Аннотация
Дипломная работа выполнена на тему: «Жамбыл облысының мысалында туристік қызметті ұйымдастырудың тиімділігі».В работе выполнены теоретические исследования, в результате которых уточнены понятия туристического рынка: проведена классификация показателей, оценивающих эффективность этого сектора экономики и определена эффективная форма организации туризма – кластерная модель. Выполненные аналитические исследования туристического рынка Жамбылской области позволили провести оценку туристического потенциала области и определить перспективы его развития. В работе сформулированы основные положения развития кластерной модели и рассчитаны показатели, характеризующие его эффективность на ближайшую перспективу.
Аннотация
Дипломная работа выполнена на тему: «____________________________».В работе выполнены теоретические исследования, в результате которых уточнены понятия туристического рынка: проведена классификация показателей, оценивающих эффективность этого сектора экономики и определена эффективная форма организации туризма – кластерная модель. Выполненные аналитические исследования туристического рынка Жамбылской области позволили провести оценку туристического потенциала области и определить перспективы его развития. В работе сформулированы основные положения развития кластерной модели и рассчитаны показатели, характеризующие его эффективность на ближайшую перспективу.
Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..5
ТАРАУ 1. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…………………………………………………………………………..7
1.1. Туристік бизнестің түсінігі және оның классификациясы………………………7
1.2 Туризмнің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері………………………….17
1.3 Кластер — туризмді ұйымдастырудың тиімді моделі………………………………19
ТАРАУ 2. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ТУРИСТІК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ………………………………………28
2.1 Облыстың туристік нарығының дамуы………………………………………………..28
2.2 Туристік рыноктің инфрақұрылымның дамуы ……………………………………..32
2.3 Жамбыл облысындағы туризмнің даму болашағы…………………………………………41
ТАРАУ 3. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕХАНИЗМІ……………………………………………………………………47
3.1 Туристік кластердің қалыптасуы және дамуы……………………………………….47
3.2 Облыста туристік кластерді ұйымдастыру……………………………………………53
Қорытынды ……………………………………………………………………………………………..61
Әдебиеттер ………………………………………………………………………………………………63
КІРІСПЕ
Туризм көптеген елдердің экономикасына әсер ететін маңызды әлуметтік және экономикалық құбылыс болып табылады. Бұл сала мұнай-газ, тамақ, көлік өнеркәсібі салаларына салынатын инвестициялық салымдардың тиімділігімен салыстырғанда жоғары табысты сала болып табылады. Дамыған елдердің экономикалық саяси және әлуметтік тұрақтылығын қолдаудың әлемдік тәжіриебиесі мен практикасы, елдердің географиялық жағдайы, олардың табиғи-климаттық ресурстары және көрікті жерлері болып табылады.
Ұлттық экономиканы реформалау басқарудың механизмдері мен инструменттерін қайта бағыштау туристік ұйымдардың қызметі жүйесіне едәуір өзгерістер енгізді және бірқатар маңызды мәселелерді қалыптастырды. Бұған қоса олар дұрыс демалуды қамтамасыз етуде және қазақстан халқының денсаулығын нығаиту тәрізді маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде үлкен роль атқарды. Осыған байланысты ел президентінің қазақстан халқына 2005 жылдың 18 ақпанында жолдаған жолдауында еліміздің экономикасының шикізатты емес саласында ұзақ мерзімді мамандануын анықтайтын болашағы зор кластерлердің бірі туризм болып анықталды, ол республикамыздың қазіргі инфрақұрлымының қалыптасуына және республика аймақтарының дамуына ықпал етеді. Дүние жүзілік туристік ұйым болжауымен, туризімнің дамуы жаңа аймақтардың пайда болуы есебінен жүзеге асуы тиіс, өйткені әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары іс жүзінде рекреацялық сыйымдылық шегіне жетті. Осыған байланысты Қазақстанда туристік қызметтің әлемдік рыногінде өз орнын алуына бірегей мүмкіншілік туды. Соңғы он жылдықта Қазақстан туристік нарыққа белсенді түрде кіреді. Дегенмен туризмнің индустриясын басқару мәселелері аз зерттелген болып табылады. Бұған қоса нарықтық қатынасқа өту жаңа ұйымдастыру формаларын және басқару қатынастарын пайдалану есебінен туристік мекемелерде бәсекелес артықшылықтардың пайда болуына байланысты жаңа проблемаларды шешуді талап етті. Бұл өз кезегінде олардың потенциялын зерттеуді және даму болашағын анықтауды талап етті. Сонымен туристік қызмет нарығын басқару проблемасы Қазақстанда ерекше өзектілікке ие болады және терең теориялық зерттеуді кешенді талдауды, сондай – ақ осы бағытта негізделген ұсынымдарды дайындауды қажет етеді. Берілген дипломдық жұмыс Жамбыл облысы мәліметтерінің негізінде жазылған.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында кластерді ұйымдастыру шарттары келтірілген: түсінігі, элементтері, олардың арасындағы өзара байланыс.
Жұмыстың екінші тарауында Жамбыл облысы туристік рыногінің қазіргі жағдайына және дамуына баға берілген. Орындалған талдаудың негізінде туризмнің облыс экономикасының саласы ретінде өте нашар дамығандығы анықталды.
Жұмыстың үшінші тарауында облыстағы туристік нарық дамуынынң кластерлік моделі келтірілген, осы саланың маңызды туристік турлары анықталған.
ТАРАУ 1. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Туристік бизнестің түсінігі және оның классификациясы
Туризм — демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туристік бизнес — әлемдік шаруашылықтың едәуір тез дамитын салаларының бірі. Халықаралық туризм үш ірі экспорттық саланың құрамына мұнай және көлік өндіретін салалардан кейін кіреді. Басқа ақпараттар бойынша туризм әлемдік шаруашылықтың ең тиімді саласы болып табылады. Туризм индустриясында жер бетіндегі барлық жұмыс күшінің 60 пайызы жұмыспен қамтылған.
Әлемдік табыс туризмнен 1998 жылы әуе тасымалдау сатылымдарынан түскен түсімді есептемегенде 44467 млрд долл құрады. 1995 жылы ол 372 млрд долл., 1950 жылы 261 млрд долл құрады.
Болжамға сәйкес 2000 жылы туризмнен алынған табыс әлемде 621 млрд долл жетті. 2020 жылы ол триллион долларға дейін жетеді. ДЖС ұйымының бағалауы бойынша 2010 жылы туристердің саны 1018 млн адамға дейін ұлғаяды [2].
Туризмнің әлемдегі маңызы әрқашан өсіп отырады, бұл жекеленген елдердің экономикасына туризмнің әсерінің өсуімен байланысты. ЕҚ елдерінің және басқада өнеркәсіптік дамыған елдерде туризмнен алынатын табыс жалпы ішкі өнімнің 5,5 пайызын құрайды.
Туристік бизнес кәсіпкерлер үшін әртүрлі себептермен тартымды:
— алғашқы инвестиция көлемінің шағындығы;
— туристік қызметтерге сұранымның өсуі;
— рентабельділік деңгейінің жоғарлығы;
— шығынның өтелу уақытының төмендігі;
Туризмнің тиімділігі келесі функциялардың жиынтығынан тұрады:
1.туризм валюталық түсімнің көзіжәне ел ішіндегі халықты жұмыспен қамтудың құралы;
2.туризм елдің төлем балансына салымдарды кеңейтеді;
3.туризм осы салаға қызмет көрсететін салаларды дамыта отырып экономиканың диверсификациялануына ықпал етеді; құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығ, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.
Кесте 1- Индустриалды дамыған елдердің туризмі саласындағы жұмыс бастылық
Ел Жұмыспен қамтылудың жалпы санындағы туризмнің үлесі ,% Туризмдегі жұмыс бастылық , мың адам
барлығы түзу жанама Барлығы Түзу жанама
1- кестенің жалғасы
Греция 10,0 6,1 3,9 360 220 140
Испания 9,1 5,4 3,7 1400 823 557
Швейцария 8,2 5,7 2,5 293 205 89
Италия 7,7 4,8 2,9 1722 1063 659
Франция 4,8 3,6 1,2 1200 895 305
Германия 6,5 — — 1800 — —
Австралия 6,0 — — 458 — —
Жапония 1,6 — — 990 — —
Австрия — 13,9 — — 586 —
АҚШ — 5,1 — — 6000 —
Канада — 4,0 — — 467 —
Түркия — 0,7 — — 129 —
Туризм пайдалылығына қарамастан батыс елдерінің престижін нығайтатын, оның маңызының әлемдік қоғамдастық және қатардағы азаматтар алдында өсуінің мықты факторларының бірі болып табылады. Туризмнің аймақ бойынша дамуы бірқалыпты болмайды: ең жоғары өсу қарқыны Азия және Тынық Мұхит елдерінде күтіледі, Еуропа және Америка елдерінде ол жалпы әлемдіктен төмен болады. ( кесте 2).
Кесте 2 — 2020 жылға туристтерді қабылдау бойынша алғы шептегі елдер
Ел Туристердің келіп жетуі, млн адам. Дүниежүзілік селде үлес ,% 1995-2020 – ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі,%
Қытай 137,1 8,6 8,0
АҚШ 102,4 6,4 3,5
Франция 93,3 5,8 1,8
Испания 71,0 4,4 2.4
Гонконг 59,3 3,7 7,3
Италия 52,9 3,3 2,2
Ұлыбритания 52,8 3,3 3,0
Мексика 48,9 3,1 3,6
Ресей 47,1 2,9 6,7
Чехия 44,1 2,7 4,0
Жоғарыдағы мәліметтерден көріп отырғанымыздай 2020 жылы Қытай адамдар көп келетін туристік орта болуы тиіс. Сондай-ақ жоғары өсу қарқыны Гонконг және Ресей елдерінде де күтілуде. Қытай мен Гонконг үлесі туристердің жалпы әлемдік ағымынан 12,3 пайызды алады. Әсіресе ерекше өзгеріс Ресейде болжамдалуда: 2020 жылы елден шығатын туристердің саны 1,5 есеге артады. Европа елдерінің ішінде Чехия үлкен жетістікке қол жеткізеді.
Халықтың едәуір туристік қозғалысы Нидерландия, Германия, Ұлыбритания, Канада және Жапония елдерінде күтілуде, мұнда осы елдердің бір адамына бір жылда шет елге шығу 1,5-2-ден келеді. Алғашқы ондыққа кіретін басқа көптеген елдерде туристік қозғалымдар айтарлықтай төмен
( кесте 3).
Кесте 3-2020 жылға туристтердің шығуы бойынша алғы шептегі елдер
Ел Туристердің шығуы
млн адам Дүниежүзілік ағымдағы үлес,%
Германия 163,5 10,2
Жапония 141,5 8,8
АҚШ 123,3 7,7
Қытай 100,0 6,2
Ұлыбритания 96,1 6,0
Франция 37,6 2,3
Нидерланд 35,4 2,2
Канада 31,3 2,0
Ресей 30,5 1,9
Италия 29,7 1,9
Барлығы 788,9 49,2
Қазіргі кезде туризмді топтастыру үшін ең алдымен оның маңызды топтамалық белгілерін анықтау қажет. Ондай белгілерге геграфиялық белгісі, туристік ағымның бағыты, жол жүру мақсаты, жол жүру әдісі, туристерді орналастыру құралдары, қатысушылардың саны, ұйымдастыру-құқықтық формалары т. б. жатады (кесте 4).
Кесте 4 — Туризмнің топтастырылуы
Таптастырғыш белгі Туризм түрі
1. Географиялық принцип 1.1. Ішкі
1.2. Халықаралық
2. Туристік сел бағыты 2.1. Келу
2.2. Шығу
3. Мақсат
3.1. Рекрационный
3.2. Шипалы демалыс
3.3. Танырлық демалыс
3.4. Кәсіпшілік-іскер туризм
3.5. ғылыми
3.6. Спорттық демалыс
3.7. Шоп-тур
3.8. Оқиғалық
3.9. Қажылық
3.10. Ностальгиялық
3.11. Экотуризм
3.12. Экзотикалық және т.б.
4. Қаржыландыру қайнары
4.1. Әлеуметтік
4.2.Сауда
5. Жылжу тәсілі
5.1. Жаяу
5.2. Авиациялық
5.3. Теңіз
5.4. Өзен
5.5. Автотуризм
5.6. Теміржолдық
5.7. Велосипед
5.8. Араласқан
6. Орналастыру құралдары
6.1. Қонақ үй, қонақ үйдің
6.2. Мотель
6.3. Пансионат
6.4. Кемпингі
6.5. Шатыр және т.б.
7. Қатысушылардың саны
7.1. Дара
7.2. Жанұялы
7.3. Топталған
8. Ұйымдық түр
8.1. Ұйымдық
8.2. Ұйымдастырылмаған
Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымның пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.
Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен тұысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.
Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет)- қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әрі- туроператор) өздерінің туристік өнімдерін қалыптастыру, ұсыну және туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызметі.
Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет)- қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі-турагент) туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі қызметі.
Тур- белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
Туристік жолдама — турситік қызмет көрсетту кешенін алуға құқықты растайтын құжат.
Туристік өнім — саяхат барасында туристің қажетін қанағаттандыру үшін жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туристік қызмет көрсету — туристік саяхат кезңінде және осы саяхатқа байланысты туристің қажеттіліктерін қанағаттарндыру үшін маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
Экскурсант – бір жерге, елді мекенге, аумаққа немесе сол жердегі басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген жеке тұлға.
Экскурсиялық қызмет — азаматтардың уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын қамтиды.
Экскурсовод – уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктілігі бар, кәсібі даярланған жеке тұлға.
Туризмнің нысаны- халықаралық және ішкі туризм.
Халықаралық туризмге:
келу туризмі — Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхаты;
шығу туризмі – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге аяхатын қамтиды.
ішкі туризм — Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты кіреді [ 3 ].
Қазіргі туризм классификациясы, бәрінен бұрын, территориялық туристік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажетті. Бұл классификацияның мәні туризмнің жеке түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған. Оны тәжірбиеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігі түсіндіріледі.
Туризмді әр түрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады: мақсатына қарай, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай, қозғалу түріне, орналасу жолына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т.б. Бірақ, шешуші ролді атқаратын-саяхаттың мақсаты.
Формасы мен кластардан айырмашылығы –туризмнің түрлері өте әр түрлі. Олар бірқатар факторларға бағынышты, олардың ішіндегі ең айрықшалары:
-бос уақыттың болуы мен ұзақтығы ;
-жасы, жынысы, деңсаулығы, рухани даму деңгейі, адамның жеке талғамы және материалдық молшылық;
-табиғи жағдай мен мезгілдің әр түрлілігі;
-қозғалудың мүмкіндіктерінің болуы және басқалар.
Сапардың мақсатына,шарттарына, бағытына қарай, туризм кластарға және түрлерге бөлуге болады .
Қоғамдық функциясы мен өндірістік техналогиясына қарай туризмнің үш негізгі түрін бөліп қаруға болады: емдеу, спорттық сауықтыру, танымды.
Демалысты дұрыс ұйымдастыру, оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыу түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.
Жоғарыда айтылған түрлері арқылы туризмнің классификациясы құрастырылып жіктеледі.
Туристік ағым мен оның бағытына қарай, сондай-ақ құқықтық статусына байланысты туризм екі үлкен классқа бөлінеді: ішкі ( ұлттық) және (шетелдік) . Ішкі туризм –бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм-бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлары. Шетелдік туризм—бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.
Бұлай бөліну халықаралық туризмнің екі басқа түрімен тығыз байланысты-кіру және шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елін және баратын елін анықтайды. Туристің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады. Бір турист бірден щығуда және кіруде турист бола алады.
Ұлттық туризм ішкі және сыртқы шығу туристік ағымдардан құралады. Бір елдің ішіндегі уризм – ішкі және келетін туристік ағымдарды қамтиды.
Ішкі туризм дегеніміз демалу,спортпен айналысу және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Халақаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі-елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін белсенді туризм деп атайды. Оған қарсы, туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді бесенді емес дейді. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Шынында да олар бір бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық тиризмнің дамуының негізін жасайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық туризмнің дамуына жәрдемін тигізетін негізгі факторларды статистикалық және динамикалық деп екіге бөлуге болады. Оның біріншісіне жататындар: табиғи -географиялық факторлар жиынтығы. Олардың өзгермейтін және келе бермейтін маңызы бар. Адам оны өзінің тек қана керегіне ыңғайлап, пайдалануға қолайлы етеді. Екіншісіне жататындар: демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық техникалық және саяси факторлар. Бұл факторлардың бағасы мен маңызы кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін.
Халықаралық туризмнің дамуының табиғи географиялық факторлары сұлу, бай, табиғат, климат, жер беделдерінің көрінісінен табылады. Табиғаттың жаратылысы бойыша рекреациялық іс әрекеттің жағдайы ретінде болады. Рекреациялық сұраныстың пайда болуының арқасында оларға баға беріліп, технологиялық деңгейге дейін жеткізілінеді, содан кейін туристік рекреациялық ресурсқа өтеді.
Сол сияқты процестер әлеуметтік экоконмикалық объектіллер экскурсилық туристік рекреациялық ресурстарға өткенде де қайталанады.
Сұраныстың көбеюі және рекреациялық құндылық мөлшерінің дамуы халықтың мәдени деңгейінің көтерілуі пайдаланылатын объектілердің шеңберінің көбеюіне әсерін тигізеді, оладың көбісі арнайы өңдеуден өткеннен кейін экскурсиялық шараларға ұсынылады. Әлемдегі демографиялық факторлардың екінші Дүниежүзілік кейін бірқатар жалпыға бірдей сипаты болды. Бұл кезеңнің ерекшелігі әлемдегі, еуропалық елдедегі және дамушы елдердегі халықтың санының өсуі. Әлемдегі халықтың санының өсуінің қарқынына сәйкес туристердің де санының өсетіндігін зерттеулердің нәтижелері көрсетеді. Жердегі халықтың орналасуының жылдамдығы тұтынушылар санын өсіріп, туристік нарықты кеңейтеді. Соңғы он жылдықтағы демографиялық жарылыс дамушы елдерде ғана болып жатыр, ондағы төменгі өмір деңгейі, кедейшілік жалпы демалыс пен туризмді ұйымдастырудың жолындағы басты кедергі болып табылады. Туристердің негізгі санын өсіріп отырған индустриясы дамған елдерде оған керісінше, туудың төмендеуінен халықтың саны нашар өсуде. Экономикалық және демографиялық өсудің полюстерінің болуы әлемдегі туристік сұраныстың қалытасуына территориялық теңсіздік туғызады. Халықтың жас құрамы туристік сұранысқа елеулі әсерін тигізеді. Өркендеген Батыс елдерінде туристік сұраныс негізінен 30-50 жастың арасына келеді. Дегенмен соңғы жылдары туризм нарқында жасы 55 тен жоғары адамдардың саны өсуде.
Урбандалу процесі қалаларда көрініп келе жатыр. Әсіресе ғылыми техникалық прогресс дәуірінде халқы өсіп, экономикасы дамып, урбандалу процесі индустриялизацияның басталуымен едәуір жылдамдады. Жер шарының тұрғындарының жартысы қалаларға жиналып, оның саны өсе түсуде. Қазіргі ірі қала адам өміріне екі жақты әсерін тигізеді. Бір жағынан, адамдардың материалдық техникалық, әлеуметтік экономикалық жағдайлары жақсарса, екінші жағынан, қала өмірінің жылдамдығынан, ауасының ластануынан адамның жүйкесі мен психологиясына қысым көбейеді. Туристік сұраныс пен рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуында урбандалудың ролі зор. Қала неғұрлым үлкен болса, оның тұрғындарының демалысты қаладан тыс жерде өткізуіне ынтасы соғұрлым жоғары болады.
Халықаралық туризмнің өсуінде әлеуметтік-экономикалық факторлардың ерекше маңызы бар. Оның ішінде ерекше басты орын алатыны- ұлттық табыс. Ұлттық табытың өсуі мен саяхаттардың көбеюінің өзара байланыстылығы әбден қисынды және түсінікті. Бірақ та туристік саяхаттың көбеюі- адамның жақсы тұрмысына ғана тәуелді емес, сонымен қатар бос уақыттың ұзақтылығына да байланысты. Соңғы 15-20 жылда Еуропа елдерінің адамдардың бос уақыты едәуір ұзарды. Төленетін жылдық демалыстың ұзаруы қазіргі болып жатқан ғылыми-техникалық революцияға байланысты болып, отыр, өйткені онда ақыл-ой еңбегі артады, өндіріске және тұрмысқа ынта қою күшейеді, қоршаған ортаның жағдайы нашарлайды. Міне, осының барлығы адамдарға физикалық және психологиялық қысым туғызады және олардың еңбек қабілетін қалпына келтіруді қажет етеді. Белсенді демалыс-туризм арқылы, бұл мақсаттар жылдам және тез орындалады.
Халықаралық туризмнің өсуіне әсерін тигізетін әлеуметтік-экономикалық факторларға жатқызуға болатындар: халықтың білімі мен мәдениет деңгейінің жоғарылауы және эстетикалық талғамының өсуі. Әрине, халықтың ондай талғамдары туристік саяхаттар кезінде толықтырылады.
Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсатына қарай бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікірталастар тудыруда. Көп авторлар оның басты мәселесін бір ауыздан мақұлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалу мен көңіл көтеру мақсатындағы саяхт (рекреациялық туризм) туризмнің дамуындағы ең негізгі бағыт болып саналады. Оның екіншісіне дүниежүзілік туризмнің 70 %-ы келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді, шоп-тур және т.б.
Көптеген зерттеушілер туристік қозғалыстың дамуында басты рөлді танымдық туризмге береді.
Соңғы уақыттарда жеке сапарлар дамуда немесе этникалық туризм-туысқандарына, таныстарына немесе ата- бабаларының туған жеріне қыдыруы; олар дүниежүзілік туристік ағымның 10 % құрайды.
Іскерлік туризм –бұл саяхат, жұмыс мақсатымен ақшалай кіріссіз командировкаға, бару. Бұндай сапармен съезге, ғылыми конгресске, конференцияға, симпозиумға:өндірістік семинарда бас қосуға; жәрмеңкеге, көрме және халықаралық салондарға қатысуға барады және тағы басқалар. Іскелік туризм –бұл болашағы мол және тиімділігі жоғары туризмнің бір саласы.
Туризм түр жағынан әр түрлі белгілеріне қарай классификацияланған. Ұйымдастыру жағына қарай туризм : а) ұйымдастырылған (жоспарлы); б) өз жоспары бойынша (әуесқойлық); в) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді. Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат-ұйымдастырылған туризм деп аталады.Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы-әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің жабайы туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристер турфирмасыз, туристік ұйымдарсыз саяхаттайды.
Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның сахатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар архиялогиялық, мәдени -өнер және тарихи болуы мүмкін.
Жылжымалық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді.туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық –сауықтыру туризмінің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұрады. Қазіргі шақта техникалық мүмкндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм көшпейтін сияқты.
Су туризмнің серуендеу және спорттық түрлері дами түсті туризмнің бұл түрлеріне кіретіндер; су-моторы спорт, су-шаңғысы спорты, каноэда еспе, желкенді кеме спорты және т.б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристік кешендерде кең тараған.
Су астындағы аңдарды суретке түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сурет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Шетел туризмінің ішіндегі ең қымбат түрі-аң аулау туризмі.
Соңғы жылдары тау шаңғысы туризмі жылдам дамуда.
Арнайы тау шаңғысы курорттар салынуда. Альпинизм де туризмнің көпшілік түріне айналуда.
Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа және ұзақ болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар-туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық ) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.
Саяхаттың арақашықтығына қарай туризм жақын және алыс болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алыс саяхатшетелдерге бару деген сөз.
Туристік ағындардың ритмі бойнша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын атайды.Мезгілдік-ондай туристік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы.
Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді: а) балалар мен жасөспірімдер туризмі; б) жастар туризмі; в) ересектер туризмі.
Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ үй типі және б) қонақ үй типі емес.
Туристік саяхаттың көрсетілген мақсатына қарай туризм келесідей бөлінеді:а) рекреациялық, б) экскурсиялық және в) арнайы туризм. Рекреакциялық туризмге –емделу және сауықтыру үшін саяхат кіреді. Экскурсиялық туризм-табиғаты мен әлуметтік-эканомикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсатымен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм—арнайы бағдарлама және маршрут бойынша саяхат.
Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, темір жолмен, теплоходпен саяхаттану болып бөлінеді. Дүгиежүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70 %-ы өз көліктерімен саяхатайды, АҚШ-та бұл көрсеткіш 90 %-ы құрайды.
Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз-бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта біоінші оында –Нью-Йорк порты. Круиздік туризммен айналысатын елдер-Англия, Норвегия, Греция, Италия,Франция, АҚШ.
Алғашында барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, онан түсетін кіріс туристік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болады. Бірте –бірте коммерциялық туризмге қарсы әлуметтік туризм деген түсінік пайда болды. әлуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес, туристік мекемелерге де өте тиімді. Сонымен, әлуметтік туризм-бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемелекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.
Экологиялық туризм (экотуризм) –жақында ғана жасыл қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризімнің баламасы ретінде қарайды, сондықтан да оның қалыптасқан туризмнен айырмашылықтары бар. Олар төмендегідей негізгі белгілер:
-экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті, көзтарталықтай жерлері болуы;
-туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени поцтенциалды территорияның болуы;
-басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;
-экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі –экологиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру;
-бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлуметтік-экономикасын көтеретіндейдәрежеде болуы.
Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбына ғылыми зеттеулер жүргізуге дейін эклдогиялық туризм турстік ағымдарды әр түрлі мақсаттармен қамти береді.
Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Мұсылмандардың ең басты қасиеті хаджа орталығы-Сауд Аравиясындағы Мекке қаласы. Құдайға табынушы католиктер папа Римскийге Ватиканға барады. Туристік діни маршруттарды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар [4].
Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және практикалық маңызы бар, ол білгенінді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерін тигізеді.
1.2 Туризмнің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
Туризмнің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер екі топқа ажыратылады:
1. Туристік өнімнің көрсеткіштері;
2. Туризмнің инфрақұрылымын сипаттайтын көрсеткіштер;
Бірінші топтың көрсеткіштеріне келесілер жатады:
1. Туристік фирмалардың жалпы саны.
2. Туристік салалар жұмыскерлерінің жалпы саны.
3. Келушілерге қызмет көрсету.
4. Өткізілген путевкалар саны.
5. Өткізілген путевкалар құны.
6. Елге келудегі ад-күн.
7. Туристік фирмалар мен агенттіктердің қызметінен алынатын табыстар мен шығындар [5].
Жекеленген көрсеткіштердің мазмұнын қарастырамыз. Туристік фирмалардың қызметінен алынатын табыс – бұл сальдаланған қаржылық нәтиже, ол өнімді өткізуден алынған жалпы табыс пен өткізілген өнімнің өзіндік құнының айырмасы арқылы анықталады. Туристік фирмалардың қызметінен болатын шығындарғы туристік фирмалар жұмыскерлерінің еңбек ақысы, ҚҚС, акциздер, халықаралық сауда-салықтары (кеден төлемдері), аукциялық сату, автокөлік құралдарының ҚР аумағынан өту төлемдері, ұлттық белгілерді пайдалану төлемдері, қызметтің нақты түріне төленетін салық, бұған қоса ақылы жергілікті мемлекеттік көлік жолдарынан өту төлемдері, көлікке байланысты сақтандыру, жарнама, көңіл көтеру, өткізу және сатып алу салықтары, биржаларда жүргізілген істерге төлем.
Көрсеткіштердің екінші тобына келесілер жатады:
1. Туризм саласы үшін мамандарды дайындаумен айналысатын оқу орындарының саны;
2. Туристерді орналастыру объектілері;
3. Сауда ұйымдары;
4. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары [5].
Соңғы жылдары бірқатар оқу орындары туристік бизнесті ұйымдастыру үшін мамндарды дайындаумен айналысады. Туристерді орналастыру объектілеріне қонақ үйлер, демалыс үйлері, мотелдер, пансионаттар және басқа туристердің тұруына қолданылатын үйлер жатады.
Қонақ үй — уақытша тұруға арналған, әдетте, оқшауланған үйлер (үйлер кешені) болып табылатын заңды тұлға.
Мотель – автомобиль жолдарын жақын орналасқан қонақ үй.
Кемпингтер- шатырға, автофургонға, автотіркемеге, доңғалақтағы үй мен туристік лашыққа арналған жабық алаңда орналастырылатын ұжымдық объектілер.
Сырттан келгендеге арналған жатақхана — қонақ үйдің алуан түрлілігі; ол, әдетте, ұйымның балансында тұрады және оның мамандарының сондай-ақ осы ұйыммен іскерлік байланысты жүзеге асыратын, коммерциялық қызметпен айналысатын адамдардың уақытша тұруы үшін арналған.
Қонақ үй кәсіпорындарының бір жолғы сыйымдылығы барлық нөмірлерде қойылған тұрақты кереует саны бойынша анықталады.
Қонақ үй кәсіпорындарының түнеуді (тәуліктік төсек-орын) ұсынуы нөмірлер мен орындарды сақтап қоюмен қоса тұрақты және уақытша орындардың лайдаланылған санын көрсетеді және тұрушылардың тіркеу кітабы негізінде анықталады.
Емдік санаторийлер мен пансионаттар – төсектермен жабдықталған және табиғи емдік факторлардың (климат, минералды сулар, емдік балшық және т.б.) шипалық қасиеттері негізінде нақты мерзім ішінде науқасты еңбекке жарамды ету емімен қамтамасыз ететін емдеу- алдын алу ұйымдары. Олардың барлығы мамандандырылған және бір немесе көп профильді, әдетте курорттар мен емдік сауықтыру орындары шегінде орналасқан. Жинақта бірлік саны туралы, науқастардықабылдауға дайын, олардың саны ең көп айдағы, төсектер (орындар) туралы және емделіп демалған адамдар саны туралы деректер көрсетілген.
Санаторий- профилакторийлер- төсектермен жабдықталған, қызметкерлерді жұмыстан бос уақытында, өндірістен үзіліссіз, есдік-сауықтыру шараларымен қамтамасыз ететін ұйымдар жанында қызмет атқарушы емдеу- алдын алу ұйымдары.
Демалыс үйлері, пансионаттар, базалар мен басқа демалс ұйымдары, туристік базалар — демалыс үшін арналған, онда демалушыларға нақты мерзімге орналастыру мен тамақтандыру немесе тек орналастыру ұсынылады, сонымен қатар туристік- экскурсиялық қызмет көрсету, және, әдетте курорттардың, емдеу-сауықтыру орындарының, қала маңындағы аймақтардың шегінде орналасқан. Мұндай ұйымдар жыл бойы ( жылдық) немесе маусым бойы (маусымдық) жұмыс істей алады.
Сауда және қоғамдық тамақтандыру бойынша сатылған турлар мен көрсетілген қызметтердің барлық көлемі кіреді, туризм саласында қарастырылып отырған көлемдерді қоса.
Бөлшек сауда – жеке тұтыну немесе үй шаруашылығында пайдалану немесе кәдеге жарату үшін халыққа жаңа және бұрын тұтынуда болған тауарларды алып-сату (өңдеусіз сату).
Көтерме сауда — бөлшек саудагерлерге, өнеркәсіптік, коммерциялық, институционалдық немесе кәсібі пайдаланушыларға немесе басқа да көтерме саудагерлерге, сондай-ақ тауарларды сатып алу кезінде бір адамның немесе компанияның немесе оларға тауарларды сату кезінде агенттер мен маклерлер міндетін атқарушы адамдарға жаңа және бұрын тұтынуда болған тауарларды алып сату (өңдеусіз сату).
Қоғамдық тамақтандыру — өндірумен, өңдеумен, өткізумен және тамақ өнімдерін тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет.
1.3 Кластер — туризмді ұйымдастырудың тиімді моделі
Міне екі он жыл бойы көптеген ел экономикасында желілі құрылымдар (кластерлер), жергілікті, аймақтық, сондай-ақ ұлттық денгейде дамуда. Кластерлік даму еліміздің бәсеке қабілетін арттыру стратегисының негізгі бөлігін құрайды. Кластердің дамуында ең бастысы жалпы тосқауылдар мен дамудың мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған ынтымақтастық рухы болып табылады. Осыған байланысты «бәсеке қабілеттілік» түсінігінің мәнін қарастыру мақсатқа лайықты болып табылады. «Бәсеке қабілеттілік»сөзінің мәні қандай да бір проблеманың шешу жолдарын қарастыру, оны шешуге бағытталған ынтымақтастық, бірлесе іздестіру мағынасын білдіреді. Бәсекеге қабілетті ел – бұл азат және әділ, нарық жағдайында бәсекеге жарамды тауарлар мен қызметті өндіретін, оған қоса ұзақ мерзімді болашақта халықтың нақты табысын ұлғайтатын ел.
Кластерлерді қалыптастыру анағұрлым тиімді ынтымақтастық әдістерін пайдалану және кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсеке қабілетін арттыру жолдарындағы кедергілерді болжау арқылы еліміздің үлкен экономикалық потенциялын жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда экономиканы секторлар мен салаларға дәстүрлі түрде бөлу өз мәнін жоғалтады. Қазіргі кезде маңызды орын кластерлерге, яғни кәсіпорындардың және ұйымдардың өзара байланысу жүйелеріне беріледі. Олардың мәні мультипликативтік қасиетке ие құрамдас бөліктердің қосынды сомасынан асып түседі. Кластерлердің концепциясы негізгі назарды фирмалардың қызмет нәтижелерінің өсуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға бөледі.
Елдің даму тиімділігін арттыру жаңа ресурстар мен оларды пайдалану бағыттарын іздестіруді, жекеленген салымдар мен кәсіпорындар арасындағы өзара байланысты нығайтуды, өнімдер мен қызметтердің бәсеке қабілеті денгейін көтеруді, өнімнің бәсеке қабілетін жоғарғы қосымша құн арқылы ұлғайтуды талап етеді. Осындай мақсатқа жетудің бірден – бір жолы кластер болып табылады. Өндірісті олардың территориясын едәуір толық пайдалануды есепке ала отырып орналастыру болашақта өндіріс құрылымын өзгертуге әкеледі.
Кластерлік экономика нарықтың бәсеке денгейін жоғарлатады, өнім мен көрсетілген қызмет сапасына, өткізілу жағдайына қолайлылық туғызады. Шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді. Нарықтық әдістер арқылы тиімсіз кіәсіпорындар мен еңбек ресурстарын экономиканың тиімді және қажет ететін секторларына қайта бөлістіруге мүмкіндік береді..Әлемдік экономика мен интеграцияланудың ұзақ мерзімдік жоспарында өзара тиімді мүмкіндік пайда болады.
Біраз елдердің тәжірибесі кластерлер еңбек өнімділігінің жоғарлауына, өндірістің өсуіне және табыстың жоғарлауына ықпал ететіндігін дәлелдеп берді.
«Кластер» түсінігі бір біріне таяу орналасқан кәсіпорындар мен басқа ұйымдар топтарын сипаттау үшін қолданылады, осындай көршілестік арқасында ресурстарды бір жерге топтастыру және өз тұтынушыларына көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға қол жеткізе алды. Мысалы, жақсы қонақ үй шет ел туристерін өзіне тарта алды сол уақытта, егер әуе жайға жету, таксимен жол жүру, дүкендер мен мейрамханаларға кіру және тағы басқа халықаралық стандартқа сай болса.
Бұған қоса дүниежүзілік тәжірибе кластерлердің өнімділігін арттыруға, халықтың әл ауқатың жақсартуға әсер ететіндігін көрсетеді. Қазіргі уақытта әрбір мемлекет өзінің экономикалық саясатында бәсекеге қабілеттілікті арттыратын экономикалық ахуалға ие болашағы зор салалар мен бәсекеге қабілетті экономиканың моделін анықтауға талпынады, Сөйтіп кластерлердің тұтас жұйесінің даму бастамасын орнатады. Осыған байланысты мемлекет бір ғана нақты саланың қызметін реттеп қоймай кластердің қызметін реттеуі тиіс.
Экономикалық тұрғыда «кластер» географиялық бір бірінің бәсеке қабілетін арттыруға өзара көмектесетін көрші компаниялардың, тығыз байланысқан салалардың қоғамдастығын береді.
Кластер түсінігіне ең алғаш ғылыми ұғым берген, жекелеген салаларда елдердің бәсеке артықшылық теориясын қалыптастырған М. Портер болды. Америкалық ғалымның түсінігі бойынша кластер дегеніміз географиялық белгісі бойынша шоғырланған, өзара байланысқан компаниялардың, маманданған жеткізушілердің, қызмет көрсетушілердің сәйкес салалардың фирмаларындағы, сондай-ақ белгілі аймақтағы бәсекелесуші, оған қоса бірлескен жұмысты жүргізуші ұйымдардың, топтарын түсінеді. Кластер өзара байланысқан фирмалар мен ұйымдардың жүйесін береді [5].
Экономикалық әдебиетте кластер ретінде белгілі бір аумақта құрылған, ядросы технологиялық жән ұйымдасқан тізбекте байланысқан басты өндірістің бір немесе шектелген саны болатын индустриалды кешен түсініледі. Кластердің негізгі мақсаты қосылған құндылықтардың тізбегін ұзарту емес, өзара байланысқан өндіріс пен кәсіпорындардың тұтас тобында максималды қосымша құнды өндіру болып табылады. Бірқатар ғалымдар кластер деп, меншікті өнімінің бәсеке қабілетін арттыратын, аймақтың тиімді экономикалық өсімін көтеруге ықпал ететін кәсіпорындардың, ғылыми, қаржылық мекемелер мен жергілікті үкімет органдарының аумақтық- салалық ерікті бірлестігін түсіндіреді. Кейбір ғалымдар кластерді бір географиялық аймақта шоғырланған сала компаниялары, унивесрситеттері мен институтардың тобы ретінде қарастырады. Бір біріне жақын орналаса отырып берілген компаниялар алынатын соңғы нәтижеден көбірек пайда алады, бұл оларға өздерінің тұтынушылары үшін бір біріне тәуелсіз жұмыс істейтін компанияларға қарағанда едәуір жоғары құнды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Басқалар кластерге өндіруші компаниялардың, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің, ғылыми зерттеуші мекемелердің, үкімет агенттіктер агломирацияларын тағы басқаны жатқызады.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан көріп отырғанымыздай кластер қызмет тиімділігін көтеру, инновацияны ынталандыру, жәнеде жаңа кәсіпорындарды құруға ықпал ету мақсатында жергілікті және әр түрлі аймақтардың, сондай әр түрлі елдердің кәсіпорындары мен ұйымдарын біріктіреді.
Кәсіпорындардың кластерге кіруі бір жағынан кооперациядан белгілі бір артықшылық алу үмітіне, екінші жағынан болашақ табысты молырақ алу сеніміне негізделген.
Кластерлік даму кез келген елдің бәсеке қабілетін көтеру стратегиясының негізгі бөлігі болып табылады. Осындай мәселені шешу елдің үлкен экономикалық потенциялын жұмылдыруды, ынтымақтасудың едәуір тиімді жаңа әдістерін талап етеді.
Кластерлік даму тура экономикалық нәтижелерді алумен қатар елдің жеке және үкіметтік секторлары арасындағы тиімді диалогіне көшуді мақсат етіп қояды.
Экономиканы кластерлеу нарықтық бәсекенің денгейін көтереді, тауарлар мен қызметті өндіру мен өткізу жағдайына және оның сапасына қолайлы әсер етеді. Кластерге қатысу транзакциялық шығындардың ақпараттардың жоғалуын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса шет ел тәжірибесі көрсеткендей кластерге қатысушылардың экономикалық дағдарыс барысында туындайтын қиыншылықтарды бірлесіп жеңуі үшін аса жоғары мүмкіндіктері болады.
Оған қоса кәсіпорын кластерге кіруде қосымша шығындарға ие болатындығын ескеру тиіс, Яғни ол әр түрлі бірлескен акцияларға қатыса отырып бірлескен даму жобаларын инвестициялауға қаржының белгілі көлемін бөледі. Осыған байланысты көптеген дамыған елдерде басқарудың аймақтық органдары кластерлік құрылымдарды құруда жұмсалатын аймақтық шығындардың басым бөлігін өз құзырына алады.
Кластердің маңызды белгілеріне келесілер жатады:
— оның құрамына кіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың мақсаты мен мүдделерінің ортақтығы ;
— ортақ мақсатқа жетуге бағытталған жаңа кластерлік технологияның негізінде кәсіпорындардың, мекемелердің, аймақтық және жергілікті үкімет органдары ұйымдарының интеграциясы мен ынтымақтастығы;
— ақпараттың толықтығы мен жариялылығы, ноу-хау және кластерге қатысушылар арасындағы жұмыс тәжірибесін, білімін айырбастау;
— өндірісті ұйымдастыру мен басқару, өнім мен қызметті өткізу, бәсеке күресінде жаңа мүмкіндіктер ашатын инвестицияларды қаржыландыру аймағындағы инновация және жаңа технологиялар;
— кластермен байланысты шағын және орта кәсіпорындарды қолдау және дамыту.
— нарықтың қажетіне назар аудару және тұтынушылардың сұранымын едәуір толық қанағаттандыру.
1-ші суретте кластердің негізгі құрамдас элементтері көрсетілген.
Кластерді құру процесінің негізіне салалар мен сатып алушылар арасындағы, жеткізушілер мен бірыңғай өнім өндіретін салалар арасындағы техника мен технология қажеттілігі бойынша ақпарат айырбасы жатады.
Ақпаратты айырбастау жүйесі, ол локальды, аймақтық немесе глобальды болса да, қажетті қабілеттілік пен сенімділікті қамтамасыз етуі тиіс, Кластерлік технологиялар ақпараттық жүйенің қуатын арттыруға және оны анағұлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Кластер кәсіпорындарының арасындағы бәсеке ақпарат айырбасына теріс әсер етуі мүмкін, өйткені олардың әр қайсысы жеке пайдаланғысы келеді. Өзара айырбас жергілікті фирмаларды шетел серіктестері мен бәсекеде тиімді жағдайға әкеледі, дегенмен өзінің меншікті жайымен нарықтағы күйзелісін толық түрде шеше алмайды.
Кластерлер арасындағы өзара айырбасқа ықпал етуші механизмдерге, көлденең және тік байланысқан фирмалардың мүдделерін үйлестіруге және ақпараттардың едәуір жеңіл қозғалысына әсер ететін шарттар жатады.
Сурет1 — Кластердің негізгі құрамдас элементтері
Ақпараттардың қозғалысын жеңілдететін факторларға келесі факторлар жатады:
— ғылыми бірлестіктерде, кәсіби ассоциацияларда туындайтын факторлар;
— географиялық жақындастықтан туындайтын факторлар;
— салалық ассоциациялар, қызмет көрсететін кластерлер;
— ұзақ және берік өзара қарым қатынасқа сенімділік мөлшері;
Мақсаттың үйлесімділігін және кластер ішіндегі сәйкестікті анықтайтын факторларға келесілер жатады:
— кластер ішіндегі фирмалар арасындағы жанұялық немес жанұялыққа жақын байланыс;
— өнеркәсіптік топтар кәсіпорындарының арасындағы жалпы меншік;
— акционерлік меншікке үлестік қатысым;
— фирма директорларының арасындағы өзара әрекет;
— ұлттық патриотизм;
Кластерлік модельдің енгізілуіне негізделген аймақтық экономиканың және өнеркәсіптік саясаттың ойдағыдай дамуы келесі елдерде орын алған:
Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Индия, Орталық Еуропа және Латын америкасы елдері. Осы елдердегі кластерлер аймақтық экономиканың көтерілуіне және қарқынды дамуына ықпал етті. Олардың кейбіреулерінде қажетті табиғи ресурстар жоқ және ауыл шаруашылық саласы дамымаған.
Халықаралық жетістікке ие фирмалар, кейде тұтас кластерлер – бір қалада немесе ауданда орналасады; Бәсекелестерді, олардың тұтынушылары мен жеткізушілерін шоғырландыру өндірістің мамандану тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Дегенмен өндірістік процесті жетілдіру мен кластер ішіне ғылымның жетістіктерін енгізуде географиялық шоғырландырудың тигізетін әсері өте маңызды болып табылады.
Саладағы жоғары бәсекеге қабілеттілік денгейінің сақталуы экономикалық жүйенің жақсы қызметінің нәтижесі болып табылады. Жекелей алынған қолайлы фактор белгілі саланың, сирек емес бір фирманың айналасында дамудың бастапқы импульсін береді. Басталған, кластердің қалыптасу процесі жалғасуда, және оған барған сайын жаңа бәсекелестер тартылуда. Қолда бар потенциялдың ұлғаюы жүзеге асуда.
Тәжірибеге жаңа саланың қалыптасуына бәсекелес жетістіктің төрт детерминантының біреусінің әсері әкеледі.
1) факторлық параметрлер ;
2) басқару стратегиясы;
3) қызметтің инновациялық бағытталуы;
4) ұқсас және қолдаушы салалардың болуы ;
Алғашқы өндіріс факторларын иемдену сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті тұтас кластердің пайда болуына ықпал ететін салалардың қалыптасуына жағдай жасайды . Жергілікте ерекшеліктер, мысалы, табиғи жағдай салаға алғашқы назарды аудартатын факторларың бірі болып табылады.
Едәуір дамыған салаларда маманданған өндірістік факторларды қалыптастыру механизімдерінің әсері нәтижесінде алғашқы бәсекелестер пайда болуы мүмкін. Арнайы білім алған персонал өзінің білімін және тәжірибесін нақты немесе потенциалды ішкі сұранымға ие салаларда пайдалануға талпынатын болады. Ғылыми зерттеулер бір немесе бірнеше компаниялардың әрі қарата дамуына негіз болатын пікірлердің пайда боуына әкеледі.
Бәсекеге қабілетті салалардың пайда болу көздерін ұқсас салалардан табуға болады. Сұраным параметрлері салалардағы бәсекелстердің пайда болуы үшін тағы бір базаны қамтамасыз етеді. Қандай да бір тауар мен қызметтерге ішкі сұраным жаңа фирамлардың қалыптасуы үшін маңызды стимул болып табылады.
Кластердің қалыптасуының алғашқы мерзіміне төтеп беру үшін, әрқашан жергілікті нарықта бәсекенің болуы шарт. Бәсекелестік- фирмаларды саланы дамытуға әкелген алғашқы артықшылықтарын дамытуға итермелейді. Саладағы бәсеке қабілеттлікті сақтау үшін әр қашан артықшылықтың жинақталу процесі қажет.
2 суретте бізбен кластердің қалыптасу кезеңдері қарастырылған «алтын қима» кейбір бөліктерінің даму процесінде және олардың тиімді әрекеттесуінен ұлттық кластер инновацияны жетілдіру мен енгізуге мықты импульс алады, ол ұзақ мерзімге жетеді. Шапшаң техникалық жаңғырту мерзімі базалық технологияны пайдалану мүмкіндіктері жойылғанға дейін немесе саланың өз ішінде оның дамуы үшін кедергі туындағанға дейін жалғасады.
Туристік фирмаларға бәсеке қабілеттілік денгейін көтеру үшін алғы шептегі сегменттерде мықты позициялары болуы қажет. Оның мүмкіндігі тәжірибелі жеткізушілер, ұқсас салалар барма, арнайы факторларды қалыптастыру меъхнаизмдердің дамуы орын алғанба, міне осыларға байланысты болады. Кейбір сегменттердегі бәсеке қабілеттілікті жоғалту ойдағыдай дамудың куәсі болып табылады.
Жекеленген қолайсыз факторлардың әсерін жою қажеттігі уақыттың өтуімен ұлттық фирмаларды, технологиясы төмен сегменттердегі бағаның толқуын сезінетін салалардан алшақ кетуіне мәжбүрлейді. Кластерге кіретін кәсіпорындардың анағұрлым жоғары технологияға және едәуір дифференцияланған сегменттерге өтуі, инновациялық процестің ойдағыдай жүріп жатқандығын көрсетеді.
Кластердің бәсекеге қабілеттілік негізі оның даму процесінде «алтын қиынды» ішінде жылжуы мүмкін. Өйткені ол дамиды, және оның ішінде әртүрлі жылжулар мен өзгерістер жүзеге асады.
Осындай процестер басқаларына қарағандай ертетерек басталатын елдерде, көлемді кеңейту есебінен үнемдеу, сатып алушылар мен өзара қарым қатынас, фирма беделіне ие болу тәрізді белгілі артықшылықтарға ие болады. Сонымен кластерді қалыптастыру келесілерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
— аймақтың инвеститциялық климаты мен инвестиция тартымдылығын жақсарту;
— кәсіпкерлік құрылымның іскер белсенділігін өсіруді арттыру;
— ұлттық және аймақтық экономикада ақпарат айырбастау артықшылығы мен үкімет органдарының, бизнес құрлымының институционалдық құрлымдар мен нарықтық инфрақұрлыммен ынтымақтасу, аймақ ресурыстарын ұтымды пайдалану артықшылықтары арқылы едәуір тиімді дамуға мүмкіндік береді.
Кластеді қалыптастыру мен дамытудағы маңызды және айтарлықтай күрделі мәселе болып жеке кәсіпорындардың мемлекеттік институттармен тиімді өзара байланысын қамтамасыз ету табылады. Кластерлер мемлекеттік құрлымның қолдауынсыз күйреуге таяу тұрады. Көптеген елдердің тәжіриебесі кластерлердің шындығында жоғары тиімділікке ықпал ететіндігін білдіреді, осылайша ұлттың әл-ауқатын көтереді.
Сурет 2- Кластердің қалыптасу кезеңдері
Экономиканың кластерлік дамуындағы мемлекеттің ролі жеке кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.
Елдің экономикасын дамытудың кластерлік әдіс ортақ проблеманы, инвестициялық мүмкіндіктерді айқындау мақсатында кәсіпкерлер мен үкімет арасындағы конструктивті диалог үшін негіз болып табылады.
Туризімнің кластерлік моделінің қалыптасуы және тиімді дамуы үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажет:
Сурет 3- Туризм кластерінің негізі элементтері
-кластерлік құрлымның пайда болу және жұмыс істеу процесін реттейтін нормативті және заңнамалы базаны дайындау;
-желілік және кластерлік технология негізінде елдің бәсеке қабілетін арттыру стратегиясын дайындау;
-кластерлік құрлымның қалыптасу процесіне үкіметтік емес және басқа ұйымдарды тарту үшін қолайлы жағдай туғызу;
-кластерлік құрлымдардағы жұмыс үшін кадірлерді дайындауды қамтамасыз ету;
Үшінші суретте туризім кластерінің негізгі элементтері келтірілген. Кластерлер өзінің қалыптасуының алғашқы кезеңінде мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Бұған қоса мемлекет кластерлік дамудың анағұрлым тиімді болатын шараларын анықтауы тиіс.
ТАРАУ 2. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ТУРИСТІК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
2.1 Облыстың туристік нарығының дамуы
Жамбыл облысында туристік индустрияның дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Облыста туризмнің барлық түрлері бар: облыстан шығу, облысқа келу және ішкі туризм. Туристердің саны әрбір туризм бойынша кесте 5-те келтірілген [7,8,9,10,11].
Кесте 5 – туризмнің түрлері бойынша қызмет көрсетілген туристер
жылдар Барлығы, ад Соның ішінде
келу түризмі шығу түризмі Ішкі түризм
2003 5630 87 3536 2007
2004 6127 242 4038 1847
2005 6797 15 4416 2366
2006 7578 — 4652 2926
2007 12237 217 8833 3187
Кесте 5-тен Жамбыл облысындағытуристердің саны 2,2 есеге ұлғайғандығын көреміз. Негізінен облыста шығу туризміжақсы дамыған. Сыртқа шығатын туристердің үлесіне туристердің жылдық санының едәуір бөлігі тиеді. Шығатын туристер негізінен Қытай, Турция, Бірлескен Араб-Эмираты шоп-турларына барады. Жамбылоблысындағы туристердің азғантай бөлігі демалуға шет елге барады, соның ішінде Турцияда демалады. Сонымен 2007 жылы келу туризмінің үлесіне 1,8 пайыз, шығу туризмінің үлесіне 72,2 пайыз, ал ішкі туризмнің үлесіне 26 пайыз тиеді.
Жұмыстың теориялық бөлімінде туризмнің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер анықталды. Оған туристік фирмалардың жалпы саны, туристік сала жұмыскерлерінің жалпы саны, келімсектерге қызмет көрсету, өткізілген жолдама саны, өткізілген жолдама құны, елге келудің ад-күні, туристік фирмалар мен агенттіктердің қызметінен алынатын табыс пен шығын жатады.
Әрбір көрсеткіштің динамикасын қарастырамы, сондай-ақ олардың көлемін туризмді республика деңгейінде сипаттайтын көрсеткіштермен салыстырамыз.
Кесте 6 – туристік фирмалардың жалпы саны
жылдар ҚР туристік фирмалардың жалпы саны, бірлік Оның ішінде Жамбыл облысындағы ҚР жалпы санындағы облыс туристік фирма-ларының үлес салмағы, %
6- кестенің жалғасы
2000 690 22 3,2
2001 605 15 2,5
2002 612 5 0,8
2003 713 13 1,8
2004 751 10 1,3
2005 846 11 1,3
2006 921 13 1,4
2007 1007 19 1,9
Кесте 6 деректерінен Қазақстан бойынша жалпы фирмалардың саны 690 бірліктен 1007 бірлікке дейін немесе 317 бірлікке өскендігін байқаймыз. Бірақ Жамбыл облысындағы туристік фирмалардың саны 22 бірліктен 19 бірлікке дейін немесе 13,6 пайызға қысқарған. Облыстағы туристік фирмалардың Қазақстан бойынша жалпы сандағы үлес салмағы айтарлықтай төмен, яғни 0,8-3,2 пайыз аралығында.
Осы туристік фирмалардың мақсаты алдын ала дайындалған тур, туристік маршрут бойынша келетіндерге қызмет көрсету болып табылады. Егер қызмет көрсетілетін келімсектер санын жалпы Қазақстан және Жамбыл облысы бойынша салыстырсақ төменгі нәтижені байқатады (кесте7).
Кесте 7- Қызмет көрсетілген келушілер саны
Жылдар Қазақстан Республикасына келушілерге қызмет көрсету, ад Оның ішінде Жамбыл облысындағы, ад ҚР келушілердің жалпы санындағы жамбыл облысына келушілердің үлес салмағы, %
2000 146915 2002 1,4
2001 154502 2610 1,7
2002 171427 2790 1,7
2003 229014 5630 2,5
2004 292738 6127 2,1
2005 434943 6797 1,6
2006 520972 7578 1,5
2007 541930 12237 2,3
Сонымен қарастырылған уақыт ішінде Қазақстандағы қызмет көрсетілетін туристердің саны 395015 адамға немесе 3,7 есеге өсті, Жамбыл облысында 2002 жылы 12237 адамға дейін немесе 6,1 есеге жоғарлады. Облысқа келушілер санының осылайша өскендігіне қарамастан қызмет көрсетілетін келушілер саны жалпы саннан үлес салмағы 1,4-2,5 пайыз аралығында өзгеріп отырады.
Туристік қызметтің тиімділігі жөнінде облыс халқына өткізілген жолдама санына қарап айтуға болады (кесте 8).
Кесте 8- Өткізілген жолдама саны
Жылдар ҚР өткізілген жолдама саны, бірлік Оның ішінде Жамбыл облысында, бірлік ҚР жолдамасының жалпы санындағы облыста өткізілген жолдама санының үлес салмағы, %
2002 86435 2482 2,9
2003 143548 3210 2,2
2004 143546 4539 3,2
2005 125533 4167 3,3
2006 134694 4231 3,1
2007 229251 8076 3,5
2007 жылы барлығы Қазақстан бойынша 229251 жолдама өткізілді, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 2,7 есе жоғары. Сондай-ақ Жамбыл облысында жолдаманы өткізу саны 2482 данадан 8076 данаға дейін немесе 3,3 есеге жоғарлады. Жамбыл облысында өткізілген жолдаманың үлес салмағы Қазақстан бойынша өткізілген жолдаманың жалпы санынан алатын үлесі айтарлықтай төмен. Ол 2,2 пайыздан 3,5 пайыз арлығында құбылып тұрады. абсолютті өлшемде
Әріқарата бізбен Қазақстан бойынша, оның ішінде Жамбыл облысындағы өткізілген жолдама құндары талданды (кесте 9).
Кесте 9 — Өткізілген жолдама құндары
Жылдар ҚР бойынша өткізілген жолдама құндары, мың тг Оның ішінде Жамбыл облысының, мың тг Облыстағы өткізілген жолдамалардың ҚР жолдамалардың жалпы санынан алатын үлесі, %
2000 1462190 44639,8 3,1
2001 1632441,5 74973,6 4,6
2002 2061515,1 79102,2 3,8
2003 2447104,6 124529 5,1
2004 3472507 154142 4,4
2005 4596021 163367 3,6
2006 7466656 335940 4,5
2007 13890746 408480 2,9
Жоғарыдағы кестеден біз Қазақстан бойынша өткізілген жолдама құны 1462190 мың теңгеден 13890746 мың теңгеге ұлғайандығын байқаймыз, яғни оның өткізілуі 9,5 есеге жоғарлады. Ал Жамбыл облысында өткізілген жолдаманың құны 9,2 есеге артты. Жамбыл облысындағы өткізілген жолдама құнының үлес салмағы қаралған уақыт аралығында 2,9 пайыздан 5,1 пайызға дейін өзгеріп отырды.
Сондай-ақ туристік индустрияның тиімділігін біздің елімізге келудің адам-күн көрсеткіші де сипаттайды. Берілген көрсеткіш өсу тенденциясына ие (кесте 10).
Кесте 10 – Аймаққа келудің ад-күн саны
Жылдар ҚР бойынша келудің ад-күн саны Оның ішінде Жамбыл облысындағы ҚР келудің жалпы ад-күніндегі облысқа келу ад-күнінің үлес салмағы, %
2000 429374 9934 2,3
2001 542544 9215 1,7
2002 429501 10206 2,4
2003 629213 17136 2,7
2004 629212 18098 2,9
2005 690688 16191 2,3
2006 970959 18343 1,9
2007 1484651 39690 2,7
Сонымен Қазақстан бойынша ол қарастырылған уақыт аралғында 429374 күннен 1484651 күн деңгейіне дейін, яғни 3,5 есеге өсті. Ал Жамбыл облысында 9934 күннен 39690 күнге немесе 4,0 есеге жоғарлады. Облысқа келудегі ад-күннің үлес салмағы ҚР келудегі күннің жалпы санындағы үлесі айтарлықтай төмен. Ол 1,7-ден 2,7 % аралығында толқиды.
Әдетте, туризмнен экономиканың кез-келген секторынан алынатындай белгілі табыс алынады (кесте 11).
Кесте 11 – Жамбыл облысы туристік фирмалар мен агенттіктердің қызметінен алынатын ҚР табысы
Жылдар Туристік фирмалар мен агенттіктердің қызметінен алынған табыс көлемі, мың тг Өзгеру қарқыны өткен жылға, %
2000 17095,5 100,0
2001 18874 110,4
2002 7891,8 41,8
2003 1528,7 19,4
11- кестенің жалғасы
2004 154581 в 101,1 раз
2005 162903 105,4
2006 201112 123,5
2007 289184,4 143,8
Жамбыл облысында туристік қызметтен алынатын табыстың қаралған уақыт ішінде өсу тенденциясына ие болғандығын атап өту қажет. Егер 2000 ол 17095,5 мың теңгеге тең болса, 2007 жылы ол 289184,4 мың теңгеге немесе 16,9 есеге ұлғайды. Егер осы санды басқа облыстардың табыстарымен салыстырсақ, онда ол өте төмен болып саналады. Жамбыл облысы бойынша барлық қарастырылған көрсеткіштер кесте түріне келтірілді (кесте 12 )
Сонымен, Жамбыл облысындағы туризм басқа облыстармен салыстырғанда өте нашар дамыған. Негізіне религиялық турлар (қасиетті жерлерге) және шоп-турлар Қытай, Турция, және бірлескен Араб Эмиратына ұсынылады. 12 кестеде бізбен экономикасының осы секторының жұмыс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер келтірілген. Қарастырылған уақыт ішінде туристік фирмалардың саны 3 данаға немесе 13,6% төмендеді және 2007 жылы туристік фирмалардың саны Қазақстан бойынша олардың жалпы санынан 1,9% тең болды. Бұған қоса облыстағы туристердің саны 6,1 есеге жоғарлады, бірақ 2007 жылы Жамбыл облысындағы қызмет көрсетілетін келушілердің үлес салмағы Қазақстанға келген барлық адамдар санының 2,3% тең болады. Басқа көрсеткіштерде жақсы нәтижені көрсетпейді. Егер өткізілген жолдамалардың саны 4,1 есеге ұлғайса, ал Қазақстан деңгейінде 3,5% тең. өткізілген жолдамалар құны 9,2 есеге жоғарлайды, бірақ Қазақстан деңгейінде оның үлесі 2,4% тең. Туристердің келуі адам күн бойынша 4,0 есеге ұлғайды, ал бұл көрсеткіштің Қазақстан бойынша үлесі бар болғаны 8,2%.
Облыстың туристік саласында жұмыспен қамтылған жұмыскерлер саны бар болғаны 68 адам. Ал Қазақстан Республикасында туристік фирмалар мен агенттіктердің қызметінен алынатын табыс 172456 мың теңгеге тең. Осындай көрсеткіштердің төмендегі бірінші кезекте облыста орын алған туристік потенциалын нашар жарнамалануымен, кеген туристерге төмен сапалы қызмет көрсетілумен, қажетті комфорт пен сәйкес инфрақұрлымның болмауымен, сондай-ақ туризм бойынша білікті мамандардың жоқтығымен қамтылған.
2.2 Туристік рыноктің инфрақұрылымның дамуы
Туризм индустриясының негізгі құрамды бөлігі. Туризм инфрақұрлымы болып табылады. Туризм инфрақұрлымына туристерге қызмет көрсететін көліктің барлық түрлері жатады. Сондай-ақ оған туристерге кеңінен тұтыну тауарларын ұсынатын бөлшек сауда кәсіпорындары кіреді. Туризмді ұйымдастыруда қоғамдық тамақтану
Кесте 12 – Туризмнің экономикалық тиімділік көрсеткіштері
Наименование показателей Жылдар Өзгеру қарқыны, %
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
1.Туристік фирмалар саны, бірлік 22 15 5 13 10 11 13 19 86,4
2. Қызмет көрсетілген келушілер, адам 2002 2610 2790 5630 6127 6797 7578 12237 6,1 есе
3 Өткізілге жолдамалар саны, бірлік 1980 2320 2482 3210 4539 4167 4231 8076 4,1 есе
4. Сатылған жолдамалар құны, мың тг 44639,8 71973,6 79102,2 124529 154142 163367 335940 408480 9,2 есе
5.Келіп — кеткен адам күны 99,4 9215 10206 17136 18098 16191 18343 39690 4,0 есе
6. Есепті кезеңге қызмет керлердің орта есеппен алынған жалпы саңы, адам 41 46 41 48 36 42 50 68 165,9
7.Туристік фирмалар мен агенттіктердің қызметінен алынатын ҚР табысы 17095 18874 7891,8 1528,7 154581 162903 168233 172456 10,1 есе
орындары да үлкен рол атқарады. Ең басты – бұл- орналастыру объектілері бойынша туристерді орналастыру.
Жамбыл облысында әртүрлі көлік қолданылады. Әуе транспорты, темір жол транспорты, қала аралық автобустар және басқа құрғақ жол көлігі (Кесте 13)
Кесте 13-2007 жылғы келушілердің қозғалу көлігі
Көрсеткіштератаулары Қызмет көрсетілетін келуші-лер саны Соның ішінде
Әуе
транс-пор-
тымен Темір жол транспортымен Қала
аралық ааавтобус-
пен Басқада құрғақ жол көлігі Су көлігі
1.Шығу туризмі 8833 7518 — 1315 — —
2.Келу туризмі 217 67 — 20 130 —
3.Ішкі туризм 3187 993 141 2053 — —
13 кестеден біз облыстан сыртқа шығу туризмінде 85,1% әуе көлігіне келеді, келу туризмінде әдетте құрғақ жол құралдары (такси, автомашиналар) 60% дейін қолданылады, ал ішкі туризмде 64,4% дейін қала араралық автобустар қолданылады.
Әдетте туристік кластерді ұйымдастыруда сауда сферасын тиімді ұйымдастыру қажет, ол кеңінен тұтыну тауарларын әсіресе аяқ киім, киім, ұлттық сувенирлерді т.б. сатумен айналысуы қажет (кесте 14).
Кесте 14–2007 жылы туризм сферасында көрсетілген сауда қызметтерінің көлемі
Көрсеткіштер атаулары
Барлығы Соның ішінде
Автомобилдерге техникалық қызметкөрсету және жанармайды сату Фармацевтік тауарлар Кеңінен тұтынылатын тауарлармен бөлшек сауда Ұсталған тауарлармен бөлшек сауда Дүкендер де емес бөлшек сауда
1.Республика Казахстан, млн тг 7928402,3 722223,7 32778,8 211638,2 101,6 12297,8
14- кестенің жалғасы
2.Жамбыл облысы, млн тг 97492,1 14016,1 1709,0 1801,3 — 30,8
3.ҚР жалпы көлеміндегі қызметтің үлес салмағы, % 1,2 1,9 5,2 0,9 — 0,3
14 кестеден көріп отырғанымыздай негізінен біздің облыстың туристері әртүрлі сауда қызметтерінің ішінен техникалық сипаттағы 14,4 пайыз қызметті қажет етеді, дегенмен бұл қызметтің Қазақстанның жалпы көлемінде 1,9 пайызға тең. Киім, аяқ киім, былғары бұйымдары, ұлттық сувенирлермен бөлшек сауда үлесі өте төмен. Облыс бойынша барлығы 1,8 пайыз, ал Қазақстан бойынша өткізілетін қызмет көлемінен 0,9 пайызды алады
Туристердің қоғамдық тамақтануын біздің облыста мейрамхана, кафе, барлар және асханалар айналысады (кесте 15)
Кесте 15 – 2007 жылғы қоғамдық тамақтану кәсіпорындары
Көрсеткіш атаулары Мейрамханалар Кафе, барлар Асханалар
Бірлік Орын саны бірлік Орын саны бірлік Орын
саны
1. Казақстан республикасы 954 103475 10621 359494 9198 377295
2.Жамбыл облысы 18 2219 172 5602 374 10892
3. ҚР жалпы көлеміндегі қызметтің үлес салмағы, % 1,9 2,1 1,6 1,6 1,1 2,9
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ішінде едәуір үлес салмақты асхана алады- 66,3%. Бұл тағыда біздің облыс туристерінің сервисі қажетті деңгейде еместігін дәлелдейді. 2007 жылы қоғамдық тамақтану кәсіпорындарымен көрсетілген қызмет көлемі 1763,1 мың т теңгені құрады.
Қоңақжайлылық индустриясының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі-бұл қонақ үй.
Қонақ үй –бұл ішіне мүлік қойылған, қонақтарды қабылдауға және оларды түнетуге арналған үй, оған келесі мақсаттардың бірінде қабылдана алады: іскерлік, конгрестік, демалу, көңіл көтеру, оқу, сауда миссиясы, этникалық, религиялық, денсаулық және спорттық мақсатта.
Қонақ үйдің негізгі белгісі номерлердің болуы және жалғаспалы қызметтерді қосымша көрсету.
Қонақ үйдің негізгі функциялары:
1. Қонақтарды түнету;
2. Қонақтарға тамақ беру;
3. Дұрыс демалуға жағдай жасау;
4. Клиенттердің тұруына байланысты қосымша қызметтерді көрсету.
Қонақ үйдегі қосымша қызметке спорт залдары, қондырғылар, сауықтару кешендері, шаштараз қызметі, химиялық тазалау қызметі, тұрмыстық, ойын, көңіл көтеру қызметтері жатады.
Қонақ үй келесі принциптерге сәйкес келуі тиіс:
-эргономикалық, яғни ыңғайлылығы, жайлылығы, қызметтің физикалық және техникалық адам талаптарына сәйкестігі;
-эстетикалық, яғни қонақ үй қазіргі сәнге және тұтынушылардың талабына сәйкес әдемі безендірілген болуы тиіс.
-қонақ үй қоршаған ортаға үйлесімді болуы қажет;
-фасадтарды безендіру арқылы қонақ үйінің кереметтігін көрсететін жарнамаларды дайындау, қонақ үй сауда орталықтарының суреттерін салу, жарықтандыру т.б.
-қонақ үйдің ішкі құрылымы қызмет көрсету мен тұратындарға сәйкес комфорттың ұтымды ұйымдастырылуын қамтамасыз етуі жәнеде барлық қызмет талаптарына сәйкес келуі тиіс.
-қонақ үй техникалық санитарлы –гегиеналық, экологиялық нормативтер мен ұсынымдарға сәйкес болуы тиіс.
қонақ үйдің жұмыскерлері жайдарлы білікті, мотивацияланған болуы тиіс:
қонақ үйдің ғимаратын әртүрлі белгісіне байланысты жіктейді; қонақ үйінің түрі; сыйымдылығы; қабаты; пайдалану бағыты және режимі т.б.
қызмет ету бағыты бойынша қонақ үйінде вестибюл жайын, сауда-тұрмыстық қызмет көрсету жайын, спортпен айналысатын жайды, көңіл көтеру жайын, қонақтардың бизнес жайын, қызмет және тұрмыстық жайды; техникалық жайды бөледі;
Вестибюл-қонақ үйдің басты бөлімдерінің бірі, театр вешалкадан басталатын болса, қонақ үйі вестибюлден басталады.
Вестибюль қонақтарды күтіп алуға арналған, ол жерде кейбір жұмыстарды бөлу және қайта бөлістіру жүзеге асырылады.
Қонақ үйдің тұру бөлігі, бұл келушілердің түнейтін номерлері орналасқан аймақ [12].
Мейрамхана, бар, кафе және басқа тамақтану кәсіпорындарында қонақтар тамақ ішу мен бірге көңіл көтеріп, өзара тілдесе алады.
Көңіл көтеру аймағының құрамына киноконцерт залдары, банкет және билеу залдары, дискотекалар, бассейндер, спорт залдары, теннис залдары, сондай-ақ ойын бизнестері, казино, ойын автоматтары, бұған қоса жұмыс бойынша кездесу бөлмелері, атап айытқанда конференц-зал, іскерлік және банктік операцияларға арналған залдар, көрме залдары жатады.
Сауда-тұрмыстық қызмет көрсету жайларының тобы келушілерге сауда шаштараз, сұлулық салоны, химиялық тазалау, суретке түсіру және т.б. қызмет түрлерін көрсетеді.
Қонақ үйдің қызметтік және тұрмыстық жайлары тұрмыстық жұмыстарды қамтамасыз етеді, яғни персоналдардың тамақтану, олардың шаруашылық және қосалқы қажеттіліктерін қоса алғанда.
Техникалық жайларда техника, кондициаландыру жұмыстарын, қалдықтарды-тазалау, телефон, сигнализация және т.б. өмірге қажетті жүйелерді бақылау қызметтері орналасады.
Жалпы қонақ үйдің қызметін маныздылығы мен мәнділігі бойынша үш деңгейге бөлуге болады.
Қонақ үйдің маңызды қызметіне түнеу, тұру, және тамақтану жатады, ал қалғандары маңыздылық деңгейі бойынша екінші және үшінші деңгейдегі қызметтерге дифферециацияланған.
Қонақ үйдің функционалды аймағына қонақ үйлер жайларымен жалғаса орналасқан территориялар жатады. Ол қонақ үй клиенттері мен персоналдарының сыртқы ортадан изоляциялануын қамтамасыз етеді. Қонақ үйдің жанында қонақтың демалу орны, көлік құралдарының парковкасы мен тұрағы қарастырылады.
Қонақ үй негізгі қызметтерден бөлек қосымша қызметтерді де көрсетеді.
Жалпы біз қосымша қызмет түрлерінің көп екендігін және оның қажеттілікке байланысты жаңа қызмет түрлерімен толықтырылып отыратындығын байқаймыз.
Қонақ үйдегі орналастыру қызметімен орындалатын негізгі жұмыстар:
— құжаттардың негізінде қонақтарды қабылдау;
— қонақтың тұру құжаттарын дайындау;
— тұру орындарын белгілеу;
— тұру уақытын анықтау;
— тұру төлем ақысын алу;
— қонаққа номердің картасы мен кілтін беру;
— қонақ үйден кету құжаттарын әзірлеуде көрсетілген қызмет үшін есептесу, кілт пен номерді өткізу;
— қонақ үйінің орындарына берілетін тапсырыстар мен брондарды жинақтау.
Қонақ үйлерін, олардың түрлерінің әртүрлі болуына байланысты топтастыру қиынға соғады. Қонақ үйлерді келесі белгілері бойынша топтастырамыз:
1. көлеміне байланысты қонақ үйді келесі топтарға бөлеміз:
— 150номерге дейінгі;
— 300-ден 600 орынға дейінгі;
— 600 номерден жоғры.
Мұндай топтастыру қонақ үйдің қызметін оперативтік нәтижесі бойынша да және статистикалық мәліметтері бойынша да салыстыру үшін қажет.
2. Алдына қойған мақсатына байланысты қонақ үйлер келесі топтарға топтастырылады:
— коммерциялық қонақ үй;
— әуежайындағы отелдер;
— отель – люкс;
— отель – курорт;
— жол бойындағы қонақ үй;
— отель – казино;
3. көрсетілетін қызметтің деңгейі мен саны бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
— қызметтің жоғары деңгейі – жоғары саяси және басқару қызметтерімен айналысатын қонақтарды қабылдауға арналған отельдер;
— қызметтің орташа деңгейі – саяхаттаушылардың біраз сегментіне арналған отельдер;
— қызметтің шектелген деңгейі — шағын кемшіліг бар тұлғаларды қабылдауға арналған;
4. жайдың формасына және көрсетілетін қызметтің түріне байланысты қонақ үйлер келесі түрлерге бөлінеді:
— флайтель- бұл аэроқонақүйі, ол өзінің көлемінің үлкендігімен, көрсететін қызметінің жоғары сапалығымен ерекшеленеді, сондай-ақ өзінің құрылымында мини әуежайы немесе ұшақ қонатын аумағы болады;
— ботель — бұл суда орналасқан көлемі шағын қонақ үй, онда кішкені көлемді судна қолданылады және әдетте ең қажетті қонақ үй қызметтерін көрсетеді.
— флотель – суднадағы үлкен қонақ үйді береді және ботельден қосымша қызметтердің кең түрін көрсетумен өзгешеленеді, әсіресе бұл спорттық және көңіл көтеру қызметтері;
— кемпинг- бұл палата немесе үлкен емес коттедж түріндегі қызметтің шағын көлемі көрсетілетін қонақ үй;
— ротель – бұл вагончиктерде орналасқан қонақ үй, мұндада ең қажетті қызмет түрлері көрсетіледі.
Қазақстанда орташа деңгейдегі қонақ үйлер екі адамға арналған, құны 90 доллардан бастап 120 доллар аралығында тұрады, спутниктік теледидар, телефон, мұздатқыш, және қажетті деген жабдықтармен жабдықталған.
Қазіргі кезде әртүрлі елдер қонақ үйді топтастыруда әртүрлі класификациялық белгілерді пайдаланады, бірақ едәуір кең тарағаны бесжұлдызды француздық классификация. Қазақстанның қонақ үй бизнесіндегі проблемалардың бірі, сервис деңгейі бойынша қонақ үйдің нақты классификациясының жоқтығы. Ең алдымен бұл қазақстандағы қонақ үйін стандарттау мен сертифкаттаудың жоқтығы. Бес жұлдызды классификацияға сүйене отырып Қазақстанда үш қонақ үй бес жұлдызды категория бойынша сертификаттанған. Онға жуығы төрт жұлдызды категорияға ие, оннан астам қонақ үй үш жұлдызды категорияны иемденеді. Бұған қоса қонақ үй бағалары класына байланысты дифференциацияланбаған және кейде үш жұлдызды отельдін бағалары төрт жұлдызды отелдін бағаларына тең келеді. Дегенмен Қазақстанның әртүрлі отелдерге ие екендігін атап өту қажет. Олардың бағасы 3 АҚШ долларынан 2000 долар аралығында толқып отырады. 2000 доллар президенттер мен бизнесмендерге аналған [ 13].
Жамбыл облысы қонақ үйі жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерін қарастырамыз.
Кесте 16 – орналастыру объектілері жұмысының негізгі көрсеткіштері
Наименование показателей Годы Темпы
изм, %
2003 2004 2005 2006 2007
1.Объектілер саны, бірлік 12 11 10 10 13 108,3
2.Нөмірлер саны, бірлік 190 316 403 439 548 288,4
3.Қызмет көрсетілген келермендер саны, мың адам 19,7 20,3 26,1 37,7 45,4 230,5
4.Ұсынылған төсек- тәулік 46404,5 57109 57004 61723 70010 150,9
5.Бір жолғы сыимдылығы төсек — орын 683 575 530 468 551 80,7
6 Толтырымдылығы % 18,6 27,2 29,5 36,1 34,8 187,1
Кестк 16- тен біз қарастырылған уақыт ішінде орналастыру объектілерінің саны 10бірлікке немесе 8,3 пайызға ұлғайды, бұған сәйкес қонақ үйіндегі номерлер саны 190бірліктен 548 бірлікке дейін немесе 188,4 пайызға жоғарлады. Қызмет көрсетілетін келермендер саны 19,7 мың адамнан 45,4 мың адамға дейін немесе 25,7 мың теңгеге өскен. Оларға 70010 дейін төсек-орын берілді. Дегенмен бір мезгілдік койка-орын ыйымдылығы 683 бірліктен 551 бірлікке дейін қысқарды. Осыан қарамастан барлық төсек орынның толтырымдылығы 34,8 пайызға тең.
2007 жылғы орналастырудың негізгі көрсеткіштерін ҚР-мен салыстырмалы түрде қарастырамыз.
Таблица 17 — 2007 жылы облыс бойынша орналыстыру объктілері жұмысының көрсеткіштері
Наименование показателей Барлық нөмірлер саны, бірлік Бір жылғы сыйымдылығы төсек – орын Ұсынылған төсек- тәулік Толтырылым-дығы,% Қүрылыстың жалпыалаңы барлығы, шаршы метр
1. Казақстан республикасы 19552 43801 4386086 28,7 1388653
2.Жамбыл облысы 294 551 70010 34,8 16310
3. ҚР жалпы көлеміндегі қызметтің үлес салмағы, % 1,5 1,3 1,6 — 1,2
Кесте 17 –дан біз туристерді орналастыру бойынша қонақ үйі жұмысының өте мәз еместігін көреміз. Олардың республикадағы жалпы санның 1,5 пайызын, төсек-орын жалпы санының – 1,3 пайызын құрайды, ал олардың толтырымдылығы 34,8 пайыз.
Сонымен туристік индустрияның инфрақұрылымы Жамбыл облысында әліде болса жетілдіруді қажет етеді. Еліміздің үкіметі және жергілікті орындаушы органдар оның дамуына қосымша қаржы салуы қажет.
2.3 Жамбыл облысындағы туризмнің даму болашағы
Туризм саласы кәсіпкерлер кызметі арасында жаңадан бас көтеріп келе жатқан сала, сондықтан да, берілген бағыт өзнің одан әрі дамуын және мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді қажет етеді.
Туристік саланы дамыту және туризм саласында кызмет атқарып
отырған жеке кәсіпакерлерге қолдау көрсету мақсатында облыс әкімиятының 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 120 Каулысымен, облыс маслихатының 2006
жылғы 16 маусымындағы № 17-9 Шешімімен «Жамбыл облысында туристік
саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы»
кабылданған [14].
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары кажетті деңгейде орындалуының салдарынан 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда туризмнің барльқ түрі бойынша туристік индустрияның дамуында оң үрдіс байқалғанын көруге болады, жалпы 12 278 келушілерге кызмет көрсетілген, көлемі 68,2 млн. теңге құрады. Туриспк объектілердің саны — 3 туристік базаға («Тау Самалы», «Солнечный берег», «Бәйтерек» Жуалы ауданы ), 17 туристік фирмаға, 2 демалыс орнына («Аю тропик», «Есіл» Тараз қаласы төңрегінде), санаториялық-профилактириялық мекемеге, қонақ үйлеріне ұлғайды. Барлығы — 28 туристік ұйым, 5 демалыс орны, балалар туризмі мен альпенизмін ұйымдастырумен айналысатын 2 экологиялық клубтар, 3 қоғамдық бірлестіктер халыққа қызмет көрсетуде.
Өткізілген семинар-кеңестер, конференциялар, конкурстар, облыстық бұқаралық-ақпарат құралдарында жарияланып тұрды.
2008 жылы — туристік объектілердің саны өзгеріссіз қалғанымен, әлемдік қаржы дағдарысы әсеріен, туризмнің қызмет көрсету түрлері бойынша туристік индустрияның дамуы төмен болғаны байкалады. Тіркелген 28 туристік ұйымның 8-1 уакытша жұмыстарын тоқтатуға мәжбір болды. Шамамен 4520 келерменге 16,1 млн теңгенің көлемінде қызмет көрсетілді. 2007 жылмен салыстырғанда келермендердің саны 2,5 есеге азайып, көрсетілген қызмет көлемі 4,2 есеге төмендеген.
Бүгінгі таңда туристік сала бойынша 2 инвестициялық бизнес-жоба дайындалды. Берілген жобалар туризм саласы бойынша өзкекті инвестициялық жоба ретінде кабылдануы үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жіберді Жоба маұқлданып, ары қарай іске асыруға ұсынылды. Жобаны жузеге асыру мерзімі 2008-2010 жылдар аралығында.
Кластерлікті дамыту негізінде Жамбыл облысының туристік саласының даму перспективасына маркетингтік — сараптамалық зерттеу жүргізді. Аталған зерттеудің қорытындысы негізінде Жамбыл облысындағы туризмнің даму Стратегиясын (Мастер-план) өңдеку жұмысын жоспарлап отыр, онда туристік перспективасы бар аудандар, бағыттар және туристік объектер соғылатын орындар анықталады. Берілген-шараны жүзеге асуру ушін қаражат көзі кажет.
Туристік саланы дамыту және туризм саласында қызмет атқарып отырған жеке кәсіпкерлерге колдау көрсету мақсатында облыс әкімиятының 2007 жылғы 17 сәуіріндегі № 120 Қаулысымен, облыс маслихатының 2006 жылғы 16 маусымындағы № 17-9 Шешімімен «Жамбыл облысында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды.
Бағдарламаның, басты мақсаты — қазіргі заман талабына сай, тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік кешен құру және оны жоғары кірісті экономика секторына айналдыру.
Қойылған мақсатқа сәйкес Бағдарламаның, басты мәселелерінің бірі -аумактың туристік мүмкіндігіне маркетингтік-сараптамалық зерттеу жүргізу, зерттеудң қорытындысы негізінде Жамбыл облысында кластерлік негіздеп туризмнің, даму Стратегиясын өңдеу. Бұл туризм инфрақұрылымының дамуына, сонымен қатар, аумақтағы туризмнің материалдық-техникалық базасын модернизациялауға әсерін тигізетін кешенді іс-шаралардың өңдеуіне, жаңа туристік объектілердің соғылуының белсендетілуіне, туристік өнімдерді республикалық және әлемдік туристік қызмет нарығына алып шығуға, аймақтық туризм саласына инвестиция тартуға, аталмыш сала субъектілерін несиелеуге қолайлы жағдай тудырады.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы іс-шаралар жоспары облыстың бюджеттен бөлінетін каржы және де Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған басқа да қайнар көздері есебінен жүргізіледі. Облыстьң бюджеттен Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті жоспарланған каржы көлемі 19 550,0 мың, теңгені кұрайды, оның, ішінде:
— 2006 жылға — 7600,0 мың, теңге;
— 2007 жылға — 6750,0 мың, теңге;
— 2008 жылға — 5200,0 мың, теңге.
Іс-жүзінде бюджеттен бөлінген қаржы көзі 15 294,0 мың, теңгені кұрады, оның ішінде:
— 2006 жылы — 6950,0 мың, теңге;
— 2007 жылы — 3144,0 мың; теңге;
— 2008 жылы — 5200,0 мың теңге.
Аталған Бағдарламаға сәйкес 28 іс-шара өткізілу көзделген. Оның, ішінде 2006 жылы — 3, 2007 жылы — 8, 2008 жылы — 6 іс-шара қаржыландыруды қажет еткен.
2006 жылға қаржы мәселесі уақытылы және жеткілікті мөлшерде бөлінгендіктен жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды. Облыс бюджетінен аталған Бағдарлама іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 6 950,0 мың теңге бөлінді.
Жамбыл облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басіқармасы (әрі қарай -Басқарма) «Аймақтық бизнесті дамыту орталығы» консалтингак компаниясымен бірлесе отырып кластерлік даму негізінде Жамбыл облысының туристік саласының даму перспективасына, бөлінген каржының 3 950,0 мың теңгесіне маркетинтгтік — сараптамалық зерттеу жүргізді. Аталған зерттеудің қорытындысының негізінде Жамбыл облысындағы туризмнің даму Стратегиясын (Мастер-план) өңдеу жұмысын жоспарлап отыр, онда туристік перспективасы бар аудандар, бағыттар және туристік объектілер соғылатын орындар анықталады. Сонымен қатар, 2006 жылға бөлінген қаржы көзі келес іс-шараларды қаржыландыруға жұмсалды:
-1200,0 мың теңге — хальқаралық және отандық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуға;
-1500,0 мың теңге — туристерге арналған анықтама жорналы және туристік банер шығаруға;
-300,0 мың теңге — оқушылар арасында альпиниада жарысын өткізуге.
Осы жылы «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасының аймактық филиалы және туристік ұйымдардың бірлесуімен «Жамбыл обы лысы туристік ұйымдарының Ассоциациясы» құрылды.
2007 жылга 3144,0 мың теңге бөлінді. Жоспарланған іс-шаралардың,
8-1 қаржыландыруды қажет етп, бөлінген қаражаттың жетпегенше
байланысты іс-шаралардың 6-ы орындалмады. Бөлінген қаржы көзі келесі
іс-шараларды қаржыландыруға жұмсалды:
-1000,0 мың теңге — қдғаз және электронды тасығыштарда жарнама-акпараттың материалдар шығаруға;
-2144,0 мың теңге — туристік компанияларды алда болатын халықаралық және республикалық туристік іс-шаралар туралы хабарлау және қатысу жұмысына жұмсалды.
Департаменттің қолдауымен облыстың үздік 3 білмгерлері Д.Қазақбаева (ТарГУ), А.Эжібаев (Яссауи ҚТУ), Г.Наурызбаева («Әулие Ата» университеті) «Менің отаным- Қазақстан» конкурысына қатысты.
2008 жылға облыстың бюджеттен 5 200,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген
қаржы көзі келес іс шараларды қаржыландыруға жұмсалды:
-1 700,0 мың теңге — қағаз және электронды тасығыштарда жарнама-акпараттың материалдардың шығарылуына;
-2 000,0 мың теңге — халықаралық және отандық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуға;
-300,0 мың теңге — Мерке ауданында аттылы және жаяу туризм бағыттарының ұйымдастырылуына;
-400,0 мың теңге — облыс оқушыларына республиканың туристіук объектілері бойынша экскурсиялардың ұйымдастырылуына;
-300,0 мың теңге – Бүкіләлемдік Туризм күніне арналған іс-шаралардың өткізілуіне;
-500,0 мың теңге — облыстың альпиниаданың өткізілуіне жұмсалды.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қажетті деңгейде орындалуының салдарынан 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда туризмнң барлық түрі бойынша туристік индустрияның дамуында оң үрдіс байқалғанын көруге болады. Туристік қызмет көрсету нарығы демалыс және туризмнің барлық түрлерінде қызмет көрсететін кәсіпорындардан тұрады. Туристік ағымдарды қалыптастыру және қызмет көрсету бойынша негізгі жұмысты туристік ұйымдар — турфирмалар атқарады, олар турагент және туроператор болып бөлінеді Жамбыл облысында туристік фирмалардың өсу динамикасы мынадай: 2006 жылы облыстың 13 туристік фирмасы 7578 туристі қабылдап, 22,9 млн. теңгеге қызмет көрсетті. Облыс бюджетінен 1426,0 мың теңге аударылды. 2007 жылы туристік фирмалар 12 278 турисі қабылдап, 68,2 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, облыс бюджетінен 2 483,0 мың теңге аударылды.
2008 жылы туристік объектілердің саны өзгеріссіз қалғанымен, әлемді қаржы дағдарысы әсерінен, туризмнің қызмет көрсету түрлері бойынша туристік индустрия дамуының төмен болғаны байқалды. Тіркелген 28 туристік ұйымның 8-1 уақытша жұумыстарын тоқтатуға мәжбір болды. Шамамен 4520 келерменге 16,1 млн. теңгенің көлемінде қызмет көрсетілді 2007 жылмен салыстырғанда келермендердің саны 2,5 есеге азайып, көрсетілген қызмет көлемі 4,2 есеге төмендеді.
Бүгінгі таңда, Жамбыл облысының туристерге арналған анықтағыш журналы әзірленді, үш тілде басылып шығарылған «Жамбыл облысының туристік мүмкіндіктері» жорналы мен «Жамбыл облысына қош келдіңіздер» және «Тараз — ғасырлардың бейнесі) атты екі буклет дайындалды. Бұл жарнамалық-ақпараттық материалдар шет елдерде өткізілетін халқаралық туристік жәрмеңкелер мен биржаларда таратылуда. Халықаралык деңгейде өткізілетін іс-шаралар жұмысында белсенділік таныту аумақтық туристік өнімдік халықаралық туризм нарығына шығаруда және шетел туристерін өз аймағымызға тартуда үлкен әсерін тигізуде. Жамбыл обылысы әкимиятының қолдауымен, Туризм және спорт министірлігі ұйымдастырған республика делегациясының құрамында, облысымыздың туристік ұйымдары Берлинде, Лондонда, Пекинде, Сеулде, Токиода және республикамыздың Астана, Алматы, Кокшетау калаларында өткізілген халықаралық көрмелеріне қатысып, «Корме жұмысын дұрыс ұйымдастыру» және «Үздік жәрменкелік жұмыс» номинациялары бойынша жүлдегер атанды.
«Тау самалы» сауықтыру туристік кешені Қазақстан Республикасы бойынша, кұны 10 млн. теңгені кұрайтын, балаларды республикалық бюджет есебінен тегін демалдыру тендерін ұтып алып, «Балалар туризмі> жобасын енгізді. Жыл сайын жүзеге асырылып отыратын бұл жоба бойынша демалған оқушылар саны бүгінде 1000-нан асты.
2008 жылы балаларды облыстың бюджет есебінен тегін демалдыру іс-шаралары өткізілді. Бұл «Өлке тану» жобасы бойынша оқушылар жазғы
демалыс кезңде ішкі туризм бағыттары бойынша мемлекетіміздң тарихи ескерткіштерімен, мәдени ғимараттарымен және басқа да туристік объектілерімен, өлкеміздң 2000 жылдан астам тарихы және әрқилы мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік алды. Облысымыз мектептерінің 20 үздік оқушысы тамыз айының 18-22 аралығында «Астана — еліміздң жүрегі» жобасы бойынша екі күндік турмен Астана қаласына туристік сапармен жіберілді.
2008 жылдың қыркүйек айының 27-28 аралығында облысымыздың Алмалы Сай шатқалында, Бүкіләлемдік туризм күніне арналған күзік туриада өткізілді Облысымыздың 9 мектептерінің 150-ден астам окушылары мен Тараз мемлекеттік университет! студенттері қатысқан бұл туриадада
бірнеше фестивальдер мен конкурстар, атап айтқанда, бардтық өлең айту фестивалі дәмді туристік тағам даярлау аспазшылар конкурсы және тау туризмі мен альпинизм элементтері кіретін жаяу жүру туризмі конкурстары өткізілді. Бұл конкурстар да жулделі орын алған жеңімпаздар кұрмет грамоталары мен қымбат сыйлықтармен марапатталды.
2008 жылдың 5 қазанында Тараз мемлекеттік университетнде жаңадан ашылған туризм факультетінің 59 студентін және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің 26 студентін туристер қатарына кабылдау рэсімі, өткізіліп осы студенттер арасында «туристер алдында кездесетін қиыншылықтарды жеңе білу» конкурсы өткізілді. Жеңімпаздар «үздік турист» грамоталарымен марапатталды.
Туристік объектілердің саны 3 туристік базаға («Тау Самалы», «Солнечный берег», «Бэйтерек»), 17 туристік фирмаға, 2 демалыс орнына («Аю тропик», «Есіл»), бірнеше санаторилык-профилакториялық мекемелер мен қонақ үйлерге ұлғайды. Барлығы — 28 туристік ұйым, 5 демалыс орны, балалар туризмі мен альпенизмім ұйымдастырумен айналысатын 2 экологиялық клубтар, 3 коғамдық бірлестіктер халыққа қызмет көрсетуде.
Бүгінгі таңда, туризм саласы бойынша 2 бизнес-жоба даярланды. Біріншісі, «Бәйтерек саяхат орталығы» ЖШС-нің Жуалы ауданы «Ақсай» сайындағы тау-шаңғы туристік базасының құрлысы. Жобаның жалпы соммасы 510 миллион теңгені құрайды, іске асырылу мерзімі 2009-2011 жылдар. Екші жоба бойынша, «Тлебай баба» ЖШС-гі Жуалы ауданында «Тау самалы» туристік базасының кұрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бизнес-жобасының жалпы сомасы 250 миллион теңгені кұрайды, іске асырылу мерзімі 2009-2011 жылдар.
Туризмнің даму перспективасы, шешілуін қажет ететін мәселелер қарастырылатын семинар-кенестер, дөңгелек столдер конференциялар жиі өткізіліп отырылады. Өткізілген іс-шаралар және облыстағы туризм саласы дамуындағы жаңалықтар облыстық, бұқаралық-ақпарат кұралдарында жүйелі түрде жарияланып тұрады.
Туризмді дамытудың тиімді міндеттерін шешу ішкі туризмді едәуір дамытуға, біздің облысымызға шетел туристерінің келуіне және облысымыздың экономикасына түсетін валюталық түсімдердің және әр турлі деңгейдегі бюджетке тусетін салық төлемдерінің ұлғаюына, сондай-ақ, туризмнің едәу мультипликативтік нәтижесін ескерсек, экономиканың қрсалқ,ы салаларының дамуына және халықтың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.
ТАРАУ 3. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕХАНИЗМІ
3.1 Туристік кластердің қалыптасуы және дамуы
2005 жылдың қантар айында астана қаласында өткен «Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі және кластерлік дамуы» атты конференциясында қазақстандық кластерлік дамудың нәтижелері қорытындыланды. Экономиканың 150 секторынан экономиканың ең дайын және тез өзін өтей алатын 7 сферасы таңдалып алынды: туризм, металлургия, құрылыс материалдары, мұнай газ машина құрылысы, тасымалдау логистикалық қызметтер, тоқыма және тамақ өнеркәсібі. Олардың негізінде алдағы 5-7 жыл ішінде елеулі нәтижелер бере алатын, алғашқы кластерлер құрылған және құрылу жалғасуда.
Туристік сала Қазақстан Өкіметінің 2005ж. 17 қыркүйегінде №925 қаулысымен бекітілген, экономикалық қызметтің басым түрлері тізіміне енгізілген, бұл инвестициялар туралы заңнамалармен қарастырылған жеңілдікпен префенцияларды потенциалды инвесторларға пайдалануға мүмкіндік береді. Туристік кластерді құру маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Өкіметі туризмді дамыту стратегиясын дайындау мақсаттарында Қазақстанның туристік потенциалын маркетингтік зерттеуді жүргізу үшін 65 млн.тг. бөлді.
Республикада кластерлік туризмді құру, соның ішінде біздің облыста, келесі маңызды міндеттерді шешуге ықпалы тиеді:
— туризм индустриясын дамытуға шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту;
— үкіметтің орталық және аймақтық деңгейлері қызметін нақты үйлестіруді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жеке менеджменттің жоғары деңгейін қалыптастыру;
— жеке ынтаны дамытуға көмектесу;
— саланың ақпараттық кеңістігін құру;
— сыртқы және ішкі нарықтарда қазақстандық турөнімдерді ұсынудың тиімді жүйесін жасау;
— инвестициялау және салық салу сұрақтары бойынша қажетті нормативті және құқықтық актілерді қабылдау.
Кіру туризмін дамыту үшін қолайлы жағдайларды құру және республиканың потенциалды мүмкіндіктерін пайдалануға бағытталған, Қазақстанда туризм бойынша кластерді құру және дамыту ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтеруге ықпал етеді.
Жамбыл облысында туристік кластерді құру және дамыту келесі ортақ проблемаларды шешуді қарастырады:
— әкімшілік тосқауылдардың әсерін төмендету;
— туризм аймағында жұмыс істеу үшін білікті мамандарды дайындау;
— маркетингтік зерттеулерді жүргізу;
— туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
— туризм дамуын инвестициялау.
Жамбыл облысының бәсекелестік артышылықтары бар, олар:
— өте сирек тарихи-архитектуралық ескерткіштері, соның ішінде мәдени-танылатын туризмді дамыту үшін Ұлы жібек жолында орналасқан;
— экологиялық туризмді дамыту үшін бай табиғи ресурстар;
— облыстың іскерлік белсенділігі, ол іскерлік туризмді дамыту үшін маңызды.
Бұл үшін Жамбыл облысына жаңа перспектива және жаңа құралдар қажет. Макроэкономикалық тұрақтылыққа бағытталған, әдетті тәсілдер бәсекеге қабілеттілікті көтеру мәселелерін шешпейді. Бәсекеге қабілеттілікті көрету жолы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған, құрылымдарды құру, даму мәселелерін бірлесіп шешу жолдарын іздестіруден турады. Сондықтан облыстың әлемдік туризм нарығында өзінің орнын алуға ерекше мүмкіншілігі бар. Қазіргі танда облыстың уристік кешенінде туризм өнімі көрсетілетін туроператорлық, турагенттік қызметтер түрінде, және де демалыс пен саяхаттарды ұйымдастыру бойынша қызметтер, яғни сырқа шығу туризмі ретінде қабылданады.
Қазіргі уақытта облыста туристік кластерді құру мен дамыту бірінші кезекте сыртқы және ішкі сияқты туризм нарығының секторларына бағытталуы қажет, өйткені олар, шығу туризміне қарағанда, Қазақстан ішінде табыстың үлкен бөлігін құрайды.
Кластерді ұйымдастыру үшін туризмнің сыртқа шығу, кіру және ішкі түрлерін пайдалану ұсынылады. Біз кестеде әртүрлі турлардың жіктемесін ұсындық.
Кесте 18 – Облыста туристік турлардың жіктемесі
Туризм түрі Турлар аталуы
1.Көшпелі туризм 1.Қытай, Туркия, Біріккен араб эмираттары және т.б. шоп –турлар
2. Діни турлар: Арыстанбаб мазары- Ходжа –Яссави мазары
3.Сауықтыру туры: Иссық-көл
2.Кіру туризмі 1. Діни турлар: Тектурмас-Қарахан-Айша-бибі
2. Діни турлар: Акыртас кешені–Сыпатай батыр мазары
3.Жамбыл облысы бойынша Ұлы Жібек жолы
3. Ішкі туризм 1. Діни турлар: Тектурмас-Карахан-Айша-биби
2. Діни турлар: Акыртас кешені–Сыпатай батыр мазары
3. Жамбыл облысы бойынша Ұлы Жібек жолы
4.Жамбыл облысы музейлері бойынша сапарлар: Меркі селосындағы өлке тану музейі, Тараз қаласының музейі – Бауыржан Момышұлы музейі
5. Тараз қаласының музейлері
Туристік кластер қызметінің негізін анықтайтын, жеке ұсынылған турлардың қысқаша мазмұнын қарастырамыз.
Діни тур: «Тектурмас архитектуралық кешен –Қарахан мазары — Айша-бибі мазары». Тектурмас архитектуралық кешен 10-14 ғасырлармен даталанған. Ол талас өзенінің оң жағасында, қаланың оңтүстік-шығыс жағының маңайында, Тектурмас тасты тізбектің шынында («Мазасын орын») орналасқан. Бұл көне мәдени жерлердің бірі. Кешеннің алғашқы тұрғызылған құрылыстары сақталмады. 1935 жылы олар толығымен реттелді, ал кешірек участок қоршалып ескерткіш плитасы қойылды (1986) [ 15].
7-11 ғғ даталанған, ежелгі зороастриялық мола жерінде, Тектұрмас кешенінің орналасуы оның қалыптасуы осы жақа ислам келуіне дейін басталғанын жорамалдауға мүмкіндік береді, яғни 11 ғасырға дейін. Ал Тектұрмас мазарының құрылысы ислам кезінде жүргізілген. Архитектуралық формаларды зерттеу зерттеушілерге оны 14 ғасырда салынған деп айтуға мүмкіндік береді.
Көне заманның көптеген ескерткіштері туралы сияқты ол туралы көптеген аныздар бар. Бірақ қазірге дейін ол жерде кім жерленгені белгісіз. Негізінен Қараханаиддер мемлекетін басқарушылар династиясының бір өкілі жерленген деп ойлайды. Тақтан бас тартып, ол өзін аллаға қызмет етуге арнады, мемлекеттік дін болып жарияланған, түрік тілдес халықтар арасында жаңа дінді – исламды таратумен айналысты. Және адамдар оған сенді және құрметтеді. Х111 ғасырда зиратының үстінде мазар орнатылды. Ол мұсылмандардың көпшілік қажылық орны болды, әулие жер, бұл жерде ешқашан адамдар жоқ болған емес. Сондықтан халық оны «Тектұрмас» деп атады. Тектұрмас нақты адамның есімі болып табылмайды.
1864 жылдың көктемінде полковник Черняевтің орыс полкімен «Әулие-ата» қоқанд бекінісін қоршаған кезде, мазар бұзылған болатын. Ескерткіш 20 жылдардың соңында толық қираған болатын. Әйгілі кәсіпкер А.Момышев ынтасымен құрылған, «Тектұрмас» қоғамдық қордың қаражаттарына 2002 жылы сол орыныда жаңа мазар тұрғызылды.
Қарахан мазары қаланың орталығында орналасқан және бұрынғы ортағасыр зираттар территориясында қалыптасқан, мәдени-мемориалды кешенге кіреді. Зират бұрынғы әскери бекіністің батысында, Түйте каналының сол жағалауында орналасқан. Қазір кешен «Көне Тараздың ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың зонасына кіреді. Мазар аңыз бойынша әулие (Әулие-ата) Қарахан моласында тұрғызылған. 1905-1906жж 12 ғасырда ташкент ишаны Саид Бекханов тұрғызған мазар қайтадан тұрғызылды. Ол өзімен порталды-куполды ғимаратты білдіреді – кеш ортағасырдың орта азиялық мәдени архитектурасының үлгісі. Портал құысында кіру есігінің үстінде эпиграфиялық катуш орнатылған, онда құрылыс датасы және тапсырыс берушінің аты-жөні жазылған. Зал ортасында үлкен кірпішті құлпытас бар. Осы зиратта 13 ғ. Шамансур (давудбек) мазары бар, ол сол уақыттың ірі қолбасшыларының бірі.
Айша-бибі мазары Айшабибі селосының шетінде орналысқан. Айша бибі мазары және жанында тұрған Бабаджа хатун мазары мемориалды-мәдени кешен құрамына кіреді. Кешен участкесі барлық жақтан ашық, құрылыстардан бос және төңірегінде ағаш талдар отырғызылған. Айша-бибі мазары және тұлғасы туралы жазылған тарихи мәліметтер табылған жоқ, бірақ бұл тақырыпта көптеген аңыздар бар.
Анық бойынша Айша-бибі – жас қыз – ару, 11-12 ғғ өмір сүрген. Айша-бибі қараханды кездестіріп оны жақсы көріп қалған. Бірақ, қарахан жаудың шабуылы туралы хабар алып үйіне жедел қайтуға мәжбүр болды. Белгіленген мерзімде одан хабар алмаған Айша-бибі өз әкесінен қарахан отанына баруға рұқсат сұрайды. Егер ол тірі болса онымен бірге қайтамын деп әкесінің батасын алады. Бірақ қыздың әкесі қыз үш рет алдынан өтседе рұқсат бермейді. Сонда Айша 40 қызбен қараханға аттанады. Жолда қыздар су жағасына демалуға тоқтайды. Осы кезде қыздың сәукелесіне жасырынған жылан қызды шағып алады. Қыздардан болан оқиғаны естіген Қарахан оған баруға асығады. Бірақ үлгермейді. Айша оның қолында өлім кетеді. өзінің сүйіктісінің естелігіне Қарахан оның зиратының үстіне мазар тұрғызады. Халық айшаны әулиелер қатарына қосады және оған сийынады [15].
Діни тур: «Ақыртас-сыпатай батыр мазары кешені»
Ақыртас кешені тараз қаласы шығысында 40 км жердеАқшолақ бекетінің онтүстігінде 6 км, қыргыз алатауының етегінде орналасқан. Кешен құрамына өзеннің кеуіп кеткен өзегін екі жағындағы орналасқан, сарай ғимараттарымен объектілері. Бұл қала сыртындағы үй-жайлар, замок, парк, тас шығару карьері, топырақ карьері, хауыздар (су қоймасы). Ақыртас тарихын зерттеу 130 жылға созылған. Бірқатар ғалымдар бұл жергілікті басшының жазғы резиденциясы деп санаса, екіншілері караван-арй, яғни тасымалдау пункті деп санайды. Бірақ не болсада құрылыс өзінің ауқымдылығымен және ұлылығымен, су құбырларының, парк-бақшаларының болуымен таңқалдырады.
Сыпатай батыр мавзолейі, 19-аяғы 20 ға.шығ. жақ шетінде, ескі байланыс даңғылығының, қазіргі Алматы-Тараз-Бишкек автомагистралінің жағасында. Ескерткіш 1991 ж. Сыпатай батырдың (1781-1868) 210 жасқа толуының кұрметіне орнатылды. Сыпатай батыр қазақ және қырғыз халықтарының арасына кенінен тараған, халықтың 1840-60 жылдардағы саяси өмірінде өзіндік із қалдырған адам. Бұрыннан тұрған мазардың үстіне орнатылған.
Сыпатай Әлібекұлы қазіргі Мерке ауданда туылған. Жас кезінде ерлігімен көзге түсіп, батыр атанған. 1845 Кенесары көтерілісіне қатысалады. 1847 Кенесары көтерілісне қырғыздармен айқаспауға көндіре алмаған соң, өзінің аулына қайтып келген. 1847 Россияның азаматтығын қабылдады, сөйтіп Россияның шекара үкіметіне қоқанд пен күресінде бірнеше рет көмек көрсетті. 1850 Қоқан хандығының қол астына кірді. Сөйтіп қоқандтың Қүдиярхан бастаған отыз мыңдық әскеріне қосылып Ұзынағаш шайқасына (1860) қатысып орыстың генерал-майор Г.А.Колпаковский бастаған әскери отрядымен шайқасты. Қоқандықтар жеңіліп қалған соң, олармен белсенді күреске шықты. 1864 орыс отрядына Шу-Талас аудандарындағы қоқанд қамалдарын алып Жетісуға тереңдей енуіне көмектесті. Сыпатай батырдың Өңтүстік Қазақстанда Қоқан хандығының үстемдігіне қарсы күресі қазақ фольклорында кеңінен жырланды. Кейіннен ақын Жамбылда жырлады [16].
Тараз қаласында әртүрлі ескерткіштердің саны көп: Байдібек би, Жамбыл Жабаев, Мухамед Хайдар Дулати, Бауржан Момыш-ұлы және басқалардың ескерткіштері. Байдібек би ескерткіші тараз қаласының орталық аланында орнатылған. Бәйдібек би Ақсақ Тимурдың сыбайласы және замандасы болды. Ол сондай-ақ философ Асан Қайғының, ақын-ертегіші асан Сабітұлының рухани пікірлесі болды. Бәйдібек би Боралдай жерінің ең бай адамдарының бірі болды. Би болған кезінде Бәйдібек би халық арасында өзінің әдеттілігімен, сөз өткірлігімен, адамгершілігімен, ақылдылығымен әйгілі болды. Мухамед Хайдар Дулати ескерткіші қала ортасында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ғимаратының алдында Сулеменов көшесінде орнатылған. Ескерткіш 1998 жылы М.Х.Дулатидың 500 жылдығына орнатылған болатын. М.Х. Дулати – әйгілі дипломат, тарихшы, әдебиетші. Ол Қазақстан және орта Азия тарихын жақсы білетін. Мухаммед Хайдар –Дулати Могулистан бойынша тарихи анықтамаға енген, «Джаханнама» дастанының және Орталық азия және Қазақстанның орта ғасырлық тарихы бойынша негізгі түпдеректің бірі болып табылатын «Тарих – и Рашиди» дастанының авторы.
Жамбыл Жабаевқа ескерткіш 1961 жылы ақынның туғанына 115 жыл болуына жамбыл атындағы аланда орнатылды. Қазақ халқының ақыны, Жамбыл облысының туып-өскені, ауыз халық творчествасының ірі өклдерінің бірі. Қазан революциясына дейін ол әшкерелеуші өлендер айтты: сүйікті шығарма түрі — айтыс. Халықтың ойларын және арманын білдіретін, патриоттық өлендер және бірқатар қаһарман поэмалардың авторы. Жамбылдың Ленинграттың қоршаудағы ерлік қаһармандарына үндеуі «Ленинградтықтар, балаларым менің!» — соғыс жылдарындағы көп ұлттық кеңес әдебиетінің ең жақсы шығармаларының бірі. Жамбыл Жабаев өмірі бір мақсатқа қызмет өтумен өтті — өз халқының мүддесіне қызмет ету, ол халықтың есінде ұлы ақын болып қалады.
Бауыржан Момышұлы ескерткіші Тараз қаласының театральный аланында орнатылған. Бауыржан Момышұлы – қазақ жазушысы, Ұлы отан соғысына қатысушы, өлгеннен кейін Кеңес одағы батыры атағы берілді. Соғыс жылдары ол дивизия, полкті басқарды. Бауыржанның соғыс өмірбаянында Мәскеу түбіндегі ұрыс ерекше орын алады. Тек 19 гвардия атқыштар полкінің командирі қызметінде ғана ол 1941 жылы 27 сәтті ұрыс өткізді. Момышұлы, дивизияны басқара отырып Калинин майданында немістерді талқандаудың шабуыл операцияларына белсенді қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін 1956 жылға дейін әскери-ұстаздық қызметпен айналысты. Демалысқа шығумен ол жазушы қызметпен айналысты. Оның шығармаларының негізгі тақырыптары кеңес жауынгерін сипаттау, жау баспыншылығынан отанын қорғауда халық ерлігін көрсету болды. Бұл әйгілі шығармалар«За нами Москва», «Наша семья», «Дневник офицера» және басқалар. Халық өзінің батырын есте сақтауда. Оның атымен мектептер, көшелер аталған, ол өмір сүрген үйде мемориалды тақта ілінген.
Танылатын тур: Ұлы Жібек жолы. Ұлы жібек жолы – бұл адам цивилизациясының ерекше тарихи ескерткіші, Батыс пен Шығысты қосатын, трасса ретінде қызмет етті. Ол біздің дәуірге дейінгі 11 ғасырдан бастап қызмет етті. Бұл жол біздің облыс арқылыда өтті.Ұлы жібек жолы Жуалы ауданы территориясын бастап, қазіргі Ташкент-Алматы автотрассасы бойымен өтті. Ол Бурно-Октябрьск, Бурный, Тараз қаласы, Қулан селосы, Меркі селосы және басқада мекен бөлімдері арқылы өтті.
Жібек жолымен жібек, бағалы тастарды, минералдарды, қаруды, араб жүйріктерін, және т.б. әкелді. Ол діни мәдениеттің және өнердің, әртүрлі діндердің таратушысы болып табылды. Жібек жолының бойында тарих пен мәдениеттің көптеген ескерткіштері бар. Тек маман-ғалымдармен және жергілікті өлке зерттеушілерімен ғана көне тас ғасырының, ежелгі көшпенділер қоғандарының, ежелгі қоныстардың, түрк тас мүсіндерінің, ортағасыр қалаларының, архитектуралық ескерткіш-мазарлардың және тарихи-революциялық ескерткіштердің екі мыңнан астам объектілері анықталды және есепке алынды.
Әрине, туристік қызмет, экономика саласы ретінде, жамбыл облысында әлі жеткілікті дамымаған. Облысқа кіру туризмнің үлес салмағы төмен, өйткені туризм инфрақұрылымы жеткілікті дамымаған, ұсынылатын қызметтер сервисі төмен сапалы, өз өлкесінің тарихын білетін мамандар саны аз. Қазіргі ауқытта облыстың туристік қызметі негізінен шоп-турлармен және әулие жерлер бойынша діни турлармен көрсетілген. Қазақтардың тұрмысын насихаттайтын турлар мүлдем жоқ.
Облыста туристік кластерді сәтті дамыту үшін бірінші кезекте өкімет тарапынан мемлекеттік қолдау қажет. Сөйтіп, қойылған мақсаттарды іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу керек:
— туризм аймағында мемлекеттік саясатты белсендету;
— туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
— туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін арықарай дамыту;
— салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет тарапынан қолдаудын басқада шараларын ұсыну арқылы туристік нарықты қорғау;
— туристер қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-тартымды туристік нарық ретінде Қазақстан имиджин қалыптастыру;
— ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
— туризм аймағында ғылыми зерттеулерді тереңдету;
— туризм сферасы қызметтерін статистикалық есепке алу әдістемесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
-туристік объектілерді қайта құру және тұрғызу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту арқылы туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
— туристік қызметті стандарттау, сертификациялау және лицензиялау негізінде туристерге қызмет көрсету сапасын жақсарту;
— туризм аймағында мамандарды дайындау және біліктілігін көтеру жүйесін дамыту;
-развитие международного сотрудничества в области туризма;
-қоршаған ортаны қорғау және мәдени мұраны сақтау бойынша шараларды қамтамасыз ету.
3.2 Облыста туристік кластерді ұйымдастыру
Еңбектің қоғамдық бөлінісі қазіргі кезеңде туристік кәсіпорындар жеке дамый алмайтын деңгейіне жетті. Олардың дамуындағы ең үлкен әсерге оларды экономиканың басқа салаларының кәсіпорындарымен органикалық үйлестіру кезінде ғана жетуге болады. Нәтижесінде кәсіпорындар арасындағы ұйымдастырушылық және экономика-географиялық байланыстар аусады. Мұнын бәрі туристік кәсіпорындарды және жалғаспалы салалар кәсіпорындарын бірлестірудің жаңа формаларын құру қажеттілігін білдіреді. Мұндай форма туристік кластер болып табылады.
Біздің облыста туристік кластерді құру және басқару қағидалары жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар жағдайында отандық зерттеушілер назарын аударады. Бірақ-та берілген проблема бойынша маңызды зерттеулер жоқ, және көптеген сұрақтардың шешілмегеніне байланысты облыста санаторлы-курортық кәсіпорындар дамуы тоқтап тұр.
Туристік кластер отрақ территориялық-өндірістік кешеннің бөлігі болып табылады және өзімен тығыз өндірістік және экономикалық байланыстармен байланысқан, туристік кәсіпорындар және жалғаспалы кәсіпорындар жиынтығын, және де кешен алатын территорияның географиялық жағдайын, табиғи және экономикалық ресурстарын бірлесіп пайдалануды білдіреді.
Туристік кластер өзімен күрделі шаруашылықты білдіреді, оған қонақ үйлер, емдеу және сауықтыру мекемелері, қызмет көрсетуші кәсіпорындар және жалғаспалы салалар (сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, тұрмыстық, мәдени және спорттық, экскурсиялық ұйымдар, сувенирлік өндіріс, жол-көлік жүйесі) кіреді. Туристік кластерді дамытуды тікелей және жанама деп бөлуге болады. Олар өзара байланысты және бір бірінсіз болмайды. Тікелей дамытуға туристерге тікелей қызмет көрсетуге арналған, негізгі мекемелер және объектілерді құру жатады. Жанамалық дамытуға туристермен мерзімді пайдаланылатын, объектілер кіреді. Оларға жолдар, көлік, коммуникация, коммуналды қызметтер, тұрмыстық және мәдени мекемелер және т.б. жатады.
Атап кету қажет, туристік кластерді құру, ол алатын территорияның барлық шаруашылығын ұтымды ұйымдастыруды жорамалдайды және көптеген міндеттерді шешуді талап етеді, оларға жататындар:
— табиғи-климаттық жағдайларды және басқада туристік ресурстарды ескерумен территория бойынша туристік кәсіпорындарды ұтымды орналастыру;
— үзілістік ресурстарды жан-жақты және тиімді пайдалану;
— мамандану салалары, жалғаспалы салалар және инфрақұрылымдар арасында онтайлы үйлесімге жету;
— туристік кластер құрамына кіретін, салалар арасында отайлы пропорцияларды бекіту;
— табиғи ортаны қорғау және жақсарту;
-тұрмыстық және мәдени қызмет көрсетумен, қоғамдық тамақтанумен және сувенирлік тауарлармен қамтамасыз ету;
-жылумен, сумен және элект қуатымен қамтамасыз етуді жақсарту, меншікті базаны құру арқылы, немесе бұл ресурстарды басқа аудандардан алу есебінен;
— қазіргі заманғы көлікті, байланыстың барлық түрлерін, жолдар торабын дамыту;
— еңбек ресурстарын тиімді пайдалану.
Туристік кластерді құруды анықтайтын, алғышарттардың екі тобы бар: табиғи және әлеуметтік-экономикалық. Табиғи алғышарттар қалыптастырушы, ал болашақта қайта құрушы әсер көрсетеді. Олар осындай кластерлерді құруды жақсартады немесе нашарлатады, жеделдетеді немесе баяулатады, ал кейбір жағдайларда оларды орынды емес екенін көрсетеді.
Табиғи жағдайларға байланысты туристік кластерге кіретін, қандай да болсын үзілістік объектілер пайда болады. Табиғи жағдайлардың сипаты туристік кластерді құру және дамытуға елеулі әсер етеді, өйткені табиғи ресурстар демалушылармен демалыс және емделу аймағын таңдауда үлкен роль атқарады.
Ғажайып табиғи-климаттық жағдайлар, ұзаққа созылған жаз және жайлы қыс – демалушыларды жыл бойы жаңа піскен жемістермен, көк-өністермен және әртүрлі тамақ түрлерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылы климаттық жағдайлар, таза ауа, желдердің болмауы, шуақ күндердің көптігі, минералды су – бұнын барлығы құнды табиғи және климаттық емдік факторлар.
Туристік кластерлерді құруды анықтайтын, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар халықтың төлем қабілеттілігімен, бос уақыттың болуымен, көлік жүйесінің дамуымен, мамандармен қамтамасыз етілумен анықталады. Қазақстан экономикасының дамуымен және халықтың әл-ауқатының өсуімен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді демалысты ұйымдастырудың мүмкіндіктері көбейе түсті. Қазіргі уақытта қазақстандықтардың жанұясының бюджетінде демалысты ұйымдастыруға кеткен орташа жылдық шығындары барлық шығындардың 5% тең. Салыстыру үшін бірқатар дамыған елдердегі демалысқа кететін шығындар туралы мәліметтерді келтіруге болады: АҚШ-та тұтынушылық шығындардың 42,4%, Швецияда — 32,1%.
Туристік кластерлерді құрудың маңызды экономикалық алғышаттарының бірі оларды қаржылық қамтамасыз ету болып табылады. Егер бұрын туризмді дамытуға жиынтық өнімді және ұлттық табысты үлестіру құрылымы тікелей әсер етсе, және ол негізінен орталықтандырылған күрделі қаржылар және кәсіподақ қаражаттары есебінен дамыды, ал қазір рекрециялық мекемелерді құру көзі ретінде мемлекеттік бюджетті пайдалану қазіргі уақытта орынсыз.
Туристік кәсіпорындардың меншік формаларын және ұйымдастыру-құқықтық формаларын өзгерту оларды қаржыландыру көздерінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Қазіргі уақытта олар өзіндік қаржыландыру көздері арқасында дамуда, бірақ олар материалды-техникалық базасын жаңарту үшін жеткіліксіз. Сондықтан сыртқы инвесторларды қазақстандық туризмді дамытуға қаражаттарды салуға ынталандыру керек.
Қалыптастыру мен дамытудың маңызды алғышарты мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. Сенімді және терең білетін персонал нақты бәсекелестік артықшылық. Бұл үшін қысқа мерзімдерде әртүрлі оқу бағдарламаларын ұйымдастыру қажет: оқу орталықтарындағы экстернат, орында үздіксіз білім беру және тәжірибиеден өткізу жүйесі, басқа сөзбен айтқанда Қазақстанда барлық деңгейлерде: басқару, шаруашылық және сервистік деңгейлерде туристік бизнес үшін мамандарды дайындау және қайта дайындау үшін жағдайлар жасау.
Туристік кластерлерді дамыту аудандардың экономикалық даму деңгейіне елеулі әсерін көрсетеді және территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуында белгілі проблемаларды шешуге көмектеседі:
— инфрақұрылымды, жолдар тораптары жағдайын жақсартуға, коммуналды шаруашылықты және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету сферасын дамытуға түрткі болады;
— жергілікті және мемлекеттік бюджетке қосымша кірістердің түсуін қамтамасыз етеді, олар аймақты ары қарай дамытуға бағытталуы мүмкін;
— жұмыс күшіне сұранысты кеңейтеді, жұмысссыздықты қысқартады;
— аймақта экологиялық жағдайды жақсартады, табиғатты қорғау міндеттерін қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
— жергілікті тауар өндірушілер тауарларына сұранысты кеңейтеді және жергілікті өнеркәсіптің дамуын ынталандырады.
Бірақта туристік кластерлерді құру мен дамыту аймақтын жалпы жағдайының нашарлауына әкелу мүмкіндігін ескеру қажет: экономикалық, экологиялық және мәдени. Бұл үшін аймақ дамуына жағымды және жағымсыз салдардың әсерін бағалау қажет. Сонымен жағымсыз әсерлерге мыналарды жатқызуға болады:
-өндірістік және әлеуметтік бағыттан туристік кәсіпорындарға инвестициялардың бағытталуы;
— халық бөлінісі мен құрылымының өзгеруі;
-жергілікті тұрғындар үшін әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету объектілері жұмысының туристерге қызмет көрсетуге байланысты жоғалтуы;
— қалдықтарды жою проблемасының өрши түсуі;
— экологиялық тепе-теңдікке дұрыс қарамаудан экологияның бұзылуы және экологиялық қауіп қатерлердің болуы;
-жергілікті тұрғындар және қонақтар арасында тілді, әдет-ғұрыптарды, құндылықтарды білмеумен байланысты, түсінбеушіліктерден нашар өзара қарым-қатынастар.
Сондықтан туристік кластерді құру мен дамыту үшін территорияны таңдау кезінде оны кеңейтуден болатын барлық жағымды және жағымсыз әсерлердің салдарын толық қарастыру қажет, жағымсыз әсерді жою немесе төмендету шараларын қарастыру керек.
Әлеуметтік-экономикалық алғышарттардың туристік кластердің қалыптасуына және дамуына әсері сол немесе басқа территория экономикасының ерекшеліктеріне тәуелді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескерудің елеулі тәжірибелік мәні бар, өйткені ол кластерлерді құрудың әртүрлі жақтарын терең және толық талдауға, оның дамуының тиімді стратегиясын дайындауға, кластерді қалыптастыратын, қозғалтушы күштерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстанда кластерлік механизмді пайдалану туралы М.Портер айтты. Кластарлік жүйе негізінде бәсеке қабілеттілігін дамытудың әртүрлі және көптеген теорияларының арасында М.Портердің кластерлік механизмі ең тиімдісі болып табылады. М.Портер бәсеке қабілеттілігін әртүрлі салардың жеке компанияларының мысалында олардың сыртқы экономикалық қызметі тұрғысынан қарастырады, өйткені ол мемлекеттің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Мұндай тұжырым төрт жыл бойы 1985 жылы әлемдік экспорттың 50% қамтамасыз еткен, әлемнің он елі Дания, Германия, италия, Жапония, Корея, Сингапур, Швеция, швейцария, Ұлы британия және АҚШ-тың сәттілігінің себептерін зерттеу және талдауға негізделген. Зерттеулер нәтижесінде төрт элементтен тұратын, бәсекелестік артықшылықтардың ромбы анықталды [ 6].
Бірінші элемент – бұл өндіріс факторлары үшін жағдайлар жасау. М.Портер мемлекет ең маңызды өндіріс факторларын: инфрақұрылымды, ғылыми-техникалық базаны және білікті жұмыс күшін мұра етпейді, өзі жасайды деп мәлімдейді. Өндіріс факторларының жетіспеушілігі компанияны бәсекелестік күресті жүргізу үшін инновацияларды енгізуге ынталандырады.
Екінші элемент – ішкі конкуренция және компания стратегиясы. Бұл элементтің мазмұны басқаруды икемді жүйесіне негізделген, әр компанияның дамуының нақты стратегиясы дайындалуы қажет. Және де компания бір жүйеге тоқтап қалмай басқарудың әртүрлі жүйелерін ұластыру керек. Басқарудың қолданылып жүрген жүйелері елде қалыптасқан құндылықтарға негізделген. Компанияның даму стратегиясы басқа компаниялардың стратегияларымен үйлестіру керек. Бұл кезде компаниялар бәсекелестер болып қалады, бірақ ортақ проблеманы шешу және ортақ стратегияны дайындаудағы барлық қатысушылардың тығыз үйлестірілген біріккен жұмысы кластарга қатысушылардың барлығын жылдам дамуға түрткі болып табылады.
Үшінші элемент – бұл ішкі нарықтағы сұраныс шарттары. Тәжірибелі және қатал сатып алушылардың болуы компанияны олардың көтерінкі стандарттарын қанағаттандырудың тәсілдерін іздеуге мәжбүр етеді, ал бұл өз кезегінде оларды нақты артықшылықтарды алуға инновацияларды енгізуге ынталандырады.
Төртінші элемент – тектес және қолдаушы салалардың болуы. М.Портермен жүргізілген зерттеулер ең бәсекеге қабілетті салалар жеке дамыған жоқ, олар басқада тектес және шектес салалармен өзара іскерлік байланыстар, ақпаратпен алмасу және инновацияларды енгізу арқасында дамыды.
Кластерлік құрылымның сәтті дамуы сондай-ақ мемлекеттің қатысуына да байланысты. Мемлекет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, ол дегеніміз бәсекге қабілеттілігін көтеру үшін алғышарттарды құратын, саяси, әлеуметтік және құқықтық нормалар. Сонымен қатар, бұл жеткілікті шарт болып табылмайды, өйткені бәсекелестік артықшылықтарды құру қабілеті тек макроэкономикалық потенциалға ғана емес, сондай-ақ микродеңгейде фирмалар арасындағы бәсекелестіккеде байланысты.
М.Портер теориясында қосымша құн тізбегі қолданылады, оның көмегімен кластерлік жүйенің шектестерін, жеткізушілері және өндірушілерінің жалпы жүйесін анықтауға, тізбектің әртүрлі қатысушылары арасында шығындар және табыстар қалай үлестілетінің талдауға және шығындар өте жоғары, өндірістің жеке сатыларында өндіріс шығындарын төмендету бойынша шараларды дайындауға болады. Осы теорияға сәйкес өзара бәсекелестік қатынаста болатын, бірнеше қуатты компаниялар кластердің ядросы бола алады.
Кластерлік жүйелердің ерекшелігі тармақтық қатынастардың болуы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектілер нарық туралы ақпаратты пайдалана отырып, оны өзі үшін максималды пайдамен пайдаланады және содан кейін қойылған мақсаттарын – максималды пайданы алу, жүзеге асыру үшін өз қызметінде пайдаланады. Сонымен қатар, экономикалық бәсекелестік жағдайында нақты жағдай абсолютті қайшы:
— шаруашылық жүргізуші субъектілер шектелген кеңістікте қызмет етеді және сондықтан нарықтағы жағдай туралы ақпаратқа толық ие болмайды;
— шаруашылық жүргізуші субъектілер барлық уақытта қызмет етуінің ең жақсы вариантын таңдау үшін алынған ақпаратты сапалы өндей алмайды;
— көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер күрделі, толық емес немесе жартылай дұрыс ақпаратты алады.
Сондықтан шаруашылық жүргізуші субъектілер өздерінің келісімдерін іске асырады және белгісіздік жағдайында әрекет етеді.
Жүйелі талдау жүйенің келесі өлшемдерін ажыратуды ұсынады: тығыздылық (шаруашылық субъектілердің болуы), орталықтандырылу дәрежесі, жүйенің біртектілігі және жасалған келісімдердің тұрақты болуы, олар ішкі ақпараттың сенімділігіне негізделген, серіктестіктер арасындағы өзара қарым-қатынастардың анықталмағандығын төмендетумен; келісімдерді келісу кезінде қауіп-қатерлердің жоқтығымен; барлық серіктестердің мүдделерін есеретін, ұтымды шешімді табу арқылы арбитражды соттың араласпаумен субъектілер арасындағы дағдарыстарды шешумен қамтамасыз етіледі. Кластер құрушы жүйелерде серіктестіктердің ынтымақтастығының және бақталастығының тік және көлденен қарым-қатынастарының жүйесі болуы өндірісті ұйымдастырудың инеграциялық формаларының істегі және ұсынылған үлгілерінің басты ерекше белгісі болып табылады.
Сонымен, кластерлік жүйе ішкі және сыртқы нарықтарда фирмалардың бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ететін, халықаралық еңбек бөлісінде қатысуғақолайлы шарттар құратын және өз халқының өмір деңгейін көтеретін, әлемдік жүйенің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Кластерлерді құру тек шикізат өндірушілері және қайта өндеушілері ғана емес, сонымен қатар басқа шектес салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері, атап айтқанда мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу мекемелері, нарықтық инфрақұрылым субъектілері және т.б. арасында салааралық байланыстардың дамуына және кеңеюіне көмектеседі. Салааралық байланыстар, өзара әрекет ету формалары, серіктестіктер арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар арқасында кластерге кіретін салалар дамып қоймай, сондай-ақ шектес салалар қызметінде прогрес қамтамасыз етіледі.
Сонымен, туристік кластер өзімен өзекті білдіреді, ол 19 туристік фирмаларды біріктіреді, бірақ барлық фирмалар арасында туристік қызметтерді ұйымдастыруды басқаратын, облыс тұрғындары арасында мониторинг жүргізетін, туристік кластердің қызметін жарнамалайтын және т.б. айналысатын ең ірі фирма таңдап алынады. Өзек айналасында қолдаушы және ілеспелі инфрақұрылымның кәсіпорындары және ұқсас ұйымдар және туристік кластерді басқару органдары орналасқан. Кластер өзегіне қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынастарды іске асыру механизмі, және де кластерге қатысушылары мен кластер инфрақұрылымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды іске асыру механизмі келісімдермен анықталады (сурет 4).
Туристік кластердің жақсы ұйымдастырылған жарнамалық қызметі кіру туризмндегі қызмет көрсетілетін туристер санын 4,0%, аймақтағы мың тұрғынға ішікі туризмді 43,7% көбейтуге мүмкіндік береді [17]. Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 1018,845 мың адам тұрады. Кіру туризмі кезінде қызмет көрсетілетін туристер саныны анықтайық:
Кадам = 8833/1018,845*1018,845*1,04 = 8666 адам
Кіру туристерінің саны 2007 жыл деңгейінде қалады – 217 адам. Ішкі нарықтағы туристер саны:
Кадам = 3187/1018,845*1018,845*1,437 = 4579 адам
Кластерді ұйымдастыру арқылы сатылған жолдамалардың жалпы саны:
Кадам = 8666+217+4579 = 13462 адам
Қызмет көрсетілетін келушілер саны 13462 адам болған кезде сатылатын, жолдамалар саныны анықтаймыз:
П = 8076/12237*13462 = 8885 жолдама
Жолдамалардың жалпы құныны анықтаймыз:
Сж = 408480/8076*8885 = 449371 мың тг.
Туристердің жамбыл облысында болу күндерінің саныны анықтаймыз:
Кд = 39360/8075*8885 = 43663 күн
ҚР кластерді ұйымдастырудан кейін туристік фирмалар және агенттіктер қызметінен түсетін кірісін анықтаймыз:
Д = 172456/8076*8885 = 189731,5 мың тг
Алынған мәліметтерді 19 кестеге жинақтаймыз, ол облыста туристік кластерді ұйымдастыру тиімділігін сипаттайды.
Кесте 19– Кластердің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер атаулары 2007 ж Болжам Өзгеру қарқыны %
1.Туристік фирмалар саны, бірлік 19 19 —
2. Қызмет көрсетілген келушілер, адам 12237 13462 1225
3 Өткізілге жолдамалар саны, бірлік 8076 8885 809
4. Сатылған жолдамалар құны, мың тг 408480 449371 40891
5.Келіп — кеткен адам күны 39360 43663 3973
6. Есепті кезеңге қызмет керлердің орта есеппен алынған жалпы саңы, адам 68 68 —
7. Туристік фирмалар мен агенттіктердің қызметінен алынған ҚР-ның табысы 172456 189731,5 17275,5
Сатылған жолдамалар саны 809 данаға көбейеді, қызмет көрсетілетін келушілер саны 1225 адамға өседі, сатылған жолдамалар құны 40891 мың тг, ҚР туристік фирмалар және агенттіктер қызметінен түсетін кірісі 17275,5 мың тг көбейеді. Кластерге қатысушылар және инфрақұрылым ұйымдары
60
Сурет 4 — Туризмнің кластері
және кәсіпорындары арасындағы өзара қарым-қатынас механизмі келісімдер арқылы жүзеге асады. Келісім келісім мазмұныны орындау кезіндегі әр жақтың құқықтарымен міндеттерін қарастыратын болады, және де келісімде форс-мажорлық жағдайлар көрсетілген.
Сонымен, туристік индустрияға кластерді енгізу қызмет көрсетілетін халық саныны және экономиканың осы секторынан түсетін кіріс шамасын көбейтеді.
62
ҚОРЫТЫНДЫ
Жамбыл облысында туристік қызметтер нарығының қалыптасуы мен дамуын талдау келесі қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
Туризм экономиканың маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтан оны адамның еңбек қызметімен байланысты емес және тұрақты немесе ұзақ мерзімді тұру орындары болып табылмайтын, жерлерде болуымен, сапарларымен байланысты, құбылыстар және байланыстардың бірыңғайлығы және қатынастары жиынтығы ретінде қарастыру қажет. Туризмнің потенциалды динамикалық дамуы бірқатар жағдайларға байланысты. Бірінші-ден, туризм ұлттық байлықты өсірудің және ұлттың өмірін жақсартудың маңызды факторы болып табылады; екінші-ден, жұмыс күшін ұсынудың және халықты жұмыспен қамтамасыз ету факторы; үшіншіден, көлік, байланыс, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығ, халық тұтынатын тауар өндірісі сияқты экономика салаларын дамытудың қуатты негізі болып табылады. Туризм бұл әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның диверсификациялық, салааралық кешені, ол жаңаматериалдық құндылықтарды құрайды және оны қызметтер түрінде жүзеге асырады, және де туристерге қызмет көрсету бойынша материалдық емес қызметтерді орындайды және іске асырады.
Туризм жамбыл облысы экономикасында елеулі роль атқармайды. Облыста барлық қажетті атрибуттары бар туризмнің біртұтас жүйесі жоқ – жарнама, сауда қызметтері, көлік, орналастыру, тамақтандыру, байланыспен қамтамасыз ету және т.б.
Облыста туризмнің тиімді дамуы үшін оны кластер формасында ұйымдастыру қажет. Кластерлік даму облыстың бәсекеге қабілеттілігін көтеру стратегиясының негізгі бөлігі болып табылады. Кластерлік даму мәселесі облыстың үлкен экономикалық потенциалын шоғырлануын, ынтымақтастықтың жаңа формаларын талап етеді. Кластерге қатысу кластер ішінде өндірістік факторларды онтайлы бірлесе пайдалану артықшылықтары арқасында щығындарды төмендетуге және ақпарат шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Кластерлерді құру мыналарға қол жетуге мүмкіндік береді:
— аймақтың инвестициялық климатын және инвестициялық тартымдылығын жақсартады;
— кәсіпкерлік құрылымдардың іскерлік белсенділігін өсіреді;
— өкімет органдарының, бизнес-құрылымдарының институциалдық құрылымдармен және нарықтық инфрақұрылыммен ақпаратпен алмасу және ынтымақтастық артықшылықтары, аймақ ресурстарын тиімді пайдалану арқылы ұлттық және аймақтық экономиканы тиімдірек дамытуға.
Кластерлерді құру және тиімді дамуы үшін келесі шараларды іске асыру қажет:
63
— кластерлік құрылымдардың қалыптасу және қызмет ету процестерін реттейтін, нормативті құқықтық базасын дайындау;
— жүйелі және кластерлік технологиялар негізінде елдің бәсекеге қабілеттілігін көтеру стратегиясын дайындау;
— кластерлік құрылымдарды құру процесіне үкіметтік емес және басқада ұйымдар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау,
— кластерлік құрылымдарда жұмыс істеу үшін мамандарды дайындауды қамтамасыз ету.
Кластерлер өзінің қалыптасуының алғашқы сатысында мемлекеттік қолдауды талап етеді. Мемлекет кластер үшін ең тиімді салаларды анықтап қоймай, сонымен қатар оларды болашақта дамуына көмек көрсетуі қажет. Қаржы дәне басқада ресурстарды бөлу ашық болу керек. Бұл кезде мемлекет кластерге кіретін кәсіорындар ынтасын салықтық, қаржылық-несиелік және мамандық саясат арқылы қолдау қажет.
Дипломдық жұмыста біз облыстың туризм инфрақұрылымынң тиімділігін сипаттайтын, көрсеткіштер және туристік фирмалар қызметін сипаттайтын, көрсеткіштер анықталды. Берілген көрсеткіштерді қолдана отырып, біз облыстың туристік индустриясын талдадық. Орындалған талдау нәтижесінде облыста туризм дамуы қанағатсыз деуге болады.
Туристік индустрия тиімділігін көтеру үшін біз туризм кластерін ұйымдастыруды ұсынамыз, оның құрамына Жамбыл облысының 19 фирмалары мен агенттіктері кіретін болады. Кластер құрамына сондай-ақ жалғаспалы инфрақұрылым кәсіпорындары мен кәсіпорындары кіреді. Біз кластер үлгісі түрінде туристік кәсіпорындарды ұйымдастыру тиімділігін сипаттайтын, көрсеткіштерді есептедік.
64
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Назарбаев Н.А. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента РК народу Казахстана от 18 февраля 2005 г. Промышленность Казахстана – 2005 г №1 (28) 4-11 с
2.Пузакова Е.П., Честникова Международный туристический бизнес Москва, Экспертное бюро. 1997 — 176 с.
3.Зорин И.В., Каверина Т.П., Квартальнов В.А. и др Туризм как вид деятельности. Учебник. Москва, Финансы и статистика, 2001-288 с
4.Ефремова М.В. Основы технологии туристского бизнеса: учебное пособие, Москва, Ось -89, 2001 — 192 с.
5.Здоров А.Б. Экономика туризма. Учебник . Москва, Финансы и статистика, 2004 — 267 с.
6. Портер М. Конкуренция СПб, «Вильямс», 2001-175 с.
7.О туризме в Республике Казахстан в 2000 году.Агентство Республики Казахстан по статистике. Алматы 2001 — 92 с.
8.Қазақстан туризмі 2003 жылы. Статистикалық жинақ Алматы, 2004 — 128 б.
9.Қазақстан туризмі 2004 жылы. Статистикалық жинақ Алматы, 2005 — 136 б.
10.Қазақстан туризмі 2006 жылы.Статистикалық жинақ Астана, 2007 — 132 б.
11.Қазақстан туризмі 2007 жылы. Статистикалық жинақ Астана, 2008 — 128 б.
12.Чудновский А.Д. и др Гостиничный и туристический бизнес. Москва, ЭКМОС, 1998- 352 с.
13. Смыкова М.Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг. Учебник Алматы, Нур-пресс, 2007 — 220 с.
14.Закон РК «О туристической деятельности в Республике Казахстан от 13 июня 2001 г. №211-11.Казахстанская правда, 27 июня, 2001-2 с.
15.Даутбаев М.А, Мусреталиева Ж.Б. Мавзолей Карахана и Айша –биби Тараз, 2007 — 56 с.
16.Кулибаев А. и др Туризм на Шелковом пути как фактор устойчивого развития (на примере Алматинской области). Транзитная экономика, №4, 2000, Алматы. 49-53 с.
17.Богоболов В.С., Орловская В.П. Экономика туризма. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. Москва, Академия, 2005 — 192 с.
65