АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау, 2016 — 39

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

Олимпиадалық спорт факультеті

Гимнастика және жүзу кафедрасы

 

 

 

Сұлтаналина Айгүл

 

 

Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау

 

 

 

 

5В010800 —  «Дене шыныктыру және спорт»

Жүзу  мамандануы

 

Алматы,  2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

 

Олимпиадалық спорт факультеті

Гимнастика және жүзу кафедрасы

 

 

                                                                «Қорғауға жіберілген»

                                                                Кафедра меңгерушісі

                                                                п. ғ. д., доцент

                                                                ___________ А.С. Жуманова

                                                                «_____»_____________2016ж.

 

 

«Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау» тақырыбына жазылған дипломдық жұмыс 

 

 

Мамандық    5В010800  Дене шыныктыру және спорт

Мамандану: Жүзу

 

 

 

 

 

 

Орындады: 4 курс ОСФ – 4 тобының студенті      /               /Сұлтаналина А.

 

Ғылыми жетекшісі:

Аға оқытушы                                                           /                / Бүхарбеков Б.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,  2016

МАЗМҰНЫ

 

 

Нормативтік сілтемелер…………………………………………………….

4

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР…………………………………………

5

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………….

6

1

БАСТАПҚЫ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖАС ЖҮЗГІШТЕРДІҢ ДЕНЕ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ………………………………

 

7

1.1

Бастапқы оқыту кезеңіндегі жас жүзгіштердің жас ерекшеліктері және дене дайындығы……………………………………………………………………….

 

7

1.2

Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы…………

9

1.3

Дене қасиеттері мен спорттық бағдарды тестілеудің қазіргі заманғы мәселелері………………………………………………………………..

 

12

1.4

Жас спортшыларды спорттық іріктеудегі өлшемдер…………………………..

15

1.5

Жас спортшыларды жүзеге үйретудің арнаулы ерекшеліктері……………

16

1.6

Жас балаларды жүзуге оқыту үдерісін тиімділендіруде техникалық құралдарды пайдалану………………………………………………………………………

 

18

2

ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ……………………….

22

3

ЖҮЗУМЕН МАМАНДАНУШЫ 7-8 ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖӘНЕ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ………………………………………………………………………………….

 

 

 

26

3.1

Жас жүзгіштерде морфологиялық көрсеткіштердің өсу динамикасы……………………………………………………………………………..

 

26

3.2

7-8 жас шамасындағы жас жүзгіштерде дене қасиеттерінің өсу қарқынының динамикасы…………………………………………………………………….

 

30

3.3

Жалпы төзімділікті дамыту деңгейін бағалау……………………………….

31

3.4

Жылдамдылық-күштілік мүмкіндіктерін дамыту деңгейін бағалау..

31

3.5

Жылдамдылық қасиеттерін дамыту деңгейін бағалау……………………..

32

3.6

Күштілік төзімділік көрсеткіштерінің дамыту деңгейін бағалау

33

3.7

Икемділік  қасиетін дамыту деңгейін бағалау………………..

34

 

ҚОРТЫНДЫЛАР……………………………………………………………………………………………………

36

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………….

38

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

Дипломдық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды:

1  ГОСТ 7.32-2001 Ғылыми-зерттеу жұмысының есептемесі. Рәсімдеудің жоспары және құрылымы.

2      ГОСТ 7.1-2003 Библиографиялық жазба. Библиографиялық сиппаттау. Жалпы талаптар және рәсімдеу жоспары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

белгілер және қысқартулар

 

БЖСМ – балалар жасөспірімдер спорт мектебі

ЖДЖ – жалпы дамыту жаттығулар;

ЖДД –  жалпы  дене дайындық;

соғ/мин –  соғу минутына

сек – секунд

м – метр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Өзектілігі. Қазіргі заманғы балалар жас өспірім спорты спорт педагогтарының, морфологтарының және физиологтарының жете назарындағы объект болып табылады. Спортты анатомиялық-физиологиялық қамтамассыз етудің негізгі мәселелерінің бірі болып жас спортшылардың морфофункционалды құрылымы туралы білімнің жетіспеушілігі болып табылады. Жаттықтырушылар өсіп келе жатқан ағзаның өсуі мен дамуын табиғи заңдылықтар ретінде қабылдай бермейді, бұл көп жылғы жаттығулардың сәттілігін төмендетеді және кей кездері жас жеткіншектің спорттан кетуіне алып келеді.

Ұсынылған жұмыс балалар жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) жүзумен айналысатын 7-8 жас шамасындағы балалардың морфофункционалды сипаттамасына арналған. Бұл мәселе жаңа емес – ол арнайы әдебиеттің беттерінде қойылған. Осыған қарамастан, жүзумен айналысатын спортшылардың денесінің морфофункционалды құрылымының кейбір ерекшеліктері әлі де анық емес болып қалып отыр. Жүзуде жоғары спорттық-техникалық нәтижелерге жету көп жағдайда дененің  ұзындығына, салмағына, жас шамасына, жеке сегменттердің өлшеміне, сонымен қатар, спортшылардың дене дайындығына байланысты. Жас жүзгіштердің дене бітімінің ерекшеліктері мен дене дамуына қойылатын талаптарды білу жаттықтырушыларға жаттықтыру үдерісін даралауға және спорттық нәтижелердің өсуін нақтырақ болжамдауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны – 7-8 жас шамасындағы жас жүзгіштерді дайындаудың оқу-жаттықтыру үдерісі.

Зерттеу пәні – 7-8 жас шамасындағы жас жүзгіштерді дайындау мен дене мүмкіндіктерін жеке бағалау әдістемесі.

Жұмыс мақсаты – спорттық жүзудің 7-8 жас шамасындағы балалардың дене дайындығына әсерін олардың болашақ мүмкінділіктерін анықтау мақсатында ғылыми негіздеу.

Тәжірибелік мәнділігі.

Зерттеу барысында алынған мәліметтер балаларды спорттық жүзу секциясына іріктеу барысында мамандардың өз оқушыларын дұрыс бағалаудың белгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Ұсынылып отырған тәжірибелік ұсыныстар:

  • жас жүзгіштерге оқу-жаттықтыру үдерісін ұтымды ұйымдастыруға;
  • кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыздардың морфофункционалды

ерекшеліктерінің даму деңгейіне ағымдық және сатылы бақылауды іске асыруды тиімді жүргізуге жәрдемдеседі.

 

 

 

 

 

І БАСТАПҚЫ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖАС ЖҮЗГІШТЕРДІҢ ДЕНЕ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

 

1.1  Бастапқы оқыту кезеңіндегі жас жүзгіштердің жас ерекшеліктері және дене дайындығы

Бастапқы жүзуге үйрету барысында жас спортшылардың мүмкіндіктерін бағалаудың негізі олардың ағзаларының, оның ішінде жүрек-тамыр, тыныс алу және жүйке-бұлшық ет аппаратының қалыптасуы мен дамуымен анықталады. Әдетте, ағзаның жүйелерінің әртүрлі қалыптасуының бір қалыпты болмауы тікелей дене дамуы мен дене қасиеттерінің дамуына әсерін тигізеді. Қазіргі кезде жас спортшылардың дене қасиеттерінің даму  ерекшеліктері туралы мәселе жан-жақты зерттелуде. [1].

Спорт түрлерінде жетістіктерге қол жеткізу көбінде дене бітімі мен спортшылардың арнайы дайындығымен байланысты болады. Дене жүктемелері түрлі спортта спортшы ағзасына ерекше сипаттағы талаптар қояды. Жоғары санаттағы спортшылардың модельдік сипаттамасын анықтау түрлі спортта спорттық жетістіктерді анықтайтын көрсеткіштерге қол жеткізеді [2].

Жүзу техникасын табысты игеруге келесі көрсеткіштер әсер етеді: жақсы жүзу мен жоғары гидродинамикалылық. Жүзгіштік пен гидродинамикалық қасиетке келесілер әсер етеді: дененің толық көлемі, конституционалды тип, дене пропорциясы, салмақ, тепе-теңдік, дененің беткі аумағы, өкпенің өмірлік сыйымдылығы.

Дене дайындығының деңгейі жүзу техникасын табысты меңгеруге мүмкіндік береді. Жүзуде басты дене сапалар: жалпы және арнаулы шыдамдылық, күштің дайындығы, бұлшық еттердегі қозғалғыштық, бұлшықтық топтардағы күштің шыдамдылығы, есу қозғалыстарында қатысатын бұлшық еттердің шыдамдылығы, сонымен қатар иықтық, тізе, сирақты-табандық бұлшық еттердің қозғалғыштығының жоғары деңгейі, жұлынның икемділігі[3].

Дене сапалары дамуының көрсеткіштері мен дене бітімі көрсеткіштері өзара тығыз байланысты. Жүзу кезінде, яғни дельфин,брасс, кроль сияқты жүзу тәсілдерінде жоғары нәтижелер мен техникалық тиімділігі көп жағдайда күш дайындығы дәрежесіне тәуелді болады, ал басқа жағдайларда жүзушінің төзімділігі мен гидродинамикалық сапаларына тәуелді [4].

Зерттеушілердің мәліметтері бойынша оқушылардағы бұлшық ет күшінің қарқынды өсуінің бірнеше кезеңдері белгілі: в 7, 10, 14 және 17 жас [5]. Ең алғаш рет байқалатын күштілік қасиеттердің дамуы 7 жасқа келіп, сосын 10 жаста байқалады. Ең алдымен, дененің ірі бұлшық еттері дамиды. Жеке бұлшық еттердің күшін дамытудың жас ерекшеліктері бойынша жасалынған зерттеулердің мәліметтерінен, білезік пен қалыптасқан күштері, білектің бүгушілері мен жазушылары және аяқтардағы бұлшық еттердің күштері өсуінің аса үлкен қарқыны жоғары мектеп жасында елеулі байқалады. Зерттеу мәліметтері бойынша [6], арқа мен білезік бұлшық еттері күшінің анағұрлым өсуі қыз балаларда 9-10 жасында байқалған. Ал, нақты дәлелденген, күштіліктің мықты өсу жағдайлары ұл балаларда 11-12 және 13-15 жасында байқалса, қыз балаларда 8-10 және 11-14 жасында белгіленген.

Төзімділікті дамытуға арналған спорттың бір түрі  жүзу болып саналады. Сондықтан да, спорттың басқа да циклдық түрлері іспеттес, жүзудің бұл қасиеті спорттық жетістіктердің өсуінде анықтаушы қасиет болып саналады. Ғалымдар мен мамандардың көптеген зерттеулері төзімділіктің әртүрлі формалары мен түрлерінің, атап айтқанда, статистикалық және динамикалық, жалпы және арнайы, күштілік және жылдамдылық сияқты жас ерекшелік өзгерістеріне арналған. Физиологиялық тұрғыдан қарағанда, төзімділікт аэробтық және анаэробтық сипатта болуы мүмкін. Мектеп жасындағы балалардың төзімділіктін зерттеу жасауға көптеген озат ғалымдар мен мамандардың жұмыстары арналған. Статистикалық сипаттағы төзімділікті зерттей отырып, авторлар оның төменгі мектеп жасында елеулі өсуін байқағанын айтады. Осылайша, Городниченко Э.А. (2000) білезіктің статистикалық төзімділіктің көрсеткіштеріндегі аса қолайлы кезең 8-11 жасқа сәйкес келетінін айтып өтеді. Бұл кезең бойынша білезіктік динанометрде берілген күш салуды ұстап қалудың ұзақтығы 76%-ға көтерілген, 11 жастан 14 жасқа дейін – 11,4%-ға, ал 14 жастан 17 жасқа дейін тек 10,4%-ға дейін ғана көтерілген [7]. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша [16], қыз балалардағы төзімділіктің бұл түрі 8 жастан 10 жасқа дейін едәуір жақсарады. Жылдамдық-күштілік сипаттағы төзімділіктің (мысалы, арақашықтықты екі аяқпен бірдей итеріп, секірулермен басып өту) байқарлықтай өсуі ұл балаларда 8 жастан 10 жасқа дейін, сонымен қатар 11 жасында байқалады. Энергиялық қамтамасыздандырудың аэробтық қайнар көздері есебіне қамтамасыз етілетін динамикалық сипаттағы төзімділік 12, 15 және 16 жаста, ал анаэробтық сипаттағы – 14 және 17 жаста едәуір өседі. Бұл қысқа және ұзын арақашықтықтардағы спорттық нәтижелердің өсуімен де сәйкес келеді. Жүзгіштің спорттық нәтижелерінің жастық динамикасы бойынша 800 және 1500 метрлік арақашықтық нәтижелерінің өсуі, әсіресе, 12 және 15 жаста қатты байқалады. Ал 16 жаста стайерлер әлемдік деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізу жағдайлары да кездеседі. 50 және 100 метрлік арақашықтықтардағы алғашқы байқарлық нәтижелерге алдымен 14 жаста, кейіннен 17 жаста қол жеткізіледі.  Спорттық нәтижелердің жастық динамикасы өзінің сипаты бойынша аэробтық және анаэробтық сипаттағы төзімділікті дамытудағы жастық динамикасы өзгерістерімен сәйкес келеді.

Жүзуге үйретудің бастапқы кезеңінде қозғалыс дағдылары дене қасиеттерді дамытудың белгілі бір деңгейінің базасында қалыптастырылатыны бәрімізге белгілі. Шұғылданушылардың дене қасиеттері білікті жүзгіштерге қарағанда нақты бір рөлді орындайды: олар арнайы жүзу дағдыларының пайда болуына ықпал жасайды. Үйлесімділік мүмкіндіктер жүзгіш үшін арнайы болған «суды сезіне алу» қабілетін қалыптастыруға, сонымен бірге суда тірек жасау дағдыларын игеруге ықпал жасайды. Көптеген мамандардың мәліметтері бойынша, егер де үйренуші қимыл-қозғалыс дағдысының арсеналына және негізгі дене қасиеттердің даму деңгейіне ие болатын болса, онда үйрету үдерісі тиімді жүзеге асырылады [20]. Дене қасиеттердің қажетті деңгейінің бар болуы, егер бұл дене қасиеттер тікелей суда дамытылатын болса, онда жүзудің спорттық тәсілдерінің техникасын үйрету үдерісін анағұрлым жеңілдетеді.

Бір қатар зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, бір жағынан алғанда, жүзуге үйретуде жаттығуларды көп мәрте қайталап орындау арқылы қозғалыс дағдысы жақсарады, ал екіншіден, төзімділік, ептілік, үйлесімділік қабілеттер, күштілік секілді дене қасиеттерді дамыту деңгейін арттырады. Мұнда құрлықта дене қасиеттерді дамытуға бағытталған жаттығуларды көптеп пайдалану судағыға қарағанда қысқа уақыт аралығында дамыту мүмкіндігін береді. Бірақ, дене қасиеттерді суға ауыстыру көп уақытты талап етіп, көп жағдайларда сапалы тұрғыда жүзеге аспайды [21]. Егер де жоғары білікті спортшылар үшін (себебі жүзгіштер дене қасиеттер дамуының аса жоғары деңгейіне ие болулары керек және де олар жүзу техникасының тұрақты қозғалыс дағдысын игерген) бұл жағдай аса маңызды болмаса да, ал жаңадан үйренушілер, жүзу техникасын енді ғана игерушілер үшін мұның маңыздылығы өте үлкен [22]. Мамандар бұл жағдайды былайша түсіндіреді: жаңадан үйренушілер үшін өздерінің дене қасиеттерін білікті спортшылар сияқты аса жоғары деңгейге көтерудің қажеті жоқ, тек қана үйретудің тиімділігін қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтерілсе, соның өзі жеткілікті. Оқыту тәжірибесі бойынша, егер де оқушы қажетті деңгейде жылдам болмаса, онда бұл оқушының есу, есу қимылдарының қарқыны мен ырғағының сипатында көптеп техникалық кемшіліктер орын алады. Егер де оның иілгіштігінің көрсеткіші төмен болса, онда бұл жағдай тыныс алу мен қолдарды ауада алып өтуде дене қисаюының көбеюіне және қосымша тіке қарама-қарсылыққа себеп болатын, табан қимылдары серпінінің артып кетуіне әкеліп соқтырады.  Жеткілікті деңгейде дамымаған күштілік оқушыға біртіндеп өсіп отыратын есу қимылдарын қысқа уақыт аралығында орындауға мүмкіндік бермейді [23]. Ал үйлесімділіктегі кемшіліктер жүзу техникасының нәтижелілігін төмендетіп, бұл күшею мен босаңсудың өзара жылдам ауысуының жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына, сонымен қатар «жабысудың» болмауына, яғни бір қолмен есудің екінші қолға үздіксіз берілуіне байланысты болады. Осылайша, дене қасиеттердің жеткілікті деңгейде дамымауы біріншіден, спорттық техниканы құрудағы қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал, екіншіден, жүзуге үйретудің орындалатын бағдарламасына сәйкес дене қасиеттерді дамыту өзіндік сипатқа ие болады.

 

1.2  Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы

Жүзуге үйрету әдістемесі – бұл жүзуге үйрету барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жүйесі болып саналады [24]. Бұл әдістер мен тәсілдердің жүйесі айналысушыларды белгілі-бір арнайы білімдер, дағдылар және біліктермен қаруландырады.

Оқытудың міндеттері:

— денсаулықты нығайту, оқушылардың ағзасын жан-жақты дамыту және шынықтыруға ықпал жасау;

— жүзуді өмірлік тұрғыда маңызды дағды ретінде меңгеру, гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;

— оқушылардың негізгі дене қасиеттерін даму деңгейін көтеру.

Оқыту әдістері – бұл ыңғайлы амалдар мен тәсілдер, оларды қолдану нәтижесінде қойылған міндеттер – жүзу дағдысын меңгерудің жылдам және сапалы тұрғыда шешімін табуға қол жеткізуге болады. Оқыту әдістері: сөз, көрнекілік және практикалық [25].

Сөз әдісі айналысушыларда меңгеріліп отырған қимыл, әрекет жөнінде алғашқы түсінікті қлыптастырып, осы қимылдардың формасы мен сипатын түсінуге көмектеседі, қимыл жайлы түсінікті талдау білуге ықпал жасайды,  қателіктерді табуға және жоюға жәрдемдеседі [26].        Бұл әдістерді пайдалана отырып, педагог үйренушілерге меңгеріліп тұрған қимыл жайлы түсінік қалыптастыруға, оның формасы мен сипатын, әсер етудің бағыттылығын түсінуге, жіберілген қателіктерді түсініп жетіп, жоюға көмектеседі.        Көрнекілік әдістер оқушыларда үйреніліп отырған қимыл, әрекет жөнінде нақты түсінік қалыптастыруға көмектеседі [27]. Образды түсіндірумен қатар көрнекі түрде қабылдау оқушыларға қимылдың мәнін түсінуге, оны жылдам және берік тұрғыда меңгеруіне септігін тигізеді.

Көрнекілік әдістерге үйреніліп жатқан қимылды көрсету (немесе жүзу техникасын); оқу көрнекілік құралдарды пайдалану; жестикуляцияны кеңінен пайдалану. Олар үйреніліп жатқан жаттығуды көрсету, көрнекі құралдарды пайдалану (плакаттар, суреттер, кестелер, оқу фильмдері, видеоматериалдар және т.б.). Сонымен қатар, жүзуде дыбыстық (шапалақтар, ысқырықтар) және көру сигналдары (әртүрлі жесттер) кеңінен пайдаланылады.

Практикалық әдістер. Оған жаттығу әдісі, ойын, жарыс және т.б. әдістер жатады. Жаттығу әдісі тәсілдердің қимылдар элементтерін және тұтастығын меңгеруге бағытталған көп мәрте қайталауды көздейді.

Бұл топ практикалық жаттығулар әдісі, жарыс және ойын әдістерден тұрады.

Практикалық жаттығу әдістері шартты түрде екі топшаға бөлінеді:

1) көбінесе жүзу техникасын меңгеруге бағытталған;

2) көбінесе қозғалыс қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Бұл екі топшалар спортшы ағзасының қозғалыс және функционалдық жүйелері арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуде өзара тығыз байланыста [28].

Бірінші топшаның практикалық әдістері оқытуда кеңінен пайдаланылады. Мұнда негізгі міндет бұл – жүзудің спорттық тәсілдерінің техникасын меңгеру мен жетілдіру болып саналады.

Техниканы меңгерумен қатар қозғалыс қасиеттері де жетілдіріледі, күштілік, шыдамдылық, иілгіштік, үйлесімділік және т.б. даму деңгейі артады.

Бастапқы жаттығу кезеңдерінде жетекші орында екінші топшаның әдістері алады.

Жүзуге үйретуде келесі шаралар қолданылады: құрғақта жалпы дамытушы, арнаулы және имитациялық жаттығулар, жаттығулар жасау;суды игеру үшін дайындық жаттығулары; суға секірудің оқу жаттығулары; судағы ойындар мен сауықтар; жүзудің спорттық тәсілдері техникасын оқу және жетілдіру.

Жүзуге үйретуде қорытынды және имитациялық жаттығуларды қолдану қозғалыстар түрі, сипаты, амплитудасы, қарқынды -темптік құрылымы туралы жалпы ұғымды қалыптастыра отырып, құрғақта орындалады [29]. Жүзуді жылдамдатуға маңызды ықпал ететін дене тұрқы, тыныс техникасы және оны қол-аяқ қозғалыстарымен сәйкестендіру, негізгі техника элементтерін имитациялау болып табылады [30]. Мүнда ұсынылатын әдістеменің бірізділігі келесі тәртіпте беріледі: 1) құрлықтағы арнайы жаттығулар; 2) су ортасын игеруге арналған жаттығулар; 3) суға басымен сүңгу; 4) судың ішінде дем шығару; 5) суда статистикалық (баяу) жүзу; 6) суда сырғу; 7) екпеттеп, шалқалап кроль тәсілінде аяқтармен қозғалу; 8) екпеттеп, шалқалап кроль тәсілінде қолдармен қозғалу; 9) қолдарды шығармай, екпеттеп кроль тәсілімен жүзу; 10) қолдарды шығармай, шалқалап кроль тәсілімен жүзу; 11) қолдарды шығармай, екпеттеп және шалқалап кроль тәсілдерімен жүзу; 12) жүзудің спорттық тәсілдері: екпеттеп кроль тәсілі, шалқалап кроль тәсілі, брасспен жүзу.

Төменгі мектеп жасына дейінгі балалардағы жүзу дағдысын қалыптастыру негізінде B.C. Васильевтің [31] пікірінше, сырғуда көлденең қалыпты ұстаудың берік шартты рефлексін жасау, сонымен қатар қимыл-қозғалыстар мен тыныс алудың сәйкестілігін қамтамасыздандыру аса маңызды. Бұдан бөлек, қозғалыстарды тыныс алумен өзара қиылыстыратын жаттығуларды пайдалана отырып, жүзу техникасының элементтерін параллельді тұрғыда үйрену қажет етіледі. Үйрету кезеңінде балалар ағзасының су ортасына бейімделу ерекшеліктері тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесінің аса байқалған өзгерістерімен сипатталады.

Шетел мамандары тарапынан төменгі мектеп жасы жүзуге үйретудің аса қолайлы кезеңі деп танылған. Осылайша, жүзуге үйрету жұмыстары Германия мемлекетіндегі жалпы білім беру мектептерінде 2-3 немесе 3-4 сыныптарда [44], АҚШ-та 7 жасынан [45] немесе 4-6 сыныптарда, ал Венгрия мен Австрияда 8 жасынан бастап жүргізіледі. Сағат санының көлемі 35-ден (Германия) 18 (Швейцария) аралығында ауысып отырады. Кейбір мемлекеттерде оқытудың міндетті курсы емтиханмен қорытындыланады (Швейцария) [46]. Сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің мамандары арасында үйренілетін тәсілдердің бірізділігі туралы бірыңғай пікір жоқ. Австрияда жүзу техникасын үйретуді екпеттеп кроль тәсілімен бастап, сосын брасс және дельфин тәсілдері үйретіледі. Германияда үйрету жұмыстары брасс тәсілінен басталып, содан кейін шалқалап және екпеттеп кроль тәсілі, қолданбалы жүзу элементтері үйретіледі [47].

Жалпы алғанда, жүзуге жаппай үйретудің мәселелері бойынша алынған мәліметтерді аналитикалық тұрғыда шолу жасау арқылы біз, жүзуге үйретудің әдістемелерін  жетілдірумен байланысты болған мәселелердің әлі де болса, шешімін таппағанын байқадық.

 

1.3 Дене қасиеттері мен спорттық бағдарды тестілеудің қазіргі заманғы мәселелері

Дене қасиеттері дамуы туралы білім алуда түрлі категориядағы (жас шамалық, жыныстық, кәсіби және т.с.с.) адамдардың дене дайындығын сипаттау үшін бірыңғай тест мүмкіндігін орнату маңызды кезең болып табылады. Оның көмегімен жоғарыда айтылған әрбір дене қасиеттері даму деңгейін бағалауға болатын көптеген тест түрлері бар. Және осы көптілік дене қасиеттерді бақылаудың көптеген түрлерінің, өзінің тест кешенінің, өзінің бағалау әдісінің болуына алып келді.

Тестілеу әдістерін құрастырудағы басымдық америка ғалымдарына тиесілі. Оқушылардың дене дайындық деңгейін бағалауға арналған тесттер 1894 жылдан бастап қолданыла бастады, ал 1913 жылдан бастап жаппай тестпен әуестену басталды.

1958 жылы американың денсаулық, дене тәрбиесі және белсенді демалыс ассоциациясымен АҚШ-тың барлық мектептерінде қолданыла бастаған физикалық жарамдылық (таза америкалық термин) тесті құрастырылды. Олар күшті, жылдамдылық-күштілік сапаларын, шапшаңдықты, қозғалыстың ептілігі мен үйлестігін, сонымен қатар төзімділікті бағалады.

1986 жылы АҚШ-та президент Р.Рейганның ұсынысымен 6-дан 17 жасқа дейінгі жас өспірімдерге арналған арнайы бағдарлама жасалды. Ол «Президент шақыруы» деп аталады. Оның негізгі мақсаты – дене дайындықты сипаттайтын бес жаттығуды сәтті орындауға балаларды дайындау.

Президенттік тесттер құрамына келесі жаттығулар кіреді: 1 милге жүгіру; 4х30 м қайықты жүгіру; жату жағдайында денені бүгу; отыру жағдайында тік аяқпен алға еңкею; асылып созылу (ұлдар) және жиналған қолмен асылу (қыздар).

Біздің елімізде ғылыми негізделген ұстаныммен тестілеу 1963 жылдан бастап жүргізіле бастады. БДТҒЗИ-да 6 жаттығудан тұратын тест батареясы жасалды. Жүрек-тамыр жүйесінің стандартты физикалық күшке бейімделгіштігін анықтау үшін функционалды сынамалар жүргізу ұсынылды. Бірақ мектепте бұл жүйе қолданысқа ие болған жоқ.

Күнделікті тәжірибе үшін орындауда қарапайым және арнайы үйренуді қажет етпейтін табиғи қозғалыстар, яғни 1-ші сынып оқушысына да, 11-ші сынып оқушысына да қол жетімді қозғалыстар қажет.

Қазіргі кезде мектеп жасындағы балаларды тестілеу Президенттік тест бойынша жүргізіледі, олар шапшаңдық, жылдамдылық-күштілік, үйлесімділікті, иілгіштікті, төзімділік пен күшті айқындауға мүмкіндік береді. Арнайы әдебиеттердегі берілгендерді талдау және жалпылау қозғалыс сапасының даму деңгейін бақылаудың теориялық концепциялары мен отандық және шетелдік авторлардың тесті мен тестометриялық бағдарламаларында жүзеге асатын қозғалыс сапасының даму деңгейін анықтау мен бағалауға әдістемелік ықпал жасау арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екенін көрсетеді. Адамның физикалық даму параметрлері қозғалыс сапасының даму деңгейін анықтауда есепке алынбайды, бұл кезде көрсетілген нәтиже адамдар үшін жасалған, бірыңғай топқа біріктірілген норматив-стандартпен өзара қатынаста болады.

Осылайша, морфо-функционалды ерекшеліктерді талдау мен есепке алу негізінде үйренушілердің қозғалыс сапасының даму деңгейін бағалау, әділ және нақты анықтау белгілерін негіздеу мәселелері өзекті болып табылады.

Адамға тән дене қасиеттері тиімді және жан-жақты дамыту оның биологиялық табиғатына ұқсас жағдай мен режимде өтуі тиіс. Басқарудың негізгі аппаратымен педагогикалық әсер етудің ұқсастығын тексеру үшін түрлері мақсатқа, міндетке және үйренушілердің жағдайы мен көрсеткіштердің беріктілік талаптарына тәуелді педагогикалық бақылау қарастырылады. Денсаулықтан, дене бітімінен, физиологиялық қызмет жағдайынан тұратын физикалық жағдайды бақылау —  педагогикалық бақылаудың негізгі мазмұны болып табылады. Соңғылардың ішінде ең маңыздысы болып қозғалыс сапасының даму деңгейімен анықталатын қозғалыс қызметі табылады. Қозғалыс сапасының көрсету деңгейі өз кезегінде, адамның морфологиялық, физиологиялық және психологиялық сипаттағы туа біткен және кейіннен ие болған ерекшеліктермен  келісілген [48].

В.П.Губа, В.Г.Никитушкиннің пікірінше, тек конституциондық, педагогикалық, биомеханикалық және функцио­налдық ықпал біріккен жағдайда баланың мүмкіндіктерін әділ бағалауға және оның ары қарай дамуын болжамдауға мүмкіндік береді. Спорттық қабілеттілікті болжамдауда екі ықпал жасауды ерекшелейді:

— дамытудың дербес деңгейлерінің тұрақтылығын зерттеу;

— көрсеткіштердің өсу қарқыын зерттеу.

Адамның қабілеттілігі мәселелерін зерттеуде кепілдеме мен қабілеттіліктің бірлігі туралы ережені ұсынған К.К.Платоновтың зерттеулері үлкен қызығушылық тудырады.

Қозғалыс қабілеттілігінің құрылымын зерттеу үлкен қызығушылық тудырады. Жас шамасы кіші болған сайын, қозғалыс қабілеттілігінің құрылымы интегративтірек болып келеді. Жас келе қозғалыс қабілеттілігінің диффренциациясы орын алады, ал спортпен шұғылдану бұл үдерісті жылдамдатады. Осыны ескере отырып, 9-12 жастағы баланың спорттың нақты бір түріне нағыз икемділігін тек болжап білуге болады, өйткені, қозғалысқа дарынды бала бұл жаста спорттың барлық түрінен өзін жақсы көрсете алады деген қорытынды жасалды.

Сонымен бірге, ғалымдардың айтуынша, қозғалыс қызметінің түрлі аймақтарына қабілеттілігі бар, яғни, жалпы дарынды балалар және қозғалыс қызметінің нақты бір түрімен дарынды балалар кездеседі. Кейбір зерттеушілер қабілеттілік жалпы дайындық пен физикалық дамуға тәуелді емес екенін атап өтуде. Бұл жағдай спорттағы балалардың қабілеттілігін зерттеу үшін үлкен әдістемелік мәнге ие. Қозғалыс қабілеттілігі қандай мөлшерде мұрагерлік, қандай мөлшерде иеленген факторларды сипаттайтынын білу қажет.

В.К.Бальсевич балалардың спорттың нақты бір түріне бағдарын қарастыратын бүгінгі күні келе жатқан жүйеден бас тартудың мақсаттылығы туралы тезисті шығарды және әр балаға оның қозғаушы және психологиялық сипаттамасына сәйкес спорттық қызмет түрін таңдау қажеттілігін негіздеді [49]. Спорттық бағдарға барлық балалар спортпен шұғылданғысы келеді, олардың барлығы әйгілі спортшыларға ұқсағысы келеді, сондықтан барлық балаларға спорт түрлері ұсынылуы қажет деген ұстаныммен жақындау керек. Олай болса, барлық балалар тең жағдайға қойылады: бір жағынан, таңдаулылар, екінші жағынан, өкпелілер мен байқалмағандар болмайды.

В.К.Бальсевич балалардың қабілеттілігін тиімдірек бағалау жеткілікті ұзақ бақылау жолымен іске асуы сүскін деген ұйғарымға келді. В.Б.Шварц және С.В.Хрущев бір жолдық өлшеу іріктеу үшін де, спорт түрлеріне бағдарлану үшін де тірек бола алмайды деп ұйғарып дұрыс айтады [50]. Демек, барлық ғылыми жұмыстарға кем дегенде талдаудың екі осін енгізу керек – кеңістіктік және уақытша, ал бұл, өкінішке орай, спорт түрлерінде және түрлеріне бағдарлану мен іріктеуге арналған жұмыстарда сирек кездеседі.

Бағдарлану – бұл бір жолдық емес, бұл баланың, әрине жас шамасына сәйкес спорттық қызмет түріне қатынасы мен мүмкіндіктерін педагогикалық бақылаудан; дене қасиеттері жалпы және дербес жағдайда, болашақтағы спорттық қызмет үшін өзгешеленетін педагогикалық тестілеуден; морфологиялық көрсеткіш пен дене қасиеттерін таңдалған уақыттың бір бөлігінің өсуінен  келіп шығатын іс-шара [51]. Зерттеудің мұндай циклін бірнеше рет жүргізу керек және жинақталған нақты материал негізінде талданып жинақталған қорытынды жасау керек.

Спорттық тәжірибе бірінші кезеңде келешекте спорттың нақты бір түрінде мамандану үшін қажетті морфологиялық, биомеханикалық, функционалдық және психикалық қасиеттерді бойында үйлестірген балалардың мінсіз түрін айқындауға болмайтынына күә.

Спортпен шұғылдануды бастаған балалардың биологиялық дамуындағы елеулі дербес айырмашылықтар бұл мәселені қиындата түседі. Сондықтан, бағдарланудың осы кезеңінде алынған берілгендерді бағдарланған ретінде қолдану қажет.

Балалар мен жас өспірімдердің әлеуетті мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде айқындау үшін олардың дайындығының бастапқы деңгейін ғана емес, оның өсу қарқынын да анықтау мақсатқа лайық. Біржолғы бақылау сынамалары басым көпшілік жағдайларда кандидаттың оған ұсынылған тест жинағын орындауға бүгінгі күнгі дайындығы туралы ғана айтады және оның болашақтағы мүмкіндіктері туралы аз айтады. Ал спортшының әлеуетті нәтижесі дене сапаның дамуының бастапқы деңгейінен емес, осы сапа көрсеткіштерінің арнайы жаттығу барысындағы өсу қарқынынан тәуелді.

 

1.4  Жас спортшыларды спорттық іріктеудегі өлшемдер

Спорттық іріктеу мәселелерінің маңызды аспектісі болып  спорттың нақты бір түріне дарындылықты болжау үшін тиімді өлшемдер мен әдістерді құру табылады. Спортшылардың перспективтілігінің осындай өлшемдері арқылы олардың үлгілік сипаттамаларын жобалауға болады. Спорттық ғылымдағы үлгілеу туралы мәселе оның негізгі және ең алдымен өлшемділік және болжамалы функцияларымен байланысқан жалпы ғылымдық көзқарастан ажыратылмайды. Туындаған көзқарастан шыға келе үлгі шартты түрде зерттеу мақсаттарына тән құрылымдық және функционалдық параметрлерді, оның сипаттамаларын бейнелейтін зерттеу объектісі болып табылады [52]. Бұл түсінік ақпараттық, теориялық және математикалық үлгілерді біріктіреді.

Мықты спортшының үлгісі ретінде біршама елеулі көрсеткіштерді ғана анықтай алатын әлдебір эталонды ғана емес, сонымен бірге, жас ерекшелік, біліктілік және басқа да ерекшеліктермен байланысқан идеалдан мүмкін ауытқулар шамасын да санайды. Н.Ж.Булгакова [53] іріктеу барысында дефинитив жастағы атлеттердің спорттық жетістіктер деңгейін анықтайтын көрсеткіштерге бағдарлану қажет деген ойын айтады. Кіші жас тобында жүзуден жетістіктерге жету үшін дененің жаппай барлық өлшемі үлкен мәнге ие екендігі айқындалған. Осылайша, 13 жастағы жүзгіштерде дене ұзындығы, салмағы және ӨӨС 50-ден 200 м-ге дейінгі қашықтықта жүзудегі спорттық жетістіктермен сенімді байланысқан. 14-15 жасқа қарай бұл тәуелділік біршама төмендейді және содан кейін қайтадан жоғарылайды.

М.Я.Набатникованың [54] пікірінше жаттығуды басқару мақсатына байланысты негізгі, перспективті және теориялық үлгілер ерекшеленеді. Негізгі үлгілер ақпараттық сипатқа ие, олардың көмегімен спортшылардың жетістіктерін дамыту негізінде олимпиадалық циклге қатысушыларға қойылатын талаптар анықталады. Ал теориялық үлгілер спортшылардың дайындығының нақты жағының құбылыстар жиынтығын сипаттайды. Жеке жағдайда жүзгіштердің спорттық жетістіктерін болжамдау және іріктеу барысында биологиялық жетілу факторын есепке алу қажет екенін ескеру қажет.бұл кезде үлгілік сипаттамалардың құрамында биологиялық даму дәрежесіне елеулі өзгерістер бар [55].

Спортшылардың жарыстық қызмет пен дайындығының түрлі түрлеріне сәйкес келетін үлгілік сипаттамалар бар. Бұл деңгейдің үлгілеріне морфологиялық, функционалдық, тактикалық дайындық пен жарыстық қызмет үлгілерін жатқызуға болады.

Арнайы дайындалған және конституцияның түрлі жақтарының үлгілерін іріктеуге арналған өлшемдер ретінде қолдану нақты түрде жүйелі ықпал етуді жүзеге асыру болып табылады. Ол алдын ала тиімді спорттық іріктеу үшін қалыптастырылған негізгі жағдайлар қатарында негізделеді [56].

Конституциялық үлгілер морфологиялық, функционалдық және психологиялық дайындықты біріктіреді, ал арнайы дайындық үлгілері сәйкесінше физикалық, техникалық, тактикалық және жарыстық қызмет дайындығын біріктіреді  [57].

Спорттық жүзумен айналыспайтын оқушылар мен жас жүзгіштердің физикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін салыстыруда Н.Ж.Булгакова [58] спортшылардың барлық өлшенетін белгілер бойынша артықшылығын айқындады. Жас жүзгіштер спорттық жүзумен айналыспайтын өздерінің оқушы-құрдастарын дене ұзындығы, көкірек қуысының құшағы, ӨӨС, білезік күші және тұла бойы күші сияқты көрсеткіштер бойынша асып түседі. Осының барлығы жоғарыда айтылған өлшемдер жүзумен айналысуға балаларды бастапқы іріктеу барысында бірінші дәрежелі рөлді ойнайтынын айтып отыр.

Спортшыларды дайындаудың әр түрлі кезеңдерінде нақты үлгілік сипаттамаларды таңдау үшін жалпы методологиялық негіз ретінде шындығында конституциялық үлгіні көрсететін спорттық мүмкіндіктер үлгілері үшін мықты және жас спортшылар үлгілерінде екі түрлі дәрежені ұсынатын В.В.Кузнецов пен соавторлар бойынша спортшылардың интегралды үлгісінің үшдеңгейлі құрылымы қызмет етуі мүмкін.

 

 

1.5 Жас спортшыларды жүзеге үйретудің арнаулы ерекшеліктері

Жүзу, спорт түрі ретінде, адам ағзасының сулы ортамен өзара әрекетінің заңдылықтарына сәйкес тиімді әдіс-тәсілдердің игеруіне, қозғалыс дағдыларының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Жүзу техникасына үйрету үдерісі үлкен қиындықтармен игеріледі., әсіресе зерттеу объектісі-студенттер түрлі жүзу деңгейінде болса, және түрлі спортта әрқилы дене дайындығымен болса.

Әдебиеттерді талдау жұмысы жүзуге бастапқы үйрету проблемасына қатысты көптеген ғылыми жұмыстар зерттелгендігін көрсетеді, және олар үшін түрлі педагогикалық технологиялар тән болады.

  Аталған мәселеге қатысты барлық зерттеулер жүзуге үйретуге арналған. Әрбір автор аталған проблеманы шешудің инновациялық бағыттарын, тиімді әдіс-шаралар, жүзуге үйретудің теориялық-практикалық тәсілдерін педагогикалық тұрғыдан түсіндіреді.Түрлі жас топтарымен айналысатын жүзу бойынша мұғалімдер, жаттықтырушылардың жүзу дағдысына үйрету негізгі стратегиялық линиялары болып табылады:сәбилік шақтағы балалардың жүзуі [ 68], балалар мен ата-аналардың бірлесіп жүзуі, мектеп жасына дейінгілердің жүзуі [69]; абонентті топтардағы бастапқы жүзу [70]; жалпы білім беру мектептеріндегі жүзу; сауықтыру лагерьлеріндегі жүзу; ересек бөліктің жүзуі, студент жастардың жүзуі [71].

Жас балалардың жүзу дағдысы қалыптасу үшін, мамандар түрлі әдістемелерді ұсынады:

— бастапқы кезеңде кроль тәсілімен арқамен жүзуге үйрету, кеудемен алға жүзуге қарағанда дағдылар тезірек қалыптасады [72];

— жас спортшыларды топтарға жүзу дағдысын игеруге қарай бөлген тиімді [73];

— жас спортшыларды топтарға бөлуде суда орындайтын қимылдарды негізге ала отырып, үйреткен өте тиімді [74];

— «күштің лидерлігі» әдістемелік тәсілін қолдана отырып, бірінші сабақтан дененің толық координациясы қозғалысын қолдана отырып, бастапқы оқытуды екі есе қысқартқан тиімді [75];

— жас спортшыларды үйретуде жүзудің оңай тәсілдерінен бастап, оқу сабақтары жүктемесін үнемді бөлген жүзуге үйрету нәтижелерін жақсартатын болады [76];

— едәуір салмақпен суды есу кинестетикалық сезгіштікті, кеңістіктік бағдарлануды нақтылауды жақсарта отырып, қозғалыс қарқынын жылдам игеру, қимыл түрлерін тез сақтау сияқты дағдыларға үйретеді;

Мектеп оқушыларын жүзуге үйретуде жүзу жылдамдығының жақсы нәтижелері бақылау сынағында 1-2 ай сабақтарға дейін 25-50% максималды күшінің көрсеткішінен судан тартылу әдісін қолданған  жоғары нәтижелерге жеткізген [77].

  Қозғалыс дағды-шеберліктердің қалыптасу уақыты түрлі себептерге байланысты болады. Мысалы: психикалық, биомеханикалық факторлар, бұлар жүзуге үйрену мерзімін қысқарта отырып, 3-4 сабақтың өзінде үйренушілер кеудемен және арқада тірек ескегінің көмегімен жүзуді меңгереді.

Жүзуді табысты меңгергендер үлкен эмоционалды тұрақтылыққа, үлкен қозғалыстық ес көлеміне, қозғалыс көрсеткіштерін басқара алу шеберліктеріне  ие болады.Қозғалыс әрекетін психологиялық реттеу шаралары жүзу дайындықтарын жетілдіреді.

Жүзу дағдысын меңгеруде қозғалысты орындау сапасын және жүзетін қашықтық ұзындығын визуальді бағалауға болады.

Жүзу техникасын меңгеру үшін, жас спортшылардың жеке-дара дене бітімі, физикалық, жүзу және функционалды дайындықтары үлкен рөл атқарады.

Жүзуге үйрету технологиясында 3 кезеңді бөледі: жүзу техникасы туралы ұғымды беру және судың қасиеттерімен танысу;жүзу тәсілдері мен техника элементтерін тұтас жаттау; техниканы бекіту мен жетілдіру [86].

Жүзуді оқыту тиімділігі келесі әдістермен байланысты: сөздік, көрнекі, практикалық әдістер.Тағы алға қойылған мақсат, шаралармен байланысты; оқып -үйренушілердің жас ерекшелік, жыныстық даму ерекшеліктерімен, және мұғалімнің жеке-дара мүмкіндіктеріне өте байланысты болады.

Жүзуге үйретуде келесі шаралар қолданылады: құрғақта жалпы дамытушы, арнаулы және имитациялық жаттығулар, жаттығулар жасау;суды игеру үшін дайындық жаттығулары; суға секірудің оқу жаттығулары; судағы ойындар мен сауықтар; жүзудің спорттық тәсілдері техникасын оқу және жетілдіру.

Арнаулы дене жаттығулары жүзушінің арнайы қасиеттерін дамытады. Күшке бағытталған және бұлшық етті босаңсыту(есуде қатысатын қозғалыстар) жаттығулары сіңірлер мен омыртқа жұлынының қозғалғыштығын қалыптастырып дамытуда қолданылады. Жүзуде дағдыны ауыстыруда негізгі қозғалыс құрылымына жақын жаттығулар көмек етеді.

Жүзуге үйретуде қорытынды және имитациялық жаттығуларды қолдану қозғалыстар түрі, сипаты, амплитудасы, қарқынды -темптік құрылымы туралы жалпы ұғымды қалыптастыра отырып, құрғақта орындалады. Жүзуді жылдамдатуға маңызды ықпал ететін дене тұрқы, тыныс техникасы және оны қол-аяқ қозғалыстарымен сәйкестендіру, негізгі техника элементтерін имитациялау болып табылады [87].

Жүзуде қозғалыс дағдыларының тез құрылуына дайындық жаттығулары қатты әсер етеді.

Жүзуге үйретуде психологиялық дайын болу үшін, судан қорқуды жеңуде, кинестетикалық, көру, тактильді, есту, тыныс және вестибулярлы рефлекстің дамуы үшін, жүзушінің жұмыс позасын, тұрқын меңгеру үшін, суда тыныс техникасын игеру үшін- 5 немесе одан көп жаттығулар қолданылады.

 

1.6 Жас балаларды жүзуге оқыту үдерісін тиімділендіруде техникалық құралдарды пайдалану

Елімізде жүзуге үйретудің соңғы жылдардағы тәжірибесі, сонымен қатар, шетелдік тәжірибелерге қарай, оқыту үдерісінде пайдаланылатын қосымша құралдар топты дұрыс ұйымдастыруға ықпал жасайды; қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша бір қатар іс-шараларды жүргізуден азат етеді; жүзудің спорттық тәсілдеріндегі қозғалыстар техникасын тиімді үйренуге, әсіресе, терең бассейнде үйретуге ықпал жасайды. АҚШ-та, мысалы, шұғылданушылардың жүзгіштігін арттыру мақсатында әртүрлі белдеулер, шеңберлер, ауамен толтырылған темір банкалар пайдаланылады.

Суды игеруге, жүзу техникасы мен дене қасиеттерді жетілдіруге арналған жүзуге үйретудің бастапқы кезеңінде тақтайшалар, үрмелі шеңберлер, «қармақтар» және басқа да құралдар қозғалыс тірегі ретінде пайдаланылады.

Сүйемелдеу құралдарын пайдалану жүзуге үйрету бойынша барлық мемлекеттік бағдарламаларда ұсынылады.

Вильке Курттің пікірінше жүзуге бастапқы үйретуді жұмыртқа тәріздес қалтқыларды пайдалану арқылы жүргізу қажеттігін ескертеді. Бұл құрылғы оқушының белбеуінде орнатылып, суда өз бетінше қозғалып, суда тыныс алу дағдыларын игеріп, суда өзін-өзі қорғай алатындай болған соң ғана алып тасталынады. Бұдан бөлек, жүзу кезінде үрмелі пластикалық жеңсектерді де пайдалану тиімді, деп есептейді. Бұл құралдар терең суда 21-сабақта 45 минут бойы аптасына 3-ден 5-ке дейін пайдаланылады. Мұндай жұмыстарда кроль және брасс тәсілдерімен жүзуге үйрену кезінде жарғақ аяқтарды пайдалану да аса қолайлылық тудырады. Бұл құралдар 10 сабақтың көлемінде пайдаланылуға тиіс.

Жүзуге үйрету үдерісінде сүйемелдейтін құрылғы ретінде «иыққа тағатын сөмкені» пайдалану үйрету үдерісін жылдамдатып, оның нәтижелі тұрғыда жүргізілуін қамтамасыз еткен болар еді.

Кейбір авторлардың ойлауынша, үйретудің нәтижелілігін төмендетпей, оқушыларды жүзуге бастапқы үйретуде сүйемелдейтін құрылғылардан бас тартуды ұсынады. Бұдан бөлек, олар үйрену кезеңін, яғни жүзудің жеңілдетілген тәсілдерін де қалдырып кетуге де болады, деп тұжырымдайды. Бұл өз ретінде жүзудің спорттық тәсілдерін игеру үдерісін қысқартады. Н.Ж. Булгакованың [88] пікірінше, төменгі мектеп жасындағы балаларды жүзуге бастапқы үйрету кезінде оларды тікелей спорттық жүзудің техникасына үйреткен жөн, үйренуді екпеттеп және шалқалап кроль тәсілінен бастап, кейін олардың техникасын қарапайым етпестен, брасс тәсіліне өту қажет, деп есептейді. Мұнымен де жүзуге бастапқы үйрету үшін арналған жеңілдетілген тәсілдерді пайдалану тиімсіздігін көрсетеді.

\

Ю.А. Семенов зерттеулерінде, осы техникалық құралдар мен тренажерлар көмегімен жүзуге үйретудің сапасы шамамен 2 есеге жақсаратыны жөнінде айтылады. Мұнда жүзу дағдыларының қалыптасу мерзімі де үнемделеді. Бұл өз ретінде бассейндердің жоғары өткізгіш қабілеттерін де арттырады, себебі жыл сайын 7-12 жастағы оқушылардың тек 5 %-ы ғана жүзуге үйренеді екен [93]. Екпеттеп кроль тәсілімен жүзуге нәтижелі үйрену үшін Б.Г. Панарин тарапынан ұсынылған жатақ көрінісіндегі сумен толтырылған, екі есу ваннасы болған құрылғы қолданылады. Бұл құрылғы көмегімен суда тыныс шығару да жүзеге асырылып, резиналы амортизаторлары болған, аяқтардың жұмысы үшін арналған сеткасы да бар. В.В. Дукальский және т.б. тарапынан брасс тәсілімен жүзу техникасын жетілдіру мәселелерін үйрену мақсатында құрлыққа және суға орнатылған екі автономды қондырғылардан тұратын аяқтардағы динамикасын пайдалану ұсынылған болатын.

Инерциялық тренажерларды, аспаптарды жасауға да айрықша назар аударылған. Оларды құрлықтағы оқу-жаттықтыру үдерісінде пайдалану мақсаттылық танытады, себебі олар көп деңгейде жүзгіштің судағы қимыл-қозғалыстарын еліктіреді. В.З. Афанасьев тарапынан имитациялық жаттығуларды орындауда ауырлықтармен болған арнайы жаттығуларды қолдану жүйесі эксперименталдық тұрғыда негіздемесі жасалынған. Бұл төменгі мектеп жасындағы балаларды жүзуге үйрету кезеңінде тиімді ықпал жасайды. Ауырлықтардың аса қолайлы көлемдері ең жоғарғыларына қарағанда 50 %-ды құрап, сабақтардағы бір-екі ай көлемінде пайдаланылып, жүзу дағдысының берік игерілуіне септігін тигізеді [94].

Бір қатар авторлардың зерттеулеріндегі гидродинамикалық қарсылық мәселелері, жүзгіштің судағы статистикалық қалыпта созылуы «созылу» жағдайындағы жүзудің гидродинамикасы туралы теориялық мәліметтерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бірақ, жүзгіш жұмысының динамикалық режимінде статистикалық қозғалыстармен салыстырылған тұрғыда дене бөліктерінің ауысуымен байланысты болған мүлдем басқаша сезімді сезінеді.

Осындай нұсқауды пайдалануда, жетекке алу кезінде тарту күшінің көлемі байқалып, тартқыш арқанның тапсырылған жылдамдығы үнемі сақталады. Жүзгіштің міндеті қосымша тарту күшінің максимальді төмендеуіне жақындайды, яғни өзіндегі жүзудің берілген жылдамдығын дамытуға ұмтылады.

Бұл тәсілді қолдануда жүзгіштердің техникалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған жаттықтыру үдерісінің нәтижелілігі артатындығы байқалады. Спортшылар өздерінде қозғалу дағдысының аса тиімді негізін жасап, «адымның» ұзындығын арттыра отырып, жоспарланған рекордтық жылдамдыққа қол жеткізеді. Бұл өз ретінде әрі қарай қозғалыстардың үйлесімділік құрылымында бейнеленеді. Гидроканалда ұстап тұратын құрылғы көмегімен қозғалыстық тұрғыда жетілдірілген жүзу дағдысының игеруді басқарудың негізгі құралы болып саналады.

Бұл құрылғы электролебедканың барабаны болып, оған металл арқан байланады, барабан электромотор арқылы қозғалып, «тарту» жылдамдығы 1-3 м/с аралығында реттеуші тарапынан өзгертіліп отырады. Жүзгішті бекіту мақсатында қатты рама мен демпфирлейтін құрылғы пайдаланылады. Құрылғыны кезектегі жұмысты орындау үшін дайындау қайтадан электромотор арқылы жүзеге асырылады. Бассейн жағдайында қосымша сыртқы тарту күшін жасаудың екі тәсілі де спортшыларды аса «жеңілдетілген» жасанды жағдайларда аса жоғары жылдамдыққа қол жеткізуге, сонымен қатар есу қимылдарының жылдамдық-ритмикалық негізін қалыптастыруға ықпал жасайды.

Осылайша, жүзгіштерді дайындау үдерісінде «жеңілдетілген озушылық» тәсілін пайдалану есу қимылдарының жаңа сапалы сипаттамаларына ие болған, жоспарланған рекордтық жылдамдыққа жету үшін жасанды жағдайларды тудыруға ықпал жасайды[95]. Мұндай көрсеткіштерді табиғи жағдайларда алу дерлік мүмкін емес.

Арнайы әдебиеттерді, ғылыми және әдістемелік зерттемелерді талдау жасау нәтижелері бойынша жүзуге үйрету әдістерінің дамуы көп уақыт бойы жалғасып, уақыттың әртүрлі кезеңдерінде жүзуге үйретудің әртүрлі әдістері пайдаланылып келген. Көбінесе, жүзу дағдысын және спорттық тәсілдерді игеруге бағытталған кешенді жаттығулар жасалынған. Кешенді жаттығулардағы ойын әдістерімен, бақылау сынақтары және бағалар жүйесімен бірге жүретін құралдардың, әдістердің, ұйымдастыру формаларының, техникалық құралдар мен құрылғылардың алуан түрлілігі оларды төменгі мектеп жасындағы балаларды жүзуге үйрету бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Бірақ, жүзуге үйретудің жылдамдатылған мәселесіне арналған мәліметтерге шолу жасау арқылы бұл салада жасалынған көптеген зерттеу жұмыстарына қарамастан, мүлдем жүзуді білмейтін, жүзу дағдысын игермеген төменгі мектеп жасындағы балаларды жүзуге үйретудің жылдамдатылған әдістемесін жетілдірумен байланысты болған мәселелердің әлі де өз шешімін таппағанын байқадық. Әсіресе, көптеген жаттығулардың бір және бүкіл курс бойындағы көлемі және қарқындығы бойынша мөлшерлеу технологиясының мәселесі нашар зерттеу жасалынған.

Біздің пікірімізше, төменгі мектеп жасындағы балаларды жүзуге үйретуге тиесілі болған, жоғарыда қарастырылған жүзуге үйрету жүйесінің негізгі ережелері арасынан таңдауға әрекет жасадық. Бұл ережелер жүзу дағдысының құрылу үдерісін жылдамдатуға және қосымша жүзу құралдарын, яғни жүзу тақтайшасы, жарғақ аяқтар, «пенопласттан жасалынған белдемше» және «шылбырды» пайдалану арқылы салмақ қалпын төмендетіп, сабақтың тығыздығын арттыруға ықпал жасайды.

Жоғарыда айтылған пікірлердің барлығы зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін анықтап, осы мәселені шешу мақсатында оның мақсаттарын, міндеттерін, зерттеу гипотезасын нақты тұжырымдау қажеттігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ    

 

Алға қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыста келесі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды:

  1. Әдеби мәліметтерді сараптау.
  2. Педагогикалық зерттеулер.
  3. Физиологиялық зерттеулер
  4. Зерттеудің статистикалық әдістері.

Әдеби мағлұматтарды сараптау келесі мәселелер бойынша ғылыми зерттеулер мен әдістемелік жұмыстарды бағалаудан тұрды: спорттық жүзудің 7-8 жас шамасындағы балалардың дене дайындығы және морфологиялық, функционалдық ерекшеліктерін зерттеу, сонымен қатар олардың болашақ мүмкіндіктерін анықтау мақсатында ғылыми негіздемелер және сараптамалар.

Зерттеудің бірінші кезеңінде зерттеліп отырған мәселе бойынша әдебиеттік және әдістемелік берілгендерге талдау жүргізілді және зерттеудің мақсаты мен міндеті қалыптастырылды[96].

Педагогикалық әдістер келесі мәселелерден тұрды:

— жоспарлау құжаттарын талдау (оқу жоспарлары, жүзу бағдарламалары);

— жаттықтырушыларды  анкеттеу;

— педагогикалық бақылаулар;

— педагогикалық талдау және бағалау;

— дене дайындығын бағалау әдістері;

— педагогикаық эксперимент

 Педагогикалық бақылаулар зерттеу жұмысының дерлік барлық кезеңін қамтып, төменгі мектеп жасындағы балалардың дене дайындығы және морфологиялық, функционалдық ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүзеге асырылып отырды.

Дене даму көрсеткіштерін өлшеу келесі түрдегідей жүзеге асырылды.

Дененің ұзындығы, см. Ең жоғарғы нүктеден еденге дейінгі қашықтық бойынша анықталады. Зерттелуші экспериментаторға оң жағымен тегіс көлденең жазықтықта табандарын бірге қосып, қолдарын дене бойында түзу ұстап тұрады. Антропометр тік сызықтан ауытқып кетпеуге тиіс.

Дененің массасы, кг. Дененің массасын рычагты жүйедегі медициналық таразы арқылы килограммның ондық үлесіне дейін нақты дәлдікпен анықталады. Зерттелуші сыртқы киім және аяқ киімсіз болуы керек.

Көкірек қуысының шеңбері, см. Тыныш қалыпта өлшенеді. Мұнда күректің астыңғы бұрыштарына сантиметрлік лентаны қойылып, ал алдыңғы жағынан ерлерде – көкірек сызығының төменгі жағынан, ал әйелдерде көкірек бездерінің үстіңгі жағынан өлшенеді.

Өкпенің өмірлік сыйымдылығы (ӨӨС), см3. Оны ауа немесе сулы спирометрлер арқылы өлшейді. Зерттелуші алдын-ала 2-3 терең тыныс алып, тыныс шығарады, сосын ақырына дейін терең тыныс алып, спирометрдің трубкасына ақырына дейін бір қалыпты тыныс шығарады. Екі рет өлшенген көрсеткіштердің ең жақсы нәтижесі 50 см3 дәлдікке дейін жазып қойылады.

Қолдардың жоғары көтерілуімен және құлаш түрімен дененің ұзындығы, см. Зерттелуші қабырғаға арқасымен тұрып, екі қолын да жоғары көтереді. Еденнен екі қол саусақтарының ең жоғарғы нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшейді.

Қолдардың құлашы, см. екі жаққа созылған қолдардың ең шеткі нүктелерінің арақашықтығы бойынша анықтайды.

Табанның ұзындығы, см. табанның ең артқы шеті мен бірінші және екінші саусақтардың ұшы арасындағы арақашықтық бойынша анықталады. Өлшеу циркуль немесе сантиметрлі лента көмегімен жүзеге асырылады. Лентаны еденге бекітіп, нөлдік белгіге тік тірек қойылып, соның үстіне өлшенушінің табаны қойылады. Өлшенетін көрсеткіш табан ұзындығының дене ұзындығына қатынасын белгілеп, пайыздарда бейнеледі.

Қол білезіктерін бүгетін бұлшық еттердің күші, кг. Тік тұрған қалыпта, қосымша қимылдарсыз түзу қол иық деңгейінде тұрғызылып,  салыстыра тексерілген қол динамометрі (6-9 жастағылар үшін 30 кг-ға дейін) көмегімен өлшенеді. Әрбір қол үшін 2 рет өлшеудің ең жақсы көрсеткіші жазып қойылады.

Дененің дайындалғандық көрсеткіштерін сынақтамалау әдістемесінде келесі тестер қолданылды.

30 м-ге жүгіру, с. Стадионда немесе үлкен сөреге арналған залда шиповкасыз спорт киімінде жүргізіледі.

3х10 м-ге челноктық жүгіру, с. Сынақтама 10 м-лік ұзындықтағы тегіс жолда өткізіледі. Арақашықтық сөре пен мәре сызықтарымен шектелген. Әрбір сызық 50 см-лік радиустық ортасында сызығы бар екі жарты шеңбермен белгіленеді. Зерттелуші «баста» командасы бойынша жоғары старт қалпынан 10 м жүгіріп, мәре сызығындағы жарты шеңберден кубикты (5х5х5 см) алып, сосын шеңберді айналып өтіп, сөре сызығына дейін тағы да 10 м жүгіріп барады, жарты шеңберге кубикты салып, мәре сызығын кесіп өтіп, қайта оралады.

5 минуттық үздіксіз жүгіру, м. 5 минуттық арақашықтықты жүгіріп өту ұзындығын анықтау үшін жүргізілетін сынақтама стадионда ұйымдастырылып, мұнда барлық жүгіру жолы 10-метрлік кесінділермен белгіленген. Әрбір қатысушының 5 минут аяқталған соң берілетін сигналдан соң жүгіріп үлгерген жерінде белгі қойылады. 5 минут ішінде жүгіріп өткен арақашықтықтың жалпы ұзындығы жазылады.

Бір орында тұрып ұзындыққа секіру, см. Секірулер екі аяқтың бірдей қозғалып, бірдей жерге қойылуымен орындалады. Мұндай секірулер өлшенген резиналы (тартандық) жолдарда жүргізіледі. Үш рет секірудің ішіндегі ең жақсы нәтиже ескеріледі.

Түрнекке созылып асылу, саны. Бастапқы қалыптан шыға келе орындалады – жоғарыдан ұстап асылу, қолдар иық кеңдігінде болады. Жаттығуды орындау қарқыны еркін түрде болады. Қолдарды бүгуде иек түрнектен жоғары болған жағдайда асылу орындалған болып есептеледі. Аяқтар мен кеуденің қосымша қозғалыстары көмегімен орындалған мүмкіндіктер есептелінбейді.

Алға қарай еңкею, см (иілгіштікті анықтау сынақтамасы). Бастапқы қалыптан шыға келе жасалынатын қыздырыну жаттығуынан соң гимнастикалық отырғышта тұрып, екі аяқ бірге, тізелер түзу қалыпта орындалады. Еңкеюнің тереңдігі қол саусақтарының ұштары мен отырғыштың жоғарғы беті арасындағы арақашықтық бойынша өлшенеді. Бұл үшін екі линейканы отырғышқа тік сызықпен орнатып, мұнда нөлдік белгілер скамейканың жоғарғы шетімен сәйкес келетіндей етіп орнатылуы тиіс. Егерде зерттелушінің саусақтарының ұштары отырғыштың жоғарғы шетінен төмен болатын болса, онда нәтиже плюс (+) белгісімен белгіленеді, егер де жоғары болса, онда минус (-) белгісімен белгіленеді. Сынақтамалауда тізелерді бүгуге және кеудемен оқыс қимылдар жасауға рұқсат етілмейді.

Жеке ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзумен айналысатын балалардың дене және арнайы дайындығының деңгейін арттыру мақсатында жүзумен айналысатын жас спортшылардың жеке дене және арнайы дайындығының айырмашылықтарын анықтау болып табылатын педагогикалық эксперимент жүргізілді.

Зерттеулер ҚазСТА-ның бассейнінде БЖСМ-нің жүзу бойынша оқу-жаттықтыру топтарында 2015-2016 оқу жылы барысында кезең-кезеңмен жүргізілді[97].

Зерттеулерге жүзумен айналысатын барлығы 20 бала ғана қатысты. Топ ішінде топтардың тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін тәуелсіз қарапайым кездейсоқ таңдау әдісі арқылы жүзушілер бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Жүзумен айналысатын эксперименттік топқа олардың соматикалық және функционалдық ерекшеліктерін, сонымен қатар, қажетті дене қасиеттері мен дене  қабілеттіліктің даму деңгейін ескере отырып, жеке нұсқаулық әдістеме берілді. Ал бақылау тобында оқу-жаттықтыру сабағының негізгі бөлімі мен оның міндеттері олардың жеке және соматикалық сипаттамаларын ескеріп дифференциалданған жоқ.

Зерттеу жұмысын ұйымдастыру

Зерттеу бірнеше кезеңдерде жүргізілді. Бірінші кезеңде зерттелетін мәселе бойынша әдеби және әдістемелік материалдарға талдау жасалынды, әрі спортшылардың соматикалық және функционалдық ерекшеліктерін, сонымен қатар, қажетті дене қасиеттері мен дене  қабілеттіліктің даму деңгейін арттырудың тұжырымдамалық бағыттары қалыптастырылды. Педагогикалық бақылаулар жүргізіліп, зерттеудің басқа әдістері де тексеріліп, нақтыланды. Төменгі мектеп жасындағы жүзумен айналысатын жас спортшылардың болашақ мүмкіндіктерін болжау мақсатында морфологиялық (соматикалық) және функционалдық, дене дамуы ерекшеліктерін талдау үшін кешенді әдістемесі құрастырылып, кешенді бақылау негізінде жүзуге маманданушы мектеп жасындағы балаларды жеке дене дайындау сапасын жоғарылату әдістемесі жасалынды. Жүзу бойынша нұсқаушылар мен жаттықтырушылардың жұмыс тәжірибесі зерттелініп, жалпыланды.

Екінші кезеңде эксперимент жүргізіліп, оның негізгі міндеті спорттық жүзудің 7-8 жас шамасындағы балалардың дене дайындығына әсерін, олардың болашақ мүмкінділіктерін анықтау мақсатында ғылыми негіздеу болып саналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ЖҮЗУМЕН МАМАНДАНУШЫ 7-8 ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖӘНЕ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

3.1 Жас жүзгіштерде морфологиялық көрсеткіштердің өсу динамикасы

Қызмет түрі (спорт) адамның соматикалық ерекшеліктерімен қатар, олардың физикалық сапасының көріну ерекшеліктеріне де өз белгісін қалдырады. Демек, спорт қызметінің жеке түрлерінде сәттілік негізі болып үйлесімсізділік болып табылады. Соңғы жылдары жүргізілген антропометриялық зерттеулер жаттығу барысында өзгеріске түсе бермейтін және жас спортшыларды жетілдірудің болашақ мүмкінділігін анықтауға көмектесетін генетикалық детерминделген морфологиялық белгілердің айқындалуына соқтырды[98].

Антропометриялық зерттеу барысында біз негізгі көрсеткіштерді зерттедік: салмақ, бойы, табан ұзындығы.

Эксперимент барысында біз жүзуден 5-7 жыл жаттықтырушылық өтілі бар жаттықтырушылардан сауалнама жүргіздік. Ондағы мақсат: жас жүзгіштердің морфофункционалды және дене дайындығындағы белгілі және қажетті көрсеткіштерді анықтау. Сауалнама және дәрігерлік педагогикалық зерттеулер нәтижесі, оқу жоспарлау құжаттарын сараптауда жоғары тұрақтылыққа ие морфологиялық көрсеткіштер болып табылатындар: адамның бойы, табан, аяқ, білезік ұзындығы, иық, білезік, жамбас жалпақтығы. Орташа тұрақтылыққа ие көрсеткіштер: дене салмағы, май және бұлшық ет массасы және табан жалпақтығы, ал төмен тұрақтылыққа ие көрсеткіштер: жүрек соғу жиілік және өкпенің өмір сиымдылығы.

Иық және тізе буынындағы қозғалғыштық көрсеткіштері жоғары тұрақтылық дамуымен ерекшелінеді, сондықтан бұл көрсеткіш жас жүзгіштерде жақсы деңгейде дамыса өсе келе осы деңгейді сақтайды. Бұл көрсеткіш генетикалық тұрғыда дамиды да, жаттықтыруға көп көрсеткішке өспейді. Күштілік мүмкіндік жас жүзгіштерде жақсы дамиды. Мұндағы қажет күш — суды есуге арналған күш болып табылады[99].  Сондықтан жас жүзгіштерді сұрыптау кезінде морфологиялық көрсеткіштерді есептеу қажет және олардың ағзасының биологиялық даму қарқындылығымен, дене дамуымен және конституциялық ерекшеліктерімен ескеру қажет. Морфологиялық көрсеткіштер шамалары жас бойынша кестелерде берілген (1,2,3).  Эксперимент жүргізгенге дейінгі және одан кейінгі эксперименттік және бақылау топтарының негізгі антропометриялық көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы мен статистикалық өңделуі №1 кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

Кесте 1 —  Негізгі ие болушылық морфофункционалды көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

 

 

 

 

Ие болушылық

 

Дене, аяқ-қол ұзындығы

Жоғары

Кеуде, иық және білезік қзындығы

 

Жоғары

Иық және жамбас жалпақтығы

Орташадан жоғары

Мойын, иық, білезік, сан, балтыр шеңбері

Орташа

Дене массасы

Орташадан жоғары

Aнaэpoбты мүмкіншілік

Орташадан жоғары

Aэpoбты  мүмкіншілік

 

 

Орташадан жоғары

 

Педагогикалық эксперимент басында және аяғында морфологиялық көрсеткіштердің орта мәндерін есептеу барысында эксперименттік топ көрсеткіштерін бақылау тобымен салыстырғанда елеулі айырмашылықтар бар екені айқындалды[100]. Жүргізілген зерттеулер эксперименттік топ балаларының түгелге жуық көрсеткіштерінің бақылау тобының сәйкесінше көрсеткіштерінен елеулі айырмашылығы (басымдылығы) бар екенін көрсетті. Бақылау және эксперименттік топтардың морфофункционалды көрсеткіштерінің эксперимент басталмас бұрын статистикалық мәнділігі жағынан айырмашылығы болған жоқ.

Эксперименттен кейін бір жылдан соң эксперименттік топта бойдың 3 см-ге, салмақтың 2,5 кг-ға, ӨТС 190 мм-ға, білек күші 2,7 кг-ға артуы айқындалды.

Кесте 2 – 7-8 жастағы жүзумен айналысатын жас спортшылардың морфофункционалды мүмкіндіктерін бағалау шәкілі

Көрсеткіштер

Баллдар

1

2

3

4

5

Дене ұзындығы,

см

133,6-137,1

137,2-140,7

140,8-147,8

147,9-151,4

151,5-155,0

Дене салмағы, кг

26,7-29,3

29,4-32,1

32,2-37,6

37,7-40,4

40,5-43,1

Қолдар ұзындығы, см

59,1-60,8

60,9-62,7

62,8-66,4

66,5-68,2

68,3-70,0

Аяқ ұзындығы, см

70.8-73.3

73,4-75,5

75,6-80,8

80,9-83,2

83,3-85,7

Иық ені, см

27,1-28,4

28,5-29,8

29,9-32,7

32,8-34,1

34,2-35,5

Жамбас ені, см

24,8-24,0

23,9-23,2

23,1-21,5

21,4-20,7

20,6-19,8

Табан ұзындығы, см

19,7-20,3

20,4-21,1

21,2-22,6

22,7-23,4

23,5-24,1

Табан ені,см

6,3-6,7

6,8-7,2

7,3-8,1

8,2-8,6

8,7-9,1

Май массасы, %

17,5-15,6

15,5-13,6

13,5-9,8

9,7-7,8

7,7-5,9

Бұлшық ет мас­сасы,%

42,1-43,8

43,9-45,5

45,6-48,9

49,0-50,5

50,6-52,2

 

 

 

Кесте 3 – Бақылау және эксперименттік топтардағы экспериментке дейінгі және кейінгі антропометриялық және дене дайындығының салыстырма көрсеткіштері  

 

 

Қ.Қ.,мм рт. ст.

Салмақ, кг

Бойы, см

ӨӨС, мл

Білезік күші, кг

PWC170, кгм*мин-1*кг-1

№№

Топтар

 

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

11

Бақылау топ n=20

хX

 

100/

70

100/

70

44,1

46,1

152

153

4520

4570

34,8

36,3

14,9

16,5

 

 

sS

 

 

5,3

5,4

3,7

3,3

266

241

2,25

3,13

0,74

0,71

 2

Эксперименттік топ n=20

хX

 

100/

70

100/

70

44,2

46,7

152

155

4520

4710

34,8

37,5

15

17,5

 

 

sS

 

 

3,65

4,03

5,99

8,04

527

409

3,16

3,57

0,82

1,35

Ескерту- Х – топтағы орташа көрсеткіш; S – таңдаудағы стандарты ауытқу, n – спортшылар саны

 

 

3.2 7-8 жас шамасындағы жас жүзгіштерде дене қасиеттерінің өсу қарқынының динамикасы

Жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін анықтаушы факторлар болып ағзаның функционалды мүмкіндіктері мен арнайы дене қасиеттер болып табылады, ал морфологиялық белгілер рөлі көмекші ғана бола алады. Сонымен бірге, дене бітімінің оңтайлылығы жетекші факторлардың жоғары потенциалын ең жақсы көрсеткішпен іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан жаттықтырушы-оқытушының тәжірибелік жұмысы үшін дайындықтың педагогикалық және морфофункционалдық  көрсеткіштері қызығушылық тудыру қажет.

       Жұмыстың бұл бөлімінде 7-8 жастағы жас жүзгіштердің дене қасиеттерінің өсу қарқыны мен көрсеткіштерінің өзгеруі туралы мәселелер қарастырылған[101]. Өз зерттеулерімізде біз күнделікті жаттықтыру тәжірибесінде қолданылып жүрген педагогикалық тесттерді қолдандық, өйткені, олар жеткілікті сенімді және де күрделі аппаратураны талап етпейді. Тестілеу нәтижелері және олардың жас шамасы қиығындағы өзгерістер төменде келтірілген.

 

3.3  Жалпы төзімділікті дамыту деңгейін бағалау

Төзімділікті даму деңгейі келесі тест негізінде бағаланды: 5 мин. бойы үздіксіз жүгіру. Эксперименттік топтағы балалардың нәтижесінің жақсаруы 26%(P<0,05), ал бақылау тобында 18% құрады, яғни, эксперименттік топта жалпы жүгіру қабілеттілігінің көрсеткіштері    8 % (Р< 0,05)-ға жоғары болды. 2-суретте берілген педагогикалық тесттің жалпы динамикасы көрсетілген.

 

 

 

 

Сурет 2 — Бақылау және эксперимент топтарының бастапқы және қортынды бағаларының «5 мин. бойы үздіксіз жүгіру» тесті бойынша салыстырмалы талдауы

 

3.4 Жылдамдылық-күштілік мүмкіндіктерін дамыту деңгейін бағалау

       Жылдамдылық-күштілік мүмкіндіктер   бағалауда «Тұрған орыннан қашықтыққа секіру» тесті бойынша жүргізілді. 3 суретте көрсетілгендей  эксперименттік топта өсу 30,9 см (S=18,9,1), ал бақылау тобында 12,4 см. (S=6,9) құрады, бұл сәйкесінше 19% және 8%-ға тең, яғни, нәтижелер экспериментті тобында 11%(Р< 0,05)-ға жоғары болды[102].

Жарылғыш жылдамдылық-күштілік мүмкіндіктер          бағалауда «Орыннан жоғарыға секіру» тестісі бойынша бағаланды. Нәтижелердің өсу динамикасын талдау эксперименттік топта жақсару орта шамамен 11 см-ді құрағанын көрсетті, бұл бастапқы нәтижелерден 30%(P<0,05)-ға өскен. Бақылау тобында жақсару 5 см-ге кем болды, сәйкесінше  өсу 13% (S=1,9)-ды құрады (4 сурет).

 

 

Сурет 3 — Бақылау және эксперимент топтарының бастапқы және қортынды  бағаларының «Тұрған орыннан қашықтыққа секіру» тесті бойынша салыстырмалы талдауы

 

 

 

 

Сурет 4 — Бақылау және эксперимент топтарының бастапқы және қортынды  бағаларының «Орыннан жоғарыға секіру» тесті бойынша салыстырмалы талдауы

 

 

3.5 Жылдамдылық қасиеттерін дамыту деңгейін бағалау

Жас жүзгіштердің жылдамдылық мүмкіндіктерін дамыту деңгейі «30 м.жүгіру» және «3х10м қайтармалы жүгіріс» тесттерінің көрсеткіштері негізінде бағаланды. «30м.жүгіру» тестінің нәтижелері 5-суретте көрсетілген.

       5-суреттен көріп тұрғанымыздай, эксперименттік топта жылдамдылық мүмкіндіктерінің көрсеткіштері 5,32-ден 5,2 с-қа, ал бақылау тобында 5,38-ден 4,90 с-қа төмендейді.

 

 

Сурет 5 — Бақылау және эксперимент топтарының бастапқы және қортынды  бағаларының «30м.жүгіру» тесті бойынша салыстырмалы талдауы

Нәтижелердің жақсаруы сәйкесінше 0,12 с және 0,48 с болды. Пайыздық қатынаста бұл 8% және 4%-ды құрады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі екі топтың да жас жүзгіштерінің жылдамдылық мүмкіндіктерінің статистикалық сенімді жақсаруы орын алатынын растап тұр.

«3х10м қайтармалы жүгіріс» тестінің нәтижелері 6-суретте көрсетілген.

 

 

Сурет 6- Бақылау және эксперимент топтарының бастапқы және қортынды  бағаларының «3х10м қайтармалы жүгіріс» тесті бойынша салыстырмалы талдауы

Жас жүзгіштердің жылдамдылық мүмкіндіктерінің өсу динамикасы екі топта да көрсеткіштердің төмендеуін көрсетіп отыр. Бақылау тобына (4%)(S=0,16) қарағанда эксперименттік топта бұл көрсеткіш 10%(S=0,26)-ға,  жақсарды.

 

3.6 Күштілік төзімділік көрсеткіштерінің дамыту деңгейін бағалау

Жас жүзгіштерді күштілік төзімділік көрсеткіштерінің даму деңгейі «Асылып тартылу» тест көрсеткіші негізінде бағаланды. Тест нәтижелері 7-суретте көрсетілген.

 

 

 

Сурет 7 — Бақылау және эксперимент топтарының бастапқы және қортынды  бағаларының «Асылып тартылу» тесті бойынша салыстырмалы талдауы

 «Асылып тартылу» тестінің берілгендері бойынша эксперименттік топта көрсеткіштердің орта шамамен 5,2  (S=4,7)-ге немесе 88%-ға артуы, бақылау тобында аз мөлшерде — 3,1(S=1,9)  немесе 55%-ға өсу байқалады.

Келтірілген тесттер үйреніп жатқан спорт түріндегі жалпы қажетті дене қасиеттерді бейнелейді. Жүзумен айналысатын балалардың талданатын жас шамасы сенсативті кезеңнің бастапқы кезеңінде күштілік төзімділік көрсеткіштерінің көрсету жаттығуларына міндетті түрде тестілеу қажеттілігін көрсетеді, бұл баланың, берілген жағдайда жас жүзгіштің үйлесімді дамуының қажетті шарты болып табылады[103].

 

3.7 Икемділік  қасиетін дамыту деңгейін бағалау

Икемділікті дамыту деңгейі «Алға еңкею» тестінің негізінде бағаланды. 8-суретте берілген педагогикалық тесттің жалпы динамикасы көрсетілген.

8-суреттен көріп тұрғанымыздай, икемділік көрсеткіштері екі топта да жақсарды: эксперименттік топта орта шамамен 7,8 см-ге (S=1.16), бақылау тобында азырақ – 6,5 см-ге.

 

 

Сурет 8 — Бақылау және эксперимент топтарының бастапқы және қортынды  бағаларының «Алға еңкею» тесті бойынша салыстырмалы талдауы

Бірқатар авторлардың пікірінше біздің зерттеп отырған жас шамасы ағзаның морфофункционалды жетілуін зерттеуге ғана емес, күрделі қозғалыс шеберлігін меңгерудің техникалық қабілеттілігі мен дене мүмкіндіктерін талдау үшін де өте қолайлы. Жүзуге маманданушы 7-8 жас шамасындағы балалардың морфологиялық сипаттамаларына жүргізілген зерттеулер түрлі жыныстағы жас спортшылардың морфологиялық көрсеткіш динамикасының қаралып жатқан жас шамасында да айырмашылығы бар деп ұйғаруға мүмкіндік берді, қаралып жатқан көрсеткіштердің өсуі барысында да дәл осылай болады.Жүзумен айналысатын баланың денесінің морфологиялық параметрлерін өлшеу барысында алынған нәтижелер зерттелініп жатқан спорттық көрсеткіштерге әсер ететін бірқатар ақпараттық сипаттамаларды айқындауға мүмкіндік берді. Демек, экспериментке қатысушы баланың жалпы морфологиялық бейнесін жасау үшін біздің берілгендер бойынша келесі белгілермен шектелуге болады: дене ұзындығы мен салмағы, табан ұзындығы.Осылайша, морфологиялық сипаттамаларға жүргізілген талдау нәтижесінде оларды зерттеліп отырған жас шамасында арттыру, көп жағдайда, жүзумен айналысатын балалардың ағзасына оң әсер ететіні анықталды. Жүзу сияқты спорттың түрімен айналысу бастауыш мектеп жасындағы балалардың өсу және даму барысына елеулі және пайдалы әсерін тигізетінін ескеріп кеткен жөн.Дене дайындығын дамытуға байланысты педагогикалық тестілеу нәтижелері бойынша тестіленетін қасиеттердің көпшілігінен зерттеліп отырған көрсеткіштердің статистикалық сенімді жақсаруы байқалады деп қорытындылауға болады.

Әсіресе бұл дене бұлшық етінің күштілік төзімділік көрсеткішіне, жылдамдылық қасиетіне, сонымен қатар, жалпы төзімділікке тиісті.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Жүзу топтарындағы қазіргі кездегі пайдалынатын оқу-жаттықтыру сабақтарын жүргізудің ұйымдастырушылық-әдістемелік формалары бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалыс қабілеттілігінің дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді, өйткені, морфологиялық сипаттамалардың жетілуінің жеке қарқынын және функционалды көрсеткіштерді жетілдірудің ерекшеліктерін ескермейді.
  2. Педагогикалық бақылау берілгендері бойынша антропометриялық өлшеуде қолданылуы тиіс аса ақпаратты морфологиялық көрсеткіштер анықталды. Бұл: дененің ұзындығы мен салмағы, табан ұзындығы.
  3. Морфологиялық көрсеткіштердің өсу қарқыны көп жағдайда дараланған, педагогикалық эксперимент барысында орнатылған дене пропорциясының топ ішіндегі аз-маз динамикасы көп жағдайда берілген жас шамасында жаттығуға беріле бермейтін генетикалық детерминделген белгілермен шартталған. Өз кезегінде, екі эксперименттік және бақылау тобындағы 7-8 жас шамасындағы барлық жас жүзгіштер дене пропорциясының аралас түріне жатады.
  4. Педагогикалық эксперимент нәтижесінде дене қасиетінің даму қарқынының түрлі динамикасы айқындалды. Жас жүзгіштерде жалпы төзімділік көрсеткіштері статистикалық сенімді жақсарған. Эксперименттік топ балаларында төзімділікті дамыту деңгейінің жақсаруы 26% (P<0,05), ал бақылау тобында 18% құрады. Жас жүзгіштердің жылдамдылық-күштілік мүмкіндіктері статистикалық сенімді жақсарған. Осылайша, эксперименттік топта өсім 30,9 см (S=18,9,1), ал бақылау тобында өсім біршама кем — 12,4 см. (S=6,9) құрады, бұл сәйкесінше 19% және 8%-ға тең. Бір орында тұрып жоғары секіру нәтижелерінің өсу динамикасын талдау эксперименттік топта жақсару орта шамамен 11 см құрағанын көрсетті, ал бақылау тобында жақсару 5 см, өсу сәйкесінше 13% (S=1,9)-ды құрады. Эксперименттік топта жылдамдылық мүмкіндіктерінің көрсеткіштері 5,32-ден 5,2 с.-қа, ал бақылау тобында сәйкесінше 5,38-ден 4,90 с.-қа төмендеді; нәтижелердің жақсаруы 0,12 с және 0,48 с болды. Пайыздық қатынаста бұл 8% және 4%-ды құрады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі жарты жылда екі топтың да жас жұзгіштерінің жылдамдылық мүмкіндіктерінің статистикалық жақсаруы орын алатынын растайды.
  5. «3х10 қайтармалы жүгіріс» тестінің нәтижесі көрсеткіштің екі топта да төмендейтінін көрсетеді. Эксперименттікте бөл көрсеткіш 10%-ға, ал бақылау тобында 4%-ға жақсарды.

Жас жүзгіштерде күштілік төзімділікті дамыту деңгейінің көрсеткіштері бойынша эксперименттік топта орта шамамен 5,2 с немесе 88%-ға, бақылау тобында 3,1 с немесе 55%-ға жоғарылау байқалады.

Икемділік көрсеткіштері екі топта да жақсарды: эксперименттік топта орта шамамен 7,8см-ге, бақылау тобында шамалы өсім — 6,5 см-ге.

Екі топта да тестіленетін қасиеттердің көпшілігі бойынша көрсеткіштердің статистикалық сенімді (Р<0,05) жақсаруы айқындалды.

  1. Кіші жастағы оқушылармен жүзу бойынша оқу-жаттықтыру сабақтарын құрастыруға түрлі жыныстағы балалардың морфологиялық және функционалдық көрсеткіштерін даралауға негізделген, арнайы қозғалыс мүмкіндіктерін тиімді жетілдіруге, және де қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін методологиялық ыңғай жасау жасалды және эксперимент жүзінде негізделді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Бахрах И.И., Волков В.М. Взаимосвязь некоторых функциональ­ных показателей с пропорциями тела мальчиков пубертатного воз­раста. //Теория и практика физической культуры. — 1974,- №7, — с. 44-46.
  2. Бриль М.С., Прозоров В.М. Прогнозирование игрового амплуа юных футболистов в процессе комплектования команды. // Теория и практика физической культуры. — 1988,- №10, — с. 21-24.
  3. Жинкин Н.Д., Ивкин Г.В. Индивидуализация тренировочного про­цесса пловцов-брассистов на основе взаимосвязей техники плава­ния и антропометрических показателей. // Тезисы докладов XIII Всесоюзной научно-практической конференции «Управление тре­нировочным процессом на основе учета индивидуальных особенно­стей юных спортсменов». — М., 1991, ч.1, с. 39-40.
  4. Красильщиков А.К., Шинкарук O.A. Критерии отбора одаренных спортсменов в гребле на байдарках и каноэ. // Отбор, контроль и прогнозирование в спортивной тренировке. — Киев, — 1990, — с. 102-111.
  5. Мищенко B.C., Дьяченко В.Ф. Оценка перспективности юных спортсменов, специализирующихся в циклических видах спорта на основе физиологических критериев. // Отбор, контроль и прогнози¬рование в спортивной тренировке. — Киев, — 1990, — с. 74-87.
  6. Жукова Е.С. Учёт возрастных особенностей в процессе массового обучения технике плавания //Теоретические и методологические аспекты определения спортивной одарённости: сб. науч. тр. — Омск, 1989. — C. 42 — 44.
  7. Комарова Л.Г. Методика обучения плаванию детей школьного возраста, основанная на комплексной оценке приобретаемых навыков: автореф.  …  канд. пед. наук. — Киев, 1990. — 24 с.
  8. Ганчар И.Л. Плавание как средство профессионально-прикладной фи­зической подготовки студентов вуза //Тезисы докл. Международ. научно-метод. конф. «Проблемы профессионально-прикладной физической подготовки студентов в вузе». — Мн.: БГЭУ, 1994. — С. 9-11.
  9. Маряничева Е.Г. Обучение плаванию детей младшего школьного возраста на основе опорного гребка и двигательных представлений: автореф. … к.п.н., — Краснодар, 1998. — 16 с.

10 Цицирко Л.Ю. Физическая подготовленность учащихся 16-19 лет и пути ее совершенствования с учетом типологических различий двигательных качеств: автореф.  …  канд. пед. наук //СПбГАФК им. П.Ф.Лесгафта. — СПб., 2000. — 20 с.

11 Фаворская Е.Л. Зависимость гидродинамических качеств пловцов высокого класса от особенностей телосложения и физической подготовленности, в связи с задачами отбора и дальнейшего спортивного совершенствования: автореф.  … канд. пед. наук. — Малаховка, 1989. — 23с.

12 Платонов В.Н. Физическая подготовка пловцов высокого класса. — Киев:  Здоровья, 1983. — 163 с.

13 Широканова Л.И. Эффективность массового обучения плаванию в зависимости от последовательности изучаемых способов, возраста и предварительной подготовки учащихся младших классов: автореф.  …  канд. пед. наук, — Мн., 1990. — 24 с.

  • Булгакова Н.Ж., Воронцов А.Р. Изучение стабильности показателей как основа для прогнозирования спортивных способностей //Теория и практика физ. культуры. — М., 1976. — № 1. — С. 30-34.
  • Егоров Г.И. Оптимизация методики обучения плаванию по программе физического воспитания в вузах: дисс. … канд. пед. наук — М., 1979. — 165 с.
  • Погребной, А.И., Приходько, В.В. Исследование параметров управле­ния движениями в процессе обучения плаванию // Комплексная оценка эффектив­ности тренировочного процесса в циклических видах спорта: Сб. науч. трудов. -Волгоград, 1984.-С. 68-74.
  • Берестецкая, Н.Ю. Методика технической подготовки пловцов с учетом возрастных особенностей формирования двигательной функции: Автореф. дис. канд. пед. наук. — Киев., 1987. — 24 с.
  • Звягинцева, Т.М. Биомеханические основы техники гребковых движе­ний в синхронном плавании: Учебное пособие. — Краснодар, 1994. — 64 с.
  • Губа, В.П. Эффективность метода освоения основных спортивных уме­ний: Автореф. дис. канд. пед. наук. — М., 1995. — 21 с.
  • Платонов, В.Н. Тренировка пловцов высокого класса /В.Н.Платонов, СМ. Вайцеховский. — М.: Физкультура и спорт, 1985. — 256 с.
  • Булгакова, Н.Ж. (ред.) Спортивное плавание: Учебник для вузов ФК. -М.: Физкультура, образование и наука, 1996. — 430 с.
  • Абсалямов, Т. М, Белов, Е.С., Дмитренко, Е.Н. Устройство для измере­ния силы мышц плечевого пояса у гимнастов и пловцов //Теория и практика физ. культуры. — 1973. — № 5. — С. 70-72.
  • Навроцкий Б.А., Шувалов Ю.Н. Применение психорегулирующей тренировки при обучении студентов плаванию //Методические рекомендации. – Тула, 1986. — 32 с.
  • Панарин. Б.Г. Методика обучения плаванию на основе формирования автоматизированной техники плавательных движений на суше //Теория и практика физической культуры. — 1991. — №7. – С. 57-58.
  • Жукова Е.С. Учёт возрастных особенностей в процессе массового обучения технике плавания //Теоретические и методологические аспекты определения спортивной одарённости: сб. науч. тр. – Омск, 1989. — С. 42 — 44. 
  • Александрова Р.В., Черепова Д.В. Особенности проведения занятий с детьми в семейных группах гидроаэробики //Новые исследования и разработки в спорте: Вестник аспирантуры. СПб. ГАФК им. П.Ф.Лесгафта.-1998. — С. 169-173.