Нұрлыбекұлы Дастан
Жасөспірімдердің қимыл қабілеттерін дамыту жолында гимнастика пәні тәсіл ретінде
Дисциплина гимнастика как средство развития физических способностей подростков
Discipline of gymnastics as a means to develop the physical abilities of teenagers
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
- ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚИМЫЛ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛЫНДА ГИМНАСТИКА ПӘНІ ТӘСІЛ РЕТІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Жасөспірім гимнастардың иілгіштігін дамыту.
1.2. Жас гимнас қыздардың координациялық қозғалысты дамыту.
1.3. Гимнастиканы мектеп оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
1.4. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.
- ГИМНАС ҚЫЗДАРДЫҢ ИІЛГІШТІГІ МЕН КООРДИНАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Жас гимнасшыларды үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
2.2. Жас гимнасшылардың жаттығуы жүгіру әдістері.
2.3. Жас гимнасшылардың жаттығуы түрлерін өткізу мен шынығулары.
- ГИМНАС ҚЫЗДАРДЫҢ ИІЛГІШТІГІН ДАМЫТУ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
3.3. Қыздардың иілгіштігін дамыту дене тәрбиесі мамандарының еңбегі.
3.4. Спорт мектептеріндегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу.
- ҚОРЫТЫНДЫ.
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КIРIСПЕ
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.
Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп келеді . Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар.
Қазақстанда 1947 ж. Алматы дене тәрбиесі интернатында көркем гимнастика секциясы ашылды. 1949 ж. гимнасшы-қыздар арасында тұңғыш республикалық жарыс өтті. Қазақстандағы көркем гимнастика спортын ұйымдастырып, дамытуда Л.Каспарова, Э.Волкова, К.Морозова, К.Степанова, Э.Осадчая, Л.Дягилева, т.б. спортшылар мен жаттықтырушылар көп еңбек сіңірді.
Көркем гимнастикадан А.Батырбекова, С.Рахметова, С.Барлыбаева сияқты қазақ қыздары 1960 – 70-жылдары республиканың бірнеше дүркін чемпионы болып, халықар. жарыстарға қатысты. 1991 ж. республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда павлодарлық Ә.Мұстафина, алматылық З.Жақыпова, шымкенттік Ә.Юсупова, т.б. гимнасшы қыздар бірнеше дүркін Азияның чемпионы, халықаралық турнирлердіңжеңімпазы, жүлдегері болды.
Павлодарлық Майя Сүлейменова қазақ қыздары арасында алғаш Халықаралық дәрежедегі төреші атанып, дүниежүзілік чемпионатқа қазылық етті (Вена, 1995; Будапешт, 1996), екі рет Азия чемпионатына төреші болды (1994, 1996 ж.), Көркем гимнастика Шымкент, Алматы, Павлодар, Астана, Өскемен, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау қалаларында жақсы дамыған.
Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ – 1-нің аяқталуы 2-нің басталуына ұласып кетеді. Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланың түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады.
Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.
Мысалы: «Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек. «Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау. «Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек. «Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек. «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек. «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау. «Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек. «Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/. «Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек. «Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
Фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл, еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді – тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті түрде қимылын, қажетті дыбыстарын қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей естіп қабылдау, сөйлеу қимылдарын көру арқылы қабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/, ішінен ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу органдарының жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін. Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның элементтерін қалыптастыруға күш салу керек.
Мәселен, Р фонемасының айтылуын түзеткенде тілді дұрыс формасы мен позициясын игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимыл баяулығы немесе қатар басқарылуы қиындықтары кейде дайындық артикуляциясы жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, өзіндік артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр, етеді. Екінші тәсіл құралдардың /шпатель, зондлар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді.
- ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚИМЫЛ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛЫНДА ГИМНАСТИКА ПӘНІ ТӘСІЛ РЕТІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Жасөспірім гимнастардың иілгіштігін дамыту.
Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тегістігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер қос ерінді ұяң дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын –д дыбысын меңгеруге көмектеседі. Ал – д дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе механикалық жолмен тіл – таңдай түбі қатысында айтылатын – г дыбысын қалыптастыру негіз болады.
Көптеген жағдайда дыбыс туыстығын екі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, – ш дыбысы дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес жолымен сипатталатын –р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше –р дыбысы да –ш дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру үшін жаттығу материалын таңдаған кезде фонетикалық, талаптарды еске алу, айту қиындықтарын сатылап арттыруды сақтау керек. Сонымен қатар сөздік материалдарының /сөз, сөз тіркесі/ мәні балаға түсіну мүмкіндігінше күнделікті алынуға тиіс. Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды.
Мысалы: – логопед ілесе қарапайым буындар мен сөздерді қайталаудан бастап, дауыстап оқуға заттарды атауға, суреттер бойымен суреттерден бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептерге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек. Алайда есте болатын жай – түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және бағытына және ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктердің түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі.
Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланды, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен қозғалысқа келтіреді. Сөйлеу органдарының белгілі бір қалыпымен немесе қимылымен байланысты гинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады.
Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе – механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай, келмеуі мүмкін. Мәселен, қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы белгілі шпательмен басып қойылады.
Та буынын ұмытпаған бала оны – тя түрінде, ал шпательмен тілді ақырын жылжытып итерген жағдайда – кя, сосын – ка түрінде бастайды.Үшінші – аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты – еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейілінше толық және дәл айтуға көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс йсигматизмін түзетуді қараңыз, тілдің ұшын астыңғы тістің артқы жағына түсіріп ұстап тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады/.
Логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың ролі. Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.Ф.Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина, О.В.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев төрт кезеңге бөлді. Кезең саны әртүрлі болғанымен негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді: Дайындық кезеңі. Дыбысты қою кезеңі. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі. Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі.
Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек. 1-ден – мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиіспіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара ықпалының біржақты тиіуне соқтыруы мүмкін. Мысалы, – с дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа – у түрінде айтылатын – л дыбысын бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде мүлде қарама-қарсы қалпы пайда болады, үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы/. 2-ден әсіресе айтылуы алғашқы кезде үлкен энергия шығындауды қажет ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек.
Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін –ш және –р дыбыстарымен қатар жұмыс істеу тез шаршатуы мидың тыныс алуды басқаратын орталығы уақытша талдыруы мүмкін. Бұлай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруды сипаттағанда кейде арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға дыбыстардың дұрыс айтылуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл кемшілігі жағдайында.
Ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса /мысалы дизартрияның алуан түрінде/, а артикуляциялық гимнастикаға келтірілген программа бойынша жүргізіліп сөйлеу аппаратының түрлі бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс. Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс дыбысты дұрыс машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі. Тіл кемшіліктерін түзетуге арналаған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шартты – оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар ең кем дегенде мыналарды қамтиды.
- оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна.
- шпательдер мен зондлар, тазалық құралдары.
- сөзді жазып, қайталайтын магнитофон.
- тыныс алуды қажет ететін дамытуға қажетті ойыншықтар альбоммен құралдар.
- дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом.
- түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер лото.
- түрлі дыбыстың айтылуына бекітуге қажетті тілдің материалы бар кітап – құрал.
- әр класқа арналаған оқу материалы бар кітап.
Сөйлесуді көзбен бақылау /фиброскоп «Двин» / немесе сөйлеу органдарына механикалық әсер етуге арналған түрлі приборлар мен құралдар шыққан сайын, олар да жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс. Нақты дыбыстардың айтылу кемшіліктерін түзету тәсілдерін сипаттауға көшпестен бұрын бұл кемшіліктердің ішінде дыбыстың өзгеруінен туатындары, сонымен қатар бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан пайда болатындары бар екенін атап көрсету керек.
Кемшіліктердің алғашқы – антропофоникалық, соңғысы – фонологиялық деп аталады. Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі – р дыбысын тамақпен айту немесе –с дыбысын тіске қысып айту бола алады. Фонологиялық кемшіліктің мысалы –ш орнына –с алмастыру / «ескі» – ешкі/, немесе –р орнына –л / «роза» – лоза/, сонымен қатар фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай жағдайда дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды сөйлеу кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы «Шамат маған көрсі тұрады» Бұндай жағдайда дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыру қажет болмағандықтан біздің қарастырумыздан тыс қалады. Сонымен қатар дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайда ескерген жөн.
Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен бұрыңғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, ш дыбысы с дыбысымен алмастырылады дедік. Енді ш дыбысын дұрыс айтып үйренгенде біраз уақыт с дыбысы бар сөздерде ш дыбысы қолданылады. Сабын – шабын, қасық – қашық т.б. Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмікн. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету нәтижесінде бекіте отырып дефференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек.
Түрлі дыбыстардың айтылуы кемшіліктерін сипаттау барысында осы кемішіліктердің пайда болуына себеп болатын оларды түзетілуіне кедергі болатын аппаратының шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар ескертіледі. Бірақ есте болатын жай бір жағынан айту кемшіліктері кейде сөйлеу аппаратының өте дұрыс, құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы дұрыс, дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарыда нерв қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін танытады. Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының анық аномалиясы жағдайында дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің маңыздылығы сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылу кемшіліктігін коррекциялауды қимылдататын фактор ретінде аса мән беру кездеседі.
Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалиялар болғанда ғана логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операция реттеу немесе протездеу түріндегі медициналық әсерді қажет ететінін тәж көрсетуде. Бұндай әсердің қажеттігін логопед пен дәрігер /стомотолог, отоларинголог/ бірлесіп шешеді.
Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл – қозғалыстарында көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы әдістерді пайдалану қажет. Мысалы: «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан «н» дыбысын созып айтуын өтінеміз. Осы кезде логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен тілді жұмсақ таңдайға шейін итеріп тілдің түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек.
Сөйтіп «ң» дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден «ң» дыбысы жабық буынды анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. М дыбысын айтқызу кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. «Ң» дыбысын қоюда төртінші әдісті де қолдануға болады.
Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады. Мысалы: қа-ға та-те қо-ғо па-пе қу-ғу ба-бе қы-ғы са-се то-то ты-ті бо-бө бы-бі ко-ке сы-сі со-се мы-мі мо-ме ны-ні Ә дыбысын дұрыс игеруге а дыбысы негіз болады.
Бала а дыбысын айтқанда кезде тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айту машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн. Мысалы: әт тә әл лә әс сә әз зә ДЫБЫСТЫ ҚОЮҒА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР Артикуляциялық жаттығуларында негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар есіне сақтай білуі қажет.
Біріншіден атаулар балаларды жаттығуға қызықтырады, екіншіден жұмыс барысында уақытты жасау шарттарын түсіндермей тек оның атын айтса жеткілікті. Мысалы: «ат шауып келеді» немесе «сағат». Жаттығуларды дұрыс орындау тәсілдеріне тоқталайық. 1. «Күрекше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек. Тілді қимылдатпай ұстап тұруын қадағалау керек. /40 сурет/. 2. «Кесе» ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек. /41 сурет/. 3. «Ине» ауыз ашық. Тілді жіңішкертіп ауызды шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек. /42 сурет/. 4. «Төбешік» ауыз сәл ашық. Тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр. Тілдің ұшы алдыңғы төменгі тістерге тірелген. Осы қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру керек. /43 сурет/. 5. «Түтікше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып бүйірлерін жоғары көтеріп түтікшеге ұқсатып тұрып үрлеу. /44 сурет/.
Осы жаттығулардың бәрін баяу қалыпта орындап 8-10 рет қайталау қажет. 6.«Сағат» жіңішке тілді ауыз қуысынан шығарып оңға, солға қимылдату керек. 15-20 рет қайталау. /45 сурет/. 7. «Ат шауып келеді» тілді таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Жаттығуды 10-15 рет қайталау. /46 сурет/. 8. «Саңырауқұлақ» ауызды кең ашып тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстап тұру керек. /46 сурет/. 9. «Алтыбақан» тілді жіңішкертіп ұстап кезекпен мұрынға, иекке қарай созу. Бірақ ауызды ашып ұстау керек. Осылайша 15 рет қайталау қажет. /47 сурет/. 10. «Тәтті шырын» жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау. Осылайша 15 рет қайталау қажет. 11. «Жылан» ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып жіңішкертіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысына ақырындап кіргізу. 12. «Сылақшы» ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет қайталау. Көрсетілген жаттығулардан логопед қойылатын дыбысқа керектілерін ғана іріктеп алады.
1.2. Жас гимнас қыздардың координациялық қозғалысты дамыту.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады: 1) физкультура сабақтары; 2) физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары); 3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл – қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).
Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.
Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады.
Сәби жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс ойындары, гимнастика, массаж).
Ертеңгілік гимнастика және физкультура сабақтары кішкентайлардың бірінші кішкентайлар тобынан бастап барлық топтарда жүргізіледі, бірақ әрбір топта олар қозғағыз материал мен сабақ өткізу методикасын іріктеу жөнінен өзіндік ерекшелікке ие болады.
Балабақшаның ересектер тобында маңызы басым физкультминуткалар жақсы тынығу және балалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа және екі сабақтың аралығына енгізіледі.
Шынықтыратын процедуралар барлық топтарда пайдаланылады. Алайда бөлме ішіндегі, даладағы қимыл – қозғалдыс кезіндегі бірте – бірте температурасы төмендейтін таза ауа ваннасы көбінесе ересектер тобында қолданылады.
Балаларды таза ауадағы қимыл –қозғалыс ойындары және өз бетінше сан алуан қимыл жасау әрекеті барлық жастағы топтарда балалардың күнделікті өмірінің міндетті түрде мазмұны болып табылады.
Физкультура сабақтары – балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалыс үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады.
Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыруда болып табылады, олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдларын игеруін, физкультура мен спортқа эмоционалды-жағымды қатынасын қалыптастыруды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.
Сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру тиімді гигиеналық жағдайда организмдегі бүкіл физиологиялық процестердің артуына, оның өмір іс-әрекетін күшейтуге көмектесетін сабақтарда балалардың жан-жақты қимыл әрекеттері жолымен қамтамасыз етіледі.
Тәрбие-білім беру міндеті сабақ процесінде баланың жеке басының моральдық ерік-жігер белгілерін қалыптастыру, физкультура мен спорт саласын кейбір қарапайым білім мен терминдерді хабарлау, дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын және дене қасиетін тәрбиелеу жолымен шешіледі. Мұның бәрі баланың танымын, ерік және эмоционалдық күшін, оның ақыл-ой қабілетін, адамгершілік қасиеті мен шығармашылық белсенділігін кешенді дамытуға бағытталған.
Сабақ қоршаған ортаға жақсы бейімделгіш, алға қойылған тапсырмаға сай нысаналы, тез әрі сенімді түрде әрекет ете алатын тәртіпті адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі.
Ертеңгілік гимнастика– баланың отбасындағы, балабақшадағы күнделікті режимінің міндетті бөлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі түрде жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға үйреншікті әдетті қалыптастырады.
Ертеңгілік гинастиканың маңызы саналуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін нерв жүйесін сергітеді, ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады
Ертеңгілік гимнастика тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсертете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі.
Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектеседі, эмоция мен қуанышты сезім туғызады. Балалардың дене жаттығуларын таза ауада немесе фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде су процедурасымен ұштастыра орындауы барынша жақсы сауықтыру тиімділігін жеткізеді.
Физкультминутка (қысқа мерзімді дене жатттығулары) – естиярлар, ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте, сондай-ақ нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі т.б.) өткізіледі.
Физкультминутканың маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканыңэмоциялық-жағымды жай-күйін қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың іс-әрекет сипаты мен дене қалпының өзгеруінде болып табылады.
Физкультминутка зейінді, бүкіл организмнің әрекет ету жағдайын қалпына келтіруге бағытталған.
Дене жаттығуларымен ұштастырылған процедуралар неғұрлым тиімді болады. Бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуі жылжу ретеу процесін жетілдіруге және сол арқылы организмнің қоршаған сырттқы ортаға бейімделуіне көмектеседі.
Шынықтыру процесінде организмнің терең өзгеруі іске асады, ал егер бала ширақ болса, ол өзгеріс табиғи әрі қарапайым жүзеге асады. Балалар үшін қызықты дене жатттығуларымен және ойындармен ұштастырылған шынықтыру шаралары эмоциялық өрлеуді туғызады, жоғары жүйке орталықтарының қызметін жақсартады, ішкі органдардың жұмысы мен зат алмасуды реттейтін вегативтік жүйке жүйесіне жақсы ықпал жасайды.
Күнделікті өмірде балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру баланың денсаулық жағдайы және күні бойғы оның психхикасы үшін қажетті режимін орындауды қамтамасыз етеді.
Балалардың дене тәрбиесі бағдарламасының сауықтыру және тәрбиелі білім беру міндеттері әр түрлі формада жүзеге асырылады: қимыл-қозғалыс ойындары, серуендеу, жекелеген балалармен және шағын топтармен жеке жұмыс істеу, дене тәрбиесі жаттығуларының және физкультура мерекесінің сан алуан түрлерімен балаларының өз беттерінше айналысуы.
Қимыл-қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл әрекеті ретінде тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен сәкес күннің әр түрлі уақытына жоспарлайды.
Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың жан-жақты дамуына жағдайды, организмді сауықтыруға көмектеседі, балалардың өмірін жаңа мазмұнмен байытады, олардың сезімін, мінез-құлқын, қоршаған ортада бағдар ұстауын, дербестігі мен шығармашылық инициативасын қалыптастыру.
Балалар мекемелерінен тысқары жерге жаяу серуендеу және экскурсия жасау балалар туризмінің ең қарапайым түрі болып табылады. Олар балалардың денсаулығын күшейтуге, дене күшін дамытуға эстетикалық қалыптастыруға, табиғатпен қатынаста болуға, қимыл дағдылары мен дене қасиетін жетілдіруге көмектеседі.
Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.
Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.
Педагогикалық практикада ұжымдық және индивидуалды қозғалмалы ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады.
Ұжымдық қозғалмалы ойындар – бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар.
Индивидуальды (жеке) қозғалмалы ойындарды әдетте кіші балалар құрады және ұйымдастырады. Мұндай ойындарда әркім өзінің жоспарын белгілеп, өіне қызықты шарттарды орнатады, ал кейде қалағандарынша өзгертеді. Жеке қалаулар бойынша ойластырылған іс-әрекеттерді іске асыру жолдары таңдалынады.
Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен келіп шығады.
Ойын сюжеті ойыншылар әрекет мақсатын, ойын конфликтісінің (соқтығысының) даму сипатын анықтайды. Ол қоршаған орта ақиқтынан алынып, оның әрекеттерін көрсетеді немесе ойыншылардың әртүрлі өзара әрекеттестік кезіндегі қарсы күрес сызбасы түріндегі дене тәрбиесі міндеттерінен арнайы құрылады. Ойын сюжеті ойыншылардың тұтас әрекеттеріне жан беріп қана қоймай ды, тактика элементтері мен техникасының жеке тәсілдеріне мақсатты бағыттылық беріп, ойынды тартымды етеді.
Ереже – ойынға қатысушылар үшін міндетті талаптар. Олар ойыншылардың орналасуын негіздейді, ойыншылардың міндеттерін, құқықтарын, тәртіптер сипатын нақтылайды. Осыған қоса ойын ережесі аумағында ойыншылардың шығармашылық белсенділігі мен иницативаларының көрінуіне шектеу жасамайды.
Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады.(5)
Педагогикалық практикада, әлеуметтік өмірде және тұрмыста қозғалмалы ойындарды ұйымдастырудың екі негізгі формасы бар: белгіленген және белгіленбеген.
Қозғалмалы ойындар өткізудің белгіленген формасы мұғалімнің жетекші рөлін, қатысушылардың өзгеріссіз құрамы бар сабақтардың реттілігін, ойын материалының регламентацияланған (белгілі бір ережеге бағындырылған) мазмұны мен көлемі және берілген ойын енетін оқу-тәрбие үрдісінің әдістемесі, мазмұны және ұйымдастырылуы бар оның өзара байланысы.
Белгіленбеген формаға қозғалмалы ойындар балалардың ішінен ұйымдастырушылардың, вожактардың үлкен рөлін бөліп көрсетеді, олар ереже бойынша элизодтық түрде ұйымдастырылады, қатысушылар құрамы өзгереді, ал ойындар ойын материалдарының көлемі және мазмұны бойынша түрленеді.
Оқушылардың қозғалыс тәртібіндегі қозғалмалы ойындарға жіберілетін уақыт оқушылар оқитын сынып, жас деңгейлеріне, оқытудың жылдық күг тәртібіне және басқада әрекеттермен демелудың түрлеріне тәуелді.
Жоғарыда көрсетілгендей қозғалмалы ойындарды өткізудің бекітілген формасында келесі міндеттерді шешуі тиіс жетекші басты орынға ие, олар: 1) сауықтандыру; 2) білім беру; 3) тәрбиелік.
Қозғалмалы ойындардың сауықтандыру міндеттері.
Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшеліктерін ескерілген сабақты дұрыс ұйымдастыру кезіндегі қозғалмалы ойындар бой өсуіне, сүйек-байланыс аппараттарының бекітілуіне және дамуына, баллар мен жасөспірімдердің дұрыс тұлғасының қалыптасуына, сонымен бірге ағзаның қызметін жоғарлатады.
Ойындары бар сабақтар кезінде дене жүктемелері оңтайлы болуын қадағалау қажет. Ойындары бар жүелі өткізілетін сабақтар кезінде интенсивті жүктемелерге ағзаның үнемі оларға үйрене беруі үшін жол беруге болады. Бұл өмірмен еңбекте үлкен маңызға ие. Алайда қатысушыларды қатты шаршап-шалдығуға апаруға болмайды.
Белсенді, энергетикалық, көп қайталама қозғалыс әрекеттері бар, бірақта ұзақ бір жақты күш қуаттылықпен (әсіресе статистикалық) байланысты емес ойындар баллар мен жасөспірімдер ағзасына оң әсер етеді. Міне, сондықтан да ойындарда шамадан тыс бұлшық ет қуаттылығы және тыныс алудың созылмалы кідірістері болмауы қажет.
Сауықтандыру қатынысында қозғалмалы ойындарды таза ауада жыл бойы өткізу айрықша құнды: айналысушылар шыныққан бола түспек, ағзаға келіп түсетін оттегі көлемі көбейеді.
Қозғалмалы ойындар – ұзақ ақыл-ой іс-әрекетінен кейінгі жақсы белсенді демалыс, сондықтан олар мектеп қоңырауларында, ұзақтылған күн топтарындағысабақтар аяқталған кезде немесе мектептен келгеннен кейін үйде өте қолайлы.
Қозғалмалы ойындар сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілу аурушаң балалардың денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады.
Қозғалмалы ойындардың білім беру міндеттері.
Ойын жеке тұлға қалыптасуына үлкен ықпал етеді: бұл талдау, салыстыру, жалпылау және қорытындылар шығару іскерлігі көрінетін және дамытылатын саналы іс-әрекет. Ойындармен айналысу күнделікті практикалық іс-әрекеттегі маңызға ие әрекет ету қабілеттерін дамытуға әсер етеді.
Қозғалмалы ойындар қозғалыс әрекеттері және ережесі ойыншыларда нақты өмірдегі мінез-құлық туралы сенімді ұғымдарды қалыптастырады, олардың саналарында қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар ұғымын бекітеді.
Гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, шаңғы даярлығы, жүзу және т.б. спорт түрлері сабақтары кезінде оқытылатын қозғалыс әрекеттері сияқты қозғалыс сипаты мен құрылымы бойынша ойындар білім беру мәніне ие.
Қозғалмалы ойындардың тәрбиелік міндеттері.
Көп жағдайда қозғалмалы ойындар төмендегі дене қасиеттерін тәрбиелеуге жағдай жасайды, олар: шапшандық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік (иілгіштік) және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттері комплексте (жинақта) дамытылады. Қозғалмалы ойындардың көпшілігі қатысушылардың шапшандылықты талап етеді. Бұл дыбыстың, көру, тактильді белгілерге шұғыл жауап беру қажеттілігіне құрылған; шұғыл тоқтау, кідіру және қозғалысты жандандыруы бар ойындар, қысқа уақыт ішінде үлкен емес ара-қашықтықты жеңіп шығуға бар ойындар.
Ойындағы үнемі өзгеруші күш-жай, қатысушылардың бір қозғалыстан екіншісіне жылдам ауысуы ептілікті дамытуға әсер етеді.
Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыстың белсенділігі және қуаты қозғалыстардың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді.
Қозғалыс бағыттары жиі ауысумен байланысты ойындарда иілгіштікті жетілдіру жүзеге асады.
Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажеттеі ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерді көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады. Ойынға деген қызығушылықты тудырып отыру үшін ойын мақсатына қол жеткізудегі жол үлкен мәнге ие – ойынмен қанағаттану үшін, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жеңіп шығуы тиіс кедергілер қиындықтарының деңгейі мен сипаты.
Ұжымдық қозғалмалы ойындардың жарытың сипаты мақсатқа қол жеткізу үшін ерлік пен бірбеткейлікті, шешімділікті көрінуін талап ететін ойыншылар іс-әрекеттерінің белсендіре алады. Алайда ойын шиеленісуі ойыншыларды бөліп-жармауға тиіс екендігін ескерген жөн. Ұжымдық қозғалмалы ойындарда әрбір қатысушы жалпы мақсатқа қол жеткізуге және кедергілерді жеңуге бағытталған жалпы, достық күш салу артықшылықтарына көрнекі көп жеткізеді. Ұжымдық қозғалмалы ойында қабылданған іс-әрекеттерді ережелер мен ерікті түрде қабылданған шектеу ойын ойнаушыларды тәртіпке де салады.
Ойыншыларды ойын әрекеттерін бірлесе орындау кезінде өзара құрметтеуге, өз істері үшін жауапкершілікке үйрету үшін ұжымдағы ойын рөлдерін жетекші дұрыс бөлуі тиіс.
Қозғалмалы ойын ұжымдық сипатқа ие. Құрдастар пікірі, белгілі болғандай, әрбір ойыншы мінез-құлқына үлкен әсер етеді. Қозғалмалы ойын қатысушысының белгілі бір рөльді орындау сапасына тәуелді жолдастарының мақтауына немесе, керісінше, қанағаттанбауына ие болады; осылайша балалар ұжымдағы ойынға ойыншылар алдында шұғыл шешім жасауды талап ететін, әртүрлі міндеттерді шешу пайда болатын бір ойыншының басқасына, бір команданың – екіншісіне қарама-қарсы әрекет ету тән. Бұл үшін өте қысқа мерзім ішінде қоршаған орта жағдайын бағалап, дұрыс әрекетті таңдап алып және оны орындау қажет. Осылайша қозғалмалы ойындар өзіндік тануға жол ашады.
Осыған қоса, ойыны бар сабақтар координацияланған, үнемді және келісімді қозғалыстарды шығарады; ойыншылар жұмыстың қажетті темпі мен ритіміне тез кіру іскерлігін меңгереді, өмірде өте маңызды қажетті күш салу мен тұрақтылық көрсете отырып әртүрлі қозғалыс тапсырмаларын тез әрі епті орындайды.
Сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттерін комплесте шешу қажет, тек осы жағдайда ғана әрбір қозғалмалы ойын балалар мен жасөспірімдердін жан-жақты дене тәрбиесінің тиімді құралы болмақ.
Ойынды өткізуге даярлау егер ойын алғаш рет ұсынылса және оның барысында қалыптасуы мүмкін барлық жағдаяттарда педогок алдын-ала көре алмайтың кезде өте маңызды.
Ойынды таңдау ең алдымен сабақтың жалпы міндеттеріне тәуелді, оларды құру кезінде негізгі критерийлер оқушылардың жас ерекшеліктері, олар дамуы, дене даярлықтары, қатысушылардың саны болып табылады.
Ойынды таңдау кезіңде сабақ формасын (сабақ, қоңырау, мереке,қыдыру) ескеру қажет. Сабақ пен қоңырау уақыт бойынша шектелген; сабаққа қарағанда қоңыраудағы ойын мазмұны мен міндеттері өзгеше; мереке кезінде негізінен әртүлі жастағы және әртүрлі дене даярлығы бар балалрдың бәрі қатыса алатын көпшілік ойындар мен аттракциондар қолданылады.
Ойынды таңдау оның өткізілу орнына тікелей тәуелді. Үлкен емес, тар залда немесе аланшада сызықтық сапқа тұруы бар ойындар, кезектесіп қатысатын ойындар өткізіледі. Үлкен спорт залдарда немесе алаңдарда бытырап жүгіруі, спорттық ойындар элементі, үлкен және кіші доптарды лақтыруы бар ойындар өткізген жақсы. Қыдыру және экскурсия кезінде жер қолданылатын ойындар ойналады. Алаңда қыс болғанда шаңғыдағы, конькидегі, шанадағы ойындар өткізіледі.
Ойынды көшеде ұйымдастыру кеінде ауа-райы жағдайын ескерген жөн (әсіресе қыс күндері). Егер ауа температурасы төмен болса, қатысушылардың белсенді қозғалысы бар ойындар таңдалады. Өз кезегін күтіп, ұзақ тұратын ойындарды қолдануға болмайды. Қатысушылардың ойын тапсырмасын кезектесіп орындайтын аз қозғалмалы ойындар ыстық ауа-райы кезінде өте қолайлы. Көмекші құрал мен инвентардың болуы ойынның таңдалынуы әсер етеді. Сәйкес инвентардың болмауы немесе оны сәтсіз ауыстыру кезінде ойын құрылмауы да мүмкін.
Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.
Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек, бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.
Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет.
Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек.
Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.
Сонымен, ойынды өткізу кезінде жетекшіге келесі аспектілерді ойлап тауып, есепке алу ұсынылады:
Балалар ойнайтын ойын ережесі және талаптармен танысу. Ол басталмас бұрын барлық қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды даярлау.
Балалардың даму деңгейін, олардың талаптарын, қолдарынан келерлері мен келместерін ескеру. Балалардың бойы, күші, өмірлік тәжірибесіне сәйкес берілген жастық топтың қол жетерлік ойындарды ғана ұсыну. Өздері күрделі болатын қатысушыларды ойыннан сәтті шығара білу.
Ойыншылар бойында жоғары энтузиазм қатты қозу болуына қамту.
Қарапайым ойыншы ретінде ойынға қатысуға даяр болу, үлкендер жасауға болмайтын да ережелерге бағыну.
Компенетті емес және координацияланбаған балаларға көмектесу, олардың машықты деңгейлерін есепке ала отырып жаттығу орындауға мүмкіндік беру немесе орындауға тапсырма беру. Белгілі бір кемшілігі бар бала сот – хронометрист, ұпайлар есепшісі немесе өзі қатыса алмайтын ойында бас сот болғаннан қанағаттану сезімін алады. Кейбір балалардың қателеріне көңіл бөлмеу қажет немесе ойынды тоқтатпастан оларды байқап түзету. Егер бала ережені бұзса немесе ойынды қателесе басқалардың алдында оған ұрсып-зекімеу.
Әрбір ойын ережесін уақытында түсіндіру және балаларға белсенді ойын басталмас бұрын бір немесе бірнеше рет машықтануға рұқсат беру. Егер баллар жетекші ұсынған бірінші ойынды қабыл алмаса, қорда алдын-ала даярланған альтернативті ойындардың бір қатары және қажетті құралдарға ие болу.
Балалардың жастары мен мүмкіндіктеріне сәйкес ойындар арасында демалыс уақытын беру.
Курделену мүмкіндіктерін есепке ала отырып ойынды таңдау: қарапайымнан бастап, машықтандыра отырып, балалардың ептілігін жақсарту шарасы бойынша үнемі күрделендіру.
Ойынды түсіндіруді бастамас бұрын қатысушыларды жетекші көзбен жақсы көріп, оның әңгімесін есту алатындай орналастыру қажет. Ең дұрысы ойыншыларды ойынды бастайтын бастапқы қалыпқа қойған дұрыс.
Егер ойын шеңберде өткізілсе, онда түсіндіру сол шеңберлік құрылымда жүзеге асады. Жетекші орталықтан емес, ойыншылар қатарынан орын алады, немесе ойнаушылардың соңы көп болса, олардан аз ғана алда орналасады. Ойнаушылардың жартысы жетекшінің желке тұсында қалып қоятындықтан шеңбердің ортасына орналаспау қажет. Егер ойыншылар екі командаға бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы үлкен ара қашықтықта орналасса, түсіндіру үшін командаларды жақындатып, одан кейін өз шекараларына апартқызу керек. Бұл жағдайда жетекші ойынды түсіндіру кезінде алаң ортысындағы ойнаушылардың арасында тұруы қажет, мұнда біресе бірінші командаға, біресе басқасына көңіл аудара алады. Егер ойын бытыраңқы қозғалыспен басталса, ойыншыларды шеренгаға құруға болады, немесе жетекшіні барлығы көріп, ести алатындай өз жанына топтастыруға болады. Ойын мазмұндамасын көрсетумен толықтырып отыру қажеттігін есте ұстаған жөн. Көрнекілік ойынды жақсы түсінуге көмектеседі және осыдан кейін қатысушыларда сұрақта болмайды. Ойынды түсіндіру кезінде балларды күнге қарсы (олар жетекшіні нашар көретін болады) немесе терезеге қарсы (олар терезеге қарап, көңілдерін бөледі) қоюға болмайды.
Ойынның дұрыс түсіндірілуі белгілі бір мөлшерде оның жетістігіне әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, ойынды бастамастан бұрын жетекші оның мазмұнын анық түсініп, алдын-ала талдап алу керек, тек осыдан кейін ғана оны түсіндіруге кірісуге болады.
Әңгіме қысқа болуы тиіс: созылған түсіндіру ойынды қабылдауға кедергі келтіреді. Бастауыш сыныптардағы ойындардың ерекшелігі оларды ертегі, тартымды формада түсіндіруге болатындығында. Әңгіме логикалық, бірізді болуы тиіс. Кез-келген ойынды шамамен мына сызбада түсіндіруге болады:
Ойын атауы (ойынның қандай мақсатта өткізілетіндігін айтуға болады);
Ойнаушылардың рөлі және олардың алаңда орналасуы.
Ойын мазмұны;
Ойын мақсаты;
Ойын ережесі.
Ойынды түсіндіру ойыншылардың сұрақтарына жауап берумен аяқталады. Барлығына назар бөле тұрып, қатты дауыспен жауап етілуі тиіс. Ойын барысы туралы әңгімелей отырып жетекші, талассыз, ережелерді де атап өтеді, алайда әңгіме соңында балалар есінде жақсы сақтау үшін оларды тағы бір атап өту керек.
Ойын жетекшісі әрбір бала кезектесіп жүргізуші болатындай рет орналастыруы керек. Жетекші ойындағы рөлін ескере отырп жүргізушіні белгілейді. Бұл тәсілдің артықшылығы ең сәйкес келетін жүргізушіні тез таңдалуында. Бірақ мұндай тәсілде ойнаушылардың инициативасы басым болады. Балалар бір-бірімен таныс емес, жетекшінің өз уақыты болғанда жүргізуші тағайындалады. Жүргізушіні белгілеуде жетекші қатысушылардың оның жеке ойыншыға айрықша көңіл бөлуінен күмәнданып қалмауы үшін өз таңдауын қысқаша түсіндіріп өтуі тиіс.
Жеребе, жүргізушіні кезекті таңдау, ойыншылар таңдауы, алдыңғы ойындар нәтижелері бойынша жүргізушіні таңдау тәсілдері бар, ол ойынның бас басталуының жауапты таңдауы талап етілетін ойындарда команда мүшелері немесе команда мүшелері, ал әрбір жеке жағдайда таңдау нәтижелерін анықтайтын және тиын лақтыратын ойыншымен жүзеге асуы мүмкін.
Жүргізушіні таңдаудың жоғарыда аталған тәсілдері қойылған міндеттерге, сабақ шарты, ойын сипаты, ойнаушылар саны мен олардың көңіл-күйіне тәуелді кезектеседі.
Командаларға бөлу де әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады:
- Жетекші күштері бойынша шамалас командаларды құру қажет етілетін жағдайлада ойнаушыларды өз қарастыруы бойынша командаларға бөледі. Мұндай тәсіл жоғары сыныптарды күрделі қозғалмалы және спорттық ойындарды өткізу кезінде жиі қолданылады. Командаларды құруға ойнаушылар қатыстырылмайды.
- Командаларға ойнаушыларды бөлудің басқа тәсілі оқышылады бір шеренгаға тұрғызып, бір-екіге саналту, бірінші нөмірлілер-бір команданы, екіншілері-басқасын құрады. Осы тәсілімен бірнеше команда құруға болады.
Осылайша жылдам бөлу уақыт бойынша шектелген сабақ үшін де мақсатты бағыттылы, алайда мұндағы бір кемшілік командалар күштері бойынша шамалас емес.
Командалар капитандар ролі өте зор: олар тұтасымен барлық команданың және жеке ойыншылардың тәртіптеріне жауап береді. Капитанға командадағы ролдерді бөлуге, ережелер мен тәртіптің сақталуын басқаруға құқық беріледі. Ол жетекшінің тікілей көмекшісі болып табылады.
Капитандарды ойнаушылардың өздері таңдайды немесе оларды жетекші белгілейді. Ойнаушылар капитанды өздері таңдаса ,олар обьективті түрде бірін-бірі бағалауға үйренеді, ал капитан ойнаушылар сенімін саналы қабылдап, өз жауапкершілігін мойындайды. Егер ойнаушылар жеткіліксіз ұйымдастырылған немесе бір-бірін жетік танымаса жетекші капитандарды өзі таңдайды. Кейде тәрбиелік мақсаттарда капитандарды пассивті ойыншылар немесе жеңілқозатын, тұрақсыздар арасынан таңдайды, ал осы арқылы мінез құлықтың қажетті сипаттарын қалыптастырады.
Әдетте алдымен командаларды құрады, содан кейін ғана капитандарды тағайындайды.
Үнемі бірқалыпты қалыптасатын командаларда капитандар қайта-қайта тағайындалады.
Әрбір ойын үшін жетекші ережелердің орындалуын қадағалайтын, ойын нәтижелерін ескеретін, сонымен бірге инвертарларды таратып, орындарына қоятын көмекшілерді таңдайды.
Оқу жылы бойы көмекшілердің ролінде барлық оқушылардың қатысқаны дұрыс, себебі олар-ойынның болашақ ұйымдастырушылары.
Көмекшілер саны ойынды ұйымдастырылу және ереже күрделілігіне,ойнаушылардың санымен алаң, ғимарат көлеміне тәуелді. Көмекшінің тағайындалуы туралы жетекші барлық ойнаушыларға хабарлайды.
Ойынды басқару жетекші орнатқан сауықтыру, білім беру және тәрбиелік міндеттерді шешу үшін маңызды мәнге ие. Балалардың ойынды меңгеруі және ойнаушылардың мінез-құлықы дұрыс жетекшілікке тікелей тәуелді. Ойын үрдісін шебер басқару мәнін П.Ф.Лесгафт атап өткен болатын. Оның сөзінше, жетекші «келтірілген ережелердің мәні мен маңызын өзі жақсы түсінуі тиіс және өзінің тарапынан өз ойлаулары мен әрекеттерінде кішкентай болса да қате жібермеуі тиіс, сонымен бірге оқушыларға қатысты әрқашанда толығымен обьективті болып қалуы тиіс … Айналысушылар ойын кезінде өзіндік әрекетке үйренуі үшін … олардың өзін ойынға бағыттап, қабылданған ережелердің дәл орындалуын қадағалау қажет».
Ойын ұйымдасқан түрде және өз уақытында, шартты белгі (бұйрық, ысқырық, алақанмен шапалақтау және т.с.с) басталуы тиіс. Ойынды бастай тұрып, жетекші кідіріске жол бермеуі тиіс, себебі бұл қатысушылар қызығушылығын төмендет,балалардың ойынға даярлығын азайтады. Команда ішінде әрекет ету жоспарын қатысушылардың талқылауы қажет етілген жағдайда ойынның басталуын тоқталуға болады. Ойын басталғаннан кейін жетекші оның барысын, ойнаушылардың тәртіптерін мұқият қадағалайды, ойынның жалпы барысын тоқтатпастан түзетулер мен ескертулер енгізеді. Егер ойнаушылардың көпшілігі бірдей қате жіберсе, ол ойынды тоқтатып, тактикаға назар бөлгізеді, ойын тәсілдерін қалай дұрыс орындау керектігін нұсқаулық жасайды. Алайда осыған қоса ол балаларға максимум инициатива беріп, бейтарап әрі әділ сот болып қола береді.
Кіші, әлсіз ойыншылармен жетекші өте мұқият көңіл аударуы керек және зиян келтіретін әрі шаршау сезіміне әкелетін ережелерді орындауды олардан талап етпеу керек, әсіресе ұжымда ойнап үйренбеген балаларға ерекше көңіл болу керек.
Егер қозғалмалы ойын күрделілігімен ерекшеленсе, жетекші алдымен балаларды негізгі ережелермен таныстыруы керек, осыдан кейін ойын барысы бойынша оларды үнемі толықтырып отыру керек.
Ойын аяқталғанда берілетін белгіні барлық қатысушылар шаршағанда емес, одан қанағаттану сезімін алғанда берген дұрыс. Ойынды айқаймен, шұғыл бұйрықпен тоқтатуға болмайды, себебі оқушылар үшін ойынның осылай аяқталуы қанағаттанбау, кері реакцияны тудырады.
Ойын барысында балаларды жиі тоқтатуға тура келеді. Жетекші қозғалмалы ойын психологиялық климатын қадағалау қажет, оның үрдісі балаларға жағымды болуы тиіс.
Жетекшінің балаларды ойынға тарту, қызықтыру іскерлігі өте маңызды. Ойын қызықты болуы үшін ол болалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс. Ойнаушылардың қалауына, олардың көңіл-күйлеріне назар аударған жөн.
Жетекшінің ең маңызды міндеттерінің бірі-балалар ұжымына кіре білу, ойын әрекеттері аймағына ену.
Обьективті және бейтарап судеялық-әрбір қозғалмалы ойынның міндетті шарты. Егер қатысушылар оның ережесін қадағаламаса, ойын өзінің педагогикалық құндылығын жоғалтады. Обьективті және дәл судеялық басталуы жарыстыққа тән және әрбір команда ұтысқа қызығушылық танытатын командаларға бөлінген ойындарда ерекше маңызға ие. Обьективті емес судья сенім мен құрметті жоғалтады, оның беделі түседі, онымен есептеспейді.
Ойын кезінде судья барлық ойнаушыларды көре алатындай және оларға кедергі келтірмейтіндей орналасуы тиіс. Кейбір ойындарда ол алаң бойынша жылжып, ойнаушылардың орналасуын қадағалайды. Ереженің бұзылғандығын хабарлайтын белгілі өз уақытында және оның берілуі тиіс. Судья ойнаушылармен таласқа түспестен ескертуді корректі жасауы тиіс. Ойын қорытындысының дұрыс жасалуы судьяға тәуелді. Қозғалмалы ойындардағы қатаң судьялық балалар бойында адалдық, судья мен ережелерге құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Судьялыққа қатысты ескертулер мен түсіндірулер ойын аяқталған кезде жасалуы тиіс.
Жетекші міндеті-қозғалмалы ойынды дұрыс таңдап, оны бастау ғана емес, сонымен бірге оны саналы дозалап, уақытында аяқтау. Ойындағы жүктеме қатысушылардың жалпы қозғалыстылығын азайту немесе ұлғайтумен дозаланады. Дене және эмоциональды жүктемені ретке келтіру үшін келесі тәсілдерді қолдануға болады:
1.Ойын элементтерінің қайталану санын және ұзақтылығын азайту.
2.Алаң өлшемдерін ұлғайту немесе кішірейту.
3.Ойын ережелерін қарапайымдандыру немесе күрделендіру.
4.Салмағы және өлшемі үкен немесе кіші инвентарь қолдану.
5.Қысқа үзілістер енгізу.
Қозғалмалы ойын тұтасымен алғанда сабақ жүктемесінің интенсивтілігі және көлеміне аптимальды (оңтайлы) сәйкес келуі тиіс.
Қозғалмалы ойындарды дұрыс ұйымдастыру оның дұрыс өткізілуін ғана емес, сонымен бірге өз уақытында аяқталуын қарастырады. Ойынның уақытынан бұрын тоқтатылуы немесе шамадан тыс созылуы орынсыз. Ойын ұзақтығы оның сипатына, сабақ шарттарына және айналысушылар құрамынатәуелді. Қатысушылар саны (олар аз болған, ойын да қысқа), олардың жас мөлшерлері (бастауыш сынып оқушылары ұзақ күш жұмсауы тиіс), ойын мазмұны (үлкен жүктемені талап ететін ойындар қысқа болуы тиіс), жетекші ұсынған өткізілу орны, темпі, оның тәжірибелілігі (аз тәжірибелі жетекші ойындары қысқа болады) сияқты факторлар ойын ұзақтығына әсер етеді.
Ойынның аяқталыу сәті шаршаудың алғашқы белгілері бойынша анықталады олар: көңілдің алаңғасырлығы, ережелердің бұзылуы, қозғалыстың дәл орындалмауы, қызығушылықтың төмендеуі, қатысушылардың көпшілігіндегі жиі дем алу. Осылар пайда болған жағдайда ойынды тоқтату қажет.
Жетекші ойын басталмас бұрын оған жіберілетін уақытты хабарлай алады. Оны ескере отырып, қатысушылар өз күштерін бөле бастайды. Орнатылған уақыт аяқталғанға дейінгі 1-3 мин ойнаушыларды ескерту қажет. Егер ойын командалық болса ол басталмас бұрын ойынның қайталану санын қатысушыларға хабарлаған жөн.
Сабақ формасы да ойын ұзақтығына әсер етеді: дене мәдениеті сабағында өткізілетін ойын уақыты бойынша шектелген. Егер ол сабақтан тыс уақытта өткізілсе, онда ол ұзақ әрі балаларда шыдамдылықты тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ойын қорытындысын шығару, оның нәтижелерін анықтау, қателер мен дұрыс емес әрекеттерді табу үкен маңызға ие. Ойын нәтижелерін жарияламас бұрын жетекші тыныш жағдай қалыптастырады, егер қажет болса көмекшілерінен мәліметтер мен ұпайлар есебін жинайды да, зор дауыспен нәтижелерді жариялайды. Ешқандай жағдайда да ойыншылардың судьямен таласып және ұрысына жол бермеу қажет. Судья шешімі талқылауға жатқызылмайды. Балаларды өз әрекеттері мен қылықтарын дұрыс бағалауларына үйрету үшін ешкімді бөліп көрсетпестен ойын нәтижелерін қысқа жариялау қажет. Ойынды обьективті талдау ойыншыларды дұрыс өзіндік бағалауға үйретеді. Егер ойын алғаш рет өткізілсе,кейін мұндай қателер жіберілмес үшін толығырақ талдауға болады.
Ойын нәтижелерін анықтау кезінде шапшандық қана емес, қатысушылар алдын-ала ескертілген бөлімі бір тапсырмалардың орындалу сапасы да ескеріледі. Сонымен бірге жетекші ережелерді білу және олардың қадағалауын, ойында мақсатты бағыттылы және сәйкес әрекет ету әскерлігі, белгілі бір ойын ситуацияларында таныс қозғалыс әрекеттерін қолдануды бағалайды.
Ойын қорытындыларын шығару жетекшіні өзі үшін педагогикалық құндылыққа ие: балалар мен мұғалім талқымайтын ойын үрдісінде жасалған бақылаулар мен қорытындылар балалар ұжымымен және жеке-жеке әрбір оқушымен жұмыс үшін өте үлкен маңызға ие.
Жоғарыда айтылған ойын ережелер мен тәсілдерін орындауын тікелей бағалаудан өзге әртүрлі жоспарлы ойындарды өткізу үрдісінде оқушылардың дене дамулары, темперамент және мінез-құлықтар ерекшеліктерін нақтылау үшін жетекші олардың тәртіптеріне келесі бақылауларды жүзеге асыруына болады:
Баланың жалпы дене дамуын бағалау
Жеке дене сапалар даму деңгейі
Осы қозғалыс сапаларын ойында үйлестіру қабілеті
Назарын орталықтандыра білу қабілеті (сыртқы тітіркену бар болса)
Баланың инциатива және табандылық көрсетуі
Шешім таба алмаушылық және қорқақтық көрсетуі
Ойындағы қарсыластарына қатынасы
Командадағы серіктестеріне қатынасы
Өзі жіберген қате және оларды қайталама ойын кезінде түзете білуі
Жалпы тәртіптілік, өзіне талап қоя білу
Жеңіспен, жеңілуге қатынасы.
Нәтижелерді жариялау кезінде қатысушылармен бірге ойынды талқылау қажет, олардың қателерін шығарып, жағымды сәттерді нұсқау, жеке рөлдерді жақсы орындаған, сонымен бірге ойын ережесін қадағалап, шығармашылық инициатива көрсете білген қатысушыларды атап өту керек.
Осындай талқылаулар кезінде ережелер жақсы меңгеріліп, ойын бөлшектері нақтыланады, конфликтілер жойылады. Талқылау жетекшіге ойынның қаншалықты меңгерілгендігін, ойыншыларға не ұнап, бұдан әрі қалай жұмыс істеу керектігін нақтылауға көмектеседі.
Қорытындыда ойынды өткізу үрдісінің өзі өте күрделі, бұл жұмыс шарттары, балалар сүйектерінің жас ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен бірге баллардың ұжымдық ойындарға даярлық деңгейлеріне, олардың көңіл-күйлеріне, ойын жетекшісінің шеберлігіне тәуелді. Ойынды өткізу – әрқашанда болжануға жатпайтын педагогикалық үрдісі.
Бастауыш, орта және жоғары сыныптарда ойындарды өткізу әдістемесі.
Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудың тәртібі туралы регламент 1. Ұйымдық-әдістемелік нұсқаулар. 1. Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру тәртібі туралы регламенті Қазақстан Республикасының » Білім туралы «, «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарының , Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мектептен тыс ұйымдардың қызметі ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысының негізінде әзірленді.
- Спорт мектептері өз қызметінде мынадай міндеттерді шешуі қажет:
— балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене жетілуіне бағытталған дене шынықтыру — сауықтыру және тәрбие жұмысын жүзеге асыруы;
— оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту жөнінде тұрақты жұмыс жүргізу, жалпы білім беретін мектептерде БЖСМ-да жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты жәрдем көрсету, спорт мектептерінің, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектептерінің, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің жұмысындағы сабақтастықты дамытуға ықпал етуі;
— оларды балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорттық бейімдегі мектеп-интернаттардағы және спорт шеберлігі мектептеріндегі мамандандырылған сабақтарға тарту үшін жүйелі оқыту процесінде қабілетті балалар мен жасөспірімдер табуы;
— гигиена және алғашқы медициналық жәрдем саласында, сондай-ақ теориялық негізді игеру және өз жағдайын бағалаудың қарапайым тәсілдерін игеруде оқушылардың қажетті білім алуын қамтамасыз етуі;
— мамандандырылған мектептерде, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектептерінде және жоғары спорт шеберлігі мектептерінде спорт резервін даярлауды және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуді қамтамасыз етуі қажет. - Осы міндеттерді шешуде спорт мектептерінің басшылары мен жаттықтырушы-оқытушылар құрамы спорт мектептерінің күнделікті қызметінде мыналарға:
— жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасау, спортпен шұғылданушыларға қалаған спорт түріне деген қызығушылықты оятуға;
— тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру, спорттық әдеп, жинақылық, тәртіп, өз ұжымына сүйіспеншілік пен берілгендік дағдыларын сақтауды жас спортшылардың бойына дарытуға;
— оқу-жаттығу үдерісін жіті ұйымдастыру, шұғылданушылардың спорттық шеберлігін және жігерлілік қасиеттерін жетілдірудің маңызды шарты ретінде ғылым мен алдыңғы қатарлы практиканың деректерін қолдануға;
— спорт жарыстарын жүйелі өткізу және өз ұжымындағы, қаладағы, облыстағы және т.б. жарыстарға шұғылданушыларды белсенді қатыстыруға;
— шұғылданушыларға таңдаған спорт түрі бойынша сабақ сапасының және өнімділігінің маңызды факторы ретінде қажетті теориялық білімді игертуге ерекше назар аударуы қажет. - Спорт мектептері спортпен шұғылдануға медициналық жағынан терістеу айғақтары және денсаулығында ауытқушылығы жоқ балалар мен жасөспірімдердің оқуға түсуі және оқуы үшін тең жағдайлар, ал жоғары жетістіктер спортында келешегі бар адамдар үшін олардың спорттық жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Оқу-жаттығу дайындық кезеңінде таңдаған спорт түрі бойынша мамандану мақсатында алғашқы спорттық даярлау курсын табысты игерген оқушылардың ішінен топтар жасақталады.
Спорттық жетілдіру кезеңінде елдің жастар құрама командаларын толықтыру мақсатында бақылау нормативтерін орындаған және оқу-жаттығу топтарында даярлану кезеңінен өткен спортшылардың арасынан топтар жасақталады.
Жоғары спорт шеберлігі кезеңінде спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрама командаларын толықтыру мақсатында спорттық жетілдіру кезеңінен өткен спортшылар арасынан топтар жасақталады.
- Көп жылғы спорттық даярлау кезеңіндегі спорт мектептерінің қызметін бағалаудың өлшемі:
1) Спорттық-сауықтыру
шұғылданушылар құрамының тұрақтылығы, олардың жаттығу сабақтарына қатысуы;
шұғылданушылардың дене жетілуінің жеке көрсеткіштерінің серпіні;
гигиена және өзін-өзі бақылау негіздерін игеру деңгейі.
2) Алғашқы даярлық
шұғылданушылар құрамының тұрақтылығы;
шұғылданушылардың дене жетілуінің жеке көрсеткіштерінің өсу серпіні;
спорт түрлерінің техникасын, гигиена және өзін-өзі бақылау дағдыларын игеру деңгейі.
3) Оқу-жаттығу
шұғылданушылардың денсаулық жағдайы, физикалық жетілу деңгейі;
шұғылданушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты даярлық деңгейінің серпіні;
спорт түрлері бойынша бағдарламаларда көзделген жаттығу жүктемелерінің көлемін игеру;
бағдарламаның теориялық бөлімін игеру.
4) Спорттық жетілдіру
шұғылданушылардың дене жетілуі мен функциональдық жай-күйінің деңгейі;
спортшыны даярлаудың жеке жоспарында көзделген жаттығу мен жарыс жүктемелері көлемін орындауы;
спорттық-техникалық көрсеткіштердің серпіні;
республикалық жарыстардағы көрсеткіштері.
5) Жоғары спорт шеберлігі
Республикалық және халықаралық жарыстардағы көрсеткіштердің тұрақтылығы;
Қазақстан Республикасы құрама командасының сапына даярланған спортшылар саны;
Әлем, Азия чемпионаттары мен Азия, Олимпиада ойындарында жоғары орындарды иеленген спортшылар саны. - Осы ережеде анықталған қызметтерден басқа, спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық негізгі жарыстарға, республика құрама командаларын қалыптастыру мен даярлау, республика құрама командасына таяу арада резерв, спорттың ойын түрлері бойынша шеберлер командасын даярлау басты міндеті болып табылатын республикалық және облыстық (Алматы мен Астана қалаларында қалалық) спорт мектептері болады.
Ведомстволық бағыныстылығына, тағылымдамашыларға және республика құрама командасының мүшелігіне (негізгі, жастар, жасөспірімдер құрамы) қарамастан, республикалық және облыстық спорт мектептерінің құрылымында тұрақты әрі өзгермелі спортшы-оқушылар құрамы болады. - Спорт мектептері жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқушыларынан, жұмыс істейтін жастардан және әскери қызметшілерден жинақталады.
Олимпиадалық даярлау орталықтарында, олимпиадалық резерв даярлау орталығында шұғылданушылардың шектелімі халықаралық спорт ареналарында жоғары нәтижелерге жеткен Қазақстан спорт мектептері қажет болған жағдайда, құрылтайшының және дене шынықтыру мен спорт жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша спорт түрлерінің жіктемесіне енген ұлттық спорт және өзге спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау тобын аша алады. - Алғашқы даярлау тобында шұғылданушыларға қойылған емтихандарын орындамаған жалпы білім беретін мектептердің жасы 6-дан 15-ке дейінгі оқушыларынан спорттық-сауықтыру топтары құрылады.
Алғашқы даярлау топтары спортпен шұғылдануға ниетті жалпы білім беретін мектептердің оқушыларынан жинақталады.
Оқу-жаттығу топтары алғашқы спорттық даярлықтан өткен, жалпы физикалық және арнайы даярлықтың нормативтік қабылдау талаптарын орындаған спортта дарынды балалар мен жасөспірімдерден жинақталады.
Спорттық жетілдіру топтары Қазақстан құрама командасының үміткерлерінен немесе оның резервтік құрамының тиісті емтихандарынан және даярлықтың бұрынғы кезеңінен өткен оқушылардан жинақталады. - Келесі оқу жылына оқушыларды ауыстыру сабақ өтілінің, олардың жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша ауыстыру емтихандарын орындауының негізінде жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен жүргізіледі. Осы талаптарды орындамаған оқушылар келесі оқу жылына көшірілмейді. Жоғары спорт шеберлігі тобындағы оқушылардан басқа, мұндай спортшылар спорт мектебінің педагогикалық кеңесінің шешімімен даярлау кезеңінде кемінде бір рет оқу жылында қайтадан оқуды жалғастыра алады. Егер осы топтар үшін белгіленген нормативтер мен талаптарды жыл сайын бекіткен жағдайда, олар спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарына қабылданған оқушылардың жасына шек қойылмайды.
оқу жылындағы топқа ауысу үшін белгіленген жасқа жетпеген, бірақ өткен оқу жылында бағдарламалық талаптарды орындаған жекелеген оқушыларға дәрігердің жеке шешімімен және педагогикалық кеңестің шешімімен мерзімінен бұрын өте алады. - Оқушылар саны, оқу топтарының құрамы және спорт мектебіндегі оқу сағаттарының жылдық есебін жыл сайын 1 қыркүйекте БЖСМ, ОРМБЖМ, ал жоғары спорт шеберлігі мектептері мен олимпиадалық даярлау орталықтарында 1 қаңтарда құрылтайшылар бекітеді. Жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы аяқталған кезде, БЖСМ мен ОРМБЖМ топтарының сандық құрамының 50%-ін құрайды.
- Спорт мектептерінің алғашқы даярлау топтарына оқушыларды қабылдау оқуға түсушінің ата-анасының, жалпы білім беретін мектеп басшылығының келісімімен тұрғылықты жері бойынша балалар дәрігерінің немесе жалпы білім беретін мектептің дәрігерінің жазбаша рұқсатымен жүргізіледі. Алғашқы даярлау топтарына қабылдау спорт мектебінің 25 қыркүйекке дейінгі бұйрығымен жүргізіледі. Оқушы топтан шыққан жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы оны бір ай мерзім ішінде жасақтауға міндетті.
- Кейінгі оқу жылында оқушыларды топтарға қабылдау дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің қорытындысы негізінде, осы топтарға көзделген және құрылтайшы бекіткен жаттықтырушылар кеңесінің ұсынысы және бақылау нормативтерін орындаудың нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Қабылдау емтихандарын тапсырмаған оқушылар мектептің оқу-жаттығу топтарына алынбайды. - Оқушыларды қабылдау және оларды шығару спорт мектебі директорының бұйрығымен рәсімделеді.
16. Спорттың ойын түрлерінен спорт шеберлігін көтеруге бағытталған спорт мектептерінің оқушылары спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, спорт колледждерінің, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің топ құрамына кірмейді, бірақ сол спорт мектебінің тәрбиеленушілері болып саналады және соның командасына алынады. Топтарды жабдықтағанға дейін оған алдыңғы оқу жылынан алынған оқушылар қабылдануы мүмкін. Оқу-жаттығу жұмысының режимі және осы топты толықтыру оқытудың әрбір кезеңі аяқталғанға дейін сақталады.
ЖСШМ, СДБМИ, спорт колледждерінің спорттың ойын түрлері бойынша шеберлер командасы, спорт шеберлігін көтеру үшін спорт мектептеріне жіберілген жекелеген оқушылар және оқу топтары жарыстардың өту кезеңінің ішінде (1, 2, 4 жыл) номенклатурадағы басшы қызметкерлер мен мамандардың алған өтемақысы сақтала отырып, осы мектептің төрт жылдық кезеңі ішінде өтемақы төлеу топтары сақталады.
Оқу-жаттығу топтарында оқытудың барлық кезеңінен өткен және СДБМИ-ге, спорт колледждеріне, жоғары спорт шеберлігі мектептеріне спорттық жетілдіруге жіберілген спорт мектептерінің «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын орындаған оқушылар екі ұйымға да (олимпиадалық кезең бойында) бірдей есептеледі. - БЖСМ-да оқу жылы 1 қыркүйектен, ал жоғары спорт шеберлігі мен олимпиадалық даярлау орталығында 1 қаңтардан басталады. Спорт түрлері бойынша бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқу-жаттығу сабақтары 52 аптаға есептелген оқу-жаттығу сабақтарында тікелей спорт мектебінің жағдайында, оқу-жаттығу жиындарына қатысуды қоса отырып, жарыстарда, спорттық-сауықтыру лагерьлерінде және оқушылардың демалысы кезінде олардың жан-жақты тынығуы үшін жеке жоспар бойынша тікелей жүргізіледі.
Ереженің негізінде әрбір спорт мектебі мен олимпиадалық даярлау орталығы өзі таңдаған жұмысты, спорт түрлерінің ерекшелігін, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді, сондай-ақ қалыптасқан дәстүрлерді ескере отырып, өзінің қызметінің бағдарламасын әзірлейді. Қызмет бағдарламасы БЖСМ, МБЖСМ, ОРМБЖМ, ЖСШМ және ОДО-ның педагогикалық ұжымы әзірлейді және құрылтайшылар бекітеді. - Спорт мектептері, спорт клубтары, жоғары спорт шеберлігі мектептері, олимпиадалық даярлау орталықтары және олимпиадалық резерв дайындау орталықтары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілген командалар мен оқушыларды дайындау үшін оқу-жаттығу жұмысына арналған қаржы бөлудің шегінде ұзақтығы 18 күнге дейін облыстық және ұзақтығы 24 күнге дейін республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалудың оқу-жаттығу жиындарын өткізуге құқылы және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жылына 150 күнге дейін, жоғары спорт шеберлігі мектептері мен спорт клубтарында, олимпиадалық даярлау орталықтары мен олимпиадалық резерв дайындау орталықтарында 250 күнге дейін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге құқылы.
Олимпиадалық даярлау орталықтарында және олимпиада резервін даярлау орталықтарында оқу-жаттығу сабақтары жаттықтырушы-оқытушының әзірлеген дайындықтың жеке жоспары бойынша өтеді.
Спорттық-сауықтыру топтары мен алғашқы даярлау топтарындағы сабақтар жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы көлемінде қолда бар спорт ғимараттарын пайдалану арқылы өтіледі. Оқушылар құрамы бар болған жағдайда, белгіленген сандағы топтарға арналған сабақтар демалыс кезінде де жалғаса беретін болады.
Спорттық-сауықтыру топтарындағы және алғашқы даярлау тобындағы бір сабақтың ұзақтығы кемінде аптасына төрт рет сабақ өту кезінде екі-үш академиялық сағаттан аспауы керек; аптасына жүктемесі 20 және одан да көп сағатты құрайтын топтарда аптасына 4 академиялық сағатқа, ал күніне екі рет жаттығу сабағы кезінде үш академиялық сағатқа дейін болуы керек. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында төрт академиялық сағаттан болады.
Қазіргі көпсайыстан сабақтарға қаражат бөлуді ескере отырып, оқу сағаттары 2,5 есеге көбейтілуі қажет, спорттық және көркем гимнастика, конькиде мәнерлеп сырғанау, суға секіру, акробатика, үйлесімді жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлонда 2 есеге көбейту, ал шаңғы қоссайысы, жеңіл атлетика көпсайысы, ат спорты, полиатлон, оқу бағдарламасына енбейтін спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысы 1,5 есе көбейтіледі.
Оқу сабақтарының сағаттар санын көбейту жұмысқа топпен бірге негізгі жаттықтырушы-оқытушыны және спорттың ұқсас түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушыларды жұмысқа бірден алған жағдайда жүргізіледі.
- Оқу-жаттығу, спорттық жетілдіру және оқу-жаттығу топтарында сабақ өткізу үшін осы топтарға арнап бекітілген оқу-жаттығу жұмысы оқу бағдарламасындағы сағат сандарының шегінде, спорт түрлерінен негізгі жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, қосымша екінші жаттықтырушы-оқытушы жұмысқа шақырылады.
- Спорттық және көркем гимнастика, акробатика, үйлесімді жүзу, конькиде мәнерлеп сырғанау бөлімшелерінде оқу-жаттығу сабақтарының жалпы санының 70%-не дейін музыкалық сүйемелдеумен жүргізілуі мүмкін. Суға секіруде, батутада секіруде, фристайлда сүйемелдеушілердің мөлшерлемелері оқу жоспары бойынша хореографияға бөлінген жалпы сағат саны есебінде көзделеді.
- Жыл бойғы жаттығулары мен оқушылардың демалысы кезінде белсенді тынығуды қамтамасыз ету үшін спорттық-сауықтыру лагерьлері ұйымдастырылатын болады.
- Директор бекіткен жоспар бойынша спорт мектебі оқушылармен идеялық-тәрбиелік жұмыс ұйымдастырады және жүргізеді. Спорт мектебіндегі тәрбие жұмысы жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына, Отанды сүюге және ұжым алдындағы жауапкершілікті дамытуға ықпал ететін болады және оқушылардың жасы мен жеке ерекшелігін, спорт шеберлігі деңгейін ескеріп, жүзеге асырылады.
спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушының мөлшерлемесі аптасына 24 сағат көлемінде бекітіледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз мектебіндегі спорт түрі бойынша жаттықтырушы-оқытушыларға арналған мөлшерлемелердің есебінен ақы төлеу арқылы спорт мектебінің директорына, оқу бөлімінің меңгерушісіне (директордың орынбасарына), аға нұсқаушы-әдіскерге және нұсқаушы-әдіскерге күніне (аптасына 12 сағат) 2 сағат сабақ өткізуге рұқсат етіледі;
Мәнерлеп сырғанаудан спорттық және би жұптары үшін спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігінің кезеңінде топтар саны 4 адамға толығады;
Оқу топтарының құрамында (ЖСШТ) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құраманың мүшесі бар болған жағдайда, спорт түрі бойынша осы топтың аптасына сағат саны 36-ға дейін артуы мүмкін;
спорт секцияларында және дене шынықтыру-сауықтыру топтарында оқу оқытушылық жұмыстың нақты режимі шұғылданушылардың көрсетілген шектеліміне арналған оқу бағдарламасына сәйкес белгіленеді;
жекелеген жағдайда спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігінің кезеңіне арналған оқу топтарының сандық құрамы спорт мектебі басшылығының шешімі және жаттықтырушылар кеңесінің қорытындысы бойынша 1-2 адамға көбейіп, бекітіледі;
1-топқа: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, ат спорты, жеңіл атлетика көпсайысы, сырықпен секіру, батутада секіру, шаңғымен серіппе тақтайдан секіру, шана спорты, үйлесімді жүзу, шыңға өрмелеу, садақ ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі көпсайыс, мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, тас жол), су шаңғысы спорты, автомобиль, мотоцикл, су моторлы, су асты, ұшақ, тікұшақ, желкерме, планер, дельта планер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафон, триатлон, полиатлон және қолданбалы спорт түрлері жатады;
2-топқа спорттың командалық ойын түрлері жатады, көкпар;
3-топқа спорттың қалған түрлерінің бәрі жатады;
4-топқа ұлттық ат спорты түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу) қыран құстармен аң аулау-саят, аударыспақ, сайыс, теңге алу жатады;
1-топқа енген спорт түрлерінде негізгі жаттықтырушыдан басқа ұқсас спорт түрлерінің бапкерлері, сондай-ақ хореографтар, сүйемелдеушілер жұмысқа шақырылады. Олардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері оқу бағдарламасының талаптарын ескере отырып, белгіленеді және негізгі жаттықтырушыға белгіленген нормативтен 50%-ке артық болмауы қажет;
кезекті оқу жылы мен даярлау кезеңіне ауысу емтихандарын тапсырмаған (оқу-жаттығу, спорттық жетілдіру, жоғары спорт шеберлігі) спортшы-оқушыларды қабылдау жарыстағы көрсеткіштері жақсарған жағдайда және жалпы, арнайы және техникалық даярлау сынақтарынан өткенде және дайындық кезеңі бойынша олардың спорт шеберлігінің ауысу емтихандарын орындаған жағдайда жүргізіледі;
спорт мектептерінде спортшы-оқушылардың шеберлік деңгейіне мынадай талаптар қойылады;
өткен жылы спорттың командалық түрлерінде спорт шеберлігінен кандидат разряды талаптарын орындаған және сол разрядты бекіткен, ал қалған спорт түрлерінде «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағынан кем емес спорт атағы бар жоғары спорт атағының талаптарын орындаған спортшы-оқушылар жоғары спорт шеберлігі кезеңіне алынады;
спорттық жетілдіру кезеңіне спорт түрлері бойынша бағдарламаның нормативтік талаптарын орындаған және алдыңғы жылы спорттың командалық ойын түрлерінен 18 жастан асқан спортшылар үшін коньки спорты мен жеңіл атлетикадан бірінші спорттық разрядты, ал қалған спорт түрлерінде «Спорт шеберлігінен үміткер» талаптарын орындаған спортшы-оқушылар қабылданады;
оқу-жаттығу процесінде алғашқы даярлау кезеңінде бір оқу жылын аяқтаған спортшы-оқушылар қабылданады.
- Спорт мектептерінің, спорт клубтарының, олимпиадалық даярлау орталықтарының жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысы:
алғашқы даярлау топтарындағы оқу топтарының тұрақтылығы БЖСМ бағдарламаларын игеру деңгейі, жалпы дене дайындығы, оқу-жаттығу топтарына конкурс бойынша түскен шұғылданушылардың саны ескеріле отырып;
оқу-жаттығу топтарында топ құрамының тұрақтылығы ескеріле отырып, жалпы және арнаулы дене дайындығының нормативтік көрсеткіштерін орындаған, жарыстарда нәтижелерге жеткен түлектерінің арасынан қоғамдық нұсқаушылар мен спорт жөніндегі төрешілерді дайындауына;
спорттық жетілдіру топтарында шұғылданушылардың бағдарламалық талаптарды, соның ішінде спорттық даярлау бойынша ел құрама командаларына даярланған үміткерлер саны, республикалық және халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне;
жоғары спорт шеберлігі топтарында елдің құрама командаларына (негізгі және резервтік құрам) даярланған үміткерлердің санын ескере отырып, олардың республикалық және халықаралық жарыстардағы көрсеткен нәтижелеріне байланысты бағаланады. - Спортшыларды даярлауда қол жеткен табыстарына және оқушыларды СДБМИ, ЖШСМ, ОРМБЖМ-ге жібергені үшін жаттықтырушы-оқытушылар белгіленген тәртіппен біліктілік санаттарына, құрметті атақтарға, грамотаға және басқа да ынталандыру шараларына ұсынылады.
- БЖСМ, ОРМБЖМ, ЖШСМ және МБЖСМ-да педагогикалық кеңес құрылады, оның құрамында: директор (кеңестің төрағасы), оқу бөлімінің меңгерушісі (төрағаның орынбасары), аға нұсқаушы-әдіскер, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушылар, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы, білім, кәсіптік білім, дене шынықтыру органдарының, кәсіподақ және басқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері болады.
Педагогикалық кеңес кемінде тоқсан сайын бір рет өткізіледі. Ол өзінің отырысында оқу-жаттығу, идеялық-тәрбиелік, әдістемелік, спорттық-бұқаралық жұмыстарды, дәрігерлік бақылауды тыңдап, талқылайды және солар бойынша шешімдер қабылдайды. - Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде егер олардың әрқайсысының басшылығымен толық жүктемемен кемінде 3 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейтін болса, онда мектеп директорының бұйрығымен жетекші жаттықтырушы-оқытушылар арасынан бөлімшенің аға жаттықтырушы-оқытушылары тағайындалады. Бұл ретте екі қосымша жұмыс істеуші бір жаттықтырушы-оқытушы штаты болып есептеледі. Аға жаттықтырушы-оқытушылар бөлімшеге түгелдей басшылық жасау үшін де, оқу кезеңдері, жасөспірімдер мен қыздардың құрамы бойынша да тағайындалады.
- Спорт түрлерінен бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесі құрылады, онда спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушылардың басшылығымен оқу-жаттығу, тәрбие жұмысы, спортшыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелері қаралады, спорт жөнінен жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесін жетілдірудің әдістемелері, ашық жаттығу сабақтарын өткізу, соңынан оларды талқылау және тәжірибе алмасу жөніндегі хабарламалары мен баяндамалары тыңдалады.
- Бүкіл спорт мектептерінің толық немесе мектептің спорт түрінен бөлімшесінің жұмыс нәтижелері бойынша олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша мамандандырылған мектеп (бөлімше) МБЖСМ мәртебесі және олимпиадалық спорт түрлері бойынша (ОРМБЖМ) мамандандырылған мектеп мәртебесі берілуі мүмкін.
МБЖСМ-ға егер осы спорт мектебінде кемінде 2/3 бөлімшенің мамандандырылған, олимпиадалық резервтің мамандандырылған атағы болған жағдайда олимпиадалық резерв мәртебесі беріледі.
БЖСМ-да «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын иеленген спортшыларды даярлау немесе Қазақстан Республикасының чемпиондарын, немесе біріншіліктерге, Азия, әлем чемпионаттарына, Азия және Олимпиада ойындарына қатысушыларды тікелей даярлау спорт мектебіне мамандандырылған мәртебе берудің шарты болып табылады.
Осы спорт түрі бойынша спорттық жетілдірудің кемінде екі тобын жасақтау үшін адам құрамы жеткілікті болған жағдайда спорт мектебінің бөлімшесіне спорт түрінен мамандандырылған мәртебесі берілуі мүмкін.
Мамандандырылған мектептер (МБЖСМ, МОРБСМ, бөлімшелер) ашу мен осы мектептер (бөлімшелер) үшін көзделген еңбекке ақы төлеу шарттарын ендіру құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі және оны дене шынықтыру мен спорт саласындағы республикалық уәкілетті орган бекітеді.
Төрт жыл өткеннен кейін МБЖСМ, ОРМБЖМ және мамандандырылған бөлімшелер белгіленген тәртіппен қайта бекітіледі.
МБЖСМ, ОРМБЖМ және мамандандырылған бөлімшелер, спорт түрлерінен олимпиадалық резервтің мамандандырылған бөлімшелері жұмыс көрсеткіштерін төмендеткен жағдайда, құрылтайшының шешімімен және дене шынықтыру мен спорт жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша БЖСМ-ға көзделген еңбекке ақы төлеу шарттарына көшірілуі мүмкін.
БЖСМ және спорттан бөлімшелер жұмыстарын жақсартқан жағдайда, жалпы негізде мамандандырылған номенклатураға көшірілуі мүмкін. - Спорт мектептерінде спорт түрлерінен бөлімшелер алғашқы даярлау тобынан, оқу-жаттығу топтарынан және спорттық жетілдіру топтарынан құрылады. Спорттық жетілдіру топтары топтардың жеке тізімі бекітілген жағдайда дене шынықтыру мен спорт саласындағы облыстық уәкілетті органның келісімі бойынша спорттық жетілдіру топтарынан құрылтайшының шешімі бойынша жасақталады.
Мамандандырылған спорт мектептерінде оқу-жаттығу топтарының жұмысы жоғары дәрежеге жеткен жағдайда жоғары спорт шеберлігі топтары ашылатын болады.
Жоғары спорт шеберлігі тобының топ құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық уәкілетті органның келісімі бойынша құрылтайшының шешімімен ашылады. - Алғашқы даярлау тобындағы қабылданушылар аймақтық амбулаторлық-емханалық ұйымдардың берген денсаулығы жайындағы анықтаманы БЖСМ-ға тапсырады.
Оқу-жаттығу топтарында, спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында оқу-жаттығу топтарында шұғылданушыларға дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері бақылау жүргізеді. Спорт мектебінің дәрігері спорт мектебіндегі оқу-жаттығу процесі мен жарыстарды қамтамасыз етуді, жаттығу жүктемелеріне және үдемелілік көлеміне бақылауды жүзеге асырады, спортшыларды даярлаудың жеке жоспарын жасайды және бекітеді. Әрбір оқушыға белгіленген үлгідегі дәрігерлік-бақылау картасы толтырылады, ол мектептің медицина кабинетінде немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде (аумақтық емхананың дәрігерлік бақылау кабинетінде) сақталады. - Спорт мектептерінің мынадай құжаттамалары:
өткен жылғы жұмысқа талдау, ұйымдық, оқу, спорттық-бұқаралық, тәрбиелік, әдістемелік, қаржы-шаруашылық жұмысын, біліктілікті арттыру, медициналық қамтамасыз ету, ата-аналармен, жалпы білім беретін мектептермен және кәсіптік-техникалық училищелермен жұмыс, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бөлімдерін қосқанда құрылтайшы бекіткен мектептің жылдық жұмыс және айлық жоспарлары;
жарыстардың қабылдау, бақылау және шығару нормативтері мен олардың жалпы және арнаулы физикалық, техникалық даярлау және сынақтан өту кестесінің хаттамалары;
спорттық жетілдіру мен жоғары спорт шеберлігі топтарының әрбір оқушысына арналған жеке жоспарлары;
1-қосымшаға сәйкес БЖСМ, ОРМБЖМ, МБЖСМ-ның картасы, ОРМБЖМ, МБЖСМ-ғы спортшылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың жеке карталары;
оқу-жаттығуларының кестесі;
спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушылардың оқу жұмысының (бірыңғай) есеп журналы;
мектеп оқушыларының жасы, оқу жылы басталардағы спорттық дайындығының оқу өтілі көрсетіліп, бұйрықпен бекітілген бөлімшелер мен оқу топтары бойынша мектеп оқушыларының тізімі;
құрылтайшы бекіткен жаттықтырушы-оқытушылар құрамының кестелік тізімі;
педагогикалық және жаттықтырушылар кеңесінің хаттамалары;
кіру және шығу құжаттарының папкілері;
мектеп оқушыларының жеке іс қағаздары, бұйрық кітаптары, еңбек кітапшалары, сенім хаттары мен басқа да құжаттарды беру;
5 фк үлгісі бойынша есептердің көшірмелері болуы керек.
Аға жаттықтырушы-оқытушының және жаттықтырушы-оқытушының саны олардың оқу жүктемесі мен бағдарлама бойынша өткізетін оқу сағаттарына және жалақы қорына байланысты болады. Бұл ретте егер оның басшылығымен кемінде үш жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істесе, онда аға жаттықтырушы-оқытушы лауазымын ұстауға болады.
Егер оның басшылығымен кемінде үш нұсқаушы-әдіскер жұмыс істесе, онда аға нұсқаушы-әдіскер лауазымы тек қана мамандандырылған мектептерде болады.
Табель бойынша көзделсе және жүк, жеңіл, арнаулы автокөлік немесе автобус болған жағдайда жүргізушілерді ұстауға болады.
Үйлерде, ғимараттарда қызмет етуші жұмысшылардың саны және кіші қызмет көрсетушілер (дәнекерлеуші-сантехник, электрик, үй сыпырушы, есік алдын сыпырушы, вахтер, гардеробшы, күзетші, кезекші, химиялық жолмен тазалаушы аппаратшы (хлоршы), компьютерлерге қызмет көрсету жөніндегі техник, механик, зертханашы және басқалар) жергілікті атқарушы органдар бекіткен нормаға сәйкес болады. - Жаттықтырушы-оқытушылардың, әкімшіліктің оқу-жаттығу үдерісін қамтамасыз ету, спорт мүкәммалдары мен жабдықтарды жөндеу жөніндегі қызметшілердің, жұмысшылардың штатын спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлерін және спорт ғимараттарының санаттарын ескере отырып, белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекітеді.
- Жұмыс ерекшелігін ескере отырып және оның оқу-жаттығу процесін тиімді қамтамасыз етуі үшін БЖСМ, МБЖСМ, ОРМБЖМ, ЖСШМ және ОДО, ОРДО және спорт клубтарының спорт мектептеріне бөлінген қаражаты шегінде арнаулы автокөліктері (қайықтарды, қару-жарақты, спорттық шаналарды, боб-шаналарды, аттарды алып жүруге арналған арнайы машиналар, велосипедшілерге, спорттық жүріс желаяқтарына ілесіп отыратын арнайы машиналар) болады.
- Спорт мектептері, олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиадалық резерв даярлау орталықтары үшін спортшының бірыңғай спорт киімі, эмблемасы, белгісі мен оқушы билеті белгіленеді.
1.3. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
Орта сынып оқушылары қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
— денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;
— негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру;
— дене қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті әрі қарай дамыту;
— жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі жүйелеріне әсері, өнегелік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру;
— негізгі спорт түрлері, жарыстар, снарядтар мен құрал-жабдықтар, сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету туралы мағлұматтарды тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын қалыптастыру;
— таңдап алған спорт түрлерінің жаттығуларымен өз бетімен күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін тәрбиелеу;
— сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысының ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру;
— өзінің дене мүмкіншіліктерін бағалау біліктілігін қалыптастыру;
— тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ынталықты тәрбиелеу;
— психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің қатаюын тездетеді де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады.
Қыз баланың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста — қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселерлерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері 13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады.
Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы. Өкпенің тіршілік көлемін спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді, біз өкпенің тіршілік көлемі туралы толық түсінік болу үшін төмендегі кестені беріп отырмыз (2-кесте). (Қ.Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).
2-кесте – Балалар мен жасөспірімдер өкпесінің ауа сыйымдылығы.
Балалар |
Жасы
|
|||||
6 |
7 |
10 |
12 |
15 |
17 |
|
Ер балалар |
1200 |
1400 |
1630 |
1975 |
2600 |
3520 |
Қыз балалар |
1100 |
1200 |
1460 |
1905 |
2530 |
2760 |
Тыныс алу жиілігінің де дене дамуына үлкен маңызы бар. Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулармен айналысқан балалардың тыныс алу жиілігі сирек болады. Дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі тыныс алу оқушылардың өкпесін ғана емес, олардың кеуде бұлшық еттерін, бүкіл тыныс алу жүйесін жақсы дамытады.
Бір демалу циклінде жасөспірім ағзасы 14 мл ауа пайдаланса, үлкен жастағы адам 20 мл ауа пайдаланады. Олар үлкендерге қарағанда тыныс алу уақытын көп тоқтатып отыра алмайды. Олардың ағзасына келіп жатқан ауа аз кездеріндегі жұмысқа іскерлігі тез төмендейді. Адамның жасқа байланысты тыныс алу жиілігі өзгеру кестесін қараңыз (3-кесте). (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).
3-кесте — Тыныс алу жиілігінің адамның жасына байланысты өзгеруі.
Жасы |
1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет |
1 |
44 |
5 |
26 |
15-20 |
20 |
20-25 |
18 |
25-30 |
16 |
30-35 |
18 |
Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры және орталық жүйке жүйесінің әлі толық функционалдық жетілмегені, ол жүйелерді реттейтін, бағыттайтын әр түрлі қызметтік мүмкіншіліктері толық іске қосылмағаны себепті, балалардың ағзалары дене жүктемелеріне қалыптасу уақыты ұзағырақ болып келеді. Жасөспірімдердің жүрек – қан тамыры жүйесі жүктеме кездерінде экономикалық тиімді жұмыс істеуі өздерінен үлкен жастардағы жастарға қарағанда төмен болып келеді. Жүректің функционалдық қызметінің жетілуі 20 жасқа келгенде толық аяқталады.
Жасөспірім кезеңде дене қасиеттері өздерінің жетілулерін ары қарай жалғастыра береді. Бұл кезең дененің қозғалыс қасиеттерінің жақсы даму кезеңі болып келеді. Негізгі дене қасиетерінің орта сынып жастары кезеңінде даму мүмкіншіліктерін (Ж.К. Холодов, В. С. Кузнецов, 2003) 4 кестеде беріп отырмыз.
4-кесте – Орта мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны ( %)
Дене қасиеттері
|
Бір жылдағы орташа дамуы |
Жалпы дамуы |
||
ұлдар |
қыздар |
ұлдар |
қыздар |
|
Жылдамдық |
3,9 |
2,9 |
15,4 |
11,5 |
Күш |
15,8 |
18,4 |
79,0 |
92,0 |
Жалпы төзімділік |
3,3 |
2,1 |
13,0 |
8,4 |
Жылдамдық төзімділігі |
4,1 |
1,0 |
16,4 |
4,0 |
Күш төзімділігі |
9,4 |
3,3 |
37,5 |
13,1 |
Орта сыныптар жасындағы оқушылардың кеңістікте үйлесімді, епті қозғалу қабілеттіліктері жақсы дамиды. Ол қасиеттер: кіші доптарды дәлдікке лақтырулар, доптарды, гранаталарды алысқа лақтырулар спорттық, қозғалмалы ойындардағы әрекеттер, 10 метрге 3 рет қайта жүгірулер т.с.с. әрекеттер кездерінде дамиды. Сонымен қатар осы жас кезінде күш, күш-жылдамдығы қасиеттері, бірқалыпты жылдамдық және төзімділік қасиеттері жақсы дамиды. Икемділік қасиетінің дамуы аз байқалады.
1.4. Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
— денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
— негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
— дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
— қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;
— дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;
— өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;
— тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Жоғары сынып жасындағы оқушылардың денесінің өсуі мен даму үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда 13 % көп, ал тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді.
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды. Білезік сүйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып, аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектері: ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды.
Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.
Сүйек аппаратының бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.
Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық белдеуі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.
Жігіттердің жүректерінің көлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға үлкен, жүрек соғу жиілігі 6-8 соғу/ минут аз, жүректің жиырылу күші күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың өкпелерінің ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.
15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылымын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық қимыл- әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау қабілеттіліктері секілді ерік-жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қасиеттерінің даму пайыздары азырақ болады. (5-кесте).
5-кесте – Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны (%)
Дене қуаты Қасиеттері |
Жылдық орташа дамуы
|
Жалпы дамуы |
||
жігіттер |
қыздар |
жігіттер |
қыздар |
|
Жылдамдық |
1,5 |
0,2 |
3,1 |
0,5 |
Күш |
14,0 |
9,0 |
28,0 |
18,0 |
Жалпы төзімділік |
2,1 |
0,7 |
6,4 |
2,1 |
Жылдамдық төзімділігі |
2,1 |
-0,6 |
6,3 |
-1,8 |
Күш төзімділігі |
8,5 |
-2,0 |
26,7 |
-6,0 |
1.5. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.
Мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді.
Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының функционалдық мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиілігі аз, қан қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.
Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш төзімділігіне, аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе -теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар аударса дұрыс болады.
Жоғары сынып жасындағы оқушылармен өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда көбінесе жарыс әдістері қолданылады.
Осы жас кезеңінде олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына көмектесеміз.
Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және меңгеру дұрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып жүргізілуі қажет.
Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып кеткеніне байланысты аз комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан ғана болуы және ауыл адамдарының нарық экономикасына байланысты аудан орталықтарына, қалаға көшулері деп түсіндіруге болады. Аз комплектілі мектептер дегеніміз -сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын қосып оқытады.
Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктер:
1.Спорт зал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп ауласында өткізіледі.
2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерде, көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан қолданып келген әдістер, көбінесе айналмалы, топтық, жеке дербес тапсырма беру әдістері қолданылады.
Мысалы: дене деңгейіне байланысты бөліп жаттықтырғанда, кіші шеңберде әлсіз оқушылар, үлкен шеңберде күшті, мықты оқушылар жасайды. Сапта оң жақ қатарда үлкен сынып, одан кейін төменгі сынып оқушылары тұрғызылады. Кіріспе бөлімінде жалпы бой қыздыру жаттығулары бірге жүргізіледі. Негізгі бөлімде сыныптар бойынша топтарға бөлініп, оларға мектеп бағдарламасындағы материалдар бойынша спорт түрлері, жаттығулары беріледі. Мұғалім барлық топтарға барып қателерін түзеп, әдістемелік нұсқаулар беріп отырады.
Сабақтан тыс уақыттарда сынып, мектеп спорт белсенділерін, мұғалім көмекшілерін дайындауға күш салу керек. Дене тәрбиесі үйірмесінің сабақтары жетісіне 3 рет бір сағаттан өткізіледі.
Үйірме сабақтары оқушылар оқу бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын жетілдіру, дене дайындығының деңгейін жоғарылату және сынақ жаттығуларын орындауға дайындайды.
Басқа барлық жұмыстар дене тәрбиесі мұғалімінің тапқырлығымен, білімділігімен, біліктілігімен, ұйымдастыру белсенділігі және шеберлігімен үлкен мектептердегі жұмыстарға ұқсас жүргізіле береді.
Мектеп-интернаттарда оқушылар интернат жатақханасында тұрып оқиды, үйлеріне, ата-аналарына демалыс кездерінде ғана барады. Қалалық интернаттарда оқитын оқушылар апта бойы жатақханада тұрып, оқу оқып, сенбі күні түстен кейін дүйсенбіге дейін үйлеріне ата-аналарына қайтарылады. Осындай интернат жағдайларындағы оқушылар оқу сабақтары кезінде, сабаққа дайындық, дайындықтан бос уақыттарында күні бойы мұғалім мен тәрбиешілердің бақылауында болады.
Дене тәрбиесі сабағы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептердегідей өткізіледі. Сыныптан тыс жұмыстарға, спорт түрлерінен секцияларға, жалпы дене дайындығы топтарына мүмкіншілік болғанынша барлық оқушылар түгелдей қатысуы тиіс. Бұл шаралардан тек қана дене тәрбиесі сабағынан босатылған және арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылар ғана босатылады.
Мектеп – интернаттарда күн тәртібі өте қатаң орындалады. Күн тәртібінде міндетті түрде таңғы гигиеналық гимнастика, сергектік сәттері, денсаулық сағаттары, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығулары және спорт түрлерінен секциядағы жаттықтырулар орындалу қажет. Спортты насихаттау үшін дәрістер, әңгімелер, сынып сағатары, диспуттар, спорт мерекелері, спорт кештері өткізіліп тұру керек.
Мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.
Сыныптарда оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет.
Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе, дене дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелілік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.
Мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір әдістемелік ерекшелігі – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506 бұйрығында: «5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек», — деп жазылған министрліктің осы бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып, құрал-жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіліп жатса өте дұрыс болар еді.
- ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАҒЫ СЕКІРУДІ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Секіруді үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
Секіру жаттығулары: Назарларыңызда оңай 5 минуттық секіру жаттығуларының топтамасы. Бұл физикалық жаттығулар аяқ бұлшық еттерін жаттықтыруға бағытталған. Балтырдан бастап жамбасқа дейінгі бұлшық еттерді шымыр қылуға көмектесетін жаттығуларды біліп жүріңіздер.
Топтаманың әр жаттығуын басында 10 рет жасаңыз, уақыт өте жаттығуды мүмкіндігінше көбірек орындай беріңіз.
Жаттығуларды музыкамен орындаған екі есе әсер мен кремет көңіл-күй сыйлайды.
Секіру мақсаты:
а) шығармашылықты көлденеңінен лақтырып, екі қолмен қағып алуға және жүгіріп келіп бір аяқпен серпіліп ұзындыққа секіруге үйрету.
ә) батылдыққа, ептілікке, мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
б) секіру арқылы қимыл-қозғалысын жетілдіру.
Спорт құралдары: Құм толтырылған шұңқыр, өлшеуіш, балалар санына сай сай шығыршықтар.
Дайындық бөлім: Балалар аяқтарының ұшымен, өкшемен жүріп, оң, сол жақтарымен секіру, жүгіру және теріс қарап жүгіру. 2-3 минут тоқтамай жүгіру. Қолдарына шығармашылық алып, үш топқа бөлініп, жаттығулар орындайды.
Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу (7-8 рет).
Аяқты қатар қойып, тұрған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).
Аяқты алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).
Негізгі тұрыста жерге тигізіп ұстап тұрған шығыршықтан аттап өтіп қайтадан бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет).
Шығыршықты жерге жатқызып қойып тұрған бастапқы қалыпта, оны табанның ортасымен басып айналып жүру (2-3 рет).
Қолды белге ұстап, тұрған бастапқы қалыпта шығыршықтың ішіне секіріп түсіп, қайта секіріп шығу (1-2 минут).
Жай жүріп дем алып, дем шығару
Негізгі бөлім: Спорт алаңындағы секіруге арналған жерге келіп, бірінің артынан бірі тұрып, 3-5 метр қашықтықтан жүгіріп келіп бір аяғымен серпіле неғұрлым алысқа секіруге жаттығу.Секіруге арналған шұңқырдың шетінде бір-бірден тұрып, қос аяқтап секіру арқылы сыныптағы ең жақсы секіретін оқушыны анықтау.
Секіртпемен орындалатын жаттығулар: Ара қашықтықтарын 2-3 метр етіп тұрып, бір бала шығыршықты екінші бір балаға көлбете лақтырып, екі қолмен ұстауға үйренеді. Мұнда батылдық, ептілік жасап, шығыршықтан жасқанбай ұстауға дағдыландыру керек. Содан соң шығыршықты белдеріне салып айналдыруға үйренеді.
Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып, шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут). Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп, үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Әр баланың көрсеткен нәтижесі журналға жазылды.
Қорытынды бөлім: Алаңның екі жағынан қарама-қарсы 9 шығыршықтан жерге қатар тастап қойып, балалар алаңды айналып жүріп келе жатып олардан біртіндеп қос аяқтап секіріп өту. Шығыршықты бір-бірлеріне дөңгелетіп, ұстап ойнау. 2-3 минут.
«Секіртпемен секіре түс» ойынын ойнау, сапқа тұрғызу, сыныпқа апару.
«Секіртпемен секіре түс», «Кім шапшаң» секіріп жетеді? Командаға бөлініп, межелі жерге дейін секіріп бару.
«Кім ұзақ секіреді?» Балалар екі-екіден бөлініп, әр түрлі жаттығулар жасап, ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе, сол ұтады.
Бұл ойындарды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек. Ондай жаттығулардың мынадай түрлері бар: қос аяқтап секіру, сыңар аяқтап, алма кезек секіру, аяқты қайшы қойып секіру, отырып секіру, екеулеп қол ұстасып секіру, көзді шарт жұмып секіру, теріс айналып тұрып секіру, қолды қайшы ұстап секіру.
Жүрелей секіру — ойын мектеп ауласында, спорт залында ойналады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Таңдалған алаңға бір жарым метрдей ұзындықта екі қатар көлденең сызық сызылады. Сол сызықтардың қарсы алдына тұспа-тұс он метрдей жерден екі шеңбер сызылады.
Әр топтан екі-екіден ойыншы шығады да, өз тобы жақтағы көлденең сызыққа келіп жүресінен отырады. Бастаушы белгі берген кезде, екі-екіден қатар отырған ойыншылардың оң жақтағысы жүресінен отырған күйі қарсы алдындағы шеңберлерге секіріп барып кері оралуы керек.
Әлгі ойыншы ілгері секіріп кеткенде, оның орнын қасындағы ойыншы басады да, тағы бір ойыншы сол қатарға келіп отырады. Жүрелей секіріп ойыншы сызыққа жеткен заматта, келесі ойыншы жарысты әрі жалғап әкетеді. Ойын барлық балалар секіріп болғанша жалғасады. Секіріс кезінде жиылып қалса немесе тізесін жазып түрегеп кетсе, ұпай саналмайды. Әр ойыншыға бір ұпай саналуға тиіс. Қай топ көп үпай жинаса, сол жеңіске жетеді. Ойын төзімділікті, дененің шымырлығын қажет етеді.
Серуендеу, дене Адамның ақыл-парасатын, ойын жетілдіреді.
Адам жүргенде, бір жұмыспен шұғылданғанда, автокөлік жүргізгенде, дене шынықтырумен айналысқанда, өзіне массаж жасағанда, билегенде денесі үнемі қозғалыс үстіне болады. Түнде ұйықтап дем алғанда да дөңбекшіп, бір қырынан екінші қырына аунағанда да аяқ, қолы, басы мен кеудесі қимылдайды. Яғни, адам денесінің қозғалмайтын кезі жоқ. Ол сыртқы, ішкі әсерлерге де тітіркенгіш. Мұның бәрі дененің дамуына, ағзаның үйлесімді жетілуіне әсер ететін жағдайлар. Негізінен, серуендеу, дене шынықтыру жасау адамның ақыл-парасаты мен ойын да жетілдіреді. Біз енді соған тоқталсақ.
Серуендеудің пайдасы. Шығыс медицинасы қашан-да «Демалыс – жалқаулық емес, жан еңбегі» деген қағиданы ұстанады. Иә, әрбір адам кешкілік жатар алдында ауа-райы қолайлы болса далаға шығып, жаяу жүріп қайтса, немесе белгілі бір уақыттарда саябақты, көшенің көрікті жерлерін аралап серуендеуді тұрақты түрде әдетіне айналдырса, ол оның денсаулығына өте пайдалы.
- Серуендеу уақыты. Мамандардың ақыл-кеңесі бойынша, таңертеңгілік 6 шақырым, кешке ұйықтар алдында 6 шақырым табиғат аясында серуендеу адам бойына мол күш-қуат береді, ағза таза ауамен тыныстап, көңіл-күй сергиді, өкпе, жүрек, қан жүйесі жақсы жұмыс істейді, шаршағандық басылады. Егерде мұндай серуендеуге уақыт жетіспесе, таңертең, кешке 30 минуттан серуендеп, 3 шақырым жаяу жүріп қайтқан дұрыс. Серуендегенде қатты жүрмей, ақырын адымдап, жан-жағыңдағы табиғат көріністерін, қала ғимараттарын, түрлі-түсті көше жарығын тамашалаған оңды әсер етеді.
- Серуендегенде тыныстау. Жылдың қай мезгілінде де далаға шығып серуендегенде ауызды жауып, танау арқылы терең тыныстаған дұрыс. Ауадағы магнит қуаты танаудың кілегей қабығында жиналып тұратындықтан, танаумен тыныстаған кезде ол ауамен өкпеге жылжып, денеге тарайды. Дәрігерлердің дәлелдеуінше, осынау магнит қуаты-адам жүйкесінің бірден-бір нәрі болып саналады. Және де таза ауада танаумен тыныстау-шаршаған, жұқарған жүйкенің шипалы емі.
- Серуендегі қимыл, тыныстау тәртібі. Далада серуендеп келе жатқанда бұғананы (ключица) барыншы ілгері ұмсындыра, көтере ұстаған жөн. Мойыныңыз түзеліп, басыңыз тіктелсе, омыртқаңыз да түзеледі. Бұл терең тыныстауға жақ-сы жол ашады. Мұндай жағдайда адам өкпесінің жоғарғы бөлігімен дем алады, ал өкпенің төменгі бөлігі өздігінен желдену мүмкіндігін иеленеді.
Тыныстаудың тиімді тағы бір әдісі мынандай: сол аяқтың адымын бір, екі, үш… деп алты адымға жеткізеді. Алдыңғы үш адымда тыныстайды да соңғы үш адымда тыныс шығарады. Тыныстау мен тыныс шығару арасында үзіліс жасалмайды. Бұл жаттығуды оң аяқтан бастап, тыныстану тәсілін жаңағыдай жасауға да болады. Адамдар өзінің жағдайына, қалауына қарай тыныстау мен тыныс шығару ырғағын төрт адымға түсіреді ме, әлде сегіз адымға көбейтеді ме, өзі біледі.
Егерде әрбір адам осынау серуенге шығу, тыныс алу тәртібін қатаң сақтап, далада, таза ауада қыдыруды әдетке айналдырса, екі-үш күннен соң ыңқыл-сыңқылдан арылады, таңертең ұйқыдан тұрғанында сергек сезінетін болады. Тек, есте болатын бір жағдай: серуендеуді бастаған алғашқы күндері көптен бері қалыптасып қалған тіршілік тынысының өзгеруіне байланысты адам-ның ұйқысы бұзылып, сәл тынышсыздануы мүмкін. Алайда екі-үш күннен кейін бәрі де қалпына келіп, жағ-дай жақсарады.
Біз енді дене шынықтыру туралы әңгіме қозғамас бұ-рын әрбір адам білуге тиісті денсаулық қағидасына тоқталсақ. Адамдардың серуенге шығуы да, дене шынықтырумен айналысуы да денсаулығын жақсарту үшін ғой. Сондықтан да денсаулық қағидасын білудің маңызы зор.
Денсаулық қағидалары:
«1. Үйіңе таза ауа көп кірсін, Күннің сәулесі көп түссін. Саламаттықты сақтау үшін таза ауа, Күннің шуағы өте қажет нәрсе.
- Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкіре-гіңді, арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр, көнбісті боласың. Денеңді таза ұстап, жұмасына бір рет жылы суға шомыл.
- Күннің шуағынан жылын-ған суға түс, шомылуға қолайлы уақыт — сәске мен намаздыгер (екінті) арасы. Тал түсте Күн қызып тұрғанда суға түспе, шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға түспе, қызып, терлеп тұрып суға түспе, әуелі қызуыңды басып, теріңді кептір. Жылы, тынық күні судан шыққан соң біраз жалаңаш отыр, үстіңе күн тиіп тұла бойыңды жел қақсын. Өте жылы су, әсіресе, күнде жуынғанда адамның қанын тасытып, денесін босатып нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Денеңді таза ұстау үшін іш киімді жиі ауыстырып тұр.
- Ішкен, жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шай. Аузыңды таза ұстасаң тіс ауруының көбінен құтыласың. Күн сайын тісіңді мисуақпен (тіс тазалағыш) жақсылап тазала. Мисуақтың қылы тым қатты, не өте жұмсақ болмасын.
- Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (ойна, жүгір).
- Өте жылы киінбе, ба-сыңа жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста.
- Денеңді тар киім, белбеу, түрлі баумен байлап қыспа.
- Аяқ киімнің (етіктің ұлтаны табаныңа лайық болсын) өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше зиянды болады.
- Киімің, әсіресе, шұлға-уың, байпағың (шұлығың) суланса шапшаң шешіп тастап, құрғақ киім ки.
- Өте көп ішіп, жеме. Бұзылған астан, сіңбейтін тамақтан, әсіресе, тәттіден қашық бол. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты реттеп ішіп, же. Күніне үш мезгілден артық тамақтанба. Уытталған тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сықылды нәрселерді асқа көп салма. Арақ, боза сықылды есірткіш нәрселерге жолама, шикі, шала піскен етті, жемісті жеме.
- Ерте жат, ерте тұр. Оянсымен төсектен тұрып кет.
- Кешке ұйықтардың алдында ауыр жұмыс істеп шаршама. Болдырған кісі дұрыс ұйықтай алмайды.
- Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалысы — ұйқы. Түнде ұзақ отырып істеген ми адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ қылады.
Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулікте емшектегі балаға он алты — жиырма сағат, он-он екідегі балаға тоғыз сағат, бозбалаға сегіз сағат, үлкен кісіге алты — жеті сағат ұйқы керек. Наша шекпе, көкнар (апиын) ішпе, әйтпесе диуана боласың».
Дене шынықтырудың пайдасы.
Кейбіреулер дене шынық-тыру мәдениетіне мән бермейді, оны басқа мәдениет түрлерінен төмен қояды. Бұл дұрыс емес. Адам өз денсаулығына бала кезінен көңіл бөлуге тәрбиеленіп, оны шынықтырумен айналысса, сымбатты, денсаулығы мықты азамат болып өседі. Орыстың терапиялық мектебінің негізін қалаушы ғалымдардың бірі М.Я.Мудров осы орайда былай деген: «Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы».
Амал не, көбіміз деніміз сау кезінде дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың пайдасын бағаламаймыз, еңбек пен демалысты алмастырып отырмаймыз. Мұнан жүз жыл бұрын жер бетіндегі барлық жұмыстың 96 пайызын адамдар өздерінің бұлшық еттерінің күшімен атқарса, енді бәрін де техника жүзеге асырады. Бұл да адамдардың аз қозғалуына әкеліп соқтыруда.
Ғылыми зерттеу деректері бойынша, дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдар онымен анда-санда бір шұғылданатын адамдарға қарағанда сирек ауырады, дәрігерге сирек қаралады. Негізінен, спортпен айналысатындар онымен ай-налыспайтындарға қарағанда шамамен дәрігерге төрт есе сирек қаралатын көрінеді. Және де дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі шұғылданатындар онымен жүйесіз шұғылданатындарға қарағанда дәрігерлік көмекті екі есе сирек, ал оны біржола керек қылмайтындарға қарағанда 3 есе сирек қажет етеді.
Дәрігер-ғалымдар дене шынықтыру туралы:
- Дене шынықтыру жаттығулары қан қысымының жоғарылауын төмендетеді, төмендеуін жоғарылатып отырады, қандағы холестерин құрамын қалыпқа келтіреді, тұз алмасуын бір мөлшерге түсіреді.
- Дене жаттығулары процессінде сыртқы қолайсыз факторларға, радиацияға, індетті ауруларға, ауа-райы температурасының құбылмалылығына тұрақтылық, тежеу берушілік пайда болады.
- Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу қан жасалу жүйесінде жағымды терең өзгерістер жасайды: гемоглобиннің саны артып, ақ қан формуласы тұрақтанады, ферментті жүйелердің әрекеттілігі артады.
- Денесі жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда оттегі жеткіліксіздігін жеңіл көтереді.
- Төрт сағат бойы қозғалмай тұруға мәжбүр болу дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдарға анағұрлым аз әсер етеді.
- Дене қозғалысы жас сәбидің сөйлеу органының өте тез және дұрыс қалыптасуына зор мүмкіндік ашады.
- Денесін жақсы шынық-тырған адамдардың 80 пайызы ұшақты ұшыру техникасын игеруде өте жақсы баға алады. Ал дене шынықтыруға әзірлігі қанағаттанарлық деген бағамен белгіленгендердің өте жақсы баға алатындары 47 пайыздай ғана.
- Мидың жұмыс қабілетін жоғары ұстау үшін арнайы «ми гимнастикасын» жасау өте пайдалы.
- Дене шынықтыру жаттығулары психикалық қызметке екі түрлі әсер етеді: 1. Оның өсуіне мүмкіндік береді. 2. Ой еңбегі қабілеттілігінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
- Бір қалыпты, мөлшерлі әрі дағдылы дене қозғалысы жұмысқа қабілеттілікті екі есе арттырады.
Ой еңбегі және дене шынықтыру.
Шаңғымен сейілдеп, жеңіл қол жұмысымен шұғыл-данғанда ой қызметі үйлесімді болады. Ой еңбегімен айналысатын орта жастағы дені сау адам аптасына ең кем дегенде 8-10 сағат уақытты дене шынықтыру жаттығуларына бөлуі қажет. Шамамен, денеге түсетін күшті мынандай етіп бөлген тиімді: демалыс күні – 2-3 сағат (шаңғымен немесе жаяу туристік жорық жасау), аптаның орта шенінде – 1-2 сағат (коньки, есу, велосипед тебу), күнделікті 10-15 минут таңертеңгі гимнастика және 30-40 минут жүру (жұмысқа барғанда және жұмыстан қайтқанда) керек. Денеге түсетін салмақты осылай етіп бөлуді еңбек, демалыс, тамақтану режимімен сәйкес жүргізгенде адамның көңіл күйі жақсарады, ой еңбегі барынша жемісті болады.
Дене шынықтыру жаттығуларының дәстүрлі түрлері:
- Аяң. Адамның аяңдап (бірқалыпты) жүруі (бір орында тұрып жүруге де болады).
- Керілу жаттығулары. Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желкеге қояды, сосын бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жанға қарай созады, содан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Ырғақ: 1-2 – керілу – тыныс алу; 3-4 – бастапқы қалыпқа оралу, дем шығару.
- Қол және иыққа арналған жаттығулар: а) жанға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ію және қайта жазу; ә) осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау; б) қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау; в) түзу қолды айналдыру; г) қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; д) бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де осы қимылдар бірнеше қайталанады; е) екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді.
- Дене тұлғасына арналған жаттығулар: гимнастиканы бастарда аяқтың арасын алшақтау ұстайды, қолды мықынға немесе иыққа қояды: а) денені екі жаққа кезек бұру; ә) оң мен солға кезек иілу; б) алға иілу; в) екі аяққа кезек иілу; г) денені мықын арқылы ырғай қозғалу.
- Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Бастапқы қалып – орындық-тың шетіне отырып, жиегінен ұстайды: а) тізені бүгіп, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады да, біртіндеп төмен түсіреді; ә) аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді; бір аяқты алма-кезек тізені бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.
- Аяққа арналған жат-тығулар. Аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып: а) аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі; ә) аяқтың ұшымен көтеріліп, содан соң төмен түсерде жартылай иіледі; б) бір нәрсеге қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды; в) бастапқы қалыптағыдай қолды белге таянып, одан кейін оны екі жанға қарай созып бір тұрып, бір отырады; г) қолмен таянып тұрып, аяқты алма-кезек жан-жаққа сілтей қозғайды.
- Бүкіл дененің бұл-шық еттеріне арналған жаттығулар. Бұл жат-тығуларды әртүрлі қалыпта орындайды: а) аяқты созып жіберіп, екі қолмен жер тірей жатады (бұл кезде дене жерге тимеуге тиіс), одан кейін бастапқы жағдайға қайта келеді; ә) аяқты алшақтау ұстап (екі қол белде), оң қолды жоғары көтеріп сол жаққа иіледі, одан кейін бастапқы қалыпқа оралып, осы қозғалысты екінші жаққа қайталайды; б) әуелі түрегеп тұрып, содан соң отырады, одан кейін аяқты артқа жіберіп, қолмен жер тірейді, қайтадан бастапқы қалыпқа келеді; в) денені оңға қарай бұрып және сол аяқты иіңкірей оң аяққа сол қолдың саусақтары жеткенше еңкейеді, сосын бастапқы қалыпқа қайта келеді.
- Секірулер. Секірудің мынандай түрлері бар: а) аяқ бірге, қол белде; ә) сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру; б) аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру; в) секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек аустырып қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау; г) әр аяқпен алма-кезек 2-4 реттен секіру; д) әуелі екі аяқпен, сосын бір аяқпен секіру, сонан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты.
2.2.Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар
Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау);20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады;соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м);белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;аяқтың өкшесімен ғана жүгіру;аяқтың ұшымен жүгіру;жүреден отырып жүгіру;сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м);қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.
Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.
Дала жарысы.
Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дала жарысы — кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.Дала жарысының негізгі мақсаты — табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды.Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.
Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек. Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек.
Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.Дала жарысының қауіпсіздік ережесі
Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді.Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді.Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.ЖүзуЖанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған.
Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады.
Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады.
Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады. Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.
Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.
Содан кейін ғана брасс, болмаса баттерфляй әдісімен малтуға ден қоюға болады.Жалпы жүзуден жарыс бағдарламасына — етпеттен жатып құлаштап жүзу, шалқадан жатып құлаштап жүзу, брасс және баттерфляй жаттығулары кіреді.
Қозғалмалы ойындар. Спорттың ойындардың бір түрі — баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Осы ойын түрінен бүгінде құрлық және әлем біріншілігі өткізіліп тұрады. Халықаралық федерациясы жұмыс істейді.Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады — жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ.
Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.Осындай ойын барысында, нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болсын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, допты торға түсіру, болмаса допты әріптесіңе дәл бере білу, допты алып жүргенде қарсыласын алдап өту, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі.Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді.
Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Волейбол — спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады.Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады.
Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондыңтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындың деңгейін көрсетеді.
Осындай ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы, адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, болмаса допты қарсыласының алақанына алдап тастау, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі. Волейбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оңу орындарының бағдарламасына кіреді.
Арнаулы оңу орындарының студенттері бұл кезеңде волейбол ойынын ойнап, белгілі бір деңгейде дайындықпен келеді деп есептеледі. Сондықтан, бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдерімен таныс, ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Арқан тартыс. Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойыншылардың саны 10 баладан аспағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды.
Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады.
Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.
Секірулер . Өз бетімен гимнастикамен айналысушылар үшін секірудің түрлерін мынадай екі негізгі топқа бөлуге болады: екі немесе бір аяқтан секіру (яки екі аяқпен кезектесе секіру). Аздаған өзгерістерді қолдың, аяқтың қозғалыстары арқылы реттеуге болады.
Секірудің мынадай варианттары бар: аяқ бірге, қол белде; сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру (2—4 рет бір жаққа қарай, осынша рет екінші жаққа қарай секіреді); аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру; секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек ауыстырыл қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау және қайтадан төмен түсіру, артқа және алға шапалақтау; әр аяқпен алма-кезек 2—4 реттен секіру; әуелі екі аяқпен, содан кейін бір аяқпен секіру, одан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты.
Секіргенде аяқтың ұшымен секіру керек. Бұл, әсіресе, егде адамдар үшін өте пайдалы. Олар денелері зіркілдемес үшін екі аяқпен алма-кезек секіргендері жөн. Секіру — денені неғұрлым көбірек қозғалысқа түсіретін жаттығу. Мұнда организмнің барлық бұлшық еттеріне күш түседі. Бұл — күш түсірудің ең шарықтау шегі, одан кейін оны біртіндеп, төмендету керек, сонда тыныс алу бір қалыпқа келіп, жүрек соғысының жиілеуі де бірте-бірте реттеледі.
1-2 минут аяңдау. Аянды тоқтатар кезде қолды бірнеше рет жоғары көтеріп, терең тыныс алу керек те, одан кейін ақырын ғана төмен түсірген жөн.
Жоғарыдағы келтірілген схема бойынша жаттығулар комплексін таңдап алуға болады. Әрбір жаттығуды бір минут мөлшерінде, орташа қимылмен жасайды. Тынысты емін-еркін алу керек: еңкейгенде, денені бұрғанда отырғанда, қолды созғанда дем шығарылып, қолды көтергенде, түрегелгенде, денені көтергенде, иілгенде терең тыныстаған жөн (тыныс алу және дем шығару кеуденің сығылу және ұлғаю қозғалысына сәйкес болғаны дұрыс). Егер жаттығуды орындау кеудеге еш әсер етпесе, онда ыңғайға қарай тыныс алу керек. Белгілі бір уақыттан кейін жаттығуларды ауыстырыл отыруға болады. Егер кейбір жаттығуларды орындау қиын тисе, оны одан әрі жалғастырудың қажеті жоқ. Жаттығу таңдағанда әр адам өз организмінің ерекшеліктерін ескергені жөн, өйткені дене тынықтыру организмге таза физиологиялық әсер етумен қатар, адамның көңіл күйіне де ықпал жасайды. Сондықтан кейбір жаттығуларды орындау ұнайтын болса, оларды тұрақты түрде істеуге болады. Сонда оның тиімділігі артады.
Бірінші жаттығу: екі қолды барынша артқа жіберіп бір-бірімен ұстастырады да, жауырынмен бірге қимылдатады. Бұл кезде басты шалқайтқан жөн; екі қолды желкеге тарақтал қосып, шынтақтарды және басты мүмкіндігінше шалқайтады.
Екінші жаттығу: жерге етпеттеп жатып, екі қолды желкеге қойып, шынтақ пен басты жоғары шалқайтып, кеудені қайқайып көтеруге әрекет жасайды: етпеттеп жатып, екі қолға гантель алып, қос құлашын созады, осы қалыпта басты шалқайту арқылы кеудені аздап көтеру керек.
Жаттығу кезінде гантельді мүмкін болғанынша жоғарырақ көтереді. 0,5—1 кг-дық гантельден бастап, бірте-бірте оның салмағын 2 кг-ға дейін ұлғайтады. Пенсия жағасындағы адамға денені қозғалысқа келтіретін жаттығулардың барлық түрлерін күн сайын жасаған жөн: саусақ, шынтақ буыны, иық буыны, бас және жауырынды қозғалысқа келтіретін жаттығулар пайдалы.
Денені бұру, аяқты жан-жаққа «сілтеу», иілу, етпеттеп жатып «қайқаю» сияқты және тағы басқа қозғалыстарды қолданған жақсы. Егер таңертеңгілік гимнастиканың жаттығулар жүйесіне бұл қозғалыстардың ешқайсысы енгізілмеген болса, оларды қосымша кіргізген жөн. Алғашында қосымша жаттығулар негізгі жаттығуларды орындауға кететін уақыттың есебінен алынады, өйткені гимнастиканың жалпы мөлшері 10 минуттай аспауға тиіс.
Дене жаттыққан сайын әрбір жаттығуды қайталау саны көбейтіліп, жалпы уақыт 15—20 минутқа дейін жеткізіледі. Мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер үшін дене тәрбиесінің негізгі мақсаты олардың қозғалыстарының бағыттарын анықтау, қозғалысқа икемділіктерін арттыру болғандықтан, оларға арналған жаттығулардың жиі ауыстырылып тұрғаны жөн.
Мектепке бармаған бүлдіршіндер үшін мұндағы ұсынылып отырған жаттығулардың кейбіреулері тым күрделі, сондықтан ең қарапайым, көп қайталанбайтын жаттығулар таңдап алып, олардың орындалуын тұрақты қадағалан отыруға болады.
Балалардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіру үшін мынадай жаттығулар өте пайдалы допты лақтырып жіберіп, қайтадан ұстап алу; допты бір қолдан екінші қолға лақтырып ойнау; 180 және 360 градусқа айналып барып, екі жаққа кезек секіру, екі аяққа алма-кезек салмақ сала еңкею қимылдарын жасау, «жатқан күйде» қолды желкеге қарай жіберу, шалқадан жатып бір қырымен етпеттеп (қолдың көмегінсіз) аунап түсу. Осындай екі-үш жаттығу таңертеңгі гимнастикада міндетті түрде орындалуға тиіс. Гимнастикамен ауасы тазартылған бөлмеле, ал жаз айларында таза ау ада, далада шұғылданған жөн. Киім жеңіл болғаны дұрыс. Гимнастикадан кейін су процедурасын қабылдау керек. (Шынығу мақаласын да қараңыз).
2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан — жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес.
Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады.
Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Гимнастика — дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары — спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады.
Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.
Гимнастикамен шұғылдану деген сөз — адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі — гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.
Гигиеналық гимнастика — денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика — негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады.
Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика — жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен — жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі — спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары — керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары — бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
Спорттың акробатика — жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу.
Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем гимнастикасының орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.
Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті.
Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс.
Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро.
Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек.
Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар.
Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау); 20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады; соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м); белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту; аяқтың өкшесімен ғана жүгіру; аяқтың ұшымен жүгіру; жүреден отырып жүгіру; сыңар аяқтап секіріп, жүгіру; қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпен жүгіру (20, 30, 40 м); қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу; белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру; белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту; 30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру; 30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту; 30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.
Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.
Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды.
Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек.
Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.
Дала жарысы. Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді. Дала жарысы — кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.
Дала жарысының негізгі мақсаты — табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.
Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.
Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды.
Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.
Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.
Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек.
Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек. Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.
Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.
Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.
Дала жарысының қауіпсіздік ережесі: Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді. Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.
Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді. Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.
Жүзу. Жанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған. Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.
Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.
Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады. Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.
Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады. Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.
Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады.
Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.
Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.
Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды.
Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.
- ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
— денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;
— негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
— жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы — дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді.
Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды.
Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді. Осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді.
Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:
- Ұйымдастыру жұмыстары.
- Оқу жұмыстары.
- Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі — сауықтыру шаралары.
- Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық — көпшілік жұмыстары.
- Үгіт-насихат жұмыстары.
- Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.
- Шаруашылық жұмыстары.
6-кесте
№ р/с |
Негізгі бөлімдер, бөлімдердің жұмыс мазмұны |
Орындау уақыты |
Орындауға жауапты |
1. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Дене тәрбиесінің жоспарлау құжаттарын жасау және бекіту: — жалпы жылдық жоспар; — тоқсандық жоспар кестелері; — жылдық спорттық шаралардың күнтізбе жоспары |
Тамыз |
ДТ мұғалімі |
2 |
Мұғалімдер кеңесінде сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындарын өткізуді ақылдасу |
Тамыз |
Әкімшілік, ДТ мұғалімі |
3 |
Бастауыш сынып мұғалімдері мен күн тәртібіндегі сауықтыру шаралары, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру туралы семинар өткізу |
Тамыз |
ДТ мұғалімі |
4 |
Әрбір сыныпқа сабаққа дейінгі гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар өткізу орындарын бөліп беру |
Қыркүйек |
ДТ мұғалімі |
5 |
Сыныптарда сабаққа дейінгі гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар өткізу тәртібі туралы әңгіме өткізу |
10 қыркүйекке дейін |
Сынып жетекшілері |
6
|
Спорт түрлерінен жаттықтыру кестесін жасау |
10 қыркүйекке дейін |
ДТ мұғалімі |
2. ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу |
Тұрақты |
ДТ мұғалімі |
2 |
Ашық сабақтар, семинарлар өткізу, әдістемелік бөлме ұйымдастыру, ата-аналарға арнап ашық сабақтар өткізу |
Жыл бойы, тұрақты |
ДТ мұғалімі |
3. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ — САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ |
|
||
1 |
Сабаққа дейінгі гимнастиканы өткізу |
Күнделікті |
Ұйымдастырушы нұсқаушылар |
2 |
Ұзақ үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығуларын өткізу |
Күнделікті |
Ұйымдастырушы нұсқаушылар |
3 |
1-11 сыныптардың жалпы білім беру сабақтарында сергектік сәттерін өткізу |
Күнделікті |
Мұғалімдер, нұсқаушылар |
4 |
Ұзартылған күн топтарында жаттығулар мен ойындар өткізу |
Күнделікті |
Тәрбиешілер |
4 САБАҚТАН ТЫС СПОРТ-КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Оқу жылының басталуына арналған дене тәрбиесі мейрамын өткізу |
Қыркүйек |
Әкімшілік ДТ мұғалімі |
2 |
Спорт секцияларындағы, үйірмелердегі жұмыстарды жүргізу |
Жыл бойы |
ДТ мұғалімі |
3 |
Мектеп Спартакиадасын өткізу |
Сәуір |
Әкімшілік, ДТ мұғалімі |
4 |
Аудандық жарыстарға қатысу |
Жоспармен |
ДТ мұғалімі |
5 |
Спорттық жорықтар өткізу |
Маусым |
Әкімшілік,ДТ мұғ. |
6 |
Президенттік сынама жарыстарына дайындық және өткізу |
Жыл бойы |
Әкімшілік, ДТ мұғ. |
5. ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Дене тәрбиесі бұрышы, сыйлықтар мен марапат қағаздар, жоғары көрсеткіштер, «Мектепетің үздік спортшылары» көрмелері |
Қыркүйек |
ДТ мұғалімі |
2 |
Спорттық кештер, «спорттық көңілді тапқыштар», «спорттық білгіштер» сайыстарын өткізу |
Қараша Мамыр |
Әкімшілік, ДТ мұғалімі |
6. ДӘРІГЕРЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР: |
|||
1 |
Оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу, дәрігерлік топтарға бөлу |
Қыркүйек |
Дәрігер, әкімшілік, ДТ мұғалімі |
2 |
Арнайы дәрігерлік топтың денсаулығын бақылау |
Ай сайын |
Дәрігер |
3 |
Оқушыларды қорытынды дәрігерлік қараудан өткізу |
Мамыр |
Дәрігер,әкімшілік, ДТ мұғалімі |
7. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Спорттық құрал-жабдықтарды жөндеу |
Жыл бойы |
ДТ мұғалімі |
2 |
Көрнекі құралдар дайындау |
Жыл бойы |
ДТ мұғалімі |
Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жоспарлары.
Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:
- Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.
- Тоқсандық жоспар-кестесі.
- Әр сабақтың жоспары.
- Жоспар-конспект.
Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі бетте үлгі ретінде жылдық жоспар-кесте қалай құрастырылатыны көрсетілген.
Келесі беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1,5,11, сыныптарына арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген. Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр тоқсандарды алдық. Бұл тоқсандық жоспар-кестелер мектеп базаларына, мектеп бағдарламасы мен құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған.
Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына, мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады.
Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады.
Дене тәрбиесі сабақтарының … оқу жылына … тоқсанға арналған әр сабақ жоспары.
Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы кесте түрінде құрастырылады (кестеде):
№ р/с |
Сабақ Міндеттері |
Сабақ бөлімдері |
Ескертулер |
||
Кіріспе |
Негізгі |
Қорытынды |
|
||
|
|
|
|
|
|
Екінші нұсқада үлкен дәптердің бетіне сабақ нөмірлері қойылып рет-ретімен жазылады.
1-сабақ
- Міндеттері
- ____________________
- ____________________
- ____________________
2 Өткізілетін орын ____________________
3 Керек құрал-жабдықтар ______________
- Кіріспе бөлім- 12 минут
- Саптық жаттығулар.
- Жүру жаттығулары.
- Жүгіру жаттығулары.
- ЖДДЖ.
- Негізгі бөлім – 28 минут.
- Жаттығу
— Негізгі жаттығулар.
— Дайындық жаттығулары.
— Жетекші жаттығулар.
- Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары
- Дене қасиетін дамыту жаттығулары.
III. Қорытынды бөлім – 5 минут.
- Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары.
- Баға қою.
- Үйге тапсырма.
3.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы.
Бұрынғы кеңес заманында да, қазіргі егеменді ел, нарық экономикасы заманында да жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі ұжымдары жұмыс істеді, әлі де істеп жатыр. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері – мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы – мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тәрбиесі мұғалімдері.
Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге дене мәдениетіне, дене тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы, денсаулыққа байланыстылығынан. «Басты байлық – денсаулық», «Тәні саудың-жаны сау» дейді дана халқымыз.
Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға, дене тәрбиесі-сауықтыру шараларына мұғалімдер мен оқушыларды көбірек қатыстыру. Оларды тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту.
Тұрақты жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы Ибн Сина: «Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді», -деген.
Дене тәрбиесі ұжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі жарыстарға қатысу мүмкіншіліктеріне байланысты. Өйткені мектеп жұмыстарының ең маңызды бір көрсеткіші – спорттық жарыстарда мектеп құрама командасының спорт түрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала жарыстарында жүлделі орындар алуы.
Жүлделі орындар алу үшін, мектеп ұжымы директордан бастап оқушыға дейін жұмыла тер төге жұмыс істеуі керек. Осы көрсетілген екі негізгі міндеттердің өзі дене тәрбиесі ұжымының маңыздылығын, жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді.
Дене тәрбиесі ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек.
Мектептің дене тәрбиесі ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. Дене тәрбиесі мұғалімі дене тәрбиесі ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білуі, құжаттарын сауатты дұрыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мектептің дене тәрбиесі ұжымы жұмыс істейді, барлық мектеп мұғалімдері, оқушылар бұл жұмыстарға жұмыла атсалысады.
Дене тәрбиесі ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы – 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан төраға, төрағаның орынбасары, хатшы сайланады.
Дене тәрбиесі кеңесі жанынан бұқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құралады. Комиссия жұмысын басқару кеңес мүшелеріне жүктеледі.
Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары), ұзартылған күн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын, Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік көпсайыс жарыстарын өткізу, дайындау жұмыстарына жауапты.
Спорт шаралары комиссиясы. Спорт шаралары комиссиясы мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, дене тәрбиесі мұғалімдеріне спорт секцияларындағы жаттығуларды жүргізуге көмектесу, аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын сынып және мектеп құрама командаларын іріктеу, жоғары көрсеткіштер көрсеткен спортшылар кітабын, спорттық классификация нормаларын орындаған оқушыларды есепке алу құжаттарын толтыру жұмыстарына жауап береді.
Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы. Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы мектепте және тұрғылықты жерлерде оқушылармен сауықтыру-дене тәрбиесі, спорттық шаралар жұмыстарын ұйымдастыруға, қоғамдық спорт нұсқаушыларын, спорт төрешілерін, спорт ұйымдастырушыларын дайындау және бағыттау жұмыстарын жүргізеді.
Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы. Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясының жұмыстары: спорт мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға стендтерін, мектеп радиосын, мектептегі әр түрлі көпшілік шаралар кезінде спортшылар көрсетілімдерін ұйымдастыру (спортшылар көрсетілімдері-әр түрлі спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс жаттығуларын көрсетеді. Ол өте әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс түрінде жүргізілуі керек). Комиссия әр түрлі көрнекі материалдар жинау арқылы мектептің дене тәрбиесі бұрышын жасайды, спорт, сауықтыру дене тәрбиесі және салауатты өмір салты туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді.
Шаруашылық жұмыстар комиссиясы. Шаруашылық жұмыстар комиссиясы спорт алаңдарын, стадиондарын салу, безендіру, стандарттық емес әр түрлі снарядтар жасау, спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс сақтау, жөндеу жұмыстарымен айналысады.
Мектеп дене тәрбиесі ұжымының кеңесі қажеттіліктері бойынша өз шешімдерімен басқа да комиссиялар құруына болады.
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы:
— мектеп оқушыларының балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдануына ұсыныс қағаз береді;
— дене тәрбиесі және спорт мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің спорт белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар түсіреді;
— мектептің көпшілік жиындарында, спорт мерекелерінде спортшыларды, спорт төрешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді;
— дене тәрбиесі ұжымының «Құрмет кітабына» дене тәрбиесі спорт жұмыстарының озаттарын жазады.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы:
— спорт түрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында жаттығу, жарыстарға қатысу;
— дене тәрбиесі ұжымы кеңесіне сайлану, комиссия жұмыстарына қатысу;
— мектептің туристік, спорттық құрылыстарын,құрыл-жабдықтарын пайдалану.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің міндеттері:
— дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануды және мектептегі білім алуды қатар ұштастыру;
— өзін тәрбие мен спорттық этика талаптарына сай ұстау;
— дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарына белсенді қатысу, кеңестің шешімдерін орындау, ұжымның намысын қорғау, мәртебесін көтеру;
— өз жасына сай Президенттік сынама нормаларын тапсыруға дайындық, орындау;
— өзі айналысқан спорт түрінің жоспары бойынша жаттығу, разряд нормаларын орындау;
— мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу;
— мектептің спорт құрылыстарын, спорттық құрал-жабдықтарын, құрама командасының спорт киімдерін ұқыпты пайдалану, спорт құрылыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысу;
— дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау;
— өз ағзасының дамуын бақылау және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, мектеп медбикесінің нұсқауларын орындау.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі тәртіп бұзған, үйде, достарының арасында, қоғамдық жерлерде, спорт жарыстарында өзін дұрыс ұстамаған, сабақ үлгерімі нашар дене тәрбиесі ұжымының мүшелеріне әр түрлі тәрбие шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы жаттығуларға уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру, мектептің, сыныптың құрама командасы мүшелерінен шығару.
Әр мектеп дене тәрбиесі ұжымының өз кеңесі бекіткен спорттық формасын тіктіруіне, эмблемасын жасатуына болады.
3.4. МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ.
Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс, жақсы ұйымдастыру, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгерімін бақылауға көмектеседі.
Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу.
- Алдын ала есепке алу оқушылардың денсаулығын, дене дайындығын білу үшін қолданылады. Ол жұмыстар: оқушының жеке құжатымен танысу, ата-анамен әңгімелесу, дәрігерлік бақылау кездерінде дене тәрбиесі мұғалімінің қатысуы.Жыл басындағы алғашқы сабақтар кезінде оқушының оқуға дайындығын, дене қуаты деңгейін білу үшін әр түрлі сынақ жаттығулары алынады.
2.Негізгі есепке алу түрі – ағымдағы есеп. Бұл есеп кезінде жалпы дене тәрбиесі жұмысының жүргізілуі, оқушылардың сабаққа, спорт түрінен жаттықтыруларға қатысуы, оқу үлгерімі, жарыс нәтижелері бақыланып, есепке алынып отырылады. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын, ынтасын бақылайды, сабақ кездерінде баға қояды. Бапкер жаттығуға қатысуын белгілейді, жарыстарда орындаған нәтижелерін, разрядтарын бақылап, есепке алып отырады.
- Қорытынды бақылау және есепке алу әрбір тоқсанның және жылдың аяғында жүргізіледі. Оқушыларға тоқсандық, жылдық баға қойылады, оқу жоспарының қалай орындалғаны тіркеледі, бақылауға алынады.
Есепке алу жүйесінде жоғарыда айтылған негізгі түрлерден басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері қолданылады.
Негізгі есеп алу құжаты мектептің сынып жорналы болып есептеледі. Жорналда оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі, өтілген сабақ міндеттері, үй тапсырмасы жазылады. Жорналдағы оқушылардың фамилиясы тұсына тек қана сабақта жоқ болса «ж» әрпі және сабақтағы алған бағасы қойылады. Қазір біздің мемлекеттің жалпы білім беру мектептерінде пайдаланып жүрген сынып жорналының мазмұнымен және оны жұмыс барысында қалай толтыру керек екенімен танысайық.
Сынып жорналының сол жақ беті
Пәннің аты…
№ |
Оқушының тегі, аты |
Айы, күні |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
Сынып жорналының оң жақ беті
Мұғалімнің тегі, аты-жөні…
Айы, күні |
Сабақта не өтілді? |
Үй тапсырмасы |
Мұғалімнің ескертпесі |
|
|
|
|
«Сабақта не өтілді?» бағанасына өтілген сабақ материалы қысқа, нақты түрде жазылады. «Үй тапсырмасы» бағанасына мұғалімнің үйде орындауға берген тапсырмалары жазылады. Олар: сабақта үйренген жаттығу техникасын қайталау, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту жаттығуларын орындау, берілген теориялық мәліметтерді пысықтау түрлерінде болады. «Мұғалімнің ескертпесі» бағанасында жеке оқушыға ескертулер, олардың тәртібі, сабақ барысы туралы ескертулер жазылады.
Сынып жорналынан басқа мұғалімнің жұмыс дәптері болу керек. Онда оқушылардың дәрігерлік тобы, спорт түрлерінен тапсырған барлық сынақ және жаттығу техникасын орындау көрсеткіштері, оқушылардың жақсы көрсеткіштері т.б. мұғалімге керек мәліметтер жазылады.
Сынып жорналының ақырғы беттерінде дене тәрбиесі мұғалімі толтыруы керек беттер:
Президенттік сынама – тест тапсыру туралы мағлұматтар
№ |
Оқушының тегі, аты
|
Д.Ш. дайындық деңгейі |
Белгі түрі және грамоталары |
Президенттік тесті тапсырған күні |
|
Президенттік деңгей |
Ұлттық деңгей |
||||
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
Оқушылардың дене дайындығының көрсеткіштері
№ |
Оқушылардың тегі, аты |
Медициналық топ |
30-60-100 жүгіру |
Оқу жылының басында |
||||||
Қолының күші
|
Орнынан секіру |
Нығыздалған допты лақтыру |
Тартылу |
Дене дайындығының бағасы |
||||||
сол |
оң |
ұлдар |
қыздар |
|||||||
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу, олардың орындалуын бақылау үшін басқа жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы белгілер қойылып отырылады. Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны, разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындалған тізімі, жоспардың орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы,
Президенттік сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген жұмыстардың құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке келген тексеру комиссияларына толық көрсете білу мақсатында біз барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік. Сол құжаттардың тізімін, үлгі түрлерін төменде көрсетіп отырмыз.
Мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарының тізімі.
- ҚР үкіметі. Білім және ғылым министрлігі бекіткен дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының арнайы нормативтік құжаттары.
- Дене тәрбиесі және спорт туралы заң (Sport 04.01.2000 ж).
- Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2007-2011жж. Мемлекеттік бағдарламасы.
- Дене тәрбиесінің стандарты. Авторлар: С.Т. Тайжанов, Ю.Г. Тілеуғалиев.
- Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11 сыныптарға арналған дене тәрбиесі бағдарламалары.
II Жоспарлау құжаттары.
- Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
- Дене тәрбиесі сабағының жылдық жоспар-кестесі.
- Тоқсандық жоспар-кестесі.
- Әр сабақтық жоспар.
- Жоспар-конспект.
- Мектептің көпшілік спорт және сауықтыру жұмыстарының жылдық күнтізбелік жоспары.
III Мектептің дене тәрбиесі ұжымының құжаттары.
- Ережесі, құқықтары мен міндеттері.
- Кеңес құрамы.
- Отырыстарының жоспары.
- Кеңес отырыстарының хаттамалары.
- Оқу жылына арналған жоспары.
3.1. Жалпы жұмыстар мен мәліметтер:
- Сыныптардағы оқушылар туралы мәліметтер.
- Қоғамдық спорт нұсқаушылары, олардың жұмыс бағыттары.
- Спорт төрешілері.
- Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі.
3.2. Спорттық жұмыстар мен жарыстар:
- Мектепішілік жарыстардың хаттамалары.
- Аудандық, қалалық жарыстардың хаттамалары.
- Спорт түрілерінен жүргізілетін секциялар мен үйірмелердің құжаттары:
— мектептің спорт секциялары туралы мәліметтер.
— мектептің жалпы дене дайындығы топтары туралы мәліметтер.
— жоспарлау құжаттары;
— жорналдары.
- Есепке алу құжаттары.
- Әрбір сыныптың бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының көрсеткіштері.
- Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс дәптері.
- Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру жұмыстарының өткізуін есепке алу кестесі.
- Спорттық жарыстардың құжаттары:
— өткізілген жарыстардың толық құжаттары: мәлімдеме, сұраныс, хаттамалар, бас төрешінің есебі.
- Мектеп құрама командасының аудан, қала жарыстарына қатысуы:
— қатысқаны туралы жалпы кесте.
— құжаттары.
6.Мектеп оқушыларының жарыстардағы үздік көрсеткіштері кітабы.
- Спорттық дәреже (разрядтар), атақтар алған спортшылар тізімі.
- Спорт төрешілерінің жарыстарға төрелік еткендігі туралы есептері.
9.Президенттік сынама жұмыстарының құжаттары:
— мектеп директорының Президенттік сынама тапсыру комиссиясын бекіту туралы бұйрығы;
— Президенттік сынама көрсеткіштерін бағалау кестесі;
— 5,9,11 сынып оқушыларының сынақ түрлері мен нормалары;
— сынақтар және жарыс хаттамалары;
— Президенттік сынаманың қорытынды кестесі.
- Оқу құралдары мен жабдықтарының есеп тізімі.
- Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізуге рұқсат берілгендігі туралы акт.
- Спорттық снарядтардың тексеру сынағынан өткені туралы акт.
- Мектеп оқушыларының қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы туралы құжат.
- Дәрігерлік-педагогикалық бақылау бойынша мектеп директорының бұйрығы.
VII. Дене тәрбиесі мен спортты көрнекі түрде насихаттау.
- Президенттік сынама стенді.
- Жоғары көрсеткіштер көрсеткен мектеп спортшылары стенді.
- Дене тәрбиесі сабағының сынақ жаттығуларының нормалары стенді.
- Салауатты өмір салты стенді.
- Спорт түрлерінің қауіпсіздік шаралары стенді.
- ҚОРЫТЫНДЫ.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады: 1) физкультура сабақтары; 2) физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары); 3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл – қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).
Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.
Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады.
Сәби жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс ойындары, гимнастика, массаж).
Ертеңгілік гимнастика және физкультура сабақтары кішкентайлардың бірінші кішкентайлар тобынан бастап барлық топтарда жүргізіледі, бірақ әрбір топта олар қозғағыз материал мен сабақ өткізу методикасын іріктеу жөнінен өзіндік ерекшелікке ие болады.
Балабақшаның ересектер тобында маңызы басым физкультминуткалар жақсы тынығу және балалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа және екі сабақтың аралығына енгізіледі.
Шынықтыратын процедуралар барлық топтарда пайдаланылады. Алайда бөлме ішіндегі, даладағы қимыл – қозғалдыс кезіндегі бірте – бірте температурасы төмендейтін таза ауа ваннасы көбінесе ересектер тобында қолданылады.
Балаларды таза ауадағы қимыл –қозғалыс ойындары және өз бетінше сан алуан қимыл жасау әрекеті барлық жастағы топтарда балалардың күнделікті өмірінің міндетті түрде мазмұны болып табылады.
Физкультура сабақтары – балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалыс үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады.
Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыруда болып табылады, олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдларын игеруін, физкультура мен спортқа эмоционалды-жағымды қатынасын қалыптастыруды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.
Сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру тиімді гигиеналық жағдайда организмдегі бүкіл физиологиялық процестердің артуына, оның өмір іс-әрекетін күшейтуге көмектесетін сабақтарда балалардың жан-жақты қимыл әрекеттері жолымен қамтамасыз етіледі.
Тәрбие-білім беру міндеті сабақ процесінде баланың жеке басының моральдық ерік-жігер белгілерін қалыптастыру, физкультура мен спорт саласын кейбір қарапайым білім мен терминдерді хабарлау, дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын және дене қасиетін тәрбиелеу жолымен шешіледі. Мұның бәрі баланың танымын, ерік және эмоционалдық күшін, оның ақыл-ой қабілетін, адамгершілік қасиеті мен шығармашылық белсенділігін кешенді дамытуға бағытталған.
Сабақ қоршаған ортаға жақсы бейімделгіш, алға қойылған тапсырмаға сай нысаналы, тез әрі сенімді түрде әрекет ете алатын тәртіпті адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі.
Ертеңгілік гимнастика– баланың отбасындағы, балабақшадағы күнделікті режимінің міндетті бөлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі түрде жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға үйреншікті әдетті қалыптастырады.
Ертеңгілік гинастиканың маңызы саналуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін нерв жүйесін сергітеді, ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады
Ертеңгілік гимнастика тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсертете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі.
Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектеседі, эмоция мен қуанышты сезім туғызады. Балалардың дене жаттығуларын таза ауада немесе фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде су процедурасымен ұштастыра орындауы барынша жақсы сауықтыру тиімділігін жеткізеді.
Физкультминутка (қысқа мерзімді дене жатттығулары) – естиярлар, ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте, сондай-ақ нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі т.б.) өткізіледі.
Физкультминутканың маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканыңэмоциялық-жағымды жай-күйін қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың іс-әрекет сипаты мен дене қалпының өзгеруінде болып табылады.
Физкультминутка зейінді, бүкіл организмнің әрекет ету жағдайын қалпына келтіруге бағытталған.
Дене жаттығуларымен ұштастырылған процедуралар неғұрлым тиімді болады. Бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуі жылжу ретеу процесін жетілдіруге және сол арқылы организмнің қоршаған сырттқы ортаға бейімделуіне көмектеседі.
Шынықтыру процесінде организмнің терең өзгеруі іске асады, ал егер бала ширақ болса, ол өзгеріс табиғи әрі қарапайым жүзеге асады. Балалар үшін қызықты дене жатттығуларымен және ойындармен ұштастырылған шынықтыру шаралары эмоциялық өрлеуді туғызады, жоғары жүйке орталықтарының қызметін жақсартады, ішкі органдардың жұмысы мен зат алмасуды реттейтін вегативтік жүйке жүйесіне жақсы ықпал жасайды.
Күнделікті өмірде балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру баланың денсаулық жағдайы және күні бойғы оның психхикасы үшін қажетті режимін орындауды қамтамасыз етеді.
Балалардың дене тәрбиесі бағдарламасының сауықтыру және тәрбиелі білім беру міндеттері әр түрлі формада жүзеге асырылады: қимыл-қозғалыс ойындары, серуендеу, жекелеген балалармен және шағын топтармен жеке жұмыс істеу, дене тәрбиесі жаттығуларының және физкультура мерекесінің сан алуан түрлерімен балаларының өз беттерінше айналысуы.
Қимыл-қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл әрекеті ретінде тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен сәкес күннің әр түрлі уақытына жоспарлайды.
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
- Брыкин А.Т. Гимнастическая тарминология.М.: ФиС, 1969.-190с.
- Шлемин А.М. Гимнастика. Учебник для ин-тов физ.культ.–изд.2-е. М., 1979.-215с.
- Смолевский В. М. Гимнастика и методика преподования . Учебник для ин-тов физ. культ.–Изд.3. М., ФиС, 1987. 336с.
- Меньшиков Н.К. Гимнастика и методика преподования . Учебник для ин-тов физ. культ. М., ФиС, 1990.-222с.
- Журавин М.Л. Гимнастика. Учебник для ин-тов физ. культ. –Изд.2. М., ФиС, 2001.-405с.
- Смолевский В.М., Гавердовский Ю.К. Спортивная гимнастика. Учебник для ин-тов физ. культ.–Киев.: Олимпийская литература, 1999. -463с.
- Гавердовский Ю.К. Техника гимнастических упражнений. –М.: Терра Спорт, 2002.-512с.
- Гавердовский Ю.К. Упражнения на перекладине. М.: ФиС, 1975.-152с.
- Гавердовский Ю.К., Майбуров Н.Е. Упражнения на брусьях разной высоты. М.: ФиС, 1979.-160с.
- Коренберг В.Б. Упражнения на бревне. М.. ФиС, 1976.-80с.
- Маслов Б.В. Упражнения на коне. М.: ФиС, 1980.-94с.
- Радионенко А.Ф., Сучилин Н.Г. Упражнения на кольцах. М.: ФиС, 1978.-96с.
- Семенова Л.П. Опорные прыжки мужчин. М.: ФиС, 1975.-72с.
Косымша әдебиеттер: - Гимнастика.Сборник статей, состав. В. Смолевский, 1и
2 вып. М., ФиС, 1970-1986. - Горанько М.И. Гимнасты Казахстана чемпионы СССР,
Европы, мира, Олимпийских игр.-Ама-ата.: 1992.-16с. - Ракишев Т.К. Дене тәрбиесі мен спорт саласында ана
тіліндегі бірыңғай терминдерді қолданудың тиімділігі,
ТиМФК, №1, 2002. Алматы - Ракишев Т.К. (Группа авторов) Казахско-руский, руско-
казахский терминологический словарь. 31 том ФиС. Алматы.
Рауан.2002. - Рамашов Н.Р. Гимнастикалық терминдер: Оқу құралы.
Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002.-57б. - Методика обучения упражнения гимнастического
многобория в школе. Методическая разработка. Алма-Ата,
КазИФК, 1986. - Романенко В.А., Максимович В.А. Круговая тренировка
при массовых занятиях физической культурой. М.:ФиС, 1986.-143с. - Логопедия./ Под ред. Волковой Л.С.-М.: Просвещение, 1989.
- Филичева Т.Б. и др. Основы логопедии.- М.: Просвещение, 1989.
- Буденная Т.В. Логопедическая гимнастика.- СПб., 2001.
- Фомичева М.Ф. Воспитание у детей правильного произношения. М.: Просвещение, 1989.
- Волкова Л.С. Хрестоматия по логопедии. – М.: Владос, 1997.
- 28. Жуков М.Н. Подвижные игры: Учеб. для студ. пед. вузов. – 2-е издание., стереотип. – М.: Издательский центр «Академия», 2004ж.
Қосымша
Көпшілік-спорт және сауықтыру шараларының
жылдық күнтізбелік жоспары
№ р/с |
Өткізілетін шаралар |
Өткізілетін уақыты |
Қатысатын спортшылар |
Өткізуге жауапты адам |
|
|
|
|
|
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құрамы 200…- 200… оқу жылы
№ р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Жұмыс орны, оқитын сыныбы |
Кеңестегі орындайтын жұмысы |
Тұратын мекен-жайы
|
1 2
|
Аяғанов Медет Асылұлы Баянов Мұрат Датұлы |
Мектеп директоры, Дене тәрбиесі Мұғалімі |
Төраға Төраға орынбасары |
Абай д., 15-24 Арай, 23-45 |
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің отырыстарының жоспары
Тоқсан |
Айы, күні |
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер |
Орындалғаны туралы белгі |
I |
қыркүйек |
|
|
қазан
|
|
|
|
II |
қараша |
|
|
желтоқсан |
|
|
|
III |
қаңтар |
|
|
ақпан |
|
|
|
наурыз |
|
|
|
IV |
сәуір |
|
|
мамыр |
|
|
Қосымша
Дене тәрбиесі ұжымының … оқу жылына арналған жоспары
№ р/с |
Өткізілетін шаралар |
Өткізілетін уақыты |
Өткізуге жауапты адам |
Орындалғаны туралы белгі |
|
|
|
|
|
Сыныптар туралы жалпы мәліметтер … оқу жылы
Сын- ып |
Оқушы- лар саны |
Оның ішінде |
Спорт ұйым- дастырушы |
Жаттығатын мекемелер мен топтар |
Сабақтан боса-тылған |
|||||
Қыз- дар |
Ұл-дар
|
ЖДҚД |
мектеп секц. |
спорт мект. |
спорт мект. |
арн мед.т |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қоғамдық спорт нұсқаушылары
№ р/с |
Аты-жөні |
Оқитын сыныбы |
Кеңестегі орындалатын жұмысы |
Тұратын мекен-жайы, телефоны |
1. Волейбол спорты бойынша |
||||
1. |
Халелов Алмас |
11 |
Жаттықтыру жүргізеді |
Шәкәрім, 20-5 21-14-45 |
2. Шаңғы спорты бойынша |
||||
2. |
Абышов Думан |
10 |
Мектеп құрама командасына Жауапты |
Абылай, 9-15 42-13-27 |
3. Гимнастика түрлері бойынша |
||||
3. |
Акенов Азамат |
10 |
Сабаққа дейінгі гимнастиканы жүргізеді. |
Шоқан, 2-44 26-10-95 |
Қосымша
Қоғамдық спорт төрешілері
№ р/с |
Аты-жөні |
Оқитын сыныбы |
Қай спорт түрінен |
Тұратын мекен-жайы, телефоны |
1. |
Жеңісханов Әлібек |
11 |
Волейбол, шаңғы |
Сәкен, 13-19 |
|
|
|
|
|
Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі
№ р/с |
Аты-жөні
|
Сынып |
Спорт түрі |
Спорт мектебі |
Мекен-жайы, телефоны |
|
|
|
|
|
|
Мектептің спорттық секциялары туралы мәліметтер … оқу
жылы
№ р/с |
Спорт түрі
|
Жаттығушылар Саны |
Жаттықтыру өткізеді |
|
жаттықтырушы |
нұсқаушы |
|||
|
|
|
|
|
Мектептің жалпы дене дайындығы топтары туралы мәліметтер … оқу жылы
№ р/с |
ЖДД топтары (жастарына байлан-ы |
Жаттығушылар Саны |
Жаттықтыру өткізеді |
|
жаттықтырушы |
нұсқаушы |
|||
Бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының
көрсеткіштері
№ р/с |
Оқушының аты-жөні |
30 м |
Жүгіру 3*10
|
Орнынан ұзындыққа секіру |
6 мин жүгіру |
Допты желкеден алдыға лақтыру |
Қолдың қысу күші |
||||||
|
Айы |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша
Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс
дәптері 200… – 200… оқу жылы
№ р/с |
Аты-жөні |
Ұзындыққа секіру |
100 метрге жүгіру |
Ұ 2000 Қ 1000 |
Волей- бол |
Баскетбол |
Жалпы
|
|||||||||
|
|
К-ш |
баға |
К-ш |
баға |
К |
Б |
БАҒА |
БАҒА |
|||||||
|
|
1 |
2 |
А |
Қ |
1 |
2 |
А |
Қ |
А |
Қ |
А |
Қ |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: А — ағымдағы; Қ — қорытынды; К-ш – көрсеткіш; 1-тоқсан басында, 2-тоқсан аяғындағы көрсеткіш;
Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру
шараларының өткізілуін есепке алу кестесі
№ р/с |
Шаралар |
Қатысқан командалар |
Қатысушылар саны |
Өткізілу бағасы |
Ескертулер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мектеп құрама командасының … оқу жылында аудан,
қала жарыстарына қатысуы
№ р/с |
Спорттық жарыстар |
Өткізілу уақыты |
Қатысқан командалар |
Алған орындар |
Ескертулер |
|
|
|
|
|
|
Қосымша
Мектептің жоғары спорттық көрсеткіштерге жеткен спортшылары
- Жеңіл атлетика
№ р/с |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш көрсеткен оқушы |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш |
Қашан, қай жарыста көрсетті? |
Спорттық разряды |
Оқитын сыныбы |
Мекен-жайы, телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
- Гимнастика
№ р/с |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш көрсеткен оқушы |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш |
Қашан, қай жарыста көрсетті? |
Спорттық разряды |
Оқитын сыныбы |
Мекен-жайы, телефоны |
Спорттық дәреже (разрядтар) орындаған спортшылар тізімі
№ р/с |
Аты-жөні |
Сынып
|
Спорт түрі |
Спорт дәрежесі |
Қашан, қай жарыста көрсетті |
Мекен-жайы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|