АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жамбыл облысындағы ерекше қорғауға алынған аймақтардың қазіргі жағдайы

Мазмұны

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………

 

 I Тарау ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

         1.1 Жамбыл облысы аймағындағы ерекше қорғауға алынған нысандардың зерттелу кезеңдері…………………………………………………………..

        1.2 Жамбыл облысының физикалық-географиялық жағдайы ландшафтысының   ерекшеліктері…………………………………………………………………

1.3 Жамбыл облысы аймағындағы тарихи- мәдени нысандарға сипаттама……………………………………………………………………………………………………

 

II Тарау Жамбыл облысы аймағындағы ерекше қорғауға алынған нысандардың қазіргі жағдайы

2.1 Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жүйесінің Жамбыл облысы аймағындағы  қазіргі жағдайы………………………………………………………..

2.2 Жамбыл облысы территориясындағы ерекше қорғауға алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің зерттелу деңгейі…………………………………….

2.3 Жамбыл облысы территориясында  ерекше қорғауға алынған нысандарда орын алған  мәселелерді шешу жолдары……………………………………

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………….

ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі таңда ғаламдық проблемалардың қатарына еніп отырған қоршаған ортаны қорғау мәселесі аса күрделі, кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені Қазақстан Республикасы кең байтақ жері бар, табиғи байлығы мол мемлекеттердің бірі.

Біздің елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл  аударылып отыр.

Елімізде табиғатты қорғау ісіне  жасалып отырған қамқорлық ҚР Конституциясынан да айқын  көрініс тапқан. Сонымен қатар экологиялық ахуалды қайта қалпына келтіру, қоршаған табиғи ортаны қорғау жұмыстары бойынша да нормативтік құжаттар қабылданған. Негізгі  құжатта: «Қазақстанның әрбір  азаматы табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті»- деп көрсетілген [1].

Экономикалық жүйенің тұрақтылығы негізгі екі фактордың бір-бірімен әсерлесуінен қалыптасатыны белгілі: бір жағынан, жергілікті жердің табиғи жағдайлары мен ресурстары, екінші жағынан өндірістік және өндірістік емес сипаттағы ластанушы көздер мен олардың түзілу қарқындылығы. Егер аймақ өсімдікке, жоғарғы қабатты су көздеріне, топырақ ресурстарына, күн сәулесінің белсенді радиациясына бай болса және қолайлы температуралы күндері ұзақ болатын болса, онда мұндай факторлар қоршаған ортаның ластанушы күштерге қарсы тұра алады. Ал олардың жеткіліксіздігі жағдайында тіпті аз ғана қалдықтардың өзі аймақтағы экологиялық жағдайды асқындырып жіберуі мүмкін.

Қазақстан территориясында ластаушы күштерге қарсы тұратын қуатты табиғи факторлар жоқ, сондықтан ластануға оңай берілетін осалдығымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, ол су ресурстарына және флораға кедей, қуаттылығы аз топырақ қабаты жел және су эрозиясына ұшырауға бейім келеді.

Табиғи ортаны қирату және табиғат байлықтарын аяусыз игеру арқылы қоғамның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бүгінгі таңда экономикалық мүдде экологиядан басым түсіп жатқан жағдайда ерекше қорғауға алынған аймақтардың жағдайына жеткілікті деңгейде мән берілмеуі біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Жамбыл облысындағы ерекше қорғауға алынған аймақтардың қазіргі жағдайы» деп алуымызға негіз болады.

Зерттеудің мақсаты: Жамбыл облысы территориясындағы ерекше қорғауға алынған аймақтарына талдау жасау, бүгінгі таңдағы аса шиеленіскен аймақтарын  ашып көрсету.

Зерттеудің нысаны: Жамбыл облысының территориясы, оның аумағындағы ерекше қорғауға  алынған нысандардың жағдайы.

Зерттеудің пәні: Жамбыл облысы территориясында ерекше қорғауға алынған аймақтардың қалыптасуы.

Зерттеудің міндеттері:

— Жамбыл облысының географиялық орны мен территориялық ерекшеліктерін айқындау;

— Облыс территориясындағы ерекше қорғауға алынған нысандардың зерттелу кезеңдерін көрсету;

— Жамбыл облысындағы ерекше қорғауға алынған  аймақтарды аудандастырудың жиілігін анықтау;

— Облыстың қазіргі ерекше қорғауға алынған аймақтары жағдайының алдын алу шараларын талдау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер облыстағы ерекше қорғауға алынған аймақтардың қазіргі жағдайының алдын-алу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылса, онда аймақтың экологиялық ахуалының деңгейі  жоғарылайды.

Зерттеудің әдістері: жалпы географиялық әдістер, статистикалық, математикалық, картографиялық, талдау, жинақтау және экологиялық сараптама әдістері.

Зерттеудің көздері: географиялық әдебиеттер, статистикалық анықтамалықтар, ақпараттық оқу құралдары, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар. Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы ерекше қорғауға алынған нысандардың материалдары қолданылды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Зерттеу жұмысымызға негіз болған Жамбыл облысының ерекше қорғауға алынған нысандарының зерттелу кезеңдері мен  аймақтардың қалыптасуы ғылыми тұрғыда талданып көрсетілді. 

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысында келтірілген және дәйектелген мәліметтерді географиялық ерекшеліктеріне талдау жасаудың, келешектегі табиғат жағдайы мен табиғат қорғау шараларын анықтап, іс жүзінде қолданудың маңыздылығы артады. Жалпы білім беретін орта мектепте физикалық география курсын өткенде негізгі материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.   

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының негізгі өзектілігі, мақсаты, міндеті, нысаны, теориялық, практикалық мәнділігі айқындалды.

«Жамбыл облысы аймағындағы ерекше қорғауға алынған нысандардың зерттелу тарихы» деп аталатын бірінші тарауда Жамбыл облысының географиялық орны мен ландшафтысының ерекшеліктері, ерекше қорғауға алынған нысандарының зерттелу тарихы  көрсетілді.

«Жамбыл облысы аймағындағы ерекше қорғауға алынған нысандардың қазіргі жағдайы»  атты екінші тарауда зерттеу жұмысымызға негіз болған облыстағы тарихи-мәдени аймақтардың жағдайы мен ерекше қорғалатын территориялар жүйесінің қазіргі таңдағы көрінісі сипатталды.

Қорытындыда жұмыстың негізгі дәйектілігі көрсетіліп, ұсыныстар мен пікірлер берілді.

 

Қосымшада диплом жұмысының мазмұнындағы теориялық мәліметтерді толықтыратын карта, кесте секілді қосымша материалдар берілді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Тарау     ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

 

1.1 Жамбыл облысы аймағындағы ерекше қорғауға алынған нысандардың зерттелу кезеңдері

 

Қазақ жері ұлан- байтақ. Онда алтын мен мыс, көл мен дария, мол сулы теңіздер, жан-жануарлар мен өсімдіктер бар. Табиғаттың ерекше көз тартатын көрікті орындары  ерте кездерден бастап-ақ  адам баласын шаттық сезімге  бөлеп,  әсем сұлулығымен таңдандырды. Ондай ғажайып жерлерді  халық көздің қарашығындай сақтап, оған үнемі қамқорлық жасап отырды.

Орта Азия мен Қазақстан жерінде арнаулы қорыққа айналдырылған орындар ерте заманнан бастап болғандығын  аңыз-әңгімелерден, нақыл сөздерден, жер-су аттарынан және  тарихи жазба мәліметтерден көптеп кездестіреміз.

  XI  ғасырда өмір сүрген атақты  ғұлама- ғалым Махмұд Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі» деген құнды еңбегінде  «Қорық- әмірлердің  мал жаятын көк майса жері. Кейде қоршалған  әр жерді де қорық  деп атайды» деп жазды.  Сондай-ақ «қорықшы» деген сөзге  берген түсініктемесінде  «қорықтарды қадағалап, қамқорлық жасайтын адам» мағынасында қолданылатынын ескертті. Сол кезде, әсіресе, хан қорықтары туралы тарихшылар мен  саяхатшылардың еңбектерінде  көбірек деректер келтіріледі. X ғасырда  Бұхара жерінде  Шамсабад қорығы болғандығын, оның айналасы  топырақ дуалмен қоршалып, ішінде көптеген  жабайы жануарлардың  ұсталғандығын, ортазиялық тарихшы  Мұхаммед Наршахи  баяндайды. Ал, Қазақстан  жерінде қорыққа айналдырылған  орындар одан да ерте  дәуірлерде болған. Оған дәлелді  атақты тарихшы  В.В. Бартольд еңбектерінен кездестіреміз. YI –YII  ғасырларда Жетісуды мекен еткен  үйсін тайпалары  жері шұрайлы, көк шалғынды, саялы-салқын  орындарды қорыққа айналдырып, онда ретсіз мал жаймай, мезгілсіз аң ауламағандығын жазады. 

Ғалымның бұл мәліметін қуаттай түсетін басқа деректер де бар. YII  ғасырда  Шығыстан шыққан жиһангез  Сюань Цзань Талас өңірінде  болып, Бинюй «Мыңбұлақ» деген жердің  табиғатының әсемдігі мен  хан қорығындағы бұтақты  мүйіз бұғылардың көптігін жазады. Жаздың ыстық кездерінде  түркі ханы өзен мен бұлағы мол саялы  жерге келіп, қорықтағы бұғылардың сымбатына қызыға қарап, оларды санаумен әуестенетін. Егер бір адам оның  біреуін атқан жағдайда  өлім жазасына кесілетіндігі  туралы арнайы жарлықта жарияланған.

 Қазақстанда  қорықтың болғандығын  аңғартатын басқа да жер су аттары кездеседі. Мысалы, Зайсан өңіріндегі  Сары шоқы,  Сыр бойындағы  Кең, Семейдегі  Жиделібайсын  қорықтары осы ойымыздың айқын дәлелі. Тілші ғалым Қойшыбаев Қордай тауындағы  Қорғас өзенінің атын «Қорықсу»  деген мағынаны білдіреді, —  деп тұжырымдайды. Сонымен қатар  Қорғалжын көлінің  аты да қорық сөзімен байланыстырыла қарастырылады.

 Талас Алатауындағы әсем табиғат әлемі үстіміздегі ғасырдың алғашқы жылдарында – ақ  прогресшіл бағыттағы  орыс ғалымдарының назарын өзіне  ерекше аударған болатын. Ақыры, мыңдаған жылдар бойы  жүргізілген  зерттеулер өз нәтижесін берді. 1920 жылдың жазында Ташкенттегі  Орта Азия мемлекеттік университетінің  профессоры  А.Л. Бродский  Ақсу және Жабағылы өзендерінің бойындағы  жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемін зерттей келе  Түркістан Орталық атқару комитеті жанындағы «Табиғат қорғау комитеті»  алдына аталмыш жерге табиғи қорық  ұйымдастыру жөнінде  арнайы мәселе қойды. Комитет профессор А.Л. Бродскийдің бұл ұсынысын бірауыздан қабылдап, 1922-1923 жылдары құрамында  Орта Азия мемлекеттік  университетінің көрнекті биолог ғалымдары  бар комиссия мүшелерін  Ақсу-Жабағылы  алқабының табиғат ресурстарын есепке алуға жіберді. Мұнда нақты ғылыми  жұмыстар жүргізген  М.Г. Попов,                   Е.П Коровин, М.А. Димо, Д.Н. Кашкаров  сияқты ғалымдар  Түркістан Орталық атқару комитетіне мынандай  қорытынды хабарлама жасайды: «Ақсу –Жабағылы өзендерінің жоғарғы  ағысы төңірегінде — қорыққа  тән келетін ерекше  қасиетті табиғаттың сұлу да көрікті  жерлері бар екені күмәнсіз. Бұл жерде  Түркістан өлкесіне тән  өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің  типті белгілері көптеп  кездеседі  және олардың бәрі адам қолы тимеген  күйінде сақталған. Ал оның табиғаты өте сұлу  әрі ғылыми тұрғыдан  зерттеуге де аса қолайлы аймақ» — делінген.

Ғалымдар мен мамандардың осы қорытынды пікірінен кейін көптеген ғылыми – зерттеу мекемелері  1923-1926 жылдар аралығында  «Ақсу-Жабағылы қорығын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөле бастады. Ақыры 1926 жылы Ақсу –Жабағылы қорығы құрылды. Қорықты ұйымдастырудағы ең басты мақсат – батыс Тянь- Шаньның табиғаты тамаша көріністерін сол қалпында сақтау  және осы тау жүйесі табиғи кешендерінің  даму заңдылықтарын зерттеу, тау сілемдерімен  ұштасып жатқан аршалы  ормандарды, сирек кездесетін  жануарлар мен өсімдіктерді қорғау. Міне, осылайша  1927 жылы Қазақстан жеріндегі тұңғыш  табиғат қорығы  дүниеге келді» [1].

 

1.2 Жамбыл облысының физикалық- географиялық жағдайы ландшафтысының ерекшеліктері

 

Облыстың аумағы батысы Арал теңізімен, шығысы Жетісу (Жоңғар) Алатауымен шектелетін  Қазақстанның оңтүстік бөлігінің дәл ортасында, 42,22 және 46,00 солтүстік ендік пен 68,15 және 75,55 шығыс бойлық аралығында орналасқан. Жері негізінен жазық. Солтүстік бөлігі (Бетпақдаланы есептемегенде) негізінен, Талас және Шу өзендері алаптарында орналасқан. Шу аңғары облысты екіге бөледі. Солтүстік бөлігінің батысы түгелімен ойысты — сортаңды, шығысын ұсақ шоқылы — жартасты Бетпақдала шөлі алып жатыр. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 350 – 500 м. Мұндағы ең биік жері — Байқара тауы (655м). Шу өзенінің  оңтүстік бөлігі — төбешікті — қырқалы келген Мойынқұм құмды алқабына (теңіз деңгейінен биіктігі 300 — 600м) ұласады. Оның орта бөлігіндегі құм бұйраттардың арасында көптеген шұраттар (оазистер) кездеседі. Бұл жерлерде  жер асты суы (грунт суы) жер бетіне жақын жатыр.

Облыстың шығысында Шу – Іле тауларының аласа келген Желтау, Айтау, Хантау, Майжарылған таулары және Қопа, Қараой үстіртті жазықтары орналасқан. Олардың биіктіктері 1500 метрден аспайды. Беткейлерді көлбеу, жоталары жатық келеді. Облыстың  қиыр оңтүстік – шығысында Іле Алатауына  қабысып, Кіндіктас пен Жетіжол  таулары жатыр. Шу — Іле тауларынан бастау алатын  өзендерінің барлығы дерлік жаз айларында кеуіп, қүрғақ арналарға айналады. Шу – Іле тауларынан бастау алатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында кеуіп, құрғақ арналарға айналады. Шу — Іле тауларының оңтүстік — батысында, Шу өзенінің оң жағалық аңғарын ала солтүстік — батыстан оңтүстік — шығысқа қарай созыла орналасқан Сарыой үстіртті жазығы мен Сексеуілді  даласы жатыр. Сарыой жазығында мемлекеттік Андасай қорықшасы орналасқан [1].

Облыстың оңтүстік, оңтүстік шығысында Қырғыз Алатауының Қазақстанға қарасты солтүстік, солтүстік — батыс бөлігі орналасқан. Оның сүйірлене келген жоталары (биіктігі 4000 метрге жетеді) шығыстан батысқа қарай төмендей береді. Облыс аумағындағы оның ең биік жері — Меркі  өзені бастау алатын тұсы (4099м). Жалпы ендік бағытта орналасқан Қырғыз Алатауының 4000 метрге жуық бірнеше жоталары мен сілемдері бар. Сонымен қатар, Қаратөбе, Мақбел, Шұңқыр, Құмбел атты асулары орналасқан. Олар арқылы  жаяу  немесе салт атты адамдар көрші Қырғыз еліне өте алады. Қырғыз Алатауынан облыстың бірнеше өзендері (Мақпел, Шалсу, Шұңқыр, Қарақат, Меркі, Аспара, т.б) бастау алады. Облыстың оңтүстік — батысында облыс аумағында Талас Алатауының қиыр солтүстік бөлігі кіреді. Таудың облыс аумағы бөлігінің ең биік жері — 4027м. Мемлекеттік Ақсу — Жабағылы қорығының солтүстік — шығыс бөлігі (Жуалы ауданы аумағында) осында орналасқан.

Облыстың оңтүстік — батыс аумағында Қаратау жотасының солтүстік — шығысындағы Үлкен Ақтау  мен оңтүстік – шығыс  бөлігі  (Кіші Қаратау) кіреді. Оның облыс аумағындағы  ұзындығы 150 шаршы шақырым шамасында. Ең биік жері — Кіші Қаратау жотасының орта тұсы 1610 метрді құрайды. Оңтүстік — шығысында ірі фосфорит кен орындары, полиметалл кен тастары бар. Жотадан жаз ортасында құрғап қалатын немесе жылғаға айналатын бірнеше өзендер (Бүркітті, Шабақты, Көктал, т.б) бастау алады. Жотаның  солтүстік – шығыс өңірінде бірнеше көлдер тобы (Билікөл, Ақкөл, Ащыкөл, Ақжар, Жылқыбай, т.б.) жатыр.

Облыстың орталық өңіріндегі сазды-тақтасты, құмды төбешекті жерлерінде бұлақтар, ұсақ тұзды көлдер, құдықтар көптеп көздеседі.Олардың маңы жыл бойғы мал жайылымдарына пайдаланылады.

Жер бедерінің қалыптасу тарихы. Облыс аумағы бүкіл Қазақстан жеріндей ұзақ уақыт бойы Жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан. Аумақты бірнеше рет теңіз басып, кейіннен құрлыққа айналып, одан кейін, қайта теңіз суы астында қалып отырған. Жер бетінде таулар пайда болып, кейіннен  олар мүжіліп, жазыққа айналған. Мұндай күрделі процестер оңдаған, жүздеген миллион жылдар бойы қайталанып отырған. Соның нәтижесінде облыс аумағының қазіргі жер бедері қалыптасқан. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуын 2 кезеңге бөлуге болады.

Бұлар – ерте мезозой — палеогон және жаңа неоген – төрттік кезеңдер. Палеозойдағы қарқынды соңғы тектоникалық қозғалыс әсерінен герцин қатпарлану дәуірінде облыс аумағының оңтүстігінде биік таулар пайда болған. Кайнозой эрасының басында олар  мүжіліп біржолата құрлыққа айналған. Жердің жаңа тарихының (кайнозойдан бастап) ұзақтығы 55 — 65 млн. жылға созылған. Облыс аумағының қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жер қабығының альпілік қозғалысымен тығыз байланысты. Төрттік кезеңінде жер бетінің қалыптасуы одан әрі жалғасқан.

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет — 1. Жамбыл облысының физикалық картасы

Палеоген кезінде облыс аумағында тектоникалық қозғалыс өте баяу жүрген. Осы кезеңде облыстың солтүстігіндегі ескі тау жүйелері бұзылып жазық өңіріне (Бетпақдала) айналған. Биік таудың бұзылып ойпаттарға жиналуынан аккумулятивтік жазықтар (Шу, Талас өзендері алабы) пайда болған.

Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болды. Бірақ олар облыс аумағына айтарлықтай өзгеріс әкелмеді. Неогеннің екінші бөлігінде (12 — 15 млн. жыл бұрын) облыс аумағында тау массивтері қарқынды көтеріле бастады. Осы уақыттан бастап жаңа тектоникалық қозғалыс дәуірі жүріп, ірі тау жоталары (Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Өгем жотасы, т.б.) қалыптаса бастады. Тауаралық аңғарлар мен ірі өзен аңғарлары пайда болды. Құм, тақтасты материалдар тау алды жазығы мен тауаралық ойыстарға ысырылды. Жарылу және тілімдену нәтижесінде Шу өзенінің арналары пайда болды. Облыс аумағында неоген кезеңінің аяғында аридтік климат үстем болған. Облыс аумағын қамтыған сирек орманда шөл және қуаң дала қалыптаса бастады.

 Төрттік кезеңде (1 — 1,2 млн. жыл бұрын) обыстың облыстың оңтүстігінде мезгіл — мезгіл қарқынды көтерілулер қайталанған. Бұрынғы түгелімен дерлік жазық аумақтар бірнеше бөліктерге жарыла ажыратылады. Кейбіреулері едәуір биіктерге көтерілген. Кейде неогеннің қызыл түсті саз балшықтары тау бастарында  кездеседі. Жоталар биік таулық кейіпке келіп, биіктігі 3000 — 4000 метрге жеткен. Тауаралық ойыстар айқындалып, тау алды және тауаралық аңғарлар мен қазаншұңқырлар қалыптасқан /.

Тауларды төрттік кезеңде екі рет мұз басқан.Осы кезеңде Шу өзені жүйесі құрылған. Алғашқы мұз басудан кейін қарқынды түрде терең шатқалдар жасап, облыстың оңтүстігіндегі өзендердің (Қорағаты, Меркі, Аспара) арналары қалыптаса бастаған.Қазіргі кезеңде неогентектоникалық қозғалыс     әлі жалғасуда. Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауындағы тау түзілім процестері де әлі тоқтаған жоқ. Оған 2003 жылдың мамыр айында Тұрар Рысқұлов ауданында болған жер сілкінісі дәлел. (қ.Құландағы жерсілкініс) /1/.

Геологиясы және кен байлықтары. Қазақстан жерін тектоникалық аудандастыру 1:1500 000 масштабты картаға негізделген. Бұл тұрғыдан облыс аумағы Шығыс Еуропа платформасының Орал – Монғол қатпарлы белдеуінің батысын алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңтүстік – батысында Тұран плитасына (ойпатына) жалғасады. Оның шығыс бөлігінің жоғарғы тысы жоғары триастан антропогенге дейінгі теңіздік, континенттік, терриигендік, карбоннаттық – терригендік шөгінділердің (қалыңдығы 4 — 5 км-ге дейін) түзілген. Фундамент құрамы әр түрлі келген кембрийден триасқа дейінгі геосинклинальдік және квазиплатформалық геологиялық формациялардан тұрады және интрузиялар бойлаған  жарылымдармен тілімденген. Қаратау өңірінде кембрийге дейінгі метаморфтануға шалынған жыныстары, кембрий – ордовиктік кремнийлі – тақтатасты ванадийлі және фосфоритті карбонатты- терригендік шөгінділері, жоғары девон – төменгі карбонның карбонатты шөгінділері көптеп кездеседі. Көкшетау – Солтүстік Тянь — Шань қатпарлы жүйесіне жататын каледониттер түгелімен дерлік Бетпақдаланы алып жатыр.

Облыс жер қойнауы кен орындарына бай. Мұнда ірі газ кен орындары (Амангелді, Малдыбай, Анабай, Айрақты, Солтүстік Үшарал,Үшарал — Кемпіртөбе), мыс, қорғасын, мырыш, алмас, фосфорит,тас көмір, ас тұзы, гипс, селитра, т.б.кендер барланып, кейбіреулері өндірілуде.

Облыстың негізгі байлығы фосфорит кендері. Фосфоритті бассейн Кіші Қаратаудың солтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан 45 кен орнын қамтиды. Кіші Қаратудың кен орындарын алғаш 1936 жылы геолог И.И.Машкара геологиялық барлау барысында анықтаған болатын. Арнаулы геологиялық зерттеулер кейін, рудалардың химиялық анализі жасалып, фосфориттің кәсіптік маңызы бар екендігі анықталған соң ғана басталды. Геолог ғалымдар осы бассейнді 3 бөлікке бөледі: оңтүстік – шығыс, орталық және оңтүстік – батыс аймақтары. Оңтүстік – шығысында Шолақтау мен Ақсай кен орындары орналасқан. Кен орындары минералды – химиялық құрамына қарай 4 қабатқа: негізгі фосфоритті, фосфат – кремнийлі, төменгі фосфоритті және кремнийлі болып бөлінеді. Фосфорлы ангридтің мөлшері әртүрлі қабатта әрқалай: 2 – 7 % — тен 15 — 37% аралығында болады. Осы кеннен алынатын суперфосфат рудасы алдын – ала байытуды қажет етпейді. Өнеркәсіптік маңызы бар фосфорит кен орындары: Тесіктас – қалыңдығы  — 3,5 м, фосфоритті ангидрид мөлшері – 30%, Жаңатас, Көксу, Көкжан, Үмбас – 24 – 25%, 29 — 30%. Кіші Қаратауда, фосфориттен басқа, тас көмір, мирабилит, марганец табылып отыр. Облыс жеріндегі шөгінді тау жыныстарымен галит, ізбестас, саз, цемент, доломит т.б. құрылыс материалдары байланысты.  

Климаттық тұрғыдан облыс аумағының жазық өңірі Балқаш — Арал, Жоңғар (Жетісу) – Шу — Іле және Қаратау – Қызылқұм климаттық облыстарына жатады. Олар өз тұрғысынан бірнеше климаттық аудандарға бөлінеді. Облыс аумағын қамтитын аудандарға Орталық Қазақстан климаттық ауданының оңтүстік бөлігі, Балқаш маңы климаттық ауданнының батыс бөлігі, Мойынқұм климаттық ауданы,Талас аңғары  климаттық ауданы, Шу – Талас климаттық ауданы жатады. Одан басқа облыстың таулы өңірі – Батыс Тянь – Шань таулы климаттық облысының Жуалы, Шығыс Қаратау, Солтүстік Қырғыз және Шу – Іле климаттық аудандары кіреді. Жазық өңіріндегі климаттық аудандарға, негізінен, қуаң климат тән.

Облыстың аумағының басым бөлігі ашық әрі жазық екенін ескерсек, жылдың суық айларында солтүстіктен келетін Азиялық антициклонның ықпалы мол. Облыстың бұл өңіріне ылғалға мол континенттік Сібір және арктикалық ауа массасы енеді. Ылғалды ауа массасының қайталануы сирек, облыстың оңтүстігіне жеткенше оның ылғалы азаяды. Климаттық аудандардың жалпы қасиеттеріне тән нәрсе – қысым  градиенті мен  жел жылдамдығының күшеюі. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 3 – 4 м/сек, Балқаш көлі маңында 4,5 – 5 м/сек. Желдің баяу жылдамдығы жаздың аяғы мен күздің басында байқалады. Ал  жел жылдамдығының максимумы қыстың 2 — жартысына келеді. Бұл кезде облыс аумағы арктикалық шептің әсерінде болады, қысымдық градиент  ұлғаяды. Ал жаз айларындағы жылы ауа жазыққа оңтүстіктен келетін ыстық ауа массасының тез  таралуы нәтижесінде болады. Облыстың жазық өңіріндегі жылдық температура амплитудасы 78 — 84° С, тәуліктік температура амплитудасы 20 — 30° С.

Орталық Қазақстан климаттық ауданының облыс аумағына қарасты оңтүстік бөлігінде (Сарысу және Мойынқұм аудандарының солтүстік  бөлігі) климат қуаң әрі ыстық. Бұл өңір теңіз деңгейінен 400 – 600 метр биіктікте. Мұнда ауа массасы еркін ауысып отырады. Сондықтан орташа айлық ауа температурасының жылдық амплитудасы 38° С — қа жетеді,  абсолюттік максимумы 90° С. Бұл көрсеткіш облыс аумағы ғана емес бүкіл Оңтүстік Қазақстанның жазақ өңіріндегі ең үлкен амплитуда. Оған негізгі себеп – суық ауа массасының еркін енуі және қыста олардың тез жылуы, жаз айларында жылы ауа массасының енуі және жергіліктілікті жерде оның тез ысынуы. Қыс айларындағы ауа температурасының ортагша  мөлшері — 14 – 12° С. Ауданның солтүстік бөлігінің жазық болуына байланысты сібір  және  арктикалық ауа массасы еркін енеді  де қыс айларында кейде – 43 — 46° С — қа дейін төмендейді. Мұнда қыс айларындағы теріс температураның жиынтығы 1400 — 1500° С — қа жетеді.

Бұл өңір облыстағы ең ұзақ қыс болатын өңір. Аязды күндердің ұзақтығы 160 — 170 күн. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының 2 – онкүндігінде қалыптасады. Климаттық ауданда шығыс желдері басым және оның орташа жылдамдығы 6 м/сек – ты құрайды. Қыстың екінші бөлігінде желдің жылдамдығы өзінің шегіне жетеді. Көктемдегі соңғы үсік мамыр айының ортасында байқалады. Мұнда көктемгі температура оңтүстік аудандарда 4 – 5° С төмен. Ауданның жазы оңтүстікке қарағанда біршама салқын. Шілде айының орташа температурасы 23 – 25° С. Оңтүстік өңірлерге қарағанда жаз 20 — 25 күндей қысқа. Ыстық күндер мамыр айының аяғында басталады. Оның ұзақтығы 80 – 100 күндей. Ыстық кезеңдердің болуы Орталық Азиядан келетін термиялық депрессияға байланысты. Күн сайын дерлік температура 40° С – қа жетіп отырады, ал максимум температура 45° С – та тіркеледі. Жаз айында бұлтсыз ашық аспанда тәуліктік орташа температура 18 – 25° С — қа дейін жетеді. Жылдық жауын – шашынның 60 % жылдың жылы кезеңінде жауады. Күздің бірінші жартысында күн ашық, жылы және құрғақ болады. Бірақ екінші жартысында температура тез төмендейді, ауаның циклондық әрекеттері күшейеді, қыркүйектің соңында алғашқы үсік жүреді. Ауданның климаттық жағдайы маусымдық жайылымға (қысқы, көктемгі, күзгі) қолайлы. Бірақ жауын – шашын аз болуы және тұрақты су көздерінің болмауы қиындық туғызады.

Балқаш маңы климаттық ауданының батыс бөлігі облыстың Мойынқұм ауданы аумағының солтүстік – шығысын қамтиды. Климаты құрғақ және жылы. Облыстың басқа аумағына қарағанда мұнда ең суық ызғарлы қыс болады. Оған солтүстік – шығыстағы Зайсан қазаншұңқырынан келетін суық ауа  массасы себеп болады. Мұнда қыста ашық күндер облыстың басқа аумағына қарағанда басым. Сондықтан, күн радиациясының мөлшері қиыр оңтүстік аудандардан кем емес. Қыс кезеңінде қысымдық – циркуляциялық жағдай Сібір максимумымен және антициклондармен анықталады. Антициклон нәтижесінде (ашық аспанды күндердің мол болуы) ауа тез суынып, ауа температурасы өте тез төмендейді. Бүкіл аудан бойында қыс айларының орташа температурасы қаңтар айының соңында байқалады. Мысалы, Балқаш көлінің батысында (Құйған ауылы тұсында) орташа температура қаңтарда — 20° С – ты көрсетеді. Қыс оңтүстік аудандарға қарағанда 2 аптадай ұзақ болады. Көктем оңтүстік аудандарға қарағанда  10 – 15 күн кейін басталады және ол тәуліктік ауа температурасының өзгеріп отыруымен ерекшеленеді. Наурыз айында кейде орташа айлық температура қалыптан 9 — 11° С – қа дейін өзгереді. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 175 — 180 күндей, температура жиынтығы бұл кезеңде 3300 – 3500° С. Жаз айлары ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы 23 – 24° С. Ең ыстық күндерде температура 39 – 44° С — қа жетеді. Үсік мамыр айының ортасында да болуы мүмкін. Балқаштың бұл бөлігінде облыс аумағындағы жауын — шашынның ең аз мөлшері байқалады. Жауын — шашының ең аз жауатын мезгілі – тамыз, қыркүйек айлары.

Тұрақты қар жамылғысы қарашаның аяғы — желтоксанның басына келеді. Мұнда желдің жылдамдығы 6 – 10 м/сек  және оның негізгі бағыты солтүстік — шығыс және солтүстік. Боранды күндер қаңтардың аяғы және бүкіл ақпан айларында байқалады. Әсіресе, көктем кездерінде қатты желдер жиі болып тұрады. Жаздағы қатты желдер шаңды құйын мен дауыл тудырады. Желдің жылдамдығы кейде 20 м/сек — қа жетеді. Бұл климаттық ауданның аумағын көктемгі және күзгі жайылым ретінде ғана пайдаланады.

Мойынқұм климаттық ауданы толығымен дерлік облыстың  орталық бөлігін қамтиды. Аудан төбешікті – қырқалы келген Мойынқұм шөлін, Талас және Шу өзендерінің төменгі шөлейтті аңғарларын және Қаратаудың солтүстік – шығыс бөлігін алып жатыр. Ол ендік бағытта облыстың барлық ауданы арқылы өтеді. Өсімдік жамылғысы, негізінен, баялышты – жусанды, бұйырғынды – жусанды және астық тұқымдасы аралас бұйырғынды – жусанды келеді. Олар сәл сортанданған және сортаңды сұр топырақта өседі. Грунт суы жақын жатқан ойысты және шалғынды жерлерде жусанды — сораңды, ши және әр түрлі астық тұқымдасты шөптесіндер өскен. Климаттық аудан қоңыржайсуық қысымен, ыстық жазымен, температуралық айырмашылығымен және тәуліктік температураның үлкен амплитудасымен (20-30С) ерекшеленеді.

Ауданның солтүстік жағы арктикалық ауа массасының және Сібір антициклонның әсерінде болғанымен Орталық Қазақстан және Балқаш маңы климаттық аудандарына қарағанда термиялық фоны жоғары. Әсіресе, ол жылдың суық кезеңдерінде байқалады. Мұнда қыс (қаңтар айының орташа температурасы – 8 – 1° С) солтүстіктегі екі климаттық аудандарға қарағанда 4 – 5° С — тай жылы. Теріс температураның жиынтық мөлшері 600–800° С – ты құрайды. Балқаш маңы климаттық ауданына  қарағанда қыс бір айдай  қысқа болады. Наурыз айының басында  немесе орта тұсында көктем басталады. Көктем бүкіл аудан бойында бір мезгілде (климаттық ауданның ендік бағытта орналасуына байланысты) дерлік байқалады. Сәуір айының ортасында үсік тоқтайды. Бірақ кейбір жылдары ол сәуірдің аяғында да болуы мүмкін. Аудандағы аязсыз күннің орташа мөлшері 5,5 айға (170 күндей) жетеді. Сәуір айының соңында жаз басталады. Оның ұзақтығы 138 — 48 күнге жетеді. Шілде айының орташа температура мөлшері 25 — 27° С. Маусым айының ортасында тұрақты ыстық ауа райы орнығып, ол қыркүйектің басына дейін созылады. Жаз  кезеңіндегі  температура жиынтығының мөлшері 3000 — 3200° С. Бұл кезеңде ауа ылғалдылығы өте төмен болады. Мысалы, Ойық метеостансасында 178 күнге созылатын ыстық кезеңдегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 % — ды құрады. Қыркүйек  айының  3 — онкүндігінде күз басталады. Ауа температурасының 10° С — тан жоғары тұрақты кезеңі климаттық ауданның солтүстігіне қазан айының басында, оңтүстікте қазанның соңында болады. Күздегі үсік солтүстікте қыркүйектің соңында, оңтүстікте қазан айының 1 — онкүндігінде болады. Қысқы кезең солтүстікте қараша айының басында, оңтүстікте осы  айдың соңында басталады. Жауын — шашынның орташа мөлшері 280 мм-ге жетеді. Жауын –шашынның 50 % — ға жуығы жылдың жылы кезеңінде жауады. Оның 50 % — ға жуығы сәуір – мамыр айларына келеді. Мұнда тұрақты қар жамылғысы болмайды. Тек көтеріңкі келген қиыр шығыс бөлігінде оның қалыңдығы 10 см-ден аспайды.

Аудандағы желдің басым бағыты шығыс, солтүстік және солтүстік — шығысқа келеді. Тасты елді мекені маңында солтүстік желдің жылдық қайталануы 51% — ды құраса, Ұланбел ауылы маңында ол 60% — ға жетеді. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 2,9 — 3,3 м/сек. Кейде оның жылдамдығы көктемде 20 м/сек — қа жетеді. Аумақтың климаттық және топырақтық жағдайына қарай көктемгі, күзгі және қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланады. Қысқы жайылым, негізінен, Шу өзенінің құмды келген төменгі ағысы мен Мойынқұмда болады. Тұрақты су көзінің болмауынан шөлдік жайылымды толық пайдалануға мүмкіншілік жоқ. Егін шаруашылығы суармалы жерлерде және  Шу, Талас  өзендерінің жайылмаларында ғана бар. Шу аңғарының орта, төменгі ағыстарында 10° С — тан асатын температура жиынтығы 3460 — 3800° С — ты құрайды.

 Шу — Талас климаттық ауданы облыстың Қырғыз және Талас Алатауларының шөлейтті тау алды жазығын және Шу мен Талас  өзендерінің  орта аңғарын қамтиды. Бұл ауданның теңіз деңгейінен биіктігі 400 — 700 метр. Мұндағы топырақ жамылғысы бозғылт сұр, бозғылт қоңыр. Кейбір жерлерін шалғынды сұр және өзен жайылмаларының шалғынды — сортаңды топырағы қамтыған. Оларда, негізінен, жусан мен бетеге, боз басым өскен. Климаттық аудан оңтүстіктен, оңтүстік — батыстан және оңтүстік — шығыстан тау жоталарымен қоршалған. Бірақ бүкіл солтүстік, солтүстік — шығыс жағы ашық және жазық дала болғандықтан, оның аумағына солтүстіктен келетін суық ауа массасының енуіне қолайлы жағдай туады және термиялық режиміне өзгеріс әкеледі. Қыста меридиан  типтегі ауа айналымы орташа айлық температураны төмендетеді. Мысалы, 1935ж. Шу қаласы маңындағы қаңтар айының орташа температурасы — 14° С — ты құраса (орташа температурасы — 9,2° С ), 1945 жылы ақпандағы орташа температура — 15° С — ты көрсетті (орташа температурасы — 5,3° С болатын). 1931 жылы Жамбылдағы (қазіргі Тараз қаласы) ақпанның орташа температурасы — 14,5° С — ты  көрсетті. Сол жылы жылдың суық кезеңіндегі ең төменгі температура Таразда – 36 — 41° С — ты көрсетті.

Жалпы, климаттық аудан облыстың ең жылы қысымен (- 3 — 5° с) сипатталады. Оған негізгі себеп, ауданның солтүстік — шығыстан келетін суық ауа массасын Шу — Іле тауларының біршама ұстап қалуынан болады. Қыстың ұзақтығы 97 — 108 күн. Оңтүстікте орналасуына байланысты ауданға оңтүстік — батыстан жиі — жиі тропиктік жылы ауа массасы келіп тұрады. Ауданда қатты жел соғып, қарлы боран болуы өте сирек. Климаттық ауданда  көктем ерте басталады. Наурыз айының өзінде – ақ орташа айлық  температура оң мәнді (2,4 — 3,3° С) болады. Ауданның тұрақты орташа  тәуліктік температурасының 0° С — тан жоғары  мәні  наурыздың 1- онкүндігінде байқалады. Температураның көтерілуне байланысты циклондық процестер қарқындай түседі, жауын – шашын ұлғаяды.

 Атмосфералық циркуляцияның ұлғаюына байланысты, желдің жылдамдығы 2,5 м/сек — тан  3,5 м/сек — қа дейін күшейді. Қатты желдің басым бөлігі (38 %) көктем айларына келеді. 8 — 17 сәуірде – ақ вегетациялық  кезең қарқындап, температура жиынтығы 3300 — 3800° С – ты құрайды. Үсік наурыздың  соңы сәуірдің 1 — онкүндігінде болады. Соңғы  үсік кейде сәуір айының соңында да болуы мүмкін. Жылдың аязсыз күндерінің  орташа мөлшері  132 — 174 күн.  Мамыр айының басында жаз басталады. Оның  ұзақтығы 130 — 146 күн. Тұрақты ыстық  кезең (орташа 80 күндей) маусым  айының 2 — жартысында  болады. Ауа құрғақ, оның күндізгі салыстырмалы ылғалдылығы  23 — 32 %. Қыстағыдай жазда да жел тұрақты емес. Шу қаласы маңында солтүстік –шығыстан келетін жел басым. Жаз айындағы желдің жылдамдығы 3 — 4 м/сек – тан  аспайды. Күздің  желі қыс айларындағыдай (2,5 — 3,5 м/сек). Күздегі алғашқы үсік қыркүйектің  соңында, қазанның  басында болады. Кейбір жылдары үсік қазанның аяғы қарашаның басында болады. 1952 жылы Таразда қарашаның 30 — да ауа температурасы -37° С — ты көрсетті.

Климаттық аудандағы  жауын — шашын мөлшері 268 – 300 мм. Жауын — шашын жылдың суық және жылы мезгілдерінде бірдей дерлік түседі. Тамыз айы – ең құрғақ айға жатады: жылдық жауын — шашын мөлшері 1,8 — 2,7 % — ы ғана түседі. Жауын – шашын  көктемде көп болады. Жылдың ең ылғалды  айы — сәуірде жылдық жауын — шашынның 15 — 75% — ы түседі. Жалпы, әр жылдарда климаттық ауданда жауын – шашын мөлшері құбылып отырады. Мысалы, Тараздағы  жылдық жауын — шашынның орташа мөлшері  287 мм – ді құраса, кейбір жылдары ол 522 мм — ге жетеді, минимумы 86 мм — ді құрайды. Шілдеде жауын — шашын мүлдем болмайды, не оның мөлшері шамалы ғана. Ауданның оңтүстігінде  қыста жауын — шашын кейде жаңбыр түрінде болады. Қар жамылғысы шамалы (2 — 2,5 ай жатады), желтоқсанның 10 – 20 — нан,ақпанның 20 – 25 — іне дейін жатады.

Облыстың таулы аймағының климаты өзгеше. Ол да климаттық аудандарға бөлінеді. Сондай аудандардың бірі — Жуалы  климаттық ауданы. Оның аумағы 1 мың км — дей. Ол солтүстік — батыс Тянь — Шаньдағы Жуалы қазаншұңқырын қамтиды. Аудан теңіз деңгейінен 960 — 1500 метр биіктікте және барлық жағынан дерлік таулармен қоршалған. Сондықтан оның климаттық ерекшеліктері республиканың солтүстік облыстарына жақындау келеді. Климаттық ауданның қалыптасуына таулармен оқшаулануы ықпал еткен. Тек солтүстік – шығысында ғана жіңішке  келген аңғар жатыр. Сол аңғардан (өткелден) қыста Сібір антициклоны мен арктикалық суық ауа  массасы  енеді. Сонымен бірге жергілікті орографиялық ерекшелік те климатқа өз әсерін тигізеді. Ол ауданның жел режимін түзейді. Желдің солтүстік — шығыстан (27 %) және оңтүстік — шығыстан (25 %) қайталануы басым. Жаз және көктемде солтүстік — шығыс желдері жиі қайталанса (30 — 36 %), қыста оңтүстік — батыс желдері (34 — 37 %) басым.

Бұл аудан Қазақстанның  ең желді аудандарының бірі саналады. Қысым градиентінің Қаратау жотасының солтүстігіндегісі мен оңтүстігіндегінің айырмасы үлкен болған жағдайда қатты желдер пайда болады. Оның жылдамдығы кейде 28 м/сек — қа жетеді. Қатты желдердің 50 % — ы сәуір айына келеді. Қыс басқа аудандарға қарағанда ұзақ әрі суық. Орташа айлық теріс температура 5 айға дейін созылады. Қаңтар айының орташа  температурасы – 7 — 8° С, кейбір жылдары — 14 — 15° С. Суық ауа  массасының қарқынды енуі, антициклондық ауа райының қалыптасуы нәтижесінде кейбір жылдары желтоқсан мен ақпан айларындағы орташа температура — 15 — 16° С-ты құрайды. Ең төменгі  температура ( — 46° С) сібірдің ызғарындай болады. Бірақ  кейде оңтүстіктен жылы ауа массасының келуінен қыста температура 14 — 15° С – қа дейін, ал желтоқсанда 22° С — қа дейін жылынады. Жаз қоңыржай ыстық, шілденің  орташа температурасы 21° С, кей жылдары 21 — 24° С — қа жетеді. Ыстық кезең 43 — 55 күн. Жер тез қызады, бұлттылық аз. Ауаның  салыстырмалы ылғалдығы 40 %, күндіз 27 — 36 %. Бірақ жаз айларында да температура төмендеп кетуі мүмкін. Шілде, тамыз айларында да 0° С, кейде — 4° С болуы мүмкін. Күздегі алғашқы үсік қыркүйектің  басында болады. Аязсыз күндер аз — 116 күндей, ал температура амплитудасы 86° С.

Жуалы қазаншұңқырының оқшау орналасуы нәтижесінде  жауын — шашынның мөлшері көп емес. Жауын – шашын мөлшері шығыстан батысқа қарай ұлғаяды (318 мм — ден 578 мм — ге дейін). Құрғақ жылдары оның мөлшері  бар — жоғы 150 — 180 мм. Жылдың ең ылғалды  айы — сәуір, ең құрғақ айы — тамыз. Қазанның аяғында, қарашаның ортасында қар жамылғысы пайда болады.Оның қалыңдығы 30 см — ге жетеді. Оған орта есеппен 93 күн жатады. Аудан Оңтүстік Қазақстандағы қарлы боран  ең көп болатын аудан саналады. Қарқынды вегетация мерзімі 160 күн, температура жиынтығының  мөлшері 2500 — 3000° С .

Талас аңғары климаттық ауданы. Ауданның климаты қоңыржай ыстық, қуаң. Аудан батысында  Қаратау  жотасы мен  Талас Алатауы  және шығысында  Қырғыз  Алатауы  аралығында, теңіз деңгейінен  600 м — ден 1500 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағы ашық, батысында Қаратау жотасымен шектелген. Жергілікті орографиялық жағдай (аңғарлық жағдайы)  оның жел режимін анықтайды.Мұнда оңтүстіктің желі басым (42% ). Желдің  50% — ы наурыз — мамыр айына келеді. Жылына 54 күн қатты жел соғады. Қыс айларының орташа температурасы -10° С, кейбір жылдары ол -14° С – қа төмендейді.Төңірегіндегі  аудандарға қарағанда мұнда қыс жұмсақтау болады. Жазы ыстық әрі аңызақ. Жаз айларының орташа температурасы    24° С. Оңтүстік — батыстан келетін ылғалдың тасасында қалғандықтан Талас аңғарында жауын — шашын аз жауады. Жауын — шашын  жылдың жылы мезгілдерінде басым. Көктемде жылдық жауын — шашынның 40 % — ы түседі. Қысқы және ауыспалы маусымдарда Талас аңғарында тұман жиі байқалады. Аңғардың төменгі бөлігінде қар жамылғысы тұрақты емес және ол ұзақ жатпайды. Жылу қоры, топырақтың құнарлығы және  су қорының  мол болуы мұнда  қант қызылшасын, темекі, жүгері, т.б. отырғызуға  қолайлы. Сонымен бірге бау — бақша, жүзімдік т.б өсіруге барлық жағдай бар.  

Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы. Бұл климаттық ауданға  Қырғыз Алатауының Солтүстік беткейі, Талас және Аспара өзендері аңғары аралығындағы  батыс бөлігі  кіреді. Көптеген  өзен аңғарларының климаттық жағдайы беткей экспозициясының  және қоршаған орографиялық ортаға тәуелді. Оның климаты қыста Азиялық антициклонның, жазда  Орта Азиядан  келетін термиялық депрессияның ықпалында болады. Кең тау алды жазығының жел режимі таулық — аңғарлық типке жатады. Мұнда аңғар бойымен  оңтүстік  және оңтүстік — батыс  желдері  соғады. Жылына  қатты  соғатын  жел 10 — 16 күнді құрайды. Ол, негізінен, көктем айларында байқалады. Желге температуралық режим, сонымен бірге жер бедері де үлкен ықпал етеді. Меридиан бағытта орналасқан аңғарлардың қысы суық болады

 (қаңтардағы орташа температура — 6,5 — 10° С). Қыс 4 айға жуық созылады, бірақ бұл аңғарларға оңтүстіктен жиі — жиі жылымық келеді. Қаңтар айының өзінде де күндізгі жылымық екі күннің бірінде болады. Жаз аңғарлардың төменгі бөлігінде  ыстық, басқа жерлерінде қоңыржай жылы (16 – 17° С). Жауын — шашының түсуі біркелкі таралмаған: беткей экспозициясының орналасуына қарай 290 — 300 мм — ден 400 – 500 мм — ге дейін. Жауын — шашын көктем, жаз айларында  мол түседі. Көрші Талас аңғарына қарағанда қыста жауын — шашын аз болады. Жыл ішінде 6 ай жауын — шашын  қар түрінде түседі. Қардың қалыңдығы  төменде 10 см, орташа биіктіктерде       30 см. Қар жамылғысы 50 күндей  жатады. Жауын — шашынның мол жауатын кезі сәуір — маусым.

Қорыта айтқанда, облыстың климаты біршама құрғақтығымен және континенттілігімен ерекешеленеді. Мұны облыс аумағының Еуразия  құрлығының орта тұсында  орналасқандығы, мұхиттардан алыстығы, ауа райының ашық болуына мүмкіндік туғызатын  атмосфералық  айналымның ерекшелігі, сондай — ақ күн шуағының молдылығын қамтамасыз ететін оңтүстік ендікте орналасқандығымен түсіндіруге болады. Климаттың континенттігі ауаның күндізгі мен түнгі, қыс пен жазғы температураның қарама — қарсылық айырмасынан да байқалады. Облыс бойынша ауданның орташа тәуліктік  температурасы О° С – тан жоғары кезең 225 — 245 күнге дейін созылады. Аязсыз кезең жазық өңірлерде 5 — 6 ай, тау бөктерлерінде және тауда 4 — 6 ай болады. Жазық өңірлерде жауын — шашын аз (100 – 300мм). Қар қабаты жұқа (10 — 15см). Оңтүстік аудандарда тұрақты қар жамылғысы болмайды. Облыстың барлық дерлік аумақтарында шығыстан және солтүстік шығыстан аңызақ жел соғады, қиыр оңтүстік және оңтүстік — батыста аңызақ жиі қайталанады.  

Ішкі су қорлары. Өзендері. Облыста жер беті ағысы біркелкі таралмаған. Өзендер, негізінен, облыстың оңтүстігіндегі Қырғыз және Талас Алатауларының солтүстік беткейлерінен бастау алады. Олардың басым бөлігі  Шу және Талас өзендері алабында жатыр және осы өзендердің салалары болып табылады. Облыс аумағындағы ең ірі және ұзын  өзен – Шу өзені (1186км). Ол Қырғызстан аумағында Тянь — Шань  тауларынан басталады. Табиғаты көркем Буам  шатқалынан өткен соң облыс аумағына  кіреді. Облыстағы оның ұзындығы 800 км. Шатқалдан өткен соң ағысы  баулап  жазықтағы кең аңғарлы  өзенге айналады. Облыс аумағында оған жалғыз Қорағаты өзені қосылады. Шу өзінің аңғарында кішігірім көлдер  тобын түзей отырып, Тұран ойпатының шығысындағы (жазығындағы) (Ашыкөл – Ақжайқын ойысы) құмға сіңіп  кетеді. Шу су жинау сипаты жағынан аралас  толығатын өзендер қатарына жатады. Өзен ағынын реттеу және суару мен суландыруға пайдалану үшін Шу қаласынан жоғарғы  бөлігінде оған Тасөткел бөгені салынды.

Облыстағы екінші үлкен өзен – Талас өзені. Облыс аумағындағы ұзындығы 453км. Ол Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қаракөл және Үшқоша  өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмның батысындағы Айдын көліне  құяды. Көпжылдық мұз, қар, жауын – шашын суымен толығады. Өзен аңғарында бірнеше бөгендер (Киров, Юбилейный, Жінәлі, Қазақбай т.б) салынған. Суын жер суаруға  және суландыруға  пайдалану үшін Талас — Аса каналы тартылған. Таласқа оның ірі саласы – Аса өзені (ұзындығы 253км) сол жақтан құяды. Облыстағы көптеген кішігірім өзендер (Шабақты, Боралдай, Бүркітті, Теріс, Шалсу, Қарақыстақ т.б) Қырғыз Алатауынан, Қаратау жотасынан бастау алады. Шу — Іле және Қаратау жотасынан басталатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында құрғап қалады, не жылғаларға айналады.

Көлдері. Облыс  аумағына Балхаш көлінің оңтүстік — батыс бөлігі кіреді. Жағалауынан 1,5 — 2 шаршы шақырым жерде Қашқантеңіз көлі  (аумағы 18,5 мың км) орналасқан. Облыс аумағындағы ең ірі көл — Билікөл (ауданы 86,5 мың км). Оның суы тұщы. Көлде  көксерке, жауын, сазан, табан балық, т.б. бар. Билікөлден басқа Ащыкөл (суы сортан), Ақкөл (тұзды), т.б. кішігірім көлдер бар. Жалпы, көлдердің басым бөлігі Талас аңғарында орналасқан. 

Жер асты суы. Облыста арыны жоғары бірнеше  жер асты су алаптары бар. Олардың ең ірісі – Аса — Талас артезиан  алабы  (аумағы 6000 км). Оның суы 100 — 300 метрлік тереңдіктен шығады. Суы палеоген және неоген  шөгінділерінде жатыр. Артезиан ұңғымасынан тәулігіне 7000 метр су  алынады. Одан басқа  облыс аумағында  (Сарысу және Талас  ауданы аумағында) Кіші Қаратау жер асты су алабы орналасқан. Ол кембрий – ордовик кезеңдерінің карстік — жарықшақты әктастарына таралған. Сулы қабаттың қалыңдығы  40 — 300 метр. Ұңғымалардан тәулігіне 2,2 — 86,4 мың метр су шығады. Өзен аңғарларында көптеген қайнар бұлақтар (Жылыбұлақ т.б) бар. Одан басқа алапта 10 — нан астам жер асты су көздері жете зерттелген. Жер асты суының пайдалануға  болатын жалпы қоры тәулігіне 216 мың метр көлемінде болжанған.

Бөгендері мен тоғандары. Облыстағы ең ірі бөген — Тасөткел бөгені. Оның су сыйымдылығы 620,0 млн.м. Бөген Шу өзені бойында орналасқан. Облыстың 42,3 мың гектар жерін суарады және шыбындықтарды  суландырады. Екінші ірі бөген Теріс өзенінде (Жуалы ауданы) салынған. Оның су сыйымдылығы 158,0 млн.м. Суымен 20,4 мың га жер суарылады және суландырылады. Облыста барлығы 36 бөген салынған. Су сыйымдылығы 5,0 млн.м — ге дейінгі бөгендер саны 13. Облыс аумағындағы тоғандардың жалпы саны 64. Су сыйымдылығы 1 млн.м – ден астам тоғандардың саны 28. Ең ірі тоғандар: Қарабөгет, Сұлукөл, Айдын, Тұзкөл, Ақжар, Қамқалыбай, т.б. Облыста ауданаралық және шаруашылықтар аралығындағы суару – суландыру жүйелері (каналдары) қалыптасқан. Облыс аумағындағы ауданаралық каналдардың жалпы ұзындығы 1220,8 км, ал шаруашылықтар ішіндегі каналдардың ұзындығы 2714,0 км.

Топырағы. Облыстың қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты жері 5 млн. гектарға жуық жерді алып жатыр. Топырақтар құрамында органикалық заттар өте аз (1% — ға дейін), фосфор мен қарашірінді  топырақтың 15 см — ден 25 см — ге дейінгі беткі қабатында кездеседі. Бұл жерлердің барлығы суға ерігіш заттарға бай келеді. Сондықтан оның құнары өте төмен болады. Қазіргі кезде осындай құнарсыз топырақты жерлердің барлығы жайылымдық ретінде пайдаланылады. Оны егістікке пайдалану үшін толық суландыру керек. Бозғылт сұр топырақты жерлер Мойынқұм  ауданының солтүстік бөлігін алып жатыр. Бозғылт  сұр топырақтың беткі қабатында  қарашірінді 0,6 — 1,2 % болады. Қарашіріндісі аз бұл топырақ 40 — 60 см тереңдікке  дейін барады. Сіңірілгіш фосфор қышқылының мөлшері тым аз. Мұндай  топырақты аймақ жайылымдық мал азық және дәнді дақылдарға арналған  егістік ретінде пайдаланылады. Кәдімгі сұр топырақты аймақ облыстың 3,9 млн.га жерін қамтиды. Топырақтағы қарашіріндінің мөлшері 1,5 — 2,5 % аралығында. Мұндай жерлер суарылып, егін егуге қолайлы.

Шалғынды  сұр  топырақты жерлердің аумағы 5,5 млн.га. Олар, негізінен, Талас  және Шу  өзендері  аңғарын алып жатыр. Топырақта көп жағдайда күкірт қышқылы кездеседі. Мұндай топырақты жерлерде ылғалдылығы 1,5 — 2,0 метр тереңдікке дейін болады және топырақтың механикалық құрамы күрделі келеді. Қарашіріндінің мөлшері 2,5 — 3,5 %. Топырақтың  бұл түрі облыста қант қызылшасын және дәнді дақылдар өсіру үшін өте құнарлы болып есептелінеді. Қоңыр топырақты жерлерде ылғал мол сақталады және оның қарашіріндісі 4,0 % — ға жетеді. Қарашірінді 100 см тереңдікке жетеді. Бұл топырақтарда барлық ауылшаруашылық дақылдары жақсы өседі. Құрамында тұз аз болады.

Қара қоңыр топырақ орналасу деңгейіне қарай бозғылт қоңыр және қоңыр топырақ болып ажыратылады. Топырақ құрамында 2,5 — 3,0 % — ға дейін қарашірінді болады және ол 50 — 80 см тереңдікке дейін жетеді. Топырақтың беткі қабаты су эрозиясына шыдамсыз. Бұл топырақтағы негізгі кемшілік — фосфор мен калийдің өте аз болуы. Қарақошқыл топырақта  қарашірінді мөлшері 4 — 6 % және ол 70 — 100 см тереңдікке жетеді.

Облыста шалғынды топырақтар 0,6 млн.га жерді қамтыған. Олардағы ылғал грунт суымен толығып отырады, сондықтан өсімдік жамылғысы жақсы қалыптасқан. Қарашіріндісі 10% — ға, кейде одан да көп болады. Мұндай топырақтарда қиыршық тас немесе құмды қабат жақын жатады. Олардың арасында сортаңданған топырақтар кездесіп отырады.

Агроклиматтық аймақтары. Облыстағы агроклиматтық белдемдерде топырақ және өсімдік жамылғысы оңтүстіктен солтүстікке қарай ауысып  отырады. Климаттық континенттіліктің күшеюіне байланысты облыс аумағы үш аймаққа: шөл, шөлді — далалы және тау алды далалық аймақтарға бөлінеді. Шөлді аймақтың облыс жеріндегі ауданы 11 млн.га — ға жуық. Бұл бүкіл облыс аумағының 70,5% — ы. Аймақтың көп жерін Бетпақдала, Мойынқұм және Шу өзенінің төменегі аңғары алып жатыр. Аймақ, негізінен, облыстың солтүстік және орталық бөлігін қамтиды. Бұған Сарысу, Талас, Байзақ, Жамбыл аудандарының, шығысында Мойынқұм, солтүстік бөлігін  Шу аудандарының жері алып жатыр. Жауын — шашынның мөлшері 100 — ден 180 мм — ге дейін ауытқып отырады. Аймақта, негізінен, мал шаруашылығының шалғынды жайылымдары орналасқан. Шу өзенінің аңғары мен Мойынқұмның шұратты жерлерінің суармалы өңірлеріне егін егіледі. Топырағы сұр, шалғынды сұр, кейбір жерлері тақыр.

Тау алды далалық аймақтың аумағы 1,153 млн.га немесе  облыс аумағының 7,9 %. Аймақ теңіз деңгейінен 1200 — 2200 м — ге дейінгі биіктікте орналасқан. Негізгі жерін Қаратау, Шу — Іле таулары және Қырғыз Алатауы алып жатыр. Бұған Жуалы ауданының барлық жері, Сарысу, Жамбыл, Тұрар Рысқұлов және Меркі  аудандарының оңтүстік бөлігі, Қордай ауданының  солтүстік — шығыс бөлігі кіреді. Жылдық орташа жауын — шашын мөлшері 400 — 500 мм. Аймақтың жері бозғылт қоңыр, шалғынды сұр, шалғынды қоңыр және қара топырақты.

Шөлді – далалық аймақтың аумағы 2,563 млн га немесе облыс аумағының 17,4 %. Бұл аймақ Қаратаудың, Қырғыз Алатауының тау алды жазығы және Шу — Іле тауларының баурайын алып жатыр. Жауын — шашынның жылдық орташа мөлшері 260 – 400 мм. Ауаның жылдық орташа  температурасы 9,3° С. Аймаққа Талас, Сарысу, Жамбыл, Байзақ және Шу аудандарының орталық бөлігі, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Қордай аудандарының оңтүстік бөлігі енеді. Топырағы, негізінен, бозғылт сұр, сұр, сортаңды сұр, бозғылт қоңыр және қоңыр. Кейбір жерлері тықыр.

Өсімдіктері. Жер бедері  мен ауа райының әр түрлі болуы — өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне жағдай жасайды. Жазықтар  мен  тау етегіндегі (800м) шөлді сұр, қоңыр топырақты белдемді жусанды — сораңды өсімдік жамылғысы алып жатыр. Тақыр мен сортаң жерлерде өсетін сексеуіл тоғайлары, негізінен, жапырақсыз аласа қара сексеуілден тұрады. Сексеуілді тоғайлар арасында әр түрлі шөптесін өсімдіктер (жусан, күйреуік, изен, теріскен) көптеп өседі.

 Сұр топырақты тау беткейлері мен өзен аңғарларындағы жусанды — қоңырбасты және бозды — бетегелі алқаптарда ақ жусан, қара жусан, қоңырбас, қылтықсыз арпабас, бетеге, боз, селеу, көде, шабындық, түлкі құйрығы, жатаған бидайық, Тянь — Шань жоңышқасы, қоңыраубас, қарабас шалғын, ұсақ гүлді киікоты қаулап өседі. Бұл аймақтарда, негізінен, суармалы егіншілік дамыған. Қоңыр топырақты орманды — дала белдеуінде (1500 — 2000м) бетеге, боз, бөденешөп, қозықұлақ, қияқ, шоқайна, т.б. өсімдіктермен бірге сиретілген ормандар арасынан көктерек пен Тянь — Шань шыршасын кездестіруге болады. Ақсу, Балдыбілек  және Жабағылы өзендері маңындағы тау жоталарына аршалы орман көрік береді. Бұл жерлерде қара арша, Талас аршасы, т.б. өседі. 2000 метрден жоғары (Қырғыз Алатауы) субальпілік шалғындықта қазтамақ, Гельцер қалампыры, кекіребас, ал альпілік белдеуде альпі қоңырбасы, тау таспасы, тасжарған, қазтабан, қияқтың бірнеше түрі кездеседі. Сондай — ақ, жылдан жылға азайып бара жатқандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» еңгізілген Талас кекіресі, Талас  қайыңы, Қаратау ақшешегі, Қаратау  жыланбасы, Қаратау сетені, Қаратау ырғайы, Қаратау ұшқаты (эндемик), Піскемі жуасы, т.б. өседі.

Жануарлары. Жамбыл облысы — сан алуан жануарлар мен құстардың  мекені. Кәсіптік маңызы бар сүтқоректілерден: артаутеке (тау — тасты, тік жарлы, кұзды жерлерде тіршілік етеді), елік (аршалы ормандарда), марал (жазда субальпілік белдеуде, қыста тоғайлы жерлерде), ақбөкен (Бетпақдала),

қоңыр аю (Батыс Тянь — Шань жоталарында), доңыз (Шу және Талас өзендері аңғарларында) кездеседі. Басқа жырқыштардан – қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аққалақ сияқты терісі бағалы аңдар кең тараған, ондатр жерсіндірілген. Қанаттылардан ұлар, үкі, сақалтай (қозықұмай) шымшық, бұлдырық, т.б. кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесіретке, қалқантұмсық жылан мен сұр жылан бар. Өзендер мен көлдерде алабұға, қарабалық, сазсн, көксерке, табан, қызылқанат балық, жайын тіршілік етеді.

Облыс аумағы, сондай – ақ сирек кездесетін, жылдан – жылға саны азайып, қорғауға алынған, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген бүркіт, ителгі, Қаратау арқары, мензбир суыры, көкқұз, лашын, т.б. құс — жануарлардың мекені. Облыс аумағында Қазақстандағы тұңғыш қорық – Ақсу — Жабағылы қорығы, ақбөкендерінің қысқы мекені – Андасай қорықшасы (зоологиялық) және Ақсай қорықшасы орналасқан.

 

1.3 Жамбыл облысы аймағындағы тарихи- мәдени нысандарға сипаттама

 

      Табиғат адамдардың барлығына ортақ. Ол бір үлкен көрікті музей іспеттес. Сондықтан да табиғат музейінің  қойын-қонышы  мұра –ескерткіштерге толы. Табиғат сүюші адамдар ескерткіш  деген сөзді естігенде әркімнің көз алдына  халық тарихына , оның аңыз-әңгімелеріне  байланысты туған ескерткіштер келеді. Мысалы , Түркістандағы  атақты ахмед Иассауи мавзолейі, Тараз ққаласының маңындағы Айша- Бибі мазары, Аякөздегі Қозы-Көрпеш пен Баян – Сұлу бейіті және тағы басқалар [1].

      Жамбыл  облысы өзінің көптеген ортағасырлық қалаларымен, мекендерімен, көне қорымдары  мен мәдени ландшафтарымен  елдегі ең әйгілілердің бірі. Сонымен бірге археология ескерткіштері мен мәдени ландшафтыларға белсенді жер игеру нәтижесінде толықтай немесе жартылай жойылу қаупі төніп тұр. Табиғи факторлар да осыншама қауіпті.

        Жамбыл облысында  Мерке, Жуалы, Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандары  Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан, бұл аймақта  табиғи, тарихи – археологиялық  және сәулет өнері ескерткіштеріне бай. Мұнда туризмді  дамытудың перспективасы жоғары. Ал Шу, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Мойынқұм аудандары Ұлы Жібек жолы бағытынан қашық орналасқан. Мұнда ескерткіштердің жиілік коэффицент көрсеткіштері төмен болып отыр.

             Жамбыл облысының  әкімшілік аудандары бойынша ескерткіштердің жиілік коэффиценті ең жоғарғы аудан – Мерке ауданы, ал ең төменгі аудан – Мойынқұм ауданы.

          Жамбыл облысындағы тарихи-сәулет және археологиялық ескерткіштерді  туристік мүмкіндіктеріне  қарай төмендегідей жіктейміз:

  1. Республикалық деңгейдегі  маңызы бар ескерткіштер.
  2. Облыстық деңгейдегі маңызы бар ескерткіштер.
  3. Аудандық деңгейдегі маңызы бар ескерткіштер [2]

 

Жамбыл облысындағы респубикалық маңызы бар тарихи-сәулет                     ескерткіштері 

Кесте — №1

Аттары

Мекен-жайы

1

Айша Бибі кесенесі XI-XII ғ.ғ. (Жамбыл ауданы)

Тараздан батысқа қарай 20 шақырым жерде (Айша Бибі ауылы)орналасқан.

2

Бабаджа хатун кесенесі (XII ғ.)

 Айша Бибі кесенесінің жанында орналасқан.

3

Қарахан кесенесі (XII ғ.) (Тараз қаласы.)

Төле би және Байзақ батыр  көшелері қиылысында орналасқан.

4

Дәуітбек кесенесі (XIII ғ.)

Қарахан кесенесінен шығыста орналасқан.

5

 Қали-Жүніс моншасы (XX ғ.)

Байзақ батыр көшесі,38

6

Әбдіқадыр мешіті (XX ғ. басы)

Абай көшесі ,5

7

Әулие –Ата мешіті (XX ғ. басы)

Электрическая көшесі ,24

8

Тектұрмас сәулет кешені (X-XIYғ.ғ.)

Талас өзенінің оң жағалауы,қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

9

Байзақ батыр мавзолейі (2000 ж.) (Байзақ ауданы)

Дихан және сарыкемер ауыл округтерінен  солтүстік-шығысында  4-5 шақырым жерде орналасқан.

10

Өтеген батыр кесенесі (1999ж.)

Қордай ауданы,Өтеген ауылы

11

Сыпатай батыр мавзолейі  (XIX XX ғ.ғ.)

Мерке ауданы, Сыпатай ауылы

12

Шоқай Датқа мавзолейі (XYIII ғ.)

Сарысу ауданы, Саудакент қаласы

13

Бибатыржарма  кесенесі (XIXғ.)

Сарысу ауданы, ескі көшпенді дала  жолы бойында орналасқан.

14

(Ноғай – Ишан кесенесі 1920 ж.           басы)

Талас ауданы, Ойық ауылы

15

Илібай кесенесі (XIX ғ. басы  )

Талас ауданы, Сейілбек ауылы

 

        «Облыста күз айында мәдениет басқармасының қолдауымен  «Жамбылдың жеті ғажайыбы» атты байқау өткізілді. Бұл жобаға өз туған өлкесіндегі тарихи жәдігерлердің  тағдырына бей- жай қарамайтын 10.000 аса адам дауыс берген. Байқау аясында аталған нысандар туралы шығармашылық жұмысқа арналған «Ең үздік әдеби шығарма» (аңыз, әңгіме, мифтік сюжет, очерк, поэма, мадақ, мадақ өлеңдер), «Ең үздік бейнелеу» (кескіндеме , көрініс, сурет, бейне түсіру), «Ең үздік  музыкалық шығарма» (әнұран, өлең, әуен) номинациялары бойынша байқау өткен болатын.  Байқау қорытындысы бойынша  «Жамбыл облысының жеті ғажайыбы» деп —  XI -XII  ғасырларда салынған, Махаббатқа орнатылған мәңгілік ескерткіш «Айша Бибі кесенесі», Ежелгі түркілердің рухани, мәдени  мұрасы «Меркі ғибадатханасы», Қазған сайын құпиясы ашыла беретін, әлемдік өркениет   сахнасына қазақ  өркениетінің мықтылығын дәлелдеген «Ақыртас  сарай»  кешені, Жүректерге имандылық нұрын  құйып, бойға салауат дарытатын «хибатулла Тарази» атындағы орталық мешіті, Ғасырлар сырын шерткен  «Ақ кесене » мұнарасы, Адал махаббатты пір тұтқан, азаттық жолында  тер төккен «Қарахан кесенесі», Жел мүжіп, су шайса да, өңі кетіп , әрі тайса да жеңілмеген «Көлсай» шатқалы танылды» [3].

          Зерттеу жұмысымызды орындау барысында Жамбыл облысының аймағында табиғи ескерткіштерден бөлек тарихи-мәдени ескерткіштердің де тарихи сырларына көз жеткіздік. Бұл мәдени мұраларымыздың ішінен бүгінгі күнге дейін жеткен    ескерткіштерге талдау жұмыстарын жүргіздік.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау  Жамбыл облысы аймағындағы ерекше қорғауға алынған нысандардың қазіргі жағдайы

 

2.1 Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жүйесінің Жамбыл облысы  аймағындағы  қазіргі жағдайы

 

         Табиғат – қоғам  байлығы. Табиғат пен оның   байлықтары Қазақстан Республикасы   халықтарының өмірі  мен   қызметінің, олардың   тұрақты әлеуметтік – экономикалық  дамуы мен әл – ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес.

Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзім пайдаланылуы, өніп — өсіп, артып отыруы адамның қамқорлығын керек етеді. Бұл міндетті ойдағыдай  шешуде ерекше қорғалатын  табиғи аумақтардың рөлі өте зор. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсатында мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлінетін құрлықтағы және су айдындарындағы жер телімдерінің жүйесі. Белгілі   бір аймақтағы табиғатын бастапқы қалпы сақталған немесе адамның шаруашылық жұмыстарының әсерінен әлі де болса өзгере қоймаған құнды экологиялық жүйелерді сақтап қалу және оларды сақтау және оларды қорғау мақсатында ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелер жүйесін қамтиды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қорғауға алынған жерлер экономикалық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.

        Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң алғаш рет 1997 жылы 6 тамызда қабылданған болатын. Елімізде ерекше қорғалатын аумақтардың ғылыми маңыздылығы ескеріле отырып, 2006 жылы 7 шілде № 175 – 111  бойынша екінші рет қайта   толықтырылған  «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заң қабылданды. Осы заңңың  4 —    тарауының 14 бабында «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлері» деп аталатын, еліміздегі республикалық маңызы бар жеке топтары нақты атап   көрсетілген.

Қазақстан Республикасы бойынша 10 мемлекеттік  қорық, 66 қорық қоры, 10 ұлттық табиғи   саябақ, 26 табиғат ескерткіштері бар. Біздің жеріміздің көлеміне шаққанда, қорғалатын жерлер барлық жердің 3 пайызын ғана қамтиды.

      Еліміздегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  құрылу мақсаттарына және қорғалу тәртібінің түрлеріне байланысты мынадай жеке топтарға бөлінеді:

—  мемлекеттік табиғи қорықтар;

  • мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар;
  • мемлекеттік табиғи резерваттар;

—  мемлекеттік зоологиялық саябақтар;

     —  мемлекеттік ботаникалық бақтар;

—  мемлекеттік дендрологиялық саябақтар;

—  мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

  • мемлекеттік табиғи қорықшалар;
  • мемлекеттік қорықтық аймақтар;

—  ерекше қорғалатын ормандар;

 — мемлекеттік ғылыми маңызы бар көлдер;

      — ерекше экологиялық, ғылыми мәдени маңызы бар объектілер.

Мемлекеттік табиғи қорықтар – ерекше қорғалатын  аумақтар ішіндегі ең маңыздысы, ең жоғарғы сатысында тұрған формасы. Мемлекеттік табиғи қорық аумағында сирек кездесетін аңдар, өсімдіктер қорғалады. Оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген биологиялық түрлер сақталады. Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында ғылыми  — зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Көп жылдық практика көрсеткендей, қорықтар  территориясындағы жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмыстары, биологиялық мониторинг нәтижесі арнаулы жылнамада тіркеліп жазылады.

          Табиғи қорық аумағында демалыс  пен туризмге рұқсат етілмейді. Қорықты «табиғи лаборатория» десек, онда міндетті түрде мұражай ұйымдастырылады. Табиғи мұражай экологиялық білім мен тәрбие берудің бірден – бір қасиетті орны.

 

Қазақстанның ерекше қорғалатын  табиғи аумақтары (ЕҚА)

                                                                                                       Кесте-№2

ЕҚА аттары қорықтар

Көлемі

мың га

Қорғайтын нысаны

Орналасу аймағы

Құрылған мерзімі

1. Ақсу Жабағылы

131,9

Талас Алатауы ландшафтары.

 

ОҚО Түлкібас, ауданы және Жамбыл облысының Жуалы ауданы

1926 ж.

2. Алматы

71,7

Іле Алатауы.

Алматы облысы Талғар ауданы

1931 ж.

3. Барсакелмес

16,7

Барсакелмес аралы.

Барсакелмес аралы (Қызылорда облысы)

1939 ж.

4. Наурызым

191,3

Қарағайлар, дала мен көлдер.

Қостанай облысы

Наурызым ауданы

1959 ж.

5. Қорғалжын

258,9

Көл экожүйесі.

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы

1968 ж.

6. Марқакөл

5,0

Оңтүстік Алтай таулы ландшафты.

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы

1976 ж.

7. Үстірт

223,3

Дала ландшафты.

Маңғыстау облысы Ералы ауданы

1984 ж.

8. Батыс Алтай

56,0

Батыс Алтай таулы ландшафты.

Шығыс Қазақстан облысы

1992 ж.

9. Алакөл

19,7

Көл ландшафты.

Алматы облысы Алакөл ауданы

1998 ж.

10. Қаратау

34,3

Таулы ландшафты.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары

2004 ж.

 

  

Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар табиғи және  мәдени кешендер мен объектілерді әрі сақтайтын, әрі демалыс пен туризмді дамытуға мүдделі бірден – бір әр салалы ерекше қорғалатын аумақтар. Ұлттық саябақ территориясында шектеулі шаруашылық табиғатына нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде жүргізіледі. Ұлттық табиғи саябақтар қорғау шараларымен қатар, рекреация дамыған, демалыс үйлері, санаторийлар, туристік базалар салынып, халыққа қызмет көрсетеді. Бұл территорияларды келешекте халықаралық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін терриотория деп тануға болады.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері —   мемлекеттік маңызы бар обьектілерді сақтауға міндетті ерекше қозғалатын обьектілер. Табиғи ескерткіштер: зоологиялық, ботаникалық ормандар, дендрологиялық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақ және ландшафтылық деп бөлінеді. Табиғат ескерткіштері жердің шаруашылық иесінен алынбайды, соның қарамағында қалады.

Шаруашылық түрлеріне тыйым салынады, бірақ білім мен тәрбиеде экскурсия арқылы  пайдаланылады. Ескерткіш аумағында сирек аң құстар сақталмайды, ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізілмейді.

Мемлекеттік заказниктер бірнеше табиғат обьектілерін сақтау мен қорғау мақсатында шаруашылықтың зияны тие қоймайтын түрлеріне рұқсат берілген ерекше қозғалатын  территориялар. Оның аумағында, шаруашылық әрекеттер тоқтаусыз жүріп жатқандықтан, аса ғылыми зерттеу мен биологиялық түрді сақтауға мүмкіндік болмайды.

Зоологиялық саябақтар  жануарларды қатаң қорғауға алатын әрі табиғи ғылыми жұмыс жүргізуге мүмкіндік болатын ерекше қозғалатын аумақ. Саябақ аумағында – жануарларды сақтап, көбейтіп, халыққа көрсетуге бейімделген экспозицялық бөлім, ғылыми бөлім, қоғамдық келушілерге қызмет көрсету бөлімі, әкімшілік және шаруашылық бөлімдері ажыратылады.

Мемлекеттік ботаникалық бақтар өсімдіктер дүниесіне ғылыми – зерттеу мақсатында сақтап, көбейтіп, қорғау мақсатында ұйымдастырылады.   

Бақтарға жер тұрақты кесіліп беріледі, келесі зоналарға бөлінеді: экспозициялық өсімдіктер өсіріліп, келушілерге көрсететін, ғылыми-зерттеу жүргізетін, нарықтық-сирек түрлерді сақтайтын, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық. Сонымен қатар, музей, лекторий, библиотека, мұрағат бар.

Мемлекеттік дендрологиялық саябақтар сүректі және бұталы ағаштардың өсіріліп қорғалатын ерекше қорғалатын аумақ. Дендросаябақтар мемлекеттік және жергілікті маңызы бар деп бөлінеді. Ботаникалық бақтар сияқты, ғылыми, мәдени, үгіт – насихат және оқу-ағарту саласында қолданылады.

Ерекше қорғалатын табиғи орманды территориялар – қорғалу категориясы әр түрлі болатын, экологиялық, ғылыми маңызы зор территориялар.

        Мемлекеттік маңызы бар ғылыми аса құнды табиғи көлдер шипалы-емдік қасиеті бар батпақты-сазды  рекреациялық маңызды көлдер, шекаралас көлдер, ұзақ мерзімді, ғылыми-зерттеу жүргізілетін көлдер, сирек кездесетін су құстары бар көлдер, сел жүріп кету қаупі бар көлдер. Бұл көлдерде шаруашылықтың барлық саласына тыйым салынады, ғылыми маңызы бар болғандықтан, зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі.

       Экологиялық, ғылыми, мәдени және басқа да құндылықтары бар деп танылған табиғат объектілері де ерекше қорғауға алынады. Олардың қатарына төмендегілер жатады:

       — геологиялық объектілер табиғи және жасанды жар қабықтар, тектоникалық   структуралар, сирек кездесетін тау жыныстары, минералдар, органикалық дүниенің қалдықтары;

       — геоморфологиялық объектілер- рельеф түзілуді айқындайтын аңғарлар, үңгірлер, террассалар, каньондар, сарқырамалар сияқты ерекше, сирек кездесетін әрі туризм мен рекреациялық маңызы бар деп танылғандар  ерекше қорғауға алынады;

       — ғажап емдік қасиеті бар жер асты сулары, бұлақтар;

      — археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетін, ертедегі дүниенің материалдық құндылықтары табылған жерлері,тасқа салынған суреттер.

          Жамбыл облысындағы туристік ресурстарды жалпы 3 топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Табиғи – рекреациялық (Андасай, Қарақоңыз, Берікқара қорықшалары)
  2. Тарихи — сәулет ескерткіштері.
  3. Археологиялық ескерткіштер.

         Ежелгі заман ескерткіштері әлі толығымен анықталып біткен жоқ. Алайда осы бір қолда бар асыл мұралар тамырын сонау тереңнен  алатын жергілікті  халықтардың мәдениеті туралы көп мағлұмат бере алады. Өткен ғасырлар мәдениеті  — бүгінгі біздің  мәдениетіміздің іргетасы  болып табылатындықтан, адамзат баласы мыңдаған ғасырлар барысында жасаған құндылықтарды  толығымен сақтап қалу біздің міндетіміз.

       Жамбыл облысы территориясында республикалық маңызы бар табиғи мемлекеттік қорықшылыр тізіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27-ші маусымдағы № 877 шешімімен 3 табиғи қорықша алынды (3кесте). Бұл қорықшалардың жалпы ауданы – 1020570 гектарды құрайды.

  1. Андасай мемлекеттік табиғи-зоологиялық қорықшасы;
  2. «Берікқара шатқалы» мемлекеттік кешенді табиғи қорықшасы;

3.«Қарақоңыз шатқалы» мемлекеттік табиғи – ботаникалыққорықшасы.

 

 

Жамбыл облысындағы мемлекеттік қорықшалар

Кесте-№3 

 Қорықша аты

Ауданы, га

Орны

 1.

 Андасай

 1 млн.

Жамбыл облысы,

Мойынқұм ауданы

 2.

Қарақоңыз

 3070

Жамбыл облысы,

Қордай ауданы

3.

 Берікқара

17500

Жамбыл облысы,

Жуалы ауданы

  1. 1. Андасай мемлекеттік табиғи-зоологиялық қорықшасы – республикалық деңгейде маңызы зор. Оның жалпы ауданы- 1 млн.га. Бұл қорықша Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында орналасқан. Негізінен бұлқорықша жабайы аңдардың санын сақтау және көбейту мақсатында құралып, қызыл кітапқа енген арқар, жейран, дрофтар және 1987 жылдан бері құланды қорғауға алды. 1987 жылы 53 құлан, ал 1990 жылы 64 құлан әкелінді. Сонымен барлығы 117 құлан қорықшаға енгізілді. Андасай мемлекеттік табиғи қорықшасы Мойынқұм Мемлекеттік мекемесінің Орман және жануарлар дүниесін қорғау басқармасының қарауына алынған. Қорықша штаты (тиісті қызмет орны, еңбек ақысы көрсетіліп берілген бір мекеменің қызметкерлерінің саны) 10 адамнан тұрады: қорықша меңгерушісі, аға қорықшы және 8 жай қорықшылар. Тек 5 қорықшылар ғана қорықшыларға арналған кордондарда өздерінің жеке үйлерінде тұрады. Қорықша меңгерушісі мен аға  қорықшы Мойынқұм ауылында тұрады. Жалпы еңбек ақы қоры 156 мың теңгені құрайды. 2002 жылы жабайы аңдарды есепке алу жұмыстарын жүзеге асыру үшін 16,3 мыңтеңге қаржы бөлінеді. Көліктің, жанармайдың және қару-жарақтың жоқтығынан жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау іс жүзінде іске асырылып жатқан жоқ. Бүкіл 2002 жыл бойы қорықшылыр табиғатты қорғау жөнінде бір ғана заң бұзушылықты ашып берді. Қорғау жұмыстарының жоқтығынанқорықшаға кіргізілген құландар біртіндеп азайып барады.1998 жылы – 198 құлан болса,ол 2002 жылы 56 құланға азайып кеткен [17].Табиғи қорықша аумағында,табиғатты қорғаудан  басқа іс-шараларға: 

құрылыс, жол салу, құбыр мен электр жүйесін тартуға жол    берілмейді;   

— геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды алуға шек қойылады

          — жер беттік және жер асты суларын шаруашылық мақсатта  пайдалануға  болмайды;

 — аумағындағы ормандарды кесуге тыйым салынған;

— шөп шабу, шабындық дайындау мен мал жаюға рұқсат етілмейді;

— кәсіптік балық пен аң аулауға тыйым салынған;

— аумағында биологиялық және химиялық, физикалық зиянды            сынақтар жүргізуге болмайды;

         — рұқсатсыз жануарлар, өсімдіктер дүниесін атуға болмайды.

         — арнаулы рұқсатсыз, бөтен адамдардың келіп аралауына тыйым салынады.

           Кеңес үкіметі кезінде, кең даланың киесі осы бір шөл  мен құмның  шекарасы – асыл айнасы аталған аймақ, жер қайысқан киіктердің  жанына жайлы қыстауы боп, тәуелсіздігіміздің  алғашқы қиын жылдары төл табиғаты жан сақтап қалуға  талайға тірек болған осы қорғалымның есімізде жиған дәл бүгінде өткені мен келешегіне көз жүгіртіп, болашағын пайымдап, жастарға тарихын танытпау көп алдында күнә деп ойлаймын. Өйткені кешегісіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ.

         Сонымен қазақ ұрпағына қасірет боп жабысқан «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қанды қырғын заманында, Жамбы тауында  екі жақтың батырлары  бәс тігіп, тау басына ілінген  Жамбыны атып түсіріп, күң болар  қазақ аруын құлдықтан құтқарған, сері де, пері  сол саятшы жігіт жоңғар шапқыншылығында  ерлікпен  қаза табады да, ол оққа ұшқан, осыдан 2.5  ғасыр бұрынғы  табиғаты әсем, аң-құсқа бай қабат-қабат сайлары бар, тарихи аймақ күні бүгінге дейін  сол марқасқа жігіттің атымен  «Андассайы» деп аталып келеді. Бұл да көшпенді қазақ жұртының  елім деген ерлерін  ешқашан ұмытпайтын тектілігінің  бір белгісі еді.

     1966 жылы, № 220 Үкімет қаулысымен  бағалы аң-құстарды қорғау үшін құрылған  осы қорғалымның  жері құмды, қырқа, айдын тақыр, сексеуілді жазық болып келеді. Оңтүстігі  Шу өзені, батысы Құрман шит, Байқара таулары, ал, шығысы Жамбыл тауына  иек артқан, Бетпақдаланың шөліне, Арқаға асар  беліне  орналасқан.  Бұрын Мойынқұм ауданындағы  350 мың бас малға  жетерлік шөп, осы Андасай қорғалымы жерінде  қыста, Шу өзенінен  60 мың гектарға жайылатын көлшік сулардың орнынан  дайындалатын. Қыста мұз басып жататын  осы ойпат, табиғаттың ел үшін өз қолымен жасаған  су қойма – ырысы сияқты сезілетін мұндағы ел – жұртқа.

  Қорғалым аймағында, суы көп, табиғат толысқан жылдары  бауырымен жорғалаушылардың -10, су құстарының -200, тауық тұқымдастарының -12, сүтқоректілердің – 40тан астам түрлері мекендейді.  Мұнда Қызыл кітапқа жазылған  Бетпақдала сылдыр шөбі, Алберт жауқазыны ер жасауға аса құнды  тораңғы ағашы сияқты, бағалы өсімдіктер мен  қарақұйрық, құлан, арқар, шұбар күзен, дуадақтың екі түрі, бұлдырықтың екі түрі, сұңқар, лашын, тұйғын, тазқара, ителгі, қаршыға сынды  сан  түрлі аң- құстар мекендейді.Әлемдегі ең аз, тек  Мойынқұмның  бел құмында ұя салатын, қыстап қалатын, зерттелуі қажет шөл бүркіті де осында. Ауыл  шаруашылығы министрлігі орман, аң және балық шаруашылығы комитеті соңғы жылдары қыруар қаржы бөліп, тік ұшаққа  дейін сатып алынып, кезінде миллиондап көбейіп, кәсіптік жолмен  ауланған, қазір тез көбейтуді қолға алынған  кең даласы киіктердің  Бетпақдала  таралымының бір бөлігі  осы «Андасай» аймағын қыстап шығатын. Қазір бұл бағалы жануарды көбейту шаралары жүргізілуде. «Андасай» қорғалымында, осы өңірдегі  жан- жануарларды қорғап байыту мақсатында бірнеше ғылыми жұмыстар жүргізіліп, бірнеше мамандар ғылыми жұмыстар қорғап, атақ  алғанын айта аламыз.  Мәселен «Андасай » қорғалымында 1963-1965 ж.ж. киік, 1982-1985 ж.ж. құлан, 1996-1967 ж.ж. Шу-Іле , Ұлытау, Қарағанды арқарларының өсіп-өну тегі жайлы ғылыми жұмыстар жүргізілген. Соңғы ғылыми жұмыстың басы – қасында өзіміз жүрдік. «Жұт- жеті ағайынды» демекші, тәуелсіздіктің  алғашқы жылдары, еліміз қиын экономикалық  қиын алып жүрген 60-70 жастағы Құдайбергенов Күнсубай, Қазақбаев Сауыт күн кешіп жатқанда, не  үшін екенін, Бетпақдаладағы қасқырлар күрт көбейген. Сол тұста біздің жігіттер заман талабына сай іскерлік танытып, 1997-1999 ж.ж. Бетпақдаладағы қасқырлардың әрқайсысын 200 АҚШ долларына бағалап, шетелдік аңшыларға пұлдайды. Бұл жас ұрпақты масылдыққа баулу, қарт кісілерге амал жоқ. Ал, тепсе темір үзетін  жас жігіттердің малымды қасқыр жеп барады деп Үкіметке алақанын жайып жылауы ойыңа аталар айтқан:

   Атаңнан үйренбесең ол да қайғы,

Өзі келер өмір жоқ жанға жайлы.

 Қасқырдан малын қорғап ала алмаған,

 Масылдар елін жаудан қорғамайды,- деген сөздерді де еріксіз әкеліп, бойыңды қорқыныш билейді. Жыртқышты жоюдың атакәсібін жастарға үйрету парыз.  Сонда қаржы үнемделеді. Осы Мойынқұмның өзінде қақпан,  иттермен –ақ, жыл сайын талай жыртқыштың жанын Жүрсінбаев Сатылған, Бласов Бердіғұл, Райымбеков Жамбылбай сынды ағаларымызды барша ел біледі. Ол кісілерден неге үйренбеске… Жалақы жоқ, көмексіз қиын шақта, орман шаруашылығының  барын сақтауға қаржы тапсақ, ғылыми негізде Үкімет қаулысымен  Шу-Іле тауларынан атылған кәрі екі арқарға қомақты құн төлейтін шетелдік бай аңшылар тауып, олар сол ғылыми негізде  атылған екі арқар үшін  30000  АҚШ  долларын төлеген еді. Сол кезде құны жоғары бұл қаржы қоры облыстық бюджетке аударылып, талай жандарға зейнетақы, жәрдемақы болып есептелгенін ұмытуға болмас. Болгарияға конкурсқа  барған «Тас Түлек», Мәскеудегі «Табиғат » телехабарын жүргізуші   Дроздов тікұшақпен  ұшып келіп, «102» қорықшылар ауылында, Хантауда түсірілген «Жабайы табиғат», Совет-Герман –Шведтердің, бүкіл Қазақстандағы саятшы – құсбегілердің қатысуымен, қоян, түлкі, шиебөрі, қасқыр, Үкіметтің рұқсатымен  киікке қыран салу жайлы «Дидар» бірлестігі түсірген фильмдерді – елін, жерін, ондағы абзал азаматтардың қарапайым  тірліктерін әлемге танытуға  көп үлес қосқан. Өз басым республикалық «Жігер»  фестивалынің лауреаты атанып, кәсіпқой – натуралист – құсбегі ретінде Америка, Куба, Болгария, Венгрияға шақырылуым, осындай көпке танылған  істердің жемісі деп ойлаймын. Туризм желісімен мұндай істерді алда дамыту парыз болмақ!

          Қорғалымдағы шетелдіктер аса қызығатын  бағалы құстардың  бірі – сұңқар. Негізінен  сұңқарлар көктемде келіп ұрпақ өсіріп, күзгі суықта жылы  жаққа кететін  көшпелі маусымды құс. Ұяларын жартас, тораңғы, биік тауларға салып, 3-5 жұмыртқа туады. Алатыны үйрек, қаз, дуадақ, қоян сияқты аң-құстарды қуып жүріп, теуіп-теуіп құлатады. Сұңқартектестер әр түрлі топқа бөлінеді. Ең қадірлі саналатын, кезінде хас сұлудың орнына  жүрген, хандардың, батырлардың арадағы  мәрттік, бағалы сый тартуына  берген мойылдай қара көзді  Ақсұңқарлар. Мойынқұм – Андасайда, Ақсүйек маңында  теріскейден қайтар кезде  көп мекендейді. Сұңқарлар тау бөктері, Құрман шиті, Байқара, Жамбыл тауы аймағы – «Андасай» қорғалымы аумағының барлық жерінде бар. Қызыл кітапқа жазылып, айырықша қорғауға алынған бұл бағалы қырандар тек  Үкімет  қаулысымен ғана зерттеуге, таспаға түсіруге, аулауға рұқсат болған. Бірақ жас мемлекетіміздің алғашқы қиын күндерін, табиғатты қорғау мекемелерінің сол тұстағы әлсіздігін  пайдаланғысы келген арсыздар, сұңқар  іздеп келген шетелдік байлардың жалдамалы құлдарына ілесіп, қорғалымдағы бағалы сұңқар атаулыны ашық, бізді алдап –арбап, ақшаға сатып, оған көнбеген соң «Өзіңе, отбасыңа қатер төндіреміз»  — деп небір қасіретті  әрекеттермен байлығымызды талап алғысы келген. Сонда жанымызды ойлап жалтақтап, арымызды сатып алданып, материалдық жағдайымыз төмен  тұрса да, қазақ ұрпағы қазақ даласына тән тектілігіміздің  биік тұрғанына  тек өзіміз емес, шетелдік байлардың өзінің де талай таң қалғанын әлі ұмытқан жоқпыз. Қатты қиын, тұс-тұстан қыспаққа алып, жалтарар жер қалмағанда, сұңқарлар жоқ, елсізге апарып, адастырып жаяу қашып кеткен  күндер де болды.

             Қазақстанды ел болады  деуге сол тұста  аузы бармай, талай биліктегілердің  өзі тілін тістеп, басын шайқаған ол күнді  енді құдай қайта келтірмесін. «Сол жылдары  совхоз директорлары  болып істеген, бүгінде зейнеткер Тайғазы Баялиев, марқұм Әшімхан, Әзизхан атты  ағаларымыз  «Бәріміз құлдық ұрып күтіп отырған, ешкімді менсіне  қоймайтын тәкәппар, азуын айға балаған, 20-30  нөкерлері бар араб шейхтарын  жүректерін даулап, ауылдан аластап, қуып шығуға  қалай батылдарың барды, ә-ә . Бұл бір жағы, қазақ жерінің осындай да иелері бар  екенін баршама шетелдіктерге  танытар үлгі, қуанышта болды» деп сан мәрте айтып, жымиятын. Иә, бұл біріншіден, сол тұстағы  қай жағынан да қаруланған  араб шейхтарынан сол кезде материалдық деңгейіміз төмен тұрса да, намысы биік қазаққа тән, қанымызға сіңген тектілігіміздің бір белгісі деп ойлаймын. Екіншіден, дәл осындай  Араб елдерінде біздер осылай жүгенсіздік танытсақ, олардың  сөзге келместен  бір-ақ күнде біздің басымызды қанжығаларына байлайтыны хақ. Сондықтан намыс- жігер, жауапкершілігі бар  қандайда табиғат қорғау  қызметкерлерінің  мұндайда өз елінің заңы мен өз міндетін  терең сезініп, өршіл мінез танытуы да заңды деп ойлаймын. Ал, өтірік алданып, сатылса оған бір Алла таразы. Ерте ме, кеш пе, жаратқанның әр  пендені пейіл-ниеті  мен іс-әрекетіне қарай ,өз орнына қоятыны анық.

            «Андасай» қорғалымында қазір тым азайып отырған жабайы жануар –құлан, шын мәнінде  1986 жылдан бастап  «Андасай» аймағына әкелінген, 1993 жылға дейін 190 басқа көбейген біздегі құландар- бұлар ежелгі жыр дастандарда  айтылатын, әкелеріміз көзін көрген  қазақ құланы емес, жабайы есектер деп ойлаймын. Өйткені біздегі құландар жылқы сияқты кісінемейді, есекше ақырады, еті мұсылманға харам. Ал шын құландар – Пржевальский жылқысы. Пржевальский қазақтан, қазақ құландарынан  кеш жаралған адам екенін бәрі мойындайды. Сонда Пржевальскийден бұрын, жылқы тектес  жабайы бұл жануарлар  қалай аталды? Бұған жауап беретіндер бар ма? Бұрын мұны айта алмады, енді ғалымдарымыз белсенді ой айтатын кез жеткен сияқты. Біз ұрпақты адастырмауымыз керек.

             Иә, жалпы, Қазақстандағы, біздегі жануарлардың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары  күрт азаюының  басты факторлары: 1994 жылғы қатты қыста  Қазақстандағы бар малдың  80 пайызы қырылса біздің жақта 400 мыңға жуық малдың бәрі қырылып, көп малшылар таяқтарын  ұстап қалды  [4].

         «Андасай» қорғалымында  Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдік түрлері: Боризов қызғалдағы, Шу-Іле қандыгүлі, қара сексеуіл, күйреуіктер, ақтікен, тамарикс, кермек, циноморий, сұңғыла, арамсояу, түбіртек, тасбұйырғын, Мейер  шоқ гүлі, Мүсілім сылдыр шөбі, Бетпақдала сылдыр шөбі, Колпаков қызғалдағы.

     «Андасай» қорғалымында Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар түрлері: қарақұйрық, қара ләйлек, қарабауыр бұлдырық, жорға дуадақ, жұртшы, субүркіт, сары жылан, құлан, арқар, қырғауыл, ақбөкен  және т.б [7]

  1. Қарақоңыз ботаникалық қорықшасы- республикалық маңызға ие, ол 1971 жылы 7-ші желтоқсанда Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесінің № 672 шешімімен ұйымдастырылған. Бұл қорықша Жамбыл облысының территориялық Орман және биоресуостар басқармасының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Қарақоңыз мемлекеттік мекемесінің қарауына алынған. Орналасқан жері – Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылы. Қорықшаның Қарақоңыз деп аталуы Қарақоңыз өзеніне байланысты қойылған. Қарақоңыз өзені Қаракемер ауылының батыс жағымен ағып өтеді. Өзен бастауын  Шу-Іле тауларының  шығыс беткейіндегі бұлақтардан алады. Басталғанда тау өзені болып тар  оң жақ саласы болып суын құяды. Өзен режимі  қоректенуіне байланысты өзгереді [8].

 Қорықшаның жалпы ауданы – 3070 гектар. Бұл қорықша мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан. Тау бөктерлері  бөлігінде Іле Алатауының батыс  сілемдері және Қарақоңыз өзен аңғарлары – табиғаттың қайталанбас бірден-бір объектісі болып отыр. Мұнда ағаш кесуге ( тек санитарлық жағдайда), мал жаюға және шөп оруға тыйым салынған. Қорықша аумағында  ағаш егу тек санитарлық жағдайда жүргізіледі. Басқа пайдалану түрлері, сонымен бірге жайылым, шабындық қатаң белгіленген  мөлшерде жүргізіледі. Ботаникалық табиғи қорықшада  қалдық өсімдіктер сақталған. Мұндай алуан түрлілік өсімдіктердің, әсіресе құнды түрлерін- бұталы  ағаш және шөптесін түрлерін анықтап көрсетеді. Мысалы: Семенов үйеңкісі, каркас, алма ағашы, өрік ағашы, шегішін, аққараған, терек, грек жаңғағы, тұт ағашы, емен, тал, алша ағашы, шие, бұталы, айдарлы тал долана және тағы басқалар.

Сонымен қатар, Қазақстанның Қызыл кітабына енген, жойылу қаупі төніп тұрған өсімдіктердің 10 түрі бар. Олар: кәдімгі пісте, Недзвецкий алмасы, жабайы жүзім, гладиолус, күшала, сасыр, жуа, рауғаш, қызғылт радиола, қызғалдақтар мен жанаргүлдердің көптеген түрлері [9]. Қорықша заңдастырылмаған. Қорғау дүниесін мемлекеттік мекемесі 2 орманшы- қорықшыны бекіткен. Қорықшыны пайдалану түрлері:

         — ғылыми;

        — мәдени-ағарту және туризм.

  1. Берікқара кешенді қорықшасы – 1971 жылы 7 желтоқсанда Қазақ ССР Министрлер  Кенңесінің № 672 шешімімен құрылып, 3001 жылы 27 маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 877 шешімімен қайта бекітілді. Жаугершілік заманда жұртты бастап жауға шыққан, тау аңғарында егіншілікке арық қыздырып, елге шарапаты тиген  Берік есімді кедей жігіттің есімімен қойылған атау [8].

Табиғи қорықша  Жамбыл облысы  Жуалы  ауданда  Ленин жол елді мекені мен Билікөл  көлінің оңтүстігінде  Қарабастау елді мекенінен оңтүстік-батыста, ал Құрама елді мекенінен солтүстікте орналасқан. Мемлекеттік орман қоры территориясында Қаратау тау жотасының Берікқара шатқалында аталған қорықша орналасқан. Жалпы ауданы – 17500 гектар. Берікқара кешенді қорықшасы Жамбыл облыстық территориялық орман және биоресурстар басқармасының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Жамбыл мемлекеттік мекемесінің қарауына алынған. Қорықшада ағаш кесуге ( тек санитарлық жағдайда) тыйым салынған,мал жаю және пішен шабу шектеулі.

Табиғи кешенді қорықшада алуан түрлі аса құнды бұталы – ағаш және шөптесін өсімдіктер өсіріледі: соғды шетені –көне тұқымдас, ағаш, бадам, бұйра  тал, трихантимис, каригана, жайылма  арша. Сонымен бірге, мұнда Қызыл кітапқа  енген өсімдіктердің 51 түрі өсіріледі. Олар: Берікқара терегі, кәдімгі пісте, Недзвецкий алмасы, ылғал сүйгіш шаған, қызғалдақтардың бірнеше түрі, жерсабын, рауғаш, жуаның бірнеше түрлері,грейг тюльпаны, әулиеата аққаңбағы, қаратау шөмішгүлі, қаратау ақшешегі, бұдыр кекіре, жабайы жүзім, қаратау сасыққурайы, қаратау томаға шөбі, түбірлі томаға шөбі, қарату жыланбасы, қаратау үшқаты, ірі жапырақты көбенқұйрық, Түркістан гүлкекіресі және т.б. Қорықша территориясында жануарлардың бірқатар түрлері мекендейді: шыбын-шіркей жейтін бұршақ өсімдік  (райская мухоловка) – эндемикті түрі; сұр құр (шіл) –жоғалып бара жатқан түрі; дикобраз-энедемикті (шектеулі) түрі; арқар, қабан, елік, түлкі, қасқыр, қоян, қырғауыл, құр. Соның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар: қара кірпі, жиырерін кең құлақ, үнді жайрасы, арқар, қара ләйлек, жалбағай, дуадақ,  қалың тұмсық шүлдірек торғай, ақбауыр бұлдырық,  жыланбүркіт,  жұртшы, бүркіт, жұмбақ теңбіл, сары жылан және т.б.

          Пайдалану түрлері:

         -ғылыми мақсаттарда;

        -мәдени-ағарту және туризм мақсатында.

Жамбыл облысындағы Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдік түрлері

                                                                                                                  Кесте-№4

Өсімдік атауы

Өсетін жері

1

Сергей жуасы

Қаратауда

2

Боризов  қызғалдағы

Мойынқұмда

3

Грейг тюльпаны

Қаратау, Шу-Іле Алатауында

4

Колпаков қызғалдағы

Шу-Іле таулары

5

Берікқара терегі

Қаратау, Берікқара

6

Витрок рауғашы

Қырғыз Алатауында

7

Бетпақдала сылдыр шөбі

Шу-Іле таулары

8

Мүсілім сылдыр шөбі

Шу-Іле таулары

9

Әулиеата аққаңбағы

Қаратауда

10

Қаратау шөмішгүлі

Қаратауда

11

Қаратау ақшешегі

Қаратауда

12

Недвезский алмасы

Қаратау,  Берікқара

13

Бұдыр кекіре

Қаратау

14

Жабайы жүзім

Қаратау, Боралдай таулары

15

Мейер шоқ гүлі

Мойынқұмда

16

Қаратау сасыққурайы

Қаратау

17

Қаратау томаға шөбі

Қаратау, Берікқара

18

Түбірлі томаға шөбі

Қаратау

19

Қаратау жыланбасы

Қаратау

20

Северцов жалған шөлмасағы

Қырғыз Алатауы

21

Шу-Іле қандыгүлі

Шу-Іле таулары,  Кіндіктас

22

Қаратау үшқаты

Қаратау, Берікқара

23

Ірі жапырақтары көбенқұйрық

Қаратау , Боралдай тауы

24

Түркістан гүлкекіресі

Қаратау

 

                 Жамбыл облысында сирек кездесетін жануарлар түрлері  

                                                                                                         Кесте-№5                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Жануарлардың атауы

Мекендейтін жері

1

Қара кірпі

Қаратау

2

Жиырерін кеңқұлақ

Қаратаудың оңтүстігінде

3

Үнді жайрасы

Қырғыз Алатауы,Шу-Іле-Қаратау

4

Қызыл қасқыр

Қырғыз Алатауы

5

Тянь-Шань қоңыр аюы

Қырғыз Алатауы

6

Орта Азия тау сусары

Қырғыз Алатауы

7

Барыс

Қырғыз Алатауы

8

Қарақұйрық

Мойынқұм, Бетпақдала

9

Арқар

Қаратау

10

Ақ ләйлек

Таластың бойында

11

Қара ләйлек

Шу-Іле таулары,  Хантау, Қаратау

12

Жалбағай

Билікөл,Шудың төменгі ағысында

13

Ақбас тырна

Шу-Іле таулары,Хантау

14

Дуадақ

Қырғыз Алатауы, Қаратау , Билікөл маңы

15

Жорға дуадақ

Шу-Іле таулары

16

Қалың тұмсық шүлдірек торғай

Қаратау маңындағы шөлде

17

Қарабауыр бұлдырық

Мойынқұм, Бетпақдала

18

Ақбауыр бұлдырық

Қаратау маңындағы шөлдерде

19

Жыланбүркіт

Қырғыз Алатауы,Кіндіктас, Қаратау

20

Сақалта

Қырғыз Алатауы

21

Жұртшы

Қырғыз Алатауы, Кіндіктас, Қаратау

22

Бүркіт

Қырғыз Алатауы,Қаратау

23

Ергежейлі бүркіт

Қырғыз Алатауы

24

Субүркіт

Шу бойында

25

Көкқұс

Қырғыз Алатауы

26

Жұмбақ теңбіл

Боралдай тауында

27

Сары жылан

Қордай асуы, Қаратау

 

         Экологиялық туристік маңызы бар нысандарға аңшылық шаруашылықтарды жатқызуға болады. Облыстың спорттық -әуесқойлық мақсатта 33 аңшылық шаруашылық құрылған. Оның жалпы ауданы-110792 мың гектар. Аңшылық шаруашылық жүргізуге құқық беріліп, олардың аңшылық үлестері бекітілген. Жамбыл аңшылар қоғамының гарнизондық кеңесіне -5 аң  шаруашылықтары кіреді.  Жалпы облыста аң аулайтын жерлер ауданы-13903,1 мың га., онда жабайы жануарлардың 37 түрі мекендейді, олардың 135   түрі    Қазақстан   Республикасының   Қ ы з ы л  к і т а б ы н а

 е н г е н.

       Жамбыл облысы аймағында, Республикамыздың басқа да облыс аймақтарында орналасқан қорықтар бар. Олардың қатарына: Ақсу-жабағылы қорығы, Қаратау қорығы, Жусандала қорықтық аймағы жатады.

        Қаратау мемлекеттік табиғи қорық Қазақстан Республикасы үкіметінің арнайы № 249 қаулысы бойынша 2004 жылдың 1 – наурызында ұйымдастырылды. Бұл қорық Тянь – Шань сілемдерінің солтүстік – батысында, Қаратау  тау жоталарының орталық  бөлігінде  орналасқан. Оның жер көлемі – 34300 гектар жерді алып жатыр. Қорық аумағы айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және  Бетпақдала өңірімен шектеседі.

        Қорық аумағының ауа-райы қүрт құбылмалы болып келеді. Жылдық жауын – шашынның мөлшері 300 – 500 мм құрайды. Қаратау тау жотасы солтүстік – батыс бағыты бойынша 420 шқ – ға созылып жатыр. Қорық меридиан бағытымен солтүстіктен оңтүстікке қарай 23,6 шқ- ға, ал ендік бойынша шығыстан батысқа  28,3 шқ – ға созылған. Қорық аумағында көптеген археологиялық ескерткіштер кездеседі. Бұл аймақ ерте кезден бастап – ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір ғасырларынан қалған  мәдени ескерткіштерден ( тасқа салынған суреттер, адам тұрақты, ерекше бейнелі тас мүсіндер және т.б) айқынбайқадады. Бұл жерде  табиғаттың өзі жасаған ғажайып тас мүсіндері кімді болса да таңқалдырмай қоймайды. Мысалы, Түйетас, Хантағы, Кемпіртас және т.б. олар жайлы аңыздардың  өзі де ерекше сыр шертеді.

       Қаратау  қорығы  солтүстік – шығысында Созақ ауданымен, батыс бөлігі Байалдыр және Түйетас өзендерімен шектеседі. Қорықтың  аумағы  арқылы  ұзына бойы Жыңғылшық  өзені ағып өтіп Қарағаш таужотасымен ұласады, ал оңтүстігінен Талдыбұлақ өзені ағып өтеді. Келешекте Қаратау қорығының жер көлемін кеңейту шаралары қарастырылып, оған Созақ ауданынан 14317 гектар жер көлемін қосу көзделіп отыр. Сол кезде Қаратау қорығының жалпы жер көлемі 48617 гектар алқапты құрайды.

        Еліміздің оңтүстік өңірінде ұйымдастырылған Қаратау қорығы  республика  көлеміндегі өсімдіктердің эндемик түрлері өте көп өсетін бірден – бір аймақ екендігін ерекше атап өткен жөн. Бұл қорық аумағында өсімдіктердің 1666 түрі өсетіні анықталған, оның 153 түрі эндемик түрлерге жатады. Эндемик (грекше «endemos» — жергілікті) Жер бетінің белгілі бір аймағында ғана таралған өсімдік немесе жануарлар тұрлері деген ұғымды білдіреді. Қаратау  тау жотасы бұдан бірнеше миллиондаған жыл бұрын Жерорта теңізі мен Тынық Мұхит түбінен көтеріліп пайда болған ең ежелгі тау жотасына жататындықтан, сол өңірдің өзіне ғана тән өсімдік түрлері ( яғни, эндемик түрлер) өседі. Қаратау тау жотасы айналасын шөейтті, шөл, құрғақ далалы өңір қоршап жатқан  эволюция барысында географиялық, биологиялық және экологиялық тұрғыдан оқшауланған шұратты (оазисті) аймақ болып саналады. Қаратау қорығында өсетін өсімдіктердің эндемик түрлері  ондағы кездесетін өсімдік түрлерінің 9 пайызын құрайды, бұл өте жоғары көрсеткіш болып есептелінеді. 1981 жылы жарық көрген Қазақстанның өсімдіктерге арналған Қызыл кітабында Қаратау өңірінде өсетін өсімдіктердің 72 түрі тіркелген. Ондай сирек кездесетін өсімдік түрлеріне – Қаратау рапонтикулы, регель рафидофитоны, грейг қызғалдағы, қаратау көкбасы, қаратау ырғайы, қаратау үшқаты, қаратау лепидолофасы, сиверс, Қаратаудың ақ терегі және т.б. көптеген түрлер жатады. Қаратау қорығының  Берікқара шатқалында дүниежұзінің  ешбір аймағында  кездеспейтін, әрі  халықаралық табиғат қорғау  одағының  (МСОП) Қызыл  кітабына  тіркеліп қорғауға алынған Қаратау ақ терегі  өседі. Бұл араның өзіне Берікқара мемлекеттік қорықшасы деген арнайы статус берілген. Ондағы ақ терек өскен аймақ бар болғаны 8 сотықтай жерді ғана алып жатыр. Ондағы кейбір теректердің биіктігі 25 – 30 метрге жетеді. Бұл теректің қабығы ақ болғандықтан ақ терек деп аталған. Олардың жапырақтары қайыңның жапырағындай  ұсақ болып келеді. Осы ақ теректі  Канаданың бір ғалымы әр төрт жыл сайын арнайы келіп тексеріп тұруының өзі  оның ғылыми  маңызының зор екендігіне дәлел бола алады.

       Қаратау  қорығында сирек кездесетін жұмақторғай, бүркіт, ителгі, қара дегелек, үкі жыланжегі және т.б. аңдар таралған. Осындай  ерекше  табиғи байлықтарына сәйкес  Қаратау қорығы Қазақстанның  ерекше  қорғалатын табиғи аумақтарының ішінде ерекше орын алды.  

     Ақсу –Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы  1926 жылы 14 шілдеде Қазақ Автономиялы  Кеңестік Социалистік  Республикасының Халық Комиссарлар  Кеңесінің және Ресей  Кеңестік Социалистік  Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің  қаулылары бойынша ұйымдастырылды. Бұл табиғи қорық көрнекті  қоғам және мемлекет қайраткері  Тұрар Рысқұловтың тікелей ықпал етуімен  ұйымдастырылған.

      Ақсу- Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 145-150 млн.  Жыл бұрын өскен өсімдіктердің 60-тан астам түрлері және тіршілік еткен  жануарлардың 100-ден астам түрлерінің  тақта тастардағы  таңбалары өте жақсы сақталған.

      Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының атауы осы  табиғи қорық аумағынан  ағып өтетін  Ақсу және Жабағылы өзендерінің атауларымен аталған.

          Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының аумағы  өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді және мұндағы өсімдіктердің  түр-құрамы  ғылыми тұрғыда жақсы зерттелген .Соңғы кездегі  ресми ғылыми деректер бойынша  бұл табиғи қорық аумағында  өсімдіктердің 1737 түрі тіркелген. Олардың ішінде саңырауқұлақтардың -235 түрі, қыналардың -66 түрі, балдырлардың-63 түрі, мүктектестердің -63 түрі  және жоғары стаыдағы өсімдіктердің -1312 түрі өсетіндігі анықталған.

             Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында көне геологиялық замандардан сақталған  реликті түрлерге – карелин талы, кавказ таудағаны,илік тілікжапырақ,саумалдық, Семенов үйеңкісі, іріжапырақты қаратау сетені,регель тарбақайы т.б. өсімдік түрлері жатады.

           Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында еліміздің басқа аумақтарында кездеспейтін, тек қана осы өңірдің  өзіне тән эндемик өсімдіктеріне —  иілгіш қияқ, түйірлі текек, культиясов батаны, масальский қандыгүлі, павлов жыланбасы, салалы томағашөп, нурания сабынкөгі, талас сарыандызы, ғажап сүтжапырақ және т.б.  өсімдік түрлері өседі.

          Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өсетін  арша ағаштарының 3 түрінің де су және топырақ қорғаудағы  ерекше маңызы ескеріліп ,бірінші санаттағы топқа жатады.

           Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының  аумағында кездесетін өсімдіктер жамылғысын маман ғалымдар  ірі 4 топқа бөліп қарастырады:

     — Бұталар мен ағаштар;

     — Шөптесін өсімдіктер;

    — Тікенекті бұталар;

    —  Жартастар мен сусыма қорым тастардағы өсімдіктер.

           Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында  сирек кездесетін өсімдіктердің 7 табиғи бірлестіктері бар:

 -Мәңгі жасыл  қылқан жапырақты орман  ағштарының бірлестігі;

 — Жалпақ жапырақты орман ағаштарының бірлестігі;

 — Тоғайлы ағаш  және бұта өсімдіктер бірлестігі;

  -Қалың өскен  шөптесін өсімдіктер бірлестігі;

 — Дала өсімдіктерінің бірлестігі;

 — Жартастар мен қорым тастардағы өсімдіктер бірлестігі.

           Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының  аумағы жануарлар дүниесіне де бай өлке. Мұндағы омыртқасыз жануарлардың  түр құрамы толық зерттелмеген. Дегенмен де, мұнда ұлулардың -55 түрі анықталып, оның  5 түрі   тек осы өңірге ғана тән  эндемик  түрлер екендігі дәлелденген. Қорық аумағында әзірше  насекомдардың  2500-ге жуық түрі тіркелген.        Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында  кездесетін омыртқалы жануарлардың  түрлері толық анықталған. Ресми ғылыми деректер бойынша  мұнда балықтың – 7 түрі, қосмекенділердің -3 түрі, жорғалаушылардың —  11 түрі, құстардың – 267 түрі және сүтқоректілердің -52 түрі кездеседі.

            Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында өте сирек  әрі тіршілігі толық   зерттелмеген түрлерге  қосмекенділерден  — даната құрбақасын, жорғалаушылардан – сарықұрсақты аяқсыз кесірткені  және қызылжолақ қарашұбар жыланды атауға болады. Олар Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) тіркелген.

           Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында құстардың 130 түрі ұя салып, балапан өрбітеді, ал қалған 137 түрі қоныс аудару кезінде қорық аумағында аялдап өтеді. Мұнда кездесетін шәкілдек тартар  мен аққанатты  тоқылдақ  ғаламдық деңгейдегі жойылып кету қаупі төнген құс түрлері ретінде  ХТҚО-ның және 11 түр  Қазақстанның Қызыл кітабына  тіркелген.

          Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында кездесетін сүтқоректілердің 52 түрінің 10 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген . Олардың арасында ілбіс, көксуыр және сілеусін  ХТҚО-ның   Қызыл кітабына тіркелген.

         Қазіргі кезде еліміздегі маман ғалымдар Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығына биосфералық қорық мәртебесін беруді бір ауыздан ұсынып келеді.Өйткені, бұл табиғи қорық орналасқан Батыс Тянь- Шань тау тізбектерінің  табиғат байлықтары  тіпті ерекше екендігі  сол аумақта өсетін  реликті және эндемикті  өсімдік түрлерінен айқын байқауға  болады.

          Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жабайы қызғалдақтардың сан алуан  түрлері өсетіндігі анықталған. Ондағы сабағы ең жуан  әрі ұзын  қызғалдақ грейг қызғалдағы деп аталады. Грейг қызғалдағы – Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорғының символы болып белгіленген [5].

 

2.2 Жамбыл облысы территориясындағы ерекше қорғауға алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің зерттелу деңгейі

 

            1998 жылдың ақпанында  ҚР Президентінің №3859 Жарлығымен  ҚР «Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттердің  мәдени мұрасының  мазмұны мен дамуы, туризмнің  инфрақұрылымын  жасау» Мемлекеттік бағдарламасы  бектілді.

       ҚР Президентінің  28.12.1999 жылғы №316 Жарлығымен  2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды.

         Бұл мәселелер  халықаралық қауым мен ұйымдастырушылық қызметтерінің, ең алдымен ЮНЕСКО-ның назарына ілікті.

       Мәдени мұра мен оған деген  тура көзқарас  қазіргі заманғы әлемде қоғамның  өркениеттілігінің  көрсеткіші ретінде қаралады. Бұл заң шығарушылық жағдайға да, адамгершілік ниетке де қатысты.

       Мәдени мұраға  Қазақстанда  көзқарас ерекше.

       2003 жыл мәдениеттің  дамуындағы жаңа кезең болды. Жылдың маңызды оқиғасы –Президенттің жыл сайынғы халыққа  Жолдауында  кезек күтірмейтін міндеттер қатарында тарихи – мәдени мұраны  зерттеу мен сақтау мәселелері де жатқызылды.

           2004-2009 жж. «Мәдени мұра»  Мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру, тарихи – мәдени мұраны  зерттеу, сақтау  мен пайдалану ісінде айрықша ілгерілеу жылдары болды .

          Бағдарламаға сәйкес зерттеуге ұсынылған,  оның ішінде ауқымды  қазба жүргізілетіндері де бар археологиялық нысандар,олардың маңыздылығы мен бұрын біршама  зерттелгеніне қарай  таңдалып алынды. Бұлар маңызды – тарихи-мәдени  құндылығы бар және халықтың генетикалық жадында ерекше орын алған,болашақта Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енуге ұсынылатын эталонды ескерткіштер.

        Бағдарлама бойынша зерттеулер кешенді жүргізілуі керектігі сөзсіз. Қазба жұмысынан кейін қазылған нысандарды консервациялау мен қайта қалпына келтірудің  және оларды музейлендіру жобасын дайындайтын  шараларды іске асыру қажет.

        Музейлендірілген ескерткіштер қазақстандық ішкі және халықаралық туристік маршруттардың  жүйесіне енгізілуі тиіс және енгізіліп те жатыр, олар дамып келе жатқан туристік инфрақұрылымның өзіндік орталықтары болуы тиіс.

        Бағдарламаны жүзеге асыру үшін төмендегідей концептуалды жарғылар анықталды: мәдени мұраны елдегі интеграциялық үрдістердің  маңызды факторы, ұлттық және мемлекеттік сана – сезімді қалыптастыратын компонент деп қабылдау; Қазақстан халқын туған  тарихын ,оның мәдени мұрасын сүюді, оны бағалауды және аялап сақтауға  тәрбиелеу ; археология, архитектура, көне өнер ескерткіштері халықтың асылы болуы тиіс, өйткені олар ұлттың рухын сақтайды.

       Осы жарғылар негізінде ғылыми қазбалар мен зерттеулер жүргізілді; жинақталған материалдар срапталды, металлургтердің  Ақсу мекенжұрты, қола дәуірінің  ежелгі Кент қаласы, сақтардың  Шірікқбат  қаласы, Берел,  түркілердің  мерке ғибадатханасы, Отырар мен Қаялық қалажұрттарын консервациялау мен  музейлендіру жұмыстары жоспарланды, Алматы мен Шымкенттің археологиялық ескерткіштерінде ауқымды жұмыстар  басталды.

        1893-1894 жж. Шымкент-  Әулиеата – Мерке –Піспек – Ыстықкөл – Верный  маршруты бойынша ғылыми  сапарда болған В.В. Бартольд Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың тарихымен археологиясын зерттеуде маңызды рөл атқарды. 1894 ж. Жарияланған есепте  ол ортағасырлық жазба деректердің жиынтығын берді, тарихи очерк жазды және археология мен архитектураның  ең қызықты ескерткіштерін, оның ішінде  Шу мен Талас алқаптарындағысын, Тараздың көне қалажұрттарын, Ақыртас кешенін, Түймекент пен  Құлан қалажұрттарын сипаттады. Ғалымның ғылыми ықпалында 1895 ж. Ташкентте құрылған  Археология әуесқойларының Түркістан  үйірмесенің жұмысы да жүріп жатты. Бұл үйірменің мүшелері өлке администрациясының  өкілдері, оқу орындарының директорлары  мен оқытушылары, шенеуніктер, әскерилер болды.  Олардың санатында  Талас және Шу алқаптарының ескерткіштерін ашушы және зерттеушілері            В.А. Каллаур, В.П. Лаврьентев, Н.П. Остроумов, А.А. Диваевтар болды. Көнені зертттеуде әсіресе В.А. Каллаур көп еңбек сіңіріп, бай ғылыми мұра қалдырды, Оның көптеген мақалалары ортағасырлық қалалардың орнын анықтауға, қалажұрттардың, қорымдардың, тас мүсіндердің  сипатына арналған. Көне түркілік  руникалық жазуларды ашу мәртебесі  де оған  бұйырды. Ол архитектуралық ескерткіштерге  де көп көңіл  бөлді, П.И. Лерх пен В.В. Бартольд келтірген  Ақыртас  сипаттамасын толықтырды, Айша бибі мен  Бабаша Хатун кесенелерін, Ұлы Жібек  жолындағы көне қалалар мен мекендерді, Тектұрмас  тауындағы және  Таластың төменгі ағысындағы  архитектуралық құрылыстарды, тас мүсіндер мен көне түркілік  руникалық жазбаларды сипаттады. 

           Түркі ескерткіштерін зерттеу және сақтау жөніндегі кешенді археологиялық зерттеулер Шу өзенінің алқабындағы  Мерке және Жайсан  ғибадат орындарының мемориалдық кешендерінде жүргізілді. Мерке ғибадат орны  мерке өзенінің жоғарғы ағысындағы  биік альпілік  жайылымдарда орналасқан, Жайсан ғибадат орны  Мерке ғибадат орнынан 120-140 км. Солтүстікте, Шу- Іле тауларыныің солтүстік – батыс бөктерінде, жазық далалық бөлігінде  орналасқан [6].

         Жамбыл облысыныда  Мерке, Жуалы, Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандары  Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан, бұл аймақта  табиғи, тарихи – археологиялық  және сәулет өнері ескерткіштеріне бай. Мұнда туризмді  дамытудың перспективасы жоғары. Ал Шу, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Мойынқұм аудандары Ұлы Жібек жолы бағытынан қашық орналасқан. Мұнда ескерткіштердің жиілік коэффицент көрсеткіштері төмен болып отыр [2].

          Жамбыл облысының аудандарындағы орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді салыстырмалы түрде зерттеу жұмыстары төмендегідей нәтиже берді. (№6 кесте)

Жамбыл облысы аудандары  бойынша ескерткіштер саны (2010)

Кесте — №6

Әкімшілік аудандар

Ескерткіштердің саны

1

Байзақ ауданы

105

2

Жамбыл ауданы

93

3

Жуалы ауданы

85

4

Қордай ауданы

170

5

Т.Рысқұлов ауданы

95

6

Мерке ауданы

145

7

Сарысу ауданы

84

8

Шу ауданы

97

9

Талас ауданы

89

10

Мойынқұм ауданы

81

 

          Жоғарыда кестеде келтірілген мәліметтер бойынша Жамбыл облысының аудандарындағы ескерткіщтердің орналасу деңгейі туралы мәліметтер берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы аудандары бойынша ескерткіштер санының орналасу деңгейі

 

1-сурет

          Сонымен қатар облыс аймағында жүргізілген жұмыстар негізінде «Жамбыл облысының жеті ғажайыбы» жобасының қорытындысы бойынша мына ескерткіштер анықталды:

  1. Айша Бибі кесенесі
  2. Меркі ғибадатханасы
  3. Ақыртас сарай кешені
  4. Һибатулла Тарази атындағы орталық мешіт
  5. Ақ кесене мұнарасы
  6. Қарахан кесенесі
  7. Көксай шатқалы

           Айша Бибі кесенесі-ортағасырлық  сәулет өнері ескерткіші. 12.ғ. салынған. Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан. Кесене құрылысын 1897 ж. В.А. Каллаур, 1938-1939 жылы  А.Н. Бернштам  бастаған КСРО  ҒА Қазақ  филиалының тарих және материалдық  мәдениет экспедициясы, 1953 жылы  Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген. Күмбезді Қарахан салдырған. Бірақ кесенені  салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7.6*7.6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Батыс қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында  сүйір арқылы текше жасалынған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы  шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы  көгеріс өрнекпен  әшекейленген мығым блок болып келеді.

       Кесене құрылысынан  Әмір Темір дәуіріндегі  сәулет өнерінде  үлкен  орын алған портальды – тақталы дәстүр айқын аңғарылады. «Қазақ жобалау –қалпына келтіру» институты  Айша бибі кесенесін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана  ескерткішті қалпына келтірді [9].

           «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша  ғасырлар қойнауынан бүгінге қалпын бұзбай, сән-салтанатын  жоғалтпай жеткен сәулетті мұраның  уақыт «мұжыған», жел «жеген» тұстары қайта өңделіп, жөнделгені жұрттың жадында.

         Мемлекеттік қамқорлыққа алынған орынның бүгінде маңызы артып, жыл өткен сайын айналасы  абаттандырылып, қосымша құрылыстар  жүргізіліп, кешенді жүйеге көшіріліп келеді.

          Құрылысты «Жасұлан және К» компаниясы жүргізді. Біткен істің  ашылу салтанатына облыс әкімі Қанат Бозымбаев арнайы қатысып сөз сөйледі. Ол көнеден келе жатқан  көрнекті ескерткіш – адалдық пен махабаттың символы, мұнда келіп зерттеу жұмысын жүргізген күллі әлемге белгілі ғалымдар кесене қабырғасына жазылған  «Күз. Сүмбіле» сөздерін оқып, кірпіштердегі еш жерде кездеспейтін ою-өрнекке таңырқағанын айтты [10].

        Меркі ғибадатханасы – Қазақстандағы орта ғасыр түркілерінің  мәдени- ғұрыптық кешені. Меркі ауылынан оңтүстікке қарай 38 км жерде, биік тау үстіртінде, Меркі өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан.  Аралтөбе, Қасқасу, Сандық, Ұлысай, Шайсандық ескерткіштері Меркі  ескерткіш –кешен тобын құрайды. Ғылымда Меркі ғибадатханасы деп аталатын  кешен- Меркі өзенінің аңғарынан басталып, таулы қыратқа дейін көтерілетін 250 км жерді алып жатыр. Меркі ғибадатханасын тас мүсіндер мен балбалдар құрайды. Түркілердің  мәдени- ғұрыптық  танымы бейнеленген кешен археологиялық  жұмыстар нәтижесінде  Қазақстанның  бірегей табиғи- тарихи мұрасы  ретінде танылды. Меркі ғибадатханасы – орта ғасыр түркілерінің  танымын, өмір сүру салтын, болмысын айқындайтын ірі ескерткіш-кешен.

          Ақыртас – Қазақстандағы ежелгі құрылыс орны. Тараз қаласының шығысында 40 км жерде орналасқан. Құрылыс материалдары  тас және пішімі  малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған.

            Қорғанның төрт қақпасы бар, біреуі солтүстігінде,  үшеуі оңтүтігінде. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегіне топтастырыла салынған  қызмет көрсететін  жән шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады. Ауланың түпкі жағында  ақыртас иесінің  жатын және қонақүйі орналасқан. Солтүстік есік жақтағы үйлер қызмет етеін   адамдар мен күзетшілерге , бір бөлігі ат қораға арналған. Су қоймасы бар орталық аула , қорған әскерлерінің алаңы, жарлықтар жарияланатын арнаулы орын немесе діни рәсімдер атқарылатын орын  болған.

            Сәулетші Т.К. Бәсеновтың  жазуына қарағанда  Ақыртас  салынып бітпей қалған  ірі бек сарайының иесі. 1996 жылы зерттеулер барысында  Қазақстан және Франция ғалымдары  Ақыртас 8-12 ғасырларға жататын  Керуен сарайдың орны болуы мүмкін деген  тұжырымға келді [9].

         Ақыртас сарай  кешенінде кешенді зерттеу жұмыстары елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қолға алынды. 2004-2006 жылғы зерттеу кезеңінде Ақыртас  сарай кешенінің 1 бөлігі аршылды. 2006-2008 жылдары аршу жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілді. Қазба жұмыстары барысында өте құнды мәліметтер жинақталды.

          Қазіргі таңда Ақыртас сарай кешеніне 2011 жылы электр сымдары тартылып, Ақыртас музейі ашылды. Бұл өз кезегінде көптеген туристердің  тамашалайтын орталығына айналуына себепші болды. Ендігі мәселе туристердің  кешенді аралау барысында бақылау  шараларын күшейту қажеттігі туындап отыр. Сонымен қатар кешеннің тазалық жағдайына көп көңіл бөлуді қажет етеді [11].

            Һибатулла Тарази мешіті — Тараз қаласы, Төле би көшесінің бойында орналасқан орталық мешіт болып табылады.  Мешітті салу бастамасын Тараз қаласының тұрғындары өздері көтерген. Бірнеше жыл бойына құрылысы тоқтап қалған мешітке соңғы жөндеу жұмыстары 2011 жылдың жаз айларында жүргізілді. Мешіт айналасы қоршалып, жасыл желектер отырғызылды. Мешітті қайта жөндеу жұмыстарына  жастарды жаздық жұмыспен қамтамасыз ететін  Студенттердің құрылыс жасақ отрядтары да ат салысты.

      Күмбездері алыстан көз тартатын мешіт екі қабатты зәулім болып келеді. 1500  ге жуық мінәжат етушілерді бір уақытта қабылдай алады. Жұма күндері мешіттің іші- сырты жамағатқа толы болады.

           Ақкесене – ертедегі қамал-қаланың орны. Талас ауданы, Үшарал мекенінде ороналасқан. Алғаш 1986 жылы археолог В.А. Каллаур зерттеген.

           Жобасы төртбұрышты, көлемі 100*100 м, айналасы дуалмен қоршалған. Солтүстік – батысында шикі кірпіштен салынған мұнара бар, биіктігі 9 м. Қазба жұмысы кезінде табылған заттай деректер мен қалану әдісіне қарағанда дуал 18-19 ғасырлада салынғанға ұқсайды. Ал, қамал одан бұрын, 12-13 ғасырларда тұрғызылған. Бірақ табылған материалдар  өте аз болғандықтан, бұл мерзімдерді дәл деп айту қиын [13].     

          Қарахан кесенесі- Қазақстанда 11 ғасырдан  сақталған сәулет өнері ескеркеткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан  белгілі хан  Ша- махмуд Бұғра  Қарахан  қабірінің  басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің  төрт қабырғасы мен  жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың  90-жылдарына дейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі  Ташкент ишаны  Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқы салынғанына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің  өрнектеліп қалануы жағынан  Бұқарадағы ортағасырлық  Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден  және үш кіші бөліктен  тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында  екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңтүстіктен солтүстікке қаратыла қойылған. Кірер есігі арқалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы  кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын  қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.  

         Көксай шатқалы Жуалы ауданының территориясында орналасқан. Табиғаты әсем бұл аймақ туристердің қызығушылығын  өзіне аударуда. Осы мақсатта 2010-2014 жылдары жүзеге асырылатын, құны 2 068 миллион теңгені құрайтын, «Бәйтерек саяхат орталығы» дайындаған  «Көксай» тау шаңғы базасын құру бизнес жоспары. Жобаның басты мақсаты – жаңа, сапасы жоғары  және халықаралық стандартқа сай  инфрақұрылымы бар, туристердің  сұранысын толыққанды қанағаттандыра алатын  туристік кешен құру [14].

 

  • Жамбыл облысы территориясында ерекше қорғауға алынған нысандарда орын алған  мәселелерді шешу жолдары

 

   Ғаламдық проблемалардың қатарына еніп отырған қоршаған ортаны қорғау мәселесі аса күрделі, кезек күтпейтін мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені Қазақстан кең байтақ жері бар, табиғи байлығы мол мемлекеттердің бірі. Табиғи ортаны қирату және табиғат байлықтарын аяусыз игеру арқылы қоғамның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Экономикалық мүдде экологиядан басым түсіп жатқан жағдайда аймақтың минералдық шикізат қорларын жеделдете игеру облысымыздың экологиялық ахуалына кері әсерін тигізбей қалған жоқ.  

2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында Елбасымыз «Біздің табиғи ресурстарымыз – орасан зор байлық. Жер қойнауының байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі. 2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінәратсыз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады» деп ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру бағдарламасын белгіледі. «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы “Қазақстандық жол – 2009” кешенді бағдарламасында елдегі экологиялық жағдайларды  сауықтырып, ұлттың денсаулығын жақсартуға бағытталған ауқымды іс — шараларды жүзеге асыру көзделген болатын. Алайда, осы қабылданған іс – шараларға қарамастан бүгінде еліміздегі экологиялық жағдай өткір де, өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

 Болашақ ұрпаққа оларды  кемеліне келтіріп табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше. «Табиғат лабораториясы» атанған бұл қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге  жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар көрікті орындары  да сол қалпында сақталады.

 Республикамызда табиғат ресурстарының игерілуі, ауыл шаруашылығы мен өндірістің дамуы мен жануарлар  мен табиғатқа елеулі  кері әсерін тигізді. Соның нәтижесінде көптеген  жануарлар түрі өзгерген  ортаға бейімделе алмай саны сиреп кетті, ал кейбір табиғат ескерткіштерінің  ғылыми маңызы мен құндылығы төмендеді.

 Бүгінгі таңда Қазақстан зоолог ғалымдарының  есебі бойынша  республикамызда қазір аңның 31, құстың 43, бауырымен жорғалаушылардың

8 түрі, қосмекенділердің  бір түрі және балықтардың сирек кездесетін төрт түрі күрт азайып, өмірден мүлдем құрып кету қаупінде. Сондықтан қайткен күнде де оларды қорғап қалу  жайында үлкен мәселе қойылып отыр. Бұл мәселені жедел шешкеніміз жөн. Біздер өткен кемшілікті қайталамауға тиіспіз, өйткені біздер  Қазақстанның территориясынан тарпанды, Пржевальский жылқысын, жолбарысты, тағы басқа  бағалы аңдарды жоғалтып алғаны үшін  өткен ұрпақтарды кінәлайтын болсақ, ал қазіргі ұрпақтар біздерге жұпарды, қарақұйрықты, арқарды, тағы басқа өте сирек кездесетін аңдар мен құстарды жойып алғанымыз үшін ренжіп жүрмесін. Мұндай аса сирек кездесетін жануарларды қорғап қалудағы қазіргі қорықтардың  рөлін айтып жеткізу өте қиын. Сондықтан да соңғы кездердегі республика қорықтарының  тиянақты жұмыстарының нәтижесінде көптеген аңдар мен құстардың  саны өсе түсуі қажет және табиғаттың, өзі салған ескерткіштері сол қалпында толық сақталуда.

       Республика қорықтарындағы табиғат қорғау идеясын  көпшілік қауымға таратуда  «Табиғат мұражайларының» атқаратын рөлі зор. Әрбір табиғат мұражайының жанында экскурсия бөлімі жұмыс істеуі ауадай қажет.  Олардың қызметкерлері бұқара арасында  лекция оқып, әңгіме жүргізіп, радио мен теледидар арқылы, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізсе нұр үстіне нұр болар еді.

        Республикамызда жер құнарын, орманның әсем келбетін, өзендер  мен көлдердің мөлдір сәулетін, хайуанаттар  тіршілігін, өсімдіктер дүниесін қымбат қазынадай қастерлеп сақтайтын  бірнеше қорық  ұйымдастыру – бүгінгі күннің талабы. Кезінде Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының  «Табиғатты қорғау  және оның ресурстарын  тиімді пайдалану» проблемасымен айналысатын  ғылыми кеңесі  жұмыс істеді.  Ғалымдар келешекте республикамыздың  барлық географиялық  аймақтарын қамтитын 21 қорық ұйымдастыру керек деген ғылымға негізделген қорытындыға келді.

        Міне, мемлекеттік қорықтар  жүйесін кеңейту  мақсатындағы  осындай жұмыстар  іс жүзіне асырылған жағдайда бұл саладағы игілікті істер де жыл өткен сайын жаңғыра  бермек [1].

         Өткенімізге ой жүгіртіп, болашағымызды болжаттыратын, көненің көзі, тарихтың сөзі іспеттес жауһар жәдігерлерді әспеттеу бүгінгі күннің басты талабы.

         Өз заманының озық ойлы, ісмер қолды хас шеберлерін айғақтап, арғы-бергісінен хабардар ететін тарихи орындар облысымызда көптеп саналады. Қазіргі таңда осы мұраларға бақылау шараларын күшейту және жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Халыққа арналған Жолдауында «Табиғи ресурстарды үнемдеу мен ұтымды пайдаланудың технологиялары мен бағдарламаларын енгізуді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды оңтайлы ұштастыру қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырған жөн екендігін атап көрсетті. Осы бағыттағы шараларды қолға алу бүгінгі күннің басты талабы.  

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Жамбыл облысы аумағы  батысы Арал теңізімен, шығысы Жетісу (Жоңғар) Алатауымен шектелетін Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Облыс территориясы 144,2 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Өлкенің  90 % жазық, ал 10   %  таулы болып келеді.

        Облыстың қоңыржай климаттық  белдеуде  орналасуы, климаттың шұғыл континенталды және құрғақшылықты болып қалыптасуына әсер етеді.

        Жер бедері  мен ауа райының әр түрлі болуы жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне жағдай жасайды. Жазықтарда  300 түрлі биік тауларда, 700 түрлі өсімдік түрі тіркелген. Кәсіптік маңызы бар тауарлардың 40 түрі мекендейді.

       Облысымызда табиғаттың бастапқы  қалпы сақталған, адамның шаруашылық әсерінен әлі де болса өзгере қоймаған құнды экологиялық жүйелерді сақтап қалу және оларды қорғау мақсатында ерекше қорғауға алынған аймақтар ұйымдастырылған. Олардың қатарына Андасай  мемлекеттік табиғи  зоологиялық қорықшасы; «Берікқара шатқалы» мемлекеттік кешенді табиғи қорықшасы, «Қара қоңыз шатқалы» мемлекеттік табиғи – ботаникалық қорықшасы кіреді.

        Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау  және байыта беру мәселесіне қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде айрықша мән беріліп отыр.

           «Гүлденген өлке» деген қарапайым, баршаға белгілі ұғым бар. Адамдардың білімі, тәжірибесі, олардың табиғатқа жақындығы, оған деген сүйіспеншілігі шын мәнінде кереметтер жасаған  жерді осылай атайды.

        Сондықтан адам табиғат байлықтарын барынша қорғап, болашақ ұрпаққа оларды жақсартылған күйінде табыс етуі үшін қолдан келгеннің бәрін істейтіндігі сөзсіз. Бұл маңызды іске Қазақстандықтар өздерінің зор үлесін қосып келеді.

         Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының тез қарқынмен дамуы, ғылыми – техникалық прогрестің шапшаңдай түсуі, республика ғалымдары алдына үлкен міндеттер қояды. Өлкеміздегі табиғи ресурстарды қорғап, тиімді пайдалану  үшін қазіргі өмір талабына сәйкес оларды терең зерттеу қажет. Сонда ғана онда болып жатқан алуан түрлі құбылыстарды  түсініп, табиғат қорғау  проблемасын шешудің  кейбір жолдары белгілі болады. Әсіресі, еліміздің  байлығын пайдалану  жылдан-жылға  қанат жайып отырған  қазіргі заманда табиғатта болып жатқан өзгерістерді салыстырып байқауда қорықтардың алатын орны ерекше.

           «Табиғат лабораториясы» атанған қорықтарда  тек саны азайып, құрып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер дүниесі  ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің даңққа бөленген ғажайып сұлу, көрікті орындары да құлпыра түседі. Мұнда ұзақ жылдар бойы  табиғат комплекстерін  табиғи жағдайда  ғылыми-зерттеу, «табиғат жылнамаларын» жүргізу, қорғауға алынған  жануарлар мен өсімдіктерді  есепке алу әдісін жетілдіру, оларды халық  шаруашылығына  пайдалану жолдарының ғылыми негіздері  жүзеге асырылады.

      Міне, осындай шараларды жүзеге асырғанда ғана табиғат байлықтарын қорғау жөніндегі алға қойған үлкен міндеттерді орындап шығамыз. Табиғатты қорғау, көздің  қарашығындай сақтауда қолдан келген шараларды жүзеге асыру – ардақты міндет, әлеуметтік маңызы бар келелі мәселе.

          Табиғи ортаны қирату және табиғат байлықтарын аяусыз игеру арқылы қоғамның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Экономикалық мүдде  экологиядан басым түсіп жатқан жағдайда аймақтың минералдық шикізат қорларын жеделдете игеру облысымыздың  экологиялық ахуалына кері әсерін тигізбей қоймайды.

       Жамбыл облысы территориясындағы экологиялық тепе – теңдікті  сақтау, жоспарлы, дәйекті және мақсатты жүргізілген табиғат қорғау шараларын жүргізу арқылы мүмкін болады. Ғылыми – техникалық,  экономикалық даму, өндірістік өрлеу қоршаған ортаға өз залалын тигізбей қоймайтыны анық. «Бүгінгі және келешек ұрпақтың дамуы мен қоршаған ортаға қатысты қажеттері әділ ескеріле отырып қана, дамуға деген құқық жүзеге асырылуы тиіс» — деп қоршаған ортаға және тұрақты дамуға қатысты  Рио – де – Жанейро декларациясында қабылданғандай, табиғатты қорғау — әрбір адамның парызы болуы тиіс.

          Дипломдық жұмысымызды қорытындылай келе зерттеу нысаны бойынша орын алған жағдайларды шешу мақсатында  мынадай ұсыныстарды алға тартамыз:

  1. Облыс аймағындағы тарихи, мәдени, табиғи нысандарды тереңірек зерттеу жұмыстары жандандыру керек;
  2. Табиғат ескерткіштерінің географиялық орны нақты анықталып карта бетіне түсіру жұмысын жүргізу қажет;
  3. Облыстың табиғи байлығын келешек ұрпаққа насихаттау жұмыстарын жүргізу керек.

Біз осы дипломдық жұмысымызды орындау барысында облыс аймағындағы табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштердің қыр-сырын толық аштық деген пікірден аулақпыз. Десек те облыс аудандарындағы әлі күнге дейін біз біле бермейтін ескерткіштердің куәсі болдық. Бұл көтерген мәселені бір ғана зерттеу жұмысымен дәлелдеу мүмкін емес, бұл мәселе  әлі де оңды зерттеу жұмыстарын қажет етеді.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Байғабылова А. Қазақстан қорықтары. — Алматы: Санат, 2008.
  2. География және табиғат, Жамбыл облысының тарихи мәдени ескерткіштері, 2009 ж.

3.Арай газеті, № 15, 19- желтоқсан,  2011 ж.

  1. Қылышбек С. Тарихи мұралар мекені. — Тараз 2005 ж.
  2. Атамекен газеті, 25- тамыз, 2011 ж.
  3. Ескерткіштер тізімі. – Алматы, 2010 ж.
  4. Муханов Б., Мұсақұлов Т., Суворов Н. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары. —  Мектеп, 1978 ж.
  5. Тараз. Жамбыл облысының топонимикалық атауларының анықтамалығы.-Тараз, 2007 ж.
  6. Тараз. Жамбыл облысының энциклопедиясы.- Алматы, 2003 ж.
  7. Арай газеті, №48,1- желтоқсан, 2011ж.
  8. Бәсенов Т.К. Қазақстан архитектурасы. – Алматы, 1997 ж
  9. Арай газеті, №45, 5 қараша 2011 ж.
  10. Керімбекова Қ. Мәдени мұра барысы. –Алматы: Мектеп, 2010 ж.
  11. Арай газеті, Айша бибі кесенесі, №14, 2011 ж.
  12. Молдабергенов А.Ш. Қазақстанның хайуанаттар дүниесі мен өсімдіктер әлемі және оларды қорғау. –Алматы: Қайнар, 1983 ж.
  13. Сламбекова Н. Қазақстанның табиғат ғажайыптары.- Алматы: Аруна, 2003 ж.
  14. Жылқыбаев Қ. Қазақстандағы ертедегі хайуанаттар.- Алматы: Қазақстан, 1978 ж.
  15. Адырбекұлы А. Ақбөкендер індеті.- Алматы: Түркістан, 2010 ж.
  16. Ташенов Б. Қарақұйрық.- Алматы, 2010 ж.
  17. Байғұт М. Егемен Қазақстан, Ақсуым-арымдай, Жабағылым жанымдай: №24, 2010 ж.
  18. Ахметжанқызы Л. Жас Алаш, Қытай үшін киікті қырамыз ба? №15, 2008 ж.
  19. Исабек Ұ. Дүние. Қорық тамырына қан жүгірді, №17, 2009 ж.
  20. Дала мен қала, Ормандарда зорлықтан қашады, №32, 2007 ж.
  21. Байхонов С. Табиғатым-тағдырым.- Алматы: Қайнар,1991 ж.
  22. Бейсенова Ә, Смақова А, Есполов Т, Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.- Алматы: Ғылым, 2004 ж.