МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. В. СКОТТ — ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ.
1.1 В. Скоттың шығармашылығы
- Көркем аударма және тарихи романдағы диалог қызметі.
2 ТАРАУ. В. СКОТТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АУДАРМАСЫНДАҒЫ ТАРИХИЛЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК.
2.1 В. Скоттың «Квентин Дорвард» романындағы диалогтардың тәржімалануы.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Әр халықтың өмір сүру кезеңіндегі тарих өзінің баға жеткізгісіз рөлін атқарады. Адамзатқа қажетті рухани негіз тіл, дін, салт-дәстүрмен бірге, тарих сол халықты танытатын керемет өмір оқулығы.
Тарихын өткеннің көркем түрде сипаттау адамды эстетикалық және идеялық тәрбиелеуге ықпал етеді. Сол кезеңде өмір сүрген адамдарды өткен уақыттың оқиғаларын шынайы, бар болмы-бітімімен, тарихи аяда бейнелеуге әркімнің батылы бара бермейді. Және бұған үлкен жауапкершілік, терең тарихи білім, шығармашылық, шеберлік, талант, қаламгерлік тәжірибе керек./1,3/
Қазіргі заман әдебиетінде тарихи роман мен тарихи роман-эпопеяның үлесі барған сайын ұлғайып келеді. Бұл құбылыстың себебі мен мәнін ашуға арнаулы зерттеулер де жазылып жүр. Тарихи роман жанрына мұншама көңіл бөлінуі оның осы күнгі әдебиеттен алып отырған орны мен маңызын сипаттаса керек.
Тарих туындылардың тамыры антикалық дәуірден тарайды. Сол кездегі үлкен тарихи оқиғалар Геродот, Руфь, Флавий, Аррион, Диодор жазбаларында сақталды. Олардың басты ерекшелігі болған оқиғаның шынайы болмысын жеткізгендігі.
Өзінің басты объектісі адамды бейнелеу арқылы әр дәуірдің сан қилы сыр-сипатын көрсететін көркем әдебиеттің даму кезеңдеріне көз салғанда, оның нақтылы тарихи адамдар мен тарихи оқиғаларды бейнелеу ерекшелігі, яғни әдебиеттегі тарихилық мәселелері айрықша назар аудартары хақ. Ал, әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы тек белгілі бір ұлт әдебиетінің жасын межелеуге ғана емес, сол әдебиеттің осы өзекті мәселе тұрғысынан алғандағы жүріп өткен жолын бағдарлауға да мүмкіндік береді. Сөз жоқ, ол жолды азаматтық тарихпен тікелей жарысып отыратын жол деп тануға болар еді. Өйткені, онан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыры, таразыға түскен небір тарихи тайталастарының мәліметтерін табасыз.
Көркем әдебиеттегі тарихилық сапалық тұрғыдан алғанда ғылымдағы тарихилықтан ерекшелеу болып келеді. Өйткені, ғылым белгілі бір дәуірдің тарихи даму заңдылықтарын тұжырымдармен өрнектесе, ал әдебиет сол тарихи құбылыстарға деген адам қатынасын оның кісілік құлқы, әрекет харакеті таным дүниесіндегі өзгерістері арқылы көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, «белгілі бір дәуірдің нақты тарихи мән-мазмұны, оның қайталанбас келбеті мен ерекше бейнесін көркемдік әдіспен игеретін әдебиеттің тарихилық» мәселесі осы қасиеті арқылы өзіне ерекше назар аударуды талап ететіні хақ /7,3,5/.
Тарихи шығарманың халық тарихындағы елеулі құбылыстар туралы жазылуы шарт деген пікір орынды. Бұл жерде тарихи шығарманың халықтың тарихы, тарихи өткені туралы жазылуы қажетті дау тудырмайды. Ал тарихи шығарма негізінде халық тарихындағы аса маңызды оқиғалар мен құбылыстар ғана жатуы керек дегенде, халықтың өткен тарихын оның мазмұнына қарай екшеген болып шығамыз /8,9/.
Расында да, тарихтағы кейбір ірі оқиғалар белгілі бір дәуірдің бетін басты мазмұнын анықтайтындай сипатымен бөлектеніп тұрады. Сондықтан мұндай тарихи кезең шындықтары туралы шығарма жазғанда, сол дәуірдің басты типтік ерекшелігін белгілейтін оқиғаларды ескермеуге болмайды. Онсыз дәуір тынысын толық жеткізу мүмкін емес.
Халықтың парасат, кәмелеті артқан сайын қазіргі халін де, өткендегі тарихын да тереңірек, толығырақ білуге ден қоятыны мәлім. Соңғы жылдарда қоғамдық ғылым саласында қол жеткен жаңалықтар осы заңдылықтың айғағы секілді. Солардың кейбіреуін тізіп, санап өтсек те, бұл салада көрнекті табыстар бар екенін түсінеміз. Қазақстан археологтары бұдан жүздеген жыл бұрын түрлі себептен қираған, үйіндіге айналған шаһарлар орнын тауып, ежелгі мәдениеттің қымбат жәдігерлерін жарыққа шығарды.
Орта Азияның көне цивилизациясы ошақтарының бірі—Отырардың қазылып, зерттеле бастауы ғылымда көп соны тұжырым жасауға мүмкіндік бергелі отыр. Тіл мамандары кемінде бір жарым мың жылдық тарихы бар түркі Орхон-енисей жазуының құпиясын тауып келеді. Кезінде дүние жүзінің екінші ұстазы атанған Әбунасыр Фарабидың еңбектері араға мың жыл салып барып өз отаны—Қазақстанда кітап болып шыға бастауы да халқымыздың мәлени өрлеуі белгілі белеңге көтерілгенін әйгілейтін нышанның бірі. Мұндай мысалдар көп. Мұның бәрі, Сөз жоқ, тарихтың бұралаң жолын, көп қалтарысын білуге деген ықыласты оятатын фактор.
Совет әдебиетінің тарихи дәуірлер мен оқиғаларды көркем бейнелеп елестеткен шығармалар шоғыры аз емес. Бұл ретте А. Толстойдың, М. Әуезовтың, М. Айбектің, В. Шишковтың, В, Янның, С. Бородиннің, Д. Демирчянның, К. Гамсахурдиянның, Н. Рыбактың т. б. шығармаларын еске түсірсек те жеткілікті. Осы топтағы туындылардың молдығы және бір-бірінен өзгешелігі соншалық—олардың өзі тарихи жанрдың түрлі тарамдарын құрайды.
Мәселен, тарихи проза жанрының ішінен тарихи роман, тарихи- биографиялық роман, тарихи -ұлттық роман, тарихи- революциялық роман, роман-хроника деген сияқты салалар жіктеледі. Бұлардың бәріне ортақ ұқсас сипаттар да, материал мен авторлық идеяның аңғарына байланысты елеулі ерекшкеліктері де болады. Шығарма талдағанда тарихи жанрдың өз ішіндегі айырмашылықтарды елемей, бір ғана өлшеммен жалпылама қарау шындықты ашуға көмектеспейді. ол былай тұрсын, жанрдың жігін есептемей сөйлеу, үкім айту жаңсақтыққа соқтырады./2,53/
Өткен заманда өмір кешкен үстем тап өкілдерінен төрі қалың бұқараның қарапайым өкілінің тұлғасын шығару анағұрлым қиын, өйткені ондай езілген тап адамдарының өмірінде сырт көзге жалтылдап көрінетін оқиғалардың көп ұшырамауы мүмкін. Сондай жандардың тіршілігіндегі өміршіл немесе өкінішті жайлардың көркемдік шындығын табу үшін суреткер мол ізденуі лазым.
Атап өтерлік және бір мәселе—совет жазушылары өткеннен тек әлеуметтік факторларды іздеп қоймайды, сонымен бірге мәдени, адамгершілік, психологиялық қайшылықтар мен тартыстарға да тереңдеп барады.
Бұл арада тоқталарлық мәнді мәселенің бірі – тарихи шындық пен қиялдаудың өзара байланысы турасында. Көп жазушылар, соның ішіінде Толстой, тарихи тақырыпты шығармалардың өзінде қиялдау элементі басым болуға тиіс деп есептеген. Оған жазушының мына сөздері мысал: «В каждом художественном произведений, в том числе—в историческом романе, в исторической повести мы ценим прежде всего фантазию автора, восстанавливающего по обрывкам документов, дошедших до нас, живую картину эпохи и осмысливаюшего эту эпоху». Өмірде болған қаһарман да, қиялдан жасалған кейіпкер де шығармада толыққанды өмір кешуі керек. Тарихи оқиғалардың тартымдылығы қандай қажет болса, қиялдың табиғи тұтастыққа ие болуы шарт. Тарихи оқиғаларды тізе беру де, тарихты ұмытып, қиял күшіне ғана сүйенушілік те шығарманы бір жақтылыққа алып кетпек. /2,54/
Тарихи романның негізін Батыс Европада Вальтер Скотт, орыс әдебиетінде А.С. Пушкин салды және бұлардың шығармаларында тарихи деректер көркемдік элемент, эстетикалық мәнділік дәрежесіне көтерілді.
Қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпқа шығарма жазу әуелі поэзияда көрініс тапты. Олар көбінесе тарихи материалдар негізінде тарихи кейіпкерлер турасында жазылғанмен, аңыз желісіне құрылды. Поэзиядағы Абай, Шәкәрім шығармашылығын тапқан тарихи тақырып дәстүрі Мағжан, Сәкен, Ілияс, Иса т.б. ақындар арқылы жалғастық тапты, жаңа көркемдік үлгіде дамыды.
Өткен жылдарда тарихи тақырыпты меңгеру талабы елеулі нәтижелер бергенін атап өту лауазым. Бұл тұста І. Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жанталас», Ә.Әкімжановтың «Жаушы», «Отырардың күйреуі», М. Мағауиннің «Аласапыран», С.Сматаевтың «Елім-ай», Ә. Кекілбаевтың «Елең», «Алаң», «Үркер» шығармалары жарық көрді.
Тарихи роман жазу кеңестік кезеңде қазақ қаламгерлік үшін шығармашылық еркіндікпен жүзеге асқан жоқ. Жазушы тарихи туындының атақ-абыройынан гөрі, азап-сорынан қиянат шекті. Мұны қазақ әдебиетіндегі алғашқы ірі көлемді, тарихи эпопея М.Әуезовтың «Абай жолы» бастан кешірді «Көркемдік пайымдаудың тарихилығы жоғары дәрежесімен ерекшеленетін» «Абай жолы» романының тағдыры «тар жол тайғақ кешуден» өтті. /1,7/
Әйтсе де қазақ әдебиетінде тарихты талғаған, көркем суреттелген шығармаларымыз баршылық. Солардың ішінде «Абай жолы» романымен бірге көрнекті суреткер Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы тарихи романдар шоғырында шырқау биікте тұр. Ч. Гусейінов «Көшпенділерді» «Трилогия «Кочевники» является великолепным творением самопознания народа самого себя!» деп бағалады. Шын мәнінде «Көшпенділерде»-қазақ халқының күллі тарихы, тұрмыс-салты, мәдениеті, діні жалпы қазақтың бір ғасырлық өмірі жазылғандай. Туынды әр Қазақстан азаматының намысын оятып қана қоймай, тарихи тұлғаларымызды тануға, олар өмір сүрген дәурдің ерекшелігін білуге себепкер болды. Бұл шығармалар тарихи тақырыпқа жазылған туындылардың бастамасы деп ойлаймын. Өйткені, қазақ елінің сан-қилы тарихи оқиғаларын зерттеп біту мүмкін емес. Болашақта Қазақстанда тарихи тақырыпқа сыр шертетін қаламгерлеріміз әлі де талай кездеседі деп сенейік.
Әр халықтың, әр ұлттың, тіпті әр азаматтың өзінің тарихы, өзіндік ой мақсаты , өмірлік көзқарасы осы тарихи шығармаларды дүние жүзі әде-биетіне ең бірінші болып әкелуші ағылшынның ұлы жазушысы Вальтер Скотт екенін ұмытпауымыз керек. Өзінің тарихи шығармаларын әлемге паш еткен Вальтер Скотт — ұлы жазушы, тарихшы, ойшыл және аудармашы. Әлемнің түпкір-түпкіріндегі әр ұлтты халықтар мен ұлы ғұлама ойшылдар мен жазушыларға дейін В. Скотты оқыды. Олардың әр қайсысы Скотт шығармаларын таңдай қаға оқып, түрлі пікірлер айтты. Солардың бірі орыстың ұлы жазушысы В.Г. Белинский Скотты: «Тарихи романның Шекспирі мен Гомері, әрі өнер саласындағы Колумб» десе, немістің атақты жазушысы Гете оны «Өзіне ешкімді теңестірмейтін ұлы талант» деп баға берді.
Расында да ,жазушының бояуы қанық кестелі тілі, оқыс басталып кететін тартымды сюжеті тапқыр диалогтары оқушыны еліктіріп еріксіз ерітіп әкетеді.
В. Скотт 1771 жылы 15 тамызда Эдинбургта заң қызметкері отбасында дүниеге келді. Әкесі заңгер, ал анасы медицина профессорының қызы болған. Бала кезіндегі қауіпті ауруының салдарынан өмір бақи бір аяғынан ақсақ болып қалды. Жастайынан әкесінің аңыз-әңгімелерімен сусындап өскен жас Уотти (бала кезінде осылай атаған) тарихи әңгімелер жаза бастады.
1783 жылы Вальтер Эдинбург Университетінің адвокаттығына емтихан тапсырды Университетте оқып жүргенде ол ұлы тарихшы Робертсон, философ Стюарт пен Фергюсонның лекцияларын қызыға тыңдады. Вальтер Батыс ағылшын тарихына үлкен көңіл бөліп, қызыға бастады. Сол студенттік жылдары Маккензи, Хоума сияқты жазушылардың үйірмелеріне қатысты. 15 жасында оған Шотландияның ұлы ақыны Роберт Бернспен танысудың сәті түсті. Бір естелігінде Вальтер Скотт «Оның маған қарап жылы сөйлегенін әлі күнге дейін ұмытпаймын» деп ақынның құрметпен қарағанына қуанышын білдірді.
Вальтер Скоттың шетел тілдерін аз уақытта үйреніп алатын дарыны болушы еді. Университет қабырғасында оқып жүрген қысқа ғана уақыт ішінде ол өз бетімен итальян, неміс, француз, тілдерін меңгеріп италияның ойшыл ақындары Ариосто мен Боярдоның еңбектерінің түпнұсқасын оқып, өзі де тарихи шығармалар жаза бастады. Ал 1796 жылы ол неміс жазушысы Бюргердің «Ленора», «Жабайы бақташы» атты балладаларын ағылшын тіліне аударды.
1797 жылы В. Скотт француз эмигрантының қызы Шарлотта Шарпантьеге үйленді. Шарлотта мен Вальтер отыз жылдай бірге өмір сүрді. Оның осындай шығармашылық атаққа бөленуіне сүйікті жары Шарлоттаның аялы қамқорлығы зор.
1826 жылы сүйген жары Шарлотта қайтыс болғаннан кейін, ол өзінің денсаулығының нашарлығына қарамастан романдар, тарихи еңбектер мен сыни мақалаларды, бірінен соң бірін үздіксіз жаза берді.
Скоттың сүйген жары Шарлотта қарапайым ғана француз қызы болған. Шарлотта қайтыс болғанда Скотт қатты қиналды, жалғыссырады және осы жалғыздықтың емі тек қолынан қаламын тастамай жаза беру деп ұқты. Ол әйелінің оның жұмыс бөлмесіне жаймен кіріп, күлімсіреп жанына келіп асқа шақыруын немесе түрлі сұрақтар қоюмен жұмысына кедергі келтіргенін жиі есіне алып және сол сәттерді сағынатын. Көп ұзамай алты жылдан кейін, яғни 1832 жылы 15 қыркүйекте ұлы жазушы В. Скотт Аббатсфордта ауыр науқастан көз жұмды.
1825 жылы 18 желтоқсанда жазылған Скоттың мына бір күнделігінде оның бүкіл өмірі суреттелгендей: “Менің сүйікті,әрі қамқоршы отбасым, болашағынан үлкен үміт күтетін балаларым, көптеген достарым бар, ал дұшпандарым мүлдем жоқ. Шығармашылық еңбегімде сәттілік қатар жүреді.
1-ТАРАУ. В. СКОТТ — ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ.
1.1 В. Скоттың шығармашылығы.
Вальтер Скоттың шығармалары туралы сөз қозғасақ, оның еңбектері үлкен бір кітапхананы құрайды десек қателеспейміз. Расында да, Скотт өзінің өмірінде 29 роман және бірнеше повестер мен әңгімелер, тарихи қолжазбалар, сыни еңбектер, поэмалар, өлеңдер жазып қалдырды. Оның романдарының көбісі Шотландия тарихына арналған. «Шотланд романдары»: «Уеверли», «Гай Маннеринг», «Антикварий», «Пуритане», «Роб Рой» және т.б. Англия тарихына «Айвенго», «Монастырь», «Кенилворт», «Вудсток», романдары, ал «Квентин Дорвард» романы Франция елінің тарихына арналған.
Француздың атақты жазушысы Ж. де Петиньи Скотты меңзей отырып: «Кімнің шығармаларының шығуын тоғатсыздана күтеміз, кімнің шығармаларын Европаның барлық білімділері оқиды, кімнің шығарма жинақтары Англияда, Германияда, Францияда жаппай басылып жатыр»-деген екен. Демек, В. Скоттың шығармаларын дүние жүзінің ұлы тұлғалары А.С. Пушкин, Шекспир, Гете, В.Г. Белинский, Андри Потен, Ж. де Петиньи және т.б. қызыға оқып, жақсы баға берген. Өйткені, Вальтер Скотт тарихи романды әлем әдебиетіне ең бірінші болып әкелуші. Көптеген жазушылар мен оқырмандар және сыншылар барлығы дерлік Вальтер Скотты жаңа заманның ұлы жазушысы деп санайды және өздеріне ұстаз тұтады.
В. Скотт 1814 жылы әлемді дүр сілкіндірердей әдебиетке ең алғаш рет «Уэверли» атты тарихи роман жариялады. Ол романды бүркеніш есіммен жазды. Бұл оқырмандарды қызықтыра бастады және қаланың барлық редакциялары ол туралы түрлі әңгімелер жазды. Сөйтіп оқырмандар оған «Ұлы бейтаныс адам» деп ат қойды. Роман өте сәтті шықты, сонымен қатар романға деген сұраныстардың көбеюінен мыңдаған тираждармен жаппай, үздіксіз басыла бастады. /30,5/.
«Уэверли» романын оқи отырып Гете «роман осы уақытқа дейінгі шығармалардың ең үздігі»-деп баға берді.
Романда Шотландия өміріндегі ең маңызды оқиға, яғни 1745 жылғы көтеріліс суреттелген. Жас ағылшын жігіті өмірдің бәрін романтикалық тұрғыда елестетіп кейіннен қанды шайқасты көріп, барлығына төтеп беріп, шынайы өмір сүреді. Романда 1745 жылы соғыста басты кейіпкерлер Уэверли мен Фергусонның бастан кешкен хикаялары шебер суреттелген /32, 160, 175/.
В. Скоттың романдары мен повестері:
№ |
Шығармалардың аттары |
Жазылған жылы |
Мемлекет |
Ғасыр |
Жыл |
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29 |
Уеверли
Гай Маннеринг
Қара ергежейлі
Пуритане
Антикварий
Роб-Рой
Эдинбург заңдылығы
Ламмемурск қалыңдығы
Монтроза туралы аңыз
Айвенго
Сопыхана
Аббат
Кенильворт
Қарақшы
Нигелдің хикаялары
Певерил Пик
Квентин Дорвард
Сен Ренан туралы деректер
Редгоунтлет
Некелескендер
Тұмар
Шотланд батырының жесірі
Екі бүлікші
Дәрігердің қызы
Әулие Валентин күні немесе Пертстің сұлуы
Анна Гейерштейн
Граф Роберт Парижский
Қауіпті сарай
Вудсток |
1805-1814
1815
1816
1816
1816
1818
1819
1819
1819-1820
1820
1820
1821
1822
1822
1822
1823
1824
1824
1825
1825
1826
1827
1827
1828
1829
1831
1831
1826 |
Шотландия
Шотландия
Шотландия
Шотландия
Шотландия
Шотландия
Шотландия
Шотландия
Шотландия
Англия
Шотландия
Шотландия
Англия
Шотландия
Англия
Англия
Франция
Шотландия
Шотландия
Шотландия
Палестина
Шотландия
Шотландия
Шотландия және Индия
Шотландия
Швейцария
Византия
Шотландия
Англия |
XVIII
XVIII
XVIII
XVII
XVIII
XVIII
XVIII
XVII
XVII
XII
XVI
XVI
XVI
XVIIс- XVIIIғ.б
XVII ғ.б.
XVII
XV
ХІХ ғ.б.
XVIIІ
XII
XII
XVIIІ
XVIIІ
XVIIІ
XІV
XV
XI
XІV
XVII |
1745
1679
1715
1736
1644-1645
1567-1568
1575
1468
1745
1187
1192
1745
1307
1657 |
Көп ұзамай 1815 жылы Скоттың екінші романы жарық көрді «Гай Маннеринг» романында қанды сұрапыл шайқас, соғыс мүлдем суреттелмеген, бірақ онда қылмыстық процесс белең алған. Романда басты кейіпкерлер сығандар, демек сол құпия халықтың өмірі мен тіршілігі суреттелген. Скотт сығандар туралы тарихи роман жазудан тағы да бірінші болды. Сығандар әдетте қоғамда ең төменгі дәрежедегі халық еді. Романда сығандардың заңды білмеуі, тұрақты қонысы болмауы, қоғамдық зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке төтеп беруі қысқасы сыған елінің өмірі шынайы суреттелген.
«Айвенго» романы — әлем әдебиетіндегі классикалық үлгіде жазылған тарихи романның алғашқы қарлығашы. «Айвенго» романында 1190 жылғы І Ричардтың кезіндегі дүрбелең оқиғалар шебер суреттеледі. Мэгрон «Айвенго» романын Скоттың ең үздік романдарының бірі деп санады. «Айвенго»-бұл ұлттық дуэль — деді ол /52,90/.
Расында да, «Айвенго» романында 1194 жылы Ричард І-нің ағасы Джонмен таққа таласу күресі бейнеленген және сол кезеңдердегі бір шоғырланған түрлі ұлттардың қарама — қайшылығы, дәлірек айтсақ, норман мен сақ елдерінің күресі бейнеленген. Англия мемлекетінің жүздеген жылдар бойы әр түрлі ұлттармен жаулап алынып ортақ ұлты жоқ елдің өмірі мен қайшылықтары шебер суреттелген. Осы қиын да, құпиясы мол тарихи және саяси қақтығыстарды суреттеу үшін В. Скотт Шекспир тәжірибесіндегі хроникалар мен трагедиялық шығармаларын кең ауқымда қолданды. Романдағы басты кейіпкер Айвенго. Айвенгоның батылдығын, мейірімділігін, қажымас қайраткерлігін асыра суреттеген. Романда лирикалық махаббат та бар. Ақылды да батыл, шыншыл, әрі өзі асқан сұлу Ревекканың Айвенгоға деген махаббаты. Оның жан қиналысы, жауапсыз, яғни үнсіз махаббаттан өзін-өзі бақытсыз сезінген Ревекка әрқашан өзінің сүйгені Айвенгомен кездесуді арман етеді. Бірақ Айвенго сұлу қыздың сезімін байқамайды. Сонымен қатар, романда рыцарьлық мәдениет және Айвенго қатысқан турнир өте тамаша бейнеленген. Романды оқи отырып, бейне бір сол ғасырда өмір сүріп, дәл сол қақтығыстардың ішінде өзің де қатысып жүрген сияқты сезінесің.
Демек, оқырманның жанына жақын етіп, өте қызықты қылып жазудың өзі автордың нағыз дарынын дәлелдейді.
Француздың тарихи романы ерекше үлгіде дамыды. Онда француз елінің тарихы мен мәдениеті, саясаты шынайы жазылған. 1816 жылы француз әдебиетінде жаңа және алғашқы тарихи роман және ол роман француз жазушысы арқылы емес Америка жазушысы В. Скотт арқылы жазылған. Бұрын сонды француз романдары көп болған, бірақ француз тарихы туралы роман мүлде болмаған екен.
«Квентин Дорвард» романы Скоттың француз еленің тарихы туралы жазған жалғыз романы. «Вальтер Скоттсыз француз тарихи дәуірін елестету мүмкін емес»-деді Б.Г. Рейзов өзінің «Французский роман ХІХ века» атты еңбегінде. Бұл кітапта Рейзов В.Скоттың тек осы «Квентин Дорвард» романын қарастырған. «Квентин Дорвард» тарихи романның негізін салушы Скоттың қаламынан туған 29 шығармасының бірі. Скотт романға тарихилық сипатты тұңғыш енгізген, демек өткеннің өз ерекшелігін, оның қазіргі заманмен ұқсамайтындығын аңдаған, тарихтан ұлы адамдардың іс-әрекеттерін ғана емес, сонымен бірге халық бұқарасының қимыл-әрекеттерін де көре білген жазушы.
Вальтер Скоттың романы Квентин Дорвардың есімімен аталған, бірақ ондағы басты кейіпкер екеу: шотланд атқышы мен француз королі, Квентин Дорвард пен ХІ Людовик. Махаббат хикаясы саяси хикаямен сабақтаса өріліп отырады. Алғашқы желі роман авторының қиялынан туса, ал екінші желі тарих фактыларымен астасып жатады.
Роман Квентин мен Изабелланың шат-шадымен үйлену тойымен тәмамдалды.
«Квентиннің қарапайым махаббат хикаясы шығармаға тек желі тарту үшін ғана қажет болғанын», сөйтіп король ХІ Людовик іспеттес «айрықша танымал тұлғаны» кестелеуді алдына басты мақсат етіп қойғанын В.Скоттың өзі де мойындаған. ХІ Людовик мейірімсіз, қиянатшыл, кекшіл, ойын жүзеге асыруға келгенде ешқандай да тәсілдерден жирене қоймайтын адам болған.
«Қайшылық» — бірінші тарау осылай аталады. Бұл ХІ Людовик пен Өжет Карлдың арасындағы, дөрекі саяси күш пен зұлымдылық, айлакерліктің арасындағы кереғарлық. Кереғарлықты жазушы ойлап тапқан жоқ, ол роман беттеріне тарих беттерінен көшкен.
Романда жігіт Квентинді көрікті, батыл, адал, ер жүрек, ақылды етіп суреттейді. Негізі Людовик пен Квентин осындай өзіндік қасиеттері жағынан мүлдем ұқсамайтын, қарама-қайшы кейіпкерлер. Квентиннің тұла бойына албырт ерлік, кіршіксіз көңіл тән, рыцарьлық атақ-абырой пасықтықтан ада болу керек деп түсінеді. Моральдық мән-мағына жағынан алғанда корольге мүлде кереғар тұрған герцог Карл емес, нақ осы Квентин. Король әмісе арамзалық тор құрудан жалыққан емес, бірақ әр жолы сәтсіздікке ұшырап отырады, ол Квентин ізгілік пен адалдық өсиетті басшылыққа алады да, өз мақсат-мұратына жетеді.
Францияның белгілі жазушылары Проспер де Борант пен Оюсти Пьерри өздерінің ағылшын романитеріне тәуелді екендіктерін мойындады [12,10]. Демек, Вальтер Скоттың франция тарихы туралы жазған бір ғана романын көптеген атақты француз жазушылары таң қалмай, таңдай қақпай оқи алмаған.
Неткен ұлы дарын иесі десеңізші? Өз елінің тарихын біліп қана қоймай, өзге елдердің тарихын зерттеп, білу және тек біліп қана қоймай, сол елдердің тарихы туралы романдар жазу тек Ұлы қаламгердің, ерекше дарын иесінің қолынан келетін дүние. Сол ұлы қаламгер-Вальтер Скотт.
И. Ламартин оны «Ғасыр адамы» деп атапты. Дегенмен, ол тек бірғана ғасыр адамы емес күллі ғасыр адамы. Ондай ірі тұлға, талант иесі бұрын, яғни ХVІІІ ғасырға дейін болмаған және енді дәл осы Скотт сияқты Ұлы адамның дүниеге келу-келмеуі екіталай.
Бір өкініштісі осындай ірі қаламгердің атақты романдарының ана тілімізге көп аудармалуы. Осы уақытқа дейін қазақ тіліне Скоттың «Айвенгосы» мен «Квентин Дорварды» ғана аударылған. Әлемнің түкпір-түкпірінде аудармашылар Скоттың шығармаларын жаппай өз ана тілдеріне аударып, оқырмандарына сыйлап жатыр. Тіпті орыс тіліне де Вальтердің барлық шығармалары аударылған. Скотт шығармаларын орыс тіліне аударуда атсалысқан М.А. Шишмарева, М. Беккер, Н. Емельяникова, Б.Я. Шадрина, Лихачев және т.б. Бұл аудармашылар Скотт романдарын тікелей ағылшын тілінен орыс тіліне аударған.
Ана тілімізге Скоттың екі романы сатылы аударма түрінде аударылды. «Айвенго» романын орысшадан аударған Әбітай Атығаев және «Квентин Дорвард» романын сатылай аударған Мұқан Мамажанов.
- Көркем аударма және тарихи романдағы диалог қызметі.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алды.
Аударма — біздің зор тынысымыз. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ыбырай Алтынсарин, мен Абай Құнанбаев, өздерінің жазушылық және ағартушылық қызметтерімен, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында орыс мәдениетіне жол ашты. Ұлы Абайдың ақындық-аудармашылық қайраткерлігінің құдіретімен «орыстың данасы Пушкин өзінің сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп кеп, кең қазақ сахарасына алғаш рет қадам басты.» (М.Ә.) Ал Ы.Алтынсариннің жазушылық-педагогтік қызметінің арқасында өзінің дана сөздерімен орыстың алып жазушысы Лев Николаевич Толстой келді /40,9/. Аударма дегеніміз-бір тілде ауызша айтылғын ой-пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізуі /39,7/.
М.Әуезов пайымдауынша: «Аударма бір жағынан шеберліктің де мектебі. Аудару үстінде жазушы автордың творчестволық сырына қанады, оның көргенін көріп, білгенін біледі. Сол арқылы өзінің ой-өрісін ұлғайтумен қатар, авторша машықтанып үйренеді» /53,22/. Шын мәнінде, аудармашы шеберлігі үнемі ізденістің, талантты жетілдірудің, мол тәжірибе жинақтау мен машықтанудың арқасында қалыптасады.
Аударма— көркем әдебиеттің, публицистиканың жалпы мәдениеттің ажырамас бір бөлігі. Аударма адамзаттың көне замандағы тарихында тіл өзге адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың дәнекері болған. Ө. Күмісбаев көркем аударма туралы пікірінде: «Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Аударма әдебиетінің арналы, мол салаларының бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады» десе. Орыстың белгілі теоретигі П.П. Кузнецов: «Көркем әдебиет-идеология майданындағы зор құралдардың бірі, соның ішінде елеулісі десекте қателеспес едік. Ал аударма әдебиеті әрі көркем-төл әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар жедел өседі» деп орынды айтса керек. /39,177,178/.
Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің жаңа тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Ол халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы: бүкіл адамзат мәдениеттің қазыналық қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, және ұстартудың мектебі.
Әдетте аудармашыны актерге теңейді. Ағылшын жазушысы, әрі аудармашысы Ботлер Сэмюел: «Егерде түпнұсқаны оқыған кезде қанағаттанған болсаңыз, онда оның аудармасы да солай жасалуы тиіс, олай болмаған жағдайда аударма емес, ұқыпты орындалған үйрену жұмысы тәрізді болып қалады. Меніңше, мұның өзі аударма екенің аудармашының байқамағаны жөн»-деген тәжірибелік тұжырым білдіреді /53,18/.
Демек, аудармашылық нағыз творчестволық өнер. Аудармашы екі тілді жетік білумен қатар, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Сол себепті де жұртшылық әрқашан оның жақсысына сүйсініп, жаманына күйініп отырады. Нағыз шығармашылық көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның стильдік, тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік-идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жарық етіп шығару. Осы екеуі ұштасқанда ғана аударма көркем болады /39,6/.
Әлем классикасының сол сияқты бұрынғы совет халықтары әдебиетінің таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аудару арқылы біздің ұлттық мәдениетіміз де рухани жағынан байып, аударма кітаптар қазақ әдебиетіне қосылған баға жетпес мол мұра, әдебиеттің алтын қоры болып отыр /39, 197/.
Қазақ оқырмандарының кітапханасы төл жазушының шығармаларымен қатар аударма әдебиетпен де көп молықты. Қазір қазақ оқырманы Пушкин мен Гогольдің, Крылов пен Лермонтовтың, Гончаров пен Тургеневтің, Толстой мен Чеховтың шығармаларын өз ана тілінде оқиды. Сондай-ақ қазақ тіліне дүниежүзілік мәдениеттің озық үлгілері-Шекспир мен Шиллер пьесалары, Бальзак пен Жюль Верн романдары, Назым Хикмет пен Побло Нерудің өлеңдері, В.Скоттың тарихи романдары және т.б. аударылды. Қазақтың көркем әдебиеті аударма еңбектері арқылы тек молығып, өсіп қана қоймай, сонымен бірге қалың бұқараны тәрбиелеудің маңызды құралына айналып отыр.
Аударма әдебиеті Қазақстандағы ұлттық мәдиенеттің бір мол саласы. Республикада талантты аудармашылар тобы өсіп жетілуде. Қазақ аудармашыларынан шыққан кітаптарының ішінде Шекспирдің «Отеллосы», Пушкиннің «Полтавасы», Гогольдің «Ревизоры», сияқты қызықты еңбектер аз емес.
Аударма жұмысы бүгінгі таңда мақсат-мүддесі, тіршілік-әрекеті бар адамзат қоғамындағы аса маңызды шартты құбылыс.
Адамзат тарихындағы әрьір ұлт, әрбір қоғам алмасу, алысу, араласу нәтижесінде өмір ағымы алға жылжид, өседі, өркендейді. Яғни өзінде жоқты өзгеден алады, білмейтінін үйренеді, білгенін басқаға үйретеді. Осындай ауысудың тиянақты тірегі — аударма. Осыған орай А. С. Пушкин: “Аудармашылар мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары” деген.
Бір тілджен екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек аударма туынды деп аталады.
Аударма көркем әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар екі ел сөз өнерінің рухани қазынасына айналады. Оның бастауы ежелгі Римнен басталады. Сол дәуірде аударманың түпнұсқаға адалдығы туралы аса маңызды мәселе төңірегінде Цицерон”аудару кезінде сөзді санамау керек ” деген екен.
Атақты өнер шеберлері аударманың жазушы шығармашылығы сол секілді ұлттық төл әдебиеттің өркендеуі үшін қаншалықты маңызды екені жайында салмақты сын-пікірлер қолданған. Бұл жөнінде немістің ұлы ақыны И. Беккердің мынадай сөздерін айту орынды деп ойлаймыз: “Мәнді ұлттық әдебиеттің жақсы аудармасы әдебиетсіз болуы мүмкін емес.”
Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру ұлттық әдебиеттің өсуіне және оның өзіндік дәстүрлі сипатын жасауға мүмкіндік тудырады.
Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, дүниетану үрдісімізді ұлғайтады. Аудармашы жеке сөздерге балама іздеу арқылы ана тілдің бүкіл қазынасын кеңінен сапырып, ішіндегі асыл сөз байлықтарын шебер пайдалануға тырысады.Ескіріп бара жатқан көне сөздер қайта жаңғырып, қазіргі таңдағы әдеби тіліміздің қорына жаңа сөз тіркестері, көркем сөз баламалары қосылып жатады. Аударма қызметі жаңа сөздерді тілімізге еңгізіп қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көп еңбектер олардың қолданылу аясын кеңейтіп, қолдану нәтижесін тұрақтандыруға халықтың ой мен тіл байлығын өсіруге, сол сөздің ұғымдық шегін қалыптастыруға себепші болады.
Аударма- көркем шығармашылықтың өзгеше бір сапасы болып табылады. Шығармашылықтың бұл түрінде өзіңдікі өзгемен салыстырылады, жарысады, күш сынасады.
Көкем ауларма әдебиетіміз бен мәдениетіміздің үлкен бір саласы.
Оның көп жылдық тарихы,өсу жолы, қалыптасқан дәстүрі бар.
Ол халықтың рухани жағынан дамытудың күшті құралы, бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың дүкені.
Көркем аударма теориясы филология ғылымының бір саласы. Оның тәжірибені қорыту, пікір жарыстыру негізінде айқындалған принциптері, танылған тәсілдері, шеберлік жүйесі бар.
Көркем аудармаға қойылатын ең басты шарт- шығарманың көркемдік-идеялық күші мен эстетиклық ләззатын жеткізу.
Аударма жалпы адамзат атаулының танымдық-рухани алмасуы нәтижесінде мәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке қол жеткізуін, санамыздың өсуіне апаратын жол.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында көркем аударма мәселесі аса өзекті мәселенің бірі екені дау туғызбасы керек.
Аударма өнері — бір халық пен екінші халықты, бір ұлт пен екінші ұлтты рухани жағынан байланыстырса, сол өнердің иелері,яғни, аудармашылар қос халықтың көпірі ретінде үлкен қызмет атқаратыны даусыз.
Ұлы дүниелерді басқа халық танып білмей, ол ұлы бола алмайды. Олардың ұлылығына ең бірінші себепкер- сол шығарманың авторы,яғни жазушы немесе ақындар. Әр ұлттың өз ұлысы бар, мысалы біз, қазақ халқы,ұлы жазушы, аудармашы ретінде М. Әуезовты білеміз. Ал ағылшындардың ұлы классик жазушыларының бірі Вальтер Скотты атаймыз. Осының бәрі аудармашылардың қос халықтың арасындағы көпір қызметін атқаруларының арқасы.
Қазір біздегі көркем аударманың белгілі бірежеде қалыптасқан дәстүрі, небір тамаша үлгілері бар. Аударма мәдениеті барған сайын өсіп, шеберлігі артып келеді. Біз оны бұдан былай да жетілдіре беоуге тиістіміз.Ол үшін аударма мәселесінің өткендегісін таразылап, болашағын бағдарлап отыруымыз қажет.
Біздің барлық аудармашы жазушыларымыз өз мінднттерінің халық алдындағы жоғары мәртебелі азаматтың уәзипа екенін терең түсініп әрбір аударылған шығарманың идеялық, көркемдік және эстетикалық сапасын бұлжытпай жеткізу арқыл туған халқын ұлы орыс әдебиеті мен дүниежүзілік озық әдебиеттің ьал шербетіне қандыра беруді ардақты борышымыз деп білу керек.
В. Скоттың тарихи роман жазудағы бір ерекшелігі оның тарихи шығармаларға диалогтарды көп пайдалануы. Әдетте тарихи шығармаларда диалог көп қолданбайды және бұл Скоттың бір өзіндік стилі болып табылады.
Диалог дегеніміз-екі және одан көп адамның арасындағы сөйлесу және әңгіме.
«Көркемдік интерпретацияда өтетін өмір шындығының сенімділігіне айқын кепілдердің бірі-кейіпкер сөздері. Қаһарманның тек өзіне тән, дара мінезі оның сөйлеу мәнерінен көрінеді. Бұл әрине, диалогтың эстетикалық мәнін анықтайды.»-деп Б.Майтанов диалогтардың кейіпкер мінезін, болмыс бітімін, ішкі эмоциялық сезімін берудегі көркемдік қызметін даралайды. Диалогтар кейіпкердің іс-қимылын, мақсат-мұратын, көңіл-күйін, жандүниесін, сезімін, қысқасы тіршілік-әрекетін, оқиғалар мен жағдайларды әңгімелеу түрінде жеткізеді.
Диалогтар тарихи романда үлкен қызмет атқарады. Диалогтың тарихи шығармалардағы оқиғалар динамикасын күшейтуде, кейіпкерлер арасындағы тартысты, шиеленісті дамытуда, сюжеттің, эпизодтың драматизмін жандандырудағы қызметі ерекше. Г. Реизов топшылауынша: «Скоттың диалогы оның тарихилығымен байланысты. Автор өзінің қайырымдылық пен зұлымдық туралы түсінігімен, өзінің дүниені қалай қабылдауымен романнан шығып кетуі керек. Ол адамдарға өздері туралы өзін сөйлетуге мүмкіндік беруі тиіс, актерлердің сахнада қозғалуы, тіршілік етуі, ойлануы сияқты ұқсас жайларды кейіпкерлерге де дарытуы қажет. Оқырманды тарихпен оңаша қалдыру керек, өйткені өтіп жатқан дүниенің шынайылығына күмәнданбау үшін бәрін тікелей өзінің көзімен көруге міндетті». Диалогтың тарихи романдағы қандай маңызды көркемдік элемент саналатыны осыдан-ақ байқалады /1,207, 208/.
«Квентин Дорвардтағы» диалогтардың Квентин тұлғасын жасаудағы ерекшеліктерінталдап, айқындау тарихи романның идеялық, танымдық тарихилық, эстетикалық, көркемдік дәрежесін бағалауға ықпал етеді.
«Айвенго»-әлем әдебиетіндегі классикалық үлгіде жазылған тарихи романның алғашқы қарлығашы. Жетпісінші жылдардағы қазақ тіліне аударылған шет ел шығармаларының ішінде Әбітай Атығаев аударған В. Скоттың «Айвенгосы» да бар. Романды тәржімалау барысында аудармашы кей реттерде атүстілікке жол беріп қойған. «Айвенго» романының аудармасындағы өте жиі кездесетін жүзден астам сөздің бұрмаланып, қате жазылуы тандандырды. Әрине, бұл шығармада көне ұғымдар көп қолданылады. Соны әдеби норманың үлгісінде жеткізуге толық мүмкіндік бар сияқты. Бір сөз бір бетте он рет қолданылады. Солардың кейбірі: еврей-жебірей, шеркеу-шіркеу, алдақамсан-әлдеқашан, ұғлы-ұлы, пышыны-пішіні, ғымырат-ғимарат, мияу басына-милау басына және т.б. Бұл қателіктер баспадан ба, әлде аудармашыдан ба белгісіз. Кімнің кінәсі болса да В.Скоттың «Айвенго» сияқты әйгілі шығармасының қазақ тіліндегі нұсқасына үлкен нұқсан келтіргені өкінішті-
2 ТАРАУ. В. СКОТТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АУДАРМАСЫНДАҒЫ ТАРИХИЛЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК.
2.1 В. Скоттың «Квентин Дорвард» романындағы диалогтардың тәржімалануы.
1987 жылы көрнекті аудармашы М.Мамажанов В.Скоттың «Квентин Дорвард» романын шебер аударып шықты. М.Мамажанов 1929 ж. 10 ақпанда Алматы облысы, Талғар ауданында туған. Қазақ Мемлекеттік Университеттінің журналистика факультетеін бітірген. Шығармашылық еңбек жолын «Қазақ пионері» газетінің әдеби қызметкері, аудармашы, редактор болып бастады. Осы газеттің және «Лениншіл жастың» бөлім меңгерушісі, 1955-1958 жж. Қазақстан Орталық Комитеті Нәсихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі. «Қазақстан» баспасының бас редакторы, директоры, Қазақ КСР Баспа; полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің алқа мүшесі, бас редакторы, төрағасының бірінші орынбасары.
Қазақстан компартиясы Орталық Комитеті Нәсихат және үгіт бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары. «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы қызметін атқарды. «Советтік Қазақстан кітаптары», «Листовкадан энциклопедияға дейін», «Достар арасында» (1958 ж.), «Кітаптас түскен шуақ» (1997 ж.) т.б. еңбектері жарық көрді. Ол еңбек қызыл ту, халықтар Достығы ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «тың игергені үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестің құрмет Грамотасымен марапатталған, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Көркем аударма саласында да еңбек еткен.
Аудармалары: С.Георгиев «Повестері мен әңгімелері» А.ҚМКӘБ, 1956 ж.; Бонч-Бруевич «Ленин туралы әңгімелері» А., Қаз-н, 1958 ж.; С.Заресной «Жеті күн туралы повесть» А., «Жазушы», 1967 ж.; Петрусь Бровка «Тоғысқан арналар» А. «Жалын», 1984ж, Нгуен Динь Тхи «Сөгілген көбе» Алматы «Жалын», 1973; Нгуен Дин Тхи «Бұрқанған дала» Алматы, «Жалын»,1984.
«Квентин Дорвард» романының қазақша аудармасы кібірткісіз, ұғымға жатық, сонымен қатар аса көркем дәрежеде жүзеге асырылған. Романның қазақ тіліндегі тәржімасын оқығанда шығарма аударма емес, бейне бір қазақ жазушысы жазған түпнұсқа сияқты. Ана тіліміздің барлық баяндау тәсілін, ішкі иірімін жетік меңгерген аудармашы биік өреден көрініп, романның астарлы ойын мағыналы мазмұнын терең түсініп, үлкен ілтипатпен ден қойып, түпнұсқаның деңгейінен төмен түсірмеген деп ойлаймыз. Екі тілдің қорын, грамматикалық заңдылығын қанша жақсы игергенімен,т жан дүниесі, түсінік болмысы қабыспаса, одан автор да, аудармашы да ұтпайды, қайта ұтылады. В.Скоттың романдарындағы әрбір диалогта үлкен мән, терең астар жатыр. Автордың шығармаларындағы айтайын деген ойын нақты тауып, содан кейін ғана әр сөздің баламасын іздеп табу оңай емес.
«Квентин Дорвард» романындағы ішкі психологиялық қақтығыстарды бейнелейтін оқиғалардың дені диалог арқылы өрбіп, шешімін тауып отырады. Скотт романдарының бір өзіндік ерекшелігі сол тарихи романға диалогтарды көп пайдалану.
Бүкіл бір әдеби бағытқа негіз салып, оны қалыптастыруға мұрындық болған шығарманың екі ғасырдан астам уақыттан кейін ана тілімізге аударылуы және барлық шырайымен оқырман жүрегіне жетуі-қуанарлық жай. Бұл шығарманы ана тілімізге тәржімалау барысындағы басты қиындық-романдағы оқиғалардың осыдан бірнеше ғасыр бұрынғы француздардың өмірін қамтуы, яғни, тарихи оқиғалардың молдығы.
Т.Жұртбаев: «Аудармада астарлы ойды тәржімалау өте қиын. Астарлы ойлы сөзді аударудың қиындығы сонда, бір сөзді өзгерту арқылы бүтін сөйлемнің мағынасын жойып алуға болды» /39,177/ деген. Демек, астарлы сөзді аудару өте қиынға соғады. Скоттың диалогтарының қуат-күші де сол мол мағыналы емеурінінде жатыр. Бір сөзді өзгерту арқылы бүтін сөйлемнің мағынасын жойып алуға болады. Мұқан Мамажанов осындай биік талапты абыроймен орындаған. Десек те, ішінара орыс тіліндегі тіркестердің жетегінде кететін тұстары, сөйлемнің аяқталусыз қалатын жайлары бар.
Дәйектерге жүгінейік.
Түп нұсқада:
In answer, the landlord only bowed; and while he continued to bring, and orange upon the table, the various articles of a comfortable meal, omitted to extrа their meribs by a single word /35,75/.
Орысша нұсқасында:
Хозяин ответил новым безмолвным поклоном и стал торопливо вносить и расставлять на столе разнообразные блюда прекрасного завтрака /34,45/.
Қазақша нұсқасы:
Мейрамхана иесі тағы да үн түнсіз иіліп ілтипат білдірді де жалма-жан аяқ-табақтарын тасып, дастарханға небір ғажап тағамдар қоя бастады-деп аударған /37,47/
Біріншіден түпнұсқадан тікелей аударған орыс аудармашысы Шишмарева тәржімалау кезінде еркіндікке жүгініп кейбір сөз тіркестерін тастап кеткен. Мысалы: «… omitted to extral their merits by a single word» деген сөз тіркесі және де «only» сөзін «новый» деп аударған. Бұндағы «only» сөзі «только, единственный» демек «тек, жалғыз» деген ұғымды білдіреді. Дегенмен, осы «новый безмолвный поклон» деген сөз тіркесін Мамажанов «тағы да үн-түнсіз иілу» деп өте сәтті аударған. Бұл сөз тіркесіндегі «новый» сөзі «тағы да» сөзімен тәржімаланып өзіндік үйлесімділік тапқан. Егер біз «жаңа» деп аударсақ сөйлем мазмұнына сәйкес келмеуші еді. Сондықтан бұл аудармашының өзіндік стилі мен шеберлігі екендігін атап көрсеткеніміз жөн.
Дегенмен, бұл сөйлемдегі «аяқ-табақтар» деген сөзді не үшін қосқанын түсінбедік. Түп нұсқада және де орысша аудармада ондай сөз атымен жоқ, сондай-ақ осы «аяқ табақтар» деген сөздің өзі оқырманның бәріне бірдей таныс емес. Бәлкім осы «аяқ табақтар» сөзі аудармашының елінде жиі қолданылатын болуы керек. Сөйлемдегі осы сөзді алып тастап немесе жай ғана өзімізге жатық түсінікпен «тәрелкелер» немесе «ыдыс-аяқ» деп қойса да болар еді.
Әрине, бар ыңтанмен мұқият қараған күннің өзінде Скоттың стилін, әңгімелеу мәнерін, ой оқиға екпінін толық меңгеру мүмкін емес. Оның үстіне «Квентин Дорвард» романында оқиға мен ой баяндаудағы ұшқырлық алма-кезек ауысып отырады.
Роман диалогтарында «Куманек» сөзі өте жиі кездеседі. Аудармашы бұл сөзді «бауырым» деп алған. Негізі осы сөздің «кум» деген түбірінің өзі «әке,өкіл әке» деп аударылса керек. Мүмкін, аудармашы ұлтымыздың менталитетіне жақындатып аударуға тырысқан шығар. Бір қызығы аудармашы «куманек» сөзін әр сөйлемде әрқалай аударған. Мысалы:
—Мой куманек оьо всем подумал ничего не забыл /34,45/-деген сөйлемді Қазақшаға:
—Серігім айтқанымыздың бәрін тап-тұйнақтай ғып қойыпты ғой-деген.
Бұл сөйлемде «серігім» деп аударған. Ал осы «куманек» сөзі тұп нұсқада мүлдем басқа. Түп нұсқада «By gossip» деген, ал «gossip» сөзі «өсекші» деген мағынаны білдіреді. Демек, орысша нұсқаның өзі дұрыс аудармаған. Сондықтан екі аударма да дұрыс шықпаған. Романда осы сөз ХІ Людовиктің, яғни Францияның королінің жиі қолданатын сөзі.
Романда Людовикті автор былай бейнелеген: «Людовик пәтуасыз да қатыгез ұл болды. Ол алдымен туған әкесіне астыртын қастандық ұйымдастырды, одан кейін ашықтан-ашық көтеріліске шықты. Қара басының қамы, яғни саяси мақсат талап еткен сәттерде, барынша-ақ батыл Людовик табиғатында бос қиялға беріле қоятындай аңғал еместі: оның бойында абырой мен намыс жолын қуатын асқақ ерліктің нышаны да жоқ-ты. Жымысқы да, айлакер ол алдымен өз мүддесін ойлайтын, осы жолда ар-намысын ғана емес, сонымен бірге нәпсі құмарлығын да құрбан етіп жүре беретін. Ол жаратылысынан кекшіл де қатыгез еді. Сондықтан да сансыз адамның өз әмірімен өлім жазасына ұшырағанына оның жаны жадырап шын рақат табатын. Қанына қарайған кезінде ол, аяушылық, кешірім дегенді әсте білмейтін…,». Бұл суреттеуден біз Людовиктің өте қатыгез адам екенін білеміз.
Демек, бұндай арамза адам король бола тұрып өзінің қол астындағы қызметшісіне «куманек» деп яғни, «өкіл әке» деп немесе «бауырым» деп сөйлемесі хақ.
Бұл тұрғыда: «Аудармашының жауы әрқашанда қасында. Ол жау-өзінің сүйіп аударып отырған кітабың. Сол кітаптың өзің сүйген авторы. Аудармашы онда сол кітаппен, сол автормен белдесу үстінде. Мүлт жіберсең болды, шаңға аунап қала бересің. Ал мұндай түсінік болмаған жерде аудармашы тегіс жолмен келе жатып та тоңқалаң асып қала береді» /39,177/-деген. С.Шаймерденовтің пікіріне екі аудармашы да жүгінсе болар еді. Осы «gossip» сөзін «тыңшы» деп аударса сәтті болар еді, әрі қазақи ұғымға жақын, әрі түпнұсқа ұғымына да сәйкес келеді. Әр аудармашы сатылы аударма жасамастан бұрын, түпнұсқа тілінде аздап болсын білуі керек және түпнұсқа мен аударма нұсқасын қатар қойып салыстыра отырып аударғаны дұрыс.
Егер аудармашы бір ғана сөздің мағынасын емеурінін өз дәрежесінде жеткізе алмаса, онда кейінгі оқиғалардағы желі үзіліп, салмағын жеңілдетіп алады. Бүкіл шығарманың шырайын бұзатын да сондай «аңғалдық» болса керек. Әрі бұл автор ойын, стилін бұзады. Мына бір мысалға назар аударайық.
Түпнұсқада:
-«But besides that, I have been in a convent, where the good fathers tought me to read and write, and even to cipher» /35,60/.
Орысшада:
— Но мне случалось жить в монастыре, и добрые монахи научили меня читать6 писать и даже считать. /34,33/.
Қазақшада:
— Бірақ мен әдияратты көп паналағам, сөйтіп шарапатты монахтар мені хат танып, оқып-жаза білуге, керек десеңіз есеп қисапқа да үйреткені бар. /37,19/.
Бұл сөйлемдегі орысша нұсқасы өте сәтті шыққан. Түп нұсқамен өте ұқсас, сөздері үйлесімді.
Ал қазақша нұсқасында «монастырьді-әдиярат», «добрый-шарапат», «даже –керек десеңіз», деп алған. Бұндағы «монастырь» сөзінің «әдиярат» деп аударуының себебі неде? «Монастырь» сөзі сол қалпында қалса, сонда оқырманға бірден түсінікті болар еді, немесе осы сөздің соңғы кездері «сопыхана» деген аудармасы жиі қолданылып жүр. «Әдиярат» сөзінен көрі «сопыхана» десе әлдеқайда түсініктірек болар еді, және «добрый» сөзін бөйтіп «шарапат» деп баламаламай-ақ өзінің сөзбе сөз аудармасы «мейірімді деп» ала салса біздің түсінігімізге жақын болар еді. Сол сияқты «даже» деген сөзді «тіпті» дей салса да үйлесімді болады.
Осы сөйлем ішінде «читать, писать и даже считать» деген сөз тіркесі «хат танып, оқып-жаза білуге керек десеңіз есеп-қисапқа да үйреткені бар» деген, мұндағы «хат тану мен оқу» айтылуы бөлек, бірақ мағынасы бір синонимдер емес пе? Сондықтан бір сөйлемнің ішіне бұл екі сөзді қатарынанқолданбай біреуін алса жеткілікті еді. Онсыз да мәтін мағынасы айқын. «Аударғанда әрбір сөзге жармаса бермей автордың ойын жеткізумен шұғылданаған жөн»-деп Н.В.Гоголь /39,17/ тегін айтпаса керек. Аудармашы дәл осы сөзді аударғанда осы Н.В. Гогольдің пікірін ұстанса ағаттық болмас еді.
Романның үшінші бөлімі «The Castle», яғни «Замок» деп аталады. Осы «Замок» сөзін «Қамал-сарай» деп қазақшалаған. Негізі осы «замок» сөзін жай ғана «қамал» деп қалдырса да дұрыс еді. Ал «сарай» сөзінің тура баламасы «дворец». Бұл ағылшын корольдерінің арнайы салғызған қамалдарда мекендегенін білдірген болар. Бұған дәлел ретінде ХІ Людовиктің арнайы салғызған қауіпті қамалын қалай суреттегеніне тоқтала кетейік: «Қамал … бүкіл өне бойы мен бұыш-бұрыштарын да бекініс мұнаралары бар үш қатар аранды қабырғамен қоршалған. Екінші қатардағы қабырға біріншіден, сәл еңселілеу, ал үшінші ішкі қабырға екіншіден де биік. Сыртқы қабырғаны қапелімде дұшпан басып алғанның өзінде де ішкі жақтан сыртқы қабырғаларды қорғауға болатын. Француз өзінің жас серігіне бірінші сыртқы қабырғаны қоршап тереңдігі жиырма фут ор қазылып тасталғанын айтты …, оған шлюздер арқылы Шер дариясынан, дәлірек айтқанда, осы дарияның бір тармағынан су келіп құйылып, орды шүпілдете толтырып тұратынын түсіндірді.Оның сөзіне қарағанда, нақ осындай терең орлар, екі ішкі қабырғаны да қоршап тұрады. Үш қатарлы осынау орлардың ішкі және сыртқы жағалауларына қаз-қатар тізілген темір қазықтар қағылған. Әр қазықтың басы екі айырылып, найзадай үшкір етіп ұшталып қойылған, сөйтіп, орлар тірі жан өте алмастай бекініске айналдырылған: одан өтемін деп әрекет жасау-өз басын өлімге тігумен пара-пар еді».
Сөз баламаларының дәл түсіп отыруы көркем аудармадағы ең негізгі шарттардың бірі. Түпнұсқадағы әрбір сөз өзінің белгілі тіркесіндегі алатын орнына қарай аудармада да дәл жеткізіліп отыруы керек.
Орысша нұсқада:
— Пойдем-ка с нами в деревню.
Қазақша нұсқада:
— Жүр деревняға апарайын.
Бұнда негізі үш адамның диалогы. Екі серік жолда бір бейтаныс шотландтың жас жігітін көріп қалады. Сондықтан «жүр деревняға апарайын» дегеннен көрі орысша нұсқасына ұқсастырып «бізбен бірге деревняға жүр» деп аударса болар еді. Сонымен қатар «деревня» сөзінің қазақша баламасы жоқ болуы өкінішті-ақ. Дегенмен де, өзіміздің ұғымымызға жақын қылып «ауыл» деп алса да артық болмас еді.
Тағы бір мысал:
«… as he descended the rugged bank to the water’s edge» /35,56/.
Орысшасы:
«… так как сразу попал в быстрину» /34,29/.
Қазақшасы:
«… суға аяғы тигісімен-ақ иірімге тап болды». /37,30/.
Бұнда «быстрина» сөзінің негізгі аудармасы, яғни мағынасы «иірім» емес «сарқырама» немесе «қатты ағыс». Ал иірім дегеніміз өзен бетінде бір ғана жерде иіріліп жататын және қандай зат болмасын бірден судың ең тұңғиығына иіріп алып кететін табиғи құбылыс. Содан кейінгі сөйлемдерде аудармашы былай деп суреттеген: «Расында да жас жігіт толқынмен арпалысып керемет қайрат пен ептілік көрсетті, бұрқыраған асау ағысқа бой бермей, суға өзі түскен жерден көп ауытқымастан бергі жағаға жүзіп өтті»-деген. Демек, келесі сөйлемдерде «быстрина» сөзін «ағыс, асау толқын» деп аударған және бұл дұрыс балама. Ал иірім біздің білуімізше асау ағыс емес тынып ағатын суда болады.
Әрине, бар ынтаңмен мұқият қараған күннің өзінде Скоттың стилін, әңгімелеу мәнерін, ой-оқиға екпінін толық меңгеру мүмкін емес. Оның үстіне «Квентин Дорвард» романында оқиға мен ой баяндаудағы ұшқырлық алма-кезек ауысып отырады.
Роман диалогтарында «Сударь» сөзі көп қолданылады. Бұны аудармашы «тақсыр» деп алған. Ал негізі «сударь» сөзінің баламасы «мырза». Бірақ аудармашы «тақсыр» сөзін өте орынды қолданған. Квентин тақсыр деп король Людовикті атаған. Өйткені, Квентин Дорвард-қарапайым Шотланд атқышы, ол ХІ Людовик күллі Францияның королі, сондықтан сөзбе-сөз «мырза» деп аудара салу орынсыз болар еді. Дегенмен, бұнда бір айта кететін жай Квентин Людовиктің король екенін алғашында білмей тұрып –ақ оны тақсыр деп атауы қызық. Квентин Людовикпен Франция еліне алғаш келген кезіңде танысады. Ол кезде Людовик жанында бір қызметшісімен қарапайым және ауқатты сатушының бүркеніш есімін жамылып, ел арасында өзі туралы әңгіме естіп жүрген еді. Ал сол қарапайым сатушы адамға өркөкірек әрі батыл Квентин «тақсыр» деп айтуы мүмкін емес. Демек, бұл аудармашының ұқыпсыз, яғни ойланбай жасаған бір қателігі.
Романда Людовикті суреттеуінен бір үзінді алайық:
Орысша нұсқасы:
Несмотря на все свое лицемерие и луковство, Людовик иногда слишком слепо и опрометчиво полагался на прямодушие и честность других. /34,28/.
Қазақша нұсқасы:
-Өзінің елден өткен екі жүзділігі мен жырындылығына қарамастан Людовик кейде басқалардың ақ көңіл адалдығына сеніп қалып, бармағын тістеп те жүреді. /37,17/.
Бұл сөйлемдегі қазақша аудармасы түсінікті, ана тілімізге жатық. Дегенмен, бір ғана «жырындылық» сөзі аударма нұсқасының мазмұнын бұзып тұр. Орыс тіліне бұл сөз «лукавость» болып аударылған. Ал «лукавость» сөзі «мекерлік, қуланушылық» деген мағынаны береді. Біздінше «жырындылық» сөзі адамның мінез құлқын сипаттауға, жай ғана адам емес Француз королі Людовикті сипаттауғамүлдем келмейді. Енді бір сөйлемде осы «лукавость» сөзін «мекерлену» деп алған.
Мысалы:
-Кто не умеет притворяться-тот не умеет и царствовать. /34,14/
Қазақшасы:
— Мекерлене білмеген адам мемлекет басқара алмайды /37,55/-деген.
Осы сөйлемдегі «мекерлену» сөзі қазақи ұғымға жақын емес, яғни бұл жергілікті диалект сөз болғаны. Осы мысалдардан біз «притворяться» және «лукавость» сөздерінің мағынас екенін, яғни синоним сөздер екенін байқаймыз.
Түпнұсқа:
«.. . on honest poor set of folks they are» /35,61/
Орысшасы:
«… Народ вы бедный, но честный» /34,33/
Қазақшада:
«… Сендер жұпыны тұрасыңдар, бірақ барынша адалсыңдар»-деп тәржімалаған. Бұндағы орысша нұсқасы сәтті шыққан, ал қазақша нұсқасына келсек «Сендер жұпыны тұрасыңдар, бірақ барынша адалсыңдар» десе де дұрыс болар еді. Сөйлемдегі басты кемшілік орысша нұсқасындағы нұсқадағы «народ» сөзі аударылмай, еркіндікпен тасталып кеткен.
Аударманың басты кемшіліктерінің бірі, жоғарыда айтылғандай жақсы, үлгілі аударма тәжірибелеріне жеткіліксіз, үстірт зер салу екені белгілі. Ол кезде бізде жақсы терең ғылыми жазылған аударма туралы зерттеу жоқ еді.
Әр сөздің өзіне ғана тән ұлттық бояуы болатынын ескерсек, аударма өнеріндегі сөз бейнелілігі, сөз әсерлігі және нәрлілігімен бірлікте зерттелуі керек. «Сөздің екпіні, прозаның әуезділігін сақтау үшін сол өзінің аударатын тілдің құрылысын, ырғағы мен әезділігін, интонациясын, зерттеу шарт. Аудармашыға көркемдік көргіштік қана емес, көркемдік есту қабілеті де қажет. Өйткені белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінің ырғағы, әуезі әртүрлі, алуан түрлі сөйлемдер құруға болады. Аудармашы солардың ішінен түпнұсқаның рухын анығырақ жеткізетінін таңдап алуы тиіс. Олай болмаған жағдайда мағыналық жағынан жақын бола тұрса да түпнұсқаның аудармасы емес, оның екінші бір нұсқасы, басқа бір трактовка, интерпретациясы дүниеге келмек»-дейді Герольд Бельгер /2,13/. Осы тұрғыда аударма нұсқасынан мынандай мысал келтірсек болады:
—I will not refuse your offer in kinolness; for my olinner yesterday was a light one, and supper I had none.
Орысшасында:
—Вчера обед у меня был очень легкий, а ужина и вовсе небыло…
Қазақшасында:
-Кеше ішкен түскі тамағымда жұмырыма жұқ болмап еді, ал кешкісін нәр татқан жоқпын.
Бұл сөйлемдегі орысша аударма да, қазақша да өте сәтті шыққан әсіресе «обед был очень легкий» сөз тіркесін «түскі тамағым да жұмырыма жұқ болмап еді» деп аударуы өте орынды.
Аударматануға қатысты бір ойында әдебиетші, сыншы М.Қаратаев: «Көркем аударма дегеніміз өзінше өнер, творчество, әдебиеттің тең құқықтағы түрі дейтін ұғымды іс жүзінде жеткізіп, бұл іспен суреткерлік қабілеті бар адам ғана айналысуы керек»-деген екен. Демек, жоғарыдағы бір ғана аударма нұсқасынан біз аудармашының тапқырлығын және талантын танимыз. Өз ғана тілін өте жетік білумен қатар аудармашының жазушы қаламының өзіндік қырын танытардай осы бір тұстарды асқан талғампаздықпен дөп басып, жазушы ойының сырлы иірімдеріне өз ойы ирімдерін керемет ұштастыра білгенін аңғарамыз. Бұндағы «обед был легкий» деген сөз тіркесін «түскі ас жеңіл-желпі» болды деп атүстілікке жол беріп аудара салса болар еді, бірақ М.Мамажанов оны өзіміздің тілге жақын етіп «жұмырыма жұқ болмды» деп аударған.
Ал мына бір мысалда айта кетерлік ерекше бір жай бар. «the covin-tru» дегенді орысша нұсқасында «… дубы с такими желудями» деп тәржімалаған. Қазақша нұсқасында «… жаңғағы бар емендер» деп тұр. Бұл сөз тіркесіндегі «желудь» сөзі «емен түйіршігі» немесе «емен өрігі» деген мағына береді. Ал «жаңғақ» деген өзіміз білетіндей «орех» және де жаңғақ еменде емес, шыршада өседі. Егер бұнда шырша туралы сөз болып отса «ана шырша жаңғақтары» десе болар еді.
Бұл орайда көрнекті теоретик, аудармашы М.Әуезовтің: «Тек дәл аудару үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады» деген қағидасын ұстанғанын қалар едік.
Тағы бір сөйлемде:
— «Pasques-dieu!» said his guide, «how cautious your countrymen of Scotland are!»
Орысша нұсқасында:
— Однако, черт побери, какой вы шотландцы, расчетливый народ.
Қазақша нұсқасында:
— Пай-пай-пай, сендер, шотландтар шеттеріңнен сараң халықсыңдар ғой, сайтан алғыр-деп аударылған.
Сөйлемдегі «Pasques-dieu!» сөзі француз тілінен алынған. Аудармасы «черт побери», яғни «сайтан алғыр» деп алынған. Бұдан біз автордың бір елдің тарихын біліп қана қоймай, сол француз елінің тілін үйренуге де ерекше көңіл бөлгенін байқаймыз. Сондай-ақ, бұдан біз аудармашылардың да француз тілінен хабардар екенін білдік. Осы сөйлемнің қазақша нұсқасына көңіл аударсақ орысша нұсқасындағы «однако» сөзі «пай-пай-пай» деген одағай сөзімен аударылған. Негізі бұл романдағы ХІ Людовик пен Квентин Дорвард арасындағы диалог және де король ХІ Людовиктің сөзі, ал король Людовик өзінің қол астындағылармен ешқашан да мақтап, тамсанып сөйлемеген. Қатаң да қатыгез корольдің өзінің қол астындағы қызметшісіне «пай-пай-пай!» деп сөйлеуі орынсыз-ақ. Сонымен қатар, орысша және түп нұсқада да корольдің қатаң және ашулы интонациямен айтылғаны көрініп-ақ тұр. Сондықтан аудармашының еркін аудармаға ерік беріп одағай сөзді қосып қоюы романдағы кейіпкердің мінез-құлқын басқа тұрғыдан танытады.
«Аудармашы шығарманың далпы мазмұнын ғана жеткізіп қоймай, оның көркемдік ерекшеліктерін де сақтауға міндетті, мұның мәнісі-көркем шығармаларды аудару барысында жеткілікті даярлығы бар, жазушының шеберлігінің негіздеріне жетілген әдебиетшілер ғана жұмыс істей алады.»-деген Ә. Ипмағамбетовтің пікіріне дәлел ретәнде мынандай мысал келтірейік:
- I should have liked the service of the French King gull well; only, dress me as fine, and feed me as high as you will, I lone the open air bebter thon being shut mp in a cage or a swallow’s nest yonder./35,73/
Орысшасында:
- Откровенно говоря, я был бы не прочь поступить на службу к французскому королю; но только как он там меня роскошно ни корми и не одевай, хоть всего озолоти, я не променяю своей свободы, а его железные клетки, на «ласточкины гнезда». /34,42/
Қазақшасында:
- Шынымды айтсам, француз королінің қол астында қызмет атқаруға басым қарсы болмас едім; бірақ ол мейлі менің аузымнан ақ май ағызып қойсын, үлде мен бүлдеге орап, алтынға малындырып қойсын, өзімнің бас бостандығымды корольдің темір торларына, өзінің «қарлығаштар ұясы» деп атаған анау қарғыс атқыр тас сауыттарға айырбастай алмаспын. /37,32/
Бұл күрделі сөйлемдер түп нұсқамен жақын, үйлесімді, сәтті шыққан аудармалар. Қарапайым ғана сөздерді М. Мамажанов ана тілімізге, әдебиетімізге жақын әсерлі сөздермен түрлендіріп жіберген. Дәйектерге жүгінсек, мысалы: «роскошно не корми-менің аузымнан ақ май ағызып қойсын», «не одевай-үлде мен бүлдеге орап қойсын», «хоть всего озолоти-алтынға малындырып қойсын»-деген көркем сөздермен сәтті тәржімалаған.
Сөйлемді аударуда М. Мамажанов үлкен шеберлік танытқан. Осы үздінің қазақша аудармасын орысша нұсқамен салыстырып қарасақ, мағына мазмұны жағынан бұрмалау жоқ. В. Скоттың түпнұсқада танытылатын суреткерлік мәнері мен машықтары аудармада сақталған.
Автор стиліне, кейіпкерлердің тіл өзгешелігіне аудармашы, әсіресе диалогтар тұсында мұқият болғаны жөн. Диалогты аударудағы бір қиындық-диалогте сол сөзді сөйлеп тұрған кісінің мінезі тұрады, оның қуаныш-реніші, күйініші-сүініші жатады. Диалогты аударғанда белгілі бір кейіпкер сол сөзді қандай халде айтты, оның көңіл-күйі не күйде еді,- міне осы жәйттарды есте мықтап ұстаған жөн. Мысалы:
- «and now tell me, young man, he fortress, and do did you ever see so strong a continued, you think there are men told enough to storm it!» /70/
Орысша аудармасында:
- «Ну-с, а теперь, молодой человек – продолжая незнакомец, скажи-ка мне: случалось ли тебе когда-нибудьвидеть такую сильную крепость и считаешь ли ты, что ее можно взять приступом?» /35,4,40/
Қазақша нұсқасы:
Ал енді, жігітім,-деп әңгәмесән сабақтай түсті ал, — Сен өзің маған шынынды айтшы: нақ осындай берік бекіністі бұрвн-сонды көргенің бар – ма және тіке шабуылмен осы қамалды алуға болады деп ойлайсың ба?
Сөйлемдегі «continuied», яғни «продолжая» сөзі «сабақтау» деп аударылған. Негізі «сабақтау» деген сөздің жалпы мағынасы ойды жалғастыру емес, аяқтау, бір шешімге немесе бір түйінге келу деген мағына. Ал «продолжая» деген сөз «сабақтау» сөзімен дәл осы сөйлемде мағынасы келмейді, қайта «жалғастыру» деген дұрыс болады.
Н.Г. Чернышевский: «Ясное в подлиннике должно быть ясно и в переводе. Иначе к чему же и перевод»-деп бекер айтпаған. /39,179/
Түпнұсқада:
— I should sin y I were to boost where there is no donger, answered young Durward: «but my father has done as hold an act, and I trust I am no bustard». /34,71,72/
Орысша нұсқасында:
— Не хочу хвастать без надобности,-ответил Дорвард – Но мой отец славился храбростью, а я его сын. /35,40/
Қазақша нұсқада:
-Қисыны жоқ жерде мақтанбай – ақ қояйын, — деп үн қатты Дорвард – Бірақ әкем атақты батыр болған адам, ал мен оның перзентімін, әрі заңды мұрагерімін. /37,29/
Бұл сөйлемде біріншіден екі аудармашы да түп нұсқадағы «I am no bustard» деген сөз тіркесін аудармай тастап кеткен. Сөйлемді «Я не какой-нибудь бастард» және қазақшаға «мен қайдағы бір бостард емеспін» деп аударуға болатын еді. Бұндағы бостард-сол замандағы шотландықтардың түсінігі бойынша шені төмен, қарапайым адам болуы керек. Ал екіншіден «Не хочу хвастать без надобности» деген сөйлемді «Қисыны жоқ жерде мақтанбай – ақ қояйын» деген. Жалпы сөйлемді «қисынсыз мақтанғым келмейді» деп тәржімалау керек.
Кей жерлерде аудармашы қазақи ұғымға жақындатамын деп, керісінше сөздердің мағынасын мүлдем өзгертіп алған. Мына мысалдарға көңіл аударайық: «breakfast-завтрак-қонақасы», «a rogut-рагу-қуырдақ», «pate (француз тілінен алынған)-пирог-самса», «варенье-мураппа». Түп нұсқамен орысша нұсқаны салыстырсақ аударма дәл шыққан. Ал қазақша нұсқасында кейбір сөздерді, дәлірек айтсақ, «мұраппа» сөзі тілімізге, ұғымымызға мүлдем бейтаныс. «Варенье» сөзін соңғы кезде «балқайнатпа» немесе «тосап» деп аударылып жүр, сондықтан, «мұраппа» деген мүлдем таныс емес сөзден гөрі «балқайнатпа» десе әрі нақты, әрі түсінікті болады. Сондай-ақ «pate-пирог» сөзін «самса» деп алған. Pate-француз тілінен орысшаға «пирог» деп аударылады. Ал «самса» сөзі «пирожок» деп тәржімаланады. Демек, «пирог» пен «пирожоктың» арасындағы айырмашылық анық байқалып тұр. Сондықтан «пирог» сөзін «тәтті күлше» деп аударса өте орынды болады. Ана тіліміздің ұғымына таныс емес «рагу» сөзін қазақ халқының ұлттық тағамы «қуырдақ» деп қоюы орынсыз. Осы «рагу» сөзінің баламасы жоқ болғандықтан және де сол елдің ұлттық тағамы болғандықтан сол күйінде аудармай қалдырып, астына түсініктемесін жазып қоюы керек. Сондай-ақ қуырдақ –қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі болғандықтан, шығарманы оқырман бірінші оқығанда Франция халықтарында да қуырдақ тағамы бар екен деп ойлауы мүмкін. Ал «завтрак», яғни «қонақасы» сөзінің аудармасына келсек аудармашы бұл сөзді жергілікті диалектіге сай аударған. Жалпы «қонақасы» сөзі бір жерлерде «таң ертеңгілік ас» деген ұғым берсе, енді бір аймақтарда дүниеден өткен адамның артынан берілетін ас болып түсіндіріледі.
Осы тұрғыда М.С. Тургеневтің мына бір пікіріне назар аударсақ артық болмас: «На массу читателей действует одно несомненно-прекрасное, действует один талант; талант, творческий дар, необходим переводчику; самая взыскательная добросовестность тут недостаточна».
Келесі сөйлемде:
«- I am doing penance», said Maitre Pierre, «and Boy not eat anything before noon, save some comfiture and a cup of water.-Bid yonder lady», he added, burning to the innkeeper, «bring them hither to me». /35,78/
Орысшада:
— Я исполняю эпитимию, — отвечал дядя Пьер, — и до самого полудня не могу есть ничего, кроме фруктов и стакана воды … Скажи, кстати, той особе наверху, — добавил он обращаясь к хозяину гостиницы, — чтоб она принесла мне закусить. /34,47/
Қазақшада:
— Мен қазір айып оразасын ұстап жүрмін – ауызым берік, — деді Пьер ағай. – Түс ауғанша қант қосқан жеміс пен бір стакан судан басқа нәр сызбаймын … Дегенмен ана жоғарыдағы бәйбішеге айта салшы, — деп сөзін жалғады ол, мейманхана месіне қарап, — маған тамақ әкеп берсін./37,85/
Осы сөйлем жолдарына мұқият зер салсаң тек қазақша аудармасы емес, орысша аудармасында да еркіндікке ерік беріп қойған. Түп нұсқада «наверху» немесе «жоғарыдағы» деген сөз жоқ. Дәлірек тоқталсақ «Дегенмен, ана жоғарыдағы бәйбішіге айта салшы» деген сөйлем бар. Аудармашылар түп нұсқада берілмеген «жоғарыдағы» деген сөзді қосқан Мүмкін ол әйел астыңғы қабатта тұратын шығар? Сондықтан «жоғарыдағы» деп дәлелсіз айта салуы дұрыс емес.
Сонымен бірге осы сөйлем жолдарындағы «фрукты» сөзін қазақшаға «қант қосқан жеміс» деп тәржімалаған. Сонда аудармашы жемістердің бәрі қант қосқандай тәтті болатынын меңзеп тұр ма? Жемістің бәрі тәтті екені онсыз да белгілі. Осы мысалда «lady» сөзін «особа» деп, қазақша «бәйбіше» деген сөз қазақ ұғымында «әйелі» деген мағынаны береді. Ал романда Бургундия елінің қатыгез де, арамза королінің қызы мен әпкесі Франция королі Людовиктен көмек және қанағат сұрап келген еді. Ал ол ханшаларды король ешқандай себепсіз «бәйбіше» деп атауы түсініксіз. Сондықтан осы «особа» сөзін «ақ саусақ» немесе «кербез ханша» деп алса нақтырақ болады. Бұнда осы «особа» сөзін «ерекше» деп алуға болатын еді. Бірақ шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқына, қарағанда король ол әйелдерді жақтырмай айтып тұр. Өйткені олар өзінің хас дұшпаны Бургундия королінің қызы мен әпкесі. Сондықтан «ақ саусақ немесе кербез» деп атау өте орынды.
Аударма жасау – ұлттық тіл байлығының көрсеткіші ғана емес, сол халықтың тілінің мәдениеттілігін, мәдени тілмен таныстыру үлгісікөрнекті суреткер әрі таланттыаудармашы Ә. Кекілбаев: «Сөзсіз, көркем аударма бұл – үлкен рухани құндылық. Сонымен бірге ол үлкен, ұлы моральдың жауапкершілік. Өйткені, аударма – кез-келген жарқын шығарма үшін – адамзат жүрегіне және мәңгіліккебастар жол» деп қандай тамаша айтқан.
Сондай –ақ, жауапкершіліктің аудармашы үшін маңызы зор. Ол шығармадағы жекелеген сөзден бастап, бүкіл мәтінге, мазмұндық құрылымына ғана жауапты емес, өзге халық әдебиеті алдын да, өз ұлтының оқырмандары алдында да жауапты. Мұны белгілі аудармашы, зерттеуші Г.Бельгер дәл атап көрсетті: «Аудармашы қашанда жазушыны сыйлауға, оның шығармаларының өзіндік ерекшеліктеріне, ұлттық сипатына сүлесоқ, селқос қарамауға тиіс. Екі халық мәдениетінің арасындағы елші – аудармашының көтерер жүгі қашанда ауыр, ал оның мойнындағы жауапкершілігі одан да зор» /53,28,29/
Осыған орай шығармадан Мамажановтың романның басты кейіпкері Квентин Дорвардтың суреттемесін және бейнесін түп нұсқадан қалай аударғандығына тоқтала кетейік:
« Бет әлпетінде елден ерек ештеңе жоқ, бірақ өзіне тартып тұратын бір жылылық бар. Езуінде балғын күлкі үйіріліп, жимиғанда күріштей аппақ тістері жарқырай көрінеді, айналадағыны жіті шолатын көгілдір көздерінде бір түрлі мейірімділік, аңғалдық әрі батылдық бар … Не керек жас жігіттің бойында көрген жанның көзі тоятын бір сиқыр бар еді: өжеттігі, жайдарылықпен жалғасқан туралылығымен кірбіңсіз айқын көзқарасы, әм сүйкімді тұрпатын кімді болсын еріксіз баурап алар еді. Оның мінез-құлқынан өмір табалдырығын жүрексінбей еркін аттауға бел буған, бірақ бұл жолда кездесер зұлымдылық пен қаіп-қатерден бейхабар, жамандық атауымен күресу үшін жіті ақыл мен жас жігерден басқа ешқандай да қаруы жоқ жан екені сезілетін… » Міне, бұл Квентиннің жастарды еліктіріп сүйсіндіретін, ал өмір көрген, ысылған адамдардың жанашырлығын туғызатын осы қасиеттері болытын. Осы кейіпкер бейнесін оқи отырып біз бұл аударма шығарма емес, бейне бір түп нұсқа шығарманы дәлірек айтсақ, өзіміздің ана тіліміздің шығармасы ма деп қаламыз. Демек, бұдан біз М.Мамжановтың дәлме-дәл, көркем және түп нұсқадан аытқымай шебер адарма жасағанын байқаймыз. Н.Г. Чернышевскийдің: «Ясное в подлиннике должно быть ясно и в переводе. Иначе к чему же и перевод» /39,179/деген пікір бекер айтпаған деп білеміз.
Романда әр бөлімнің бас жағында көптеген шет ел шығармаларынан үзінділер алынған. Сол үзінділерге тоқтала кетсек шығарманың ХVІ тарауының басында «Гронаданы жаулап алу» деген шығармадан үзінді:
- I am as free as Nabure first mode man.
Ere the base lows of servitude began,
When wild in woods the noble savage ran.
Орысшада:
— Свободен я как были все вначале:
Людей законы не порабщали
И дикари лесные вольность знали.
Қазақшаға:
— Баяғыдай жаным, еркін, басым бос:
Адам деген бас имейді заныңа
Заң жүреме тоғайдағы тағыға –
деп аударылған. Бұл өлең жолдарында біріншіден екі аударма да, яғни түп нұсқамен дәлме-дәл келмейді. Аудармашы еркін аудармаға сүйенген. Дәйектерге жүгінсек осы өлең жолдарындағы бірінші жолында «Nabure» сөзі аударылмай тасталып кеткен, негізі осы сөз «табиғи» деген мағынаны береді. Екінші жолындағы «servitude» сөзі, яғни «құлдық» немесе «күндік» сөзі тасталып кеткен, сонымен бірге өлеңнің соңғы жолындағы «noble», демек «дворянин» сөзі аударылмаған.
Мүмкін, бұл баспадан кеткен қате шығар. Егер түпнұсқаға мұқият зер салып қарасақ бұнда жабайы адам заңды білмейтіндігі және ормандағы жабайы адамдар заңға бас имейтінді және де мен де сол бұрынғы табиғи жабайылыққа қайта келдім деп түсіндіріледі. Сондай-ақ қазақша нұсқада «заңына» деудің орнына «заңыңа» деп тұр.
Мына бір ұзақ, әрі күрделі сөйлемге назар аударайық:
He plainly sow the wish of Charles was to call info his camp, such Frenchmen as, from fheir small number and high quality, might be considered rather as hostages than as ouxiliaries; but observant, of Crevecoeur’s advice, he assented as reality to what ever the Duke proposed, as if it had arisen from the free impulse of his own mind.
Орысшада:
По упорству, с каким Карл настаивал на незначительном числе и избранном составе его дружины, Людовик прекрасно видел, что этот могущественный вассал поставил себе целью заручиться со стороны Франции не столько союзниками, сколько заложниками; но помня советы кревкера, он соглашался на все требования герцога с такой готовностью, как будто они вполне совпадали с его собственным желанием.
Қазақшада:
Француз жасағының сан жағынан шағын ғана болуын, әрі оның құрамына қатысты өз кесімін Карлдың ерекше қарыса қорғай берген райынан Людовик осынау құдіретті вассалдың Франция тарапынан одақтастар емес, керісінше кепілдер алуды көздейтінін айны-қатесіз кқріп тұрды; бірақ Кревкердің ақыл-кеңесін есінде берік сақтаған ол, бейне бір өз тілегіне кәміл сәйкес келгендей-ақ, герцогтың қойған барлық талаптарын ризалық білдіріп қабылдап отырды
Осы күрделі сөйлемді аудармашы бөлмей, яғни бүтіндей, автордың стилін еш өзгертусіз, бұрмалаусыз тамаша аударып шыққан. Аударма түсінікті, көркем тілмен, дәлме – дәл және шебер аударылған. Белгілі орыс теоретигі Ф. Фаткулин : «Говоря о мастерстве переводчика нужно лишний раз подчеркнуть, что и ему наровне с писателем принадлежит честь быть создателем родного языка, а вместе с тем полная ответственность за его чистоту и богатства, за национальный калорит» деген пікірді дәл осы аудармаға қатысты айтқан тәрізді. Тағы бір мысалға назар аударайық:
«Let him make proof of his own devices, said the Kino; he is a man of holy Church – we may not shed his blood; but Posques – dieu! His bishoprie, for ten years to come, shall have an im pregnable fronbier to make up for its small extent! – And See the troops are brought up in – stantly».
Орысшада мынадай:
- Пусть – ка испробует собственную выдумку, — сказал король. – Он принадлежит к святой церкви, и мы не имеем права пролить его кровь. Но, клянусь богам, мы дадим ему лет на десять епархию с такими неприступ-ными границами, что это вполне окупить ему недостаток простора! Смотри же, распорядись, чтобы войска выступали немедленно. /127/
Осы сөйлем жолдарын аудармашы қазақ тіліне былай аударған:
- Ойлап шығарған жаңалығының рақатын өзі де көрсін, — деді король. – Ол киелі шіркеудің қарауына жататын кісі, сондықтан оның қанын төгуге біздің хақымыз жоқ. Бірақ құдай атымен ант етейін, біз өзін он жыл бойы шекарасына аяқ басып, ешкім бас сұға алмайтын махалаға ие етіп қоямыз, оның кең байтақ алқапқа деген зәрулігінің есесін толтыруға осының өзі әбден жетіп жатыр. Байқа, әскерлердің жорыққа жедел түрде аттануын қамтамасыз ететін болғын. /563/
Осы сөйлемде аудармашы кейбір сөздердің тура мағынасын бермей еркін-сіп кеткен жерлері баршылық. Мәселен, «рапорядись» деген сөзді «қамта-масыз ететін болғын» деп тәржімалаған. Бұндағы «рапорядись» сөзін «қамтамасыз ету» деп аударуы дұрыс – ақ делік, ал «болғын» деген сөз бұй-рық райда тұрған жоқ және бұл аудармашы елінің диалектісіне байланысты аударылған шығар, ал бұны қайсыбірі түсінсе, енді бірі түсінбейді де.
Жалпы аудармашыда осындай сөздерге ұқсас диалетілік сөздерді көп пайдаланып кеткен. Негізі оқырманға түсінікті болуын ойласа өте орынды болар еді. Осы сөйлемде аудармашы қазақ тілінің қорына жаңа сөз, яғни ұғым тауып қосқан сияқты. Айталық түп нұсқада «bishopric» деген сөз бар, орысша бұл сөз «епископ» деп аударылады. Ал қазақ тілі нұсқасында аудармашы дәл осы сөзді «махала» деп алған. Бастапқы оқығанда «мақала» сөзі баспадан қателіктер кетіп «махала» деп жазылған деп ойладық. Дегенмен, дәл осы сөйлемге «мақаланың» не қатысы бар, және де түпнұсқамен салыстырсақ та ондай сөз жоқ. Сондықтан осы «епископ» сөзін қазақшаламай – ақ сол күйінде қалдырсақ болады. Өйткені, шығармада берілген қазақша нұсқасы түсініксіз, сәтсіз, сондай – ақ осы «епископ» сөзі ол елдің өзіндік мәдениетіне бағытталған сөз және де қазақ елінде, дәстү-рінде дәл осы сөз қолданылмайды. Сондықтан «епископ» сөзін аудармай – ақ қойса да, қателік болмас.
Орысша нұсқасындағы «святой церковь» сөзі қазақша «киелі шіркеу» деп алынған. Дәл осы шіркеу сөзіне «киелі» дегеннен көрі «қа-сиетті» деген ұйқасып тұрады.
Мына бір мысалға көңіл аударайық:
If he had known how deeply the King was cursing him in his soul6 and What revenge he thoughts of future was agitating, it is probable his own delicacy on the occasion would not have been so much hurt./533/
Орысша нұсқасында:
—Если б он знал, как проклинал его мысленно король в эту минуту и какие планы мщения роились в его голове, он вероятно, не стал бы упрекать себя за свой эгоизм. /428/
Қазақша мынадай:
— Ал осы бір сәтте король ішінен қалай қарғанумен болғанын, сөйтіп кек алу-дың қандай жоспарларын ойластырып та үлгергенін білсе, өзінің эгоизмі үшін өзін — өзі айыптамаған да болар еді. /564/
Бұл сөйлемдегі «қарғану» деген сөзді «қарғау» деп алса, ал «эгоизм» деген сөзді сол қалпында аудармай қоймай оның орнына «өзімшіл» деп аударса дұрыс болар еді.
Аударма бір орында қатып қалған мәңгілік дүние емес. Сондықтан аударма үрдісі – көп қырлы динамикалық құбылыс. Қоғамның дамуына, ел өркениетінің өзгерістеріне орай үздіксіз жаңарып жетіле береді. Уақыт, заман өзгерісіне сай адамдардың дүниетанымы, көзқарасының өзгеріп отыруы – қоғам дамуының диалектикалық заңдылығы. Әр аударма өз уақытының, заманының талабына сай негізделеді. Бәлкім, мына жоғарыдағы сөйлем-дегі орыс тілінің сөзін өзгертпей, сол қалпында беруінің де осы заман талабына, уақыт өзгерісіне негізделген шығар. Бірақ дегенмен де тура аудармасын таппаған күннің өзінде де балама аудармасын ұқсастырып қойса сәтті болар еді.
Келесі диалогқа назар аударайық. Түпнұсқада:
— «My Lord Duke and Sovereign», said Isabella, summoning up all her courage, «I observe your Grace’s commands, and submit to them».
— «Enough, enough», said the Duke, inberrupting her, «we will orange the rest. Your Magesty,» he continued, addressing King Louis, «hath had a boor’s hunt in the morning, What say you to rousing a Wolf in the afternoon?»…/533/
Дәл осы диалог орысша нұсқасына былай тәржімаланған:
- Ваша светлость, — сказала Изабелла, призывая на помощь все свое мужество, — вы мой законный государь, и я обязана вам повиноваться…
- Довольно, довольно! – перебил ее герцог. – Все остальное мы сами беремся уладить … Ваше величество, — продолжал он, обращаясь к Людовику, — изволили сегодня поутру принимать участие в охоте на кабана. А что вы скажете, если я предложу вам после обеда поднять волка? /428/
Қазақша нұсқасында:
- Асыл герцогым, әрі сюзеренім, — деді Изабелла, барынша батыл сөйлеуге тырысып, — менің заңды патшам өзіңсіз, сондықтан әміріңізді мен екі етпеуге міндеттімін.
- Жә, жә!- деп герцог оның сөзін бөліп жіберді. – Басқа барлық жайларды біз өзіміз реттей жатамыз. Ұлы мәртебелі тақсыр, — деді ол Людовикке қарап, сөзін жалғай түсіп, бүгін сіз қабан аулап, аңға шығуға тілек білдірдіңіз ғой. Ал, егер түстен кейін қасқыр қууға барсақ, деген ұсыныс айтсам, бұған қалай қарайсыз? /564/
Бұл диалогтағы орысша нұсқаның өзі түп нұсқамен салыстырғанда кейбір сөз тіркестері аударылмай, аудармашы еркіндікке ерік беріп кеткен. Мысалы: түп нұсқадағы «I observe your Grace’s commands» деген сөз тіркесі аударыл-май кеткен. Оның орнына «Я обязана вам повиноваться» деген. Егер осы «I observe your Grace’s commands, and submit to them» деген соңғы сөйлем жолдарын тікелей қазақшаласақ «Мен сіздің құдіретті әміріңізді екі етпеуге және оған құлдық етуге дайынмын» десе болады. Дәл осы сөйлемді М. Мамажанов «Әміріңізді, мен екі етпеуге міндеттімін» деп аударған. Бірақ аудармашы сатылай аударма жасағандықтан орыс тіліндегі нұсқасымен әбден ұқсас десек те болады. Дегенмен, өкінішке орай, орыша аудармасы еркін аударылып тұр. Сондай – ақ , «My Lord Duke and Sovereign» деген сөз тіркесін орысшаға «Ваша светлость, вы мой законный государь» деп тәржімаласа, қазақшаға «Асыл герцогым, әрі сюзеренім, менің заңды патшам өзіңсіз» деп аударылған. Қазақша нұсқадағы «әрі сюзеренім» деген сөз тіркесіекі нұсқада да кездеспейді.
Сонымен қатар, біз аудармашының түп нұсқаны да аздап қарастырғанын, демек ағылшын тілінен де хабардар екенін байқадық. Дәлел ретінде «Duke» сөзін алайық. Ағылшын тіліндегі сөз «герцог» деп аударылады. Ал орысша нұсқасында дәл осы «Duke» сөзін «светлость» деп алған, ал қазақша нұсқасында түп нұсқамен ұқсас «герцог» деп алынған. Демек, аудармашы шет тілінен хабардар болмаса, дәл осы орысша нұсқасында жоқ «герцог» сөзін қайдан білгені? «Enough» сөзі орыс-шаға «Достаточно!» немесе «Довольно!» деп аударылса қазақшаға «Жетер!» деп аударылады. Қазақшаға осы «Довольно!» деген бұйрықты сөзді «Жә, жә!» деп аударылған және бұл өте орынды «Жә!» деген одағай сөздің өзі «Тоқтат, жетер!» деген мағынаны береді. Сондықтан бұл аудармашының өзіндік тапқырлығы деп білеміз. Егер аудармашы «Жетер!» деп аударса, онда ұрмып, жекіп немесе жақтырмаған сынай танытып тұрған секілді. Ал осы диалог жолдарында кейіпкерлердің арасында ондай мінез – құлық байқалмайды да. Сондықтан аудармашының бұндай елеусіз тапқырлығының өзі шығармадағы кейіпкерлердің мінез – құлқын, сөйлеу интонациясын толық ашып, шебер суреттеп тұрғандай.
Осы тұрғыда Н.А. Добролюбовтің: «Аудару үшін түпнұсқаның мағынасын сақтап, тілді дұрыс қолдану, тіл тазалығын бере білу – бұл аз, аудару үшін түп нұсқадағы өмірді бере білу керек» деген пікірін айта кетсек артық етпес.
Түпнұсқада:
«My submission,» she said, «only respected those lands and estabes which your Grace’s ancestors gave to mine, and which I resign to the House of Burgundy if my Sovereign thinks my disobedience in this matter renders me unworthy to hold them». /533/
Орысшада:
— Долг повиновения , о котором я говорила, относится только к моим землям и замкам, пожалованным предками вашей светлости моим предкам; и я воз—вращаю их Бургундскому дому, если мой сюзерен полагает, что отказ пови-новаться ему делает меня недостойной влдаеть ими. /428/
Қазақша аудармасында:
— Айтқан әміріңізді екі етпеуге тиістілігім жөніндегі парызым ұлы мәртебелі тақсыр өзіңіздің ата – бабаларыңыз менің ата – бабаларыма сыйға тартқан өз иелігімді жер мен қамал – сарайларға қатысты; егер өз сюзеренім сіз, тіліңізді алмауым — өз қарауымдағы жер мен қорғандарға иелік ету еркінен айырады деп санап жатсаңыз, онда соның бәрін Бургундия шаңырағына кері қайырып – ақ беремін.
Осы берілген мысалда қазақша нұсқасын бір қарап оқып шыққанда және де түпнұсқаны орысша нұсқасымен салыстыра қарағанда оның орысша нұсқадан оншалықты ауа жайылып бара жатқанын байқамаймыз, бәрі де өз орнында, бәрі де қаз – қалпында секілді. Бірақ оны түгел оқып шыққан соң көңіліңіз талмай құлази бересіз. Түпнұсқадан алған шалқар сезімнің арнасы кеуіп құла тақырдың қақ ортасында қалғандай. Аудармашы әр сөзді, әр фразаны, мүмкін шұқия отырып – ақ бар ықыласымен аударған шығар, бірақ ол түпнұсқаның түпкі рухына, автор стиліне бойлай еніп, етене сініп кетпеген. Олай дейтініміз сөйлемде қайталанатын сөздер, тіпті қайталанатын сөз тіркестері бар.
Қандай шығарма болсын автор немесе аудармашы сөйлем ішінде бір сөздерді бірнеше рет қайталаса сөйлем өзінің мағынасын жоғал-тып алатыны айдан – анық. Демек, сөйлемді бірнеше рет оқи отырып әрен түсінуге болады. Мәселен, дәлелдерге жүгінсек «өзіңіздің ата – бабаларыңыз менің ата – бабаларыма» және «өз иелігімді жер мен қамал – сарайларға қатысты; … тіліңізді алмауым — өз қарауымдағы жер мен қорғандарға Иелік ету еркі» деген сөз тіркестері қайталанып жалпы бүтіндей сөйлемнің шырқын, яғни көркемдігін бұзып тұр.
Келесі мысалды қарастырайық:
-«Nor have I Time,» said the Duke, «to wait fill these whimsies are changed with the next change the moon …» /535/
Орысша нұсқасында:
- Да и мне, сударыня, некогда ждать, пока не переменится ваш каприз, — сказал герцог Карл. /430/
Қазақшада:
- Айдың келесі жаңасына орай еркелігіңіздің өзгеруін күтіп отыратын-дай менің де уақытым жоқ, бикеш, — деді герцог Карл.
Бұл сөйлемде орысша нұсқасымен қазақша нұсқасын салыстырғанда Мамажанов еркін аударма жасады деп ойлауға болады, бірақ егер қазақша нұсқасын түпнұсқамен салыстырғанда аударма төлтума шығармаға көбірек ұқсас. Бұған дәлел ретінде «these whimsies are changed with the next change the moon» деген сөйлем орысша нұсқасында аударылмай кеткен, ал қазақшада аударылған. Аударылғанда да «айдың келесі жаңасына орай еркелігіңіздің өзгеруін күту» деп түсініксіз етіп ана тіліміздің ұғымынан алыстатып сөзбе – сөз аударған.
«Анализ переводов показывает, что переводчики чаще всего обходят слово, имеющую национальную окраску. Она или трудно переводимо, или вообще не понятно переводчику. Иногда в слове не сразу угадывается национальный оттенок. Если переводчик должен передать национальны колорит, то он должен донести смысл если не каждого слова, то значений, общую национальную окраску» — деп М. Юфит айтқандай Франция елінің өзінің мәдениетіне тән ұғымды сөзбе — сөз аударса да қысқаша түсініктемесінен берсе немесе өзіміздің қазақи ұғымдағы синоним сөзбен алмастырса аударма түсінікті болады.
Аударма өнер саналатындықтан да, аудармашының ақын – жазушылық қабілетке ие болуы заңды. Аудармашы ақын, жазушының кәсіби ақын – жазушымен өзара жақындығы да, айырмашылығы да бар. Орыстың белгілі жазушысы А. Куприн «Юнкер» шығармасында жақсы айтқан «… аударма үшін шет тілін аз білу өз алдына, қалай дегенде де бұл тілді үздік меңгеру керек және сонымен бірге әрі сөздің әр түрлі мағынасына, басқа сөздермен жалғастығындағы құпия билікке жаныңмен бойлауға тиіссің. Жазушы – ау-дармашыға нағыз жазушыға қарағанда өмірлік тәжірибе, үнемі жазаланып, толықтырылып тұратын әсер қоры қажет» деген ұйғарым жасаса, көрнекті ғалым М. Бахтин сөзімен тұжырымдағанда: «бөгде елдің мәдениетіне сол адамның дүниетанымдық көзімен қарау керек». /53,53/
Аудармадағы кем-кетіктерді жіпке тізе бергенше сөзімізді тұжырымдап, бір қорытындыға келейік.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қай елде болмасын тарихи дамудан бөлектеніп қалмайды қандай да бір жаңа мәдени дамудың, ел мәдениетіндегі рухани өрлеудің жаңа кезе-ңіндегі қуатты идеологиялық қару ретінде аударма ерекше маңызға ие. Ау-дарма әр дәуірдең идеялық – эстетикалық талаптарына сай орындалады. Ау-дарма өткенге қазіргі уақыттың қызығушылығын арттыру үшін айрықша ық-пал етеді. Сөйтіп әдебиеттің халықтар арасындағы пәрменділігі, қуаттылығы күшейе түседі.
Ұлт әдебиеттерінің өзара байланысы, олардың бірін – бірі байытуы осы ас-қақ мұраттан бастау алады.
Аударма міндеті мен мақсаты – үлкен, кең ауқымды. Көркем әдебиеттің байлығы аудармасында туған тілдің байлығы мен сұлулығын қорғау, әлем-дік әдебиеттің ұлы жаһарларындағы құндылықтардың бәрін игере білу және оны сол жасампаздық рухта, биік деңгейде өз ұлтына жеткізе білу арқылы айқындалады.
Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі жақсы, үлгілі аударма тәжирибелерін жеткіліксіз, үстірт зер салу шетендеп қана зерттеу болып отыр.
Аударманы егжей – тегжейіне жете жан – жақты талдау аса мәнді шарт, талданғанда шығарманың идеялық көркемдік қасиеттерін ау-дарманың бойына қалай сіңіргендігін, образдылығын, түп нұсқаның ырғақ-тық, үндестік, шумақтық ұйқастың нәзік ұтымды тетіктерін, тарихи нышан-дарын беруде аударма өнерінің бұрын – соңғы аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет.
Аудармашы Мұқан Мамажанов аударма өнеріндегі жетістігі мен олқылылығы, табысы мен кемшілігі, оның аудармашылық шығармашылығы, ерекшелігі, жалпы аударма өнері принциптерімен, әдеби процестегі көркемдік стиль, ырғақ, ізденіс пен зерттеу мәселелерімен бірлікте қарастырылып, тұжырымдар жасалды.
Жұмыс аудармашы Мұқан Мамажановтың өсу жолы, аудармашы ретіндегі қалыптасу кезеңдері аударма шеберлігі мәселесімен бірге салыстырып шы-ғармашылық аясында зерттелді.
«Көркем өнер үшін ең маңызды нәрсе – адам образы, мұндағы образ деген сөзді тар мағынада емес, күллі поэтикалық мәнінде ұғу керек, философия үшін ең маңызды нәрсе адамның болмысы жазған еді Л. Фрейбах.Демек, көркем өнерді көркем образ жасайды. Эмоциалық әсері бәсең, эстетикалық ықпалы жоқ болса, көркем образ да жоқ, сондай-ақ көркем өнер де жоқ. М. Мамажановтың «Квентин Дорвардын» оқығанда Вальтер Скотт қаһарман-дарының өзіне тән дараланған, сараланған тілі, бәрі-бәрі көкейіңе қонып, көз алдыңызға келеді, есіңізде сайрап тұрады. Оларадың Мұқан Мамажанов қо-лымен мүсінделген тұрпат – тұлғалары қазақ оқушысының жанарын арбап, жанын тебірентеді.
Нағыз аудармашы автормен бір деңгейде тұруы қажет. Мамажанов мына ау-дармасында сол деңгейден табылған және қазақ тілінің барша құдыретін жар-қыратып танытқан деп айтуға болады. Оның сиқырлы қадамы адам жанының сезім қоймасын ақтара ашып, оқушысына паш етеді. Сондай-ақ Скоттың кейіпкерлерінің қырық иірім сезім дүниесін – Квентиннің түпсіз тұңғиықтай терең, мөлдір, әрі пәк махаббаты мен қайтпас – қайсар ерлігі, Людовиктің қанқұйлы зұлым идиотизмін ашуда да қиналмайды.
Аудармада түп нұсқаны «логикалық, эмоциалық, эстетикалық түсіну» (В. Г. Белинский) ересек суреткер талантымен өзара тоғысып, қолы – қолтық табысып кеткен.
Аударма процесі әуелі ыждағаттап оқып шығып, бар мән – мағынаны ойлап – толғанудан, эстетикалық әсерге берілуден басталады да тікелей аударумен, сол ой, сол әсерді басқа тілде мүсіндеументиянақталады. Аударылып, басқа тағдыр тапқан ой барынша қолтума сипаа алуға тиісті. Аударманының түп қазық қағидасы осы. Бұл қағиданы Мамажанов берік ұстанаған. Оның аудар-масында қазақтың әдеби тілінің нормаларынан оғаш, шет тұрған бұрыс – бұзық ештеңе жоқ, түсініксіздікке ұрындырар ақаулардан да ада
Көрнекті аудармашы, теоретик, әрі зерттеуші М. Әуезов: «Аударма, бір жа-ғынан, шеберліктің де мектебі. Аудару үстінде жазушы автордың творчество-лық сырына қанады оның көргенін көріп, білгенін біледі, сол арқылы өзінің ой — өрісін ұлғайтумен қатар, авторша машықтанып үйренеді. Бұл жағдай шын талант иесінің бойынан творчестволық қайнардың жаңа көздерін ашуға себепші болады» — деп бекер айтпаса керек.
Шын мәнінде, аудармашы шеберлікке бірден жете қоймайды. Осы тұрғыда М. Мамажанов та сондай қиын да, қызығы мол аудармашылық белестерді басынан өткерген. Оның аударма еңбектері орыс тілінен аударылған шығармалар. Ал осы аталып отырған еңбектерінің ішіндегі ең сәттісі де, шебер аударылғаны да осы «Квентин Дорвард» романының аудармасы М. Мамажановтың ең бір үлкен, әрі тамаша аударылған еңбектерінің бірі. Осындай жетістікке жетудің өзі әрбір аудармашы үшін оңай нәрсе емес. Бұл аудармашыда бойындағы талантты жетілдіру, ізденісті ұштау, мол тәжірибе жинақтау, машықтану, үнемі оқу және әр аударма сайын шығармашылық өсу барысында қалыптасты.
Тәржімаға төселген тәжірибелі аудармашының шеберлігі жылдар бойы дамыды. Шеберлік аударма ісінің барлық қыр сырын, тәржімалық әдіс – тәсілдерін жетік меңгеріп, әдейі машықтанып, бай сөздік қорды жинақтап, аударылатын шығарма тілі мен өзінің ұлттық тілінің стилистикалық, лексикалық, семантикалық заңдылықтарын бес саусақтай білген жағдайда ғана қалыптасады. Міне, аудармашы Мұқан Мамажанов осындай жетістікке талай жылдар бойғы ерінбей жасаған еңбегі мен ізденіштілігінің арқасында қол жеткізген десек қателеспейміз.
Сонымен, М. Мамажанов – көркем әдебиетімізде еңбегі елеулі орын алған және аударма саласында адал қызмет еткен талантты аудармашы, әрі жазушы. Аудармашы мұқан мамажановқа тән—ерекшелік ұқыптылық, еңбекқорлық, ізднгіштік, дарындылық. Көптеген көркем аудармалармен салыстырғанда М. мамажанов дәл осы аудармасы үлкен табысқа жеткендігін байқаймыз. Демек, аудармадағы сәттілік творчестволық ізденуде, ерінбей, талмай жасаған еңбекте жатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Тарақов Ә.С. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы. А. ҚазҰУ 2004
- Бердібай Р. Қазақ тарихи романы А. Ғылым баспасы., 1979 ж.
- Сыдықов Т. Қазақ тарихи романның көркемдік тілі. Оқу құралы. А. Ер-Даулет, 1998 ж.
- Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: Таным мен көркемдік А. Ғылым, 1999
- Бердібай Р. Тарихи аңыз шындығы // Жұлдыз 1984, 10,190-194 б.
- Дәдебаев Ж. Қазақ тарихи романы: Дәстүр мен жаңашылдық. Алматы: ҚазМемУ 1980
- Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. Алматы Ғылым 2001 ж.
- Дәдібаев Ж. Өмір шындығы мен көркемдік шешім.
- Тынышпаев М. История казахского народа. А. 1993-224с.
- Гражданский З.Т. Исторический роман В.Скотта
- С.Р.Майзельс В.Скотт Романы о Шотландии. М. 1946
- Рейзов Б.Г. Французский роман ХІХ в. -2-е изд. Учебное пособие – М. Высш.мек. 1977-304с.
- История английской литературы.
- Зарубежная литература Воронеж робная часть 1994
- Алексеев М.Г. Из историй английской литературы. М-Л худ.лит. 1960
- Аникин Г.В., Михальская Н.П. История английской литературы. Учебное пособие — М. Высш.шк. 1975
- История английской литературы. Т ІІ Вып. І М. АНССр
- Рейзов Французский исторический роман в эпоху романтизма. Л. 1958
- Ball Sir Walter Scott as a Critec of Literature New York 1907 p 162
- Andrew Lang Sir Walter Scott and the Border Minstrelsy, 1910 y
- Race H. Sir Walter Scott. Quentin Durward Lnd 1954
- Walker Three Centuries of Scottish Literature, 2 vds. Glasgow 1893
- В. Гюго о Вальтере Скотте (по поводу «Квентин Дорвард») ГИХЛ, М. 1956 с8
- Пушкин А.С. О романах Вальтера Скотта. собр. соч. в 10-ти томах І VII М-Л Из-во АНСССР 19496 с535
- Эйшискина Н.П. В.Скотт: Критика биограф очерк – М. Просвещение 1959-112с.
- Пирсон Х. В.Скотт 2-е изд. М. Книга 1983
- Рейзов Б.Г. Творчество В. Скотта М. 1962
- Далинин А.А. История одетая в роман. В.Скотт и его читатели М. Книга 1988
- В.Скотт . Айвенго Алматы. худ.лит. 1954
- В.Скотт . Айвенго роман (пер№ с анг. Е.Бекетовой) М. Худ.лит. 1985-431 с.
- В.Скотт Певерил Пик: роман (пер. с англ М. Бекетовой, Н. Емельяниковой) М. 1988
- Орлова С.А. Исторический роман В.Скотта – Горький: Гос У., 1960
- Левидовна И.М. В.Скотт Био-библиограф. Указатель к 125 летию со смерти.
- В.Скотт Квентин Дорвард (пер. с анг. Шишмаревой М.А.)
- Walter Scott . Quentin Durward
- В. Скотт. Айвенго (орысшадан ауд. Ә.Атығаев) Алматы.1974-465б.
- В.Скотт. Квентин Дорвард (орысшадан ауд. М.Мамажанов), А. «Жалын» 1987ж.-627б.
- М.Мамажанов Асыл мұра. Кітап-даналық қазынасы. А. 1993ж.
- Қазыбек Г.Қ. Аударматануға кіріспе. А. «Қ.У» 2004 ж.
- Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. Алматы: Жазушы. 1987-232б.
- Қ.Қ. Алпысбаев, Г.Қ.. Қазыбек Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі. А. 2001 ж.
- Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. А. 1975 ж.
- Талжанов С. Көркем аударма туралы. А. 1962 ж.
- Жұртбаев Т. Толқы А. Қаз-н 1997 ж.
- Ипмағанбетов Ә. Көркем аударманың кейбәр мәселелері // Көркем аударманың кейбәр мәселелері (мақалалар жинағы)-Алматы Қазмемкөркемәдеббас. 1957-1725 ж.
- Жұртбаев Т. Көркем аударма. Уақыт және қаламгер. 1986 ж. 12 кітап
- Жұртбаев Т. «Айвенго» романының аудармасы туралы. Уақыт және қаламгер. 19 кітап
- Қазақ энциклопедиясы.
- Аникст А. История английской литературы. Учпедгиз 1956г.
- Кеттл А. Введение в историю английского романа. Москва 1966г.
- David Daiches Sir Walter Scott and his world 7 New York. The Viking press 1971-100р.
- Moigran Le historique a lepoque romantique. Paris 1898-р.90.
- Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. Алматы Қаз№ 2005 ж.-5
Пайдаланылған газет – журналдар.
- Бердібай Р. «Тарихи аңыз шындығы» //Жұлдыз .1984 ж., 10, 190-194б.
- Бельгер Г. «Аударма охуалы ойлантады» //Қазақ әдебиеті .1980 ж. 14 б.
- Тойшықов Қ. «Аударма турасында» //Қазақ әдебиеті. 15/Ш-1936 ж. №2 (67)
- Бельгер Г. «Аударма жауапкершілігі» //Қазақ әдебиеті 1967 ж. 14 сәуір
- Аударма – асыл қазына. //«Жұлдыз» журналы 1962 ж. №7
- Сыздықов Р. Аударма-үлкен өнер. // Қазақ әдебиеті . 1984 ж. 2 қараша
- Талжанов С. Аударма-үлкен өнер. // Қазақ әдебиеті . 1967 ж. 14 сәуір