Жалпы білім беретін мектептердегі баскетбол секциясына балаларды қабылдаудың әдістемелік ерекшеліктері
Методические особенности набора детей в секцию баскетбола в общеобразовательной школе
Methodological features of the enrollment in the section of basketball in general school
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
- ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕРДЕГІ БАСКЕТБОЛ СЕКЦИЯСЫНА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Баскетболды оқушыларға қысқаша түсіндіру.
1.2. Баскетболды оқушыларға түсіндірудің әдістемелік ерекшеліктері.
1.3. Орта сынып оқушыларының баскетболды дамуының ерекшеліктері.
1.4. Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
- БАСКЕТБОЛДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Баскетболды үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
2.2. Баскетболды негізгі жаттығуы – жүгіру, секіру, лақтыру.
2.3. Сыныптан тыс баскетбол ойындары, дене шынықтыру
- БАСКЕТБОЛДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Баскетболды жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
3.3. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КIРIСПЕ
Баскетболда күш жылдам дайындықтың әдістемелік ерекшеліктері, бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі — пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады.
Баскетбол (ағылш. basketball, basket — себет (торқалта), ball — доп) —- доппен ойналатын командалық спорт ойыны.
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.
Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды.
Жиырмасыншы жылдары алғашқы әлемдік кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді.
1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды.
ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді. Атап айтса, Аргентина, Грекия, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швеция, Чехословакия. 1935 жылы халықаралық Олимпиадалық комитет баскетболды олимпиада ойындары қатарына қосу жөнінде шешім шығарды. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиада ойындары аясында баскетболдың бағдарламасы дайындалды. Онда аталмыш ойын түрін ойлап тапқан азамат Д. Нейсм доданың құрметті қонағы болды. Теннис алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада өтіп жатқан кезде ФИБА-ң алғашқы конгресі өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ ережелері айқындалды.
Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында «Маяк» қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен «Богатырь» қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы — Петерборда ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу институты баскетболды денешынықтыру факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла бастаған еді.
КСРО–ның екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады.
1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанды. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын 1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. — КСРО, 1980 ж. — КСРО, 1984 ж. — АҚШ, 1988 ж. — АҚШ, 1992 ж.-Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. — АҚШ.
Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санаралықтай. Мәселен, 1987, 1988, 1990 және 1991, 1992 жылдары американ ойыншылары сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан.
1992 жылы олимпида ойындарына тек білікті спортшылардан жасақталған ұлттық баскетбол қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық құрама құрылды. Бұл Америкада Dream Team», «ұжымдық арман» деп аталған. Оның құрамында Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанған Майкл Джордан, Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Олар 1994 жылы әлем чемпионатында, 1996 жылы Атланта олимпиадасында тұғырдан көрінді.
Ал, АҚШ-тың әйелдерден құралған баскетбол командасы 1992 жылғы сәтсіздіктен кейін, олимпиадалық чемпион атағын 1996 жылы қайтарып алды деген болатын.
- ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕРДЕГІ БАСКЕТБОЛ СЕКЦИЯСЫНА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Баскетболды оқушыларға қысқаша түсіндіру.
Баскетболдың негізін 19 ғ. кейбір мемлекеттерде кең таралған «құз басындағы үйрек» ойынымен байланыстырады. Бұл ойынның шартын Джеймс Нейсмит (1861–1939) жақсы білетін. Ойын шарты бойынша: ойыншы кішкентай тасты одан үлкен тастың үстіне лақтыру арқылы дәл ортасына орнатуға тиісті. Нейсмиттің жеке биографтарының айтуы бойынша, «құз басындағы үйректі» ойнаған кезінде жас Джеймстің басында баскетбол ойынының жалпы түсініктері қалыптасады. Бұл идея Джеймс Спрингфилд қалашығында орналасқан Халықаралық жастар жаттығу колледжінде анатомия мен дене шынықтыру пәнін жүргізген кезде пісіп жетіледі. Нейсмиттің байқағаны бойынша жастар қысқы гимнастикамен айналысуға ынта білдірмейтін. Содан Джеймс ойынды кішкентай спорт залда жүргізуге болатындай студенттерді ептілік пен координацияға үйрететін ойынға қатыстыру керек деген ойға келеді. Спорт залдың екі шетінде орналасқан балконға екі жеміс-жидек себеттерін бекітеді. Еденнен балконға дейінгі биіктік 3м 5 см құрайтын (қазіргі кезде бүкіл дүниежүзі ұстанатын стандартқа сай). Студенттердің басты мақсаты себетке доп кіргізу болатын. Осылайша баскетбол пайда болған.
Алғашқы ресми тіркелген баскетбол ойыны 1891 жылдың желтоқсанында болған. Сол кездесу біз білетін баскетбол ойынынан сәл ерекшеленді. Нейсмит құрған командаларда 9 ойыншыдан болған (ол студенттер тобын тең екіге бөлген) ойынды футбол добымен ойнаған.
Жаңа спорттық ойын туралы хабар бүкіл Америка жеріне жайылып, Нейсмиттің жұмыс істейтін жеріне көптеп хат келген. Хат авторлары жаңа ойынның шартын жазып беруді өтінген.
1892 жылы баскетбол ережелері жайлы алғашқы жарық көрген кітап 13 тарауды қамтитын, тараулардың көбісі күні бүгінге дейін күшін жоғалтпаған. Бірақ, Нейсмит ұсынған ойын ережелері бүгінгілерден ерекшеленеді. Мысалы, ойын ұзақтықтығы 15 минут болатын екі таймнан тұрады. Командадағы ойыншылар саны еріксіз бірақ, екеуінде де тең болуы керек еді. Добы бар ойыншыға шабуыл жасау тыйым салынатын – оған тек кедергі келтіруге болатын. Бұл ережені бұзған жағдайда, техникалық фол белгіленген. Егер фол екінші рет қайталанса, ереже бұзған ойыншы келесі гол соққанға дейін алаңнан қуылатын. Егер бір команда фолды үш рет қайталаса, оның себетіне гол соғылды деген ереже орын алады. Осы ереже жүзеге асу үшін тек бір ғана шарт қойылатын: қарсылас тарапынан бірде- бір фол болмау керек. Бір кезде команданың құрамында, себетті қорғайтын қақпашы да болған. Сол кездегі себеттерде бізге үйреншікті қалқан болмайтын.
Ойын тез арада көптеген адамдарға мәлім болған. 19 ғ аяғына таман студенттік кампустар мен әр түрлі қалалардан келген командалардың арасындағы баскетболдық кездесулер жиі өткізілген. Әуесқой лигалары пайда болды. 1896 жылы Американың Трентон қаласында ұйымдастырылған баскетболдық кездесуде, жеңіске жеткен команда сыйақыға ие болған. Осылайша, 20 ғасырдың феномены – кәсіпқойлық баскетбол пайда болды.
Баскетбол ағылшын тілінен аударганда «basket» себет жане «ball» доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол камандалық спорттық ойын,оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру,сонымен қатар қарсылас каманда допты салдырмау әрекетін жасайды.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған.Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген.
Сонымен қатар 1603ж Дитрих Брустың салынған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.
1818жылы Фата энциклопедиясында Флориада тұрғындарының ойыны жазылған,онда бағанаға ілінген торға допты көздегені тұр.
1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойының негізгі принціптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көп деген ұтымды тәсілдерді ұсынды.Сондықтан,қәзіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қәзіргі заманғы ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойының даму тенденция арсеналын білуі қажет.
Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдер бөлім мен топ бойынша танықталған белгі негізінде топтастыру.
Техника-ол ойынның тәсілі,ойыншылардыңқорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамассыздандырып,команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасымен әдісінің тарихи даму қортындсы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.
Ойынның белсенді түрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді.Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуылын сипаты жай және рационалды,ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық,тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді.
Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістердің дұрыс орындалуы сипатын анықтайды,соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек.
Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып кеткеніне байланысты аз комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан ғана болуы және ауыл адамдарының нарық экономикасына байланысты аудан орталықтарына, қалаға көшулері деп түсіндіруге болады. Аз комплектілі мектептер дегеніміз -сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын қосып оқытады.
Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктер:
1.Спорт зал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп ауласында өткізіледі.
2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерде, көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан қолданып келген әдістер, көбінесе айналмалы, топтық, жеке дербес тапсырма беру әдістері қолданылады.
1.2. Баскетболды оқушыларға түсіндірудің әдістемелік ерекшеліктері.
Баскетбол ағылшын тілінен аударғанда»basket»себет және»boll»доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол командалық спорттық,оның мақсаты қарсыластың торына доп түсіру,сонымен қатар қарсылас команда допты торға салдырмау әрекетін жасайды.
Орта сынып оқушылары қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
— денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;
— негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру;
— дене қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті әрі қарай дамыту;
— жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі жүйелеріне әсері, өнегелік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру;
— негізгі спорт түрлері, жарыстар, снарядтар мен құрал-жабдықтар, сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету туралы мағлұматтарды тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын қалыптастыру;
— таңдап алған спорт түрлерінің жаттығуларымен өз бетімен күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін тәрбиелеу;
— сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысының ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру;
— өзінің дене мүмкіншіліктерін бағалау біліктілігін қалыптастыру;
— тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ынталықты тәрбиелеу;
— психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің қатаюын тездетеді де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады.
Қыз баланың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста — қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселерлерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері 13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады.
Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы.
Балалар мен жасөспірімдер өкпесінің ауа сыйымдылығы.
Балалар |
Жасы
|
|||||
6 |
7 |
10 |
12 |
15 |
17 |
|
Ер балалар |
1200 |
1400 |
1630 |
1975 |
2600 |
3520 |
Қыз балалар |
1100 |
1200 |
1460 |
1905 |
2530 |
2760 |
Тыныс алу жиілігінің де дене дамуына үлкен маңызы бар. Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулармен айналысқан балалардың тыныс алу жиілігі сирек болады. Дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі тыныс алу оқушылардың өкпесін ғана емес, олардың кеуде бұлшық еттерін, бүкіл тыныс алу жүйесін жақсы дамытады.
Бір демалу циклінде жасөспірім ағзасы 14 мл ауа пайдаланса, үлкен жастағы адам 20 мл ауа пайдаланады. Олар үлкендерге қарағанда тыныс алу уақытын көп тоқтатып отыра алмайды. Олардың ағзасына келіп жатқан ауа аз кездеріндегі жұмысқа іскерлігі тез төмендейді.
Тыныс алу жиілігінің адамның жасына байланысты өзгеруі.
Жасы |
1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет |
1 |
44 |
5 |
26 |
15-20 |
20 |
20-25 |
18 |
25-30 |
16 |
30-35 |
18 |
Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры және орталық жүйке жүйесінің әлі толық функционалдық жетілмегені, ол жүйелерді реттейтін, бағыттайтын әр түрлі қызметтік мүмкіншіліктері толық іске қосылмағаны себепті, балалардың ағзалары дене жүктемелеріне қалыптасу уақыты ұзағырақ болып келеді. Жасөспірімдердің жүрек – қан тамыры жүйесі жүктеме кездерінде экономикалық тиімді жұмыс істеуі өздерінен үлкен жастардағы жастарға қарағанда төмен болып келеді. Жүректің функционалдық қызметінің жетілуі 20 жасқа келгенде толық аяқталады.
Жасөспірім кезеңде дене қасиеттері өздерінің жетілулерін ары қарай жалғастыра береді. Бұл кезең дененің қозғалыс қасиеттерінің жақсы даму кезеңі болып келеді. Негізгі дене қасиетерінің орта сынып жастары кезеңінде даму мүмкіншіліктерін (Ж.К. Холодов, В. С. Кузнецов, 2003).
Мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны ( %)
Дене қасиеттері
|
Бір жылдағы орташа дамуы |
Жалпы дамуы |
||
ұлдар |
қыздар |
ұлдар |
қыздар |
|
Жылдамдық |
3,9 |
2,9 |
15,4 |
11,5 |
Күш |
15,8 |
18,4 |
79,0 |
92,0 |
Жалпы төзімділік |
3,3 |
2,1 |
13,0 |
8,4 |
Жылдамдық төзімділігі |
4,1 |
1,0 |
16,4 |
4,0 |
Күш төзімділігі |
9,4 |
3,3 |
37,5 |
13,1 |
1.3. Орта сынып оқушыларының баскетболды дамуының ерекшеліктері.
Орта сыныптар жасындағы оқушылардың кеңістікте үйлесімді, епті қозғалу қабілеттіліктері жақсы дамиды. Ол қасиеттер: кіші доптарды дәлдікке лақтырулар, доптарды, гранаталарды алысқа лақтырулар спорттық, қозғалмалы ойындардағы әрекеттер, 10 метрге 3 рет қайта жүгірулер т.с.с. әрекеттер кездерінде дамиды. Сонымен қатар осы жас кезінде күш, күш-жылдамдығы қасиеттері, бірқалыпты жылдамдық және төзімділік қасиеттері жақсы дамиды. Икемділік қасиетінің дамуы аз байқалады.
Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
— денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
— негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
— дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
— қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;
— дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;
— өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;
— тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Жоғары сынып жасындағы оқушылардың денесінің өсуі мен даму үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда 13 % көп, ал тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді.
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды. Білезік сүйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып, аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектері: ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды.
Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.
Сүйек аппаратының бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.
Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық белдеуі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.
Жігіттердің жүректерінің көлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға үлкен, жүрек соғу жиілігі 6-8 соғу/ минут аз, жүректің жиырылу күші күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың өкпелерінің ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.
15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылымын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық қимыл- әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау қабілеттіліктері секілді ерік-жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қасиеттерінің даму пайыздары азырақ болады.
Мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны (%)
Дене қуаты Қасиеттері |
Жылдық орташа дамуы
|
Жалпы дамуы |
||
жігіттер |
қыздар |
жігіттер |
қыздар |
|
Жылдамдық |
1,5 |
0,2 |
3,1 |
0,5 |
Күш |
14,0 |
9,0 |
28,0 |
18,0 |
Жалпы төзімділік |
2,1 |
0,7 |
6,4 |
2,1 |
Жылдамдық төзімділігі |
2,1 |
-0,6 |
6,3 |
-1,8 |
Күш төзімділігі |
8,5 |
-2,0 |
26,7 |
-6,0 |
Мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді.
Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының функционалдық мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиілігі аз, қан қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.
Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш төзімділігіне, аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе -теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар аударса дұрыс болады.
Жоғары сынып жасындағы оқушылармен өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда көбінесе жарыс әдістері қолданылады.
Осы жас кезеңінде олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына көмектесеміз.
Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және меңгеру дұрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып жүргізілуі қажет.
Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып кеткеніне байланысты аз комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан ғана болуы және ауыл адамдарының нарық экономикасына байланысты аудан орталықтарына, қалаға көшулері деп түсіндіруге болады. Аз комплектілі мектептер дегеніміз -сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын қосып оқытады.
Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктер:
1.Спорт зал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп ауласында өткізіледі.
2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерде, көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан қолданып келген әдістер, көбінесе айналмалы, топтық, жеке дербес тапсырма беру әдістері қолданылады.
Мысалы: дене деңгейіне байланысты бөліп жаттықтырғанда, кіші шеңберде әлсіз оқушылар, үлкен шеңберде күшті, мықты оқушылар жасайды. Сапта оң жақ қатарда үлкен сынып, одан кейін төменгі сынып оқушылары тұрғызылады. Кіріспе бөлімінде жалпы бой қыздыру жаттығулары бірге жүргізіледі. Негізгі бөлімде сыныптар бойынша топтарға бөлініп, оларға мектеп бағдарламасындағы материалдар бойынша спорт түрлері, жаттығулары беріледі. Мұғалім барлық топтарға барып қателерін түзеп, әдістемелік нұсқаулар беріп отырады.
Сабақтан тыс уақыттарда сынып, мектеп спорт белсенділерін, мұғалім көмекшілерін дайындауға күш салу керек. Дене тәрбиесі үйірмесінің сабақтары жетісіне 3 рет бір сағаттан өткізіледі.
Үйірме сабақтары оқушылар оқу бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын жетілдіру, дене дайындығының деңгейін жоғарылату және сынақ жаттығуларын орындауға дайындайды.
Басқа барлық жұмыстар дене тәрбиесі мұғалімінің тапқырлығымен, білімділігімен, біліктілігімен, ұйымдастыру белсенділігі және шеберлігімен үлкен мектептердегі жұмыстарға ұқсас жүргізіле береді.
Мектеп-интернаттарда оқушылар интернат жатақханасында тұрып оқиды, үйлеріне, ата-аналарына демалыс кездерінде ғана барады. Қалалық интернаттарда оқитын оқушылар апта бойы жатақханада тұрып, оқу оқып, сенбі күні түстен кейін дүйсенбіге дейін үйлеріне ата-аналарына қайтарылады. Осындай интернат жағдайларындағы оқушылар оқу сабақтары кезінде, сабаққа дайындық, дайындықтан бос уақыттарында күні бойы мұғалім мен тәрбиешілердің бақылауында болады.
Дене тәрбиесі сабағы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептердегідей өткізіледі. Сыныптан тыс жұмыстарға, спорт түрлерінен секцияларға, жалпы дене дайындығы топтарына мүмкіншілік болғанынша барлық оқушылар түгелдей қатысуы тиіс. Бұл шаралардан тек қана дене тәрбиесі сабағынан босатылған және арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылар ғана босатылады.
Мектеп – интернаттарда күн тәртібі өте қатаң орындалады. Күн тәртібінде міндетті түрде таңғы гигиеналық гимнастика, сергектік сәттері, денсаулық сағаттары, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығулары және спорт түрлерінен секциядағы жаттықтырулар орындалу қажет. Спортты насихаттау үшін дәрістер, әңгімелер, сынып сағатары, диспуттар, спорт мерекелері, спорт кештері өткізіліп тұру керек.
Мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.
Сыныптарда оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет.
Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе, дене дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелілік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.
Мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір әдістемелік ерекшелігі – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506 бұйрығында: «5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек», — деп жазылған министрліктің осы бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып, құрал-жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіліп жатса өте дұрыс болар еді.
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі құрлыстарына жақсы әсер алады.
Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоционалды жүктелген және үлкен қуанышқа бөленіп,қанағат алады.Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор.
Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды иемден отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге,денсаулықты сақтауға,көңіл көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады(өз жастарына лайықты құрал жабдықтарды қолдана отырып)
Баскетболдың шығу тарихы. Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көрінісінің қазіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төр бұрышты алаң табылған алаңды қоршаған тастан соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы тро ілінген.
Майя және кейінірек ацтек құдайшыларды бұл ойынды өз тілінде»Пок-то-пок»деп атаған.Бұл ойын ұнемі құдайдың құрметіне арнаған мейрамдарда өткізілген.Доп резеңкеден жасалған,ішіне шөппен толтырылған допты қарсыласының торына түсіру қажет болған.
Сонымен қатар1603жылы Дитрих Брусьтың салған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.1818жылы Фата энциклопедиясында Флорияда тұрғындарының ойыны жазылған,онда бағанаға ілінген торға допты көздегені туралы жазылған.
1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойынның негізгі пинціптерін құрастырды,олар осы күнге деиін маңызын сақтады.
Бұл пинциптері төмендегідей:
— Қолмен доп ойнауға болады,бірақ допты ұстап жүгіруге болмайды:
— Екі команданың барлық ойыншылары қай уақытта,қандай қалыпта болсын допты ұстай алады.
— Екі команда да алаңның бір бөлігінде бола алады:
— Ойыншылар бір-бірінің денесіне қай жері болмасын тиісуге болмайды.
— Допты тастайтын орын көлденең жерде және белгілі бір биіктікте орналасқан.
Баскетбол ойыны өте жылдам тарай бастады және бұл ойынды дүние жүзінің түкпір-түкпірінде ойнай бастады.1-ші халықаралық кездесу 1919 ж АҚШ,Италия,Франция елдедер армиясының командаларының турнирінде болды.1923 ж Франция,Италия,Чехословияның әйелдер командасының турнирі өтті.
1932 ж Халықаралық баскетбол федерациясы құрылды.1935 ж Женевада 1-ші Европа чемпионаты өтті,Ливия құрама командасы жеңінпаз атанды.
1938 жылынан бастап әйелдер 1-шілігі өте бастады.Италия командасы 1-ші чемпион атанды.Қазір Европа чемпионаты 2 жылда 1 рет өткізіліп тұр.
1950 жылы ерлер арасында әлем 1-шілігі өткен,1953 жылынан бері әйелдер арасында өткізіліп келеді.Ерлер арасында әлем біріншілігінің 1-ші жеңінпаздары Аргентина ал әйелдер арасында АҚШ құрамалары болды.Қазіргі кезде әлем 1-шілікгі 4 жылда 1рет өткізілді.
1936 ж Берлинде өткізілген олимпиадалық ойындарда ерлер арасында АҚШ құрамасы чемпион атанды.1976 ж Монреонда әйелдер арасында КСРО құрама командасы чемпион атанды.
Ойын техникасы. Техника-ол ойынның тәсілі ,ойыншылардың қорғаныс пен шабуылда нәтижелі әрекеттерін қамтамасыздандырып,команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетуін ұймдастырады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи дамуы қорытындысы.Уақыт өте келе,тәсілдірдің саны да өзгерді.Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көптнген ұтымды тәсілдерді ұсынады.Сондықтан,қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білу қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойынның даму техденсия арсеналын білу қажет.
Ойынның белсенді түрде қазіргі заман техниканың алуан түрлілігіне алып келді.Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және роционалды,ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық,тиімділік пән дәлдікпен үйлестіріледі.Қазіргі уақытта белгілі шарадағы техника әдістердің дұрыс орындалу сипатын анықтайды,соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайға ойыншыларының өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып әр түрлі,алуан түрлілігімен сипатталады.Яғни,барлық қозғалыстардың көмегімен әр түрлі әдістер жүзеге асырылады,ол былыққан сипат болмай,белгі бар заңдылықпен қалыпты жағыдайда қайталанады,оларды топтастыруға және жүйелеуге болады.
Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдерді бөлім мен топ бойынша анықталған белгі негізінде топтастыру.
Бұрын осындай барлық белгінің санына қозғалыстың кинематикалық және динамикалық құрылымының өзгешелігі,әрекет сипатын белгілеуге қатысты еді.Әрекетті сипаттау бойынша барлық қозғалысты екі үлкен бөлімге бөлуге болады:Шабуыл техникасы мен қорғаныс техникасы.Олардың әрқайсысына доппен және допсыз орындалатын қимылдың әртүрлі сипатты топтпар кіреді:ауысу техникасы,допқа ие болу техникасы, допты менгеу техникасы және тәсілдерге қарсы әрекет.
Ауысу техникасы. Барлық ойын барысында баскетболшы кенеттен болатын,әр түрлі әрекет орындауға дайын болуы қажет.Сондықтан ол әрдайым дайындық кезеңде болуы керек,яғни бұл оған қажетті тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Мүның бастапқы рөлі алға 1.
Техника-ол ойынның тәсілі,ойыншылардың қорғаныс пен шабуылда нәтижелі әректтерін қамтамассыздандырып,команда ішінде ойыншылардың бірігіп әректтесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи даму қортындысы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.Әрбір тарихи уақыт кесіндісі көптеген ұтымды тәсілдерді ұсынады.Сондықтан,қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістерінің бастысын анықтайтын ойынның даму тенденция арсеналын білу қажет.
Ойынның белсенді тұрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді.Олашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және рационалды,ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық,тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді.Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістерінің дұрыс орындалу сипатын анықтайды,соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек.Кез- кеген уақытта қарсыласынан допты алуға дайын болу қабілеттілігі мен бір қалыпты жағыдайды сақтау негізгі талап болып табылады.Бір қалыпты жүгіру ойынның ауысу жұмсақтығымен оның еркіндігімен ерекшеленеді.
Жұлқыну-тез шапшаңдау.Жұлқұнудың көмегімен қарсыласынан жұлып алу және бағытты өзгерту іске асырылады.Жұлқыну үшін жақын қашықтықта жүгіру қолданылады.
Қосымша қадам-қимыл бағыты бойынша бірінші тұратын аяғы баскетболшының тік тұру қадамынан басталады.Бір уақытта жұмсақ,айнымалы қозғалыспен екінші аяқ оған тартыла түседі.Қорғаныста қарсы әрекетке тәсілдерді қолдануда олар ерекше кең пайдаланады.
Секіру-барлық үйлесімді тәсілдерменбірге қолданылады және оның еш қарсы әрекетсіз және оның еш қарсы әрекетсіз және тиімді орындауына жақсы жағдай жасайды.Секіру екі аяқпен және бір аяқпен секіру болып бөлінеді.
Екі аяқпен жұлқына секіру тік тұру негізінде орындалады.Секіріс сәл ғана шамалап отырып алаңнан аяқтың бүгілуімен қоса қалдың алға жоғары бағытта серпілуі арқылы орындалады.Секіріп жерге қайтадан түскенде,тізкнің бүгілуі,жерге жайлап түсуге бір уақытта тік тұруына көмектеседі.Бір аяқпен жұлқына секіріп ол тек жүгіру кезінде орындалады.Жүгірудің соңғы қадамы жай қадамға қарағанда бір шама үлкенірек болады және алаңға бірінші өкше тиеді.Осы себептен отырыстың табиғи жағдайы қалыптасады,бұл алаңнан өзін итеру кезінде керек.Ұшудың жоғары нүктесінде бұлғанған аяқ жайлап жерге түседі,сона баскетболшы толығымен ұзарады.Жерге түсу екі бүгіліп жасалған аяқпен жасалады.
Аялдау-бұл әдіс,бір шама ауысуды тақтатуға мүмкіндік береді,яғни қарсылыс топтың уақытын немесе ене белсенді кедергісіз әрекеттердің орындалу арақашықтығын ұтуына мүмкіндік береді.Аялдаманын екі тәсілі бар:екі қадам,секіру.Екі қадаммен аялдау аялдамаға дейінгі сонғы қадам жүгірістен кейінгі үлкен болдады,аяқтың қайырылыстан кейін аялдамадағы баскетболшының денесі біршама бір жаққа қарай ығысады,ол қарсы қозғалысқа байланысты болады. Жерге түсу аяқтың бүгілуімен яғни сәл отырынқырап орындалады.Екінші аяқ алға қарай яғни бастапқы қозғалыстың бағытына қарай қойылыды,баскетболшы тірек алған жаққа қарай бұрылыды.Тіреуші аяғы амортизация функциясы мен қозғалыстың жылдамдығын баяулату үшін қолданады.Жүгірістің жылдамдығы коп болған сайын жерге қону кезіндеол қатты бүгіледі.Екінші қадам тоқтату функциясын орындап дененің еш бір қалыптылығын жоғалтпайды,тіреу шегінде бір қалыпты ұстап тұру мен қамтамасыз етеді.
Секіру аялдау.Алаңнан денені итергенен кейін келесі жерге түскендегі жүгіріс қадамы,ал алдындағы тәсіл сияқты бірден екі аяқпен орындалады.
Бұрылыстар арқылы ойыншы допты қарсылысынан қорғап қала алады және де сол шарттар бойынша ойыншы қарсыласына жақындай және алыстай алалады.Бұрылыстар алға және артқа қарай болады.Келесі аяқ бұрыла қара қадам жасайды.Егер бұрылыс кезінде ойыншының кеудесі алға бұрылса,бұрылыс алға қарай болады,егер әрекет артқа қарай болса,демек бұрылыс артқа қарай болады.Тіреу болатын аяқтың бүгіліп тұрып тіке тербеліссіз ось айналасында айналуы негізгі талап болып табылады.
1.4. Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
Допты билел техникасы. Допты билеу техникасының қабылдануына тосып алы,қолға беру,допты басқару және жүгіріс жатады.
Тосып алу-баскетболистің допты басқару тәсілі.Сәтті тосып алу басқа тәсілдердің сәтті орындалуын қамтамасыз етеді.Егер ойыншы өз әрекетін белгілепалмаса,доп бел жаққа келіп тиеді.
Екі қолмен тосып алу.Допты алу үшін қолдарды жарты шар тәрізді етіп доп сыйып нететіндей дөңгелек жасап,қарсы ұшып келе жатқан допқа қарсы тосады.Допты тосып алысымен келесі тәсілді орындауға дайындалады.Қолдың иілуі доптың ұшу жылдамдығының амортизациясын қамтамасыз етеді.
Қолдар ертерек иелгіндіктен доп қолға тигенде ұрылмауды керек.
Бір қолмен тосып алу.Бұл тәсіл екі қолмен тосу мүмкіншілігі болмаған жағдайда немесе келесі бір қолмен орындалатын балса қолданылады.Тосусоңында келесі қолмен тіреуге болады.Қолды доптың ұшу биіктігіне қарай сәйкес көтереді.Доптың ұшу траекториясын көріп бақылау маңызды шарт болып табылады.
Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
— денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
— негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
— дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
— қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;
— дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;
— өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;
— тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Жоғары сынып жасындағы оқушылардың денесінің өсуі мен даму үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда 13 % көп, ал тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді.
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды. Білезік сүйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып, аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектері: ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды.
Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.
Сүйек аппаратының бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.
Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық белдеуі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.
Жігіттердің жүректерінің көлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға үлкен, жүрек соғу жиілігі 6-8 соғу/ минут аз, жүректің жиырылу күші күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың өкпелерінің ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.
15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылымын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық қимыл- әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау қабілеттіліктері секілді ерік-жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қасиеттерінің даму пайыздары азырақ болады.
Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны (%)
Дене қуаты Қасиеттері |
Жылдық орташа дамуы
|
Жалпы дамуы |
||
жігіттер |
қыздар |
жігіттер |
қыздар |
|
Жылдамдық |
1,5 |
0,2 |
3,1 |
0,5 |
Күш |
14,0 |
9,0 |
28,0 |
18,0 |
Жалпы төзімділік |
2,1 |
0,7 |
6,4 |
2,1 |
Жылдамдық төзімділігі |
2,1 |
-0,6 |
6,3 |
-1,8 |
Күш төзімділігі |
8,5 |
-2,0 |
26,7 |
-6,0 |
Мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді.
Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының функционалдық мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиілігі аз, қан қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.
Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш төзімділігіне, аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе -теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар аударса дұрыс болады.
Жоғары сынып жасындағы оқушылармен өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда көбінесе жарыс әдістері қолданылады.
Осы жас кезеңінде олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына көмектесеміз.
Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және меңгеру дұрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып жүргізілуі қажет.
Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып кеткеніне байланысты аз комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан ғана болуы және ауыл адамдарының нарық экономикасына байланысты аудан орталықтарына, қалаға көшулері деп түсіндіруге болады. Аз комплектілі мектептер дегеніміз -сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын қосып оқытады.
Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктер:
1.Спорт зал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп ауласында өткізіледі.
2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерде, көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан қолданып келген әдістер, көбінесе айналмалы, топтық, жеке дербес тапсырма беру әдістері қолданылады.
Мысалы: дене деңгейіне байланысты бөліп жаттықтырғанда, кіші шеңберде әлсіз оқушылар, үлкен шеңберде күшті, мықты оқушылар жасайды. Сапта оң жақ қатарда үлкен сынып, одан кейін төменгі сынып оқушылары тұрғызылады. Кіріспе бөлімінде жалпы бой қыздыру жаттығулары бірге жүргізіледі. Негізгі бөлімде сыныптар бойынша топтарға бөлініп, оларға мектеп бағдарламасындағы материалдар бойынша спорт түрлері, жаттығулары беріледі. Мұғалім барлық топтарға барып қателерін түзеп, әдістемелік нұсқаулар беріп отырады.
Сабақтан тыс уақыттарда сынып, мектеп спорт белсенділерін, мұғалім көмекшілерін дайындауға күш салу керек. Дене тәрбиесі үйірмесінің сабақтары жетісіне 3 рет бір сағаттан өткізіледі.
Үйірме сабақтары оқушылар оқу бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын жетілдіру, дене дайындығының деңгейін жоғарылату және сынақ жаттығуларын орындауға дайындайды.
Басқа барлық жұмыстар дене тәрбиесі мұғалімінің тапқырлығымен, білімділігімен, біліктілігімен, ұйымдастыру белсенділігі және шеберлігімен үлкен мектептердегі жұмыстарға ұқсас жүргізіле береді.
Мектеп-интернаттарда оқушылар интернат жатақханасында тұрып оқиды, үйлеріне, ата-аналарына демалыс кездерінде ғана барады. Қалалық интернаттарда оқитын оқушылар апта бойы жатақханада тұрып, оқу оқып, сенбі күні түстен кейін дүйсенбіге дейін үйлеріне ата-аналарына қайтарылады. Осындай интернат жағдайларындағы оқушылар оқу сабақтары кезінде, сабаққа дайындық, дайындықтан бос уақыттарында күні бойы мұғалім мен тәрбиешілердің бақылауында болады.
Дене тәрбиесі сабағы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептердегідей өткізіледі. Сыныптан тыс жұмыстарға, спорт түрлерінен секцияларға, жалпы дене дайындығы топтарына мүмкіншілік болғанынша барлық оқушылар түгелдей қатысуы тиіс. Бұл шаралардан тек қана дене тәрбиесі сабағынан босатылған және арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылар ғана босатылады.
Мектеп – интернаттарда күн тәртібі өте қатаң орындалады. Күн тәртібінде міндетті түрде таңғы гигиеналық гимнастика, сергектік сәттері, денсаулық сағаттары, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығулары және спорт түрлерінен секциядағы жаттықтырулар орындалу қажет. Спортты насихаттау үшін дәрістер, әңгімелер, сынып сағатары, диспуттар, спорт мерекелері, спорт кештері өткізіліп тұру керек.
Мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.
Сыныптарда оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет.
Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе, дене дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелілік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.
Мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір әдістемелік ерекшелігі – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506 бұйрығында: «5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек», — деп жазылған министрліктің осы бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып, құрал-жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіліп жатса Қолдан-қолға беру-ойыншылардың бір-бірімен бірлесіп әрекет қылуына және допты торға жақындатуға көмек тесетін ең басты тәсіл.Оны орындаудың түрлі тәсілдері бар,олар бастапқы қалыпқа және әрекет өзгешегіне байланысты.Кез-келген қолдан-қолға беруді дайындау фразасы доптың бастапқы қалпына келуін қамтамасыз етеді.Негізгі фразаның әрекетін керекті бет бұрыс пен доптың ұшу жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Қолдан-қолға беруді тпотастыруды оның алдынғы қалпына байланысты.Негізінде 3 құрылым бар:
а) Негізгі қалыптағы доп иықтан биік жерде тосылады.Бұл жағыдайда саусақ бастары иін алдында немесе иінде сүйеніп болады.Бұл тәсіл қолдың сәл бүгілуі және білезіктің көмегінен орындалады 2 және 1 қолмен допты жоғарыдан беру жатады.
Екі қолмен жоғарыдан қолдан-қолға беру қарсыластың белсенді қарсы әрекетінің қолданылады. Бұл жағыдайда доп бастан жоғарыда,ал шынтақ алда болады.Қолдың жай ғана бүгілуі арқылы доп ойыншының серігіне беріледі.Бір қолмен жоғарыдан қолдан-қолға беру доптың бір білезіктегі негізі қалпы.Алдыға қарай жасалған әрекет арқылы қол бүгіледі және білезік допқа шарпа тиуі арқылы доп қолға беріледі.
ә)Бастапқы қалыпта қол шынтақ бүгілген қалыпта допты ұстап тұрады.Қолдан-қолға беру допты кеуде тұстан лақтыру арқылы қолданады.Оған кеудеден екі қолмен лақтыру,бір қолмен иықтан лақтыру сияқты тәсілдер жатады.Кеуде тұстан екі қолмен қолдан-қолға берілу.Бұл тәсіл алты метірлік қашықтықта допты дәл және тез беруге мүмкіндік жасайды.Бастапқы қалыпта доп кеуде тұста тұрады.Қолдардың алға қарай иілуі мен аяқтардың да сол уақытта иілуі арқылы немесе алдыға бір қадам білезіктердің белсенді әрекеті арқылы доп керекті бағытқа лақтырылады.Иық тұсынан бір қолмен қолдан-қолға беру.Бұл тәсіл едәуір қашықтыққа тура лақтыруға мүмкіндік береді.Бастапқы қалыпта допты бір қолдың білезігінде иық тұсында ұстап тұрады.Екінші қол оның тіреуі болады.Қолды сермеу кезінде ойыншы беретін қолға қарай бұрылып қайтадан бұрылғанда қол иіліп доп керекті бағытқа қарай лақтырылады.
б)Бастапқы қалыпта доп белден томенгі қалыпта болады және беріліс серлеу әрекеті арқылы орындалады.Осы принципке байланысты екі қолмен төмене қолдан-қолға беру,бір қолмен бас үстінен қолдан-қолға беру әрекеттері ұйымдастырылады.
Екі қолмен төменен қолдан-қолға.Доп кең ашылған саусақтар арқылы жанынан артынан тосылады.Бір қолмен төменен қолдан-қолға беру.Бастапқы қалыпта доп ойыншының бір қолының білезігінде болады,ал қолдың алақаны бүйір тұста болады.
Лақтыруға. Лақтыруға дайындалу және кәрзенкеге дәл тию ойын мақсатын құрайды.Лақтырудың дәлдігі көптеген факторларға байланысты,жақсы техника болып табылады,ал басқа факторлардың теріс әсерін төмендетеді және жәлдік қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәрзеңкеге лақтыруды берілістің барлық тәсілдері иен орындауға болады.Ең көп тараған түрі екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру,екі қолмен жоғарыдан лақтыру,бір иықтың тұсынан лақтыру,бір қолмен жоғарыдан лақтыру.Екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру.Негізі бір орында орындалады,алыс және жақын қашықтықтан орындалған да әсерлі болады.Бастапқы қалыпта доп кеуде тұсында болады.Аяқтардың біреуін сәл алға қойу болады.Аяқтардың иілуімен қатар,олар жоғары қарай тұзу көтеріледі.Соңғы кезде ойыншының денесі мен қолдары жоғарыға қарай созылады.Екі қолмен жоғарыдан лақтыру.Доп бастың үстінде кеңінен ашылған қолда орналасады,алақан алға қарай орнатылады,шынтақ барынша төмен түседі.Аяқ бүгіліп дене жоғары көтеріледі және ол қолдың шынтақ тұсының бүгілуімен бірдей тұзуленеді.Осы әрекет арқылы доп кәрзенкеге жөнелділеді.Бір қолмен иық тұсынан лақтыру орта және жақын қашықтықтан шабуыл жасау үшін қолданылады.Бастапқы қалыпта доп иық тұсында болады,қолдың басы алға қаратылады.Доп астынан екінші қолмен тіреледі.Аяқты бүгіп доп бар қол жоғары жіберіліп,бір қалыпты,жұмсақ әректпен доп нысанаға лақтырылады.Сонғы кезде қол тегісімен созылып ,денінің ауырлық орталығы алда тұрған аяқа ауысады.Бір қолмен жоғарыдан лақтыру қарсы әрекетте әсері болып келеді.Допты дегеніне жеткізу үшін ойыншы жоғары секіріп,созылған қалпымен,ашылған саусақтармен допты жоғарғы нүктеде қарсы алуы керек.Жұмсақ әрекетпен допты кәрзенкеге қарай итеріп жібереді.
Секіріп лақтыру.Секіре лақтыру қандайда болса тәсілмен орындалады.Секіру үшін ойыншы екі және бір аяғымен де жұлқына көтеріле алады.Баскетболда «секіре лақтыру» термині екі аяқтап секіріп бір немесе екі қолмен жоғарыдан лақтыру дегенді білдіреді.Бұл жерде негізінен секіру мен лақтыру түйіседі.
Лақтыру үшін бастапқықалыпқа екі жолымен шығуға болады:
1)Ойыншы бел тұсындағы добымен тік тұрады.Содан кейін,секіріп допты бастапқы қалыпқа алып келеді,секірудің жоғаргы нүктесіне жетіп,қол бүгіліп нысанаға бағытталады.Бұл тәсіл көбінесе егер лақтыру бастапқы орында орындалса қолданылады.
2)Ойыншы тік тұрып допты ұстап лақтыруға негізгі қалыпта тұрады,содан соң секіріп лақтырады.Бұл тәсіл кобінесе ойыншының әрекетінен кейін қолданылады.
Жүргізу(басқару)-допты ұзақ ұстай алаңды соққылау.Егер доп ұзақ қолда тұрса,жүгіру бітті деген сөз.Допты жүргізу үшін сәл бүгілген аяқтарға ауысып тұру керек.Допты еркіндікте басқару үшін оны алды жақта,бүйір тұсында ұстау керек.
Қарапайым басқаруда доп қайтадан көтерілгенде белге дейін не жоғарыға жетеді.Төмендеген секіріспен басқаруда допты алаңға жақын жерде қарсы алу керек.Мұндай ойыншы аяғын қаттырақ бүгеді,допты соғу көбіне колдың басына жүктеледі.
Допты иелену және қарсы әрекет техникасы.
Допты иелену тәсілдеріне қағып алу,жұлып алу және қалқаннан секіргенде алу жатады,ол қарсы әрекет тәсілдеріне адастыру,жұлып алу,лақтырғанда тартып алу жатады.
Бұл тәсілдердің ерекшіліктері қарсы әрекеттің тәсілінің таңдауы,оның атқарылу уақыты,әрекет озгешілігі әр қашан доп басқаратын қарсыласқа байланысты.Оның әрқашан әрекеті бірінші болып жасауға мүмкіндігі бар.
Қағып алу-қорғаныс техникасының ең белсенді тәсілдерінің бірі.Ол қарсы шабуыл жасауға және допты жүргізуге мүмкіндік береді.Оның арқасында қолдан-қолға беруге,жүргізуге қарсы тұруға болады.Қолдан-қолға бергенде қағап алу.Шабуылушыға қолдан-қолға беріп жатқан кезде қорғаушы оның жанына немесе арқасына орналасады.Доп беретін адамның қолынан шыққанда денеде алға шығп допты қағып ала білу керек.
Жұлып алу.Егер қарсылас допты ұстап тұрып айналып жатқанда жұлып алса пайдалы,жұлып алудың 2 тәсілі бар:өзіне қарай жұлқу және қарсыластан алға-төмен жұлқылау.
Өзіне қарайжұлқу арқылы жұлып алу.Ойыншы допты екі жағынан ұстап алып,жылдам әрекетпен өзіне қарай жұлқып тез теріс қарау керек.Алға төменге жұлқалау арқылы жұлып алу.Ойыншы допқа бірден бас салып оны қарсыласы жоқ жерге итереді.
Допты секіру кезінде ал.Бұл тәсіл өте маңызды және өте әсерлі.Ол кезде лақтыра шабуыллға және қарсы шабуылдауға мүмкіндік береді.Доп секіргенде екі жақтың ойыншылары да теңдей қалыпта болады және допты басқаруды ойластырып тұрады.Допты алу үшін бірінші болып алып шығып,жоғары секіріп,допты ұстап алуы керек. Жерге түскенде аяқтарды кеңінен ашып,шынтақтарды шетке кіріп,допты кеуденің астына тығу керек.Бұл тәсілдің сәттілігі допты алып үлгеруге және секіруге байланысты.
Тартып алу.Бұл тәсілді ойыншы орнында допты ұстап тұрғанда немесе жүгіртіп жүргенде орындауға болады.Қолдан тартып алу.Ойыншының жанына сәтті әрекет жасай алатындай немесе сәтсіздікке артқа шегінуге болатындай қалыпта жақындау керек.Шапшаң және өте аз уақытта тырыстыра ұстаған саусақтармен допты бос жерге ұрып үлгеру керек.Жүгірту кезінде тартып алу.Доп басқарған қарсыласты шеттегі сызыққа бағыттап сәл итермелеп допты жанынан тартып алады.
Алдынан тосу.Бұл тәсіл лақтыруға қарсы қолданатын тәсіл.Допты лақтырып жатқан ойыншыға жақындап,дәл лақтырар кезде доптқа қарсы шығу керек.
Тойтарыс беру.Бұл тәсіл допты тосуға немесе басқау болмағанда қолданылады.Доптың лақтыруың қолынан босағанын көре сала шапшаң әретпен доптың ұшу траекториясынан алып ұлгеру керек.Бұл тәсілдің сәттілігі әрекеттің өз уақыттылығына және әрект орындаушының секіру биіктігіне байланысты.
Ойын тактикасы
Ережелердің өзгеруі,физикалык дайындыктың деңгейінің әрдайым көтерілуі, күресті баскару формасының әрекеттенуі әрқашанда тактикаға байланысты. Қазіргі заманғы тактика әртүрлі және курестің акылға қонымдылығы, жақсы өтуіне мүмкіндік береді. Екі қарсылас команданың физикалық және механикалық дайындықтарының тең болған жағдайында, спорттық күресті өз және қарсыластарының мүмкіншіліктеріне сәйкес ұйымдастырған команда жеңеді.
Тактика көптеген факторларға байланысты:команданың механикасы, оның еңбек ету қабілеті, психологиялық дайындық, ұстамдық күшін қолдана білу, қарсыластарға өз мүмкіндігін беру т.б.
Командаға қызметтерін бөліп беру әрекетінің ұйымдасуын қамтамасыз етеді.
Қызметті анықтау ойыншының өз міндетіне және рөлін көз алдына елестетуге көмектеседі, қазіргі уақытта қызметтерді төмендегідей бөлу мақсатқа сәйкес келеді. Алдынғы сызықтағы ойыншылар(ортадағы, шеттегі шабуылшылар), артқы сызықтағы ойыншылар.
Ортадағы ойыншы ереже бойынша ұзын бойлы болады. Ол баріненде қалқанға ең жақын орналасады, сондықтан ол шабуылды басқарып, бітіре алады немесе қорғаныста күрес ұйымдастыра алады.Алдынғы сызықтың шеткі ойыншылары кәрзенкеге шабуыл тасталады.
Артқы сызық ойыншылары шабуыл ұйымдастырушылардың рөлін ойнап тәсілді ойын басқару міндетін атқарады.Қазіргі заманда ойыншылардың орындарын ауыстыра білу керек. Алдынғы және артқы сызықтағылар да дәл солай. Уақытты ұту үшін орында тұрып қалған ойыншының қызметін атқара білу керек.
Шабуыл тактикасы.
Жеке әрекет – бұл тактикалық құрылыстың сәттілігінің негізі. Оның әсері ойыншының дәл уақытында, рационалды түрде әрекет жасай білуіне байланысты. Тактиканың негізгі әдісі – физикалық дайындыққа байланысты емес, ол ойыншының тактикалық білімінің болуы, әрекеттәң белсенділігіне, алаңда жан табуға, қарсыласты алаңды білуге байланысты. Жеке әрекет доппен, допсыз болуы мүмкін.
Бүл әрекет мақсатқа көздеген және әсерлі болуы керек. Сондықтан орындалатын әрекет, тез және қарсыластан бұрын болуы керек. Қандай жағдай болса да қарсыласты шатастыра білу керек, ол үшін әрекетті білдірмей жасау керек. Ол үшін кей әрекет әдістердің тактикаларын білу керек. Ұшып келе жалқан допты орында тоспай қарсы алдына шығу керек берілістер қатты,тез және жасырынды түрде болуы керек.Егер әрекет үйлесімді орындалса,әсер болады.Қулық әрекет деп көңіл аударатын және шын әрекеттердін жасыруын айтамыз.Қулықта екі сала бар:көңіл аударатын әрекет,нағыз әрекеттер.
Топтаса жасалатын әрекеттер. Қолданылатын барлық тактикалықәрекеттері 2-3 адамнан тұрады команданың әрекеттілігін територияның қолдану,өзара орналасу және өз ара көмектесу құрайды.Екі ойыншының әрекеттестігі.Әрекеттестіктің екі түрі бар:»Бір де бір шық» және серігіне көмектесу «тосқауыл».»Бір де шық»-әрекеттескен територияға бөлу,дара орналасудан тұрады.Допты беріп қайтадан алу пазициясын алу керек,оны қорғаншының көзі ауған кезде жасау керек.»Бер де шық» әрекеттестігінде мақсатқа көзделген шешім қабылдануы мәжбүр жағыдайлар тууы мүмкін.Егер екі ойыншы қарсыласып,оның бірі доп үшін күрессе,қарсыласы оның серігінің көңілін аударуы керек.Ал өз серігіне допберуге қолайлы жағыдай жасау керек.Егер әрекеттестік алаң ортасында болас,онда оларға диагональді бағытта болу керек.
«Тосқауыл»-бұл әрекет серікке көмектесуден тұрады.Тактикалық белгілер бойынша тосқауыл берілген тапсырманы орындау мақсатына қарай бөлінеді.»Лақтыруға тосқауыл» серікті лақтыруға қарсыласудан босатады.»Кету ұшін тосқауыл» доп ұстаған серігіне қарсыластан қашып құтылуға көмектеседі.»Шығу ұшін тосқауыл» серігіне допты тосуына көмектесу.
Үш ойыншының әрекеттестігі.Үш ойыншының әрекеттестігіне»үш бұрыш»,»үштік»,»кішігірім сегіздік»,»айқаса шығу»,»екіленген тосқауыл» жатады.»Үш бұрыш»-әрекеттестікте үш ойыншы үш бұрыш түрінде тұрады.Ол ауысумен немесе ауысусыз орындалады.Егер олар шегінсе добы бар ойыншы озіне мкөмек сұрап,допты серігіне беру керек.
«Үштік»-»енгізу» және «қиысу» тосқауылына негізделген әрекеттестік. Бұл тәсіл берік қамқорлық жасайтын қорғаушының саны бірдей болғанда қолданылады.»Кішкене сегіздік» – бұл әрекеттестікке ойыншылардың журу жолы 8 санын еске тусіреді. Коп қайталаулардың нәтижесінде қорғаншылар тосқауылға түседі. » Қиылыс шығу» – «қайшыласу» тосқауылға негізделген әрекеттестік. Әрекеттестіктің басында ойыншылар «үшбұрыш» жасайды. Екі ойыншы үшбұрышының негізін қалап, 3-ші ойыншының алдын қояды. Нәтижесінде үшіншіге қорғаушы соқтығысады, содан олар шабуыл жасай алады.
Командамен жасалатын әрекет. Командалық әрекет жәй және әсерлі комбинациядан тұрады. Баскетболда шабуылдың екі түрлі топтаса жасалу әрекеті бар: екпіндікпен шабуылдау,позициямен шабуылдау.
Екпіндікпен шабуылдың екі түрі бар: «шапшаң жару» және «энеолондап жару». Бағытталған шабуыл. Бұл шабуылда екі жүйе бар:»ортрдағы ойыншы арқылы» немесе «ортадағы ойыншысыз». Әрқайсысының өз нұсқаулары бар. Ортадағы ойыншы арқылы бағытты шабуылдық негізгі жүйесі. Ол ортадағы ойыншының, қызметін атқаратын ойыншылар. Санына қарай неше түрлі нұсқалары бар. Ортадағы ойыншы бойы ұзын болғандықтан қарсыластарына қауіпті. Оның міндеті көбіне соңғы сәтте алып шабуыл жасау болады. Ол үшін ол еркін қалдыру команда ойыншылары шашылып тұру керек, сонда қарсыластардың көңілі бөлінеді. Шабуыл тек ортадағы немесе басқа да ойыншылар арқылы жасалу мүмкін. Ортадағы қарсыластардың көңілін бөліп серіктестеріне көмектесе алады.
«Ортадағы ойыншысыз шабуыл» – бұл шабуыл ортада нақты ойыншы болған жағдайда қолданылады.
- БАСКЕТБОЛДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Баскетболды үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
Қорғау тактикасы. Жеңістің ең басты шарты – қарсылас шабуылшымен сәтті жасалған күрес. Өз кәрзеңкесіне еш доп жолатпай жеңуге болады. Қорғаныстағы команда әрекеті шабуылға жауап болып табылады.
Тапсырманы орындау үшін команда тек өз кәрзеңкесін қорғап қоймай шабуыл да жасау керек. Қорғаныс әрқашан екі қызмет атқару керек: бұзу және құру, шабуыл жасауға мүмкіндік құру.
Жеке әрекет. Әр ойыншының дұрыс шешім қабылдауы және оны жасау команданың сәтті әрекетін қамьамасыз етеді. Қорғаушының қандай да бір қатесі қарсыласқа пайда әкеледі, команданың әрекеттерініңұйымсыздығын көрсетеді. Қорғаныстағы әрекеттердің сәттілігі тек техникалық ұсталыққа емес, сенімді және ойынға да байланысты. Жеке әрекеттердің негізгі тапсырмалары төмендегідей:
1.Қорғаныштағыға допты еркін бермеу.
2.Егер қорғаныштағы допты алса, оның әрекеттерін лезде «байлау».
3.Допты тартып алуға әрекет жасау.
4.Бар күшпен шабуылшыға кәрзеңкегк доп салдырмау, қарсы тұру.
Ойыншыны ұстау демек доп басқа команда да болғанда оған қамқорлық жасау. Қорғауындағының жананда үнемі болу қажет.
Бағыт таңдау – қорғаушының сәтті әрекеттерінің шешуші факторы. Допсыз ойыншыны қорғау астына алу. Қорғаушының ең басты міндеті өз қорғаны астындағы ойыншыға допты алуға мүмкіндік беру.Ал егер оған доп келе жатса, допты қағып алу керек. Ойыншыны ұстау екі түрлі болады: ойыншыны және допты ұстау. Қорғаушы қарсыласы допты алған соң күреске түседі. Ал екіншісінде ойыншы допты алмай тұрып қорғаушы онымен күреседі. Допты алатын ойыншының жанынан, алдынан келіп допты алуға мүмкіндік бермейді.
Қорғаушының добы бар ойыншыға қарсы әрекет. Добы бар ойыншыны қорғай отырып қорғаушы әрқашан белгілеп, нақты әрекеттер жасауы мүмкін. Сәтті нәтиже қорғау астындағы ойыншының дайындығына алаңға байланысты. Добы бар ойыншыға әрекет жасауға алдымен оны тоқтатып, содан кейін күресу керек.
Топтасу әрекеттесу. Қорғаныста 2-3 ойыншы арқылы орындалуы мүмкін. Бұл әрекет барлық ойыншылар қорғанысқа енгенде немесе қорғаушы қате жасағанда орындалады.
Екі ойыншының әрекеттестігі бір-біріне көмектесуге бағытталған, оған сақтану, тайып кету, қайта қосылу жатады. Үш ойыншының әрекеттестігі. Бұл әрекеттестік «үштікке», «сегіздікке», «айқаса шығуға» қарсы орындалады. «Үштікке» қарсы шыға отырып 1-ші беріліс жасау мүмкіншілігін қарау керек, ол үшін берілісті алуға дайындалып жатқан қарсыластан бұрын әрекет жасау керек.
Командалық әрекет. Команда түгелімен қорғауға қатыса алса, олар төмендегі қорғауларды қолдана алады: байытылған қорганыс, жылжымалы қорғаныс, аралас қорғаныс.
Байытылған қорғаныс — команданың қорғаған қалқанына жақын жерде орындалады. Ойыншылардың 2-3 жолы болып тұрады. Командалық әрекеттер жеке және зоналық жүйені үйлестіре отырып ұйымдастырады.
Жеке қорғаныс – бұл әрекетте ұйымдастырғанда әр ойыншы қарсылас командадан өзі қамқоршылық жасайтын ойыншы алады. Бұл жерде ойыншылардың үнемі кестесі болмайды. Допты жоғалтқанда барлық ойыншылар өз қалұанына қайтып келеді.
Жеке қорғаныстың жағымды жақтары:
— ойыншылардың бойларына,жылдамдықтарына,жеке қабілеттері не орналастыруға болады.Ол ойыншыларға қарсыластарына шабуыл жасауға қолайлы жағыдай жасайды.
— универсиядалық.Ол барлық шабуыл жүйелеріне қарсы орындалады.
— Күресте белсенділік ұйымдастыру мүмкіндігі және сәтті өз ара көмектесу ұйымдастыру.
— ойыншылардың тез орындау мүмкіншілігі және командалық әрекеттерді шапшаң ұйымдастыру.
Ұнамсыз жағынан қиыншылықтар,энергияаның көп жұмсалуы,қарсыластарды бақылауда қысым болуы және алданып қалу жатады.
Зоналық қоғаныс.Бұл қорғаныс ұйым дастыру әрекетіне териториялық жүйе негіз болады.Әр ойыншы алңнын белгілі бөлігін қорғауы керек.Ол жерлер кәрзенкеге жақын және орналасуы ойыншының практикалық мүмкіншілігіне бағыт болады.Қорғанудың бұл жүйесі тек ойыншылардың сөздеріне тиісті орындарында тұрған және өз жерлерінде белсенді түрде әрекет еткенде әсерлі болады жылжымалы қорғанысының ең белсенді және әсерлі түрі.Ол агресивті болады;ойын барысын тездетуді,команданы жиі қателестіреді,жоғарғы дәрежелі техника,шыдамдылық,жақсы физикалық дайындық қажет етеді.
Жеке прессинг.Ойыншыларды Қорғныс астына алу және қорғаныс негізінде болады.Ойыншы өз қорғауын астына алған қарсыластан команда допы жоғалтысымен барлық жерде бақылайды.Оның негізгі міндетіне қарсыласына демалуға,әрекет жасауғамүмкіншілік бермеу кіреді.Егер бұл міндетті барлық ойыншылар орындаса,қарсыластар ұйымдасқан түрде еш қандай әрекет жасайалмай,қиын жағдайға тап болады.
Ойын техникасының үйрету методикасы.
Ойын техникасы.
Ұйретуді дұрыс ауысудан сонымен қатар тосуды,беруді,лақтыруды,жүргізуді үйретуден бастау керек.
Ауысу.Ауысуды үйретуге әр тәсілдер.Бірінші тоқтап-тоқтап жүгіру,содан кейін секіру мен дұрыс үйретіледі.Әр әрекетке уақыт бөлінбеуі керек,бір тәсіл үйретіліп бола сала екіншісіне көңіл бөлу қажет.
Жүгіру.Жүгірудің табиғи дағдыларды қолдана отырып жүгіру техникасына алаңдап тоқтауды енгізеді жүгірудегі жаттығуларды,төмендегі тапсырмаларының орындалулары шешілмейтіндей кезек-кезек жасу керек:Дағдылы жұгіру,тіке және жылдам жүгіру,бағытты өзгертуге(айқастыра,доғал,бұрылыстар) жылдамдықты үдете жүгіру т.б.Жүгіру жылдамдығына,жүгіріс бастаудағы талпынысқа көп көңіл бөлінуі керек ондай жаттығулар жүйелі түрде жасалуы керек.Алғашқы ойыншылардың барлығы айналып жүгіруі керек.Сонда үйретуші ойыншылардың барлығын бақылап,қателігін түзеп отырады.Барлық жарыс жаттығуларында қолдың ырғақ бойынша қимылдауына көп көңіл бөлуі керек,себеі ол тек жылдам жүгіруге көмектеспейді,доппен жасалатын басқа әрекеттер үшінде маңызды.Мысалы:қолдың ырғақты қимылдауы допты тосу мен берілісте маңызды роль атқарады.
Шабуылдау техникасы.
Доппен орындалатын әрекеттерді үйретуден бұрын оның серпінді қасиеті мен формасы мен танысып алу керек,себебі сондай техника тәсілдері тез игеріледі.Бұл мақсат үшін доп снаряд ретінде қолданылатын ортақ дамыған жаттығуларды қолдануға болады.
Үлгі жаттығулары:
1)Допты қолдан-қолға ауыстыра отырып,оған тимей,денені айналдыра жүру
2)Доп арқада,екі қолда орындалады.Допты бастан асырып,алға лақтырып,сонда тосып алу.Егер допты алдын-артқа лақтырып тосып алу.Осы жаттығуды бір қолмен орындау.
3)Еңкейіп,допты қолға ұстап,аяқтардың арасынан өткізіп алға қарай лақтырып алдынан тосып алу.
4)Допты өкшелерінің арасында қысып ұстап,доппен бірге секіріп,оны аяқпен жоғарыға лақтырып,тосып алу.Осы жүйеге сай көптегекн жаттығулар ойлап табуға болады.
Тосып алу.Допты дұрыс ұстап қалу,тоқтатуды үйрену үшін келесі жаттығуларды қолдануға болады:
1)Ойыншы қолын сзып тұрып білезігін доптың үстінде деп елестету
2)Дәл солай,бірақ отырып,қолды доптың үстіне қойады.Осы жерден көтеріп қолға ұстап тік тұрады
3)Алдағыларды қайталап,допты қолдан түсіреді, ол қайта көтерілгенде білезікті дұрыс ұстап оны тосып алады.
Қолдан-қолға беру. Алғаш болып кеуде тұстан екі қолымен беу мен иық тұсынан бір қолмен беру үйретіледі.Басқа тәсілдер киін сол жаттығулар арқылы үйретіледі,тек әдіске үйрену керек.Техника негізгі орында тұрып бергенде менгеріледі.Бұл жерде көңіл тоқтататын жер бастапқы қалып және жұмыс фазасы(қолмен жасалатын әрекеттердің орындалуы мен аяқтың бір уақытта созылады).Аялдау,жүргізу,бұр-ылысынан кейін жасалатын әрекеттерге көңіл бөлу керек.Төмендегі жаттығулар мен сап түзуеулеріне осы мақсатта қолданылуы мүмкін.
1)Сапқа тұру.Допты жұп-жұп болып бір-біріне беру.
2) Допты бір саптан 2-ші сапқа иректеп кезекпен беру.
3)Дәл солай, тек допты берген соң оқушы қарсы алдындағының орнына барып тұрады.
4)Екі сап қарама-қарсы түрады: доп әр саптан кезекпен беріледі.
5)Ортаға біреуді қойып, барлығы дөңгеленіп тұрады.1-ші доп ортадағы ойыншыға беріледі, ол допты басқаға береді, алдағы ойыншымен орын ауыстырыды.
6)Екі сапқа түзеледі.1-ші жүгіріп шығып допты тосады, сөйтіп оны екіншіге шыққанға береді, ол өзі саптың соңына барып тұрады.
Допты беруді үйрету кезінде алаңнан ұшып көтерілген допты ойыншының тосу кезінде көңіл бөлу керек. Егер қадам ырғағына байланысты қате жасалса, оны келесі жаттығуларды жасау арқылы түзеуге болады:
1)Допты алаңға ұрып, сол мезетте сол аяқпен алға қадам жасау керек. Аяқтың жерге тиюі доптың алаңға тиюі бір мезетте болуы керек.
2)Дәл солай, тек аялдамай,2-ші қадам жасау керек.
Лақтыру. Лақтыруда оның далдігі маңызды. Жақсы техникалық дайындықтың басқа ойынша мергендігін де дамыту керек,себебі лақтырудың дәлдігін көздей білу,нысанаға зейін қою, арақашықтықты анықтау сияқты факторларға байланысты. Допты тапсыруды үйренгеннен кейін лақтыруды үйрену жеңіл болады.Лақтыру үшін қолды дұрыс созуға,қол мен аяқтың әрекеттерінің үйлесуіне,дененің түзелуіне көңіл бөлуі керек.Егер басынан кәрзеңкемен жаттықса үйренушілер допты кәрзеңкеге салуды ғана,ойлап оны жасау тәсілдеріне,ережелеріне көңіл бөлмейді.Кәрзеңкемен жаттығу басталғанда дұрыс көздеуге көңіл бөлінеді.Үйренушілер техниканы меңгергенде,дұрыс көздей алғанда олардың көңілін допты дәл салуға аудару керек.Олардан кейін қимылдай жүріп жақыннан салу үйретіледі.Ол кезде тоса сала кәрзеңкеге қарай көз тастауға көңіл бөлінеді.Төмендегі жаттығулар:
1)Саптан жүгіріп шығып,допты кәрзеңкеге салғандай елестетіп кәрзеңкенің үстіне секіру.
2) Ұйретуші допты ұстап қолын созып тұрады.Ойыншы жер келіп допты кәрзеңкеге салады.
3)Дәл алдағыдай,тек үйретуші допты беріп жатқан кезде тастай салады.
Орташа және қашықтықьан лақтыруды басында бір нүктеден бастау керек.Әр жаттыда 5-10 рет қайталау керек.Жаза ретінде лақтыру бөлек үйретіледі.Бұл әректті ойын ережесі бойынша орындалу тәртібімен үйрету керек.
Айып сызығын баспай бастапқы қалыпта тұрып көздеу.
Дәл алдагыдай,тек бастапқы қалыптан бұрын допты алаңға 2-3 рет ұрып алу керек.Бұл үйретушінің жинақтауға,дәл көздеуге дауындауға көмектеседі.
Дәл алдағыдай,тек лақтырмай тұрып дем тартып,яғни ішке ауа жинап,оны шыгарып,демалмай тұрғанда лақтырады.
Допты алып жүру.Басында допты жай ұрып жүріп басқаруды үйретеді.Алғашқы жаттығулар секіріп жүрген допты дұрыс жүргізуге бағытталады.
1.Ойыншы 1-ші орында тұрып допты жерге ұрып,оны дұрыс тосуды үйретеді.
2.Допты бір қолмен,екі қолмен кезек-кезек ұрып үйренеді.Үйренуші допты дұрыс ұруды үйренген соң,допты тік және ирелектеп алып жүруді үйренуге көшеді.
а)Сапқа тұрып белгілі жерге дейін допты жүгірте отырып барып келу.
ә)Оң мен сол жақтарда орналасқан кедергілерді айналып өту.
б)Допты тоса сала жүгіру.
в)Секіріп жүріп допты жүргізу.
Қорғаныс техникасы.
Үйренушілер доп қолдарында болғанда әдістерді орындағылары келеді,ол допты иелену қиын болғандықтан,олар оны қаламайды.Қорғаныс тәсілдері төмендегідей реттеп үйретіледі:қағып алу,жұлып алу,лақтырғанда жауып алу,қағып алып кету,секірудегі күрес.
Қағып алу.Бірінші орында тұрған ойыншының қағып алуға үйретеді,кейін қимылдағы немесе секіріп жатқан ойыншы қағып алуға үйретеді.
Жұлып алу.Үйрету дұрыс қағып алудан басталады.Үйретуші түсіндірген соң ойыншылар бір-біріне қарап тұрады.Үйретушінің бұйрығымен қорғаушылар добы бар ойыншыдан дұрыс қағып алу керек.Келесіде добы бар ойыншы допты беруге тырысады,қағып алуға өте қолайлы кезең таңдап,шапшаң қимылдау керек.
Лақтырғанда жауып алу.Лақтыру кезіндегі жаттығулармен қатар үйретіледі.Алғашында өте жай үйретіледі,барлығы елестетіліп жасалады.
Қағып алып кету.Алғашында допты қолдан қолға беру кезінде қағып алып кету,кейін допты жүргізгенде қағып алып кету үйретіледі.Үйренушінің басты міндеті қағып алып кетуге қолайлы мезет табу және қате жібермеу болып табылады.
Команданың қорғану әрекеттері үйренуге қиындау келеді.
Жеке әрекеттер. Қорғанудың сәтті нәтижесі жеке әрекеттердің сәттілігінен байланысты.Әр ойыншының төмендегідей қасиеттері болу керек:әрекет жылдамдығы,іс барысын алдын ала қғыну,әр қашан қандаыда болса әрекет жасауға дайын болу,санай білу,бүкіл алаңды көре білу,бір әрекеттен екіншісіне көше білу.
1.Жұппен сапқа тұру.Шабуылшы бір сызықты қарсы сызыққа қарай допты жүргізеді,қорғаушы допты иеленуге тырысады.
2.Жұппен сапқа тұру.Шабуылшы допсыз бір сызықтан қарсы сызыққа өтуге тырысады,қорғаушы жол бермейді.
3.Жұппен сапқа тұру.Шабуылшы доппен кәрзенкеге бет бұрады.Қорғаушы кедергі болады.
Топтпса әрекеттесу.Шабуыл үшін қолданылатын барлық әрекеттестіретін жаттығулар қайта қосылу үшін,сақтандыру меңгеру үшін де қолданылады.Ойыншылар шабуылшыларының да әрекеттеріне қарсы тұруға тырысады. Жаттығулар үш қтысушы,екі қорғаушы бір шабуылшы болады.Шабуылшы допты қарсы сызыққа отпекші болды.Жақындағы қорғаушы оған белсенді түрде қарсылық жасайды,ол екінші қорғаушы оны сақтандырып тұрады.
Командалық әрекеттестік.Басында байытылған қорғанудың жүйесі үйретіледі.Үйрету жеке қорғанудың жүйесінен басталады,кейін зоналық,прессинг,зоналық прессинг көп уақыт қыжет етеді,бірінші жатығулар командаға қорғану әрекеттерін тез ұйымдастыруды қорғайтын орындарын тез табабілуді үйрету керек.Егер қорғану кәрзенке маңында болса,команда оз қалқанына ұайтып келуі керек.Әр ойыншы өз кәрзенкесіне жақындаған қарсыласына тоқтатуға тырысу керек.Қалай қайта қосу керектігін,сақтандыру керек,т.б айқын түсіндіру керек.
Жеке қорқау. Дайындық кезінде келесі нәрселерге,кезеңдерге көңіл бөлу керек.Қорғайтын жеріне уақытында оралу керек,орнын алу:егер бір ойыншы басқалардан бұрын келсе,қарсыласымен күресе түсуі керек.Егер жеке күреске түссе және жеңілсе,оның қатесін түзеу мүмкіндігі болмайды.
Зоналық қорғау.Басты міндет-ойда болғандай өз жерінде уақытында жету және орнына тұру.Ойыншыларға лаңға дұрыс ауысуды және қарсы әрекетте бклсемділікті үйрету керек орынды томендегідей жаттығыларда көрсете аламыз:Алаңда әр кім өз орнын алады.Зонаға қарсы үштен көп ойыншы шабуылдайды.Олар допты бір-біріне беріп отырыды.Зонадағы ойыншыларға допқа қарай орын ауыстыры білу керек.Үлгі жаттығулары:
1)Алаңның бірінші жартысында кәрсенкеге лақтырусыз дайындық ойыны жүргізіледі.Үйретушінің бұйрығымен шабуыл басталу керек.Келесі команда қайтып келіп белгіленген орынға тұру керек.
2)Ойын үш команда арасында өтеді.Екеуі қорғауға тұрады.Үшінші кәрзенкенін біреуіне шабуылдайды.Егер олар допты жоғалтса,қарсы команда қарсыдағы кәрзенкеге шабуылдайды,ол дрты жоғалтқан команда қорғауға тұрады.Жаттығу қорғауға бағытталған уақыттылы орын алуды үйретеді және белсенді әрекетке дайындалуға мүмкіндік береді.
2.2. Баскетболды негізгі жаттығуы – жүгіру, секіру, лақтыру.
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адамағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әскр алады.
Адам ойын түрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа болініп,қанағат алады.Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор
Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жктілдіруге,ден саулықты сақтауға,көңіл күйін котеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған суреті тапқаннан кейін белгілі болады.
1938 жылдан бастап әйелдер 1-шілігі өте бастады.Италия командасы 1-ші чемпионы атанды қазір Европа чемпионаты 2 жылда 1 рет өткізіліп тұр.
1950 жылы ерлер арасында әлем 1-шілігі өткен,1953 жылдан бері әйелдер арасында өткізіліп келеді.Ерлер арасында әлем біріншілігінің 1-ші жеңімпаздары Аргентинаал әйелдер арасында АҚШ құрамалары ьолды.Қазіргі кезде әлем 1-шілігі 4 жылда 1 рет өткізіледі.
1936 жылы Берлинде өткізілген Олимпиядалық ойындарда ерлер арасында АҚШ құрамасы чемпион атанды.
1976ж Монреалда әйелдер арасында КСРО құрама командасы чемпион атанды.
Баскетбол оқу – жаттығу сабағында оқушылардың дене дайындығын дамыту
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселені шешде 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырт-Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Ондағы жетінші бағыт: Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі мазмұнында «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор» — деп қарастырады.
Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет.
Үшіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс. Үкіметке мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық Ұлттық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырды.
Төртіншіден, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.
Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық.
Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс деп жолдайды.
Сондықтан жалпы орта мектеп оқушыларының қозғалу белсендігін дамыту, көпшіліктің шұғылдануы үшін спорттық секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсірегендігі қазіргі таңда өзекті мәселе.
Гиподинамияның қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, жүйке жүйесінің, тірек-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді.
Жалпы орта мектеп оқушыларының дене қасиеттерін жан-жақты дамыту дене тәрбиесі сабағы мен баскетбол спорт үйірмесін ұйымдастыру мен жүйелі жүргізудегі негізгі мақсат.
2.3. Сыныптан тыс баскетбол ойындары, дене шынықтыру.
Баскетболда оқушылардың дене қасиеттерін арттыру жолдары. Иілгіштікті тәрбиелеу. «Иілгіштік» ұғымы тірек — қимыл аппаратының морфоқызметтік қасиеттерін бейнелейді, ол оның топтарының қозғалғыштық деңгейін анықтайды. Баскетболшының қимылды үлкен құлашпен орындау қабілеті көп жағдайда әдіс амалдарын жеңіл және еркін орындауды, олардың шапшандығы мен дәлдігін анықтайды. Иілгіштікті дамыту деңгейінің өлшемі қимылдың ең жоғарғы құлашы болып табылады. Қимыл құлашы буындардың қозғалғыштығына бұлшықеттердің, сіңір мен қоспалардың икемділігіне, бұлшықет күшіне, сондай-ақ, орталық жүйке жүйесі жағдайына байланысты болады.
Баскетболда оқушылардың иілгіштігін дамытудың негізгі міндеттері бұл сапаны баскетбол талаптарына сай жетілдіру. Бірінші кезекте балтыр табан және білезік-қоспа буыңдары қозғалтқыштығының ұлғаюына назар аудару керек.
Иілгіштікке арналған жаттығуларды пайдалануда басты әдіс-қайталау әдісі. Баскетболда тынығу қабілеті доп салу және лақтыру қимылдарына сәйкес дамытылуы тиіс. Иық белдеуінің, білезіктің, арқаның бұлшықеттер жиырылуы қимыл әдісін меңгеруді қиындатып, оның өзгергіштігі мен әсерін шектейді Жұмсақтық еркіндік пен айлакерлік баскетболшыға секіруде, әсіресе ойыншы белсенді қайталау әрекетіне дайындалған сәтте қонуда өте қажет. Жоғары дәрежелі баскетболшылар әдетте тынығу өнерін біледі, әдістерді бұлшықеттің тиімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін, қалғандарын тиімді тынықтырып, тек қажеттісін ғана белсенді жұмысқа кірістіріп, жеңіл және еркін орындайды.
Тыныға білуді меңгеру үшін орындалуында алаңға қатынасы бойынша өте жоғары қалыпта тұрған дененің жеке бөліктері түгелдей пайдаланылатын және орындалуы дене салмағының орташалығын ауыстырумен байланысты жаттығулар қолданылады.
Ойын әрекеттерін қамтамасыз ететін бұлшықеттің негізгі топтарын тынықтыра білу баскетболда төмендегі жаттығулар көмегімен қалыптасады:
— қолдың түрлі бастапқы қалыптарында білезікті сілкілеу;
— тұлғаны оңға және солға бұрып, қолды еркін түсіріп сермеу;
— бір орынында секіру немесе қолды еркін түсіріп тынықтыратын жүгіру;
— дене салмағын кезегімен бір аяқтан келесісіне түсіру, еркін аяқтың тізесін тез бүгіп, аяқ ұшын еденнен ажыратпай;
— санды, екі қолмен түсіру және көтеру (балтыр мен табан еркін);
— еркін аяқты еркін тербелтіп, бір аяқпен орынында секіру;
— қол еркін түсілген, тұлғаны алға иіп, тынықтыра сілку.
Тыныға білуді жетілдіру үшін психореттеуші жаттықтыру табысты қолданылады.
Күшті тәрбиелеу. Жаттығушының сыртқы қарсылықтарға қарсы тұру әрекеті-күш деп аталады.. Ойын әрекетінде осы дене сапалары баскетбол ойынының дұрыс әдістеріне лайық белгілі бірқимыл дағдысы шеңберінде, қимыл шапшандығымен үйлестіріліп көрінеді.
Бұлшықет күштерін көрсету шарттары мен сипатына қарай өзіндік күш қабілетін ажыратқан жан (тұрмыс жағдайында және баяу қимылда). Баскетболда жылдамдық — күш қабілеті маңызды орын алады. Баскетболдың 70% қимылы жылдамдық-күш сипатында болады. Алайда қорғаныс тұрысында, допты тартып алуда және басқа қатты қимылдарда едәуір табанды күш қажет. Сондықтан ойыншының күш дайындығы жан — жақты болып, әрі бұлшықет күшін түрлі тәртіпте дамытуы қажет.
Бұлшықет күшінің маңызды түрі аз уақыт ішінде шартпен қатаң қадағаланатын спорттық жаттығуларды немесе ойынға әрекеті үшін күшті көрсету қабілетін бейнелейтін қуатты күш болып табылады. Күштің бұл түрін баскетболда оқушылар секіруде, тез топ жаруда, қуатты ұзақ доп беруде іске асырады.
«Абсолюттік» және «қатыстық» күш ұғымы бар. Абсолюттік күш — бұл адам өз салмағына қатыссыз қандайда бір қимылда көрсететін шамалық күш. Қатыстық күш — бұл ойыншының дене салмағына 1 кг-нан келетін күш шамасы. Баскетболшының қимыл әрекетін қамтамасыз ететін бұлшықет күші қимылдың биомеханикалық сипаттамасынан барынша ірі бұлшықеттерінің жұмыстарын қарастыратын иінтірек ұзындығы және бұлшықет жұмысын дамытуы мүмкін қысым шамасына байланысты болады.
Қысым көлемі бұлшықеттің физикалық қызметімен, қимыл бірліктерінің белгілі бір саның жұмысқа ендірумен, бұлшықетке жіберілетін жүйке импульсінің жиілігінен және жұмысқа қатысатын барлық қимыл бірліктерінің күшін жұптастыру деңгейімен анықталады.
Баскетболшының күш қабілетін тәрбиелеу мына бағытта болуы тиіс:
— бұлшықеттің абсолюттік деңгейін ұстап тұру мен дамыту;
— ең қысқа мерзімде күшті барынша көрсету;
— жұмыс күшін қимылдың белгілі бір бөлігінде шоғырландыра білуді қалыптастыру;
— бір қимылдан келесі қимылға көшуде жоғарғы күш көрсету қабілетін жақсарту.
Ағзаға әсері бойынша күшті дамытатын барлық жаттығуларды ойыншы денесінің үлкен бұлшықет топтарының көпшілігін дамытуға арналған глобальдық және нақты қимылға қатысатын жұмысшы бұлшықет топтарын дамытуға бағытталған локальдық деп бөлуге болады. Спорттық үйірмеде оқушылардың дене қасиетін дамытудың мына ережелері ұсынылады:
«жылдамдық — күш қабілетін дамыту үшін жоғары мөлшері 45% салмақтағы штангамен жоғары екпіндегі жаттығуларды орындау, қайталау саны — 8-12;
-.өз күші қабілетін дамыту үшін шектіктен 70-85 %~ға тең салмақпен баяу ырғақта 4-6 рет жаттығуларды қайталау, жаттығу босаңсытуға арналған қысқа мерзімдік үзіліспен жасалады;
— күш төзімділігін дамыту үшін орташа екпінде «бас тартқанға дейін» демалыссыз, өз салмақпен қатарын 25-50 рет қайталайды.
Үйірме сабақтарында күшті дамыту үшін өзгермелі жылдамдық тәртібіндегі төмендегіі жаттығуларды кеңінен қолданады: ауыр тығыздалған допты ұзаққа аяқпен тебу және итеру, тартылу, кеңестік алаңында белгіленген сызықтан торға түсіру, қарсылас қолынан допты тартып алу және т.б..
Оқушылардың кешенді жылдамдық — күш қасиеттерінің бірі секіргіштік болып табылады, яғни секіре доп салуды қалқан астында допты сараптауда, тартысты доп салуларды, т.б. орындағанда барынша жоғары секіру қабілеті.
Секіргіштікті көрсетудің ерекше қасиеттері мыналар:
— секірудің шапшаңдығы мен дер кезінде орындалуы;
— тік қалыпта орыннан немесе қысқа үдеуден секіруді орындау;
— қолды жоғары көтеріп, секіруді орындау;
— күш сынасу жағдайында, секіруді бірнеше рет қайталау;
— өз денесін тірексіз жағдайда басқару;
— қону дәлдігі және кенеттен басқа қимылдарға дайын болу.
Баскетболда оқушыны дамытудың негізгі құралдары орнынан және қысқа екпінмен жоғарыға немесе ұзындыққа түрлі секірулер, секіру топтамалары, гимнастикалық жабдықтар арқылы секіру. Сондай-ақ, серпілумен орындалатын түрлі жаттығулар болып табылады.
Күш жаттықтыруын жеке жоспарлағанда түрлі рольдегі ойыншыларда қимыл әрекетінің сипаты күш қабілеттерінің даму деңгейін де анықтайтынын ескеру қажет.
Күш жаттығулары буындардың қозғалғыштығын арттыруға және босаңсытуға арналған жаттығулармен сәйкестенуі керек. Күшті жетілдіру мен тәрбиелеудің негізгі әдістері: шектен тыс салмақты «бастартқанға дейін» қайталап, барынша күш салып көтеру, айналымдық жаттықтыру әдісі, көмекші әсерлер әдісі, интервалдық, жарыстық әдісі жатқызылады.
Шапшаңдықты дамыту (жылдамдық қабілеті) шапшандық дене сапасы ретінде баскетболшының қимылды өте аз уақыт аралығында орындау қабілеті деп түсінеміз. Шапшаңдыкты көрсетудің қарапайым және кешенді түрлерін бөліп қарастыруға болады. Қарапайым түріне мыналар жатады: жай және күрделі реакциялар уақыты, жеке қимыл мен қимыл жиілігі уақыты.
Спортшының жай реакциясы — бұл алдын ала белгілі, бірақ күтпеген белгіге белгіленген қимылмен жауап беру (мысалы, жүгірудегі сөре тартысты допты ойнатқандағы секіру). Баскетбол үшін қозғалмалы нысанға жауап беретін (допқа әріптесіне) күрделі реакция мен бірнеше мүмкін қимылдан бір сәтте аталған жағдайға қолайлы біреуін таңдауды талап ететін, таңдау реакциясы тән. Білікті ойыншылар жағдайды танып және қимылдың өзіне емес, оған деген дайындық әрекеттеріне жауап беретін күрделі де жай реакциялардың дамуының жоғары деңгейіне жетеді.
Ойында әдетте шашпаңдықтың барлық түрлерін кешенді көрсету талап етіледі, өйткені олар оқушылардың қимыл әрекеттерін құрайды және доппен, допсыз жекелеген әдіс амалдарын және олардың кешендерін орындауда қозғалыс шапшаңдығында бір амалды екіншісімен ауыстыру шапшаңдығын да көрінеді. Баскетболдағы шапшаңцықты дамытудың айрықша ерекшелігі оны үздіксіз өзгермелі жағдайларда, бұзушы ықпалдар негізінде көрсету қажеттігі болып табылады. Сонымен шапшаң жауап беру маңыздылығының соңғы нәтижесі жылдамдықты тез арттыру (сөрелік екпін алу), жоғары жылдамдыққа жету болып табылады.
Жылдамдық қабілеті доп салуда: доп беруді, жүгіруді орындау шапшаңдығы мен тәсілдік міндеттерді шешу жылдамдығы жақтарында көрінетін іс-әрекеттер болып табылады.
Күрделі реакцияларды тәрбиелеу үшін қозғалмалы затқа (доп, әріптесі), кенеттен көрінген, өзгерген қимыл жылдамдығына және ойын жағдайының түрлі өзгерістеріне жауап бері қажет жаттығуларды пайдалануға болады. Мысалы, тез топ жарудағы қимылдың басталуы үшін қалқаннан ұшып шыққан доп болуы мүмкін.
Жоғары қимыл жиілігімен орындау соңына қарай шаршаған соң жылдамдық төмендемес үшін жоғары ырғақта шағын мерзімді жаттығуларды (10-20с) орындауды меңгереді.
Сөрелік екпін мен қашықтық жылдамдығының жылдамдығы баскетболдағы шапшаңдықтың іргетасы болып табылады, себебі оның астарында осы дене сапасының келесі жақтары пайда болады, мысалы, доп беру, жүргізу мен алдап өту шапшаңдығы тез топ жару қимылын орындау. Қозғалыс жылдамдығын үлғайту тек ойыншының жылдамдық қабілеттеріне әсер етумен ғана емес, Сондай-ақ, қимыл әдістерін жетілдіре отырып күш ерекшеліктерін тәрбиелеумен орындалуы да мүмкін.
Баскетболдағы шапшандықты тәрбиелеудің негізгі құралдары шектеулі немесе шектен тыс жылдамдықпен орындалатын жылдамдық жаттығулары болып табылады. Осы сапаларды дамытуға жәрдемдесетін бірнеше әдістемелік амалдарды келтіреміз:
— жеңілдетілген жағдайларда жаттығулар орындау (қиғаш жолда жүгіру, аспалы салмақ түрлерін пайдалану);
— қиын және қарапайым жағдайларда жаттығуларды кезектестіру, салмақтарды өзгерту;
— екпіндеп жүгіру, көшбасшының (әріптестің) ізінен жүгіру;
— жаттығуларды орындау уақыты шарттарына шектеу ендіру.
Төзімділікті тәрбиелеу. Оқушы ағзасының дене жаттығулары ұзақ уақыт орындай алу және шаршауға қарсы әрекет жасай алу қабілеті. Төзімділікті дамытуда екі жолды мақсаттайды. Олар: жалпы және арнайы. Жалпы төзімділік белгілі бір дәрежеде баскетболшы ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттыра отырып, арнайы дайындық, оның ішінде арнайы төзімділіктің негізін құрайды. Арнайы төзімділік үйірмеде оқушылардың барлық мүшелері мен жүйелерінің дайындығымен анықталады. Және ол ұзаққа созылатын ойын әрекеттерінде тәсілдік-тактикалық амалдарды тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Оқушының баскетбол спорт түрінде жалпы төзімділігі мына бағытта тәрбиеленеді:
а) жалпы жұмыс істеу қабілетін дамытатын жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің функционалды мүмкіндіктерін кеңейту;
б) оқушылардың тірек-қозғалыс аппаратын бекіту;
в) машықтану жұмыстарының пайдалы көлемін арттыруға алғышарттар жасау;
г) арнайы төзімділіктің дамуына әсер ету.
Арнайы төзімділікті дамытуда біріншіден, арнайы машықтану төзімділігін баскетболшы көлемі жағынан жарыс жүктемелерінен жоғары қарқынды жүктемені көтере алатындай етіп арттыру, екіншіден, осы сатыда барынша мүмкін болатын жарыс төзімділігіне қол жеткізу қажет.
Спорттық үйірмеде жалпы төзімділікті дамыту үшін циклді сипаты бар жаттығулар (кросс, жүзу) бір қалыпты, үлкен және ауыспалы қарқынды, аэробты бағыты бар жаттығулар қолданылады. Баскетболшы үшін жалпы және арнайы төзімділіктің маңызы зор. Оларды дұрыс бірізді, жылдам жаттықтыру сатыларына сәйкес дамыту қажет.
Сонымен оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде спорттық машықтандыру ілімі мен тәжірибесінде жылдамдық, иілгіштік, күштілік, төзімділік және ептілік қасиеттері қарастырылды.. Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетіне жасалған талдау ойынның жоғары жылдамдықпен және шапшаң қимылдармен, аялдаулармен, айналулармен орындалатын жылдамдық-күштілік әрекеттерінен құрылатындығын көрсетеді.
Баскетбол. Допты алып жүру және қарсы әрекет жасау
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақтың тақырыбы: Допты алып жүру және қарсы әрекет жасау
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға допты кеуде тұсынан беру әдісіне машықтандыруүйрету, жетілдіру;
2) Дене мен ақыл-ой жұмыс қабілеттілігіне қажетті білімділігінқалыптастыру, ойынға деген қызығушылығын арттыру;
3) Күш,жылдамдылыққа, икемділікке, төзімділікке, дәлдікке, кедергілерді жеңе білуге дағдылындыру және бірлікке,
достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі, әдісі:Түсіндірмелі – иллюстративтік жаппай, топтық әдістер.
Қолданатын педагогикалық технологиялары:Дамыта оқыту технологиясы
Пән аралық байланыс: АӘД, физиология, гигиена
Құрал-жабдықтар:доптар, ысқырғыш, секундомер
Сабақтыңбарысы Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Жаттығу мөлшері Күтілетін нәтиже
І. Дайындық бөлімі
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Рапорт қабылдау.
Амандасу, түгендеу;
Спорт құрал-жабдықтарының дайындығын, оқушылардың спорттық киіміне назар аудару.
Сабақтыңмақсат-міндеттерінтаныстыру; бүгінгісабаққаоқушылардыңқызығушылығынояту.
Саптағы жаттығулар, «Оң-ға, сол-ға ай-нал». Бұйрықтарды орындауға дағдылану. Спорт секторы оқушылардың сабаққа дайындығы туралы рапорт береді.
Сабаққа қажетті спорттық құрал-жабдықтарды дайындайды.
Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады.Сабаққа
көңіл-күйі көтеріңкі болады.
5-7 мин Топсабаққадайын, кезекшілікатқарылды, мұғалім мен оқушыныңарасындаынтымақтастыққарым-қатынасыорнайды.
Саптықжаттығуларды алғашқы әскери жарғыға сай орындау.
Жүружаттығулары
Саппенбаяужүру.
а/ қолдыбелгеұстап, өкшеменжүру.
ә/ қолдыбелгеқойып, жартылайотырыпжүру
с/ қолдыжелкегеқойыптолықотырыпжүру.
Жүріпкележатып, арнайыжаттығулардыжасау. Қолды жоғары көтеріп, керілу, денені тік ұстау
Аяқты тізеден бүгу.
Басын көтеріп, алға тік қарап дене мүсінін дұрыс қалыптастыру.
3 минут
Дене бұлшық еттерін сабақтың негізгі бөлімінде түсетін үлкен күшке дайын.
Жүгіружаттығулары
а/ қолдыбелгеқойып,оңжақ, солжақбүйірменжүгіру.
ә/ аяқтыартқасермепжүгіру.
с/ Тізенікөтеріпжүгіру
Баяужүру, тынысалу жаттығулары.
Бірқатардантөртқатарға сапқа тұрғызу Арақашықтықты сақтау
Қолды артқа ұстау
Қолды алға йық деңгейінде ұстау.
1-номер орнында, 2-номер 2қадам 3-номер 4 қадам алға басу
5 минут
Ағзаның шаршап шалдығуына қарсы тұратын тыныс алу жаттығуларын орындай алатын тұлға болып қалыптасады.
Жалпыдамытужаттығулары
1.Б.Қ.-Н.Т қолымызды иығымызға бүгіп қоямыз. 1-қолымызды жоғары көтереміз, аяқтың ұшымен түрамыз
2-Б.Қ 3-жаттығуды қайталау
4-Б.Қ
2.Б.Қ-Н.Т қолды бүгіп иыққа қою. 1-2 алғаайналдыру
3-4 артқаайналдыру
3.Б.Қ-Н.Т оңқолжоғарысолқолтөменде, 1-2 қолдыартқасілтеу
3-4 қолдыартқаауыстырыпсілтеу
4.Б.Қ аяқ иық көлемінде қолымыз белімізде 1-2 оң қолды жоғары көтеріп солға иілу.3-4 сол қолды жоғары көтеріп оңға иілу.
5.Б.Қ-Н.Т қолбелде 1- қолымыздыжоғарыкөтереміз, 2-алға иілеміз
3- отырамыз. Қолымызды алға созамыз.4-Б.Қ
- Б.Қ-Н.Т қолжелкеде 1- қолдыжоғарыкөтеруаяқтыңұшымен тұру
2-Б.Қ 3-қайталау 4-Б.Қ
- Б.Қ-Н.Т 1-секіреміз қолымызды жоғары көтеріп шапалақтау.2-Б.Қ 3-қайталау 4-Б.Қ
8.Бірорындажүру Қолдыңұшынақарапкерілу
Басынкөтеріпдененітік ұстау
Қолды түзу ұстап алға тік қарап жаттығуды орындау.
Керіліп созылу тізені бүкпей, алға тік қарау
Тік тұрып, басын көтеріп йық бұлықшық етіне әсер етуін қамтамасыз ету.
Ойыншылардың әр қайсысы допты алып жүріп,өзінің добын сақтай отырып, серігінің добын қағып жіберуге тырыстыру
1.Ойыншылар бет сызықтан бірінің артынан бірі алаңға қарап тұрады. Бірінші ойыншыдан 12-14м қашықтықта кедергі қойылады (орындық, тұғыр). Ойыншы допты алып жүріп кедергіні айналады да допты серігіне лақтырып береді, өзі серігінің орнына жүгіріп барады. Допты қабылдаған екінші ойыншы, жаттығуды дәл солай орындайды.
2.Ойыншылар алаңның қарама-қарсы бұрыштарында тұрады. Ойыншы допты алып жүріп серігінің тұсына келген де, допты серігіне лақтырып береді. Екіншіойыншы доппен алаңның аяғына дейін барады, тоқтайды, бұрылып допты диагональ бойынша серігіне лақтырып береді
3.Ойын алаңы төрт бөлікке бөлінеді. Ойыншылар бет сызықта доппен тұрады. Көрсетілген бағытта допты алып жүріп тез, жылдам қарама-қарсы жақтағы сызыққа жетеді.
4.Ойыншылар алаңда тұрады. Бірінші ойыншы допты алға қарай алып жүреді, екінші ойыншы оның жолына кедергі келтірмей жүгіріп,сол және оң бағытқа бұрылып допты қабылдайды серігінен. Бірінші ойыншы допты бергеннен кейін дәл солай бұрылыстар жасап жаттығуды қайталайды.
5.Бір ойыншы қорғаныста, екінші ойыншы доппен оны алдап орағытып өтеді, қорғаныстағы ойыншы жылдам кейін қайтып оған тосқауыл қояды. Қорғаныстағы ойыншы қорғануға бар күшін салмай ойнайды. Ойыншылар ауысып жаттығу жасайды.
6.Ойыншы бір немесе көрсетілген бағытта допты алып жүреді. Қорғаныстағы ойыншы белсенділік танытып допты қағып жіберуге, тартып алуға тырысуы керек. Ойыншылар ауысып жаттығу жасайды.
7.Қорғаушы- орталық шеңбер маңында, допты алып жүретін ойыншы бет сызықтан қозғалыс жасайды.
- Екі ойыншы да алаңның бір жартысында еркін, әр бағытта допты алып жүреді.Ойыншылардың әр қайсысы допты алып жүріп,өзінің добын сақтай отырып, серігінің добын қағып жіберуге тырысу керек. Жаттығудыбұйрыққа сәйкес бастап аяқтайды.
Командалар алдында ойындарды орындау ережесін сақтайды.
Орындалған жаттығуларды жүйелейді.Жаттығулардың меңгергенін, меңгермегенін анықтайды.
Өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, жетістіктерге жету процесін жоспарлайды және ұйымдастырады.
Жаттығу студенттердің ептілік, жылдамдық қасиеттерін дамытады.
Бірден, жылдам доппен қозғалып, қорғаушыны орағытып өтуді меңгереді.
Қорытынды бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызады.
«Сынып» ойын ойнау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалайды.Ойын ережесін жақсы меңгерген оқушыларды мақтайды, мадақтайды.
- БАСКЕТБОЛДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Баскетболды жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді.Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3 сыныптан бастап енгізілген.
Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.
Спорттық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқушыларды жалпы білім беретін мектептерде оқытудың шарттары, құралдары мен әдістері ұсынылған. Басты назар дене жаттығуларының түрлері, соның ішінде баскетбол бойынша оқу материалын (бағдарламасын) топтастыруға аударылып келеді. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде дене шынықтыру бойынша оқушы немесе сыныптың қозғалыстары мен қимылдарының сыртқы сипатын ғана емес, ойын шарттарын негізге ала отырып, оқу материалдарының бастысы мен екінші дәрежелісін анықтауға деген жаңа көзқарастарды негіздеу талпыныстары бар [С.І. Қасымбекова, Ю.Г. Телеугалиев, 2002; Ю.Г. Телеугалиев, 2003]. Дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің (оңтайландырудың) маңызды шарттарының бірі оқушылардың типтік-ерекшелік және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы оқу-тәрбие үдерісін дараландыруды іске асыру балып саналады.
Мәселені оңтайлы нәтижелер арқылы шешу үшін бірсыпыра себептерге бола өз шешімін таба қоймаған мәселелерді атап көрсеткен жөн деп білеміз:
— сабақтарда баскетбол бойынша оқушылардың техникалық және тактикалық қимылдарын қалыптастыру барысында сенімді технологиялық көзқарас жасалмаған;
— ойын тәсілдерін меңгерудің орындалған детерминанттары жеткілікті дәрежеде атқарылмай қалғандықтан, динамикалық ойын жағдайларын және үйретудің құрылымды-қисынды кестесін жобалауды едәуір қиындатады;
— дене шынықтыру пәні мұғалімі мен оқушы арасындағы ақпараттар ағымын тиімді басқару тәсілдері елестетудің әртүрлі түрлеріндегі мәліметтер мен хабарламалар түрінде нақтылана қоймағандықтан, үйрету қарқынын, дене бітімі статусы мен спорттық нәтижелерін едәуір төмендетеді.
Баяндалған мәліметтер бойынша тұтас педагогикалық үрдісте оқушыларды үйретудің бастапқы кезеңіндегі жоғары маңыздылығы мен осы кезеңдегі спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау (жоспарлау) жағдайлары мен тәсілдерінің жеткілікті түрде жасалғандығы арасындағы объективті қарама-қайшылық баскетболшы оқушыны қалыптастырудағы көкейтесті мәселе болып табылады.
Зерттеудің түпнұсқасы. Зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес келетін философиялық, педагогикалық, психологиялық, медициналық-биологиялық сипаттағы жұмыстардың түпнұсқаларынан құралады.
Жетекші идеясы. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарында баскетболмен шұғылдану тиімділігінің шынайы жақсаруы.
Зерттеудің негізделуі. Зерттеу жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарының тиімділігін жетілдірудің басымды бағыттарын ескеру арқылы жүргізілген.
Зерттеу нысаны — жалпы білім беретін мектептегі дене шынықтыру сабағы.
Зерттеу пәні — дене шынықтыру сабағында баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу мақсаты — дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасының негіздеріне оқушыларды үйрету үдерісінің тиімділігін арттыру.
Зерттеу болжамы. Болжамның ғылыми негізін адамның қоғамдық болмысының жинақталған түрі ретінде болмыс құбылысын өміршең деректерге айналдыруды анықтайтын нәтиже болатындай теориялық ережелер құрайды [В.А. Сластенин, 2000; С.П. Баранов, 2002; Н.А. Алексеев, 1997 және т.б.].
Дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасына үйретудің бастапқы кезеңін сабақтар жүйесінде келесі әдістемелік көзқарастарды іске асыру есебінен едәуір жақсарту мүмкіндігі қарастырылды:
— кезеңдер бойында ойын техникасы тәсілдерін қалыптастыру;
— динамикалық ойын жағдайлары (модульдері) негізінде оқу материалы мен оқу сабақтарын құру мазмұнын іріктеу.
Зерттеу міндеттері:
- Технологиялық тәсілдердің жүзеге асырылуының басты бағыттарын баскетбол бойынша ойын техникасын қалыптастыруда қолдану.
- Динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын оқушыларды техникалық дайындаудың бастапқы кезеңінде қолдану негіздемесін беру.
- Баскетбол ойынының техникасын қалыптастыру технологиясын жасаудың және динамикалық ойын жағдайларын дене шынықтыру сабақтарында қолданудың эксперименталді негіздемесін беру.
- Оқушыларды дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойынының негіздеріне үйретудің тимділігін арттыру бойынша ғылыми-педагогикалық ұсыныстар түзу.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді теориялық зерттеу, мамандардың тәжірибесін жинақтау, сауалнама жүргізу, баскетболшының дене дайындығы мен арнайы сапаларын тестен өткізу, антропометрлік (дене салмағы, бойы, ӨТС және т.б.), педагогикалық эксперимент, математика-статистикалық өңдеу әдістері.
Зерттеу мәселесі — баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру үшін спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау шарттары мен тәсілдерін жасау.
Зерттеудің әдіснамалық негізін адам туралы қоғамдық және жеке дара дамудың жоғарыдан берілген мәліметі деп білетін философиялық ілім құрайды: жеке дара тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекетінің қоғамдық-тарихи және әлеуметтік-мәдени алғышартының жетекші рөлі туралы. Әдіснама ретінде адамды үйрету мен тәрбиелеуге деген әрекеттестік көзқарасы пайдаланылған.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін құрайды:
— жеке тұлғаның дамудың сыртқы факторлары мен ішкі жағдайлары арқылы жеке тұлғаның қалыптасуындағы детерминациялаудың психологиялық-педагогикалық теориясынан [Б.Г. Ананьев, 1977; А.Н. Леонтьев, 1975; С.Л. Рубинштейн, 1976 және т.б.];
— оның субъектілерінің әрекеттесу теориясы [К.А. Абульханова-Славская, 1977; В.В. Давыдов, 1986; А.Н. Леонтьев, 1983 және т.б.];
— жұмыс әлеуметтік қайта өзгерту ойларын жасау барысында оларды жобалау мен іске асыруды жүйелеу идеясына негізделген [В.П. Кузьмин, 1986 және т.б.];
— оқыту теориясынан [В.Г. Афанасьев, 1981 және т.б.];
— дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі [В.К. Бальсевич, 1992; М.Я. Виленский және т.б.].
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
— дене шынықтыру сабақтарында баскетбол бойынша оқу үдерісінің бастапқы кезеңіне деген технологиялық көзқарастың құрылымы мен функциясы белгіленген;
— динамикалық ойын жағдайларын (модульдерді) пайдалану арқылы баскетболдың негізгі техникалық тәсілдерін кезеңдер бойынша қалыптастырудың педагогикалық технологиясы жасалынған.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарындағы дене бітімінің жай-күйін педагогикалық басқару саласындағы білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы тұрады:
— баскетболшы оқушылардың бастапқы техникалық даярлығының жасалынған педагогикалық технологиясын тікелей тәжірибеге ендіруден;
— баскетбол тәсілдеріне үйрету тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін арнайы жаттығулар мен қозғалмалы ойындар түріндегі динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын жасаудан.
Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы қамтамасыз етіледі:
— теориялық, әдіснамалық, спорттық-педагогикалық ережелердің жиынтығы арқылы;
— тәжірибеге қатысушыларды таңдау көлемі және қайта көрсету арқылы;
— жүргізілген зерттеулердің мерзімі мен кезеңдерінің ұзақтығы арқылы;
— зерттеу әдістерінің ақпараттылығы мен сенімділігі арқылы;
— диссертация авторының ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесінің жеткіліктілігі арқылы.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
— баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін кезеңдер бойында қалыптастырудың педагогикалық технологиясы оқушылардың базалық қозғалыс және техникалық-тактикалық әрекеттерін меңгеру тиімділігін арттыруға ықпал етеді;
— динамикалық ойын жағдайлары түріндегі арнайы жаттығулар мен қозғалмалы ойындардың дербестендірілу түрлері жалпы білім беретін мектеп оқушыларына баскетболды үйрету үдерісін педагогикалық басқару тәсілдерін оңтайландыру үшін негіз болып қызмет етеді;
— баскетбол бойынша оқу үдерісіне деген технологиялық көзқарасты іске асыру әдістемесі оқушылардың ойын әрекетінде қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасайды;
— баскетболды дене шынықтыру сабақтарында пайдалану олардың дене және тактикалық даярлығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Диссертанттың жеке үлесі келесіден тұрады:
— баскетбол ойыны техникасын қалыптастыруға деген технологиялық көзқарастарды іске асырудың негізгі бағыттарын үйренуден;
— баскетболшы оқушылардың техникалық даярлығының бастапқы кезеңінде оқушыларға арналған динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын негіздеуден;
— дене шынықтыру сабақтарында динамикалық ойын жағдайларын пайдалану арқылы баскетбол ойыны техникасын қалыптастыру үшін жасалған технологиялық көзқарастарды эксперименттік тұрғыдан негіздеуден.
— дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды баскетбол негіздеріне үйрету үдерісінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми-тәжірибелік нұсқаулар қалыптастырудан.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
Баскетбол сабақтарының мәні туралы ғылыми-педагогикалық көзқарастар мен оның жалпы білім беретін мектептерде жобалануы
Ғылыми зерттеулердің теориялық материалдарын, практикалық тәжірибесін жинақтау негізінде жазылған осы тарауда дене шынықтыру сабақтарында жас баскетболшылардың спорттық-техникалық даярлығының бастапқы кезеңін ұйымдастыру мәселелеріне психологиялық-педагогикалық талдау жасалған.
Осы мәселенің педагогикалық теория мен практикада ұйымдастырылуындағы түрлі салалары мен жасалу дәрежесі ұсынылған. Дене шынықтыру сабақтары жағдайларында баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін, техникасын қалыптастыру арқылы технологиялық-педагогикалық басқарудың шарттары мен мәнді кездері анықталған. Осы проблеманы шешуге арналған қазіргі көзқарастардың қағидалары мен идеяларын психофизиологиялық тұрғыдан негіздеу көрініс тапқан.
«Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісін басқарудың ғылыми-педагогикалық салалары» деп аталатын 1.1 бөлімшесінде мектептегі оқу жұмысының негізіне бұқаралық жастар спорты мен жоғары спорттық жетістіктердің нәтижелерін дамытуға бағытталған көп жылдық даярлықтың ғылыми негізделген жүйесі жатады. Оқу үдерісі бастауыш, орта және жоғары сыныптардың оқу үдерісінде іске асырылады.
Сыныптағы оқушылар саны, аптадағы сабақтар саны және олардың ұзақтығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық–нормативті құжаттары арқылы белгіленеді. Мектептегі негізгі жұмыс түрлері топтық сабақтар, сұхбаттар, үй тапсырмалары, спорттық жарыстарға қатысуы, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерге спорттық сабақтар мен жарыстар ұйымдастыруда көмек көрсету болып табылады [Н.А. Ачкурин, 2003; В.К. Бальсевич, Л.И. Лубышева, 2003].
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізу оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық. Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;
ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.
Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.
Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны даярлаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу –тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.
Спорттық техника мен оны жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға білім беру мен спорттық мекемелерге тән компоненттер- мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық) міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.
«Оқушылардың баскетбол сабақтарының оқу-тәрбие үдерісіндегі бастапқы кезеңі» 1.2 бөлімшесінде баскетбол қозғалыс әрекетінің көптігімен, алуан түрімен сипатталады. Оған жүгіру, жүріс, секіру, лақтыру, қағып алу мен лақтыру, күш және қозғалысты үйлестірудің түрлі жаттығулары кіреді. Бұл жаттығулар ойыншылардың өз командасымен және бәсекелес командамен өзара әрекеттесу жағдайында орындалады. Оқушының ойын барысындағы әрекетінің тиімділігі ойын жағдайына тез баға беріп, ойыншылардың әрекеттерін шапшаң бағалауына, техникалық тәсілдерді жетілдіруіне, дене жағынан дамуына байланысты болмақ [А.А. Аруцев, 2003].
Арнайылық бағдарлауға қабілетті дамыту мектептердегі сабақ өткізу жүйесінде маңызды орында болуы тиіс, ол кешенді көрсеткіш болып табылады және оқушының жеке-дара қабілетімен анықталады. Аталған бағдарлауды дамытудың сыртқы әсері 9-12 жаста байқала бастайтыны анықталған. Осыған байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде оқу үдерісін қозғалыс дағдысын және ептілікті игеруді, балалардың бойында қозғалыс міндеттерін нақты жағдайды талдау негізінде, өздігінен шеше алатындай етіп тәрбиелеумен бірігетіндей етіп құруға кеңес беріледі. Бұл үшін аңғарғыштықты, көру алаңының көлемін, күрделі әрекет ету шапшаңдығын, бір қимылдан екіншісіне тез арада өтуді дамытуға бағытталған дайындық және арнайы жаттығуларды кеңінен қолдану қажет. Ұдайы өзгеріп тұратын жағдайдағы жаттығуларды қолдану да және оларды орындауды өзгертіп тұрудың да маңызы зор.
Жоғарыда аталған ерекшеліктер оқудың кез-келген түрін ұйымдастыру кезінде немесе оның қандай да бір стандартты формасында автоматты түрде жүзеге аса қоймайды. Мұның өзі спорттық ойындар техникасының күрделігін және олардың орындалу маңыздылығын көрсетеді.
«Қозғалыс қимылдарына үйретудің технологиялық тұжырымдамалары және оларды баскетбол сабақтарында ойын техникасын игеру үдерісінде қолдану» деп аталатын 1.3 бөлімшеде үйрету барысында оқушыларды қарапайым ойын кезінде тәсілдерді қолдануға жетелейтіндей етіп, жағдайды күрделендіру қажеттігі қарастырылып отыр.
Жасөспірімнің бойында қозғалыс дағдысы мен икемділігін қалыптастыру ұтымды қимылдарды әрі қарай жетілдірудің негізін салады. Жасөспірім жекелеген бөліктерді емес, сабақтың басынан бастап тұтас жаттығулардың техникасының негізін меңгеруіне ұмтылу керек. Жасөспірімдермен сабақ өткізгенде баскетбол техникасының негіздері әдетте, жеңілдетілген жағдайда оқытылады. Арнайы дайындықты және дене шынықтыруға жақындатылған және арнайы дайындайтын жаттығулар кешені кеңінен қолданылады.
Баскетболда спорттық-техникалық дайындыққа салыстырмалы түрдегі көп уақыт бөлу қажет, өйткені, оқушылар дағдының көптеген техникасын игерулері тиіс.
Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір НТН бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз- бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.
І-тараудың қисынын жалғастыра отырып, баскетболды жылдан жылға техникалық-тактикалық шеберлігін шыңдаған, дене жағынан дайындығын арттырған оқушы тәжірибесінің байытылуына сәйкес нақтылап, оқытудың нәтижелерін талқылаймыз. Сондай жолмен алынған жалпылауды оқушыларды оқытудың бастапқы кезеңіндегі, осы үдеріс үшін міндетті қағидаларымен, оқыту тәжірибесінің жағдайлары мен жаңа қадамын қолдана отырып, техникалық дайындығын жетілдірудің алғышарты ретінде пайдаланамыз.
«Баскетбол ойыны бойынша дене шынықтыру сабақтарында оқу үдерісін жаңғырту» 3.1 бөлімшесінде оқушылардың ойын әлуетінің қалыптасу процесіне тигізер объективті факторлардың сипаты туралы нақты түсінік алу үшін сабақтардың жүйелілігін, олардың баскетбол бойынша бағдарламасына сәйкестігіне мақсатты бағыттылығын талдау мәселесі қарастырылады. 1 кестеде мектептегі оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастырудың типтік жағдайларын: негізгі міндеттерін, дайындық түрлерін және соларға бөлінген уақытты сипаттайтын материалдар берілген.
1 кестеден көретініміздей, дайындықтың барлық түрі бойынша оқытудың 3 жылының әр жылында сағаттар саны бірдей бөлінген, жекелеген азайтуларды (мысалы, ЖДД, СДД, техникалық дайындық) оқушылардың жоспарланған дайындық деңгейіне қол жеткізгендігімен және ойын мен жарыс тәжірибесінің күш салуымен түсіндіруге болады.
Техникалық дайындық әдістемесін мұғалімер кезеңді үдеріс деп қарастырады, онда әр кезең үшін техниканың негізгі буыны мен бүге-шүгесін игерудің жеке міндеттері қалыптастырылады. Мұғалімдер арасында оқытудың әрбір кезеңі (мерзім) үшін оқыту құралдарын таңдап алу, сондай-ақ беру мен лақтыруда қолдардың қимылының нақтылық параметрлерін қоюдың интегративті қадамдарын қолдану қиындық тудырды. Техникалық тәсілдерді жетілдіруді мұғалімдердің 70% дербес тапсырма беру арқылы ойын тәжірибесінде жүзеге асырады.
Келтірілген материалдардан көретініміздей, ойын әрекеті жүзеге асқан әрбір жылдық циклмен біршама өзгеріп тұрады. Бұл жағдай жеке-дара дамудағы танымның тездетілуіндегі оқытудың басты рөлін және оқушының ойын тәжірибесінің біршама бөлігін құрайтын, қозғалыстар мен арнайы әрекеттерді игерудегі техникалық дайындық әдістемелерін растайды.
Баскетболға үйретудің бастапқы кезеңіндегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
Негізгі міндеттер |
Дайындық түрлері |
Бөлінген уақыт |
||
4 сынып |
5 сынып |
6 сынып |
||
дене жағынан қалыптасу қасиеттерін тәрбиелеу |
теориялық ЖДД |
8/1,8 115/26,3 |
8/1,5 118/22,1 |
18/3,3 108/20,0 |
ойын техникасы тәсіліне үйрету («техника мектебі»), оларды тактикалық әрекетте жетілдіру |
СДД техникалық тактикалық ойын |
66/15,1 90/20,6 30/6,8 38/8,7 |
67/12,5 96/17,4 38/7,1 60/11,2 |
58/10,7 93/17,2 49/9,1 60/11,1 |
тактикалық әрекеттерге үйрету (жеке және топтық) және оларды ойын кезінде жетілдіру |
жарыстар бақылау сынақтары медициналық тексеру |
— — — |
30/5,6 12/2,2 — |
30/5,5 12/2,2 4/0,4 |
жарыс әрекетіне тарту |
спорттық лагерлер |
72/16,5 |
108/20,2 |
108/20,0 |
|
барлығы: |
437 |
534 |
540 |
Ескерту: алымда дайындық түрін жүзеге асыруға кеткен уақыт берілген, ал бөлгіште- осы уақыттың оқудың жалпы уақытындағы үлесі (%).
|
Ойын әрекетінің өлшемдерімен қатар біз психомоторлық қабілеттердің динамикасын да ұдайы бақылап отырдық, білетініміздей, олар баскетбол ойыны техникасының тәсілдеірне үйретудің материалды негізін құрайды.
Оқушыға оқу үдерісінің және ойын практикасының барлық жағдайы, ағзасының түрлі жүйесінің қызмет атқаруында белгілі өзгерістерін тудыратындай әсер ететінін түсіне отырып, қозғалыс әрекеттерінің дәлдігінің қарапайым көріністерін атап өтуге тырыстық және сол материалдарды оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалау үшін қолдандық Сыныптар арасындағы нәтижелерді салыстыруларды қолданып, зерттейтін фактордың (оқыту әдістемесі) әсер ету фактісін дәлдікпен анықтауға тырыстық. Біздің жағдайымызда бастапқы фактіні табудың көрсеткіші, белгілі бір уақыт аралығындағы нәтиженің өсу қарқыны, қарқын неғұрлым жоғары немесе төмен болса, осы фактордың әсері де соғұрлым жоғары (төмен) болады.
Экспериментті және бақылау сыныптарындағы оқушылардың көрсеткіштеріндегі нәтижелердің динамикасы
Топтар, статистикалық көрсеткіштер |
|||||||||||
4 сынып |
5 сынып |
6 сынып |
|||||||||
S |
S |
S |
|||||||||
Әсер ету уақыты, мс |
|||||||||||
0,88 |
|||||||||||
Қозғалатын нысанға әсер ету, қателер % |
|||||||||||
1,29 |
|||||||||||
Қозғалыстың кеңістікті талдауының дәлдігі, қателер % |
|||||||||||
0,42 |
|||||||||||
Қозғалыстың уақыттық талдауының дәлдігі, қателер % |
|||||||||||
0,82 |
|||||||||||
Қозғалыстың күштік талдауының дәлдігі, қателер % |
|||||||||||
3,00 |
|||||||||||
Ескертулер: 1. Алымда оқушылардың нәтижелері, ал бөлгіште- баскетболмен айналасатын балалардың нәтижелері келтірілді. 3. — оқушыларды оқытудың 1 және 2, 2 және 3 жыл арасындағы Стъюдент критериі.
|
Материалдарды талдау, іріктелген топтардың әрбіреуінде топтық нәтиже жылдан жылға жақсарғанын көрсетті. Сонымен, спортшы емес оқушылардың нәтижелері арасындағы біршама айырмашылықтар оқушылардың үшінші оқу жылындағы ағымы ретінде ғана байқалды. Бұл, осы дайындықтың алуан түрі мен құралдарының кумулятивті тиімділігі 2-3 сабақтан кейін психомоторлы деңгейде анық көрінетінін білдіреді. Мұнда осы жағдайдың бірнеше түсіндірмесі болуы мүмкін. Біріншіден, қолданатын құралдар мен сабақтың әдістемелері баскетболға жаңадан үйрене бастаған оқушылардың психомоторикалық ағымдағы және болашақтағы жағдайына сәйкес емес.
Екіншіден, қолданылатын құралдардың және бастапқы әдістердің көлемі мен әсері, әсер ету ұзақтығы бойынша тиімділігі төмен. Осы пікірлердің әрбіреуі іріктеудің біртектілігі еместігін растайтын, сондай-ақ сыныптағы педагогикалық әсер ету құралдары нәтижелерінің салыстырмалы тәуелділігі туралы түрлендіру коэффициентінің жоғары мәндерімен дәлелденеді.
«Баскетбол ойыны бойынша сабақтың педагогикалық ұстанымдары және жаңғырту шарттары» деп аталатын 3.2 бөлімшеде оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру мәселенің ғылыми негізделуін, әдістемелік негізгі қағидаларды анықтауды, оларды жүзеге асырудың шарттарын қарастырылады. Аталған шаралардың жиынтығын біз оқушыларды баскетболға үйретудің бастапқы кезеңін жетілдіру, және жоспарлы нәтиже алу үшін қазіргі заманға сәйкестендіру деп қарастырамыз.
Спорттық педагогикада үйренуді жаңа бастаған оқушының дайындығын және оқу-тәрбие әрекетіне дайындығын білдіретін жеке қасиеттері кіретін жағдайды жүйелеуге деген талпыныс спорт түрінің функционалдық құрылымын талдауға негізделеді. Және бұл кезде оқушының бойында болашақта спорттық биік нәтижелерге қол жеткізу қабілеттерінің әлуеті болуына баса назар аударылады. Сондықтан, оқушылардың оқу-жаттығу әрекетіне дайындығын жүзеге асырудың барлық қағидалары, жағдайлары мен жолдарын зерттеудің бірегей пәні ретінде, тұтас құбылыс ретінде қарастыру қажет.
Оқытудың мақсаты мен міндетін, мазмұнын, түрі мен сабақтың әдістерін құрастырғандағы, зияткерлік көзқарасы мен қозғалыс құрылымдарының бірлігі эксперименталді сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісін құрудың негізін қалаушы қағидасы болып табылады. Осы қағида негізінде оқушының оқу-жаттығу әрекеті үдерісіндегі жан-жақты даму идеясы, ойынның толыққанды түрде және қанықтылығында ойын әрекетін игеру үшін шынайы алғышарт пен мүмкіндіктер түзетін, баланың рухани, сезімталдық, эмоциялық-тұтынушылық, зияткерлік және қозғалыс саласының тығыз байланысы мен байланыстылығы туралы идеясы жатыр.
Мазмұны бойынша ол әлеуметтік және биологиялық, қоғамдық және тұлғалық типтік және жеке-дара өзара шарттылығында және бірлігінде адамның мәнді тану мен қатар өмір сүру қажеттілігін көрсететін, теориялардың жалпы ғылыми қағидаларымен және тәжірибесімен тығыз байланысты. Осы идеяларға сәйкес, оқушының ойын әрекетін қалыптастыру арқылы, әлеуметтік және психофизикалық дамуы көбінде білімді белсенді және саналы түрде игерудің білім алу үдерісінде жүзеге асатыны туралы сенімді түрде айта аламыз.
Оқушыларды дайындауды басқарудың шынайы мүмкіндіктері жақсы дамитын және жаттығудың жоғары нәтижесін қамтамасыз ететіндей, басқа да бейімдері мен қабілеттерінің дамуына жеткізетін мүмкіндіктерін анықтап, реттеуге байланысты.
Осы тұрғыдан алғанда, даралау қағидасы оқу мазмұны мен дене шынықтыруға түсетін салмаққа барабарлық қағидасымен түйіседі.
Қозғалмалылық қағидасы сабақтың мазмұнын үздіксіз дамыту қажеттілігін, қолданатын жаттығуларды, әдістерді, сабақ жағдайларын және түсетін салмақ күшін, оның көлемі мен қарқындылығын ұдайы жаңартуды және күрделендіруді қажет етеді. Оқушыларға қойылатын талапты ұдайы арттыру ең алдымен берілген тапсырмалар мен салмақ күшінде, олардың жас ерекшеліктеріне, жынысына және дара қасиетеріне қарай, жоспарланған мерзімде жағымды нәтижелерге қол жеткізулерімен байланысты. Жаңа, күрделі тапсырмалар мен жаттығуларға өту, техникалық дайындық барысында алдыңғы оқу материалын толық игергенде ғана, ағзаның қызметтік және құрылымдық өзгерістері, әсіресе, дене жағынан және психомоторлық қасиеттерінің даму деңгейіндегі өзгерістері ескеріліп, жүзеге асуы керек.
Осы қағиданың жалпы қисынының басқа қадамы оқушының жеке жетістіктерінің үдемелі жетлуін қамтамасыз ету және осы негізде ойын әрекетін өзі бағалай білуді қалыптастыру қажеттілігінде көрінеді, оқушы бұл кезде нәтижелерден ғана емес, әрекеттің өзінен де қанағат алады, себебі, ол ойын кезінде өз қабілеттерін жүзеге асырып, өз мүмкіндіктерін толығымен ашады.
Осы ұстанымдарды оқытудың бастапқы кезеңінде де жүзеге асыруға болады. Бұны жүзеге асыруға қазақтың көптеп саналатын қозғалмалы ойындары бар, олардан баскетбол ойындарының тәсілдерін де, нақты тактикалық үлгіні де көруге болады. Ойынның белгілі кезеңі жасалатын динамикалық ойын жағдайлары бұнда маңызды рөль атқара алады.
Осы қағиданың ережелері оқу үдерісіндегі дене шынықтыруға түсетін салмақты түбегейлі өзгертуге жеткізеді: алаң көлемін ойыншылардың санын, ойын уақытын, дене жаттығуларының санын және қайталау санын азайтуға (ұлғайту) мүмкіндік береді. Үйренуді жаңа бастаған оқушыларда жоспарлық тиімділікпен қоса бұл тәсілдер алаңды бағдарлауын дамытады, ойын жағдайына қарай өзін қалай ұстаудың ұтымды тәсілдерін таңдау икемділігін қалыптастырады.
Айтылған әдістемелік қағидалар белгілі бір жағдайлар болған кезде ғана толығымен жүзеге асуы мүмкін. Біздің жұмысымызда осы қағидаларды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негізгі шарттары анықталды:
— оқу үдерісін ұйымдастырғанда көзқарас, зияткерлік және қозғалыс құрылымдарының тұтастығы оны оқу, практикалық, ойын дайындығы және өзіндік жұмыстың инновациялық әдістерінің мазмұнына енгізуді болжамдайды;
— жас баскетболшылардың жан-жақты дамуы үшін қозғалыстың кешенді тапсырмаларын жасау мен қолданудың ғылыми логикасын қадағалау шарттары, дайындық түрлерінің бірлестікті қағидаларына сәйкес келеді;
— сабақта үйрету құралдары мен әдістерін оқушының ағымдағы жағдайына қарай сауатты қолдану шарттары, оның қозғалыс тапсырмаларын орындауға дайындығы сабақтың мазмұнын динамикалық жаңалап отырудың қағидасына сәйкес келеді.
Баскетболға үйрету сыныптарындағы оқу үдерісін жетілдірудің қағидаларымен шарттары, сол қағидаларды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негізгі шарттарын қадағалағанда ғана орындалуы мүмкін: тұтастық қағидасы; жұмыстың ғылыми қисыны және қозғалыстың кешенді тапсырмаларын орындау; жеке-даралық қағидасы және т.б.
«Оқушыларды баскетболға үйретудің бастапқы кезеңіндегі технологиялық көзқарас» атты 3.3 бөлімшесінде оқу-ойын әрекетінің ұсынылған құрылымдық элементтері — алда тұрған оқу үдерісі және оның болашақтағы нәтижесі туралы ақпараттың жалпылану дәрежесі бойынша өзара айырмасы бар мақсат, жоба, жоспар мен орындау, оқытуды басқарудың түрлі деңгейлерін жүзеге асыратын және оның әр деңгейінде өзіне тән арнайылық мәселелер кешені шешілетін бағдарлама түрінде беріледі, оны үлгіден көруге болады
Техникалық дайындықтың бастапқы кезеңіндегі оқушы-баскетболшының үйрену әрекетінің нормативті құрылымы
Мақсатты айқындау |
Жобалау |
Жоспарлау |
Орындау |
допты қағып алу |
1 жоба |
1 жоспар |
нәтиже 1 |
допты шығыршыққа тастау |
2 жоба |
2 жоспар |
нәтиже 2 |
допты беру |
3 жоба |
3 жоспар |
нәтиже 3 |
допты алып жүру |
4 жоба |
4 жоспар |
нәтиже 4 |
Үлгіден, оқу әрекетінің нормативті құрылымы оның элементтерінің өзара байланысының екі түрімен түзілгенін көрсетеді. Біріншіден, онда басқарудың бір деңгейінен екіншісіне өтуіне және осы әсердің нәтижесіндегі кері ақпаратты алуға жауапты басқарушы командалардың субординациясының байланысы бар. Бұндай байланыстың мысалы – мақсат, жоба, жоспар.
Екіншіден, онда жаңа бастаған ойыншыға ойынның бір тәсілінен кейін екіншісін игеруіне өтуіне және игерудің түрлі тәсілдерін бір деңгейде салыстыруға мүмкіндік беретін бағдарлар байланысы берілген. Баскетболдағы, субординация мен бағдардың толық байланысы түрінде көрсетілген ойын әрекетінің құрылымын біз әрі қарай нормативті құрылым (тұтас) деп атаймыз, және соған сәйкестікті оқушы-баскетболшылардың ойын әрекетінің қалыптасуының маңызды белгісі деп санаймыз.
Технологиялық қадамды жобалаудың екінші кезеңінде біз назарымызды баскетболдағы ойын әрекетінің бағдарлы негізін, ойыншының санасында ойынның мәнін қабылдауының алға жылжуын, осы мәнге жетудің жолдары мен тәсілдерін қалыптастыратын, элементтерін құрастыруға бағыттадық.
Оқушыларды жалпы білім беретін мектепте баскетболға үйретудің бастапқы кезеңін ұйымдастырудың технологиялық қадамы педагогикалық технологияның маңызды белгілерін ескеруді міндеттейді: технология- процессуальдық санат; технология объект жағдайының өзгеру әдістерінің жиынтығы түрінде берілуі мүмкін; тиімді және экономикалық үдерістерді жобалауға және орындауға бағытталған технология.
Оқушылардың техникалық дайындығының және дене жағынан жетілуінің, жалпы, олардың бойында ойын әрекетін қалыптастырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуші қадамды біз оқу-тәрбие процесіне бастапқы үйретудің бірінші жылында, яғни, 4 сыныптан бастап жүзеге асырдық.
«Оқушыларда баскетбол ойыны техникасының негіздері қалыптастырудың кезеңдік әдістерінің тиiмдiлiгi» 4.1 бөлімшесінде эксперименттік әдістің ұсынылған мазмұны оқытудың бірінші жылғы бастапқы дайындығы тобындағы ұлдардың қатысуымен жүзеге асырылғандығы қарастырылады. Мектептің 2009-2010оқу жылына арналған жоспар-кестесіне сәйкес 66 сағат оқу сабақтары өткізілді, экспериментке қатысушылар мини-баскетбол бойынша екі жарысқа қатысты.
Бақылаудағы топ та дәстүрлі әдіс бойынша сонша сағат дайындалды, бақылау сыныбындағы оқушылар да екі жарысқа қатысты.
Қолданылған технологиялардың тәжірибелік жағын сипаттайтын зерттеудің мазмұнын ашатын материалдар, тәжірибелік топтарда мәні бойынша әр дәрежедегі нәтижелердің жағымды өзгерісі болғанын көрсетеді
эксперимент кезіндегі үйренушілердің психомоторлық қабілеттерінің дамуы
Көрсеткіштер |
ЭТ(n=24) |
БТ(n=24) |
t2 |
||||||
S |
сv, % |
t1 |
S |
сv, % |
t1 |
||||
әсер ету уақыты, мс |
2,08 |
2,18 |
|||||||
қозғалатын нысанға әсер ету, % қателер |
2,37 |
1,23 |
|||||||
қозғалыстардың кеңістікті талдауы, % қателер |
2,54 |
1,83 |
|||||||
қозғалыстардың талдауы, % қателер |
2,15 |
0,98 |
|||||||
қозғалыстардың күштік талдауы, % қателер |
2,02 |
0,76 |
|||||||
Ескерту: 1) алымда бастапқы, бөлгіште-эксперименттің соңғы кезеңдерінің нәтижелері көрсетілген; 2) t1-эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдері арасындағы айырмашылықтың дәлдігі; 3) t2— ЭГ мен КГ арасындағы айырмашылықтың дәлдігі
|
Бақылау тобындағы үйренушілердің нәтижелерін талдау, эксперимент кезінде нәтижелердің дәл өсуі әсер етудің уақыттағы көрсеткішінде болғанын көрсетеді (Р<0,05) . басқа көрсеткіштерде де топтық нәтижелердің жақсарғаны байқалады, алайда, осы өсудің қарқыны статистикалық дәлдік деңгейіне жетпейді (Р>0,05).
Түрлендіру коэффициенті мәндерін талдағанда, зерттеп отырған психомоторлық функциялардың көрсеткіштерінде эмпирикалық орташа шаманың маңайындағы жеке нәтижелердің біршама ауытқитыны байқалады, мұнда сv мәні 16,0… 47,3% аралығында жатыр, бұл іріктеудің біртекті болмағанын білдіреді. Білетініміздей, біртектілік болмау құбылысы сынақтан өтуші іріктеулер бір ғана әрекетті жүзеге асыру кезінде түрлі жағдайда болғанда, немесе оларға педагогикалық әсерді бағыттағанда, мақсатына жетпегенде пайда болады.
Біздің зерттеуіміздің нәтижелері және басқа авторлардың материалдары талдайтын жағдайдың себептері жаңа бастаған баскетболшылардың сабақтарында психомоторлық саланың бейімделуінің белгілі бір әдісін қалыптастыратын құралдарды және әдістерді қолдану болып табылады. Бұл ағым қарапайым қызметтердің көрсеткіштеріндегі нәтижелердің, қозғалыс бағдарын сипаттайтын динамикасында жақсы көрінген, мұнда эмпирикалық орташа шаманың маңындағы жеке нәтижелердің біршама ауытқуы байқалады.
Эксперименттік топта басқа көріністі көреміз. Біріншіден, осы топтың сынақтан өтушілерінде нәтижелердің дәлдік жақсаруы психомоторлық функциясының зерттеуге алған көрсеткіштерінің бәрінде орын алған (Р>0,05). Бұл оқушы-баскетболшының дамуының тұтас үдерісінің экспериментті әдістемесінің маңыздылығының жоғарылығын білдіреді. Мұнда Л.С.Выготскийдің сөзімен жеткізсек, үйрету соңынан дамуды ерте жүреді.
Екіншіден, аталған динамика кездейсоқ емес, бұл барлық көрсеткіштердегі түрлендіру коээфициентінің мәнін, мамандар топтың біркелкілігі деп анықтаған нормаға дейін төмендетумен дәлелденеді.
Осы топтың нәтижелері, сабақтың міндетті нәтижесі- арнайы дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін және соған сәйкес қасиеттерін, осы негізде техникалық дайындық деңгейін тұрақты арттыруды қамтамасыз ететіндей, басымдылықпен дамыту болып табылатындай, дене жағынан және техникалық жан-жақты дайындықты қамтамасыз ету міндетіне де толықтай сәйкес келеді [Н.Г. Озолин, 1990]. Бұнда, үйретудің осы кезеңінде ойынды тұтас және оның элементтерін қарастыратын, баскетбол ойынына тартудың эксперименттік әдісі маңызды рөл атқарды.
Сынаққа алынған екі топтың да оқу барысындағы белсенділігі бойынша, дене шынықтырудың өзіндік жаттығу тапсырмаларын орындаудағы себептік саласын сипаттайтын материалдар ерекше қызығушылық тудырады. Педагогикалық бақылау үдерісінде, ЭТ сынақтан өтушілер, БТ қарағанда, сабақ кезінде рұқсат етілмеген демалысқа уақыттарын 7-10% аз кетіргенін анықтадық. Олар дене шынықтырудың өзіндік жаттығуын ұйымдастыру мен мазмұны туралы, өзіндік жаттығулардың басқа да формалары туралы сұрақтарды түсіндіруін мұғалімнен жиі сұрап тұрған. Білімдерін және тәжірибелік икемділіктерін бақылау үдерісінде ЭТ сынақтан өтушілердің 80-90% тестілік тапсырмаларды тамаша орындап шықты. Бақылау тобында бұндай жетістіктерге сынақтан өтушілердің 60% жете алды, бұл көрсеткіш те эксперименттік әдістің маңыздылығын арттырып, оның баскетболға үйретудің бастапқы кезеңінде қолдануда болашағы бар екендігін көрсетеді.
«Динамикалық ойын жағдайлары негізінде (модульдер) баскетбол бойынша оқушылардың техникалық даярлығын жетілдіру» 4.2 бөлімшесінде оқыту үдерісіндегі модуль бірнеше қызмет атқарады, және біздің еңбегіміздегі оны рәсімдеуге бірқатар талаптар қойылуы қарастырылады.
Нормативті келісілген ойын әрекетінің тікелей көрінісі ретіндегі, екі бағытта жүргізілген, техникалық дайындықтың қалыптасу динамикасының салыстырмалы талдауы: біріншіден, эксперименттік және бақылау топтары арасында әртүрлі әдістемелік қадамдарды қолдана отырып, ойын техникасының тәсілдерін қалыптастырудың бірқатар маңызды ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Ерекшеліктердің біріне ойын техникасының негізгі тәсілдерінің қалыптасуын, сондай-ақ, ойынның жоспарлы нәтижесіне жеткізетін, белгілі бір қозғалыс міндеттерін шешудегі негізгі тірек нүктелерін орындау сапасын бақылаудың білімі мен әрекетін жатқызуға болады. Бұндай білімдер мен әрекет ЭТ сынаққа алынғандардың 75-80% байқалды. Ойын тәжірибесінің түрлі нұсқаларындағы (кедергісіз және қарсы әрекет жағдайында, салмақ түсуден бұрын және кейін) техникалық-тактикалық өзіндік дайындық туралы арнайы білімді дифференцациялау сынаққа алынушының біліктілігінің қалыптасуының және оның техникалық-тактикалық дайындық деңгейінің артуының сапасын сипаттайды.
Басқа ерекшеліктің бірі – қалыптасқан бағдарлы әрекетті, техникалық дайындығын және ойынның түрлі жағдайларында ұтымды әрекет етудің икемділігін қолданып, сынаққа алынғандардың ойын мақсатына жетуінің мүмкін дерлік көптеген қадамдарының ішіндегі қабілеттерінің пайда болуында және жетілдіруінде жатыр. Бұндай өзгеріс ЭТ cынағына қатысушылардың 68-70% тіркелген. Аталған қабілеттердің пайда болуы -ақыл-ой және тәжірибелік әрекетті оқу және ойын әрекетіне ауыстыру мүмкіндігін ашады.
«Зерттеу нәтижелерін талқылау» деп аталатын 4.3 бөлімшесінде қарастырылған зерттеу нәтижелері баскетболмен әрі қарай айналысудың қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, солармен жүргізілетін жалпы қабылданған жұмыстың әдістемесі тиісті деңгейде оң бағасын бермей отыр. Ол аздай, өзінің ұстанымды басты ерекшелігінде ол саластырылған базалық элемент түрінде қарастырылуы керек. Бұл туралы бақылау сыныбындағы оқушылардың дайындық деңгейіндегі өзгерістер де айтады (60% астам). Соған қарамастан, осы тұрғыдан қарағанда, эксперименттік сынып оқушылары бірқатар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді:
— эксперименттік сынып оқушыларының 81,8%, және бақылау сыныбының 68% бағдарлама талаптарын орындап шықты;
— эксперименттік сынып оқушыларының 72% секцияларда баскетболмен айналысуға тілек білдірді;
— эксперименттік сынып оқушыларының 90% астамы Қазақстан Республикасы Президенттік тестісінің Ұлттық деңгейінің талаптарын орындап шықты.
Аталған көрсеткіштер, олардың объективті және заңды сипатын ескере отырып, біздер ұсынған зерттеу болжамын растайды, жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен баскетбол сабағын өткізудің қалыптасқан ережелерін әрі қарай нақтылаудағы шынайы келешегін ашып береді, және осы негізде дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, жалпы білім беретін мектепте баскетболға үйретудің бастапқы кезеңінде ойын техникасы негіздерінің қалыптасуын зерттеу, ұдайы динамикалық байланыста болып келетін, оқушылардың дене жағынан, техникалық және ойын дайындықтары жалпы және арнайы педагогикалық әсерлерге байланысты екендігін көрсетті. Бұндай байланыс оқушыларды дайындаудың құралдары мен әдістерін (технологиясын) және олармен сабақ өткізудің әдістемелерін құрастыру қадамының мәнін күн ілгері анықтап берді.
Осының барлығы, оқу және ойын әрекетіне қажетті, баскетбол ойыны техникасын бастапқы кезеңде меңгерудің маңыздылығын дәлелдейді.
Қорытынды ретінде тағы атап өтейік: біздер ұсынған құралдар (баскетболдың) және оларды қолдануды жетілдіру — оқу-ойын әрекетіндегі жетістіктерін күн ілгері анықтап берген, дене жағынан, тахникалық-тактикалық көрсеткіштерін тиімді жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың дене жағынан, техникалық дайындығы көрсеткіштерінің төмендеу себептерінің бірі- бағдарламалық құжаттарда мектептегі дене шынықтыру негіздері бойынша жұмыстың бағдарының жоқтығы. Оқу-тәрбие жұмысын оқуларды дайындауды бейімдеуге өту мәселесі де өз шешімін күтіп тұр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы білім беру мектебінде оқытудың бастапқы кезеңінде баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыруды кешенді зерттеуді жұмыста қойылған міндеттерді толығымен жүзеге асыруға және келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
1.мектептегі дене шынықтыруда оқушылармен жұмыс кезінде психологиялық, морфофункциялық даму деңгейін, дене жағынан, техникалық дайындығын ескерудің қажеттілігі туралы түсінік берік орныққан. Бұл жағдай заңдылық деп саналады және оқу-тәрбие сабақтарын өткізудің тиісті мазмұны мен ұйымдастырудың әдістемелерін қолдануға бағыттайды. Алайда бұл заңдылық спорттың түрлеріндегі, соның ішіндегі баскетболдағы көрініс беруінің арнайылығын білдірмейді.
Әдеби туындыларда және спорттық-педагогикалық тәжірибеде бұл алуан түрлі нұсқаларда көрініс береді. Нәтижесінде дене шынықтыру мұғалімдерінің сабақты өткізудің нақты құралдарын таңдап алу мен ұйымдастыру мәселелері бойынша қажетті білімдері жоқ, тиісті міндеттерді ішкі түйсігімен, ең бастысы, жеке педагогикалық және спорттық тәжірибесін басшылыққа алып, шешеді.
Басқа авторлар жүргізген зерттеулерде, оқушылардың дене шынықтыру үдерісін жетілдіруді зерттеудің объективті маңыздылығын атап өтеді. Оқушылардың дене жағынан, техникалық дайындығы көрсеткіштерінің төмендеу себептерінің бірі- бағдарламалық құжаттарда мектептегі дене шынықтыру негіздері бойынша жұмыстың бағдарының жоқтығы. Оқу-тәрбие жұмысын оқуларды дайындауды бейімдеуге өту мәселесі де өз шешімін күтіп тұр.
- Жалпы мектеп бағдарламасын орындау оқушылардан ақыл-ой және денені жетілдірудегі қабілетілігінің жоғары деңгейін талап етеді, ал бұлар дене шынықтырумен және, спортпен, соның ішінде баскетболмен жүйелі түрде айналысқанда дамиды: а) жоғарыда аталған факторлардың барлығы қандай да бір түрде дене шынықтырудың мектептегі бағдарламасында ескеріледі. Сонымен қатар, осы бағдарламаға бір жағынан, мазмұны тұрғысынан, екінші жағынан- оны ұйымдастыру мен өткізудің әдісінде жаңаланған мазмұн мен дене жаттығуларын орындаудың реттілігіне түзетулер енгізу қажеттігі туындап отыр; ә) дене жағынан қалыптасу қасиеттері оқушылардың осы контингентіне қойылатын талаптарға сай болмай отыр. Бұл туралы олардың дене жағынан қалыптасу қасиеттері деңгейінің төмендегі дәлелдеп отыр; б) мектептегі қалыптасқан дене шынықтыруды әдістемелік қамту да қажетті деңгейіне жетпей отыр. Осы тұрғыдан алғандағы динамикасының оң болуына қарамастан, бірқатар мәселелер өзгертуді және жаңалауды қажет етеді; в) баскетболшының дене шынықтыру жүйесінде қолдану, осы негізде оқу-тәрбие үдерісін және үйретудің нәтижелері мен оның барысын педагогикалық бақылауды ұйымдастыру жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушыларымен баскетбол техникасының негіздеріне үйретудің бастапқы кезеңін жетілдірудің балама бағыттары ретіндегі технологиялық қадамын жасаудың негізі бола алды.
- Оқушыларды баскетболға үйретудің бастапқы дайындығы кезіндегі технологиялық қадамның негізгі құрылымдары: мақсатты- баскетбол ойынының техникалық тәсілдерін кезеңдеп қалыптастыруға және жан-жақты дене жағынан дайындығы мен психомоторлы үдерістердің үндесе дамуына бағытталған; ұйымдастырушылық- оқу-тәрбие үдерісін жоспарлы даралауды жүзеге асыру үшін модулді оқытуды жобалаумен байланысты; бақылау- жекелеген операциялар мен қозғалыс қимылдарын дер кезінде түзету үшін ойынның техникалық тәсілдерінің өлшемдерін өзіндік бақылаудың объективті бақылау қызметін қалыптастыруды білдіреді.
Құрылымдық бөлімдерге сәйкес қозғалыс әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру негізінде баскетболды үйреніп жүрген оқушылардың техникалық дайындығының технологиясы негізделген.
4.Оқу үдерісінің бастапқы кезеңіндегі модулдік оқыту баскетболшылардың интегралды дайындығының талаптары, әдістері мен құралдары түріндегі динамикалық ойын жағдайларын қарастырады.
Оқу үдерісіндегі динамикалық ойын жағдайлары ойын және оқу тәжірибесін, оқушылардың қысқартылған, дене жағынан қалыптасудың қарқындатылған қасиеттерінде белсенді ойын әрекеттеріне дайындығын қалыптастыруды моделдеуге қажетті және жеткілікті, бірегей динамикалық жүйеге жалпы мақсатта біріктірілген әрекеттердің жиынтығы түрінде қарастырылады: а) Дене жағынан және техникалық дайындықтағы, экспериментті режимде оқитын оқушылардың психомоторлы үдерістерінің өтуіндегі қол жеткізілген оң өзгерістер оқу үдерісінің бастапқы кезеңінде технологиялық қадамды қолданудың тиімділігін дәлелдейді; ә) алынған материалдар оқу үдерісін технологиялық қадамды қолдану негізінде ұтымды басқару мүмкіндігі туралы ережелер бойынша жалпы білім беретін мектептерде баскетболға оқытудың бастапқы кезеңінде теориялық және тәжірибелік базасын кеңейтуге, динамикалық ойын жағдайлары сабақтарында жүзеге асырғанда үйрету әсерінің және денеге түсетін салмақтың өлшемдері мен талаптарын нақтылауға мүмкіндік береді.
Жан-жақты талдау, алдын ала жүргізілген сараптама мен эксперименттік мұқият тексеру біздер ұсынған ғылыми болжамның растығын дәлелдейді және мектептегі дене шынықтыруды бұдан әрі тереңдете дәлелдеуге негіз бола алады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
- Я.Г.Аблов. Врачебные наблюделия за бескетболистами: Институттың
- Э.И.Адашкявичене. Баскетбол для дошкольников: Өзінін тәжірибесінен. — М.: Просвещение,
- Баскетбол: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы /
- Баскетбол: Дене тәрбиесі институтына арналған / Ю.И.Львов.,
- Би Клер жене Нортон Кен. Упражнение в баскетбол.
- Вуден, Джон Р. Современный баскетбол/ ағылш.тіл.ауд.Е.Р.Яхонтева. — М.:
- И.А.Горбашев., Г.Р.Амренова. Подбор упражнении
- И.Т.Горбашев. Баскетбол в вузе. Оқу
- Давыдов М.А Судейство в баскетболе.: М: ФиС, 1983.
- Л.В.Костикова. Методика ведения научно-исследовательской работы по баскетболу: Әдістемелік
- Б.Коузи., Ф.Пауэр. Баскетбол концепции и анализ /ағылш.тіл.ауд. Е.Р.Яхонтева.
- В.В.Кузин,, С.А.Полиевской. Баскетбол: Оқудың бастапқы
- Официальные правила баскетбола для мужчин и женщин. М.:
- К.В.Суетнов. Обучение школьников игре в баскетбол: Оқу құралы.
- Юный баскетболист: Жаттықтырушылар үшін оқу құралы / ағылш.тіл.ауд./
- Гандбол. Справочник /сост. Н. П. Клусов/. М: 1982.
- 17. Зотов В.П., Кондратьев А.И. Моделирование подготовки гандболистов высокой
- Ивахин Е.И. Ручной мяч. /Лечебное пособие для секций
- Игнатьев В.Я. Гандбол пособие для ИФК. М: ФиС,
- Клусов Н.П. Ручной мяч в школе. Пособие для
- Клусов Н. П. Тактика гандбола. М.: ФиС, 1980.
- Кудрнцкий В. Н. Гандбол. Минск: «Белорусе», 1977.
- Спортивные игры и методика преподавания. Учебник для ИФК
Латышкевич Л. А., Турчнп И.Е.,
- Теория и методика гандбола. Программа
- Программа для ДЮСШ
- Правила соревнований по гандболу. М.: ФиС, 1995.
- Бриль М. С. отбор в спортивных играх. М.:
- Волков В. М., Филин В. П. Спортивный отбор.
- Гандбол. Программа для групп начальной подготовки ДЮСШ. М.:
- Гандбол. Поурочная программа для учебно-тренировочных групп и групп
- Кузнецов З.И. Мектеп жасындағы балалардың негізгі дене қасиеттерін дамыту // Ғылыми конференциясының жинақтары, Поланга, 1986 ж.
- Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
- Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі 1-9 сынып оқушыларының нұсқалық бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1995, 22 б.
- Жұманова А.С. «7-9» жастағы қазақ балаларының дене тәрбиесі ісінің мазмұнын тәжірибеде дәлелдеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты Алматы,-1997.
- Алимхананов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасының нұсқалары. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б.
Қосымша
Қосымша
Қосымша
2005 жылы ерлер арасындағы Еуропалық чемпионатта баскетболдан жүлделі орын алған мемлекеттер — Греция, Испания, Италия
2006 жылы баскетболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты өткізілген мемлекет — Япония
Қазақстанда ең мықты баскетбол командасы — Астаны
СКА «Алма-Ата» ойыншысы Тихоненко В. КСРО құрамасымен олимпиада чемпионы болды — 1988 ж
Баскетболдан ҚР-ның бірінші чемпионаты өтті — 1992 ж
ҚР жастар құрамасы баскетболдан Азия жүлдегері болды — 2008 ж
КСРО құрамасы сапында баскетболдан олимпиада чемпионы болған тұңғыш қазақ — Жармухамедов
Қазақстан командасында баскетболдағы еңұзын ойыншы — Ахтаев
Баскетболдан бірінші әлем чемпионаты ерлер арасында өтті — 1950 ж
Баскетболдан бірінші әлем чемпионаты әйелдер арасында өтті — 1953 ж
Олимпиада бағдарламасына баскетбол енгізілді — 1936 ж
Баскетболдан бірінші әлем чемпионаты ерлер арасында өтті — Аргентина
Баскетболдан бірінші әлем чемпионаты әйелдер арасында өтті — Чили
«Баскетбол ойын ережесі» кітабының бірінші жарыққа шығуы — 1892 ж
Баскетболдың негізін салушы Джеймс Нейсмита туылды — 1861 ж
Баскетболдың негізін салушы Джеймс Нейсмиттің отаны — Канада
Баскетболдың негізін салушы Джеймс Нейсмит қайтыс болды — 1939 ж
ФИБА халықаралықұйымы құрылды — 1932 ж
Баскетболдан КСРО ерлер құрамасы …олимпиада чемпионы болды- 3
Айып соққысы енгізіледі — 1895 ж
Баскетболдан арнайы ойын ережесі бірінші рет шығарылды — 1894 ж
Баскетболдан арнайы ойын ережесі бірінші рет шығарылады — АҚШ
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы КСРО чемпионатына қатыса бастады — 1940 ж
Баскетболдан Қазақстан әйелдер командасы КСРО чемпионатына қатыса бастады — 1946 ж
Баскетболдан КСРО чемпионатының жоғары лигасына қатысқан Қазақстанның бірінші командасы — Буревестник
Баскетболдан Қазақстан командасы КСРО халықтар спартакиадасында жоғары алған орындары — IV және VIII
Барлық арнайы ойындар жабықғимараттарда өткізіле бастады — 1968 ж
ФИБА мәліметі бойынша баскетболдағы шабуылдауға берілген 30 секунд енгізіледі — 1960 ж
ФИБА мәліметі бойынша баскетболдағы шабуылдауға берілген 24 секунд енгізіледі — 2000 ж
Баскетболдағы торы бар темір шығыршық пайда болды — 1893 ж
Ойын тактикасы — бұл: жеке дара, топтық және командалықәрекеттерді тиімді қолдануы
Баскетболда допты берудегі негізгі тәсіл — Кеудеден екі қолмен
Баскетболдағы допты торға кіргізудің ең басты тәсілі — Бір қолмен жоғары
Спорттық ойындардағы техникалық тәсілдерді үйрену фазалары — 4 фаза
Баскетболда әр бір команданың мақсаты — Қарсылас топтың шығыршығына допты түсіріп, басқа командаға допты алуға және шығыршыққа лақтыруға жол бермеу
Баскетболда допқа шабуыл жасағанда қорғаушының тұратын орны — Шабуылшы мен шығыршық арасында
Баскетболда қорғаушының орналасатын аумағы — Шабуылшы мен шығыршық арасында
Баскетболда жылдам ұмтылуға қатысатын ойыншылар- 2-3 ойыншы
Баскетболдағы ең белсенді қорғаныс түрі — Прессинг
Шабуылдағы баскетболшының тұру қалпы — Бір аяқ алда, екіншісі артта, қол кеуде алдында
Қорғаныстағы баскетболшының тұру қалпы — Бір аяқ алдыда, екіншісі артта, бір қол төменде, екіншісі жоғарыда
Баскетболдағы тоқтату түрлері — Секіріп және екі адымдап
Баскетболдағы допты дұрыс ұстау — Екі қолмен
Баскетболдағы допты берудің негізгі әдісі — Кеудеден екі қолмен
Баскетбол торына түсірудегі негізгі лақтыру — Иықтан бір қолмен
Баскетболдағы допты меңгеру техникасына енеді — Қағып алу, беру, лақтыру, жүру
Баскетболдағы доппен жүру түрлері — Жоғары және төмен
Баскетболдағы доппен жүрудіңәр түрлігі — Тік сызық және бағытын өзгертіп
Баскетболдағы финт түрлері — Қарапайым және күрделі
Баскетбол ойын техникасына кіреді — Шабуыл және қорғаныс техникасы
Баскетболдағы допты меңгеру техникасына кіреді — Шығарып жіберу, қағып жіберу, жабу, алып қою
Баскетболдағы допты секіріп қабылдау орындалады — Бір аяқ және екі аяқпен итеріліп секіру
Баскетболдағы шабуыл тактикасына кіреді — Жекелей, топтық, командалықәрекет
Баскетболдағы қорғаныс тактикасына кіреді — Жекелей, топтық, командалықәрекет
Баскетболдағы ойыншы әрекетінің жекелей түрлері — Ойыншының допсыз және доппен орындағы әрекеті
Баскетболдағы ойыншылардың топтықөзара іс-әрекетінің түрлері — Екі немесе үш ойыншының топтықөзара іс-әрекеті
Баскетболдағы ойыншының доппен әрекеті — Ойынға қосу, торға шабуыл
Баскетболда бір қолмен лақтыру кезіндегі аяқтаушы қимылды орындайтын дене бөлімі — Алақан қимылы
Баскетболдағы орын ауыстыру техникасын үйрету — Тұру
Баскетболдағы допты дұрыс қағып алу — Допқа қарсы шығу
Баскетбол техникасын үйретудегі реттілік) Қозғалу техникасы, допты меңгеру техникасы, лақтыру техникасы, жүргізу техникасы
Баскетболдағы доппен қозғалуды үйретуге арналған алғашқы жаттығу) Көзбен бақылай отырып, бір орнында еденге соғу
Дене шынықтыру сабағын өткізу барысында шешілетін міндеттер саны) 3 міндет
Баскетболдағы доп беруді үйретуге арналған жаттығулар реттілігі) Жұптасып бір орында орындайтын жаттығу, қарама-қарсы колонналық жаттығу, жұптасып қозғалыста орындайтын жаттығу
Баскетболдағы доппен қозғалуды үйрету реттілігі) Бір орында допты еденге соғу, доптың жерден қайта серпіліп, өзгеруімен қозғалу, доппен жүгіре қозғалу және үдей қозғалу
Жалпы білім беру мектептеріндегі дене шынықтыру мұғалімінің жоспарлау құжаттары саны) 4
Баскетболды оқыту түрі) Бақылау
Баскетболды үйретуде қолданылатын қозғалыс ойыны) «Баскетбол құралдарымен эстафета жүргізу»
Баскетболдағы бір қолмен иықтан лақтыру кезіндегі дұрыс қалып) Аяқ сәл бүгіледі, доп ыңғайлы қолмен ұсталады екіншісі ұстап тұрады, қозғалыс аяқтан басталып, білезіктен аяқталады
Баскетболдағы алғы шеп дегеніміз – бұл) Қарсыластың аумағы
Баскетболдағы талас лақтыру кезіндегі әрекет) Доп ойынға қапталдан кезектесіп енгізіледі
Баскетболдағы спорттық жаттығу әдісі) Біркелкі
Баскетболдағы спорттық жаттығу кезеңдері) Жарыстық
Спортшының дене шынықтыру жүктемесін ұзақ уақыт орындай білу қабілеті) Шыдамдылық
Спортшының сыртқы қарсылықты жеңу немесе оған бұлшықет әрекетімен қарсы тұра білу қабілеті) Күш
Спортшыныңқандай да бір әрекетті берілген уақыт ішінде аз қимылмен орындау қабілеті) Жылдамдылық
Спортшыныңқозғалысты жоғары амплитудада орындау қабілеті) Иілгіштік
Қозғалыстың жоғарғы координациясын қажет ететін сапа) Ептілік
Спортшының жарыста нәтижелі көрсеткішке жетуі үшін қажетті ерік-жігер және психикалық сапасына бағытталған дайындық) Психикалық дайындық
Ағза дамуының жалпы негіздері, дайындық және демалыс тәртібі, қалпына келудіңқұралдары мен әдістері және дәрігерлік бақылауға қатысты бөлімдерден тұратын дайындық) Теориялық дайындық
Ағзаныңқимыл-қозғалыс дағдылары мен қызметтік мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға бағытталған дайындық) Жалпы дене дайындығы
Арнайы жаттығулар мен жабдықтар қолдану арқылы ерекше сапалар мен дағдыларды дамытуға бағытталған дайындық) Арнайы дене дайындығы
Шеберлікті жетілдіру мен техниканы үйренуге бағытталған дайындық) Техникалық дайындық
Түрлі жағдайдағы жарыс әрекеттеріне қажетті, күрес жүргізу амалдарын меңгеруге бағытталған дайындық) Тактикалық дайындық
Баскетбол добының салмағы) 600-650 г
Баскетбол алаңының еңүлкен көлемі) 28 х15 м
Баскетбол алаңының ең аз көлемі) 24 х13 м
Баскетбол добының шеңберлігі) 65-68 см
«24 секунд» ережесі) Допты меңгеруші команда «24 секунд» аралығында допты шығыршыққа лақтыруы керек
Баскетбол ойынының бір кезеңінде айып добын лақтыру үшін қажет әрекет) 5 командалық ескерту
Спорт ойындарында жарысты айналымды жүйемен өткізу тәсілдері) 3 тәсілі
Баскетболда айып добын лақтыруға берілетін уақыт) 5 сек
Ойыншы алаңнан қуылатын жеке ескертулер саны) 5
Баскетболда қалқандағы шығыршық бекітілетін биіктік) 3.05 м
Баскетболда допты алып жүруге берілетін уақыт) 5 сек
Баскетболда тылдан алдыңғы шепке өту үшін қажет уақыт) 8 сек
Баскетболда ойыншы айып алаңында болуына рұқсат етілетін уақыт) 3 секунд
Қосымша
Баскетболға үйретудің бастапқы кезеңіндегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
Негізгі міндеттер |
Дайындық түрлері |
Бөлінген уақыт |
||
4 сынып |
5 сынып |
6 сынып |
||
дене жағынан қалыптасу қасиеттерін тәрбиелеу |
теориялық ЖДД |
8/1,8 115/26,3 |
8/1,5 118/22,1 |
18/3,3 108/20,0 |
ойын техникасы тәсіліне үйрету («техника мектебі»), оларды тактикалық әрекетте жетілдіру |
СДД техникалық тактикалық ойын |
66/15,1 90/20,6 30/6,8 38/8,7 |
67/12,5 96/17,4 38/7,1 60/11,2 |
58/10,7 93/17,2 49/9,1 60/11,1 |
тактикалық әрекеттерге үйрету (жеке және топтық) және оларды ойын кезінде жетілдіру |
жарыстар бақылау сынақтары медициналық тексеру |
— — — |
30/5,6 12/2,2 — |
30/5,5 12/2,2 4/0,4 |
жарыс әрекетіне тарту |
спорттық лагерлер |
72/16,5 |
108/20,2 |
108/20,0 |
|
барлығы: |
437 |
534 |
540 |
Ескерту: алымда дайындық түрін жүзеге асыруға кеткен уақыт берілген, ал бөлгіште- осы уақыттың оқудың жалпы уақытындағы үлесі (%).
|