АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Волейболшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік негіздері,

 

 

 

 

 

 

 

«Волейболшылардың дене қабілеті қасиеттерінің

дамуының әдістемелік негіздері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

Мазмұны

 

Кіріспе___________________________________________________________6

 

I .Волейболшылардың оқу жаттығулар процесін жоспарлау мен   ұйымдастыру әдістемесі

 

  • Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру.________________7
  • Ойын қимылдарының тиімділігін анықтау_______________________16

1.3.Жаттығу күрделілігінің көлемін бақылау________________________17

 

II-тарау .Ойынның психологиялық сипаттамасы.

2.1.Объективтік сипаттағы қиындықтар тобы, оларды жеңу жолдары.___40                                             2.2.Жаттықтырушының жарыс кезінде команданы басқарудағы ролі._______42

2.3 Волейбол ойыны жарыстарын өткізу ережелері

ойын туралы жалпы мағлұматтар___________________________________43

2.4 Техника-тактикалық дағдыны қалыптастыруда қолданылатын

 қимыл-қозғалыс ойындары және оны өткізу методикасы________________48

 

Қорытынды_______________________________________________________64

Әдебиеттер тізімі_______________________________________________65

 

Кіріспе

 

Зерттеудің  көкейтестілігі.  Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.

Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс.

Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны.

Зерттеу    мақсаты:    жас   спортшылардың   дене   қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу.

Зерттеу міндеті:

Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын  нығайту  өте  қажетті  және  жоғарғы дәрежеде  дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;
  • Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайтын спорттық және ұлттық ойындарды тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды.

Зерттеу жұмыстарының практикалық мәні:

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесі жасалынды;
  • балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тұтас педагогикалық процесс жағдайында оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде ұлттық және спорттық ойындарын тиімді қолдануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар ұсынылды;
  • зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында дене мәдениеті профиліндегі колледждерде лекция оқу барысында, спорт мектептері мен волейбол клубтарының іс-әрекетінде қолдануға болады.

Қорғауға мына қағидалар ұсынылады:

  • Дене қасиеті-тұлғаның дене мәдениеттілігіне бағытталуын анықтайтын және жас ерекшеліктерін есепке алуға негізделген белсенді спорттық іс-әрекетте тәрбиеленетін интерагтивткік қасиет;
  • Жаттықтырушы мен оқушының өзара байланысы іс әрекеттері ретіндегі дайындықтың барлық кезеңдеріндегі қозғалыс әрекеттерінің мәндік сипаттамасын бейнелейтін дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі;
  • Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тұтас педагогикалық процестерінде оқушылардың дене касиеттерін тәрбиелеуде спорттық және ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың педагогикалық шарттары. Дағдыланбаған ауа-райының жағдайы. ойын уақытының ұзақтығына байланысты шаршап-шалдығу,    спортшының    шынығу    дәрежесінің жетіспеуі,   әлсіз   қарсыластың  күтпеген   жерден   жақсы   ойнап   кетуі,
  • жетекші ойыншының нашар ойыны, жарақатқа ұшырату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Волейболшылардың    оқу    жаттығулар    процесін    жоспарлау    мен ұйымдастыру әдістемесі

 

  • Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру.

 

Спорт және қимыл ойындары — дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді, сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға, президенттік сынақ тапсыруға тартудың күшті жолдарының бірі. Енді осы ойынның адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.

Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады. Ал волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл-жүгіру мұнда аз қолданылады.

Волейбол ойнау реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті калыптастыруға көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге игі әсер етеді.

Волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті, болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.

Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бір ауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор. Сондықтан осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орындарында берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Волейбол ойыны аумағы 9×18м алаңда өткізіледі. Ортадағы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орантылады. Тордың биіктігі ойыншылардың жасына немесе ұл не қыздар командасы болып ойнауына қарай әртүрлі болады. Жасөспірім ер балаларға арналған тордың биіктігі-220 см, қыздар үшін 210см болады. Ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы бар екі команда қатысады. Әр команданың ойыншылары өз алаңына ораналасады. Ойынға диаметрі 65-68см, салмағы 250г-дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары допқа үштен артық қол тигізуіне болмайды. Осыдан кейін доп тордан асырылуға тиіс. Сондай-ақ бір ойыншы допқа қатарынан екі рет қолын тигізуіне рұқсат етілмейді.

Ойынның барысында доп қай алаңға түссе, сол командада осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Допты ойынға қосу хұқына ие болған қарсыластары сағат тілі бағытымен қозғалып, орын ауыстырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Қарсыласынан екі ұпай артықшылыкпен 15 ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Жасөспірімдердің ойыны 3 кезеңнен тұрады. Екі кезеңде ұтқан команда жеңген болып есептеледі. әр кезеңнен кейін командалар алаңдарын алмастырады. Шешуші кезеңдерде бір команда 8 ұпай жинағаннан кейін екі команда алаңдарын алмастырады.

Волейбол- елімізде кең тараған ойындардың бірі. Оның көпшіліктік сипат алуы волейбол ойынының ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайым және бұл ойын қызықты да әсерлі болуына байланысты.

Волейбол ойынының ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір-біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою.

Волейбол алаңының аумағы шағын болғанына қарамастан ойын кезінде ойыншы тек өз орнын ғана сақтап тұрмайды. Ойын кезінде қажетті жағдайға байланысты орын ауыстыра беруінің үлкен мәні бар. Орын ауысытыру дегеніміз — техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды шебер орындап шығу мақсатында командадағы ойыншылардың бір-бірімен орын ауыстыруы. Егер ойыншы бастапқы қалыпта қолайлы жағдайда тұрса, онда ол орын ауыстырулары да оңай орындайды. Ойыншының бастапқы қалпы-оның негізгі тұрысы. Волейболшының ең қолайлы бастапқы қалпы-екі қолын шынтақтан сәл ғана бүгіп, дененің салмағын екі аяққа тең түсіріп, кеудені аздап ілгері бейімдер тұру. Оқу -жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесі

Арнайы спорт мектептері мен дене тәрбиесі мәдениетінің болашақ мамандарын даярлайтын оқу орындары оқушыларын волейбол спорт ойынының қыр-сырына қанықтыру-өте күрделі процесс. Олар:

  1. волейбол ойыншысына тән дене құрылысы, күш-қуаты және ұжымдық әрекетке бейімдігі бар жаттығулар таңдау;
  2. Әрбір жаттығушыларға тән психологиялық ерекшеліктерді үнемі назарда ұстау;
  3. 10-20 жас аралығындағылардың өсуі мен — анатомиялық -физиологиялық құрылымын зерделі тексеру;
  4. Болашақ волейбол   спорт   ойынын   жете   меңгерушілерге   қойылатын арнайы талаптарды үнемі басшылыққа алу қажеттігі;
  5. Жаттығушылардың ойын барысындағы атқартын функцияларын алдын-ала белгілеу;
  6. Жаттығу жүйесін алдын-ала жоспарлай отырып оның нәтижесін талдау;
  7. алдағы болатын     спорт    жарыстарының     мақсаты     мен     міндетін ойыншылармен бірлесе отырып талқылау;
  8. Жаттығушыларды үнемі дәрігерлік байқаудан өткізіп, оларға берілетін жүктемелердің организм мүмкіншілігіне үйлесімділік табуын қадағалау;
  9. Жарыс-жаттығу кезеңі мен демалу және ширақ мерзімдері арасындағы органикалық бірлестіктің мерзімін белгілеу;

10.Машықтанушы жастардың болашақ үлкен спортта биік тұлға дәрежесіне дейін көтерілуіне жағдай жасау.

Сөйтіп, көпжылдық жаттығушылар мен жаттықтырушылардың көздеген мақсатына жетуіне бірден-бір себепші жоғарыдағы аталып өткен кезеңдердің жүйелі, ізбе-ізділікпен бірігуінен болатын нәтиже екендігін ескертеміз.

Көп жылдық дайындықтарға арналған оқу-жаттығу процесіне байланысты құбылыс. Себебі, жаттығу-дәріс кезінде әрбір шәкірт-машықтанушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлерін жаттықтырушы алдын-ала жоспарлап, оның мұлтіксіз орындалуын қадағалап отырады. Жаттығушылар орындайтын ойын тәсілдері бұрынғы меңгерген техникалық жаттығудың күрделіленген түрі немесе бұрын меңгерген ойын элементінің жалғасы да болуы мүмкін.

Сол сияқты жылдық оқу-жаттығу кезеңі жылдың екі кезеңіне бөлінуі мүмкін, олар күз-қысқы және көктем-жазғы уақыттар болады. Бұл кезеңдерге сәйкес оу-жаттығу процесі негізгі үш мерзімдік болып бөлінеді: дайындық, жарыс және өтпелі шақ, әрбір кезеңге тән жаттығу, ойын техникасын меңгеру, демалу мен ширау сияқты әдейі ұйымдастырылған оқу-жаттығу формалары бар. Машықтанушылардың спорттық жаттығушыға бапкерлер дербес жаттығуға тапсырмалар да беруге болады. Бұл — спортшының өз бетімен іздену жұмысының өте болымды формасы. Әрбір шәкірт-спортшы өзінің командалық ойында атқартын қызметіне байланысты әрекетін сапалы атқарудың тәсілін күрделендірудің әдістемесін өз бетінше меңгеруіне жағдай жасайды және оның ойын процесінде кездесетін, оқиғаға алдын-ала дайындығын қамтамасыз етеді. Жаттығушы-спортшылардың өз бетімен орындайтын дербес жұмысы командалық ойын өрнегін берік игеруге ғана мүмкіндік туғызбайды, ол жеке спортшының ойыншы ретін де қүнды қасиеттерін өзін-өзі билеушілікті, ұйымшылдықты, өзінің түпкі ойына жету мақсаттылығын қалыптастырады.

Сонымен, оқу-жаттғудың әрбір кезеңінің міндеттері мен мақсаттарын және формаларын таңдап алу, біріншіден, жаттығу міндеттеріне, екіншіден, оку-жаттығу көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, командадағы спортшылардың жаттығу-спорттық мүмкіншілігіне байланысты.

Волейболшылар — оқу — жаттығу процесіндегі басты тұлға. Егер бапкер әрбір спортшыға жаттығу барысында дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, талапкерге зер салса, онда әрбір волейболшы өзін бапкердің сенімді шәкіртімін деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен кабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық жаттығушылар шыныға білуді, ойын өрнегін өзі жасауды, сүйеді, өзі таңдаған спорт түрінен болашақ қуаныш зор табыс, мәртебе күтеді.

Волейболшылар үшін әр жылдық оқу-жаттығу жұмыстарының нормаларының дұрыс орындалуы негізгі заңға айналуы қажет.

Оқу-жаттығу процесіне бөлінген жаттығу уақыты жаңадан жаттығушылар үшін 2 академиялық сағат, дайындығы жеткілікті оқу-жаттығу уақыты 4 сағат мөлшерінде. Оқу-жаттығу мерзімі мен оның жалғасының уақыты, спорт мектебінің педагогикалык ұжымының басшысының келісімімен белгіленуі міндетті.

Сол сияқты, арнайы спорттық бағыттағы мектептердің волейболға машықтанушы топтарға арналған төмендегілердей құжаттардың болуы міндетті: оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқу сағаттарының жылдық тізбесі, жеке топтардың командалық жеке дара және болашақ жоспарлары, жаттығу кестесі, сынақ-бақылау нормативтерін тапсыру кезіндегі нәтижелері көрсетілген құжаттар және жаттықтырушы-бапкердің дәріс мазмұны жазылған колжазбасы, ең кемінде бір айға арналған жұмыс-дәріс жоспары болуы кажеттілік.

Жаттығушылармен спорттық шеберліктерін жетілдірушілердің өз әрекеті мен міндеттерінің нәтижесіне арналған күнделіктері болуы шарт, онда әрбір жаттығушы өзіне тән ерекшеліктер мен дене және бұлшық еттеріндегі өзгерістерді бақылай отыруларын әдетке айналыдарыд.

Волейболшылардың оқу-жаттығу процесіне кіретін-барлық жаттығу жүктемесі, ойыншылардың күш-қуаты мен шапшаң икемділігін арттыруға арналған денешынықтыру дәрістері сол сияқты сауықтыруға арналған емдеу-демалу орындарында болу іс-әрекетін алдын-ала мұқият жоспарлауға бүтіндей тәуелді. Олардың ішіндегі ең негізгілері болып есептелетіндер: спорт түріне байланысты күш-қуатты арттыру міндеті, ойын техникасын меңгерту, тактикалық шеберлік мектебін үйрету, теориялық -интегралдық дайындықтар жиындықтары.

Болашақ волейболшы — шеберлер мектебіне қабылданатын спортышлардың дайындау барысында-оларға қойылатын негізі талаптардың бірі, оның ұжымдық ойындағы жеке рөліне ерекше назар аударылу қажеттілігі осы жерде тәжірибелі бапкер «жалғыз шауып бәйге алмас, жалғыз ағаш орман емес», «Жалғыздың үні шықпас- жаяудың шаңы шықпас»- деген халық мақалының педагогикалық мәніне көңіл бөлгендері жөн демекпіз.

Волейболшылар дайындайтын мектептің әрбір жылы, белгілі сынақ, емтихан және болашаққа жолдама беретін оқу-жаттығу мектебіне айналғанда ғана көздеген нысанасына жетеді.

Мысалы, келесі оқу-жаттығу процесінің жаңа белестер мен биік тұғырға көтерілуіне арналған бапкердің жаңа бағдарламасы мен оқу жоспары, спортшының әрбір жарыстан кейінгі ой толғанысы яғни, жетістіктері мен кәтеліктерін таразылай келіп, өзінің алдына жаңа талаптар қоюға қабілеттілігі т.с.с.

Арнайы дайындық мектебінен өткен спортышлардың жылдық қорытынды нормативтер тапсырудағы көрсеткіштері екі жақтылық педагогикалық-спорттық мәселелерді шешеді. Олар, біріншіден, жаттықтырушының білімі мен өзі маманданған спортты меңгергендігін көрсетсе, екіншіден, жаттығушылардың өздері таңдаған спорт түріне деген сүйіспеншілігін және өз борышына деген адал ниетін де білдіреді, үшіншіден, спорт мектебінің педагогикалық ұжымымен басшылардың мемлекеттік мәні бар іс-шараны іске асыра алу қабілетінде көрсететін факторлар жиынтығы екендігі хақ.

Біз жоғарыда әңгіме еткен енгізгі оқу-жаттығу процесінің өзекті көзі болып табылатын негізгі құжаттар спорт мектептерінің оқу жоспарлары мен оку-жаттығу процестерінің негізгі кезеңдері көрсетілген үлгі-жобаны оқушылар назарына ұсынамыз.

Ескерту: Бұл оқу жоспарына өзгеріс енгізуге әрбір спорт мектебінің құқығы бар екендігін естеріңе саламыз.

Ескерту: оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру кезеңін есепке алу әр жылдың қыркүйек айының 1-ші аптасынан басталады. Сол сияқты оқу-жаттығу мерзімімен оның бағдарламасына жеке облыстардың, аудандардың, қалалар мен елді мекендердің ауа райына, мектептегі құрал-жабдықтардың даярлығына байланысты мектептің педагогикалық кеңесі өзгертулер енгізуге құқығы бар екендігін тағы да оқушыларымызға ескертеміз. Сол сияқты игерілген әдістерден жаттығушылар қозғалыс әрекетінің нақты тәсілдерін құруға бейімделулері қажет. Мысалы, тордың алдында тұрып және секіріп волейбол өткізе доп беру қимылы сияқты. Сонымен қатар дайындық кезінде ойынға машықтанушылар торға теріс қарап тұрып та, секіріп тордан өткізіп доп беру элементтеріменен де жаттығулары дұрыс. Дайындық кезеңінің ең бір күрделі жаттығуы-алаңның қорғау шебіндегі кеңістігі барлай алу қабілетінің күрделенуі оның қарсыластары алаңынан берілген допты қабылдауға машықтану және волейбол алаңының әрбір зонасын ыждағатты түрде меңгеру болып табылады.

Оқу-жаттығу кезеңінде жаттығушылар тек қорғаныста ойнау менен ғана шектелмей, оңтайлы-нәтижелі шабуыл шебін де меңгер-гендері жөн. Олар-ойыншылардың келісімді бағытта орын алмаса отырып шабуыл сәтін шалт ұйымдастыру, тез алма-кезек өз орнын ауыстырып отыру мүмкіншілктерін меңгерулері. Бапкерлер бұл кезеңде -2:1, 3:1, 2:2, 3:2, 3:3 сияқты ойын барысын шәкірттердің меңгеруіне жағдай жасаулары негізгі қажеттіліктердің бірі.

Жалпы білім беретін мектептердің Х-ХІ сыныптарындағы дене тәрбиесі пәнінің өзіндік ерекшеліктері барлығын мұғалімдер зерделі түрде ұйымдастырулары керек. Себебі бұл сыныптар оқушылары спорт ойындарының бір түрімен тиянақты, зор ыждағаттылықпен шүғылдануға ерекше мән береді, сондықтан да олардың ойын шеберлігіне мән беріп, жүелі, мақсатты жаттығулар ұйымдастыру мақсаты қойылуы міндетті. Бұл жастағы окушылар психологиясына тән ерекшеліктер спорт ойындарының әдіс-тәсілін  меңгерумен бірге оларға тән қимыл-қозғалыстардағы үйлесімділік, өзара келісімділік, ақыл- ой, сана -сезім және еріктілік сияқты қасиеттердің жүйелену кезеңдерінің бастау алулары. Сондықтан да мұғалімдер мен жаттықтырушылар мидың бұл кезеңіндегі негізгі шарттардың бірі олардың ойын ережелерінің күрделі тәсілдерін үйреніп меңгерулеріне ерекше уақыт бөлулері болашақтағы олар іс-әрекеттерінің нәтижелілігін қамтамасыз ететінін ескертеміз. Оқушылардың волейбол ойыны дәрісін нәтижелі ұйымдастырудың бір пайдалы- тиімді түрі « арнайы бағытта өткізілетін тәжірибе дәрісі болып былады.    Бұл    кезеңде    ойын-жаттығу    барысында    жан-жақты    дамыту жаттығуларын тиімді пайдалану арқылы талапқа сәйкес тәжірибелер жинақталады, шеберліктері арттыратын жалпы спорттық жаттығулар түрінде өз беттерінше таңдауғ мүмкіншілік алады. Жоғары сыныптарда спорт ойындарының жеке түрлері мен оларға тән сипаттар да күрделене түскені дұрыс, себебі іс-әрекеттің күрделілік сипаты-жеке тұлғаның мазмұнын арттыратын құбылыс.

Ескерту. Жалпы білім беретін орта мектепке арналған дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасында-негізгі спорттық ойындар аяқ добы, волейбол, қол добы, баскетбол, хоккей және басқа ойын түрлерінен мұғалімдер бұл ойындардың ережесін үйретіп, бағдарламасын жасап, оқытуларына рұқсат етілген, бұл спорттық ойын түрлерінің барлығынан да ер балалармен қатар қыздар командаларын да жасақтау қажеттілігін назардан тыс қалдырмау міндетті, себебі-бұл спорт түрлері ерлермен қатар эйелдердің олимпиадалық ойындарда күш санасуына рұқсат етілген.

Дене тәрбиесі мұғалімдері болашақ волейболшылар дайындаудың алғашқы бесігі мектептегі дене тәрбиесі дәрісі екендігін назардан тыс калдырмауы қажеттілік демекпіз, себебі тек дамудың осы кезеңінде төмендегілердей сапалық өлшемдер бар. Олар: теориялық және әдістемелік білімдерді, айла-әдіс шеберлік деңгейін қамтитын бағдарламалық материалдарды меңгеру дәрежелері, денешынықтыру- сауықтыру, салауатты өмір салтын баянды ету және спорттық қызметін іске асыру қабілеттері. Окушының денешынықтыру және ойнау даярлығы жөніндегі жетістіктерін бағалаған кезде табиғи дарындылықты байқататын қасиетті ғана емес, сонымен бірге нақты сапа және үйлесімділік қабілетін жетілдірудегі жеке қимыл-козғалыс әрекеттеріне баса назар -бағыт ұстап отыру болашақ үшін маңызды.

Мектептегі дене тәрбиесінің оқу-жаттығу бағдарламасын орындауда окушылардың тәжірибелік қабілеттері мен спорттық дағдыларды жете меңгеруін, денешынықтыру даярлығын деңгейі мен жауапкершілігін, спорттың жеке бір түрінен шеберлігін бағалау мақсатында оқуды бітіретін ІХ-ХІ сыныптарда дене тәрбиесі бойынша «есептелінетіндігі» туралы байқаулар спорттық жеке түрлерін қатесіз таңдауына жағдай туғызатын негізгі шаралардың бірі, яғни үлкен спорт әлеміне «Жолдама» беру деуге де болады.

Мектептегі дене тәрбиесі бағдарламасы бойынша волейбол ойынына машықтану V сыныптан XI сыныпқа дейін жалғасатын спорттық, денетәрбиесі процестері екендігін ескертеміз. Мектептегі спорттық ойындар оқу, тәрбие, уықтыру мәселелерін шенгуге көмектеседі және оларды спорт пен денешынықтыруға қызықтырады.

Мектептегі   волейбол   дәрісінде      негізінен   біртұтастық   оықту   әдісі

қолданылады, ал бөліп оқыту  айла-тәсілдерді толык  игерілген соң барып  ғана басталады.  Оқу-үйрену  және  спортык  ойындардың соңғы  кезеңі, даңғдылану мен спорттық шеберлікті орнықтыру болып табылады. Спорт ойындарына ар налған дәрістер мен жаттығуларды өткізерде  жаракатттануды  болдырмау  ша ралары:  оқу-жаттығу  тәртібін  қатаң сактау, кажетті спорт киімдерінің ойын түріне сәйкес болуы, спорт алаңында немесе спорт залында қауіпті заттар мен құрал-жабдықтардың болмауы.

  1. Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерін спорттық шынықтыру рухани бай, адамгершілігі жоғары және дене тәрбиесі жағынан жетілген болашақ мамандарды қалыптастырудың бірегей процесінің кұрамдас бөлігі болып табылады.

Волейболдан факультативтік курс спорт ойындары бойынша негізгілердің бірі. Оның оқу жылы бойындағы көлемі 210-240 сағат болады. Оқу сағаттарының осынша көп болуына қарамастан волейболмен айналысып жүрген студенттердің жаттығу процесін ұйымдастыру және басқару жөнінде жетекші боларлық оқу құралы жоқ. Осы методикалық ұсыныстарда спорттық жетілу барысында волейболшыларды даярлау процесінің тиімділігін арттыруға, онымен шұғылданушыларды секциялық жұмыстарды жүргізуге кажетті білімнен хабардар етуге талпыныс жасалады.

Үлгілі оқу жоспары

 

Сабақтар мазмұны

Уақыт көлемі

1

Теориялық дайындық

18

*■

Жалпы дайындық

40

3

Арнаулы күш дайындығы

20

4

Техникалық дайындық

60

5

Тактикалық дайындық

32

6

Интегралдық    дайындық,     оның    ішінде бақылау ойындары

46

7

Инструкталдық және төрешілер практикасы

8

8

Зачет, бақылау сынағы

16

Жалпы уақыт көлемі:

240 сағат

Теориялық дайындық сабағының үлгілі жоспары.

  1. Орталық партия комитетінің май, ноябрь (1982), июнь (1983) поленумының шешімдерін жүзеге асырудағы дене тәрбиесі қызметкерлеріне қойған міндеттері.
  2. Совет Одағы Коммунистік партиясының дене тәрбиесі және Совет спортшыларының өсуі туралы негізгі крарлары.
  3. Оқушылардың жан-жақты дамуының қалыптасуына дене тәрбиесінің тигізетін ролі.
  4. Волейбол ойынының дамуы туралы қыскаша шолу. Біздің еліміздегі және шет елдердегі күшті командаларға мінездеме. Волейболдан өтетін командаларға мінездеме. Волейболдан өтетін халықаралық жарыстар.
  5. спортышының жасына, жынысына күш дайындығының мөлшеріне қарамастан жаттығу жүгіне қойылатын негізгі талаптар.
  6. Дәрігерлік бақылау және волейбол сабағы кезіндегі жеке бақылау.
  7. Волейбол ойынының техникалық және тактикалық негізі.
  8. Волейбол ойынындағы жаттығу және үйрету методикасының негізі.
  9. жарысты ұйымдастыру және өткізу ережесі.
  10. Өткізілген ойынды талқылау және ойыншыларға тапсырма беру.
  11. Ойыншылардың ойын негізіндегі қозғалысын жазуды ұйымдастыру, айтылған нәтижелерді талқыға салу.

Инструкторлық және төрешілер дайындығының мазмұны

  1. Күш, техникалық    және     тактикалық    дайындықтарға    арналған жаттығуларды қарастыру және оны топтармен өткізу.
  2. Дайындық және негізгі бөлімде ойынның алғашқы үйрету техникасын өткізу.
  3. Жалпы білім беретін мектептерде  кіші  волейболды ұйымдастырып өткізу.
  4. Волейбол жарысын өткізу. Бас төреші,  бас төрешінің орынбасары, секретарлық қызметті атқару.Ойын кестесін құрастыру.

Әртүрлі шеберліктегі волейболшылардың арнаулы дайындығының сипаттамасы

Волейболшыларды жаттықтыру процесінде көп жылғы даярлықтың барлық кезеңдерінде шапшаңдықты, жылдамдық-күш қасиеттерін, қайраттылықты, секіруге төзімділікті, ойынның барлық негізгі әдістеріндегі техникалық және тактикалық дағдыларды жетілдіруге көңіл бөлу қажет. Икемділік және созылымдылық жаттығуларын көмекші құралдар ретінде қарап, оларды бой жазу немесе демалыс сәттерінде пайдалану керек.

Волейболшылардың жаттығу дәрежесін анықтау мақсатымен жаттығудың жылдық циклында кемінде үш рет педагогикалық бақылау сынағын жүргізу қажет. Волейболшылардың шынығу дәрежесі, техникалық және ойындық даярлығы жөніндегі сипаттамалары спортшының шапшаңдығын, қайраттылығын, жылдамдық күш-сапасының қажетті дәрежесін айқындауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ, ол III разрядтан ССР спорт шеберіне дейінгі техникалық әдістерді орындауды және ойын қимылдарының тиімділігін байқатады. Жекелеген спортшылардың нәтижелерін эксперименттік жолмен алынған және 1,2,3 кестеде көрсетілген мәліметтермен салыстыру негізінде шынығу дәрежесіндегі және ойын әдістері бойынша техникалық дағдыланудағы жетіспей жатқан кемшілктерді анықтауға болады. Мұндай бақылауларды жүргізу үшін төмендегідей сынақтар жасауға болады.

Шапшаңдықтың даму дәрежесін аныктау үшін мынадай бақылау жаттығуы жасалады: ойыншы волейбол алаңының алдыңғы сызығының орта тұсынан біртіндеп қозғалып белгіленген жеті нүктенің әрқайсысына қолын тигізіп, бұрынғы орнына қайтып оралады. Оның уақыты секундомермен өлшенеді. Бұл бақылау сынағы арнаулы әдебиетте «елочка» жүгірісі деп аталған. Жылдамдық күш жағынан волейболшылардың даярлық дәрежесін ауыр қол добын лақтыру нәтижесіне қарай анықтайды. Оны еденде отырған қалпы бастан асыра екі қолмен және орнынан секірген қалыпта лақтырады. Сондай-ақ, Р.М. Аблаковтың методикасының көмегімен анықталатын бір орынан жоғары секіру көрсеткіші де ескеріледі. Үш рет қайталанғанан кейін үздік көрсеткіш тіркеледі.

Секіруге төзімділік ең жоғары биіктіктің 98  процентіне тең болатын
секіру санымен анықталады. Қарқыны 2-3 секундта бір рет секіру.
Волейболшылардың техникалық даярлығы волейболдан спорт мектептеріне
арналған бақылау сынақтарының негізінде анықталады.

1-кесте-Волейболшылардың күш-сапасының өсу деңгейі.

___________________________________________________________

 

Бақылау

сынағының

түрлері

Спорт шебері

1 разряд

2 разряд

3 разряд

1

«шырша» жүгірісі (сек)

23,8+0,09

25,2+0,009

25,0+0,11

27,5+0,27

2

Аяқтың         5-ші еттер тобы (кг)

5,83+0,009

5,16+0,04

5,16+0,04

1,92+0,04

3

Қолдың         4-ші еттер тобы (кг)

2,54+0,05

2,39+0,04

2,32+0,04

1,92+0,04

4

10-шы еттер тобы (кг.)

8,56+0,16

8,03+0,08

7,86+0,10

6,37+0,12

5

Қатты         допты отырып   лақтыру (м)

9,93+0,21

9,35+0,10

8,76+0,21

6,93+0,12

6

Қатты         допты секіріп лақтыру

16,99+0,24

15,48+0,23

13,72+0,21

10,05+0,18

7

Орында      тұрып биіктікке    секіру (см)

76,4+0,94

67,5+0,64

63,7+1,37

53,4+0,83

8

Биіктіке    секіріп жету (м)

3,09+0,02

2,96+0,01

2,86+0,01

2,74+0,01

9

Секіру төзімділігі (рет саны)

22+0,8

14,4+0,5

12,2+0,4

10,6+0,30

 

2-кесте-Волейболшылардың техникалық дайындық сапасының өсу деңгейі

Бақылау

сынағының

түрлері

Спорт шебері

1 разряд

2 разряд

3 разряд

Допты екі қолмен

4,14+0,09               3.18-0.13

2,84+0,1

2,32+0,10

Төменнен қабылдау (5 рет)

 

 

3

 

Допты екі қолмен жоғарыдан беру (5 рет)

4,18+0,09

3,80+0,10

3,08+0,13

2,78+0,10

Шабуыл   соққысы (5 рет)

4,55+0,05

3,76+0,13

3,30+0,1 9

2,76+0,10

Шабуыл соққысына тосқауыл (5 рет)

4,31+0,14

2,94+0,10

3,10+0,1 0

2,18+0,10

Допты        ойынға қосу (5 рет)

4,76+0,03

3,86+0,10

3,54+0,1 0

2,70+0,10

Техникалық

көрсеткіштердің

қосындысы

(25 рет)22,52+0,23

17,54+0,19

15,32+0, 38

12,70+0,26

             

3 кесте-Волейболшылардың ойын қозғалысының нәтижелері

 

Статистикалық параметр

Спорт шебері

1 разряд

2 разряд

1

Допты ойынға қосу

46,6+3,72

51,5+3,72

32,6+4,05

2

Допты қабылдау

66,34+4,26

57,0+4,53

56,9+4,05

3

Шабуыл соққысы

71,5+3,04

62,7+4,59

48,6+3,65

4

Тосқауыл

49,6+5,07

38,1+2,63

30,6+3,24

5

Допты беруді аяқтау

93,5+1,96

77+44,05

77,2+4,05

6

Қорғаныс   қозғалысы және сақтану

48,1+2,84

31,4+2,97

34,4+4,80

7

Жалпы                 ойын көрсеткіші

62,4+0,95

52,9+0,98

45,8+0,60

  1. Ойынға қосылған допты төменнен екі қолмен қабылдап 6 зонадан биіктігі 1,5-3 метрге дейін жететін керілу тұрған жіптен асыру (5 рет).
  2. екі қолмен допты жоғарыдан 2-3 зонадан 4-ші зонаға биіктігі 3 метрге керілу тұрған жіптен асыру. Жіпті Г тәрізді торға ілулі түрған антеннамен іске асырады, шабуыл жасау (5 рет).
  3. Екі қолмен 4-ші және 2-ші зонадан 4-ші немесе 5-ші және 2-ші немесе 1-ші зонаға шабуыл жасау (5 рет)
  4. 6-шы зонаға бағытталған шабуылға тоскауыл (5 рет).
  5. Допты ойынға қосу (жоғарғы, төменгі. бір кырындап) 4-ші және 5-ші зонаға бағыттау.

Динамометрлік зерттеу В.М.Аблаков жүйесіндегі динамометрді пайдалана отырып Б.М. Рыбалконың әдісімен жүзеге асырады. Осы методиканың көмегімен санның, тізенің, оң аяқтың табанынының иықтың бүгіліп, жазылу, серпімділік күші, сондай-ақ иықтың, бүғананың, кеуде тұсы мен қолдың бұлшық еттерінің даму дәрежесі анықталады.

 

  • Ойын қимылдарының тиімділігін анықтау.

 

Мұны даярлық дәрежесі бірдей екі команданың ойыны кезіндегі жазбаларға қарап анықтаған жөн. Волейболшылардың ойын қимылдарының тиімділігін анықтау үшін төмендегідей шарттар орындалуы қажет.

  1. допты беру: тиімді-ұпай салынып, қарсы жақтың шабуылының ұйымдастырылуы қиындай түсті; тиімсіз доп беру правосынан айырылып, қарсы жақтың допты қабылдауы оңай болады.
  2. допты қабылдау: тимді-допты ойыншылар дәл орындарында (тордан 1,5-2м7) қабылдауды немесе бірден қайтарады; тиімсіз-тордан 2 метрден астам жерде дәл қабылданбады, сондай-ақ екінші адамға беру қиындай түсті.
  3. шабуылдай соғу: тиімді-ұпай салынды немесе доп беру правосы алынды, доп қарсы жақта ойында қалды, бірақ қарсы шабуыл болмады, доп өз жағында ойында қалып тағы да шабуыл ұйымдастырылды; тиімсіз- қарсы жақтың ұпай салуы немесе доп беру правосынан айырылу, доптың қарсы жақта қалып, олардың қарсы шабуыл ұйымдастырылуы, доптың өз жағына қалуы, бірақ жаңадан шабуыл ұйымдастырылмауы;
  4. Тосқауыл қою: тиімді-ұпай салу немесе доп беру правосын алуы, доптың қарсы жақта ойында қалуы, доптың өз жағында қалып, қарсы шабуыл ұйымдастырылуы; тиімсіз-қарсы жақтың ұпай салуы немесе доп беру правосынан айырылуы, доптың өз жағында ойында қалуы, бірақ оның тік төмен құлдыауы;
  5. Ойын үстінде допты беру: тиімді-бірден соғып қайтару, ойыншылардың өз орнында дәл қабылдауы, тиімсіз-қарсы жақтың ұпай салуы немесе доп беру правосын жоғалту, допты дәл қабылдай алмау.
  6. Қорғаныс қимылдары және сақтану: тиімді -доптың өз командасының алдының үстіне қалуы; тиімсіз-қарсыластардың ұпай салуы немесе доп беру правосынан айрылу, доптың ойында қалуы, алайда қарсы жаққа жеберілуі немесе алаңнан шығып кетуі.

Магнитафонға жазу.  Ойын қимылдарының тиімділігін анықтау үшін ойын процесін бақылау кезінде оған түсініктеме беріліп, әрбір ойыншының қимылы, етістік кемшілігі есепке алынуы қажет. Жекеленген әдістерді орындау сапасы жоғарыда   айтылған    шарттарға    қарай    бағаланады.    Соның    нәтижесінде волейболшылардың ойын шеберлігі ойын әдістерінің жалпы санына тиімді арылған әдістердің қатынасы бойынша аныкталады. Спортшылардың дайындығындағы кемшіліктерді байқай отырып, әрбір ойыншы үшін жаттығу процесін жекелей жоспарлауға, сөйтіп олардың кемдеу жатқан қасиеттерін енмем әдістерін жетілдіруге әбден болады. Волейболшылардың шеберлігін арттыру жөнінде жаңа мәліметтерді жүзеге асыру үшін жоғарыда айтылған қасиеттер оның алдындағы классификацияның сипаттамаларына сай келуі қажет.

 

  • Жаттығу күрделілгінің көлеміне бақылау.

 

Жоспар жасаған кезде (күнделікті және перспективалық) жаттықтырушы спортшылардың жарыс жаттығуларындағы жетістіктерімен оларға түскен күш мөлшерін қатаң есепке алғаны жөн. Осындай жағдайда ғана әрбір спортшы үшін барынша тиімді жаттығу құралдарын таңдап алуға болады.

Мамандардың пікірі бойынша жаттығу кезінде түсетін күшке бақылау асау үшін «сыртқы» және ішкі көрсеткіштерді есепке алған жөн.

Атқарылған  жұмыстың  көлемімен  жиілігі  организмге  түскен  күштің сыртқы көрінісі екені белгілі. Егер жеңіл атлетикада, жүзуде, ауыр атлетикада сқа  да  спорт  түрлерінде   нақты   өлшемдер   айқын   көрсетілген   болса   , волейболда спортшыға түсетін күш дәрежесін алдын-ала анықтау мүмкін емес. программалық   документтерде,   кітаптарда   және   методикалық   құралдарда шадай ұсыныстар бар:  «4-5,6-3,  1-2» аймақтарына дәлдеп доп беру 20-нут».     Бұл  тапсырмада  допты  қанша  рет  беру  қажеттігі  айтылмаған. өрсетілген уақытта допты 150 рет, немесе 20 рет беруге болады. Бірінші және інші   жағдайда   адамға   түсетін   күш   те   әртүрлі   болады.   Міне,   көріп ірсыздар, арнаулы шарттардың болмауы күш түсу динамикасына бір сабақта а емес жаттығудың үлкенді кішілі циклдарында тиімді басшылық жасауға ъікіндік бермейді. Осыған орай жаттығудың интенсивтілігін бағалағанда 4-тенің    мәліметтерімен    пайдалануды    ұсынамын.     Ол     1-2    разрядты ортшылардың қатысуымен жүргізілген зерттеуден алынған. Бұл кестеде 1 нутта   орындалған   жеке   ойын   әдістерінің   саны   соларды   қайталаудың ынастары берілген.

Жаттығуларды   ойдағыдай  ұйымдастыруы   үшін   студенттерге   түсетін

тің ішкі факторларына бақылау жасаудың үлкен мәні бар. өзінің тым

делілігіне қарай бұл мақсатқа методико-биологиялық әдістерді қолдану

ш-ақ сондықтан зерттеулер нәтижесінде волейболшыларға жаттығу кезінде

етін күш мөлшері қарапайым байқаулар арқылы да анықтауға болады:

  1. Қарапайым қимыл реакциясының (сезімталдығының) уақытын анықтау (үш рет қайталау қосындысымен).
  2. Ең жоғары биіктіктің 98 процентіне жеткенше секіру, саны бойынша секіру төзімділікті анықтау.
  3. 5-6 метр қашықтықтан баскетбол сакинасына доптан тастаудың дәлдігін анықтау (30 рет қайталау); допты тастаушының колының сақинаға жетуі де есепке алынады.
  4. Волейбол алаңының периметрі бойынша бір қалыпты қарқынды 2 минут 30 секундта 10 айналым (510 м 10 айналым) жасаған соң 3 минуттан соң жүрек соғысының өз қалпына келуін есепке алу. Жаттығуда түсетін күш мөлшерін анықтау үшін аталған байқауларды сабаққа дайын және ол аяқталған соң 1-ші және 20 -шы минуттарда жүргізу қажет. Мұнан соң әрбір байқау шарты бойынша алынған нәтижелердің айырмашылығы жаттығу сабағына дейін және одан кейін есептеледі.

4-кесте-Волейболшылардың жаттығу сабағындағы күш-жігерінің өсу белгісі.

 

Өнімділігі

Орында тұрып доп беру

Қорғаныстағы ойын

Секіріп доп беру

Секірмей шабуыл жасау

Секіріп шабуыл жасау

Орында   тұрып   тоскауыл қою

Қозғалып тосқауыл қою

Допты ойынға қосу

1

5

4

2

3

2

1

3

2

2

2

10

8

3

6

4

2

6

3

3

3

15

12

5

9

6

3

9

5

5

4

20

16

6

12

8

4

12

6

6

5

25

20

8

15

10

5

15

8

8

6

30

24

9

18

12

6

18

9

9

7

35

28

11

21

14

7

21

11

11

8

40

32

12

24

16

8

24

12

12

9

45

36

14

27

18

9

27

14

14

10

50

40

15

30

20

10

30

15

15

11

55

44

17

33

22

11

33

17

17

12

60

48

18

36

24

12

36

18

18

13

65

52

20

39

26

13

39

20

20

14

70

56

21

42

28

14

42

21

21

15

75

60

23

45

30

15

45

23

23

[16

80

64

24

48

32

16

48

24

24

[17

85

68

26

51

34

17

51

26

26

[18

90

72

27

54

36

18

54

27

27

[19

95

76

29

57

38

19

57

29

29

[20

100

80

30

60

40

20

60

30

30

 

 

  1. 5 және 6 кестелердің мәліметтерімен алынған көрсеткіштердің айырмашылығын салыстыра отырып түсетін күшті үлкен, ортаншы және кіші деп бөлуге болады. Түсетін күшті аныктаудың біз ұсынып отырған әдісі көп уақыт жұмсауды және күрделі приборларды пайдалануды талап етпейді. Сонымен қатар жаттығу жұмыстарының әсерінен және волейболшылардың организмнің   қайтадан   қалыпқа   келу   дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.  Егер уақыт жетіспеген  жағдайда байқау шарттарының бәрін бір екеуін ғана қолдануға болады. Енді II-і разрядты волейболшылар үшін кіші, орташа және көп күш әсер түсіретін әртүрлі бағыттағы жаттығу программаларын ұсынамыз. II разряд дәрежесінде даярланған волейболшылардың микроциклдағы негізгі және қосалқы құралдарының көлемдік қатынас. Жаттығу   жұмыстарын   жсопарлау   спортышларды   даярлауға   басшылық етудің құрамдас бөлігі екені белгілі. Ол спорттық жаттығудың советтік жүйесінің принциптерімен әдістеріне негізделгенмен спорттың жекелеген түрлерінде өзіндік ерекшеліктері бар.

Жаттығу құралдарының көлемі мен интенсивтілігін жоспарлдау олардың микроциклдағы тиімді арақатынасына көптеген еңбектер арналған. Волейболға қарсыластармен командалық сайыс тән болғандықтан жекелей ғана емес командалық ойын қимылдарын жетілдіру қажет.

5-кесте-540 метрге жүгіру, жүгіргенге дейін және әртүрлі бағыттағы
жаттығу жұмысын орындағаннан кейін тамыр соғу айырмасының маңызы
және оның көлемі.             _______________________________________

 

 

Жаттығу     жүгінің бағыты

Жүктің көлемі

Тамыр соғу қосындысының айырмасы

 

 

 

 

Арнаулы

жылдамдық    және техникалық тактика

Кіші

Орташа

үлкен

20,36 44,7 60,9

+1,03 +2,05 +1,85

 

Күш   жылдамдығы және     техникалық тактика

Кіші

Орташа

үлкен

22,36 50,18 70,0

+1,03 +1,85 1,64

 

Арнаулы төзімділік және     техникалық тактика

Кіші

Орташа

үлкен

20,2 69,9 82,6

+2,05 +1,64 +2,46

 

Техника-тактика

Кіші

Орташа

үлкен

18,4 50 71,8

+0,62 +1,85 +2,46

 

Ойын

Кіші

Орташа

үлкен

22,5 50

+1,44 +1,85

6-кесте-Жаттығуға   дейін   және   кейін   жасалған   әртүрлі   бағыттағы   тест жұмыстарының көрсеткіштер айырмасының маңызы және көлемі

 

 

 

Жаттығу    жүгінің бағыты

Жүк көлемі

Көрсеткіштер айырмасы

Қозғалыс

реакциясының

уақыты

Секіру төзімділігі (рет саны)

Допты дәл беру (рет саны)

Арнаулы

жылдамдық   және техникалық тактика

Кіші

Орташа

үлкен

-0,02 +0,08 -0,12

+1,

3-3

-5

+2,9

-2,2

-4,9

Күш жылдамдығы және    техникалық тактика

Кіші

Орташа

үлкен

-0,01+0,09+0,15

+1

-3

-5,8

+1,2

-2,5

-5,7

Арнаулы

төзімділік      және техникалық тактика

Кіші

Орташа

үлкен

-0,09 +0,10 +0,19

+1,8

-4,1

-7,1

+2,5

-4,1 -7

Техника-тактика

Кіші

Орташа

үлкен

-0,02 0,12

+2,4

-3

-6

+1,7

-2

-5

Ойын

Кіші

Орташа

үлкен

 

+2,6 –

2,8

+2,6

-1

 

7-кесте-Бір сабақта жылдамдықты күшейту және техника-тактикалық әдетті, жаттығу жүгінің көлемін ұлғайтуға арналған үлгілі бағыт.

 

 

Жаттығу әдісі

Кіші

орташа

үлкен

 

 

 

 

 

өнімділігі %

Демалыс аралығы

 

өнімділігі%>

Демалыс аралығы

1

Жылдам жүгіру

100-150

80-

85

2-3

150-200

90-95

2-3

250-300

95-98

2-3

2

Секіру

2-3

80-90

2-3

3-4

80-90

2-3

4-5

95-98

2-3

3

Баскетбол

10-

10-

10-

 

 

 

8 кесте-Бір сабақта жылдамдық күшін күшейту және техника-тактикалық әдетті, жаттығу жүгінің көлемін ұлғайтуға үлгілі бағыт.

 

 

Жаттығу әдісі

Кіші

орташа

үлкен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Қатты допты лақтыру

30-35

 

 

35-45

 

 

95-100

 

 

2

Орташа отырып секіру

3-4

85-90

2-3

5-6

85-90

2-3

7-8

85-90

2-3

3

Допты беру

100-150

20-35

150-200

20-35

20

200-250

20-35

4

Шабуыл соққысы

30-40

15-20

20

40-50

15-20

15-20

70-80

15-20

20

5

Тосқауыл

30-40

10-15

15-20

40-60

10-25

 

70-80

10-15

15-20

6

Қорғаныста

допты

лақтыру

40-50

5-10

20-30

40-60

35-40

 

40-50

65-70

 

9-кесте-Бір сабақта арнаулы төзімділікті арттыру және техника-тактикалық әдетті, жаттығу көлемін ұлғайтуға арналған үлгілі бағыт

 

Жаттығу әдісі

Кіші

орташа

үлкен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Қайықшылап жүгіру      5-6 рет саны

30-35

90-95

2-1

5-6

90-95

1-2

7-8

90-95

3-4

2

Жоғарыда тұрған  затқа жету, секіріп жету 3-4

3-4

95-98

1-2

1-2

5-6

95-98

8-9

95-98

3-4

3

Жүптасқан қорғаныс

2-3

90-95

3

3

4-5

90-95

5-6

90-95

3

4

Бірінші

берілген

допқа

шабуыл

жасау

50-60

35-40

3-4

3-4

70-80

55-60

80-90

60-65

3-4

5

Қозғалыссыз және

қозғалмалы тосқауыл

40-50

60-70

1-2

1-2

60-70

6

70-80

70-80

1-2

6

Топталған

тактикалық

қозғалыс

10-20

20-25

1-2

1-2

20-30

1-2

30-40

20-25

1-2

 

 

10-кесте

Бір сабақта техника -тактикалық және ойын бағытын жаттығу жүгінің көлемін ұлғайтуға арналған үлгілі бағыт.

 

Жаттығу әдісі

Кіші

орташа

үлкен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Допты беру

200-250

20-25

250-300

20-25

300-350

25-30

2

Допты

ойынға

қосу

50-60

10-15

8-10

70-80

10-15

8-10

80-90

15-20

8-10

3

Шабуыл соққысы

50-60

15-20

20-25

80-90

20-25

10-15

100-110

35-40

10-15

4

тосқауыл

50-60

10-15

20-25

80-90

20-25

10-15

100-110

25-30

6-8

5

Екі

жақтылық оқу сабағы 66

2-3 партия

4-5 партия

 

 

бойынша жаттығулар және ойын үстінде машықтану болмақ. Бұл басқаша айтқанда волейболдың басқа спорт түрлерінен айырмасын көрсететін басты айырмасы деуіне болады. Көмекші жаттығулар негізгі жаттығуларды игеруге спортшылардың ойын өрнегін жетілдіруге игі әсерін тигізеді. Сонымен қатар Ю.Н. Клещев және А.В. Беляев 151 жаттығудың бір ғана тұру, мысалы, шабуылдай соғу ұзақтығына, қарқынына, қайталау санына қарай организмге әртүрлі әсер ететінін айтады. 15-20 минут бойы жүгіріп келіп 6-7 рет соққан кезде жалпы төзімділік дамиды. Жаттығу уақытын 3-4 минутқа қысқартып, алайда соғу жиілігін минутына 12-ге дейін арттыру арнаулы төзімділікті дамытуға пайдалы. Осыған орай жаттығу жұмыстарын жоспарлағанда жаттықтырушылар екі факторда ойын көлемі мен қарқынын сондай-ақ аттығудың негізгі және көмекші құралдарының ара қатынасын ескерген жөн. Көлемі

А) жоғарыдан доп беру              12000-15000 рет 20-24%

Б) төмендетіп беру                    8500-9000 рет      20-25%

В) қорғаныста қабылдау            11000-11500 рет 30-35%

Г) ойынға қосқан допты қабылдау 2000-2100 рет      10-15%
Д) допты ойынға қосу                     2000-1500 рет      10-15%

Ж) тосқауыл                              720-800рет          20-25%

3)оқуойыны                              12-14рет               20-25%

И) бақылау ойыны                     12-14рет              20-25%

4300м

10800кг

120000м

10-12 сағат

3500 рет итеріп секіру

2200-2500 рет

Қөмекші жаттығулар А) қозғалыстың жылдамдығын жетілдіру

А) күшті жетілдіру

Б) жалпы төзімділікті жетілдіру

В) спорт ойындары (футбол, баскетбол)

Г) секіру жаттығулары

Д) қайта допты лақтыру

З) тосқауыл мен қорғанысын допсыз жасау     480-500 рет

Микроциклдер құрылымы.

Негізгі және көмекші құралдың ара қатынасы микроциклдағы жаттығу көлемі қарқыны жаттығу процесінің құрамдас бөлігі болып табылатын микроциклдан да көрініс табады.

Микроциклдың құрамына әсер ететін көптеген факторлар арасында

 А.П. Матвеев мыналарды атап көрсетеді:

  1. спортшының тіршілік әрекетінің жалпы режимі және содан туындайтын жұмысқа қабілеттілік динамикасы.
  2. микроциклдағы сабақтардың мазмұны, саны және түсетін күштің көлемі, сондай-ақ шаршау мен қалпына келу процесінің өзара әсері және соған байланысты күш түсуі мен тынығудың алмасуы.
  3. Әртүрлі бағыттағы өзіндік артықшылығы бар /күш, жылдамдық-күш, төзімділік, техникалық және тактикалық сипаттағы т.б. сабақтарды алмастырып тұру қажеттілігі.
  4. жаттығуды ұйымдастырудың жалпы жүйесіндегі микроциклдың орны.

Бұл факторлардың спортшылардың шеберлігіне әсерін білуге және экспериментальды зерттеуге көптеген еңбектер арналып, олар жалпы заңдылықтармен қатар спорттың жекелеген түрлеріне арналған қағидаларды анықтау.

Волейбол жөніндегі арнаулы әдебиетте микроциклдардың ылымы мәселесі тым жеткіліксіз көрсетілген. Бұл жайы ұсыныстарды  микроцикл бойындағы түсетін күштің динамикасына ғана көңіл бөлінген. Мәселен, Филдер /1/ күн сайын жагтыгагын командалар күш көп кен күнді жеңілдету күндерімен немесе тынып мен дұрыс алмастырып тұру  кажеттілігін айтады. К. Шопов апталық циклда қарқынды ойындар жеңіл орташа бастап, қиын ойындар жеңілдіктермен алмасып, тұруы, түсетін күш көлемі және жиіліг жағынан шамадан тыс болмау қажет деп есептейді. Алайда ұсынылған жоспарда спортышларға түсетін күштің үлкен , орташа және кіші көлемі жайлы ешбір сандық мөлшер, түсінік берілмейді. Кейбір еңбектерде даярлық және жарыс кезеңдеріндегі микроциклдардың үлгі схемасы келтіріледі. Олардың барлығына ортақ кемшіліктер де жоқ емес. Атап айтқанда олардың волейболшылардың басты қасиеттерінің бірі-жылдамдық-күш жөніндегі даярлығы жеткіліксіз көрініс тапқан, шапшаңдықты дамытуға және техникамен тактиканың жетілдіруге бағытталған сабақтар ауыр ойындардан кейін жоспарланады. Ал шындығында олар организмнің қалыпқа келтіру кезеңінде жүргізілуі тиіс. Осыған қоса жаттығуда түсетін күштің көлемі мен мөлшері жайлы мәліметтер жоқ. Мұндай жағдайдың басты себебі-волейболшылардың микроциклының құрылымын негіздеу жөніндегі зерттеудің жоқтығында. Қолда бар әдебиеттерге қарағанда ең аз зерттелген мәселе даярлық және жарыс кезеңдерінің микроциклдарына түрлі бағыттағы бағыттарды дұрыс үйлесімді алмастырып отыру екені байқалады.

Осыған байланысты зерттеу жүргізіліп, оған даярлығы 1-2 разряд дәрежесіндегі негізгі көрсеткіштерді деңгейлес волейболшылардың екі тобы. Бүкіл эксперимент барысында екі топ та көлемі және қарқыны бірдей жаттығу программасын орындады. Эксперименттің мақсаты рөлі бағыттағы сабақтарды алмастыру тәртібін анықтауда еді. 11-кесте-Жаттығудың даярлығы кезінде микроцикл қүрылудың екі варианты тексеріледі.

 

Аптада өтетін сабақтың рет саны

Сабақтың бағыты

Түскен күштің жалпы мөлшері

 

 

Бірінші вариант

 

1

Техника және жылдамдық күші

Орташа

 

2

Техника және шапшаңдық

Орташа

 

3

Арнаулы төзімділік және ойын

Үлкен

 

4

Демалыс

 

5

Техника және жылдамдық күші

Орташа

 

6

Техника,         жылдамдық және ойын

Орташа

 

7

демалыс

 

 

Бкінші вариант

 

1

Техника және жылдамдык   Орташа

 

2

Техникажәне шапшаңдык   Орташа

 

3

Арнаулы төзімділік және ойын

үлкен

4

Демалыс

5

Техника және жылдамдық күші

орташа

6

 

Техника,         жылдамдық және ойын

орташа

7

демалыс

           

Көріп отырғандарыңыздай апталық циклдарының құрылымының айырмашылығы сонда бірінші топта жылдамдық-күш сапасын және ойынның техникалық дағдысын дамытуға бағытталған жаттығулар жұмысқа кабілеттілікті жедел қалпына келтіру кезеңінде жүргізіліп, шапшаңдықты және техникалық машықты дамытуға бағытталған сабақтар содан кейін ғана өткізілді. Екінші топта ол керісінше болды.

12-кесте-Жаттығудың    жарыстық    кезеңінде    бірінші    және    екінші топтардағы жаттығу сабақтарының алмасу реті төмендегідей.

 

Аптада өтетін сабақтың            рет саны

Сабақтың бағыты

Түскен күштің жалпы мөлшері

Бірінші вариант

1

Күш   және   техникалық дайындық

Кіші

2

Тактикалық

Орташа

3

Ойын және техникалық

Үлкен

4

Демалыс

5

Тактикалық

орташа

6

Демалыс

7

ойын

Орташа

Екінші вариант

1

Ойын және техника

Орташа

2

Тактикалық

Орташа

3

Демалыс

4

Ойын

Үлкен

5

Тактикалық

Орташа

6

Күш   және   техникалық дайындық

Кіші

7

Демалыс

Микроцикл  схемаларының  айырмашылығы-бірінші  топта  техникалық кимылдарды жетілдіруге арналған жаттығу сабақтары қалыпқа келу кезеңінде жоспарланып келесі күні ойын сипатындағы жаттығулардың жүргізілуінде. Екінші топта жаттығу сабақтары керісінше тәртіпте ұйымдастырылады.

Апталық циклдың бірінші және екінші вариантын пайдаланудың тиімділігін анықтау мақсатында апта айға созылған эксперименттің басында, ортасында және аяғында техникалық және шынығу даярлығы жөнінен бақылау сынағы жүргізіліп, магнитафон жазуын пайдалана отырып жарыстардағы ойын қимылдарының тиімділігіне баға берілді. Зерттеу қорытындылары даярлық және жарыс кезеңдерінде жаттығу микроциклдарының екінші вариантын пайдалануды ұсынуға мүмкіндік береді.

Жауапты жарыстарға тікелей даярлық кезеңінде /жарыстың басталуына 1 -2 апта қалғанда Жаттығуда аса көп күш түсірмеу қажет екені анықталады.

Бұл кезеңде волейболшылардың жаттығуында түсетін күшті 25%-ке дейін кеміткен дұрыс. Жарыс қарсаңындағы микроцикл төмендегіше қүрылқы мүмкін:1-ші күн -бақылау ойыны /түсетін күш орташа/, 2- ші күн-шағын топтарда техникалық және тактикалық машықты жетілдіру /түсетін күш кішкене/, 3-ші күн-команда құрамында тактикалық қимылдарды жетілдіру /түсетін күш кішкене/, 4-ші күн-демалыс, 5-ші күн-команда құрамында тактикалық қимылдарды жетілдіру/күш аз түседі/, 6-шы күндемалыс, 7-ші күн-жарыстың басталуы.

Күш және техникалық дайындықтың әдістері мен жолдары.

П-1   разряд   деңгейіндегі   студент   волейболшылардың   жаттығу   процесінде коладантын дайындық әдістері мен жолдарына сипаттама береміз.

Арнаулы жылдамдық.

Волейбол ойынындағы арнаулы жылдамдықтың көріну формасы деп жылдамдық реакциясы мен қозғалыстың өзінің жылдамдығын айтамыз. Жылдамдықты үдеткенде төмендегі нәрселерді ескерген жөн.

  1. Жылдамдықты күшейту адам организмнің күш жүгін толық меңгеруге дайын болғанда ғана қолданады және жаттығу орагнизмді өз қалпына келтіру қабілеттілікті арттыру толымды откізіледі. Осы себепті жылдамдықты күшейту жаттығудың соңында организм шаршағанда откізілуі тиіс емес.
  2. Жылдамдықты күшейткенде жаттығулар арасындағы үзіліс, адам организмі мен арнаулы еттер тобына қанағаттандырарлық болуы тиіс.

Қолданатын әдістер.

  1. Қайталау әдісі. Шекті және барынша жылдамдықты көру сипатының жарысы ретінде жаттығулар жасау ұқсастығы 5-8сек. Жаттығулар арасындағы үзіліс 30 сек-3 минут /жаттығулар мінезіне байланысты./.
  2. Ілесетін әдіс. Ауырлық түсіріп техникалық жаттығулар жасау қозғалысы /мысалы: шабуыл соққысы қозғалысы кезінде саусақтарға ауырлық түсіру, ауырлық түсіріп қозғалу және т.б.
  3. айнымалы жаттығулар әдісі.
  4. ойын әдісі. Қозғалмалы ойындар және орын ауыстырып жүгіретін жаттығулар жасау.
  5. Жарыстар әдісі. Жарыс кезінде шекті жылдамдыққа байланысты жаттығулар жасау.

Жылдамдықты күшейтуге арналған үлгілі жаттығулар:

  1. әртүрлі қалыпта жылдамдық және жүлқынып жүгіру /отырып, жатып, тұрып/
  2. Қозғалыс қалпын өзгертіп жылдам жүлқынып жүгіру.
  3. Әртүрлі және қозғалыстарды еліктейтін жаттығулар жасау.
  4. жылдам қозғалып техникалық қабылдау және оны орындауды еліктеу.
  5. Бір қимылды екінші қимылға жылдам қозғалып ауысуы.
  6. орын ауыстырып жүгіруді жылдам оырндау.
    Күш және жылдамдықты сайысын арттыру әдісі.

І.Қысқа уақыттағы күшейту әдісі. Ойыншы сабақты жаттығуды бар күнімен орындайды немесе күшінің 70-80% жүмсайды.

  1. Шегіне жету әдісі. 40-60% -тан қүрылған күшейту жаттығуларын адам
    қажығанға дейін орындау.
  2. Шексіз күшейту әдісі. Барынша көп жаттығулардың 30-50% шекті
    жылдамдықпен орындау.
  3. Ілесетін әдіс. Техникалық қабылдауды жартылай немесе толық орындау процесінде күшті немесе жылдамдық күшін өсіру.
  4. айналмалы ажттығулар әдісі. Жаттығуларды құрастырған жөн. Тапсырма жекелей болуы мүмкін. Алдымен күштің 50-60% арналған күшейтілген жаттығулар орындалады.

Еттердің күш және жылдамдық күшін арттыруға арналған үлгілі жаттығулары.

  1. Жілік білігі буынында қарсыластың көмегімен саусақты бүгіп және жазу.
  2. Әртүрлі салмақтағы қатты доптарды лақтырып саусақтар қозғалысына көңіл аудару.
  3. Жатқан қалпында қолды еденнен итеріп алақанды бір-біірне соғу.
  4. ауыр жүк түсіріп денені қозғалту.
  5. Штанганы көкірекке көтеру және тарту.
  6. Штанганы иыққа қойып оытырп тұру.
  7. Штанганы иыққа қойып жартылай отыру және аяқтың үшымен жылдам тұру /салмағы, адам салмағының 50% аспау керек, 10-15 рет/
  8. Штанганы иыққа қойып жартылай және толық отырып секіру /салмағы 50% аспау керек/тізе буынын толық
  9. Штанганы иыққа қойып тізе буынын толық бүкпей секіру.

10.Гимнастикалық орындықта отырып сирақ пен табан буынын ұстаған қарсыластың көмегімен артқа шалқаю, қолға ауырлық күшін түсіріп те орындауға болады.

11 .секіргішпен секіру.

12.Әртүрлі биіктікке ілінген заттарға бір орыннан немесе жүгіріп келіп секіру.

1З.Бір немесе екі аяқпен үзындыққа секіру

14.Әртүрлі биіктікте түрған заттарға секіру.

15.Әртүрлі биіктіктен төменге секіріп жоғары секіру.

Іб.Кедергілерді жеңіп секіру.

Шыдамдықты дамыту әдісі

Жалпы және арнаулы жылдамдық болып бөлінеді. Жалпы шыдамдылық ойыншыға ұзақ уақыт жүкті көтеруге қажет, арнаулы-шаршауға қарсы күреседі, техникалық қабылдау мен тактикалық қозғалыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, тұрақтылықты дағды етеді.

  1. Айналмалы әдіс:

Орта қашықтық пен жоғары жылдамдық демалыс белсенділігі жылдам доп беру және бар күшпен секіргішпен секірудің үзіліссіз алмасуы және т.б.

  1. Қайталау әдісі.

Шабуыл соққысын қозғалыста қабылдау, жай қайталантын шабуыл соққысына тосқауыл, қысқа қашықтыққа жүгіруді арнаулы жылдамдық пен жеткілікті үзіліссіз аралығында қайталау.

  1. Техникалық қабылдау өнімділігн арттыру.
  2. Толласыз әдіс. Волейболшы күшті жылдамдықты ептілікті арттырып арнаулы жаттығуларды өз еркімен орындайды.
  3. Аралық әдіс. Өнімділікті арттыру мақсатымен 2-3 партиядан тұратын жаттығу ойын өткізу. Үзіліс аралығы партиялар арасында қысқарып отырады.

Ептілікті арттыруға арналған үлгілі жаттығулар.

Жаттығу сабағында техниканы қайталауға арналған жаттығуларды үлкен күшті зорлауға қажет ететін, үлкен өнімділікті еліктейтін жаттығулармен араластырып өткен жөн. Осылай араластыру арнаулы төзімділік пен жаттығушының қозғалысын арттырады.

  1. секіру сериясы 15-20 секунд. Бірінші серияда бар күшті жүмсап секіреді және 4-5 серияда үзіліссіз 1-1,5 минут секіреді. Бұл жаттығуларды секіргіш жіппен орындауға болады.
  2. Төменгі тұста әртүрлі бағытта қозғалыс 1-1,5 минут, одан кейін демалыс 30-45 секунд. Осылайша 3-4 серия жасау керек.
  3. Шабуыл соққысын елітеу және шабуыл сызығында тұрып шабуыл жасау
    /немесе домалау/ 1 серида 10 рет секіру және 10 рет домалау.
  4. Кеудеге құлау сериясы /немесе арқаға құлап аударылу /Ісерида 6-10 рет құлау.
  5. Әртүрлі бағытта орын алмастырып қозғалу және алға немесе артқа ауысу.
  6. Әртүрлі бағытта және аралықта қашықтықта жүгіру.
  7. волейбол ойыны 2*2,3*3,4*4.
  8. Аз ойыншылармен үзіліссіз ойнау.  Ойынна шыққан доптың орнына кедергісіз доптар берілу тиіс.

Жаттығу сабағы кезінде кейбір техникалық қабылдаудың беріктілігі және ойын барысындағы тұрақтылықты ескерген жөн.

Техникалық дайындықты жетілдірудің жолдары. Екі қолмен допты берудің техникасын жетілдіруге арналған жаттығулар:

  1. Үшеулеп. Екі доп үш жаттығушыда. Екеуі бірінен соң бірі допты үшінші адамға береді. Ол кері қайтарады. Жаттығу барысында орын ауыстырады.
  2. Қосақталып жаттығушылар бір-біріне 4м аралықта тұрады, бірінші ойыншы еденге параллель етіп допты жылдам береді, қарсыласы допты қабылдап орташа биіктікпен кері қайтарады.
  3. Жаттығушылар қабырғаға беттерімен 1-1,5 метр жерде оранласады. Бірінші ойыншы допты қабырғаға беріп, тізбектің соңына барып тұрады, екінші ойыншы допты қабылдап өзінің үстінде жоғарыда қалдырып тізбек соңына кетеді, үшінші ойыншы допты қабырғаға береді және т.б.
  4. Жаттығушылар шеңбер бетімен беттері ішке қарап оранласады. Шеңбер ортасында мұғалім доппен тұрады. Ойыншылар шеңбер бойымен сол жаққа қарай жиылмалы қозғалыс жасайды. Мұғалім оларға допты береді, олар қабылдап кері қайтарады.
  5. ойыншылар желкесімен бірінен соң бірі шеңбер бойымен тұрады. Бір ойыншы допты артына қарай жоғарылатып жібереді. Келесі ойыншы алға жылжып ол да допты қабылдап артқа жібереді және т.б.
  6. ойыншылар бір тізбек бойына бірінен соң бірі тұрады. Бірінші ойыншы допты басынан асырып екінші ойыншыға береді, екінші-үшінші ойыншыға береді және т.б. Доп соңғы ойыншыға барғанда ол допты басының үстінде қалдырып 360-қа бұрылып, допты басынан асыра артқы ойыншыға береді, ол келесі ойыншыға және т.б.
  7. Жұптасып. Ойыншылар 34-метр жерде бір-біріне қарсы орналасады. Бір ойыншы допты жоғарылатып өз үстінде қалдырады да оны қабылдап екінші ойыншыға жоғарылатып береді. Екінші ойыншы осыны қайталайды.
  8. ойыншылар екі қатарда бір-біріне қарсы оранласады. Ара қашықтығы 2 метр. Бірінші қатардан екінші катарға допты беріп керісінше допты қисық сызықпен қабылдайды.
  9. Жұптасып. Ойыншылар бір-бірінен 4 метр жерде қарсы оранласады, бір ойыншы қарсыласына допты басынан асырып жоғарылатып береді, ол ойыншы допты секіріп қайтарады. 10 рет бергеннен кейін орын ауыстырылады. Ю.ойыншылар тізбек бойымен 2-зонадан оранласады және бір-бірлеп 4және 6-зонадан орналасады. Доп 6-зонадан 2-зонаға, ол жақтан 4-зонаға, содан кейін 6-зонаға беріледі. 11 .Волейбол ойыны техникасы дегеніміз — ойын барысындағы ойыншылардың өз алаңында тиімді пайдаланатын әдістэсіддерінің жиынтығы деуге эбден болады. Ойын техникасын меңгеру барысында спортшылардың тактикасы мен техникасы қарсыласына арналған «қарсы қару», яғни өз мақсаттарына жетудің ең қарапайым тиімді жолын ұтымды пайдалану шеберліктері. Ойын техникасын жете ыждағаттылықпенен меңгеру ойын, барысыңда қарсылас команда мүшелері үшін шешуін қажет ететін ойын түйінін ұсыну немесе       қарсыластарының шешімін табуды қажетсінетін «проблемаларға» дер кезіңде өз «қаруларын» жүмсай білудегі шеберлік. Казақ волейболы спорт ойынының ңегізін салушы Октябрь Жарылғаповтың пікірі бойынша, «Волейбол ойынын төрт тактикалық тәсілге бөлуге болады:

1) допты ойынға қосу; 2)допберу;

3) шабуып соққысы;

4)Тосқауыл,» бұларменен қатар ойын барысындағы ойыншылар әрекеттерімен (дер кезіңдегі ауыстырулар) доппен қарсыласына шабуылдау техникасы волейбол ойыныньщ біртұтас эстетикасы деуге де болады. Себебі, доп шебер ойыншылар үшін ғана жеңіске жету құралы.

Ойын техникасы дегеніміз волейболшы қимыл-қозғалысының тиімділігі, сәттілігі, қарсыластар үшін жүмбақ ойын өрнегі, яғни ойын гармониясы. Шебер ойыншыларға тән ерекшелік — олардың ойын барысындағы әрекеті басқаларда қайталанбайтын тек оған ғана тән шеберліктер жиынтығы. Ойыншы шеберлігіне тән қимыл-қозғалыстар оған қарсыласы ұсынған доптың жыдамдығы мен үшу бағытына орай үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Мұндайда шешім кабылдаудың шапшаңдығы қас шеберлерге тән касиет, яғни ойын техникасы мен тактикасының бір сәт тоғысу кезеңі деп тұжырымдауға болады.

Ойын техникасындағы ойыншылардың ойлау кабілеті мен әдіс-тәсілдерінің белгілі жүйе арқылы бір арнаға трғысуын волейбол ойынының «фазасы» деп атайды. Фаза — грекше «пайда болу» деген мағнадағы сөз. Екінші созбен айтқанда жаңа құбылыс, қайталанбас сәт. Яғни, ойыншылардың қарсыласы ұсынған допты кабылдауға техникалық, психологаялык дайындығының бастапқы кезеңі. Әрбір кезендегі ойыншылардың дайыңдыгы ұзақ мерзімге жалғасқан жаттығу барысында қалыптасатын қасиеттердің бірі. Сондыктан жаттығу барысында болашақ ойыншылардың өздеріне ғана тән ойын барысындағы жүріс-тұрысының маңыздылығын ескеру қажет.

Ойын барысындағы шабуылға шығар алдындағы техннкалық дайындық, ойынның мақсатқа сәйкес етуіне себепші болатынын ескертеміз. Оларға жататындар:

  1. Ойын алаңындағы ойыншылардың дайындық сәт. Бұл ойыншылардың допты ойын алаңындағы қозғалысы мен бағытын дер кезінде барлай алуға кабілеттіліктерін көрсету. Мысалы, бір аяғын алда ұстап, еңкейген сәтте допты кабылдау; екі аяғын тең ұстау арқылы алдынан келген допқа қарсы үмтылу; өз алаңыңдағы қозғалыс арқылы допы қабылдауға толық дайындығы.
  2. Аландағы жүру- бұл кезенде ойыншы екі тізесін сәл бүгіп, допқа қарсы жүру дайыңдық қезеңі.
  3. Жүгіруге дайын тұру кезеңі ойыншы дер кезіндегі шапшаң
    қимылы арқылы         қол жетпейтін допқа үмтылу                           немесе
    командаласының берген добын қарсыласы алаңындағы ойыншылар
    жоқ жерге жетелей соғу сәті.
  4. Секіру сәті- бұл кезеңде ойыншы жүгіріп барып жоғары секіру
    немесе алаңнан қол созып жердегі допты қарсыласына бағьптау
    үшін пайдаланады.

Ойын техникасын меңгеру арқылы допты ойынға қосу волейбол ойыншыларынан үлкен дайындықты талап ететін тактикалық мәні бар процесс, себебі допты ойынға қосу шабуыл сәтіндегі тиімді тәсілдердің бірі, сондықтан да бапкер бұл рольді орыңдауға өз ойыншыларын алдын-ала дайыңдайды.

Ойыншылар допты ойынга қосуға дайындықты ойын ережесін жетік үйренуден бастауы керек, мысалы, ереже бойынша ойыншы ойын алаңының сыртқы сызышның оң жақ бүрышынан допты бір қолымен жеңіл көтере тастап, екінші қолының алақанымен қарсыластарының қорғалмаған ортасына бағыттайды. Доптың қарсы жактың доп беруші көздеген жерге барып түсуі үшін, ойыншыдан үлкен шеберлікті талап етері хақ.

Ойыншылардың өз серіктеріне доп беру — шеберліктері қазіргі волейболдағы басты міндеттердің бірі. Яғни қарсыласының ұзатқан добының дұрыс қабылдауы мен оны өз шабуылшысына дер кезінде ұзату ұтысқа жеткізетін бірден-бір себеп, дәлел.

Команда мүшелерінің ойын барысындағы өз нүктелеріңце болып кез-келген жағдайға дайын екендігін ойын барысында көрсете білуі, жарысқа алдын-ала тыңғылықгы дайындығының нәтижесі болмақ. Оның дәлелі қабылдаған допты командаласына беру үшін қарсыластарынын аланда тактикалық тұрғыдан орналасуларын алдын-ала байыптап, оған шабуылға шығуға өз әріптесінің тиімді жерде дайын түрғанына көз жеткізулері керек.

Допты шебер қабылдау, онымен әріптесінің шабуылды сәтті аяқтауына жағдай жасайтынын ойын тәжірибесі көрсетіп жүр.

Техникалық шеберлікті үйрету мен оны күрделілендірудің қарапайым жолдары өз бастауын жаттығулардан алатынын бәрімізге де түсінікті сияқты, бірақ біздің    ойыншыларымыз    бен    тәжірибесіз    бапкерлеріміз    сол    қарапайым

жаттығулардың оқу-жаттығу барысында ойыншы дағдысы мен болашақ шеберлікке жеткізетін жол екенін естен шығарып аламыз. Мысалы, допты ойынға қосарда төжірибесіз ойыннгы өте асығыстық жасап, допты көздеген жеріне жеткізе алмай жататыңдарын жиі көреміз. Егер ол сол қолдағы түрған добын белгілі бір нүктеге дәл жеткізу тәсілін өз бетінше жаттығып, машықтанса жоғарыдағыдай қателікке ұрынбас еді. Бұл ретте бапкерлер ұсақ-елеусіз қателіктің өзі тек бір ойыншының сәтсіздігі емес, бүкіл ұжымның мақсатына нұқсан келтіретінін есте сақтаулары ылғи керек, ал есте сақтау дегеніміз-жаттығуларды ұйымдастыру кезеңіңде майда-шүйде ғой деп елемеушілікке жол бермеу, Спорт ойындарына тән сипат — командалық ой-пікірлер мен көзкарастардың бір мазмұндылығына, сондыктан да үздіксіз жаттығу ол білім «Білімді мынды жығады, білекті бірді жығады»-атты ұлттық тағылымның волейбол командасы мүшелеріне де қатынасы бар екендігін өмірлік тәжірибе дәлелденген тәжірибе демекпіз.

Командалық ойын ширақ басталғанда ғана нәтижелі болмақ, ал алдын-ала дайындығы жоқ ойыншьшар бір-біріне бой үйреткенше әлсіз шабуылдардың болатыны анық.

Ойын техникасын үйрену мен қимыл, ойыншының әрекеті жаттығу барысында қатар жүріп отырса ғана, аланда жақсы ойын көрінеді. Себебі жаттығу барырында кимыл-әрекеттерін қалыптас-тырған ойышішлар ғаңа бір-бірімен тіл табысары анық. Волейбол ойынындағы негізгі шарт болып есептелінетін мәселелер; қорғаушы міндетінің алдын-ала нақтылануы; ойыншының айла тәсілінің қарсыластарының тактикасын барлай алуына; қорғаныс тәсілі мен шабуылшы шебіндегілердің өзара түсіністілік пен органикалық бірлікте болуьша және шабуыл жүйесінің жан-жактылығына байланыстылығынан көрінеді емес пе? Олай болса волейбол командасы арнайы дайындық нәтижесінде сахнаға шығып нағыз өнер көрсетер ансамбль, ал, бапкер -ансамбльдің дирижері, дем берушісі, қолбасшысы екеніне күмән жоқ.

Волейбол спорт ойындарына тән ерекшеліктер мен мазмұны жағынан ойыншылардан көп күш-жігер мен көп қимыл-қозғалыстарда ерекше кажет ететін психологиялық-эмоциялық спорт ойыны. Оған алдын-ала техникалық тактикалық дайындық керек, сол сияқты жеке ойыншылардың тума касиеттері мен нерв жүйесіне тән темпераментті ойын түріне жатады, ойыншылардағы көңіл-күй мен ерік күш ойын мазмұныңда орны болады.

Ойын барысында волейболшылардың үздіксіз қозғалыстар мен әрекетте болуы, олардан қарқынды, жылдамдық пен ептілікті, және бір-біріне тіпте ұқсамайтын эмоциялық қалыпты талап ететінін ескертеміз. Соңдыктан да бапкерлер өз шәкірттерін кездейсоқ оқиғаға барлық ойын уақытында дайын болу тактикасына дағдыландыруы кажет. Мысалы, берілген немесе қарсыласы ұсынған допты кабылдау ерекшелігін алып қарасақ, олар бірде орташа шапшандылықпен немесе өте тегеурінді соғылған күш, ойыншылардың қауіп-қатерге деген дайындығының ең жоғары дережеде

болуына мәжбүр етеді. Мұндай жүйкеге әсер ететін себептердің ойыншылар үшін салдары болатыны шындық.

Волейбол   мамандарының   тұжырымдары   бойынша   ойыншылардың
жарыс кезіндегі кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауына
0,40 секундқа жуық қана уақыты кетеді деген жорымал бар. Осы кезенде
олар өз ролін атқару мен ғана шектелмей команда мүшелерінің мүдделерін
қорғайтын,  өз  жеке  басының да проблемаларын  шешетін  әлденеше  ой
тұжырымдары    менен    қимыл-қозғалыстар    да    жасап    үлгіреді,    оның
организмдерінің сапалық езгеріске келу кезеңдеріне, күә де болады.
Волейбол ойыншылары өте жауапты ойындарда 2 ден 3,5 килоға дейін
салмақтан   айырылады   екен.   Ойьншыларға   тән   ойын   кезеңінің   барлық
уақыттарында даярлық нерв жүйелеріне де белгілі дәрежеде салмақ түсіреді.
Бұл   жоғарыдағы   мәселелерге   байланысты,   волейбол   ойыны   спортшыны
моральдық және ерік күші жағынан даярлауға ерекше талап қоятын спорт
ойындары санатына жатқызуға болады. Бұл жоғарыдағы ерекшеліктер мен
себептерді    дұрыс     шеше    білу     ойыншылардың     тактикалық    жағынан
даярлықтарын жоғары дәрежеде шешуге   мүмкіншіліктер     беретіні     анық
дұрыс      жол          екендігі         спорт   мамаңдарына   мәлім   педагогикалық-

психологиялық процесс демекпіз.

Волейбол ойьшының тактикасын дұрыс шешуге негіз болатын, ойыншылардағы күш-қуаттың артуы үшін дене жаттығуларына жүйелі уақыттың белінгені өте орынды фактор. Мамандардың тәжірибесі бойынша әрбір кездесу 3-3,5 сағатқа жалғасады екен, олай болса жауапты кездесулер алдындағы тынығу, қосымша шынығу, көңіл-күйді көтеруді ұйымдастыру тактикалық проблемаларды шешудің негізгі кездерінің бірі деп ескереміз.

Волейбол — спорт ойынына тән тактикалық сенімнің кейде команданы жеңіске жетелеуінде де байқауға эбден болады. Кейбір кезде техникалық дайындық жағынан бабына жетпеген комаңда өз қарсыластарының бұрынғы жетістігіне қарамастан қарсыласымен үзеңгі қағысып, кейде тең дәрежеде ойнағанын, тіпті ойламаған жер-де жеңіске жететін уақыттары да болады. Бұған таңдануға болмайды.

Күшті, үнемі оңай жеңіске дағдыланғаннан шамадан тыс жеңістен басы айналып, ойын өрнегін бекемдей, ширата түсуге аса мән бермей, ойыншыларды техникалық, ширата түсумен психологиялық жақтан жан-жақты дайыңдауды назардан тыс қалдырып, жеңіліс пен сәтсіздіктің ащы түзын туға мәжбүр де болады, команда да психологиялық ахуал нашарлап, ойыншылардың жігерлі-ширақ ойынға деген белсенділігі кеми түседі. Сөйтіп, тактикалық ойын өрнегін көрсетудің орнына, комаңдада қалыптаскан әдіс-шараларын орындау да кабілетсіздік танытып, нашар команданың-ақ оңай айналуға душар болады. Ал команданың жеке ойыншылары өзіне-өзі сенімсіздікпен карап, ойын барысында жаракат алып калуы да мүмкін, олардың көңіл-күйі нашарлап, күйгелектік күй кешеді де, бұрынғы жүмсақ жұдырықтай команда  ойынының   берекесі  қашып,  достық  пен   ынтымақтастық  сияқты психологиялық ахуал қарапайым, сүреңсіз тіршілікке айналады.

Ойыншылардың жарыстың ең жауапты кезеңдерінде алаңда езін-өзі ұстай алмауы, төрешілердің дұрыс шешімдерін теріс түсінуі, командалық сәтсіздікке ұшырауға мәжбүрлейді. Осындай командалық күйзелісте тәжірибелі бапкерлер, жеке ойыншыларды жазалаумен эуестенбей, жаттығу мең ойынның жаңа стратегиясын ез ойыншларына ұсынуларының қажеттіліктерін ескертеміз.

Жаңа ойын тактикасын мойындату үшін оның жақсы нәтиже беретіңдігін
өткен ойындардағы сәтсіздіктерді егжей-текжейлі саралап, оның
нанымдылығына ойыншыпардың көздерін жеткізуде техникалық кұралдардың
көмегіне                 жүгінген                жақсы                нәтиже                береді.

Ескі «ірге тасқа»- жаңа қабырға тұрғызу барлық кезеңдерде де оңтайлы, бұл принцип спортшылар өмірінде көптеген пайдаланып келе жатқан тәжірибе.

Жас бапкерлер барлығын да жаңадан бастауға бейім келетіні анық, бірак жан-жақты ой елегінен өтаеген «белсенділік» «бастаушысын» сәтсіздікке ұшырататының естен шығармағаны дұрыс, бұрынғы бай тәжірибелерді шығармашылық пен пайдалана білген және оны уақыт талабымен ынтымақтастыққа жеткізген тәлімгер ғана ұжым алдында бедел иесіне айналатыны өмір шыңдығы.

Тактикалық қателіктерді пайда етуге себешпі, әдіс-тәсілдік сипаттағы қиындықтар. Олар жеке ойыншылардың селқос ойыны, жолдасының оңтайлы қимылына дер кезінде жәрдемдесуге, кездесуге жарамсыз жәйттер.

Кейбір ойыншылар жаттығу кезінде жоддастық кездесуге немесе команда екіге бөлініп ойнаған кезде тамаша шеберліктер көрсетіп, кейбір жағдайда ойламаған жерден дұрыс жол таба да білуге дағдыланғанын көрсетіп тандай қақтырады, ал арнайы жарыстарда өз алаңдағы орын таппай дәрменсіздігін көрсетіп алады. Әсіресе мұндай қателіктерге ұрындыратын төмендегілердей сәттер бар екеңдігін ескертеміз. Олар:

  1. ойын тәжірибесінің аздығы, бұрын-соңғы көпшілік алдыңда жарыс додасына сирек қатынасатындығынан болады;

2.Негізгі құрамада аз ойнағандығы мен әліде болса командалык ойынцарда оның тұрақты өз ауданының болмауына да байланысты;

  1. Жаттығу барысында жарақат алған, бірақ онысын білдірмеуге тырысып, ойын барысында мүмкіншілігшен эддеқайда нашар ойын көрсетіп, өзіне-өзі ойын барысында наразы болумен әлектенеді. Бүндай жағдайды ойын барысында байқаған бапкер, ойын барысындағы орта қиыншылығын дер кезінде сезу арқылы шешпей, оның оз бетінше ой саралауына арнайы уақыт бөлгені жөн, тіпті ойыншы оз қателігін түзетудің мүмкіншілігін өзі бапкер көмегімен жүгінер, бұл арада ұстамдылык пен сабыр сақтау керек те шығар -халқымыз «сабыр түбі сары алтын», немесе «іздеген жетер мұратқа» демейтін

бе еді, ұлағатты ұстаздар!

       Айтылған уақытша қиыңдықтарды жеңу үшін спорт заңына сәйкес тәсілдік әдістермен дағдыларды жүйелілік-саналылық қалыптастыру арқылы мезгеген межеге жету мүмкін. Сондықтан да мұндай тәсілдік спорт ойындарына ыждағаттылықпенен дағдыландыратын арнайы жаттығуларды әр күні уақыт тауып әлденеше рет қайталау қажеттілігіне ұсыныс жасаймыз. Әлденеше рет қайталауды талап ететін ойыншылардың тәсілдік әдістері ұқыптылықпенен ұштап, нағыз спортышының бойында ерік-күшін, кайсар-жігерін, мақсатқа жетуге деген ниетінің орындалуына толық жағдай жасайды. Спортшыға тән шеберлігі мен ойын барысында пайдаланатын айла — тәсілден басқа ойын барысында жарыс кезінде белгілі жағдайда орныкқан дағдыға айналған шешімнің дұрыстығы да әсер етеді.

Комаңда мүшелерінің жалпы спорттық ұжымның жарыс
нәтижесінде жеңіске жетуі оның арнайы бағдарламаға, негізделген
алдынала          даярлығына         және         жарысқа         түсетін         қарсылас

командаларының техникалық, тактикалық күшінің шамасына қарай емес, сондай-ақ команда мүшелері мен қоян-қолтық үнемі қатынаста болатын, жетістіктер мен кемшіліктерден қорытынды шығара алуға мүмкіншілігі бар білікті бастылыққа да байланысты болатыны өмір, заңы екендігі

Техникалық, тактикалық және спорттық шеберліктері тең.. комаңдаларменен болған ойьш барысьшдағы команда мүшелерін табысқа жетуінде жаттықтырушьшыц шәкірттерімен барлық уақыттардағы бірлігі, оның ұстаздық беделі, команданы басқару шеберлігі кездесудің қорытындысьша шешуші әсер етеді. Кейбір кезеңдерді жаттықтырушы қабылдаған шешімнің негізсіздігі орынсыз еркініне әкеледі де, команда мүшелерімен ұйымдастырылған ісшараларды бүтіндей жоққа шығаруы да мүмкін. Сондықтан команда тағдыры оңай шаруа емес, оның тағдырына атүсті қарауға жол берілмеуі абзал.

Әрбір жаттықтырушы болашақ бәсекелестері арқылы өз ойыншыларының жетістіктері мен кемшіліктерін баға беруді жұмыс жоспарларында пайдалануға ерекше мән бергендері дұрыс. Болашақ қарсыластарының мүмкіншіліктерімен санасу, олар жайлы сенімді мәліметтер жинау болашақтағы табыс кезі екендігін дэйім есте сақтау жөн болады. Себебі болашақ қарсыластарға үлкен дайындық керек, олар жиі-жиі пайдаланатын әдіс-айлаларды шешуге әрбір ойыншыны техникалық тактикалық тұрғыдан қарсы қоя білу табыс көзі екендігі спорт мамандары үшін белгілі ереже, тұжырым, бағдарлама.

Сондықтан да, жоғарыда айтылған мүмкіншіліктерді есепке алып, жаттықтырушы өз ойындарының тәсілдік дағдысын, жоспарын өзгертіп, болашақ бәсекенің стратегиясын ойыншыларды толық кұрамда катынастыра отырып жасағаны жақсы нәтиже береді. Егер ойын барысындағы үзіліс алудың қажеттілігіне дәлелі жоқ болган жағдайда жаттықтырушы өз ойыншыларын алға ұмтылдырып, шабуылды үдете түсуге дем беруі өте қажетті жағдай екендігін ескерту жөн болар еді деген ойдамыз.

Әрбір аяқталған жарыстың нәтижесі 1-2 күннен кейін-ақ жан-жакты талданғаны дұрыс болар еді, себебі — ойын үстіндегі әрбір ойыншының өз пайымдауы бар ол ете ұзақ сакталмайды да, сондықтан да өрбір ойыншының ойыннан алған әсерін көпшілік талкысынан өткізіп, елеп-екшеп болашақ үшін әдістемелік құрал ретінде пайдалану тәжірибеде сыналған дәстүр, салт-сана десе де болады. Себебі, жайшылықтағы талдау ойыншылары өй-өрістерінің кеңеюіне жол ашады, бүгінгі ойыншы, ертеңгі маман-бапкер, тәлімгер деп қорытынды жасаған ұлағаттылардан қалған өсиет-мұра іспетті демекпіз.Сөйтіп, волейбол спорт ойынының тактикасы туралы ой қорытындысын жасау үшін төмендегі тактикалық түсініктерге анықтама бере кетуді жөн көрдік. Олар:

Ойып құралы — ол ойын барысында пайдаланатын техникалық әдістер және оларды пайдалану жолдары;

Ойынды ұйымдастыру — ол комаңда мүшелерінің ұжымдық және жеке-дара іс қимылдары;

Жеке  әсер  —  бұл  әрбір  ойыншының  өз  мүмкіншілігінше  тактикалық міндетті шешуі;

Топтық қимыл — яғни ойын барысындағы міндетті шешу үшін ойыншылар бірлестігі;

Командалық шешім — бұл шабуыл мен қорғану тәсілін бірлесіп атқару. Мысалы допқа кедергі жасауды ұйымдастыру сияқты;

Ойын жүйесі аландағы ойыншылардың өз мамандығы мен мүмкшшілігіне сәйкес өз ауданынан орын алуы;

Тактикалық комбинация — яғни ойьшшылардың бірінің екіншісі үішін шабуыл мен қорғаныс жасауына мүмкіншілік туғызуы;

Ойынды жүргізу формасы — бұл ойынның нәтижелі жүргізілуін алдын-ала жоспарлау;

Ойыншылар тәртібі  — ол әрбір ойыншының комаңда мүддесін қорғауға міндеттене білулері. Яғни жеңіс жолыңдағы ұйымшылдық пен ауыз бірлік.

ДОП БЕРУ (ҚАҒУ)

«Шырақ» ойыны. Алаңға диаметрі 1 м. шеңбер сызылады. Ойыншылар бір бағанада тұрып, кезекпен шеңберге кіріп, допты өз төбесінен 2 м. кем емес биіктікке қақпақылдайды. Кем дегенде 10 реттен қағу керек. Ойыншылар 2 м. төмен аралықта қағып қойса немесе шеңберден шығып кетсе айып ұпай жазылады. Кімде айып ұпайы аз болса, сол жеңіске жетеді.

«Топ арқылы» ойыны. Ойын тор құрылған алаңда 2-3 командаға бөлініп айналылады. Әр команда 2 топқа бөлінеді де, алаңның екі жағына қарама-қарсы

тұрады. Бастапқы тұрған ойыншы жаттықтырушының белгісі берілісімен, допты тордан екі қолмен қағып асырады да, өзі саптың артына қарай жүгіріп, топтың соңынан орын алып ойынды жалғастыра береді. Қарсы жақ команда да сөйтеді. Қателескен команда жарыстан шығып қалады. Қатесіз ойнаған команда жеңді деп саналады.

«Әткеншек». Екі команда ойыншылары 2 шеңбер жасайды. Шеңбер де бірінің артынан бірі 2 метрден орналасады. Команда берілісімен әр ойыншы өз төбесінен допты қағып өзі жылжи береді, екінші ойыншы допты жерге түсірмей онда барып өз төбесінен қағады. Сөйтіп шеңбер бойымен ойыншылар жылжи береді. Ойын 3-5 минут аралығында созыла-ды. Кім допты аз жоғалтса, сол команда жеңіске жетеді.

ДОПТЫ ОЙЫНҒА ҚОСУ

«Допты ойынға дұрыс қосу». Алаңның екі шетінде екі жақ команда орналасады. Әр командада 5-тен доп болады. Жаттықтырушының белгісінен кейін әр команда кезекпен допты қарсы алаңға ойынға қосады. Кезекте түрған екі жақтың ойыншылары допты қарсы алаңға лақтырады. Бұл ойында допты дұрыс қоспаған деп, егер ойыншы беру сызығын басып кетсе, немесе қарсы алаңға дұрыс түсірмеген болып саналады. Кім көп жаңылмаса, сол команда жеңген болады.

«Мергендер». Командалар алаңның шетіне сап түзеп тұрады. Әр команданың ойыншылары кезекпен допты 5 рет қосуға құқылы. Әр алаңға шаршы төрт бүрыш сызылады да, олар нөмірленеді. Сол нөмір ұпай болып саналады. Кім ұпайды көп жинаса, сол команда жеңімпаз деп есептеледі. Допты ойынға қосудың түрін жаттықтырушы шешеді.

 

 
 

 

 

Техникалық және тактикалық сипаттағы қиындықтар тоб

Топтық тактикалық қимылдар дегеніміз бірнеше ойыншы-ның шабуылды даярлауға және сәтті аяқтауға бағытталған қимыл-бірлігі. Шабуылдағы топтық тактикалық қимылдың негізі допты соғуға берген және шабуылдаушы соққыны жүзе-ге асырған ойыншылардың бірлескен қимылы. Топтық-тех-никалық қимыл 3, 2, 4 аймақтардың ойыншылары бірлесе қимылдаған алдыңғы қатардағы ойыншылар тарапынан да, 1, 5, 6 аймақтардың ойыншылары қатысқан артқы және алдыңғы қатар ойыншыларының бірлігі нәтижесінде де жүзеге асы-рылуы мүмкін.

Допты екінші рет беруге шетке шыққан ойыншыны пайдалану алдыңғы қатардағы барлық ойыншылардың шабуылға белсене қатысуына мүмкіндік береді.

КОМАНДАЛЫҚ-ТАКТИКАЛЫҚ ҚИМЫЛДАР

Командалық тактикалық қимылдар команданың барлық ойыншыларының өзара қимыл бірлігі деген сөз. Шабуылдағы ойынның үш түрлі жүйесі бар. Алдыңғы қатардағы ойыншысы арқылы екінші рет беруден шабуылда ойнау жүйесі.

І.Артқы қатардан шығатын ойыншы арқылы екінші рет доп беруден шабуылда ойнау жүйесі.

2.Алғашқы беруден немесе қайырыла беруден шабуылда ойнау жүйесі.

Бұл системалардың команда ойыншыларының әрқайсы-сының белгілі қызметін және соған орай олардың алаңда түрліше орналасуын белгілейді.

БІРІНШІ РЕТ ДОП БЕРУДЕН НЕМЕСЕ ҚАЙЫРА СОҒУДАН КЕЙІН ШАБУЫЛДА ОЙНАУ.

Бұл жүйені пайдаланғанда шабуылдай соғу допты бірінші беруден немесе қайыра соғудан кейін атқарылады. Бұл жүйе-де ойынға қосылған допты қабылдау кезінде алдыңғы қатар-дың барлық ойыншылары алаңның ішкері жағында болады. Допты қабылдаған ойыншы оны бірден алдыңғы қатардың ойыншысына соғуға береді (4, 3, 2 аймақ). Ол шабуылдай со-ғады немесе тосқауыл қойылса алдыңғы қатардағы әріптестерінің біріне қайыра береді.

Бұл жүйе жоғары техниканы талап етеді. Өйткені допты бірінші беруден шабуылға бағыттау өте қиын. Бұл соңғы жүйені оқып үйренуге алдыңғы екеуін меңгеріп, команданың барлық ойыншылары допты ойынға қосу әдісін игерген соң барып кіріскен жөн.

ҚОРҒАНЫС ТАКТИКАСЫ

Жекеленген тактикалық қимылдар. Тактикалық қимылдарды үйрену және жетілдіру қорғаныстағы техникалық әдістерді жетілдірумен қатар жүргізіледі. Жекелеген такти-калық қимылдың мәні орынды және тиімді техникалык әдістерді қапысыз таңдап ала білуде жатыр. Ойынға қосылған шабуылдай соғылған допты қабылдаудағы және тосқауыл қоюдағы жекелеген тактикалык қимылдар түрлері бар.

Ойынға қосылған допты қабылдау тактикасы. Ойынға қосылған допты қабылдау кезінде ойыншы қарсы жақтың беретін добының сипатына қарай алаңдағы өз орнын анықтай білуі керек. Қатты берілген допты қабылдау үшін тордан алысырақ, баяу допты алу үшін торға жақынырақ орналасудың пайдасы үлкен.

Ойынды өз аймағында орын алмастыруға әрқашан даяр болғаны жөн.

Ойынға қосылған қабылдау әдісін (жоғарыдан, төменнен) және команда ойыншыларының орналасуына қарай допты жіберетін бағытын алдын ала анықтайды.

ШАБУЫЛДАУШЫ СОҚҚЫНЫ ҚАБЫЛДАУ ТАКТИКАСЫ.

Шабуылдаушы соққыны қабылдайтын орынды дұрыс таңдау үшін ойынды қарсыластың қай аймақтан шабуыл жасайтыны анықтауы керек. Осыдан кейін ол шабуылдаушы соққының бағытын анықтап соғатын аймаққа қарай орын ауыстыруға даяр болғаны жөн.

Шабуылдаушы соққының сипатына байланысты ойыншы допты қабылдау әдісін (жоғарыдан, төменнен) және ықтимал бағытын анықтайды.

Тосқауыл қою тактикасы. Тосқауыл қоюшының бірінші міндеті шабуылдаушы соққы атқарылатын аймақты анықтау болады. Шабуылдаушы соққының түріне қарай тосқауыл қоюдың тиімді жолын таңдайды. Сонан соң барып секіру сәтін, тосқауылға қолды қоюдың тиімді жолын таңдайды. Сонан соң барып секіру сәтін, тосқауылға қолды қоюды және соққының бағытын анықтайды.

Допты ойынға қосу техникасын жетілдіруге арналған жаттығулар

  1. Жоғарыдан допты бір зонаға тіке дәлдеп соғуды жетілдіру.
  2. Жоғарыдан допты 6-зонаға тіке дәлдеп соғуды жетілдіру.
  3. Жоғарыдан допты 5-зонаға тіке дәлдеп соғуды жетілдіру.
  4. жоғарыдан бір қырындап допты 6-зонаға дәлдеп соғуды жетілдіру.
  5. Жоғарыдан бір қырындап допты 5-зонаға дәлдеп соғуды жетілдіру.
  6. Жоғарыдан бір қырындап допты 5-зонаға дәлдеп соғуды жетілдіру.
  7. жоғарыдан бір қырындап допты дәлдеп 5 және 6,6 және 1,4 және 3,3 және 2-зона аралықтарына дәлдеп соғуды жетілдіру.
  8. Жоғарыдан бір қырындап допты 1-зонаға күшпен соғу.
  9. Жоғарыдан бір қырындап допты 6-зонаға күшпен соғу.
    Ю.Жоғарыдан бір қырындап допты 5-зонаға күшпен соғу.

Допты қабылдау техникасының жетілдіруіне арналған жаттығулар.

  1. Үш ойыншы 5,6 және 1 зонаға орналасады. Қалған ойыншылар осы көрсетілген ойыншыларға дәлдеп доп соғады. Допты 2-зонаға бағыттау керек.
  2. 1-жаттығу бірақ допты қабылдаған соң 1-ші оны 2-зонаға бағыттайды.
  3. 1-ші жаттығу, бірақ допты күшпен соғады.
  4. 2-жаттығу бірақ допты күшпен соғады.
  5. 2 ойыншы алаңнан арт жағында орналасып допты алуға тырысады.
  6. 6 ойыншы алаңда орналасып допты қабылдайды.

Шабуыл соққысы техникасының жетілдіруіне арналған жаттығулар.

  1. 4-зонадан жалпы үш тосқауылды жанамалап шабуыл жасау.
  2. 1-жаттығу, бірақ 2-зонадан шабуыл жасау.
  3. Жалғыз тосқауылға қысқа және жылдам берілген доппен 3-зонадан шабуыл жасау..
  4. Қос тосқауылға жоғарыдан берілген доппен шабуыл жасау.
  5. 4-жаттығу, бірақ2-зонадан шабуыл жасау.
  6. 4,3 және 2 -зоналарға дәлдеп шабуыл жасау.
  7. 4,3 және 2-зоналарға, 3-зонадан берілген допты күшпен соғып бағыттау.
  8. 7-жаттығу, бірақ доп 2-зонадан берілу керек.
  9. 7-жаттығу, бірақ доп 4-зонадан берілу керек.

10.4-зонадан тұрып 3-зонадан берілген допты оң жаққа бүрып шабуыл

жасау. 11.2-зонадан тұрып 3-зонадан берілген допты сол жаққа бүрып шабуыл

жасау. 12.3 -зонада тұрып, 3-зонадан берілген допты оңға және солға ауыстырып

шабуыл соққысын жасау.

Тактикалық дайындық методикасы.

Тактикалық дайындық процесінде қолданылатын әдіс, техникалық дайындық әдісіне ұқсайды, бірақ тактикалық ерекшелікке негізделеді.

Көрсету процесінде қарапайым макеттер мен схемаларды қолданады Қысқа уақытта меңгерілетін қиын тактикалық қозғалыста құрамдарға бөлінеді, дыбыс пен болжамдар қолданылады, арнаулы қондырғылардың көмегімен жағдайлар күрделене түседі, тосқауылды және допты ойынға қосу тактикасын үйрету/.

Тактикалық қозғалыстарды одан, оны ұқыптағанда талдау әдісін қолданған жөн / өзінің және қарсыласының/.

Тактикалық дайындық әдісі. 1. Жылдамдықты бағдарлауды жылдамдык-козғалысының бір түрінен

екніші түріне ауысыуына арналған дайындык жаттығулар.

  1. Қозғалмалы және спорт ойындары арнаулы орын ауыстырып жүгіретін жаттығулар.
  2. Тактикалық жаттығулар /жеке, топ және командалык/.
  3. Екі жақты/тапсырмамен/.
  4. Бақылау ойындары және жарыс.

Тосқауыл техникасының жетілдіруіне арналған жаттығулар.

  1. 2-зонада тұрып 4-зонадан соғылған шабуыл соққысына, тосқауыл, доп орташа немесе жоғарылап ретімен беріледі.
  2. 4-зонада тұрып 2-зонадан соғылған шабуыл соққысына тосқауыл, доп орташа немесе жоғарылап беріледі.
  3. 333-зонада тұрып 3-зонадан соғылған шабуыл соққысына тосқауыл, доп орташа немесе жоғарылап беріледі.
  4. Тордан алыс берілген допқа тосқауылды қайталау.Алаңның бір жағында ойыншылар тордан алыс берілген доптарға шабуыл жасайды. Алаңның екінші жағындағылар оларға жеке тосқауыл қояды.
  5. Алаңның бір жағында үш тосқауылшы, екінші жағында 3 шабуылшы, бір ойыншы тордың жанында тұрып шабуылшыға доп береді. Шабуыл соққылары тор үзындығы бойымен орындалады. Тосқауылшыларға ұйымдасқан қос тосқауыл қойған жөн.
  6. 5-жаттығу, бірақ 3-зонадағы шабуылшы төменнен берілген допты, 4 және 2-зонадан шабулшылар жылдам берілген доптарды соғады. 3-зонадағы тосқауылшы доп беретін ойыншының қозғалысын бақылаған жөн.

 

Қорғау техникасының жетілдіруіне арналған жаттығулар.

  1. Қорғаушылар 5,6 және 1-зонада лораналсады. 4-зонадан соғылған шабуыл соққысын қабылдап допты 2 және 3-зонаға беру.
  2. 1-жаттығу, бірақ шабуыл соққысыЗ-зонадан соғылады.
  3. 1-жаттығу, бірақ шабуыл соққысы 3-зонадан соғылады.
  4. Қорғаушылар 5,6 және 1-зонада орналасады. 4-зонадан бірі қырындап соғылған шабуыл соққысын қабылдап допты 3 және 2 -зонаға беру.
  5. 4-жаттығу, шабуыл соққысы 2-зонадан осғылады.
  6. 4-жаттығу, шабуыл соққысы 3-зонадан соғылады.
  7. Қорғаушылар 4,5,6 1 және 2-зоналарда орналасады. Шабуыл соққылары 4 және 2-зоналарда ретімен орындалады оларды қабылдап 3 және 2-зонаға береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Ойынның психологиялық сипаттамасы

 

2.1 Объективті сипаттағы қиындықтар тобы, оларды жеңу жолдары

 

Волейбол ойыны өзінің мазмұны жағынан көп қимылдауды қажет ететін және эмоционалды ойын. Команда ойыншылары ойын кезінде допты беру, қабылдап алу шабуылдай соғу, т.б. осылар сиякты әртүрлі техникалық әдістерді қолдануы қажет. Сонымен қатар осы техникалык әдістердің бәріне белгілі бір

тактикалық бағыт беріп, ойыншы әдістерімен тығыз байланысты қимылдауы қажет. Өйткені бір адамның қателігі бүкіл ойын барысын бұзады. Ойын процесінде волейболшы атқаратын қимылдардың басты ерекшелігі-қарқыны жылдамдығы және сипаты жағынан мүлде басқаша қимылдың бір түрінен екіншісіне тез ауыса білудің қажеттілігінде. Бұл ойынның ерекшелігіне байланысты шарт. Мәселен берген кездегі доптың орташа үшу жылдамдығы секундына 12,3 метрге, ұшу қашықтығы 15-16 метрге тең. Беру кезінде доптың үшу жылдамдығы арта түссе оны қабылдау қиындай бермек. Шабуылдай соғу кезінде допты қабылдап алудың ұзақтығы ойынның психологиялық күрделілігін көрсетеді.

Осы маңызды қимылды орындау үстінде волейболшы доптың үшу бағытын бағдарлаумен қатар өз әрекетін жоспарлап алып допты қабылдауға тиіс.

Осы қимылдарды жүзеге асыру үшін волейболшыға шамамен 0,40 секунд қажет. Келтірілген уақыттық сипаттамалар волейболдың сезімдік қабылдаудың шапшаңдығы мен дәлдігіне адамның аңғарғыштығы мен ептілігіне өте қатаң талаптар қойып, ойыншының барлық қимыл-әрекетінің үйлесімді әрі дәл болуын қажет ететінін дәлелдейді. Белсенді өткізілген ойындар кезіндегі энергия шығыны да едәуір көп болады. Кейбір жағдайларда адамның 2,5-3 килограммға салмақ жоғалтуы жарыс үстінде жүмсалатын күштің аз емес екендігінің айқын мысалы. Ойын процесіндегі мұндай энергия шығыны эсіресе жауапты жарыстар кезінде орталық нерв жүйесіне көп күш түсуіне байланысты. Мүның себептері төмендегідей болады.

Ойын жайының үнемі өзгеріп отыруы ойыншыдан бір қимыл түрінен екіншісіне тез ауысып отыруды талап етеді. Мұндай ауысу мида болатын тежеу және қозу процечтерінің қысқа мерзімде қайта топтасуына байланысты, осы мидағы қозу және тежеу процестері шапшаң жүзеге аспаса олар бір-бірімен тоғысып, бұрын қалыптасқан дағды бүзылады.

Тұтастай алғанда ойынның қимыл-әрекетке бай болуына қарамастан волейболшы допты беру және қабылдау, шабуылдай соғу сақтану кезінде еріксіз белгілі бір даярлық қалпында тұруға мәжбүр.

Қарсыластар ойыны кезіндегі шиеленісті жағдай /спорттық ойындардың өзге түрлерімен салыстырғанда алаңда қозғалу/ бұлшық еттерге бір қалыпта көп күш түсіреді. Бір қалыпта күш түскен кезде тиісті қозғалыс орталықтары да тезірек шаршайды.

Жоғарыда айтылғандардан қорытынды жасай келіп волейбол спортшыны моральдық және ерік күші жағынан даярлауға айтарлықтай талап қоятынын көреміз. Спортшының ерік күшін тәрбиелеу ойын кезінде туындайтын қиындықтарды жеңу негізінде жүзеге асады.

Ерік-күшін тәрбиелеуде жарыс барысында кездесетін қиындықтарды саралау мен зерттеудің маңызы зор. Спорттық ойындардың түрлерін психологиялық жағынан кездесетін қиындыктарды негізі үш түрге бөлуге болатынын көрсетеді.

Бұлар-обьективті, субьективті қиындықтар және тактикалық техникалық қиындықтар.

Бұл топқа мыналарды жатқызуға болады: дағдыланбаған ауа-райының жағдайы, ойын уақытының ұзақтығына байланысты шаршап-шалдығу, спортшының шынығу дәрежесінің жетіспеуі, әлсіз қарсыластың күтпеген жерден жақсы ойнап кетуі, жетекші ойыншының нашар ойыны, жарақатқа ұшырату. Дағдыланбаған ауа райының жағдайы команданың ойынына ерекше әсер етеді. Әсіресе ол маусымның басында күн тікелей түсіп немесе жел соғып түрғанда ашық алаңдарда ойнаған кезде командалардың біріне екіншісіне қарағанда көбірек кедергі келтіреді. Осыған қоса, ойындар жарығы көлемі бағдарлануы мүлде басқаша, бейтаныс залда өткізілуі мүмкін. Алғашкы жағдайда /алаңда ойнағанда/ мүмкіндігінше сол алаңдағы жаттығуды ертерек бастаған жөн. Тіпті ашық алаңда ойануға тез үйреніп сол жердің жағдайына бейімделу үшін қыста да жаттыға беруге болады.

Екінші жағдайда өзге залдардағы жолдастық кездесулер мен жаттығу ойындарына жиі қатысып басқа да қалаларда болғанда ондағы залдармен міндетті түрде танысып, мүмкіндік болса жаттығып көрген жөн.

Волейболшылардың шаршап-шалдығуы ойыншының бұл түрінде спорттың хоккей, футбол, баскетбол т.б. түрлерімен салыстырғанда уақыттың шектелмейтіндігіне байланысты, техникалық және тактикалық жағынан жоғары дайындығы бар әсіресе өзара тең командалардың арасындағы кездесу үш сағатқа кейде одан да көп ұзаққа созылуы мүмкін. Ойыншылар мұндай кездесулер күш-куат және нерв жүйесі жағынан қатты шаршайтындықтан үлкен төзімділік пен жігер көрсетуі қажет. Бұл жағдайда бір ұзақ және үсті-үстіне түскен қиындықтан пайда болатын шаршаумен кездесеміз. Бұл қиындықтарды жеңу үшін ұсынылатын әдістер.

  • Оқу-жаттығу сабақтарын жиірек өткізу
  • Даярлық кезеңіндегі және жарыстар аралығындағы үзілістерде жалпы дене шынықтыру мен арнаулы жаттығулардың сапасы мен санын арттыру
  • 7-8 партиядан оқу ойындарын өткізу

Спортшының шынығу дәрежесінің жетіспеуі жэарыс кезінде белгілі қиындықтар туғызады.

Кейде олардың шынығу дәрежесінің жетіспеуі техникалық қателіктерге де /мысалы команданы қорғаныс санына тұрғызғанда/ ұрындырады. Жеткілікті дәрежеде шынықпаған ойыншы көп күшті қажет ететін ұзаққа созылған қызу ойынға жарамайды. Мұндай ойыншы бұлшық еттің бар күшін тез арада жиып одан кейін шапшаң босаңсыта алмайды. Олар жиі-жиі ауырып жарақатқа ұшырайды тез шаршай береді. Спортышның шынығу дәрежесінің кемістігін жыл бойындағы тұрақты жаттығу, жалпы және арнаулы дене тәрбиесін біртіндеп жетілдіру арқылы жоюға болады.

2.2 Жаттықтырушының жарыс кезінде команданы басқарудағы рөлі.

Команданың жарыста табысқа жетуі оның даярлығына және жарысушы командалар күшінің ара салмағына ғана емес, сондай-ақ командаға білікті басшылыққа да байланысты.

Күштері қара немесе тіпті күшітрек командалармен сайыс кезінде көп жағдайда жаттықтырушының командаға басшылық етудегі шеберлігі кездесудің қорытындысына шешуші әсер етеді. Жаттықтыру қабылдаған шешімдегі қателік өкінішті жеңіліске ұшыратып, командамен өткізілген үлкен даярлық жұмытарын жоққа шығаруы мүмкін. Жарыс кезінде командаға басшылық етуге төмендегілер енеді;

-команданы алдағы кездесуге даярлау, кездесу кезінде командаға басшылык ету және қорытынды шығару.

Команданы алдағы жарысқа даярлау процесінде қарсылас команда зерттеледі/ егер мүмкіндік болса/ жоспар жасалады, жаттығуда бас даярлык жасалады немесе қарсыластарға ұқсастырылған командамен бақылау кездесуі өткізіледі.

Қарсыластарды зерттеу үшін оның ойындары қаралады, олар жайлы мәліметтер жинақталады, байқап көру, күштерін барлау мақсатында болашақ қарсыласпен жолдастық кездесу өткізіледі.

Қарсыластары зерттеу нәтижесінде жаттықтыру команданың құрамын, әр ойыншының мінездемесін, команданың шынығу дәрежесін, техникалық және психологиялық мүмкінідктерін, олардың шабуылдағы және қорғаныстағы техникасының ерекшлеіктерін біліп алуы қажет.

Қарсыластар жөніндегі мүмкін болған бар мәліметтерді алған соң жаттықтырушы ойынның техникалық жсопарын жасауға кіріседі. Жоспар жасай отырып ол алдымен қарсылатсардың күшті және осал жақтарын анықтап, оны өз командасының нақтылы мүмкіндіктерімен салыстырады.

Осылайша жасалған талдау негізінде алдағы кездесудің басты тактикалық міндетін, команданың алғашқы құрамын, ойыншыларды ауыстыру мүмкіндіктерін анықтайды. Белгілі аймақтарда ойнаған кездегі әрбір ойыншының тактикалық тапсырмаларын белгілейді.Жасалған жсопар ойыншыларға команда жиналысында хабарланады. Ойын процесінде оның барысын жаттықтырушы мұқият бақылап, сәтсіздіктердің себебін, ойынды белгіленген жсопар бойынша жүргізудің мүмкіндігін талдайды. Команда мен жеке ойыншыларға ескертулер мен нұсқауларын үзіліс кезінде немесе ойынға қосылар ойыншылар арқыл айтады. Қателіктердің себеін және оларды жою жолдарын көрсететін ескертулер өте қысқа болуы тиіс.

Әрбір партияда жаттықтырушы екі реттен үзіліс сүрай алады. Бұл көбіне команда сәтсіз ойнап жатқан жағдайда ойыншыларды қатені түзетуге жүмылдырып, қиындықтарды жеңіп жеңіске жету жолдарын нұсқау үшін істелетін шара.

30 секундтық үзілістерді алға асықпаған жөн, өйткені әр партияның эсіресе кездесудің соңында оның қажетті арта түседі. Жаттықтырушы ойыншыларды ауыстыру правосын орынды пайдаланған жөн. Әсіресе, ойыншының бірен-саран қателіктері мен кемшіліктеріне қарап асығыс ауыстырудан сақ болу керек. Өйткені ол пайда бермек түгілі ойыншыны рухани жасытып өз күшіне деген сенімін қажетті нұсқаулар беруге пайдаланады. Кездесудің тағдыры соңғы партияда шешілетін болғандықтан да бұл нұсқаулардың маңызы ерекше.

Ойын кездесудің қорытындысын кездесуден бір күн кейін кезекті жаттығу кезінде талдаған жөн. Ойынды талдауға даярлық барысында жаттықтырушы өзінің жазып алғандарын, ойынның техникалық протоколын көзбен көргендерін сараптап, оны осы ойынға жасалған жсопармен салыстырады.

Командаға басшылық ету үшін жарыс кезінде команданың, жеке ойыншылардың көрсеткіштерін, ойын өрнегін жазып отырған дұрыс. Жарыс кезінде осындай жазбаларды жүйелі жүргізу жаттықтырушыға команданың және жеке ойыншылардың әрекетін жеке талдауға мүмкіндік береді.

Ойыншылардың қимыл әрекетін толық немесе ішінара көрсететін жазбаларды жүргізудің түрлері көп.

Допты берудің, қабылдаудың, шабуылдай соғудың тосқауыл қоюдың тиімділігі.

 

2.3 Волейбол ойыны жарыстарын өткізу ережелері ойын туралы жалпы мағлұматтар

 

Волейбол ойыны — бұл командалық спорт түрі. Бұл ойында екі команда алты-алтыдан тордың екі жағына екіге бөлініп ойын жүргізеді.

Ойыншылар қолдың кез-келген жерімен допты соға алады. Әр ойыншының мақсаты допты торды асыра қарсыластардың алаңына түсіруге тырысады.

Допты ойынға артқы сызықтың оң жақ ойыншысы тордан асыра қарсы жаққа бағыттайды.

Команда допты үшке ұрып (тосқауылды қоса) қарсы жаққа асырады. Ойыншыларга бір допқа бірден екі рет тиісуге болмайды (тосқауылдан бөлек). Доп жерге түскенше, не сыртқа кеткенше, не команда қарсы жаққа допты ережеге сай асыра алмаганша доп ойынды деп есептеледі. Волейбол ойынында ұпай тек қана допты ойынға қосқан командага есептеледі.

ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Жарысты ұйымдастыру және өткізу, жарыс ережесіне сай жауап беру керек. Жарыстың жариялылығын паш ететін құрал-афиша, радио және теледидар т.б.

Жарысқа алаңды, көрермендер отыратын орын дайындау, жарыс құралдарын, секретарь орындығын және қосалқы ойыншылар отыратын орнын тексеру керек.

«Жарыс өткізу ережесі» мына бөлімдерден тұрады:

  1. Жарыстың мақсаты мен міндеті.

2.Жарыстың орны мен мерзімі.

З.Жарыс кімнің басқаруымен өтеді.

4.Жарысқа қатысушылар (жарысқа кімдер қатыстырылады).

б.Жарыстың өткізілу жүйесі (тәсілі), қорытынды бағасы, жеңімпаздарды анықтау.

б.Наразылық қағазын беру және оны қарау.

7.Жеңген команда мен ойыншыларды наградтау реті.

8.Мәлімдеменің түрі мен беру кезеңі, жеребе тастау, орны мен уақыты.

Қатысатын команданың құрамы жарысты айналмалы, шығып қалу және аралас тәсілдерімен өткізгенде белгілі бола-ды.

Айналмалы тәсілде барлық команда бір-бірімен кездесу өткізеді, ал шығып қалу тәсілінде жеңілген команда ары қарай жарысты жалғастырмайды.

Жарысты өткізу тәсілін анықтауда кейбір ерекшеліктерге көңіл бөлу керек.

Айналмалы тәсілде кездесу саны мына формуламен анықталады: А/А-1)

Х=——————

2

мұнда, А — қатысушы команда саны X — кездесу саны

Мысалы: 6 команда қатысқанда

бх/6-1/
X =—————— 15 кездесу ойланады.

2

Біздің мысалымызда ойналатын турдың саны. Күніне 3 кездесу өткізгенде 5 күн ойнау керек.

Шығып қалу тәсілін жарысты қысқа мерзімде немесе қатысатын команда саны көп болғанда пайдаланады.

Мысалы: белгілі бір күнге, немесе спорттың маусымының ашылып, не жабылуына өткізілетін жарыс болса, әр кездесуде команда екі есе азаяды. Егер 16 команда болса, 8 команда қалады, екінші турда 4 команда қалады т.с.с. Кездесу ретін анықтау үшін жеребе тасталады да, әр команда тиісті нөмірін алады. Одан әрі команда арасында кездесу кесте арқылы белгілі болады.

Қарсыластармен кездесуде алған ұпайлары бойынша жарыс жеңімпазы анықталады. Айналмалы тәсілде екі немесе бірнеше команда бірдей ұпай алуы мүмкін. Бұл жағдайларда екі командалардың бір-бірімен кездесу нәтижесі анықталады немесе қосымша осы екі команда ойын өткізуі белгіленеді.

Егер ұпай саны 3 немесе одан да көп командада бірдей болса, жеңіс осы командалар арасында кім көп жеңсе соған беріледі.

Егер бұл көрсеткіш бірдей болса, өзара кездесулердегі жеңген партия мен жеңілген партияның айырымы есептеледі. Бұл да тең болса, әр партиядағы жеңген және жеңілген ұпай айырымымен шешеді.

(Осы командалар арасында).

5-6 команда үшін

6                       4             6             5             6

  • 3 5             4              15
  • 2 13                          2             4

6                                      2             6             3

Жарыстың шығып қалу тәсілінің ойын кестесі мен таблицасы мына түрде құрылады. Жеребе нөмір бойынша команда жоғарыдан төмен орналасады. Егер қатысатын команда саны жүп дәрежелі сан болса (4, 8, 16 ж.т.б.), онда ойынға барлық команда қатысады.

Бірінші нөмір, екінші нөмірмен, үшінші — төртіншімен т.с.с. Айналымның жеңімпаздары жоғарыдан төмен өзара кездеседі. Артық жарыста 2 команда кездеседі (№1 кесте).

Егер команда жүп дәрежелі болмаса, онда команданың бір бөлігі екінші айналымнан кіріседі. Бірінші айналымда ойнайтын командалар мына формула бойынша анықталады:

/А — 2 / х 2     мұнда,

А — команда саны, жарысқа қатысатын

X — А санына ең жақын дәреже саны. Мысалы, 9 команда қатысты делік. Жарыстың бірінші күні кездесетіні

п = /Ах27 х 2 = /9-27×2 = /9-8/х2 = 2.

Екінші айналымнан қатысатын командаға өз нөмірлеріне сай бағанаға орын беріледі. Бірінші айналымда кездесетін команданы анықтау үшін жалпы команда санынан формула бойынша шыққан санды алып тастайды. Айырымды кестенің жоғары және төменгі сатысында орналасқан команда санына тең бөлу керек. Формула бойынша тақ сан болса, төменде тұрған командаға бір команда қосымша артықшылық беріледі.

КАПИТАН

Капитан     ойынның         протоколында     көрсетілуі     керек.     Оның

омырауындағы нөмірдің астында 8×2 см сызық болу керек. Оның түрі майканың түрінен ерекше болу керек. Егер капитан қатыспай қалса, бапкер не капитанның өзі, орнына басқа ойыншыларды сайлайды. Капитан ойын басталғанға дейін протоколға қол қояды және жеребеге қатысады.

Доп ойынға қосылмай тұрғанда капитан төрешімен сөйлесуіне қақысы бар. Төрешілермен ойын барысында сүрап, оның дұрыстығын білуіне болады. Өз жолдастарының өтінішін төрешілерге жеткізе алады. Егер оны ойын нәтижесі қанағаттандырмаса, ол өзінің келіспейтіндігін айтып, ойын аяғында протоколға керсете алады, ол арнайы наразылық болып есептеледі.

Капитан төрешіден киім айырбастауға, ойыншылардың санынан (расстановка) бұзылуын тексеруге, ережеге сай үзіліс сұрауға қақысы бар.

 

            ОЙЫНҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

Қатысушылар ойын ережесін білу керек, төрешілердің шешіміне қарсы болмау керек. Келісімсіз жағдай болса, төрешіден тек қана капитан сұрай алады. Ойынды ойыншылар кеп созуға әдейі тырысу керек.

Бір партияда командаға ойыншыларды 6 рет ауыстыруға рұқсат етіледі. Бір уақытта ойыншыны ауыстыруға болады.

Алғашқы сапыда ойнаған ойыншы ойыннан шығуға болады және қайта кіруге, тек қана өзін айырбастаған ойыншының орнына. Ол бір партиядан бір рет болады.

Егер ойыншы жарақат алып, ойынды одан әрі жалғастыра алмаса, шек қосылуына қарамастан, ереже бойынша алмас-тырылады.

ҮЗІЛІС

Әр партия сайын, командадағы жағдайға байланысты екі рет үзіліс алуға болады. Пайдаланылмаған үзілісті басқа партияда пайдалануға болмайды. Үзілістің ұзақтық мерзімі 30 секунд.

КОМАНДАНЫҢ КЕЛМЕУІ НЕ ТОЛЫҚ ҚҰРАМДА БОЛМАУЫ

Егер команда ескертілгеннен кейін ойнауға ниет білдірмесе, оны келмеді деп хабарлап, оны кездесуі 0:15 есебімен әр партиясын жеңілді деп есептейді.

Егер команда орынсыз себеппен келмесе, не толык, құрам-да болмаса, оларға жеңіліс жарияланады.

Шығарылған немесе жарысқа қатысу правосынан айыры-лған ойыншыны, ереже бойынша ауыстыруға болады. Егерде ол ауыстырылмайтын болса, команда толық құрам емес деп жарияланады да, ол партияны да кездесуді де жеңілді деп хабарланады. Қарсыластарға жетпей тұрған ұпай мен партия қосылады да, ол жеңді деп есептеледі. Толық құрамда емес команда өзінің жеңген ұпайлары мен партиясын сақтайды.

 

ОЙЫНШЫНЫҢ КИІМІ

Ойыншының киіміне майка, трусы және аяқ киім жатады. майка мен трусы бірдей және таза, бір түсті болу керек.

Аяқ киім жеңіл және иілгіш, өкшесіз, табаны резиналы, не теріден тігілген болу керек. Майқалардың нөмірі болғаны абзал. Жалаң аяқ ойнауға болады. Майканы партия арасын-да ауыстыруға болады, бірақ ол түрі, түсті бұрынғы майкадан болу керек. Жаттығу спорт костюмдерімен ойнауға рұқсат етіледі.

ТОР МАҢЫНДАҒЫ ОЙЫН

Торға тиген доп ойында қалады. Ойын кезінде торға жағаласқан ойыншыны қателік деп есептейді. Торға тиіп қайтқан доп айнала береді (тек доп ойынға қосқанда торға тисе, қате деп есептеледі).

ОРТА СЫЗЫҚТАН ӨТУ

Мына жағдайларда қате деп есептеледі, егерде:

— ойыншы денесінің бір жері орта сызықтан асып кетсе, бұл кезде ол қарсыластарға кедергі келтіреді;

-ойыншы орта сызықты толық басып кетсе. Мына жағдайда қате деп есептелмейді:

  • орта сызықтың шетін басып кетсе;
  • ойыншының денесінің бір жері орта сызықтан асып кет-се тек ол қарсыластарға кедергі келтірмесе;

табанымен қарсы алаңға тиіп түрса, тек табанның кескіні сызықта жатса.

АЛҒЫ АРТҚЫ СЫЗЫҚ (АЙМАҚТЫҢ) ОЙЫНШЫЛАРЫНЫҢ

ӘРЕКЕТІ

Алғы сызықтың (аймақтың) ойыншылары шабуыл соғып және тосқауыл қоюларына болады

Егерде доп тордың үстіңгі сызығының деңгейінен жоғары болмаса, онда артқы сызықтың (аймақтың) ойыншыларына допты қарсыластарға шабуыл сызығынан бағыттауға болады.

Шабуыл шебінен артта, не одан да ары тұрған артқы сызықтың ойыншылары допты қарсыластарға әр түрлі соққы мен асыруға болады. Оларға соққыдан соң шабуыл шебіне аяқ теруге болады. Және оларға тосқауыл қоюға болмайды.

ДОПТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОЙЫНҒА ҚОСУ КЕЗШДЕГІ ЖОҒАЛТУ

Доп беретін команда допты ойынға қосарда жоғалтып алса, қабылдайтын команда доп ұтылған боп саналады. Егерде: үшінші партияда бір команда қалай ұпай алса, олар алаң айырбастайды. Айырбастағанға дейінгі допты ойынға қосқан ойыншы, одан кейін де сол қосу керек.

  • доп жерге тиіп кетсе
  • команда допқа үштен жоғары жанасса (тосқауылды есеп-тегенде)
  • белден төмен жерге доп жанасса
  • доп қолда біраз тұрып қалса немесе лақтырылып жіберілсе
  • ойыншы допқа екі рет жанасса
  • алғы сызықтың ойыншысы шабуыл сокқыны секіріп жа-саса ойыншы торға жанасса
  • ойыншы торға жанасса
  • ойыншы қарсыластар жақтағы допқа жанасса
  • егер доп деңгейінен биікке тұрса оны алдыңғы сызықта тұрған, артқы сызықтың ойыншысы қарсы жаққа асырса
  • доп алаңның сыртына кетсе, не тордың астына кетсе немесе алаңның сыртында бір затқа тисе
  • ойыншы орындықты, не керегені т.б. пайдаланып допқа

жанасса

—   шабуыл не тосқауылда ойыншылардың бірінің көмегін

пайдаланса

—   қателік екі жақтан екі командадан бірге болса, доп қай-

тадан ойынға қосылады.

Команда допты ойынға қосу қақысын жоғалтады, егерде:

—   кезекті допты ойынға беру алмасып кетсе

  • допты ойынға қосқанда доп біреудің кемегімен тордан асса
  • доп өз аймағынан берілмесе

доп ойынға қосарда, ойыншы алаң сызығын басып не одан асып кетсе

  • доп егерде басқа затқа тиіп кетсе
  • доп орта сызықтағы шекара шыбығының сыртынан етсе

 

  • доп торға тиіп кетсе
  • допты ойынға қосарда, ез команданың ойыншысы алаң-ның сыртында тұрса команданың орналасуы партия басталардан бұрын бапкер тереші — секретарьға ез командасындағы ойыншылардың орналасу орнын айтады. Ойыншылар ойын бойы орын ауыстырғанда бастапқы орын реті сақталады.

Допты ойынға қосарда әр команда өз орнында тұру ке-рек. Доп ойынға қосылған соң, өз алаңында орын ауыстыруға қақылы.

ОЙЫН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

Жарыс алдында тереші алаң таңдауда не допты бірінші ойынға қосуға жеребе тастайды.

Бірінші партия аяқталған соң екі команда орын алмасады да допты ойынға қосу кезегі 2-ші командаға тиеді. Соңғы партия басталарында командаларға үзіліс беріледі де, одан соң төреші қайтадан алаң мен допты ойынға қосуға жеребе тастайды.

ДОПТЫ ¥РУ

Допты қолмен кез-келген әдіспен қайтаруға болады. Бел-ден жоғары денеге доп тисе, ол да доп қайтарған болып са-налады. Әр команда қарсы команда алаңына доп қайтарған-да 3-тен артық допқа тимеу керек. Әр ойыншы допты екі рет ұруға қақысы жоқ (тек тосқауыл қолдан басқа).

Қорытынды.

Доп беретін ойыншы төрешінің ысқырығынан соң, алаң-ның доп беретін

жағының сыртынан допты көтере соққымен қарсы алаңға бағыттайды.

Егерде, ойыншы доп берерде допты қолынан шығарып алса, немесе бағыттауға ұра алмаса, денесіне тигізбей жерге түсіру керек, сонда екінші рет доп қосуға қақылы. Төреші ысқырығы тағы доп рұқсат еткенде, доп беру 5 секунд ішінде беру ке-рек.

Допты үшінші рет ойынға қосуға рұқсат етілмейді.

Допты ойынға қосуда алмасу. Допты ойынға қосатын ойыншы өз

командасы қателескен-ше допты бере береді. Команда қателессе доп

беру кезегі қарсыластарғаберіледі.

Қорытынды.

Допты қабылдайтын команда допты ойынға қосуға рұқсат алса, оның ойыншылары сағат тілімен орын алмастырады (2-ші аймақтың ойыншысы 1-ші аймаққа допты ойынға қосуға, ал 1-ші аймақтың ойыншысы 6-шы аймаққа т.с.с). Әр кездесуге 2 төреші және секретарь белгіленеді, ойын үш және бес партиядан тұрады. Әр партияны 2 ұпай артық-шылығымен 15 ұпай жинаған команда ұтады. Егер есеп 13:13 болса, ойын екі команданың бірі екі ұпай артық алғанша жал-ғаса береді (15:13).

Ұпай саны 17-ден аспау керек, егер есеп 16:16 болса. Бір ұпай артық алған команда 17:16 жеңген болып саналады.

Екі партияда жеңіске жеткен команда, жеңген болып сана-лады. Егер есеп 1:1 болса, шешуші партия (3) әр ойынға қос-қан доп — ұпай болып есептеледі. (Тайм — брэк). Команда допты ойынға қосуға қақылы болса, ұпай да ала алады.

 

  • Техника-тактикалық дағдыны қалыптастыруда қолданылатын қимыл-қозғалыс ойындары және оны өткізу методикасы

 

Волейбол ойыны техникасы дегеніміз — ойын барысындагы ойыншылардың өз алаңыңда тиімді пайдаланатын әдіс-тәсілдерінің жиынтығы деуге әбден болады. Ойын техникасын меңгеру барысында спортшылардың тактикасы мен техникасы қарсыласына арналған «қарсы қару», яғни өз мақсаттарына жетудің ең қарапайым тиімді жолын ұғымды пайдалану шеберліктері. Ойын техникасын жете ыждағаттылықпенен меңгеру ойьш, барысында қарсылас команда мүшелері үшін шешуін қажет ететін ойын түйінін ұсыну немесе қарсыластарының шешімін табуды қажетсінетін «проблемаларға» дер кезіңде өз «қаруларын» жұмсай білудегі шеберлік. Казақ волейболы спорт ойынының негізін салушы Октябрь Жарылғаповтың пікірі бойынша, «Волейбол ойынын төрт тактикалық тәсілге бөлуге болады:

1) допты ойынға қосу; 2)допберу;

3) шабуъш соққысы;

4)Тосқауыл,» бұларменен қатар ойын барысындағы ойыншылар әрекеттерімен (дер кезіндегі ауыстырулар) доппен қарсыласына шабуылдау техникасы волейбол ойыныньщ біртұтас эстетикасы деуге де болады. Себебі, доп шебер ойыншылар үшін ғана жеңіске жету құралы. Ойын техникасы дегеніміз волейболшы қимыл-қозғалысының тиімділігі, сәттілігі, қарсыластар үшін жұмбақ ойын өрнегі, яғни ойын гармониясы. Шебер ойыншыларға тән ерекшелік — олардың ойын барысындағы әрекеті басқаларда қайталанбайтын тек оған ғана тән шеберліктер жиынтығы. Ойыншы шеберлігіне тән қимыл-қозғалыстар оған қарсыласы ұсынған доптың жылдамдығы мен ұшу бағытына орай үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Мұндайда шешім қабылдаудың шапшаңдығы қас шеберлерге тән қасиет, яғни ойын техникасы мен тактикасының бір сәт тоғысу кезеңі деп тұжырымдауға болады.

Ойын техникасындағы ойыншылардың ойлау қабілеті мен әдіс-тәсілдерінің белгілі жүйе арқылы бір арнаға трғысуын волейбол ойынының «фазасы» деп атайды. Фаза — грекше «пайда болу» деген мағнадағы сөз. Екінші созбен айтқанда жаңа құбылыс, қайталанбас сәт. Яғни, ойыншылардың қарсыласы ұсынған допты қабылдауға техникалық, психологиялық дайындығының бастапқы кезеңі. Әрбір кезендегі ойыншылардың дайыңдығы ұзақ мерзімге жалғасқан жаттығу барысында қалыптасатын касиеттердің бірі, сондықтан жаттығу барысында болашақ ойыншылардың өздеріне ғана тән ойын барысындағы жүріс-тұрысының маңыздылығын ескеру қажет. Ойын барысындағы шабуылға шығар алдындағы техникалық дайындық, ойынның мақсатқа сәйкес етуіне себепші болатынын ескертеміз. Оларға жататындар:

Ойын алаңындағы ойыншылардың дайындық сәт. Бұл ойыншылардың допты ойын алаңыңдағы қозғалысы мен ұшу бағытын дер кезінде барлай алуға кабілеттіліктерін көрсету. Мысалы, бір аяғын алда ұстап, еңкейген сәтте допты қабылдау; екі аяғын тең ұстау арқылы алдынан келген допқа қарсы ұмтылу; өз алаңыңдағы қозғалыс арқылы допы қабылдауға толық дайындығы.

  1. Аландағы жүру- бұл кезенде ойыншы екі тізесін сәл бүгіп, допқа қарсы жүру дайыңдық қезеңі.
  2. Жүгіруге дайын тұру кезеңі ойыншы дер кезіндегі шапшаң
    қимылы арқылы қол жетпейтін допқа ұмтылу немесе
    командаласының берген добын          қарсыласы         алаңындағы
    ойыншылар жоқ жерге жетелей соғу сәті.
  3. Секіру сәті- бұл кезеңде ойыншы жүгіріп барып жоғары секіру
    немесе алаңнан қол созып жердегі допты қарсыласына бағыттау
    үшін пайдаланады.

Ойын техникасын меңгеру арқылы допты ойынға қосу волейбол ойыншыларынан үлкен дайындықты талап ететін тактикалық мәні бар процесс, себебі допты ойынға қосу шабуыл сәтіндегі тиімді тәсілдердің бірі, сондықтан да бапкер бұл рольді орындауға өз ойыншыларын алдын-ала дайыңдайды.

Ойыншылар допты ойынға қосуға дайындықты ойын ережесін жетік үйренуден бастауы керек, мысалы, ереже бойынша ойыншы ойын алаңының сыртқы сызышның оң жақ бұрышынан допты бір қолымен жеңіл көтере тастап, екінші қолының алақанымен қарсыластарының қорғалмаған ортасына бағыттайды. Доптың қарсы жақтың доп беруші көздеген жерге барып түсуі үшін, ойыншыдан үлкен шеберлікті талап етері хақ.

Ойыншылардың өз серіктеріне доп беру — шеберліктері қазіргі волейболдағы басты міндеттердің бірі. Яғни қарсыласының ұзатқан добының дұрыс қабылдауы мен оны өз шабуылшысына дер кезінде ұзату ұтысқа жеткізетін бірден-бір себеп, дәлел.

Команда мүшелерінің ойын барысыңдағы өз нүктелеріңце болып кез-келген жағдайға дайын екендігін ойын барысында көрсете білуі, жарыска алдын-ала тыңғылықгы дайындығының нәтижесі болмақ. Оның дәлелі қабылдаған допты командаласына беру үшін қарсыластарынын аланда тактикалық тұрғыдан орналасуларын алдын-ала байыптап, оған шабуылға шығуға өз әріптесінің тиімді жерде дайын тұрғанына көз жеткізулері керек.

Допты шебер қабылдау, онымен әріптесінің шабуылды сәтті аяқтауына жағдай жасайтынын ойын тәжірибесі көрсетіп жүр.

Техникалық шеберлікті үйрету мен оны күрделілендірудің қарапайым жолдары өз бастауын жаттығулардан алатынын бәрімізге де түсінікті сияқты, бірақ біздің ойыншыларымыз бен тәжірибесіз бапкерлеріміз сол қарапайым жаттығулардың оқу-жаттығу барысында ойыншы дағдысы мен болашақ шеберлікке жеткізетін жол екенін естен шығарып аламыз. Мысалы, допты ойынға қосарда төжірибесіз ойыншы өте асығыстық жасап, допты көздеген жеріне жеткізе алмай жататындарын жиі көреміз. Егер ол сол қолдағы тұрған добын белгілі бір нүктеге дәл жеткізу тәсілін өзбетінше жаттығып, машықтанса жоғарыдағыдай қателікке ұрынбас еді. Бұл ретте бапкерлер ұсақ-елеусіз қателіктің өзі тек бір ойыншының сәтсіздігі емес, бүкіл ұжымның мақсатьша нұқсан келтіретінін есте сақтаулары ылғи керек, ал есте сақтау дегеніміз-жаттығуларды ұйымдастыру кезеңіңде майда-шүйде ғой деп елемеушілікке жол бермеу,

Спорт ойындарына тән сипат — командалық ой-пікірлер мен көзкарастардың бір мазмұндылығына, сондықтан да үздіксіз жаттығу ол білім «Білімді мынды жығады, білекті бірді жығады»-атты ұлттық тағылымның волейбол командасы мүшелеріне де қатынасы бар екендігін өмірлік тәжірибие дәлелденген тәжірибе демекпіз.

Командалық ойын ширақ басталғанда ғана нәтижелі болмақ, ал алдын-ала дайындығы жоқ ойыншылар бір-біріне бой үйреткенше әлсіз шабуылдардың болатыны анық.

Ойын техникасын үйрену мен қимыл, ойыншының әрекеті жаттығу барысында қатар жүріп отырса ғана, аланда жақсы ойын көрінеді. Себебі жаттығу барысында қимыл-әрекеттерін қалыптас-тырған ойыншылар ғана бір-бірімен тіл табысары анық. Волейбол ойынындағы негізгі шарт болып есептелінетін мәселелер; қорғаушы міндетінің алдын-ала нақтылануы; ойыншының айла тәсілінің қарсыластарының тактикасын барлай алуына; қорғаныс тәсілі мен шабуылшы шебіндегілердің өзара түсіністілік пен органикалық бірлікте болуыпа және шабуыл жүйесінің жан-жақтылығына байланыстылығынан көрінеді емес пе? Олай болса волейбол командасы арнайы дайындық нәтижесінде сахнаға шығып нағыз өнер көрсетер ансамбль, ал, бапкер — ансамбльдің дирижері, дем берушісі, қолбасшысы екеніне күмән жоқ.

Волейбол спорт ойындарына тән ерекшеліктер мен мазмұны жағынан ойыншылардан көп күш-жігер мен көп қимыл-қозғалыстарда ерекше кажет ететін психологиялық-эмоциялық спорт ойыны. Оған алдын-ала техникалық тактикалық дайындық керек, сол сияқты жеке ойыншылардың тума қасиеттері мен нерв жүйесіне тән темпераментті ойын түріне жатады, ойыншылардағы көңіл-күй мен ерік күш ойын мазмұныңда орны болады.

Ойын барысында волейболшылардың үздіксіз қозғалыстар мен әрекетте болуы, олардан қарқынды, жылдамдық пен ептілікті, және бір-біріне тіпте ұқсамайтын эмоциялық қалыпты талап ететінін ескертеміз. Соңдыктан да бапкерлер өз шәкірттерін кездейсоқ оқиғаға барлық ойын уақытында дайын болу тактикасына дағдыландыруы кажет. Мысалы, берілген немесе қарсыласы ұсынған допты қабылдау ерекшелігін алып карасақ, олар бірде орташа шапшандылықпен немесе өте тегеурінді соғылған күш, ойыншылардың қауіп-қатерге деген дайындығының ең жоғары дережеде болуына мәжбүр етеді. Мұндай жүйкеге әсер ететін себептердің ойыншылар үшін салдары болатыны шындық.

Волейбол мамандарының тұжырымдары бойынша ойыншылардың жарыс кезіндегі кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауына 0,40 секундқа жуық қана уақыты кетеді деген жорымал бар.  Осы кезенде олар өз ролін атқару мен ғана шектелмей команда мүшелерінің мүдделерін қорғайтын, ез жеке басының да проблемаларын шешетін әлденеше   ой   тұжырымдары   менен   қимыл-қозғалыстар   да   жасап үлгіреді, оның организмдерінің сапалық езгеріске келу кезеңдеріне, күә де болады.

Волейбол ойыншылары өте жауапты ойындарда 2 ден 3,5 килоға дейін салмақтан айырылады екен. Ойыншыларға тән ойын кезеңінің барлық уақыттарында  даярлық  нерв  жүйелеріне  де   белгілі  дәрежеде  салмақ түсіреді.   Бұл   жоғарыдағы  мәселелерге   байланысты,   волейбол   ойыны спортшыны моральдық және ерік күші жағынан даярлауға ерекше талап қоятын спорт ойындары санатына жатқызуға болады. Бұл жоғарыдағы ерекшеліктер мен себептерді дұрыс шеше білу ойыншылардың тактикалық жағынан   даярлықтарын   жоғары   дәрежеде   шешуге       мүмкіншіліктер беретіні      анық    дұрыс    жол      екендігі      спорт мамаңдарына мәлім педагогикалық-психологиялық процесс демекпіз.

Волейбол   ойынының   тактикасын   дұрыс   шешуге   негіз   болатын, ойыншылардағы күш-қуаттың артуы үшін дене жаттығуларына жүйелі уақыттың белінгені ете орынды фактор. Мамандардың тәжірибесі бойынша әрбір кездесу 3-3,5 сағатқа жалғасады екен, олай болса жауапты кездесулер алдындағы тынығу, қосымша шынығу,көңіл-күйді көтеруді ұйымдастыру тактикалық проблемаларды шешудің негізгі кездерінің бірі деп ескереміз.

Волейбол — спорт ойынына тән тактикалық сенімнің кейде команданы жеңіске жетелеуінде де байқауға әбден болады. Кейбір кезде техникалық дайындық   жағынан   бабына   жетпеген   комаңда   өз   қарсыластарының бұрынғы жетістігіне қарамастан қарсыласымен үзеңгі кағысып, кейде тең дәрежеде ойнағанын, тіпті ойламаған жер-де жеңіске жететін уақыттары да болады. Бүған таңдануға болмайды.

Күшті, үнемі оңай жеңіске дағдыланғаннан шамадан тыс жеңістен басы айналып, ойын өрнегін бекемдей, ширата түсуте аса мән бермей, ойыншыларды техникалық, ширата түсумен психологиялық жақтан жан-жақты дайыңдауды назардан тыс қалдырып, жеңіліс пен сәтсіздіктің ащы тұзын татуға мәжбүр де болады, команда да психологиялық ахуал нашарлап, ойыншылардың жігерлі-ширақ ойынға деген белсенділігі кеми түседі. Сейтіп, тактикалық ойын өрнегін көрсетудің орнына, комаңдада қалыптаскан әдіс-айлаларын орындау да кабілетсіздік танытып, нашар команданың-ақ оңай «жеміне» айналуға душар болады. Ал команданың жеке ойыншылары өзіне-өзі сенімсіздікпен карап, ойын барысында жарақат алып қалуы да мүмкін, олардың кеңіл-күйі нашарлап, күйгелектік күй кешеді де.бұрынғы жұмса жұдырықтай команда ойынының берекесі кашып, достық пен ынтымақтастық сияқты психологиялық ахуал қарапайым, сүреңсіз тіршілікке айналады.

Ойыншылардың жарыстың ең жауапты кезеңдерінде алаңда езін-өзі ұстай алмауы, төрешілердің дұрыс шешімдерін теріс түсінуі, командалық сәтсіздікке ұшырауға мәжбүрлейді. Осындай командалық күйзелісте тәжірибелі бапкерлер, жеке ойыншыларды жазалаумен әуестенбей, жаттығу мең ойынның жаңа стратегиясын өз ойыншларына ұсынуларының қажеттіліктерін ескертеміз.

Жаңа ойын тактикасын мойындату үшін оның жақсы нәтиже беретіңдігін өткен ойындардағы сәтсіздіктерді егжей-текжейлі саралап, оның нанымдылығына ойыншылардың көздерін жеткізуде техникалық құралдардың көмегіне жүгінген жақсы нәтиже береді. Ескі «ірге тасқа»- жаңа қабырға тұрғызу барлық кезеңдерде де оңтайлы, бұл принцип спортшылар өмірінде көптеген пайдаланып келе жатқан тәжірибе.

Жас бапкерлер барлығын да жаңадан бастауға бейім келетіні анық, бірақ жан-жақты ой елегінен өтаеген «белсенділік» «бастаушысын» сәтсіздікке  ұшырататының  естен   шығармағаны   дұрыс,   бұрынғы   бай тәжірибелерді шығармашылық пен пайдалана білген және оны уақыт талабымен ынтымақтастыққа жеткізген тәлімгер ғана ұжым алдында бедел иесіне айналатыны өмір шыңдығы.

Тактикалық қателіктерді пайда етуге себешпі, әдіс-тәсілдік сипаттағы қиындықтар. Олар жеке ойыншылардың селқос ойыны, жолдасының оңтайлы қимылына дер кезінде жәрдемдесуге, кездесуге жарамсыз жәйттер.

Кейбір ойыншылар жаттығу кезіңде жоддастық кездесуге немесе команда екіге бөлініп ойнаған кезде тамаша шеберліктер көрсетіп, кейбір жағдайда ойламаған жерден дұрыс жол таба да білуге дағдыланғанын көрсетіп тандай қақтырады, ал арнайы жарыстарда өз алаңдағы орын таппай дәрменсіздігін көрсетіп алады. Әсіресе мұндай қателіктерге ұрындыратын төмендегілердей сәттер бар екеңдігін ескертеміз. Олар:

  1. Ойын тәжірибесінің аздығы, бұрын-соңцы көпшілік алдыңда жарыс додасына сирек қатынасатындығынан болады;
  2. Негізгі құрамада аз ойнағандығы мен әліде болса командалық ойындарда оның тұрақты өз ауданының болмауына да байланысты;

3.Жаттығу барысында жарақат алған, бірақ онысын білдірмеуге тырысып, ойын барысында мүмкіншілігінен әлдеқайда нашар ойын көрсетіп, өзіне-өзі ойын барысында наразы болумен әлектенеді. Бұндай жағдайды ойын барысында байқаған бапкер, ойын барысындағы орта қиыншылығын дер кезінде сезу арқылы шешпей, оның оз бетінше ой саралауына арнайы уақыт бөлгені жөн, тіпті ойыншы өз қателігін түзетудің мүмкіншілігін өзі бапкер көмегімен жүгінер, бұл арада ұстамдылық пен сабыр сақтау керек те шыгар — халкымыз «сабыр түбі сары алтын», немесе «іздеген жетер мұратка» демейтін бе еді, ұлағатты ұстаздар!

Айтылған уақытша қиыңдықтарды жеңу үшін спорт заңына сәйкес тәсілдік әдістермен дағдыларды жүйелілік-саналылық қалыптастыру арқылы мезгеген межеге жету мүмкін. Сондықтан да мұндай тәсілдік спорт ойындарына ыждағаттылықпенен дағдыландыратын арнайы жаттығуларды әр күні уақыт тауып әлденеше рет қайталау қажеттілігіне ұсыныс жасаймыз. Әлденеше рет қайталауды талап ететін ойыншылардың тәсілдік әдістері ұқыптылықпенен ұштап, нагыз спортышының бойында ерік-күшін, қайсар-жігерін, мақсатқа жетуге деген ниетінің орындалуына толық жағдай жасайды. Спортшыға тән шеберлігі мен ойын барысында пайдаланатын айла — тәсілден басқа ойын барысында жарыс кезінде белгілі жағдайда орныққан дағдыға айналған шешімнің дұрыстығы да әсер етеді.

Комаңда мүшелерінің жалпы спорттық ұжымның жарыс нәтижесінде жеңіске жетуі оның арнайы бағдарламаға, негізделген алдынала даярлығына және жарысқа түсетін қарсылас командаларының техникалық, тактикалық күшінің шамасына қарай емес, сондай-ақ команда мүшелері мен қоян-қолтық үнемі қатынаста болатын, жетістіктер мен кемшіліктерден қорытынды шығара алуға мүмкіншілігі бар білікті бастылыққа да байланысты болатыны өмір, заңы екендігі

Техникалық,     тактикалық    және     спорттық    шеберліктері    тең. комаңдаларменен болған ойын барысындағы команда мүшелерін табысқа жетуінде жаттықтырушыпыц шәкірттерімен барлық уақыттардағы бірлігі, оның   ұстаздық    беделі,    команданы    басқару    шеберлігі    кездесудің қорытындысына шешуші әсер етеді. Кейбір кезеңдерді жаттықтырушы қабылдаған шешімнің негізсіздігі орынсыз еркініне әкеледі де, команда мүшелерімен ұйымдастырылған   ісшараларды бүтіндей жоққа шығаруы да мүмкін.   Сондықтан   команда   тағдыры   оңай   шаруа   емес,   оның тадырына атүсті қарауға жол берілмеуі абзал. Әрбір     жаттықтырушы      болашак     бәсекелестері      арқылы     өз  ойыншыларының   жетістіктері   мен   кемшіліктерін   баға  беруді   жұмыс жоспарларында пайдалануға ерекше мән бергендері дұрыс. Болашақ қарсыластарының мүмкіншіліктерімен санасу, олар жайлы сенімді мәліметтер жинау болашақтағы табыс кезі екендігін дәйім есте сақтау жөн болады. Себебі болашақ қарсыластарға үлкен дайындық керек, олар жиі-жиі пайдаланатын әдіс-айлаларды шешуге әрбір ойыншыны техникалық тактикалық тұрғыдан қарсы қоя білу табыс көзі екендігі спорт мамандары үшін белгілі ереже, тұжырым, бағдарлама.

Сондықтан да, жоғарыда айтылған мүмкіншіліктерді есепке алып, жаттықтырушы өз ойындарының тәсілдік дағдысын, жоспарын өзгертіп, болашақ бәсекенің стратегиясын ойыншыларды толық құрамда катынастыра отырып жасағаны жақсы нәтиже береді. Егер ойын барысындағы үзіліс алудың қажеттілігіне дәлелі жоқ болған жағдайда жаттықтырушы өз ойыншыларын алға ұмтылдырып, шабуылды үдете түсуге дем беруі өте кажетті жағдай екендігін ескерту жөн болар еді деген ойдамыз.

Әрбір аяқталған жарыстың нәтижесі 1-2 күннен кейін-ақ жан-жақты талданғаны дұрыс болар еді, себебі — ойын үстіндегі әрбір ойыншының өз пайымдауы бар ол ете ұзақ сакталмайды да, сондықтан да өрбір ойыншының ойыннан алған әсерін көпшілік талкысынан өткізіп, елеп-екшеп болашақ үшін әдістемелік құрал ретінде пайдалану тәжірибеде сыналған дәстүр, салт-сана десе де болады. Себебі, жайшылықтағы талдау ойыншылары өй-өрістерінің кеңеюіне жол ашады, бүгінгі ойыншы, ертеңгі маман-бапкер, телімгер деп қорытыңды жасаған ұлағаттылардан қалған өиет-мұра іспетті демекпіз.Сөйтіп, волейбол спорт ойынының тактикасы туралы ой қорытындысын жасау үшін төмендегі тактикалық түсініктерге анықтама бере кетуді жөн көрдік. Олар:

Ойып құралы — ол ойын барысында пайдаланатын техникалық әдістер

және оларды пайдалану жолдары;

Ойынды ұйымдастыру — ол команда мүшелерінің ұжымдық және жеке-

дара іс қимылдары;

Жеке әсер — бұл әрбір ойыншының өз мүмкіншілігінше тактикалық міндетті шешуі;

Топтық қимыл — яғни ойын барысындағы міндетті шешу үшін ойыншылар бірлестігі;

Командалық шешім — бұл шабуыл мен қорғану тәсілін бірлесіп атқару. Мысалы допқа кедергі жасауды ұйымдастыру сияқты;

Ойын жүйесі аландағы ойыншылардың өз мамандығы мен мүмкіншілігіне сәйкес өз ауданынан орын алуы;

Тактикалық комбинация — яғни ойыншылардың бірінің екіншісі үішін шабуыл мен қорғаныс жасауына мүмкіншілік туғызуы;

Ойынды жүргізу формасы — бұл ойынның нәтижелі жүргізілуін алдын-ала жоспарлау;

Ойыншылар тәртібі — ол әрбір ойыншының команда мүддесін қорғауға міндеттене білулері. Яғни жеңіс жолыңдағы ұйымшылдық пен ауыз бірлік.

ДОП БЕРУ (ҚАҒУ)

«Шырақ» ойыны. Алаңға диаметрі 1 м. шеңбер сызылады. Ойыншылар

бір бағанада тұрып, кезекпен шеңберге кіріп, допты өз төбесінен 2 м. кем емес   биіктікке   қақпақылдайды.   Кем   дегенде   10   реттен   қағу   керек. Ойыншылар 2 м. төмен аралықта қағып қойса немесе шеңберден шығып кетсе айып ұпай жазылады. Кімде айып ұпайы аз болса, сол жеңіске жетеді.

«Топ арқылы» ойыны. Ойын тор құрылған алаңда 2-3 командаға бөлініп

айналылады. Әр команда 2 топқа бөлінеді де, алаңның екі жағына қарама-қарсы тұрады. Бастапқы тұрған ойыншы жаттықтырушының белгісі берілісімен, допты тордан екі қолмен қағып асырады да, өзі саптың артына қарай жүгіріп, топтың соңынан орын алып ойынды жалғастыра береді. Қарсы жақ команда да сөйтеді. Қателескен команда жарыстан шығып қалады. Қатесіз ойнаған команда жеңді деп саналады.

«Әткеншек». Екі команда ойыншылары 2 шеңбер жасайды. Шеңбер де бірінің  артынан  бірі  2   метрден   орналасады.   Команда  берілісімен  әр ойыншы өз төбесінен допты қағып өзі жылжи береді, екінші ойыншы допты жерге түсірмей онда барып өз төбесінен қағады. Сөйтіп шеңбер бойымен ойыншылар жылжи береді. Ойын 3-5 минут аралығында созыла-ды. Кім допты аз жоғалтса, сол команда жеңіске жетеді.

ДОПТЫ ОЙЫНҒА ҚОСУ

«Допты ойынға дұрыс қосу». Алаңның екі шетінде екі жақ команда орналасады. Әр командада 5-тен доп болады. Жаттықтырушының белгісінен кейін әр команда кезекпен допты қарсы алаңға ойынға қосады. Кезекте тұрған екі жақтың ойыншылары допты қарсы алаңға лақтырады. Бұл ойында допты дұрыс қоспаған деп, егер ойыншы беру сызығын басып кетсе, немесе қарсы алаңға дұрыс түсірмеген болып саналады. Кім көп жаңылмаса, сол команда жеңген болады.

«Мергендер». Командалар алаңның шетіне сап түзеп тұрады. Әр команданың ойыншылары кезекпен допты 5 рет қосуға қүқылы. Әр алаңға шаршы төрт бұрыш сызылады да, олар нөмірленеді. Сол нөмір ұпай болып саналады. Кім ұпайды көп жинаса, сол команда жеңімпаз деп есептеледі. Допты ойынға қосудың түрін жаттықтырушы шешеді.

 

ДОПТЫ ҚАБЫЛДАУ

«Қабылдап ал» ойыны. Қосарланған ойыншылар алаңның екі жақ сызығында қарама-қарсы тұрады. Жаттықтырушының белгісінен кейін, допты қабылдап, оны қайта тордан қайта асырады. Әрбіреуі допты 10-реттен ойынға қосады. Кезекпен келесі жұп ойынға кіріседі. Кім доп қабылдауда аз қателессе, сол жеңеді.

«Кім артық». Үш ойыншы артқы сызықтың 5, 6, 1 аймағын-да орналасады. Олардың әрқайсысы 10-10-нан күшті доп қабылдайды. Доп қабылдауға әртүрлі ұпай белгіленеді. 2-ші доп қабылдауда қателессе, 3-ші техникалық қатесіз қабыл-дау, 4-доп қабылданып шабуыл шебіне жеткізу, 5-доп қабыл-дап оны тура соққыға беру. Әр 10 доп қабылдаудан кейін ойыншылар ауысады. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.

 

ШАБУЫЛ

«Қозғалмалы нысана». Ойыншылар шеңбер құрып тұра-ды. Ортада бір ойыншы қозғалып жүреді. Шабуылдаушы бір қолмен ұрып, ортадағы ойыншыға тигізуге тырысады. Егер ол қателесіп тигізе алмаса, ортадағымен орын алмасады. Ойын солай жалғаса береді.

«Шабуылшы ойыны». Бір команданың шабуылшылары 3 аймақтан берілген допқа 4 аймақтан шабуылдайды. Екінші команда қорғанысқа көшеді, егер шабуылшы нәтижелі аяқта-са 2 ұпай, егер қорғаныстағылар добын қабылдаса 1 ұпай. Осылай 10 минутқа созылады, 5 минуттан кейін команда орын ауыстырады.

«Қорғанға от қою». Екі командада 7-8 ойыншыдан қарсы жақтағы қорғанға дәл шабуыл жасайды. Әр алаңда аймақта үш қорғаннан болады (гимнастикалық таяқтың үшеуін байланыстырып ошаққа ұқсатып қояды). 3 аймақтан берілген допқа 4 аймақтан шабуыл жасалады. Кім қорғанды аз шабуылмен бұрын жойса, сол жеңімпаз атанады.

 

«ТОСҚАУЫЛ»

«Тосқауылға еліктеу». Командалар керегеден 1 м. қашықтықта бағана бойымен орналасады. Кереге сызық сызылады. Әр ойыншы 5-тен секіріп, керегеге алақанын тигізіп, тұрған саптың артына барып тұрады. Кім көп жасаса, сол жеңеді.

«Допты өткізбе». Командалар керегеден 1м қашықтықта бағана бойымен орналасады. Керегеге сызық сызылады.Әр ойыншы 5-тен секіріп, керегені алақанын тигізіп, тұрған сап-тың артына барып тұрады. Кім көп жасаса, сол жеңеді.

«Допты өткізбе». Ойыншылар жұптасып қарсы жақтарда орналасады. Бір ойыншы төменгі беріліспен допты қарсы жаққа өткізуге тырысады. Сол допты жаңағы ойыншылар секіре тосқауыл қойып жібермеуге тырысады. Тосқауыл жасаушылар торға жанаспау қажет. Бұл жерде кім көп тосқауыл қатесіз жасаса, сол жеңімпаз атанады.

 

 
 
 

 

 

ҚОРҒАНЫС

«Өз аймағыңды қорға». Ойын 2 команда арасында өтеді. Алты ойыншы өз аймақтарында тұрып, оны қорғауға кіріседі. Қарсы жақ команда 3 аймақтан берілген допқа 4 және 2 аймақтан шабуылдайды. Шабуылды алдамшы шабуылмен ауыстыруға болады. Ойын 10 минутқа созылады, одан кейін команда орын алмасады. Қорғаныстағылар допты өз аймағына түсірмеу керек. Әрбір 2 минутта қорғаушылар аймақ алмастырып отырады. Кем айып ұпай алған команда жеңіске жетеді.

«Қабылда да бер». Екі команда ойнайды. Бір команда 3 аймақтан берілген допқа 2-4 аймақтан шабуыл жасайды. Екінші алты ойыншы қорғанады. 10 минутқа созылады. Ко-манда содан кейін орын алмастырады. 2 минуттан кейін қор-ғаушылар ез аймақтарын ауыстырып отырады. Егер қорғау-шы шабуыл соққысын қабылдап торға қарай бағыттаса, қор-ғаныстағы команда 3 ұпай алады. Доп толық қабылдай алмай, тек жанасса — 1 ұпай алады. Алдамшы соққы жасауға болады. Қай команда көп ұпай жинаса, сол жеңіс алады.

ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

Тактикалық дайындықтың басты мақсаты — жаттықтырушылардың техникалық тәсілдерін үйрету және спорттық күресті жағдайға байланысты қалыптастыру. Егер волейболшы ойынның тарихы мен оның дамуын білмесе, тактикалық шеберлікті шындау мүмкін емес. Әдіс-тәсілдік дағды-шеберлік пен ептілік дәрежені спортта үздік табыстарға жетуде үлкен роль атқарады. Ойыншылардың тәсілдік даярлығының жетіспеуі бүкіл команданың еңбегін зая келтіреді.

Тактикалық дайындықта өзара байланысты төрт методикалық міндетті, мәселелерді бөліп алуға болады.

І.Ойыншылардың   тактикалық   ой-қорыту   қабілетін   алаңда  болжау-ойлау творчествосының артуын дамыту.

2.Жаттығушылардың жеке қимылын және олардың командаластармен шабуылда және қорғаныста озара тіл табысуын қалыптастыру, командалық қимылды оқыту және алаңда әр ойыншының оз орны мен берілген міндетті орындауы.

  1. Қарсыластарының қабілетіне байланысты ойыншылар-дың тактикалық дағдысы мен техникалық әдістерін тиімді пайдалануын ойыншылардың бойына барынша сіңіру.
  2. Ойыншылардың шабуыл мен қорғаныстың бір түрінен бір түріне ауысу, оның алаңдағы жағдайға байланысты қимылы және қарсыластардың кейбір ерекшеліктеріне қарай қимылын дамыту. Бұл ерекшеліктердің толық қарулануымен алғашқы кейбірі тактиканы толық меңгеру болса, аяққысы көп жылғы шеберлікті шыңдау болады.

ПРАКТИКАЛЫҚ КЕПІЛДЕМЕ

Біз жаттығу кезіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының қолданылуы: жаттығу процесіне игілікті әсер ететінін, психологиялық жағдайларды (шаршау-шалдығу, қалжырау) төмендететінін, жаттығушыларды жандандыратыны және жат-тығуға көңіл-ынтасының өсуіне үлкен игілікті әсерін тигізеді деп санаймыз.

Көптеген мамандардың пікірінше — қимыл-қозғалыс ой-ындарын қолдануда, спорт ойындарымен жаттығудың І-ші айларында, техника-тактикалық дағдылар, шеберлігі мен бірлігінің негіздерінің меңгеру процесі, тезірек және сапалы кіреді (қолданылады). Ойын жаттығуларының мағынасын қайта бағалау мүмкін емес. Жаттығу арқылы барлық физи-калық, техникалық және тактикалық мәселелер шешіледі. Спорт ойындарында, қимыл-қозғалыс және жаттығу шешіледі. Спорт ойындарында, қимыл-қозғалыс және жаттығу ойында-ры аса маңызды орын алады, олар жеке қасиетімен қоса, ойыншылардың өзара топтық

2.Жаттығушылардың жеке қимылын және олардың командаластармен шабуылда және қорғаныста озара тіл табысуын қалыптастыру, командалық қимылды оқыту және алаңда әр ойыншының оз орны мен берілген міндетті орындауы.

  1. Қарсыластарының қабілетіне байланысты ойыншылар-дың тактикалық дағдысы мен техникалық әдістерін тиімді пайдалануын ойыншылардың бойына барынша сіңіру.
  2. Ойыншылардың шабуыл мен қорғаныстың бір түрінен бір түріне ауысу, оның алаңдағы жағдайға байланысты қимылы және қарсыластардың кейбір ерекшеліктеріне қарай қимылын дамыту. Бұл ерекшеліктердің толық қарулануымен алғашқы кейбірі тактиканы толық меңгеру болса, аяққысы көп жылғы шеберлікті шыңдау болады.

Көптеген мамандардың пікірінше — қимыл-қозғалыс ой-ындарын қолдануда, спорт ойындарымен жаттығудың І-ші айларында, техника-тактикалық дағдылар, шеберлігі мен бірлігінің негіздерінің меңгеру процесі, тезірек және сапалы кіреді (қолданылады). Ойын жаттығуларының мағынасын қайта бағалау мүмкін емес. Жаттығу арқылы барлық физи-калық, техникалық және тактикалық мәселелер шешіледі. Спорт ойындарында, қимыл-қозғалыс және жаттығу шешіледі. Спорт ойындарында, қимыл-қозғалыс және жаттығу ойында-ры аса маңызды орын алады, олар жеке қасиетімен қоса, ойыншылардың өзара топтық және командалық байланысын әбден жетілдіруге көмектеседі. Ойын және ойын жаттығуларының өрісіне сүйене отырып, бұл ойыншыларды үлкен тактикалық шеберлік пен ойынның тактикалық мәнін керуінің нәтижелі әдісіне жетуі дейміз. Физикалық жетілдіру процесін және волейбол элементтерін меңгеру кебінесе ойындар арқылы етеді, әсіресе, қозғалыс және жаттығу ойындары жас волейболшылармен жұмыс істеуге маңызы зор. Волейболшылардың техникасы, тактикалық ойыны және физикалық қасиеттерін оқыту мен жетілдіруге қолданылуы, сірә, берілген тақырыпқа маңызды деп ойлаймын. Қимыл-қозғалыс ойындарын қолдану бірнеше өзара байланысты шешеді.

  • біріншіден, денсаулықтың күшеюіне, нығайуына мүмкіндік туғызады; физикалық дұрыс дамуға жәрдем береді.
  • екіншіден, негізгі қозғалыс қасиеттерін дамытады (күш-қуат, жылдамдық, икемділік т.б.).
  • үшіншіден, волейболдағы, ең басты күш түсетін іш құрылысының негізгі жүйесін күшейтеді.

Қозғалыс ойындарына арналып, дұрыс ұйымдастырылған сабақтар техника және тактикалық қасиеттерге батымды, өтімді әсерін тигізу керек. Шындықпен келсек, қимыл-қозғалыс ойындары әдеттеп үйрету-жаттығу процесіне қосымша қызмет атқарады. Техника-тактикалық әдістердің ойдағыдай үйренудегі қимыл-қозғалыс ойындарын іріктеп алынуы: дай-ндық мерзіміне, қойылған педагогикалық және спорттық техникалық мәселелерге, қатысушылардың жас шамасына, олардың физикалық дамуына байланысты.

ОЙЫН ТАКТИКАСЫ

Ойын тактикасына оның тактикасы сияқты шабуыл және қорғаныс тактикасы деп екіге белуге болады. Ойын тактикасы жекелей, топтық және командалық тактикалық қимылдардан тұрады.

ШАБУЫЛ ТАКТИКАСЫ

Жекелей тактикалық қимылдар. Жекелей тактикалық қимылдарды оқып-үйрену шабуылдың техникалық әдістерін жетілдірумен қатар жүзеге асырылады. Жекелей тактикалық қимылдар (әрекеттер) қалыптасқан ойын жағдайына байланысты белгілі бір техникалық әдістерді тиімді таңдап алу, орынды дұрыс таба білу екені белгілі. Допты ойынға қосуда, оны бір-біріне беруде және шабуылдай соғуда өзіндік жекелей тактикалық әрекеттер болады.

Допты ойнауға қосу тактикасы. Қазіргі кездегі техникалық шеберлік дәрежесі допты ойынға дұрыс қосумен қатар соның барысында ұпай алу, немесе допты қабылдауды барынша қиындату міндетін алға қояды.

Допты ойынға қосудың алуға қиын қатты түрлерімен қатар нысаналап беру сияқты түрлерін де ойыншылар меңгерер болуы керек. Допты қатты беру қарсы жақтың ойыншылары оны қабылдауға әлсіз болған жағдайда тиімді болмақ. Нысаналап беру белгілі бір жерге, не нашар ойыншыға бағытталады.

Допты ойынға жоғары траекториямен қосу қарсыластарға ауа-райы жағдайы қолайсыз кезде қолданылады (қарсы күн, жел т.б.). Егер қарсыластар қатты берілетін допты қабылдауға даярланса оны торға жақын, керісінше болса, тордан алыс тастаған жөн. Қатты және жай беру әдістерін кезектестіре пайдаланып, қарсы жақты артқы қатарға шығатын ойыншысын нысанаға алған дұрыс.

Допты бір-біріне беру тактикасы. Ойыншы допты бермес бұрын шабуылшыға барынша қолайлы болатын бағытты алдын ала анықтап алған  жөн.   Шабуылшыға  допты  берген  кезде  қарсы  жақты  ең  әлсіз тосқауыл қоюшысының тұсы нысанаға алынуы керек. Допты көбіне тордың шет жағына, шапшаң қимылмен берудің пайдасы үлкен. Бұл тосқауыл қоюды қиындататын. Көбіне доп ең күшті шабуылшыға жіберіледі. Қолайсыз жағдайда доп ең жақын тұрған шабуылшыға беріледі. Команда шабуылшыларының жекелей ерекшеліктерін тиімді пайдалана білген жөн.

Шабуылдай соғудың тактикасы. Шабуылдай соққан кезде ойыншы мыналарды ескеруі керек:

  1. Қарсыластардың қорғанысындағы ең осал жерді көздеу. 2.Шабуылдаушы соққының бағытын өзгерту.
  2. Қатты және жай соққыны алдамшы қимылдармен кездестіру.
  3. Шабуылдай соғудың әдістерін алмастыру (тіке, жанама, бағыттас, аудара соғу).
  4. Шабуылдаушы соққының бағытын ойын тәсілін жете білмейтін
    ойыншыға қарап бағыттау.
  5. Тосқауылды нашар қоятын ойыншыға қарсы соғу.

ТОПТЫҚ-ТАКТИКАЛЫҚ ҚИМЫЛДАР.

Топтық тактикалық қимылдар дегеніміз бірнеше ойыншы-ның шабуылды даярлауға және сәтті аяқтауға бағытталған қимыл-бірлігі. Шабуылдағы топтық тактикалық қимылдың негізі допты соғуға берген және шабуылдаушы соққыны жүзе-ге асырған ойыншылардың бірлескен қимылы. Топтық-тех-никалық қимыл 3, 2, 4 аймақтардың ойыншылары бірлесе қимылдаған алдыңғы қатардағы ойыншылар тарапынан да, 1, 5, 6 аймақтардың ойыншылары қатысқан артқы және алдыңғы қатар ойыншыларының бірлігі нәтижесінде де жүзеге асы-рылуы мүмкін.

Допты екінші рет беруге шетке шыққан ойыншыны пайдалану алдыңғы қатардағы барлық ойыншылардың шабуылға белсене қатысуына мүмкіндік береді.

КОМАНДАЛЫҚ-ТАКТИКАЛЫҚ ҚИМЫЛДАР

Командалық тактикалық қимылдар команданың барлық ойыншыларының өзара қимыл бірлігі деген сөз. Шабуылдағы ойынның үш түрлі жүйесі бар.

Алдыңғы қатардағы ойыншысы арқылы екінші рет беруден шабуылда ойнау жүйесі.

І.Артқы қатардан шығатын ойыншы арқылы екінші рет доп беруден шабуылда ойнау жүйесі.

  1. Алғашқы беруден немесе қайырыла беруден шабуылда ойнау жүйесі.

Бұл системалардың команда ойыншыларының әрқайсы-сының белгілі қызметін және соған орай олардың алаңда түрліше орналасуын белгілейді.

БІРІНШІ РЕТ ДОП БЕРУДЕН НЕМЕСЕ ҚАЙЫРА СОҒУДАН КЕЙІН ШАБУЫЛДА ОЙНАУ.

Бұл жүйені пайдаланғанда шабуылдай соғу допты бірінші беруден немесе қайыра соғудан кейін атқарылады. Бұл жүйе-де ойынға қосылған допты қабылдау кезінде алдыңғы қатар-дың барлық ойыншылары алаңның ішкері жағында болады. Допты қабылдаған ойыншы оны бірден алдыңғы қатардың ойыншысына соғуға береді (4, 3, 2 аймақ). Ол шабуылдай со-ғады немесе тосқауыл қойылса алдыңғы қатардағы әріптестерінің біріне қайыра береді.

Бұл жүйе жоғары техниканы талап етеді. Өйткені допты бірінші беруден шабуылға бағыттау өте қиын. Бұл соңғы жүйені оқып үйренуге алдыңғы екеуін меңгеріп, команданың барлық ойыншылары допты ойынға қосу әдісін игерген соң барып кіріскен жөн.

ҚОРҒАНЫС ТАКТИКАСЫ

Жекеленген тактикалық қимылдар. Тактикалык қимылдарды үйрену және жетілдіру    қорғаныстағы    техникалық    әдістерді    жетілдірумен    қатар жүргізіледі. Жекелеген такти-калық қимылдың мәні орынды және тиімді техникалық әдістерді қапысыз таңдап ала білуде жатыр. Ойынға қосылған шабуылдай соғылған допты қабылдаудағы және тосқауыл қоюдағы жекелеген тактикалық қимылдар түрлері бар.

Ойынға қосылған допты қабылдау тактикасы. Ойынға қосылған допты қабылдау кезінде ойыншы қарсы жақтың беретін добының сипатына қарай алаңдағы өз орнын анықтай білуі керек. Қатты берілген допты қабылдау үшін тордан алысырақ, баяу допты алу үшін торға жақынырақ орналасудың пайдасы үлкен.

Ойынды өз аймағында орын алмастыруға әрқашан даяр болғаны жөн.

Ойынға қосылған қабылдау әдісін (жоғарыдан, төменнен) және команда ойыншыларының орналасуына қарай допты жіберетін бағытын алдын ала анықтайды.

ШАБУЫЛДАУШЫ СОҚҚЫНЫ ҚАБЫЛДАУ ТАКТИКАСЫ.

Шабуылдаушы соққыны қабылдайтын орынды дұрыс таңдау үшін ойынды қарсыластың қай аймақтан шабуыл жасайтыны анықтауы керек. Осыдан кейін ол шабуылдаушы соққының бағытын анықтап соғатын аймаққа қарай орын ауыстыруға даяр болғаны жөн.

Шабуылдаушы соққының сипатына байланысты ойыншы допты қабылдау әдісін (жоғарыдан, төменнен) және ықтимал бағытын анықтайды.

Тосқауыл қою тактикасы. Тосқауыл қоюшының бірінші міндеті шабуылдаушы соққы атқарылатын аймақты анықтау болады. Шабуылдаушы соққының түріне қарай тосқауыл қоюдың тиімді жолын таңдайды. Сонан соң барып секіру сәтін, тосқауылға қолды қоюдың тиімді жолын таңдайды. Сонан соң барып секіру сәтін, тосқауылға қолды қоюды және соққының бағытын анықтайды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Жарыс кезінде туындайтын қиындықтарды жеңу үшін олардың ерекшеліктерін зерттеп білудің маңызы үлкен.
  2. Обьективтік сипаттағы қиындықтарды жеңу үшін кез келген тосын жағдайда сәйкес ойын өрнегін қалыптастыру қажет. Оған әртүрлі жағдайда, ортада /әртүрлі залдар, жарық, көрермендер, температура т.б./ жаттығулар енгізу арқылы қол жетеді.
  3. Субьективтік сипаттағы қиындықтарды азайту үшін жарыс алдындағы жаттығуларды жиілетіп, әртүрлі дәрежедегі командалармен матчтык кездесулер өткізу қажет. Мүмкіндігінше сырт алаңдарда кездесулер өткізу қажет. Мүмкіндігінше сырт алаңдарда кездесулер өткізген жөн мүның өзі жарыс алдында спортшылардың шеберлігі мен дағдысын техникалық-тактикалық даярлығын, жігерін ұштай түседі.

Жарыс кезінде туындайтын қиындықтарды азайту ойдағыдай басшылық ете білуіне байланысты.

  1. 3. Факторлық талдау волейболшы қыздар қолдар доппен өзара әрекеттесу фазасында негізгі техникалық тәсілдерді орындаған кезде негізгі фактор болып энергетикалық фактордың табылатындығын көрсетіп берді (таңдаманың жалпы дисперсиясының 33,5%-ы). Маңыздылығы бойынша екінші фактор — техникалық-энергетикалық (26,4%), үшінші – техникалық (21,5%) фактор.
  2. Доп қабылдау-беру тиімділігін арттыру қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақытының өзгеруімен ілесе жүреді: қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде бірінші дәрежелі волейболшыларда (78 мс) жаңадан шұғылданушыларға қарағанда (48 мс) қолдардың доппен өзара әрекеттесу уақыты анық көбірек. Тиімділік тиісінше 69% және 19% құрады. Қос қолмен астыңғы жақтан допты қабылдауды орындаған кезде өзара әрекеттесудің орташа уақыты бірінші дәрежелі спортшыларда (20 мс) жаңадан үйренушілерге қарағанда (30 мс) анық азырақ. Тиімділік тиісінше 50% және 38% құрады.
  3. Білікті волейболшыларда допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру тиімділігін арттыру мақсатында жаңа тренажер қондырғыларының жүйесі жасап шығарылды: «Лотоктар» — қос қолмен төменнен қабылдауды орындауға арналған, «Волейболшыларға арналған тренажер» — төменнен қабылдауды және қос қолмен жоғарыдан беруді орындауға арналған, «Доппен спорттық ойындарға арналған тренажер» — қабылдау-берудің барлық тәсілдерін орындауға арналған.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Айрапетьянц Л.Р. Динамика тренировочных и соревновательных нагрузок вьісбкоквалифицированных волейболистов в годичном цикле подготовки. М.„ 1981, стр. 23
  2. Амалин М.Е., Шилов О.С. Методика оценки соревновательной деятельности в спортивных играх. — Теория и практика, 1980, N99, стр. 19-22.

 

  1. Арестов Ю.М., Годик М.А. Подготовка волейболистов высіпих разрядов. М., 1980, стр. 127
  2. Айрапетьянц, Годик М.А. Ташкент -1991, стр. 152
  3. Беляев А.В. Исследование тренировочных и соревновательных нагрузок в волейболе. М.., 1<987, стр. 28
  4. Беляев Н.А. Экспериментальное исследование специальной выносливости волейболистов. М., 1975, стр. 29

 

  1. Бриль М.С., Клещев Ю.Н. Использование модельных характеристик волейболистов высшей квалификации для процесса отбора в спортивные школы, М., 1988, стр. 52
  2. Биданов Ж.Б.,Елшиев Б.Т.,Затыбеков КАВолейбол — дене тәрбиесі факультетіне арналған бағдарлама. Шымкент,2000, 32 бет.
  3. Биданов Ж.Б., Мұхамадалиёв А.А. Волейбол. Шымкент, 1991,стр. 62
    Ю.Боген М. М. Обучения двигательным действиям. М., 1985, стр. 37 11.Железняк

Д. К мастерству в волейболе. М., 1978, стр. 224

12.Клещев Ю.Н., Гобик М.А. Содержание и организация комплексного контроля в подготовке волейболистов высншх разрядов. М., 1981,стр. 34

ІЗ.Клещев Ю. Н., Фурманов А.Г. Юный волейболист. М.,1979, стр. 231

И.Железняк Ю.Д. Подготовка юных волейболистов. М., 983, стр. 43 15.Железняк   Ю.Д.,   Швец   К.А.    Возрастные   аспекты   подготовленности волейболистов. Смоленск, 1984, стр. 103

Іб.Железняк Ю.Д. Техническая подготовка волейболистов. Смоленск. 1985, стр. 121

17.Железняк Ю.Д. 120 уроков по волейболу. М., 1979, стр. 87

18.Ивойлов А.В. с соавт. Акробатическая подготовка волейболистов. М., 1977, стр. 43

19.Мектепте волейболды оқыту методикасы. Алматы, 1990, -120 бет.

20.Жалпы     білім     беретін    мектепке     арналған    дене    тәрбиесі    пәнінің

бағдарламасы. Алматы, 1992, 68-бет. 21.0фициальные правила волейбола 1997-2000. Алматы, 1997, стр. 86

22.Сағындықов Е. Казактыц ұлтгық ойындары. Алматы, 1991, 173-бет. 23.Фурманов А.Г. Играй в мшш-волейбол. Москва, 1989, стр. 48

24.Волейбол.   Учебник ддя институтов физической культуры.   (Подред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца). Москва, 1985, стр. 270

25.Волейбол. Учебник для институтов физической культуры. (Под ред. А.Г.

Айриянца). Москва, 1976, стр. 270 26.Би К. и Нортон К. Упражнения в баскетболе — М.:ФиС, 1972 27..Башкин С.Г., Уроки по баскетболу.-М.: ФиС, 1966 28.Давыдов М.А. Судейство в баскетболе.-М., ФиС, 1983. 29.Гамельский А.Я. Управление командной в баскетболе — М., ФмС, 1985 ЗО.Портнова. Ю.М. Баскетбол — М., ФиС, 1988 31 .Официальные правила баскетбола., Париж, 2004 32.Колос В.М. Баскетбол: теория и практика — Минск: Полымя, 1988 ЗЗ.Портных В.Ю. — Баскетбол — Учебник для институтов ФК — М.: ФиС, 1988

34.Пинхолстер Г., Энциклопедия баскетбольных упражнений — М.: ФиС,1973 35.Семашко Н.В. — Баскетбол — Учебное пособие — М.: ФиС, 1967 Зб.Волков С, Максименко В., Ряскин В. — Команда без которой не жить. Кустанай, 1996