ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектілері
Алматы -2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 – Тарау. Ұжымдық қарым- қатынастың зерттелу тарихы.
1.1. Ұжымдық қарым- қатынас туралы түсінік.
1.2. Ұжымдық қарым- қатынастың шетел тіл білімінде зерттелуі.
1.3. Орыс тіл білімінде ұжымдық қарым- қатынастың зерттелу деңгейі.
2- Тарау. Ұжымдық қарым- қатынастың псхолингвистикалық аспектілері.
2.1. Ұжымдық қарым- қатынас құралдары.
2.2.Ұжымдық қарым-қатынас құралдарының негізгі бөлшегі -мәтін
және оның табиғаты.
2.2.1. Газет пен журнал беттеріндегі көңілді мәтіндердің психолингвистикалық аспектісі.
2.2.2. Газет пен журнал беттеріндегі көңілсіз мәтіндердің псхолингвистикалық аспектісі.
2.2.3. Радио және теледидардағы көңілді мәтіндердің псхолингвистикалық аспектісі.
2.2.4. Радио және теледидардағы көңілсіз мәтіндердің псхолингвистикалық аспектісі.
Қорытынды.
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі.Тіл ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі тілдік жүйені, тілдің коммуникативті қызметі, тіл мен адам факторы арасындағы, тіл мен қоғам арасындағы байланыс аспектісінде зерттеуге айрықша назар аударылып отыр.Тілдік жүйені тілдің коммуникативті қызметіне негіздей зерттеу психолингвистика, когнитивті лингвистика,функционалдық лингвистика,прагматикалық лингвистика саласында қарастыратыны белгілі.Қазақ тіл білімінде осы бағытта зерттеуді қажет ететін саланың бірі-ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі.
Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісін тілдің коммуникативті функциясымен байланыстыра зерттеу тиімді бағыттың бірі.Ұжымдық қарым-қатынастың мәтіндік қырын қарастыру психолингвистикаға қатысты негізгі мәселелер мен бағыттарды анықтауға жол ашады, өйткені,ұжымдық қарым-қатынас қоғамдық өзгерістерге қарай,адамдардың қабылдау еркшелігіне қарай жаңарып, өзгеріп отырады.
Психолингвистика тілдік қарым — қатынас құралы ретінде адмдардың сана-сезіміне, іс -әрекетіне әсер ету мақсаты тұрғысынан қарастырады.1946ж Америка ғалымы енгізген (Н.Пронко)термин (« Тіл және психолингвистика» деген мақаласында.).
Психолингвистиканың әр түрлі аспектісін Н.И.Жинкин,А.А.Леонтьев,Р.Мертон,Р.М.Фрумкина,К.Ховланд,А.Ламсдейн,Ф.Шеффильд,П.Лазарсфельд,Б.Берельсон,О.С.Ахманова,Д.Слобин,Д.Грин,А.А.Залевская т.б ғалымдар әр қырынан зерттеген.
Ал Ұ.Т.Қ-тың маңыздылығын зерттегендер А.И.Михайлов,Л.М.Землянова,М.С.Каган,В.М.Березин,Н.Г.Ланге, Э.П.Щубин,Г.П.Бакулев т.б ғалымдардың еңбектерінен көреміз.
Бүгінгі қоғамдық дамуда демократияға шындап бет бұру мен жариялаудың еліміздің саяси өміріне, экономикалық қарым-қатынасына түбегейлі өзгеріс әкелген жаңа кезең болып отыр.Осы демократиялық өзгерудің барлығы ұжымдық қарым-қатынастың тілінен көрініс табуда.Соған байланысты Ұ.Т.Қ –ты бұрыннан айқын тұжырымдалған ұжымдық насихаттың, үгітшіліктің және ұйымшылдықтың, рөлі де жаңа бағытта өзгеріп тың сатыға көтірілуде. Қазіргі ұжымдық қарым-қатынастың ауқымы кеңейіп, көптеген шектеулер алынып, ой-пікірге еркіндік берілген. Ұжымдық қарым-қатынастың осындай жаңа сипатына сәйкес психолингвистикалық ерекшеліктер айрықша көзге түсіп отыр. Соадықтан қазақ тіл білімінде бұрын жеке зерттелмеген ұжымдық қарым-қатынас психолингвистикалық аспектісіне байланысты мәселелерді мәтін көлемінде зерттеу адамның психологиялық қабылдауына нақты талдау жасауға оның өзіндік ерекшелігін жаңа қырынан тануға жетелейді және жұмыстың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Ұжымдық қарым-қатынас мәтіннің психолингвистикалық ерекшелігін, оның белгілерін, атқаратын қызметін анықтау. Осы мақсатқа сай диплом жұмысында төмендегі міндеттерді анықтау көзделді.
- ұжымдық қарым-қатынас және оның зерттеу тарихына шолу жасау;
- ұжымдық қарым-қатынас теориясына , оның шетел және орыс тіл білімінде зерттелуін шолу жасай отырып, зерттеу барысында сүйенген теориялық принциптерді негіздеу;
- ұжымдық қарым-қатынас тілінің психолингвистикалық аспектісін айқындау;
- ұжымдық қарым-қатынас құралдарының тіліндегі мәтіннің адам психологиясындағы алатын орнын , лингвистикалық тұрғыдан бейнелеуін айқындау;
- газет-журнал беттеріндегі мәтіннің эмоциялық-экспрессивтік қырына байланысты талдау;
- радио және теледидар тіліндегі мәтіннің психолинвистикалық аспектілерін айқындау.
Зерттеудің теориялық және практикалық тілі. Ұжымдық қарым-қатынас мәтіні психолингвистикалық аспект тұрғысынан қарастырып, зерттеу жүйесі анықталады. Психолинвистикалық аспекті мәтін деңгейінде анықталып, ұжымдық қарым-қатынас тілінің ерекшеліктері тың, жаңа қырынан қарастырады. Мәтіннің эмоциялық-экспрессивтік мәні мен ерекшеліктерін ашуға ұмтылыс жасалды. Ұжыдық қарым-қатынас тілін одан әрі кешенді түрде зерттеуге кең жол ашып, болашақта ізденуге тбағыт береді, қазақ тіл білімінде ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық дамуына үлес қосады.
Ұжыдық қарым—қатынастың психолингвистикалық аспектілері деген тақырыпта жоғары оқу орындарында курс жүргізуге негіз бола алады. Жинақтардан мматериалдарды жоғары оқу орындарында коммуникативтік лингвистика, прагматикалық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, психология салалары бойынша қазақ тілін оқытуда пайдалануға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ тіл білімінде бұрын арнаулы зерттеу нысаны болмаған ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі мерзімді баспасөз материалдары негізінде , радио мен теледидар мәнінің негізінде қарастырады. Ұжымдық қарым-қатынас мәтіні тілінің белгілі бір мақсат –мүддеге сай қолданылу ерекшелігі айқындалады. Коммуникативтік мақсат бар жерде психолингвистикалық аспекті асатындығы дәлелденді. Ұжымдық қарым-қатынастың мәтінінде психолингвистикалық аспекті атқаратын бағалаушы микроэлементтер (эмоциялық-экспресивтік мәні бар лексика, синтаксистік құрылымдар, графикалық құрылымдар ) теориялық тұрғысынан тұжырымдайды.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын негіздеуде сипаттама әдісі, контекстік талдау, жүйелеу, салыстырма әдістері қолданылды.
Зерттеу нысаны (обьектісі). Ұжымдық қарым-қатынас тіліндегі материалдар бойынша психолингвистикалық аспектілері: ufptn6 : газет, журнал, радио, теледидар, тіліндегі эмоциялық-экспрессивтік мәні бар мәтіндер, психологиялық қызмет атқаратын тілдік құралдар; психолингвистикалық аспектілерге қатысты коммуникативтік стратегия мен коммуникативтік тактика.
Зерттеу жұмысының дерек көздеріндегі негізгі тілдік материалдар «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас Алаш», «Алматы ақшамы», «Қазақ елі», газеттерінен , «Қазақстан әйелдері», «Денсаулық».
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1 – ТАРАУ. ҰЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.
1.1. Ұжымдық қарым- қатынас туралы түсінік.
Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын психолингвистика тұрғысынан зерделеу, тіл құбылыстары сөз, сөз тіркесі және сөйлемдерді адамның қабылдау, пайымдау, ойлауымен ұштастыру, дәстүрмен жаңашылдық үрдістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру , сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу қазақ тілінің болашағын айғақтауға, өркениетті мемлекеттің қоғамдық — әлеументтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ. Демек , бүгінгі тіл ғылымының атқарар қызметі де жол бастар соқпағы да айрықша.
Соңғы жылдары дамып, өркендей , қанат жайып келе жатқан антрополингвистикалық бағыттағы тіл салалары тілдің әр қырларын анықтап, оның басқа ғылымдармен байланысын бірлікте қарастыруға жол ашады.
Біз сөз еткелі отырған психолингвистика саласы да тіл мен психология ғылымының сабақтасқан ,ұштасқан бірлігі. Оның қарастырмайтын, оның зерделемейтін саласы жоқ деуге де болады. Ол өзіне қостілділік теориясын, этнопсихолингвистиканы, криминимистиканы, инженерлік авиацианы, психологияны , ұжымдық қарым – қатынасты т. б .қамтиды.
Көптеген ғылым жарияланымдарда психолингвистиканың қалыптасуын ХХ ғасырдың орта шенінде заманның талабынан туындаған өзекті мәселелерге толықтай жауап беру мақсатынан туындаған бұрыннан келе жатқан дәстүрлі ғылым салаларын тоғыстыру үрдісінің ғылыми аренада пайда болуымен байланыстырады.
Психология мен лингвистиканың сабақтастығынан негізделген психолингвистиканың пайда болуының себебін қайсібір ғалымдар нақты практикалық міндеттерді теориялық тұрғыдан қайтадан сараптауда сөйлейтін адамды емес, көбіне мәтінді зерттеумен айналысатын таза лингвистикалық талдауларға сүйенүдің күткендей нәтижелерге жеткізе алмағандығымен (А.А.Леоньтев) түсіндіреді. Ал кейбір ғалымдар , мәселен Р.М.Фрумкина (1968) психолингвистика ғылымы тіл мамандарының тілді психикалық ореномен ретінде сипаттаудан бас тартуларымен байланысты болып келген олқылықтардың , кемшіліктердің орны толықтыру мақсатында дүниеге келді деп біледі.
ХХ ғасырдың 50- жылдарынан бастап ғылыми мінбеден психолингвистика дербес ғылым саласы ретінде көріне бастағанымен, оның алғашқы қадамдары, бастамалары В .Гумбольдттың , В.Вундтың , орыс лингвистерінің, орыстың психолог, физиолог ғалымдарының (А.А .Потебня, И.А .Бодуэн де Куртене, А.А .Шахматов, И.М .Семенов, Н.А. Бернштейн, С.И .Бернштейн, А.С. Выготский ,А.А. Леонтьев ,Н.И .Жинкин т.б.) ебектерімен тығыз байланысты. Психология мен лингвистика арасындағы одақтастыққа бір ғасырдай уақыт толады десе де болғандай.
Осы психолингвистиканың негізгі нысаны ретінде қарастырылатын ұжымдық қарым- қатынас мәселесі- бүгінгі күн талабынан туындаған , нағыз қажетті тақырып. Осыған орай, ең алдымен , ұжымдық қарым- қатынастың зерттелу жайына тоқталамыз. Бұдан былай жұмысымызда «ұжымдық қарым- қатынас» терминін қысқартып ҰТҚ деп алуды жөн көрдік.
Ұжымдық тілдік қатынас туралы біздің елде зерттеу еңбектері жоққа тән. ресейде ұжымдық тілдік қатынас (ҰТҚ) ХХ ғасырдан бастап зерттеу нысанына айналған. Ал отандық ғалымдар бұл тақырыпқа әлі де атпасын бұратын түрі жоқ сияқты. Жалпы ҰТҚ туралы дерек көздерін біз Америка немесе Ресей т.б. елдердің ғалымдары жазған еңбектерден аламыз. Сондықтан осы ұғымның басын ашып алайық.
Ұжымдық тілдік қатынас сөзінің тура аудармасы ағылшын тілінде « mass communication», орыс тілінде «массовая коммуникация». Бұл ұғымды түсіндіруде, түсінуде алғашында шатасулар тұғызды. Ғалымдар біресе оның қурамындағы жеке сөздерді талқылады, біресе толық ұғымды алып анықтауға тырысты. Яғни « mass» үлкен көлемдегі , кең ауқымды деген мағынада десе, коммуникациялау тілде кеңесү, тілдесу. Бұдан шыққан қорытынды қарым – қатынастың, яғни тілдесімнің кең көлемде, үлкен аудиторияларды жүзеге асуы. Оны қазақ тіліне сыпайы ғана орнықтырып қоятын болсақ « ұжымдық қарым –қатынас» деген ұғым пайда болады. Ал шын мәнінде ол ұғымды осы анықтама толық ақтап шығады ма? деген сұраққа жауапты біз кейбір отандық және шетел ғалымдарының пікірімен санаса отырып анықтауға тырысамыз.
Коммуникация – терминінің алғашқы мағынасы (тілге ,сөйлеуге қатысты ) «қарым- қатынас» тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кездерде бұл ұғым одан әлдеқайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация – тіл арқылы сөйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе, қоғамдық коммуникация – қоғамдық байланыс қоғамдағы қарым- қатынас дегенді аңғартады.
Қарым- қатынас (коммуникация) туралы «психолингвистические проблемы массовой коммуникаций» (М. Наука 1974) [ 1;8 ] еңбегінде былай дейді : « общение, или коммуникация , – одна из сторон взаимодействия людей в процессе их деятельности». Бұл пікір де басқа ғалымдардың анықтамаларымен ұқсас. Яғни адамдардың қарым- қатынас жасауы ( тіл арқылы). Олай болса «коммуникация» терминін біз қарым- қатынас деп алып қарастырамыз.
«Коммуникативтік» термині жай тілдік қарым- қатынасты ғана емес, одан да гөрі терең мәні бар қоғамдық- әлеуметтік тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам болмайтыны сияқты, адамнан тыс қоғамда болмайды. Бірақ ол тіл жеке адамның тілі емес, белгілі бір қоғамда өмір сүруші адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу қуралы. Сондықтан тіл әрі қоғамдық, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады.
Сонымен коммуникация қарым- қатынас, өзара байланыс дегенді білдіреді. Ал ұжымдық қарым- қатынас ғылымға қалай және кімнің еңбектері арқылы енді? Бұл термин туралы түсінікті зерттеушілердің пікірлері арқылы толықтырар болсақ оған былай анықтама берілген: « собственное значение термина « массовая коммуникация» даст лишь приблизительное представление о характере обозначаемого им понятия. В известной мере этот термин ложно ориентирующий. В самом деле, « массовая коммуникация» — это гораздо больше, чем « коммуникация для масс» или « в массовом масштабе» ,точно так же, например, как железная дорога не есть « дорога из железа» — дейді. Бұл сөздің мағынасының ауқымдылығын біз қалай білеміз? Жеке терминнің өзі өз мағынасынан да ауқымды ұғымды білдіретін болса , оның тағы да көптеген ерекшеліктері болуы керек қой! Бұл сұраққа « Речевое воздействие в сфере массовой коммуникаций» ( М,Наука 1990) еңбегінің 3-і бөлімінде былай жауап береді: « …..если мы творим в массовом искусстве, массовой литературе, то тогда в центр нашего внимания попадают прежде всего вопросы современного бытования искусства в условиях существования средств массовой коммуникаций ,массовой информаций. Само это бытование может быть рассмотрено с различных точек зрения. С одной стороны, это технические средства порождающие феномен массовой искусства- существование массовых тиражей книг, перилдических изданий прессы, телевидения, радио, кино – одним словом все то, что является техническими, производственными мощностями, продукцирующими массовой искусства неотъемлемая часть нашей современной жизни, от которой никуда нельзя уйти и которую необходимо принимать как данность, как условие самого нашего существования» [ 2 ;32 ]. Осы пікірде ұжымдық қарым- қатынастың белгілері нақты айтылған. Атап айтқанда ұжымдық қарым- қатынас ақпарат тарату мүмкіндігіне ие. Ол техникалық құралдардың көмегімен іске асады, ( құралдары – радио, телевидение, газет – журнал ) және ол адамдардың күнделікті қажеттіліктері арқасында туындап отыр. Міне ұжымдық қарым- қатынастың негізгі шартты ұғымдары осындай.
Ғылымда ұжымдық тілдік қатынас осы күйінде алынып бірден зерттеуге түскен жоқ. Алдымен оның қатынас құралдары зерттелді. ХХ ғасырда газет ақпарат таратудың бірден- бір көзі бола бастады. Соғыс кезінде осындай қарым- қатынас құралдарының көбеюі, олардың қоғам тіршілігінде маңызды қызмет атқара бастауы , жаңа терминнің дүниеге келуіне мүмкіндік туғызды.
Бұл термин туралы «Ұжымдық қарым- қатынастың психолингвистикалық аспектісі» ( М.Наука 1974 ) атты еңбекте оған былай анықтама береді:
- массовая коммуникация есть процесс распространения информаций ( т.е. разновидность общения );
- этот процесс носит социальный, классовый характер, ибо распространяемые знания, духовные ценности, моральные и правовые нормы всегда отражают классовые интересы;
- процесс массовой коммуникаций совершается при помощи технических средств( печати, радио, телевидения, киномотография), все другие виды общения, например публичная речь вовлекающая в конечном счете в процесс коммуникаций миллионы людей к массовой коммуникаций, строго говоря, не относится ;
- для массовой коммуникаций характерен особый вид аудиторий: массовая, рассредоточенная аудитория т.е. очень большая по численности, но раздробленная на небольшие группы, по размеру обычны не превышающие семью. [1 ;7 ]
Алайда бұл анықтаманың өзі де терминге толық түсінік бере алмайды. Бұл терминді жеке – дара талдап білудің маңызы іс — әрекеттің қалай өтетінін бақылауға тигізетін әсері мол. Яғни, әр нәрсенің жеке қасиетін анықтау үшін біз оның шындықпен, тарихпен байланысты жақтарын ескермей әрқайсысының өзінің жеке қасиеттерін, оның белгілі себептерін және ізденіс жолын қарастыруымыз керек. Шын мәнінде «ұжымдық қарым- қатынас» термині тек мағына айқындау жағынан жуық қана мәнді көрсетеді. Бұл терминді негізінде тек ұжыммен не қоғаммен, қарым- қатынас деген ұғыммен шектеу қате.
Көп жағдайда терминді анықтауда тек оның құрамындағы сөздердің тарихына талдау жасау аздық етеді. Керісінше, ол терминнің мағынасына назар аудару керек. Ұжымдық қарым – қатынасты біз қоғамдағы қозғалыстың мәні деп анықтаймыз. Бұл терминнің төңірегінде қаншалықты көп пікір айтылса да негізінде бәрінен шығатын қорытынды ой біреу. Ол – ұжымдық қарым – қатынастың қатынас жасаудың ауқымды түрі екендігі, оның дербес құралдарының болуы , ондағы іске асатын әрекеттің тілдік және психологиялық ерекшелігінен көрінетіндігі. Бұл қатынасқа түсуші субъекті үш мақсатты көздейді:
— біріншіден, бағалаушы қатынасшыдан өзі үшін мәні бар ақпарат алуды көздейді;
— екіншіден, қатынасшы бақылаушыға бірқатар мағыналы мәлімет береді;
— үшіншіден ,қатынасшы да , бақылаушы да әйтеуір бір ой алмасуды көздейді. «Язык и массовая коммуникация» еңбегінде ( М. 1984 ) «массовая коммуникация- это деятельность по добыванию упорядоченного, обработки и передаче (сообщений) информаций» [3;4 ]. Сонымен қатар осы аталған еңбекте « массовая коммуникация – это деятельность по добыванию ( открытию, изобретению) новых смыслов, приближающих человеку к постижению истинного и нравственного знания» [3 ;18 ] деген анықтамалар бар . Бұл әрине жоғарыда біз айтқан тұжырыммен сәйкес келеді. Яғни, ақпарат таратуға ұжымдық қарым- қатынастың құралдары қызмет етсе, ондағы ақпаратты қабылдауда адам өзіндік қажеттіліктерін өтейді . Осыған орай неміс ғалымы К .Шеннон ұжымдық қарым-қатынастың үш түрін бөліп көрсетеді:
- технический
- семантический
- эффективность.
Технические проблемы коммуникаций связывались им с точностью передачи информаций от отправителя к получателю.
Семантические проблемы с интерпретаций сообщения получателем в сопоставленным изначальным значением.
Проблема эффективности говорит о результатах изменения поведения в связи с переданным сообщениям [3 ;24 ].
Біз алдыңғы пікірлерде ұжымдық қарым- қатынастың негізгі белгілерін анықтасақ, К. Шенонның жіктеуінен бұл қатынастың іске асу ерекшелігін көрмізге болады;
Негіз- кодтау – хабар – декодтау- қабылдау
Источник- кодирование- сообшение — декодирование — получатель
Қорыта келгенде, ұжымдық қарым- қатынас терминін түсіндіру үшін мынандай алғышарттарды негізге аламыз:
— ұжымдық қарым- қатынас арқылы өте үлкен көлемде ақпарат таратуға, және ақпарат қабылдауға болады;
— ұжымдық қарым- қатынас техниканың көмегімен іске асады;
— бұл қатынасқа түсушілер белгілі бір мақсат көздейді;
— ұжымдық қарым- қатынастың тілдік және психологиялық ерекшеліктері болады;
-ұжымдық қарым- қатынастың өз құралдары ,дербестігі болады.
Термин төңірегінде біраз ой айтылды. Оның қалай және қашан пайда болғандығынан мәлімет берілді. Ендігі ұжымдық қарым- қатынастың шетел және орыс тіл білімдерінде зерттелуіне тоқталу арқылы термин төңірегіндегі түсініктерді толықтыра жатамыз.
1.2. Ұжымдық қарым- қатынастың шетел тіл білімінде зерттелуі .
Тілдік қатынас болмаса қоғамда әрекет те, байланыс та, қарым-қатынас та болмас еді.сондықтан ұжымдық қарым-қатынаста тілдің атқаратын ролі зор.Ұжымдық қарым-қатынастағы тілдің маңызы-тіл арқылы ойды түсінікті етіп беруге және ақпаратты үйлестіру,соданоны басқаларға жеткізуде.Олай болса ұжымдық қарым-қатынастыңболуы,оның тіл арқылы жүзеге асуы.Ал ұжымдық қарым-қатынастың зерттелу жүйесі қандай болдыекен,енді осы сұраққа жауап іздесек.
Ұжымдық қарым- қатынастың амал тәсілдерін шетел тіл білімінің ғалымдары ХХ ғасырдың басынан бастап зерттеген. Одан кейін 30- жылдарда радионың көптеп тарала бастауымен сол арқылы қарым қатынас жүре бастады( насихат сөздер мен коммерциялық жарнамалар берілді ).Екінші дүние жүзілік соғыста ұжымдық қарым-қатынастың түрлкріне қажеттілікті көптеп талап ете бастады,өйткені қатынастың бұл түрі қару-жарақпен бірдей маңызға ие болып,содан психологиялық соғыс деген термин пайда болды.Ұжымдық қарым-қатынастың анықталуына батыс ғалымдарыныңсіңірген еңбектері көп.Шындығында осы терминнің де сол кездерде негізі қаланғандығына ешкім дау айтпаса керек.Батыс ғалымдарының барлығының дерлік пікірі Американ ғалымы Х.Лассуэллдің айтқан пікірлеріменсәйкес келеді.Бұл ұғымның кең өріс алуына Х.Лассуэллдің қосқан үлесі зор.оны батыс еліндегі ұжымдық қарым –қатынас теориясының әкесі деп атуы жайдан-жай емес.оған батыстағы алғашқы ұжымдық қарым-қатынас туралы жазылған еңбек тиесілі.Негізінде Лассуэлл 1946 өзінде –ақ ұжымдық қарым-қатынастың үлгісін ұсынған.Ол үлгіні әлі күнге дейін батыс ғалымдары классикалық үлгі деп келеді.Ол былай құралған:»кто что сказал,через посредство какого канала(средства)коммуникациикому,с каким результатом.»Осы жүйені ғалым терминінің басты белгілерін айқындайды деп сендіреді.1967жылы Лассуэлл бұл үлгіні аздап өзгертті.арада өткен 20жыл уақыт ішінде ол былай өзгерді:»участники коммуникации-лерспективы-ситуация-основные ценности-стратегии-реакции реципиентов-эффекты».Олай болса ұжымдық қарым-қатынастың негізін салған Американ ғалымы Х.Лассуэлл.
Бұл салада еңбек еткен батыс ғалымдары:Н.Винер,В.Шромм,Х.Лассуэлл,Р.Мертон,П.Лазарсфельд,А.Моль,Ю.Хабермас,Т.Гоббс,А.Ховланд,А.Ламсдейн,Ф.Шеффильд,Б.Берельсон,Ч.Кулы,К.Шеннон т.б.Көріп отырғанымыздай аталғандардың барлығы американ ғалымдары.Бұдан ұжымдық қарым-қатынастың батыста аз зерттелмегенін көруімізге болады.Әлі күнге бұл салада американ ғалымдары бірінші орында келеді.Маңызды тәжірибе жүргізу жөнінен де, ұжымдық қарым-қатынастың заңдылықтарын оқытуда да басқа елдерден көш алда.Әрине қазақ тіл білімін айтып салыстырмасақ та болады.Америка ғалымдары жазған еңбектерден Европа да,Латын Америкасы да,Жапония да,Ресей дет.б елдердің ғалымдары бас негізін солардан алып келе жатыр.Олардың барлығының негізі бір болғанымен, кейбір пікірлерімен ерекшеленеді.Сондықтан әр елдің ғалымдары айтқан анықтамаларына тоқталмай кетуіміз жөнсіз –ақ.
Біз жоғарыда ұжымдық қарым-қатынасқа түсінік бкргенімізде бұл терминнің батыс елінен шығуы мүмкін дап айтқан едік.Батыстан бастау алған бұл ұғым үлкен ғылыми зерттеу нысанына айналды.Көптеген елдер ұжымдық қарым-қат ына енуі үшін еңбек етті.Пікір алшақтығы болғанмен соңынан бірізділік тауып жаты.Енді ынастың өзғылым осы ғалымдардың анықтамасына тоқталсақ!
Американың әлеуметтанушысы Чарльз Кулы ұжымдық қарым-қатынасты былайша түсіндіреді:»адамның алуан түрлі қарым-қатынасты механикалық күштің көмегімен іске асыруы мен дамытуы ақпаратты ақыл-оймен белгіні қорытындылау,және оны кең көлемде таратуға, сақтауға талпынуы»[1;24].Көріп отырғанымыздай коммуникацияның ұғымына кең мағынадағы қатынасты түсіндіреді.Көптеген ғалымдар бұл терминнің механикалық жағына анықтама береді.Шеннон .К. ұжымдық қарым-қатынасты үш деңгейге бөліп көрсетеді:»біріншіден,ол техникалық ақпараттардың берушіден алушыға тура не толық жетуін қадағалайды.Екіншіден,семантикалық ақпараттардың алғашқы мәнінің салыстырмалы түрде екінші жаққа әсерлі етіп берілуі.Үшіншіден,эффектілік(әсер,нәтиже)хабар тарғаннан кейінгі байланыстың,әрекеттің нәтижесі қалай болғандығын байқау.
Ал Гоббстың анықтамасы басқаларға мүлдем ұқсамайды.Ол бұған филосфиялық тұрғыдан қарйды.Ол туралы БерезинВ.М «Массовая коммуникация:сущность,каналы,действие»(М,2003г)еңбегінде айтылған.Т.Гоббс:»әлемдегі ең ақылды,білімді адамдардың өзі тек қана өз ойымен білімін дамыту үшін көп ізденіп, көп қызмет жасап, көп оқыса ол өзіне аз да болса пайда келтіруі мүмкін,ал өзгелерге оның ешқандай пайдасы жоқ.Өйткені оның барлық білімі өзімен бірге дамып,өзімен бірге жоғалып кетеді.Осы жаңа білімді бір адамдардың тауып, басқа адамдарға таратуы, бүкіл адамзатты дамымай қалудан сақтап қалуы мүмкін»деп жазды.[1;56].Бұл да ұжымдық қарым-қатынас кезінде өтетін әрекетке байланысты айтылған пікірдің бірі.Негізінде, ғалымдардың қайсысының пікірі болмасын түп мақсатына келгенде(Ұ.Қ.Қ-қа байланысты)үйлесіп жатады.Оны біз біршама анықтамадан соң білуімізге болады.Айталық, неміс ғалымдарының пікірлері бірін-бірі жалғап жатады.мысалы ұжымдық қарым-қатынас кезіндегі кері байланыс үлгісі дегенге Н.Винер мынандай анықтама береді:»информация,поступившая обратно в управляющии центр,стремится противодействовать отклонению управляемой величины от управляющей»[2;24 ]
Н.Винердің пікірін ары қарай жалғастырушы ғалым С.Бир болды.Ол кері байланыс- тарлған ақпараттың қайта кері қайтуы деген ой айтады.Кері байланыстың өту кезеңін ол былай түсіндіреді:»положительная обратная связь вызывает увеличения уровня сигнала на выходе вызывает уменьшение сигнала на входе,и таким образом, в прнципе является стабилизирующий».[2;26]
Бұл пікірді алғаш айтқан К.Шеннон болатын.Оның үлгісін ары қарй осы аталған екі ғалым өрбітті.Осының өзі ғалымдардың бірін-бірі толықтырып, бір мақсатта анықтама бергендігінің дәлелі.Ұжымдық қарым-қатынас туралы көбіне неміс және американ ғалымдары зерттеу жүргізген.Біз сондықтан Америка елінің ғалымдары айтқан пікірлерге де жүгіне кетеміз.
Америка ғалымдарының ішінде осы салада көп еңбек еткендер И.Л.Джейнис,П.Б.Фильд.Олар зерттеу нәтижесінде ұжымдық қарым-қатынасқа байланысты мынадай үш негізгі анықтама шығарды:
1.реципиент,склонные всегда соглашаться с коммуникатором,даже если тот вызывает две диаметрально противоположные точки зрения;
2.реципиенты, которые, наоборот,в анологичных условиях всегда вызывают категорическое несогласие и огтовы ради этого изменить свое первоночальное мнение;
3.реципиент вообще не изменяющие свих позиции.[2 ;22]
Бұл әрине ұжымдық қарым –қатынасқа түсушілердің, оның ішінде қабылдаушының психологиясын көрсеткен пікір. Яғни, ақпарат қабылдауда ол хабармен келісе салатын немесе, өз ойын тез өзгерткіш және, өз пікірінен басқаны мойындамайтын адамдар деп бөлуі, ұжымдық қарым-қатынастағы ақпараттың Адам психологиясына тікелей әсер ететіндігіне дәлел, әрі мысал болып тұр.
Бұл пікірге А.Г.Линдтон мен Э.Грэхем былай деп ой қосады:»эта- по существу социально-поведическая-типология реципиентов прочно основывается на такой, казалось бы, сугубо психологической,традиционно помещаемой в область от поля»яғни, қабылдаушының мінез-құлқы мен көзқарасы да ақпарат қабылдауда ерекше рөл атқарады. Ол да әр бір адамның өзіндік табиғи ерекшелігі.Барша адамның көзқарасы бірдей болса,өмір маңызын жояр еді.Сондықтан, бұлай болу заңды деп ойлаймыз.
Осы салада зерттеу жүргізіп,еңбек жазған ғалымның бірі Моль Абраам болды.Оның»Социодинамика культуры»деп аталатын еңбегінде ұжымдық қарым-қатынасқа мынандай анықтама береді: « ….біріншіден, ақпаратты таратушы жақтың хабардың тек маңызды жақтарын белгілі бір заңдылық бойынша өзінше саралап жинақтауы. Екіншіден: хабардың таралу кеңістігі, уақыты, бағыты болуы керек. Қабылдаушы хабарды құраушы таңбалар жиынтығын сараптап, санасына сіңіреді. Ол хабарды ұмытып қалмауы үшін сақтап қояды. [ 4;127].
Біз келтірген пікірлердің барлығынан ұжымдық қарым – қатынас туралы теориялық ғылымның негізі қаланып қойғанын көрінеді. Оған тағы бір мысал келтіруге болады: өткен ғасырдың 80 жыл аяғында АҚШ-та қарым- қатынастың халықаралық энциклопедиясы шықты. Энциклопедияның шығарушылары мен редакторлары Э. Барнау,Д. Гербер, У. Шромм және т.б. ғалымдар мен зерттеушілер болды. Әр түрлі мамандықтағы зерттеушілердің ұзын саны 200 болды. Бұл тізімнің өзі жаңа «коммуникология» ғылымның теориялық негіздері қаланғандығын көрсетеді.
Ал 1980 ж қыркүйек айында Абакан қаласында жалпысоюздық жиылыс өтті. Онда көтерілген мәселе әдеби тілдің ұжымдық қарым – қатынастағы қызметі, оның дамуы, ішкі құрылымы туралы болды. Оған барлық ғылым саласының зерттеушілері қатысты, ұжымдық қарым – қатынастың тіл жүйесіне практикалық және теориялық жүйеде әсерін талқылады. Тілдің қоғамдық маңызының арта бастауының себебі ұжымдық қарым – қатынастың жүйесі адамның рухани байлығын көтеруде.
Ұжымдық қарым-қатынас туралы пікірлер (шет ел ғалымдарының еңбектерінде) Г.Лассуэллдің үлгісі шыққаннан кейін яғни, 1940-1950ж.ж. арасында пайда болды. Дәл осы уақытта осы ғылымның негізі қаланып түрлі зерттеулер жүргізіле бастады. Ол туралы «Психолингвистические проблемы массовой коммуникации» еңбегінде:»один из важнейших выводов американских теоретиков массовой коммуникации, имеющей принципиальное значение длянаправления дальнейших исследовании, выбора объектов иметодов этих исследовании и определения самого харктера подхода к развитию теоретической мысли в сфере массовой коммуникации, заключался в признании за средствами массовой коммуникации весьма ограниченной роли в воздействии на процесс формирования общественного сознания».[ 1;11 ].Батыс ғалымдарының осы ғылымның негізін қалағандығына ешкім де дау айтпайды.Ұжымдық қарым-қатынас құралдарын анықтап,олардың өзіндік ерекшеліктерін алғаш саралаған осы Америка ғалымдары. Мысалы ақпараттың қалй және қандай дәрежеде жететіндігі жөнінде Б.Берельсонның пікірін келтіру арқылы айқындауға болады.Ол:»некоторого рода сообщения по некоторого рода вопросам, доведенные до сведения некоторого рода людей при некоторого рода воздействие.»Берельсонның да анықтамасынан ұжымдық қарым-қатынастағы психолингвистикалық әрекеттің қалай жүретіндігін көруімізге болады.Шетел ғалымдарының еңбектері мен пікірлерін, теориялық анықтамаларын біршама анықтап алған сияқтымыз.Олардың бұл саладағы ерен еңбектерінің жемісінен бүкіл әлем бастама алып отыр десек қате болмас.Осы ғылыми ортаның дәстүрін ары қарай жалғастырушылар да аз болған жоқ.Соның бірі орыс тіл білімі деп айтуға болады. Алдағы бөлімде осы Ресей ғалымдарының пікірлеріне тоқталамыз.Шетел тіл білімі өз нысаны мен негізін айқындаған ғылым.Біз келтірген дәлелдің барлығы ұжымдық қарым-қатынас ұғымын, мақсатын түсіндіру үшін болды. Оның арнасы кең болғандықтан әлі де толықтырулардың болары сөзсіз.Сол мақсатта ұжымдық қарым-қатынастың шетел тіл білімінде зерттелуімен қоса, Ресей тіл біліміндегі орнына да тоқталып өтуді жөн көрдік.
1.3. Орыс тіл білімінде ұжымдық қарым- қатынастың зерттелу деңгейі.
Ұжымдық қарым-қатынас термині Кеңес ғылымында ХХ ғасырдың басынан бастап зерттеу нысанына айналған. Кеңес ғалымдары жаппай ақпараттандыруды насихаттау,яғни, газет-журнал,телевидение, радио,киноның қарым-қатынас құралының бірі екендігін ғылыми тұрғыда ұсынғаннан кейін ұжымдық қарым-қатынас туралы зерттеулер жүргізуді бастады.Бұл салада еңбек еткен орыс ғалымдары өте көп.Атап айтар болсақ,БерезинВ.М»массовая коммуникация :сущность,каналы, действия»(Л.2004),ЖинкинН.И»Речь как проводник информации»(М.Наука,1982),Моль.А «Социодинамика культуры»(М.Наука,2005),Грабельников.А.А «Массовая информация вРоссии:от первой газеты до информационного общества»(М.Университет дружбы народов 2001),Соколов .А.В «Социальные коммуникации»(Л.2001)т.б көптеген авторлардың еңбектері жарық көрді.Авторлар бірлестігімен шыққан «Психолингвистические проблемы массовой коммуникации»(М.1974) атты еңбекте жалпы ұжымдық қарым-қатынастың терминінің пайда болуынан бастап , оның Ресей,Шетел тіл білімінде зерттелуін, ұжымдық қарым-қатынас тілінің ерекшелігін,оның құралдарының психолингвистикалық аспектісін,жарнама тілін,ұжымдық қарым-қатынас жүргізудің өзіндік ерекшеліктерін т.б қарастырады.Тағы бір осындай маңызды еңбектің бірі»Речевое воздействие в сфере массовой коммуникации»(М.Наука,1990).Онда Е.Ф.Тарасовтың»Сөйлеу әрекеті және қарым-қатынас мәселелері» деген мақаласы бар.Ғалым сөйлеу әрекетінің түрлерін терең қарастырады.Ал Н.А.Безменованың»Шешен сөйлеудің үлгісі»,И.Ю.Марров пен Ю.АСорокиннің «Халықаралық қатынастағы сөйлеу әрекетінің екі жолы»,т.б көптеген мақалалар бар.Мұның өзі орыс ғалымдарының бұл салада айтарлықтай дәрежедегі табыстарға жеткендігін көрсетеді.Ал жеке ой-пікірлерге кеңес ғылымында пайда болған анықтамаларға тоқталар болсақ, оны ұжымдық қарым-қатынасты талмай зерттеген ғалымдардың пікірлерінен бастаймыз.
ПетровА.В «Массовая коммуникация и культура»(М.1999) еңбегінде бұл терминді мына анықтамамен түсіндіреді:»қоғамдық маңызы бар ақпараттарды жеңіл әрі тез тарату үшін ,түрлі техникалық құралдарды пайдалану,екіншіден, бұл ақпараттарды қоғамдық орта мен әртүрлі аудиторияларға түрлі тәсілдер арқылы тарта алу»[ 5;23 ].Қарап отырсақ түпкі ой шетел ғалымдарымен келісіп тұрғандай.Оны әрине бір ғана ғалымның пікірімен қорытып айту қиын.Сол үшін бірнеше пікірлармен дәлелдеуге тура келеді.Мысалы Соколов А.В өзінің «Социальные коммуникации» деген еңбегінде :»қатынасқа түсуші субъекті үш мақсатты көздейді-біріншіден,қабылдаушы хабарлаушыдан өзі үшін маңызды ақпарат алуды көздейді, екіншіден,хабарлаушы қабылдаушыға бірқатар мәні бар ақпарат айтады, үшіншіден,қабылдаушы да, хабарлаушы да, әйтеуір бір ой алмасуды көздейді».[ 6;137 ]. Бұл да алдыңғы америкалық ғалымдардың ойымен тұстас айтылған.К.Шеннонның көрсеткен үш деңгейімен сәйкеседі.Анықтамадан ұжымдық қарым-қатытастың құралдары туралы ештеңе көрмесек те, мағынасы сол құралдар арқылы жүзеге асыруды айтып тұр.Ұжымдық қарым-қатынастың құралдары болмаса әрекет те біз ойлағандай жүзеге аспас еді.Оған көз жеткізу үшін тағы бір орыс ғалымының пікірін мысалға келтіреміз.
Ю.Буданцев «ұжымдық қарым-қатынас әрекеті тарихи дәлдікті, жүйелілікті керек етеді.Ол мынаны негіз етіп алды- ұжымдық қарым-қатынас құралдарының пайда болуы мен дамуы, қоғамның да дамуының бар екендігін көрсетеді.Дәл осы қоғамның даму жүйесінен ұжымдық қарым-қатынас деңгейі көрінеді.Ұжымдық қарым-қатынасты бұл зерттеуші «қарым-қатынас жасаудың үлкен алаңы» деп түсіндіреді, сонымен қатар,техникалық құралдар арқылы ақпарат тарату дейді.Ғалымның ұсынып отырған теориясы бұл терминнің тарихи негізін анықтап алу, және оның даму деңгейін қоғам дамуымен қатар алып қарау дегенге саяды.Бұл әрине,орынды себебі,ұжымдық қарым-қатынас қоғамда іске асады,оның пайда болу жолы да осы қоғамдық қажеттіліктердің негізінде болған.Сонымен қатар зерттеуші мынадай пікірмен ойын түйіндейді « человек не может освободиться от коммуникационного взаймодействие с другими людьми жить в обществе и быть свободным от социальной коммуникации нельзя.Мы все находимся в оетях управляющих нами коммуннникационных служб».[1;23].Адам қарым-қатынас жасамай өзін-өзі қамауда ұстай алмайды.Бұл пікір Т.Гоббстың пікірімен дәлме – дәл сәйкес келеді.Сондықтан жеке-жеке талдаудың маңызы шамалы.
Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық қырын да зерттеуді орыс ғалымдары назардан тыс қалдырмаған.Сол ғалымдардың бірі және психолингвистика ғылымының негізін қалауда талмай еңбек еткен ғалымдар :А.А.Леонтьев «Психология общения», «Психолингвистические единицы и порождение речевого высказывания»(М.2004 г) т.б еңбектер жазды. Алдыңғы еңбегінде ұжымдық қарым-қатынасқа байланысты мынадай сөйлемдер бар:»…ориентировка в условиях коммуникативной задачи включает в себя ориентировку во внешней ситуацией общения, в его целях, в личности собеседника идр. Характер ориентировки меняется в разных случаях общения;.иногда она сводится к минимуму- люди общаются почти автоматически, готовыми формулами,- так сказать, « крупными блоками», не выбирая наилучших(в данных условиях) способов общения.[ 7;287] .А.Леонтьев негізінен психолингвистика саласын зерттегендіктен бұл ұғымға да осы тұрғыдан анықтама берген.
Дәл осындай белгілі ғалымның бірі- Жинкин Н.И.Оның «Речь как проводник информации»(М.Наука,1982).т.б еңбектері бар.Ол да өз еңбектерінде қарым-қатынастың, сөйлеу әрекетінің психолингвистикалық қырларын жіті айқындап көрсеткен.
Ал Ю.А.Сорокиннің еңбектері осы ұжымдық қарым-қатынастың құралдарына арналып жазылған.Сонымен қатар «Речевое воздействие в сфере массовой коммуникации» деген еңбекте ғалымның «Два способа оптимизации речевого воздействия в межкультурном общении» деген мақаласы бар.Онда халықаралық қатынаста тіл арқылы түсінісудің ерекшеліктерін,ұстанатын алғышарттарды нақты айтып көрсетеді.Сонымен қатар халықаралық қарым-қатынас жасаудағы аударманың маңызын көптеген шетел ғалымдарының пікірлеріне сүйене отырып көрсетеді.Бұл қатынас түрі де ұжымдық қарым-қатынаста ерекше орын алады.Себебі ұжымдық қарым-қатынас іске асқанда, басқа елдің де жаңалықтарын тыңдап,киноларын көреміз.Осы кездегі қатынас жасаудың толық жүзеге асуында аударма үлкен қызмет атқарады.Сондықтан ғалымның бұл мақаласы осы саладағы құнды пікірлердің біріне саналады.
Орыс ғалымдарының тағы бір көрнекті өкілі Е.Ф.Тарасов.Оның ұжымдық қарым-қатынас туралы айтқан пікірлері маңызды.Сөйлеу әрекетінің қарым-қатынас жасаудағы рөліне арнайы тоқталып, соны пікірлер айтқан зерттеушінің мынадай анықтамасы бар:» Речевое воздействие в широком смысле любое речевое общение,взятое в аспекте его целкнаправленности,целевой обусловленности,это речевое общение, описанное с позиции одного из коммуникантов.Речевое воздействие в узком смысле – речевое общение в системе средств массовой информации или в аттационном выступлении непосредственно перед аудиторией»-дейді.Яғни ұжымдық қарым-қатынас әрекетінің бір көрінісі сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасаудың маңызын екі түрлі сипаттап отыр.[ 2 ;145].
Осы саладағы еңбегі бағалайтын ғалым Н.Н.Трошина.Өз пікірінде ұжымдық қарым-қатынастың адам психологиясында алатын орнына жіті көңіл бөлген. «Стилистические параметры текстов массовой коммуникации и реализация коммуникативной стратегии субьекта речевого воздействия» деген мақаласында ұжымдық қарым-қатынастағы мәтіннің алатын орнына тоқталып өтеді.»Под коммуникативной целью понимается посследовательное соединение нескольких систем,в число которых входит псхика участников коммуникации, причем каждое последующее состояние психики реципиента зависит от предыдущего.Именно поэтому важную роль приобретает правильный выбор коммуникативной стратегии субектом речевого воздействие.В процессе реализации коммуникативной статегии должны быть последовательно решены многие задачи, например:1)достигнут контакт между коммуникантами;2)привлечено внимания обьекта речевого воздействие к какому -либо факту (явлению);3)изменен уровень информированности объекта речевого воздейстия;4)изменено(или напротив, сохранено)установка восприятие итд».Бұл жердегі қарым-қатынас жасау кезіндегі қабылдаушының психикалық күйін сипаттап кетеді.Ақпаратты қабылдағанда қабылдаушының психикасы маңызды рөл атқарады.Мысалы көңіл -күйі нашар болса, бір сөзді естіп, бір сөзін қалт жіберіп алуы мүмкін.Ол кезде адам психологиясы аумалы-төкпелі болады да, адам қабылдауында ауытқу болып, зейінін басқа жаққа негіздейді.Сондықтан ақпарат қабылдауда психологиялық қалыптың өзгермелі болуы өте қатты әсер етеді.Ғалымның да айтар ойының негізі осында жатыр.Біз Ресей ғалымдарының бірқатарын айтып, олардың еңбектеріне тоқталып кеттік.Алғашқы бөлімдерде айтқанымыздай бұл ғалымдар да негізгі арнасын батыстан, яғни Америкадан алғандығы мәлім.Бұл елде ұжымдық қарым-қатынастың ғылыми негізінің қаланғанына көп мерзім болған жоқ. Өткен ғасырдың орта шенінде ғылымға орнығып, өз бағытын айқындап алды.Осылайша бұл терминнің өрісі кеңіп, бүкіл әлем ғылымына орнықты.Ғылыми зерттеулердің ауқымы да, мүмкіндігі де күшейді.Біздің ұжымдық қарым-қатынас туралы келтірген анықтамаларымыздың барлығы дерлік шетел ғалымдары мен орыс ғалымдарына тиесілі.Ұжымдық қарым-қатынастың құралдарын атап өткеніміз болмаса оған анықтама берген жоқпыз. Сондықтан орыс ғалымдарының пікірлерін осы құралдар туралы айтылар сөзімізде толықтырамыз.Ал ұжымдық қарым-қатынас туралы түсінік пен оған берілген анықтамалардың кейбірімен таныс еттік.Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі жайлы талдауларымызды және оның құралдарын негізгі бөлімге қалдырып отырмыз.Кіріспе бөлімінің қорытынды сөзі ретінде айтылған бұл сөздер негізгі бөлімнің бастамасы.Сондықтан нақты дәлелдердің, талдау жұмыстарының дені негізгі бөлімнің еншісінде.
2- ТАРАУ. ҰЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ ПСХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
2.1. Ұжымдық қарым- қатынас құралдары.
Ұжымдық тілдік қарым- қатынастан толық мәлімет алу үшін оның құралдарына яғни, коммуникациясының түрлеріне тоқталып кеткеніміз жөн. Біздің жоғарыда келтірген дәлелімізде ұжымдық қарым- қатынасты іске асыруымыз үшін газет –журнал,радио, теледидар, кино сияқты ақпарат құралдары қатысуы керек деп айтқан болатынбыз. Міне, осылар қатынас жасаудың түрлері ретінде қарастырылады. Ұжымдық қарым- қатынастың сыртқы тіршілігіне жататын газет –журнал,радио, кино және теледидар қазіргі заман адамдарының күн көрісінің бір бөлшегі болып саналады. Ұжымдық қарым- қатынас құралдарының үлкен мүмкіндігінің арқасында Адам өзін қоғамда, әлемде болып жатқан оқиғаларға қатысып жүргендей сезінеді. Адам ойындағы әрекет қоғамнан тыс болмайды. Ұжымдық қарым- қатынас құралдары – адамның қарым- қатынасының ерекше қоғамдық – мәдени әрекетін қалыптастыратын, ақыл- ойын жетілдіретін, жаңа ойларын тудыратын амал. Күнделікті тіршілік тауқыметінен шаршаған адам жан- жақта болып жатқан оқиғалардан хабардар болғысы келеді. Ал ұжымдық қарым- қатынас құралдары осы қажеттіліктерді қанағаттандырып отырады.
Ұжымдық қарым- қатынастың өзі сол ақпараттарды жинаудан, реттеуден, сараптаудан , таратудан туратын әрекет емес пе?! Ал қазіргі дамыған қоғам үшін ақпарат әлемінсіз өмір сүру мүмкін емес. Техниканың түрлері көбейіп жатқан кезде ақпараттарды әр түрлі жолдармен қабылдауға, таратуға жол ашып отыр.
Сол ақпарат құралдарының өзі бір- біріне мүлдем ұқсамайтын ерекшеліктермен дараланады. А.Байтурсынов: « баспасөз халықтың сөзі, құлағы һәм тілі», — деп бекер айтпаса керек. [8;245].
Ақпарат пен насихаттың бұқаралық құралдарының ішінде радио қуатты құрал болып отыр. Кеңес үкіметі құрылған күннен бастап радио қашықтықты білмейтін қағазсыз газет деп бағаланады.
Радиохабар – насихат жұмысының басты саласы. Радионың қажеті, артықшылығы туралы айтылған ой пікірлерге жүгінер болсақ, оның адам өмірінде алатын орнын терең ұғынуға болады. Сол сөздерді сөйлетсек, Сағмбев Р. : « Адамның сөзі, оның серпілі, еркін сөйлеуі, адам аузынан шыққан әр сөздің айтылуына қарай түрлі құбылысқа түсіп, сан түрлі мағынаға ие болуы радионың баспасөз алдындағы ұлы артықшылығы .[9 ;47 ] .
Әбдіжәділқызы Ж: « радио өзінің эстетикалық табиғатының күшінен, бәрінен бұрын адамның ой- қиялына тікелей әсер етеді. Радиодан сөйлеген сөздің тең жартысы сөйлеген адамдікі болса, тең жартысы тыңдаушының үлесіне тиеді . [10 ;17]
Радио – тарих. Радио –ғұмыр. Радио- өнер. [11 ;9]
Д. Досжан қазақ радиосына 80 жыл толған күнінде былай деп еді: «Әлемнің алтыншы кеңістігі деп аталатын ұлы мұхит әуе аса құдіретті күшке айналды. Құдірет сол, жер шарының екі шетіндегі адамдар кәдуілігі бетпе – бет ұшырасқан кісідей емін- еркін шүйіркелесіп тілдесе алатын халге жетті. [11 ;42 ]. Бұл пікір радионың ұжымдық қарым-қатынастың бір түрі екендігін тағы да дәлелдер түскен сияқты
Ал жазушы Ә. Нұршайықов радионы» өмір үні» деп бағалаған. Радиосыз өмір сүру қиын, адам сақаудай, саңыраудай күйде қалады»
І.Жақанов: « Халық радионы өзінің рухани серігі етті. Радио халықтың өз үні боп сөйлеп, өз жүрегі боп соқты»,- деген еді. [11 ;60 ].
« Басқа барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда әуе толқынынан берілетін хабардың азаматтың сана- сезіміне әсер етуіне деңгейі әлде қайда күшті. Өйткені радионың өзегі- сөз, тетігі — техника, құралы- дыбыс». [10;59 ] .
Орыс ғалымы Э.Г.Багиров радиоға мынандай сипаттама берді: «Сила радио в его вездесущности, пока что большей чем у кино, печати, и даже телевидение, в том что оно распространяет свое влияние и на те же слои населения которые еще не охвачены другими массовыми средствами радиосообщение, будь то музыка или устная речь, легко воспринимается в любых условиях.» [ 12 ;15 ] .
Ұжымдық қарым- қатынастың қарқынды құралының бірі телевидение. Ол- қарым- қатынас әрекетімен іске асыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі қоғамда адамдардың 70 % — ы өздерінің бос уақытын осы телерадионың алдында өткізеді екен. Радио секілді
ол да ақпарат таратудың үлкен мүмкіндігіне ие. Бірақ радиодан айырмашылығы онда ақпаратты таңдаумен қатар көру де бірге жүреді. Адам хабар қабылдағанда көзбен көру арқылы алған мәліметті естігеннен гөрі тез ұзақ есте сақтайтын көрінеді. « теледидар ерекшеліктерінің бірі, сол минуттарда болып жатқан жер шарындағы оқиғаларды 5 миллиард көрерменге қаз- қалпында боямасыз жеткізу.» [ 13 ;25 ] .
Теледидар арқылы алынған ақпараттың адам психикасына да әсері ерекше. Адам экраннан көріп отырғанын тез ұғып, ондағы оқиғаларды барынша сезініп, өзі де сол оқиғаға қатынасып отырғандай әсер алады. «Теледидар дыбыс пен көріністі астастыра отырып, коммуникацияның мол мүмкіндігіне ие. Оқиға өтіп жатқан ортадан тікелей хабарлама бере отырып, теледидар газет пен радиоға қарағанда көрермендердің қатысушыларға деген әсерін қалыптастырады. Көрермен теледидарды бір мезгілде миллиондаған адамның көретіндігін, және теледидардағы хабарламаның соларға қаратыла айтылатындығын сезінеді.» [13 ;29 ] .
Бұл пікірден теледидардың сан қырлы белгісін көруге болатын сияқты. Осындай тағы бірнеше пікір келтіруге болады. « Қазіргі заманда телевидение адамзат баласының өмірінде орасан зор орын алып, хабар мен насихаттың аса пәрменді құралына айналып отыр. Ал телевизияның дамуы сөз жоқ, ғылымның оның техникалық саласына байланысты. [ 14 ;30 ].
Ұжымдық қарым – қатынастың қай құралы болмасын мақсаты жағынан біркелкі. Атап айтқанда:
- Түрлі оқиға факті мен ситуация оқырманға, тыңдаушы мен көрерменге хабар жеткізу арқылы танылатын информацияның ақпараттық фүнкциясы;
- Белгілі бір факті, деректен хабардар етіп, түсінік коментарийлер, баға беруге, анализ жасауға ұштасып жататын коментарийлық бағалаушылық функциясы;
- Қандай да бір мәдени, тарихи, ғылыми сипаты информациямен таныстыру барысында сол информацияны қабылдаушының таным түсінігін, білім –біліктілігін арттыруға септесетін ағартушылық танымдық функциясы ;
- Қоғамдық пікір тудыру, оны қалыптастыру , одамдардың көзқарастарын кеңейту және қоғамда болып жатқан инверциялық өзгерістермен науқандық, әлеуметтік саяси акцияларды ұйымдастыру, өткізу кезінде қайта құрулармен ірі саяси оқиғалар, төңкерістер тұсында қоғам мүшелерінің дүние танымына әсер ету функциясы;
- Кез- келген информацияның таралуы кезінде қабылдаушының эстетикалық талғамынан шығу үшін тиімді тәсілдерді пайдалану, сол арқылы жағымды эффектілер тудыру гедоникалық функциясына жатады.
Бұл құралдардың дара айырмашылықтары да жоқ емес. Мысалы, радионы тыңдаушы адам естіп қабылдайды, газет- журналдарды оқу арқылы, көру мүшесі арқылы қабылдайды, теледидардан көру және есту мүшесі арқылы ақпарат ала алады. Адам психологиясына тез әсер ететін теледидар. Көру мен есту мүшесі бірдей қатысатындықтан, қабылдау процессі тез және әсерлі жүреді. Теледидарды көргенде ондағы көрсетіліп жатқан оқиғаны қабылдаған соң адам өз пікірін дұрыс білдіріп, ойын жүйелі түрде тиянақтай алады. Мысалы, радио немесе газет – журналдардан әр жаңа мекеменің ашылуы салтанаты болып өтті, деген хабарды оқып немесе естігеннен де теледидардан сол мекеменің қандай екенін, ашылу рәсімі қалай өтіп жатқандығын, көріп отырған адамға әлдеқайда ұғымды, әрі әсерлі. Бұдан біз теледидарды басқа ақпарат құралдарынан артық деген түйін шығармауымыз керек, тек әр құралдың өз ерекшелігін ажыратуымыз абзал. Ақпараттар тасқынының молдығы адамның саяси санасының дамуына да әсерін тигізуде. Ол адамның кәсіптік шеберлігімен қоғамдық бағдарына да әсер ете отырып, оның Жан- жақты қалыптасуына көмектесуде. Ол күн сайын ой- санаға сілкініс әкеледі.
Ал орыс ғалымдарының айтқан ойлары ,телевидение әлемінің құдіретін құнды ойлармен толықтыра түсуге мол әсерін тигізеді. Мысалы, Багиров Э.Г деген ғалым телевидениені былай сипаттайды:« Телевидение дитя радио и кино.От радио она унаследовала организацию финансовую основу, принцип программирование, от кино – его язык и творческие основы создание телепередач. Радио и кино дали телевидению и первые его творческие кадры». [ 12 ;3 ].
Быков Р.Е. « В настоящее время телевидение стало наиболее массовым средством распространения информаций, едино политического и художественного воспитания.» [15;3 ].
Бұл пікірлер телевидениенің бір қырын алып көрсеткен сияқты. Десек те, радио мен телевидениенің арасындағы айырмашылыққа тағы бір тоқталғанымыз жөн сияқты. «Телевидениеге қарағанда радиоға таңғы уақытта және күндіз көп көңіл аударылады, ал кешкі уақыт теледидардың алдында өтеді. Радио күндізгі уақытта қысқа да нұсқа берілетін жаңалықтармен хабарлары арқасында телевидениемен теңесіп алады, ал кешке адам күндізгі радиодан естіген ақпараттардың қалай болып өткендігін, оқиғаның барысын теледидардан көреді. [ 10 ;22] .
Біз алдағы бөлімде радио, телевидениенің өзіндік ерекшеліктерін адам өміріндегі орнын терең түсіндіруді, ондағы мәтіндерді талдау арқылы көрсетуге тырысамыз.
Ұжымдық қарым- қатынастың келесі бір айбынды құралдары газет- журнал. Бұлардың ішіндегі газет тарихы тереңде « газет мерзімді басылымдардың негізгі түрлерінің бірі болып есептеледі. «Газет» деген сөз Венеция, Италия қалаларының ескі күміс тиын макеті «гадзетта» деген сөзден қалыптасып кеткен. Газеттің тарихы XVІ ғ. басталады».
Қай елдің газеті болмасын қоғам өмірінде басты қызмет атқарады Газет ( ұғым пайда болғаннан бастап ) болып қалыптасқаннан бері оның құндылығы артпаса төмендеген жоқ. Алғашқы газеттердің сапасы, ішіндегі ақпараты сапа жағынан онша болмаса да, сол кездегі өмір сүрген адамдар үшін орны ерекше еді. Қазіргі газеттер саны жағынан да, сапасы жағынан да күннен- күнге артуда. Теледидар мен радио пайда болмай тұрып, ақпарат тарату құралдық қызметіне ие болды. Әлі күнге дейін сол қызметін сақтап отыр. Газет – мерзімді басылым. Онда елдің қоғамдық, саяси, экономикалық, өндірістік, мәдени оқиғалары, өмір құбылыстары мен фактілері оперативтік түрде хабарланады. Газеттің негізгі ерекшеліктеріне өмір шындығын жан – жақты және белгілі бір бағытта жүргізетіндігі, оның актуальділігі мен оперативтігі, шығарылуының мерзімділігі мен тиімділігі тиражының аса көптілігі тән.
« Газеттер бұқаралық хабар жүйелері – телеграфтың агенттіктерімен, телевизия және радиохабар орындарымен жан- жақты қарым- қатынаста жұмыс істейді. Бұлардың арасында ешбір бәсеке болмайды, қайта бір- біріне көмектесіп отырады». [ 14;10 ].
« Газеттер территорияға қарай орталық , республикалық , өлкелік, облыстық, қалалық, аудандық және біріккен газеттер болып бөлінеді. Оқырмандардың құралы мен олардың талап- тілектеріне лайықталып та газеттер шығарылады. Қалың оқырмандардың мамандықтарына лайықтандырылып салық, орталық, республикалық көп тарамды, әскери газеттер басылады. Газет тілі — әдеби тіліміздің актив жанры. Ол оқушысымен күнбе- күн тілдеседі, оқушысына хабар апарады. Газетке оқушысымен түрлі тақырыпта сөйлесуге тура келеді. Оның мазмұны әрқилы». [16 ;114 ].
«Кез- келген мәселеде баспасөздің араласпайтын жері жоқ. Саясат, экономика, мәдениет, экология әлеуметтік салалардың бәрін қамти береді және оған жайдан- жай емес ұсыныстарымен, пікірлерімен қажет болса сым арқылы ой тастайды, қозғау салады.» [ 17 ;11 ].
М.И.Калининнің сөзімен айтқанда,» газет орасан зор парламент немесе үнемі мәжіліс қоғамын құрып отырған жиын сияқты мұнда адамдар коллективті түрде бір- бірінен үйренеді, немесе коллективті түрде бір- біріне үйретеді. [18 ;18 ].
Яғни, газет – адамдар қарым- қатынасының үлкен бір ортасы. Онда қамтылмайтын тақырып жоқ. Ең жаңа ақпарат көзін де осы газеттен аламыз . Олай болса ұжымдық қарым- қатынастың төрт құралының бірі – газетті қоғам өмірінің айнасы деп айтуымызға әбден болады.
Ұжымдық қарым- қатынас үшін журналдың орны ерекше. Газет пен журналды қосып публицистика деп атап жүргеніміз де бар. Әрине, қоғам үшін қызмет жасайтын, қоғам пікірін қалыптастыратын бұл құралдар өзіндегі тілдік ерекшеліктерімен әр түрлі тақырып жайлы терең айта білуімен айқындалады. Егер газеттер шығарылымы жағынан араға аз уақыт салып отырса, журнал , керісінше белгілі бір мерзімде ғана шығып тұрады. Бұл сөздің өзі « журнал- jornal деген француз сөзі, яғни күнделік» деген түсінік береді екен.
Журналдар мерзімді уақытта немесе мезгіл- мезгілімен шығатын басылымдар болып саналады. Олар апта сайын , он күнде бір рет , екі аптада, ай сайын, тоқсан немесе одан да сирек уақыттарда шығып тұрады.
Оқырмандарға әсер етуде әр құрал өзінше дара, өзінше тартымды. Бір өкініштісі қазіргі қоғамда газет –журнал оқуды көп адам ескере бермейді. Олардың орнына теледидар көріп, не қажетті ақпараттарды интернеттен оқып алуды дұрыс көретін сияқты. Соңғы жылдары осы құралдардың (газет, журнал, теледидар, радио ) орнын интернет басып алады деген пікірлер де шығып жүр. Бірақ оған сараптама жүргізгендердің айтуынша, интернеттің әлі де болса бұл құралдарға жете алмай тұрған кемшіл тұстары көп. Сондықтан оған алаңдауға әлі ертерек деген ой айтылып жүр. Баспасөзге шақ келер құрал пайда болған жоқ. Олар осы күнге дейін ел өмірінің жарқын айнасы іспетті болады, әлі де солай. М. Балақаевтың сөзімен айтқанда « біздің өмірімізде баспасөздің орасан зор қызмет атқаратыны белгілі. Тәжірибиелі, әрі насихатты баспасөздің басты құралы- тіл екендігі айқын». [19 ;7].
Ал енді журналдың газеттен қандай айырмашылығы бар деген сұраққа Совет журналистикасы кітабында мынандай жауап келтіріліпті:» журналдар да газеттер сияқты қоғамдық пікірді таратушы болып табылады. Журналдың газеттен ерекшелігі- журнал күн сайын емес белгілі бір мерзімде шығады. Анағұрлым көлемді келеді. Журналда жарияланған мақалалар көбіне шолу , талдап қорыту, немесе теориялық сипатта болады. Сонымен қатар, онда жазылған тақырыптар тереңірек, кеңірек, көлемдірек болып келеді». [ 14 ;18 ] . Бұл анықтама Жан – жақты болып табылатын сияқты. Сондықтан ары қарай талдауды қажет етпейді. Баспасөздің қажеті туралы айтылған елеулі пікірлер көп. Қазақ баспасөзі де басқа елдің баспасөздерімен бәсекелесе алады.
«Қазақстанда ұлт тіліндегі өз баспасөзінің тууы халық санасын оятты, мол рухани байлыққа ие болуына елеулі түрде әсер етті.» [ 16 ;7 ].
« Қазақстанның бүкіл прогресшіл даму перспективасының тағдыры бұқаралық ақпарат құралдарының қалай дамитындығына барынша тікелей байланысты болмақ.» [ 17 ;1 ].
«Публицистиканың функциясы – қоғамдық пікірді қалыптастыруға әсер ету арқылы қоғамдық пікірге, сана мен қоғамдық практикаға ықпал жасау. Сонымен қатар, публицистика адамдарға тек логикалық жағынан ғана емес, сезім жағынан да ықпал жасауға тиіс екендігі қазір жұрттың бәрінеде мәлім шындық.» [ 20 ; 18 ].
«Қандай да бір болмасын кез- келген басылым қалың жұртшылықтың өз дәуіріндегі « көзі» мен « құлағы» іспеттес.» [ 17 ; 4].
« Баспасөз, радио , телевидениенің негізгі міндеті- жалпы информацияны жинап, өңдеп халыққа ұсыну. Бүкіл ақпарат көпшіліктің сұраныс – қажеттілігін ,талап – талғамын қанағаттандыру үшін берілмек.» [21 16].
Ұжымдық қарым- қатынастың құралдарының төрт түріне жалпы шолу жасау арқылы олардың жеке қасиеттеріне біртіндеп тоқталдық. Оның Адам психикасына тіл арқылы қалай әсер ететігіндігін келесі, яғни, негізгі бөлімде мәтін талдау арқылы терең тоқталатын боламыз.
2.2. Ұжымдық қарым- қатынас құралдарының негізгі бөлшегі – мәтін және оның табиғаты.
Кіріспе мәселелердің барлығы ұжымдық қарым- қатынасты түсінуге, құралдарын анықтауға арналған еді. Ендігі біздің мақсатымыз ұжымдық қарым- қатынастың ерекшелігіне тоқталып, оның адам психологиясына әсерін, тілдік қасиетін, оның құралдарының (радио, теледидар газет, журнал ) тіліндегі мәтіндерден мысал келтіре отырып талдау. Ол үшін (яғни ұжымдық қарым- қатынас құралдары тіліндегі мәтінді талдау үшін) біз алдымен мәтін туралы қысқаша түсінік бере кетпекпіз.
«Мәтін» деген сөз латын тілінен аударғанда құралу, байланысу деген мағына береді. Нақтырақ айтқанда мәтін бірнеше сөйлемнен құралып, сол сөйлемдердің мағыналық және тізбектік байланысынан тұрады.Онда белгілі бір мағына айқындығы болады.»Текст – қандай да бір болмасын қағаз бетіне түскен жазба сөзі,яки соның бір үзінісі, бөлігі.Текстегі ой-пікірлер сөйлем түрінде айтқанда түсінікті бола алады.Текстің негізгі қызметі -тек жазбаша түрінде ғана жай немесе күрделі мазмұнды ой – пікірлерді білдіруі» [ 22;23 ].
Анықтамадан көріп отырғанымыздай мәтін сөйлемдерден құралады, солардың байланысынан тұрады.Ал сөйлем тіл білімінде синтаксистің зерттеу нысаны екені белгілі.Бірақ бізге керегі мәтіннің ұжымдық қарым-қатынас кезіндегі атқаратын қызметі.Ол туралы айтпас бұрын, мәтінге байланысты зерттеу еңбектерінен, ғалымдардың пікірлерінен мысалдар келтіре кетсек.
Мәтін туралы Кеңес тіл білімі ғалымдарының және отандық ғалымдардың зерттеулері мен еңбектері жетерлік.Шетел ғалымдарының да пікірлерін негізге алып отыру, бұл елдердің ғалымдарының зерттеулерін баоқа елмен салыстыру үшін емес,мәтіннің маңыздылығын әр қырынан ашып көрсету үшін қажет.Сондықтан өзге ел ғалымдарының да анықтамаларынан мысал келтіріп отырамыз.Мысалы «Психолингвистическая и лингвистическая природа текста и особенности его восприятия» (Киев.Вища школа,1979г) Ю.А.Жлутенко мен А.А.Леонтьевтің редакциялылығымен шыққан еңбектің «Текст и его восприятия « деген тарауында мәтіннің негізгі ерекшеліктерін былайша көрсетеді:
1)В качестве базисной единицы построения текста выступает предложения как семантико – синтаксическая единица.
2) Соответственно правило построения текста из предложении понимаются как частный случай синтаксических правил, то есть как синтаксические закономерности высшего уровня, однотипные с синтаксическими закономерностями «низких» уровней.
3) Текст понимается в связи с этими как единица, входящая в ту же иерархическую систему, что и составляющие ее компоненты, но относящаяся к высшему уровню.В рамках текота как его непосредственные составляющие могут выделяться некоторые промежуточные единицы типа абзацев, рассматриваемые, однако, в рамках той же иерархической системы «суперсинтаксических» единиц.[ 23;7 ].Бұл пікірде жалпы мәтіннің құрылысы,оның бірліктері жөнінде сөз болып отыр.Мәтін болу үшін қалай,неден құралу керек ,орналасу тәртібі, бәрі дерлік анық айтылған.Ал психолингвистикалық тұтрғыдан мәтінді қалай түсіндіреді?Ол туралы Психолингвистическая и лингвистическая природа текста и особенности его восприятия» (Киев.Вища школа,1979г) атты еңбекте мынадай пікір бар:» в психолингвистике,как правило, игнорируется место восприятия высказывания, не говоря уже о тексте, в системе психической деятельности человека.Восприятия рассматривается как автонимный, самоценный процесс,а текс-как единственный и непосредственный объек восприятия.Бұл пікірден шығатын қорытынды- мәтін адам қабылдауында өте үлкен қызмет атқарады.Мәтінде сөйлеуге тән психологиялық мазмұн бар.Мәтін сөйлеудің бір түрі.Ондағы әрбір ой бір нәрсені байланыстыруға, қатынас орнатуға әрекет жасайды.Ондағы қатынастың кімдердің арасында болып жатқаны маңызды.
Мәтіннің психолингвистикалық жолын қарастыруға орыс ғалымдары көп үлес қосты. Соның біреуі Н.А.Белянин. Ол өзінің «Психолингвистика текста» атты еңбегінде мәтінге мынадай анықтама береді:»Текст –это структура любого законченного и связного высказывания, устного или мысленного»[24;15] дейді.Бұл ғалым мәтіннің психолингвистикалық аспектісін зерттеген.Сондықтан оның пікірлеріне сүйенбей кете алмаймыз.Беляниннің пікіріндегі мәтінді ауызша және жазбаша беріледі дегені ұжымдық қарым-қатынастың құралдарының тіліндегі мәтінмен сәйкес келеді.Ауызша түріне радио мен теледидарды жатқызсақ, жазбаша түріне газет пен журналдың тілін жатқызамыз.Мәтіннің психолингвистикалық жолын қарастыруда орыс ғалымдары өзіндік үлес қосты.Соның бірі Н.И.Жинкин.Оның «Развитие письменной речи»деген еңбегінде мәтін туралы мынадай пікір бар:»в конечном счете, во всяксм тексте, если он относительно и последователен, высказана одна оснавная мысль, один тезис, одно положение.Все остальное подводит к этой мысли, развивает ее, аргументирует, разрабатывает».[ 25;250]
Мәтін сөйлеу мағынасы бар күрделі бірлік.Мәтінді қабылдау мақсатының деңгейі әрбір сөзді бірте-бірте түсінуде, айту мағынасын түсінуде көрінкді және бұдан бар мәтіннің мағынасы қалыптасады.
Көркем мәтінде тек тілдік ерекшеліктерді, сөйлеу құрылымдарын және жанр заңдылықтарын көруге болмайды, сонымен бірге бейнелеудегі қарым-қатынастың ғана сезімнің түрін көруге болады.
Мәтіннің ішкі байланысы тілді және оның бірліктерін меңгеру процесін зерттеуде болжанады.Ауызша және жазбаша мәтін бірліктері күрделі синтаксистік бір бүтін болып табылады.
«Текст одновременно и детертинован и размыт.Он представляет собой упорядоченную форму коммуникации, пишенную спонтанности так как язык стремится преодолеть некоторую хаотичность мысли.Текст- графическое отображение фрагмента действительности порождение письменного варианта языка».[ 26;108].
Тілімізде мәтін ұғымына байланысты мынандай ұстанымдар бар, яғни мәтін құрылымы мына талаптарға жауап бергенде ғана іске асады:сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мағынаға тән дер кезінде қабылдана алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.Мәтін категорисына негізінен хабарлау, қосымша хабар және уақыт бірлігі жатады.Мәтін тіл жүйесінде сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық, құрылымдық, экспрессивтік тұлға.
Олай болса мәтіннің ұжымдық қарым-қатынас әрекетінде атқаратын қызметі зор.Ол қай құралдың тілінде болмасын кездесіп отырады.Ал біздің мәтіндер арқылы қатынас құралдарының тілдік психологиялық ерекшеліктерін көрсетпек болған себебіміз, мәтіндегі ой біріншіден тиянақты, екіншіден түсінікті, одан соң сөйлемнен гөрі әсерлілігі де күштірек.Мәтіннің ауызша айтылған түрінде адамға әсер етуші оның құрамындағы сөздер мен сөйлемдер ғана емес, айтушы адамның дауыс ырғағы мен көңіл-күйі де әсер етеді.Ол жайлы нақтырақ жіктеуді Р.Ферманн деген ғалым ұсынған еді. Ғалымның жіктеуінде дауыс ырғағының механикалық жағына қарай жеті түрі көрсетілген:
- очень медленный темп-около 100 слогов/мин;
- медленный – 150 слогов/мин;
- ниже среднего -200 слогов/мин;
- средний -250 слогов/мин;
- выще среднего-300 слогов/мин;
- быстрый -350 слогов/мин;
- очень быстрый-400 слогов/мин и более.(Fahrmann R «Die Deuting des Spiechausdrs. « Bonn,1963) (қараңыз:[«Психолингвистические проблемы массовой коммуникации» Киев, 1979г),[ 2 ; 32].
Бұл жіктеудің өзіндік жаңалығы болса да, ол аздаған толықтыруларды қажет етеді. Себебі әр топ бір-бірінен минутына 50 сөзге ғана айырмашылық көрсктіп тұр.Ғалым жіктеуінде дауыс ырғағының тек ішкі жағын ғана қарастырған, ал арадағы кідіріс, жиілік ұзақтық туралы сөз болмайды»-деп Р.Ферманның пікіріне аздаған сын айтады орыс ғалымы Л.Ю.Кулиш өзінің «Зависимость восприятия звучающего текста от темпо – ритмовых характеристик речи индивида» атты мақаласында.
Л.Ю.Кулиш Киев университетімен бірігіп жүргізген зерттеуінің нәтижесінде Р.Ферманның жіктеуін былайша өзгертеді:
1) быстрый;
2) средний;
3) медленный;[2;34].
Зерттеуші бұл жіктеуді шартты түрде деп көрсетеді.Себебі әр адамның мәтінді оқығандағы, немесе оны жеткізудегі темпі әр түрлі екендігін көреді.Бұдан шығатын қорытынды әр жеке адамның сөйлеудегі дауыс ырғағы оның жоғарғы жүйке тамырларының әрекетіне байланысты.Осы жерден мәтіннің психолингвистикалық ерекшелігі көрініп тұрады.
Орыс ғалымдарының тағы бір көрнекті өкілі Г.П.Шедровский.Ол да мәтінге байланысты зерттеулер жүргізген.Мысал ретінде мына пікірін келтіруімізге болады:» қарым-қатынас әрекетінде мәтіннің алар орны ерекше.»Бір-бірімен қарым – қатынасқа түскен адамдар үшін мәтін басты қызмет атқарады.Негізінде мәтін қарым-қатынастың нақты анық болған кезінде ғана алынады.Сөйлеу әрекеті мазмұнының белгілі бір қызметі бар.Сөйлеу әрекетіне түскен адамдар үшін мәтін нақты екі қызметке ие,біріншісі- сөйлеушіге,екіншісі-тыңдаушыға»[23;37].Г.П.Шедровскийдің пікірі бойынша мәтіннің негізгі қызметі мен ерекшелігі негізінен сөйлеу әрекетінде көрінеді.»Мәтін қарым-қатынастың нақты болған кезінде алынады»- деген ойының біздің қарастырып отырған мәселелерімізге тікелей қатысты сияқты.Себебі ұжымдық қарым-қатынас нақты әрекеттің қатынастың болуы,ал оның психолингвистикалық ерекшелігін көрсетуге мәтіннің әрі оңтайлы, әрі түсінікті болуы негізге алынды.
Ғалымдардың мәтін туралы пікірлерінен мәтіннің бойындағы ерекшеліктерін, оның қатынас құралы ретіндегі маңызын біршама байыптадық.Ал оның ұжымдық қарым-қатынас құралдарындағы құрылымына жеке-жеке тоқталу үшін, біз алдымен мәтіндерді адамдардың эмоциялық-экспрессивтік көңіл-күйіне байланысты(мәтінді қабылдау кезіндегі) бөліп алдық.Мәтінді оқып отырып, естіп, көріп отырып адам эмсциясы түрліше өзгереді(қуанышты хабар естісе қуанады, қайғылы немесе жағымсыз хабарға ренжиді т.б).Соған байланысты ұжымдық қарым –қатынас тіліндегі мәтіндерді адам қабылдауына байланысты былай бөліп алдық:
1.Көңілді мәтіндер- қуаныш, күлкі, таңырқау.
2.Көңілсіз мәтіндер- қауіп, ашу, өкінішке байланысты.
Осыған орай ұжымдық қарым-қатынас құралдарының әрқайсысының тілінен эмоциялық әсері бар мәтіндерді бөліп алып талдау жасаймыз.Ескерте кететін бір жай газет пен журналдың аздаған ерекшеліктері ғана болуына орай екеуін бірге алып қарастырдық.Адам эмоциясына әсер ететін сөздерді қалың жазумен белгіледік.
Алғашқы сөз болатын құралдың бірі де осы газет –журнал тіліндегі мәтіндер.Әр тақырыпшаға сай үш мәтіннен алып отырып әрқайсысына жеке-жеке талдау жүргіземіз.Олай болса талдауымызға көшеміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі атты тақырыпта жазылған жұмысымызда қарастырылған біршама мәселелердің төңірегінде қорытынды жасайтын уақыт та келді.Жалпы жұмыстың негізгі қамтыған мәселелері алғашқы тарауда, яғни, кріспеде алдымен
Психолингвистика ұғымына түсінік беріп өттік.Бұл ғылым қандай мақсатты көздейді? Оның негізгі қарастыратын мәселелері қандай және ол қашан пайда болды?деген сұрақтарға жауап берген едік.
Психолингвистика алғаш қалыптаса бастағанда оны әркім әрқалай түсіндірді.Мысалы Р.Браун:»психолингвист скорее говорит о свихнувшимся полиглоте,чем о психологе интересуещимся языком» деген ой білдіреді.Бұл психолингвистиканың алғашында шынымен де қандай ғылым екендігін, не мақсат көздейтіндігін жіті байымдамаған адамның пікіріне ұқсайды.Бірақ оны ғалымның түсінбегендіктен жазып отырмағаны белгілі.Ол әрине қоғамдағы қарапайым адамдардың пікірі.ХХ ғасырдың 50 жылдарында пайда болған ғылымның кеш өріс жаюына дәлел ол туралы зерттеудің аздығынан көрінеді.Психолингвистиканың негізін қалаушы ғалымдардың қатарына жататын А.А.Леонтьев ол туралы былай дейді:»психолингвистика возникла в связи с необлодимостью дать теоретическое осмысление между практических задач, для решения которых число лингвистический подход,связанный с анализом текста, а не говорящего человека, окозался недостаточным»[ ].
Ал осы психолингвистиканың нысаны ұжмдық қарым-қатынастың пайда болу тарихы, термин жайлы түсінік, оны зерттеген ғалымдар, олардың еңбектері жайлы мәліметті де осы алғашқы тарауда бердік.Яғни ұжымдық қарым-қатынас дегеніміз техникалық құралдардың көмегімен( радио, теледидар, газет-журнал) арқылы өте үлкен аудиторияға (сан миллиондаған адамдарға) ақпарат тарату.Ол қоғам дамуымен бірге пайда болдып, сол қоғаммен бірге дамып, өмір сүріп келеді.Адамның қажеттіліктеріне айналып, қазіргі кезде күн көріс көзі ретінде де санала бастады.Ұжымдық қарым-қатынас арқылы сол елдің даму қарқынын, дәрежесін айқын көреміз.Бұл саланы зерттеген ғалымдарды да біршама айтып өттік.Олардың анықтамалары, еңбектері осы саланы айқындау, мақсатын таныту жолында жазылды.Алайда қарапайым адам бұл еңбектерді оқымаса да,анықтамаларды білмесе де ұжымдық қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді.Себебі, онсыз қоғам дамымайды, адамдар бір-бірімен байланыс жасаудан қалады.Қарапайым қарым-қатынас жасау үшін де осындағы құралдарды пайдаланамыз.
Термин төңірегінде сөз болғанда оны кімнің айтқанын, ғылымға қалай енгенін ешкім анық айта алмайды.Бірақ алғашқы бастауын Америка елінен алды деп айтамыз.
Бұл қатынастың психолингвистикалық қыры жайлы күнделікті әр бір адам ойлана бермесі анық.Қоғамдағы қарапайым адамдар теледидар көргенде,не радио тыңдап, газет- журнал оқығанда қуанып қайғырып, не мұңайып т.б көңіл күй әсеріне түсіп жатқандығына жіті назар аудармайды.Ал ғылымда осы процесстің адам психологиясында қалай жүретіндігін анықтап білудің маңызы зор.Ол туралы шетел ғалымдары да, роыс ғалымдары да зерттеу жүргізіп келеді.
Ұжымдық қарым-қатынастың шетел тіл білімінде зерттелуі туралы айтылған бөлімде жалпы шетел ғалымдарының бұл салаға байланысты жазылған еңбектерінен, олардың теорияларымен, анықтамаларымен таныстырып өттік.Бұл терминнің өзі сол батыстан, оның ішінде Америка елінен бастау алғандығын да айттық.Ағылшын тілінен орыс тіліне «калька» арқылы енгендігі де жоғарыдағы сөзімізге дәлел болады.Осы ғылымның қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар, және олардың еңбектері мыналар:« ұжымдық қарым-қатынас туралы тәжірибелер»(К.Ховланд,А.Ламсдейн,Ф.Шеффильд),»Халық қалауы»(П.Лазарсфед,Б.Берельсон,Х.Годе),»Дауыс беру»(Б.Берельсон,П.Лазарсфельд,М.Макфи),»Жеке әсерлер»(И.Катц,П.Лазрсфельд).Шетел ғалымдарының, оның ішінде Х.Лассуэллдің теориялық анықтамалары мен жасаған үлгісі осы саланың басты ұстанымы болды.бұл ғалымдар ұжымдық қарым-қатынастың ғылым ретінде қалыптасуына ықпал жасап қана қоймай,оның өркен жаюына,бүкіл әлемге таралуына ерекше әсер етті.Ал бұл саланың (Ұ.Т.Қ) психолингвистикалық аспектісін қарастырған ғалымдар:Б.Д.Парыгин»Основы социально — психологической теории»,Д.Олпорт,Л.Постмен»Некоторые психологические уроки листовочной пропаганды времен второй мировой войны»т.б. көптеген зерттеушілерді атай алмыз.Алғашқы бастама ретінда бұл еңбектердің маңызы жоғары.
Ағылшын ғалымдарымен қатар алып қарастыратын неміс ғалымдары туралы да біраз пікірлер айтылды.Олар : К.Шеннон,Н.Винер,А.Шиллер т.б зерттеушілер.
Ал орыс зерттеушілері туралы айтарымыз көп.Олардың еңбектерінің ғылымның маңыздылығын ұғынуда, нақты түсінік қалыптастырудағы орны ерекше.Орыс ғалымдарының (Ұ.Т.Қ) туралы айтқан пікірлері келтіріп, анықтамаларымен біршама таныс еттік.Алғашқы кіріспе бөліміндегі арнайы тоқталып, бұл салаға байланысты зерттеу жүргізген ғалымдардың ой- түйіндерін қорытындылайтын болсақ(Ұ.Т.Қ) ғылым ретінде пайда болуы, дамуы,оның психолингвистиканың бір бөлігі ретінде қаралуына олар зор үлес қосты.Атап айтқанда: А.А.Леонтьев,В.М.Березин,Н.И.Жинкин,А.А.Залевская,Р.М.Фрумкина,И.Р.Гальперин т.б .Ол ғалымдардың еңбектерінде психолингвистика мен Ұ.Т.Қ-тың еркшеліктеріне және қоғамдағы орнына,адмға әсері жайында терең талдаулар бар.Шетел ғалымдарының да, орыс ғалымдарының да тұжырымды ойларынан шығатын қорытынды мынау:
- Ұ.Т.Қ қатынастың өте үлкен түрі;
- Ол қоғамдық қажеттіліктердің негізінде пайда болған;
- Ұ.Т.Қ-тың өзіне тән құралдары бар;
- Ұ.Т.Қ техникалық құралдардың көмегімен іске асады;
- Адам психологиясында маңызды орынға ие,себебі, адам алған ақпаратын әртүрлі эмоциямен қабылдайды;
- Бұл саланы дербес алып қарау, ғылымға аса қажет.
Жұмысымыздың ІІ-ші тарауында айтылған мәселелер біздің мақсат-міндетімізді көрсететін,өзектілігін ашатын талдауларға арналды.Ол туралы айтпас бұрын біз Ұ.Т.Қ құралдарына тоқталып өттік.Ұ.Т.Қ –тың өзі де осы техникалық құралдардың көмегінсіз іске аса алмайды.Олар:радио,теледидар,газет-журнал.Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктер мен анықтамалар беріліп,құралдарға тән ерекшеліктерді көрсетуге тырыстық.Ұ.Т.Қ құралдарының ішіндегі теледидардың қарым-қатынас жүргізуде қарқынды күшке ие екендігін, оның басқа құралда жоқ әсерлілікке бай болатындығына тоқталдық.
Келесі Ұ.Т.Қ –тың бір бөлшегі ретінде қаралатын мәтіннің психолингвистикалық қырларын танытуда,біз адамның әсерлену процесінің ерекшелігін ашып көрсетуді көздедік.Ол сөйлем немесе сөз тіркестеріне қарағанда мәтінде айтылар мақсат – міндет толықтай дерлік айқындалып тұрады және адам әсерленуі де, ақпаратқа өз көзқарасын білдіруі де мұнда толық жүзеге асады.Оны біз мәтін талдау барысында айттық.
Осы жұмыстың негізгі нысаны ретіндегі Ұ.Т.Қ тілінің психолингвистикалық аспектілерін мәтін тұрғысынан талдап көрсеткен бөлімімізде оның құралдарының әрқайсысының тіліне жеке –жеке талдау жүргізіп,психолингвистикалық қырын ашып көрсеттік.Мәтіндерді екі үлкен топқа бөліп алып(көңілді, көңілсіз),алғашқы түріне-қуаныш-шаттық, күлкі, таңырқауды жатқыздық.Ал келесі көңілсізге-өкініш, қауіп, ашу, қайғы мәнді мәтіндерді жатқыздық.Осылай бөле келе адам эмоциясының қай кезде қалай жүретіндігін, және ол езде нендей сөздер айтатындығын толықтай талдауға енгіздік.Талдау барысында әр құралдың өзіндік ерекшелігі танылып жатты.Ол әрине құралдың қалай ақпарат тарататындығына,оны адамның қалай қабылдайтындығына байланысты.
Жалпы жұмыстың қорытындысы ретінде айтылған сөздеріміздің барлығы кіріспе және негізгі бөлімдердегі атқарған жұмыстар мен талданған материалдардың барысын көрсетеді.Соңғы сөз ретінде айтарымыз «Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі алда өте үлкен зерттеуді күтіп тұрған тақырып.Оның ашылмай жатқан, әлі де ашылатын қырлары көп.Сондықтан бұл жұмыс болашақта өз зерттеуінің жалғасын табады деген ойдамыз.