АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

ГЕОМОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

Б І Т І Р У   Ж Ұ М Ы С Ы

 

Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011

РЕФЕРАТ

 

Бітіру жұмысының тақырыбы: «Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру».

Жасалынған жұмыс «Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру» халықтың табиғатын одан әрі жақсару мен экономикасын дамыту мақсатына үлкен үлесін қосады.

Жамбыл облысы аумағында Қазақстандағы тұңғыш қорық – Ақсу-Жабағылы қорығы, ақбөкендердің қысқы мекені – Андасай қорықшасы (зоологиялық) және Ақсай қорықшасы орналасқан. Олар жергілікті жердің өсімдігін, жан-жануарлар түрін қорғап, саны мен түрін көбейту мақсатында жұмыс істейді, сонымен бірге тарихи-мәдени екерткіштер де көп кездеседі. Олардың бәрі Жамбыл облысының рекреациялық әлеуеті мен туризмін дамытуда үлкен рөл атқарады. Рекреациялық туризмнің дамуы оның материалдық-техникалық базаларын салу мен ұлғайту, туризмнің мақсаты үшін табиғи және мәдени-тарихи ескерткіштерді тығыз пайдалану, олардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық өміріне әсерінің өсуі, міне, осының барлығы территорияны рекреациялық мақсатпен аудандастыру үшін арнайы зерттеулерді қажет етеді.         Сондықтан да жыл сайын облыстың әр аймағы бойынша статистикалық жылнамаларға туристік жағдайлардың сандық мәліметтерін ала аламыз. 2009 жылғы қаңтар айындағы мәліметке сүйенсек, туристердің жалпы саны ішкі туризм бойынша – 79216 адам (84,9%), шығу туризмі бойынша – 13795 адам (14,8%), келу туризм бойынша – 300 адам (0,3%).

Жұмыстың мақсаты – берілген аймақты жаңа ГАЖ-функцияларын, технологияның мүмкіндіктері мен ұтымдылығын көрсете отырып, ArcGIS программасын, қазіргі заман технологияларын пайдаланып, карта жасау үлгілерін көрсету, картаны құрастыру.

 Алғашқы тарауда Жамбыл облысының физикалық-географиялық сипаттамасы баяндалған. Соның ішінде географялық орналасуы, жер бедері, топырағы, климаты, өсімдігі және жануарлар дүниесі толығымен қамтылған.

  Негізгі бөлімнің екінші тарауында карта мазмұнын ашатын туристік-рекреациялық ресурстар (табиғи рекреациялық ресурстар, антрогогендік рекреациялық ресурстар) және туризм инфроқұрылымы туралы толығымен мағұлмат алуға болады. Сонымен қатар, арқылы картограмма тәсілі және белгілер тәсілі арқылы карта құрастыруға туристік қызмет көрсетуді сипаттау көп септігін тигізді.

Соңғы тарау осы жұмыстың негізгі процесі – карта құрастыру және жобалауға бағытталған. Рекреациялық картаны безендіру, баспаға шығару, ГАЖ-дың сипаты, мүмкіндіктері, артықшылығы және де АгсGIS 9.2 программалық жабдығында картаның жасалу жолы туралы жазылған.

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………

 

І. ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ  ЖАҒДАЙЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1. Географиялық орналасуы…………………………………………………………………

1.2. Жер бедері……………………………………………………………………………………………….

1.3.Геологиясы……………………………………………………………………………………………..

1.4. Климаты…………………………………………………………………………………………………..

1.5. Гидрологиялық жағдайы…………………………………………………………………………

1.6. Топырақ жамылғысы………………………………………………………………………………

1.7. Өсімдік және жануарлар дүниесі…………………………………………………………….

 

ІІ. ЗЕРТТЕЛЕТІН  АЙМАҚТЫҢ  РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ   РЕСУРСТАРЫ………….

2.1. Рекреация туралы түсінік……………………………………………………………………….

2.2. Жамбыл облысының туристік — рекреациондық ресурстарын

тиімді      пайдаланудың мәселелері …………………………………………….

2.3. Табиғи рекреациялық ресурстар…………………………………………………………

2.4. Антропогендік рекреациялық туризм………………………………………………….

 

ІІІ. ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ТУРИЗМІН  КАРТОГАФИЯЛАУ  ӘДІСТЕРІ

3.1. Рекреациялық карта құрастыру…………………………….

3.2. Карта безендіру     …………………………………………………………………………

3.3. Рекреациялық карта құрастыруда ГАЖ-ды қолдану

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………………..

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ  ЖАҒДАЙЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

         1.1. Географиялық орналасуы

 

Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала аралығында орналасқан. Облыс – оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, батысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында – Алматы облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі. Патшалық Ресейдің 1863 – 64 жылдары әскери жаулаушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына енді. Осы өңірде Сырдария және Жетісу облыстары құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды. Үкіметтің 1867 ж. 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі «Уақытша Ережеге» сәйкес Әулиеата уезі құрылды. Ол Сырдария облысына қарады. Оның аумағы батыста Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғыз Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатты. Орталығы Әулиеата шаһары болды. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін уезд 1918 ж. 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болды. 1924 ж. Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамына енді. 1927 ж. әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылды: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді.

Өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі күрделі проблемаларды шешу мақсатында 1939 ж. 14 қазанда осы аймақта өз алдына Жамбыл облысы құрылды. Оның құрамына аталған 6 ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу, ал 1951 ж. Оңтүстік Қазақстан облысынан Жуалы ауданы берілді. Жер көлемі 144,3 мың км2. Тұрғындары 979,5 мың адам (2003). Орталығы – Тараз (1997 ж. дейін Жамбыл) қаласы. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 133 кенттік және ауылдық округтер бар.

 

1.2. Жер бедері

 

Облыстың аумағы батысы Арал теңізімен, шығысы Жетісу (Жоңғар) Алатауымен шектелетін Қазақстанның оңт. бөлігінің дәл ортасында, 42022 және 46000 солтүстік ендік пен 68015 және 75055 шығыс бойлық аралығында орналасқан. Жері негізінен жазық. Солт. бөлігі (Бетпақдаланы есептемегенде) негізінен, Талас және Шу өзендері алаптарында орналасқан. Шу аңғары облысты екіге бөледі. Солтүстік бөлігінің батысы түгелімен ойысты-сортаңды, шығысын ұсақ шоқылы-жартасты Бетпақдала шөлі алып жатыр. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 350 – 500 м. Мұндағы ең биік жері – Байқара тауы (665 м). Шу өзенінің оңтүстік бөлігі – төбешікті-қырқалы келген Мойынқұм құмды алқабына (теңіз деңгейінен биіктігі 300 – 600 м) ұласады. Оның орта бөлігіндегі құм бұйраттардың арасында көптеген шұраттар (оазистер) кездеседі. Бұл жерлерде жер асты суы (грунт суы) жер бетіне жақын жатыр. Облыстың шығысында Шу-Іле тауларының аласа келген Желтау, Айтау, Хантау, Майжарылған таулары және Қопа, Қараой үстіртті жазықтары орналасқан. Олардың биіктіктері 1500 м-ден аспайды. Беткейлері көлбеу, жоталары жатық келеді. Облыстың қиыр оңтүстік-шығысында Іле Алатауына қабысып, Кіндіктас пен Жетіжол таулары жатыр. Шу-Іле тауларынан бастау алатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында кеуіп, құрғақ арналарға айналады. Шу-Іле тауларының оңтүстік-батысында, Шу өзенінің оң жағалық аңғарын ала солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан Сарыой үстіртті жазығы мен Сексеуілді даласы жатыр. Сарыой жазығында мемлекеттік Андасай қорықшасы орналасқан. Облыстың оңтүстік, оңтүстік-шығысында Қырғыз Алатауының Қазақстанға қарасты солтүстік, солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оның сүйірлене келген жоталары (биіктігі 4000 м-ге жетеді) шығыстан батысқа қарай төмендей береді. Облыс аумағындағы оның ең биік жері – Меркі өзені бастау алатын тұсы (4099 м). Жалпы, ендік бағытта орналасқан Қырғыз Алатауының 4000 м-ге жуық бірнеше жоталары мен сілемдері бар. Сонымен қатар, Қаратөбе, Мақбел, Шұңқыр, Құмбел атты асулары орналасқан. Олар арқылы жаяу немесе салт атты адамдар көрші Қырғыз еліне өте алады. Қырғыз Алатауынан облыстың бірнеше өзендері (Мақбел, Шалсу, Шұңқыр, Қарақат, Меркі, Аспара, т.б.) бастау алады. Облыстың оңтүстік-батысында облыс аумағына Талас Алатауының қиыр солтүстік бөлігі кіреді. Таудың облыс аумағындағы бөлігінің ең биік жері – 4027 м. Мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік-шығыс бөлігі (Жуалы ауданы аумағында) осында орналасқан. Облыстың оңтүстік-батыс аумағына Қаратау жотасының солтүстік-шығысындағы Үлкен Ақтау мен оңтүстік-шығыс бөлігі (Кіші Қаратау) кіреді. Оның облыс аумағындағы ұз. 150 км шамасында. Ең биік жері Кіші Қаратау жотасының орта тұсы (1610 м). Оңт.-шығысында ірі фосфорит кен орындары, полиметалл кентастары бар. Жотадан жаз ортасында құрғап қалатын немесе жылғаға айналатын бірнеше өзендер (Бүркітті, Шабақты, Көктал, т.б.) бастау алады. Жотаның солт.-шығыс өңірінде бірнеше көлдер тобы (Билікөл, Ақкөл, Ащыкөл, Ақжар, Жылқыбай, т.б.) жатыр. Облыстың орталық өңіріндегі сазды-тақтатасты, құмды төбешікті жерлерінде бұлақтар, ұсақ тұзды көлдер, құдықтар көптеп кездеседі. Олардың маңы жыл бойғы мал жайылымдарына пайдаланылады.

Жер бедерінің қалыптасу тарихы. Облыс аумағы бүкіл Қазақстан жеріндей ұзақ уақыт бойы Жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан. Аумақты бірнеше рет теңіз басып, кейіннен құрлыққа айналып, одан кейін қайта теңіз суы астында қалып отырған. Жер бетінде таулар пайда болып, кейіннен олар мүжіліп, жазыққа айналған. Мұндай күрделі процестер ондаған, жүздеген миллион жылдар бойы қайталанып отырған. Соның нәтижесінде облыс аумағының қазіргі жер бедері қалыптасқан. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуын 2 кезеңге бөлуге болады. Бұлар – ерте мезозой-палеоген және жаңа неоген-төрттік кезеңдер. Палеозойдағы қарқынды соңғы тектоникалық қозғалыс әсерінен герцин қатпарлану дәуірінде облыс аумағының оңтүстігінде биік таулар пайда болған. Кайнозой эрасының басында олар мүжіліп біржолата құрлыққа айналған. Жердің жаңа тарихының (кайнозойдан бастап) ұзақтығы 55 – 65 млн. жылға созылған. Облыс аумағының қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жер қабығының альпілік қозғалысымен тығыз байланысты. Төрттік кезеңде жер бетінің қалыптасуы одан әрі жалғасқан. Палеоген кезінде облыс аумағында тектоникалық қозғалыс өте баяу жүрген. Осы кезеңде облыстың солтүстігіндегі ескі тау жүйелері бұзылып, жазық өңірлерге (Бетпақдала) айналған. Биік таудың бұзылып ойпаттарға жиналуынан аккумуляттік жазықтар (Шу, Талас өзендері алабы) пайда болған. Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болды. Бірақ олар облыс аумағына айтарлықтай өзгеріс әкелмеді. Неогеннің екінші бөлігінде (12 – 15 млн. жыл бұрын) облыс аумағында тау массивтері қарқынды көтеріле бастады. Осы уақыттан бастап жаңа тектоникалық қозғалыс дәуірі жүріп, ірі тау жоталары (Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Өгем жотасы, т.б.) қалыптаса бастады. Тауаралық аңғарлар мен ірі өзен аңғарлары пайда болды. Құм, тақтатасты материалдар тау алды жазығы мен тауаралық ойыстарға ысырылды. Жарылу және тілімдену нәтижесінде Шу өзенінің арналары пайда болды. Облыс аумағында неоген кезеңінің аяғында аридтік климат үстем болған. Облыс аумағын қамтыған сирек орман орнында шөл және қуаң дала қалыптаса бастады. Төрттік кезеңде (1 – 1,2 млн жыл бұрын) облыстың оңтүстігінде мезгіл-мезгіл қарқынды көтерілулер қайталанған. Бұрынғы түгелімен дерлік жазық аумақтар бірнеше бөліктерге жарыла ажыратылды. Кейбіреулері едәуір биіктіктерге көтерілген. Кейде неогеннің қызыл түсті саз балшықтары тау бастарында кездеседі. Жоталар биік таулық кейіпке келіп, биіктігі 3000 – 4000 м-ге жеткен. Тауаралық ойыстар айқындалып, тау алды және тауаралық аңғарлар мен қазаншұңқырлар қалыптасқан. Тауларды төрттік кезеңде екі рет мұз басқан. Осы кезеңде Шу өзені жүйесі құрылған. Алғашқы мұз басудан кейін қарқынды түрде терең шатқалдар жасап, облыстың оңтүстігіндегі өзендердің (Қорағаты, Меркі, Аспара) арналары қалыптаса бастаған. Қазіргі кезеңде неотектоникалық қозғалыс әлі жалғасуда. Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауындағы тау түзілім процестері де әлі тоқтаған жоқ. Оған 2003 жылдың мамыр айында Тұрар Рысқұлов ауданында болған жер сілкінісі дәлел.

 

1.3. Геологиясы

 

Қазақстан жерін тектоникалық аудандастыру 1:1500 000 масштабты картаға негізделген. Бұл тұрғыдан облыс аумағы Шығыс Еуропа платформасының Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің батысын алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңтүстік-батысында Тұран плитасына (ойпатына) жалғасады. Оның шығыс бөлігінің жоғарғы тысы жоғарғы триастан антропогенге дейінгі теңіздік, континенттік, терригендік, карбонаттық-терригендік шөгінділерден (қалыңдығы 4 – 5 км-ге дейін) түзілген. Фундамент құрамы әр түрлі келген кембрийден триасқа дейінгі геосинклинальдік және квазиплатформалық геологиялық формациялардан тұрады және интрузиялар бойлаған жарылымдармен тілімденген. Қаратау өңірінде кембрийге дейінгі метаморфтануға шалынған жыныстары, кембрий-ордовиктің кремнийлі-тақтатасты ванадийлі және фосфоритті карбонатты-терригендік шөгінділері, жоғарғы девон – төменгі карбонның карбонатты шөгінділері көптеп кездеседі. Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесіне жататын каледониттер түгелімен дерлік Бетпақдаланы алып жатыр.

Облыс жер қойнауы кен орындарына бай. Мұнда ірі газ кен орындары (Амангелді, Малдыбай, Анабай, Айрақты, Солтүстік Үшарал, Үшарал-Кемпіртөбе), мыс (Шатыркөл, Жайсаң), қорғасын-мырыш (Родниковское), алтын (Ақбақай), алмас (Шу-Іле тауларында), фосфорит (Қаратау өңірі), тас көмір (Талас-Қаратау аралығы), ас тұзы, гипс, селитра, т.б. кендер барланып, кейбіреулері өндірілуде.

 

1.4. Климаты

 

 Климаттық тұрғыдан облыс аумағының жазық өңірі Балқаш – Арал, Жоңғар (Жетісу) – Шу – Іле және Қаратау-Қызылқұм климаттық облыстарына жатады. Олар өз тұрғысынан бірнеше климаттық аудандарға бөлінеді. Облыс аумағын қамтитын аудандарға Орталық Қазақстан климаттық ауданының оңтүстік бөлігі (Бетпақдала), Балқаш маңы климаттық ауданының батыс бөлігі (Балқаш көлінің батысы), Мойынқұм климаттық ауданы, Талас аңғары климаттық ауданы, Шу-Талас климаттық ауданы жатады. Одан басқа облыстың таулы өңірі – Батыс Тянь-Шань таулы климаттық облысының Жуалы, Шығыс Қаратау, Солтүстік Қырғыз және Шу-Іле климаттық аудандары кіреді. Жазық өңірлердегі климаттық аудандарға, негізінен, қуаң климат тән. Облыстың аумағының басым бөлігі ашық әрі жазық екенін ескерсек, жылдың суық айларында солтүстіктен келетін Азиялық антициклонның ықпалы мол. Облыстың бұл өңіріне ылғалға мол континенттік Сібір және арктикалық ауа массасы енеді. Ылғалды ауа массасының қайталануы сирек, облыстың оңтүстігіне жеткенше оның ылғалы азаяды. Климаттық аудандардың жалпы қасиеттеріне тән нәрсе – қысым градиенті мен жел жылдамдығының күшеюі. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 3 – 4 м/сек, Балқаш көлі маңында 4,5 – 5 м/сек. Желдің баяу жылдамдығы жаздың аяғы мен күздің басында байқалады. Ал жел жылдамдығының максимумы қыстың 2-жартысына келеді. Бұл кезде облыс аумағы арктикалық шептің әсерінде болады, қысымдық градиент ұлғаяды. Ал жаз айларындағы жылы ауа жазыққа оңтүстіктен келетін ыстық ауа массасының тез таралуы нәтижесінде болады. Облыстың жазық өңіріндегі жылдық температура амплитудасы 78 – 840С, тәуліктік температура амплитудасы 20 – 300С.

Орталық Қазақстан климаттық ауданының облыс аумағына қарасты оңтүстік бөлігінде (Сарысу және Мойынқұм аудандарының солтүстік бөлігі) климат қуаң әрі ыстық. Бұл өңір теңіз деңгейінен 400 – 600 м биіктікте. Мұнда ауа массасы еркін ауысып отырады. Сондықтан орташа айлық ауа температурасының жылдық амплитудасы 380С-қа жетеді, абсолюттік максимумы 900С. Бұл көрсеткіш облыс аумағы ғана емес бүкіл Оңтүстік Қазақстанның жазық өңіріндегі ең үлкен амплитуда. Оған негізгі себеп – суық ауа массасының еркін енуі және қыста олардың тез жылжуы, жаз айларында жылы ауа массасының енуі және жергілікті жерде оның тез ысынуы. Қыс айларындағы ауа температурасының орташа мөлшері –14 – 120С. Ауданның солтүстік бөлігінің жазық болуына байланысты Сібір және арктикалық ауа массасы еркін енеді де қыс айларында кейде –430С – 460С-қа дейін төмендейді. Мұнда қыс айларындағы теріс температураның жиынтығы 1400 – 15000С-қа жетеді. Бұл өңір облыстағы ең ұзақ қыс болатын өңір. Аязды күндердің ұзақтығы 160 – 170 күн. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының 2-онкүндігінде қалыптасады. Климаттық ауданда шығыс желдері басым және оның орташа жылдамдығы 6 м/сек-ты құрайды. Қыстың екінші бөлігінде желдің жылдамдығы өзінің шегіне жетеді. Көктемдегі соңғы үсік мамыр айының ортасында байқалады. Мұнда көктемдегі температура оңтүстік аудандарға қарағанда 4 – 50С төмен. Ауданның жазы оңтүстікке қарағанда біршама салқын. Шілде айының орташа температурасы 23 – 250С. Оңтүстік өңірлерге қарағанда жаз 20 – 25 күндей қысқа. Ыстық күндер мамыр айының аяғында басталады. Оның ұзақтығы 80 – 100 күндей. Ыстық кезеңдердің болуы Орталық Азиядан келетін термиялық депрессияға байланысты. Күн сайын дерлік температура 400С-қа жетіп отырады, ал максимум температура 450С-та тіркелген. Жаз айында бұлтсыз ашық аспанда тәуліктік орташа температура 18 – 250С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның 60-ы жылдың жылы кезеңінде (әсіресе көктем, күз айларында) жауады. Күздің бірінші жартысында күн ашық, жылы және құрғақ болады. Бірақ екінші жартысында температура тез төмендейді, ауаның циклондық әрекеттері күшейеді, қыркүйектің соңында алғашқы үсік жүреді. Ауданның климаттық жағдайы маусымдық жайылымға (қысқы, көктемгі, күзгі) қолайлы. Температуралық жағдай, ұзақ уақыттық вегетациялық кезең (170 – 180 күн) және осы кезеңнің температура жиынтығы (3700 – 38000С) мұнда бидай, тары, қант қызылшасы, мақтаның тез пісіп жетілетін сорттарын және бау-бақша дақылдарын өсіруге қолайлы. Бірақ жауын-шашын аз болуы және тұрақты су көздерінің болмауы қиындық туғызады.

Балқаш маңы климаттық ауданының батыс бөлігі облыстың Мойынқұм ауданы аумағының солтүстік-шығысын қамтиды. Климаты құрғақ және жылы. Облыстың басқа аумағына қарағанда мұнда ең суық ызғарлы қыс болады. Оған солтүстік-шығыстағы Зайсан қазаншұңқырынан келетін суық ауа массасы себеп. Мұнда қыста ашық күндер облыстың басқа аумағына қарағанда басым. Cондықтан, Күн радиациясының мөлшері қиыр оңтүстік аудандардан кем емес. Қыс кезеңіндегі қысымдық-циркуляциялық жағдай Сібір максимумымен және антициклондармен анықталады. Антициклон нәтижесінде (ашық аспанды күндердің мол болуы) ауа тез суынып, ауа температурасы өте тез төмендейді. Бүкіл аудан бойында қыс айларының орташа температурасы қаңтар айының соңында байқалады. Мысалы, Балқаш көлінің батысында (Құйған ауылы тұсында) орташа температура қаңтарда –200С-ты көрсетеді. Қыс оңтүстік аудандарға қарағанда 2 аптадай ұзақ болады. Көктем оңтүстік аудандарға қарағанда 10 – 15 күн кейін басталады және ол тәуліктік ауа температурасының өзгеріп отыруымен (23 – 240С) ерекшеленеді. Наурыз айында кейде орташа айлық температура қалыптан 9 – 110С-қа дейін өзгереді. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 175 – 180 күндей, температура жиынтығы бұл кезеңде 3300 – 35000С. Жаз айлары ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы 23 – 240С. Ең ыстық күндерде температура 39 – 440С-қа жетеді. Үсік мамыр айының ортасында да болуы мүмкін. Балқаштың бұл бөлігінде облыс аумағындағы жауын-шашынның ең аз мөлшері (90 – 110 м) байқалады. Жауын-шашынның ең аз жауатын мезгілі – тамыз, қыркүйек айлары. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның аяғы – желтоқсанның басына келеді. Мұнда желдің жылдамдығы 6 – 10 м/сек және оның негізгі бағыты солтүстік-шығыс және солтүстік. Боранды күндер қаңтардың аяғы және бүкіл ақпан айларында байқалады. Әсіресе, көктем кездерінде қатты желдер жиі болып тұрады. Жаздағы қатты желдер шаңды құйын мен дауыл тудырады. Желдің жылдамдығы кейде 20 м/сек-қа жетеді. Бұл климаттық ауданның аумағын көктемгі және күзгі жайылым ретінде ғана пайдаланады.

Мойынқұм климаттық ауданы толығымен дерлік облыстың орталық бөлігін қамтиды. Аудан төбешікті-қырқалы келген Мойынқұм шөлін, Талас және Шу өзендерінің төменгі шөлейтті аңғарларын және Қаратаудың солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ол ендік бағытта облыстың барлық ауданы арқылы өтеді. Өсімдік жамылғысы, негізінен, баялышты-жусанды, бұйырғынды-жусанды және астық тұқымдасы аралас бұйырғынды-жусанды келеді. Олар сәл сортаңданған және сортаңды сұр топырақта өседі. Грунт суы жақын жатқан ойысты және шалғынды жерлерде жусанды-сораңды, ши және әр түрлі астық тұқымдасты шөптесіндер өскен. Климаттық аудан қоңыржай суық қысымен, ыстық жазымен, температуралық айырмашылығымен және тәуліктік температураның үлкен амплитудасымен (20 – 300С) ерекшеленеді. Ауданның солтүстік жағы арктикалық ауа массасының және Сібір антициклонының әсерінде болғанымен Орталық Қазақстан және Балқаш маңы климаттық аудандарына қарағанда термиялық фоны жоғары. Әсіресе, ол жылдың суық кезеңдерінде байқалады. Мұнда қыс (қаңтар айының орташа температурасы – 8 – 120С) солтүстіктегі екі климаттық аудандарға қарағанда 4 – 50С-тай жылы. Теріс температураның жиынтық мөлшері 600 – 8000С-ты құрайды. Балқаш маңы климаттық ауданына қарағанда қыс бір айдай қысқа болады. Наурыз айының басында немесе орта тұсында көктем басталады. Көктем бүкіл аудан бойында бір мезгілде (климаттық ауданның ендік бағытта орналасуына байланысты) дерлік байқалады. Сәуір айының ортасында үсік тоқтайды. Бірақ кейбір жылдары ол сәуірдің аяғында да болуы мүмкін. Аудандағы аязсыз күннің орташа мөлшері 5,5 айға (170 күндей) жетеді. Сәуір айының соңында жаз басталады. Оның ұзақтығы 138 – 148 күнге жетеді. Шілде айының орташа температура мөлшері 250 – 270С. Маусым айының ортасында тұрақты ыстық ауа райы орнығып, ол қыркүйектің басына дейін созылады. Жаз кезеңіндегі температура жиынтығының мөлшері 3000 – 32000С. Бұл кезеңде ауа ылғалдылығы өте төмен болады. Мысалы, Ойық метеостансасында 178 күнге созылатын ыстық кезеңдегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-ды құрады. Қыркүйек айының 3-онкүндігінде күз басталады. Ауа температурасының 100С-тан жоғары тұрақты кезеңі климаттық ауданның солтүстігінде қазан айының басында, оңтүстікте қазанның соңында болады. Күздегі үсік солтүстікте қыркүйектің соңында, оңтүстікте қазан айының 1-онкүндігінде болады. Қысқы кезең солтүстікте қараша айының басында, оңтүстікте осы айдың соңында басталады. Жауын-шашынның орташа мөлшері 120 – 200 мм. Оңтүстіктің көтеріңкі келген бөлігінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 280 мм-ге жетеді. Жауын-шашынның 50-ға жуығы жылдың жылы кезеңінде жауады. Оның 50-ға жуығы сәуір-мамыр айларына келеді. Мұнда тұрақты қар жамылғысы болмайды. Тек көтеріңкі келген қиыр шығыс бөлігінде оның қалыңдығы 10 см-ден аспайды. Аудандағы желдің басым бағыты шығыс, солтүстік және солтүстік-шығысқа келеді. Тасты елді мекені маңында солтүстік желдің жылдық қайталануы 51-ды құраса, Ұланбел ауылы маңында ол 60-ға жетеді. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 2,9 – 3,3 м/сек. Кейде оның жылдамдығы көктемде 20 м/сек-қа жетеді. Аумақтың климаттық және топырақтық жағдайына қарай көктемгі, күзгі және қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланады. Қысқы жайылым, негізінен, Шу өзенінің құмды келген төменгі ағысы мен Мойынқұмда болады. Тұрақты су көзінің болмауынан шөлдік жайылымды толық пайдалануға мүмкіншілік жоқ. Егін шаруашылығы суармалы жерлерде және Шу, Талас өзендерінің жайылмаларында ғана бар. Шу аңғарының орта, төменгі ағыстарында 100С-тан асатын температура жиынтығы 3460 – 38000С-ты құрайды.

Шу-Талас климаттық ауданы облыстың Қырғыз және Талас Алатауларының шөлейтті тау алды жазығын және Шу мен Талас өзендерінің орта аңғарын қамтиды. Бұл ауданның теңіз деңгейінен биіктігі 400 – 700 м. Мұндағы топырақ жамылғысы бозғылт сұр, бозғылт қоңыр. Кейбір жерлерін шалғынды сұр және өзен жайылмаларының шалғынды-сортаңды топырағы қамтыған. Оларда, негізінен, жусан мен бетеге, боз басым өскен. Климаттық аудан оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан және оңтүстік-шығыстан тау жоталарымен қоршалған. Бірақ бүкіл солтүстік, солтүстік-шығыс жағы ашық және жазық дала болғандықтан, оның аумағына солтүстіктен келетін суық ауа массасының енуіне қолайлы жағдай туады және термиялық режиміне өзгеріс әкеледі. Қыста меридиан типтегі ауа айналымы орташа айлық температураны төмендетеді. Мысалы, 1935 ж. Шу қаласы маңындағы қаңтар айының орташа температурасы –140С-ты құраса (орташа температурасы –9,20С), 1945 ж. ақпандағы орташа температура –150С-ты көрсетті (орташа температурасы –5,30С болатын). 1931 ж. Жамбылдағы (қазіргі Тараз қаласы) ақпанның орташа температурасы –14,50С-ты көрсетті. Сол жылы жылдың суық кезеңіндегі ең төменгі температура Таразда –36 – 410С-ты көрсетті. Жалпы, климаттық аудан облыстың ең жылы қысымен (–3 – 50С) сипатталады. Оған негізгі себеп, ауданның солтүстік-шығыстан келетін суық ауа массасын Шу-Іле тауларының біршама ұстап қалуынан болады. Қыстың ұзақтығы 97 – 108 күн. Оңтүстікте орналасуына байланысты ауданға оңтүстік-батыстан жиі-жиі тропиктік жылы ауа массасы келіп тұрады. Ауданда қатты жел соғып, қарлы боран болуы өте сирек. Климаттық ауданда көктем ерте басталады. Наурыз айының өзінде-ақ орташа айлық температура оң мәнді (2,4 – 3,30С) болады. Ауданның тұрақты орташа тәуліктік температурасының 00С-тан жоғары мәні наурыздың 1-онкүндігінде байқалады. Температураның көтерілуіне байланысты циклондық процестер қарқындай түседі, жауын-шашын ұлғаяды. Атмосфералық циркуляцияның ұлғаюына байланысты, желдің жылдамдығы 2,5 м/сек-тан 3,5 м/сек-қа дейін күшейеді. Қатты желдің басым бөлігі (38) көктем айларына келеді. 8 – 17 сәуірде-ақ вегетациялық кезең қарқындап, температура жиынтығы 3300 – 38000С-ты құрайды. Үсік наурыздың соңы, сәуірдің 1-онкүндігінде болады. Соңғы үсік кейде сәуір айының соңында да болуы мүмкін. Жылдық аязсыз күндерінің орташа мөлшері 132 – 174 күн. Мамыр айының басында жаз басталады. Оның ұзақтығы 130 – 146 күн. Тұрақты ыстық кезең (орташа 80 күндей) маусым айының 2-жартысында болады. Ауа құрғақ, оның күндізгі салыстырмалы ылғалдығы 23 – 32. Қыстағыдай жазда да жел тұрақты емес. Шу қаласы маңында солтүстік-шығыс жел басым. Жаз айындағы желдің жылдамдығы 3 – 4 м/сек-тан аспайды. Күздің желі қыс айларындағыдай (2,5 – 3,5 м/сек). Күздегі алғашқы үсік қыркүйектің соңында, қазанның басында болады. Кейбір жылдары үсік қазанның аяғы қарашаның басында болады. 1952 ж. Таразда қарашаның 30-да ауа температурасы –370С-ты көрсетті. Климаттық аудандағы жауын-шашын мөлшері 268 – 300 мм. Жауын-шашын жылдың суық және жылы мезгілдерінде бірдей дерлік түседі. Тамыз айы – ең құрғақ айға жатады: жылдық жауын-шашын мөлшерінің 1,8 – 2,7-ы ғана түседі. Жауын-шашын көктемде көп болады. Жылдың ең ылғалды айы – сәуірде жылдық жауын-шашынның 15 – 17-ы түседі. Жалпы, әр жылдарда климаттық ауданда жауын-шашын мөлшері құбылып отырады. Мысалы, Тараздағы жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 287 мм-ді құраса, кейбір жылдары ол 522 мм-ге жетеді, минимумы 86 мм-ді құрайды. Шілдеде жауын-шашын мүлдем болмайды, не оның мөлшері шамалы ғана. Ауданның оңтүстігінде қыста жауын-шашын кейде жаңбыр түрінде де болады. Қар жамылғысы шамалы (2 – 2,5 ай жатады), желтоқсанның 10 – 20-нан, ақпанның 20 – 25-іне дейін жатады.

Облыстың таулы аймағының климаты өзгеше. Ол да климаттық аудандарға бөлінеді. Сондай аудандардың бірі – Жуалы климаттық ауданы. Оның аумағы 1 мың км2-дей. Ол солтүстік-батыс Тянь-Шаньдағы Жуалы қазаншұңқырын қамтиды. Аудан теңіз деңгейінен 960 – 1500 м биіктікте және барлық жағынан дерлік таулармен қоршалған. Сондықтан оның климаттық ерекшеліктері республиканың солтүстік облыстарына жақындау келеді. Климаттық ауданның қалыптасуына таулармен оқшаулануы ықпал еткен. Тек солтүстік-шығысында ғана жіңішке келген аңғар жатыр. Сол аңғардан (өткелден) қыста Сібір антициклоны мен арктикалық суық ауа массасы енеді. Сонымен бірге жергілікті орографиялық ерекшелік те климатқа өз әсерін тигізеді. Ол ауданның жел режимін түзейді. Желдің солтүстік-шығыстан (27) және оңтүстік-шығыстан (25) қайталануы басым. Жаз және көктемде солтүстік-шығыс желдері жиі қайталанса (30 – 36), қыста оңтүстік-батыс желдері (34 – 37) басым. Бұл аудан Қазақстанның ең желді аудандарының бірі саналады. Қысым градиентінің Қаратау жотасының солтүстігіндегісі мен оңтүстігісіндегінің айырмасы үлкен болған жағдайда қатты желдер пайда болады. Оның жылдамдығы кейде 28 м/сек-қа жетеді. Қатты желдердің 50-ы сәуір айына келеді.

Қыс басқа аудандарға қарағанда ұзақ әрі суық. Орташа айлық теріс температура 5 айға дейін созылады. Қаңтар айының орташа температурасы –7 – 80С, кейбір жылдары –14 – 150С. Суық ауа массаның қарқынды енуі, антициклондық ауа райының қалыптасуы нәтижесінде кейбір жылдары желтоқсан мен ақпан айларындағы орташа температура –15 – 160С-ты құрайды. Ең төменгі температура (–460С) Сібірдің ызғарындай болады. Бірақ кейде оңтүстіктен жылы ауа массасының келуінен қыста температура 14 – 150С-қа дейін, ал желтоқсанда 220С-қа дейін жылынады. Жаз қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 210С, кей жылдары 21 – 240С-қа жетеді. Ыстық кезең 43 – 55 күн. Жер тез қызады, бұлттылық аз. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40, күндіз 27 – 36. Бірақ жаз айларында да температура төмендеп кетуі мүмкін. Шілде, тамыз айларында да 00С, кейде –40С болуы мүмкін. Күздегі алғашқы үсік қыркүйектің басында болады. Аязсыз күндер аз – 116 күндей, ал температура амплитудасы 860С. Жуалы қазаншұңқырының оқшау орналасуы нәтижесінде жауын-шашынның мөлшері көп емес. Жауын-шашын мөлшері шығыстан батысқа қарай ұлғаяды (318 мм-ден 578 мм-ге дейін). Құрғақ жылдары оның мөлшері бар-жоғы 150 – 180 мм. Жылдың ең ылғалды айы – сәуір, ең құрғақ айы – тамыз. Қазанның аяғында, қарашаның ортасында қар жамылғысы пайда болады. Оның қалыңдығы 30-см-ге жетеді. Ол орта есеппен 93 күн жатады. Аудан Оңтүстік Қазақстандағы қарлы боран ең көп болатын аудан саналады. Қарқынды вегетация мерзімі 160 күн, температура жиынтығының мөлшері 2500 – 30000С.

Талас аңғары климаттық ауданы. Ауданның климаты қоңыржай ыстық, қуаң. Аудан батысында Қаратау жотасы мен Талас Алатауы және шығысында Қырғыз Алатауы аралығында, теңіз деңгейінен 600 м-ден 1500 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағы ашық, батысында Қаратау жотасымен шектелген. Жергілікті орографиялық жағдай (аңғарлық жағдайы) оның жел режимін анықтайды. Мұнда оңтүстіктің желі басым (42). Желдің 50-ы наурыз – мамыр айына келеді. Жылына 54 күн қатты жел соғады. Қыс айларының орташа температурасы –100С, кейбір жылдары ол –140С-қа төмендейді. Төңірегіндегі аудандарға қарағанда мұнда қыс жұмсақтау. Жазы ыстық әрі аңызақ. Жаз айларының орташа температурасы 240С. Оңтүстік-батыстан келетін ылғалдың тасасында қалғандықтан Талас аңғарында жауын-шашын аз жауады. Жауын-шашын жылдың жылы мезгілдерінде басым. Көктемде жылдық жауын-шашынның 40-ы түседі. Қысқы және ауыспалы маусымдарда Талас аңғарында тұман жиі байқалады. Аңғардың төменгі бөлігінде қар жамылғысы тұрақты емес және ол ұзақ жатпайды. Жылу қоры, топырақтың құнарлығы және су қорының мол болуы мұнда қант қызылшасын, темекі, жүгері, т.б. отырғызуға қолайлы. Сонымен бірге бау-бақша, жүзімдік, т.б. өсіруге барлық жағдай бар.

Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы. Бұл климаттық ауданға Қырғыз Алатауының солтүстік беткейі, Талас және Аспара өзендері аңғары аралығындағы батыс бөлігі кіреді. Көптеген өзен аңғарларының климаттық жағдайы беткей экспозициясының және қоршаған орографиялық ортаға тәуелді. Оның климаты қыста Азиялық антициклонның, жазда Орта Азиядан келетін термиялық депрессияның ықпалында болады. Кең тау алды жазығының жел режимі таулық-аңғарлық типке жатады. Мұнда аңғар бойымен оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері соғады. Жылына қатты соғатын жел 10 – 16 күнді құрайды. Ол, негізінен, көктем айларында байқалады. Желге температуралық режим, сонымен бірге жер бедері де үлкен ықпал етеді. Меридиан бағытта орналасқан аңғарлардың қысы суық болады (қаңтардағы орташа температура –6,5 – 100С). Қыс 4 айға жуық созылады, бірақ бұл аңғарларға оңтүстіктен жиі-жиі жылымық келеді. Қаңтар айының өзінде де күндізгі жылымық екі күннің бірінде болады. Жаз аңғарлардың төменгі бөлігінде ыстық, басқа жерлерінде қоңыржай жылы (16 – 170С). Жауын-шашынның түсуі біркелкі таралмаған: беткей экспозициясының орналасуына қарай 290 – 300 мм-ден 400 – 500 мм-ге дейін. Жауын-шашын көктем, жаз айларында мол түседі. Көрші Талас аңғарына қарағанда қыста жауын-шашын аз болады. Жыл ішінде 6 ай жауын-шашын қар түрінде түседі. Қардың қалыңдығы төменде 10 см, орташа биіктіктерде 30 см. Қар жамылғысы 50 күндей жатады. Жауын-шашынның мол жауатын кезі сәуір – маусым.

Қорыта айтқанда, облыстың климаты біршама құрғақтығымен және континенттілігімен ерекшеленеді. Мұны облыс аумағының Еуразия құрлығының орта тұсында орналасқандығы, мұхиттардан алыстығы, ауа райының ашық болуына мүмкіндік туғызатын атмосфералық айналымның ерекшелігі, сондай-ақ күн шуағының молдылығын қамтамасыз ететін оңтүстік ендікте орналасқандығымен түсіндіруге болады. Климаттың континенттігі ауаның күндізгі мен түнгі, қыс пен жазғы температураның қарама-қарсылық айырмасынан да байқалады. Облыс бойынша ауаның орташа тәуліктік температурасы 00С-тан жоғары кезең 225 – 245 күнге дейін созылады. Аязсыз кезең жазық өңірлерде 5 – 6 ай, тау бөктерлерінде және тауда 4 – 6 ай болады. Жазық өңірлерде жауын-шашын аз (100 – 300 мм). Қар қабаты жұқа (10 – 15 см). Оңтүстік аудандарда тұрақты қар жамылғысы болмайды. Облыстың барлық дерлік аумақтарында шығыстан және солтүстік-шығыстан аңызақ жел соғады, қиыр оңтүстік және оңтүстік-батыста аңызақ жиі қайталанады.

 

1.5. Гидрологиялық жағдайы

 

Облыста жер беті ағыны біркелкі таралмаған. Өзендер, негізінен, облыстың оңтүстігіндегі Қырғыз және Талас Алатауларының солтүстік беткейлерінен бастау алады. Олардың басым бөлігі Шу және Талас өзендері алабында жатыр және осы өзендердің салалары болып табылады. Облыс аумағындағы ең ірі және ұзын өзен – Шу (1186 км). Ол Қырғызстан аумағында Тянь-Шань тауларынан басталады. Табиғаты көркем Буам шатқалынан өткен соң облыс аумағына кіреді. Облыстағы оның ұзындығы 800 км. Шатқалдан өткен соң ағысы баяулап жазықтағы кең аңғарлы өзенге айналады. Облыс аумағында оған жалғыз Қорағаты өзені қосылады. Шу өзінің аңғарында кішігірім көлдер тобын түзей отырып, Тұран ойпатының шығысындағы (жазығындағы) (Ащыкөл – Ақжайқын ойысы) құмға сіңіп кетеді. Шу су жинау сипаты жағынан аралас толығатын өзендер қатарына жатады. Өзен ағынын реттеу және суару мен суландыруға пайдалану үшін Шу қаласынан жоғарғы бөлігінде оған Тасөткел бөгені салынды. Облыстағы екінші үлкен өзен – Талас. Облыс аумағындағы ұзындығы 453 км. Ол Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол және Үшқоша өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмның батысындағы Айдын көліне құяды. Көпжылдық мұз, қар, жауын-шашын суымен толығады. Өзен аңғарында бірнеше бөгендер (Киров, Юбилейный, Жінәлі, Қазақбай, т.б.) салынған. Суын жер суаруға және суландыруға пайдалану үшін Талас – Аса каналы тартыл-ған. Таласқа оның ірі саласы – Аса өзені (ұз. 253 км) сол жақтан құяды. Облыстағы көптеген кішігірім өзендер (Шабақты, Боралдай, Бүркітті, Теріс, Шалсу, Қарақыстақ т.б.) Қырғыз Алатауынан, Қаратау жотасынан бастау алады. Шу-Іле және Қаратау жотасынан басталатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында құрғап қалады, не жылғаларға айналады.

Көлдері. Облыс аумағына Балқаш көлінің оңт.-батыс бөлігі кіреді. Жағалауынан 1,5 – 2 км жерде Қашқантеңіз көлі (аумағы 18,5 мың км2) орналасқан. Облыс аумағындағы ең ірі көл – Билікөл (ауданы 86,5 мың км2). Оның суы тұщы. Көлде көксерке, жайын, сазан, табан балық, т.б. бар. Билікөлден басқа Ащыкөл (суы сортаң), Ақкөл (тұзды), Айдын (тұзды), т.б. кішігірім көлдер бар. Жалпы, көлдердің басым бөлігі Талас аңғарында орналасқан.

Жер асты суы. Облыста арыны жоғары бірнеше жер асты су алаптары бар. Олардың ең ірісі – Аса-Талас артезиан алабы (аумағы 6000 км2). Оның суы 100 – 300 м-лік тереңдіктен шығады. Суы палеоген және неоген шөгінділерінде жатыр. Артезиан ұңғымасынан тәулігіне 7000 м3су алынады. Одан басқа облыс аумағында (Сарысу және Талас ауданы аумағында) Кіші Қаратау жер асты су алабы орналасқан. Ол кембрий-ордовик кезеңдерінің карстік-жарықшақты әктастарында таралған. Сулы қабаттың қалыңдығы 40 – 300 м. Ұңғымалардан тәулігіне 2,2 – 86,4 мың м3 су шығады. Өзен аңғарларында көптеген қайнар бұлақтар (Жылыбұлақ, т.б.) бар. Одан басқа алапта 10-нан астам жер асты су көздері жете зерттелген. Жер асты суының пайдалануға болатын жалпы қоры тәулігіне 216 мың м3 көлемінде болжанған.

Бөгендері мен тоғандары.Облыстағы ең ірі Бөген – Тасөткел бөгені. Оның су сыйымдылығы 620,0 млн. м3. Бөген Шу өзені бойында орналасқан. Облыстың 42,3 мың га жерін суарады және шабындықтарды суландырады. Екінші ірі бөген Теріс өзенінде (Жуалы ауданы) салынған. Оның су сыйымдылығы 158,0 млн. м3. Суымен 20,4 мың га жер суарылады және суландырылады. Облыста барлығы 36 бөген салынған. Су сыйымдылығы 5,0 млн. м3-ге дейінгі бөгендер саны 13. Облыс аумағындағы тоғандардың жалпы саны 64. Су сыйымдылығы 1 млн. м3-ден астам тоғандардың саны 28. Ең ірі тоғандар: Қарабөгет, Сұлукөл, Айдын, Тұзкөл, Ақжар, Қамқалыбай, т.б. Облыста ауданаралық және шаруашылықтар аралығындағы суару-суландыру жүйелері (каналдары) қалыптасқан. Облыс аумағындағы ауданаралық каналдардың жалпы ұзындығы 1220,8 км, ал шаруашылықтар ішіндегі каналдардың ұзындығы 2714,0 км.

 

1.6. Топырақ жамылғысы

 

Облыстың қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты жері 5 млн. га-ға жуық жерді алып жатыр. Топырақтар құрамында органикалық заттар өте аз (1-ға дейін), фосфор мен қарашірінді топырақтың 15 см-ден 25 см-ге дейінгі беткі қабатында кездеседі. Бұл жерлердің барлығы суға ерігіш заттарға бай келеді. Сондықтан оның құнары өте төмен болады. Қазіргі кезде осындай құнарсыз топырақты жерлердің барлығы жайылымдық ретінде пайдаланылады. Оны егістікке пайдалану үшін толық суландыру керек. Бозғылт сұр топырақты жерлер Мойынқұм ауданының солтүстік бөлігін алып жатыр. Бозғылт сұр топырақтың беткі қабатында қарашірінді 0,6 – 1,2 болады. Қарашіріндісі аз бұл топырақ 40 – 60 см тереңдікке дейін барады. Сіңірілгіш фосфор қышқылының мөлшері тым аз. Мұндай топырақты аймақ жайылымдық мал азық және дәнді дақылдарға арналған егістік ретінде пайдаланылады.

Кәдімгі сұр топырақты аймақ облыстың 3,9 млн. га жерін қамтиды. Топырақтағы қарашіріндінің мөлшері 1,5 – 2,5 аралығында. Мұндай жерлер суарылып, егін егуге қолайлы.

Шалғынды сұр топырақты жерлердің аумағы 5,5 млн. га. Олар, негізінен, Талас және Шу өзендері аңғарын алып жатыр. Топырақта көп жағдайда күкірт қышқылы кездеседі. Мұндай топырақты жерлерде ылғалдылығы 1,5 – 2,0 м тереңдікке дейін болады және топырақтың механикалық құрамы күрделі келеді. Қарашіріндінің мөлшері 2,5 – 3,5. Топырақтың бұл түрі облыста қант қызылшасын және дәнді дақылдар өсіру үшін өте құнарлы болып есептелінеді. Қоңыр топырақты жерлерде ылғал мол сақталады және оның қарашіріндісі 4,0-ға жетеді. Қарашірінді 100 см тереңдікке жетеді. Бұл топырақтарда барлық ауылшаруашылық дақылдары жақсы өседі. Құрамында тұз аз болады.

Қара қоңыр топырақ орналасу деңгейіне қарай бозғылт қоңыр және қоңыр топырақ болып ажыратылады. Топырақ құрамында 2,5 – 3,0-ға дейін қарашірінді болады және ол 50 – 80 см тереңдікке дейін жетеді. Топырақтың беткі қабаты су эрозиясына шыдамсыз. Бұл топырақтағы негізгі кемшілік – фосфор мен калийдің өте аз болуы. Қарақошқыл топырақта қарашірінді мөлшері 4 – 6 және ол 70 – 100 см тереңдікке жетеді.

Облыста шалғынды топырақтар 0,6 млн га жерді қамтыған. Олардағы ылғал грунт суымен толығып отырады, сондықтан өсімдік жамылғысы жақсы қалыптасқан. Қарашіріндісі 10-ға, кейде одан да көп болады. Мұндай топырақтарда қиыршық тас немесе құмды қабат жақын жатады. Олардың арасында сортаңданған топырақтар кездесіп отырады.

Облыстағы агроклиматтық белдемдерде топырақ және өсімдік жамылғысы оңтүстіктен солтүстікке қарай ауысып отырады. Климаттық континентіліктің күшеюіне байланысты облыс аумағы үш аймаққа: шөл, шөлді-далалы және тау алды далалық аймақтарға бөлінеді. Шөлді аймақтың облыс жеріндегі ауданы 11 млн. га-ға жуық. Бұл бүкіл облыс аумағының 70,5-ы. Аймақтың көп жерін Бетпақдала, Мойынқұм және Шу өзенінің төменгі аңғары алып жатыр. Аймақ, негізінен, облыстың солтүстік және орталық бөлігін қамтиды. Бұған Сарысу, Талас, Байзақ, Жамбыл аудандарының, шығысында Мойынқұм, солтүстік бөлігін Шу аудандарының жері алып жатыр. Жауын-шашынның мөлшері 100-ден 180 мм-ге дейін ауытқып отырады. Аймақта, негізінен, мал шаруашылығының шалғынды жайылымдары орналасқан. Шу өзенінің аңғары мен Мойынқұмның шұратты жерлерінің суармалы өңірлеріне егін егіледі. Топырағы сұр, сортаң сұр, бозғылт сұр, шалғынды сұр, кейбір жерлері тақыр.

Тау алды далалық аймақтың аумағы 1,153 млн га, немесе облыс аумағының 7,9. Аймақ теңіз деңгейінен 1200 – 2200 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан. Негізгі жерін Қаратау, Шу-Іле таулары және Қырғыз Алатауы алып жатыр. Бұған Жуалы ауданының барлық жері, Сарысу, Жамбыл, Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарының оңтүстік бөлігі, Қордай ауд-ның солтүстік-шығыс бөлігі кіреді. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 400 – 500 мм. Аймақтың жері бозғылт қоңыр, қоңыр, шалғынды сұр, шалғынды қоңыр және қара топырақты.

Шөлді-далалық аймақтың аумағы 2,563 млн га, немесе облыс аумағының 17,4. Бұл аймақ Қаратаудың, Қырғыз Алатауының тау алды жазығы және Шу-Іле тауларының баурайын алып жатыр. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 260 – 400 мм. Ауаның жылдық орташа температурасы 9,30С. Аймаққа Талас, Сарысу, Жамбыл, Байзақ және Шу аудандарының орталық бөлігі, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Қордай аудандарының оңтүстік бөлігі енеді. Топырағы, негізінен, бозғылт сұр, сұр, сортаңды сұр, бозғылт қоңыр және қоңыр. Кейбір жерлері тақыр.

 

1.7. Өсімдік және жануарлар дүниесі

 

Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы – өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне жағдай жасайды. Жазықтар мен тау етегіндегі (800 м) шөлді сұр, қоңыр топырақты белдемді жусанды-сораңды өсімдік жамылғысы алып жатыр. Тақыр мен сортаң жерлерде өсетін сексеуіл тоғайлары, негізінен, жапырақсыз аласа қара сексеуілден тұрады. Сексеуілді тоғайлар арасында әр түрлі шөптесін өсімдіктер (жусан, күйреуік, изен, теріскен) көптеп өседі. Сұр топырақты тау беткейлері мен өзен аңғарларындағы жусанды-қоңырбасты және бозды-бетегелі алқаптарда ақ жусан, қара жусан, қоңырбас, қылтықсыз арпабас, бетеге, боз, селеу, көде, шабындық түлкі құйрығы, жатаған бидайық, Тянь-Шань жоңышқасы, қоңыраубас, қарабас шалғын, ұсақ гүлді киікоты қаулап өседі. Бұл аймақтарда, негізінен, суармалы егіншілік дамыған. Қоңыр топырақты орманды-дала белдеуінде (1500 – 2000 м) бетеге, боз, бөденешөп, қозықұлақ, қияқ, шоқайна, т.б. өсімдіктермен бірге сиретілген ормандар арасынан көктерек пен Тянь-шань шыршасын кездестіруге болады. Ақсу, Балдыбірек және Жабағылы өзендері маңындағы тау жоталарына аршалы орман көрік береді. Бұл жерлерде қара арша, балғын арша, Талас аршасы, т.б. өседі. 2000 м-ден жоғары (Қырғыз Алатауы) субальпілік шалғындықта қазтамақ, Гельцер қалампыры, кекіребас, ал альпілік белдеуде альпі қоңырбасы, тау таспасы, тасжарған, қазтабан, қияқтың бірнеше түрі кездеседі. Сондай-ақ, жылдан жылға азайып бара жатқандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген Талас кекіресі, Талас қайыңы, Қаратау ақшешегі, Қаратау жыланбасы, Қаратау сетені, Қаратау ырғайы, Қаратау ұшқаты (эндемик), Піскемі жуасы, т.б. өседі.

Жамбыл облысы – сан алуан жануарлар мен құстардың мекені. Кәсіптік маңызы бар сүтқоректілерден: арқар (Батыс Тянь-Шаньда, Қаратауда, Талас Алатауында, аздаған бөлігі Жабағылы өзенінің оң жағалауында қыстап шығады), таутеке (тау-тасты, тік жарлы, құзды жерлерде тіршілік етеді), елік (аршалы ормандарда), марал (жазда субальпілік белдеуде, қыста тоғайлы жерлерде), ақбөкен (Бетпақдалада); қоңыр аю (Батыс Тянь-Шань жоталарында), доңыз (Шу және Талас өзендері аңғарларында) кездеседі. Басқа жыртқыштардан – қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аққалақ сияқты терісі бағалы аңдар кең тараған, ондатр жерсіндірілген. Қанаттылардан ұлар, үкі, сақалтай (қозықұмай), шымшық, бұлдырық, т.б. кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, қалқантұмсық жылан мен сұр жылан бар.

Өзендер мен көлдерде алабұға, қарабалық, сазан, көксерке, табан, қызылқанат балық, жайын тіршілік етеді. Облыс аумағы, сондай-ақ, сирек кездесетін, жылдан-жылға саны азайып, қорғауға алынған, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген бүркіт, ителгі, Қаратау арқары, мензбир суыры, көкқұс, лашын, т.б. құс-жануарлардың мекені. Облыс аумағында Қазақстандағы тұңғыш қорық – Ақсу-Жабағылы қорығы, ақбөкендердің қысқы мекені – Андасай қорықшасы (зоологиялық) және Ақсай қорықшасы орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ЗЕРТТЕЛЕТІН  АЙМАҚТЫҢ  РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ   РЕСУРСТАРЫ

 

2.1. Рекреация туралы түсінік

 

Рекреация (латынның recreatio — күш жинау, поляктың rekreacia — демалу деген сөздерінен шыққан) – олар табиғи (теңіз жағалауы, өзен жағасы, ормандар) және антропогендік (тарихи — архитектуралық көрікті жерлер) қорлар болып екіге бөлінеді. Рекреациялық аймақтар халықтың тынығу мен бұқаралық туризм мақсатында арнайы бөлініп, көріктендірілген территория. Рекреациялық аймақтар экономиканың басты салаларының бірі болыр отыр. Сонымен қатар рекрациялық салаға туризм де жатады. Туризм (француз тілінен tourisme – серуендеу, жол жүру) — белгілі бір маршрутта жасалатын саяхат. Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңестік Энциклопедия) берді:″ туризм – бос уақыттағы адамның  блсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы″ /4/. Ол сонымен қатар емдік туризм, шипалы-спорттық, танымдық туризм болып бөлінеді. Адамның денсаулығын көтеруді және ауыратын адамның емделу процесін жалғастыруды емдік туризм дейміз. Шипалы-спорттық туризм – демалу, жұмыстан шаршаған кезде жоғалтқан күшті қайта қалпына келтіру, спортпен шұғылдану. Ал танымдық туризм мақсаты – табиғи, мәдени және тарихи т.б. назар аударарлық көріністер арқылы рухани қажеттілікті қанағаттандыру, эстетикалық рахат алу /5/. Атпен, велосипедпен, шаңғымен, кайықпен және жаяу саяхат жасалса, оны спорттық туризм деп, ал ұшақпен, пороходпен, поезбен саяхат жасалса, оны экскурсиялық туризм деп атайды. Туризм тарихы ертеден басталады. Ол XIX ғасырдың аяғында пайда болып, осы қалпында қалыптасты. Қоғамдық карым-қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде – XX ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске косқан, әлемдік валдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады.

Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды коғамдык-экономикалық кұбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай – осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.

Сонымен қатар, келесі жағдайды ескерту қажет. Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. /4/ Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына автомобиль жасау және мұнай өндіру өнеркәсібінен кейін енеді. Туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналады. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың саласы болып саналады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оган Қазақстан да еніп отыр. Егеменді Қазақстанда туризмнің дамуына мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта Қазақстанның тур өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі католизаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын алайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалык құбылыс.

Зерттелетін аумақта рекреациялық туризмнің барлық түрін дамытуға толық мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.з.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, облыс рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік-ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи-шаруашылық кешенінің дамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты тұрғындарды салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді, Дәл осы уақытта шет елдерде туризмнің экстремалды және экзотикалық бір түрі болып есептелетін ғарыштық туризм қарқындап дамып келеді. Қазақстан аумағында атақты «Байқоңыр» космодромы болғандықтан шетелдің ғарыштық мүмкіндіктерінен еш кем түспейді. Аталған туризм түріне дұрыс қарап, дамуына жағдай жасаса, Қазақстан өз байлығын көбейтіп, түскен пайданы экологиялык мәселелерді шешуге және табиғатты корғау шараларына жұмсар еді.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, туризм басқа да экономикалык, салалар секілді жоғарыдан қатты шектеулі болатын. Қазақстанның туристік нарығы әлемдік және халықаралық стандарттар бойынша бәсекеге кабілетті емес. Жергілікті рекреациялық және сауықтыру мекемелерінің, турагенттіктерінің ұсынатын турөнімі шетелдің орташа қамтамасыз етілген саяхатшысының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл жерде мемлекет тарапынан туризм индустриясының дамуы туралы үлкен бағдарламаны енгізіп, осы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету және тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалануы қажет. /6/

Туристік аудан – туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәдени әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан. Туристік аудандар арқылы оның негізгі даму бағыты анықталады, туризмнің материалдық-техникалық базасының қоғамдық әсерлі өсуінің территориялық жабдықтары бағаланады. Рекреациялық мақсатпен территорияны аудандастырудың және оған баға беру үшін көптеген факторлар есепке алынады: табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық-экологиялық, сәулетті-көркемдік және т.б. /8/.

Туристік қызмет көрсетутуристік саяхат кезеңінде және осы саяхатқа байланысты туристтің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызды зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гидроаудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер). 2009 жылғы Жамбыл облысының рекреациялық туризмін дамыту туралы статистикалық мәліметке сүйене отырып, мына төмендегі кесте арқылы қызмет көрсету жағдайын қарастырайық:

 

1-кесте. Жамбыл облысындағы тынығу мақсатындағы қызмет көрсетілген адамдар саны (адам)

 

 

Барлығы

Соның ішінде

Бос уақыт, рекреация және демалыс

Таныс, туыстарға бару

Іскерлік мақсатта

Емделу

Сауда

Басқа мақсатта

Жамбыл облысы

46657

23017

1318

13620

100

8599

6

Сарысу ауданы

901

300

 

484

 

117

 

Мойынқұм ауданы

1540

1291

26

198

15

10

 

Талас ауданы

1382

126

 

1130

 

 

 

Байзақ ауданы

16483

13036

 

3441

 

6

 

Т.Рысқұлов ауданы

201

121

 

65

 

15

 

Меркі ауданы

2269

 

1983

286

 

 

 

Шу ауданы

597

 

 

597

 

 

 

Қордай ауданы

31034

1076

 

13126

 

16832

 

Жамбыл ауданы

655

145

146

355

9

 

 

Жуалы ауданы

15054

10228

 

4667

159

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Жамбыл облысының туристік — рекреациондық ресурстарын

тиімді      пайдаланудың мәселелері

 

Облыстың рекреациялық туристік әлеуттілігі мол, ішкі және халықаралық туризмдерінің дамуына мүмкіншіліктері зор. Ұлы Жібек жолының бір тармағы облыстың Тараз – Ақшолақ – Ақыртөбе – Құлан – Меркі – Аспара – Шу – Қордай елді мекендері арқылы өткен және оларда өте қызғылықты тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан.

Облыс «Жібек жолындағы тарихи орталықтардың жаңғыртылып, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтап және сабақтаса дамытып, туристік инфрақұрылымын құруының» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Бұл бағдарлама қазіргі кезде іске асырылуда.

Ұлы Жібек жолының бір тармағы флора мен фаунаға бай мемлекеттік «Ақсу – Жабағылы» қорығы арқылы өтеді. Ал Тараз қаласы арқылы Жібек жолының орта ғасырлардағы ең ірі сауда-әкімшілік күре жолдарының бірі өткен.

Қазіргі кезде облысқа туристік мақсатпен келушілерге арналған 8 қонақ үйлер мен мотельдер, демалыс үйлері жұмыс істейді.

Облысқа туристік мақсатпен 2009 ж. 2231 адам келген. Олар облыстық туристік фирмалары мен агенттіктеріне 84120,7 мың теңгенің немесе 86 мың АҚШ долларының кірісін берген.

Облыстың рекреациялық ресурстарына табиғат қорықтары мен табиғи және тарихи-архитектуралық ескерткіштерден басқа мәдени (музей, театр, спорт кешендері, т.б.) және денсаулық сақтау (санаторий-профилакторийлер, демалыс үйлері) мекемелері де жатады.

Табиғаты тамаша жерлерде орналасқан балшықпен емдейтін Т.Рысқұлов атындағы, «Құрылысшы» санаториі, радон ванналарымен емдейтін «Меркі» санаторийі республикаға танымал демалыс орындары болып табылады.

Табиғи рекреациялық ресурстарының көпшілігі Талас Алатауының тау алды және орта зоналары мен Сарыой жазығында жиналған. Бұл аудан рекреация жағынан жақсы игерілген болып есептеледі. Бұл жерде климаттық және орографиялық жағдайларға байланысты. Дегенмен, табиғи ортаға мұндай белсенділіктің тигізер зияны көп. Бақылаусыз көпшілік туризм табиғи кешендердің біртіндеп құлдырауына әкеліп соқтырады. Сондықтан туристік-рекреация ресурстардың тиімді пайдалануының маңызы арта түспек /7/.

Туристік-рекреация ресурстары – адамның еңбек қабілеттілігі мен денсаулығын қолдау, қалпына келтіру әдісі болып табылатын демалысты қамтамасыз ететін табиғи ресурстардың түрі, адамның рекреация мен туризм қажеттілігін қанағаттандыратын табиғи нысандар мен құбылыстар. Туристік-рекреация ресурстар ұлттық мұра болып табылады /8/.

Туризмнің даму мәселелері табиғи ортаны туристік мақсаттар үшін пайдалану мәселелері әрқашан да маңызды екенін айту керек. XIX ғасырдың бірінші жартысының өзінде географтар туристердің шамадан тыс ағылуының нәтижесінде ландшафтың теріс өзгеруін көрсеткен болатын. XXI ғасырда да бұл мәселе одан әрі күрделілене түсті. Туристік қозғалыс дамуының болжамдары көрсеткендей, осы уақыттың өзінде мәдениет пен экология көзқарастарына сәйкес. Кейбір территорияларды «туризмнен» қорғау қажеттігі туып отыр. Осыған байланысты соңғы кездері табиғи ортаның «туристік урбандалуы» деген термин тарай бастады. Туристік базалар мен қонақ үйлер кешендері мен шаңғы трассалары, жол, электр тарту жүйелерінің бей-берекет салынуы – осының бәрі ландшафттың эстетикалық тартымдылығын төмендетіп, қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.

Туризмнің қарқынды дамуы туристік табиғат пайдалануды ыңғайландыруды талап етіп, табиғи кешендерге түсетін салмақты бақылап отыруды қажетсінеді /7/.

 

2.3. Табиғи рекреациялық ресурстар

 

Туристік-рекреациондық ресурстар өздеріне табиғи және антропогендік (мәдени) ландшафттарды біріктіріп, оларды қоғам қажеттілігіне сай технологиялық жарақтар және туристік экскурсиялық қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейту болып табылады.

Табиғи-рекреациялық ресурстар – табиғи ресурстарды тікелей және жанама тұтыну үшін пайдаланатын, материалдық байлықтың ұлғаюына, еңбек ресурстардың ұдайы өсуіне, өндіріске үлес қосатын және өмір сапасын жақсартатын табиғи нысандар мен құбылыстар аталады /8/.

Туризмде үлкен қызығушылық танытатын көркем ландшафттарға, Тянь-Шаньнның батысына жататын Талас, Қырғыз Алатауы және Шу — Іле тау жүйелері жатады.

Облыс территориясында 3 қорық жұмыс істейді:

— «Берікқара шатқалы» мемлекеттік қорықшасы 17,5 мың га жерді алып жатыр. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1971 ж. 7 желтоқсандағы ғ672 қаулысымен бекітілген. Жер аум. 3,11 мың га. Кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 27 маусымдағы қаулысымен жер аумағы кеңейтіліп (17,5 мың га) «Берікқара шатқалы» мемл. табиғи қорықшасы деп жарияланды. Жуалы ауданы мемл. орман қоры жерінде орналасқан. Бұл жерде Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген Берікқара терегі, кәдімгі пісте, Недзвецкий алмасы, ылғал сүйгіш шаған, қызғалдақтардың бірнеше түрі, жерсабын, рауғаш, жуаның бірнеше түрлері, т.б. сирек өсімдіктер кездеседі. Қорықша аумағында ағаш кесу тек санитарлық түрде жүргізіледі.

— «Қарақоңыз шатқалы» мемлекеттік табиғи-ботаникалық қорықшасы – Қордай ауд-нда орналасқан. Қорықша 1971 ж. Қордай ауд. мемл. орман қоры жерінде бекітілген. Жер аумағы 3,07 мың га. Өсімдіктердің 500-ден астам түрлері кездеседі. Оның ішінде Қазақстанның «Қызыл кітабына» кірген Кавказ тауындағы, Кәдімгі пісте, Недзвецкий алмасы, жабайы жүзім, гладиолус, күшала, сасыр, жуа, рауғаш, қызғылт радиола, қызғалдақтар мен жанаргүлдердің көптеген түрлері, т.б. өсімдіктер. Қорықша аумағында ағаш егу тек санитарлық түрде жүргізіледі. Басқа пайдалану түрлері, сонымен бірге жайылым, шабындық қатаң белгіленген мөлшерде жүргізіледі.

 

-Андасай мемлекеттік қорықшасы Мойынқұм ауд-ның солт. бөлігінде, Шу өзенің оң жағалауында Мойынқұм ауылынан батысқа қарай, Бетпақдаланың оңт-нде орналасқан. Мойынқұм, Бетпақдала шөлдеріндегі, Шу – Іле шөлейтіндегі арқар, таутеке, жабайы шошқа, ақбөкен, қарақұйрық, дуадақ, безгелдек, қырғауыл, т.б. пайдалы аңдар мен құстарды және ойпаң дала көлдеріндегі балықтарды қорғау, көбейту мақсатымен 1966 ж. құрылған. Аум. 1 млн. га. Жер бедері ақ сексеуіл өскен тоғайлы төбешік пен құмды қырқалар, беті тегіс, көлемді тақырлар болғандықтан, жануарлар үшін өте қолайлы келеді. Қорықшада балық пен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан, құстардың 200-ден, сүтқоректілердің 40-тан астам түрлері (кірпікшешен, қоян, сарышұнақ, борсық, қасқыр, қарсақ, түлкі, елік, т.б.) тіршілік етеді. А. қ. Оңт. Қазақстандағы ақбөкендердің қыстап шығатын қонысы болып есептеледі. Ондағы бірқатар аң-құстар (қарақұйрық, шұбар күзен, қалбағай, жалман, арқар, аққу, т.б.) мен өсімдіктер (Альберт жауқазыны, Бетпақдала сылдыршөбі) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қорықша аумағында аң-құстарды аулауға тыйым салынған.

 

Ақкөл шипалы балшығы – Жамбыл қ-ның оңт.-батысындағы (30 км) Ақкөлдің жағасынан алынып, ауруларды емдеуге қолданылып келе жатқан жұмсақ лай шөгінділері. А. ш. б. Үлкен Бурыл тауының етегінде, теңіз бетінен 700 м биіктікте. Көлдің аум. 2,5 км2, оған бірнеше суы тұщы бұлақ құяды. Оның шипалы балшығы 1932 – 34 ж. зерттеліп, қалыңд. 0,2 м, жалпы қоры 65 000 м3, оның ішінде пайдалы қоры 15 000 м3 екені анықталды. Онымен буын кеселдері, әйелдер аурулары, т.б. емделеді.

 

 Жамбыл облысында минералды сумен емдеудің 2 орны бар, тәулігіне 0,518 мың куб метр қоры бар Меркі және Ұзынбулақ-Арасан, химиялық құрамы минералға жақын оншақты жерасты участке қорлары анықталды.

Облыс ішкі және халықаралық туризмді дамытуға мүмкіндігі бар. Сайрам-Тараз-Ақшалақ-Ақыр-төбе стансасы-Құлан-Меркі-Шу-Аспара арқылы ұлы Жібек жолы өткен және бұл жерлерде қызықты мәдені тарихи есткерткіштер орналасқан.

Облыс «Жібек жолы орталығының тарихын жаңартуда түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыруды дамыту, туризмнін инфрақұрылысын жасау» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

Жібек жолы маршруты жуалы ауданында орналасқан жануарлар дүниесі мен өсімдіктерге бай «Ақсу-жабағлы»  экзотикалық мемлекеттік қорығы, VII-VIII ғасырда Жібек жолы бойындағы көне және ең ірі 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық тойы мерекеленді.

Соңғы жүз жыл ішінде қала аты бірнеше рет өзгертілді: Әулие-ата, Мирзоян, Жамбыл, ал 1997 жылы алғашқы Тараз аты қайтарылды. Бүгінде-бұл қала өнеркәсіпті қала, 333,1 мың тұрғыны бар жамбыл облысының орталығы.Қала территориясында «Айша бибі», «Бабаджа қатын» X-XI ғ. «Қарахан», «Дәуітбек» X-XIII ғасырлардың тарихи ескерткіштері орналасқан.

Облыста қазақ және орыс драма театры, 5 мұражай, 219 кітапхана, 143 клубтар мен мәдениет үйлері жұмыс істейді. 284 адамға арналған 10 қонақ үй қызмет көрсетеді.

Тараз қаласында Қазақстан сүретшілері картиналарының салон-галереясы, облыстық тарихи-өлкелік мұражай бар. Талас өзенінің бойында Т. Рысқұлов атындағы шипажай батпақты ванналармен ендейтін «Қурылысшы» шипажайы орналасқан, ал Меркі шатқалындағы шыпажай радонмен емдейді.

Бүгінгі таңда облыстың туристік  қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік лицензиясы бар 10 туристік фирма, 14 қонақ үй және 4 курорттық-сауықтыру объектілері облыс қонақтары мен тұрғындарына өз қызметтерін көрсетеді (1 кесте). «Тараз – комфорт», «Керемет», «Тараз», «Бауырлар», «Жамбыл» сияқты қонақ үйлер көрсетілетін қызмет түрлерімен  мен қызмет көрсету сапасы жағынан айрықша ерекшеленеді.

        1-кесте.

Жамбыл облысының туристік фирмалары мен

курорттық-сауықтыру объектілері

 

Турфирма аттары

Мекен-жайы

Телефон

1.

ЖШС «Жамбыл – сервис»

    Тараз қаласы,

Жамбыл даңғылы,123

8(7262) 34-42-69

2.

ЖШС«Қазақстан– турист»

Абай көшесі 119

8(7262) 43-08-92

3.

ЖШС «Тараз – турист»

Төле би көшесі 53/17

43-35-49

4.

ЖШС «Инфо – сервис»

Төле би көшесі 53/17

45-07-97

5.

ЖШС «Азия – тур»

Абай көшесі 129/52

45-72-63

6.

ЖШС «Илиас»

«Жайлау»  мөлтек ауданы 21/37

7-18-61

7.

ЖШС «Аэротур-Тараз»

Төле би 91/16

34-56-15;34-08-20

8.

ЖШС «Әлемгер»

Әйтеке би 11/3

45-32-33

9.

ЖШС «Тянь-Шань»

«Жайлау»  мөлтек ауданы 20/47

7-13-70

10

ЖШС «Тараз –ДАС – тур»

«Алатау»м.ауданы 51/17

6-04-52;6-69-48

11

ЖШС «Транс авиа тур»

Қазыбек би 161

45-90-14;45-91-14

12

«Мерке» шипажайы

Меркі ауданы, Меркі ауылы

8(2322) 2-18-83

13

«Строитель» шипажайы

Ә.Жангелдин көшесі 26

46-42-25

14

Т.Рысқұлов  атындағы шипажай

Абай көшесі 575

46-43-23

 

    Тараздағы халықаралық «Әулие – Ата» әуежайы арқылы республиканың басты қалалары ғана емес, Ресейдің қалаларына да қатынас жасауға болады.

    Жамбыл облысы бойынша туристік фирмалар туристерге қызмет көрсету мақсатында төмендегідей бағыттарды  ұсынып отыр:

Бағыт №1 «Ежелгі Тараздан бүгінгі күнге дейін»  (тарихи тур)

Бағыт №2 «Жамбыл облысының інжу-маржандары» (тарихи – архитектуралық тур)                                 

Бағыт №3 «Ақсу – Жабағылы қорық – мұражайы» (табиғи- рекреациялық тур)

Бағыт №4 «Таулардан тек қана таулар жақсы» (экологиялық тур)            Бағыт №5 «Мойынқұм бархандары» (экологиялық тур)

Бағыт №6 «Алмалы шатқалы» (экологиялық тур)

 

    Сонымен қатар, облыстық турфирмалар, Ұлы Жібек жолы бойындағы республикалық маңызы бар деген тізімге енген тарихи-мәдени құндылықтарға экскурсиялар мен туристік жорықтар ұйымдастырады (2 кесте).

                     

   2-кесте.

Ұлы  Жібек жолының Жамбыл облысы  аумағындағы

басты объектілері.

 

Объектілер

 

Объектілер сипаты

1.

Ежелгі Тараздың тарихи орталығы: Шахрис тан,цитадель,әскери құрылыс бекіністері,сарай және қалалық моншалардың І — ХVІ ғ.ғ. қал дықтары

Сауда – этнографиялық кешен

2.

ХІХ ғ.Наманган – Көше ауданының құрылыс тары

Тұрғын және қонақ үйлер,

халық  кәсіптері

3.

ХІХ ғ. Әулие-Ата кезеңінің құрылыстары

Туристік және сауда компания ларының өкілеттілігі (келісім бойынша)

4.

ХVІІІ –ХІХғ.ғ. Жүнісхан,Әбдіқадыр, Нәметбай мешіт — медреселері

Жұма мешіт, қажылар үшін қонақ үй

5.

ХІХ ғ. Қали-Жүніс моншасы

Шығыс моншасы

6.

Тараз қаласының орталық алаңындағы зороас тризм ескерткіштері қалдықтары, VІ-ІХғ.ғ.

«Көне Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайының филиалы

7.

Тараз қаласының Х-ХІІІ ғ.ғ. некропольдері: Қарахан және Дәуітбек кесенелері

Қажылық және туризм объекті лері

8.

Жалпақтөбе қалашығы: түргеш және қарлұқ билеушілерінің VІ-ХІІғ.ғ қамалы

Этнографиялық жәрмеңке

9.

Ежелгі Тараздың әскери құрылыстары VІ-ХІІғ.ғ

«Ежелгі Тараз» қорық — мұра жайы, туризм объектісі

10

VІІІ ғ.Ақыртас – сарай кешені

Туризм  объектісі

11

Қостөбе қалашығы: зороастризмдік ғибадат кешені,наустар,қоныстар, VІ-ХІІғ.ғ

Қажылық және туризм объек тілері

12

Құлан қалашығы VІ-ХІІғ.ғ

Туризм  объектісі

13

Ферғана аңғарына баратын Жүз – асу, Бедел, Мақпал асулары және керуен жолдары.Тас мүсіндері және “Екі – Аша” керуен-сарайы

Тарихи — этнографиялық және спорттық кешен

14

Ақтөбе қалашығы,VІ-ХІІІғ.ғ.басы (Шу ауданы, Баласағұн ауылы)

Зерттеу және туризм объектісі

15

Шоқай кесенесі, ХІVғ

Зиярат орны

16

Қара–Қожа,Ноғай–Ишан,Абдулла-Ишан мешіт тері,Қуандық кесенесі, Үшарал ауданындағы Ақ – кесене мұнарасы, ХІІІ-ХІVғ.

Қажылық және туризм объекті лері

17

Мерке қалашығы, VІ-ХІІІғ.ғ

Туризм  объектісі

18

25 – орындық Мерке қонақ үйі

Қонақ үй

19

Сыпатай батыр кешені, Хғ.

Қажылық орны

20

Айша–бибі,Бабаджа–Хатун кесенелері,Х-ХІғ.ғ.

Қажылық және туризм объекті лері

21

Жетітөбе зираттары (б.э.д. V-ІІІғ.ғ.)

Қажылық және туризм объектілері

 

 

Жамбыл облысының  рекреациялық туристік саланы дамыту бағдарламасына сәйкес, алдағы 2015 жылға дейін, ішкі туризм көлемін 60 %-ке,  ал  сырттан келу туризмін  25 %-ке дейін көбейту ді жоспарлап отыр.

Облыс жеріндегі туризмнің қазіргі жағдайына жасаған сараптаманы қорытындыласақ, төмендегі жәйттерді айтуға болады:

— облыстағы туризмге жасалынған бағдарламаға жеткілікті қаражат бөлінбеген;

— туризм дамытуға қажет шет елден келетін инвестиция әкелудің экономикалық механизмі жасалмаған;

—  облыс жеріндегі рекреациялық қорлар, қазіргі стандарттармен экологиялық талаптарға сәйкес игерілуде;

Ал енді рекреациялық туризмді дамыту үшін не істеу керек деген сұраққа жеке өз пікірімді айтар болсам, ол төмендегідей:

Рекреациялық ресурстардың iрi шоғырланған базасында рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аумақтық аймақтар қалыптастыру қажет. 
      Қазақстан Республикасында санаторийлiк-курорттық iстi дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды iске асыруды талап етедi: 
      санаторийлiк-курорттық объектiлерге сертификаттау және жiктеу жүргiзу;
      санаторийлiк-курорттық oбъектiлердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу; 
      санаторийлiк-курорттық мақсаттағы объектiлердiң қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету. 

 

 

 

2.4. Антропогендік рекреациялық туризм

 

Рекреациялық туризмнің өзіндік ерекшелігі – табиғи ерекшеліктерімен қоса (қорықтар, ұлттық парктер, табиғи ескерткіштер), рухани және материалдық мәдениетті (архитектура, архивтік ескерткіштер, фольклор, наным-сенім нысандары), танымдық мақсатты қамтиды.

Табиғи жағдайлардан пайда болған салыстырмалы ыңғайсыздыққа қарамастан, Жамбыл облысының антропогендік рекреациялық ресурстары  туризмді дамытуға өте ыңғайлы.

Әдеби және картографиялық көздердің базасы негізінде Алматы облысының туристік картасын құрастыру үшін материал жиналды.

Мәдени – тарихи нысандарды саралау үшін негіз ретінде туристтер үшін өте көрікті болып табылатын аумақтар, этнографиялық ұлттық парктер алынады.

Жамбыл облысында ежелгі заманнан қазіргі күнге дейін еліміздің тарихын баяндайтын ескерткіштердің саны көп. Олардың көпшілігін археология ескерткіштері, қалашықтар, қорғандар, қорымдар, петроглифтер, ежелгі иригациялық ғимараттар, ежелгі кеніштер, тас мүсіндер құрайды. Олардың басым көпшілігі табиғи жағдайлары ыңғайлы таулы аймақтарда орналасқан, яғни адамдар бұл жерлерде ежелгі заманнан қоныстанған деген сөз.

Шу және Талас өңірінде 9 ғасырдың екінші жартысы мен 12 ғасыр аралығында 26 ірі қалалар және көптеген кішігірім қоныстар болған. Қалалардың бірқатары Талас өңірінде орналасқан. Олар: Жікіл, Берукет, Ақтөбе, Кенждек, т.б. Осы кезеңде қамалдар, керуен-сарайлар, қалашықтар құрылысы қарқынды жүрген.

Жазба деректер мен археологиялық мәліметтер орта ғасырдағы тұрғын жайлар сәулетінің деңгейінің айтарлықтай жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейді. Ескі жұрттардағы қазба жұмыстары жолдар мен алаңның тастан жасалғанын, үйлер мен дуалдардың құрылысына тас, кірпіш пайдаланылғанын көрсетеді. Қалалардағы назар аударарлық құрылыстардың бірі – моншалар, олар мешіттер мен базарлар жанында орналасты. Жазба мағлұматтардан және археологиялық материалдардан мәлім болғанындай, моншалар бірнеше бөлмелерден – залдан, жуынатын, шешінетін, еден астындағы жылыту жүйесінен, сумен қамтамасыз ететін құдықтан тұрған. Қоғамдық және мәдени ғимараттар ислам сәулет өнерінің дәстүрлі канондарымен және Шығыс мұсылман елдері архитектурасының жалпы стиліне сай дамыды. Исламның таралуына байланысты мешіттер, медреселер, кесенелер салынды. Ерте ортағасырлық сәулет өнерінің негізгі сипаты – соқпа саз техникасы, яғни шикі кірпіш архитектурасы деген жалпы сипатқа ие болды. Осы кезеңдегі ең маңызды технологиялық әдістің бірі – шикі кірпіштен күмбез, еңсе қалау пайда болды. Тік бұрышты немесе шаршы жобадағы ғимараттың бұрышында орнатылған кертпеш аркаларға сүйеліп көтерілген жарты шар формалы күмбез әуелгі орта ғасыр сәулет өнерінің негізгі ерекшелігі болды. Сол кездің өзінде-ақ есік-терезе ойындыларын жазық маңдайша орнына сыналы аркалармен жабу жүзеге асырыла бастады. Байырғы қала қорғандардың орнына бекініс сарайлар – «кешіктер» тұрғызылды. Тұрмыс деңгейі жоғары тұрғындар мекендеген осы кешіктер тұтасып бекіністі қамалға айналды; қамалға іргелес орналасқан өнеркәсіп-сауда орындары қорғаныс қабырғалармен қоршалып шаһарстан (ішкі қала) атанды. Қоғамның экономикалық-әлеуметтік дамуына сай қаланың сыртқы бөлігі – рабаттар (шеткі қала) салынды. «Мауераннахр тектес» қала деген атқа ие болған осы үш бөліктен құралған қоныс түрі Шу, Талас өңіріндегі қалаларға да тән болды. Ертедегі орта ғасыр қалаларының бірі Тараз ең алғаш рет грек елшісі Земархтың хабарламасында аталады. 10 ғасырдағы Таразды әл-Макдиси «Тараз – бекіністі, ірі, бау-бақшасы мол қала, оның айнала қазылған оры, төрт қақпасы, халық толы рабады бар; шаһарстан қақпасы жанында үлкен өзен, оның арғы бетінде қала бөлігі, базар ортасында жұма мешіті орналасқан» деп сипаттады. 11 – 12 ғасырда жаңа белестерден көрінген архитектураның Қазақстан мен Орта Азияға тән ортақ үрдісі болды. Ертедегі орта ғасыр қалаларының ауқымы кеңіп, рабадтар орын тепті. Құрылыс ісінде күйген кірпіш қолданылуы кейбір архитектуралық құрылыстардың жаңа үлгілерін дүниеге әкелді. Қарахан әулеті кезеңінде сәулет өнері жоғары дәрежеге көтеріліп, тұтастай қызыл кірпіш пен қалақ тастан салынған құрылыстар ірге көтерді. Бұлардың қатарында Бабажы қатын кесенесі (11 ғ.), Қарахан кесенесі (11 ғ.), Айша бибі кесенесі (11 – 12 ғ.), т.б. бар.

Ғимарат төбесін жабу мүмкіндіктері молайды, көп қырлы барабандар орнату жүзеге аса бастады. Бабажы қатын кесенесі текше пішінді күмбезді мемориал құрылыстар тобына жатады. Бұл ортағасырлық сәулет өнерінің кезеңдік дамуын сипаттайтын маңызды құрылыс. Онда алғаш портал тұрғызу элементтері көрініс тапты.

Қарахан ескерткішінен кірпіш қалаудың дамып, құрылыста декорация элементтерінің кең қолданыла бастағандығы аңғарылады. Айша бибі ескерткішінде терракот плиталар ғимаратқа салтанатты сипат беретін басты элементке айналды.

Облыстың қалаларынан және әсіресе, Тараздан көптеп табылған шыны бұйымдар 10 – 12 ғасырларға жатады. Қала тұрмысының сауда қолөнер орталығы ретінде дамуына сай, жоғары деңгейдегі қолөнер мәдениеті өркендеді. Олардың негізгі өкілдері керамикадан, темірден, сүйектен және асыл тастан жасалған бұйымдар. Сол кезеңнен 13 ғасыр басына шейін шыны бұйымдардың типтері мен жиынтықтарының аз ғана өзгеріске ұшырағандықтары көрінеді. Сондай-ақ, олардың Орта Азияның басқа аудандарының бұйымдарымен жақын ұқсастықтары байқалады. Шыны ыдыстың басым бөлігі еркін үрлеу әдісімен, қалғаны – қалыпқа құю жолымен жасалған. Қалыпқа құйылған ыдыстың қабырғалары мен түбінде «араның ұясы», жапырақ пішіндес әшекейлер түріндегі оюлар, шыны жіпшелер мен жолақтар әр түсті дәнекерлермен безендірілген. Ұста, зергерлер мыстан ыдыс-аяқтар, шам қойғыш шамдалдар, шырақтар, әшекейлер жасады. Мыстан жасалған құмыралар мен құмандар көп таралды. Тараздан табылған алмұрт тәріздес құмыра бірегей туынды. Оның үстіңгі бөлігі қасқырдың басы пішінінде сомдалып, көздері қызыл мыстан ойып безендірілген.

Металл өңдеу мен зергерлік тығыз байланыста дамыды. Қала мәдениетімен бірге зергерлерге өз заманының техникалық тәсілдерінің бәрі – әсем құйма, нақыштау, бедерлеу, өру, оюлау, алтын жалату мәлім болған. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде білезіктер, моншақ, сырғалар, жүзіктер, алқалар көп табылған. Нефрит, ақық, інжу, сердолик, басқа да асыл тастар көп қолданылған.

Жазба деректер кейбір қалалардың күміс пен мыс өндіруге маманданғандығын көрсетеді. Шелжі аймағы (Таластың жоғарғы беті) Илак және Ферғанамен бәсекеге түскен. Ұсталар темірден әр түрлі еңбек құралдарын, соғыс қару-жарағын, сауыт-саймандар соққан. Егіншілікке қолданылған құралдармен қатар мал шаруашылығында, көшпенді тіршілікте пайдаланылатын бұйымдар, күнделікті тұрмыс қажетіне қолданылатын темір ыдыстар, таразы, қайшы, пышақ, құлып, кілт, шынжыр, т.б. жасалған. Соғыс қару-жарағы, садақ жебесінің ұштары, сауыт-сайман, қанжарлар, дулыға істеген. Көптеген қалаларда керамика – қыштан ыдыс жасау ерекше қарқынмен дамыды. 19 ғасырда Тараздың қираған орнында Әулиеата бекінісі салынды. Керуен жолдарының торабында тұрған Әулиеата қаласы сауда-экономикалық маңызымен қатар, зор мәдени-саяси мәнге ие болды.

19 ғасырдың екінші жартысы – 20 ғасырдың басында патшалық Ресейдің қол астына қарағанда Әулиеата қаласы мен уезінде құрылыс қарқынды жүріп, заман ағымына сай жаңа архитектуралық сипатта дамыды. Патшалық әскери әкімшіліктің күшімен дамыған жаңа құрылыстармен қатар, халық шеберлері мен сәулетшілер өздеріне мәлім жергілікті және аймақтық сәулет үлгілері мен дәстүрлі әдістерін қолдана отырып, құрылыстар салуды жалғастырды. Кеңестік дәуірдің сәулет және қала құрылыстарының дені Тараз қаласында шоғырланған. Осы дәуірдің алғашқы кезеңінде «кірпіштік әдіс» дәстүріндегі жобалар негізінде, төңкеріске дейінгі құрылыстардың сәулетшілік шешімдерін сақтау тән. Тау-химия өндірісінің индустриялы орталықтары – Қаратау мен Жаңатас қалалары пайда болып, гүлденіп өсті. Жаңа қалалардың қоғамдық ғимараттарын, тұрғын үйлерін, көп қабатты панель үйлерін және аз қабатты кірпіш үйлерді тұрғызу кешенді әдістемелік жобалармен жүзеге асырылды. Жалпы қалалық орталықтың бейнесін қалыптастыруда айтарлықтай орын еліміздің тарихындағы мәнді оқиғаларды, тарихи тұлғалардың атымен аталатын орталық алаңдар мен басты көшелер – Абай, Сүлейменов көшелерінде, Атшабар бульварында, Төле би даңғылында орналастырылған мемориалдар мен монументтерге, мүсінді композициялар мен ескерткіштерге тиесілі. Тәуелсіздік жылдары ұлттық сана-сезімнің, қазақ халқының мемлекеттілігінің жаңғыруына, көптеген тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қайта баға беруге мүмкіндік туды. Осыған сай көптеген ескерткіштер тұрғызылды. 1991 – 2003 ж. аралығында облыста 20-дан астам тарихи және монументті өнер туындылары орнатылды. Олардың ішінде Мұхаммед Хайдар Дулатиге, Жамбылға, Т.Рысқұловқа, Б.Момышұлына арналған ескерткіштерді атауға болады. Әсіресе, Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО шеңберінде өткізуге байланысты облыс орталығы адам танымастай көркейді. Елбасымыз, Парламент, Үкімет бұл маңызды шараны өткізуге 1,5 миллиард теңге бөлді. Жаңа мәдени нысандар, атап айтқанда, Орталық алаңда Бәйдібек баба ескерткіші тұрғызылды, Жастар сарайы салынып, Орталық стадион, «Баласағұн» концерт залы, облыстық драма театры, мұражай, Ш.Уәлиханов атындағы орталық кітапхана, «Дельфин» жүзу бассейні күрделі жаңғыртудан өткізілді. Көп қабатты бес үй салынып, ғ18 және ғ50 мектептердің ауданы 428 оқушы орынға ұлғайтылды. Көшелердің көп жеріне асфальт жаңадан төселіп, түнде электр шамдардың жарқырап тұруы дәстүрге айналды. Жолдарды жөндеу, салу жоспарлы түрде жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ТУРИЗМІН  КАРТОГАФИЯЛАУ  ӘДІСТЕРІ

 

3.1. Рекреациялық карта құрастыру

 

Рекреациялық карталарды құрастыру процесімен таныстыру ең алғашқы мақсат болып саналады. Мұнда рекреациялық-туристік картографиялаудағы негізгі ғылыми бағыттарын және жетістіктерін зерттеу, сонымен қатар осындай жаңа ғылыми бағыттың дамуының перспиктиваларын түсіндіру маңызды орын алады. Карта құрастырудың міндеттеріне:

  • алуан түрлі, мақсаты мен масштабы әр түрлі рекреациялық — туристік тақырыбы бойынша карталарды құрастыру тәсілдері;
  • рекреациялық карталарды құрастыру үшін көздерді таңдау тәсілдерін;
  • туризм нысандарын және құбылыстарын картографиялау негіздерін; картографиялық бейнелеу тәсілдерін; шартты белгілерін жете зерттеу әдістерін; генирализация тәсілдерін;
  • туристік карталардың авторлық оригиналдарын құрастыру және безендірудің техникалық әдістері;
  1. Карталарды құрастырудың жалпы мәселелері
  • Кіріспе. Карталарға кеңістіктік-бейне-белгі модель ретіндегі көзқарас. Карталарды жобалау және құрастыру-модельдеудің ерекше түрі. Қазіргі  замандағы картографиялық өндірістің қызметін  ұйымдастыру. Рекреациялық және туристік обьектілер мен құбылыстарын картографиялаудың қазіргі жағдайы. Географиялық карталарын құрастыруының жалпы географиялық негіздері.
  • Жаңа рекреациялық-туристік карталарды құрастыру көздері. Әр түрлі масштабты топографиялық карталар – негізгі көз ретінде саналады. Топографиялық негіздерді іріктеу және көздерді кеңістікте байлау және бір-бірімен үйлестіру. Кесте және жазба түріндігі көздерді жинақтау мен өңдеу, сан қатарларын шкалаларға бөлу.
  • Рекреациялық карталарды құрастыруда қоданылатын объектілер мен құбылыстардың картографиялық бейнелеу тәсілдері. Классификацияларды іске еңгізу және генирализация жөніндегі нұсқаулар.
  1. Рекреациялық карталардың мазмұнын жеке зерттеу.
  • Рекреациялық карталарды шығарудың негізгі кезеңдері. Қызметтердің бағдарламасын жеке зерттеу және жаңа рекреациялық карта құрастырудың методикасы. Картаның негізі мен масштабын таңдау және дәлелдеу. Карта мазмұнының элементтерін табу,бейнелеу әдістерін таңдау, шартты белгілер мен легендаларды жеке зерттеу, генирализациялау. Рекреациялық карта құрастыру мақсатында картографияланатын аймақты зерттеу, зерттедің объектілері және нақтылығы, өрістік зерттеулер. Зерттеу және безендірудің нәтижелері.
  1. Рекреациялық карталардың авторлық түпнұсқасын құрастыру және безендіру.

   Картографиялық белгілерді жеке зерттеу және жобалау. Белгілеу жүйелеріне деген логика, оңайлық және информация жеткізу жөніндегі қабілеттігі жағынан жалпы талаптар. Бір не түрлі-түсті карталарға арналған белгілерді жеке зерттеу, картаның легендасын жеке зерттеу, оны орналастыру. Картаны үйлестіру мен карта құрастыруының техникалық тәсілдері. Авторлық оригиналды баспаға даярлау, редакциялау және де рекреациялық тақырыптық карталарды компьютерлік модельдеудің тәсілдерін қолдану /16/.

Кез келген жобалаудың мақсаты – жоба бағдарламасын құрастыру, яғни карта құрастыру үшін қажетті құжаттар жиынтығы. Негізгі түпкі құжат ретінде жобалауға берілген тапсырма қолданылады. Онда объект номенклатурасы, оған қойылатын талаптар, құрастыру шарты және тағы басқа мәліметтер көрсетіледі. Жобалаудың алғашқы сатысы тапсырманы техникалық дұрыс және үнемді шешуді қамтамасыз ететін әртүрлі мәліметтерді жинаудан тұрады. Жаңа күрделі объектілерді жобалау негізінен ғылыми зерттеулер мен жүйелі жұмыстар жүргізуді талап етеді. Бұл жалпы шарттарға сай географиялық карталарды жобалау мүмкін, яғни жаңа карталарды немесе ескі карталарды жаңарту жобасын құрастыруға болады.

Карта құрастырудың түп негізі болып оған қойылатын тапсырма саналады. Карта тапсырмасына карта атауы (карта тақырыбы мен картографияланатын территориясы көрсетіледі), масштабы мен карта мақсаты жатады. Карта жобалаудағы тапсырмада оның мазмұнына әсер ететін карта мақсатын нақты көрсету маңызды.

Карта тапсырмасын түсініп, дұрыс шешу нәтижесінде оған қойылатын талаптар мен картаның математикалық негізі, оның мазмұны мен безендіруі анықталады. Кейде карта тапсырмасында оның мақсатымен бірге тұтынушылары, шарттары мен негізгі қойылатын талаптары көрсетіледі. Әдетте мұндай сұрақтарды жобалаудың алғашқы сатысында жоба авторының өзі шешеді. Бұл жағдай жоба авторынан карта қандай тапсырманы шешуі керек,  шешудің жолдарын, сонымен қатар картамен жұмыс жасау ерекшеліктері мен шарттарын білуді қажет етеді. Бұларды білмей толық карта құрастыру мүмкін емес. Тақырыптық карта жобасын құруда картограф картаның мазмұны қолданылатын білім саласы жөнінде көп білуге, сондай-ақ оның қолданылу еркшелігін білуге міндетті. Алайда соңғы шарт кез келген карта жобасын құру үшін қажет. Айталық, бастауыш мектептер үшін қарапайым саяси карта жобасын құрастыруда картограф география оқулығының мазмұны мен пәнді оқыту методикасын ескеруі керек.

Карта мақсаты мен одан шығатын талаптар жобаланатын картаның негізгі параметрлерін таңдауға әсер ететін маңызды, бірақ жалғыз ғана фактор емес. Басқа маңызды факторларға – картографияланатын құбылыстың аймақтық ерекшеліктері мен жобаланатын картаның көздермен қамтамасыз етілуі жатады.

Картаның ақпарат көздерімен жақсы қамтамасыз етілуі (картографияланатын құбылыстың зерттелуінің көрсеткіші) қойылған талапқа сай толық мәнді карта құрастыруға мүмкіндік береді. Ал, ақпарат көздерінің жетіспеуінен немесе дұрыс еместігінен карта мазмұнын, безендіру әдістерін, кейде тіпті карта масштабын берілген  мәліметтерге келтіріп өзгертуге немесе мәліметтің бос жерлерін толықтыру үшін арнайы түсірістер мен зерттеулерді қайта жүргізуге тура келеді.  

Карта бағдарламасын құрастырғанда картографияланатын құбылыстың аймақтық ерекшеліктері мен карта құрастырудың қажетті көздері белгілі болуы керек. Басқаша айтқанда, картографияланатын нысандардың географиялық зерттелуі мен көздерді жинастыру карта бағдарламасын құрастырудан бұрын жүруі керек. Алайда, тек карта бағдарламасы ғана тапсырма мен географиялық зерттеудің толықтығын және қажетті көздердің дұрыстығын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, географиялық зерттеулер ең алдымен көздер арқылы жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде жаңа маңызды көздер табылады. Осыдан тұйықталған шеңбер тәрізді тәртіппен жүретін әрекеттер тізбегі туындайды

Карта мақсатын талдау, оның көздері мен аймақтық географиялық ерекшеліктерімен танысу картаның алдын-ала жуық бағдарламасын құрастыруға мүмкіндік береді. Осыған сай кейіннен картографияланатын құбылыстың аймақтық ерекшеліктерін зерттеуде негізгі мәлімет болып келетін көздер жиынтығын құрастырып, оларды жүйелеп бағалайды.Өз кезегінде географиялық зерттеу көздерінің одан әрі толықтырылып, бағалануына әкеледі. Осындай қиын да жауапты жұмыстың соңында картаның нақты бағдарламасын, яғни картаның барлық бөлімдерінің соңғы бағдарламасын құрастырады.

Бағдарламаның кіріспе және негізгі бөлімі карта құрастыруға тапсырма береді. Мұндай тапсырмада карта тақырыбы мен нақты мақсаты, тұтынушылар тобы, онымен қолдану шарттары қамтылуы қажет. Егер тапсырмада белгісіз себептермен мұндай көрсетулер жоқ болса, онда оларды жинақтау карта жобалаудың алғашқы сатысы болып саналады. Карта жобалауға берілген тапсырмаға сүйене отырып құрастырылатын картаға қойылатын талаптар тізбегін кіріспе бөлімі аяқтайды.

Бағдарламаның кіріспе бөлімімен қатар көздерді жинау және картографияланатын нысанды географиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде карта мазмұны мен оның математикалық элементтерін құрастыратын база қаланады. Ерекше бөлімде карта  масштабы мен жобасы, картгарфияланатын территорияеың шекарасы, карта компоновкасы және көпбетті карта болған жағдайда оның беттерінің қиылуы орын алады. Бағдарламаның ең маңызды келесі бөлімі карта мазмұнына арналған. Мұнда мазмұны элементтерінің тізімі, олардың жіктелуі, бейнелеу тәсілі мен графикалық таңбалар жүйесі, жалпылау (генерализация) принципі, дәлдік нормасы анықталады. Картаның жалпы мақсаты мен мазмұны, формасы және т.б. көрсетілген бұл тараулар жобаланатын карта қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді. Бірақ, толық  бағдарлама сонымен қатар, нақты және анық тапсырмаларды, оның ішінде картаны қалай жасау керек және ол үшін қандай технологияны қолданады деген сұрақтарды қамтуы керек. Әсіресе бағдарламаның бұл бөлімі ұжымдық жұмыс кезінде өте маңызды, өйткені бұндай жағдайда катаны жобалау және құрастырумен әртүрлі тұлғалар айналысады.

Ең алдымен бұрынғы жинақталған көздерді жүйелеу, бағалау жұмыстарының қорытынды нәтижесін шығару керек. Көздерді бағалау және сипаттау нәтижесінде, құрастыруға арналған көздердің тізімі беріліп, оларды қолданудың тәсілі мен дәрежесі және тәртібі белгіленеді. Одан әрі карта мақсатын ескере отырып, бейнеленетін аймақтың ерекшеліктерін анықтап және аудандастыру үшін картографияланатын құбылыстың географиялық зертеулерінің нәтижесін жалпылау қажет. Ол үшін ауданның ерекшеліктерін ескеріп, бажайлау мен безендіру жөніндегі географиялық сипаттамалар мен ұсыныстарды бағдарламаның ерекше бөліміне енгізген дұрыс.

Бағдарламаны картаның түп нұсқасын дайындау мен оны баспаға шығару технологиясының тәртібін анықтайтын технологиялық бөлім аяқтайды. Сөйтіп бағдарлама схемасы 6 бөлімнен тұрады: 1 – карта атауы, оның мақсаты және оған қойылатын талаптар; 2 – картаның математикалық негізі; 3 – карта мазмұны; 4 – картографиялық көздер және оларды қолданудағы нұсқаулар; 5 – географиялық сипаттамалар және бажайлау бойынша нұсқаулар; 6 – карта дайындаудың технологиясы /17/;

Бағдарламаның міндетті және маңызды компонентін графиктік қосымшалар құрайды: негізінен екінші бөлім бойынша карта компоновкасының макеті және көп бетті картаның бөлу схемасы; үшіншісі – карта легендасы, қарапайым жерлерді безендіру және құрастыру үлгілері т.б.; төртіншісі – картаның көздермен қамтамасыз етілуінің схемасы; бесіншісі – аудандастырудың схемасы және аймақтарға тән бажайлаудың үлгілері.

Картаның жалпы жобасы, сондай-ақ планды-экономикалық шартты, яғни картаның полиграфиялық көбеюі және оның түпнұсқасын дайындау мен басқа да техника-экономикалық көрсеткіштерді құрастыру жұмыстарын қамтиды.

Практикада карта ерекшелігін ескеріп, жоғарыдағы карта бағдарламасының әртүрлі тәсілдері кеңінен қолданылады. Онда – карта тақырыбы мен мақсаты, басып шығару сипаты – бірбетті, көпбетті, бір ретке арналған немесе жалғасқан; дайындау тәсілі – дәстүрлік немесе автоматты және сол сияқты. Мысалы, тақырыптық карталарда карта негізі бірінен соң бірі және бөлектеп құрастырылады. Тек содан кейін оның тақырыбының мазмұны құрастырылады. Бұл жұмысты әртүрлі мамандар орындағандықтан, карта бағдарламасы осылай жіктеледі. Көпбетті баспаларды жобалау кезінде жалпы бағдарламаның  құрастырылуында картаның барлық беттері үшін, әдетте жеке беттер немесе бірыңғай территорияға арналған топтардың жеке бағдарламалары құрастырылады.

Сонымен қатар, карта бағдарламасы өзінің бөлімдерінің құрастыру мәніне қарай қатты ерекшеленеді. Мысалы, мектеп бағдарламасындағы саяси-әкімшілік карталардың мазмұнында ұсақ бөліктерге дейін ескеріледі. Ал, дәл сондай тақырыптағы анықтамалық карталардың бағдарламасының толықтығы тек жалпы белгілермен анықталады.

Картографиялық шығармаға жататын көпбетті мемлекеттік карталардың құрастырылуы, әдетте, бірнеше жылға созылады. Мұндай жұмысқа картграфтардың үлкен топтары қатысады. Құрастыру кезінде географиялық алыстатылған пункттермен жұмыс жасалады, сондықтан бұл жұмысқа басқа да мекемелер қатысады. Осындай жағдайларда картаның барлық беттерінің бірыңғайлығы мен бірлігін сақтау және бар күш-қуатты жалпы бір салаға бағыттау маңызды. Алайда әрбір жеке беттің немесе беттер тобының бағдарламасын құрастыру кезінде бұл мақсатқа жетуге болады. Сондай-ақ, картографияланатын құбылыстың аудандық ерекшеліктерінің әртүрлілігін  ескеретін және карта құрастыруға қажетті барлық көздердің анализі мен тізбегін сақтаған, әрбір бетті қолданудың көрсеткіштері мен тәсілі, тәртібі туралы нақты нұсқаулар беретін барлық беттердің жалпы бағдарламасын құрау да мүмкін емес.

Бұл қиындықтан екі сатылы жұмыс жасау арқылы шығады – алдымен жалпы бағдарлама дайындалады, яғни карта мақсаты мен оған қойылатын талаптар белгіленеді, осының негізінде математикалық элементтер, оның мазмұны, безендіруі мен дайындау технологиясы анықталады. Одан әрі бірыңғай географиялық қатынастағы аудандарға таралатын жеке беттер немесе олардың топтарының өзіндік жеке бағдарламасы құрастырылады. Жеке бағдарламалар картграфиялық көздердің ерекшеліктері мен территорияның географиялық өзгешелігіне қатысты жалпы бағдарламаның белгілеулерін нақтылайды.

Бұрынғы кеңес өндірісінде мемлекеттік карталардың жалпы бағдарламасын нұсқаулар деп атаған. Олар көбінде аталған карталардың сапасын алдын ала анықтайды. Сондықтан оларды құрастыру мемлекеттік картографиялық өндірістің жауапты қызметі. Олар тәжірибе талаптарын ескеріп, ғылым мен өндірістің жаңа деңгейіне сай болуы керек.

Берілген нұсқаулардың құрылысы мен мазмұнындағы айырмашылықтарды ескере отырып, бірнеше жалпы сипаттамаларды белгілеуге болады. Алдымен карта мазмұны және оған қойылатын талаптар, математикалық негізі, мазмұны мен безендіру ерекшеліктері анықталған жалпы белгілеулер қойылады. Одан әрі нұсқаулар жеке бағдарламаның мазмұны мен құрастыруын, жұмыстың ғылыми-техникалық жетекшілігінің тәртібін, карта құрастырудың технологиясын, оның жеке элементтерін құрастырудың ерекшеліктері мен картаны баспаға дайындаудың тәртібін қадағалайды. Олар графикалық қосымшалармен – беттерді қию схемасымен, картографиялық белгілердің кестесімен, безендіру стандартымен, негізгі жер бедерінің (немесе картографиялық құбылыс түрінің) бейнелеу үлгісімен қамтамасыз етіледі.

Нұсқаулар іс-әрекеттің жетекшісі, әрбір картограф оның талаптарын міндетті түрде орындауы тиіс, сондықтан керек емес бөліктермен картаны толықтыру бұл құжаттардың маңыздылығын төмендетеді.

Жеке беттер мен олардың топтары үшін дайындалған жеке бағдарламалар төмендегілерді анықтайды: істелетін жұмыстың жалпы тәртібін, картада бейнеленетін картографиялық құбылыстың аудандық сипаттамасын және генерализация ерекшеліктерін; карта құрастыруға арналған көздердің тәртібі мен оларды қолданудың дәрежесін; берілген беттің немесе беттер тобының құрастыру және баспаға дайындаудың технологиялық үрдісінің нақтылығын жеке бағдарламалардың мазмұны мен орналасу тәртібі бұдан да басқа болуы мүмкін. Берілген нұсқауларда біраз өзгерген нұсқаларды да кездестіруге болады.

Басынан аяғына дейін картографиялық өндірісте орындалатын туристік, жалпыгеографиялық саяси-әкімшілік, гипсометриялық және басқа да карталардың бағдарламасын құрастыру мен ғылыми-техникалық жетекшілігі карта редакторы деген маманға жүктеледі. Осыдан карта бағдарламасын құрастыруды (көздерді жинау мен бағалау, сонымен қатар картографияланатын құбылыстың географиялық зерттелуін қоса) редакциялық дайындау жұмыстары деп атайды, ал карта бағдарламасына кейде «редакциялық жоспар» термині қолданылады. Соңғы кездері бұл терминді жеке бағдарламаларға қатысты айтады. Сондай-ақ, картографиялық өндірісте кейде нұсқау мен редакциялық жоспар аралығындағы құжат ретінде «редакциялық белгілер» құрастырылады. Олар үлкен және күрделі картографияланатын аймақты көп бетке түсіргенде немесе бұл жұмысты орындау бірнеше өндіріске жүктелгенде қолданылады.

 

      3.2. Карта безендіру

 

      Карта безендіру – картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап, оны басып шығаруға даярлауды оқытып үйретеді.

 Карта безендіруін құрастыру дегеніміз – бұл карта үшін ойластырған бейне белгілерінің (құралдарының) жиынтығы, олар бір-бірімен байланысты үш мақсатты құрайды:

  • картографиялық белгілер жүйесін жобалау
  • легенданы құрастыру
  • картаның эстетикалық толық түрін қамтамасыз ету: (оның көркем жобасы)

Бұл мақсаттар әртүрлі карта үшін (құрамы мен күрделігі) әрқилы. Олар жеке бетті немесе беттер тобы картасының жеке бағдарламасын құрастыруда туындамайды, себебі олардың безендірілуі  жалпы бағдарламада толығымен көрсетіледі. Кейбір жағдайда аймақты ерекшелікте байланысты шартты белгілерді қайта қарастыру керек, мысалы: тундра зонасының топа карталарында тонның түзілуіне байланысты шартты белгілерді енгізуге болады.

Шартты белгілерді таңдау еркіндігі өзара байланысты карталарда шектеледі, мысалы: әр түрлі масштабтағы топографиялық немесе геологиялық карталарды құрастырғанда. Топографиялық карта үшін белгілердің суреті маңызды болса, геологиялық карта үшін — стратиграфиялық шкала түстері маңызды. Кешенді атластарда бұл шектеулерге келесі жағдайлар әсер етеді:

  • әр түрлі аймақта әр түрлі масштабтағы тақырыптық карталардың (жер бедері, халық, өнеркәсіп және т.б) жеке сериялар ішіндегі бір тұтастылығының қажеттілгі;
  • әр түрлі тақырыпты (мысалы халық, денсаулық, білім) карталарының сәйкестілігі және бірге талдану ыңғайлығы;
  • тақырыптары жақын (ұқсас) карталарды көзбен салыстыру көзбен дифференцияциялау, сонымен қатар атаулары бір карталарды көзбен салыстыру, (мысалы: дүние жүзілік мұхиттың әр түрлі физикалық қасиеттері карталары – температурасы, тұздылығы, тығыздығы, дыбыс жылдамдығы).

Карта бағдарламасында мазмұны ең алдымен:

  • мазмұнының элементтер тізімін
  • олар үшін таңдалған жіктелуі, олардың нақтылығы
  • топтар ішіндегі жеке нысандардың сипаттамалары

Карта құрастырудағы жүйелік көзқарас белгілерді жобалауда да өзінің күшін сақтап қалады. Картаның мазмұны құрлымы, ішік және сыртқы байланыстарымен бірге геожүйе (немесе оның элементтері) ретінде қарастырылады.

          Белгілер құрастырудағы жүйелік көзқарас, құрастыруда картографияланатын жүйе, жүйеше және олардың элементтерін нақты көрсетуді талап етеді. Қолданатын құралдар әртүрлі: белгілер суреті, олардың көлемі, штрихтың қоюлығы, түстің түрі, жарықтығы, сондай –ақ олардың қосындысы. Картаның нақты мақсаттар ретінде

  • мазмұнының ерекше элементтерінің бақылдануы (жер бедері, және гипсометриялық картадағы гидрография, елді мекендер, байланыс жолдар және саяси-әкімшілік картадағы шекара т.б.);
  • жеке элементтерінің ішкі дифференциясы (магистральды темір жолдармен кеме жүретін зендер);
  • жалпы карта мазмұнының пландарға бөлінуі (топографиялық негізде тақырыптық картаны екінші планға бояу арқылы көшіру т.б.

Белгілердің артықшылығы:

  • оқуға жеңіл болуы;
  • танылуы және есте сақталуы;
  • орналасу ерекшелігі
  • нақты бір-бірімен байланысты дифференциациясы. Ауданы кішкентай және суреттері тығыз белгілер немесе кішкентай (компакты) белгілер картаның жүктемесін сонымен қатар, оның мазмұнын өсіреді.

Белгілерді оқуға оңай және есте сақтап қалуы, белгілер формасының жеңілдігіне  және ішкі құрлысына, элементтерінің ажыратылуына және олардың көрнекіліктеріне байланысты.

Көздің өткірлігіне байланысты белгілердің ажырату қабілеті келесі жағдаймен сипатталады:

  • белгілердің және олардың элементтерінің минимальды көлемімен;
  • түсті белгілер үшін контрасты сезгіштіктің шектелуімен;

Барлық артық, маңызсыз элементтерді және күрделі белгілерді алып тастау керек.  Бір ақпаратты әртүрлі құралдармен қайталайтын белгілер болмау керек, олар басқа ақпаратты көрсетуге кедергі жасайды. Карта арқылы алатын білімдер тек жеке белгілерде ғана емес, сондай-ақ, олардың   кеңістікте орналасуын, байланыстарын және қосындысын талдау арқылы алуға болады. Белгілер жүйесі арқылы алынатын ақпарат, жеке белгілерге қарағанда, өте жоғары болады. Картаны оқу жалпы шолудан, көптеген белгілерді  қабылдаудан басталады, содан кейін оны біртіндеп талдауға кіріседі. Сондықтан, картографиялық белгілер жүйесін жобалау кезінде жүйешелердің сәйкестілігін еске алу керек.

Белгілер жобалануына карта мақсатының әсері әртүрлі болады, бірақ, келесі жағдайды назарға алу керек:

  • картаны пайдалану жағдайын (кабинетте, далада, үлкен аудиторияларда т.б.);
  • тұтынушылар деңгейін (оқушы, студент, маман)
  • карта бойынша шешілетін мақсаттар (навигацияда, картографиялық зерттеулерде).
  • картаның қолдану жағдайын (кабинетте, далалық жағдайда, үлкен аудитория алдында көрсетуге); үстел үстінде жататын карта үшін кішкентай белгілерді қолдануға болады, ал далалық жағдайда кейбір белгілерді үлкейу керек. Мысалы, қабырғаға ілетін демонстрациялық карта үшін белгілер ірі болу керек.
  • болашақтағы карта тұтынушылардың деңгейі; насихаттау мақсатта белгілер көрнектілікті және суреттеу болу керек, ал ғылыми-анықтамалық карталарда күрделі, жоғары ақпаратты абстракті белгілер қолданылады.
  • карта бойынша шешілетін мақсаттар: карталар навигацияда немесе картографиялық зерттеулерде қолданатын болса, онда белгілер нақты орналасқан болу керек

Карта белгілерін жобалауда, картаны басып шығаруға дайындаған кезінде полиграфиялық көбетудің технологиясы мен мүмкіншілігі қарастырады: көптүсті немесе біртүсті, шығару әдісі, өзі жабысатын белгілер, контурларды торлармен немесе бір типті белгілермен толтыру т.б. /18/.

 Легенда – картадағы кесте немесе оның жиынтығы ретінде пайдаланған нұсқауларымен бірге шартты белгілер.  Бұл анықтамада кейде карта оқылуын жеңілдету үшін легенданың мақсаты келтіріледі. Бұндай түсініктеме дайын карта легендасына берілген дұрыс болады. Легенда арқылы картаны тек оқуға ғана емес, сондай-ақ мазмұнын да түсінуге болады. Легенда карта мазмұнының элементтерін белгілейді, жіктелу принциптерін, ғылыми негізін және логикалық құрлымын анықтайды, бейнелеу әдісін бағалайды т.б. немесе картаның негізгі ерекшеліктері, жетістіктері және кемшіліктері туралы пікір құрайды. Легенда – карта бағдарламасындағы, оның “конституциялық негіздерін”: мазмұны құрамын, жеке элементтердің маңызы мен байланыстарын, олардың графикалық  формасын т.б.  құрайтын маңызды компонент. Сонымен легенда екі мақсатта пайдаланады: карта құрастыруда  нұсқау ретінде, содан кейін картамен жұмыс жасау барысында құрал ретінде. Басқа сөзбен айтқанда, легенданы карта құрастыруда және оны пайдалануда қажетті белгілер жиынтығы деп анықтауға болады.

Легенда үшін келесі жағдайлар қажетті:

  • легендада жобаланған және карта қолданған барлық белгілер;
  • белгілердің легендада және картадағы қатал сәйкестігі;
  • картографиялық символдар маңызының қысқа, анық және біркелкі түсініктемесі;
  • құрастырудағы жүйелік принципі: біріншіден, мазмұнының жеке элементтері үшін белгілердің жүйе ішіндегі логикалық реттілігі, екіншіден, логикалық топтастырылу; легенданың карта рамкасы сыртында немесе ішінде. орналасуын жеңілдететін оның жалпы жиынтығы  және картамен жұмыс істеу кезінде легенданы қолдану. /19/.

Карта легендалары өзінің мамұны, күрделілігі, көлемі және құрылымы бойынша әртүрлі. Бұл ерекшеліктер ең алдымен картаның тегі мен түріне байланысты. Ең жеңіл легенда салалық  аналитикалық карталарға тән, олар құбылыстың сандық сипаттамасы кезінде жеке бір жақтарын немесе қасиеттерін көрсетеді. Мұндай карталар құраструда изосызықтар не нүктелік әдістепен легенданы бір ауыз сөзбен шектеуге болады: мәселен,  «горизонтальдар әрбір 10 метр сайын жүргізілген», «бір нүкте – 1000 га жүгері егістігінің ауданына тең». Көп жағдайда белгілер әдісі, изосызықтар, диаграммалар, жылжу белгілер, картограмма және картодиаграммалар легенданы бір шкалаға кішкентай түсіндірмемен біріктіреді, мәселен, «қар жамылғысы  бар күндер саны», «тауар айналымы, млн.тонна» «жан басына шаққанда электр қуатын тұтыну» және т.б. Сапалық сипатқа ие легендалар кеңінен таралған, мәселен, «ұлттық құрамы бойынша халық құрамы, басымды ағаш түрі бойынша ормандар т.б.

Легендадағы белгілерді үлкендігі не көрсеткіштерді қолдану мағынасы бойынша орналастырып, ұзындық аралықтарының сатылы шкаласының айырмашылығын ескере отырып, құрады.

Легенда құрастыруға логикалық көзқарастың мәні карта күрделілігінің өлшеміне сай өседі. Алдымен, бір не әртүрлі құбылыстардың екі не одан да көп сипаттамаларын біріктірген талдау карталарына келсек. Мұндай туыстас сипаттар не сюжеттерді біріктіру әдісі карта санын азайтуға мүмкіндік береді. Және бастысы, құбылыстардың өзара байланысын талдауды жеңілдетеді. Мұндай біріктіруде құбылыс құрамдарының біреуінің көрсеткіштері (орташа және экстремалды айлық ауа температурасы), бір құбылыстың әртүрлі құрам сипаттамалары (жасы мен тегі бойынша ерекшеленетін басым ормандар), құбылыстың құрамдас біртекті сипаттамасы (ауыл шаруашылығының негізгі көліктермен: трактор, бидай комбайны, қызылша жинаушы машинамен қамтамасыз етілуі) ұшырасады.

Карта легендаларын өңдеу өз алдына картографиялық белгілерді жүйеде жобалау, барынша толық карта мағынасын ашып көрсету, оның мазмұнын байыту, сондай-ақ, жүйелік байланыстарды анықтау мақсатын қояды /19/.

Типологиялық жіктемелі құбылыстар карталарының легендалары басым назар аудартады. Бұл легендаларды ғылыми жіктемені графикалық қалыпқа тікелей көшіру ретінде қарастыруға болмайды. Мысал ретінде, белгілі бір ауданнан бөлімге дейін жер қабатының құрылымына байланысты геологиялық карталардың стратиграфиялық шкалаға бөлінуінің әртүрлі кезеңі берілуі мүмкін, келесілерінде – ярусқа дейін; топырақ картасына ұсақ ареалдардың екі-үш топырақ түрінің типологиялық кезектесуін біріктіру үшін топырақ кешені белгілерін енгізу үшін.

Синтетикалық карталар легендасы құбылыстардың толық, интегралдық сипатын береді, бұл көрсеткішсіз картадағы бейне өзінің толықтығы мен нақтылығы бойынша ажыратылуы мүмкін. Мәселен, мәселені тиімді шешу жолында өндірістің мамандануын, интенсивтілігінің деңгейін, жерді пайдалану ерекшеліктерін, жер иелену формалары мен мал шаруашылығы ескерілетін ауыл шаруашылығын аудандастыру карталары кейде көрсеткіштер таңдауымен аудандарды синтетикалық сипаттамамен шектейді. Бірнеше құбылыстың әртүрлі сипаттамаларының легендада үйлесім табуы кешенді картаға өту дегенді білдіреді. Карта легендасын құру ұстанымы келесідей: белгілерді карта мазмұны бойынша қатаң топтау, белгі топтарының элементтеріне қатысты таралуы, әр топтың ішіндегі белгілердің таралуы.

Кең таралған мысал – шолу-топографиялық карталар легендасы, бұл легенда үшін келесі кезектесу сай келеді: елді-мекендер (және әртүрлі экономикалық және әлеуметтік-мәдени нысандар), көлік желісі, гидрография, жер бедері, өсімдік жамылғысы, шекаралар мен қоршаулар. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда аталған элементтердің мәні біршама өзгереді және саяси, әкімшілік және басқа да шекаралардың анықталуы легенданың соңынан екінші не үшінші қатарға көтеріледі. Кеңестік мұхиттық Атластың       навигациялық-географиялық карталарында легенда жағалау сипаттамасынан, құрлық гидрографиясы, түбі мен құрлық жер бедерінен басталады. Және навигациялық жағдайлар, қауіптер мен түпкі топырақ үшін ерекше белгілер тобын енгізеді.

Жалпыгеографиялық карталардың легендаларында алғашқы орынға өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар мен көлік белгілері шығарылады. Тақырыптық карталарда негізге қатысты мағына-белгілер легенда соңында беріледі. Картада талдау мен синтетикалық сипаттамалардың бірлесуі легендада түсіндірілу ретінің алуан түрлілігімен болуы мүмкін. Синтетикалық сипаттамаға қосымша талдау көрсеткіштерін, легенда да екінші орынға қою керек.

Карта бағдарламасымен бірге жүретін легенда эскиз ретінде безендіріледі және графикалық түрде әзірленеді, және карта редакторлау мен баспаға әзірлеу үдерісінде өңделеді /19/.

Рекреациялық картаға қойылатын талаптар. Әр жыл сайын біздің елімізде адам саны ұлғаюда, соған байланысты тынығатын, күш  — қуатын қайта келтіру мақсатында туристік саяхатқа шығу, экскурсияға, жорыққа шығуда өз өрісін тауып жатыр. Қазіргі кезде туризмнің әр түрлі формасы 93311 адамды қамтиды. Осы жағдайларынан туындауынан рекреациялық картаның рөлі жоғарылап келеді.

Рекреациялық карталардың ерекшелігі, оларда көрініс табуы мүмкін көптеген алуан түрлі сұрақтар, пайдалананышулардың ерекше кең ортасы (әр түрлі жастағы, әр түрлі білім деңгейімен) – осының бәрі бөлек жағдайда мазмұнымен жұмыс жасауға және карталарды дайындауға ерекше көңіл бөлуге бағытталған.

Тынығушылар барлық өздеріне керекті анықтаманы рекреациялық картадан табу үшін картаның мазмұны мүмкіндігінше толық және жақсы оқылуы орынды. Мұны жүзеге асыру үшін картаның мазмұнын дұрыс таңдай білу керек және артық деталдарсыз анық, әдемі картаны құрастыра білу керек. Құрастырудың әдемілігі осы жағдайда басты мәселе болып отыр. Себебі, туристтік карта – бұл адамның бұрыннан болуды армандаған жергілікті жердің миниатюрасы. Ал егер карта монотонды, әдемі емес, оқылуы қиын болса ондай картамен жолға шығу мүмкін болмайды.

Рекреациялық карталардың мазмұны. Рекреациялық карталар бағыты бойынша екі үлкен топқа бөлінеді: 1) Шолу; 2) Маршруттық; Соңғысы өз кезегінде тағы келесі топтарға бөлінеді: а) автожолдық схемалар; б) су схемасы және  в) жаяу немесе шаңғы саяхатына арналған маршруттық схема. Әсіресе, қалалардың план-схемасын ерекше көрсету керек, сонымен қатар соларға жақын қорықтар мен үй-жайлардың пландарын да.

Рекреациялық карталарда жалпыгеографиялық мазмұнды элементтерден келесілер көрсетіледі: елді-мекендер, өзендер, темір және рельсі жоқ жолдар, жер бедері, орман, батпақтар, сорлар, құмдар /20/.

         Рекреациялық карта құрастыруда шартты белгінің барлық түрлері  пайдаланылады:

  • Масштабтан тыс белгілер – тек бір жерде локализацияланған, карта масштабы ауданын қамтымайтын белгілер. Картадағы шартты белгінің өлшемі оның табиғаттағы шын өлшемінен анағұрлым үлкен. Тақырыптық картада жинақталған белгілерді топтастыру әр түрлі мазмұнды құрылым заңдылықтарындағы нысанның нүктелі–желілі конфигурациясын бейнелеуде қолданады. Құрылымдық элемент және картографиялау бірлігі ретінде туристік нысандар қолданылады. Әр түрлі параметрлерді қолдана отырып, олардың комбинациясының, шартты белгілерінің топтастырылуы арқылы түрін, биіктігін, нысанды мағыналылығын, уақыт бойынша өзгеруін   сипаттайды.  Белгілердің бөлікке бөлінуі туристік пункттің құрылымын көрсетеді. Ол картада  белгілі бір территориядағы қадайда бір туристік белгінің мағынасын айқындайды. Шартты белгілерді өңдегенде жеке белгілер мен барлық тордың көрнекілік мағынасын, оның конфигурациясын,  географиялық орындарының ерекшелігін ескерген жөн. Бұл тәсілдің өзі 3-ке бөлінеді:
    1. Геометриялық – кентжұрттары, мазарлар, қоныстар
    2. Көрнекілік – рекреациялық нысандар белгісі
    3. Әріптік
  • Аудандық – карта масштабы ауданын қамтитын нысандарды бейнелеуге қолданылады. Мұндай нысандар картада өзінің өлшемін және кескінін сақтайды. Мұндай шартты белгі түспен, штриховкамен не іші толған белгішелермен беріледі.
  • Сызықтық – сызықтық нысандарды (жолдар, шекаралар, өзендер) кескіндеуде қолданылады. Бұл нысандар карта масштабында ені бойынша емес, ұзындығы бойынша сипатталады /18/.

       Карта құрастыру кезінде екі негізгі тәсіл қолданылды.

Белгілер тәсілі нүктелерді пунктер бойынша жинақталған құбылыстарда бейнелеу үшін қолданады. Оны қолданудың маңызы: нысанда бейнеленетін ауданның карта масштабын ескермеуі мен шартты белгілерден кіші болып келуі. Тақырыптық картада жинақталған белгілерді топтастыру әр түрлі мазмұнды құрылым заңдылықтарындағы нысанның нүктелі–желілі конфигурациясын бейнелеуде қолданады. Құрылымдық элемент және картографиялау бірлігі ретінде туристік фирмаларды көрсетуде қолданылды. Әр түрлі параметрлерді қолдана отырып, олардың комбинациясының, шартты белгілерінің топтастырылуы арқылы түрін, биіктігін, нысанды мағыналылығын, уақыт бойынша өзгеруін   сипаттайды.  Белгілердің бөлікке бөлінуі туристік пункттің құрылымын көрсетеді. Ол картада  белгілі бір территориядағы өндірістің құрамдас саласын бейнелейді. Соған қатысты көрсеткіштегі белгілер әр түрлі территория мен бөлік құрамындағы құбылыстардың дамуын әр түрлі толықтылық деңгейімен көрсетеді. Шартты белгілерді өңдегенде жеке белгілер мен барлық тордың көрнекілік мағынасын, оның конфигурациясын,  географиялық орындарының ерекшелігін ескерген жөн.

            Картограмма деп белгілі бір құбылыстың қайсыбір территориялық, көбінесе әкімшілік бөлінісінің аумағы шеңберінде орташа интенсивтілігін білдіру тәсілін айтады. Мысалы картограмма көмегімен облыстар мен аудандар бойынша: қызмет көрсетілген туристердің тығыздығы көрсете алдым. Картограмманы көрнекілікті салыстырмалылық үшін қолданады.

           Құрылуына абсолюттік шамалар (мысалы, облыстар бойынша тұрғындар саны) қызмет ететін картодиаграммалардан бір ерекшелігі, картограммаларда салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланылады (мысалы, тұрғындардың орташа тығыздығы), олар екі қатар абсолютті бірліктерге арналған немесе пайыздық қатынасын есептеу арқылы.

        Картограммалар салыстырмалы шамалардың көмегімен белгілі бір уақыт ішінде құбылыстардың өзгеруін бейнелеу үшін жиі қолданылады. Мысалы, жекелеген әкімшілік бірліктердегі туристердің келуі мен сырт елге туристік мақсатта кетуін пайыздық көрсеткіштермен береді.

         Бейнені ерекшелендіру үшін әрбір территориялық бірліктерді көбінесе бояйды немесе штрихтайды. Бояулар түсінің немесе штрихталуына байланысты құбылыстың интенсивтілігін білуге болады. Осы мақсатта қанықтылықтың басқышты шкаласын пайдаланады.

          Бояудың немесе штрихтың белгілі басқышын территориялардың осы басқышына сәйкес орнына қояды. Катограммаларға арналған шкалаларды таңдау, олардың интервалдық шекарасын белгілеумен талданады.

          Қазіргі картографияда картограммалардың көптеген түрлері белгілі. Олардың ішінен құрамдық катограммаларды ерекше  атап кетеміз. Себебі, олар территориялық тордың әрбір бірлігінде қайсыбір құбылыстың бөліктерінің арақатынасын көрсетеді /21/.

 

3.3. Рекреациялық карта құрастыруда ГАЖ-ды қолдану

 

      ГАЖ   дегеніміз – табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы  тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің  көмегін  зерттейтін  ғылым.

 ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы  кеңістік-уақыттағы ақпараттар ағыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде  кеңістік-уақыттағы ақпараттық   үлгілеуді  айтады.

      Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық  зерттеулерді информатизациялаудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады. ГАЖ-дың  маңызды міндеттерінің бірі-географиялық ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген варианттарының орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.

 ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар  жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография  және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының  ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жұйе.

ГАЖ мәліметтерді  өңдеу  мен  картографияда өте күшті графикалық құрал болып  табылады.

ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді шешеді:

1) Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;

2) Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық обьекттермен байланыстыру;

3) Мәліметтердің карта, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;

     4) Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;

5) Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;

6) Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым-қатынас және т.б.        

  Сондықтан, қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық  үрдістер мен құбылыстарды  үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр.

 1) ГАЖ аймақта таралған ақпаратты жинап, өңдеп, сақтап, талдауға арналған. Адам-бағдарлама-машиналық кешен.

 2) ГАЖ белгілі бір территорияда пайда болған жағдайда жедел ықпал ету және сол жағдайдың картографиялық және тақырыптық ақпаратын алу.

 3) ГАЖ, бұл – аймақтың кеңістік контурынан әртүрлі тақырыптық ақпаратты бірінің үстіне бірін салу-overlay-лық операция.

 4) ГАЖ, бұл – аналитикалық және картометриялық зерттеу мен талдау. Негізінде кез-келген картаның жоспар жолы жасалынады.

 5) ГАЖ, бұл – кез келген үрдістер мен құрылымдардың өзгеруін зерттеу және олардың жағдайын уақытында үлгілеу.

 6) ГАЖ кеңістіктік ақпаратты визуализациялау және динамикалық режимді көрсету.

 7) ГАЖ аумақтар мен қорларды басқару.

 8) ГАЖ – жылдамдық, сапа, дәлдік.

 9) ГАЖ, бұл – ғылым, технология және бизнес бәрі бір түрде.

     10)ГАЖ, бұл – кеңістік талдауда картография мен картометриядағы революция.

 Қорыта келгенде, ГАЖ бұл – кеңістіктік идеологияға негізделген жаңа қөзқарас, жаңа ойлау.

 Қазіргі уақытта ГАЖ-дың қолдану аясы кеңеюде, дәстүрлі қолдануын қарастырсақ: жер ресурстары мен жер кадастрын басқаруда арнайы ГАЖ құрылады. Бұл тек географиялық бағытқа ұсынылған. Тематикалық картографиялауда  ГАЖ-да картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны құрастыру процесі  қарапайым әрі ыңғайлы, ол дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады, шыққан мәліметтер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын цифровкалау арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі территориядағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы басқа деректерді корректілеп, сол мезетте экранға көрсетіледі.

 1) Кеңістіктік деректер – ол нысан немесе құбылыстың пішіні немесе орналасу жағдайын анықтайды. Пішініне байланысты оларды: растрлық және векторлық деп бөледі. Растрлық деректерде – сандық, космостық, аэро және жай суреттер, кез келген оптикалық сканерленген құжаттар, қағаз карталарын жатқызуға болады.

  2) Атрибуттық деректер – ол географиялық нысан туралы қосымша дерек береді. Кеңістіктік деректер базалық карта құрастырудың негізі болса, атрибутты бұл картаға үлкен мағына мен специфика ерекшелігін береді. Векторлық деректер моделі – графикалық ақпарттардың нүкте, сызық, көп бұрышты түрде берілуін айтады. Ол дискретті нысандардың, мысалы, құбыр, жол, аудан шекараларына қолданғанға ыңғайлы. Ал растрлы деректер моделі ақиқат тең ұяшықтарға бөлінген пикселдер түрінде көрінеді. Олар деректерді сақтауға және талдауға ыңғайлы. Әр ұяшықтың класқа немесе категорияға қатыстылығын анықтайтын мәні болады.                                                                                    

      Геоақпараттық картографиялау – геоақпараттық әдістердің, технологияның, жергілікті жердің геоақпараттық және карталардың моделін құрастыру процестерінің кешені.

      Геоақпараттық картографиялауға – топографиялық-геодезиялық негізді құрастыру, Жердің дистанциялық зондылау жұмыстары, геоақпараттық модельді құрастыру және безендіру процестері кіреді /22/.

ESRI фирмасының  программалық өнімі  ArcGIS-те ГАЖ толық каталог түрінде құрылған,  яғни  мәліметтерді өңдеудің  жоғарғы  деңгейлі  мүмкіндігі бар.       

  ArcGIS-бұл 3 өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік анализ, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді.

ArcGIS-ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды, интегрирленген, масштабталған жүйесі.

     ArcMap – картаны құрастыру мен мәліметтерді редакторлау, сондай-ақ картографиялық анализдеу үшін қажет. Бұл қосымшада негізгі жұмыс картамен жасалады. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының жинағы, легендасы, масштабтық линейкасы, солтүстік стрелка және басқа элементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновка болады.

ArcMap-та картаны 2 қосымшамен жұмыс істейміз:

1) Географиялық мәліметтер негізінде  географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалады.

2) Компоновка негізінде – карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, масштабы көрсетіледі, картаның солтүстігі ,қағаз өлшемі беріледі.

ArcCatalog – геомәліметтердің базасын құрастыру мен кеңістік мәліметтерді басқару үшін, сонымен қатар, метамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты функцияларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлық мәліметтерін құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді іздеуге, көруге арналған инструменттер, метамәліметтерді құрастыру, көру, басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады.      ArcMap–қа ұқсайды, бірақ ерекшелігі – редакция жасалмайды.

ArcToolbox – мәліметтерді геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды сақтайтын қосымша.

     ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox әртүрлі ГИС-функцияларды біріге отырып өңдейді. Мысалы, ArcCatalog -та картаның документін табамыз да, оны      ArcMap-та екі рет шерту арқылы ашуға болады. Кейіннен ArcMap-та ArcToolbox    көмегімен өзгертулер келтіруге болады /21/.

Ал, енді ArcGIS бағдарламасында карта құрастыру жолдарына   сатылы тоқталып өтелік, ең алдымен, Arccatalog-та Алматы облысының туристік картасы деген папкадан Rastr, vector, layout  үш папка құрамыз. Rastr папкасында топографиялық картаның негізі, vector папкасында геоақпараттық мәліметтер базасы, ал layout папкасында  ArcMap-та жасалынған қабаттар сақталады. Мәліметтер базасын құрмастан бұрын жасалынатын картаны байлау жұмысын іске асыру қажет, сол арқылы біз мәліметтер базасының кеңістіктегі орнын айқындай аламыз. Ол ArcMap-та Rastr папкасындағы топо негізді шақыра отырып кеңістікте байлау арқылы жүзеге асады. Байлау екі түрлі жағдайда жасалынады: 1) Топонегіздің X,Y координаталық торларының қиылысқан жеріне мәнін береміз; 2) Суретті кеңістіктік орнын тапқан қабатқа байлау.

 

 

8-сурет. Кеңістікте байлаудың бірінші жағдайы

 

 

 

9-сурет. Кеңістікте байлаудың екінші жағдайы

 

Vector папкасында геоақпараттық мәліметтер базасын құру үшін, оның оң жағын тінтуірмен басып → жаңа (новый) → геоақпараттық мәліметтер базасы (персональная база геоданных) → терезе ашылады. Ашылған терезеде базаға ат береміз. Құрылған базада тінтуірдің оң жағын басып → жаңа (новый) → объектілер класының жинағы (набор классов объектов) → ашылған терезеде жаңа жинаққа ат береміз → редактировать → таңдау (выбрать) → координат системасын таңдаймыз → OK.

 

 

10-сурет. Геоақпараттық мәліметтер базасын құру.

 

Объектілер класының жинағы бұл – бірдей координат жүйесінде жатқан және бір облыста жатқан кеңістіктік объектілер класының жинағы. Объектілер класының жинағында әр түрлі геометриялық тағы қабаттарды бұдан былай кеңістіктік объектілер класы деп атайды. типтегі объектілер кластары топтастырылады, яғни, қабат рөлін атқарады, ArcGIS кеңістік — Олар нүктелік, сызықтық полигондық болып келеді. Кеңістіктік объектілер класын алу үшін объектілер класының жинағына тінтуірдің оң жағын басамып → жаңа (новый) →  кеңістіктік объектілер класы (класс пространственных объектов) → ашылған терезеде жаңа қабатқа ат береміз → далее → далее → терезе ашылады. Ашылған терезеде екі баған бар. Бірінші бағанда осы қабатқа қосылатын поляның аттары тұрады, екінші қабатта мәліметтер түрі (тип данных) → geometry → төменде ашылған үшінші бағаннан polygon жолын басамыз → тізім ашылады (polyline, polygon, point). Өзімізге керекті геометриялық типті таңдаймыз → OK.

 

 

11-сурет. Кеңістіктік объектілер класын құру.

 

Осы Arccatalog-та ашылған қабатты ArcMap-қа шақырамыз. Ол үшін ArcMap-тан «+» тетігін басамыз. Ашылған терезеден  vector  папкасындағы  бізге қажетті қабатты шақырамыз, яғни Добавить. Әрбір  Shapefile, яғни қабат 6 құрамдас форматтан тұрады. Оларды «Мой Компьютер» арқылы ашқанда көреміз.

 

 

     12-сурет. Қабаттарды шақыру.

 

Қабаттармен  жұмыс  істегенде  оцифровка жасай отырып, сол обьекттерге анализ бере кетеміз, яғни Атрибуттар кестесін ашамыз.

Атрибуттар кестесін ашу. Редактор → Жұмысты аяқтау → Керек қабатқа барып, панелін ашамыз да, Атрибуттар кестесін ашуды» таңдаймыз → обьекттердің атын жазу үшін жаңа  жол ашу керек, опции → жол қосу (добавить поле) → жол атын береміз. Оның типін таңдаймыз:

1) Қысқа сандар (Short integer)

2) Ұзын сандар (Long integer)

3) Бөлшек сандар (Double)

4) Тексттік (text)

 

 

13-сурет. Атрибуттар кестесі.

Қабат – сызық, нүкте, полигон түрінде болады. Ол 6 құрамдас бөліктен тұрады. Егер осы құрамдас бөліктердің біреуі кем болса, қабат ашылмайды. Сондықтан, кез келген қабатты бір жерден екінші жерге көшіру үшін міндетті түрде 6 құрамдас бөлігін түгел көшіру керек. Кез келген қабатпен жұмыс істегенде  барлық обьекттерді категорияларға бөлеміз. Картасы құрастырылып отырған территориядағы барлық обьектілер салынып болған соң, әрбір обьектіні өз категориясы бойынша категорияға бөліп, жеке-жеке символ береміз. Яғни, пішінін, түсін, сызықтық обьект болғанда қалыңдығын және т.б. анықтаймыз. Нәтижесінде әрбір обьект өз категориясы бойынша белгілі бір шартты белгіге ие болады. Мысалы, Зерттеу аймағының  елді мекендерін категория ретінде жіктеп көрелік:

   1) Облыс орталығы: Тараз

   2) Қалалары: Шу, Жаңатас, Қаратау

   3) Аудан орталықтары: Төле би, Меркі

 

 

14-сурет. Туристік нысандарды белгілеу.

 

Карта бетіндегі обьектілерді жазу технологиясы, тексттік баған құру, онымен жұмыс жасау жолдары.

Географиялық обьекттерді категорияларына қарай атауларына шрифт өлшемдерін таңдау. Кез келген географиялық обьектілер белгілі бір ақпарат көзі болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіне тән мәліметі (атауы, морфометриясы, морфологиясы) болады. Мысалы, таудың атауы, биіктік өлшемі, көлдердің атауы, тереңдігі, көлемі және т.б.

Барлық географиялық карталарды құрастыруда карта бетіндегі обьекттердің атауы жазылады, негізгі географиялық ақпарат беріледі.

Карта бетіндегі обьекттерді бейнелеу барысында, оның аттарын  жазғанда, масштаб ескерілу керек. Масштабқа байланысты обьекттерді таңдап алады.

Обьекттерді жазу үшін қабатқа барып, оң жақ тышқанды басып, «Қасиеттері» (Properties) терезе ашылады → жазу (labels) → жол (field)

Шрифттың өлшемін, түсін таңдауға болады.

Аннотация және оны құру жолы. Геометриялық 3 әдіспен – полигон, сызық, нүкте түрінде берілген кеңістіктегі обьекттер туралы мәліметтер карта бетінде жазу арқылы береді. Мұндай картографиялық мәліметтерсіз картаны оқу мүмкін емес. Сондықтан, әрбір обьектіні салғанда, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін немесе атауларын атрибуттар кестесіне толтырамыз. Электронды карталар жасау  барысында аннотация жасау міндетті емес.

Аннотация дегеніміз – обьекттердің сандық және тексттік мәліметтерден тұратын жеке қабат. Аннотация құру жолы:

Обьекттердің қажетті мәліметтері жазылған соң, мысалы, елді мекендердің атауы name жолы арқылы категорияға бөлініп, карта бетіне жазылады. Обьекттердің атауы тек бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, оң жаққа, бірнеше қабаттың  мәліметтері  осы әдіспен жазылған жағдайда бір-бірімен араласып, оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан, жеке аннотация қабатын құрып, олардың орнын   ауыстыруға болады. Осы процедураны іске асыру үшін келесі функцияларды атқарамыз: ArcMap-та сол қабатқа барып, оң жағын басамыз → жазуларды аннотацияға конвертациялау (Convert labels to annotation)→ ашылған терезеден осы аннотацияға қажетті мәліметтер болады → байланысты обьектілер (feature linked).

Обьектімен байланысты аннотация, яғни сол обьектімен тікелей байланыста, обьектіні алып тастағанда аннотация өшіп қалады. Соңында  convert  басамыз, аннотация қабаты қосылады.

     Енді кез келген обьектіні белгілеп, орнын ауыстырып қоюға, қажет емес кезде  алып тастауға, шрифттің түсін, өлшемін өзгертуге болады.

     Аннотация жасаған кезде ескерілетін жағдайлар:

         — карта масштабын көрсету керек;

         -аннотациямен жұмыс жасағанда карта бетіндегі обьекттердің картографиялық заңдылықтарын қатаң сақтау керек;

     Аннотация қабатында обьектілер  қанша класқа бөлінсе, сонша кластан тұратын  категорияны көрсетеді. Кез келген уақытта  бір категорияға кіретін барлық обьектілердің автоматты түрде шрифтін, түсін, өлшемін өзгертуге болады.

     Карталарды безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға әзірлеу

Мәліметтер түрінде (Data View) – кеңістіктегі обьекттерді бейнелеу, мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау, атауларын немесе жалпы мәліметтерін жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге асырамыз.

Компоновка түріндегі (Layout View) – картаны безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға дайындау жұмысы жүзеге асырылады. Өзімізге қажетті обьекттер редакцияланып болған соң, картаны безендіру үшін мәліметтер түрінен  компоновка түріне ауысамыз. Ең бірінші байқайтынымыз: панельде қағаз өлшемі көрсетіледі.

  1. Өзімізге қажетті масштабын көрсетеміз, карта қағаз бетіне симаса, қағаз өлшемін үлкейтеміз. Ол үшін  Бет  пен баспа параметрі (Page and print set up) командасын ашу керек. Оны екі жолмен ашуға болады:

1) Файл арқылы

2) Картадан бос кеңістікте тышқанның оң жағын басу арқылы.

Ашылған терезеде бірнеше операциялар орындалады. Мұнда тек қағаз өлшемі ғана емес, қағаз  бетіне басып  шығару  жұмысы  жүзеге  асырылады.

     1) Name командасында принтердің немесе плоттердің  атын көрсетеміз.

     2) Paper – қағаз өлшемін таңдаймыз.

3) Orientation: 1) Портрет (Portret)            

                        2) Альбом (Landscape)

Карта тақырыбын жазу. Карта тақырыбын жазу үшін келесі командаларды орындаймыз:

    Қою (Insert) → Аты (Title)→ОК

     Карта   масштабын  жазу. Карта бетінде масштабты 2 жолмен көрсетуге болады:сызық және сандық.

        Сызықтық-Scale bar

        Сандық-Scale text

Қою (Insert)    →   Сандық (Scale text)

Солтүстік стрелканы  шақыру    

Қою (Insert)    →   Солтүстік стрелка (North Arrow)

      Карта легендасын құрастыру. Карта легендасы – карта бетіндегі обьекттерді  оқу үшін құрастырылады. Оларды  шартты белгілер деп табылады. ArcGIS-та шартты белгілерді құрастыру үшін  әрбір қабатта  көрсетілген обьекттер мен  мәліметтерді компоновкада карта бетіне шақырамыз. Кез келген картаны құрастыруда  картадан тыс бос орындардың  барлығын  шартты белгілерді қоюға пайдаланамыз.

     Қою (Insert) → Легенда (Legend) → ашылған терезеде 2 баған бар:

  • Map layers 2) Legend Items→ Далее → Аты → шрифт өлшемі→ Далее → шартты белгінің ені мен ұзындығы → Дайын

     Картаны қағаз бетіне басып шығару. Оның 3 түрі бар.

1) Бет  пен баспа параметрі (Page and print set up) → Use printer paper settings → Show printer margins on layout; 2) File → Print preview; 3) File →  Print → Number copies → OK