АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жас спортшыны оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктері, 2015 — 63

 

«Жас спортшыны оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………6

 

І. Жас спортшыны оқыту және тәрбиелеу

1.1. Спорттағы дамушы тұлғаны тәрбиелеу ерекшеліктері………………………………8

1.2. Адамгершілік тәрбиелеудің әдістері мен құралдарының мазмұны……………………………………………………………………………………………………….13

1.3. Ерік  жігерін тәрбиелеу…………………………………………………………………………..15

1.4. Спорттық дайындық жүйесіндегі оқыту………………………………………………….18

1.5. Жас спортшыларды оқытудағы жан – жақты амал…………………………………..25

1.6. Дене дайындығы мен оның жас ерекшеліктері бағыты. Жаттықтыру ықпалдарының негізгі құрамдас бөліктері………………………………….             ……..27

1.7. Дене қабілеттерін тәрбиелеу құралдары мен әдістері………………………………32

 

IІ.  Жаттықтыру жүктемелерін жас ерекшелігіне қарай кезеңге        бөлу 

2.1. Жаттықтыру жүктемелерін жас ерекшелігіне қарай кезеңге бөлу…………….39

2.2. Алғашқы спорттық дайындық (төменгі сынып жасы)………………………………41

2.3. Алдын ала негізгі спорттық дайындық (жасөспірімдік кезең)………………….43

2.4. Мамандандырылған базалық спорттық дайындық (Жоғарғы сынып жасы)……………………………………………………………………………………………………………43

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………

 

 

кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Спорттық дайындық кез – келген педагогикалық ықпалдардың құралдары, әдістері мен түрлерін және осы ықпалдар бағытталатын нысандарды терең білуге бағытталады. Педагогикалық ықпалдар мазмұны спортшылардың жасына олардың дайындық сатыларына қарай өзгеріп отырады.бірақ негіздері, яғни жалпы заңдылықтары, ережелері, оқыту мен тәрбиелеу принциптері өзгермейді.

          Спорттық дайындық педагогикалық ықпалдардың тәрбиелік, білім беру және сауықтыру бағыттарын ұсынады, олар өзара байланыста ортақ міндет – спортшыларының жеке қабілеттерін барынша дамыту мен оларды жарыс әрекеті жағдайында жүзеге асыруды атқарады. Қойылған мақсатты атқару үшін педагогикалық ықпалдар нысаны мен мәнін жақсы білу қажет. Педагогикалық ғылым мен іс – тәжірибеде жинақталған кеңестерді басшылыққа алу қажет, яғни әдістеме өзінің ықпал ететін нысанын, яғни өсіп келе жатқан, дамушы жас спортшыны білуімен табиғи байланыста болуы тиіс.

          Жас спортшы тәрбиесінде жаттықтырушының, мұғалімнің – жеке үлгісі, оның тәрбие барысындағы ұйымдастырушылық ролі маңызды болып табылады (Белорусова, 1977, Деркач, Исаев, 1981,; Сухомлинский 1971). Дамушы және тәрбиелеуші білім берудің жан – жақты заңдылықтарына сүйеніп, мұғалім жеке тұлғаның жоспарлы және жүйелі қалыптасуына арналған педагогикалық процестің жан – жақты мүмкіндіктерін пайдаланады.

          Заманауй тұлғаның адами құрылымына оның өмірге, еңбекке, басқа адамдарға және өзіне деген көзқарастарын анықтайтын кең көлемді адамгершілік қасиеттері кіреді. Бұл қасиеттер жоғары деңгейге жетпес бұрын дамудың ұзақ әрі күрделі жолынан өтуі тиіс. Таным деңгейі, тұлғаның құрылымына ену тереңдігі, бір қасиеттің пайда болу қабілетінің қамту көлемі адамның тұлға ретінде қалыптасуының түрлі сатыларында бірдей болмайды.

          Қалыптасушы тұлға биологиялық және әлеуметтік дамудың бірқатар сатыларынан өтеді. Бұл сатылардың әр қайсысының өзіне тән, жасына қарай педагогикалық ықпалдар мен талаптар жүйесі болуы тиіс.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.     Балалар салыстырғанда мазмұны жағынан жақын нысандарды сапалы қабылдайды. Егер адамның қайырымдылығы әңгіме жүргізілгенде жауыздық пен оның пайда болуын да еске түсіру керек. Спорт секцияларында оқуға келген балалардың еске сақтауы өте жақсы болады және олар барлық жаңалықты нақты және айқын мегереді. Барлық психикалық процестер тәрізді есте ұстау да (оның ішінде қимылдық және моторлық) тұлғаның барлық дамуымен тығыз байланысты. Балалар өздерінің ұғымдары мен танымдарын толықтыруға тырысады. Адами қарым – қатынастарды нәзік сезінеді. Табиғатты терең қабылдайды.

          В.Сухомлинский (1971) бастауыш сынып оқушыларын оқытудың алғашқы жалдарында  сабақтардың көп бөліктерін орманда, бауларда, көгалдарда өткізді. Табиғатпен қатынас қажетті тұлғалық сапаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Спорттық іс – тәжірибеде жаттықтырушы сабақты ашық аспан астында орманда, саябақта ұйымдастырғанда баланың тек дене жүктемесін ғана емес, сондай – ақ көңіл – күй жүктемесін де алып, өзінің есте сақтау қабілеті мен елестетуін жаттықтыруды ұмытпайтыны туралы мысалдар көптеп кездеседі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Тәрбие міндеттерін шешу жас спортшыда адамгершілік санына адамгершілік сезімін, ерік – жігері мен мінез – құлқын бірлікте қалыптастыру арқылы атқарылады. Педагогикалық ықпалдар күшінің санағы, сезім мен мінез құлыққа әсер етуі жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерге сәйкес келіп осыған байланысты өзгеріп отыруы тиіс.

  Тәрбие міндеттерін қояр алдында тәрбие деңгейін, яғни жас спортшылардың белгілі бір ықпалдарға танымдық эмоционалдық және мінез – құлық жауаптарына дайындығын анықтау қажет. Жаттықтырушы осы деңгейді басшылыққа алып, педагогикалық ықпалдардың түрлерін, құралдары мен әдістерін таңдайды, оларды тәрбие процестерінің заңдылықтарына сәйкес пайдаланады. (оқыту мен тәрбиенің бірлігі, белсенді әрекет арқылы тәрбиелеу, тәрбие мен өзіндік тәрбиенің бірлігі).

Зерттеудің объектісі. Бастауыш сынып жасында кезеңдеріндегі әлеуметтік байланыстар мен қоршаған ақиқат әлемді бағалауда балаң оқушыда белгілі бір өзгерістер болады. Тереңдетілген спорттық мамандану сатысындағы алғашқы даярлық  көбінесе жасөспірімдік кезеңге сәйкес келеді, ол кезеңде ағзада биологиялық есею мен жыныстық жетілу жолында терең өзгерістер жүреді. Әрине, бұл өзгеріс психикалық дамуына көп ықпал етеді. Жігіттік жаста спортшылар жоғары нәтижелерге көптеп қол жеткізеді. Ол бозбаланың немесе қыздардың түрлі жарыстарға қатысып, алғашқы табысқа жету кезеңі болып табылады. Жастық шақ ілімінің көптеген түрлері бар – биологиялық психологиялық, әлеуметтік, т.б. Отандық ғылым жастық шақ мәселесін дамудың ішкі заңдылықтары есебінен әлеуметтік – психологиялық амалмен үйлестіріп, кешенді зерттеу қажет деп есептейді.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.

 

 

 

І. Жас спортшыны оқыту және тәрбиелеу

 

  • Спорттағы дамушы тұлғаны тәрбиелеу ерекшеліктері

 

          Тәрбиелеу процесі түрлі құралдармен атқарылады, олар адамгершілік ағарту адамгершілік тәрбие жинақтауды ұйымдастыру және адамгершілік ынталандыру болып табылады.

Жас спортшы үшін мұғалімнің, жаттықтырушының беделі бірінші орында тұрады. Бастауыш сынып оқушысы үшін жаттықтырушының сөзі әке – шешесі де тіпті әжесі де өзгерте алмайтын заң. Бұл кезеңде оқушыларда үлкен қоғамдық белсенділік пайда болады, олар өзі немесе отбасы үшін емес, ұжым үшін көп нәрсе жасай алады. Қатарларымен қарым – қатынаста кең пейілділік, талқылау барысында тік мінезділік, көмекке әзірлік байқалады, көңіл – күйі әдетте қуанышты болады, оқыту психиканы дамытудың негізгі факторы болып табылады

          Жекелеген психикалық процестерді дамыту жас спортшыны оқытудың бүкіл бастапқы сатысы бойында жүргізіледі. Педагогикалық ықпал үшін оқыту және тәрбиенің бірінші жылында жеткіліксіз үйлесім біршама албырттық және бағыттың айқын болмауы тән.

          Жаңадан бастаушы спортшылар өздері үшін маңызы бар, олардың көңіл – күй мазасыздануларына байланысты нысандарды және көзге тез шалынатын түсінікті және ыңғайлы белгілерді тез қабылдайды. Осыған байланысты ұғымдарды нақты анықтап, талаптарды қолайлы қалыптастырып, қойылған міндетті жаттықтырушы үшін де маңызды болатындай ету қажет.

          Осы кезеңде жас спортшылардың есінде сақталатындай үлкен жаттығулар кешені ендіріледі.

          Бұл жаста механикалық есте ұстау қабілеті дамиды деп есептеледі. Балалар әңгімелегенге қарағанда көрсетілген жаттығуларды тез есте ұстайды. Көптеген жаттықтырушылар бұл сатыда көрнекі құралдар мен бейнелеп көрсетуге ден қояды. Алайда жаттығуды үйренуге тапсырма берместен бұрын оны көрсетумен қатар оның қандай принципке құрылғанын аталған бірізділік неліктен таңдалып алынғанын, т.б. есте ұстау қажет. Бұл жастағылардың адамгершілік ережелері мен дене жаттығуларын мағынасыз есте ұстауы тиімді емес. Материалды ойға түйгенде ол жақсы сақталып, тез жаңғырады.

          Балалардың зейіні таңдау сипатында болады және олар үшін өте маңыздысына қарай бағытталады. Олардың зейінін бір нысанда ұстап тұру өте қиын. Тәжірибелі жаттықтырушы тәрбиеленушілерінің зейіні қашан төмендейтінін біледі, сол кезде ол оқушылардың зейінін басқа нысанға аударады. Осы мақсатта оң көңіл – күй тудыру және оны күшейтуге бағытталған жаттығулардың кең шеңбері пайдаланылады.

          Бұл жастағы балалардың зейін көлемі үлкен емес. Бұл табиғи нәрсе, жас спортшы екі мектептің яғни білім беру мен спорттық бағдарламалар бойынша оқиды. Көптеген жаңа және қиын ақпараттарды қабылдап соған зейін аударуға тура келеді. Оқушы біртіндеп зейінін қажетті және сырты тартымды заттарға аударып, соны тұрақты сақтауға үйренеді. Зейінді тудырып, оны қалыптастыру және оны бағыттай білу – алғашқы оқу жылы мен жас спортшы тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі.

          Оқытудың алғашқы сатысында ойлауды дамыту процесі нақты бақыланады. Ойлау негізінен нақты болып қалғанмен танымдық нысандар саны мен олардың арасындағы қарым – қатынас біршама ұлғаяды. Сондай – ақ салыстыру процесі дамытылады. Балалардың заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттері туралы талқылау негізінде негізінен көрнекілік бейнелеу мен сипаттау жатыр.

          Мұнда ойлауды дамытудың екі сатысы байқалады. Біріншісі – алғашқы оқыту сатысында барлық материалдарды талдау көрнекілік — әрекетті жоспарда жүргізілген жағдайда, яғни жас спортшылар бұл жағдайда ақиқат заттарға немесе олардың тікелей баламасына сүйенеді. Екінші сатысы – абстрактілеу мен жалпылау қабілеттерін игеруде байқалады, дене жаттығуларымен екі – үш жыл жүйелі айналысқан соң басталады.  Бұл процесс, әрине, жеке ерекшеліктерге ие, яғни біреуінде мидың аталған қызметі тез дамыса, келесісінде – баяу дамиды.

          Жалпы білім беретін және спорттық мектептерде жас спортшының елестету тәрізді маңызды психикалық қабілетін дамытуға көмектеседі. Жас спортшыны алдын ала даярлау сатысында елестету өз дамуының екі кезеңінен өтеді. Спорттық қозғалыстың алғашқы үлгілері ақиқат нысанды жақын сипаттайды, оларда бөлшектері аз, тұрақтылық көп, өзгерісі аз, өзара байланыс әрекет пен өзгерісті көрсетпейді. Бұл нысандардың жуық шамадағы жағдайын олардың сипаттарын толық көрсетпейтін, бірақ сол заңдылықтар бойынша жұмыс атқара бейнелеп, анықтай білуді қалыптастыру бағытында дамитын бейнелеуге (өнімді елестету) тән. Туындаған елестетулер ақиқат бейнелерді жасайды.

          Бұл жаста спорттық дайындық сатылары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсетуге дейін маңызы зор шығармашылық елестетуді дамыту үшін алғышарттар болады. Шығармашылық қабілеттің жоғары деңгейде дамуы спорттық жетілдіруде тәрбиеленуші үшін де, тәрбиеші – жаттықтырушы үшін де құнды қызмет көрсетеді.

          Шығармашылық елестету жас спортшылардың жеке, ойлап тапқандарымен байланысты тапсырмаларды орындауда қалыптасады (барлық жаттығулар, ойындар, айла – шарғылар, т.б.). Бұндай шығармашылық ойындарда дамушы тұлғаның сезімі, яғни оның ақиқат нәрселерге деген көңіл күй көзқарасы айқын көрінеді.

          Оқу – жаттықтыру сабақтары да басқа психикалық процестер тәрізді балалар көңіл күйінің жалпы ойпатын өзгертеді. Жас спортшы біртіндеп мектептегі, спорт секцияларындағы үйлеріндегі бірқатар мінез – құлық ережелерін меңгереді. Осы ережелерді орындау барысында бала өз ісіне қанағаттану сезімін басынан өткереді, ал оны жаттықтырушысы мақтаса, қуанғанын білдіреді. Ережені бұзу кейде жаттықтырушы тарапынан көңілінен шықпауы мүмкін деп қорқақтауды туындатады. Жас спортшыларда жауапкершілікті дамыту  осылай қалыптасады.

          Эстетикалық, этикалық және адамгершілік сезімдерді қалыптастырудың маңызы зор. Төменгі сынып оқушыларында көңіл күй тұрақсыз тез өзгеріп отырады. Жақын адамыңның немесе ересек адамның қате әрекетіне деген түсінбеушілігі, ұнатуы немесе немқұрайлы қарауы, яғни көңіл күй реакцияларының көрінуі үшін мазасыздануға жол ашады.

          Бұл жаста болашақ азаматтың адамгершілік сапаларының мықтылығы мен сенімділігінің іргетасы қаланады. Балалардың ерік – жігері әлсіз және тұрақсыз, сондықтан барлық педагогикалық құралдарды соны жетілдіруге бағыттап, оларды зейін салып, мұқият болуға қабылдаған шешімін дер кезінде орындауға, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге үйрету қажет.

          Мұнда жаттықтырушының орны оның дайындығы мен осы жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын білуінің маңызы зор.

          Дене жаттығулары сабақтарында жас спортшының, ерік-жігері бекиді, яғни жаңа білімді іскерлік пен дағдыны меңгеру үшін ерік – жігер күші талап етіледі, ол спорт дайындығының алғашқы сатыларында түрі мен мазмұны жағынан әр түрлі, жасына сәйкес  спорттық жаттықтыру құралдарымен және әдістерімен қалыптастырылады.

          Жасөспірімдік кезең – бұл өзіндік қалыптасу кезеңі. Жасөспірім өзінің бойында кейбір қарапайым міндеттерді дербес шешу үшін күш барын байқап, оның бойында өзін ересектер санатына қосу қажеттігі туралы талап туындайды. Алайда ересек және дербес талқылау орта есеппен 12-13 жастан басталатын үлкен жасөспірімдік жасқа ғана тән екенін ескеру қажет.

          Жасөспірімнің өзінің жеке тұлғасы туралы өз пікіріне сай орын алу талабы (көбінесе асыра бағалау) оның мінез – құлқына, оқуына, жаттықтыруына деген көзқарасында әсер етеді.

          Сонымен қатар оқудағы, спорттағы табыстары өзіндік қалыптасу құралы ретінде қолданылады. Бұл жағдайда алдыңғы дайындық сатысындағы жас спортшылармен жұмыс барысындағыға қарағанда басқаша педагогикалық құралдар талап етіледі.

          Жасөспірімнің, әсіресе, жыныстық жетілудің алғашқы кезеңіндегі жасы (оны екінші жыныстық белгілерінің даму деңгейі бойынша дәл анықтауға болады) педагогикалық ықпалдар үшін өте қиын болады. Жасөспірімнің басынан өткеретін барлық толқыныстары мен қиындықтарына отбасының, мектеп пен жаттықтырушы тарапынан өте сезімталдық пен байсалды көзқарас қажет етеді.

          Жасөспірім өзін тұлға ретінде танып, мойындатуға құмар келеді. Бұл кезеңде жас спортшыға өз бетінше ширату жаттығуларын жасауға рұқсат етіп, оны алдын ала даярлық топтарына басшылық жасау мен жарыстарды ұйымдастырып және өткізуге қатысуға тарту қажет.

          Жасөспірімдердегі танымдық қызығушылықтары сан түрлі болып келеді. Мысалы, заманауй әуеннен классикалық әуендерге дейін спортпен шұғылданудан өлең жазуға дейін, т.б. Бұл әрине, жоғары дәрежелі спортшыны қалыптастыру үшін де, жеке тұлғаны жан – жақты дамыту үшін де қолайлы жағдайлар тудырады. Жасөспірім қоршаған өмірді түсіну үшін көп біліп, өз білімін дербес толықтыру қажет екенін біледі. Оқыту барысында ол ойға тоқудың пайдасы көп екенін түсінеді, бірақ оқу әрекетінде әлі де механикалық есте сақтау жиі қолданылады.

          Бұл жаста есті ұсақ – түйек дәйектермен артық жүктемелеудің қажеті жоқ, себебі олар жасөспірімнің зейіні үшін негізгі ақпараттарды сіңіруге кедергі келтіреді, ал ес жыныстық жетілудің алғашқы кезеңінде біршама төмендейді. Жасөспірім бір әрекет түрінен екінші түрге тез өтеді, бұл көптүрлілік оған өте ұнайды, бірақ алғашқы даярлық сатысындағы жас спортшылардағыдай жиі болғанын қаламайды. Бұдан кейін жасөспірім жұмыстың бір түріне терең ден қойып айналысып қалғанының барлығын ұмыт қалдырады. Спортшы жасөспірімнің зейіні оқу-жаттықтыру сабақтары уақытында дене жаттығуларын оқытқанда бір шама жақсарады.

          Оқыту барысында ойлау белсенді дамиды. Жасөспірім ғылыми ұғымдарды меңгеріп, оларды қорытып, көптеген жалпы талқылауларды айтады. Оның ойы абстрактылы сипатта болады. Бұл кезде спорт жөнінен теориялық білімнің күрделі курсына оның шамасы жетеді, ол жалпы білім беретін мектептерде меңгеріп, спорттық жаттықтыру барысында алған білімін қорыта алады.

          Жоғары дәрежеде елестету жас спортшыға ойша олимпиада чемпионына, ұшқышқа, т.б. айналуына мүмкіндік береді. Бұндай арманшылдық мәні жағынан болашақ жұмысына дайындық болады, ал жаттықтырушының спорт қаһармандары туралы айтқан әңгімелері жасөспірімді өз арманын шындыққа айналдыруға болатынына көз жеткізеді.

          Жасөспірімдердегі қуаныш сезімі қойған мақсатына жеткен кезде жиі көрінеді, ол қатты қуанғанымен, төменгі сынып оқушыларында көрінетін қызу көріністен ерекшеленеді.

          Жасөспірімдер өз сезімін, әсіресе ашуланғанда қызу көрсетеді. Қоршаған ортаға жасалған әрекеттер мен айтылған сөздерге өте сезімтал келеді, ол тұлғаның оң қасиеттерінің қалыптасуы мен адамгершілік тәрбиені күшейтуге жақсы жағдай тудырады.

          Дене жүктемелерін орындауда, қиын және күрделі жаттығуларды орындағанда жасөспірім ерік жігерін барынша көрсетеді. Алайда, бұл жастағы жігерді тәрбиелеу мен оны қалыптастыру оқушылар немен айналысуы, қандай мақсатта айналысуы қажет болған жағдайда өте тиімді болады. Мақсат жоғары болған сайын, жасөспірімге оның қоғамдық мәні анық болып, оның спорттық әрекетін ұйымдастыру жеңіл болады.

          Бұл жастағы әлеуметтік белсенділік ересектер әлеміндегі қарым-қатынаста кездесетін нормаларды құндылықтар мен қасиеттерді меңгеруде тез қабылдаудан көрінеді.

          Спорттық жетістіктер жасөспірімнің өзіне жаттықтырушысы оқу-жаттықтыру сабақтары барысында қойған күрделі міндеттерді шешіп, жоғары нәтижелер көрсете алатынын білдіреді. Алайда, тұлға әлі толық қалыптаспаған. Жасөспірім спортта қаншалықты жетістіктерге жеткенімен, өз әлемі, өзінің ақиқат өмірге деген қызығушылығы бар жасөспірім болып қалады, ал спорт жұлдызы болған жасөспірімдерге парасатты жаны ауыратын мәдениетті оқытушы – жаттықтырушы өте қажет. Жасөспірімдік жас барлығында бірдей уақытта аяқталмайды, бұнда жеке тұлғалық ерекшеліктер көп байқалады. Осы жас кезеңі аяқталған соң жеке тұлғаның одан ары қалыптасуы өзгешерек болады, ол жастық шақ деп аталады.

          Бұл кезеңде спорттық табыстар аймағына жетуде біршама жыныстық айырмашылықтар байқалады. Қыздар үшін ол 12-14 жаста (жүзу, спорттық және көркем гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау), ал ұлдар үшін – 14-15 жас-жүзу 13-16 жас-конькимен мәнерлеп сырғанау түрлерінде, басталуымен ерекшеленеді. Бұл үйлесімділік қабілетінің жоғары деңгейін талап ететін спорт түрлері үйлесімділікпен дене қабілеттері қатар қажет болатын спорт түрлерінде бозбалалық жаста нәтиже көп жоғары болады.

          Жастық шақ – тұлғаның биологиялық есеюі мен қалыптасуының аяқтаушы сатысы К.Ушинский жастық щақты жандыратын алауда адамның мінез – құлқы шыңдалып шығады, сондықтан бұл алауды өшірмей, одан қорықпай, оған қоғам үшін қауіпті деп қарамай, оның еркін жануына кедергі келтірмеу керек, ал бұл жастағы адамның жанына құйылатын материалдың сатысы жақсы болуын қадағалау қажет деп жазды.

          Бұл жаста тұлғаның өз — өзіне қоятын талабы күшейеді. Қоғамның талаптары мен өзіне талап қоя отырып, жастар өзінің ар-ұятына жүгінеді, өзін өз қателігі үшін сынға алып орындалған парызынан мақтаныш сезінеді.

          Жастық шақ қажеттіліктері мазмұны жағынан әртүрлі, ол жігітті немесе қызды тәрбиелейтін отбасының тұрмысына байланысты болады. Осы жерде көптеген жас спортшылар көпжылдық спорттық даярлықтан өткен соң, адамның мәдениеті қарым-қатынасы және киіміндегі қажеттіліктердің тек еңбекпен ғана анықталып, қамтамасыз етілетінін білгенін айта кету керек. Бұл жаста тұлғаның біршама күш салуын талап ететін дене жүктемелері арқылы ғана қол жеткізетін дене және спорттық жетілдірудің  қажеттілігі үлкен.

          Бұл жаста спортшылардың қызығушылықтары – олардың пікірлері мен еліктейтін тұлғаларына қарай түзету жүргізген дұрыс. Оларда қаланың, облыстық еліміздің қоғамдық – саяси өміріне қызығушылығы артады. Жастық шақта есте сақтаудың барлық түрлері дамиды, ол ендігі айқын сипат алған спорттық қабілеттерді жетілдіру үшін қажетті түрлі құралдар мен әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді.

          Жоғары деңгейлі абстракциялау мен қорытындылауға байланысты ілімдік ойлау дамиды, бұл спорттық әдебиеттерді өзін-өзі жетілдіру үшін кең пайдалануға мүмкіндік береді.

          Жасөспірімдерге қарағанда жас жігіттер елестету әрекетін нақтылап, өз арманын мүмкін болатын ақиқатпен салыстыра біледі. Адамгершілік сезімі саналы іске айналады, ал сыртқы бейнелері қоғамдағы қалыптасқан тіртіпке сәйкес реттеледі. Жас спортшы спортпен айналысу және жастық жекпе – жек барысында қалыптасқан белгілі ерік – жігер сапаларын меңгерген соң, өзінің жаттықтыру сабақтарын, сондай – ақ өзінің жасы кіші топтардың сабақтарын дербес ұйымдастыра алады. Бұл жастағы дербестік — өмір талабы, жетістікке жетуге арналған міндетті шарт, жан – жақты қажеттілік. Тұлғаның тереңдетілген спорттық жаттықтыру сатысындағы даму қалыптасудың негізгі ерекшеліктерінің бірі осыдан көрінеді.

          Жас спортшының тұлғалық қалыптасуы мен психикалық дамуында қарастырылған, жас ерекшеліктерінің есебі – оқу – тәрбие жұмыстарындағы оқу-жаттықтыру процесін құрудың негізі көп жылдық дайындықтың түрлі сатыларында түрі жағынан да, мазмұны жағынан да өзгеріп отыратын педагогикалық ықпалдардың әдістермен құралдарын таңдау.

 

1.2 Адамгершілік тәрбиелеудің әдістері мен құралдарының мазмұны

 

          Адамгершілік ағарту – бұл оқытушымен жаттықтырушының оқушылардағы адамгершілік сананы, адамгершілік ұғымы мен сезімін қалыптастыруға бағытталған әрекеті. Адамгершілік ағартудың негізгі әдісі дара және топтық этикалық әңгімелесу, ақпараттық хабарламалар, саяси және рухани — әдеп тақырыбындағы дәрістер, пікірталастар, конференциялар мен спорттық кештер түрінде атқарылатын көз жеткізу болып табылады.

          Көз жеткізу әдісі іс-тәжірибеде тек тәрбие құралы ғана емес, сондай – ақ оқушыны қайта тәрбиелеуші қызметін де атқарады, сондықтан мынадай педагогикалық амалдар қолданылады:

  1. Аталған жағдай туралы әңгіме. Жаттықтырушының ойлап тапқан өмірде орны бар оқиғалары мен дәйектері, оқушының сөзболып отырған жайтқа ұқсас әрекеті өзін-өзі ұстауға үйретеді.
  2. Бегісіз тұлғаға қарата айту. Бір оқушыны немесе мұғалімді мысалға алып, бірақ тек оған емес, бүкіл топқа қарап, оған өз қатесіне дербес талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Балаларға жақсы деп атап көрсетпей, жақсыны көрсетеді, балалар оның жақсы екенін түсіну үшін жаманды да атап көрсетпей ұсынады, сөйтіп жаманнан жиренуге тәрбиелейді.
  3. Мінез-құлық туралы «кездейсоқ» берілген ақпарат. Бұл педагогикалық амалдың ерекшелігі мынада: мұғалім өзі жоқ оқушының тәртібі туралы айтады, әрі бұл әңгіменің ол оқушыға жететінін біледі. Мұғалім бұл оқушының жетістіктері туралы айтып, оның алған бағасы туралы, жіберген қателері жөнінде дәлелдемелер келтіруіне көмектеседі.

          Адамгершілік ағарту бұрынғы және қазіргі ұлы адамдардың, мұғалімдері мен ата – аналарының өмірінен алынған мысалдар мен әрекеттерге құрылады. Әрине, оқушы үшін ең бірінші ұстазының өзі үлгі болуы керек. Оқушының сана – сезіміне сөзімен де, ісімен де әрдайым үлгі бола білген жаттықтырушы балаларда адамгершілік үлгісін қалыптастырып, адамгершілік мінез-құлқын тәрбиелеуге көмектеседі.

          Адамгершілік жинақтаған тәжірибе көңіл-күйді қанағаттандыратын дене жаттығуларымен шұғылдану (егер олар педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса) ол нағыз адамгершілік тәжірибе жинақтау мектебі. Бұндай сабақтарда жаттығу әдісі кең қолданылады, яғни қимылдар мен іс-әрекеттерді бірнеше рет қайталау нәтижесінде адамгершілік дағдылар қалыптасады.

          Қимылды бірнеше дүркін қайталау барысында оқушылар олардың пайдасын түсініп, саналы түрде орындауы тиіс, мұғалім барлығына бірдей талап қойып, орындалу талаптарын күрделендіреді. Мұндай шарттар бірте-бірте қиындықтарды жеңуге, ұжымдық әрекетке, тәртіпке (жүйелі талаптар арқылы), дербестікке және өзіндік тәрбиеге үйретеді.

          Мысалы, жақсы денсаулық кепілі ретінде күн тәртібін сақтау – міндетті шарт. Алайда оқушылардың барлығы бірдей бұл шартты орындай бермейді, кез-келген адам өзін ұйқыға жатар алдында қызықты кино көруден тия алмайды. Бұл үшін ең алдымен ағарту жұмыстары, сосын дағдыны үйреніп, бірте-бірте қалыптастыру жүргізіледі.

          Жаттықтыру сабақтары тәрбиелеуге жағдай жасайды, ол қозғалыс ойындарын, жарыстарды, кезекшіліктерді жүргізгенде, ортақ тапсырмаларды орындағанда, спорттық жабдықтарды дайындағанда, өз бетінше ширатуды орындағанда мүмкін болады.

          Кейбір жаттықтырушылар дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында оқушыларды тәрбиелеу «автоматты» түрде жүреді деп есептейді. Бұл қате пікір. Тек әрбір сабағында нақты міндеттерін қойып, оларды шеше алатын педагог қана жас ұрпақты тәрбиелеуде жетістікке жете алады.

          Жас спортшы тәрбиесіндегі жаттықтырушының алатын орны ерекше, сондай-ақ бүкіл ұжым баға беретін адамгершілік бағалануының бірлігін, яғни  ұжым мен қоғамдық пікірді толық бағалау қажет. Әрбір  іске ұжымдық баға беру – жас адамның жеке тұлғасына әсер ететін ең тиімді әдіс. Алайда, осы педагогикалық амалды қолданбас бұрын жаттықтырушы өзін — өзі басқарудың негізі болып табылатын тату, бастамашыл, тәртіпті ұжым құрып, қалыптастыру қажет.

          Адамгершілік ынталандыру. Мақтау мен жазалау жақсы әдетті қалыптастырып, жаманын түзететін ынталандыру ықпалдары болып табылады.

          Мақтау – бұл оқушылардың іс-әрекеттері мен жұмыстарын оң бағалау және оларға рухани қанағат беріп, пайдалы мінез – құлық  түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін табыстары мен жетістіктерін мойындау болып табылады. Оқушыларды, олардың ісәрекетін, орындаған жаттығуларын мақтау, — қолдау, мақтау, — алғысайту түрлерінде жүргізілуі мүмкін (мұғалімнің де бүкіл ұжымның да атынан). Алайда, балалар мен жасөспірімдердің жеке ерекшеліктерін де ескеру қажет. Демек, бір оқушы салмақты және ұяң болса, енді бір мақтан сүйгіш, ал үшіншісі өзін қатаң сынға ала алады. Осының барлығы ұжымда мақтау барысында ескерілуі тиіс.

          Мынандай педагогикалық амалдарды пайдалануға болады.

  • сенім білдіру, әлі мақтауға ілікпеген, бірақ табандылық танытып, жақсы тәртіп көрсете бастаған спортшыға көрсетіледі;
  • сену, жаттықтырушы қандай да бір себеппен осы сәтте мақтауға лайық емес оқушыға спорттық жабдықтарды қабылдап, команданы ұйымдастырып, ширатуды жүргізуді сеніп тапсырады.
  • рухани қолдау көрсету, онда мұғалім үлгерімі төмен оқушыға тек спорттық қана емес, сондай-ақ әдеби, ұйымдастырушылық, педагогикалық қабілеттерін көрсетуге көмектеседі.

          Мақтаумен бірге оған мағынасы мүлде қарама – қарсы жазалау әдісі де қолданылады, яғни жас спортшының жаман әдеттерін жоюға көмектесетін, олардың іс — әрекеттерін теріс бағалау деп аталады.  Әсіресе ұжымды қалыптастырудың алғашқы сатыларында жазалау көп қолданылады. Ал ұжым бекіп, ондағы өмір ағысы бір арнаға түскен соң жазалауға деген қажеттілік те азаяды. Бұндай жағдайдағы нұсқау кеңес немесе өтінішпен алмастырылады.

          Қайта тәрбиелеу мақсатындағы педагогикалық жазалау амалдары мынандай іс-әрекетін талқылау, өз іс-әрекетінің тікелей туындаған салдарын сынау, қолдану шараларын күту, жаттықтырушының артынша түсіндіруімен сөзбен сөгу.

          Тәрбиелеу – күтпеген жағдайлары бар, өте шапшаң, жедел шешім қабылдауды талап ететін, күрделі педагогикалық процесс. Барлық туындаған жағдайға арналған ереже жоқ. Егер сабақ барысында тәрбиенің адамгершілік ағарту, адамгершілік тәжірибе мен адамгершілік ынталандыру тәрізді құралдарын жаттықтырушының теориялық білімі мен жеке тәжірибесімен қосып, кешенді түрде пайдаланса тәрбие ықпалы жоғары болады.

 

1.3 Ерік  жігерін тәрбиелеу

 

          Қазіргі таңда спорт, спорттық дайындық, спорттық іс қимыл дене қабілеттерімен қатар адамның ерік-жігерін де дамытатыны баршамызға белгілі (Белорусова, 1977; Ильин, 2000; Хрушев, Круглый, 1982).

          Соңғы кезде біз спорт сахналарында нағыз ерік – жігер күштерін байқаймыз. Жас спортшының жігерін жетілдіру міндетті дене және көңіл – күй жүктемелері бар спорт қимылдарының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл жаттығуларды орындау жаттықтырушы көмегімен жүргізіледі, бірақ жас спортшының ерік – жігері белгілі бір мақсатқа бағытталған саналы іс-қимылдарда туындап, дамиды, ол мақсатқа жету жолында түрлі кедергілер мен қиыншылықтар кездесуі мүмкін.

          Кедергіні бағындыру үшін жігер мен ерік күші қажет.

          Көптеген ғалымдар мен іс-тәжірибешілер (Деркач, Исаев, 1981; Ильин, 2000 және т.б.) ерік жігер қойылған мақсатқа жетуде кездескен кедергілерді саналы түрде бағындыруда туындайтын қажеттілік деген қорытынды жасады. Бұл шешім адамның ерік жігерінің негізгі құрамдас бөлігінің бірі мақсатқа ұмтылуды талап етеді, оны жеткіліксіз дамыту қалған ерік сапаларын пайдалану мүмкін емес.

          Спорттық дайындық пен жарыс қимылдары барысында жас спортшыларда тәрбиеленетін негізгі ерік сапалары – мақсатқа ұмтылушылық, шыдамдылық пен табандылық, шешімталдық пен батылдық, бастамашылдық пен дербестік болып табылады.

          Мақсатқа ұмтылушылық ең алдымен спорттың болашақтағы және ағымдағы мақсаттарын түсінумен байланысты. Бұл мақсаттарды анықтау – қатаң қорғалуы тиіс, күрделі, қиын міндет. Егер адам өзі еңбектеніп, қиындықтан өтуі қажет мақсатты түсінбесе, ешбір іс-әрекет түрі мақсат ойдағыдай орындалады деп сенуге болады.

          Қажеттіліктер әр  түрлі болып келеді: өте қарапайым, күрделі, биологиялық және әлеуметтік.

          8 – 10 жастағы спортышыда қандай қажеттіліктер бар деген сұрақ туындайды. Бірінші орында – қарым-қатынас пен ойын әрекетіндегі қажеттіліктер. Жалпы білім беру мен спорт мектептеріне келгенге дейін балалардың қажеттіліктері отбасы жағдайына, балабақшадағы жағдайларға, қоршаған орта мен өз қатарларымен қарым-қатынасы барысында анықталады. Жаттықтырушы оған үнемі қолдау көрсетіп, керек жерде көмектесіп отыруы қажет.

          Ата – аналары спортқа ертіп әкелген балалардағы жаңа қажеттіліктер туындағанда жаттықтырушының оны әкелген балалардағы жаңа қажеттіліктер туындағанда жаттықтырушының орны ерекше болады. Көптеген батыс елдерінде баласы үшін спорт түрін емес, тәрбиеленушілері мен өз әріптестері арасында беделі зор саналатын спорт жаттықтырушысын таңдайды.

          Жасына қарай қажеттілігі де өзгеріп, мақсатқа ұмтылуды тәрбиелеудің жаңа құралдары мен әдістерін ендіруді талап етеді.

          Саналы қажеттілік спортшыны өз қажетін өтеуге әрекет етуде ынталандыратын себеп болып табылады. Қажеттіліктердің көп болуы оны түрліше, түрлі бағытта, жұмыс атқарып, аталған сәтте қосалқы себепті ысырып, ең негізгісін таңдауға мүмкіндік береді.

          Мақсатқа ұмтылғыш спортшының ең басты мақсатына қарай өз жұмысын бағдарлай білу қабілеті ерекшелендіріп тұрады. Үш жылдан соң спорт шебері нормативін орындау мақсатын қою жас жігіт үшін өмірлік маңызды себеп болып табылады, мақсатқа жету жолы күнделікті жаттығу сабақтары, ал жолдасы достарымен яхтада теңізде серуендеуге шақырады. Осының қайсысы маңызды. Спорт шебері болу ма, әлде яхтамен саясатқа шығу ма? Өзіне яхтамен серуендеуді жақын тұтқан спортшыда мақсатқа ұмтылушылық жақсы дамымаған.

          Мақсатқа ұмтылғыш спортшы – алыстан жоспар құрады. Ол жақын тұрған себептерге алданбай өз мақсатына жете алады.

          Мақсаттылықты қалыптастыру заманауи қоғамда жас спортшымен жұмыс жасауда өте күрделі құбылыс. Ондағы басты жаттықтырушы міндетінің бірі жас спортшының ерік-жігерін, яғни мақсаттылықты қалыптастырып, дамыту болып табылады. Ол ұжымдық және жеке спорттық жеңіске жетуде көрінуі тиіс.

          Қойған мақсатқа жетуге қажетті табандылық пен қайсарлық күрестегі және басқа күтпеген кедергілерді бағындырудағы белсенділікті, қуат әлеуетін сақтаумен (кейде арттырумен) жүргізіледі.

          Әрбір жаттықтыру сабақтарында спортшы жаттығуларды орындап, шаршауды басып, т.б. қиындықтарды жеңеді. Мұнда жаттықтырушының кәсіби даярлығына оның қимыл құрылымы мен әдістерін, арнайы және ағымдық жаттығуларды білуіне мән беріледі. Жаттықтырушы жас спортшыға күрделі жаттығуларды алдын ала үйретпей орындауды ұсынғанда ондағы шешім қабылдай алмау, сенімсіздік тәрізді кері психикалық сапаны дамытуға көмектеседі.

          Шешімталдық пен батылдық шешім қабылдау мен орындауға және дене мен рухани қауіпті уақытты шектеу жағдайында туындайды. Бұндай жағдай спортшыда шатасу, жаттығуды сәтсіз орындау мен жарақаттану, мазасыздану, сенімсіздік, ауру және өз қауіпсіздігі үшін қорқу туралы ойлар мен ұғымдар пайда болуына әкеледі.

          Шешімталдық пен батылдыққа тәрбиелеуде жас спортшының көңіл – күй тұрақтылығы маңызды саналады.

          Қатты толқу ЖЖЖ-нің біршама артуы қауіпті жаттығуларды орындауды қиындатады. Алайда, қауіпке бас тігуге бейім болу – батыл спортшылардың белгілі процестік себеп болып табылады. Әрине батыл спортшыда қорқақ спортшыға қарағанда қорқыныш аз сезіледі. Профессор К.Плотонов қорқыныш батыр адамда да бар, бірақ ол сол қорқынышқа қарсы шыққаны үшін де батыл деп әділдікпен атап айтты (1972). Шешімталдық пен батылдық негізінде спортшыға қауіпсіздік шегін  көрсететін білім мен іскерліктің түзу жүйесі жатыр. Білімсіз, соқыр, тәуекелшілдік – жалқаудың ісі. Қорқақ адам шынайы қауіпті жасырып өзіне қиындық тудырып алады. Мысалы, адамдар көбінесе шаршағаннан емес, қорыққанынан суға батып кетіп жатады.

          Мектепке дейінгі және төменгі сынып жасындағы балалар өте қауіпті акробатикалық және гимнастикалық жаттығуларды орындағанда батылдық көрсетеді. Олар жаттығуды орындағанда қорқыныш дегенді білмейді, толығымен жаттықтырушыларға сенеді.

          Шешімталдық пен батылдықты тәрбиелегенде жас спортшыны тез шешім қабылдап, орындауға, қауіп деңгейін дұрыс бағалауға қабылдаған шешімін қайта ойланбастан саналы орындауға, керек сәтінде қорқыныш пен күдікті басып, оның алдын алуға оқыту қажет. Ерік – жігер күшін өзіндік іске асыру мен өзіндік ұйымдастыру амалдарына сүйеніп, осы сапаларды тәрбиелеуде біршама табыстарға жетуге болады.

          Балалар спорттық даярлықтан белгілі бір тәжірибе жинағанда барып бастамашылдық пен дербестікті дамытуға болады. Бұл сапалар қиындықтар мен кедергілерді әрекеттегі құралдар мен әдістерді пайдаланумен ғана шектелмей, олардың өте аз немесе мүлде жоқ болуы тарапынан бағындыру үшін туындайды. Әрине, бұл сапалар қозғалыстық және  спорт ойындарын жүргізгенде тиімді тәрбиеленеді. Мұнда спортшы кенеттен туындаған жағдайды дұрыс әрі тез бағалап, ақпаратты жедел қабылдап, жұмыс жоспарын ойластырып, дұрыс таңдап, дербес шешім қабылдауы тиіс.

          Спорттық дайындықтың бастапқы сатысында ілімі мен іс – тәжірибенің жеткілікті меңгерген балалар жеке және топтық дербес ширатуға бейімделеді. Оларға сондай – ақ шағын жарыстарда төрешілер роліне де сеніп тапсыруға болады.

          Бұл сапаларды дамытуда жас спортшының жаттықтырушы қолдайтын, дербес іс-қимылдарының  дұрыстығына өзіндік сенімділігі маңызды болып саналады.

          Дербестік пен бастамашылдық спортпен қатар күнделікті адам өмірінде де қажетті сапалар.

          Жарыс әрекеті мен стресс жағдайындағы спорттық нәтижелерге үлкен ықпал ететін көңіл күй көп жағдайда ұстамдылық пен өзін-өзі игеруді анықтайды. Бұл сапалар жас спортшының темпераменті мен жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты болады.

          И.Павловтың темперамент туралы іліміне назар аударған дұрыс физиологиялық негізі жүйке жүйелерінің қасиеті болып табылатын әрбір темпераментке қоршаған ортаға әсері мен мінез – құлқы соған лайық ерік  — күшін көрсету  ерекшеліктері тән.

          Жас спортшының ерік – жігер дайындығы жаттықтырушы жұмысының маңызды жақтарының бірі болып табылады. Спорт тәжірибесі спортшылардың алға қойған мақсаттарына жетуде  көрсететін ерік жігері мен мінез үлгілеріне бай. Бұндай мысалдар спортшылардың тәрбиесі, ерік – жігері мен мінезін қалыптастыру үшін маңызды болады. Мұнда ерік – жігер дайындығы әдістері мен құралдарын білумен қатар тәрбиелеу нысанын, оның жас ерекшеліктері мен типологиялық ерекшеліктерін, темпераментін білу қажет. Осы арқылы ғана күрделі жарыс қимылдарында ерік күшін көрсетіп, жоғары спорттық жетістіктеріне жетуге қабілетті болашақ олимпиада жеңімпазын тәрбиелеу мүмкін болады.

 

1.4 Спорттық дайындық жүйесіндегі оқыту

          Педагогикалық жұмыстар, оның ішіндегі спорт жаттықтырушысының жұмысы өз пәнін, оқу – жаттықтыру процесі заңдылықтарын терең білуді қарастырады. Педагогикалық жұмысты бағдарламалау алдында жақсы нәтижеге жету үшін қандай құралдар мен әдістер қажет екенін, балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығын ұйымдастыруда қандай заңдылықтарды, принциптерді және ережелерді сақтау қажет екенін нақты білу қажет.

 

Оқытудың заңдылықтары, ережелері, принциптері

          Оқытудың ақыл – ой және дене дамуы мен мазмұнының терең дара байланысына негізделген дамытушы сипаты жаттықтырудың негізгі заңдылықтардың бірі болып табылады.

          Л.Выгодский оқыту қалай болғанда да баланың даму деңгейіне сай келуі тиіс, бұл талас тудырмайтын, бірнеше рет тексеріліп, белгіленген дәлел деп жазды.

          Жас спортшының жеке тұлғасын дамыту ерекшеліктері көп жағдайда өзіндік оқып үйренудің мүмкін болатын шараларын, яғни оқытудың алдағы сипатын анықтайды. Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығындағы осы заңдылықтарды сақтамау жаттықтыру ықпалын төмендетіп, денсаулық жағдайына, жеке жүйе қызметіне, дене дайындығы деңгейіне кері әсер етеді. Бұл егер жаттықтырушы оқушының жасы мен дайындығына көлемі мен қарқыны жағынан сай емес дене жаттығуларын орындатып, қимыл әдістерін күрделендіріп, жас спортшыларды жарыстаға көптеп қатыстырғанда туындайды. Нәтижесіне келгенде бұлай оқыту дамытуды жетілдірмей, керісінше, оны тежейді. Бұл білім оқыту заңдарын бұзбай дамытушы сипаттағы оқу – жаттықтыру барысын құруға мүмкіндік береді. Оқыту барысында дене тәрбиесі саласындағы білімін кеңейтіп, қимылды дұрыс орындау дағдысын қалыптастырумен қатар, тұлға қасиеттері де қалыптасады. Яғни оқыту тәрбиемен үздіксіз байланыста болады.

          Оқытудың тәрбиелік сипаты – бұл оқу – жаттықтыру барысының заңдылықтары оны сақтау дене тәрбиесі құралдарымен жас спортшы тұлғасының оң сипаттарын қалыптастыруға көмектеседі.

          Спорттық дайындық барысында дүниетанымы қалыптасып, ақыл-ой және әсемдік дамуы жүзеге асырылып, саналы тәртіп, мінездің қайсарлығы мен беріктігі, белсенділік пен бастамашылдық әділдік пен адалдық, ұжымда тіл табыса білу, достық пен жолдастық, мәдени тәртіп дағдылары, отан сүйгіштік тәрбиесі жүргізілетіні белгілі. Әрине, жаттықтырушы дегеніміз, біріншіден тәрбиенің мықты құралы дене жаттығуларын меңгерген, өскелең ұрпақ тәрбиешісі саналады.

          Оқыту барысында заңды түрде жүргізілетін тәрбие ісінде жаттықтырушының жеке тұлғасы, оның іс барысындағы ұйымдастырушылық ролінің маңызы зор. Оқытудың жан – жақты заңдылықтарына сүйеніп, ол тұлғаны жүйелі әрі жоспарлы қалыптастыруға арналған оқу барысының көп жақты мүмкіндіктерін пайдалануы тиіс.

          Оқу – жаттықтыру ісінің заңдлықтары оқытудың мазмұндық, әдістік және ұйымдастыру түрлері жақтарының барлығын анықтайтын негізгі ережелерде нақты көрінеді. Бұндай түпкі ережелер дидактикалық оқыту ережелері деп аталады. Балалар мен  жасөспірімдердің спорттық дайындығы жүйесіндегі оқыту мен тәрбие үшін дидактикалық принциптерді сақтау маңызды саналады.

          Оқытудың ғылымилық принципі. Спорттық дайындық жүйесі жеке тұлғаның жан – жақты даму заңдылықтарының негізгі біліміне негізделеді.

          Соңғы жылдары іс тәжірибені балалар мен жасөспірімдерді оқытуды құру, спорттық даярлықтың мазмұны мен түрлері, спорттық жаттықтырушының педагогикалық шеберлігін қалыптастыру туралы дене және ілімдік дайындық білімінің құралдары мен әдістері туралы жаңа мәліметтерімен толықтырды. Көптеген мақалалар жас ұрпақты дене жаттығулары сабағы барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістемесіне арналды. Педагогика ғылымы балалармен және жасөспірімдермен сабақ ұйымдастыруға арналған көптеген тәжірибеде негізделген нұсқаулар ұсынды.

          Жас спортшыны оқытуға және тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық ықпалдар іс-тәжірибеде тексеруден өткен ғылыми мәліметтерге ғана сүйенуі тиіс. Ғылымилық принципі БЖСМ мен спорт клубтары секцияларының бағдарламалары мазмұнының негізіне кірістірілген.

          Әрбір педагогикалық жұмыс ғылыми тұрғыдан негізделуі тиіс, ғылымилық принциптің негізгі мәні де осыдан көрінеді.

          Жүйелілік пен бірізділік принципі. Оқытудың жүйелілігі жас спортшылардың белгіленген тәртіпте білімді, іскерлік пен дағдыны меңгеруін, яғни жүйе  үйренген материалды орналасуына қарай сырттай ғана емес, оның оқушы санасына сіңірілуін талап етеді.

          Сабаққа қатыспай қалу қимыл әдістері мен дене қабілеттерінің даму деңгейлеріне дереу әсер ететінін әрбір жаттықтырушы біледі, іліми білімнің болмауы, оқушыларға өзіндік жетілдіруге мүмкіндік бермейді.

          Оқытудағы бірізділік оқу материалының логикалық негізделуін, яғни бір-бірімен сабақтасып, соңғысы алдыңғысына  негізделіп, оқушының таным әрекетіне жол салуын қарастырады. Бағдарламаның кез-келген түріндегі күрделі әдістік амалды үйретуге болады.  Егер қимыл элементтері оқытылмай, олардың арасындағы бірізді өзара байланыс болмаса, онда мұндай әдіс тұрақсыз, ол алдағы  жаттықтыру жүктемелері әсерінен бұзылады.

          Дене қабілеттерін жетілдіруде де бірізділікті сақтау қажет. Жаттықтырушы балалар мен жасөспірімдер дамуының қандай жасында және қашан күш пен шапшаңдықты тәрбиелеп, сабақтарда оларды қандай тәртіппен жетілдіруді білуі тиіс. Өйткені төзімділікке арналған жаттығулардан соң шапшаңдық жақсы дамымайды, күш жаттығуларынан соң да ептілік нашар дамиды.

          Саналылық, белсенділік және дербестік принциптері. Саналылық принципін жүзеге асыру ең алдымен жас спортшы алдына белгілі бір мақсат пен міндеттер қоюды қарастырады.  Ол дене жаттығуларымен шұғылданудың саналы көзқарас қалыптастыруға негіз болып табылады. Егер оқу сабақтарында оның мақсаты мен міндеттерін спортшыларға айтпаса, онда олар жекелеген жаттығулардың мәнін түсінбей, шөл далада адасқан жолаушының күйін кешеді.

          Оқушылар өтілетін материалға саналы ден қойғанда ғана саналылық қалыптасады. Саналылық принципі оқушылардың меңгерген білімі мен дағдысының мәнін түсінгенін, олардың қолдану маңыздылығын ұғып, өз табыстарын бағалап, сәтсіздіктерін талдай білуін талап етеді.

          Белсенділікпен бекімеген саналылық тілекпен ғана шектеліп, ашылмай қалады, ал өз іс-әрекетіне саналы көзқарасы жоқ белсенділік қате саналады.

          Осындай жағдайлар туындамас үшін, оқушыларды жаңа материалды өткен материалмен қосып қайталап оқуға, қайталауды жаңа білімге қарай жоғары деңгейде жүргізуге, жаңа сабақ тақырыбын қабылдаудағы дайындық сипатына белсенділік беру, яғни оқушыларды күтпеген жайттарға алдын ала даярлау қажет (осы үшін мәселелі жайттарды пайдалану). Көп жағдайда жаңа білім мен дағдыны белсенді игеру оқушылардың дене жаттығуларымен шұғылдану барысындағы ашқан шағын жаңалықтарымен анықталады.

          Дербестік принципі оқытудың алғашқы сатысында – ақ үлкен мәнге ие болады. Алайда осы жүзеге асыру көбінесе басқа дидактикалық принциптер қаншалықты дұрыс пайдаланылғанымен оқу барысында қандай үй тапсырмалары ұсынылып, қандай ілімдік мәліметтер алынғанына, жаттықтырушының бақылауымен және оның түсіндіруімен сабақ барысында дағды мен іскерлікті дербес меңгеру міндеттері қалай шешілуіне байланысты болады.

          Өзіндік сабақтарды ұйымдастыру мен жүргізу оқушыларға спорттық дайындықтың сатысында қойылатын негізгі міндеттердің бірі.

          Көрнекілік принципі. Оған дене жаттығуларына оқытудың алғашқы сатыларында ерекше мән беріледі. К.Ушинский (1950) бала заттың түрін, бояуын, дыбысын сезініп, ойланады. Ал баланы басқаша ойлауға мәжбүрлеу бала табиғатына қиянат жасаумен бірдей деп атап көрсетті. Алғашқы оқуды заттың түрімен, бояуымен, дыбысымен түрлендіріп, яғни оны бала сезімталдығына лайықты етіп, біз бұл оқуды бала санасына лайықты етіп, өзіміз де балалардың ойлау әлеміне енеміз.

          Жоғары сыныпта оқитын жас спортшыларды оқытудағы көрнекілік принципі де өз мәнін жоғалтпайды. Алайда, бұл жерде күрделі түрлерге, яғни плакаттық материалдарын, кинограммаларға, кинотүсірілімдерге өту қажет. Егер төменгі сынып оқушыларында сезіммен қабылдау басым болса, ал жасы өскен сайын бейнелеп сөйлеудің маңызы артып, қабылдау өздігінен жүргізіледі.

          Көрнекілік принципін жүзеге асыру қажетті материалдар көрсетіліп, оқу тапсырмалары жақсы түсіндіріліп, көрнекі құралдар қолданылғанда ғана тиімді болады.

          Лайықтылық принципі. Ешбір жаттықтырушы 10 – 12 жасар оқушыда 100 кг штанганы көтеруге немесе 2 м биіктікке секіруге тапсырма бермейді. Бұл шамалар он жастағы балаларға лайықты емес. Сондықтан лайықтылық принципі оқытуда да, тәрбиелеуде де жас ерекшеліктері мен жеке даму заңдылықтарына негізделеді.

          Мысалы, белгілі бір жаста дене қабілеттерінің өсу ырғағының белсенді артуы байқалады. Бұндай белсенділік кезеңдері сенситивтік деп аталады (сезімталдық). Балалар мен жасөспірімдерге сезімталдық жағдайында болатын дене қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттықтыру құралдарының біршама көлемі лайықты.

          Қимылдарға оқытуға ілімдік мәліметтерді хабарлағанда және педагогикалық ықпалдар жүйесін әзірлегенде оқушылардың жас ерекшеліктерінің даму ерекшелігін терең білуді талап ететін лайықтылық принципі қолданылады.

          Лайықтылық принципінің оқушылардың жас ерекшеліктерімен байланысты болуы әрбір жас кезеңіне спорттық дайындықтың қатаң белгіленген міндеттері мен әдістері және құралдары сәйкес келеді дегенді білдірмейді. Жеке биологиялық даму ырғағы, спорт түрлерінен дайындықты қалыптастыру заңдылықтары, оқыту әдістері, дидактикалық талаптарды сақтау көп жағдайда дене жаттығуларын оқыту сабақтарындағы лайықты шаманы анықтайды.

          Классикалық дидактика оқытудың  лайықтылығын қамтамасыз етіп, оқытудың «жеңілден қиынға», «белгіліден белгісізге», «қарапайымнан күрделіге», «жақыннан алысқа» тәрізді лайықтылық ережелерінің атауларын алған бірқатар ережелерді белгіледі.

          Білімнің іскерлік пен дағдының беріктігі принципі оқушылардың  алған білімдерінің іскерлігі мен дағдыларының  берік болып, түрлі жағдайларда қолдану және жаңғырту қасиеттерінің болуын талап етеді. Мұндағы қимыл дағдысының беріктігін сақтау немесе тұрақтылық ретінде түсіну қажет. Қимыл дағдысын сақтау (ұмытуға қарсы ұғым) – бұл дағдының ұзақ уақыт бойы өзгермеуі. Қимыл дағдысының тұрақтылығы – бұл оның кез-келген тіпті стресстік жағдайда да берік тұрақтылығы.

          Оқытуда оқытылатын қимыл оның орындау әдісі есте ұзақ сақталып, тұрақты болуы маңызды саналады. Балалар мен жасөспірімдердің спорттық жарыстарында  дағды тұрақтылығының мыңызы артады.

          Беріктік принципінің қайталау арқылы іс – тәжірибе жүзінде атқарады. Ол оқытуда жеткен нәтижелерді бекітіп, жетілдірудің негізгі және бірден – бір әдісі болып табылады.

          Алайда спорттық даярлық іс – тәжірибесінде өткен материалды бекіту құралы – ұзақ уақыт бойы біркелкі жұмысты бірнеше дүркін орындау жиі қолданылады. Бұндай амалдар тұрақты қимыл бейнелерін қалыптастыруға әкеледі. Олар болашақта қимылды орындау әдісінің артуына кедергі болады. Сонымен қатар бұндай амал жас ерекшеліктерінің даму заңдылықтарына сай келмейді. Жас спортшының білімі мен іскерлігінің, дағдысының беріктігін бекітетін негіз – бұл оқыту құралдарының көптүрлілігі, көпқырлы жүйе, жалпы дене дайындығы болып саналады. Беріктік пинципі  қатаң стереотиптерде емес көптүрлі іс қимылдарда, оларды түрлі жағдайларда қолдану амалдары арқылы орындалуы тиіс.

          Дараландыру принципі. Оқыту мен тәрбиелеудегі оқушылардың жетістігі көп жағдайда ұжымдық оқу жұмысымен үйлесетін дараландыру амалы мәселелерін шешуге байланысты болады.

          Спорттық дайындық процесінде жаттықтырушы өзара тығыз байланысты негізгі үш міндетті шешеді. Олар: жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, қимыл әдістерін оқытып, жетілдіру, дене қабілеттерінің жоғары деңгейіне тәрбиелеу. Бұл міндеттерге жас спортшының дара қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалаудың үш өлшемі сәйкес келеді. Бірінші өлшем – бұл тұлғаның адамгершілік сапаларының бағасы, екіншісі – қимыл әдісін меңгеру қабілетінің, яғни оқуға қабілетін бағалау, үшіншісі – дененің күш, шапшаңдық төзімділік, иілгіштік және ептілік сапаларына тікелей байланысты жұмыс қабілеті деңгейінің бағасы.

          Дара адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін бақылау, жеке әңгімелесу сауалнама әдістері кең қолданылады,ал оқуға қабілетін анықтау үшін тестілеу әдісі қолданылады.  Соның негізінде дара жан – жақты амалды атқаруға мүмкіндік беретін тиісті нұсқаулар әрленеді. Түрлі типтік топтардағы балалар мен жасөспірімдердің қимыл әдістерінің негізгі құрамдас бөліктеріндегі жас ерекшеліктерінің дамуын зерттеу оқу деңгейі жүйке жүйесінің даму ерекшелігіне байланысты деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Сондықтан қозғалысқа оқытудағы дара амал әзірлеу оқушыларды жүйке жүйесі ерекшеліктері бойынша жан-жақтылауды қарастырады.

          Спорттық даярлық жүйесіндегі дараландыру принципі жүйке жүйесінің дамуындағы жеке айырмашылықтарды, морфологиялық, биологиялық және дене дамуын, сондай-ақ дене дайындығы деңгейі мен басқа да көрсеткіштерді бағалау негізінде, яғни оқушыларды жан-жақтылау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Алайда оқушыларды жан-жақтылау бұл педагогикалық процесті дараландырудың басы ғана. Ең бастысы – жас спортшының жеке дамуына сәйкес келіп, жәрдемдесетін педагогикалық ықпалдардың құралдарын, әдістері мен түрлерін таңдау.

          Оқыту принциптері оқытудың барлық элементтерінде бір мезгілде туындап, өзара тығыз байланыста. Кей жағдайларда бірі екіншісінен басым түсіп отырады.

Спорттық дайындық барысындағы оқытудың

құралдары мен әдістері

          Оқыту процестері негізгісі дене жаттығулары болып табылатын ықпалдар құралдарын сондай – ақ ықпалдардың сәйкес сөздік, көрнекілік, іс-тәжірибелік құралдары мен әдістерін қолдануды талап етеді.

          Іс – тәжірибелік оқытуда жалпы педагогикалық әдістері (мазмұндау, әңгімелеу, дәріс беру, көрсету т.б.), ал қимыл әдістерін оқытқанда жалпы педагогикалық және арнайы әдістер пайдаланылады. Оқыту әдістері дидакикалық принциптерге сәйкес қолданылып, оқушылардың жас ерекшеліктері заңдылықтарына негізделеді.

          Оқыту барысындағы ілімдік мәліметтерді мазмұндау негізінен көрнекі құралмен үйлестіріліп, сөздік әдісімен жүргізіледі. Алған білім іс  тәжірибе жүзінде өзіндік сабақтарда, жұмыстарды ұйымдастыру мен төрешілік жасауда нұсқаушы жұмысында жүзеге асырылады.

          Дәйекті материалдарға сүйеніп, мазмұндау, біртіндеп көңіл күймен, бейнелеп келтіріп хабарлайтын әңгіме кең тараған сөздік әдісі. Әңгіме ұзақтығы  төменгі сынып оқушылары үшін 7 – 10 мин; ал одан жоғары жастарда 10-15 минуттан аспауы тиіс.

          Әңгімеге бірқатар талаптар қойылады. Дәйекті материалдарды іріктеу және жариялау көрнекі құралдар мен әңгіме элементтерін пайдалану, оқушыларға дербес жүргізілетін қажетті қорытындылар мен тұжырымдар жүргізу.

          Әрине, 10 – 12 жасар жасөспірімге арналған әңгіме түрі мен мазмұны жағынан осы тақырыптағы 15 – 16 жастағы жасөспірімдерге әңгімелеуге қарағанда біршама ерекшеленеді. Төменгі сыныпқа арналған қызықты, жарқын, тіпті қимылға толы мазмұндау жоғары сынып оқушыларының қабылдауына тиімсіз оларға дәріс тәрізді оқыту әдісі қолданылады.

          Әңгімемен салыстырғанда дәріс уақытты үнемдеуімен мазмұндаудың ғылыми қатаңдығымен, үлкен тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді. Мәселені жайттар тудыру мен дәрісті жандандыру мақсатында аудиторияға оқушылардың қызығушылығын тудырып, ойлау әрекетін белсенді ететін сұрақтар қоюға болады. Әрине дәріс оқу тиісті дайындықты талап етеді. Жоспар әдебиеттер таңдау, көрнекі құралдар, кино түсірілім, т.б.

          Оқытудың сөздік әдісіне диалог түріндегі әңгіме де жатады. Әңгіме оқыту әдісі ретінде педагогика ойластырылған сұрақтар мен жауаптар жүйесі арқылы оқушылардың алған біліміне сүйеніп, оларды қойылған міндетті шешуге жетелуге мүмкіндік береді.

          Айтылған оқытудың сөздік әдістерімен қатар түсіндіру әдісі де қолданылады. Ол әңгіме дәріс немесе сөйлесу белгілі бір құбылысты толық түсіндіре алмай, қандай да бір ереженің дұрыстығын дәлелдеу қажет болған жағдайда қолданылады. Түсіндіруде талдаудың растығын анықтайтын логикалық байланысқан ой түйіндерге негізделген мазмұндаудың дәлелдеу түрі пайдаланылады. Бұл әдіс қимыл әдісін  оқытқанда, қимыл фазалары мен элементтері құрылымын зерттеуде кең қолданылады. Оқытудың сөздік  әдісі көрнекілік әдістерімен үйлеседі, яғни оқушыларға табиғи заттарды, құбылыстарды немесе олардың суреттерін көрсетеді. Ілімдік курсты өткенде көрнекілік үшін плакат, тақтаға бормен салынған сурет, кескіндеме, кино түсірілім, кино фильмдер, сызбалар мен диаграммалар, т.б. пайдалануға болады. Әрбір көрнекі құрал сабақ барысында шешімін табатын міндеттерге сай келіп оқушыларды  құбылыс туралы дербес ойлап, тиісті қорытынды жасауға үйретуі қажет.

          Жас спортшылардың қимыл іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған оқытудың іс  тәжірибелік әдістері ең алдымен олардың белгілі бір қимылды орындауға дайындығына негізделеді. Бұл дайындық қимыл әдістеріне түбегейлі ықпал ететін белгілерді білдіреді. Олар бұл жағдайда негізін себеп-салдар әрекеті құрайтын дене және үйлесімділік қабілеттерін дамыту, психикалық даму болып табылады. Жас спортшының қимылды меңгеруіне дайындығын анықтағаннан кейін ғана нақты мақсат пен міндеттер қойылады.

          Кейбір қимылдарда үйретуге көп уақыт кетпейді. Бұл жағдайда оларды көрсету мен түсіндіру балалардың қимылды мұғалім түзетуімен дұрыс орындауға үйренуі үшін жеткілікті болып табылады. Алайда көп жағдайда қимылға оқыту көп уақытты талап етіп, бүтіндей немесе жекелеп үйрету әдістері жүргізіледі.

          Алғашқы оқыту сатысында қимыл әрекетін меңгеруге іскерлік деңгейінде алғышарт құрылып, қимылды бөлшектеп үйренген дұрыс. Мұнда орындалуы дене қабілеті дамуының жоғары деңгейін талап ететін бүтін қимылдың жеке кезеңдері мен элементтері меңгеріледі.

          Осы мақсатта арнайы бағыттағы көптеген ағымдық жаттығулар пайдаланылады. Мысалы, арнайы «санды жоғары көтеріп жүгіру» жеңіл атлетикалық жаттығулар әдісін оқытқанда бірқатар ағымдық жаттығулар жасалады: оң (сол) аяқты көтеру, аяқ ұшын өзіне қарай тарту; тізені қолмен құшақтап, кеудеге тарту; қол қимылымен аяқты тез түсіруге көмектесу, т.б. Бұл жаттығулар бірінші орында орындалады, сосын бағдарларды пайдаланып, жүріп және жүгіріп орындалады.  Барлық ағымдағы жаттығуларды дұрыс орындауға жеткеннен соң барып, жүгірушінің арнайы жаттығуларын орындауға өтуге болады.

          Қимылды тиімді басқаруға үйрету үшін тиімділік принципін пайдалану керек. Қимылдың жоғары орындалу дәлдігін қамтамасыз ететін нұсқа қимыл міндеттер түрлері ішіндегі ең дұрысы болып табылады. Бір ғана қимыл міндеті көптеген құрылымдық нұсқалармен атқарылады, бірақ нәтижесінде оқушы ағымдағы жаттығулар арқылы тиімді қимыл орындауға үйренеді. Бұл амал қимыл қорын кеңейтіп, қимыл міндеттерін дербес атқаруға үйретеді. Оқытудың бұл сатысындағы қимыл қорын кеңейту оқушылардың үйлестіру қабілетін жетілдіру үшін қолданылады.

          Ағымдағы жаттығулармен қатар қимылды реттеуші тренажерлар қолданылады, оның бірі бағытты көрсетсе, екіншісі қимылды шектейді. Үшінші жағдайда зейінді шоғырландырып, күшті толықтырады. Қимылды оқытудың сатысында қимыл әрекетін қатты сөйлеу мен ырғақты әуенмен жүргізу әдісі қолданылады.

          Қимылға оқытудың алғашқы сатысы төменгі сынып оқушыларына сәйкес келетінін ескеріп сабақты «Кім жаттығуды дәл орындайды?» белсенділігіне бағытталған мақсатта ойын түрінде өткізген дұрыс.

          Оқытудың бұдан кейінгі сатыларында қимылды толық орындап үйрену тән, ол оқыту нысаны болып табылатын қимыл дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Оқытудың бұл сатысында өзгермелі тербелісті жаттығулар әдісі, яғни қимылды түрлі бастапқы қалыптардан бастап орындау кең қолданылады.  Мұнда «жеңңілден қиынға», «жеңілден қиынға өте қиын арқылы»  ережелерін ұстанады.

 

1.5  Жас спортшыларды оқытудағы жан – жақты амал

 

            Жан – жақты амал жүйесі жас спортшыны оқытуда да тәрбиелеуде де спорттық бөлімдерді біртектес топтарға бөлуді ұсынады. Ондай топтарға белгілі сипаттары өте ұқсас қыздар мен ұлдар біріктіріледі (дене дамуы, дене дайындығы, психофизиологиялық көрсеткіштері, жыныстық жетілуі деңгейі, т.б.). бұндай біртектес топтар құру белгілі бір әдістемені талап етеді, ол жасөспірімдер тәрбиесінің жалпы барысында және көпжылдық спорттық даярлықты теориялық тұрғыдан негізделіп, іс – тәжірибеде қолданыс табады. Көптеген зерттеушілер мен іс – тәжірибешілер жас спортшыларды ілімдік материалдар мен қимыл әдістерге оқытқанда және тәрбиелегенде оларды жан – жақтылау амалын, жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері, жүйке әрекетінің түрлері, темпераментіне қарай жүзеге асырған дұрыс.

          Адамның жүйке жүйесінің негізгі типологиялық ерекшеліктеріне оның  күші, қозғалғыштығы, байсалдылығы тәрізді ерекшеліктері жатады. Осы ерекшеліктердің қосындысы көптеген типтік торларды құрайды, негізгісі ретінде төрт түрі алынады.

  • жеңілтек (темпераменті бойынша холериктерге сәйкес келеді); оларға қимылдағы айналымдық жүйкенің тез көтерілуі сосын шаршап, іс әрекеттің баяулауы тән;
  • өте байсалды (темпераменті бойынша сангвинниктерге сәйкес келеді), іс — әрекеті өзгеріссіз, біркелкі жүреді, іс — әрекеттің шаршап, баяулауы сирек.
  • байсалды (темпераменті бойынша флегматиктерге сай келеді); күшті тең жұмсауда, ұзақ және әдісті күш жұмсауды қажет ететін жұмыстарды жақсы орындайды, төзімділігі жоғарғы;
  • әлсіз (темпераменті жағынан меланхоликтерге сәйкес келеді). қозу процесі тежелу процесінен басым.

          Ғылыми зерттеу мәліметтері жүйке жүйесінің қасиеттері, оның типологиялық ерекшеліктері қимылды үйрену шапшаңдығы мен сапасына ерекше ықпал ететінін көрсетті.

          Сонымен, жүйке жүйесі күшті жас спортшылар түсіндіргенде де, көрсеткенде де жаттығуды әлсіз спортшыларға қарағанда тез меңгереді. Жүйке жүйесі түрлері әртүрлі оқушылардың арасындағы жаттығуды есте сақтау айырмашылығы әлсіз оқушыларда жаңа жаттығулар, әсіресе, алғашқы оқу сатысында абыржытуға ұшырататынымен түсіндіріледі. Оқытуға деген жан – жақты амал күштілер үшін сөз, ал әлсіздер үшін көрсету қажет екенін көрсетті. Бұндай амалдардың тиімділігі күштілердің дәлдікке, ал әлсіздердің күшке арнап қимылды орындағанда артады.

          Қимылды үйренген қабілеті жаттықтыру жүктемесіне төзімділігі, жаттығу қимылдарының күрделену ырғағына шыдамдылығы сондай-ақ дене және қимыл қабілеттерін көрсетуді талап ететін жаттығуларды орындауда ағзадағы физиологиялық процестердің жалпы ағыны жүйке – жүйесі түрлерімен және оны құрайтын қасиеттерімен анықталады.

          Көптеген жүйке жүйесі қасиеттерінің генетикалық негіздері бар, оларды дамыту барысында белгіленген заңдылықтар байқалады. Алынған мәліметтер балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай күшті дамыту ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің түрі мен темпераментін анықтайтын жүйке әрекеттерінің қозғалғыштығы мен байсалдылығын анықтауға мүмкіндік береді.

          Жүйке әрекеттері күшін дамытуда мынандай кезеңдер бар. Бұл қасиет көрсеткіштері ұлдарда 10 және 16 жаста төмендеп, 17 жасқа қарай артады, қыздардағы жүйке жүйесі күшінің артуы 8 – 10 жаста байқалады, ал 10 – 11 жаста бұл көрсеткіштер тұрақталады. Одан соң 13 жасқа дейін белсенділік кезеңі байқалып, ал 15 жаста төмендейді, ал 16 жаста көтеріліп, 17 жаста тұрақталады.

          Егер оқушыларды жүйке жүйесінің аталған қасиеттерінің көрсеткіштері бойынша «күшті», «орташа», «әлсіз» топтарына бөлсек, онда қыздар мен ұлдардағы «күштілер» саны 17 жаста, «әлсіздер» 8-9 жаста, ал ұлдарда 10 жаста байқалады.

          8 – 14 жас кезеңіндегі қыздар мен ұлдар арасындағы «әлсіздер» саны көп болуы жүйке жүйесінің аталған қасиетінің жас ерекшеліктерінің дамуы болып табылады. Ұлдарда 15 жаста ал қыздарда 14 жаста, «күштілер» мен «әлсіздер» өкілдері арасындағы тепе – теңдік басталады; топтар өзара тең және 40 – 45 % бойынша құрайды. Қыздарда 15 жаста, ал ұлдарда 16 жаста, «әлсіздер» саны артып, тек қыздарда 165 жаста, ал ұлдарда 17 жаста, «әлсіздерге» қарағанда, «күштілердің» пайызы басым келеді.

          Байқалған ерекшеліктер жасы және жынысы әртүрлі жас спортшылар дайындығындағы педагогикалық ықпалдар құралы мен әдістерін кезеңімен өзгертіп отыру қажеттігін дәлелдейді.

          Жүйке әрекеттерінің байсалдылығы да күш тәрізді жасына қарай кезеңімен өзгеріп отырады. 8 жастағы ұлдарда байсалдылық басым болып, ал 9- 10 жаста тежелу жағына қарай күрт өзгерді, 11 жаста онда тежелу басымдығы байқалды.

          12 – 13 жас үшін жүйке жүйесінің байсалдылығы тән, ал 14 жаста қозу әрекеті басым болады, ал 16 жаста тежелу жағына қарай ауысады.

          10  жастағы қыздарда тежелу қозудан басым болады. Көптеген бозбалаларда жүйке әрекеттерінің байсалдылығы 17 жаста байқалады.

          Егер балалар мен жасөспірімдерді осы қасиеттерді жан – жақтыласа, яғни «тежелуге», «байсалдылыққа», «қозуға» бөлсе, онда 8 – 11 жасқа қарай ұлдар мен қыздарда «тежелу» пайызы біршама өседі, сосын ол азаяды, ал 16 жаста оқушылардың жалпы санының 45 %-ын құрайды.

          Қыздар арасында «тежелушілер» саны ұлдарға қарағанда 10 – 15 % — ға көп, ал 13, 14, 15 жаста жігіттерде және 17 жаста 50 – 55 % — ын «байсалдылар» құрайды. Қозушылар саны да оқушылардың жасы мен жынысына байланысты болады, ал жалпы көлемде 5 – 30 % — ға өзгереді. Қыздар арасында ұлдарға қарағанда «қозушылар» саны 5 – 6% — ға көп. Қыздар арасында 12, 13 және 17 жаста, ал ұлдарда 11, 14 және 15 жаста пайызы артады.

          8 – 15 жастағы жүйке жүйесінің қозғалғыштығы балалар мен жасөспірімдерде өте жақсы, ал 10 – 16 жаста бұл көрсеткіштер біршама төмендейді. 11 – 15 жаста қыздардағы жүйке жүйесінің қозғалғыштығы жақсарады, яғни дамудың жоғары деңгейі байқалады, сосын 15 – 17 жаста олар қатты төмендейді.

          Жан – жақтылауда негізгі оқушылар санында «қозғалғыштық» саны басым болады. Олар қыздар арасында көп.  Ұлдарда 9, 10, 13 және 16 жаста «инерттілер» санының азаюы пайызы 35 – 40 % — ды құрайды.

          Жүйке жүйесінің бұл қасиетін 10 және 14 жаста оқушылардың жынысына қарамастан төмендейтін ақпаратты талдау спорттау жұмысының жылдамдығын сипаттайтын көрсеткіштерді де жатқызуға болады.

          Қыздарда ұлдарға қарағанда барлық жаста ақпараттарды талдау – сараптау  шапшаңдығы мен жіберген қателер санынан жақсы көрсеткіш береді, олар 10 және 12 жаста көп қате жібереді. Ақпараттарды талдау – сараптау жылдамдығының артуына қарай жіберілген қателердің пайызы да артады, демек, әрбір жас үшін және әрбір жеке тұлға үшін ақпараттың сапасының жеткілікті шекарасы болады.

          Келтірілген мәліметтер балалар мен жасөспірімдердің дамушы ағзасының жүйке жүйесінің құрамдас бөліктерінің жас ерекшеліктері дамуындағы гетерохрондықтың бар болуын, олардың дамуының белсенділігінің өзгеру кезеңін дәлелдеді, ол ағзаның энергетикалық қорын алдын ала анықтап, сонымен қатар педагогикалық ықпалдар құралдары мен әдістерінің бағытын анықтайды.

 

1.6 Дене дайындығы мен оның жас ерекшеліктері бағыты.

Жаттықтыру ықпалдарының негізгі құрамдас бөліктері

 

Дене дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастыру белгілі бір уақытқа жаттықтыру ықпалдары жоспарын мұқият әзірлеуді талап етеді. Мысалы, бір сабаққа, аптаға, айға, жарты жылға, т.б. бұл жоспардың мазмұны, ең алдымен мәніне қарай жаттықтыудан кейінгі жағдайын қарастыратын жаттықтыру жүктеме шамасы тәрізді белгілерін қамтуы тиіс. Өскелең ағзаның қызметтік мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемесі денсаулықты нығайтуға, дене дайындығын артыруға көмектесіп, ал шектен тыс жүктеме бүкіл ағзаға кері әсер етеді.

          Сонымен, жаттықтыру ықпалының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі жаттықтыру жүктемесінің шамасы болып табылады, ал таңдалынып алынуы, яғни белгіленген дене қабілеттеріне және барлық таңдалған жүктемеге жалпы ықпалды ұсынатын жалпы қабілеттерді тәрбиелеуге бағытталған болуы мүмкін.

          Дене жаттығуларын орындау арасындағы демалыс жаттықтыру ықпалының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жаттықтыру жүктемесі мен демалысты кезектестіру – сабақты дене дайындығы бойынша жүргізудің басты шарттарының бірі. Алайда мұнда да өзіне тән ережелер мен заңдылықтар бар. Дене қабілеттерін таңдап тәрбиелеуде демалысқа жұмсалатын уақытты біліп, жүректің жиырылу жиілігі көрсеткіші бойынша анықталады және демалыс ағзаны және олардың жүйелерін қалпына келтіру үшін қажет.

          Жаттықтыру сабақтары жалпы дене дайындығына бағытталып кешенді өткізіледі. Сосын арнайы дайындыққа уақыт беріледі, онда барлық құралдар мен әдістер таңдаулы сипатта болады. Бұл жағдайда дене қабілеттеріне тәрбиелеуді бір жаттықтыру сабағы бойында және барлық көпжылдық жұмыс бойынша бірізділігі мен кезеңдестіруді сақтау қажет.

          Осы құрамдас бөліктердің барлығы дене дайындығы әдістерінің негізін құрап, балалар мен жасөспірімдердің дамуының жас ерекшеліктері заңдылықтарына келуі тиіс.

          Бірлікте және өзара байланыста болып, олар балалар мен жасөспірімдердің және жастардың дене дайндығы жүйесінің негізін анықтайды.

          Дене жүктемесі шамасы. Сабақ барысында көлемді арттыру арқылы немесе абсолюттік және қатыстық қарқындылықты арттыру жолымен шектік жүктемелерге жетуі мүмкін. Сол арқылы шешілуі тиіс бірінші мәселе – бұл жаттықтыру жүктемелерінің ұзақтығы мен дене жаттығуларының орындалу ұзақтығы.

          Бір кездері жастардың дене және  спорттық дайындығы ілімінде жақсы денсаулық пен жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін жаттықтыру жүктемелерін көбейту арқылы жетуге болады деген пікір қалыптасты. Ауыр атлетикадан, жүзуден, гимнастика мен велосипед спортында  сабақтар саны артып, жүктеме көлемі көбейді. Алайда, бұл күткен нәтижелерді көрсетпеді. Мүмкіндігінше, екінші шама яғни мәні жағынан оттегі қажеттілігін арттыратын қарқындылық ұмыт қалды. Аэробтық мүмкіндіктерді дамытудағы бірқалыпты ұзақ жұмыс қарқыны емес, қысқа уақыттық қайталулар түрін де орындалған, шағын демалыс аралықтарына бөлінген анаэробтық, жұмыстар тиімді ықпал ететін ілім мен іс – тәжірибеде анықталады.

          Егер дене дайындығы ілімі мен іс-тәжірибесін талдауға келетін болсақ, көптеген дене қабілеттерін тәрбиелеу жаттығуларды шектік, үлкен қарқынмен орындауды талап ететініне көз жеткіземіз. Бірақ мұнда жаттықтыру жүктемесі көлемі шағын. Біз қандай дене қабілетін тәрбиелейтінімізге байланысты.

          Мысалы, шапшаңдық пен оның барлық пайда болу түрлерін тәрбиелеуде өте жоғары жылдамдықпен орындалатын жаттығулар пайдаланылады.

          Жылдамдық жаттығулары шектік қуат жұмыстарына жатады, олардың, ұзақтығы дәрежелі спортшыларда 20 – 22с, ал төмен дайындалғандарда бұл уақыт бұдан да аз болады. Жас спортшылардағы шапшаңдықты тәрбиелеу 5 – 6с. Қысқа мерзімдік жүктемелерде тиімді жүргізіледі. Жүктемелер сияқты демалыс үзілістері де тұрақты емес, ағзаның біркелкі, қайталану жұмыстарына бейімделуіне байланысты шапшаңдықты дамыту деңгейін тұрақтандырмас үшін өзгертіп отыру қажет.

          Күшті тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар шамамен 20 – 60 %  шектік күшпен аз және орташа серпінмен тез, орташа  және бірқалыпты ырғақта орындалуы  мүмкін. Жаттығулар көптүрлі болып, бұлшық ет топтары  жұмыс істеуі тиіс.

          Балалар мен жасөспірімдердегі күшті тәрбиелеудің негізгі әдісі – қайталау, оның негізгі құралдары сыртқы қарсылықпен және серпіліп орындалатын жаттығулар, олар мынаған тең: 8 – 9 жастағы балалар үшін — өзіндік дене салмағының, ½ -і, 12 – 13 жас үшін 2/3 – і, 14, 15 жас үшін – ¾ — і. Тек 15-16 жастан кейін ғана жасөспірімдер өзіндік салмағына тең серпілуді пайдаланады.

          Төзімділікті тәрбиелеуде түрлі қарқынмен 200 – 300м – ден 3000 м қашықтықтағы жаттығулар қолданылады. Қолайлы жас ерекшеліктері кезеңіндегі қысқа демалыс аралықтары бар шектік қарқында орындалатын жаттығулар басым болуы мүмкін.

          Ептілік пен үйлесімділікке арналған жаттығулар ағза шаршамай тұрып, мынадай бірізділікте алғашқылардың бірі болып орындалады. Қимыл қызметінің алғашқы дамуы,қызмет даму барысында күш алып, шарықтау шегіне жетеді, ептіліктің даму ырғағы өте жоғары болғанда шарықтау шегі болады.

          Иілгіштікті тәрбиелеудегі жаттығуларды орындау ұзақтығы қандай буындарға күш түсетініне байланысты болады. Сонымен, иілгіштік қайталауды былай мөлшерлеуде жасөспірімдік кезеңде тиімді дамиды. Иық буыны 25 – 30 – 40;  сан-жамбас буыны 25-35-45; омыртқа буыны 30-40-50. қарқындылық өлшемі қимыл құлашы болады.

          Дене жаттығуларының орындалу қарқындылығы жаттықтыру жүктемесінің бағытына байланысты болады және ЖЖЖ бойынша бағаланады.

          Дене дайындығы мектеп жасына дейін  жүргізілетіні белгілі, қозғалыс ойындары оның құралы болып табылады. Бағыты бойынша қозғалыс ойындарын жан-жақтлау мақсатына қарай жапон профессоры Кацубэ 3 – 5 жастағы балалар үшін ЖЖЖ көрсеткіштері бойынша қарқындылықтың төмендегіше классификациясын ұсынды (соққы мин -1).

          Жоғары – 160 тан аса,

          Орташа – 159-130 шамасында.

          Кіші – 129 дан аз.

          Әрине, ЖЖЖ (соққы мин -1) көрсеткіштері бойынша жүктеме көлемі реттеліп, бақыланатын жас спортшылардың дене дайындығы бойынша жаттықтыру сабақтары оқушылардан ЖЖЖ бойынша жүктемеге ағзаның жауап беруін дербес анықтау дағдысын талап етеді.

          Жүктеме мен демалысты кезектестіру. Жаттығуды орындау арасындағы демалыстың аралық ұзақтығы жаттықтыру ықпалдарының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Демалыстың ұзақтығы мен сипаты дене қабілетін таңдап дамытуды анықтайды.

          Қазіргі кезде жылдамдық – күш және жылдамдық қабілеттерін, төзімділікті, иілгіштікті, ептілікті дамытудағы дене жаттығулары арасындағы демалыстық аралықтарын дәл анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер бар. Бұл мәліметтер жасы мен жынысына  қарамастан жалпы мәліметтер береді.

          Осыған байланысты түрлі жастағы және жынысы әр түрлі балалар мен жасөспірімдердің шектік қарқындылықтағы жүктемеден кейінгі ЖЖЖ – ін қалпына келтіру өзгерісін зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілді. Алынған мәліметтер қыздар мен ұлдарда ЖЖЖ (соққы мин -1) көрсеткіштерін алғашқы минутта қалпына келтіруді орташа қарқындылық аймағында белгіленетінін, ал екінші минутта кіші қарқындылық аймағына жететінін көрсетті.

          ЖЖЖ қалпына келтіруде жас және жыныстық айырмашылықтар өте айқын байқалатынын айта кеткен жөн. Әдетте, қыздардың ЖЖЖ қалпына келтірудің түрлі минуттарын да ұлдар мен жасөспірімдерге қарағанда шамасы үлкен болады.

          Сонымен арнайы әдебиеттерде келтірілген жалпылау ұсыныстары мен алынған мәліметтер түрлі бағыттағы дене жаттығуларын орындау аралығындағы демалысты анықтауға мүмкіндік береді.

          Демек, жоғары қарқындағы жылдамдық пен жылдамдық – күш ерекшеліктерін және ептілікті дамытуда үлкен демалыс аралығы 150-180с, ал төзімділік пен иілгіштікті дамытуға – қысқартылған 60-90с аралығы қолданылады.

          Жоғары қарқындағы жүктемелерге қолданылатын үлкен аралықтар тек ептілікті тәрбиелеуде ғана сақталады. (150-180с.), жылдамдық – күш қабілеттерін тәрбиелеуде қысқарған аралықтар, ал төзімділік пен иілгіштікті тәрбиелеуде 30-60с-қа тең кіші аралықтар пайдаланылады.

          Орта қарқындылықты жаттығуларды орындауда аз демалыс аралықтары, ал төзімділікті, иілгіштік пен ептілікті тәрбиелеуде – қысқарған аралықтарды талап етеді.

          Дене жаттығуларын орындау қарқынына қарай үш түрлі демалыс аралығы ұсынылады.

  • үлкен, ол жұмыс қабілетін қалпына келтіретін дене жаттықтыруларын кезекті қайталауға мүмкіндік береді.
  • қысқарған, келесі жаттығуларды орындау бастапқы деңгейге сай келсе онда жұмыс қабілеті әлі қалпына келтірілмеген;
  • кіші дене жаттығуларын орындауды жұмыс қабілеті біршама төмендеген жағдайда жүргізілгенде.

          Демалыс аралықтарын бағалау өлшемдері біздің зерттеулеріміз бен түрлі аймақтарда орындалған зерттеулерде алынған жас спортшылардың ЖЖЖ-ін қалпына келтірудің аталған өзгерістері болуы мүмкін.

          Сабақ барысында белсенді немесе пассивті демалыс қолданылады, ол жаттығуларды орындау қарқыны мен ұзақтығына байланысты. Әрине, демалыстың кіші аралықтары пассив қимылдармен, ал үлкен аралықтары – белсенді сипаттағы жаттығулармен ауысады.

          Кешенділік пен бірізділік. Қорытылған жан-жақты мәліметтер мен жүргізілген іс-тәжірибелер жаттықтыру ықпалдарының құрамдас бөліктерін де, олардың жас спортшыларды денелік дайындау барысындағы дене қабілетіне тәрбиелеудің кешенділігі мен бірізділігін де анықтайды.

          3 – 6 жастағы мектепке дейінгі кезең барлық дене қабілеттерін тәрбиелеу үшін қолайлы кезең болып саналады. Егер осы жаста қамтылмай қалған қабілет болса онда болашақта дене қабілеттері тәрбиеге келмейді немесе тәрбиеге көнуі қиын болады.

          Жалпы дене дайындығы үшін тән кешенді дене қабілетін тәрбиелеу оқушылардың денсаулығына, жұмыс қабілетіне, ақыл-ой дамуына дұрыс ықпал етеді. Дене қабілеті жақсы дамыған оқушылар қимыл әдістерін тез меңгереді. Әрине олардың спорттағы табысы, бірінші кезекте өзіндік дене қабілетіне және олардың қалай дамығанына байланысты болады.

          Дене қабілеттерін кешенді тәрбиелеу барысында сабақтарда төзімділікті, шапшаңдықты, иілгіштікті, ептілік пен күшті дамытуға бағытталған жаттығулар пайдаланылады. Бірақ, бұл таңдаулы бағыттағы жаттығулар тең болып, кез-келген бірізділікте жүргізіле береді дегенді білдірмейді. Жүктеменің таңдаулы көлемі қандай қабілеттің белсенді дамығанына қарай анықталады, ал жаттығуды орындау бірізділігі ағзаның физиологиялық заңдылықтарына байланысты болады. Мысалы, төзімділікке арналған жаттығулардан кейін қимыл әдістері нашар меңгеріледі, ал күшті тәрбиелеуден соң жылдамдық қабілеті нашар дамиды. Бұл табиғи жайт. Күш пен төзімділікке арналған жаттығуларды ұзақ орындауға байланысты шаршаған соң, әрине, келесі жаттығуларды бақылауы қиындап, үйлесімділік және кеңістік бағдары бұзылып, соның нәтижесінде қимыл әдістері нашар орындалады.

          Сабақты иілгіштік және ептілік (қимыл әдісі) шапшаңдық, күш, төзімділік тәрізді дене қабілеттерін тәрбиелеу бірізділігін сақтап жалпыға ортақ сызба бойынша құруға болады.

          Балалар мен жасөспірімдердің түрлі жас кезеңдеріндегі дене қабілеттерін таңдаулы тәрбиелеу бірізділігін анықтауда сәл өзгеше амал қолданылады.

          Мұндағы дене қабілеттерін табиғи дамытудың белсенділігі мен ырғағын сипаттайтын көрсеткіштер дене қабілетін тәрбиелеу бірізділігін таңдау үшін негіз болады. Өте белсенді кезеңдері (сенситивтік) дене қабілетіне жаттықтыру үшін сезімтал және оларды тәрбиелеуде тиімді болып табылады. Дене қабілетін дамытудағы кезеңдік пен гетерохрондық олардың жасына қарай тәрбиелеу бірізділігін де бейнелейді.

          Мысалы, төменгі сынып оқушыларындағы дамудың жоғары ырғағы жылдамдық-күш қабілеттерін сипаттайтын көрсеткіштерде байқалады. Демек, үш жыл ішінде бұл қабілет ұлдарға 44 % — ға, ал қыздарда 34 %- ға артады.

          Осыны жас ерекшеліктері тұрғысынан қарағанда ұлдардағы 8 – 9 жастағы ырғақ 22 % — ды, 9 – 10 жаста 4 % -ды, 10-11 жаста – 18 % — ды, ал қыздарда 11,5 және 18 %- ды құрайды.

          Сонымен, төменгі сыныптардағы жылдамдық-күш жаттығулары басты орындарда тұрады. Орта және жоғарғы мектеп жасында басқа дене сапаларын тәрбиелеуде өзгеше кезеңдестіру қолданылады. Балалар мен жасөспірімдердің көпжылдық спорттық дайындық сатыларын таңдауы тәрбиелеудің барлық ағымын дәл анықтап, жоспарлауға мүмкіндік беретін көптеген ғылыми мәліметтер де осыны анықтайды.

 

1.7 Дене қабілеттерін тәрбиелеу құралдары мен әдістері

 

          Күш пен жылдамдық – күш қабілеттері жас спортшылардың дайындығындағы күш қабілетін тәрбиелеуді мынадай жаттығулар қолдану ұсынылады. Анық шаршағанға дейін қайталап салмақ көтеру; шектік салмақты көтеру; шектік салмақты жоғары жылдамдықпен көтеру.

          Соған сәйкес үш әдіс бар: қайталау, күш, шектік күш және өзгерістік күші. Олардың әрқайсысын жас спортшылардың дене тәрбиесі іс- тәжірибесінде қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар.

          Алғашқы дайындық сатыларында күш жаттығулары шектеліп қолданылады. Бұл жастағы балалар гимнастикалық жабдықтарда секіру, акробатикалық түрдегі құралдарды, өзгерісті жаттығуларды пайдаланып, жылдамдық – күш жүктемелерін жақсы атқарады.

          Одан кейінгі жасөспірімдік кезеңде жылдамдық – күш пен күш қабілеттерін тәрбиелеу үшін өте қолайлы алғышарттар құрылады. Оқу – жаттықтыру барысында аз тартылумен өзгермелі күш жаттығулары, арқанға өрмелеу, жүк тасымалдау, ядро лақтыру қолданылады. 15-16 жаста күш төзімділігі белсенді қалыптасып, тартылу жаттығулары артады, арқанға жылдам өрмелеу, күрес элементтері, тренажерлар кең қолданылады. Осы жастағы қыздарда күш жаттығулары қатыстық бұлшық ет күшінің азаюына байланысты шектеледі.

          Күшті дамытуға көмектесетін құралдарды таңдау бұлшық еттің үйлесімді дамуын және бұлшық ет салмағының жасына қарай сәйкес дамуын қарастыруы тиіс.

          Жасөспірімдердегі күш қабілетін түрлі заттарды қолданып жаттығу арқылы дамытуға болатынын іс-тәжірибе көрсетті.

          Алғашқы спорттық дайындық сатысында  күшті тәрбиелеу үшін  өзгермелі сипаттағы жылдамдық – күш жаттығуларын пайдаланған дұрыс. Одан кейін күш, қабілеттерін тәрбиелеп, ол үшін қарқыны аз жүктеме көмегін пайдаланған дұрыс.

          Алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе күш қабілетін (бұлшық ет күшін) жасөспірімдік жаста дамытқан дұрыс деп есептейді. Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін, ағза өзгерістерін ескеріп, күшті дамыту ісінде қайталау күшін және өзгермелі күшті, яғни осы екі әдісті пайдалану қажет. Бұл үшін жоғары қарсылықты жаттығулар, түрлі заттар (гантельдер, штанга, т.б.), әріптесінің қарсылығы, қоршаған орта қарсылығы, сондай —  ақ өзіндік дене салмағына тең тартылу жаттығуларын пайдаланады. Орташа және шағын тартылуы бар күш жаттығулары қайта топтамалары ретінде орындалады. Үлкен күш   түсіруді, әсіресе, тынысты ұстап тұруды талап ететін жаттығуларды орындауға кеңес берілмейді. Жаттығуларды олардың орындалуы тыныс алу ырғағымен үйлесетіндей етіп таңдау қажет.

          Күшті тәрбиелеу құралы аяқ-қол бұлшық еттерінің, иық белдеуінің негізгі бұлшық ет топтарын дамытуы тиіс. Барлық бұлшық ет топтарын кешенді дамытауды қамтамасыз ететін сабақты ұйымдастыру түрін қолдану арқылы күш қабілеттерін тәрбиелеуде жетістікке жетуге болады.

          Жылдамдық қабілеттері. Шапшаңдықты тәрбиелеудің негізгі әдістемесі қысқа уақыт аралығында үлкен қарқынмен орындалатын жаттығулар болып табылады. Зерттеу көрсеткеніндей шапшаңдық төменгі сыныпта және жасөспірімдік кезеңде жақсы дамиды. Бұл кезеңде қимыл жиілігін арттыруға  бағытталған құралдарды көптеп пайдалану арқылы шапшаңдықты тәрбиелеген дұрыс. 12 – 15 жаста негізінен жылдамдық – күш жаттығуларын пайдаланып, жылдамдық қабілетін арттыруға болады, жылдамдық жаттығуларын орындауды аз көлемде, сабақтан келесі сабаққа жылдамдық қабілеті артып, қимыл саны уақыт бірлігіне қарай артуын қадағалау қажет. Мұндағы жаттығулар біркелкі болмауы тиіс. Олардың міндеті – түрлі бұлшық ет топтарын кең қамтып, орталық жүйке жүйесінің реттеуші әрекетін жетілдіріп, оқушылардың үйлесімділік қабілетін арттыру болып табылады.

          Шапшаңдықты тәрбиелеу әдістемесін жасауда орындалған жылдамдық жаттығулары арасындағы демалыс аралықтарын анықтауға бағытталған зерттеу үлкен қызығушылық тудырады. Балалар мен жасөспірімдер сабақтарында жылдамдықты тәрбиелеу үшін жаттығуды қайталап орындауда 1 – 2 мин шамасында қысқа демалыс аралықтары дұрыс, оларды пайдалану сабақты қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Алайда демалыс аралықтары тұрақты болмауы тиіс. Оларды шапшаңдықпен жылдамдыққа төзімділіктің қайталау жұмыстарында жиі кездесетін, ағзаның біркелкі жұмысқа бейімделуіне байланысты тұрақтану деңгейін болдырмас үшін өзгертіп отыру қажет.

          Шапшыңдыққа арналған жаттығулар алдында 15 – 20 мин. шамасында ширату өткізген дұрыс. Шапшаң қимылдарды орындау үшін тірек қимыл аппаратын дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.

          Шапшаңдықты тәрбиелеуге арналған жаттығулар сабақтың негізгі бөлімінде, сосын бұлшық ет күші мен төзімділікті дамытуға арналған жаттығулар орындалады. Шапшаңдықты тиімді дамыту сабақтарға қозғалыс және спорт ойындарын ендірген жағдайда ғана мүмкін болады.

          Шапшаңдықты дамыту барысында мынадай әдістемелік ережелерді ұстану қажет.

  • жаттығулар әдісі жағынан күрделі болмауы тиіс.
  • Оқушылар жаттығуларды жақсы меңгеруі тиіс.
  • жаттығу ұзақтығы соңында шаршағаннан жылдамдықты орындауы төмендемейтіндей болуы тиіс.
  • балалар мен жасөспірімдерге арналған жылдамдық жаттығуларының ұзақтығы 10-12 м-тан аспауы тиіс.
  • келесі жаттығулар жоғары қалпына келтіру кезеңінде орындалады.
  • жылдамдық жаттығуларын қайталап орындау барысында белсенді демалысты пайдалану керек (1-2 мин).
  • жылдамдық жаттығулары сабақтарда алғашқылардың бірі болып орындалады.

          Шапшаңдықты тәрбиелеуде жүгіру сипатындағы жылдамдық жаттығуларымен қатар спорттың басқа түрлерінен алынған жаттығулар да пайдаланылады.

          Төзімділік ағза сабақ барысында шаршауға жеткенше тәрбиеленеді.

          Тұрыстық және өзгерістік төзімділікті де төменгі сынып оқушыларында дамытуға болады, ол біршама дәрежеде олардың жұмыс қабілетін арттыруға көмектеседі. Бұл осы ұғымның, яғни төзімділік ағзаның шаршаумен күресу қабілеті деген анықтамасына дәлел болады.

          Төменгі сынып жасындағы балалардың төзімділікті дамыту деңгейі жоғары емес. Алайда 40 жасқа қарай оларда жылдамдық жұмыстарын бірнеше дүркін орындау (қысқа қашықтыққа қайталап жүгіру). Сондай – ақ ұзақ уақыт бойы аз қарқында жүгіру (баяу жүгіру) қабілеті артады. Демек, баяу жүгіруді төменгі сынып жасынан бастап-ақ төзімділікті дамыту үшін қолдануға болады.

          Бірінші сабақтардан бастап-ақ жалпы төзімділікті дамытуға үлкен көңіл бөлген дұрыс. Мұнда тең ырғақта ұзақ асықпай жүгіруді пайдалану ұсынылады.

          10 жастан асқан соң қашықтық үнемі қысқарып соған сәйкес жылдамдық артады. Онда ЖЖЖ оқушыларда 170 – 185 соқ.мин— 1  шамасында сақталады. Демалыс үшін 45 – 90 с. беріледі.

          Аз қарқынды жаттығуларды орындау ұзақтығын бірте-бітре арттыру барысында 11-12 жастағы жүгіру дайындығының көлемін аптасына 14 км-ге дейін жеткізуге немесе одан арттыруға болады. Мұндағы жүгіру мен жүру, шаңғымен 1-1,5 км арақашықтықта жүру жалпы төзімділікті дамыту үшін жақсы құрал болады.

          8-10 жаста шектік қарқынмен жүгіруді немесе сол бағыттағы қозғалыс ойындарын пайдаланып, өзгермелі төзімділікті дамытуға әсер етуге болады.

          Тұрыстық төзімділікті біршама күш түсірумен және тұрыс элементтерімен байланысты қарсыласуға қарсы жаттығулар көмегімен жақсы тәрбиелеуге болады. Мұнда демалыс ретінде өзгермелі жаттығулар мен босаңсыту жаттығулары ұсынылады. Баяу, әсіресе, жергілікті жерде қайталау  және біркелкі әдісті қолданып жүгіру жалпы төзімділікті тәрбиелеудің керемет құрамы саналады.

          Төзімділікті төменгі сынып жасынан бастап, 8 – 30 мин барысында баяу жүгіруді, регби мен футболды пайдаланып, тәрбиелеу қажет. (30-60 мин).

          Төзімділікті тәрбиелеудегі көлем мен қарқынды ЖЖЖ көрсеткіштерінің шамасы 190 соқ.мин – 1  — ден аспайтындай етіп, демалыс аралықтарын реттеу қажет. Қысқа қашықтықтарда жүгірудегі демалыс аралығының ұзақтығы (30 – 80 мин) 1 – ден 1,5 минутқа дейін болуы мүмкін. 150-250м жүгіріп өткенде аралық сәл артады (3-4 минутқа дейін).

          Төзімділікті дамыту құралдарының бірізділігімен үйлесімділігіне келетін болсақ, онда жаттықтыру ықпалдарының түрлі құралдары топтамасын пайдалану тиімді болады. Төзімділікті тәрбиелеуге біркелкі қайталау және өзгермелі әдістер пайдаланылады.

          Біркелкі әдісте жеке дене дайындығына қарай жүктеме беріп, оларды уақытқа қарай тең бөлу мүмкіндігі бар. Бұл әдістегі жаттықтырулар бір ырғақта өзгеріссіз және жылдамдықты үдетпей орындалады, ол жалпы төзімділікті дамытуға көмектеседі.

          Қайталау әдісі жеткілікті демалыс аралықтарында жаттығуларды қайталау санын өзгертіп, жүктемені реттеу мүмкіндігін береді.

          Өзгерістік әдісте жаттығу өзгермелі ырғақта орындалуы қарастырылады. Төзімділік жаттығуларын орындау аралығындағы демалыс аралығына келсек, онда олар қашықтық ұзақтығына байланысты болып, 1 – 1,5 – тен, 3 – 4 минутқа дейінгі аралықты құрады. Мұндағы ЖЖЖ дене дайындығына қарай 140 – тан 180 соқ.мин – 1   — ді құрайды.

          Төзімділікті дамытудағы жаттығуды орындау қарқындылығы 75-85 % шектік деңгейде болуы тиіс. Демалыс аралықтары әдетте, аз қарқынды жұмыспен толықтырылады.

          Иілгіштік басқа да дене қабілеттерімен байланысып, олардың даму деңгейіне әсер етеді.

          Жүргізілген зерттеулер иілгіштікті таңдаулы тәрбиелеуде төмендегі жаттығулардың тиімділігі туралы сөз етеді.

  • омыртқа жотасы түрлі бастапқы қалыптан әріптесінің көмегімен немесе жеке орындалатын иілулер;
  • сан-жамбас буыны алдына қарай және көлденең бағытта аяқты сермеу, жартылай құлау, қолмен тербеліп,тіреліп, шпагат (шатқа отыру) жасау, гимнастикалық қабырға жаттығулары;
  • иық белдеуі буындары түрлі жазықтықта қолды жұлқа қимылдату, қолды айналдыру, таяқпен жаттығу, гимнастикалық қабырғада жаттығу.

Иілгіштікті дамытуда өзгермелі және тұрыстық жаттығулар пайдаланылады.

         Бұлшық еттің жұмыс тәртібі бойынша ерекшеленетін жаттығулардың екі тобы ұсынылады: бірінші топ созылу босаңсытумен немесе жиырылумен жалғасады; екінші топ – бұлшық еттің қарсы жатқан жақтарының ауысуы болмайды. Сонымен, өзгермелі және тұрыстық жаттығулар белсенді және баяу иілгіштіктің артуына түрліше әсер етеді. Аралас жаттығулар (өзгермелі — тұрыстық) жетекшілікті дәрежеде белсенді және баяу қозғалғыштықты арттырады. Демек, иілгіштікті дамыту үшін өзгермелі – тұрыстық тәртіпті пайдалануға болады.

         Ұлдарға арналған дене жүктемелерін жас ерекшеліктеріне қарай мөлшерлеу мынаған тең: омыртқа жотасы үшін – 45 – 60 рет қайталау. Сан жамбас буыны үшін – 30 – 35 рет әр аяқта қайталау; иық белдеуі үшін әрбір қолға 25 – 35 рет қайталау.

         Мұндағы жаттығулар құлаш  жиілігін біртіндеп, 3-5 ырғақты қайталау топтамаларымен орындалады. Ауру сипаты пайда болғанда орындау тоқтатылады. Әрбір 10 күн сайын қайталау саны көбейеді.

         Қыздарға арналған иілгіштік жаттығуларын мөлшерлеудің ұлдарға арнап мөлшерлеуден біршама айырмашылығы бар.

         Иілгіштікті тәрбиелеу әдістемесінің ерекшеліктерін былай келтіруге болады.

  • Иілгіштікті тәрбиелеу үшін қимыл құлашын арттыру жаттығулары қолданылады. Олар белсенді және баяу тәрізді екі топқа бөлінеді. Екінші топқа өзін-өзі құшақтау, әріптесі көмегімен немесе серпілумен орындалатын жаттығулар жатады.
  • Иілгіштікті дамытуда өзгермелі және тұрыстық жаттығуларды пайдаланған дұрыс. Жеке дене бөліктерін тіркеу 20-30 с шамасында жүргізіледі.
  • Иілгіштікке арналған жаттығулар күн сайын, күніне бір немесе екі рет орындалып тұрса жақсы нәтиже береді. Ең қолайлы уақыт 10 – 11 және 15 – 16 сағ.
  • Қажет болған жағдайда иілгіштікті сыртқы ықпалдармен ұлғайту үшін сабақтар жылы ғимаратта жүргізіледі немесе қарқынды ширату қолданылады. әдетте, иілгіштікке арналған жаттығулар сабақтың бірінші жартысындағы жалпы дамыту жаттығуларын орындағанда немесе сабақ соңындағы негізгі жаттығуларды орындағанда жүргізіледі, бірақ міндетті түрде негізгі дене қабілеттерінің даму жаттығулары алдында орындалады.
  • Ұлдар үшін түрлі буындар қозғалғыштығын дамытудағы қайталау саны30-60 рет, ал қыздар үшін 15-55 рет қайталауды құрайды.
  • Иілгіштік жаттығулары әрбірінде 3 – 5 қайталауы бар топтамалармен орындалады. Ол топтамалар арасындағы аралықтар босаңсыту жаттығуларымен толықтырылады.
  • Иілгіштікті тәрбиелеуге арналған жаттығулар кешеніне затпен, затсыз, әріптесі көмегімен, жеке, т.б. орындалатын жаттығуларды ендіруге болады.

Ептілік көптеген және әртүрлі қимыл іскерлігі мен дағдысын меңгеру барысында тәрбиеленеді. Ептілік қимыл дағдыларын меңгеру шапшаңдығын анықтайтындықтан, ептілікке машықтану дегеніміз машықты жаттықтыру болып табылады, яғни адамда ептілік жоғары болған сайын ондағы дене жаттығулары әдістерінің де нәтижесі  жақсаратынын білдіреді. Демек, ептілікті тәрбиелеуде қимылды оқытуда қолданылатын әдістер пайдаланылады.

Қимыл дағдылары мен ептіліктің өзара қарым – қатынасын қарастыра отырып, аталған қабілеттердің басқа дене қабілеттерімен өзара байланысы туралы айту керек. Мұндағы бұлшықет күші, жылдамдық қабілеттері, иілгіштікке тән жол ашатынын ескеру қажет. Бір жағынан ептілік басқа дене қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болса, екінші жағынан оларды тиімді қолдану мүмкіндігін анықтайды.

Қозғалыс және спорт ойындары, гимнастика, акробатика, жеңіл атлетикалық секіру мен лақтыру ептілікті тәрбиелеуде тиімді құрал болып саналады. Иілгіштікті тәрбиелеуге бағытталған жаттығуларды орындауда төмендегі әдістемелік амалдар пайдаланылады. Қалыптан тыс бастапқы қалыпты қолдану, жаттығуды ойша көріп орындау, қимыл жылдамдығын немесе ырғағын өзгерту, жаттығу орындалатын кеңістік шекарасын өзгерту жаттығуда орындау әдістерін ауыстыру, топтық және жұптық жаттығуларда оқушылардың қарсы әрекеттерін өзгерту.

Демалыс аралықтары толық қалпына келу үшін жеткілікті болуы тиіс. Келесі жаттығуларды алдыңғы жүктемелерден толық арылып барып, орындау ұсынылады.

Иілгіштікті дамытуда көптеген жаңа қимыл дағдылары мен олардың құрамдас бөліктерін меңгеру негізгі міндет болып табылады. Егер жаттығуда жаңалық болмаса, онда ептілік дамымайды.

Ептілікті тәрбиелеуге бағытталған жаттығуларды жаттықтыру сабағының негізгі бөлімінің басында жүргізіп, оны әрбір сабаққа ендірген дұрыс.

Дене дайындығы барысында жас спортшының дене қабілетін тәрбиелеу туралы мәліметтерді қорыта келе, мұғалімнің педагогикалық қызметі бұл ең алдымен шығармашылық жұмыс екенін дамушы ағзаның өсу заңдылықтарын білу құрайды. Оқытушы шығармашылығы өскелең ағзаның даму заңдылықтарымен байланысты қолданылып, жаттықтыру ісінің әсерін анықтайтын педагогикалық ықпалдар құралдары мен әдістерін білуге байланысты болады.

 

 

ІІ.  ЖАТТЫҚТЫРУ ЖҮКТЕМЕЛЕРІН ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ ҚАРАЙ КЕЗЕҢГЕ БӨЛУ 

 

2.1  Жаттықтыру жүктемелерін жас ерекшелігіне қарай кезеңге бөлу

 

Көп жылдық спорттық дайындық барысында таңдаулы бағыттағы жүктеме қолданылады, ол күштің, шапшаңдық пен төзімділіктің, ептілік пен иілгіштіктің көрсеткіштерін арттыруға көмектеседі.

Балалар мен жасөспірімдер дамуының жас ерекшеліктерінің барлық сатыларындағы жаттықтыру жүктемесінің шамасы таңдау дене қабілеттерінің  жас ерекшеліктерінің даму заңдылықтарымен анықталады. Белгілі бір жастағы қандай – да бір қабілеттің дамуының жоғары деңгейі мен ырғағы оған ықпал ету құралдарының артуына негіз болып табылады. Бұндай амалдың тиімділігінің жоғары деңгейі іс-тәжрибеде дәлелденді. Әрине, іріктелген және жалпы жаттықтыру жүктемелері ағзаның қуат шығынымен байланысты болады.

Өскелең ағзаның жас ерекшеліктері дамуында оның қуаты артып, тіпті шектен асатын кезеңдері де болады. Қуат ішкі қажеттіліктерге жұмсалатын (өсуі, жаңа жүйе қалыптасуы, т.б.) кезеңдер де болады. Бұл кезеңдер балалар мен жасөспірімдер дене дайындығындағы жалпы жаттықтыру жүктемесінің көлемін жоспарлау негізі болады.

Сонымен, нақты педагогикалық жаттықтыру ықпалдарының барлық стратегиясы балалар мен жасөспірімдер дамуы мен өсуінің биологиялық заңдылықтарын білуге сүйенеді. Осы факторлардың бірлігі мен өзара әрекеті арқылы ғана өскелең ұрпақтың спорттық дайындығы мен олардың денсаулғы мен жұмыс қабілетін нығайтуда табысқа жетуге болады.

Жаттықтыру жүктемелерінің жалпы көлемін жасына қарай кезеңге бөлу негіздері.

Жаттықтыру ықпалдарының құрамдас бөліктерінің бірі жаттықтыру жүктемесінің көлемі болып табылады, оның мазмұнына дене жаттығуларын орындау көлемі мен қарқыны кіреді.

Жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемінің қорытынды көрсеткіші ағзаның оны орындауда жұмсалған қуат шығыны болады.

Өсу – бұл ең алдымен ағзаның белсенді бөлігінің салмағының артуы, онда еркін қуат саны артады. Бұл анықтаманы И.Аршавский де толықтырады. Ол өсуді қызметтік белсенділікті бейнелейтін шектен тыс анаболизмді яғни катабомезмді құру процесі ретінде қарастырады, онда ішкі және сыртқы қуат саны артады. Осы бой өсу анықтамасына сәйкес  «қаңқа бұлшық еттерінің ережесі» қалыптасқан. Оның мәні тірі жүйенің қимыл белсенділігі оны көрсететін себептеріне қарамастан қызметтік шектен тыс анаболизм факторы бола алатынынан көрінеді. Бұл өсудің тірі жүйесінің белсенділігінің табиғи себептері мен оның элементтері болып табылады деп есептеуге мүмкіндік береді. Белсенділік жүйені бастапқы жағдайға оралтып қана қоймай, оны шектен асыра қалпына келтіреді.

Жас ерекшеліктерін дамытудың белгілі бір сатыларында біз балалар мен жасөспірімдердің қимыл белсенділігінде көрінетін шектен тыс қуатты байқаймыз. Егер ағзада шектен тыс қуат туындаған кезең болса, онда  қуат жетіспейтін кезеңдердің болатынын байқауға болады. Ал кез-келген жүктеме ең алдымен қуат шығыны болып табылатындықтан оның көлемі ағзаның жас ерекшеліктері мүмкіндіктеріне қатаң сәйкес келуі тиіс.

Бұдан мынадай қорытынды шығады. Ағзаның қуат мүмкінлдігіне жаттықтыру жүктемесінің сәйкес келуі жаттықтыру ықпалдары көлемін таңдаудың негізгі принципі болып табылады. Бұл көлем кезеңіне сай өзгеріп отырады: қуат тасығанда артып, сол арқылы қуат әлеуетін құруға көмектеседі, ал өскелең ағзаның қуат әлеуеті төмендесе жүктеме көлемі де төмендейді.

Ағзаның дамуы мен өсу кезеңдері бүтін жүйе ретінде оның құрамдас бөліктерінің даму сипатында да байқалады. Осы мәселені зерттегенде ең алдымен негізгі ережелерінің бірі жүйегенезі тұжырымдамасы болып табылатын қызметтік жүйе ілімінің мазмұнына назар салу қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес жүйегенезі – бұл ағзаның соның ішінде адамның жеке дамуының жекелеген құрамдас бөліктері мен қызметтік жүйесінің бірізді және іріктеліп жетілуін бейнелейтін заңдылық.

Жас ерекшеліктері дамуын аталған тұжырымдама тарапынан қарастыра отырып, сенімді түрде әрбір жас кезеңінде, әрбір жаста гетерохрондылық байқалатыны туралы тұжырым жасауға болады. Ағза өсу қуатын өзі реттеп, сол арқылы белгілі бір қабілеттің белгілі бір онтогенез кезеңінде дамуына күш береді. Гетерохрондылық дене қабілетімен қатар ағзаның басқа да жүйелерінің дамуында байқалады.

Мысалы, бірінші жыл қатарынан дененің жеке ұзындығын зерттегенде осы белгілердің қай кезеңдерде белсенді дамуда қай кезеңде тұрақты түрде болатынын, дәл анықтауға болады. Қыздарда бойдың  тез өсуі 11 жастан соң, ал ұлдарда 11, 14 және 17 жаста байқалады. Ұлдардағы дене салмағы жыл сайын белсендірек артып, ырғақты өзгерсе, қыздарда әрбір екінші жылдан үшінші жылға қарай өзгереді.

Әрбір жас ерекшеліктерінің даму сатысымен бірге, әрбір жаста да ағзаның педагогикалық ықпалдарға морфологиялық және қызметтік дайындықтың әркелкі деңгейі болатынын ғылыми зерттеулер мен іс- тәжірибе көрсетті. Демек, күші бірдей ықпалдардың әсері де белгілі бір жас аралығында ғана сақталады, ол аяқталған соң орнын келесісі ауыстырады. Жүктеме түсіру шартын сақтаудағы айрықша ұқыптылық ағзаның қарқынды өсуі мен жетілу уақытында талап етіледі.

Бұл мәселені шешу дене тәрбиесі  ілімі мен іс – тәжірибесі шеңберінен тыс қарастырылып, оны педагогтар, психологтар, физиологтар мен гигиенистер зерттейді.

Жас спортшылардың көпжылдық дайындық жүйесінде жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемін кезеңге бөлуді әзірлеу ағзаның жас ерекшеліктері даму заңдылықтарының бүтін жүйе ретіндегі мәліметтеріне сүйенеді.

Үлгі ретінде морфологиялық соматикалық жүйе, жас ерекшеліктерінің даму заңдылықтары алынды, олар осы заңдылықты құрайтын белгілердің жоғары корреляциялық (0,70-0,90) орташа (0,50-0,70) және төмен (0,30 – 0,50) деңгейде өзара байланысын талдауға сүйенеді.

Зерттеуден алынған нәтижелер болашақта талданып, дене және қимыл мүмкіндіктері дамуының жас ерекшеліктері, өзгерістері мәліметтерімен салыстырылып, өскелең ағза сенімділігі ілімі тұрғысынан қарастырылды.

 

2.2 Алғашқы спорттық дайындық (төменгі сынып жасы)

 

Қыздар. 8 жастағы қыздардың ерекшелігі өзара байланысты белгілердің көптігі болып табылады. Олардың арасындағы өзара әрекет барлық факторларда байқалады. Жүйенің негізгі белгілерінің бірі – дене салмағы, оның ықпалы дененің барлық көлеміне, ал r = 0,73 деңгейінде қалған белгілеріне таралады. Дене салмағының елеусіз ықпалы көлденең кеуде диаметріне әсер етеді. Дененің қамту көлемі өзара тығыз байланысты және дененің қажыра құшақтау ықпалын түзеді. Дене құшағымен әлсіз өзара байланысқан жеке факторлар арқылы ұзындық параметрлері (өлшемдері) бөлінеді.

Аталған жасқа арналған дене диаметрі арасындағы өзара байланыс 0,55-0,65 деңгейіне тең. Осы деңгейде олар дене диаметрі факторын құрайды, мұндағы кеуде – арқа – алды және көлденең – кеуде диаметрлері дене құшағымен өзара байланысты. Дене диаметрлі арасында ақпараттығы бойынша басты белгі алдыңғы – артқы – кеуде диаметрі болады. Май жинау деңгейі дене құлашымен және алдыңғы – артқы – кеуде диаметрімен жоғары дәрежеде өзара байланыста болады.

Егер қыздарда 8 жаста 0,80 – 0,90 деңгейіндегі соматикалық белгілерінің саны көп болса, ал 9 жаста өзара байланыс азайып, 0,70 – 0,80 деңгейінде  корреляцияның артуы есебінен жүргізіледі.

Құлаш өлшемдерінің ішінде кеуде қуысы тарапынан өзара байланыс саны көп байқалады. Бұл салмағы ақпаратты белгі саналады. Оның өзара байланысы дененің диаметріне де, ұзындық өлшемдеріне де таралады. Жоғары деңгейдегі май жинау деңгейі білек ауқымында да бар.

Корреляция деңгейінің төмендеуі дененің барлық ауқымдық, ұзындық және диаметрлік факторларында көрінетінін талдау көрсетті. Дене ұзындығының басқа белгілермен өзара байланыс саны біршама артты. Сонымен, 9 жастағы қыздар үшін 0,80 – 0,90 деңгейінде өзара байланыстың азаюы мен олардың орташа деңгейде артуы тән.

Егер жоғары дәрежеде өзара байланысты корреляциялық белгілердің жалпы саны 8 жаста 88-ді құраса, онда ол тоғыз жаста 50-ге дейін төмендейді.

Жоғары деңгейдегі өзара байланыстар санының одан ары төмендеуі 10- жаста байқалды. Бұл өзара байланыстар төмендеуі тек факторлар үшін емес, бүкіл жүйеге ауқымдық өлшемі өзара байланысын сақтады, ол негізгі белгі-кеуде қуысы ауқымында байқалды. Бұл жастағы қыздардың дене салмағы корреляцияның жоғары дәрежесімен тек қана иық диаметрімен және сай жинау дәрежесімен ғана өзара байланыста болады. Қалған белгілермен байланыс орташа, тіпті төмен деңгейлерде сақталады.

Алдыңғы жастарымен салыстырғанда 10 жастағы қыздарда жоғары корреляция деңгейіндегі өзара байланысқан белгілердің азаюы байқалады.  Бұл жас алдыңғы және одан кейінгі жастарға қарағанда «тұрақтылау» жоғары өзара байланыс дәрежесінің белгілер саны сегіз жасар қыздардың мәліметтерімен салыстырғанда үш есеге азайды.

Сонымен, төменгі сынып жасындағы соматикалық жүйе белгілері арасындағы өте көп байланыс 8 жасар қыздарға тән. Өзара байланыс санының аздығы демек, ағзаның төмен сенімділігі 10 жаста байқалады.

Ұлдар. Сегіз жасар ұлдарда соматикалық жүйенің жағдайы туралы көптеген ақпарат дене салмағында болады, ол ауқымдық өлшемдермен өзара байланыста болады. Бұл белгінің орташа байланысы ұзындық өлшемдерінде және дене диаметрінде байқалды. Білек ауқымы 0,70 – 0,90 деңгейінде дене ауқымымен, 0,40 – 0,60 ұзындық өлшемдерімен және дене диаметрлерімен өзара байланысады. Сонымен, 8 жастағы ұлдардың денесінің барлық ауқымдық өлшемдері бір – бірімен жоғары дәрежеде байланысты болады.

Дене ұзындығы, аяқ пен қолға келетін болсақ, олардың өзара байланыс дәрежесі 0,78-0,87 – ге тең. Иық диаметрі де осы белгілерге тәуелді болады. Қалған диаметрлермен ұзындық өлшемдері орташа дәрежедегі тәуелділікте болады. Май жинау дәрежесін сипаттайтын өлшем де кіші тәуелділікте болады. Дене диаметрлері өзара 0,60-0,70 деңгейінде байланысты болады. Май жинау дәрежесі көп жағдайда ауқымдық өлшемдермен ал өз дәрежеде ұзындық белгілерімен және дене диаметрімен өзара байланыста болады.

Алынған мәліметтер байланыстың жоғары деңгейі дененің ауқымдық өлшемдері, дене салмағы, май жинау дәрежесі, ұзындық өлшемдері, дене диаметрлері арасында байқалады.

9 жасар ұлдарда зерттелген белгілер арасында сәл өзгешерек байланыс байқалады. Ең ақпаратты белгі – дене салмағы екінші орынға түсіп, ақпараттығы жағынан бірінші орынға кеуде қуысы ауқымы шықты. Корреляциялық күштегі айырмашылық олардың арасында аз және 0,12 –ні құрайды. Бұл белгілер басқа да ауқымдық ұзындық және дене диаметрімен жоғары дәрежелі байланыста болады.

Дене салмағы мен көлденең – кеуде диаметрі арасындағы әлсіз өзара байланыс ерекше. Оның алдындағы жас тәрізді ауқымды өлшемдердің өзара үлкен дәрежелі байланысы бар. Бұл байланыс ұзындық өлшемдерімен 0,60 – 0,70, диаметрлермен 0,50 – 0,70 , май жинаумен 0,70 – 0,80 деңгейінде болады.

Ұзындық өлшемдері бұның алдындағы жастағы сияқты бір-біріне үлкен тәуелділікте болады. Дене диаметрлері арасында бір жағынан орташа, екінші жағынан төмен байланыс болады. Бұл өзгерістер жамбас-сан диаметріне де тиісті. Мұнда аталған белгі соматикалық жүйенің басқа да барлық өлшемдерімен байланысын азайтты.

Май жинау дәрежесінің ауқымдық өлшемдерімен байланысы жоғары, ал дененің ұзындығымен және диаметрлерімен төмен байланыста болады.

10 жаста соматикалық жүйе факторлары арасындағы байланыс біршама төмендеп, алайда ақпараттығы бойынша айтарлықтай өзгерістер болмайды. Алдыңғы жастағыдай дене салмағы мен ауқымдық өлшемдердің арасында ақпараттық және дәрежелік өзара байланыс бар. Дене салмағы мен иық және білек ауқымы арасында да өзара байланыс жоғары болады.

Дене салмағы мен ауқымдық мөлшерлері ұзындық өлшемдерімен әлсіз байланыста, ал кей жағдайларда өте әлсіз байланыста болады. Ал дененің, аяқ – қолдың ұзындығы 0,80 – 0,90 деңгейінде жалпы ұзындық факторларымен өзара байланыста тұрады.

Дене диаметрі арасында өзара байланысты төмендету үрдісі байқалады. Май жинау дәрежесінің ауқымдық өлшемдерімен жоғары өзара байланысы, ал ұзындық өлшемдерімен және дене диаметрімен аз байланыста болады. Ішкі ұзындық, ауқымдық өлшемдері мен дене диаметрінің өзара байланыс алдыңғы жастағы деңгейлерге сәйкес келеді. Олардың ақпараттық мәні сәл өзгешерек.

Сонымен, 8, 9, 10 жастағы ұлдарда ағзаның өсуі мен дамуында белгілер арасындағы өзара байланыста өзгерістер байқалады.

 

2.3  Алдын ала негізгі спорттық дайындық (жасөспірімдік кезең)

 

Қыздар. 10 жастағы қыздарда байқалған белгілер арасындағы өзара байланыс санының біршама өзгерісінен соң, одан кейінгі жас ерекшелігі кезеңдерінде олар артады. Бұл арту тез жүргізіледі, яғни 10 жасар қыздарда жоғары деңгейдегі өзара байланыс 11 жасар қыздарға үш есеге көп және r = 0,87 ге тең. Белгілер арасындағы өзара байланыс саны бойынша 8 жасар қыздардың сипаттарына сәйкес келеді, алайда өзара байланыс пен оның ақпараттық дәрежесі біршама өзгерді.

Ауқымдық өлшемдер арасында жетекші белгі ретінде кеуде қуысы ауқымы мен дене салмағы айрықша көрінеді. Олар дене ауқымын құрайтын барлық факторлар түзетін барлық белгілермен жоғары өзара байланыста болады. Бұл жастағы осы белгілердің барлығы қалған тоғызымен өзара байланыста, ал дене салмағы дененің ұзындық өлшемдерімен де өзара байланыста болады.

Бұның алдындағы жастағыдай жекелеген факторлар ұзындық және ауқымдық өлшемдері мен дене диаметрлері бола алады. Жамбас көлемі диаметрі басқа белгі өлшемдерімен жоғары дәрежеде өзара байланыста болады.  Ол 0,80-0,95 деңгейінде ұзындық факторын құрайтын белгілермен жоғары өзара байланыста болады. Өзара байланысты арттыру 11 жасар қыздардың соматикалық жүйесі үшін сәйкес келеді.

17 жастағы қыздардың соматикалық жүйесін дамыту үшін жоғары өзара байланыс деңгейінде өзара байланысқан белгілер санының көп болуымен көрінеді. Бұл жастағы қыздардың өзара байланысының сапалық сипаттамасы 8 жасар қыздардың мәліметтерімен сәйкес келеді.

12 жаста өте жоғары байланысы бар белгілердің саны азаюы мүмкін. Ауқымдық және ұзындық өлшем белгілері жеке факторлармен еркшеленеді, ал дене диаметрлері арасындағы өзара байланыс 0,50-0,60 деңгейінде сақталады.

12 жаста соматикалық жүйенің басты белгісі деп дене салмағын тану қажет, ол дене диаметрімен,  ұзындық және ауқымдық өлшемдерімен өзара байланыста болады. Өзара байланыстың орташа мәні 0,71 ге тең.

Бұл жастағы жалпы  үрдіс белгілердің өзара байланысының біршама төмендеуінде байқалады. Егер алдыңғы жаста өзара байланыс 0,87 болса, ал 12 жаста ол 0,53-ке дейін төмендейді.

Белгілердің  ақпараттық мәні ішкі факторлар өзгерісінен бөлек, мүлде өзгеріссіз болады деп айтылады. Өзара байланыстың орташа деңгейі 0,64 – 0,71 – ге тең. Ол соматикалық жүйенің даму белсенділігінің төмендеуі туралы сөз етуге мүмкіндік береді.

13 жастағы қыздарда соматикалық жүйенің өзара байланысты белгілерінің саны азаяды. Бұл дене диаметрі факторлары арасындағы өзара байланыстың азаюы есебінен болады. Иық диаметрі дене ұзындығымен жоғары дәрежде өзара байланысы бар жалғыз белгі, ал осы факторға жататын қалғандары 0,60-0,10 деңгейінде болады.

Алдыңғы жастардағыдай дене салмағы өте ақпаратты бірақ ұзындық өлшемдерімен жоғары дәрежедегі өзара байланысы жоқ.

Алдыңғы жастардағыдай май жинау дәрежесі мен жоғары дене салмағының бір-бірінен айырмашылығын ескеру қажет. Бұл тәуелділік алдыңғы өткен жылдар бойында байқалады.

Алынған мәліметтерді талдау 13 жастағы қыздардың ағзасында күрделі өзгерістер болып, ол белгілер арасындағы өзара байланыс деңгейін төмендетуге де әсер етеді.

Демек, 8 – 13 жас аралығы аясында, соматикалық жүйе дамуындағы белсенділіктің  төмендеуінің екі кезеңі байқалады, ол 10 және 13 жаста жүреді.

Алдыңғы өткен жастарда байқалған өзара байланыс азаюынан кейін 14 жаста ауқымдық факторлардың есебінен олардың соматикалық жүйесінде, атап айтқанда, ауқымдық факторларда даму үйлесімділігі байқалады, яғни барлық ауқымдық белгілер өзара тығыз байланыста болады. Бұл өзара қатынас ауқымдық факторлар тарапынан көлденең кеуде диаметріне де таралды.

Ұзындық өлшемдері соматикалық жүйенің басқа белгілерімен тығыз байланыста емес және өзіндік ұзындық факторларын құрайды. Кеуде қуысының ауқымы көлденең – кеуде диаметрімен, май жинау дәрежесімен және жіліншік ауқымымен байланыс санын арттыру арқылы ақпараттығын көбейтті. Бұл жаста да, әрине, дене салмағы өте ақпаратты болады.

Бұл кезең өзінің белгілер арасындағы өзара байланыс құрылымы мен саны жағынан 12 жастағы қыздарға сәйкес келеді.

15 жасар қыздардың ағзасы өзара байланыстардың азаюымен сипатталады. Бұл азаю ауқымдық және ұзындық өлшем бегілерінің бірлігін бұзып, барлық факторлар бойынша жүргізіледі. Мойын ауқымында орташа жүргізіледі. Мойын ауқымында орташа және төмен өзара байланыс бар. Аяқ – қол ұзындықтарының да өзара байланысы бұзылады. Соматикалық жүйе дамуының үйлесімділігі азаяды. Бұл жастағы белгілер ақпараттығын анықтайтын өзара байланыстың орташа мәнін де өте төмендетеді.

Белгілер арасындағы өзара байланыстың төмендеуінен туындаған, 15 жасар қыздардың ағзасындағы жүйенің өзара байланыстың төмендеуі 10 жасар қыздарда қайталайды, олардағы өзара байланысқан белгілер саны 27  ге тең.

Ұлдар 11 жастағы жасөспірімдердегі соматикалық белгілер арасындағы өзара байланыс пен бір-біріне тәуелділік белгілер санының өзара байланыстың жоғары дәрежесіне қарай өсуімен өзгереді. Бұл ауқымдық, ұзындық белгілеріне және дене диаметріне де қатысты. Бұл жастағы дене салмағы бірқатар ауқымдық өлшемдер тәрізді басқа белгілермен төмен өзара байланыста болады. Ауқымдық мөлшерлер өзара күшті байланысқан, ол фактордың дербестігі туралы айтады. Бұндай дербес факторлар ұзындық өлшем белгілерін құрайды, олардың ауқымдық өлшемдеріне тәуелділігі аз.

Дене диаметрі өзара бір-біріне тәуелділікте болмайды және май жинау көрсеткіштеріне тәуелділігі аз, олардың ауқымдық өлшемдерімен өзара байланысы жоғары, ал ұзындық параметрлерімен және дене диаметрімен байланысы аз.

Белгілер арасындағы өзара байланыс көбею жағына қарай өзгереді, ол ағзаның биологиялық сенімділігінің артуын көрсетеді.

12 жастағы жасөспірімдерде алдыңғы жаспен салыстырғанда ауқымдық өлшемдері арасындағы өзара байланыс өзгеріссіз болады. Соматикалық белгілеріне қарай дене салмағы, білек пен сан ауқымының ақпараттығы жоғары. Ауқымдық өлшемдер бір-бірімен өте күшті байланысқан. Бұл байланыс 0,50 – ге дейін ғана төмендейді, ал өзара байланыстың жоғары деңгейі білек пен сан ауқымы арасында байқалады. 8 жастан бастап соматикалық белгілер өзінің ақпараттық мәні жағынан қайталанбайды, ал дене салмағының ақпараттығы үнемі жоғары болады.

Ұзындық өлшемдері бір – бірімен 0,82 – 0,87 деңгейінде байланысқан. Тек осы факторда ғана жоғары тәуелділік байқалады. Басқа факторлардың соматикалық белгілері ұзындық өлшемдерімен орташа және төмен өзара байланыста болады. Алдыңғы – артқы кеуде диаметрлерімен жоғары өзара байланыс байқалады. Дене диаметрі мен олардың бір – біріне тәуелділігі алдыңғы жаспен салыстырғанда артқан жоқ. Май жинау дәрежесі ауқымдық өлшемдерден басқа белгілердің барлығына үлкен ықпал етеді.

Өзара байланыс санының азаюы 13 жасар жасөспірімдерде көрінеді, олардың ақпараттығы азаяды.

Алдыңғы жастағыдай өзара байланыстың көп саны дене салмағы, дене ауқымы және май жинау дәрежесі үшін тән. Дене салмағының ұзындық өлшемдері мен диаметрлерге әсер етуіне келсек, онда олар орташа, кей жағдайда төмен өзара байланыста тұрады. Ауқымдық өлшемдердің барлығы бірдей өзара жеткілікті байланысқан. Онда дене салмағынан кейін кеуде қуысы ауқымы ақпараттығы жағынан екінші орында тұрады. Ұзындық өлшемдері өзара байланыстың жоғары деңгейінде тұрады. Аталған өзара байланыс олардың ауқымдық өлшемдерімен, дене диаметрімен төмен өзара әсерде және өзара байланыста болатынын көрсетеді.

Дене диаметрі факторлары арасындағы  өзара байланысқа тән ерекшелік олардың әлсіз өзара байланысы болып табылады. Ал көлденең – кеуде диаметрі ақпараттығы жағынан барлық диаметрлер арасында жоғары орын алады.

Алдыңғы жастағыдай ауқымдық ұзындық өлшемдері мен дене диаметрлерінде дербес факторлар ұйымдастырылады. 13 жастағы жасөспірімдердегі соматикалық белгілер арасындағы өзара байланыстағы ортақ үрдіс олардың санының азаюында көрінеді. Егер алдыңғы жаста жүргізілген зерттеу нәтижелері белгілер арасындағы өзара байланыстың әлсіреуін көрсетсе, ал 14 жасар жас өспірімдерде бұл өзара тәуелділік барлық факторлар бойынша біршама өсті. Бұндай арту орташа өзара байланыс деңгейі көрсеткіштері бойынша ақпараттық мәнінде көрінеді.

 

2.4  Мамандандырылған базалық спорттық дайындық

(Жоғарғы сынып жасы)

 

Қыздар жоғары сынып жасы – бұл өтпелі кезең, ол өзара байланысты белгілер санының біршама артуымен сипатталады. 16 жастағы өзара байланыс барлық факторларды қамтиды. Әсіресе ауқымдық факторлары мен оны құрайтын белгілері мен дене диаметрі арасындағы өзара байланыс саны артады. Дененің ауқымдық өлшемдеріне көлденең кеуде диаметрі тарапынан ерекше белсенділік байқалады. Алайда, дене диаметрлері өзара жоғары деңгейде байланыс құрмайды, бұл ұзындық белгілері мен ауқымдық белгілерде байқалады.

Алдыңғы  жастағыдай бұлықпалдар үшін  өзара байланыстың жоғары ұйымдастырылуы тән. Май жинау деңгейі тәрізді белгілердің өзара байланыс саны біршама көбейеді. Бұл байланыстар, негізінен, дененің ауқымдық өлшемдері мен дене салмағына бағытталған. Бұл жаста жоғары өзара байланыстағы тәуелділігі бар ауқымдық өлшемдері мен ұзындық белгілері шартты ықпалдармен ерекшеленеді. Бұл жастағы ауқымдық ықпалдарға тағы бір өлшем белгісі – көлденең – кеуде диаметрі қосылатынын айта кету керек. Алдыңғы – артқы – кеуде диаметрі тарапынан да дене ауқымымен өзара байланысы байқалады. Дененің қалған диаметрлері бір-біріне, сондай – ақ ұзындық және ауқымдық өлшемдеріне тәуелді болмайды.

Дене салмағы көрсеткіштерінде өзара байланыс көп байқалады, бұл байланыстар негізінен дене ауқымы мен май жинау дәрежесіне қатысты болады. Бұл белгінің өзара байланысының орташа мәні 0,60 – қа тең, ол оны осы жас үшін өте ақпаратты етіп белгілеуге мүмкіндік береді, ал ең ақпараттысы (0,24) жамбас-сан диаметрі болып табылады.

Дене диаметрлері арасында алдымен көлденең – кеуде диаметрі сосын алдыңғы артқы куде диаметрі ақпаратты болады. Ұзындық белгілері арасындағы өзара байланыстың жоғары дәрежесі дене ұзындығын өте белгілісі деп бөліп алып, осы фактордың даму үйлесімділігі туралы айтуға мүмкіндік береді. 16 жастағы қыздардың соматикалық жүйесінің негізгі факторлары өзінің өзара байланысы мен өзара шарттылығы арқылы үйлесімді тепе – теңдікте байланысын азайтпау қажет. Бұл біршама дәрежеде соматикалық жүйенің барлық құрылымын ұйымдастыруға да әсер етті.

Жекелеген факторлар мен барлық соматикалық жүйенің түгелдей дамуындағы үйлесімділік бұзылмайды.

17 жаста дене диаметрі тарапынан жаңа өзара байланыстар туындауымен барлық құрылымның реттелуі жүреді. Негізінен ауқымдық ықпалдардың өзара байланысы байқалады, ол жасы өскен сайын дененің ауқымдық өлшемдері мен диаметрлері тығыз өзара байланыста дамитынын көрсетеді. Бұл алдыңғы – артқы, кеуде, көлденең – кеуде және білезік диаметрі тәрізді үш өлшемге қатысты айтылады және жамбас – сан диаметрі барлық жаста өзінің дербес тәуелсіздігімен ерекшеленеді. Әрине, оның басқа белгілермен өзара байланысы орташа өзара байланыс деңгейінде атқарылады.

16 жастағы ұлдарда соматикалық белгілер арасындағы өзара байланыс алдыңғы жасқа қарағанда басқаша сипатта болады. Ең алдымен, жоғары деп бағаланған соматикалық белгілер санының азаюын ескеру қажет. Дене салмағы саны мен сапасы жоғары өзара байланыста болады, бұл өзара байланыс ауқымдық өлшемдерге де қатысты болады. Білектің, кеуде қуысының, мойынның, жіліншіктің, санның ауқымы жоғары дәрежеде өзара байланысты және жеке фактор құрайды. Дене диаметрімен олар төмен және орташа өзара тәуелділікте болады. Санның алдыңғы артқы – кеуде және көлденең кеуде диаметрлерімен ауқымдық өлшемдері жоғары өзара байланыста болады.

Май жинау дәрежесі де осы белгісімен жоғары өзара байланыс деңгейіне ие болады. Дене диаметрлері арасында да елеусіз өзара байланыс байқалды.

Бой ұзындығы, аяқ-қол ұзындығы тәрізді белгілерге келетін болсақ, онда олар өзара күшті байланысқан (0,80 – 0,90), ал дене диаметрімен және ауқымдық өлшемдермен аз өзара байланыста болады.

Соматикалық жүйеде бірінші кезекте дене салмағы ауқымдық өлшемдер арасында ең ақпаратты мән болып табылады. Ауқымдық өлшемдерден кейін ұзындық белгілері, сосын дене диаметрі тұрады.

17 жастағы бозбалалардағы соматикалық белгілер арасындағы өзара байланыс 16 жастағы деңгейде сақталады, дегенмен елеусіз өзгерістер байқалады. Ол кеуде ауқымы мен дене диаметрі арасындағы өзара байланысқа қатысты жүреді.

Алдыңғы жастағыдай, дене салмағы ақпаратты болып табылады, ол ауқымдық белгілермен өзара байланыста болып өз ықпалын құрайды.

Арасындағы өзара байланыс 0,70 – 0,80-ге тең болатын ұзындық белгілері де осындай ықпал түзеді. Бұл ықпалдың соматикалық белгілерге қатысы төмен және орташа өзара байланысымен сипатталады, бұл тізімге дене диаметрі де кіреді.

Алдыңғы жаспен салыстырғанда барлық белгілердің ақпараттық мәні өзгерген, ол соматикалық жүйесінің дамуы мен өзара байланысындағы біршама тұрақтылықты көрсетеді.

Ағзаны осы зерттеудегі бүтіндей соматикалық жүйе өзара байланыс әдісі көмегімен мынадай деректерді анықтады.

Соматикалық жүйе басқа жүйелермен тығыз өзара байланыста болады:

  • соматикалық жүйе құрылымындағы жас ерекшеліктері өзгерісі кезеңдік сипатта болады және ағзаның түгелдей дамуының табиғи үрдісін білдіреді;
  • жекелеген жас ерекшеліктері үшін жүйені құрайтын белгілер арасындағы қарама қайшылықтар тән, ол бойдың және оның жекелеген бөліктерінің өсуіндегі белсенді кезеңдерге сәйкес келеді;
  • қыздар мен жігіттердегі жүйе құрылымының өзгерісіндегі кезеңдену жеке жыныстық жетулі кезеңдерімен өзара байланыста болады. Демек, 10 жасар қыздардағы жүйе дамуының үйлесімділігінің бұзылуы сүт сөздерінің дами бастауына сәйкес келеді; 13 жаста алғашқы етеккір келуімен, ал 15 жаста жыныстық жетілу сатысының аяқталуына сәйкес келеді. Ол жамбас пен бөксенің дөңгелене бітуімен, сүт бездерінің дамуымен және етеккірдің тұрақты келуімен сипатталады.
  • Жасөспірімдер мен жігіттердегі жүйе дамуындағы үйлесім қарама-қайшылығы 10, 13 және 16 жаста байқалады, ол жыныстық жетілудің жеке кезеңдерінде жүргізіледі.

Ағзадағы болатын кезеңдік өзгерістердің жыныстық айырмашылықтары бар. Яғни, қыздардағы жүйе қарама – қайшылығы кезеңі біржылдық, ал жасөспірімдер мен жігіттерде екі жылдық сипатта болады. Бұл мәліметтер көп жағдайда басқа зерттеулер нәтижелермен сәйкес келіп жатады, ол біз үшін жаттықтыру ықпалдарының жалпы көлемін кезеңдестіруге негіз болды. Үлкен, орташа және аз көлемдегі жаттықтыру ықпалдарын ағзаның бүтін жүйе ретіндегі даму заңдылықтарымен сәйкес келуі тиіс деп есептеуге болады. Демек, жүйе құрамының қарама – қайшылығындағы дене ұзындығының белсенді өсуі жүріп, жыныстық жетілу кезеңі басталғанда аз көлемдегі дене жүктемелерін қолданған дұрыс. Бұл қимыл әрекетін қамтамасыз ететін қуат шығыны көп болып, ал қуат шығынын көп талап ететін бойдың өсуі қуат жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкіндігімен түсіндіріледі. Бұл жаста, яғни жүйе арасындағы қарама – қайшылық байқалмағанда көлемі үлкен дене жүктемесін қолдануға барлық жағдай бар.

Алынған мәліметтер де өскелең ағзаның даму заңдылықтарын зерттеу ағзаның биологиялық сенімділігінің ілімдік тұжырымдамасын әзірлеп, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту барысында жүктемені мөлшерлеуде пайдалануға мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдердің морфологиялық белгілер дамуы мәліметтерін салыстыра отырып, мынадай заңдылықтарды атап өту керек: қызмет мүмкіндіктерінің өсуі, ол күштің, шапшаңдық пен төзімділік көрсеткіштерінде көрінеді, морфологиялық белгілердің өсу жылдары тұрады.

Әрине, бұл ағзаның жүйелер арасындағы өсу қуатын кезеңімен бөлетін қызметін реттейтінін дәлелдейді.

Сонымен нақты жас үшін жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемін өскелең ағзаның қуат мүмкіндіктерімен анықтайды. Аталған мәселені шешуде мынаны білу қажет, яғни өскелең ағза-бұл қуат әлеуеті кезеңімен өзгеріп отыратын бүтін өзгермелі жүйе. Бұл әлеуеттің өзгерісін зерттеу ағзаның бүтін деңгейінде ғана мүмкін болады. Бағалау өлшемі ретінде жоғары дәрежеде өзара байланыста болатын ағзаның қызметтік немесе морфологиялық өзгерістерін аламыз.

Қуат әлеуетін дене қабілетінің даму ырғағының барлық көрсеткіштері бойынша зерттеу (алдыңғы жылға %-дық қатысымен) өскелең ағзаның қуат мүмкіндіктерінің кезеңдігі туралы айтады. Яғни, жасөспірімдер мен жігіттердегі дене қабілеттерінің өсуінің ең белсенді ырғағы үш жас аумағында өтеді. 8 – 9, 10 – 12, 13 – 13 жаста. Мұнда біз белгілі бір жаста жүйе мен ағзаның түгелдей қалыптасуына жұмсалатын қуаттың бірте-бірте жиналатынын байқаймыз.  Бұл жастағы жаттықтыру жүктемелерін арттыру да, оны 9-10, 12-13, 16-17 жаста азайту да биологиялық тұрғыдан дәлелденген. Дене қабілеті даму ырғағының төмендеуі жыныстық жетілу сатыларымен сәйкес келеді.

Қыздардағы дене қабілеті даму ырғағының белсенділігінде басқаша сипат байқалады. Яғни, 10 жыл бойы ұлдарда даму ырғағының артуы үш рет байқалса, ал қыздарда бұл кезеңдер қысқарақ және саны жағынан көп болады. Дене қабілеті даму ырғағының төмендеуімен қыздардағы жүктеме көлемі 9 – 10, 12 – 13, 16 – 17 жас аумағында төмендейді. Негізінен бл кезеңдерде үлкен биологиялық жүктеме болады. Соған сәйкес жыныстық жетілу кезеңдері басталады. Мұндағы биологиялық процестердің төмендегіше синхрондығы байқалады: ұлдардың да, қыздардың да жыныстық жетулі кезеңі дене қабілетінің даму белсенділігінің төмендеуі кезеңіне сәйкес келеді. Сонымен балалар мен жасөспірімдердің  қимыл белсенділігінің дамуының зерттелген заңдылықтары жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемі іс – тәжірибесінде анықтауға мүмкіндік берді.

Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығын басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі жаттықтыру жүктемесінің шамасы – таңдаулы және жалпы болып табылады.

Жаттықтыру ықпалының таңдаулы шамасының үлгісін даярлау күшті, төзімділікті, шапшаңдықты иілгіштік пен ептілікті дамытудың, жас ерекшеліктері заңдылықтарына негізделеді. Алайда, бұл заңдылықтар әлемнің түрлі аймақтарында тұратын балалар үшін ортақ болып табылғанымен, өзіне тән өзгешеліктер бар. Оларды зерттеу үшін дене дайындығына тест сынағы жүргізіліп, негізгі статистикалық мәндер есептеліп, әрбір қабілеттің даму ырғағы мен фактордың жалпы құрылымдағы әсер  ету үлесі анықталады.

Жүктемені таңдаулы және жалпы шамада таңдаудың негізгі өлшемі ретінде Н.Бернштейннің пікірінше (1991) тірі ағзалар мен жүйелердің жалпы қамтушы, ортақ сипаттамасы ретінде көрінетін даму белсенділігі анықталады.

Сонымен дене қабілеттерінің жасына қарай дамуының негізгі барлық статистикалық шамасы, оның ырғағының көрсеткіштерін алып, сондай-ақ әрбір қабілеттің дене дайындығының жалпы құрылымындағы мәнін анықтап, балалар мен жасөспірімдердің жеке биологиялық дамуы, жынысы мен әрбір жасы үшін таңдаулы жүктеме көлемін дәл анықтауға болады.

Осыған сәйкес жаттықтыру жүктемесінің таңдаулы шамасын даму белсенділігінің градияциясы жасалады. Мынадай даму белсенділігінің деңгейін бөліп қарастырады.

  • Белсенділіктің жоғары деңгейін жылдық даму деңгейі 3,0 %-дан астам, санситивтік кезеңнің (сезімталдық) дұрыс болуы: дене даярлығының жалпы құрылымында фактордың жетекші ролі (факторлық құрылымының талдауы негізінде). Бұл мәліметтер жалпы 30,0 % көлемде таңдаулы жүктемені жоспарлауға мүмкіндік береді.
  • Белсенділіктің орташа деңгейі. Жылдық даму қарқындылығы 0-ден 3 %-ға дейін құрайды; сенімталдық кезең жоқ, дене дайындығының құрылымындағы фактордың мәні орташа. Бұл жылына 20 % жүктеменің таңдаулы шамасын жоспарлауға негіз болып табылады.
  • Белсенділіктің төмен деңгейі. Жылдық дене қабілеттің даму ырғағының қарқынында төмендеу үрдісі, яғни «минус» белгісі байқалады. Дене дайындығындағы фактор мәнінің аздығы да байқалды. Осыған байланысты таңдаулы жүктемені 10 % -ға дейін жоспарлау ұсынылады.

Аталған стратегияға сәйкес жынысы мен жасы әртүрлі балалар үшін таңдаулы жүктеме көлемі жасалады.

Бұндай амал мектеп жасына дейінгі балалардың дене дайындығындағы  таңдаулы жаттықтыру жүктемесін жоспарлауға да пайдаланады.

Жаттықтыру жүктемсінің жалпы көлемін таңдау стратегиясы да белсенділік көрсеткішіне негізделеді, бұл жағдайда қызметтік болады, ол күшті шапшаңдықты, төзімділікті және басқа дене қабілеттерін сипаттайтын көрсеткіштер қосындысы бойынша анықталады (бұндай амал жоғарыда да қарастырылған). Бірақ мұнда қандай шама, яғни көлем мен қарқындылықтың есебінен балалар мен жасөспірімдердің өскелең ағзасының қимыл белсенділігін арттыру кезеңіндегі жүктеме көлемін арттыруға болады деген сұрақ туындайды.

Отандық және шетелдік зерттеулерді талдау іс-тәжірибелік тәжірибені талқылау жаттықтыру жүктемесі шамасының өлшемі ретінде дене жаттығуларын орындау қарқындылығын таңдап алуға мүмкіндік береді.

Дене қабілеттерін тәрбиелеу әдістерін талдай отырып, біз қарқындылық есебінен кез-келген қабілетті дамытуға болатынына көз жеткіземіз. Осыған байланысты жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемінің үлгісін жасауда қарқындылықты әрбір аймағын, таңдаулы бағыттағы сабақтар санын, өскелең ағзаның өсуі мен даму кезеңінің мүмкіндігін ескеру қажет (біздің зерттеулерімізде дене қабілеттерінің таңдаулы даму ырғағының қосынды көрсеткіштері бойынша анықталады).

Егер бұл мәліметтерді сызбамен көрсетсек, онда әрбір жас пен жыныс үшін арналған жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемін жоспарлаудың дәл бейнесін аламыз, оның көлемі дене жаттығуларын орындау қарқындылығының артуы немесе төмендеуі есебінен кезеңімен өзгеріп отырады.

Дене қабілеттерін тәрбиелеуде таңдаулы түрде қандай демалыс аралықтарын дене дайындығы барысында пайдалану қажет екенін анықтауға жол ашылады.

Мысалы, 13 жасар қыздар үшін жаттықтыру жүктемесінің жалпы үлгісі төмендегіше бағыт пен шамадан құрылады: жылдамдық-күш – 10 %, жылдамдық – 30 %, төзімділік — 10%, ептілік — 20%, ептілік – 30 %.

Дене қабілеттерінің әрбірін тәрбиелеу үшін ең тиімді аймақтарды талдай отырып, осы жастағы қыздардың дене дайындығында жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулардың 40-%-ын және үлкен және орташа жаттығулардың 60 % ын пайдаланған дұрыс деген қорытынды жасауға болады.

Көріп отырғанымыздай, жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемі өскелең ағзаның мүмкіндіктері мен соған сәйкес қарқындылығы есебінен реттеледі. Бұл балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығы бойынша сабақ жүргізгенде жаттықтыру жүктемесінің жалпы және таңдаулы шамаларын таңдауда негізгі стратегиялық бағыт болып табылады.

 

Балалар мен жасөспірімдердің  спорттық дайындығы іс-тәжірибесінде түрліше сабақ ұйымдастыру түрлері пайдаланылады. Жаттықтыру сабағы негізгі түр болып табылады, ол әрбір жас, жыныс және дайындық деңгейі үшін тәрбиелік, білім беру және сауықтыру міндеттерін дұрыс шешу мүмкіндігін береді.

Оқу – жаттықтыру сабақтарын ұйымдастырудың негізі үш әдісі бар: ағымдық, топтық, тұлғалық. Олар қимыл әдістерін және оның ілімін оқытуда, дене қабілеттерін тәрбиелеуде міндеттер қойғанда табысты қолданылуы мүмкін. Алайда бұл әдістер жас ерекшеліктерінің дамуына қарай қолданылып, мазмұны бойынша әртүрлі болуы мүмкін.

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар егер сабақ ойын түрінде жүргізілсе, дағдылар мен іскерліктерді белсенді меңгеретіні белгілі. Бірақ ойындар бірте-бірте тиімділігінен ажырайды. Жасөспірімдік жас басталысымен, сабақты жүргізу түрі өзгереді. Ойынды спорттық – ойын әдісі алмастырады. Онда жасөспірімдер өз мүмкіндіктерін қызыға көрсетеді, өйткені жарыстар өз мазмұнына қарай спорттық іс-қимылдарға жақын келеді.

Сондай — ақ айналымдық жаттықтыру орындалады, ол тұлғалық мүмкіндіктеріне қарай дене қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығы барысында оқу процесін ұйымдастырудың  түрлері мен ұйымдастыру-әдістемелік амалдары қолданылады, бірақ олардың маңызы бірдей, яғни әрбір жас ерекшеліктерінің кезеңіне сәйкес сабақ түрлері мен әдістемелері бар.

Қозғалыс ойындары – ойыншылар ерікті түрде белгілеген шартты мақсатқа жетуге бағытталған саналы бастамалы іс-қимыл.

Қозғалыс ойындары – оқушыларды ұйымдастырудың бір түрі. Оларды жасы әртүрлі жас спортшылармен жұмыс жасағанда қолдануға болады, алайда олар төменгі сынып жасында дайындықтың бастапқы сатысында үлкен іскерлік көрсетеді. Қозғалыс ойындарын дене, әдістік тәсілдік және психологиялық дайындықты жетілдіру үшін сабақ жүйесінде пайдалану керек екенін тәжірибе көрсетті.

Ойынды жүргізуге ұйымдастыру — әдістемелік дайындық жасалады, ол мынадай.

— кез-келген ойын сауықтырып, тәрбиелеп, білім беруі тиіс;

— қозғалыс ойындарын жүргізуге дайындалу барысында мұғалім негізгі міндет қоярда балалардың дайындығына, олардың санына және ойын жүргізілетін жағдайға сүйенеді (залда, спорт алаңында, т.б.);

— негізгі ұйымдастыру сәтіне мыналар жатады: қозғалыс ойындарын жүргізуге арналған орынды дайындау, жабдықтарды даярлап, алаңды белгілеу;

Қозғалыс ойындарын жүргізгенде жаттықтырушы мына міндеттерді бірізді шешеді.

  • оқушыларды ойын талабына сай орналастырып, ойынды түсіндіру мен жүргізудегі өзінің ролін анықтау;
  • бөлімді командаларға бөліп, оқушылардың қайсысының жетекші болатынын анықтау (капитан, көмекші);
  • ойын қимылдарын, ойын төрешілерін, жүктеме мөлшерін бақылап, түзетулер ендіру; ойын қорытындысын шығарып, оның нәтижелерін хабарлау.

Сабақтарда ойындарды ұйымдастырып, жүргізудің өзіндік ұйымдастыру және әдістемелік ерекшеліктері бар.

Төменгі сынып оқушыларымен белгілі бір дене қабілетін дамытуға бағытталған, жалпы дамытушы сипаттары бар ойындар ойналады. Әдетте, ойындарда қимыл әдістерін жетілдіріп, дене қабілеттерін дамытатын лайықты педагогикалық ықпалдар атқарылады.

Мысалы, жүгіру әдістерін оқыту мен жылдамдық қабілетін, ептілікті дамыту бойынша сабақтарда «Біз көңілді балалар» ойыны пайдаланылады. Оның құрылымын мынадай міндеттер анықтайды: жүгіру әдістерін үйрету және шапшаңдық пен ептілікті тәрбиелеу.

Ойынды жүргізуге дайындық алаңының немесе залдың қарама – қарсы беттерінде сызықпен бір-бірінен 15-20м арақашықтықта екі «үй» сызады. «Үйлер» арасында алаңның ортасында жүргізуші тұрады. Қалған ойыншылар бір «үйдің» сызығында, алаңның бір бетінде тұрады. Егер ойын үлкен алаңда жүргізілсе, онда оны қапталынан бір-бірінен 8 – 10 м. қашықтықта белгілеп, шектеу қажет. Жүргізуші ойыншыларға қарап, «бір, екі, үш» деп дауыстайды, ал барлық ойыншылары бірге, «Біз көңілді балалармыз, ойнаймыз, секіреміз, енді бізді қуып жет!» дейді.

Ойыншылар мен жүргізушілердің әрекеті сөзден кейін барлығы сызықтағы келесі үйге, қарама-қарсы бетке қарай жүгіреді. Жүргізуші жүгіріп өтушілерге қол тигізуге ұмтылады, ол ойыншының ойыннан шығуын білдіреді. Барлық ойыншылар жүгіріп өткенде жүргізуші тағы да «бір екі, үш!» дейді, ал балалар «үйіне» қайта оралады.

Ойын әрекетін мөлшерлеу: 2 – 3 рет жүгіріп өткеннен кейін (келісім бойынша) ұсталғандар саналып, сосын ұсталғандар ойынға кіргізіліп, келесі жүргізушіні сайлап, барлығын қайтадан бастайды. Ойын 3 – 4 рет жүргізіледі, одан кейін бірде-бір рет ұсталмаған балаларды анықтап көп бала ұстаған үздік жүргізушілер де анықталады.

Ережесі келесі жаққа тек «қуып жет!» сөзінен кейін ғана жүгіріп өтуге болады: үй сызығынан жүгіріп шығып, кері оралуға болмайды, олай жасаған ойыншы ұсталған болып есептеледі, жүргізуші тек үй сызығына дейін ұстай алады, сызыққа кірген ойыншы ұсталған болып есептелмейді. Ойын аяқталған соң қорытынды жүргізіледі.

Қозғалыс ойындары таңдаған спорт түріне қажетті жалпы дене және арнайы дайындық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Спорттық – ойын әдісін пайдаланып сабақ жүргізу үшін көлемі 15 – 20 х 6 – 8 м. алаң дайындалады. Сабақ барысында әрбір спорт мектебінде кездесетін жабдықтар қолданылады: доптар (үрілген, футбол, волейбол, баскетбол, теннис доптары), гимнастикалық орындықтар, таяқтар, шеңберлер, ілгіштер, секіру жақтаулары, т.б. қосымша жабдық түрінде құм толтырылған қапшықтар, резеңке шеңберлер, т.б. өзінше қолдан дайындалады. Алаң команда санына қарай «коридорларға» бөлінеді.

Оқушылардың бөлімдерге жан-жақтылануы бірнеше әдістермен атқарылады.

  • дене қабілетінің даму көрсеткіштері бойынша;
  • дене дамуы көрсеткіштері бойынша;
  • 1, 2, 3- ші және т.б. команда санына қарай есептеуде;
  • мәнерлі бағытты пайдаланумен;
  • жеке таңдауымен.

Бөлімдерге бөлу әдісі жағдайға байланысты, алайда біздің бақылауымызша, алғашқы екеуі өте тиімді болып табылады.

Командас саны оқушылардың жалпы санына, олардың дене дайындығына және сабақ бағытына байланысты болады.

Жаттықтырушының бұйрығы бойынша бөлімдер сөре сызығына орналасады. Жаттықтырушы міндеттерді анықтап, ойын ережесін түсіндіреді. Түсіндіру барысында сызба мен суреттер түріндегі көрнекі құралдар пайдаланылады. Ойын эстафетасының жүргізілуі мұғалімнің бұйрығымен басталады.

Міндеттің қойылуына қарай дене қабілеттерін таңдап тәрбиелеуге және қимыл әдістерін оқытуға бағытталған ойындар пайдаланылады. Мысалы:

Міндеті:  Жылдамдық қабілетін тәрбиелеу және түзу жүгіру әдісіне оқыту.

Құралдары: «Кім шапшаң?» ойын эстафетасы.

Мазмұны: «Марш!» бұйрығы бойынша бөлімшедегі бағыттаушы шектік жылдамдықпен түзу бойымен жүгіреді, бағананы айналып, бөлімге қайта оралады, келесіге қолын тигізіп, сөрені береді, ал өзі сол қанатқа барып тұрады. Ойын 3 – 4 рет қайталанады. Көп ұпай жинаған команда, яғни жаттыуды тез дұрыс әрі әдіспен орындаған команда жеңеді. Бұдан кейін шарттар күрделеніледі. Жүгіру жолына гимнастикалық орындықтар, доптар, ілгіштер қойылады. Жүгіру тығыздалған және басқа  доптарды алып жүрумен, доп берумен, т.б. орындалуы мүмкін.

Ойын – эстафеталар бағдарламаның барлық түрлері бойынша таңдалып, бүкіл жыл бойында қолданылады. Аталған сабақ ұйымдастыру түрінің аяқтаушы сатысы, топтар арасында жеке командалық біріншілікке жарысу болып табылады.

Жарыстар сабақтарда өткен бағдарламаның бөлімдері бойынша бойына бір рет ұйымдастырылады. Демек, егер жүгіруді, секіоу мен лақтыруды үйренсе, онда бұл қимылдар жарыс мазмұнына олардың бірнешеуі кешенді түрде орындалатындай етіп өндіріледі.

Мысалы:

  • 10м жүгіріп, кедергі астымен жылжып өту (тартылған жіп немесе секіру көлбеуі), гимнастикалық қабырғадан өту, баған жанында бұрылып, сосын барлық жаттығуларды кері ретпен орындайды.
  • Ұзындығы 8 – 10 м жолында гимнастикалық таяқ қойылған кедергі бар коридорды басып өту.
  • Нысанаға екі қолмен бастан асыра теннис немесе волейбол добын лақтыру.
  • Қозғалыс ойындары.

Сонымен қатар жарыс бағдарламасына дене айындығы деңгейін өлшеуге көмектесетін сынақтар ендіруге болады.

Балалар мен жасөспірімдердің дене қабілетін тәрбиелеуге арналған бірнеше спорттық – ойын құралдарының мазмұнын келтіреміз.

Спорттық ойын әдісін пайдаланумен сабақ жаттықтырушы мен мұғалімнің шығармашылығы екенін есте ұстау қажет. Бұл жаттығулар көптүрлі болған сайын да жоғары тиімділікке қол жеткізуге болады. 

1) Жүргізушіге доп беру. Бағыттаушы қолындағы добымен 2 – 4 рет артқа қадам жасап, өз командасына қарай айналып бұрылады. Сосын бұйрық бойынша бағыттаушы допты алдында тұрған ойыншыға береді. Допты берген ойыншы тізбектің соңына тұрады, ал бағыттаушы допты келесі ойыншыға береді, т.б.

2) Кедергіден доп беру. Командаларды алдыңғы ойынды жүргізгендей етіп орналастырады. Көз бағдарлары пайдаланылады: жіп тартылады немесе секіру көлбеуі орнатылады немесе гимнастикалық шығыршық алынады, оның арасынан доп өтеді. Допты берушілердің арақашықтығы доп беру амалдарын меңгеруіне байланысты өзгеріп отырады.

3) Көршіге доп беру. Тізбектегі ойыншылар сызыққа қатарға тұрады, екі қапталына созылған қолмен жалғасады. Доп бағыттаушыда болады. Команда бойынша ол оны оң жағындағы көршісіне бреді. Ол допты ары қарай жібереді, т.б. Допты ең соңынан алған ойыншы өз командасының оң қанатына тұрып, допты оң қанатындағы көршісіне береді, т.б.

4) Отырып доп беру. Команда алдыңғы ойындағыдай тұрады, «аяқты алшақ қойып отыру» бастапқы қалпын орындайды. Осы бастапқы қалыптан допты оң жағындағы көршісіне береді, т.б. Соңғы ойыншы допты алған соң тез тұрып команданы жүгіріп өтіп, оң қанатта бастапқы қалыпқа келіп, допты береді, т.б.. Нұсқасы: допты бастан асыра береді.

5) Тік нысана. 8 – 14м қашықтықта шаршы немесе шеңбер түрінде нысана салынады немесе белгіленеді. Команда бойынша ойыншылар допты нысанаға лақтырады (теннис және кіші тығыздалған допты бір қолмен, волейбол, футбол және баскетбол доптары екі қолмен беріледі). Жаттығуды орындағаннан соң доп сөре сызығына қойылады, ал ойыншы сол қанатқа тұрады.

6) Алға секіру. Бағыттаушының алдына сөре сызығынан 0,5м қашықтықта гимнастикалық төсеніштер төселеді. (және құм толтырылған шұңқырлар да пайдаланылады). «Бір» дегенде ойыншы «жүзуші сөресі» бастапқы қалпында тұрады, «екі» дегенде екі қолымен күшті тебіліп, жоғары-алға секіреді. Жаттығуды орындаған соң ойыншы тізбектің соңына тұрады. Ойынды командалық немесе жеке біріншілік ретінде де жүргізуге болады.

Ескеру: секіруді кедергіні бағындырумен дайындауға болады.

7) Бір аяқпен секіру. Гимнастикалық төсеніштерден ұзындығы 10-12м жол төсейді (ойынды ағаш жаңқасы төселген жолда да өткізуге болады). «Марш!» бұйрығымен ойыншы оң аяқпен (сол аяқ тізе буынында бүгілген) бұрыла секіреді, бұрылыс жасап, аяқ қалпын өзгертіп, сол аяғымен жаттығуды аяқтайды. Алдыңғы тұрған ойыншыға қолын тигізіп, оған сөре беріп, өзі сол қанатқа тұрады.

Ескерту: ойын барлық команданың қатысуымен, яғни топтық әдіспен де орындалуы мүмкін.

8) Дәлізбен жүгіру (коридор). Бормен еденге сызық жүргізеді немесе жіп тартады, сол арқылы екі 25-30 см, ұзындығы 10-15м қашықтықта баған немесе тұғырға қойылған жалауша орнатылады, оны ойын барысында ойыншылар айналып жүгіреді. Бұйрық бойынша жоғары сөреден бағыттаушылар дәліз бойымен жүгіріп, бағанды айналып өтіп, кері оралады.алда тұрған ойыншыға қолын тигізіп оған сөре беріп, тізбектің соңына тұрады.

9) Баспалдақпен, шеңбермен, т.б. дәліз бойымен жүгіру. «Дәлізде» керілген жіппен қатарластырып жақтау немесе гимнастикалық таяқ қояды. Көлбеулер арасындағы қашықтықтар жасына қарай қойылады. Жаттығулар 8 ойындағыдай ереже мен бірізділікке сай орындалады: ойыншылар тез «дәліз»арқылы жүгіріп өтеді, мұнда көлбеуден, шеңберден және басқа заттардан секіріп өтеді. Ойыншыға қойылатын міндетіне қарай жатқан заттар арасындағы қашықтықтар ұлғаяды  немесе азаяды.

10) Кедергі арқылы жүгіру. Гимнастикалық орындық, тығыздалған доп түріндегі кедергілер «дәлізге» орнатылады. Кедергінің биіктігі – 35-40 см. шамасында, жалпы саны – екеу. Сөре сызығынан бірінші кедергіге дейінгі қашықтық – 5,6 м, екіншіге дейінгі қашықтық 8 – 9 м. сөреден бұрылысқа дейінгі қашықтық 10-15 м.

Жаттығулар 8 және 9 ойындар ережелеріне сәйкес орындалады, бірақ жүгіру барысында кедергіні басуға болмайды. Міндеттеріне қарай кедергінің биіктігі мен олардың арасындағы қашықтық өзгереді.

11) Шығыршықтан өтіп жүгіру. Сөре сызығынан 25-50 см қашықтықта гимнастикалық шығыршық немесе биіктігі 60-70 см секіру бағандары арасына керілген жіп қойылады. Шығыршық еденнен 5-10 см қашықтыққа ілінеді (немесе ұстап  тұрады). «Төменгі сөре» бастапқы қалпында тұрады.

«Марш!» бұйрығынан соң ойыншы шығыршықтың арасынан жүгіріп өтеді, ал бағыттаушыдан кейін тұрған ойыншы бастапқы қалып алады. Кері оралған ойыншы шығыршықты айналып өтіп, бастапқы қалып алған ойыншыға қолын тигізіп, сол қанатқа тұрады.

12) Затқа секіріп жүгіру. Сөре сызығынан 6-7м қашықтықта төсеніш төселген гимнастикалық (1-2 шт) орындықтар қойылады. Бұйрық бойынша ойыншы «дәлізге» шығып, гимнастикалық орндыққа қарай жүгіреді, серпу аяғымен орындыққа шығып, сосын алға – жоғары қатты тебіліп (немесе тек алға) төсенішке қонады да, жүгіруді жалғастырады. Бұрылғаннан кейін жаттығу кері бағытта қайталанады.

Ескерту: жаттығу секіруден соң қонуды меңгергеннен кейін жүргізіледі затқа секіріп мініп жүгіруді эстафета таяғын немесе теннис добын берумен біріктіруге болады.

13) Доппен жүгіру. Командалар жартылай шеңбер жүргізілген сызық бойына тұрады. Ойынның ұйымдастырушысы добымен (волейбол, футбол, баскетбол) сол добымен (волейбол, футбол, баскетбол) сол қанаттағы ойыншылардан 2-3м қашықтықта команданың артында тұрады. «Марш!» бұйрығымен допты еденге тастайды; допты алдында тұрған ойыншылар ұстап алуға тырысады.

Жүгіруді аяқтаған ойыншылар команданың сол қанатына тұрады, доп мұғалімге қайтарылады.

14) Секіргіш доп.  бағыттаушының алдында волейбол немесе баскетбол добы жатыр. Бұйрық бойынша бағыттаушылар доп жүргізуге мүмкін болатындай биіктікке көтерілгенше алақанымен допты ұрады (оң немесе сол).

Бұрылыста сөре сызығынан 5 – 10 м қашықтықта бағандар қойылған. Доп бұрылысқа жеткен соң ойыншы командаға қарай бұрылып, бір қолмен допты дереу келесі ойыншыға береді. Доп сөре сызығына шыққанда келесі ойыншы сол әдіспен допты алып, оны бағандарға қарай жүргізіп алып барады.

15) Допты жүзумен жүргізу (кедергі арқылы, кедергі астымен, кедергі арасымен). Бағыттаушы допты қолында ұстайды. (волейбол, баскетбол, футбол). Сөреден 10-15 м қашықтықта бағандар мен жалаушалар орнатылады.

Бұйрық бойынша допты оң қолмен жүргізе бастайды, бұрылыстан соң сол қолмен жүргізеді. Допты сөре сызығына дейін жүргізгенде оны алдыңғы тұрған ойыншыға шартты әдіспен береді, жүргізуді аяқтаған ойыншы сол қанатқа тұрады.

16) Доппен ойын слаломы. Допты жүргізу жолында баған, жалауша және ілгіштер қойылады, олардың арасындағы қашықтық 3 м. Бұйрық бойынша бағыттаушы допты жүргізе бастайды, бірінші бағанды оң жағынан, екіншісін сол жағынан айналып өтеді, т.б. Допты соңғы бағанға жеткізіп, бұрылады және допты кері бағытта жүргізеді. Допты алдағы тұрған  ойыншыға беріп, тізбектің сол қанатынан орын алады.

17) Көршіге доп беру. Тізбектегі ойыншылар қатарға тұрып, қапталына соғылған қолдарымен жалғасады. Бұйрық бойынша бағыттаушы допты оң жақтағы әріптесіне, ол ары қарай, т.б. береді. Соңғы оң қанатына жүгіреді, команданы жүгіріп өтіп, бағыттаушы болып, әріптесіне допты оң жағынан береді т.б.

Ескерту: түрлі бастапқы қалыптар мен доп беру амалдары қолданылады.

18) нысананы дәлдеу. Командалар алдында 8 – 10 м қашықтықта нысана қойылады. Ол қабырғаға еденнен 1,5 – 2,0 м қашықтықта шаршы немесе шеңбер түрінде бейнеленуі мүмкін (оқытушылардың бой ұзындығы мен дене дайындығына қарай). Ойыншы допты нысанаға лақтырып, сосын допты артта тұрған ойыншыға беріп, өзі тізбектің соңына барып тұрады.

Ойын бірнеше нұсқада жүргізілуі мүмкін.

  • Еденге қойылған нысанаға тигізу (доп, ілмек, т.б.).
  • Келесі команданың ойыншылары бейнелейтін қозғалмалы нысанаға тигізу.

19) Жүгіріп келіп кедергіден секіру. Сөре сызығынан 2 – 3 м қашықтықта төсеніші бар гимнастикалық орындық қойылып, жіп тартылады немесе секіру көлбеуі орнатылады (сондай-ақ  төсеніштер төселген). Гимнастикалық қабырға мен кедергі арасындағы қашықтық 50-70см (ойыншылардың дене дайындығына қарай).

Бұйрық бойынша ойыншылар жылдамдық алады. Серпу аяғымен кедергіге шығып, сосын қатты кері тебіліп, кедергіден секіріп түседі. Секіруді орындаған соң ойыншы өз командасына келіп, сол қанатқа тұрады.

Ескерту: барлық команда секіріп өткеннен кейін кедергінің биіктігі 5 см – ге көтеріледі.

20) Астынан өтіп жүгіру. Сөре сызығынан 6 – 7 м қашықтықта жіп тартылады немесе еденнен 50-60 см биіктікке секіру көлбеуі орнатылады. Жіп астына төсеніш төселеді. Бұйрық бойынша ойыншы жоғары сөре қалпынан кедергіге дейін жүгіріп жетіп, кез-келген әдіспен оның астынан өтеді, сосын бұрылысқа дейін жүгіріп жетіп (сөреден бұрылысқа дейінгі қашықтық 14-16м), оны айналып өтеді, өз командасына оралар жолда тағы да кедергінің астынан өтеді. Келесі ойыншыға қолын тигізіп, сөрені беріп, сол қанатқа тұрады.

Әдістемелік нұсқаулар: спорттық ойын әдістері сабақтарын ұйымдастыруда команда ойыншыларының саны мен арақашықтықтарды анықтап алу қажет, ол жүктеме көлемі мен ойын жаттығуларын орындау аралығындағы демалыс уақыты тәрізді маңызды жаттықтыру ықпалдарының құрамдас бөліктерін нақты үлгілеуге мүмкіндік береді. Осымен дене қабілеттерін бағытты және таңдаулы тәрбиелеу тиімділігі артады.

Айналымдық жаттықтыру принципі бойынша сабақ ұйымдастыру барлық жастағы жас спортшыларды оқыту барысында қолданылады. Ұйымдастырудың бұндай түрінің тиімділігі сабақ тығыздығын біршама арттыруға, дене жаттығуларымен дербес шұғылдану іскерлігін тәрбиелеуге, спортшының жұмыс қабілетін арттыруға құрылады.

Сабақты ұйымдастырудың бұл түрі толық дәрежеде барлық дене қабілеттерін дамытуға жәрдем бермегенімен, басқа түрмен үйлесіп, айналымнан айналымға ұласып, жүктеме көлемін дараландырып және іріктеп мөлшерлеуге мүмкіндік береді.

Жаттығуларды орындау үшін оқушылар шеңбер, шаршы, тікбұрыш бойымен орналасқан бекеттерде тұрады. Сабақ өтетін орын спорт зал немесе ашық, арнайы жабдықталған алаң болуы мүмкін. Бакеттер саны бөлімдер санына байланысты болады. Әрбір бөлім 3 – 6 оқушыдан құрылады. Қимыл әдісіне арналған жаттығулардың қауіпсіздік пен көмек талап етпейтін, жеңіл әрі қарапайымдары таңдалады. Спорт түрі бойынша бағдарламада ұсынылған жаттығуларды басшылыққа алып, оларды жас спортшылардың дайындығына қарай толықтырып және күрделендіріп пайдаланған дұрыс қимылды үйренуге уақыт шығындамас үшін алдыңғы сабақтарда жақсы меңгерген қимылдар пайдаланылады.

Жаттығуларды іріктеу түрлі бұлшық ет топтары мен ағза жүйелеріне арналған жүктемелердің көптүрлілігі мен бірізділігін сақтауды талап етеді.

Әрбір бекеттегі жаттығу аяқтың, қолдың, иық белдеуінің, қарынның, арқаның белгілі бір бұлшық ет топтарына ықпал етеді. Сонымен, негізгі бұлшық ет топтары әрбір бекетте өзгеретін жүктеме алады.

Айналымдық жаттықтырудың алғашқы сабақтарында мынадай міндеттер атқарылады. Айналымдық жаттықтыру мазмұнымен және жаттығуларды орындау әдістерімен таныстыру, жетістіктер есебінің жеке карточкаларын құрып, толтыру, жетістіктерді шектік сынақ көрсеткіштері бойынша өлшеп, бағалау.

Бір бұлшық ет тобы дамуға күш салса, келесісі белсенді демалады.

Кешендер құруда қарапайым, жеңіл, барлығына лайықты, қауіпсіздендіруді керек етпейтіндей болуы тиіс. Жаттығумен таныстыруға 8 – 10 мин. жетеді. Бөлімдер қайта құралмайды, себебі барлық жаттығулар бір мезгілде, бекеттерді жүріп өту бірізділігімен  орындалады. Айналымдық жаттықтыру кешенінің мазмұнымен танысқан соң жеке карточкалар  таратылып, оған пульс көрсеткіштері мен шектік сынақ көрсеткіштері ендіріледі.

30с бойында барлық бөлімдер бір мезгілде жаттығуларды орындайды, және қайталау саны жүргізіледі. Қайталаудың 30с ішіндегі шектік саны шектік сынақ болып табылады, оның көрсеткіштеріне әрбір сабақтағы жеке мөлшерлеу тәуелді болады.

Айналымды жүріп өткеннен кейін ағзаның жүргізілген жұмысқа реакциясын бағалайды. «Зейін сал! Пульс!» бұйрығы берілісімен, оқушылар 10с ішінде өз пульсін, оны Б-ға көбейтеді. 2 минуттан соң тағы да өлшенеді, оның мәліметтері карточкаға жазылады.

Айналымдық жаттықтыру жүргізудің әдістемелік негізі жүктеме мен демалысқа жұмсалған уақыттың өзгеру принципі болып табылады. Бұл жаттығуды орындағанда дене қабілетін тәрбиелеудің бірнеше әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Бірінші әдіс – ұзақ, үздіксіз жұмыс істеу әдісі, ол бекеттерде орналасқан барлық жаттығулардың үздіксіз орындалуын қарастырады, ол бір, екі немесе үш айналымды өтуден жинақталуы мүмкін. Жүктеме көлемі шектік сынақ көрсеткіштерінің 25-тен 75 %-ға дейінгі көлемін құрайды. Бұл әдіс көмегімен жететін негізгі педагогикалық әсер жалпы төзімділікті тәрбиелеу болып табылады.

Айналымдық жаттықтыруды жүргізу барысында барлық жаттығулармен ұзақ уақыт жұмыс істеу әдісін қолданып орындаудың бірнеше әдістері пайдаланылады. Жаттығулар әдістік тұрғыдан дәл әрі дұрыс орындалуы тиіс. Егер бөлімдерде өз құрбыларынан өз дене қабілеті мен мүмкіндіктері бойынша алда тұратын оқушылар болған жағдайда олар үшін қатар жолдар мен бекеттерде бірнеше қосымша жабдықтар дайындалады. Бұл қызығушылықты арттырып, жарыс жағдайын тудырып, спорттық сапалар туындатады.

Екінші әдіс – интервалдық әдіс. Оның мағынасын аты айтып тұрғандай жүктеме демалыс интервалдарымен реттеледі. Бұл аралықтар дене қабілетін тәрбиелеу барысында қойылатын міндеттерге байланысты болады.  Аталған әдісті жалпы және арнайы төзімділікті, жылдамдық – күш қабілетін және күшті тәрбиелеуде қолданылады. Бұл әдістің мынадай түрлері қолданылады.

  • әрбір бекетте жаттығуды орындау 15с, келесі бекетке өтуге қоса белсенді демалыс 45 с;
  • 15с барысында жаттығуларды орындау, демалыс үзілісі 30 с-қа дейін қысқарады;
  • Жаттығуды орындау мен демалыс 30с жүктеме және 30 с демалыс.

Үшінші әдіс – бұл жаттығуды салмақ көтерумен қосып орындауға мүмкіндік беретін қайталау жұмысы әдісі әсер ету күші әрбір жаттығуда 80-нен 90 % шектікті құрайды. Демалыс үзілісі 2-3 мин, шектік жаттығу орындағанда 3 – 5 мин. құралдар ретінде гантельдер немесе штангалар, салмаққа тартылу пайдаланылады, ол күш қабілеттерін тәрбиелеуге көмектеседі. Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығында негізінен дене қабілетін қалыптастыруға ең тиімдісі интервалдық әдіс пен үздіксіз жұмыс істеу әдісі қолданылады.

Айналымнан айналымға сабағының таңдаулы сипаты бар және күшті шапшаңдық пен төзімділікті және де басқа дене қабілеттерін кешенді, үйлесімді тәрбиелеуге бағытталған. Бұндай сабақ ұйымдастыру түрінің принциптерінің бірі барлық дене қабілеттерін спорттық жаттықтырудың апталық айналымында бірізді тәрбиелеу болып табылады.

Ұйымдастыру негізі – таңдаулы бағыттағы жаттығулар кешенінің бірінен келесісіне күнделікті өту болады. Жаттығу кешендерін орындағанда оқушылар әрбір жаттықтыру сабақтарында айналымнан айналымға өткендей болады.

Жаттығу кешенінің мазмұнына затпен, гимнастикалық жабдықтарда, жұптасып, тренажерда, сондай-ақ қалыптан тыс құралдарда орындалатын жаттығулар ендірілуі мүмкін.

Мұндай ұйымдастыру түрінде топтың біркелкілігін сақтап, 3-4 адамнан топтарға бөлген дұрыс. Бұл жағдайда бөлімді топтарға бөлу дене дайындығының, дене дамуының, жүйке жүйесінің типтік ерешеліктерінің көрсеткіштері бойынша атқарылуы мүмкін.

Сонымен, тереңдетілген спорттық мамандану сатысындағы оқу-жаттықтыру барысын құрудың негізгі принципі болып табылатын жаттықтыру жүктемесін дараландыру мен оның таңдаулы бағыты осылай жүзеге асырылады.

Кешендерді құруда жасөспірімдердің дайындығы ескеріледі, ол біршама дәрежеде дене жүктемесінің жалпы көлемінде анықтайды. Әрбір бекеттердегі жаттығу кешендері бір жаттықтыру сабағында орындалады.

Одан кейінгі сабақтарда жас спортшылар келесі бекетке өтеді. Жаттығуларды бірнеше бекеттерде орындау апта сайын мүмкіндік беріп, дене қабілеттері кешенді тәрбиеленеді.

Айналымнан айналымға жүйесі бойынша сабақ өткізгенде маңызды сәттер мыналар.

  • оқушылардың таңдаулы дене қабілеттерін тәрбиелеудегі демалыс уақытымен жүктеме көлемін дербес анықтау іскерлігіне бағытталған ілімдік дайындығы;
  • жаттығулар кешенін іріктеп, даярлау.

Егер айналымдық жаттықтыру немесе айналымнан айналымға принципі бойынша жүргізілетін сабақтардың арнайы бағыты болған жағдайда, бекеттердегі жаттығуларды іріктеу бағдарламаның бөлімдеріне сәйкес келуі тиіс. Әдетте, бұл жаттығулар бүтін қимылдың белгілі бір әдісіне немесе таңдаулы дене қабілетін тәрбиелеуде жетекші қызмет атқарады.

Заманауи жаттықтыру және жарыс жүктемелері бұл ең алдымен жас спортшының өскелең ағзасының бұлшық ет және жүйке қуатының біршама шығындалуы болып табылады. Қуат шығыны соған сәйкес спорттағы табысқа жету үшін қажетті қалпына келумен қатар жоғары қалпына келуді талап етеді.

Спорт жас спортшының өмір салтына қатаң талаптар қояды. Жас спортшының өмір салты жүктеме демалыспен (оқу, жаттықтыру) кезектесетін, ал қалпына келу күн тәртібін тиімді тамақтануды, шынығу мен бірқатар қалпына келтіру іс-шараларын қамтамассыз ететіндей ырғақты сипатта болуы тиіс. Осының барлығы денсаулықты нағайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, ауру қаупін азайтуға көмектесуі тиіс.

Спорттық жаттықтыру мен спорттық жарыстан соң жас спортшының ағзасын қалпына келтіріп, оның жұмыс қабілетін көтеру үшін түрлі педагогикалық, психологиялық және медико-биологиялық құралдар пайдаланылады.

Платонов (1997) айтып өткендей, қалпына келтіру құралдары мен жаттықтыру ықпалдарын белгілі бір жүйеге біріктіру жаттықтыру сабақтары мен кіші айналым бағдарламаларындағы қалпына келтіру барысы мен жұмыс қабілетін басқарудың басты мәелелерінің бірі болып табылады.

Сонымен спорттық дайындық жас спортшылардың қалпына келуі мен жұмыс қабілетін көтерудің әдістерімен және құралдарымен өзара байланыста болуы тиіс.

Жұмыс қабілетін арттырып, жүктемеден кейін ағзаны қалпына келтіретін педагогикалық құралдарға жас спортшының дұрыс ұйымдастырылған оқу-жаттықтыру әрекеті жатады, онда алдымен жас, жыныс, дене және психикалық дайындық ерекшеліктері ескеріледі.

Қалпына келтірудің психологиялық құралдары психореттеуші (аутогендік жаттықтыру, иландыру, әуен, т.б.) және психогигиеналық (спорт бөлімшесіндегі ішкі жағдай, өзара қарым-қатынас, оң көңіл-күй) болып бөлінеді.

Талдау терапиясының, иландырып ұйықтатудың, көңіл-күй, ерік-жігер және психореттеуші жаттықтырудың, т.б. әдістердің кешенді әсерінде жоғары нәтиже ықпалды болатыны белгілі.

Медико – биологиялық құралдар былай бөлінеді.

  • гигиеналық – күн тәртібі, демалыс, спорттық жабдықтар;
  • денелік-массаж, монша, гидропроцедуралар;
  • тамақтану-қуат құндылығымен жүктеме көлемімен, ауа райы жағдайымен сәйкес теңгеру;
  • формакологиялық – қуат қорын қалпына келтіретін заттар, пластикалық әрекеттерге арналған дәрі-дәрмектер, дәрумендер, бейімдегіштер.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеу жөніндегі ғылыми-педагогикалық әдебиетті талдау төзімділікті дамытудың маңызды білімдік, сауықтырушы және тәрбиелік функцияларды атқаратындығын, қимыл-қозғалыс іс-әрекетінің жетілуіне ықпал ететіндігін, дене қасиеттерінің даярлығын жақсартатындығын, функционалдық көрсеткіштерді арттыратындығын, оқушының маңызды тұлғалық-қоғамдық, моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыратындығын куәландырады. Дәл сол кезде оқу-әдістеме әдебиетінде бастауыш сыныптарда төзімділікті дамытуға жеткіліксіз көңіл бөлінетіндігі анықталды.
  2. Біз қазіргі мектеп оқушыларының төзімділікті дамыту деңгейінің тесттерді 2008 жылы орындау нәтижелерімен салыстырғанда төмендеп кеткенін анықтадық: бастауыш сынып оқушылары 90 с ішінде жүгіріп өту көрсеткіштері бойынша орташа алғанда 10,9%-ға; 6 мин ішінде жүгіруде — 11,2%-ға; 35 мин ішінде жүгіруде — 40%-ға артта қалып отыр.  Осылайша, орындалатын жұмыстың ұзақтығына және қарқындылығына байланысты төзімділіктің төмендеу тенденциясы айқындалып отыр.
  3. Төменгі мектеп жасындағы балалармен дене шынықтыру сабағында төзімділікті дамыту тәсілдерінің орны анықталды: 4,2% сабақтың кіріспе бөлігінде, негізгі бөлігінде 60%; қорытынды бөлігінде —
    4,3%. Қалған уақыт спорттың базалық түрлерінің: жеңіл атлетиканың, гимнастиканың, шаңғы даярлығының, спорттық ойындар элементтері бар қозғалмалы ойындардың техникалық әрекеттерін меңгеруге бөлінеді.
  4. 2-4 сынып оқушыларының эксперимент басталғанға дейінгі дене қасиеттерінің даярлығы мен функционалдық күйінің құрылымы анықталды. Осындай құрылымның негізгі құрамдас бөліктері болып мыналар табылады:
  • фактор I – организмнің функционалдық қабілеттері факторы;
  • фактор II – буындардың қозғалғыштығы факторы;

—  фактор III – жылдамдық және қуаттылық қабілеттері факторы;

—           фактор IV – күш қабілеттері факторы.

  1. Төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ қолдана отырып, II-IV сынып оқушылары үшін дене шынықтыру сабақтарының мазмұнының бағдарламасы жасап шығарылды, атап айтар болсақ:

—             бағдарламаның өзіне мемлекеттік білім беру стандартымен қарастырылған жаттығуларды үйренуді енгізетін базалық материалы (76,47%);                

— төзімділікті дамытуға жаттығулар орындауды қосатын, бағдарламаның вариативтік бөлімі (23,53%).

  1. Төменгі мектеп жасындағы оқушыларында төзімділікті дамыту тәсілдерін қолданудың жасап шығарылған әдістемесі циклдық сипаттағы жаттығуларды 8-20 мин бойы орындаудың үздіксіз әдісін ұсынуға болатындығын көрсетіп берді. Оқушылар 8-20 мин бойы үздіксіз жүгіріп өткен дене шынықтыру сабақтары, максималды қуаттылықтағы қашықтықтарды көп мәрте жүгіріп өту және орта қашықтықтарға жүгіру қолданылған сабақтармен салыстырғанда, 2-4 сынып оқушыларының төзімділігін дамытуға тиімді әсерін көрсестеді. Төзімділіктің оңды өзгерісіне үздіксіз ұзақ жүгірудің әсерімен функционалдық көрсеткіштердің артуы себепші болып отыр.
  2. Дене шынықтыру сабақтарында төменгі сынып оқушыларында төзімділікті мақматты бағыттай дамыту бойынша жасап шығарылған бағдарламаны қолданудың нәтижесінде біздер II-IV сынып оқушыларының дене қасиеттерінің даярлығын анықтайтын басым факторларды анықтадық:

I – аэробтық қасиеттер;

II — функционалдық қасиеттер;

III – буындардың қозғалғыштығы;

IV – шапшаңдық пен қуаттылық қабілеттері.

  1. Педагогикалық эксперимент, басқа эксперименттік топтармен салыстырғанда, төзімділікті дамыту үшін үздіксіз ұзақ жүгіруді қолдана отырып өткізілген сабақтардың жоғары тиімділігін және функционалдық көрсеткіштердің (ӨӨС, ОМТ, ОМТ/кг) өскендігін көрсетті.

Үш эксперименттік топтағы төзімділіктің даму диапазоны 12,4% — дан 6,2% дейін құрады:

  • 8-20 мин бойы үздіксіз жүгіру қолданылған «В» тобында төзімділік көрсеткіштері 12,4%-ға артты;
  • орташа қашықтықтарға жүгіру қолданылған «Б» тобында төзімділік көрсеткіштері орташа алғанда 9,3%-ға артты;
  • төзімділікті дамыту үшін балалар шағын қашықтықтарды көп мәрте жүгіріп өткен «А» тобында үш эксперименттік топтың ішіндегі ең төмен нәтижелер байқалады: төзімділік көрсеткіштері 6,2%-ға артты.

         Үш эксперименттік топтағы функциялық көрсеткіштердің (ӨӨС, ОМТ, ОМТ/кг) даму диапазоны 12,5%-дан 5,7%-ға дейінгі шаманы құрады (функционалдық көрсеткіштер орташа алғанда «В» тобында 12,5%-ға; «Б» тобында — 9,6%-ға; «А» тобында — 5,7%-ға артты).

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. «Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдар аралығыңда бұқаралық спорты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» // 1996 ж. 19 желтоқсан. №
  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауың. Алматы, 1998, 240 бет.
  3. Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2 желтоқсан. №490-13 ҚР // Sport, 2000, №1, 4-11 қантар.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спорпы дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2001 ж.
  5. Адамбеков К.Т. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.
  6. Аяшев А.О. Болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1993, 55 б.
  7. Кузнецов З.И. Мектеп жасындағы балалардың негізгі дене қасиеттерін дамыту // ғылыми конференциясының жинақтары, Поланга, 1966 ж.
  8. Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
  9. Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім берегін мектептердегі 1-9 сынын оқушыларының нұсқалық, бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к.. дңсс. авторефераты. М., 1995, 22 б.
  10. Жұманова А.С. «7-9» жастағы қазақ балаларының дене тәрбиесі ісінің мазмұнын тәжірибеде дәлелдеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты Алматы, -1997.
  11. Алимханов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасының нұсқалары. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б.
  12. Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. // Киев,
  13. Куланов К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің дамуы (1966-1985) п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1990, 22 б.
  14. Набатникова Н.И. Субмаксимольді және жоғарғы қуат арқылы жасалтын цикддік жұмыс кезіндегі спортшының арнайы төзімділігін жетілдіру мәселелері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1974, ж.
  15. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев P.M. Педагогака, Астана, 1998, 378-бет.
  16. Бриль М.С. Б.Ш.Ө.С.М. қабылдаудағы балалардың жеке бас ерекшеліктерін зерттеу (баскетболдан) п.ғ.к.дисс.М., 1968, 188 б.
  17. Атаев К.А. Балалардың жүйелі түрдегі дене тәрбиесі. // Ғылыми практикалық конференцижіың тезистері. Ташкент. Джизак, 1991. 21 б.
  18. Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1992, 1-20 беттер.
  19. Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағы және үйірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1968, 22 бет.
  20. Қоражанов Б.К. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты М., 1992, 1-85 беттер.
  21. Филин В.П. Мектеп жасьщцағы оқушылардың спорттық жаттығу жасау барысында қозғалыс қасиеттерін жетілдіру проблемалары. п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1970.
  22. Ашмарин В.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық зерттеулердің теориясы мен әдістемесі. Дене тәрбиесі және спорт, М., 1976, 223 б.
  23. Пономарев Н.И. Дене тәрбиесі қоғам жене адам мәдениетінің бір саласы. Алматы, 1996, 308 бет.
  24. Матвеев Л.П. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі дене мәдениеті институтына арналған оқулық. Дене тәрбиесі және спорт, М, 1976, 236 б.
  25. Ботагариев Т.А. Аймақтык ерекшеліктерді ескере отырып, оқушылардың дене тәрбиесін жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздемесі. (Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының материалдары негізіңце). п.ғ.д. дисс. авторефераты, Алматы, 2001.
  26. Хан А.Н. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымдарының педагогикалық негіздері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1984. 33 бет.
  27. Тәнекеев М.Т. Ұлттық спорт әлемі. Алматы, 1998, 288 б.
  28. Төлегенов Ж.М. Казіргі педагогикалық үрдісте қазақтың ұлттық дене тәрбиесінің құралы мен формасы. п.ғ.к. диссертациясы. Алматы, 1992, 1-165 б.
  29. Тотенаев Б. Дене тәрбиесі (бірінші классқа арналған оқу құралы). Алматы, 1988, 112 б.
  30. Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1991, 175 б.
  31. Анарқұлов Х.Ф. Қырғыз халқының қозғалмалы ойындары. Дене шынықтыру жаттығулары және осы заманға лайықтылығы. п.ғ.д. дисс.авторефераты. М., 1993, 25 б.
  32. Тұрсынов М.Б. Тәжіктің ұлттық ойыны мен спорт түрлері және олардың тәрбиелік мәні. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Душанбе: 1964, 26 б.
  33. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін ттайдалану. п.ғ.к. дисс. автореферахы. Алматы, 1995, 23 б.
  34. Қуанышов Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері. Алматы, 1997, 260 б.
  35. Керимов Л.К. Тәрбие жұмысының мазмұны және тәрбие жұмысының міндеттері. (Әдістемелік көмеші құрал).//Алматы, 1991, 27 б.
  36. Баженов В.Т., Баженова В.П. Қараусыз қалған оқушыға педагогикалық ескерту. Алматы, 1989, 205 б.
  37. Садирмекова Ж.Б. Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Апматы, 1996.
  38. Ким В.А. Көп ұлтты мектептердегі оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу процесінің теориялық негіздерінің әдістемелері. п.ғ.д. дис. Алматы, 1992, 340 б.
  39. Антропов М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттері мен денсаулық жағдайлары. Педагогика, М., 1974, 135 б.
  40. Мұстафина Т.К. Спорт, медицина. Алматы, 1997, 314 б.
  41. Гужаловский А.А. Оқушылардың өтпелі кезеңінде берілетін дене тәрбиесін дамыту. Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы. 1977, №7, 37-39 б.
  42. Моркосян А.А. Жас ерекшелік физиологиясы және педагогикалық мәселелер. «Кенес педагогикасы». 1965, №
  43. Мотынская Р.Е. Адамның жасы және дене тәрбиесіндегі дәрігерлік зерттеулер. Док.дисс. Л., 1963.
  44. Сухарев А.Г. Оқушылардың қозғалыс белсеңділігінің гигиеналық үрдістерін ұйымдастыру. м.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1972, 40 бет.
  45. Rolloft В.В. Objectivea forrhysical education. // Jouranal of Ph., Recr., Dance, 1985, V.56.
  46. Гильберт Г.Г., Pocc Г. National children and Ycuth bitness study. // Journal of Fh, Recr., Dance, 1985, 56, №7, P.36-37.
  47. Зациорский В.М. Спортшының дене сапасы. //Дене тәрбиесі және спорт. М., 1966 ж., 200 б.
  48. Ухов В. Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі. Дене тәрбиесі институтына арналған оқулық. М., 1985 ж.
  49. Шмидт, Полеев А.С. Кенес Одағындағы спорт құрал жабдықтары. М., «Білім», 1970.
  50. Зимкин Н.В. Жылдамдық, төзімділік және күштің физиологиялық сипаттамасы. Дене мәдениеті және спорт,М., 1966.
  51. Фарфель В.С. Спорттағы қимыл — қозғалыс классификациясы. Дене тәрбиесі теориясы мен практикасы. 1970, №
  52. Годик М.А. Адамның қозғалыс жылдамдығының қабілеттілік құрылымдық факторларын зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты, М., 1946.
  53. Зациорский М.И. Спортшының қимыл сапасы. (Тәрбиенің теориялық және   әдістемелік зерттеулері). п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1968 ж.
  54. Тодик М.А., Зациорский В.М. Спортшының «жарылу» күшін зерттеудің алғашқы нәтижесі мен әдісі. // Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы, 1965, №
  55. Креаповников А.Н. Адам физиологиясы. //Дене тәрбиесі және спорт. 1954 ж.
  56. Жуков Е.Н. Педагогика. М, 1984, 64 бет.
  57. Фарфелъ C. Мектеп жасындағы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту. // М., 1969.
  58. Қазіргі таңдағы спорттық жаттығулардың физиологиялық проблемалары – спорттық жаттығу жүйесінің мәселелері бойынша өткен бүкіл одақтық ғылыми-әдістемелік конференциядағы баяндама. М., 1961.
  59. Годик М.А., Ширяев А.Г. Жаттығу жүктемелерін мөлшерлеу және бақылауды жетілдірудің педагогикалық негіздері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1982, 48 б.
  60. Harriet I.E. The difberential measuremente offeree and velocity for junoir high school giris. «Hie Res. Quartentu». Vol.8, №4, 1937.
  61. Henry EM. Reseerch on sprine running. «The Athletic Journel». Vol.32, №6, 1952.
  62. Henry R.M. Whitley I.B. Relatlonenhip betuseen individual Differences in strength. //Speed and Mass in Arm Movement — Research Quarterly. 1960, 3, N1, P.24-31.
  63. Henry F.M. Whitley I.B. Relationanip between individual Differences in Strangth. // Speed and Maoc in Arm Nowement — Research Quarterly. 1960, 331, №1, P.74-31.
  64. Hettinger T.H. Iecmeyriches Musreltneininy. Georg Tһiome — Stuttgart, 1964.
  65. Smith L. Reaction Time and Movement Time in Large Movemente. The Research Qyarterly, vol.32, №1, 1961.
  66. Smith L. Reaction time and Movement time in four large muacle movemente. Reacarch Quarterly. 1961, 39, №1, P.88-92.
  67. Громбах , Сапожникова Р.Г. Глушкова С.К. Усищева М.Л. Сегізжылдық мектеп оқушыларының оқу жүктемесінің гигиеналық .сипаты. «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы», М., 1970, 111 бет.
  68. Зациорский В.М. Спортшының қимыл-қозғалыс қабілеттері. // Дене тәрбиесі және спорт, 1966, 200 бет.