жылдардың басынан Ұлыбританияның ЕЭЫ-қа мүше болуы, ұйым аясында Ұлыбританияның маңызды орынға ие болуы бұл соғыста, Еуропа елдерінің Ұлыбритания мүддесі тарапынан қолдауына жол ашты. Ұлыбритания Аргентинамен салыстырғанда әлемдік державалар қатарын жатады. Сондықтан да Аргентинаның мүддесі өз орнын таппай келеді. Сыртқы саясаттағы оның жетістігі халықарасында қайтадан сенім орнатты. Фолкленд соғысы Маргарет Тэтчерді әлемдік саясаткерлер қатарына қосты [28.39].
Тэтчер әлемдік қауымдастықта өз беделін орнықтырса да, халықтың оған деген наразылығы уақыт өте келе күшейе түсті. Үкімет саясаттағы әлеуметтік жауапкершілікті ескерусіз ысырып тастады. Оның әсері қоғамның әлеуметтік қорғансыз топтары тарапынан, консерваторларға қарсы наразылық туындады. Фолкленд соғысы қарсаңында көптеген ағылшындар және жорамалдаушы саясаттанушылар Маргарет Тэтчердің алдағы сайлауда жеңілетініне сенімді болды. Енді соғыстан кейін, оның премьерлік орнында қалуы жүзпайздық көрсеткішке ие болды. Британия аталып жүрген елді бұрынғы отарлық империя қалпына жеткізуші ретінде бағаланып жүрді. Британия енді Ұлыбритания атына толық жетті деген пікірлер қалыптаса бастады. Ұлыбритания «Британ ынтымақтастығы» аясында Африка, Азия континенттерінде маңызды ықпал өрісін кеңейте бастады. Үндістан мен Пакистан мәселесі бірақ, ушығулы күйінде қалды. Ұлыбритания Кашмирдаулы мәселесіне келгенде салқын қандылық танытты.
Ағылшындардың пікірі бірақ басқаша болатын. Оның саясатына қатысты «ұатты қол» деген ұғым қалыптасты. Оның экономика саласындағы саясатына сенім білдірді. Парламенттегі кезектентыс сайлау мерзімі 1983 жылдың 9 маусымына белгіленді. Консерваторлардың беделінің айтарлықтай өсуіне қарамастан, бірқатар саясаттанушылар бұл сайлаудан сюрприздер де күтті. Барлығы ақырындап келгенде, партиялардың сайлау алды сайлауына қатысты болды.
Консерваторлардың сайлау алды манифесті ретінде, инфляцияны төмендету болды. Ол бойынша консерваторлардың бағдарламасы бюұрынғы бағытпен жалғасытыны, салықтардың төмендетілуі, мемлекеттік шығындардың үстінен қойылатын мемлекеттік бақылаудың, бірқатар өнеркәсіп орындарының орталықтандыруы жөніндегі жобалардың жалғасатыны мәлімденді. Тэтчердің сырқы саясаттағы саясибағыттарына қатысты, лейбористерпратиясы Тэтчер саясатының ядролық қарулануына қарсы сынмен шықты. Қандай партия жақсы лидерге ие деген 1979 жылғы сауалнамада консерваторлар 35% дауыс иеленсе, 1983 жылғы сауалнамада 55% дауыс көрсеткішін иеленді. Бұл олардың саясатына сыртқы саысаттың айтарлықтай ықпал еткенін көрсетеді.
Дауысберудің нәтижесіс өзссіз бағдарламаланып қойылған болатын. Отыздан жеке миллиондаған сайлаушылардан консерваторлар- 13 дауыс, лейбористер- 11 дауысқа ие болды. Дауыс берудің көрсеткіштері нәтижесінде, консерваторлар 60% орынға парламентте ие болды.Енді олар парламентте көпшілік дауыс бойынша саны, 144 дауысты құрады. Сайлауда жеңіске жете отырып, Тэтчер өз позициясын нығайту мақсатында үкімет қатарында бірқатар қайта құрылымдар жасауға шешім қабылдады. Анағұрлым маңызды мәселе ол- қаржы министірінің орнын кім иеленеді деген сұрақ еді. Алдағы экономикалық құрылымдарды реттеудің қиын екенін аңдаған Маргарет Тэтчер қазына канцлері етіп, өте сенімді, ұқыпты адам Н. Лоусонды тағайындады. Н. Лоусон жауапкершілігі аса қиын орынға отырды. Премьер-министірдің өзі секілді олда Оксфорд университетінде оқыған, Тэтчер оны іскер студенттердің қатарынан көретін. Сауда және өнеркәсіп министірі болып, мықты саясаткерлердің бірі С. Паркинсонды тағайындады. Бұл Тэтчердің ескі әріптесі, оған деген шыншыл көзқарасымен дараланып тұратын.
Тэтчер кабинетінің құрылымын айта келіп оның қорытындысын шығарсақ: оған үші жаңа министірлер кірді, он министр үкіметтегі басқа қызметтерді иеленді. Ал жалпы үкіметте 60 жуық ауыс-түйістер орын алды. Нәтижесінде бұл өзгерістер Тэтчер үкіметінде Тэтчердің 1979 жылдан армандаған «сенімді іскерлер үкіметі» деген атауға ие болды.
Бірақ та премьердің алдындағы бір кедергілік тудырға мәселе кәсіподақтардың іс-әрекеттері еді. Тред-юниондардың Ұлыбританиядағы ықпалы соңғы он жыл ішінде өте күшті болатын. 1970 жылдардағы премьер-министр Хит елді үкімет емес, кәсіподақтар басқаратынын таныған болатын. Жұмысшылардың әлеуметтік, әл-ахуалын көтеру жөніндегі бастамаларда, перемьердің жолына еңбек ұйымдары қарсылықбілдірген жоқ, оның экономиканы дағдарыстан алып шығу жолындағы бағдарламаларына да кедергі келтірді. Тэтчердің басты бағдарламаларында инфляцияны төмендету жолындағы жоспарында, кәсіподақтардың іскерлігіне арқа сүйеу көзделді. Өзінің екінші премьерлік кезеңінде, Тэтчер кәсіподақтармен күресуге жаңа күшпен кірісті.
1984 жылы кәсіподақтар туралы заң қабылданды. Бұл заң алдын-ала құпия түрде еңбекшілердің жасырын ереуілдері жөнінде, кәсіподақтардың қорларын шектеу жөнінде және бірнеше қатаң шаралар қарастырылды бұл заңда. Осы жылы Англия тарихындағы 1926 жылдан кейінгі көмірқазушылардың ең үлкен ереуілі болып өтті. Бұл үкіметтің билік басына келгеннен бергі, ең қиын жағдайға тап болуы еді. 1984 жылы «Көмір өнеркәсібінің ұлттық басқармасы» рентабельсіз шахталардың бірқатарын жабу жөніндегі жоспарын жариялады.
Осы жоспарға орай 1984-85 жылдары соңғы жарты ғасырдағы Еуропадағы ең ірі ереуілдер болып өтті. Олар өз еңбек құқықтарының қалпына келтірілуін, заңға сиымды түрде болуын талап етті. Бұл Тэтчер үкіметінің сыналар кезеңі болып табылатын. Тэтчердің кәсіподақтармен күресудегі тактикасы ойға сиымды болатын. Премьер-министрдің тұжырымынша ереуілге біріншіден шахташылар тиянақты дайындалуы керек, бұл бастамалар экономиканың үрдісіне нәтижелі соққы бере алмаса, екіншіден ол қоғамнан оқшаулануға алып келуі мүмкін еді.
Үкіметтің бірінші міндеттеріне орай, Тэтчер үкіметі уақыт талабына сай бірқатар шараларды қолданды. Кабинеттің мүшелері, ереуілдің бір айға созылмайтынын, сондықтан электростацияларда жұмыс атқаруға қажетті бесінші айға жететін қосымша көлемі- 20 млн тонна құрайтын көмір қорын құрды. Олар сондай-ақ сұйық жылу орындары үшін де даярланды. Оның үстіне сыйымдылықтары жоғары ыдыстар даяралынып, олар керек жағдайда импортқа жұмсалуға әзіртұрды. Үкімет оларды тасымалдау үшін, жеке жүк машиналарымен келісім жасасты [11.58]. Тэтчер кәсіподақтардың лидерлері мен оның түрлі мүшелеріне ғана қарсылық аспектісінжасағанжоқ, оның кәсіпкерлерінің өзіне де қарсы позиция құрды. ның шағымының мәні келесідегідей құрылды: көмір өнеркәсібін басқару құрылғысына менеджерлер әсеретуге ұмтылуда, интенсивті және пайда түсіретін еңбекке жасалуда, ал әсіресе кәсіподақтардың лидерлері болса, шахтаның шығынын салық төлеушілердің есібінен сақтауды қалайды.
1984 жылдың 1 наурызында Ұлттық көмір өнеркісібін басқару басқармасы Оңтүстік Йоркширдегі-Кортонвунд шахтасының жабылғаны жөніндегі мәлімдемені жария етті. Кортонвудттағы Ұлттық кәсіподақтың шахташылары Йоркширдің бүкіл жерінде наразылықшерулерін өткізді. Елдегі шахташылардыңжалпы саны-195 мың адамды құраса, ереуілдерге олардың150 мың адамы қатысты. Осыдан-ақ бұлнаразылық, ереуілдердің тегін еместігіне көзжеткізуге болады. Жаңа шешімдер қабылдауды қажететті. Белгілі бір уақытқа дейін, ереуілдердің барысына тікелей емес, араласпаған Тэтчер маусымда кәсіпкерлерді шақыра отырып, ереуілге қарсы заң қабылдау аясында қайшылықты шешу үшін, кәсіпкерлерді пайдаланбақ болды. Күзге дейін, күте отырып, үкімет шахташыларға қарсы шығуға шықты.
1984 жылдың қыркүйек айында Британияның Жоғарғы соты наразылықтар мен ереуілдердің заңсызекендігі жөніндегі заңды мәлім етті. Олбойынша ол үрдістер қаншалықты кәсіподақтардың атқарушы комитеттерімен шешілген болса да, кәсіподақтардың барлық мүшелерінің дауыс беруімен заңға сиымсыз деп табылды. Скаргиллу шахташыларының кәсіподағының лидеріне ойлануға бес күн берілді. Таптық күрестердің жақтаушылары өз дегендеріне жетті. Ақырында лидер 1 мың фунтқа айыпты деп, тағылып, Ұлттық шахташылар кәсіподақтары 200 мың фунтқа айып тағылды [16.49]. 1984-1985жылдардың қысында ереуілдер саябырсыды. 1985 жылдың бесінші наурызында Ұлттық шахташылар кәсіподақтары 51 аптаға созылған ереуілдерді ұйымдасқан түрде тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл оқиғалардың нәтижесінде мемелекет 2 млрд доллардың көмірін өндіре алмауымен зардап шекті.
Бірақ ең бастысы, кеншілер кәсіподақтары жеңіліске ұшырады. Тэтчердің кісіподақтарға қарсы саясатының мәні былай тұжырымдалады: нәтижесінде кәсіподақтар өздерінің бұрынғы мемлекеттік саясаттағы ықпалын жоғалтып, Тэтчердің экономика саласындағы реформаларының бағытымен жүруге мәжбүр болды. Тэтчердің екінші премьерлік кезеңінің мерзімі «халықтық капитализм» қоғамын құруымен сипатталады.
Дәл осы жалдары әйгілі тэтчерлік бағдаоламалар өз жүйесін тапқан болатын. Бір жағынан бұл бағдарламалар Тэтчердің бірінші премьерлік кезеңіндегі экономикалық саяматтарының жалғасы ретінде де көрінді. Бірақ ол уақыттың талабына байланысты жылдам өріс алды. Тэтчердің ірі компанияларды біріктіру саясатын кейбір британ саясаткерлері қолдау білдірмеді. Бұл үрдістер оның дағдарысқа қарсы, немесе саясатының басчқа бір қырларына қажет болды делінеді.
Тэтчердің денационализация саясатының нәтижесінде елде шамамен елуге жуық ірі компаниялар біріктірілді. 1980 жылы мемелекеттіндірілген салалар мемелекеттен 3 млрд фунт субсидия алса, 1987 жылы-300 мың болды. Тэтчердің «халықтық капитализм» саясаты шындығында кең ұғымға айналды.
Бұрынғы мемелекеттік компаниялардың акцияларын сату, 1984 жылы «Бритиш Телеком» компаниясы приватизацияланғаннан кейін, кең өріс алды. Бұл компанияның акциялары шамамен 2 млн адамды қамтыса, «Бритиш гас» (1986) компаниясынікі 4,5 млн адамды қамтыды. Бұл сатылымдардың нәтижесінде акйияны ұстаушылардың саны 2 млн адамнан, 4,5 млн адамға өсе түсті. Ал 1985 жылы-9 млн, 1987 жылы 12 млн адамға өсті. Консервативті партияның көрнекті өкілі М. Хезелтайн бұл үрдісті «жұмсақ революция» деп атады. Бұл бағдарламалардың соңын ала, елде жеке муниципальды меншіктерді де сату басталды. Тэтчердің премьерлік кезеңінде, жеке үйиеленушілердің саны бойынша өнеркәсібі дамыған елдердің ішіндегі ең үлкен ортасы болып табылды [29.49].
Тэтчер экономика саласында кіші бизнестерге көп қолдау білдіріп, техникалық жаңалықтарды игеруге өте қисынды бейімділік танытты. 1984 жылдың 12 қазанында курортты қала Брайтонда, консервативті партияның конференциясы ашылуы керек болатын. Клнференция қарсаңында, «Гранд-отеле» қонақүйінде қабылдау кеші болды. Конференция алдында Тэтчер баяндама жасау мақсатымен қонақүйдегі өзінің апартаментінде жұмыс жасап отырды. Ол жұмысын бітіріп, ванна қабылдауға шықты. Бірақ бұл уақытта, кабинетке оның бас хатшысы Робин Батлер есікті қағып, тағы бір ертеңге керек документті даярлау мақсатымен, кіргенін айтты. Тэтчер документті алып, креслосына отырды. Бірақ осы кезде, жарылыс болды. Ғимараттың есік, терезелері сынып, қабырғалараның жарылған бөлшектері көшеге қопарыла түсті. Бомба отелдің төрт қабатын бұзды [20.62].
Тэтчердің бұл жағдай құтқарып қала алды. Өйткені егерде, оның бас хатшысы кірмегенде ол ваннада болып, жарылыс кезінде төбесі қопарылып түскаен ванна бөлмесінде қаза тапқан болар еді. Жалпы бес адам өліп, бір адам өлім халінде жарақат алды. Жарадарлардың саны 30 адамға жетіп жығылды. Жарылыстан кейфін, Дублин радиостанциясымен үндер тарады. Бұл үндеулер бойынша, жарылыстың жауапкершілігін, Иоаландия республикалық армиясы (ИРА) өз мойнына алды. Бұл ұйымның талабы Солтүстік Ирландияның Ирландияға қосылуы болатын. Брайтондағы жаралыс, Тэтчердің терроризммен күресіне, нық шешіммен кірісуіне себеп болды. Бұл жарылыстар, Солтүстік Ирландияның аолты графтығынан бұл ұфым мүшелерін қуғындағаннан икейінгі болып отырған жағдай болатын. Брайтондағы жарылыстан он екі жыл бұрын бұл ұйымның ұйымдастыруымен өткен жарылыстарда шамамен 80 адам өліп, 1300 адам жарадар болған еді.
1973 жылғы екі жарылыс, оның ішінде Трафальгар алаңындағы жарылысты қоса есептегенде 243 адам жарадар болған болатын. 1979 жылғы автомобил жарылысы кезінде, Тэтчердің жақын құрбыларының бірі, Солтүстік Ирландияның премьер-министірі Айри Нив қаза тапты. Королдік отбасының мшелерінің бірі, екінші дүниежүзілік соғыстың қаһармандарының бірі, лорд Маунтбеттен өзінің яхтасында жарылыс нәтижесінде қаза тапты. Онымен бірге үш адам қаза тауып және бірнеше адам жарақат тапты. 1980 жылдардың басында ИРА-ның қатысуымен мына террорлық актілер жасалынды: 1980 жылдың ақпанында ГФР-да қызметте жүрген британ полковнигі өлтірілді, 1982 жылдың шілдесінде Лондонның орталығында екі бомба жарылып, 4 жауынгер мен 7 музыкант қаза тапты; 1983 жылы бомба Лондонның ірі дүкендерінің бірінде жарылджы.
Бірақта бұл уақытқа дейін, ИРА премьер-министірдің назарында болмаған болатын. 1974 жылғы Эдвард хитке жасалған қастандықтан Хит қашып құтылған болатын. Солтүстік Ирландия нақтырақ, Ольстер провинциясы, Ирландияның солтүстігіндегі арал саналатын. Ол ерте ортағасырда өз алдына королдік балған болатын. XII ғасырдың соңында Ольстер Англия королдігіне бағындырылды [7.146]. XVI ғасырдан Ольстер Ирландияның провинцияларының бірі болып, кейіннен бүкіл Ирландиямен қоса Ұлыбританияның құрамына енді. 1921 жылғы ағылшын-ирланд шарты бойынша Ирландия өз тәуелсіздігін алып, Ольстердің үлкен бөлігі Ұлыбританияның құрамында қалған болатын.
60-жылдардың соңында Ұлыбритания қоғамындағы ішкі дағдарыс Солтүстік Ирландиядағы діни-саяси оқиғалардың шиеленісуіне байланысты болды.1919-1921 жылдардағы ирландық саяси қайраткерлердің ұранымен халық толқуы болып, Ирландия Республикасы құрылған болатын. Осы болып өткен тарихи үрдістерді ирландиялық патриоттар өздеріне пір тұтты. Бірақ Солтүстік Ирландиядағы алты облыс (графтық) Ұлыбританиянық құрамында қалды. 1937 жылы Ирландия Республикасының Конституциясы алты облысты қайтадан қосу туралы бапты бекітті. 1949 жылы Ирландия республикасы Ұлыбритания ынтымағынан шықты. Бұл британ-ирланд ынтымақтастығын бұзды. Солтүстік Ирландия жері Ұлыбритания құрамында қалды [30.86].
Солтүстік Ирландияда жергілікті ирландиялықтар католик дініне кірді де, бұрынғы ағылшын және шотландықтар протестант дінін сақтады. Діни қайшылық үлкен қарам-қайшылыққа жеткізді. Католиктер дінін ұстанушылар аз болды. Халықтың 1/3 бөлігін католиктер, 2/3-сін протестанттар құрады. Солтүстік Ирландиялықтарға өзін-өзі басқару құқығы берілді. Ирландиялық ұлтшыл партиялар Солтүстік Ирландияның қосылуын талап етуімен, Ирландия үкіметін де қатты састырды. Ал бұл құқық бойынша, онда жаңа парламент құрылды. Парламенті стормант деп атады. Парламентте протестанттардың Юнион партиясы көпшілік болып, 1807 жылғы уни бойынша Ұлыбритания Корольдігінде қалуын қолдады. Католиктік азшылық діни жағынан менсінбеушілік пен дискриминация шектеуінде болды. Протестант дініндегілер Солтүстік Ирландияда өздерінің үстемдігін орнатты. Католиктер мен протестанттар арасында діни және саяси қақтығыстар орын алды.
1967 жылы аз католиктер өздерінің азаматтық құқықтары үшін, күреске шықты. «Солтүстік Ирландия» Ассосациялық ұйым құрылды. 1968 жылы католиктер құқықтары үшін, Лондондерри қаласында шерулер ұйымдастырды. Халықты әскерилер оқ атып, таратты. Бұл қақтығыстардан 77 адам жарақат алды. 1969 жылы Ұлыбритания үкіметі тұрақты әскерін енгізді. Енгізбеске де болмайтын еді. Сырттан, Ирландиядан Солтүстік Ирландияға қаржылай және ерікті бүлікшілер ағылып келіп жатты./18.49/ Саяси оқиға, үкімет бақылауынан шығып ктекелі тұрды. Католиктердің күресін Ирландия Республикалық Армиясы (ИРА) атты әскери ұйымы да қолдады. ИРА-ның күрес әдістері террорлық жолмен Ольстердегі дағдарысты шешуге тырысты. Солтүстік Ирландияда азамат соғысы қаупі төнді. Протестанттарды Корольдік әскермен «Би-спешиализ» антитеррорлық ұйымы да құрылды. 1795 жылы құрылған «Орден оранжист» ұйымдары қолдады. Жалпы Ирландияда және Солтүстік Ирландияда тәуелсіздік мақсатындағы қозғалыстар мен ұйымдар саны едәуір көп болды. Католиктер мен протестанттар арасында діни үстемдік үшін, күрес кең етек алды. Ольстер дағдарысы кең етек алды. Сол кезден бері, Ольстер жанжалы өз шешімін таппай, Ұлыбританиядағы өзекті мәселелердің біріне айналды. Британ мәліметтерінде жазылып жүргеніндей, Солтүстік Ирландияның тұрғындары, біріккен Ұлыбритания королдігінің жалпы халқының 6%айды. Солтүстік Ирандияның 1,6 млн адамның 1 млн адамы протестенттар саналады. Бұл көрсеткіш олардың біріккен королдік құрамында қалғысы келетіндігінің белгісін көрсетеді. Бұл жерде дін мәселесі үлкен саяси мәнге ие болып табылады. Католик дінінің белсенділері Солтүстік Ирландияның тұрғындарының протестент дініндегілеріне қарсы шығады. Олардың күресінің, қарсылықтарының мәні мынада:
Солтүстік Ирландияның Ирландияға қосылуы негізінде жатыр. Ирландиялық бүлікшілер, бұл әрекеттердің нәтижесінде Ұлыбритания үкіметі олардың талаптарына көніп, Солтүстік Ирландия мәселесінен бас тартып, олардың католиктер мен протестанттарының бұл мәселені ортақтаса отырып, шешуіне жол береді деп бағдар қойды. Халықаралық қысым мен, Солтүстік Ирандиядағы әскерлерінен айырылуы, Ұлыбританияны ақыр соңында өз әскерін Ольбстерден шығарады деп жоспарлады.
ИРА әрқашанда британ үкіметінің басты жауы болды. Лондонда өзінің террористерге қарсы күресін қатаң түрде жүргізді. Белфастта зорлықө, күштеу өзінің шыңына жеткен кезінде, қала көшелеріне әскерилер енгізіліп, олар тәртіп саласын қатаң басқаруға алуға мәжбүр болды. Тэтчер терроризммен күрес, ешқандай мүдде де ақталмайтын нәрсе және олармен күрес жан-жақты болуы қажет деді [13.185]. 1984 жылдың мамырында саясаткерлер мен ұлтшылдардың топтары Ирандияның бірігуі бойынша дайындалған құжаттар кешенін ұсынды. Ол құжатта «зорлық, анархия, хаос» жоғалсын делінді. Бұл құжат «жаңа ирландық форумның баяндамасы» деген ат алды. Бұл құжат астанасы Дублин болатын, жаңа конституциясы бар мемелекттің құрылуын алдын-ала жоспарлады. Баяндамада екі шешілуі тиіс мәселе қаралды. Олар: екі астанада үкіметтері бар (Лондонда және Дублинде) федеративті үкімет пен жеке президенті мен бірігіп басқаратын басқару құрылымы бар Солтүстік Ирландия мемлекеті. Бірақ бұл ұсыныстардың ешқайсысыда Ұлыбритания премьер-министірі маргарет Тэтчерді қанағаттандырмады. Ол толықтай бұған қарсы шықты. ИРА тағы саяси күштер топтастырып, күш жинай бастады. Оның саяи қанаты парламентте оның атынан сөз сөйлей алды. Ол бойынша ол-Лондонмен тез арада келісімге бару керектігі айтылды.
Тэтчердің әріптестері оны бұған баруға үгіттеді. Екі жақта бір жыл өткеннен соң, келісімге келді. 1985 жылдың қарашасында Белфасттың жанындағы Хиллсборо қамалында Тэтчер мен Фицджералъд ағылшын-ирланд келісіміне қол қойды. Бұл құжат, Солтүстік Ирландияға қатысты кез-келген өзгеріс көпшіліктің келісімін талап етеді және ол осы күндері ешқандай көпшіліктің өзгерісті талар етпейтінін керсетіп отыр деген, тұжырымды бекітті. Егер де көпшілік бұхара өзгерістерді қалап, екі Ирландияның қосылуын талап етсе, онда келісім өзгеріп, халықтың талабына орай қызмет етеуге әзір дегенге екі жақта тоқталды. Бұл Тэтчердің ішкі саясаттағы жемісті жетістіктерінің бірі еді. Саяси шешімдер, Британия үкіметінен Солтүстік ирландиядағы негізгі билік орындарының жергілікті билік орындарына біртіндеп көшуі жөнінде де келісті. Сондай-ақ, Үкімет аралық конференцияларды өткізу үшін, британ-ирланд органының құрылуы да қабылданды. Ұлыбритания Солтүстік Ирландияны өз қол астында сақтап қала алды.
Тэтчердің саяси жағдайларды ұтымды пайдаланып, өз көздеген мақсатына жетуі де үлкен мәнге ие болды. Бұл шешеім негізінен екі жаққа да тиімді қабылданды. Өйткені діни қақтығыстардың ушықпауы және әлемдік мәселеге айналмауы Ұлыбританияға ыңғайлы болатын. Шешімін тапқан мәселелер тек қана протестант-лоялистердің ғана көңілін қанағаттандырмады. Олар бұл шешімдердің түбірінде британ билігінің ықпалы жатыр деген желеу таратты. Соңын ала олар, Маргарет Тэтчердің өзіне бұл шешімдерден бас тарт деген қысыммен шықты. Бірақ ол бұл шешімдерден бас тартпайтынын жеткізіп, қолқойылған нәтижелер терроризмнің жолын кеседі деді [8.189].
Дегенмен премьер-министірдің үміті ақталмады. Бір жыл өтер өтпесте ИРА-ның лидерлері ешнәрсенің өзгермейтіндігіне көздері жетті. Олар тағы да террорлық бүліктерді ұйымдастьыруды жоспарлай бастады. 1987 жылмен 1989 жылдар аралығында кезекті өлімге апарған террорлық жарылыстар мен оқиғалар ұйымдастырылды. Тэтчердің биографы Крис Огденннің пікірі бойынша, Маргарет Тэтчер басқарған жылдары Британияның Солтүстік Ирландияға қатысты мәселедегі ұстанымы жақсы жағдайға қарай өзгерді дейді. Оның пікірі былай болды: « ИРА-ға қатысты мәселе болғанда, Тэтчер суыққанды, қатаң болды, жеке және мемлекеттік себептерге ие болып, жағдай Вильсон мен Хиттің кезіндегі билікке қарағанда интенсивті болды. Солтүстік Ирландия бөлігінде Тэтчер үкіметі экономикалық жағынан көмекті барынша көрсетіп, әлеуметтік жағдайының артуына көп ықпал жасады.
Сол кездегі дағдарысқа қарамастан, үкіметтің дер кезіндегі ескеруі нәтижесінде, Солтүстік Ирландиялық католиктердің күнделікті өмірі, анағұрлым жеңіл болды». Бұған қарай отырып, Тэтчердің Солтүстік ирландияның Ұлыбритания мүддесіне орай сақталып қалуынга барынша саяси әрекетер жасағанын аңғарамыз.
2.2 Консерваторлар үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты
Маргарет Тэтчердің екінші үкімет басындағы басқару кезеңі біріншісіне қарағанда күрделі, қиын болса, үшінші мерзімі одан да қиындығымен көзге түседі. Оның екінші премьерлік кезеңіндегі басқаруындағы сәтсіздіктерді айта алмаймыз. Барлығы да қиындыққа толы болды. Бірінші кезеңінде, ол ел жаңа лидерге, жаңа көзқарастағы, елді тығырықтан алып шығатын премьер керек кезінде, билікке келіп, басқарды. Екінші кезеңде, өзіндік мәселелерге толы екіндігімен белгілі. Екінші кезеңде, Фолкленд соғысы, жеке басына төнген, «Гранд отелле» қастандығы, Солтүстік Ирландия мәселелсі барлығы да оған қиын сағаттар тудырған, сынақ мерзімдері болып табылды. Үшінші мерзімдегі сайлау кезінде, барлығы Тэтчер өзінің беделін түрлі мәселелер сәтінде жоғалтты деп санап, оған үшінші сайлау қиын тиетінін болжады. Көп саясаткерлер мен ақпарат көздері Тэтчердің үшінші рет премьер-министр бола алмайтынын жазып жатты. Сондықтан да тэтчер сайлауға бір жарым жыл бұрын дайындала бастады. Тэтчер министірлер кабинетінің жиналысында сайлаудың 1987 жылы 11 маусымда өтетінін мәлім етті.
Ол сайлауға ыңғайлы уақытты таңдап алды. Өйткені консерваторлар осы кезде, муниципалды сайлауларда жеңіске жетіп, қайсы партияның басым екенін көрсеткен болатын. Консерваторлардың жетістіктерін айта келе, Тэтчер бұл олардың бастамасындағы жетістіктердің басы екенін, әлі алда елдің экономикалық өсуінің перспективті шаралары қарастырылуда деп жеткізді.
Ал бұл шаралардың іске асуына үкіметке уақыт қажет болды. Сонымен қатар, Тэтчердің саясатында әлеуметтік мәселе күрделі болып табылды. Тэтчеризм бұл түсінікті толық түсіне білгенімен, консерваторлардың саясатының соңын ала, халықтың әлеуметтік мәселемен аз қамтылған бөлігінің наразылығын тудырып отырды. Тэтчер инфляцияның төмендеуі, анағұрлым жақсы жағдайдағы адамдардың одан ары өз капиталын арттыра түсуіне мүмкіндік жасап отыр, деп мәлімдеді [31.19].
Бірақ бастысы, қазына канцлері Лоусон 1986 жылы қарашада парламентке «кіші-бюджет» енгізді. Ол бойынша халықтың аз әлеуметтік жағдаймен қамтылған бөлігіне және денсаулық сақтау мәселесіне, 1,3 млрд доллар қосымша ақша бөлуі жөніндегі мәселелер көрсетілді. Дауыс берудің нәтижесінде, консервативті партия 42,3% дауыс алса, олардың басты қарсыласы лейбористер-30,8% дауыс иеленді. Сонымен қатар, сайлауға келген дауыс берушілердің тек 75% сайлауға келсе, олардың консервативті партияға дауыс бергендері 32% болды. Бұл олардың беделінің түсе бастағанын көрсететін еді.
Тэтчер әлемдік қауымдастықта өз беделін орнықтырса да, халықтың оған деген наразылығы уақыт өте күшейе түсті. Үкімет саясаты әлеуметтік жауапкершілікті ысырып тастады. Оның әсері қоғамның әлеуметтік қорғансыз топтары тарапынан консерваторларға қарсы наразылық тудырды. Тэтчердің иефляцияны төмендету саясаты тек ақшалы адамдардың қаржысын қорғауға мүмкіндік берді. Қоғамда дәулеттілер менкедейлер тобы пайда болып, ол нкіге айырылды. Премьер-министірдің соңғы шешімдері қоғамның наразылығын одан әрмен тереңдетіп жіберді. 1989 жылы экономикажа дағдарыс туындады. Денсаулық, білім беру және әлеуметтік салалардың дамуы тежелді.
Шынында да жоғарыда айтылғандай, Тэтчердің инфляцияны төмендету жөніндегі саясаты бай адамдардың, капиталистердің мүддесіне көп жұмыс атқарды. Тэтчердің саяси қадамдарының кейбіріне қарсы шығушылардың арасында ол оқыған Оксфорд университеті де болды. 1987 жылы Оксфорд университеті Тэтчерге қарсы дауыс жинап, университет басшылары оның саясатына келіспеушілік білдірді. Белгілі саясаткер Роя Дженкинсон оның университетте алған атақ-дәрежелерін мойындамай, оларды Тэтчер шетелдің университеттерінен алған деп, мәлім етті. [1.196] Осы жылдардағы оған қарсы дауыс көрсеткіштері мынаны көрсетеді: Оксфор университетінің студенттеріне жүргізілген сауаонама- Тэтчерге қарсы 80% дауыс көрсетсе, оның өзінің оқыған колледжі Соммервил-90% дауысты көрсетті. Оған құрмет атағын Соммервил колледжі 1970 жылы бергенімен, ол онда, лейборист әйел Ширли Уильямс сияқты беделге ие болмаған. Ғалымдардың оған деген суыққанды көзқарасы мен сыни пікірлері оның беделіне нұқсан келтірмей қоймады. Оған жауап ретінде ол былай деген болатын: «егер олар маған бұл атақты беруді қаламаса, мейлі, онда мен бұл атақты алғысы келетіндердің соңғысы боламын». Тэтчердің сыртқы саясаттағы беделі айқын өскенімен, оның ғалымдар мен оқу орнындағы беделі айтарлықтай мықты болмады.
Британ интеллигенциясының оған деген жеккөрінішті көзқарастары 1982 жылғы Фолкленд соғысынан кейін өсе түскенін байқауға болады. Тарихшы Джон Винсенттің пікірі бойынша интеллигенция өкілдерінің оған деген қарым-қатынасы снобизм сөзімен түсіндіріледі. Оның түсіндіруінше снобизм дегеніміз «астана тұрғындарының провинция тұрғындарына қарым-қатынасы, оңтүстік тұрғындарының солтүстікке қарым-қатынасы, снобизм бұл карера істеген әйелге еркектердің қарым-қатынасы» деп түсіндірді. Бұл бір жағынан қорлаушылықтың да белгісі болатын. Бір нәрсені жоғары, екіншісін төмендету ұғымымен түсіндіріледі. «Таймс» газеті Тэтчердің үшінші рет сайлаудағы жеңісін жаза отырып, осы түсінікті де айшықтап өтті. Ол бойынша XX ғасырдағы бірде-бір премьер-министр бұндай қорлау сынына ұшырамаған, британ интеллигенциясының пікірінде мұндай жағымсыз пікірге ие болмаған» деп атап көрсетеді. Тэтчердің ғылыми әлеммен арадағы қатынасы оның бұл саладағы адамдармен ортақ тіл табыса алмауына жетеледі.
Бір жағынан бұл әйел затынан шыққан премьерге деген қоғамда өздерін жоғары ұстайтын кркек жыныстылардың орынды құрмет білдірмеуінен де болуы мүмкін. Өзінің жыныс бойынша, Тэтчер 1980 жылғы «Daily Mirror» газетіне берген сұхбатында «мен өзімнің әйел екендігімді сезінбеуге тырысамын. Мен өзіме премьер-министр ретінде қараймын» деген болатын. Ол өзінің жұмыс туралы былай деді: «Мен ешқашанда күндігіне төрт немесе бес сағаттан артық ұйықтаған емеспін. Менің өмірім бұл-менің жұмысым. Кейбір, адамдар өмір сүру үшін, жұмыс істейді. Ал мен жұмыс істеу үшін, өмір сүремін» [123]. Тэтчердің жеке көзқарасы бойынша, басы ағылшын кәсіпкерлерінің жеке, еркін дамуына жағдай жасауға бейімделді. Тэтчер өзінің алған бағытынан бас тартуға, дағдыланбаған болатын. Тэтчер өзінің жұмыс орнында болсын, отбасы жағдайында өзін суыққанды, қатаң ұстайтын. Әсіресе іскерлік қарым-қатынасында еді. Ол өте талап қойғыш, қатал болды.
Бірақ жұмыстан тыс уақытта, адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керек кезінде, олардың бейіміне бейімделіп кетуге машық болатын. Ол қарапайым адамдарға еркін, ашық қарым-қатынасқа баратын. Ол қарапайым адамдармен көп сойлесетін. Оның жұмыс орны, Даунинг-стрит туристер мен келім өтініш білдірушілерге ашық болатын. Тэтчер Даунинг-стриттің көшесінде тұрып, мектеп оқушыларымен тұра қалып, сөйлесуге уақыт таба білетін. Тэтчер пунктуальді бола білетін. [19.153]. Ешқашанда жұмыс уақытынан, келісілген мерзімнен кешігу оның бойына сіңген қасиет емес саналатын. Оны сондықтан да »ағылшын поезы» деп атайтын. Ағылшын поезы белгілі болғандай, мерзімінде келуімен ерекшеленетін. Сондай-ақ оның бойындағы атап өтер тағы бір қасиеттердің бірі, ол үй шаруашылығына бейімділігі болатын.
Ханшайым Елизавета ІІ секілді, жеке өзі сарайды аралап, бос бөлмелерде жанып тұрған шырақшаларды өшіретін әдеті бар ханшайым сияқты Тэтчер де, өз резиденциясының кабинеттерін аралап жарықтарды өшіріп шығатын. Бұл оның экономикалық, үнемге өте ұқыпты жан екенін көрсететін. Сонымен қатар, өзінен төмен қызметкерлерді, жеке өзі кофе даярлап, кешкі ас даярлап күтуге машық болатын. Бұл дағдысы үшін, оны көпшілік қызметкерлер оған әрдайым адалдық танытып тұратын. Ол ақша жұмсаудың дағдысын өте жақсы, тиянақты білетін. Әкесі оған «ешқашан да қарыз алма» дегені тәрізді олда қарыз алу, орынсыз ақша жұмсауды сүймейтін. Ол өзі кеңісті қаперіне тұтып, партия лидері болып, премьер-министр болған кезінде де мемелекттің қөаржысына жеке өзінің қаржысындай қарайтынын бір емес, бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Черчилль секілді, ол да өзінің жалақысын кабинеттің қатардағы қызметкерлерінің жалақысының деңгейіне түсіргенін атап өту керек [15.6].
Бұл мемелекттің қаржысына деген үлкен құрметі болатын. Ол сыртқы мемелекттік сапарларда өзіне серіктерді, делегат мүшелерін көп алмайтын. Артық шығын шығармау жолын іздейтін. Олд әрқашанда «ақыл жеткілігі» деген принципті өзіне басшы етті.
Басқа нәрсенің жеткіліктігі ешнәрсе емес, ақылдың жетіспеуі ол орны толмас дүние деген қағидамен жүретін. Ол әрқашанда жұбайының орнын ерекше қоя білетін. Жұбайы да зайыбының саясаттағы жетістіктерімен мақтанатын. Бұл жеке басындағы артықшылықтар мен мүмкіндіктердің барлығы да оған тиімді еді. Оның одан ары құлшына жұмыс жасауына себебі тиетін.
2.3 Ұлыбританияның сыртқы саясаты
Үшінші премьерлік кезеңіндегі Тэтчердің халықаралық саясаттағы орны айтарлықтай ауқымдылығымен көзге түседі. Үшінші сайлаудағы жеңісі, билікке тағы да келуі оның сыртқы күштермен байланысының берік екендігімен де түсіндірілді. Консерваторлар үкіметінің сыртқы саясатының басты бағыты халықаралық бәсеңдеу саясатынан бас тартып, АҚШ-тың «қырғи-қабақ» соғыс саясатынан қолдау болды. КСРО-ға және социалистік елдерге қарсы «Крест жорығын» жүргізіп, АҚШГ-тың Еуропа елдеріндегі одақтарымен бірігіп, қару-жарақтың жаңа түрлерін Еуропа елдеріне орналастырылуыгн қолдады. Ұлыбритания өз жеріне орта қашықтықтағы 160 ядролық зымыранды орналастырды [21.61].
Ағылшын соғыс сүңгуір қайықтары, «Поларис» зымырандары Американың жаңа «Трайдент» зымырандарымен алмастырылды. Химиялық қару-жарақтарын жетілдірді. КСРО-да өз кезегінде қару-жарақ саласының дамуын үдете түсіп, Варшава Келісіміне мүше елдердің территорияларына ұзақ және қысқа қашықтықтағы зымырандарды шоғырландырды. Еуропаны бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы режимге қайта оралды деуге болатын. Ол кезде де Германия мен Антанта елдері Еуропаны «қару-жарақ бөшкесіне» айналдырған болатын. 1986 жылы Ұлыбритания АҚШ-тың жұмыссыздар соғыс бағдарламасын қолдап, ғарышқа америкалық ғалымдармен бірігіп, лазерлік қарудың жаңа түрлерін шығарды.
80-жылдардағы Тэтчер үкіметінің агрессиялық соғыс саясаты ағылшындардың бұқаралық халық қозғалысының күшеюіне әкеп соқты. «Ядролық қаруға қарсы» демократиялық ұйымдар құрылып, 300 мың адам американдық базасы орналасқан Гринем-Коммон қаласына жорық ұйымдастырды. Демократиялық елдердегі көзі ашық зиялы қауым өкілдері АҚШ-та, Ұлыбританияда ядролық қаруға, бейбітшілікке нұқсан келтіріп отырған державалардың әрекеттеріне қарсы ереуілдер ұйымдастырды. КСРО-да да осы бейне іспеттес болды [19.43]. Ядролық қаруларды жасаушы конструкторлар мен ғалымдар өз міндеттерінен бас тартты. 1980 жылы Ұлыбритания бейбітшілік ассамблеясының «Ғалымдар ядролық қаруға қарсы» ұйымдары жаңа қарулануға қарсы күрес жүргізді. Тэтчердің қарулану, «қырғи-қабақ» соғыс саясатындағы белсенді әрекеті британ ғалымдарының қарсылығын одан сайын, өршітті. Фолкленд аралы соғысы да Тэтчердің беделіне Ұлыбританиядағы көпшіліктен қолдау таппағаны белгілі. Тэтчер үкіметі АҚШ әкімшілігінің агрессиялық саясатын қолдауды жалғастырды. 1986 жылы Таяу Шығыс Ливияға қарсы АҚШ-тың әуеден бомбалауын, Иранға қарсы соғыс әрекетттерін қолдап отырды. М.Тэтчердің кезінде, Ұлыбритания ЕЭЫ мүшелері аарасынан Таяу шығыс мәселесінде ықпал етуші күшке айналды. Бірақ Тэтчердің Еуропалық қоғамдастыққа тереңдей енуге қарсы болуы, кейбір мәселелерде, қиындықтар туғызды. Иранға қарсы Ұлыбританияның әрекеттері бүгінгі күнге дейін, жалғасып келді. Консерваторлар Пәкістандағы, Ауғанстандағы моджехеттердің іс-қимылдарын қолдады. Араб-Израйль соғыстарында да Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметі Израйльдің мүддесін қолдап отырды. Тэтчер кезінде, жалпы Ұлыбританияның сыртқы саясаттағы ролі екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі, белсенді әрекетке ие болды [32.53].
Кеңес-ағылшын қарым-қатынасы консерваторлар үкіметі кезінде, антикеңестік саясат негізінде жүргізілді. Екі елдің арасындағы экономикалық сауда қатынасы төмендеді. Сауда айналымы 1,9 миллиард рубльден, 1,5 миллиард рубльге қысқарды. Ұлыбритания саудасы капиталистік елдер арасында бірінші орыннан тоғызыншы орынға түсті. 1980 жылғы Мәскеу олимпиадиялық ойындарына байкот жариялады. Бірақ ағылшын еңбекшілерінің соғысқа, антикеңестік саясатына қарсы күресі кең етек алды. КСРО-да салынып жатқан Уренгой-Помары-Ужгород газ құбырына қажетті құралдарды ағылшын компаниялары жеткізіп отырды.
80-жылдардың басында ағылшын-кеңес қарым-қатынасы біршама өзгерістер әкелді. 1984 жылы желтоқсан айында Жоғарға Кеңес делегаттарын басқарып барған М.С. Горбачев пен Тэтчер арасындағы кездесу кейіннен біраз өзгеріске әкеп соққаны белгілі. Өйткені ол әлемдегі негізгі басқарушы күшке ие, Рональд Рейган мен Михаил Горбачевпен қарым-қатынасы тығыз болатын. Ол Кеңес Одағына қатысты сыртқы саясатты жұмсарта білді. Бұл оның мықты сясаткер екендігін көрсететін. Ол Кеңес Одағына қатысты сөзінде: «біз бірге өмір сүруге тиіспіз, өйткені біз бірге өлеміз» деген болатын [11.160]. Ол сыртқы саясатта капиталистік елдермен басты бақталас мемлекет Кеңес Одағының жаңа басшысы М.Горбачевпен тығыз қарым-қатынас орната білді. Маргарет Тэтчер мен Михаил Горбачевтің алғашқы кездесуі 1984 жылдың желтоқсанында өтті. Тэтчер Кеңес Одағының негізгі басшыларының бірімен кездесу керек деп шешіті. Оны Тэтчер арнай құрметті қонақ ретінде күтті. Әңгіме кезінде Горбачев басқа бұрынғы кеңес өкілдеріне қарағанда өзін тәуелсіз, өз көмекшілеріне жүгінбей сойлесті. Кеңес одағының болашақ басшысы Тэтчердің көңілінен шыға біліп, алдағы уақыттағы Кеңес-Ұлыбританияның қарым-қатынасы жөнінде өзара пікірлесті. Горбачевті көбінесе американдық стратегтялық қорғаныс инициативасы (АСҚИ) мазалады. Тэтчер қарулану мәселесінің үстінен бақылау қою керек деген, мәселе қозғады. Олардың көзқарастары қорғаныс мәселесі мен адам құқығы жөнінде өрбіді.
1984 жылғы Горбачевпен Тэтчердің кездесуі, Тэтчерді ол басшының болашағы бар, жаңа көзқарастағы басшы ретінде тани білді. Ол айтты «онымен іс жасауға болады» және алдағы уақытта оған толық қолдау білдіретінін білдірді. Кездесуден үш ай өткен соң олар тағы да кездесуге мүмкіндік алды. Ол уақытта Черненко қайтыс болып, ол Москваға аттанып кетті. Ол басқа ел басшыларымен қатар жерлеу кезінде, Лениннің мавзолейінің алдында тұрды [23.56]. 1987 жылы наурызда Ұлыбританиядағы сайлауға екі ай қалғанда, Тэтчер Москваға мемелекеттік сапармен барып қайтты. Саясатттанушылардың пікірінше, ол бұл визитті тамаша пайдалана білді. Ол Горбачевпен кездесуге тиянақты даярланды. 1987 жылдың наурыздың соңында ол москваға келді. Олардың кездесуінде тек екі жақты аудармашылар мен стенографистер ғана қатысты. Тэтчер мен Горбачеа саяси көзқарастары бойынша толықтай түйісті. Тэтчер, ядролық қарудың 1945 жылдан кейін, Еуропаның қауіпсіздігін толық қамтамасыз ететін жүйе деді.
Горбачев те өз кезегінде, жалпыға ортақ қауіпсіздік бойынша Кеңес Одағының жоспарын жеткізіп, ол бойынша енді ядролық қаруларды біртіндеп қысқартып, одан соң, толықтай жоюға көшу керек деді. Тэтчер ағылшын ядролық қарулар толық тәуелсіз, ағылшын-американ келісімдерінде есепке алынбайтынын жеткізді.
Оның үстіне, ядролық қарулар Кеңес Одағымен салыстырғанда айтарлықтай көп еместігін жеткізді. Горбачев өз кезегінде Британияның АҚШ мүддесіне орай ядролық қаруларды Кеңес Одағына қарсы іске қосатын жағдайда болмаса деген ниет танытты. Британ ремьері оны бұл мәселеде оң жағына қарай көзін жеткізе білді. Бұл кездесуден кейін де олар бірнеше рет кездесті. Тэтчер Горбачевтің «қайта құру» бағдарламасына толық қолдау білдірді. Екі әйгілі лидерлер тарихққа ұқсас түрде енді. Оларды шетелдерде өз елдеріне қарағанда анағұрлым жоғары бағалады [24.274]. Тэтчерді де өз елінде интеллигенция өкілдері жаратпаса, Горбачевті осы күндері де жақтырмайтын, оның істеген шараларына қосылмайтын адамдар саны жетерлік. Тэтчер мен Горбачевтің арасындағы қарым-қатынастарға негізгі себепші нәрселер әлемдік соғыс, қарулану, қарулануды қысқарту мәселелері болды. Бұл мәселелерде Тэтчер Ұлыбритания ядролық қаруының сақталып қалуына мүдделі болатынын жеткізді. Өйткені Ұлыбритания әлемдегі бейбітшілік сақта күштеріне ие мемлекеттердің бірінен саналады деп, жеткізді. Ол бойынша бұл қару «Ұлыбританияның әлемдік қоғамдастықтағы салмағының өлшемі мен беделі» деп түсіндірді. Горбачев әрқашандағыдай, ядролық қаруларды қысқарту керек екендігін мәлімдеумен болды.
Бұл маңызды мәселелер, 1986 жылғы Исландия астанасы Рейкьявик қаласында өткен кеңес-американ кездесуінде айқын көрінісін тапты. М.Горбачевтің Лондонға сапары британ саясаткерлері мен билік басшылары алдындағы баяндамасы «қайта құрудың» қалай жүріп жатқаны және экономикалық реформалардың мәселелері қаралды. Тэтчер Горбачевтің бағдарламаларының барлығына қолдау білдірді [13.56]. Ол бұл реформалардың түбінде социализмді күшейтпейтіндігін түсінді. Негізінен Тэтчер социализмнің әлемдің кеңістікте әлсіреуіне көп көңіл бөлді. Тэтчерді осы жерде, бір кездердегі Англия премьер-министрі У.Черччилмен ерекше салыстыруға болатын. Черччильде өз кезегінде Кеңес Одағымен жағдай,а қарай, амалсыздан келісімдер жүргізгенін айта кету керек. Болмаса Черччильдің социализмді өте жек көретінін білеміз.
М.С.Горбачев пен Маргарет Тэтчердің арасындағы өзара түсініспеушілік ол социалистік құрылыс, Варшава Келісімі мәселелеріне қатысты өрбіді. Горбачев Варшава Келісімінің ыдырауын, тіпті Кеңестер Одағының өзін де құлайды деп, ойламаса керекті. Ол социалистік құрылысты басқа жүйемен құрғысы келді. Жекеменшік секторларын құрып, социалистік құрылымның негізгі белгілерін сақтай отырып, жаңа социализм құруды жоспарлады. Ал Горбачевтің өзі социализмнің ыдырауын қаламады [25.196]. Халықаралық аренадағы Тэтчердің негізгі шешуші атқарған ролі Кеңес Одағындағы «қайта құрылыс» бағдарламасына қатты қолдау көрсете отырып, оған ықпал етуі болатын. Маргарет Тэтчердің қызметтен және партия лидерлігінен кетуі туралы шешімі Горбачевке де айттарлықтай ықпал еткені сөзссіз. Кеңес одағының басшысы бұл хабарды естіп мынадай хат жолдады: «бұлай болғаны өте ауыр… Бірақ, бұл өзгерістің біздің арамыздағы достық пен саясатқа және реформалар мен Кеңес Одағындағы «қайта құрылысқа» ықпал етпейтініне мен сенімдімін». 22 қарашада Горбачевтің тапсырмасымен, елшілік даунинг Стритке келесідегідей телеграмма жолдады: « Қымбатты Маргарет! Сіздің партия лидерлігі мен Ұлыбритания премьер-министірлігі қызметінен кету туралы шешіміңізді жаңа ғана естідім. Үлкен жылы сезіммен және терең толғаныспен мен, Ұлыбритания мен Кеңестер Одағының арасындағы қарым-қатынастың дамуына серпін берген, арамыздағы саясаи әңгімелерді еске аламын.
Мен көптеген мәселелердегі сұрақтар бойынша, арамыздағы өзара түсіністікті жоғары бағалаймын. Менің халықаралық істердегі салаға еркін жол ашқан алғашқы 1984 жылғы әңгімелесу маған символ секілді». Маргарет Тэтчер премьер кезіндеғ «үлкен сегіздік» саммитінде Кеңестер Одағына қатысты ұсыныс тастаған болатын. Ол бойынша Тэтчер Кеңестер Одағына қатсты саяси режимді өзгертіп, оның статусын тануымыз керек және оған үлкен көлемде кредит бөлуіміз оң нәтиже береді деді. Бірақ АҚШ президенті Буш бұған жауап беруге асыға қоймады [26.43]. Өйткені Буш ол елге бөлінген кредиттің өтемі болмай, тек шығынға кететінін түсінді. Ол елдегі экономикалық реформалардың іске қосылғанына дейін, шығын шегу қаупін АҚШ президенті ескертті. «Үлкен жетілік» басшылары және халықаралық қаржы ұйымдары бұл елге кредит бөлу үшін, Кеңестер Одағының экономикалық жүйесі мен ерформалары толықтай Бтыс елдерінің нұсқауымен жүруі тиіс, деген ұсыныстар қозғалды.
Бұл мәселелер горбачев пен тэтчердің арсындағы кездесулерде де қозғалды. Горбачев үлкен көлемдегі кредиттер алуға тілек білдірді. Горбачев бұл кредиттердің тегін емес екендігін, белгілі бір көлемдегі, қайтарымы бар ақша массасы деп түсіндірді. Горбачев сондай-ақ, ел үлкен өзгерістер қарсаңында екендігін және ол XX ғасырдағы үлкен өзегріс, тіпті, Ұлы Қазан революциясынан да маңызды екендігін жеткізді. Горбачев 1990 жылғы Жоғарғы Кеңестің жиналысында, депудаттардың талап етуімен, баяндама жасады [9.64]. Бұл жиналыста Горбачев бірнеше ұсыныстарды атап өтті. Ол ұсыныстардың көпшілігі Батыс елдеріне бағытталды. Бірақ Горбачевтің ұсыныстары көпшілік депутаттардан қолдау таппады. Бірақ екінші ұсыныс баяндамасы қолдау тапты. Бұлай екіге бөлінуі Кеңес Одағындағы билік орындарының пікірлері екіге жарыла бастаған болатын. Горбачев бізге күштерді қайта топтап және тұрақтылықтың мүддесіне қарай әрекет етуіміз керек деді.
«Реформалар үрдісін қарқынды, күшті жүргізу алдағы уақыттары тіпті, билікті де доғаруы мүмкін. Бірақ бұны мен істеуге тиіспін. Әйтпесе бұны басқа бір ақылынан адасқан жасайды. Шешімталдық керек және бұны шұғыл әрекеттермен істеу керек» [27.86]. Бұл Горбачевтің сөздері Батыстың нарық кеңістігіне шығуымыз, оң әсер береді дегені еді. Бұл идеяларға белгілі бір жерде Тэтчердің де ықпалы болғаны сөзссіз. Тэтчердің Мәскеуге соңғы сапары, КСРО кристаллография институтына баруы, ондағы ғалымдар үшін, басты жаңалық болды [15.12]. Оны ғалымдар тобы жылы қарсы алды. Кеңес ғалымдарымен кездесуі оған жастық шағындағы кезеңді еске салды. Институттан мәскеудегі британ елшілігіне келу оның, көңіл-күйін толқытып жіберді. Ғалымдар тобы оның құрметті доктор дәрежесін талқылады. Ол бұл оқиғаны «бүгінгі болған оқиға батыс пен шығыстың ғалымдары мен саясаткерлерінің бейбітшілік пен тұрақтылық қалыптастыру күресіндегі ролінде, мені тану еді» деді ол [27.59].
Бұл кездесуде Горбачев пен Тэтчер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді қалыптастыруда терең із қалдырды. Осы кездесуден кейін де Тэтчердің Кеңестер Одағына деген көзқарасы өзгерді. Ол бұл елдегі жүріп жатқан реформалар мен өзгерістерге қолдау қажет екенін айқын түсінді. АҚШ пен КСРО арасындағы түсіністікке де Тэтчер айтарлықтай үлес қосты. Ол әлемдегі негізгі шешуші ролге ие екі державаның бейбітшілік қарым-қатынаста болуы, әлем үшін, айтарлықтай маңызды екінін ұғынды. Сондықтан Кеңестер Одағындағы барлық өзгерістер үрдісіне жан-жақты қолдау беруге ұмтылды. Кеңестер Одағы, Горбачевтің басшылығымен Батысқа жақындау ұстанымының араснда тетік қызметін Тэтчер атқарды деуге толық негіз бар.
Тэтчердің батыс мемлекеттері арасындағы өзіндік ұстанымын ерекше айтып өту қажет. Ол Еуропалық қоғамның белсенді мүшесі болып табылмады. Бір жағына ол лейбористерді «еурофобилігі» үшін сынаса, социал-демократтарды «еурофанатизмдігі» үшін сынады. Осы саясатары оны сынға ұшыратты. өйткені Тэтчер Еуропа елдерінің жалпы өркендеуі, дамуы үшін, бөлінетін ортақ қаржыға көп көлемдегі қаржы бөлуге қарсы болып отырды. Ол Ұлыбританияның жеке өзіне тән, суверинетін сақтп қалуға тырысты [7.73]. Осы саясаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналды. Бүгінгі таңға дейін, Ұлыбритания Герамания, Франция мемелекеттерін қарағанда Еуропалық Одаққа белсенділік таныпай келеді. Ол шешімді түрде, Еуропа елдерінің бір-біріне кірігу (интеграциялану) саясатын қолдамады. Ол бұл мәселеде, Ұлыбританияның бұрынғы державалық ұстанымын ұстанып, ол ұйымға кіруге ықылас таныта қоймады. Бұны консерваторлар саясатының ерекше қырларының бірі деп, атау керек.
Британ премьер-министірінің осы мәселе төңірегінде, ашық түрде көрінген жері, 1988 жылы 22 қыркүйектегі Брюгге қаласында болған ЕО конгресі болды. Маргарет Тэтчердің пікірі бойынша бұл ұйымға мүше елдердің өзара қатынастағы саясаты еркін түрде және бір-бірімен қарым-қатынастағы ықпалдастықта тәуелсіз болуы тиіс деді. Кірігудің терең саясатқа ие болуына қарсы тэтчер егер, бұл саясатың Ұлыбританияда да көрініс табатын болса, онда тэтчеризм саясатына кедергі келтіретінін жақсы ұғынды [28.97]. Тэтчердің баяндауы бойынша, «Еуропада әлеуметтік мәселеге ортақтаса білетін, алдымен бірнеше облыстарға бақылау орнатуға тырысатын елдер көп» [36.56]. Тэтчер керісінше, Еуропа елдерінде де. өз елінде жүзеге асырған міндеттердің болғанын жақтады. Еуропа елдерінде, еркін кәсіпкерліктің, капиталдардың еркін жылжуы, еркін нарық, протекционизмнен бас тарту саясаттарының жүзеге асқанын, қалады. Кейбір мәселелердегі үйлесімділіктер, Тэтчерді кейде, кірігу саясатымен келісімге баруға мәжбүр етті. Американдық журналист С. Салливанның жазғанындай »Еуропада ғасырдың соңғы қарсаңында, келісімге көнбейтін, барлық еуропалықтардан бітімі бөлек Маргарет Тэтчердің таңбасы пайда болды» [35.196].
Сонымен қатар консерваторлар үкіметіндегі сыртқы саясаттың, негізгі бағыттарының бірі, Қытай Халық республикасымен қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінді. ҚХР-мен Ұлыбритания арасында әскери сала бойынша келісім жасалды. Қытайға Ұлабритания «Харриер» соғыс ұшағын сатты. Екі ел арасындағы сауда айналысы 14 миллиард долларға жетті. Ағылшын-қытай келісімі нәтижесінде, кейіннен 1997 жылы Гонконг (Сянган) қаласын Қытайға қайтаруға келісті [29.148].
Ұлыбритания КСРО-ның Ауғанстандағы соғысын әділетсіз соғыс деп, бағалаған елдердің бірі, болып табылады. 1989 жылы 4 мамырда Маргарет Тэтчердің премьер-министр болғанына он жыл толды. Ұлыбританияда XX ғасыр ішінде, ешқандай премьер-министр бұндай ұзақ уақыт преьер қызметін атқармаған болатын.Сол күндері оны « Еуропадағы ең әйгілі және мықты әйел» деп атап жатты. Егер осы он жыл көлеміндегі Тэтчер үкіметінің атқарған шараларына тоқталсақ, онда атап айтарлық, жетістіктердің де бар екендігіне көз жеткіземіз. 80-жылдардың ортасынан бастап, Ұлыбритания экономикасында дамудың ұлғая бастағанын көруге болады. Британ баспасөзінің мәліметтерінше, 1986, 1987, 1988 жылдардағы ішкі жалпы өнімнің өсу көрсеткіші 3-4% көрсеткен [34.48]. Бұл көрсеткіштер бойынша, Ұлыбритания өнеркәсібі дамыған бірнеше елдерді басып озды. Ұлыбританияның 80-жылдардағы өнеркәсіптегі еңбектің даму 2,5 % өсіп, тек Жапонияға жол берді. Ұлыбритания өзінің негізгі капиталының артуына ие болды. 1981-1987 жылдардағы инфлияцияның төмендеуі 15% көрсетіп, 70-жылдардағы көрсеткішке қарағанда жылына 5,3% төмендеген [21.93].
1986 жылы өзінің шыңына жеткен жұмыссыздар саны еңбекке қабілетті халықтың 11% көрсеткішін көрсетті. Одан кейін, ол төмендеп, 1989 жылы еңбекке жарамды халықтың 6,1% көрсеткішіне ие болды. Бұл Тэтчер үкіметінің үшінші мерзімдегі атқарған іс-шараларының жетістігі деп таныған жөн. Бірақ Тэтчердің билік басында отырғанын мерекелеуге қарсы болушылардың саны, оны атап өтуді қалайтындарға қарағанда 10% артық болды. Бұның себебін, кейбір саясаткерлер оның билік басында тым көп болғанынан деп, біледі. Бұндай билік жүйесі, саясаткерлердің пікірінше демократиялық билік жүйесіне қарағанда, автократиялық, диктатуралық билікті көрсетеді деп, пікір білдіреді. 1989 жылғы британдықтардың бұндай көңіл-күйде болуына, инфлияцияның өсуі ағымы 7-8% ие болып, Еуропадағы ең үлкен көрсеткішті көрсетті. Елде консерваторларға қарсы болуышылардың саны едәуір арты [29.146-147].
1989-1990 жылдары Маргарет Тэтчерге қарсы қарсылық жіне оның саясаттарына келіспеушілік сыни бағалауларға толы болды. Оның бір көрсеткіштері, 1989 жылғы Еуропалық парламенттегі жазғы сайлауда консерваторларға 34% дауыс беріліп лейбористерден 6% аз қалып қалды. Үрей Тэтчердің өзін де жаулап алды. Болған оқиғалардағы жағдайлардың қатаң өзгеруі, оған қарсы қарсылықтың өршуі оның саяси бағытын одан ары қатаңдата түсті. Үкіметтегі дағдарыс пен толқу қаржы министрі Лоусонның қызметтен кетуінен көрінді. Бұндағы себептердің бірі, Тэтчердің ортақ Еуропалық қаржы жүйесіне кіруге қарсы болғаны болатын. Тэтчер бұл жүйеге кірмеуді жақтайтындардың белсенді жағы болды. Тэтчер өз министрінің пікірін жоққа шығарып, кеңесші ретінде, өзінің экономика жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Уолтерсті шақыртты. Лоусон сайлау алдында премьер-министрге мені немесе Уолтерсті қызметте қалдырасың болмаса, мен қызметтен кетемін деген талап қойды. Бірақ Тэтчер бұдан бас тартып, Лоусон қызметен кетті. Салық саласындағы жүйелердің үйлесімсіздігі, салықтөлеушілердің наразылығы үкіметтегі жағдайды одан сайын, ушықтыра түсті. 1990 жылы 1 сәуірде салық саясатына қарсы ереуілдер, үкіметке қарсы толқуларға ұласты [37.41]. 1990 жылғы 31 наурыздағы үкіметке қарсы ереуілшілердің саны 40 мыңнан 70 мың адамға жетті. Олар Тэтчердің қызметтен кетуін жіне тэтчеризмнен бас тартуын талап етті. 1990 жылдың 20қарашасында консерваторлардың партия лидерлігіне сайлау мерзімі белгіленді. Партияда айтарлықтай салмағы бар бұрынғы қорғаныс министрі Хезелтайн өз кандидатурасын ұсынды. Сайлаудығ бірінші кезеңінде Тэтчер көп емес, ара салмақпен жеңіске жетті. Екінші дауыс беру 22 қарашаға белгіленді. Өзінің жеңіске жетуінің бұл кезекте қиын екенін сезінгін, Тэтчер өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді. Маргарет Тэтчер лидерліктен бас тартты [18.43].
Қызметтен кету шешімі, Маргарет Тэтчер үшін өте ауыр соқты. Ол өзінің бүкіл өмірін арнаған саясаттты тастағысы келмеді. Ол өз пікірін кем дегенде үш рет өзгертті. Ақыр соңында шешім қабылдады. Ол премьер-министр кезіндегі қызметі туралы кітап жазатын болды. Маргарет Тэтчердің « Даунинг стритттегі жылдар» атты мемуары 1993 жылы шығып, бірден бестселлерлердің қатарына енді. Маргарет Тэтчер еңбек демалысына шыққан соң, мемуар жазумен шұғылданды. Оның «мемлекет басқару өнері» атты кітабы әлемнің бірнеше тілдеріне аударылып, кең таралымға ие болды. Мемуардың төртінші тарауын тұтастай, Азия құндылықтарына арнай отырып, Батыс әлемінің Азия құрылығын бағалаудағы ұшқары түсініктерін сынады. Болашақта XXI ғасырдың Азия және Азия-тынық мұхит аймағы елдерінің өркендеу дәуірі болатынын нақты мысалдармен көрсетіп береді. Оның елімізге де қатысты айтқан пікірлері бар. Тэтчер елбасымыз туралы «президент Назарбаев Қазақстанда бүгінгі шыққан билігіне жеткізу үшін, батылдық пен сақтықтың үйлесімін пайдаланды» [33.1]. Бұл әлемдік деңгейдегі саясаткердің өз кезегінде, елбасымызды жоғары бағалауы еді. Сондықтан Азияның экономикалық өрлеу кезеңінде батыстық протекционизмнің күлі көкке ұшатынын ескертеді. Бұл оның еуропалық ескі көзқарастардан алшақ екендігін көрсететін. XXI ғасырда әлемде түрлі саяси қақтығыстар белең алса да жаһандану өз жағрапиясын жаңартуды тоқтата алмайды.
Дүниенің тыныштығын бұзған терроризм барлық елді көрінбес жаудан қорғау үшін, бас біріктіріп, оған қарсы тұруға алып келді. Еңбек ресурсы мен капиталдың әр елде әр түрлі сипатта болуы және осы вакумның орнын толтыру үшін, ортақ рыноктың керектігі айқын сезілуде. Ол үшін әлемдік сауда нарығына шығу керек. Бұл әлемдік қоғамдастықтағы елдердің барлығына бірдей жұмыс атқаруы керек делінді [30.16]. Бір мемлекеттің пайдасына орай, қызмет істейтін ұйымдар мен сауда нарықтарын реттеп отыруымыз керектігі орынды жазылған. Бұл еңбектерден біз қазіргі таңда саяаст деген күрделі ұғымның мәніне терең жетуге мүмкіндік табамыз. Тэтчер осы күрделі жүйенің тетігін жақсы меңгерген адамдардың бірегейі саналады. Мемлекеттердің және жеке аймақтардың өз шекараларынан тыс әрекет ететін экономикалық белсенділікке ұмтылуы ортақ өмірлік қажеттілікті, оның белгілерін ырықсыздандыру, сауда және инвестициялық шектеулерді алып тастау мен еркін өнеркәсіп аймақтарын құру жөніндегі идеялары өте кең ауқымды түсінікте түсіндіріледі.
Ал, микроэкономикалық деңгейдегі жаһандану дегеніміз-кәсіпорын қызметінің ішкі нарық шекарасынан тыс әрекет етіп, өрісі ұлғая түсуі. Бұған холдингтер ментранұлттық корпороциялар жатады. Идеологиялық және саяси мемелект құрылысына нгеізделген даму модификациясының жарқын көрінісіне екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жасампаз Жапонияның экономикалық өрлеуі менмен Оңтүстік шығыс Азия елдеріндегі жаңа индустриялық мемелекеттер-Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайван елдерін жатқызға болатынын айтады [5.87].Дамушы мемелекеттерге инвестиция құюшы рецепиент магнат субьектілер-ырықсыздандырудың жетекшілері емес, өндірістік саясатты жетік меңгерген экономиканың өсімі жоғары, саяси тұрақтылығы бар мемелекеттер. Ал бұған көптеген елдер жауап бере алмауда. Бүгінгі таңда жаһандастыру саясатының қомағай қозғалысы Батыс Еуропа елдерінің бәрінен көктей өтіп кетті. Жаһандастыру саясатын тек экономикалық жағынан емес, ішкі саяси психологиялық жағдайлармен де байланыстыруды қажет етеді.
Бұл жерде білім алғашқы сатыға көтерілуі тиіс. Сондықтан да әлемдік жаңа білім жүйесі білім күшіне сүйенеді. Маргарет Тэтчер өз еңбектерінде және мақалаларында жаһандану кезінде болмай қоймайтын күйрету күшіне ие бірнеше салаға ерекше назар аударуды қажет деп санайды. Әлемдік шексіздік заңымен өсіп бара жатқан жұмыссыздар армиясы экономикасы тұрақты елдерден жұмыс іздеп үдере көшуді ерте бастады [31.249]. Бұл процесс енді тоқтамайды, ол одан сайын үлкен тасқынға айналады. Бірақ капиталистік қоғамда жұмыссыздардың болуы ол заңдылық екені ақиқат. Тэтчер де 1980 жылдардың басында ірі компанияларды біріктіре бастағанда бәсекелестікке қабілеті жоқ көптеген компаниялар мен коорпорациялар жабылып қалған болатын. Тэтчерлік реформалардың негізгі мәні де саннан-сапаға көшу, бәсекелестікке үлкен жол берген қоғам құру болды. Сонда ғана ол қоғамда даму көріністері болмақ.
Капиталистік қоғамда еркін қоғам, ашық асуда кеңістігі құрылуы шарт. Онда әрбір адамның өз кәсіпкерлік саласын ашуға толық құқы бар, оны бәсекелестікке бейім етіп, құруы тиіс. Бұл теориялардың барлығы да Тэтчер реформасының негізгі тезистері саналады [26.19]. Тэтчердің еңбектерінде адамзатты бір-бірінен алшақтататын фактор-саяси көзқарастар ымырасыздығы және идеология. Мемелекеттердің заңдары мейірімделе түсіп, жаһандануға өздері жол ашып отыр. Діндер арасындағы алауыздықта түсіністікке ауысу орын алуда. Өйткені дәстүрлі діндер жетекшілері де, ұстанушылары да әлемдегі ең кең тараған діндердің ұстанымы бір екенін оқып, зертеп түсіну мүмкіндігіне қол жеткізеді. Алауыздықтың алысқа апармайтынын адамзаттың басым бөлігі толық түсініп, мойындап отыр.
Бүгінгі ғаламдастыру өркениеттердің, аймақтардың, ұлттық мемелекттердің, мемлекеттігі жоқ халықтардың өз тарихын түзуіне, ғаламат жағдай жасады. Әлемде халықтар мен аймақтардың өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігін сезінуі өте қатты өсуде [31.59]. Ғаламдастыру ұлттық мемелекттерді нығайтып отыр және сонымен қатар оларды жаңаша ойлауға жетелеуде. Алайда ғаламдастыруды біржақты қабылдауға болмайды. Ол әлемдегі келісім мен тұрақтылықты барынша, жан-жақты қалыптастыра алмайды. Бұл үрдістің де өзіне тән кереғар жақтары бар. Бұлнда күшті мемелекеттердің, ұлттардың экономикалық және халық санының потенциялына орай аз ұлттарды, әлсіз халықтарды өзіне сіңіріп, жұтып алуы орын алады.
Бір жағына ол әлемдегі келісім мен үйлесімді тұрақтандырумен қатар, екінші жағынан ұлтшылдық пен этносепаратистік көңіл-күйді қоздырып жібереді. Кәсіби саясаткердің ойы тым арыда жатқан болатын. Ол жаңа ғасырдағы халықаралық мәселедегі шешімін таппаған геосаяси тұрақтылыққа нұқсан келтіріп отырған, күрделі мазасыз ошақтарды айтып отыр. Оның бұл жердегі ойын Абхазия мен Оңтүстік осетиядағы мәселелерден көруге болады. Білгір саясаткер осы және басқа да мәселелерді өз мемуарында кең, қисынды дәлеледермен көрсете білген. Саясаткер мәселелерді алыстан қозғайды [32.89]. Өзінің билік басында отырған кезіндегі саяси, әлеуметтік, экономиакалық жағдайларды қазіргі таңдағы жағдаймен салыстырып, нақты талқылап беруі оның әлемдік ұлы тұлғалардың қатарынан толық орын алатынын көрсетеді. Ол болашақта әлемдік қайшылық зоналары мұнайы мен газы бар елдердің айналасына топтасатынын ескертеді. Бұл жерлерді біз Парсы шығанағы аймағы мен Араб түбегіндегі саяси қайшылықтарды ауызға аламыз.
Тэтчер осы мәселерді күні бұрын көре біліп, болжай білген, алыс тұжырымдайтын саясаттанушылардың бірі. Тэтчер туралы, ағылшын қоғамы ашық түрде сырт елдерге, оның жағымсыз бейнесін айтудан жалтарады. Тэтчер есімі, Ұлыбритания саясатының бейнерінде ғана емес, әлем саясатының бейнерінде мәңгі сақталатын қасиетке ие.
Қорытынды
Ұлыбритания тарихындағы елеулі саяси қайраткерлердің бірі Маргарет Тэтчер есімі әлемге де кеңінен танымал болып табылады. Оның саясат саласындағы жетістіктері, өзіндік принцптері көптеген саясаткерлерге үлгі бола білді. Өз жұмысына адал, шын берілген Маргарет жұмыс істеу үшін, өмір сүретінін айтып, көпшілік қауымды таңырқатқаны сөзссіз. Маргарет билік басына сын сағаттары төніп тұрған кезінде келді. Ұлыбританиядағы саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдай өзінің ең төменгі шегіне жетіп, ел дағдарыстың зардабын тартып тұрған уақытында Маргареттің премьер болуы, көптеген мәселердің оңды шешімін табуына септігін тигізді. «Тэтчеризм» термині пайда болды. Бұл термин экономика, билік құрылымдарындағы бірқатар оңды өзгерістердің жүрілуіне алып келді. Ол «әрбір адамның капиталист болуын, әрбір адамның меншігі болуын қалаймын» деген сөзімен бұл терминнің бет-бейнесін ашып берді. Бұл термин әлемнің бірнеше елдерінде кейіннен, қолданысқа ие болды. Еркін кәсіпкерлік, салықтың төменгі шегі, шағын бизнестің өрлеуіне қолдау білдіру, бұлардың барлығы Маргарет Тэтчер кеңінен қолданған шаралар болып табылады. Оның әйел затынан шыққандығы, оған кейбір мәселелерде кедергі келтірді. Өйткені Ұлыбритания тарихында министр болған, премьер-министр болған әйел азамат болмаған болатын.
Маргареттің саясаттың биік сатыларына қадам басулары оңайға соққан жоқ. Сондықтан да ол партия лидері болып сайланғанда «менің әйел екендігімді ұмытыңыздар» деген болатын. Бұл саясат деген нәзік нәрсеген әйел адамдардың шығуы күрделі мәселе екендігін көрсетеді. Ол премьер-министр болған кезінде, «мен әйелмін, бірақ оларды (әйелдерді) ешуақытта үкімет жұмысына жібермеймін» деген еді. Дегенмен сөзінде тұрды. Ұлыбританияның премьер-министрі 12 жыл болған уақытында ол бірде-бір әйелді министр қызметін ұсынып, үкімет құрамына енгізген емес. Кезінде атақты саясаткер, әлемдік ірі тұлға Черччиль: «Ананың сүті сәбиге дарыған сайын елдің экономикасына қан қан жүгіреді» дегені бар. Бұл әйелдердің де мемелекттік ұғымда үлкен рөл атқаратынын көрсетеді. Маргарет бұны шын іс жүзінде асырған әйел болды. Маргаретке дейін, Ұлыбританияда ғана емес, Еуропа саясатындағы әйелден тшыққан тұңғыш премьер-министр. Саясат сахнасында 150 жылдан астам уақыт ішінде он екі жыл бойы қатарынан үш рет бірде-бір саясаткер премьер-министр қызметін атқарған емес.
Әлемдік саясатта ол осылай өз қолтаңбасын қалдырды. Маргаретті әйелге тән нәзік, жұмсақ қасиеттерге ие емес, жеке басындағы және қызмет саласындағы өзіндік қатаң ұстанымдары оған «темір леди», «Еуропаның ең мықты әйелі» деген атақтарға ие болуына жол ашты. Ол Еуропаның саясат саласында жүрген әйелдеріне, үлгілі бейне бола білді. Маргареттің білім алған Оксфорд университеті, оның биік баспалдақтарға өрлеуіне зор үлес қосты. Оның нақты түрде, саясатқа араласуы оыс университет табалдырығынан басталған болатын. Тэтчердің премьер-министр болған кездері түрлі қиындықтар мен қарама-қайшылықтарға толы болды. Фолкленд соғысы, Солтүстік Ирландия мәселесі, «қырғи-қабақ соғысы» барлығының басы-қасында Тэтчер тікелей жүрді. Әсіресе оның Фолкленд соғысындағы саяси ұстанымы мен шешімталдығы оны үлкен жетістіктерге жетеледі. Оның «біз соғысуға тиіспіз» деген сөзі барлық мәселенің түбірін шешіп берді. Солтүстік ирландия мәселесінде де ол өздігінен қатаң, Ұлыбритания мүддесін ойлаған билік иесі ретінде танылды. Ауыр қиыншылықтарға қарамастан, Солтүстік Ирландия Ұлыбританияның құрамында қалды. Еуропалық қоғамдастықта да ол Ұлыбританияның саяси ерекшелігіне орай, әрекет ете білді. Оның Еуропалық қоғамдастыққа тереңдей кірігу, «ортақ ақша» құру мәселелеріне қарсы шығуы, Ұлыбританияның экономикалық мүдделері тарапынан бағытталды. Ол бұл жүйелерге қосылудың Ұлыбританияға тиімсіз екендігін терең ұғынды. Оның билік басында жүрген кезі, жеке басына төнген қастандықтарға да толы болды. «Грант отелле» қастандығының өзі оның өліміне апарып соға жаздады.
Бірақ өміріне сәт сайын төніп тұрған қатерден ол ешуақытта қаймықпаған. Оның КСРО мемлекетімен арадағы саяси қарым-қатынасты өзгертіп, жаңа бағыт беруі бүгінгі таңда үлкен мәнге ие екендігі сөзссіз. Ол әлемдік саясаткер ретінде қарулану жарысын, «суық соғысты», ядролық қаруды қысқарту секілді өткір мәселелердің орынды шешілуіне үлкен ықпал етті. «Қырғи-қабақ соғысы» кезіндегі КСРО мен АҚШ арасындағы күрделі қарым-қатынасты жолға қоя білді. КСРО басшысы М.С. Горбачевпен арадағы қарым-қатынасы көптеген маңызды өзгерістерге алып келді. Ол Горбачевтің «қайта құру» бағдарламасын басты қолдағандардың бірі болып табылады. Сондай-ақ КСРО мемлекетін, еркін нарқтық экономикаға тартып, экономика саласындағы бірқатар мәселелерін шешу үшін, Еуропалық Одақ көлемінде кредит беруге де ұсыныс білдірді. Бұл саяси ұстанымдардың барлығы оның терең саясаткер екендігін білдіреді. Оның еңбек демалысына шыққан соң, жазған еңбектері үлкен саяси мәнге ие болып табылады. Оның «мемлекет басқару өнері» атты еңбегі, қазіргі замандағы саяси құрылымдардың қыр-сырларын ашып берді. Ол еңбегі әлемнің бірнеше тілдеріне аударылып, саяси аспектідегі бестселлерге айналды. Ол еңбегі қазіргі таңдағы саяси үрдістерді тереңінен түсіндіруге, анықтамалар беруде рөлі зор. Ол XXI ғасырда Азия және Азия-Тынық мұхиты елдерінің өркендеу дәуірі болатындығын нақты дәлеледермен көрсетіп берді. Ол әлемдік мәселелерге ірі саясаткер ретінде, болжамдар мен мысалдар келтірді.
Дүниенің тыныштығын бұзған терроризм барлық елді көрінбес жаудан қорғану үшін, бірігіп қимылдауға алып келеді деген, болжамы бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Адамзатты бір-бірінен алшақтататын факторлар- саяси көзқарастардың ымырасыздығы мен идеологиялық қайшылық деп түсініктеме берді. Саясаткер мәселені алыстан қозғайтындығымен танымал болды. Ол болашақта саяси тартыс мұнай мен газы бар елдердің айналасында болатындығын ескертеді. Бұл болжамдардың негіздері қазіргі таңда жүзеген асып отырғаны жасырын емес. Оның жеке басында да әуестігі мен қызығушылығы болды. Тэтчер өз өмірінде фарфор ыдыстарды жинауға, әуестік танытқан. Тэтчер жексенбі күндері шіркеуге барып, ғибадат жасауды әдетке айналдырған. Көшелерде көпшілік мәдени орындарда, фабрикаларда халықпен етене араласып, тең дәрежеде қарым-қатынас ұстауы шын билік иесінің қандай болу керек екендігін көрсетті. Оның премьер-министр кезіндегі резиденциясы қарапайым адамдарға, туристерге ашық болды. Көшелерде кетіп бара жатқан, мектеп оқушыларымен ашық пейілде сөйлесуі, оның үлкен парасатқа ие екендігін меңзейді.
Өмірде қарапайым болса, саясаттта, қызмет саласында сондай суық, салқынқанды болды. Оның есімі әлем тарапынан үлкен бағаға ие болды. Оның әлемдік саяси режимдерді өзгертуге өзіндік үлес қосқандығы, ешуақытта ұмытылмайтын құндылық болып табылады.
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі:
- Бирюков И.Д. Ольстер: кризис британской империалистической
политики (1968-1984). — Наука. М., 1985. – с. 520.
- Воскобойников Д.Б. Леди с даунинг-стрит, 10. //Политические портреты.-М., 1989.
- Замятин Л.М. Тэтчеризм //Международная жизнь.-1989. – 7-8 С.
- Консерваторы у власти: опыт Великобритании.-М.,1992.
- Мәкішев Ж. Маргарет Тэтчер: [Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер жайында]. Алматы. Ақбаян, №1(қаңтар) – 46 б.
- Куттыкадам.С. Служение Нации: (10 мировых примеров управления государством)- Алматы., ИНЭС-ЦА, 2009.
- Новейшая история (1969-1985): М. «Просвещение»,
- Лебедев А.А. Очерки британской внешней политики (60-80-е гг.).-М.,
- Маргарет Тэтчер//Автор-сост. Н.Воропаева. Минск, 1998.
- Матвеев В.А. Британия вчера и сегодня-М., 1986.
- Матвеев В.А. Великобритания: итоги политики консерваторов. М.,1986.
- Огден К. Маргарет Тэтчер. Женщина у власти.-М.,1992.
- Новейшая История Стран Европы и Америки XX век. М.,2001.
- Современный консерватизм. –М.,1992.-Гл.1-4,6.
- ПерегудовС.Н. Тэтчер и тэтчеризм. М.,1997.
- Попов В.И. Маргарет Тэтчер: человек и политик.-М.,1991
- Науменков О.А. Из истории внутренней политики консервативной партии Великобритании.-Саратов, 1989.
- Митяева Е.А. Англо-аргентинской конфликт из-за Фолклендских островов.-М.,1985.
- Политические сдвиги в странах Запада: конец 70-х-80-е гг. М., 1989.
- Студенцев В.Б. Приватизация по-английски: как это делают неоконсерваторы //Социс.-1993. № 4.
- В.М.Матвеев. Британская дипломатическая служба-М. «Международные отношения», 1984.
- Английские консерваторы у власти; пер с англ. Т.Давыдова. М., 1978.
- Браун А. Консерваторы у власти. М., 1964.
- Аубекеров.С. Суд присяжных заседателей: эволюция взглядов консерваторов, либералов и леворадикалов// Алматы., 2002.
- Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. 8-том. Алматы., 2006.
- Всемирная история экономической мысли. Ред-кол. М.,
- Холодная война. Распад СССР. Современный Мир. Минск., 2002.
- Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки (1945-1986). М.,
- Ларин В. Лондонский дневник — М., 1983.
- Воропева О. Маргарет Тэтчер (Жизнь знаменитых людей). — Минск., 1998.
- М.Тэтчер и Великобритания-Полит портрет-Тэтчеризм. М., 2003.
- //Егемен Қазақстан-2008.-14 наурыз(№ 69/72).
- Минаев С. Железная логика железной леди//Власть.-2002.- №12.- 48-49 б.
- Варденга М. Маргарет Тэтчер. Ласковые прозвища великого консерватора// Домовой.-2001.- №11.-С. 196-201.
- Бурнашов И.А. Тэтчеризм и проблемы среднего образования в Англии (1979-1990). Дис…канд. полит. наук.-Алматы, 1994.-198с.
- Лиз К. Тэтчеризм: миф и реальност//Альтернативы. 1993.- №3.- 32-46 б.