АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Ырыс шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

Коммерсиялық емес акционерлік қоғамы

 

 

 

 

 

Нұрғали К.

 

 

 

«Ырыс» шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Мамандығы 5В120200 – «Ветеринарлық санитария»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРСИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

«Ветеринария» факультеті

 

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

 

Тақырыбы: «Ырыс» шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

 

 

                                                                       Беттер саны                                 43

                                                                       Cызбалар мен көрнекті

                                                                       материалдар саны                       14

                                                                       Қосымшалар                               —

 

 

Орындаған: күндізгі оқу бөлімі 5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығының 513 – топ студенті Нұрғали Кенжеғали

 

                   2018 жылы « 18 » мамырда қорғауға жіберілді

 

Кафедра меңгерушісі, PhD                                                    Алиханов Қ.Д.

 

Жетекші, в.ғ.к., қауым. профессор                                        Барахов Б.Б.

 

Норма бақылаушы,

в.ғ.к., қауым. профессор                                                         Ибажанова Ә.С.

 

Сарапшы, «Қайрат-Бота»

ШҚ, бас малдәрігері                                                               Несипбаев Н.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2018

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРСИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

«Ветеринария»  факультеті

 

мамандығы 5В120200 – Ветеринарлық санитария

 

Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент  Нұрғали Кенжеғали

 

Жұмыс (жоба) тақырыбы: «Ырыс» шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

 

Университет бойынша 2017ж. «14» қараша №550-К бұйрығымен бекітілген

 

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі  2018 ж. « 18 »мамыр

 

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері

«Ырыс» шаруа қожалығындағы ветеринариялық — гигиеналық және санитариялық талаптардың сақталу деңгейі. «Ырыс» шаруа қожалығындағы мал қора нысандарында жүргізілетін дератизациялық шаралардың әдіс — тәсілдері. Шаруашылық маңындағы аймақтардың кемірушілерден сақтану шаралары. «Ырыс» шаруа қожалығында дератизациялық шаралардың жүргізілу дейгейі. «Ырыс» шаруа қожалығындағы жүргізілетін дератизациялық шараларда қолданылатын препараттарға салыстырмалы баға беру.

Дипломдық жұмыста (жобада) қарастырылатын сұрақтардың тізімі

  1. Зертханалық жағдайда родентицидтің уыттылық деңгейін анықтау
  2. Шаруашылықта кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау
  3. Өндірістік жағдайда жүргізілген дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау.
  4. Шаруашылықта жүргізілген дератизациялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1 Тажибаев А. С. Научные основы эффективной дератизации объектов  ветеринарного надзора. – Алматы , 2000.

2 Кадиров А.Ф., Зацепин В.Г. Средства борьбы с грызунами. Журнал «Ветеринария», 2000, №2.

3 Дроздов А.И., Третьяков А.Г., Бочаров Н.М. Дератизация на птицефабриках с применением препарата аратамус. М., ВИНИТИ, Р.Ж.97. 97.12-04ИВ.

4 Правила проведения дезинфекции и дезинвазии объектов государственного ветеринарного надзора. — М., 2002. — С. 5.

 

 

 

Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Кіріспе

Мырзабеков Ж.Б.

10.03.2018

 

Негізгі бөлім

Токаева М.О

25.04.2018

 

Қорытынды

Барахов Б.Б.

10.05.2018

 

Экономикалық тиімділікті есептеу

Утеев Б.Ж.

 

 

Еңбекті қорғау және экология мәселелері

Сансызбаев К.К.

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD    __________________      Алиханов Қ.Д.

 

Жұмыс жетекшісі,

қауым. профессор                  ___________________     Барахов Б.Б.

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент            ___________________     Нұрғали К.

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

КЕСТЕСІ

 

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

 

Ескертулер

1

Кіріспе

02.03.2018

орындалды

2

Дератизация, оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы

17.03.2018

орындалды

3

Жұмыстың мақсаты мен міндеті

25.03.2018

орындалды

4

Материалдар мен әдістер

28.03.2018

орындалды

5

Өзіндік зерттеулер

01.04.2018

орындалды

6

Қорытынды

12.04.2018

орындалды

7

Тәжірибелік ұсыныс

10.05.2018

орындалды

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD    __________________      Алиханов Қ.Д.

 

Жұмыс жетекшісі,

қауым. профессор                  ___________________     Барахов Б.Б.

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент            ___________________     Нұрғали К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

1

КІРІСПЕ

10

1.1

Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы

10

1.2

Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері

11

2

ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

12

2.1

Кеміргіштердің зиянкестігінен туындайтын экономикалық шығын

12

2.2

Дератизация, оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы

16

2.3

Дератизациялық шаралар және родентицидтер

20

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

23

3.1

Зерттеу әдістері мен материалдары

23

3.2

Шаруашылыққа сипаттама

26

3.3

Зерттеу нәтижелері

27

3.3.1

Зертханалық жағдайда родентицидтің уыттылық деңгейін анықтау

27

3.3.2

Шаруашылықта кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау

32

3.3.3

Өндірістік жағдайда жүргізілген дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

33

3.3.4

Шаруашылықта жүргізілген дератизациялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

 

4

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

36

5

ҚОРЫТЫНДЫЛАР

38

6

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

39

7

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста пайдаланылған сілтемелер.

 

МЕМСТ 12.1.007-76. Зиянды заттар. Классификация және жалпы қауіпсіздікті  талап ету

МЕМСТ 12.3.002-75. Өңдеу процессі.Жалпы қауіпсіздігін талап ету

МЕМСТ 1770-74Е. Лабораториялық өлшемді әйнекті ыдыс. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар, техникаға қолайлы жағдай.

Ішетін су. Гигиеналық талап ету және сапасын бақылау.

МЕМСТ 2874-82        Ішетін су. Гигиеналық талап ету және сапасын бақылау.

МЕМСТ 6709-72        Дистелденген су. Техникалық шарт.

МЕМСТ 4204 -77       Күкірт қышқылы. Техникалық шарт.

МЕМСТ 18300-87      Этил спирті радиациядық техника. Техникалық шарт

МЕМСТ 4232-74        Күйдіргіш калий.

МЕМСТ 13264-88       Сиыр сүтін өндіргенде талап ету.

ТШ 6-09-2540-87      Гидрооксидті тұз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыста қолданылған терминдер және олардың мағынасы.

 

ДЕРАТИЗАЦИЯ – кемірушілермен күресу шараларының жиынтығы.

РОДЕНТИЦИДТЕР — (лат. rodentis –кеміргіш, caedo-өлтіремін) кеміргіштерді жоюға арналған улы препараттар.

КОМПОЗИЦИЯ – Бірнеше химилық компоненттен тұратын қосылыс.

ГИГИЕНА – Жануарлардың денсаулығын жақсартады. Азықтандырғанда рацион құрайды. Азықтандыру күтіп-бағу, жоғары өнімдермен қамтамасыз ету.

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ – САНИТАРИЯ – талаптарын нақты іске бағытталған техникасы және басқа сипаттағы тәзірибелік шаралар.

КАРАНТИН ОРНЫ – басқа жерден  немесе басқа шаруа қожалықтарынан және өзге мемлекеттен алып келген малдарды тексеруден өткізу үшін ұстайтын орын.

ИЗОЛЯТОР – ауырған малдарды оқшаулап ұстайтын орын.

КОНЦЕНТРАЦИЯ – ерітінді құрамындағы белсенді зат мөлшері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Дипломдық жұмыста келтірілген қысқартулардың мағынасы:

 

БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

АҚ – Акционерлік қоғамы

БДСҰ – Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы

ГФР – Герман Федерация Республикасы

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

ІҚМ – Ірі қара мал

млн — миллион

м — метр

кг — килограмм

г — грамм

см3 – сантиметр куб

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КІРІСПЕ

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тарататын және халық шаруашылығына орасан экономикалық зиян әкелетін қауіпті зиянкестердің бірі — үлкен қалалар, елді мекендер мен ауыл шаруашылығындағы қора-жайларда, егіс алқаптарында, өндіріс орындарында қоныстанған тышқан тектес кеміргіштер болып келеді.

Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының эксперті Грэй Томастың пайымдауынша жер жүзінде кеміргіштер, эсіресе егеуқұйрықтар, жыл сайын тек қана дэнді дақылдар мек күріштің 33 млн-ға жуық тоннасын жеп қүртады. Әр жылы егін жиналып болғанша кеміргіштер оның 20%-дан астамын өз алдына жояды екен. Дәнді дақылдардан. басқа ет, сүт, балық өнімдерін, жас балапандарды, жұмыртқаларды жейді екен [1]. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы, қазіргі «Қарлығаш» акционерлік қоғамында болған уақиғаға көңіл аударсақ, онда егеуқұйрықтар түн сайын 1200-1300 балапанды өлтіріп, 1500-1600 дана жұмыртқаларды жарып ішіп отырған. Егеуқұйрықтардың қауіпті инфекциялық ауруларды таратуының нәтижесінде әкелетін шығынды есептеу қиын. Көптеген жұқпалы аурулардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын таратушысы болуымен қатар, олар жер-жерде адамдар арасында, үй жануарлары мен құстардың ішінде ауру тудырып, қауіпті инфекциялар ошағын үнемі тұтандырып отырады.

Сондықтан кеміргіштерді жою экономикалық, эпидемиологиялық және эпизоотологиялық тұрғыдан келгенде аса қажетті және осы кезге дейін толық шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселенің бірі болып отыр.

Біздің елімізде кеміргіштермен күресуге негізінен дератизациялық улардың екі тобы қолданылады: антикоагулянттар мен тез арада күшті әсер ететін улы заттар. Осылардың ішінде мырышты фосфид, крысид, аминостегмин сияқты кең таралған, тез арада күшті әсер ететін улар қолданылады. Дегенмен де олар кеміргіштердің рефлекторлық қорғаныс реакциясын тудырып, кеміргіштер бұл улардан жасалған жемтіктерді қайталап жемей қояды. Сондай-ақ, бұл уытты заттар үй жануарларына да уытты әсер етеді. Оларды мал және құс шаруашылығында пайдаланғанда ауыл шаруашылығындағы малдар мен құстардың кездейсоқ улануына әкеп соқтырады [2]. Сондықтан да бұл топқа жататын родентицидтерді ауыл шаруашылық нысандарында қолдану қауіпсіз емес.

Тез арада күшті әсер ететін улармен салыстырғанда, антикоагулянттар үй жануарлары мен құстарға қауіпсіз және дератизацияларда кеміргіштерді толықтай жоюда нәтижелі болып есептеледі. Олардың баяу әсер етуінің арқасында кеміргіштердің рефлекторлық қорғаныс реакциясын тудырмайды. Сонымен қатар, олардың егеуқұйрықтарға қарсы уыттылығы пайдалы малдар мен құстарға қарағанда өте жоғары. Дегенмен де олардың бір реттік уыттылығы әлсіз болғандықтан бірнеше рет қайталанып қолданылады. Сондықтан уақыт өте келе оларға кеміргіштер дағдыланып кетуі мүмкін.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта ауыл шаруашылық нысандары мен елді мекендердегі тышқан тектес кеміргіштерді жоюға антикоагулянттар тобына жататын жаңа родентицидтерді жасауға және оларға кеміргіштердің дағдыланып кетпейтін жолдарын тауып, оларды жетіддіріп жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан дератизациялық шаралармен қатар жаңа улы заттарды ойлап табуға және кеміргіштермен белгілі бір жүйемен күресуді ұйымдастыруға бағытталған зерттеулерге қарамастан олардың саны азаюдың орнына, кейбір жерлерде көбейе түсуде [3].

Өкінішке орай, Қазақстанда қазір кеміргіштер барлық облыстарды мекендеп, қарқынды көбеюде. Қазіргі таңда республикада ауыл щаруашылық, өндірістік нысандар мен елді мекендерді зиянды кеміргіштерден қорғау маңызды да қиын мәселелердің бірі болып отыр.

1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері

Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама

«Ырыс» шаруа қожалығындағы жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралардың деңгейін жақсарту жұмыстарын жасау мақсатында профилактикалық дератизациялық шаралар іске асырылып, дератизациялық жұмыстардың тиімділгін арттыруда қолданылған родентицидтердің сапасына байланысты екені анықталған. Шаруа қожалықта атқарылған дератизациялық шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтер, тақырыптың өзектілігін айқындай түскен.

Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы

Дипломдық жұмыс 43 компьютерлік бетте терілген: кіріспе, ғылыми әдебиеттерге шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, тәжірибелік ұсыныс, еңбек қорғау және қосымша материалдар бөлімдерінен тұрады, 7 — кесте, 7 – суретпен көркемделген.

Жұмыстың өндірістік зерттеулер бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында орналасқан «Ырыс» шаруа қожалығында өтті.

Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері

Зерттеу жұмысының мақсаты: Кеміргіштерге қарсы қолданылатын родентицидтердің қолайлы концентрациясын анықтап, шаруашылықта дератизация әдістерін тиімді жүргізу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Зертханалық жағдайда родентицидтің уыттылық деңгейін анықтау
  2. Шаруашылықта кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау
  3. Өндірістік жағдайда жүргізілген дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау
  4. Шаруашылықта жүргізілген дератизациялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

 

 

 

 

 

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2.1 Кеміргіштердің зиянкестігінен туындайтын экономикалық шығын

Ветеринариялық нысандарда қоныстанған кеміргіштер шаруашылықтарға үлкен экономикалық шығын әкеледі. Олар жем-шөптерді, тағамдарды жеп ластайды, жұмыртқаларды ішіп, балапан, торай, күшіктерді жеп, құрылысты бұзып, бау-бақшадағы жеміс-көкөністерді зақымдайды.

Жыл сайын дүние жүзінде кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрықтар 33 млн тоннадан аса дәнді дақылдар мен күрішті жеп құртады. Жыл сайын бір егеуқұйрық 12 кг-нан астам азықты жеп, нәжісімен одан 1 есе көп азық-түслікті былғайды. Қазіргі заманда егеуқұйрықтар кейбір жерлерде адамнан да көп. Мәселен, Үндістанда бір тұрғынға (елде 1миллиардтай халық тұрады) 10 егеуқұйрықтан келеді екен. Осы «қарапайым» есептеуден бір Үндістанға қаншалықты экономикалық шығын әкелетінін көруге болады. Олар 120 млн тоннадан астам бидайды жейді. Бұл есептеуді «қарапайым» деуіміздің себебі егеуқұйрықтардың бұдан да үлкен қомағайлылығын көрсететін деректер кездеседі. Мысалы, Г.С.Зеленконың айтуынша бір егеуқұйрық бір жылда 22 кг бидайды жеп, басқа қант, май сияқты азықтардың 37 кг жейді екен. Бір жұп егеуқұйрықтан тараған тұқым бір жылда 17 тонна астық жейді.

Бомбейде элеваторлар мен қамбаларда бір айдың ішінде жарамсыз дәндердің (1500-1600 қап) көп мөлшері жиналып қалады. Бұл қапты тескен егеуқұйрықтар болып табылады. Эксперттердің есебінше Бомбейде 20 млн егеуқұйрықты жою арқылы 900000 адамға азық болатын астықты сақтап қалуға болады. АҚШ-тың мамандары мен БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, қазіргі уақытта АҚШ-та 140-170 млн кеміргіштер тіршілік етеді. Олар әр жыл сайын 500-ден 2 триллион долларға дейін зиян келтіреді. Зиянкестермен күрес қоғамының мәліметіне қарағанда өндірісте 30 мыңнан астам адам бар, олар күн сайын тек қана кеміргіштерді жою шараларымен ғана айналысады [4, 5].

800-ден астам кеміргіштермен күрес құралдарын дайындады. Бұл компания 3 мыңнан астам уланған жемтік таратады. Мұның ішінен 2250 түрі әр түрлі құрамдағы антикоагулянттар. Жыл сайын 28-30 млн фунт антикоагулянттар қосылған алдартқыш жем қолданылады. Бұл мөлшер 12 мың тонна болады (Химикал Веск). АҚШ-та химиялық компаниялар 8 млн долларға родентицидтерге шикізат шығарады. Әлем бойынша родентицидтерді сату жылына 100 млн доллардан асады [6, 7].

Отандық зерттеушілердің мәліметтерінде де кеміргіштердің әкелетін орасан экономикалық шығындары жиі кездеседі. Қазақстанның жекелеген шаруашылықтарында егеуқұйрықтардың зиянкестігінің кесірі қалыпты тапшылыққа әкелді. Қазақстанның Солтүстік облыстарының кейбір шаруашылықтарында тек егеуқұйрықтардың өзі үй құстарының 30% балапандарын қырғаны жайлы автор мәлімдейді. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы қазіргі «Қарлығаш» акционерлік қоғамында әр түн сайын егеуқұйрықтар 1200-1300 балапанды қырып, 1500-2000 жұмыртқаны ішіп отырған. «Атырау – балық» АҚ-да егеуқұйрықтар ай сайын бағалы өнімдерінің 8 тоннасын жеген. Осы автордың мәлімдеуінше егеуқұйрықтар «Ақмола фенникс» АҚ-на, Ават құс өндірістік серіктестігіне, «Құс» АҚ-на және басқа да көптеген құс, шошқа шаруашылықтарына орасан шығын келтірген.

Кеміргішітердің келтіретін үлкен санитариялық қауіптілігі және олардың зор экономикалық зиянкестігін тоқтату дератизациялық шаралардың инфекциялық ауруларды таратпаудың алдан алумен қатар ауыл шаруащылығының зиянкестерімен күресудің бір түрі екендігін дәлелдейді. Сондықтан да дератизациялық шаралардың нәтижелі әдістері мен амалдарын жасау маңызы өте зор практикалық қажеттілік болып табылып, бұл мәселенің өзектілігін айқындайды.

Астық дақылдарының зиянкестерімен күресу шараларының ішінде жетекші орынды кешенді-шаруашылық және агротехникалық шаралары алады. Зиянкеске төзімді сорттарды еңгізу маңызды болып табылады. Астық дақылдарына биологиялық күресу шаралары аса қолға алынбағанымен, бұл шара энтомофагтарды сақтау арқылы ғана жүзеге асырылады. Химиялық күресу шарасын қатты залалданған егістіктерде пайдаланылады.

Біздің елде өсімдік қорғау қызметі шын мәнінде 60 — жылдардан бастап қана кең көлемде жүзеге асырыла бастады. Ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестерінің көпшілігімен күресу жүйесі жете зерттеліп өндіріске енгізілуде. Осыған орай республикалық облыстық, аудандық өсімдік қорғау станциялары, зиянкестер мен өсімдік ауруларының таралуын болжау және олармен күресу үшін хабар беру пункттері, мемлекеттік өсімдік карантин инспекциялары және басқа да өсімдік қорғау қызметінің жүйесі ұйымдастырылып, жақсарып келеді.

Ауылшаруашылық дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты оларды бір-бірінен ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Қорғау шараларын өткізбеусіз тек қана бидай өнімінің зиянды организмдерден жоғалтуы 25-тен 40% дейін құрауы мүмкін. Осыған байланысты республика аумағында фитосанитариялық жағдайды тұрақты бақылау жүзеге асырылады, соның ішінде республикалық бюджеттен жыл сайын 2,5-3,0 млрд.тенге, аса қауіпті зиянды организмдермен және карантиндік объектілермен 3-3,5 млн.га ауданы маңайында күресу шараларын жүргізу үшін бөлінеді.

Ұйымдастырылған — профилактикалық шараларға трипс зиянкесіне қолайсыз жағдай жасау жұмыстарын жатқызуға болады. Мысалы, өсімдік қорғауда бидай трипстерінен қорғау үшін ауыспалы егісті сақтау, өсімдік қалдықтарын жою, терең сүдігер жыртудың маңызы зор. Сондай – ақ алдын алу шараларына топыраққа фосфорлы препараттар енгізу.

Адам өміріне дератизация жүргізуде індетке қарсы және эпидемиологияға қарсы шаралардың маңызы зор [8, 9, 10].

Зоонозды ауруларды тарататын кеміргіштердің көбі-атжалмандар мен тышқандар. Олар 200-ден астам ауру қоздырушысын таратып, адамдар мен жануарларды зақымдайды. Олардың тек санитариялық зияны ғана емес, сонымен қоса экономикалық шығыны да көп болады.

Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының сараптаушылырының айтуынша, бүкіл әлем бойынша кеміргіштер жыл бойы 33 млн тоннаға дейін астықты, күрішті жеп зақым келтіреді. Астық тұқымдастардан басқа көкеніс, жемістер, ет, сүт және балық өнімдерінің жұмыртқа, жас балапан, торайлар мен күшіктерді кеміріп зиянын тигізеді. өздерінің бөлінділерімен азықты жегеннен гөрі, 10 есе бүлдіреді.

Қазіргі кезде мұндай кеміргіштерге қарсы күрес жүргізу қиынырақ болып отыр.

Кез-келген шаруашылықта олардың кобеюіне, яғни азық, су, қолайлы орта бәрі бар. Осындай жағдайлар олардың көбеюіне мүмкіндік береді. Нысандарда кеміргіштер аш болмайды, сондықтан алдамыштарды тіптен жемейді. Сонымен қоса, алдамыштарға у қосу, жергілікті мал мен құстарға зиянын тигізуі мүмкін.

Мұндай жағдайлар өте өзекті мәселелер, сондықтан сапалы, әсер етуі тез родентицидтер ойлап табу керек.

Осы сұрақтар дүние жүзілік маңызы бар, қазір бұл мәселелермен БДСҰ, БҰҰ бөлімдері айналысуда.

Ең маңыздасы бұл мәселенің шешімі-жоғары әсері күшті және тәнді родентицидтер тпбу, улылығы жоғары болуы керек.  

Қазіргі кезде көптеген зерттеулер жүргізілуде.

Шет елдерде және біздің елдеқолданылып жүрген препараттарды қолдану, шығару, өндірілуі әр түрлі. Сондықтан әр елдегі шығарылған өнімдерді қолдану айырмашылықтарын атап кетсек.

АҚШ мамандары мен ООН сарапшылары қазіргі кезде АҚШ-та 140-170 млн атжалман кездеседі, олар 500 млн 2трлн $ дейін күніне экономикалық шығын келтіреді деп тұжырымдайды. Зиянкестермен күрес ұлттық орталығы – олар кеміргіштермен күресушілер саны 30000 адам дейді. Аталған компаниялар родентицидпен 3000 жуық өнім шығарады. Осылардың ішінде 2250 рецептурасын антикоагулянт құрайды [11, 12].

Тышқан тәрізді кеміргіштермен күресу жұмыстарын жүргізгенде профилактикалық және агротехникалық шаралардың маңызы өте зор. Тышқан тәрізді кеміргіштерге қарсы күресуде олардың зиянкестік әрекетін болдырмаудың бірінші кезектегі кепілі алдын алу шаралары. Оларға егістік жердің топырағын дұрыс өндеу, арамшөптерді отау, астықты төкпей-шашпай жинап алу, егістіктен сабанды уақытыңда тасып әкету, егіс төңірегіндегі қураған шөптерді құрту және т.б. жатады.Механикалық тәсіл — қақпандар мен тұзақтарды пайдалану.Қазіргі кезде биологиялық тәсіл үшін қолданатын жыртқыштардың маңызы өте зор. Бұл жыртқыштар түріне дала бүркіттері, кезқұйрықтар, қаршығалар, үкілер, жапалақтар, ақ тышқандар, күзендер, түлкілер, қарсақтар жатады. Тышқан төрізді кеміргіштер жаппай көбейгенде оларға қарсы уландырғыш еліктіргіштерді қолдануға болады. Олар фосфид мырышы және глифтор.

Тоқалтістерді көктемде және күзде жояды, каптесерлерді жылы мерзімдерде, ал құмтышқандарды көктемнен күз аралығында жоюға болады. Қаптесерлер мен тоқалтістерге карсы уланған бидай мен сұлы араластырылған еліктіргіштерді пайдалануға болады. Бұларға қарсы жою шараларын жүргізгенде 100 кг дәнге 2 кг күнбағыс майы және 5 кг фосфид мырышы қосылса, ал құмтышқандарға қарсы 100 кг дәнге 3 кг күнбағыс майы және 8 кг фосфид мырышы қосылады.

Көктемде олардың шоғырланған жерлерінде күресу шараларын 5-6 адамнан тұратын бригада жаяу атқарады. У шашатын жұмысшылар ашылмалы қақпағы бар бидон және сабының ұзындығы 30 сантиметрдей өлшегіш темір қасықпен қамтамасыз етіледі. Бидонның сыйымдылығы 2 килограмдай, ал өлшегіш қасыққа 5 г жем ілінеді. Бригада мүшелері арақашықтығы 5 м болатын тізбек құрып алға қарай жүреді де зиянкес кеміргіштің сан мөлшеріне карай 5,7,8 немесе 10 метр сайын улы жемді кездескен іннің төңірегіне 2-3 грамнан тастап отырады. Осылай жасақталған бригаданың бір күндік жұмыс өнімділігі 50-60 гекгарға жетеді.

Қазіргі кезде қолданылатын родентицидтердің 90% антикоагулянттар құрайды. Жыл сайын антикоагулянтты алдамыштар 12 мың тоннаға дейін кетеді.

АҚШ химиялық компаниялар родентицид өндіру үшін 8 млн $ бағаланатын шикізат қолданған. Бүкіл әлемдік бағасы 10млн $ жоғары бағаны құрайды.

Дератизацияда қолданылатын препараттардың әсер етуіне байланысты, аса жоғарысын зерттеу 1950-1980 ж.ж. аралығында көп көңіл бөледі. Варфарин және де басқа антикоагулянттар – кумулятивті әсер етеді, кеміргіштерді уландырып 30 жылға дейінгі қолданыста болады. Алайда кейінгі жылдарда кеміргіштердің гигиеналық төзімділігі арта түсті. Дания мен Ұлыбританияда кеміргіштердің варфаринге төзімділігі кең етек алды. Осындай жағдай АҚШ −да байқалған.

Кемiргiштерге қарсы күресте түрлi – биологиялық, физикалық және химиялық әдiстер мен тәсiлдер қолданылады. Биологиялық күрес әдiсi кеңiнен танымал – егеуқұйрықтардың табиғи жаулары (ит пен мысық). Физикалық әдiс – кемiргiштердi әртүрлi қақпандар қою арқылы жою. Химиялық әдiс – кемiргiштердi жоюға улы заттарды қолдану (родентицидтер) ең көп қолданылады және өте тиiмдi болып табылады. Тұрғындардың ерекше назарына – елдi-мекендерде кемiргiштердi жою (дератизация) жөнiндегi iс-шаралар (қауiптiлiгi 3-класс, уыттылығы орташа, бромадиолон-0,25%, клерат, ланират, бараки т.с.с. улар) барысында кездейсоқ уланудан сақтану үшiн, тек арнайы дезинфекциялық ұйымдардың бiлiктi мамандарының көмегiмен жүргiзiлуi тиiс. Дезинфекциялық заттар кемiргiштердi қызықтыратын дәндi дақылдар немесе тағам өнiмдерi, улы жемдер түрiнде қолданылады. Кемiргiштердiң ағзасына түскен удың әсерiнен қан қоюланып, қан тамырлары микротесiлiп, iшкi органдарға қан құйылып, денелерi iсiнiп, масайып, айналаны шатастырып, табиғи сақтығын жоғалтып, адамдардан үрiкпей, ашық жерлердi кезiп, немесе ұясына барып тығылып, 5 – 7 күннiң iшiнде өледi. Сондықтан тұрғындардың көздерiне уланған, шалажансар егеуқұйрықтардың жиi түсетiнiнiң себебiнен олардың саны көбейiп кеткендей көрiнiп, ақпарат құралдарына шағымданып жатады. Уыттылығы қауiптi родентициттер (1-2 класс) елдi мекендерде адамдар мен жануарларға зиянды болғандықтан, қолдануға рұқсат етiлмейдi. Ал уыттылығы 4 класс родентициттер құрамында улы заттар аз мөлшерде болғандықтан, тұрғындарға қолдануына шек қойылмайды. Инновациялық технологияның өркендеуiне байланысты, нысандарда және тұрғын үй-жайларда кемiргiштердi үркiту қасиетi бар құралдарды, тұрмыстық және өнеркәсiптiк ультрадыбысты құрал-жабдықтарды тұрғындардың қолдануының тиiмдiлiгi жоғары, бағасы қолжетiмдi болып табылады. Мұндай құрал-жабдықтарды тұрғын үйлермен қатар әр түрлi шаруашылық қоймаларда қолданған тиiмдi.

Соңғы 10 жылдықта кеміргіштермен күрес мәселелері көп өзгеріс алды. Бірақ жалпы бағыты өзгерген жоқ.

АҚШ, Англия, ФРГ, Жапония елдерінде жаңа препараттарды ойлап тауып, мақала етіп жариялауда [13].

 

 

2.2 Дератизация, оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы

Дератизация (латын des-жоямын, ratus егеуқұйрық) әртүрлі ауруларды тасымалдаушы болып табылатын және шаруашылықтарға үлкен зиян тигізетін егеуқұйрық пен тышқан тәрізді кеміргіштермен күресу шараларының жиынтығы.

Тышқан тәрізді кемірушілер (егеуқұйрық немесе тышқан) азық көп жерде тез көбейеді, 25 күндік егеуқұйрықтар жыныстық жетіліп, жылына 7-8 рет туады, әр туғанда 6-12 ден, ал тышқан жылына 10 рет туады да, әр туғанда 8-10 тышқаннан туады. Олар инфекция және инвазия қоздырушыларын таратады. Бұдан басқа кемірушілер, ет және ет өнімдерін, жұмыртқаны, балапанды, жаңа туған торайларды жеп қойып, құрылыстарды бұзып, науаларды немесе малды күтуге қолданылатын құрал-жабдықтарды, электр және басқа байланыс жерлерін кеміріп тастайды [14, 15].

Кеміркіштер, қоршаған ортаға инфекциялық ауру қоздырушыларын бөліп отырады. Осының салдарынан олар мал ішетін суды  ластайды. Шошқалар кемірушілердің өлекселерін жей отырып әр түрлі ауруларға шалдығады.

Егеу құйрық пен тышқандар-туляремия, лептоспироз, лестериоз және т.б. көптеген ауру қоздырушыларың қоры екені анықталған. Мал қоражайларына бұл ауру қоздырушыларын қоршаған ортаны микроппен ластайтын, бактерия алып жүруші егеуқұйрықтар мен тышқандар алып келеді. Сонымен қатар кемірушілер сібір жарасы, шошқа тілмесі, сальмонеллез, құтырық, трихофития, трихинеллез сияқты аурулардың тасымалдаушысы болып табылады.

Кеміргіштер 200-ден аса адамдар мен жануарлардың жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы болып табылады. Кеміргіштердің адаммен және малмен тығыз байланыста болуы, олардың арасында барлығына ортақ қауіпті аурулардың таралу қаупі жоғары (оба, күйдіргі, және т.б.). Жалпы алғанда олар адамға 50 ден астам ауру түрлерін таратады.

1996 ж ғана әлемде обамен ауырған 1300 адам тіркелген. Бруцеллезге сау емес шаруашылықтарда кеміргіштердің зақымдануы 60% құрады, олар негізінен бактерия тасымалдаушылар. Кеміргіштер листериоздың және лептоспироздың негізгі таратушы көзі [16, 17, 18].

10-40% жағдайда олар тасымалдаушылар, ал эпизоотиялық ошақтарда олардың зақымдануы 85% жетеді.

Кемірушілердің тез көбейетіндігіне байланысты олармен күресті жоспарлы және жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет.

Санитариялық профилактикалық шараларға мыналар жатады: кемірушілердің үңгірлерін, суын, азығын жою, қоражай ішін, сыртын, ауласын таза үстау, азық қалдықтарын уақытысында тазалап отыру қажет [19].

Дератизация негізінен екіге бөлінеді:

  1. Профилактикалық шаралар,
  2. Жою шаралары.

Профилактикалық шараларға:

— Санитариялық-техникалық шаралар жүргізу:

— құрылыс-техникалық нормаларының сақталып, кеміргіштердің ғимаратқа енуіне және індерін салуға кедергі жасау. Құрылыс жүргізгенде еден астында, төбе жабынында бос кеңістік қалдырмау;

— кеміргіштерді азықтан, судан айыру арқылы олардың көбеюіне кедергі жасау;

— азық пен суды кеміргіштерден қорғау.

— Санитариялық шаралар жүргізу (қораларды, территорияны ластамау және б.), тәртіп пен тазалықты сақтау, әсіресе ет сақтайтын және ет соятын жерлерде. Санитариялық шаралардың ең маңыздысы қалдықтарды дұрыс өңдеу (өртеу, компостау, өңдеу).

— Агротехникалық шаралар – кеміргіштердің өмірі мен көбеюіне кедергі жасайды (арамшөптерді жою, жерді дұрыс жоспарлау, уақытында егінді жинау).

Жою шараларына:

Физикалық әдіс (кеміргіштерді жалпы жоймайды).

Кеміргіштерді әртүрлі алдап ұстауға негізделген механикалық құралдар —  қақпандар, буындырғыштар (кеміргіштер аз болғанда ыңғайлы), т.б. қолданылады. Бұл тәсіл қорада да әрі басқа территорияларда да жүргізіледі. Сонымен қатар механикалық әдіске кеміргіштердің інін сумен толтыру (сарышұнақтарға қарсы), жабысқақ композицияларды (конифоль және костов майы, литографиялық лак, қою сірне) және электрлік қондырғыштарды (“электродератизаторлар”) қолдану жатады. Бұл әдісті:           территорияларда, қораларда кеміргіштердің бар-жоғын және дератизация шараларының тиімділігін анықтау үшінде қолданады [20, 21].

Физикалық әдіс әртүрлі стационарлы және тасымалданатын ультрадыбыстық қондырғыларды  немесе қорғаныс дератизациялық жүйелерді пайдаланады (алайда тиімділігі өте төмен). Үркіткіштер кеміргіштерді қорқытатын ультрадыбысты шығарады, ал дератизациялық қорғаныс жүйелері кеміргіштер жақындаған кезінде импульсті тоқпен ұрады.

Физикалық әдіс химиялық немесе биологиялық әдістермен қосылып пайдаланылса оның тиімділігі жоғары болады.

Биологиялық әдіс кеміргіштердің табиғи жауларын (ит, мысық) және адамға қауіпсіз бактериалды культураларды қолдануға негізделген.

Бактериалды культуралар ретінде көбінесе сальмонеллалар қолданылады. Оларды ет пептон сорпасында, сүт немесе ашытқы сұйық ортасында, құрғақ және жартылай құрғақ сүйек үгінділері орталарында өсіреді. Бактерия өсінділерін азық алдамыштары ретінде қолданады.

Ауру кемірушілердің жаппай өлімімен аяқталады. Бұл бактериялардың препараттары 6-19 тәуліктен кейін 100% тышқандарды, 60-90% егеуқұйрықтарды жояды [22, 23].

Аралас әдіс

Кеміргіштерді жоюдың ең тиімді әдісі, себебі антикоагуляциялық әсері бар улы заттарды бактериалдық культурамен бірге қолданады. Бұл мақсатта бактериалық культуралар мен зоокумариннің қосылысы — бактокумаринді пайдаланады.

Нағыз бактериалды препараттардан бактокумариннің ерекшелігі бактериялардың қоректік орталарын сілтілі реакция жасау үшін қолданылатын сілтінің орнына зоокумариннің натрий тұзын қосады. Қолдануға дайын бактокумаринде бактерия культурасына теріс әсерін тигізбейтін 0,07-0,15% концентрациясында у болады.

Химиялық әдіс ең тиімді әдіс болып табылады. Ол улы заттарды қолдануға негізделген. Улар организмге ену жолдары арқылы өкпелік, ішектік (алдамыштық және алдамыштық емес) болып бөлінеді [24,25].

Химиялық дератизациялық заттарға төмендегілер жатады: зоокумарин, зоокумариннің натрий тұзы, фентолацин, дифенацин (ратиндан), крысид, мырыш фосфиді, теңіз пиязы, мышьяк препараттары, натрий және борий фторацетаты және т.б. Бірақ ет және сүт өнеркәсіп орындарында бұл препараттардың барлығын бірдей қолдануға болмайды.

Дератизация барысында жануарлардың улану мүмкіндігі төмен зоокумарин, ратидан және фентолоцин препараттарымен уланғанда, у қайтарғыш зат ретінде малдарға К витаминін (викасол) береді.

Зоокумарин-антикогулянтар тобына жататын интерферентті негізді улар құрамасы. Соңғысы ретінде сүйек ұнтағын, коалин, тальк және крахмалды қолдануға болады. Дайын препаратты 1% құрылым (смесь) ретінде шығарады. Сыртқы тұрпаты жағынан, препарат ақ немесе сұр түсті ұнтақ, суда ерімейді. Зоокумарин немесе анттикоагулянт, мал организмінде протромбиннің түзілуін тежейді, сонымен қатар перифериялық қан трамырлардың қабырғасын зақымдайды, осының салдарынан көптеген қанталаулар болып, кемірушілер геморагиялық диатезден өледі [26].

Зоокумариннің натрий тұзы-суда жақсы еритін, сары түсті ұнтақ. Оны құрғақ, ауасы тазартылып тұратын құлпы бар бөлмеде «А» тізімі бойынша сақтайды. Зоокумариннің натрий тұзы кемірушілердің организмін дәл зоокумарин тәрізді зақымдайды. Уды қабылдаған мал, 3-15 тәулік аралығында өледі.

Фентолацин-суда ерімейтін, сары түсті, улы кристалды зат. Препараттың жоғары ретицидті және кумулятивті антикоогулянтты қасиеті бар.

Дератизациялау үшін, индиферентті негізді толтырғышы бар (тольк, каолин, сүйек ұны) техникалық фентолациннің ұнтақ түріндегі қоспасын қолданады.

Егеуқұйрықтар тышқанға қарағанда фентолацинге сезімталдығы жоғары болады, олар алғашқы 3-10 тәулік ішінде, қанталау нәтижесінде өлімге ұшырайды.

Дифенацин (ратиндан) – жоғары антикоагулянтты белсенділігі бар, суда ерімейтін сары түсті кристалды зат.

Дифеноцинді, бір рет қолданылатын жайлап әсер ететін және кумулятивті қасиеті бар у ретінде қолданылады. Көпреттік летольдық доза, бір реттік дозаға қарағанда бірнеше есе төмен болып келеді. Оның организмге әсері зоокумарин тәрізді.

Қазіргі кездегі нормативтік құжат бойынша, дератизация кезінде қолданылатын препараттар міндетті түрде Қазақстан Республикасының ресми тіркелуінен өтуі қажет. Осындай родентицидті препараттардың тізімі соңғы жылдары жиі өзгеруде. Өйткені кейбір препараттар жаңадан қабылданып тіркеліп жатса, ал кейбіреулері тізімнен алынып тасталып жатады. 2002 жылдың 1 қаңтардағы тізімі бойынша, медицина және ветеринария саласындағы дератизациялау үшін қолданылатын препараттар, 9 препаратпен шектелген. Олар: мокумин, гельцин, индиан-флюид, крелат, Протект Б, бараки, ланират, мырыш фосфиді жатады. Азық өндіретін кәсіпорындарда ракумин қолдану ұсынылған [27].

Ракумин — құрамында 0,75% концентрациялы куматераилы бар көгілдір түсті ұнтақ. Егеуқұйрықтарға улы әсері, зоокумаринге қарағанда жоғары, ал этифеноцин мен дифенацинге қарағанда төмен болып келеді.

Азықтық еліктіргіштер – құрамында улы химикаттары бар азықтық еліктіргіштер дератизацияда кеңінен қолданылуда. Оларды даярлау үшін нан, әр түрлі ботқалар, қайнатылған картоп, еттен және балықтан жасалған фарш, яғни құрамында коректік зат пен ылғалы мол азықтық заттар қолданылады.

Улы еліктіргіш заттардың нәтижелігі олардың тағамдық қасиетінің жоғары болуына байланысты. Кеміргіштерді еліктіргіш азықтарға үйрету үшін, оны алдын-ала бұл азықпен тондырамыз. Ол үшін 3-5 тәулік бойы арнайы жерлерге у қосылмаған еліктіргіш азықтарды орналастырып қоямыз. Егеуқұйрықтар алғашқы күні бұндай азықты күдіктеніп жейді. Біраздан соң олар осы азыққа үйрене бастағаннан кейін оларға у қосылған азықтарды береміз.

Тозаңдату — тышқан тәрізді кемірушілермен күресте улы азықтар мен суаттарды бірге қолдану арқылы үлкен нәтиже береді.

 

 

2.3 Дератизациялық шаралар және родентицидтер

Мал шаруашылығы нысандарын өңдегенде басты мәселе үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жәшік конструкциялары, орналастыру әдісі және орны олардың уланған алдамыштарды үй жануарларының жеуіне жол бермеуі керек.

Шошқа шаруашылығындағы дератизация барлық ауыл шаруашылығы қораларының ішінде шошқа қораларында кеміргіштер ең көп кездеседі. Сондықтан ең алдымен осы қораларда дератизация мұқият жүргізілуі тиіс. Ауыл шаруашылығы жануарларының ішінде шошқалар антикоагулянттарға сезімтал келеді, сондықтан зоокумариннің орнына дифенацин, этилфенацин, изоинданды пайдаланған жөн. Дератизациядан кейін қорада санитариялық жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Дератизация дұрыс жүргізілген жағдайда кез-келген шошқа қорасындағы кеміргіштерден 3-4 апта ішінде құтылуға болады [28, 29].

Құс шаруашылығындағы дератизация. Құс қоралары да кеміргіштердің көптеп кездесетін орындарының бірі. Тауықтардың антикоагулянттарға кеміргіштерге қарағанда сезімталдығы аз. Биологиялық олар кеміргіштерге қарағанда бұл уларға он есе тұрақты. Бірақ антибиотиктер мен кокцидиостатиктерді пайдаланғанда құстардың организмінде К витаминінің синтезі төмендеп, олардың антикоагулянттарға сезімталдылығы артады. Сондықтан алдамыштардың азыққа қосылып кетпеуін қадағалау қажет. Құстарды еденде өсіру жүйесінде алдамыштарды арнайы жәшіктерге салып, олардың жанын диаметрі 6-8 см тесіктер жасап қояды. Алдамыштан басқа жәшіктің түбіне антикоагулянттардың дустарымен сеуіп қояды [30].

Басқа да нысандардың дератизациясы

Сиыр, бұзау, қой, жылқы қораларында жүргізілетін дератизацияда да улы алдамыштар пайдаланады. Алдамыштарды жануарлар тиіспейтін орындарға қояды. ІҚМ мен қойлар антикоагулянттарға тұрақты. 100-200 мг мөлшерінде бірнеше рет қабылданған у оларға әсер етпейді.

Қоралардың айналасындағы территорияда дератизация жүргізу үшін онда ең алдымен тиісті санитариялық тазалықты сақтау қажет. Алдамыштарды жабайы құстар мен аңдар жеп қоймау үшін арнайы ағаш жәшіктерге салады. Жәшіктерді әрбір 50м сайын, қоршауды бойлай, автокөліктердің дезбарьерлерінің қасында, қалдық жиналатын алаңдарда, оңаша жерлердің бәріне қойып шығады. Дератизациялық алдамыштардан басқа жолдарды тозаңдау, індеріне улы көбіктер шашу, жабысқақ массаларды пайдалану да қолданады [31, 32].

Егеуқұйрық, тышқан сияқты зиянкестерді құрту, ел жиі қоныстанған аумақтарды олардан тазарту  инфекциялық аурулар мен егеуқұйрықтардан түсетін экономикалық нұқсанды болдырмау үшін жасалады. Алматы қаласы аумағындағы ауылдық дератизацияға бюджеттік қаражат қарастырылған.   Осыған орай, «Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың» ережелеріне  сай зарарсыздандыру,  дәрілеу, жою жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу  жүзеге асырылады.  Ұйымдастыру-әдістемелік  басқару мен дератизациялық шараларды қадағалауды Алматы қаласының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті атқарады.

Ауылдық дератизацияның дератизациялық шаралары екі кезеңде өтеді – көктемдік және күздік кезеңдер.  Алматы қаласы аумағындағы аудандар  жаппай дератизациялаудың бірінші кезеңі аудандар қимасындағы жалпы аумағы 47330 га құрайды, оның ішінде ашық аумақтар (өзен, су қоймаларының, жыра-сайлардың жағасы, бақтар,  саябақтар,  арық жүйесі, қоғамдық көлік аялдамалары, контейнерлер алаңы) – 32338 га жеке сектор төңірегі – 14992 га немесе 138017 үй.

Ағымдағы жылы  ЖК «Garant+».  дератизация қызметтерін көрсету конкурсының жеңімпазы болды. Дератизацияға сертификатталған мамандар басқаратын 8  бригада жұмылдырылды. Қазақстан республикасы аумағында қолдануға  рұқсат етілген «Бромадиолон 0,25%» препараты негізіндегі улы тұзақтар (жемдер) пайдаланылады.

«Бромадиолон 0,25%» негізінде жасалған айқын қызғылт түсті  жем егеуқұйрықтар мен тышқандарға қатысты жоғары родентицидты белсенділікке ие. Кеміргіштер 1-2 күн ішінде уланған жемнің өлтіретін дозасын алады. Улану белгілері антикоагулянттарға сай: қан кетулерге, ал 4-14 күннен соң өлімге  апаратын қан ұюының төмендеуі. Мұндай ұзақ уақыт әсер ету  тәжірибелік көзқарас тұрғысынан  өте маңызды. Себебі кеміргіштер у әсерін ұзақ уақыт сезбейтіндіктен, дәріні қайта-қайта қолданып, тайпаластарын да уды жеуге ертіп әкеледі.

Егеуқұйрықтар адамдар мен жануарларға қауіпті бактериялық және вирустық инфекциялардың тасымалдаушылары болып табылады.

Родентицидтер – (лат. rodentis –кеміргіш, caedo-өлтіремін) кеміргіштерді жоюға арналған улы препараттар.

Барлық улар шығу тегіне қарай өсімдік тектес және синтетикалық болып бөлінеді.

Барлық синтетикалық родентицидтер үлкен екі топқа бөлінеді: жіті және созылмалы (антикоагулянттар) әсер ететін препараттар.

Жіті әсер ететін препараттардан жасалған алдамыштарды бір рет жегеннен кейін кеміргіштердің өлімі туындайды. Оларға: күкіртқышқылды барий, мырыш фосфиді, сары фосфор, мышьяк қосылыстары, т.б. бейорганикалық  қосылыстар жатады.

Сонымен қатар өсімдік тектес органикалық заттар: сциллирозид, крысид, тиосемикарбазид, промурит, барий және натрий фторацетаты, т.б.жатады.

Созылмалы (кумулятивті) әсер ететін препараттардың әсері ұзақ, латентті кезеңмен сипатталады. Бұл препараттар жануардың организмінде біртіндеп жиналып, уақыт өте келе организмде биохимиялық және патологоанатомиялық өзгерістерге, нәтижесінде өлімге әкеледі. Оларға: зоокумарин, кумахлор, дикумарол, дифенацин, фентолацин, т.б. препараттар жатады.

Біртіндеп әсер еткен жағдайда кеміргіштердің сақтанушылығын туғызбайды. Кеміргіштер желінген алдамышты улы жем мен ауру шығу аралығын аңдымай қалады да, жемді жей береді. Сол себепті антикоагулянттар жоғары нәтижелі болады.

Зерттеу нәтижесінде практикаға мынадай препараттар ұсынылды: Pival [пивал] (C14H14O3)-2 пивал 1,3 – индадион; Furamin [Фурамин] — (C17H14O5) – 3 альфаацетоанилфурамил және гидроксикумарин; Dihacinone [Дифациноне]-(С29Н16О3) дифенилацетил -1,3 –индадион; РМР (C14H14O3) -2 Ca-калций тұз — 2— изоварил -1,3-индадион.

Көптеген фирмалар әр түрлі препараттар шығарды: «таза», «таңдаулы», «күштіленген» және дебасқа антикоагулянттар. Оларға: Ramin Green [Рамин Гринн], D-con [Ди-кан], Vacor[Вейкор], Rodex [Родекс], Rozol [Розол], Sorexo CR [Сорекс] және басқалары. Барлық аталған препараттар антикоагулянт ретінде жасалған. Басқа препараттармен қосып бергенде, олардың әсері күшті болады [33, 34, 35].

АҚШ, Ұлыбритания, Голландия; Дания, ГФР және басқада елдерде келесі препараттар қолданылады: цинк фосфиді, фторацетат натрий, крпады, мышьяк ангидриді, синтезделген түрі, үлы химикаттар. Улылығы жөнінен препараттар жақсы әсер етеді.

Қазақстан республикасында тіркелген дератизациялық препараттар:

Ракумин — көгілдір түсті ұнтақ. Әсер ететін заты: куматетраил — 0,75%. Улылығы 3 класс. Шығару түрі ұнтақ.

Гельцин – сарғаш түсті гель тәрізді масса. Әсер ететін заты: техникалық трифенацин (0,2% мөлшерінде). Улылығы 3 класс. Шығару түрі : гель.

Индан-Флюид – жабысқық майлы сұйық концентрат. Әсер ететін заты: изоиндан -0,25% немесе хлорфацион – 0,25. Улылығы 3 класс. Шығару түрі : сұйық концентрат.

Клерат – қызғылт түсті гранулалардан тұрады. Әсер ететін заты: бродифакум — 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : гранула.

Протект Б. (Роденокс Б) – қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: бромалидон — 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : гранула.

Протект ББ (Роденокс ББ) — қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: бромалидон — 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : парафинді блок.

Бараки — қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: дифетилон — 0,0025%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : парафинді блок.

Ларинат — 0,25% бромадилонның қара-қызыл түсті ерітіндісі. Әсер ететін заты: бромадилон — 0,25%. Улылығы 2 класс. Шығару түрі : сұйық концентрат.

Цинк фосфиді — өте улы қара сұр түсті ұнтақ. Әсер ететін заты цинк фосфиді 80%. Улылығы: 2 класс. Шығарылу түрі: ұнтақ.

Родентицидтер әртүрлі түрде қолданады: ұнтақ, сұйық және суспензия, паста, шаң, газ, көпіршік және б.

 

 

 

 

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері

Дипломдық жұмыстың теориялық және эксперименталдық бөліктері Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының зертханаларында, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында орналасқан «Ырыс» шаруа қожалығында жүргізілді.

Зерттеу жүргізуге қолданылған материалдар; электронды таразы, дератизациялық  ерітінді (зоокумарин), ылғалды  дезинфекциялық қондырғы ветеринариялық гидропульт, алдамыштар (бидай, қант, бояғыш заттар, ақ нанның ұнтағы), алдамыштарды дайындайтын фарфорлы ыдыстар, яғни келі сап, сондай-ақ химиялық стақандар мен пипеткалар.

Ракумин- көгілдір түсті ұнтақ. Әсер ететін заты: куматетраил -0,75%. Улылығы 3 класс. Шығару түрі ұнтақ.

 

Кесте — 1. Алдамышты шығынының мөлшері

 

Кеміргіштер түрі

Қоректену ортасы

Шоңырлану деңгейіне байланысты орналастыру мөлшері

Жоғары

Төмен

Сұр және қара егеуқұйрықтар

Ғимараттың іші

1 порция — 150 г, шығыны 30 г/м2

1 порция — 50 г, шығыны 10 г/м2

Ғимараттан тыс

1 порция — 150 г, шығыны 5 кг/га

1 порция — 50 г, шығыны 2 кг/га

Тышқандар

Ғимараттың іші

1 порция — 50 г, шығыны 10 г/м2

1 порция — 20 г, шығыны 2 г/м2

 

Зерттеу әдістемелері

Синантропты кеміргіштерді бақылайтын ветеринариялық нысандарда, дератизациялық зерттеулер міндетті түрде үздіксіз жүргізіліп отырылуы керек.

Сонымен бірге кеміргіштердің түрін, әр нысандарға қоректену түрін, шаруашылық нысандарындағы кездесуін зерттеу.

Кеміргіштердің түрлік құрамын жалпы нұсқау бойынша анықтау.

Нысандардағы кеміргіштердің кездесу деңгейін, сонымен қатар жүргізілген дератизациялық шараларды арнайы нұсқауларға қарап жүргізу.

Шаруашылықтарда мұндай шараларды жүргізуге арнайы көп көңіл бөледі, сонымен бірге обаға қарсы мекеменің мамандарын, санэпидемстанция мамандарын, профилактикалық дезинфекция бөлімшесінің және ветеринариялық-санитариялық отряд қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі.

Бұл кеміргіштерге қарсы дератизация шаралары жүргізіліп, оларды ұстайды. Кейін оларды аулап ұстағаннан кейін, олардың түрлерін ажыратады.

Шаруашылықтардағы кеміргіштердің кездесу деңгейін ондағы маусым бойынша жүргізілген шараларға, бақылау алдамыштардың желінуіне қарайды. Түн уақытында әр түрлі қақпандар, ұстағыштар және алдамыштарды әр 25 м2 ауданға біреуден қойып шығады.

Әр 100 ұстағышқа (бір түнде) түскен кеміргіштердің санын көріп, ұсталу пайызын және олардың кездесу деңгейін анықтайды. Байқап көру арқылы кеміргіштердің жалпы ұсталған саны, олардың ұяларының және желінген алдамыштардың санын білумен анықтайды. Кеміргіштердің кездесу деңгейін анықтау үшін келесі критерилермен беріледі:

А) жалғыз кеміргіштер — олардың бірен-саран індері, аздап нәжістері, басқа да іздері кездеседі, кеміргіштер кездеспейді. Түнде бақылау алдамыштың 50г-на дейін жейді.

Б) Бірен-саран деңгейі – кемергіштер әр жерде көрінеді, бірнеше індері, нәжістері көп, басқада іздері кездеседі. Түнде 150г дейін бақылау алдамышын жейді.

В) Жоғарғы деңгейі-кеміргіштер топталып көрінеді, он шақты індері мен бір түнде 300г және одан да көп алдамышты жейді.

Дератизациялық тәсілдер

  1. Алдамыш тәсілі – уланған алдамыштарды қолдануға негізделген;
  2. Тозаңдау тәсілі – кеміргіш індерін умен тозаңдаумен іске асырылады;
  3. Улы көпіршік тәсілі – ылғалды қора жайларда жүргізіледі;
  4. Жабысқақ заттар тәсілі – жабысқақ желім сияқты заттарды қолдану арқылы іске асады;
  5. Газдау тәсілі – кеміргіштерді жою үшін улы газдар қолданылады.

Химиялық әдісте – ратицидтер асқазан-ішек және тыныс алу жүйесіне әсер ететін заттар қолданылады:

  1. Уланған жем дайындау (тағам, су)
  2. Кеміргіштердің індерін, жүретін жерлеріне у себу.
  3. Газ арқылы кеміргіштердің тыныс алу жүйесіне әсер ету.

Уланған жем кеміргіштерді тез өлтіреді, адамға, малдарға зиянсыз және қолдануға ыңғайлы.

Ішек ратицидтері ретінде цинк фосфиді, зоокумарин, ратиндан, өсімдіктен жасалған қызыл теңіз пиязы қолданылады. Уланған жемді індердің тесігіне, қуыстарына салады. Алдымен ін тесіктерін қағазбен немесе топырақпен жауып бақылайды, егер 2-3 күннен кейін тесік қайта ашылса, інде кеміргіштер тұратынын білдіреді. Әр бір кеміргіш ініне 20-25грамм, тышқандарға 2-3 грамм уланған жем қойылады. 5-8 күннен кейін іннің тесігін қайта жауып жою сапасын тексереді, қайта ашылса басқа уланған жем қойылады. Қоймаларда және ашық жерде уланған жем шашылып кетпеуі үшін арнайы жасалған жәшіккке салып қойылады. Жәшік немесе қораптың ені -25см, ұзындығы — 40см, биіктігі — 15см, беті ашып-жабылады, екі шетінде тышқан кіруге арналған 7-8см тесіктері бар, ортасына ыдысқа 50-100 грамм уланған жем салып қойылады. Сұйық уланған жемдерді суға қосып қояды. Репеленттер ретінде нафталин, меркоптан, керосин, эфирлі майлар қолданылады.

Газдау әдісі тек көліктерді, темір жол вагондарын, порт кемелерін, ұшақтарды өңдеу үшін қолданылады. Тұрғын елдерде тек бөлек тұрған элеватор, қойма, диірменді, далада-кеміргіштердің індерін газдайды.

Газдау ІІІ кезеңнен тұрады: дайындау, газдау, дегазациялау.

Дайындау кезеңінде газдайтын жерді адамдардан, су, тағамдар, малдардан, өсімдіктерден босату керек, есік-терезелерін жақсылап жауып, қуыс, тесіктерін клейлеп қояды. Газдау кезеңі улы газды сепкен уақыттан бастап саналады, залалсыздау уақытын қатал сақтау қажет. Газдау уақыты біткен соң желдету қажет.

Дератизациялау жұмыстарын ұйымдастыру:

  1. Ошақтық дератизация – жұқпалы ауру таралған ошақта, құрылыста жасалады.
  2. Таңдаулы дератизация – белгілі аймақта, мекемелерде, ет, балық өндірісінде, элеваторда, қоймаларда жасалады.
  3. Жаппай, бір мезгілдік дератизация – тұрғын мекендерде жылына 1-2 рет жасалады.
  4. Жаппай, жүйелі түрдегі дератизация – үлкен қалаларда, порттарда жаппай түгелімен жүйелі түрде өңдеу жасалады.

Кеміргіштердің санын есепке алу әдістемесі

  1. Кеміргіштерді есепке алу олардың көбеюі кезеңінде – наурыз-сәуір және қазан-қараша айларында, саны артқан кезде ашық стациялардан шығып құрылыстарға кіруіне дейін, егеуқұйрықтар мен тышқандар популяцияларының жағдайын бағалау үшін жылына екі рет жүргізіледі.

Есепке алу екі сатыда жүргізіледі. Кеміргіштердің құрылыстарда болу қарқындылығын алдын ала бірінші бағалау үшін есепке алуға есепке алу жүргізу кезінде кеміргіштер болған барлық құрылыстар кіреді.

  1. Бірінші сатыда кеміргіштердің болу қарқындылығын алғашқы бағалау үшін алдымен ғимараттарға қойылған ұннан жасалған жемді немесе талькті қолданады. Егер жем аз болса, жаңа кіші алаңдар қояды. Оларды ауданы 1000 м2 болатын ғимараттарда қабырғалардың бойымен әр 4-5 метр сайын, ауданы үлкендеу ғимараттарда сиректеу, әр 8-10 метр сайын қояды.

Кеміргіштердің болу қарқындылығын олар жүріп өткен барлық кіші алаңдар санын іздер табылған ғимараттардың жалпы ауданына бөлу арқылы анықтап, келесі шкала бойынша бағалайды:

 

Кесте — 2. Кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау

 

Кеміргіштердің ғимараттардың 1000 шаршы м-де болуы

Көп

Орташа

Аз

5,0-ден жоғары

5,0-1,0

1,0-ден кем

 

Кіші алаңдарды ғимараттардың барлық ауданы бойынша емес, кеміргіштердің болуы мүмкін үй-жайда: жертөлелерде, жер астында, қоймаларда, қосалқы бөлмелерде, ас блоктарында, бірінші және екінші қабаттардағы пәтерлерде, қара егеуқұйрықты есепке алу жағдайында шатыр астындағы бөлмелерде қояды.

 

3.2 Шаруашылыққа сипаттама

«Ырыс» шаруа қожалығы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында орналасқан. «Ырыс» шаруа қожалығы 2009 жылдан бастап құрылған. Қазіргі таңда, «Ырыс» шаруашылығы жылқы шаруашылығымен, ет және сүт өңдеумен айналысады. Шаруашылық құрамына екі ветеринарлық патология-анатомиялық зертханасы, жем-шөпті сақтау орындары және сүт өңдеу зертханасы бар. «Ырыс» шаруашылығының негізгі даму бағыттары асыл тұқымды жылқы және қой шаруашылығы. Шаруашылықта 32783,8 га жер алқабын құрайды, соның ішінде жайылымдар 23979,8 га құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықта 580 ІҚМ, 1170 қой мен ешкі 530 жылқы өсіріледі.

«Ырыс» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқыларды өсірумен және асыл тұқымды қазақтың ақбас тұқымы, асыл тұқымды голланд, қара-ала сиырлары мен биязы жүнді және еділбай қойларын өсірумен айналысады. Шаруашылықта 200 ге жуық адам еңбек етуде. «Ырыс»  шаруақожалығының директоры Есполов Данияр

Ферманың барлық территориясы 2 зонаға бөлінген: өндірістік  және адмистративтік-шаруашылық. Өндірістік зонасында мал шаруашылық ғимарат орналасқан (биелерге арналған бөлме, туатын бөлме, профилактория, жұқпалы емес үшін статционар, сауылмалы-сүтті блок, жасанды ұрықтандыру пункті). Администтративті зонасында: азықтандыру үшін сақтау бөлмесі (концентрирлі азық), арнайы ғимарат (ветеринарлы пункт, қызметтік бөлме, котельная).

Фермаға автотранспорттың кіру жерлерінде әрдайым дезбарьер, ал мал шаруашылық бөлмеге кірерде, аяқ-киім өңдеу үшін дезкілемдер және жәшіктер орналасқан.

 

   

Сурет — 1. Шаруашылықтан көрініс

 

3.3 Зерттеу нәтижелері

3.3.1 Зертханалық жағдайда родентицидтің уыттылық деңгейін анықтау

Дератизациялық жұмыстарды жүргізу барысында қолданылатын препараттарды, ең алдымен олардың қолайлы концентрациясын яғни, уыттылық деңгейін анықтау жұмыстары, зертханалық жағдайда атжалмандарды қолдана отырып зерттеулер жүргізілді. Дератизациялық препарат ретінде, қазіргі таңда, елімізде кездесетін әрі қолдануға қолайлы Ракумин родентициді пайдаланылды.

Ол үшін Ракуминнің құрамындағы 0,5% және 1%-ды антикоагулянттардың уыттылық әсерін салыстырмалы түрде, атжалмандарға тозаңдату әдісі арқылы жүргіздік.

 

   

Сурет — 2. Ракумин препаратының концентрацияларын дайындау

 

Ол үшін арнайы ағаш қораптарды пайдалану арқылы жүргізілді. Қораптарға тышқандарды орналастырып, қақпағын ашып тозаңдатамызда жауып қоямыз. Оның нәтижесі төмендегі кесте — 3 берілген.

Төмендегі 3-ші кестеден алынған нәтижелерді көріп отырғанымыздай, Ракумин препаратының 0,5%-ды концентрациясы ешқандай нәтиже берген жоқ. Керек десеңіз, препараттың 10грамын бірнеше рет тозаңдату кезінде де, атжалмандарды өлімге ұшырата алмады.

Ал, 1,0%-ды Ракумин препаратының 10г қолданғанда атжалмандардың өлім-жітімге ұшырағанын байқаймыз. Бір айта кететін жайт, бұлардың тозаңдату жиілігі 1-ақ рет болды. Соның өзінде атжалмандарға әсері күшті болды.

 

Кесте — 3. Ракумин препаратын тозаңдату арқылы лабораториялық зерттеуде атжалмандарға әсері

 

0,5%-ды Ракуминмен зерттеу жүргізу

Зерттеу

номері

Зерттеудегі

атжалмандар саны

1рет тозаңдату

Кезіндегі

Препарат шығыны

Тозаңдату жиілігі

 

Нәтижелері

1

4

5

3

Барлық атжалмандар тірі қалды

2

4

10

3

6-шы тәулікте 1 атжалман өлді. Ешқандай улану белгілері байқалмады.

3

5

10

5

Барлығы тірі қалды

1,0%-ды Ракуминмен зерттеу жүргізу

Зерттеу

номері

Зерттеудегі

атжалмандар саны

1рет тозаңдату

Кезіндегі

Препарат шығыны

Тозаңдату жиілігі

Өлген атжалмандар

Өлген уақыты

(тәулік)

Тірі қалғаны

4

5

10

1

2

6

3

5

5

10

1

1

6

4

6

5

20

2

5

4-6

0

               

 

   

Сурет — 3. Атжалмандарға препаратты тозаңдату жұмыстарын бақылау

 

Келесі жұмысымыз улы препараттарды қолдана отырып алдамыштарды дайындау болды.

Улы алдамыштарды дайындау арнайы осы мақсатқа жабдықталған лабораторияларда дайындалуы тиіс. Азықтық негізінің құрамын әртүрлі кеміргіштер түрлерінің азықтану ерекшеліктеріне және нақты нысандардағы азықтық базаның ерекшелігіне байланысты таңдаймыз. Тышқандарға арналған алдамыштарға дәнді дақылдардың майдаланған түрін пайдаланады.

Алдамыштарды кеміргіштердің тіршілігінің іздері байқалған орындарға орналастырады: індерінің айналасына, жүру жолдарына, қабырғаларды бойлай, т.б. Егеуқұйрықтар бар жерлерде олардың санына байланысты алдамыштарды бір-бірінен 3-10 м жерге қойып, әр орынға 100-150 гр алдамыш салады. Үй тышқандары бар жерлерде алдамыштарды бір-бірінен 2-5м сайын қойып, бір орынға 10-20 гр алдамыш салады. Кеміргіштер алдамыштарды жеген сайын, оны соңғы кеміргіштер өліп болғанша, толтыра береді. Алдамыштар желінбеген орындардан оны басқа орынға ауыстырады. Алдамыштарды қалақтармен, қалақшалармен, қасықтармен (бір ас қасығы – 18-20 г. ) салып, қолдарын тигізуге болмайды.

 

   

Сурет — 4. Алдамыштарды дайындау процесі

 

Дератизациялық шараларды жүргізу барысында кеміргіштердің биологиялық ерекшеліктері есепке алынады. Қазақстанда кеміргіштердің кеңінен тарағаны ол егеуқұйрық екені бәрімізге белгілі. Ал, олардан келіп жатқан қауіпті жағдайлар орасан зор.

Егеуқұйрықтардың негізгі биологиялық ерекшелігі – тез дамып, өсіп-өніп, аз уақыттың ішінде-ақ көбейіп, жан-жақты жайлап кететіндігі.

Сондықтан егеуқұйрықтарға қарсы күрес тиімді тәсілдермен жоспарлы түрде толассыз жүргізіліп отырылуы қажет.

Тиімділігі жағынан кеміргіштерді жою үшін химиялық улы заттар қолдануға негізделген. Химиялық улы заттарды қолданудың да бірнеше тәсілдері бар: жемтіктерді уландыру, сұйықтарды уландыру және кеміргіштердің індерін, жүретін жерлерін тозаңдату. Бұл тәсілдердің әрқайсысы жеке-жеке де, кешенді түрде де қолданылады.

Кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрықтар өздері мекен еткен жердегі мал азығын ешқандай алаңсыз да қауіпсіз жей береді.

Сол себепті алдартқыш жасағанда сол жердегі азықтың сапасы жақсыларынан ғана жасауға болады. Бидай, арпа, сұлы, жүгері, ұн, әр түрлі құрама жемдер, нан қоқымы, тартылған ет және балық, быламықтар, т. б. Алдартқыштар жасау әдістерінің қай түрін пайдалану қандай у қолдану қажеттілігіне байланысты.

Сусымалы жемдер (құрама жем, ұн, т.б.) умен механикалық жолмен араластырылады. Оларды бөліп-бөліп жекелей араластырады.

Ең алдымен қажетті жемді өлшеп алып, сосын уды өлшеп сіңіп кеткенше араластырып, еліктіргіш заттар (өсімдік майы, қант, т. б.) қосылады.

Уларды механикалық әдіспен араластыруға мына азық – түлік түрлері пайдаланылады. Мысалы, нан қоқымы, әр түрлі ұнтақталған ет, быламықтар, пісірілген жеміс – жидектер, иленген нан т. б. Ең бастысы у мен жем араласқан соң бірегей қалыпта болуы қажет.

Егеуқұйрықтардың ескерілетін екінші бір биологиялық ерекшелігі – олар сусыз екі-үш тәуліктен артық өмір сүре алмайды. Сондықтан да олар құрғақ азық-түлік сақталған сусыз қоймаларда уландырылған сұйықтарды (су, сүт, сорпа) өте жақсы ішеді.

Егеуқұйрықтардың тағы да бір көңіл аударатын биологиялық ерекшелігі – жағымсыз тамақты қайта құса алмайтындықтан, қоректенуге өте талғампаздығы. Олар бір жерден ешқашанда тоя қоректенбейді. Сондықтан оларға кумулятивтік қасиеті жәй әсер ететін родентицидтерді қолданған жөн.

Суда ерімейтін уларды астық жемдермен араластырып қолдануға болады. Удың тең араласуы үшін: ең бірінші астыққа өсімдік майын немесе крахмал қосады. Оның мөлшері 1кг астыққа 20г өсімдік майы немесе 2,5г крахмал. Астық түйіршіктері май мен крахмалға толықтай араласқаннан кейін, еліктіргіштерді қосуға болады.

Ал, егер де қолданылатын улар суда жақсы еритін болса, онда астықты жақсылап суға шылап немесе у қосылған суға қайнату керек. Бұл мақсатта жүгері, бидай, пісте дәндерін қолдануға болады. Дайындау үшін, дәндерді 24-36 сағат у қосылған ерітіндіде ұстап, 2 сағаттан аспас уақыт қайнату керек. Пісте дәнінің сыртқы қабығын жаншып бұзған жөн. Өйткені, ерітінді дәнге дұрыс сіңбеуі мүмкін.

Удан жасалған ерітіндіге нан қоқымында қосуға болады. Ол үшін жаңа пісірілген нанды ұсақтап кесіп (1см3-ге дейін мөлшерде), арнайы тор жасап, ерітіндіге 2-3 минутқа малып алады да, артық ерітінді аққанға дейін сорғытып, одан кейін барып дератизацияға қолданады.

Сұйық алдартқыштарды қолданудың алдында ғана жасайды, себебі у сұйықтықтың түбіне тұнба ретінде түсіп қалуы мүмкін. Бұл мақсатта сүт, сорпа сияқты сұйықтықтарды қолдануға болады. Ол үшін бұл сұйықтықтарды орнықты, қабырғасы аласа ыдысқа құйып, үстіне уды сеуіп қояды. Судың мөлшері дератизация нәтижесіне әсер етпейді.

 

   

Сурет — 5. Ракумин препаратымен уланған алдамыштарды өндірістік зерттеулерге дайындау

 

Физикалық әдісте механикалық тәсілдерді де кеңінен қолдану арқылы кеміргіштердің шоғырлану деңгейін азайта алдық деп ойлаймын.

Дератизациялық жұмыстарды дайындау барысында сақталуы тиіс ережелер:

  1. Алдартқыш жемді жақсы желдету мүмкіндігі бар арнайы жерде, тіпті өте жақсы желдеткіш жүйелері болатын бөлмелерде жасалғаны дұрыс.
  2. Алдартқыш жем дайындау үшін арнайы ыдыс-аяқ, құрал-сайман пайдаланып, оны соңынан жуып-шайып, белгілі бір жерде бөлек сақтайды.
  3. Жем дайындаушылардың арнайы демалғыш, көзге көзілдірік, қолға қолғап киюлері керек.
  4. Алдамыштарға уларды қосқанда нұсқауларда көрсетілген мөлшерді қатаң сақтау керек.
  5. Дератизация жасағанда алдартқыштар жаңа жасалған және ашымаған болуы қажет.

 

3.3.2 Шаруашылықта кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау

Дератизациялық шараларды жүргізу барысында зерттеу нысандарында, кеміргіштердің шоғырлану деңгейіне назар аударуымыз керек.

Дератизациялық шаралар жоспарға сәйкес жүргізілді. Ол үшін лабораториялық жағдайда дайындалған алдамыштарға қосылған, созылмалы әсер ететін Ракуминді пайдаландық. Ең алдымен қоралардың кеміргіштермен зақымдану дәрежесін анықтадық. Кеміргіштердің тіршілігінің іздерін, індерін, кеміргіштердің өзін іздеп анықтадық. Кеміргіштердің індеріне топырақ, тығындармен тығындап, ертеңгісін қайта ашылған індерді тіршілік ететін деп белгіледік.

Дератизациялық шаралардың тиімділігін өңделінетін нысанның кеміргіштермен зақымданудың экстенсивтілігіне және интенсивтілігіне қарай дератизацияға дейін және кейін анықтадық.

Препараттарды қолданбас бұрын қораларды тексергенде, олардың кеміргіштермен орташа зақымдалғандығы анықталды.

Өндіріс жағдайында, шаруашылық территориясында кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау жұмыстарының нәтижесі төмендегі 4 кестеде берілді.

 

Кесте — 4. Шаруашылық нысандарындағы кеміргіштердің мекендейтін орындарын анықтау

 

Қоралар атауы

Жалпы ауданы, м2

Індердің саны

1

Сауын биелер тұратын

710

2

2

Айғырлар әжірелері

200

1

3

Тайлар

800

3

4

Карантин орны

390

1

5

Ашық шөп сақтайтын

700

4

6

Жабық шөп сақтайтын

800

3

7

Жем сақтайтын

100

5

8

Ұрықтандыру манежі

100

2

Барлығы

4000

21

 

Шаруашылықтағы нысандарда кеміргіштердің мекендейтін орындарын анықтау барысында, барлық қоралардың ауданы 4000м2 аудан болса, осы көлемде кеміргіштер мекендейтін 21 ін бар екені анықталды. Кеміргіштердің мекендейтін жерлерін анықтап, алғанннан кейін 5 кестедегі шаруашылықта кеміргіштердің шоғырлану деңгейінің нормасын көрсететін сандық мәліметтерге сүйене отырып, төмендегі формуламен анықтадық.

 

Х =       21 ін          =  4,2 (орташа)

                                            4,00 мың м2

 

Кесте — 5. Кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау

 

Көрсеткіштер

Кеміргіштердің ғимараттардың 1000 шаршы м-де болуы

Норма бойынша

Көп

Орташа

Аз

5,0-ден жоғары

5,0-1,0

1,0-ден кем

Зерттеу нәтижелері

4,2

 

Шаруашылықта жүргізілген кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау жұмыстарының нәтижесінде, 4,2 сандық мәліметті көрсетіп, шоғырлану деңгейінің орташа екенін көрсетіп отыр. Демек, кеміргіштерге қарсы шаралар уақытылы жүргізіліп отырмаса, олардың популяциясы қарқынды өсіп көбейіп кетуі әбден мүмкін.

 

 

Сурет — 6. Шаруашылық территориясында кеміргіштердің шоғырлануын анықтау

 

 

3.3.3 Өндірістік жағдайда жүргізілген дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

Кеміргіштердің өтімділік қасиеті өте жоғары. кеміргіштердің физикалық мүмкіндіктері оларға мал шаруашылық орындарының кез-келген қуыстары арқылы өтуге мүмкіндік береді. Егеуқұйрықтар кірпіш және ағаш қабырғаларға өрмелеп, 15 м биіктіктен секіре алады. Тік бағытта 90 см, ал көлденең бағытта 120 см дейін секіреді. Олар жақсы жүзеді, канализация жолдары арқылы су ағысына қарсы да жүзе алады. Егеуқұйрықтар көлденең және тік сым жолдары арқылы, диаметрі 4 – 10 см құбырлар арқылы жүре алады, олар жерге тереңдігі 1,2 – 1,3 м ін қазып, ағашты пластмассаны, шыны мақтаны, көбікті әйнекті, қорғасын және алюминий пластиналарын, шлакоблокты, т.б. кеміріп өтеді.

Тышқандар кез-келген тік беткеймен, ағаш, кірпіш, тіпті металл қабырғамен жүре алады. Олар кабель, электр сымдары, арқан, т.б. да еркін жүреді. Тесігінің диаметрі 6 мм қуыс арқылы қораға кіреді. Егер азықтың құрамында ылғалдылық мөлшері 15  %-дан төмен болмаса, ұзақ уақыт сусыз да өмір сүреді. Ұя салу үшін материал мен азық бар болса, теріс температурада да көбейе береді. Кеміргіштердің мал шаруашылығы нысандарына енуін алдын алу өте қиын, бірақ олардың физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, құрылыс салу нәтижесінде енуін қиындату өте қажет.

Зерттеулер жүргізу барысында шаруашылықтағы нысандарда тышқан және басқада кеміргіштердің шоғырлану дәрежесін анықтау жұмыстарынан кейін, дератизацияның жүргізілу тиімділігіне баға беру жұмыстары, салыстырмалы түрде дератизациялық шараға дейін және кейін жүргізілді. Нәтижесі 6-шы кестеде көрсетілді.

 

Кесте — 6. Дератизациялық шаралардың жүргізілу тиімділігіне баға беру

 

Қоралар

атауы

Дератизацияға дейін

Дератизациядан кейін

Кеміргіштер саны

Ішіндегі

Атжалман

(Крыса)

Тірі қалғаны

өлгені

Зерттеу нәтижесі,

%

1

Сауын биелер тұратын

12

7

3

9

85

2

Айғырлар әжірелері

5

1

1

4

80

3

Тайлар

13

10

2

11

85

4

Карантин орны

2

2

100

5

Ашық шөп сақтайтын

5

2

1

4

80

6

Жабық шөп сақтайтын

7

3

1

6

86

7

Жем сақтайтын

8

5

2

6

85

8

Ұрықтандыру манежі

1

1

100

Барлығы

54

28

10

44

96

 

Жоғарыда келтірілген кеміргіштердің биологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды жоюға бағытталған шаралардың барысында, шаруашылықтың 10 нысанында кеміргіштер бір түнде 8,6 кг бақылау алдамыштарын жеп қойған.

Дератизациялық шаралардан кейін кеміргіштердің саны күрт төмендеді. Шаруашылықтың кейбір нысандарында кеміргіштер толығымен жойылды, ал кейбіреулерінде бірлі жарымы қалды. Дератизациядан кейінгі бақылау алдамыштарын жеу есебі бір түнде кеміргіштер 150гр алдамышты жегенін көрсетті. Тіршілігі сақталған індер саны 2 болды.

6-шы кестедегі сандық мәліметтерді көріп отырғанымыздай, зерттеу жұмыстарының нәтижесі айтарлықтай дәрежеде атқарылғанын байқауға болады.

Шаруашылықта жүргізілген дератизацияның тиімділігін есептеу:

 

                                Х= 8,6 – 0,38 ×100 = 96%

                                              8,6

 

Сөйтіп, шаруашылықтағы жүргізілген дератизациялық шаралардың нәтижесін 96%-ға дейін жақсарта алдық. Мұндай шараларды мал шаруашылық нысандарында үнемі жүргізіліп отырылуы тиіс. Оны зерттеу жұмыстарының нәтижесінде байқадық.

 

   

Сурет — 7. Өндірістік жағдайдағы дератизациялық жұмыстар

 

 

3.3.4 Шаруашылықта жүргізілген дератизациялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

Жылқы шаруашылығында кеміргіштерге қарсы жүргізілген дератизациялық шаралардың тиімділігін анықтау барысында, оларды құртып жою шараларын іске асыру үшін қолданылатын родентицидтердің бағасын анықтап, олардың ең тиңмдңсңн өндіріске қолдануға негіздеу жұмыстарымен қатар, оның бактерицидтік қасиеттерін анықтау жұмыстарыда жүргізілді.

Дератизациялық препараттарды шаруашылықтарда әртүрлі объектілерде қолданылу тиімділігін бағалауда экономикалық тиімділігін анықтаудың маңызы зор. Экономикалық тиімділікті анықтау барысында родентицидтердің 1 кг мөлшерінің бағасы негізге ала отырып есептелді. Ол үшін елімізде кеңінен қолданыста жүрген родентицидтерді зерттеулерді пайдаландық. Жүргізілген есептеу жұмыстарының нәтижесі 7-ші кестеде келтірілді.

 

Кесте — 7. Дератизациялық шараларда қолданылатын родентицидтердің тиімділігін есептеу

 

Родентицидтер

Шығарылу түрі

Уыттылық класы

Родентицидтердің бағасы, теңге/кг

1

Цинк фосфиді

ұнтақ

2

4750

2

Ракумин

ұнтақ

3

2000

3

Зоокумарин

ұнтақ

3

2350

 

7-кестеде келтірілген мәліметтерді талдай келе, дератизациялық шараларда қолданылатын родентицидтердің 1 кг мөлшердегі бағасын бағалау жұмыстарының нәтижесінде, Цинк фосфиді – 4750 теңге болса, Зоокумарин – 2350 теңге, ал Ракумин родентициді 2000 теңгені құрап, басқа родентицидтерге қарағанда бағасы арзан екені анықталды.

Ал уыттылық класы бойынша, Ракумин родентициді 3 класты көрсетіп, Цинк фосфидімен салыстырғанда (2 класс) төмен екенін көрсетіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Дератизациялық жұмыстарды атқаратын адамдар жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, бекітілген нормаларға сәйкес арнайы киімдердің комплектін иеленуі қажет. Көздің немесе тыныс алу жүйесінің кілегейлі қабығына тітіркендіріп әсер ететін препараттарды қолданғанда, тек арнайы көзәйнектерде және респиратормен жұмыс істеуі, ал дезинфектанттың концентрленген ерітінділерімен жұмыс істегенде резенке қолғаптарды киюі тиіс. Дезинфекциялаушы заттардың аэрозольдерімен жұмыс істейтін адамдар противогаз киюі керек.

Алғашқы жәрдем аптечкаларында сол шаруашылықта қолданылатын зарарсыздандырғыш ерітінділерді бейтараптайтын ерітінділер болуы тиіс.

Зарарсыздандырғыш ерітінділермен жұмыс істеу кезінде темекі тартуға және тамақ ішуге болмайды. Жұмыс істеп болған соң, қолы мен бетін жылы сумен, сабынмен жуып, ал зарарсыздандырғыш заттардың ерітінділерін дайындауға қолданылған ыдыс пен дез.қондырғыны ыстық сумен жуу керек.

Дератизациялық шараларды жүргізбес бұрын техника қауіпсіздігімен танысып алулары керек.

Техника қауіпсіздігі

  1. Дератизациялық жұмыстарға арнайы дайындықтан өткен, жасы 18-ден кем емес, медициналық нормаларға тексеру нәтижелері сәйкес келген мамандар ғана жіберіледі. Улы заттармен жұмыс жасауға аяғы ауыр және емізуде баласы бар әйелдер рұқсат етілмейді.
  2. Жою жұмыстарын бастамас бұрын, сол жердегі мекеменің жауапты адамына және сол жердегі тұрғындарға ескерту керек. Себебі олар алдын-ала сақтану ережелерін сақтауға мүмкіндігі болуы үшін.
  3. Қауіптілігі жоғары нысандарда (тоңазытқыш камераларда, канализациялық құбырларда) дератизаторлар топпен, кем дегенде екі адам болап жұмыс істеуі қажет.
  4. Улы алдамыштарды дайындау арнайы жабдықталған женке лабораторияда дайындалуы тиіс.
  5. Родентицидтерді қою орындарына және керісінше тек қана арнайы осы мақсатқа арналған ыдыстарда тасымалданады.
  6. Жұмыстар аяқталғаннан кейін алдамыштарды қатты ыдысқы жинап, утильдейді.
  7. Өлген кеміргіштерді жинау қажет. Өлекселерді жинағанда пинцет қолданып, қолды перчаткалармен қорғау қажет. Өлекселерді өртейміз.
  8. Родентицидтермен байланысты барлық жұмыстарды атқарғанда жеке қауіпсіздігі ережелерін сақтап, арнайы киім кию қажет.
  9. Арнайы киімдерді жеке бөлінген орындарда, сақтау қажет. Оларды үйде немесе родентицидтермен, басқа киіммен бірге сақтауға болмайды.
  10. Улы родентицидтермен жұмыс істеу кезінде әрбір 45-50 мин сайын үзіліс жасап, 10-15 мин демалу керек. Ол кезде міндетті түрде киімді шешіп, таза ауаға немесе родентицидтер қойылмаған бөлмеге шығу керек.
  11. Родентицидтерді сыртында «У» немесе «Улы» деген жазуы бар, қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарда, арнайы ауа алмасуы реттелінген қоймаларда сақтаймыз.

Санитарлық-гигиеналық және ұйымдастыру техникалық жағдайлардың бұзылуынан кәсіпорындарда жарақаттану жағдайлары туындауы мүмкін. Оларды туындататын келесі себептер:

  1. Жұмысшылардың қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзуы.
  2. Тиісті дайындықсыз жұмыс істеу.
  3. Администрация және инженерлік техникалық жұмысшылар жағынан жұмыстарды жүргізу және қондырғылардың жағдайына техникалық бақылаудың болмауы.
  4. Бірігіп істеген жұмыс операцияларын келіспей істеуден.
  5. Жұмысшылардың абайсыздығы және тәртіпсіздігі.
  6. Қол құралдарының бұзылуы.
  7. Машиналар мен қондырғылардың бұзылуы.
  8. Өндірістік бөлмелердің дұрыс орналаспауы.
  9. Қауіпті жұмыстарды немесе қорғаныс заттарын механикаландыруды дұрыс қолданбау немесе олардың жоқтығы.
  10. Өндірістік бөлмелердің дұрыс жарықтанбауы.

Жарақаттанудың тағы бір себебі жұмысшылардың белгілі бір ауруларын: есту, көру және басқа мүшелерінің ауруларын дер кезінде анықтамау. Кейде жарақаттану, шаршау, асыра қызу немесе өте суынып кету өзін ұстаудағы қателіктер, тағы басқа себептер салдарынан болады.

Кәсіпорында үнемі жоғары санитарлық-гигиеналық деңгейді сақтап, қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды орындап, тәрбие жұмыстарын жүргізу, міндетті түрде, лекциялар оқылуы керек.

Улы алдамыштарды дайындау арнайы осы мақсатқа жабдықталған лабораторияларда дайындалуы тиіс. Азықтық негізінің құрамын әртүрлі кеміргіштер түрлерінің азықтану ерекшеліктеріне және нақты нысандардағы азықтық базаның ерекшелігіне байланысты таңдаймыз. Тышқандарға арналған алдамыштарға дәнді дақылдардың майдаланған түрін пайдаланады.

Дератизация жұмыстарын жүргізгеннен кейін қолды сабынды сумен, ал босаған аяқшалар мен кюветаларды ыстық (55ºС) 2% кальцинирленген сода ерітіндісімен жуады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР

  1. Ракумин препаратының 1,0% концентрациясы тиімді екені анықталды.
  2. Шаруашылықтағы нысандарда кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау жұмыстары барысында, 4,2 сандық нәтижені көрсетіп, кеміргіштермен ластану дәрежесі орташа деңгейде тұрғандығы айқындалды.
  3. Дератизациялық шаралардың тиімділігі 96%-ға дейін жақсарды.
  4. Экономикалық тиімділікті анықтау кезінде Ракумин родентициді 2000 теңгені құрап, Цинк фосфиді – (4750 теңге) және Зоокумарин (2350 теңге) родентицидтерімен салыстырғанда арзан әрі қол жетімді кені анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

  1. Дератизациялық шараларды жүргізу үшін Ракумин препаратының 1,0%-ды концентрациясын шаруашылықтарда қолдануға ұсынамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Тажибаев А. С. Научные основы эффективной дератизации объектов  ветеринарного надзора. – Алматы , 2000.

2 Кадиров А.Ф., Зацепин В.Г. Средства борьбы с грызунами. Журнал «Ветеринария», 2000, №2.

3 Дроздов А.И., Третьяков А.Г., Бочаров Н.М. Дератизация на птицефабриках с применением препарата аратамус. М., ВИНИТИ, Р.Ж.97. 97.12-04ИВ.

4 Правила проведения дезинфекции и дезинвазии объектов государственного ветеринарного надзора. — М., 2002. — С. 5.

  1. Добло А.Д., Куклев Е.В., Попов Н.В. и др. Современные особенности проявлений ГЛПС в Саратовском Поволжье и ее профилактика // Фундамент, и приклад, исслед. саратовских ученых для процветания России и Саратовской губернии. Саратов, 1999. — С.226-228.
  2. Добло А.Д., Куклев Е.В., Попов Н.В. и др. Современные эпидемиологические особенности ГЛПС в Саратовской области и ее профилактика // Пробл. особо опасных инф.- Саратов, 1999. С. 44-49.
  3. Кузьмин С.Н., Павлов Д., Степанян Л.С., Рожнов В.В., Мазин Л.Н. Состояние и перспективы развития Красной книги животных Международного Союза охраны природы // Зоологический журнал. — 1998. — № 10. — С. 1093 — 1102.
  4. Молодые ученые — сельскому хозяйству России / Сб. матер. Всеросс. конф. — М.: ФГНУ «Росинформагротех», 2004. — 408 с.
  5. Мышевидные грызуны и меры борьбы с ними на сельскохозяйственных угодьях: Рекомендации / Под общ. ред. канд. биол. наук Долженко В.И. — М.: ФГНУ «Росинформагротех», 2004. — 52 с.
  6. АнтоненкоА.Д. Научное обоснование системы мер профилактики особо опасных зоонозных бактериальных инфекционных заболеваний в Ставропольском крае в современных условиях: Автореф. дис. канд. мед наук.-Ставрополь, 2000. 26 с.
  7. Дремова В.П., Путинцева Л.С., Ходаков П.Г. Медицинская дезинсекция. Екатеринбург, 1999.-319 с.
  8. ГоловинскаяО.Н., Клюева Е.В., Щербакова С.А.и др. Изучение природной очаговостиГЛПС на территории Саратовской области // Матер. YIII Всерос. сьезда эпидем., микробиол. и паразитол.: Сб. статей. Москва, 2002. -Т.1.-С. 307-308.
  9. БернштейнА.Д., Апекина Н.С., Копылова Л.Ф. и др. Особенности проявления лесныхочагов геморрагической лихорадки с почечным синдромом, расположенных в оптимуме ареала рыжей полевки // РЭТ-инфо.- 2000. №3. — С.11-17.
  10. 14. Добло А.Д. Оптимизация эпидемиологического надзора за ГЛПС в Саратовской области в современных социально-экономических условиях: Автореф. дис.. канд. мед. наук. Саратов, 2000. — 25 с.
  11. Карасева Е.В. Экологические различия популяций серых крыс, обитающих в природных биотопах и в населенных пунктах // РЭТ-инфо, 2000, № 1.- С. 11-15.
  12. Журавлев В.И. Эпидемиологические и экологические аспекты циркуляции арбовирусов на территории Астраханской области: Автореф. дис. . канд. мед наук. Саратов, 2002. — 20 с.
  13. Заева Г.Н., Мальцева М.М., Котова H.A., Березовский О.И. О гигиеническом нормировании крысида (1-нафтилтиомочевины) в воздухе рабочей зоны // РЭТ-инфо, 2002, №1.- С.24-26.
  14. Карасева Е.В. Ориентировочно-исследовательское поведение серых крыс в естественных условиях // РЭТ-инфо. 2000. — № 2.- С. 11-14.
  15. МатросовА.Н., Карнаухов И.Г., Князева Т.В. и др. Дезинфекция, дезинсекция и дератизация в природных очагах чумы на территории Российской Федерации //Пробл. особо опасных инф. Саратов, 2004. — Вып. 1 (87). — С. 1421.
  16. Olsson G., White N., Ahlm C. et al. Demographic factors associated with hantavirus infection in bank vole (Clethrionomys glareolus) // Emerg. Infect. Dis. -2002/ V.8.- N 9.- P. 924-929.
  17. Кокушкин A.M., Добло А.Д., Щербакова С.А. и др. Циркуляция вируса ГЛПС на территории Саратовской области // Журн. эпидемиол. и инф. бол. -2000. № 4. — С.20-23.
  18. Коробов Л.И., Минин Г.Д., Нургалеева Р.Г. и др. О заболеваемости и профилактике геморрагической лихорадки с почечным синдромом в республике Башкортостан // ЖМЭИ. 2001. — №4. — С. 58 -60.
  19. Glass G.E., Cheek J.E., Patz J.A. et al. Using remotely sensed data to identify areas at rise for hantavirus pulmonary syndrome // Emerg. Infect. Dis.-2000.- V.6. -№ 3. p. 238-247.
  20. 24. Heyman P., Vervoort Т., Escutenaire S. et al. Incidence of hantavirus infections in Belgium // Virus. 2001. — V.77. — N1. — P. 71-80.
  21. МорозовВ.В., Колесников Г.И., Ромас С.Н. Организация дератизаци-онных мероприятий по борьбе с ГЛПС в 1995-2001 гг. в республике Татарстан // РЭТ-инфо, 2002. — №1. — С. 39-40.
  22. Рыльников В.А. Борьба с серыми крысами в агроценозах южной зоны России//Дезинфекционное дело. — 2006. — №4. — С.41-45.
  23. 27. Voznessenskaya Vera V., Rylnikov Valentine A. Comparative analysis of adaptation of Norway rats to extreme conditions: persistent response to anticoagulant rodenticides and predation risk//3rd International Conference on Rodent Biology and Management, 2006. Vietnam, Hanoi, 28 August — 1 September 2006.-P.99.
  24. 28. Рыльников В. А. Зональные особенности сезонных миграций серых крыс (Raítus norvegicus Berk.) России в аспекте управления ее численностью // Бюлл. Москов.об-ва испытат.прир. — Отд. биолог. — 2007. — Т. И 2. — №3(май) — С.13-19.
  25. Санитарно-эпидемиологические требования к проведению дератизации. Санитарно — эпидемиологические правила.-СП 3.5.3.1129-02.-М.; Минздрав России.-2002.-20с.
  26. Гигиенические требования к хранению, применению и транспортировке пестицидов и агрохимикатов». Санитарные правила и нормы. СанПиН 1.2.107701. — М. :Минздрав России. — 2002. — 80 с.
  27. Рыльников В.А., Бабич Н.В., Яковлев А.А. Применение гелевых антикоагулянтных родентицидов против обыкновенной полевки//Защита и карантин растений, — 2007.-№6. — С.35 (принято в печать в 2006 году)
  28. Кузьминов аспекты заболеваемости клещевыми инфекциями в Омской области // Актуальные вопросы здоровья населения Сибири: гигиенические и эпидемиологические аспекты: материалы VI межрегиональной научно-практической конференции. — Омск, 2006. — С. 129-134.
  29. Рыльников В.А. Тощигин Ю.В. Самуров М.А. Управление численностью серых крыс (Rattus norvegicus Berk.) как часть методологии снижения рисков в жизненном цикле человека//Дезинфекционное дело.-2007.-№3. -С.66-.72.
  30. МальцевВ.В., Михайлюк В.И. Препараты фирмы «Хальмарк КЭМИКЛЗ» современные средства для борьбы с бытовыми насекомыми и грызунами // РЭТ-инфо. — 2000. — №1. — С. 31-33.
  31. КрасноваЕ.М. Эпидемиологические особенности лихорадки Западного Нила в Волгоградской области и совершенствование ее профилактики: Ав-тореф. дисс.. канд. мед наук. Волгоград, 2001. — 21 с.