АЛТЫНОРДА
Главные новостиНовости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

  1. Тарих толқынындағы – қазақ халқы

1.1. Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық шежіресі

1.3. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру жолында

 

  1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

2.1. Жаңа дәуірдің жаңа астанасы

2.2. Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан

2.3. Н.Ә.Назарбаев феномені

 

Қорытынды

Қолданылған құжаттар тізімі

Қосымша

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың көкейкестілігі. Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында әлемдегі ең алып империялардың бірі – Кеңес социалистік Республикалар одағының ыдырауы  нәтижесінде әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттер пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа ұлт өкілдерімен  бірлесе, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен өз мемлекетін қайта құрумен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзінің даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары күмәнсіз. Ең алдымен ол ұл тағдыры үшін шешуші рол атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, еліміздің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін қымбат. Осы тұрғыдан алып қарағанда бұл тақырып тарихи құндылығымен, өзектілігімен ерекшеленеді, Қай заманда да кез келген елдiң өркендеуi сөз жоқ, оның басшысының есiмiмен тығыз байланысты болатыны белгiлi. Тарихқа тереңдемей-ақ, бертiндегiлердi айтсақ та жетiп жатыр. Әлемге «Азиялық барыстар» атымен танымал елдердiң даму тәжiрибесi де осыны көрсетедi. Сингапурдағы Ли Куан Ю немесе Малайзиядағы Мохатхира Мухаммадсыз аталған елдердiң әлемдiк экономикалық рейтингiсiнде жоғарғы орынға орнығуы әсте мүмкiн еместiгi баршаға мәлім. Ли Куан Ю мен Мохатхира Мухаммадты басқа жұрттың қадiр тұтатыны да сол. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев туралы да осылай тұжырым жасауға болады.

Бүгiнгi Қазақстан — экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, әлеуметтiк-экономикалық инфрақұрылымы өзiне сай қалыптаса бастаған, демократиялық қоғам құруға батыл кiрiскен бiрден-бiр мемлекет. Бұл орайда, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегi мен асқан көрегендiгi әлем назарын өзiне аударып отыр. Биыл тәуелсіздік алып, егемен ел ретінде еңсемізді көтергенімізге он сегіз жылдың көлемі болды. Бұл баршамыздың ортақ тарихы­мыз. Ортақ тағдырымыз. Ортақ қуанышымыз. Ортақ жеңісіміз. Демек, осынау ғасырлық мәні бар ұлы оқиғалардың басты кейіпкері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтпай кету мүмкін емес. Нұрсұлтан Назарбаев тек қана Астана қала­сының бас сәулетшісі емес, ол жаңа ғасырдағы жаңа тұрпатты Қазақ елінің бас сәулетшісі. Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстанның мемлекеттік іргета­сын қалаушы, орнықтырушы, орнатушы, тұңғыш ту ұстаушысы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарды дархан даламыздың төрiнен орын берiп, әрқайсысының тiлiн, дiлiн, дiнiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерiн сақтап өркендеуiне бейбiт саяси-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн ел, жер иесi қазақтармен достық ынтымақпен терезесi тең құқықпен өмiр сүруi дана басшылығының жемiсi.

Бүгiнгi таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара, дана басшылығының арқасында Қазақ мемлекетi дүниежүзiлiк Бүкiл Бiрiккен Ұлт Ұйымнан бөлек саяси экономикалық одақтар мен ұйымдардың белсендi мүшесi екенiн дүние жүзi халықтары мойындап отыр.

Кеңес Одағы тараған соң, экономикалық, әлеуметтiк-саяси құрылымдары тығырыққа тiрелген басқа республикалардың iшiнде Қазақстан ғана барлық сыннан мүдiрмей өтiп келе жатыр десе болады. Осының бәрiне халық ел басшысы — Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сенiм артып, оны дұрыс таңдай бiлуiнiң арқасында ғана қол жеткiзiп отыр. Үлкен мүмкiндiктерге ие Қазақстан бүгiнде әлемдегi өте жылдам дамып келе жатқан бес мемлекеттiң бiрi. Сырттан келетiн инвестициялармен жұмыс iстеуде, банк саласында, зейнетақы жүйесiнде елiмiз өзге республикаларға үлгi болатын биiкте тұр.

Бүгінгі Қазақстан дүние жү­зін­дегі дамы­ған, өркениетті 50 ел­дің қатарына қосылуға бет бұр­ды. Бұл көреген көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей еңбегінің арқасы екендігі аян. Тәуелсіздік алған мерзімнен қозы­көш ұзамай жатып-ақ жаңа әлем­де жаңа Қазақстан атауы пайда болды. Аузы дуалы дүние жүзі саясаткерлері, сарапшы­лары­­ның өзі ел дамуының алып ады­­мын “қа­зақ­стандық модель” деп атауы Президентіміз Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың есімі­мен тікелей байланысты екендігіне дау жоқ. Кезінде Джордж Ва­шингтон, Мұстафа Кемал Ата­түрік, Махатма Ганди секілді ұлы тұл­ғалар… жалғасын жақсы керуе­нін­де Нұрсұлтан Назарбаев алдың­ғы сапта көш бастап келеді.

Алаш ардақтыларының бірі Әлихан Бөкейханов: “Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз тарих болып қалады. Кейінгілерге ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс, рахмет алармыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс. Тарих — түзу жөнді үйретуші. Тарих — түзушіліктің кітабы. Тарих — тіршілікте көшбасшы дейтініміз осы”, деп толғанғанындай, тарихын түзу жаза білген халықтың болашағы да зор болары анық. Назарларынызға ұсынылған «Президент Н.Ә.Назарбаев және қазақ мемлекеттілігінің генезисі» атты жұмыс екі тарауға бөлініп қарастырылған. Бұл жұмыс елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналады.

Зерттеу мақсаты –  болашақ тарихшы ретінде Қазақстан тарихының деректік қорына үлес қосу. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алар орны мен ролін айқындау. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалап, қалыптастыру барысындағы ерен еңбегі мен сындарлы саясатын ашып көрсету.

     

         Зерттеу міндеттері:

— Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жас тәуелсіз Қазақстан мемлекеттін құрудағы жүргізген реформалары мен ұстанған бағытын ашып көрсету;

— Тұңғыш президенттің тұңғыш  істерінің мазмұны мен мәнін анықтау;

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тың идеяларын дәріптеу;

— Әлем саясаткерлерінің елбасы Н.Ә.Назарбаевқа берген бағалары мен айтқан пікірлерін саралау;

          Мәселенің өнделуі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі қазақ мемлекетін құру жөніндегі және ұстанған бағыттары туралы жеке авторлық кітаптары мен әлемдегі ғылыми зерттеулер негізге алынды. Сондай-ақ елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары. Баспасөз беттерінде жарияланған елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған мақалалар болып табылады.

           Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Жұмыстың ережелері мен қорытындылары курстық, ғылыми жұмыстарға, дипломдық жұмысқа, «Қазақстан тарихы»,  «Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты», «Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұрасы», «Тарихи өлкетану», «Тарих және мәдениет ескерткіштерді қорғау» т.б. оқу курстары бойынша семинарлық және практикалық сабақтарға дайындалуға студенттер мен магистранттар қолдануға болады.

Зерттеу әдістемесі мен технологиясы. ХХ ғасырдың соңында КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Сол жас егемен елдердің бірі – Қазақстанның қазіргі жағдайға жетудегі жүріп өткен жолдары мен қалыптасу сатыларын зерттеу. Құрылымдық-логикалық талдау салыстырмалы тарихи әдіс; деректемелерді бағалау бойынша аналитикалық жұмыс, жаңа құжаттардың кең көлемі негізінде ғылыми ережелер мен нәтижелер болып табылады.

     Ғылыми жұмыста алпауыт империялардың бірі — КСРО ыдыраған кезден бастап, қазіргі қазақ мемлекетінің мәселелері қарастырылады. Айрықша көңіл бөлінген,  әрі тоқталған сала — елбасы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан үшін жасаған ерен еңбегі мен батыл әрекеттері. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының даму жағдайы мен Елбасының сындарлы саясаты.

     Қазіргі таңдағы Қазақстанның экономикалық, саяси-әлуметтік жағдайлары мен әлемдік деңгейдегі дәрежесі, шетелдердің Қазақстанмен байланысы және елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының комплексі көрсетілген.

      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көтерген тың бастамалары және оның мазмұны мен мәні талқыланған. Н.Ә.Назарбаевқа бағытталған шетел басшыларының пікірлері көрсетілген.

     Ғылыми жұмысының қорытындысында қазіргі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы суреттеліп, әлемдік дәрежесі көрсетілген. Тәуелсіз қазақ мемлекетін құру жолындағы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген ұтқыр саясатына талдаудың қорытындысы жасалынған. Елбасы Н.Назарбаевтың ерен еңбегі аталып өтіліп, зерттеу қорытындысы мен негiзгi тұжырымдамалар жасалынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ

 

1.1. Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық шежіресі

 

Тәуелсіздік туын тік ұстап, өркениетке бет алған әр халық, әрбір ел өзін-өзі терең танып білуі керек. Өзінің шыққан түбін, кім болғанын, бүгінгі деңгейге қалай жеткенін, қандай  тар жол тайғақ кешулерді басынан өткергендерін білмейінше, бұл жолда қанша тер төгіліп, жан бергенін терең сезінбейінше,  кез-келген халық өз құнын жете бағалай білмейді. Сондықтан да егемендік алып, еңсесін тік көтерген біздің қазақ халқы үшін де төл тарихын терең танып, өткені мен бүгініне шолу жасап, қарастыру маңызды міндет.

Егемен  ел ретінде жас көрінетініне қарамастан, мәдени-тарихи тұтастық ретінде Қазақстан тақыр жерде пайда болған жоқ. Оның тарихы Еуразияның Ұлы көшпелі өркениетінің үш мың жылдық тарихынан ажырағысыз. Біздің заманымыздан ерте уақытта батыстан шығысқа қарай, шығыстан батысқа қарай, бірін-бірі қуалаған толқындай болып қазақ даласының төсінен көшпелі жұрттар жөңкіліп жатты. Үндістан мен Иранға, Мидия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға, Еуропа мен Қытайға арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар ағылды. Шайқаса және жасампаздық таныта, ұрпақ өсіріп, тәжірибе жинақтай жүріп, олардың бәрі де өздерін мәңгілік жадында сақтап қалған осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды. Уақыт өте келе буырқанған көшпелілер теңізінің жағасынан асып кетуі тоқтады, бара-бара ол теңіз тартылып та кетті. Сары теңізден Қара теңізге дейінгі аралықтағы номадтарды тартып әкеткен көне құйынның бір кездегі кең иірімі серіппедей тартыла қалып, Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапқа жиырылды, осы арада көшпелі империялардың үрім-бұтақтарын қазақ деген біртұтас халыққа біріктірді. Керей мен Жәнібектей заманында бір туар ұлы тұлғалар бастамасымен «Қазақ хандығы» атты қазақтардың  мемлекеттік іргетасы қаланды, адуындай алып хандықтың  Қасым мен Хақназар, Есім мен Тәуке секілді қуатты әміршілері болды.

Алайда уақыт соңғы номадтардың қоныстарын қусырып бара жатты. Қазақ жерінің Ресей империясы құрамына біржолата енуінен кейін шын мәнінде егеменді көшпелі мемлекеттіліктің тарихы тәмамдалды. Қазақтың соңғы мемлекеттік сұл­басы ХІХ ғасырдың орта шенінде хан­дық құрылымның түбегейлі күйретілуі арқылы мүлдем жойылып, тынды.  Оны қалпына келтірем деген кейінгі–қазақтың соңғы ханы Кенесарының жаужүрек жорықтарынан «Алашорда» ұлттық-либералдық партиясы көшбасшыларының демократиялық идеяларына дейінгі әрекеттердің бәрі сәтсіздікке ұшырады. Қайта бас көтеруге деген үміт Қазақстан аумағында Кеңес өкіметі орнағаннан және КСРО құрамында Қазақ Социалистік Республикасы құрылғаннан кейін біржолата үзілді. 1930-шы жылдардан бастап тоталитаризм жүйесі этностық санқырлылықты тегістеп, жаңа қауымдастық – кеңес халқын құру жөніндегі жұмысты бастады. Жаңа қауымдастық дүниеге азап арқалап келді. Халық­тың ділі де, өмір салты да, тарихы да, әліпбиі де, қысқасы бәрі де қиратылып жатты. Көшпелілерді отырықшылдыққа зор­лап көшіру басталды. Онсыз да саны аз қазақтар сол тұс­та халықтың жартысынан айырылды. Дегенмен Ұлы дала­ның үш мың жылға үздіксіз созылған өркениет рухы айна­ла­сы екі-үш буынның тұсында оп-оңай жоғалып кете салмайтын еді. Дәл осы рух, өз бойына ұлттық және діни шыдамдылықты, жоғары әлеуметтік бейімделушілікті, жаһандық ауқымда ойлау мен дүниетаным кеңдігін сіңірген осы рух ұлтты сақтап қалуға ғана емес, жаңа жағдайда егемен Қазақстанды қайта жаңғыртуға да көмектесті.

         1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматы қаласында тарихтың тапжылмайтындай көрінетін ағымын түбегейлі өзгертіп жіберген оқиға болды.  Желтоқсанның сол бір аязды күндерінде қазақ жастары ашық түрде көшеге шығып, өздерінің ел тағдырына ықпал етуге құқылы екендіктерін мәлімдеді. Тоталитарлық мемлекет жағдайында мұның өзі саяси жарылысқа тең болатын: іс жүзінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан қатаң жүйеге ашықтан-ашық қарсылық көрсетілді. Сол екі күн кеңестік болмыс дүниесін дүр сілкіндірді. Ол оқиғаға партия тәжірибесіндегі салдарсыз шешім – Орталықтың республика жетекшісі қызметіне Қазақстанға бейтаныс, ерен еңбегімен көзге түспеген облыстық деңгейдегі басшы Г.Колбинді тағайындауы себеп болды. Бейбіт қарсылық митингісін Орталық аяусыз қатыгездікпен басып-жаншыды.  Кезекті әдеті бойынша орталық халықтың тәнін жазалап біткен соң, енді жанын жаралауға көшті: бүкіл халық «қазақ ұлтшылдығы» үшін айыпталды, жазалау әрекеттері басталды. Алайда мұның өзі жүйенің іріп-шіруін тоқтата алмайтын еді: күш көрсету-режімнің әлсіздігін танытып, қадірін кетірді. Кеңес империясына өлімші соққы берілді, сол соқыдан ол есін жия алмай-ақ кетті. Алматы жарылысы ұшқын секілді болды: Балтық бойында, Грузияда, Әзірбайжанда, Арме­ния­да, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Латвияда, Эстонияда, Ре­сей­дің өзінде де демократиялық күштердің тоталитарлық дик­татураға қарсы ашық көтерілуі бірінен соң бірі жалғаса берді. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізер жолы осылай басталды…

Шын мәнінде, тоқырау шегіне жеткен  КСРО-дай алып мемлекеттің  діндік, тілдік негіз бойынша екіге бөлініп кету қаупі төнді. Міне, осы кезде күрделі мәселенің күрмеуі тарихта тұңғыш рет Мәскеудің ықпалынсыз шешілді. Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі одақтас республи­ка­лардың басшыларын өз бастамасымен 21 желтоқсанда Алматы қаласына  жинады, нәтижесінде ТМД-ның болашақ тағдыры айқын­дал­ды. Алматы декларациясы қабылданып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құ­рыл­ды. КСРО іс жүзінде таратылды. Осылайша әлемнің алтыдан бір бө­ліг­ін алып жатқан алып империяның болашақ тағдыры Нұрсұлтан Назар­баев­тың тікелей бас болуымен бейбіт шешімін тапты. Нәтижесінде, Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып, мемлекеттілігінің негізі қаланды.

 Тәуілсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекет тәуелсiздiгi үшiн президенттiк билiк институтын енгiзу қажеттiлiгi туды. Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасу тарихына шолу жасар болсақ, мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік биліктік құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және атқарушы билікті байланыстырушы тетік тек Президент болуы мүмкін. Мемлекет басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру түрінде енгізілді.Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы «Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заң)» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен одан әрі дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын қызметтен босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белігіленді.Сөйтіп, президентік басшылық идеясын жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнын 10-бабында «Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады» деген ережені бекітті. 1991 жылдың 01 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ел азаматтары қазақтың мың жылдық тарихында тұңғыш рет өз Президентiн өздерi бүкiл халық болып еркін таңдау арқылы сайлады. Бұл әлем сарапшылары мен бақылаушылары тарапынан елiмiздiң егемендiгiнiң, мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiнiң ерен белгiсi ретiнде бағаланды.

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында Парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа да шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Нәтижесінде әлем картасында Қазақстан атты жаңа мемлекет қалыптасты. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз арман еткен тәуелсіздік таңы атты.  Қазақстан үшiн тәуелсiздiк — аса қымбат, қасиеттi ұғым, баға жетпес асыл байлық, қымбат қазына. Өткенге көз жүгіртіп, тарихты таразылап қарасақ, тәуелсіздік бізге тағдырдың тарқан сыйы емес,  азаттық  жолында ата-бабаларымыз күндiз күлкiден, түнде ұйқыдан тыйылды, қара терiн төгiп, қызыл қанын ағызды. Шапқыншылыққа ұшырап, аштықты бастан өткердi, қуғын-сүргiндi көрдi, ақ табан шұбырынды болып, қайың сауды, бодандыққа мойынсұнуға мәжбүр болды, кеше ғана өткен ХХ ғасырдың қырғын соғыстарын, жазықсыз жазалауын, экологиялық апаттарын бастан өткердi.

 Тәуелсiздiк, егемендiк жолында мың өлiп, мың тiрiлген, мың жығылып, мың тұрған қайсар халық сол тәуелсiздiгiн көзiмен көрiп, жүрегiнде тербетiп, алақанына салып аялап қарап тұрған сәт — оның алдына ұлы мақсат, үлкен мiндеттер қойды. Тәуелсiздiкке, егемендiкке жету жолы сонша қиын, ауыр болғанда, сол тәуелсiздiктi сақтап қалу, нығайту Қазақстан үшiн үлкен сын едi.

Тәуелсіздік алған сәтте, ел тұтқасын ұстау үшін қазақ жұртын бір шаңырақ астына біріктіріп, жаңа қалыптағы мемлекеттің негізін қалыптастыра алатын тарихи тұлға қажет болатын. Таңдау, сөз жоқ, ел тарихының маңызды сәттерінде саяси оқиғалардың қайнауында жүріп, сол бір қиын-қыстау, аласапыран кезеңде халқының қамы үшін аянбай еңбек еткен қазақтың қайсар ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жағында болды.

 

1.2. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев  қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жолында

 

Қазақстанның егемен ел ретінде дүниеге келуі – Кеңестік социалистік республикалар одағының тығырыққа тіреліп, империяның саяси-экономикалық жағдайы бақылаудан шығып, толықтай  тоқырауға ұшыраған сәтпен сәйкес келді. Алайда ауыр дағдарысқа және өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарына қарамастан, егемендікке қол жеткізуді Қазақстан тұрғындары бір жұтым таза ауадай қабыл алды. Жаңғыру және алдан ашылған жаңа көкжиек сезімі қазақстандықтардың бойын баурап, болашаққа үмітпен қарауға мүмкіндік берді. Назарбаевтың күткеніндей, тәуелсіздік өзімен бірге шешілуі қиын мәселелердің тұтас тобын да ала келді. Қазақстан егемендігінің жариялануы бір кезде кеңес империясының қойнауларында дүниеге келген, сөйтіп оның ыдырауына себеп болған үдерістердің ықпалынан өзінен-өзі босай қалады дегенді тіпті де білдірмейтін. Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы басты кедергі тоталитарлық өткен күннің кернеуі кете қоймағандығы болатын. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің көптеген қырларын белгілі бір дәрежеде айқындап жатты. Мұның өзі шаруашылық жүргізу мен басқарудың ескі тәсілдеріне бой ұрушылықтан ғана емес, халықтың басым бөлігінің бойға біткен енжарлығынан, өкімет өлтірмейді ғой дейтін сенімінен де танылатын.

         Кеңестік кезеңнен қалған мемлекет басқару жүйесі түбегейлі жойылды. Экономика құлдырау шегіне жетті. Оның көлемі 55 пайызға кеміді. Қазақстанның қаржысы да, өнім өткізетін рыногы да жоқ еді, сондықтан кәсіпорындардың бәрі дерлік тоқтады. Дүкендерден азық-түлік пен ең зәру заттар табылмайтын. Адамдар жалақы мен зейнетақыны айлар бойы алудан қалды. Елді жаппай жұмыссыздық жай­лады. Қаржы саласындағы инфляция әбден шегіне жетіп, жұртшылықтың тапқан-таянғанын жалмап жатты. Қылмыс өсіп кетті. Ел қауіпсіздігінің мәселелері де оңай емес-ті. Шекаралардың аты бар да заты жоқтығы, қуатты ядролық арсеналдың қолда тұруы, көмірсутектерінің мол қоры және жағдайы тұрақсыз өңірдің дәл ортасындағы геосаяси орналасу ұлттық қауіпсіздікке едәуір қатер болатын. Егер бұған аса ауқымды аумаққа шашырай орналасқан халықтың этностық құрамы бойынша ала-құлалығын, әскердің әлсіздігін қоссаңыз, қалыптасқан жағдайдың қаншалықты күрделі екендігі көрінеді. Жаппай ыдырау мен идеологиялық қуыс кеңістік жағдайында көпұлтты Қазақстанда, басқа да бұрынғы кеңестік мемлекеттердегі сияқты, ұлттық мәселенің өткірлігі бөлекше болды. Қазақстан КСРО-ның ең көпұлтты республикаларының бірі еді. Елде 45 діни конфессияға қарайтын 130-дай ұлт пен ұлыс өмір сүретін. Олардың жартысына жуығы ғана қазақтар, 40 пайыздайы орыстар. Ашық немесе бүкпелі наразылық кез келген сәтте Югославиядағы, Тәжікстандағы, Таулы Қарабақтағы, Приднестровьедегі, Абхазиядағы, Солтүстік Кавказдағы ағайын арасындағы соғыстар сияқты қанды қақтығыстарға ұласып кетуі мүмкін еді. Осындай шешімі көп күттірмейтін, өзекті мәселелер тоғысында ел тізгінін ұстаған Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевқа өз қызметін атқару оңайға соқпағаны айтпаса да түсінікті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан мемлекетін қалыптастыру барысындағы алғашқы қадамдарын «Қазақстан жолы» атты еңбегінде жан-жанқы баяндап берген. Мәселен: «Әлемнің бірде-бір елі қалыптасу кезеңінде, ең алдымен мемлекеттің экономикалық негізін қозғайтын дағдарыс құбылыстарынан қашып құтылмаған. Үлкен кйзелістер мен құлдырауларды Америка, Франция, Англия, Түркия, Германия, Индия және басқада елдер бастан өткерді. Тек осы сілкіністердің күші ғана әр түрлі болды. Бірқатар елдердің, мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия «жолбарыстары» атанғандардың нарықты қалыптастырудағы «кедір-бұдыры»ішкі саяси тұрақсыздық, жер реформалары мен қаржы дағдарыстары кезеңдері арқылы өтті. …Барлық осы қиындықтар арқылы өте отырып, бір мемлекеттер өз экономикасын нығайтуда және әлемдік шаруашылық құрылымында еліктеуге тұрарлық үлгі болуға жарады. … Міне сондықтан біздің мемлекетті құруға кіріскенде, мен олар бастан өткерген табыстар мен сәтсіздіктерді білу үшін көптеген мемлекеттердің негізін салушы тұлғалардың өмірбаянына  көңіл қойып таныстым. Олар Түркияның тұңғыш президенті Кемал Ататүрік, американдық 31-ші президент ФранклинДелано Рузвельт, «қытайлық реформалардың әкесі» Дэн Сяопин, Малайзияның бұрынғы Премьер-министрі Махатхир Мохаммад – бұл қатарды әрі қарай жалғастыра беруге болады. …Міне, осындай ізденістер үстінде біз талай сапарларда болып, шын мәніндегі әлемдік деңгейдегі үлкен тұлғалармен кездестік. Біздің мемлекеттің қалыптасуы Маргарет Тэтчер, Франсуа Миттеран, Гельмут Коль, улкен Джордж Буш, Ли Куан Ю, Юанн Павел ІІ және басқа да көрнекті дүние жүзі қайраткерлерінің сергек назар аударуы жағдайында жүзеге асты.Сондай адамдармен араласу арқылы біздің әлемдік кең ауқымдағы көзқарастарымыз қалыптасты.  Олармен пікір алысып, қарым-қатынаста болу менің дүние жүзі қандай даму кезеңінде жүріп жатқанын және Қазақстан әлемдік картада қандай орын алуы керектігін ұғынуыма көмектесті. Егер де басқа елдердің тәжірибесі біз үшін қызықты болса, оны батыл қабылдадық және өзімізге енгіздік.». Бұдан біз елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ мемлекетін құруда асығыс, үстіртін әрекетке бой алдырмай, алғашқы қадамдарын жоғарыдағы аталған елдер тәжірибесіне сүйене отырып жасағандығын  аңғарамыз.  Алайда, Н.Ә.Назарбаев реформасы басқаны көшіру арқылы емес, Қазақстанның жағдайына, қазақстандықтардың менталитетіне лайықталып өмірге келді. Сондай-ақ тұңғыш президент елдегі алғашқы бастамаларды өз еңбегінде былайшы баяндаған: «Жоспарлы-әкімшілік экономиканың бұзылуы, сондай-ақ одақтық өндірістік тізбектер мен экономикалық байланыстардың үзілуі салдарынан Қазақстан басқа да одақтас республикалар секілді тығырыққа тірелді. Енді жоспарлы-әкімшілік экономикадан нарықтық қатынасқа «көшу» керектігі айқын болды. Алайда, қазіргі заманның экономика ғылымы осы жаңа тенденцияларға сай келетін нарықтық экономикаға көшудің айқын моделін бере алмады. Бұл секілді «көшуге» арналған  кереметтей бір шешім немесе қалай да бірыңғай амал болмады. Сірә, ондай өзгерістің жалпы моделі болмауы да мүмкін. Қалай болғанда да бізге өз жолымызды іздеу қажет болды. …Біз үшін Қазақстан экономикасының нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестігімізді нығайту арқылы дәйекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатқан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын алдын-ала көре білу, ондаған миллион адамдардың мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап алу қажет болды. Оның үстіне мұны қысқа мерзімде жасау керек еді. Тарих ұзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға уақыт қалдырмады. Әлем екпінделген күшпен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпы мемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір қазақстандықтардың ой-өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды». Міне, сол кездегі елдің барлық жағдайынан хабардар Н.Ә.Назарбаев мемлекеттің іргетасын қалауда тың идея мен айқын мақсат, жүйелі жоспар керек екендігін анық білген. Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың басында «Қазақстанның  егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты орта мерзімдегі тұңғыш жоспарын ұсынды. Бұл туралы Н.Ә.Назарбаев былай дейді: « Бұл сол бір аласапыран жылдардағы даму жолын таңдауға бағытталған алғашқы қадам еді және оны бірінші жалпы мемлекеттік үш жылдық жоспар деп батыл айтуға да болады ». Стратегия  қазақстандық  ұлттың өзін-өзі танып білуі жөніндегі мәселенің идеологиялық іргетасын қалаған республиканың тұңғыш ресми құжаттарының бірі болды. Стратегияда, өткенге қысқаша тарихи шолу жасай келіп, Қазақтанның қазіргі замандағы шекарасы — мемлекеттің негізін құрайтын қазақ ұлтының тарихи мекені екені баяндалған. Осы құжат арқылы шаруашылқ тәжірибесіндегі орнығып қалған консерватизмді, жекелеген басшылар мен тұтастай алғанда тұрғындардың ойлау жүйесіндегі енжарлықты  жеңе отырып, ертеңгі күнге деген сенімін күшейтуге және меншікке көзқарасты өзгертуге күрделі қадамдар жасалды. Стратегия негізгі екі экономикалық принципті жария етті. Біріншіден, бәсекелестікке негізделген әлеуметтік нарықтық экономика құру. Екіншіден, адамның экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайымдауы принципін жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа да жағдайлар жасау. Негізінен Н.Ә.Назарбаев елдікті қалыптастыру барысында «ең алдымен экономика, ал сонан соң саясат» қағидасы негізінде әрекет етті. Яғни, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаларында тек қана қажетті экономикалық  жағдай жасала отырып, саяси жаңғыруларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру — Н.Ә.Назарбаевтың негізгі бағыты болатын.

Күшті президенттік билікке негізделген егемен мемлекеттің дамуы стратегиялық мақсат ретінде айқындалды. Алғашқы негізгі міндеттерді шешуді көздеген жаңа министрліктер құрылды. Сондай-ақ  тәуелсіз Қазақтанның тарихында  тұңғыш рет қарулы күштер, дипломатиялық  және кедендік секілді мемлекеттік институттар құрылды. Мемлекеттік шекараны айқындап, нығайту жөніндегі шаралар қабылданды.

1992 жылы 4 маусымда мемлекеттіліктің негізгі белгілері саналатын елдің рәміздері — байрағы, елтаңба, 11 желтоқсанда әнұранның мәтіні бекітілді.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ел өміріндегі ең елеулі оқиғалардың бірі – Қазақстанның 1992 жылы наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануы. Бұл жас қазақ мемлекетінің әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде танылуының алғашқы көріністерінің бірі болатын.

Еліміз егемендік алып, өзінің мемлекетін құруға батыл кірісіп, елдіктің негізі саналатын, мемлекет құрылымындағы ең маңызды құжат – Қазақстанның Конституциясы 1993 жылы қаңтарда қабылданған болатын. Бірақ оның елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі бар еді, аталған заң жобасын дайындауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, ел ішінде болып жатқан саяси-экономикалық және әлеуметтік процесстерді бірден ой елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан нақты айқындау әлі мүмкін болмады. Осындай себептерге байланысты жаңа конституция қабылдау қажеттігі туындады.

1994-1995 жылдар аралығында мемлекеттік құрылыс пен экономиканың аса маңызды мәселелері бойынша жүздеген, соның ішінде конституциялық және кәдімгі заңдар күшіне ие жарлықтар шығарылды. Ең бастысы – оның тікелей қатысуымен елдің жаңа Конституциясы талдап-жасалды. Тәуелсiз мемлекетiмiздiң Негiзгi Заңы қабылданды (1995).1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясы президенттік басқару нысанын заңдық тұрғыдан бекітті. Күшті президенттік билік Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығына төнетін кез келген қатерге қарсы тұруға тиіс еді. Сонымен қоса, жаңа Конституцияда мемлекеттік билікті бір-бірімен тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара әрекет ететін заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлудің түйінді демократиялық қағидаты жазылған. Конституция биліктің әр тармағының, Парламентті қоса, қызмет аумағын олар бір-бірімен қиюласпайтындай және өзге өкілеттіліктерге иек артпайтындай етіп нақпа-нақ бөліп берді. Тұтастай алғанда онда көзделген модель өзінің тұрпаты жағынан француздық бесінші республикаға тартып тұратын.  Алайда ең бастысы – жаңа Конституция реформалардың іргетасын қалады. Бұл тұрғыдан қарағанда, ол Қазақстан тарихында бетбұрысты белес болды және маңызы жағынан тәуелсіздікке қол жеткізуден кем түскен жоқ. Елде жедел жаңарудың кең ауқымды үдерісі қанат жайды.

Қазақ жері – кең байтақ. Өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде 9-шы орын алатын, ақындық қуатпен айтқанда: “бес Франция немесе тоқсан тоғыз Бельгия сыйып кететін” мұндай ұлан-байтақ жер ата-бабаларымыздан мәңгілікке қалған асыл мұра. Тәуелсіздіктің туын көтерген кездегі ең басты міндет өз жеріміздің қасиетті әр пұшпағын өзгеге жем қылмау жағы бол­ды. Мемлекет басшысының ерен еңбегі мен аса жоғары ұйымдас­тыру­шылық қа­сиеті арқасында Қазақ­станның мемлекет­тік шекарасы тарихта тұңғыш рет ресми түрде түпкілікті айқындалды. Аттың жалы, түйенің қомында, айлақтан аймаққа тартып жатқан мемлекеттік шекараны, 14 мың шақырымнан астам көршілермен шектес шепті өлшеп, енді мем­ле­кетіміздің территориялық тұтастығы ту­ралы алып-қашпа сөздерге біржола нүкте қойылды. Бұл халқымыз көптен күткен, жұртымыздың жүрегін күпті қылған, тәуелсіздігіміздің нақты тірегі болатын тарихи кезең еді. Біз алып та адуынды державалардың ортасында жатқан елміз. Жер байлығы, ел байлығы көздің құрты болған қазіргі алмағайып заманда мем­лекеттік шекараны заңды және көрші­лердің де көңілінен шыға­тындай етіп белгілеп алу – Н.Ә.Назарбаевтың  ерекше еңбегі.

Тәуелсіздікті тұғырлы да ғұмырлы ету тұрғысында атқарылған үлкен де іргелі жұмыстардың және бір парасы – өз әскерімізді жасақтау. Мемлекет басшысы, ең алды­мен өз әскерімізді жасақтау, оның жауын­герлік-техникалық, тактикалық-стра­те­гиялық қуат-қарымын орнықтыру тұрғы­сында аса зор мәні бар бағдарламаны іске асырды. Соның нәтижесінде еліміздің әскери доктринасы дайындалып, тұжы­рым­далып, ол заман талабына сай сарап­тау мен бағалаудан өтіп, қабылданды. Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев жасақтаған қуатты армия қазір Отан шебін, ел тыныштығын көздің қара­шығындай қорғайтын дәрежеде.

Алдымен ұлттық қауіпсіздікті бекітіп алған Қазақстан қоғамның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге бар күшін салды. Қоғамның тыныштығы мен бірлігі біздің алдағы дамуымыздың ал­тын көпірі екенін түсінген Елбасы мем­лекеттілік құрылысында халықтары­мыз­дың өзара береке-бірлігі мен түсініс­тігін, достығы мен толеранттылығын, азаматтарымыздың ел тыныштығын сақтаудағы өзара сыйластығын басты на­зарда ұстады. Этностардың өзара бірлігі, ұлтаралық татулық, дінаралық тату­лық пен өзара сыйластық ел да­муының ең қозғаушы да, қорғаушы да күші болды. Ал шын мәнінде ол тұста шет­елдердегі талай сарапшылар ұлтара­лық негіздегі қақтығыстар алдымен ұлты да көп, діні де көп, тілі де көп Қа­зақстанда басталады деп қайта-қайта айтып жатқан еді.  Алайда олай болмады. Ондай келеңсіз жағдайларды  болдырмау оңай болған жоқ. Сол жұмыстың ең бір айшықты көрінісі – кейінгі жылдардағы саяси ішкі тұ­рақ­тылық тұтқаларының біріне айналған Қазақстан халқы Ассам­блея­сының дү­ниеге келуі. Мұндай ұйым кеңестік республикалардың ішінде ғана емес, дүние жүзі бойынша кемде-кем. Қазақстандық құбылыс ретінде орынды аталып жүр. Ол заңды да. Ассамблея осы жылдар ішінде өзі де барлық тұр­ғыдан есейіп, буыны бекіп, қоғамның саналы түрде есейіп, біртұтас болуына басты ықпал етті. Өзге елдерде сан түрлі оқыс оқиғалар мен қарулы қақтығыстар болып, қан төгіліп жатқанда Қазақ­станның ортақ үйінде ондай лаң мен дау туған жоқ. Түрлі-түсті төңкерістер де бой көрсеткен емес. Дағдарыс пен қиын­шылықтан бірлесе отырып шығу­дың жолдары қаралды.

Ең алдымен экономика, ал сонан соң саясат қағидасы негізінде әрекет еткен Н.Назарбаев ел экономикасын қалпына келтіруде батыл қадамдарды жүзеге асырды. Қазақстан тәуелсіздік жариялағаннан кейін бірден нарықтық экономика құруға бағытталған өзгерістерге кешікпей кіріскеніне қарамастан, ішкі және сыртқы себептердің салдарынан олар толық күшінде дереу жұмыс істеп кете алмады. Бұл кейінгі секіріс үшін белгілі бір плацдарм жасаған әзірлік шаралары сияқты еді. Бұған 1992 жылы жарияланған бағаның ырықтандырылуын, 1993 жылғы Конституцияда жеке меншік құқығының танылуын, 1993 жылғы сәуірде талдап жасалған жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын және ұлттық валютаның енгізілуін жатқызған жөн. Келеңсіз үрдістер өсіп келе жатты. Қазақстанның бұрынғы Одақтың біртұтас ақша, қаржы және экономикалық жүйесінде қала беруі нарыққа көшуді қиындатса, өз кезегінде Одақтың ыдырауы басталған. 1993 жылға дейін Қазақстан рубль аймағында болды. Осы уақытқа қарай инфляция деңгейі орасан мөлшерге жетіп, төрт мәнді цифрлармен өлшенді: 1992 жылы ол – 3061%-ды, 1993 жылы 2265%-ды құрады. Президент пен оның командасының алдында не ақша массасын қысу, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату таңдауы тұрды. Екінші нұсқа бұрынғы уақыттардан біршама үйреншікті болатын, бірақ әу бастан реформалар қисынына қайшы келетін.Алғашқы жол таңдап алынды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан ұлттық валютасын – экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды атрибутын енгізді. Бұл қадам 1994 жылдың өзінде-ақ жойдасыз инфляцияны төмендетуге, ал 1995 жылы инфляциялық үдерісті ауыздықтап, оны екі мәнді көлемге дейінгі деңгейге түсіруге мүмкіндік берді. Бұл кейінгі реформалар үшін кеңістік ашты. Күшті ұлттық валюта кейінірек ТМД кеңістігінде ең озық деп танылған Қазақстанның банк-қаржы жүйесінің өзегіне айналды. 1990-шы жылдардың басында экономиканың ырықтандырылуымен және жаңа қаржы жүйесінің қалыптастырылуымен қатар дербес бюджет, салық және кеден жүйелерінің құрылуы Қазақстанның экономикалық саясатының басымдығына айналды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді.

Алайда жекеменшік сектордың экономикаға қатысуын кеңейту нарыққа енудің басты шарты болып қала берді, ол мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіруді, нарықтық инфрақұрылымды дамытуды және бәсекелестік орта қалыптастыруды бір мезгілде жүргізуді қажет етті. Елдің алдында тұрған міндеттер қисыны жекеменшік бастама мен мемлекеттің күш-қуатын біріктіру қажеттігін өктем талап етті. Мұнда Назарбаев посттоталитарлық өзгерудің басты проблемаларының бірімен бетпе-бет келді, бұл проблеманы ұғынып алмайынша елдегі жаңару үдерістерінің ауқымы мен күрделілігін түсіну мүмкін емес еді. Посткеңестік кеңістіктегі басқа елдер секілді Қазақстан үшін де реформалар жолында халықтың әкімшілдік-әміршілдік басқарудың ондаған жылдарында қалыптасқан теңгермешілдік-масылдық менталитеті басты кедергі болып қала берді. Мызғымастай болып көрінген құндылықтар жүйесінің күйреуі есін шығарып, өз таңдауын жасау қажеттігінің алдында абдырап қалған адамдарды жасаған таңдауының дұрыстығына сендіру бәрінен де қиынға түсті. Бұл дағдылы бағдарлар мен өмір салтының кенеттен өзгеруі салдарынан пайда болған үрейге қарай табиғи әрекет еді. Адамдар сексен жыл бойы өздері бөгіп жүрген қияли көріністердің алдамшы әлемін тастап шыққысы келмеді. Оларды қатал, бірақ бірден бір нақтылық әлеміне қайтару қажет болды. «Өздерінде сілкінуге деген ешқандай ниет жоқ адамдарды қалай дүр сілкіндіру керек? Съездердің бітпейтін тізбегімен және марксизм-ленинизмнің ұлы да ұлы емес классиктерінің дәйексөздерімен толтырылған бастарды қалай тазарту керек?» – деп жазды кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев. Өзі де социалистік жүйе қойнауында тәрбиеленген адам болғандықтан ол қалыптасқан көзқарастардан, түсініктер мен өмір салтынан бас тартудың қандайлық қиын екенін түсінді. Ол сонымен бірге адамдардың санасын түбегейлі өзгертпейінше, олардың болашағы бұлыңғыр екенін де білді. Қазақстан халқы ешқашан либералдық қоғамда өмір сүрген емес және еркін экономиканы білген жоқ. Нарықтық реформалардың мәнін Назарбаевқа ел аралап жүріп сөйлеген сөздерінде түсіндіруге тура келді. Ол қарапайым ақиқатты дуалау сөзі секілді қайталаудан талмады: тек өз күшіңе сеніп қана табыс пен өркенділікке жетуге болады, егер адам бәзбіреудің қайырымына үміт артып отыратын болса, мемлекет те, қайырымды адамдар да, қоғам да – ешкім де оған көмектесе алмайды. Масылдық адамды бұзады. Көмек күтіп жан-жағына жалтақтау оны дербестіктен, өзі мен қоғам үшін жеке жауапкершіліктен айырады. Өркенді мемлекет пен либералдық қоғамды тек дербес те бастамашыл адамдар құра алады. Сондықтан ол кеңестік ақиқаттың қасаңдығында қалыптасқан бұқараның санасына жеке адамның табысы мен жеке адамның жауапкершілігі, нарық пен жеке меншікті дамыту қажеттігі идеяларын табандылықпен құя берді. Егер кеңестік мемлекет саясаты мемлекеттің жеке тұлғаға толайым идеялық өктемдік ету саясаты болса, Назарбаев оған керісінше, «бәрі де өз қолдарыңыздан келеді» дейтін дербес тұлғаны қалыптастыру саясатын ұсынды. Ол капитализмді ақтау жолымен мақсатты түрде жүрді, түсінілмей қаламын деп қорықпады және коммунистік құндылықтарда тәрбиеленген адамдардың қатал қарсылығына тап болуға тәуекел етті. Бұл саналы түрде жасалған және қағидаттық қадам еді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізі рынокты ұлғайту, жекеменшік институтын дамыту, адамдарды дербес қызметке тарту бағыты болуы тиіс. Осынау өзекті мәселе болмайынша қалғанының бәрі үстірт әрі бұлыңғыр жақсыаттанушылыққа айналуы мүмкін. Ол экономиканың тұрлаусыздығы мен дамыған жекеменшік секторы жоқ жағдайда бір сәттік әлеуметтік сұраныстардың жетегінде кету лайықты болашаққа деген үміттен айыратынын білді. Назарбаевтың реформалар барысында ағымдағы сәт тұрғысынан қолайсыз да қатал, бірақ стратегиялық тұрғыда бірден бір дұрыс қадамдары осыдан туындады. Сонымен қатар бұл мәселенің тағы бір жағы – саяси жағы бар еді. Назарбаев қоғамдық қатынастарды ырықтандырмайынша, нарықтық экономиканың мүмкін емес екендігі секілді демократияның да айтарлықтай кең дамыған жекеменшікшілер табынсыз мүмкін болмайтынын түсінді. Олар болмаса – еркін бастаманың да, мемлекет дамуының да ақырына жететін авторитаризм болады. Либералдық реформаларды өз-өзінен, жекеменшікшілер табын құрмастан жүргізу құмнан қамал тұрғызумен бірдей болатын. Сондықтан да нарыққа көшудің басты шарты мемлекеттік меншікті жекешелендіру болуы тиіс еді. Бұл қадам рынок субъектілерін құру тұрғысынан секілді халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалып­тас­тыру тұрғысынан да маңызды болатын. Назарбаев ауқымды жекешелендіруге тәуекел етті, жекешелендіру экономикалық өзгерістердің өзегін құрап, Қазақстанда жекеменшікшілер табын қалыптастырудың алғашқы тасын қалады. Жекешелендіру бірнеше кезеңге жоспарланып, жүзеге асырылды. Бірінші кезеңде пәтерлер мен ұсақ меншікті жеке­шелендіру өтті. 1990 жылдың ортасына қарай орта кә­сіп­орындарды жекешелендіру жүрді. Содан, ақыр соңында, 1990 жылдың аяғындағы қорытынды кезеңде стратегиялық мақсаттағы ірі объектілер жекешелендіруге түсті. Әрине, жекешелендіру негізінен пайда әкелетін меншікке бағытталған болатын. Алайда, бұрын назарға іліге бермейтін кеңес азаматтары үшін жеке пәтері де еркіндіктің елеулі сыбағасы болғанын атап өту қажет – сондықтан қарапайым қазақстандықтардың өміріне жекешелендіру ең алдымен қазыналық қордан тұрғын үйді жекеменшікке алудың мүмкіндігі ретінде енді. Бұл көпшілікке тәуелсіздіктің алғашқы, тіпті де оңай емес жылдарында адамдарға сондайлық қажет болған сенімділік берді. Жекешелендіру жаңағы айқын артықшылықтармен қатар, оның болмай қоймайтын шығындары жағдайында, нарыққа барар жолда Қазақстанға қатысты табысқа да жеткізді, ол посткеңестік кеңістіктегі басқа мемлекеттермен салыстыр­ғанда ілгері басудың тағы бір маңызды қадамын жасауға мүм­кіндік берді. Әңгіме посттоталитарлық өзгеру жағ­дайында болмай қоймайтын сұраққа байланысты еді: ұлттық маңызды стратегиялық нысандардың жекешелендірілуін отандық капиталдың қатысуымен шектеу керек пе әлде оларды әлемдік рыноктың барлық субъектілері үшін қолжетімді жасап, еркін бәсеке ортасына жіберу керек пе? Назарбаев екіншісін таңдап, бұл сұрақты жекешелендіру үдерістерін интернационалдандырудың пайдасына шешті. Ең әуелі шағын және орта бизнес объектілерін қамтыған ауқымды жекешелендірумен бір мезгілде шетелдік инвестицияларды кеңінен тарту басталды. Инвестициялар негізінен ірі кәсіпорындарды жандандыруға жұмсалды, өйткені оларды көтеру үшін Қазақстанның өз қаржысы болмады. Қазақстан экономикасы салаларының капиталды көп қажет ететінін ескере отырып, шағын акционерлік қоғамдар мен көп ретте өндірістің тиімділігіне залал келтіретін әлеуметтік жеңілдіктерді қалайда сақтауға ұмтылатын бұрынғы еңбек ұжымдарына нақты балама ретінде Үкімет стратегиялық инвесторларды белсенді ету мүмкіндіктерін қарастыра бастады. Олардың қатысуы тікелей инвестиция­ларды көбейтуге және, одан да маңыздысы, мүлдем жетіспей жатқан осы заманғы тәжірибе мен технологияларды ендіруге көмектесуі тиіс болатын.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел iшiнде саяси тұрақтылықты, ұлттар арасындағы түсiнiстiк пен ынтымақты сақтап қалды, нығайтуға бар күш-жiгерiн жұмсады. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсiздiгi жарияланғанға дейiн, КСРО құрамындағы мемлекет басшысы бола тұрып тағы бiр саяси, әлеуметтiк және әскери маңызы әлемдi елең еткiзген үлкен шешiмi болғанын есте ұстауымыз парыз. Ол – дүние жүзiндегi ең үлкен ядролық полигонды – Семей ядролық полигонын – жабу туралы Жарлығы.

         Қазақстан өз тәуел­сіздігін жариялаған кезде біздің қолымызда қуаты дүние жүзі бойынша төртінші болып табылатын жойқын ядролық қару-жарақ арсеналы бар болатын, оның қуатын сезіну үшін бұл қарудың күші мен саны Ұлыбритания, Франция, Қытай секілді ядролық қаруы бар елдердің бірлескен арсеналынан әлде­қайда асып түсетін. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы бар ядролық мүмкіндіктерге талдау жасай келіп, оған АҚШ-тан, Ресейден және Украинадан кейінгі төртінші ел деген атақ беріп, ядролық державалардың дүниежүзілік рейтингіндегі рет санын айқын көрсетті. Мұның өзі дүниежүзілік қауымдастықтың Қазақстанға оның құрылған алғашқы жылдарынан бастап жіті назар аударуының басты себебі болды. Өйткені бұған барлық негіз бар еді. Қазақстан аумағында өзінің қырып-жою күші жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. 1991 жылдың аяғына қарай мұнда 1400 ядролық оқтұмсық орнатылған 104 құрлықаралық СС-18 баллистикалық зымырандары бар стратегиялық база,Қазақстанның кеңістігінде тарыдай шашыраған ондаған әскери аэродромнан кез келген уақытта шұғыл түрде ұшып шығуға әзір тұрған 240 қанатты зымыранмен қаруланған 40 Ту-95 МС стратегиялық бомбалағыш ұшақтар бар болатын. СС-18 зымыраны өте қаһарлы қару еді. Өзінің техникалық сипаттамалары жағынан ол осы тектес зымырандардың барлық түрінен де артық болатын. Әр зымыран жеке-жеке бағытталатын бірнеше бөліктен тұратын ядролық оқтұмсықтармен жарақтандырылған еді. Оның ұзындығы 34 метр, қалыңдығы 3 метр. Радиусы 12 мың шақырымға жуық аумақты қырып-жоя алады. Батыста ол «Ібіліс» деп тегіннен тегін аталмаған. Ол өзінің салмағы жағынан чемпион ретінде тіпті Гиннестің рекордтар кітабына да жазылған еді. Қазақстанның жалпы ядролық қаруының күш қуаты бұрынғы КСРО-ның барлық потенциалды дұшпандарының стратегиялық нысандарын жойып жіберуге толық жеткілікті болатын. Яғни, сан миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы және тұтас мемлекеттерді жер бетінен қас-қағым сәттің өзінде жоқ етіп жібере алатын еді. Оның өзі әбден ретке келтірілген, іске қосылуға әзір тұрған «барынша тиімді қырып-жою технологиясы» ретінде белгілі болған еді. Оның үстіне, Қазақстан стратегиялық-ядролық қару-жарақтар және оларды жеткізу құралдары орналастырылған орын ғана болып қойған жоқ. Республика аумағындағы орасан зор қуатты әскери-техникалық потенциал тұтасымен реттеліп, әзірлікте тұрған индустрия, «мемлекет ішіндегі мемлекет» болатын. КСРО ыдырап кеткеннен кейін Қазақстан толық әскери ядролық шаралар тізбегін, ядролық қаруды сынауды, жетілдіруді және өндіруді жүзеге асыру үшін қажетті базаға басы бүтін ие болды. Республикада ядролық қару-жарақтардың мүмкін болған түрлерінің бәрі де әртүрлі кезеңде сынақтан өткізілген ядролық полигондардың тұтас кешені орналасқан еді. Дүниенің жаңаша құрылымы Қазақстанның мүддесіне көптеген мәселелер бойынша тікелей әсер етті. Ал соның ішінде еліміз үшін, оның тағдырын тікелей шешетін демесек те, ең маңызды мәселенің бірі кеңестік ядролық мұраның тағдыры туралы мәселе болды

Сол жылдары Н.Ә.Назарбаевтың иығына орасан зор жауапкершілік жүктелді. Елдегі үсті-үстіне жалғаса түскен аса ауыр дағдарыс жағдайында Қазақстанның ядролық держава болуы керек пе, әлде керек емес пе деген мәселені шешіп алу қажет еді. Бұл сұрақтың дұрыс жауабына елдің қазіргісі ғана емес, сонымен қатар болашағы да байланысты-тын. Халықаралық қауымдастықтың табандылықпен тілек білдіруімен қатар елдің өз ішіндегі қысым жасаушылар да пайда болды. Қазақстанда ядролық қаруды сақтап қалуды жақтаушылардың саны да аз емес еді. Сол жылдардағы баспасөзде, жағдайды едәуір бұрмалап көрсете келіп: «Қазақстан қоғамында ядролық қаруға ие болу туралы мәселе жөнінде екіге бөлінген жік пайда болды», деп те жазылды. Бұл екі арада ядролық мұраның тағдырын шешудің адамгершілік парасатқа сай негіздерін Н.Назарбаев елдің егемендігі жарияланған бойда-ақ қалаған болатын. Ядролық дилемма, яғни екінің бірін таңдау, Қазақстан үшін ол қаруды жою немесе сақтап қалу мәселесімен ғана шектелген жоқ. Сонымен қатар, Семей ядролық полигоны туралы проблема да бар еді. Елге әбден бүлінген экология және мыңдаған қазақстандықтардың зардап шеккен денсаулығы мұра болып қалған-ды. Ядролық сынақтардың салдарынан адамдар осы уақытқа дейін зардап шегіп келеді, ең сұмдығы сол – ұлттың генофондына зияны тоқталмай келеді. Семей қаласынан небәрі 120 шақырым жерде орналасқан сынақ полигонында қырық жыл ішінде 458 ядролық жарылыс жасалды. Олардың 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астындағы сынақтар еді. Қуаты бірнеше килотоннадан 1,5 мегатоннаға дейін болды. Бұл цифрлар ұлттың жанын жегідей жейтін аса ауыр қасіретті көрсетеді. Қазақтар ядролық қарудан неғұрлым көп зардап шеккен жапондықтардан кейінгі екінші орында. Мұның өзі бейбіт заманда, өздерінің ата мекенінде болды…

Одақтың басшылығымен және әскерилермен болған төзімділікпен жүргізілген шиеленісті күрестен кейін, 1991 жылғы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен полигонды жапты. Мұның өзі елдің егемендігіне және ядролық қарудан бас тартуға жасалған алғашқы қадамдардың бірі болды. Сонымен қатар Назарбаев прагматик саясаткер ретінде ядролық қалқанның сақтап қалуын жақтаушылардың позициясын да жете түсінді. Өйткені, осы заманғы тұрақсыз бейбітшілік жағдайында ол қалқан қуатты қорғаныс құралы және көз жеткізе қорқытып, кәміл сендіру құралы бола алатын еді. Сыртқы саясаттың тап мұндай салмақты дәлелінен жай ғана бас тарта салудың мәні бар ма еді? Оның үстіне, Қазақстан бұл мәселеде кейбір шетелдердің қолдауына ие бола алатынын сезді. Алайда ол сонымен қатар ядролық қарудың таяқтың екі ұшы болатыны сияқты екенін де сезді. Мәселе ондай қатерлі арсеналды сақтау үшін орасан зор ресурстар талап етілетіндігінде ғана емес еді. Қазақстандықтардың басқа біреулердің зымырандарының нысанасына ұдайы ілігіп тұруына және бейбіт өмірдің тіпті көптеген кездейсоқтықтарға тәуелді болуы жағдайында өмір сүруіне тура келер еді. Өте сақтықпен және сонымен қатар мейлінше батыл әрекет жасау қажет болды – өйткені ұлттың тағдыры қыл үстіне қойылған еді. Келіссөз процесі өте күрделі жағдайда жүргізілді. Бір жағынан, Батыс елдері Қазақстанға ашықтан-ашық жеткілікті қысым жасап бақты, ядролық мәртебеден неғұрлым тез бас тартуды талап етті. Оның үстіне, ешқандай кепілдік беруге уәде еткен жоқ. Екінші жағынан, бірқатар мемлекеттер біздің жас еліміздің басшылығын өзіміздегі ядролық технологияларымыздың бір бөлігін өздеріне беруге көз жеткізе иландырмақ болды. Ақырында қазақстандық дипломатия жеңіп шықты және Назарбаев өз дегеніне қол жеткізді. Сөйтіп, елдің ядролық қарудан арылғаны үшін елдің қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын сақтауды қамтамасыз етуге барлық дүниежүзілік державалардың ресми кепілдігін алды. Қазақстан өзінің аумағын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады. Бұл шешім әлемдік қауымдастықтан жоғары баға алды. Мұны АҚШ бастаған мемлекеттер жо­ға­ры бағалап, қолдау көрсетті. Прези­дент­тің ядролық қаруды таратпау, ха­лық­аралық лаңкестікке, діни экстре­мизм­ге қарсы күрес, басқа да жаһандық істерге қосқан үлесіне әлем жұрт­шы­лы­ғы әр кез ілтипат танытумен келеді. Қаруға емес, парасатқа жүгінген, ақыл-ісімен танылған Н.Ә.Назарбаевтың  ұтымды ұстанымы.

Алайда, ол кезде алда әлі талай ауыр жол­дар жатыр еді. Елбасы өзі айтқандай: “Алдағы ауыр жолды абыройлы жүріп өту үшін, әуелі жол картасы керек бол­ды. Әрине, дүние жүзінің тәжірибесіне сүйендік, Малайзияның “2020 пер­с­пек­ти­васы”, Қытай мен Оңтүстік Корея­ның стратегиялық жоспары, Рузвельттің 30-шы жылдардағы экономикалық жолы. Бірақ біздің стратегиямыздың олар­дан ерекшелігі, біз барлық проб­ле­ма­лардың шешімін кешенді түрде қарадық”. Тәуелсiз Қазақстанның ұзақ мерзiмдi басым мақсаттары мен оларды iске асыру стратегиялары Ел Президентiнiң “Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы” атты Қазақстан халқына Жолдауында (1997) терең негiзделдi. Бұл құжатта негізгі жеті мақсатқа басымдық берген. Бірінші — ұлттық қауіпсіздік, екінші – ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірлігі, үшінші – шетелдік инвестиция мен ішкі қорларды кеңінен пайдаланып, ашық нарықтық экономиканы қалыптастыру арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету, төртінші – денсаулық сақтау, білім беру және Қазақстан азаматтарының жақсы тұрмысы, бесінші – энергетикалық қорлар, алтыншы – инфрақұрылым, оның ішінде көлік пен байланыс, ал осылардың бәрін қамтамасыз ету үшін жетінші – кәсіпқой мемлекет құру. Бұл қоғамымыздың болашағы мен тәуелсiз мемлекетiмiздiң мұраты хақындағы даналық пайымдау едi. Онда егемен елiмiздi таңдаған мақсатымызға, тәуелсiз мемлекеттiгiмiздi көздеген мұратымызға жеткiзетiн өсiп-өркендеуiмiздiң траекториясы, дамуымыздың даңғылы анықталған. Ел Президентi стратегиясында бiздiң елiмiздiң мұраты мен мiндетi Қазақстанды ұлттық бiртұтастық, әлеуметтiк әдiлеттiлiк тән әрi күллi халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсiз, гүлденген және саяси тұрақты, қуатты мемлекетке айналдыру екендiгi көрсетiлдi. Барша қазақстандықтардың гүлденуi, қауiпсiздiгi мен әл-ауқатының артуы мемлекеттiң, қоғамның, әр қазақстандықтың күллi күнделiктi жұмысының күретамырына айнала бастады. Республика Президентiнiң iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы бұдан кейiнгi жыл сайынғы Жолдауы осы стратегияның iске асырылуына берiлетiн бағаны қамтып, алдағы жылға арналған нақты мiндеттердi айқындауда. Осы аталған неғұрлым ауқымды болжамдар мен стратегия, мемлекеттiң әр жылдағы iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары тиiстi мемлекеттiк бағдарламалар және оларды орындаудың iс-шаралар жоспары бойынша iске асырыла бастады.

Қазақстан олардың бәрін ре­во­люциялық жолмен емес, эволюциялық даму жолымен жүзеге асырды. Бұл үшін дана басшылық, сара саясат, парасатты пайым керек еді. Және ол мемле­кет­ті­лікті қалыптастыру жолын­дағы жан­кеш­ті жұмыстармен үйлесімді, үлгілі және үр­дісті түрде жүруі тиіс болатын. Демек, Президентіміз өзі айтқан “жол кар­тасын” әуелден-ақ дұрыс таңдап алды.Республика Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы түрiнде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын жасап, оны жүзеге асыруға кiрiскен шақтан тәуелсiздiгiмiздiң екiншi кезеңi басталады.

Тәуелсіздігін енді ғана қолына алған мемлекет үшін ең үлкен мәселелердің бірі халықтың дүниетанымын, санасын империялық үстемдік жағдайында тамыр жайып, орнығып қалған, «жат» құндылықтардан арылту болса керек. Сөйтіп ұлтқа, жалпы қоғамға өзінің табиғи мүдделері және құндылықтарымен қауышуға, оларды түгендеуге мүмкіндік туғызу. Ал бұл шара өткен тарихты сыртқы идеологиялық күштердің араласуынсыз, емін-еркін қайта сараптаудан , ғылыми талдаудан, електен өткізуден басталады.

     Міне, осы процес еліміздің соңғы он жылдан астам тарихында пәрменді жүрді. Қоғамымызда Елбасынан бастап қатардағы азаматқа шейін ұлттық тарихымызға бетбұрыс жасады. Әрбір адам өзінің шыққан тегін, ата шежіресін білуге ұмтылды, әрбір азамат елінің өткен жолына үңіліп, сол арқылы бүгінгі көп сауалдарға жауап іздеді. Бұл жалпы ұлттық мәдениеттің деңгейінін жоғарыдығын танытқан ғажап құбылыстың Өйткені болашағына үміт артқан халық ғана өткенін білуге құштар. Халық өткеніне селқостық танытса, онда оның өз болашағынан үмітінің үзілгендігі.

      Халықтың өзін-өзі тануы, өзін жасампаз тұлға ретінде сезінуі — бұл баяу жүрктін әрі улкен шыдамдылықты талап ететін, жүйелі де мақсатты еңбектің нәтижесі ретінде ғана іске асатын процесс. Сондай-ақ мұндай күрделі жұмыстың әдіс-құралдары мен жөн-жосығын халықтың ғасырлар бойы жинаған мол тәжірибесі мен даналығынан табуға болады

Мәдени-әлеуметтiк салада жүргiзiлген iс-шаралар нәтижесi де мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiн нығайта түстi. Мәдениет, ғылым мен бiлiм үлкен өзгерiстер, iргелi жаңарулар кезеңiн бастан өткеруде. Мәдени мұраға жаңаша көзқарас қалыптасты. Мәдени мұра ұғымының аясы кең. Адамның ақыл-ой қызметi мен қол еңбегiнiң құнды нәтижесi ретiнде ғасырлар бойында сан ұрпақтың игiлiгiне жұмсалуы барысында барынша жетiлген, кемелiне келген материалдық және рухани байлықтарымыздың бәрi де мәдени мұра жәдiгерлерi қатарына жатады. Тарихтың қилы кезеңдерiнде соққан дауылдарда халықтың арын сақтап, жанын қорғап қалған, басын қосқан, бiрлiгiн бұзбаған ғаламат күш осы байлық болатын.Бұл арада ұлтпен бiрге туып, бiрге жасап келе жатқан ұлттық тiл мен ұлттық дiл мемлекеттiң, елдiң баға жетпес асыл қазынасы, егемендiгiмiздiң, тәуелсiздiгiмiздiң басты алғышарты екенi әрдайым есте тұруы шарт. Мәдени мұра игiлiктерiн бүгiнгi қауымның жақсылығына пайдалануына жағдай жасау, төкпей-шашпай, бұзбай-жармай аман сақтап, байытып, келер ұрпақтың қолына тапсыру, бiр дәуiр емес, ұзақ мерзiмге сақтау мен тиiмдi пайдаланудың тетiктерiн, технологиясын жасау – бүкiлхалықтық мiндет. Бұл мiндеттi жүзеге асыру жолында аянбай қызмет ету қоғамның, мемлекеттiң мәдени-әлеуметтiк, саяси-экономикалық кемелдiгiнiң деңгейiн көрсетедi. Осы бағытта қордаланып қалған өзектi мiндеттердi шешуде Республика Президентiнiң “2004 – 2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекттiк бағдарламасы туралы” 2004 жылғы 13 қаңтардағы Жарлығының мәдени-әлеуметтiк маңызы жоғары деп бiлемiн. Қазақстан Орталық Азия  тіпті бұрынғы Кеңес елдері ішінен  2004-2006 жылдарға «Мәдени мұра» Мемлекеттік орта мерзімге бағдарлама қабылдаған тұңғыш әрі әзірше жалғыз ел болып тұр. Қазақстан үкіметі сол Бағдарламаға сәйкес нормативті-құқықтық базасын даярлау және зерттеу, сақтау және мәдени мұраны пайдалану бойынша жұмыстар мен шаралар өткізуде. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша қоғамдық Кеңес жұмыс істеді. Осылайша, бағдарлама басымдылығына сәйкес мәдени мұраны қорғау мен насихаттау бойынша жобалар мен жасалып, атқарылуда. Бұндай бағдарлама Қазақстандық номинацияларды Бүкіләлемдік мұра тізіміне ендіруге ел мүмкіндігін арттыруға зор мүмкіндік береді анық. Қазіргі кезде қазақстандық номинациялардың ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне алдын-ала ендіруге 13 объект кіреді, олардың ішінде мәдени-ортағасырлық қала Яссы-Түркістан; Отырар қалашығы; Бегазы-Дәндібай мәдениетінің мегалитикалық мавзолейі; Арпа-Изен петроглифтері; табиғи — Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Алтын-Емель Ұлттық табиғи саябағы, Солтүстік Тянь-Шань (Іле-Алатау Ұлттық табиғи саябағы); Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері; аралас Тамшалы мәдениетінің тас балбалдары; Ұлытау мәдени ландшафты; Қаратау тау сілемдерінің палеолиттік құрылыстары;  Ешкіөлмес петроглифтері,  Меркі түркі мавзолейі.     Үш жыл ішінде  «Мәдени  мұра»   кешенді    мемлекеттік    бағдарламасы   жүзеге  асырылып    жатыр.«Мәдени мұра» Бағдарламасын жасап   шығару    мәдени   мұра    аясында қалыптасқан ұйымдық-құқықтық аухалға мәдениет ұйымдарының, ғылыми-зерттеу   және    жобалау  институттарының, қалпына келтіру   ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, олардың қызметтерін қаржыландыру    арқылы   мемлекеттің   белсенді түрде   араласу   қажеттігінен   туындап   отыр.

      Бізге    белгілі,   мәдени   мұра   қазіргі қазақстандық   қоғамның     рухани   тұрғыдан  бірігуіндегі   негізгі факторларының   бірі,   ұлттың   өзін-өзі   тануының,   ұлт сана-сезімі   өсіуінің   маңызды   сыңары   болып   табылады. Сондықтан   «Мәдени мұра»   Бағдарламасы    Қазақстан    мен Орта    Азия   аймағы   үшін   ерекше   жүйе   құрушы   маңызға  ие.

Өркениеттік таптаурыннан өту жолындағы маңызды қадамның бірі мұсылмандығы басым мемлекет саналатын Қазақстанға рим-католик шіркеуінің басшысы Иоанн Павел Екіншінің сапары болды. Бұл 11 қыркүйектегі белгілі қайғылы оқиғадан кейін он күн өткенде Қазақстан Президентінің шақыруымен жүзеге асты. Назарбаев ватикандық тақтың басшысын өзіне одақтас санады. Ал ол – өркениеттер мен діни конфессиялардың келісіміне жету жолында көп нәрсе тындырған адам. Иоанн Павел Екіншінің Орталық Азияға өз өміріндегі бірінші де соңғы сапары түрлі конфессиялардың, ең алдымен ислам мен христиандықтың, төзімділік пен өзара түсіністік жолындағы қарым-қатынасты нығайту жолындағы жарқын қадам болды.

Астанада 2003 жылдың қыркүйегінде өткен Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер басшыларының құрылтайы өркениеттердің ашық үндесуін бастау үшін жаңа мүмкіндіктерді белсенді іздестірудің нәтижесі болды. Бұл италиялық Ассези қаласында әлемдік конфессиялардың белгілі кездесуінен кейінгі осындай үлкен ауқымдағы алғашқы форум еді. Шын мәнінде барлық әлемдік діни жетекшілер қолдаған бұл құрылтайға Еуропадан, Азиядан, Таяу және Қиыр Шығыстан және Америкадан христиандық пен ислам, иудаизм мен буддизм, индуизм, даосизм мен синтоизм, басқа да конфессия өкілдері келді. Осы жылы үшін­ші рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезі тағы да қазақ жерінде өткелі отыр. Сан алуан діндердің бұған дейін бір-бірі­мен түсініспек түгілі қол беруге келіс­пей­тін өкілдерінің өзі Астана төрінде бір-бірі­мен қол алысып, әлемдегі бейбіт өмірдің бағасын терең танудағы парасаттылық­тарын көрсетті. Бұл діндер тарихында бұрын-соңды болмаған ерекше құбылыс.

Күрделі кезеңнің бар тауқыметін өз мой­нына алып, алға сүйреген тұста олқы­лық­тар кеткенін Елбасы да айтады, одан жалтармайды. Бұл Президенттің кемең­герге тән кемелдігін, азаматқа жарасатын ақыл­дылығын, алды кең тұлға екенін дәйектейді. Құрылтай жұмысына 18 әлемдік конфессияның өкілетті өкілдері қатысты. Құрылтайдың бір ерекшелігі – алғаш рет әлемдік діндердің жетекшілері зайырлы Мемлекет басшысының шақыруымен бас қосты. Сондықтан да онда теологиялық проблемалар емес, жалпыадамзаттық проблемалар сөз болды. Халықаралық шиеленістердің алдын алуға, ғаламдық қауіп-қатерге, ксенофобияға және төзімсіздікке қарсы тұру үшін әлемдік діндердің рухани және адамгершілік әлеуеті қалай пайдаланылады деген сұраққа жауап мұндағы әңгіменің негізгі арқауына айналды.

«Шиеленіс» тұжырымдамасына Назарбаев «өркениет кездесулері» идеясын қарсы қойды. «Басқа да өркениеттер, мәдениеттер, діндер бар екендігімен санасу керек, олардың да терең де маңызды тарихы бар, өзіндік бейнелілігімен, менталитетімен ерекшеленеді. Оларды ешқандай күш қолдану және ерік-жігер тәсілдерімен бұзуға болмайды».

Үндесуге осылай жол ашылды. Қазақстан бүкіл әлемнің келісімге қол жеткізуіне мүмкіндік тудырды – ендігі сөз әлемнің өзінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

 

2.1. Жаңа дәуірдің жаңа астанасы

 

Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі – астананы ауыстыру. Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы 6 шілдеде Алатау баурайындағы Алматы қаласынан Сарыарқа төсіндегі Ақмола қаласына көшірілді. Астананы ауыстыру сөзсіз  тосын да сирек оқиға, алайда жаңа тұрпатты мемлекет қалыптастыруды мақсат еткен ел үшін бұл қажеттілік. Жіне де осындай ауыстырудың қажеттілігі ел тұрғындарының қалауына қарағанда, мемлекеттің пайдасынан жиірек туындайды.

Бүгінгі күні жас астанан елдің әкімшілік орталығы ретінде өкіметтің орталық органдары орналасқан, ел үшін тағдырлық мәні бар шешімдер қабылданатын жер ғана емес, бұл бүкіл қазақстандықтар үшін Отанымыздың нағыз жүрегіне айналды. Күн санап жаңа астананның ажарын ашып, көркейте зәулім де сәулетті жаңа құрылстары, сәнін келтіріп тұрған гүлзарлар мен лаңдары, саябақтары қала қонақтарын таң қалдыруда.

Астана – Қазақстанның жаңаруынынң нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш қуатының жемісі. Бұл – қиын-қыстау кезеңнің өзінде жаңа астанасын тұрғызуға бел шешіп кіріскен халықтың өзінің күш-жігеріне деген сенімінің белгісі. Бұл – азаттық алған ұлттың өзінің гүлденген болашағына, ұрпағының келешегіне зор үмітінің көрінісі.

Астананы ауыстырудың басты себебі: мемлекеттік дамудың негізгі мақсаттарын жүзеге асыру болып табылады. Астананың тарихи жағынан Азия мен Европаны жалғастырған орталық болуы, оның республикалық көлік, темір жол және әуә жолдарын байланыстырып жатуы шарт болатын.

Астананы көшіру, жаңа астананы тұрғызу өз алдына ұзақ тарих. Астананы ауыстыру қажеттілігіне итермелеген бірнеше жағдайлар болды. Алдымен Қазақстан астанасын Алматыдан басқа бір һңірге көшіру міндеті қойылған. Жалпы елбасы Н.Назарбаев астананы ауыстыру туралы ұсынысын 1994 жылы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында жария етті. Алғашқыда елбасының бұл бастамасын қарапайым халық түгілі, билік басындағылардың бірқатары  қолдау көрсетпегені туралы елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында баяндаған. Сондай-ақ елбасының аталған кітабында жаңа астананың шежіресін, тарихын нақты деректермен әсерлі суреттеген.

Төрт жыл бойына, жаңа астананың тұсаукесері өткенге дейін Президентке өз ұсынысының пайдалылығын қорғап отыруға тура келді. Егемен Қазақстанның жаңа топтас­тырушы орталығын құру қажеттілігі астананы көшірудің пайдасына жұмыс істеген неғұрлым салмақты дәйек болды. Астананы 200 мыңдай халқы бар шағын облыс орталығы – Ақмола қаласына көшіру жөнінде шешім қабылданды. Жаңа астананың пайдасы туралы айтылған артықшылық­тардың ішінде елдің орталық бөлігінде, коммуникациялық және көлік магистралдарының қиылысында, тиімді геосаяси орналасуы неғұрлым маңыздырағы болды. Оның сыртында қалада одан әрі даму үшін қажетті ресурстар шексіз еді – жағалай жазылған дала болатын.Астананың көшірілуі рекордтық қысқа мерзімде өтті. Бұл қадам дағдарыс кезеңінде қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизміне қолдау жасау үшін өте маңызды еді. Ол елдің өткеннен болашаққа, жаңа дәуірге ауысуының нышандық оқиғасына айналды. Жас елдің мүмкіндіктері әлемге паш етілді.Бүкіл әлемнен қонақтарды – мемлекеттер басшыларын, саяси қайраткерлерді және әлемнің қалың жұртшылық өкілдерін жинаған жаңа астананың салтанатты тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында, яғни көшіру идеясы жарияланғаннан кейін небары төрт жыл өткенде болды.Құрылыстың жеделдетілген қарқыны мен бүкілхалықтық қолдау 6-7 жыл ішінде далада қайталанбас бейнесі мен стилі бар қазіргі заманғы қала тұрғызуға жағдай жасады. Ол шығыстық дәстүрлер мен постиндустриялық дәуірдің тұжырымдамалық шешімдері тоқайласқан еуразиялық қала.

Астана — тек саяси және экономикалық қана емес, сонымен бірге

Назарбаевтың жеке, адами жобасына да айналды. 2003 жылы ел Президенті астананы жобалауға тікелей атсалысты ма деген «Уолл-стрит джорнэл» газетінің сұрақтарына ол: «Әр үйдің. Әр архитектуралық жобаның. Оның тіпті әр үйдің түсіне де қатысы болды. Бұл қаладан сіздер тек сары және ақ түсті, яғни ашық түсте боялған үйлерді ғана көре аласыздар. Біздегі климат айтарлықтай қатал, сондықтан ағаштардың жапырақтары түскен кезде ғимараттар белгілі дәрежеде олардың орнын толтыруы керек, олар ашық болуға тиіс. Біз 55 сәулетшіні қатыстырып конкурс өткіздік, бірақ ол әлі де құрылыстың өзі емес-тін. Ол бар болғаны парақ қағаз. Мен–архитектормын және ол туралы айтуға ұялмаймын да», деп жауап берді.Президенттің тапсырмасы бойынша қаланың айналасындағы жалаңаш даланың 30 мың гектар аумағына ағаш отырғызылды. Жыл сайын ол өзі жаңа отырғызылған түптерді аралап, оларға үнемі күтім жасау керектігін талап етеді. Қазір келушілер Астананы жасыл қала деп атайды – ал сусыз даланың қатігез жағдайында оған қол жеткізу оңай болған жоқ.Туристік анықтамалықтарда Астананы болашаққа ұмтылған қала деп атайды, ол әншейін метафора емес. Жыл сайын елордада 1,5-2 миллиард АҚШ доллары игеріледі, шамамен 80-100 орташа және ірі нысандар салынады. Бүгінде ұзақ мерзімді өсу әлеуетіне ие Астана отандық және шетелдік инвесторлардың зор ақшалай қаржыларын өзіне тартуда. Астананы салу мен дамытуға салынған қаржы жыл сайын көбейіп келеді.Құрылыстың үлкен көлемі мен қалаға ұлттық және шетелдік жетекші компаниялардың келуі жұмыс орындары санының өсуін қамтамасыз етті. Астанадан үлгі алып, елдің өзге қалары да өздерінің бейнелерін өзгертуге кірісті. Бүгінде бүкіл Қазақстан бір үлкен құрылыс алаңына айналды дегенді батыл сеніммен айтуға болады.Уақыт Қазақстан Президенті шешімінің тиімді екенін растап берді. Тіпті ең бір айтқанынан қайтпайтын скептиктердің өзі Назарбаевтың астаналық жобасының тарихи қажеттілігін, саяси және экономикалық пайдалылығын мойындады. Астананы көшіру Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірді – өткеннің ықпалынан тыс дәуірді ашты және Қазақстанның экономикалық өсуі мен өркендеуінің басталуының өзіне тән символына айналды.

 

2.2. Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан

 

Мемлекеттігіміздің ең алғышартты бел­гілерінің бірі – Қазақстанның дүние­­жүзілік қоғамдастыққа толыққан­ды мү­ше болып, әлем мемлекеттерімен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орната білуімен байланысты.Еліміздің тұңғыш Президенті Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз­дігіміз жарияланғаннан бастап осы аса маңызды мәселеге айрықша мән беріп, ол мәрте­бенің тұрақтанып, нығая түсуі жолында аянбай, еңбек етіп келе жат­қандығы да сол маңыздылықтан өрбіп келеді.

Мемлекет әдетте ұлттық негізде құ­ры­­лады. Ол – ұлттың өсу, өркендеу қабі­леттілігінің нышаны. Осыдан 18 жыл бұ­рын Қазақстан өзін тәуелсіз мем­лекет деп жариялағанда, шіркін “мем­лекет” деген статустың тұрақтағанын көзімізбен көріп, өзіміздің шын мәнінде ұлттық мемле­кетіміздің өкілі екенді­гімізді өзімізден бөтен ел таныса, басқа әлем жұртының құлағы “Қазақстан” деген мемлекетке үй­реніп, дағдыланса деп арман еткенімізді естен шығар­мағанымыз жөн болар еді.      Бүгін біз бәрі оп-оңай бола қалғандай көреміз. Арыстардың аманатын арқалаған, намыстың желкенін керіп, сауаты ша­малы, санасы төмен деп өмір бойы желке­леп келген үстем күштің тегеурінді тырнағынан құтылған қазақты танытуға бел байлаған көшбасшының сол тұстағы әр қадамы халықтың да, бәріміздің де көз алдымызда. Тіпті Мәскеу мінберінен асып сөз сөйлеп көрмеген, сәл ғана бұрын мәр­те­белі қауымдастыққа мүше болып, бүгіл­ген белін жазып, түскен еңсесін тіктеген елдің Елбасы әлемнің ең биік мінберінен – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассам­блеясының 47-ші сессиясында сөз сөйлеп, дүниеде бар екенімізді жар салып айтты. Бодандықтан бостандыққа шыққан, кеңес халқы, кеңес азаматы деген жалпылама ұғымнан жалқы атауға көшкен, қазақ, қазақ­стан­дық деген сәулелі сөзді иеленген ел еке­німіз сол күні төрткүл дүниенің құлағына жетті. Осындай елмен жақындассақ жаман болмайды екенбіз дегендер шетінен шығып жатты.

Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстан жетекші рөл атқаратынын осы жылдар ішінде айқын дәлелдеп, тұрақ­тандырды. Елімізде өткізілген экономи­калық реформалар өзінің оң нәтижесін беру арқылы халықтың әлеуметтік тұрмы­сын көтерді. Біздегі өмір сүру деңгейі көрші­лес өңірлік мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Тек Орталық Азия емес, біздегі экономикалық реформалар­дың тиімділігін, озықтығын қазір ТМД елдері, оның ішінде Ресейдің мойындап отыруы да көп нәрсені аңғартса керек. Бұл туралы Ресей Президенті В.В.Путин әлденеше рет әділін айтып, Қазақстанның бұл күндері “кіші іні” емес, иығы тең серіктес, әріптес екенін жария етті. Қазақстанның өркендеуі туралы және оның ТМД шеңберінде ғана емес, әлем кеңістігіне еркін еніп, табан тіреп, жыл­дан жылға өз дауысын айқын шығарып, келбетін келістіріп келе жатқаны туралы Мәскеу қаласының мэрі Ю.Луж­ков, Ресей үкімет мүшелері Г.Греф, А.Куд­рин, экономика сарапшылары, әйгілі ғалымдар А.Аганбегян, А.Илларионов, А.Чубайс, тағы басқалары салиқалы түйіндерін бұқаралық ақпарат тұралдары арқылы көпшілік назарына ұсынды. Қазір Батыс Еуропа, Америка, Тынық мұхиты ай­мағының көптеген саясаткер сарапшы­лары Қазақстан туралы жылы лебіз біл­діріп, біздің елімізге қызығушылық танытып жүр.

Президент Н.Ә.Назарбаев Біріккен Ұлт­тар Ұйымының жоғары мәртебелі мін­берінен сөйлеген сөзінде дүниежүзілік өр­кениеттегі Қазақстан мемлекетінің, хал­қының орны мен үлесі үшінші мыңжыл­дықтағы адамзат дамуына көрнекті болып қосылатынын жариялады. 1991 жылы дүние жүзіндегі ең ірі төрт ядролық сынақ полигонының біреуін – Семей сынақ алаңын Қазақстан жауып, 40 жылдан астам жасалған атом бомбасының сынағы тоқта­тылғанын әлемдік қоғамдастық жылы қабылдады. Бірақ ол кезде, көпте­ген ірі мем­лекеттер, әлемдік қоғамдастық атом бомбасының сынақтарының Қазақ­стан халқына, жер қыртысына, табиға­тына келтірген зияны мен зардапта­рының көлемінен мүлде хабарсыз еді. Ол туралы Қазақстан БҰҰ-ға мүше болғаннан кейін ғана, еліміздің Президенті әлденеше рет сөйлеп, дүниежүзілік қауымдастықтың назарын осындай үлкен, ғасырларға кеткен проблемаға аудара алды. Семей аймағы мен Арал теңізінің тағдыры да осы әлемдік мінберден айтылды. БҰҰ Бас Ассамблеясы біздің елдің, жердің даусын естіді, дертін сезді. Өкінішке орай, Қазақ­стан әлемге Семей, Арал сырқаттарымен де танылды.

Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы өзінің БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Азия континентіндегі өзара ықпалдастық және сенім шаралары туралы кеңінен талдау жасап, БҰҰ-ның алдында осыған байла­нысты кеңес өткізу туралы ұсыныс жасады. Бұл тың ұсыныс БҰҰ-ның ықыласты қолдауына ие болды. Мұндай шаралар Азия елдерінің қауымдастығында бұрын өткізілмеген еді. Сондықтан да мұндай дәрежеде Азияның қайшылыққа толы мемлекеттерінің басын қосып кеңес өткізуге кейбіреулер сенімсіздікпен қара­ғаны былай тұрсын, тіпті мүлде әрекет жа­сау­дың да қажеті жоқ деп шұғыл қайырды. Алайда БҰҰ-ның қолдауымен бұл істің тізгінін қолына ұстаған Қазақстан өзі баста­машы әрі тұңғыш ұйымдастырушы рөлін атқарды. Мақсат­ты, тиянақты, дәйекті келіссөздердің нәтижесінде Азия құрлығындағы мемле­кеттердің көпшілігі Қазақстан басшы­сының бұл жаңа бастамасына шын ниет­терімен қолдау білдірді. Ең алдыңғы­лардың бірі болып Ресей, Қытай, Үндістан сияқты алып елдер басшылары түсіністікпен қарап, жас мемлекеттің ниеті мен тұғырлы тұжыры­мына ыждаһат­тылықпен ден қойды. Саралы ой, пікірді сарапқа салды. Өз елдеріндегі маман­дармен ақылдасып, сын тезінен өткізді. Ақыры бұл жобаның Азия елдері үшін маңыздылығы мен қажетті­лігі­не көздерін жеткізіп, қомақты қолдау көр­сетті, кеңестің дайындалуы мен өткізілуіне белсене қатынасты. Қазақстан диплома­тиясы он жыл бойына ізденіске толы толассыз келіссөздер мен кеңестер өткізді. Мұндай табанды әрі нақты бағдарлы, парасатқа ұмтылған бейбіт саясат жылдан жылға абырой жинап, Қазақстанның халықаралық беделін көтерді. Азия мемле­кеттерінің назары саяси тұрақтылық пен бейбіт жасампаз қоғамды нық сеніммен қалыптастырып отырған Қазақстанға ауды. Қазақстанға деген сенім артты. Ақыры, 2002 жылдың жазында Алматы қаласында тұңғыш рет Азия құрлығының тарихында жиырма төрт мемлекеттің басшылары бас қосып Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары туралы алқалы кеңес өткі­зіп, Алматы декларациясын қабылдады. Кеңеске БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан өзінің құттықтауы мен арнайы өкілін жіберді, сондай-ақ Біріккен Араб елдерінің лигасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымының өкілетті өкіл­дері қатынасты. Бұл – сөз жоқ, Қа­зақ­­стан­ның дүниежүзілік қоғамдастыққа еніп, халық­аралық беделді ұйымдардың белсенді мү­шесі ретінде қол жеткізген зор табысы, халық­аралық дәрежеде саяси айтулы жеңісі болды.

Қытай Халық Республикасының Төр­аға­сы Цзян Цзэминь: “Қазақстан Прези­денті Н.Ә.Назарбаев Азия мемле­кеттері арасында Сенім шараларын қабылдау қажеттігін дер кезінде әрі өте алысқа болжайтын саяси көрегендікпен көтерді. Кездесу өте нәтижелі өтті. Біз Қазақстанды осы құнды бастамасының нәтижелі аяқталғанымен құттықтаймыз”, – деп ризашылығын білдірді. Араларында Кашмирге байланысты қайшылықтары бар Үндістан мен Пәкстан басшылары да Ал­ма­тыда қол алысып, бір құжатқа қолдарын қойды.

Бүгінде Еуропалық Одақпен қоян-қолтық әріптестікке қол жеткізген Қа­зақстан сындарлы жүргізіп келе жатқан көптарапты сыртқы саясаттың арқасында осы ұйыммен стратегиялық әріптес бол­ды. Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуро­палық Одақ арасындағы қарым-қатынас жыл өткен сайын қарқын алып, ол жоғары және ресми деңгейлердегі өзара іссапарлардан, белсенді әрі тұрақты саяси үнқатысулардан, тауар айналымының бірнеше есе өсімінен және еуропалық инвестициялардан айқын көрініп отыр. Өткен жылы тауар айналымы 27,5 миллиард доллардан асты.

Қазақстан өзінің негізінен азиялық мем­лекет ретіндегі, халқының негізгі бө­лігі мұсылман дінін ұстанатын ел ретіндегі дара сипатынан да ажырамай келеді. Еліміз­дің мұсылман әлеміндегі беделі де биік. 2011 жылы Ислам елдері конфе­рен­циясының төрағалығына Қазақстанның сайлануы осы биік беделдің даусыз дәлелі.

Тәуелсiз Қазақстан – әлемдiк державалар үшiн Орталық Азия елдерiне алып баратын сауда жолы қақпасының алтын кiлтi. Геоэкономикадағы осындай жағдайымыз бен әлемдiк рынокқа мұнай, газ, кен, ауылшаруашылығы шикiзатын шығаратын бай мүмкiншiлiктерiмiз ертедегi батыс пен шығысты тұтас қамтитын әлемдегi iрi сауда жолын – Жiбек жолын – қайта жандандыруға негiз болды. Бiздiң ғасырымызда әлем елдерiнiң геостратегиялық мұраттары мен мүдделерi осы жолдың бойында түйiсетiнi қазiрдiң өзiнде аныққа айналып отыр. ХХІ ғасырдың жаңа мұнай-газ құбырлары мен авто және темiржол даңғылдары Жiбек жолы бойымен өтетiнiне әлемдiк қоғамдастықтың да көзi жеттi. Осының бәрi әлемнiң ұлы державаларын Орталық Азия өңiрiнде, әсiресе, Қазақстанда экономикалық басымдыққа ие болу жолындағы бәсекелстiгiн арттыруға мүдделi етуде.
Осылайша, жаһандық геоэкономикалық мүдделер бiздiң өңiрiмiзде түйiсiп отыр. Жањандық геоэкономикалық мүдделер өз өңiрiнде түйiскен Қазақстанның геостратегиялық ұстанымын Президент Орталық Азия өңiрiнiң барынша интеграциялануымен тiкелей байланысты анықтады. Бұл бағыттағы аса iрi нәтиже – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуы. Әлемдік қоғамдық пікір 2001 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) белсенді жұмыс істей бастағанына назар аударуда. Бұл – шынында да Азия елдері арасындағы сенім және іс-қимыл шараларынан кейінгі мақсаты айқын, мүмкіндігі мол жаңа халықаралық ұйым. Ол БҰҰ-дан қолдау алып, халықаралық ұйым ретінде тіркеліп, мойындалған. Бұл ұйым әуел баста Қытаймен шекаралас ТМД-ның төрт мемлекеті және Қытай арасында шекарадағы сенім шаралары туралы келісімге келуден басталған. Кейін осы форматта бірлесіп, лаңкестікке қарсы күрес ұйымдастыра алатын, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынасты дамы­туға ықпал ететін ұйымның қажеттілігі туындады. Әуелгі бес мемлекет – Қазақ­стан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжік­станға енді Өзбекстан қосылуға қызы­ғушылық білдіріп, ШЫҰ-ға құрылтай­шылары алты мемлекет болды. Қазір ШЫҰ жұмысына Азиядағы басқа мемле­кеттер де зейін қойып, қызығушылық білдіре бастады. ШЫҰ-ға кіретін мемлекет басшыларының Қазақстанда өткен саммитіне Үндістан, Монғолия, Пәкстан, Түркия, Грузия мемлекеттері бақылаушы статусымен қатынасты. Яғни, болашақта бұл халықаралық ұйымның да жұмысы жандана түспек. Қазақстан осы Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізгі ұйт­қысы, оның ұйымдастырылуына алғаш­қы болып ұсыныс берген мемлекет. Қытай елі Қазақстанның осындай ширақтығын, белсенділігін жоғары бағалайды.

Бүгiнде Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжiкстан, өзбекстан – бұл ұйымның тең дәрежелi мүшелерi, ал Монғолия, Иран, Үндiстан, Пәкстан ұйым жанындағы бақылаушы мәртебесiне ие болды. Сөйтiп, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы дүние жүзi халқының тең жартысын қамтитын мемлекеттер аумағын бiрiктiрiп отыр. Ол Орталық Азияда, Еуразия кеңiстiгiнде Еуропалық Одақ елдерi мен Америка Құрама Штаттарының мүдделерiн үйлестiрiп, теңдестiре ұстауға мүмкiндiк беретiн, сондай-ақ аумақтық және жањандық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге ықпал жүргiзе алатын аса қуатты күшке айналды, БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесiне ие болды, АСЕАН, ТМД ұйымдарымен өзара түсiнiстiк туралы меморандумдарға қол қойды.
Сонымен қатар ол Қазақстанның ЕурАзЭҚ-ты реформалауға, БЭК-тi құру жөнiндегi жұмыстарды тиiмдi жалғастыруға, ЕҚЫҰ-мен бұрынғысынша iс-қимыл жасауға, БСҰ-на мүше болуға, БҰҰ-ын реформалауға талпыныстарына оң ықпал ететiнiн батыл айтуға болады. Ұйым аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дүниежүзiлiк маңызы бар. 2005 жылғы шiлдеде Астанада Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды, Ұйымға мүше мемлекеттердiң лаңкестiкпен, сепаратизммен және экстремизммен күрестегi ынтымақтастық тұжырымдамасын бекiту туралы шешiмi және басқа құжаттар қабылданды. Бұлардың бәрi де өңiрдiң өмiрлiк сұраныстары мен қажеттiлiктерiнiң өзегiнен туған әрi дер кезiнде қабылданған шешiмдер.

Қазақстан қандай да халықаралық ұйым­дарға мүше болса да жәй “қара көбейтіп” жүруден бойын аулақ ұстайды. Осы мемлекет болғалы 18 жыл көлемінде біздің ел әлемге орынды бастамашыл­дығы­мен, ширақ қозғалысымен, өсуімен, әділ жол тапқыштығымен танылуда.

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше болғандағы біздің басты мүддеміз – еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету еді. Құрамында 55 мемлекет бар осы беделді халықаралық ұйымның 1994 жылдың желтоқсанында Венгрия астанасы Буда­пештте өткен саммитінде біздің Елбасы­мыз сөз сөйлеп, Еуропа және Азия елдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы өз ойларын ортаға салды. Дәл осы басқосуда Қазақстан үшін тарихи шешім қабыл­данды. 1994 жылдың 6 желтоқсанында Буда­пешт қаласында 55 мемлекет басшысы қатынасқан саммитте АҚШ Президенті Билл Клинтон, Ресей Президенті Борис Ельцин, Ұлыбритания Премьер-Министрі Джон Мэйджер, Украина Президенті Леонид Кучма және Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қауіпсіздігіне кепілдік келісіміне қол қойды.

2003 жылы 30 қарашада Мадридте Қазақстан үшін, жалпы алғанда, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін аса маңызды, тарихи шешім қабылданды. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстан Республикасының 2010 жылы осы мәртебелі ұйымға төрағалық етуіне бірауыздан дауыс берді. Қазақстан әлем­дегі түркітілдес, мұсылман және азиялық мемлекеттердің, кешегі кеңестік кеңіс­тік­тегі елдердің ішінде Еуропадағы Қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымына бірін­ші болып төрағалық ететін мемлекет ре­тінде тарихқа енді. Мен мұны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз, эконо­ми­касы қуатты және демократиялық мем­лекет құрудағы әрі біздің еліміздің тек өз өңірінде ғана емес, әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке сіңірген аса зор еңбегін әділ бағалағандық.

ЕҚЫҰ жалпы Еуропадағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ықпалды да беделді ұйымдардың қатарына жатады. Қазақстан өзінің демократияны мұрат тұтып, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды әлем қауымдастығына паш етіп, өзіне деген сенімді ту қылып, ЕҚЫҰ-ға төраға болуға ең алғашқылардың бірі болып ниет етті. Еліміздің қандайда бір жетістіктеріне күдікпен қарайтындар ЕҚЫҰ-ның төрағалық жеңісіне күмән келтірумен болды. Алайда дамудң қиын-қыстау кезеңдерінен сүрінбей өтіп, өркениет әлеміне қол созған Қазақстанның демократиялық үрдістеріне берік екендігін еуропалық дипломаттар елдің біртұтастығын тани білді. Ең бастысы, елбасыНұрсұлтан Назарбаевтың саясатына, елді тұрақтандыра білген дана басшы, көреген лидер екендігіне сенім аян болып тұрды. Нәтижесінде, Қазаұстан әлем жұртшылығы алдында орасан жеңіске, тұғырлы табысқа жетті.  Қорыта айтқанда,  Еуропаның Қазақстанға өз төрін ұсынуы, ең алдымен қазақ халқының яғни, Алты Алаштың бағын жандыратын қасиетті қадам екендігі даусыз.

2.3. Н.Ә.Назарбаев феномені

 

         Адам уақытты таңдамайды, ол тек уақытпен бірге тыныстайды. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл саяси өмірбаяны белгілі дәрежеде бұл нақылды жоққа шығарумен келеді. Өйткені, мемлекеттік қайраткер ретінде ол өзіне берілген жағдаяттар жүйесінің ауқымымен шектеліп қалмай, тағдырдың жазғанына сеніп, соның ырқына енжар ілесіп кете бермеді. Керісінше, ол қалыптасқан жағдайға көнбей, бұлқыныс танытып, болмысты өзі белсене қалыптастыра отырып, аса қолайсыз жағдайда және іс жүзінде  жаңа мемлекет орнатумен қатар, республиканы әлемдік қауымдастықтың толыққанды әрі беделді мүшесі деңгейіне көтере алды.Ол өз ұстанымын былай білдіреді: “Мен шұ­ғыл жеңістер мен баршаға бірдей игілікті уәде етпеймін. Мен әлдебіреулер сияқты, нақ­ты белгіленген уақыт мерзімінен кейін қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жұ­мақ орнатуға уәде бермеймін. Бірақ бәріміз бірге алған бағыттың бізді қандай да бұ­лың­ғыр әрі ешкімге түсініксіз “жарқын бола­шақ­қа” емес, жалпыәлемдік өркениеттің тап­таурын, даңғыл жолына әкелетініне сене­мін. Адамзаттың дені жүріп келе жатқан ай­қын да қалыпты жолға әкелетініне сенемін”.

Назарбаев – Шығыс пен Батыстың, Азия мен Еуропаның, социализм мен капи­тализмнің, жоспар мен нарықтың, тоталитаризм мен демократияның тоғысқан, шарпысқан, кіріккен, біріккен, қақтығысқан қазанынан қайнап туған тұлға. Оның әлемдегі көптеген басшылардан айырма­шы­лығы да, артықшылығы да осында. Назарбаев біз жоғарыда санамалап өткен жайлардың қай-қайсысының да күнгейі мен көлеңкесін, жақ­сы­сы мен жаманын, озығы мен тозы­ғын өз көзімен көріп, өз өзегінен өткізіп келеді. Солай болғандықтан да Назарбаевтың осының бәрін салыстыра қарауға, салғастыра сөй­леуге толық құқы да бар, мүмкін­ші­лігі де бар. Шы­ғыс­тың ойшыл­дығы да, Батыстың пра­г­матизмі де бірдей өрілген Елбасы бойында. Батырға тән батылдық та, ғалымға тән тереңдік те, ақынға тән арман­шылдық та қатар табы­лады Елбасы ойында. Қос тілде қатар ағылатын шешендігі, әлемнің ең биік мін­бер­лерінен де ықпайтын көсемдігі өз алдына.

“Қасиетті қазақ жері – ата-баба­лары­мыздың даңқты тарихын аттының тұяғымен жазып кеткен жер”, деп Елбасы өзі айтқандай, сол тарихи жер­дің бірі Арқа төсіндегі Ақмола десек, осы жерге тәуелсіз елдің ғажайып аста­насын салу тағы бір табысымыз еді. Қыс­қа мерзімде ерке Есілдің екі жағынан сән-салтанаты келіскен бүгінгі елорданы тұрғызу басында қиялдай естілгені рас. Сенгеннен сенбегендер көп болғаны да шындық. Әлемде астана ауыстырудың 140-тан астам мысалы бар екен. Әрине, олардың бәрі бірдей сәтті бола бермеген. Ал Астана Қазақ­стан­ның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың ғасырлық қол­таң­басы, тәуелсіз еліміздің тарихи жеңісі! Ерлікпен елдік мақсатына жеткен Елбасының бұл кемел жұмысы ерен іс демеске шараң жоқ. Тәуелсіз елміз, тәуелсіз елдің өз астанасы болуы керек деген Президенттің озық ойы орын­далды. Әлем жұрты дәл қазір Қазақстан десе – Астана, Астана десе – Назарбаев дейтін болды. Астана – бүкіл Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі. Ғасырлар тер­беген ұлы арманның орындалуы. “Ескерткіш орнаттым мен қолдан кел­мес” деп ұлы ақын айтқандай, Арқа төсін­дегі Астана – Қазақстан халқының жасампаздығына, тұңғыш Елбасымыз Назарбаевтың сол жасампаздыққа жеткізген жарқын жеңісіне орнатылған ең еңселі ескерткіш.

         Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн сақтау мен нығайтуда, әлемдiк геосаяси ахуалды ырықтандыруда, елiмiздiң өмiрлiк мұраттарына жету жолында, iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын қамтамасыз етуде, шетел инвестицияларының деңгейi жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негiзделген экономикалық өсу қарқынын арттыруда, Қазақстан азаматтарының денсаулығының, бiлiмi мен әл-ауқатының артуы үшiн қажеттi жағдай жасауда, энергетика ресурстарын, инфрақұрылым, көлiк және байланыс желiлерiн дамытуда, мемлекеттiк қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиiмдi жүйесiн жасауда қол жеткен табыстарымыз бен жетiстiктерiмiз әлемнiң iрi мемлекеттерiнiң басшылары тарапынан жоғары бағаланып отыр. Тәуелсiз Қазақстанның экономикалық, саяси табыстары мен жетiстiктерiн әлем саясаткерлерi Ел Президентi Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет басшысы ретiндегi кемелдiгiмен, кемеңгерлiгiмен байланыстырады. Бiз мұндай тұжырымға толық қосылуға болады. Өйткенi Елбасының егемендi елiнiң тәуелсiз мемлекет ретiнде қалыптасып, дамуына, Қазақстанның кең ауқымды әлеуметтiк, саяси және экономикалық реформалар жүргiзуiне, өз өңiрiнде көшбасшыға айналуына сiңiрген ерен еңбегi бар. Ұлыбританияның 1979 – 1990 жылдардағы Премьер-министрi Маргарет Тэтчер 1992 жылы: “Қазақстан басшысы – әлемдегi 5 – 6 үздiк саяси қайраткерлердiң бiрi”, – дедi. Ол тұста бұл сөздiң тереңiнде жатқан ақиқат шындықтың мәнiн бiреу түсiнсе, бiреу түсiнбеген-дi. Бүгiнде бұл шындыққа әлемнiң iрi мемлекет қайраткерлерi түгелдей көз жеткiздi. “Қазақстанның экономикалық нәтижелерi айрықша әсер еттi, сондықтан бiз Сiздiң шағын және орта бизнестi дамыту және Қазақстанның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiруiне қол жеткiзу жөнiндегi күш-жiгерiңiзге қолдау бiлдiру үшiн АҚШ-тың Халықаралық даму жөнiндегi агенттiгi арқылы Сiзбен жұмыс iстесудiң жақтаушысы болып қаламыз. Сiздiң елiңiздiң тұрақтылығы мен өркендеуi өңiрдегi басқа елдер үшiн үлгi болады” (2004), – деп мойындады АҚШ Президентi Дж. Буш. Дж. Буштың барынша салқынқанды айтқан осы бiр сөзi шындық құбылыстың оның көзiне көрiнген қырын ғана танытып тұрғанын ескеруiмiз керек. Шынтуайтында мұның арғы жағында неше алуан қайшылықты оқиғалар, ахуалдар, факторлар, адам тағдыры, өңiр қауiпсiздiгi… жатыр. Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция басшыларының тарапынан Қазақстан Президентiнiң қызметiне, Қазақстанның жетiстiктерiне жоғары баға берiлдi. Ұлыбританияның премьер-министрi Энтони Чарльз Линтон Блер Қазақстан Президентiне: “Қазақстанның алдында тамаша болашақ бар. Ұлыбритания екi ел арасындағы өзара қарым-қатынасты бұдан да гөрi нығайта түспек”, – деп телеграмма соқты.
Ресей басшылығы Қазақстанды өздерi үшiн ең жақын ел, тiптi бiрден-бiр адал серiктес ретiнде таныды. ГФР-дiң 1974-1992 жылдардағы Вице-канцлерi Г.Геншер: “Президент Назарбаев қиын-қыстау кезеңде қарама-қарсы екi жақтың басын қосу үшiн батыл бастамашылықтар ұсынды. Бұл өте үлкен дүние, мұның өзi Қазақстан Президентiнiң жауапкершiлiгi мен мемлекеттiк даналығының жоғары деңгейiн тағы да дәлелдеп отыр” (2002 ), – деп ағынан жарылды. Осы орайда мен Рим католик шiркеуiнiң архиепископы Томаш Пэта айтқан мына сөздерде үлкен шындық қана емес, үлкен қуат бар деп бiлемiн: “Сiрә, Құдiреттiң өзi бұл ойды Сiздердiң Президенттiң қаперiне салған тәрiздi. өйткенi барлық жақсылық Жаратқаннан таралады ғой… Ендiгi жерде Қазақстан руханиятты түлету арқылы, түрлi ұлттарды, мәдениеттер мен халықтарды таныстыру арқылы, бiр-бiрiн құрметтеу арқылы бiрiгу жолын көрсетiп отыр” (2003). Бұл сөздерде терең мағына бар. Оны түсiне бiлу өзiмiздi өсiрумен қатар елiмiздi де биiктете түседi.Тұңғыш Президен­тіміздің әлем жүзіндегі беделі биік, абырой-атағы жоғары екен­дігіне дәлелдер мен дәйектер тіпті де аз емес.

конецформыначалоформыХу Цзиньтао Қытай Халық Республикасының Төрағасы: «Тәуелсіздік жылдары Сіз­дің басшылығы­ңыз­бен еңбек­сүй­гіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қа­жырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді.Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде, халықтың әл-ауқаты артып, қоғам­ның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталып отыр, елдің халықаралық аренадағы ұстанымы нығайып келеді. Біз қазақстандықтардың мемлекеттілікті ны­ғайту және елді дамыту ісіндегі табыстарына шын ниетпен қуанамыз.»

Маргарет ТЭТЧЕР Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі: «Мемлекет­тердің іргесін салған, негізін қалаушылар әр­дайым дерлік қалыпқа сый­май­тын тұлғалар болып келеді, ал Нұрсұлтан Назарбаевты толық мәнінде осы санатқа жат­қызу­ға болады. Тотали­таризмнен азаттыққа көшу ешқашан жеңіл болмаған… Президент Назарбаев Қазақстанды бүгінгі шыққан биігіне жеткізу үшін батылдық пен сақтықтың үйлесімін пайдаланды. Коммунизм бұғау­ларын быт-шыт қылған ел өзінің ерекше қазақы қасиеттерін сақ­тап қалды. Пре­зи­дент Назарбаев экономика мен қоғамның ашықтығына, яғни кейбір көршілері қа­сарыса бас тартқан нақ сондай нәрсе­лерге ұм­тылды, ол сөйтіп, Қазақстан үшін халықаралық ұйымдарда айтарлықтай беделге қол жеткізді.»

Жак Ширак Француз Республикасының бұрынғы Президенті: «Мен өзіңізбен кездесу­ле­рім­ді әрдайым үлкен ілти­пат­пен еске аламын. Мен 1991 жылы Қазақ­стан­да болған өзгерістерді Францияның ма­ңыз­ды әрі шешуші өзгерістер ретінде бағалайтынын айтқым келер еді. Алмағайып әрі аса күрделі жағдайда Сіздің еліңіз өзінің ұлттық құн­ды­лықтары мен ұзақ тарихына адалдығын сақтай отырып, сонымен қатар демократияның адамзат баласына ортақ қағидаттары мен құқықтық мемлекетке бейілдігін паш ететін мемлекет орнатудың айнымас жолына түсті. Аз уақыт ішінде Қазақстан тұрақты институттары мен серпінді экономикасы бар елге айналды. Мұны небәрі бір кезең ғана деуіңіз арқылы да Сіз кемеңгерлік көрсетіп отырсыз. Еліңізді заманаға лайық деңгейге орнықтырып, оның халық­аралық аренадағы асқақ мұраттарын қамтамасыз ету үшін қажет санап, реформаларды жалғастыра беруге Сіздің бекем бел байлап отырғаныңызға мен қуаныштымын.»

Озық ойлы прагматик, ол әрқашан уақыт үніне деген сезімталдығымен ерекшеленеді. Кеңестік дәуірде қалыптасқан Назарбаев қайта құру мен жаңаша ойлаудың құндылықтарын бүкіл жан-дүниесімен қабылдады. Одан соң батыс пен шығыс реформаторларының теориясы мен тәжірибесін, нарық экономикасы мен либералды еркіндік идеяларын бойына сіңірді.Азиялық жолбарыстардың табыстары оған айрықша әсер етті. Ол өзінің Оңтүстік Кореяға, Сингапурге, Малайзияға барған сапарларын әсерлене әңгімелейді. Кезінде Джордж Вашингтон, Мұс­тафа Кемал Ататүрік, Махатма Ганди секілді ұлы тұлғалар өз мемлекеттері үшін мәңгілік мақтаныш болатын та­рихи қадамдар жасап, туған елдерінің жа­дында қалса, осындай ұлы перзент­тер­дің жалғасқан жақсы керуенінде Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы сапта көш бастап келеді. Оның үстiне мемлекет басқару iсiнде Н.Назарбаев жеткен тұтастыққа, iшкi тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еларалық ынтымақтастыққа, саяси-экономикалық даму қарқынына Қазақстанның арғы-бергi тарихында бiр де бiр қайраткер жеткен емес. Ойлауының ауқымдылығы мен айқындығы, стратегиялық тұжырымдары мен ұстанымдарының жүйелiлiгi һәм тегеурiндiлiгi, iшкi және сыртқы саясатының ашықтығы мен нәтижелiлiгi жағынан Қазақстан Президентiмен тең түсердей көреген мемлекет басшысы, М.Тэтчер айтқандай, жер-жаһанның өзiнде бiрен-саран ғана. Қазақстан Президентiнiң әлемдiк саясат көгiнде жарқырап тұруының негiзi оның табиғат дарытқан көрегендiгi, көсемдiгi, даналығы секiлдi қасиеттерiнде. Ал Елбасының бұл қасиеттерiне жарық пен жылу, күш пен қуат берушi – оның елiне, Отанына деген оттай ыстық, мөлдiр сүйiспеншiлiгi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Қорытындылай  келе  ғылыми жұмыстың негізгі міндеті елбасы Назарбаевтың жас тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрудағы жүргізген реформалары мен ұстанған бағытын, тұңғыш президенттің тұңғыш істерінің мазмұны мен мәнін ашып көрсету болып табылатындығын айтуға болады.

     Егемендік алып, еңсемізді көтергенімізге биыл 18 жылдың жүзі болады, тарих үшін 18 жыл қас-қағым ғана уақыт. Осы қып-қысқа мерзімде тұтас бір ғасырдың жүгін еркін көтеріп кетті. Кеңестер одағы келмеске кетіп, ұиын-қыстау кезеңде біздің бақытымызға орай ел тізгіні  Нұрсұлтан сынды ғасырларда бір-ақ туатын кемел ойлы кемеңгер көсемнің ұолына тиді. Ол өзіне тән даналықпен, көрегендікпен ел бірлігін, ұлттар, халықтар достастығые сақтап. Мемлекеттігіміздің іргетасын мықтап бекітіп, шаңырағын шайқалтпай, тарихтың дауылдары мен жауындарынан, өрті мен дертінен аман алып шықты. Небір қиын кездерде көрегендік пен ерлік танытты.

Мемлекеттiң жетiстiгi мемлекет басшысының ел бастау қабiлетiнiң айрықша жоғары деңгейдегi қызметiмен тiкелей байланысты. Тәуелсiз Қазақстанның бүгiнгi жетiстiктерiнiң бәрiне де Н.Назарбаевтың тiкелей бастауымен қолымыз жеттi. Қазақстанның тәуелсiз даму бағыттарындағы табыстарымыздың бәрiнде де Елбасының ақыл-ой қуатының, алақан табының iзi бар. Елiмiзде Елбасының назарынан, ақыл-ой қуаты мен жүрек қызуынан тыс бiр де бiр салада да алға басу болған емес.
       Соның бәрінде халқымыз өзі таң­даған, өзі сайлаған Нұрсұлтанына қалаулымыз деп қалтқысыз сенді, ел бастаған еріміз деп соңынан ерді. Осы жылдар ішінде көпұлтты, көп­дінді, көптілді елімізде шетін оқи­ға­лар шыға жаздаған кездер де кез­дес­пей қалмады. Олардан ең алдымен ел иесі, жер иесі болып табылатын қазақ халқының өзіне табиғатынан тән кең­діктің, кешірімділіктің, мейірім­діліктің арқасында аман-есен өттік. Бұл жайында Елбасымыздың өзі де: “Қанша қиындық көрсе де, абзалдығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қазіргідей қиыр-шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талайын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпеспін. Қалайша бас имеспін!” деп ағынан ақтарыла айтқан.

Елдiң iшкi-сыртқы саяси жағдайы, құқықтық ахуалы, конституциялық құрылымы, экономикалық жүйесi түбегейлi өзгерiп, жаңа сипатқа иелендi. Қазақстан қазақ халқының тарихи-генетикалық Отаны, атамекенi екенi құқықтық тұрғыда конституциялық және халықаралық деңгейде толық негiзделдi. Қазақстанды тәуелсiз мемлекет, егемендi ел ретiнде әлемдiк қоғамдастық түгел таныды. Республиканың қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығына әлемдегi ең iрi державалардың кепiлдiгiн алуға қол жеттi. Халықтың санасы оянып, әлеуметтiк белсендiлiгi күшейе түстi, бұрынғыдай партия не айтса, соған құлдық ұрып тұратын құлақкестiлiктен арылды. Мемлекеттiк-ұжымдық сана, дүниетаным жекешiл дербес қоғамдық санамен алмасты.

2006 жылғы 11 қаңтардағы Президент инаугурациясы кезіндегі сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы ең басты үш міндеттің ойдағыдай орындал­ғанын қанағаттанған сезіммен атап өтті. “Біз өте маңызды үш міндетті орындай алдық: өз мемлекеттігімізді құрдық, әлем­дегі қарқынды дамып келе жатқан экономика жасақтадық, халықтың әл-ауқатын нақты түрде жоғары көтердік”, деді Елбасымыз.

Қорыта айтқанда – біздің мемле­кетіміз дүниеде болып жатқан құбылыс­тарға сырттан бақылаушы болып, тағдыр не сыйлар екен деп қол қусырып отырған жоқ. Қазақстан әлемге өзінің ізгілікті, бейбіт ниеті, өркендеуге, дамуға әзірлігі, тиянақты бағыты, бағдарламасы бар, бәсекелестікке қабілетті ел екендігін дәлелдеп, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі ретінде танылып, әлем елдерімен жіті қатынасын кеңейтіп отырған жаңа сипаттағы болашағы мол ірі мемлекет. Мемлекеттiң жетiстiгi мемлекет басшысының ел бастау қабiлетiнiң айрықша жоғары деңгейдегi қызметiмен тiкелей байланысты. Тәуелсiз Қазақстанның бүгiнгi жетiстiктерiнiң бәрiне де Н.Назарбаевтың тiкелей бастауымен қолымыз жеттi. Қазақстанның тәуелсiз даму бағыттарындағы табыстарымыздың бәрiнде де Елбасының ақыл-ой қуатының, алақан табының iзi бар. Елiмiзде Елбасының назарынан, ақыл-ой қуаты мен жүрек қызуынан тыс бiр де бiр салада да алға басу болған емес. Ойымды Ресей Федерациясының Премьер-министрі Владимир Путиннің сөзімен қорытындылағым келеді, «Қазақстан үшін Нұрсұл­тан Назарбаев — өте ерекше тарихи тұлға. Ол тек қана Қазақстан­ның тұңғыш Президенті ғана емес, ол – қа­зақтық, қазақстандық мемлекеттіліктің іргетасын қалаушы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ҚҰЖАТТАР  ТIЗIМI

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. Алматы: Қазақстан,1991. 288-бет 2. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қантардағы № 1277 Жарлығымен бекітілген // Қазақ тарихы. — 2004. — № 2.- 4-7 б.
  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы : Алматы: Өнер, 1996. 272-б.
  3. Назарбаев Н. Халықтан жасыратын ештеңе жоқ.// егемен Қазақстан. 1997-5шілде.
  4. Назарбаев Н. Ел межесі – елулік // егемен Қазақстан. 2006-22 наурыз.
  5. Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы – қоғамдық идеялық бірлігінде. Алматы: ПО Кітап, 1993. 32-б.
  6. Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы: Өнер, 1996. 272-б.
  7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 : Алматы: Білім, 1998. 96-б.
  8. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Стратегиясы іс жүзінде // Егемен Қазақстан. 2005. 12-қазан.
  9. Назарбаев Н.Ә. Қалың елім, қазағым. Алматы: Өнер, 1998. 306-б.
  10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-Ресей қатынастары: Алматы: Қазақстан, 1998. 336-б.
  11. Назарбаев Н.Ә.  Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. 296-б.
  12. Жолдасбеков М. Ұлттық сана қалыптастыру үшін Ұлы дала тарихын ұрпақ санасында тірілту керек //Егемен Қазақстан. — 2007.- 28 қазан.-7 бет.
  13. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. Астан: Елорда, 2001. 240-б.
  14. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. Алматы: Атамұра, 2003. 240-б.
  15. Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегінде. Алматы: Атамұра, 2005. 192-б.
  16. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректануы. Алматы, 2006. 260-б.
  17. Саудабаев Қ. Елбасы.// Егемен Қазақстан. 2008-29 қараша
  18. Назарбаев Н. Мәдени мұра – мемлекетттік соны стратегиялық ұстанымы // Егемен Қазақстан. — 2007. — 17 ақпан.
  19. Досанов С. Елбасының көрегендігі мен ерлігі. // Егемен Қазақстан. 2006-7 желтоқсан.