АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Жас мамандарда кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Жас мамандарда кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері

 

Алматы — 2011

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1 — ТАРАУ

1.1. Еңбек іс-әрекетіне теориялық сипаттама

1.2. Тұлғаның қалыптасуында кәсіби  еңбектің  маңыздылығы

1.3. Кәсіби қыметке бейімделудің психологиялық ерешеліктері

 

2    ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ.

2.1. Зерттеу  нәтижесін жинақтау

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу өзектілігі:

Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады.  Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі.  Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттерінің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.

Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар  жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады.   Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың екбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды , сонымен қатар қоғам  мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар  адамның екке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі. «Кәсіби адаптация», — бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады [10].

Мамандық таңдауда Ж.Аймауытов қазақ жастарына  мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс екендігін ерекше сипаттаған.

Американ зерттеушісі Ф.Парсонс  мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керек  екендігіне ерекше мән берген.

         З.Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол ақиқат өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды.  Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады.         Неофрейдистерді еңбектің тек тұлғалық құрылымы ғана емес, психологиялық функциясы да қызықтырады. Оральды тип жеке тұлғалық қарым-қатынасқа тез түседі, сөйлегіш, дауласуды ұнатады, сондықтан оларды оральды типтес мамандықтар; мұнда дантист, заңгер, радиокомментатор, тб. мамандықтар қызықтырады. Анальды типтес адамдарға реттілік, қырсықтық, үнемдегіштік, өзін-өзі бақылау тән. Олар бухгалтерлік, кітапханашылық немесе банк, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мамандықтарға сай келеді. Осындай тұжырымдардан еңбектің психологиялық қызметі өзекті мәселе болып қала берері анық [55].

 Әр маман өзінің жұмысында кәсіби бейімділігімен байланысын еске түсіруге болады. Жаңа оқу бітіріп келген жас маман орташа есеппен жаңа жұмыс орынына 6 айдан 3 жылға дейін үйренеді.  Сол уақытта жас маманның кәсіби бейімделуі процесін жандандыруға және жеңілдетуге қалай болады? Ең алдымен өзін жақсы басқара алатын адам ғана жақсы маман болады.

Кез келген менеджер үшін жұмыскерлердің еңбек нәтижесі және қанағаттануы оның қабілетімен ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалық мінездемесіне де байланысты деген пікірмен кейбір психологтар келіспеуі де мүмкін.  Шынында да, көбі таңдалғаннан маманның жеке тұлғасы туралы «Сен – бұл сенің жасаған нәрселерің» деп айта алады.  Жұмысқа шықпаған күндерінің саны, өнімділік, еңбекке құлшыну, өтірік айту, тб. өлшемдер тек ұйымдастыратын факторлар (жекелік стилі және корпоративті мәдениет) қызметтері ретінде қарастырылып қана қоймай, сонымен қатар жұмыскерлердің мінездемелеріне тәуелді келеді. Жеке тұлғалық мінездемелер мен мамандық таңдау, еңбек мотивациясы, өнімділік, жұмыспен қанағаттанушылық, жұмысқа байланысты стресс, сонымен бірге жұмысқа келмеген күндер, өндірістен жарақат алушылық, т.б.   әдебиеттер жеткілікті болса да оның көмегі әркелкі. Соңғы уақытта мамандық өзгерту, жаңа еңбек әрекетіне бейімделудегі қиындықтар, жұмыстағы деңгейі, оқыту нәтижесі сияқты жеке тұлғалық қасиеттермен және факторлармен байланысты екені кездеседі.

           Зерттеу мақсаты – жас мамандарда кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктерін теориялық негізде қарастырып,    тәжірибе арқылы дамыту.

           Зерттеу нысаны  – жас мамандардың кәсіби қарым-қатынас ерекшеліктері.

           Зерттеу пәні —   жас мамандарда кәсіби қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру жолдары.

            Зерттеу болжамы – жас мамандардың кәсіби қарым-қатынас мәдениетін психодиагностикалау және дұрыс ұйымдастырылған жетілдіру жолдары  арқылы мазмұнды нәтижеге қол жеткізуге болады, егер де:

  • жеке тұлғалық құндылықтар сақталынып, сәйкестендірілсе;
  • мінез-құлық ерекшелігі, іс — әрекеті мен қабілеті бағаланса;
  • қолданылатын әдістемелер оның қызығушылығына әсер етсе.

           Зерттеу міндеттері:

  1. Кәсіби қарым-қатынас ерекшеліктері туралы теориялық талдау жасау
  2. Психологиялық мәселе ретінде жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу ерекшеліктерін саралау және әрекеттік ықпал жолдарын қарастыру.
  3. Жас мамандардың кәсіби қарым-қатынас ерекшеліктері деңгейін жетілдірудің тиімді жолдарын  тәжірибеде қолдану.

           Зерттеудің әдіснамалық негізі —  еңбек іс-әрекеті, психологиялық ерекшеліктері және мамандардың кәсіби қызметке бейімделуі туралы қарастырған В.Д.Шадриков, Т.В.Кудрявцев, Б.Г.Ананьев, К.А.Абульханова-Славская, Ю.П.Поваренков, Е.А.Климов, Ж.Аймауытов зерттеулеріндегі теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік еңбектері.

             Зерттеудің теориялық мәнділігі зерттеудің ғылыми әдістері жүйесін мақсатты  қолдану және теориялық тұрғыда негіздеу жүзеге асырылды.

             Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі – зерттеуде қолданылған әдіс – тәсілдер жас мамандардың кәсіби қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық маңыздылығын жетілдіру. Тәжірибе жүргізу барысында алынған деректер сандық және сапалық жағынан талдау, өңдеу, ұсыныстар енгізу.

            Зерттеу әдістері –  зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге теориялық талдау,  эксперимент, бақылау, тестілеу, түзету жаттығулары.

             Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы:

              Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі , қорытынды және қосымшадан тұрады.

              Зерттеу кезеңдері:

               Зерттеудің бірінші кезеңінде  мәселенің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.

              Зерттеудің екінші кезеңінде  жас амандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейі анықталынып, түзету – дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.

            Зерттеудің үшінші кезеңінде  зерттеу жұмысымызға    теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді. Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейін арттыру мақсатында ұсыныстар енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 — ТАРАУ

 

1.1    Еңбек іс-әрекетіне теориялық сипаттама

 

Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық пен көркем шығармашылықтың артуының факторы болды. Адам іс-әрекеті – ол өте күрделі көп қырлы құбылыс.

Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің обьективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Еңбек әрекетінің барлық бөліктері оның соңғы бөлігіне, оның қрытынды нәтижесіне, бағынатындықтан еңбек іс-әрекетінің мотивациясына арнайы сипат беріледі: іс-әрекет мақсаты оның өзі емес, оның өнімі болып табылады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан адамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңдекке қатынасы да маңызды болады. Міне, осы адамның еңбек әрекетінің негізгі мотивтерін құрайды.

 Еңбек ету — өзіңді әрекетте көрсету. Еңбекте де, адамның  шынайы іс-әрекетіндегі сияқты оның тұлғасының барлық жақтары мен көрінестері қатысады. Әрбір еңбек өзіндік күрделі техникасы болады және оны меңгеру қажет. Сондықтан білім мен дағды еңбекте маңызды рөл атқарады. Білім мен дағды болмаса, ешқандай еңбек болмайды [27].

Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі –еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сезімінің қалыптасуына әсер ететіндігін К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко нақты талдаулар жасаған. Еңбек әрекетінің негізгі ерекшелігі – оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығы. Еңбек үрдісі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді. Еңбектегі табыстар мен жетістіктер, нәтижелер адамның дүние танымына, көзқарасына, мақсат – міндеттеріне, қажеттілігіне сай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететінгін ұғыну, саналылығымен сезіну еңбек етудің ең басты түрткісі болады.

Еңбек үстінде адам қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын қалыптастырады. Еңбек үстінде өзіне — өзі қызмет ету қабілеті, тәжірибелік іскерлігі, дербестігі, икемділігі, қарым – қатынас ережелері, ынтасы мен тапқырлығы шыңдала түседі.

Психологияда  іс-әрекеттің жетекші түрі деген ұғым бар. Белгілі бір жас кезеңіндегі бала психикасында, оның психикалық үрдістерінде және тұлғаның психикалық қасиеттерінде басты, маңызды өзгерістер тудыратын іс-әрекет түрін жетекші дейміз. Еңбек психологиясы – еңбек іс-әрекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясының обьектісі – индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларындағы әрекеті. Еңбек психологиясының негіздері медицинаның, физиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың ықпал әсерімен қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты-басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, өмірлік жағдайларды жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу міндеттерімен тығыз байланысты.

         Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері төмендегі мәселелер қарастырады:

  1. кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің психологиялық ерекшеліктері (оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы, мамандықтың жіктелінуі және тб.);
  2. еңбектің қауіпсізідігне, сенімділігіне, құндылығына адамның индививдуальды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;
  3. адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби дайындық, бейімделу );
  4. еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоционалды қысым, стресс және тб);
  5. адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;
  6. жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі инженерлік-психологиялық қамтасыздық  (жоба, бағалау) [11].

          Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның екбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің белсенділік формасы, қозыдырушы себептері бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады. Мотив бұл адамның белгілі ір әрекет  үшін саналы меңгерілген талаптануы. Е.П.Ильин: «Адамның әрқандай қылық әрекеті оның себеп күштеріне байланысты» — деп ой қорытындылаған.

 Мотивация адам мінез-құлқының ынталандырушы, реттеуші күші ретінде,  барлық іс-әрекет түрлерінің нәтижелігіне үлкен әсерін тигізеді.     Психологиялық зерттеулерде мотивация мен іс-әрекеттің өзара  байланыстылығына көптеген ғылыми жұмыстар арналған.

Б.И.Додонов іс-әрекеттің күрделі мотивтер арақатынасының сызбасын ұсынды. Бұл схема бойынша адам еңбек әрекетінде  мотивтер келесі «шекті» құрамымен жүзеге асады:

  • Іс-әрекет процесінің өзінен қанағат алуы,
  • Іс-әрекеттің тікелей нәтижесі,
  • Іс-әрекет үшін сыйлық беру (еңбек ақы, атақ, даңқ),
  • Іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-депривация.

 Сонымен қатар, еңбек әрекетінде мотивацияға байланысты ғылыми зерттеулер бір-біріне қарама қарсы теориялық концепциялармен, әр түрлі әдістемелік бағыттармен, зерттелетін құбылыстардың көпмағыналылығымен сипатталады. Бұл зерттеулердегі белгілі бір жүйенің жоқтығы мотивациялық зерттеулерді өзекті мәселелердің қатарына жатқызады. Осы мәселеге байланысты пікірлер мен теориялардың ортақ жетіспеушілігі мотивация процесін қарастыруда жүйелі бағыттың жоқтығында, осының нәтижесінде ынтаның пайда болуы мен шешім қабылдауға әсер ететін кез келген фактор мотив болып саналады.

 «Фрейдтің еңбек іс-әрекетіне деген көзқарасы пессимистің, өйткені ол еңбекті адамның тамақ пен тіршілік еті құралы ретінде қарастырады», — дейді О.Брайн.          Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол реалды өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды.  Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады.

Еңбек әрекетінің өзіндік құрылымы еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Ал еңбектің өнімділігі сол еңбек етуші субьектілердің білімі, жағдайы, еңбектегі қатынас, еңбектің ұйымдастырылуына және тб. байланысты. Адамның психикалық өмірінің жан – жақты дамуы белгілі әрекетпен байланысты.  Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс.  Адам үшін іс — әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс -әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты шарты.

 

Кез келген іс-әрекет белгілі бір дәрежелер, талаптар негізінде жүзеге асады. Оның нақты жүйесі, құрылымы, негізгі және қосымша элементтері болады және ол белгілі бағытта ұйымдастырылады. Еңбек обьектісіне, мақсатына және тәсілдеріне байланысты. Әрбір мамандық қызметкерге белгілі талаптар қояды.

Әрбір кәсіби іс-әрекет қызметкердегі қиындықтарды жеңу қабілеттілігін, әрекеттерді орындауға байланысты іскерлікті, бейімділікті, шеберлікті, еріктік қасиеттерді және өзіне белгілі қатынасты талап етеді. Кәсіби іс-әрекеттің тиімді, жемісті нәтижесіне жету үшін аталған тұлғалық қасиеттер маңызды роль атқарады.

Осы қасиеттердің негізінде жатқан мотивация кәсіби іс-әрекеттің тиімділігіне тікелей әсерін тигізеді. Адамда кәсіби іс-әрекеттің әрбір түрі көп мағыналы мотивтерден тұрады. Кәсіби іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігі мотивтердің пайда болуына, олардың құрылымдық деңгейіне және олардың өзара қатынасқа түсуіне байланысты болады. Сондықтан, кәсіби іс-әрекеттің мотивациялық құрылымының ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігі кәсіби іс-әрекеттің тиімділігін жоғарлатуға, еңбек етудегі қызметкерлердің белсенділігінің ынта-жігерін жоғарлатуға үлкен әсерін тигізеді. Іс-әрекет – адамның ақаиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Адам іс-әрекеті күрделі процесс.   Оның құрамына жеке адамдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.

Кәсіби іс-әрекеттің мотивтерінің құрылымы кез келген іс-әрекеттің төменде көрсетілген факторлар жиынтығы — оның себептері бола алады. Олар мыналар:

  1. іс-әрекеттің жүру барысынан рахат алу, қанағаттану;
  2. іс-әрекеттен өнім немесе қорытынды алу (жасайтын өнім, білім,

    тәжірибе жинақтау және тб.);

  1. іс-әрекет үшін марапатталу (жалақы, қызметінің жоғарлауы, табысқа

     жету және тб.);

  1. іс-әрекеттен ауытқу және оны дұрыс орындамау жағдайында

                    болатын шаралардан аулақ болуға ұмтылу, жауапқа тартылуды

                    болдырмау.

Еңбек іс-әрекеттерінің мотивтері құрылымын зерттеуде румын ғалымы  К. Замфир   өз ұсыныстарын айтқан. Олар: ішкі мотивация, сыртқы дұрыс мотивациялар және сыртқы кері мотивациялар. Ішкі мотивтерге автор жұмыс бараысында қызметкер санасында пайда болатын сезімдерді жатқызады. Оның қоғамның пайдалы екенін тұсінуі, қанағаттануы, жұмыстан алатын жақсы әсер, еңбек процесі мен оның қорытындылары. Автордың ойынша, жалпы сыртқы мотивациялар адамның  өз қажеттіліктьерінен туады. Сондықтан да, осының негізінде жұмыскер ішкі қысымдарсыз-ақ өз еркімен, ойындағыдай істер атқарып, еңбек етеді.

 

ақпараттық негізі

 

Еңбектің психологиялық мазмұны адамның кез келген мамандықты меңгеруде ішкі және сыртқы индивидуалды қасиеттерін және бағыттылықтарын меңгеруі. Мамандыққа деген мотивация. Ол сыртқы және ішкі мотивация болып қарастырылады.  Сыртқы мотивация жұмыскердің өзінен тыс тұратын мотивтерден: жалақы, қысымға түсіп кету қорқынышы, мақсатына жетуге ұмтылу және тб. Сыртқы дұрыс мотивацияларға мыналар жатады: материалдық жағдай, қызметте жоғарылау, ұжым және жолдастары тарапынан қолдау табу, бедел. Адамның өз күшін салып жұмыс істеуіне қажетті мотивтер. Сыртқы кері мотивацияға автор мыналарды жатқызады: жаза қолдану, қаржылай ақы төлеттіру, сынға ұшырату және тб.    Бұл жерде К. Замфир ішкі мотивацияларды айта отырып, Д.Аткинсонның әйгілі кестесін негізге ала отырып, зерттегенін байқау қиын емес. Мұнда, белгілі бір мақсатқа ұмтылыс және келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін жасалатын істер арасындағы қарым-қатынас негізінде алғандығын айтып кеткен жөн.

Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу болып табылады.

            Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспралылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана –сезімі өскен сайын оның әрекеті де  жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты  туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.

         Іс-әрекет – адамның ақиқат дүниемен өзарар белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы еңбекпен тығыз байланысты. Адамның әлеуметтік – тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ол ой еңбегі пайда болған. Іс — әрекет құрамында іс — әрекетті қозғаушы – түрткі, іс — әрекетті жүзеге асырушы – құралдар қамтылады. Іс — әрекет түрткісі адамның түрлі қажеттіліктеріне, қызығушылығына, жуаупкершілігіне, сезіміне, санасына қызмеғт етеді. Іс — әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен сапасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді.

Ішкі мотивация, егерде оның еңбекке қанағаттану мен өнімділігі мотивтері арқылы қарайтын болсақ өте ыңғайлы болып келеді. Одан соң, дұрыс әсер ету дәрежесіне байланысты, сыртқы дұрыс мотивация өз орнын табады. Алайда, сыртқы дұрыс мотивация мен сыртқы кері мотивацияны ішкі мотивация бойынша салыстырып қарағана тұрақтылығы төмен болып келеді. Олар өзінің жоспарланған жұмыс күшінен тез айырылып қалуы жиі кездесіп тұрады. Сонымен қатар, материалдық марапаттау мөлшері бір дәрежеде қалатын болса, уақыт өте келе өз мотивациялық күшін жояды. Сондықтан да дамыған батыс елдерінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты жалақы мөлшерін 5 және 10 жылдан кейін емес, қысқа уақыт арасында көбейтіп отырады.  Жиі қайталанғандықтан, сыртқы кері мотивацияларда өз күшінен айырылады.

Мотивациялардың түрлері, еңбек өнімділігіне ғана емес, сонымен бірге жұмыскердің өзіне де әсер етеді. Қанағаттанудың жоғарғы дәрежесіне жету, ішкі мотивация басым болса, өзінің көздегенінінен басқа да алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда нәтижесін береді. Ол адамның ішкі міндетерінің және қоғамға қажетті іс-шаралардың атқарылуына өз септігін тигізеді. Егер ішкі мотивация адам дамуының негізгі көзі болатын болса, ол кәсіби шеберліктің шыңдана түсуіне алып келеді. Ал сыртқы мотивация адамның өз басындағы қызыушылықтары мен мақсаттарының орындалуын көздейді.

Сыртқы мотивация кәсіби дамуды өз дәрежесіне жеткізбейді, ішкіқажеттіліктер салдарынан туатын қысымның әсерінен еңбекші қызметке айналдырады. Әсіресе жеке адамдар үшін кері мотивтердің зияны көп тиеді. Олар көбіне жауапкершіліксіз болуына, белсенділік көрсетпеуіне конформизмге және шектеулердің бар болуына алып келеді. Шетел және отандық авторлардың жоғарыда көрсетілген зерттеу жұмыстарында еңбектің әр түрлі мотивациялары, жалпы қоғамдық қатынасқа, атқарылатын қызметке, жеке адамның көздеген мақсатына, еңбек субьектілерінде ер және әйелдердің орнына байланысты болатындығы көрсетілген. 

          Еңбек іс-әрекетінде мтоив П.П.Якобсонның пікірінше: «Кейде мотив кәсіби іс-әрекет жобасынан бұрын, қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты әрекет нәтижесі де әр түрлі болады».

         Еңбек іс-әрекетін зерттеуде және психологиялық ерекшеліктерін анықтауда әдістердің біртұтастығын сипаттайды.  Еңбек іс-әрекетінің психологиялық құбылысын, заңдылықтарын зерттеуде төсендегі әдістердің кешенді құрылымын көрсетеді:

  • жұмыс құжаттарын талдау (нұсқау, ережелер және тб.) – ол нақты еңбек іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігімен танысу;
  • жұмыс процесін бақылау – еңбек мазмұны туралы визуалды ақпарат жинау үшін;
  • хронометраж – еңбек процесінің уақыттық параметрін бағалау;
  • сұрақ-жауап (әңгімелесу, сауалнама және тб.) — еңбек субьектісі туралы жазбаша және ауызша ақпарат жинау;
  • өзіндік бақылау және өзіндік есеп – еңбек тапсырмасын орындауда субьектінің өзіндік көзқарасы, талдауы, уайымы;
  • еңбек әдісі – экспериментатордан еңбектің ерекшеліктері туралы ақпарат;
  • биографиялық әдіс — өмірлік және кәсіби жол туралы талдау;
  • физиолгиялық-гигиеналық талдау – іс-әрекеттің жағдайымен танысу;
  • эксперимент (табиғи және зертханалық) – еңбек субьектісінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

  Еңбек іс-әрекетін зерттеуде, мамандықтарға талдау жасағанда профессиография өте маңызды. Профессиография – мамандықтың құрылымы мен мазмұнын сипаттау және зерттеудің кешенді әдістері. Бұл сандық және сапалық жүйелі түрде алынған анықтамалар мен жан-жақты зерттелген еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін талдау.

Мамандық және кәсіби әрекет түрлері  өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жан-жақты және динамикалы. Отандық және шет елдік сараптамалардың мәлімдемесі бойынша 7 мыңнан 35 жуық мамандық түрлері саналынған.  Ғалымдар кәсіби еңбек пен мамандықтарды психологиялық немесе кәсіби белгілеріне байланысты жүйелеу және салыстыру қажеттігін тұжырымдаған.

Е.А.Климов көп жақты факторларға негізделіп «Мамандықтардың төрт қабатты жіктеуін» ұсынды [16]. Бірінші қабаты мамандық типтеріне байланысты бес жүйеден құралған:

  1. адам – тірі табиғат – агроном, микробиолог және тб.;
  2. адам – техника – слесарь, механик, оператор, тб.;
  3. адам-адам – төтенше жағдайлар департаменті, мұғалім, сатушы және тб.;
  4. адам –белгі жүйесі – математик, редактор және тб.;
  5. адам – көркемдік бейне – дирижор, суретші, артист және тб.

Екінші  қабаты еңбектің мақсатына сай үш түрлі класқа топталған:

  1. гностикалық мамандық ( грекше — білім) – дегустатор, контролер, социолог тб.;
  2. көркемделуші мамандық – малшы-шебер, токарь, мұғалім, бухгалтер тб.;
  3. ізденуші мамандық – бақылаушы-ұшқыш, инженер-конструктор, тәрбиеші тб.

Үшінші қабатта еңбектің негігі құралдары арқылы жоғарыдағы мамандықтар бөлінеді:

  1. қол еңбек мамандығы;
  2. қол-машина еңбек мамандығы;
  3. автоматтандырылған және автоматты жүйедегі мамандықтар.
  4. еңбектің қызметтік құралдарымен байланысты мамандық;

Төртінші қабатта еңбек жағдайының белгілері бойынша топтастырылады:

  1. бірқалыпты микроклиматты бөлмедегі жұмыс – зертханашы, бухгалтер тб.;
  2. ашық ауаудағы жұмыс – агроном, инспектор, тб.;
  3. ерекше жағдайдағы жұмыс – шахтер, өрт сөндіруші тб.;
  4. жоғары жауапкершілікті қажет ететін жұмыс – тәрбиеші, мұғалім, төтенше жағдайлар департаменті.

 

 

1.2     Тұлғаның қалыптасуында кәсіби  еңбектің  маңыздылығы

 

            Адамның өзін -өзі тәрбиелеуі, жар таңдап, отау құруы, сөйтіп жұрт қатарына енуімен өзектесіп жататын мәселенің бірі- мамандықтаңдау. Соңғы кезекті жүргізілген зерттеулер ( анкета, сұхбат, т.б. ) жастардың мамандық таңдай білуге байланысты ой-пікірлері мен тебіреніс – толғаныстарында бұл мәселенің қоғамдық-әлеуметтік жағынан гөрі жеке бас мүддесіне көбірек қатыстылығы байқалып жүр. Әрине, бұл айтылғандар қазіргі нарық экономикасына көшу кезіндегі өтпелі дәуір тудырған жәйт болса керек. Жеке мүдде қазіргі кезде ел-жұрт психологиясына елеулі әсер етіп  тұрған фактор екендігі  белгілі. Заман талабы жастардың тек мал шаруашылығы, өндіріс, құрылыс маманы ғана болмай , сауда, алыс-беріс, бизнес ісіне де көптеп мамандануын қажет етіп отыр.

      Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Әр адамның бірнеше кісіппен айналысуға қабілеті болғанымен, соның біреуіне ынтасы ерекше ауады. Өйткені, әр кәсіпке қажетті қабілеттілік деңгейі түрлі дәрежеде болады. Мәселен, ұшқыштық қабілет тек ұшу немесе оған жаттығу кезінде емес, спорт ойындары кезінде , математикалық қабілет шахмат ойыны үстінде қалыптаса бастауы мүмкін. Мамандықтың белгілі бір түріне бағыт-бағдар беру – кәсіптік бейімделу (адаптация ) мәселесіне келіп тіреледі. Мәселен, өндіріске жаңадан келгендерге тәжірибелі жұмыскерлер алғашқы кезде көбірек көңіл бөліп , олардың әрқайсысына қамқорлық көрсетіп, жұмыстағы кемшілік-олқылықтарын түзеп, қабілеттерін сүйеп, демеп отырады. Бұл жәйт жас адамның өмір жолын дұрыс таңдай алуына, өз мүмкіндігіне сенімін нығайтып, бекіте түседі. Кәсіпке бейімдеудің сан алуан жолдары мен әдістері бар. Солардың ішінде « жұмысшы қатарына қабылдау», «өмірге жұмысшы жолдамасын беру», т.б. салт-дәстүрлердің маңызы ерекше.

        Кәсіпке бейімделу элементтері мектептегі оқу-тәрбие процесінде де жүргізілсе құба-құп. Мәселен, сабақ үстінде, әр түрлі үйірме жұмыстары кезінде шәкірттерді практикалық мәні бар қызметпен  жәй таныстырып қоймай, оларды бұл іске тікелей араластырған абзал. Мамандық таңдауда қазақ жастары белгілі жазушы , әмбебап –ғалым Ж.Аймауытовтың « Жан жүйесі және өнер таңдау»  атты еңбегінен де жақсы ақыл-кеңестер алуына болады. Автор мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді , зор шеберлікті қажет ететін нәрсе дейді. « Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді , берекелі болмақ….әр өнер , әр қызмет мемлекетке ,әлеуметке керек. Әлеумет те , мемлекет те әр адамның еңбегі біркелкі  пайдалы болуын  тілейді : неғұрлым әр мүшесінің еңбегі  жемісті болса , соғұрлым әлеумет тұрмысы да тез оңалмақ».

        Ғалым қазақ жастарына егін салу, сауда-саттықты үйрен, ден саулығыңды күт , шаруа-тұрмысыңды түзет, газет-журнал , кітап оқуңға машықтан , өнегелі, зиялы, алуан өнерді білетін кісі болуға тырыс дей отыра : « Жұрттың бәрі әкім, коммисар болғанда осынша қызметті істеуші кіәм болмақ?»-дейді, кейбір жастардың әкімшілік, заң, сот жұмыстарына шектен тыс әуес болатындығын , бұлардың қызметтің осы саласына қызығуы өнері қысқаннан туып отырмағанын , бұл бір жұқпалы дерт сияқты нәрсе екенін, халқымыздың « бәрің бірдей қойшы болсаң- құл боларсың, бәрің бірдей тойшы болсаң – жын боларсың» деген аталы сөзіне негіздеә келе , жеріне жеткізе айтып кетеді.

         Қазіргі кездегі қазақ елінің тыныс-тіршілігін, салт-санасын жаңарту жолында әрекет етіп жүрген жастарға Ж.Аймауытовтың мына ойлы сөздері де ерекше маңызды: «Оқыған азаматтың қызметке тұрлаусыздығы, білімі аз , шалалығы, еліктегіш, мансапқорлығы, кеңсешілдігі, пайдакүнемдігі, негізгі мақсат, мұрыты жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы- осының бәрін шын әлеумет қызметкерінің піспеген, шынықпағандығын көрсетеді» Қазір де біздің арамызда мұндайлар аз ба? Әсіресе нарықтық экономикаға араласуды желеу етіп , тек табыс табуды ғана ойлап, ақша қуып кеткен кейбір жастар қоғам, әлеумет, халыққа қызмет істеу мәселелерін естерінен шығарып, имандылық пен адамгершілікке жат, келеңсіз қылықтар жасап жүр. Бұдан әрі ғалым мамандық таңдауда кісінің жеке қасиеттері мен кейбір тумыстан берілетін ерекшеліктерін ескеру қажеттігін , бұл жерде әр кісі өзін-өзі басқарып, өзін жетілдіре түсуге , кісілікке ұмтылуға ерекше мән беруін , яғни өзінде қандай талант, қандай зеректік , қандай бейімділік , бір сөзбен айтқанда, қандай қабілет бар екендігін білуі қажеттігін ескертеді. Өйткені өзін-өзі танымаған , өзгені тануға да шорқақ болады.»дегендей небір тамаша ақыл-кеңес берген еді [3].

        Қазіргі жастар тәрбиенің сыңар обьектісі емес , олар өз өмір жолын заман талабына орайластыра құруға қабілеті  жететін, шығармашылықтық істің өкілдері. Олар нарықтық қатынастарға өтудің небір сүйініш – күйініштеріне ересек адамдармен бірге тізе бүгіп, мұны өз бастарынан кешіруде. Бұл жәйт оларды бұрынғыдан гөрі ертерек есейте түсуде . Бірақ та қоғамдағы әр түрлі проблемеларды жеңе білуде жастарға аға ұрпақтың көмегі мен ақыл-кеңестері әліде бұрынғыша қажет бола бермек. Сондықтан қазіргі бозбалалар мен бойжеткендердің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып , олардың ұмтылыс талап-тілектерін үнемі демеп отыру- үйдегі, түздегі тәлімгерлердің абыройлы парызы.  

        Енді адамның өмір сүруінің құндылығы неде дегенге келсек, ол өмірде өзінің құмарлығынқандыруды місе тұтпайтын, өзі өмір сүруге қажетті шекараны аттап өтіп, өзінің мүмкіндіктерінен арғы нәрселерді де білуге тырысатын жан иесі.         Адам өзінің өмір сүру шекарасынан, одан арғы жаратылыс құпиясын білуге үш түрлі жолмен талпыныс жасайды. Біріншіден – ол өзінің өмірде бар екенін , осы өмірдегі тіршілік иесі басқаларға білдіртуді мақсат етеді. Адамның өмірді өзін-өзі нығайтуының, өз мүмкіндігін іске асыруының жолдары алуан түрлі: ол сурет салу, кесте немесе өрме тоқудан, таңертеңгілік жаттығудан басталып, спорт пен көркемөнердің, саясат пен ғылымның алуан түрлерімен айналысу,  түрлі қызмет атқару арқылы іске араласады. Сөйтіп адам өмірде өзінің бойындағы қабілетін іске асыруда басқаларға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысып бағады. Мысалы, шебер ұсталар соққан пышақты немесе қанжарды, тоқымашылар тоқыған алаша, кілемдерге қарап отырып оның кімдікі екенін бірден айтуға болады. Адам өрімде де бір-біріне ұқсамайтын өзіндік мінез-құлық ерекшелігімен дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен даралануға тырысып бағады. Мұны адамдардың өмірде өз бойындағы қабілеті мен талантын танытуды, ерекшеленуі дейміз.

       Екіншіден – адамдар өзінің бұл өмірде бар екенін айқындауды қоғамдық ортада басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым-қатынастың алғашты түрі «мен» және «сен» деп бөлуден басталады да, әр адам өзінің «менің» басқалармен қарым-қатыныста танытуға тырысады. Ал басқа адам сол сияқты қарым-қатынасты өзінің бойындағы қасиеті мен іскерлігін танытуға тырысып бағады. Сөйтіп әр адамның өмірдегі қабілеті мен іскерлігі адамдар арасындағы қарым-қатынаста ашылып, белгілі бола бастайды.

          Үшіншіден — адам баласының өзі өмір сүріп отырған ортадан ары шығуға талпынуы, өзінің іс-әрекетін өзінен жоғарғы, үлкен өмірге қатыстыру арқылы іске асыру.

          Адам өз бойындағы мүмкіндігі мен қабілеті басқалармен қарым-қатынас арқылы іске асыратын болса , ол бұл жерде өзіне идеал тұтатын, үлгі-өнеге алатын озық ойлы қайраткерлерді пір тұтып , бас иеді. Ол тілдік шеберлікке табыну, ақынға, шешендерге немесе асыл ойдың иесі-кемеңгер ғалымдарға табыну,ұйымдастыру қабілетімен,ерекше іскерлігімен көзге түскен, халыққа танылған көсемдерге (лидерге) табыну, халыққа асқан өнерімен танымал болған артистерге табыну, соларды идеал тұту сияқты болып келеді. Жастардың мектепте оқып жүргенде атақты батырлардың немесе актерлердің, суретші, футболшылардың өнерін көгілдір экраннан көріп, олар жайында кітаптарды оқып, сондай болуды армандауы осы идеал тұтудың, табынудың нәтижесі. Яғни, өзінен жоғары тұрған ұлыларға табыну, соларға ұқсап бағу,солардың жолын қууды армандау да адам баласына тән табиғи қасиет. Бұны ғылым тілінде адамның өмірге деген ынта,ықыласының саналы түрде іске асуы деп қарайды. Әр адам өзінің менін өмірге саналы түрде ендіру арқылы оны (өмірді) өз үйіме айналдырам деп есептейді. Неміс философы М.Хайдеггер адамның қоғамдағы өмір сүруін тұрмыстық үй деп қараған.

Өкінішке орай «психологиялық сәйкестік» саласына негіздеу нәтижесінде тек жаңа сұрақтар ғана туындайды, ал қарым-қатынастағы өзіндік ерекшеліктер рөлі анықталмай қала береді. Қазіргі уақытта психологиялық сәйкестік мәселесіне қатысты бір де бір тәсіл, «сәйкестік» түсінігіне қатысты түсіндірмелер, сәйкестіктің жалпы қабылданған критериі және индикаторы да жоқ. Осыған орай сәйкестік мәселесіне қатысты кең таралған құрылымды, бағдарлы тәсілдерге тоқталайық. Аталған тәсіл шеңберінде серіктестердің өзара әрекеттегі (қарым-қатынастағы) сәйкестігі психологиялық сәйкестіктің ізделіп отырған эффектісіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін, өзіндік ерекшеліктерді айқындау жүзеге асырылады.

Аталған өзіндік сипаттың бірнеше деңгейі ерекшеленеді:

  1. Әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық статус, білімі, мамандығы);
  2. Әлеуметтік-психологиялық (құндылық бағдар, мақсат пен көзқарастардың ортақтығы);
  3. Психологиялық (тұлғаның мінезі және басқа да қасиеттері, ақыл-ой деңгейі);
  4. Психофизиологиялық (темперамент, эмоционалдылық, ағзаның

                реактивтілігі т.с.с).    

   Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік сөйлеу, өзіндік бағалау, өзіндік ұғыну арқылы өзін — өзі таниды.  Адам өзінің сыртқы дүниесін ғана танып қоймай, сондай – ақ сол арқылы  әрекет жасауға тырысады. Адам обьективті шындықты бейнелендіре отырып, сол процестерді ғана емес, сонымен бірге сезіне алатын және ойлай білетін тіршілік иесі ретінде өзін — өзі, өзінің мұрат – мүдделерін, адамгершілік бет – бейнелерін де саналы түрде түсінуге шақырады. 

 Жеке тұлға алдымен белгілі қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, белгілі дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары мінезі, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін тізгіндей алатын кісі. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы өзін — өзі таниды. Өмір адамның сыртқы дүниесін танып біліп қоймай, сондай – ақ өзін де танып білуді талап етеді.

         Адамды адамның тану ерекшеліктерін А.А.Бодалев  жас    және жеке дара ерекшеліктеріне бөле отырып, неғұрлым жасы үлкейген сайын олардың қабілеті, танымы мен сенімі туралы пікірлері өзгере түседі, олардың еңбекке көзқарасын, адамның еркі мен өзіне тән ерекшеліктерді жақсы ажыратады. Адамның өзіндік сипат белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндегі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы тәжірибе алмасатындығы.

 Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым – қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір қасиеттері , іс-әрекет жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. 

Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс – қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті – дағдылары, іс — әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады.  әсіресе өзінің іс — әрекетін қадағалап, жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Өзін өзі бағалау арқылы іс -әрекетінің нәтижесін қадағалайды.  Дағды, ептілік, ниет, әдет адамның өзіндік бағалауының алғы шарттары.   Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Іс — әрекеттің жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен көрінеді.  Оқу, еңбек, ойын – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі әрекет түрлері. 

         Адамының іс — әрекетін тиімді ұйымдастыру   оның өз ісіне қызығу мен жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.           Осындай мәселенің  байыбын барлап оның   тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның жеке басының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз.  Мақсатсыз ұйымдастырылған іс — әрекет болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына ықпал етуі мүмкін. Іс — әрекетті баланың дамуы мен оның қалыптасуына жағымды әсер ететіндей жоспарланады.

Ересек адамдардың еңбек әрекеті   нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті – дағдылары, іс — әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады.

Дағды – адамның белгілі іс — әрекетті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі.  Дағдының қалыптасуы қимыл – қозғалысьар мен әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады.

Адамның әрекетіндегі ептілік /бейімділік/ — белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзінің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу. Ептілікке жадамның өз білімін, дағдысын өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның өз білімін қажет болған жағдайда қолдана білу әрекетінен анық  байқалады.

Әдет – адамның іс — әрекетіндегі мінез – құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс — әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене отырып жүзеге асырылады.  Әдет – адамның қажеттілігін өтеуге сәйкес қайталанып отыратын әрекет. Ол адамның кез келген іс — әрекетінің түрінде кездеседі.

Ниет —  адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс — әрекетіне байланысты психологиялық көңіл – күй. Қажеттілік – адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш, ал ниет – сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмтылдырады.

Қызығу – адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың айқын түрде түсіндіруге жан дүниесінің сілкінісі. Қызығу барысында адам өзінің әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін қилы белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді.

Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөнінідегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс — әрекет жасайды.

Ұмтылу – адамның іс — әрекетті атқаруға талаптанып, белсенділігін қуаттайтын ниеті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағдайын нақты болжамдып, көз алдына елестете алмаса да көздеген мақсатына жету үшін қуатын жұмсап, талаптанады. Адамның жеке бағыт – бағдары, бір іс — әрекетті орындауға талпынысы, сол әрекет негізінде туындаған арманы, құмарлығы, әр түрлі мақсаттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

  Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. Бұл мәселенің өзектілігі қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекетінің ұжымдық ерекшелігінің артуымен байланысты, тәжірибенің талаптарымен байланысты және адамдарды ұйымдастырудың, басқарудың тиімділігінің өзекті мәселелерімен, олардың араларындағы қарым-қатынастың күшеюін реттеу, тәрбиелік және психотерапиялық әсерлерді қолдану мәселеріне байланысты. Сондықтан, баланың іс — әрекетін ұйымдастыру арқылы оның неге қабілетті екенін анықтаумен қатар болашақта жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады. Ол баламен оған бағыт беруші ата-ана, педагог немесе үлкендердің ықпалымен іске асады.

Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы іс -әрекет  тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі туындайды. 

 А.Н.Леонтьев тұжырымынша тұлға психологиясы аясында  жүргізген зерттеулерінде тұлғаның қалыптасуында өзінің іс-әрекеттік көзқарасының бастапқы бағыттарын нұсқай отырып, іс-әрекетіне баға беретін,  адамның өзімен-өзі күресуінсіз қажетті мінез-құлықты қамтамасыз ететін жақтарын меңгеруі қажеттігін ерекше атап өтті [21].

Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен тіл табысып, олардың күнделікті мұқтаждықтары мен талап-тілектеріне жете мән беріп, оларға жете назар аударып отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру кәсіпорындары мен ұжымдардағы қоғамдық әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу екендігі өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлерінде еңбек өнімділігін арттыруы, олардың жасаған өнімдеріне саналы түрде жауапкершілікпен қарауы ең алдымен, сол ұжымда қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отыратындығы мәлім. Еңбек ұжымындағы адамдардың өнімді еңбегі мен қоғамдық санасын көтеру тек сол ұжымдағы адамдардың өзара қатынасына басшылық ететін жетекші кадрлардың іскерлігі мен әрбір адамның жан дүниесінің сырына бойлай қарап, оларға қамқорлық жасауына тәуелді.

Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы ахуал тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі туындайды.

Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі — адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.

          Жеке адамның психологиялық бейнесін немесе тұлғаның психологиялық құрылымын зерттеп білуде өзіне маңызды басты үш мәселені құрайды:

  1. Адам өмірден нені қалайды, оған не нәрсе тартымды, қызықты,

     ол нәрсеге талпынады? 

  1. Оның қолынан не істеу келеді?
  2. Мұның өзі кім, ол қандай адам?

         Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі-әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі-сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологиядағы айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады.

         Биологиялық фактор-адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор-адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім-тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі-оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі-Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинкті ерекшелгіне, соның ішінде жыныстың еліктеуі мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинктерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдениқажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.

         Тұлғаның саналы жетілуі қоғамның қажеттіліктері мен іс-әрекеттің қоғамдық  қарым-қатынастары нақты шарттарға тәуелді болады. Іс-әрекет жағдайында ең кең тараған түрі – бұл төрт компонентті тұлға моделі. Бұл модельде ең басты орында қабілеттілік, мінез ұстамдылық және өзін өзі бақылау негізге алынады.

         Бағыттылық – бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне қажетті идеалдар мен өз қалауларынан және тұлғаның ең басты жүріс-тұрыс тенденциясынан тұрады.

         Қабілеттілік – тұлғаның индивидуалды психологиялық қасиеті. Қабілеттілік бұл әрбір басты істің сәтті аяқ алуына әкеліп соғады. Мінез  тұлғаның басқа адамға көзқарасы, жауапкершілігі және қарапйымдылығымен ерекшеленеді. Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі.

          Адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейі жағынан бірінен-бірі жоғары бірнеше формалар кіреді; құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейімділік, наным, көзқарас тб. Аталған формалардың қысқаша мәні:

  • Құмарлық — бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы;
  • Ниет — саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық;
  • Ұмтылыс – ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болады;
  • Қызығу – бағыт-бағдардың қандай да затқа ауысуындағы танымдық форма;
  • Көзқарас – қоршаған дүние болмысын философиялық, эстетикалық, этикалық, жаратылыстану және басқа ғылымдар жүйесінде тану;
  • Наным – адамды өз танымы, принципі, көзқарастарына орай әрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы.

        Жеке тұлғаның өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы мінез. Мінез нақты, тұлғаның шыншыл, адал, аққкөіңлділігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар-әр түрлі жағдайларда көрініс беретін жеке тұлға қасиеттері.         Мінез адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.

 

1.3    Кәсіби қыметке бейімделудің психологиялық ерешеліктері

 

Адам басқа адамдармен бірлесе отырып, адам өндірістік мақсаты мен міндеттерімен санасып, қоғамдық қатынастың жүйесінде іс-әрекет процесін атқарады  Б.Ф.Ломофов оны «әлеуметтік контекст» деп атайды. Оның айтуынша, іс-әрекет процесінде обьектінің субьективті бейнесі тіршілік етеді, сонымен қатар осы обьектінің жемісіне айналады немесе обьектінің жемісі субьективті мақсатқа сәйкес келеді. Адам өмірінің іс-әрекеті тарихи қамтамасыз етілген  және әр дәуірдің нақты өкілі ретінде артына із қалдырып отырады. Жеке адам таным субьектісі ретінде еңбек пен қарым-қатынас барысында танылады, егер олар оның өмірінің циклінде өтеді. Әр түрлі факторлардың әсерінен олардың жеке адамдық тұрғыда дамуы не төмендейді, не жоғарылайды, не болмаса адам өміріндегі ауытқуларға әкеліп соғады. 

Адамның ересек шағында жеке адамның дамуына әсер ететін бірден-бір факторлар жиынтығы іс-әрекет, түрлі еңбек, жас ерекшелігі және білімі болып табылады. Адамға әсер ететін факторлар үнемі өзгерісте болады. Өзгеретін және әсер ететін факторлардың ізі, олардың қарым-қатынас жүйесіндегі әсері адам өмірінің әр түрлі жас ерекшелік кезеңінде тұрақты емес. Өйткені адамның туғаннан қартайған шаққа дейінгі онтогенезінің дамуы әр жастағы психологиялық функциялардың ерекшелігімен, жеке адамның қасиетімен, психикалық процестерімен тығыз байланысты.

Б.Г.Ананьев  психофренологиялық функциялардың екі фазада дамуы идеясын ұсынды. Психологиялық функцияның 1-фазада дамуы: жас ерекшелігіндегі есею барысыныа орай олардың жұмыс қабілетінің өсу кезеңіндегі қатынасы. 2 — фаза мамандық алудың өмір жағдайына және іс-әрекетіне әсер етуімен байланысты.

В.В.Водзинская өзінің еңбектерінде жұмысшыларды жас ерекшеліктеріне қарай бөліп қарастырады. Осыға сәйкес икемділігі және жұмысқа қарым-қатынасы анықталады. Ол бойынша, 18 жасқа дейінгі жастарда автоматты станок жұмысына байланысты кәсіпкер басым болады. 2,71 пайыз адам қолмен жұмыс істейтін еңбек іс-әрекетімен айналысады. 26-30 жас арасында операторлық кәсіп пен автоматты басқару кәсіп түрлерімен шұғылданады.

Еңбектің нәтижелілігі және еңбек міндеттерінің шешілуі, сонымен қатар осы процеспен кбіне қанағаттандырылуы еңбек субьектісінің  еңбектенуге мүмкіндігінен байқаймыз. Ол адамның нақты бір ә-іс-әрекет түрімен айналысуынан қалыптасады және бағаланады.  Адамның еңбек субьектісі ретіндегі жас ерекшелік, кәсіптік және психикалық дамуы төмендегідей сатыда жіктелінеді:

І. Кәсібилікке дейінгі даму.

  1. ойынға дейінгі кезең (3 жастан бастап);
  2. Ойын кезеңі (3 жастан 7-8 жасқа дейін);
  3. оқу әрекетін меңгеру кезеңі (7-8 жастан 110-12 жасқа дейінгі);

ІІ. Мамандық таңдау кезеңіндегі даму.

  1. оптация кезеңі (өмірге, еңбекке, кәсіби қызметті жоспарлау, мамандық таңдауға дайындықты ұғыну кезеңі 12-13 жастан-14-18 жасқа дейінгі);

ІІІ. Кәсіби даярлық және болашақта кәсіби маман болуға даярлық кезеңдегі даму.

  1. Кәсіби білім алу кезеңі (15-19 жастан 16-23 жасқа дейін);
  2. Кәсіби мамандыққа бейімделу кезеңі (17-21 жастан 24-27 жасқа дейін);
  3. Кәсіби маман даму кезеңі (21-27 жастан 45-50 жасқа дейін);
  4. Өзінің кәсіби маман ретінде тарату кезеңі (46-50 жастан 60-65 жас);
  5. Төмендеу кезеңі (61-65 жастан жоғары).

С.Г. Вулиновский, Л.Н.Лосохина зерттеулерінде жас жұмысшының еңбекке қатынасына біліктілік деңгейі арасындағы байланыстардың және адамзаттың саналылығы ретіндегі белсенділігінің әсерін қарастырады. Еңбек іс-әрекеті оқыту сияқты ақыл-ой деңгейінің жоғарылығын талап етеді, осыған орай кәсіптік дағдылардың дамуының және ақыл-ой дамуының түрткісі болып табылады.

Жеке тұлғаның қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Тұлғаның белсенді қимыл-әрекетке итермелеуші қоғамдық орта. Бұны Э. В. Ильенковтың зерттеуінен байқауға болады “қоғам жеке тұлғаны белсенді іс-әрекетке итермелеуші күш ”деді. Жеке тұлға келбеті Г. У. Оллпорт бойынша- ақпарат қабылдаушы нейропсихикалық құрылым. Жеке тұлға келбеті әртүрлі жағдайларда жеке тұлға тұрақтылығын анықтайды.

Еңбек субьектісінің жұмысқа қабілеттілігін оның шыдамдылығы, білімділігі, мінез-құлқы, психологиялық даярлығы, еңбекке қабілетінің динамикасы және тб. арқылы білеміз.  Оны төмендегі жіктеуден көреміз.

         Жеке тұлға белсенділігін өзіндік реттеу арқылы бақылап отыру қажет. Iрыс ойшылы Е. П. Ильин былай түсіндіреді: “Тұлға өз белсенділігін саналы түрде бақылап, реттеп отыруы қажет және осы іс-әрекеттегі қиындықтарды жеңе білуі керек”.

Әрбір жеке тұлға белгілі бір қоғамдық ортаға жататындығы белгілі. Жеке тұлғаны дамытушы қоғамдық факторлардың жеке тұлға өмірінде алатын орнын барлық ғылым саласы зерттейді. Бұл пікірімізді Б. Г. Ананьев зерттеулері дәлелдей түседі. “Жеке тұлғаның қоғамдық даму мәселелері барлы? ғылым салаларына маңызды мәселе, әлеуметтік құрылым әлеуметтік өмірдің жалпы көрінісі”.

Тұлғаның кәсіптену мәселесі жалпы мамандық  пен тұлға арасындағы маңызды мәселелердің бірі. Олардың өзара байланысының  екі негізгі парадигмалары бар:

  1. Мамандықтың тұлғаға ықпалын жоққа шығару. Мұнда тұлға мамандық таңдағанымен оны меңгеру және қызметтік міндеттерді шешуде  өзгермейтінін сипаттаған.
  2. Тұлға мен мамандықтың өзара әсерлесуінде өзгерістерге ұшырайтынын тұжырымдаған.

    Осы тұжырымдамадан кейін психология ғылымында мамандандыру ұғымы пайда болды.  Бұл процесс мамандық таңдағаннаан кейін оның соңғы кәсіби өміріне дейін жалғасады.  Мамандандырудың төрт сатысын жіктеген:

  1. мамандық іздеу және таңдау;
  2. мамандықты меңгеру;
  3. әлеуметтік және кәсіби бейімделу;
  4. кәсіби іс-әрекетті орындау.

Әрбір даму сатысында іс-әрекеттің детерминатына сай оның мақсаты мен міндетттері де өзгеріп отырады.

Кәсіби қызметке бейімделуді  дамыту шарттарының басқа топтарын , көбінесе макроорта  анықтайды. Макроорта деп адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макроортаның неғұрлым позитивті факторы  қоғамның өз мүшелерінің бейімделуге қабілетін дамытуына қамқорлық жасаған жағдайлары болып табылады. Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуіне, сонымен қатар өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын дамыту жүйесінің дамуында көрініп отыр.

    Кәсіби бағдарланудың  қажеттілігі  әрбір адам тап келетін өмірлік жолын таңдаудағы және кәсібін анықтаудағы мәселелер, төтенше өзекті мәселелермен шарттастырылған. Француз психологы А.Леон кәсіби бағдарланудың диагностикалық және тәрбиелік деп атаған екі тұжырымдамасының тарихи түрін қалыптастырған. Бірінші, диагностикалық жеке тұлғаның кәсіби жарамдылығын анықтауға таңдау жүргізеді.

Кеңесші тест көмегімен, адамның қабілеттілігін өлшейді және кәсіпке қойылатын талаптармен оларды жинастыру жолымен, оның аталмыш кәсіпке жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды жасайды. Көптеген ғалымдар кәсіби бағдарланудың осы тұжырымдамасын  механистикалық деп бағалайды.Оның негізінде ортаның ықпалында шамалы, тұрақты білім сияқты  қабілеттілік көзқарасы жатыр. Аталмыш тұжырымдаманың шеңберінде субьектіні енжарлық маңызға әкеп соғады.

    Екінші тәрбиелік – жеке тұлғаның тәрбиенің ықпалымен жоспарлану , және өзінің анықтағанының сәйкетігінде кәсіби өмірге дайындығына бағытталған тұжырымдама . Негізгі маңызы әр түрлі әрекетті меңгеру барысында тұлғалық белсенділігі , өзінің таңдау мүмкіншілігі , өзін-өзі тәрбиелеу және дамытуы толығымен бағаланылмайды. Сондықтан отандық психологияда осы мәселелерді  шешу кешенді жүргізіліп жатыр. Кәсіби бағдарланудың бұл мәселелерін шешу екі тәсілдемеде : жеке тұлғаның қабілетін анықтау және оған келешек мамандығының дайындығына көмек тізбекті қатар ұсынғанда ғана мүмкін деп есептейді.

          Е.А.Климов мамандыққа талап пен қабілеттің сәйкестігін қарастыра отырып , кәсіби жарамдылықтың төрт түрлі дәрежесін бөліп көрсетті. Бірінші —  аталмыш кәсіпке жарамсыздығы.Ол уақытша немесе  нақтылы жеңе алмайтын болуы мүмкін. Екінші – қандай да бір кәсіпке немесе солардың тобына жарамдылығы. Ол адам еңбектің қандай да бір саласы қатысына қарама-қайшылығы болмауымен сипатталады, бірақ көрсеткіші де болмайды. Үшінші- әрекеттің сол саласына сәйкестігі : қарама-қайшылығы жоқ және белгілі бір кәсіпке  немесе  кәсіп тобының талаптарына анық сәйкес келетін кейбір жеке қасиеттері болады. Төртінші- аталмыш әрекеттің кәсіби асласына әуестенгені. Бұл адамның кәсіби жарамдылығының жоғары деңгейі [17].

Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта —  балабақша,  мектеп, отбасы зер салуын керек етеді.   Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, істің нәтижесінен анық байқалады. Қабілет деп әр адамның белгілі бір әс -әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытталған, тәлім –тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс -әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Міне адамның еңбекпен араласқанда да сол мамандыққа қабілеттілін көреміз.

      Климовтың кәсіби бағдарлану жұмыстары бойынша кәсіптерді жіктеу сауалнама түрінде әзірленіп, іске асырылған. Осы жіктелімнің негізінде кәсіптің адамға ұсынатын талаптарының ережелері болған. Мысалы, «адам-адам», «адам-табиғат» және т.б. өзара қатынасты жүйелер сияқты әрекеттің барлық түрін бөліп қарауға болады.

         Әрбір адамның іс — әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік – адамдағы жеке – дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын еңбекке жарамдылығы немесе икемділігін былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы – көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы – спортшыларға тән ерекшелік.

Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс -әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қаблеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка  саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір –бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл — әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері пайдасы тиері даусыз. Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттіліктері мен іс — әрекетінің бағалануы. Кез-келген адамның бойында ішкі түрткі, қызығу сезімдері болады. Бұл “ Мен — концепциясы” негізінде орындалады. Өзін — өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі. Тұлғаның өзін — өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасуы негізінде болады.  Өзін — өзі бағалау – адамның өзінің психологиялық сапалары мен қылықтарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін, кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалауы.

Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі- талант, дана деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс саласында бұрын соңды болмаған , соңғы жаңалықтар ашады.

        Таланттылық – даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар , жеке адамның жан- жақты дамыған кезінде туады. 

         Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт- бағдарына , мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.

Жалпы қабілеті ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңғіл де нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі ұғынылады.   Арнаулы қабілет іс- әрекеттің , мәселен, әдебиет, сурет өнері, сахна өнері  арнаулы салаларда , жоғары нәтижеге жетугн жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.

       Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс- әректеке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті – техникалық, педагогтық қабілеттер кіреді. Қабілеттердің осындай жіктелуінің негізінде іс- әрекеттің жекеленген түрлерінің адамға қоятын өзіндік талап , тілектерін ажырата білушілік жатады.

— Біріншіден , арнаулы қабілеттер жалпы, ақыл-ой қабілеттерімен табиғи байланыста. Адамның жалпы қабілетінің жақсы жетілуі оның арнаулы қабілетінің өрістеуіне ішкі жағдай туғызады. Арнаулы қабілеттер өз тарапынан  белгілі жағдайларда  ақыл- ойдың дамуына жақсы әсерін тигізеді.

 — Екіншіден, әр түрлі әдеби, математикалық , ғылыми , өнерлік қабілеттері жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейді. Бұл жайт қабілет түрлерін бір- біріне қарсы қоятын концепциясының жалған екндігін көрсетеді.

— Үшіншіден, практикалық қабілеттер шығармашылық әректте жоғары деңгейде дамыған интнллектісіз дамымайды және іс жүзіне аспайды. Мәселен, адамның конструктивтік- техникалық қабілеті көбіне үлкен ғылыми дарынмен байланысты, дарынды өнертапқыш жиі- жиі өндіріске ғана емес, ғылымға да жаңаық енгізеді.  Сөйтіп іс-әрекеттің қай- қайсысы да қабілеттің жалпысына да , арнаулысына да белгілі бір талап қояды. Адамды тар өрісті мамандыққа баулудың , қабілет аясын тарылтудың дұрыс емес екені осыдан шығады. Тек жеке адамның жан- жақты дамуы ғана жалпы және арнаулы қабілеттің көрініс беруіне, қалыптасуына көмегін тигізеді. 

         Адамның еңбектегі қабілеті мен жеке басының қасиеттері тек қанаушы тап жоқ қоғамда ғана толық ашылды. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың еңбекке құлшынуы тек қана жеке түддеден тумайды, сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан да тұрады.

         Еңбекте адамның қабілеті мен мінез- құлқы, жалпы, жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады. Өндіріс еңбеккер алдында іске тек шығармашылықпен қарағанда ғана шешуге болатын көптеген мәселелік жағдайлар мен міндеттер қояды. Сөйтіп өндіріс адамның таным белсенділігіне ықпалды әсер жасап, оның білімін, икемділігін, дағдыларын жетілдіруге итермелейді.   Адам өз эмоциясын түрлі жағдайларда басқара отырып, реттеу арқылы іс- әрекеттің кез-келген түрінде сапалы нәтиже шығаруға мүмкіндік алады. Жағымсыз әсерлерден жоғары тұратын адамдар неғұрлым көп болса, солғұрлым бәсекелестікке қабілетті болу деңгейі жоғарылайтындығында күмән жоқ. Осы эмоцияны басқара алу қабілеттілігі де еңбек әрекетінде маңызды орын алады.

         Әр түрлі мамандыққа байланысты  қажетті білім мен дағды, икемділіктердің қалыптасу жолы, жұмыс үстінде түрлі бақытсыз жағдайға душар болмаудың профилактикасы, адамның еңбек үстіндегі қолайлы көңіл күйінің бірқалыпты болуын қаматамасыз ету мәселелері, еңбек ұжымдарындағы жарасты моральдық – психологиялық ахуалдың қалыптасу факторлары жұмыс үстіндегі шаршау мен болдыруға қарсы күрес, техникалық құралдарды гуманизациялау, шеберлер мен ұстаздардың, инженер техниктердің психологиялық білімдерін жетілдіру және тб. мәселелері туралы қарастырылады. 

  Психологиялық профессиограммаға адамның мамандыққа қажетті ерекшеліктері  түсіріледі. Психологиялық профессиограмма (психограмма) —  мамандықтың бір түрінің адам психикасына қоятын талаптарын жинақ мәліметі. Іс-әрекеттің әр саласына тән өзіндік профессиограммалары болады. Оларға техника (мамандықтың технологиялық аспектілерін сипаттау), экономика (экономикалық мәнін сипаттау), социология, педагогика, медицина тб. профессиограммаларын жатқызуға болады. Проффесиограмманың айналысатын мәселелерінің келесі бір саласы – кәсіби бағдарлау. Бұл мамандықты дұрыс таңдап алмау жағдайынан туатын қателіктердің алдын алып, болдырмау жағына бағытталған еңбек экспертизасы. Кәсіби бағдардың мынадай түрлері бар:

  • кәсіби сауат ашу;
  • кәсіби насихат;
  • кәсіби бейімделу;
  • кәсіби іріктеу.

Кәсіби кеңес беру – түрлі мамандықтың өзіндік ерекшеліктері жайлы түсінігі кем, жастарға практикалық ақыл-кеңес беріп, жөн-жосық көрсету. Кәсіби бағдардың бұл түрінде адам тәнінің, сондай-ақ жан дүниеснің өзіндік ерекшеліктері (көргіштік, естігіштік, заттарды бір-бірінен тез айыра білу секілді арнаулы психикалық қабілеттер, тб.), тиісті мамандыққа қажетті медициналық, психологиялық талаптар туралы бағыт-бағдар беріліп, мамандыққа деген қызығушылық, таңдаған мамандығына бейімделуге түрткі болады. Мұндай консультацияны арнаулы мекемелер, психолог мамандар тб. жүргізеді.

Мамандықты меңгеру үшін ең бірініші адамның сол мамандыққа жарамдылығы қажет мамандыққа жарамдылық дегеніміз адамның еңбектің белгегі бір түріне жарамдылығын көрсететін психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, оған тиісті білім, дағды, икемділіктердің жиынтығы. Кәсіби жарамдылықты ажыратуда оның алғашқы жұмысқа араласуында оның еңбек нәтижесі, бейімделуі диагностикалық тест әдісімен адамдардың мамандық таңдауында қандай мотивтердің болатындығы, олардың мән-мәнісі зерттеледі. Мұнда адам медициналық, психологиялық, физиологиялық кешенді тексеруден өтеді.

Адамның мамандықты таңдағаннан кейінгі сол мамандықты толық меңгеріп, білікті маман болуы үшін оның сол еңбекке бейімделуі маңызды орын алады. Оны психологияда кәсіби бейімделу дейді.  Кәсіби бейімделу – бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік тәжірибе кезінде, негізгі жағы жұмыс үстінде жүзеге асады.

Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуіне тәжірибесі бар мамандармен сол мекеме психологының ықпалы маңызды орын алады. Адамның кәсіби қызметке бейімделуі бірнеше кезеңдерден тұрады: алғашқы бейімделу, тұрақтандыру кезеңі, мүмкіндікті дезадаптация,  екінші бейімделу, бейімделу мүмкіндігінің жас ерекшелік төмендеуі. Бейімделу процесі «еңбек субьектісі – кәсіби орта» жүйесіндегі келісімділіктің үздіксіз, белсенділенуі. 

Бейімделу процесінде үш кезеңді бөліп қарастырамыз:

  • белсенді қысым;
  • тұрақтандыру;
  • бейімділік зорығуы.

Бұл кезеңдер ондірістің талаптары мен еңбек субьектісінің мінез-құлық, күш қуат, ақпараттық жағадайынан бейнеледі.

         Кәсіби бейімделу өндірістік, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторларды реттеуде бейімделу белгілері мен процестері. Кәсіптік бейімделу еңбектегі өнімділік, ахуал, жоғары сапа, қауіпсіздіктің алдын алыну тб.  Психологиялық бейімделу эмоционалды ұстамдылық, беріктік, кәсіби жетістіктер мен сәтсіздіктерде эмоцияны басқару және тб.

      Әлеуметтік бейімделу топта өзінің  әлеуметтік рөлінде мінез-құлық нормаарын меңгеру және қабылдау.

         Кәсіби бейімделуде екі нақты стратегияны көрсетуге болады:

  1. конформдық, нақты кәсіби мамандыққа қатысты нормаларға сәйкестенуге ұмтылу, жетекшілердің кеңестертері мен  нұсқауларын ұстану, өзара тұлғааралық келісімдерге келу тб.
  2. еңбекті ұйымдастыру менқұралдарын рационализациялауда өзіндік шығармашылық, өзбетінше әрекеттенуге бағытталу, жұмыстың басқа әдістерін іздестіру.

Кәсіби қызметке бейімделуде өзіндік бағаның да орны маңызды. Ол —  тұлғаның еңбек ұжымы арасындағы   орны, өзіндік мүмкіндігі және қарым – қатынас сапасы. Өзіндік баға еңбек әрекетінің  барлық кезеңдеріне және іс — әрекетінің нәтижелілігіне ықпалын тигізеді. Адамдардың өзіндік бағалауының жағымсыз жиынтығы оның   ұжымдық қарым – қатынасын және еңбек әрекетінен туындайтын мәселелер көбіне еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.  Барлық жағдайларда адамдар анықталынған қызметтерді орындайды және нақты коммуникативті қажеттілікті қанағаттандырады. Ал кейде жоғары өзіндік бағалау оның алдына қойған мақсатына жетуіне ықпал етеді.

            Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Іс — әрекеттің жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен көрінеді.   Еңбек – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі әрекет түрлері.

         Адамының іс — әрекетін тиімді ұйымдастыру   оның өз ісіне қызығу мен жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.

         Адам психикасының дамуында мамандық таңдау   орын алады.  Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен педагог мамандар, ұстаздар мен ата – анлардың  жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің  тұлғаның дұрыс мамандық таңдауы. Себебеі оның болашақ жемісті іс-әрекеті..

Осындай мәселенің  байыбын барлап оның   тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның жеке басының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз.    Бұл мәселенің өзектілігі қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекетінің ұжымдық ерекшелігінің артуымен байланысты, тәжірибенің талаптарымен байланысты және адамдарды ұйымдастырудың, басқарудың тиімділігінің өзекті мәселелерімен, олардың араларындағы қарым-қатынастың күшеюін реттеу, тәрбиелік және психотерапиялық әсерлерді қолдану мәселеріне байланысты. Сондықтан, жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуіне жағымды ықпал жасау, қолдау көрсету, дамыту іс-шараларын  ұйымдастыру арқылы оның неге қабілетті екенін анықтаумен қатар болашақта жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады. 

Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Ұжымдағы қолайлы іс -әрекет  тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2    ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ.

 

Бұл эксперимент  Алматы қаласының жедел жәрдем станциясы және   Алматы қалалық жедел  медициналық жәрдем ауруханасының қызметкерлері арасында өткізілді. Сынаққа 23 қызметкер (жас маман) қатысты.      Эксперименттік сынақта төтенше жағдайлар департаменті мамандармен психодиагностикалық жұмыстар  ұйымдастырылып, барлық қорытындылары есепке алынды.  Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен  жүргізілген  психодиагностикалық жұмыстың негізгі көрсеткіші төмендегідей мақсатта ұйымдастырылды:

  • Мамндық таңдау мотивтері, яғни себептерін анықтау;
  • Кәсіби қызметтің ерекшеліктерін саралау;
  • Ксәіби стресстің себептерін анықтау.
  • Еңбекке қабілеттілік деңгейін анықтау.

     Негізгі мақсат пен болжамға байланысты эксперимент барысында жас төтенше жағдайлар департаменті мамандармен  сұхбаттасу әдісін қолдана отырып, өмір тәжірибелері, мамандық таңдауға не себепкер болғаны, өмірлік бағдарламаларын, мақсат және міндеттері туралы әңгімелесулер ұйымдастырып, жалпы мамандыққа деген көз-қарас пен жеке бас даму белсенділігі мен кәсіби мәдениетін анықтауға арналған «Кәсіби сәйкестілікті тексеру»  тақырыбында сауалнама алдық.   Онда 50 сұрақ берілген. Сұрақтарды мұқият оқып шығып жауап берулері  қажет, жауаптарына «0», «1», «2» ұпайды қою керектігі түсіндірілді (Қосымша 1). Жинаған балдарының жалпы есеп саны 50 ден төмен болмауы керек. Егер 50 ден төмен балл жинаса онда өз мамандығын дұрыс таңдамағанды білдіреді. Егер  маман бірінші топтамадағы сұрақтарда айтылғандарды ешқашан істемеген болса, онда клеткадағы балдың орнын тастап келесі сұраққа көшуі сұранады. Барлығын болмасада жартылай істей аламын десе де онда балл есебінде бағалайды. Сұрақтарды оқуда мына сөздерге мұхият көңіл бөлу ұсынылды: “үнемі”, “оңай” т.б . Мұхият орындап, асықпау талап етілді. Әрине еңбекке жаңа араласқан жас амандар алғашқы сұрақтарда қобалжып нақты жасауп іздестірді. Өзін сенімсіз сезінгендерін бақыладық.

         Жас мамандардан толығырақ мағлұмат алу  мақсатында қосымша тағы  «Кәсіби стресс шкаласы» әдістемесі  қолданылды. Ережесі бойынша  жас амандарға әдістеме шартын толық нақты түсіндіру маңызды орын алды. Себебі жауаптары төмендегідей нұсқауларды сақтауды талап етеді: Стресс шкаласы бойынша алынған ұпайларды  абайлап  өңдеу қажет. Осы шкалалар шегінен тыс жатқан факторлар саны өте көп, бірақ   стресспен  кездескен кезде қолданатын тәсілдерге  әсер етіп отырады. Факторлар санының көптігі сонша, ұпай саны бірдей  екі адам  қысымның түрлі деңгейін сезінуі мүмкін.

  Тапсырманы өңдеу барысында   практик төтенше жағдайлар департаменті қызметінде бейімделген   стресс төменгі деңгейде көрінді: — стресс өмірде  мәселе емес, оны жою жолдары бар. Ол тек қорқыныш. Қызметке психологиялық даярлық деңгейінің төмендігі. Айтылғандар  ұпай  жұмыс басты және қанағат күйлерін сақтауға болмайды деген.

Орта  деңгей – жұмыс істейтін маман үшін стресстің орташа деңгейі. Сонда да жағдайды алдын – ала талдап, стрессті мүмкіндігінше азайтуға тырысу қажет.

         Жоғары деңгей – стресс шартты мәселе туғызады. Түзету жұмыстарының қажеттігі байқалып тұр. Стресстің осы деңгейінде одан әрі жұмыс істеу қиындықтар туғызады. Бұл өзіңіздің кәсіби өміріңізді  жақсылап Алматыылау  үшін жақсы себеп.

Мұндай қиындық ақыл-ой қабілетінің жетіспеуінен емес, тұлғалық-психологиялық даму деңгейінің жетіспеушілігі себебінен туындайды. Егер, керісінше, тура сол тест тапсырмаларын ойын түрінде ұсынатын болсақ, бала  жайлы шынайы мәлімет алуға болады.

         Бұл жағдайда жас мамандардың жаңа еңбекке  келген, әсіресе ең алғашқы аптада диагностикалауда міндетті түрде ескерту қажет.          Ескеретін жайт, күшті мотивация, қызығушылық, тестілеуге белсенді ұмтылыс болса, оның нәтижелері  де қадағаланды.

         Психодиагностикалық тестілеу нәтижелері сенімді және шынайы болуы үшін психодиогностикалық әдістерді келесі  жүйе бойынша жүргізу тиімді:

  1. Бейімділік.
  2. Мотивация.
  3. Эмоционалды-еріктік өріс.
  4. Тұлғалық ерекшелік қасиеттері.
  5. Тұлғааралық қарым-қатынас.
  6. Білімі /мамандық саласы/.                                                                                                                 

  Осылардың көмегімен жас аманның кәсіби қызметке   қай     жағынан  дайындығын, оның еңбекке қаншалқыты психологиялық  ерекшелігін  нақты анықтауға болады.

Анықтаудың нәтижесінде жас мамандардың стресске берілу басымдығы, жұмысқа жаңа орналасуы болуы мүмкіндігі, әлі бейімделу процесінің аяқталмағанын анықтадық. 

Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу  көрсеткіштері:

Бақылау  тобындағы мамандар:    20%   — жоғары деңгей  /2 жас маман  /, 30%    — орташа деңгей  /3 жас маман /,   50 %- төмен деңгей   / 5 жас аман/. 

Сыналушы топтағы мамандар:  15% — жоғары деңгей  /2 жас маман /,   23% — орташа деңгей  /3 жас аман/,   62%- төмен деңгей   / 8 жас маман/. 

 Нәтижесі гистограмма арқылы белгіленді.

 

 Жас мамандардың еңбек әрекетінде көпетген қиыншылықтардың кезедестініен байқадық. Төтенше жағдайлар департаменті мамандығы өте жауапты  іс-әрекет болғадықтан күнделікті іс-әрекетте  әр түрлі жағдайлар жас амандардың кәсіби қызметке психологиялық даярлығының төмендігін көрсетті. Мысалы:  көп мөлшерде ағылған қан, көз алдында өлген адам, мүгедек адамдар, түрлі сипаттағы қатты жарақан алған адамдар және тб. Жас мамандарда үрей, қорқыныш, кейде өздерінің  қан қысымдарының өзгеріп кететіндіктері анықталды. Әрине мұндай ақпараттан кейін жас амандарға психологиялық қолдаудың қаншалықтыв маңызды екендігін ерекшелеп алдық.

Анықтау экспериментінен кейін  сыналушы топтағы жас төтенше жағдайлар департаменті мамандармен психологиялық түзету-дамыту жұмысын жүргізуді жоспарладық.                              

Ал екінші эксперименттің міндеті тұлғаның танымдық белсенділігін, яғни қарымқатынас құралы сөйлеу қасиеті мен сөйлеудегі қобалжуды «Сөйлеу жағдайын  бақылау картасы» әдістемесі арқылы зерттеу болып табылады. Сонымен қатар қарымқатынас құралы – бұл ақпарат алмасу кезіндегі операция болып табылады. Ал зерттеу жұмысымыздың келесі кезеңінде қарым–қатынаста тұлғаның сөйлеу қасиетін бағалау,  сөйлеу ерекшеліктерін, өзінің дауыс ырғағын, сөйлеу мәнерін бағалауын,   қобалжуын   анықтау, ойын толық жеткізе білу, сөзді аяқтау, толық тыңдай білу шеберлігін зерттеу мақсатында «Сөйлеу жағдайын бақылау картасы» әдістемесі жүргізілді (Қосымша Б) [ 68, 118-б].  Тесттің бұл нұсқасында сыналушыларға арнайы жауапқа арналған бланктар беріледі. Әдістеме  24 сұрақтан тұрады, әрбір сұраққа егер келіссе  «+» белгісін, ал келіспеген жағдайда «-» белгісін қояды.

Зерттеу сөйлеу қасиетін бағалауға арналды. Қарымқатынаста сөйлеу ерекшеліктерін, өзінің дауыс ырғағын, сөйлеу мәнерін,   қобалжуын   анықтау. Сонымен қатар сыналушының ойын толық жеткізе білу, сөзді аяқтау, толық тыңдай білу шеберлігін зерттеу.

Сыналушының жауаптары арнайы бланктерде белгіленді.   Сұрақтарды сыналушының өзі мұқият оқып, жеке белгілейді. Сұрақтар адамның түрлі қарым-қатынас жағдайындағы эмоциялық күйлеріне арналған.

Әдістеменің мазмұны.

  1. Менің сөзім жақсы көзқарас қалдырады.
  2. Маған барлығымен сөйлесу жеңіл.
  3. Маған сөйлегенде тыңдаушыларға  қарап тұру жеңіл.
  4. Менің бастығым немесе мұғаліммен сөйлесу маған қиын.
  5. Қоғамдық ортада сөйлеу қажеттігі туралы бір ойдың өзі мені үрейлендіреді.
  6. Басқаларға қарағанда маған кейбір сөздерді айту қиын.
  7. Мен сөйлеп тұрғанда сөзімнің қалай шығып тұрғанын ойламаймын.
  8. Мен әңгімені жеңіл қолдай аламын.
  9. Менің сөзім кейде тыңдаушыларды абыржытады.
  10. Бір адамды басқа адаммен таныстыруды ұнатпаймын.
  11. Топта кез келген сұрақты талдауда мен жиі сұрақ қоямын.
  12. Мен сөйлеп тұрғанда өзімнің даусымды бақылау маған жеңіл.
  13. Маған топ алдында сөйлеу қиын.
  14. Менің сөзім маған ұнайтынды жасауға мүмкіндік береді.
  15. Мен сөйлегенде мені тыңдау жеңіл, әрі жағымды.
  16. Кейде маған өзімнің сөйлегенім ұнамайды.
  17. Әрдайым мен сөйлегенде өзімді сенімді сезінемін.
  18. Мен кейбір адамдармен ғана шын көңілмен сөйлесемін.
  19. Мен жазуға қарағанда жақсы сөйлеймін.
  20. Мен сөйлегенде жиі күйгелектенемін.
  21. Маған жаңа адамдармен кездескенде сөйлесу қиын.
  22. Мені өзімнің сөзіме мүлдем сенімдімін.
  23. Мен өзімнің сөзімнің басқа адамдардың сөзіндей болғанын қалаймын.
  24. Мен дұрыс жауабын біліп тұрсам да көп сөйлеп кететіндей қорқыныштан жауап бере алмаймын

 

 

Жауап кілті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

 

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

 

Тест нәтижелері  сыналушылардың жинаған ұпайлары негізінде өлшенеді. Мұндағы ұпайлар саны бойынша сипаттамалар төмендегідей:

0-3 ұпай өзіндік бағалауының жоғарылығымен түсіндірілсе, 4-5 ұпай қарым-қатынаста сөйлеудің жоғары деңгейде қобалжуының бар екендігін куәландырады. Зерттеу нәтижелерінен ұпайы жоғарылаған сайын оның сөйлеу мәнері  қарымқатынастағы кедергілер қатарына жататындығы анықталды. Сондықтан қарым-қатынас шеберлігінің қалыптасуында сөйлеу мәдениеті ерекше орынға ие.

Осыған байланысты үшінші зерттеу бойынша тәжірибеге қатысушылардың коммуникативтік қабілеттілік деңгейлерін анықтау үшін «Өзіңіздің  коммуникативтік деңгейіңізді тексеріп көріңіз» сауалнамасын пайдаландық. 22 сұрақтан тұратын тапсырма оқырмандардың шынайы жауап беруіне негізделген, себебі олар және олардың жақындарынан басқа ешкім бағалауға немесе тест нәтижелерін білуге араласа алмайды [68]. Әрбір сұрақта төрт жауап, яғни сыналушының коммуникативті көріністерінің төрт маңызды сипаттары келтірілген. Бұл сипаттамалар коммуникативті белсенділік деңгейі төмендеуі ретімен орналасқан.

Сауалнаманың нәтижесін тест кілтіне сәйкес үш деңгейге бөліп қарастырдық:

125-150 ұпай жинаған сыналушылар классикалық экстраверттікке жақын қарым-қатынастың белсенділігімен ерекшеленеді.

Егер сыналушы 44-60 ұпай жинаса белсенді болуға үйрену керек немесе интроверттілік деңгейі айналасындағылармен араласуға кедергі келтіреді. Өздерін қатынасқа түсуге бірте-бірте мәжбүрлеу қажет.  Қарым-қатынаста белсенділік керек.

70-100 ұпай  болса саналы түрде қарым-қатынастағы белсенділікті шамалы арттыру керек.

 

Кесте  6 —  Болашақ мұғалімнің  коммуникативтік бақылау деңгейлерінің эксперименттен дейінгі көрсеткіштері

 

Ұпай саны

Анықталған деңгей

Интерпретациясы

Жалпы көрсеткіш б/ша болашақ мамандардың жауаптары

Бақылау тобы

Тәжірибе тобы

0 – 3 ұпай

Коммуникативтік бақылау деңгейі төмен

Мінез-құлқы бірқалыпты және жағдайға қарай өзін өзгертуге тырыспайды. Қарым-қатынаста шынайы ұстайды. Мұндай адамдардың тікбақайлығына қарай көп адамдар ұната бермейді

22 %

20 %

4 – 6 ұпай

Коммуникативтік бақылау деңгейі орташа

Шынайы болуға тырысқанмен, эмоциясын игере алмайды. Айналасындағы адамдармен санаса біледі

52 %

56 %

7 – 10 ұпай

Коммуникативтік бақылау деңгейі жоғары

Кез келген рөлге оңай кіріп, жағдайдың өзгеруіне қарай бейімделіп отырады. Кез келген ортада өзін жақсы сезінеді және ортаның өзі туралы ой-пікірін алдын-ала білуге мүмкіндігі жетеді.

26 %

24 %

 

Сонымен қатар тәжірибеге қатысушылардың коммуникативтік деңгейлерінің даму динамикасын қадағалау үшін эксперименттік бақылау жұмыстарының қажеттілігі туындайды. Соған байланысты әдістеме нәтижесі бойынша сыналушылардың бірлескен іс-әрекет барысында коммуникабелділік деңгейлерінің кәсіби қалыптасқаннан кейін анықтау кезеңдерін жүзеге асыру қажет деген тұжырым жасалды.

         Тұлға дамуының нақты жағдайын қарастыра келе, оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі, ұжымдағы орнын   басқа жағдайдан оқшаулап жасауға болмайды.  Тұлғаның  қоғамға ұсынатын, қоғамдық тіршілікте, қоғамдық қатынаста адекватты орынды иелену және нақты тәрбиелеу мен білім беру қоғамдық потенциалының қажетті мүмкіндіктерін есепке алу керек. Тұлғаға қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық қатынастың ықпалы қоғамдық сана, идеология және т.б. арқылы болады.  Қоғамдық ортадағы субъектілер арасындағы өзара қатынастардың күйі жекелеген тұлға типтеріне байланысты жүзеге асады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі мен бағалануына байланысты, мұндай тілдесу нәтижесінде бір адамның  екінші адамның бейнесі жөнінде жинақталған ой-пікірі анықталады. Е.А. Ермолаева қарым-қатынас құралы туралы зерттеулері вербалды емес қарым-қатынасқа бағытталған [ 70, 1 б].  Оның еңбегінде жест /ым, дене қимылы/ — коммуникацияның алғашқы  әлеуметтік құралдарының  бірі (мимикамен қатарлас) болса, оның көмегі арқылы «индивидтің бастапқы әлеуметтенуі» жүзеге асырылады. Дыбыстық тілмен қатар жүріп ақпараттың мағынасын  автономды түрде ыммен білдіреді, толықтырады, оны бекіндіреді, кей жағдайларда алмастырады. Қарым-қатынастағы ым және тіл жүйесінің  бірлескен қызметін, олардың өзара байланысын, өзара өтуін, сонымен қатар психиканың қалыптасу процесіндегі қатынасын,  пайда болудың  бірізділігін (жетекші іс-әрекет және қарым-қатынас шеңберінде) зерттеу теориялық  (тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық моделін құру) және прагматикалық («адам-машина» диалогы жүйесіндегі әр түрлі типте  проектілеу /кескіндеу/) жоспарда болашағы бар және қажетті  нысан екендігін зерттеген.

Сыналушылар бірінші кезеңде зерттеу көрсеткішіндегі сипаттама бойынша жинақталған ұпай саны бойынша төменгі көрсеткіш 53,9% көрсетсе, екінші кезеңде ол көрсеткіш жоғарылап 9,0% болды. 0-3 өзіндік бағалауының жоғарылығымен түсіндірілсе, 4-5 ұпай қарым-қатынаста сөйлеудің жоғары деңгейде қобалжуының бар екендігін куәландырады.

Тұлғаның сөйлеу ерекшеліктері, сөйлеу кезіндегі дауыс ырғағы , сөйлеу мәнері, қобалжуы, ойын толық жеткізе білуі, сөзді аяқтау мен толық тыңдай білу шеберлігі қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсетті. Сыналушылардан алынған мәліметтер бойынша экспериментке қатысатын тәжірибе мен бақылау топтарының көрсеткіштері төмендегі сурет  арқылы берілді. (Сурет 8).

   

 

Сурет 8 — Қарым–қатынас процесіндегі сөйлеу ерекшелігінің  көрсеткіштері

 

Зерттеу нәтижесінен сыналушының сөйлеу ерекшеліктерінің психологиялық сипаты оның айналысатын іс-әрекетінің ерекшелігіне де қатысты екендігі анықталды.

Сөйлеу мен сөйлеудің құралдарын белсенді қолдануға байланысты төрт өлшем бойынша топтастырылды:

1) түрі жағынан монологты – диалогты;

 2) күйіне байланысты – байсалды және қобалжып сөйлеу;

3) тілді меңгеру дәрежесіне қарай – сауатты және сауатсыз;

4) жағдайына – тұлғааралық қарым-қатынас немесе жұрт алдына шығу.

Сөйлеу әрекетін диагностикалауда дауыс ерекшеліктеріне де мән берілді. Оны әдістемені орындап болғаннан кейінгі қосымша сұрақтар қою барысында бақылау арқылы нақтыладық. Сыналушыларға «Сзге жұрт алдында сөз сөйлеу ұнайды ма?» — деген сұраққа түрлі жауаптар алынды. Мысалы осы сұраққа А.Н.: «Маған топ алдында сөйлеу қиын» — деген жауабынан оның сөйлеудегі қобалжуы байқалды және  дауысының төмен деңгейде екені анықталды. Ал сыналушы К.Р.: «Мен өзімді жұрт алдында көп сөйлеп кететіндей қорқыныштан тыңдауды қалаймын». Бұл сыналушының қорқыныш пен  өзінің сөйлеу әрекетіне сенімсіздігін көрсетеді.

Әдістеме сұрақтарынан экспериментке дейінгі сараптамада сыналушылардан № 5, № 6, № 9, № 13, № 20, № 21 және № 24 сұрақтарға (+) деген жауаптар алынды. Бұл сыналушылармен дамыту жұмыстарын жүргізудің қажеттігін байқатты. Әдістеме сұрақтарының жауабымен қатар оның қарым-қатынас пен көпшілік алдында сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы және сенімділігі мен қобалжуы бақыланды. Қобалжудың өзі сыналушыға кейде мінез-құлық стилі ретінде қалыптасып кетуі мүмкін. 

Психологиялық  түзету жұмыстарының ерекшелігі – адамның ішкі жан дүниесіне жағымды әсер ету, өзінің жағымды қасиеттерін аша білу, қарым –қатынас үйлесімділігін орнату, сөйлеу мәнерін қалыптастыру,  қызықтыру, танымдық процестері, өздеріне қажетті іс-әрекетке итермелеу арқылы жүзеге асады. Эксперименттер арқылы психодиагностика жасалғаннан кейін төтенше жағдайлар департаменті амандардың кәсіби қызметтерін ескере отырып, нақты коррекциялық жаттығулар,  әдістемелерді  іріктеп,   ұйымдастырдық. Қалыпқа келтіру экспериментіне 9 маман  алынды. 

         Жаттығу «Қожайын»

Әрбір жеке тұлға — өз ісінің қожайыны. Кәсіпкер, басшы, директор және т.б. қызметтер де қожайын болудың бір саласы. Адамның қожайын сезімін ояту үшін, тренингке қатысушыларға жаттығу жасату қажет. Біз топ мүшелерінің ішінен бір қатысушыға қожайын ролін ойнау ұсынады. Барлығы оны қожайын ретінде санауы керек. Ол барлығына бұйрық берілді. Дауыс ырғағы көтеріңкі, жуан аудитория  еститіндей темпте болуы міндетті. Ол қатысушыларға кез-келген әрекетті бұйрық  беру арқылы орындата алады.

Ескерту: Барлық қатысушылар осы рольде ойнауларына болады. Соңында топ оның рольді қалай ойнағандығын бағаланды (0-9). Егер қатысушы 0 балл алатын болса онда жаттығу қайталанылды. Қожайын  қызметіне түсу үшін қатысушыға  өзіндік ішкі дайындық, ойын тиянақтауға  уақыт берілді. 

Жаттығу «Ішкі сәуле».

Жаттығу жас мамандармен жеке-жеке орындалды. Мақсаты: ішкі тынышытықты қалыпна келтіреді және шамадан тыс шаршаудан көмектеседі. Жаттығуды орындау үшін төтенше жағдайлар департаментілерді ыңғайлы етіп орналастырдық.  Ережесі: Егер орындықта отырса аяқты еркін созып, басты артқа түсіріп, қолды алдыға қою керек. Қатысушылар толық ыңғайлы жағдай жасағаннан кейін оларға көзді жұмып жаттықтырушының айтқанын сезінуді талап еттік. Қатысушыға: «Сіздің басыңыздың ішінде, жоғары жағында жарық сәулесі пайда болды. Жарық сәуле жарқырап басыңыздан төмен асықпай қимылдап барады. Өзінің қоғалысымен беттің барлық бөліктерін, мойын, қол, йық және т.б. мүшелерді жылы және жайлы жағдайға түсіріп жарқыратып кетіп барады. Жарық сәуле жүріп өткен жердердің қыртыстары жазылды, көздің жарығы ашылды,йық кеңейді және т.б.» — деген сөздермен қатысушылардың бойына жаңа талпыныс күшін ұялатып, шаршауды басады, рахаттану сезімін орнатады. Төтенше жағдайлар департаментілерге жаттығуды орындағаннан кейін мына сөздерді айтқыздық: «Мен жаңа адам болдым! Мен күшті, шыдамды адам болдым! Мен барлық істі жақсы орындаймын!».

         «Пресс» жаттығу.

Жаттығу төтенше жағдайлар департаментілердің жағымсыз эмоциясын шығаруға, ыза, ашулану, қобалжудың алдын алуға көмек беру. Жаттығуды жұмыстан шаршап келгенде, кез келген психологиялық қысымды жағдайдан кейін,  қызметтік стресстен. Төтенше жағдайлар департаменті өзінің көкірек деңгейіне дейін іштей қатты прессті сезінеді. Пресс арқылы жағымсыз эмоциясын басады және ішкі қысымды шығарады. Жаттығуды орындау барысында денеде іштей физикалық ауыртпалықты нақты сезіну қажет. 

         «Жеке тұлға және маман»  жаттығуы.

         Мақсаты: Өзінің кәсібіне деген қатынасы: психикалық қуат көзінің тасуы, мәселелерді басқара, бөле білу, ішкі күштердіанықтау және өсу бағытын түсінуі. Жұмыста жағымсыз эмоцияның, қысымның күшеюіне қарай психологиялық қолдауды алуы.

         Жаттығу сәлемдесуден басталады. Жүргізуші Сіздер Нобель сыйлығының иегер болып жатырсыздар. Сіз туралы қандай тақырыпта мақала жазылсын. Мсаылы: «Ең батыл дәріге»,  «Білікті маман»  және тб. Қатысушыларды бір сәт болашаққа саяхат жасату арқылы таныстыру. Мсәеленің өзектілігі психологиялық тұрғыда жеке тұлғаның барлық уақытта кәсіби дамуыға, біліктілігін жетілдіруге дайын болуы, жаңа білім мен іскерлікті толықтыру әрекеті, өзіндік ынтасы мен талпынысынан көрінеді. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.

«Менің кәсіби жұмысым, отбасы шаруам және жеке

 өзіме көңіл бөлуім» жаттығуы.

         Қатысушыларға парақ таратылып, оның ортасына дөңгелек салынған. Сол дөңгелектің ішін үшке бөлу, қандай арақашықтықта өзі болжау. Нақтылап әрекеттер қаралатылатын ұпайға шағу арқылы көрсету және қанша уақыт бөлінетінін өзі талдау. Соңында жұмыс барысында не сезінгені  туралы баяндау.

         «Мен үйдемі, мен жұмыстасын» жаттығуы

Нұсқау; парақты екіге бөлу.

Мен үйдемін                                                         Мен жұмыстамын.

 

 

Мен үйде ешқашан …………                               Мен жұмыста ешқашан …….

  • Ұқсас мінез-құлық (үйде, жұмыста)
  • Қарама-қарсы мінез-құлық,
  • Жалпы сипаттың болмауы,
  • Осы сипаттағы сіздің қатынасыңыз.

Карикатура жаттығуы: «мен қандай маманмын».

         Өзін әзіл-оспақ деңгейінде салу, онда өзін дамытуға, кәсібіне байланысты қалыптастырған қасиеттерін (эмпатия сезіміне өзгенің ене білу, қарым-қатынас, бағаламай тек тыңдай білу, мейірімділік, иекмділік, құзыреттілік, шығармашылық).

         Ассоциация жаттығуы «Менің жұмысым».

Нұсқау: бір парақта бес сызыққа бөлеміз. Бірінші сызыққа 16 ассоциациялық сөз топтастыра отырып, 8 ассоциациялық сөз қалдыру. Үшінші қатарға  тағы сөздерді біріктіре отырып 4 – ассоциациялық сөзге әкелу. Екінші қатарға 2-сөзге соңғы қатарға бір сөзге әкелу болып табылады.

Психологиялық қолдау көрсету және кері байланыс:

Бір парақты төртке бөледі, үш бөлігіне он жағындағы үш адамға жағымды мағынада, сол адамды қай жағы жақсы дамыған, ал қай жағына көңіл бөлуі қажет жазып беру. Ал төртінші бөлікке өзінен бүгінгі кездесуден алған әсерінің туралы жазып қалдыруды сұрану.

         Қысым және босаңсу.

Бұл жаттығу қиын науқастармен жұмыс жүргізгеннен кейін денедегі қысым мен тітіркенуді шығарып тастауға бағытталған.

         Қатысушылар тік тұрып өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қолын босатады. Келесі қолына да осындай жаттығу жүргізеді.

         «Жалын-мұз» жаттығуы.

Қатысушылар тік тұрып «Жалын дегенде» жылдам барлық дене бұлшық етімен қимыл-қозғалысқа түседі. әрбәр қатысушы оны өз ырқына қарай алады.  Ал «мұз» дегенде сол тоқтаған кейпінде қалшиып қалады. Жүргізуші бірнеше рет бұд үрдісті қадағалайды.

«Зейінді аудару»

Төтенше жағдайлар департаментіге бір іс-әрекет түрінен басқаны жеңіп және тез ауыстыруды білу қажет. Ең маңызды ықпалы жаттығудың әдістері, ішкі құбылмалы қабілеттілігінің дамуы және зейіннің тез ауысуы, доппен спорттық ойындар болып табылады. Ал төтенше жағдайлар департаментілік қызмет үстінде ондай спорттық ойындарды ұйымл\дастыру мүмкін емес. Сондықтан дем алу арасында арифметикалық есептер шығару, 1-ден 100-ге дейін дұрыс және кері санау.

«Қақтығыс» ойын.

         Жас мамандардың жаңа ортаға енуіне жағымды ықпал ету. Қақтығысу жағдайларының алдын алу. Жүргізуші қатысушыларды жұп-жұпқа бөледі. Ойланыңыздар, сіздер қақтығысқа қатысушыларсыздар деп,  әр қайсысына жауапкершілік артады.

  • қақтығысты бастау;
  • қақтығыстағы дәнекер;
  • қақтығысты тоқтату.

«Қақтығысқа не әсер етеді?» — деген сұраққа жаттығу соңында жауап бере отырып,  қатысушы өз тапсырмаларын қорғайды. Қақтығыс кезіндегі мінез құлықты қадағалап отырды.

Төмендегі сұрақтар арқылы жұмысты  қортындылау.

  • қақтығыс кезінде кезінде мені не мазалайды?
  • қақтығыс маған қалай әсер етеді?
  • Жақсы жаққа қалай өзгеруге болады? — деген сұрақтарды қолданады.

«Екі  жақты пайда» деген ұғымды ашу. Қажет болса қақтығыскезінде қолданылатын дене жаттығулары жасалынады.

Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт терапиялық тапсырма орындалды.

Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4  және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді.  Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді  жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.

Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:

  • Суретте ненің бейнесі салынған?
  • Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?
  • Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.
  • «Аудармашы және шетел қонағы» ойынын ұйымдастырдық. Ол қызықты және рөлдік іскерлік ойын.

Ойын ережесі: Қатысушылар арасынан екі адам ортаға шығады. Оның бірі аудармашы, ал екіншісі шет елден келген қонақ. Қастысушылар өздерін конференцияға келген журналист, қатысушы ретінде қабылдайды. «Шет ел» қонағы қандай рөлді орындайтынын өзі таңдайды.  Ал журналистер кез келген тақырыпта сұрақ қояды. Қонақ өз тілінде жауап айтады, аудармашы оны қазақ тілінде қалғандарына жеткізеді.

Ойын қатысушлардың іскерлік қарым-қатынас дағдыларын игеруге мүмкіндік жасайды. Себебі шет ел қонағы өзін іскер адам ретінде танытып, өзінің мінез құлық ерекшеліктерін де соған сәйкестендірді. Жас мамандар түрлі тақырыта сұрақтар қойды.

Мысалы Ш.Б.: Бизнесті бастау үшін қанша сома жараттыңыз?

Шет ел жауабы:  Ол кәсіпкер құпиясы. Сіздің не жоспарлағаныңызға және іскерлігіңізге байланысты.

Бұл ойын қатысушылардың сұрақ қою мен жауап алу ерекшеліктерін, яғни  диалогты қарым-қатынас орнатуға ықпал етті. Ақпарат алу үшін сұрақтығ орынды қойылуы ескерілді.

Осы кездесудің соңғы тапсырмасы алдындағы кездесулердің қорытынды ретінде «Эмоция» деп аталды

Жаттығу ережесі: Жаттығуды қатысушылардың үшеуі орындайды. Ал қалғандары бақылаушы. Олардың міндеті бөлмеге кіргенде үшеуі үш түрлі күйдегі адам рөлін орындауы қажет.

  • өзіндік риза, өзіне сенімді, әлеуметтік статусы жоғары.
  • көңілді, ешқандай уайым–қайғысы жоқ, кез келген іс–әрекетке жеңіл қарайтын;
  • өзіне сенімсіз, қысымдағы адам.

Бөлмеге кірген соң әрқайсысы қатысушылармен амандасып, келісілген рөлді ойнау арқылы басқаларға сұрақтар қояды. Олар өздеріне қандай тапсырма берілгенін ұғынулары және қандай рөлдегі адам екенін табулары қажет. Қатысушылар өздерінің алған әсерлерін қағазға түсіріп алады. Мысалы: мінез ерекшеліктерін, олардың сол кездегі жағдайларын, эмоциялық күйлерін, не үшін келгендерін, одан не күтуге болатынын және т.с.с

Қысым-және босаңсу

 Қатысушылар тік тұрып өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қолын босатады.Келесі қолына да осындай жаттығу жүргізеді

Жалын –мұз

Қатысушылар тік тұрып “ Жалын “ дегенде жылдам барлық дене бұлшық етімен қимыл-қозғалысқа түседі. Әрбір қатысушы оны өз ырқына қарай алады. Ал “мұз” дегенде сол тоқтаған кейпінде қалшиып қалады. Жүргізуші бірнеше рет бқл үрдісті қайталайды.

Шеңберде қысу 

 Қатысушылар шеңбер бойы жүреді . Жетекшінің айтуымен алдымен оң қолын қысымда ұстайды , содан оң аяғын, белін, барлық дене мүшелеріне дейін қысымға келтіреді. Бұл бірнеше секунтқа созылады, босаңсытыңдар деген де денені бос тастайды.  Артынан шеңбер бойынша жүріп, қалаған дене мүшелерін өз еріктері бойынша қысымға әкелуді тапсырады, артынан қайта босаңсытуды өтінеді.

«Кемпірқосақ» ойыны.

Мақсаты: Сыналушылардың бойындағы жағымсыз және жағымды қасиетті анықтау. Қорқыныш пен ұрейден арылуға ықпал ету.

Қажетті құрал: Таза ақ парақ, қалам, қайшы, түрлі түсті бояу.

Барысы: Кемпірқосақ ойынында, жағымсыз қасиеттің біреуін таңдау, екінші жағымды қасиеттің біреуін таңдап алып үлкен әріптермен жазамыз, ортасына кемпірқосақты түрлі-түсті түспен жалғаймыз. Сыналушылар жағымсыз қасиеттерінің бірін таңдап алады. Олардың қай жерінде орналасқаның, адамның қай дене мүшемізде екенін салып, қырқып аламыз (қолда, жүректе, мида т.б.).  Көздерін жұмып мен өз бойымдағы жағымсыз қасиеттен құтылдым. Жыртып тастау. Кемпірқосақ салынған бос орынға жағымды қасиетті жазып қою.

         Әр бір жаттығу жас маманның өзіне деген сенімін оятуға, қызмет бабында кездесетін қиындықтарды жеңуге ықпал  жасауға арналды.         Берліген әдістемелерді  жүргізу барысында қатысушыларға берілген уақытта ойлануға, әңгімені айтуға, аяқтауға көңіл бөлуге. Төтенше жағдайлар департаментілердің өзіне деген сенімділік деңгейі бізді қанағаттандырды, жақсы нәтиже көрдік.     

 

 

 

 

2.1. Зерттеу  нәтижесін жинақтау

 

Жас мамандардың  күнделікті еңбекке бейімделу, кәсіби қызметінің  дамуы мен қоршаған ортаны тануында өзара тілдесіп қарым-қатынас жасаудың қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Кәсіби қызметке бейімделу, еңбекк іс-әрекетіне психологиялық даярлығы адамзат, жас маман  үшін әр түрлі деңгейде, әр түрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс. Кеше ғана теориялық білім алған жас аман еңбек   процесінде тәжірибесі мол ересек өз ісінің шебері төтенше жағдайлар департаменті мамандарға ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, еліктеу арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны басқаруды, науқаспен тілдесе алу, қарым-қатынас орнату, үрейден арылу,  мінез құлық нормаларын көрсетудің формаларын меңгереді.

Жүргізілген эксперименттердің нәтижесінің тиімділігін тексеру  мақсаты қалыптастыру шараларының өнімділігін анықтау болып табылады. Сондықтан «Кәсіби сәйкестілікті тексеру»  тақырыбында  және «Кәсіби стресс шкаласы» әдістемесін қайталап жүргізу ұсынылады.  

         Бақылау эксперименті: жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуінің   психологиялық ерекшеліктерін, деңгейін  анықтаудан кейін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы алынған нәтиженің тиімділігін тексеру. Сыналушы және бақылау топтарында жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесі дамыту шараларының сыналушы топқа жағымды әсер еткенін байқадық. Осыдан жас мамандардың  өздеріне деген сенімділігі артып, әр – бір әрекеті арқылы  еңбекетің жемісін көруге, шыдамдылық, батылдылық, білімділіктерінің, кәсіби шеберлігінің, қабілеттерінің жоғарылағанына көз жеткізді. Төтенше жағдайлар департаменті мамандардың түрлері де сан алуан. Мысалы: Фельдшер,  зертханашы, психоневрапатолог, педиатор және тб. Осындай төтенше жағдайлар департаменті мамандардың өз іс — әрекетін жетік білуге машықтандыру біздің зерттеуімізде маңызды мәселелердің бірі болды. Мысалы: педиатор балалармен бірден тіл табысу, оның кішкентай денесіне зақым келтірмей, керісінше ауырмауына жәрдем беру болса, ал неврапатолог жүйке жүйесі зақымданғандармен жұмыс жүргізу. Жедел жәрдем барысында жас мамандардар түрлі науқастармен араласады. Олардың дене зақымдануы, стресс алуы, комға кету сияқты жағдайларда ең бірініші көмекті осы мамандар көрсетеді. Қорыта айтқанда өлі мен тірінің арасын арашалайды.   

Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу  көрсеткіштері анықтау экспериментіне қарағанда түзету-дамыту жұмыстарынан кейін біршама өзгерістерді көрсетті :

Бақылау  тобындағы мамандар:    20%   — жоғары деңгей  /2 жас маман  /, 30%    — орташа деңгей  /3 жас аман /,   50 %- төмен деңгей   / 5 жас маман/. 

Сыналушы топтағы мамандар:  62% — жоғары деңгей  /8 жас маман /,  

30% — орташа деңгей  /4 жас маман/,   8%- төмен деңгей   / 1 жас маман/. 

 Нәтижесі гистограмма арқылы белгіленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Әрбір тірі табиғат иесі жолындағы кедергілерді жеңуге, өсуге бағытталады. Адам баласы да жекелік, рухани өсуге, табысқа жетуге талаптанады. Табыс дегеніміздің өзі адамның өзін-өзі көрсете алуы.  Адам өзінің табысқа деген жалғыз жолын табуы тиіс. Нақты өмірде біз не көріп тұрмыз. Көптеген адамдар өздерінің табысты болуға сенімін жоғалтып, күресуді тоқтатады. Сонда бұл құбылыстың пайда болуы неден

         Жеке тұлға тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Қоғамда адамдар тобының жетілу мақсаты бай қоғам болу, жеке тұлғаның әртүрлі жағдайдағы қорғаныс механизмдерінің маңыздылығын зерттеген. Осы мәселеге қатысты М.В.Фирсов былай деп жазды: «Жеке тұлға бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Жеке тұлғаның азаматтық, кісілік тұлғалық қасиеттері болады.   Жеке тұлға қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке тұлғаның тұлғалық сипаттары қалыптасады»

         Практикалық бөлімде эспериментальды алаң етіп,  Қалалық жедел жәрдем станциясы және  жедел медициналық жәрдем ауруханасын   алдық. Негізгі мақсат пен болжамға байланысты  эксперимент барысында  жас аман төтенше жағдайлар департаментілермен сұхбаттасу әдісін қолдана отырып,  өмір тәжірибелері , мамандық таңдауға не себепкер болғанына,өмірлік бағдарламаларын, мақсат және міндеттері туралы әңгімелесе отырып , жалпы мамандыққа деген көз-қарас пен жеке бас даму белсенділігі мен кәсіби мәдениетін  анықтауға негіздей  «Кәсіби сәйкестілікті тексеру» және «Кәсіби стресс шкаласы» әдістемелері  қолданылды. Зерттеу нәтиделері арнайы гистограмма арқылы белгіленді.

Зерттеу нәтижесінде екі медициналық орталықтың жеке  және кәсіби  іс-әрекетінің  сапасы психодиагностикаланды. Онда анықталғаны әрбір жас төтенше жағдайлар департаменті маман өз мамандығын өз қабілетіне сәйкес таба білгені тәжірибеде бақыланды. Алдағы дипломдық жұмыста осы тақырыпты толықтыру мақсатында психокоррекциялық жаттығулар мен психологиялық тренингтер жүргізілді.

Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден-әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады.