АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

 

 

VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  2011

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………….3

 

1 ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ

1.1. Түріктердің Ашина әулетінің жаулау жорықтары және Қазақстандағы үстемдігі………………………………………………………………………………

1.2. Теле тайпалары Қазақстан жерінде …………………………………………….

1.3. Шығыс түркілердің жаулау жорықтарының Қазақстан аумағындағы этно-саяси үдерістеріне ықпалы……………………………………………..

 

2 ҚАЗАҚСТАНДЫ ТҮРІКТЕНДІРУ ҮРДІСТЕРІНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІТЕРДІҢ ЫҚПАЛЫ

2.1. Қимақ, қыпшақ, оғыздар Қазақстан аумағында ……………………………

2.2. «Он оқ елінің» этно-саяси құрылымы………………………………………..

2.3. Түркеш, қарлық қағанаттарындағы, Қарахан хандығындағы

түркілер……………………………………………………………………………………………..

 

3 ІХ-ХІІІ Ғ.Ғ. ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА КӨШІП-ҚОНУЛАРЫ

3.1. Моңғол үстіртіндегі тайпалардың Қазақстан аумағына ығысуы…..

3.2. Найман және Керей тайпаларының батысқа жылжуы……………….

3.3. Меркіт, Қоңырат, Жалайыр, Уақ тайпаларының орналасуы………

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………

 

Пайдаланған деректер мен зертеулер тізімі……………………………………

 

Қосымша…………………………………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Өзінің геополитикалық жағдайы жағынан Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында славяндар мен түркі халықтардың, оған қоса оларды қытай әлемімен қосып тұр. Еуразияның осынау кіндігінде ғұндардың, түркілердің, түркі-моңғолдардың мемлекеттері өмір сүріп, қайталанбас дала өркениеті жасалынды.  Онда көшпелі және отырықшы халықтардың басы қосылды. Қазіргі қазақ халқы осы өркениеттің тікелей мұрагері болып отыр.

Қазақстың қалыптасу тарихында түркі дәуірі маңызды орынға ие. Осы кезең тарихын зерттей отырып, біршама кейінгі кезеңді талқылауға, әрі оларға қатысты объективті тарихи көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.  VI-XIII ғ.ғ. аралығында өмір сүрген түркі тайпалары (түркеш, оғыз, қимақ, қарлұқ теле және т.б.) аутақтық орналасу тарихын зерттей отырып, біз сол тайпалардың саяси, мәдени тарихын, олардың байланыстарының дамуына, сол кездегі тарих үрдісінің қалай жүргеніне еркін көз сала аламыз. Біз көтеріп отырған мәселе ұзаққа созылған соғыстар мен ішкі талас тартыстарға толы тынышсыз дәуірдегі көші-қон мәселесі, тайпалардың өзара байланыстары, олардың күшеюі және әлсіреуі сынды ауқымды мәселелерді қамтиды.

Тарихқа көз салатын болсақ, орта ғасырлардағы халықтар мен елдердің даму деңгейі біркелкі болмағанын көреміз. Мәселен, бұл кезең Еуропа тарихы үшін халықаралық байланыстардың үзілуімен, сауданың құлдырауымен, қоғамның мәдени кеңістігінің тариылуымен ерекшеленеді  [1].  Ал Отандық тарихнамамызда бұл кезеңдегі даму басқаша сипат алады. Біртұтас түркі қағанатының қол астына біріккен, ұлан-байтақ аумақты алып жатқан түркі халықтары көрші мемлекеттермен тығыз саяси-экономикалық ғана емес, сонымен қатар мәдени-этникалық  дамудың да жаңа кезеңдері басталды. Ал ол өз кезегінде халықтардың орналасуы, көшіп-қонуына әсерін тигізбей қойған жоқ.

Қоғамның дамуына соңғы жылдары орын алған өзгерістер нәтижесінде тарихтың тек соғыстар мен әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселесін зерттеу бағытына әділ сын айтыла басталды. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Отандық тарихнамамыздың келелі мәселелерін зерттеу және ортағасырлық тайпалардың орналасуы жөніндегі мәліметтер, карталар мен сызбалар, деректі фильмдер, және т.б. кенже қалып отыр.

Осы орайда мәселеге тың зерттеулер жүргізіп, оның зерттелу кезеңдерін, бағыттары мен қалыптасқан тұжырымдамалар мен көзқарастар үдерісін көрсете отырып, бүгінде қазақтың құрамындағы түркі тайпалардың байырғы қоныстарын зерттеп, күні бүгінге дейін жетіп отырған аумағын анықтау арқылы  келешек зерттеушілерге  қандай мәселелерге назар аудару керектігі жөнінде қорытындылар жасау өте өзекті мәселе болып табылады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі.

Жалпы түркі дәуірінің зерттелу деңгейін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады.

ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі жазылған шығармаларды жатқызуға болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап орыстың әскери тарихшылары Шыңғыс хан мен оның әскер басыларының жорықтарын зерттеп, жан-жақты талдай бастады. М.И.Иванин, И.Бичурин, С.М.Соловьев, И.И.Карамзин сынды тарихшылар Шыңғыс хан мен оның қолбасыларының жасаған жорықтарын әскери тұрғыдан талдап, өз көзқарастарын білдірді. В.Вилямин-Зернов, В.В.Радлов, И.И.Крофин т.б. тарихшылар да қалам тартты.

Кеңес үкіметі тұсындағы ғылыми зерттеулер жатады. Бұл кезде түркі халықтары тарихына үлкен еңбек сіңірген көптеегн зерттеу кітаптарын шығарған тарихшылар /В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев т.б./ көп болды. Түркі тілдес халықтардың көне жєне ортағасырлық тарихын зерттеп зерделеуде де шығыстанушы В.В. Бартольдтың алатын орны ерекше. Оның «Түркістан монғол шапқынышылығы дєуірінде» атты бұл еңбегінде моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы Орталық Азиядағы түркі халықтарының саяси жағдайын баяндай отырып, олардың этнологиясы туралы, єсіресе ислам дінінің жағдайы, халықтардың тұрмыс-тіршілік ерекшеліктері туралы  ортағасырлық дерек мєліметтеріне сүйене отырып құнды мєліметтер береді. 

Бартольд В.В., Владирмерцев Б.Я., Иванин М.И., Хара-Даван Э., Гумилев Л.Н.,  т.б. авторлардың барлығы да түркі-монғол тарихына, халықтарына арнап ірі-ірі зерттеу еңбектерін жазды. Сол еңбектерінде әрқайсысы өзінше қорытынды шығарып отырды.

«Диуани лұғат ат-түрікті» зерттеген белгілі ғалым А.И. Кононов мұндағы материалдарды бес салаға бөліп қарастырған. 1) белгілі бір тайпаға тәндігі көрсетіуін сөздер қоры (лексикасы); 2) түркі тайпаларының орналасу аймағы туралы; 3) түркі тілдерін топтастыру; 4) түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер; 5) түркілердің тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзиясы, фольклоры туралы мәліметтер. Түрік жерінің аумағы, онда мекендеген ұлт – ұлыстардың сипаты, тарихы соған қатысты тарихи деректер мен аңыз әпсаналар, бірқатар тайпалардың түрік жеріне келуі мен қоныстануы, олардың шежірелері көзі ашылмай келген тарихи көмбе. Кітаптағы осыған қатысты деректердің құндылығында шек жоқ.

1990 жылдардан бергі кезеңді жатқызуға болады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен  кейін бұрынғы көзқарастарымыздың көпшілікке ұлттық мүдде тұрғысынан қарауды тарихтың өзі алдымызға тартып отыр. Сондықтан осы тақырып кеңінен қамтылған қазақ тарихшыларының еңбектеріне тоқталып өтейік. Осындай еңбектердің қатарына Қытайдағы қазақ тарихшысы Н.Мыңжанның “Қазақтың қысқаша тарихы” атты еңбегі мен қазақстандық тарихшылар Қ.Аманжолов пен К.Рахметов “Түркі халықтарының тарихы” және А.Тасболатов пен Х.Аманжолов жазған “Қазақстанның әскери тарихы” атты зерттеу кітаптарын жатқызуға болады. Атап айтқанда Қазақстандағы тарихшы ғалымдар М.Қозыбев, М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, С.Жолдасбаев, Ұ.Жұмағұлов, З.Қинаятұлы, Қ.Өскенбаев, С.Сыздықов, К.Хафизова, А.Дулатова, Б.Көмеков,  т.б. осы аталған кезеңдегі көшпенділердің саяси құрылымы, өркениеті, мәдениеті, археологиялық және тарихи ескерткіштері жөнінде толып жатқан ғылыми еңбектер жазды.

Түркілердің тарихын зерттеу орыс және Еуропа зерттеушілері тарапынан жүргізілді. Олардың арасынан деректерді талдау арқылы өзінің еңбегін жариялаған Т.В.Голубовский, Н.А.Аристов, А.Н.Харузин және т.б. авторлардың еңбектері бар.

Кеңес тарихнамасында алғашқылардың бірі болып түркі дәуірін зерттеген В.В.Бартольд болды. Ол көптеген шығыстық деректерге талдау жасай отырып түркілердің этникалық құрамы туралы көзқарастарды талдады. Өкінішке орай Кеңес дәуірінде тарих ғылымында 60-жылдарға дейін В.В.Бартольд еңбегінен кейін түркі тарихына қатысты құнды еңбек болған жоқ. Кеңес медиавистикасының алтын қорына кірген А.Ю Якубовский, В.Д. Греков, В.Я.Владимирцев, В.А.Гордлевский, А.Н.Бернштам, С.П.Толстов, М.И. Артомонов, А.Н.Кононов, Т.А.Жданко, Л.Н. Гумилев сынды жоғарғы буынды зерттеушілері Еуразия даласындағы түркі халқының және Орта Азияның орта ғаысрлық өркениетінің әр түрлі аспектісіне арналған зерттеулерінде түркілер тарихының кейбір тұстарын ескерусіз қалдырмайды.

Б.И.Көмеков IX-XVI ғ.ғ. жататын орта ғаысрлық араб және парсы шығармаларындағы тарихи-географиялық мәліметтерді түбегейлі зерттеудің негізінде қимақ-қыпшақтардың тарихын қарастырды.

Соңғы кездері Қазақстандық түркітанушы ғалымдар бұл мәселе төңірегінде зерттеулер жүргізуде. Қазақсты құрған түркі тайпаларына қатысты ауқымды еңбек жазған Т.Омарбековтың, З.Қинаятұлының зерттеулері өте құнды. Сонымен қатар Б.Б.Кәрібаев, Ә.Қайдар, М.Ақанов, М.С.Ноғайбаева, С.Базарбаев, Ә.Қайдардың жекелеген түркі тайпаларына байланысты жүзгізген зерттеулерінің орны ерекше. Сонымен бірге, А.Ш.Қадырбаев, А.Горковец, З.С.Ілиясованың еңбектері осы мәселеге қатысты терең зерттеулер жүргізген.

Жұмыстың деректік негізі. Ортағасырлық түркі шығариалардың қатарына Қарахандар мемлекеті дәуірінде Жетісуда жазылған екі түрлі жазбаны Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат — түрік» атты сөздігін жатқызуға болады. Мұның екеуі де Жетісу жерін мекендеген түркі тайпаларының тілінде жазылған тұңғыш жазба әдебиет үлгілері. Х –ХІІІ ғасырларда Орта Азия, Жетісі және Қашқария жерінде түркі тайпаларының үстемдігі күшейе түскен еді.

Гардизидің (XI ғ.) «Зайн ал-акбар» еңбегіндегі түркілерге арналған бөлімінде қарлық, яғма, тұғыл, шігіл, түргеш тайпалары туралы мәліметтер сақталған.

Қазақстан тұрғандары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың классикалық тарихи шығармаларында кездеседі. Мәселен, әл-Балазур (IX ғ.) мен ат-Табаридің (IX ғ.) туындыларында ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардың орта шенінде араб шапкыншылығына қарсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек көрсеткен Жетісу мен Оңтүстік Қазакстанның түркі халықтары туралы маңызды мәліметер бар. Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарына арабтардың басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың аса ірі тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы жөніндегі құнды деректемелердің бірі «Елдерді жаулап алу Кітабы» (Китаб футух әл-бұлдан) деген шығарманың авторы болып табылады, «Пайғамбар мен патшалар тарихы» (Тарих әр-русул уә-л- мулук) деген елеулі еңбек жазған ат-Табари да парсылық болатын. Ат-Табари халифаттың әр түрлі қалаларын аралап, көп саяхат жасады, сонан соң Бағдатқа орын тепті де, өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнады. Оның бізге қысқартылған редакциясында жеткен еңбегінде арабтардың алдында болған халықтар туралы мәліметтер келтіріліп, халифат тарихы жылнама ретінде баяндалады. Ат-Табаридің замандасы, Бағдатта туған, энциклопедиялық білімі бар адам — әл-Жахиз (IX ғ.) «Түріктердің қасиеттері» (Манакиб әл атрак) деген кітабында Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын тұңғыш рет этнографиялық тұрғыдан суреттеп берді. Әл-Жахиз Аббас халифтары ұланының түрік гулямдарымен жақын таныс араб оқырмандарына оның әр түрлі себептермен ерекше қызықты болған тақырыптарды іріктеп алған. Ол түріктердің әскери қасиеттерін, олардың калада тұратын арабтың көзіне әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша көрінген немесе халифтардың саяси төңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын суреттейді, өйткені Аббас халифатының уәзірлеріне «түрік істерімен» едәуір жиі кездесуіне тура келетін еді.

Нақ сол IX ғасырда араб тілді географиялық шығармаларда да Қазақстан аумағында мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байланыс және хабар беру қызметінің бастығы Ибн Хордарбектің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әлмасалик уә-л- мамалик) деген әкімшілік-географиялық анықтамалығы сақталып қалған шығармалардың ең ертедегісі болып табылады. Ол сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекендер арасындағы қашықтықты көрсеткен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы жол бойында орналасқан калалар мен қоныстарды тізіп келтірген. Ибн Хордарбектің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс, почта қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә, оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік тайпаларының жиі-жиі дәйек сөз келтірілетін тізімі де (тоғыз-ғұздар, оғыздар, қарлұқтар, кимектер, кыпшақтар, азкиштер, түргештер және басқалары) VIII ғасырға жататын болса керек. Әл-Якуби (IX ғ.) мен Кудама ибн Жафардың (X ғ.) шығармалары жанры жағынан Ибн Хордарбектің еңбегіне жақын.

Тарихшы әрі географ Әл-Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб әл-бұлдан) деген географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы ауқымды тарихи-этнографиялық материал бар. Оның кең хабардарлығы мен хабарларының дәлдігі біршама жоғары екенін атап өткен жөн. Әл-Якубидің оғыздар, қарлұқтар, кимектер, тоғыз-ғұздар мемлекеттілігі туралы мәліметтері ерекше маңызды. Араб географы және филологы Кұдама ибн Жафар «Харадж және хатшы өнері туралы кітап» (Китаб әл-харадж уә санәат әл-китаба) деген географиялық-әкімшілік шығарма жазған. Ол арамей болатын, Басрада тұрып, почта бастығының жоғары қызметін атқарған. Ол өз шығармасын жазған кезде өзі қолына түсіре алған ресми құжаттарды кеңінен пайдаланған. Онда халифаттың әкімшілік бөлінісі, аса маңызды калалар, таулар, өзендер, жеті климат (белдеу) туралы мәліметтер бар. Байланыс жолдарына және жерге орналасуы мен алынатын салықтар туралы деректер келтіріледі, провинцияларды суреттеуге едәуір көңіл бөлген. Онда мұсылман еддерімен көршілес жерлер туралы да кұнды мәліметтер келтірілген; мәселен, түрік тайпалары: қарлұқтар, кимектер, оғыздар, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шегіндегі сауда жолдары туралы, маршруттар, қалалар, қоныстар және олардың ара — қашықтығы туралы нақтылы материал бар.

Қарастырылып отырған деректемелер кешені арасында араб географы Ибн әл-Факихтің (IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басы) «Елдер туралы әңгімелер кітабын» (Китаб ахбар әл-бұлдан) да атап өткен жөн. Ол өз кітабын көбінесе өзінен бұрынғы авторлардың (әл-Жахиз, Ибн Хордадбех, әл-Жейхани) шығармаларын непзге ала отырып, 903 жылдар шамасында құрастырған. Онда Азия мен Шығыс Европаның көптеген елдері туралы тарихи-географиялык материалдар жеткілікті. Түріктер туралы тарау ерекше назар аударарлық онда түрік тайпалары (қарлұқтар, кимектер, қыпшактар, оғыздар, тоғыз-ғұздар және басқалар) туралы, олардың елдері, калалары, сауда жолдары, орналасуы, шаруашылық және мәдени қызметі туралы кұнды мәліметтер келтіріледі. Ибн Русте көп томды энциклопедиялық шығарма-сын Ибн әл-Факихпен бір мезгілде жазды деуге болады. Бұл еңбектен кли-мат тарихи-географиялық тұрғыдан суреттелетін бір томы ғана сақгалған. Ибн Рустенің «Қымбат тұратын алқа туралы кітап» (Китаб әл-алак ән-насифа) деген шығармасы түгелдей кітап деректемелеріне негізделген. Автор түрлі саяхатшылар мен географтардың туындыларынан құнды фактілерді ерінбей-жалыкпай көп жинаған. Оның түркі тілдес тайпалар мен олар мекендеген жерлер туралы бөлімдерінің зор маңызы бар.

Араб географиялық әдебиетінің ең гүлденген шағы — X ғасыр. Араб гео-графы әрі саяхатшысы, Орталық Иранның тұрғыны әл-Истахри (X ғ.) – сол дәуірдің танымал өкілі. Оның «Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап» деген еңбегі әл-Балхидін неғұрлым ертедегі, бізге дейін жетпеген географиялық еңбегінің өнделген және толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Аравия, Парсы теңізі, Мағриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Иран, Хазар теңізі, Армения, Азербайжан, Хорасан және Мауараннахр суреттеледі. Әрбір ел жөнінде шекаралары, қалалары, қашықгығы, маршруттары туралы мәліметтер, өнімдері, саудасы, қол өнері туралы жекелеген деректер келтіріледі. Шығыс Европа туралы кызықты мәліметтер бар, хазарлар, бұртастар, орыстар, бұлғарлар өмірі суреттеледі. Қазіргі Қазақстан аумағында тұрған түрік тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы маңызды да нақты материалдар кездеседі. Онда «Дүние жүзінің картасы» келтіріліп, түрік тайпаларының шоғырланған жерлері көрсетілген. Әл-Истахридің еңбегін өз кезегінде X ғасырдың аяғында Ибн Хаукал редакциялап, толықтырды және оны «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әл-масалик уә-л-мамалик) деп атады.

Бағдатта туған араб тарихшысы әрі географ әл-Масудидің (X ғ.) шығармалары бағалы тарихи деректеме болып табылады. Оның білімінің негізгі көзі Үндістаннан Атлант мұхитына, Қызыл теңізден Каспий теңізіне дейінгі барлық елдерді қамтыған саяхаттар мен халықтың мейлінше алуан түрлі топтарының өкімдерімен нақгы қарым-қатынас жасау болды. «Уақыт тарихы» (Ахбар әз-заман) деген 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедиядан бізге жеткені — «Алтын жуғыштар мен асыл тастар кеніштері» (Мурудж әз-захаб уә мадин әл-джавахир, 943 ж.) мен «Тәлімгерлік және қайта қарау кітабы» (Китаб ат-танбих уә-л-ишраф, 956 ж.). Әл-Масудидің еңбектерінде түрік тайпалары (кимектер, огаздар, қарлұқтар, барысхандар, тоғыз-ғұздар, хазарлар) туралы тарихи-географиялық мәліметтер мен алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи географиясы жөнінде деректер келтірілген. IX ғасырдың екінші жартысында Батыс Қазақстанда болған тарихи оқиғалардың қысқаша баяндалуы елеулі ынта-ықылас туғызады.

Әл-Макдисидің (X ғ.) шығармаларында өз көзімен көргендерге негізделген тарихи-географиялық деректер бұдан да маңызды орын алады. Араб географы әрі саяхатшы, Иерусалимде туған ол Шығыстың барлық мұсылман елдерін аралап шықты деуге болады. Оның шамамен 985 жылы жазылған «Климаттарды тануға арналған ең жақсы бөлініс» (Ахсан ат-такасим фи марифат әл-акалим) деген шығармасында елдер мен аймақтардың араб әдебиетіндегі толық және жүйелі суреттемесі беріледі, соның ішінде Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан, халықтың тайпалық құрамы, қалалары мен қоныстары, сауда жолдары мен сауда жасайтын заттары, шаруашылығы мен діни көзқарастары, тілі мен ғұрыптары туралы маңызды мәліметтер бар.

Испан-араб географы Исхак ибн әл-Хусейннің (XI ғ.) Андалусияда жазылған «Кез келген жердегі атақты қалалар суреттелетін інжулер үйінділері» деген шығармасында Қазақстанның түркі тілдес тайпалары суреттеледі. Оның түріктер туралы тарауда келтірілген мәліметтеріне Гардизидің (XI ғ.), әл-Бирунидің (XI ғ.) және әл-Марвазидің (XII ғ.) акпараттарында ұқсас сипаттар аңғарылады.

Бітіру жұмысының алға қойған мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдерінің бірі болып отырған орта ғасырлардағы түркі дәуірінде өмір сүрген тайпалардың Қазақстан аумағына орналасуын анықтау.  Тың зерттеулер жүргізіп, оның зерттелу кезеңдерін, бағыттары мен қалыптасқан тұжырымдамалар мен көзқарастар үдерісін көрсете отырып, бүгінде қазақтың құрамындағы түркі тайпалардың байырғы қоныстарын зерттеп, күні бүгінге дейін жетіп отырған аумағын анықтау арқылы  келешек зерттеушілерге  қандай мәселелерге назар аудару керектігі жөнінде қорытындылар жасау болып табылады. Аталған мақсатқа жету жету үшін төмендегідей міндеттерді алдыға қойдық:

  • VI-XIII ғасырлардағы түркі тайпаларын кезеңдерге бөле отырып тайпалардың мәдени, саяси байланыстарына көңіл бөлу;
  • Түркі тайпаларын зерттеген зерттеушілердің біршама кең көлемі мен ғылыми көзқарастардың сабақтастығын, бағытын анықтау;
  • Ортағасырлардағы қазақты құрған түркі тайпалардың Қазақстан аумағына ығысу картасын салу арқылы, сол кездегі аумақтық орнласу деңгейінің дұрыстығына көз жеткізу;
  • Түркі тайпаларының мәселелерін зерттеудегі тарихи және археологиялық зерттеулерге шолу жасау арқылы оның ерекшеліктері мен кезеңдерені тоқталу;
  • Жалпы тақырыптың зерттелу жағдайы мен ғылыми зерттеулердің деңгейі, сондай-ақ зерттелмеген тұстары туралы ой қорыту.

Зерттеудің методологиялық негізі қажетті деректерді табу немесе оларға сипаттама берудегі тарихи таным, танымдағы жан-жақтылық, олардың бір-бірімен ара қатынасын немесе байланыстары зерттеу еңбегінде анализ, синтез, салыстыру жєне басқа да ємбебаптық зерттеу єдістері барынша пайдаланылды.  Сондай-ақ жаңа методологиялық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік, обьективтілік, тарихи-салыстырмалылық сияқты ғылыми таным принңиптерін негізге алдым.

Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тараудан, әр тарау үш бөлімнен және қорытынды бөлімінен кейін пайдаланған зерттеулер мен әдебиеттер тізімі көрсетілген. Соңынан қосымша карталар мен суреттер келтірілген.

 

  1. ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ

 

1.1. Түріктердің Ашина әулетінің жаулау жорықтары және Қазақстандағы үстемдігі

 

Қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан территориясындағы қола дәуірінен бері үздіксіз болып жатқан этникалық процестердің нәтижиесі болып саналады. Бұл этникалық процестердің бәрі қазақ халқының қалыптасуына әр түрлі дәрежеде алғы шарт бола алады. ХІІІ-XV ғасырлар аралығындағы Қазақстан аумағындағы этникалық процестердің дамуы Қазақ хандығының құрылу тарихында және де қазақ халқының қалыптасуында салмағы басым, ерекше орын алады.

Махмұт Қашқаридың дөңгелек картасы әлемнің ең ежелгі түрік картасы ретінде белгілі. Осы картада Барсған, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қаш –қардан бастап түрік дүниесінің ежелгі шаһарлары, елді мекендері, жер бедері түгелдей дерлік қағаз бетіне түскен. Әрі сол Х-ХІ ғасырлардағы атауларымен жазылған. Махмұт Қашқари осы картаны назарға ұсынып, сипаттаумен қатар Рим жерінен сонау ұлы мұхитқа дейінгі аралықтағы түрік тайпаларының барлығына сипаттама беріп шығады. Әрі жер көлемін көрсетеді. Қай жерден қай жерге дейін мекендейтінін айтады. Әрі әр тайпаның тілдік ерекшеліктеріне тоқталады, тілді таза сақтаудың әлеуметтік, географиялық алғышарттарын сөз етеді. Осынау ең көне дәуірдегі түріктің әлемдік картасы, түрік дүниесі жөніндегі егжей – тегжейлі сипаттама, талдаулар ғалымның өлмес мұрасының басты бір қасиеті 1, 122-123 бб..

Жетісу мен Тянь-Шань тайпалары ұзақ уақыттар бойынша көрші ретінде әртүрлі мемлекеттік қүрылымдар аясында өмір сүрді. Мәселен Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаты. Бұл жағдайлардың барлығы б.з. бірінші мың жылдығының алғашқы жартысында Тянь-Шань мен Жетісу тайпаларының ассимиляцияға түсуінің айтылмас шарты болды. Сондықтан бұлар ортағасырлық авторлар туыстас тайпаларды басқарған қарахандар билеушілерінің шығу тегіне баса назар аудармаған [7, 19-20 бб.].  Зерттеуші ғалым қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінде ІХ-Х ғасырларда өмір сүрген қарлұқ, яғма, шігіл, түргеш, оғыз-түркмендер, қыпшақ, қаңлы, арғу, соғды, қырғыз тайпалары туралы ортағасырлық авторлар мен зертеушілердің еңбектеріне талдау жасай келе, қарахан мемлекетінің құрамында қарлұқ, яғма, шігіл, түргештердің маңызды рөл атқарғанын, ал басқа аталған тайпалар екінші дәрежелі болды деп қорытындылайды. Осы негізде автор қарахандар билеушілерінің шығу тегі — шігілдер деген қорытынды ұсынады [7, 32 б.].

Яғма тайпасы қарлықтармен бұрыннан көршілес, ал кейін тіпті араласып кеткені байқалады. Зерттеуші осы тайпа туралы: Нары өзенінің бас жағынан оңтүстікке қарай Қашғар жерін алып жатқан яғмалықтардың бір шеті кимектермен шектеседі. 840 жылы қарлықтар мен қырғыздардан жеңілген ұйғыр қағанатының (немесе тоғыз-оғыздар) ішінен бөлініп қарлықтарға кеткен, сол яғмалар болуы керек. Себебі 15 тайпаның Тарбағатайда орналасқаны, яғни қарлықтармен кимектер арасына сәйкес келеді. Уақыт өткен сайын яғмалықтардың бір бөлігі Іле өзені арқылы Ыстық көлге дейін барып, қарлықтармен аралас отырды.

Екінші бір үлкен тайпа — шігілдер, ортағасырлық деректер бойынша Іле мен Сырдарияның оңтүстігінде, Ыстық көлдің айналасы мен одан батыста, ал кей ретте оңтүстік-шығысқа таман орналасқаны айтылады. Бұл жерлер сол кездегі қарлықтардың да қоныс тепкен мекендері болып саналады. Жалпы шігілдер мен қарлықтар бір-бірімен этникалық және саяси тұрғыдан тығыз байланыста болғандығы мәлім.

Осы қарлық конфедерациясына кірген яғма, шігіл, тухси тайпаларының орналасу аумағын талдай келе С.М.Сыздықов «қарлық» атауы этникалық емес, қалыптасқан тайпалық одақтардың жалпы саяси атауына айналды деп есептейді. Сондай-ақ зерттеуші қарахан мемлекетін қарлық мемлекеті дамуының жаңа бір заңды жалғасы деп есептейді.

Мәселен қарлықтар өздерінің бастапқы Түркі қағанаты қүрамында жүрген кезінен бастан, қарахандар әулеті басқарған мемлекетті қүрып, оның күйреуіне дейінгі аралықта, яғни УІІ-ХІІ ғасырларда маңызды этникалық процесстерді бастап кешірді дей келе, бұл үрдістің қарлықтар мемлекет құрып, қарахандар әулеті келген кезеңде өте күрделі жағдайда өтті деп жазады [25, 20 б.]. Оған сол кезде қалыптасқан Орта Азия мен Қазақстандағы саяси жағдайлар мен миграция әлеуметтік — экономикалық процестер мен діни факторлар ықпал етті.

VIII ғасырдың ортасында қарлықтардың Алтай, Тарбағатай және қазіргі Шығыс Қазақстан өңірімен Жетісуға келуімен олар да алғашқы этникалық өзгерістерге ұшырады. Бұл Жетісу мен Орта Азиядағы жергілікті түркі немесе тегі басқа тайпалармен араласуынан көрінеді. Қарлықтар келер алдында бұл жерлерде «Он оқ» елі, түргеш, оғыз тайпалары және соғдылар болған еді. Сөйтіп, қарлық елі қүрамында жаңа этникалық қүрылымдар пайда болды.

В.В. Бартольд аталған еңбегінде ортағасырдағы түрік тайпалары Орталық азияның батыс, оңтүстік аймақтарының жергілікті (автохтондық) халқы болмай, Алтай жақтан келіп, бұрынғы аталып жүрген Орта Азия мен Қара теңізге дейінгі халықтардың территориясын жаулап алғаны айтылады. Бірақ, түріктердің бағындырған тайпаларынан тек Жетісудағы үйсін тайпалары айтылады. Бірақ түріктердің бағындырған тайпаларынан тек Жетісу аймағындағы үйсіндер аталып өтіледі. Орта Азияны, Еділдің төменгі ағысы, Солтүстік Кавказдан Қара теңізге дейінгі тайпалар ішінде үйсіндер ежелден өздері түрік тілдес халық болған. Олар (түріктер) алдымен Алтай жєне Жетісудың ьір бөлігін мекендеді.

Бесінші ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірде қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. Түріктер этносының өз қағанаттарын құрар алдындағы кезеңінде Ганьсу, Шығыс Түркістан жєне Алтай аудандарында үшінші ғасыр мен төртінші ғасырға дейінгі кезең-кезеңмен қалыптасты.

VІ ғасырдың екінші жартысынан бастап жазба деректер бұған дейін эфталиттердің қол астында болған соғдылардың Жетісу түркілеріне бағынғандығы туралы мєліметтер береді. Түркілер Соғды халқының едєуір бөлігін құраса, соғдылықтар бұл кезеңде Жетісуға ішкерілей енген еді. Христиан-сириялықтардың бұл кездегі рөлі Византия мєдениеті үлгілері мен христиан дінінің таралуымен сипатталды. Көптеген зерттеушілер түркілердің бұл мєдени үлгілерді “жабайы” көшіру жолымен қабылдағандары туралы тезисті қалыптастырды.

В.В. Бартольд соғдылықтардың қоныс аударуының негізгі себебі сауда деп санады. Алайда, соғдылықтардың қоныс аударуының басты себебі, сірє, кеңірек болуы керек. Оны VI-VIII ғасырларда Соғдыда жєне Орта Азияның басқа да егіншілік аймақтарында  болған єлеуметтік-экономикалық өзгерістерден іздеу қажет. Бұл бір көрінісі ретінде Нершахидің Бұхарадағы Абруй басқарып тұрған кездегі шиеленіскен күрес туралы хабары болып табылады. Абруйдың қысымына төзбеген соғды диқандары мен көпестері Түркістанға  кетуге мєжбүр болады, мұнда олар салып, оны Хамукет деп атады [39, 25 б.].

Соғдылықтардың VI-VIII ғасырларда Жетісуға қоныс аударуы Орта Азиядағы араб жаулап алушылықтарымен де байланысты. Тоныкөк жазбасының хабарларын араб деректемелерімен салыстырып қарау арабқа қарсы Шығыс Түрік қағанаты мен Ферғана-Шаш-Соғды одағының маңызын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл одақ шығыста араб экспанциясын тежеуде жетекші рөл атқарды. Жетісу арабтарға бағынғысы келмеген соғдылықтардың оларға қарсы күрестегі түріктердің одақтастары көшіп келген ең жақын ауданы болды. Соғдылықтардың көшіп келуі Жетісудың егіншілік жєне қала мєдениеті тарихында елеулі із қалдырды. Алайда оның єлеуметтік- экономикалық жєне саяси тарихының басты-басты факторлары Жетісудың жергілікті отырықшы жєне көшпелі халқының өндіргіш күштерінің дамуы болды.

Дегенмен соғдылықтардың шығысқа қарай ілгерілей енуі бір жақты болған жоқ. Орта Азияның түріктерге бағынуымен қатар, түріктер Орта Азия шонжарлары қатарына, халықтарының құрамына енді. Соғдының өзінде де түріктер аз рөл атқарған жоқ. Түрік жєне соғды халықтарының арасындағы өзара ықпал осылай жүріп отырды, мұның өзі олардың этникалық-саяси тарихында, материалдық жєне рухани мєдениетінде көрніс тапты. 

Көріп отырғанымыздай түркілер мен соғдылардың өзара қарым-қатынастары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағында өзара тығыз араласу нєтижесінде жүзеге асқан. Мєселенің тарихнамасын қарастыру барысында негізгі назардың да осы аталған аймақтағы қалалық мєдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы соғдылық рөлге баса аударылғанынан көреміз. Осы мєселеге тоқталған авторлардың еңбектерінде ұстанған бағыттарына сєйкес үш топқа бөліп қарастыруға болады. Түркі дєуіріндегі Жетісудың қалалық мєдениетін жазба ескерткіштердің мєліметтеріне сүйене отырып, соғдылықтардың тікелей єсерімен қалыптасты деп санайтын авторлар тобы еңбектерінің алғашқысын ғылыми негіздеген В.В. Бартольд болды. В.В. Бартольд өзінің құлауы қарсаңында мєдени гүлденуінің шыңына жеткен Сасанидтік Иран өз көршілеріне қарудың көмегінсіз-ақ єсер еткенін атап өтіп, бұл мєдени жетістіктерді түркілер соғдылар арқылы қабылдады деп санайды. Соғдылардың Жетісуды отарлауының мєселелерін 1927 жылы бірінші болып көтерген В.В. Бартольд бұл мєселе бойынша археологиялық мєліметтердің жеткіліксіздігінен мєселені тек жазба деректер негізінде қарастырған. Зерттеуші аталған мєселені М. Қашқари мен авторы белгісіз “Худуд ал Алам” (“Єлем шекаралары”) шығармасының мєліметтері негізінде қарастырған. Ал бұл жазба деректер VІІ ғасырдан кейінгі кезеңдер туралы мєліметтерді сақтамаған. Сондықтан түркі-соғды проблемасы, єсіресе мєселенің мєдени аспектілері кейінгі зерттеушілердің үлкен ықыласын аударды.

Махмұд Қашқаридың Жетісу жеріндегі соғдылар туралы мєліметін зертеуші “аймақтың “ұлттық” құрамы туралы мєліметтер, єсіресе Талас аймағындағы көшпелілердің жергілікті мєдениеттен ерекшеленіп тұрған мєдени үлгілердің шығу тегі туралы мєселені түсіндіруге көмектеседі”, — деп өз концепциясын жазба деректердің “мєліметтерімен” бекіте түседі /63/. Зерттеуші мұндағы аймақтың “ұлттық” құрамы туралы мєліметті                           М. Қашқаридің Жетісу соғдылары туралы хабарламасынан алып отыр. Аталған ғалым соғды отарлауының екінші кезеңінде Соғдиана мен Жетісудың мєдени байланыстарының сипаты мен көлемі үлкен өзгерістерге ұшырады дей келе, Жетісуда осы кезден бастап соғдылықтар сєулет өнерінде грек-бактрия мєдениетімен байланысты элементтермен қатар сасанидтік мотивтерді кеңінен таратты деп атап өтеді /64. 198 б/. Осылайша Соғды мєдениетінің өзі ІX ғасырдан бастап тек отарларында ғана емес метраполияда да соңғы күндерін бастан кешіп, Жетісудағы соғды отарлауы жергілікті мєдениет пен соғды мєдениетінің органикалық бірлікке айналып кетуімен аяқталды деп  қорытады [64].

 

 

 

1.2. Теле тайпалары Қазақстан жерінде

 

Көне Түркілер өз жазбаларында Оғыздарды (токуз-окуз) әрқашан өз халқымның бірі деп санаған. Олардың «тоғыз тайпалы Окуздар» деп отырғаны — негізінен сол кездегі, 4-6 ғасырлардағы Теле тайпалары. Теле тайпалары — қазіргі көшпенді Түркі халықтарының бәрінің генетикалық арғы атасы. Жалпы шетелдік зерттеушілер көне заман оқиғаларын баяндағанда, Қаңлыларды және Теле тайпаларын — әрқашан да Қазақ халқының арғы тегі деп түсіндіреді. Мысалы, былай жазады «Қаңлылар (ертедегі Қазақтар) б.з.б. 2 ғасырда Бетпақдала мен Сарыарқа өңірін мекен етті».

Батыс Түрік қағанатының қол астына қараған теле тайпалары қарсылық көрсетіп, бөлініп кеткен кезде, бұл мәселені шешу үшін, Батыс Түрік қағанатының билеушілері Суй патшалығымен одақтасып, теле тайпаларын өздеріне бағындырады.

Мәселен, төлеңгіттер мен телеуіттер өздерін ежелден «теле жұртының жарықшағы» санайды. Расында туыс­тас бұл екі тайпаның сой-тегі кезінде Түрік қағанатының (VІ-VІІІ ғғ.) құрамын­да болған теле тайпасымен тығыз байланысты. Кейінгі атауларының өзі сол этнонимнен шыққан. Түркілер тари­хының білгірі Л.Гумилев төлеңгіт­тердің асулары қиын, биік жоталарға қоныстануы олардың алтайдың басқа тайпаларынан өзіндік ерекшеліктерінің кейбір түрлерін сақтап қалуларына ықпал еткенін айта келіп, солтүстік төлеңгіттердің өздерін «телелер» дейтінін, оңтүстіктегілердің Чуя (Шуй) өзеннің бойын жайлағандықтан, «шуй-кижи» (шуй кісісі) деп атайтынын жазады. Міне, осы жәйттердің өзі алтайлардың тарихи-этнографиялық құрамында кереғарлықтардың көп екендігін байқатады.

Алтайға қоныс аударған моңғол және түрік тектес элементтердің осындағы байырғы түрік этникалық топтарымен мидай араласулары арқылы қалыптасқан күрделі тайпалық конгломерат болып есептеледі. Оның діңін VІ-VІІІ ғғ. Түрік һәм Ұйғыр қағанаттарының тұрақты тұрғындары — теле және түркіт бірлестігінде болған көшпелі түрік тайпалары құрайды. Бұл ойымыз ғалым Л.П.Потаповтың: «В этническом составе алтайцев — нынешних хакасов (в том числе кызыльцев), тувинцев и других — ясно прослеживается этничес­кие элементы VІ-VІІІ веков, восходящие либо непосредственно к тюркам, либо к племени теле, возглавлявшимся уйгурами. Не подлежить сомнению, что какая-то часть далеких предков этих народов была связана этногене­тическими узами с древними тюрками и племенами теле, жила с ними общей исторической жизнью в составе тюрк­ских каганатов, союза племени теле и уйгурского каганата», — деген құнды пікірімен астасады («Советская тюрко­логия», 1979, N6, стр.77). Алтайлар­дың қауымдасу, бірігу, жаңа элемент­терді тарту үдерісі моңғолдардың бұл аймаққа екі дүркін (XІІІ және XV-XVІІІ ғғ.) жөңкіліп келуі негізінде одан әрі жалғаса түсті.

 

1.3. Шығыс түркілердің жаулау жорықтарының Қазақстан аумағындағы этно-саяси үдерістеріне ықпалы

 

Осыдан 60 жыл бұрын француз тарихшысы Рене Груссе: «Қытайша деректерге негізделгенде түріктер бөріні төтем тұтады. Олар-ғұндардың ұрпақтары, Пеллиоттың пікірінше, ғұндардың бойында түріктерге тән кейбір ерекшеліктер бар» дейді (1,81). Бүгінде түріктердің ғұндардың ұрпағы екені ғылымда бұлжымас ақиқатқа айналды. Түрік қағанаты алғаш құрылған кезде (552 ж.) Таң патшалығы әлі өмірге келмеген. Бұл кезде Түрік қағанатының оңтүстігінде Қытайдың Солтүстік Ци (550-577) және Батыс Вэй (535-557) патшалықтары қатар өмір сүріп тұрған.

Түріктер жұржан ақсүйектерінің қолынан өз тәуелсіздігін алу үшін ұзақ уақыт күресті. Ең алғаш 487 жылы қаңлылардың жұржандарға қарсы күресіне қатысты. Кейін VI ғасырдың орта шенінде түріктер әр жылы өзен суы қатқан кезде Батыс Вэй хандығының солтүстік шекарасына басып кіріп, олардың мал-мүлкін барымталап алып отырды (2, 19). Бұл кезде түріктер Идікұт патшаларына өз қыздарын беріп, олармен жақсы қарым-қатынаста болған. Себебі Идіқұт патшасы олардың қыс кезінде Боғда тауының күнгейіне келіп, мал-жандарын өсіріп, қыстап шығуына жағдай туғызатын. 545 жылы Батыс Взй патшасы Ю.Вэнтай Цзючуанда тұратын ғулардың өкілі Ано-Пантоны елшілікке жіберіп, бір-бірімен өзара көмекте болып, тату-тәтті өтуді өтінді. Өйткені оларға көршілері Шығыс Вэйге қарсы күресте түріктердің көмегі керек еді. Түріктер де олардың тілегін жерде қалдырмай, жауласқан екі мемлекеттің тіресуі кезінде өзінің әскери қуатын арттырумен болды.

Қытай деректері түріктердің алғашқы көсемдерінен Апаңбо, Еженшидо, Нар Тілек шад, Ежен шад, Ұлы Ябғұларды атайды. Бірақ бұлар жайлы егжей-тегжейлі деректер жоқтың қасы. Дей тұрғанмен Күлтегін, Білге қаған ескерткіштеріндегі түрікше мәтіндерде Түмен (мәтінде Бумын каған делінеді) қаған мен Істеми қағандарды түріктердің ержүрек ата-бабалары ретінде суреттейді. Қытай деректері бұл екеуі ағайынды, Ұлы Ябғұның ұлдары дейді. Дерекке сәйкес, түріктер ұлы Ябғұның заманына келгенде көбейіп, күшейе түскен (3.49). Күлтегін ескерткішінде ол екеуі туралы; «Үстіде Көк тәңірі, астыда қара Жер жаралганда, екеуінің арасында адам баласы жаралган, Адам баласы үстінде ата-бабам Бумын каған, Істеми қаған тақта отырды, Таққа отырып түрік халқын, елін, төрін (үкіметін) тұтты, қалыптастырды»,-дейді.  Шынында да 546 жылы Ашына Түмен (Бумын) түрік тайпаларына басшылық етіп, алдымен телелерді бағындырып, олардан 50 мың адамды өзіне қосып алды, одан соң Алтай тауындағы Жужан (жұржан) ханы Анағайға кісі салып, қызын сұрады. Бұдан сәл ертерек түріктер осы жужандардың қол астындагы темір ерітетін күл еді. Түменнің сәлемін естіген Анағай «сен менің темір ерітетін құлым бола тұра бұл сөзді айтуға қайтіп дәтің барды» деп оған елші жіберіп, құқай көрсетеді. Түменнің де тілегені осы еді. Дереу келген елшіні ұстап алып, өлтіріп. Анағаймен ат кекілін кесіседі. Бірақ Батыс вэй хандығымен бейбіт қатынасты әлі де сақтап, 551 жылы олардан Чанлэ мәликені әйелдікке алады.

Келесі 552 жылы қаңтар айында Түмен зор қосынмен жұржандарға жорық жасап, олардың ордасын ойрандап, әскерін ойсырата жеңеді. Жұржан хаңы Анағай қүсадан өзін-өзі өлтіреді. Әдетте тарихи кітаптарда дәл осы жыл Түрік кағанатының кұрылған жылы болып табылады. Түріктер күшейген соң өздерінің бұрынғы ата-бабалары ғұндар секілді, батыс пен шығысты тұтастыратын керуен жолын уысына алып, ортадан пайда табуды көздеді. Бұл кезде Орта Азияның сауда күре тамырын иелеп келген эфталиттер ендігәрі парсы мемлекеті үшін кауіпті күш болудан қалған еді. Керісінше, олар парсылармен болған соғыста үнемі жеңіліс тауып отырды. Парсылар мен арадағы бұл күш жаңадан бас көтерген түріктер үшін қауіпті болып көрінді. Сондықтан олар парсылармен одақтүзіп, эфталиттерді жоюды ойлады.

554 жылы Түмен қағанның ұлы Мұқан қаған парсы патшасы Хұсрау ІІ-мен (Наушарбан 531 -579) байланыс орнатты. Келісім бойынша тараптар 554-558 жылдары екі тараптан эфталиттерге қарсы ірі жорық жасады. Нәтижесінде эфталиттер жеңіліп, патшасы өзін-өзі өлтірді. Түріктер мен парсылар екі жақтан келіп, олардың жерін бөлісіп алды. Парсылар мен Түрік қағанатының шекарасы Темір қапық болып белгіленді. Мұқан қаған мұнымен қоймай, шығыста қытандар мен татабыларға соққы беріп, солтүстікте қырғыздарды бойсындырып, Қытай қамалының сыртындағы қүдіретті елге айналды. Бұл кезде Түрік қағанатының территориясы, қытай дерегі бойынша, шығыста Ляохайдан (қазіргі Ляохай өзенінің жоғарғы сағасындағы Пиньхай маңы) батыста Батыс теңізге (қазіргі Каспий теңізі) дейін болған 10 мың шақырым, оңтүстікте Құмдықтың солтүстігінен солтүстікте Байқал көліне дейін болған 5 мың шақырым аумақты өз ішіне алатын (4,1536). Бұл туралы Күлтегін, Білге қаған ескерткіштерінде: «төрт бұрыштағылар қарсы тұрып жау болды. Қол аттандырып, төрт тараптағы халықты бағындырып иеленді. Багындырып бейбіт қылды. Бастыны жүгіндіріп, тізеліні бүктірді. Ілгері Қыдырхан жынысына дейін, кері Темір қапыққа дейін (халқын, елін) қоныстандырды. Осы екі аралықта көк түріктердің елі иесі иеліксіз өмір сүрген екен. Білікті қағандар болған екен. Алып қағандар болған екен. Бұйрықтары да білікті болған екен. Алып болған екен. Бектері де, халқы да адал болған екен. Сол үіиін елдік құрып тұтынған екең. Елдік құрып төрін (Үкіметін) орнатқан екен»,-делінеді. Осындағы «Темір қапық» сөзі Тоныкөк ескерткішінде де кездеседі. Ол-жоғарыда баяндалған Парсы мен Түрік қағанатының шекарасындағы жер аты. Дәлірек айтқанда Әмударияның солтүстігіндегі бір таудың аты. Ал Қыдырхан тауы-Қытайдың солтүстік шығысындағы Хиньган тауы. Демек, түрік халқы ертеде, дәлірек айтқанда, VI ғасырдың екінші жартысында Қытай мен Парсы мемлекетінің арасындағы осынау ұлан байтақ жерді өз қарамағына алған күшті бір мемлекетке айналды. Қол астына алған иеліктерінің осыншама кеңдігіне қарап, бұл мемлекетті империя деуге де болатын еді. Бұл кезде олар ордасын Алтай тауынан Ханғай тауының солтүстігіндегі Өтікен қойнауына көшірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАНДЫ ТҮРІКТЕНДІРУ ҮРДІСТЕРІНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІТЕРДІҢ ЫҚПАЛЫ

 

2.1. Қимақ, қыпшақ, оғыздар Қазақстан аумағында

 

қимақ тайпалары туралы автор: «Қимақтар тек бір қала болды. Қыпшақтардың батысындағы бұтақтары деп те айтуға болдады. Ал қыпшақ тайпалары өзінің тағылығымен, жабайылығымен басқа халықтардан асып түсті. Қырғыздар мен оның тармақтарының қалаллық қоынстары мен ауылдары болмады.

Қимақтар Сауранмен көршілес Сырдарияның маңында қоныстанып тұрды. Қырғыздар қалаға билік етті. Жауапты Уч-Туфран Түркістанда, Қашқарияда яғма тайпасымен көршілес болды. Оғыздар ислам дінін қабылдамады., саманидтті басқарушылардың қол астында болып, Сырдария бойынан жерлер алды. Олардың негзгі қоныс тепкен жері Сюдкент қаласы болды.»деп жазды.

В.В. Бартольд «Европа мен Ресейде шығатын зерттелу тарихы» деп аталатын еңбегінде XYІ ғасырбың бас кезінде-ақ «өзбек қазақттарының өз хандары бар, күшті халық болған» деп атап өтеді. Ол сондай-ақ қазақ халқының үш жүзге  («ордаға») бөлінуін олардың көшіп-қонып жүретін аймақтарына, жерлеріне «рулардың үлкендігіне қарай шығыстан батысқа қарай көшу тәртібімен орналасқан» деп атап өтіп, бұл процесті географиялық процеспен байланыстырған.

В.В. Бартольд авторы белгісіз географиялық шығарма «Худуд әл-аламды» ғылыми айналымға енгізді. Мұнда қимақ, қыпшақ, оғыз, шігіл, тухси, қарлық сынды тайпалардың алып жатқан территориялары мен, орналасу аймақтары туралы мәлімет береді /11/. Сол сияқты В.В. Бартольтің 1898 жылы басылып шыққан «Жетісу тарихының очеркі», осы жылы жарық көрген Түркістан монғолдар шапқыншылығы дәуірінде» атты жинағы, сондай-ақ «Түркістан тарихы» (1920), «Түрік-монғол халықтарының тарихы» (1927 ж), «Орта Азияның түрік халықтарының тарихы жөніндегі он екі дәріс» (1926 ж)  атты еңбектеріндегі жалпы Орта Азия жөніндегі, оның ішінде түрік-монғол тарихына қатысты шығыстанулық деректер тобы қазақтар мен Қазақстан тарихының проблемаларына қатысты мәселелердің мәнін ашуда негізгі деректік материалдар тобын береді. Атап айтар болсақ, Ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты жазған 1898 жылы Верный (Алматы) қаласында басылып шыққан «Жетісу тарихы очеркінде» хун, үйсін дәуірінен қалмақ хандығы күйрегенге дейінгі Жетісу туралы саяси тарих ортағасырлық деректерді қатыстыра отырып жазады. Аталған зерттеу жұмыстарында Орта Азия тарихы, оның ішінде Қазақстан тарихы мен этнографиясына қатысты мол ортағасырлық деректер қоры пайдаланылған. Бұл еңбекте негізгі тарихнамалық дерек көзі ретінде В.В. Бартольдтың 9 томдық толық шығырмалар жинағы пайдаланылды /12/.

ХІ ғасырдың соңғы ширегінің ағында Маңғыстауда және Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізіп, оғыз және түркімен тайпаларының жекелеген топтары оларға саяси тәуелді болды. 1096 жылы «құдіретті» хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге жорық жасады. Бірақ, Хорезм шахтарының қорғаушысы селжүктер оларды Маңғыстауға қайта оралуға мәжбүр етті», — деген ірі қыпшақтанушы ғалым Б.Е.Көмековтың деректі мәліметін басшылыққа алсақ, оғыз селжүктеріне қыпшақтар өз билігін орнатуға ат салысқан. Бұл әрекеттің аяғы ХІ ғасырдың басынан бастап қыпшақтардың саяси билікке қол жеткізуіне алып келді: Он бірінші ғасырдың басында Сырдарияның төменгі ағысында Жент, Жаңакент және тағы басқа қалалар қыпшақ көсемдерінің иелігінде болды.   

Осы жерде оғыздар мен қыпшақтар арасындағы қарым-қатынасты білдіретін Рашид ад-Диннің еңбегінен алынған мына дерекке көңіл бөле кетейік. «Оғыз ит-барак тайпасынан жеңіліп, екі өзеннің ағысынан пайда болған аралда қалып, сонда орнықты. Осы кезде күйеуі соғыста өлген бір екі қабат әйел үлкен ағаштың қуысына шығып бала туады. Бұл оқиғаны көргендер Оғыз ханға айтады. Оның жаны ашып: «Әйелдің күйеуі жоқ, сондықтан бұл нәресте, менің балам болады» деген шешім қабылдайды. Шынында да ол Оғыздың баласы болып есептелді: оның атын Қыпшақ қойды. Қыпшақ «қабық» деген сөзден шыққан, түрікше – «ортасы шіріген ағаш» деген мағынаны білдіреді. Барлық қыпшақтар осы баладан тарайды деп Қыпшақ атауының шығуы туралы аңызды беріп отыр. Аңыз оғыздар мен қыпшақтардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болғанын да дәлелдейді. Қыпшақтардың Жетіру тарихында маңызы зор себебі, олар да баста Саян-Алтай өңірлерін мекендеген. Ол туралы тарихшы Нығмет Мыңжан: Қыпшақтар VII ғасырда Ертіс өзенінің орта ағысына дейін орнығып, Алтай тауларын мекендеп, түрік қағанатының құрамына қосылды. Түрік қағандығының әлсіреуі байқалған кезде тарих сахнасына шығуға талпына бастады. Селенгі өзені бойында орхон жазуымен жазылған Мойыншар құлпытасындағы: «Түрік қыпшақтар елу жыл үстемдік етті» деген сөз осы жағдайды әйгілейді».

Әл-Омари, Ибн-Халдун және Ибн Арабшах тәрізді араб авторлары қыпшақтар жайлаған территорияның жалпы көлемін көрсетіп, оған қазіргі Қазақстан мен Шығыс Европа жерлерін Дешті Қыпшақ (қыпшақтар елі) деген атаумен енгізген.

Қыпшақтардың мемлекеттік бірлестіктері осы далада бұрыннан өмір сүрген этносаяси бірлестіктердің заңды жалғасы болып табылады. Қыпшақтар құрамына Ертістен қазіргі Батыс Қазақстан жеріне ХІІ ғасырда қоныс аударған иемектер (кимектер, қимақтар) енді. Орал бойына және іргелес далаларда қыпшақтар мен иемектердің болғанын шығыс деректері, орыс жылнамалары, сондай-ақ антропология мен топонимика мәліметтері дәлелдейді.

ХІ ғасырдан былай қарай Евразия материгін алып жатқан түркі тайпалар «қыпшақ елі» аталды. Осы ғасырдың ортасынан бастап қазіргі қазақ еліндегі тайпалар «қыпшақтар» атала бастады. Бұл жиынтық атауды тарихшылар екі мағынада – кең және тар мағынада қолданылуы дейді. қыпшақ тайпасының өз атауы, яғни «қыпшақ»тар мағынасы, ал Жетісудан бөтен аймақтағы тайпалардың атауларының кіруі кең мағынасы болып табылады.

 

 

2.2. «Он оқ елінің» этно-саяси құрылымы

 

Қытай деректерінде Ышбара қаған Ашна Қара деп те аталады. Оның батысқа қоныс аударарынан бұрын Батыс Түрік қағаны ағасы Түрік (Дулу) қайтыс болған соң 4 жылдан соң 638 жылы ол билейтін Батыс Түрік өлкесі Он оқ Түрік, Нүшбе ұлыстарына бөлінді.

Қытай деректерінде бұл мәселе былай жазылған. 638 жылы: «Әуелде Батыс Түріктің Теліш қағаны мемлекетін он ұлысқа бөліп, әр ұлысқа бірден ағаман тағайындап, оларға бірден оқ берді де, мұны Он оқ деп атады. Одан соң сол – оң қанаттарға бөлді. Сол қанатты Бес түрік деп атап, оларға бес тай чор қойып, Суябтың шығысына ірге тептірді. Оң қанатты Бес нүшбе деп атап, оларға бес тай іркін тағайындады да, Суябтың батыс жағына орналастырды. Олар жалпылай Он оқ деп аталды».

Бұл деректен байқап отырғанымыз, Батыс түрік ұлыстарының Он оқ еліне, оның ішінде Бес түрік (дулу) және бес нүшбе тайпалық одақтарына бірігуіне себепкер болған Теліш қаған болып шығады. Әрине, мұндай реформаны жүргізгенде Теліш қаған Қытаймен ақылдасқан болар. Өйткені, осы кездің өзінде-ақ Түрік қағандары Қытай саясатының ықпалына түсе бастаған болатын.

Қытай деректеріне қарасақ, көп кешікпей-ақ қытайлықтар бұл аймақта өздерінің әкімшілік реформасын жүргізді. Олар былай дейді: «Мөкүн ұлысы Бөкен тұтықтығына, Түргеш Саға баға ұлысы Өрлік тұтықтығына, Түргеш Алаш ұлысы Кертау тұтықтығына, Күлік Күл ұлысы Тұзкөл тұтықтығына, Шеп-шад Тон ұлысы Екіөгіз тұтықтығына, Шаныш Шопан ұлысы Йынса тұтықтығына қарады және оларды билеуге Күнлиң, Мыңчы басқақтықтары құрылды. Бұрын оған қараған елдер дуандарға өзгертіліп, батыста Парсыға дейінгі шекаралық өлкелер Әнши басқақтығына қарады».

Ал енді Он оқ Түріктің ішінде біз тарихын әңгімелеп отырған бес дулудың немесе бес түріктің билеушілері кімдер еді дегенге келсек, тағы да қытай деректерінен төмендегідей жолдарды оқимыз: «Түрік бес чор еді: бірінші, Шөмекен Лы чор, екінші, Күлік Күл чор, Ашна Қара қызын соған ұзатқан, үшінші, Шеп-шад Тон чор, төртінші, Түргеш Қалаш чор, бесінші, Шаныш Шапан чор». Осы тәрізді бес нүшбені де билеушілер тағайындалды. Оларды Бес Тай іркіндер деп атады. Осылайша екіге бөлінгендеріне қарамастан, бұл бірлестік жоғарыда айтқанымыздай, Он оқ бодұн (Он оқ ұлысы делінді).

Ышбара Теліш басқарған бұл мемлекет жоғарыда атап көрсеткеніміздей, өзінің астанасын Мыңбұлақта орнықтырды.

 

 

2.3. Түркеш, қарлық қағанаттарындағы, Қарахан хандығындағы түркілер

 

Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған  болды. Қағандықтың территориясы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс аударып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрды. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларында өмір сүрген. Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, басты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын  Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпаларда түргештердің құрамына енген. Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы билеушісі бас қағанның  қолында болды. Үшелік қаған қағанатты   20 әкімшілік аймақтарға бөліп, әр аймақта 7 мыңнан әскер ұстады.

706 ж. Үшелік қаған қайтыс болып, оның орнына баласы Сақал қаған (706-711 жж.) отырды. Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. Ішкі тартыстардың барысында қара түргештер жеңіске жетіп, олардың көсемі Сұлу-қаған (715-738 ж.ж.) билікке келеді. Оның тұсында Түргеш қағанаты күшейіп, нығайды. Мемлекет астанасы  Талас (Тараз) қаласына ауысады. Сұлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы арабтарға қарсы жұмылдыруға мүмкіндік алады. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп арабтарға күйрете соққы берді. Бірақта арабтар 732 жылы түргештерді ығыстырып, Бұхара қаласын басып алады. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып Тохарыстанға дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орнына оның баласы  Тұқарсан  Құтшар қаған болды. Оның тұсында қағанат ішінде сары және қара түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді.

Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады.  Осы жағдайды  пайдаланған Қытай империясының Шығыс Түркістандағы билеушісі 748 жылы Суяб қаласын басып алып, содан кейін Шаш қаласының билеушісін жазаға тартады.  Оның баласы көмек сұрап, арабтарға барады. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде Зияд-ибн-Салық бастаған араб  әскері мен  Гао Сяньжи басқарған қытай әскерлері арасында 5 күнге созылған үлкен шайқас болды. Шешуші сәтте қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытай әскерлері ауыр жеңіліске ұшырады. Қытай әскері Жетісуды ғана емес,  Шығыс Түркістан жерін де тастап өз иеліктеріне кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ арабтар да Талас өңірінде тұрақтай алмай Шаш қаласына шегінді. Осыған қарамастан іштей әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды. Осыдан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі  Хазар қағанаты,  Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұқ мемлекеті пайда болды.  

Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек  тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй әулетінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ  тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.

VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш  тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Әмудәриядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы  Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды.

ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлады. Себебі Орта Азиядан саманидтер әулеті мен арабтардың шабуылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ қағандығының арасында  Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталды. 893 жылы  Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады.  Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар  940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.

Түркештер туралы ежелгі Қытай жазбалары көлемді мағлұмат бере қоймайды. Қытайдағы биліктің кезінде Түркештерді мойындамағаны, мемлекет ретінде оларға ерекше мән бере қоймағандығы осыдан байқалады. Ежелгі Дулулардың құрамында болған Бес ұлыстың бірі – Түркеш-Алаш чор (Ту Шишы Хелошы) ұлысы Іле өзенінің ортаңғы және төменгі аңғарында мекендегені белгілі.

Н.Мыңжанның еңбектерінде Түркештерге байланысты мынадай пікір айтылған: «Түркештер Батыс түрік қағанатындағы Бес арыс ел Дулаттың белді тайпасы болған. Дулаттар үйсін Күнбиі Елжаудың ортаншы ұлы Дулының (Далоның) үлесіне тиген он мың үйден өсіп-өрбіген. Дулы (Дұғлы) ұлысы дегеннен Дулат (Дұғылат) атанған. Демек түркештер ежелгі үйсін-дулы ұлысының ұрпағы. Дулат ұлысы заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдағы ежелгі үйсін заманынан Іле өзенінің өңірін мекендеген».

Біздің ойымызша, Н.Мыңжанның бұл пікірін қаз-қалпында қабылдау қиын. Зерттеулер Түркештердің шын мәнінде о бастан-ақ Ашына әулетіне жатпағанын көрсетеді, яғни Түркештер қара бұқарадан шыққан түркілердің ұлыстарының бірі болып табылады. Дулу одағын Ашыналар билегенін ескеретін болсақ, Түркештерді Дулудың ежелгі ұлыстары қатарына жатқыза алмаймыз. Егер олар Дулу одағына о бастан орныққан болса, әрине, бұрынғыша Ашына қағандарының билігін мойындай беретін еді. Бұдан шығатын қорытынды, Түркештер Дулу одағына кірме болып табылады.

Бұл сөзімізге Н.Аристовтың мынадай пікірлері куә бола алады деп ойлаймыз. Ол кезінде былай деп жазған болатын: Батыс Түрік хандарының иеліктерінде олардың орнын түргеш тайпасының рубасылары басып алды. Олар дулулардың бес аймағының құрамына кергештермен (қытайлықтардағы тукиши-хэлоши аймағы) бірге кірген еді. «Таң әулетінің тарихы» және Орхон жазулары бойынша түргештер түрік-тукюларға туыстас болып келеді. Олардың Алтайдан шыққан тамырлары қазіргі кезеңде чернево татарларында тиргеш және керген деген рулардың кездесуімен дәлелдене түседі. Тегінде түргештер Алтайдан қарлықтардан бұрын шықса керек. VІІ ғ. олар Тарбағатайдың батысында көшіп-қонып жүрген тәрізді.

766 жылы Жетісудағы билік қарлықтарға көшті. Шығыс түрік қағанатын талқандау барысында осы істе өздері белсенділік көрсеткен қарлықтар ұйғырлардың қысымымен амалсыздан өздерінің мекендеген аймағының (Ертістің жоғарғы жағындағы мекенді) тастап шығуға мәжбүр болды және Шу өзені аңғарындағы түргештердің астанасы Суябты және олардың мекендерін басып алды. Еске саларымыз, түргештер Батыс Түрік қағанатының дулулар аймақтары құрамына кірген болатын. «766 жылы олардың бір бөлігі қарлықтарға бағынуға тиіс болды, — деп атап көрсетеді Г.Грумм-Гржимайло, — басқа бөлігін ұйғырлар басып алды». Егер мәселені нақтылай түсер болсақ осы зерттеуші шабанға сүйене отырып былай деп жазады. «Қарлықтардың «он оқтар» (яғни дулу – Х.Г.) аймағын басып алуы чжэ-дэ кезеңінен кейін яғни 758 жылдан соң іле-шала жүзеге асырылды». Тан жылнамаларында қарлықтардың Батыс түріктермен әдет-ғұрыптарының ұқсастығы атап көрсетіледі. Алайда соңғылардың тілі қарлықтардан едәуір өзгешелеу еді.  «Он оқ будун» (дулу және нушиби) бірлестігі құрамына кірген түргештер, Түргеш қағанаты құрылған соң тұхси және аз деп аталатын екі жаңа бірлестіктер құрды. Қырғыз тарихшысы Т.Акеровтың пікірінше, аздар түргештер құрамындағы ең күшті тайпалардың бірі болды. Шындығында да ол туралы түргештердің шығыс түріктермен күрестері және аз халқының түргештердің тікелей одақтасы болғаны туралы деректер де әңгімелейді. Аздар қарлықтар Жетісуда өздерінің мемлекетін құрған кезде олардың да құрамына кірді. Тұхси және аз тайпаларының Т.Акеров отыз оғлан және аздар конфедерациясы деп ойлайды. Бұлар тарихи тұрғыдан нушибилердің және дулулардың он оқ бірлестіктерімен тығыз байланысты еді. Дулулардың тайпа көсемдері «чор лауазымына ие болғандықтан, ал отыз оғландардың билеушілері «қара чор лауазымын алатын болғандықтан, аталмыш зерттеуші дулу және отыз оғлан тайпаларының арасында тікелей байланысы бар деген ойға жүгінеді. Отыз оғлан тайпасын ежелгі түріктер шығыстан алып келген еді, және кейінрек те отыз оғландар батыс түріктердің құрамына кірді. Тұхси, аз, отыз оғлан, чигил, қарлық, яғма – осы тайпалардың барлығы қарлықтар мемлекеті құлаған соң Қарахан қағанатын құрды.

Таң империясы көшпелі тайпаларға байланысты «бөліп ал да билей бер» принципін ұстанды. Осылайша, түркі тайпаларын біріне бірін қарсы қойып, Қытай ежелгі Моңғолияны мекендейтін барлық дерлік тайпаларды тәуелді етті. Қарлық тайпасының осылайша бағыныштылықты қабылдап, және Қытайдың түргештерге қарсы күресінде пайдаланылғанын «Таң-шу» мәлімдейді. «Гайюанның (715 ж.) билігінің 3 жылының төртінші айында басыбайлықты қабылдау үшін гэлолудың үш түрік руы келді». «Он оқ руларынан шығыстағы бес дулу және батыстағы бес нушиби сарайдан оларды бодандыққа қабылдауды өтінді. Дамо Дэуцзиньчжусда басты билік жасайтын Гэлолудың, Хувушудың және Нишидің үш ұрпағы, Иншанда басты билік ететін Мулофуги Сюан-чида басты билік ететін Ташили Хуби өздерінің қоластындағылармен Қытайға бодан болды. Оларды Алтай тауларына қоныстандыруға нұсқау берілді». Айтылғандардан мынадай қорытынды туындайды: жоғарыда аталған есімдер қарлық аймақтарының ру басылары яғни қарлықтар кезінде қытайлықтардың бодандықтан босанып шығып енді он оқ руларының (дулулардың) көмегімен немесе дулулардың үлгісімен қайтадан бағыныштылыққа өтініш жасаса керек. Ал енді мұнан әрі не болды дегенге келер болсақ, «кейініректе (қарлықтар) оңтүстікке қарай «яғни Қара Ертіске, Тарбағатайға және Тян-Шанға» жылжыды және өздері үш ру атауын алды. Олардың әскерлері күшті болды және соғысқа бейім еді…».

VШ ғасырдың ортасына қарай қарлықтар екі бөлімге бөлінді. Олардың бірі Ханғайда орналасты, екіншісі – үлкен тобы Алтай мен Шығыс Тянь-Шань аралығы жерінде өмір сүріп жатты. Қарлықтардың түргештермен өзара теке тірестері де аз болған жоқ.

“ГАРЛЫК [га:рлык] – древнетюркское племя, упоминаемое еще в орхонских надписях ҮІІІ в.; род племени арабачы. Этноним встречается в арабских источниках в форме харлух, персидских — халлух, китайских — гэлолу [Бартольд. -Т. 1. -С. 547]. В древнетюркское время (ҮІ в.) этнос имел и второе название – үчогуз ‘три общины’, ‘три (разных) племени’. [Гумилев, 1967, с. 61-62]. Махмуд Кашгари считает их (карлуков) туркменами [МИТТ. -Т. 1. -С. 312]. В состав туркмен в Х-ХІ вв. входила часть карлуков [Росляков, 1955, с. 84, 89; Еремеев, 1971, с. 94]. Даже семиреченские карлуки называют себя туркменами, часть их в средние века жила в районе Гарлык Чарджоуской обл. [Росляков, 1962, с. 18]. По версии, приведенной Рашид-ад-Дином, Огуз-хан часть своего иля, которая из-за обильных снегопадов отстала от основной массы кочевья, назвал именем карлук ‘снеговик’. “Все племена карлукские явились от рода этих людей” [МИТТ. — Т. 2. -С. 498]. Нам кажется, наиболее приемлема следующая этимология этнонима: гарлык от гар-ыл-ык, где гар— основа глагола гармак ‘смешать’, —ыл — показатель страдательного залога глагола, —ык — имяобразующий аффикс, т. е. ‘смешанный род’, ‘конгломерат’. Это же значение этнонима гарлук или гаралук отмечено Г.Дёрфером. По его мнению, gar ‘смешивать’ + a + lyg – аффиксы масдара и имени, указывающего на свойство >gar-a-lyd ‘смешанный’ [Deorfer, 1967, s. 385]”.

С.Атаниязовтың “қарлық” немесе “гарлук” этнониміне байланысты осы шолуларында оның бұл этнонимнің мағынасына байланысты Г.Дёрфердің пікіріне сүйенуі назар аудартады. Бұдан түсінетініміз, “басмыл” этнонимі де, “Қарлық” этнонимі де “аралас” деген бір мағынаны аңғартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ІХ-ХІІІ Ғ.Ғ. ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА КӨШІП-ҚОНУЛАРЫ

 

3.1. Моңғол үстіртіндегі тайпалардың Қазақстан

аумағына ығысуы

 

 Алтай-Саян және қазіргі Моңғолия территориясын көптеген Түркі және Моңғол тайпалық бірлестіктері мекендеген еді. Алайда, Шыңғыс ханның батысқа қарай жылжуы Түркі тайпаларының орналасу аймақтарын сапалы түрде мүлде өзгертіп жіберді. Жалпылама атап айтар болсақ, Моңғолдарға көрші Түркі тайпалары Меркіттер тайпалық бірлестік ретінде көп кешікпей-ақ жойылып кетті. Олардың қалдығы 1216 ж. қазіргі Қазақстандағы Торғай өзенінің бойында Шыңғыс ханның баласы Жошы әскерлерінің қанды қырғынына ұшырап, бытыраңқы түрде осы маңда қалып қойды. Ал Моңғол мемлекетінің солтүстік шығысында Керулен мен Онон өзенінің орта ағыстарын мекендеген Жалайырлар болса көптеген тарихи шырғалаңдардан кейін ақырында Жетісу жеріндегі кейініректе қазақты құраған Түркі тайпаларының құрамына келіп орнықты.

Кезінде тарихи деректерде Отыз татарлар деген атпен әйгілі болған Керуленнің оңтүстігіндегі ұлы даланы мекендеген Татарлар 1202 ж. Шыңғыс хан ұйымдастырған қырғыннан кейін тоз-тоз болып ыдырап, Моңғолдарға қосылып кетті.

Тарихи деректерде Хонгират (Қоңырат) деген атпен мәлім болған Моңғол мемлекетінің оңтүстік шығысын жайлаған, Үлкен Хинган тау жоталары бойындағы тайпалық бірлестік батысқа қоныс аударып, кейініректе қазақтың Орта жүзін құраған іргелі тайпаға ұласты.

Тарихи деректерде Оңғұттар деген атпен мәлім болған Моңғол мемлекетінің оңтүстік шығысын мекендеген Хонгираттарға көрші тайпалар да дүрбелең барысында батысқа жылжып, қазақ жеріндегі Уақ деп аталатын іргелі тайпаның негізін қалады. Моңғол мемлекетінің бел ортасында орналасқан кезінде, 1203-1204 жж. дейін Орхон өзенінің бастауларын жайлаған Керейттердің тағдыры аса күрделі. Моңғол жаулауының барысында олар да батысқа қоныс аударып, екіге бөлініп кетуге мәжбүр болды. Қазіргі қазақтың Жетіру тайпалық құрылымындағы Керейттер және Орта жүздегі Керейлер осы тайпалық бірлестіктен бастау алғанын ғалымдар дәлелдеп жүр.

Осындай күрделі этно-саяси процестерді зерттегенде және оларды сипаттағанда бүгінде қазақ халқын құраған көптеген тайпалардың атауларын, яғни этнонимдерін анықтап алу басты міндетке айналып отырғаны тарихымыз үшін құпия емес. Өйткені, біз жоғарыда атап кеткен Моңғол қыратындағы және Алтай-Саян өңірлеріндегі көптеген тайпалық бірлестіктер және тайпалар өздерінің кейбір атауларын сақтап қалғанын байқаймыз. Біздің заманымызға дейінгі Үйсіндер мен Қаңлыларды айтпағанның өзінде, біздің заманның алғашқы ғасырларындағы Дулга, Дулу, Тэлэ, Оғыз-Наймандар және тағы басқа этнонимдер кейіннен қазақты құраған көптеген түркі тайпаларының тарихи тамырларына алып баратынын байқар едік. Бұл әсіресе, Моңғол жаулауы қарсаңындағы Моңғол қыратындағы этникалық құрылымдарды зерттегенде айқын көріне бастайды. Енді тарих  сахнасына қазақты құраған түркі тайпаларының орта ғасырлардағы бабалары Жалайырлар, Меркіттер, Қоңыраттар, Керейлер және тағы басқалар шығып, олар тайпалық бірлестіктер, тіптен шағын мемлекеттер ретінде бой көрсетті. Алайда бір өкініштісі, тарихымызда осылардан бастау алған қазақты құраған түркі руларының қалыптасу тарихы әлі де толық анықталмай отыр

ІХ-ХІІ ғасырларды Моңғол үстіртінде мекен еткен тайпалрдың бірі Керейттер. Көне Ханзу жазбаларында керейттер 7-ІХ ғасырда Байкөлдің солтүстігінде Орман елімен аралас-құралас тұрып ІХ ғасырдың соңында басқадай көшпенділер қатарына моңғол даласына ойысқан деп көрсетеді. Н.Аристов Керейт тайпасы ханзу жазбаларында ІХ ғасырдан белгілі болды деп жазады.

ХІ-ХІІ ғасыр аралығынад керейт тайпасы Яг Явган /заг завх/ Сэлэнгэден Моңғол шөліне дейінгі сайын далада, батысында Найман, солтүстігінде Меркіт, оңтүстігінде ехелгі Моңғолдар, шығысында Таңғұттың Ся мемлекетімен іргелес жатқан белгілі тайпа бірлігі болды. Керейт хандығы  төмендегі сегіз тайпадан құралған. Олар: кереіт, жөркін, қоңқайт, сақайт, тұмауыд, албат, түнкайд және киркун деп аталатын  . «Керейт» атауы бір тайпаның атауынан шыққан деген  Рашид-ад-диннің пікірінен  туындацды. Бұл туралы Рашид-ад-дин былай дейді: «Ертеде бір ханның сегіз ұлы болыпты, сегізінің өң-түсі қара-торы екен. Сондықтан оларды керейттер /қара торылар/ деп атайтын болған» .

 

 

3.2. Найман және керей тайпаларының батысқа жылжуы

 

Найман – қазақ  халқының құрамындағы ірі тайпалардың бірі. Наймандар ХІІ ғасырда Ертіс пен Орхон өзендерінің аралығын қоныс тепкен түркі тайпаларынан саяси, мемлекеттік бірлестік құрды. Найман ұлысы Шығыс Қазақстан мен батыс Монғолияны алып жатқан Алтай мен Хинган таулы өлкесіне орналасты . Рашид ад-Диннің мәліметі бойынша наймандар Селенга мен Орхон өзендерінің жоғарғы ағысындағы шығысынан батысына дейінгі жерлерден  Тарбағатай тауларына дейін, солтүстікте Танну Олдың оңтүстік шығысынан Алтай тауларының шығыс бөліктеріне дейінгі территорияларда мекендеген. Олардың батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, солтүстігінде Ертіс пен Енисей өзендерінің аралығындағы – қырғыздар, ал шығысында – Тола алқабын, Орхонның орта ағысы ауданын және Оңғын бассейнін алып жатқан керейттер мен монғол тілдес меркіттер болды . Қытай жазба деректерінде Найман атауы ХІІ ғасырдың І ширегінен бастап кездеседі.       Найман Ұлысы Моңғол үшін «өкілі ұл», «өкілі әке» ретінде қыры мен сыры толық танылған Керейт емес, Таян мен Шыңғыс үшін «жасынан асық ойнап, сақа атып, анда болысқан » Жамұқа емес, найман деген шынымен моңғолдар үшін қыры мен сыры толық танылмаған құбылыс болатын. Моңғолдар үшін олар сырт жауы саналатын . Моңғолдар наймандармен 1202 жылы бір-ақ рет айқасты, оның өзінде өз мүддесі үшін емес, найманда кеткен біреулердің намысы үшін соғысты. Міне сондықтан Шыңғыс қолы найманға қарсы жорыққа аттану үшін әскери күрделі дайындықтан өту қажет болды.

1204 жылы наймандарға қарсы аттанғанға дейін Шыңғысханның әскери тактикасы  топтық жүйеде құрылған болаты. Шыңғыс хан найман жорығының алдында өз қолын алғаш рет ондық, жүздік, мыңдық және сексен жатақ деп жүйеге орнықтырып,  олардың әрқайсысының басшыларын тағайындаған.

Шыңғысхан Моңғол территориясындағы ішкі тайпалардың басн құрғанда оған қарсы шыққан топтар найман ұлысына келіп бас сауғалаған.  «Наху хон» шайқасы қарсаңында меркіттің Тоқтыбегі, керейттің Әлен тайшысы, Хутугбек бастаған ойрат тобы, жажирдай тайпасының Жамухасы, татар төрттігінің өкілдері, хатагин және салжиуд тайпалары найманның қол астына біріккен болатын . 

Тарихта «Наху хон» шайқасы аталатын бұл қақтығыс Шыңғыс қолының жеңісімен аяқталды. Таян хан ауыр жарақаттанып қолға түсіп, елу бір жасында дүниеден өтті.

Наху хон жеңісі Шыңғыс ханға үлкен абырой әкеліп қана қоймай оның көкейіне үлкен үміт отын ұялатты. Найманды бағындыру арқылы Моңғол үстіртіндегі киіз туырдықты барлық халықтың басын біріктіру процесі аяқталды. Бұл жеңіс жаңадан бас көтере бастаған келешек Моңғол мемлекеті үшін алатын орны ерекше болды.

Наху хонда Шыңғыс ханның қолынан жеңілуі Наймандар үшін қатты соққы болды. Әбілғазының «Түрік шежіресінде» айтылғанындай Наймандар «Бірі қалғанша соғысып, бәрі де өлгенмен» көп қырғын болғаны анық. Бұрын екіге бөлінген найман елі енді үшке  бөлінді. Бір бөлігі Моңғолдарға бағынышты болып, ата мекенінде қалып қойды да, кейін Найман жұртына қоныс аударған ойраттарға сіңісіп кетті. Моңғол-Ойрат тарихшысы Ч.Дала «Юань тұсындағы Моңғолдар» атты еңбегінде Өлет және Захчиндардың арғы тегі Наймандардан, олар өздерін үш өзен бойындағы ежелгі Моңғолдармен де етене жақын санаймын» деп жазылуы жоғарыда айтылғанымен тікелей байланысты.

Енді бір бөлігі Ертіс, Зайсан, Марқакөлге қарай бет алды.

Күшілік Шыңғыс қолынан жеңілгені рас, бірақ ол басқалар сияқты Шыңғысханға мойынсынбады, соғыссыз берілмеді, қарсылаумен болды.

Керейттер Моңғол үстіртінде феодалдық биліктің алғашқы сатысындағы хандық билікті құрды. Көшпенділер сияқты керейт ұлысында айшықты шекара болмағанымен Орда тігер орны, қыс қыстау, жаз жайлауы белгілі болып отырды. Бұл кезеңде Керейт ұлысын Маркуз Бұйрық хан биледі. Ішкі рулар әскери жүздік, тайпалар мыңдыққа бөлініп, оларды жүз басы, мың басылары басқарды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды, ал мың басы, жүз басы болып ру, тайпа басылары немесе олардың әйгілі батырлары аталатын болған.

Керейттер Маркуз Бұйрықтың тұсынан ежелгі моңғол тайпаларымен етене жақын  достықта болды.  Бірақ Цзинь /Алтын/ мемлекетінің билігіндегі шығыс көршісі татарлармен жайы жараспады. Екі тайпа көп дауласты. Ақыры татарлар керейттің Бұйрық ханы Маркузды аңдаусызда қолға түсіріп, Цзинь елінің қолына тапсынып, ақыры сонда ағаш есікке таңылып өлтіріледі . Керейлер татарлардан өш алуға бел байлайды да, Маркуз Бұйрықтың немересі Тоғрил Темужинмен бірлесіп татардың  Мәгжун – султ ханын өлтіріп, сол бір ерлігі үшін шүршіттерден «Ваңхан» лауазымын алған. Тоғрилдың інісі таққа таласып, керейт елінде қос билік пайда болады.

Бұл туралы:

Екі күн шықса аспанда

Құрлық құрғап қалмай ма?

Екі хан шықса тақтарға

Еліңнің бағы таймай ма?

— деп «Шыңғыс ханның өмір дастанында» атап көрсетілген. Осындай аумалы-төкпелі тұста Тоғрилдың інісі Ерке-қара көмек сұрап найманға барады. Сөйтіп ол Найман елінің көмегімен Ваңханна билікті аударып, алады. Ваңхан есугей батырдан көмек сұрап, Есугей батыр қолымен керейт елін Ерке-қарадан азат етіп, билікті Тоғрилдың қолына қайтарады . Енді Тоғрилға әкесі Куржакуз Бұйрықтың інісі Гур хан қарсы шығады. Ағасының көз жасы қатып, көккірек мұңы шайылмай жатып, өз аға-бауырларыңды өлтірдің деп ашуланып, Тоғрилды елден қуып шығып, өзі билікті қолына алады. Бұл жолы да керейт елінің ішкі билігін орналастыруға моңғолдар араласады.

Гүр ханмен болған шайқаста Тоғрил жеңіліп, жүз адаммен қашып құтылып, моңғолдардан пана іздеген ол Есукейге барады. Есукей оны жылы қабылдап, Туланың Қара орманында ақ сарбас айтып,  «айнымас дос» болысып, кешікпей Тоғрил мен моңғолдардың біріккен қолы керейттің Гүр ханына қарсы аттанып, оны биліктен тайдырып, орнына Тоғрилды қайта отырғызады. Осы кезден бастап керейт елінің билігі Тоғрил Ванханның қолына бір жолата өтті.

Моңғолдар мен керейлердің достастығы немесе андалық   қатынасы Хамаг билеушісі Бартанбатыр, керейт ханы Сарықтың тұсында басталған. Сарық хан Хуридай батырдан жеңіліп, арып, шаршап келе жатқанда моңғолдар Сарық ханның адамдарына қол ұшын беріп, адам басына он-оннан ат мінгізіп, аттандырған . Ал Сарық хан моңғолдармен мәңгілік достықта болуды ұрпағына өсиет қылып қалдырған.  Осыған орай 1178 жылы күзде келген Шыңғысқанның Тоғрилға келіп, оның қалыңдығы Бөртені меркіттердің алып кеткендігі жөнінде баяндайды да, одан қол ұшын беруді сұрайды.  Тоғрил хан андаға берген антында тұрады. Шыңғыс хан андалы болған Жамұқа досынан да көмек сұрайды. Сөйтіп меркітке қарсы аттанған үштік одақ /Тоғрил-Жамуқа-Тимучин/ Селенга өзенінің бойындағы меркіттерді түгелдей қырады.

Темучин Керейт, Жажирайдың күші арқылы Меркіттің күлін көкке ұшырып, аяқ асты атақ даңққа ие болды. Осы тұстан бастап Темучиннің айналасындағы тобыры көбейе түсті.

Темучиннің ауылы Цэнхэр өзенінің Қара Жүркеннің Көк нуур деген мекенде отырғанда Хотол ханның ұлы Алтын, Жүркеннің ұлы Сача Бек және Хучар үшеуінің пікірі бойынша 1189 жылы Темучинді хан көтеріп «Шыңғысхан» лауазымын  береді.

А.Амардың жазуына қарағанда Керейттер қазіргі Тула өзенінің шығыс жағалауын мекендеген, қазір қойнаунда Моңғолияның астанасы Уланбатор қаласы орын тепкен әйгілі Богда тауы Ваңхан сонда мекендегендіктен «Хан тауы» атанған көрінеді . 

Керейт елі қала, қамал салуды үйрене бастады. Әйгілі Қарақорым   ХІІ ғасырда керейлардың бас қаласы болды. Керейттің белгілі қаласының аты Түндік. Ол Орхон өзенінің сағаснда болған. Л.Р.Қызыласов керейттер моңғол шөлінде Цэцэй тауының қойнаында бір қала тұрғызғанын ол қаланы кейін Шыңғыс хан талқандағаны туралы мәлімет береді .

Жоғарыда айтылған керейттердің отырықты мекендері, ал жорықта сегіз дөңгелекті хассақ арбаға тиелген, есік, кереге, уық, шаңырағы алтынмен көмкерілген орда немесе «Алтын үйде» отырған. Ол алтын ерге мініп, алтын тостағаннан ас ішкен. Ваңханның Идэрхэн деген елшісі ер тұрманы алтынна құйылған қара сәйгүлікпен жүргені туралы айтылады . 1203 жылы Бұйра көл маңындағы Жер қыпшал атты мекеннің кіре берісінде Шыңғыс хан және Ванхан қолының арасында болған ақтық шайқаста жеңіліп, оның жоғарыда аталған барлық дүние мүлкін Шыңғыс хан олжалаған. 

Керейт елінің тағдыры 1203 жылы күз айында болған  Жер қыпшал шайқасында шешілді. Бұл шайқаста шынымен Ван ханның күші Шыңғысхан қолынан басым болды. Жалғыз ұлы Сангум осы жолғы шайқаста бетінен жараланып, қасырап жатқанына ызаланып Тоғрил «Жеңілмейтін жерде жеңіліп, жау оғы дарымайтын тұста дарыған-ай! Баламның жауда кеткен кегін қайтару үшін дереу шабуылға шағайық» дегенде Ванханның бас уәзірі: «Уа қазіретті хан ием бір жолға райыңыздан қайтыңыз. Барлығымызға да оңай тиіп тұрған жоқ. әуелі Сангумның жарасын жазып алайық. Жамуха, Алтын, Хучар бастаған моңғолдардың көпшілігі біздің қолымызда тұр. Темучинге бет бұрғандары қайда барар дейсіз. Оларда енді барар жер, басар тау қалмады» — деген уәж айтып Ваңханды райынан қайтарды. Сол кезде Шыңғыс хан уақытша шегініп өз қолын қайта реттеуге мүмкіндік алады. Соның арқасында ол керейттерді жеңеді. Жеңіс Шыңғыс хан үшін жаңа мінбеге көтерілуіне мүмкіндік әклсе, Керейт ұлысы үшін олардың көне моңғол жеріндегі тарихының ақыры болды. Осы кезеңнен бастап моңғол тарихында керейт ұлысы туралы қайтып сөз болмайды.

Моңғол жазбаларынан тіптен олардың моңғол жерінен көшкен ізіне байланысты ешбір дерек таба алмаймыз. Керісінше онда «Керейттерді тай тұяғы қалдырмай бөлісіп алғаны» жайлы сөз болады .  Сонда қалай, керей деген ат төбелінде тайпа моңғолдарға суша сііңіп кетті ме? Қазіргі қазақ ұлтын құрайтын керейлер және ІХ-ХІІ ғасырда моңғол даласын дүр сілкіндірген керейт тайпасының арасында этностық және тарихи қандай жалғастық бар? «Керей» және «Керейт» аттарын неге айырып жазып келді? Осы сауалдар әрбір тарихшыны толғандыратыны рас.

Керейттер моңғол жеріне шығыс Сібір, Кем өзенінің бойынан қоныс аударғаны туралы біз басында айтып өттік. Г.Е.Грумм-Гржимайло Х ғасырда шығыс Сібірден Халха жеріне моңғолдармен қатар әуелі Бикин одағы, соңынан Найман, Керейттер келіп қоныстанды деп жазады.  Бөгде жұрттан ауып келгендігінен болар керейттер Бодынчар әулеті үшін жат ұрпақ екендігі «Моңғолдың құпия шежіресінде» ашық айтылған .

Ал шыққан ізіне келсек «Сібір жылнамаларында» «Керейттің Зайсан, Алтай, Ертіске бет бұрған көші туралы»  деп келтірілген. В.В.Бартольд болжамы бойынша Щыңғысханнан жеңілген керейттер тіптен «Елдің батысына емес, шығысқа қарайбосқан» деп хабарлайды . Аталмыш болжамды жоққашығаруға болмайды, себебі керейттер үшін Шыңғысханмен айқасып жеңілген тұстабатысқа барар жолы жабық еді. Моңғол үстіртінің батыс шебі Моңғол-керейт одағының  ежелгі қарсыластары Найман және оларға келіп қосылған меркіт, Ойрат, Жажирдай одағының қарамағында болды.

Ал қазіргі қазақ ұлтының бір бөлігі – кіші жүздің жеті руының құрамындағы керейт, 1203 жылы Шыңғысханнан жеңіліп, бытыраған крецттердің тікелей ұрпағы екені дау тудырмайтын сияқты.

Бақат руының шежіресі — Абақ керейдің ата-тек шежіресі

Абақ керейдің ата-тек шежіресі Абақ керей 12 атаға бөлінеді.

Бұл бөлініс Қытай қарамағына өткен кезден басталады. Абақ керейдің қайдан, қалай таратылатыны туралы шежірелер көп және оларда бірізділік жоқ, яғни «әркімдікі өзіне жөн» дегенге саяды. Ойғырлық Мәсәли, Дөйтен, Сахария қариялардың мақұлдауы негізіндегі атам Жанаттың (А.Ж) жазып қалдырған шежіресінде Абақтан Изен, Жусан. Изеннен Мағыналы, Сидалы, Жабайды таратады. Мағаналыдан Қойлау, Байлау делінеді. Қойлаудан-Ителі. Абақ Керейдің ішінде ителі руы «ноқта аға» аталады. Ноқта ағаның жолы- ертеде ел көшкенде көсем түйені жетелейді және дастарқанға бата беру, табақтағы сыйлы мүшені кесуде басымдылық беріледі. Байлаудан жәнтекей, жәдік, шеруші рулары тарайды. Сидалыдан жастабан, шимойын, көнсадақ рулары тараған. Жастабан руы негізінен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Шұбартау (қазір Аягөз ауданының құрамында) ауданын мекендейді. Керей Алтайға бет алғанда Қабанбай батыр мен Ақтамберді батыр жыраумен дос-жар Шақантай, Нұралы батырлар найманнан қоныс алып, мекендеп қалған делінеді. Кейіннен бұл өлкеде Абай елі тобықтылар қоңсылас болады. Жастабан-белгілі ғалым-жазушы Мұхтар Мағауиннің елі.Жабайдан қарақас, молқы, сарбас рулары тарайды. Мағыналының қызы Мәулімнен шұбарайғыр тарайды делінеді. Шежірешілер шұбарайғырды керейдің жиені, меркітті жиеншары еді деп қиыстырады. Меркіт – бұдан сегіз жүз жыл бұрын, яғни Шыңғыс хан  заманына дейін-ақ Байқал көлінің оңтүстігінде қуатты жеке мемлекет  құрған ел болса, ол қалай Керейге жиеншар болмақ.. Шыңғыстың меркіт билеушілеріне деген жеке бастық өшпенділігі салдарынан 1204 жылы қырғынға ұшырап, жеңілген меркіттер Сарыарқаға қашқандығына, 1216 жылы Жошы әскері қазіргі Ырғыз-Торғай өлкесінде Сүбедей әскерінің меркіттерді толық талқандағандығына тарих куә. Осы қырғыннан аман қалған меркіттің азғана бөлігі кейінен керейдің құрамына қосылса керек. Он екі руға бөліну Көгедай төре тұсында, Мәнжі қытайға бағыну  кезеңінен бері пайда болса керек. Шындығына келгенде Он екі керейге бірде шимойынды, бірде, жәнтекей ішіндегі құлтайболатты жатқызуы осыны меңзейді. Әр рудың өз таңбасы, ұраны бар. Олар әр рудың жоңғарларға, кейіннен қалмақтарға қарсы күрескен батырларының есімдері:

  1. Ителі (Бұқарбай)
  2. Жәнтекей (Шақабай)
  3. Шеруші (Байтайлақ)
  4. Молқы (Машан)
  5. Қарақас (Қаптағай)
  6. Меркіт (Құлсары)
  7. Жастабан (Жобалай)
  8. Көнсадақ (Жабай)
  9. Шұбарайғыр (Қожаберген)
  10. Сарбас (Сарытоқай)
  11. Жәдік (Жанат)
  12. Шимойын (Әлмембет)

Шеруші руының ұранына айналған ұзынмылтық Байымбет  ұлы Байтайлақ батыр-Ер Жәнібектің қарулас серігі болған. Керей Байтайлақ батырдың  зираты делінетін төбешік Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы орталығы Талшық кентінің Жаңауылға бұрылған жолайрығы маңындағы қоқыс төгетін орын (свалка) маңына таяу жатыр. Мұны әлі де айқындау қажет. Байтайлақ Семей өлкесінде, Ер Жәнібектің қасында жерленген деген де пікірлер бар. Байтайлақ пен оның баласы Шұбаш батырлар шеруші руын билеген. Кейіннен Ақтай билікті қолға алды.Қожаберген Жәнібекұлы – шұбарайғыр руынан шыққан батыр. Көбінесе осы Абақ Қожаберген батырды Ашамайлы Қожаберген Толыбайұлымен жаңылыс атау кездеседі. Ашамайлы Қожаберген әйгілі батыр, жырау. Атақты әнші Сегіз серінің ұлы атасы. Абақ Қожаберген ойраттың азаткер батыры Амырсанамен жас жағынан шамалас екендігін білеміз.Шеруші руынан шыққан Байғара ұлы Киікбай батырдың бейіті Ақмола облысының  Атбасар ауданында Сергеевка селосы маңында делінеді. Қалай болғанда да Киікбай батырдың  Қазақстанда жерленгені даусыз.Жәдік, жәнтекей, шеруші  рулары туыстас, қанаттас аталады және оларға берген халық мінездемесі де тәмсіл болып айтылады. Жәнтекей- Абақ керейдің жартысынан көбін құрайды. «Керей бұзылса жәнтекейге сыяды, жәнтекей бұзылса, керейге сыймас»,- деген сөз бар.Жәдік баласы: 1.      Мәлік 2.      Жанат 3.      ИтемгенЖанаттан тарайтын рулар: байқазан, жақай, қостай, жарасбай, мұңал, тілел, қыдыр, боқай.Мәліктен тарайтын рулар: байғара, баян, құланбай, көтен.Жәнтекей баласы:1.      Сүйімбай2.      Сүйіндік3.      Сүйіншәлі Сүйімбай баласы:1. Самұрат2. Құты3. Сәмембет 4. Бөкес (Елгелді руы тарайды….Сейсенбай-Самбай-Абай)5. Төлеке (Есіркеп руы тарайды)               Сәмембеттен тарайтын рулар: атантай, есентай (барқы, базарқұл, шақабай, түктібай, қыстаубай,т.б.), есембай, 6 тасбике, (ақша, бөрте, қаржау, жаман, сары, елібай), есағасы, қазыбек.                Тасбике Ақшадан: Байғон, Байғоннан: Бәйтерек, Бәйтеректен: Байжан, Байжаннан: Уанған Жуанышбай (Қағай), Орайхан, Тоқай, Қуанық. Қағайдан: Абай, Бадай, Шәкерхан, Абзалхан. Орайханнан: Шәмен, Шеріхан, Қанағат. Тоқайдан: Кәмен. Кәменнен: Мұрат, Талғат. Қуандықтан: Шәпен, Жеңісхан, Сепей (Қажыұлы Жанаттың зайыбы). Шәпеннен: Атқазы.         Сүйіндік баласы: 1.      Алты2.      ҚалкеСүйіндіктен тарайтын рулар: жайлау, күнту т.б. Алтыдан: Сары. Сарыдан Бердәулет. Бердәулеттен: Жәнібек батыр. (Керей Ер Жәнібек) Жәнібектің қызы Ермекті (кей деректерде қарындасы) Тобықты Ырғызбай алған. Ырғызбайдан Өскенбай. Өскенбайдан: Құнанбай одан Абай    туады.Сүйіншәлі баласы: 1.      Қожамжар2.      Барақ3.      Секел4.      Бұлантай.Қожамжардан: Ботағара, Әйтімбет. Әйтімбеттен: Қаражан. Барақтан: Қангелді, Тайлақ. Бұлантай. Бұлантайдан: Көбек.

 

3.3. Меркіт, Қоңырат, Жалайыр, Уақ тайпаларының орналасуы

 

Меркіттердің түп төркіні қайдан, тағдыры қазақпен қалай қабысты? ХІІ-ХІІІ ғасырларда Шыңғысханмен бетпе-бет айқасып, Моңғол үстіртін дүр сілкіндірген сонау жауынгер Меркіттер мен қазіргі қазақ керейінің құрамындағы Меркіттің этногенді қандай жалғастық жатыр? Деген сұрақтар өз шешімін әлі күнге дейін таппай келеді.

Меркіттер ХІІІ ғасырдың басына дейін Моңғол үстіртін мекендеген және өзіндік ат атауы, ата тегі, тайпалық билеушісі бар ежелгі халықтардың бірі болды дедік.

Рашид-ад-Диннің айтуына қарағанда Меркіттер бір кезде ерте феодалдық мемлекет дәрежесіне көтеріліп, өзіндік ханын сайлаған халық болыпты. Бұл болжамды Моңғол деректері де растайды. Моңғол тарихшылары Меркіт ішінде «Хаад Меркіт» атты тайпа болуын Меркіттердің ертеде өзіндік ханы бар ел болғандығының белгісі деп таниды.

Ляо мемлекетінің тарихында Меркіттер туралы кейбір айшықты мәліметтер кездеседі. Онда айтылуына қарағанда Меркіттер басында Кидан билігіне қарсы бірнеше рет бас көтереді, бірақ жеңіледі. ІХ-Х ғасыр алмасу дәуірінде Қидандар Моңғол үстіртінде толық билік құрған тұста Меркіттер «Цзу-бу» одағы деп аталатын он сегіз тайпа қатарында Қидандарға басы байлы болады.

Шүршіттерден  жеңіліп, батысқа бет бұрған Қидан ханы Елюй Дашидың шақыруымен 1223жылы Жен-Жуде Цзубудың он сегіз тайпасы бас қосқан кеңеске Меркіт тайпа басы да қатысқан.

Бұл жауынгер тайпа ХІІ ғасыр соңы, ХІІІ ғасырдың басында әуелі Хамаг Моңғолдарға, соңынан Шыңғысхандық Моңғол билігіне қарсы көрсеткен қайсар қарсылығы арқылы тарихта белгілі із қалдырды. Осы оқиғаларды қамтитын барлық тарихи жазбаларда Меркіттердің асқан ержүректігі, қайсар батылдығы және жеңісімен ұтылған тұстары туралы сөз болады. Бірақ бүгінгі күнге дейін Меркіт атауының шығу тегі туралы еш жерде жазылмаған.

Түймежүн әйтеуір көзін ашқаннан осынау жаужүрек Меркіт, қалыңқол татар, қаптаған керейт, іргелі наймандармен болған қақтығыстарда қабырғасы қатайды. Соғыс, қантөгістің қыры мен сырын солардан ұқты, соғыс айла тәсілін сонда шыңдады. Меркіт мергендерінің зуылдаған жебесі Түмежүнге талай төніп келді, бірақ ол қызыр қолдап, аман қалды.

Моңғлдар үшін Меркіт жат жаладан екенідігін айқындайтын, бірақ бұрын соңды соншалықты мән берілмей келген. 1178 жылы күзде Меркіттер ата кегін еске алып Тимучиннің жаңа түскен қалыңдығы Бөртені күшпен қолға түсіреді. Тимучиннің жаңа түскен қалыңдығы Бөртені күшпен сұрап, Керейттің Ванханына келіп жолығып, ықылас батасын алған соң, екі інісін Жажырдай тайпа басы Жамұхаға аттандырады. Тимучин бұл кездесуінде Керейт ханы Ванханның «Әкесімен етене жақын дос болғандығын» алға тартса, Жамұхаға жолдаған сәлемінде «Түпкі тамыры бір туыстығын» алға тартып, Меркіттерді ортақ ата жауымыз деп көрсетеді.

Меркіттер соғыста қолға түскен тұтқынды ара келісім арқылы қайтарытын болған. Бұл меркіттердің саяси құрылымы ұсақ тайпа қақтығысы деңгейінен біршама жоғары сатыға көтерілгенінің белгісі деуге болады. Бірде қолға түскен жас Тимучинді Меркіттер осынау салты бойынша төлем алып, Боржығындарына қайтарғаны туралы мәліметтер бар.

Мерткіттер шапқан жауға қарсы тұру үшін бекініске ыңғайланып, кішігірім қала, қалашықтар салған. Меркіттердің бұрыңғы ата мекені Селенгэ бойында қидандар іргетасын қалағна әйгілі Қарабұқа қаласының айналасында аты атаусыз отызға жуық ертегі қала, қалашықтардың орны табылған.

Жоғарыда аты аталған белгілер Мерккіттер Моңғол үстіртінде ХІІІ ғасырдың басына дейін ертедегі түркі халықтарының мемлекеттік үрдісін жалғастырып келген іргелі тайпа бірлігі болғандығын көрсетеді.

Меркіттер қазіргі қазақтың белгілі руының бірі Керейдің ашамайлы тобына жатады. Г.Потанин дерегі бойынша Лепсі, Шағыр, Мыңлы, Сақау деп төрт тарамға бөлінсе, Нығмет Мыңжанның Лепес, Шығар, Әлмембет, Құлсары атты төрт тарамға бөлінеді. Керейттер мен Меркіттердің ара байланысы тым әріден басталады. Керейт ханы Ван хан Тоғырыл жеті жасында Меркіттерге қолға түскен, кейін Керейттер Меркітті 1179, 1189, 1202 жылдары үш мәрте шапты, Меркіттің көп адамдарын қолға түсіріп, бағындырып алды. Ал 1203 жылы Керейттің өз басына іс түскен тұста Керейттердің бір бөлігі жеңілген Меркіттермен бірге батысқа босып, кіші жүз  құрамына кіреді. Найман Меркіттер көп жыл бойын одақтас, ынтымақты болы, Шыңғысханға қарсы неше мәрте бірлесіп соғысты, жеңіліп батысқа қарай бірге көшті, сондықтан Найман арасында да Меркіттер аз болған жоқ. Жоғарыда В.Бартольт айтқан Тәңір тауы маңында өмір срген Меркіттер бұл тайпаның Боргужин-Тоқым, Кем-Кемчук арқылы жеткен ұрпағы болуы мүмкін. Қазір меркіттер қазақ ұлтының құрамды бөлігі ретінде қалыптасып отыр.

Меркіттер саны аз болғанымен тарихта өшпес із қалдырған халық.

Меркіттер ХІ ғасырда тарихта алғаш белгіленіп асқан жауынгерлігімен, әсіресе, Шыңғысхан тарих тұғырына көтерілген тұста оған көрсеткен қарсылығы арқылы әлемге әйгілі болды. Есугей батырдың ұлы әйгілі Тимучин, Керейт ханы Тоғрыл, екеуі де жасында Меркіттерге қолға түскен, соңында Тимучиннің қолындағы Бөрте Меркіттерге қолды болды. Меркіттер Шыңғыс қолымен жеті мәрте шайқасқаны белгілі. Олар сонымен Шыңғысхан әлемнің жартысын жаулап алушы деңгейіне көтерілуіне және адамзаттың ортағасырлық соғыс тактикасын жетілдіруге белгілі үлес қосты. Сондықтан ортағасырдағы ең бір жауынгер тайпа ретінде тарихта аты қалды.

Үш меркіт одағының құрылымынан ортағасырдық мемлекет үрдісінің кейбір элементтерін аңғаруға болады. Одақтың өз заманының  әскери айла-тәсіліне жаттыққан тұрақты жасағы болды. Соғыста қолға түскендерді өлтірмей төлем арқылы қайтару немесе тұтқынды тұтқынға айырбастау, елдесу үшін елші аттандыру, Меркіт одағының ежелден қалыптасқан салты болған. Тимучин және Тоғрыл жасында Меркіттердің қолына түсіп, төлем кепілдігімен қайтарылғаны туралы тарихи деректер бар.

Меркіттер ата тегі бір халық ретінде кейін қазақ мемлекеттігін құруға өз үлесін қосып, қазақ ұлтының бір бөлігін құрап отыр.

Қоңырат Қоңырат тайпасының таңбасы («босаға таңба»), ұраны «Алатау», «Мүкәмал». Түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың да этникалық тарихына қоңырат тайпасы зор үлестерін қосты. Монгол деректері мен араб, парсы, Орта Азия және қытай авторлары шығармаларында айтылатындай, бұл тайданың шығу тегі монғөлдардан таратылатынын көреміз. Түркілер арасындағы «қоңырат» этнонимі, яғни Орта Азия мен Қазақстан халықтарының этногенезіндегі бұл тайпаның тегі монғолдардан шыққанын теріске шығарады. Қоңырат тайпаларының қалыптасуында монғол-қоңырат элементтері елеулі болды, бірақ олардың негізгі көпшілігі түркі рулары еді. Бұл арада қоңырат тайпалары тобының жаңа этно-әлеуметтік ұйымға бірігіп, Дешті Қыпшақ даласында үстемдік еткен Жошы әулеті ұрпағының бір бұтағы жаңа «қоңырат» атауын алғаны айқын. Дешті Қышнақ тайпаларында «қоңырат» әтнонимінің таралуы, біздің пікірімізше, монгол құрамында болған пбкбг, покой (нөкер) институтымен байланысты. Нөкерлер дегеніміз монғол нойонының, баћадүрінің, мергенінің, яғни монғол қоғамының экономикалық, саяси және әскери өмірінде маңызды қызмет атқарған феодалдық тап өкілдерінің әскери жасағы. Осы ұландардың көмегімен монгол феодалдары бағындырылған халықтарға өз үстемдігін орнатты.

Мысалы, Шыңғыс-хан Иранда монғол билігін жүзеге асыру үшін Шинк-гургенге қоңырат тайпасынан 4000 жігіт бөлген. Тегінде, қоңырат тайпасынан гдыққан күшті бір әулет Дешті Қыпшақтың негізгі көпшілігі түркілерден тұратын кейбір руларды (тайпаларын) басқарып, жаңа этно-әлеуметтік ұйымға үстемдік етуші феодалдық әулеттің этнонимін қалыптастырған болса керек. Н. Аристов пен В. В. Бартольд өз еңбектерінде осыидай қорытындыға келеді. Жогарыда аталып өткендей, көшпенді халықтардың рулық-тайпалық құрылымындағы ірі буындардың түптөркініне мифтік мағына тәп, оларға халықтардың этникалық сана-сезімі мен идеөлөгиясы эсер етті және таксономиялық жіктердің реттілігін, сондай-ақ олардағы кейбір буылдардың жойылып кетуін реттеп отырды. Этникалық саиа-сезім мен замай идеологиясы халық эпостарында, аңыздары мен жырларында және т. б. көрініс табады. Түркі халықтарының этникалық тарихында қоңыраттардың үлкен қызмет атқарғаиын Қоңырат тайпасынаи шыққаи Алпамыс батыр туралы батырлық эпостың әр түрлі нұсқаларының бөлуы айқын дәлел.

Бұлар қазақтар мен қарақалпақтардың «Алпамыс», озбектердің «Алпамыш», башқұрттардың «Алпамыпі пен Барсын Хылуу» эпостары, татарлардың батырлық ертегісі «Алпамша», алтайлық тардың «Алый Манаш», қырғыздардың «Маиас» эпосы. Бұл эпостың әр түрлі (оғыз, қоңырат, қыпшақ) нұсқаларына, олардың пайда болғап уақытына төқталып жатпай, оның қыпшақ нұсқасып иегізге алайық, ғалымдардың пікірінше, ол XIVXVII ғасырларда Дешті Қышпақ даласында пайда болып, дамыған.

Алпамыстың қоңырат тайпасынан шыққаны эпостың көптегеы беттерінде айтылады, тіпті батыр шыққан Лақай руы да көрсетіледі. Эпоста Қоңырат тайпасының Орта жүзге жататыны, сондай-ақ осы тайпаға біріккен рулар саны отыз екі («отыз екі ата қоңырат») екені де айтылады. Эпостағы мәліметтерге сәйкес, Алпамыстың шыққан тегін былай деп есептеуге болады. Эпоста Арыстан баб туралы айтылады, аңыздарға сәйкес, ол мұсылмандар дүниесінде атағы мәлім, әулиелік және діндарлық қызметімеи әйгілі Қожа Ахмет Йассауидің үстазы болған.

Оның кесенесі (бұрыштарында төрт мұнарасы бар екі күмбезді) Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм аудаиындағы Қоғам селосының маңында, Арыс өзөпінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан. Эпосқа қарағанда, баласы жоқ Байбөріге ұлы Алпамыс пен қызы Қарлығаштың дүниеге келуі туралы басқа әулие-әнбиелермен бірге Арыстан баб та аян берген. Әрине, аңыздың аты аңыз, дегенмен де Арыстан баб кесенесінің қоңыраттар көшіп-қонып жүретін аймақта орналасуын елемеуге болмайды, қайта этникалық сана-сезім мен сөл заман көрінісі деп түсіну керек. Соңғы кездерде этнографтар осы жағына баса назар аударуда. Қоңырат тайпасының 8-кестеде келтіріліп отырған шежіресі ел арасынан жиналған материалдарға негізделген және қарастырылып отырған тайпаның құрылымын мейлінше толық бейнелейді.

Уақ мәселесі қазірге дейін қазақ тарихындағы ең көмескі мәселелердің бірі болып отыр. Уақтар Керей тайпаысының бір бөлігі ретінде қаралып келеді. Бүгінгі күнгі тарихшылардың алдындағы тағы бір сыры ашылмаған мәселенің бірі, зерттеу төңірегінде жаңа жол, жаңа бағыт салатын уақтар туралы болжам болып отыр. Ол Ә.Марғұлан және Н.Мыңжандар  ІХ-ХІІІ ғ.ғ. шығыс Моңғол құмын мекен еткен Онгуттарды «Уақтар» деп атауы [Ә.Марғұлан. Тамғалы тас жазуы. «Жұлдыз» 1984, №1; Н.Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1994, 194б.].

Онгуттар ІХ-ХІІІ ғ.ғ. аралығында, Шыңғысхан тұсында әйгілі болды. Онгуттар жайлы В.Бартольд, Н.Аристов, А.Левшин, В.Василев, Г.Грум-Гржимайло, Ш.Уәлиханов және т.б. жазды.

Онгуттардың көне мекенінде қазір ҚХР ішкі Моңғолдық автономиялық аймағы орналасқан. Осы елдің ғалымдарысоңғы жылдары онгут тарихының бірер сырын ашты.

Уақтар немесе онгуттар ІХ-ХІІІ ғ.ғ. аралығында Моңғол үстіртінде Керейт, Найман, Меркіт, Қият, Жажаирдай тайпа бірлігінде бой көтерді де, үш ғасыр бойы тарихта аты алаусыз қалды.

Уақтар ерте орта ғасыр тарихында «Ақ татарлардың» баламасы тұрғысынан жазылып келді. Сондықтан бұл халықтың түркі тектес Шато ұрпағы екендігі еш күмән тудырмайды.

Уақтар түркі тамыры бір көрщілес Ойғыр, Наймандармен де етене жақын ара қатынаста болды. Найманның хан ұлы Уақ Дигит хуриының қызын айттырып қазіргі орталық Моңғолиядағы Байдрақ Бэлчирде дүбіллі той жасағаны туралы мәлімет бар.

Бірақ Наймандар мен Керейт арасында пайда болған салқынқандылық керейтің етене жақын бауыры саналатын уақтардың наймандармен ара қатынасына өз әсерін тигізбей қоймайды.

Ақыры Керейттер 1203 жылы Шыңғысханнан ойсырай жеңілген соң арқа сүйер ағайынынан айырылған уақтар енді. Еңселеп келе жатқан Шыңғысханға бет бұруына тура келді.  Бірақ Наймандар басында Уақтардың бұл пиғылын аңғармай қалды.

Батыстан төніп келе жатқан Моңғол қаупін сәл кеш сезген Найман ханы Таян 1204 жылы «Шыңғысханға қарсы оң қол болып жорыққа аттануын» сұрап Уақ билеушісі Алакуш текинге елші аттандырады.  Алакуш текин найман ханының бұл пікірін қабыл алмайтынын кесіп айтқан баолытн. Бұл аттаныс бір жағынан найман ұлымының басына қасірет әкелсе, екінші жағынан Шыңғысхан бастаған моңғолдар және Алакуш тегін бастаған уақтар ара байланысындағы ұзаққа созылағн жылымық тудырды.

Алакуш тегін 1206 жылы Моңғолдардың үлкен жиналысына қатысып, Шыңғысханна атақ, лауазым алуыУақтарды Моңғолдардың стратегиялық сенімді серіктесіне айналдырды. Уақтар Моңғолармен мұрат, мүддесі ұштасқан біртұтас күшке айналады. Мұндай биліктің қалыптасуына хағанның уақтарға ұзатылған қызы Алага елеулі рөл атқарады.

Шыңғысхан  Хорезм жорығына аттанар алдында 1213 жылы ұлы құрылтай шақырып, бірнеше шешім қабылдайды. Соның ішінде: Онгут (уақтар) мекен еткен Моңғолдың шығыс құмына дейінгі өлкені басқару Алага бикеге тапсырылып, қолына Билік мөр таңбасы ұсынылады.

Сөйтіп уақ қолы үшке бөлініп, Алакуштың кенже ұлы Бұяқа бастаған топ хағанмен бірге батысқа, Шенгуй бастаған қол Мухулай тобының құрамында шығысқа аатнып, енді бір тобы Алагабектің билігінде атамекенде қалды. Шыңғысхан алтын таңбаны аймақ басшыларына беретін болды. 

Шыңғысхан 1227 жылы Эдзин өзенінің бойымен Тангуд әулетіне қарсы жасаған жорығында уақтарды жол серік көмекші күш реінде пайдаланды.

Бірақ ұлы хаған бұл сапарынан қайтып оралмады, сонда дүние салды. Аталмыш жағдай Моңғол және Уақтардың келешек жағрафиялық орналасуы  және әскери ара байланысына кейбір өзгерістер әкелді.

Алтын мемлекетті құлағандықтан уақтар ақ қамалдың сақшысы рөлінен айырылды. Сөйтіп, уақтардың көптеген мекені бара-бара моңғодадың құзіретті билігіне өтті.

Дегенмен ХІІІ ғасырдың соңына дейін уақтар өзіндік тайпалық билігінен айырылған жоқ. Тек Хувилай хаған 1260 жылы Түркі-Моңғол әулетінің ежелгі астанасы Хархоринді (Қара қорымды) Бейжіңге көшіріп, империя билігін қытай ошағына аударуды тек тектес халықтарды ғана емес, моңғолдардың өздерін алаңдата бастады. Және осы кезден бастап, Алтын Орда ханы Береке империя орталығына бағынуды қойды. Осыған байланысты 1260 жылдары Моңғол жерінде қалған Жалайыр және Барлас тайпалары батысқа бет бұрып, әуелі жеті су, кейін мәуренахрға қоныс тебуге тура келді. Бірақ бұл тұста Уақтардың көшкені туралы мәлімет кездеспейді. Тарихтың желісіне қарағанда уақтар XIV ғ. дейін ежелгі мекенінде қала берген сияқты. Өйткені, Хувилайдың мұрагері Өзлийт хан 1295 жылы уақ  тайпа басы болған Алакуш текиннің шөбересі Көркіске Го Тан Ван лауазымы және алтын мөр сыйлаған.

1368 жылы Юань империясы құлады. Мин патшалығы Моңғолға қарасты халықтарды батысқа қарай ығыстыра бастады.

Моңғол үстіртінде қалған соңғы түркі тайпаларының батысқа жылжу үрдісі осы тұстан басталуы әбден мүмкін деп ойлаймыз. Өйткені Бейжіңнен қуылып шыққан моңғол-түркілердің ең соңғы легі бұрынғы уақтардың мекені, қазір  ҚХР Ішкі Моңғолияның Хишигтэн хонушының Даланойыр жағасындағы Инчань қаласы төңірегіне келіп шоғырланады. Мин патшалығы 1388 жылы 130 мың қолмен Инчаньды басып алады да, Моңғол-түркілер батысқа шегінуге мәжбүр болады.

Мин патшалығы ақ қамал бойына 9 қорғаныс тұғырын құрып қытайдың батыс шекарасына қорғау міндетін уақтарға емес, Мин әулетінің құзыр билігіне өз ырқымен келіп қарған Урианхайларға тапсырады.

Осынау дүрбелең тұста уақтар Хун дәуірінен бері мекен етіп келген Инь-Шань тауы, Эдзин өзенінің бойын артқа қалдырып, батысқа, түркі тегіне қарай ойысты ме деген қорытындығы келдік. Өйткені:

  • Осы тұстан бастап қытай немесе шығыс моңғол шөлейтінен онгут (уақ)

атауы қайтып ұшыраспайды, тек «бұрын сонда уақ деген тайпа мекен етіпті» деген тарихи естелік қана қалған.

  • Қазіргі қазақ даласында бұрын соңды естілмеген «уақ» атауы XVI

ғасырдан бастап осы даладан кездесетін болыпты.

Сөйтіп, уақ тарихының екінші кезеңі қазақ даласында басталады. «Уақ руы алған Абылайханның тұсында белгілі болды» деп жазады Шәкәрім Құдайбердіүлы, «орыс тарихшыларының белгілеуіне қарағанда – деп жазады әрі қарай, — орыстар алғаш керейлерді жолықтырғанда уақтар олармен бірге  болыпты».

Қалмақтармен болған қақтығыстарда уақ бөлімі ерекше рөл атқарғаны «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырынан белгілі.

Уақ-Керейдің тарихи тегін зерттеуші этнограф М.С.Мұқановтың қазақ шежірелеріне сүйеніп жасаған жорамал есебі бойынша уақтан Ер Көкшеге дейін 16 ата, жобамен бір ғасырға төрт атадан деп қарап, уақ Х ғасырда көне моңғол мемлекетінде өмір сүрегн деп пайымдайды. Сөйтіп, қалай пайымдағанымызбен уақтың тегі Х ғасырдан белгілі болған баяғы онгуттарға келіп тіреледі.

Сонымен Х-ХІІІ ғасырда көне Моңғолия жерін мекен еткен «Онгуттар», XVI-XVII ғасырда қазақ даласына бой көтеріп, қазір қазақ ұлтының құрамды бөлігіне айналған уақтардың арасында түп тамыры бір жалғастық бары рас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Тарихтан бері түрік халықтарының қайсы тайпасы күшейіп мемлекет қүрса, мемлекет соның атында аталды да, қалғандары сол күшті тайпаның қүрамына еніп, өз атын өзгертіп отырғаны белгілі. Мәселен, көктүріктер түсында үлкенді-кішілі ру-тайпалардың бәрі түрік атымен аталса, түркештер заманында бөрі де түркештер, үш түркеш немесе «он тайпа елі» аталатын болды. Дәл сол сияқты қарлықтар түсында аты өзгергенмен түркештер қарлық-қарахандар қүрамында маңызды ролін жоғалтпай өмір сүре берді.

Сонымен, Шыңғысханның тықсыруымен қоныс аударған найман, керейт, жалайыр, меркіт тайпаларының жекелеген топтары қазақ халқының және де түркі халықтарының құрамына енді. Найман тайпасы моңғол дәуірінде Сырдария бойына, Жетісуға келіп, қазақ этносының қалыптасуына белсенді қатысады. Жалайырлар да Қазақстан мен Орта Азия территорияларына жылжып, кейіннен қазақ халқының құрамындағы ұлы жүздің ірі тайпаларының бірі болады. Керейт тайпасының бір бөлігі батыста Еділ өзеніне дейін жетіп, өзбек, қырғыз халықтарының, ал жекелеген тобы қазақтардың құрамына енді. Керейттердің келесі бір тобы солтүстік Қазақстанда қалып, орта жүзге керей атауымен енді. Найман, керейт, жалайыр тайпалары қазақ халқының құрамындағы ірі тайпаларға жатса, қоныс аударған меркіт тайпасы сан жағынан аз болуына байланысты керейттер құрамына енеді /11/.

Болашақ «қазақ» этнонимін қалыптастырған керейттер, наймандар, арғындар, жалайырлар т.б. шығыстан ығысып, бір тілдес қыпшақ даласына келіп ұйысуына Шыңғысханның ықпалы болғаны анық. Кейіннен құрылған  Алтын орда, Ақ орда, хандықтары болашақ Қазақ  хандығының негізін салып берді. Қазақ халқын құраған ұлыстардың ішінде Моңғол үстіртінен ауып келген түркі тілдес тайпалар көп. Шыңғысхан осыларды бір мекенге шоғырландырып, өз мұрагерлеріне басқартпаса, ежелгі түркілердің басы бірікпей, сол бытыраңқы көшпенді қалпы жүре беруі әбден мүмкін еді.

Аталмыш кезеңде сауда-саттық айтарлықтай дамыды. Қалалар гүлденіп, қолөнері барынша жолға қойылды. Ішкі-сыртқы айырбас сауданың қажетін қанағаттандыру үшін түркештің Сүлүқ Шор қағанынан бастап өз аттарымен метал теңгелер шығара бастады. Түріктің ойма жазуы негізінде оның Талас-Шулық жаңа түрі қалыптаса бастады және соғда жазуы да кеңінен қолданыла берді. Түркеш металл жармақтарында осы екі жазудың да кездесуі соның айқын дәлелі. Қыш ыдыстар мен басқа қолөнері бүйымдарында түріктік ижануарлық стил» формалары өзіндік деңгейде көрнекілене түсті.

Бүл дөуірдің өзіндік ерекшелігінің бірі Жетісу мен Ыстықкөл, Мауреныахр мен Шығыс Түркістан қалаларының жаппай түріктенуі үрдісін тездеткен көшпелі малшылардың бір бөлігінің отырықшы өмірге бейімделуі, түркештердің түтүқтары мен шор, еркіндерін қорғау міндеттелген атты әскери қосындардың қалаларға орнығуы бүрынғыдан көбейе түсті.

Бір орталыққа бағынған «он тайпа елінің» төңірегіне тартылған Батыс түрік ру- үлыстары мен соғдылар арасындағы барыс-келіс, алыс-беріс күшейіп, ру-тайпалық, қала-далалык оқшауланудан халықтық, елдік, мемлекеттік мүдде түрғысындағы түтастанудың алғашқы    нышандары    қальштаса    бастағаны    байқалады.    Кейбір тарихшылардың «…Қазақ халқының алғашқы үйтқысы осы кезде (ҮІІІ-ІХ ғ) көптеген көне үлыстар мен рулардан — атап айтқанда түркеш пен қарлық одағы негізінде қалыптаса бастады деуінде тарихи шындық бар деп қараймыз.

Алынған ғылыми түжырымға қарағанда бүгінгі Қазақстан аумағында оңтүстік батыс Алтайдан бастап, Арал теңізіне дейінгі аралықта, шығыста — Іле-Шу, Талас өзендерінен, батыстағы Орал тауының шығыс сілеміне дейін бірімен бірі тығыз байланысты ірі үлыстық одақтар қалыптасты. Олардың дәлелі ретінде: түркештер -(он тайпа елі түркеш) (692-766-жылдар), қарлық (766-942 жылдар), қарахандықтар (942-1141 -жылдар), қимақтар (IX ғасыр) , қыпшақтар (ХІ-ХІІ ғасыр), найман (ХІ-ХІІ ғасыр), керейлер (ХІ-ХІІ ғасыр) құрған үлкенді-кішілі мемлекеттер халқының қоныстанған өрісі, шаруашылығы мен экономикасы, тілі мен мәдениеті, діни наным-сенімдері негізінен бір түсас болып қалыптасты. Былайша айтқанда ортақ материалдық және рухани мәдениет түрлерінің негізі қалыптасты..

Біз өз жұмысымызда осы нәтижелерді басшылыққа ала отырып әр дәуірде жазылғаи жазба деректер меы оларды зерттеп, пікір білдірген тарихшылардың жазғандарына сын көзбен қарап, өз көзқарасымызды ашық айтып, тиісті түжырымдар жасадық. Нақтылап айтқанда, диссертациялық жүмысымызда қазақ жеріндегі этникалық түтастықтың қалыптасу тарихы мен мемлекеттіліктің дәстүрлі жалғастығының тарихын зерттеп-зерделейтін үлттық мүратты басшылыққа алдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ЗЕРТЕУЛЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі.- Алматы, 1992.
  2. Бартольд В.В. Сочинения. Т.5. 128-б.
  3. Кәрібаев Б.Б. Моңғол жаулап алушылығына байланысты Қазақстан аумағына тайпалардың қоныс аударуы.// ҚазҰҮ Хабаршысы: Тарих сериясы. – 2008. — №3(50). – 57-63бб.
  4. Кәрібаев Б.Б. Тоқсан екі баулы көшпелі өзбектер: және қазақты құрағн тайпалар.// Қазақ тарихы. 2007. -№5. -15-32бб.
  5. Мешелқызы Н. Абақ керейдің Моңғолияға қоныстануы.// Қазақ тарихы. – 2005.-№2. – 36-40бб.
  6. Сартқожаұлы Қ. Он жеті аз-байырқу бірлестігі немесе керей, наймандардың шығу тегі.// Қазақ тарихы. – 2005. -№2. -22-27бб.
  7. Ноғайбаева М.С. Түркі тайпалары мен халықтарының көрші халықтармен мәдени байланыстарының зерттелуі (VI-XIIғғ.). Тарих ғыл. конд.дисс. – А., 2005. -124б.
  8. Базарбаев С. Түбі бір түркі тайпалары./ Ана тілі. – 2007. -9-15 тамыз (№32). – 13б.
  9. Ғабжалилов Х.М., Омарбеков Т., Кәрібаев Б.Б., Қазақ ру-тайпаларының тарихын зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелері// Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде/ Алаш, — А., 2008. -1-т. -33б.
  10. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, 1996. Т.1.-171б.
  11. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. т.1. Алматы, 1959. 50-б.
  12. Грумм-Гржимайло. Западная монголия и уринхайский край. Л., 1926, т.ІІ .- 418 б.
  13. Гумилев Л.Н. Поиски вымышленного царства. Москва, -1970. 152-б.
  14. Жанұзақ Қасымбаев. Исторический Атлас Казахстана.- Алматы, 2006, 48 с.
  15. Киселев С.В. Из истории китайской черепицы. “Советская археология”, 1959, №3. 173-177 б.
  16. Козин С. Сокровенное сказание. 98-105 б.б.
  17. Қадырбаев А.Ш. Очерки истории средневековых уйгуров, джалаиров, найманов и кереитов. – Алматы,  46-б.
  18. Қазақ Совет Энциклопедиясы. -Алматы, 1974.-т.8.- 76б.
  19. Қазақ Совет Энциклопедиясы. -Алматы, 1974.-т.1.- 670б.
  20. Қинаятұлы З. Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: ІХ-ХІІ ғасыр.-Астана:Елорда, 2001.-208б.
  21. Қинаятұлы З. Қазақ мемлекет іжәне Жошы хан. – Астана: Елорда, 2004.-339б.
  22. Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы /ежелгі және ортағасырлық кезең/.-Астана: Адамар, 2007.-542б.
  23. Қиянатұлы З. Тарих неге бұрмалана береді? // Қазақ тарихы. – 2004.№2
  24. Оспанова Ж.С. Моңғол шапқыншылығы қарсаңында Дешті қыпшақтағы этникалық процестердегі сандық өзгерістер // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сер.- 2003.№2.
  25. Плано Карпини. Шығыс елдеріне саяхат//Парасат.-2005.№11(29-31).
  26. Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Т.1. кн.1., М.-Л., 1952, 136-б.
  27. Левшин А.И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз кайсакских орд и степей. Алматы, 1996.-656б
  28. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. 3 т. А., 1997. 2 б.
  29. Баласағұн Жусіп «Құтты білік». Көне түркі тілінен аударған А.Егеубаев. А., «Жазушы» 1986. -616 б.
  30. Омарбеков Т. Қазақты құрған түркі тайпаларының мәселелері (ІХ-ХІІІғ.ғ.)// «ХХІ ғ. Әлем тарихы және Қазақстан» атты Ерте дүние және Орта ғасырлар тарихы кафедрасының 15 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары (2006ж. 29 қараша). – А., 2007.- 24-30бб.
  31. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб, 2000 – с 258.
  32. Омарбеков Т. Қазақты құрған түркі тайпалары (VI-XIIIғғ.)// Қазақстан музейлері-Музеи Казахстана. – 2006, №4. -22-24бб.
  33. Омарбеков Т. Жалайырлардың этникалық шығу тегіне көзқарас// Алаш. – 2008. №6. – 58-68бб.
  34. Рүстем К. Қазақты құрған түркі тайпалары жөнінде: Оғыз тайпасы М.Қашқари мен Рашид ад-Дин еңбектерінде// ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 2008. №1. – 255-259бб.
  35. Шамшиденова Ф. Тобылдың төменгі бойындағы түркі тайпалары// Алаш. – 2009. №1. – 118-122бб.
  36. Арепова А.Д. Түркі тайпаларының этно-саяси тарихы: Н.А. Аристов тұжырымдары// Халықаралық интеграция мен модарнизация жүйесіндегі Қазақстан – Гремания қатынастары: ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, т.ғ.д., профессор, Қ.Т.Жұмағұловтың 60 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары (9 ақпан, 2008жыл). – А., Қазақ университеті, 2008. – 183-88бб.
  37. Сартқожаұлы Қ. Ашина туралы аңыздар және Ашина атауының этимологиясы// Қазіргі заманғы түркология: теориясы, практикасы және алдағы міндеті. Екінші халық аралық түркология конгресі. – Түркістан. – 2006. -166-77бб.
  38. Ғабжалилов Х. Тоғыз оғыздар кімдер еді?// Алаш. – 2008. №3. – 125-33бб.
  39. Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. IV том. Әлеуметтік тарихи жылнамалар. 2-бөлім. – А., -2006ж.
  40. Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. – Алма-Ата, 1970.
  41. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. – М., 1964.
  42. Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з. 275-840 жылдары). 2-кітап. – Алматы, 2006.
  43. Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з.б. 177 – б.з.222 жылдары). 1-кітап. – Алматы, 2006.
  44. Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. – Фрунзе, 1990.
  45. Атырау: энциклопедия. – Алматы, 2000.
  46. Ахмедов Б.А. Историко-географическая литература Средней Азии ХVІ-ХVІІІ вв. (Письменные памятники). – Ташкент, 1985.
  47. Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в ХV-ХVІІ вв. (Вопросы этнической и социальной истории). – М., 1982.
  48. Ұлы түрік  қағанаты.  Қытай  деректері  мен  түсініктер. Үрімжі,   
  49. Вайнберг Б.И. Этногеография Турана в древности. VІІ в. до н.э. – VІІІ в. н.э. – М., 1999.
  50. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы, 1994.
  51. Ахинжанов С.М. Этногенетические связи племен Казахстана и Средней Азии в средние века // Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и Казахстана. – М., 1988.
  52. Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. – СПб., 1897.
  53. Малявкин А.Г. Материалы по истории уйгуров в ІХ-ХІІ вв. – Новосибирск, 1974.
  54. Қайдар Ә. Қаңлы (тарихи шежіре). – Алматы, 2004. -193 б.
  55. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. –СПб., 2004.
  56. Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. – Алма-Ата, 1970.
  57. Вайнберг Б.И. Этногеография Турана в древности. VІІ в. до н.э. – VІІІ в. н.э. – М., 1999.
  58. Кюннер Н.В. Китайские известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока. – М., 1961.
  59. Савинов Д.Г. Основные этапы истории алатов // Историческая этнография. Вып. ІІІ. – Л., 1985.
  60. Савинов Д.Г. Народы Южной Сибири в древнетюркскую эпоху. -Л., 1984.
  61. Каратаев О. Кыргыз этнонимдер сөздүгү. – Бишкек, 2003.
  62. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа. – Ташкент, 1974.
  63. Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. – Алма-Ата, 1970.
  64. Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з. 275 – 840 жылдары). Екінші кітап. – Алматы, 2006.

 

 

 

 

 ҚОСЫМША

 

Ежелгі жалайырлар шежіресі

(Рашид ад-диннің мәліметі бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* Зерттеушілер ежелгі Жалайырды құраған тайпаларды әртүрлі атайтындықтан рулардың әртүрлі атауларын беріп отырмыз – Т.О.

 

Махмұд Қашқари бойынша Түрік әлемі