АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру (АҚ «Туран-ӘлемБанк» мысалында)

Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру (АҚ «Туран-ӘлемБанк» мысалында)

 

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..

 

  1. Заңды тұлғаларды несиелеудің теориялық негіздері ……………………..

     1.1    Заңды тұлғаларды несиелеу мәні………………………………………………                                                      

     1.2    Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі…………………………………….                                           

     1.3    Шетел тәжірибесіндегі заңды тұлғаларды несиелеу………………..                      

 

  1. АҚ «Туран-Әлем Банк» тәжірибиесi негiзiнде                                         заңды тұлғаларды несиелеу………………………………………………………….

2.1   АҚ« Туран Әлем Банк» несие қызметiн ұйымдастыру…………….

      2.2   АҚ «Бәйтерек-А» мысалында несиелiк қабiлеттiктi бағалау

 

  1. ҚР Заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары

3.1 Заңды тұлғаларды несиелеудің даму перспективасы……………….                    

  • Заңды тұлғаларды несиелеу механизмін жетілдіру………………..

                        Қорытынды………………………………………………………………………………………..

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі.

Елiмiздiң нарықтық қатнасқа өту жағдайында несие халық шаруашылығының  дамуының негiзгi факторы болып табылады.

Осы орайда экономикалық өсуді қаржыландырудың маңызды факторларының бірі – банктік несиелеудің дамуы екендігін атап өту керек. Әр түрлі экономикалық секторлардағы барлық дерлік кәсіпорындар өз қызметін жандандыру үшін, айналым қаражаттарын және негізгі қорларын толықтыру үшін банктік несиені алады.

Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежеп қана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.

Сондықтан, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, елдегі шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайының жақсаруы шартында несиелеуге байланысты тежеуші факторларды жойып, оны кеңейту мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру механизмін қарастыру – қазіргі кездегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, несиелеуді кеңейтіп, оның дамуына жақсы жағдай жасай отырып, заңды тұлғалардың қаржылық қажеттілігін қанағаттандырамыз. Ал, бұл экономикалық өсуге, өз кезегінде, әсер етеді.

Жалпы алғанда, заңды тұлғаларды несиелеу кезінде шешімін күтіп тұрған бірқатар қиындықтар бар. Атап айтсақ, біріншіден, талап етілетін құжаттарды қарастырудағы кемшіліктер. Екіншіден, несие қабілеттілігін есептеулерді жүзеге асырудағы жетіспеушіліктер. Үшіншіден, экономика салаларының тек таңдамалы түрлерін несиелеп, кейбір аса қажетті салаларын олардың ұзақ мерзімді қажет ететіндігінен несиелемеу т.с.с. Осындай кемшіліктерді түзеп, несиелеу процесін жетілдіру керек.  

Бітіру жұмысының мақсаты – заңды тұлғаларды несиелеу механизмін қарастырып, ондағы жетілдірілуі тиіс жағдайларын анықтау. Сол арқылы ұсыныстар беру.

Жұмыстың міндеттері:

  1. заңды тұлғаларды несиелеу мәнін, механизмін;
  2. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғаларды несиелеу тәртібін;
  3. заңды тұлғалардың  несиелеуді  жетілдіру  жолдарын  айқындау   болып

табылады.

Зерттеу объектісіне – АҚ «Туран-ӘлемБанк»тiң тұлғаларды несиелеу қызметі жатады.

Теориялық және әдістемелік негізі. Жұмысты жазу барысында 1999-жылғы 16-тамыздағы Қ.Р. Ұлттық банк Басқармасының Қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейлі банктердің несиелеу бойынша құжат жүргізу Ережесіне», С.Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» кітабына, Г.С. Сейтқасымовтың «Банковское дело» кітабына сүйендік. Сондай-ақ, талдау кезінде Ұлттық банктің статистикалық бюллетеніндегі және Ұлттық банктің 2003-жылғы Жылдық есебіндегі мәліметтерді, АҚ Туран -Әлем Банк материалдарын пайдаландық.

Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда заңды тұлғаларды несиелеудің мәні, несиелеу механизмі және несиелеудің шетелдік тәжірибесі келтірілген. Екінші тарауда Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі заңды тұлғаларды несиелеу тәжірибелері және нақты кәсіпорындар мысалындағы несиелеу процесі қарастырылған. Үшінші тарауда заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары анықталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Заңды тұлғаларды несиелеудің теориялық негіздері

 

  • Заңды тұлғаларды несиелеу мәні

 

Заңды тұлғаларды несиелеу қандай-да бір шаруашылық субьектілердің қажеттіліктерін алуға мүмкіндік беретін ақшалай ресурстарды белгілі-бір қағидалар мен шарттарға сәйкес беру болып табылады.

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:

  • несиенің мақсаттылығы;
  • несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
  • несиенің ақылылығы;
  • несиенің қамтамасыз етілуі;
  • несиенің сыйақылылығы;

Несиелеудің соңғы қағидасы шетелдік банктік тәжірибеде бірінші класты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.

Мерзімділік – бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындалады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.

Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде, басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды.

Несиенің мерзімділігі – несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім-шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп, ссуда қайтарылмаса, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.

Несиенің ақылылығы – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық – бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын несиенің бағасы деп атайды.

Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналарды жатқызуға болады:

  • орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;
  • банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
  • өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;
  • банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
  • несиеге деген сұраныс;
  • несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;
  • еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.

Несиелеудің келесі бір қағидасы – берілетін несиелердің материалдық жағынын қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы несиенің экономикалық  категория ретінде шығуымен бірге келеді.

1980-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық бағалылықтарымен жүзеге асырылып келді. Ал, бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.

Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ, кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады  /2. 54-57 бет/.

Қазіргі кезде банк өзінің 1-ші класты қарыз алушыларына қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді.

Жалпы алғанда, несиелеудің мәнін мынадай 3 элемент арқылы ашуға болады:

  1. субъект;
  2. объект;
  3. қамтамасыздандыру.

Осы үш элемент несиелік операциялардың, оның тиімділігінің түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал, оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.

Несиелеу субъектісі әрекет қабілеттілігі бар, несиелік мәмілелерді жасауға материалдық немесе басқа кепілдігі бар заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Оларды келесідей сыныптауға болады:

  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
  • кооперативтер;
  • акционерлік қоғамдар;
  • жеке еңбекпен шұғылданатын азаматтар, жалға берушілер;
  • банктер;
  • билік органдарын, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қоса алғанда басқа шаруашылықтар.

Субъектілер бойынша несиелерді бөлу несиелеу жүйесінде тағы бір сыныптама түсінігін тудырады – несие түрлері бойынша бөлу. Ол экономикалық және ұйымдастырушылық қатынаста белгілі-бір нақты несие мәмілесіне тән жиынтық белгілерін көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық белгілері – бұл несиенің өзінің белгілері, олар бірегей болады. Ұйымдастырушылық белгілер әрбір жеке жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін. Осы салалық бағытталушылыққа қарай өнеркәсіптік, сауда, банкаралық несиелерді бөлуге болады. АҚШ-та ссудаларды сыныптаған кезде ауыл шаруашылық несиелерді бөледі /3. 221-222 бет/.

Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері мыналар: лизингтік, ломбардтық, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік, онкольдық, бланктік және т.б. Әрқайсысына түсінік беретін болсақ, лизингтік несие өндіріске керекті құралдарды сатып алушыларға берілетін несие.

Ломбардтық несие – құнды заттарды, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін несие.

Овердрафт – банктің қысқа мерзімді өтімділігін қамтамасыз етуге арналған бір күндік несие.

Овернайт – бір түнге берілетін несие түрі.

Контокоррентік – несиелік желі арқылы активті-пассивті шот бойынша берілетін несие.

Факторингтік – жабдықтаушының дебиторлық қарызын ала отырып берілетін несие. Ол қысқа мерзімге, 180 күнге дейін беріледі.

Форфейтингтік – экспортерға импортердің төлеуге тисті төлем талабын сатып алуын білдіреді. Бұл тек халықаралық қатынаста вексель және чекті пайдаланып жүзеге асырылады.

Онкольдық – банктің 1-ші класты клиенттеріне талап етуге дейін берілетін несие.

Бланктік немесе сенім несиесі – қамтамасыздандырусыз берілетін несие түрі.

Несиелеу объектісіне келетін болсақ, бұл – несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Қазақстанның банктік тәжірибесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне «Экономиканы қысқа мерзімді несиелеу Ережесіне» сәйкес, банк несиесі есебінен құралатын өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне өндірістік шикізат қорлары, негізгі және көмекші материалдары, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.

Несиелеу объектісі, сондай-ақ, экспортты  және  импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың сатып алатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • өндіріс объектілерінің құрылысы;
  • өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
  • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
  • жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
  • өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу / 4. 164-165 бет/.

Мына объектілер несиелеуге қабылданбайды:

  • дайын өнімнің нормативтен асып кеткен қалдығы. Мұнда көліктік қиындықтарға т.б. байланысты өнімді жабдықтауды кешіктіру негізінде қалып қойған маусымдық себептер есепке алынбайды;
  • сатылуы қамтамасыз етілмеген дайын өнім қалдығы;
  • маусымдық қалдықтарды қоспағанда аяқталмаған өндірістің нормативтен асып кеткен қалдығы;
  • 1 жылдан астам қозғалыссыз сақталып жатқан, өндіріс қажеттілігінен тыс тауарлы-материалды құндылықтар;
  • артық қажет емес, қиын өткізілетін және қолданылмайтын тауарлы-материалды құндылықтар;
  • сақталу шарты олардың бүлінбейтіндігін қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалды құндылықтар;
  • несиелік келісім-шартта қарастырылған мерзімнен астам уақытта жолда болған материалды құндылықтар;
  • белгіленген мерзімде өңделмеген, өткен жылдардың егінінен өндірілген ауыл шаруашылық шикізаттарының қалдығы.

Ссудаларды қарыз алушыларға беру, әдетте, бұрын берілген ссудалар бойынша мерзімі өтіп кеткен қарызының шартында жүзеге асырылады. Жеке жағдайларда, егер қарыз алушылар ұзақ мерзім бойына қарызы болмаса және ол жақын уақытта өтелетін болса, ссудалар банк басшыларының шешімімен  берілуі мүмкін.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру сұрақтары төмен рентабельділігі бар, тұрақсыз қаржылық жағдайдағы қарыз алушылармен ерекше егжей-тегжейлі қарастырылуы керек. Мұндай қарыз алушыларға ссуда беру тек қана оның қайтарылуына гарант алған жағдайда жоғары тұрған буындардың немесе билік органдарының негізделген ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ол белгілі-бір    аймақтың     әлеуметтік     және    экономикалық    қажеттіліктерін

 қанағаттандыру қажеттілігінен туындауы мүмкін /5. 126-127 бет/.

Несиелеуді экономикалық-ұйымдастырушылық қатынастарының белгілі-бір қабаты, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буыны несиелік механизм  болып табылады. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылық субъектілердің қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі.

Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Несиелік механизм банктік қызметке байланысты заңдармен, банктердің дербес несиелік саясаттарымен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталады /4. 162бет/.

Жалпы алғанда, жоғарыда айтылып кеткен несиелеу элементтерін (субъект, объект, қамтамасыздандыру) бір-бірінен ажыратуға болмайды. Егер субъект ретіндегі фирманың жоғары беделі болып, қамтамасыздандырусыз несие сұраса немесе бұрын банктен ссуда алмаған фирма жақсы кепіл бере отырып несие сұраса банк екі жағдайда қандай шешімге келеді? Банк үшін бір элементтің ғана бар болуы жеткілікті ме, сол элемент қана абсолютті мәнде болып, қалғандары тек теориялық мәнде жүруі дұрыс па?

Осындай сұрақтардың шеңберінде несиелеу жүйесінің тағы бір элементі туындайды – бұл сенім. Ол несие түсінігінің өзінен пайда болады: латын тілінен аударғанда «credo» «сенемін» дегенді білдіреді. Несиелеуде екі жақ – несие беруші мен қарыз алушы қатысатыны белгілі. Олардың арасында ссудаланатын құн қозғалысы жүреді.

 Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және зайымдық қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай-да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта анықталады.

Шаруашылық айналысындағы меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі күні берілуге жататын несие мөлшеріне, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер етеді.

Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді. Бүгінгі жағдайдың бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы – ол уақытта несиелік мекемелер өздеріне жоғарыдан берілген несиелік ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Шынында да төменгі банктермен жинақталатын барлық  ресурстар   КСРО   Мемлекеттік   банкі   Басқармасында  орталықтандырылған

түрде жинақталып, қайтадан сол орындарға несиелеу лимиті түрінде қайта беріліп отырған. Сондай несиелеу шегінде сол немесе басқа аймақтың клиенттерін несиелеген. Банк бөлімшелерінің ол уақыттарда қаражат жинақтауға деген ешқандай да мүдделері болмаған және олардың активтері пассивтерінен тәуелсіз болған. Қазіргі несиелеу жүйесі басқа негізде құрылған, яғни берілетін несиелердің көлемі толығымен банктердің тартылған қаражаттарына байланысты.  Бұл берілетін несиелердің ауқымының, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасқан пайда мөлшерін көрсетеді.

Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.

Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, Қ.Р. Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.

Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен бенк арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.

Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі – бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болады.

Жаңа несиелеу жүйесі дәтүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз етілу қағидалары, сол сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың бірқатарының  мазмұны  түбірімен  өзгерген.  Бұдан  бірнеше  жылдар    бұрын    

жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.

Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.

Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.

Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды .

  • Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі.

 

Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техникалық қабаты» ретінде бөліп қарастырады.

Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда несиелеу механизмі несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм тәжірибеде нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:

  • несиелік әдістері және ссудалық шот түрлері;
  • несиелік мәмілені құжаттау;
  • несиенің мөлшерін белгілеу;
  • несиені беру процедурасы;
  • несиені қайтару тәртібі;
  • несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
  • кепіл заттарын бағалау және іске асыру.

Несиелеу әдістері – ссуданың берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдерін білдіреді.

Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған :

  • қалдық бойынша;
  • айналым бойынша.

Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай ссудалық шоттар бойынша берілді.

Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі ссуданың берілуі тікелей төлемге қатысты және, ең бастысы, зайымдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы ссудалық шоттар бойынша беріліп отырған. Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, екіншісі банктік ссудаларды үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда үлкен роль ойнайды.

Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтумен байланысты өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті реформалаудың бірінші кезеңінің барысында саны көп ауқымды объектілерді несиелеуден біртұтас несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге өтудің объективті процесі аяқталды. Мұнда, айналым бойынша несиелеуге жиынтық қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді. Қазіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау-сату ұйымдары несиеленеді.

Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады :

  • айналым бойынша несиелеу әдістері;
  • қалдық бойынша несиелеу әдістері;
  • айналым-қалдықтық.

Айналым бойынша несиелеу барысында несие  несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Ссудаға деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты ссуда мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты ссуда қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады.

Қалдық бойынша несиелеу барысында несие ссудаға деген қажеттілікті туындататын тауарлы-материалды құндылықтар мен шығындар қалдықтарымен өзара байланысқан. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалды құндылықтардың қалдықтарын есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді. Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде объектісі толығымен қамтылады.

Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.

Несиелеу  әдістері  несиені беру және қайтаруға арналған  ссудалық шоттар

формаларын  анықтауға  негіз  болады.  Несиенің  ұйымдастырылу  қозғалысы

банктің клиентке ашқан ссудалық шотында көрсетіледі.

Ссудалық шот – клиенттің банктен олған несиесіне байланысты қарызы көрсетілетін, яғни ссуданың берілуі мен қайтарылуы көрсетілетін шотты білдіреді.

Ссудалық шоттың дебеті бойынша несиені беру көрсетілсе, қайтарылуы кредит бойынша көрсетіледі. Ол келесі кестеде бейнеленген (1-кесте):

 

1-кесте

 

Ссудалық шот

 

ДЕБЕТ

КРЕДИТ

НЕСИЕНІ БЕРУ

НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ

ССУДАЛЫҚ ШОТ ҚАЛДЫҒЫ

(несие бойынша қарыз)

 

Көзі: /3. 125-бет/

 

Несиенің берілуі мен өтелуі, қарыздың көрсетілуінің ортақ біртұтас сызбасы барысында ссудалық шоттар өзара бөлінеді:

  • ашылу мақсатына қарай;
  • айналыммен өзара байланысы бойынша.

Ашылу мақсатына қарай ссудалық шоттар депозиттік-ссудалық болып келеді. Мұндай жағдайда, клиент өзінің банктік депозитке салынған меншікті қаражатын жұмсап қойған кезде ғана белгілі бір мөлшерде несие алуға хұқық алады. Егер бұл шотта дебеттік қалдық шықса, онда ол депозиттік шоттан ссудалық шотқа айналады.

Айналымы мен өзара байланысы бойынша ссудалық шоттардың үш типі болуы мүмкін:

  1. айналым-төлемдік;
  2. қалдықты-компенсациялық;
  3. айналым-қалдықтық.

Осы үш типі мәні жағынан несиелеудің үш әдісіне сәйкес келеді.

Айналым-төлемдік шотты ашу барысында клиент әр түрлі қажеттіліктерге байланысты төлем құжаттарын: тауарлар мен қызметтер шотын, жалақыға берілетін чектерді, берешек қарызды өтеуге, салықтар мен басқа да төлемдерді аударуға байланысты төлем тапсырмаларын төлеуге мүмкіндік алады.

Клиент барлық төлемдерді төлеуде қалдықты-компенсациялық шотты пайдалана алады. Клиенттің қанша несиелеу объектісі болса, сонша қалдықты-компенсациялық шоты болуы мүмкін. Бұл ссудалық шот алдындағы екі ссудалық шотқа қарағанда біршама қолайлы және көп техникалық рәсімделуді қажет етеді, Сол сияқты несиенің белгілі бір мақсатқа берілуі қатаң қадағаланады.

Айналым-төлемдік ссудалық шоттың ерекше бір түрін контокорренттік шот құрайды.

Контокоррент шоты – банктік тәжірибеде банктердің бірінші класты несиелік және төмен қабылеті бар қарыз алушыларға несие беруде активті-пассивті (есеп айырысу-ссудалық) шоттарды біріктіре отырып, пайдалануын білдіреді.

Бұл шот банк сенімінің ең жоғарғы формасын сипаттайды. Оның дебет жағы бойынша клиенттік өндірістік қызметіне және пайданы бөлуіне байланысты барлық төлемдер, ал кредитіне клиенттің есебіне түсетін түсімдер және басқа да түсімдер есепке алынады. Бұл шоттың кредиттік қалдығы клиенттің сол уақытта айналымда бар меншікті қаражатын, ал дебеттік қалдығы айналымға банк несиесінің тартылғандығын, яғни ол бойынша пайыз төлеп отырғандығын көрсетеді.

Қарыз алушыларды несиелеуге байланысты операцияларды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банктер оларға ссудалық шоттар ашады: жай және арнайы.

Арнайы ссудалық шоттар шаруашылық ұйымның төлем айналымының үлкен бөлігін несиенің көмегімен жүзеге асыратын жағдайда және несиеге деген үнемі қажеттілікте болатын қарыз алушыларға ашылады. Қазіргі кезде арнайы ссудалық шоттар бойынша тауарлар қорлары айналымына байланысты бөлшек және көтерме сауда ұйымдары, сонымен қатар сату-жабдықтау ұйымдары несиеленеді.

Кәсіпорынға тек бір ғана арнайы ссудалық шот ашылуы мүмкін. Бірақ та банк кәсіпорындағы жекелеген қандай-да бір тауарлар, шаралары үстіне несиелеу қажет деп санаса, онда оған жай ссудалық шоттар ашуға мүмкіндік береді. Жай ссудалық шоттар бір рет ссудалар беру үшін ғана банктік тәжірибеде қолданылады. Мұндай шоттар бойынша қарыздың өтелуі қарыз алушының келісілген мерзімде мерзімді міндеттеме-тапсырмалар негізінде жүзеге асырылады.

Егер қарыз алушы кәсіпорын бір уақытта бірнеше объектілер бойынша несиені пайдаланса, онда оған бірнеше жай шоттар ашылуы мүмкін және ссудалар әр түрлі шартпен, әр түрлі мерзімге және әр түрлі пайызбен беріледі. Мұндай ерекше ссудаларды есепке алуда қарыз алушылардың алған ссудаларын уақтылы өтеуіне банк тарапынан бақылау жүргізудің маңызы бар.

Несиелеу механизмінің екінші құрамдас бөлігі – несиелік мәмілені құжаттау. Бастапқы кезде банк пен клиент арасында ауызша келісім жасалып, оның соңы банкке несиелік ресурсқа сұралатын өтініштің жазбаша түрде несиенің мақсатын көрсете отырып тапсырылуымен аяқталады. Банкте клиенттің қаржылық жағдайын анықтауға және оның несиелік қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін материалдар болуы керек. Сондықтан да, банк клиенттен оның қызметі жайлы соңғы екі-үш жылдағы жыл басына жасайтын кәсіпорынның балансын, қажет болған жағдайларда таяу айдағы күнге жасалған балансын талап етеді. Кәсіпорынның балансына қоса банкке пайда және зиян туралы, ақшалай қаражаттар қозғалысы туралы есептерін береді. Клиенттің белгілі мақсатқа несие алуға, оның қажетті мөлшерін, сыйақы мөлшерін және нақты мерзімнен тұратын несиеге деген қажеттілікті негіздейтін техникалық-экономикалық негіздемесі немесе бизнес жоспары болуы тиіс.

Банк   пен   қарыз   алушы   арасындағы   жасалатын    несиелік    мәміленің

құқықтары мен міндеттерін белгілейтін маңызды құжат – несиелік шарт жасалады. Онда екі жақтың экономикалық және заңи жауапкершіліктері көрсетіледі. Елімізде қатаң белгіленген несиелік шарттың арнайы формасы жоқ. Ал, ондай формалар Германия, Австрия сияқты елдердің тәжірибелерінде кездеседі.

Несиелік шарттан басқа кепіл туралы келісім-шарт жасалады. Іс жүзінде, егер кепіл несиелік мәмілеге қатысатын болса, онда міндетті түрде кепіл туралы келісім-шарт жасалуға тиіс.Кейде ол нотариалды түрде куәландырылуы да мүмкін.

Несиелеу процесі барысында клиент банкке басқа да құжаттарды (кепіл-хаты, үшінші бір тұлғаның кепілдемесін, әр түрлі орындардан берілген анықтама қағаздарды) тапсырады.

Несие банктің тиісті қызметкерінің жазбаша үкім шығару барысында беріледі. Бұл қызметкер ретінде: банктің басшысы, оның орынбасары, несиелік департамент бастығы, несиелік бөлім басшысы және банктің несиелік офицерлерінің біреуі болуы мүмкін. Несиенің берілуі туралы үкім клиенттердің шоттары бойынша есеп — айырысу және несиелік операцияларын жүргізумен айналысатын бөлімге түседі. Онда клиенттің аты-жөні, несиенің сомасы, несие беретін шоты көрсетіледі.

Үкім несиенің бағытын белгілейді. Бағыттарына байланысты несиенің берілуі үш түрлі болуы мүмкін:

  1. ссуда клиенттің есеп-айырысу шотына аударылады;
  2. ссуда есеп-айырысу шотына түспей, тауарлы және тауарлы емес операциялары бойынша әр түрлі төлем құжаттарын төлеуге беріледі;
  3. ссуда бұрын берілген несиелерді қайтаруға беріледі.

Жалпы, клиентке берілетін несиенің мөлшері көптеген жағдайларға байланысты. Несиенің мөлшері несиелік келісім негізінде беріледі. Бұл келісімде жазылған сома клиент үшін алуға тиісті ең жоғарғы соманы білдіреді. Бұл сома өзінің мәні жағынан несиелеу лимиті болып табылады. Несие мөлшері мыналарға:

  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтыққа;
  • несиенің қамтамасыз етуіне түскен тауарлы-материалды бағалылықтардың нақты жинағына және олардың өтімділік дәрежесіне;
  • маржа деңгейіне;
  • тәуекел дәрежесі мен банктің клиентке сенім дәрежесіне;
  • банктегі бар ресурс көлеміне байланысты.

Әр жекелеген жағдайларда бұл мөлшер қамтамасыз ету құнымен және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне байланысты анықталады.

Несиелеу механизмінің бір құрамдас бөлігі – несиені қайтару тәсілдері. Оның бірегей жасалған үлгісі жоқ. Оның төмендегідей көптеген варианттары болады:

  • мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
  • меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп-айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
  • алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
  • түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу;
  • несиенің қайтарылу мерзімін созу;
  • мерзімі өткен қарызды «мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;
  • банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.

Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы немесе қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады.

Кепілге алынған мүлікті бағалау әдістері де несиелеу механизмінің құрамдас бөлігіне жатады. Кепілді пайдалану кепіл механизмінің қолданылуын талап етеді.

Кепіл механизмі – кепіл туралы шартты дайындау, жасау және орындау процесін білдіреді.

Кепіл механизмін іске асырудың негізгі кезеңдеріне жататындар: кепіл заты мен түрін таңдау, кепіл затын бағалауды жүзеге асыру, кепіл туралы шарт жасау және орындау, кепілді пайдалану.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар жатады. Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары:

  1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
  • тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:

а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;

ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;

б) валюталық құндылықтар, алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;

в) басқа да тауарлар-материалдық құндылықтар кепілі.

  • бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
  • сол банктегі депозиттер кепілі;
  • жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
  1. Мүліктік құқықтар кепілі:
  • жалгерлік құқық кепілі;
  • авторлық құқық кепілі;
  • жерге құқық кепілі.

Кепіл механизмінің негізгі элементіне кепіл затын бағалау жатады. Осыған байланысты халықаралық тәжірибеде арнайы нұсқау жасалынған:

  1. Кепіл заттары нарықтық құны бойынша бағаланады. Бұл ең жоғарғы бағаны білдіреді және осы бағаға потенциалды сатып алушылар болуға тиіс.
  2. Мүлік үздіксіз қайта бағаланып отыруға тиіс.
  3. Бағалауды арнайы біліктілігі бар мамандар жасауға тиіс.
  4. Мүліктің бағаланатын құнына оған кеткен шығындар қосылуы тиіс.
  5. Өнер шығармаларының антиквариаттың т.б. куәландырылуға тиіс.
  6. Бағалау барысында оның жойылу құны мен сатуға кететін шығындарды дұрыс анықтауға көңіл аудару қажет.

Несиелеу механизмінің құрамдас элементі – несиені  беру  процесінің  өзін-  дік кезеңдері болады. Жалпы, несиелік процесті келесі сызбамен көрсетуге бо-

лады (1-сурет):

 

1-сурет

 

 

 

 

БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС

 

Несиелік комитетке дайындау

Несиелік қабілетін талдау

ия

жоқ

Несиелік комитет

 

Несиелік процесс

Несиені қайтару

Төлемдер.

Мониторинг.

Мерзімі өткен төлем.

 

 

 

1-ші өтініш

 

 

 

 

 

2-ші өтініш

 

 

 

 

 

 

Несие беру процесінің 1-кезеңінде банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарайды. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

2-кезеңінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау кезінде қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілеті талданады.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:

  1. ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, оның атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
  2. қарыз алушының іскерлік беделі. Ол қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерін орындауын білдіреді;
  3. табыс алу қабілеті. Оны анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: кәсіпорынның       орналасқан       жері,        тауарлары       мен

қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.

Несиелеу процесінің 3-кезеңінде несиелік келісім-шарт жасалады. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.Оның мазмұнын жақтардың өздері анықтайды. Бұл жерде отандық банктер оның типтік формаларын пайдаланады. Несиелік келісім-шартта несиелеу мақсаты, обьектісі, оның мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері және несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.

4-кезеңде нақты несиені беру кезеңі жүзеге асырылады. Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін, ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Соңғы 5-кезеңде несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасалады. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасына, банк қаражаттарын пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы роліне байланысты. Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп-айырысу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылса, арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелей осы шотқа келіп түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады.

Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді.

Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады. Жай сыйақыны есептеу формуласы  келесідей түрде беріледі:

 

J=(i*p*n)/360*100%,

 

мұндағы: і – сыйақы мөлшері;

                 р – қарыз қалдығы;

                 n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны.

Күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:

 

J=p * ((1+(i/1200))^n – 1),

 

мұндағы: і – сыйақы мөлшері;

                 р – несиенің бастапқы сомасы;

                 j – несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомасы;

                n аймен берілген несиенің ұзақтығы.

Егер несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:

 

Jg=Q*[(1+ig/1200)^t1-(1+ig/1200)^t2],

мұндағы: Jg – мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;

                 Q – мерзімі өткен қарыз сомасы;

                 Ig – мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі   

                        (айыппұл);

                 t1 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты

                        сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мерзімі;

                 t2 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға

                        дейінгі уақыт мерзімі.

Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны – 30, ал жылдағы – 360 күнмен алынады.

Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға, несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға хұқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге хұқылы.                            

   Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені, банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.

1.3  Шетел тәжірибесіндегі заңды тұлғаларды несиелеу.

 

Дамыған елдердің банктеріндегі несиелеу тәжірибесін қарастыра келе, еліміздегі банктік жүйенің несиелеудегі қызметінің төмен деңгейін көруімізге болады.

Дамыған елдерде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы өте жоғары болған және 2001-жылы 89-174%-ға жеткен. Неміс-жапон қаржылық моделіндегі елдерде (Швейцария, Германия, Жапония) бұл қатынас ағылшын-американдық модель бойынша қызмет ететін елдерден гөрі (АҚШ, Англия) жоғары болған.

Жаңа индустриалды елдерде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы 53-100% аралығында болған. Бұл жерде прогрессивті өсу ағылшын-американдық модельдегі (Турция) елдерден гөрі неміс-жапон елдерде (Корея, Сингапур) көбірек байқалған.

Шығыс Еуропа елдері мен Қытайда банктік несиелеудің деңгейі 33-133% құрайды. Бұл жерде де алдыңғы орында неміс-жапон қаржылық моделін таңдап алған елдер (Қытай, Чехия) болса, ағылшын-американдық моделін ұстанған елдер (Польша) артта жүрген.

ТМД елдерінің ішінде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы бойынша 2001-жылы Молдавия (27,5) алдыңғы орында тұрса, Ресей (24,3), Украина (23,8), Грузия (20,5) және Беларусь (17,4) одан кейінгі орында тұрған. Тек осы елдерден кейін ғана Қазақстан жүрген. Ол несиелеу деңгейі бойынша тек қана Қырғызстан, Армения және Азербайджан елдерінен озған (2-кесте):

 

2-кесте

 

Ішкі банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы*

                                         

          (%-да)

 

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

Дамыған елдер

Швейцария

188,0

182,6

184,8

189,1

183,4

181,8

183,8

178,7

185,2

179,5

173,5

Германия

118,6

124,4

134,5

140,2

127,4

134,9

140,1

145,8

148,1

148,1

146,5

Жапония

138,7

139,1

139,3

137,8

132,3

130,6

129,5

133,8

139,1

141,7

137,7

Англия

120,2

119,5

117,4

119,2

122,3

126,2

125,3

122,4

125,5

134,7

140,5

АҚШ

82,2

80,2

79,2

76,5

76,7

76,9

78,1

81,4

83,0

85,3

87,8

Жаңа индустриалды елдер

Оңтүстік

Корея

57,9

58,0

58,9

60,9

56,6

61,0

69,4

79,0

85,4

91,9

100,1

Сингапур

62,5

61,5

60,2

59,5

62,5

67,3

73,6

88,7

86,1

79,2

94,2

Турция

26,3

27,1

28,0

29,0

27,6

33,7

36,5

39,3

48,3

53,0

 

Өтпелі экономикасы бар елдер

А) Қытай және Шығыс Еуропа елдері

Қытай

99,2

102,0

95,2

98,4

91,1

97,2

106,2

119,5

130,4

132,7

 

Чехия

 

 

 81,7

 86,6

 75,9

 72,2

 72,3

 64,2

 60,2

 55,2

 

Польша

 34,9

 38,2

 40,7

 39,2

 32,0

 33,2

 34,1

 35,1

 37,6

 35,5

 37,7

Б) ТМД елдері

Молдавия

 

 

 

 

 23,7

 23,4

 26,0

 32,8

 28,7

 25,2

 27,5

Ресей

 

 

 25,9

 31,7

 23,6

 23,9

 24,6

 41,3

 33,2

 23,9

 24,3

Украина

 

 83,2

 30,6

 24,2

 15,5

 15,2

 17,2

 24,3

 25,9

 23,4

 23,8

Грузия

 

 

 

 

 

 6,8

 9,2

 11,6

 19,8

 21,9

 20,5

Беларусь

 

 

 

 

 15,0

 16,1

 17,7

 37,4

 20,8

 19,2

 17,1

Қазақстан

 

 65,3

 49,5

  13,5

 9,5

  7,9

 6,5

 8,7

 10,1

 12,3

 11,4

Қырғызстан

 

 

 

 

 25,6

 26,1

 18,0

 19,8

 14,7

 12,6

 9,7

Армения

 

 

 

 

 9,0

 9,0

 7,9

 10,7

 10,7

 11,5

 9,7

Азербайджан

 

 

 

 

 

 3,0

 13,0

 12,9

 10,6

 9,6

 9,1

                           

*көзі:«Международная финансовая статистика», МВФ, раздел монетарный или банковский обзор.

 

1997-1998жж. азиялық дағдарыс кезеңінің жанып тұрған шағында және одан кейінгі кезеңде Қытай, Оңтүстік Корея және Сингапур сияқты елдер экономиканы несиелеуді өсірген. Бұл оларға дағдарысты салыстырмалы түрде жеңіл өткізуге мүмкіндік беріп, ол біткен соң тез қайтадан орнына келуге ықпал етті.

ТМД елдерінде 1998-ж. несиелеу деңгейінің төмендеуі байқалды, бұл олардағы қаржылық сектордың тұрақсыздығын куәландырды /7. 61-62 бет/.

Сонымен қатар, дамыған және жаңа индустриалды елдерде экономиканы қаржылық жүйенің несиелеуі банктік несиелеу көлемінен гөрі жоғары болғанын атап өткен жөн (3-кесте).

 

3-кесте

 

Қаржылық жүйенің ішкі несиелерінің ЖІӨ-ге қатынасы*

     (%-да)

 

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

Дамыған елдер

Швейцария

224,5

221,0

225,9

233,7

274,9

290,1

298,8

291,5

305,6

311,2

303,5

Жапония

203,3

207,2

209,8

213,0

202,8

202,9

191,9

195,3

201,5

191,4

299,6

АҚШ

95,6

94,9

98,0

95,4

103,3

110,7

120,1

130,8

144,5

144,2

142,7

Жаңа индустриалды елдер

Корея

104,4

112,1

122,5

129,2

124,5

133,5

148,2

170,7

162,8

148,0

155,2

Сингапур

79,7

79,5

79,1

80,0

83,2

87,7

94,2

109,2

110,7

102,7

122,0

Турция

27,2

27,9

28,6

29,4

27,9

34,4

37,1

40,0

49,4

54,1

 

*көзі: «Международная финансовая статистика», МВФ, раздел финансовый обзор.

Дамыған елдердегі банктік несиелеу механизмін қарастырсақ, Францияда банк клиентке нақты ақша сомасын бере отырып несие береді немесе оны беруге сөз беру арқылы несие беруі мүмкін. Бірінші жағдайда толық мағынадағы несие болса (баланста көрсетілетін), екінші жағдайда банктік қолмен куәландырылған банк міндеттемесі ретінде болады (баланстан тыс есепке алынады). Толық мағынадағы несиелер үш түрлі тәсілмен берілуі мүмкін: коммерциялық құжаттарды есепке алу түрінде, қаржылық құжаттарды есепке алу және кассалық несие. Банктің қолымен куәландырылған несиеге банктік кепіл немесе акцепттерді, сондай-ақ несиенің қолданылмаған бөлігін жатқызады.

Францияда заңды тұлғаларды несиелеу кезінде белгілі-бір обьектімен байланысты несие (коммерциялық қарыздық міндеттемелер, сыртқы сауда операциялары, мемлекетті жабдықтау, қосалқы бөлшектер) түрлерін бөледі, ал обьектімен байланысты емес несиелер тек қосымша роль ойнайды.

Қарыздық міндеттемелерге берілетін несие вексельдерді есепке алу формасында берілуі мүмін. Бұл жағдайда банк екі кепілге ие болады: вексель бойынша қарыз адамның қолы түрінде және осы вексельді есеспке алуға берген кредиттер түрінде.Ал, қосалқы бөлшектерге берілетін несие бойынша кәсіпорындағы дайын өнім қорлары өсіп кеткен жағдайда олардың қолма-қол ақшаға сұранысын қанағаттандыру несиесі немесе маусымдық несие береді .

Германияда басқа елдерде сияқты несиелік операциялар негізгі орынды алады. Бұл елде сыртқы сауданың дамуымен рамбурстық несие кеңінен қолданылады. Ол шикізатты әкелу мен жартылай және дайын өнімдерді шығару кезінде қолданылып, коноссамент кепілі формасында жүреді. Кейде бұл несие сатып алушының тауарды еркін басқару құқын сақтап қалуы шартында беріледі. Ол, әрине, бірінші класты қарыз алушыларға беріледі. Сондай-ақ, Германия мемлекеттік қорларының, қалалық зайым облигациялары, темір жол акциялары мен облигацияларын кепілдікке ала отырып несие береді. Неғұрлым «тиімді» банктер қамтамасыздандырылғанмен бірге бланктік несие де береді. Өтелген және өтелмеген несиелер екі жақты берілуі мүмкін. Қарыз алушы не банктен ақша алады, не вексельді акцепттеуіне болады. Соңғысында қарыз алушы ақша алу үшін басқа банкте вексельді есепке алады. Мұндай несиенің ерекше түрі авальды несие болып табылады. Мемлекеттік жабдықтау, салық органдары алдында алымдарды кейінге қалдыру туралы сұрау кезінде заңды тұлғалар өз міндеттемелерін орындауға кепіл беруі керек.

АҚШ-та да халықаралық тәжірибедегі несиелер беріледі. Бұл елде коммерциялық банктер беретін ссудалардың ішінде мөлшері және мәні бойынша неғұрлым маңызды ссуда категориясы сауда-өнеркәсіптік кәсіпорындарына берілетін ссуда болып табылады. Ол барлық берілген ссудалардың үштен бірін құрайды. Коммерциялық және өнеркәсіптік ссудалардың көп бөлігі тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін қолданылады, ал олардың мерзімі 1 жыл және одан аз болып табылады. Сондай-ақ, олардың арасында он жылға дейінгі мерзімге берілетіндері де бар. Олар , әдетте, машина құрал-жабдықтарын сатып алуға арналған. Сауда-өнеркәсіптік ссудалар тауарлы-материалды запастармен, құрал-жабдықтармен, кәсіпорынның өзінің құнымен қамтамасыздандырылуы мүмкін.

Судаларды жиі қолданатын және ұқыпты төлеуші ретінде танылған фирма «несиелік линия» арқылы ссуда алуына болады. Бұл несие алуға керекті уақытты үнемдейді және банктерге несие қабылеттлігін талдауға уақыт жібермеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық статусын алған банктер заң бойынша банктің меншікті капиталының 15%-нан артық мөлшерде ссуда бере алмайды. Бұл кепілмен толық қамтамасыздандырылмаған ссудалар бойынша жүзеге асырылады. Ал, тез өтетін кепілмен толық қамтамасыздандырылған ссудалар бойынша 25%-ға дейін беруге болады.

Ауыл шаруашылығына берілетін ссудалар жалпы несие көлемінде аз мөлшерін алады. Мүмкіндік болса, фермерлер коммерциялық банктерден ссуда алғаннан ғөрі, Федералды жер банктері және кооперативтерге қызмет көрсететін Банктер сияқты федералды несиелік агентстволардан субсидияланатын пайыз мөлшерлемесі бойнша ссуда алады.

Сонымен қатар, банктік емес қаржылық мекемелерге де ссуда беріледі. Олар мұндай ссудаларды әрі қарай жеке тұлғаларға беру үшін немесе ұзақ мерзімді пайдаланылатын тұтыну тауарларын сатып алуға ссуда беру үшін алады /9. 106-107 бет/.

Жалпы, ірі шетел банктерінде несие процесін ұйымдастыруды несие бөлімі жүзеге асырады. Несиелік талдау бөлімі барлық несиелеу үрдісін жүйелендіріп, қолдап отырады. Ссудалық функция мен несиелік талдауды бөлу несиелік бөлімдер өзінің тікелей жұмысына толығымен жұмыла алатындығын көрсетеді. Кішігірім банктерде және кейбір банк филиалдарында несиелік талдау несиелік қызметкер міндетіне кіреді. Екінші жағынан, екі бөлімді бөлу несиелік талдаудың неғұрлым жоғары деңгейлі обьективтілігіне және несиелік келісім-шартты неғұрлым ойластырып бекітуге ықпал етеді /10. 137 бет/.

Несиелеу процесінің алғашқы кезеңінде несиелік өтінішті қарап, содан соң қарыз алушының несиелік қабылетін талдайтыны белгілі. Осыған байланысты шетелде клиенттердің несиелік қабылеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісім-шарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма «Дан энд Брэд форд» 3 млн. жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларды жариялайды.

Несиелеу – бұл активтік операциялардың маңызды бағыттары болып табылса, несиелік портфель банк активтерінің үштен бірі немесе жартысына дейінгі мөлшерде құралады.

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: дүниежүзілік банктердің мәліметтеріне сәйкес несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебі 67% ішкі факторлар, ал 33% сыртқы факторлар үлесі келеді (4-кесте).

 

4-кесте

 

Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар*

 

(%-да)

Ішкі факторлар

     67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі.

22

Компанияның банкроттығы.

12

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты дұрыс бағалауы.

21

Кредиторлық қарызды қайтаруын талап етуі.

11

Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі және операциялық бақылаудың әлсіздігі.

18

Жұмыссыздық/Жанұя мәселелері.

6

Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы.

5

Ұрлық/Алдау.

4

*көзі: С.Б. Мақыш. «Коммерциялық банктер операциялары», Алматы, 2003ж.

 

Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан, қарыз алушының несиелік қабылетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайындағы өзгерістр мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстарының жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және зайымдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

Несиелік тәуекел несиелік портфель сапасына тікелей байланысты. Несиелік портфель – несие беру бойынша банк қызметінің нәтижесі. Нақты ұйымдастырылған несиелік процесс несиелік тәуекелді минимизациялауға әкеледі. Несиелік процесс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде несиелік өтініштерді егжей-тегжейлі талдау жүзеге асырылады. Мұнда қарыз алушының несиелік қабілетіне, оның мықты және әлсіз жерлеріне, несиені өтеудің мүмкін болатын мерзімдеріне көңіл бөлінеді. Егер кәсіпорын банктік саясаттың барлық талаптарына жауап берсе, несиелік келісім-шарт жасалады.Онда екі жақтың құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Несиені бергеннен кейін екінші кезең басталады, яғни кәсіпорынның ағымдағы қызметін талдап, проблемалық несиелерді айқындайды. Ол үшін банктер несиені өтемеу тәуекелін сапалы және сандық жағынан анықтауға мүмкіндік беретін несиелік классификаторды қолданады. Қарыз алушылардың қаржылық көрсеткіштеріне, несиені қамтамасыз ету құнына барлық құжаттардың дұрыстығына қарай несиелер келесідей бөлінеді:

  1. төмен тәуекелі бар несиелер (сыныпталмайтын);
  2. жоғары тәуекелі бар несиелер;
  3. шекті тәуекелі бар несиелер;
  4. ережеден тыс берілген несиелер (стандартты емес) /11.96-97бет/.

Әр тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.

Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.

Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу — кез келген банк қызметінің негативті жағы. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін  айқындауға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банкке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке, несиелік құжаттарға және т.б, жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және  төтенше оқиғалар жатады /4. 204бет/.

Несиелік қабілетін талдағаннан кейін несиелік келісім-шарт жасалады. Әр түрлі елдердің банктерінің клиенттермен жасайтын келісім – шарттарының негізгі ерекшеліктеріне: хұқықтарына мәдениеттің жоғарғы деңгейі ; несиелік мәміле шарттарының егжей – тегжейлі сипаты; несиелік құралдардың түрлеріне байланысты несиелік келісім- шарттар формаларын типтеу жатады.

Несиелік келісім – шарт мазмұнын қарастыру олардың көлемді  болып келуін көрсетеді. Кейбір несиелік келісім- шарттар 20 бетке дейін болады. Бұл олардағы шарттардың кеңдігін көрсетеді. Мысалы, АҚШ-тың бір банкінде ұзақ мерзімді несиеге немесе несиелік линия ашу негізінде ағымдағы қажеттіліктерге берілетін несиелерге қатысты неғұрлым ашық формада құрылатын несиелік келісім- шарт бар. Егер несие  30 күнге дейін берілсе, не қысқартылған келісім- шарт, не қарыздық міндеттеме қолданылады.

Германияда бір жүйенің банктері үшін ( жеке, жинақтаушы т.б.) бірдей несиелік шарттар белгіленген. Заңдармен қатар олар несиелік операциялардың хұқықтық негізін құрады. Ортақ несиелік шарт белгілеу- банктердің тәуекелден қорғану шараларының бірі. Ортақ несиелік шарттар банк клиенттеріне жеткізіледі. Несиелік келісім – шарттарда олар қайталанбайды, бірақ қарыз алушының олармен келісімін нақтылацтын пункт жазылады. Олардың толық мәтіні несиелік келісім-шарт бланкісінің келесі бетінде беріледі. Германияда несиелік келісім-шарттар бір түрге келтірілген. Олар кесте макеттері түрінде типографиялық формада көрсетілген, ал қатардағы бөлімдер қысқартылып толтырылады /3.299-301бет/. Несиелік келісім-шарт жасалып, ссуда берілгеннен кейін соңғы кезеңде несиенің қайтарылуын бақылайды. Заңды тұлғаның өтімділігі, қаржылық құрылымы, рентабельділігі тұрақты талдау обьектісі болуға тиіс. Әсіресе, несие қабілеттілігінің аспектілерін талдау кезінде айқындалған әлсіз жерлері үздіксіз талданып отырғаны жөн. Несиелік келісім-шартқа сәйкес несие құрылымы қиындықтар туындаған жағдайда теріс салдарын жоюға мүмкіндік болатындай анықталуы керек. Яғни, мониторингте қолданылатын құралдардың ішінде несиелік келісім-шарт негізгі құрал болып табылады. АҚШ-ның банктеріндегі несиелік мониторингтің маңызды элементі сенімді ақпарат жинап, оны талдап отыру болып табылады. Келесі суреттен несиелік мониторингтік процесінің алгоритмі көрсетілген ( 2-сурет).

 

  2-сурет

 

Несиелік мониторинг процесі

 

Мәліметтерді жинау

 

Несие қабылеттілігі элементтерін талдау

 

 

Өзгеріссіз

Несиелік рейтингті тексеру

 

Түзету шараларын өткізу

 

 

 

 

Негізінен, банктегі жоғарғы буын басшыларының бірін несиелік мониторинг үшін жауапты еткен жөн. Бұл функция, әсіресе кіші банктерде банктік қызметін басқа бағыттарының мониторингі қызметімен біріктірілуі мүмкін /10.147-148. бет/. АҚШ конгресі тұтынушылары пайыздық төлемдердің мөлшері және басқа да төлемдер туралы толық ақпараттандыруға қол жеткізу мақсатында несиелеу аясында дәйекті ақпарат туралы бірқатар заңдар қабылдаған. Сонымен қатар, несиені орналастырудағы мүмкін болатын теңсіздікті жою, несиені өтеу кезіндегі қателерді түзеуді заңдастыруды енгізу үшін де заңдар қабылданған .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • АҚ« Туран Әлем Банк» несие қызметiн ұйымдастыру

 

«БанкТуранАлем» АҚ несиелiк операцияларының динамикасын талдамас бұрын, бөлiмдердiң активiне талдау жүргiзелiк. Бөлiмнiң таза активтерi 1.01.2004-515200 мың теңге құраған, өткен жылда, бөлiмдердiң активтерi 78560 мың теңгеге өскен, соның iшiнде  84780 м. Теңге бөлiмшенiң жұмыс iстейтiн активтерi- 463680 м. теңге немесе бөлiмшенiң таза активтерiнiң 90% құраған.

2004 жылы iшiнде жұмыс iстейтiн активтердiң құрылымында келесiдей өзгерiстер болған: Ссудалық қарыз үлесi жылдың басындағы  20% дан (78200 теңге) 18%-ға(84500) азайған. Бос несие ресурстарының үлесi жылдың басындағы 48%-н джылдың аяғында 51%-ға дейiн өскен. Жалпы ссудалық қарыз (мерзiмi өткен қарызды есептегенде) 01.01.2003 жылы-84754 теңге құраған, соның iшiнде мерзiмi өткен қарыз 253 мың теңге құрайды.

       01.01.2004 жылы  барлық  ссудалық қарыз бойынша орташа өлшенген ставка –34,9% құраған, соның iшiнде  заңды тұлғалардың ссудалық қарызы бойынша-34,4%, жекетұлғалардың ссудалық қарызы бойынша-26,9%.

Ссудаларды сандық жiктеуге және олардың өсу темпiне қатысты мәлiметтердi қарастыралық.

Кесте 6. Қарыз алушылардың мүлiктiк-құқықтық  статусы бойынша несие портфелiнiң заңдық аспектiдегi құрылымы.

жылдар

Тұрғылықты халық

Жеке кәсiпкерлер

Заңды тұлға

2002

20

21

59

2003

22

22

56

2004

33

30

37

 

Кесте-7.  2004 жылдың несиелеу объектiлерi бойынша берiлген ссудалар туралы есеп.

Ссуда типi

Үлесi,%

Беттiк шоттардың саны

А

1

2

Мүлiктi сатып алұға

14

420

Мұқтаждықтарға

19

1340

Шыққаны

33%

1760

Заңды тұлға құрмай iстейтiн кәсiпкерлер

30

 

Жеке тұлғалар бойынша  барлығы

63%

 

Ұйымдарға ссудалар

37

16

Барлығы:

100%

3536

 

1.01.2003 жылы тұрғындардың ссудалық қарызының үлесi-20%, 2004 жылы 30%, 2002жылдан бастап тұрғындарға несие беру  күрт төмендеген.

       2003-2004  жылдарының динамикасында  тұрғындар несиесiнiң  үлесi бiртiндеп өскен. Абсолюттi мәнде 2003 жылы басында  тұрғындардың несиелiк қарызы  76600 мың тенге құраған, 2004 жылдың басында -78200 мың тенге құраған. 2004 жылы тұрғындардың ссудалық қарызы 6300 мың теңгеге өскен. Сөйтсе  де тұрғындарды несиелеудiң өсуi аса жоғары емес, өйткенi банктiң бос несие ресурстары тұрақты, 48-51% құрайды.

        1.01.2004 жылы ссудалық қарыздың сапалық өзгерiсiндегi жағымды  сәт ссудалық қарыздың қарыз алушы категориялары бойынша теңестiрiлуi болып табылады.

      Тұтынымдық сауда құрылымын қарастыралық.

 

Кесте-8.                   Қатысты шамадағы(% ) ссудалар құрылымы.

 

жылдар

Ұзақ мерзiмдi

ссудалар

Қысқа мерзiмдi ссудалар

Байланыс

қан

Қызметкер

лерге ссуда

Бағалы қағаздармен кепiлденген

Тұрақтан

дыру ссудасы

Шұғыл мұқтаждық

қа

2002

6

14

4,7

5

0

70,3

2003

21

20

5

3,5

0

50,5

2004

24

27

5

3

0

41

 

Кесте-9. Абсолюттi шамадағы ссудалар құрылымы (мың тенге)

 

Жылдар

Ұзақ мерзiмдi

ссудалар

Қысқа мерзiмдi ссудалар

Байланыс

Қан

Қызметкер

лерге ссуда

Бағалы қағаздармен кепiлденген

Тұрақтан

дыру ссудасы

Шұғыл мұқтаждық

қа

2002

4596

10724

3600

3830

0

53850

2003

16422

15640

3910

2737

0

39491

2004

20280

22815

42250

2535

0

34645

 

2004  жылы ссудалық қарыз құрылымын талдай отырып, ссудалардың басым бөлiгiн кейiнге қалдыруға болмайтын мұқтаждықтарға берiлетiн несиелер құрайтынын көремiз, бiлiмге берiлетiн несие тұрғындар тарапынан талап етiлмеген. Оның  себептерiне несиелеу шарттарын қарастыру кезiнде тоқталамыз.

         Динамикада ұзақ мерзiмдi ссудалрмен тауар  алуға берiлген ссудалар өсуi байқалады. Бұл сатып алу қабiлетiнiң  өсуiне, тұрғындардың төлем қабiлетiнiң тұрақтануы мен өсуiне байланысты.

    Бағалы қағаздармен кепiлдiгiне берiлетiн ссудалар динамикасындағы керi жағдай кепiлдiкке алынатын бағалы қағаздарға қатаң талап қойылуына байланысты.

    Судалық қарызды жабу мерзiмi  құрылымында келесiдей өзгерiстерболған: қысқа мерзiмдi несиелердiң үлесi ( 1 жылға дейiнгi) барлық ссудалық қарыздың жыл басындағы 79%, жыл аяғындағы76% қысқарған. Ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлесi жыл басындағы 21% жыл аяғында 24% өскен, абсолюттi шамада ұзақ мерзiмдi несиелердiң соммасы 1,24 есе өскен/

 Несиелеу объектiлерi бойынша портфель айналымдылығы мен құрылымына талдау жүргiзелiк.

2004 жылдың портфелдегi несие айналымдылығын қарастырайық

 

Кесте-10.  2004 жыл несие портфелiнiң айналымдылығы.

 

Қарыз алушы типi

 

Сөндiру мың тг.

Бiр күнде орташа сөндiру соммасы мың тг.

Ссудалық қарыздың орташа жыллдық соммасы мың тг.

Несиенiң айналымы (күнiне)

Жеке тұлға

1498

973

237,32

4,10

Тұрғын үй сатып алуға

222

0,61

201

329,51

Шұғыл мұқтаждыққа

1043

2,86

591

206,64

З.т.қ.ж.i. кәсiпкерлер

233

0,64

181

282,81

Заңды тұлға

469

1,28

276

215,63

Барлығы

1967

5,39

1249

231,73

 

 Ссудалық қарыздың орташа жылдық қалдығы  орташа хронологиялық формуласы бойынша есептелген.

 Кестедегi мәллiметтер 2004 жылының несие портфелiнiң негiзiн жеке тұлғаларға  берiлген кейiнге қалдыруға болмайтын мұқтаждық несиесiн құрағанын көрсетедi: Олар 2004 жылы жабылған (сөндiрiлген, өшiрiлген) сомманың 53%  құрайды, 53,1%  осы соммаларды күнделiктi жабу, 77,9% орташа жылдық қарыз соммасының қалдығы. Мұндай қорытынды  несие портфелi Құрылымын  талдаудан ерекшелiнедi, онда жеке тұлғалардың, жеке кәсiпкерлердiң және кәсiпорындардың несиелерiнiң соммасының шектi салмағы бiрдей. Оның себебi ,несие портфелiнiң құрылымы мәлiметтерi абсолюттi шамамен көрсетiлген және айналымдылық көрсеткiшi есепке алынбаған. Жеке тұлғаларға несие беру басқа қарыз алушылармен салыстырғанда жоғары айналымдылықпен сипатталған (6,9 ай). Бұл шама басқа несие түрлерiнiң айналымдылық көрсеткiштерiнен екi есе жоғары.

  2004 жылы портфелдегi тұрғындарға несие беру айналымдылығын қарастырайық:

 

Кесте-11.    2004 жыл портфелдегi тұрғындар несиесiнiң айналымдылығы

 

Қарыз алушы типi

 

Сөндiру мың тг.

Бiр күнде орташа сөндiру соммасы мың тг.

Ссудалық қарыздың орташа жыллдық соммасы мың тг.

Несиенiң айналымы (күнiне)

Жеке тұлға

11609

31,8

2192

69,93

Тұрғын үй сатып алуға

774,97

775,61

225,28

29,05

Шұғыл мұқтаждыққа

1046

2,87

182

63,41

З.т.қ.ж.i. кәсiпкерлер

471,17

470,49

90,55

19,24

Заңды тұлға

11421

31,29

414

13,23

Барлығы

1095,0

1094,06

70,05

6,4

 

Кестеден көрiп отырғанымыздай 2004 жыл сөндiрiлген қарыз соммасы және сәйкесiнше орташа бiр күндiк сөндiру соммасы жуықтап алғанда  7,5 есеге өскен. Ссудалық қарыздың орташа жылдық  Қалдығы 2,5 есеге ғана өскен, ал айналымдылық 231-ден (140) 80 күнге қысқарған.

        Жеке тұлға- қарыз алушылармен жағдайдан жабу темпiнiң өсуiнiң, күнделiктi жабу соммасын, ссудалық қарыздың орташа жылдық қалдығын және айналымдылықтың жинақтау банкiнiң мемлекеттiк облигациялары бойынша портфель көрсеткiштерiне сәйкестiгiн көремiз. Жеке тұлғаларға берiлген несие бойынша кестеден  несиенi жабудың күрт өскенiн және несиенiң айналымдылығының мерзiмдерiнiң қысқарғаны көрiнедi.

    Нсие портфелiн талдауды қорытындылай келе, несие портфелiнiң негiзiн ссуданың барлық түрлерi тең үлесте құрайды деуге болады.

      Жеке тұлғаларға  берiлген несиелердiң айналымдылығы басқа қарыз алушылар категорияларына берiлген несилермен салыстырғанда жоғарырақ. 2003-2004 жылдың динамикасында тұрғындар несиесiнiң үлесi бiртiндеп өсiп келедi. Бұл тұрғындардың төлекм қабiлеттiлiгi тұрақтанып , жоғарылауына, сатып алу қабiлеттiгiнiң өсуiне байланысты. Бiрақта тұрғындарды несиелеудiң өсу үлесi аса жоғары емес. Банктiң бос несие ресурстары тұрақты 48-50% құрайды. Динамикада қайтарылмаған ссудалардың  шектi салмағы 2003-2004 жылы  1-ден 0,3% –ға  қысқарған, «БанкТуран Алем » АҚ-ның бос несие ресурстары 51%. Банктiң несие саясатының потенциясы зор деуге болады.

    Осы бөлiмдi қорытындылай келе, несие портфелiнiң негiзiн несиенiң барлық түрлерi тең үлесте құрайды. Жеке тұлғаларға несиет беру 2003-2004жылдардың динамикасында өсу бағытында, ол тұрғындардың сатып алу қабiлетiнiң өсуiне байланысты саясатының  потенциалы жоғары, өйткенi бос ресурстардың үлесi 48-51 аралығында тербеледi. Несиелеудiң даму перспективалары туралы төменде тоқталамыз. Ол үшiн әр түрлi ссуда  түрлерiнiң несиелеу шарттарына талдау жасау керек.

   Жоғарыда айтқанымыздай, несие бойынша нақты төленген пайыз жоба ерекшелiгiне байланысты анықталатын жабу графигiне тәуелдi. Мысал қарастырайық:

—-  айталық, азық-түлiк жартылай фабрикаттарын (пельмендер,варениктер, манты) өндiру және өткiзумен айналысатын жеке кәсiпкер өндiрiстi кеңейтiп, екiншi цех ашу туралы шешiм қабылдасын. д

—- Ол «БанкТуран Алем » АҚ-нан құрал-жабдық сатып алу үшiн несие алу мақсатында көмек сұрады.

  Жобаны қарастырылғаннан кейiн( бизнес-жоспар, жобаның технико-экономикалық негiзделуi және т.б.) несие эксперттерi қарыз алушыны қолында бар цехiнiң кепiлдiгiне қаржыландыруға шешеiм қабылдады.

— 50000 доллар эквиваленттi несие бiр жылға 24 жылдық пайызбен берiлдi.

— Ай сайын тең үлеспен негiзгi пайызды  және қарызды төлеу арқылы  жабу жүйесi қолданылған .

    Жабу графигi келесi түрде болады

 

Кесте-12 Сөндру графигiнiң көрiнiсi келесiдей болады:

 

 

Айлар

 

 

2

 

4

 

6

 

8

 

10

 

12

 

Жыл

Басындағы

 

 

45833

 

37500

 

29167

 

20833

 

12500

 

4167

 

Пайыз

 

 

2.0

 

2.0

 

2.0

 

2.0

 

2.0

 

2.0

 

Пайыз соммасы,$

 

 

917

 

750

 

583

 

417

 

250

 

83

 

 Негiзгi қарыз,$

 

 

4167

 

4167

 

4167

 

4167

 

4167

 

4167

 

Қорытындысында қарыз алушы  несиенi қолданғаны үшiн 6500 доллар эквиваленттi сомма төледi, ал 24 жылдық пайыздан аз, егер несиенi жабу бiр реткi төлем арқылы несиенi қолдану мерзiмiнiң соңында жүргiзiлсе, қарыз алушы 12000 доллар төлер едi 

  • АҚ «Бәйтерек-А» мысалында несиелiк қабiлеттiктi бағалау

 

АҚ «Туран Әлем Банк» заңды тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау тәжірибесін АҚ «Бәйтерек-А» мысалында көрсетеміз.

АҚ «Туран Әлем Банкте» заңды тұлғаларды несиелеу процесі де қарыз алушыға кеңес беруден басталады. Бірақ АҚ «Бәйтерек-А» Туран Әлем Банктiң бұрынғы клиенті боғандықтан ол жалпы несиелеу шарттарымен таныс.Туран Әлем Банк  несиелеу үшін кәсіпорындарға мынадай талаптар қояды:

  • Несиені өтеу үшін нақты ресурстардың болуы;
  • Несиені өтімді кепілмен қамтамасыз ету;
  • Жобаны қаржыландыруда меншікті қаражаттарының қатысуы;
  • Қатаң қаржылық тәртіпті ұстау;
  • Кәсіби менеджмент.

Несиелеудің келесі кезеңі несиеге өтінішті қарау үшін қажетті құжаттарды тапсыру болып табылады. Осыған байланысты АҚ «Бәйтерек-А»  мынадай құжаттарды тапсырды:

  • Несие алуға өтініш;
  • Бизнес-жоспар немесе техникалық-экономикалық негіздеме;
  • Басшысының суреті бар қарыз алушының анкетасы;
  • Кәсіпорының қаржылық құжаттары (№1,2,3 формалар);
  • Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың тауарлар мен қызметтердің тізімі, пайда болу мерзімдері көрсетілген ашылуы;
  • Ссудалық міндеттемелерінің болуы немесе болмауы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
  • Бюджет алдындағы қарыздарының болуы немесе болмауы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
  • Құрылтайшылық құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;
  • Құрылтайшылардың несиені алу туралы жиналысының шешімі.

Құжаттардың толықтығы және нақтылығы заң бөлімімен тексерілгеннен кейін қарыз алушының қаржылық жағдайы, оның несиелік қабілеті және жоба тиімділігі бағаланады. Ол несиелік офицердің эксперттік қорытындысы түрінде рәсімделеді.

Бұл қорытындыда ең бірінші кезекте несиенің негізгі көрсеткіштері қарастырылады:

  • Қарыз алушының аты АҚ «Бәйтерек-А» 
  • Жобаның мақсаты айналым қорларын толтыру
  • Несиенің сомасы 15 000 000 теңге
  • Несиенің мерзімі 18 ай
  • Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 17 %
  • Қамтамасыз ету:
  1. айналымдағы тауарлар, кепілдік құны 7 766 324 теңге (56 277 АҚШ доллары);
  2. Жер учаскесі бар кеңсе үйі – 11 267 844 теңге (81 651 АҚШ доллары).

Ендігі кезекте қарыз алушы кәсіпорын туралы мәліметтер келтіріледі:

  • Тіркелу күні: № 43873-1910-ТОО, 07/11/2001 жылы берілген заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес 07/11/2001 жылы құрылды
  • Акционерлiк қоғамның заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Көктем-1, 98/2

Акционерлiк қоғам қызметінің негізгі бағыты: құрылыс материалдарынмен көтерме және жеке сауда.

  • Қарыз алушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны –Акционерлiк қоғам
  • Банктердегі есеп айырысу шоттары:

№ 41467861 – теңгеде (АҚ  «Туран Әлем Банк » )

АҚ «Бәйтерек-А «ның АҚ  «Туран Әлем Банктегі» ағымдық шот бойынша айналымдар 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте

АҚ «Бәйтерек-А»ның  ағымдық шоты бойынша айналымдар*

еңгемен)

 

2002 жыл

2003 жыл

2004

Дт

1 175 731,03

703 783,97

164 946,65

Кт

1 186 680,00

692 835,00

188 321,00

 Көзі: АҚ «Бәйтерек-А» банктік шотының көшірмелері

 

АҚ «Бәйтерек-А» ның»  негізгі қызметі:

  • Өткізілетін өнімге деген қажеттілікті, нарықтың сыйымдылығын, алдын ала тапсырыстарды талдау;
  • Өнім ассортиментін таңдау;
  • Делдал фирма арқылы тапсырыс;
  • Жеткізілген өнім үшін төлем;
  • Көтерме-жеке сауда.

Қарыз алушы кәсіпорынның сенімділігін сипаттайтын мәліметтер де өте маңызды болып табылады. Осы мақсатта несиелік офицер Ұлттық банктің несиелік регистр жүйесі бойынша тексеру жасап, мынадай нәтиже алды:

  • Проблемалық несиелері – жоқ;
  • Басқа банктерде ссудалық қарызы – жоқ.

Келесі кезекте қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасалады. Бұған сәйкес АҚ «Бәйтерек-А» ға қаржылық талдау жүргізу үшін ең алдымен оның бухгалтерлік балансын толық талдап, ондағы өзгерістерді және олардың себептерін анықтау керек. Осы мақсатта АҚ «Бәйтерек-А» ның  жинақталған балансы және қарастырылып отырған кезеңдерде болған өзгерістер 2-кестеде және 1-суретте келтірілген.

 

 

 

2-кесте

АҚ «Бәйтерек-А» ның бухгалтерлік баланс баптарының динамикасы*

 

Көрсеткіш

01.01.03 ж.

01.01.04 ж.

өзгеру, %

01.04.04 ж.

өзгеру, %

АКТИВ

І Бөлім. Негізгі құралдар және басқа да айнамнан тыс активтер

Негізгі құралдар және капиталды салымдар

892 423

793 514

-11

793 514

0

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

 

 

 

 

 

Айналымнан тыс басқа да активтер

31 065

26 285

-15

26 285

0

І Бөлім бойынша барлығы

923 488

819 799

-11

819 799

0

ІІ Бөлім. Ағымдағы активтер

Ақша қаражаттары

25 570

0

-100

0

Дебиторлармен есеп айырысу

2 343 534

1 341 126

-43

75 245

-94

Запастар және шығындар

15 362 811

15 738 628

2

15 650 178

-1

Басқа да активтер

20 372

0

-100

0

0

ІІ Бөлім бойынша барлығы

17 752 287

17 079 754

-4

15 725 423

-8

БАЛАНС:

18 675 775

17 899 553

-4

16 545 222

-8

ПАССИВ

І Бөлім. Меншікті капитал

Меншікті қаражаттар

3 077 500

9 077 500

195

9 077 500

0

Бөлінбеген пайда

-213 179

1 984 230

-1031

2 223 807

12

Меншікті қаражаттардың басқа көздері

 

 

 

 

 

І Бөлім бойынша барлығы

2 864 321

11 061 730

286

11 301 307

2

ІІ Бөлім. Тартылған капитал

Ағымдық (қысқа мерзімді) міндеттемелер

15 811 454

6 837 823

-57

5 243 915

-23

С.і.: банк несилері

 

 

 

 

 

        кредиторлық қарыз

15 811 454

6 837 823

-57

5 243 915

-23

Басқа да міндеттемелер

 

 

 

 

 

ІІ Бөлім бойынша барлығы

15 811 454

6 837 823

-57

5 243 915

-23

БАЛАНС:

18 675 775

17 899 553

-4

16 545 222

-8

*Көзі: АҚ «Бәйтерек-А» ның 01.01.03, 01.01.04, 01.04.04 жылғы қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде құрылған

 

1-сурет

*Көзі: АҚ «Бәйтерек-А» ның 01.01.03, 01.01.04, 01.04.04 жылғы қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде құрылған

 

2-кестеден көретініміздей 01.04.04 ж. баланс валютасы 16 545 222 теңгені құрады. Ол 01.01.2004 ж. көрсеткіштермен салыстырғанда 8 %-ға азайған. Нақты баланс валютасының өзгерісін 4- суреттен көріп отырмыз. Баланс валютасы қарастырылып отырған есепті кезеңдерде жылдан жылға кеміп отыр. Бұл дебиторлық қарыздың 75 245 теңге болып, 94 %-ға азайғандығы есебінен болды. Қаражаттар көздерінің құрылымында 01.04.04 ж. меншікті капитал 68%-ды, ал тартылған капитал 32%-ды құрады. Меншікті капиталдың 12%-ға көбеюі кезең ішінде бөлінбеген пайданың артуы есебінен болған, ал тартылған капиталдың құрылымында азаю кредиторлық қарыздың 23%-ға азайғаны есебінен болды.

Қарыз алушы кәсіпорының тауарлы-материалды запастары да толық талдануы керек (3-кесте).

 

3-кесте

АҚ»Бәйтерек-А «ның 01.04.2004 ж. таурлы-материалды запастар*

 

Тауарлы материалды-запастар топтары бойынша аттары

ТМЗ есеп беру күнінде нақты болуы

Әр қайсысының ТМЗ жылпы көлеміндегі үлесі, %

Соңғы инвентаризация күні

Саны

Сомасы

Материалдар:

 

117 724

0,75

25.03.2004 ж.

Шикізат және материалдар

 

 

 

25.03.2004 ж.

Жартылай фабрикаттар

 

 

 

25.03.2004 ж.

Жанармай

 

42 885,92

 

25.03.2004 ж.

Тара

 

 

 

25.03.2004 ж.

Қосалқы бөлшектер

 

 

 

25.03.2004 ж.

Басқа

 

74 838,08

 

25.03.2004 ж.

Тауарлар:

 

15 532 454

99,25

25.03.2004 ж.

Дайын өнім

 

15 532 454

 

25.03.2004 ж.

Сатып алнатын тауарлар

 

 

 

25.03.2004 ж.

Басқа

 

 

 

25.03.2004 ж.

БАРЛЫҒЫ

 

15 650 178

100

25.03.2004 ж.

*Көзі:АҚ»Бәйтерек-А»ның 01.01.03, 01.01.04, 01.04.04 жылғы қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде құрылған

 

Біздің жағдайымызда қарыз алушы кәсіпорынның тауарлы-материалды запастардың құрамында тауарлардың, соның ішінде дайын өнімнің үлесі 99,25 %-ды құрайды. Кәсіпорының негізгі қызметі цемент өткізу болғандықтан тауарлардың үлесі жоғары болғаны орынды болып отыр. ал шикізаттар мен материалдардың үлесі өте төмен болды, ол тек 0,75%-ды құрап отыр. Бұл мәліметтер 01.04.04 ж. мерзімге алынған болатын.

Сондай-ақ, кәсіпорының қаржылық жағдайына дебиторлық қарыздың және кредиторлық қарыздардың әсері үлкен болғандықтан олардың жағдайы да ескерілу керек. Қарастырылып отырған кәсіпорының – АҚ»Бәйтерек-А»ның 01.04.2004 ж. кредитордық және дебиторлық қарыздарының сомасы және мерзімдері 4-кестеде берілген.

 

 

4-кесте

АҚ»Бәйтерек-А»ның  01.04.2004 ж. дебиторлық және кредиторлық қарызы

Аты

Сомасы, тг.

Пайда болу күні

Өтелу күні

Ескертпе

Дебиторлық қарыз

1

Салық комитеті

75 245

Қаңтар 04 ж.

Сәуір 04 ж.

ҚҚС

 

БАРЛЫҒЫ

75 245,00

 

 

 

Кредиторлық қарыз

1

ПКСК Азамат

60 000 

Қаңтар 04 ж.

Сәуір 04 ж.

Дүкенді ұстау үшін

2

ЖШС Iскер

5 076 865

Желтоқсан 01 ж.

 

Ағымдық қарыз

3

ЖШС ПОЛИМИКС

107 050

Тамыз 03 ж.

Мамыр 04 ж.

Консигнация берілген құрғақ қоспаларға қарыз

 

БАРЛЫҒЫ

5 243 915

 

 

 

*Көзі: АҚ»Бәйтерек-А»ның  01.01.03, 01.01.04, 01.04.04 жылғы қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде құрылған

 

Осы кестеден АҚ»Бәйтерек-А»ның 01.04.04 ж. дебиторлық қарызы 75 245 теңгені құраса, ал кредиторлық қарызы 5 243 915 теңгені құрады. Дебиторлық қарызының өтелі мерзімі 2004 жылдың сәуірі, қредиторлық қарызының 60 000 теңгесі  (ЖШС АЯН) 2004 жылдың сәуірінде өтелуге тиіс. ЖШС ПОЛИМИКС алдындағы кредиторлық қарызының өтелу мерзімі 2004 жылдың мамыр айна түсіп отыр.

Қарыз алушы кәсіпорының қаржылық жағдайын толық білу үшін оның пайда және зияндар туралы есебі талдануы қажет, осы себептен АҚ»Бәйтерек-А»ның пайда және зияндар туралы есебін де талдаймыз (5-кесте).

5-кесте

АҚ»Бәйтерек-А»ның  пайда және зияндар туралы есебі*

Көрсеткіштердің аты

01.01.03 ж. Табыстар (+), Шығындар (-)

01.01.04 ж. Табыстар (+), Шығындар (-)

өзгеру, %

Өнім өткізуден түсім

21 856 428

57 841 802

165

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

18 351 617

48 149 791

162

Жалпы табыс

3 504 811

9 692 011

177

Кезеңнің шығындары – Барлығы:

3 717 990

7 707 781

107

Соның ішінде:

 

 

 

Жалпы және әкімшілік

3 717 990

7 707 781

107

өткізу шығындары

 

 

 

Пайыздар бойынша шығындар

 

 

 

Негізгі қызметтен табыс (зиян)

-213 179

1 984 230

1031

Негізгі емес қызметтен табыс

 

 

 

Салық салғанға дейінгі негізгі қызметтен табыс

-213 179

1 984 230

1031

Табыс салығы бойынша шығындар

 

 

 

Салық салынғаннан кейін негізгі қызметтен табыс

-213 179

1 984 230

1031

Күтпеген жағдайлардан зиян

 

 

 

Таза табыс (зиян)

-213 179

1 984 230

1031

*Көзі: АҚ»Бәйтерек-А»ның  01.01.04, 01.01.03 жылғы қаржылық есеп берулер мәліметтері негізінде құрылған

 

Осы кестенің мәліметтеріне сәйкес 01.01.03 ж. қарағанда 01.01.04 ж. АҚ»Бәйтерек-А»ның   өнімді өткізуден түсімі 165 %-ға, өткізілген өнімнің өзіндік құны 162 %-ға артты. Мұның негізгі себебі: өткізілген өнімнің сапасы арттырылып, көп сұранысқа ие болды.  Сондай-ақ есепті кезеңде кәсіпорының әкімшілік шығындары 107%-ға артқандығы соншалықты жақсы көрсеткіш болып табылмайды. Бірақ жалпы негізгі қызметтен алған табысы 1031 %-ға өсіп, 1 984 230 теңгені құрады. 2003 жылы бұл көрсеткіш -213 179 теңгені құраған. Бұл кәсіпорын рентабельді болып табылады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

2003 – 2004 жылдардың мәліметтері бойынша АҚ»Бәйтерек-А»ның  цемент сатудан айлық түсімдері 6-кестеде көрсетілген.

 

6-кесте

2003 жылдын 2004 жылдың наурызына дейінгі цемент өткізу*

 

Айлар

Өткізу сомасы

2003 ж. қаңтар

3 725 113

2003 ж. ақпан

2 508 413

2003 ж. наурыз

3 784 425

2003 ж. сәуір

4 255 565

2003 ж. мамыр

5 055 591

2003 ж. маусым

6 942 744

2003 ж. шілде

7 294 294

2003 ж. тамыз

6 287 901

2003 ж. қыркүйек

4 889 659

2003 ж. қазан

7 616 279

2003 ж. қараша

3 021 715

2003 ж. желтоқсан

2 622 331

2004 ж. қаңтар

2 798 005

2004 ж. ақпан

2 515 508

2004 ж. наурыз

1 122 015

БАРЛЫҒЫ

64 277 330

*Көзі: АҚ»Бәйтерек-А»ның  01.01.03, 01.01.04, 01.04.04 жылғы қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде құрылған

 

АҚ»Бәйтерек-А»ның  негізгі қызметінен, яғни цемент өткізуден 2003 жылдан бастап 2004 жылдың наурызына дейін алған түсімдері 64 277 330 теңгені құрады.

Бұл жерде жылдың әр кезеніңде өнім өткізуден түміс әркелкі болып тұрғаны көрініп тұр.

АҚ»Бәйтерек-А»ның  негізгі қызметі құрылыс материалдарымен, соның ішінде көбінесе цементпен сауда  болғандықтан оны өткізу кезеңдік сипатқа ие. Өткізу көлемінің көп бөлігі жаз және күз айларында байқалады.

Ендігі кезекте АҚ»Бәйтерек-А» бойынша қаржылық коэффициенттерді талдаймыз (7-кесте).

 

7-кесте

АҚ»Бәйтерек-А»ның қаржылық коэффициентерін  талдау*

Аты

01.01.03 ж.

01.01.04 ж.

01.04.04 ж.

Өтімділік коэффициенттері:

Жалпы өтеу коэффициенті

112%

250%

300%

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

15%

20%

1%

Левераж:

Міндеттемелердің активтерге қатынасы

0,85

0,38

0,32

Мендеттемелердің меншікті капиталға қатынасы

5,52

0,62

0,46

Қызмет коэффицименттері:

Дебиторлардың айналым коэффициенті, күн

20

4

1

Кредиторлардың айналым коэффициенті, күн

157

22

73

ТМЗ айналым коэффициенті, күн

153

60

320

Пайдалылық коэффициенттері:

Жалпы пайда маржасы

16%

17%

32%

Таза пайда маржасы

-0,98%

3,43%

3,72%

* Көзі: АҚ»Бәйтерек-А»ның 01.01.2003, 01.01.2004, 01.04.2004 жылғы қаржылық есеп берулер мәліметтері негізінде есептелген

 

Бұл жерде біріншіден кәсіпорының өтімділік коэффициенттері талданады: Жалпы өтеу коэффициенті және ағымдағы өтімділік коэффициенті. АҚ»Бәйтерек-А»ның қаржылық мәліметтеріне байланысты жалпы өтеу коэффициенті 2003 жылы 112%-ды, ал 01.01.2004 ж. – 250%-ды, 01.04.2004 ж. – 300% -ды құрады. Ал оның нормативті мөлшері 100%-дан кем болмау керек. Ендеше кәсіпорында өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға қажетті өтімді қаражаттары толықтай жеткілікті.   Келесі өтімділік коэффициенті – ағымдағы өтімділік коэффициенті. АҚ»Бәйтерек-А»ның мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 01.01.2003 ж. – 15%, 01.01.2004 ж. – 20%, ал 01.04.2004 ж. – 1% құрады. Бұл көрсеткіш нормативті шамасынан төмен болып тұр. Яғни АҚ»Бәйтерек-А»ның қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау үшін айналым қаражаттарының көлемі жеткіліксіз.

АҚ»Бәйтерек-А»ның левераж коэффициенттері, яғни міндеттемелердің активтерге қатынасы және міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы сияқты көрсеткіштер де есептелген. Бұлар біріншіден, кәсіпорының жалпы активтернің қандай бөлігі міндеттемелермен қамтамасыз етілгенін, ал екіншіден, міндеттемелер мен меншікті капиталдың арақытнасын көрсетеді.

АҚ»Бәйтерек-А»ның кызметін сипаттайтын көрсеткіштер 2003 жылмен салыстырғанда жақсы өзгерді. Дебиторлық, кредиторлық және ТМЗ айланым мерзімі 01.01.2004 ж. сәйкесінше тек 4, 22, 60 күнді құрады.  Пайдалылық коэффициенттері де 2003 жылмен салыстырғанда біршама артты. 2003 жылы жалпы пайда маржасы 16 %-ды құраса, 2004 жылы ол 17% болды. Ал таза пайда маржасы 2003 жылы -0,98% болса, 2004 жылдың 1 сәуіріне бұл көрсеткіш 3,72%-ды құрады.

 

АҚ»Бәйтерек-А»ның жобасына қысқаша сипаттама берейік.

  • Несиенің мақсаты:
  • Өскеменнiң«Цемент» зауыты өндіретін цементтiң үлкен ассортиментін алу;
  • Сатып алынатын өнімді өткізу есебінен қосымша пайда алу арқылы кәсіпорынның табыстылығын арттыру;
  • Өткізу орындарының санын арттыру;
  • Өскемен зауытымен ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды кеңейту.
  • Жобаның жалпы құны 15 000 000 теңгені құрайды
  • Жобаны қаржыландыру көздері және олардың мақсаты:

 

8-кесте

АҚ»Бәйтерек-А»ның жобасын қаржыландыру көздері*

Қаржыландыру көздері

Сомасы, теңге

Мақсаты

АҚ  «Туран Әлем Банк» несиелік қаражаттары

15 000 000

Айналым қорларын толытыру

Басқа тартылған қаражаттар

Жоқ

 

Меншікті қаражаттар

 

 

Қаржыландыру көздерінің жалпы сомасы

15 000 000

 

*Көзі: АҚ»Бәйтерек-А»ның бизнес-жоспары

 

 

  • Қражаттардың қайтарылуын қамтамасыз ету 9-кестеде көрсетілген.

 

9-кесте

Несие бойынша қамтамасыз ету мүлкі*

Қамтамасыз етудің аты

Орналасқан жері

Нарықтық құны

Төмендету коэффициенті

Кепілдік құны

Айналыстағы тауарлар

Алматы қаласы, Сейфуллин., 312

15 532 454 теңге

50%

7 766 324 теңге

Кеңселік үй

Алматы қаласы, Наурызбай батыр көш., 115/2

16 096 841 теңге

30%

11 267 844 теңге

БАРЛЫҒЫ

 

31 629 295 теңге

 

19 034 168 теңге

* Көзі: АҚ»Бәйтерек-А»ның бизнес-жоспары

 

 

  • Жобаның жалпы өзектілігі және мәні.

Теріс жақтары:

  • Кепілдің 40%-ы тауарлы-материалды құндылықтардан тұрады
  • Бір жабдықтаушыдан тәуелділігі

Оң жақтары:

  • Болашағы бар бизнес
  • Жабдықтаушымен жөнге салынған серіктестік қатынастары
  • Тұрақты қызмет ететін, нарықта өз орнын алған субъект
  • Жұмыс тәжірибесі
  • Өткізу орындарының болуы
  • Ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелерден 3 есе артық.

Жоғарыдағы талдаудың нәтижесінде АҚ»Бәйтерек-А»ның  төлем қабілеті және несиелік қабілеті жеткілікті, жоба табысты болып шықты. Ендеше карыз алушыға несиені беру туралы шешім қабылдауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары.

 

  • Заңды тұлғаларды несиелеудің даму перспективасы.

 

Қазіргі кезде елімізде заңды тұлғаларды несиелеуге байланысты жақсы шарттар бар. Атап айтсақ, біріншіден, бұл – инфляцияның төмен деңгейімен, тенге курсының тұрақтылығымен, нақты ЖІӨ-нің өсуімен және мемлекеттік бюджеттің кішігірім тапшылығымен байланысты макроэкономикалық шарттардың елеулі жақсаруы. Екіншіден, ел тұрғындарының жеке бизнес дағдыларын үйреніп, менталитеттің тұтынушыдан кәсіпкерлікке өзгеруі болып табылады.

Қазақстанда нарықтық экономиканы білетін және басқару тәжірибесі бар менеджерлердің қалыптасуы да өзіндік ықпал етті. Сонымен қатар, ішкі сұраныс қазіргі жағдай үшін жақсы болып отыр. Елімізде төлем жүйесі дамып, халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін қаржылық жүйе қызмет етуде.

Сол уақытта ҚР-сы экономикасының әрі қарайғы тұрақты дамуы ЕДБ-де несиелік ресурстардың болуымен анықталады. Бұл қазіргі даму кезеңіндегі қаржылық жүйе құрылымының ерекшеліктерімен түсіндіріледі: банктер несиелік қызмет нарығында монополистер болып табылады. Қаржылық жүйенің басқа элементтерінің озып келе жатқан даму перспективасына қарамастан, банк жүйесінің ролі мен мәні ерекше болып отыр. Қазіргі кезде ҚР-сы ЕДБ-рі активтерінің шамамен 60%-ын банктік емес заңды тұлғаларға берілген несиелер құрайды. Осы көрсеткіш бойынша олар АҚШ және Жапонияның банк жүйелерімен бір деңгейде. Алайда, несие көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы жағынан Қазақстан жоғарыдағы елдерден артта қалған. Біздің ойымызша, активтердегі несиелердің үлес салмағын 80%-ға дейін көтеру керек. Қазір, біздің ойымызша, бұл көрсеткішті 83%-ға жеткізуге болады. Алайда, ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасының ерекшеліктері, сондай-ақ сапалы жобалардың болмауы осы мәселені шешуге мүмкіндік бермей отыр.

ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасының қазіргі жағдайын сипаттай келе, банктерде «қысқа мерзімді ақшалар» жинақталып қалғанын атап өту керек. Ал, экономиканың нақты секторына 3 жыл және одан да ұзақ мерзімге несие қажет. Сонымен қатар, ҚР-ның коммерциялық банктері беретін несиелерінің валюталық құрылымы мен мұнай бағалары арасындағы байланыстылықты көруге болады. Мұнай бағасы төмендегенде шетел валютасындағы несиелердің үлес салмағы өседі.

Осылайша, нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеу перспективасы коммерциялық банктерде ұзақ мерзімді несиелік ресурстардың болуына тікелей тәуелді. Сондықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағының тұрақты өсуіне қарамастан, ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасы экономиканың нақты секторының сұранысын толық қанағатандыра алмайтынын атап өту керек.

Банктердің нақты секторды несиелеудегі қаупін түсіндіруге болады. Әрине,

макроэкономикалық тұрақтылық, экономикалық өсудің жоғары қарқыны банктерде ұзақ мерзімді ресурстардың қалыптасуына әсер етті.

Алайда, бұл ресурстар әлі де жеткіліксіз болып отыр. Себебі, банктердің меншікті капиталының үлесі дамыған нарықтық экономикада жұмыс істейтін банктердің меншікті капиталының мөлшеріне жетпейді.

Жаңа несиелердің берілуі жағдайында несиелік портфельдің сапасы  жақсаруы тиіс. Себебі, жаңа несиелер қандай-да бір қарыздардан бос. Алайда, банктердегі несиелік портфель сапасының бірден жақсармауы бұрын берілген несиелер сапасының елеулі төмендегенін көрсетеді. Оған бірқатар тежеуші факторлар өз ықпалын тигізеді. Нақты айтсақ, бұл, біріншіден, ел бойынша және аймақтарда долларизация деңгейінің жоғарылығы және валюта түрлері бойынша несиелік және депозиттік портфельдердің балансталмағандығы. Мысалы, бай индустриалды аймақтарға несиенің 93,5%-ы және 59,6% депозит келсе, кедей аграрлық аймақтарға – 40,4% депозит пен тек 6,5% несие келеді.

Ақшалай ресурстардың донорлары ретінде, негізінен, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және Қызылорда облыстары сияқты аймақтар шыққан. Әсіресе, Ақтөбе облысы, оған барлық банктік депозиттердің 34%-ы және несиелердің тек 1,6%-ы келген.

Несиелік және депозиттік портфель балансталмауын мерзім бойынша қарастырсақ, ол да несиелеудің дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, Маңғыстау облысында несиелік портфельдегі орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 74%, ал депозиттік портфельде – 15,4%, Оңтүстік  Қазақстан облысында –  сәйкесінше 41,2% және 18,4%  /7. 68-72бет/.

Несиелер бойынша банк маржасы жоғары болып отыр (8-20% жылдық). Несиелер бойынша неғұрлым төмен банк маржасы индустриалды аймақтарда байқалады (8-9%). Елдің аграрлық аймақтарында банк маржасының деңгейі одан жоғары және орташа алғанда 12-14% құрайды. Осы екі маржа арасындағы айырма ауыл шаруашылық өндірісін несиелеудегі жоғары тәуекелмен байланысты шығындарды білдіреді (15-кесте):

 

15-кесте

 

Аймақтардағы берілген несиелерге банк маржасы*

 

 

Қ. Р.

Алматы қаласы

Астана қаласы

Шығыс Қаз-н обл.

Қарағанды

Маңғыстау

Павлодар

Солт. Қаз-н обл.

Оңт. Қаз-н обл.

Ақмола

Ақтөбе

Атырау

Жамбыл

Батыс Қаз. обл.

Қостанай

Қызылорда

2002ж. 1-тоқсан

9,1

9,0

9,8

10,8

8,6

10,0

8,4

11,9

11,7

13,6

12,0

16,9

13,3

11,8

13,3

15,7

2002ж. 2-тоқсан

9,2

8,9

8,9

10,5

10,5

10,3

8,4

11,8

10,2

13,5

20,7

15,1

12,2

10,7

13,9

9,1

2002ж. 3-тоқсан

8,8

8,6

10,1

10,6

9,7

10,5

8,8

11,8

9,0

14,3

10,8

11,7

12,2

11,2

14,3

13,8

*көзі:   ҚР Ұлттық банктің облыстық филиалдарының тоқсандық есеп беруі.

 

Қазіргі кезде клиент менеджментін талдау үлкен мәнге ие, себебі несиені қайтармау клиент банкроттылығынан болып отыр. Бұл, өз кезегінде, нашар менеджменттің нәтижесі болып табылады. Көп жағдайларда кәсіпорындар өсіп келе жатқан басқару талаптарын орындай алмағандығынан сәтсіздікке ұшырайды. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдауды, егер бізде клиенттердің несие қабілеттілігі туралы, сондай-ақ олардың алған және қайтармаған несиелері туралы ақпараттар жинау жүйесі бар болса, жақсартуға болар еді. Себебі, осындай ақпаратты табу қиынға соғады. Мысалы, Францияда Орталық тәуекелдер қызметі құрылған. Несиелеу жүйесін жетілдіру мен несиелік тәуекелді төмендету үшін бізде де айтылып жүрген Несиелік бюроны құрған жөн.

Әлемнің көптеген елдерінде несие берушілер несиелік бюролар арқылы тұрақты негізде қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі жайлы хабар алысып тұрады. Мұның қажеттілігі көптеген экономистермен қаржылық-делдалдық қызмет аясындағы ақпараттардың ассиметриясы мәселесін зерттегенде дәлелденген болатын. Экономикалық әдебиеттерде ақпараттың ассиметриясы ретінде несиелік ресурстарды бөлуде тиімсіздікке әкелетін мәміле жасалған кезде серіктесі жайлы мәліметтердің жеткіліксіздігі танылады. Бұл жағдайда несие беруші қарыз алушы ссуда алған инвестициялық жобамен байланысты алдағы табыс пен тәуекелді болжай алмайды.

Сонымен қатар, несие берушілер ссуда алғаннан кейін қарыз алушылардың іс-әрекеттерін бақылай алмауы мүмкін. Қарыз алушы төлем қабілетсіздік тәуекелін арттыратын қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін немесе қарыздары бойынша төлемеу үшін өзінің инвестицияларынан алатын табысын жасыруы мүмкін. Осының нәтижесінде несиелердің көлемі азайып, жоғары пайыздық мөлшерлемелер қойылады. Бұл құбылыс ғылыми әдебиеттерде «жаман қылық» атауын алды.

Қаржылық емес секторда жалпы жағдайдың төмендеуі кезінде тәуекелді бағалау және қарыз алушыларды таңдау қиынға түседі, пайыздық мөлшерлемелер көтеріледі, бұл сенімді қарыз алушыларды нарықтан кетуге мәжбүр етеді. Сонымен қатар, қаржылық жағдайына байланысты сенімсіз қарыз алушылар жоғары пайыз мөлшерін төлеуге келіседі, себебі ссуданы қайтара алмауы мүмкін екенін біледі. Мұның нәтижесінде тәуекелдің несиелік саясат жүргізе отырып, несие берушінің өзінің қаржылық жағдайына қауіп төнеді немесе нарықта сенімді қарыз алушылар бар екендігіне қарамастан, берілетін несиелер көлемі шектеледі. Бұл қаржы нарығының да, нақты сектордың да жағдайына кері әсерін тигізеді / 14. 454-455бет/.

Әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша бұл мәселені тек несие берушілер арасында қарыз алушылар туралы ақпарат алмасу үшін құрылған несиелік бюролар көмегімен шешуге болады. Бұл жағдайда үш түрлі нәтиже байқалады.

Біріншіден, несиелік бюролар банктердің нарықтағы қарыз алушылар жайлы мәліметтердің деңгейін жоғарылатып, ссудалардың қайтарылуын нақты болжауға мүмкіндік береді. Бұл  несие  берушілерге  ссуданың  мақсаты мен бағасын тиімді анықтауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, несиелік бюролар банктерге өздерінің клиенттері туралы ақпаратты іздеу бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл несиелік нарық ішіндегі ақпараттарды теңестіруге және осы арқылы несие берушілермен несиелік ресурстар үшін бәсекелік бағаларды қоюға әкеледі. Төмен пайыздық мөлшерлемелер қарыз алушылардың таза табысын арттырып, олардың қызметін ынталандырады.

Үшіншіден, несиелік бюролар қарыз алушылар үшін тәртіптілік механизмін құрады. Қарыз алушылар өздерінің міндеттемесін нақты орындамаса, оның несие берушілер алдындағы беделі түсіп, несиелік ресурстарға жолын жабатындығын және несиелік ресурстар ол үшін қымбаттайтындығын біледі. Сонымен қатар, бұл механизм қарыз алушыны несиені уақытында қайтаруға ынталандырады  / 15. 8-бет/.

Алайда, осының бәрі үлкен қиындыққа тірелді: кәсіпорындар мен ұйымдар – коммерциялық банк клиенттері өздері туралы мәлімет бергісі келмейді. Батыста мұндай ақпаратты беруден бас тарту берілген компанияны теріс жағынан көрсететін маңызды көрсеткіш болып табылады. Яғни, Қазақстанда жалпы ақпараттық желі болмайынша, несиелік тәуекелдер әлі жоғары болып табылады.

Отандық банк жүйесінде несиелік келісім-шарттардың жетілмегендігі мәселесін атап өту керек. Осы орайда несиелік келісім-шарттар негізгі қарыз және пайызды өтемеудің алдын алу шараларын қамтымайды. Ал, құқықтық жағынан келісім-шарттар берілген ссудалардың қайтарылуын қамтамасыздандырмайды. Көптеген келісім-шарттар заңи дұрыс құрылмаған, кейде оларға құзыреті жоқ адамдар қол қояды. Батыста несиелік келісім-шарт маңызды құжат болып саналады. Осыған байланысты несиелік келісім-шартты құрған кезде несиеленетін мәмілені терең зерттеп қана қоймай, сонымен қатар барлық мүмкін болатын тәуекелдерді есепке алып, оларды келісім-шартта көрсете білу керек.

Несиелеу мәселесінде кепіл механизмінің жетілмегендігін атап өту керек. Кепіл шартына сәйкес несие берушінің талаптары кепілге қойылған мүлік құнынан орындалады. Кепілді сатудан түскен сома банк алдындағы қарызды жабуға жетпесе, банк жетіспеген соманы қарыз алушының басқа мүлкінен алуға құқылы. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен келесідей кезектілік қарастырылған. Ең алдымен, банкрот болған кәсіпорын мүлкі арбитражды соттың шығындарын жабуға кетеді. Содан кейін әлеуметтік орта: алимент, мүгедектік жәрдемақы, жұмысшыларға берілмеген жалақы т.б. төленеді. Осыдан кейін бюджет алдындағы міндеттемелер: салықтар бойынша қарыздар өтеледі. Соңында ғана несие берушілерге кезек беріледі. Көп жағдайларда банкрот кәсіпорынның бұған дейін мүлкінен түк қалмайды. Басқаша айтқанда банктер түксіз қалады. Айтылғандардың бәрі кепіл құқының негізгі қағидаларының біріне қайшы келеді – кепілдік талаптардың басқа несие берушілер алдында бірінші кезекте қамтамасыздандырылуы. Яғни, несиелік тәуекелдердің болу мүмкіндігін төмендету үшін, ең алдымен, кепіл механизмін жетілдіру қажет / 16. 28-29бет/.

Осы орайда заңды тұлғалардың ішінде, әсіресе, кіші және орта бизнес субъектілерінің несие алуға кепілі жетіспейтінін де айтып кету қажет. Яғни, дұрыс кепілінің жоқтығынан оларға несие алу қиынға соғады. Ал, әрбір елдің тәжірибесі көрсеткендей, нарық өздігінен кіші және орта бизнесті қаржыландыру мәселесін шеше алмайды.

Кепілмен қамтамасыз ету шағын және орта кәсіпорындар үшін айрықша проблема болып отыр. Кепілге несие мөлшерінен 2 есе қымбат мүлік алынады. Ал, «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілді қамтамасыз ету ретінде коммуналды меншік объектілерін қолдану сұрақтары туралы» №1028   2000-жылғы 7-сәуірдегі Үкімет Қаулысы тек ұсынымды сипатқа ие.

Банктер шағын бизнесті тек жоғары мөлшерлемелермен және қамтамасыз етудің қатаң шарттары негізінде несиелеуге дайын. Алайда шағын кәсіпкерлердің көбісі үшін бұл қолайсыз, әсіресе, өз бизнесін жаңадан бастағандар үшін. Сондықтан, нарықтық экономикада шағын және орта бизнестің несиелерге сұранысы түрлі қаржыландыру көздері мен сызбаларын пайдалану арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру мен қолдаудың арнайы механизмін құрусыз елдің қаржы институттары тарапынан қанағаттандырыла алмайды /17. 52бет/.

Бір жағынан қандай-да болмасын жобалардың құны әр түрлі болғанымен, оған кететін банк шығындары бірдей болып табылады. Яғни, жобаның құны қаншалықты көп болса, банктің оны қаржыландыруға кететін шығынының үлес салмағы соншалықты аз болады. Және, керісінше, жобаның бағасы қаншалықты аз болса, соншалықты оны қаржыландыруға кететін шығынның үлесі көп болады. Бұл ірі жобаларға несиелеу мөлшерлемесінің төмен болып, кіші жобаларға жоғары болатынына әсер етеді. Екінші жағынан, кіші және орта бизнестің тұрақсыздығына байланысты ірі жобаларға қарағанда кіші жобаларда банктердің тәуекелі де жоғары болады. Бұл банктердің кепілге байланысты кіші және орта бизнеске қоятын талаптарының қатаң болуына әкеледі.

Банктердің кепіл механизмін жетілдіруі несиелік тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді. Несиелік тәуекел банк қызметінің барлық спектрі бойынша бағаланады. Банктердің тұрақты дамуы шартындабәсекелестердің алдында болу үшін тәуекелді үздіксіз бағалап отыру маңызды мәнге ие болып отыр. Сондықтан, жылдан-жылға тәуекелді басқару жүйесі жетілдірілуде. Оның негізгі мақсаты – диверсификация және тәуекел, яғни география, қамтамасыздандырылуы, мерзімі, салалық секторы және қарыз алушының түрлері сияқты аспектілерін зерттеу арқылы банктің несиелік портфелі талданады. Бұл жерде тәуекел жинақталуы неғұрлым маңыздыфактор болып табылады. Яғни, банк барлық несие түрлерімен айналысатыны немесе белгілі-бір түріне мамандануы есепке алынады.Егер банк активтерінің елеулі бөлігі белгілі-бір экономика сегментіне салынса, осы сектор бойынша қосымша ақпараттар зерттеледі /18. 16-бет/.

Нақты секторды банктердің несиелеуі бойынша мүмкіндіктердің өсуі жүйелік тәуекелдің көбеюіне әкеледі. Қазіргі кезде несиелік тәуекелдер қазақстандық банктер үшін тұрақсыздықтың маңызды факторы болып қалуда және банктердің оларды қаншалықты минимизациялай алуынан банктік сектордың әрі қарайғы дамуы көрінеді. Осыған байланысты несиелеу жүйесін жетілдіруге мемлекеттің араласуы қажет. Берілген жағдайда бұл құрылымдық (өнеркәсіптік) саясат негізінде отандық инвестицияларды тікелей ынталандыруды білдіреді. Оның негізгі элементтері үкіметтің маңызды салалар мен жобаларды жариялауы, осы жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттің үлестік қатысуы, оларды мемлекеттік банктер арқылы жеңілдетіліп қаржыландыру, салықтық ынталандыру (мысалы, салықтық несие, каникул т.б.) болып табылады. 

Ауыл шаруашылық,  жеңіл  және  тамақ  өнеркәсібі   салаларын  несиелеуде мемлекеттің қызметін жандандыру керек. Осындай мәселелерді шешу бәсекеге қабілетті өнім шығару мүмкіндігін кеңейтеді, экспорттың тиімділігі аз құрылымын өзгертеді, өндіріс рентабельділігін көбейтеді /19. 73-бет/.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінде, банктік қадағалауда және нарықтық тәртіптің дамуына шарттар қалыптастыруда ссудаларды сыныптау мен олар бойынша провизиялар құру маңызды роль ойнайды. Қазақстан Республикасында несиелер бойынша провизиялар құрудың Ұлттық банк бекіткен арнайы Ережесі бар екені белгілі. Ол бойынша күмәнді категориясына жатқызылған несиеге – 5%, 10%, 20%, 50% провизия құрылса, үмітсіз несиеге 100% провизия құрылады. Ал, егер 10-кестеге (2.1 бөлім) көңіл аударсақ, 2004-жылдың 1-қаңтарына банктер берген несиелердің 38,9%-на провизия құрылған. Бұл банк активтерінің біршама бөлігі пайда табуға бағытталмай, қозғалыссыз жататынын білдіреді. Жалпы, ЕДБ-дің құрған провизияларының көлемін келесі кестеден көруге болады:

 

 

 

 

 

 

 

16-кесте

2003-ж. ЕДБ-дің несиелер бойынша құрған провизиялары*

 

 

Негізгі қарыз

Құрылған провизиялар

Үмітсіз

17826

25555

Күмәнді

241934

1783

Стандартты

567356

182

Барлығы

827117

43569

*көзі: www.dnu.ru

 

Дамыған елдерде, соның ішнде Ұлыбритания, Австралия, Сауд Аравиясы, Нидерланды мемлекеттерінде ссудаларды сыныптау мен олар бойынша провизиялар құруда қатаң бекітілген талаптар жоқ. Негізінен дамыған елдерге бұл мәселеде либералды модель тән. Яғни, банктер ссудаларды сыныптау мен провизиялар құруды өздерінің көзқарастарына сай жүргізеді. Ал, Орталық реттеу органы олардың ішкі құжаттарының сапасын бағалайды /20. 17-бет/.

Біздің еліміздің дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің деңгейіне бағытталуы жағдайында осы тәжірибені қарастыру артық болмайды деген ойдамыз. Әрине, несиелік бюро құрылып, жалпы қадағалау жүйесі бір қалыпқа келмейінше бұл мәселе шешімін күтіп тұрғандардың біріне жатқызылады.

Сонымен қатар, несиелеік тәуекелді басқару кезінде еліміздегі көптеген банктерде несиелік менеджерлердің сараптама және мониторинг жүргізуі кезінде, банктік зайым және кепіл туралы келісім-шарттарда т.б. әр түрлі кемшіліктер жіберетінін айта кеткен жөн. Атап айтсақ:

  1. Қарыз алушылардың ақша қаражаттарының қозғалысына әрқашан талдау жүргізілмейді;
  2. Бизнес-жоспарды әрқашан талап етпейді және қарыз алушылардың келісім-шарттарына талдау жасалмайды;
  3. Банктік зайым келісім-шарттары бойынша несиенің мақсатты пайдаланылуы Несиелік Комитеттің протоколына әрқашан сәйкес келмейді;
  4. Несиелік істі құрайтын құжаттардың жекелеген түрлерінің болмауы;
  5. Кепілді бағалау кезінде бекітілген әдістемеден ауытқу және аралық есептердің болмауы.

Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар бизнес-жоспар жасауды қиын көреді. Сондықтан, біздің ойымызша, бәсеке жағдайында ірі клиент тартуға асыққан банктер кейде оны қатты талап етпейді. Алайда, несиелік істі құрайтын құжаттардың толық болуы үшін ЕДБ-дің Ұлттық банктің осыған байланысты талаптарын қатаң түрде сақтауын бақылағаны жөн. Соның ішінде бизнес-жоспар аса маңызды болып табылады.

  • Заңды тұлғаларды несиелеу механизмін жетілдіру

 

Қазіргі таңда банк клиенттерінің ссудаларды қайтармауы жиі болатын құбылысқа айналды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін, ең алдымен, банктерде несиелік қаражаттарды беруге өтініштерді қарастыру кезінде аналитикалық жұмысты жақсартып, клиенттің несие қабілеттілігін неғұрлым толық зерттеу қажет. Өтініш пен бизнес-жоспарды терең зерттеу мүмкін тәуекелдердің пайда болуын алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, клиенттің хұқықтық мәртебесін өткізген құжаттарының түпнұсқалылығына мән беру қажет. Бұл, өз кезегінде хұқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнатуды талап етеді /16. 28-бет/.

Несиелік ресурстарды қайтармау тәуекелінің жоғары деңгейінің сақталуына байланысты банктік несиемен нақты сектордың қажеттілігі толық қанағаттандырылмай отыр. Ұлттық банктің ресми мәліметтеріне сәйкес ссудалар бойынша мерзімі өткен берешектер мөлшері жоғары деңгейде сақталған (9-сурет):

 

9-сурет

 

ЕДБ-дің несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер динамикасы

 

 

Суреттен көріп отырғанымыздай, заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер жылдан жылға өскен. Бұл көрсеткіш 2003-жылы 2000-жылға қарағанда біршама артқан. Бұл банктердегі несиелік механизмнің жетілдіруді қажет ететіндігін айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның банктері қолданатын несие қабілеттілігін талдау құралдары әрі қарайғы жетілдіруді талап етеді. Бұл, әсіресе, сандық және сапалық жағынан әр түрлі болып келетін көптеген ақпараттарды тиімді және жүйелік өңдеу тұрғысынан үлкен мәнге ие. Осыған байланысты отандық және шетел экономистерінің     ғылыми     зерттеулерін     қарастыру,    алдыңғы     қатарлы

банктердің тәжірибесін жалпылау маңызды болып табылады.

Ірі және орта кәсіпорындардың несиелік талдау үрдісін оңтайландыру синтезделген көрсеткіш – несие қабілеттілігі мен несие сапасының рейтингін анықтауды қажет етеді. Бұл клиенттің жеке және іскерлік сипаттамалары, несиенің қамтамасыздандырылуы мен өтелу сызбасы, банкпен қарым-қатынасы сияқты факторларды бірегей көрсеткішке біріктіруді білдіреді. Шетел авторларының зерттеулері несие қабілеттілігінің рейтингі жүйеленген нәтиже алуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Оның негізінде белгілі-бір қарыз алушыны несиелеуге қатысты дұрыс шешім қабылдау ықтималдығын көбейтуге болады  /21. 65-66бет/.

Бөлшектелген талдауларды бір жалпы несиелік талдауға біріктіре келе, несие қабілеттілігін анықтау үрдісінің келесі сызбасын алуға болады (10-сурет):

 

10-сурет

 

Несие қабілеттілігінің рейтингтік бағасы

 

 

Қарыз алушының

қаржылық есеп беруін талдау

Қарыз алушымен

 іскерлік кездесулерді ұйымдастыру

Несиеленетін жобаның сапасын бағалау

Несиелік тарихын

 зерттеу

Несие қабілеттілігі

коэффициенттерін есептеу

Басшылардың жеке

 сапалары мен

 біліктілігін бағалау

Несиелеу қағидаларын сақтау

 Банктің несиелік

 саясатына сәйкестігі

Оларды нормативтік

 мәндермен салыстыру

Кәсіпорын менеджментінің деңгейін анықтау

Жобаның жүзеге

асырылу саласының

дамуын талдау

Несиелік келісім-шарт

параметрлерін негіздеу

Несие қабілеттілігі

класын анықтау

Қарыз алушының

сенімділік деңгейін

анықтау

Болашақты болжау

және бағалау

Несиенің қайтарылуының қамтамасыздандырылуын талдау

 

 

 

Жалпы рейтингін анықтау

Несиені беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау

 

Банктердің несиелік қызметі көптеген потенциалды қарыз алушылардың ішінен несиелік қабілеттілігі күмән тудырмайтын клиенттерді таңдағанда ғана сәтті жүргізілмек. Несиені беру мүмкіндігі туралы шешім потенциалды қарыз алушының несиелік талдау нәтижелерінен қабылданатыны белгілі. Осы мақсатта республикамыздағы коммерциялық банктер несиеленетін жобаға және шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайына сараптама жүргізу тәртібін белгілейтін әдістемелік нұсқаулар шығарады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27-қыркүйек 1994-жылғы мәжілісінде №26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін  банктердің  талдауына байланысты әдістемелік нұсқауы» бар. Ол бойынша келесідей коэффициенттер есептеледі:

  1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті;
  2. Мерзімді өтімділік коэффициенті;
  3. Активтер рентабельділігі;
  4. Негізгі құралдар мен басқа айналымнан тыс активтер рентабельділігі;
  5. Меншікті капитал рентабельділігі;
  6. Ұзақ мерзімді міндеттеме рентабельділігі;
  7. Қаржы тұтқаса коэффициенті;
  8. Тіркемелі активтерді өтеу коэффициенттері;
  9. Қарызға қызмет ету коэффициенттері т.б.

Біздің ойымызша, шамадан тыс көп коэффициенттер несие беру үрдісінің жылдамдығын тежейтіндіктен, оларды банктер талдауда қолданбайды. Алайда, бұл коэффициенттердің кейбіреулері өте маңызды болғандықтан, ықшамдалған белгілі бір коэффициенттерді топтастырған жөн. Мысалы, рентабельділігін есептеу кезінде сату рентабельділігі, негізгі құралдар мен басқа айналымнан тыс активтер рентабельділігі, ұзақ мерзімді активтер рентабельділігі коэффициенттерін алып тастап,активтердің рентабельділігі мен меншікті капитал рентабельділігін қалдыру керек сияқты. Себебі, соңғы екі көрсеткіш арқылы да кәсіпорын рентабельділігіне баға беруге болады. Меншікті капитал рентабельділігі кәсіпорынның меншікті капиталын тиімді қолдануын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Айналым қаражаттарының айналым уақыты көрсеткішін қалдырып, қалған айналымдылық коэффициенттерін алып тастаған жөн. Себебі, олар кәсіпорынның несиені қайтара алуын объективті көрсетпейді. Қор қайтарымы коэффициентін қолданған жөн, себебі ол негізгі қордың қаншалықты тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Несие пайызының өтелу коэффициентін қолданған жөн. Ол бір жыл ішіндегі кәсіпорынның пайызды төлеуге қанша рет қаражат алатынын көрсетеді және несие беретін банктің қорғаныс дәрежесін сипаттайды. Есептелетін коэффициенттер арасынан тіркемелі активтерді өтеу коэффициентін де қолданбаса болады. Себебі, оны кепілді бағалау кезінде есептейміз. Ағымдағы өтімділік коэффициенті мен мерзімді өтімділік коэффициенті мағыналары жағынан жақын болғандықтан, тек алдыңғысын қалдырғанды жөн көрдік. Сонымен қатар, шетел тәжірибесінде қолданылатын ақша қаражаттарының қозғалысы коэффициенті аса маңызды болып табылады. Өйткені ақшалай қаражаттардың ағымы несиені қайтарудың тікелей көзі болып табылады. Ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдау ағымдағы жағдайға, өткен кезеңге және болашаққа болжамдалып жасалады. Аналитиктер, әдетте, белгілі-бір гипотезаға сүйеніп жасалған әр түрлі оқиғаларды қолдана отырып, бірнеше болжамдармен жұмыс жасайды. Мысалы, кішігірім сату көлеміне немесе мүмкін болатын сату көлемінің ішіндегі ең кішісіне сәйкес оқиғаларды алады. Бұл жердегі аналитиктің маңызды міндеті ең нашар жағдайға тап болғандағы кәсіпорынның несиені қайтару мүмкіндігін анықтау болып табылады /10. 140бет/.

Сонымен, шетел және отандық несиелік істің тәжірибесіне сүйене отырып, потенциалды қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау  үшін келесі кестеде көрсетілгендей көрсеткіштер жиынтығын ұсынамыз (17-кесте):

17-кесте

Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі

Коэффициент атауы

Белгіленуі

Есептеу алгоритмі

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

К1

(ақша қаражаттары+қысқа

мерз. инв.+деб-қ қарыз)/ қысқа мерз. міндеттемелер

Қаржы тұтқасы коэффициенті

К2

тартылған қаражаттар/ меншікті қаражаттар

Несие пайызының өтелу коэффициенті

К3

(таза пайда+пайыз төлеу бойынша шығындар)/  несие пайызын төлеу шығындары

Активтердің рентабельділігі

К4

Пайда / кәсіпорын активтері

Меншікті капитал рентабельділігі

К5

Пайда / меншікті капитал

Қор қайтарымы коэффициенті

К6

Жалпы пайда – түсім/активтер

Айналым қаражаттарының айналым уақыты коэффициенті

К7

(Орташа қалдық * мерзім ұзақтығы) / Жалпы кіріс

Ақша қаражаттарының қозғалысы коэффициенті

К8

Жалпы қарыз / ақша қаражаттарының балансы

Қарызға қызмет ету коэффициенті

К9

Пайда / қарыз бойынша шығындар

Тәуелсіздік (автономия) коэффициенті

К10

Меншікті капитал / авансталған капитал

Көзі: /21. 14-бет/

 

     Бұл жердегі қаржы тұтқасы коэффициенті 0,7-ден аспауы керек, яғни тартылған қаражаттардың ең жоғары мөлшері 70%-ды  құрауы керек. Алайда, кейбір жобалар бойынша өте көп қаражат қажет болғандықтан, банктен алынатын несие бұл көрсеткіштен жоғары соманы қажет етеді. Бұл жағдайда банктер жобаны өз тарапынан толық зерттеп, несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдің алдын алу үшін үшінші тарапты іске қосуын ойластыруы керек. Мысалы, жоба құрылыс объектісін қамтитын болса, алдын ала үшінші жақтағы қандай-да бір компаниямен келісім-шартқа отырғаны жөн. Қазіргі таңда кейбір банктер іске асырылмаған жобаны өзі алып, әрі қарй жүргізеді. Бірақ, бұл банктерге қажет емес.

Қарыз алушының қаржылық жағдайының көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және есептеу несие қабілеттілігін талдаудың бір жағы ғана болып табылады. Келесі кезеңде алынған мәндерді қандай-да бір нормативтік мәндермен салыстырады. Осындай нормативтік мән ретінде орташа салалық коэффициенттерді қолданады. Олардың көмегімен белгілі бір кәсіпорынның қаржылық жағдайы сол саланың  ұқсас  кәсіпорнымен салыстырылады. Мұндай салыстыру кәсіпорынның саладағы шруашылық субъектілердің аясында жағдайын неғұрлым объективті көрсетеді. Бұл жағдайда банктер өздерінің несиелік ресурстарын экономиканың қай саласына салу тиімді болатынын да анықтай алады. Жалпы, салалар бойынша орташа коэффициенттерді есептегеннен кейін сол мәнге сәйкес келген кәсіпорын коэффициенттерін екінші класқа, одан жоғары болғандарын бірінші класқа, ал олардан төмендерін үшінші класқа жатқызуға болады. Сәйкесінше, бірінші және екінші класқа жатқызылған кәсіпорындарға несие беру туралы, ал үшінші класқа жатқызылғандарына несие бермеу туралы шешім қабылдауға болады.

     Алайда, мұндай бағалау әдісі объективті шешім қабылдауға толық мүмкіндік бермейді. Сондықтан, осыған қоса несиені беру мүмкіндігінің балдық бағасын анықтаған жөн. Оны келесідей көрсетуге болады (18-кесте):

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-кесте

Несиені беру мүмкіндігінің балдық бағасы

 

Көрсеткіш

Мүмкін болатын балл саны

Несиенің тағайындалуы:                       өндірістік

                                                                        өндірістік емес

3

0

Несие мөлшері:                                         қолайлы

                                                                        қолайсыз

3

0

Несие мерзімі:                                           қысқа мерзімді

                                                                        ұзақ мерзімді

8

2

0

Несие қабілеттілік класы:                     1-класс

                                                                        2-класс

                                                                        3-класс

9

5

1

Несиенің экономикалық негізделуі: негізделген

                                                                        жеткіліксіз негізделген

                                                                        негізделмеген

9

6

0

Өтеу сызбасы:                                           пайдадан өтеу

                                                                        пайдадан жартылай өтеу

                                                                        бір реттік

                                                                        бөлшектеп өтеу

6

5

4

2

Несиенің қамтамасыз етілуі:               кепіл кепілдеме

                                                                        гарантия

                                                                       сақтандыру

                                                                       қамтамасыз етілмеген

7

5

2

2

0

Несиелік тарихы:                                           өте жақсы

                                                                              жақсы

                                                                              қанағаттанарлық

                                                                              жоқ

                                                                              жаман

6

5

4

2

0

Қарыз алушы туралы пікірлер:                 өте жақсы

                                                                              жақсы

                                                                              қанағаттанарлық

                                                                              жоқ

                                                                              жаман

5

4

1

1

0

Қарыз алушының саласы:                          өнеркәсіп

                                                                              сауда

                                                                              құрылыс

                                                                              ауыл шаруашылығы

                                                                              басқалар

9

6

3

2

1

Банктің несиелік саясатына сәйкестігі: толық

                                                                              жартылай

                                                                              сәйкес емес

9

5

0

Көзі: /21. 15-бет/

 

Бұл жердегі ең жоғарғы мүмкін болатын балдар саны 74-ке тең. Ал, ең төменгі мәні 36 немесе ең жоғарғы мәннің 49%-ын құрайды. Осы мәндердің арасында тұрса, несиені беру туралы шешім қабылдауға болады. Әрине, 74-ке жақын болған сайын жақсы болады. Осындай рейтингті қолдану банктердің несиелеу облысындағы шешімін неғұрлым тура негіздейді деген ойдамыз.

Несие қабілеттілігін қаншалықты нақты бағалап, несие беру туралы шешімі қаншалықты негізделіп қабылданғанымен, бір де бір банкир өзі берген ссуданың мерзімінде қайтарылмауын болжай алмайды. Несиенің қайтарылуына бақылау жасау кезінде несиелік қызметкер жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның жағдайын тұрақты түрде талдап отыруы қажет. Әсіресе, талдау кезінде айқындалған әлсіз жерлері үздіксіз талданып отырғаны жөн. Осы орайда, белгілі бір жобаны несиелеу кезінде болжанатын ақша түсімінің ағымына шамадан тыс тәуелді ссудалардан қауіптену керек. Баланста көрсетілген өтімсіз активтерді дисконттап, тек тез өтетін активтерді есепке алған жөн. Яғни, мониторинг үрдісінде кепілге алынатын затты аса мұқияттылықпен талдап, кейбір мүліктердің пайдаланылу аясы мен мерзіміне көңіл бөлген жөн. Негізінен, клиенттің несие қабілеттілігін талдау коэффициенттерінен бұрын баланс баптарына аса көңіл бөлген жөн. Бұл жерде ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер баптарына ерекше қарау керек. Себебі, олардың өзгерісі несиенің қайтарылуына тікелей әсер етеді. Клиенттің қаржылық жағдайын қарау кезіндегі тағы бір маңызды ақпарат көзі – төлейтін салығы туралы мәліметтер болып табылады. Яғни, несиелік қызметкер осы ақпарат көздерін бір бірімен салыстырып, несиенің мақсатты іске асырылуын бақылап, барлық несиелеу үрдісіне ұйытқы болып отырады.

Екінші деңгейлі банктердің беретін ұзақ мерзімді несиелерінің жалпы несиелік портфельдегі үлесінің аз екені белгілі. Осыған байланысты коммерциялық банк ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялау мәселесін шешудің екі жолы бар: біріншіден, банктердің ресурстық базасының нақты өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес балансталуы; екіншіден, экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді несиелеуді ынталандыру. Қазіргі кезде банк  жүйесінің  ресурстық  базасының  көбеюі  екі

көзден тұрады: депозиттер және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері. Салыстырмалы түрде «арзан» және «ұзақ мерзімді» ақша көзі ретінде зейнетақы қорларының активтерін банк депозиттеріне тарту үшін олар қазіргі жағдайды сәтті пайдалануда ( мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының шектелуі мен табыстылығының төмендеуі, корпоративтік бағалы қағаздар нарығының дамымағандығы) /22. 19-20бет/.

Жалпы, банктердің ресурстық базасының балансталуына байланысты шаралардың келесі бағыттарын бөлуге болады. Біріншіден, банк банкрот болған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру Қоры тарапынан мерзімді салымдар бойынша толық компенсациялық неғұрлым жоғары соманы белгілеу. Екіншіден, ұлттық валютадағы шоттарға қарағанда шетел валютасындағы шоттар бойынша резервтік мөлшерлемені жоғарылату. Ал, мемлекет тарапынан кәсіпорындардың мерзімді депозиттен алатын пайызына салықтық мөлшерлемені төмендету, яғни олар талап етуге дейінгі депозиттерінен төмен болу керек. Қазіргі таңда кәсіпорындар депозиттен алған пайызының 15%-ын салық органдарына төлейді. Оны бір жылдан көп мерзімге салынған депозит болса 10%, екі жылдан жоғары мерзімге салынған депозит болса 5% қойған жөн. Сондай-ақ, қаржылық мекемелердің пайдасына салынатын салық бойынша қысқа мерзімді несиеден ұзақ мерзімді несиеге қарай дифференциалданған мөлшерлемелерді қою қажет. Бұл жерде ұзақ мерзімді несиеден алынған табыстарға салық мөлшерлемесі қысқа мерзімді несиеден алынған табыстарға қарағанда аз болуы тиіс. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторындағы маңызды жобаларға ұзақ мерзімді несие беру кезінде мемлекет тарапынан кепілдік жүйесін дамыту да несиелеуді ынталандыруы шарт. Оны Қазақстан Даму банкі арқылы немесе несие алып отырған саланың табиғи ресурстарын кепілге ала отырып жүзеге асыруға болады.            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Қазақстан Республикасының ЕДБ-нің қызметінің жылдан жылға дамып келе жатқанына байланысты олардың негізгі қызметі ретіндегі несиелеу операциясы кеңеюде. Соның ішінде заңды тұлғалар банктердің негізгі клиенттері болып қалуда. Жалпы берілген несие көлемі 2003-жылы 1999-жылға қарағанда шамамен 6,5 есе өсіп, 978,1 млрд. теңгені құрады. Ал, заңды тұлғаларға берілген несиелер көлемі шамамен 6 есе өсіп, өткен жылы 856 млрд. теңге құрады Алайда, заңды тұлғаларға берілген несиелердің жалпы несие көлемінің ішіндегі үлесі 1999-жылғы 94,5%-дан 2003-жылы 87,5%-ға төмендеген. Бұл елімізде жеке кәсіпкерліктің тез қарқынмен дамып, олардың жаппай несие алуымен түсіндіріледі. Банктік зайымдар, негізінен, айналым қаражаттарын толтыру мен негізгі құралдарды сатып алуға алынған. Олардың мерзімдері бойынша сыныпталуында оң өзгерістер бар. Бірақ, оған бұрынғы орта мерзімді несиелердің жаңа сыныпталу бойынша ұзақ мерзімдіге жатқызылуы да әсер еткен. Сондай-ақ, салалық құрылымы бойынша несиелердің көп үлесі өнеркәсіп және сауда саласына келеді. Ал, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркісібі сияқты салалары берілген несиелердің ішінде аз үлес алады. Жалпы алғанда, қазіргі несиелеу жүйесінің әрі қарайғы дамуын ынталандыру үшін келесідей шараларды ұсынамыз:

  • Несиелік ресурстардың көзі ретінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін, соның ішінде зейнетақы қорларының салымдарын ынталандыру;
  • Қарыз алушылардың несиелік тарихын анықтауға мүмкіндік беретін Несиелік бюро құру;
  • Несиелік келісім-шарттарда негізгі қарыз бен пайыздың қайтарылмауының алдын алу баптарына көңіл бөлу;
  • Кепіл механизмін жетілдіру, соның ішінде банкрот болған кәсіпорынның мүлкін таратуда банктің талаптарын бірінші кезекте орындау.
  • Кейбір салаларды, мысалы, ауыл шаруашылық және тамақ өнеркәсібі тәрізді салаларды несиелеу кезінде мемлекеттің қатысуы маңызды болып табылады. Атап айтсақ, оларды мемлекеттік банктер арқылы жеңілдетіліп қаржыландыру, салықтық ынталандыруды жүзеге асырған жөн;
  • Несиелік тәуекелді басқаруда маңызды роль ойнайтын провизияны құру кезінде шетел тәжірибесіне сүйену.

Республика бойынша берілген несиелердің ішінде «Қазақстан Халық банкі» Жезқазған аймақтық филиалының берген несиелерінің үлесі соңғы бес жыл көлемінде шамамен 0,1%-ды құраған. Аймақтағы ірі бизнес бірліктерінің аздығын ескерсек, бұл көрсеткішті қанағаттанарлық деп айтуға болады. Банктің несиелік менеджерлері қарыз алушылардың жалпы қызметін және қаржылық жағдайын талдау кезінде несиелік меморандум толтырады. Онда қарыз алушының қызмет түрі, қызмет ету кезеңі, географиялық жағдайы, байланысты компаниялары, қызмет көрсететін банктермен қарым-қатынасы, несиелік тарихы, менеджменті көрсетіліп, қаржылық жағдайына: балансына, пайдасы мен зияны туралы есебіне толық зерттеу жүргізіледі де, соған байланысты коэффициенттері бағаланады. Сонымен қатар, несиелік қаражаттарды жұмсайтыны туралы жоба, тәуекелдер талданады, оң және теріс жақтары қарастырылады. Соңында мониторинг жоспары мен несиенің берілуі туралы оң шешім қабылданған жағдайда несиелеудің оптималды құрылымы көрсетіледі. Осы жерде, біздің ойымызша, заңды тұлғаларды несиелеу тәртібіне байланысты келесідей жетілдіру жолдарын енгізген жөн:

  1. Бөлшектелген талдауларды біріктіре келе несие қабілеттілігін рейтингтік бағалаудың бірегей сызбасы бойынша жұмыс жүргізу;
  2. Несие қабілеттілігін бағалау кезінде анықталатын коэффициенттердің белгілі-бір түрін біріктіретін оптималды жүйесін енгізу;
  3. Несиені беру мүмкіндігінің балдық бағасын қолдану;
  4. Ссуда берілгеннен кейін қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторинг жасау кезінде баланс баптарының, соның ішінде ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерінің өзгерісіне аса көңіл бөлген жөн;
  5. Ақша қаражаттарының қозғалысына толық талдау жүргізіп, өзгеру мүмкіндіктерін болжау;
  6. Қарыз алушыдан міндетті түрде жобаның іске асырылуына толық талдау жасалған бизнес-жоспарын талап ету;
  7. Потенциалды қарыз алушылар қызмет ететін аймақтағы нарық сегменттерін зерттеу бойынша жұмысты жақсарту.

  Жалпы алғанда, заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіруге Қазақстан Ұлттық банкі және ЕДБ-дің несиелік менеджерлерінің тарапынан жан-жақты атсалысу қажет. Қорыта айтқанда, еліміздегі банктердің несиелік операцияларын  жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асырған кезде әрі қарай жетілдіруге болады деген ойдамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2004-жылғы 19-наурыз // Егемен Қазақстан. – 2004, 20-наурыз.
  2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы: Қазақ Университеті, 2000.
  3. Лаврушин О.И. Банковское дело. – Москва: Финансы и статистика, 1999.
  4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
  5. Банковское дело / Под редакцией Сейткасимова Г.С. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
  6. Банковское дело / Под редакцией Колесникова В.И. – Москва: Финансы и статистика, 1995.
  7. Нурсеит Н. Расширение банковского кредитования производства // АльПари. – 2002. — №
  8. оыо
  9. Эдвин Дж. Долан, Колин Д. Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – Москва-Санкт-Петербург, 1993.
  10. Банковское дело: стратегическое руководство / Под редакцией  Платонова В., Хиггинса М. – Москва: Консалтбанкир, 1998.
  11. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. – Москва: Финансы и статистика, 1993.
  12. Ұлттық банктің Жылдық есебі. – Алматы, 2003.
  13. ЕДБ-де тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық // Егемен Қазақстан. – 2004, 11-ақпан.
  14. Стратегия индустриаьно-инновационного развития Республики Казахстан: проблемы и перспективы ее реализации: Материалы конференции / Под редакцией Елемесова Р.Е., Джумамбаева С.К. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.
  15. Хавьер М. Пиедра. Система кредитного бюро в Казахстане. Расширение доступа к кредитным ресурсам. Успех сбалансированного подхода // Банки Казахстана. – 2003.- №
  16. Хамитова К.Н. Современные проблемы и перспективы краткосрочного кредитования в Казахстане // Банки Казахстана. – 2002. — №
  17. Нурсеит Н., Нурсеитова Р. Текущее состояние развития и кредитования малого бизнеса // Экономика и статистика. – 2003 — №
  18. Бобаканова Ж.О. Кредитные риски в банковской сфере и критерии рейтинга банков // Банки Казахстана. – 2002.- №
  19. Халитова М. Система кредитования в условиях реформирования экономики Казахстана // Саясат. – 2003.- №
  20. Симановский А.Ю. Резервы на возможные потери по ссудам: международный опыт и некоторые вопросы методологии // Деньги и кредит. – 2004.- №
  21. Калкабаева Г. Новые подходы к определению возможности предоставления банковского кредита // Қаржы-қаражат. – 2002.- №
  22. Баймуратов У.Б., Каирленов М.А. О ресурсной базе и стимулировании долгосрочного кредитования реального сектора экономики банками второго уровня РК // Банки Казахстана. – 2002.- №