ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті
Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Үнді ұлттық конгресінің антиағылшындық қозғалыстағы тарихи рөлі
Мазмұны
Кіріспе
1 – тарау. Үнді Ұлттық Конгрессінің саяси ұйым ретінде қалыптасуы
- ҮҰК құрылуы және алғашқы қадамдары
- ҮҰК және М.К.Ганди ұлт-азаттық күрес жолында
2 – тарау. Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдардан кейін
- ҮҰК және көрнекті тұлғалар
- Тәуелсіздікке қол жеткізу
- ҮҰК құрылымы және ұйымдастыру принцптері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. Егемендігін алып құқықтық мемлекет құруға, демократиялық қоғам орнатуға ұмтылған Қазақстанға басқа халықтардың азаттық үшін жүргізген күресі туралы зерттеулер қажет. Мұндай зерттеулерден біз бұрын отар болған елдердің тәуелсіздікке қандай жолмен келгендігін, тәуелсіздік үшін күрес заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тәжірибесін үйренеміз. Үндістан халқының азаттық үшін жүргізген күресі мәселесі қазіргі уақытта өзекті болатыны да сондықтан. Үндістандағы Ұлттық конгрестің қызметі тарихын зерттеу жоғарыда айтылғанға сәйкес тәжірибелік те, ғылыми да маңызға ие болады. Ұлттық конгресс Үндістандағы отарлауға қарсы күресін сонау ХІХ ғасырдың соңында батаған болатын. Үндістер тәуелсіздікке ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін ғана қол жеткізді. Жарты ғасырдан астам уақыт Ұлттық конгресс партиясы үнді халқының тәуелсіздік үшін күресін басқарды, оның аванградында жүрді. Ұлттық конгрестің тәуелсіздік жолындағы қызметінің тарихы Қазақстан тарихнамасында қарастырылмады және ол туралы қазақ тілінде арнайы монографиялар жоқ. Міне осы бір ақтаңдақты жою да біздің тақырыптың өзектілігіне жатады.
Мәселенің өзектілігіне Ұлттық конгресс партиясындағы жеке тарихи тұлғалардың қызметін зерттеуде қазіргі кезде маңызды болып табылады. Ганди, Неру және басқа да Үндістанның мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің тәуелсіздік үшін күрестегі ролі мен орнын қарастыру бізге тарихтағы жеке тұлғалардың маңызын анықтауға көмектеседі. Жеке тұлғаның тарихи ролі туралы тарихнамада пікірталас толастар емес, біз де осы ғылыми пікірталаста өз ойымызды білдіреміз. Сондықтан Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының қызметіндегі, тәуелсіздік үшін күрестегі Ганди мен Неру сияқты саясатшылардың атқарған еңбегі туралы зерттеу қазіргі уақытта маңызды болып отыр.
Мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының басты мақсаты Үндістан Ұлттық конгресінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресін жан-жақты және тереңірек зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету жолында біз ең алдымен Үндістан Ұлттық конгресінің құрылу және даму тарихына көңіл бөлуіміз керек. Сонан кейін жұмыстың мақсаттары қатарында Ұлттық конгрестің тәуелсіздікке жету жолында қандай жұмыстар атқарғанын, күрестің қандай әдістерін қолданғанын анықтау болады. Сонымен қатар Ұлттық конгрестің жұмысындағы жеке тарихи тұлғалардың орны мен ролін анықтау да біздің мақсаттарымыздың қатарында болады.
Осы аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындаумыз қажет. Тарихи деректерге сүйене отырып Ұлттық конгресс партиясының қандай жағдайда құрылғанын анықтау. Конгрестің құрылуына және қызметіне әсер еткен тарихи жағдай қандай болды. Партияның алғашқы қадамдары қандай болды және оның қызметіне Гандидің дүниетанымдық көзқарастарының әсері болды ма, болса қандай дәрежеде болды деген сұраққа жауап береміз. Мұнан Ұлттық конгресс партиясы өз жұмысында күрестің қандай әдістерін қолданды? Ол күрес әдістерінің нәтижесі қандай болды? Ұлттық конгресс партиясының қызметіне үндістан халқының көзқарасы қандай болды? Британ үкіметі конгрестің қызметіне қалай қарады? Партияның қызметінде қандай қиындықтар кездесті және ол қиындықтарды партия мүшелері қалай шешті? Партия ішінде күрес әдістеріне, партияның қызметін жүргізуге, саяси бағдарын анықтауға байланысты пікірталастар болды ма, болса қандай дәрежеде жүрді? Міне осы сұрақтарға жауап беру біздің жұмыстың міндеттері қатарына жатады.
Әдістері мен әдіснамасы. Осы мақсаттарға жету үшін және қойылған міндеттерді орындау үшін біз бірнеше зерттеу әдістерін қолдандық. Марксистік зерттеу әдіснамасы дағдарысќа ұшырап, оны ќолдану аясы шектелгенімен біз оның жетістіктерін әлі пайдалана береміз деп ойлаймыз. Сондыќтан әдіснама мәселесіне келгенде, біздің ойымызша, ќолданыстан шыќпаған, біраќ бірте-бірте өзгеріске ұшырай бастаған марксистік зерттеу әдіснамасын біршама ревизиялау арќылы ќолданып жүрген сияќтымыз. Біз тек өз еңбегімізде марксизмнің негізгі пастулаты таптар күресін ығыстырамыз. Әрине біз таптар күресін тарихи ќұбылыс ретінде жоќќа шығармаймыз, алайда оның тарихи дамуды аныќтаған негізгі заңдылыќ деген көзќарастан айрылуға тырысамыз және оны жүзеге асырамыз. Сондыќтан диалектикалыќ әдіснамадағы тарихи оќиғалар мен ќұбылыстардың өзіндік даму заңдалаќтары мен себептері бар деген ойды ұстанамыз. Сол бойынша ќарастырғалы отырған оќиғалардың шығуына алып келген объективті және субъективті алығшарттарға көңіл бөлеміз. Бұл әсіресе Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының тарихына байланысты өз маңызын жоғалтпайды. Ұлттық конгрестң қызметінде таптық қарама-қайшылықтардың орын алуы болды ма деген мәселені анықтауға көңіл бөлеміз. Осы факторларды аныќтағаннан кейін олардың тарихи оќиғаға ќаншалыќты ыќпал еткенін аныќтауға тырысамыз. Бітіру жұмысының жазылу барысында біз ең алдымен тарихи-хронологиялық әдістің аясынан шыќпаймыз. Автордың зерттеуінде тарихи оќиғалар мен ќұбылыстар кеңістік пен уаќытта бірінен кейін бірі жүргендіктен олардың болған кезеңін өз уаќытына байланысты ќарастырамыз. Сонымен ќатар салыстырмалы тарихи әдісті де ќолданатын кездер болады. Өйткені Үндістандағы Ұлттық конгресс партиясының тарихи туралы мәлімет беретін деректерді салыстырмалы түрде қарастыру қажет болады. Негізінен зерттеуде ќолданылған тарихи зерттеу әдістері айќын байќалмайтын сияќты, біраќ ол үстіртін көрініс. Шын мәнінде біз аталған әдістерді де, жалќыдан жалпыға көшетін дедуктивті әдісті де ќолдандыќ. Сонымен қоса бітіру жұмысының авторы анализ және синтез сияқты әдістерді де өз еңбегінде қолдануға тырысты.
Қолданылған деректер. Үндістанның Ұлтық конгресі партиясының, Үндістандағы ұлт-азаттық күрестің тарихы туралы кең көлемді мәлімет беретін деректер алуан түрлі. Олардың қатарында негізінен жазба деректер бізге құнды болып табылады. Жазба деректер өз тарапынан құжаттық және әдеби деректерге бөлінеді. Нарративті деректер қатарында М.К.Гандидің орыс тіліне аударылған “Моя жизнь” еңбегі 1969жылы Мәскеуде жарық көрген. Махатма Ганди өзінің еңбегін ағылшын тілінде жазған, ал оны орыс тіліне А.М.Вязьмина аударған болатын. Бұл дерек көзі нарративті деректер қатарына жатқызылып, өмірбаяндық мәлімет береді. «Менің өмірім» деп аталатын деректен біз ең алдымен Гандидің дүниетанымдық және саяси көзқарасы туралы мәлімет аламыз. Еңбектің барша мазмұны Гандидің және ол қалыптастырған саяси-философиялық қозғалыс – гандизмнің мәні туралы баяндайды.
Келесі бір нарративті дерек көзі бұл Джавахарлал Нерудің «Воспитания исследования» еңбегі болып табылады. Мұнан біз Үндістандағы ұлт-азаттық күрестің барысында саяси өзгерістердің болғаны туралы мәліметтер аламыз. Сонымен қатар Нерудің Үндістандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен саяси дамудың мәселелрі бойынша түсінік аламыз. Әсіресе Нерудің Гандиге берген алғашқы кездесуіне байланысты ойлары қызықты. Нерудің Ұлттық конгресс қызметіне келуімен Ұлттық конгрестің саяси бағдарында үлкен өзгерістер болады. Неру өзінің ұстазы санаған Гандидің көзқарасына сын айтады және өзін социалист деп жариялайды. Бұл жағдай әрине партияның саяси бағытына әсерін тигізбей қоймады. Әрине біз еңбекке сыни көзқараспен қарап, ондағы Нерудің пікірлеріне талдау жасау арқылы ғана оның берген мәліметтерін пайдаландық.
Джавахарлал Нерудің өмірі мен қызметі туралы жан-жақты және кең көлемді материалдарды біз С. Гопалдың үш томдық «Биография Джавахарлала Неру» деген еңбегінен аламыз. Гопал өзінің еңбегінде объективті пікір айтуға тырысады, алайда бүкіл еңбекте оның Неруді аса дәріптегенін байқауымызға болады. Нерудің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер кеңестік тарихнамада сыни талдаудан өткендіктен біз оған баға беруді артық деп санадық. Біздің барлық айтылған пікірлерге қосатынымыз бұл дерек көзі осы уақытқа дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Еңбекте Нерудің бала кезінен мемлекеттік қайраткер болған уақытына дейінгі өмірі өте көркем баяндалады. Сонымен қатар Джавахарлал Нерудің Ұлттық конгрестегі және ұлт-азаттық күрес барысындағы қызметі терең қарастырылады. Гопал үнді саясатшысына баға беруден алшақ, бірақ оның Нерудің Үндістанның ұлы азаматы деген пікірінің өзі аталмыш тұлғаға берген ең биік бағасы деп білеміз. Еңбекте тек өмірбаяндық мәліметтер ғана емес, Нерудің саяси көзқарастары туралы ақпарат берілген.
«Индия: Кодекс поведения политических партий и кандидатов» деген Э.Н.Комаровтың аударған дерек көзі бізге негізінен Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі партиялар арасындағы саяси күрес жүргізу кодексі туралы мәлімет береді. Осы материалдарды біз ресми құжаттық деректер қатарына жатқызамыз.
Құжаттық деректер қатарында маңыздылығымен Үндістанның конституциясын атап өтуге болады. Бұл заңдық құжатта Үндістанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымы туралы мәліметтер бар. Конституция біздің зерттеумізідің хронологиялық аясынан шығып кетсе де, ондағы қағидалар тәуелсіздік жолындағы күреске қатысқан саяси күштердің ара-қатынасын анықтауға да көмектеседі. Мәселен, конституцияның заң шығаруша және атқарушы билік туралы баптатары Ұлттық конгрестегі либералдық саяси күштердің өз ойларын жүзеге асыру жолында біршама жетістіктерге жеткендігін көрсетеді.
Тағы да бір ресми заңдық акт «Конгресс отырыстары» (Congress sessions) деректен автор партияның тәуелсіздікке дейін және Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі партияның съездері туралы мәлімет береді. Бұл дерек ресми заңдық құжат болғандықтан оған деректік анализ жасалған жоқ. Құжаттан біз партияның отырыстарында қаралған мәселелер, саяси күрестің әдістері, саяси күштердің ара-салмағы және партия қызметі туралы басқа да кең көлемді ақпарат аламыз.
Автор интернет арқылы «India`s struggle for freedom:Role of associated movements» яғни «Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрес: қоғамдық қозғалыстардың ролі» деп аталатын дерек көзін пайдаландық. Осы дерекетен негізінен Үндістандағы ұлт-азаттық күрестегі Ұлттық конгресс партиясының қызметі, оның тәуелсіздік үшін үнді халқының жүргізген күресіндегі ролі туралы мәліметтер алдық. Бұл мәліметтер Ұлттық конгрестің тәуелсіздік үшін күрестегі атқарған қызметіне баға беруге, оның басқа партиялармен арадағы байланысын анықтауға, оның мүшелері туралы ақпарат алуға көмектесті.
Тарихнамасы. Үндістандағы ұлт-азаттық күрес тарихы, соның ажырамас бөлігі Ұлттық конгресс партиясының тарихы туралы зерттеулер алуан түрлі. Бұл еңбектердің барлығына, тіпті біздің жұмыста пайдаланылған монографиялар мен мақалаларға толық тоқталу уақыт пен бітіру жұмысының көлеміне байланысты мүмкін емес. Сондықтан да біз оларға қысқаша тоқталуға мәжбүрміз. Біздің тарихнамалық талдауымыз да тек тарихи еңбектерге шолу жасау болып табылады.
Атап өткеніміздей Үндістанның Ұлттық конгресс партиясы мен үнді халқының ұлт-азаттық күресі мәселесі өзінің өзектілігін ешқашан жоғалтқан емес, сондықтан да мәселенің зерттелуі кең көлемде жүрді. Әсіресе мәселеге кеңестік кезеңде аса жоғары дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл идеологиялық тұрғыдан ақталды да, өйткені таптық күрес пен догматикалық социалистік идеяны уағыздауда империалистік елдердің отарлық саясатына қарсы халықтардың күресін халыққа таныту қажет болды. Бірақ қарастырып отырған мәселеге Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де қызығушылық жоғалған жоқ. Бұған кейінгі кездердегі зерттеулер дәлел бола алады.
Шартты түрде үндістандағы ұлт-азаттық күрес туралы зерттеулерді зерттеу объектісіне байланысты үшке бөлуге болады. Бір зерттеушілер Үндістандағы жалпы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын зерттеп, ондағы саяси партиялар мен саяси қайраткерлердің тарихына тоқталады. Мұндай еңбектердің қатарына А. И. Левковскийдің “Начало массового общеиндиского национально-освободительного движения” деген мақаласын жатқызуымызға болады. Әрине мұндай зерттеулерді тікелей ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан жеке тұлғалардың тарихымен байланыстыруымыз қажет. Мәселен Левковскийдің мақаласында ұлт-азаттық күрестің басталу тарихына көңіл бөліне отырып, ондағы Ұлттық конгресс партиясының және ондағы Б. Тилактың қызметіне талдау жасалады. Жұмыста Үндістандағы ұлт-азаттық күрес империалистік Ұлыбританияның қанаушылық саясатына қарсы басталған күрестегі жеке тұлғаның роліне де көңіл бөлінеді. Зерттеу марксистік әдіснама тұрғысынан жазылып, Үндістандағы ұлт-азаттық күрес барысындағы таптық антогонизмнен шығатын саяси күштердің тепе-теңдігі мәселесіне де тоқталады.
Екінші бір зерттеу түрі бұл Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрестегі жеке тұлғалардың орны мен маңызына байланысты болды. Мұндай еңбектердің ішінде Е.Юрлованың «Махатма Ганди – борец за социальную справедливость» мақаласын айтуға болады. Мақаланың авторы үлкен деректік материалдарға сүйене отырып Махатма Гандидің саяси, дүниетанымдық, философиялық көзқарастарына баға беруге тырысады. Бұл мақалада кеңестік идеологияның нышандары байқалмайды. бірақ әдіснамалық жағын алып қарайтын болсақ онда негізінен материалистік-диалектикалық әдіснама қолданылғанға ұқсайды. Е. Юрлованың екінші бір мақаласы » М.К.Ганди и участие хариджанов в национально-освободительном движении» деп аталады. Мұнда да Гандидің тәуелсіздік үшін күрестегі ролі мен орынына көңіл бөлініп, азаттық үшін күрестке хариджандардың қатысқаны туралы зерттеу жүргізіледі.
Осындай зерттеулердің бірі В. Кашиннің «Сардар Валлабхай Патель» атты мақаласы Үндістандағы тәуелсіздік үшін жүргізілген күрестегі көрнекті қайраткер Пательдің қызметіне арналған. Патель Гандидің шәкірті және оның саяси көзқарасы Гандидің көзқарасымен сай келеді. Оның азаттық жолындағы қызметі, дүниетанымы және саяси көзқарасы, Ұлттық конгрестегі қызметі туралы жазылған еңбекте аударылмаған материалдар қолданылады. Мақаланың құндылығы да осыдан барып шығады. Пательдің үнді тарихнамасында қалыптасқан аңыздық тұлғадан адами келбетін ашуға бағытталған мақала өз мақсатына жеткен десек болады.
Жеке тұлғаның Үндістан Ұлттық конгресіндегі және жалпы ұлт-азаттық қозғалыстағы роліне арналған зерттеулер қатарына А. Н. Чичеровтің «Джавахарлал Неру и независимая Индия (очерки общественного развития страны в 50-70 годы)», Э. Н. Комаровтың «Джавахарлал Неру: социально-политические воззрения и историческая роль», В. Кашиннің «Пандит Джавахарлал Неру» сияқты еңбектер жатады. Чичеровтың монографиясында Джавахарлал Нерудің Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі мемлекеттік қызметіне және оның үнді мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ролін анықтауға көңіл бөлінеді. Ал Комаров Нерудің саяси-әлеуметтік көзқарасына талдау жасап, оның саяси-қоғамдық тұлға ретіндегі тарихи маңызын анықтауға тырысады. Әрине Нерудің өзі де, оның саяси қызметі де үлкен тарихи маңызға ие. Нерудің Ұлттық конгресс партиясына келуі партияның крес жүргізу әдістеріне байланысты бағытын өзгертуіне алып келеді. Әсіресе Нерудің социализмге байланысты көзқарастары қызығушылық тудырады. Комаров социализмді Неру қоғамның экономикалық және әлеуметтік қиындықтардан шығудың жолы ретінде ғана қарастырды. Үндістан социализмге өз бетімен дайын болуы керек және оған халықтың басым көпшілігі қатысуы керек, деген ойларын келтіреді. Сонымен қатар, солшылдардың монополиялардың байлықтарын қайта бөліске салу туралы ұсынысына қарсы болды. Үндістанда бөліске салатын байлық жоқ, тек бөліске салатын кедейлік қана бар деп, ұлттық өнімді мен қызметтің көлемін өсіруге шақырды, деп Нерудің саяси көзқарастарын анықтай түседі.
Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс тарихнамасындағы тағы да бір зерттеу объектісіне байланысты зерттеулер тікелей Үндістан Ұлттық конгресіне және басқа да партиялардың қызметіне арналған. Мұндай еңбектер арасында Т. Ф. Девяткинаның «Индискии национальный конгресс», А. И: Регининнің «Индиский национальный конгресс: очерки идеологии (60-е и первая половина 70х)» шығармаларын және Ф. Юрловтың «Индийский национальный конгресс во власти и в оппозиции» атты мақаласын атап өтуге болады. Девтякинаның монографиясында Үндістан Ұлттық конгресінің тарихы жан-жақты және терең зерттелген. Девяткина көптеген тарихи материалдарды пайдалана отырып, Ұлттық конгрестің пайда болуы және дамуы тарихын көрсетуге тырысады. Ол Ұлттық конгрестің құрамындағы, басшылығындағы өзгерістерге орай оның саяси бағдарындағы өзгерістердің болғаныдығы туралы айтады. Сонымен қатар еңбектің авторы партияның әлеуметтік тірегіне де көңіл бөледі.
А. И: Регининнің «Индиский национальный конгресс: очерки идеологии (60-е и первая половина 70х)» тақырыптағы еңбегі Ұлттық конгрестің ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдарындағы қызметіне арналғанымен оның тарихына да шолу жасайды. Бұл еңбектен біз Ұлттық конгрестегі саяси күштердің, партияның саяси бағдарламасының эволюциясын анықтай аламыз. Осындай ойды Юрловтың мақаласы туралы да айтуға болады.
Аталған зерттеулерден басқа біз біршама тарихи шығармаларды, оқулықтарды және Үндістан тарихына арналған жалпы еңбектерді де пайдаландық. Аталған зерттеулер негізінен Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрес кезінде елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайдың деңгейін анықтауға көмектесті. Сондықтан да, яғни бұл еңбектер тікелей Ұлттық конгресс партиясына арналмағандықтан олар туралы пікір айтуды артық деп санадық.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы жоғары оқу орындарында осындай жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес жазылды. Жұмыс екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен (параграфтан) тұрады.
1-тарау. ҮНДІСТАН ҰЛТТЫҚ КОНГРЕССІНІҢ САЯСИ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Тақырыпты бастар алдында Үндістан туралы аздап тоқтала кеткенді жөн көрдім. Үндістан (Хинди Бхарат) – Үндістан Республикасы, оңтүстік Азиядағы мемлекет. Шамамен 900 миллионнан астам халқы бар. Көбі хиндустандықтар, телугу, маратхалар, бенгалдықтар, бихарлықтар,тамилдер, гурджараттықтар, кашарлықтар, пенджаптықтар. 80 % индуизм, 10 % мұсылман, христиан, синха дінін ұстанады. Ресми тілі – хинди тілі, ағылшын тілі. Астанасы – Дели .
Үндістан – федеративтік мемлекет. 25 штаттан, орталыққа қарайтын 7 одақтық территориядан тұрады. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – парламент. Парламент Халық палатасы мен штаттар Кеңесінен тұрады.[ииМ.Алтернатива 5 стр]
Үндістан тәуелсіз мемлекет болып 1947 жылы 15 тамызда жарияланды. Парламенттің жоғарғы палатасы – штаттар Кеңесі (Раджья Сабха) – 250 депутат кіреді, төменгі палатасы – Халық палатасы (Лок Сабха) – 545 депутаттан тұрады. Төменгі палатасы әр бес жылда бір сайланады. Тікелей және жасырын дауыс беру арқылы, жасы 18 толған азаматтар қатысады. Жоғарғы палатаға сайлаушылар коллегиясының шешімі бойынша штат заң шығарушы кеңесінің депутаттарының ішінен сайланады.
Президент 5 жылға сайланады. Президентті парламент пен штат заң шығарушы мәжілісі сайлайды. Іс жүзінде атқарушы билікті премьер-министр жүргізеді. Ол – министрлер кеңесін басқарады. Премьер-министр болып, Халық палатасына сайлауда жеңіске жеткен партия немесе коалиция жетекшісі тағайындалады.[АиА сег.1999 №12 3стр]
Үндістанның конституциясы преамбула және 345 баптан тұрады, 22 бөлімге бөлінген. 1950 жылы 26 қаңтарда күшіне еніп: Үндістан тәуелсіз демократиялық мемлекет деп жарияланған. 1999 жылға дейін 78 өзгерту жасалынған.[конст. Пр. вчера и сег. М. Плешова 22б]
Гандизм – діни философиялық қозғалыс, негізін Мохандас Карамчанд Ганди қалыптастырған. Негізгі белгісі – тәуелсіздікке күш қолданбай, бейбіт жолмен жету. [Н.Р.Гусев “Многоликая Индия”7б]
Үндістанда 1995 жылғы мәліметтер бойынша сайлаушылар саны 500 млн. асып кеткен, жалпы халықының саны – 900 млн. астам. Штаттардың федеративтік мемлекет көлемінде автономиялық құқығы бар. “Ұлттық” партиялар кем дегенде 4 штаттан, барлық дауыстың кем дегенде 4 % жинауы керек. “Штаттық” партиялардың көбіне, 1 немесе 2 штат көлемінде ғана беделі бар.[Восток Комаров 155 б]
Атқарушы билік, соның ішінде мемлекеттік аппарат заңшығарушы биліктің бақылауында. Атқарушы биліктің (үкімет) барлық басшылық органдарының қызметкерлері, провинция (штаттардың) губернаторларынан басқа, конституция бойынша сайлау арқылы және заңшығарушы органдардағы көпшілікті құрайтын фракцияның құрамынан қалыптасуы керек.[Флорин 39]
1.1. Конгресстің құрылуы және алғашқы қадамдары
Ал дүние жүзіндегі ең әйгілі партиялардың бірі Үнді ұлттық конгрессі Үндістан тәуелсіздік алғаннан бері билік басында келе жатыр. Үнді ұлттық конгрессі (ҮҰК) 1885 жылы 28 желтоқсанда Бомбейдегі болып өткен өзінің алғашқы съездінде құрылды. Конгресті құру инициативасын алғаш көтерген, вице-кароль Даффериннің басқаруындағы британ отарлық әкімшілігімен тығыз байланыста болған үнді азаматтық қызметінің бұрынғы ірі шенеунігі Аллан Юм болды. Конгрессті құрудағы негізгі мақсаты – отаршыларға деген үндістердің наразылығын аз да болса құрықтап ұстауға тырысқан талпыныстан туып еді. Алғашында конресстің қызметі осы бағытта жүріп-ақ жатты, бірақ, уақыт өте келе отаршылық жүйесінің шеңберінде ғана реформаторлық жолды ұстанудан бас тартып, британ билігіне қарсы ұлт-азаттық күрес жолына түсті. 1947 жылы Үндістан тәуелсіздік алғанға дейін, 62 жыл бойы Үнді ұлттық конгрессі ұлт-азаттық күрестің жетекшісі болып келді.
ҮҰК құрылуының алғышарттары ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді, алғашқы толқыны ретінде 1857-1859 жылдардағы үндістердің ұлы халық көтерілісі немесе Үндістанның тәуелсіздігі үшін алғашқы соғыс болды. Британ үкіметінің көтерілісті күшпен басып тастауы жағдайды өзгертпеді. Үндістанды экономикалық тонау, миллиондаған үндістерді европалықтардың қанауы тоқтаған жоқ. Халық ішінде және ұлттық интеллегенция арасында елдің әлеуметтік-экономикалық артта қалуы, халықтың басым бөлігінің кедейшілікте өмір сүруінің негізгі себебі – Ұлыбританияның отаршылық саясаты деген көзқарас қалыптасқан еді.
Жалпыүнділік саяси ұйым құру туралы ойлар 1876 жылы құрылған Үнді ассоциациясының қабырғасында пайда болды. Ассоциацияның жетекшісі Сурендратх Баннерджи Конгрессті құрушылардың бірі болатын. Ол өз жақтастарымен Үндістанның ірі орталықтарында болып, жергілікті ұйымдармен кездеседі, нәтижесінде 1883 жылы Калькуттада ұлттық конференция шақырылады. Осы кезде Бомбейде де осындай ұйым жұмыс істеп жатыр еді. [Т.Ф.Девяткина 37б]
1866 жылдан 1879 жылға дейінгі аралықтағы елді қамтыған ашаршылық жылдары елдің жағдайының нашар екендігін және экономикалық құлдырауға ұшырағандығын көрсетті. Бұның негізгі себебі Үндістаннан байлықтың шет елге тасып әкетілуі мен ағылшындардың “еркін сауда” деген саясаты жергілікті өнеркәсіп пен сауда үшін тым ауыр тиді. Ендігі жерде Үндістан шетел тауарын өткізетін базар мен шикізат өндіру көзіне айналды. Ауылшаруашылығындағы стагнация мен қалалардағы өнеркәсіптің дамымауы елде жаппай жұмыссыздық-қа алып келді. Сонымен қатар отарлық билік ендігі жерде баспасөзді, жаппай ереуілдер мен жиындарды қатал қадағалауға ала бастады. Бұның бәрі бүкіл Үндістанның әр түкпірінде шаруалардың жаппай қарулы көтерілістері мен бас көтерулеріне ұласып жатты.
Осы кезде Үндістанда ағылшынша білім алған, жаңа элита пайда бола бастады. 1885 жылы олардың саны шамамен 50 мыңға жуық еді. Олардың біразы мемлекеттік қызметке кірді, көбі – заңгер, дәрігер, журналисттер қоғамдық істерге араласуға тырысты. Әрине, бұл адамдар революсионерлер болған жоқ, өздерінің империялық билікке лоялдық көзқараста екендіктерін көрсете отырып, тек, мемлекеттік істерге араласып, қызметке кіріп, әкімшілік реформалар жасауға ықпал етуге тырысты. /С.Гопал. 9 бет/
Коннгресстің жалпыүнділік ұйым ретінде құрылған жылдарында, елде әр түрлі ұлттық ұйымдар мен қозғалыстар қалыптаса бастады. Солардың арасында 1883 жылдың желтоқсан айында Калькутта қаласында Жалпыүнді ұлттық конференциясын өткізген Үнді ассоциациясы бар еді.
Конгрестің бірінші съездінде елдің түкпір-түкпірінен келген 72 делегат қатысты. Делегаттардың көпшілігі ағылшынша білім алған – заңгер, дәрігер, журналистер, мемлекет қызметкерлері, орта таптың өкілдері еді. Олардың арасында ескі аристократияның өкілдері – раджа және махараджалар, ірі заминдарлар мен саудагерлер, қолөнершілер мен шаруалардың өкілдері болған жоқ. Съезд жұмысына барлық діни конфессиялардың өкілдері – үндістер, христиандар, парсылар, джайн, мұсылмандар қатысты. Мұсылман дінінің өкілдері екеу ғана болды, дегенмен келер жылдары ҮҰК құрамындағы мұсылмандардың саны арта түсті: 1886 жылы – 434 делегаттың 33-і, ал 1890 жылы – 677 делегаттың 116 – сы мұсылмандар болды. Жалпы, конгресстің билігінің басында әр түрлі діни конфессиялар өкілдерінің арасында белгілі бір баланс сақталып келді. Мысалға, 1886 жылы ҮҰК президенті парс Дадабхай Наороджи, 1887 жылы мұсылман Бадруддин Тьябджи, 1888 жылы христиан Джордж Юл болған және т.с.с.
Алғашқы жылдары ҮҰК толық бағдарламасы, жарғысы болған жоқ. Жыл сайын өтіп отыратын съездерінде резолюция қабылданатын, осы резолюцияны бағдарлама ретінде пайдаланатын. Келесі съезді өткізу үшін дайындық комитеті құрылатын, ол “ресепшн комити”деп аталды. Негізгі жұмысы: съезді өткізуге қажетті қаржы жинау, орын таңдау, делегаттарды орналастыру, уақытылы келулерін қамтамасыз ету.
Құрылғаннан кейінгі бастапқы жылдарда Конгресс осы кездегі отарлық режим көлемінде ғана саяси реформалар жүргізуді талап етті. Британ үкіметіне қарсы еместігін айта отырып, Конгресс басшылары бұл кезде провинцияларда жұмыс істеп жатқан заңшығарушы кеңестің көмегімен елді басқаруға араласуға ұмтылыс жасады. Әрине, бұл кезде олар жалпыға бірдей сайлауға қатысу құқығын талап еткен жоқ еді, себебі ондай құқық бұл кезде Англияның өзінде жоқ еді. ҮҰК азаматтық қызметтерге үндістердің араласуына көп көңіл бөлді. Бұл қызметтерге қабылдайтын экзамендерді, Англия мен Индияда бір кезеңде өткізуді, жас цензін көтеруді, ағылшындар мен үндістер тең жағдайда қатысуға құқылы болуын талап етті. Экономикалық талаптарға келсек, ҮҰК негізін құрайтын білімді орта таптың мүддесін көрсетті. Мысалға, салық салынбайтын төменгі табыстың көлемін жоғарылатуға, жерге салықты алып тастауға талпынуы. Сонымен қатар, шаруалардың да құқықтарын қорғауға тырысты. Өзінің алғашқы съездерінің бірінде-ақ шаруаларға жерге тұрақты құқық беру мен ормандарды пайдалануға жеңілдіктер беру және тұзға салықты азайтуды талап етті және т.б.
Конгресс комитеті жылына кем дегенде үш рет жиналуы керек болды. Олар келесі съездің уақытын, орнын өзгертуге құқылы болды, төтенше съезд шақыра алды. Конгресстің төрағасын бекітуге, резолюцияның жобасын жасады. Өткен съездерде қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалауға міндетті болды. Делегаттар провинциядағы комитеттің бөлімдерінде сайланды. Конгресс төрағасы жыл сайын сайланып отырды, ол Конгресс комитетінің төрағасы болып табылды. Жүиелі жұмыс істеулері үшін хатшылық құрылды. Құрамында құрметті (почетный) хатшы болды, ол барлық ұйымдардың жұмысына жауапты болды, бір палата көмекшісі және керекті штат болды. Бұларды қаржыландыру үшін 5 мың рупий бөлініп отырды. Бұл қаржыны дайындық комитетінен алды. Айта кететін жағдай, ұзақ жылдар бойы Конгресстің хатшысы – ағылшын А.О Хьюм болып келді.
Сондай-ақ ҮҰК сыртқы саясатқа араласуға тырысқаны да көңіл бөлуді талап етеді. Ол Англияның Бирмадағы соғыс қимылдарына наразылық білдірген, осы елге салған аннексияға қарсы болған. Британ империясындағы әскери шығындардың тым көптігін қолдамайды.
Дамуының алғашқы кезеңдерінде жоғарыда айтылғандай Конгресс британ үкіметіне лоялдық көзқарасты ұстанған. Конгресстің бірінші съезінде төрағалық еткен Боннерджи “Үндістандағы британ билігі”туралы айтып өтеді. Ал Дадабхай Наороджи “біз, Британияның балалары, еркіндік пен өкілеттілікті мұраға алуға құқылымыз ”деген. Басқа бір делегат Субраманья Айяр болса: “Қасиетті қол бізді ұлы Ұлыбританияның басқаруына алып келді… Британиянияның басқаруы өзінің нәтижелеріне және бағытына қарай басқа билеушілерге қарағанда жақсы болды ” дейді. Тіпті мәжілістің қорытынды отырысында барлық делегаттар Аллан Юмның ұсынысымен Британияның императорының денсаулығын тілеп үш рет қайталаған.
Соған қарамастан осы кездің өзінде конгресстің жүргізіп отырған шебер саясаты британия үкіметі тарапынан көп қолдау таба қойған жоқ. Лондонда шығатын “Таймс” газеті ҮҰК жетекшілеріне Үндістан күшпен басып алынған, ендігі жерде де күшпен басқарылатындығын ескерте отырып: “Егер бізге Үндістаннан кететіндей жағдай туса, бұл керемет шешендердің сөзінен емес, тек керемет күш пен өткір қылыштың арқасында ғана болады ” деп қорқытты. Келесі он жылдықта конгресс көбіне үндістердің орта тап өкілдеріне қатысты мәселелермен ғана жұмыс істегенмен, партия жетекшілерін басқа да мәселелер алаңдатты, ең бірінші кезекте Үндістан мен Ұлыбритания арасындағы қатынастарға байланысты мәселелер. Наороджи “сыртқа ағып кету теориясын” (теория утечки) жасады, оның негізгі мәні – Үндістанды пайдалану нәтижесінде елдің байлығы Англияға кетіп жатқанын дәлелдеу. Р.Ч. Датт отаршылдық пайдалану саясатының нәтижесі үнді шаруаларының кедейленуіне әкелгендігі туралы тезисті дәлелдеді.
1899 жылы желтоқсан айында Лакхнада өткен Конгресстің 15-съездінде партияның жарғысы қабылданды. Қабылданған жарғыда тек ережелер емес, бағдарламаларының да негізгі бағыттары жазылды. Осы жерде ҮҰК мақсаты – Үнді елінің жағдайын конституциялық жолмен жақсартуға көмек көрсету деп көрсетілді. Жарғыда көрсетілгендей партияның жоғарғы органы – Конгрессің жыл сайынғы съезді болып табылады. Съездің жұмысын басқару үшін 45 адамнан тұратын Конгресс комитеті құрылды. Комитет мүшелері съезде сайланатын. Олардың 40 мүшесі провинциялық комитеттің ұсынысы бойынша сайланатын, егер бұндай комитет жоқ болса, көршілес провинцияның комитетінің делегаттарының көмкгімен сайланатын. Ал Үнді Конгресс комитеті енді Жалпыүнді Конгресс комитеті болып өзгертілді. Конгресстің радикалдық қанаты осы кездің өзінде Үндістанның тәуелсіздігіне қол жеткізу туралы талап қоя бастады.[Девяткина 38б]
1906 жылы Калькуттада ҮҰК сессиясы өтті. Сессияда қабылдаған резолюцияның негізгі мәні сварадж (өзін-өзі басқару) – Британия империясының көлемінде өзін-өзі басқару құқығын талап ету. Сонымен бірге свадеш (ұлттық өнеркәсіпті дамыту) жариялады. Сессия ағылшын товарларына байкот жариялады. Себебі: 1899 жылы Үндістан вице-каролі лорд Керзон (1899-1905 жж) тағайындалған. Ол 1899 жылы ақша реформасын жүргізеді. Мәні, күміс рупийді алтын паритетке ауыстырды, фунтқа шаққанда бағасы өте жоғары болып кетті. Бұл саудагерлердің наразылығын тудырды, оқудың бағасы өсірді. Сондай-ақ Бенгалия президенттігін бөлшектеу туралы акт дайындады. Бұл жағдайдың бәрі жаппай наразылық тудырды.
XIX ғасырдың 90-жылдары Конгресс құрамына елге танымал бола бастаған, жас толқын өкілдері келе бастады. Олар: Бал Гангадхар Тилак, Гопал Кришна Гокхале, Мадан Мохан Малавия, Лала Ладжпат Рай, Бипин Чандра Пал және т.б. Барлығы бірігіп халықпен жұмыс істей бастады. Әсіресе Бенгалия, Махараштра және Панджапта белсенді жұмыс атқарды.
Тилак 1856 жылы маратх браминдер отбасында дүниеге келген, діни білім алған, ежелгі индуизм дінінің өкілі болды. Қоғамдық істерге 1870 жылдан бастап араласа бастады. XIX ғасырдың 90- жылдарынан бастап ҮҰК істеріне араласа бастады. ҮҰК өкілдерінің ішінде бірінші болып Үндістанның толық тәуелсіздігі үшін күрес ұранын тастады. Өзінің саяси қызметі барысында діни ұрандар мен кей кездерде реакцияшыл әдістерді де ұстанды. Елде көпшіліктің қолдауына ие болды.
1887 жылдан бастап, проконгрессистік Үнді ұлттық әлеуметтік конференциясы Тилактың талабына байланысты өз съездерін ҮҰК сессияларынан бөлек өткізе бастады. Осы Үнді ұлттық әлеуметтік конференциясының инициативасы бойынша қаналушы тап миссиясы (1906 ж) құрылған болатын. Бұл миссия 1918 жылы науырыз айында Жалпыүнділік съезд шақырады, осы съезде “неприкасаемостьқа қарсы манифест” қабылданады. Бұл манифестке Бепин Чандра Пал, Сардар Валабхай Патель және тағы басқалар қол қойды. Робиндрант Тагор съездге қатысушыларға телеграмма арқылы сәлемдеме жолдайды. Тилак съезде сөз сөйлейді, осы жылы “экспанция неприкасаемости” атты еңбегін жазған. [И.Ежегод. 87 Юрлова 261/
Осы жылдары ҮҰК ішінде екі қанат пайда болды. Біріншілері, империя құрамында өзін-өзі басқару құқығын реформа, конституцияға өзгертулер енгізу арқылы жетуді көздесе. Екінші топ, Үндістанның толық тәуелсіздігіне қол жеткізуді қалады және реформа бұған жетудің жалғыз жолы емес деп қарастырды. Бірінші қанатқа Сурендрат Баннерджи, профессор Гхокале және Фатуземах Мехта жетекшілік етті. Ал, екінші қанатқа Бал Гангадхар Тилак, Бипин Чандра Ладжпат жетекшілік етті. Екі қанат арасында күрделі саяси қарама-қайшылық орнады. Екі қанат арасында қарама-қайшылық әсіресе 1907 жылы сессияда орын алды. Бірақ бұл жайында кейінірек, ретпен айтамыз. Ендігі кезекте XIX ғасырдың басындағы өзгерістерге тоқталайық.
Конгресс комитеті кем дегенде жылына үш рет жиналуы керек еді. Жүйелі жұмыс істеуі үшін хатшылық құрылды. Конгресстің жарғысында партия мүшелігінің ережесі, провинциялық ұйымдардың құрылымы жөнінде ештеңе болмады. Қаржылай базасын әр кезде көмек көрсетіп отырған өнеркәсіп, саудагерлер, княздар мен помещиктердің көмектерінен қалыптастырды. Партияның мақсаты – елді басқару органдарына үндістерді жіберуді талап ету. Конгресс құрамында әр түрлі топтардың болуы, олардың арасындағы күрес нәтижесінде жарғы ылғи өзгеріп тұрды. 15-съезде қабылданған жарғының негізі сақталғанмен, әр съезде өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырды. 1900 жылғы съезде ҮҰК комитетіндегі провинциялардан сайланатын мүшелер санының қатынасы өзгерді. Бұрынғы экс-төрағалар енді, комитет мүшелері болып, комитетке хатшы, көмекші, Дайындық комитетінің төрағасфы да кіретін болды. 1906-1908 жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың жандануына байланысты Конгресстің ендігі жерде кең көлемде жұмыс істеуіне әсер етті.[Девяткина 40б]
Свадеши қозғалысы 1899 жылы Үндістанның вице-каролі болып лорд Джордж Н.Керзон (1899-1905 жж) тағайындалды. Керзон аса реакцияшыл, “джингоистік” ағылшын империалисттер тобының өкілі. Ұлт-азаттық қозғалыстарды қатаң басу және нәсілдік дискриминация саясатын ұстанған. 1903 жылы Үндістанның табиғи байлықтарын іздеу мен игеруде ағылшын монополистеріне көп жеңілдік беретін арнайы заң шығарылды. Керзонның тұсында табыс салығы алынбайтын жылдық табыстың минимумы 500 рупийден 100 рупийге дейін төмендетілді. Осындай жағдайлар орта таптың наразылығын тудырды. [ИИ К.А.Антонова351]
ҮҰК дамуындағы маңызды кезең свадеши қозғалысының (1905-1911 жж) басталуымен белгілі. Қозғалыстың басталуына Үндістанның вице-каролі Джордж Н.Керзонның Бенгалия президенттігін бірнеше әкімшілік бөлікке бөлу туралы шешімін жариялауы себеп болды. Құрамына Бенгалия толығымен (қазіргі батыс Бенгалияны қоса, Бангладеш, Бихар, және Орисса) кірген, жалпы халық саны 78,5 миллион, барлық Үндістан халқының ¼ бөлігін құрайтын Бенгалия президенттігінің өте үлкен көлемі оны басқаруды қиындатты. Астанасы, барлық Британиялық Үндістанның астанасы Калькутта болды.
Бенгалияны екіге бөлу шешімі қабылданды, біреуі – үндістер көп тұратын бөлік болса, екіншісінде мұсылмандар саны көп болды. Бұл үлкен наразылық тудырды. Бұлай бөлудің түбінде күннен күнге халық арасында өсіп келе жатқан отаршылыққа қарсы наразылықты әлсіретуге бағытталған талпыныс жатты. ҮҰК 1903 жылы Бенгалияны бөлуге дайындық жүріп жатқан кездің өзінде-ақ бұл жоспарға қарсы шыққан. Дегенмен отарлық әкімшілік оған тоқтай қоймай, 1905 жылы 16 қазанда Бенгалияның бөлінуі іске асқан факт болды. Осы кездерде Керзон “бенгалдықтар жағынан айғай-шу көп болады, бірақ бөлуден құтыла алмайды, қарсылықтары басылады” деп жазды. Дегенмен ол қателесті.
1903 жылдан бастап, британ үкіметі Бенгалияны бөлу туралы ашық айта бастады, осыған байланысты қарсылық ереуілдері басталып кетті. 1905 жылдың қазан айына дейін үндістер де мұсылмандар да қатысқан 2000 ға жуық ереуілдер мен жиындар болып өтті. Бенгалияның, басқа да үнді баспасөздерінің беттерінде бөлу жоспарын сынаған мақалалар жарық көре бастады. Отарлық үкіметке мыңдаған адамдар қол қойған, Бенгалияны бөлшектеу туралы шешімді қайтарып алуды талап еткен петициялар жөнелтілді. Барлық шаралар нәтиже бермегеннен кейін, 1905 жылы 7 тамызда Калькуттада болып өткен көптеген адамдар қатысқан ереуілдерде свадеши қозғалысының басталғандығы жөнінде және ағылшын товарларына байкот жариялайтындықтары жөнінде хабарлады, бұл шара Бенгалияны бөлшектеу туралы шешім күшін жойғанға дейін жалғасуы керек болды. Бұлармен қатар, сапасы төмен болса да жергілікті товарды пайдалануға шақырған ұрандар айтылып жатты.
Свадеши қозғалысының идеологиялық негізін Бонким Чондра Чоттопадхай, Свами Вивекананданың және тағы басқалардың патриоттық кітаптары, мақалалары құрады. Олар үндістерді отан үшін белсенді қимылдарға шақырды. Вивекананда қозғалыс басталмай тұрып бірнеше жыл бұрын жастарға: “сендер өздеріңді момын қой секілді сезінген жалған түсініктен арылыңдар”, “маған тек күш керек”, “келесі 50 жыл бойы,- деп жазды ол 1897 жылы,-біздің жалғыз мәселеміз ұлы шешеміз Үндістан болуы керек, ал әзірге, уақытша біздің жүрегіміздегі барлық өзімшілік құдайлары жоғала тұрсын, тек бірақ құдай – халық қана жүрегімізде қалсын ”, “бостандық – дамудың бірінші алғышарты”, деген сөздерді айтқан.
Рабиндранат Тагор “конструктивті” свадеш идеясын ортаға салды, “бұрынғы ескі саясаттың” орнына енді шет тіліндегі бос сөз бен шетелдіктерді еш пайдасыз құрметтей берудің орнына, халықтың өміріне керек нақты жұмыспен айналысуға шақырды.
Ағылшын тауарларына қарсы байкот әр түрлі формада болды. Мысалға, Майменсингха қаласының етікшісі ағылшын аяқкиімдерін жөндеуден бас тартса, Калькуттаның кір жуушылары шет ел киімі мен маталарын жуудан бас тартқан, ал абыздар шет ел киімін киген тойларға қатысудан бас тартқан. Ортодоксалдық пандиттер (үндіс оқымысты-теологтары) шет ел қанты мен тұзын пайдалану индуизмге қайшы келеді деп үгіт жүргізді. Ағылшын өнеркәсіптеріне байкот жарияланды.
1907 жылдың ортасына қарай байкоттың шет ел товарын сатуға үлкен зиян әкелетіні анықталды. Осы жылдары свадеши қозғалысын қолдайтын көптеген ұйымдар мен қоғамдар құрылды. Бұлардың арасында “Анушилан самити” (мәдениетті тарату қоғамы) қоғамы, “Шұғыла”(Заря) қоғамы, “Банде Матарам” және т.б. Олардың жұмысы Бенгалияда мәдени жаңғыруға әсер етті, Б.Ч.Чоттопадхайдың отыз жыл бұрын жазған “Анандаматх” (“Обитель радости”) романынан алған “Банде Матарам”(“Сәлем саған, о Отан-Ана”) сөздері өзіндік мантраға (молитва) айналды. 1906 жылғы Конгресстің Калькуттадағы өткен съездінде Р.Тагор “…бенгалдықтар өздерін бенгалдықтармыз деп тек геграфиялық шекараға байланысты айтпайды, олар бір-бірімен ортақ бенгал тілі мен әдебиетімен байланысып жатыр. Біз ұлы Банде Матарам мантрасы бенгал әдебиетінің ерекше сыйы екенін ұмытпауымыз керек” деген екен.
Тагор савадеши қозғалысы кезінде көптеген патриоттық өлеңдер жазған. Оны үлгі еткен көптеген ақындар оның ісін жалғастырды. Осының нәтижесінде, тек қана 1905-1908 жылдар аралығында осындай өлеңдердің тоғыз жинағы жарық көрген.
Свадеши қозғалысы екі-үш жыл ішінде жалпұлттық қозғалысқа ұласып кетті. Б.Г.Тилак өзінің “Махратта”, “Кесари” газеттері арқылы қозғалысты қолдап отырды. Ол Бенгалияны, Үндістанның вице-каролінің Үндістан мен үнді халқына деген ашық менсінбеушілігі үшін жауап берудің жалғыз түрі – байкот ұйымдастырғаны үшін алғысын айтты. Осындай көзқараспен, қозғалысты Л.Л.Рай да қолдайтындығын білдіріп: “Бенгалияның істегенін барлық провинциялар да қолдап, бүкіл ел бір кезде қозғалысты бастауы керек” дейді. Бұл кезде Конгрессте екі топ жұмыс істеп жатқан – “нарам” және “гарам” (тікелей “жұмсақ” және “қызу қанды”, хинди тілінде) топтары отарлық әкімшілікке қандай қатынаста болуы керек, анықтап алулары керек болды.
Ферозшах Мехта мен Г.К.Гокхале және басқалар бастаған топ үшін байкот қолайлы болмады, өйткені бұл ағылшындармен тіелей конфронтацияға түсу деген сөз еді. Тилак, радикалды топтың жетекшісі ретінде британ әкімшілігіне қарсы қатал позиция ұстанды. Оны Б.Ч.Пал мен Л.Л.Рай қолдады.
Конгрессте жағдай радикалдардың пайдасына қарай өзгеруіне британ үкіметі тарапынан свадеши қозғалысын тоқтату мақсатында, қозғалыстың жетекшілері мен жақтастарының қамауға алынып, газеттерінің жабылып, студенттер мен жастардың жетекшілерінің сотқа тартылуы әсер етті. Үкімет тарапынан орын алған репрессияға қарсы, Бенгалияда революциялық және террорлық қозғалыстар басталды. Калькутта университетінің профессоры Санкар Прасад Басу “адам құқығын бұзу, европалықтардың нәсілдік кемсітушілігі, заң бұзушылық т.б. мәселелер адам шыдамас жағдацға жеткізді” деп жазады.
Свадеши қозғалысын британ әкімшілігінің басып, жаныштауына куә болған, ағылшын газеті “Лейбор Лидер” корреспонденті Кир-Харди “британ үкіметінің қаталдығы автократиялық патшалық Ресей мен түрік сұлтанының жанында құрметті орынға ие болар еді” деп жазған. “Бұл оқиғалар, ресми мәліметтерге сай XIX ғасырдың соңғы 40 жылы ішінде аштықтан 15 млн. адам өлген… ал 40 млн. адам британ билігінің 150 жылдық басқаруынан кейін ылғи да ашаршылықта өмір сүріп келеді” деп жалғастырады.
Шығыс Бенгалияның бұрынғы лейтенант-губернаторы Бампфилд Фуллер отарлық үкіметтің қатаң шараларын толық қолдайтын еді. Ал басқа, Пенджаптың бұрынғы лейтенант-губернаторы Мэкуорт Янг орын алған жағдай туралы – “болып жатқан жағдай жаңадан қайта жаңғыру, ауыру емес” дейді, свадеши қозғалысының қатысушылары туралы “ бұлар жай ғана үгіттеушілер немесе маратхалық бүлікшілер, тіпті Лондондағы студенттер мен алигархтар, Панджаптың білімді джаттары емес. Бұлар – интеллегенті адамдар, бостандық пен ұлтжандылықтың жаңа бейнесі идеясын тапқандар” деген тұжырым айтқан.
1906 жылы Конгресстің Калькуттада өткен съезді свадеши қозғалысының әсерімен патриотизм атмосферасында өтті, экстремистер біраз жетістіктерге жеткенімен өздерінің кандидаттары Тилакты ҮҰК төрағалығына сайлата алмады. Екі қанат арасындағы қайшылықтар әсіресе 1907 жылы ҮҰК Суратта өткен сессиясында көрініс тапты. Сурендрад Банерджи бастаған қанат өкілдерінің Британия империясының құрамында өзін-өзі басқару (бейбіт жолмен) туралы резолюциясының жоспары екінші қанаттың жетекшілері жағынан қатаң сынға ұшырады. Сессия екіге бөлінумен аяқталды. Екінші қанат Тилакпен сесиядан шығып кетті. Көпшілікті құраған Сурендрат Баннерджи өздері конференция жинап, атқарушы органдарын сайлап алды.
Үндістан Ұлттық Конгрессінің негізгі саяси бәсекелесі Мұсылман лигасы 1906 жылы құрылады. Негізгі ресми мақсаты: бүкіл мұсылмандардың басын біріктіру (саяси). Мұсылман лигасы британ үкіметінің инициативасы бойынша құрылған, күннен-күнге күшейіп келе жатқан ҮҰК-не қарсы саяси күш ретінде қолдану үшін.[Ш.Беттельхейм 21б]
Осыған байланысты вице-кароль Минто “Конгресстің құлауы біз үшін ерекше жеңіс” деген екен. Дегенмен бұл жеңіс ұзаққа бармайтын жеңіс еді.
1912 жылы ҮҰК өз жарғысын қабылдады. Онда ҮҰК негізгі мақсаты: Британия империясының көлемінде өзін-өзі басқаруға қол жеткізу, бірақ, конституциялық жолдармен ғана…[КомаровДж.Неру:соц пол воз 374б]
1911 жылы отарлық әкімшілік свадеши қозғалысының қысымымен, Бенгалияны бөлшектеу туралы шешімдерін қайтарып алуларына тура келді. Британиялық Үндістанның астанасын Калькуттадан Делиге көшіреді. Кейінірек М.Ганди “Үндістанның нағыз оянуы, Бенгалияны бөлшектеуден кейін болды” дейді. Ол Бенгалияны бөлшектеу күнін “Британиялық Үндістанды бөлшектеу күні” деп атайды.[АиА сег Юрлов 2004]1/
1916 жылы Тилак түрмеден шығады, осы жылы экстремистер Конгресске қайтадан келеді. Көктемде Тилак гомрул (өзін-өзі басқару) қозғалысын бастайды, қозғалыстың инициаторы – Энни Безант – Теософиялық қоғамның жетекшісі. 1916 жылы Пунада Тилак гомрул лигасы құрады, осы жылдың күзінде Мадраста, гомрулдың Жалпыүнді лигасы құрылады. Лиганың жетекшісі – Энни Безант.]КомаровДжНс-п374б]
1918 жылы Тилактың өлімінен кейін Конгресс тағы екіге бөлінеді (раскол), М.Гандидің жаппай қозғалысы басталады, бардолиялық резолюция осының бәрі 20-жылдардың басында Конгресстің ішкі қайшылықтарына әкелген факторлар болды. Тилактың өлімінен кейін, ұлт-азаттық күрестің шетекшілігі М.Гандиге өтті. XX ғасырдың 20 жж ұлт-азаттық идеолгиялық доктринасының жасағандар: Тилак, Ауробандо Гхош, Б.Ч.Пал, Кришнаварма болды. Ауробандо Гхош тәуелсіздікке жетудің әр түрлі жолдарын қарастырған:
- бейбіт, қару қолданбай реформаторлық жолмен жету.
- агрессиялық қарсылық: аграрлық көтерілістер, террористік акциялар, қалаларда жұмысшылардың ереуілдері, листовкалар тарату.
Екінші жолды егер бейбіт жолмен шешілмей бара жатса қолдану көзделді. [Индия: проблемы153б]
- ҮҰК және М.К.Ганди ұлт-азаттық күрес жолында
Гандидің саяси аренаға шығуы. Мохандас Карамчанд Ганди (1869-1948) 1869 жылы дүниеге келген. 12 жасында Англияға барып, құқық мектебін бітірген. 1891 жылы Үндістанға келіп, Бомбейде адвокат болып жұмыс істейді. 1893 жылы оңтүстік Африка, Преторияға барады. Осы жерде қысым көрген 150 мың үндіс-эмигранттарына көсем болады. 1915 жылы Үндістанға қайтып оралады, ҮҰК жұмыстарына араласа бастайды.[История Индий Альтер 7б/
Үндістанға келгеннен кейін Ганди Ф.Мехта мен Тилак және Г.К.Гокхалемен кездеседі. Гокхалені ол өзінің саяси гуруі (ұстаз) деп санайтын. Гокхаленің өзі 1912 жылы Оңтүстік Африкадағы Гандидің нәсілдік кемсітушілікке байланысты күрес жүргізіп жатқан кезінде “Ганди әулиелер мен кемеңгерлер жасалатын материалдан жасалынған” деп жазған екен.[АиА2004/1Ф.Юрлов31/
Ел ішінде Махатма (Ұлы жан) деген атаққа ие болған.
Гандизм – діни философиялық қозғалыс, негізін қалаушы – М.К.Ганди. Негізгі белгісі – тәуелсіздікке күш қолданбай, бейбіт жолмен қол жеткізу.
Американдық “Тайм” журналының 1999 жылы желтоқсан айында арнайы саны шықты, ол XIX ғасырдағы әлемнің ең ықпалды 100 адамына арналған саны. Гандидің аты ең алдымен барлық қоғам мүддесі үшін дүниеде өзгерістер жүргізу құралы ретінде күш көрсетпеу идеясымен тығыз байланысты. XX ғасырда орын алған дүние жүзілік және азамат соғыстары мен локалдық қақтығыстар 150 млн. адамның өмірін алып кетті, бұл жағдай әлемге зорлық – ешқайда алып бармайтын, тоқырау, зорлықтан зорлық туатынына көздерін жеткізді. Ганди – Будда мен Махавирдің ұлы дәстүрлерін ұстанушы – осы жағдайды түсіне алды және оны саяси өмірде кең-байтақ Үндістанда жүзеге асыруға қол жеткізді. Ганди бұны дүние жүзіндегі басқа саясатшылардан әлдеқайда бұрын қолданып, іске асырды. Олардың көбі әлі күнге дейін зорлық пен күшқолданбаушылықты бөліп тұратын шекарадан өте алмай келеді. “Қырғи қабақ соғыстың ” бітуі мен екі державаның бір-бірімен жарысының тоқтауы халықаралық қатынастарда күш қолданудан бас таруға әкелмек тұрмақ одан әрі қарай жалғасын тапты. Бұған мысал ретінде АҚШ басшылығымен НАТО-ның Югославияға қарсы қолданған саясатын алуға болады. [АиА1999/12/45б/
XXI ғасырдың басында адамзатқа гандилік ахимсаның (күш қолданбау) мәнін түсіну мен оны өмірде іске асыруға мүмкіндік беріледі. Бұл бүгін утопия болып көрінуі мүмкін, бірақ, адамзаттың бұдан басқа жолы бар?
Өзінің өмірбаянын Ганди “Менің ақиқатпен эксперименттерім” деп атайды. Бұл эксперименттерді ол, қарама-қайшылық пен конфликттерге толы, көпконфессиялық және полиэтникалық отар елде жүзеге асырды. Бұл эксперимент қате кетсе, оның бағасы тым ауыр болар еді. Сондықтан, мүмкін болып тұрған жалғыз жолмен өз идеалдары мен ақиқатты аттап кетпей, қателеспей, қол жеткізу үшін ұлы көріпкелдігі мен интуициясы болуы керек еді. Іс жүзінде Ганди үнді халқының өткен ғасырдағы ең ірі көсемі еді. Ол өз халқынан қорыққан жоқ, сондықтан оқ өтпейтіндей көлік пен көптеген автоматты күзетті керек еткен жоқ. Өз отанының тәуелсіздігі үшін күресте Ганди алғаш рет әлеуметтік топтардың ең төменгі каста өкілдерінен көмек алуды көздеді. Үндістан президенті К.Р.Нараянан: “Ганди ұлт-азаттық қозғалыс жаппай үндістан көлемінде шарықтап шығуына қол жеткізді, сондай-ақ оның идеологиялық бағытын жасады” дейді. Күш көрсетпеу теориясы мен практикасы Гандидің жалғыз жетістіктері емес еді. Күш қолданбау идеясының өзі сатяграха (упорство в истине) компаниясын құруға алып келді. Бұл күрестің мәні, отарлық әкімшілікке бағынбау немесе күш қолданбау арқылы ешқандай байланыс жасамау. Бұндай шаралар Үндістанның отарлық езгіден құтылу жолында көп көмегін тигізді.
Сатьяграха – күрестің құралы, қаруы ретінде Гандидің еркіндік, бостандық және әлеуметтік әділеттілік пен теңдік туралы идеяларымен қайшы келмей, бір-бірімен ұштасып отырды. Гандидің ойынша теңсіздік пен әділетсіздік бар жерде бостандық болуы мүмкін емес.
Басқа саясаткерлерге қарағанда Ганди бірінші болып қарапайым халыққа бет бұрды, қоғамның ең төменгі әлеуметтік саласы мен хариджандарға көп көңіл бөлді. Хариджандар – “құдайдың балалары”, үнді қоғамындағы ең төменгі кастаның өкілдері. 1981 жылғы санақ бойынша олардың саны 105 млн. Бұлар бұрынғы ең төменгі каста – парилер. 1909 жылы Заңшығарушы мәжіліске курилер бойынша сайлау жүйесі енгізілгеннен кейін, мандат үшін әр түрлі діни топтар арасында парилердің дауысын өз жақтарына тару күресі басталып кетті. [Е.Юрлова Ежегодник 87.259б]
Бұлардың жағдайын жақсарту үшін күрес Гандидің бүкіл өмірі бойы жалғасты. Олардың арасында ҮҰК беделінің өсуі үшін де көп еңбек сіңірді. 1909-1911 жылдарда парилердің жалпы саны шамамен 60 млн. болған екен.[там же 260б]
Сізді сенімсіздік билеп немесе өзіңіздің қара басыңызбен қамығып кетсеңіз, келесі тестті пайдаланыңыз: есіңізге өміріңізде көрген ең кедей, ең әлсіз жанды түсіріп, сіздің жасайын деп отырған қадамыңыздың нәтижесінде соларға қандайда бір пайда бола ма, деген сұраққа жауап іздеп көріңіз, — деген екен Ганди. Бұл тест бүгінгі күнде де тек Үндістан үшін емес, сондай-ақ дүние жүзінің басқа мемлекеттері үшін де өз құндылығын жоя қойған жоқ. Үндістан тәуелсіздік алғалы бері көптеген ірі нәтижелерге жеткенімен, әлі де көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімін тапқан жоқ. Мемлекетте шамамен 1 млрд. ға жуық халық тұрады, олардың 300 млн. кедейшіліктен төмен өмір сүреді, ал 46 млн. халқы кедейшілікте өмір сүреді. Бұл қала халқының 21 % пайызын құрайды. Бұлардың басым көпшілігі – төменгі касталар мен тайпалар.
Үндістанда белгілі бір кастаға жататын адамның өмірі сол қоғамның қалыптасқан заңдылығымен жүреді. Бұл ежелгі діни заңдылық ережелері негізінде қалыптасқан. Көп ғасырлар бойы кастаны мамандығынан көруге болатын еді. Мамандық әкесінен баласына көшіп отырған, осының салдарынан ерекше өзгерістер болмаған. Әр каста өз дхармасына сай өмір сүрген. Дхарма – адамның жүріп-тұру, өзін-өзі ұстау, тіпті сезімінің нормаларын анықтайды. [/ Гусев Н.Р “Многоликая Индия 33б”
Төменгі касталардың құқықтары үшін күресін Гандиден бұрын Рам Мохан Рой, Видьясагар, Джотибой Фуле, Вивекананда және тағы басқа үнді қоғамының өкілдері бастаған болатын. Ал Ганди болса бұл күресті жаңа дәрежеге – жалпы мемлекеттік дәрежеге көтерді. Саяси қызметінің барысында индуизм мен қоғамда демократизациялауға бағытталған реформаторлық жолды таңдаған. Бұл бағытта қозғалуына әсер еткен, оның Оңтүстік Африкада 16 жыл бойы нәсілдік кемсітушілікке қарсы күресте алған жеке басының тәжірибесі еді. [АиА1999/12/46б/
Гандидің ойы бойынша неприкасаемость – күнә болып есептеледі, бұл күнәға касталық үндістер кінәлі және олар өз күнәсін жуып-шайуы керек. Дегенмен, 20-шы жылдардың соңы мен 30-шы жылдардың басында ұлт-азаттық күрестің талаптарына байланысты, касталық жүйеге деген көзқарастары өзгеріске ұшырады. [Мезенцева О.В36б]
1915 жылы Үндістанға келер кезде Гандидің саяси көзқарасы қалыптасып біткен кезі еді. Бұл уақыттарда елдегі жетекші партияға айналған ҮҰК қалыптасқанына 30 жыл болса да әлеуметтік қиыншылықтарға көп көңіл бөле қойған жоқ еді. 1886 жылғы сессиясында, ҮҰК – саяси орган, негізгі мақсаты саяси мүдделер үшін күрес, бірақ әлеуметтік реформалар жүргізу үшін күрес емес деп хабарлаған екен. Дегенмен XX ғасырдың екінші он жылдығында елде саяси және әлеуметтік жағдай өзгеген еді. Елдің 1/7-ін құраған неприкасаемыйлар ресми түрде 1935 жылға дейін “қаналған тап” деп аталып келген, енді олар әр түрлі қоғамдық ұйымдарға бірігіп, саяси және әлеуметтік теңдіктер талап ете бастады. Олар 1917 жылы Бомбейде өздерінің бірінші жалпыүндістандық конференциясын өткізіп, өздерінің талаптарын қойды. Талаптарының ішінде – заңшығарушы органдарға өз өкілдерін жалпы сайлаушылар саны мен олардың ішіндегі “қаналған тап” саны мен пропорцианалды түрде сайлауға түсуге талап қойды. Сонымен қатар тегін білім беруді талап етті. Конференция жоғарғы каста өкілдерін төменгі кастаны дискриминациялауын тоқтатуға шақырды, ҮҰК-не олардың әлеуметтік даму жолдарында тұрған барлық қайшылықтарды жою туралы талаптар қоюға шақырды.
Гандидің саясатқа белсенді кірісе бастаған кезінде, үнді қоғамында реформалар жүргізу үшін әлеуметтік негіз белгілі деңгейде дайын болған еді. Тек қана оны жолға қоятын жаңа күш керек еді. 20-жылдардың басында Ганди өзі мен өз жақтастарын қоғамда парилерге деген қатынасты өзгертудің керектігін түсіндіруге дайындық жүргізді. Бұл саясатты жүргізуде оның таңдаған тактикасы сабырлылық пен бірізділік, алған бағытынан қайтпас қайраттылығымен ерекшеленеді. Ганди өзі үшін “бір қадам алға жылжығанның өзі жетерлік” деген екен. Сонымен қатар айтқан сөздерінің бәрін іс жүзінде қолдап, өз өмірінің мысалында көрсетіп отырған, тек қана сөйлеумен шектеліп қана қоймай тәжірибеде дәлелдеп отырған.
Үндістандағы қоғамдық жағдай мен діни дәстүрлерге қарсы шығып, сөздерін ісімен дәлелдеу үшін өз ойына шын мәнінде өте күшті сенуі керек еді. Себебі бастапқы кездерде саяси жақтастары тұрмақ, өзінің жұбайы да оған қарсы шығып, алғашқы кездерде оны қолдамаған. Өз сөздерін ісімен дәлелдеу үшін, жақындары мен туыстарының қарсылығына қарамастан, ашық түрде қоғамның ең төменгі тап өкілдерімен араласып, солар тұратын жерлерде тұрып, оларды өз үйіне қонаққа шақырып, дәстүр бойынша парилер орындайтын жұмыстарды өзі жасап отырды. Ол бір қарағанда жоғарғы саясатқа еш қатысы жоқ, Үндістанның азаттығына еш әсерін тигізбейтін істерді істеп жүргендей көрінді. Бірақ Ганди үшін әрқашан саясаттың әлеуметтік аспектісі бар еді. Ганди үшін саяси тәуелсіздік деген ең алдымен барлық адамдардың теңдігі, ең төменгі тап өкілдерінің бостандық алуы мен діни бостандық еді. Ауылдағы парилерді ол “үнді жерінің тұзы” деп атайтын.
Қоғамның барлық өкілдері үшін дене жұмысының мәні ерекше екенін атап өткен. Дәстүр бойынша үнді қоғамында дене жұмысымен және дене жұмысымен айналыспайтындар деп екіге бөлу ерекше сақталып келген. Кастаның статусы оның дене жұмысына қарама-қарсы пропорционалды болып келеді, яғни кастаның статусы жоғары болған сайын, оның дене жұмысына араласуы азая береді. Осыған байланысты қолдан тоқылған матаға көп көңіл бөлінуі де содан еді. Өйткені қолдан мата тоқу парилердің жұмысы еді, екінші жағынан жергілікті мата өндірушілерді ағылшындардың машинамен өндірілетін маталарынан қорғау үшін керек еді.[АиА1999/12юр47]
Ганди үндістік артодокстар тарапынан қарсылыққа ұшырады. Олар үшін жоғарғы каста өкілдерінің дене жұмысымен айналысуы мүмкін емес жағдай еді, тіпті олай деп ойлаудың өзі дұрыс емес. Бұның тағы бір себебі мата тоқитын құралдардың бірі қайыстан жасалатын белдік еді, үндістерде дәстүр бойынша қайысқа қолын жиі тигізу жоғарғы каста үшін оны қорлаған болып саналады. Ганди үндістерді бұл қайыс құралға (прялка) пайда табудың құралы ретінде ғана қарауға шақырды, әсіресе жастай жесір қалған брахман әйелдерге. Себебі, салт бойынша оларға қандайда болмасын экономикалық істермен шұғылдануға тиым салынған. Ол өзі де мата тоқумен айналысатын болды, тіпті кейінірек конгресстің мүшелерінің бәрі мата тоқумен айналысуға міндетті болды. Ганди үшін мата тоқу қоғамның жан дүниесі мен экономикалық қайта жаңғыруының символына айналды. Қоғамдағы адамдардың теңдігінің көрінісі болып табылды.
1920 жылы 28 шілдеде Ганди бүкіл Үндістанға: “1-тамыздан бастап қарым-қатынас жасамау қозғалысы басталады” деп жариялады. 31-шілде күні салтанатты түрде “хартал”, яғни ораза мен сиыну арқылы дайындық болды. Осы кезде Ганди және оның комитеті күрестің бағдарламасын қабылдады:
1) барлық шен-шекпеннен, қызметтен бас тарту
2) үкімет жұмысына қатыспау және араласпау
- сот және сот қызметкерлерінің ереуілі. Талас-тартыс жағдайларды төрелік сот арқылы шешу
- мемлекеттік мектептерде оқушылар мен оқытушылар байкот ұйымдастыруы керек
- конституциялық реформа кеңесіне байкот жариялау
- үкіметтің барлық ресми тағайындаған қызметкерлерін мойындамау
- барлық азаматтық, әскери қызметтерден бас тарту
- свадеш қозғалысын дәріптеу, тарату (Swa — өзім; deshi — ел, ұлттық тәуелсіздік, экономикалық тәуелсіздік)
1920 жылғы ҮҰК қабылдаған, тарихта ерекше орын алған, отарлық әкімшілікпен қатынас жасамау туралы резольюциясының соңғы параграфында Гандидің ұсынысымен парилер институтын жоюды ұлт-азаттық күрестің бөлінбес бөлшегі ретінде қарастыру жазылған. Осылардың негізінде азаматтық бағынбаушылық пен қарым-қатынас жасамау қозғалысы басталып кетті.(1920-1921жж) Қозғалысқа шаруалардың басым бөлігі тартылды, ендігі жерде конгресс миллиондаған адамдар қатысқан ұйымға айналды. Дегенмен, қозғалыстың негізін ҮҰК белсенді мүшелері құрады, олар барлық көпшілік қатысатын жиын, мәжілістерді ұйымдастырумен айналысатын. 20-жылдардың басында белсенділердің саны 100 мыңнан асып кетті. [АиА2004/1/32фюр].
Шаруа-арендаторлардың және плантация жұмысшыларының ірі жериеленушілерге қарсы азаматтық қарым-қатынас жасамау мен күш қолданбау арқылы күресті қолдануы елдің көп аудандарын қамтыды. Алайда, Мадрас провинциясының Малабар аймағында бұл күрес басқаша сипат алды. Онда, 1921 жылы мұсылман-арендаторлары (мопла) үндіс-помещиктеріне қарсы көтеріліс жасады. Көтеріліс полиция мен әскердің көмегімен басылып тасталынды. 1922 жылы ақпан айында Чаури-Чаура Құрама провинцияларында шаруалар полиция учаскесін, ішінде тығылып отырған полицейлерімен бірге өртеп жіберген. Бұл жағдай Гандиді жаппай азаматтық бағынбаушылық қозғалысын тоқтатуға мәжбүр етті.
1922 жылы өзінің апталық басылымы “Янг Индияда” Ганди Үндістанның президенті ең төменгі касталардың бірі бханги кастасынан шыққан қыз, ал премьер-министрі – Джавахарлал Неру болса екен деп армандаймын деп жазды. Осы жерде “біз қоғамдағы төменгі касталарға қатысты мәселелерді шешу үшін үлкен күш жұмсауымыз керек. Осы төменгі каста өкілдері өздері мойындамағанша, біз индуизмді реформалауда бір іс бітірдік деп айта алмаймыз ” деген екен. Неприкасаемыйлар институтын жоюды Ганди бесінші каста (зертеушілердің ойы бойынша ол “варна” сөзінің орнына көп жағдайда “каста”сөзін қолдана береді екен, төменгі касталар төрт варналық жүиеге кірмейтін болғандықтан, тұрмыста панчаяма, немесе бесінші варна деп аталып кеткен ) деп аталып кеткен кастаны жою ретінде көрді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде панчамалар немесе бесінші варна өкілдері басқалармен бірдей құдық суын пайдаланып, мектептерге барып білім алуларына, брахман емес, яғни “таза” үндістерге берілген құқықтарды пайдалана алады, бірақ абыздардың (жрец) құықтарын емес.
Жалпы Ганди касталық жүиені толығымен жоюды көздеген жоқ, тек бір рет қана әлеуметтік реформатор Шри Нараяна Гурудың ықпалымен касталық жүиені жою туралы мәселе көтерген. Осы кезде “Янг Индия” газетінде “касталық жүиені қысқарту керек ” деген Гандидің мақаласы жарық көрген.[Е87 ЕЮ264б]
1922 жылы “конструктивті жұмыс” бағдарламасы шықты, оған неприкасаемостьпен күрес, қолмен тоқуды үгіттеу, жергілікті тілдерде сабақ өтетін мектептер ұйымдастыру тағы басқа талаптары кірді. 1923 жылы “Ганди севак сангх” (Гандиге қызмет етушілер қоғамы) қоғамы құрылды. Осы ұйымның негізінде “Хариджан севак сангх”(ХҚҚ – Хариджандарға қызмет етушілер қоғамы) қалыптасты. [Ежегодник 87ЕЮ263б]
Азаматтық бағынбаушылық пен қарым-қатынас жасамау қозғалысын тоқтатқаннан кейін, Ганди тұтқынға алынды, бұл кезең ҮҰК үшін де, ұлт-азаттық қозғалыс үшін де ауыр кезең болды. 1924 жылы түрмеден шыққаннан кейін, ол өзінің “конструктивті бағдарламасымен”, “қолмен тоқумен”, мұсылмандар мен үндістер арасында ынтымақтастықты күшейтумен айналыса бастады. Бұл кезде конгресстің ішінде саяси ықпал 1923 жылы Мотиллал Неру мен Ч.Р.Дас қалыптастырған Сварадж партиясының қолына өткен. Сварадж партиясы свараджға (өзін-өзі басқару) заңшығарушы органдардың жұмысына араласу арқылы қол жеткізуді көздеді. Бірақ, 1926 жылғы сайлауда олар жеңіліс тауып, заңшығарушы органдардың құрамынан шығып ҮҰК негізгі құрамына қайта қосылуларына тура келді.[АиА2004/1Фю33/
ҮҰК жұмыстары мен оның төменгі касталардың құқықтарын шектеуге қарсы жаппай күрес жүргізуде Ганди негізгі қозғаушы күш болды. 20-жылдардың басында әрбір Ұлттық корпус (добровольный корпус) мүшесі қабылдайтын анттың мәтініне өзгертулер енгізілді, мәтінге төменгі касталар туралы бөлімше енгізілді. Анттың жалпы мазмұны мынандай болды: “Үндіс ретінде, мен теңдік пен шындыққа сенемін. Касталық кемсітушілікті жою керек деп сенем, қолымнан келгенше төменгі каста өкілдерімен араласып, оларға көмек көрсетіп отырамын ”. 1921 жылғы 6-қазандағы Credo:
- Мен Веда, Упанишад, Пуранға сондай-ақ үнді қасиетті жазбаларының бәріне сенемін, яғни Аватар мен қайта жаңғыруға да сенемін.
- Мен Варнашрама Дхармаға сенем (касталар диссиплинасы), бірақ Ведаларда жазылған түріне, бүгінгі күндегісіне емес.
- Мен сиырдың қасиеттілігіне сенемін.
- Идолдар культынан бас тартпаймын.
Теңдік туралы айтып отырған кезде тек үнді қоғамын ғана емес, сондай-ақ барлық дүние жүзіндегі елдегі теңдік туралы айтатынын ашық мәлімдеп отырды. Дүние жүзінде адамдардың бәрі тең болып туылады, мейлі Англияда болсын, Америкада болсын, Үндістанда болсын қай жерде туылса да бәрі бір.
Төменгі касталардың бірінің өкілі, жетекшілері – Амбедкар, төменгі касталарға қатысты салыстырмалы түрде радикалды көзқараста болды. “Егер индуизмге төменгі касталардың дініне айналу бұйырылған болса, онда ол касталардың әлеуметтік теңдігін мойындауы керек, ал бұл үшін чатурварни (төрт варна) доктринасынан бас тартуға тура келеді” деген. Үндістердің касталық жүиені ұстану себебі, бұлардың терең діншіл болып табылуында және оны өздерінің діни міндеті деп қарастыруында. “Касталық түсініктен құтылудың негізгі жолы – шастраның қасиеттілігіне сенімді жою”, болып табылады дейді. Ганди төменгі кастаны, индуизм денесіне артық шыққан арамшөп ретінде қарастырады. Егер адам ісіктен ауыратын болса, оны емдеу үшін адамды өлтіру керек емес, тек сол қатерлі ісікті кесіп тастау керек сияқты, касталық жүиені толық алып тастамай-ақ, оны тек алып тастауға болады ғой деген ойда болған.
1925 жылы ресми түрде, ұлттық масштабта үнді діни ұйымы – Хинду Махасабха құрылады. Хинду Махасабха көбіне мұсылмандарды үндістерге қарсы қоятын антогонизмді қолданды (эксплуатировал), көпшіліктің қолдауына ие бола алмады./Ш.Беттельхейм 21б/
1926 жылдары ҮҰК ішінде солшыл ағым пайда болып күш ала бастады, бұл ағымға Джавахарлал Неру мен Субхас Чандра Бос жетекшілік етті. 1927 жылы олар Үндістанға толық тәуелсіздік беруді талап етті. Бірақ Ганди мен Мотиллал Неру Үндістанға Британ империясы құрамында доминион статусын беруді талап ету керек деген ұстанымда болды. Бірақ, ағылшын үкіметі бұған да келісім беруден ьас тартты. 1929 жылы Лахордағы Конгресстің кезекті съездінде партияның негізгі мақсаты ретінде пурна свараджды (толық тәуелсіздік) таңдау туралы талап қойылды. Осы съезде азаматтық бағынбаудың жаңа қозғалысын бастау туралы шешім қабылданды.
Гандидің өмірінде саяси шеберлік пен жан дүниесінің, өмірлік көзқарасының қаншалықты мығым екенін сынға салған кездер өте көп болды. 30-жылдардың бірінші жартысында әлеуметтік дискриминация мен төменгі таптың қолдауына ие болу үшін жүріп жатқан күрестің шырқау шегіне жеткен кезі еді. Бұл кезеңде Ганди жоғарғы каста өкілдері мен төменгі каста жетекшілерінің жан-жақты қарсылығына ұшырайды.
Пуна пактісі. 20-жылдардың басында, Ганди жалпыүнділік саяси аренаға жаңадан шығып келе жатқан кезде барлық сан жағынан аз дін өкілдері өз курилері бойынша, жалпы сандарының пропорционалдық көрсеткіші бойынша заңшығарушы органдарға сайлану құқықтары бар болатын. Осы уақытқа дейін тек, төменгі каста өкілдерінің бұндай құқықтары жоқ еді. Ендігі жерде осы төмегі касталардың жағдайы қалай болады деген мәселені шешу керек болды. Олардың жетекшілері талап еткендей оларға жеке сайлау курилерін беру керек пе? Әлде 1923 жылы Конгресске төрағалық еткен Маулан Мохаммад Алидің ұсынысы бойынша, оларды үндістер мен мұсылмандар арасында теңдей бөліп беру керек пе? Оның ойынша, бұл жол Үнді Ұлттық Конгрессі мен Мұсылман лигасының арасындағы төменгі кастағаларға ықпал үшін бәсекелестігін аз да болса тоқтатады.
Төменгі каста өкілдері қай жақты қолдайды, — деген сұрақ мүлде оңай сұрақ емес еді. Өйткені мұсылман, сигха, христиан, англо-үндістер мен төменгі касталар Британдық Үндістанның тұрғындарының 42 % -ын құрайтын. Ал соның ішінде төменгі касталардың үлесі 12 % еді. Ұлт-азаттық күрестің тағдырын ендігі жерде төменгі касталар қай жақты қолдайтындығы шешетін еді. Мұсылман лигасы да олардың қолдауына ие болуға талпынды. Ал төменгі касталардың өз жетекшісі Амбедкар болса, өздеріне саяси ерік беріп, жеке курилер ашуды талап етеді. Керемет шебер саясаткер, данышпан Ганди басқаларынан бұрын, егер төменгі касталар үндіс қауымынан шетке шығып кететін болса қаншалықты қауіпті жағдай туатынын түсінген. Бұл жағдай Конгресс үшін де, Үндістанның болашағы үшін де өте қолайсыз жағдай тудыруы мүмкін еді. Шешуші кезеңде, ол төменгі каста өкілдерін қалай да болса ҮҰК-нен шеттетпей, үндіс қауымының құрамында ұстап қалатын жолдар іздей бастады. Төменгі касталардың қолдауына ие болған жағдайда, бұл ҮҰК-не британ отарлық әкімшілігімен болашақ провинцияларда өтетін сайлау туралы келіссөздер жүргізу барысында біраз салмақ қосар еді. Бұл мәселенің саяси және ар-ұяттық та аспектісі бар еді. Біріншісі – оларға белгілі бір азаматтық және саяси құқықтар беру. Екіншісі – қалыптасқан дәстүр бойынша үндіс храмдарына кіруге салынған тиымды алып тастау. Онсыз төменгі каста өкілдерін үндіс қоғамының толық мүшесі деп санау қиын болар еді.
Бұл жағдайларды жасау үшін, “таза” үндістер мен олардың ұйымдарының тарабынан, әсіресе “Хинду махасабхадан” төменгі касталардың пайдасына жеңілдіктерге қол жеткізу керек еді. Мәселе олардың касталық кемсітушіліктерінен бас тартуында, сонымен қатар төменгі каста өкілдеріне билік органдарынан орындар бөлуге келісулерінде. Үнді Ұлттық Конгрессі ішіндегі қарсылық, әсіресе қоғамдағы қарсылық, үнді қоғамының бөлшектеніп кету қауіпін тудырды. Бұл қауіп, әсіресе 1932 жылы Лондонда өткен дөңгелек столдың екінші конференциясынан кейін, Ұлыбританияның премьер-министрі Р.Макдональдтың “Қауымдық шешімді” жалпыға жариялағаннан кейін тіпті күшейіп кетті. Бұл құжат кейінірек Пакт меншинства деп аталып кетті, құжатта барлық аз халықтар мен төменгі каста өкілдері өздерінің талаптарын жазған. Құжатта, Үндістанға өзін-өзі басқару құығын берген кезде билік барлық қауымдар арасында жалпы тұрғындардың ішіндегі үлес салмағына байланысты бөлінеді деген гаранти болуы керек делінген.
“Қауымдық шешімге” сай төменгі каста мүшелері екі дауыс деп аталатын құыққа ие болатын болды. Бұның мәні – оларға “таза” үндістермен қатар қауымдық (үндістік) сайлау аймақтарында да, сондай-ақ өздеріне арнайы жасалған сайлау аймақтарында (бұл сайлау аймақтарына басқа касталардың сайлаушыларын кіргізбейтін болған)да дауыс берулеріне құқық берілгендігі. Ганди бұндай шешімге қатты қарсылық білдірді. “Менің ойлауымша төменгі касталарға жеке сайлау курилерін ашу индуизімді құрту үшін қоғамға у салғанмен бірдей. Ал төменгі касталардың өзіне бұл жағдай ешқандай жақсылық әкелмейді,”- деп 1932 жылы Пуна маңындағы түрмеден Макдональдқа хат жазады. Бұл түрмеге оны, азаматтық бағынбаушылық қозғалысын ұйымдастырғаны үшін қамаған. Британ үкіметінің шешімін кері қайтарып алуын талап етіп, аштық жариялайтыны жөнінде хабарлайды.
Британ премьер-министрі бұған жауап ретінде, егер үнді қоғамының ішінде “таза” үндістер мен төменгі каста өкілдері өзара келісіп жатса ғана, “Қауымдық шешімге ” өзгерістер енгізуге болады, дегенді айтады. Яғни, ендігі жерде екі жақтың жетекшілерінің арасында келісімге келтіретін компромис табу керек болды. Өйтпеген жағдайда сайлау кезінде төменгі касталар “таза” үндістерден бөлек қалып қалу қаупі туды, ондай жағдайда олар заңшығарушы органдарда ҮҰК-нен бөлек басқа оның қарсыластарымен қосылып блок құрып кетулері мүмкін еді. Ал мұсылмандар көп тұратын провинцияларда үндістер жергілікті парламенттерде тіпті азшылықта қалып қоюлары мүмкін еді.
Өзінің аштық жариялауының мақсатын түсіндіре отырып, Ганди төменгі касталарды үндістерден бөлудің қандай да болмасын формасына қарсы екендігін, сондықтан оның аштық жариялауын төменгі касталарға жеке сайлау курилерін құруға қарсы бағытталатынымен түсіндірді. Сонымен қатар өзінің бастаған акциясының діни маңыздылы мен өзінің төменгі касталар ісіне шын берілгендігін де атап өтті. Ол өзін “жоғарғы кастада туылғанмен, өмірде төменгі кастаны таңдаған адаммын” дейді. “Мен не істесем де, олар менің көз алдымда тұрады, себебі олар өмірдің уын түбіне дейін ішкен… Оларға жоғары көтерілу жазылған болса, осылай болатынына мен сенімдімін… олардың ішінде үндіс реформаторларының тұрақты жұмыстарының нәтижесінде. Мен төменгі касталарды кемсітушілікті жою үшін өмірімді сарып еткізуге, сол үшін өмір сүруге, тіпті сол үшін өлуге ризамын. Егер менің аштық жариялауым касталық үндістерді ұйқысынан оятса, мақсатым нәтижеге жеткені”.
Ганди Ұлыбритания премьер-министрінен екеуінің арасындағы “Қауымдық шешімге” байланысты жазылған хаттарды баспасөз беттерінде жариялауын талап етті, және бұған қол жеткізді. Осыдан кейін, жақтастары мен достарына жазған хаттарында өзінің аштық жариялауының мақсаты – үндіс қоғамын бір сілкіндіру, “касталық кемсітушіліктің тамырына балта шабу”,- деп түсіндірді. Достарының біріне “өзін-өзі құрбан ету туралы ойдың өзінен қуаныштан билеу керек,”-деп хат жазған. Өзінің Р.Тагорға жолдаған жолдамасында Ганди өзіне осы жолға батасын беруін сұрайды. Тагор халықты Махатма тастаған ұранға қолдау көрсетуге, касталық көзқарас пен касталық кемсітушіліктен бас тартуға шақырды. Гандидің алдыңғы аштық жариялауларынан оның өз мақсатынан бас тартпайтындығы белгілі еді. Сондықтан, ол алдын-ала 1932 жылдың 20-қыркүйегінде “өлгенше аштық сақтайтынын” хабарлаған кезде, үнді саясаткерлерінің арасында оның өміріне деген шын мәнінде алаңдаушылық пайда болды. Оның үстіне Гандидің өлімі “таза” үндістер мен төменгі касталар арасындағы қарым-қатынастың ушығып кетуіне әкелуі мүмкін еді.
Касталық кемсітушілік жүиесіне осындай өткір жолмен қарсы шыққан Гандидің бұл шарасы өз жемісін берді. Үнді қауымының екі жағының жетекшілері Пуна конференциясында келіссөздер жүргізу барысында ортақ келісімге қол жеткізді. Нәтижесінде, 1932 жылы 24 қыркүйекте, алдын-ала Гандидің құптауын алған Пуна пактісіне қол қойылды. Келесі күні “таза” үндістердің жетекшілері келісімді ратификациялап, резолюция қабылдады, резолюцияның жобасын Ганди өзі жасады. Резолюцияда “бұл конференция, осыдан бастап ешқандай үндісті туылуына қарай төменгі кастаның адамы деп қарастырылмайды, ал осылай деп саналып келгендер ендігі жерде басқа үндістермен бірдей құқыққа ие болады, қоғамдық құдықтар мен мемлекеттік мектептер, қоғамдық жолдар мен тағы да басқа қоғамдық институттарды пайдалануда қалған үндістермен тең құқылы болады. Барлық заңды және бейбіт жолмен қоғамдағы барлық әлеуметтік кемсітушіліктерді тез арада жою мақсатында, сондай-ақ храмға кіруге тиым салуды… Бұл құқықтар заңды түрде тәуелсіз Үндістанның алғашқы заңдарының бірі болып парламентте қабылданады”,- деп шешім қабылдады делінген.
Британ үкіметі Пуна пактісімен келісуге мәжбүр болып, бұған дейін қабылдаған төменгі касталарға арналған жеке сайлау курилері туралы шешімін кері қайтарды. Ортодоксалды үндістер шешімге қол қойылды деген хабарды үлкен сенімсіздікпен қарсалды. Оларды да түсінуге болады, өйткені касталық жүиенің пайда болуы тарихында бері бірінші рет төменгі касталар басқа касталармен тең деп табылды. Пуна пактісіне Бенгалия мен Пенджапта оппозиция қалыптасты. Бұл жерлерде “Хинду махасабха” ұйымы пактіні тоқтатуды талап еткен жаппай қозғалыс ұйымдастыруға талпыныс жасады.
1933 жылдың ақпан айында Ганди “Хариджан”апталық басылымын шығара бастады, бұл басылымда төменгі касталарды үнді қауымына интеграциялау ойларын ортаға салады. Осы жылдың мамыр айында ортодокстардың Пуна пактісіне қарсылығын тоқтатуға 21 күндік аштық жариялады. Бірнеше айдан кейін тағы бір аштық жарияланды. Гандидің аштық жариялауы үнді қоғамына қатты әсер ететін, сондықтан отарлық үкіметтің онымен санасуына тура келіп отырды. Алғаш рет аштық жариялауды саяси күрес құралы ретінде Ганди Оңтүстік Африкада, нәсілдік кемсітушілікке қарсы пайдаланған. Үндістанға келгеннен кейін британ әкімшілігіне қысым жасаудың және үнді қоғамына әсер етудің тиімді құралы ретінде пайдалануын жалғастыра береді. Ганди жалпы 17 рет аштық жариялап, көпшілігінде қойған талаптарына қол жеткізіп отырған. Осы жерде қазіргі Қазақстанда әлеуметтік, экономикалық талаптар қойған шахтер, мұғалім, зейнеткерлердің жаппай немесе жеке-жеке аштық жариялауларынан еш нәтиже шығара алмайтынын айта кеткен жөн.
Төменгі кастаны кемсітушілікке қарсы күресті Ганди келесі жылдары да жалғастырды. Күрес әрине оңайға соққан жоқ. 1933 жылдың қарашасынан 1934 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалғасқан Хариджан қозғалысы кезінде Ганди елдің барлық негізгі аудандарын аралап шықты. Ол митингілерде сөз сөйлеп, хариджандардың кварталдарына барып, әйелдер мен студенттермен кездесіп, брахман-пандиттермен дискуссия жүргізіп, әлеуметтік кемсітушілікпен күресуге байланысты жұмыстар жүргізуге қаражаттар жинастырды.
Касталық кемсітушілікке қарсы үгіт-насихат жұмысын жүргізу оңай болған жоқ, көп жағдайда артодокстар тарапынан балағат сөздер мен намысқа тиетін сөздер естіне тура келді. Тіпті көп жағдайларда қара жалаулармен қарсы алатын болған. Гандидің қатысыуымен болып жатқан бірнеше митингтерді тоқтатып тастауға мәжбүрлеген кездері де, тіпті Пунада оның көлігіне бомба тастаған кездері де болған. Гандидің Хариджандар қозғалысына тек қана артодокстар ғана қарсы шығып қойған жоқ, сонымен қатар Конгресстің сол қанатының өкілдері де қарсы болып, сынға алды. Джавахарлал Неру Гандидің Хариджандар қозғалысын қолдағанымен, “елдегі бағынбаушылық қозғалысына кері әсері тиді, өйткені халық назары басқа жаққа ауып кетті,”- деп өз наразылығын да білдіреді. Дегенмен, кейінірек Хариджандар қозғалысының арқасында Конгресстің төменгі каста ішінде жаппай беделінің өскені атап айта кетеді.Пуна пактісін қабылдату Гандидің өміріндегі төменгі касталардың құқығы үшін күресінің ең үлкен жеңісі болды. Пактінің арқасында Конгресс пен хариджандар арасында ұзақ жылдарға барған жақсы қарым-қатынас орнады.
Ганди бүкіл өмірін Үндістанның болашағы үшін күреске арнаған жан, әрине бұл жол оңай болған жоқ. Көп нәрсені тәжірибеден өткізді, қателіктері де болды, жан-дүниесін ешкім түсінбей жалғыз қалған күндері де болды. Бұндай кезеңдер өзі үшін жаңа жолдар іздеу кезеңі еді, дәстүрге сіңіп қалған қатал тәртіп терден бас тартып, өзімен өзі болып қоғамнан алыстап кетпей, күресті ары қарай жалғастыруға күш іздейтін. Үндістанның болашағы үшін күрес жолдарын табудың нәтижесі көп ойлаудың және халықпен тығыз араласуының арқасында табылған еді. Халықтың көңіл-күйін жақсы сезіп отырғандықтан, тез арада соған әсер ететін ұрандар мен ойлар тастап отырған.
Ганди — әлі күнге дейін сыры толық ашылмаған, XX ғасырдың саяси тұлғасы, үлкен бір жатқан құпия. Үлкен саясаткер және реформатор болған Гандидің беделіндей беделге ие болған қазіргі таңда саясаткер жоқ десе де болады.
Халық арасында отарлық үкіметтің билігіне деген наразылық күннен-күнге арта түсті. 1930 жылы 26 қаңтарда Конгресстің бастауымен жаппай, елде тәуелсіздік күні (шын мәнінде тәуелсіздікке әлі 17 жыл бар еді ) атап өтілді – бұл жағдай қарым-қатынас жасамау қозғалысының жаңа дәрежеге көтерілуінің көрінісі болды. Бұл қозғалыстың бірінші ірі шарасы тұзға мемлекеттік монополияны бұзу қозғалысы болды. 1930 жылы 12 науырызда Ганди өзінің 79 жақтасымен жаяу “тұз” қозғалысын Сабарматиден (Ахмедабад) Аравия теңізіне дейін жалғастырды. Біртіндеп қозғалысқа мыңдаған гандишілер қосылып, 6-сәуірде Гандидің басшылығымен теңіз жағалауында тұз монополиясын бұзу ырымын жасады. Отарлық үкімет қозғалысты тоқтатуға таопынып, шамамен 100 мың қатысушыларды қамауға алды. Гандиді тағы да түрмеге отырғызып қояды. Дегенмен репрессиялау шаралары ұлт-азаттық қозғалыстың дамуын тоқтата алмады. Ұлт-азаттық қозғалыстың осындай қиын-қыстау кезінде қамауға түскен мыңдаған еркектердің орнын мыңдаған әйелдер келіп толықтырып отырды. Жаппай наразылық, тұз монополиясына қарсы қозғалыс, сатьяграханың басқа да акциялары, сонымен қатар шаруалар мен фабрика жұмысшыларының жаңа қозғалыстары отарлық үкіметті Конгресспен Үндістанның болашақ құрылымы туралы келіссөздер жүргізуге мәжбүрледі.
Азаматтық бағынбаушылық қозғалысына жауап ретінде отарлық үкімет 1935 жылы Үндістанды басқару туралы Заң қабылдады. Бұл заңға конституция ретінде сілтеме жасап отырды. Заң сайлаушылар корпусын 12 % ға кеңейтіп, заңшығарушы органдардың мүмкіндіктерін күшейтті. Заңшығарушы органдарға тіркелген касталардың (төменгі касталар)өкілдеріне сайлану құқығы беріліп, оларға белгілі бір орындар бөлінді. Бұндай өзгерістерге қарамастан барлық әкімшілік билікті бәрәбір де отарлық үкімет өз қолында ұстады. Іс жүзінде бұл конституция Үндістанды отарлық басқару шегінде ұстап отыратын құралға айналды. Дегенмен, Конгресс провинциялардың заңшығарушы органдарына сайлауға түсуге келісімін береді.
1937 жылы тоқыма жұмысшыларының ассоциациясының жетекшілері “Маздур севак сангх” ұйымын құрады, мақсаттары – капитал мен еңбек арасында гандилік қатынас концепциясын насихаттайтын кәсіподақ жұмысшыларын даярлайтын мектеп ретінде пайдалану.[А.Гордон 85б]
1937 жылы болған сайлауда Конгресс үндістер көп тұратын алты провинцияда жеңіске жетеді. Қалған мұсылмандар көп тұратын төрт провинцияда Мұсылман лигасы мен аймақтық партиялар жеңіске жетті. Үндістан Ұлттық Конгрессінің билікке келуі оның беделін одан әрі көтеріп, 1938-1939 жылдары жалпылық партия атанып, мүшелері 4400 мыңға жетті (3 жыл бұрын 500 мың еді). [Ш.Беттельхейм 22б/
2-тарау. Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдан кейін
2.1. Көрнекті тұлғалар
Конгресс-социалистер. 1930 жылдардың ортасына таман ұлт-азаттық қозғалыстың кең ауқым ала бастауы мен оған халықтың көптеп тартыла бастауы кезінде Конгресс жастардың сол қанаты тарапынан қысым көре бастады. Партияның сол қанатының көрнекті жетекшілері – Джавахарлал Неру мен Субхас Чандра Бос.
Бұлардың екеуі де Үндістан социалистік жолмен дамуы керек деген көзқарасты ұстанған. Бұлармен қатар Конгресс көлемінде Джайпракаш Нараян, Ачарья Нарендра Дев пен Ашок Мехтаның басшылығымен Конгресс-социалистік партиясы құрылды. Олар батыс европалық демократияға жақын идеалдарды дәріптеді. Осы кездерде Үндістан компартиясы (ҮКП) өз мүшелерін ҮҰК жұмыстарына жеке негізде араластыруға шешім қабылдады. Көптеген ҮКП көрнекті жетекшілері Конгресс-социалистік партиясының мүшелігіне кіре бастады, олардың ішінде Үндістанның комунистік партиясының (марксистік) болашақ бас хатшысы Э.М.Ш.Намбудирпад та бар еді. [АиА2004/1/ФЮ/
Конгресс-социалистер ұлт-азаттық күресті жандандыруды талап ете бастады, сондай-ақ жұмысшылар мен шаруалардың экономикалық талаптарын қанағаттандыруды талап етеді. Олардың ойы бойынша, “капиталистер мен помещиктер және княздар табы елдегі буржуазиялық-демократиялық революцияға жетекшілік ете алмайды” деген сенімде еді. Нараянның ойы бойынша, “егер капиталистер мен басқа жоғарғы таптар ұлт-азаттық қозғалысқа басшылық ететін болса, тәуелсіздікке жетер кезде қиындық туа қалған жағдайда, шешуші кезеңде қозғалыстың жеңісін өз пайдаларына қолданып кетуден олар бас тартпайды ”.
Ганди мен басқа да Конгресстің консервативті жетекшілері бұлай қарауға қарсы еді. Ганди таптық күрес міндетті түрде болады дегенге сенген емес, оның ойынша “тап” деген ұғымның өзі үнді қоғамының құндылығы үшін жат нәрсе. Менің арманымдағы “Рама-раджья”(идеальное царство бога Рамы) барлық адамның құқықтарын теңестіреді, патшаның да кедейдің де,- дейді Ганди. “Үнді социализімі” арендатор мен помещиктің, капитал мен еңбектің гармониялық қатынасы мен күш қолданбау негізінде қалануы керек дейді.
Нәтижесінде ҮҰК-нің консервативтік оң қанаты, сол қанаттан басым түсті. Бұның көрінісін 1939 жылы ҮҰК кезекті съездінде партия президенті С.Ч.Бос өз орнын оңшыл консерватистердің өкілі Раджендра Прасадқа (Болашақ тәуелсіз Үндістанның тұңғыш президенті ) беруіне тура келгенінен көруге болады. Осы жағдайдан кейін С.Ч.Бос Конгресс құрамынан шығып, өзінің “Форвард блок” партиясын құрды.
Джавахарлал Неру. Джавахарлал Неру – реформатор, публицист, философ. 1889 жылы 14 қарашада Аллахабад қаласында, Кашмирлік пандит брахманның (Брахман –жоғарғы варна, пандит – оқымысты адамға берілетін құрмет атағы) отбасында дүниеге келген. Джавахарлал – асыл қызыл тас. Отбасында көбіне Джай, Джава, Джо деп атайтын. Әкесі адвокат, миллионер. Солтүстік Үндістан біріккен провинцияларында жұмыс істеген. Үндістан Ұлттық Конгрессі съездеріне үнемі қатысып отыратын. Джавахарлалдың тәрбиешісі ирландтық Фердинанд Брукс. Әкесі білім алуға 1905 жылы Англияға алып барады. Харроудағы кадет корпусында оқып, одан кейін Кембридж университетінде химия, геология, ботаниканы оқып үйренді. II-дәрежелі диплом алып шығады.
Мотилал Неру баласын үнді азаматтық қызметінде жұмыс істеуге дайын емес деп ойлап, Лондондағы Интер Темплға оқуға жібереді. Интер Темпл – Лондондағы адвокаттар дайындайтын төрт корпорацияның бірі. Бұрынырақ осы жерде Махатма Ганди студент болған. Бірақ, Джай оқуға деген керемет ынта білдіре қоймады, адвокаттар ассоциациясына кіру үшін тапсыратын емтихандарды әзер дегенде тапсырады. 1912 жылы жазда адвокаттық тәжірибемен айналысуға құқық алып, Лондоннан кері қайтты. [АиА Каш02/641/
Үндістанға келгеннен кейін әкесінің канторына жұмысқа кіреді, бірақ адвокаттық жұмыс оны шым мәнінде қызықтыра қоймады. Мотилал баласының көңіл күйін дұрыс түсінбей, оны үйлендіруге шешім қабылдады. Болашақ келіні ретінде Делидегі бай, ірі күріш диірменнінің иесінің қызын таңдайды. Құдалар бір кастаның өкілдері еді. Камал Кауль Джайдан он жасқа кіші, жүйелі түрде білім алмаған қыз еді. Алғаш кездерде “ағылшындалып” кеткен отбасына бірден сіңіп кетуі өте қиын болды. Екі жақ келіскенне кейін, Камалды ағылшын гувернанты бірнеше ай “тәрбиелейді”. Той Делиде өтеді, тойға жалау мен гүлдермен әшекейленген поездбен Джай және жетіжүзден астам қонақ келеді. 1917 жылы 19 қарашада дүниеге тұңғыш қыздары – Индира келеді. Индира Джай мен Камалдың отбасында жалғыз балалары болады. Джайдың шешесі немересі ұл болар деп үміттенгенін жасыра алмады.
Джавахарлал Неру енді қоғамдық жұмыстарға араласа бастайды. Бір кезеңде үш ұйымның хатшысы болып сайланады – Сент-Джонның санитарлық ассоциациясына, Оңтүстік Африкадағы үндістер тұрғындарына көмек жинау жөніндегі комитеке, конституциялық жолмен өзін-өзі басқаруға қол жеткізу үшін күресетін гомрул лигасына (ағылш. Home rule – өзін-өзі басқару). Гомрулдың Құрама провинциялардағы лигасының төрағасы Джавахарлалдың әкесі Мотилал Неру болатын. 1916 жылдың 20-шілдесіндегі Аллахабадтағы митигте өмірінде бірінші рет сөз сөйлейді. Ол баспасөз бетіндегі сөз бостандығын шектеуге наразылық білдірді. “Мен топты жақсы көріп кеттім, ал топ болса мені ұнатты… Дегенмен олардың жақсы көру сезімдері маған емес, олардың мен туралы ойдан өздері жасап алған бейнелеріне бағытталып тұрған секілді сезімнен айырыла алмадым ,”- деп жазады, кейін өзінің естеліктерінде.[Дж.Неру.Афтобиография90б/
Қоғамдық қызметі. Саяси көзқарастары әлі толық қалыптасып болмағанмен, табиғи мінезі мен қызығушылығы оған тыныштық бермеді. Әкесінің ықпалы мен қолдауы амбициозный жоспарлар жасауына итермеледі. Елдегі қалыптасқан жағдаймен келісіп, тыныш өмір сүре беруге болмайды, қоғамға пайдалы іс тындыру керек деген ой күннен күнге билеп алды. Ішкі дүниесінде отарлық билікке қарсылық пайда болып, ұлтық қорлану сезімі туды. 1919 жылы өз өмірін шетел билігіне қарсы күреске арналған қоғамдық істерге арнауға шешім қабылдайды. Осы шешімі Джайдың өміріндегі үлкен өзгерітің басталу кезеңі болды.[кош02/6/43/
Қоғамда Джавахарлалдың үлкен саясатқа кіруіне Махатма Гандидің ықпалы зор болды деген ұғым қалыптасқан. Дегенмен, ол үшін ең беделді жан өзінің әкесі еді. Әкесінің ақыл-насихатын байыппен тыңдап, Конгресстің әр-түрлі құжаттары мен резолюциясын дайындауға шамасы келгенше көмек көрсететін. ҮҰК съездеріне қатыса бастайды. Әкесінің көмегімен, 1918 жылы РК-тің ең жас мүшесі болды, ал 1923 жылы Конгресстің үш бас төрағаларының бірі болады. Махатма Гандимен алғашқы кездесуі 1916 жылдың желтоқсанында болды. Болашақ “ұлтың әкесі” оған үлкен әсер еткен жоқ, тіпті “қоршаған қоғамға ұқсамаған, алыс, саясаттан тыс ” адам болып көрінді.[Неру Дж Ав46б/
Гандидің Бихара мен Гуджараттағы жаппай бағынбаушылық қозғалысы кезінде Джавахарлал ол туралы ойын өзгертіп, “сатьяграха” антын қабылдап, қол қояды. Антқа қол қойған адам отарлық әкімшіліктің заңдарына бағынбай, оларды бұзып, билік органдарының тарабынан қудалауға ұшырауы керек. Әкесі баласының бұл шешімін қолдай қойған жоқ. Ол үшін баласы түрмеге түсіп қалуы мүмкін деген ой тым ауыр тиді. Ақырында, Гандимен ашық сөйлесу үшін Аллахабадқа қонаққа шақырады. Қайтарында Ганди Джавахарлалға әкесін ренжітуі мүмкін еш нәрсе істемеуге ақыл айтады. Ганди ұлт-азаттық күрес үшін көп жағдайда Мотилал Неру сияқты ауқатты адамдардың қолдауы қажетті екенін жақсы түсінетін.
1920 жылғы қыркүйекте Калькуттадағы Конгресс съездінде бұрынғы көрнекті өкілдердің ішінде Гандидің отарлық әкімшілікпен қарым-қатынас жасамау қозғалысы жалғыз Мотилал Нерудің тарабынан қолдау табады. Съездің Гандидің бағдарламасын қабылдауы осы Мотилалдың арқасында болды. Осы қозғалыс 1920-1922 жылдары кең көлемде тарады, Джавахарлал белсенді түрде қатысады. 1928 жылы Мотилал Гандиден баласы Джавахарлалды ҮҰК-нің төрағасы етіп сайлауға көмек беруін сұрайды, Ганди қолдау көрсетеді. Сайлау нәтижесінде Гандиді Конгресстің он комитеті қолдап дауыс берсе, Валлабхай Пательді қолдап бес комитет дауыс береді, ал Джавахарлалды үш комитет қана қолдап дауыс береді. Жалпы Конгрес мүшелерінің ойы бойынша Джавахарлалдың әлі тәжірибесі аздау еді. Соған қарамастан, 1929 жылы желтоқсанда Ганди Конгресс төрағасы ретінде Джавахарлалды бекітуге қол жеткізді. Осы съезде конгресстің негізгі мақсаты “пурна сварадж ”(Үндістанның толық тәуелсіздігі) деп бекітілді.
1927 жылы Мадраста Джавахарлал Нерудің ұсынысымен партия жарғысына өзгерту енгізіліп, Конресстің мақсаты – Үндістанды толық азат етуге қол жеткізу (пуна сварадж) – деп өзгертеді. [Девяткина43б/
Әкесіне материалдық жағынан тәуелділік жағдайы қинай бастаған кезде, Ганди Джавахарлалға өзінің газеттерінің біріне корреспондент болып жұмысқа тұруға шақырады. Сондай-ақ, парламент қазнасынан пособие алып тұруға ұялмауға шақырады. 1931 жылы әкесі Мотилал Неру қаза болғанна кейін, қамқоршылық миссиясын Ганди өз қолына алады. Гандидің хатшысы Махадева Десайдың айтуы бойынша, ол Джавахарлалға әкелік мейірмен қарайтын, кездескен кездерде ұзақ сөйлесіп, қателіктері болса кешіріп, қамқорлық көрсетеді. 1936 жылдың басында, өзі Европада болғанына қарамастан, Неру екінші рет ҮҰК-нің төрағалығына сайланады. Шешім әрине Гандидің қатысуымен қабылданады. Көп адамдар бұл екі тұлғаның достығына түсіне бермейтін, себебі, екеуі бір-біріне тіптен ұқсамайтын еді, тіпті көзқарастарында айтарлықтай қарама-қайшылық та бар еді. Өзінің естеліктерінде Неру “екеуіміздің арамызды жар бөліп тұрғандай еді, кейбір кездерде мен оны тіпті түсіне де, келісе де алмайтынмын,”-деп жазады.[Аиа02/6/43/
Неру күш қолданбауды тек күрестің бір түрі ретінде ғана қарастырды, оны универсалды шара деп санаған емес. Оған ұстазының мәселеге тым діни мазмұн беріп жібергені ұнамады. Қазіргі заманда бәрінің қолдан тігілген матадан киім киіп, қолайсыз үйшіктерде тұруы керек деген ойдың тым ескіріп кеткенін атап айтып отырған. Көзқарастарында осындай алшақтық бола тұрса да, Ганди Нерудің саяси көзқарасының қалыптасуына көп ықпалын тигізді. Ұстазының қасында болуы Джавахарлалға ұлт-азаттық күрес жүргізуде өзіне деген сенімін күшейтуге көмегін тигізді. Әрине, Ганди Джавахарлалмен салыстырғанда мықты тұлға еді. Неру оны өзі де мойындайтын, өзара айтыс кезінде себеп-сылтау тауып, шешуші сөзге жеткізбеуге тырысатын. Оның айтуы бойынша Ганди өзгелерден көрі Үндістанды жақсы білетін. 1942 жылдың басында Ганди Джавахарлалды ресми өзінің саяси мұрагері деп жариялады.
1942 жылы маусымда тағы да Конгресстің төрағасы болып сайланды. Сайлау кезінде С.В.Пательге Рк-тің 15 мүшесінің 12сі дауыс береді, бұл жолы Джавахарлал туралы тіпті сөз де болмаған еді. Бірақ, тағыда Гандидің араласуымен Нерудің кандидатурасын ұсынып, Пательді өз кандидатурасын қайтарып алуға көндіреді. Ганди, Британ империясының билікті үндістер жағына берген кезінде Конгресстің төрағасы Үндістанның премьер-министірі болатынын жақсы білді.
17 жыл бойы Үндістан үкімет үйі — Тимурти хауста отырған кезінде, жұмыс столының үстінде Авраам Линкольнның қоладан жасалған қолының және Махатма Гандидің алтыннан жасалған мүсіні қатар тұрды. Гандидің қолдауынсыз Джавахарлал Неру осындай жетістіктерге жетпеген болар еді. Бірақ, бұл жағдайдың бәрі Неруге 1955 жылы Делиде Канаданың сыртқы істер министрі Л.Пирсонды қабылдау кезінде, ашу үстінде Гандиді “екі жүзді кәрі” (старый лицемер) деп айыптауына кедергі болмады.
Неру өзін демократ және социалистпін деп жариялады. Нерудің ұсынысымен 1955 жылы Конгресс “социалистік типтегі қоғам құру” туралы резолюция қабылдайды, ал 1964 жылы жаңа этапқа “демократиялық социализмге” өту туралы резолюция қабылдайды. Социализм туралы ол бұрынырақтан ойлайтын, жас кезінде 1927 жылы Москваға келген сапарында Кеңестер мемлекетінің жетістіктерін өз көзімен көріп бағалауға мүмкіндігі болған. Сауатсыздықпен күрес, әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсарту шараларын көрген. Әсіресе жоспарлаудың кеңестік моделі өте қызықтырады, тіпті Үндістанға қолданғысы келген. Осы мақсатта 1938 жылы Ұлтық жоспарлау комитеті құрылады, ал 1950 жылы науырызда Ұлттық жоспарлау комиссиясы құрылады. 1951 жылы Үндістанда қазірге дейін пайдаланып келе жатқан, бес жылдық жоспарлау жүйесі енгізілген.
Кеңес Одағының жетістіктеріне қызығушылықпен қарай отырып, таптық диктатура мен жеке тұлғаларды басып-жаныштауға қарсы болды. Нерудің өзінде социализмнің моделі болған жоқ. Оның “социализімі” жиынтықтардан тұрды, барлық тұрғындарға тең мүмкіндік беру, әлеуметтік теңсіздікті реттеу, қазіргі заман талабына сай технологияларды насихаттау, экономикада мемлекеттік секторды құру және аграрлық реформа жасау. Бірақ бұл айтылғандардың бәрі тек социализімнің идеалдары емес, дамыған демократиялық мемлекеттер бұл принцптерді баяғыдан жүзеге асырып келеді. Социализмді Неру қоғамның экономикалық және әлеуметтік қиындықтардан шығудың жолы ретінде ғана қарастырды. Үндістан социализмге өз бетімен дайын болуы керек және оған халықтың басым көпшілігі қатысуы керек. Сонымен қатар, солшылдардың монополиялардың байлықтарын қайта бөліске салу туралы ұсынысына қарсы болды. Үндістанда бөліске салатын байлық жоқ, тек бөліске салатын кедейлік қана бар деп, ұлттық өнімді мен қызметтің көлемін өсіруге шақырды.
Неру өмірінде еш уақытта социалистік партия немесе ұйымның мүшелігінде болмаған. Өз кезінде III-интернацияналға қосылуға қарсы болғандықтан, СССР дің сталиндік басшыларының тарабынан қарсылыққа ұшырады. 1946 жылы Үндістанның уақытша үкіметін басқарады, ал 1947 жылы Үндістан тәуелсіздігін алған кезде Кеңестер Одағы бұл жағдайды саяси фарс деп қабылдады. Ал Неруді ағылшындардың арнайы қызметінің агенті деп қарастырды.[аа02/6/45/
Елінде Неруді жаңа Үндістанның архитекторы деп атайды. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты мен экономикалық даму стратегиясын анықтауда, үнді демократиясы мен федерализімінің құрылуы, зайырлы мемлекет пен азаматтық қоғам құруды Нерудің есімімен байланыстырады.
Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін Неру үздіксіз елдің премьер-министрі болды, сондай-ақ сыртқы істер министрі мен ғылым және атом энергетикасының министрі қызметтерін атқарған. Үндістанның конституциясының жобасын жасауға қатысқан.
Сардар Валлабхаи Патель. Сардар Валлабхай Патель үнді ұлт-азаттық қозғалысының беделді жетекшілерінің бірі. Замандастарының көбі Үнді Одағының бірінші премьер-министрі осы кісі болады деген сенімде болып еді. Бірақ бұлай болған жоқ, М.Гандидің араласуынан кейін Нерумен таласпай жол беруіне тура келді. Үндістанда оны “үнді Бисмаркі” деп те атайтын. Беделі мен қызметінің шырқау кезі Үндістан тәуелсіздік алған алғашқы жылдарымен сай келді, іс жүзінде елдегі Неруден кейін екінші адам еді. Үндістанның біртұтастығы мен ұлттық тәуелсіздігін күшейту жолында көп еңбек сіңірді.
Пательдің аты өзіні тірі кезінің өзінде аңыздарға толы еді. Бірге қызмет жасаған адамдардың айтуы бойынша бұл кісі елді тіпті өлген кезінде де басқара алады, сондықтан он “темір” деп атап кеткен. Саяси көзқарастары бойынша премьер-министрдің оппоненті, оның үстіне Нерудің социалистік көзқарастарын бөліскен жоқ.
Патель 1875 жылы 31-қазанда Надиадта туылған. Гуджараттық орта шаруаның төртінші ұлы еді. Ол ауыл старосталарының қызметін атқаратын дәстүрлі патидар немесе пателдер кастасынан шыққан. Бұл кастаның өкілдері білімді,қайсар мінезді болып келетін. Елдің айтуы бойынша әкесі 1857-1859 жылдары отаршылдарға қарсы көтеріліске қатысқан. Көтеріліс жанышталғаннан кейін, Индора княздығының махараджасының тұтқынында болған көрінеді.[АиА1999/12/53б]
Бала кезінен еңбекқор, білімге ынталы болып өскен. Бірақ әкесі он өз жасынан біраз кейін мектепке береді. Көш басшысы боларлық мінездері осы мектеп қабырғасында-ақ қалыптасқан. Мектепте оқып жүрген кезінде ренжітіп кеткен досын қорғап ереуіл ұйымдастырған және мектепке керекті заттарды қосымша баға қосып сатқан мұғалімге қарсыбайкот жариялайды. Материалдық жағдайдың болмауына байланысты бала кезінен арманы болып келген заңгерлік оқуға бара алмады. Өз арманына қалайда жақындай түсу үшін заң курсын оқып,1900 жылы Борсадта аудандық адвокат болып жұмыс істейді. Валлабхай ауыр қылмыстарға байланысты істермен маманданатын. 1893 жылы үйленеді, ұлы және қызы болған, 1909 жылы әйелі қайтыс болады. Одан кейін отбасын жаңадан құрмаған. Уақыт өте қаржы жинап шетелге оқуға барып келу ойы болған, бірақ, соңғы сәтте үлкен ағасы да оқуға барғысы келіп, Пательге қалуға тура келеді.
1910 жылы ақыры Лондонға келеді, бұл кездерде ол жаңа саяси ағымдар мен философиялық ойлардың ықпалына бой бере қоймаған кез еді, театр мен музейлерге баомайтын. Күні бойы заң корпорациялары мен сот залында, кітаханада отыратын. Ақырында емтихандарын тапсырып 1913 жылы заңгер дипломын алып, елге қайтады. Көп ұзамай тасы өрге домалап, қаражат жинап, Ахмадабадтың орталығынан екі қабат үй сатып алып, жетістікте өмір сүре бастайды. Кешкісін бридж ойнап, клубтарға баратын. Бірақ ақша мен байлықтың артынан қуу оның сұраныстарына жауап бермеді, ендігі жерде саясатқа бет бұра бастады. Жергілікті қоғамдық ұйымдарға кіріп, жетекшілерімен араласа бастады. Солардың арасында Оңтүстік Африкадан келген адвокат Мохандас Карамчанд Гандиде бар еді.
Гандидің азаттық күрес жүргізу жолдары мен ойларына 1917 жылдан бастап, күш қолданбау қозғалысынан кейін шындап қызыға бастады. Осы жылдары Ахмадабадтың қалалық муниципалитетінің мүшесі болып сайланады, санитария комитетін басқарады. “Қоғамдық қажеттіліктерге көңіл аудартуға” арналған “Гурджарат одағының” хатшысы етіп тағайындалады. Сөйтіп 42 жасында Пательдің қоғамдық және саяси карьерасы басталады.
1918 жылы Ганди Кхеда арендаторларының сатьяграхасын басқарады, ал Патель оның оң қолы болды. Махатмамен бірге ауыл-ауылды аралап қысқаша насихат сөздерімен жұрт алдына шығып отырды. Осы кезен бастап адвокаттық тәжірибесін тастап, европалық дәстүрдегі киімнен бас тартып, толық Конгресстің жұмысымен айналысып кетеді. Тіпті үйіне де келіп тұруы азаяды. Көп жыл өткеннен кейін Патель “мен бұндай жолды толық ойланып барып таңдадым, бұл шешімімді жай бір жағдайлардың әсерімен қабылдағаным жоқ,”- деген екен. Бұл кездерде оның жан дүниесінде қандай сезім, күйзеліс болып жатты оны ешкім де білмейді. Бірақ осындай жолды таңдауына Гандидің үлкен әсері болды.
1919 жылы Амритсардағы Конгресстің сессиясына Гандимен бірге барады, одан кейін 1920-1922 жылдары азаматтық бағынбау қозғалысына қатысады. Шынайы күрескерлік және ұйымдастырушылық қасиеттері Бардолиядағы сатьяграха кезінде көрінді. Бұл оның өзінің жеке басшылығымен өткен бірінші қоғамдық шарасы еді. Бұл гурджарат уездіні шаруаларының көтерілуіне отарлық әкімшіліктің жер салығының мөлшерін өсіруі себеп болған еді. Қарсылық ретінде ҮҰК күшқолданбау арқылы қарым-қатынас жасамау акциясын бастайтындығы жөнінде жариялады. Бұл акция 1928 жылдың ақпан-тамыз айларында Пательдің басқаруымен өтті.
Пательдің жоспарына сай сатьяграхаға қатысушылар әскери тәртіппен ұйымдастырылды: Патель – басқарушы, оның штабына дала басқарушылары кірді, оларға саптағы шаруалар бағынды. Штаб “патриктер” (бюллетень) шығарып отырды, онда басқарушының бұйрықтары мен әр жерден хабарлар жазылып отырды. Патриктер уезд көлемінде де, Үндістанның басқа аудандарына да таратылып отырды. Патель күнде ауылдарды аралап, күрестің мақсатын түсіндіріп, сенімсіз болып отырғандарға қолдау көрсетіп отырды. Пательдің кеңесі бойынша шаруалар үйлеріне жасырынып, отарлық әкімшілік өкілдерімен қарым-қатынас жасаудан бас тартты. Бардолияда болып қайтқан “Таймс оф Индия” корреспондентінің айтуы бойынша қозғалысқа қатысушылар керемет тәртіппен ұйымдастырылған, өз жетекшілеріне толық сенеді. Валлабхайды Ленинмен салыстырады, уезде “большевиктік режим” орнағаны туралы жазады.
Шаруалардың талаптары ақырында орындалып, үкімет органдары жер салығын азайтуға келісім береді және тұтқынға түскен шаруаларды бостады. Қозғалыстың жеңіске жетуі ел арасында Пательдің беделін өсіріп, Конгрессте позициясы күшейеді. Бардолидағы еңбегі мен қызметі үшін “Сардар” деген титулға ие болады. Сардар – “жетекші”, “басшы” дегенді білдіреді. Кейінірек азаматтық бағынбаушылық қозғалысына қатысып, 1930-1932 жылдары Гандимен бірге түрмеге қамалады. Осы жылдар бойы Валлабхай жеке өз атынан халық алдына шығудан тартынып, өзінің рухани ұстазы санайтын Махатманың беделінің көлеңкесінде қалып қояды. 1931 жылы Үндістан Ұлттық Конгрессінің төрағасы болып сайланғанмен, Конгресс ардагерлерінің алдында өзінің атақты жерлесінің көмегімен көтерілген, провинциал ретінде қалып қойды.
Үлкен саясатқа араласуы 1930 жылдың ортасында, Гандидің тапсыруымен партия құрылысымен айналыса бастаған кезден бастап басталды. Пательдің қатысуымен ҮҰК съездеріне дайындық жұмыстары жүргізіліп, Рк-тің шешімдері қабылданатын, партияның провинциялық бөлімдерінің жұмыстары қадағаланып отырды. Партия аппаратын кішкентайдан құрастырып, қажетті қорларды жинады. Оның барлық сөздерінде “елдегі әр бір үй конгресстің комитетіне айналуы керек, ал әр бір үндіс конгрессист болуы керек,”-деген ұғым қайталанатын. Осындай жолдармен ұйымдастырудың қиындықтарын жеңіп, Конгресс енді парламенттік типтегі партияға айнала бастады.
1936 жылы ҮҰК Орталық заңшығарушы мәжіліске сайлауға түсуге келісімін берді, барлық сайлаудың ұйымдастыру шаралары Пательге жүктелді. Кейінірек 1937 және 1946 жылғы сайлау кезінде ол сайлау комиссиясын басқарады, бұл сайлауларда Конгресс толық жеңіске жетеді. Парламент кеңесінің төрағасы болғандықтан, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде сегіз провинцияда жұмыс істеген парламентер-конгрессистер мен провинциялық конгрессистік үкіметтің жұмыстарына басшылық етеді. Осының нәтижесінде вице-кароль Линлитгоу Патель “үнді саясатындағы салмағы өсіп келе жатқан фигура,”-деген қортындыға келеді. Патель ашық түрде гандизмнің кейбір құндылық мәселелері бойынша келіспейтін жақтары туралы айтқан емес. Соған қарамастан ұлт-азаттық қозғалысының басқа мүшелері секілді, Гандидің ілімімен келіспейтін сәтері де көп болды. Гандидің аштық жариялаған сәтерінің көбін қолдаған жоқ, төменгі касталарды кемсітушілікке байланысты мәселелер бойынша да өтіп жатқан акцияларға қатысудан ұстанып қалып отырды. Сондай-ақ, Мұсылман лигасының жетекшісі М.А.Джиннаны өз еркімен Пакистанды құру ойынан бас тартқызам деген ойын тіптен мүмкін емес нәрсе деп ойлады. Егер Ганди Үндістандағы барлық үндістер мен мұсылмандардың мүдесін көрсетуге тырысса, Патель тек үндістердің ғана көз қарасын қорғап, көсетуді өзі үшін дұрыс нәрсе деп санаған.
Джавахарлал Неруден айырмашылығы, Патель жеке меншікті тұрмыстың ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Социализм идеясына қарсы бола отырып, белгілі мөлшерде толеранттық танытады. “Социалисттердің өз ішінде “социализм” терминінің бәріне ортақ, бірдей анықтамасы жоқ. Қанша адам болса, сонша анықтамасы бар. Егер барлық брахмандар социалист болса, 84 кастада социализмнің 85 моделі бар болар еді… Мен социалист, капиталист, немесе тағы басқа кез-келген “измге” сенетін адаммен жұмыс істеуге дайынмын, тек, солардың ешқайсысы мені алдағысы келіп тұрмаса болды,”- дейді. Сардар Патель “пурна сварадждың”, яғни Үндістанды толық өзін-өзі басқару және мемлекеттің біртұтастығын сақтап қалуға бағытталған күреске сенген, толық жақтасы болған. 1942 жылғы “Үндістаннан кетіңдер!” деген ұраны мен тез арада Үндістанның толық тәуелсіздігін талап еткен Гандиді бірінші болып қолдаған осы Патель болды. Сонымен қатар, Пательдің үнді саяси аренасындағы беделінің өсуін Конгресс мүшелері әр түрлі қабылдады. Әсіресе, Джавахарлал Неруге көп ұнай қоймады. 1936 жылы 26 тамызда Гандиге жазған хатында Патель Нерумен араласудың айтарлықтай қиындыққа ұшырап отырғанын, Нерудің диктаторлық амбициясының тым жоғары болып кетекені жөнінде жазады. Дегенмен Конгресс ішінде өзіне жақтастар да табылып жатты, солардың ішінде ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілдерінің бірі, кейіннен тәуелсіз Үндістанның тұңғыш президенті болған Раджендра Прасадтың және С.Раджагопалачарияның тарабынан қолдауға ие болды. Осылар бірігіп, партияның оң қанатын құрап, 1939 жылы Трипурдағы Конгресстің съездінде С.Ч.Бостың басқаруымен радикалды көзқарас ұстанған топты Рк-тің құрамынан шығарар кезде Гандиге қолдау көрсетеді.
Екінші дүние жүзілік соғыс біткеннен кейін Үндістанда жағдай күрт нашарлап, стихиялық әлеуметтік жарылыс болу қауіпі туды. Елде діни соғыс пен хаос жағдайының қауіпі тіптен өсіп тұрған шақ. Жағдай отарлық әкімшіліктің бақылауынан және Үндістанның болашағы туралы келіссөздерге қатысқан партиялардың бақылауынан шығып кетті. Келіссөздер барысында Джиннаның командасы өздерін жеңіл, еркін ұстаса, Конгресстің жетекшілерінің көңіл күйлері түсіңкі, сенімсіздікке бой бергендері көрініп тұрды. М.К.Ганди терең депрессия мен өкініште болса, Джавахарлал Неру саяси инерттік сақтаса, А.К.Азад әлсіздік танытып, партияның басын біріктіре алмады. Қалыптасқан жағдайда прагматик, іскер Патель негізгі шешуші тұлғаға айналды. Ол Үндістанның тәуелсіздігіне жақын тұрғандарын жақсы түсінді, сондықтан Конгресстің жайбарақат, істің соңын бағып жатуға моралдық құқығы жоқ деп ойлады. Партия тарапынан нақты, шешуші кимылдар жасау керек болды. Ол вице-карольға күш қолдану арқылы заңсыз көтерілістердің басталып кету қауіпі жайында хабарлаған болатын. 1946 жылғы атақты теңізшілер көтерілісінің алдында, Патель: “Егер британ үкіметі дұрыс шара қолданбай, Үндістанның прогресске қарай кетіп бара жатқан жолында кедергі жасайтын болса, күн артынан түн келетіндігіндей, күрестің басқа формасы басталып кетуі мүмкін,”- деп ескерткен еді. Бірақ, вице-кароль Уейвелл бұл хабардың мәнін өзінше түсініп, Лондонға жазған телеграммасында, ҮҰК В.Пательдің бастауымен “көтеріліс жасайын деп жатыр, Үндістаннан британдықтарды күшпен қуып шығуға дайындалып жатыр,”-деп хабарлайды.
Джиннаның сепараттық мұсылман мемлекетін құру туралы ойын Патель қолдамайтын еді. Патель Мұсылман лигасын 1946 жылғы сайлауда жеңіп, мұсылман тұрғындары көп провинцияларда шектеуде ұстауды көздейді. Осы мақсатта Синд пен Пенджапқа барып, Мұсылман лигасына оппозициялық мұсылман партияларының жетекшілерімен кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Бірақ, А.К.Азадтың мұсылман-конгрессистер атынан ҮҰК партиясының платформасын қолдайтындықтары жөнінде хабарлағаннан кейін Пательдің жоспары сәтсіз аяқталды. Нәтижесінде, 1946 жылғы сайлауда Мұсылман лигасы мұсылмандарға бөлінген 509 орынның 422-сін иеленеді.
1946 жылы маусымда, Джаважарлал Неру қайтадан Конгресстің төрағасы болып сайланады. Сайлауда Пательге Рк-тің 15 мүшесінің 12-ісі дауыс берген еді. Бірақ, Ганди Джавахарлал Нерудің кандидатурасын қолдап, Пательден өз кандидатурасын кері қайтарып алуын сұрайды.
Бұл жөнінде көп нәрсе әлі күнге дейін түсініксіз болып келеді. Кейбір зертеушілердің ойынша, Гандидің Неруді таңдауының негізгі себебі – ол Англияда жақсы білім алып келді және “билікті өткізу” кезінде британдықтардың алдында басқаларға қарағанда дұрыстау кандидат болып көрінді. Неруді орта тап қолдады және діни қолдауына ие болды. Ал Пательдің артында өзі қалыптастырған партия аппараты ғана тұрды. Оның үстіне Патель ұзақ уақыт екінші рөлдерде болып келді, Махатма мен Нерудің көлеңкесінде қалып қойды, ал Джавахарлал болса ел ішінде аты әйгілі, беделді адам еді.
Прагматик Патель бұл кезде Үндістан үшін бөлінгеннен басқа жол қалмағандығын жақсы түсінеді. Сондықтан, Үндістанды бөлу жоспарының авторы лорд Маунбэттенге елдегі екі ұлкен провинция – Пенджап пен Бенгалияның территорияларын толығымен Пакистанның құрамына беруге Конгресс келісе алмайтындығын бірден түсіндірді. Үндістанды бөлу комитетінің мүшесі ретінде, бұл мәселенің болашақта қайғылы жағдайларға ұшыратпауы үшін қолынан келгеннің бәрін істеп бақты. Өз өміріне қауіпті болса да діни қақтығыстардың ошағына барып, көтерілген халықты тыныштандыруға ат салысты.
Тәуелсіз Үндістанның алғашқы министрлер кабинетінде вице-премьер, ішкі істер министрінің, радио және ақпарат министрі, княздықтарға байланысты жұмыстар бойынша министрліктің басында қызмет атқарды. Нерудің шетел сапарларына кеткен кездерінде премьер-министрдің де қызметін жүргізе беретін. Барлық мемлекеттік жұмыстардың ішінде княздықтарға байланысты мәселелерді шешу жұмыстары уақытының барлығын алатын. Үндістан үшін бұл кезде ең басты мәселелердің бірі 562 княздықты интеграциялау жұмыстары еді. Бұл мәселенің шешілуімен ұлттық демократия, прогресивті реформалар мен мемлекет құрылысының болашағы байланысты еді.
Бір қызығы Неру Пательдің саяси беделінің өсуінен қауіптеніп, оны княздықтар мәселесі бойынша министр етіп тағайындауға қарсы болады, тек Үнді Одағының генерал-губернаторы Маунтбэттеннің талап етуімен ғана келіседі. Княздықтарға байлансты өз ойын 1938 жылдың өзінде-ақ Конгрессистердің алдында “Княздарды биліктерінен айыру керек. Оларға жыл сайын зейнетақы төленіп тұратын болады, ал княздықтарды біз басқаратын боламыз,”-дейді. Пательдің интеграцияның алдында княздар палатасы таратылады, әр князбен жекеше келісімднр жасалады. Нәтижесінде 219 ұсақ княздық көрші провинциялармен біріктіріліп, 22 княздық кішігірім Химчала-Прадеш және Кач деген сиақты одақтардың құрамына қосылады. Ал 294 княздық Саураштра, Мадьхя Бхарат, Траванкур-Кочин, Раджастхан, Пепсу деген ірі одақтар құраса, кейбіреулері Хайдарабад, Майсур, Кашмирдің ескі шекраларында провинция болып қалыптасты.
Княздықтарды Үндістанның құрамына қосу жұмыстары кезінде өзінің қатал мінезі мен іске берілгендігіне қарай оны “үнді Бисмаркі” деп атап кетті, екеуінің айырмашылығы Бисмарк Германияны “қанжар мен қанның”күшімен біріктірсе Патель бейбіт жолдармен қол жеткізді. Тек Джунгадха, Хайдарабад, Кашмир княздықтарында ғана күш қолдану арқылы қол жеткізді.
Жеке өмірінде Патель Гандидің үлгісімен тұрмыстық қолайлылықтардың көбінен бас тартып, аскеттік өмір сүруді еске түсіретін.Таңғы сағат төрте тұрып, кешкі тоғыз жарымда ұйқтайтын тәртіпке әбден үйренген. Оның барлық қоғамдық өмірі қызы Манибехтың көз алдында өтеді, өйткені қызы ұзақ жылдар бойы оның хатшысы болып көмктескен. Басқа үнді саястакерлерінен айырмашылығы, Патель еш уақытта мемуарлар жазбаған.
Сардар Валлабхай Патель 1950 жылдың 15 желтоқсанында қоғамдық қызметінің шарықтау шегінде көз жұмды. Егер Махатма Гандидің миссиясы Үндістан тәуелсіздік алған кезде орындалса, Пательдің миссиясы Үндістан Республика деп жарияланған күні орындалды.
2.2. Тәуелсіздікке қол жеткізу
1939 жылы екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы, Үндістандағы жағдайды ушықтырып жіберді. Ұлыбртания Германияға соғыс ашқаннан кейін, Конгресстің және басқа партиялардың келісімінсіз Үндістанды соғысушы ел деп жариялап, біржақты шешім қабылдады. Бұған протест ретінде провинциялардағы Конгресстік үкіметтер отсавкаға кетті. Дегенмен, Европадағы жағдайды жақсы түсініп отырған Конгресс жетекшілері Үндістанның соғысқа қатысуы туралы шешімге келгенде бірдей көзқараста болмады. Джавахарлал Неру Европада антифашистік күресті әлсіретуге қарсы болды, сондықтан, Үндістанның Англияны қолдауы керек деген ойда болды. С.Ч.Бос болса қандай жолмен болса да Үндістанның тәуелсіздігіне қол жеткізу керек, тіпті Германияның көмегі арқылы болса да деген көзқараста болды. Ал, Ганди фашизмге, соғыстың кез келген түріне қарсы болды.Сонымен қатар Конгресстегі көпшілік, халық арасындағы Үндістанның Англияны қолдап соғысқа қатысуына қарсы екенін де ескеру керек деген ұсыныстар айтып жатты.
Бірталай талас-тартыстардан кейін, Конгресс соғыста Англияға қолдау көрсету керек деген шешім қабылдады. Бірақ, алдын ала Англиядан Үндістанға қатысты қандай мақсаттары бар екенін ашық айтуларын талап етті. Ағылшын басшыларының жауабы Конгресс жетекшілерінің ойынан шыға қоймады, олар соғыс біткеннен кейін Үндістанға доминион статусын ғана беруге келісті, бірақ сыртқы саясатында қауіпсіздігін сақтауға байланысты жауапкершілігі келесі 30 жыл бойы Англияның қолында қалады деген шешімдерін айтты.
Конгресс британ империализіміне қарсы жаңадан күш қолданбау қозғалысын бастайтындығын жариялады. Қозғалысқа соғыс зардаптарына байланысты бағаның өсуі мен спекуляцияға қарсы халықтың жеке бас көтерулері ұласып отырды. Осы кезеңде ұлт-азаттық қозғалыстың болашағы үшін үлкен әсерін тигізген жағдай болды, ол 1940 жылы науырызда Лахорда болып өткен Мұсылман лигасының съезді. Съезде лига өзінің негізгі мақсты – Пакистан — үнді мұсылмандарының мемлекетін құру деп жариялады. Конгресс лиганың бұл шешіміне қарсы болып, өз көз қарастарын білдірді.
Екінші дүние жүзілік соғыстың барысында фашистік Германияның Польша, Францияны окупациялап, Кеңестер Одағына басып кіруі, 1941 жылдың желтоқсанында Жапонияның соғысқа кіруі ағылшындардың Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысты бейтараптандыруға байланысты қадам жасауларына мәжбүрледі. 1942 жылдың науырыз айында британ үкіметі Конгресс басшыларына Үндістанның соғыстан кейінгі құрылымы туралы жаңа ұсыныстарын жасады. Ұсыныс бойынша соғыстан кейін Үндістан доминион құқығына ие болады, заңшығарушы органдарға сайлау жүргізіледі, бұл сайлауда жаңа конституцияны дайындайтын мәжілістің делегаттары сайланады. Жеке княздықтар Британ империясының құрамында қалады. Конгресс бұл ұсынысты қабылдамай кері қайтарды.
Бұл аралықта Жапония әскерлері Үнді-Қытайды, Индонезия, Малайзияны басып алған. Бирмаға басып кіріп, Үндістан шекаралрына тақап қалған болатын. Осы жағдайларда Конгресс 1942 жылғы 7 тамыздағы Бомбейдегі мәжілісінде Англияның Үндістаннан кетуін талап етті. Осы мәжілісте қабылдаған резолюция “Үндістаннан аулақ”(“Прочь из Индии!”) деп аталды. Конгрес халықтың тәуелсіздік үшін күреске деген талпынысына қолдау көрсетті. Ганди “Істе немесе өл” (“Сделай или умри!”) деген ұранмен жаппай бағынбаушылық қозғалысының басталғаны жөнінде жариялады. Британ үкіметі Конгресс басшыларын, соның ішінде Гандиді бірден қамауға алды. Елде ағылшындарға қарсы жаппай қарсылық қозғалыстары орын алды. Үндістанның көп жерлерінде британ әкімшілігі биліктен шеттетіліп, өздері үкімет құрып алды.
Британ үкіметі “Тамыз революциясы” басталмай тұрып, болашақта мүмкін деген Жапония агрессиясын тоқтату үшін үнді-бирмалық шекараға қарулы күштер жинақтап қойған болатын. Осы қарулы күштердің басым бөлігі британ билігіне қарсы жаппай көтерілістерді жаныштау үшін Үндістанға ішкерілеп кіргізілді. Жазалаушы әскерлердің қимылдары аса қатал болды, мыңдаған адамдар өлтіріліп, он мыңдаған адам түрмеге қамалды. 1942 жылдың соңына қарай көтеріліс жанышталды. Келесі екі жылда Конгресстің басшылары түгел дерлік түрмеде отырды.
Екінші дүние жүзілік соғыс барысында күрт өзгерістер орын алып, Германияның жеңілуіне, Кеңестер Одағының ықпалының өсуіне алып келді. Осы жағдайдың бәрі Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың күшейуіне әсер етті.
1946 жылы заң шығарушы органдарға сайлауда Конгресс ортақ және үндіс курилері бойынша көпшілік орын алса, Мұсылман лигасы Панджап, Синдадан басқа мұсылман курилері бойынша көпшілік дауысқа ие болды. Ал Панджап, Синдада дауыстарды Мұсылман лигасы мен жергілікті партиялар бөлісіп алды. Жалпы алғанда ҮҰК Мұсылман лигасымен салыстырғанда екі есе көп орынды жеңіп алды. Бірақ, мұсылман лигасының Пакистанды құру туралы ұраны көп мұсылмандардың қолдауына ие болды.
1946 жылдың тамызында Джавахарлал Нерудің басшылығымен Үндістанның уақытша үкімет құрылды. Үкімет құрамына ҮҰК-нің жетекшілері – Сардар Валлабхай Патель, Абул Калам Азад, Асафа Алиден басқа сикхтердің, христиан, парс өкілдері де кірді. Мұсылман лигасы бұл үкімет құрамына кіруден бас тартады, негізгі себебі ретінде – бұл үкімет мұсылмандардың мүддесін ескермейді, сондықтан, Пакистан құру үшін күрес бастаймыз деген жауап қайтарады.
Британ үкіметі Үндістанды өз уысында ұстап қалудың соңғы талпынысын жасап, үнді субконтинентінде конфедеративтік мемлекет құру туралы ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс Конгресс тарапынан да, мұсылман лигасының тарабынан да қолдау таппады. Енді британ үкіметі Үндістанды бөлудің жоспарын ұсынды (“Маунтбэттен жоспары”), бұл жоспарға сай Үндістанда екі доминион құрылады – Үнді одағы және Пакистан, ал 563 княздық қай доминионның құрамына кіретіндігін өздері таңдай алады.
Конгресс басшылары әрқашан мемлекеттің біртұтастығы үшін күресіп келгенмен, қалыптасқан жағдайда Үндістанның тәуелсіздігі үшін осындай құн төлемей қол жеткізу мүмкін еместігін түсінеді. 1947 жылдың маусымында Үнді Ұлттық Конгрессі Гандидің қарсылығына қарамастан бұл ұсынысты қабылдайды. Мұсылман лигасы Пакистанның құрамына Бенгалия мен Панджапты түгел қосуын талап етеді. Бірақ Конгресс бұл провинцияларды бөлуді талап етеді.
1947 жылы тамыздың басында ағылшын парламенті Үндістанның тәуелсіздігі туралы Заңды бекітеді. Бұл заң 1947 жылдың 15 тамызында күшіне енеді. Сөйтіп Үндістан өз тәуелсіздігін жариялайды.
1947 жылдың 14 тамызынан 15 не ауған түнде Үндістанның бірінші премьер-министрі Джавахарлал Неру “көп жылдар бұрын біз тағдырымызбен жолықтық, енді біз өз сөзімізді орындауымыз керек, әрине толық көлемде емес, бірақ өте үлкен көлемде…-”дейді. [АиА 2004№1/
Тәуелсіз Үндістанның тұңғыш президенті – Раджендре Прасад. Ал, Сардар Валлабхай Патель жоғарыда айтылғандай Джавахарлал Нерудің орынбасары болып тағайндалды және ішкі істер министрі, ақпарат және радиохабарлары министрі тағы басқа қызметер атқарды.
Алғашқы жылдары ҮҰК-нің жарғысында: “ҮҰК-нің мақсаты – бейбіт, заңды жолмен үнді халқының алға қарай дамуы және халықтың жағдайын жақсарту мен кооперативті достастық (содружество) құру,”-деп жазылған.[Девяткина12б/
2.3. ҮҰК құрылымы және ұйымдастыру принцптері
Үнді ұлттық конгресі жылсайын жиналатын және төтенше съездерден және:
1) Жалпыүнді Конгресінің Комитетінен;
2) Рабочи Комитеттен;
3) Штаттар Конгресі Комитетінен;
4) Қалалар, дискриктер Конгресі Комитетінен;
5) Конгресс блоктары Комитетінен;
6) Конгрестің штаттық Комитеттерімен келісім арқылы құрылған, Конгресс блоктары Комитетіне бағынышты Комитеттерден тұрады.
Конгрестің жоғарғы ограны – конгрестің жыл сайын және төтенше шақырылатын съездері.
Атқарушы органының қызметін – рабочи комитет атқарады. Рабочи комитетке Штаттар конгресінің комитеті бағынады, өз кезегінде Штаттар конгресінің комитеті Конгрес комитетін басқарады. Штаттар конгресінің комитеті автономиялы жұмыс жүргізе алады. Ол өз уставын қабылдай алады, тек бұл жарғы Үнді ұлттық конгресінің жарғысына қайшы келмеуі керек. Штаттар конгресі комитеті екі жыл мерзімде жұмыс істеді. Конгрестің жалпыүнді съезді және партияның жоғарғы органдарына сайлау жыл сайын өтеді.
Конгрестің жұмысының біразы партияның съездіне делегаттар сайлаумен байланысты болды. Әр штат шамамен 100 мыңдық тұрғындары бар аймақтарға бөлінді. Бұндай аймақтарда партияның кем дегенде 500 бастапқы мүшесі болуы керек. Солардың арасынан біреуі съезге делегат болып сайланатын.
Әр штатта сайланған делегаттар өздерінің 1/8 бөлігін (кем дегенде 5) Жалпыүнді конгресінің комитетіне (ЖКК) өкіл ретінде жібереді. ЖКК штат өкілдердің пропорционалдық санына байланысты қалыптасады. Сондай-ақ, ЖКК құрамына бұрынғы төрағалары мен ШКК-нің төрағалары мүше болды. Бірақ олар өз қызметтерінде толық мерзімде жұмыс істеген болуы керек (экс-официо).
ҮҰК-нің басқарушы органдарында сондай-ақ член-коллеги (associated members) институты бар. Член-коллеги – парламенттегі конгрестің фракциясының атқарушы органының құрамына кіретін депутаттар.
Конгресс мүшелері – заңшығарушы жиналыстың депутаттары – конгрестің штаттық ұйымдарының, дискриттердің, мандалдардың (аудан шамалас) басқарушы органдарының құрамына кіреді. Рабочи комитет ЖКК-ға мүше етіп конгрес таныған немесе құрған әртүрлі ұйымдардың өкілдерін тағайындай алады. Рабочи комитет ЖКК мүшелігіне өз шешімі бойынша арнайы өкілдер бекіте алады. Бірақ, олар жалпы өкілдердің 10 %-нан аспауы керек және олардың 50 %-ы әйелдер болуы керек. Осындай тағайындауларды ШКК де іске асыра алады.
Жоғарғы атқарушы орган – рабочи комитет, 21 адамнан құрылады. Оларды конгресс төрағасы тағайындайды, ереже бойынша ЖКК мүшелерінің ішінен. Рабочи комитет ЖКК алдында жауапты. Устав бойынша рабочи комитет отырысының кворумы – жалпы мүшелерінің 1/3 жиналса жеткілікті. Сөйтіп, шешім шығару үшін 7 адам жиналса жеткілікті.
ЖКК кең құқыққа ие. Оған конгрестің төрағасы жетекшілік етеді және төменгі сатыда орналасқан партия органдарына директивалық бұйрықтар береді. Конгрестің съездегі шешіміне байланысты жарғыға өзгерістер енгізеді, съезде оны бекітеді.
Конгрестің төрағасын сайлау процесі
Рабочи комитет ЖКК бас хатшыларының біреуін уполномоченный (returning officer) етіп тағайындайды. Ол конгресс төрағасын сайлау барысын бақылайды. Төрағалыққа кандидат тұлға әрине уполномоченный бола алмайды. Әр бір он делегат кандидаттарын ұсынып, уполномоченныйға хабарлайды. Ол белгілі бір уақыт өткеннен кейін кандидаттардың тізімін жариялайды. Тізім барлық ШКК-не таратылады. Егер жалғыз кандидат қалса, ол келесі Конгресс съездінің төрағасы болып сайланғандығы жөнінде хабарланады. Барлық делегаттар сайлаушылардың тізіміне тіркелуі керек. Егер кандидат екеу ғана болса, 7 күндік мерзімнен кейін әр делегат кандидаттарға өз дауысын бере алады. Ал егер кандидаттар саны үшеу, немесе одан да көп болған жағдайда, сайлаушы (делегат) кем дегенде екі кандидатты қолдап 1-орында, 2-орында деген реттік сан арқылы өз қалауын білдіреді. Одан ары қарай да 2, 3 деп кандидаттарды қолдауға болады, бірақ бұл жағдайда сайлау бюллетеньі жарамсыз болып табылады. Бюллетеньдер урнаға салынуы керек.
ШКК сайлаудан кейін тез арада урнаны ЖКК-не жеткізуі керек. Уполно-моченный урнаны алғанна кейін әр кандидаттың жинаған дауысын санайды. Бірден 50 % дан көп жинаған кандидат төраға болып жарияланады. Егер ешқайсысыда 50 % дауыс жинай алмаса, ең аз дауыс жинаған кандидат сайлаудан алынып тасталады да, бюллетеньдердегі екінші орында тұрғандардың дауысы есептеліп, 50 % дан көп дауыс жинаған кандидат төраға болып сайланады.
Төтенше жағдайларда, мысалға, Конгресс төрағасының өлімі немесе отставкаға кеткен жағдайда, Рабочи комитет жаңа сайлаудың мерзімін белгілеуі керек. Егер барлық ережелерді сақтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, Рабочи комитет ЖКК-нің отырысын шақырып, төраға сайлайды.
Жалпыүнді Конгресс Комитеті
ЖКК құрамына:
1) ШКК-нің мүшелерінің 1/8 бөлігі кіреді, тек оларадың саны бестен кем болмауы керек;
2) Конгресс төрағасы;
3) Конгресстің экс-төрағалары. Олар өз қызметтерін толық мерзімде (2ж) атқарған және Конгресстің белсенді мүшелері болуы керек;
4) ШКК төрағалары кіреді, бірақ олар ЖКК төрағасы немесе хатшысы бола алмайды;
5) Парламенттегі конгресстік фракциясының жетекшілері;
6) Одақтық территориялар мен штаттардың Заңшығарушы жиындарындағы конгресстік фракциялардың жетекшілері;
7) Конгресстің парламенттегі фракциясының таңдауымен фракция құрамынан он бес адам сайланады;
8) РК ережелеріне байланысты үнділік ұйымдар мен институттардың өкілдері кіреді.
Конгресс төрағасы ЖКК-нің де төрағасы болып табылады. ЖКК Конгресс қабылдаған бағдарламаларды іске асыру шараларымен, өзінің қызметі мерзімінде туындайтын жұмыстар мен қиындықтарды шешумен айналысады. ЖКК Конгресс пен оған бағынышты комитеттердің арасындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін Жарғыға қайшы келмейтін ережелер құрастырып шығара алады. ЖКК РК-тің талап етуіне қарай немесе кем дегенде 50 конгрессистердің талабы бойынша жиналуы керек, бұл үшін ерекше жағдайлар себеп болуы керек. Конгрессистердің талабы бойынша 2 ай мерзімі ішінде ЖКК-нің отырысы өтуі керек. Осындай жолмен жиналған отырыста РК-тің ұсынысымен, қосымша сұрақтар да қарастырылуы мүмкін. Барлық отырыстарда ережелерге байланысты, мүмкіндікке қарай ЖКК мүшелерінің ұсыныс-талаптарын қарастыру үшін 4 сағат бөлінуі керек. Ережелер бойынша отырыстың кворумын барлық мүшелердің 1/5 бөлігі немесе ЖКК-ның 70 мүшесі құрайды. Әр-бір ЖКК мүшесі жылына 10 рупий жарна төлеуі керек және ЖКК хатшыларының бірінің қолы қойылған, мүшелігін дәлелдейтін күәлік алуға тиіс. Мүшелік жарна төлемеген жағдайда ЖКК мен Дайындық комитеттерінің отырыстарына, Конгресстің съезіне қатыса алмайды.
Рабочи комитет
Рабочи комитет Конгрестің төрағасынан және жиырма мүшеден тұрады. Олардың жетеуін Рабочи комитеттің ережелері бойынша ЖКК сайлайды, қалғандарын төраға тағайындайды. Конгресстің төрағасы казначей және бір немесе бірнеше бас хатшыларды тағайындайды. Олар ЖКК құрамынан болуы керек, кейбір жағдайларда ЖКК мүшесі емес делегаттар да тағайындала береді. Бірақ бұлар 6 ай ішінде ЖКК құрамына сайланбаса Рабочи комитеттің мүшелігінен шығып қалады.
РК-тің жеті мүшесі оның отырысының кворумын құрайды.
РК Конгресстің жоғарғы атқарушы органы болып табылады және Конгресс пен ЖКК-нің бағдарламасы мен саясатын іске асырады. РК ЖКК-нің алдында жауапты және жарғыны өзгертуге, түзетулер енгізуге, анықтамалар беруге құқылы. РК ЖКК-нің әр сессиясына өткен отырыстардың хаттамасын беруге тиіс, сондай-ақ жүріп жатқан сессияның жоспарын беруі керек. РК барлық Конгресс Комитеттерінің және оның ұйымдарының құжаттарын тексеру үшін бір немесе бірнеше ревизор, инспекторлар немесе ресми адамдар тағайындауы мүмкін. Рабочи комитет:
- конгресстік ұйымдардың жұмыс істеу ережелерін жасай алады. Бұл ережелер мүмкіндігінше тез арада ЖКК талқылауына ұсынылуы керек;
- Жарғыға қайшы келмейтін инструкциялар мен ШКК-ін және оған бағынатын комитеттерді бақылау және басқаруға байланысты ережелер шығаруға құқылы;
- ШКК мен оған бағынатын барлық комитеттерді бақылауға және нұсқамалар беруге құқылы;
- Конгресстік комитеттері мен жеке тұлғаларға қатысты тиімді деп тапқан дисциплинарлық акциялар қолдануға құқылы;
- Ерекше жағдайларда жарғының кейбір параграфтары ( IV (а, 2); IV (в); VII (а);VII (б)) бойынша жеңілдіктер жасай алады.
РК жылсайын ЖКК тағайындаған ревизор немесе ревизорлардың көмегімен ЖКК-нің есептерін тексеруі керек. Сондай-ақ РК штат, блоктар Комитеті, дискрикттердің құрылған ұақытын анықтауы керек. ЖКК оның шешімімен келісуі керек. РК ЖКК-ға қарасты мүліктерді басқарып ұстап отыру үшін сенімділер бюросын белгілейді. Бұл бюроның жұмыс істеу мерзімі үш жыл, ал ЖКК казначейі экс-официо оның мүшесі болуы керек. Төтенше жағдайларда РК конгресске тиімді деп тапқан кез-келген шараны іске асыра алады, тек РК-тің Жарғыда көрсеткен құқық аймағынан шығып кеткен шаралары мүмкіндігінше қысқа мерзімде ЖКК-інде бекітілуі керек.
Штаттар Конгрессінің Комитеті
Штаттар Конгрессінің Комитетінің құрамына:
- блоктың белсенді мүшелерінің ішінен сайлау учаскесіне кіретін 100 мың тұрғыннан 1-еу деген есеппен, әр штаттан белсенбі мүшелер сайланады. Олар РК белгілеген тәртіп бойынша сайлауға түседі. Мысалға, Бомбей штатынан 56 адам сайлана алатын болса, Дели штатынан 30 адам сайлана алады. Ал келесі штаттарда — Гоа, Даман және Диу, Химчала Прадеш, Трипура, Манипур, Нагаленд, Солтүстік-Шығыс шекаралық агенттік, Пондишериден әр қайсысынан 25 адамнан сайлана алады;
- Конгресстің белсенді мүшелері болып табылатын және өз қызметтерін толық мерзімде атқарған экс-төрағалар кіреді;
- Штаттардың Конгресс Комитеттерінің төрағалары, олар ШКК төрағасы, хатшысы болуға ұсыныс жасайтын ниеті болмаса;
- ЖКК мүшелері. Өздерінің тұрғылықты штатындағы Конгресстің штаттық Комитеттерінің құрамына кіреді;
- РК ережелеріне сәйкес, ШКК атқарушы комитеті ерекше категориялы адамдардан кооптирлеген (бірлесім) адамдар кіреді;
- РК ережелеріне сәйкес штат территориясында қызмет атқарып жатқан ұйымдар мен институттардың төрағалары кіреді;
- Штаттың немесе одақтық территорияның Заңшығарушы жиынының мүшелері кіреді. ШКК немесе ТКК мүшелерінен конгресс ұйымының таңдауымен есепен 5% немесе 15 тен көп емес болуы керек.
ШКК мүшелері жылына 15 рупий жарна төлеуі керек, оның 10 рупийі ЖКК-не делегаттық жарна ретінде беріледі. ШКК мүшесі деген күәлік алады, күәлікке ШКК-нің хатшыларының бірі қол қояды. Мүшелік жарна төлемесе
өзінің комитеттегі қызметін атқаруға тиым салынады. ШКК РК белгілеген уақыт ішінде өз мүшелерінің бекітілген тізімін ЖКК-ке тапсыруға тиіс.
Әр-бір штат Конгрессінің комитетінің міндеті;
- дистриктер Конгрессінің Комитетін ұдайы басқару (байланысын үзбеу).
- ЖКК тарапынан тексеру мен жалпы басқаруында болу, РК-тің алдын-ала берген санкциясымен ЖКК шешімдерін штат ішінде өз жарғысына сай іске асыру. Өз жарғылары ҮҰК жарғысына қайшы келмеуі керек;
- РК-ке жыл сайын, конгресстік ұйымдардың штаттағы атқарған қызметтері жөнінде есеп беру, ревизиялық комиссияның есебімен қоса;
- РК белгілеген мерзім ішінде ЖКК мүшелік жарнаның белгілі бір бөлігін төлеу.
РК белгілеген мерзім ішінде конгресс комитеті құрылмаған штат, РК шешімі бойынша Конгресстің съезіне қатысу құқығынан айырылуы мүмкін. Егер қандай да бір ШКК өз қызметін белгіленген мерзімі ішінде атқара алмаса немесе жарғы, РК-тің шешімдерін орындамаған болса, РК ШКК-ін қызметтен шектеп, оның орнына уақытша қызметін атқару үшін төтенше комиссия құрып конгресстің штаттағы жұмыстарын тоқтатпай, жалғастыруға тиіс.
Дистриктер Конгрессінің Комитеті
Дистриктер Конгрессінің Комитеті ШКК жарғысында белгілеген территорияны қамтуы тиіс және оның құрамына:
- блоктың белсенді мүшелері сайлаған адамдар кіреді;
- Комитет Конгрессі блоктарының төрағалары, олар ДКК-нің төрағасы немесе хатшысы болуға өз кандидатурасын ұсынбған болуы керек;
- өз мерзімін (2ж немесе 365 күн) толық атқарған, конгресстің белсенді мүшесі болып табылатын ДКК-нің экс-төрағасы енеді;
- дистрикт территориясында тұратын, немесе осы дистрикттің атынан сайланған ШКК мүшесі;
- штаттың Заңшығарушы жиынындағы Конгресстің парламенттік тобының мүшелері және осы дистрикттен сайланған парламент депутаттары кіреді. Тек, олар Конгресстің белсенді мүшесі болуы керек;
- Конгресстің белсенді мүшелері болып табылатын, корпорация, муниципалитет және джана немесе паришад зилла бюросындағы конгресстік партияның мүшелері;
- ДКК-нің атқарушы комитетінің кооптирлеген мүшелері. Олар РК белгілеген ережелері бойынша арнайы дистрикттердің представителдері.
- Осы дистрикт территориясында қызмет атқаратын ұйымдар мен институттардың өкілдері. РК белгілеген ережелеріне сай;
ШКК ДКК-не кіретін тұлғалардың толық санын анықтап беруі керек, әр категорияға бөлек-бөлек, РК белгілеген ережеге сай болуы керек.
Конгресс блогы Комитеті (аудан, қала)
Конгресс блогы Комитеті тұрғын саны 60 мың болатын территорияны қамтуы керек және құрамына төмендегілер кіруі керек:
- 2 мың адамға 1-еу деген есептен Конгресстің бастапқы мүшелерінен сайланады;
- осы блоктан сайланған немесе осы блоктың территориясында тұратын дистрикттер Конгресс Комитетінің мүшелері. Қарастырып отырған блокта Конгресс блогы Комитетін құру үшін территориясында кем дегенде 25 белсенді мүше болу тиісті.
Партия мүшелігі
Конгресстің бастапқы мүшесі болу үшін талапкердің жасы 18 ге толған, партия жарғысының 1-параграфымен толық келісетін болуы керек. Жазбаша түрде арыз жазып, 25 пайса мүшелік жарғы төлеуі керек. Сонымен қатар басқа саяси партияның мүшесі болмауы керек. Бастапқы мүше болуы үшін тек өзінің тұрғылықты жеріндегі конгресстің өкілдігінде тіркелуі керек. Жылдық мерзім бастапқы, белсенді мүшелер үшін де 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралық саналады.
Әр бір бастапқы мүше 2 жылдық мерзімнен кейін белсенді мүше бола алады, ол үшін: жылына 1 рупий мүшелік жарна төлеуі керек; жасы 21 ден жоғары; кхадиден киім киуі керек; алькогольдік ішімдік ішпейтін; касталық бөлінушіліктің ешқандай формасын қолдамайтын; діни қауымдастықтардың бірлігіне сену, басқалардың наным-сенімін құрметтеу; РК белгілеген ережелерге сай белгілі бір тапсырмалар орындаған тәжірибесі бар болуы керек.
Әр бір белсенді мүше жылына 12 рупий жинап, оны Конгресстің қорына салады. Жыл сайын партияға 50 бастапқы мүше кіргізуі керек. Бастапқы және белсенді мүшелердің жылдық жарналары төмендегідей бөлінеді:
Жалпыүнді Конгресс Комитетіне -10 %
Штат Конгресс Комитетіне — 25 %
Дистрикт Конгресс Комитетіне — 25 %
Блок Конгресс Комитеті — 40 %
Белсенді мүшелердің жинаған 12 рупийінің бөлінуі: 7 рупий – ЖКК не бөлінеді, оның 5 рупийі сайлау қорына өтеді; 2 рупий – ШКК не бөлінеді; 2 рупий – ДКК не бөлінеді; 1 рупий – БКК не бөлінеді.
Белсенді мүшелерді жүиелі тіркеу жұмысымен штат Конгресс Комитеті мен дистриктер Конгресс Комитеті айналысады. Штат Конгресс Комитеті Жалпыүнді Конгресс Комитетіне жыл сайын өзінің белсенді мүшелері туралы және өзгерістер жөнінде ақпараттар беріп отырады. Тіркеу парағында әр бір мүшенің толық аты-жөні, мекен-жайы, жасы, жұмыс орны, тіркелген уақыты жайлы ақпараттар болуы керек. ҮҰК мүшелерінің саны:
жылдар |
Белсенді мүшелері |
Бастапқы мүшелері |
жылдар |
Белсенді мүшелері |
Бастапқы мүшелері |
1956 |
73300 |
4848800 |
1960 |
82200 |
4681700 |
1957 |
68000 |
4509600 |
1961 |
138500 |
9458000 |
1958 |
133900 |
10087000 |
1962 |
44100 |
4291000 |
1959 |
57700 |
2664000 |
1963 |
66700 |
2646000 |
Дайындық комитеті
Конгресс съезіне кем дегенде екі күн қалғанда ЖКК төраға басшылығымен Дайындық комитетіне айналады. Рабочи комитет, егер ол әлі қалыптасып болмаған болса, төраға тағайындаған ұйымдастыру комитеті, Дайындық комитетіне алдағы съездің резолюциясының жоспары мен бағдарламаны дайындап беруі керек. Резолюцияны дайындау кезінде ЖКК мүшелерінің ескертулері мен ШКК ұсынған жобалар да қарастырылуы керек. Дайындық комитеті ашық съезде қарастырылатын резолюцияларды таңдап, съездің бағдарламасын жасайды. Съезде Штат Конгресс Комитеті мен Жалпыүнді Конгресс Комитеті мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулерін қарастыруға кем дегенде 4 сағат бөлінуі керек.
Конгресстің жылсайынғы съезді
Конгресстің съезді әдетте әр жылда бір рет шақырылады. Шақырылу уақыты және орнын ЖКК мен РК белгілейді. Съездге Конгресс төрағасы мен барлық делегаттар қатысады. Бірінші кезекте Дайындық комиттеті қабылдауға ұсынған резолюциялар мен ескертулері қарастырылады. Екінші кезекте мәжіліс басталар алдында жазбаша түрде төрағаға съезд шешуі үшін қарастыруға ұсынылған алғашқы 40 делегаттың ұсыныс-талаптары қарастырылады. Оған қойылатын талап, ұсыныс-талаптар алдын-ала Дайындық комитетінің талқылауында болып, жалпы Дайындық комитетінің мүшелерінің 1/3-інің қолдауына ие болғанда ғана съезде қарастрылуға жіберіледі.
Қай штат территориясында съезд өтіп жатса, сол штаттың Конгресс Комитеті
барлық жағдайларды жасауы керек. Осы мақсатта штат Конгресс Комитеті қабылдау Комитетін қалыптастыруы керек және комитетті басқару мен қызметін жүргізуге, құрамына ШКК мүшесі емес адамдарды кіргізуге де құқылы. Қабылдау комитеті өз құрамы ішінен төраға және басқару органын сайлап алады. Съезд өткізуге және қажетті шаралар өткізуге керекті, жан-жақтан келген делегаттарды орналастыруға керекті қаржы жинауы керек. Комитеттің есеп-шоты мен қаражаттары ШКК тағайындаған ревизор немесе ревизорлармен тексерілуі керек, комитеттің шығындар туралы ресми есебі мен ревизорлардың есебін ШКК съезд өткен күннен кейін 6 ай ішінде РК-ке тапсырылуы керек. Артық қалған қаражат ШКК мен ЖКК арасында бөлінеді.
Төтенше съезд
Конгрестің төтенше съезді ЖКК шешімі бойынша немесе штат Конгресс Комитетінің көпшілігінің Конгресс төрағасынан талап етуі нәтижесінде шақырылады. Бұндай съезді ұйымдастыру, осы мақсатты іске асыру үшін таңдалған штат Конгресс Комитетінің мойнына жүктеледі.
Бас хатшылар
Бас хатшылар Конгресс төрағасына бағынады және ЖКК-нің барлық жұмысын атқарады. Конгресс съездінің протоколдарын дайындау мен оны баспасөз беттерінде жариялау жұмыстарымен айналысады, сондай-ақ ревизиялық комиссияның есебін съезд біткеннен кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде жариялауы керек.
Парламенттік бюро және сайлау комиссиясы
РК Парламенттік бюро қалыптастыруы керек. Бюрода Конгресстің төрағасы мен жеті мүшесі болады. Негізгі мақсаты парламенттегі Конгресс фракциясының жұмысын реттеу мен қадағалау. Бұл жөнінде РК ереже қалыптастыруы керек.
Сайлау комиссиясы парламенттік бюро мүшелері мен Конгресстің парламенттік фракциясының жетекшілерінен және ЖКК сайлаған бес мүшеден құрылады. Сайлау комиссиясының негізгі мақсаттары: сайлау компаниясын өткізу; штаттың заңшығарушы мәжілісі мен орталық парламентке сайлауға түсетін кандидаттарды іріктеу.
Штаттардағы жалпы сайлаудың Конгресстік комиссиясы ШКК төрағасы мен
Заңшығарушы мәжілістегі конгресс фракциясының жетекшісі немесе одақтас территорияның Кеңесінің жетекшісі мен оннан көп емес және төрттен аз емес ШКК таңдауымен мүшелерден тұрады. Мүшелер қатысушылардың 2/3 бөлігінің дауысын жинаса, сайланған болып саналады. Бұндай сайлаулар құпия дауыс беру арқылы өтеді, әр бір дауыс беруші бюллетеньге өзі қолдайтын кандидатпен бірге комиссияда қанша адам болуы керек екенін де жазады. Егер ешкім 2/3 дауыс жимаса сайлау қайтадан өтеді.
ШКК төрағасы сайлау комиссиясының экс-официо төрағасы болуы керек. Жоғарыда айтылған жолмен қалыптасқан штат сайлау комиссиясы жергілікті және орталық заңшығарушы органдарға сайлауға түсетін кандидаттарды ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы сондай-ақ сайлауға байланысты кандидаттар мен комиссияның жұмысына байланысты ережелерді және басқа да сайлауға байланысты қарастырады.
Жастар конгрессі
Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін үкімет басына келген Конгресстің алдына жаңа мәселелер туындады. Атап айтқанда жастар мәселесі. Отарлық кезде жастар халықтың әсершіл және тез қозғалатын бөлігі ретінде ұлттық тәуелсіздік алу идеясымен шетелдік басқыншылдыққа қарсы күрес жүргізуде көп әсерін тигізген еді.Тәуелсіздік алғаннан кейін жағдай өзгерді, ендігі жерде Конгресс жастардың саяси күреске араласуына шектеу қойғысы келді. Ендігі жерде жастардың энергиясын басқа салаға ұрғысы келді. Шын мәнінде жастар жалпы Үнді халқының ұлттық Конгресске деген қолдайтын еді, әр түрлі шаралар өткізуде Конгресстің баяу қимылдары ұнамады. Жастар белсенді қимылдар комитетін құрып ,“аштық ереуілдеріне” қатысты. Әсіресе студенттер белсенді әрекет ете бастады.
1950 жылы Жалпыүнді конгресс комитеті орталық бюро белгіледі, негізгі мақсаты – Жастар конгрессін қалыптастыру. Бюро арнайы комитет қалыптастырады, бұл комитет дайындық және ұйымдастыру жұмыстарымен айналысты. Нәтижесінде, 1950 жылдан бастап Жастар конгресі жұмысын бастады. Бастапқы кезде жастар ұйымының анық бағдарламасы мен жарғысы, айналысатын жұмыстарының бағыты толық айқындала қоймаған еді. Ұйымның автономиялық түрде жұмыс істей бастауы ҮҰК-нің жастар конгрессінің өз пайдасына қолдануын қиындатты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмысымызды қорыта отырып, Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысы үлкен тарихи кезеңді қамтығанын атап өткіміз келеді. Ұлт-азаттық қозғалыс Үндістан Ұлттық конгресі партиясының қызметімен ғана байланысты болған жоқ. Үнді халқының азаттық жолындағы күресі жүздеген жылдарға созылды. Ұлттық конгресс партиясының қалыптасуы және жүргізген қызметі ұлт-азаттық қозғалысқа жүйелілік және саяси ұйымдасушылық алып келді. Сондықтан да Ұлттық конгрестің және оның басшылығының ұлт-азаттық қозғалыстағы маңызы зор деп ойлаймыз.
Үнді Ұлттық конгресі партиясы Британ әкімшілігінің саяси мақсаттарының нәтижесінде құрылды. Партияның құрылып, саяси аренаға шығуына әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, діни, демографиялық және басқа да объективті және субъективті факторлар себепкер болды.
Үнді ұлттық конгрессі 1885 жылы 28 желтоқсанда Бомбейде өткен өзінің алғашқы съездінде құрылды. Конгресті құру туралы мәселені алғаш рет вице-кароль Даффериннің басқаруындағы британ отарлық әкімшілігімен тығыз байланыста болған үнді азаматтық қызметінің бұрынғы ірі шенеунігі Аллан Юм көтерді. Конгресті құрудағы негізгі мақсаты – отаршыларға деген үндістердің наразылығын аз да болса құрықтап ұстауға тырысқан талпыныстан туып еді. Алғашында конрестің қызметі осы бағытта жүріп-ақ жатты, бірақ, уақыт өте келе отаршылық жүйесінің шеңберінде ғана реформаторлық жолды ұстанудан бас тартып, британ билігіне қарсы ұлт-азаттық күрес жолына түсті. 1947 жылы Үндістан тәуелсіздік алғанға дейін, 62 жыл бойы Үнді ұлттық конгрессі ұлт-азаттық күрестің жетекшісі болып келді.
Британ әкімшілігінің өз мақсаттарында құрған партиясы уақыт өте ұлт-азаттық қозғалыстың авнгардына, бастаушысына, күрестің стратегиясы мен тактикасын анықтайтын ұйымына айналды. 1899 жылы желтоқсан айында Лакхнада өткен Конгресстің 15-съездінде партияның жарғысы қабылданды. Қабылданған жарғыда тек ережелер емес, бағдарламаларының да негізгі бағыттары жазылды. Осы жерде ҮҰК мақсаты – Үнді елінің жағдайын конституциялық жолмен жақсартуға көмек көрсету деп көрсетілді. Жарғыда көрсетілгендей партияның жоғарғы органы – Конгрессің жыл сайынғы съезді болып табылады. Съездің жұмысын басқару үшін 45 адамнан тұратын Конгресс комитеті құрылды. Комитет мүшелері съезде сайланатын. Олардың 40 мүшесі провинциялық комитеттің ұсынысы бойынша сайланатын, егер бұндай комитет жоқ болса, көршілес провинцияның комитетінің делегаттарының көмкгімен сайланатын. Ал Үнді Конгресс комитеті енді Жалпыүнді Конгресс комитеті болып өзгертілді. Конгресстің радикалдық қанаты осы кездің өзінде Үндістанның тәуелсіздігіне қол жеткізу туралы талап қоя бастады.
Ұлттық конгрестің қызметіне Махатма Гандидің келуі партияның саяси күрес әдістеріне үлкен өзгерістер енгізді. Ганди саяси күресте күш көрсетпеу әдісін ұсынды және оны партия басшылығы қабылдады. Сатьяграха – күрестің құралы, қаруы ретінде Гандидің еркіндік, бостандық және әлеуметтік әділеттілік пен теңдік туралы идеяларымен қайшы келмей, бір-бірімен ұштасып отырды. Гандидің ойынша теңсіздік пен әділетсіздік бар жерде бостандық болуы мүмкін емес.
Басқа саясаткерлерге қарағанда Ганди бірінші болып қарапайым халыққа бет бұрды, қоғамның ең төменгі әлеуметтік саласы мен хариджандарға көп көңіл бөлді. Хариджандар – “құдайдың балалары”, үнді қоғамындағы ең төменгі кастаның өкілдері. 1981 жылғы санақ бойынша олардың саны 105 млн. Бұлар бұрынғы ең төменгі каста – парилер. 1909 жылы Заң шығарушы мәжіліске куриялер бойынша сайлау жүйесі енгізілгеннен кейін, мандат үшін әр түрлі діни топтар арасында парилердің дауысын өз жақтарына тарту жолындағы күрес басталып кетті.
Ұлттық конгрестің басшылығына Джавахарлал Неру келгеннен кейін партияның саяси бағытында, күрес жүргізу стратегиясы мен тактикасында өзгерістер болды. Неру күш қолданбауды тек күрестің бір түрі ретінде ғана қарастырды, оны әмбебап шара деп санамады. Оған Гандидің мәселеге тым діни мазмұн беріп жібергені ұнамады. Қазіргі заманда бәрінің қолдан тігілген матадан киім киіп, қолайсыз үйшіктерде тұруы керек деген ойдың тым ескіріп кеткенін ескертті. Көзқарастарында осындай алшақтық бола тұрса да, Ганди Нерудің саяси көзқарасының қалыптасуына көп ықпалын тигізді. Ұстазының қасында болуы Джавахарлалға ұлт-азаттық күрес жүргізуде өзіне деген сенімін күшейтуге көмегін тигізді. Әрине, Ганди Джавахарлалмен салыстырғанда мықты тұлға еді. Неру оны өзі де мойындайтын, өзара айтыс кезінде себеп-сылтау тауып, шешуші сөзге жеткізбеуге тырысатын. Оның айтуы бойынша Ганди өзгелерден көрі Үндістанды жақсы білетін. 1942 жылдың басында Ганди Джавахарлалды ресми өзінің саяси мұрагері деп жариялады.
Неру ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілі, Ұлттық конгрестің белсенді басшыларының бірі ғана болып қоймады. Ол Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін үнді мемлекеттілігінің қалыптасуына зор үлесін қосты.
Үнді Ұлттық конгресінің басшылығында Сардар Пательдің атқарған қызметі де көңіл аударарлық. Патель үлкен саясатқа 1930 жылдың ортасында, Гандидің тапсыруымен партия құрылысымен айналыса бастаған кезде келді. Пательдің қатысуымен ҮҰК съездеріне дайындық жұмыстары жүргізіліп, Рк-тің шешімдері қабылданатын, партияның провинциялық бөлімдерінің жұмыстары қадағаланып отырды. Партия аппаратын кішкентайдан құрастырып, қажетті қорларды жинады. Оның барлық сөздерінде “елдегі әр бір үй конгресстің комитетіне айналуы керек, ал әр бір үндіс конгрессист болуы керек,”-деген ұғым қайталанатын. Осындай жолдармен ұйымдастырудың қиындықтарын жеңіп, Конгресс енді парламенттік типтегі партияға айнала бастады.
1936 жылы ҮҰК Орталық заңшығарушы мәжіліске сайлауға түсуге келісімін берді, барлық сайлаудың ұйымдастыру шаралары Пательге жүктелді. Кейінірек 1937 және 1946 жылғы сайлау кезінде ол сайлау комиссиясын басқарады, бұл сайлауларда Конгресс толық жеңіске жетеді. Парламент кеңесінің төрағасы болғандықтан, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде сегіз провинцияда жұмыс істеген парламентер-конгрессистер мен провинциялық конгрессистік үкіметтің жұмыстарына басшылық етеді. Осының нәтижесінде вице-кароль Линлитгоу Патель “үнді саясатындағы салмағы өсіп келе жатқан фигура,”-деген қортындыға келеді. Патель ашық түрде гандизмнің кейбір құндылық мәселелері бойынша келіспейтін жақтары туралы айтқан емес. Соған қарамастан ұлт-азаттық қозғалысының басқа мүшелері секілді, Гандидің ілімімен келіспейтін сәтері де көп болды. Гандидің аштық жариялаған сәтерінің көбін қолдаған жоқ, төменгі касталарды кемсітушілікке байланысты мәселелер бойынша да өтіп жатқан акцияларға қатысудан ұстанып қалып отырды. Сондай-ақ, Мұсылман лигасының жетекшісі М.А.Джиннаны өз еркімен Пакистанды құру ойынан бас тартқызам деген ойын тіптен мүмкін емес нәрсе деп ойлады. Егер Ганди Үндістандағы барлық үндістер мен мұсылмандардың мүдесін көрсетуге тырысса, Патель тек үндістердің ғана көз қарасын қорғап, көсетуді өзі үшін дұрыс нәрсе деп санаған. Джавахарлал Неруден айырмашылығы, Патель жеке меншікті тұрмыстың ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Социализм идеясына қарсы бола отырып, белгілі мөлшерде толеранттық танытады.
Үнді Ұлттық конгресі азаттық жолындағы күресті бастап, Үндістандағы әлеуметтік күштердің бірігуіне көп күш жұмсады. Бұл варнларға бөлінген жіктелген қоғамда өте қиын еді. Бірақ өзінің қатарындағы Махатма Ганди сияқты көрнекті қайраткерлердің қызметі нәтижесінде бұл қиындықтардан да өте алды. Ұлт-азаттық күресті бастағандықтан конгресс тәуелсіздікке қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілік құрылымын қалыптастыру және Үндістанның жеке тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы жолында басшылық ету құқығына ие болды. Ұлттық конгресс қызіргі уақытқа дейін Үндістандағы ең беделді саяси партия болып келе жатыр.
Әдебиеттер тізімі:
Деректер:
Арнайы зерттеулер:
- Гопал С Джавахарлал Неру Биография в 3-х томах. т.1 1889-1947 гг М. Прогресс 1989
- М.К.Ганди “Моя жизнь” М. Наука 1969 перевод с анг. А.М.Вязьминой
- Регинин А.И Индискии национальный конгресс: очерки идеологии (60-е и первая половина 70х) М. Наука 1978
- Юрлов Ф. Индискии национальный конгресс во власти и в оппозиции // Азия и Африка сегодня 2004.№2
- Индия. Проблемы истории национально-освоботительного движения и современного политического развития Изд. Наука М.1980 отв.ред. Комаров
- Индия 1987 Ежегодник М.1988
- Беттельхейм Ш. Независимая Индия Изд. Прогресс М.1964 перев. с фр. Р.А.Уляновского
- История стран Азии и Африки в новое время. Учеб. ч.1-М.изд.МГУ 1989
- История Индии сост. Андреева А.Р М.Альтернатива 2004
- Гусева Н.Р Многоликая Индия М.Наука 1987
- Е.Юрлова Махатма Ганди – борец за социальную справедливость //Азия и Африка сегодня 1999.№12
- Кашин В. Сардар Валлабхай Патель // Азия и Африка сегодня 1999.№12
- Е.С.Юрлова М.К.Ганди и участие хариджанов в национально-освободительном движении // Индия 1987 Ежегодник глав.ред. П.В.Куцобин М.1988
- Чичеров А.Н жавахарлал неру и независимая Индия (очерки общественного развития страны в 50-70 годы) М. Наука 1990
- Комаров Э.Н Джавахарлал Неру: социально-политические воззрения и историческая роль. – Мировозрение Джавахарлал Неру М.1973
- История Индии Кратки очерк. К.А.Антонова, Г.М.Бонгард и др. Изд. “Мысль” М.1973
- Джавхарлал Неру Воспитания исследования М. Наука 1989
- В.Кашин Пандит Джавахарлал Неру // Азия и Африка сегодня 1999.№12
- Левковский А.И “Начало массового общеиндиского национально-освободительного движения” сб. “Национально-освободительное движение в Индии и деятельность Б.Г.Тилака” М.1958
- Барг М.А Категории и методы исторической науки Изд. “Наука” М.1984
- Куценков А.А. Эволюция индиской касты М.1983
- Юрлова Е.С. Некоторые аспекты проблемы хариджанов в современной Индии // Индия 1983 Ежегодник М.1985
- Мезенцева О.В Роль индуизма в идеологической борьбе в современной Индии М. 1985
- Конституция Индии. М.,1956,63б
- Флорин В.И “Гоударственный аппарат независимой Индии” Изд. Наука М.1975
- Индия: кодекс поведения политических партий и кандидатов // Восток. 1995.№5., предисловие, перевод с анг. И коментарий Э.Н.Комарова
- А.А.Гордон, М.И.Егорова. Рабочи клан независимой Индии М.,1968
- Congress sessions // http://www.congress.org.in
- India`s struggle for freedom:Role of associated movements // http://www.congress.org.in
- Past presidents // http://www.congress.org.in
- Satyagraha laboratories of Mahatma Gandhi // http://www.congress.org.in
- Индискии национальный конгресс // Материалы из Википедии свободной энциклопеди // http://www.