МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………. 3
І. ЗАЙСАН ОЙПАҢЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
1.1 Орографиялық ерекшелігі…………………………………………………………… 5
1.2 Климаттық жағдайы……………………………………………………………………. 6
1.3 Топырақ-өсімдік жамылғысы………………………………………………………. 7
1.4 Гидрографиялық сипаттамасы…………………………………………………….. 9
ІІ. ЗАЙСАН ОЙПАҢЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
2.1 Геологиялық құрылысы…………………………………………………………….. 11
2.2 Геоморфологиялық ерекшелігі………………………………………………….. 16
2.3 Қазіргі бедер құрушы процестер……………………………………………….. 22
2.4 Бедердің горизонтальді және вертикальді тілімденуі………………….. 28
ІІІ. ЗАЙСАН ОЙПАҢЫНЫҢ НЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
3.1 Тектоникалық құрылысы…………………………………………………………… 30
3.2 Неотектоникалық сипаттамасы………………………………………………….. 34
3.3 Жер сілкіністер…………………………………………………………………………. 44
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………….. 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР………………………………………… 50
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Зерттеліп отырған тауаралық Зайсан ойпаңы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Ойпаң солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 260 км-ге созылып жатыр, орташа ені 110-120 км, ауданы 32000 км2. Зайсан ойпаңы солтүстігінде оңтүстік Алтайдың таулы сілемдерімен, оңтүстігінде Саур-Тарбағатай таулы жүйелермен, батысында Шар-Көкпекті ұсақ шоқысымен шектеседі. Ойпаңның териториясында аймақтық және жергілікті жарылымдар таралған. Зайсан ойпаңында әртүрлі аккумуляциялық, аккумуляциялық-денудациялық бедер пішіндері тән.
Жұмыстың өзектілігі тауаралық Зайсан ойпаңының территориясында жаңатектоникалық қозғалыстар әсерінен жер қыртысы деформацияға ұшырап әртүрлі бедер пішіндері қалыптасуына әсер етіп, жер сілкіністері болып тұрады. Қазіргі геоморфологиялық процестер бедердің морфологиясын, денудацияның даму деңгейін анықтайды және территорияның топырақ түзілуіне, табиғи су ағынына, экологиясына әсер етеді. Территорияны жан-жақты зерттеу маңызды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың мақсаты Зайсан ойпаңының территориясының жаңа тектоникасын жан-жақты зерттеу, жер сілкінуді қадағалап зерттеу, соның нәтижесінде оларды алдын-ала болжаудың халық шаруашылығына маңызды мәселе екендігін көрсету.
Жұмыс негізінен жинап алынған ғылыми әдебиеттерге, Қазақстан республикасының геологиялық қорындағы құжаттарға сүйене отырып, картографиялық материалдар зерттеу нәтижесінде жазылған.
Диплом жұмысының құрылымы мен мазмұны:
Жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде территорияның физикалық-географиялық жағдайы-климаты, топырақ-өсімдік жамылғысы қарастырылған.
Екінші бөлімде ойпаңның геологиялық-геоморфологиялық құрылысы, қазіргі бедер құрушы процестер, бедердің вертикалді және горизонталді тілімденуі қарастырылған.
Үшінші бөлімде территорияның неотектоникалық жағдайы, тектоникалық қозғалыстар әсерінен болып тұратын жер сілкіністер туралы мәліметтер келтірілген.
І. ЗАЙСАН ОЙПАҢЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
1.1 Орографиялық ерекшелігі
Зайсан ойпаңы оңтүстігінде және солтүстігінде жаңа тектоникалық жарылымдармен шектесетін тауаралаық ойыс. Зайсан ойпаңы солтүстік бөлігі шамалы төмендеген, ал оңтүстік бөлігінде төмендігінің максималдығы байқалады. Ойыс солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 200 км-ге созылып жатыр, ені 70 км. Геоморфологиялық тұрғыдан бедері әртүрлі аккумуляциялық және эрозиялық бедер пішіндерінен тұрады. Зайсан көлінде үш көлдік террасалар бар, олар-жағажайлық, бірінші және екінші- жағажай үстіндегі террасалар. Өскемен су қоймасы салынғаннан және Зайсан көлі суының деңгейі артқаннан кейін жағажайлық террасаны түгелдей су басты.
Бірінші жағажай үстіндегі терраса, көлдің суының деңгейінен 3-5 м биіктікте орналасқан, ені бірнеше ондаған метрден 0,5 м-ге дейін жетеді. Екінші жағажай үстіндегі терраса, көлдің деңгейінен 10-12 м биіктікте жатыр, әсіресе ойпаттың солтүстік бөлігінде жақсы сақталған. 18-20 м қалындықта құмды-саздақты шөгінділерден кейінгі төрттік дәуірде құралған.
Аллювийлік және көлдік-аллювийлік жазықтар Қара Ертіс, Қандысу және Қалжыр өзендерінің атырауларында қалыптасқан. Құрамы құмдардан, қиыршық тастардан-малтатастардан, құмдақтардан, саздақтардан тұрады, шөгінділерінің қалыңдығы 10 м-ге жетеді, жастары-кейінгі төрттік. Жазықтың беткі бөлігі тегіс емес, көптеген арналармен қалдықты көлдермен, батпақты жерлер көп кездеседі. Қара Ертіс атырауының беткі бөлігінде көлдік жағалаулық жалдар кездеседі. Жалдардың бағыты солтүстік-шығысқа бағытталған меридионалды бағытта созылып жатыр.
Ойпаңға жан-жақтан келіп құятын Күршім, Қолтұғы, Қалжыр, Қара Ертіс, Кендірлік, Ұласты, Қандысу өзендерінің аңғарларында құзды беткейлер және 2-3 террасалар бар. Көптеген өзендер таудан шыққаннан кейін олардың суы борпылдақ төрттік шөгінділерге сіңіп кетеді. Ертіс және Қара Ертістің бірінші жағажай үстіндегі террасаларының биіктігі 8-10 м, кейінгі төрттік малтатастардан, әртүрлі түйіршікті құмдардан және сазды шөгінділерден тұрады. Екінші жағалау үстіндегі террасаның биіктігі 12-18 м, беткі бөлігі құмды дюналардан және жағалаулық белестерден тұрады.
Зайсан ойпаңында байқалатын эрозиялық және абразиялық кертпештерді, аласа төбешікті кейінгі төрттік жасындағы көлдің бассейінің қалдығы деп санауға болады. Территорияның солтүстік және оңтүстік бөлігіндегі бедерінде жас альпі тектоникалық жарылымдар бейнелеген. Олар кертпештер түрінде көрніс береді. Керпештердің биіктігі 300-500 м.
Керпештердің етегінде тау алды делювилік-пролювилік ысырынды конустар таралған. Ысырынды конустар борпылдақ дөңбектасты- малтатасты, құмдақты-саздақты және ұсақ тасты материалдардан тұрады.
Зайсан ойпаңының шығыс бөлігінде Айғырқұм құмды массивтері дамыған. Бұл жерлерде төбешікті қырқалар және бархандар таралған, ірі қырқалардың орташа биіктігі 3-5 м [1]
1.2 Климатық жағдайы
Зайсан ойпаңының климатына мына факторлар әсер етеді: мұхиттардан қашықтығы, географиялық орналасуы, территориясының орографиясы. Бұл территорияның климаты континенталды. Ойпаңның орташа жылдық температурасы 1-4,50С аралығында ауытқиды.
Температураның өсуі батыстан шығысқа қарай өзгереді. Орташа жылдық температура өте жоғары болмаса да, ойпаңда жазда ыстық болады. Ең жылы айы шілде айы, орташа температура ойпанның солтүстік-батысындағы Көкпекті метеостанциясында 20,80С, шығыс және оңтүстік-шығысындағы Боран және Зайсан метеостанциясында 23,30С дейін өзгереді. Жазда температура жоғары болуынан топырақтар құрғақ болады, дефляция процесіне тез ұшырайды, ылғалдылықтың төмен болуынан сортаңдану процесі тез жүреді. Қыста бұл территория суық болады, жан-жағы таумен қоршалғандықтан суық ауа массасы қалыптасады. Ең суық ай- қаңтар айы, орташа температурасы -200С төмендейді. Төменгі қысқы температура аязды күндерді тудырады. Зайсан ойпаңына жылдық температураның өте үлкен тербелуі тән. Боран ауылында ауытқу 940С жетеді. Абсолютты қысқы минимум көп жылдық уақытта -520С, ал жазғы максимум +420С [2].
Ойпаңдағы атмосфералық жауын-шашынның таралуына орография үлкен әсер етеді. Зайсан көлінен қашық орналасқан жерлерде жауын-шашынның орташа жылдық көрсеткіші 180-200 мм, ал ойпаңның перифериясында 350 мм-ге түседі. Көбінесе жауын-шашынның 60-70% жаз айларына келеді. Мамыр-шілде айларында жауын-шашын көп келеді, бірақ көлденең қашық орналасқан метеостанцияларда қазан-қарша айларында жауын-шашынның максимал мөлшері байқалады.
Ойпаңдағы жауын-шашынның біркелкі түспеуі көктем айларында ауа температурасының шұғыл көтерілуі қардың тез еруіне әкеп соғады да, бұл процесс жыралардың пайда болуына, көлдің және су қойманың жағалауларында абразиялық процестердің қалыптасуына әкеледі.
Ауа ылғалдылығының абсолютті өсуі территориядағы орташа көп жылдық температураның өзгеруіне жағдай жасайды. Бұл территорияда ауа ылғалдылығының өсуі желтоқсан-қаңтар айларына түседі, ал төмендеуі жаз айларында байқалады.
Жаз айларындағы төменгі ылғалдылық аймақтағы грунтты минералды сулардың жақын жатқан жерледе тұздану процестерінің белсенді жүруіне әкеп соғады. Сонымен қатар, тұзды грунтты жерлерде сор процестері қарқынды жүреді.
Зайсан ойпаңына жиі соғатын қатты желдер тән. Желдер Шығыс Қазақстанның төменгі бөлігімен және Жоңғар Алатауындағы шөлдердің арасында пайда болады. Зайсан ойпаңына оңтүстік-батыс тау етектерінен суық ауа массасы ауысады, қыс айларында Жоңғар шөлдері тез және қатты салқындайды, сондықтан Зайсан қазаншұңқырында суық ауа араласады. Осы жерден желдер екі бағытта соғады: жазда батыс-оңтүстік батыс және батыс-солтүстік батыс, ал қыста шығыс-солтүстік шығыс. Батыс-оңтүстік батыс желдері үнемі және қатты соғып тұрады. Қысқы желдерге қарағанда жазғы желдердің жылдамдығы басым болады. Зайсан ойпаңында желдердің бағыты тез өзгереді, кей уақытта батыс-оңтүстік батыс бағыттағы желдер бір жағалауға соғады, ал басқа жағалауларда бұл уақытта шығыс-солтүстік шығыс желдер байқалады. Зайсан ойпаңында үнемі циклондар араласқан, қақпа ретінде болып табылады. Бұл ойпанның қысқа бөлігінде орналасқан Боран метеостанциясында жақсы байқалады.
Аймақтың климаттық жағдайлары бедердің ірі пішіндеріне әсер етеді. Климат бедердің мезо және микро пішіндерінің құрылысына, экзоморфогенездің дамуына ықпал тигізеді. Ылғалдың төмен болуы, жиі және қатты соғатын желдер дефляция процестерінің дамуына әсер етеді. Сол сияқты, климат денудация процесіне, беткей экспозициясына, бедердің гипсометриясына әсер етеді [3].
1.3 Топырақ-өсімдік жамылғысы
Зайсан ойпаңының топырақ-өсімдік жамылғысы территорияның климатына, бедер пішіндеріне топырақ құрушы қабаттарының литологиялық жыныстарына байланысты. Бұл территорияның топырақ типі вертикальді (тігінен), сонымен қатар интрозональды типке жатады. Вертикальді қатардағы типтер және топырақ типшесі таудың қара топырағы, каштанды, ашық-каштанды, құба және сұр-құба топырақтар болып келеді. Зайсан ойпаңының интрозоналды жүйесіндегі топырақтары сор және сортанды шөлді-далалық және жайылымдық, жайылымды-каштанды, кейбір жерлерде тұзданған жайылымдық және батпақты, жайылымды-құба, тұзды болып келеді.
Зайсан ойпаңы маңындағы қара топырақтар біркелкі таралмаған және жоғары гидротермикалық деңгейде, беткейдің бөлшектенген жерлерінде, борпылдақ карбонатты ормандарда және аймақтың оңтүстік-шығысындағы орманды саздақты топырақ құрушы жыныстарда қалыптасқан.
Қара шірінді қабаттың 50-80 см қалыңдық аралықтарында құрылған. Қара топырақтар жақсы су өткізетін, түйіршікті-түйіртпек құрылымды, қара шірінді горизонттарында басым. Жауын-шашынның жеткіліктігіне қарамастан қара топырақтарда 40-60 см тереңдікте қарбонаттар кездеседі. Жоғарғы қара шіріндінің мөлшері 7-10% болады, тереңдей берген сайын азаяды. Қара топырақтағы өсімдіктерге әртүрлі дәнді-дақылдар, шабындықтар, жайылымды, далалық және түрлі шөптесінді-ақ селеулі далалық, бұталы өсімдіктер жатады.
Зайсан ойпаңының біраз бөлігін таудың каштанды топырақтары алып жатыр. Олар саздақты топырақ құрушы жыныстарда, үшкіртасты шеміршектерде, биік тау алды жазықтарда таралған. Қара шірінді қабаты каштан түсті болып келеді, төмен қарай ашықтай түседі. Қалындығы жоғары горизонтта 2,5-3,5%. Қазіргі уақытта бұл жерлерге жемдік шөптесін өсімдіктер егіледі, сонымен қатар жайылым ретінде пайдаланылады. Аталған ауданда ылғал жетіспегендіктен аз өнім алынады. Сондықтан каштанды топырақты игергенде топырақтың ылғалдану қорын сақтап арттыру (өсіру) қажет.
Ойпаңда жақсы таралған тағы бір топырақ түрі-ашық-каштанды топырақ. Ашық-каштанды топырақ тау алды жазықтарының жер асты сулары төмен жатқан жерлерінде таралған. Қалыңдығы 100-150 см болып, көне аллювийлік және аллювийлік-пролювийлік шөгінділерінде, сол сияқты аз сазданған жыныстарда құралған. Бұл топыраққа сортандану және жүйелік тән, қалындығы аз, дамуы нашар болып келеді. Топырақтың механикалық құрамы әртүрлі-нашар сазданған, ойпаттың солтүстік-батысында құмдақты, оңтүстік бөлігінде қатты сазданған. Жоғарғы горизонттағы ашық-каштанды топырақтарда қарашірінді 2,2% құрайды. Өсімдік жамылғысы жусанды, бүйіргенді, дәнді-дақылды, жусанды болып келеді [4].
Солтүстік Зайсан маңында шөлді даланың құба топырақтары көбірек дамыған, сор және сортаң түрлері де кездеседі. Құба топырақтың жалпы ерекшелігі территорияда ылғалдың аз болуынан дамиды, және де тұзды және карбонатты топырақ грунты көп таралған. Жоғары бөлшегіндегі қарашіріндінің мөлшері 1,6-1,8%. Аталған топырақ түрі Оңтүстік Зайсан маңында ылғалданбаған жерде қалыптасқан, ал негізгі өсімдік жамылғысы жусан және жусанды тобына жататын өсімдіктер.
Солтүстік Зайсан маңында автоморфты ландшафтар дамыған сұр-құба топырақтар. Сұр-құба топырақтың дамуы ылғалдың жетіспеуіне байланысты. Топырақ құрушы жынысының жалпы ерекшелігі жыныстарының карбонатты болуы және құрамында гипстің кездесуі. Жоғарғы қабатта қарашірінді мөлшері 0,3-0,9%, құмдақты және құмды топырақта, және саздақты топырақта 1,0-1,5% кездеседі. Сұр-құба топырақ сортаңды жерлер болып табылады.
Жайылымды-каштанды топырақ жартылай гироморфты топырақтың қатарына жатады. Бұл топырақ Қандысу өзенінің төменгі жайылмасында және ойпаттың жазда тартылып қалатын өзендері терассаларында кездеседі. Жайылымды-каштанды топырақ саздақты және құмдақты топырақтан құралады, жыныстары құмдақты-малтатасты шөгінділер болып келеді. Жоғарғы қарашірінді қабаты 2-4%. Өсімдік жамылғысы жусанды, ақ селеулі, бетегелі, бұталы өсімдіктер.
Тау алды және тау етектеріндегі жазықтардағы өзен аңғарлары енді, мұнда шөптесін өсімдіктер, бұталар көптеп кездеседі.
Барлық жайылым жерлер шабындық жерлер ретінде пайдаланылады. Төбешіктердің беткейлерінде және төбе аралық төмен жерлерде ойпаттың құмды массивтерде қамысты, жусанды, жыңғыл жусанды, теріскейлі жусанды қияқшалар таралған.
Аққұм және Қызылқұм барханды массивтерінде өсімдіктер мүлде аз кездеседі [5,6].
1.4 Гидрологиялық сипаттамасы
Зайсан көлі ойпаңының ортанғы бөлігінде орналасқан, көптеген құятын өзендердің алабы болып табылады. Бұқтырма су қоймасын салғанға дейін Зайсан көлінің көлемі 1788 км2, деңгейі 386 м болатын. Су қойманы толтыру 1960 жылдың сәуір айынан басталды, 1962 жылы Зайсан көлі біртұтас су қойма айдынына айналды. Жоғарғы Ертісті қосқанда су қойманың көлемі 5490 км2 жетті, оның ішінде Зайсан көлі 3140 км2 алып жатыр. Су қоймаға көлемі 49,6 км2 су сияды. Қазіргі уақытта көлдің су деңгейі 6 м көтерілді. Ең жоғарғы көрсеткіш, 1971 жылғы мәліметтер бойынша 401,3 м/с болды. Көлдің суы тұщы, минералдануы 100 мг/л өсті.
Бұқтырма су қоймасындағы су деңгейінің көтерілуі мамыр айынан басталады, тамызда ең жоғары деңгейге жетеді, қыркүйек айынан бастап күзгі-қысқы су тартылу сәуір айына дейін созылады.
Су деңгеінің мезгілдік ауытқуы 1,3-3,8 м құрайды, ал көп жылдық тербеліс амплитудасы 5 м асады. Су қоймадағы су деңгейінің шамасы құятын кезендер сипаттарына, булануға, жіберілетін су көлеміне байланысты.
Көл қараша айында қатады, сәуір айында ери бастайды. Зайсан ойпаңын бойлай ағынсыз тұзды көлдер-Қаракөл, Мұңлықсор, Торанғыкөл, Тақыркөл орналасқан. Жазғы айларда олардың біраз бөліктері құрғап қалады. Жаз уақыттарында буланудың қарқындылығына байланысты көлдердегі судың минералдануы 40 г/л жетеді.
Зайсан көлі-Бұқтырма су қоймасы эрозиясының базисі. Бұл аудандағы өзендер ағысы мен режимдерін зерттеген Ли И.В, В.М. Болдырев болды. Көптеген өзендері Алтай типіне жатады. Биік емес су айдыны, жазғы-күзгі және қысқы ағын, еріген сумен қоректенеді. өзендердің максималды шығыны мамыр айына келеді, ағынның көлемі 75-80 %.
Қара Ертіс өзені Бұқтырма су қоймасына құярда 10 км көлемдегі атырауды құрайды, өзеннің арнасының ендігі 130-510 м өзгереді, тереңдігі 1,6-4,0 м, ағыстың жылдамдығы 1,5 м/с жетеді. Өзен арналарында көптеген аралдар және қайраң кездеседі. Қараша айында қатады, мұз наурыздың аяғы мен сәуірдің басында арылады. Көктемгі су тасу сәуір айының ортасынан маусым айына дейін созылады. Судың максималды шығыны маусым айының бірінші жартысында байқалады, ал қыркүйек айында төмендейді. Қара Ертіс су деңгейінің ауытқу амплитудасы 5 м.
Қалжыр өзені Марқакөл көлінен ағып шығады. Қара Ертістің оң жақ саласы болып табылады, терең құздар ортасынан ағады. Тереңдігі 0,7-2 м, ағысының жылдамдығы 0,8 м/с. Қалжыр өзені және оның салалары қарашаның екінші жартысында, желтоқсанның басында қатады, наурыздың аяғы мен сәуірдің басында мұздан арылады. Мұздың қалындығы 0,8 м жетеді.
Тақыр өзені өзінің бастауын Оңтүстік Алтайдың жартасты құздарынан алады. Өзеннің жылдық ағыны 0,6 м/с. Желтоқсан айының басында қатады, сәуір айында мұздан арылады, су тасуының мерзімі қысқа, яғни 10-15 күнге созылады.
Қолғұты өзені бастауын Күршім жотасының оңтүстік-шығыс беткейлерінен алады, өзеннің су Бұқтырма су қоймасына жетпей, жазыққа сіңіп кетеді. Тереңдігі 0,2-0,9 м, суы суаруға пайдалынады.
Кендірлік өзенінің басталуы Сауыр жотасынан басталады. Таудан шығар алдында өзен аңғары 1 км-ден 2-3 км-ге кеңейеді, жазық жердегі өзен ағысының жылдамдығы 1-3 м/с. Орташа айлық максималды шығыны маусым-шілде айларында байқалады- 18-67 м3/с, қараша айында 0,8-2,9 м3/с төмендейді. Судың жылдық шығыны 8,8 м3/с, қараша айында мұз қатып сәуірде ериді.
Үйдене өзені бастауын Сауыр, Маңырақ жоталарынан алады. Бұл өзен аралас қоректенеді, қар-бұлақ және жауын-шашын суларымен.
Жаменей өзені өз бастауын Сауыр жотасынан алады, көктемгі су тасуы наурыз айында басталады және тамыз айының ортасына дейін созылады. Максималды шығыны мамыр айының ортасында жүреді – 4,38 м3/с [7].
Зайсан ойпаңы алабының өзендеріне көктемгі-жазғы су тасуы тән. Нәтижесінде флювилік процестер қарқынды жүреді. Зайсан қазаншұңқырының солтүстік бөлігіндегі грунтты сулар солтүстіктен, көлге оңтүстікке қарай бағытталады. Сутасындының қалындығы 25-30 м. Грунтты сулар 5-6 м тереңдікте жатыр. Ойпаңның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі грунтты сулар тұтас ағынды құрайды, солтүстікке қарай еңістенеді. Грунттар 5-12 м тереңдікте жатыр. Жер асты сулар негізінен өзен суының фильтрациясынан және атмосфералық жауын-шашынның инфильтрациясынан қоректенеді. Грунтты сулардың минералдануы Солтүстік Зайсан маңында 0,3-0,8-ден 1,5-2,5 г/л және ойпаттың оңтүстік бөлігінде 1,0-1,5-тен 5-7 г/л өседі. Суының химиялық құрамы гидрокарбонатты-кальций және хлоридтті-натрий болып келеді.
Зайсан аумағында тектоникалық жарылымдар бойымен бұлақтардың көздері шығып жатыр. Олардың көпшілігі көлдің солтүстігінде таралған. Грунтты сулардың шығуынан өзендер пайда болады, мысалы, Қарасу өзені грунтты сулар кездесетін батпақты жерде қалыптасқан [8].
ІІ. ЗАЙСАН ОЙПАҢЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
2.1 Геологиялық құрылысы
Зайсан ойпаңының геологиялық құрылысын зерттеуде В.К.Василенко, В.П.Неорошев, В.С.Ерофеев, Ю.П.Селиверстов, Б.А.Борисов, Т.М.Мацуй және т.б. геология ғалымдардың қосқан үлестері зор.
Зайсан ойпаңының құрылысы екі құрылымды-стратиграфиялық қабаттан тұрады- күрделі дислокацияланған палеозойлық ірге тасы (негіз) және оның бетінде жатқан жас шөгінді жыныстардан тұрады. Платформалық қалқанға келетін болсақ үш қабатты құрылымнан қалыптасқан: 1) төменгі құрылымды қабат- максималды қалыңдығы 2 км, жоғарғы карбон мен пермнің жанартаулық-терригенді тау жыныстарынан құралған.
Стратиграфияның жоғарғы бөлігінде платформалық шөгінділер жатыр: эоцен дәуіріндегі жоғарғы бор дәуірінің үгілу қабығы, қалдықты триас, көмірлі юра, миоцен-олигоценнің алатүсті сазды-гипсті-көлдік шөгінділер орналасқан. Ойпаңның жоғарғы қабатын плиоцен-төрттік дәуірдегі жас шөгінділер алып жатыр, қалындығы 100 м.
Зайсан ойпаңының маңында бор-палеогеннің үгілу қабығы, палеозойдың әртүрлі тасты жыныстары дамыған, ал жыныстар ала түсті саздардан, көбінесе каолитті және монтмориллонитті құрамда болып келеді. сазды шөгінділердің үгілу қабығының қалындығы 10-12 м, кебір жерінде 25-30 м жетеді.
Солтүстік Зайсан маңында жалаңаштанған үгілу қабығы, Арқауыл тау етегінің оңтүстік-батысында, Төрт-Қалмақ бұлағының солтүстігінде, Қарабүйрек, Керім, Шақкелмес, Ақтөбе және т.с. ұсақ шоқылы массивтерде айқындалған. Оңтүстік Зайсан маңындағы жалаңашталған үгілу қабығы Маңырақ жотасының солтүстік етегінде – Тайжүзген және Құсты өзендердің бассейндерінде, сонымен қатар Сайқан жотасының солтүстік етегінде кеңінен таралған. Үгілу қабығы сары, ашық-қызыл немесе ала түсті саздардан тұрады. Зайсан ойпаңының шығыс бөлігінде үгілу қабығының жоғарғы шекарасы дат қабатымен анықталады. Зайсан ойпаңының палезойлық ірге тасын геофизикалық мәліметтермен және жер бетіне шығып жатқан ірге тастың жыныстарын бұрғылауда алынған материалдар бойынша талдауға болады. Геофизикалық және бірнеше геологиялық мәліметтер бойынша Зайсан ойпаңы дислоцировандық палезойлық іргетасы негізінде жоғарғы девон және төменгі, ортаңғы тас көмір жасындағы шөгінділер жатыр. Литологиялық жағынан олар эффузивті, эффузивті-тұнбалы, қатты метаморфталған және бұзылған интрузиялық болып келеді [9].
Жоғарғы палеозой дәуіріндегі теңіз жағалаулық және континентталді шөгінділер оңтүстік Алтайдың батыс етегінде, Арқауыл тау тізбегінде және жекелеген шоқыларда-Шақкелмес, Қарабүйрек, Үшқора, Жуалқора және
Керіште айқындалған. Арқауыл ұсақ шоқысы полимекті құмдақтардан, қою-сұр және қара түсті алевролит, сонымен қатар кангломерат, гравелит, туф және порфириттен тұрады. Шақкелмес тауында, Жуанқара тауының оңтүстігінде палеозой жынысының әртүрлі түйіршікті құмдақтардан, гранит-порфириттен, лейкократты және порфир тәрізді плагмограниттен тұрады. Жоғарыға таман алевролитті және сазды тақта тасты қабатында құмдақтар, лава мен туфтар кездеседі. Осындай шөгінділер Жуанқара және Керіш тауларында да кездеседі. Қарабүйрек тауындағы шөгінді-жанартаулы қалыңдық андезитті, андезитті-базальті порфириттерден, кремнийлі алевролиттерден және майда түйіршікті құмдақтардан тұрады.
Ортаңғы және жоғарғы карбон дәуіріне жататын жасырақ шөгінділер Көкпекті синклинориінің маңында кеңінен таралған, бұл шөгінділер Еспе өзенінен Жіңішке өзені аңғарына дейін аралықта таралған. Бұл шөгінділер екі жүйеге бөлінеді: порфирит, туфтан тұратын тұнба-жанартаулы төменгі жүйе және тұнба жыныстардан тұратын жоғарғы жүйе. Ақтөбе көтерілімінде порфиритті, кварцты, гранитті-порфиритті ипабисольді интрузиялар шығып жатыр. Зайсан ойпаңының борпылдақ кайназой шөгінділері түгелдей дерлік территорияларды жауып жатыр және максимальді қалыңдығы, ойпаттың ортаңғы бөлігінде 2000 м жетеді. Жоғарғы бор тұнбаларынан бастап төрттік шөгінділер таралған [10].
Зайсан ойпаңы палеоген дәуірінде 5 кең қабатқа бөлінеді: 1) Солтүстік Зайсан, Зимунай, Турангин, Тұзқабақ, Ащутас.
- Солтүстік Зайсан кең қабатына ұсақ шоқылы аймақтарда жатқан Қарабүйрек, Шақкелмес, Кін-Керші, Ақтөбе, Арқауыл тауының оңтүстік және батыс етектері, Ақжал сайындағы шөгінділер кіреді. Сондай ақ бұл кең қабатының шөгінділері Оңтүстік Зайсан маңына дейін таралған. Неғұрлым толық қабаттар Маңырақ жотасының солтүстік-батыс етегінде-Тайжүз және Құсты өзенінің бассейіндерінде, Қоңыр-Құр немесе Шайбұлақ бұлақтарында, Жаманжақсы Арғанаты, Сайқал жотасының солтүстік етегінде, Толағай тауларында таралған. Бұл кең қабатының жыныстары негізінен саздан, кремнийлі аргелиттен және ашық-қызыл алевролиттерден, құмдақтар мен алевролиттерден тұрады.
- Көне бор және палеоцен шөгінділеріне төменгі-ортаңғы эоцен дәуіріндегі Зимунай кең қабатының қалыңдықтары жатады, бұл шөгінділер жасыл-қоңыр монтмориллонитті, сонымен қатар гидрослюдалы және каолинитті сазды бейнелейді. Шөгінділер қатты гипсталған, алевролиттердің және кварцты құмның линзаларынан тұрады. Маңырақ және Сайқан жоталарының солтүстік етектерінде төменгі-ортаңғы эоценнің шөгінділері ашылған.
- Турангин кең қабаты ортаңғы-кейінгі эоцен дәуіріндегі су шайып кеткен элементтермен шұғыл түйіседі. Зайсан ойпаңының бүйірлік бөлігіндегі шөгінділер (Турангин шөгінділері) палеозой фундаментталдық жыныстарға тікелей жатады. Турангин кең қабатының төменгі бөлігі негізінен (ірі затты жыныстардан тұрады)-әртүрлі түйіршікті құмдардан, алевролиттерден тұрады, кейбір жерлерде ұсақ малта тастардың қабаттары кездеседі. Жыныстардың арасында қара гумусты алевролитті саздар мен қоңыр көмір жеткілікті. Турангин кең қабаттарының қабаттары солтүстік Зайсан маңында: Кий-Керіш тауында, Шақкелмес тауының солтүстік және оңтүстік етектерінде, Қарабүйрек тауының батыс бөктерінде, Туранга өзенінің сол жағалауында, Керіш және Мұрын-Толағай ұсақ шоқы аудандарында, Ақтөбе тауының аймағында, Қара Ертіс өзенінің сол жағалауында айқындалған. Зайсан маңының оңтүстігінде Турангин кең қабаты Маңырақ жотасының солтүстік-батыс бөктерінде, Қоңыр-құр және Шайбұлақ бұлақтарында, Үйдене өзенінің ортаңғы ағысында, Сайдан жотасының сол бөктерінде айқындалған.
- Тұзқабақ кең қабаты. Ерте олигоценнің Тұзбалақ шөгінділері Зайсан ойпаңының шығыс бөлігінде байқалады. Бұл шөгінділер жоғарғы эоцен қабатында, палеоценде және палеозой жыныстарында үйлесімсіз жатыр. Бұл шөгінділердің құрамында саздар және жасыл-қоңыр және жасыл түсті алевролиттер, алевролитті саздар, мергель және темір-карбонатты цементті мезолитті құмдақтар басым. Зайсан маңының солтүстігінде Тұзқабақ кең қабатында, Кіші-Керіш тауының қабатында, Шақкелмес тауының солтүстік пен оңтүстік бөктерінде, Ашутас тауының қабатында және Қара Ертіс өзенінің сол жағалауында айқындалған. Тұзқабақ көлінің тік жағалауындағы саздар құба түсті болып келеді. Зайсан маңының оңтүстігінде Тұзқабақ кең қабаты Сайқан жотасының маңында айқындалған.
- Ашутас кең қабаты. Ортаңғы-ерте олигоцендегі Ашутас кең қабаты Тұзқабақ кең қабатының жыныстарына жатады және екі бөліктен құралған: төменгі бөлігі құмды-алевролитті-сазды және жоғарғы бөлігі сазды-алевролитті. Саздары каолинді-гидрослюдалы, монтмориллонитті, жасыл-сұр; ал құмдары кварц-долашпатты және мезомикті болып келеді. Бұл қабаттың шөгінділері Ашутас-Ақжал, Баклалбегі мүйісінің батысында, Ашутас, Қарабүйрек тауларында және т.б. жерлерде шығып жатыр. Ашутасты тауындағы бұл қабаттың шөгінділеріне гумусты саздар, көмір құрушы өсімдіктің қалдықтары байқалады. Оңтүстік Зайсан маңында Ашутас кең қабаты Маңырақ және Сайқан жотасының солтүстік тауалды етектерінде ашылған [11].
Неоген шөгінділері бор-палеоген шөгінділеріне қарағанда Зайсан ойпаңы маңында кең көлемді алып жатыр, мезозойдың аяғымен кайназойдың басындағы континенталды шөгінділерінде,ойпаңның төбешікті-ұсақ шоқылы тілімденген түптерінде және ойпаңның маңында орналасқан. Неоген шөгінділерінің көп бөлігінің генезисі көлдік болып табылады тек жоғарғы қабатының генезисі аллювиалды-пролювиалді болып келеді.
Неоген шөгінділері құылуы бойынша 8 қабатқа бөлінеді: Нұра, Жамантау, Зайсан, Сарыбұлақ, Қалмақбай, Қарабұлақ, Қайнар, Жоғарғы Гобий. Неогендік құрылу түсіне және құрамына байланысты 3 бөлікке бөлінеді: төменгі бөлігі жасыл-сұр сазды-құмды, ортаңғы бөлігі қызыл түсті сазды және жоғарғы бөлігі сары-құба саздардан тұрады. Біріншісі миоцен, екіншісі плиоцен және миоцен, үшіншісі плиоцен дәуірлеріне қатысты.
Миоцен шөгінділеріне әдете жоғарғы олигоцен шөгінділері жатады. Миоцен қимасында 3 қабатқа бөлінеді: Нұра, Жамантау және Зайсан. Нұра қабаты кейінгі олигоцен және ерте миоцен, төменгі және ортаңғы бөліктерінде негізінен алевролиттерден, ал жоғарғы бөлігі саздан құралған. Жамантау қабаты төменгі-ортаңғы миоцен жасында, алевролитқабаттары кездесетін құмдардан, құмдақтардан және жасыл саздардан тұрады. Зайсан қабаты құрамы бойынша ортаңғы миоцендік, қалыңдығы 25 м, жасыл гипсті саздардан және алевролиттерден тұрады. Миоцен шөгінділері Маңырақ және Сайқан жоталарының солтүстік баурайларының бойында, Зайсан ойпаңының оңтүстік-батыс бөлігінде, Жаман Арғанаты және Жақсы Арғанаты тауларының солтүстік етектерінде айқындалған. Зайсан ойпаңының солтүстік маңында бұл шөгінділер Ашутас, Ақжал тауларының тік жарларында таралған.
Неоген шөгінділерінің ортаңғы қабаты Сарыбұлақ, Қалмақбай және Қарабұлақ кең қабаттарының жыныстарынан құралған. Сарыбұлақ қабаты құмдардан, малтатастардан және жасыл түсті саздардан тұрады, бұл қабат Жаман және Жақсы Арғанаты тауларының солтүстік етектерінде айқындалған. Қалмақбай қабаты бұрын Павлодар қабаты деп аталған. Бұл шөгінділерге тән ерекшелік қызыл түстілік және корбанатты болып келеді. Қалмақбай қабаты негізінен қызыл құба, монтмориллонит-гидрослюдалы және монтмориллонитті саздардан, құмдақты алевролитті саздардан құралған. Қарабұлақ қабаты қоңыр құба сары саздардан тұрады. Бұл қабаттың жыныстары Сайқан, Маңырақ, Тарбағатай тауларының жоталарында 200 км созылып жатыр. Зайсан ойпаңының батыс бөліктерінде бұл қабаттың жыныстары Базар, Бұғаз, Көкпекті өзен аңғарларында байқалады. Зайсан ойпаңының солтүстігінде Повлодар қабаты оңтүстік Алтай тау етектерінде, Алексеевка аудандарында, Баклан мүйісінде және Қара Ертістің оң жағалауында кездеседі.
Палеоген-неоген кезеңіндегі жыныстар көбнесе сазды болып келеді. Ұсақ және бөлшектенген, тілімденген «бедленд» жер бедерін құрастырады.
Бұл жыныстар Маңырақ және Сайқан тау жоталарының тілімденген адырлы жер бедерін қалыптастырады. Зайсан ойпаңының оңтүстік-шығысында Қайнар қабаты кездеседі. Бұл қабат малтатастардан, құмдақты-саздардан және әктасты саздақтардан тұрады. Жоғарғы Гоби қабатында конгломератты құмдар Қызылжар жарында, Бұғаз өзенінде, Қандысу, Бозша өзендерінің жағалауларында, Ұласты, Тайжүзген өзендерінің террасаларында таралған [12].
Төрттік шөгінділер Зайсан ойпаңын түгелдей дерлік жауып жатыр. Зайсан ойпаңының төрттік шөгінділерінің жаралу тегіне, жасына байланысты бөлінеді: эоплейстоценді, төменгі плейстоценді, ортаңғы плеистоценді, жоғарғы плейстоцен-голоцен, голоцендік. Зайсан ойпаңының төменгі плейстоценнің бірінші бөлігіне Күрнеп қабатының жыныстары қатысты, олар конгломераттар және құмдақты кесек тастар болып табылады. Бұл шөгінділер сұр-құба түсті болып келеді. Төменгі плейстоценнің екінші бөлігіне тақыр қабатының шөгінділері сәйкес келеді. Бұлар малтатастар, қалыңдықтары 1-6 м. Төменгі плейстоцен шөгінділерінің жаралу тегі аллювийлік-проллювийлік, көлдік және көлдік-аллювиалді болып келеді. Зайсан ойпаңының солтүстік маңында бұл шөгінділер аккумляциялық және аброзиялы-аккумляциялық көлдік террасаларда шығып жатыр.
Төменгі ортаңғы плейстоцен жасындағы жыныстар бедердің биігірек деңгейлерінде және Зайсан маңындағы периферлік бөліктерде таралған, бұлар деллювийлік-пролювийлік, аллювийлік-пролювийлік және аллювийлік болып келеді. Делювийлік-пролювийлік шөгінділер Тарбағатай тауының солтүстік-шығыс етектерінде айқындалған. Аллювийлік-пролювийлік шөгінділер тауаралық ойпаңның жан-жағында дамыған. Бұл шөгінділер құмдақты малтатастардан, саздардан тұрады, өзен бойларында дөмбек тасты шөгінділер кездеседі. Аллювийлік шөгінділер Зайсан ойпаңының тек шығыс бөлігінде кездеседі. Зайсан ойпаңының ортаңғы плейстоцен бірінші бөлігі Пшюк кең қабатына сәйкес келеді, қалыңдығы 1-5 м. Бұл қабаттың жыныстары әртүрлі мөлшерде сұрыпталған малтатастардан және әртүрлі түйіршікті құмдардан, сонымен қатар дөңбек тастардан тұрады. Өзен шөгінділерінің қалыңдығы бірнеше метрді құрайды. Ортаңғы плейстоценнің екінші бөлігіне Қараүңгір қабаты жатады. Бұл қабат малтатас, қиыршық тасты құмдардан, тау етектерінде дөңбек тастардан, кейбір жерлерінде лессті шөгінділерден тұрады. Аллювийлік-пролювийлік шөгінділер Күршім, Қалғұтты өзен аңғарларында сақталған.
Ортаңғы-жоғарғы плейстоцен шөгінділері Көкпекті, Бұғаз, Базар, Ұласты, Қандысу өзен аралықтарын алып жатыр. Сонымен қатар Жақсы және Жаман Арғанаты тауларының солтүстіктерінде, Зайсан көлінің солтүстігінде кездеседі. Бұл шөгінділердің жаралу тегі аллювийлік және аллювийлік-пролювийлік болып келеді. Зайсан маңының оңтүстік шығысындағы Сайқан тау жотасының солтүстік беткейлерінде лесс жыныстарының кең көлемді қабаты жатыр, сары, сұр-сары және сары-құба қатты корбанатталған кеуекті саздақтар мен құмдақтар, бұл жыныстар эрозиялық және көшкін процестерінің құрылуына себеп болады. Көлдік аллювийлік шөгінділер Зайсан ойпаңының шығысында Ақтөбе көтерілімінің батыс және оңтүстік етектерінде кездеседі. Олар цоколді террасаны құрайды. Бұл жыныстар субпараллелді орналасқан, жақсы сұрыпталған, құмдардан және кесек тастардан, саздардан тұрады, шөгінділердің қалыңдығы 10-12 м. Қазіргі кезде бұл жыныстар құмды массив бедерін құрайды. Көлдік шөгінділер Зайсан көлінің аккумлятивті және абразиялық-аккумлятивті террасаларын аз мөлшерде жауып жатыр. Көлдік құрылу горизонтталді қабатты саздардан, малтатастардан, кесек тастардан, карбонатты саздақтардан тұрады. Зайсан ойпаңының жоғарғы плейстоцен бірінші бөлігі Ақмола қабаттарының құмдарынан тұрады. Аллювийлік шөгінділер малтатастардан, саздақтардан құралған. Ойпаңның маңында бұл террасалар 15-25 және 20-35 м биіктікте жатыр. Көлдік-аллювийлік шөгінділер Қара Ертіс бойында таралған. Көлдік шөгінділер ұсақ малтатастардан, кесек тастардан және жентек тасты әртүрлі түйіршікті құмдардан, құмдақтардан, саздақтардан тұрады, орташа қалыңдығы 10-15 м [13].
Делювийлік-пролювийлік жоғарғы плейстоцен шөгінділері әдетте тау беткейлерінің етектерінде қалыптасқан, бұл жыныстар ұсақ, малта саздақтардан, құмдақтардан, дөңбек тастардан және лесс тәрізді шөгінділерден тұрады.
Зайсан ойпаңының жоғарғы плейстоценнің екінші бөлігі Бархыт қабатының құмдарынан және малтатастарынан қалыптасқан. Көлдік-аллювиалді шөгінділер Қара Ертістің атырауында жатыр. Бұл шөгінділердің құрамы құмды, кесек тасты, малтатасты болып келеді. Жоғарғы плейстоцен-голоцен шөгінділері кең көлемді алып жатыр. Өзеннің бірінші, екінші жайылмалық террасаларында жатыр. Зайсан көлінің төменгі террасаларында негізінен аллювийлік, аллювийлік-пролювийлік, көлдік және көлдік және эолдық болып келеді. Делювийлік-пролювийлік шөгінділер оңтүстік Алтайдың баурайларында Қалғытты өзенінен Алқабек өзеніне дейін созылып жатыр, бұл шөгінділер малтатасты, ұсақ тасты, саздақты және құмдақты болып келеді. Көлдік-аллювийлік шөгінділер Үлкен Букон, Көкпекті, Қурайлы, Күршім және т.б. Зайсан көліне құятын өзендердің атырауларында және Бұқтырма су қоймасында байқалады.
Голоцен шөгіндері шектеулі таралған. Ойпаңда аллювийлік, пролювийлік, делювийлік-пролювийлік болып келеді. Голоцендік көлдік жағалаулық шөгінділер Зайсан көлінің және Ертіс өзенінің жайлмасында Ертіс қабатына бөлінеді. Қазіргі шөгінділері көп таралған, бірақ қалыңдықтары аз, тек Аққұм құмдарында жақсы дамыған. Құрамы майда, ұсақ түйіршікті құмдардан, негізінен кварциттерден құралған шөгінділер Зайсан ойпаңының оңтүстік-шығысында таралған. Бұл жерде желдің материалды өңдеуі қарқынды жүреді, бархан тізбекттері созылған. Аллювилі құрылу өзеннің төменгі террасасында және жайылмаларда жатыр. Олар аллювиймен жабылған дөңбек тасты-малтатасты болып келеді. Делювилі және элювийлі-делювийлер бірдей дамыған. Көлдік жыныстар негізінен құмдардан және сазды құмдардан құралған, қалыңдығы 1 м жуық. Көлдік және көлдік-батпақты шөгінділер лайлы, тұнбалы саздақтардан, құмдақтардан тұрады, қалыңдығы 0,2-10 м жетеді.
Тақыр және сортаңды шөлдер бедердің грунтты сулары жақын жатқан төмен бөліктерінде кездеседі [14].
2.2 Геоморфологиялық құрылысы
Зайсан ойпаңының қазіргі жер бедері әртүрлі эндогенді және экзогендік факторлардың әсерінен құрылды. Территориядағы жазықтар, ұсақ щоқылар және таулар аккумуляциялық, денудациялық-аккумуляциялық және денудациялық топтарға бөлінеді.
Аккумуляциялық жер бедері плейстоцен-голоцен жасындағы көлдік, көлдік-аллювийлік, аллювийлік-атыраулық, аллювийлік-пролювийлік, деллювийлік-пролювийлік және эолдық жазықтар болып келеді. Жағажайлық және жағажайдан жоғары көлдік террасада саметриялық деңгейі біршама төмендеу. Террасаның саның зерттеушілер әртүрлі анықтайды, кейбір зерттеушілер 2 (екі) террасаға бөледі, кейбіреулер 6 (алты) террасаға бөледі. З.А.Сваричевской бойынша Зайсан көлінің деңгейінің тербелуі әлі толық зерттелмеген. К.В.Курдюмов бойынша көлдің деңгейі 400 м-ден аспады, қазіргі деңгейі 12-14 м. Көтерілді В.П.Нехорошев, Б.А.Борисованың мәліметтері бойынша Зайсан көлінің террасасының биіктігі 100 м-ге жетті. Ю.П.Селиверстов террасаның деңгейін былай бөліп көрсетті: бархан (абс. 386-396 м), ақмола (400-420 м), қаранұра (420-440 м), псиюк (460-480 м), тақыр (480-500 м), ашутас (540-570 м).
Далалық материалдарды, ғарыштық түсірімдерді бажайлау және топографиялық, тақырыптық карталарды талдау нәтижесінде бұл территорияда 420 м биіктіктегі жағажай және 2 (екі) көлдік террасалар бөлінді. Ю.П.Селиверстов бойынша жоғарға көлдік террасалар, неотектоникалық көтерілімдердің әсерінен және көлдің, өзендердің әсерлерінен пайда болды. Жоғарғы террасса жарылым-жартылай көлдік- аллювилік аккумуляциялық және аккумуляциялық-абразиялық, денудациялық тегіс жазықтар жатады. Жағажайлық көлдік жазықтың жасы геоцендік, 1-ші террасса-кейінгі плейстоцен-голоцендік, 2-ші кейінгі плейстоцендік болып келеді. Зайсан көлінің жағалауын Бұқтырма су қоймасының нәтижесінен су басқандықтан, бірінші көлдік террассалардың жағалаулық бөлігі, қазіргі уақытта 390-395 м абсолютті биіктікте орналасқан жағалауда дамиды. Көп бөлігін маусымдық су басатын, тегіс, иілген жағалау болып табылады. Бұқтырма су қоймасының суы басып жатқан зонаның шекарасы 400-407 м биіктікте орналасқан бірінші көлдік террассаның жоғарғы беткі бөлігі, шайылған әртүрлі құмдардан құралған, биіктігі 2-8 м-ге жететін жағалаулық жолдарды басып өтеді [3].
Бірінші террассаның биіктігі Зайсан көлінің қазіргі деңгейінен 2-5 м биіктікте орналасқан. Террассаның шөгінділері көбінесе құмды, құмдақты, саздақты және сазды болып келеді. террассаның жоғарғы бөлігі көлге қарай шамасы еңістелген, белесті болып келеді. Екінші террасса Зайсан көлінің қазіргі деңгейінен 12-15 м биіктікте қалыатасқан. Шөгінділерінің қуаты 15-18 м, кейінгі плейстоценнің құмды-малтасты шөгінділерінен құралған. Бұл ауданның көп бөлігі қазіргі уақытта сорға айналған, ұсақ тұзды көлдер кездеседі. Аймақтың жер бедері жалды жазық, кейбір жерлерінде террассаның жиектерінде биіктігі 5-10 м, кертпештер болады. Кертпештер құрғақ жыралармен аз тілімденген.
Зайсан ойпаңының көлдік-аллювийлік жазықтары жасына, морфологиясына байланысты бөлінеді. Кейінгі плейстоцен-голоцен жасындағы төменгі көлдік-аллювийлік жазықтар ойпаттың оңтүстік-шығысындағы Қара Ертіс, Кендірлік, Жаменей, Қарасу өзен арықтарында дамыған. Қара Ертіс өзенінің оң жағалауындағы жазық, кейінгі плейстоцен және ортанғы плейстоцен жасындағы көлдік-аллювийлік жазықтардың бірте шайылуынан пайда болған. Қара Ертіс өзенінің сол жағалауындағы, Ақтөбе көтерілімінің ауданындағы көлдік-аллювийлік жазық, кейінгі плейстоцен-голоцен жасындағы эолдық жазықтардың ішіндегі көлемді жазық болып келеді. Грунтты сулардың жақын жатуына және тұзданудың дамуына байланысты бұл жерде көлемді сорлар пайда болған. Бұл жердің жер бедері палеоген саздарында жатқан, қалындығы 10-20 м., саздақтардан, құмдақтардан, құмды қиыршық тастардан және қиыршық тасты-малтатасты шөгінділерден құралған.
Кейінгі плейстоцен жасындағы көлдік-аллювилік биік жазық Керіш және Қарабүйрек тауларының маңында және 410-440 м биіктіктегі Қалжыр өзенінде, 415-420 м биіктіктегі Қара Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында дамыған. Керіш және Қарабүйрек тауларының оңтүстігінде орналасқан жазық Қара Ертіс өзенінің жайылмасынан 3,5-5 м биіктікте орналасқан тегіс жазық болып келеді. Қарастырылып отырған жазықтың жоғарғы бөлігі шамалы белесті, төмпешікті болы табылады. Құмды бөліктердің биіктігі 3-5 м-ге жетеді. Кертпештері шұңқырлар, жыралар, сайлармен тілімденген.
Аллювийлік бедеріне жайылма, террассалар, өзендердің атыраулары жатады. Ойпаттың өзендерінің көп бөлігі көлдің жағалауына жетпейді, континенталды атырауларда құрғап қалады немесе елді мекендерде жерді суаруға қолданылады. Континанталды атырауға Көкпекті, Базар, Қарбаға, Бұғаз, Қандысу, Кендірлік, Күршім және бірнеше ұсақ өзендердің аңғарлары жатады. Бұл жерлерде әртүрлі жастағы атыраулар кездеседі, олар неотектоникалық жағдайға байланысты бірінің үстінде бірі орналасқан. Күршім өзенінің сағалық бөлігіндегі атырауын В.Е.Попова үш атырауға бөледі: Қамыс, Жаңадәуір, Абакал-тумасс. Көлдің шығысындағы және солтүстік-батысындағы Ертіс және Қара Ертіс өзендерінің аңғарларында аллювийлік жазықтар қалыптасқан. Ойпаңның шығыс бөлігіндегі II-ші террасса төбешікті-қырқалы, дюналы-барханды, құмды жазықтарға ауысады.
Ойпаңның көп бөлігінде тұрақты және уақытша су ағындарының әсерінен құрылған аккумуляциялық жазықтар таралған: плейстоцен, голоцендік аллювилік-пролювилік жазықтар. Олар бір-бірінен құрылу жасына, гипсометриялық жағдайына, морфометриясына, терең және қатты тілімденуіне байланысты ажыратылады. Аллювийлік-пролювийлік жазықтар Кендірлік, Темірсу, Үйдене, Жеменей, Тақыр және т.с. өзендер бойында жақсы дамыған. Кейінгі плейстоцен–голоцен жасындағы аллювийлік-пролювийлік жазықтардың ысырынды конусы ойпаттың оңтүстігінде, тау алды етектерден Зайсан көліне дейін таралған. Бұл жазық көне арналармен, шұңқырлармен, 0,7-1 м тереңдіктегі арықтармен тілімденген. Қазіргі батпақты жерлер аллювийлік-пролювийлік жазықтарды дамыған. Жоғарғы төрттік дәуірінің ысырынды конустары ойпаттың солтүстік бөлігіндегі Тақыр, Қалжыр, Ашалы, Шет-Теректі өзендірінің таудан шығар бөлігінде жақсы айқындалған. Литологиясы кесектасты-малтатасты, құмды-саздақты болып келеді, таумен қоршалған аймақтарға жақын жерледе дөңбек тасты-қиыршақтасты-кесек тасты, құмды болып келеді.
Ортаңғы плейстоцендік аллювийлік-пролювийлік жазық гипсометриялық деңгейі 800-1000 м биіктікте атқан тау алды етектерде желінген қалдық ретінде сақталған. Жоғарғы бөлігі төбешікті-белесті, беткейлерінде сайлар, жыраулармен тілімденген, жоңдардың биіктігі 25 м. Жоңдарының беткі бөлігін дөңбек тастар жауып жатыр. Қайнар Кендірлік өзен аралықтарындағы ысырынды конус қалындығы 10 м лесс тәрізді саздақтардан құралған. Бұл жазық Тарбағатай және Сайқан жоталарының солтүстік етектерінде жақсы айқындалған.
Қазіргі пролювийлік ысырынды конустар кейінгі плейстондік, плейстоцен-голоцендік делювилік-пролювилік қайраңдарда, сонымен қатар көне биік аллювиалды-пролювиалды жазықтарда дамыған. Конустың беткі бөлігі шамалы белесті, жыралармен, шұңқырармен тілімденген төбешікті болып келеді.
Делювийлік-пролювийлік жазықтар Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай тауларының баурайларында дамыған. Морфологиясы бойынша белесті және төбешікті-белесті жазықтар. Беткі бөлігі негізінен деллювийлік-пролювийлік шөгінділердің лесс тәрізді саздақтары, құмдары және ұсақ малтатасты жыныстардан құрылған. Жазықтың беткі бөлігінің орташа еңістігі 4-70.
Кейінгі плейстоцен-гоцендік тауалды деллювийлік-пролювийлік қайраңдар Керіш және Қарабүйрек тауларында таралған. Ортаңғы плейстоцен-голоцендік тауалды деллювийлік-пролювийлік қайраңдар Тарбағатай, Жаман және Жақсы Арғанаты тауларының етектерінде 1160-680 м биіктікте дамыған. Жазықтың беткі бөлігі еністелген шұңқырлардан, жыралардан, сайлардан құралған.
Зайсан ойпаңындағы ірі құмды массивтер Қара Ертістің сол жақ жағалауында және Зайсан көлінен ағып шығатын Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Бұл массивтер аллювийлік-пролювийлік шөгінділердің тасымалдануларынан құрылған.
Қара Ертіс массиві бірнеше үлкен емес Дала, Ақжал, Қабырғатал, Айғырқұм, Аққұм, Тасқұм құмды шөлдерін біріктіреді. Бұл құмды массивтердің гипсометриялық жағынан, морфометриялық көрсеткіштері, генезисі, қозғалмалығы жөнінен айырмашылықтары бар. Қара Ертіс массивінің солтүстік бөлігі төбешікті-қырқалы, төбелі, қырқалы, төбешікті-қуысты болып келеді, биіктіктері 2-7, 10-12 м-ге жетеді.
Аққұм шөліннен барханды жер бедері тән, биіктігі 80-100 м. Бұл шөлдің солтүстігі мен батысында қырқалы құмдар дамыған, субендік бағытта созылып жатыр, ал бедерінің жастау барханды тізбегі-субмеридиональді бағытта созылып жатыр.
Қызылқұм шөлі әртүрлі морфологиялық эолды пішінді болып келеді. Бұл жерге барханды, төбешікті-барханды субмеридионалдық бағыттағы шөлдер тән, биіктіктері 5-7 м, сонысымен қатар, төбешікті-қырқалы пішіндер де кездеседі: құмдары көбінесе ұсақ және майда түйіршікті болып келеді. Эолды жазықтарға Зайсан көлінің оңтүстік жағалауындағы көлдік шөгінділерден құрылған жазықтар да жатады. Эолдық пішіндер барлық жерлерде таралған, бірақ нашар бейнеленген көлдің оңтүстігінде біршама жерлерді тізбекті-төбешікті бедерлер алып жатыр. Аласа қырқалардың (2-5 м) ұзындығы 10 м-ге жетеді, әдетте солтүстік-шығыс бағытта созылған, терең емес ағынсыз сайларға бөлінген. Құмды өсімдік жамылғысымен бекітілген.
Қазіргі эолдық жазықтарға Алқабек өзенінің жайылмалық террассалары, сонымен қатар Игілік өзенің солтүстігі құмды массивтер жатады, жер бедерлері тегіс, төбешікті болып келеді, төбешіктің биіктігі 3-5 м болады.
Зайсан ойпаңының денудациялық-аккумуляциялық жер бедері екі типтен тұрады: абразиялық-аккумуляциялық көлдік-аллювилік ортаңғы-кейінгі плейстоцен жазықтығы 440-480 м биіктікте дамыған және Зайсан ойпаңының солтүстік бөлігіндегі басым тип болып табылады. Шөгінділері палеогеннің су шайыған жазығында жатыр, 2-3 террасса байқалады. Террасаның беткі бөлігі оңтүстікке қарай әлсіз еңістелген, тақыр жерлер көп кездеседі. Террассаның кертпештерінде сызықтық эрозия қарқынды дамыған. Жоғарғы террассалада кварц шашырандысы көп таралған. Қарасу өзенінің ені 50-600 м, сайларына тұздану және бақпақтану құбылысы тән.
Төменгі-ортаңғы плейстоцен жасындағы денудациялық-аккумуляциялық аллювийлік жазық Зайсан ойпаңының оңтүстігінде 440-650 м биіктіктегі Еспе-Қарабоға өзендерінің аралықтарында таралған. Бұл жерлерде конгломераттар мен қиыршық тастар кең таралған. Жазықтың беткі бөлігі тегіс, солтүстікке қарай 2-30 еністелген. Денудациялық жазықтың жекелген бөліктерінде ұсақ сайларға бөлінген.
Денудациялық жер бедері Зайсан ойпаңында ұсақ шоқылы және аласа таулы жазық болып келеді. Жазық үш түрге бөлінген: тегіс жазық (горизонтальді), шамалы дислокацияланған және қатпарлы құрылым. Денудациялық тегіс жазық палеоген мен неогеннің қызыл түсті саздары мен құмды-саздық шөгінділерінен құрылған. Бұл жазық құлама және еңкіш болып келеді. Морфологиялық жағынан құлама жер бедері жаңадан тілімденген және шамалы тілімденген жазық. Денудациялық жазық құрғақ арналар мен жыралармен қатты тілімденген және белесті жер болып келеді.
Шамалы дислокацияланған денудациялық жазықтар морфологиясына және жасына қарай үш түрге бөлінеді: 1. тілімденген биік белесті (неогенге жатады); 2. қатты тілімденген белесті (неоген); 3. орташа тілімденген шамалы белесті (неоген). Тілімденген биік белесті жер бедері Солтүстік Зайсан маңында, ал қалған жер бедерлері Оңтүстік Зайсан маңында таралған.
Биік белесті денудациялық жақтар, 392-520 м биіктікте, шамалы дислокацияланған бор-палеоген-неоген шөгінділерінде дамыған. Ойпаңның солтүстігіндегі басым жер бедері болып келеді. Деформацияланған және көтерілген қалқандардағы кайнозой шөгінділері қызғылт сазды және құмды-сазды шөгінділерден тұрады. Осы жерлерде биіктігі 40 м-ге жететін көтерілімдер кездесетін жазық болып табылады, сазды тақырлар мен сорларға бөлінген. Грунтты сулар жер бетіне жақын орналасқандықтан және тұзды шөгінділер көп кездесетендіктен бұл территорияда сорлар көп таралған.
Зайсан ойпаңының оңтүстігіндегі шамалы дислокацияланған денудациялық жазық, неоген шөгінділеріндегі белесті жер бедерлері түрінде таралаған. Бұл жер бедері Жақсы-Арғанаты және Жаман-Арғанаты тауларының солтүстік етектерінде көп дамыған. Бұл жазықтың негізгі бөлігі Жарсу, Нұра, Көкенқыры, Белбастау, Сұлутал шатқалдарында және Еспе өзенінің ортаңғы ағысында қалыптасқан. Белестерінің биіктігі 5-7 м, белестің шеткі бөліктері ұсақ жыралармен қатты тілмденген.
Зайсан ойпаңының солтүстік-батыс бөлігінде өзендер аралықтарында денудациялық қатпарлы құрылым көп дамыған. Бұл жазық 440-640 м биіктікте орналасқан еністеу келген биік белесті болып келеді. Мұнда сайлармен тілімденген ұсақ төбешіктер және белестер көптеп дамыған. Бұл жер бедері денудация әсерінен қалыптасқан және элювиалды-делювиалды шөгінділерімен жабылған.
Ұсақ шоқылар үш түрге бөлінеді: адырлы, қырқалы-жалды және белесті. Тарбағатай, Маңырақ, Сайқан жоталарының солтүстік беткейлерінде адырлы қырлы-белесті жер бедері дамыған. Шөгінділері- палеоген-неогеннің сазды және құмды, лесс тәрізді саздары, дөңбек тастар, қиыршық тастар, конгломераттар. Жекелеген адырлардың абсолюютік биіктігі 900-1000 м. Бұл жер бедерінің пайда болуы төрттік дәуірдегі жаңадан көтерілген көтерілімдермен және аккумулятивті жер бедерінің деформациясымен және эрозиялық әсерлермен байланысты. Эрозиялық ойындылардың тереңдігі 30-50 м-ден 100-150 м-ге жетеді. Жер бедері тау алды еңістелген жазықтардан кертпештер арқылы бөлінеді. Қырқалар мен белестерінің биіктігі 10-50 м болады, адырлы жер бедерінің жасы плейстоцен-голоцендік.
Солтүстік Зайсан маңының орталық бөлігінде және Қара Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында қалдықты қырқалы-белесті жер бедері таралған. Жер бедері ірі горст-антиклиналь көтерілімдерінің әсерінен пайда болған және бор-палеоген-неогеннің саздары мен құмдарынан құралған. Бұл жерлерде тік беткейлері бар, биіктігі 50-70 м-ге жететін қырқалар кездеседі. Беткейлері қатты тілімденген және жер бедері Қарабүйрек, Жауанқара тауларының оңтүстік беткейлерінде қалыптасқан, сол сияқты палеоген-неоген шөгінділері таралған.
Палеозой шөгінділеріндегі ұсақ шоқылы белесті жер бедері морфологиясына және құрылуына қарай үш түрге бөлінеді: белесті жазық, ірі белесті және ұсақ белесті.
Солтүстік Зайсан зонасына палеозой тау жыныстарынан құрылған горст-антиклинді көтерілім тән. Мұндай көтерілімдердің абсолютті биіктігі 500-700 м болатын, жекелеген жазық-белесті ұсақ шоқылар болып табылады /Шапелмес (516м), Ақ-Төбе (578 м) таулары/. Бұлар Зайсан ойпатымен қиылысатын ірі жарылымдар бойында қалыптасқан. Көтерілімдердің беткейлері жайпақ болып келеді, жыралармен қатты тілімденген. Горст-антиклинал көтерілімнің ішіндегі ең ірісі- субендік бағытта 30 км-ге созылып жатқан Қарабөрік-Керіш (Қарабүйрек) ұсақ шоқысы. Бұл көтерілім бір-бірімен жарылымдар бойымен бөлінген, ұсақ қатпарлы-жақпарлы жүйе. Тау етектерінде делювиалды-пролювиалды жақпартасты ұсақ тасты шлейфтер таралған.
Зайсан ойпаңының солтүстік батысында Еспе-Бектемір, Жуандық-Лайлы өзен аралықтарында, палеозой тау жыныстарынан құралған ұсақ белесті ұсақ шоқылар таралған. Морфологиясы жағынан- бұл жүйе Жайпақ беткейлі жалдардан, қырқалардан тұрады. Қалыпты биіктігі 30-50 м ірі-белесті ұсақ шоқылы, абсолюттік биіктігі 584 м болатын Арқауыл таулы жүйесіне жатады.
Зайсан ойпаңындағы таулы жүйелер аласа таулы массивтер болып келеді. Аласа таулы белесті күмбез тірізді ұсақ шоқыларға Жаман-Арғанаты, Жақсы-Арғанаты, Қызыладыр, Толағай, Ұлмас-Тектұмас таулары жатады. Абсолютті биіктіктері 700-1000 м-ден (Ұлмас-Тектұмас) 1600 м-ге (Жақсы-Арғанаты) жетеді. Ұсақ шоқының жас неоген-төрттік, қалыпты биіктіктері 150-200 м. Ұсақ өзен аңғарлары және уақытша сулармен қатты тілімденген [15, 16, 17,3].
2.3 Қазіргі бедер құрушы процестер
Зайсан ойпаңының бедер эндогенді және экзогенді процестердің әсерінен құрылған. Климаттық жағдай, гидрологиялық жүйе, тау жыныстарының құрамы бедер құруда елеулі әсер етеді. Эндогенді процестер жер қойнауындағы радиациялық ыдырауының әсерінен пайда болады.
Табиғи компонеттерді зерттеумен Мәскеудің, Санк-Петербургтің, Алматының география және геология университеттерінің мүшелері айналысты. Г.В.Гельдыеваның жетекшілігімен география институтының ғалымдары бедер түзуші процестерді және бедер пішіндерін зерттеген. Сонымен қатар, жекелеген табиғи компонентерді, соның ішінде флювийлік процестерді зерттеумен Шығыс Қазақстанның географтары айналысқан [18].
Бедер түзуші процестер генетикалық жағынан төмендегідей типтерге бөлінеді: 1/ флювиалды; 2/ көлдік; 3/ эолдық; 4/ үгілу процестері; 5/ беткейлік; 6/ антропогендік.
Флювийлік процестер. Ағынды сулар әрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювилік (латынша fluvius-ағын, тасқын) процестер деп атайды. Зайсан ойпаңының аридті зонада орналасқанына қарамастан, флювийлік процестер бұл жерде кеңінен таралған, аллювийлік және аллювийлік-пролювийлік бедер пішіндері басым кездеседі. Аллювийлік және аллювийлік-пролювийлік жазықтар көбінесе ойпаттың оңтүстік бөлігінде, Сауыр Тарбағатай таулы жүйелерінен ағып жататын өзендердің бойында байқалады.
Бедер құруда аллювийлік процестерге өзеннің эрозиясы және аккумуляция процестері тән. Эрозия әсіресе Қара Ертіс, Ертіс; Қалжыр, Күршім, Кендірлік, Басенька, Жіңішкесу өзендерінің арасында қарқынды дамыған. Өзендік аккумуляция әсерінен жайылма, жайылма үсті террасалар, атыраулар пайда болады. Зайсан ойпаңындағы аллювийлік-пролювийлік және пролювийлік экзоморфогенез жыралы эрозия және уақытша ағын суының әсерінен туатын процестер түрінде болады. Жыраның құрылуы Қалжыр, Тақыр-Күршім өзендер аралықтарында, Шакелмес, Қарабөрік (Қарабүйрек), Керші, Ащытас, Ақтөбе таулы аудандарында көп дамыған. Шаккелмес таулы ауданында кейбір жыралардың ұзындығы 1-1,2 км, ені 10-18 м, тереңдігі 2-5 м-ге ұшыраған және Оңтүстік Зайсан маңындағы эрозиялық керпештерде, әсіресе Қамысзауыт ауданында жыра процесі қарқынды түрде дамып жатыр. Бұл жерде қазір стационарлық бақылау жүргізілуде. Жыралардың ұзындығы 500-600 м, кей біреулері 1 км-ге жетеді. Жыра жүйесі Күршім және Кедірлік өзендерінің оң жақ жағауларында, Теректі өзенінің сол жағалауында дамыған.
Аккумуляциялық әсерлерге өзендердің террассалары, атыраулары, жайылмалары және ысырынды конустары жатады. Ысырынды конустар Сайқан жотасының етегінде, Алкөбек өзенінің оң жақ жағалауында, Тақыр, Қалжыр өзенінің таудан шығар жерінде, Кедірлік, Үйдене, Жеменей өзендерінде дамыған.
Осылайша өзендер және уақытша су ағындары бедерді біршама өзгертеді. Өзеннің аккумуляциялық әсер нәтижесінен жазықтың көлемі ұлғаяды, ал эрозиялық әсерден бұзылады [19].
Көлдік процестер. Зайсан ойпаңының көп бөлігін Зайсан көлі алып жатыр, бедер құрушы процестерге әсерін тигізеді. Судың толысу және қайту нәтижесінде жағалау маңында қысқа алап (белдеу) пайда болады. Бұл процестің бедер құрылуындағы басты фактор- жел. Желдің бағыты және қарқындылығы бедер құрушы процестердің аккумуляциялық немесе эрозиялық екендігін анықтайды. Зайсан ойпаңының территориясында екі бағыттағы күшті желдер соғуда: батыстан оңтүстік-батысқа және жазда батыстан солтүстік-батысқа қарай, ал қыста шығыстан-солтүстік-шығысқа ауытқитын желдер басым осы жағдай батыс және оңтүстік-батыс жағалауындағы абразионды бедер пішіндерінің, ал солтүстік, солтүсті-шығыс және батыс жағалауда аккумуляциялық бедер пішіндерінің құрылуына әсер етеді. Зайсан ойпаңының территориясында жағажай солтүстік-шығыс жағалауда және солтүстік-батысында Ақсу өзенінің сағасында таралған. Жағажай- қарапайым аккумулятивтік пішін, жағалаулық акккумуляциясы күрделі бедер пішінінің пайда болуын және дамуын анықтауға үлесін тигізді.
Теңіздің қирату әрекеті абразия (латынша abrasio-қыру) деп аталады, абразияның үш түрі бар- механикалық, химиялық және термикалық. Бұл территорияда механикалық абразия басым. Механикалық абразия соқпа толқын әсерінен теңіз, көл жағаларының бұзылып мүжілуі. Оны толқынның шаршып шегінуі тудырады. Теңіз толқыны жағаға жақындағанда жылдамдығы бәсендеп, биіктігі артады да жағаға асып кері шайыла ағыс тудырғанда абразия әрекеті пайда болады. Механикалық абразияның жағаға түсіретін динамикалық қысымы орта есеппен 10 т/м2-ге асатын толқынның гидравликалық соққысы және толқын ықпалымен кейде ішінде салмағы ондаған тоннадан асатын шамбол кесек тау жыныстары бөлшектерінің соққысына тұрады. Абразияның бұл түрі теңіз абразиясының негізгі түрі, осыған химиялық және термиялық абразиялар қабаттасып қатысады.
Егер теңіз толқындары жағаға тік бағытта соқса, жұмырылған кесек жиынтықтар жағаға қарай сыпырылады да, құмдар сумен шайылып қайтадан су астына төмен ығысады. Су толқынының күші баяу болса жағажай шегінде құмнан құралған жол тұзіледі. Басқаша айтқанда теңіздің тайыз шегінде толқындар тарамдарға бөлініп, күші бәсендеген кезде, өзінің шайып әкелген құм-құмайттарды тұндырады. Осының тәтижесінде су түбінің 4-6 м тереңдігінде құмды жолдар қалыптасады. Толқындар оны жағаға қарай баяу сырғыта келе жағажайға ұштастырады. Сөйтіп аккумуляциялық жаға пайда болады [20].
Эолдық процестер. Желдің әрекетіне байланысты геоморфологиялық процестер мен бедер пішіндерін эолдық (грек тілінен ailos-желдің тәңірі, құдыреті) деп атайды. Эолдық аймақтарда: жауын-шашын аз болады, қатты желдер жиі болады, өсімдік жамылғысы жоқтын қасы, тау жыныстарының физмкалық үгілуі басым болады [21].
Зайсан ойпаңының территориясының 4,25 % құмды массивтер алып жатыр. Ойпаттың жығыс бөлігінде Айғырқұм құмды массиві дамыған. Бұл құмды массив төбешікті-қырқалы және барханды, ірі қырқалы болып келеді. массивтің түзілуіне палеоген-неогеннің құмды-сазды шөгінділері, сонымен қатар аллювиалды және көлдік шөгінділер әсер етеді. Құмды массивтің жасы кейінгі және қазіргі төрттік дәуір. Құмдар, сол сияқты, Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында және Ақжан шатқалдарында кездеседі.
Дефляциялық пішіндерге қазаңшұңқырлар жатады, аккумуляциялық пішіндерге-құмды қарқалар, бархандар. Эолдық аккумуляциялық пішіндердің қарапайым түрі- құм үйінділері. Желдің үрлеген бағытына қарай орналасқан бойлық және көлденең эолдық пішіндерді ажыратуға болады. Қырқа құмдар- ұзындығы бірнеше километрге, желдің тұрақты бағытына қарай жаралған құмды тізбек қырқалар. Қырқа құмдардың өздерне тән сипат белгісі- жел жақ беткейі мен ық жақ бекткейінің көлбеулігі және олардың бір-бірінен айырмасы жоқ. Қырқа құмды көбінесе өсімдік басып жатады.
Желдің бағытына көлденең орналасқан пішндерге құм шағылдар (бархандар), бархан тізбекті және параболдық құмды дөңдер жатады. Бархандар симметриясыз, үстінен қарағанда жарты айға ұқсаған жел ескен бағытқа көлденең орналасқан құм бедері.
Эолдық бедер желдің бағытына, құмды шөгінділердің қалындығына, өсімдік жамылғысына, территорияның физикалық-географиялық жағдайына байланысты пайда болады [22,23].
Үгілу процесі. Зайсан ойпаңында үгілу процессі сирек кездеседі, негізінен таулы аудандарда көп таралған. Үгілу қабығының түрі және қалындығы көптеген табиға факторларға байланысты. Оның қалыптасуына алдымен жоғарғы температура мен мол ылғал және тегіс бетті жазық қолайлы. Үгілу барлық экзогенді процестердің бастамасы. Температуралық үгілу аридті зонада тау жыныстарын өзгертеді, үгілудің қарқындылығы жыныстардың құрамына, жарықтарға байланысты. Үгілуде температураның амплитудасы мен өзгеруінің жылдамдығының маңызы зор. Сондықтан, маусымдық температураның тербелуіне қарағанда, тәуліктік температураның тербелуі (10-2000 құрайды) басты әсер береді.
Осылайша температураның қарама-қарсылығы, ауаның құрғақтылығы, өсімдік жамылғысының аздығы шөлді аймақта үгілу процесінің дамуына жағдай жасайды. Нәтижесінде элювий қалыптасады. Ұсақ түйіршікті жыныстардың пайда болуында басты орынды биохимиялық процестер алады. Үгілу қабығының бедер құруда рөлі ерекше. Тау жыныстарының ыдырауының үнемі және маңызды факторы бола тұра, бұл процес басқа экзогендік агенттердің тасымалдануына қолайлы борпылдақ материалын дайындайды да, ауырлық күш арқылы сол материалдарды гипсометриялық төмен жерге ауыстырып әкелуге әсер етеді.
Беткейлік процесстер. Физикалық үгілу ірі беткейлерде опырылып құлау-процестерінің пайда болуына жағдай жасайды. Шөлейттің климаты көшкін процестердің дамуына қолайсыз. Беткейлердің үстінде болып жатқан процестер үгілген материалдардың шайылып жайылуына, тасымалдануына немесе олардың жиналып шоғырлануына әкеп соғады, соның нәтижесінде өнделген және аккумуляциялық бедерлер қалыптасады. Беткейлердің борпылдақ жыныстардың шайылып кетуі түпкі жыныстардың жер бетіне шығуына мүмкіндік бередіде, оның тез үгілуіне жағдай жасайды. Бекткелік процестер беткейлердің жазықталуына және тегістелуіне әкеледі. бекткейлер неғұрлым шегінген сайын, соғұрлым олардың өз-өзінен шөгінген баурайлар бөлігі мүжілу әсерінен жайылып кеми береді. Сонымен шөккен шлейф материалы тау бөктерінен алыстар, азайып кетеді де, нәтижесінде шегінген беткей етегіндегі байырғы жыныстар жалаңаштала бастайды. Осы айтылған процесс барысында беткей етегінде қалыптасқан көлбеу жазықтық, яғни педименттер пайда болады.
Зайсан ойпаңының территориясында өзен аңғарларының беткейлерде пайда болуын, аңғарлық педименттер қалыптасқан. Педименттердің құрылуы көбінесе жыныстардың құрамына байланысты. Зайсан қазаң шұңқырында шөгінді жыныстары төрттік дәуірдің педименттері жақсы бейнеленген. Ірі беткейлерде гравитациялық- опырылып құлау байқалады. Опырылып құлауда алдымен жарықтар пайда болады, жарықтар үзіледі және жыныстардың блоктары бұзылады.
Шөгінділердің құрылуы физикалық үгілуіне байланысты. Үгілудің өнімдері- ұсақ тас, шағыл тас. Механикалық әсерлерден беткейлердің беткі бөлігінде пайда болады, жаңбыр сулары жарылымды кеңейте түседі, беткейдің денудациялық бөлігін тілімдейді. Аккумуляция әсерінен шөгінділердің конусы пайда болады, коллювилік шөгінділер құрылады. Биік тауларда солифлюкция процессі кездеседі [21].
Антропогендік процесстер. Экзогенді процестердің ішінде бедер түзуге қатты әсер етуші процесс- антропогендік. Шаруашылықтың дамуы қоршаған ортаға және бедер түзуші процестерге елеулі ықпал тигізеді.
Зайсан ойпаңының қазіргі бедер құрылуына ауыл шаруашылығы үлкен әсер етуде. Суғармалы егін шаруашылығының көлемі 304 мың га жуық, ойпаттың 10 % (пайызына) жуық жерін алып жатыр. Суғармалы жерлер ойпаттың оңтүстік бөлігінде, тауалды жазықтарында таралған. Суғармалы егін шаруашылығы топырақ құрамын өзгертеді, табиғи кешеннің өзін-өзі реттеуші механизімін және жалпы бедер құрылу заңдылығына ықпал етеді. Қолдан суарылмалы жерлер 186 846,5 га, ойпаттың солтүстік-батыс бөлігінде тауалды биік денудациялық жазықтарда дамыған. Бұл жерлерде көбінесе дәнді-дақылдар, техникалық және жемдік дақылдар өсіріледі. Жердің жыртылуы, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникалар топырақ құмына әсер ете келе, жел мен су эрозиясының белсенді түрде пайда болуына әкеп соғады.
Зайсан көлінің жағалаулық бөлігіндегі бедерінің дамуына Бұқтырма су қоймасының әсері зор болды. Су қойманың салуының әсерінен және Зайсан көлінің су деңгейінің өсуінен абразия процессі қарқынды түрде дамыды. Бұрын байқалмаған жағалаулар пайда болды, төменгі аккумулятивті жағалауларда батпақтану процессі қалыптасқан.
Зайсан ойпаңында мал жайылатын жерлерде, тұяқтың тапталысына ұшырай келе, шөлдену процесінің әкеп соғады.
Әртүрлі антропогендік әсерлердің ішінде жер бедеріне қатты әсер ететін процесс тау кең өндірісі, оның нәтижесінде техногендік бедер қалыптасты. Соңғы жылдары ойпаттың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі кендірлік көмір кең орны көптеп өндіріле бастады, осыған байланысты көмірді тасымалдау жолдары да дамыды. Ашық кеніш аумағы 400 га, тау жыныстарының қалындығы 8м, өндірілетін қабаттың орташа қалыңдығы 5-8 м. Бедердің түпкілікті өзгеруі, табиғи кешеннің қайта қалпына келместей өзгертеді және экологиялық қауіпті аймаққа айналдырады. Құрылыс материал шикізаты 1990-1992 жылдардағы жер сілкінісіне байланысты өсіп кетті. Ашық кеніштегі құмның шикізаты 2-5 м тереңдікте жатыр. Малтатастардың жекелеген ірі ашық кеніші бірнеше гектарды алып жатыр, тереңдігі 6-7 м Қалжыр ауылының оңтүстігінде орналасқан.
Зайсан ойпаңында көлдік жүйе біркелкі таралмаған. Жиі жол жүйесі ойпаттың оңтүстік және солтүстік-батыс бөлігіндегі тауалды бөліктерде дамыған. Бұл жол жүйесі тек қана елді мекендерді емес, сонымен қатар шабындық жерлермен де байланысты. Халық аз қоныстанған және ойпаттың орталық бөлігінде көлік жүйесі әлсіз. Көлік жүйесі Республикалық, облыстық және аудандық маңызды асфальтті жолдар, сонымен қатар далалық, қара жол және биіктелген жолдар деп бөлінеді. Көлік жолдары бедер пішініне әсер етуінің нәтижесінде экзогенді процестер, жыра процестері, жазықтың шайылуы, дефляция және т.б. процестер дамиды.
Антропогендік әсер Зайсан ойпаңының бедер құрылуына қатты әсер етеді, антропогендік бедер, геоморфологиялық процестер пайда болады.
Зайсан ойпаңы Шығыс Қазақстан облысындағы маңызды ауыл шаруашы-лық ауданына жатады. Бұл ауданда қолдан суармалы және суғарылмайтын егін шаруашылығы, мал жайылымы дамыған. Антропогендік процестер әсерінен бұл жерде жыра құбылысының дамуы, сонымен қатар шөлдену процесі қар-қынды түрде жүріп жатыр. Бұл территория 9 ауданға бөлінген: Орталық, Көкпекті, Күршім, Қалғұты, Қалжыр, Оңтүстік-батыс, Қандысу, Қара Ертіс.
Орталық аудан геоморфологиялық жағынан кайназой шөгінділерінен құрылған аккумляциялы көлдік-аллювилі және аллювилі-пролювилі жазықты болып келеді. Қарастырылып отырған аудан сейсмикалық 6 балл зонасында жатыр. Топырағы құба, әлсіз сазданған, кейбір жерлерде сорлар, сортаңдар, тақырлар кездеседі. Бұл ауданда Зайсан көлі орналасқандықтан бедердің құрылуына әсерін тигізеді, бұл жердің бедері әлсіз тілімденген. Бұл аудандағы бедер түзуші процестер-абразиялық жағалау, батпақтану. Аудан негізінен мал жайылымына қолданылады.
Көкпекті ауданы делювийлі-пролювийлі еңістенген аккумляциялық жазық. Геологиялық жағынан төменгі-ортаңғы төрттік дәуірдің шөгінділерінін құрылған. Аудан 6 балдық сейсмикалық зонада жатыр. Топырағы қою-каштанды, ашық каштанды топырақтар таралған. Бұқтырма су қоймасының сол жақ жағалауында құмдар дамыған. Ауданның көп бөлігі жайылымдық мал шаруашылығына қолданылады. Бұл жерде бұталы-жусанды өсімдіктер таралған. Территорияда шайылу, жыра процестері дамыған.
Күршім ауданы Бұқтырма су қоймасының оң жақ жағалауында орналасқан. Геоморфологиялық жағынан делювийлі-пролювийлі аккумляциялық жазық. Бұл жерде күмбез тәрізді төбешіктер мен белесті бедер пішіндері басым. Геологиялық жағынан палеозойлық және кайназойлық шөгінділерден тұрады. Төрттік шөгінділер элювийлі-делювийлі және аллювийлі-пролювийлі жыныстардан тұрады. Аудан 6 балдық сейсмикалық зонада жатыр. Топырағы таудың каштанды және тауалды құба топырақтар. Күршім өзенінің аңғарында қамысты-шалғын дамыған. Бұл ауданда жыра процесі қарқынды жүріп жатыр. Аудан шабындық ретінде пайдаланады.
Қалғұты ауданы Күршім және Қалғұты өзендерінің аралықтарында орналасқан. Аудан бедері палеоген неоген шөгінділерінен құрылған денудациялық белесті жазық. Аудан 6 балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Таудың каштанды және қара топырағы дамыған, бұл аудан орташа тілімденген аймаққа жатады. Өсімдігі дәнді-жусанды, бұталы-жусанды болып келеді. Аудан шабындық мал шаруашылығына қолданылады.
Қалжыр ауданы Зайсан ойпаңының солтүстік-шығысында орналасқан. Геоморфологиялық жағынан палеозой және кайназой шөгінділерімен жабылған қырқалы-белесті болып келеді. Аудан 7 балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Таудың каштанды, сұр-құба топырақтарынан тұрады, өсімдігі дәнді-жусанды, бұталы-жусанды болып келеді. Аудан негізінен суармалы егін шаруашылығына қолданылады.
Қара Ертіс ауданы биіктігі орта есеппен 3-5 м болатын ірі қырқалар мен бархандар дамыған төбешікті-қырқалы, төбешікті бекітілген және әлсіз бекітілген құмдардың үйлесуінен тұратын Айғыр құм құмды массивінде орналасқан. Төбешіктердің арасында сор және сортаңдар таралған, өсімдігі жартылай бұталы, теріскенді болып келеді. Аудан 7 балдық сеймикалық зонада орналасқан. Мұнда мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Кендірлік ауданы палеозой шөгінділерінен құрылған тектоникалық денудациялық төбешікті болып келеді. Аудан 7 балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Кендірлік ауданында қоңыр көмір өндіріледі. Топырағы каштанды, таудың сұр-құба топырағынан тұрады. Өсімдігі дәнді-жусанды, бұталы-әртүрлі шөпті, жусанды далалы өсімдіктер кездеседі. Аудан бедері қатты тілімденген. Бұл жерде дәнді жемістер егетін суармалы егін шаруашылығы дамыған.
Қандысу ауданы кайназой шөгінділерінен құрылған, аллювийлі-пролювийлі, аккумлятивті жазық. Аудан 7 балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Топырағы тауалды ашық каштанды, қою каштанды, шалғанды каштанды топырақтардан тұады. Өсімдігі жусан, бұта, типчакты. Аудан негізінен шабындық жерлерге жатады.
Оңтүстік-батыс аудан аллювилі-пролювилі жазыққа жатады. 6 балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Топырақ-өсімдік жамылғысы ашық каштанды, шабындық және каштанды топырақта өсетін бұталар, жусандар, типчактардан тұрады. Аудан мал шаруашылық жайылым жер ретінде қолданылады [22,24].
2.4 Бедердің горизонтальді және вертикальді тілімденуі
Зайсан ойпаңының территориясының 80 пайызын әлсіз тілімденген жерлер алып жатыр. Бұлар Зайсан маңының батыс және оңтүстік батыс әлсіз тілімденген аллювиалды-пролювиалды жазықтары және солтүстік Зайсан маңының көлдік террасалары, көлдік аллювиалды жазықтары. Бұл жерге Қара Ертіс өзенінің сол жақ жағалауларындағы құмды массивтер жатады. Бұл жердегі құмды массивтердің орташа биіктігі 3-5м, құмды массивтер өсімдіктермен әлсіз бекітілген. Қырқалар желдің бағытына байланысты бағытталып созылған. Құмды массивтердің құрылуы үшін аллювилі және көлдік шөгінділер қарқынды әсер еткен. Әлсіз тілімденген аймаққа сонымен қатар Күршім және Қалғұты өзендерінің ортаңғы ағысы жатады. Бұл жер қатпарлық негізіндегі денудациялық жазық болып табылады. Бедердің әлсіз тілімденуінің себебі көптеген өзендердің көлге суының жетпеуінен және жауын-шашын мөлшерінің аздығынан. Тілімдену тек өзен аңғарларында байқалады. Зайсан ойпаңының орташа тілімденеген жерлері бедердің 13 пайызын алады. Мұндай жерлерге Зайсан ойпаңының солтүстік және оңтүстік маңының денудациялық тегіс жазықтары өзендердің еңістенген жерлеріндегі ысырынды конустар және өзендердің тармаққа бөлінген жерлері, сонымен қатар қырқалы –белесті төбешіктер жатады. Ойпаңның ортаңғы бөлігімен салыстырғанда мұндай жерлер тек қана өзеннің еңістенген жерлеріне ғана емес, сонымен қатар жауын-шашын мөлшерінің көптігіне байланысты.
Қарастырылып отырылған территориялардағы қатты горизантальді тілімденген аймаққа оңтүстік Зайсан маңының адырлы бедері, Күршім өзенінің ортаңғы ағысы, сонымен қатар Қалжыр өзенінің аңғары жатады. Бұл жерлерде лесс тәрізді саздақтар таралған. Бұл аймақтарда жыра процестері қарқынды түрде жүріп жатыр. Жыралардың морфологиялық құрылымы және дамуы тау жыныстардың құрлымына, жер бедеріне, климат жағдайларына байланысты. Бұлардың пайда болуына эрозиялық процестермен қатар топырақтың шөгу құбылысы, сілтісіздендіру, ылғалдандыру, суффозия және т.б. құбылыстар жатады. Жыра эрозиясы халық шаруашылығына елеулі зиян келтіретін табиғи апат. Жыралардың өсу жылдамдығы су ағының қуаттылығымен шайылатын жыныстардың сипатына байланысты. Жыралар көбнесе лесс тәрізді топырақ түзілген өңірлерде кеңінен таралған. Жыралардың көлемі 4-18 м/ге жетеді. Жыра эрозиясымен қарсы күрес жүргізу үшін алдын ала сақтандыру әрекеттеріне назар аудару керек.
Сызықтық эрозия эрозия процестерінің қарқынды дамуына халық шаруашылығы үлкен әсер етеді, лесс тәрізді саздақты жерлерді қолдан суару арқылы егін шаруашылығын қолданғандықтан және ирригациялық жүйенің қарқынды дамуы бедленд тәрізді бедердің дамуына әсер етеді де территориядағы топырақ құнарсыз жерге айналады, осылайша территориялардағы әлсіз тілімденбеген аймақтарға көлдік-аллювиалдік және аллювилі-пролювилі генезистегі төмен аккумляциялық жазықтар жатады. Тілімдену процестері адырлы бедерге тән.
Вертикалді бағыттағы әлсіз тілімденген жерлер Зайсан ойпаңының 60 пайызын алып жатыр. Вертикалді тілімденудің қарқындылығының әлсіздігі территорияның гипсометриясына байланысты. Территорияның орташа тілімденуі солтүстік және оңтүстік Зайсан маңының төбешікті аймақтарында дамыған, сонымен қатар қалдықты ұсақ шоқыларда, эолды жазықтарда, денудациялық тегіс жазықтарда дамыған. Мысалы Шақкелмес тауы, Үшқара, Ақтөбе, Ащытас таулары. Бұл ұсақ шоқылар тектоникалық жағынан горст антиклинорий болып табылады, өзендері палеозой жыныстарының, ал қанаттары палеоген жыныстарынан құрылған, бұл жерде жыра процестері көп дамыған, әсіресе Шақкелмес таулы аймағында жыралардың ұзындығы 1-1,5 км созылған. Ені 18 м. Шақкелмес тауы Зайсан көлінің жағалаулық зонасында жатыр. Бұл жерге вертикалді тілімдену тән және жағалаулық өңдеу процестері дамыған.
Территориядағы қатты вертикалді тілімденген аймаққа ойпаңның таумен қоршалған аймақтары және қалдықты таулар жатады. Зайсан ойпаңының орталық зонасынан, оны қоршап жатқан тауларға дейін тілімдену өсе береді және тілімдену ауданның тектоникасымен байланысты [3].
ІІІ. ЗАЙСАН ОЙПАТЫНЫҢ НЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
3.1 Тектоникалық құрылысы
Жердін беті ешқашан тыныштық қалпында болмайды. Жер бетінінің бір бөлігі баяу көтеріледі де, басқа бөлігі баяулап ойысып төмен түседі, ал үшінші жерде қарқынды қатпарлы процестер жүріп жатады. Тектоникалық қозғалыстардың негізгі қайнар көздері-жер айналуының механикалық энергиясы, радиоактивтік заттардың ыдырауы, гравитациялық энергия және жер қойнауындағы жылу ағындары мен әр түрлі физикалық-химиялық процестердің энергиясы.Соңғы кездерге дейін ғалымдар тектоникалық қозғалыстарды үш түрге бөлетін-қатпарлану қозғалыстары, айырылып-ажырау дислокациялары және қабаттардың жатыс пішінін бұзбай өтетін, аумақты кеңістікті қамтитын баяу тік бағыттағы тербелмелі қозғалыстар. Кейінен тектоникалық қозғалыстардың негізгі бағыттарына сәйкес, жер қыртысының екі негізгі тектоникалық қозғалыстарын бөлетін болды, олар-тік бағыттағы жәнеи жазық бағыттағы қозғалыстар.Осы екі қозғалыстар жеке өз алдына бөлінуімен қатар, өзара байланысты, әдетте қозғалыстардың бір түрі екіншісінің қалыптасуына себепкер болады. Бұлар жер қыртысы ірі блоктардың тік бағытта және жазық бағытта жылжып ауысуымен ғана сипатталып қоймай, әр масштабты қатпарлы және айырылып-ажырау дислокацияларын да туғызады [25].
Зайсан ойпаңында қалыптасқан шөгінділерге және оның жан-жағын қоршап жатқан тауларға ірі тектоникалық фазалар әсер еткен.Әр тектоникалық кезеңде қатпарлықтар, жарылымдар және тербелмелі құрылымдар қалыптасқан,қазіргі уақытта олар бір-бірінін үстінде жатыр.Зайсан ойпаңының қазіргі уақытта бұрынғы алабының шекарасы тұтастай сақталмаған.Неоген дәуірінің соңындағы қарқынды тектоникалық процестер Зайсан ойпаңының алғашқы құрылымдық ауданын өзгертті, шекарасы күрделене түсті. Зайсан ойпаңының бұрынғы көлемді шекарасы Алтай, Сауыр тауларының етектерінде қалдықты дақ ретінде сақталған.
Зайсан ойпаңы негізінен палеозой іргетасының жыныстарынан құрылған жайпақ синклинальды ойыс.Ойпаңның қазіргі тектоникалық құрылуы өте күрделі жолмен қалыптасқан.Сонғы болған қарқынды процестер ойпаңның сатылы болып құрылуына әсерін тигізді.Зайсан ойпаңының ірі құрылымдық бірліктері-бүйірінің маңындағы сатылар, олар-солтүстік, оңтүстік, батыс бүйірлерінде және ойпаңның орталық бөлігіндегі-орталық иілімде қалыптасқан. Ірі құрылымдық бірліктерді өзара ұсақ бөліктерге жіктеуге болады, бұлар антиклинальдық қатпарларда және мұнай іздеуде маңызды орын алады.
Оңтүстік бүйір. Зайсан ойпаңы оңтүстігінде екі таулы массивпен-шығысында Сауыр және Маңырақ жоталарымен, ал батысында Батыс Тарбағатай жоталарымен шектеседі. Сауыр және Маңырақ жоталарының солтүстік беткейлері ойпаңға қарай төмендей береді, мезозой-кайнозой шөгінді жамылғыларында сатылар үш жерде қалыптасқан-шығыста Сарыбұлақ, Зайсан қаласының маңында Жеменей және батыста Кенсай.Жекелеген бөліктерде қарастырылып отырылған шекара жылжымалармен қабаттасады. Батысында Маңырақ жотасының төмендеген жерінде Батыс Маңырақ сатысы анық байқалады. Батыс Тарбағатайдың солтүстік беткейлерін бойлай Ақсуат сатысы созылып жатыр.
Сарыбұлақ сатысы Сайқан жотасының етегінен Теректі өзеніне дейінгі аралықты қамтып жатыр.Бұл жерге қарқынды дислокациялық жас шөгінділер тән. Бұл ауданың геологиясын В.П. Нехорошев, Д.В.Дробышев, сонымен қатар В.А.Кузнецов және Е.И.Домникова зерттеген,олар Сарбұлақ қатпарлығын қалыпты антиклиналь деп қарастырды. Сарыбұлақ өңірінің маңында екі ірі құрылымдық зоналар өтеді-Шақпақты иілімі және Екі өзенді моноклиналь. Шақпақты зонасы шығысында Ақсиыр-Қалмақбай суайрығына дейінгі аралықты қамтып жатыр,оңтүстігінде ортанғы палеозойдың Жаңартаулық шөгінділерімен шектеседі.Екіөзендік моноклиналь-негізінен Ақжар, Сарыбұлақ кен қабаттарынан құрылған.Бұл жерде үшінші дәуірдің шөгінділері өте жақсы дамыған ені 4 км-ге жуық моноклинальды құрайды.
Жеменей сатысы. Зайсан ойпаңының оңтүстік өңіріндегі көтерілімдерінің ішіндегі Жеменей сатысы Сауыр-Маңырақ таулы жүйелерінің ішіне енетін тектоникалық құрылым. Жеменей бөлігінің құрылуы ірі кайназой иілімі түрінде көрінеді, орталық бөлігінде палеозойлық массив Кішкене тау көтерілімі көтерілген.Жеменей сатысы солтүстігінде амплитудасы 2000м ірі лықсымамен тілімденген (жанасады) көптеген бөлігі Зайсан қаласының ауданында жатыр.
Кенсай сатысы. Маңырақ жотасының солтүстік-шығыс етегі ені 10км-ге жуық зонаға бөлінеді.Бұл зона Үйдене өзенінің бастауынан Сарыбұлақ көтеріліміне дейін созылып жатыр.Бұл зонада мұнай іздеу жұмыстары, геофизикалық және бұрғылау жұмыстары жүргізілген. Кенсай сатысы Зайсан ойпанының терен иілген бөлігі болып табылады. Кенсай сатысын Маңырақ жотасынан бөлетін лықсыма батысында Батыс-Маңырақ сатысымен шектесетін кертпештермен жалғасады.
Батыс-Маңырақ сатысы Қызылқайын өзенінен Еспе көтеріліміне дейінгі аралықты қамтиды. Геофизикалық мәліметтерден, сонымен қатар геологиялық бақылау нәтижелерінен Батыс-Маңырақ сатысын Маңырақ жотасының жас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Батыс Маңырақ сатысының құрылуына-жоғарғы,ортаңғы палеозой іргетасының шөгінділері әсер еткен.Жоғарғы палеозой шөгінділері 200м қалындықта эффузивті, құмды, сазды жыныстардан тұрады.Еспе көтерілімі палеогеннің гипсті жыныстарынан құрылған аса үлкен емес көтерілім. Ақжар антиклинальін К.В.Курдюкова және М.М.Смелов ашқан.Ақжар ауылынан солтүстік-батысқа 10км-ге созылып жатыр.
Батыс Тарбағатайдың тау алды етегін бойлай көлемді Ақсуат сатысы созылып жатыр.Қарастырылып отырылған зона солтүстік-шығысында Ақмектеп гравитациялық минимуммен, ал оңтүстік-батысында Шығыс Тарбағатаймен және Батыс Тарбағатаймен шектесіп жатыр. Ақсуат сатысының Бұғаз сатысымен шекарасы Базар өзенінің аңғарымен өтеді. Ақсуат сатысының солтүстік-шығыс бөлігіне солтүстік-батыс бағыттағы гравитациялық максимум тән. Екінші максимум Жаман және Жақсы Арғанаты тауларының солтүстік беткейлерінде байқалады. Ақсуат көтерілімінің магнитті өрісі 0-400гамм аралықта ауытқиды. Ақсуат зонасының тектоникалық құрылуы жағынан екі бөлікке бөлінеді-шығыс және батыс. Олардын арасындағы шекара Темерсық өзенінің бойымен өтеді.Қарастырылып отырылған сатының шығыс бөлігі Шығыс Тарбағатайдың солтүстігінде жатыр. Тау алды жоталардың палеозойдың ірі массивтері Жақсы және Жаман Арғанаты таулары жатыр. Жаман Арғанатының оңтүстік-батыс беткейінде лықсымалық шығулар болып жатады. Тектоникалық қозғалыстардын нәтижесінен пайда болған бұл жердегі ең ірі құрылым-Жарсы антиклиналы. М.М.Васльевский 1912-1913ж.ж. зерттеу жұмыстарында Ақсуат сатысының Батыс-Тарбағатаймен шекарасында палеозой және үшінші дәуірдің шөгінділері стратиграфиялық үйлесімді жатқаның көрсеткен.
Батыс өңір. Зайсан ойпанының батыс бөлігін Курайлы үстірті алып жатыр,бұл жер аз зерттелген. Батыс өңірдің шекарасы солтүстік-шығысында Көкпекті және Ақсу өзендері, ал оңтүстік-батысында Бұғаз өзендері арқылы өтеді. Зайсан ойпаңының Батыс өңірі көтерілген аймақ, Орталық ойыспен кертпештер арқылы бөлінеді. Зайсан ойпанының батыс өңіріндегі көтерілімді Бұғаз сатысы деп атайды. Қурайлы үстіртінің беткейлері өте жайпақ және қатты тілімденген.Бұл жердің қимасында төртік дәуірге дейінгі шөгінділердің арасында үшінші дәуірдің саздары және құмдары ғана кездеседі.
Солтүстік өңір. Зайсан ойпанының солтүстік өңірі Солтүстік саты мен оған жанасып жатқан Ақжан сатысына бөлінеді. Солтүстік сатыға әртүрлі құрылымдар қатысты. Геофизикалық мәліметтер Солтүстік сатыны үш бөлікке бөледі. Д.Н. Годин Зайсан ойпаңының солтүстік бөлігін палеозой іргетасында қалыптасқаның көрсетті. Солтүстік саты мен Ақжан сатысын жалғастыратын зона Боран зонасы деп аталады. Солтүстік саты Зайсан көлінің солтүстік жағалауынан Көкпекті ауылына дейінгі аралықты қамтып жатыр. Сатының оңтүстік-шығыстағы шекарасы Қара Ертіс өзенің бойлай палеозой іргетасында жатқан Боран кертпешімен өтеді. Солтүстік саты оңтүстігінде Зайсан көлінің жағалауындағы Ақмола ауылына дейін созылған Монукой кертпешімен шектеседі. Солтүстігінде Солтүстік зона палеозой жыныстарынан құрылған Алтай және Қалба жоталарының тау алды етектерімен шектеседі. Солтүстік саты геофизикалық ерекшеліктері бойынша үш бөліктен тұрады. Прохлодной ауылынан Ертіс өзені аралығында батыстан-солтүстік-батысқа созылып жатқан гравитациялық қырқа байқалады. Ертіс өзенінен Тақыр өзеніне дейін созылған гравитациялық қырқалар тұрақты қалыптасқан. Ауытқу зоналары батыстан-солтүстік-батыс бағытта созылып жатыр. Тек шығыста Тақыр және Қалжыр өзендері аралықтарында бағытын оңтүстік-шығысқа шұғыл өзгертеді. Бұл жерлерде Шақкелмес, Қарабөрік, Керіш және Мұрын-Толағай көтерілімдері таралған. Солтүстік сатынның палеозойлық құрылуының негізі үш түрлі жыныстардың комплексінен тұрады-ортанғы палеозой, жоғарғы визей және пермь. Алғашқы екі жыныстар қатты іргетасты құрайды, ал үшіншісі палеозой және кайназой кезендерінің ортасындағы борпылдақ жыныстар. Үшінші дәуірдің шөгінділері Солтүстік сатының барлық жерінде таралған. Үшінші дәуірдің жыныстарының бұзылуы қарқынды жүрген, әсіресе олар Монукой кертпештерінде қарқынды дислоцирленген. Солтүстік қанаттың антиклиналды құрылымдары — Ашутас көтерілімі, Қара Ертіс өзенінің оң жағалауынан, Боран ауылына дейінгі аралықта 15-км-ге созылған Ашутас тауы жатыр. Бұл жер үшінші дәуірдің флорасына бай. Қара Ертіс өзенінің аңғарында Ашутас тауы ірі кертпештермен үзілген. Ашутас тауының солтүстік беткейлері жайпақ, шөпті жамылғылармен жабылған. Мұрын-Толағай көтерілімі Боран ауылынан Қара Ертіс өзенінің жағалауына дейін аралықты қамтып жатыр, антиклиналды көтерілімнің денудациялық сақталып қалған бөлігі болып табылады. Мұрын-Толағай көтерілімі Ашутас және Нұра кен қабаттарынан тұрады.
Ұзынқара көтерілімі. Мұрын-Толағай тауының оңтүстік батысында солтүстік-шығыс бағытта қысқа қырқалы Ұзынқара көтерілімі жатыр. Керіш антиклиналы Мұрын-Толағай тауының солтүстік-батысындағы антиклиналды көтерілім. Керіш антиклиналының щығыс бөлігі Қарабөрік-Керіш тау тізбектерімен жалғасады. Керіш тауы 4км-ге созылып жатыр, оның солтүстік-шығыс қанаты жайпақ қырқалардан тұрады. Бұл жерде Ашутас және Нұра кен қабаттары ашылды.
Қарабөрік көтерілімі Керіш тауынан 30-км-ге созылып жатыр. Қарабөрік көтерілімінің оңтүстік және батыс етектерінде үшінші дәуірдің шөгінділері таралған. Солтүстік Монукой антиклиналы Монукой ауылынан солтүстік-солтүстік-шығыс бағытта 15км-ге созылып жатыр. Кін-Керіш тауы бұл антиклиналдың оңтүстік-батыс қанатында орналасқан. Е.Н. Петрованың мәліметтері бойынша бұл жерде геофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген, бұл антиклиналь миоцен дәуірінің шөгінділерінен құрылған. Қатпарлықтың ұзындығы 3 км, ені 2 км.
Қызылжар көтерілімі. Зайсан көлінің жағалауының бойында Барқыт және Баклан мүйістерінің маңында аса үлкен емес үш көтерілімдер созылып жатыр-Қызылжар, Шақкелмес, Көкжар. Көкжар көтерілімі Барқыт мүйісінің солтүстік шығысында жатыр. Шақкелмес көтерілімі палеозойлық массив болып табылады, үшінші дәуірдің шөгінділерінен құрылған. Солтүстік Барқыт антиклиналың алғаш 1951 жылы А.Н. Сачук және З.А. Акульчева зерттеген. Бұл Қатпарлықтың ұзындығы 12-13 км, ені 2,5-3,0 км. Қатпарлық миоценнің шөгінділерінен құрылған, күмбезі қатты шайылған. Ашутас антиклиналы Солтүстік Барқыт антиклиналының солтүстік шығысында 15 км-ге созылып жатыр. Бұл қатпарлық жайпақтау болып келеді, ұзындығы 10-12 км, ені 3,5 км. Антиклиналь миоцен дәуірінің жыныстарынан құрылған. Барлық қарастырылған қатпарлықтарға асимметриялық құрылу тән. Солтүстік саты екі кертпештермен шектеседі-Батыста Монукой, ал шығыста Боран кертпеші. Б.П. Нехорошев Зайсан ойпанының солтүстік шекарасында Қалжыр өзенінен батысқа қарай аймақтық жарылымдар өтетінің анықтаған.
Ақжоң сатысы солтүстігінде Боран кертпешімен, ал оңтүстігінде оңтүстік Ақжоң кертпешімен шектеседі. 1954 жылы Ақжоң сатысында сейсмикалық жұмыстар жүргізілді.Бұл жерде үшінші дәуірдің шөгінділерінің қалындықтары 100-150 м-ден аспайды.Күмбездің биіктігі 600 м, батыс-солтүстік-батыс бағытта 30 км-ге созылып жатыр. Геофизикалық мәліметтер бойынша Ақжон шоқысы екі бөлікке бөлінеді-батыс және шығыс бөлік. Бұл жердің беткі бөліктерінде кристалды тақтатастар және граниттер кездеседі.
Орталық иілім. Зайсан ойпаңының орталық иілім зонасы 2-10 км-ге созылып жатыр, ені 40-50 км. Орталық иілім оңтүстік-батысында Сауыр және Маңырақ жоталарының сілемдерімен аяқталады, Батыс-Маңырақ сатысы мен Ақсуат сатысының беткейлерімен шектеседі. Орталық иілім батысында Батыс қанаттың Бұғаз сатысымен шектеседі, ал солтүстік шығыста солтүстік сатының беткейлерімен және Ақжоң сатысымен шектеседі. Ең алғаш 1942 жылы Ю. Н. Годин орталық иілімді геофизикалық әдістер арқылы анықтады. Геофизикалық мәліметтер бойынша орталық зонаның іргетасы негізінен эффузивті жыныстардан құрылған ортаңғы палеозойдың метаморфты жыныстарынан тұрады. Ойпаңның батыс бөлігінің шекарасы Құсты өзенімен Зайсан көлінің шығыс жағалауы болып табылады. Орталық ойпаңның батыс бөлігіндегі магниттік өріс 600 гамм. Топалев көтерілімі 1953 жылы зерттелді. Көтерілімнің ені 4,5 км ұзындығы 900км ге созылып жатыр
Қара Ертіс сағасының блогі. Қара Ертіс өзенінің сағалық блогінің магниттік өрісі қалыпты, оңтүстікке қарай өсе береді, солүстік бөлігінде 500гамм ға жетеді, ал оңтүстік батысында 100 гамм. Жайдақ блогі бұл құрлымды бөлік орталық иілімнің блоктарының ішінде жақсы зерттелген. Батысында Қара Ертіс өзенінің сағасының болгімен, шығысында Үйдене өзені мен шектеседі. Солтүстік шығысындағы магниттік өріс 700 гамм, оңтүстік батысында және оңтүстік шығысында магниттік өрісі төмендеу. Сеисмикалық зерттеу жұмыстар Қарабұлақ ауылынан Ақарал ауылының аралықтарында түгелдей жүргізілді. Жайдақ блогінің шығысында солтүстікке созылған Дайыр блогі жатыр. Дайыр блогінің шығыс шекарасы Теректі өзені арқылы өтеді. бұл территорияда сеисмикалық және бұрғылау жұмыстары жүргізілген. Орталық иілімнің шығыс бөлігі Қаратал блогі мен аяқталады [3, 26, 27].
3.2 Неотектоникалық сипаттамасы
Тектоникалық құрылымдар мен бедер піщіндерінің қалыптасуын қамтамассыз еткен, неоген-төрттік кезенде етек алған тектоникалық қозғалыстарды неотектоникалық қозғалыстар деп атайды. Неотектоникалық қозғалыстар-қазіргі кезде бедердің құрылуына ең басты себепкер. Бұл жердің дамуындағы ең соңғы кезеңі, яғни неоген-төрттік кезеңде орын алған қозғалыстар. Осыны дәлелдеу үшін ТМД елінің гипсометрикалық картасы мен неотектоникалық қозғалыстар картасын салыстыруға болады. Осы карталарда оң бағыттағы баяу тік тектоникалық қозғалыстар аймақтарына жер бедерінде жұқа қабатты төрттік шөгінділермен қапталған кең жазықтар, үстірттер сәйкес келеді. Қарқынды тектоникалық төмен түскен аймақтарға неоген-төрттік кезеңнің қалың қабаттармен шоғырланған ойпатты жазықтар сай келеді. Ал қарқынды, көбінесе оң бағыттағы тектоникалық қозғалыстар аймақтарына биік таулы өлкелер сәйкес келеді.
Сөйтіп неотектоникалық қозғалыстар әсерінен ең алдымен жер қыртысының топографиялық беті өзгеріп, деформацияға ұшырайды және әр түрлі оң және теріс бедер пішіндері қалыптасады. Жердің топографиялық бетінің өзгерілуі арқылы тектоникалық қозғалыстар ондағы шайылу және шоғырлану аймақтарын белгілеп және соның салдары есебінде жер бетінде денудациялық және аккумуляциялық аймақтарының орналасуын алдын ала анықтап береді. Неотектоникалық қозғалыстардың жылдамдығы және амплитудасы экзогендік процестердің қарқынына елеулі әсер етіп, бедер пішіндерінің морфологиясы мен морфометриясына көрініс береді [28].
Геологиялық құрылымдардың жер бетінде көрініс беруі неотектоникалық қозғалыстардың сипаттамасына, олардың әректтілігіне, тау жыныстарының литологиялық құрамына және нақты физикалық-географиялық жағдайларға байланысты. Кейбір құрылымдар жер бетінде тура, яғни қаз-қалпында көрініс берсе, екінші өңірлерде айналмалы бедер пішіндері қалыптасады, ал үшінші жағдайда жер бетінде әр түрлі өтпелі бедер пішіндері, яғни қаз-қалпында көрініс берген пішіндерден айналмалы бедер пішіндеріне дейін кездестіруге болады. Жер бедер мен геологиялық құрылымдардың өзара байланысы әр түрлі болуы, әдетте, шағын құрылымдарға ғана тиесілі, ал ірі құрылымдар жер бетінде көбінесе қаз-қалпында көрініс береді.
Жер бетіндегі эндогенді және экзогенді процестердің өзара қатынасы нәтижесінде басты рөлді эндогенді процестер атқарған жағдайдағы пішіндерді морфоқұрылым деп атайды. Осы түсінікті алғаш рет И.П. Герасимов енгізген. Бірқатар зерттеушілер морфо-құрылымдар тек қана қарқынды, ал қашалған пассивті құрылымдарды литоморфоқұрылымдар деп атайды.
Қазіргі кезде геологиялық және геоморфологиялық деректерге қарағанда жер қыртысы әр жерде әр түрлі деформацияларға, яғни тербелмелі, қатпар құру және айырылымды қозғалыстарға ұшырайды. Қарқынды тектоникалық қозғалыстарды альпілік қатпарлы және қазіргі геосинклин белдемдерде байқауға болады.
Н.И. Николаевтың және тағы басқа зерттеушілердің пікірі бойынша жер бетінің қалыптасуында тік бағыттағы қозғалыстардың маңызы өте зор. И.П. Герасимов литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сүйене отырып, қазіргі бедердің құрылу тарихын үш микрооралымға бөлген. Бірінші оралымға мезозой кезінде болған, біртұтас Пангея материгі шегінде қалыптасқан, глобалдық пенпленді жатқызады.
Мезозой дәуірінің соңғы кезіндегі екінші макроцикл – Пангеяның ыдырауы, материктер бедерінің өзгеруі және мұхит ойпаңдарының пайда болуы. Осы кезде мезозойлық пенпленнің орнында құрлықты платформаның қазіргі бедерінің ежелгі фрагменттері түзелген, ал тақталар жапсарланған жікті белдемдерде-мезозой-кайнозой дәуірінің орогендік белдемдері құрылды. Үшінші оралым плиоцен-плейстоцен кезенің қамтиды. Бұл кезде жаңа динамикалық факторлар пайда болды. Яғни ежелгі мұздық жамылғысының және сол себепші болған дүние жүзінің мұхит деңгейінің эвстатикалық тербелісінің әсерінен кең аумақты аккумуляциялық жазықтар қалыптасқан.
Бедер пішіндерінің қалыптасуына осындай түсінік бере отырып, И.П. Геросимов жердің геологиялық тарихында неоген-төрттік кезендедің шегінен тыс ерекше геоморфологиялық кезенді белгіледі. Ол қазіргі бедердің морфогенезіне жер қыртысының тік бағыттағы және жазық бағыттағы қозғалыстарының бірдей әсер еткеніне ерекшк назар аударды.
Неотектоникалық қозғалыстардың пайда болуын әр түрлі геоморфологияық белгілер арқылы анықтауға болады. Олардың кейбіреулеріне мысал-1. Климат өзгеру әсеріне байланысты емес теңіз және өзен террасаларының қалыптасуы; 2. Теңіз және өзен террассларының және ежелгі денудациялық тегістелген аймақтардың деформациялануы; 3. Жоғары көтерілген, терең және жиі ойдымдалған тау алқаптары; 4. Пенеплен үстіндегі тектоникалық жарлымдардың болуы ; 5. Денудацияланған тектоникалық кертпештер; 6. Сатылы бедердің түзілуі; 7. Теңіз эвстатикалық тербелуіне байланысты емес, теңіз жағалауындағы пішіндердің төмен батып кетуі; 8. Сатылы карстың үңгірлері мен беткейлерінде кар пішіндерінің түзілуі; 9. Аңғарлардың антецеденттік үлескілерінің қалыптасуы. Антецеденттік аңғарлары-өзен суының жолындағы кездескен тектоникалық көмпимелерді тіліп шаюынан қалыптасқан аңғарлар.
Жаңатектоникалық қозғалыстарды, олардың тікелей белгілерінен басқа, жанама белгілері арқылы да байқауға болады. Мысалы, тектоникалық көтеріліске ұшыраған аңғар бөліктері тектоникалық тұрақты үлескілемен салыстырғанда, ойдымдылық жиілігімен және едеуір тереңділігімен сипатталады. Мұндай жерлерде аңғарлардың көлденең және бойлық кескіні-түбі терең, тік жағалы, тар шатқал аңғарлардың морфологиясына ұқсап кетеді.
Сөйтіп, қазіргі бедердің қалыптасуы екі негізгі бедер құратын факторлардың үздіксіз динамикалық әрекетінен, яғни тектоникалық процестер мен мүжілу және аккумуляциялық процестердің өзар байланысы әрекетінің салдарынан болады. Неоген –төрттік кезеңде орын тепкен жаңатектоникалық қозғалыстардан басқа, ғалымдар қазіргі тектоникалық қозғалыстарды ажыратады.
Қазігі тектоникалық қозғалыстар деп қазіргі кезде тікелей көзбен шолып байқалатын, сонымен бірге аспапты бақылаумен зерттелетін жер қыртысының қозғалысын айтады. Мұндай қозғалыстар әр түрлі аспаптарды қолдану әдістерімен зерттеледі: Тарихи-ареологиялық әдіс, құрылыстық-картографиялық әдіс, су деңгейін өлшейтін бақылау әдісі, қайталанып жүргізілетін жоғары дәлдікті нивелировка әдісі. Қайталап нивелирлеу жұмыстары сонымен қатар сейсмикалық аймақтарда жер беті деформациясын арнайы зерттеу үшін жүргізіледі. Осы жағдайда жер сілкіну үлескілерінде қатпарлау және айырылып – ажырау деформациясының зерттеліп айқындалуына мүмккіндік береді.
Жаңатектоникалық кезеңде территорияның морфоқұрылымын анықтаушы гетерогенді құрылым құрылды. Геологиялық-геофизикалық зерттеудің нәтижесінде, территорияның палеозой дәуіріне дейінгі іргетасының құрылуы әртүрлі блокты болды. Территорияның іргетасы көптеген блоктардан-жарылымдарға бөлінген көтерілімдер мен иілімдерден тұрады. Солтүстік батысқа созылған көтерілімдер мен иілімдердің жекелеген блоктары ендік бағытта созылған жарылымдар жүйесінде дамыған. Территорияның палеозой дейінгі іргетасының әртүрлі құрылымы Шығыс Қазақстанның морфоструктурасының құрылуына үлкен әсер етті. Қозғалыстың басым белгісін бедерде екі структураға бөлуге болады-орогенді көтерілімдер (таулы жоталар) және иілімдік аудандар (ойпаңдар). Орогенді көтерілім аудандарына Алтайдың кейінгі геоструктурасы жатады. В.В. Белоусов, Н.И. Николаев, С.С. Шульцем және тағы басқа ғалымдардың қарастырылулары бойынша Алтай геоструктурасы тектоникалық структураның жаңа типі және кайназой дәуірінде іргесі қаланған және дамып жатыр. Осы структураның жаңа типінің экзогенді процестердің өзара әсерінің нәтижесінде Шығыс Қазақстан бедерінің қазіргі кескіні қалыптасты [27].
В.С. Ерофеев мәліметтері бойынша ерте-ортаңғы палеогенді Алтайдың жаңа құрылымының негізі қаланды. Олар үш ірі құрылымға бөлінеді: Алтай көтерілімі, Алтай алды ойысы және Алтай көтерілімінің сыртқы тізбегі.
Жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен құрылған құрылымдардың жүйелері: субендік бағытта созылған қатпарлы-жақпарлы тектоникалық құрылымдар. Алтай көтерілімі орталық құрылым болып табылады, оның құрамына Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба горст антиклинориі кіреді. Сводтық көтерілімнің ені 350-600 км, оның көп бөлігі эпикаледондық қатпарлы ауданда жатыр және тек оңтүстік,оңтүстік-батыс бөлігі Ертіс –Зайсан зонасының маңында шығып жатыр. Альпілік тектоникалық қозғалыстардың әсерінен бұл жердегі көне қатпарлы таулы жүйелер қайтадан көтерілген. Зайсан ойпаңы мен Шар-Семей құрылымды өлкесінде интрузиялық жыныстар мен шөгінділер көбірек қалыптасқан. Бұл құрылымдар блокты құрылған. В.Ф. Ерофеев бойынша Алтай көтерілімінің сыртқы тізбегіне Саур және Тарбағатай құрылымдық аудандары да кіреді. Басқа ғалымдардың көзқарастары бойынша Саур және Тарбағатай таулары Алтай таулы жүйелеріне жатпайды. Біріншіден Саур және Тарбағатай антиклинориі оңтүстік-шығыс Қазақстанның көне каледондық таулы құрылымдарының құрылуы кезінде құрылған, бұл таулы жүйенің өзінің геологиялық тарихы бар. Екіншіден оңтүстік-шығыс Қазақстанның таулы құрылымдарының неотектоникалық жүйесінде Саур және Тарбағатай антиклиноринің, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань құрылымдары сияқты өзінің құрылымы болады.
Қарастырылып отырған Зайсан ойпаңы Алтай маңындағы ең төмен ойыс. Бұл ойпаң батыс-солтүстік-батыс бағытта 290 км созылып жатыр, ойпаңның орташа ені 110-120 км, ауданы 30-32 мың км. Зайсан ойпаңы әр түрлі қалыңдықта кайназой шөгінділерімен толтырылған грабенді синклинорий, бұл ойпаң солтүстік-шығысында Алтай таулы жүйесінен және оңтүстік батысында Саур Тарбағатай таулы жүйелерін бөліп тұр. Стратеграфиялық мәліметтер және ойпаңда жатқан литологиялық жыныстар неотектоникалық аумақты анықтайды.
В.С. Ерофеев бойынша Зайсан ойпаңы палеозой іргетасындағы тектоникалық құрылымдардың ерекшеліктеріне, жауып жатқан кайназой шөгінділерінің қалыңдығына, тектоникалық қозғалыстарға, сонымен қатар геофизикалық ерекшелігіне байланысты ойпаң үш тектоникалық зонаға бөлінеді: Солтүстік-шығыс, Орталық және Оңтүстік-батыс.
Солтүстік-шығыс тектоникалық зонасы жер бедерінде ең көтеріңкі зона,оңтүстік Алтай таулы жүйе көтерілімдерімен жалғасып жатыр және Зайсан аймағындағы жаңарған жарылым бойынша орталық зонадан бөлініп жатыр. Бұл зона Зайсан ойпаңының солтүстік-шығыс шеткі бөлігін алып жатыр. Солтүстік-шығыс тектоникалық зона солтүстік-батыс бағытта 250 км созылып жатыр. Ені 30-60 км жетеді. Қазақстанның шекарасынан батысқа қарай 100-500 м созылып жатыр. Зайсан ойпанының солтүстік-шығыс зонасының оңтүстік Алтаймен тектоникалық шекарасы анық байқалады. Ауданның оңтүстік-шығысында оңтүстік Алтай көтерілімі Зайсан ойпаңынан тектоникалық кертпештер арқылы бөлінеді. Тектоникалық кертпештер Бұқанбай тау сілемдерінің оңтүстігінен Қалжыр өзенінің сол жағалауына дейін 50 км созылып жатыр. Кертпеш бағытын солтүстік-шығыста шұғыл өзгертеді және тағы 30-35 км дейін созылады. Кертпештің ені 300-ден 800-1000 м дейін жетеді. Кертпештің етегінен өтетін жарылым Тақыр өзенінің таудан шығар алдындағы сол жақ жағалауында жылжымалық тән екендігі байқалады. Жылжыманың тегістігі 50-60 анықталады.
Солтүстік-шығыс тектоникалық зонасының бедерінің көп бөлігі төрттік шөгінділердің жабылуымен сәйкес келмейтін, палеоген-неогеннің дислоцировалық шөгінділерден құралған денудациялық жазық болып табылады.
Зайсан көлінің солтүстік жағалауына биік көлдік терраса сәйкес келеді. Жаңа тектоникалық қозғалыстардың жиынтық амплитудасы солтүстігінде 0-ден, оңтүстігінде 300 м дейін ауытқиды. Шығу тегі дифференциалдық қатпарлы-жақпарлы қозғалыстармен байланысты болғандықтан, жақпарлы тектоникада негізгі орын алатындықтан, солтүстік-шығыс тектоникалық зонасы өзінің құрылымдық екінші қатарында күрделене түседі. Жер бедерінде анық бейнеленген жекелеген қалдықтар және тау тізбектері екінші қатардың оң құрылымдарына ие: Қарабөрік, Ақтөбе және Шақкелмес. Құрылымның қанаты палеоген жыныстарынан, ал ядросы палеозой жыныстарынан құрылған. Горст антиклинальдің солтүстік тізбегі бедерде куэсталық көтерілім түрінде бейнеленген. Бұл көтерілімдерде палеоген-неоген жыныстары жақсы сақталған. Бұл құрылымдар ғарыштық түсірімдерде анық бажайланған.
Жаңа блоктық қозғалыстардың нәтижесінде бедерде тура және кері бейнеленетін, үшінші қатардағы құрылымға жататын жергілікті құрылымдар пайда болады.
Пайда болған жаңатектоникалық құбылыс материалдың аккумулияциясын және негізгі бұзылу ауданың құрастырады және бедер құрушы процестерді анықтайды. Күрделі қабатты жазықтардағы көтерілімдердің қалдықтарында өзен аралық ұсақ шоқы массивтерінде басты бедер құрушы процестерге-сорғалап аққан су шайып кеткен жерлер, су жырып кеткен жазықтар, ал жекелеген жерлерге жыра эрозиясы жатады. Бұл процестердің дамуы бедердің морфометрикалық морфологиялық ерекшеліктерімен, литологиялық жыныстарымен және олардың физикалық-химиялық құрамымен, гидроклиматтық және биогендік факторлармен анықталады.
Бедердің тұйықталған төмен жерлеріне, көбінесе синклиналдық құрылымдарға негізінен сор және тақыр жерлер таралған. Ақтөбе көтерілімінің маңында басты бедер құрушы процестер-эолдық процестер болып табылады. Бұл жердегі құмды массивтердің пайда болуына негізінен жаңа тектоникалық құрылу әсерін тигізді. Ғарыштық түсірімдерді бажайлағанда ірі қырқалы төбешікті пішіндердің созылып жатқаны байқалады. Солтүстік-шығыс тектоникалық зонаның ішкі құрылысы қатты плитадан тұрады, бұл плита жас тектоникалық қозғалыстарға, жергілікті құрылымдардың құрылуына әсерін тигізеді, көбнесе бұл жерлерге жақпарлы және қатпарлы-жақпарлы пішіндер тән болып келеді.
Зайсан ойпаңыңдағы солтүстік-шығыс және орталық тектоникалық зоналарды бөліп тұратын басты фактор ірі аймақтық жарылым. Бұл жарылым 300 км-ге созылып жатыр, ежелден іргесі қаланған жарылым болып табылады. Жарылым солтүстік-батыс бағытта бүкіл Зайсан ойпаңының бойымен өтеді және Зайсаның аймақтық жарылымы деп аталады. Бұл жарылымда геофизикалық және геологиялық зерттеулер жүргізілген. Гравиметрикалық картада бұл жарылым ҚХР-дың шекарасынан Орынтау тауына дейін созылып жатыр, жарылымның бойындағы ауырлық күшінің градиенті жоғары. Жарылымның оңтүстік-шығыс бөлігі морфологиялық тұрғыдан ірі кертпеш түрінде бейнеленген. Жарылым батыста Мұңлықсор көлінен 4-5км-ге созылып жатыр. Жарылымның бойымен Қайнар бұлағы сияқты көптеген бұлақтар жер бетіне шығып жатыр. Бұл кертпешті В.К. Василенко Оңтүстік Ақжон кертпеші деп атаған. Кертпеш 30км-ге созылып жатыр, сейсмикалық қимада палоген-неоген шөгінділерінен құрылғаны көрсетілген. Жарылымның вертикалды қозғалысының максимальды амплитудасы 600 м, ал жарылымның солтүстік-батысы Қара Ертіс өзенінің оң жағалауы болып табылады, амплитудасы 400 м.
Үшқара ұсақ шоқысының оңтүстігінде және Монукой ауылының солтүстігіне таман ауырлық күшінің градиенттінің жоғарғылығы солтүстік-шығысқа ауытқиды. Қарастырылып отырылған жарылым осы жерде солтүстік шығысқа созылады. Осы жерден Зайсан аймақтық жарылымынан солтүстік-батысқа екі тармағы таралады. Жарылымның тармақтарының біреуі Қарабөрік және Кін-Керіш көтерілімдері бойымен өтеді, бұл тармақтар аэроғарыштық түсірімдерде жақсы бейнеленген. Зайсан аймақтық жарылымының батыс бөлігі палеоген-неоген шөгінділерінен құралған, бұл жерде қызыл және әр түрлі түсті саздар мен аргиилиттер таралған.
Зайсан ойпаңының солтүстік батысындағы Зайсан аймақтық жарылымы морфологиялық тұрғыдан кертпеш түрінде бейнеленген, кертпеш Қарғандыкөл ауылынан 25-30км-ге созылып жатыр. В.Н. Любецко және Н.Г. Куликовтың мәліметтерінде бұл жердегі тектоникалық кертпештер бұрғыланған. Қарастырылып отырылған аймақтық ірі жарылым бойымен қозғалыстар қазіргі кездеде әлі жүріп жатыр. Жас тектоникалық қозғалыстар жергілікті құрылымдардың құрылуына әсерін тигізеді, көбінесе жақпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымдар тән. Осы зонаның орталық бөлігінде қазіргі кезде Кін-Керіш, Ашутас және тағы басқа антиклинальдар шығып жатыр, олардың арасында синклиналдар жатыр.
Брахиантиклинальдық қатпарлықтардың пішіндері және көлемі палеозой іргетасының блогындағы-палеозой ядросына байланысты. Құрылымдардың қанаттарының бұрыштары әртүрлі, көптеген жергілікті антиклинальдардың құрылымдарының ядросы шығып жатыр, ол эрозияға байланысты. Олар-Ақтөбе, Қарабөрік, Шақкелмес және тағы басқа горст-антиклинальды көтерілімдер.
Қарабөрік горст-антиклинальды көтерілімі бедерде қысқа тізбекті Қарабөрік ұсақ шоқыларын құрайды, ендік бағытта 30 км-ге созылып жатыр. Бұл ұсақ шоқының тізбегі палеозой іргетасының жыныстарынан тұратын горс-антиклинальды көтерілім болып табылады. Бұл құрылымның ядросы палеоген-неоген жыныстарымен жабылған, құрылымның қанатын құрайды. Құрылымның солтүстік қанаты Қарабөрік тауының етегі жарылымдармен күрделенген. Құрылымның оңтүстік қанаты жайпақтау болып келеді және солтүстік Зайсан, Турангин кең қабаттарының жыныстарынан құралған, оңтүстігінде құлау бұрышы 5-6, 10-12. Бұл жерлерде қысқа жарылымдар кездеседі. Қарастырылып отырған құрылымның орталық және батыс бөлігі палеоген жыныстарынан тұрады. Қарабөрік горст-антиклинальді көтеріліміне ұсақтау қатпарлық пен жақпарлық тән.
Бұл жерлерде жас тектоникалық қозғалыстар жиі болып тұрады. Бұл құрылым солтүстік-батыс бағытта 2 км созылып жатыр, ені 650-700 м. Қатпарлықтың ядросы палеозой іргетасының жыныстарынан құрылған және бедерде ұсақ шоқы түрінде бейнеленген. Бұл құрылым денудацияға қатты ұшыраған, бұл жерлерде қызыл түсті саздар, аргелиттер таралған. Бұл құрылымның солтүстік-шығыс қанатына лықсымалар мен жылжымалар тән. Солтүстік-шығыс зонаның жергілікті құрылымдарында көбнесе жақпарлық және пликативті дислокациялар басым.
Орталық зона құрылымдық тұрғыдан жылжымалы иілім, солтүстік-батысында көтерілімдер мен иілімдер көп қалыптасқан. Орталық зона Зайсан ойпаңының неғұрлым төмен түскен жері болып табылады, солтүстік-батыс бағытта 240 км созылып жатыр, орташа ені 45 км, солтүстік-батыста құрылым шұғыл тарылады. Иілімнің ауданы 11000км. Орталық зонаның іргетасы тереңде қалыптасқан және жас шөгінділер қабаты өте қалың 2000 м жетеді. Бұл зонаның Қазақстандағы шекарасы солтүстігінде Зайсан аймақтық жарылымымен, оңтүстік-шығыста Сайқан және Маңырақ жоталарын бойлай, оңтүстік-батыста Арқарлы көтерілімінің бойымен өтеді. Жаңа тектоникалық қозғалыстардың жиынтық амплитудасы 500-1500 м дейін аралықта ауытқиды. Бұл зонада көмір шикізатын анықтау үшін бұрғылау жұмыстары жүргізілген. Ойпаңның бұл бөлігінің морфометрикалық анализін В.С. Ерофеев, Л.А. Линевой жүргізді. Геофизикалық жұмыстардың және бұрғылаудың нәтижесінде орталық тектоникалық зона бес құрылымға бөлінеді: Сайқан маңы, Батыс Зайсан, Маңырақ маңы иілімдері, Сайқан және Маңырақ көтерілімдері жатады.
Сайқан маңы иілімі-қарастырылып отырған тектоникалық зонаның оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Сайқан маңы иілімінің солтүстік-шығыс өңірі Зайсан аймақтық жарылымымен, ал солтүстік-батыс және оңтүстік-батысында Сайқанның белес тәрізді көтерілімімен шектеседі. Бұл иілім 75 км созылып жатыр, ені 22 км. Гравиметрикалық картада ойыс ассиметриялы. Ауырлық күші төмен, Сайқан маңы иілімін кайназой шөгінділері жапқан. Бұрғылау жұмыстары нәтижесінде ойпаңның орталық және солтүстік-шығыс бөлігінде неоген дәуірінің қызыл түсті карбонатты жыныстары кездеседі. Бұл бедер түгелдей дерлік аккумлятивті жазық болып келеді. Бұл иілімде тұзды көл, сор және иілімнің бойымен батпақты жерлер таралған.
Сайқан көтерілімі солтүстік-батыс бағытта Сайқан жотасының солтүстік етегінен Зайсан көлінің жағалауына дейін 100 км созылып жатыр. Бедер белес тәрізді болып келеді, Сайқан маңы және Маңырақ маңы иілімдерін бөліп тұр. Қарастырылып отырған көтерілімдерде геофизикалық әдістер арқылы негізінен кайназой шөгінділер таралғандығы анықталған. Сайқан көтерілімінің палеозойлық іргетасы карбонның эффузивті шөгінді жыныстарынан құрылған. Сейсмикалық қимада бұл шөгінділер көтерілімнің негізгі бөлігін алып жатыр, оның үстіне қалыңдығы 1500 м кайназой шөгінділері жауып жатыр. Сайқан маңы ойысының және Маңырақ маңы ойысында кайназойлық шөгінділердің қалыңдығы 1800-2000 м жетеді. Сайқан жотасы Сайқан көтерілімдерінен жылжымалар арқылы бөлініп жатыр. Палеозой іргетасындағы жергілікті жақпарлы құрылымдардың көп дамуы Сайқан жотасының солтүстік етектерінде байқалады. Сайқан жотасын ірі жақпарлы құрылым деп қарастырған дұрыс. Бұл құрылым космостық түсірімдерде, гидрожүйелік суретте жақсы нұсқаланған. Құрылымның оңтүстік-шығыс бөлігінде таулы жүйелердің қоршауына қатысты көтерілімде қозғалыстар жүріп жатыр. Ал солтүстік-батыс бөлігі төмендей түседі.
Маңырақ маңы иілімі Зайсан ойпатының неғұрлым төмен түскен аймағы. Орталық зонаның басқа бөліктерінен Маңырақ және Сайқанның белес тәрізді көтерілімдерімен бөлінген. Қарастырылып отырған ойыс батыс-солтүстік-батыс бағытта 130 км созылып жатыр, ені 25-42 км алып жатыр. Маңырақ маңы иілімінің солтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерінде палеоген-неоген шөгінділері шығып жатыр. Бұл шөгінділердің көп бөлігі оның оңтүстік батысындағы Сауыр Тарбағатаймен шекарасында шығып жатыр. Маңырақ маңы ойысының ішкі құрылуы геофизикалық мәліметтер бойынша анықталған. Гравиметрикалық картада бұл ойыс ірі гравитациялық минимум түрінде бейнеленген. Маңырақ маңы иілімінің құрылуы үш құрылымдық сатыдан тұрады: қарқынды дислокацияланған палеозой іргетасы, жоғарғы палеозой-мезазойдың шөгінділері, кайназой жыныстарының шөгінді жамылғысы. Егер Алтай тауының оңтүстігіндегі альпілік-тектоникалық құрылымдар картасына талжасайтын болсақ, онда Маңырақ маңы иілімінің оңтүстік-шығыс жалғасы болып, Сауыр Тарбағатайдың Кендірлік мульдасы болып табылады. Бұл жерлер жоғарғы палеозой және мезазой шөгінділерінен құрылған. Сауыр Тарбағатайдың альпілік-тектоникалық дамуында Зайсан ойпанының орталық зонасы төмен түсті. Иілімнің солтүстік бөлігі Зайсан көлінің суымен толтырылған. Ал оңтүстік бөлігі тегіс солтүстік-батысқа еңістенген аллювилі-пролювилі жазық болып келеді.
Маңырақ көтерілімі жайпақ белес тәрізді Маңырақ маңы ойысымен батыс Зайсан ойысын бөліп тұр және Маңырақ жотасының солтүстік-батыс жалғасы болып табылады. Геофизикалық карталарда көтерілімнің өте анық гравитациялық максимумы байқалады. Маңырақ көтерілімі доға тәрізді бейнеленген, осы доғаның орталық бөлігінде Маңырақ көтерілімінің төмен түскен жері жатыр. Бұл көтерілім оңтүстік-шығысында жергілікті құрылымдармен күрделенген, олар Толағай, Үлкен Тектұрмас және т.б. көтерілімдер. Бұл жерде ортаңғы карбонның эффузивті шөгінді қабаттары жатыр. Көтерілімнің солтүстік-шығыс қанатында жоғарғы палеозойдың әктастары, құмдақтары және жанатын тақта тастар ашылған.
Батыс Зайсан иілімі ұзындығы 170 км созылып жатыр, ені 25-50 км алады. Орталық тектоникалық зонаның солтүстік-батыс шеткі бөлігін алып жатыр. Батыс Зайсан иілімі Маңырақ және Арқарлы көтерілімдерінің арасында жатыр, солтүстік-шығысында Зайсан аймақтық жарылымымен шектеседі. Бұл жерде түгелдей дерлік төрттік дәуірдің шөгінділері жауып жатыр. Оңтүстік-батысында Арқарлы көтеріліммен шектеседі. Бедері толық еңістенген, аллювилі-пролювилі түрде және континенталді атыраудың қосылуынан құралған тегіс аллювилі атыраулы жазық.
Зайсан ойпаңының орталық зонасына сипаттаманы аяқтай отырып, ол жерде таралған жергілікті тектоникалық құрылымдарға қысқаша сипаттама беретін болсақ, бұл құрылымдар Сайқан және Маңырақ көтерілімдерінің бойында жатыр. Морфологиялық жағынан солтүстік-шығыс тектоникалық зонаның құрылымдарымен ұқсас. Құрылымдардың морфологиясы және пішіндері әртүрлі. Орталық зонаның жаңа тектоникалық құрылымы қазіргі бедер құрудағы аккумлятивті және денудациялық процестердің даму ауданын анықтайды. Жоғары көтерілген блоктардың қозғалысына эрозиялық тілімденудің жиілігі мен тереңдігі тән болып табылады, сонымен қатар бұндай жерлерде лесс тәрізді саздақтар дамиды. Блоктың төмен түсу нәтижесінен көбінесе су шайып кеткен жазықтар, аллювилі-пролювилі және делювилі аккумляциялық материалдар және батпақтану процесі дамиды.
Оңтүстік-батыс жаңа тектоникалық зонасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа дейін 180 км созылып жатыр, ені 40-50 км. Оңтүстік-шығысында Арқарлы көтерілімімен, оңтүстік-батысында Сауыр Тарбағатай жақпарлы көтерілімімен шектесіп жатыр. Неотектоникалық қозғалыстардың амплитудасы 300 м 3000 м дейін ауытқиды. В.С. Ерофеев бұл зонаны Ақжар және Ақсуат иілімдеріне және Арқарлы көтерілімдеріне бөлген.
Арқарлы белесті көтерілі солтүстік-батыс бағытта созылып жатыр. Оңтүстік-шығыста көтерілім бойы шұғыл көтеріледі де бедерде Жаман және Жақсы Арғанатты таулары түрінде көрініс береді. Космостық түсірімдерде бедер пішінінің жарылымдарының оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батысындағы шекарасы анық бажайланған. Құрылымның солтүстік және солтүстік-батыс беткі бөлігі кайназой шөгінділері жауып жатыр. Оңтүстік-батыс жаңа тектоникалық зона иілімі бедерде солтүстікке қарай еңістенген аллювилі-пролювилі жазық түрінде бейнеленген. Жаңа тектоникалық қозғалыстардың орташа жиынтық амплитудасы 200-300 м арасында. Иілімнің оңтүстік шеткі бөлігінде Сауыр Тарбағатай көтеріліміне тән қозғалыстар жүріп жатыр, ал қалған бөліктерінде төмен түсу, иілу процестері жүріп жатыр. Бұл зона шеткі оңтүстік-шығыс бөлігінде батыс Зайсан ойысының бөлігі болып табылатын Ақжар ойысына бөлінген. Ойыстың солтүстік-шығыс қанатында ауырлық күшінің градиенті өтеді. Ақжар ойысының солтүстік-шығыс қанатында Турангин және Тұзқабақ кең қабаттары ашылған. Құрылымның оңтүстік-шығыс қанаттарында Жаман Арғанаты тауының етегінде палеогеннің жыныстары кездеседі. Қарастырып отырған тектоникалық зонаның оңтүстік-батыс шеткі бөлігін Ақсуат ойысы алып жатыр. Ақсуат ойысы солтүстік-шығысында Арқарлы көтеріліммен шектесіп жатыр. Ақсуат ойысы солтүстік-батыс бағытта 85 км созылып жатыр, ені 30 км алады. Ақсуат ойысында ауырлық күшінің минимумы байқалады. Бұл жерде неоген дәуірінің қызыл түсті карбонатты жыныстары жатыр. Ақсуат ойысының көп бөлігін палеоген-неоген шөгінділері алып жатыр.
Жаңа тектоникалық құрылу зонасы бұл жердегі ойыс маңындағы қарқынды аллювилі-пролювилі процестерді және эрозиялық процестерді анықтайды. Геологиялық, геоморфологиялық, геофизикалық мәліметтердің талдағанда және аэрокосмостық материалдарды бажайлағанда қазіргі бедер құрылуға жарылу, бұзылу елеулі әсер ететіні көрсетеді. Жас жарылымдардың ұзындықтары қысқалау және көбнесе субендік бағытта және субмеридиональді бағытта созылып жатыр. Ойпаңның оңтүстік Алтай жақпарлы көтерілімімен, Сайқан және Маңырақ жоталарының шекарасында шапшымалы жылжымалық байқалады. Палеозой іргетасындағы жылжымалардың үйіндісі ойпаң жаққа қарай бағытталған. Блоктың көтерілуі және төмен түсуі нәтижесінде көтерілімдер мен ойпаңдар бедерде жақсы байқалады. Морфоқұрылымдар бедер пішіні ретінде басты ландшафт құрушы фактор. Сондықтан жаңа құрылымға блоктылық тән. Блоктың шекарасы жер қабығының әр түрлі тереңдегі жарылымдармен өтеді.
Палеогеннің аяғында және миоценнің басында бұл аудан күшті тектоникалық қозғалыстардың орталығы болды. Жарыламдар бойымен ауысқан блоктардың вертикальді амплитудасы неотектоникалық этапта 7000-8000м жетті. Тектоникалық процестердің қарқындылығы төрттік дәуірде жүрді, әсіресе көзге түсерлік қозғалыстар ерте-ортаңғы төрттік дәуірде болды, бұл кезеңде бедердің негізгі элементтерінің құрылуы аяқталды. Ортаңғы төрттік дәуірде солтүстік-батыс бағыттағы жарылымдардың белсенділігі артты. Бұл жерде вертикальді қозғалыстармен қатар горизантальді қозғалыстарда жүріп жатты. Ауысқан блоктар жарылымдар бойымен бұзылған пішіндердің пайда болуына жағдай жасады, жекелеген өзен аңғарлары және таулар мен жоталардың құрылуына әкеп соқты.
Соңғы тектоникалық импульсер ортаңғы және кейінгі төрттік кезең аралықтарында өтті. Қазіргі кездегі жарылымдар жүйесі өте көжәне әр түрлі. Үнемі болып тұратын жер асты дүмпулері жарылымдағы қозғалыстарға байланысты, ал олардың күші блоктардың ауысу көлеміне байланысты. Осылайша геологиялық-геоморфологиялық мәліметтердің талдауынан Зайсан ойпаңының негізгі бедері жаңа тектоникалық этап кезінде құрылғанын көреміз. Жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде бедердің негізгі типі және иілім ен көтерілім зонасына қатысты қазіргі бедер құрушы процестердің аккумлятивті және денудациялық таралуының заңдылықтары анықталады [3].
3.3 Жер сілкінісі
Жер сілкіну деп жер қойнауының потенциалдық энергияларының кездейсоқ кенеттен босанып шығуын және қазіргі тектоника процестермен байланысты жер бетінің тербелуін, жойқын шайқалуын атайды. Тектоникалық процестермен байланысты қуатты кернеулер жердің астында ондаған, жүздеген жылдар бойы жиналады. Сол қуаттардың босап шығуы, жер сілкіну ошақтарындағы тау жыныстарының тектоникалық бұзылысымен және ошақтар маңындағы қайтымды деформациялар серпінді тербелу күйінде тарайды. Сөйтіп жердің тереңдіктерінде үнемі кернеулер жиналып, олар тау жыныстарының беріктік шегіне жеткен кезде жарылу пайда болады, потенциалды қуат кинетикалық қуатқа ауысып кернеулер бәсендейді, ал жер қойнауынан босаған энергия серпінді толқындар түрінде тектоникалық жарылымдар бойымен жер сілкіну ошақтарынан жан-жаққа тарап, жер бетіне дейін жетіп, жер асты дүмпуі немесе жер бетінің тербелуі түрінде сезіледі. Негізгі жер асты дүмпуімен қатар алдын-ала дүмпулер форшоктар (ағылш «фор»-алдыңғы, «шок»-соққы) және кейінгі-афтершоктар (ағылш «афтер»-соңғы, кейінгі) дүмпулер болады. Осылайша, әрбір жер сілкінулер серпінді энергиялардың босануынан пайда болады. Бұл жағдайда бір-біріне қатысты жер қыртысының блоктары жыртылу жігі бойымен бірден ауысады. Ал серпінді толқындар бойлық, көлденең және үстінгі толқындарға бөлінеді.
Басқа эндогендік факторларға қарағанда, жер сілкіну бедердің қалыптасуында айрықша рол атқарады. Жер сілкінудің геоморфологиялық ролі тектоникалық жарылымдардың жер бетінде сейсмикалық жік түрінде пайда болуымен сипатталады. Жер қыртысының блоктары тік бағытта және жазық бағытта ауысуынан, кейде тіпті иілім деформациясының қалыптасуынан білінеді [27].
Сонымен қатар көтерілген блоктардың қыр бөліктерінде ұзынан-ұзаққа созылып жатқан біршама тік құлаған кертпештер де кездеседі. Мұндай сейсмотектоникалық кертпештер жарылымның жыртылу жігінің созылу бағытымен параллель қалыптасады, кертпештердің биіктігі белгілі дәрежеде блоктардың тік бағыттағы орын ауысу мөлшерін сипаттайды.
Жер сілкінгеннен кейін көп жағдайда жер бетінде опырық тектес тектоникалық құрылым пайда болады. Жер бетінде олар әр мөлшердегі ойыс түрінде түзілетін пішіндер. Жер сілкіну әсерінен қаздырылған кейбір табиғат құбылыстары өте маңызды бедер құрушы рол атқарады. Жер асты қатты тербелістердің әсерінен тауларда құламалы тік жарлар, өзен және теңіз жағаларындағы опырылмалар сусымалы түзілімдер, ал ылғалды жерлерде-сырғымалар және топырақ қалқымалары қалыптасады.
Жарылым белдемдері жер қыртысының көп майдаланған және икемделген белдеуі болғандықтан, жер асты сулары осы жарылымдар бойымен жер бетіне шығып, қайнар бұлақтардың көздерін ашты. Кейде тектоникалық жарылымдар бойымен құрылған пішіндер планда солардың қалыптасқан бағытына орай орналасады [29].
Жер сілкіну жер бетінде әркелкі таралған. Жер сілкінулердің географиялық таралуы жер бетінде біркелкі болмайтындығы кездейсоқ оқиға емес. Оның себебі, жер қыртысының жеке аудандарының геологиялық даму тарихының өзіндік ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Жалпы айтқанда, жер сілкіну әрекеттері қозғалмалы белдеулерде жиі байқалады. Жер сілкіну белдеулері әдетте жаңа тектоникалық аймақтарда ұшырасады. Эндогенді бедер құрылу жер қыртысында жүріп жататын жылдам сейсмикалық процестермен, сонымен қатар ақырын тербелістермен байланысты. Бұрынғы СССР-дің сонымен бірге Қазақстанның жер қыртысының вертикалды қозғалыстар картасына талдау жасағанда Зайсан ойпаңының территориясының жер қыртысының қозғалыстары аз зерттелген. Қазіргі кезде жер қыртысының вертикалды қозғалыстарын анықтайтын негізгі әдіс геодезиялық невелирлеу. Осы әдіс Жаңғыз төбе-Зайсан аймағында жүргізілген. Қарастырылып отырған территория құрылымдық-тектоникалық жағынан Орталық тектоникалық зонаға жатады.
Делювийлі-пролювийлі шөгінділермен жабылған, карбон жыныстарынан құрылған белесті ұсақ шоқылар, голоцендік ауданға тән шамалы төмен түскен. Бұл жердің градиентінің жылдамдығы және қарқындылығы орташа есеппен алғанда жылына 100 км 0,4 мм жетеді. Плейстоцен-голоцен кезіндегі аллювилі-пролювилі жазықтар қарқынды түрде төмен түскен аймақтарға жатады. Градиентінің жылдамдығы жылына орташа есеппен 100 км 1,2-1,5 мм болады. Картада жаңа тектоникалық территорияға Батыс-Зайсан иілімі жатады, бұл жерде аллювилі-пролювилі аккумляция процестері дамыған.
Дифференциалды бағытталған, голоцендік қозғалыстары қарқынды аймақтарда градиенттің жылдамдығы орташа есеппен 1,5 мм жетеді. Қарастырылып отырған аймақтағы қазіргі қозғалыстарды территорияда әлсіз бейнеленген көтерілімдер мен ойыстардан көруге болады. Бұл жердің бедері ортаңғы-кейінгі плейстоцен және кейінгі плейстоцен кезеңіндегі қатты тілімденген аллювилі-пролювилі жазықтар болып келеді. Неотектоникалық мәліметтер бойынша бұл аймақ Маңырақ маңы иілімінің зонасына жатады және бұл жерге неотектоникалық қозғалыстардың жиынтық амплитудасының жоғарлығы тән. Тенденциялық тұрақты көтерілімдерде денудациялық-аккумуляциялық бедерлер дамыған-белесті-төбешікті аллювилі-пролювилі жазықтар, олардың жасы ортаңғы плейстоцендік.
Геология-геоморфологиялық нивелирлеу мәліметтерінде қазіргі тектоникалық қозғалыстардың ерекшелігінің көп бөлігі Зайсан ойпаңының морфоқұрылымында екендігі көрсетілген. Бедер құрудағы әсер ететін жылдам эндогенді процестерге сейсмикалық қозғалыстар, жарылымдар бойы жатады.
Таулы қатпарлы жүйелермен салыстырғанда ірі тау аралық ойпаңдарда сейсмикалық қауіпті аймақ болып саналады. Қазақстанның сейсмикалық аудандастыру картасында Зайсан ойпаңы МSК-64 шкала бойынша 7-8 баллдық қарқынды тектоникалық аймаққа жатады. Алтай-Саян қатпарлы-жақпарлы аудандарда белсенді түрде көтерілген жаңа көтерілімдер Зайсан ойпаңының солтүстік өңірлерін сейсмикалық факторлар өзгертіп отырады.
1990 жылы Зайсан ойпаңында қатты жер сілкінісі болды. Зайсан жер сілкінісінің магнитудасы 6,8-7 балл болды, ал эпицентрінде 8 баллға жетті. Макросейсмикалық жер сілкінудің жоғарғы қарқындылығы Зайсан көлінен шығысқа қарай, Зайсан ойпаңының шығыс бөлігінде байқалды. Зайсан жер сілкінісінің ошағы Бока-Көкпекті жарылымдар бойында, блоктардың шекарасында болды. Жер сілкіну ошағы 35-40 км тереңдікте орналасқан. Ресей ғалымдарының зерттеулері бойынша Алтайда 1996-1998 жылы магнитудасы 7,5 баллдық 5 қатты жер сілкіністер болып өтті. Радиокөміртектік әдісті қолдана отырып ғалымдар бұл жерде 8000 жыл бұрын 9-10 баллдық жер сілкінісі болғандығын айтады.
ТМД елдерінің территориясындағы 1975 жылға дейін болған қатты жер сілкіністердің катологында, қарастырылып отырылған Зайсан ойпаңында: 1857ж (М=6,4), 1887ж (М=5,8), 1894ж (М=5,9), 1901ж (М=5,6), 1908ж (М=5,3),
1928ж (М=6-7), 1931ж (М=5,0), 1962ж (М=5,2) және т.б. жер сілкіністері тіркелген. Жер сілкінісі кезінде экзогенді процестер қатарының белсенділігі артады. 1990 ж маусым-шілдеде Зайсан ойпаңының территориясын зерттегенде жер бетінде әртүрлі деформациялар байқалған. Е.А. Рогоншиннің мәліметтері бойынша үлкен сейсмикалық эффект жер бетінің эпицентрлік зонасында жер сілкінісі жарықтар, сулы-құмдақты шығарындылар жарлар түрінде бейнеленген. Көптеген жарықтар Қара Ертіс өзенінің атырауында пайда болған, палеогеннің шөгінділерінен құрылған көтерілімді аймақтарда, сортаңды және тақыр жерлерде де жарықтар пайда болған. Жекелеген жарықтардың бойында ысырынды конустар қалыптасқан.
Ақ-Арал ауылынан батысқа қарай, Зайсан көлінің шығыс жағалауында, Қара Ертіс өзенінің оңтүстігінде жарықтар бойымен бұлақтар жер бетіне шығып жатыр. Жарықтың жалпы ұзындығы 10 км жетеді. Зайсан қаласының батысынан 500 м жерде жарлы өзенінің оң жақ төмен жайылмалық террасасында көптеген жарықтар пайда болған, жекелеген жарықтардың ені 30-40 см. Жарықтар террасаның төмендеген микробедерінде пайда болған.
Грунттардың көтерілген аймақтарында аса үлкен емес вулкандар шығып жатты, олар дөңгелек пішінде болды, диаметрлері 0,5 м, биіктігі 10-20 см. Грифондар Қара Ертіс өзенінің атырауы мен аңғарларында және Зайсан көлінің шығыс жағалауында таралған.
Қара Ертіс өзенінің жайылмасындағы кратердің воронкасының диаметрі 1,5 м, тереңдігі 0,5 м, сулы құмдармен толтырылған. Кратердің маңында құмдар шығып жатты. Ақтөбе тауының солтүстік беткейінде және Қара Ертіс өзенінің жарлық аңғарларында гравитациялық процестер қарқынды жүрді. 1990 ж жер сілкінісінен кейін абразиялық жағалаулары Баклан-Барқыт мүйістерінің аудандарында гравитациялық процестер қарқынды жүрді.
Жарылымдар бойымен жүріп жатқан қозғалыстар нәтижесінде эрозия, дефляция, суффозия және т.б. процестер пайда болған. Жарылымдар аэрокосмостық суреттерде жақсы бажайланған. Эндогендік факторлар және процестер Зайсан ойпаңының бедерін құруда маңызды роль атқарады. Зайсан ойпаңында болған жер сілкіністер әсерінен Бұқтырма суқоймасының су деңгейі шұғыл өзгеріп отырады.
Адамзатқа жер сілкінудің салдары өте қауіпті. Жер сілкінісінің әсерінен борпылдақ таужыныстары тік беткейлер бойымен құлап, өзеннің арнасын бөгеп қалады. Сондықтан жер сілкінісінің зиянын азайту үшін сейсмикалық станциялармен қатар селден қорғау және т.б жұмыстарды жүргізу қажет. Сейсмикалық аудандастыру және жер сілкінісіне шыдайтын құрылыстар салу жер сілкінуден қорғанудың бір жолы. Сейсмикалық аудандастыру мақсаты әр түрлі сейсмикалық қауіптілік деңгейге қарсы жағдайлар жасау. Республиканың сейсмикалық аудандастыру картасы кезкелген жердің сейсмикалық баллын анықтауға мүмкіндік береді. Республикадағы басты сейсмикалық центр-Сейсмология институты, ол жердегі лабороториялар жер қабығында болып жатқан өзгерістерді ғылыми бақылайды. Сейсмология инистутының анықтауы бойынша қарастырылып отырылған территориядағы жер сілкінудің ошағы оңтүстік Алтай және Сауыр Тарбағатай таулы жүйелерінің шекарасындағы геологиялық жарылымға сәйкес келеді. Бұл жарылым Зайсан көлінің солтүстік жағалауымен өтеді. Қазіргі уақыттағы белсенді тектоникалық зонаға Алтай-Саян және Шыңғыс-Тарбағатай таулы жүйелері жатады [30, 3].
ҚОРЫТЫНДЫ
Зайсан ойпаңының орографиялық ерекшелігі қоршап жатқан таулардан, өзендердің таралуынан және бағытынан, климаттық факторлардың өзгеруінен, топырақ және өсімдік жамылғысының дамуынан көрінеді.
Зайсан ойпаңының геологиялық және геоморфологиялық құрылуының жағдайын қортындылайтын болсақ, ойпаңның қазіргі бедеріне, вертикалыді және горизонталді тілімденуіне әсер ететін басты фактор тектоникалық қозғалыстар. Тау жыныстардың физикалық-химиялық құрамы бедердің тілімдену деңгейіне әсерін тигізеді, лессті саздақтар жамылғысы таралған аймақтарда горизонталді және вертикалді тілімденулер жоғары болады.
Территорияда аз тілімденген жерлерге көлдік-аллювийлік және көлдік-пролювийлік аккмляциялық жазықтар жатады. Тілімденудің жоғарғылығы тауалды жазықтарында байқалады. Зайсан ойпаңы және оны қоршап жатқан таулар табиғи минералды ресурстарға бай, балық, егін шаруашылығы және әртүрлі өндіріс шаруашылықтары дамыған. Қалжыр, Кендірлік, Күршім аймақтары қатты тілімденген. Талдау негізінде Қалжыр, Кендірлік, Күршім аудандары аса қатты тілімденгені және жер ресустарын сақтау үшін табиғатты қорғау шаралары қажет ететіні анықталған.
Аймақтың сейсмикалық жағдайы бедердің түзілуіне әсерін тигізеді. Басқа эндогендік факторларға қарағанда, жер сілкіну бедердің қалыптасуында айрықша роль атқарады. Жер сілкінудің геоморфологиялық ролі тектоникалық жарылымдардың жер бетінде сейсмикалық жік түрінде пайда болуымен сипатталады. Жер сілкіну әсерінен қоздырылған кейбір табиғат құбылыстары өте маңызды бедер құрушы рол атқарады. Жер асты қатты тербелістер әсерінен тауларда тік жарлар, өзен жағалауында опырылмалар, сусымалы түзілімдер түзіледі. Жарылымдар бойымен жер сілкінісі қатты жүреді, денудация және эрозия процестері белсенді дамыған.
Сонымен қорыта айтатын болсақ жоғарыда айтылғандар жер сілкінуді қадағалап зерттеп, соның нәтижесінде оларды алдын-ала болжаудың қаншалықты маңызды мәселе екенін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Жандаев М.Ж. Казахстан. Общая физико-географическая характеристика. Изд. АН СССР, М.Л., 1950 г.
- Научно прикладной справочник по климату СССР. Серия 3. Многолетние данные. Части 1-6. Выпуск 18. КАЗССР. Л. Гидрометеоиздат, 1989 г, 515 с.
- Абиева Д.К. Современный геоморфогенез и эколого-геоморфологические проблемы Зайсанской впадины. Диссертация на сойс. учен. степ. канд. геогр. наук. Алма-ата, 2004 г.
- Соколов А.А. Почвы среднихи низких гор Восточного Казахстана. Алма-ата, 1978, 223 с.
- Веселова Л.К. Морфоструктурная основа ландшафтов Восточного Казахстана. Алма-ата, «Наука», 1978, 190 с.
- Аралбаев Н.К. Флора Зайсанской котловины, ее анализ и генезис. Автореф. дисс. док. Алматы, 1996, 49 с.
- Соседов И.С., Болдырев В.М. Карта среднего годового стока рек Восточного Казахстана // Вопросы географии Казахстана. Алма-ата, 1961, С. 162-173с.
- Кабиев Ф.К., Мухамеджанов С.М., Осипенко В.Л., Лукьячиков Ю.С. Подземные воды Зайсанской впадины и перспективы их использования. Алма-ата, 1973, 192 с.
- Василенко В.К. Геологическая история Зайсанской впадины // Труды ВНИГРИ, вып 162, Л., 1961, 276 с.
- Геология СССР. Восточный Казахстан. т. XLI. ч.1. (геологические описания) / Под. ред.В.П. Нехорошева. М. 1967, 471 с.
- Ерофеев В.С. Геологическая история южный периферии Алтая в палеогене и неогене. Алма-ата, 1969, 166 с.
- Барисов Б.А. Стратиграфия верхнего мела и палеоген-неогена Зайсанской впадины // Материалы по геологий и полезным ископаемым Алтая и Казахстана. Л., 1963, 11-75 с.
- Нехорошев В.П. Материалы к познанию кайназойской историй Зайсанского края / Труды М. Л., 1931 г.
- Посохов Е.В. Геология и гидрохимия соляных озер Казахстана. Дисс. на сойс. учен. степ. доктора геолого-минерал. наук. Алма-ата, 1950 г.
- Сваричевская З.А. Основные этапы рельефообразования Восточной части Казахстана и Средней Азий. М., 1960, 13 с.
- Рельеф Казахстана. Часть 2.( пояснительная записка к геоморфологической карте КазССР). Алма-ата, «Гылым», 1991, 44-55 с.
- Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий. Л., ЛГУ, 1965, 295 с.
- Великовская Е.М. История геологического развития и основные этапы формирования рельефа Зайсанской впадины // Ледниковый период на территорий Европейской части СССР и Сибири. М., 1959. 385-420 с.
- Абиева Д.К. Современный флювиальный морфолитогенез Зайсанской впадины. Ж. Вестник, КазГУ. Серия география, 1997, ¹ 4, 47-53 с.
- Абиева Д.К. Современные рельефообразующие процессы береговой зоны озера Зайсан // В. кн: Географические основы устойчивого развития Республики Казахстан, Алматы, «Галым», 1998, 374-379 с.
- Құсайынов С.А. Жалпы геоморфология. Алматы: Қазақ Университеті баспасы, 1998 ж.
- Абиева Д.К. Особенности антропогенного рельефообразования Зайсанской впадины // Современные проблемы геоэкологии и созологии. Алматы, 2001, 160-164 с.
- Абиева Д.К. Особенности рельефообразования и основные проблемы освоения песчаных массивов Зайсанской впадины // Геотехнические проблемы стройтельстве архитектуре и геоэкологии на рубеже 21 века. Т. 2. Астана, 2000, 868-870 с.
- Отчет ¹20/23. Условия образования современных отложений и экзогенные процессы в береговой зоне Зайсанской части Бухтарминского водохронилище. Алма-ата, ИГН, ТОМ 1,2. 1967, 173 с.
- Николаев Н.И. Неотектоника и ее вражение в рельефе. М., «Наука», 1960, 352 с.
- Гвоздецский Н.А., Николаев В.А. Казахстан, Москва, «Мысль», 1971, 295 с.
- Құсайынов С.А. Жалпы геоморфология. Алматы, Қазақ Университет баспасы, 2006 ж.
- Навиков И.С. Морфотектоника зоны перехода от Алтая к Зайсанской впадине // Геоморфология, 2000, ¹1, 68-76 с.
- Сейсмическое районирование территории СССР/Под. ред. Бунэ В.И., Горшкова Г.П. М., 1980, 307 с.
- Рогожин Е.А., Богачкин Б.М., Нечаев Ю.В. и др. Новые данные о древних сильных землетрясениях Горного Алтая // Физика Земли, 1998, ¹3, 75-81 с.