АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жантақ өсімдігінің морфофизиологиялық ерекшеліктері

                                    АННОТАЦИЯ

 

  Дипломдық жұмыс «Жантақ өсімдігінің морфофизиологиялық ерекшеліктері» тақырыбына орындалған. Дипломдық жұмыста Оңтүсітк Қазақстан Облысындағы жантақ өсімдігінің физиологиялық ерекшеліктері зерттелген.

 Жұмыстың жалпы көлемі —бет. Жұмыстың құрылысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, ұсыныстар, жұмыстың экономикалық тиімділігі, еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау  бөлімдерінен тұрады. Соңында —- тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

Дипломдық жұмыс —суреттермен көркемделген. Эксперименттік деректер ——кестелерде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

                                           АНЫҚТАМАЛАР

  1. Ксерофиттік өсімдіктер – шөлдік және шөлейттік зоналарда өсуге бейімделген өсімдіктер.
  2. Каудекс – жантақтың келесі жылғы вегетация жалғастыратын бүршіктері

     орналасқан жер бетіне жақын орнласқан түбіртегі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           ҚЫСҚАРТУЛАР

  1. Мг-миллиграмм.
  2. Кг-келі.
  3. См— сантиметр.
  4. Млн— миллион.
  5. Га – гектар.
  6. ТМД-тәуелсіз мемлекеттер достастығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     МАЗМҰНЫ

 

Аннотация ……………………………………………………………………………………………….

Анықтамалар…………………………………………………………………………………………….

Қысқартулар…………………………………………………………………………………………….

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..

1.Аналитикалық шолу……………………………………………………………………………….

1.1.Қазақстандағы эндемдік өсімдіктердің экологиясы……………………………….

1.2. Бұршақ тұқымдаcтарының жалпы сипаттамалары………………………………..

1.3. Жантақ өсімдігінің жалпы сипаттамалары…………………………………………….

1.4.Қазақстандағы химиктердің жантақты зерттеуі………………………………………

  1. Негізгі бөлім

2.1. Зерттеу жұмыстарының әдістемелері……………………………………………………

2.2.Зертте жұмыстарының материалдары……………………………………………………

2.3. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері……………………………………………………..

  1. Еңбек қорғау қағидалары……………………………………………………………………
  2. Қорошаған ортаны қорғау……………………………………………………………………

          Қорытынды……………………………………………………………………………………….

         Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Шөлейттік және шөл далалық зоналардың өсімдіктер әлемінің ботаникалық құрамы мен бейімделушілік ерекшеліктері өте ерекше болады. Мұндай қатаң және қолайсыз ареалдарда тек осы зоналарға эволюциялық даму кезеңдерінде сұрыпталы бейімделген өсімдіктер өсе алады. Мыңдаған жылдар ішінде мұндағы өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық қасиеттері өзіндік қайталанбас және таңқаларлық құрылымдық үйлесімге ие болған. Осындай өсімдіктердің көптеген түрлері Қазақстанның шөлдік және шөлейттік далалыранда көптеп кездеседі. Кең даладағы қатаң климатқа және құмды ыстық климатты далаларда өсімдіктердің санаулы ғана түрлері мекендейді. Солардың ішіндегі аса маңызды өкілдерінің бірі кәдімгі жантақ өсімдігі. Жантақтың таралу ареалы айтарлықтай кең. Барлық ыстық климатты зоналарда кезедеседі деуге болады. Өте ыстық құмды далалардан бастап қоңыржай зоналардың басталар шегіне дейін жантақ қалыпты өсіп тұқым түзуге бейімді. Бұл жай, жантақтың қалыпты реакциясының кең екенін көрсетеді. Дегенмен, жантақ өсімдігі анық ксерофиттік өсімдік болып саналады.

     Жантақ далалық және шөлдік аймақтардағы климатқа және экологиялық жағдайға айтарлықтай әсер етеді. Біріншіден, жантақ шөлдік далалардағы жануарлардың азығы болып саналады, екіншіден сол жердегі топырақтың құнарлығы мен эррозияға ұшырау дәрежесі жантақ өсімдігінің жамылғысынан тәуелді. Қоңыржай климаттық өсімдіктер сияқты жантақ тез уақыт ішінде қалың және тұрақты өсімдік жамылғысын түзе алмайды. Оған көптеген себептер бар. Солардың ібір, жергілікті климаттың тұқымнан өсіп шыққан жас өсімдіктердің барлығының бірдей ересек өсімдікке дейін дамуына кедерге болса, екіншіден жантақ тұқымы бірінші жылы бәрі бірдей өне бермейді.

     Жантақтың тұқымының таралуына түйе себеп болады. Өйткені, тұқым түйенің ас қорыту жүйесінде қорытылмайды. Осылай жергілікті экожүйеде үйлесімді тіршілік орныққан. Шөлдік және шөлдейттік зоналардың экожүйесі өте нәзік және қорғауды қажет ететін жүйе болып табылады.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ТАҚЫРЫПҚА АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ

 

  1.1 Қазақстанның эндемдік өсімдіктер әлемінің экологиясы

 

     Қазақстанның өсімдіктері өте бай және жер бетінде басқа жерлерде қайталанбайтын түрлерге тола. Мұндай түлердің үйлесімді кездесуіне Қазақстанның ерекше климаты себеп болып отыр. Қазақстанда кең байтақ далалық, қоңыржай далалық және таулық климаттық жағдайлар таралған. Бұл жағдайларда  өсетін өсімдіктердің түрлік құрамы да ерекше. Өкінішке орай, кездесетін өсімдіктердің көптеген түрлері санаулы ғана ареалдарда өседі. Ал, кейбір түрлері тіптен жойылып бара жатқан өсімдіктер әлемінің өкілдері болып саналады. Бұл өсімдіктердің  мүшкіл қалінің басты себептерінің бірі болып өсімдіктердің қолданылу қарқынының жоғары болғандығын атауға болады. Кейбірі барлық дәрі-дәрмектердің құрамына кірсе, кейбірі өте сирек кезедесетін ауруларға ем. Күнделікті қолданып жүрген қызықты әдебиеттерде кездесетін дәрілік өсімдіктер баршаға мәлім және  космополиттер болып саналады. Солармен қатар, күннен күнге азайып немесе жойылып бара жатқан дәрәлік өсімдіктердің саны айтарлықтай. олардың қомақты бөлігі Қазақстан флорасының үлесінде. Бұл түрлерді толық жойылудан сақтау үшін тек қорықтар ұйымдастыру жұмыстары жеткіліксіз. Олардың кейбірлерін қолдан көбейтіп, табиғи таралу аймақтарында көбейту қажет. Жойылып бара жатқан өсімдіктердің көбеюіне жылдан жылға өркендеп бара жатқан мал шаруашылығының әсерін бөліп айтуға болады. Тау бөктеріндегі шалғындықтар мен жайылымдарда ондай өсімдіктердің өсіп көбеюіне жағдай жоқ. Өйткені, олардың жас өсімдіктері үдемі малдың және шөп орушылардың зиянды әсеріне ұшырап отырады. Көптеген эндемді өсімдіктердің гүлдеу кезеңіне жеткенше 6-7 жыл керек. Кейбір өсімдіктер таулы, шағыр тасты беткейлерде өседі. Олардың жойылуына кен игеру жұмыстары себеп болып келеді.

      Бұл қызыл кітапқа ендірілген өсімдіктердің толық тізімі емес. Қазіргі кезде көптеген өсімдіктердің таралу ареалы жылдан – жылға тарылып барады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында ғана таралған бозтікен өсімдігінің ареалы тек Қазақстанда емес, жер бетінде 20 гектардай ғана көлемде қалды. Оның себебі, өткен ғасырдың басында бозтікен өсімдігінң тамырынан сабын алынған. Оның салдарынан, Ресейдің сабын өндірісінің шикізаты ретінде осы өсімдік көп мөлшерде жиналған.

     Аты әйгілі жень-шень өсімдігіне тең келетін алтын тамырдың да тағдыры боз тікенге ұқсас. Алтын тамыр, немесе қызыл радиола, тек тау биіктіктерінде өседі.  Соған қарамай, алтын тамыр әлі күнге дейін ретсіз жиналып келеді. Оларды шикі зат ретінде жинауға тиым салынған. Қазіргі кезде алтын тамыр таудың 2300 метрлі биіктігіндегі 20-50 метрлік жолата ғана кездеседі. Ондағы өсімдіктердің саны да санаулы деуге болады.

    Эколгиялық қалі мүшкіл өсімдіктердің бірі болып шеңгел саналады. Шеңгелдің Оңтүстік Қазақстан облысының экологиясындағы орны өте маңызыды. Ол өсімдік ең қатаң климаттық жағдайда өседі. Ол жылдан – жылға басып келе жатқан құмның алдына тосқауыл болып тұрады. Шеңгелдің санының азаюы құмның көптеген құнарлы жерлерді басып алуына себеп болады. Аталған қызметті қуаңшылыққа төзімді жантақ, жыңғыл, сексеуіл сияқты құрғақ дала климатына төзімді өсімдіктер де атқарады. Оңтүстік Қазақстанның Созақ, Шардара аудандарының далаларындағы өсімдіктердің жамылғысының басты құрам бөлігін жусан, бетеге, боз және далалық дәнді шөптер құрайды. Қазіргі кезде бұл аймақтардағы флора өз құрамын қайта толықтыруда. Кеңес өкіметінің кезінде шектен тыс мөлшердегі қой шаруашылығының дамуы далалық флораның күйзелуінің себебі болды. Қазақстанда 50 миллион қой басы құралды. Олар кең даладағы жабайы жануарлардың өмірлік кеңістіктеріне дейін басып алды. Өте қарқынды пайдаланудың салдарынан көптеген өсімдіктердің жамылғысы қайта қалпына келе алмай жойылуға жақын қалде болды.

     Экологиясы нашар өсімдіктерге дара жарнақөтылар класына жататын лалагулділер тұқымдастырының өкілдерінің бәрін атауға болады. Бұл өсімдіктер тек таулы аймақтарда өседі. Ерте көктемдегі гүл жинаудың әсерінен және мал жайылымының кеңейуінен барлық лалагүлділердің қалі мүшкілденіп барады. Бәйшешек, науырыз гүл, қызғалдақ түрлері, ерте көктемдік сары гүлдер осыдан елу жыл бұрынғы қалімен салыстырғанда өте нашар.

 

       1.2. Бұршақ тұқымдаcтарының жалпы сипаттамалары

 

     Бұршақ тұқымдасының 120 мыңнан астам түрлері бар.490 туысы бар олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты.Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық,сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор.  

    Негізгі өсімдік формалары ағаштар,бұталар,көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер.Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан,ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық  және субтропикалық аудандарда өседі.Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының  биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор.Мысалы,олар түйнек бактериясымен симбиоз түзіп,ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады.Бұршақтар тұқымдасының  жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді,олардың қосалқы жапырақтары жапырақ серігі бар,жапырақтары кезектесіп орналасады.

      Гүл шоғыры шашақ,масақ,шоқпарбас болып келеді.Гүлі бұршақтың гүлі типтес.Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады,5-тісті,дұрыс немесе зигоморфты.Күлтесі зигоморфты, 5-күлте жапырақшадан тұрады,олардың үшеуі бос орналасқан және жоғарғы жағынан біріккен екеуі қайықша түзеді.Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән.Мысалы,жоңышқа туысында,ерекшелері мен қайықшасының, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқалады.Андроцейі 10 аталықтың жиынтығынан тұрады.Бір түрлерінде аталықтарының 10-ы да бос болады,екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп түтік түзеді,оның ішінде аналық орналасады,алайда көптеген туыстарының аталықтарының 9-ы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады.Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар бөліп шығарады.Аталықтардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігіен,ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады.Гинецейі бір мүшелі апокарпты,гүлтүйіні жоғарғы.

     Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай:   

              Са5, Со3+2,  А9+1,  G1 

    Жемісі боб,ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын немесе ішінде бір-бірден ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінетін,не бір жемісті қақырамайтын болып келеді.Дәндерің құрғақ салмағына шаққанда ондағы белоктың процеттік мөлшері өте жоғары асбұршақта 34 проценкке дейін,ноқатта 31 процент,люпинде 61 процентке дейін болады.Тамаққа дайындалатын белоктың сапасы бойынша бірінші орында фасоль мен жасымық тұрады.Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокилоталар болады.  

    Бұршақ тұқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор.Олар азықтық,жеп-шөптік,балжинайтын,сәндік,дәрі-дәрмектік т.б.өсімдіктердің топтарын құрайды.Бұршақ тұқымдасының азықтық,жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алколойтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді.  

    Сиыржоңышқа туысы— 150-дей түрі бар,бұрығы БОР-дың флорасында 84 түрі бар,ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі.Олардың көпшілігі жем-шөптік ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дән алу мақсатында мәдени жағдайда ендірілген.Кейбіреулері арам шөп ретінде егістікті бүлдіреді. 

      Егістік сиыржоңышқа-пішен дайындау және дән алу мақсатытында өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдік.

     Түкті сиыржоңышқа-біржылдық,сиректеу екі жылдык өсімдік,оны мал азығы ретінде күздік қарабидаймен бірге себеді.Табиғи жағдайда ол бұрынғы БОР-дың европалық бөлігінде Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі.БОР-дың барлық жерлерінде арам шөп ретінде түкті сиыржонышқа,ал осы республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыржонышқа өседі.

   Қызыл теңге жапырақ— екі жылдық немесе көп жылдық өсімдікке жатады.Биіктігі 15-60 см жапырақтары күрделі элипс тәрізді жалпақ үшбұрышты болады.Гүлдері кішкентай шар тәрізді қызылдау болады.Жапырақтарында ақ дақтар кездеседі.Маусым шілде айларында 30-45 күнде гүлдейді.

    Қызыл теңге жапырақ басқа теңге жапырақтарға қарағанда көп шырын бөледі.Бал өнімділігі 1 гектарға 65-200 кг жетеді.Оның шырыны өте төменде орналасқандықтан араларға оны алуға қиынға соғады.Өсімдік жұмсатқыш несеп жолдарын тазалауда,көптеген ауруларға қарсы антисептикалық қасиеттерге ие.Гүлінің тұнбасын қан аздықта,суықтағанда,жөтелгенде,етеккір ауруларында,ревматикалық ауруларға қарсы пайдаланылады.  

    Ақ теңге жапырақ-Бұршақ тұқымдасына жататын биіктігі 10-25см көп жылдық өсімдік,жапырағы өте күрделі,гүлдері өте кішкентай шар тәрізді ақ түсті болады.Ресейде көп кездеседі.Көкалда,жолдың жағалауларында,көшеде өседі.Мамыр айының аяғы мен маусым айының басында гүлдейді.Гүлденуі жаз бойы жүреді.Гүлден көп шырын бөлінеді.Ол шырының қызыл тенге жапырақтағы айырмашылығы оған аралар көп келеді.

      Өсімдіктен бөлінетін шырын ауаның ылғалдылығымен температурасына байланысты. 20-25 градус селсидан жоғары температура кезінде ауаның жоғары ылғалдылығында да шырынды жақсы бөледі.Балдылығы 1 гектарға 50-120 кг-ға жетеді.Балы ашық түсті қош иісті,дәмі өте тәтті.  

    Ашық түсті балдың сортына жатады.Кристалдану кезінде ақ түске айналады.Ақ теңге жапырақ тыныштандыратын антитаксични тонизирующие қасиеттерге ие.Гүлдің тұнбасы суықтағанда,жеңіл туберкулезге,грижаға қарсы қолданылады.  

    Ашық қызыл теңге жапырақ- Бұршақ тұқымдасына жататын ұзындығы 30-80см көп жылдық өсімдік.Жапырақтары күрделі ромбылы,элипсті болып келеді.Гүлдері шар тәрізді ашық қызыл түсті хош иісті болып келеді.

     Гүлдерінің жапырақшалары ұзын-ұзын болып келеді.Бұтақтарының бас жағы ақ сияқты соңғы жағы ашық қызыл түсті болады.Көп жерлерде таралған.Егістіктерде,бау-бақшаларда, өзен,көлдердің жағалауларында өседі.Маусым мен қыркүйек айларының аралығында гүлдейді.Шырын бөлгеннен кейін де кейбіреулері гүлдей береді.Бал өнімділігі 1 гектарға 100-120кг келеді.Балы ақ теңге жапырақтағы сияқты мөлдір түсті қош иісті,тәтті дәмді болады.

    Ашық қызыл түсті теңге жапырақ несеп жолдарын емдеуге,тыныштандыруға т.б. ауруларды емдеуге қолданылады.Өсімдіктің тұнбасын суықтағанда,ангинада,бүкіл дене ауырғанда қолданылады.Жаңа жұлынған жапырақтарды тері ауруларына жапсырады.   

    Чина лугавая— биіктігі 30-100см көп жылдық өсімдік.Жапырақтары қосарларған гүлдері сары,бұршақтары сопақша бұршағының жоғарғы жағы қара.Егістіктерде,бау-бақшаларда,ормандарда кездеседі.Маусым-шілде айларында гүлдейді.

     Бал өнімділігі 1 гектарға 20кг-ға жетеді.Өсімдік жеңіл тыныштандыратын ал тамыры жүрек қан тамыр ауруларын емдеуге қасиетке ие.Тұнбасын ұйқысыздық кезінде қолдануға болады.Сібір халық медицинасында өкпе тыныс алу жолдарын емдеуге көптеп қолданған.   

      Лядвинец рогатый- Бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.Доға тәрізді өсетін биіктігі 30-70см жапырақтары майда болып келеді.Гүлдері қатпарлана екі қаталлы өседі.Бұтағы сары түсті.Гүлде 10-тычек оның 9 біріккен біреуі бос орналасқан.Оның жабайы түрі барлық Еуропа елдерінің территориясында Кавказда өседі.Егістіктерде жол жағалауларында  кездеседі.Жаз мезгілінде гүлдейді.Аралар оның шырыны үшін көптеп келеді.

   Бал өнімділігі 1 гектарға 30-60кг. Жаңадан жұлынған өсімдікті ауырған жерге және көптеген ауруларға қарсы қолданады.

 

 

 

 

            1.3. Жантақ өсімдігінің жалпы сипаттамалары

 

    Жантақ-жантақтың ұзындығы 40-80см болады.Евразиямен солтүстік Африкада,шөл жерлерде 7 түрі кездеседі,ал КСРО-да 5 түрі бар.Ең көп тарағаны кәдімгі жантақ.Оның биіктігі 40-120см.Ол далаларда шөл жерлерде,Орта Азияда және оңтүстік Еуропаның КСРО-да,Астрахан облысында көп кездеседі.Түйелер үшін негізгі азығы болып табылады.Кей аудандарда отын ретінде қолданады.Кавказда, орта Азияда, Иранда, Иракта,Авганестанда,кіші Азияда өсетін персиялық жантақ өзінен клей тәрізді қант бөледі.Кейде ол сұйықтық манна түрінде болады.

       Бұтақтары тікенекті болып келеді.Төмеггі тікенектері қысқа,берік,жоғарғысы жіңішке жоғары қарай бағытталған.Тамыры өте тереңге бағытталған ұзындығы 10метр.Жапырақтары ланцетник тәрізді майда,жай,ол тікенектер арасында орналасқан.Тамыры горизанталь бойынша тереңде жатыр.Жапырағындағы тікенектер сүйір бұрышпен жоғары қарай орналасқан ұзындығы 2-3см.Жапырағы жай ретпен орналасқан доға тәрізді ұзындығы 1-2см.Жапырақтарының өзінде тікенектері бар.

   Гүлденуі-Маусым,қыркүйек айларына дейін гүлдейді.Гүлдері қызыл және ашық қызыл түсті.3-8 тікенекке бір гүлден келеді.Гүлдері бір-біріне қарап иіліңкіреген және өткір емес(тупой).Бір гүлі күніне 2 мгм-ға дейін таза қант бөледі.Бал жинағыштығы 1 гектарға 150кг-ға келеді.Оның балы ашық түсті исі нәзік және өзіне тән дәмі болады.Кристалдану кезінде майда бөліктерге бөлінеді. 

     Тұқымы боб немесе ішінде көптеген дәндері болады.Шілде айында тұқымын жинайды.Өсімдіктің төменгі жағы мен кейде тамыры дәрі –дәрмек ретінде қолданады.Өсімдікті күн түстін алаңда кептіреді.Қапта бір жыл сақтауға болады.Өсімдікте эфир майы стериоидтар,алколоитар,С және К витаминдері,В тобындағы витаминдер коротин,кумарин,катехиндер,флавоноидтар,органикалық қышқылдар және лейноантоциандар,эфир майы бояғыш заттар,смолалар  болады.

  Химиялық құрамы-өсімдіктің химиялық құрамы аз зерттелген оның құрамынан санионилар,эфир майлары,срериодтар,органикалық қышқылдар,лейкоантоцандар,кумариндер,С,К,В витаминдері фитоноцидтер табылған.Жас өсімдіктің құрамында С витамині көптеп кездеседі.  

   Фармонологиялық қасиеті- жантақ өсімдіктері көптеген ауруларға ем,қандытазартады,тоқтатады,өтті айдайды.  

    Медицинада қолданылуы- Өсімдіктің төменгі жағын кейде ұрығы мен тамырын қолданады.Халық медицинасында несеп жолдарын емдеуге өсімдіктің тұнбасын пайдаланады.Кейде жөтелді басуда  және  суықтағанда ішеді.Жаңадан істелінген тұнбаны асқазан, ішек ауруларына,созылмалы іш өтуде және дезинтерияда қолданылады.Жантақтың төменгі жағы микроптарға қарсы қолданылады.Тұнбаны ангина кезінде тамақты шаюға көп қолданады.Клиникалық жағдайда колидпен ауырғандарды дезинтерияны жазу үшін сәтті қолданады.

     Халық медицинасында гемороиға,эгземаға кезінде іріңдеген жараларға және язваға қарсы қолданылады.Ауыз қуысындағы ауруларға,ангинаға және жатыр ауруларына қарсы және бүйрек ауырғанда да қолданылады.Дезинтерия профилактикасында гастридте асқазанның язвалық ауруларында,өт ауруында,сүық тигенде,ангинада,жөтелде қолданылады.Іріңдеген жараларда терінің іріңдерінде эгземада кейде қүлаққа тамызып та қолданады. 

   Тұрмыста қолданылыуы-жантақты тұрмыста отын ретінде қолданады.Түйенің тамағы ретінде қолданады.Басқа жануарлар тікенегі болғандықтан жей алмайды. 

    Қызықты факторлар— ыстық күндері өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан сарғылт түсті тәтті сұйық манна деп аталатын сұйық бөлінеді.Ол түнде қатайып кетеді.Оны жеуге болады.Маннаны азанда жинап алады.

  Жантақтың Қазақстан республикасы бойынша оның 5 түрі таталған.Оның жақсы таралған аумағы О.Қ.О.болып табылады.О.Қ.О.жантақ шөлді аумақтарда яғни Шу өңірінде,Созақ ауданында,Төрткөл елді мекенінде,Қазығұрт ауданында,Сайрам және Төле би аудандарында кең тараған. 

   Жантақтың жылдан жылға құрып кетуіне байланысты қызыл кітапқа енгізілген.Жантақтың құрып кетуін жергілікті елді мекендер байқай бермейді.Көпшіліктің көз қарсы бойынша жантақ көп ол қазір жойыл қоймайды деген пікірлер өте көп.Жоқ олай емес жантақты зерттеп білгенде ғана оның құрып бара жатқанын байқаймыз.Зерттеу нәтижесінде жантақ биылғы берген өнімінен өніп шыға алмайды,оның себебі біріншіден,жантақтың дәнінің сырты мықты беріктік қабатпен қапталған ол жер өніп шығуы үшін кем дегенде 3-4 жыл жатуы керек.Екіншіден,жантақтың өнімін яғни дәндерін жерлілікті халық,медицина дәрілерлері жинап емдікке қолданады.Осындай факторлардың әсерінен жантақтың жер бетіне таралуы азайып бара жатыр.Барлық жер бетіне таралған өсімдікті біз аялап сақтауға міндеттіміз.Жантақтың жойылуы салдарынан қызыл кітапқа енгізілген. 

 

      1.4.Қазақстандағы химиктердің жантақты зерттеуі:      

 

     Шөлді далалардағы жануарлардың ең дәмді азығы бұл-жантақ.Ол жануарлардың тек қана шөлін қандырып қана қоймай оның өте дәрілік қасиеттері де бар.Бұл өсімдіктің қаситтері бұрыннан белгілі.Жантақтан жасалынған дәрілік шөптерді алғаш рет ұлы Авицена ашқан.Жантақтың дәрәлік қасиеттерін Қазақстан химиктері бірнеше жылда анықтаған.Осы зерттеулер жақсы нәтиже беріп жоғы дәрежеде көрсетіле білді,бірақ фармоцевтика саласына енгізілмеді.   

    Қазақстанда жантақтың 5 түрі бар.Олардың ішіндегі ең қымбаты қырғыз жантағы.Ол С витаминіне,ақуызға және полифенолға бай.Жалпы жантақ ежелде дәрігерлер жақсы пайдпланған.Б.з.IV ғасырында Мухаммед Гусейн жантақтың тұнбасын және оның тамырын геморой мен дезинтерияға және денедегі жараларға қарсы пайдаланған деп тарихта айтылған.Халық медицинасында жантақтын тұнбасын көптеген ішік ауруларына пайдаланады және несеп жолдарын,қанның құрамын тазалауға,суыққа және жараларды емдеуге қарсы пайдаланған.  

     Қазақ халық университетінің органикалық химия кафедра меңгерушісі Гаухар Бурашова 30 жыл бұрын жантақты зеттеді. Жантақты неліктен түйелер  жақсы көріп жейді, неге жейді днген үлкен сұрақ туып тұр. 

    1973 жылы Г.Бурашова жантақты анықтай бастады.Осы тақырыпты 8 жылдан кейін десертация қорғады.Осы кезде жантақтан биологиялық активті комплекс алынды,яғни алхидин деген атпен (латынша алхани-тікенек).Химфарм Шымкент заводының дәрігерлерімен бірігуі нәтижесінде алхидин дәрілік препараттар алына бастады.Осылайша алхидин таблеткалары,жантақ сиропы,5 процентік алхидин мазьі және Гаухар тұмбасы алына бастады. 

   Дермотология саласындағы жетістіктеріне қарамастан тері аурулары төмендейтін емес. Бірақ онда жоғары дәрежелі қоспалар көп.Ол крем және мазьдармен шектеулі болғанымен соның нәтижесінде басқа аурулар пайда болды.Тері атрофиясы,гипертрихос,пигметтер пайда болды және тамырдың бұзылуы пайда болды.Нәтижесі 2-3 аптадан соң көруге болады. Бұл жағдайда көбіне өсімдіктен жасалынған  препараттарды пайдаланған жөн.Клиникалық ғылыми зерттеу орталығында алхидин мазьін эффектілігіне баға беру жөнінде дәлелдеме жүргізілді.Ал екінші күні аурудың алергиялық дерматитпен ауырған адамның нейродермитид ауруы қайта бастады.Ал бірнеше күннен кейін мүлдем жойылып кетті.Бұл клиникалық жақсару кезінде 70 процент аурулар тексеруден өтті.Ауру адамның препаратты пайдалануы жақсы нәтиже берді.Барлық адамдар бұл мазьді тереге еніп аромат иісі бар деп және терінің тырысқақтығы мен құрғақтығын төмендетеді деп мақтады.Мазьдің эффектілігі көбіне эгземнің хронический түрлеріне және нейродермидке қарсы қарастырылады. 

   Жантақ сиропы- жараның жазылуына,күйгенге және асқынды ауруларға қарсы қасиеті бар.Зерттеу жолында жантақ сиропының эффектілігін қызыл май фитопрепараты мен салыстырады.Бұл зерттеу 100 адамдарынан өтті,олар сірке қышқылын қолданғандар мен уланғандар және алькоголь мен сілтімен уланғандарға қарсы пайдаланынып жақсы нәтиже берді.

   Гаухар тұмбасы- тағы бір тәжірбие Гаухар тұмбасының эффектілігін қарастырады.Оны гортан ангинасы бар,тонзиллит ауруымен ауырғандарда тәжірбие жүргізілді.Бұл препарат атақты фурацилиннен де жақсы ем болды. 

   Бүгінгі күнде туберкулезге қарсы препараттар белсенді түрде жасалуда көптеген дәрілер туберкулезге емдеу қарқынды дамуда екені белгілі.Фарм дәрәлерлерінің ойы бойынша алхидин организмдегі токсиндердің төмендеуіне қатысады.Қазіргі кезде рсы жантақтан жасалынған дәрілер мен кордиология институтында да қызығуда.Онда жүрек тамыр ауруларына,қант диабетіне т.б.ауруларға қарсы мүмкіндіктерді қарастыруда.Ісік ауруларын емдеу үшін дәрілік формаларды шығаруға,алхидиннің морфилизир формасы қажетХимфарм мен бірігуінен  технологиялық процестің қарастырылуы және жантақтан дәрілердің бірінші партиясы алынды.Жантақ сиропының 9 мың қорапшасы дәлелдеу тәжірбиесіне және жас балалар клиникасына сый ретінде берілді. 

      Барлық препараттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармокологиялық комитеті қолдап жатыр.Бірақ бұл алхидин жөнінде ешкім таныс емес.Қазіргі кезде Қазақстан фарм базары импортты препараттармен бай,ал соның ішіндегі 5 проценті ғана баяғы дәрілер.Неліктен сатуға эффекті және өнімді дәрілердің барлық сериясын шығармасқа.Сұрақ ашық қалуда.  

  Тамыр тұмбасы- тамырдың 20 грамына 1 стакан қайнаған суды эмальды ыдысқа құяды..Аз отта 25-30 минут қайнатып 0,5 сағат тұндырады.Онда майда бөлшектер қалмауы үшін сүзеді.Күніне тамақтанар алдында 0,5 сағат бұрын 4-5 ас қасықпен 3 рет ішу керек.Маннаны (тамыры) несеп ағарда,ыстықты түсіруге және құрғақ  жөтелге қарсы қолданылады. 

 Ұнтақ  тұнбасы- 1 кішкене қасық ұнтаққа 1 стакан қайнаған су құйып 20 минут қоямыз.Одан кейін тұнбаны сүзіп салқын жерге қоямыз.Қатты ыстық күнде  шөлді басуға ішеді,тамақ ауырғанда шаяды.Кейде компрес ретінде және ванна ретінде қолданады.Ревматизмге қарсы 1 шелек суға 60 грам ұнтақты қосып 1 сағат көлемінде булап қояды.Одан кейін 30-40 минут ауырған жерді буландырамыз. Тамыр тұнбасы мен ұнтақ тұнбасның адам организміне пайдасы өте зор. 

 Қолданылуы- Жантақтың тұнбасын(дат чайы) ретінде шөлді басуға және терлеуді төмендетуге қарсы қолданылады. 

   Өнімділігі-метерологиялық жағдайларға байланысты оның өнімділігі әрқашан өзгеріп отырады. 12-100 цент-ға дейін 6-40 грамға дейін гектарына өзгеріп отырады. 100 кг  өсімдікте 25,3 жеуге жарамды өнім болады.Оның 2,8 кг ақуыздан тұрады.Оның құрамында С витамині коротин болды.Құрамында протеин 40 процентен төмен.Клечатка 30 проценттен төмен,ал май 40-50 процентке жетеді.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі бөлім

 

      2.1. Зерттеу жұмыстарының әдістемелері

 

       Жантақты зерттеуді 2006 жылдары жүргіздік. Ерте көктемнен бастап көпжылдық жантақ өсімдігінің вегетация жалғастыру қарқыны мен мезгілін анықтап отырдық. Бұл бақылауларды жантақтың алғашқы бүршіктерінің пайда болуы мен олардан сабақ пен жапырақтардың және гүлдердің түзілуін фенологиялық бақылау жүргізу арқылы есепке алдық. Бақылауды келесі мезгілдерде және жиілікте жүргіздік;

04.04.06 жыл ауа температурасы +6,+12 градус күні бүршік атты.

 05.04.06ж ауа температурасы +8,+14 градус,бүршік түсі ақ, ұзындығы      0,3-0,5 мм

 06.04.06ж ауа теапературасы +7,+12 градус,бүршік түсі ақ.

  07.04.06ж ауа температурасы +7,+16 градус,бүршік түсі ақ.

  08.04.06ж ауа тем-сы 0,+7 градус,жаңбыр,бүршік түсі ақ.  

  09.04.06ж ауа тем-сы  +4,+10 градус,бүршік түсі ақ,ұзындығы 0,9-1см 

   10.04.06ж ауа тем-сы +3,+8 градус,бүршік түсі ақшыл жасыл

  11.04.06ж ауа тем-сы +5,+10градус, бүршік түсі ақшыл жасыл,бірінші негізгі жапырақшасы шықты.

 12.04.06ж ауа тем-сы +6,+12 градус,бүршік түсі ақшыл жасыл,ұзындығы 1,5-2см. 

13.04.06ж ауа тем-сы +5,+22 градус,бүршік түсі ақшыл жасыл.

14.04.06ж ауа тем-сы +8,+25 градус,бүршік түсі ақшыл жаыл.

15.04.06ж ауа тем-сы +10,+23 градус,бүршік түсі ақшыл жасыл,

16.04.06ж ауа тем-сы +14,+27 градус,бүршік түсі жасыл,ұзындығы 2см жетті.

17.04.06ж ауа тем-сы +12,+24 градус,бүршік түсі жасыл.

18.04.06ж ауа тем-сы +12,+26 градус,бүршік түсі жасыл.

19.04.06ж ауа тем-сы +14,+27 градус, бүршік түсі жасыл,он негізгі жапырақшасы шықты.

20.04.06ж ауа тем-сы +10,+23 градус, бүршік түсі жасыл, ұзындығы 2-2,5см жетті.

21.04.06ж ауа тем-сы +12,+22 градус,ала бұлтты, бүршік түсі жасыл.

22.04.06ж ауа тем-сы +16,+28 градус, бүршік түсі жасыл.

23.04.06ж ауа тем-сы +16,+30 градус,бүршік түсі жасыл.

24.04.06ж ауа тем-сы +14,+28 градус, бүршік түсі жасыл,ұзынжығы 3-3,5см жетті.

25.04.06ж ауа тем-сы +16,+30 градус,бүршік түсі жасыл.

26.04.06ж ауа тем-сы +18,+32 градус,бүршік түсі жасыл.

27.04.06ж ауа тем-сы +14,+28 градус,бүршік түсі жасыл,ұзындығы 3,7-4см жетті,13-15 негізі жапырақшалары шыға бастады.

28.04.06ж ауа тем-сы +12,+26 градус,жантақтың өсуі одан әрі қарай дамыды.

29.04.06ж ауа тем-сы  +16,+30 градус, жапырақшалары үлкейе бастады.

30.04.06ж ауа тем-сы +12,+26 градус,жаңбыр,жантақтың өсуіне жаңбырдың әсері өте зор болды.       

    Бір ай зеттеу нәтижесінде жантақтың қай күні бүршік ататынын және қай күні негізгі жапырақшаларының шығатын ұзақ зерттеу нәтижесінде көруге болады.

 Жантақтың өсіп жетілгеннен кейінгі зерттеу жұмыстарна келетін болсақ:Алғашқы бүршіктердің 5-і қауызбен қоршалады,қыстап шыққан қоңыр-қара түсті,қалың қауызбен қршалған.Бүршік атқаннан кейінгі ашылған жапырақшаның 5-де ақшыл қоңыр түсті жиектері түссіз,жұқа,қауыздық жапырақшалар.Алдыңғы 3-інің ұзындығы 4-5млм, 

 5 жапырақшаның ұзындығы 0,5см жетеді.6 жапырақшаның ұзындығы 0,5см,бірақ жасыл түсті,келесінің бәрі жасыл түсті.

   7 жапырақшаның морфологиялық пішіні өзгеше келеді,қолтықтарында болашақ бүршікше болады.7 жапырақшаның морфологиялық құрылысы 3 құлақты күрделі жапырақшаларды еске түсіреді. Екі жақты тақтайшалары орталық тақтайшаларға қарағанда қылаң жасыл және үшкірленіп аяқталады.Орталығындағы тақтайшаларында жантақтың кәдімгі пішініне ұқсайды.

 8 жапырақша дәл сондай,бұл жапырақшаның құрылысы 7 жапырақшаға ұқсайды. 

       Сабақ жоғарлаған сайын буын аралықтары ұзарады.1 және 2 жапырақшалардың аралығында  буындардың арасы  3-4 млм,одан  арықарай  5-6 млм. 4 және 6 жапырақшаның аралығында яғни ортасында жанама бүршікшелер бар.4 және 7 жапырақшаның буын аралықтары 7млм.Бойы 5,5млм жас сабақтың бойында 12-13 жапырақшалар қалыптасқан. 

      Сабақтың  сыртқы көрінісі қылаң жасыл түсті,сабақтары да, жапырақшалары да өте нәзік,ақ түтіктер мен бүркелген.Жапырақтары сабаққа қарама-қарсы бағытта кезектесіп орналасқан.  

 

     2.2.Зертте жұмыстарының материалдары

 

     Зерттеуге Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласының айналасында таралған экологиялық популяцияға жататын өсімдіктер пайдаланылды. Ерте көктемнен күзге дейін Шымкент Дендропаркінің айналасында және Аксукент елді мекенінің маңында таралған жантақ өсімдіктері зерттелді.

   Зерттеуді өсіп келе жатқан өсімдіктерді өлшеу, санау, белгілеу және бақылау арқылы жүргіздік. Күзде жантақтың пісіп жетілген тұқымдарын жинап зертханалық жағдайда өнгіштігін анықтау арқылы сараптадық.

 

     2.3. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері

 

     Тәжірбие жүргізу арқылы біз жантақтың ішіндегі ең ұзын өскенін және орташа өскен жантақтың бойында неше сабақ саны және ұзындығын,әр жапырақтың үстінде орналасқан тікенек санын анықтадық: 

    Ұзындығы 103см жететін жантақтың бойында орналасқан сабақ саны 4,сабақша саны 39,үлкен жапырақтарының саны 63,майда жапырақшаларының саны 21,жапырақшалардың үстіне орналасқан тікенек саны 42.

    Ұзындығы 93см жететін жантақтың бойында орналасқан сабақ саны5,сабақша саны 41,үлкен жапырақтарының саны 46, майда жапырақшаларының саны 30,жапырақшалардың үстіне орналасқан тікенек саны 37. 

    Ұзындығы 87см жететін жантақтың бойында орналасқан сабақ саны 5,сабақша саны 32,үлкен жапырақтарының саны 42,майда жапырақшаларының саны 24,жапырақшалардың үстіне орналасқан тікенек саны38.     

    Ұзындығы 82см жететін жантақтың бойында орналасқан сабақ саны 3,сабақша саны 32, үлкен жапырақтарының саны 37,майда жапырақшаларының саны 26,жапырақшалардың үстіне орналасқан тікенек саны 31. 

    Ұзындығы 62см жететін жантақтың бойында орналасқан сабақ  саны 3,сабақша саны 26, үлкен жапырақтарының саны 28,майда жапырақшаларының саны 24,жапырақшалардың үстіне орналасқан тікенек саны 27.

    Ұзындығы 60см жететін жантақтың бойында орналасқан сабақ саны 6,сабақша саны 29,үлкен жапырақтарының саны 23,майда жапырақшаларының саны 20,жапырақтың үстінде орналасқан тікенек саны 22.

    Ұзындығы 58см жететін жантақтың бойында орналасқан сабақ саны 2,сабақша саны 32, үлкен жапырақтарының саны 31,майда жапырақшаларының саны 25,жапырақтың үстінде орналасқан тікенек саны 29. 

    Ұзындығы 51см жететін жантақтың бойында орналасқан сабақ саны 2,сабақша саны 24, үлкен жапырақтарының саны 20,майда жапырақшаларының саны 18,жапырақшалардың үстінде орналасқан тікенек саны 19. 

     Ұзындығы 46см жететін жантақтың бойында орналасқан сабақ саны 2, сабақша саны 24,үлкен жапырақтарының саны 34,майда жапырақшаларының саны 22,жапырақтардың үстінде орналасқан тікенек саны 33. 

    Ұзындығы 45см жететін жантақтың бойында орналасқан сабақ саны 2,сабақша саны 25, үлкен жапырақтарының саны 24, майда жапырақшаларының саны 19,жапырақтардың үстінде орналасқан тікенек саны 21. 

  Өздеріңіз көріп отырғандай жантақтың бойында орналасқан сабақтар саны да,сабақшалар саны да әртүрлі.Бұл туралы ғылымда толық зерттелмеген.Бұл зерттеу жұмысы 25.05.2006 жылы жүргізілді.       

     Қазақстан Республикасы жер бетіндегі климаттық зоналардың ішінде қоңыржай жылы және шөлдік зоналардың арасында орналасқан. Еліміздің көптеген территориясын шөлдік және шөлейттік далар алып жатыр. Мұндай климаттық зоналар жыл бойындағы ылғал мөлшерінің тапшылығымен және жазғы айлардағы ауа температурасының өте жоғары деңгейде болуымен сипатталады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының далалық және құмды дала аудандарында ылғалдың жылдық мөлшері таулы аймақтармен салыстырғанда 3-4 есе аз болады, 200-250 мм шамасында. Сонымен қатар, ылғал мөлшері жыл бойында біркелкі емес. Ылғал қысқы қар және ерте көктемдегі жаңбыр түрінде түседі. Жазғы және ұзақ қысқы айларда жер бетіндегі топырақ қабаттарында ылғал мөлшері жоқтың қасы деп санауға болады.

     Шөлдік және шөлейттік алқаптардағы өсімдіктер әлемінің ботаникалық құрамыда өте ерекше болып келеді. Ылғалы тапшы зонадағы өсімдіктердің морфологиялық құрылыстары таңқаларлық түр өзгерістерге ұшыраған. Бұл миллиондаған жылдар бойында эволюциялық үрдіс кезінде қалыптасқан өзгерістер болып саналады. Ксерофиттік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері мен экологиялық жағдайлары аса көп көңіл аударуға тұрарлық деп түсіну керек. Аталан қолайсыз ортада өмір кешуге бейімделген өсімдіктер әлемінің құрамы қоңыржай зоналардағыдай сан алуан емес. Олар санаулы болғанымен сол зоналардағы экологиялық және ценоздық қатынаста үлкен қызмет атқарады.

     Мұндай өсімдіктердің түрлері мен сол зоналарда өмір сүретін жануарлардың арасында табиғи тепе-теңдік орналасқан. Бұл өсімдіктер жергілікті биоценоздың алғашқы трофтық тізбегіндегі продуценттер болып табылады. Сонымен қатар, жантақ, сексеуіл, шеңгел, жыңғыл, жүзген және кейбір жусан түрлері сияқты эндемдік флора өкілдері даланы құмның шабуылынан және топырақ эрозиясынан сақтайды. Олардың осындай маңызын асырып айту қиын.

     Оңтүстік Қазақстан облысының осындай эндемдік флорасына қатысты екі басты проблеманы атап айтуға болады:

  • қазіргі замандағы аталған өсімдіктердің нашар экологиялық жағдайы; өйткені, өткен ғасырдың соңғы жартысында даланы қарқынды пайдаланудың салдарынан жантақ, сексеуіл, жыңғыл және шеңгел өсімдіктерінің ареалдары айтарлықтай кішірейіп кетті. Бұған ҚСРО жоспары бойынша қой шаруашылығының шектен тыс дамуымен адамның бұл өсімдіктерді отынға пайдалануы;
  • шөлейттік өсімдіктердің морфофизиологиялық ерекшеліктерінің жеткілікті дәрежеде зерттелмей келе жатқаны. Қазіргі кездегі ғылыми әдебиеттерде аталған өсімдіктер туралы тек қысқаша сыртқы сипаттамалардан басқа ғылыми деректер тағу қиын. Жүргізіліп жатқан селекциялық жұмыстар алғашқы морфологиялық, генетикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижесіне негізделуі тиісті.

    Осы тұрғыда, шөлейттік эндемдік өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу өте қажетті және практикалық ізденістерде қолдануын табатын бағыттардың бірі деп есептеледі.

      Жантақ өсімдігі ОҚО жазықтықты аудандарының барлығында кездеседі. Әсіресе, далалық жазықтықтардағы флораның басты құрам бөлігі және жергілікті жануарлардың басты азығы болып саналады. Халық шаруашылығындағы және шөл далалық биоценоздағы маңызы зор. Жантақ систематикалық жіктеу бойнша бұршақ тұқымдастарына  жататын ксерофиттік, тұқым арқылы таралатын көпжылдық, жартылай бұтатектес өсімдік. Өте терең дамитын кіндік тамырлы жүйесінің арқасында ылғал тапшылығына шөл далалық жағдайда төтеп бере алады. Суды топырақтың 10-15 метрлік тереңдігіндегі жер асты су көздерінен алады. Қатаң климаттық жағдайға бейімделу барысында көптеген метаморфоздық түрөзгерістерге ұшыраған. Судың артық булануына қарсы тұру бағытында өсімдікдің жапырақтарының көлемі мен жалпы биомассадағы үлесі күрт азайған. Жапырақтары өте майда. Өсімдіктің барлық вегетативтік мүшелері эпидермалық қабатының сыртынан қалың кутикулалық қабатпен қоршалған. Бір өсімдік бойындағы сабақтар саны мен оның вегетация кезіндегі бұтақтануының потенциалдық мүмкіншілігі сыртқы ортаның факторларының әсерінен шектеледі. Орталық сабақтардан таралатын жанама сабақтардың басым көпшілігі тікенге айналып түрөзгерген. Тұқымдары бұршаққын жемісінде орналасады. Жемісі қақырамайды. Жерге түскен тұқымдарының барлығы келесі жылы өніп шықпайды. Бұл тұқымдастарға тән қасиеттердің бірі- ол тұқымның сыртындағы қалың және қатты, лак сияқты қабаттың болуында. Бұл белгілі түрлік қасиеттердің бірі. Сондықтан, бір жылғы түзілген тұқымдар бірнеше жыдар бойында жыл сайын біртіндеп өніп шыға алады. Бұл қасиет жантақ тұқымының келесі көктемде қолайсыз жағдай туған жағдайда бірнеше жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпай топырақта сақталуына мүмкіншілік береді. Жантақтың таралуына онымен қоректенетін жануарлар маңызды рөл атқарады. Мысалы, түйенің ағзасында қорытылмай қайта жерге түскен тұқым өнуге қабілеттігін арттырады. Өйткені, түйенің ас қазанындағы сөлдер тұқымның сыртқы қабығындағы қатты қабатты зақымдау арқылы судың енуіне мүмкіншілік береді.

     Осы қағыдаларды нақтылау мақсатында біз өзіміздің зерттеулерімізде жантақ тұқымдарының өнгіштігін зертханалық жағдайда 2005-2006 жылдары анықтадық. Тұрақты термостаттық жағдайда, табиғи жағдайда  өсіп тұрған жантақ өсімдігінің тұқымдарын қыркүйек айының соңында жинап, оны  үш ай бойы төменгі темпертатураның әсерімен яровизациялаудан кейін термостаттағы ылғалды камерада, 25 градустық жылулықта өсірдік. Петри тостағаншаларында төрт қайталанымдағы тәжәрибеде 1000 тұқымның өнгішітігін анықтадық. Өнгіштікті сегіз тәуліктен кейін әр үш күн сайын есепке алып отырдық. Эксперименттің нәтижесінде бірінші жылғы түзілген тұқымдардың тек 4,65 пайызы ғана өнетіндігі анықталды. Қалған тұқымдардың сыртқы қабаттары судың енуіне кедергілігін сақтады, қатты күйінде сақталды. Ол тұқымдар ешқандай бұзылу немесе басқада өзгерістерге ұшырамады. Екі жыл бойында, зертханалық жағдайда сақталған тұқымдардың өнгіштігі  15,7 пайызға дейін артты (1-кесте). Тәжірибеде бақылау және стандарттық нұсқа ретінде сыртқы қабаттары құмдақ қағазбен зақымдалған тұқымдар себілді. Бұл тұқымдар түзілу жылына қарамай, бірдей жоғары дәрежедегі өнгіштікті көрсетті, тиесілі 68,4-65,4 пайыз арасында.

     Экспериментерден алынған деректер тұқымның әр келесі жылында өнгіштігін арттыратыны туарлы тұжырым жасауға негіз болды. Табиғаттағы қысқы суық пен ылғал мөлшерінің үйлесімі және топырақтағы әтүрлі органикалық және минералдық қышқылдардың әсерінен тұқымның сыртқы қабықшасы зақымданып судың енуіне мүмкіншілік туады деген қорытынды жасуаға болады. Ендеше, жантақтың бір жылда түзген тұқымдары табиғатта 4-5 жыл бойында біртіндеп өніп отырады. Олардың ары қарайғы, ересек өсімдікке дейін дамуы, одан кейінгі ортаның метеорологиялық параметрлеріне байланысты. Ал, жантақтың ареалының кеңейуі, олармен қоректенетін  жануарлардың тұқымды тартуына байланысты. Бұл тұжырымды түйе шаруашылығы жақсы дамыған және тағы басқада жантақпен қоректенетін жануарлардың көп кездесетін аймақтарындағы арелдардың кеңдігінен байқауға болады.

                                                                                                                1-кесте.

Жантақ  тұқымының өнгіштігі

 

р/с

Эксперименттің нұсқалары

         Тұқымның өнгіштігі,%

 

 

2005 ж

2006 ж

1

2005 жылы түзілген тұқымдар

4,65

15,7

2

2006 жылы түзілген тұқымдар

3,85

3

Скарификацияланған тұқымдар

68,4

65,4

 

      Жантақтың ересек өсімдігінің жыл сайын вегетация жаңарту ерекшеліктерін зерттеу мақсатында 2005-2006 жылдары Шымкент қаласының маңындағы табиғи тұрғыдағы өсімдіктер зерттелді.

Өсімдіктердің тіршілік формасы бойынша жіктеуде жантақ жылдың қолайсыз мезгілінде  қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне орай гемикриптофиттер (Н) мен криптофиттік формалардың аралық түріне жатады. Өсімдіктің қайта көктеуге  арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасқан каудекстерде және жердің 20 см тереңдіктегі тамырда орналасады .

 Жер бетіндегі каудекс жойылған кезде, мысалы қолайсыз жағдайдың әсерінен немесе танаптардағы жер жыртудың әсерінен, негізгі тамырда орналасқан бүршіктер вегетациялық сабақтарды түзе алады. Біздің эксперименттерімізде жер асты бүршіктерінің үлесі барлық бүршіктердің 21,3 пайызын құрайтыны анықталды. Өсімдіктің алғашқы және жақсы дамыған сабақтары жер үстіндегі каудекстік бүршіктерден, кейінгі қосалқы және майда сабақтар жер асты бүршіктерден дамитыны анықталды. Бұл бүршіктердің оянып сабақ түзуі өсімдіктің өсу ортасындағы факторлардың әсеріне тікелей байланысты екені дәлелденді. Ылғалы аз, дөңес жерлерде орналасқан өсімдіктердің сабақ саны 2,3 арасында болды. Мұндағы сабақтар тек жер үсті бүршіктерден дамитыны көрінді. Ал, ойпаң және ылғал мөлшері көп жерлердегі биік қомақты өсімдіктердің сабақ саны 3,2 -3,4 арасында болды. Олардың 1,1 бөлігі жер асты бүршіктерден дамыған. Ендеше, жантақ өсімдігі өзінің өсу ортасына қарай, вегетациясын жалғастыру үшін түзетін бүршіктерінің мүмкіншіліктерін қоршаған ортаның факторларына қарай белсендіре алады екен. Ылғал мөлшері өте аз кезде жер асты бүршіктері вегетацияны жаңартуға қатыспайды, олар өздерінің қосалқылық рөлінде қалады. Олардың оянуы және вегетациялық үрдісті қамтамасыз етуі жер үсті бүршіктері жойылған кезде іске асады. Біздің эксперименттерімізде күзде жер жыртылған танаптардан көктемде өсіп тұрған өсімдіктердің сабақтарының жер асты бүршіктерден дамитыны дәлелденді.

Алғашқы сабақтардың бойында кезекпен орналасқан жапырақтардың 4-5 түссіз болып келеді. Олар фотосинтездік қызмет атқармайды және сабақтың өсуі басталғанан кейін тез арада қурап кетеді. Ересек өсімдіктердің биомассасындағы жапырақтардың үлесі  біздің зерттеулерімізде —-пайызды құрады. Керісінше, сабақтың биомассасы — пайызды құрады.  Бұл дерек жантақ өсімдігінің азықтық құндылығын төмендетпейді. Өйткені, өсімдіктің сабақтары онша жуан және сояу болмағандықтан толығымен мал азығына жарамды болып табылады.

  Жанама сабақтар 4 жапырақтың қолтықшасынан бастап дами бастайды. Өсімдік сабағының құрылысын зерттеу дарысында, басты дарақтарды құрайтын сабақтар болып сол алғашқы 4-5 жапырақтардың қолтықшаларынан дамитын сабақтар болатыны анықталды. Ол сабақтар өсімдіктің негізгі сабағы сияқты келесі 2,3 және 4 сүрелік сабақтарды түзе алады. Ал, негізгі сабақтың жоғарғы жапырақтарының қолтықшаларынан даыған жанама сабақтар өзінің 1 немесе 2 сүрелік сабақтарын ғана дамыта алады екен. Бұл деректі алғашқы сабақтардың жақсы дамуына көктемнің қолайлы кезеңдеріндегі ылғал мөлшерінің жеткіліктілігімен түсіндіруге болады. Өйткені, жаздың ортасына қарай топырақтың жоғарғы қабаттарындағы ылғал мөлшері толығымен пайдаланылып біткеннен кейін жантақ тек терең қабаттардағы су мөлшерінен тәуелді болып қалады. Ол ылғал мөлшері жан-жақты дарақты сабақтануға жеткіліксіз болып табылады. Сонымен қатар, жазға қарай ауа температурасыда күрт жоғарылар кетудің салдарынан өсімдіктің транспирациялық үрдісі артады. Өсімдіктің ылғалдық балансы кеш түзілген сабақтардың тарамданып өсуіне жеткіліксіз. Сондықтан жоғарғы жапырақтардың қолтықшаларынан дамыған сабақтардың сүреліксабақтары ары қарай сабақтанбайды, керісінше өсуін тежеп қысқара бастайды. Бұл сабақтар келесі даму кезеңдерде өсу емес даму үрдісін қамтамасыз етеді. Олардың ұщтарында гүл шоғырлары пайда бола бастайды. Ал, жаз ортасында немесе соңында өсімдіктің ылғал тапшылығын сеінуі айқындана түседі. Бұл кезде өсімдікке тамыр арқылы түскен су мөлшері жетпейді. Сондықтан, сабақтардағы гүлдердегі даму үрдістерін соңына жеткізу ұшін сабақтардың ұштары кеуіп тікенге айнала бастайды, ондағы су сабақ бойымен кері қарай сырғудың нәтижесінде гүлдерде пайдаланылады. Бұл жантақ өсімдігінің шөл далалық экологиялық жағдайға бейімделу кезіндегі эволюциялық өзгергіштіктерге ие болу ерекшеліктері болып саналады.

Эксперименттерден алынған статистикалық деректерді нақтылау мақсатында, жантақ өсімдігінің көктемгі вегетациясын жаңарту кезіндегі алғаш пайда болып келе жатқан бүршіктердің анатомиялық құрылысын өсу динамикасында бақыладық. Ол үшін әр бес күн сайынтабиғи жағдайдағы өсімдіктердің тамырын қазып алып тоңазытқышта ұстап микроскоп арқылы бүршіктердегі анатомиялық өзгерістерді анықтап есепке алып отырдық.

      Жантақтың алғашқы бүршіктеріндегі апикальді меристема қосжарнақты өсімдікке тән сипатта, акропетальді бағытта, негізінен ұшына қарай іске асатындығын көрдік. Меристеманың жасушалары дифференцацияланбаған, сыртқы көрінісі бойынша бірыңғай. Меристемалық жасушалардың цитоплазмасы аз , ядро басты көлемін алып жатыр. Меристемалық жасушалар өсімдіктің өмір бойы өсуін қамтамасыз етеді. Өмір бойы өсіп жаңа мүшелермен ұлпалар түзу тек өсімдік ағзасына тән қасиет. Меристема өсімдіктің өмірінің соңына дейін сақталады. Бұл қасиет меристеманың ішінде инициалды жасушалардың болуымен байланысты. Инициалды жасушалар әрдайым бөлініп жаңа жасушалар түзеді және ешқандай ұлпаларға маманданбайды. Меристеманың қалған жасушалары инициалды жасушалардың туындылары болып есептеледі және барлық ұлпаларымен мүшелердің бастамасына айналады. Төбелік меристеманың құрылысы 1-суретте көрсетілген. Онда орталық конус пен туниканы көруге болады. Конусты қоршап орналасқан туника келесі бөліну кезеңдерінде жанамалық меристеманы түзетінін анықтадық.

 

1-сурет.Сабақтың өсу конусындағы төбелік меристема.Т-туника; К-конус.

 

    Сабақтың өсуі төбелік меристеманың қызметі арқылы іске асса, жанамалық мерситеманың жасушалары әр 8-10 күн сайын сапалық өзгерістерге ұшырау арқылы прокамбий мен перицикльді түзеді. Алғашқы жанамалық меристеманың жасушалары ірі, тығыз және әрі ядролы болып жұқа қабатты құрайды. Прокамбий мен перицикльдің жасушалары көп ұзамай екінші жанамалық меристемаларды түзе бастайды. Бұл жасушалар алғашқы жанама меристеманың жасушаларына қарағанда майда, тығыз және қалың қабатты болып орналасады. Көп ұзамай екінші жанамалық меристемадан феллоген мен камбий қабаттары пайда болады.

     Сабақтың анатомиялық құрылысының алғашқыдан соңғыға ауысуы (алғашқы және соңғы ксилема мен флоэманың қалыптасуы) сабақтардың жер бетіне өсіп шыққаннан кейінгі 25-35 күн аралығында байқалды. Бұл кезде соңғы анатомиялық құрылым сабақ ұшынан 2-3 см төмендікте орын алды. Одан жоғары бөлігінде алғашқы құрылымдардың қалыптасуы мен жанама мүшелердің қалыптасуы орын алады. Бұл үрдіс алғашқы сабақтардың бойында едәуір ұзақ уақыт жүрсе, жоғарғы жапырақтардың қолтықшасынан дамыған сабақтардың ұшында өте қысқа мерзім ішінде байқалады. Ол сабақтардың өсуінің тежелуі төбелік меристеманың қызметінің тоқталуымен байланысты. Жоғарғы сабақтардың ұзындығы 5-10 см аралығына жеткенд кезде төбелік меристема жасушалары бөлінуін тоқтататындығы анықталды. Олардың есесіне жанамалық меристема қарқынды қызмет атқара бастайды. Оның нәтижесінде генеративтік мүшелер жақсы дамиды.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Еңбек қорғау қағидалары

 

  Шөл далада және ыстық аймақтардағы зерттеулік жұмыстарды жүргізу ерекше еңбек шарттары мен  ережелерін орындауды талап етеді. Шөл далаға экспедиция ұйымдастыру кезінде оның құрамына кіретін адамдардың денсаулықтары туралы мәліметтер алыуны қажет. Өйткені, далада күн радиациясының қарқыны бірнеше рет артады. Сондықтан, жүрек жұмысының ақауы бар, астма ауруымен ауыратын, көптеген шөптермен тозаңдарға аллергиясы бар, қан қысым жоғары адамдар экспедиция құрамына кіре алмайды. Экспедиция алдында барлық мүшелердің қатысуымен алдын ала техника қауіпсіздігі өткізілуі тиіс. Мұнда тауда кездесетін қауіпті жағдайлар, сақталатын шартты іс-шаралар және қозғалу маршруты мен талап етілетін тәртіптер экспедицияның барлық мүшелеріне түсіндіріледі. Экспедицияның басшысы анықталады. Зерттеулік жұмыстың мақсаты мен атқарылу реті дәрістеледі. Жұмыстар белгілі жоспармен атқарылады. Әр экспедиция мүшесіне оның міндеті мен жауапкершілігі түсіндіріледі.

Улы және беймәлім өсімдіктермен   жұмыс атқарудың өзіндік қауіпсіздік ерекшеліктері бар. Мұндай кезде жұмысшылармен немесе ғылыми жұмыстармен айналысатын қызметкерлермен арнайы техника қауіпсіздігі жүргізілуі тиіс. Ол сабақтарды техника қауіпсіздігі жөніндегі инженермен бірге биолгия саласындағы  немесе фармацевтика саласының маманы жүргізуі қажет. Бұл кезде жұмысшыларға улы заттардың әсері, олармен уланған кездегі алғашқы симптомдарды, уланған адамға алғашқы медицианлық көмек көрсету шараларын және беймәлім немесе улы өсімдіктермен жұмыс атқарған кездегі қауіпсіздіктерді сақтау ережелері дәрістелуі тиісті.   

Ұзақ уақыт ішінде зиянды заттармен жұмыс атқаратын жұмысшылар үшін қосымша төлем ақы мен қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді.

 Мұндай кезде жұмысшының жұмыс режимі белгілі нормативпен нақтыланады. Экспедиция басшысының зат құтысында тауда болуы мүмкін жарақаттарға пайдаланылатын және улану, аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер болуы тиіс. Сонымен қатар, ғылыми экспедицияның маршруты мен тауда болу уақыт ұзақтығы  және базаға қайта оралу мерзімі мекеме басшыларына алдын ала айтылып ескертіледі.

Экспедиция мерзіміне жеткілікті тамақ пен су мөлшері алдын ала есептеліп анықталады. Шөл далада өте улы жәндіктер мен жыртқыш аңдар кездесуі мүмкін. Адам ағзасының қызметі нашарлап медициналық көмек керек болған жағдайда алғашқы медициналық көмекті көрсете алатын адам болуы тиісті және қажетті дәрі дәрмектер жеткілікті болуы қажет. Медикаменттердің құрамы мен мөлшерін медицина маманының кеңесі арқылы анықтап құраған жөн.

 Зерттеулік жұмыстарды атқару кезінде арнайы құралдар мен жабдықтар пайдалану керек. Улы шөптерді және беймәлім өсімдіктерді қолмен қол қапсыз ұстауға болмайды. Тамақтанар алдында міндетті түрде қолды таза сумен жуу қажет.  Дем алыс кезінде жерге жату және кез келген жерге отыру қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан, тамақтану немесе дем алу үшін ашық, шөп жамылғысы жоқ таза жерді пайдаланған жөн.

Тау биіктігінде күннң ультракүлгін сәулесінің үлесі өте жоғары болады. Сондықтан, жұмыс атқару кезінде дененің ашық жерлері болмауы керек. Әсіресе бет пен көзді сәуледен сақтау керек. Көзге сәуледен қорғайтын көзілдірік  пайдаланған дұрыс. Дененің ашық жерлерін күн сәулесінен қорғайтын крем мен арнайы майлар жағып алу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қоршаған ортаны  қорғау

 

     Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтары өте сирек кездесетін өсімдіктерге бай. Тек ғана Ақсу Жабағылы табиғи қорығында жер бетінің басқа бөлігінде кездеспейтін 10 өсімдік түрі өседі екен. Оолардың көбін арнайы маман емес адамдар біле бермейді. Сондықтан, қорықтарда ғылыми экпедиция мүшелеріне де кеппе шөп және тағы басқа материалдарды жинауға тиым салынған. Өсімдіктерді жұлуға болмайды. Барлық морфологиялық және басқада зерттеулік жұмыстар өсіп тұрған өсімдіктерді бақылау арқылы жүргізілуі тиіс. Мұндай биіктіктерде өсетін өсімдіктердің көбісі белгілі ендіктерде ғана өскендіктен, олардың саны өте аз. Адамдар мен жануарлардың таптауыда олар үшін өте әсерлі және зиянды фактор болып саналады.

     Соңғы ғасырдың екінші жартысынан бері қарай, өндірістік технологияның қарқынды дамуына байланысты алғашқы шикізаттарды табиғи танаптардағы өсімдіктерден алу қарқынды жүрді. Көптеген сирек кездесетін және өндіріске қажетті өсімдіктердің қазіргі кездегі нашар экологиялық жағдайына сол себеп болды. Мысалы, 19-20 ғасырларда, синтетикалық каучук пен сабын өндіру технологиялары меңгерілмеген кезде, олөндірістерге қажетті шикізаттарды Қазақстандағы табиғи жағдайда өсетін көксағыз және бозтікен өсімдіктерінің тамырларын жинау арқылы өндірді. Сондықтан, қазіргі кезде, бұл өсімдіктер жойылу қауіпінің қасында деуге болады. Бозтікен өсімдігі ОҚО Қазығұрт ауданында 20 гектардай территорияда ғана сақталып қалды. Ал, Қара ындыз және жауқазын сияқты өсімдіктердің де экологялық жағдай жылдан-жылға нашалап барады.

    Бүгінгі күнгі өсімдіктер әлемін қорғау іс – шаралары бұл нашарлау тенденциялы үрдіске лайықты тосқауыл бола алмай отыр десек артық емес. Өйткені, қорғау івс шараларына қарамай, аталған өсімдіктер әлемінің қал ақуалы нашарлау үстінде. Көптеген қорыққа жақын және табиғаты тамаша таулы аймақтардың өсімдіктер әлемі мал жайылымы ретінде пайдалану арқылы күйзелу үстінде.

     Бұл үрдістің үдеуіне антропогендік фактордың үлесі мол. жаз күндері ретсіз демалу шылар табиғатқа айтарлықтай зиян келтіруде. Осы мәселелерді жою жолында қарастырылған шаралар әлсіз.

    Тағы бір айтарлықтай фактор ретінде атап кететін мәселе, ол жергілікті табиғатты пайдаланатын, дем алу сауығу кезінде табиғатқа баратын адамдардың мәдениеті мен табиғатты қорғау туралы түсініктерінің дәрежесінде. Ақпарат құралдарында экологиялық мәселелерді көтеретін бағдарламалар өте аз. Сонымен қатар, итабиғатты қорғауға деген көңіл әге дейін жеткіліксіз. Қорықтардағы өсімдіктерді тек қорғау емес, олардың көбеюіне жағдай жасайтын зертханалар мен питомниктер саны жеткіліксіз.

     Таулы аймақтардағы өсімдіктер флорасы ерекше ботаникалық құрамнан түзілген. Ол мәңгілік тұрақты емес. Шаруашылықтық әрекетерді асыра пайдалану бұл қауымдастықтағы тұрақтылыты бұзуы мүмкін. Әсіресе, қазіргі кездегі экономиканың қарқынды дамуын ескерген кезде, бұл ассоциациялық құрамның жағдайын үнемі зерттеп тұру қажет. Сонымен қатар, пайдалану үшін қажетті ережелер мен қағидаларды түзу керек.

    Шөл даладағы өсімдіктерді зерттеу кезінде олардың ботаникалық құрамы мен экологиялық жағдайына баға беру өте қажетті іс-шара болып саналады. Өйткені, мұндай деректер жыл сайын немесе белгілі мерзім ішінде экологиялық ақуалды мониторингтеп отыруға мүмкішілік береді.

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, зерттедеріміздің нәтижелерін қорытындылай келе келесі қағидаларды бөліп айтуға болады:

        1) жантақтың сабақтануы дәрежесі оның өсіп тұрған жеріндегі ылғал

          мөлшерінен тәуелді.   

          Көктемгі ылғалдың мөлшері жоғары болған жағдайда жер асты

          бүршіктерде сабақ түзуге қатысады . Өсімдіктің сабағының дарақтығын  

          ең алғашқы жапырақтардың қолтықшасынан дамитын сабақтар атқарады.

         Соңғы жапырақтардың қолтықшаларынан  түзілген сабақтарда өсімдіктің

       генеративтік мүшелері түзіледі.

2) жантақ өсімдігінің тұқымнан көбеюін тежейтін факторлар ретінде оның    тұқымының физиологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін атауға болады. Жантақ тұқымы сыртқы қабатын бұзған жағдайда бірінші жылда жоғары дәрежелі өнгіштік көрсетеді;

  • тұқымның бұл қасиетін өсімдікті қолдан көбейту үрдісінде тиімді пайдалануға болады;
  • ересек жантақ өсімдігінің жыл сайын вегетация жаңартуы кезінде оның гемикриптофиттік бүршіктері басты рөл атқарады. Тереңдіктегі тамыр бүршіктері қосалқылық қызмет атқарады. Жер бетіндегі каудекстік бүршіктер жойылған жағдайда тереңдіктергі тамыр бүршіктер олардың орнын басады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Ковалева Н.Г. Лечение растениями. Очерки по фитотерапии. Изд. «медицина». 1972.
  2. Правдин И.Н. Дарвинизм. М.;- «Просвещение», 1986.
  3. Лавренов В.К., Лавренова Г:В. Современная энциклопедия лекарственых растений. Изд. «Нева». СПб. М.,- 2006.
  4. Межаков А.К. Занимательное садоводство. Изд. «Рауан», Алматы. 1990.
  5. Доброхотова К.Н., Писарев А.А. Целебные растения вокруг нас. Алма-Ата.1980.
  6. Дудченко Л.Г., Кривенко В.В. Пищевые растения –целители.Киев.1988.
  7. Петров В.В. Растительный мир нашей родины. М.;-«Мир», 1991.
  8. Рейн П. и др. Современная ботаника. Изд. «Мир». М.,-1190.
  9. Сыбанбеков Қ.Ж. Жабайы өсімдіктер сыры. Алматы. Қайнар. 1986.
  10. Цингер. А.В. Занимательная ботаника. М.;-«Советская наука.». 1954.
  11. http/www. library. intra. ru –электрондық кітапханалық қор.
  12. http/www. ecostan. org

     10.,http/www.ecoline. ru/me

  1. http/www. referat.kulichku.net

     12.http/www. NLRK. kz – ҚР ұлттық кітапханасы

     13.http/www. libluch. boom.ru –Южно-Казахстанская ОУНБ им. А.С.

          Пушкина