АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ұрлық қылмысының криминологиялық мәселелері

М А З М Ұ Н Ы

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………….

 

І тарау. Ұрлық — талан-тараждың бір нысаны

1.1. Талан-тараждың түсінігі, белгілері, нысандары мен

түрлері……………………………………………………………………………………………….

1.2. Ұрлықтың объектісі және заты………………………………………….

1.3. Ұрлықтың  объективтік жағы……………………………………………

1.4. Ұрлықтың субъектісі ……… ……………………………………………….

1.5. Ұрлықтың субъективтік жағы………………………………….. …….. 

1.6. Ұрлықтың сараланған құрамдары………………………….. ………  

1.7. Ұрлықты ұқсас қылмыстардан ажырату…………………. ………

 

ІІ тарау.  Ұрлық қылмысының криминологиялық мәселелері

2.1. Ұрлықтың жай күйі…………………………………………………. ………

2.2. Ұрлықтың себептері мен жағдайлары………………………. ………

2.3. Ұрының тұлғасы…………………………………………………….. ………

2.4. Ұрлықтың алдын алу…………….. ………………………………………….

 

Қорытынды……………………….. …………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер………………… …………………………………..

 

Кіріспе

 

Бүгінгі күні қоғамда болып жатқан өзгерістер, әртүрлі меншік нысандарының пайда болуы қылмыстық заңның да өзгеруіне ықпал етеді.1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодекс қазіргі қоғамға қажет, бұрын бізге таныс емес жаңа қылмыс құрамдарын ұсынды.Бірақ заңның жаңалығы оның толық жетілгендігін білдірмейді. Кейбір авторлар пікірінше қылмыстық заң күшіне енген соң көптеген  қоғамдық қажеттіліклерге жауап бере алмады. Қылмыстық-құқықтық новеллаларды жасау және өзгерту негізінде олардың мазмұнын анықтайтын теориялық қылмыстық-құқықтық концепциялар жатыр. Сондықтан зерттеушілер зерттеу деңгейі толық емес делінген құқықтық идеяларға көп көңіл бөледі.

Қылмыстылықпен күрес жүргізу кез келген қоғамға тән актуальды құбылыс. Ол кеңестік дәуірдің өзінен ақ ерекше маңызға ие болған. Кеңес одағы өмір сүруін тоқтатқан кездегі қоғамдағы дағдарыс көптеген бұрынғы одақтас республикаларда саяси, әлеуметтік- экономикалық, ұлттық қайшылықөтардың шиеленісуіне әкеп соқты. Бұл жаңа қоғам жағдайына өтуге дайын болмағандықтың көрінісі еді.

Қазіргі уақытта криминогендік жағдайдың шиеленісу факторы болып экономиканың тұрақсыздығы, өндіріс пен тұтынушылық рыноктың мүмкіндігінің қысқаруы, ақшаның құнсыздануы, бағаның үнемі өсуі, көптеген азаматтардың өмір сүру деңгеінің төмендеуіне әкеп соқты. Бұл жағдайдан Қазақстан да тыс қалмады.

Қазақстанда қылмыстылық деңгейі 80 жылдардың соңында жедел өсіп, жоғары күйінде қала берді, соңғы жылдардағы криминалдық өзгеріс, қылмыстыдықтың санының ғана өсуі емес, сонымен бірге қылмыстылық сапасының өзгеруі болды.

Мемлекеттің қылмыстылыққа бақылау жасап, оның алдын алуға қабілетсіздігі- қоғамның саяси, заңдық, элеуметтік- экономикалық тұрақсыздығы екені белгілі.

Осындай жағдайға байланысты криминологиялық және қылмыстық құқықтың зерттеу шегіне кіретін ұрлықпен күрес жүргізу мәселесі ерекше маңызға ие болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік және жеке меншікті теңдей бекітіп, меншік құқығын бірдей қорғауды заңда бекіткен. Меншікке қылмыстық қол сұғушылық азаматтарға үлкен материалдық шығын әкелгені үшін ғана емес, мемлекет атынан адам мен азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауды қамтамасыз етіп, қылмыстылықпен күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының қызметінің қабілеттілігіне сенімін жоғалтатын саяси салдар туғызатынымен де қауіпті.

Сондықтан да меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметтерінің алғашқы міндеттерінің бірі ретінде көрініс табады. Осыған орай ұрлық қылмысының алдын алу шараларын қарастыруда әлеуметтік- экономикалық саяси, жағдайлардағы сұрақты шешу үшін ғылыми зерттеуді талап етеді.

Зерттеу объектісі ретінде ұрлық пайдакүнемдік қылмыстың бір түрі кримилогиялық ерекшіліктегі құбылыс ретінде көрінеді.

Ұрлықты зерттеу пәніне оның жағдайын, құрылымын, өзгерісін білу, қарастырылып отырған қылмыстың сандық сапалық ерекшіліктерін зерттеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер органымен ұрлықтың алдын алу шаралырын қолдану мақсатында жүйелі түрде зерттеу кіреді.

Соңғы кезде қылмыстың бұл түрінің сандық және сапалық көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге, жасау тәсілі де өзгеріске ұшырады.

Менің жұмысымдағы алдыма қойған мақсаттарым келесідей:

  • меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі талан-тараждың бір нысаны ретіндегі ұрлықтың өзіне тән қылмыстың құқықтық және криминологиялық ерекшеліктерін анықтау;
  • ұрлықты басқа ұқсас қылмыстардан ажыратып өзіне тән белгілерді ажырату;
  • ұрлықтың жасаушы қылмыскер тұлғасын, ұрлықты жасауға әсер етуші себептер мен жағдайларын анықтап, ұрлықтың алдын алу шараларын қарастыру.

Бітіру жұмысы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда талан-тараждың жалпы сипаттамасы туралы айтылса екінші тарау талан-тараждың жеке нысаны ретінде ұрлықты қамтиды. Үшінші тарауда ұрлықтың криминологиялық аспектілері туралы айтылады.

Мұнда қолданылған пікірлер мен қортындылар заңгерлердің, социологтардың, психологтар мен басқа ғылым саласы өкілдерінің тұжырымдамалары мен заңға және нормативтік актілерге негізделген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Ұрлық — талан-тараждың бір нысаны

 

1.1. Талан-тараждың түсінігі, белгілері, нысандары мен түрлері

 

Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде кең таралғаны және қоғамға қауіптілігі жоғары талан-тараж болып табылады.

Мүлікті талан-тараждауға байланысты қылмыстық жауаптылық мәселесіне заң әдебиеттерінде барлық уақытта үлкен көңіл бөлінген, бірақ қазіргі уақытқа дейін қылмыстық құқықтық теорияда талан-тараждың біртұтас түсінігі қалыптаспаған.

Бірқатар ғалымдар талан-таражды- ‘‘мемлекеттің немесе қоғамның иелігіндегі мүлікті кінәлігің өз меншігіне не басқа жеке тұлғаның меншігіне беру үшін қасақана ниетпен, құқыққа қайшы, қайтарымсыз мақсатта айналдырылуы’’[1] деп анықтама берсе, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 175-бабының ескертуінде ұрлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иемденушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайырымсыз айып қою немесе айналдыру танылады[2] делінген, осыған ұқсас анықтаманы кейбір ауытқушылықтарымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі ‘’Бөтеннің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері’’ туралы қаулысында ‘’Меншік иесінің мүлкін пайдақорлық мақсатпен заңсыз тегін алуды және оны өз пайдасына немесе басқаның пайдасына айналдыруды- бөтеннің мүлкін ұрлау деп түсіну керектігі’’[3],- туралы анықтама берілген.

Осы берілген анықтамалардың негізінде талан-тараждың мазмұнын терең түсіну үшін қылмыс құрамының объективтік және субъективтік белгілеріне түсінік беру қажет.

Талан-тараждағы қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін көрсетуге, қылмыстың мәнін ашуға мүмкіндік береді.

Талан-тараждың объектісіне меншік иесінің өз мүлкіне иелену, пайдалану, билік етуіне байланысты меншік қатынастары жатады.

Талан-тараждың тікелей объектісі ретінде қылмыстық әрекет салдарынан бұзылысқа ұшыраған меншік түрі (нысаны) танылады, яғни бұл жерде талан-тараждың тікелей объектісі ретінде мүлікті тану объектісі түсінігінің өзіне қайшы келеді, яғни мемлекеттің немесе қоғамның мүлкіне басқадай диверция, салақтық, қызмет бабын теріс пайдалану сияқты қылмыстық әрекеттермен де шығын келуі мүмкін. Бұл қылмыстарды ажырату үшін негіз объекті болып табылады.

Талан-тараж заттық қылмыстардың қатарына жатады. Сырттай қарағанда субъектінің құқыққа қайшы қылмыстық әрекеті материалдық дүниенің заттарына қол сұғудан көрініс табатындықтан сұғушы иеленген бөтеннің илігінде мүлік талан-тараждық заты болып табылады. Талан-тараждық болған болмағандығын анықтап оны басқа меншікке қарсы қылмыстардан ажырату үшін талан-тараждық затын анықтау мәселесі үлкен қиындық туғызады. Талан-тараж үшін жауаптылық белгілейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі баптарында екі зат: мүлік және мүлікке құқық қана белгіленіп көрсетілген.

Азаматтық құқықта мүлік ретінде ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқық және мүліктік міндеттемелерді қоса алғандағы заттар танылады.

Мүлікке құқық- бұл меншік иесінің белгілі өкілеттіктерін, яғни өз меншігін иелену, пайдалану, билік ету құқығын қосқанда заңдық категория болып табылады.

Мүліктік құқықтар сенімге қиянат жасау жолымен немесе алдаумен жасалған меншікке қарсы талан-тараждан басқа қылмыстардың заты ретінде көрініс табуы мүмкін.

Мүліктік міндеттемелер тек талан-тараждық ғана емес басқа да қылмыстық қол сұғудың заты болмайды. Осыған орай талан-тараждың мүлкі ретінде заттар танылады. Зат деп материалдық дүниенің заттары аталады.

Талан-тараждың затына қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер жатқызылады.

Қозғалмайтын мүлік ретінде азаматтардың жеке меншігіндегі жекешелендірілген пәтерлері, тұрғылықты үй-жайлары жатқызылады. Қозғалатын мүліктер арасында талан-тараждық заты жалпы құн баламасы ретінде ақша болып табылады. Жалпы ереже бойынша талан-тараждық заты ретінде заңды төлем құралы ретінде айналымда бар ұлттық және шетел валютасы танылады. Айналымнан шығарылып тасталған валюта тарихи не ғылыми құндылығына орай талан-тараж затына жатқызылады. Екінші қозғалатын мүліктің арасында талан-тараждық заты ретінде бағалы қағаздар танылады.Азаматтық кодекске сәйкес бағалы қағаз ретінде тек соны көрсетумен ғана жүзеге асырылатын белгілі нысанда міндетті риквизиттерді сақтаумен мүліктікқұқықты куаландыратын құжат болып табылады. Мұнда талан-тараждық затына мемлекеттік облигациялар, чектер, сертификаттар, акциялар, жекелендірілген қағаздар сондай-ақ ұлттық және шетелдік мемлекеттік және жеке бағалы қағаздар да жатады.

Бағалы қағаздар арасында талан-тараждық затына Азаматтық кодекс бойынша бағалы қағаз ретінде танылмайтын, бірақ иеленушісіне — белгілі мүлікке қызметке немесе жұмысқа белгілі мүліктік құқығын куаландыратын сурогаттық бағалы қағаздар да жатады. Бұларға бензинге, жанар жағар майға талондар, жол жүру билеттері, метроға жолақы төлеу үшін жетондар, почталық төлем белгілері, халықаралық және қалааралық телефон байланысы жетондары жатады. Талан-тараждық затына сәйкес өзгеріс енгізбей белгілі материалдық құндылық иеленушісі бола алмайтын қағаздар жатпайды. Олар: кассирмен немесе касса аппаратымен сатылған көлікте жол жүру билеттерінің бланкалары болып табылады. Оларды алу әртүрлі қылмыстық құқықтық бағалануға ие болады. Басқа құқжаттар талан-тараждық заты болып табылмайды.

Талан-тараж мәселесін шешуде тауып алынған қоймаға көңіл аударылады. Қойма -бұл меншік иесі құқығын жоғалтқан немесе жоқ жер астына жасырылған ақша не бағалы заттар болып табылады. Азаматтық заңға сәйкес қойма сол табылған жердің иесінің меншігіне тиесілі болады. Бұл негізде қойма талан-тараждық затына жатпайды. Бірақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес табылған қоймадан тарихи құндылықтағы заттар шықса ол міндетті түрде мемлекетке өткізілуі тиіс. Қойманы табушы жер меншік иесі мемлекеттен марапаттау сыйлығын алады. Мұндай жағдайда қойманы мемлекеттен жасырып тапсырмай өзі пайдалануға тырысуы талан-тараждық қылмыс құрамын құрайды.

Мүлікті талан-тараждаудың объективтік жағы құқықтық қорғаудағы қоғамдық қауіпті және қылмыстық жазаланатын қол сұғушылық процессінің сыртқы көрінісін көрсетеді. Қылмыстық заң мүлікті талан-тараждық объективтік жағын қылмыстық кодекстің баптарына нормативтік бекітіп жасау тәсіліне байланысты ажыратып бейнелеген. Талан-тараж объективтік жағы бойынша қылмыстың материалдық құрамын құрайды. Ерекшелік ретінде қарақшылықты ғана келте құрам ретінде танимыз. Талан-тараж аяқталған болып кінәлі мүлікті алып қана қоймай оған иелік еткен кезден бастап саналады. Бұл орайда талан-тараждық мүлікті кінәлінің немесе басқа тұлғаның меншігіне айналдыру белгісі- объективтік жоқтық белгісі болып табылады.

Жалпы ереже бойынша талан-тараж мүлікті қорғалатын аумақ шекарасынан шығарған кезден бастап аяқталған деп саналады. Егер мүлік аумақ шекарасынан шығарылмаса оның пайдалану ерекшелігін ескеріп талан-тараждық аяқталу кезеңін анықтаймыз.  Егер мүлік пайдаланылатын өнім ретінде көрініс тапса ол қозғалатын аумақ шекарасынан шығарылмаса да талан-таражды аяқталды деп санауға болады[4].

Автор Ю. И. Ляпунов талан-тараждық субъективтік жағының элементтеріне кінә, ниет мақсатты біріктірген.

Талан-таражда кінә қандай нысанда жасалғанына қарамастан барлық уақытта тұлға мүлікті заңсыз алатынын және өз әрекеттерімен меншік иесіне материалдық шығын келтіретінін сезеді және соны тіркей отыра тікелей қасақаналықпен бағытталған әрекетте көрәнәс табады.

Адам белгілі әрекетті жасау алдында ниеттің пайда болуына әкелетін, оның негізінде адам санасында белгілі бір мақсатқа жетуді бейнелейтін ішкі қажеттілікті сезінеді. Анеет- бұл адамның субъективтік сезімінің өзіне тән танымал атауы болып табылады[5].

Талан-тараждық субъективтік жағының міндетті белгісі еңбексіз күн көруге бағытталудан туындайтын пайдакүнемдік мақсат. Тұлға талан-тараж қылмысын жасау туралы шешімге келгенде ол өз алдына белгілі мүлікті меншік иесінің иелігінен алып, сол мүлікпен толықтай иеленіп, пайдаланып, билік етуге мақсат қояды, яғни талан-тараждық мақсаты мүлікті өз меншігіне айналдыру болып табылады[6].  

Мүлікті талан-тараждау қылмысында субъектінің белгілері қу келген қылмыс жасағандағы сияқты бір бірімен байланысты екі аспектіде қаралуы міндетті. Біріншісі қылмыстың құрамының  элементін көрсететін және тұлғаның әрекетін қылмыстық заңның белгілі баптарымен саралау үшін қылмыстық жауаптылық туралы сұрақ қоюға мүмкіндік беретін заңды белгілерін анықтайды. Ондай белгілерге есі дұрыстығы кінәлінің белгілі жасқа толуы, қылмысты қайталап жасауы, рецидив және талан-тараждың белгілі бір формасын жасаудағы ерекшеленетін арнайы белгілері жатады. Екінші кең көлембегі аспекті қылмыстың жасалуына әсер еткен жағдайлар мен себептерді анықтап, мүлікті талан-тараждау қылмысының жасалуының алдын алу шараларын ұйымдастыру әрекеттерін белгілеп жауапкершілік пен жазаны дараландыру туралы сұрақты дұрыс шешу үшін мүмкіндік беретін қылмыскер тұлғасының әлеуметтік саяси ерекшелігін қарастыруға көмектеседі[7].

Осыған орай талан-тараж дегеніміз бөтеннің мүлкін пайдакүнемдік мақсатта, заңсыз, құқыққа қайшы түрде, қайтарымсыз алып қоюы болып табылады.

Талан-таражға байланысты қылмыстар талан-тараждың белгілерін құрайтын өзара ортақ объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығына ие.

Талан-таражға тән белгіге біріншіден бөтен мүлікті алу жатады.

Мүлікті алу қарақшылықты қоспағанда талан-тараждың барлық нысандарына тән белгі болып табылады. Мұның қылмыстың аяқталу уақытын анықтауға тигізетін ықпалы өте зор. Талан-тараждың қатарында заң шығарушы қарақшылықтың аяқталуы үшін мүлікті алуды талап етпейді. Қарақшылықтың қоғамға қауіптілігін ескере отырып, жәбірленушінің мүлкін алу құралы болып табылатын , азаматтың жеке басына қол сұғу кезінен бастап аяқталған деп санаған. Талан-тараждың басқа нысандары мүлікті бөтеннің иелігінен алған уақыттан бастап аяқталған болып саналады, яғни қылмыстың қол сұғу объектісіне нақты шығын келтірген уақыттан бастап орындалған болып саналатын материалдық қылмыс құрамын құрайды. Мұндай азаматтардың мүліктік мүддесіндегі нақты шығын жәбірленушіге мүлкін өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану мүмкіндігінен айырылған кезде келтіріледі. Бұл кезең мүлікті оның иелігінен алып қойған уақытпен сәйкестеледі.

Кеңестік криминалисттердің бірқатары талан-тараж түсінігіне мүлікті алу ғана емес кінәлі жағынан билік етуді де қосады. Осыған сәйкес талан-тараж мүлікті алғаннан кейін іс жүзінде билік етуді белгілеу уақытынан бастап аяқталған болып саналуы тиіс. Сондықтан талан-тараждық қылмыстың нәтижесі екі кезеңнен: мүліктік залал келтірумен қатар талан-тараждаушының мүлкінің заңсыз ұлғаюынан тұрады.

Мысалы, В. Д. Меншагин азаматтың мүлкін талан-тараждау құрамы кінәлінің жәбірленушінің мүлкіне иелік ету уақытынан бастап аяқталған болып саналады[8] деп түсіндірілген. Талан-тараж құрамының аяқталуы үшін жәбірленушінің мүлікке иелік ету құқығын жоғалтумен қатар, кінәлінің мүлікке иелік етуі қажет.

Заңда бұл терминді алаяқтыққа ғана қолданған, ал ұрлық пен тонауды бөтеннің мүлкін алғаннан кейін ғана аяқталған деп саналса, алаяқтықта мүлікке қылмыскердің ету кезеңінен бастап аяқталған деп есептейді.

Иелену- бұл меншік иесінің жеке мүлкіне деген шаруашылық немесе жеке байланысын бұзу жолымен кінәлінің мүлкіне іс жүзінде билік етуде орнату болып табылады.

Бірақ кейде талан-тараждың мынадай жағдайы кездеседі, яғни мүлік меншік иесінің иелігінен алынған, бірақ әлі кінәлінің заңсыз билеуіне өтпеген болуы мүмкін. Мұндай жағдай қылмыстық құқық теориясында дау туғызады.

Мысалы, В. Д. Меншагиннің пікірі бойынша бөтен пәтерге кіріп бағалы мүліктерді алған ұры аула сыпырушыға ұсталып қалса, бұл әрекетті ұрлыққа оқталу деп есептеген. Бұл жағдайда талан-тараждың аяқталған құрамы жоқ, яғни кінәлі мүлікті алғанымен оған иелік ете алмайды.

Келтірілген оқиға бойынша талан-тараж аяқталған деп санау үшін ұрының ұсталған орнын анықтау қажет.

Егер қылмыскер пәтердің ішінде ұсталса, меншік иесінің иелігінен мүлікті алу туралы талан-тараждың белгісі болмағандықтан, оны талан-таражға оқталу деп саралауға болады. Егер ұры мүлікпен пәтерден тыс жерде, яғни жәбірленушінің жеке меншік құқығының таратылуынан тыс аумақта ұсталса, кінәлінің әрекеті мүлікті меншік иесінің еркімен болған үй- жайдан шығарылуына байланысты аяқалған қылмыс беп есептеу керек.

Талан-тараждың аяқталу кезеңі туралы сұрақты шешу үшін мүліктің пайдаланылу ерекшелігі үлкен маңызға ие болады.

Талан-тараждың келесі белгісі- оның заңға қайшылығы. Талан-тараждың бұл белгісі туралы сұрақты шешу үшін мүлік іс жүзінде қандай құқықтық негізде тұлғаның иелігінде, яғни ол мүлікке байланысты меншік иесі ретінде билік ету құқығын жүзеге асыруда ма немесе бөтен мүлікке байланысты ешқандай құқықты пайдаланусыз билік етуде екендігін анықтаудың маңызы өте зор.

Тұлға меншік иесі болып, ол егер де мүлікті өзінің жеке қарауы бойынша билеуге, өзінің тұрмыстық немесе басқа белгіленген мақсатқа сәйкес пайдалануға немесе басқа тұлғаға беруге не болмаса өзінің жеке мүлкінің құрамында санауға мүмкіндігі болса ғана саналады. Бірақ билік ету құқығы  меншік құқығынан бөлек құқық. Сондықтан мүлікке меншік иесі емес адам билік етуі мүмкін. Осыған орай билік ету қандай да бір құқықтық негізде, мысалы, мүлікті жалға беру шарты бойынша заңды немесе заңсыз болуы мүмкін.

Мүлікке үақытша меншік иесі емес адам билік еткенде, меншік иесі билік ету құқығын жоғалтпайды, ол мүлікті өз мүлкінің құрамында есептеп, оның тағдырынан билік ету құқығын сақтап заңды түрде билік етуді жалғастырады. Билік ету құқығы толығымен меншік құқығынан айырылғанда ғана жойылады. Меншік иесі емес тұлға мүлікпен оған меншік иесімен берілген құқық шегінде оның мүліктік мүддесі мен еркін бұзбай билік етеді.

Мүлікті алудың заңсыздығы біріншіден, кінәлі ұрланатын мүлікке қатысты ешқандай құқыққа ие болмайды және өз әрекетінің заңсыздығын сезіне отырып, бөтеннің мүлкін әдейі алып қояды, екіншіден, мұндай алып қою жәбірленушінің еркіне қарсы өзінің жеке баюына немесе үшінші тұлғаға қасақана беру мақсатында жасалудан тұрады.

Ұрлықта яғни жасырын талан-тараждауда мүлікті алу жәбірленушінің еркінен тыс өтеді. Қылмыскер бұл кезде мүлікті жәбірленушіге талан-тараждық жасағандығын сезбейтін тәсілмен жүзеге асыруға тырысады. Осыған сәйкес ұрлықта жәбірленушінің еркі көрініс бермейді. Талан-тараждық күш қолданып жасалатын түрлері мүлікті алуда жәбірленушінің еркіне қарсы жағдайдағы әрекетте бейнеленеді.

Талан-таражда жәбірленушінің еркі үлкен маңызға ие болады. Егер де жәбірленуші мәжбүрлі түрде өз еркімен мүліктің тұрған жерін көрсетіп, мүлікті берсе, бұл талан-тараж ретінде сараланады.

Керісінше меншік иесі мүлікті басқа тұлғаға беруде келісіммен, шартқа сәйкес әрекет етсе, бұл талан-тараж белгісін құрамайды.

Әрекетке қабілетсіз не жасөспірімнің немесе ақыл- есі дұрыс емес адамның келісімімен мүлікті иелену талан-тараж құрамын көрсетеді.

Талан-таражда бөтен мүлікті иеленуде қайтарымсыздық белгісі көрініс табады.

Мүдікті ұрлай отырып, кінәлі оған ақшалай немесе басқадай материалдық баламасын төлемей, қоғамдық пайдалы еңбек жұмсамай, бөтен мүлікті паразиттік жолмен иеленуге талаптанып, материалдық пайда алу мақсатында әрекет етеді. А. А. Пионтковскийдің ‘’ұрлаушы келтірген шығынды өтеу үшін мүліктік баламасын тастаса оны талан-тараж деп саралау керек’’, — деген пікірмен келісуге болмайды. Мұнда бөтен мүлікті өз бетінше иеленген тұлғаның әрекетінде, талан-тараждың жәбірленушіге материалдық шығын келтіретін қайтарымсыздық белгісі көрініс таппайды[9].   

Талан-тараждың келесі ажырамас белгісі пайдакүнемдік мақсат. Бұл жерде қылмыскер бөтен мүлікті заңсыз иелене отырып өз алдына өзнің немесе басқа үшінші тұлғаның материалдық қажеттілігін қанағаттандыруды мақсат етіп қояды. 

Талан-тараж қоғамдық өмірдің кез келген құбылысы сияқты өзінің пайда болу мазмұны мен нысанына ие. Талан-тараждың мазмұны оған тән қылмыстық әрекетте өтіп жатқан пролцестердің жиынтығын, талан-тараждың өзінің динамикасына белгілі өзгерістер әкелетін элементтердің өзара әрекетін және қоғамдық өмірдегі меншік қатынастарындағы зиянды зардапты көрсетеді және оларды жеке құбылыс ретінде қарастырып, ол құбылысты әлеумттік ақиқатпен байланыстырады. Осы айтылғандардан келіп талан-тараждың мазмұны меншік иесінің мүлкін иелену жолында, нәтижесінде меншік иесіне мүліктік зиян келтіре отырып, оның иелігінен құқыққа қайшы, қайтарымсыз алуы болып табылады.

Нысан- талан-тараж мазмұнының бейнелену және жүдзеге асырылу тәсілдерін көрсетеді. Объективтік шындық ретінде талан-тараж біртұтас мазмұнға ие болып, құрылымды бөлімшлердің әртүрлі модификациясында көрініс табады. Қылмыстық заң барлық уақытта талан-тараждың жасаулы нысанына зор мән берген. Нысан туралы сұрақты заң тұрғысынан шешу, нақты қылмыс түрінің жасалуының өзіне тән тәсіліне, жиі қайталануына, нақты ақиқаттығына сүйенеді. Талан-тараж нысанын дұрыс белгілеу әрекеттің әлеуметтік саяси мазмұнын анықтап, оған заңды, негізді баға беруге, кінәлінің жауаптылығы түралы сұрақты шешуге көмектеседі. Нысан арқылы кінәлінің тұлғасын және әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесін объективті түрде зерттеуге мүмкіндік туғызады[10]

Қылмыстық заңда талан-тараждың нысанын арнайы баптарға бөліп орналастыру заңда әр нысанның өзіне тән нақты белгілерін анықтауға, талан-таражға кең мағынада түсінік беруге, бұл қылмыстарды дұрыс саралауға, алғышарттар құруға басқа да ұқсас қылмыс құралдарынан ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай құрылым заңда әрбір нысан үшін ауырлататын жағдайларды арнайы белгілеуге, қылмыстық жауаптылық жасын анықтауға және сол сияқты нақты нысанның объективті жағының ерекшелігімен байланысты талан-тараждың нақты нысанының объективті жағының ерекшелігіне байланысты талан-тараждың аяқталу уақытын белгілеуге ықпалын тигізеді[11].

Сонымен, заңда талан-таражды нысандарға бөліп орналастыру талан-тараждың механизмін зерттеуге, бұл қылмыстардың жеке түрлерін жасауға әсер еткен сбептер мен жағдайларды терең, жан жақты зерттеуге көмектеседі.

Қазақстан Республикасының қылмыстық Заңында талан-тараждың бес нысаны берілген. Олар:

-ұрлық;

— Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету;

— алаяқтық;

— тонау;

— қарақшылық болып табылады.

Соның алғашқы нысаны қылмыстық кодекстің 175- бабына сәйкес ұрлық-яғни, бөтен мүлікті жасырын талан-тараждау. Мұндағы ұрлық түсінігі бүтеннің, яғни талан-тараж түсінігінің бөлігі болып табылады.

Сондықтан да қылмыстық кодекстің 175-180, 248, 254, 255, 260- баптарындағы талан-тараждау дегеннің орнына ұрлау түсінігін келтірү заң тіліндегі қателікті көрсетіп тұр. Бұл жерде талан-тараждау нысандары ұрлықтың нысандары ретінде көрініс табуда.

Ал жеке нысан ретінде ұрлыққа келетін болсақ, бөтеннің мүлкін талан-тараждау ұрлықтың міндетті белгісін құрайды. Ұрлауда ұры бөтеннің иелігіндегі мүлкін құқыққа қайшы сипатта талан-тараждай отырып, бөтеннің меншік құқығын бұзады. Сондықтан да ұрлықтың объектісі меншік құқығы болып табылады.

Ұрлықтың объективтік жағы бөтен мүлікті күш қолданусыз жасырын тәсілмен иеленуде көрініс табады.

Талан-тараж жасырын жасалды деп ол әрекет жәбірленушінің өзіне не басқа тұлғаларға білдірмей жасағанда танылады.

Ұрлық жәбірленушінің мүлкінің кінәлінің иелігіне өткен уақыттан бастап, яғни ұры бөтен мүлікті иеленген кезден бастап аяқталған қылмыс құрамын бейнелейді. Иелену ұры алған мүлікке өз қарауы бойынша билік еткен кезден бастап пайда болады.

Ұрлық субъктивтік жағынан тікелей ниеттің пайдакүнемдік мақсаттың, яғни бөтеннің мүлкін өз меншігіне айналдыру мақсатымен ерекшленеді. Мұндай пайдакүнемдік мақсаттың болмауы ұрлық құрамының болмауына әкеп соғады. Қылмыскер ұрлықты жасағанда бөтеннің есебінен баюға, яғни заңсыз материалдық пайда тартуға пайдакүнемдік ниетпен талаптанады.

Ұрлықтың субъектісі 14 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға[12].

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі ұрлықтың үш құралын жай, сараланған және ерекше сараланушы құрамдарын қарастырған:

  • жай (негізгі құрам);
  • сараланушы құрам ретінде адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе бірнеше рет немесе тұрғын, қызметтік не өндірістік үй жайға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық;
  • ерекше сараланушы құрам ретінде ұйымдасқан топ немесе ірі мөлшерде немесе талан-тараж не қорқытып үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлықты қарастырған.

Бұл құрамдар талан-тараждың басқа нысандарының құрамдарына да ортақ болып табылады.

Талан-тараждың келесі нысаны ретінде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 176-бабына сәйкес сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап еткендігі үшін жауаптылық көзделген қылмыс құралы танылады.

1959 жылғы ҚазССР қылмыстық кодексінің 76-4-бабында талан-тараждың өзінше дербес үш нысаны иеленіп алу, ысырап ету және қызмет бабында қиянат жасап талан-тараждау деп бір топқа біріктірген болатын, ал мына талданып отырған бапта тек иеленіп алу және ысырап ету нысаны үшін ғана жауаптылық көзделген. Заң шығарушы қызмет бабында қиянат жасап талан-тараждауды қылмыстың жасалу тәртібіне жатқызып, оны қылмыс құрамының сараланушы белгісі ретінде қарастырған.

Бұл қылмыстың объектісі меншік қатынастары, басқаша айтқанда мүлікті иелену, пайдалану, билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Мүлік бұл жерде қылмыстың заты болып табылады. Жалпы талан-тараж затына тән белгіге ие мүліктер ғана иеленіп алу және ысырап ету қылмысының заты бола алады және де ол мүліктің айыпты адамға сеніп тапсырылғандығы міндетті шарт.

Объективтік жағын бөтен мүлікті талан-тараждаудың иеленіп алу және ысырап ету әрекеттері құрайды.

Иеленіп алу дегніміз белсенді қызмет жасай отырып субъектінің өзіне сеніп тапсырылған тауарлық материалдық құндылықты алуы, оған заңсыз иелік орнатуы[13].

Иеленіп алғанда айыптыға сеніп тапсырылған мүлік оқшауланып, оған заңсыз өтеді, оның өз меншігіне айналдыру немесе үшінші адамдардың меншігіне беру әрекеті көрініс табады.

Қылмыстың құрылымына сәйкес иеленіп алудың ерекшелігіне субъектінің талан-тараждалатын мүлікке қатынасы жатады. Мүліктің оған деген белгілі бір өкілеттігі бар адамның заңды иелігінде болуы.

Айыптының өз иелігіне алған мүлікті заңсыз ары қарайғы әрекеттері бұл қарастырылып отырған құрам шегінен тыс жатыр, ол талан-тараждың басқа нысанын ысырап етумен шектеседі.

Ысырап ету- сеніп тапсырылған мүлікті меншік иесінен айыру арқылы, кінәлінің өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз және қайтарымсыз айналдыруы[14]. Бұл жағдайда қандай да бір өкілеттік жасау үшін өзіне сеніп тапсырылған мүлікті айыпкер заңсыз жұмсайды, сатады, үшінші адамдарға береді не өзі пайдаланады.

Иеленіп алу және ысырап ету қылмысы субъекті мүлікті алып қана қоймай, оны еркін айналымға жіберуге нақты мүмкіндік алған кезден бастап аяқталған болып саналады.

Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей ниетпен және пайда табу мақсатымен сипатталады.

Субъектісі арнаулы мүлік сеніп тапсырылған, жасы 16-ға толған, есі дұрыс жеке тұлға.

Талан-тараж нысанының бірі болып табылатын  Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 177- бабы Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті талан-тараждау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу.

Алаяқтықтың объектісі меншік қатынастары.

Мұнда ұрлыққа қарағанда қол сұғу затының шеңбері кең тек мүлік қана емес мүлікке құқық да танылады.

Мүлікке құқықты алу мүлікті алу құралы болып табылатын әртүрлі құжаттарды алудан көрініс табады[15].

Объективтік жағынан алаяқтық меншік иесінің мүлін иеленумен немесе алдау не сенімге қиянат жасау жолымен мүлікке құқықты алудан көрінеді.

Алдау болғанда адам бір нәрсені жалған ұғынады, қателеседі, осыған орай жәбірленуші қылмыскерге мүлікті өзі береді.

Алдау әртүрлі тәсілде: ауызша, жазбаша, қимылмен және басқа да әрекеттермен болуы мүмкін. Алдаудың мазмұнын алаяқтықта жәбірленушіге мүлікті қылмыскерге беруге ықпал ететін кез келген дерек құрайды.

Алаяқтық құралының міндетті элементіне алдау жатқызылған. Бірақ барлық алдау алаяқтықты құрамайды. Алаяқтық үшін мүлкін өз еркімен кінәліге беруге әсер ететін жәбірленушіні адасуға әкеп соғатын әрекет тән.

Мүлікті немесе мүлікке құқықты алаяқтық жолымен алудың тағы бір тәсіліне заң сенімге қиянат жасауды жатқызған. Бұл жағдайда кінәлі мүліктің меншік иесімен немесе заңды иелерімен арадағы сенімдік қатынасты пайдаланады.

Алаяқтық алдау не сенімге қиянат жасау кезінен емес мүлікке өз қарауы бойынша билік еикен кезден немесе сол мүлікке құқықты іске асыруға мүмкіндік алған кезден бастап аяқталған қылмыс құрамын көрсетеді[16].   

Субъективтік жағынан алаяқтыққа тікелей ниет тек пайдакүнемдік мақсат тән.

Алаяқтық субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 178-бабына сәйкес тонау бөтен мүлікті ашық талан-тараждау деп анықтама берілген.

Тонаудың объектісіне ұрлық объектісімен бірдей меншік қатынастары жатады.  Бірақ тонау жәбірленушіге күш қолданкмен жасалса оның қосымша тікелей объектісне адамның денсаулығы танылады. Мұндай тонау сараланған құрамды көрсетіп, қатаң жаза тағайындауға негіз болады. Тонаудың затына талантараждың кез-келген    нысанының заты сәйкес келеді.

Тонаудың объективтік жағы бөтеннің  мүлкін жәбірленушінің жеке тұлғасына күш қолданумен  және күш қолданусыз ашық талан-тараждауда бейнеленеді.

Талан-тараждың басқан нысандарынан ажырататын тонауға тән негізгі белгі ашық талан-тараждау.

Талан-тараждың ашық түрде жасалуы  кінәлінің әрекетінің қоғамға қауіптілігін жоғарылатады деп Г.А. Кригер дұрыс белгілеген[17].

Тонаудың субъективтік жағын  талан-тараждың басқа нысандарында ортақ тікелей ниет пен пайдакүнемдік мақсат құрайды.

Субъектісі қылмыстық кодекстің 15-бабының 2 бөлігіне сәйкес 14 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 179-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген қарақшылық қылмысы бөтеннің меншігіне қол сұғудың қауіпті түріне жатқызылады.

Заңға сәйкес қарақшылық, яғни бөтен мүлікті талан-тараждау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытүлек ұштасқан шабуыл жасау[18].          

Қарақшылықтың объектісі меншік қатынастарымен қатар жәбірленушінің өмірі және денсаулығы. Тонау қос объектілі қылмыстардың қатарына жатады, яғни кінәлі бір уақытта екі объектіге қол сұғады.

Қарақшылықпен шабуыл жасаудың заты мүлік болып табылады, яғни ол өз иесінің мұқтаждығын тікелей не жанама қанағаттандыра алатын материалдық әлемдегі заттар.

Объективтік жағынан қарақшылық жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуылдан көрініс табады.

Күш қолдану қарақшылық шабуылында жәбірленушінің қарсылығын жойып, оның мүлкін иеленудің құралы ретінде қолданылады.

қарақшылық шабуыл жәбірленушіге оның мүлкін иелену жасында визикалық және психикалық турде күш қолданумен жасалуы мүмкін. Сонымен бірге қарақшылық деп кез келген күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқытуды емес, жәбірленушінің денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа дене жарақатын келтіру және өліміне әкеп соқтыратын күш қолдануды ғана тану қажет.

Қарақшылық қылмысының объективтік жағының ерекшелігі мүлікті қылмыскердің иеленген- иеленбгеніне қарамастан, жәбірленушінің өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті зорлыққа ұштасқан шабуыл жасаған кезеңнен бастап қылмыс аяқталған болып саналады[19].   

Талан-таражды түрлерге бөлу талан-таражбен келтірілген мүліктік зияннның мөлшерін есептеу негізінде жүргізіледі. Талан-тараждың зардабының ауырлығы, сонымен қатар кінәлінің әрекетінің қоғамға қауіптілігі, әрекетпен келтірілген мүліктің шығынының мөлшерін анықтайды. Аса ірі мүліктік зиян талан-тараждың өзінен де қауіпті.

Талан-таражбен келтірілген мүліктік шығын, әрекеттің құрамын құрайтын басқа да элементтері сияқты дәл анықтауды және дәлелдеуді талап ететін қылмыс құрамының элементі болып табылады. Талан-таражбен келтірілген шығын мөлшері, әрбір талан-таражға байланысты қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәніне кіреді.

Осыған орай талан-таражбен келтірілген шығын мөлшерін анықтау үшін қылмыстың құқықтық теорияда және талан-таражбен күрес тәжірбиесі барысында екі: ақшалай құнын есептеуге негізделген құндық және талан-тараж мүлкінің құндық мөлшер белгісінің өсуіне байланысты сандық, сапалық белгісі жасақталған.  

Ондағы ақшалай құнын есептеуге негізделген құндық белгімен талан-тараждық мөлшерін анықтау талан-тараждың қандай түрге жататындығын ажырату үшін заңды және дұрыс болып саналады. Себебі қазіргі кең көлемдегі тауар айналымы кезінде кез келген мүліктің баламасы ретінде, материалдық құндылықтардың қоғамдық маңыздылығының әмбебап өлшемі ретінде оның құны табылады. Белгілі дәрежедегі құн мүліктің сандық және сапалық көрсеткіштерін бейнелеуде көрініс табады. Мүліктің экономикалық маңыздылығы бірінші кезекте оның ақшалай көріністегі бағасын анықтаса, сонымен бірг талан-тараждың түрі талан-тараж затының бағасы мемлекеттік бөлшек бағасы бойынша ақшалай есепке негізделуі тиіс[20].

Осы қылмыспен келтірілген зиян мөлшеріне сәйкес қылмыстың жазалану және жазаланбауына қарай екіге бөлінеді:

Біріншісі әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделгн ұсақ талан-тараж. Бұл Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175-бабының ескертуінің 5-ші тармағына сәйкес меншік құқығындағы ұйымға тиесілі, не оның қарамағындағы бөтеннің мүлкін талан-тараждау кезіндегі мүліктің құны қылмыс жасалған уақытта, Қазақстан Республикасының заңдарында блгіленген он айлық есептік көрсеткіштен аспаса, талан-тараж ұсақ деп танылған.

Ал азаматтардың мүлкін талан-тараждауда әкімшілік жауапкершілікке тартылатын ұсақ талан-тараж көзделмеген.

Екіншісі қылмыстық жазаланатын талан-тараж болып табылады. Ол азаматтардан кез келген ақша мөлшерін алу болса, меншік құқығындағы ұйымнан он айлық есептік көрсеткіштен жоғары мөлшердегі мүлікті талан-тараждау болып табылады.

Қылмыстық жазаланатын талан-тараждың өзі қарапайым (жай) мөлшердегі және ірі мөлшердегі талан-тараж болып бөлінеді.

Қарапайым (жай) мөлшердегі талан-тараж болып қылмыс жасалған уақытта мүліктің құны Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген бес жүз айлық есептік көрсеткішке жетпейтін мөлшерде болса танылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175- бабының ескертуінің 2-тармағына сәйкес ірі мөлшердегі талан-тараж деп қылмыс жасау сәтінде мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түскен жағдайда танылады.

Бұдан да басқа талан-таражды түрлерге бөлу қылмыс объектісінің бөлінбес элементі, құрамдас бөлігі болып табылатын затына негізделеді. Олар:

  • қарапайым заттарды (Қылмыстық кодекстің 175-179 баптары);
  • ерекше құнды (Қылмыстық кодекстің 180-бабы) заттарды ;
  • радиактивті материалдарды (Қылмыстық кодкстің 248-бабы);
  • қаруды, оқ дәрілерді, жарылғыш заттар мен жару құрылғылары(Қылмыстық кодекстің 255-бабы);
  • есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды (Қылмыстық кодекстің 260-бабы) талан-тараждау деп бес түрге бөлінеді.

Талан-тараждың алғашқы түрі қарапайым заттарды талан-тараждауға  Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175- бабы ұрдық, 176 бабы бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету, 177-бабы алаяқтық, 178-бабы тонау, 179-бабы қарақшылық жатады. Бұлардың заты ретінде талан-тараж затына сәйкес бөтен адамға меншік құқығымен тиісті қозғалатын және қозғалмайтын мүлік жатады. Осыған орай қарапайым заттарды талан-тараждаудың объектісі меншік болып табылады.

Талан-тараждың келесі түрі ерекше құнды заттарды талан-тараждау. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 180—бабына сәйкес ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды талан-тараждау делінген. Осы талданып отырған іс әрекеттің заты болу үшін материалдық әлем объектілерінің, заттардың және құжаттардың мазмұнында ерекше құндылық болуы керек және оларда өзгеше қайталанбас сипат болуы тиіс. Заттардың, жеке құжаттардың өзгешелігі және қайталанбастығы олардың тарихи, ғылыми, көркем және мәдени мұра болуымен байланысты. Мысалы, археологиялық жазбалардан табылған заттар мен құжаттарда тарихи құндылық болады, яғни олар халықтың қоғамның, мемлекеттің жекелеген көрнекі адамдардың өміріндегі тарихи оқиғаларды сипаттайды. Сирек кездесетін флора мен фауна үлгілерінде, минералогия, анатомия және полиентология үшін бағалы заттарда ғылыми құндылық болады.

Суреттер, мүсіндер, иконалар, гравюрлар декоративтік қолданбалы өнердің шығармаларының дәстүрлі халық қолөнерінің бұйымдары, сирек кездесетін музыкалық аспаптарды, монеталар, ордендер мен медальдар, коллекциялаудың өзге заттаряы көркемдік құндылыққа жатады. Тарихи, көркемдік, ғылыми, мәдени  құндылығы бар құжаттарға сирек кездесетін қолжазбалар, документальдық ескрткіштер, фото, фоно-кино, бейнеархивтер жатады[21].

Бұл қылмыстың объектісі ретінде меншік танылып, меншікке қарсы қылмыстардың қатарына жатады.

Талан-тараждың келесі бір түрі Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 248—бабына сәйкес радиактивті материалдарды талан-тараждау болып табылады.

Қылмыстың заты ретінде радиактивті материалдар табылады. Ал объекті болып радиактивті материалдар айналымы өрісіндегі қоғамдық қауіпсіздік қылмыстық кодекстің ‘’қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар’’ деп аталатын тарауына орналастырылған.

Талан-тараждың затына байланысты жеке түрі ретінде қарастырылатын қаруды, оқ дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын талан-тараждау үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 255- бабында қарастырылған.

Бұл қылмыстың затына ату құралы, оқ дәрілер, жарылғыш заттар мен жару құрылғылары болып табылып объектісі ретінде қоғамдық қауіпсіздік танылады.

Талан-тараждың затына сәйкес соңғы түріне Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 260-бабына сәйкес есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу жатады. Қылмыстың затына есірткі және психотроптық заттар жатады. Қылмыстың объектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қоғамға қауіптілік дәрежесіне орай бұл қылмыс ‘’халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар’’ деп аталатын тарауға орналастырылған.

Бұларға қоса талан-тараждың жеке нысаны ретінде қарастырылатын, ұрлықтың алтыншы түрі ретінде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 324-бабына сәйкес құжаттарды, мөрлерді, мөртаңбаларды ұрлау үшін жауаптылық көзделген қылмыстық әрекетті атауға болады. Бұл бап бір бірімен әрекет тәсілі және заты бойынша ұқсас екі дербес қылмыс құрамын көрсеткен. Бірінші бөлігінің затына төлқұжат, жеке куәлік немесе басқа маңызды жеке құжат жатса, екінші бөлігінің затына ресми құжат, мөр және мөртаңба жатады. Қылмыстың объектісіне құжат, мөртаңба, мөр айналымындағы басқару тәртібі болып табылады.

Қылмыстарды затына байланысты түрлерге бөліп орналастыру, қылмыс объектісіне орай қылмыстарды бір бірінен ажыратуға мүмкіндік береді, өйткені соңғы қарастырылған ұрлық түрлерінде не меншік қатынастары қосымша объектіні құрайды, не мүлде объектіні құрай алмайды.      

 

1.2. Ұрлықтың объектісі және заты

 

Меншік иесінің мүлкін талан-тараждаудың бір нысаны болып табылатын ұрлық көп таралған мүліктік қылмыстардың қатарына жатады.

Заң ұрлықты меншік иесінің мүлкін жасырын талан-тараждау ретінде анықтаған нақты қылмыстық әрекет нәтижесінде түсетін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175-бабында көзделген, яғни ұрлық бөтеннің мүлкін иелену мақсатында, жасырын, құқыққа қайшы, қасақана түрде, күш қолданусыз алу болып табылады.

Ұрлықтың топтық объектісі ретінде меншік қатынастары танылады, Қазақстан Республикасының Азаматтық заңына сәйкес меншік құқығы заңмен танылған және қорғалатын субъектінің өзінің мүлкін өзқ қарауы бойынша иелену, пайдалану, және билік ету құқығы болып табылады[22].

Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны: жеке меншік және мемлекеттік меншік тең танылады және қорғалады, жеке меншік ретінде азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі танылса, ал мемлекеттік меншік республикалық және комуналдық меншік түрінде көрініс табады.

Жеке меншіктің ерекше түрі ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 191-бабына сәйкес қоғамдық меншік, соның ішінде діни бірлестіктердің меншігі танылады.

Ұрлықтың негізгі тікелей объектісіне қол сұғушылық жүзеге асырылған нақты меншік қатынасы жатады.

Меншік иесінің мүлкін ұрлауда кінәлі іс жүзіндегі құқықтық қатынасқа емес, оның элементіне, яғни мүлікті иелену, пайдалану, билік етумен жүзеге асырылатын меншік құқығына қол сұғады[23].

Ұрлықты талдағанда объектісін ғана емес сонымен бірге қылмыстық  затын, яғни ұрланған мүлікті анықтау қажет.

Қылмыстың қол сұғушылық заты ретінде мүлікті қарастыра отырып сол уақытта оны қылмыстың объектісінен бөліп зерттеуге болмайды.

Объекті мен зат құбылыстың бір деңгейінде жатқан бір-бірімен байланысты ұғымдар, заттай мүліктер мүліктік қатынастардың материалдық алғы шарты болғандықтан қол сұғушылық заты, қылмыс объектісінің элементі, құрамдас бөлігі ретінде танылуы қажет, яғни меншік қатынастары мүлікпен байланыссыз жүзеге асырылмайды.

Мүлікке әсер ету жолымен меншік қатынастарына зиян келеді. Затты ұрлау мүліктің бөлшігі ретінде осы заттардың есебінен жүзеге асырылатын меншік қатынастарын бұзады[24]

Бұл көзқарасқа В. А. Владимиров қарсы шыққан. Ол ұрлықтың заты мен тікелей объектісін бөліп қарастыруда қате санаған. Оның пікірінше ұрлықтың объектісі материалдық дүние заттарының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мүлік табылады[25].

Сондай-ақ М. П. Михайлов меншік құқығы қылмыстық қол сұғушылықтан зиян келмейді деген[26].

Басқа авторлар ұрлық  жасағанда зиян меншік қатынастарына қол сұғушылық затына әсер ету жолымен келтіріледі. Қоғамдық  қатынас болып табылатын меншік ұрланбайды, жойылмайды, меншік қатынастары тек бұзылады[27].

Соған сәйкес ұрлықта зиян мүлікке емес, меншік құқығына келтіріледі. Қылмыс субъектісі яғни ұры сыртқы дүниенің материалдық заттарына емес, меншік құқығына, меншіктік қоғамдық қатынастарға қол сұғады.

Б.С. Никифоров мүлікті сыртқы дүниенің материалдық заттарының белгілі жиынтығы деп дұрыс түсінік берген[28].

Мүлік өзінің физикалық белгілеріне орай ол объективтік дүниенің әртүрлі заттарында, материалдық, затық денелерде жабдықталған, кез-келген физикалық жанды және жансыз жағдайда болу мүмкіндігі бар, өз алдына маңызға ие немесе басқа басты мүлікке жату рөлін орындайтын ерекшліктерге ие болады.

Ереже ретінде ұрлықта қол сұғушылық заты болып табылатын мүлікке кеңістікте өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпай араласатын қозғалатын мүлік жатады.

Ұрлықтың мақсаты бөтен еңбектің материалдық өнімдерін құқыққа қайшы иеленіп алу болғандықтан ұрлықтың заты ретінде болжамдар, кітапта, картинада материалдық көрініске ие болмаған материалдық құндылықтар танылмайды[29].

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша мемлекетке немесе басқа құқық субъектісінің меншігіне жататын барлық мүліктерталан-тараждың заты болып саналмайды.

Ұрлықтың затына тек адам еңбегі сіңірген мүліктер мен заттардың жиынтығы жатады. Ұрлықьың заты болуы үшін мүдік тұтынушылық қасиетпен бірге баға құнына ие бола отырып тауар-ақша айналысына, азаматтың айналымға қатысу қабілетіне ие болу керек.

Орман, жан жануарлар мен құстар, судағы балықтар, қоғамға пайдалы еңбек жұмсалған табиғи байлықтар да меншік-мемлекеттің меншігі. Бірақ бұған адам еңбегі жұмсалмағандықтан оны ұрлау мүлкі ретінде есептемейміз. Осы аталған объектілерге қылмыстық қол сұғушылық үшін жауаптылық  Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 11 тарауында экологиялық қылмыстарда көзделген[30].

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175-бабында қарастырылған қылмыс затына ақшы қауылары мен атыс заттарын қоспағанда оқ ату қаруының барлық түрлері жатпайды. Бұл заттарды талан-тараждау қоғамдық қауіпсіздікте маңызды қауіп көрсетеді, оларды қолданып ауыр, аса ауыр қылмыс жасау мүмкіндігін туғызады. Бұл қылмыстың негізгі объектісі меншік емес, қоғамдық қауіпсіздік болып табылады, меншік қатынастары бұл жерле қосымша объекті ретінде көрініс табады. Сондықтан ол Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің «қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарң деп аталатын 9 тарауына енгізілген[31].

Осы негізге орай көрсетілген тарауға жеке қылмыс құрамы ретінде радиактивті материалдарды талан-тараждау[32] және «халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстарң деп аталатын 10 тарауға «Есірткі заттарды немесе жүйкегк әсер ететін заттарды талан-тараждағаның[33] үшін жауаптылық көзделген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 115-бабының мазмұнынан келіп мүлік түсінігі заттарда, ақшаны, шет ел валютасын, бағалы қағаздарды, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіленген  нәтижесін, фирмалық атауды, тауарлық белгіні, мүліктік құқықтың жекеленген бұйымдарының басқа да құралдарын және басқа  мүліктерді қамтиды.  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 115-бабына сәйкес ұрлықтың заты қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер болуы мүмкін. Соңғысына ьақша учаскесінен талан-таражға ұшыраған көп жылдық екпелер жатады.

ұрлықтың затына:

  • бөлінбейтін мүліктер, яғни шаруашылық мақсатын өзгертусіз бөлінуі мүмкін емес немесе заң ережелерінің күшімен бөлінуге жатпайтын мүліктер (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 120-бабы). Сонымен бірге бөлінетін мүліктер- бұл бөлікке бөлгенде өзінің мақсатын жоғалтпайтын мүліктер.
  • күрделі, заттар, біртұтас бүтінді құрайтын, белгілі мәнді байланыс мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін заттар (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 121-бабы). Қиын заттарға кітапхана, кәсіпорын т. б жатады.
  • Заң негізінде мүлікті пайдалану жолымен алған тұлғаның кірістері, өнімдері және тұқымдары (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 123-бабы).
  • Жануарлар.
  • Ақша (валюта). Біздің елімізде ақша бірлігі теңге болып табылады. Қазақстан Республикасында шет ел валютасымен есеп айырудың жағдайы мен тәртібі Қазақстан Республикасының Заңымен блгіленеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 127-бабы).
  • Валюталық құндылықтар. Валюталық құндылық ретінде танылатын мүлік түрі және онымен мәміле жасау тәртібі заң актілерімен белгіленеді.
  • Бағалы қағаздар. Бағалы қағаздарға облигация, коносамент акция және заң акиілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен бағалы қағаздар бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар жатады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 130-бабы). Сот тәжірибесі талан-тараж затына азаматтық кодекс бағалы қағаз деп танылмайтын, оны иеленушінің берілген мүлікке не қызметке, не жұмысқа белгілі мүліктік құқығын куәландыратын сурагаттық бағалы қағаздарды да жатқызған. Мұндай қағазға мүлікті алуға тікелей құқық беретін нарықтық немесе біртұтас мемлекеттік қордың жанар жағар материалдарының талондары абономент кітапшалары, көліктік қызметке ақы төлегендігін куәландыратын құжат ретінде қарастырылатын метрода немесе қоғамдық көлікке жүруге құқық беретін жол жүру билеттері және лоторея билеттері жатады[34].

   Азаматтық заңда құжатталған және құжатталмаған бағалы қағаздар ажыратылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 135-бабы). Құжатталмаған бағалы қағазға бекітілген құқық электрондық есептеу техникасы құралдарының көмегімен магниттаспада жазылады. Тәжірибе көрсеткендей шет елде де олар ұрлықтың затына жатқызылады. Мұндай талан-тараж компьютерлік техниканы қолданумен, соның ішінде компьютерлік желіге заңсыз жолмен кірумен жүзеге асады.

Құндылыққа ие емес мүліктік сипаттағы мысалы: өсиет, сенімхат, сақтандыру полистері, әуе, су, темір жол көліктерінде жол жүру билеттерінде, яғни қосымша белгілер (мәтін жазу, мөр басу, компьютерлеу) енгізілгеннен кейін ғана пайдалану мақсатына ие болатын құжаттар және мгимитациялық белгілер (сақтау орнының жетоны, гардероб нөміршесі) бағалы қағаз болып табылмайды.

Мұндай заттарда талан-тараждау әр түрлі қылмыстық құқықтық бағалануы мүмкін. Ол меншікке қарсы қылмыстар жасауға дайындық болып табылуы мүмкін.

Азаматтардың жеке құжаттарын, төлқұжатын оқу орнын бітіргендегі туралы дипломын, кәсіпорынның мөрін, штампысын, бланкілерін талан-тараждау меншік қатынастарын бұзбайды. Сондықтан заң шығарушы бұл заттарды талан-тараждауды басқару тәртібіне қарсы қылмыстар қатарына жатқызған (Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 14 тарауы)[35].     

Мүлік ортақ меншікте бірнеше тұлғаның иелігінде болуы мүмкін. Ортақ бірлескен меншікті құрайтын мүлікті, оның иесінің біреуі қалған басқа тұлғалардың мүддесіне зиян келтіре отырып, өз бетімен пайдаланса, ол тұлғаға мүлік бөтен болмағандықтанұрлықтың заты ретінде танылмайды.

Сонымен бірге қылмыс жасалған кезде ұрланған мүлік басқа адамның заңсыз иелігінде болған жағдайда да (мысалы, оны ұрлаған адамда болғанда) айыптының әрекеттері бөтеннің мүлкін талан-тараждау ретінде сараланады[36].осыған орай қылмыстың объектісі болып мншіктің әр түрлі формасында көрініс тапқан меншік қатынастары табылады. Ал ұрлықтың заты адам еңбегінің нәтижесінде жасалған ұрлаушы үшін бөтен болып табылатын мүлік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3  Ұрлықтың объективтік жағы

 

Ұрлық өзінің объективтік белгісіне орай мүлікті меншік иесінің иелігінен немесе қорғауға берілген тұлғаның қол астынан құқыққа қайшы күш қолданусыз жасырын алуда көрініс табады. Ұрлық ұрының меншік иесінің билігінен бөтен мүлікті алудың белгілі тәсілімен әрекетпен ғана жүзеге асырылады, ұрлық әрекетсіздікпен жасалмайды.

Осыған орай ұрлықтың объективтік жағын әрекет, зардап және әрекет пен зардаптың арасындағы тікелей себепті байланыс деп көрсетуге болады.

Талан-тараждың ерекше нысаны ретінде ұрлықты бөліп көрсететін маңызды белгі мүлікті алудың жасырын тәсілі болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175-бабы ұрлықты «бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауң деп көрсеткенде осыған көңіл аударған.

Ұрлық әр түрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін:

  1. бұзудың әр түрлі нысаны.
  2. төбе жапқыларын бұзудың, терезедегі әйнекті сындыру жолымен .
  3. жапқыш құрылғыға ашу құралын таңдаумен.
  4. қалтаға түсіп ұрлау.
  5. еркін жету деп аталатын.

Жасырын деп белгісіз, тығылып жасалатын талан-тараж танылады. Бұл ұрлау иелігіндегі қорғауындағы немесе қарауындағы мүлік бар тұлғаға білінбеуі қажет. Мысалы ұры тұрғын жайға кіріп онан мүлікті ұрлағанда күзетінің қорғауындағы басқа объектіні қарауға кеткенін пайдаланып не тұлғаның ұқыпсыздығын пайдаланып автобуста оның қалтасынан әмиянын ұрлап алады.

ұрлау жағдайында үшінші тұлға деп аталатын бөтен адамдар қатысуы мүмкін. Олар дүкендегі сатып алушылар, қойма жанынан өтіп бара жатқан азамат болуы мүмкін. Бұл тұлғалар мүлікті қарауға немесе қорғауға ешқандай қызметтік не шарттық міндетті емес Заң әдебиетіндегі үшінші тұлға раш туралы белгілі пікір бірден қалыатасқан жоқ.

А. И. Санталов ұрлықтың болуы туралы сұрақты шешу үшін үшінші тұлғаның қатысуының не қатыспауының ешқандай әсері жоқ деп санаған[37].

Бірақ үшінші тұлға -бұл көзбен көргендер яғни қажет жағдайда ұрыға талан-таражды жасағанда әсерін тигізетін, сол сияқты соңынан ұрлаушыны кінәлі ретінде тануға көмектесуі мүмкін. Осыған байланысты талан-тараж қылмыскер мүлікті үшінші тұлға үшін белгісіз тәсілмен алған жағдайда ғана жасырын болып табылады. Керісінше жағдайда ұрлық тонауға ауысады[38]. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі кінәлінің жасырын әрекет етуіне байланысты тұлғалардың шеңберін шектемеген.

Осының негізінде талан-тараж жәбірленуші мен басқа тұлғалар қылмыс болған жерде болғанымен кінәлінің құқыққа қайшы әрекетін сезбеуі керек. Сондықтан мысалы, көп адам болған жерде бөтен мүлікті иеленген тұлғаның әрекетін басқа адамдар оны мүліктің иесі деп ойлаған әрекет те ұрлық ретінде сараланады. Мұндай сенімді ұрының өзі, яғни сол мүліктің иесі сияқты етіп өзін ұстап қалыптастыруы керек. Егерде, адам автокөлікке еркін барып отырып айдап кетсе айналадағы адамдар оны ұры деп ойламай иесі екн деп ойлап қалады. Сондықтан бөтен автокөлікті, велосипедті мотоциклді көп адамның көзінше талан-тараждаса бұл әрекет Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175-бабымен сараланады.

Мүлікті автоматтандырылған сақтау қоймасынан талан-тараждау жасырын деп саналады. Сақтау қоймасының шифрын біліп алған ұрыны жанындағы адамдар зат алып жатқанда шифрды тек меншік иесі ғана біледі деген пікір қалыптасқандықтан байқамайды[39].   

Егер ұрыға басқа адамдар оның әрекетінің құқыққа қайшы екендігін білетіні мәлім болса, бұл факті талан-таражды ашық деп санап оны тонау ретінде саралауға негіз болады.

Жас ерекшелігіне, психикалық не басқа ауру жағдайына орай немесе ішімдікке мас болу салдарынан ештеңені білмейтін жағдайда екендігі кінәліге белгілі тұлғаның көзінше жасалған талан-таражды ұрлық ретінде қарастырамыз.

Жеке қарым-қатынасқа байланысты қылмысты жасауға кедергі келтірмейтіндігіне кінәлі сенімді болған тұлғаның көзінше жасалған талан-тараж жасырын болып табылады. Мұнда ұрлыққа қатысушының алдын ала білетіндігі ескеріліп тұлға ұрлықты жасауға қатысушы ретінде жауапқа тартылуы мүмкін. Заңгерлердің арасында жәбірленушінің бас киімін және қолындағы мүлкін кенеттен алып қашқан жағдайда, яғни бір уақытта кенеттен талан-тараждауды қалай саралау керек екендігі туралы ортақ пікір жоқ. Алғаш қарағанда мұндай талан-тараж барлық уақытта ашық жасалып Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 178-бабының құрамына сәйкестенеді. Бірақ мұндай пікір барлық уақытта кенеттен жасалған талан-таражда дұрыс болып табылмайды.

Талан-тараж мүлікті алу кезінде жәбірленушінің сезімімен бұл дерек қамтылмаса ғана жасырын болып саналады. Егерде мысалы жәбірленуші ұры әмиянды алып болып жасырынуға тырысқанда байқаса жасырын жасалған талан-тараж бұдан ашыққа айналмайды.

Жәбірленуші мүлікті өзінен алу аяқталғаннан кейін байқаған дерек талан-таражды ашық деп тануға әсер етпейді.

Айтылғандар кенеттен жасалған талан-тараж туралы сұрақты шешуге мүмкіндік береді. Басындағы бас киімді, қолындағы затты кенеттен тартып алу өткен оқиғаның мәнін жәбірленуші сезінбеген жағдайда, яғни өз затының жоғалғанын талан-тараж аяқталғаннан кейін байқаса ол ұрлық ретінде саралануы мүмкін.

С. және П. деген жасөспірімдердің әрекетін мысалға алатын болсақ, олардың әрекеті тонаудың емес ұрлықтың белгілерін көрсетті. Олар қақпаның артына тығылып отырып өтіп бара жатқан адамдардың бас киімдерін қолдарындағы құралмен сыпырып алып отырған, іс материалынан жасөспірімдердің бұл әрекетті кешкі уақытта жалғыз жолаушыларды құрбан етіп жасағандығы көрініп тұр. Жәбірленушілер кенеттен кездейсоқ болған әрекеттен біраз уақыт бойына болған оқиғаны, бас киімді кім және қалай алғанын байыптап айтып бере алмады[40].

Сонымен кенеттен болған талан-тараж ұрлық ретінде жасалған әрекет тәсілі мен жасалу жағдайы жәбірленушіге және басқа тұлғаға белгісіз болғанда қарастырылуы мүмкін.

Кінәлінің жасырын әрекет етуге ұмтылуы үлкен маңызға ие. Бұл белгі жасырын түсінігін анықтау үшін шешуші болып табылады, қылмыскер оның сезімімен және ниетімен қамтылған қылмыс үшін жауапты болады. Егер қылмыскер ұрлық жасап жатып жасырын әрекет етіп жатырмын деп ойласа бірақ оны қойма күзетшісі байқап тұрса, онда мұндай алу жасырын ретінде қарастырылады[41].

Ұрлықтың жасырын тәсілі -объективтік  жақтың қажетті белгісі. Сонымен А.А.Пионтковский қылмыс құрамының қатарында әрекет тәсілінің ерекшелігі объективтік жақтың қажетті белгісі ретінде танылады деп белгілеп мысалыға ұрлық құрамын келтірген[42].

В.Н.Кудрявцев объективтік жақтың белгілерін тұрақты және тұрақсыз деп бөле отырып ұрлықтың жасырын тәсілін тұрақты белгіге жатқызған[43].

Ұрлаушы әрекетін біреудің байқағанын біліпталан-таражды тоқтатса ол жасырын болып қала береді.

Мұндай әрекет ұрлыққа ққталу немесе ұры мүлікті иеленіп үлгерген болса аяқталған ұрлық құрамын құрайды.

Қылмыскер белгілі болып қалғанымен мүлікті алуды тоқтатпайтын жағдай болуы мүмкін. Мұндай ашық жасалған талан-тараж тонауды көрсетеді.жәбірленушіге күш қолдану егер ол талан-таражда мүлікті алудың құралы ретінде шықпаса талан-тараждың жасырын тәсілін өзгерте алмайды. Мысалы кек алу мақсатында бұзақылық ниетпен жәбірленушіге күш қолданып, соңынан кенеттен пайда болған ниетпен оның мүлкін талан-тараждауды жүзеге асырса, егер жәбірленуші жасалған талан-таражды қорқыныштан менсінбеген болса ол ұрлық ретінде сараланады. Мүлікті жасырын ұрлауды білдірмеу үшін жәбірленушінің көңілін аудару үшін күштеу қолданылса, бұл әрекет ұрлық ретінде сараланады[44].

Мүлікті бөтеннің иелігінен алып ұры меншік иесіне шығын келтіреді. Мұнда алынбаған пайда емес келтірілген жоқты шығын ұрлықтың нәтижесі ретінде материалдық зиян келеді. Соттардың ұрлықтан болған материалдық зиянның орнын дер кезінде толық толтыру түралы заң талаптарын қатаң орындауға тиіс[45].

Ұрлықтың объективтік жағының маңызды белгісін қылмыскердің ұрланатын мүлікке ешқандай құқықты иеленбей меншік иесінің иелігінен не сеніп тапсырылған басқа тұлғаның иелігінен алуы құрайды.

Ұрлықтың объективтік жағының қортындысы егер ұрлықтың аяқталу кезеңі туралы сұрақ түсіндірілмеген болса, толық емес болады.

 А. И. Санталов пен М. И. Якубович ұрлықты мүлікті меншік иесінің иелігінен алынған кезден бастап аяқталған деп санайды[46]. Олардың пікірі қате болып саналады, себебі, талан-таражды аяқталған деп ұры мүлікті алғаннан кейін емес оған иелік еткен кезден бастап аяқталған болып саналады. Мұндай жағдайда иелік ету болмаса талан-тараж объективтік және субъективтік тұрғыдан жоқ, ұрлаушының алдында әлі белгілі әрекеттер жасау тұр. Ұрлық үшін бөтен мүлікті бір ғана алу жеткіліксіз. Мұнымен қылмыскер жәбірленушінің мүлкін заңды иелігінен айырады, бірақ іс жүзінде оған иелік ете алмайды[47].

П.С.Матышевский мен Ю. М. Ткаченко ұрлықтың аяқталуын меншік иесінің мүлкімен иелік еткеннен бастап аяқталған деп санайды[48].

И.С.Пышкеевич ұрлықты мүлікке иелік еткен уақыттан бастап аяқталған деп санаса, ал А.К.Шидрина ұрлықтың аяқталу уақытын меншік иесінің мүлік шаруашылық және мақсаттың белгілеуіне орай пайдалануға мүмкіндігін жоғалтқан кезден бастап белгілеген49.

А.А.Пионтковский “ұрлықты мүлікті бөтеннің иелігінен алып”, “кінәлі иелігіне өткен уақыттан бастап аяқталған” деп санаған50.

Осылардың негізінде ұрлықты аяқталған деп айыптының мүлікті іс жүзінде иеленген кезінен емес сол мүлікке өз қалауымен билік ете алатын мүмкіндігі туған кезлен бастап санау керек.

Мұндай жағдайды иелену кінәлінің мүлікті жасыру, әкету, басқа тұлғаға беру сияқты алғашқы әрекеттерде жүзеге асыруын көрсетеді. Бұл кезеңді нақты анықтау үшін ұрлық жасалған мүліктің ерекшелік жағдайына, мүлікті иелену тәсілі және кінәлінің өз қарауы бойынша пайдалануды жүзеге асыру мүмкіндігінің бар болуына байланысты.

Ұрлықтың аяқталуы мүлікті алу кезеңінің байланыстыратын зерттеушілермен келісуге болмайды. Мүлікті алу ұрлық қылмысының аяқталған құрамын емес ұрлыққа оқталудың аяқталғандығын көрсетеді. Мысалы ақшаны сейфтен алып, қапқа салған ұры шығу алдында ұсталып қалса, ұрлыққа оқталу ретінде жауапкершілікке тартылады. Нақты жағдайда ұрыға ақшаны иеленуге байланысты ниеті толық орындалған жоқ.

Бұл жағдай кінәлінің барлық әрекетіне бұл сатыда талан-таражға қатысушылықты бейнелеуде құқықтық маңызға ие болады. Мысалы, күзет қызметкері талан-таражды жасаушы тұлғаға мүлікті әкетуге кедергілерді жою тәсілімен қасақана көмек көрсетуі мүмкін.

Сонымен бірге барлық жағдайда бірдей болмайды.

“Ұрлықтың аяқталу уақытын іс жүзінде ұрланатын мүліктің рыны мен оның қайда апарылатыны туралы ерекшелігіне байланысты анықталады” деген С. А. Фроловтың пікірімен келісу қажет51. Сонымен ұрлық егер сағат зауытында ұрлаушы зауытқа кірмей тұрып конвейерден сағатты алып өз киіміне жасырған кезден бастап аяқталған болып саналады. Ал ірі мүлікті ұрлаумен байланысты болса оны кәсіпорынның аумағынан алып кеткенде аяқталған болып табылады52.

Ұрының ұрланған мүлікпен өзіне қалдыру, тұтыну, жою, сыйлау, лақтырып тастауы саралауға әсер етпейді.

Қылмыстың объективтік жағына оның жасалуының орны мен уақыты жатады.

Мемлекеттік мүлікті ұрлау қалалық және ауылдық жерде бірдей жасалады, жеке мүлікті ұрлау ауылдық жерге қарағанда қалалық жерде көп жасалады. Бұл қалтаға түсушілердің       “жұмыс” орны қоғамдық көліктің көп болуы, халықтың көпшілігі, автокөлікиердің, әр түрлі дүкендердің, кәсіпорындардың, мекемелердің көп болуынан көрінеді.

Ұрлық күндіз 8-16 ға дейінгі уақытта (оның ішіндегі пәтердегі ұрлық) және кешкі уақытта жасалады.

Ұрлықты жасап отырып қылмыскер мүліктің меншік иесіне зиян келтіреді. Пмрмзиттік баю мақсатындағы бұл зиянның клтірілуі ұрлықтың материалдық нәтижесі болып табылады, кінәлінің әрекеті мен нәтижесінің арасында себепті байланыс болады.

Бұл байланыстың ерекшелігі әрекет пен нәтиже уақыт пен кеңістік бойынша бір бірінен бөлінбейді, яғни мүлікті алу мен оны иелену ұрлықтың аяқталған құрамының бар болуын көрсетеді. Осы ерекшелікке байланысты ұрлықта себепті байланыс туралы сұрақ өте сирек және дау туғызбайды53.

Сонымен ұрлықтың объективтік жағының ерекшелігі ретінде ұрының жасырын әрекет тәсілі меншік иесіне, мүлікті қорғауға байланысты иесіне ғана емес, сонымен бірге үшінші тұлғаға да байланысты.

Ұрлық ұрланған мүлікті иеленген кезден бастап аяқталған болып саналады.

Осы аяқталу уақытына орай ортақ мақсатқа жетуге бағытталған, ұқсаса қылмыстың қылмыстық әрекеттерден құралған жиынтығында бір қылмыс болып табылатын жалғаспалы талан-таражды, әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейтін ұсақ талан-тараждан ажырату керек. Бұл әрекет сырттай қарағанда ұсақ талан-тараж ретінде көрініс тапқанымен, ол бір қылмысты жасауға бағытталған бірнеше қылмыстық әрекеттен құралып, яғни белгілі бір ұсақ бөлшектерді ұрлау жолымен, талан-тараж затына қол сұғушылық келтіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

субъектісі

 

Қылмыстық құқықта қылмыстың субъектісі бұл қоғамға қауіпті әрекетті жасаған, және заңға сәйкес ол үшін қылмыстық жауаптылықта болатын. Қылмыстық жауаптылық қабілеттілігі субъектінің өзіне тән белгілерінің, яғни есі дұрыстығы, қылмыстық жауаптылық жасына жетумен сипатталады.

Бұл қылмыстың жалпы субъектісінің ғылыми түсінігін құрайтын қылмыстың барлық субъектісіне тән маңызды белгілер.

Кейбір жағдайларда субъекті негізгі белгіге қоса нақты қылмысты ерекшелейтін қосымша белгілерге ие болады. Мұндай субъекті арнайы деп аталады. Арнайы субъектінің түсінігі заңда белгіленбеген, ол қылмыстық құқық теориясында жасақталған.

Қазіргі заңға сәйкес (Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 15-бабы) қылмыстық жауаптылыққа қылмыс жасаған сәтте 16 жасқа толған тұлға тартылады. Осы баптың екінші бөлігінде жауаптылық 14 жастан белгіленетін қылмыстардың тізімі берілген. Ол тізімге ұрлық та жатады. Сондықтан да ұрлықтың субъектісі 14 жастан жауаптылыққа тартылады.

Заңда көрсетілген жасқа жету тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартудың қажетті шарттарының бірі: Заңда қылмыстық жауаптылықтың төменгі мөлшерін белгілеу қажеттілігі тұлғаның өз әрекетіне есеп беру және оған басшылық ету қабілеттілігімен тығыз байланысты. әрекетінің қауіптілгін сезінбейтін жасөспірімді жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.

Қылмыстық жауаптылық жасы заңда мәжбүрлеп белгіленбейді. Бәрінен бұрын жас туралы жалпы және жастық психология мен педагогиканың, физиологияның деректері қалыпты дамыған. Жасөспірімде жоғарыда көрсетілген қабілеттіліктің қалыптасуы ескеріледі. Мемлекет құқықтық мән беретін көптеген біреудің ала жібін аттама, біреуді ренжітпе деген сияқты тиымдарды баланың кішкентай кезінен құлағына құйып өсіреді.

Сонымен тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін оның құқықтық танымының белгілі деңгейі өз әрекетінің фактілік жағын ғана емес, әлеуметтік маңызын бағалау қабілеттілігінің болуы талап етіледі.

Қылмыстық жауаптылық белгіленген жасқа тұлғада қылмыстық жазаның дұрыс қабылдау қабілеттілігінің бар болуынан көрінеді54.

Кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлғалар қылмыс жасаған уақытта олардың жасы яғни туған жылы, айы, күні тура анықталуы керек. Негізінен жасы құжатпен белгіленеді. Адам белгілі бір жас мерзіміне толған болып, ресми белгіленген туылған күнінің, келесі тәулігінен бастап есептеледі. Кәмілеттік жасқа толмаған жеке тұлғаның жасы белгісіз жағдайда сот дәрігерлік сараптамамен анықталады. Мұндай жағдайда кінәлінің туылған күні болып сараптамамен белгіленген жылдың соңғы күні тағайындалады. Сараптама жүргізу барысында ең төменгі және ең жоғарғы мөлшердегі жас шамасы белгіленсе, ең төменгі жасы алынады55.

Қылмыстың субъектісінің міндетті белгісінің бірі, оның есі дұрыстығы болып табылады.

Есі дұрыстық бұл адамның қоғамға қауіпті әрекетті жасағанда қылмыс субъектісі деп танылуға қажетті бөлінбес ерекшелігі. Бұл мағынада есі дұрыстық қылмыс субъектісін бейнелейтін құқықтық түсінік.

Қылмыстық заң есі дұрыстықтың анықтамасын бермейді. Есі дұрыстық түсінігі заңда анықтама берілген есі дұрыс еместіктің түсінігінен келіп шығуы делінген.

Қылмыстық құқық теориясында есі дұрыстық дегеніміз тұлғаның қылмысты жасаған уақытта өз әрекетін қоғамға қауіптілігін сезініп және оған жетекшілік ететін қабілеттілігі деген түсінік берген. Осы қабілеттілікке байланысты қылмыстық құқықта есі дұрыстықтың заңдық және медициналық белгісін көрсетуге болады.

Есі дұрыстықтың заңдық белгісі туралы әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезініп оған жетекшілік ету қабілеттілігін көрсетеді. Мұндай қабілеттіліктің болмауы заңда есі дұрыс еместіктің белгісін көрсетеді. Есі дұрыстықтың бұл белгісі үш кезеңнен: интелектуалдық, еріктік және эмоционалдық кезеңнен тұрады.

Есі дұрыстықтың заңдық белгісінің интеллектуалдық кезеңі тұлғаның қылмысты жасаған уақытта оның әрекеті мен зардабының қоғамға қауіптілігін сезіну қабілетін көрсетеді.

Есі дұрыстықтың заңды белгісінің еріктілік кезеңі- тұлғаның қылмысты жасаған уақытта өз әрекетіне (әрекетсіздігіне) жетекшілік етуі, адамның өзінің түсінігіне, сеніміне тілегіне сәйкес әрекет ету қабілеттілігін білдіреді.

Заңдық белгінің эмоцомналдық кезеңі есі дұрыстың формуласына кірмейді, ол тек есі дұрыстықты белгілегенде ескерілуі тиіс (мысалы, потологиялық аффекті сияқты қоздыру жағдайында).

Есі дұрыстықтың заңдық белгісінің маңызы, ол тұлғаның кінәлі (қасақана немесе абайсызда) әрекет етуінің көрсеткіші болып табылады.

Есі дұрыстықтың медициналық белгісі қылмысты жасаған уақытта тұлғаның психикалық денінің саулығын, және өз әрекетіне (әрекетсіздігіне) есеп беріп, басшылық ету қабілеттілігімен бірге психикалық қызметінің даму деңгейін бейнелейді.

Есі дұрыстықтың медициналық белгісі бір қатар ерекшеліктерге ие. Біріншіден бұл белгі   қылмыстық заңда көрсетілмеген, екіншіден есі дұрыс еместіктің медициналық белгісіне қарағанда көлемі мен мазмұны жағынан оның шеңбері өте кең. Бұл оның адам психикасының қауіпті жағдайына ғана емес қылмысты жасаған уақытта тұлғаның әрекетінің қоғамға қауіптілігін жетекшілік ету қабілеттілігін жоққа шығармайтын психикалық аномалияның түсіндіріледі. Сондықтан да есі дұрыс деп психикалық дені сау субъект және есі дұрыс еместіктің медициналық белгісіне жатпайтын психикалық аномалияда танылады.

Соңғы кезде заң әдебиетінде есі дұрыстық үш белгінің заңдық психологиялық және медициналық белгінің болуымен құрылатындығы тралы көзқарас қалыптасқан. Мұнда а) заңды белгі “қылмыстың нақты тұлғаның жасалу фактісін” б) психологиялық белгі “тұлғаның белгілі психикалық жағдайының өз әрекетіне есеп беру және жетекшілік ету қабілетімен ұштасуын”, в) медициналық белгі “тұлғаның психикалық денінің саулығын ” білдіруін қамтыған56.

Есі дұрыстық құқықтық түсінік ретінде кінәмен тығыз байланысты, яғни есі дұрыстық адамның кінәсін белгілеу үшін қажетті алғышарт болып табылады.

Кейбір заң әдебиеттеріндегідей есі дұрыстықты кінә негізі деп санауға болмайды. Ол тек онсыз адамға кінә туралы сұрақ қойылуы мүмкін емес қажетті алғышарт.

Адамның есі дұрыстығын белгілеу үшін оның жасаған әрекетке кінәлі не кінәсіз екендігі анықталады57. Соған сәйкес ұрлықтың субъектісі 14 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5. Ұрлықтың субъективтік жағы

 

Субъективтік жағынан ұрлық тек қасақаналық әрекеттен көрініс табады, бөтеннің мүлкін абайсызда иелену ұрлық құрамын құрамайды. Ұрлықты жасаушы ибөтеннің мүлкін жасырып ұрлап жатқанын сезінеді, қоғамға қауіпті зардаптың туындайтынын алдын ала біледі және сол меншікке зиян келуін тілейді. Ұрлық бұрын ойластырылған не кенеттен пайда болуы мүмкін тек тікелей ниетпен жасалады.

Ниет ұрлықта ұрланатын мүлік ұры үшін бөтен болуын сезгендігін көрсетеді. Ұрының ұрлықтық затының қасиеті жөнінен қателесуі қылмысты саралауға әсер етпейді. Мысалыға, ұры теледидар ұрлау үшін дүкенге кіріп оның жоқ болуы салдарынан магнитофон   ұрлауын келтіруге болады.

Субъективтік жақтың мәнді ережесі ұрлықты саралаушы құрамына айналдыратын жағдайлар кінәға, егерде кінәлінің ойымен қамтылса ғана әсер етуі мүмкін. Айтылған ереженің маңыздылығы ұрының сезінуінің бар болуында ғана саралау нәтижесінде қателіктен қашудан көрінеді.

Азаматтың паспортын немесе басқа маңызды құжатын иелену жағдайында ұрының ұрының ниеті материалдық құндылықтарды ұрлауға бағытталған болса, әрекетті ұрлық деп саралайды, қосымша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі 324-бабымен саралауды қажет етпейді.

Егер ұрының ниеті осындай құжаттарды ұрлауға бағытталып бірақ жәбірленушінің материалдық құндылықтарын иеленсе барлық жасалған әрекет Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі 324-бабының 2 бөлігі мен 177-бабының сәйкес бабымен қосып сараланады.

ұрлықтың маңызды бөлігі қылмысқа мұқият дайындықсыз жасалады, шамамен қылмысты жасаудың жағдайының 35 % дайындықпен жасалады. Қалған ұрлықта оны жасаудың ниеті кездейсоқ пайда болудан ерекшеленеді.

Осыған орай меншік иесінің мүлкін ұрлауда ұрыда жеке баю немесе үшінші тұлғаны байыту мақсатының мүлікті заңсыз, қайтарымсыз алуға бағытталған тікелей ниеттің бар болуынан көрініс табады. Мұнда кінәлі бөтен мүлікті заңсыз, қайтарымсыз алып жатқанын ұғынады, өз әрекетінен қоғамға қауіпті зардаптың келетінін алдын ала біледі, және бұл зардаптың болуын тілейді.

ұрлықтың субъективтік жағының мазмұнына мотив пен мақсат кіреді. Заңдылық анықтамада мотив пен мақсат туралы айтылмайды. Бірақ заң әдебиетінде ұрлықтың мотиві мен мақсаты туралы көптеген авторлар айтқан. В. И. Сантолов мүлікті ұрлау “пайдакүнемдік мақсатта яғни материалдық табыс, пайда алу мақсатында, өз меншігіне айналдыру мақсатында жасалады” деп көрсеткен.

ұрлықтың мақсаты- меншік иесінің мүлкіне өз меншігі сияқты билік ету болып табылады. Ұры басшылық ететін сезімін ояту деп түсінілетін ұрлықтың мотивін анықтауда келіспеушілік жоқ. П. С. Матышевский   мен Б. А. Викторов ұрлық пайдакүнемдік мотивте заңсыз баюды тілеп жасплады деген58.

Көптеген авторлар ұрлықтың мақсатын оның мотиві сияқты пайдакүнемдік болатыны туралы пікір айтқан. Бұл кездейсоқтық емес тек ұрлықтың ғана емес талан-тараждың да мотиві мен мақсаты пайдакүнемдік болып табылады. Ұрлықтың мотиві мен мақсатының бағыты мен ерекшелігі сәйкес келеді. Сондықтан арнайы әдебиетте ұрлықтың пайдакүнемдік мотиві сияқты пайдакүнемдік мақсаты да белгіленген. Пайдакүнемдік мақсат болмаса ұрлық құрамы болмайды.

Т. Л. Сергеева ұрлықта пайдакүнемдік мақсаттың міндеттілігін жоққа шығарушыларға талан-таражда кінәлінің пайдакүнемдігі барлық жағдайда жеке мүліктік пайда мен материалдық табыс тартуды білдірмейді, қылмыскердің әрекеті нәтижесінде материалдық пайданы басқа тұлғалардың да көруі орын алатындығын көрсеткен59.

қылмыскер ұрланған мүлікпен өз мүлігі ретінде    пайдалануға не басқа тұлғаға беруге мақсат қояды. Ұры ұрланған мүлікті басқа тұлғаға сыйлағанда да бөтен мүлікті өз меншігіндей көріп пайдакүнемдік мақсатты көздейді. Мүлікті заңсыз иемденуде пайдакүнемдік мақсаттың болмауы ұрлық үшін жауаптылыққа әкелмейді. Мұндай жағдайда мысалы, өзінше билік еткені үшін жауаптылық қарастырылуы мүмкін60. Пайдакүнемдік мақсатсыз автомобильді заңсыз иелену ұрлық құрамын көрсетпейді. Мұндай жағдайда қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 185-бабы бойынша көзделуі мүмкін.

Көлік құралдарын, мүлкін, онда орналасқан мүлікті (радиоприемник, магнитафон, кассета және т. б) немесе көлік құралының өзінің бөлігін алу мақсатында заңсыз иеленуді қылмыстардың жиынтығы бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 175 және 185-бабымен қосып саралаймыз.

Пайдакүнемдік мақсаттың ұрлық қатысушысының әрқайсысының жеке әрекеті емес ұрлықтың белгісі екендігін белгілеу қажет. Талан-тараждың кейбір қатысушылары пайдакүнемдік мақсатсыз әрекет етуі мүмкін, бірақ егер олар басқа қатысушыларының пайдакүнемдік мақсатын жүзеге асыру үшін әрекет еткенін сезінген болса жауаптылықтан босатылмайды. Талан-таражда пайдакүнемдік мақсаттың болмауы оны ұрлық ретінде саралауға құқық бермейді. Мысалы бақтан алма, бақшадан жеміс- жидек ұрлайтын кәмілетке толмағандар жиі кездеседі. Бірақ талан-тараж бұл жерде пайдакүнемдік мотивтен емес қызығушылықтан жасалады.

Субъективтік жақ оны жасаудың тәсілін де бейнелейді. Ұрлаушы жасырын жәбірленушіге де басқа тұлғаға да көрсетпей, білдірмей әрекет еттім деп санайды. Тек осы субъективтік кезеңде ескеріп жасалған әрекет әрекеттің жасырын тәсілімен ерекшеленеді деп бекітуге болады. Осыған орай ұрлықтың субъективтік жағына кінә, мақсат және мотив кіреді. Ұрлық деп мүлікті иеленуде тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыскер ұрлықты жасағанда арнайы мақсатқа бөтеннің мүлкін өз меншігіне айналдыру мақсатына ие болады. Ұрлық пайдакүнемдік мотивпен заңсыз баюды тілеумен жасалады.

 

 

 

1.6. Ұрлықтың сараланған құрамдары

 

Қылмыстық құқық ғылымында және құқық қолдану тәжірибесінде жасалған қылмыстық әрекетті сараланушы немесе ерекше сараланушы түрлерге жатқызып кінәлінің әрекетін саралауға әсер ететін қылмыс құрамының сараланушы белгілері бар.

Кінәлі жасаған әрекетінде сараланушы белгінің бар екенін сезінген жағдайда қылмыс сараланған болып танылуы мүмкін61.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 175-бабы ұрлықтың сараланушы белгілерінің екі тобын көрсеткен:

  • адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе бірнеше рет, немесе тұрғын қызметтік не өндірістік үй жайға, қоймаға заңсыз кірумен жасалынған ұрлық62 ;
  • ұйымдасқан топ немесе талан-тараж не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан көп рет сотталған адам жасаған ұрлық63 .

Кінәлімен жасалған ұрлық бір уақытта бірнеше сараланушы белгілерді қамтуы мүмкін. Мұндай жағдайда әрекетті саралау сараланушы белгілердің қауіптілігі жоғарысының есебінде негізделуі керек. Заң ұрлық нысанындағы меншікке қарсы қылмыстың қауіптілігін жоғарылататын алғашқы сараланушы белгі ретінде адамдар тобының алдын ала сөз байласып жасауын таныған.

Ұрлықты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша сараланушы белгіде жасаған деп тану үшін біріншіден оның екі немесе одан да көп тұлғамен жасалғанын, екіншіден олардың арасында бірлесіп қылмыс жасауға алдын ала келісім болғанын анықтау қажет64 .

Топ-бұл  қылмыстық әрекетті бірлесіп жасауға бір уақытта қатысушы екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлестігі. Мұндай пікір ұрлыққа жай қатысушылықты емес, адамдар тобының бірлесіп жасауын, яғни топ қатысушылары мен ұрлықтың объективтік жағының элементтерінен құралатын әрекеттерді орындауды көрсететін заңға негізделген. “Бөтеннің мүлкін талан-тараждауды саралаудың кейбір мәселелері туралы” 1996 жылғы 25 шілдедегі қаулыда адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған талан-тараж деп, қылмысты жасауға алдын ала бірлесіп келіскен және оны жүзеге асыруға бірлесіп қатысқан, екі немесе одан да көп тұлғалардың қатысып жасаған әрекетті түсіну көрсетілген65. Осыған орай қылмыстық жолмен қол жеткізген мүлікті алу талан-таражға айдап салумен байланысты болған жағдайда кінәлінің әрекетін қылмысқа тең қатысушылық ретінде саралау керек. Сондықтан да топ деп сараланушы белгі ретінде ұрлық құрамын бейнелейтін әрекетті бірлесіп орындаушы екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлестігін түсіну қажет. Басқаша айтқанда тең қатысушылар арасындағы байланыс нысаны қоса орындаушылық болып табылады. Алдын ала келісім нәтижесінде барлық кінәлілер бірлесіп ұрлық жасауда олардың әрқайсысы мүлікті иелену актісінде басқалармен бірдей қатысу міндетіне келіседі. Ал қоса орындаушылықта барлық тең қатысушылар ортақ қылмыстық көңілмен қылмыстық топқа бірігіп, олардың әрбіреуі қылмыстың толық құрамы емес оның бөліктерін ғана орындайды, яғни олардың әрекеттерінің жиынтығы толық бір қылмысты құрайды.

Әдебиетте талан-таражды адамдар тобының жасауы түсінігіне бірнеше рет басқа пікірлер айтылған: бірқатар авторлар (Н. С. Гагарин66, А. А. Пинаев) топқа қоса қоса орындаушыларды ғана емес өзінің әрекетін орындауға уәделескен кез келген қатысушыларды да кіргізген67.   

Егер мұндай пікірмен келіссек, онда алдын ала сөз байланысын жасауды сараланушы белгі ретінде қарастыратын меншікке қарсы және басқа да қылмыстарда  қатысушылық институты өзінің қызметі мен маңызын жоғалтатындығы туралы қортынды жасауға болады, яғни кез келген тең қатысушымен жасалған қылмыс араларында алдын ала келісім болған әрбір әрекетті топтық ретінде қарастыруға әкеп соғады. Бұл бағыттың қолданбаушылығы заңға негізделмеу ретінде көрініс табады68.

 Талан-таражды жасауда адамдар тобын сараланушы белгі ретінде тану үшін, оған екі немесе олдан да көп адамдардың қатысуын, яғни сандық белгісін ғана емес, ұрлықты бірлесіп жасауға олардың арасында алдын ала келісімінің яғни сапалық белгісінің болуы қажет.

ұрлықты жасауда дайындық сатысында жасалған келісім алдын ала болып саналады. Қылмыскерлер арасында алдын ала келісімнің бар болуы топ қатысушыларына басқа қатысушылардың көмегін пайдалана отырып қылмыстық жоспарлардың сәтті жүзеге асуына сенімділігін арттыратын бірлескен талан-тараждың қоғамға қауіптілігін арттырады.

Егер талан-тараж қылмысы түрі қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа толмаған немесе есі дұрыс емес деп танылған адаммен бірлесіп жасалса, ондай талан-таражды бір топ адам жасаған деп санауға болмайды. Бұл жағдайда қылмыс субъектісі деп танылған адам ұрлыққа қатысу түріне қарамастан, қылмысты орындаушы деп танылуға оған қоса қолда бар негіздерге сәйкес, оның әрекеттері, қылмыстық әрекетте кәмелетке толмаған адамды тартқаны үшін қосымша саралануы тиіс.

Талан-таражды саралаған кезде бір топ адам жасаған ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған ұрлықтан ажырата білген жөн.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын тұрақты топ жатады деп түсіну керек.

қылмыстық қауымдастыққа бір басшылықпен қылмыстық әрекет жасаумен айналысу үшін құрылған құрылымдық бірігулер жатады деп түсіну керек. Оның ұйымдасқан қылмыстық топтан бір айырмашылығы сол, қылмыстық қауымдастық құрылымында екі немесе одан да көп қылмыстық топ болады.

Алдын ала сөз байласқан адамдар тобынан ұйымдасқан қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастықтың негізгі айырмашылығы- олар  ұйымдасқан және тұрақты келеді69.     

ұрлықтың келесі сараланушы белгісіне бірнеше рет жасау белгісін жатқызған. Тұлғаның меншік иесінің мүлкін талан-тараждауды бірнеше рет жасауы қылмыскер тұлғасының және жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоғарылатушы мән жай болып табылады.

қылмыстың заңға сәйкес жалпы және арнайы бірнеше рет жасалған болып бөлінеді. Жалпы бірнеше рет жасалуда тұлғамен қоғамға қауіптілік дәрежесі және ерекшелігіне қарамастан кез келген екі немесе одан да көп қылмысты жасауы танылады.

Мұндай бірнеше рет жасалу қылмысты сараланушы белгі ретінде саралауға әсер етпейді.

Арнайы бірнеше рет жасалу тұлғаның екі немесе одан да көп ұқсас және бір түрлі қылмыстарды жасауынан көрінеді. Осыған орай қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 3 тармағына сәйкес бірнеше рет жасалған қылмыс деп 175-181 баптардағы және 248, 255, 260 баптарда көзднлген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады70.

Бірнеше рет жасалған деп нінәлінің қылмыстық әрекетінің әрбіреуі жеке қылмыс құрамының белгілерін көрсететін, және бір бірінен кейін бірнеше уақыи өткізіп жасалатын әрекеттер танылады. Бұдан да басқа әрбір жаңа қылмысты жасағанда субъектіде жеке ниет пайда болуы керек. Нақты осы дерек кінәлінің жаңа талан-таражды  бірнеше рет қайтадан жасауға келісімі оның әрекеті мен өзінің тұлғасының қоғамға қауіптілігін жоғарылатады.

ғылымда және тәжірибеде созылмалы қылмыс деп аталатын әрекетті бірнеше рет жасалған талан-тараж деп тануға жол берілмейді. Осыған орай созылмалы қылмысқа 4 негізгі белгінің: объектінің біртұтастығы, әрекеттердің ұқсастығы, жалғыз ниет пен ортақ мақсаттың бар болуы тән.

Егер кінәлінің қылмыстық кодекстің 69-бабына сәйкес ескіру мерзімінің өтуіне және қылмыстық кодекстің 76-бабына сәйкес рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатылып, бұрынғы жасаған қылмысы үшін соттылығы алынып тасталған болса бірнеше рет жасалған деп сараланбайды.

Заң қылмыс деп аяқталған әрекетпен қатар аяқталмаған әрекетті де таныған. Сондвқтан бірнеше реттік белгісі оны жасауға дайындалу және оқталу фактісінде де болуы мүмкін.

ұрлықтың үшінші бір сараланушы белгісіне тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға  қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық жатады.

 Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз енумен жасалған ұрлықтың қоғамға қауіптілігі сонда, ұры кедергілерді бұзып өтіп мүлікке жету үшін белгілі бір қиындықтарды жеңеді, төбені, қабырғаны немесе есікті бұзады, жәбірленушінің өз мүлкін сақтау үшін алдын ала қарастырған шараларын жоққа шығарады, өз мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді. Басқаша айтқанда мүлік сақталған орында ұрлықты жасау үшін, ұрыға, қоймаға, тұрғын үй-жайға, сақтау орнына енуге мүмкіндік алу үшін қосымша күштер жұмсамайды71

үй-жай дегеніміз негізгі мағынасында кез келген сыртқы ортадан жекелеген жабық, белгілі ішкі құрылысымен сәйкес жабдықталған ғимарат, құрылыс, құрылымды айтамыз.

үй-жай белгілі қоғамдық пайдалы қызметтерді  орындау үшін өндірістік (өндірістік кәсіпорын, тұрмыстық не коммуналдық қызмет көрсететін сауда мекемелері), тауарлық материалдық құндылықтарды сақтау үшін арнайы тағайындалған (қойма, сауда базасы) болуы мүмкін. Үй-жай сонымен қатар мәдени іс шараларды өткізу үшін (кинотеатр, клуб, музей) немесе арнайы адамдарды орналастыру мақсатында тағайындалған (жатақхана, қонақ үй) болады.

үй-жай деп орнықты және жылжымалы құрылыстар (дүңгіршектер) де саналады.

қойма дегеніміз материалдық құндылықтарды тұрақты немесе уақытша сақтауға арналған арнаулы орындар. Бұл жерде мүлікке жету үшін құндылықтар туғызатын қоймалар жөнінде айтылады. Олар атап айтқанда қамбалар, арнайы жабдықталған автомашиналар, жүгінен күзетте тұрған темір жол платформалары, материалдық құндылықтарды сақтауға арналған, қоршалған немес қоршалмаған күзеттегі алаңдар жатады. Қойма заттар сақтау үшін арнайы тұрғызылған, қолдан жасалған болуы тиіс. өзінше табиғи жолмен пайда болған қоршаулар, яғни мүлік жатқан шатқал, затты жасырып қойған мұз ойындысы қойма түсінігін бермейді.

Ену дегеніміз- ешқандай құқығы болмаса да тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға не қоймаға, онда жұмыс істейтін немесе заңды негізде тұрған (сатушылардың, күзетшілердің) және т. б адамдардың рұқсатынсыз немесе олардың еркімен санаспай заңсыз басып кіру не өтіп кету.

Тұрғын үй-жайда жасалған барлық ұрлықты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 175 баптың 2 бөлімімен саралауға және қылмыскердің үй-жайда болуын барлық уақытта ену деп санауға болмайды. Мысалы жәбірленушіге шақырылған қонақпен жасалған ұрлық, егер де қылмысты жасау ниеті үйге енгеннен кейін пайда болған болса Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 175-бабының 2 бөлігі бойынша сараланбайды.

Г. Н. Борзенков «Ену түсінігі барлық уақытта тұлғаның тұрғын үй-жайдың ішінде болуын білдірмейді, ол үй иесінің келісімінсіз бөтен мүлікті талан-тараждау мақсатында үй жайға кіруді білдіреді. Егер тұлға үй-жайға еркін кіруге ие болса (жанұя мүшесі ретінде немесе тұрғын ретінде) немесе онда үй иесінің келісімімен (қонаққа келу, жөндеу жұмыстарын жасау мақсатында) кіруге мүмкіндік алсаонда мұндай жағдайда жасалған тұрғын үй-жайдағы талан-тараж бұл қылмыстың саралаушы белгісін құрамайды”,- деп жазған72.

Мүлікті талан-тараждау мақсатында үй-жайға не қоймаға алдап кіргенде айыпты әр түрлі айла тәсілдерге жүгініп мүлікке билік ететін немесе оны күзететін адамдарды алдау арқылы ондағы мүлікке баруға мүмкіндік алады.

Мүлікті талан-тараждау мақсатында айыпты үй-жай не қойма жабылғанда, ескертусіз ішінде қалып қойса да алдап кіргендікке жатады.

Ену құралы алдау болған мұндай тұрғын үй-жайдағы жеке адам мүлкін талан-тараждау Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 175-бабының 2 бөлігі бойынша жауаптылықты көздейді.

ұрлықтың ерекше сараланушы белгісінің бірі ұйымдасқан топ жасаған ұрлық болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі “Бөтеннің мүлкін талан-тараждауды саралаудың кейбір мәселелері туралы”  қаулысында ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын тұрақты топ жатадың- деп түсінік берген. Ұйымдасқан топтың белгісі ол ұйымдасқан және тұрақты болып келеді.

қылмыстық топтың ұйымдасқандығы мен тұрақтылығын олардың құрамы мен ұйымдық құрылымының қалыптылығы, олардың мүшелерінің топтасқандығы топтық тәртіпке және ұйымдастырушы мен жетекшінің талаптарына бағыныштылығы, қылмыстық әрекеттерінің түрі мен тәсілдерінің ұқсастығы, қылмысты жоспарлау мен оған жан-жақты даярлық жасауы, қатысушылар арасындағы ролдерді бөлісу, қылмысты жасырудың алдын ала шараларын және қылмыстық әрекетпен тапқан мүлікті өткізіп жіберуді қамтамасыз ету шаралары сияқты белгілер дәлелдей алады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған талан-тараждарға тікелей қатысқан ғана емес осы қылмыстық ұйымның мүддесіне талан-таражға басшылық етуге, қаржыландыруға, ұрлық объектілерін табуға, көлікпен және т.б қамтамасыз етуге бағытталған басқа да әрекеттер ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқан деп танылады.

Егер талан-таражды қылмыстық ұйымдасқан топ жасаса; онда талан-таражға қатысқан топ ұйымдастырушысының, жетекшісінің және мүшелерінің әрекетін ұйымдасқан топ жасаған талан-тараж үшін жауаптылық көзделген баппен, ұйымдасқан топты құрағаны және жетекшілік еткені қарастырылған қылмыстық кодекстің 235-бабының тиісті бөлігінің жиынтығы бойынша саралау қажет73.

Ұрлықтың келесі саралаушы белгісі ірі мөлшерде жасалған ұрлық қылмыстың қоғамдық қауіптілігін жоғарылатады. Ірі мөлшердің түсінігін заң шығарушы қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінде берген. Бұл жерде ірі мөлшер не ірі залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері танылады74 делінген.

Талан-таражда келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін ұрланған мүліктің натуралдық түрдегі сандық және сапалық құнын есепке алу қажет.

Қылмыс объектісі болған мүліктің құны, иесінің оны қандай жағдайда сатып алғандығы ескеріліп, қылмыс жасалған сәттегі мемлекеттік бөлшек, нарықтық немесе комиссиялық бағамен анықталуы тиіс. Бағасы болмаған жағдайда мүліктің құны сарапшы жасаған қортынды негізінде анықталады.

Талан-таражбен келтірілген зиянның орнын толтыру кезінде оның мөлшері сот шешім қабылдаған сәттегі бағамен анықталады75.  

Келесі саралаушы белгі- талан-тараж не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық. Бұған   Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 175-бабының ескертуінде талан-тараж не қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам деп осы кодекстің 175-181, 248, 255, 260 баптарында көзделген бір немесе бірнеше қылмыстар үшін соттылығы бар адам жатады делінген. Бұрын соттылығы бар адам дегеніміз қоғамға жоғары қауіптілікті көрсететін бұрын жасаған қылмысы үшін жазасын өтеген немесе жазасын өтеп жатқан тұлға болып табылады76.

 

 

 

 

1.7. Ұрлықты шектес қылмыстардан ажырату

 

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес меншік иесінің мүлкін талан-тараждауды жасалу тәсілдеріне орай ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау және қарақшылық  деп нысандарға бөліп нормативтік тұрғыдан бекіткен.

Бұл нысандардың барлығы қылмыстық кодекстің «Меншікке қарсы қылмыстар” деп аталатын 6 тарауына біріктірілген. Осының негізінде олардың жалпы қол сұғу объектісі меншіктік қоғамдық қатынастар және қол сұғу заты меншік иесінің мүлкі болып табылады.

Бірақ олар бір бірінен маңызды айырмашылыққа ие.

  1. Ұрлық пен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 176-бабына сәйкес сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.

Қол сұғушылықтың бұл нысанында меншік қатынастары ғана емес, тұлғаға мүлікті сақтауға, қарауға, басқаруға берілген өкілеттік те бұзылады.

Иеленіп алу немесе ысырап ету ретінде қызметтік міндетті, шарттық қатынастар не меншік иесінің арнайы тапсырмасымен сеніп тапсырылған мүлікке қатысты қарауға, билік етуге, сақтауға, жеткізуге өкілеттігін жүзеге асыратын тұлғаның әрекеті сараланады.

Егістіктен сақтау орнына жеткізу үшін есеп беретін бір реттік құжатпен сенім білдірілген жүргізушімен, тракторшымен не басқа тұлғамен жасалған мүлікті талан-тараждау кінәлінің басқаруындағы мүлікті иелену және ысырап ету тәсілімен жасалған талан-тараж ретінде сараланады.

Алдын ала келісім бойынша адамдар тобы жасаған талан-тараждың  қатысушы бір тұлғасына мүлік сеніп тапсырылған болса, жасаған қалған барлық тұлғалардың әрекеті 176 баптың 2 бөлігінің а) тармағы бойынша саралануға жатады. Осыған орай қарастырылған қылмыстардаң айырмашылығы келесіден көрінеді:

  • меншік иесінің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету қылмысының субъектісі мүлік сеніп тапсырылған арнаулы тұлға, ұрлықтың субъектісі бөтен мүлікке қол сұғатын кез келген адам,
  • иеленіп алу немесе ысырап етудің заты кез келген мүлік болмайды. Ол меншік иесімен ұрлаушыға белгілі мақсат үшін сеніп тапсырылған мүлік, ал ұрлықтың заты адам еңбегі сіңірілген кез келген мүлік;
  • ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан 176 бап бойынша 16 жастан басталады.
  1. Ұрлық және алаяқтық

Алаяқтық — бөтен мүлікті талан-тараждау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу.

Алаяқтықтың ерекшелігі оның жасалу тәсілінде. Физикалық тәсіл тән ұрлықтан айырмашылығы алаяқтықта қылмыскердің әрекеті, жәбірленушімен кінәлінің арасындағы қалыптасқан сенімділік қатынастар құру үшін, хабарламалық ерекшелікке ие болады.

Заң алаяқтықтың нысанында мүлікті иелену тәсіліне, нақты қылмыстың ерекшелігін көрсететін, алдау мен сенімге қиянат жасауды  атайды. Сонымен алаяқтыққа нәтижесінде жәбірленушінің кінәлінің алдауы немесе сенімге қиянат жасауының әсерінен мүлікті немесе мүлікке құқықты өз еркімен беруі көрініс табатын белгілі мүлікке қатысты жәбірленуші мен қылмыскер арасындағы байланыстың бар болуы тән.

Ал ұрлықта ұры мен жәбірленуші арасында белгілі мүлікке байланысты ешқандай әңгіме болуы мүмкін емес, ешқандай өз еркімен беру көрініс таппайды, себебі ұрлықтың басты ерекшелігі әрекеттің жасырын тәсілі болып табылады.

Осыған орай ұрлық пен алаяқтықтың негізгі айырмашылығы төмендегідей:

1) ұрлықта жәбірленушінің келісімі болмайды, барлық жағдай да жасырын жасалады, алаяқтық нәтижесінде қылмыскердің мүлкін алу       жәбірленушінің сеніміне қиянат жасауға және алдауға негізделеді.

2) ұрлықтың объектісі адам еңбегі сіңірілген кез келген мүлік, ал алаяқтықтың затына мүліктен басқа мүлікке құқық та жатады.

3) ұрлық үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан алаяқтық үшін 16 жастан басталады.

  1. Ұрлық тонау және қарақшылық

Ұрлық меншік иесінің мүлкін жасырын талан-тараждау, ал тонау  меншік иесінің мүлкін ашық талан-тараждау77. осыған орай мүлікті талан-тараждаудың ашық тәсілі, жасырын жасалатын ұрлықтан ажыратылатын тонаудың анықтаушы белгісі болып табылады. Кінәлінің қылмыстық әрекетін сезіп тұрған басқа тұлғалардың көзінше ашық жасалған талан-тараж қылмыскердің қатыгездігін көрсетеді.

В. А. Владимиров ашық бірақ күш қолданусыз жасаған талан-таражды барлық уақытта ұрлыққа қарағанда егер ұрлаушы жәбірленушінің немесе басқа тұлғалардың тарапынан қарсыласу ықтималдығының туындауы мүмкіндігі  туралы айтқан78.

Ұрлықты, күш қолданудағы тонаумен және қарақшылықтан ажырату туралы сұрақ көп маңызға ие. Бұл әрекеттер бәрінен бұрын қол сұғу объектісінен ажыратылады. Ұрлықтың объектісі меншік қатынастары болса, күш қолданумен тонау мен қарақшылықтың объектісі ретінде меншік иесінің мүлкін денсаулығы мен өміріне қауіпті күш қолданумен немесе сондай күш қолданамын деп қорқытып талан-тараждауда меншік қатынастарынан басқа жәбірленушінің жеке тұлғасы (тонауда жеке бостандығы мен тұлғалақ тиіспеушілігі, қарақшылықта жәбірленушәінің өмірі мен денсаулығы) танылады79.

Заң әдебиетінде көп уақыт бойы қол сұғу объектісі бойынша ұрлық, қарақшылық ажыратылмайды деген көзқарас қалыптасып келді. Бұл көзқарас М. М. Исаева мен А. Лаптьеваның және басқа да автордардың еңбегінде бейнеленген.

Қазіргі кезде тонау мен қарақшылықтың қосарланған объктісі туралы қылмыстық құқықтық көптеген зерттеушілермен айтылған.

Сот тергеуімен тәжірибеде ұрлық белгісін көрсететін әрекетті тонау деп немесе керісінше сараланған қателіктер жиі кездеседі.

қарастырылып отырған қылмыстарды ажыратқанда алғашында ұрлық белгілері бар әрекеттің, кейіннен тонауға немесе қарақшылыққа ауымуы мүмкін. Мысалы, троллейбуста тұлғаның әмиянын ұрлап алса, оны байқап қалып ұрланғаны туралы айқайласа, ал ұры әмиянды тастамастан есікке қашуға ұмтылғандығын келтіруге болады.

қарастырылып отырған қылмыстардағы бәлгілі айырмашылықты кінәнің мазмұнынан қарауға болады. Ұрлықта кінәлі талан-таражды күш қолданбай жасырын жасаса, тонауда кінәлі өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолдануы немесе күш қолданбауы мүмкін. Қарақшылықта қылмыскер тұлғаның өміріне не денсаулығына қауіпті күш қолдануды тілейді.

Осыған орай қарастырылып отырған қылмыстардың айырмашылығы төмендегідей:

  1. ұрлық жасырын, ал тонау ашық жасалады.
  2. ұрлықта тұлғаға күш қолданылмайды, тонауда өмір мен денсаулыққа күш қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарақшылық барлық уақытта жәбірленуші өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен жүзеге асырылады.
  3. ұрлықтың объектісі меншік қатынастары, ал тонау мен қарақшылықтың объектісі меншікпен қатар жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы (күш қолданып ттонауда жеке бостандығы мен тұлғалық тиіспеушілігі, қарақшылықта өмірі мен денсаулығы).

 

 

 

 

 

ІІ тарау.  Ұрлық қылмысының криминологиялық мәселелері

2.1. Ұрлықтың жай күйі

 

Ұрлықпен, яғни бөтеннің мүлкін жасырын талан-тараждаумен күрес мәселелерін кешенді жасақтау үшін бұл құбылыстың қылмыстық құқықтық ерекшелегін ғана емес криминологиялық ерекшеліктерін де зертеу қажет. Қылмыстылықтың жай күйі, деңгейі, динамикасы, құрылымын дұрыс анықтау онымен күрес жүргізу тәсілдері мен нысандарының негізгі бағытын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

қылмыстылық үш негізгі көрсеткішпен- деңгейі , құрылымы, динамикасымен өлшенеді.

Қылмыстылық жай күйі түсінігі екі бағытта: кең және тар болуы мүмкін. Бірінші жағдайда бұл түсінік тек деңгейлік ғана емес, сонымен қатар құрылымы мен динамикасын да қамтиды, екіншісінде қылмыстылықтың белгілі уақыттағы деңгейін   бейнелейді.

«Қылмыстылықтың жай күйі бұл жасалған қылмыс пен оны жасаған тұлғалардың саның, және қылмыстылық деңгейі белгілі бір территорияда жасалған қылмыстардың санымен есептеледі деген пікірлермен келісетін болсақ, қылмыстылықтың жай күйін жасалған қылмыс пен оны жасауға кінәлі тұлғалардың жалпы санымен анықталады деген қортындыға келуге болады.

Қылмыстылық құрылымы қылмыстылықтың қоғамға қауіптілік ерекшелігі болып табылып жеке топтық қылмыстың қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілігін бейнелейді.

Ұрлық ең көп өркендеуші қылмыс. Дүние жүзінде әрбір елде ұрлықтың жалпы өсуі ұрлықтың динамикасымен анықталады. Біріккен ұлттар ұйымының бірінші бақылауының материалдары бойынша (1970-1975жж) дүние жүзінде тіркелген ұрлықтың орташа саны 100 мың халыққа шаққвндв 862.4 әрекетті, дамушы елдерде- 354.3, ал дамыған елдерде 1370.5 құрады. Бақылау кезеңінде ұрлық 46 % өсті.

Біріккен ұлттар ұйымының екінші бақылауы бойынша 1976-1980жж ұрлық саны 22 % өсті, көп өсуі дамыған елдерде көрініс тапты, орташа есеппен 100 мың тұрғынға 2 мыңға жақындады.         

Ұрлықтың өсу деңгейі Біріккен ұлттар ұйымының төртінші бақылау есебі кезеңінде 1986-1990жж сақталды. Кәдімгі ұрлық 39%, бұзумен жасалаған ұрлық 27% өсті. Мемлекеттер арасындағы ұрлық деңгейі айырмашылығы 242 ретке жетті.

Қылмыстылықтың федералдық индексінде Америка құрама Штаттарында ұрлықтың екі түрі: мүлікті және автокөлікті ұрлау кең таралған. 1995 жылы мұндай ұрлық түрі барлық қылмыстылықтың 63.3%  құраған. 1973-1993жж кәдімгі ұрлық 82%, ал автокөлікті ұрлау 73%-ке өсті. Егер бұған тұрғын үй жайға кіріп ұрлауды қосатын болсақ, Америка құрама Штатында 1995 жылғы дерек бойынша 91.3%- ды құраған. 1995 жылы беригери, яғни тұрғын үй жайға кіріп ұрлау 100 мың тұрғынға 5 мыңнан келді. Бұл дүние жүзіндегі ұрлықтың ең жоғарғы көрсеткіші еді.

Германия Федеративтік Республикасында ауырлататын жағдайдағы ұрлық 57%, аырлататын жағдайсыз ұрлық 43% құрады. Герман Федеративтік Республикасында 1953 жылдан 1990 жылға дейінгі уақытта ұрлық 4.7 есеге өсті. 1990жылы ұрлық саны 100 мың тұрғынға шаққанда 4295.3 құрады. Бірлескен Германияда ұрлықтың жалпы саны 3 жылда 28.8% өстіғ, қылмыстылық құрамында ұрлықтың жалпы салмағы өзгермеді және шамамен 61% құрады.

Жапонияда қылмыстылық туралы Ақ кітаптың мазмұнына орай ұрлықтың онға жуық түрі қарастырылған. Олардың саны 1995-95 жж 14.7% өсті. 1993 жылғы дерек бойынша ұрлықтың жалпы салмағы 84.1% құрап, олардың саны 100 мың тұрғынға есептегенде 1769.8 тең келді. Бұл дамыған елдер арасындағы ұрлық көрсеткіштерінің ең төменгі мөлшері болды.

Ұрлық сынының тұрақты өсуі Кеңес одағы мемлекеттерінде де қарастырылды. Кеңес одағы мемлекеттерінде 1960 жылдардың ортасынан бастап ұрлық саны өсіп отырды. 1991 жылы оның абсалюттік саны 9.5 есеге өсті80.

1991 жылы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде орнаған, Қазақстан Республикасында ұрлықтың жалпы саны, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасындағы құқықтық статистика бойынша 1998 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 60.624 құраса 2002 жылы 48.995 құраған. Соның ішінде тұрғын үй жайға кіріп ұрлау 1998 жылы 19.998 болса 2002 жылы 15.479 болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Ұрлықтың себептері мен жағдайлары

 

Қылмыстық құқық және криминология теориясында қылмыстың себебін белгілеу маңызды мәселелердің бірін құрайды. Философияда себеп ретінде құбылыс пен басқа бір құбылысты туғызушы олардың жиынтығын атайды. Себеп белгілі зардапқа мүмкіндік береді, ал ол зардаптың түсуі үшін жағдай керек, жағдай зардапты өзінен өзі туғыза алмайды, ол белгілі жағдайда себептің жүзеге асуына көмектеседі. Сондықтан да қылмыстылықтың тууы үшін себеп пен жағдайдың болуы шарт.

 Меншікке қарсы қылмыстардың себептері біріншіден пайдакүнемдік ниетпен байланысты. Пайдакүнемдік кейбір адамдардың біреуінің пайдасынан өмір сүруге бағытталғандығы, тарихи тұрғыдан жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлект пен құқықтың пайда болуы пайдакүнемдік қол сұғушылықтарға әр түрлі қылмыс нысанын да берді.

Қоғамдық пайдалы еңбексіз кең өмір сүруге талпыну, тұрмыстық мүдделер мен қажеттіліктерді жеңіл жолмен қанағаттандыру маскүнемдік, нашақорлық, кездейсоқ жыныстық қатынас, азарттық ойындар сияқты жағымсыз әдетпен уақытты өткізуге әкеліп соғады. Зерттеу жүргізу бойынша меншікке қарсы қылмыстарүшін сотталғандардың жартысынан көбі күнде мейрамханаларға қыдырған, жүйелі түрде маскүнемдікке салынған, азарттық ойындар ойнаумен айналысқан. Қалтаға түсуші ұрлық үшін сотталғандардан «ұрлықты тастау үшін не істеу керекң,- деген сұраққа «Ішуді және нашақорлықты тастау керекң,-  деп жауап берген. Осылай жеңіл жолмен табылған қанағатпен өз қажеттіліктерін қанағаттандыру, пайдакүнемдік қылмыстарды жасауды жалғастыруға әсерін тигізеді.

Пайдакүнемдік қылмыс қатарына жататын ұрлықтың екінші объективтік себебі- материалдық қажеттілік болып табылады. Қажеттілік деңгейі тарихи өзгермелі. Бұрын қол жетпейтін нәрсе болған зат қазіргі кезде элементарлық зат болуы мүмкін. Материалдық жтіспеушілік мативациясы спирттік ішімдіктер алуға, мейрамханаларға қыдыруға, қымбат бағалы мүліктер алуға қаражаттың жетіспеуі мағынасында түсіндіріледі.

Пайдакүнемдік- паразиттік мативацияның құрастырылуына жанұялық тұрмыстық ортада, қылмыстық және басқа да қоғамға қарсы элементтерықпал етеді.бұл жерде кәмелетке толмағандарды бұрын сотталған адамның қылмыстық әрекетке тартуы көрініс табады.

Жаңа өсіп келе жатқан жастарды қылмыскерлердің жақсы тұрмысы қызықтыратынын, пайдакүнемдік қылмыстың себебі ретінде есепке алуымыз қажет.

Материалдық қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігін жұмыссыздықтың өсуі де шектейді, яғни осыған орай тұрғындардың маңызды тобы өздерінің материалдық қажеттіліктерін құқыққа қайшы жолмен қанағаттандыруға талпынады.

Ұрлықты жасауға әсер ететін жағдайларға біріншіден тұрғын үй жайы мен сақтау орындарының техникалық қорғаныстарының әлсіздігі жатады. Оған мысал ретінде есіктердің әлсіз бекітілуін, құлып құрылымдының оңай құрастырылуы, көшелердің подъездердің жарықтарының әрсіздігін, сигнализация жүйесінің қондырылмауын айтуға болады.

Ұрлықтың жасалуының келесі бір әсер етуші жағдайына көшелерде жеке тұлғалардың сауда жасауының кең таралуы, қылмыстық жолмен келген мүлікті сатуға жағымды жағдай жасайды.

Виктимділік жағдайдың өзі ұрлықтың жасалуына көмектеседі. Бұл жерде, яғни ауылдық жерлерде жәбірленушінің өздері пәтер ұрлығының болуына кілтті оңай жерде қалдыру, трезені ашық қалдыру сияқты жағдайлармен көмектескен.

Ұрлықтың жасалуына әсер етуші маңызды жағдайға құқық қорғау органдарының қызметінің қылмысты ашып, қылмыскерлерді тауып, қылмыстық жауаптылыққа тартуға қабілетсізді болып табылады.

Патенттік пайдакүнемдік қылмыстар арызданбаған, есепке алынбаған, белгіленбеген әрекеттердің нәтижсінде жинақталады.

Арызданбаған пайдакүнемдік қылмыстар бұл жәбірленушілер мен куәлардың жасалған ұрлық туралы құқық қорғау органдарынаи хабарламауы. Арызданбаған қылмыс азаматтардың құқық қорғау органдарының қызметіне сеніп артпауының нәтижесі болып табылады.

Есепке алынбаған әрекет- бұл құқық қорғау органдарына белгілі болғанымен оларды қылмысты жасырын тіркемеуі- тергемеуінен көрініс табады.

Белгіленбеген қылмыстар дегеніміз ол тіркеліп, қылмыстық іс жүргізіліп тергеу жүргізілгенімен, қате сараланудың әсерінен қылмыс құрамы не оқиғасы анықталмаған қылмыстар.

 

 

 

 

2.3. Ұрының тұлғасы

 

«Қылмыс субъектісінің тұлғасы үш деңгейде: қылмыскер тұлғасының жалпы түсінігі бағытында, қылмыскерлердің әртүрлі тобының белгісі бағытынан және жеке қылмыс деңгейі бойынша зерттелуі керекң деген Е. Қайыржановтың пікірін басшылыққа алатын болсақ талан-тараждың жеке нысаны ретінде қарастырылатын ұрлықтың субъектісі ұрының тұлғасын зерттеуді үшінші деңгейдегі жеке қылмыс деңгейі бойынша қарастырамыз.

Мүліктік қылмыстарды соның ішінде ұрлықты жасаушы тұлғаға біржақты тұтынушылық бағытталу, материалдық құндылықтарға қызығушылық, қоғамға не жеке азаматтарға жағымсыз қарым- қатынас, әлеуметтік ортаның құндылықтарын жоққа шығару сияқты психологиялық мінез құлықтық белгілер тән.

Жүргізілген тұлғаны көпжақты зерттеу методикасының көмегімен пайдакүнем қылмыскер тұлғасын келесідей психологиялық ерекшеліктермен тану көзделген.

Күш қолданушы қылмыскерлерге қарағанда ұрылар әлеуметтік бейімділігімен, әлеуметтік жағдайын қанағаттандырғыштығы көрініс табады.

Ұрылардың агрессивтілігі күш қолданушы қызметкерлерге қарағанда өте төмен, олар өзінің мінез құлқын жақсы қадағалай алады. Ұрылар үшін басқа қылмыскерлермен салыстырғанда әлеуметтік нормалар мен талаптарға бағытталу қасиеті тән.

Ұрының қылмыстық әрекеті басқа құқық бұзушыларға қарағанда ерте басталады, яғни олар нақты қатынасқа жас кезінен бастап араласады. Оларда ерте кезден қоғамға қарсы тәжірибеге сәйкес көзқарастар мен түсініктер пайда болады, өмірдегі қиыншылықтарды құқыққа қайшы жолмен шешуге тырысады.

Мүліктік қылмысты жасаушы тұлғаға жинақталған мінездеме бере отырып бұл жерге жас ерекшелігіне, әлеуметтік дәрежесіне, тұлғалақ жетілуіне және қылмыстық әрекеттерін жасау тәсілін таңдау айырмашылықтарына орай заң әдебиеттерінде пайдакүнем қылмыскерлердің келесі түрлерін бөліп көрсеткен.

Оның алғашқысы кездейсоқ тұрақсыз тип. Оған пайдакүнемдікке жету айқын көрінбейтін қоғамға қарсы паразиттік бейімділігі тұрақты тұлғалар жатады. Олар өз әрекеттерінің теріс екендігін түсініп жиі бас тартады. Бұл типке жаңа бастаған қылмыскерлер, көптеген жағдайларда кәмелетке толмағандар жатады. Сондықтан да пайдакүнем ниетпен бірге қылмыскер тұлғаларда, жалған романтика, сол минуттағы талап тілекті қанағаттандыру, жолдастарының алдында батырлығы мен алғырлығын көрсету көрініс табады. Бұл жерде уақытында қайта тәрбиелеуге жеткілікті ықпал етсе, олардың түзеуіне жағымды жағдайлар болады.

Келесі бір топқа белгілі бір жағдай әсер еткенде жеңіл ойдың жетегімен не топ қысымына қарсы тұра алмай қылмысты жасаушы ситуациялық тип жатады. Нақты қылмыскерлердің бұл тобының көпшілік процентін кәмелетке толмағандар құрайды.

үшінші қатыгез тип. Бұған сотталған, қылмысты бірнеше рет жасаған, түзеу мекемелерінде өз мамандықтарынілген тұлғалар жатады. Қылмыстық әрекетімен алған қаражаты олардың өмір сүруінің қайнар көзін құрайды. Нақты типтің қылмыскерлері белгілі мамандыққа ие болады және олар басқа қылмыстар жасауы да мүмкін. Оларда пайдакүнемдік бағыт айқын көрініс табады.

Ерекше қатыгез тип. Оған ерекше қауіпті рецидивицтер, мамандалған қылмыскерлер жатады. Олардың ерекшелігі тұрақты қайшы әлеуметтік бағыт, арнайы рецидивтің жоғары деңгейі, қызметтік әрекеті- кірістің негізгі қайнар көзі болып табылады.

Ерекше қатыгез типке жататын пайдакүнемдік қылмыстардың маңызды бөлігін қылмысты жасау тәсілінде тар және тұрақты маманданғандық ерекшелейді. Оларға өз әрекетін ойланып жасау және есеппен әрекет ету, құқық қорғау органдарының қарсы әрекетіне белгілі шаралар қабылдау тән. Қылмыс мұндай қылмыскердің қаражатының қайнар көзі болып табылады сондықтан олардың көпшілігі қоғамдық пайдалы еңбеке араласпайды. Бұл мағынада аталған тұлғалардың криминалдық маманданғандығын айтуға болады. Маманданғандық негізінен ұрыларда көрініс табады.

Маманданған ұрылар- бұл құқыққа қайшы қол сұғу тәсіліне, затына және объектісіне байланысты әртүрлі маманданған, көп таралған қылмыскерлер категориясы. Ресми турде олардың 25 түрі болса, тәжірибе жүзінде одан да көп.

Маманданған ұрының алғашқы түрін қылмыстық өмірде сейфтен ақша ұрлайтын медвежатниктер құрайды. Олар ұрыларды саралауда басқа қылмыскерлерден тәуелсіздігі мен ерекше жағдайына байланысты бірінші орында тұр.

Медвежатниктер басқа топтағы қылмыскерлермен байланыста болмайды және қандай қажеттілік болса да басқа қылмыс түрін жасамайды. Олардың көбі сейфте ақшаның бар екндігін, күзет жүйесі және қылмыстың құрылымы туралы хабарламалар беру жолымен қылмысты жасауға көмектесетін банктің және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтерімен байланыста болады.

Маманданған ұрылардың екінші бір түрі қалтаға түсушілер (карманники). Қалтаға түсуші ұрылар барлық уақытта қылмыстық мамандықтың классикалық түрі болып саналған және қазіргі уақытқа дейін ешқандай өзгеріссіз сақталды. Қалтаға түсушілер жоғары маманданған қылмыскерболып табылады және қылмыстық дүниеде жоғары беделге ие болады. Қалтаға түсетін ұрылар криминологиялық топ ретінде қылмыстық мінез құлқының тұрақтылығымен ерекшеленеді. Қалтаға түсіп ұрлау барлық уақытта кең таралған құбылыс болып табылады. Ол көп адамдар болатын базар, дүкен, көлік құралдары сияқты жерлерде жасалады. Ұрлықты жасау тәсілі әртүрлі, тіпті үйретілген иттердіңкөмегімен әрекет ететін ұрылар да кездеседі.

Қалтаға түсуші ұрылар бас бостандығынан айрылатын жерге тап болудан қатты қорқады. Бұл ұрлықтық жетістіктерінен айрылып қалу қаупімен тығыз байланысты.

Жасайтын орны бойынша 7 негізгі мамандықпен ерекшеленеді:

  • базаршылар- бұл базар, жәрмеңкеде жұмыс жасайтындар;
  • жер тескіштер (кроты)- метрополитендерде ұрлық жасайтындар;
  • майданшылар- бұл темір жол көлігіндегілер;
  • маршрутниктер- қала көлігінің барлық түріндегілер;
  • дүкеншілер- дүкендерде жасайтындар;
  • театршылар- театрда;
  • көшедегілер- көшеде ұрлық жасайтындар;

Көрсетілген мамандықтағы қалтаға түсуші бірінен екіншісіне өтуі болып тұрады. Қалтаға түсушілерді саралауда әрқайсысының өзіне тән әдістерді, білімдерді және жетістіктерді талап ететін ұрлықты жасау тәсілдері көрініс табады.

Қылмысты жасау тәсілі бойынша негізгі 7 мамандық ажыратылады:

  1. технарлар- бұлар арнайы техникалық сөмкелерді, киімдерді кесу жолымен ұрлықты жасайды.
  2. ширмаштар- бұлар қолын әртүрлі заттармен киімімен, сөмкесімен, гүл шоғымен жасыру арқылы ұрлайды.
  3. балықшылар (рыбаловы)- арнайы жасалған қармақшалардың көмегімен сөмкеден не қалтадан ұрлайды.
  4. хирургтар- қиын жасырын орындардан пинцеттің көмегімен ұрлайды.
  5. сырғытушылар- мылқау ұрылардың арасында кең таралған, тез қозғалыспен заттарды алатын ұрлық.
  6. шымшуырлар- арнайы дайындалған монетамен сөмкелерді тілу жолымен ұрлау.
  7. сөмкешілер- сөмкеден ешқандай құралды қолданусыз ұрлау.

Қалтаға түсуші ұрылар арасында технар ұрылар зор беделге ие, екінші орынды ширмаштар, одан кейінгі орынды балықшылар иеленеді. Соңғы топты ұрлық қарғасы сөмкешілір құрайды. Қалтаға түсуші ұрылар осы көрсетілгендермен ғана шектелмейді. Сонымен бірге ұрлауға көмектесушілер ұрланған затты қабылдаушы ұрыны пропальщик, жәбірленушіні алаңдататын ұрыны тырщик деп атайды.

Криминалдық саралау қаншалықты жоғары болса қылмыстық қызмет соншалықты жақсы жүргізіледі. Орташа есеппен қалтаға түсуші маман ұры айына 25-30 ұрлық жасайды. Жүз жәбірленушінің бесеуі ғана ұрлық болғаны туралы тез ұғынады, ал қалтаға түсушілер жүз тоқсаныншы ұрлықта ғана ұсталады.

Қалтаға түсуші ұрыларды ұрлықтық саралау ғасырдың басынан бері мәнді өзгеріске ұшырамағанмен де ұрының тұлғасының қоғамдық қауіптілігі маңызды жоғарылады. Бұл техникалық құралдарды қолданудан көрініс табады. Қазіргі замандағы қалтаға түсуші ұрылардың әрекетінде, қолында ірі ақша соммасы бар нақты тұлғаны ұрлау мақсатында толық опкрация жасақталатын алдау элементімен жасырын ұрлау көрініс табады. Қалтаға түсуші ұрыларды саралау олармен жасалған қылмыстарды ашумен тығыз байланысты.

Соңғы уақытта жеке азаматтардың мүлкін үй жайға кіріп ұрлауда үйшілер (домушники) кең таралған ұрының түріне жатады. Жасырын талан-тараждың барлық түрінің арасында 40 % пәтердегі ұрлау құрайды.

Криминалдық мамандығына орай негізгі пәтер ұрыларына келесілер жатады:

  • фамичи- ұрлықтық құралдың көмегімен ұрлықты жасайды.
  • Кілтшілер- кілттерді табу жолымен.
  • Бұзғыштар- есіктерді бұзу жолымен.
  • Форточники- форточка арқылы кіру жолымен.
  • Балконшылар- балкон арқылы.
  • Дубило- ашық есік терезе арқылы кірумен.
  • Обходчиктер- белгілі бір жұмыс қызметкерлері ретінде пәтерлерді аралау жолымен ұрлық жасайтындар болып бөлінеді.

Көрсетілген әрбір тәсілдер тұрғын жайға енудің арнайы әдістеріне ие. Орташа есеппен әрбір пәтер ұрысы айына бір екі рет ұрлық жасайды. Қалтаға түсуші маман ұрыдан, пәтер ұрысы мүлікті иелену үшін алдын ала жүзеге асырылатын дайындық жұмысымен ерекшеленеді. Оған ұрлықтық бақылау, яғни құндылық бар үйді табу, тұрғындардың жасаушылап кететін уақытын білу (электр счетчигін, почта жәшігін күнделікті қадағалаумен, телефон соғып тексерумен) құлып құрылымына орай кілтті таңдаумен, ұрланған затты сатып алушыларды іздестіру сияқты әрекеттер жатады.

Хабаршы (наводчик) хабар жинап оны 10-15  %    силық ақы үшін берумен айналысатын ұрының жеке категориясы. Хабаршы өзінің мәліметінің  дұрыстығы үшін жауапты болады.

Пәтер ұрыларының техникалық жетістігі өте жақсы. Ұрлықтың 30 % -інде олармен әртүрлі техникалық құралдар қоладанылады. Техникалық құралдарды жасаумен аранйы мамандар айналысады.

Пәтер ұрыларының үндеместер (тихущи) деп аталатын тағы бір түрі бар. Олардың соттылығы алынған. Олар жұмыс жасайды, басқа ұрылармен байланыс жасамайды. Жайлап жүріп ұрлық жасайды. Оларды ашу өте қиын.

Қрының келесі бір түрі дүкеншілер. Бұл ұрылардың мамандығы тауарлық дүкендерден заттарды ұрлаудан көрінеді. Оларды саралау пәтер ұрылары сияқты қылмысқа дайындалуы мен жасау тәсілінен анықталады.

Біреулері талан-тараждау үшін дүкен жабылғанда байқатпай ішінде қалып қояды, басқалары арнайы құралдарды қолданады, үшіншілері заттарды  сөреден ұрлауға маманданады, төртіншілері ескі киімдерін тастап, жаңасын киіп кетумен, бесіншілері ескі киімдерінің ішінен жаңа киімді киіп кету жолымен, алтыншылары аяқ киім ұрлаумен, енді біреулері жас өспірімдер мен балалардың көмегіемен заттарды ұрлайды.

Маманданған ұрылар сатушыны алаңдату, ұрланған затты базарға шығарып сату бойынша ролдері бөлініп берілген топ құрамында әрекет жасайды.

Автокөліктерді талан-тараждаумен байланысты ұрлықтың мамандық қуып кетушілер (угонщики) деп аталады. Ол 60-жылдарда пайда болып қазіргі кезде ұрлықтық мамандыққа айналды. Тәжірибе жүзінде автокөлік ұрлаушы жалғыз болмайды. Автокөлікті ұрлау көбінесе топпен жүзеге асырылады.

Бұл ұрыларды келесілердей негізгі саралаулар ажыратылады.

  • Автокөліктің өзін ұрлаушы.
  • Онің техникалық қайта жасақтаумен бояумен, номерін ауыстыру және басқа да жұмыстарды жүзеге асырушы тұлғы.
  • Көліктің құжаттарын техпаспортын әр түрлі анықтамаларды жасаушы тұлға.
  • Көлікті сатып алушыны тауып, онымен бағасына келісім жасаушы тұлға (бұл көлікті талан-таражға салғанға дейін жасалады).
  • Егер сатып алушы басқа қалада болса көлікті айдап апарушы тұлға. Бұлға ұрлық талан-тараждың жалпы түрінің 10%-ін құрайды.

ұрының алтыншы түрін құнды заттарды ұрлаушы клюквеншілер құрайды. Мұнда жалғыз маман мен қылмыстық топтар емес толықтай бірлестік әрекет етеді.

Оларға: 

  • Мәдени құндылықтарды музейден, шіркеуден тікелей ұрлайтындар.
  • Діни мәдениет пен өнер заттарын сатумен айналысатын көпестер.
  • Сатып алынған мәдени құндылықтарға өзінше сараптама жүргізетін комиссионерлер.
  • ұрланған заттарды сатуға көмектесетін делдалдар.
  • Елшіліктің не шет ел фирмаларының қызмекерлерімен халықаралық қылмыстық байланыста болатын халықаралық делдалдар кіреді.

Жоғарыда көрсетілген топтық  қылмыстың байланысы көпжақты. Олардың көбі ресми мемлекеттік мекемелермен байланысқа ие және өнертану саласында жақсы дайындалған болып табылады. Бұл тұлғалар музей, шіркеулердің аймақта орналасу жоспарымен, өнер әдебиеттерінің каталогымен танысқан. Басқа қылмыскерлерге қарағанда  бұлардың техникалық қамтамасыз етілуі маңызы жоғары.

Ұрының бұдан басқа тобына:

  1. Тауаршылар (товарники)-почта немесе жүк вагондарынан жүктерді ұрлау үшін арнайы маманданған темір жол ұрылары.
  2. Машинниктер — жәбірленушілерді мас қылып немесе оған есінен айыратын дәрі себумен ұрлық жасайтындар.
  3. Хипесниктер-маманданған жезөкшелердің көмегімен ұрлық жасайтындар.
  4. Итшілер (собачники) мен мысықшылар (кошатники) жоғары тұқымды иттер мен мысықтарды ұрлайтындар.
  5. Капорщиктер-бас киім ұрлайтындар.
  6. Өртішілер (пожарники)-өрт кезінде ұрлық жасайтындар.
  7. Өлімшілер (морушники) — жерлеу уақытында ұрлық жасайтындар.

Ұрылардың оларсыз өмір сүруінің қиын болатын қылмыскерлер тобы туралы айтпасақ қылмыстық ұрылықтың ортаның ерекшеліктері аяқталмаған болар еді.

Оларға — ұрланған затты сатып алушылар (барыги), қылмыскерлерді жасырушылар (становщики) жатады.

ұрланғандарды сатып алушылар ұрлқтық өмірдің қаржылық қорын құрайды. Олар тұрақты тауар жеткізушіге ие болады және кейбір кезде талан-таражды ұйымдастырушы болып табылады.

 

2.4. Ұрлықтың алдын алу шаралары

 

Пайдакүнемдік қылмыстар қатарына жататын қылмыстардың алдын ал жалпы және арнайы болып бөлінеді. Арнайы алдын алу қылмыстың нақты түріне арналады. Осыған орай ұрлықтың алдын алу шараларына техникалық және ұйымдастыршылық шаралары жатады.

Техникалық шараларға келетін болсақ оған біріншіден тұрғын үй жайларға, зат сақтайтын қоймаларға, подъездерге, техникалық құралдардың көмегімен бақылау ұйымдастыруды жүзеге асыру қажет. Бұған қоса автокөліктерге сигнализациялар орнату сияқты шаралар қарастырылуы керек.

Келесі шараға шағын аудандардың криминологиялық еркшелігіне орай құқық қорғау органдарынан барлаушылық қызметін ұйымдастыруды жатқызуға болады.

Көшде ішімдік ішіп жүрген мас азаматтарды уақытында алып кету қажет, себебі олардың қылмыскер не жәбірленуші болуға мүмкіндігі жоғары.

Көше, аула және ғимараттар жарықтандырылуы тиіс.

Ұсақ құқық бұзушылыққа дереу назар аударып, оны құқық қорғау органдары тарапынан жоюға бағытталуы керек.

Бұдан да басқа қаңғыбастар, нашақорлар жинвқталуға лайық орындарды жиі тексеріп рейдтер жүргізілуінің ұйымдастырылуын қарастыру қажет.

Адамдардың сана сезімін жақсылыққа бағыттау жолында бас бостандығынан айыру орнынан келген тұлғаларды жұмысқа орналастырып, заңда көзделген ретте әкімшілік қадағалау жүргізілуі тиіс.

Пайдакүнем қылмыстарды жасау мүмкіндігі жоғары психикалық ауытқушы тұлғаларды есепке алып, олардың емделуін қарастыру қажет.

Сонымен бірге ұрлықтың алдын алу келесідей хабарламалық және тәрбиелік маңызы зор шаралардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Оған ұрлық болғандығы туралы тұрғындарға хабарлауды және аокогол ішімдіктерін пайдаланушы тұлғалардың түзелуіне ықпал етуді жатқызуға болады.

Бұл шаралар негізінен оқу әдебиеттерінде көрініс тапқан.

Біздің Республикада бұл ұрлық қылмысы жәбірленушінің арызымен қозғалатын істерге жататындықтан кей жағдайларда, мысалыға, мал ұрлау сияқты қылмыстарды ауылда әрекет ететін ақсақалдар кеңесінде қарастырып, осы қылмыстық әрекетті жасаушы тұлғаларды ел алдына шығарып ресми түрде айыптаса, яғни ел алдында масқараласа, ол тұлғаның абыройы төгілгенінкөргендіктен ондай жолды мақсат етіп алуға бейім басқа тұлғалардың оны көріп алдындағы күтіп тұрған жағдайдан сескеніп осы қылмыстық әрекетті жасаудан бас тартуына әкеп соқтырған болар еді.

қылмыстық болғаннан кейін жауаптылық көзделетін жазалау шараларын қолданғаннан да оның алдын алу шараларын қарастыру қоғамда құқық бұзушылықтың азаюына ықпалын тигізеді. 

 

 

Қорытынды

 

Меншік кез келген мемлекетке материалдық негіз болып табылып, халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру құралы ретінде қызмет етеді. Меншік өзінің міндетін орындауы үшін ол қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау жолында шешімді күрес жүргізуді қажет деп санаған.

Мемлекет барлық уақытта меншік иесінің мүлкін қол сұғушылықтан қорғау жолында шешімді күрес жүргзуді қажет деп санаған.

Қазіргі кездегі алдағы тұрған міндеттердің біріне меншіктің барлық түрін қорғауды күшейту мақсатында, меншік иесінің мүлкіне қол сұғушы тұлғаны заң талаптарына сәйкес қатаң жазалап, қылмыспен келтірілген материалдық шығынды толық өндіруді қамтамасыз ету жатады.

Меншікке қарсы бағытталған қылмыстардың қатарына талан-таражбен байланысты жүзеге асырылатын қылмыстар жатады.

Жалпы алғанда талан тараж дегеніміз пайдакүнемдік мақсатта меншік иесінің мүлкін, мүліктің меншік иесіне залал келтіре отырып, кінәлінің өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымыз алуы болып табылады. Осыдан келіп талан-тараждық тұлғаның бөтеннің мүлкін алуы, алудың заңға қайшылығы, қайтарымсыздық, пайдакүнемдік мақсаттан құралатын ажырамас белгілерін бөліп көрсетуге болады.

Біздің қылмыстық заңымызда талан-таражға кең мағынада түсінік беру үшін онымен байланысты қылмыстарды жеке нысандар мен түрлерге бөліп әр нысанның өзіне тән ерекшеліктеріне орай басқа ұқсас қылмыстардан ажыратып баптарға бөліп орналастырған олар ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық деп бес нысанға бөлінген.

Ал түрлеріне орай қарапайым мөлшедегі және ірі мөлшердігідеп келтірілген залал мөлшеріне орай бөлсе, қылмыстық қол сұғушылық затына негіздеп қарапайым заттарды, ерекше құнды заттарды, радиоактивті материалдарды, қаруды, оқ дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын, есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды таман-тараждау деп бөліп ерекшеліктерін ашып белгілеп қоғамға қауіптілік дәлежесне орай әрқайсысын арнайы тарауларға орналастырған, бұларға қоса талан тараждау жеке нысаны ретінде қарастыратын ұрлықтың алтыншы түрі ретінде құжаттарды мөрлерді, мөртаңбаларды ұрлағаны үшін жауаптылық көзделген.

Осы талан-таражға байланысты айта кететін мәселе біздің қазақша кодексте талан — тараж терминінің ұрлау деп жазылып, яғни барлық талан тараждың нысандарының ұрлықтың нысандары ретінде көрініс табуы болып табылады. Осыған сәйкес қылмыстық кодекстегі талан таражды ұрлау емес талан тараж деп өзгертуге ұсыныс жасаймын, бұл 1959 жылы қабылданып 1998 жылы 1 қаңтарда күшін жойған қылмыстық кодекс пен 1998 жылы  1 қаңтарда қабылданған қылмыстық кодекстің орысшасында «хищениең деп келтірілген терминді қазақшаға аударғанда ұрлау деп көрініс тапқан үлкен қателік болып табылады.

Осы талан таражды көп тараған жеке нысаны ұрлық яғни бөтеннің мүлкін жасырын талан тараждау болып табылады.

Қоғамға қауіпті әрекеттің қылмыс болып табылуы үшін құрам элементтері түгел болуы керек соған сәйкес ұрлықтың объектісіне меншік қатынасы, оның заты ретінде кез келген қозғалатын және қозғалмайтын қарапайым түрдегі заттар жатады ұрлықтың объективтік жағы жасырын тәсілмен, күш қолдануы жасалған әрекеттер көрініс табады.

Қылмыс жасаушы тұлғаның жасаған әрекетінің есеп беруі мен басшылық етуінің ерекшелігіне байланысты ұрлықтың субъектісі ретінде 14 жасқа толған, есі дұрыс, жеке тұлға танылады.

Ұрлық субъективтік жағынан тікелей бағытталған пайдакүнемдік мақсатпен ерекшеленеді.

Осы ұрлықтың сараланушы белгі ретінде жалпы талан тараж түрлерінің бәріне ортақ келесідей белгілер танылады.

Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе бірнеше рет немесе тұрғын, қызметтік не өндірістік үй жайға, қоймаға зақсыз кірумен және ұйымдасқан топ немесе ірі мөлшерде немесе талан тараж не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған талан тараж деп көрсетілген.

Меншікке қарсы қылмыстардың қатарына жататын қол сұғу объектісі мен заты ортақ талан тараждың нысандарынан ұрлық жасалу тәсіліне орай маңызды айырмашылыққа ие. Ұрлықтан сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмысы субъектісі және мүлкі бойынша, яғни субъектісі арнаулы, 16 жасқа толған тұлға мен мүліктің кінәліге сеніп тапсырылуы тұрғысынан ажыратылса, алаяқтықта заты ретінде мүрікпен қоса мүлікке құқық танылады және алаяқтық сенімге қиянат ете отырып алдау тәсілімен жасалады және субъектісінің 16 жасқа толу міндетті шарт.

Талан тараждың келесі нысандары тонау ашық тәсілмен, қарақшылық күш қолданумен жасалса, ұрлық жасырын тәсілмен, күш қолданусыз жасалады.

Ұрлықтың мәнін ашу мақсатында оған криминологиялық сипаттама беруде ұрлықтық жай күиі Қазақстан Республикасында соңғы бес жылдық есеп бойынша 1998 жылы жүз мың тұрғынға шыққанда 60,624 құраса, 2002 жылы ұрлықтың жалпы саны 48,995 құрайды соның ішінде тұрғын жайға кіріп ұрлау 1998 жылы 19,998 болса 2002 жылы 15,479 болған.

Бұл ұрлықты жасауға әкелетін негізгі себептер пайдакүнемдік ниетпен материалдық қажеттілікті жеңіл жолмен қанағаттандыруға талпынған тұлғалардың әрекетінен көрініс табады.

Осыған қоса тұлғаның виктимологиялық жағдайын айта кетуге болады яғни бұл жерде ұрлықты жасауға тұлғалардың өздерінің әрекеттері себеп болады.

Осы ұрлықты жасаушы пайдакүнем қылмыскер тұлғасы қалыптасу ерекшелігіне орай, ұрлықты жасау тәсілі бойынша арнайы атауларға ие болып маманданған ұрылар түрлеріне бөлінеді. Бұл тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартып жазалағаннан гөрі, алдын алу шараларын қолданғанның қоғамдағы қылмыстылықты жоюға әсері өте зор.

Соған сәйкес оқулықта көрсетілген алдын алу шараларына қоса елімізде әрекет ететін ақсақалдар кеңесінің осы ұрлықты жасаушы тұлғаны ел алдына шығарып ұялтып, әшкерелеп, ресми түрде айыптауы, оны көрген тұлғаларды бұл әрекетті қайталап жасалуына әсіресе жаңа өсіп келе жатқан жеткіншектердің осы әрекетті көріп ондай әрекетті болашақта жасауға әрекеттенбеуіне ететін ықпалы болады.   

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Нормативтік актілер:

1.

Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы., 1995 ж.

2.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі Алматы,

3.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Алматы,

4.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот Пленумының «Бөтеннің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері «туралың 1996 жылғы 25 шілдедегі қаулысы. 1997 жыл 2 мамырдағы ғ3 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен бірге.

5.

Комментарий к уголовному кодексу Республики Казахстан. Караганда 1999 г.

 

 

Арнайы әдебиеттер:

1.

Владимиров В.А. Ляпунов Ю.И. Ответственность за корыстное посягательства на социалистическую собственность Москва., Юрид. лит. 1980

2.

Владимиров В.А. Ляпунов Ю.И. Социалистическая собственность под охраной закона. Юрид. лит. 1979

3.

Кригер Г.А. Квалификация хищений социалистического имуществаИзд. 2-ое испр. и допол. Москва., Юрид. лит. 1974 г.

4.

Пинаев А.А. Уголовно-правовая борьба с хищениями Харьков 1975 г.

5.

Зарипов З.С. Кабулов Р.К. Квалификация краж, грабежей, разбоев совершенных путем проникновения в помещения или иное хранилище  Ташкент., 1991 г.

6.

Советское Уголовное право (особенная часть) Москва., 1962 г.

7.

Пионтковский А.А. Учение о преступлении по советскому уголному праву Москва., 1961 г.

8.

Владимиров В.А. Преступление против личной собственности граждан. Москва Юридическая лит. 1974 г.

 

9.

Владимиров В.А. Квалификация похищений личного имущества

Москва Юридическая лит. 1974 г.

10.

Владимиров В.А. Квалификация похищений личного имущества

Москва Юридическая лит. 1974 г.

11.

Литовченко В.Н. Уголовная ответственность за посягательства на социалистическую собственность (понятие хищения) Москва 1985 г.

12.

Кудрявцев В.Н. Теоретическая основы квалфикаций преступлений

Москва 1963 г.

14.

Матышевский П.С. Советское уголовное право (Часть особенная) выпуск 1.

15.

Шикунов В.С. Кража и ответственность Минск 1971 г.

16.

Уголовное право. Особенная часть под ред. Е.А. Фролова, М.И. Ковалева Москва 1971 г.

17.

Тихоненко С.И. Борьба с хищениями социалистической собственности Киев., 1959 г.

18.

Советское уголовное право (Общая часть) Москва 1960 г.

19.

Михеев Р.И. Проблемы вменяемости и невменяемости в советском уголовном праве Владивосток 1983 г.

20.

Ткаченко В.И. Квалификация хищений социалистического имущества Москва, 1985 г.

21.

Михайлов М.П. Уголовная ответственность за кражу личного имущества и разбой Москва 1954 г.

22.

Сергеева М.А. Уголовно правовая охрана социалистической собственности в СССР. Москва 1954 г.

23.

Никифоров Б.С. Борьба с мошенническим посягательствами на социалистическую и личную собственность по советскому праву. Москва 1952 г.

 

24.

Гагарин Н.С. Квалификация некоторых преступлений против социалистической и личной собственности Алма-Ата, 1973 г.

25.

Бышевский Ю.В. Марцев А.И. Криминологическая характеристика личности вора. Учебное пособие Омск. 1973 г.

26.

Бышевский Ю.В. Кражи и их предупреждение Омск., 1979 г.

27.

Криминология под.ред. проф. В.Н. Бурлакова, проф. академика В.П. Сальникова, проф. академика С.В. Степашина. — СПб, Санкт Петербургский университет МВД России, 1999 г.

28.

Криминология Учебник под. ред. В.Н. Кудрявцева проф. В.Е. Эминова М, Юристь 1997 г.

29.

Гунсен Р. Дашков Г. Борьба с преступлениями социалистической собственности, Москва, Юрид. лит. 1979 г.

30.

Елисеев С.А. Вопросы теорий и практики предупреждения корыстных преступлений Томск 1989 г.

31.

Елисеев С.А. Прозументов Л.М. Общеуголовные корысное преступления. Криминологическая характеристика Уголовная ответственность. Томск., 1991 г.

32.

 

 

Зелинский А.Ф. Криминальная мотивация хищений и иной корыстной деятельности Киев, 1990 г.

33.

Мубович В.Н. Преступление против социалистической собственности

ЛГУ 1962 г.

 

 

Мерзімді басылымдар:

1.

Жұмағали А.Қ. Сиыр дегеніміз — сиыр (немесе ұрлық дегеніміз де ұрлық,, тонау дегеніміз де ұрлық, қарақшылық дегеніміз де ұрлық). Жас Алаш. 1 наурыз 2003 жыл ғ 26(14598)

2.

Жұмағали А.Қ. Гипнозбен арбау: бұл туралы Қылмыстық кодекс не дейді? Заң газеті 1999 жыл 28 сәуір ғ17 (240)

 

 

 

[1] Владимиров В. А., Ляпунов Ю. И Социальный совет под охраной закона.М., 1981.С.52.

[2] Қазақстан Республикасыныњқылмыстыº кодексi

[3] Қазақстан Республикасыны» Жо¹ар¹ы Сот Пленумыны» “Б¼теннi» м¾лкiн ½рлауды саралауды» кейбiр м¸селелерi туралы” ºаулысы. 1996ж., 25 шiлде, 1997ж., 2 мамырда¹ы №3 ºаулыларымен енгiзiлген ¼згерiстермен бiрге

[4] Уголвное право. Особенная часть (Ответственные редакторы: д. ю. н., проф. Казаченко И. Я., д. ю. н., проф. З. А. Незкомова, к. ю. н., , доц. Г. П. Новоселов). Москва, 1998-768 с.С193-204  

[5] Владимиров В. А., Ляпунов Ю. И. Ответственность за корыстное посягательство на социалитическую собственность. Москва, Юридическая литература 1986. С. 58

[6] Владимиров В. А., Ляпунов Ю. И. Социальная собственность под охраной закона. Москва, Юридическая литература 1979г стр. 33

[7] Кригер Г. А. Квалификация хоизений социалистического имущества. Москва, 1974, с 84

[8] Владимиров В. А. Квалификация преступлений против личной собственности. Москва, 1968, 56 бет

[9] Владимиров В. А. Квалификация похищении личного имущества. Изд. Москва, 1974. 42-бет

[10] Илитовченко В. И. Уголовная ответственность за постоятельство на социалистическую собственность Москва, 1985, 25-бет

[11] Г. А. Кригер Квалификация хищений социального имущества. Москва, 1974, 90-бет

[12] Советское уголовное право (часть особенная). Ìосква 1962г 201бет

[13] В. А. Владимиров, Ю. И. Ляпунов Ответственность за корыстное посягательство на социалистическую собственность. Москва, 1986, 125 бет 

[14] В. А. Владимиров, Ю. И. Ляпунов. Ответственность за корыстное посягательство на социалистическую собственность. Москва, 1986, 131-бет 

[15] Советское уголовное право. Москва, 1962, 213- бет

[16] Советское уголовное право (особенная часть). М.,1985.С.84.

[17] Г.А. Кригер. Кваливикация хищении социалистического иммущества Москва, 1974 г. стр. 119

[18]Ќазаќстан Республикасыны» Ќылмыстыќ кодексiнi» 179-бабы  

[19] Каментарий к уголовному кодексу Республики Казахстан

Караганда, 1999, 179-бап

[20] Г. А. Кригер квалификация хищении социалистического имущества Москва, 1974, С. 66

[21] Каментарий к уголовному кодексу. Караганда, 1999г.

[22] Ќазаќстан Республикасыны» Азаматтыº кодексiнi» 188-бабы

[23] П. С. Матышевский. «Ответственность за преступление против социалистической собственности»

Киев, 1983, стр. 13

[24] В. А. Владимиров «Квалификация похищении личнего имущества» Москва, 1974, стр. 21

[25] Владимиров В. А.  «Квалификация похищении личнего имущества» Москва, 1974, стр. 21

[26] М.Д.Михайлов «Уголовная ответственность за кражу личного имущества» Москва 1958, стр 46

[27] М.Д.Михайлов «Уголовная ответственность за кражу личного имущества» Москва 1958, стр 46

[28] Т.А. Сергеева «Уголовно-правовая охрана социалистической собственности в ССР» Москва 1954, стр 13

[29] Д.С.Никифоров «Борьба с мошеническим посягатальствами на социалистическую и личную собственность по советскому уголовному праву» Москва, 1952, стр 60-61

[30] В. А. Владимиров  «Квалификация похищений личного имущества» Москва, 1974, стр. 22

[31] Каментарий к уголвному кодексу Республики Казахстан. Караганда 1999, 277-194 баптар

[32] Каментарий к уголвному кодексу Республики Казахстан. Караганда 1999, 255 бап

[33] Каментарий к уголвному кодексу Республики Казахстан. Караганда 1999, 260 бап

 

[34] Уголовное право (особенная часть). Учебник для ВУЗ-ов. Под ред. И. Я. Казаченко. Москва, 1998г. 

[35] Ќазаќстан Республикасыны» Ќылмыстыќ кодексi 324-бабы

[36] Ќазаќстан Республикасыны» Жо¹ар¹ы Сот Пленумыны» 1996ж., 25 шiлдедегi Б¼теннi» м¾лкiн талан-тараждауды саралауды» кейбiр м¸селелерi туралы ºаулысыны» 3 тарма¹ы

[37] советское уголовное право. Часть особенная. Издательство ЛТУ 1962, стр. 88

[38] Ќазаќстан Республикасыны» Ќылмыстыќ кодексiнi» 178-бабы.

[39] В. А. Владимиров «Квалификация похищении личнего имущества» Москва, 1974, стр. 48

 

[40] В. А. Владимиров «Квалификация похищении личнего имущества» Москва, 1974, стр. 46

[41] В. С. Шикунов «Кража и ответственность»  Минск 1978, стр. 27

[42] А. А. Пионтковский «Учение о преступлений по советскому уголовному праву», Москва, 1961, стр. 174

[43] В. Н. Кудрявцев «Теоретические основы квалификаций преступлений»,  Москва, 1963, стр. 15

 

[44] В. А. Владимиров «Квалификация похищении личнего имущества» Москва, 1974, стр. 50

[45] ºазаº КССР Жо¹ар¹ы Сот Пленумыны» 28.06.1985ж «½рлау туралы iс ж¼нiндегi сот т¸жiрибесi туралы» ºаулысы 26.12.96ж ¼згерiстерiмен

[46] М. Н. Якубович «Преступление против социалистической собственности» ЛГУ, 1962, стр. 10

[47] М. Гельфер, В. Литовченко «Момент окончания преступления при краже» Социалистическая законность. 1972, №11, стр 42

[48] П. С. Матышевский  «Совеиское уголовное право», часть особенная, выпуск 1, стр 107

49 В. С. Шикунов «Кража и ответственность» Минск, 1971, стр. 31

50 А. А. Пионтковский «Курс советского уголовного права», том 1, стр. 402

51 Уголовное право. Особенная часть. Под ред. Е. А. Фролова, М. И. Ковалева

Москва, 1971, стр. 33 

52 В. С. Шикулов «Кража и ответственность» Минск, 1971, стр. 33

53 С. И. Тихоненко «Борьба с хищениями социалистической собственности» Киев, 1959, стр. 65

54 Советское уголовное право (Общая часть)

Москва, 1960г

55 Комментарий к уголовному кодексу РК

Караганда, 1999, стр. 58

56 Михеев Р. И. «Проблемы вменяемости и невменяемости в советском уголовном праве»

Владивосток, 1983, 300с., стр. 60-64

57 Советское уголовное право (общая часть)

Москва, 1960г

58 В. С. Шикунов

«Кража и ответственность»

Минск, 1971, стр. 40

59 «Советское государство и право», 1952, №8, стр. 41

60 Ќазаќстан Республикасы Ќылмыстыќ кодексi 327-бабы

61 В. А. Владимиров, Ю. И. Ляпунов

«Ответственность за корыстное посягательство на социалистическую собственность»

Москва, 1976, стр.158

62 Ќазаќстан Республикасы Ќылмыстыќ кодексiнi» 175-бабыны» 2 б¼лiгi

63 Ќазаќстан Республикасы Ќылмыстыќ кодексiнi» 175-бабыны» 3 б¼лiгi

64 В. А. Владимиров, Ю. И. Ляпунов «Ответственность за корыстное посягательство на социалистическую собственность» Москва, 1976, стр.173

65 Ќзаќтан Республикасыны» Жоѓрѓ Сот Пленумыныњ1996ж. 25 шiлдедегi “Б¼теннi» м¾лкiн талан-тараждауды саралауды» кейбiр м¸селелерi туралы” , 7 тарма¹ы

66 Н. С. Гагарин «Квалификация некоторых преступлений против социалистической и личной собственности» Ама-ата, 1973, стр. 103

67 Пинаев. А. А. «Уголовно- правовая борьба с хищениями» Харьков, 1976, стр. 166

68 В. А. Владимиров, Ю. И. Ляпунов «Ответственность за корыстное посягательство на социалистическую собственность» Москва, 1976, стр.175

69 Ќазаќстан Республикасыны» Жо¹ар¹ы Сот Пленумыны» 1996ж. 25 шiлдедегi “Б¼теннi» м¾лкiн талан-тараждауды саралауды» кейбiр м¸селелерi туралы” , 8 тарма¹ы

 

70 Ќазаќстан Республикасы Ќылмыстыќ кодексiнi» 175-бабы

71 Ткаченко В. И.

«Квалификация хищений социалистического имущества»

Москва, 1985г

 

 

72 Борзенков Г. Н. «Проникновение в жилища как квалифицирующий признак кражи, грабежа, разбоя » Вестник Московского университета, стр. 11. право 1984,стр 14

73 Каментарий к уголовному кодексу. Караганда, 1999г

74 Ќазаќстан Республикасы Ќылмыстыќ кодексiнi» 175 бап ескертуiнi» 2 тарма¹ы

75 Ќазаќстан Республикасыны» Жо¹ар¹ы Сот Пленумыны» “Б¼теннi» м¾лкiн талан-тараждауды саралауды» кейбiр м¸селелерi туралы” 1996ж. 25 шiлдедегi ºаулысы

76 Советское уголовное право (Особенная часть)

77 Ќазаќстан Республикасыны» Ќылмыстыќ кодексiнi» 178-бабы

78 В. А. Владимиров «Квалификация преступлений против личной собственности» Москва, стр. 72-73

79 Н. С. Гагарин «Квалификация некоторых преступлений против социалистической и личной собственности» Алма-ата, 1973, стр. 194

 

80 криминология учеьник \Под ред. проф. Кузнецовой, проф. Т. м. Миньковского

Москва, Издательство БЕК, 1998, стр. 319, 320