Мазмұны
Кіріспе
- Ж.Қ.Қасымбевтың өскен ортасы мен нңбек жолының басталуы
- Қазақ хандарының тарихы
- Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ хандығының жауға қарсы күресі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі «Елбасымыздың қазақтың өз тарихынан ұялуына ешқандай негіз жоқ, онда өз елін және өз жерін мақтаныш тұтып, шатыққа бөлейтін жайлар өте көп екендігі туралы айтқан сөздері өте орынды. Бірақ осы пікірдің үдесінен шығу үшін тарихты тисті талаптарға сай,жоғары деңгейде оқытуға тиспіз, бұл пәнді Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының басым бейімді пәніне айналдыруымыз, жастардың оған деген ынта-ықыласын арттыруымыз қажет.Бәлкім, ежелден-ақ тәуелсіздік тәжірибесін бойларына сіңірген, азаттықтың еркін ауасымен демалып үйренген және сонысын мақтаныш тұтаынелдер үшін бұл мәселе оншалықты өзекті емес шығар, алайда, біз үшін тарихты терең оқып-білу,одан сабақ алабілу жүз есе маңызды»,-дейді Ж. Қасымбаев.[1]
Ұланғайыр тарихымыздың мұқият жазылып, қағаз бетіне басылып, кейінгі ұрпақтардың мұрасына айналуында орын алып келген орасан кемшіліктердің бар екендігін бүгінде әрқайсысымыз білеміз. Әрине тарихты жасаушы тоқтаусыз алдыға жылжыған уақыт пен сол кезеңде өмір сүруші халық. Ал сол тарихты жасаушы-әр кезеңнің мәнді оқиғаларың мұқият саралап, талдап, жинақтап, қорытып жазып отыратын тарихшылар екені тағы да рас.
Құдайға шүкір, бүгінде бізде тарихшылар жетеді. Сондықтан қазіргі тарихтың ойдағыдай жазылатынына ешбір күмән болуы мүмкін емес. Ең маңызды мәселе-еліміздің Х1Х ғасырдың арғы жағында жатқан тарихымыздың ақтаңдақ тұстарының орнын толтыру, отаршыл Ресей тарихшылары мен кеңес өкіметі тұсындағы тоталитарлық заман кезінде әдейі бұрмаланып жазылып келген тарихты түгендеп, түзеп жазып, ақиқаттың ақ жолына шығару болып отырғаны белгілі.
Осы орайда тәуелсіздік тізгіні қолымызға тигелі бері кезінде Қазақстанның төл тарихын туралап жазуға тырысып, сталиндік зұлматтың құрбаны болып кеткен Мұхаметжан Тынышпапаев, Санжар Аспандияров және өткен ғасырдың елуінші жылдары қуғындауға ұшыраған Ермұқан Бекмаханов, Бек Сүлейменов сияқты ғалымдардың әділ ісін жалғастырудың қолға мықтап алған тарихшыларымыз да баршылық
Сондықтан да Елбасы Н Ә.Назарбаев,»Ұлы тұлғаларын білмейін-
ше,бірден-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тағдырының айнасынан бір тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз,оның рухын, тынысын сезінеміз.
Сондықтан да халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік
парызын айқын да анық да түсінген, қандай қиын-қыстау жағдайда да оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім өз жұртының нағыз азаматы болып қала берген. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген. Ол,ол ма, белгілі бір мағынасында олардың өздері де халық тарихының тұтас бір дәуіріне татыған, халқының бағытынан жаңылмай тәуелсіздікке бастайтын жолын нұрландырған ел тарихының шамшырақтары болған»[2],-деп тұлғалардың тарихтан алар орнын көресетеді.
Сондықтанда тарихшылар ұлттық намысты, қазақ рухын жоғалтпай, шаң басқан архивтерді ақтарып, іздене жүріп, әділет төріне ұмтыла берді, ұмтыла берді. Осындай тынымсыз еңбегімен мұндай ғалымдар кезінде кеңес өкіметінің өзін де мойындатып, ерен еңбегіне лайықты бағалар ала алды. Солардың бірі-тарихшы ғалым Жанұзақ Қасымбаев дер едік.
Ол Геродоттың тарих жөніндегі пікірін берік ұстаған, тарихи шындықтың бәрібір жеңетініне күмән келтірмеген, соған үздіксіз ұмтылған, шын мәнінде үлкен зерттеуші, талантты тарихшы. Олай дейтініміз, ол өзінің бүкіл рухани ізденістерін, саналы ғұмырын тарихқа қызмет етуге арнап, оның большевиктік партияның өзінен бұрын өмірге келген, идеологияландыруға көне бермейтін тұстарының қыр-сырын мүмкіндігінше шынайы ашумен белсенді айналысып, амалсыз «сарай ғылымына» айналған тарих ғылымының кеңес дәуірінде де нақты деректермен сөйлейтін ғылым болуына өзіндік үлес қосып келді.
Біздіңше, ғалымның беделі еңбегінің санымен емес, сапасымен, оның тиянақты да жүйелі тындырған салмақты да жүйелі тыңдырған салмақты ісімен бағаланса керек. Ж. Қасымбаевтың зерттеушілігі, ұстаздығы өзінің тарих саласындағы берік те биік тұғырына іс жүзінде адалдығымен өлшенеді.
Беленді жас зерттеуші, үлкен құлшыныспен жігерленген Ж. Қасымбаев 70-ші жылдардың басында-ақ, тарихи сананың өркендеуін ықпал ете білген бір топ ғалымдар қатарында ұлттық мүддені қорғайтын тынымсыз ізденістер жолына түсті. Қоғамдағы «тоқырау» аталған жылдарда аға буын тарихшы ғалымдардың көпшілігі партиядан қаймығып, өз ойларын бүкпелеп, ашық айта алмай қапаланса, ол өз зерттеулерін партия тарихынан аулақ, саясатпен тікелей байланыссыз тарихи кезеңдерден, жолдардан іздестірді. Мұның өзі оның пікірін біршама еркін білдіруінемүмкіндіктер берді.
Қазақстанның тарих ғылымының дамуына үлес қосқан, тарих ғылымдарының докторы, профессор, гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан халыққа білім беру ісінің еңбек сіңіргенқайраткері, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің (Қаз.Ұ.П.У. )гуманитарлық факультеттері Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Жанұзақ Қасымбаев.
Болашақ зерделі ғалым иісі қазақ баласы үшін қасиетті мекен саналатын Семей өңірінде (қазіргі Шығыс Қазақстан обылысы ),Аягөз топырағында 1941ж. 25 желтоқсанда дүниеге келген.Ол Семей облысы, Шұбартау ауданында С. М. Киров атындағы қазақ орта мектебіне ( 1949-1959ж)және ол С. М. Киров есімімен аталған қазірігі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне (1960-1965ж)оқиды.1965-1967ж. ж.еңбек жолын Талғар қаласындағы Пушкин атындағы мектепте пән мұғалімі болды. 1967ж. қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұттық Педогогикалық Университетіне оқытушы, 1970ж. «Семей қаласының тарихы»(1718-1917ж )атты тарырыпта кандидаттық дисертация,1983ж. «Шығыс Қазақстан қалаларының қазақ ауылымен орыс шаруа мекендерімен және іргелес мемлекеттермен қарым-қатынастардың орталықтары ретінде дамуы ( ХVIII ғасырдың 20 жылдары-1917ж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
КСРО министерлер кеңесі жанындағы жоғары аттестациялық комиссияның 1983ж. 30 желтоқсандағы шешімімен ( 51 хаттама) Ж. Қасымбаевқа тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.[1]
Осылайша оның тарихтың терең қойнауларын ақтауға біржола бет бұрған қызу өмірі басталады.Зерттеулерінің негізгі бағыттары \ Қазақстанның қалалары, қазақ жерін Ресейдің отарлап, өзіне қосып алуы, ХVIII ғасыр мен ХIХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар, ХVIII-ХIХ ғасырлардағы Қазақстанның орталық Азия елдерімен халықаралық саяси және сауда байланыстары, көшпенділер мен отырықшы тұрғындардың өзара қарым-қатынасы,ХVIII және ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандарының өмірі мен қызметі сияқты тақырыптарға арналды. Осы зерттеулеріне байланысты ол 500 баспа табақ көлемінде еңбектер жазды. Оның ішінде 20-дан астам монографиялар мен кітаптар шығарды.Біршама еңбектері Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түркияда, Қ.Х.Р.-да жарық көрді. Олардың кейбіреулеріне шетелдерде, оның ішінде Германияда рецензиялар, пікірлер жарияланды.[3]
Еліміз егемендік алғалы профессор Ж. Қасымбаевтың ХХ ғасырға дейінгі қалалар мен қоғамдық қатынастардың теориялық мәселелеріндегі зерттеулері шетелдік тарихнамада қолдау тауып, Қазақстан тарихының зерттеу деңгейін әлемдік деңгейге көтеру мүмкіндігін тудырды. Ж.Қасымбаевтың Қазақстан мен Орта Азиядағы зерттеуші тарихшы-ғалым ретіндегі орны әділ бағаланып, 1995 жылы Гарвард университеті жанындағы «Орта Азия зерттеушілері» деп аталатын анықтамаға оның тамағы оның есімі мен еңбектері кіргізілді.
Бүгінде ғалымның жетекшілігімен 30-дан аса ғылым кандидаты, 2 ғылым докторы даярланса, бұл ғалымның ізбасарларға деген ілтипаты, жастарға деген сенімі болса керек. Зиялы қауым, ресми орындар тәжірибесі мол профессордың жас ғалымдарды баулып, олардың еңбектерінқорғау ісінің сапалы болуына ерекше жанашырлық пейілін, үлкен жауапкершілігін ескеріп, оған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетдің кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі арнайы кеңесін басқару құқығын берді. Ол бүл кеңестің төрағасы ретіндегі қызметін 1991 жылдын бері абыроймен атқарып келді.
Қазақстан тарихы мәселелерін жан-жақты талдап, саралап, маңызы мен мәнін ұлтын сүйген көпшілік қауымға жеткізіп, санасына сіңіруде талмай еңбек еткен тарихшы-ғалымның саяси, қоғамдық, ғылыми-ұйымдастырушылық қызыметіне талдау жасап, бағалау, оның еңбектерінде жасалған тұжырымдар мен пайымдаулардың құндылығын ашып көрсету тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін арттыра түседі. Ал, кейінгі өтпелі кезең мен тәуелсіздік алған жылдардағы өткір сындарға толы, келелі ой қозғаған бағалы еңбектері әлемдік аренада өзінің жоғары бағасын алғандығы анық .
Тақырыптың зерттелуі. Тарихи тұлғатану тарих ғылымының құрамдас бөлімі ретінде айрықша жанр болып табылады.Оның айырмашылығы ол жеке тұлғаның ғана ғұмырын көрсетіп қоймайды, сол тұлғаның қызметі арқылы тарихты сомдаған зерттеудің түрі. Жеке тұлғаның, атап айтсақ ғалымдардың қызметі туралы нақтылы мәліметтерді жинақтауда оның өз еңбектерін сараптаумен ғана шектелмей, өзі және өскен ортасы, ұстаздары, әріптестері, нақтылы бір оқиғаны зеттеу барысындағы ғылыми ой-пікірлері мен тұжырымдары да қарастырылады.Осының нәтижесінде барып белгілі бір дәрежеде ғалым мен оның қызметі туралы дәстүрлі үлгі бойынша жаңа туынды қалыптасады.
Ж. Қасымбаевтың өмірі, ғылыми-шығармашылық және қоғамдық қызыметі туралы жарықкөрген жарияланымдарды шартты түрде мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады.
-Әр жылдарда жарық көрген түрлі энциклопедиялық, академиялық басымдардағы қысқа өмірбаяндық мақалалар мен арнайы биобиблиографиялық басылымдар.
-Қазақ хандықтарының тарихы туралы еңбектері. [4]
-Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ хандығының жауға қарсы күр жөніндегі еңбектері.[ 5]
Алғашқы топқа әртүрлі энциклопедиялар мен анықтамалықтардағы мақалалар ( 6)және 2 биобиблиографиялық басылым жатады.[7] Осылармен қатар ғалымды тарихшы, педагог және ғылыми ұйымдастырушылығын жазған Мамырайымовтың Ж.Қасымбаевтың жалпы қызыметіне баға берілген тұстары сипатталғанын айтып өткеніміз жөн.[8] Сонымен қатар Талас Омарбеков тарих ғылымының докторы, Бақдәулет Берлібаев тарих ғылымының кадидаты және Ерғали Ахметтердің мақалаларында да ғылымның еңбектері мен ұстаздық қасиеттері сипатталды. [9]
Сонымен, тарихи әдебиеттерге және көркемсөздік шығармаларға жасалған тарихнамалық шолу профессор Жанұзақ Қасымбаевтың ғылыми шығармашылық мұрасына, педагогикалық, қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызыметіне ғылыми қағидаларға негізделген кешенді зерттеу қажеттігін көрсетеді.
Диплом жұмысының міндеті мен мақсаты. Диплом жұмыстың мақсаты- Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі мен қызыметін тарихи үрдістер және профессордың республика ғылымына, білімі мен мәдениетіне қосқан үлесін көрсету, толыққанды қалыптасқан ғалымның тұлғалық бейнесін жаңғырту,ХХ ғасырдың соңғы жартысындағы Қазақстан тарихындағы оның орнын анықтау.
Осы мақсаттарға сәйкес, мынандай міндеттер алға қойылды-
- Ж. Қасымбаевтың ғалым және қайраткер тұлға ретінде, сондай-ақ оның азаматтық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторларды ашып көрсету.
- Ғалымның ғылыми қызыметінің дамуындағы кезеңдерді айшықтау.
- Профессордың Қазақстандық тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуы жолындағы ғылыми-ұйымдастырушылық ролін анықтау.
- Ж. Қасымбаевтың еңбектері арқылы қазақхандықтарының тарихын жазу.
- Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ хандығының жауға қарсы күресін профессордың еңбектеріне сүйене отырып жазу.
Зерттеу жұмысының храналогиялық шеңбері 1941-2004 өмірі мен ғылыми- ұйымдастырушылық,ағартышулық,қоғамдық қызметін хv ғасырдың 60 жылдары қазақ хандарының жауға қарсы күресі туралы зерттеулерін қарастыра отырып зеттеу мазмұнының толыққанды ашылуына мүмкіндік жасайды.
Жұмыстың методологиялық негіздеріне-өзекті тарихи мәселелерді, оның ішінде көрнекті тарихи тұлғалардың шығармашылығы мен қызметін зерттеуге мүмкіндік беретін жалпы ғылыми және арнайы тарихи әдістер кешені қолданылды, Сонымен қатар, жұмыстың орындалу барысында бірінеше әдістемелік тәсілдер де қолданылды, деректемелік іздестеру мен зерттеу, осы жұмыстың жазылуына негіз болған зерттеу обьектісі ретінде қарастырылып отырған профессор Ж. Қасымбаевтың ғылыми шығармашылығына тұжырымдамалық талдау жасау.
Дипломдық зерттеу жұмысын жүргізуде автор тарихи фактілер, оқиғалар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыруды талап ететін обьективтілік мүддесін үнемі басшылыққа алған. Сондай-ақ, жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін сыртқы және ішкі жағдайларды анықтау, теоретикалық саралау, тарихнамалық сындарлы пікірлер жиынтығынан пайда болатын тарихи қағидалылыққа сүйенген. Жалпы композициялық негіз ретінде бүгіннен кешегіге немесе өткенге, салдарынан себебі мен дәлеліне бағытталған өткенге шолу жасау, яғни ретроспекциялық әдіс пайдаланылды.
Көрнекті ғалымның өмірбаянын арнайы тарихи зерттеу де бүгінгі таңда ғылыми бағыттың бір саласы болып отырғандығы даусыз. Осы аталған методологиялық және әдістемелік негіздерді қолдану барысында тарихи оқиғалар мен бағалауда өркениеттік көзқарастар мен ұлттық мүдде ұстанымдары үнемі басты назарда болды. Сонымен қатар зерттеу жұмысында жасалған тұжырымдар мен айтылған пікірлердің өзара логикалық үйлесімділікте болуына да ерекше мән берілді.
Зерттеудің деректік негізі-зерттеліп отырған мәселенің деректік негізі өзінің мақсаты мен міндеттеріне сай мұрағаттық құжаттар мен басылымдарда жарияланған деректерден тұрады. Ғалымның артында қалдырған бай шығармашылық мұрасымен қатар, оның көпқырлы ғылыми шығармашылық және қоғамдық қызыметінің жаңа тұстарын ашуға көмектесіп ғана қоймайды, оның басты өзегі болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы профессор Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі, ғылыми-ұйымдастырушылық,ағарту-педагогикалық қызыметін алғаш рет зерттеу, оның Қазақстан ғылыми, білімі мен мәдениетіне және қоғамдық өміріне қосқан сүбелі еңбегін тұңғыш рет кешенді бір тұтастықта қарастыру. Осы уақытқа дейін ғалым және оның мұрасы жайлы журналистер, әріптестер, замандастарының әңгіме, мақала, естеліктері мен ғылыми-шығармашылығына берілген сын-пікірлерінде өмірі мен қызыметінің кейбір сәттері ғана үзік-үзік қарастырылып келген болатын. Сондықтан да мұндай жарияланымдар Жанұзақ Қасымбаев әлемін толық танып білуге қосалқы материалдар ретінде ғана қолданылатыны анық.
Жанұзақ Қасымбаев бүгінде республикадан тысқары жерлерге де кеңінен танымал. Оның 500-ден астам баспа табақ көлемінде жарық көрген жұмыстары Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркия, Қытай халық республикасы тәрізді шет мемлекеттерде жарық көрді. Сондай-ақ Екатеринбург, Махачкала, Нальчик, Орынбор, Тоиск, Новосибирск, Уфа, Ташкент, Минск, Анкара, Пекин, Каир, Бонн сияқты қалаларда өткізілген халықаралық ғылыми конференцияларда профессор Ж. Қасымбаев сөз сөйлеп, қазақ тарихын әлемге әйгіледі, қазақ елінің берік рухы мен тарихи өсу жолдарын марапаттап, әлем жұртшылығына тарихымызды таныстыруға сүбелі үлес қосты.[10]
Айтулы ғалым өз ғұмырында 20-дан аса монографиялық еңбектер жазса, кейін 3-4жыл ішінде ғана жүздеген жылдар бойы тәуелсіздік жолындағы күрес басшылары бола білген қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен қызыметін суреттейтін жүйелі жинақ монографияларын жариялап үлгерді.[11] Ұстаз әрі ғалым Жанұзақ Қасымбаев осы екі ұғымға да сай екенін бүкіл ғұмырымен дәлелдеп келеді.
Жұмыстың қолданбалық маңызы. Қазастандық тарихнамада ғұмырнамалық жанрдың толыққанды бір сала ретінде дамуына әсер етеді. Сонымен қатар дипломды зерттеуде көтерілген мәселелер мен олар бойынша алынған нәтижелер мен жасалынған кейбір тұжырымдар мен пайымдауларды орта, арнаулы және жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінде дәрістер оқу мен арнаулы курстарды өтуде, тарихнамалық зерттеулерде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрлымы:кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
- Ж.Қ.ҚАСЫМБАЕВТЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ МЕН ЕҢБЕК ЖОЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп,мақсаттары мен міндеттері,әдістемелік негізгі,ғылыми жаңалығы мен қолданбалы маңызы айқындалып мәселенің зерттеу дәрежесіне талдау жасалады және пайдаланылған деректерге сипаттама беріледі.
Тарих ғылымдарының докторы Жанұзақ Қасымбаевтың өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы деп аталатын бірінші бөлімінде Жанұзақ Қасымбаевтың шыққан тегі,өсен ортасы,азаматтық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторлар мен еңбек жолының басталуы тарихи деректер негізінде сараланған.
Оның өмір деректеріне көз салсақ ұлы отан соғысы кезіндегі жетім-жесірөскен ұрпақтың тұрмыс қиындығы мен арпалысып,шынығып,шырығып ержеткен өкілінің ғұмырын көресіз.
Жанұзақ Қасымбаев 1941 жылы желтоқсан айының 25-інде Шығыс Қазақстан /бұрынғы Семей /облысы Аягөз /шубыртау/ауданы Баршартас селосында дүние келді.Әкесі Сабықанов Қасымбай соғыс қарсаңында Семей облысының Шұбартау ауданында /Семей облысының/ауылдық кеңестік төрағасы екен.Әкесі стахановшыл,елді азық-түлікпен ССРО ет және сүт министірлігінің құрмет грамотасымен марпатталған.
1941 жылдың 25 желтоқсанда құдайдан тілеген ұл бала дүниеге келіпті.Ғұмырың ұзақ болсындеген тілекпен оның атын Жанұзақ қойған.
Содан екі айдан кейін майданға алмау жөніндегі броны бола тұра,өзі сұранып соғысқа аттанып кеткен. 1942 жылы оның соғыста мерт болғандығы туралы қара қағаз келіпті.Аздап хат танығаны болмаса,белгілі білімі жоқ анасы Қойшатай еден жуып еңбек етіп,туа сала әкеден жетім қалған Жанұзақ пен оның әпкесі Тілеукенді жетелеп жүріп аман-есен ержеткізген. Анасы 1977 жылы дүние салды. Екі баласыда жоғары білім алып,өмірдегі өз жолдарын тапқан.Қаршадайының өмір тауқыметін басынан кешірген Жанұзақ Қасымбаев бес жасынан баулынып,анасымен өмір мектебіне төселді.
Жолы болғанда қандай десеңізші. Әпкесі –Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі,інісі-ғылым докторы,профессор. [12]
Ал осы Жанұзақ Тұрмыстың қиындығынан жағдайдың жоқтығынан Шұбартауда мектеп табалдырығынан тек 8 жасында ғана аттапты,орта мекткепті 1959 жылы бітіріп шығады.
1928 жылы ашылған мектепте кейіннен Қазақстан Республикасы ғылымы мен мәдениетін сүбелі үлес қосқан бірқатар абзал жандар оқыды: О Хаймолдин, Б Жылысбаев,Е. Рахмадиев, Т.Шойынбаев,М.Ралиев, М.Мағауин, Х.Әдіьаев, Н.Рымғалиев, К.Ыбраев, К.Ахманбаев, Т.Т.леуханов, т.б.
Соғыстан кейінгі жылддарда алшақ қазақ өңірлері енді ғана жоғары оқу орнын тамандаған оқытушылар мен қамтамасыз етіле бастағанда,осы бір
шалғайдағы оқу орны барлық дерлік пәндерден жоғары педагогикалық, тіпті унивеситтетік білімі бар мұғалімдер мен толықтырылған еді. Болашақ тарихшының білім деңгейіне де осы жағдайдың тікелей әсер еткені айғақ.
1958 жылы Жанұзақ Қасымбаев Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищесінің “Баян” бөліміне оқуға түскен.
-Бәрі де сол жетімдіктің,жанбағыстың қамы ғой,-деді Жәкең менің таңданысымды өзімнен байқап [13] –жасымнан баян тартып үйрендім. Музыканыда едәуір қабілетін бар еді. Тарихқа аңсарым аумаса, мүмкін жап-жақсы музыкант болып кетер ме едім? Баянда ойнау қосымша мамандығым болды. Қиын кездерде нанын жеп,жақсылығын көрдік.
Бірақ, Жанұзақ Қасымбайұлын алда музыканттықтан мүлде басқа, тарихшыдлық өмір күтіп тұр еді. Ол тарих атты күрделі де қызықты ғылымның қтяндарға өрлеген қиын соқпақтары мен тар жол, тайғақкешулер еді.
1959-1960 жылдары талантты жастық С.М. Киров атындағы университтеттің тарих факультетінде тыңғылықты білімге тартылуы,оның келешектегіғылыми-педагогикалық деңгейінің жетіле түсуін мейлінше нығайтты. Е.Бекмаханов,М.Ахынжанов,С.Кенжебаев,Г.И.Семенюк,М.Даришев,кейін тарих ғылымдарының докторы профессорлар -Ә.С,Такенов, С.К.Жақыпбеков
Т.С.Найзағарин,т.б. жас тарихшының кәсіпқойлық дәрежесіне біршама әсер етті. Тарих факультетін жақсы бітіріп шықты.
Ұстаздарының аспирантурада қал дегеніне қарамай,отбасының жағдайына байлв\анысты,Талғар қаласында тарих пәнінің мұғалімі болып 2 жыл мектепте жұмыс істеді.
Содан кейін ғана солкездегі Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтының тарих кафедрасына ассисент болып орналасып,инемен құдық қазуға кірісті,яғни ғылым жолына түсті.ҚАЗМУ-дың тарих факультетінде оқыған кезінде профессорлардың лекцияларын тыңдап,ақыл кеңестерін естіді.
Ғылыми- зерттеулеріне М.Асылбеков,О.Исмағұлов, К.Байпақов сияқты белгілі ғалымдар бағыт беріп, қамқорлық көмектерін ұсынды.
Жанұзақ Қасымбаев Қасымбайұлы тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар өмір жолына ұстаздық жол сілтеген абзал жанды педагогтердің бірі-Г.И.Семенюк болатын.
Жанұзақ Қасымбаевтың 1970 жылы “Семей қаласының тарихы(1718-1917жылы)” тақырыбында қорғаған кандидаттық диссертациясының
жетекшісі Г.И.Семенюктің ұстаздық орны тым ерекше.Оның жас тарихшысы адамгершілік қасиеттерге баулығанеңбегі тіпті бір төбе. Осы кезден Жанұзақ Қасымбаевтың шығармашылық ізденісінің басты бағыттары қалыптасты. Москва, Санк Петербург, Омбы, Томск, Барнаул, Новосибирск, Орынбор, Астрахань, Элиста, Ташкент, т.б. қалалардың бай архив қорларынан жинастырылған, сұрыпталған құнды құжаттар негізінде 1983 жылы “Шығыс Қазақстан қалаларының қазақ ауылымен,орыс шаруа мекендерімен және іргелес мемлекеттерімен қарым-қатынастардың орталықтары ретінде дамуы (XVlll ғасырда 20-шы жылдары -1917 жылы)”атты тақырыпта қорғалған докторлық диссертацясы тарих ғылымдарындағы жаңалық. Осы және кейінірек жарияланған басқа да зерттулерінде тарихшы тұңғыш рет кейінгі феодалдық қоғамның ыдырай бастауы және копиталистік процестің аяшақ отарланған өлкеде орын төбе бастаған жаңа құбылыстардың өзіндік ерекшеліктері хақында жаңа концептуалды теориялық қағиданы тұңғыш рет негіздеді.
Оның докторлық диссертациясының азаматтық тарих ғылымы саласындағы қомақты үлес екендігін ССРО ғылым Академиясының тарих институтының ССРО халықтарының тарихы бөлімінің арнайы отырысында Н.Бекмаханова, К.Юсупов, Ш.Мухамедияров, түреімен ғылым Академиясының мүше корреспонденті С.Агаджанов,т.б. басып айтқан.
Осы жұмыстың ресми сарапшылары ССРО мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының иегері В.Я.Янин, белгілі ғалымдар Х.Арғынбаев,Н.В.Алексеенко,зертеуге пікір жазған академик Ю.С.Кукушкин, қырғыз академиясының мүше-корреспонденті К.Үсембаев, Х.Зияев, ғылыми кеңесте сөз сөйлеген академик А.Нүсіпбеков,мүше-корреспондент Б.Сүлименов,т.б. диссертацияда шешілген проблемалардың тың сарынын ерекше атаған.Осы проблеманың төңірегінде Жанұзақ Қасымбаев көп кешікпей бірнеше қомақты зерттеулер жариялады
Аталмыш монографиалар:”Под надежную защиту Росси”Алматы,1986 “Города Восчного Казахстана в1861-1917 годах”(социально –экономический аспект.Алмата,1990)ССРО және шетелдің баспасөз бетінде тура бағасын алды. ”Вопросы истории”,”Военноисторический журнал”,”Наука в Сибире”,”Известия АН.КазССР,(серия общественных наук)”,”Южный Урал”(Оренбург) зерттеулердің концептуалдық жаңашылдығына ерекше міән берген.[14]
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының екінші жартысы –ғалымның зерттеушілік кезеңіндегі басты кезкң. СОКП-ның идеалогиялық күйреуі,қауымның шынайы дербестікке ұмтылуы отан тарихының жаңа кезеңіне алғы шарт қалыптастырды.
Профессор Жанұзақ Қасымбаевтың ғылыми зерттеулерінің басты бағыттарын айтар болсақ, олар: XVlll-XX ғасыр басындағы өлке қалаларының қазақ ауылдарымен және іргелес елдер мен қарым –қатынасы ;Қазақстанның аталған кезеңдерде орта Азия елдері мен саяси және сауда байланыстарының дамуы; қазақ жерлерінің Ресей империясы қол астына көшуі ; қазақ мемлекетінің тарихындағы белгілі қайраткерлер (Хан,билер) мен қол басы батыпърлар т.б.[15]
Академиялық жүйеде қызметте болмаған, Жанұзақ Қасымбаев ізднуші талабы мен зерттушілік талғамын шыңдауы барысында ғылыми жұмысын оқу-педагогткалық жүйемен ұштастыра білді.
Көптеген ұлт жанды ел азаматтары қатарында Жанұзақ Қасымбаевта 1986 жылғы қасіретін басынан өткізді. Қазақ жерінің Ресейге қосылуы хақында ұлтшылдық сарынның ықпалындв қалған деген жалған айып тағылған ғалым-педагог құдіретті мемлекеттік қауіпсіздік комиттетінің тырнағынан әзар дегенде арылды. Партия жиналысында жеке мәселесі қаралған ғалымды жергіңлікті баспасөз де біраз төмпештеп бақты.Соңғы жылдарда сол мезетте қуғынға түскен ғалымдар хақында, соның ішіндеЖанұзақ Қасымбаев туралы да жазылғанына көпшілік күә. Сол желтоқсан қасіретінде табандылығын айқындаған автордың бұдан кейінгі зерттеулерінің оның жылтыраған әсем сөзден аулақ, елдің бұрынғысы мен болашағын ұштастыратые проблемаларға арнауы кездейсоқ емес.Уфада, Екатеринбургте, Бішкекте, Ташкенте, Новосибирскіде, Омбыда, Томскіде, Орынборда, бірнеше мәрте Москвада жарияланған еңбектері өткен заманда, яғни,кеңес өкіметі кезінде көмескі ғана көтерілген даулы оқиғаларды жаңғырту автордың табандылығының көрінісі. Қазақ жерінің Ресей империясы құрамына қосылуының саяси астарларын айқындаған ғалымның пікірлері осы күндер қоғам негізі ретінде қабылдаған баға.
Сол 80-шы жылдардың соңы 90-шы жылдардың басында өткен ғылыми таластар обьективті түрде зерттеушілерден тың деректер негізінде тыңғылықты дәлелденген, түбірлі зерттеушілерді талап еткені белгілі. Тағы да архив қорларынды ізденіс жалғастырылды 1993 жылы жаңа құжаттарға негізделген Кенесары хан хақында 30000дан мен баспадан шыққан зерттеу Е.Бекмахановтың атақтың зерттеуінен кейінгі екінші кітап қай жағынан қарастырсада Жанұзақ Қасымбаевтың 90-шы жылдары жарық көрген монографиялары оқырмандардың ойынан шықты, ұлттық санаға жаңаша дем беруге бір үлесі еді.
1995 –жылы жарияланған Құнанбай қажыға , атақты аға Сұлтанға арналған тұңғыш, тарихи монографиясы Абай тануға қосылған елеулі үлес екендігін сарапшылар бір ауыздан баспа бетінде атап өткендігінде естен шығармаған жөн.ал 1995-жылы “Атамұра ” корпорациясы 30000 дана мен Ақмоланың тарихына арналған ғылымның зерттеуін жариялады. Осы кезде жаңа астананы Алматыдан басқа қалаға көшіруге тіпті шешімде қабылданбаған болатын.
Көп жылдар бойы қоғамдық ой-пікірлерді өзіне тартқан-Улы жібек жолы. Қазақ даласының осы тұста дәнекерлік орны айқындалса да, кейінгі тағдыры күңгірт еді Талантты ғалым бұл халықаралық мәні өте мәселеге де өэінің ауызайта тольыра айтатынын үлесін қосты. 1996 жылғы “өлке”баспа жарияланған “Қазақстан-Қытай”.”Караваннаяторговля в XlX-начале XX вв”атты ірі монографиясы соған дәлел
Көптеген архив құжаттарына негізделген аталмыш зерттеу оқырмандардың көңілінен шықты.”Жень Минь Жибао” өзінің орталық Азия бойынша шеф кореспонднтті Инь Шугуанның ғалымен сұқбатын оқырмандарына ұсынды.(09 Xll 1996) Моногрфияның терең мазмұны, бай деректік негізін Мюнхэнде шығатын “Orient” жұрналының сарапшысының пікірінде де басы айтылды. Жанұзақ Қасымбаевтың соңғы кездегі ғылыми ізденістері есімдері империялық қыспа заманында көлеңкеге ығыстырылған, қызметтері алаланып, көмескі сипатталған хандар мен белді шығыс тұқымдарының, батырлары мен белді көшпенді қауым өкілдеріне арналады. 1999-жылы 1-ші том: Ералы (1792-1794), Есім (1794-1797), Барақ сұлтан, Абылайдың үш жүзге ортақ хандығы, Әбілхайырдың өмірінің ақырғы жылдарына арналады. 2-ші том: Айшуақ хан (1719-1810) Алматы 2001,3-ші том: Хан Жантөре (1759-1809) Алматы 2001,4-ші том: Жәңгір хан (1801-1845)Алматы 2001. Жалпы көлемі 80 баспа табақтан асатын 4-томдық, отан тарихындағы бұл жүйені зерттеу тарих ғылымындағы айқын құбылыс.
Жанұзақ Қасымбаев тарих ғылымында тұңғыш рет Ресей империясында генерал шеніне жеткен алғашқы қазақтар туралы да бірінші монография жариялады. Тағы да билеуші-сұлтан Баймұхамед Айшуақовқв арналған бұл зерттеу тың, сирек кездесетін архив құжаттарына негізделген. Талантты ғалым Қазақстан тарихының бес томдығының XVlll-XX ғасыр басындағы оқиғаларға арналған үшінші томына белсене қатысып, оның төртінші бөлігінен астамын өзі жазды.
Тарихшы тек терең ойлы, проблемаларды кеңінен құамтыған ауқымды ғалым ғана емес, қырық жылға жуық мектептен бастап, жоғары оқу орнын да да қамтыған шебер педагог. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
Университетіндегі 35-жыл ұстаздық қызметінде мыңдаған талапты жастар ұлағатты ұстаздан дәріс алды, білімдерін жетілдірді.
Ұстаздық қызметін Жанұзақ Қасымбаевтың өзі де күнделікті қызу еңбегінің басты қосынды бөлігі ретінде қарайды.2-доктор,30-дан астам XVlll-XX ғғ басында ұлтымыздың тарихынан қоғаған ғылым кандидаттарын талапты ұстаздың мектебінен шыққан мамандар.
Кемеліне келген ғылым-педагогтің табыстарына ТМД елдерінің және алшақ жатқан шет елдердің тарихшылары да қанық. Профессор Жанұзақ Қасымбаев белгілі беделді тарихшы ғылым ретінде талай рет көптеген халықаралық конференцияға (Түркия, Сирия, Қытай, Египет, Ресей, Латвия, Өзбекстан,т.б.) қатынасып, XVlll-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері жайлы баяндамалар жасап, бүгінгі Қазақстан тарихы ғылымының биік өресін әлемге танытуға белсене ат салысты [16]
Оның басшылығы мен, тіпті тікелей қатысуымен жоғары және орта мектепке арналған тұңғыш типтік бағдарламалар, тақырыптық карталар, оқу құралдары жастардың отан тарихынан білімін жетілдіруде қаншалықты мәні бар екендігін қалай атап өтпеске. Белгілі ғалым қоғам және мемлекет қайраткері өзбекәлә Жәнібектің тікелей тапсырмасы мен ұйымдастырылған. 1988жылғы оқулықтар дайындау конкурысын да тұңғыш жүлденің иегері Жанұзақ Қасымбаевтың 9 сыныпқа арналған алғашқы оқулығы 1990 жылы жарық көрсе, қазір ол басылым 6 рет қазақ,3-уі ұйғыр тілінде жарық көріп, оқулықтардың жалпы данасы 1миллион 200 мың данадан асып түсті.2000 жылы жалпы білім беретін 12 сыныптық жүйенің 8 сыныпқа арналған байқау оқулығы да жарық көріп, сынақ тәжірибесінен өтуде. Мұның барлығы өмір жолын мектеп табалдырығынан бастаған педагогтің 40 жылға жуық еңбегінің нәтижесі десек,қателеспейміз.
Жанұзақ Қасымбаев шынайы қалыптасқан шебер,көпшіліктің қалауынан шыққан кәсіпқой лектор. Ғалым педагог әрқашан отан тарихының өзекті мәселелерін уағыздауда тартынбайтын, талмайтын талант. Шетелдік Би-БИ-СИ,Азаттық және басқа да арналар да Жанұзақ Қасымбаевтың хабарлары жиі-жиі естіледі. Қазақ радиосының “Зерде” ұлттық бағдарламасы халқымыздың тарихының басты белестеріне арналған аптааралық арнайы хабарын 4 жылдан астам үзбей тыңдаушыларға Жанұзақ Қасымбаев пен бірлесе отырып жеткізуде.
“Ғалым Жанұзақ Қасымбаевтың хабар жүргізушілік шеберлігі өте жоғары .Тыңдаушыны жібермей, ұстап отыратын ашық дауысы, нәрлі тілі бар
Ғалым халөқымыздың сан ғасырлық тарихына, мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдеріне, хандарымыздың ел басқару тәліміне, батырларымыздың қол басқару өнеріне көз жеткізе, көңілге қондыра әңгімелейді”-дейді Амантай
Сәтбеков.[17] Оларды тыңдап отырып, халқымызға тән күшті рухты, биік мұратты, қадір-қасиетті танып білуге болады. Өзіміздің танытудың тура жолы осы.
Жанұзақ Қасымбаев бірқатар саяси астарлы әлі де алып қарышты, ой тудырып отырған проблемаларға баспасөз де дәлді бағасын берген публист. Кәзір оның еңбектері кең танылған. 1986-1990 жылдары ССРО ғылым академиясының проблемалық кеңесінің тарихи саласы бойынша мүшесі.; 1995-1997 жылдары Гарвард университетінің жанындағы орталық рның еңбектерін Оталық Азияны зерттеуші ірі ғалымдардың био-библиографиялық жинағына кіргізген; 1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасының ЖАҚ-тың эксперт комиссиясы мүшесі,1986-1991 жылдары. Абай атындағы университетінің жанындағы арнайы кеңестің төрағасының орынбасары; 1992 жылдан осы күндерге дейін-төрағасы;1992-1996 жылдары . Қырғыстан Республикасы ЖАҚ тың эксперт комиссиясы мүшесі,- 1994 жылдан Қырғыстан Республикасы мәдениет, баспа ісі және қоғамдық келісім миністірлігінің жанындвағы оқу-педагогикалық басылсмдар шығарудың эксперт комиссиясының төрағасы. Бірқатар мерзімді басылымдардың редакциялық алқа мүшесі ; 1996-2000 жылдары Білім және ғылым миністірлігі жаныедағы оқу-әдістемелік кеңестің қоғамдық ғылымдар саласы бойынша төрағасы.
Жанұзақ Қасымбаевтың ғылым –педагогикалық еңбек өзінің бағасы алған.1986,1988 жылдары ағарту ісінің үздігі;1990жылы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметткер; 1999 жылы ”Парасат”орденінің иегері;1996 –Гуманитарлық Академияның толық мүшесі;Қырғызстан тарихшыларының Ассоцияциясының құрметті мүшесі;Ұлттық Академияның”құрмет грамотасын”алған,бірнеше жүлденің иегері.
Мемлекеттік сиылыққа ұсынылған автодың алты томдық зерттеулері бір ғана кезеңді-XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Бұл еңбектер сыйлыққа қойылатын талаптарға сай кейінгі үш-төртжылдың аралығында 1999-2002 жылдары жарияланған. Мән беретін бір жәйт-осы тарихи шығармаларда көшпенді қауымның даму тағдырында ерекше орын алған қайраткерлердің өмірі мен қызметі тек біржақты, сол әңгіме болып отырған тұлғалардың жеке басына қатысты сюжеттерді қамтумен шектелмеген.Автордың алдындағы негізгі мақсат тарихи географиялық жағынан әлдеқайда кеңірек-Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар жүйесінің аталмыш қайраткерлердің көзқарасына, саяси функциясына, Ресей өкілдерімен байланыстарға өзара әсері жан-жақты таратылып айтылған “Өмірдің басты фактісі-кітаптар,түйіні бар оқиға-ойлар”-атақты рыс тарихшысы В.О.Ключевскийждің Пікірінде сабақтастық тәлім бар. Еңбектер мен терең тұжырымды ой қозғау- Жанұзақ Қасымбаевтың да өмірінің бір түйні.Ол отан тарихының бір күрделі кезеңіне еңбек етуші, ізденіс үстіндегі зерттеуші.[18]
Жанұзақ Қасымбайұлы 1993 жылы “Қазақ тарихы” журналы ашылғанда осы басылымның жанашыр ақылшысы, белсенді авторына айналды.Отан тарихының журнал көтерген сан қилы өзекті мәселеріне белсене араласып, күрмеуі қиын тақырыптарға қалам тартты.Ол редакцияның арнайы тапсырысы мен қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихына,жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытуға арнаған және қазақ тарихын бұрмаланған сыңар езулерге тойтарыс берген мақалалар жазып, журнал мазмұнының байи түсуіне атсалысты.[19]
“Бүгін тұсаукесер болып жатқан Қазақ тарихы төл тарихымыздың өркендету ісінде көптеген игі істер атқаруда. Әйтсе де шетелдерде Қазақстан айналысатын топтардың,орталықтардың жұмыс істейтінінкөпшілігіміз,тіпті тарихшылар да біле бермейді. Сол орталықтар жөнінен журнал оқырмандарына мағлұмат берілсе.
Жұрналға жастарды көбірек тартқан жөн. Келешек-солардыкі.Өзіндік ой-пікірі бар, тақырыбын тереңірек меңгерген аспиранттарды бәріміз де тарта жүрейік ” дейді Жанұзақ Қасымбаев. [20]
Қырғыстан тарихшылар Одағының 1995 жылғы 4 қарашада өткізілген жалпы жиналысының шешілімі мен Жанұзақ Қасымбаев Қырғызтан Тарихшылар Одағының құрметті мүшелігіне сайланды.
1996 жылғы 5 наурыз да Жанұзақ Қасымбаев Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі /академигі/болып сайланды.
Қырық жыл бойы тарих пәнін оқытып келе жатқан ұстаз ретінде Жанұзақ Қасымбаев Қазақстанның таих ғылымының болашағы әлі алда, бұл ғылым өзінің қабырғасы қатып, бұғанасы бекімеген сәби кезін бастан өткізіп жатыр деп есептеді. Француздың белгілі зерттеушісі,”Тарих апологиясының”авторы Марк Блок;”Тарих даму үстіндегі ғылым ғана емес. Бұл өзінің балалық шағын бастан өткізіп жатқан ғылым” –деген болатын.[21]
Жанұзақ Қасымбаевтың пікіріне сүйенсек ,біз өзіміздің жалпы ортақ өткініміздің аса ауқымды әлемін ашуды енді ғана бастадық та, соның өзінде тарихтың тұтас дәуірлерінің,тараулары мен бөлімдерінің проблемаларын,ең алдымен қазақ тарихын танып-білудегі жоғалтқан жайларымыздың аса көп екенін сезіндік. Бұған дейін оқып және оқытып келгендеріміз бұрынғы одақтың өзге халықтарының тарихынангөрі көп жағдайда бұрмаланған нәрселер болып шықты.
Сексенінші жылдардың соңы тоқсаныншы жылдардыңбас кезі отандық тарихқа деген ерекше қызығушылықтың барынша көрініс тапқан кезеңі болды.Бұл жазушылар, кинодокуметалистер,журналистер үшін Эль дорадоғы айналды. Өкінішке орай, әлгідей дауырғу мен дүрбелең көптеген қосалқы проблемалардың тууына себепке болды.Адамдар тарихи-көркем шығармалары мен таныса отырып,нның шындығы қайсы,ойдан қосылған қоспасы қайсы екенін таба алмай тұйыққа тірелді. Сол жылдарда кітап дүкендерін қлдап жасалған коньюнк туралық әдебиеттер жаулап алды. Айтқандай,мұндай тәжірибе осы күндерде орын алып жатыр, жұмсартып айтқанда компилятивтік мазмұнындағы кітаптар көптеген таралым мен шығарылып жатыр-дейді Жанұзақ Қасымбаев
Көшпелі дәуір мәдениеті мен тұлғаларының тарихын зерттеу арнайы тақырып ретінде енді- енді жүйеге түсіп келеді. Оның әлі де әлсіз зерттелуінің себептерін Жанұзақ Қасымбаев біріншіден,архивтік мәліметтердің іс жүзінде қолға түсе бермейтіні мен,олардың барлығы дерлік Ресейлік отарлықтарда сақталып қалғаны мен, сол себепті ғалымдар оларды қолға түсіріп,онсызда арзан емечс архивтік қызметті пайдалану үшін өз қалтасынан ақы төлеуге мәжбүр болатыны мен түсіндіріледі. Ғалымның пікірінше, екіншіден XVIII ғасыр мен белгіленген құжаттардың барлығы да ежелгі словян тілінде орындалған,бұлда қосымша қиындық тудырады. Үшінші ден,өкінішке қарай,біз ежелгі словян тілін оқытуды тарих факультеттерінің оқу жоспарларынан алып тастап, бұл жерде де асығыстық жасадық деп есептейді ғалым.
Ал,біз бір кездері осы тілді оқып-үйреніп,Мәскеу мен Лнинград архивтерінде іс тәжірибеден. Бұл пәнді оқу жоспарынан енгізудің қажеттілігін айқын екні белгілі болып отыр. Бұл айтылғандарға XVIII ғасы мен XIX дың алғашқы жартысындағы хандық билік институты оның патшалық империясы мен қарым қатынасы қалдырылғанныңқосыныс. Ал,хандық-билік жойылғаннан кейіе қазақ мемлекетінің бар екні жайында “ұмытылып” етті. Сол себепті бідің тарихшыларымыздың күтіп тұрған бұл саядағы игерілмеген мәселелердің шегі мен еті көрінбейді.
Мұнан кейінгі орында ғылыми жұмыстар тұр. Жақында 4 томдық “Абылай хан және қазақ халқынындағы тағдырындағы 1731 жылы” атты зерттудің екінші тобын аяқтадым;Аблай хан жөнінднгі тақырып бойынша жұмыс істеуді жалғастырудамын, сонымен бір мезгілде қазаққстанның XVIII мен XXғасыр басындағы тарихы бойынша зерттеулер жүргізудемін.не жасасамда оның шындық тұрғысынан орындауға тырысамын. Бұл біздің аса бай тарихын танып-білудегі кішкентай үлес қана,-дейді ғалым.[22]
Осыны айта келіп Жанұзақ Қасымбаев отандық тарих ғылымын дамытудағы жетістіктерді жоққа шығарғысы келмейтінін, тек ғылымдағы кәсіби жұмыстың беделін түскеніне назар аударғысы келетінін, өткенді аңсап отырған жоқ екенін атап көрсете отырып,бірақ кеңістік кезінде кәзіргі заманда да өзінің құндылығын жоғалтпаған іргелі зерттеулер жарық көргеніне назар аударады. 2003 жылғы 8 қазанда білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Жанұзақ Қасымбаев “Қазақстан республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері” белгісі мен марапатталды.
Кең арнаулы талмайтын ғалым, тамаша публист, ұлағатты ұстаз,кең арналы ұлтының перзенті Жанұзақ Қасымбаев Қасымбайұлы 2004 жылдың 27 ақпанында аса көрнекті ғалым,Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер 63 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.[23].
Ол өз еңбегінің қызыығын көрген,болашақ айқын тарыхшы. Өзінің 60-жылдығын еліне деген сүйіспеншілігі мен, шығармашылық өрісі мен, жаңа зерттеушілік нәтижелері мен атап өтіп отырған кемеліне келген тарихшы
Сонымен Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі мен педагогтің және ғылыми ұйымдастырушылық қызметі осындай тарихи деректерге өте бай.
- ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ.
Қоғамдық болмыстың осы заманына сай айқын көріністерінің бірі- өткен мен қазіргі кезеңнің мазмұнын байланыстыратын тарихи тәжірибені әрқашан жадымызға ұстау. Қоғамның пәрменді алға дамуын қамтамасыз етуде жеке тарихи тұлғалардың ерекше орын алатындығына зиялы қауым күмәнданбас халық пен жеке адамның ісін бір арнаға жүйелендірудің болашағымызды айқындауға зор мәні барлығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.Аталмыш проблемаға көңіл аударғанда барынша мән беретін бір өзекті бағыт бар. Ол сонау отарлық заманда көшпенді қауымның күш-қуатын дәстүрлі өзіндік мемілекетті, ұлан байтақ шекаралық өңірді әртүрлі жаулардан қорғауда бас болған және оны ұйымдастырған бағыт беруге атсалысқан хандарымыз, атақты батырларымыз, дипломаттарымыз, жалпы мемлекеттік қайраткерлеріміз хақында жеткілікті білетін кез жетті.
Осындай және басқа да күнделікті баспасөз бетінде, бұқаралық ақпарат құралдарында көтеріліп отырған көкейкесті мәселелерді ғылыми тұрғыда пайымдауға тарих ғылымының докторы Жанұзақ Қасымбаевтың көпшілікке танылған тыңғылықты еңбектерінде ерекше мән беріледі.
Қазақстан аймағында қазақ мемлекеттінің қалыптасуы мен дамуының қазақ халқының құралуы мен топтасуында, қазақ этносы дамуының ұзақ жолында, әсіресе оның соңғы кезеңінде, ХV-ХVII ғасырлардың тұтастығын сақтауда аса зор маңызы болды.
Халқымыздың тарихындағы кезеңдік бұрылыс тауып, мемлекеттік құрылымбастау алған, этникалық тұрғыдан түбегейлі дараланып, жетіліп қазақ деп аталатын жаңғырған халықтың дүниеге келуіне ұлы дүмпу болған негізгі оқиға Керей хан мен Жәнібек ханның бұрыннан Тоқайтемір (Жошының үшінші ұлы)ұрпағы билеген Көк Орда территориясы-Шығыс Дешті Қыпшаққа билік жүргізген Барақ хан дүниеден өткен соң, оның орнына Шайбани (Жошының бесінші ұлы) тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шудың солтүстік қолтығындағы Қозыбас деген жерге орда тігіп, дербес хандықтың туын көтеруінен басталған еді.
Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектелуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді. Қазақ рулары мен тайпаларының едеуір бөлігі сонау 40-50 жылдардың өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысында, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді.
Жошы ұрпақтарының генеалогиясына қатысты басқа деректемелерде (авторы белгісіз «Таварих-и гузида- йи нусрат-наме», Махмұд бен Әмір Уәлидің «Бахр-әл-асрар фи манакиб әл ахий ары ») қазақ хандарының генеалогиясын Жошының 13-ұлы ТоқаТемірге апарып тіреиді: Жошы-Тоқа-Темір-Үз-Темір-Қожа-Бәдік-Ұрұс хан-Каруджақ(Құйыршық)- Барақ-Жәнібек хан[24],оны Бу Са иу деп те атаған.
Жәнібек хан қазақ хандығының негізін салушылардың бірі, Барақ ханның баласы.ХVғасырда өмір сүрген, ХVғасырдың 50 жылдарына дейінгі өмірі мен қызыметі туралы нақты деректер жоқ.Керей хан мен Жәнібек ханды Махмұд бен Уәли «Жошы ханның ұлы Тоқа Темір ханның ұрпағына»жатқызады.Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей немесе ағайын болған, яғни өте жақын туыс болмаған. Керей ханның (деректемелерде «Кирай хан»)шежіресі:Ұрұс хан-Тоқтақия-Полау-Керей хан.Жәнібек ханның шежіресі:-Ұрұс хан-Құйыршық-Барақ хан-Жәнібек хан.[24] Осы қосарласып билік еткен қазақ хандарының ХV ғасырдың
екінші жартысындағы (60-70жылдардағы) іс-қимылдары туралы баяндайтын деректемелерде осы екі ханның қайсысы басты хан болғаны дәл түсіндірілмейді, олардың есімдері қатар жазылады, бірақ қатаң ретпен жазылмайды. Жәнібек хан өз әкесі Барақ ханның тура мұрагері және мирасқоры болатын, оның атасы Құйыршық та хан болған. Керей ханның Жәнібектен жасы үлкен болған және ол Ұрұс ханның үлкен ұлы және мирасқоры, бірақ Ұрұс ханнан кейін көп ұзамай 778 жылы (1376-1377жж) Тоқтақияның немересі ал Жәнібек Ұрұс ханның төртінші ұлы Құйыршықтың немересі болатын.Бірақ орта ғасырлардағы Қазақстан мемлекеттерінде ХIVғасырдан бастап-ақ бірте-бірте орныққан хан билігін тікелей мұраға
алу(әкесінен баласына)принципімен қатар хан билігіне беделді рубасы құқығының басым болатын бұрынғы түрік-монғол принципі де сақталып қалған еді, яғни ағасы (ханның ағасы)өзінің немересінен (ханның ұлынан)үлкен саналатын, демек Жәнібек сұлтан сияқты хан атағына Керей сұлтан да үміт ете алатын.
Қазақстанның оңтүстік аудандарында Керей мен Жәнібекке рулар мен тайпалардың едәуір бөлігі бағынды, олардың төңірегіне көшпелі рулық тайпалық шонжарлардың айтарлықтай топтары, әсіресе үстем таптың Барақ ханды қолдаған және Сырдариядағы қалалармен байланысты бөлігі таптасты.Шонжарлардың бұл топтары өздерінің Сыр өңірінің отырықшы, егінші халқын қанауға, жергілікті қалалардың саудасы мен қолөнер кәсіпшілігінен пайда алуға дәмеленуін қамтамасыз ететін берік хан билігіне мүдделі болатын.Әбілқайыр хан қырда өз билігін нығайту жолындағы жиырма жылға жуық күреспен,көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тайпалардың бағынбаған басшыларының қарсылықтарын басумен айналысып жүргенде, Қазақстанның оңтүстігінде мұндай күшті билікті Ақ Орда хандарының мұрагерлері қамтамасыз ете алатын еді. Оларға рулар мен тайпалардыңӘбілқайырға наразы көптеген көсемдері өз бодандарымен бірге ағылып келіп жатты. Қаратау баурайлары мен Сырдариядағы қала орталықтары мен бекіністер Созақ, Сығанақ, бәлкім Сауран мен басқа да онша ірі емес бекіністер, сірә Жәнібек пен Керейдің қолында болса керек.
50 жылдардың аяғында Әбілқайыр қалмақтардан (ойраттардан)
жеңілгеннен кейін, ол ойрандалған ұлыстарда қатаң шаралар қолданып тәртіп орнатуға кіріскен кезде, Керей мен Жәнібек бағынған көшпелі рулар мен тайпалардың жағдайы бұрынғыдан да қысымшылыққа ұшырады. Әбілғазы Шыңғыс ұрпақтарының арасында «ханның қысымына ұшырамаған не оның садағының оғы дарымаған бірден-бір адам қалмады»[25] деп жазды
Әбілқайырдың көрші елдердің ішкі істеріне үнемі дерлік араласып отыруы, үздіксіз жүргізген соғыстары мен шапқыншылықтары мемлекетті құлдырауға жеткізді. Осының бәрі өзбек және қазақ тайпаларының ара жігінің ажырауына және соңғыларының ұлыстың оңтүстік-шығыс аумағына көшіп кетуіне алып келді. Моғолстан ханының Жетісу халқын ойраттардың шапқыншылықтарынан қорғай алмауы сияқты, Әбілқайырдың іс-әрекеттері де бүкіл аймақтың соғыстар мен талас-тартыстар күйзелткен халық
бұқарасының бұрынғыдан да зор наразылығын туғызды. Халық өзінің ауыр жағдайы үшін орта ғасырлардағы көшпелі қоғамға тәнқарсылық түрі-Шығыс Дешті қыпышақта да Жетісуда да билеушілерінің қол астынан көшіп кетумен жауап қайырды.
50 жылдардың аяғында осындай көшіп кетуді Жәнібек пен Керей басқарды. Шығыс Дешті Қыпшақ, Түркістан мен Жетісу малшылары мен егіншілері өздерінің өндірістік еңбектерінен әлсін-әлсін қол үздіріп отырған толассыз тонаушы соғыстар мен өзара алауыздық қақтығыстар жағдайында қисапсыз ауыртпалықтар тартып, кіріптарлыққа түсті. Орта ғасырлық далалық еркіндік жағдайында олардың қолдарынан келген бар қарсылықтары өздері бағынатын билеушілердің қол астарынан көшіп кету ғанғ болды. ХVғасырдың 50 жылдарының соңынан бастап, 70 жылдардың басына деиін Әбілқайыр хан билігінің соңғы кезеңінде ерекше жиілеп кеткен Жошы әулетінің, көшпелі рулар мен тайпалар көсемдерінің қайта-қайта бұрқ етіп отырған бүліншілігі жағдайларында, бұл ханның қалмақтардан жеңіліске ұшыраған сәтінде Шығыс Дешті қыпышақтан, Сырдария бойындағы алқаптар мен Қаратау бөктерлерінен Батыс Жетісуға екі жүз мыңға дейін адам, негізінен қыпышақ рулары мен тайпалары көшіп кеткен.
Тұрғын халықтың жаппай көшуін Жәнібек пен Керей бастады. Олар өз төңіректеріне басқа да Жошы әулеті мен соларға тәуелді көшпелі және жартылай көшпелі қазақ далалары тұрғындарының рулық-тайпалық топтарын жинастырып алды да, 1458- 1459 жылдары Әбілқайыр хандығынан тысқары, Моғолстанға, Батыс Жетісу жерлеріне ертіп кетті. Орта ғасыр авторларының ішінде бұл оқиғаны тұңғыш тіркеген мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлат.Ол көшіп барған қазақ топтарының жақты орналасқан аумағын да атайды: «Бұл уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы тегінен тараған сұлтандарға көп зардап шектірді. Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғалстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы
округтерін берді»
Махмұд ибн Уәли Әбілқайыр саясатына наразы болған көшпелі тұрғындардың оның қол астынан көшіп кетуі тым жиі акті болғанын атап көрсетеді.
Жәнібек және Керей хандар бастаған қазақтардың қалың бұқарасының оңтүстік және орталық Қазақстаннан Жетісуға, Шу, Талас алқабына қарай
ойысуы тегін емес.Бұған Ақ Орданың Моғолстанмен, ең бастысы оның Жетісудың солтүстік бөлігінің иелерімен ертеден бергі достық қатынастары;Жәнібек пен Керейге қарасты өлкенің басым бөлігін мекендейтін тұрғындарының этникалық жақындығы;ең соңында, феодалдық-бытыраңқы Монғолстанның әлсіздігі; оның билеушісінің Жетісудағы өкімет билігін өз қолында ұстап тұра алмайтын әлсіздігі себеп болды.
Қазақ хандықтың негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек еді. Жәнібек пен Керей бастаған қазақ тайпаларының орталық және оңтүстік Қазақстаннан көшуі бұл тайпалардың Ұлы жүз тайпаларымен саяси бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына ең ақырында қазақ халқының шоғырлануына қолайлы жағдай тудырды.
Зерттеуші-тарихшылар, сондай-ақ көне заман оқиғаларына бойланысты ізденіп жүрген көптеген әуесқойлар Қазақ хандығы тарихын есептеу үшін қабылданған бірнеше уақыттар немесе оқиғалар бар.Хандықтың құрылуы 870 жылы, ХVғасырдың 60 жылдарының ортасы деп есептейді «Тарих-и Рашидиде »қазақ сұлтандарының билік ете бастауы 870-ші жылдан (1465-1466жж)басталанады делінеді.
Осы мағлұматты толық келтірейік, сол уақытта Дешті Қыпышақты Әбілқайыр хан биледі Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады..Жәнібек хан мен Керей хан одан Моғолстанға қашып кетті. Есен- бұға хан оларды шын ықыласымен қарсы алып, Моғалстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбас округін берді. Олар бұл жақта жақсы жайғасып алған кезде, Әбілқайыр өлген соң, өзбек ұлысы бұзылып сала берді:онда үлкен-үлкен шатақтар бастады. Өкімет билігі үшін күрестің шиеленісуіне Жәнібек хан мен Керей де белсене қатысты. Олар өзбек ұлысына қайта оралып, Әбілқайырдың мұрагер баласы Шейх Хайдар ханмен ұрыс жүргізді. Өз әмірлері тарапынан қолдау таппаған Шейх Хайдар жеңіліске ұшырады.[26] Өкімет билігі Ұрұс хан ұрпақтары Жәнібек хан мен Керей ханның қолына көшті. Сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны екі жүз мың адамға жетті. Олар енді өзбектер-қазақтар деп аталатын болды. Ал Моғолстанға қоныс аударған адамдар өзбек ұлысына «қазақтар» деген атпен белгілі болды да, бұл ат бүкіл хандыққа тарала бастады. Қазақ сұлтандарының билігі сегіз жүз жетпісінші жылдан басталады, бәрі де бір Алла біледі. Ал кейбір деректерге, мәселен А.П.Чулошников қазақ хандығы ХV-ХVI ғасырлар шебінде құрылды деп жазды. Сөйтіп ол құрылу фактісін ХVIғасырдың басына жақындата түседі.
С.К. Ибрагимов дербес мемлекеттің түпкілікті құрылуын бұдан да кешірек мерзімге-ХVI ғасырдың 30-40жылдарына әкелді.
Ол ХV ғасырдың аяғына қарай Жәнібек пен Керей ұлдары бастаған бірнеше феодалдық иеліктер ғана бөлініп шықты да, жаңаша, яғни қазақ хандығы деп аталған жеке көшпелі мемлекеттің іргетасын қалады деп есептейді.
Қазақ халқының ортағасырлық тарихын зерттеуші көрнекті ғалым Т. И Сұлтановтың қазақ хандығының құрылу уақыты туралы пікірі көңіл аудартады. Ол «қазақ хандығының құрылуы бір мезгілді жүзеге асқан акті емес», ұзақ уақытқа созылған процесс деген орынды пікір айтады. Т. И.Сұлтанов «жаңа хандықтың құрылуын» Әбілқайыр хан өлген соң, Керей мен Жәнебектің өзбек ұлысына қайтып келіп, мұнда жоғарғы өкіметті басып алуымен байланыстырады. Бұл автордың ойынша ХVғасырдың 70-жылдарына, нақтырақ айтқанда 1470 жылға келеді.
Жәнібек ханның өзбек ұлысына келгеннен кейін өз билігін нығайту жолындағы қызметі, оның бұдан соңғы тағдыры және қайтыс болуы туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи мәліметтерде соңғы рет 1473 жылы кездеседі. Одан кейінгі жылдарда тек Керейдің мғана атты ұшырайды.
Жәнібек хан сол дәуірдегі жиі болып тұрған соғыстардың бірінде қаза тапқан деп жорамалдауға болады. Қазақ халқының басын қосып, мемлектін құруда, бүгінгі Атыраудан Алтайға, Ертістен Сырдарияға дейін ұлан-байтақ аумағын қалыптастыруда Жәнібек хан көп еңбек сіңірді. Ел арасында сақталған аңыз-жырларда Жәнібек ханды «әз-Жәнібек» деп те атайды.1458 жылдың ерте көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. 1465-1466жылы Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек хандық билікке келді. Бұрындық ханның билік құрған жылдарын есептемегенде, қазақ ханның билігі осы кезден бастап Жәнібек ханның ұрпақтарына толық көшеді.
Қазақ тарихында Жәнібек хан-қазақ хандығының құрылу үрдісіне толық қатынасып, басшылық еткен тарихи тұлға.
Тарихшылар жазбаларында өзге де хан болған Жәнібектерден айыру мақсатында қазақ ханын Кіші Жәнібек деп атаған.Сонымен қазақ хандығының іргесін көтеріп, оны әрі қарай нығайтқан әз(арапша «ғазиз»,қадірлі,қасиетте деген сөз)Жәнібек пен Керей. Олардан кейінгі бірқатар хандар да қазақ хандығын нығайтуға, рулар арасындағы талас-тартыстар мен дау-жанжандарды тоқтатып, бірлікті күшейтуге, сөйтіп бүкіл қазақ жұртының басын қосуға әрекеттенеді.
Қазақ хандығын күшті мемлекетке айналдырған әйгілі Жәнібек ханның ұлы Қасым 1445 жыл шамасында туған. Оның Жаһан бегім есімді анасы Шайбани ханның бауыры Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі болатын.Уақыт қастерлі қасиетке айналдырған үлкенге бағыну дәстүрін ұстанған нағыз дала ұлы ретінде Қасым сұлтан әкесінің үлгісі бойынша бастапқыда барлық жағынан Бұрындық ханның айтқанынан шықпай, бас иіп жүрді деп жазады Мырза Хайдар[27] Шынында да Шайбани ханның қазақ билеушілеріне қарсы соғыстары туралы деректемелерде Қасым ханның аты алғаш рет аталады және оған «белгілі сұлтандар мен бахадурлардың» бірі деген баға беріледі, «Бұрындық ханның атты әскерінің жетекшісі» екені атап көрсетіледі. ХVIғасырдың басына қарай Қасым сұлтанның жеке билігі қатты күшейді. Қасым сұлтан хандықтағы билік пен инициатива іс жүзінде өз қолында екенін білгенімен, көреген саясатшы ретінде ол сақ болды, жағдай мәселенің шешілуін тездетуге мүмкіндік беретін жерде шыдамдылық танытты. Мырза Хайдардың айтуынша, 1510 жылы шайбанилер Қасымның ұлысына шапқыншылық жасаған «кезде-ақ оның билігі жоғарыболғаны сонша, Бұрындық хан жөнінде ешкім ойына алмаса да, ол әлі хан атағын алмаған еді. Бірақ ол Бұрындық ханға жақын жүргісі келмеді, өйткені жақын жүріп, тиісінше құрмет көрсетпесе, ханға қарсы шыққандық болар еді, ал оған бағынуды жаны қаламады, сондықтан да ол Бұрындық ханнан аулақ жүруге тырысты».
Хандықтағы аса ықпалды екі адамның бақталастығы сайып келгенде құдіретті де жігерлі сұлтанның жеңіске жетіп, бар беделінен айрылған ханның қуылуымен аяқталды. Ерте дегенде 1511 жылдың күзінде Бұрындық хан маңайындағы бір топ адаммен бірге Маураннахрға кетті. Хандықты жоғарғы билік Жәнібек ұрпағына көшті, олардың ішінде бірінші болып оның ұлдарының ең дарындысы Қасым сұлтан хандық құрды.Оны халық ежелгі түркі дәстүрі бойынша ақ киізге отырғызып, хан көтерді.
Қасым хан алғашында-ақ көрші елдермен қарым-қатынасты күш қолданумен емес, ақыл-парасатпен, өзара келісіммен шешу жолын ұстады. Жарты ғасырдай ел қорғау жолында қолынан найзасы мен қылышыы түспеген қазақ жасағы, әрине, бейбіт өмірді аңсаулы еді.
Мауараннахрда өкімет билігін басып алған Мұхаммед Шайбани хан қазақ хандығының күшеюіне жол бермеуге тырысып, қазақ жеріне әлденеше рет шапқыншылық жорық жасады. Көп ұзамай оның әскері тас-талқан болып күйретілді де,екіғасыр бойы қазақ билеушілерінің мерейі үстем болып, оңтүстік Қазақстанның жері мен қалаларын уақытша болса да өз қолдарына қаратып алды.Түркістан қалаларының көпшілігі Қасым ханның қол астына көшті. Қасым ханның тұсында Түркістан қалалары ғана емес,сонымен қатар Ташкент те қазақхандығының құрамына қарады, Түркістан қазақ хандығының астанасы болды. 1513ж. Сырдария маңындағы Сайрам қалаларын, Жетісудың негізгі аудандары Қасым хан иелігінің құрамына кірді.
Қасым хан кезінде қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауына дейін жетіп, Түркістан қалаларының көпшілігін қамтыды, оңтүстік-шығыста Жетісу даласының көпшілік бөлігін, солтүстікте және солтүстік-шығыста Ұлытау мен Балқаш алабына, ал солтүстік-батыстаЖайық өзені (Атырау өңірі толығымен) алабына дейін кеңейтілді.
Қасым хан ұрпақтан- ұрпаққа тараған дала заңдарын бір жүйеге келтірді. Қасым хан отырықшы елдердегі тәртіп –заңға ұқсамайтын көшпенді халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, ой-көзқарасына орай жаңа заң- «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталып кеткен тәртіп орнатты. «Қасым ханның қасқа жолы» қазақ жұртының елдік санасын негіздеуде шешуші қызмет атқарған өзгеше құжат болды. Ел босқару жүйесінде ата жолын ұстаған Қасым хан заман ерекшелігіне орай, жаңа ортаға сәйкес жаңа заң жүйесін енгізді.
«Қасым ханның қасқа жолы» аталатын бұл көне жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырды, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін байыптады, жеке адамдар арасындағы, ру, тайпалар мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін тағайындады. Қазақ ордасының мемлекеттік негіздері де осы заңда көрініс тапқан. «Қасым ханның қасқа жолы», Есім ханның «ескі жолы», Тәуке ханның «жеті жарғысы» заңдарын қастерлеп, басшылыққа алған бабаларымыз қазақ елінде сан ғасырлар бойы сотсыз, түрмесіз-ақ өзтентегі мен телісін тезге салып, ру-ұлыс аралық қатынастарды реттеді, ел ішінде татулық пен бейбіт өмірді қамтамасыз етті.
Қасым ханның билік еткен жылдары қазақ хандығы одан әрі нығайып, ірі және қуатты мемлекетке айналды. Қазақ хандығы сол кездегі халықаралық қатынастарға біртіндеп тартыла берді. Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыстар жасаған алғашқы мемлекеттердің бірі Ұлы князь 3 ші Василий (1505-1533ж.ж.)басқарған Москва мемлекеті болды. Еліміздің осы күнгі аумағы қалыптасты.Мұхаммед Хайдар Дулати дерегіне қарағанда Қасым хан тұсында саны миллионға жеткен қазақтар дербес халық ретінде Батыс Еуропаға белгілі болған.[28]
Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Қасым хан 1518 жылы өлген. АлТахир Мұхаммед «Раузат ат-Тахирин» атты еңбегінде Қасым хан 1523-1524 ж. өлген деп келтіреді. Қыдырғали Қосын ұлы Жалаиридың айтуынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қайтыс болған.
Ақназар хан-Қасым ханнан кейін ыдырай бастаған қазақ мемлекетін қайта қалпына келтіріп нығайтуға айрықша еңбек сіңірген мемлекет қайраткер, қолбасшы.(1510-1520-1580ж.ж.)-(1538-1580ж.ж.) Қасым ханның ұлы. Ақназар (Хақназар) тұсында қазақ хандығы едәуір күшейіп, нығайды. Маңғыт (ноғай) мырзаларының арасындағы ала ауыздық жойылып, олар Ақназарға бағынды.Қазақ хандығының оңтүстіктегі қалаларын қайтарып алды. Ақназар хан Атырау өңірін сырт жаулардан қорғауда табандылық танытты. Ноғай Ордасындағы феодалдық топтардың күресін өз мүддесіне пайдаланған ол ноғай мырзаларының көбін өз жағына тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абр-ар-Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізді.Өзара тартыстың бәсеңдеуі, ішкі саяси өмірдің нығаюы, мал және егін шаруашылығының, сауда қатынастарының дамуына көмектесті.Ресеймен саяси және экономикалық байланыстар барған сайын ұлғайды. ХVIғасырдың 60-70 жылдарында қазақтардың Орта Азия халықтарымен бейбіт сауда, экономикалық байланысы жанданды. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдолланы қолдау арқылы Сырдария бойындағы бірсыпыра қаланы (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды.70-жылдардың аяғында Абдолла ханмен одақтасып, Ташкенттің билеушісі Баба Сұлтанға қарсы күресті Оның Абдолламен достық байланысынан қорыққан Баба. Сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді.
Есім хан (т.ж. белгісіз -1645ж.ш.ө.)-орта жүз ханы (1598-1645ж.ж.) Шығыс сұлтанның баласы, орта жүздегі қазақ хандары әулетінің (17-18 ғ.)басы.Есім хан Түркістан қаласындағы қазақ хандарының ордасында тұрды.1598 ж. қазақ сұлтандары Сырдария маңындағы қалаларда, Түркістан, Ташкентте т. б. Мұрагерлік билік үшін Мауараннахрмен арадағы байырғы күресті күшейтіп,Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді басып алды. Бұл соғыста Есім хан 20 мың әскермен Самарқанда калды да, ағасы Тәуекел 70-80мың әскермен Бұқар қаласын алуға аттанды. Бірақ жеңіске жете алмады. Есім хан соғыста айрықша көзге түсіп «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанды[29]Тәуекел өлгеннен кейін (1598ж.) таққа отырды. 1599ж.Бұхармен шарт жасасып, соның негізінде Ташкент қаласы атырабымен қоса 200 жыл бойы қазақ хандарының билігінде болды. Есім хан ойрат-қалмақтарға қарсы күрес жүргізді.Бір орталыққа бағынған мемлекет құруды көздеді.Шығыс Түркістандағы құруды көздеді. Қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Есім хан ел билегенде бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрыптарды қолданды. Сондықтан ол «Есім салған ескі жол» деп аталды.
Тәуке(т.ж.б.-1715ж.) —қазақ ханы (1680-1715ж.) қазақтардың үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа бағынатын біртұтас мемлекет құрған көрген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан.Ол өз билігін феодалдардың, ел силаған билердің қолдауына сүйене отырып халықтың, елдің бірлігіне қарсы шыққандарды қатты жазалап, халықтың тұтастық туын жоғары ұстады.Тәуке хан дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты.Билер кеңесінің қызметін ретке келтіруді Тәуке хан бір қатар шаралар қабылдады. Ол билер сьезінің өтетін жері мен уақытын белгіледі. Ханның маңызды билік жүйесі болып табылатын билер кеңесі әрдайым Тәуке ханның белгілі бір ордасында:Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының маңындағы Мартөбе және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген. Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін тиімді үкім шығаруда ерекше ұйымға айналдырды.
Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.
Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билерінің қатысуымен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырды. Олардың даналылығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруге, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан алып өтуге бағытталды.
Орта Азиямен сауданы дамыту мақсатымен Тәуке хан 1687-1688жылдары Ташкент жайлы Бұхара ханы Субханкулимен келіссөздер жүргізді.Сырдария өңіріндегі Тәуке хандық билігі берік, оның астанасы Түркістан қаласы болды. Тәуке хан Ресейге орыс-қазақ саудасын кеңейту және екі ел арасындағы өзара қатынасты жақсарту мақсатымен әлденеше рет елшілік жіберді. Тәуке ханның билік еткен кезеңінде қазақ-жоңғар қатынастары шиеленісті. Галден-Бошокту (1670-1697ж.) билеген кезде, әсіресе оның мұрагері Цевал-Рабтан (1697-1727ж.) өкімет басына келген кезде 1698 жылдан қазақ әміршілер мен жоңғарлар арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Қазақ-қалмақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардың 1711-1712, 1714-1717 жылдағылары ерекше еді. Тәуке хан жоңғар жаулап алушыларына тойтарыс беріп, қазақтың барлық аумағына, үш жүзіне толық билігін жүргізді. Ол билік құрып тұрған кезінде қазақтардың әдеттегі құқық нормаларын «Жеті жарғы»деген атпен бір жүйеге келтіріп, толықтырды.Оларда орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық қоғамының патриархаттың-феодалдық құқығының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген.
Сонымен Тәуке хан билікке бейбіт күнде келіп. Жері байтақ, халқы мол, іргелі ұлыстың тізгінін алды.Содан бастап ел бірлігіне тірек болатын шараларды батыл жүзеге асырды.Мұнда Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырынан айрықша назар аударады. Бірі, елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен сыртынан анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны.Екіншіден, елдің ішкі жағдайын реттеудегі саясат мен тәртіпті орнықтыруы.
ХVғасырдың 60-жылдарында құрылған қазақ хандығы ХVIII ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.Үш жүз жылдан астам уақыт ішінде хандықтың басына көптеген хандар келді.Олардың өте ақылдылары, батырлары, саясатшылар ғана бүкіл қазақ еліне, яғни үш жүзге де билігін жүргізе алды.
Сөйтіп Қазақ хандығы бір орталықтан басқарылып, іргелі елге айналды.
3 ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ЖАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕСІ.
Қазақ хандығының ХVII ғасырдың аяғы-ХVIII ғасырдың басындағы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің күрделі тарихи кезеңімен байланысты.
Өз тарихы өз дәрежесінде өзіне бұйырмай, өзінің тарихи атауы, өз атымен аталмаған, бұратана аталып, бұралқыға айналған, қасыретті халқымыздың басына небір тауқымет түспеді десеңізші! Жай қараған көзге сағымдай бұлдыраған шетсіз де шексіз сары даламыз ештеңе болмағандай, қарай берген кісінің көзін талдырғандай. Талай тарихи оқиғаға куә болып, кейде мейірі түсіп, ықыластана қарап, кейде мұңая күрсінген Жер-ана өзі ғана білер тарихтың беймәлім көрпесін айқара жамылып, бір сәт мызғып кеткендей.Жер-ананың құпия тарихи көрпесінің кілтін тауып, сырын ашқан, көне құжаттардың шаң басқан беттерін асықпай дұрыс парақтаған, халқымыздың сыр сандығы –ауыз әдебиетінің жемісін жете меңгерген тарихшы ғана өткен өмірді, оның тарихын қайта жаңғыртып, жоғалтқаныңды табарың рас.
Міне, дала төсі тағы бір дүбірлі қиқу, шапқан аттылы адамдарға лық толды. Бұл жолғы шабыс иелері-даламызды шаң мен қанға бөктірген, бас көтерер қырып, халқымыздың малы мен жанын олжалаған жоңғар шапқыншылары болатын. Бұл-халқымыздың елдігін, еркіндігін айыра жаздаған, еліміздің есін алып, еңсесін басқан 1723 жыл еді. Бұл жыл- «қайың сауған, ақ тышқан жылы»- деп аталған жұт жылы еді.
Әз-Тәуке ханның өлімінен кейін елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алды, өзара қырқыс шегіне жетіп, бір қазақ жеріде үш хандық пайда болды.Оның басты себебі- бірліктің, эконоикалық негіздің әлсіреуі-тін бұл бірінші себебі болса.Екіншіден, сол кездегі қазақ елінің халықаралық жағдайына қатысты еді. Өйткені, қазақтың ұлан-ғайыр байлыққа толы кең даласы ежелденөақ көршілес елдердің билеушілерінің сілекейін шұбырта қызықтыратын. Осы орайда, 1Петрдің қазақ елі жөнінде айтқан сөзін еске түсірейікші. Ол былай деген: «Бұл Орда (қазақ хандығын айтып отыр)- бүкіл азиаттық елдер мен жерлердің кілті мен қақпасы. Бұл жолда миллиондаған шығынға қарамай, ол елді өзімізге бағындыру қажет».Осындай пиғыл тек Ресей империясына ғана тән емес еді. Әсіресе, төтенше қауіп Шығыстан туды.ХVII ғасырдың екінші жартысында Жоңғар хандығы күшейе түсті және ол Ресейдің Шығыс Сібірді бағындыру әрекетіне қауіп төндірді. Осыған байланысты, 1 Петр Жоңғардың ханы Цэван-Рабданмен келісімге келіп, оның басты назарын қазақ даласына аударуды көздеді. Жоңғар ханы ЦэванөРабдан қазақтармен соғысуға қызу дайындала бастады.
1723 жыл сұмдық сипатымен қазақтардың есінде өшпестей болып қалды.Қары қалың, әрі көктайғақ болған сол бір сұрапыл қыста жоңғар қонтайшысы Цэван Рабдан қисапсыз қолмен қазақ жеріне басып кіріп, қазақтар мен қырғыздарды бұрынғы шалдуарлығымен шапқыншылығы үшін
жаппай жазалауға кірісті.Қайда барса да қанқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол-жөнекей дүние-мүлкін,бала-шағасын, кемпір-шалын, арық-тұрақ малын, үй-мүлкін шашып, түстікке барып қойып кетті.Жеке-жеке ауыл болып өмір сүрген қазақтарды бір-бірімен байланыстырмай, қапыда бас салған жоңғарлар, тіпті, ауыл ерлерінің қолына қару алып, атқа мінуіне де үлгертпеді.
Жоңғар шапқыншылары 1723 жылы қазақтарды ойсырата жеңуінің бірден бір себебі, жоңғар мемлекетінің құрылуы сан жағынан көп болмаса да тәртіпті әскер құруына, арнаулы қару-жарақжасап шығаруға мүмкіндігінше ие болды, сонымен бірге жоңғарәскенлері жақсы қаруланып қана қоймай, мемлекеттік барлау жұмысын да дұрыс жолға қоя білді. Жоңғар әскерлерінің басшылары қай батырдың қыстауы қай жерде, хандардың тұрақты сарбаздары қанша, қол бастар қазақ батырлары кімдер, олардың халық
арасындағы беделі қандай.Тіпті, кейбір атақты батырлардың қой өрісінің бағыты туралы да мәліметтері болды.Халықаралық жағдай да жоңғарлар ойлағандай болды. Егер қазақтар ресейліктермен қарым-қатынасын дамытуы ХVIII ғасырда басталса, ал жоңғарлар Ресеймен ХVII ғасырдың басында араласты.
Дәл осы жылдары Қытай қазақ тар арасындағы байланыс өте нашар болды.Себебі жоңғар мемлекеті бұларды бөліп тұратын. Ал қазақтардың оңтүстігіндегі өзбек, қырғыз, түркімен халықтарының да бірлігі де ойдағыдай болмады. Әрине, Ресей мен Қытай мемлекетіне ұланғайыр жерге қазақтардың ие болуы да ұнамады.
Қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы күресі негізгі үш кезеңге бөлінеді:
Біріншіс кезеңі— Жоңғар мемлекетінің құрылуы, 1643 жылғы Жәңгір салқамның Ор шайқасындағы тарихи жеңісі, осы кезеңде -1680 жылдарға дейін қазақтардың Жоңғарларрға қарсы күресінің шайқасы мен шегіну жылдары жатады.
Екінші кезеңге- Әз Тәукенің (1680-1715)қазақтар үшін “алтын ғасыр”. 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама” дәуірі. Қазақтардың бірігуі мен 1740 жылдарға дейінгі ірі шайқастар тарихы енеді.
Үшінші кезең- 1740 жылдардан бастап, 1757 жылға дейінгі уақыт аралығы. Бұл кезеңге Абылай хан басқарған қазақ елінің саяси бірлігінің күшейіп, жоңғарларға қарсы күрестің өрістей түскен мезгіл. Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасынан жоғалу жылдары кіреді.
Жеке басының қасиеттері, қазақ қоғамының ішкі өмірін терең сезіну,
адамдарды біріктіре білу Әбілқайыр ханды ерекше тұлға етіп көрсетті.Ол өз қызметінің ең басынан бастап-ақ Кіші жүздің ғана емес, Орта жүздің де көптеген руларына арқа сүйеуге ұмтылды. Өз қызметінде Әбілқайырдың алшындарға, байұлына, шекті руы мен жетіруға сүйенген мәлім. 20-жылдардың бас кезінде Орта орда руларының ықпалды өкілдері мен байллагыс орнатылды. Мәселен, Әбілқайырдың керей руына күшті ықпал еткені белгілі. Ал бұл өте маңызды. Бөгенбай батыр былай дейді “Тәуке ханнан ккейін Әбілқайыр басты хан болды және ешкімнен кедергі көрмей, өз ықтияры мен көп іс тындырды”.
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Бахадүр хан (1693-12.08.1748)- хан қол басшы. Шыңғыс хан, әулетінің кіші буыны- Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығы мен, айлакерлігі мен, шабуылдарды ұйымдастыра білуі мен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кііші жүздің ханы болды. (1710-12.08.1748) 1715 Тәуке хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығы тағы үміткерлердің бірі болды. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ қалмақ қатынасы мейілінше тұрған 1716 -18 жылы Ресей империясынан икөмек алу мақсатымен Сібір губернаторы княз М.П.Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге ат салысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 жылы Ордабасындағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды.А.И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: “Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қол басшы болып сайланды, сөйтіп халықтық әдет бойынша құрбандыққа шалынған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды”[30]. Осы жағдайда ол былай деп аша түскен: “Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысын ла ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды”. 1726 жылы Әбілқайырдың сайлануы туралы Н.Г.Аполлова“ Әбілқайыр мәртебесінің көтерілуі әскери шонжарлардың ең ықпалды өкілдері мен (Бөгенбай, Жәнібек, Есет батырлар мен)байланысты деген түсініктің, сірә, елеулі негізі болса керек”, -деп атап өткен. Әбілқайырдың ұсынылуын А.И.Добросмылов былай деп бағаланған: “XVIIIғасырдың екінші ширегінің басында қазақ ордалары хандарының ішіндігі ең күштісі, алғыры және жігерлісі біздің ең жақын
көршіміз Кіші орданың ханы Әбілқайыр болды”. Бұланты өзенінің жағасындағы /1728/, Аңырақайдағы /1729-30/ жоңғарларды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас қолбасшылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды. Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта, Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Қандағұлов Сейітқұл мен Көштаев Құтлымбет бастаған елшілігі Петербургке барып /1730/, Ресей Сыртқы істер министірлігі коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді./1731/ Елшілік қазақ ұлысының Ресейдің қарамағына алу туралы
келіссөз жүргізді Әбілқайыр 1731 жылы қазанда Ресей империясының
қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Ант беру арқвылы ол Ресей мен
тату тұрды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегі мен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібі мен емес, мұрагерлік жолмен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Рнсей саясатыда тереңде жатты. Империтя қазаққ жерін бүтіндей отарлауды ойдады. ӘбілқайырПетпрбург сарайымен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді Ханның өз ұлы Қожахметті амманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдері мен тартысы, императрицалар Анна Ионовнанның, кейінен Елизавета Петрованың талаптарына мойыннсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуде тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығына байқатады.Орыс үкіметі
мен әт түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайырснымен қатар, жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенмен астыртын байланысты болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіріген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен , белгіл батырлары мен, саяси қайраткерлнрі мен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш — Әбілқайыр қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Орда бекінісін салуды өзі ұсынды /1735/. 1737-38 жылы башқұрт халқының отаршылдық
езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі- Орта жүздің сұлтаны Барақ. Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр мен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырдың орысшылдығы үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп қарақшылық іске барған еді. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің құяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80- шақырым жерде. Кейін бұл ара Хан моласы аталды.
Өткен мен бүгінгінің арасындағы терең тығылымды төл тарихымыз күннен күнге толыға түсуде. Әсіресе, Отанымыздың бұрын көлеңкеде ысырылып қалған, елдігімізді айқындататын, сөйтіп, қоғамдық пікірді толыққанды қалыптастыратын тұстарымыз әлі көп.Қазақ жұртымының қалыптастыратын тұстарымыз әлі көп. Қазақ жұртының еркіндігі мен азаттығы үшін қаны мен жанын аямаған, есімдері аңызға айналған батыпрлардың ғажайып ерлігін барша қауымға жария етуде әзірге ол қылықтарымыз да жеткілікті.
Әсіресе, кейінгі 5-6 жылда халқымыздың терең ойға шомдырған бір құбылыс –еліміздің көне замандағы орнықтылығын, саяси дербестігін қорғау жолындағы азаттық күрес туралы пікір жаңғырығы қатты естіле бастады. Соның бірі-Аңырақай шайқасының тарихы. Бұл соғыс, ондағы қазақ жастарының жеңісі хақында, өкінішке орай, көптеген алып қашпа пікірлер, кейбір жағдайда тіптен тарихи шындықты бұрмалаған жәйттер, түрлі сауалдар туғызатынын байқап жүрміз.
Аңырақай жеңісі бір ғана шайқастағы халық күресінің нәтижесі емес.Тарихтан белгілі,1723-1727 жылдары «Ақтабан шұбырынды»оқиғасы ел тағдырындағы моңғол шапқыншылығынан кейін қайталанып көрмеген жантүршігерлік қасырет болса, екінші жағынан, бұл оқиға қазақ хандарының көзін ашты, батырларының тізесін қосты.Тек ғана халықтың қорғаныс мүмкіндіктерін бір уысқа шоғырландыру ғана жойқын апаттан елді құтқаруға жол ашатынын байқатты Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалу мақсатында Ресей еліне Әбілхайырдың бас июін, орыс үкіметінің қамқорлығын қабылдаумен түсіндіретін ескі тұжырым тарихи шындықтан тым алшақ.Алайда, монокоммунистік өктем идеологиялық нұсқа басқаша, әсіресе, оны әлсірететін, не жоққа шығаратын ғылыми ой-пікірдің қоғамдық санада орын алуына жол бермегені түсінікті.
Тек елдің ішкі мүмкіндіктерін бір арнаға жүйелеу хандықтардың мұң-мұқтаждығын қорғап қалатындығы, барша күш-қуатты жұмылдыра үйлестіру ғана болашақ шайқастарда жеңісті қамтамасыз ететіні айқындалған еді.
Әбілқайыр саясатшы, тамаша дипломат, ел билеуде табандылығымен көзге түскен әккі билеуші ғана емес, сонымен қатар бүтін Орталық Азияда жаужүрек қолбасшылығымен атағы кең танылған сардар.[31]. 1726 жылы көктемде Торғай даласында, Бұланты өзені бойында, Қарасиыр деген жерде үш жүздің қолына бас болған Әбілқайырға пара-пар болған қолбасшыны табу қиын еді.Ерліктерімен алдарына жан салмаған батырлар болғанымен де үш жүздің біріккен қолының қимылдарын сұрапыл ұрыс даласында үйлестіруде
және қан майданда салмақтылықпен басқаруда Әбілқайырдың жөні бөлек еді. Аңырақай шайқасындағы ұлы жеңістің басты кепілі, сөз жоқ, қазақ хандықтарының өзара, ішкі ынтымақтықпен тізе қосып күреске шығуы еді. Әйтсе де кіші жүз ханы Әбілқайыр,орта жүздің ханы Сәмеке және ұлы жүздің ханы Болат болып тұрған тұста біздің әскерлердің қалмақтармен соғыста аракідік жеңіліс табуына өзара ауызбірліктің болмауы әсер еткенін де жоққа шығара алмаймыз. Кейбір жағдайда сарбаздарымыздың ұтылып отырғандығының басты себептерінің бірі де өзара түсінушіліктің уақытша болса да іркілуінде еді. Әбілқайырдың бас хандыққа талпынуы да, Сәмекенің (орыс деректерінде Шемак немесе Шахмухамед) жоңғарлардың жойқын жорықтарын есептемей өз дербестігін күшейтуді ойлауы да, Жолбарыс хан (бір деректе Әбілқайыр оны туған інім дейді) өлгеннен кейін Болат ханның Ташкент бектерімен ымыраға келуге тырысуы да, Сәмекемен жеке бәсекелестігі де елдің тұтас қорғаныс қабілетін әлсіретті. Тек Ордабасындағы құрылтай Тәукенің өлімінен соң үш хандық арасындағы тереңдеген жікшілдікті тоқтатпайынша, қалмақ шабуылдарының қанды қырғынына қазақтар ұшырай беретінін ашық айтып, оларды өзара бәтуаластырды.
Аңырақай және басқа да ойраттармен қанды шайқастарды салыстыра сипаттағанда, қару-жарақтың сапасына, оларды ұрыс даласында пайдалану мүмкіндігіне атүсті қарайтын сияқтымыз. Бұл мәселенің басын ашып алмайынша, көшпенді халықтардың, соның ішінде қазақ-қалмақ тартыстарының ұзаққа созылу мен үсті-үстіне қайталану ахуалының астарлары мен себептерін анықтау өте қиын. Мәселен, 1710-1711, 1715, 1717, 1723-1727 жылдардағы ұрыстарда қалмақтардың мол қару-жарағы оларға едәуір басымдық берді. Қалмақ әскерінің зеңбіректердің барлық дерлік түрлерімен қамтамасыз етілуі олардың тек қана қазақтармен ғана емес, ХVIIғасырдың соңы ширегінен ХVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін Цин империясымен, Алтай халықтарымен, басқа да елдерімен шайқастарда жеңістерге жетуіне себепші болған еді.
Қазақ-қалмақ соғыстарының қатпарларына үңілгенде, өкінішке орай, біздің отандық зерттеуші-тарихшыларымыз осы жайды естен шығарып, ағаттыққа ұрынады. Цэван-Рабдан таққа отырғанға дейін де орыс зерттеушісі А. Титовтың пікіріне жүгінсек, ХVII ғасыр соңында қалмақ әскерінде зеңбірек пен қарулары өте көп болған. Оның 1722-1724 жылдардағы Ұрғадағы (қазіргі Ұлан-Батор) жазбаларына және қалмақ билеушісі Цэван-Рабданның ставкасында болған орыс елшісі, капитан Иван Унковскийдің мұқият жинастырған жазбаларына қарағанда, қазақтармен шекаралас аудандарда бірнеше зеңбірек жасайтын зауыттар жұмыс істеген.Жоңғарлар сонымен қатар мылтықтың бірнеше түрлерімен мықтап қаруланып алады. Онымен жабдықталған әскер, Иван Унковскийдің жазбаларына қарағанда, қонтайшының тікелей қарамағында болған. Қалмақтар зеңбірек, мылтықтың түрлерін шығаруға қажетті түсті металдарды, темірді қарапайымметаллургиялық пештерде балқытқан. Екінші жағынан, Жоңғарияға тікелей іргелес орналасқан Алтай және басқа халықтар өкілдері алым-салықты не металмен, не металдан жасалынған бұйымдармен, тіпті ыдыстармен өткізуге міндетті болған.Мұны қазақ даласы арқылы Жоңғарияға жіберілген орыс үкіметінің арнайы өкілі Петр Шелегин де растаған. Қалмақтар садақпен, қылыштың жеке түрлерімен, найзамен және басқа Орталық Азия көшпенділері пайдаланған суық қарулармен жабдықталған. Орталық мемлекеттік мұражайдағы көне замандағы қару- жарақ көрмесінде қалмақтардың қаружарағының бірқатар үлгілері қойылған.Қазақ әскері сол кезеңде қандай қару-жарақпен қаруланған деп сұрақ қояр болсақ, бізге дейін сақталған жазбаша архив және басқа да деректерде көрсетілгеніндей, негізінен қылыш, садақ, оның жебесі, айболта, шоқпар, найза, мылтық сияқты қарапайым қару-жарақ болған.Бірақ, мылтықтың аз болуы қазақтардың қорғаныс және шабуыл жасау қабілетіне тікелей әсер етті. Қазақтардың қару-жарағы туралы жазылған тұңғыш еңбектің авторы Шоқан Уәлихановтың пікіріне қарағанда, мылтықтың аз болғаны, оған ерекше мән қойылғандығы соншалықты,бұл қару ұрпақтан-ұрпаққа берілген, әрқайсысының қозы-көш, күлдір, мамай деген жеке аты болған. Алайда қазақтарда зеңбірек сияқты ауыр қарудың болмауы ұрыс даласында қиындыққа ұшыратып отырған. Бұл жағдайда кейбір басты шайқастарда ұрыс тағдырының қалмақтардың басымдылығымен аяқталуына себепші болғаны айқын.
Аңырақай оқиғасына Алматы обылыстың әкімшілігі арнап бірнеше мәрте
тарихи-таным экспедицияларын ұйымдастырды.Бұл өте игілікті іс болды.Өкінішке орай, баспасөз құралдарыңда, телеэкрандарда бұл тарихи оқиғаны 1728 жылға телу біржақты пікір алып кетті. Телеэкраннан сөйлеген пікірлеріміз де бұл оқиғаны 1729 жыл немесе 1730 жылы болған деп анықтау қажет екендігі хақынндағы пікірімізге ешкім құлақ аспады.А.Сабырханов, Н.Г.Аполлова, Г.И.Семенюк, В.А.Мойсеев, В.Я.Басин, К.Мамыров және осы жолдардың авторы Аңырақай шайқасының 1729 жылы немесе 1730 жылы
болғандығын сан рет өз еңбектерінде дәлелдеп берген еді.Сан мәрте сарапталып, түпкі мерзімі тартыс тудырмай жүрген оқиға мерзіміне енді дау туғызудың қажеті жоқ.
Аңырақай шайқасы. 1729 жыл.Көктем. Ұрыс даласын арнайы таңдап алған Әбілқайыр хан қалмақтармен сан рет жойқын шайқастарға белсене қатысқан. Ол жоңғарлардың әскери артықшылығы- зеңбіректерді мүмкіндігінше іске қостырмаудың шараларын алдынала ойластырған.Осы оқиғаның қандай себептерден «Аңырақай» деп аталып кеткендігіне бірқатар мамандардың ізденіс мақалаларында жауап берілген.Тек соңғы жылдардағы ізденістер негізінде осы бір қоныстың қазақтың атақты батыры Бөлекпен жекпе-жекте жер жастағанған ойраттың Аңыра атты батырының есімімен байланыстылығы айқындалды.
Құрметтіакадемик ағамыз бұған басқаша түсінік береді, «жаудың сағы сынып, тағы тайып, жеңілгені сонша, ұрыс даласын аңырап басына көтерген, Қапшағай тауын жарып, ен далаға құлап аққан сарқырама Аңырақай ағысы деп аталады, Хан тауы мен Аңырақай тауы арасында созылып жатқан жазықта күзде, қыста аңырақ өкпек жел де соғады» -деп жазады[32]
Автор пікіріне құрменпен қарай отырып, біз мынадай түйін айтамыз:
- ұрыс алаңында қалмақтардың өлігінің үйіліп қалғаны соншалық, ол жерді «Қалмақ қырылған»деп те атап кеткен;
- 1998 қазан айында Алматы облыстық әкімшілігінің экспедициясымен тарихи шайқасқа байланысты бірқатар өңірді шарлап өтті. «Аңырақай»ұрыс даласы Қапшағай тауынан жүздеген шақырым алшақ;
- Хан тауы мен Аңырақай тауы аралығында «аңырақ өкпек жел соғып тұратын жазық»жоқ. Бір-бірімен жалғасып жатқан тау сілемдері-жер қыртысының өзіндік ландшафты;
- Аңырақай шыңы (жер бетінен 1000м. астам биіктік; ұрыс болған жазықтықтың ені 3-4, ұзындығы 30-40 шақырым). «Қалмақ қырылған»топонимикалық аты «Итішпес»көліне де байланысты болар.
Әдетте, бұл шайқастың Алакөлдің маңында, Итішпес көлінің жағасында
болғанын дәлелдейтін мәләметтер жеткілікті. Алайда, «Итішпес»деген атпен сол өңірдің өзінде үш көл кездесетін еді. Олардың бірі Талдықорған аймағындағы Алакөл, екіншісі Алматы, Жамбыл облыстарының шекарасында, тағы да біреуін жергілікті ақсақалдар сол Балқаш көлі маңында деп топшылайды.
Аңырақай тауы дегеннен, шыңы дегеніміз жөн болар. Ең үшкірленген басына шығу қиынға соқты.
Биіктің орта беліне көтеріліп төменде жатқан далаға көз тастағанда,ата-бабаларымыздың көрегендігіне таңқалдым. Ия, осы тау бөктерінен бірнеше шақырым ұрыс даласы алақанға сыйып кеткендей. Онда ұрыс қимылдарын еш қиындықсыз бақылап, бірнеше бұқпантай сайлардың арасында ұрысқа әлі де қосылмаған әскерлерді жау көзінен тасада жасырын ұстау мүмкіндігі қарастырылған. Аңырақай шайқасын «Қалмақ қырылған»деп те айтады. «Қалмақтың қаны сасыған», «Қалмақ ыңыранған», «Қабырғасы қайысқан» деп те аталуына негізі болды.
Шайқастың тағы да бір тарихи-географиялық межесі- Іле өзені. Ұрыс даласы Іле жағалауынвн тым қашық орналаспаған. Қалмақтардың күші шамамен алғанда 42-44 мың, ал қазақтардың қол саны- 38-40мыңдай болған.Екі жағы да бір қанды шайқастың болмай қоймайтындығын түсінген. Қазақ хандарының басты мақсаты-жауды Хантау, Далатау, Балқаш өңіріне қарай ысырып, Алатау бөктерінде, шұрайлы ойпаттарда көшіп-қонып жүрген ауылдарды аман сақтау болған. Әскер қимылдарын үйлестіру, яғни, жоғарғы басшылық Ұлы жүздің өкілі Болат ханның қолында болды. Әскери мәселелерді шешудің түйіні атақты Әбілқайырдың қолында болды.
Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. Рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңуге болатынын түсінді. Айбынды жеңіске қарамастан, жау әлі де күшінде болатын, сондықтан кейінгі жылдарда да оларға қарсы ұзақ әрі титықтататын күрес күтіп тұрды.
Қазақ-қалмақ шайқастарының көпшілігі батырлар сайысымен басталатындығы және осындай арпалыстардың ұрыс тағдырына әсерін тигізетіні айғақ.
Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі.Алайда, Абылай Шарышты 1741 жылдың жазында өлтірген. Шайқас жекпе-жекпенбасталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоян-қолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шаршы шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке жиырма жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Сол жылдардағы басты оқиғаларға қатысқан Бұқар жыраудың, Үмбетей жыраудың, Тәтіқара жыраудың айтуынша, Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қаһарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендіргені күмәнсіз. Сөйтіп олар жеңіп шықты. Асқақ рух сезімімен қанат біткен олар өздерінің ерлігін, ержүректігін, тастүйін бірлігін және жоғары әскери машықтанғандығын танытты.
Әбілқайыр ханның өзі мен оның серіктерінің ең жақсы қасиеттері осы шайқаста көрінді. Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары- барлық үш жүздің өкілдері болды.
Аңырақай шайқасы шындығында бір емес, бірнеше жекпежекпен белгілі. Ұрыс бірнеше күнге созылған, әр қанды қырқыс батырлардың сайысымен басталған. Алғашқы дара сайысты бастаған жау жүректігімен, алып күшімен белгілі Қанжығалы Бөгенбай қалмақтың басты батырын өлтірген.Екінші жекпе-жек –атақты Көкжал Барақ пен Шоян батырдың сайысы.Үшінші сайыс жоңғар қолбасыларының бірі-Анра мен Жетісуда атағы жайылған Бөлектің жекпе-жегі де қазақ қаһарманының жеңісімен аяқталды. Кейіннен шайқас болған жердің Аңырақай деген атпен тарихта қалуы осы оқиғамен байланысты.
Жоңғар батырының есімімен шайқас болған жерді және оқиғаны атап кетуі халықтың ерлік күресі мен батырлардың ғажайып табандылығына нұқсан келтірмейді.Шамалған, Қаскелең, Боралдай сияқты қалмақ батырларының сүйектері қазақ жерінде қалған.
Аңырақай шайқасы үзілістермен екі аптаға,немесе тіпті екі айға созылған. Алайда, көшпенді халықтар арасындағы қандықақтығыстарға терең үңілсек, ең ауыр ұрыстардың өзі бірнеше күннен кейін аяқталған. Аңырақай тауынан Хан тауға дейін созылған бұл Орталық Азиядағы кескілескен ұрыс бірнеше күннің ішінде аяқталған деп білеміз. Жер қыртысының ерекшелігіне сай, қолбасылардың қалмақтардың әскери өнерінің олқылықтарын ұтымды ескеруі, қалмақ зеңбіректерінің жойқын күшінен дер кезінде алшақ тұру сияқты соғыс өнерінің өзіндік ерекшелігі ұлы жеңіске жеткізді.
Алайда, кейінгі айлардағы баспа беттеріндегі, әсіресе журналистердің Аңырақай шайқасына арналған хабарларында осы жеңісті қазақ-қалмақ тартысының аяқталған кезеңі деп сипаттауы тарихи шындықпен тура келмейді.
Қазақ-жоңғар соғыстары ХVIII ғасырдың 40-шы жылдарының екінші жартысынан кейін ғана толастады. 1741 жылы қалмақ қолбасшысы Сарыманжы отыз мыңдық қолмен кенеттен өлкеге басып кірді.
Бейбіт жатқан ел тағы да шегіне бастады. Алайда Жоңғарияның өз ішінде саяси таластың басталуы қалмақ әскерінің қайтып кетуіне себепші болды.Жоңғарлардың бір тобына Абылайды тұткындап, байлап әкелу тапсырылды.
Абылай аң аулауға қатты құмартқан. Бүркіт сап, қан сонарда аңға шыққанда серіктері Құдайменді батыр, старшын Жапақ, аз ғана төлеңгіттерімен қолға түседі. Тек 1743 жылы 7маусымда ғана еліне қайтады.Сұлтанды қалмақ қапасынан босату үшін Әбілқаиыр еш аянбады. И.Непелюевті Жоңғария майор К.Миллерді жіберуге көндірген және шекараға дейін баласы Ералыны орыс офицеріне қосып берген де Әбілқайыр еді. Сонымен Аңырақай түбінде Абылай Шарышпен жекпе-жекте тайталасқан жоқ. Сондықтан 1741 жылығы оқиғаны жасанды түрде Аңырақай ұрысына телу тарихқа қиянат болар еді.[33]
Тағы да бір дерек. Орынбор комиссиясының төрағасы И.Неплюев 1741 жылы Әбілқайыр хан және қалмақ елшілерімен кездесуінде кіші жүз ханы Абылайдың тағдыры хақында мәселе қозғайды. И.Неплюев оған төмендегідей түсінік береді: «который (Абылай)в последнюю войну в полон попал, на что ответствовали они (джунгары), что де он убил уних знатногосвойственника Галдан-Чирина ».[34] Абылай ойрат қапасынан К.Миллердің миссиясы нәтижесінде, Әбілқайырдың сан рет талабымен қыркүйектің 22-інде босатылып, серіктерімен аулына жеткен.Сонымен бізге дейінгі жеткен архив және басқаша деректер екі батырдың сайысын, Абылайдың қалмақ тұтқынына түсуін 1740-1741 жылдардағы қалмақ шапқыншылығымен байланыстырады.[35]
Абылай өзі жау қолына түскеншақта да қайсарлығынан танбайды.Қалмақ билеушісі Шарышты қай жерде және не үшін өлтірдің деп ызғар шаша, жан алардай сауал қойып, қаһарын төкенде Абылай тайсалмайтура жауап берген. «Сен Шарышты өлтіргендігім үшін айыптап тұрсың. Ал оны жазалауды халақ шешкен, мен халықтың сол еркін іске асырдым» деп халықтың мүддесі үшін өз өмірін қиюға дайын екендігін ержүрек сұлтан тағы да дәлелдеген.[36]
Одан әрі 1745 жылы қыркүйекте Қалдан-Цереннің дүние салуы, билік үшін талас қалмақтардың қарсылықкөрсету күшін сарқып, Пекин билеушілерінің жемтігіне айналдырды.
Қалмақ –қазақ соғысының соңғы көрінісі1771 жылы қаңтар айындағы екі кескілескен шайқас дер едік.1770жылы желтоқсан айында Еділ бойындағы кем дегенде 80мың шаңырақ торғауыт (бала-шағасымен 250мыңнан асады) қазақ жері арқылы талқандалған, Қытаудың империялық басқармасына айналған Жоңғарияға қайтуға бет алады. 1771 жылы қаңтардың басында Сағыз өзенінің бойында Әбілқайырдың үшінші ұлы Айшуақ қолбасшы ағасы Нұралы ханның қолдауымен Еділ қалмақтарына күйрете соққы берді. Айшуақ бұрын да қалмақтармен қанды шайқастарда қазақ әскерін басқарған. Ұрыс даласынан аман қалған әлі де ондаған мың қалмақтар бар екенін Нұралы уақытында ескертіп
үлгереді де оларды сұлтан Абылай Орта жүздің әскерімен талқандайды. Архив құжаттарына қарағанда бұл шынында қалмақтармен ақырғы шайқасқа Абылай қолбасшылық етті. Архив құжаттарына жүгінсек, кіші жүз ханы Нұралы мен Абылай сексен мың әскер жинайды.Осы жеңіс үшін үш жүздің өкілдері шайқас аяқталысымен Абылайды Түркістанға апарып, қасиетті орында ақ киізге көтеріп елдің бас ханы етіп сайлаған.
Тарихи шежірелік деректер бойынша, Абылай хан Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы. Шыңғыс ханның үлкенұлыЖошының кіндігінен тараған Барақ ханнан Әз Жәнібек, одан Жәдік, одан Шығай хан, одан Есім хан, одан Жәңгір хан, одан Уәли сұлтан, одан Қанішер Абылай сұлтан, одан Көркем Уәли, одан Абылай (Әбілмансұр)хан болып келеді.
Жоңғар шапқыншыларының жүз жылға созылған қанды жорығына біржолата тойтарыс берілген осынау сындарлы кезеңде тарих сахнасына Абылай хан көтеріледі.Абылай ата даңқын жамылып немесе мұрегерлік жолын бұлдап хан көтерілген жоқ. Елі үшін қар жастанып, мұз төсеніп қан майданда қанды көбік жұтып, ерен еңбегімен танылды, ақыл-парасатымен мойындалып хан көтерілді. «Әбілмансұрдың жекпе-жектегі өзгеше қайраты, одан соңғы жаппай қырқыстағы батырлығы халық санасына айрықша әсер еткен. Түркістан түбіндегі Қарнақ қаласын билеген, жауға мейірімсіздігі, ер жүректілігі үшін қанышер Абылай атанған ұлы әкесінің аруіағыншақырып, Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң үлкен абыройға жетеді. Орта жүздің сұлтаны деп танылып,қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде
Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Ұлыстағы бар үкім Салқам Жәңгір әулеті, әз Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, күні кеше жалаң қылыш, жалғыз атпен жүрген жиырма жасар Абылайдың қолына көшеді.»
Абылайдың өз қолымен жазылған осы архивте сақталынған, біз тұңғыш жариялаған мәліметте сұлтанның хандық таққа көтерілуі Әбілмәмбеттің өлімінен соң болғаны анықталған. «Абулхаир, Абулманбет ханы
скончались, которые предками моими были родственники.Как они сего света отошли, так ханское достоинство досталось мне. И по кончине (Абулмамбета) все кирисне при гробе нашего мусульманского святого ходжи Ахмета… всех кирис-касацких орд ханом, в которое звание идействительно возвели».[37] Сонымен Абылайдың хандығы 1731-1732 немесе 1735 жылемес, 1771жыл, яғни Абылай Әбілмәмбеттің Түркістанда өлгеннен кейінгі шақ екендігінде күмән жоқ.
Бір деректерде 1771 жылы қаңтар айында 250000, екінші құжаттарда одан да көп (отбасыларын, бала-шағаларын қосқанда) қалмақтарды Сағыз өзені жағасында, Мұғаджар тауы төңірегінде, Алакөл, Балқаш маңында қирата соқы беру Аңырақайдан асып түсті. Алакөл жағасында Абылай туы астында 80000, Нұралының қол астында 50000 жауынгер үш күндік шайқаста ата жаудың тым-тырақайын шығарды.Бұл жеңіс Қазақ меамлекеттігінің беделін көтерді, төрт елдің –Ресей,Қытай, Қалмақ хандығы және Қазақстанның кейінгі тағдырына адуынды әсер еткенін енді ғана біліп отырмыз.[38]
Үш жүздің қарулы күшінің тізе біріктіруі қалмақтардың ақырғы күшін тасталқан еткені соншалық, Қытай шекарасына әбден күйзелген, жеңілістен бас көтере алмаған бірнеше мың адам ғана аман жеткен. Алакөл тұсында қазақ қолының жеңісімен аяқталған бұл қанды шайқас Орталық Азияда ұлы Темір қолбасшы заманынан бері қайталанбаған ең ірі қақтығыс еді.Бұл ұрыстың түпкі деректері әлі баспа бетінде толық жария болмай келеді.
Ресей үшін бірінші Петр, Германия үшін Бисмарк қандай болса, Қазақстан үшін Абылай хан да сондай тұлға.Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көргендігі қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империясының көзалартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай сол қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзіде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып үш жүздің басын қосып, анталаған
жауға тойтарыс бере білді.Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде-ақ аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды.Әбілмансұрдың әкесі көркем Уәли 1723 жылы жаукершілікте қаза болады. Оны өлтірген жаулар сол кездегі ұғым бойынша артынан кегін алатын адам қалдырмау үшін үрім-бұтағының бәрін қырған. Тек қана Әбілмансұр тірі қалған оны жасынан тәрбиелеген Ораздеген өз жанын пида қылып, аман алып қалды да,
жасырын Үргеніш асырады, кейін, арасына жыл салып баланы ертіп Ораз қалың ел қазақ жұртын іздеп, Сарыарқаға тартады.Жолаушылар әбден арып-ашып, Үйсін Төле бидің ауылына кез болады. Исі қазаққа аты мәлім Төле Әлібенұлының үйіне келіп, одан баспана беруді өтінеді. Төле би баладан аты-жөнін сұрағанда, ол қауіп ойлап, атын айтпай: «сіз қалай атасаңыз, солай болсын» деген екен. Шашы өскен, киімі албажұлба балаға Төле би «атың сабалақ болсын»дейді.[39]Би баланы қамқорлығына алып, түйе бағуға пайдаланады.Сол кездің өзінде-ақ Сабалақ басқа бақтаршыларға ұқсамайтын қылықтарымен Төле бидің назарына ілігеді. Ол одан түбі керемет адам шығатынын түсініп, түйе бақтыра жүріп, соғыс тәсілдеріне баули бастайды.Шынында, Төле би абылай ханың болашағын ерте танып, есейгенге дейін көптің көзінен тасалау ұстап, жақсы тәрбие беру мақсатында түйе бақтырған секілді болып көрінген. Халық басына қиын-қыстау заманы туып тұрғанда ерлердің басын біріктіріп, елін, жерінжаудан қорғауға бастап шығатын адам сол тұста қазақ үшін ауадай қажет еді. Төле би Сабалақтан сондай адам шығатынына кәміл сеніп, одан тәлім-тәрбиесін аямады.
1729-1730 жылдары шайқаста жауға Абылайлап шабады, содан бастап оның бұрыңғы сабалақ аты қалып, Абылай аты ел аузына тарап кетеді. Осындай ерлігінен кейін Абылай 1731 жылы Орта жүздің ханы, ал ресми түрде 1771 жылы түпкілікті бүкіл қазақ ханы болып сайланады.Абылай хан сол 1731 жылдан бастап өмірінің ақырына дейін қазақ жүздерінің басын біріктіріп, жерін жаудан қорғап, елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күресті. Ол осы мақсатта талай-талай тарихи тартысты да тайғақ жолдардан өтті.
Қазақта «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас»деген мақал бар. Абылай алғашқы күннен халықтың қамын көздеп, қазақ батырларына арқа сүйеді.Абылайдың ақ туының астына топтасқан осындай данышпан ойшылдарымыз бен батыр тұлғаларымыздың тарихымызда алатын орны ерекше.
Қытай императоры, Жоңғария хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен, Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина 11 Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті.
Шығыс үрім-бұтақтары арасынан оқшау шыққан Абылайдың қазақ қоғамы үшін сіңірген ерен еңбегі белгілі беделі туралы өз кезінде зерделі зертеуші А.И.Левшин: «Өзінің қырғыз құрбылары арасында айлакерлігі және мол тәжірибе түйгендігімен, ақылһпарасаттылығымен халқын ұстай білді және дипломатиялық қатынаста сұңғыла көрегендігімен Ресейдің әйел патшасы мен Қытай богдыханын тәнті етіп, шын мәнінде ешкімге бас имейтін әмірші бола білді»,-деп сипаттаған болатын. [40]
Абылайдың 12 әйелінен өрбіген 40 қызы мен 30 ұлы кең байтақ Қазақстан жерін түгелдей уысында ұстады десе де болғандай. ӨзгеШыңғыс тұқымдарына қарағанда Абылайдың артықшылығына бас иген үш жүздің беделді адамдары, сол кезде Мұхаммед Қазы Әбілхайр баһадүр ханның үлкен ұлы және мұрагері Нұралы хан кіші жүздің солтүстік-батыс бөлігін заңды түрде билеп тұрғанына қарамастан, өз еркімен Абылайдың қол астында болуды қалады.Түркістанда бас қосқан үш жүздің өкілдері қазақ мемлекеттілігінің тағдырын Абылайға сеніп тапсырды. Абылай болса, ұлы Тұғым сұлтанды арнаулы тапсырмасымен Санкт-Петербургке аттандырып,Екатерина 11-ге жазған хатынды: «…менің арғы аталарым, туыстарым Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандар дүние салды. Олар бұл дүниеден өткеннен кейін өз кезегімен хан тағы маған бұйырды. Олар өлгеннен соң үш жүздің қырғыз-қайсақ ордаларының игі жақсылары мұсылман халқының қасиетті дін ғұламасы Қожа Ахметтің қабірі басына құран оқып, мені бүкіл үш жүздің қырғыз-қайсақ ордасының басшысы ретінде ақ кигізге салып хан көтерді», -деп жазды.
Алысты болжағыш хан мұсылмандардың Шығыстағы қасиетті жерінде үш жүздің билігін өз қолына алғаннан кейін, енді өз қызметін заңды түрде танытуды ойластырды.
Абылайдың шын мәнінде бүкіл қазақ жерінің ханы болып сайланғаның шынайы деректер дәлелдегенімен бұрынырақта ғылыми тұрғыдан айтылмай келгені мәлім.1776 жылғы марттың 5 жұлдызыңда Абылай ордасында болған капитан Бтехов Орынбор губернаторының міндетін атқарушы П.М.Мансуровқа жазған рапортында: «Салтан хандық титлоны 1771 жылы еділдік қалмақтарды қудалау кезінде үш орда
арқылы-хандар, салтандар, қырғыздар, ташкенттіктер, түркістандықтар, өз бетімен кеген адамдардың ортақ келісімімен бұл салтандыбүкіл хандардың басшысы…ақ кигізге салып, хан көтерді»,- деп мәлімдеген.
Бір мезгілде Ресейге де, Қытайға да боданды бола тұрып, Абылай оларды қазақ елімен санасуға,онымен сауда-саттық өрбітіп, бейбіт өмір сүруге мәжбүр етті. Сөйтіп, хан бабамыз өзінің стратегиялық мақсатын-бір ортаға бағынған қазақ елінің мемлекеттігін құрып, тәуелсіздігін сақтап қалуды асқан жігерлілікпен жүргізе білді.
Абылайдың алға ұстаған саясаты, мақсаты-қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Сол ұлттың мүдденің орындалуына енді ғана қол жеткен тәрізді. Бірақ, шынайы тәуелсіздікке жету үшін атқарылатын іс ұлан-ғайыр. Соның бірі-жас ұрпақтарды ана тілінде оқытып, оларға қазақ халқының төл тарихын, өнерін, әдебиетін, әдет-ғұрпын насихаттау. Осы тұрғыдан қарағанда шынайы патриоттар тәрбиелеуде, ұлтты ізгілікке, өркениетке шақыруда Абылай бабамыздың алатын орны ерекше. Оның бойына біткен асыл қасиеттерді қастерлеп, насихаттаудағы мақсат- жас ұрпақтардың сезімін оятып, санасына Абылайдай болсам ғой, еліме сондай қызмет етсем ғой деген ынтық сезім ұялату.
Алайда, өз отандастарының игілігі, сардар, сарбаздарының Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жолындағы тынымсыз белсенділігі ұлы адамның қуатты организмін әлсіретті. Сөйтіп, елшілердің қаншама күш салғанына қарамастан 70-ке қараған шағында 1781 жылғы 23 мамырдаАбылай дүниеден өтті.Ханның қайтыс болған күнінің дәлдігін оның мұрагері Уәли сұлтанның құжаттарынан көреміз. Сонда ол 1733 жылы жиырма екі жасында хан (сұлтан) болған болды. Ресей деректерінде Абылай 1713 жылы туылған депжазылыпты. Осы бойынша есептегенде, ол1733 жылы жиырма жасында хан болған болды. Мұндағы 1733 жылы хан (сұлтан) болған болады деген пікірдің дұрыстығына жүгінеміз әрі жоғары келтірген мысалдарда да айтылған жиырма жасында хан болды дегенге негізделіп, Абылай 1713 жылы туылған дейтін көзқарасты да дұрыстаймыз. Абылай 1733 жылдары жиырма жасынан бастап беделді билеуші және шебер қолбасы сұлтан болған болса да, халық оны өзінің нағыз ханы деп таниды. «1744 жылы Әбілмәмбет хан қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістанға көшіп, Ұлы хандық атын атақта сақтайды да, амалиатта тыныш жатып алады. Ал Абылай атақты Орта жүз ханы болғанымен, амалиатта үш жүзге билігі біртіндеп жүзеге аса бастаған айбынды хан ретінде хандық Ордасын Орта жүзде сақтап дәурен сүреді».Бұлтұста Абылай хан атақты Орта жүз ханы болғанымен, іс жүзінде тұтас қазаққа ықпалы бар беделді хан екенін, оның қарсыластары жоңғарлар да, көршілестері Ресей мен Чиң патшалығына және Орта Азиядағы басқа көршілес елдермен де түгелімен мойындағаны шындық. Ақыры өзінің жауынгерлік жолын жекпе-жекте бастаған Абылай хандық жолында, алыс сапарда, ат үстінде, Арыс өзені бойында аяқтады
Абылай үш жүз өкілдері алдында көз жұмды. Ол қайтыс болардан бір жыл бұрын Орынбор губернаторы И.Рейнсдорп әміршінің бас имейтініне көзі жеткеннен кейін Ресейге қатысты қатал көзқарасы үшін қайсар ханды тағынан тайдыру мақсатымен генерал-майор Огаревке арнаулы жоспар жасауды тапсырады. Бұл жоспарда үш нұсқа көзделді:ханның билігі күшеюіне қарсы шыққан Құлбақы батырды қолдау, «Абылайдың айтқанына көнбеу үшін оны күшті ету, Құлбақыға көмектесу үшін орыс әскерлерін жіберу…»
Абылайдың қажымас қамқорлығы арқасында ХVIII ғасырдың соңы отыз жылында Қазақстан Орталық Азиядағы аса ірі, саяси жағынан қуатты мемлекетке айналды, халықаралық проблемаларды шешуде оның көзқарасы есепке алынатын болды. Орта Азиядағы түркі тігдес елдер арасында әскери-саяси қатынас жағынан Қазақстанның мерейі үстем болды. Абылай жасақтағы жауынгерлер сыртқы жауларды- ойраттарды, циндерді ойсырата жеңіп, кейініректе қырғыз манаптарын, қоқан бектерін тізе бүктіруде ерлігімен көзге түсті.
«Бай малын сақтайды, батыр халқын сақтайды» демекші, Абылай хан билік жүргізген кезеңде ешқандай қайғылы оқиға болған жоқ. Оның тамаша қолбасшы екенін қазақтың ата жауы- ойраттардың өзі мойындады. Абылай қазағының мүддесін қорғаштай отырып, елдің саяси күштерін біріктіруге жетісті. Халықаралық күрделі жағдайларда әрдайым мерейі үстем болды. Сондықтан да ол Қазақстан тарихынан өз орнын ойып алған кемеңгер. Хан Ресейдің дұшпаны болған жоқ, мемлекетті басқаруды қайта құру саясатында да, екі жақтағы көршілеріне қатысты саясатында да орысқа қарсы пиғыл кездеспейді. Қайта екі ұлы мемлекетпен арақатынасты жақсарту арқылы елінің егемендігін сақтай білді.
Көп ғасырлық хандық мемлекеттілік тарихында Қасым хан мен Тәукеден кейін аумақтың тұтастықты сақтаған, қазақстандық өз ішіндегі бірлікті анағұрлым нығайтқан үшінші хан Абылай деп аталады.
Хан өмірден озған екі ғасырдан астам уақыт өтті. Қазақ даласы талай саяси қайраткерлердің куәсі болды. Солардың тарихта ізі қалмағандары қаншама, енді біреулері қара басының қамын ойласа, үшіншілері, атап айтқанда, Абылай, Кенесары, Әбілхайыр, Нұралы, Жәңгір, Жантөре, ж.б. халық жадынан мықтап орын алып, қазақ тарихына есімдері алтын әріппен жазылды.
Абылай хан ақтық демі таусылар алдында ақ ордасына уәзірлерін,сенімді серіктестерін жинап, үш жүздің көрнекті өкілдерінің қатысуымен халқының бірлігін көздің қарашығындай сақтауды, болашақ ұрпақтар үшін қоғамның негізін нығайта беруді өсиет еткен еді.
Еліміздің шынайы тәуелсіздікке қол жеткізді. Ұлы хан аманаты қалай орындалуда деген заңды сауал туатыны да осы тұс. Тұтқиылдан тап болар қиыншылықтарға қарамастан шаруашылық тұрмысты ұйымдастыру және нарықтың жүйені басқаруға негізделген жаңа экономикалық саясаттың іргетасы қаланды. Жаңа кадрлар жаңа заман тұтқасын ұстауда. Ең бастысы-соны үлгідегі мемлекет құрылды.
Қазақстан бүкіл әлемдік қатынастарға еркін араласа бастады. Ол көптеген халықаралық ұйымдардың, мекемелердің толық құқықтық мүшесі. Мұның өзі егеменді ел ертеңінің қамы үшін жасалып отырған игі істер. Халқымыздың біртуар ұлы Шоқан Уәлиханов қазақ-қалмақ соғыстары кезеңіне терең талдау жасай келіп: «Абылай ғасыр қазақ ерлігінің ғасыры еді» деп жазса, өзіміз табалдырығын жаңа ғана аттаған ғасыр қазақ елдігінің ғасыры болатынына кәміл сенеміз.
Сонымен өткен ғасырлардағы қазақ дипломаттары, саясаткерлері мен мемлекет қайраткерлері арасында Абылай хан дара даналығымен, алысты аңдағыштығымен, кемеңгер көсемдігімен ерекше көзге түседі деп білеміз. Абылайдың қазақтардың ортақ ханы болып саналатынына, оны тек Орта жүздің жетекшісі деп, ел арасына тараған пайымдаулардың тарихи шындыққа жанаспайтынына, екінші- оның көшпелі өмір кезінде өзіндік ерекшелігі бар мемлекеттілікті қазақ жерін біріктіруші қайраткер ретінде қалпына келтіріп, нығайтуға өлшеусіз үлес қосты.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Бұл бөлімінде зерттеудің нәтижелері және алынған ғылыми тұжырымдары беріледі. ХХ ғасырда қоғамның барлық саласы идеологияға бағындырылған заманда қалыптасып, тәуелсіздік жылдарында ұлттық құндылықтарға деген көзқарас қайта екшеленген сәтте білімділігімен ғалым, академиялық ғылымды ұйымдастырушы, ұлтжандылығымен қайраткер ретінде танылған Жанұзақ Қасымбаевтың ұлт үшін атқарған қызыметі ұшан теңіз.
Ж. Қасымбаев Қазақстан тарихының көптеген өзекті мәселелерін зерттеудің бағытын көрсетіп қана қойған жоқ, оны өз тәжірибесінде шығармашылықпен ұтымды қолданды.
Ж. Қасымбаевтың өмірі, ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметін, соңында қалдырған ғылыми-зерттеу, оқу және оқу-әдістемелік мұраларын сарапқа сала келіп, мынадай түйін жасадық:
Ж. Қасымбаевтың елімізге ғана емес, шетелдерге де есімі кеңінен танымал ғалым-тарихшы болып қалыптасуына ғылым қайраткерінің туып-өскен ортасы мен ұстаздарының ерекше ықпалы болды. Қаршадайынан өмір тауқыметін басынан кешірген болашақ тарихшы әкесінен бір жасында айырылып, бес жасынан-ақ еңбекке баулынып, анасымен бірге өмір мектебіне төселді. Майданда қазақ тапқан әкесінің орнын жоқтатпау үшін еңбекке ерте араласып, отбасының тұрмыс тауқыметін тартпауына жастайынан өз үлесін қосты.
Ж. Қасымбаевтың білімпаз талапкер, білікті маман-тарихшы, білімді ғалым болып өсіп-өркендеуіне оның орта білім алған ұясы-оқыған орта мектебінің де үлесі аз болған жоқ.Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елдің мәдени-рухани орталығы-астанадан қашықта жатқан қазақ өңірлерінің бірінен саналған Семейдің Аякөз өңіріндегі орта мектептер жоғары оқу орындарын енді ғана бітіріп шыққан терең білімді тарихшы-мамандармен қамтамасыз етіліп, барлық оқу пәндерінен арнайы педагогикалық және университеттік білімі бар мұғалімдер сабақ беруінің әсерімен болашақ тарихшының өз мамандығы ерте бастан айқындауына мүмкіндік туғаны сөзсіз.
Ж. Қасымбаев- уақыттың қатал да қатал сынына төтеп бере білген табанды зерттеуші-ғалым. Ол 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысынан кейінгі жылдарда көрген қуғын-сүргіннен кейін де тайсалмай, Кеңес Одағы кезінде өз еңбектерінде көмескі түрде ғана көтерілген мәселелерді қайта жаңғыртып, қазақ жерінің Ресей империясы құрамына қосылуының саяси астарларын айқындаған көптеген еңбектерін жазып, жариялады. Сонымен бірге Ж. Қасымбаев- кезінде кез-келген тарихшының батылы бара бермеген,пікірталасқа толы тақырыпқа барып, Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғылыми қауымға көрнекті оқымысты Е.Бекмахановтан кейін іргелі монография ұсынған тайсалмас тарихшы.
Ғалымның кейінгі кездердегі ғылыми ізденістері есімдері мен қызыметтері империялық қыспақ заманында көлеңкеге ығыстырылып, көмескі көшпелі қауым өкілдеріне арналды. Осы бағытта Ж. Қасымбаевтың жалып көлемі сексен баспа табақтан асатын, төрт томдық еңбегі-Қазақстан тарихы ғылымындағы жүйелі зерттеу ғана емес, сонымен бірге Отан тарихындағы ерекше құбылыс деуге болады.
Ж. Қасымбаев- тарих ғылымында тұңғыш рет Ресей империясында генерал шенінен жеткен алғашқы қазақтар туралы алғашқы монграфия жазып, жариялаған зерттеуші. Сонымен бірге талантты ғалым Қазастан тарихына арналған 5 томдық жинақтың қазақ халқының бастан өткізген ХVIII ғасыр-ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқиғаларға арналған үшінші томына белсене атсалысып, оның төрттен бірінен астам бөлігін өзі жазып шықты.
Ж. Қасымбаев –терең ойлы, өзекті мәселелерді кеңнен қамтыған ғалым ғана емес, сондай-ақ, өмірінің қырық жылдан астам уақытын орта және жоғары оқу орындарының шәкірттеріне дәріс оқуға арналған шебер педагог, ұлағатты ұстаз болды. Белгілі ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің тікелей ұйымдастыруымен және басшылық етуімен 1988 жылы өткізілген орта мектептерге арналып жазылған оқулықтарға жарияланған байқауда Ж.Қасымбаевтың 9 сыныпқа арналған алғашқы оқулығы алғашқы жүлдегер атанса, кейін ұстаз-ғалымның 8-9-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» атты оқулықтары бірнеше рет қайта басылып шықты.
Ол қазіргі Абай атынндағы Қазақ Ұлттық педагогика университетіндегі 35 жылдық ұстаздық қызыметінде мыңдаған жастарға жан-жақты білім беріп, олардың тарихи санасын оятты, танымын кеңейтті. Жоғары, арнаулы орта және орта оқу орындарына арналған Қазақстан тарихы пәні бойынша көптеген оқу бағдарламаларын, тапсырмалар жинақтарын, тіпті елімізде тұңғыш рет дүниежүзі елдерінің карталары мен атластарын құрастырып, бастырып шығарды.
Ж.Қасымбаев студенттермен бірге ізін қуған жас ізденушілерге де жол көрсетіп, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын даярлап шығарды.Тарих ғылымдары бойынша докторлық және кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестердің, Қазақстан Республикасы Жоғары Аттестациялық Кеңесі сараптау комиссиясының, басқа да ұйымдардың мүшесі ретінде ғылыми мамандардың біліктілігін арттыруға сүбелі үлесін қосты. Осынау елеулі еңбектері мемлекет тарапынан лайықты бағасын алып, көптеген ордендермен, медальдармен, басқа да атақ дәрежелермен марапатталды.
Ғылым туын көтерген –ғалым, қол бастаған- басшысы, ой ұстаған-ұстазы, тәуелсіздіктің жолын ардаған-халық қалауылысы, сөз саптаса-көркем сөздің шебері болған Ж.Қасымбаевтың шығармашылық мұрасы мен қайраткерлігі бір ғана диплом жұмыссқа ғана емес талай еңбекке арқау болатыны анық.
Уақытпен бірге тарих ғылымы да алға қарай алшаңдап қадам басқан сайын оның жолында еңбек еткен, бар ғұмырын сарп еткен жандардың жарқын бейнесі бұрынғыдан да шырақтана түскендей. Көрнекті тарихшы ғалым, педагог, тарих ғылымдарының докторы, Қ.Р. гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті гуманитарлық факультеттер Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор Ж.Қасымбайұлы Қасымбаев ғылым жолындағы ерен еңбегі халықтың есінен мәңгі кетпестей болып ғылыми мұралары арқылы қалды.
Сонымен, қазақ халқының тарихы туралы тұңғыш рет жан-жақты ғылыми еңбек жазған көрнекті тарихшы Е.Бекмахановтың шәкірті болып табылатын Ж.Қасымбаев мұраларының келешек ұрпақ үшін маңызы қосқан, қазақ халқының ұлт-азаттық күресін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын ғылыми негізде тұжырымдап берген ғалым-зерттеуші. Ол- ғылымды ұстаздық қызыметпен ұштастыра білген, өмір бойы өскелең жас ұрпақтың бойына отан сүйгіштік қасиетті, жадына тарихи сананы қалыптастыру жолында қызымет еткен өнегелі ұстаз-педагог болды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1 Мамырайымов С.Д. «Ж.Қ.Қасымбаев тарихшы педогог ғылыми ұйымдастырушы»
// Методологические и конкретно-исторические проблемы изучения отечесвенной истории. «Касымбаевские чтения» материалы.
Междунар. науч. прак. конф. Алматы-2005ж. -186-189б.
2 Назарбаев Н.Ә. «Жасай бер, тәуелсіз Қазақстан!» Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі.
// Егемен Қазақстан 1998ж.16-желтоқсан.
3 «Тарихымызды тарихшылар жазғаны жөн» //Жетісу 10-қаңтар,2002ж.Б.9
4 Аль-халел Карпык «Белая кость прошлого наши современники»Алматы 1994г. //Атырау экциклопедия Алматы-2000. «Қасым хан» «Жәнібек хан» «Тәуке хан» «Есим хан»
5 «Тағы да Аңырақай шайқасының ақиқаты хақында» //Егемен Қазақстан 2000ж.8.01.Б.8, «Аңырақай шайқасының ақиқаты» // Егемен Қазақстан 8 шілде, 1999ж.Б3
6 Қасымбаев Жанұзақ Қасымбайұлы //Батыс Қазастаноблысы энциклопедия, Алматы 2002ж.Касымбаев Жанұзақ (р.25.12.1941г.) //Казахская С.С.Р. краткая энциклопедия.Том3. Алма-Ата 1989ж. С.262, //Қазұу. хабаршы,Алматы 2004ж.№1-(32) Б.188, // Қазақстан жоғары мектебі Алматы 2001ж. №6.
7 Касымбаев Жанұзак (перечень его трудов) //Библиографический указатель /раздел III исторические науки. Алма-Ата-1978ж. С.62-65. // Қазақстан ғалымдары мен педагогтерінің биобиблиографиясына мәліметтер. Алматы-2001ж.Б.15-21.
8 Мамырайылов С.Д. «Ж.Қ.Қасымбаев-тарихшы, педагог және ғылыми ұйымдастырушы» //Материали международной научно-практической конференции «Касымбаевские чтения» Алматы 2001ж.Б.187.
9 «Тарихымызды тарихшылар жазған жөн» // Жетісу 10 қаңтар 2002ж. Б.9,
«Тарихтың тамыршысы» //Егемен Қазақстан 1998ж. 14-сәуір.
10 «Тарихтың тамыршысы» //Егемен Қазақстан 1998ж.14-сәуір.
11 Бұл да сонда.
12 // Жетісу 10 қаңтар 2002ж. Б.9.
13 Бұл да сонда.
14 // Жанұзақ Қасымбаев Қазақстан ғалымдары мен педагогтерінің биобиблиографиясына мәліметтер. Алматы-2001ж.Б.15-21.
15 «Тарих ғылымының қажырлы қайраткері Ж.Қасымбаев» // Қазақстан жоғары мектебі, 2001ж.№6.
16 // Ж.Қасымбаев Қазақстан ғалымдары мен педагогтерінің биобиблиографиясына мәліметтер. Алматы-2001ж.
17 Амантай Сәтбеков «Өзімізді-өзіміз таныта білейік» // Егемен Қазақстан 30-тамыз 2000ж.Б.11.
18 / Жанұзақ Қасымбаев Қазақстан ғалымдары мен педагогтерінің биобиблиографиясына мәліметтер. Алматы-2001ж.Б.14.
19 «Көңіл айту» // Қазақ тарихы Алматы-2004ж.2.Б.158.
20 «Қазақ тарихының төл мерекесі» // Қазақ тарихы Алматы-1995ж.2.Б.66.
21 Рахметова Г. «История-союз между прошлым и будущим» // Казахстанская правда, 19.12.2002ж.
22 «Көңіл айту» // ҚазҰУ хабаршы Алматы 2004ж. 1.(32) Б.188.
23 «Қазақстан тарихы »ТомII Алматы-1996ж. Б.336.
24 Бұл да сонда.Б.333
25 Бұл да сонда. Б332
26 «Жәнібек хан» // Атырау энциклопедия Алматы-2000ж. Б.216.
27 Мирза Мұхаммед Хайдар Дуглат «Тарих-и Рашиди», Л.46.
28 Бұл да сонда.
29 Аль-Халел Карпык «Белая кость прошлого» Алматы-1994г.Б52. «Есим хан»
30 «Қазақстан тарихы» Том III, Алматы-1996ж. Б.136-140.
31 «Аңырақай шайқасының маңызы» // Армысың, ата тарих-Аңырақай, Алматы-2001ж. Б.78-88.
32 «Тағы да Аңырақай шайқасының ақиқаты хақында» // Қазақ тарихы 2000ж.2. Б.54.
33 «Аңырақай шайқасының ақиқаты» // Егемен Қазақстан 8-шілде 1999ж.Б.3.
34 / Материалы по истории Казахской С.С.Р.Документы и материалы Т.II. Алматы-1948г. С.36.
35 Бұл да сонда.
36 «Хан тарихы- халық тарихы» // Егемен Қазақстан 1991ж. 31 шілде.
37 Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств в ХVIII в.Т.I.Алматы 1999г. С. 102-140.
38 Касымбаев Ж.К. Хан Айшуак Абулхаиров // Столичное обозрение 7 мамыр, 1999г.
39 «Абылай хан» // Заңгер 2002ж. №9 Б.43-45
40 «Тәуелсіздік демі немесе тарихтан тағылым» //Заң газеті 12 желтоқсан 2001ж. Б.2.
Қосымша пайдаланған әдебиеттер.
1 «Абылай хақында құнды зерттеу» //Отан тарихы 2000ж. №3-4 Б.160
2 «Жоңғар шапқыншылығы тарихынан» // Қазақ тарихы 1993ж. №2С24-29
3 Қасымбаев Ж. «Абылай хан» Алматы -2003ж. Б.92.
4 «Отан тарихнамасына қосылған сүбелі үлес» //Егемен Қазақстан 18 маусым 2003 жыл Б.4
5 //Қазақстан жоғарғы мектебі 2006 жыл №1Б.193-198
6 Мамырұлы Көмен «Қазақ халқының жоңғар басқыншылыарына қарсы күресі » (жауапты ред.Ж. Қасынбаев) Алматы -1994 Б.266
7 «Қазақ тарихына қосылған үлесі» //Жетісу 8 қыркүйек 2001 жыл Б.10
8 «Ұлттық тарих және ұлттық сана» //Егемен Қазақстан 2002 жыл 5 қаңтар №4 Б.4
9 Б.Мәукенұлы «Тарихтағы қазақ хандары» // Қазақ ордасы 2003 жыл №5-6