АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жасөспірімдердің жаттығу процесі кезінде жас ерекшеліктерінің алатын орнын зерттеу әдістемесі, 2015 — 78

«Жасөспірімдердің жаттығу процесі кезінде жас
ерекшеліктерінің алатын орнын зерттеу әдістемесі»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………..6
1 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс–әрекетке
дайындаудың әдістемелік жүйесі……………………………………………….………11
1.1 Дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби білім берудің көп деңгейлі
және көп басқышты дайындық жүйесі……..…………………………………….11
1.2 Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге
асыруға психологиялық тұрғыда дайындаудың мазмұны………..……..………20
2 Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене мүмкіндіктері мен
қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып дайындаудың
педагогикалық шарттары………………………….………………………………….33
2. 1 Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене мүмкіндіктері мен
қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып дайындаудың
педагогикалық шарттары………………………….……………………………………….33
2.2 Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ
мұғалімдерді дайындаудың әдістемесі ……………….……………………………….45
Қорытынды……………………………………………………..….……………………….76 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………..…..………………………….……………..….. 79

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман дайындаудың маңыздылығы артуда.
Оқушылар мен студент жастардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К. Оңалбек, Қ. Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е. Мұхитдинов, А. Қарақов, А.Б. Нұрлыбекова т.б. Ал жоғары оқу орындарында болашақ маман даярлау мәселелері бойынша маңыздылығы жоғары зерттеу жұмыстары орындалған (Қ. Бөлеев, Б. К. Момынбаев, С.С. Смаилов, Н. Д. Хмель, М. Ә. Құдайқұлов, О. С. Сыздықов, Л.С. Сманов, М. Н. Сарыбеков, Е.Омар, Л.Байсерке, А.А.Саипов, А.А.Жолдасбеков, В.А.Сластенин т.б.)
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік ортаның мәні туралы (А. Ғ. Қазмағамбетов, Л. К. Керимов, В.А.Ким, К.Ж. Қожахметова т.б.) білім мазмұнын жаңарту және оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту (Қ. Ералин, Т.С. Садыков, А.Е. Әбілқасымова, Б.Т. Кенжебеков, Ш.Таубаева, С.М. Кеңесбаев, С.А.Әбдіманапов, К.М.Беркімбаев, А.Қ. Аренова т.б.) мәселесін зерделеген зерттеулер бар.
Ал, Қ.И.Адамбеков, С.И. Қасымбекова, В.В. Сериков, А.С. Иманғалиева, Т.Т. Галиев т.с.с. қазіргі кездегі педагогтар болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың психологиялық – педагогикалық негіздеріне көңіл бөлген.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
Демек, жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты даярлау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі-халықаралық білім жүйесіне ену.
Жоғары білімді дамытудың жаңа ұлттық тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоғары білімдегі құрылымдық өзгерістерге байланысты білім мазмұнына оның жаңаша педагогикалық негіздерін енгізу қажеттігі туды, біздің зерттеуіміз дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісі тұрғысынан қарастырылды.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды даярлаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік даярлығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді дайындау ісін кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т.б.), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімі, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т.б.) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар даярлау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады.
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы және болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын ғылыми — әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін педагогика ілімінде аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады.
Зерттеу пәні. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау.
Зерттеудің мақсаты – оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік–эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.
Зерттеудің міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау.
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.
6. Қазіргі кезеңде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық-әдіснамалық және ғылыми — әдістемелік негізін жасау ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген, болашақ ұрпақты салауаттылық пен дене мәдениетін рухани тұтастықта қарастыратын тәрбие кеңістігін құру еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, мәдениеттану және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орындары мен мектептегі оқу-тәрбие үдерісін бақылау; сауалнама, тест алу; әңгіме жүргізу; зерттеу проблемасы бойынша арнайы курс ұйымдастыру және оны талдау; педагогикалық эксперимент нәтижелерін статистикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан — 2030” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т.б.), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың ғылыми — әдістемелік жүйесі жасалды.
6. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігі тәжірибелік эксперименттен өткізіліп, тексерілді.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
— зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, оқытушының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру т.б мәселелер болашақ кәсіби мамандарды дайындау аясындағы маңызды көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік беретіндігімен байланысты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
— мектептегі дене тәрбиесіне болашақ мұғалімдердің даярлығы нақты айқындалған психологиялық, педагогикалық, физиологиялық, әлеуметтік-шығармашылық шарттар арқылы қамтамасыз етілуі.
— дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық ұсыныстарды жоғары мектеп тәжірибесінде пайдаланудың мазмұндық сипаттамасы болашақ маман дайындауда мәнділігімен көрінуі.
— болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін олардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып жүзеге асыру арқылы кәсіби дайындау мазмұнының оң нәтиже беруі.
— оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындау үдерісі алдын-ала белгіленген ғылыми-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының теориялық тұжырымдарға сәйкестігімен, зерттеу жұмыстарының және оның нәтижелерінің жүйелі талдануымен, зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, мәселенің шешімін табуда арнайы тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын өткізумен және оң нәтижелерге қол жеткізумен қамтамасыз етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке дайындаудың әдістемелік жүйесі

1.1 Дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби білім берудің көп деңгейлі және көп басқышты дайындық жүйесі

Соңғы уақыттарға дейінгі педагогикалық білім мазмұны мен ұйымдастырылуындағы, экстенсивті әдістер оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуына, мұғалім тұлғасының бүтіндей қалыптысуына толық әсер етпейді, себебі студенттердің пәндік жүйесіз даярлығына соқтырады, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз бетімен оқуына, педагогикалық зерттеуге ынталандырмайды, мұғалім даярлығының типтік жүйесі мен оның қызметінің жеке-шығармашылық сипаты арасындағы маңызды қайшылықты шеше бермейді.
Мектеп мұғалімі – студент – жоғары оқу орнының оқытушысы жүйесі бойынша, мұғалімнің кәсіби дайындығына көзқарасының өзін өзерту қажеттігі туындауда.
Қажетті өзгерістердің ықтимал жолдары қандай? Бізге бірнеше жолы белгілі:
Талапкерлердің, студенттердің, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің үздіксіз қалыптасуын, ерте кәсіби бағдарын, мұғалім дайындау барысында негізгі және іс жүзіндегі бірлігін қамтамасыз ететін ғылыми-оқу педагогикалық кешенінің құрылуы.
Оқуды автоматты түрде бақылау, басқа құралдармен бірлестіктегі, жеке оқытудың техникалық құралдары, өз бетімен оқу, анықтамалық ақпарат көздері сияқты бірнеше бағытта барынша мүмкіндік беретін компьютер техникасын қолдану.
Оқу әдістерін жандандыру: шығармашылық жеке жұмыстар жүйесінің нақтылы бағыт бойынша қолданылуы (Мысалы, «Оқушы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері». Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету бағдарламасын жасап, сынып жетекшісі нашақорлықтың алдын алу, маскүнемдікпен күрес т.б. және дене тәрбиесі құралдары бойынша дене тәрбиесі жұмысының жоспарын құрғаны жөн).
Біртұтас педагогикалық кешендегі даярлық: педагогикалық лицей – педагогикалық колледж – педагогикалық университет – іс жүзінде кәсіби өзін-өзі айқындауынан кәсіби даярлыққа дейін басталатын және дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби тұлғалық қалыптасуымен аяқталатын тұтас білім берудің маңызды қыры болуы тиіс.
Біздің педагогикалық зерттеуіміздің осы кезеңдегі басты мақсаты педагогикалық жағдайдың анықталуы мен негізделуі болып табылады, онда мектеп оқушылары дене тәрбиесінің жүзеге асуы, дене тәрбиесі мұғалімінің қызметін таңдауында айқындаушы шартқа айналады.
Бұл құрылым міндетті минимум есебінде келесі дидактикалық бірліктерді білдіреді:
1. теориялық дайындық;
2. әдістемелік сауаттылық;
3. валеологиялық даярлық;
4. дене шынықтыру даярлығы;
5. қозғалыс әзірлігі;
6. кәсіпке дейінгі даярлық.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін оқытудың гуманистік бағыттылығы оқу барысына түрліше құралдардың, соның ішінде танымдық ойындар мен әлеуметтік-психологиялық тренингтердің енгізілуін қарастыруы тиіс.
Танымдық ойындардың кәсіби мәні, оқу қызметі үшін де үлкен маңызы бар. Түптеп келгенде, оларды студенттердің түрлі кәсіби сапаларының, сондай-ақ оқу материалдарын сан алуан түрінде ұсыну шеберлігінің жүйелі қалыптасуына әсерін тигізуі керек.
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыру – күрделі мәселе, сан қырлы және кәсіби оқу жүйесінің өзін жетілдіру қажеттігі туындауда. Бірақ мәселенің күрделілігі оны шешу жолын табу мүмкіндгінен айырмайды.
Дене тәрбиесі мұғалімі үшін бір ақиқаты, өзінің оқушылармен қатынасын мәдени қызмет ретінде қарау маңызды, ондағы адами, гуманистік бастау қатынас рухын құрайды. Осы қатынастың нысанасы, оның эмпирикалық мәні оқушының дене тәрбиесі мен денсаулығы, оған саналы қатысы болып табылады.
Педагогикалық гуманистік қарым-қатынастың нысаны оқушы да, мұғалім де бола алады. Оқушыға педагогикалық қатынастың нысаны ретінде қарау тұжырымдамасының болуы, бүгінгі дене тәрбиесі факультетінің студенті, болашақ мұғалім ұмтылатын ең басты мақсат болуы тиіс.
Мұндай тұжырымдама мұғалімнің рухани-адамгершілік бейнесінің жетекші құрамдасы, оның кәсіби біліктілігінің маңызды бөлігі болып табылады. Болашақ мұғалімнің мұндай біліктілігі, оның оқу қызметін қамтитын мәдени даярлықтың кең ауқымында жүреді.
Гуманитарлық бағдарлардағы кафедралар философиялық-мәдени бағыттардағы: өркениет тарихы, философиялық антропология, этика мен эстетика курстарының оқылуын қамтамасыз етеді. Демек, тұлғаның рухани-адамгершілік құрылымына бағытталған оқушының дене тәрбиесін дамыту бағытындағы жаттығулар, моральдік теңдік негізінде, екі жақтың субъективті (белсенді) қатынастарында құралады.
Мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижелілігі көптеген жағдайларға байланысты, соның ішінде, ағзаның кәсіби қызметін атқаруға дене дайындығы мен жағдайына тәуелді.
Мұғалім кәсібін кеңейтілген функционалдық еңбек кәсібіне жатқызады. Осындай кәсіптердің негізгі жүйке, дене ерекшеліктері есебінде психикалық тұрақтылығын, назарын, жалпы төзімділігін бөліп көрсетеді (В.А. Кабачков, С.А. Полиевский).
«Жалпы төзімділігі» ретінде тек аэробтық қуатын ғана емес, дене жұмысқа қабілеттілігін де түсінген жөн, оған антропометриялық көрсеткіштер: анаэробтық қуаттылық деңгейі бұлшық еттерінің күші мен төзімділігі, тірек-қозғалыс аппаратының үйлестірілуі кіреді.
Осындай міндеттерді шешудің тиімділігі көбіне-көп оқу процесін ұйымдастыру мен әдістерін таңдаудың дұрыстығына байланысты.
Студенттердің жұмысқа қабілеттілік деңгейін көтеруге әсерін тигізетін тәсілдердің бірі ретінде – дене жаттығуын тануға болады. Осы жаттығудың жүгіру мен күш жаттығуларының негізінде эксентивті, интервалды жұмыс түрінде қолданылуы, студенттердің жылдамдық-күш қабілетінің, күші мен төзімділігі сапаларының, үйлесімділік көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсартылуына мүмкіндік береді.
Оқу тәжірибесінің негізгі міндеті–студенттің мектеп жасындағы оқушылармен жұмысқа дайындық деңгейінің айқындалуы болып табылады. Сынақ сабақтары болашақ маманның оқу кезеңінде жинақталған өзінің білімі мен қабілеттерін көрсетуіне және жаттығу жүргізген кезде ұйымдастырушылық қабілеттерін танытуына мүмкіндік береді.
Соңғы екі жылдағы сынақ сабақтарының нәтижелерін талдай отырып, студенттерді дайындаудағы келесідей негізгі кемшіліктерді атап өткен жөн:
— басқа теориялық және практикалық пәндермен байланысты табу мен қолдануға икемсіздігі;
— сабақ жүргізгін кезде арнаулы көмекші құралдардың жеткіліксіз пайдаланылуы;
— жаттығулардың ерекше жағдай мен ортада жүйесіз жүргізілуі, бұл оқу үшін және қателіктерді түзетуге әдістемелік тәсілдердің таңдауына әсер етеді.
Біздің пікірімізше, осы кемшіліктердің негізгі себебі: 3-курста оқу практикасына бөлінетін сағаттардың аздығында болып отыр. 1-2 курстардағы уақыттың басым бөлігі студенттердің дене мүмкіндіктері мен қабілеттерінің техникасының дамуына бөлінеді. Сонымен қатар, қозғалыс техниканың қарапайым элементтеріне үйрету және 1–2 курстардағы сабақ бөліктерін өткізу бағытындағы әдістемелік зерттеулердің орындалуы, студенттердің оқу практикасына дайындық деңгейінің артуына оң әсерін тигізген болар еді.
Спорттық жарыстар оқушылардың дене тәрбиесінің жетекші түрлерінің біріне айналып келеді. «Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасындағы спорттық жарыстарды ұйымдастырудың мазмұны мен ұйымдастырылуы» жөніндегі әдістемелік нұсқаулар да осыған бағытталған.
Кейде «жаңаша ойлайтын мұғалім неге және қалай оқытады?» деп сұрап жатады. Олардың еңбектерін талдау көрсеткеніндей, өзінің түлектерімен бірге ол; әрбірінің тұлғасы тиімді дамитындай жағдайлар туғызумен айналысады. Мұнда ең бастысы — білімге, шеберлікке, дағдыға, өзін жетілдіруге қол жеткізу тәсілдеріне үйрету, өзінің қызметін талдауға үйрету.
Мектептердегі көпжылдық бақылаулар көрсеткендей, мұғалімдер мен студент-практиканттермен бірлескен жұмыстардың, спорттық жарыстардың жоғары ағартушылық және тәрбиелік тиімділігі тек әдістемелік жағынан сауатты даярланып, өткізілген жағдайда ғана болмақшы.
Мектеп оқушылары спорттық жарыстарға: 1-3 сынып оқушыларына арналған «Жеңіл атлетика. Кросс», «Наурыз», «Алтын күз», «Достық» сайысына әрқашан қанағаттанушылықпен қатысады. Мектепте әруақытта «Үміт сөресін», «Көңілді сөрелерді» өткізуге мұқият әзірленеді, ондағы балалардың құштарлығы, бір-бірінің көмегін сезінуі, командадағы ең әлсіз ойыншыны қолдаудаудың өзі, жоғары нәтижелерге жетуден гөрі аса маңыздырақ. Балалар дербес жаттығуларға дағдыланып, разрядтық нормаларын орындайды.
Спорттық жарыстар — педагогикалық процестің ажырағысыз бөлігі және олардың ұйымдастырушы, төреші, тікелей қатысушылар немесе көрермендер, яки, жанкүйерлер болуына карамастан, оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудің тамаша мектебі. Жаттығулардың бір түрі есебінде жарыстар бүтіндей міндеттер кешенін шешуге көмектеседі.
Мектепте оқушылардың әскери-дене тәрбиесіне көбірек көңіл бөлінуі керек. Көпшілігі спорттың әскери-қосымша түрлерімен айналысады. Мектепте биатлон, ату секциялары жұмыс істеуі маңызды. «Зарница» және «Орленок» сияқты әскери-спорттық ойындар мектепте үлкен өрлеумен өтуі, бұлардың бағдарламалары жылдан-жылға күрделілендіріліп, қызғылықты бола түсуі қажет.
Мектепішілік спорттық жарыстарды өткізу, тек оқушылар белсенділерінің көмегімен ғана мүмкін болады, олардың оқуын ұйымдастыруға дене тәрбиесінің ұжымы ықпалын тигізіп, сыныптық және жалпы мектептік ата-аналар комитеттері, қамқорлық жасаушы ұйымдардың спортшылары, студент-практиканттар, мектептің аумағында тұратын спорт ардагерлері айтарлықтай жәрдем бере алады.
Сабақ барысында акробаттық жаттығулар кешенін оқушылардың ағымдағы және қорытынды қозғалыс даярлығын бағалау тәрізді, жаңа қозғалыстарға жаттығып, дене қабілетін арттыру үшін де пайдалануға болады. Түптеп келгенде, акробаттық жаттығуларды сенімді түрде және жеп-жеңіл орындауына қол жеткізген жөн, осылайша оқушылардың ептілігін, тепе-теңдігін, бұлшық еттерінің статикалық жұмыс кестесінен дамушы режимге және кері бағытқа ауысу қабілетін дамытуға болады.
Жаттығулар кешендері күрделілігін өсіре түсіру тәртібімен орналастырылған жөн. Қыздар мен жігіттерге жаттығуларды таңдау құқын берген дүрыс, әрі тек қана кешендерге кіретін элементтердің бәрін меңгергеннен кейін барып, бұлардың сан алуан түрлерін орындауын талап етуге болады. Бастысы, оқушылардың күш қабілеттерін дамытуға арналған кешендердің бірін есінде сақтағаны және оқу жылының өн бойында оны арттыру мақсатымен жүйелі түрде орындағаны абзал. Соңғы жағдайда кешенді не күрделілендірген дүрыс (қайталаулар санын ұлғайту жолымен), не оны даярлық деңгейін ескере отырып, демалыс үшін үзіліссіз 2-3 рет қатарынан орындаған жөн.
Кешендерге енгізілген жаттығулар, жалпы жиынтығында балалар мен жасөспірімдердің ағзасына құрамды әсерін тигізеді. Дейтұрғанмен, жекелеген кешендердің күш қабілеттерін, ептілігін дамытуға, тыныс т.б. анализаторының жақсартылуына басым бағыттылығы бар.
Кез келген жарысты негізді түрде, ешқандай асығыссыз өткізіп, оның әсерлілігі мен лайықты салтанатын қамтамасыз еткен дұрыс.
Ағартушылық және насихаттық тиімділігі, тек жарыс бағдарламасының оған қатысушылардың техникалық және физикалық даярлығына сәйкестілігінің бірсыпыра шарттарын сақтаған кезде ғана: олардың әдістемелік жағынан сауатты ұйымдастырылуын, төрешіліктің әділдігін қамтамасыз еткенде, қатысушылар мен көрермендердің психологиялық көңіл-күйін шебер басқарғанда барып, мүмкін болмақшы.
Тәжірибеде төмендегідей төрт қағиданы ескеру керек екені белгілі:
1. Әрбір жарысты ауқымына қарамастан, оқушылар мен олардың жанкүйерлері бұған қатысқандарынан ләззат алуы үшін, мұқият әзірлеп, өткізу керек.
2. Жарыс барысын, бүкіл сценарийді ұсақ-түйегіне дейін, төрешілер алқасының нұсқауынан, алаңның бөлінісі мен оның көркем безендірілуіне дейін ойластыру керек;
3. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жедел айқындап, жарыс аяқталған бойы көрермендердің көзінше оларға жүлделерін табыстаған дұрыс.
Мектептегі спорт жарыстарын әзірлеу мен өткізу әдістемесі тұтастай іс-шаралар кешендерін қарастырады, бұлар төменде бағдарлық жоспар түрінде көрсетілген.
Ынталы топтың немесе ұйымдастыру комитетінің құрылуы, оның құрамы алдағы жарыстың ауқымына байланысты. Ең оңтайлысы -жарыстарды ұйымдастырудан тәжірибесі бар 3-5 адамнан құралуы.
Жарыс күні, таңертеңгілік мектепке тақағаннан-ақ, көтеріңкі көңіл-күй сезіледі. Мектеп стадионы жарқырап тұр, саз ойнауда, ұлдар мен қыздар шеруде тізіліп қалған. Мектептің ең күшті деген спортшылары олимпиадалық жалауды алып шығады, ал олимпиаданың ең белсенді қатысушылары, әдетте, мектептегі қалалық лагерьдің командалары болады.
Балалар өзара 60 және 100 метрге жүгіруден, биіктік пен ұзындыққа секіруден, граната лақтырудан, арқан тартысудан жарысады. Жарыстардың төрелігін жақын ықшам аудан аумағында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері өздерінің мойындарына алады. Жазғы уақытта ықшам ауданда сондай-ақ, «Көңілді сөрелер», біркүндік және екі күндік туристік жорықтар жүргізіледі.
Командалардың (сыныптардың, отрядтардың) жаттығуларында сабақтардың алуан түрлері қолданылады: «денсаулық сағаттары», секциялық немесе қосымша сабақтар. Бұларда балалар ойын тапсырмаларының шарттары мен тәртіптерін және бүтіндей алғанда, жарыстардың бағдарламаларын меңгереді. Төрелік етуші комиссияны (бригаданы) төрешілік санаттары немесе жарысқа төрешіліктен тәжірибесі бар оқушылардың, педагогтердің, арнайы түрде шақырылған спортшылар мен спорт ардагерлерінің, ата-аналардың қатарынан іріктейді және бекітеді.
Жеңімпаздарды,жарысқа қатысушыларды, сондай-ақ анағұрлым белсенділік танытқан көрермендерді марапаттау үшін, дипломдарды, грамоталарды, вымпелдер мен сувенирлерді, жүлделерді даярлайды. Әдетте, мектеп жарыстарының көпшілігі қаржыландырылмайды. Сондықтан жүлделер мен сувенирлерді дайындау үшін, оқушылардың-өнерін, еңбек пен сурет сабақтарын, мектеп шеберханаларындағы жұмыстарды пайдалану керек. Ең жақсы эмблемаға, сувенирлерге, жүлделер мен тағы басқа түрліше спорттық белгілерге байқау жарияланғаны дұрыс.
Әділқазылар алқасы мен кұрметті қонақтар құрамының айқындалуы және олардың дер кезінде хабардар етілуі — жарыстың түрі, өтетін уақыты, орны мен күні көрсетілген шақыру билеттері тапсырылуы тиіс.
Болашақ төреші-хабаршының даярлығы: Жарыстардың түрі мен бағдарламасын ескере отырып, олар дене тәрбиесінің және еліміздің, Республиканың, өз аудандарының өміріндегі спорттың тиісті түрлерінің тарихынан материалдар, сонымен коса, мектептегі қызғылықты дене шынықтыру мысалдары жөнінде, қатысушылар, қонақтар мен көрермендер туралы мәліметтер жинақтауы тиіс. Жарыстарға әзірлік пен оның өту барысын насихаттау жөніндегі комиссия мүшелерін-суретке түсірушілерді, жас суретшілерді және т.б, материал жинауға және жарыс барысын көрсетуге дайындау қажет. Материалдық бөлігін тексеру — спорт жабдықтары мен құрал-саймандарын, залдың немесе алаңның бөлінісін, дыбыс аппаратурасын, төрешілер алқасы мен қатысушылар үшін кеуде белгілерінің болуын, т.т. тексеру керек. Оқушылардың дене тәрибесі жүйесінде көрсетілген жарыстармен қатар, күнделікті сабақтағы тыныс алу жаттығулары мен акробаттық жаттығуларды дене тәрбиесі енгізу өзектілігі артып отыр.
Акробаттық жаттығуларды орындау кезінде дұрыс тыныстауға үйретудің ғылыми негізделген әдістемесі жоқ, мұны болашақтағы бағдар ретінде қарастыруымыз керек.
Акробаттық жаттығуларды орындаған кезде дұрыс тыныстауға үйреткен кезде, ең алдымен, орындалатын қозғалыстардың сипатын, ерекшеліктері мен құрылымын ескеру қажет. Мұнымен қоса, тыныстау кезеңдерін қозғалыстармен үйлестірудің тәсіліне негіздеген дұрыс. Бұл кеуде аумағы көлемінің ұлғайуына ықпалын тигізетін қозғалыстарда — тыныс алудан тұрса, ал кеуде клеткісі көлемінің кемуіне әсер ететін қозғалыстарда — дем шығарудан тұрады. Алайда, сабақтың басында оқушыларды тыныс жаттығуларын жеке, жаттығуларсыз орындауға үйретеді. Бүл — бірінші кезең. Екінші кезеңде қолмен алға қарай сермеу, кеудені артқа бүгу, адымдау, бұрылу және т.б. сияқты қозғалыстармен үндестікте тез қысқа тыныс алуға, сондай-ақ, кеуде көлемінің сығымдалуына әсерін тигізетін тыныс шығаруға үйретуге көшеді. Үшінші — қорытынды кезеңінде оқушыларды тыныс қозғалысын нақтылы бір акробатикалық жаттығуларды орындауымен үйлестіруге үйретеді. Акробатикалық жаттығуларды орындаған кезінде дұрыс тыныстауға үйрету әдістемелерінің жалпы ережелері осындай.
Акробаттық жаттығуларды орындау кезінде дұрыс тыныстауға үйреткен кезде, біз жаттығудың өзіне үйрету әдістемесі мен оны орындау техникасын қарастырмаймыз, тек қана орындалатын қозғалыстың тыныстаумен үйлесу жүйесін ғана мұқият бақылаймыз.
Неғұрлым жиірек тыныс алған сайын, соғұрлым допты нысанаға лақтыру нәтижесі де төменірек. Сондықтан оқушыларға бұл жағдайда: «тереңірек тыныс алыңыздар!» дегеннен гөрі, «сирегірек тыныс алыңыздар!» деген кеңесті ұсынған дұрыс.
Тыныстың жиілеуін қалпына келтіру үшін, әрбір 20-30 секунд сайын бір-екі тыныс алу мен шығарудың орындалуы, мейлінше тиімдірек тәсіл болып табылады. Терең тыныс алу мен шығарудың арасындағы үзілістің қысқартылуы, сондай-ақ, бұлардың мөлшерлеуінің ұлғайтылуы дәлме-дәл қозғалыс әрекеттерін орындаған кезде, теріс әсерін тигізеді.
Жоғарғы кәсіби білімнің көп деңгейлі және көп басқышты даярлық жүйесіне көшірілуі, жоғары оқу орындарынан мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарларын құрған кезде, талапкерлердің жалпы және арнаулы (кәсіби) дайындығының деңгейін ескеруін талап етеді.
Жоғарғы педагогикалық оқу орындарында дене тәрбиесі мұғалімін дайындаудың оқу жоспарларының талдануы, бұларда оқытудың ағартушылық-кәсіби бағдарламаларына оқу уақытының көлемі берілгені, соның ішінде жалпы мәдени саладағы пәндерге — 258 сағат, психологиялық-педагогикалық — 388 сағат, дене тәрбиесі мен спорт жөнінен пәндік — 2198 сағат, дәрігерлік-биологиялық салаға — 308 сағат.
Оқу пәндерінің көпшілігі, соның ішінде әсіресе, пәндік және дәрігерлік-биологиялық бағыттағы пәндер, атауы мен мән-мазмұны (негізінен) жөнінен, «дене тәрбиесі мен спорт» мамандығы бойынша жоғарғы білім берудің ағартушылық-кәсіби бағдарламаларына сәйкес келеді.
Орта кәсіби білім негізінде күндізгі бөлімде дене тәрбиесі мұғалімін дайындаудың біз ұсынған оқу жоспары, осы мамандықтың мемлекеттік стандарты құрамдастарының барлық пәндерін, оқу қызметінің педагогикалық практикасының түрлерін қамтиды, әрі 3 жылдық оқуды аңғартады. Оқу мерзімінің қысқартылуы, оқу уақытын әрбір пәнге және жұмыстың басқа түрлеріне қайтадан бөлу, бұл өз кезегінде оқыту мен ұйымдастыру технологиясын жасау қажеттілігін туғызады.
Мұндай даярлықтың ерекшеліктері, біздің ойымызша мынадай болуы тиіс:
— Интеграцияланған және әдістемелік-шолу сабақтарының кіріспесі.
— Аудиториядан тыс және дербес жұмыс уақытының ұлғайтылуы, бұл өз кезегінде әдістемелік ұсыныстардың оқу құралдарының жасалуын талап етеді.
— Бақылау жұмыстары санының артуы, оқылатын пәндер бойынша рефераттар жазу.
— Педагогикалық практиканы өту кезінде ПФСС курсының тереңдетіп оқылуы.
Оқу орындарына лабораториялық сабақтар өткізу қарастырылған, практикалық сабақтар саны көбейтілген, мақсатты бағыттағы дербес жұмыстар үшін тапсырмалар ауқымы кеңейтілген, жүйелі бақылау түрлері айқындалған, түлектердің кәсіби қызметке дайындығы педагогикалық практика барысында, сондай-ақ алдын-ала мектепте сабақ өткізіп, сынақ тапсыру кезінде айқындалады.
Белгілі жайт, студенттердің қозғалыс әрекеттерінің белсенділігін қалыптастыру кезінде әрбіріне мұқият жеке тұрғыдан келу керек, оның іске асырылуы әрбір адамның жеке- психологиялық ерекшеліктерін нақты білуді талап етеді.
Халық ойындары мен ойын әдістерін дене тәрбиесі мен спорт жұмысында қолдана білушілік – дене тәрбиесі бойынша болашақ маман, педагог-бапкерді кәсіби дайындаудың негізгі түрлерінің бірі.
Қазіргі уақытта ұлттық спорт пен ойын түрлері дене тәрбиесі факультетінің оқу жоспарында дербес орын алады. Факультетте “Ұлттық ойындар” курсының қайта өрлеуі мен педагогикалық практикада халықтық ойынға аударылып отырған маңызға және жоғары әлеуметтіік- мәдени және рухани қуатқа ие ұлттық спорт түрлері мен ойындарының бүтіндей дамуымен тығыз байланысты.
Курс бағдарламасы студенттердің дене тәрбиесі жөнінен сан алуан жұмыс түрінде бұларды кеңінен пайдалану мақсатымен, ұлттық ойындарды оқуын қарастырады.
Курстан өткен кезде студенттер, қазақ ұлттық ойындары мен басқаларының пайда болу тарихы мәселелерін, ұлттық спорт пен ойын түрлерінің элементтерін оқушылардың дене тәрбиесінде қолдану тиімділігінің теориясын оқиды, сондай-ақ ұлттық ойындардың бай фольклорының практикалық материалын меңгереді, педагогикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игереді.
Факультетте алынған білім, шеберлік пен дағды көлемі түлектердің, халық ойындары мен спорт түрлерін жұмыс орындарында сауатты ұйымдастырып, насихаттай алатын білікті мұғалім, жаттықтырушы болып шығуына мүмкіндік береді.
Жоғарғы мектепте оқытудың түрлері мен әдістерін жетілдірудің бүгінгі мәселесі өте-мөте өткір қойылып отыр, әсіресе, педагогикалық кадрлерді даярлайтын жоғарғы оқу орындарында.
Жалпы білім беретін және кәсіби мектепті реформалаудың негізгі бағыттарында, атап айтқанда, «білім беру мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, әрбір пәнді оқытудың анағұрлым жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз ету, мұғалімнің қоғамдық беделі мен дәрежесін, оның теориялық және практикалық даярлығын көтеру» жөнінде жазылған.
Даярлықтың негізі, нені және қандай көлемде оқыту керектігін айқындайтын мемлекеттік құжат — бағдарламасы болып табылады.
Мектептегі педагогикалық практика жетекшілерінің көп ренішін білдіретіні, практикант-студенттер жаттығуларды біледі, бірақ сабақ беру әдістемесін игермеген, осы жаттығуларды қашан және не үшін қолдану керектігін білмейді, сабақтарды үйреншікті әдіспен, шығармашылық ізденіссіз жүргізеді. Оның себебі, оқу барысында болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыруға бағытталған кәсіби-педагогикалық практика, оны жетілдіру қуаты мен жолдарының көптігіне қарамастан, тек ішінара ғана іске асырылады.
Дене тәрбиесі факультеті студенттерінің практикалық пәндерді оқуы бүгінгі күні, негізінен, міндетті есептік нормативтерді орындауға келіп саяды. Дене тәрбиесі факультетінің оқытушылары жастарды жүзуге, жүгіруге, шаңғы тебуге, т.т. жеткілікті біліктілікпен оқытуда. Студент нормативті орындайды, есебін тапсырады — былай қарағанда, бәрі қалыпты, ал ол болашақ мүғалімге қажетті жаттығуларды орындау әдістемесін алды ма, осы жаттығулардың міндеті мен маңызын, т.б. біледі ме?
Өздерінің күнделікті практикалық қызметінде оқытушылар студенттерінің сынақтарын (зачеттерін) уақытылы тапсыруына мүдделілігі соншалықты (бұған оларды дене тәрбиесі факультетінің әкімшілігі де міндеттейді), бұл олардың кәсіби ұстанымына айналып отыр.
Өткізілетін сабақтың негізгі міндеті болса (кез-келген оқу орнындағы), екінші орынға қойылады.
Түрлі қозғалыс дағдыларын қалыптастыратын жаттығулар жеткілікті. Әрі болашақ мүғалім олардың бәрін білуі және әрқайсысын дұрыс, мақсатты қолдана білуі тиіс. Дене тәрбиесінің мұғалімдері түрлі жастағы және даярлығы түрліше деңгейдегі оқушыларды үйретумен айналысады. Демек, үйретуші әдістемені білуі керек, үйренушілердің қайсыбір қимыл тәсілін үйренуге икемділіктерін анықтай алуы және түрліше даярлық деңгейіндегі оқушыларға нақ қажетті әдістерін қолдана білуі, бұл үшін әдістемелік тәсілдерге үйрету әдістерін меңгеруі қажет.
Практикалық сабақтарда студенттер жаттығулардың бәрін тек тәуір меңгеріп қана қоймай, бұлардың әрбірінің техниканы қалыптастырудағы, жалпы және арнаулы бағыттағы дене сапаларының дамуына ықпал дәрежесін де білуі тиіс. Жаттығулардың біразының кешенді әсері бар, бірақ бұл арада әңгіме нақ дағдыны қалыптастыруға бағытталғандары жөнінде болып отыр. Егер жаттығу осы міндетті шешетін болса, оны қолдануға болады, әрі мұқият зерттеген дұрыс. Сонымен қоса, әр жаттығудың техникасын, оның бағытын, өзгешелігін бүге-шігесіне дейін түсіндіру міндетті. Бұған бәрінен гөрі, көп жағдайда педагогтің шығармашылығынан туындайтын әдістемелік тәсілдерді көрсету, түсіндіруді қолдана отырып, қол жеткізіледі. Алайда, практикалық сабақтағы шығармашылық процесс біржақты болмауы тиіс, студенттердің белсенді қатынасы қажет, оларды нақ алғашқы сабақтардан-ақ, тек бағдарламалық материалдарды ғана емес, оқытушы жұмысының ерекшелігін түсінуіне бағыттау қажет.
Студенттерді сабақ кіріспесінің әдістеріне, сөз мәдениетіне, өзін-өзі ұстау мәнеріне, терминологияны білуге, «жұмыс» ымдарына, дыбыс және көру белгілеріне, жұмыста бұйрықтар мен нұсқаулар беруге, түрлі топтарды басқаруға, өзгерген жағдайларда жұмыс жасуға үйрету қажет. Тек педагогикалық шеберліктің осынау аса маңызды құрамдас бөліктеріне тұрақты назар аударған жағдайда ғана, нәтижеге жетуге болады.
Әдістемелік-шолу сабақтары тек қана өткен материалды жинақтауға ғана арналуы тиіс емес. Бұл жерде оқытушы практикалық сабақтарда қолданылған барлық жаттығулардың нақты негізделген жүйесін тұжырымдайды, атап айтқанда, жаттығулардың міндеттерін, олардың бағыттылығын, әрбір нақтылы жағдайда бұларды қолданудың маңыздылығын әрі бұларды берудін педагогикалық тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Әдістемелік-шолу сабақтары, оқу процесін ұйымдастырудың бір түрі есебінде сан қырлы болуы мүмкін, дегенмен де, бұлардың әрбірінің мазмұны, негізінен, жоғарыда айтылған ұсыныстарға сәйкес бағытта болуы тиіс.
Оқу практикасы, әдетте, пәннің практикалық бөлігін оқуымен аяқталады. Студенттер сабақтарды өздерінің оқу топтарында өткізіп, осылайша алған білімі мен педагогикалық шеберлігінен есеп береді.
Студенттердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыру өзекті мәселе. Студенттердің сабақ өткізуге тікелей қатысын ешқандай лекциямен, әңгімелесумен, сауалнамамен айырбастауға болмайды. Нақтылы бір пән бойынша алғашқы сабақтардан бастап, студенттерді бастапқыда бақылаушы-стажерлер ретінде, содан кейін оқытушы мен сараптамашылардың көмекшілері ретінде жұмысқа тартып, тек содан кейін ғана осының бәрін сабақ өткізумен түйіндеп, дербес жұмыс тапсыруға болады.
Тапсырмалардың ауқымы кең ең көп таралған қозғалыс техникасына тән қателіктерді табудан бастап, сабақты жүргізетін оқытушының қызметін талдауға дейін қамтиды, әрі студенттер жұмысын бағалау қажет. Осылайша, оқу практикасының шеңбері кеңейіп, нақтылы бір пәнді оқытудың бар уақытын қамтиды. Егер де сабақтардың өтуін өздерінің оқу топтарында емес, балалармен өткізетін болса, оның пайдасы көбірек.
Оқу практикасының міндетті түрде өткізілуін қарастыратын практикалық пәндердің барлығы, дене тәрбиесі факультетінің оқу жоспарында 10-нан астам. Егер де студенттердің кәсіби-педагогикалық дағдыларының қалыптасуы, жоғарыда аталып өткен ұсыныстарды ескере отырып, жүзеге асырылатын болса, болашақ мұғалімнің қаншалықты маңызды даярлықтан өтетінін көзге елестетуге болады. Бұдан басқа, әрбір пән жүргізуші-оқытушы өз тарапынан осынау процеске, дене тәрбиесінің мұғаліміне қажетті өзіндік шығармашылығын қосады. Сөйтіп, жоғары оқу орындарында өте-мөте қажетті саналатын кәсіби-педагогикалық дағдыларының жеткілікті қалыптасуына әсерін тигізеді.
Қорыта келе айтатынымыз дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір дене тәрбиесі мұғалімін жоғары оқу орнында кәсіби дайындау көп деңгейлі және көп басқышты жүйе болып табылады. Мұнда сол оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимыл екрешеліктерін ескеру, болашақ мұғалімдердің психологиялық тұрғыдағы даярлығын, жалпы кәсіби дайындығын жетілдіруге арнайы әдістерді қолданудың қажеттілігі туады.

1.2 Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға психологиялық тұрғыда дайындаудың мазмұны

Ежелгі дәуірден-ақ ағартушылар әрдайым жастардың жан-жақты дамып отыруы қажеттігін атап көрсетті. Олар қандай да бір қасиетті артық бағалап, шамадан тыс көңіл аудару жеке тұлғалық үйлесімді дамытуға бет бұруға нұқсан келтіретінін түсінгендіктен, тән және жан тәрбиесін бөле-жара қарамаған .
Студент жастардың оқу-еңбек іс-әрекеті ақыл-ой жұмысына қабілеттілігі секілді жетекші пікірмен сипатталатындықтан, оның негізгі факторлары:
— физиологиялық жағдайы: денсаулығы, тамақтануы, ұйқысы, жалпы жүктемесі, рекреациясы;
— сезім мүшелері арқылы ағзаға әсердің физикалық жай-күйі: шу, ауа температурасы, жарық, экология;
— психологиясы: ынтасы, көңіл-күйі, өзін сезінуі және т.б болып табылады;
— жеке тұлғалық қасиеттерінің типологиясы: шыдамдылық, ұқыптылық, ұстамдылық және т.б.
Студенттердің жоғарғы оқу қабырғасында таңдаған өмір бейнесі оның негізгі оқу-тәрбие іс-әрекетімен – жеке тұлғалық қырын қалыптастыруға тікелей қатысты ақыл-ой жұмысына қабілетімен тығыз байланысты.
Әрине, жоғарғы оқу орны ортасына бейімделу ерік – күш шешімі мен іс-әрекетін талап етеді. “Өзін-өзі басқару” немесе “аутогендік менеджмент” секілді терминдер тек сән үшін емес, мақсат қою, өз іс-әрекетін жоспарлау, уақытын бөлу және т.б. ұғымдардан тұратын ерік-күш үшін қолданылады, бұл өз кезегінде, өмір салтының өзгеруімен, өзін салауатты өмір салтына бейімдеумен байланысты.
Студенттермен әңгімелесуі кезінде мынадай сұрақтар қойылды:
1. Сіз өзіңізді мейлінше ерік-жігері күшті адаммын ба деп есептейсіз бе?
2. Мақсаттарыңыз объективті ме, шындыққа жақын ба, басымдылықтар дұрыс таңдалынды ма?
3. Сіз өзіңізді қайта өзгерте аламын деп ойлайсыз ба?
Әңгімелесу қорытындысы бойынша, студент жастардың оқуы мен өмірі дұрыс ұйымдастырылмайды. Семестр бойына күніне 6-9 сағат, сессия уақытында 10-12 сағат бос болмайды; нәтижесінде адам организмінде шаршау пайда болады, студент емтихан сессиясының жиі жүктемесінен құтылып, каникул уақытында өз күшін қайта толықтырмастан (мысалы, материалдық жағдайының жетіспеушілігінен), үнемі ұйқысы қанбай, шаршау, жұмыс жасауға белсенділігі төмен жағдайда жүреді. Әсіресе, жүйкенің эмоциональдық күйзелісі кезеңдерінде оқу материалын игеруге байланысты компенсаторлық және реабилитациялық жүйелер өз міндеттерін атқара алмайды
Жоғары оқу орындарының жағдайы мен ерекшеліктеріне бейімделу проблемасын – жоғары оқу орнының өзекті проблемалары қатарына жатқызған дұрыс.
Әрбір жоғары оқу орны тек қана өзіне тән көп компонентті ерекшелікке – жеке тұлғалық, азаматтық, кәсіптік қасиеттердің дамуы мен қалыптасуына әр түрлі әсер ететін жоспарлар түріне, жоғары оқу орны ортасына ие: педагогикалық ұжымның шеберлік деңгейінен жоғары оқу орны ортасының негізгі компоненті – жоғары оқу орны дене мәдениетіне дейін. Бұл жерде дене мәдениетінің, спорт пен туризмнің кешегі мектеп оқушыларын жоғары оқу орындарының алғашқы уақытта “жұмсақ” болып көрінетін оқу формалары мен түрлеріне бейімдеуі өте маңызды.
Бүгінгі студент – ертеңгі басқарушы – денсаулығының төмен болуы, жұмысқа қабілеттілігінің нашар болуы, өзіне тапсырылған ұжымды ұйымдастыра және мақсатқа бағыттай алмауы туындайды.
Еңбек іс-әрекетіне кәсіби дайындық үлгі, эталон, кәсіби мұрат негізінде болашақ маманның белгілі бір жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мен жетілдіруден тұрады. Бұдан дене мәдениетінің құндылықтары да көрініс табады: денсаулық, соматикалық кескін, қызметтік жай-күйі, психофизиологиялық қабілеттері және жоғары әлеуметтік қайтару мүмкіндігіне, кәсіби сенімділік пен қабілетке ие болуы тиіс.
Жоғары оқу орындарында дене мәдениеті жалпы мәдениеттің бөлшегі бола отырып, оқу пәні ретінде және жеке тұлғаны дамытудың, студенттің кәсіби даярлығының, оның өмір іс-әрекеттерін үйлестірудің компоненті болып қарастырылады. Адамзат баласының барлық дамуы мен қалыптасуы бойына интеллектің дене және рухани күшінің гармониялық үйлесімі жоғары бағаланады.
Әрине, біздің қазіргі өміріміз, әлеуметік-экономикалық базамыз, материалдық қамтамасыз етілуіміз әлеуметтік нәтижелерді ақтай алмайды, дегенмен қазіргі бар нәрсе студент жастардың дене мәдениеті құралдарын кеңінен қолдануына жетеді.
Қазіргі бірінші курс студенттерінің 55-75 %-ның денсаулық жағдайлары көңіл толарлықтай емес. Осыған байланысты дене тәрбиесі кафедрасы студенттердің денсаулық жағдайын бақылау мен оның салдарын анықтау, шешу міндеттері анықталады. Бұл студент жастардың денсаулығына қатысты жағдай, қозғалыс белсенділігінің мақсатқа бағытталған формалары мен түрлерін қолдану бойынша, мысалы эпидемия, пандемия кезеңдерінде міндетті егілу инелерін алу тәрізді шаралар бойынша байсалды шешім қабылдауды талап етеді. Дене тәрбиесі, спорт бойынша оқу және оқу-жаттықтыру процестерінің маңызды міндеті тек дене мәдениеті құралдарын пайдалану дағдысы мен меңгеруден тұрмайды, ол осы құралдарды болашақта кеңінен қолдану, өз мәнерін қалыптастыруға ынталандыру, өмір салтын жетілдіру, социумның жеке “мені” болып табылады.
Бұдан білім жоспарының міндеті шығады: теориялық және әдістемелік-практикалық сабақтар, тек дене дайындығын емес, теориялық білім негіздерін дамытушы және емдеуші кешендер мен жаттығуларды өз бетінше құрастыра және пайдалана алуын қатаң бақылау.
Ескеретін мәселе мектептегі оқу үрдісі мен жоғары оқу орнындағы оқытудан ерекшеліктеріне сәйкес, бірінші курс студентіне жоғары оқу орнындағы оқудың жаңа жағдайы мен ерекшеліктеріне бейімделу технологиясын меңгеру де өмірлік әрі кәсіби маңызды. Бірқатар педагог-ғалымдардың зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бейімделу кезеңі, өкінішке орай, бір жылға созылмайды. Бұл процесс созылу мерзімі бойынша бұрынғы талапкерлердің 7-12 % — нан көрінеді. Егер студент қарым-қатынас жасаудан қорықпаса спортпен шұғылданса, қоғамдық жұмысқа араласса, жоғары жауапкершілік деңгейіне ие кез — келген іс-әрекетпен айналысса, соның бейімделу кезеңі анағұрлым қысқа болады.
Көп жылдық тәжірибені талдау және әр түрлі жоғары оқу орындарының іс-тәжірибені жинақтап қорыту, бізге студенттердің бейімделу кезеңін қысқартуға әсер ететін факторларды төмендегідей етіп бөліп қарастыруға мүмкіндік берді:
— дене мәдениетінің белсенді құралдары, спорттық ойын түрлері, туризм, альпенизм, спорттық бағыттау, құзға өрмелеу және мақсатқа бағытталған физикалық жұмыстар түрлері, әсіресе табиғат ортасында болу жағдайларымен байланысты жаттығулар;
— студенттерді жалпы сауықтыру-спорттық, ойын-сауық шараларына тек қатысушы есебінде емес, ұйымдастырушы және жауапты маман ретінде тартуды ұсыну;
— салауатты өмір салтын қалыптастыру және болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстырып насихаттау.
Біздің ойымызша, оқу кезеңінің 3-5 жылына жоспарланған және талқылаудан өткен ұсыныстарды қолданған дұрыс; өзін-өзі жетілдіру бағдарламасының негізгі ережелері денсаулықты нығайтуға бағытталуы тиіс.
Денсаулыққа тікелей қатысы бар, өз “менін” жетілдірудің негізгі бағыттары болып табылады:
— ағза мен биоритмнің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу кезеңі жағдайында еңбек, демалыс, ұйқы режимдерін дұрыс пайдалану;
— дене жетілуі және денсаулықты нығайту үшін дене мәдениеті мен спорт құралдарын дұрыс қолдану;
— өз денесін, ағзасын, көңіл-күйі мен сезімін басқарудың қабілеттері мен дағдыларына үйрену;
— шынығу негіздерін меңгеру мен дұрыс тамақтануды қабылдауға үйрету.
Әрине, бағдарламаны орындаудың қорытындысы өмірге қажетті блімдер, сапалар, қабілеттер, дағдылар жиынынан тұрады. Мұның бәрі адамның оның ішінде кәсіби маманның жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды болып табылады.
Болашақ мұғалімдердің дене мәдениеті мен спорт құралдары арқылы кәсіби маңызды психикалық қасиеттерді қалыптастырудың маңызы зор.
Зейіннің жекелеген қасиеттері арнайы ерекшеліктерге ие, осыған байланысты оларды қалыптастыру және жетілдіру барысында әр түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылады.
Зейіннің көлемі мен таралымы өзінің психофизиологиялық құрылымы бойынша жоғары жұмыс қарқыны жағдайында бірнеше іс-әрекеттерді бірмезгілде орындау дағдысы түрінде қалыптасады. Сонымен қатар көретін объектілер мен құбылыстар саны, олардың арасындағы ара қашықтық және қабылдау темпі үнемі өсіп отырады.
Зейін дене тәрбиесі процесінде бірнеше жолмен қалыптасады:
— қайта аудару “бағыты” мен техникасын алдын-ала меңгеру ережелерімен бір объектіден екінші объектіге зейін қою арқылы;
— қосымша объектілерден анағұрлым маңыздысын бөліп алу жаттығулары арқылы;
— зейіннің бір объектіден екінші объектіге тез аударылу жылдамдығына жаттығу арқылы.
Зейіннің тұрақтылығы ерік-күш қасиеттерін қалыптастырумен және белгілі бір физиологиялық өлшемі, әсіресе көз анализаторының төзімділігін жаттықтыру жолымен қамтамасыз етіледі. Зейіннің сапалы болуы үшін гимнастикалық және сапта тұру жаттығуларының мүмкіндігі үлкен.
Доппен ойнау ойындары зейінді дамытудың тиімді әмбебап құралы болып табылады. Бұл ондағы қозғалыстардың әр түрлі зейін қасиеттерінің жоғары деңгейде көрінуін талап етумен түсіндіріледі. Мысалы, волейболшы ойын барысында бірмезгілде 10-нан артық объекті қабылдауға және олардың элементтерін орындауға тура келеді. Мысалы, ол допты қабылдай отырып, бір мезгілде доп пен ойыншы арасындағы ара қашықтықты анықтайды, өз ойыншыларының және қарсы жақтың ойыншыларының орын алмастыруын бақылайды, доппен берудің тәсілі мен күшін таңдайды және т.б. Бұдан басқа, волейболшы ойын кезінде зейін аударылған объектіні үнемі бірден өзгертіп отыруға тура келеді. Ол допты шабуылшыға беріп жатып, өз зейінін сақтануға және қабылдауға аударады, т. б. Тек бір секундтің ішінде волейболшының зейіні кезекпе-кезек 3-6 объектіе аударылады. Ойынның ұзақтығы, тактикалық жағдайлардың әр түрлілігі зейіннің тұрақтылығын талап етеді. Мұның бәрі валейболмен шұғылданудың өзі зейін сапасының дамуына ықпал ететіндігін көрсетеді. Мысалы, волейболшының зейін көлемі гимнастшы, күресші, жүзушілерге қарағанда 25-31 % жоғары.
Зейіннің көлемін және таратылымын дамытуға арналған жаттығулар: жүгіру, жол бойына велосипедпен жүру; бірмезгілде қолмен және аяқпен жаттығулар орындай жүріп орташа және қатты жылдамдықпен жүгіру (мысалы, эстафеталық жарыс); ағаштар арасындағы таумен жүгіру; жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру; жеңіл атлетикалық снарядтарды лақтыру; қол мен аяқтың түзулігіне арналған еркін гимнастикалық жаттығуларды орындау; екі немесе одан да көп доптарды лақтыру; параллель қойлыған екі гимнастикалық отырғыштармен жүру.
Дене тәрбиесі процесінде тез ойлануды дамытудың тиімді жолдары болып: тактикалық дайындық элементтерін қолдану, сабақтарда спорт ойындары мен еркін күрес жаттығуларын кеңінен қолдану; арнайы педагогикалық ықпал ету жүйелерін енгізу.
Тиімді әсер етеді:
— дене тәрбиесі материалын тез ойланып қабылдауға үйрету (проблемалық оқыту және ақыл-ой әрекеттерін кезеңмен қалыптастыру принципі бойынша);
— ойыншының орта қашықтыққа жүгірушінің, күресшінің тактикалық ойлауын дамытуға арналған жаттығулар түрі бойынша алгоритмдік (белгілі бір схемамен бойынша шешілетін) және эвристикалық (ойдың шығармашылық күшін талап ететін) тапсырмаларды орындау;
— байқағыштық, есте сақтау, қабылдау, зейін, ерік және тез ойлаумен байланысты басқа да психикалық процестерді дамытуға арналған жаттығулар.
Студенттердің ойлау қабілетін жетілдіру бағытында мынадай арнайы жаттығулар ұсынылады:
1. Орта қашықтық жүгірушісіне, ойыншыға, күресшіге, былғары қолғап ойыншысына арналған әр түрлі тактикалық алгоритмдік және эвристикалық тапсырмаларды орындау.
2. Кенеттен пайда болған алгоритмдік және эвристикалық міндеттерді шешу эстафетасы (жалпы аймақтық жеткізу жеңіл атлетикалық эстафетасы, кедергілерді шешу, допты жүргізу, жеткізу эстафетасы).
3. Кедергілер жолағын кесіп өту.
4. Таудан жүгіру, велосипедпен жүру, көлбеу бағыт бойынша шаңғымен, шанамен жылдам құлдилау.
5. Спорттық ойындар (бадминтон, баскетбол, бейсбол, валейбол, қол добы, теннис, үстел теннисі, шағын-футбол, хоккей).
6. Жабық тормен бадминтон, валейбол, теннис ойнау.
7. Шахматтық “блиц” ойыны. Ұзақтығы 3-10 минутқа созылады. Әр жүріске 3-10 секундтан беріледі. Ойлануға және ойын партияларына берілетін уақыт біртіндеп азайтылады.
Эмоционалдық тұрақтылық кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі процесінде төмендегідей жолмен қалыптасады:
1) эмоциональдық шиеленіс жағдайында ерік-күш тәжірибесін жинақтау, стресс-факторларға бейімделудің физиологиялық процестерін жетілдіру;
2) дағдылар мен қабілеттерге, әдеттерге үйрену, эмоциональдық шиеленісті өздігінен реттеу.
Әр түрлі стресстік жағдайларды модельдеуге және қойылған мақсатты тиімді орындау үшін барлық айналысушының күшін жұмылдыруға арналған жаттығулар анағұрлым тиімді әдіс болып табылады. Бұл бірінші міндетті шешу үшін қолданылады. Екінші міндетті шешу соматикалық және жағымсыз өзгерістерді қабылдау (мимикалық және қаңқа бұлшық еттерін реттеу, арнайы тыныс алу жаттығуларын жасау) және эмоциядан, өзін-өзі сендіруден арылу жаттығуларын орындау арқылы жүзеге асырылады.
Эмоционалдық шиеленіс жағдайында ерік-күш, мінез-құлқын жинауға арналған мынадай жаттығуларды ұсынамыз:
1. Күрделі бағытпен таудан жүгіру.
2. Батылдық пен шешімділікті көрсетуге арналған қозғалыс жатығуларын орындау эстафетасы.
3. Әр түрлі қозғалыс жаттығуларын биікте орындау (гимнастикалық бөренеде, гимнастикалық қабырғада, арнайы алаңда).
4. Жоғарыдан суға секіру.
5. Қозғалу сызығы бойынша күрделі жаттығуларды орындау.
6. Топтық спорттық және қозғалмалы ойындар (баскетбол, волейбол, қол добы, регби, доп үшін талас, хоккей және т.б.).
7. Қиын бағыт бойынша шаңғымен жылдам құлдилау.
8. Құзға шығу.
Жеке тұлғаны нақты ерік-күш қасиеттеріне тәрбиелеуге арналған ықпалдар жүйесі, оның ерік-күш мінез-құлық тәжірибелерін жинақтауы, ерік-күшінің көрінуі үшін жақсы функциональдық, физиологиялық және морфологиялық база жасауы ерік-жігер қасиетін қалыптастырудың әдістемелік негізі болып табылады. Өндіріс қиындықтарымен пара-пар, қиындықтарды жеңуге арналған дене жаттығулары, спорт түрлері осы міндеттерді шешу үшін негізгі әдіс-тәсілдер қызметін атқарады.
Ерік-күш қасиетінің бұл түрін қалыптастыру негізінен, ынташылдық мінез-құлық тәжірибелерін дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жүргізу арқылы іске асады. Осы мақсатта келесі әдіс-тәсілдер маңызды болып табылады:
1) сабақта студенттің ынтасы бойынша дене жаттығуларын орындау;
2) топпен жасалатын жаттығулардың дербестік сипаты;
3) студенттермен қозғалыс міндеттерін оңтайлы шешу үшін жарыстар өткізу;
4) жарыстарға түсірудің тактикалық жоспарын өз бетінше таңдауы;
5) ынтасы бойынша топта дене шынықтыру және спорт шараларын ұйымдастыру;
6) спорттық ойындар;
7) еркін күрес;
8) эстафеталар;
9) жеке жарыстар.
Батылдық және еркітік белгілі тәуелділік элементтерінен тұратын және қорқыныш пен құбылу сезімдерін жеңуді талап ететін жаттығулар арқылы қалыптасады.
Батылдық пен шешімділікке арналған жаттығулар:
1. Кедергілерді жеңуде, шатқалды таулардан жүгіру.
2.Тереңге секіру және гимнастикалық снарядтардың тарсылы.
3. Көзді жауып жүру және жүгіру.
4. Кедергілер арқылы секіру.
5. Батутта жаттығу: ішпен секіру – аяқпен секіру, бүгіліп алға және артқа сальто жасау.
6. Арнайы кедергілер жолағын жеңу.
7. Күш элементтерінің жеңілдетілген ережелері бойынша регби ойнау.
8. Акробатикалық секіру.
9. Суға секіру.
10. Жерге, еденге секіру-құлау.
11. Ойындарда тез шабуыл жасау.
12. Күшті қарсыласпен боксерлік жекпе-жек.
13. Құзға өрмелеу.
Сыртқы және ішкі қиындықтарды мейлінше жеңуге арналған – элементтерден тұратын – жаттығулар төзімділік қасиетті дене тәрбиесі процесінде қалыптастырудың анағұрлым әрекетшіл құралы болып табылады. Бұлар қолайсыз метеореологиялық жағдайда орындалады, айтарлықтай жүйке қүйзелістерін талап етеді. Төзімділікке тәрбиелеу барысында қолданылатын жабдықтардың тиімділігін арттыра түсетін әдіс-тәсілдерді қолданған жөн: күш-жігерді өсіру, топта жаттығу, салыстыру, жаттығуға эмоциональдық факторларды енгізу, техникалық құралдарды пайдалану.
Төзімділікті қалыптастыру кезінде тек ерік-күш жігерін жаттықтырып қоймай, күштің физиологиялық базасын да нығайту керек. Бұл жағдайда жүктеменің кезеңдік өсу принципін және оның ағзаның мүмкіндіктеріне тепе-теңдігін қатаң сақтау қажет. Қарама-қарсы жағдайда физиологиялық базаның әлсіреуі пайда болады, ақырында ерік-күші төмендейді.
Төзімділікті қалыптастыруға мынадай жаттығулар ұсынылады:
1. Қолайсыз метеорологиялық жағдайда жай ұзақ жүгіру – 3 сағатқа дейін.
2. Темптік кросстық жүгіру – 3 сағатқа дейін.
3. Жердің әр түрлі кедергілеріне толы қиын соқпақтармен кросстық жүгіру.
4. Қолайсыз метеорологиялық жағдайда кросс және марш-лақтыру кезінде жаттығу жасау: жауында, қар жауып тұрғанда, қатты желде, жоғары және төмен температурада жаттығу.
5. Марш – лақтыруда 8,10,20,30,42 шақырым жерлерге жүгіруден жарысу.
6. Алысқа жүзу.
7. Арнайы кедергілер жолағынан өту.
8. Анағұрлым күшті қарсыласпен күресу.
9.Жаяу және шаңғымен біркүндік және көпкүндік туристік саяхатқа шығу.
10. 20 км немесе одан көп қашықтыққа саяхатқа шығу.
11. Шаңғымен жүріп өту, веложүгіру.
12. Дем алғанда және шығарғанда тыныс алуды аз уақытқа ұстау.
Қазіргі кезеңде психикалық күйзеліс пен психологиялық шаршаудан арылудың тәсілі ретінде аутогендік жаттығудың маңызы зор. Бұл әдісті меңгеру үшін орта есеппен бір айға жуық уақыт пен күніне 10-15 минуттық жаттығу қажет. Ойлағандай нәтижеге жету үшін, алдымен сәттілікке сену керек. Креслода отырып немесе жатып, мазалайтын ойларды алып тастап, алдын-ала жақсы жатталған тексті жаймен, бір сазбен созып айту керек: “Мен демаламын. Әр түрлі ойдан босаймын. Өзімді жеңіл және еркін сезінемін. Барлық дене босады. Маған жеңіл және жақсы. Мен демаламын т.б.”
Бұдан кейін тез тұру керек, қолды көтеріп, екі жаққа жазу керек, тез және терең тыныс алып, шығарарда демді тартып тұру керек те, содан соң қатты терең дем ал керек. Жаттығу жасау тиімді болады.
Дене және психофизиологиялық жаттығуларды, кешендерді, жүйелерді қолдану бойынша ақыл-кеңес беру, әрине, студенттің бүгінгі және ертеңгі кәсіби жұмысына дайын болуына, кәсіптік аурулардан жазылуға, артық жүкетемеден, шамадан тыс шаршаудан алыс болуға әсерін тигізеді.
“Ойлау”, “эрудиция” секілді ұғымдарды түсініп алмайынша, ақыл-ойды дамытудың мәнін анықтау мүмкін емес. Адам ерікті және еріксіз өмірді тани отырып, өздері қабылдаған құбылыстар мен заттарды салыстыруға, талдауға және жинақтауға, модельдеуге, қорытынды шығаруға, гипотеза мен теория жасауға мәжбүр болады. Сезім мүшелері арқылы танылатын заттың барлығы – шындық емес, көпшілігі өркениет жетістігімен түсіндірілетіндіктен, біздің органдарымыз үшін алыс та. Осы кезде қоршаған ортаны тану тікелей ойлау, ақыл-ой қызметі арқылы жүзеге асырылады. Танымның нақты ойлау процесі, іс-әрекеттер алгоритмі мен жеке тұлғалық мүмкіндіктерге негізделген мақсатты ақыл-ой белсенділігі ойлау болып табылады. Әрине, әр түрлі адамдарда ақыл-ой жұмысына деген қабілет әр басқа болып келеді. Тиімді ойлаудың, ақпаратты өңдеу мен түсінудің ақыл-ой мүмкіндіктері интеллектің мәнін құрайды, ал ойлау – оның іс-әрекетінің процесі.Адамның ойлау іс-әрекеті әрқашанда ақпараттық жаңарусыз мүмкін емес.
“Эрудиция” және “интеллект” ұғымдарының бір-біріне қарым-қатынасы “сан” және “сапа” дегенмен бірдей. Адам неғұрлым көп ақпарат алған сайын, соғұрлым оны тез өңдейді және меңгереді. Адам меңгеретін жүйелі ақпарат көлемі, яғни білім мөлшері, оның қызмет етуі үшін қажетті білім эрудиция деп аталады. Бүгінде интеллект өз дамуының ең жоғары деңгейінде дәстүрден тыс шығармашылық ойлау, мәселені шешудің жаңа жолдарын табу болып қарастырылып жүр. Адам интеллектісі өзгермелі, адамның өзінің ақыл-ой қабілетіне қарай жақсара түседі не төмендейді. Интеллектің ішкі құрылымы үйлесімді ұйымдасқан, іс-әрекет үшін тұтастық болып құйылған, интеллектің бірмезгілде өмір сүруінің формалары болып табылатын деңгейлерден тұрады: дұрыс ойлау, түсіну, ақыл.
Ойлау – күнделікті өмірде зат пен құбылыстың өзара байланысына негізделген анағұрлым тұрақты түсінік, бас миының оң жақ жарты шарының қызметімен байланысты практикалық ойлау формасы. Дұрыс ойлау – ой бағыттарын дұрыс практикалық пайымдау түрінде таңдауға, табиғи жаратылысқа негізделген арнайы фильтр тәрізді.
Түсіну – бейнелеу мен тәрбиелеу шикізаты – сезімдік ақпарат, тұрмыс шындығы базасымен емес, жоспарланған жазу мен ережелер, нормалар мен схемалар бойынша жұмыс жасайтын практикалық және ғылыми сипаттағы білімдердің алдын-ала меңгерілуі негізінде қалыптасады. Түсіну іс-әрекеттер алгоритміне қабілеттілік болып табылады, оған автоматизм, бағдарланған іс-әрекет және консерватизм тән. Түсіну қызметі мидың сол жақ жарты шарының қызметімен (логикалық), әрине грамматикалық формалармен – тілмен байланысты.
Ақыл – адам ойлауының ең жоғарғы сатысы, негізі – дұрыс ойлау мен түсінік құндылықтарының жаңа сапаға айналуы – шығармашылықпен ойлауға қабілетті болып табылады. Ақылға құбылыс мәніне терең бойлау, тұрақты схмалар мен логикалық құрылымдарды өзгерту, жаңа матрицаларды құру, заттар мен құбылыстар арасындағы байланыс заңдылықтар анықтау, шығармашылық көру, болашаққа мақсатын көзқарас, интуиция элементтері (түйсік) тән. Ақылмен ойлау бас миының екі жақ жарты шарының жұмысымен байланысты деп түсіндіріледі. Ми көлемі адамның ақыл-ойын анықтай алмайды. Негізгі көрсеткіш – функциональдық байланыстардың саны, нақты айтқанда – ми құрылымында нейрондар арасында байланыстың пайда болуы. Ал олар бір нейронның бойында 10 000-ға дейін болады. Қандай жағдай болмасын тек 500-600 ғана жұмыс жасайды.
Ми қартаймайды және істен шықпайды — өйткені үлкен потенциал оған мұндай мүмкіндік бермейді. Ежелгі заман уақытынан бергі адам миының өзгеруі туралы түсінік ғылыми дәлелсіз болып шықты. Нейрофизик Г.А.Кураева былай дейді: “Сізді ренжітуге тура келеді – ми мүлдем өзгерген жоқ. Адам бүгінде үлкен білім мөлшерін меңгерген, сондықтан ол ақылдырақ болған секілді көрінеді. Ал құрылымы бойынша, бұрынғы ата-бабаларымызбен бірдей: екі жарты шар, сол жағы – тілдік, мұнда көру, есту, сөйлеу орталықтары бар, бұған қоса ол оң қолмен басқарады. Оң жақ жарты шары – субдоминантты. Егер оң жақ мидың қандай да бір бөлігін алып тастаса, айтарлықтай қауіп тумайды. Бүгінде дүние жүзінде оң жақ жарты шарының түбірі бұзылған 160 атақты адам өмір сүреді, олардың миы дұрыс қызмет етеді. Пастер жастық шағында үлкен соққы алып, нәтижесінде оң жақ жарты шарының қорексіз болып қалғанына қарамастан, үлкен ғалым болып шықты”.
Психогенетиктер арасында интеллект туа біткен қабілет пе, әлде қоршаған ортаның, оқыту мен тәрбиенің , эрудицияның әсерімен қалыптаса ма деген мәселе бойынша әлі де бірыңғай пікір жоқ. Бір ғалымдар ақыл-ой қабілетінің 10% — генефондпен, 20% — әлеуметтік ортамен анықталады дейді. Басқалары 75% — тұқымқуалаушылықпен, 25% — ортамен, 13% — ішкі жанұя факторларымен, 12% — жанұялар қатынасымен анықталады дейді. Ғалымдардың көпшілігі интеллектің қалыптасуы екі негізгі фактордың – тұқымқуалаушылық пен әлеуметтік ортаның әсерімен жүреді деген пікірді қолдайды. Бұл екеуінен жаңа ойлау сапасы – адам интеллектісі пайда болады, оның әлеуметтік өмірде жүзеге асуы төменгі құрамдас бөліктердің болуымен байланысты:
1. Дене — психика — рухани — денсаулық. Өз күшіне сенімділік. Өзіне сыншылдықпен қарау.
2. Дұрыс ойлау. Оқуға әрдайым ынтасы, қабілеті болу, соның ішінде саналы түрде.
3. Ақыл-ой іс-әрекетінің алгоритмдерін белсенді қолдану, жылдам оқу техникасын меңгеру, дамыған зейін мен ес.
4. Білімнің нақты бір саласы бойынша кәсібилік және құзырлық. Дамыған логикалық ойлау.
5. Қиял мен түйсіктің дамуы. Ерекше ойлауға қабілеттілік.
6. Еңбексүйгіштік. Міндеттілік деңгейінің жоғары болуы.
7. Дамыған рефлексия — өзін және жағдайды сырттай көре білу: қарым-қатынасқа бейімділік және ашықтық.
Рухани денсаулық адамдарға ақыл-ойдың табыстарын қоғамға зұлымдық үшін емес, жақсылық үшін қолдануға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның интеллектуальдық потенциалының алғашқы бастаулары – оқуға үнемі тілек білдіру және қабілетті болу. Эрудиция, яғни сатылары – ақыл-ой іс-әрекетінің алгоритмдерін белсенді қолдану, зейін мен есті дамыту, ақпаратты тез қабылдау техникасын жетілдіру – интеллектің қуаты мен шикізаты болып табылады.
Барлық талантты адамдар жоғары міндеттілік қасиетіне — өз қабілетін өмірде жүзеге асыру қасиетіне – ие болған. Олар өз іс-әрекеттерін сын тұрғысынан талдай алу және қарым-қатынаста ашық, тіл табысу қасиеттеріне ие болу арқылы өз жетістіктерін қоғамның қозғаушы күшіне айналдыра білді.
Ақылдың төрт негізгі түрі бар екені белгілі:
— концептуальдық – логикалық, математикалық, лингвисикалық — есептерді шығаруға қабілетті адамдарға тән;
— әлеуметтік – мақсаттар иерархиясы мен құндылық бағыттарын анықтауға арналған тұлғааралық қатынастар;
— эстетикалық – заттың пайда болу себебі мен практикалық маңыздылығынан ажыратып, сыртқы формасын қабылдау;
— технологиялық – қандай да бір жұмыс түрін орындауға арналған ақырғы нәтижелер мен техникалық мүмкіндіктер (жеке бұлшық-ет күштері мен амал-тәсілдері жатады).
Ақылдың осы немесе басқа түрінің 100%-дық сапасына ие адам жоқ деуге болады. Әр адам ойлау аппаратының әр түрлі сапасына ие, ол тұқымқуалаушылыққа, қоршаған ортаның әсеріне, адамның қабілетіне байланысты.
Ақыл-ой еңбегі деп, жоспар мен мақсат арқылы оқу, өзін-өзі оқыту, ойлап табу, дұрыс шешу секілді әлеуметтік маңызы бар нақты міндеттерді орындауға арналған жұмыс түрі есептеледі (М.Я.Виленскийдің, А.В.Палладиннің, В.М.Коганның, Ю.И.Евсеевтің зерттеу материалдары бойынша).
Ғылымда ақыл-ой іс-әректінің шамасы дене мүшелері мен ағзаның функциональдық өзгерісіне байланысты екендігі дәлелденген (студенттердің оқу-еңбек жұмыс нақ осы категорияға жатады). Ми ткані басқа дене тканьдеріне қарағанда, ауаны көп қажет етеді, мысалы 20% жуық (адам салмағын 70 кг деп алғанда, бас миының салмағы 1,5-2 кг, яғни дене салмағының 2-3 % құрайды), басқаша айтқанда, минутына 45-50 см3 керек етеді. Ақыл-ой жұмысы кезінде күш-қайраттың біркүндік шығыны орта есеппен 2800-3000 ккал құрайды. Қуат күшінің салыстырмалы шығыны бойынша, ақыл-ой жұмысының кейбір түрлері тыныштық жағдайында жоғары күш-қуат жұмсалуын талап етеді: отырып “ішінен” оқу — 16%-ға; дауыстап оқу — 48%; дәріс тыңдау, практикалық, лабораториялық тапсырмаларды тұрып орындау — 46%; тұрып дәріс, баяндама оқу — 94%-ға.
Жүрек-қан тамырлары эмоциональдық факторлардың араласуынсыз аз ғана өзгереді, жиілік қарқынына байланысты.
Студенттердің күрделі оқу материалдарын игеру процесін бақылау (емтиханға дайындық кезінде – кітап, конспект оқу) нәтижелері төмендегідей қортындылар жасауға әкелді: алғашқы 8-бетті игеру процесінде көмірқышқылдың бөлінуі 18% өсті, ал 16 беттен кейін — 20%, 32 беттен кейін — 35% жоғары артты.
Жүрек-қан тамырларының соғысы да қызығушылық тудырады. Ақыл-ой жұмысы кезінде ми тамырларының қанмен толуы күшейді, ақырғы перифериялық тамырлар тарылады, ал ішкі тамырлар кеңейеді, басқаша айтқанда тамырлар реакциясы бұлшық ет жүктелімі уақытындағы тамырлар жұмысына керісінше әсері болады. Қысқа мерзімді қатты ақыл-ой еңбегі жүрек соғысының жиілігін күшейтеді, әсіресе, жұмыс нервтік-эмоциональдық жағдайда өтсе, тез бұзу факторларымен, уақыттың жетіспеушілігімен, сыртқы жағдайлардың керітартпа әсерімен бірге жүрсе, жүрек жұмысының жиілігі арта түседі. Ұзақ мерзімді ақыл-ой жұмысы барысында жүрек қан тамырларының соғу жиілігі баяулайды.
Зерттеулер бойынша, семестр бойына, емтихан күні және одан кейінгі 2-3 күн ішінде жүрек соғысының көрсеткіштері төмендегідей мәліметтерге ие болады. 70-74 ұру / минутына; 120-150 ұру / минутына; 78-82 ұру / минутына. Өзгерістер артериальдық қан қысымының көрсеткіштерінен де байқалады: 118 / 75 мм рт. ст., 170 95 және 128 / 75. Мұндай заңдылық “жұмыс доминантының” ұзақ уақыт бойына өшпейтіндігін, керісінше, шаршай отырып, мүлдем жоғалып кетпейтіндігін көрсетеді.
Ұзақ және мақсатты ақыл-ой еңбегінен кейін жалығу пайда болады, бұл – ағза болмысының шынайы жағдайы, сыртқы сезім мүшелерінің жұмысына әсер етеді: ағзаның реакция беруі бірден көтерілуі не төмендеуі мүмкін: жаңа ғана меңгерілген білімнің бір сәтке жоғалуы пайда болып, есте сақтау күші төмендейді. Ұғымдар мен түсініктер бұлдыр тартып, “ой қашады”, жұмыс жасау құлқы жоғалады, ағза жағдайы ұзақ уақытқа өз қалпына келмейді.
Көбінесе жалығу жағдайын шаршаумен – индивидтің субъективтік пікірімен шатыстырады, оған жоғарыда аталған белгілердің бәрі тән, бірақ олар қысқа мерзімді, олардың себептері белгілі: жасаған іс-әрекетіне көңілі толмау, сәтсіздіктер, ойлау жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы, көңіл-күй толқыны (мысалы: емтихан күні жоғары баға алу) және т.б. Айта кету керек, студенттің емтиханды жақсы тапсыруға ұмтылуы оны одан сайын жұмылдыра түседі, ал “құлап қалу” депрессия жағдайына түсіреді.
Ақыл-ой еңбегі қозғалыс белсенділігі аз жағдайда жүзеге асады, бұл мидың үлкен шарында тежелу процестерінің дамуына әсер етеді, бұдан жалпы көңіл күйі мен жұмысқа қабілеті төмендейді, жалығу пайда болады.
Қатты, әсіресе бірден жалығудың алғашқы белгілерінің пайда болуы – ағзаның әлсіреуін дамытпау үшін қажет биологиялық қорғаныс, жұмысты тоқтатуға, реакция беруге арналған белгі.
Ерік-күш жігерімен ағзаны әрі қарай жұмыс жасауға мәжбүр етуге болады, бұдан жалығу кетпейді, қайта бұдан да қауіптірек қалжырау пайда болады. Әбден қажуға жұмысқа дейін шаршап қалу сезімі, қызығушылықтың жоғалуы, апатия, адекватты емес жоғары реакция, бас ауруы, бас айналуы, тәбет пен дене салмағының төмендеуі, тершеңдік, ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы күресінің азаюы және т.б. тән.
Ақыл-ой жұмысына қабілеттіліктің өзгеруі күні бойына апта ішінде, семестр және оқу жылы бойына байқау нәтижелері қойылған мақсаттың ағза жағдайымен тығыз байланыстылығын бейнелейді. Ағзаның дайындалу, тұрақталу, жоғарылау кезеңдерінде жағдайы төмендейді.
Жаңа оқу күнінің басы оқу еңбегінің жоғары талаптарымен ерекшеленбейді. Дайындалу кезеңі–10-30 минут арасы. Бұл уақыт аралығында бас миының қыртыстарында жұмыс доминанты пайда болады. Осыған сәйкес ынталандыру маңызды роль атқарады. Көбіне жоғары тиімді жұмысқа қабілеттілік 3 сағаттан артық болмайды (1,5–3 сағат). Ағзаның функциональдық жағдайындағы өзгерістер оқу еңбегінің мазмұнына, формасына, түріне көлеміне байланысты. Одан әрі жұмысқа қабілеттілік деңгейінің төмендеу кезеңі пайда болады немесе оның жалғасы ерік-күш жігерінің есебінен жүзеге асады.
Кез-келген іс-әрекет, әсіресе интеллектуальдық, психологиялық тұрғыдан жұмыс ырғағының талабымен және организмге тән биологиялық ауытқулармен түсіндіріледі. Адам үшін “тәуліктік ырғақ” маңызды роль атқарады, организмнің 50-ден астам физиологиялық қызметі өзгереді. Сергу кезеңінде жүрек-қан тамырларының, эндокриндік, бұлшық ет, айыру және т.б. жүйелердің функционалдық жағдайы ең жоғары деңгейге жетеді, ал дем алу ұйықтау кезеңдерінде қайта күш жинайды. Оқу-еңбек процесінің басынан-ақ организмнің өмірлік маңызды қазметтерін оқумен дәл байланыстыру жұмыс нәтижесін тиімді етеді.
Зерттеушілердің бірқатары студенттер контингентін “таңғы” (“бозторғай”) және “кешкі” (“үкі”) топтарға бөлетіні белгілі. Алғашқылардың көңіл-күйі таңертеңгілік көтеріңкі және күні бойына ұзақ жұмыс жасауға қабілетті келеді. Соңғылары күннің алғашқы жартысында “ұйықтап” жүреді, кешкі сағат 17-18-ден бастап, жұмыс жасауға белсенділігі артады.
Зерттеу нәтижелері бойынша, 35 % — іскерлік белсенділігін “кешкі” топқа, 17 %- таңғы, 48%-ін “аритмикалық” топқа жатқызуға болады. “Бұл мінез-құлық генетикалық жаратылыстан ба, әлде өмір кезеңдерінен бе?” – деген сұраққа бірізді жауап жоқ. Кез-келген еңбек, әсіресе ақыл-ой еңбегі және өзінің биоритмімен демалу – тек денсаулықтың жоғары жұмсалуы емес, оның дұрыс сақталуының кепілі екендігін есте ұстау керек. “Бозторғайлар” үшін бір бөлек, “үкілер” үшін өз алдына сабақ кестесін құру мүмкін емес, сондықтан оқудың күндізгі формасымен оқитын “үкі” және кешкі түрімен оқитын “бозторғай” студенттер үнемі ынталандырудың жоғары болуын, “ерік — күш жігерінің” табанды болуын қажет етеді.
Зерттеулер дәлелдегендей, адам іс-әрекетінің қозғаушы тетігі – саналы белсенділік, қойылған мақсатты бағдарлы орындау. Студенттерге мәжбүрлік темппен есептеу операцияларын орындау ұсынылды.
Эксперимент шарты: әрбір сыналушы мүмкіндігі жеткенге дейін тапсырманы орындау болды. Нәтижесінде: қызығушылық пен эмоциональдық қарым-қатынас көрсеткен студенттер бұл қасиеттерді байқатпаған студенттерге қарағанда, ұзақ уақыт орындады.
Өз жұмыстарының нәтижесі туралы ақпарат алу арқылы орындалған жұмыстар анағұрлым қызық болып шықты. Мұндай ақпаратпен қамтамасыз етілген студенттің жұмысы сапалы орындалды. Сонымен қатар, оқу материалын жүйелі меңгеру мен есте сақтауға бейім студенттерді (А) және семестр бойына жүйесіз жұмыс жасаған, жалпы тапсырмаларды орындамаған, оқу орнындағы психологиялық көңіл-күйі зерттелмеген студенттерді (Б) бақылау да қызық нәтиже берді
А – жыл бойына жүйелі жұмыс істеу;
Б – сессия уақытында “секіріп” жұмыс істеу.
Студенттердің ақыл-ой жұмысына қабілеттілігі жұмысқа дейінгі психофизиологиялық жағдайына, жұмыстың өз сипатына, оның ұйымдастырылуы мен басқа да себептеріне байланысты өзгереді. Іс-әрекеттің уақытынан тыс: ол академиялық сағат, оқу күні, аптасы, оқу жылы болсын, оқу еңбегі тиімділіктің әр түрлі кезеңдерімен сипатталады: қалыптастыру, тұрақты (тиімді) қабілеттілік және оның түсу кезеңдері.
Оқу күні: қалыптасу мерзімі 15-30 минут. Бұл кезең жұмыс доминантының пайда боуымен ерекшеленді. Анықтау, психологиялық дайындық маңызды роль атқарады. Екінші кезең ұзақтығы 1,5–3 сағатқа созылады, жоғары тиімділік дәрежесіне, қызметтік мүмкіндіктерді мейлінше мол пайдалануға, оқу іс-әрекетінің талаптарына сай организмнің өзгеруіне ие. Үшінші кезең – ерік-күш жігерімен және жағымды ынталандырумен жолығудың алғашқы белгілерінің орнын толықтыру. Одан әрі жалығу өсе түседі (анализаторлардың жұмысы бұзылады, зейіннің тұрақтылығы, естің жылдамдығы жойылады т.б.) Келесі кезең жұмысқа қабілеттіліктің мүлдем төмендеуімен, жұмыс доминантының кенеттен азаюымен, сөнуімен сипатталады.
Студенттің жұмыс күні аудиториялық сабақтармен аяқталмайды: ол өзін-өзі дайындауға бөлінетін уақыттан да тұрады. Жұмысқа қабілеттіліктің екінші сатысы тек тәуліктік ырғақпен емес, мотивациямен, психологиялық дайындықпен және “ерік-күш синдромын” қолданумен де түсіндіріледі.
Оқу аптасы: қалыптастыру кезеңі–дүйсенбі-бейсенбі жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейі, жұма-сенбі–оның төмендеу мерзімі. Әрине, бұл заңдылық жауапты тапсырмаларды орындаумен, бақылауға, семинарға, сынаққа дайындалумен байланысты нервтік-эмоциональдық факторлардың араласуымен өзгеріп те кетуі мүмкін.
Студенттердің семестр, жыл бойына жұмысқа қабілеттілігі қалыптасу, тиімді іс-әрекет, төмендеу кезеңдеріндегі өзгерістерге тәуелді. Көбінесе студенттер 3-3,5 аптадан кейін қалыпқа түседі. Тұрақты, жоғары тиімді жұмыс қабілетілігі 10 аптаға жуық қалыптасады. Желтоқсанда, біркүндік жүктеменің 11-13 не, одан да көп сағатқа өсуі сынақ пен емтихан уақытындағы нервтік-эмоциональдық жағдайлармен үйлесіп, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Оның жоғары деңгейі психологиялық дайындықпен, мақсатты мотивациямен, әрине ерік-күш жігерімен келеді.
Қысқы каникул – жұмысқа қабілеттілікті толтыру кезеңі. Спортшыларда, белсенді демалыс ұйымдастырылған топтарда жұмысқа қабілеттілік толығымен орнына келеді. Өз бетінше демалу формасымен ұйымдасқан топтарда – тек 60-70 % ғана толады; екінші семестрде қалыптасу кезеңі осыған сәйкес, 5-7 күннен 12-16 күнге дейін. Тұрақты жоғары қабілеттілік сәуірдің аяғына дейін болады. Оның сәуір соңында төмендеуі жыл бойына жағымсыз факторлар мен кері әсерлердің жинақталуымен түсіндіріледі.
Демек болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындығының психологиялық тұрғыдағы мүмкіндіктерін ұсындық. Бұл да біз ұсынып отырған әдістемелік жүйенің құраушысы болып табылады.

1.3 Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып дайындаудың педагогикалық шарттары

Оқушылардың тәрбие жұмысы – мұғалімнің кәсіби қызметінің ажырағысыз және құрамдас бөлігі. Сондықтан жоғары педагогикалық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі болашақ мұғалімдерді оқу-тәрбие жұмысына дайындау болып табылады. Жоғары оқу орны студенттерінің оқушылармен тәрбие жұмысына даярланудың маңызды құралы, тұтас педагогикалық процестің құрамдастарының бірі есебіндегі дене тәрбиесі болып табылады. Алайда, студенттердің көпшілігі дене тәрбиесін тек биологиялық тұрғыдан ғана қарастырып, оның қоғамдық маңыздылығын терең түсінбейді, ал шындығында, оқушының тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуында айрықша орын алатын дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік қызметі де зор.
Болашақ мұғалімдерді тәрбие жұмысына дене тәрбиесі құралдарымен дайындау қажеттілігі мен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы қарама-қайшылықтың болуымен де байланысты, өйткені дене тәрбиесі мұғалімі оқушының апталық қозғалыс қажеттілігін (10-12сағат) аптасындағы 2 сабақ ішінде (2 сағат) қамтамасыз ете алмайды.
Жоғары оқу орны студенттерін оқушылардың дене тәрбие жұмысына дайындау тиімділігі төмендегідей педагогикалық шарттарды орындаған кезде қамтамасыз етілмекші:
1. Студенттердің дене тәрбиесі құралдарын оқушылармен тәрбие жұмысына пайдаланудағы білімдерін, шеберліктері мен икемділіктерін меңгеру қажеттілігін түсінуі.
2. Дене тәрбиесі процесінің кәсіби бағытталуы.
3. Оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлерін, құралдары мен әдістерін қолданып, студенттердің жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іскер көзқарас таныту.
4. Студенттердің жүйелі дене жаттығуларына қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыру, бұларды өзін-өзі физикалық жағынан тәрбиелеуге қосу.
5. Оқушылармен тәрбие жұмысында дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөніндегі операциялық білімдерінің, икемділіктері мен дағдыларының қажетті деңгейінің болуы мен қалыптасуы.
Берілген бағдарламаның жүзеге асырылуы, біздің ойымызша, оқушылардың дене тәрбиесі мұғалімінің кәсібіне бағдар ұстануын жақсартуға, жоғары оқу орындарына дарынды жастардың келіп түсуін қамтамасыз етуге, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша үздіксіз педагогикалық білім идеясын жүзеге асыру үшін алғышарттар құруға мүмкіндік береді.
Физикалық өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды буыны есебінде, тұлғаның ішкі сенімі мен саналы еркі басым түсіп жататын бағыттылығын ескерген дұрыс. Міне, сондықтан да болашақ мамандардың жүйелі дене шынықтыру жаттығуларын қажетсінуі физикалық өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі іргетасы болып табылады, оны түрліше: ішкі сол сияқты, сыртқы да факторлармен айқындайды. Бұлардың ішінде – дәлелдер, мүдделер, құндылық бағыттары, студенттердің дене тәрбиесінің деңгейі мен даярлығы, сондай-ақ ұжымның қоғамдық пікірі, оқушы тұлғасы, оқыту мазмұны, сабақ беру әдістемесі және тағы басқалары бар.
Өзін-өзі жетілдіру процесі дұрыс басшылықты қажет етеді, себебі анатомия, физиология, психология және әдістемелік тұрғысынан жеткілікті білімі жоқ адамның өз бетімен жаттығуы, денсаулығы мен мінез-құлқына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да жеткілікті түрде белсенді ұйымдық-әдістемелік тәсілдердің іздестірілуі мен пайдаланылуы қажет, бұлар студенттердің өз бетімен жетілуін, дербес жаттығуларға тұрақты дағдысын тәрбиелеуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар сабақтарды жеке және шағын топтық әдістермен өткізуге көбірек мән берілді, өйткені сыныптың дене даярлығы түрліше 5-10 адамнан толған кезінде, жекелеген оқушылар немесе 2-3 адамдық топтар үшін, қатар орындалатын, үйлесімділік күрделігі мен салмақ көлемі жөнінен ерекшеленетін бірнеше бағдарламаны іріктеу қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ, оқушыларды олардың тек орындай алатын ғана емес, сонымен қоса, ұқсас варианттарын орындай отырып, ойдан құрастыратын және өз күшін тиімді жұмсай алатындай бұлардың жаттығулар багажын (гимнастикалық, жеңіл атлетикалық ойын) қалыптастыру жолымен берілген өз беттерімен орындау бейімділіктеріне үйретудің дидактикалық шеберлігі де қажет. Мысалы, секірген кезде секіргішті қолданып секіру икемділігі қалыптасады.
Мектеп тәрбие жүйесінің маңызды міндеті баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы болып табылады. Сондықтан шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны тәрбиелеудің негізгі мәселелерінің бірі қозғалыс белсенділігінің қалыптасуы болып табылады, өйткені оның жоқтығы тек ақыл-ой дамуын ғана кідіртіп қоймайды, балалардың қозғалыс белсенділігін де төмендетеді. Ал бұл өз кезегінде баланың өзінің дағдылары мен икемділіктерін практикалық қызметінде пайдалану қажеттілігін болдырмайды, қозғалыс кестесінің бұзылуына апарып соқтырады.
Алайда, практика көрсеткендей, педагогикалық практикада студенттердің басым бөлігі (96%), дене тәрбиесі-сауықтыру шараларын күн тәртібінде әдістемелік жағынан сауатты ұйымдастыра алмайды. Бұл студент-практиканттың белсенділігін ынталандыруға бағытталған педагогикалық міндеттер мен жағдайларды, қалыптан тыс, тың жолмен шешуінде қиналады. Қимыл белсенділігінің, сондай-ақ қозғалыс міндеттерін шешуге шығармашылықпен келудің қалыптасуында, тұтастай педагогикалық процестің негізгі құрамдастарының бірі әрі баланың қоғаммен және өмірмен байланыстырушы буыны болып табылатын дене тәрбиесі ерекше орын алады.
Осыдан келіп, студенттердің шығармашылық белсенділігін тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Сондықтан студенттердің балалардың белсенділігін қалыптастыруға әзірлігі психологиялық тәрізді, практикалық та даярлығы ретінде қарастырылуы керек.
Психологиялық даярлығы, студенттердің дене тәрбиесі құралдарын балалардың белсенділігін тәрбиелеуде пайдалану бағытындағы білімдері мен икемділіктерін меңгеру қажеттілігін түсінуін білдіреді.
Практикалық даярлығы, дене тәрбиесі құралдарын пайдаланудағы операциялық білімдерінің қажетті деңгейінің болуы мен қалыптасуын айқындайды.
Болашақ мұғалімнің оқушылардың белсенділігін дене тәрбиесі құралдарымен қалыптастыру тиімділігі, төмендегі педагогикалық шарттарын сақтаған кезде қамтамасыз етіледі:
1. Дене тәрбиесі процесінің кәсіби бағыттылығы.
2. Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесінің оқушылардың қозғалыс белсенділігін тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелерімен толықтырылуы.
3. Дене тәрбиесі құралдарымен балалардың шығармашылық белсенділігін, дене мүмкіндігін қалыптастыруда, қажетті білім мен шеберліктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу.
4. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің құралдарын, белсенді түрлерін пайдалана отырып, балалардың жеке- психологиялық ерекшеліктерін, қозғалыс белсенділігінің деңгейін ескеріп, іскер көзқарас таныту.
Оқушылардың қимыл-қозғалыс қабілеттілігін арттыру әдістемесінде көптеген мәселелер ғылыми аспектіде толығымен қарастырылмаған. Әсіресе, әр түрлі жастағы балалардың жас және жыныс, әрі дене даярлығы дәрежесінің факторлық құрылымында айқын байқалады. Сол себепті де біз өз зерттеуімізде аталған аспектілерді тәжірибелік тұрғыдан шешіп қана қоймай, оны ғылыми-теориялық жағынан қарастыруға талпыныс жасадық.
Дене тәрбиесі жаттығуларында оқушыларға аса артық жүктеме беруге мүлде болмайды. Тек ондай жәйттер жас шамасына қарай шектеулі шеңберде ғана мүмкін нәрсе. Оқушылардың қимыл-қозғалыс қабілеттілігін арттыру әдістемесін ыңғайлы етіп құруда оның үлкен мәні бар. Соның нәтижесінде дұрыстығы, дәлдігі, педагогикалық іс-әрекет әсерінің бағыттылығы болжанады. Ал бұл үшін ұл мен қыз баланың қимыл-қозғалыс ерекшеліктерінің факторлық құрылымын зерттеу керек. Көптеген ауыл мектептерінде спорт залдарының жоқтығы белгілі. Біздің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ауыл мектептерінде оқитын жетінші және сегізінші сынып оқушыларының деңгей және қимыл-қозғалыс дамуы құрылымы көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы мынадай болды:
— жеңіл атлетика түрлері жаттығуларын кеңірек пайдалана отырып, оқушылардың қимыл-қозғалыс сапасын дамыту әдістемесін жасау;
— қимыл-қозғалыс сапасының көлемі және нақтылығы бойынша әдісеменің тиімділігін бағалау.
Зерттеу нысанына орта мектептің 7-8 сынып оқушылары алынды. Ал зерттеу жұмысы жергілікті жағдай ескеріле отырып дене тәрбиесінің кешенді бағдарламасы негізінде алынды.
Тәжірибе сынақ тобы құрамына екі жетінші сыныптағы 31 ұл бала мен 37 қыз бала енгізілді.
Бақылау тобына көрші ауылдық мектептегі 30 ұл мен 30 қыз бала тартылды. Сөйтіп, оқу көлемінің жүктемесі бірдей, ал жаттығу түрлері бойынша, мазмұны әр қалай барлығы 118 оқушы бақылауға алынды. Бұл екі топтағы сабақтардың нәтижесін салыстыруға мүмкіндік берді.
Зерттеу тәсілдерінің бірі – сабақ мазмұнын тіркеу, уақыт мерзімін анықтау хронеметражы және жылдамдық бойынша әр жаттығуда кететін дене жүктемесінің интенсивтілігі, т.б. әр түрлі қашықтыққа (30 метрден 2400 метрге дейінгі) жүгіру жарыстарын Хилла-Фарфель әдістемесі бойынша өткізіп көрдік. Тағы бір тәсіл — В. Зотов сызбасы бойынша оқушылардың дене жүкетемесінде организм реакциясын визуальды бақылау. Тамыр және жүрек соғысы өлшеу әдісінде портативті кардиограф ЭК14 Т «Малыш» пен «Электроника ЦТ — 01» құралдарын пайдаландық. Ал қазіргі заманғы әдіс-тәсілдердің ең бастысы тестілеу болып табылады:
— жылдамдық – күштілік сапа (30 метрге жүгіру, ұзақтыққа және биіктікке секіру, допты алысқа лақтыру);
— динамикалық күшті төзімділік (отырып-тұру, жатып кеудені және аяқты көтеру);
— статикалық күшті төзімділік (қолмен іліну);
— шыдамдылық (алға еңкею);
— жүгіру төзімділігі (6 және 12 минут бойы жүгіру);
— статикалық-кинетикалық тұрақтылық (көзді жұмып, бір аяқта тұру).
Жоғарыда айтылған өлшемдердің 29 параметрі бойынша жұмыс жүргіздік. Бұл өмірде қолданылып жүргеннен анағұрлым көп.
Оқушыларды жыл сайынғы бақылау, аурудың сипаттамасы мен санын тіркеу, денсаулығын анықтау дәрігерлік бақылау әдісіне кіреді. Оның соңғы тәсілі – дискрентивтік статистика және талдау.
Мұндай зерттеу қорытындысында мынадай нәтижелерге қол жетті:
— аталған мәселе бойынша зерттеу сипаттамасы;
— ауыл мектептерінің жетінші және сегізінші сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс қабілеттілігі мен бүгінгі деңгейі мен құрылымы және біз өңдеп шыққан әдістемені пайдалану кезіндегі оң өзгерістердің мүмкіндігі;
— жылдық және сабақтан тыс жоспардағы сабақтардың тиімді мазмұны;
— жасөспірімдердің жыныстық диморфизміне қарамастан қимыл-қозғалыс сапасын дамытудың құрылымы мен дәрежесі;
— интенсивті жалғасымдылық және оқушы организміне әсері бойынша жеке жүктемесінің сынақтан өткен градациясы;
— қимыл-қозғалыс сапасын дамытудың бағалық көрсеткіштері;
— жүгіру жаттығулары сабақтары барысында қимыл-қозғалыс сапасын дамытудың жеке-даралық және кешенді әдістерін қолдану.
Осыған байланысты біз, 11-15 жас шамасындағы орта мектеп жасындағы балалардың дене жетілуінің ерекшеліктерін зерттедік.
8,5-12 жас аралығында қыздардың бойының ұзыннан өсуінің екінші кезеңі, ал, ұлдарда – 11-14 жасында.
Қыздарда сондай-ақ, 10-11 жасында дене салмағы екінші рет айтарлықтай ұлғаяды, ал, ұлдарда бұл 12-14 жасында жүреді, бірақ, 14-15 жасқа дейін қыздар дене салмағы жөнінен ұлдардан асып түседі.
Бұлшық еттерінің анағұрлым өсуі – 13 жаста, ал, бұлшық ет күшінің артуы – 13-14 жасында. Бұл жыныстық жетілу мен соматотипке байланысты. Күшінің артуы дене салмағының ұлғаюынан шамамен бір жылға кешеуілдейді. 1 кг дене салмағына күштің барынша артуы 14 жаста, одан кейін қарқыны төмендейді.
14-15 жаста қозғалыс шапшаңдығы мен жиілігі және ең жоғарғы қарқынын ұстау қабілеті ең жоғарғы деңгейіне жақындайды. Бірақ 14-15 жаста күрделі үйлестірілетін қозғалыстарды меңгеру, 12-13 жасындағыдан біршама нашар жүреді.
Қыздардың жүрегінің көлемі 11 жасында анағұрлым ұлғайса, ұлдарда – 14 жасында. Тамырлардың сыйымдылығымен салыстырғанда, жүрек көлемінің анағұрлым тезірек ұлғаюы, бұлардың күйінің артуына алып келеді. 14-15 жасқа дейін айтарлықтай тыныс аритмиясы байқалады.
Бірақ қызметінен ауытқушылық болуы, жасөспірімдердің тыныс органдары мен қан айналымының сапасыздығының белгісі болып табылмайды, тек реттеуші механизмдері қалыптасуының аяқталмағанын көрсетеді.
12-13 жасқа дейін қыздардың оттегіні барынша көп тұтынуы бірдей. Қыздарда бұл жыныстық даму басталуымен төменгі деңгейде ұлғаяды, бірақ, ұлдарда – дене салмағының артуына тепе-тең.
Жыныстық даму кезінде жүйке әсері көтеріңкі белсенділік, тітіркенушілік, көңіл-күй тұрақсыздығын туғызады.
Жасөспірім кезінде қыздардың қозғалыс қабілетінің даму кезеңдері мынадай болып табылады: шапшаңдық-күш сапасының дамуы – 12-13 жаста, субмаксималды және анағұрлым қарқындылық аумағындағы жылдамдылық пен төзімділік – 13-14 жаста, қозғалыс жиілігінің артуы – 12-13 жаста, жеке қозғалыстардың жылдамдығы – 14-15, баяу қарқындылық аумағындағы төзімділік – 14-15, қозғалыстың қарапайым және күрделі үйлесімі, тепе-теңдігі мен дәлдігінің дамуы – 14-15, икемділік – 12-13 жаста.
Балалар мен жастардың жүйке-бұлшық ет аппараттарының қызметіндегі өзгерістердің жалпы бағыты жасына қарай және жыныстық жетілуіне байланысты жүреді. Балалық, жасөспірімдік және бозбалалық жасында бұлшық еттерінің жиырылуы мен босаңсуының латентті уақытының қысқаруы 2 есе жүреді және нақ сол уақытта қозғалыстың жоғарғы қарқыны 3 есе ұлғаяды.
12 жасқа дейін қыздардың қарапайым және күрделі қозғалыстарындағы бұлшық еттерінің жиырылу уақыты қысқалау, бірақ кейінірек ұлдарда қысқара түседі. Бұлшық еттерінің босаңсу уақыты барлық жастағы қыздарда қысқалау.
Қозғалыс жиілігі ұлдарға қарағанда, қыздардың 12 жасына дейін көбірек, ал кейін керісінше. Қыздар ұлдар мен жасөспірімдерге қарағанда, қозғалыстың жоғарғы қарқынын ұстап тұруға қабілетті.
Алайда, ұлдардың шапшаңдық, жылдамдық- күш қабілеті мен қайратының көрсеткіштері қыздарға қарағанда жоғары, айырмашылықтар 12 жасынан анағұрлым айқынырақ байқалады. Қозғалыс қабілетінің даму көрсеткіштері арасындағы үйлестік байланыстары көп жағдайда ұлдарда көбірек кездеседі.
Қыздардың шапшаңдығының анағұрлым қарқынды дамуы 14-тен 17 жасқа дейін, ал, ұлдарда – 15 жасынан 16-ға дейін.
Қадамының ұзындығы қыздардың 13-15 жасында, әрі қарай 16-18 жасында тұрақталады, ал, ұлдардың 15 жасынан басқа кезінде жыл сайын ұлғаяды. 13 жасынан 18-ге дейін қыздардың да ұлдардың да қозғалыс жиілігі өзгермейді.
Сабақ әдістемесі үшін анағұрлым маңыздырақ практикалық қорытынды мынадай болып табылады:
1. Сөреден жылдамдату ұзақтылығы барынша жылдамдыққа жету үшін, қыздар мен ұлдар үшін барлық жаста 5-8 секунд шамасында болу керек.
2. Барынша жылдамдықпен жүгіруді қайталау саны – 10-12, 15-30 секунд.
3. Жүгіру жылдамдығы оқушы денесінің биіктігіне байланысты емес.
4. Оқушының жүгіру жылдамдығы қарапайым қозғалыс түрлерінде жиілік көрсеткіштерімен айтарлықтай дәрежеде үйлеседі, сондықтан ондай қозғалысты жүгіру жылдамдығын арттыру үшін жаттығуларды пайдаланған жөн.
Шапшаңдық көрсеткіштерінің анағұрлым өсімі 9-10 жаста. 12-13 жаста қозғалыс реакциясының уақыты қыздарда – 6м/с, ал ұлдарда – 5м/с кемиді, дара қозғалыс уақыты тиісінше 5 және 8м/с, теппинг-тестегі қозғалыс жиілігі – 5 секундте 1,3 және 1,2, аяқ-қол ұштарының ең жоғарғы қарқыны секундіне 0,77 және 0,16 қозғалыс, орнынан секіру биіктігі – 4,2 және 7,7 см., 30м жүгіру уақыты 0,13 және 0,12 секундке кемиді.
Кіші мектеп жасында секірушілік, күш көлемін үнемі сақтаған кезде, қозғалыс шапшаңдығының ұлғаюы есебінен жақсарады – р <0.01, ал, 12-13 жастағыларда – серпіліс күшінің ұлғаюы есебінен- р < 0.05.
5 және 6 сыныптағы оқушылардың жылдамдығы, қайраты мен төзімділігі дамуының өсу көлемі екі жыл бойы байқалады. Анағұрлым көбірек өсуі, ұлдардың — 70% бұлшық ет күшінен байқалады. Жылдамдық күшінде өсушілік, тиісінше секіруде және лақтыруда — 75% және 77%, жылдамдықта — 16% және 17%. Күштің дамуындағы анағұрлым мол тиімділікті арнаулы күш жаттығулары береді.
Шапшаңдықтың дамуы үшін, сондай-ақ күш пен жылдамдық-күш қабілеттерін бір мезгілде дамытатын арнаулы жаттығулар анағұрлым тиімдірек, нәтиженің өсуі қыздарда – 15% және ұлдарда — 16%.
Жылдамдық күшін арттыру мақсатында, қыздар үшін жылдамдық-күш сипатындығы кешенді жаттығулар пайдаланылады және жылдамдыққа арнаулы жаттығулар қосымша қолданылады.
Жылдамдық-күш қабілеттерінің даму көрсеткішінің өсімі бұл жаста елеусіз ғана. Жаттықтыру кезінде, олардың көлемін таңдағанда, жаттығуды баяу екпінмен 4-тен 8 ретке дейін қайталауға болатындай етеп іріктеу ұсынылады.
Білектің бүгілуі – бұлшық етінің күшін дамыту көрсеткіштерінің барынша өсімі ұлдардың 8 жасынан 14-ке дейін жүреді, бірақ кейінірек біртіндеп тоқтайды.
Қыздардың допты лақтыру нәтижелерінің жасына қарай өсуі үнемі ұлғаяды, тек 10-сыныпқа дейін, анағұрлым көбірек өсуі – 5 және 7- сыныптарда, 8-сыныпта өсудің төмендеуі басталады, ал ұлдардың нәтижелері сыныптан сыныпқа ұлғая береді, бірақ ең көп өсімі 5,7 және 9-сыныптарда, 8-сыныпта өсуі баяу.
Доп лақтыруға үйретуді, қозғалыс үйлесімділігі мен жылдамдық-күш қабілеттерін дамытататын жаттығулармен үйлестіре отырып, үйрету қажет.
Ең алдымен, доп лақтыруға, соңынан барып, екпін алу қадамдарына үйрету қажет.
12-13 жасында оқушылардың бұлшық ет күші – 25-33%, ал, қозғалыс дәлдігі – 12-36% өседі. Сондықтан жасөспірімдермен жаттығуларда, әрбір сабақ сайын бұлшық етін дамытуға арналған 1-2 жаттығу жасау және сонша рет қозғалыс дәлдігін дамытуға арналған жаттығу жасау ұсынылады.
Секірушіліктің анағұрлым өсе түсуі қыздардың 12 жасынан 17 жасына дейін жүреді, алайда, 12-13 жасында – екі жылдық биоырғақ, 14-15, 16-17 жасында – анағұрлым көбірек өсімі, ал осынау жас аралықтарында біршама төмендеушілігі байқалады.
Аяқ бұлшық еттерінің көбірек өсімі–11-13, 14-15 және 16-17 жаста. Серпілген кезде қозғалыс үйлесімінің жақсаруы – 12-ден 13-ке және 14-тен 15 жасқа дейін. Жаттығу кезінде екі аяғына тепе-тең салмақ түсіру керек, өйткені, серпілетін аяқ күшінің серпілмейтін аяқтан асып түсуі нәтижеге теріс әсерін тигізеді.
Жасөспірім кезіндегі балалар күрделі емес үйлестіру қозғалыстарын дайындықсыз жүзеге асыруға қабілетті, себебі өмірлік қозғалыс тәжірибесінің жеткілікті қорына ие. Алайда, бірнеше компоненттерден тұратын күрделі әрекеттерді, тек арнаулы жаттығудан кейін барып жоғары дәлдікпен орындауға қабілетті.
Ғылыми тұрғыдан оқушылардың қозғалыс қабілетін арттыру әдістемесінің көптеген мәселелері толық зерттелген емес. Әсіресе, түрлі жастағы, түрлі жыныстағы және түрлі физикалық даярлық деңгейіндегі балалардың қозғалыс қабілеттерінің факторлық құрылымына байланысты, сондай-ақ денеге түсетін салмақты мөлшерлеген кезде оқушыларға жеке-тұрпаттық жағынан келуге, қалалық және ауылдық мектептер оқушыларының қозғалыс қабілетінің сипаттындағы ерекшеліктерге де байланысты.
Сондықтан біздің зерттеуімізде, таза практикалық міндеттерді шешуден өзге, аталған қырлары белгілі бір шамада ғылыми-теориялық жағынан көрініс табады.
Мектеп оқушыларының қозғалыс қабілетінің төртінші, қорытынды кезеңінің деректері және оларды факторлық талдау қорытындылары бойынша, ұлдардың жалпы және жылдамдық төзімділігінің, қозғалыс күшінің, дәлдігі мен үйлесімділігінің, икемділігінің маңызы өсті: жылдамдық-күш қасиеттері нақ сол деңгейде қалды, ал жасы мен дене тұрпатының маңызы төмендеді.
Қыздарда жылдамдық-күш қасиеттері, сондай-ақ қайраты айтарлықтай артты, дегенмен күш төзімділігінің деңгейі төмендеді; басқа қасиеттері шашамен сол деңгейін сақтап қалды.
Қозғалыс қабілеті маңыздылығының арақатынасы төмендегі кестеде көрсетілген (1 — кесте).

Кесте 1 8-сынып оқушыларының оқу жылының аяғындағы салмақтарының көлеміне байланысты қозғалыс қабілетінің көрсеткіштері

Қозғалыс қасиеттері Факторлық салмақ (орташа)
Ұлдар Факторлық салмақ
Қыздар
Жалпы төзімділігі 0,228 0,199
Қайраты 0,208 0,229
Шапшаңдық
Жылдамдық
Күш сапасы
0,202

0,226
Қозғалыс дәлдігі мен үйлесімділігі 0,201 0,222
Күш төзімділігі 0,196 0,198
Икемділік 0,184 0,206
Дене тұрпаты 0,166 0,216
Жасы 0,154 0,132

Осы кестеден көрініп тұрғандай, қыздардың ұлдарға қарағанда басты айырмашылығы – бұл жалпы төзімділігінің айтарлықтай төмен дәрежесі, дене тұрпатының көлеміне анағұрлым көбірек ықпалы. Жастағы топішілік ерекшеліктеріне ұлдар сияқты, қыздардың да әсері маңызының күрт төмендеуі өзіне назар аудартады.
Бірінші және екінші оқу жылының өн бойында түрлі қозғалыс қабілетінің дәрежелік арақатынасының өзгерістерін талдай келе, келесіні атап өтуге болады: 7-сыныпта көктемге қарай ұлдардың шапшаңдығы мен күш сапасының, жалпы төзімділігінің, қозғалыс дәлдігі мен үйлесімділігінің, дене тұрпатының дәрежесі төмендеп кетті; күш пен шыдамдылық көрсеткіштері өсті. 8-сыныпта болса, жылдамдық-күш қасиеттерінің, қозғалыс дәлдігі мен үйлесімділігінің дәрежелері өзгеріссіз қалып, керісінше, дене тұрпатының дәрежесі төмендеп кетті, ал күш пен төзімділік дәрежелері біршама арта түсті. Қыздарға келер болсақ, 7-сыныпта төзімділік пен дене тұрпатының дәрежелері төмендей түсіп, қайраты мен күш-жігерінің дәрежелері өсе түсті. 8-сыныпта көктемге қарай қыздардың қозғалыс дәлдігі мен күш төзімділігінің, дене тұрпатының дәрежелері төмендеп, шапшаңдығы, жылдамдық-күш қасиеттері, жалпы төзімділігі арта түсті.
Көрсетілген өзгерістерді қарастыра отырып, біз мынадай қорытындыға келдік: бұлар көбіне көп жылдың түрлі оқу тоқсандарындағы сабақтардың бағытына да байланысты.
Әрбір тоқсанда сабақтар мен сабақтан тыс жаттығулар соншалықты көп жүргізілмейтін тәрізді болғанмен де, бұлардың қозғалыс қабілетінің дамытуға түрлі артықшылықтары бағыттылығының арқасында, қозғалыс құрылымын өзгертудегі әсерлі тиімділікті алуға және оны оқушылардың жасына қарай дамуының белгілі бір кезеңіндегі эталонға жақындауға болады.
Осы тұрғыдан біздердің жүргізген сабақтарымыздың негізгі тиімділігі – оқушылардың қозғалыс қабілетінің үйлесімді дамуының орташа факторлық салмақтарының (бірінші-алтыншы дәрежелі орындарындағы қасиеттері салыстырылады) айырмашылық көрсеткіштерін (пайызбен) көрсетеді.
Кезеңдік салыстыру кезінде ұлдар мен қыздардың анағұрлым артығырақ және факторлық салмақтары тек бір жағдайда ғана аңғарылады – ұлдарда 8-сыныпта пайыздық айырмашылығының артқаны байқалады, басқа жағдайлардың бәрінде айырмашылықтың төмендігі көрінді (21-ден 15%, 45-тен 2% және 25-тен 13% дейін).
7-8-сыныптардағы тестілеудің төрт кезеңі бойынша оқушылардың қозғалыс дайындығының жалпы құрылымындағы түрлі қозғалыс қабілетінің дәрежелерін жинақтай келе, әрбір сапасының салыстырмалы маңызын сипаттайтын орташа көлемін айқындауға болады.
Осы тәсілмен қарағанда, дәрежелер бойынша ұлдарда бірінші орында-шапшаңдығы мен жылдамдық-күш қасиеттері, екінші орында – жалпы төзімділігі, үшінші кезекте – қайрат тұрады (дене тұрпаты да осы дәрежеде), одан әрі қарай маңыздылығы жөнінен топішілік жас ерекшеліктері, күш төзімділігі, қозғалыс дәлдігі мен үйлесімділігі, икемділік орын алады.
Егер де дене тұрпаты мен жасын алып тастайтын болсақ, онда күштен кейін төртінші орында –күш төзімділігі, бесінші – қозғалыс дәлдігі мен үйлесімділігі, алтыншы – икемділік.
Қыздар бірінші орында – күш, екінші – шапшаңдық пен жылдамдық-күш сапасы, үшінші – қозғалыс дәлдігі мен үйлесімділігі (одан әрі қарай дене тұрпаты мен жасы), төртінші және бесінші тең дәрежеде – жалпы және күш төзімділігі, алтыншы – икемділік.
Жоғарыда айтылғандардың педагогика үшін қандай мән маңызы бар? Келтірілген мәліметтер ұлдар мен қыздардың дене мүмкіндіктерін, олардың арасындағы айырмашылықтарды түсіну үшін маңызды. Ұлдардың жылдамдық-күші жақсы дамыған, бірақ олардың жалпы төзімділігі де мол. Қыздар болса, жылдамдық күшінен гөрі абсолютті күш есебінен қажетті нәтижелерге қол жеткізеді, ал осы жаста шапшаңдығының дамуы баяулау сатысында. Қыздардың жалпы және күш төзімділігі әлсіз дамыған, демек, осынау қасиеттердің дене жаттығулардағы нәтижелерге қол жеткізуге үлесі болмашы ғана. Алайда, қыздар қозғалыс дәлдігі жөнінен ұлдардан қалыспайды, тіпті кейбір жаттығуларда, әсіресе, қозғалыс үйлесімділігінен олардан асып та түседі. Икемділіктің екі жыныстағы оқушылар үшін бірдей маңызы бар.
Қозғалыс қабілетін арттыру әдістемесінің көптеген мәселелері ғылыми тұрғыдан алғанда толығымен жасалмаған, біздің жағдайымызда бұл тақырып тереңдеп отырған экологиялық ахуалға байланысты өте-мөте өзекті, біз осы мәселені одан әрі қарай зерттеуге, аудандық және қала мектептерінің көрсеткіштер деңгейін салыстыруға талпыныс жасадық.
Мұндай салыстыру өзекті, біріншіден, ауыл оқушылары экологиялық ауыртпалықтың үлкен салмағын сезініп отыр, бұлардың тұрмыс жағдайлары көп жағдайда ерекшеленеді, екіншіден, қала мектептерінің оқушылары үшін жаттығулар жасауына тәп-тәуір жағдайлары бар (спорт залдары, алаңдар және т.б.).
Біз алған көрсеткіштерімізді сондай-ақ, басқа аймақтардан алынған мәліметтермен салыстырдық. Зерттеулер жалпы қабылданған әдіс бойынша, көріп-бақылау жолымен, ЭКГ мен тамырдың соғуын жазу, дене тұрпатының ұзындығы мен салмағын, кеуде клеткасының тыныс алу, кідіру мен дем шығару кезіндегі көлемін, қол білезігін, аяқ күшін айқындау, оқушылардың қозғалыс қабілетін тестілеу арқылы, сондай-ақ басқа да параметрлер бойынша жүргізілді.
26 параметр бойынша тестілеудің бірінші кезеңіндегі біздің мәліметтеріміз қала мектептерінде жинақталған осындай деректермен салыстырылды. Оқушылардың осынау екі бөлігі арасында дене дамуының негізгі белгілері бойынша айтарлықтай айырмашылықтың жоқтығы айқындалды (р>0,05). Қозғалыс қабілетінің дамуына келер болсақ, онды мұндағы сурет мүлдем басқаша: аяқ-қол күші жөнінен ауылдық оқушылар қалалықтардан артта қалғанмен де, олар күш төзімділігі жөнінен қала оқушыларынан басым түседі.
Олар орыннан ұзындыққа секіргенде қалалықтармен тең болғанмен, бірақ биікке секіруден біршама артта болды; лақтыру қозғалысында тең түскенімен, қозғалыс реакциясының жылдамдығында кейіндеп қалды. Түрлі табиғат аймақтарындағы қала және ауыл оқушыларымен салыстырғанда ауылдық мектептердің оқушылары жүгіру мен орыннан биіктікке секіру жөнінен кейіндеу қалғанмен, тіреліп жатып кеудені жерден көтеруде тек қыздар ғана артта қалды, ұлдар болса, өздерінің құрдастарынан озық жүрді.
Оқушы-жасөспірімдер әдістемесінің сипаты мен даму деңгейіндегі жыныстық диморфизмді зерттеуге біз айрықша көңіл бөлдік. Айырмашылықтар тек қозғалыс дәлдігінде, оң қол білезігінің күшінде, орыннан биіктікке секіру және тепе-теңдікті сақтау жөнінен ғана шынайы болмай шықты. Ал қалғандарында ұлдар мен қыздардың арасындағы өзгешеліктер айтарлықтай болып шықты. Қыздардың аяқ біршама аз, қарқынды күш төзімділігіндегі айырмашылықтар өте үлкен (р<0,001), статикалық біршама аз (р< 0,05).
Шапшаңдық пен жылдамдық-күшін дамыту жөніндегі барлық көрсеткіштер бойынша айырмашылықтар недәуір (р< 0,01-0,001), орыннан ұзындықққа секіруден өзге, ондағы кейіндеушілік те нақ сондай үлкен. Осындай деректердің бәрін де біз кейінірек денеге салмақты мөлшерлеп түсіргенде, ұлдар мен қыздарға жеке-дара әсері кезінде пайдаландық.
Біздің жетінші сыныптағыларымызда, оның үстіне, ұлдар мен қыздардың бәріне бірдей дерлік, жылдамдық-күш қасиеттері анағұрлым маңыздырақ болып шықты. Екінші дәрежеде- жалпы төзімділік, үшінші – күш болды. Бірақ, одан әрі қарай біршама өзгешеліктер болды: ұлдарда қозғалыс дәлдігі мен үйлесімділігі, дене тұрпатының мол пішіні мен күш төзімділігі, сонан соң дәлдік пен үйлесімділік тұратын болып шықты.
Бақылау сыныптарында дене тәрбиесінің сабақтары дене шынықтырудың кешенді бағдарламасы бойынша жүргізілді, ал тәжірибелік–сынақ сыныптарында оның мазмұны эстафеталық жүгіру, кедергілермен жүгіру, үш айналып секірудің алуан түрлерін енгізу, биікке секіру мен ядроны серпіп лақтырудың (жеңілдетілген) түрлі тәсілдерімен таныстыру есебінен біршама кеңейтілді. Негізгі және жалпы дамытушылақ даярлық жаттығуларының егжей-тегжейлі тізімі құрастырылды.
Сонымен қатар, жеңіл атлетикамен айналысу (жаттығу түрлері бойынша) және сабақтан тыс жаттығулар бойынша оқу уақытын бөлу құрастырылды.
Оқу жылының басында 8-сыныптағы тестілеудің үшінші кезеңінің факторлық талдауы, оқушылардың қозғалыс қабілетінің құрылымында орын алған кейбір өзгерістерді көрсетті. Мәселен, ұлдардың жасы мен дене тұрпатының пішініне байланысты топішілік өзгешеліктерінің маңыздылығы арта түсті, ал қозалыс қабілетінен – жалпы және күш төзімділігі, бұл 7-сыныптағы тиісті әсер етудің нәтижесі болып шықты.
Қыздардың да жас ерекшеліктерінің маңыздылығы арта түсті, бірақ дене пішіні бұрынғыша қатардың орта тұсында қалды: қозғалыс дәлдігі мен үйлесімділігінің, жылдамдық-күш сапасының және секіретін және серпе лақтыратын жаттығулардағы, сондай-ақ аэробтық төзімділігінің маңыздылығы өсті.
Жалпы дамытылатын гимнастикалық жаттығулар кешенінде біз дәлдігі мен үйлесімділігіне, күші мен төзімділігіне, ептілігіне байланысты көбірек тапсырмалар бере бастадық, бұл басқа қасиеттерінің жан-жақты да үйлесімді дамуына қажет болды.
Қыздар үшін күш сипатындағы жаттығулар кең ауқымда қоланылды, өйткені, егер де бұлай жасамаса, көрсетілген қасиеттері жылдам нашарлай түскен болар еді. Аз салмақпен, бірақ кең көлемде, қыздарға жылдамдық-күш жаттығулары, төзімділік пен икемділігін дамытатын жаттығулар берілді.
Кейбір қозғалыс қабілеті біртектес (гомогенді), басқалары күрделірек, біртекті емес (гетерогенді). Өзіміз жүргізген корреляциялық талдаудың мәліметтеріне сүйенсек, біздің оқушылар контингентінде басқалармен тек қозғалыс реакциясының шапшаңдығы дамуының көрсеткіштері ғана шынайы сәйкес келмейді. Қалған сапалары белгілі бір деңгейде өзара байланысты.
Мәселен алсақ, дене күші аяқ күшімен (ұлдарда r = 0,67, қыздарда – 0.92), дене ұзындығымен (0.46/0.53), салмағымен (0.58/0.67), тұлға бұлшық еттерінің статикалық төзімділігімен (0.49) және жалпы (аэробтық) шыдамдылығымен (0.42) үйлеседі.
Соматометрия көрсеткіштерінің әдістеме көрсеткіштерімен өзара байланысының деңгейі анағұрлым жоғырарақ: дене ұзындығының салмағымен (0.87/0.750, ұлдарда, сондай-ақ, ОГК-мен (0.67-0.73) және ЖЕЛ –мен (0.64), тұлға күшімен (0.46-0.53), дене салмағының ұзындығымен, ОГК-мен (0.88-0.80), білезік күшімен (0.61-0.72) және биікке секіру нәтижелерімен (0.46-0.43), ОГК – ұзындығымен және салмағымен, ЖЕЛ-мен (0.79-0.74).
Күш жаттығуларынан өзгешелігі, күш төзімділігіндегі жаттығуларда оның нәтижесі дене пішінімен үйлеспейді. Күш төзімділігіне қарқынды сипаттағы жаттығулар өзара және статикалықпен үйлесім табады. Жылдам жүгіргендегі нәтиже тек қыздарда ғана дене ұзындығына тәуелді, ЖЕЛ-ге байланысты емес. Төзімділігіне жүгіру дене пішініне байланысты болғанымен, жылдамдық-күші мен төзімділігіне тәуелді. Орыннан биіктікке, ұзындыққа секірудің және серпе лақтырудың нәтижелері дене пішініне тәуелді.
Бір өзгешелігі, жаттыққан сайын, соматофизиомотометриялық көрсеткіштер арасындағы шынайы байланыс өсе түседі: ұлдарда оқу жылының басындағы 79-дан оның соңындағы139-ға дейін, ал қыздарда тиісінше 72-ден 95-ке дейін Мұны денеге жүйелі түрде салмақ түсіріп отырғанда, мектеп оқушыларының қозғалыс үйлесімді түрде дамуы деңгейінің артқаны деп түйдік.
Жоғарыда аталғандардың бәрінің оқушылардың дене тұрпатын ескере отырып, қозғалыс қабілетінің дамуы мен бағалау кезіндегі іріктелінген немесе кешенді әдісті таңдағанда маңызы орасан зор.
Ұлдар мен қыздар арасында сегізінші сыныпта денелерінің ұзындығы мен салмағы жөнінен, ал оқу жылының басында ОГК-ден айтарлықтай өзгерістер жоқ. Салмағы жөнінен қыздар ұлдардан біршама басымдау түседі. Олар сондай-ақ, ұлдардан қозғалыс дәлдігінде де басымырақ (бірақ, айқын емес); тепе-теңдіктерін сақтауда қыздар бастапқыда біршама асып түскенімен, кейінірек ұлдар алға шығады.
Қыздардың икемділігі тұлға күші, аяқ күші, білезік күші, күш төзімділігінен жылдамдық-күш қасиеттерінің, аэробтық күш төзімділігінің көрсеткіштері төменірек. Қозғалыс реакциясының жылдамдығындағы айырмашылықтар елеусіз ғана, ал, теппинг-тестіде бастапқыда болмашы болғанмен де, соңынан өсе түседі. Сынақ тобындағы көрсетілген өзгешеліктердің бақылау тобындағыларға қарағанда, анағұрлым көбірек өсе түсуі тән болды.
Біздің жасаған – желілік локомациялардағы төзімділік, шапшаңдық пен жылдамдық-күш сапалары, қозғалыс дәлдігі мен үйлесімділігі, икемділігі, бұлшық еттерін босаңсыту қабілеті сияқты барлық қозғалыс сапаларын дамыту әдістемеміз, бәрінің нәтижелерін тереңірек оқып-зерттеуімізге әрі егжей-тегжейлі қарастыруымызға мүмкіндік берді, мұнымен қоса, барына қосымша өздеріміздің ұсыныстарымызды беруімізге мүмкіншілік туғызды.
Біз салмақ салуды мөлшерлеудің анағұрлым тиімдірек жаттығулар кешендерін ұсындық, бұларды жүргізу жөнінен әдістемелік нұсқауларымызды, ауылдық мектептердегі жасөспірімдердің жеке нәтижелерін бағалау үшін, өзіміздің жасаған кестелерімізді ұсындық.
Педагогикалық шарттар ретінде осылайша болашақ мұғалімдердің дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары қарастырылып, мазмұндары берілді.

1.4 Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдістемесі

Маманды қалыптастыру үдерісінде, ең алдымен, жеке кәсіби практикалық еңбегі арқылы кәсіби даярлықпен қатар, көзқарастары, сенімдері, өмірлік түсініктері қалыптасады, белгілі бір дағдылары, қасиеттері дамиды. Әрине, әрі қарай болашақ мамандардың өмірлік танымдары мен идеялық сенімділігінің қалыптасуында дене тәрбиесінің маңызы зор. Алайда, студенттермен жұмыс түрлерін іздестіргенде, теориялық білімін практикалық істермен бекітетін, дұрыс көзқарастарын оқудағы, еңбектегі қоғамдық жұмыстардың шынайы тәжірибелік сипатын іздестіру айрықша маңызды.
Жалпы білім беретін және кәсіби мектептің қайта жаңартылуы да осыған міндеттейді, бұған сәйкес кез-келген саладағы мамандардың кәсіби даярлығын, ал дене тәрбиесі мен спорт саласында өте-мөте айрықша, тек қана өз пәнін білуіне, оны ұғынықты түрде түсіндіруі бойынша ғана емес, осынау білімді іс жүзінде игеріп, нақтылы бір іс-әрекетте асыру біліктілігіне қарап та бағалау керек. Сонымен қатар, семестр бойындағы оқыту түрлерін ғана емес, сонымен қоса, студенттердің кәсіби даярлығының сапасына қорытынды баға берілетін, сынақтар мен емтихандарды өткізу түрлерін де жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Кафедралардағы сынақтың белсенді түрлерін іздестіру, оның нәтижелерін сынақ сабағының мысалында түсіндіруге болады. Материал бағдарламалары бойынша сауал – тапсырмалар, ал бұларға қарап, сынақ карточкалары құрастырылады.
Мысалы: Сынақ сабағында студенттер жұптарға бөлініп, оның әрқайсысы мынадай бес тапсырма мен карточкалар алды:
1) І А, ІІІ А, ІV А кезеңдері бар спорттық қозғалыстарды атау және көрсету;
2) Дене дамуы мен дене мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықты түсіндіру мен көрсету;
3) түрлі теңелуге, көтерілуге және түсуде қолданылатын қимыл тәсілдерін атау және көрсету;
4) қимыл қозғалыс, жаттығулар кезеңінің деңгейлерін атау және көрсету;
5) ұзындыққа секіру мен төмен сөредегі серпілудің айырмашылықтарын түсіндіру және көрсету.
Әрбір студенттік жұпта бірі сараптамашының қызметін атқарды және материалды игеру дәрежесіне қарай баға алды, ал екіншісі сынақтан өтуші ретінде білімді іс жүзінде меңгергені үшін баға алды.
Оқытушы – сынақ қабылдаушы білімі үшін бағаны келесі тәсілмен бағалайды: “студент – сараптамашы” “студент — сынақтан өтушіге” тапсырма берді және оның мұны дұрыс, яки бұрыс орындағанын шешеді; сараптамашының оқытушы қорытындысымен әрбір сәйкессіздігі үшін бағасы бір баллға төмендетіліп отырады.
Осылайша карточкадағы бес тапсырмада білімдерін 5 баллдық жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді; сәйкессіздіктер мүлдем болмаған жағдайда “студент – сараптамашы” тәуір баға алды. “Студент — сынақтан өтушінің” әрбір дұрыс орындалмаған тапсырмасы үшін бағасы бір баллға төмендетіледі, бұл оның да практикалық дағдыларын 5 баллдық жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді.
Содан соң, студенттер орындарын ауыстырып, аттестациялаудың барлық кезеңдері басынан бастап қайталанады. Осындай ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстарын қамтамасыз еткенде, әрбір студент бір сынақ сабағында: теориялық және практикалық даярлығы үшін баға алып отырды. Әрбір тарау үшін қанағаттанарлықтан төмен баға алмаған студенттер сынақтан өтеді.
Сынақ сабағының нәтижелері: сынақтың теориялық бөлімі үшін 49% үздік және 51% жақсы деген баға қойылды (одан төменірек деңгейдегі білім байқалмады), практикалық бөлім үшін–25% үздік, 30% жақсы, 45% қанағаттанарлық және 10% қанағаттанарлық емес баға қойылды, оның үстіне, нашарларының ішінде теориялық білімдері тәуір студенттер де болды.
Сөйтіп, егер де мамандандыру бойынша кәсіби даярлығын тек теориялық білімі бойынша бағалайтын болсақ, онда бұл жағдайда маман дайындаудағы олқылық 30% құраған болар еді. Біз ұсынған сынақтың белсенді түрі кәсіби даярлығын теориялық білімінің практикалық істерде жүзеге асу деңгейі бойынша анағұрлым лайықтырақ бағалауға мүмкіндік береді.
Бірте-бірте жүйелендірудің дидактикалық қағидаларының жекелеген ережелерін жаттығулардың техникасына, әдістеріне, сұрыпталуына және спортшы жаттығуының басқалай қырларына оқытқан кезде нақтылай түсу қажет.
Нәтижелі оқыту үшін болашақ педагог осындай қағидаларды білгені және бұларды оқу барысындағы нақтылы жағдайда қолдана білуі керек. Оқыту қағидаларының бүкіл жиынтығын дұрыс қолданғанда барып, табысқа қол жетеді.
Қағидалармен бірге, дидактикада оқыту ережелері бар, бұлар қағидалардан келіп шығады, әрі бұларды оқу барысында жүзеге асырудың құралдары болып табылады. Әрбір қағиданың оқылуы бірыңғай жоспар бойынша жүруі тиіс, басында қағиданың мәнісі ашылады (оның талап ететіні), сосын барып оның психологиялық – педагогикалық негіздемесі беріледі (ойлау, қабылдау жады, сөз сөйлеу процестерінің және т.т. есебі), қолдану ауқымы көрсетіледі және ең соңында қағидаларды оқу барысында жүзеге асырудың ережелері қарастырылады (әдіс- тәсілдері).
Лекция барысында түсіндіру, әңгімелеу әдістері кеңінен қолданылады. Оқытушы оқушылардың алдына өткір мәселелерді қояды, әрі күрделі жағдайларды туғызып, олардың көңілін аударады, қойылған міндеттерді шешу жолдарын іздестіруге мәжбүрлейді, дербес ойлауын жетілдіреді.
Шәкірттеріне оқытушысы қарастыратын және бағалайтын сабақ бойынша жазбаша жоспарын құрастыруды ұсынылады. Бұл жағдайда мұғалімнің кәсіби даярлығына көзқарастың өзгеруі қажет, жүйе мынадай түрде қолданылуы керек: мектеп мұғалімі – студент – жоғарғы оқу орнының оқытушысы – оқу бағдарламаларының жетілдірілуі. Мұнымен қоса, оқушылардың басым көпшілігі үшін, дене шынықтыру сабақтарының дененің жетілуін және қозғалыс даярлығын жақсартудың бірден-бір құралы болып табылатындығы атап көрсетіледі.
Елімізде барған сайын оқушы жастардың сана деңгейін көтеру мен тұлғаның өзінің оқу қызметін өз бетімен жетілдірудің маңызы арта түсуде. Осыған байланысты, студенттердің бойында өзінің оқу қызметін басқару қабілетін қалыптастыру – жоғары оқу орындарының аса маңызды міндеті болып отыр. Жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби даярлығы, олардың болашақ кәсіби қызметін игеруі үшін, өз беттерімен кәсіби іс-әрекетке даярлығы болғанында, дербес шығармашылығы қалыптасқанда ғана табыстырақ болмақ. Студенттік (18-25 жас) жаста адам белгілі бір әлеуметтік рөлге дайындалады. Осы жас кезеңі – адамның тұлға болып қалыптасуындағы ең шешуші уақыт.
Студенттің оқу қызметі келесі құрамдас бөліктерінен тұрады:
1. Аудиториялық (лекциялар, семинарлар, лабораториялық сабақтар және т.б.), оны оқытушы басқарады және бағасын береді.
2. Аудиториядан тыс міндетті жұмыс. Оқытушы ұсынады, айқындайды және бағалайды. Студент оның тәртібін, ұзақтығы мен көлемін өз бетімен белгілейді.
3. Аудиториядан тыс қосымша, арнаулы пәндерді тереңдетіп оқытумен байланысты, оқу қызметінің бөлігі оқу кестесіне кірмейді және толығымен студенттің белсенділігіне тәуелді, әрі айқын шығармашылық сипатқа ие.
4. Өзінің алдында тұрған мақсаттарын терең түсінуінің негізінде студент өз бетімен қосымша әдебиетті оқып, ғылыми үйірмеде шығармашылық дербестігі арқылы ізденісін жүргізеді. Студент болашақ қызметінде кездесетін міндеттерді өз бетімен шешуге тырысады. Кәсіби өз бетімен білімін жетілдіру мәнін қарастыра отырып, біз тұлғаның дамуы қайсыбір сыртқы күшпен ғана емес, өзінің ішкі қажеттілігімен үндесетін қозғалысымен жүзеге асатынын негізге аламыз.
Әдістемесі бойынша зерттеудің міндеті – студенттердің өз беттерімен кәсіби білімін жетілдіруінің себептері мен шарттарын және бұларды басқару мүмкіндіктерін айқындау болды. Бұл үшін екі зерттеу жүргізілді. Қалыптасқан тұрақты кәсіби қызығушылық пен педагогикалық қызметке бейімділіктің болуы – студенттердің өз беттерімен кәсіби білім алуға бейімделуінің қажетті шарттары болып саналады.
Кәсіби өз бетімен білім алуы мен кәсіби-педагогикалық шеберліктерінің арасындағы өзара байланысты талдау, өз беттерімен кәсіби білімін жетілдірумен айналысатын студенттер үшін, кәсіби-педагогикалық дағдылары қалыптасуының жеткілікті деңгейі тән екенін көрсетті.
Зерттеуіміз студенттердің мынадай дәлелдерді жетекшілікке алатынын көрсетті: таңдаған мамандығына қызығушылық, болашақ жұмысына жақсы даярлануға деген ынтасы, өзін-өзі жетілдіруді қажетсінуі, пәндердің қажеттілігін түсінушілік студенттердің кәсіби бағыттылығы деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
Өз беттерімен кәсіби білімін жетілдіруде, өзін-өзі тәрбиелеуі, өз-өзін бағалаушылық пен өз-өзіне сенушіліктің маңызы зор. Өз-өзіні бағалаушылық жоғары оқу орындарының оқу барысында қалыптасады және осы кезеңде маманның қалыптасуында маңызды қызмет атқарады.Ал өз-өзіні бағалаушылық – бұл студенттің өз-өзін тануы деген сөз. Кәсіби қырынан алып қарағанда, бұлар жеке білімдері мен бейімділіктерінің бөлінуін қамтиды және бұлардың маманға қойылатын талаптарға сәйкестендірілуін қамтиды.
Дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру процесі дене жаттығуларының жекелеген сабақтарын жүйелі түрде өткізу жолымен жүзеге асады. Салыстырмалы түрде алғанда, осы процесстің аяқталған бөлімі, кезекті және дербес буыны бола отырып, әрбір жаттығу осы сипатта алдыңғы және келесі буындармен байланысты болуы, әрі дене тәрбиесі міндеттерінің шешілуіне белгілі бір үлесін қосуы тиіс. Бұл тек оларды міндеттер жүйесіне сәйкес жүргізгенде және мазмұны мен түрі жағынан мұқият ұйымдастырған кезде ғана мүмкін болмақ.
Сабақтардың құрылымы педагогикалық практиканың барлық жағдайларына бірдей мәнде, тепе-тең, қолайлы бола алмайды. Жасына, жынысына, дене күйіне, жеке мүдделеріне, сыртқы жағдайларға орай, педагогикалық процесстің жеке міндеттері мен мазмұны өзгеріп отырады, осыған байланысты сабақтардың құрылымы жеткілікті түрде сан алуан болуы тиіс.
Қазіргі уақытқа дене тәрбиесі сабақтары құрылымына тән бірнеше түрлері қалыптасты, бұларды екі топқа бөліп қарастырамыз: (1-сурет) І. Сабақтық жүйе, ІІ. Сабақтан тыс. Елеулі өзгешеліктеріне қарамастан, бұлардың бәрінің міндеттері мен мазмұнында, құралдары мен әдістерінде, жаттығушыларға әсерінде және т.т. айтарлықтай ортақ белгілері бар. Бұлардың құрылымының жалпы заңдылықтар мен педагогикалық талаптарға тәуелділігі айқындалады.
Педагогикалық тұрғыдан келгенде, өзін ұзақ практикада оң нәтижелерімен дәлелденген сабақтық түрі дене тәрбиесіндегі сабақтар құрылымы анағұрлым мәндірек әрі негізгі түрі ретінде танылған. Сабақ барысында педагог пен жаттығушылардың қарым-қатынастары тікелей байланысқа негізделген. Бұл оқытушының барлық жаттығушылардың танымдық қозғалыс қимылын дер кезінде бақылауына және бағыттап отыруына мүмкіндік береді.
Сабақтағы оқу-тәрбие процесін педагогтің және топ құрамы жөнінен тұрақты жаттығушылардың үздіксіз өзара байланысының жүйесі есебінде қарастыру керек. Сабақ — жалпы дене тәрбиесіндегі сияқты, спорттық жаттығуда, қосымша дене шынықтыруында, жүйелі сабақтарды ұйымдастырудың анағұрлым үнемді де тиімді түрі болып табылады.
Оқушылардың дене тәрбиесі процесі белгіленген жүйе бойынша орындалатын көптеген жаттығулардын тұратыны белгілі. Бұл сабақтарды мазмұндық және жүргізілу ерекшелігіне сәйкес бірнеше топқа бөлуге болады.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлі дегеніміз- арнайы міндеттерді шешуге бағытталған әдістер мен тәсілдерді ұйымдастыру жүйесі.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлерін мынадай сала бойынша топтастыруға болады.
— Барлық типтегі оқу мекемелерінде (оның ішінде жалпы білім беретін мектептер де кіреді)
— Мектептен тыс тәрбие ұйымдары мен мекемелері (балалар шығармашылығы үйлері мен орталықтарындағы спорттық секциялар, жасөспірімдер спорт мектептері, спорттық-сауықтыру секциялары т.б)
— Отбасы жағдайындағы дене тәрбиесі. Отандық дене тәрбиесі жүйесінде жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың дәстүрлі төмендегідей түрлері қалыптасқан;
— Сыныптық сабақ жүйесі.
— Оқу күні құрылымына сай жүргізілетін сауықтыру шаралары (гимнастика, дене дене тәрбиесі минуттары мен ден тәрбиесі үзілісі, ұзартылған күн тобындағы дене қимыл жаттығулары т.б.)
— Спорттық шараларды ұйымдастырудың сыныптан тыс түрлері, дене тәрбиесі даярлық топтарындағы сабақтар, емдеу — сауықтыру топтарындағы сабақтар т.б.
— Жалпы мектепшілік спорттық-сауықтыру шаралары: мектептік спортакиадалар, спорт түрлері бойынша біріншіліктер, туристік саяхаттар мен слеттер, айлық денсаулық және спорт күндері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 – Дене жаттығулары бойынша сабақ формаларының жалпы сипаттамасы
— Мектепшілік білім жүйесіндегі пәнаралық байланысты жүзеге асыру, базалық пәндер мазмұнына дене тәрбиесі білім, білік, дағдыларын меңгеру тәсілдерін кіріктіру.
Бұл сабақтың түрлері өз бетінше спорттық шаралар мен оның ішінде отбасылық, аула клубтарындағы дене тәрбиесі сабақтарымен толықтырылып отырады. Олар: таңертеңгі гимнастикалық жаттығу, шынығу, спорттық және қозғалмалы ойындар, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмасын орындау, демалыс кезеңдерінде ұйымдастырылатын туристік саяхаттар, «Әкем, анам және мен» сипатындағы жанұялық спорттық сайыстар т.б.
Дене тәрбиесінің сан түрлі әдістері олардың оқушы дамуына әсері мен оқу күні бойынша жаттығулар көлемін толықтырады деген пікір қалыптасқан. Дене тәрбиесі түрлерін жетілдіру маңызды, дегенмен мәселенің екінші жағы- оқушылардың кешенді дене тәрбиесін толық, әрі жан-жақты ұйымдастырмаған жағдайда дене тәрбиесі міндеттерін сапалы орындау мүмкін емес. Себебі жоғарыда аталған жұмыс түрлерінің әрқайсысы арнайы мақсатты көздейді, жекеленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осыған сәйкес өзара байланысты мына төрт ережені есте сақтау қажет:
Біріншіден, кез-келген жұмыс түрі кешенді дене тәрбиесі процесіне өзіндік әсері бар.
Екіншіден, дене тәрбиесін ұйымдастырудың бір түрін екінші тәсілмен толығымен алмастыру мүмкін емес.
Үшіншіден, дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлерін кешенді түрде жүргізген жағдайда, оқушылардың дене тәрбиесі міндеттерін толық шешуге болады.
Төртіншіден, мектептің педагогикалық ұжымы (оның ішінде тек дене шынықтыру мұғалімдері ғана емес) мен ата–аналар бірлігі және оқушылардың өздері тарпынан ынта, қызығушылық, өзіндік басқару мен ұйымдастыру болмаған жағдайда дене тәрбиесінің кешенді мақсаттары мен міндеттерін толлыққанды шешу мүмкін емес. Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері оқушының өз бетінше ұйымдастырылған жұмыстарымен толықтырылған жағдайда нәтижелі болады. Оқушының күнделікті қозғалыс режимін толықтыруға арналған жұмыс түрлері дене тәрбиесі жүйесінің элементтері есебінде болды.
-Таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар. Күнде таңертеңгілік 9-10 жаттығудан тұратын кешен. Бұл оқушылардың орталық нерв жүйесін қалыпқа келтіріп, оқушы ағзасын сергітеді.
-Мектепке дейінгі және үйге қайтар жолдағы серуен. Таза ауада жаяу жүрудің өзі шынығу, сауықтыру әсерін тигізеді.
-Оқу сабақтарына дейінгі жаттығу. Сабақтағы нәтижелі іс-әрекет пен оқу күнін белсенді бастауға мүмкіндік туғызады.
-Дене тәрбиесі сабақтары. Бұл сабақтар мазмұны мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын және ерік-жігерін, батылдық пен табандылықты және тез шешім қабылдау секілді тәрбиелік қасиеттерін дамытады.
-Сабақ үстіндегі сергіту минуттары. Ой еңбегі барысында ағзаның тынығуына әсерін тигізеді.
-Үлкен үзіліс кезіндегі дене жаттығулары мен қозғалмалы ойындар. Оқу күні ортасында оқушылардың белсенді демалысын қамтамасыз етеді.
-Күнделікті денсаулық сағаттары (материалдық жағдайы сәйкес келетін мектептерде жүргізіледі). Оқушыларға 40-60 минут бойы таңдауы бойынша дене жаттығулармен айналысуға мүмкіндік береді. Әсіресе, қозғалыс белсенділігі төмен оқушылар үшін өте пайдалы, аурудың алдын алу шаралары қызметін атқарады, денсаулыққа септігін тигізеді.
-Спорттық сағаттар. Кіші мектеп жасындағы балалар үшін ұзартылған күн топтарында ұйымдастырылады. Сабақтың бұл түрі сауықтыру қызметін атқарады, бастауыш класс оқушыларының түрлі сайыс, ойындарға қызығушылығын туғызып, шынықтырады.
-Спорттық үйірмелер, секциялар мен топтардағы жұмыс. Белгіленген спорт саласы бойынша оқушының жалпы және арнайы дайындығын көрсетіп, дене жаттығуларымен жүйелі айналысуды қамтамасыз етеді.
-Жалпы мектепішілік спорттық бұқаралық шаралар. Бұл жұмыс түріне денсаулық және спорт айлықтары, спорттық мерекелер, жалпы мектепішілік сайыстар жатады. Бұл шаралар барлық оқушының спорт пен дене тәрбиесі жаттығуларына қызығушылығын туғызады.
-Өз бетінше дене жаттыығулармен айналысу. Бұл жұмыс түрі қозғалыс режимінің маңызды бөлігі. Кей жағдайда ең тиімді әдіс болып есептелінеді, себебі оқушының жеке тұлғалық қызығушылықтары мен қабілетіне сұранысына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін береді.
Кіші мектеп жасындағы балалар үшін таңертеңгі гимнастикалық жаттығу, сергіту сәті, қосындысы үзіліс кезеңдегі ойынның жалпы қосындысы 2-2,5 сағат көлемінде жүргізілу қажет. Оның ішінде таңертеңгі гимнастикалық жаттығуға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар дұрыс тамақтану режиміне ерекше көңіл бөлінуі керек. Дене жаттығулары алдында және жаттығуларынан соң тамақтану тәртібі төмендігідей:
— таңертеңгі және түскі астан соң, 2 сағат өткенен кейін ғана, дене жаттығуларымен айналысуға болады.
— екінші таңертеңгі ас пен түстен кейінгі астан соң, бір-бір жарым сағат өткен соң, ол дене жаттығуларынан соң кемінде 30-40 минут өткеннен кейін ғана тамақтанған жөн.
Сабақ — оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы.
Сабақтық жүйе-оқушылардың жүйелі дене тәрбиесімен шұғылдануды ұйымдастырудың ең маңызды формасы болып есептелінеді.
Дене тәрбиесі сабағының негізгі артықшылықтары:
— Барлық оқушының міндетті түрде қатысуы (денсаулығына байланысты босатылған оқушылардан басқа).
— Қатысушылар жасы біркелкі және саны тұрақты.
— Мұғалімнің оқу пәнін меңгерту мен оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған басқару қызметі.
— Сабақ міндеттері мен мақсаттары, мазмұны Мемлектеттік бағдарламаға сәйкес.
— Стандарт негізінде жасақталады.
— Сабақ мазмұны дене тәрбиенсінің басқа түрлері мазмұнын айқындайды.
— Сабақтың білімдік мақсатын шешу жолындағы дидактикалық бағытын анықтау. Аталған артықшылықтардың ішіндегі ең маңыздысы дене тәрбиесі сабағының білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерінің кешенді түрде жүзеге асырылуы.
Оқыту мазмұны оқушыға төмендегі тұрғыда ақпарат беруді көздейді:
— мақсатты даму барысында меңгерілетін білім, білік, дағдыларды меңгерту;
— оларды күнделіктің оқу тәжірбелерінде шығармашылықпен қолдану білігі;
— өз ағзасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін танып білу;
— өз денесін жетілдіру мақсатында өзіндік бағдарлама құра білу.
Аптасына ұзақтығы 45 минут болатын 2-3 сабақ барысында жоғарыда аталған міндеттерге қол жеткізу қиындық тудырады. Арнайы зерттеулер көрсеткендей, жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылған сабақтың өзінің тиімділігі жеткіліксіз. Жас өспірімдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және қозғалыс белсенділігін жүйелі ұйымдастыру үшін аптсына 12-14 сағат бөлінуі қажет.
Сабақтың басты сипаты — оқушы тұлғасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын міндеттердің стратегиялық маңыздылығында. Осы қалыптастырушы ықпал негізінде сабақтың білімділік міндеттері шешіледі.
Сонымен, дене шынықтыру сабақтарының негізгі мазмұны дене тәрбиесі алдына қойылған негізгі міндеттерді шешу ғана емес, теориялық және әдістемелік-нұсқаулық білім, білік дағдыны қалыптастыру арқылы сол міндеттерді шешуге қажетті базалық негіз құру. Ескеретін жағдай, аталған білім, білік және дағдыларды қолдану әр жаттығушының өзінің тұлғалық мүмкіндігі мен қабілеті туралы білімге негізделу қажет, яғни дене тәрбиесі сабақтары арқылы оқушылардың даму динамикасы анықталуы шарт.
Cабақтың құрылымы — сабақтың мазмұндық бөліктері мен кезеңдерінің ретімен орналасуы және өзара байланысуы. Дене тәрбиесі сабағының құрылымдық түсінігі сабаққа ғана емес, барлық дене жаттығулар кешендеріне де қатысты. Дене тәрбиесі сабағының төменде берілетін құрылымдық бөліктері міндетті түрде белгіленген тәртіп бойынша жүргізілуі қажет. Себебі, әр кезеңнің психологиялық, физиологиялық және педагогикалық мәні бар. Оның ішіндегі ең негізгісі ағзаның жұмысқа қабілетін қалыптастыруға қажетті биологиялық және оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ететін психологиялық — педагогикалық факторлар.
Мұндай құрылым нәтижесі төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
— Дене тәрбиесіне қатысушылардың белсенді танымдық және қозғалыс іс-әрекетін кезең-кезеңмен жүргізу.
— Негізгі қызметке қажетті қабілет пен дайындық деңгейін қалыптастыру.
— Осы сабақ алдындағы белгіленген тәрбиелік, білімділік, дамытушылық міндеттерге қол жеткізу.
— Сабақтан соңғы ағзаның қалыпты қызметін қамтамасыз ету, ағзасы келесі нәтижелі іс-әрекетке дайындау.
Сабақ кезеңдерінің мазмұны мен оған берілетін уақыт төмендегі факторларға сәйкес өзгеріп отырады:
1 фактор: дене тәрбиесіне қатысушылардың жас ерекшелігі мен жыныстық ерекшелігіне сәйкес қойылған міндеттер;
2 фактор: орындалатын жаттығулар ерекшелігі;
3 фактор: — қатысушылардың дайындық деңгейі;
— қатысушылардың денсаулық жағдайы;
— жұмыс жағдайы, (зал, спорттық бұйымдар, бөлме тазалығы т.б.).
Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен алдына қойылған жеке міндеттері болғанымен, негізгі мақсат – сабақ нәтижелілігін арттыру екендігін естен шығармау қажет.
Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің міндеті — оқу-тәрбие процесінің негізгісі бөліміне қажетті даярлық жүргізу.
Дайындық кезеңінің міндеттері:
— Бастапқы ұйымдастыру, сабақ мазмұнымен таныстыру, қажетті психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.
— Негізгісі бөлімдегі жүктемеге ағзаны әзірлеу.
— Жағымды эмоционалдық жағдай мен көңіл-күй туғызу.
Бұл кезең көмекші қызмет атқарады, дегенмен мектептегі дене тәрбиесі сабақтарының дайындық кезеңінде сапта тұру тәртібі, бұлшық ет — қозғалыс аппаратын дамыту секілді негізгі білік пен дағдылар қалыптасатындығын есте сақтау қажет.
Негізгі бөлім. Сабақтың басты міндеті осы бөлімде шешіледі.
Негізгі бөлім алдына қойылатын міндеттер:
— Аталған сабақ жоспарында белгіленген білім, білік, дағдыны меңгерту.
— Дене жаттығуларын өз бетінше жүргізу дағдысы мен білігін қалыптастыру.
— Түрлі қозғалыс іс — әрекетін игерту.
— Қатысушыларға жан-жақты тәрбие берілуін жолға қою.
— Ағзаны шынықтыру.
— Кәсіби — қолданбалы бағыттағы дағдыларды жетілдіру т.б.
Көрсетілген міндеттер негізгі бөлімінің ерекшелігіне сәйкес қарапайым құрылым (бұл мазмұн біржақты болған жағдайда – мысалы қозғалмалы ойын) және бұл бөлімге енгізілген іс-әрекет түрлеріне сәйкес күрделі құрылым түрінде жоспарлануы мүмкін (мысалы биіктікке секіру).
Негізгі бөлімде жаттығуларды қайталау және белсенді әрекет негізінде денеге түсірілетін жүктемелер деңгейі өте жоғары болмауы керек. Бұл шарт орындалмаған жағдайда сабақ нәтижелілігі төмен болады.
Қорытынды бөлім. Бұл бөлімнің мақсаты — алынған білім, білік пен дағдыны бекіту. Негізгі міндеттер:
— Жүрек, жүйке және тыныс алу жүйелерінің және бұлшық ет қызметін реттеу;
— Қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін қалыпқа келтіру;
— Қысқаша талдау, сабақты қорытындылау;
— Келесі сабақ мазмұнымен таныстыру.
Сабақтың қорытынды бөлімінде қол жеткен нәтижелер талданып, келесі сабақ алдындағы міндеттер мен жаңа іс-әрекет түрлері хабарланады. Демек, дене тәрбиесі жүйесіндегі әр сабақ құрылымдық бірлігінен тұрады.
Дене тәрбиесі сабағының мазмұнын белгілі бір дене жаттығулар жиынтығы деп қарауға болмайды. Нәтижеге жету жолындағы сабақтың төрт негізгі мазмұндық элементін көсетеміз:
1. Таңдалынып алынатын дене тәрбиесі жаттығуларының құрамы. Оларды сабақ міндетіне сәйкес дұрыс іріктеудің маңызы зор. Бірақ, дұрыс таңдалған дене жаттығуларының өзі негізгі міндеттерді толық шешуге мүмкіндік бермейді. Ол үшін келесі мазмұндық элементтер орындалуы шарт.
2. Дене жаттығуларын меңгеру барысындағы жаттығулардың іс-әрекет мазмұны, ол төмендегі іс-әрекет түрлерінен тұрады:
— педагогты мұқият тыңдау, бақылау, көрсетілген жұмыс түрін қабылдау;
— естіген және көрген мәліметті ұғыну;
— өзіндік іс-әрекетті жобалау;
— өзіндік бақылау мен бағалауды ұйымдастыру;
— өз көңіл-күйін реттеу, сұрақтарды талқылау.
3. Педагог іс-әрекет мазмұны, оған төмендегідей қызмет түрлері жатады:
— оқу міндеттерін түсіндіру және оны дұрыс қою, оларды орындауды ұйымдастыру;
— жаттығушылардың іс-әрекетін үздіксіз бақылау;
— жаттығушылар іс-әрекетіне түзету енгізу, орындау сапасына талдау жасау;
— қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты, олардың көңіл-күйін реттеу, белсенді әрекетке ынталандыру т.б.
4. Жоғарыда көрсетілген мазмұндық элементтердің ( жаттығулар, педагог пен оқушы әрекетінің) оқушы ағзасына әсері мен физиологиялық – психологиялық процестердің әсерін ескеру керек. Бұл өзгерістер мен процестер негізінде дене тәрбиесі сабағының міндеттері шешіледі. Кез келген өзгеріске ерекше мән беру қажет, себебі ол оқушы мінез-құлқына, білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейіне әсерін тигізуі мүмкін. Бұл өзгерістер арқылы мұғалім мен оқушының қызметін және жаттығулар сапасын бағалауға болады. Аталған өзгерістер болашақ жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыруды бағдарлауға мүмкіндік береді.
Сабақтардың басты ерекшелігі: педагогтің дәл белгіленген уақыт ішінде, арнайы бөлінген орында топ құрамы жағынан салыстырмалы түрде біртектес жаттығушылардың ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ұжымдық қозғалыс қимылын басқаруы.
Дене тәрбиесі сабақтарының артықшылықтары мынадай болып табылады:
— оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен басқарудың үздіксіздігі және дәлдігі;
— педагогтің жаттығушылармен жақын қарым-қатынасы және оларды танып-білу мүмкіндігі, ал олардың – бірін-бірі танып-білуі;
— ұйымдасқан ұжымның әрбіріне ынталандырушы әсері.
Сабақтардың тиімділігі топтың толықтырылу нормасын сақтауға тәуелді. Бұлардың сақталуы педагогтің топтың оқу-тәрбие процесін әрбір жаттығушының ерекшеліктерін ескере отырып, басқаруына мүмкіншілік туғызады. Нормадан асып кетуі іс жүзінде сабақтың жаттығуларды ұйымдастыру түрі есебінде толыққанды пайдаланылуына мүмкіндік бермейді.
Дене тәрбиесінің нақтылы сабақтары алуан құрамымен, жұмыстың әрқилы бағыттары мен міндеттеріне есептелген, түрліше фомалар бойынша өткізілген тиімді. Сонымен қатар, жаттығушылардың әзірлігі мен жағдайлары деңгейіндегі үлкен айырмашылықтар, олардың мүдделері мен мүмкіндіктерінің біртектес еместігі, сан алуан сыртқы жағдайларды ескеруге тура келеді. Сондықтан да дене тәрбиесінің практикасында мазмұны, құрылымы және әдістемелік ерекшеліктері жөнінен сан алуан түрлері мен анағұрлым жеке құрылымдары заңды түрде қалыптасады.
Анағұрлым мәндірек жаттығуларды іріктеу мен жоспарлауда дене тәрбиесі сабақтарының жалпы классификациясын білу керек (2-сурет). Сондықтан біз мынадай бағыттарын дамыту керек деп есептейміз
1. Дене тәрбиесінің мақсатты бағыты бойынша:
1) Жалпы дене тәрбиесінің сабақтары (жалпы дене шынықтырудың) өмірдегі сан қилы қозғалыс қимылы үшін дене шынықтыру, оқыту мен тәрбиелеудің іргетасын қалау мақсатына қызмет етеді. Бұлар екі түрге бөлінеді: а) Кең ауқымдағы жалпы дене тәрбиесінің сабақтары, бұлар кез-келген қозғалыс қимылына, жан-жақты жалпы дайындыққа бағытталған, сондықтан әдістемесінің мазмұндық байлығымен, құрылымының сан алуандылығымен және күрделілігімен ерекшеленеді.
1. ә) Салыстырмалы түрде алғанда шектеулі жалпы дене шынықтыру сабақтары арнаулы дене тәрбиесінде шектеулі қимылға анағұрлым тар келетін
жалпы дене шынықтыру мақсатында қолданылады (спорттық, кәсіби және басқалары).
2) Арнаулы дене тәрбиесінің сабақтары нақтылы қозғалыс қызметіне дайындау мақсатына қызмет көрсетеді. Бұларға үш түрі кіреді:
Спорттық жаттығу сабақтары — барлық разрядтағы спортшылармен жаттығулардың негізгі түрі болып табылады және олардың жарыстарға даярлануына қызмет етеді. Пәндік мазмұны ішінара, спорттық маманданудың алуан саласындағы және түріндегі спорттық-жаттығу сабақтарының құрылымы да, өзгеше ерекшеліктерімен сипатталады.
Қолданбалы дене шынықтыру сабақтары — кәсіби-қолданбалы және әскери-қолданбалы дене шынықтыру сабақтарына жіктеледі.
Бұлардың мазмұны, кәсіптің ерекшелігіне орай, қозғалыс қызметінің өзгеше түрлері болып табылады.
Денсаулығын қалпына келтіру мақсатында қолданылатын, емдік бағыттағы сабақтық түріндегі жаттығулар — бұлардың мазмұны, құрылымының еркшеліктері мен әдістемесі аурудың сипатымен және басқалай емдік шараларды қолданудың ерекшеліктерімен айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 – Дене тәрбиесі сабақтарының жіктелінуі

ІІ. Негізгі пән бойынша және сабақтың бағдарламалық мазмұны бойынша:
2. Пәндік (бір түрдегі) оқу материалының біртектестігімен сипатталады. Бұл деңгейде гимнастика, жеңіл атлетика, жүзу, ойындар мен т.б. – сабақтар түрлері дараланады. Әрбір пәннің шегінде спорттық (немесе өзгелей) гимнастика, баскетбол, шаңғымен, секіру, жеңіл атлетикадағы жүгіруге даярлық және т.б. түрлері бөліп көрсетіледі Кешенді сабақтар оқу материалының сан алуандылығымен ерекшеленеді, мысалы, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және ойындық. Мұндай сабақтар көбінесе жалпы дене шынықтыруда кездеседі. Осынау сұрыптау деңгейіндегі сабақтар, сондай-ақ, өткізу құрылымымен және әдістемесімен де өзгешеленеді.
ІІІ. Дене тәрбиесі процесінің негізгі жақтары, жаттығу сипаты мен мазмұнына қарай:
1. Білім беру бағытындағы сабақтар. Бұлардың негізгі мазмұны арнайы білімдерімен, қозғалыс және танымдық шеберліктері мен дағдыларының қалыптасуы мен жетілдірілуі, сонымен қатар, бұларды өзгермелі жағдайда қолдана білуге үйрету болып табылады. Мұнымен қоса, тәрбиелік
және гигененалық міндеттері тек жанама шешіледі, әрі тек оқу жұмысының негізгі мазмұнымен және жағдаяттарымен рұқсат берілетін мөлшерінде ғана беріледі.
2. Арнайы тәрбиелік бағыттағы сабақтар негізінен, зейінділік, ерік-күштік және көңіл-күй, қасиеттерінің, мүдделері мен қажеттіліктерінің мақсатты жетілдірілуіне қызмет көрсетеді. Оқыту мен дене шынықтыру міндеттері бұларда шектеулі түрде беріледі.
3. Гигеналық бағыттағы сабақтар дене шынықтыру және денсаулығын нығайту міндеттерін шешуге арналады. Олар ішінара кейбір тәрбиелік және білімдік міндеттерін қосымша шешумен де байланысты.
Аралас сабақтар, бұлардың мазмұны дене тәрбиесінің екі және одан көп міндеттерін шешуге бағытталған.
Оқыту кезеңдерінде дидактикалық (оқу) міндеттерге қарай, білімдік бағыттағы сабақтар мынадай болып бөлінеді:
— кіріспе;
— жаңа материалды меңгеру сабақтары;
— білімді жетілдіретін және қозғалыс қызметінің жаңа жағдайында қолданылатын сабақтар;
— бақылау (есептік);
— аралас, бұларда сабақтардың көрсетілген түрлеріне тән оқу міндеттері түрліше көлемде берілуі.
Практикада қалыптасқан, педагогтің білімдерін, шеберліктері мен дағдыларына байланысты әдістемелік бағыттардың таңдалуына немесе әрбір жаттығушының шешімдерін дербес, шығармашылықпен іздестіруіне орай, болмаса, осынау көзқарастардың әдістемелік ерекшеліктері бойынша сабақтарды одан әрі қарай топтастыру қажеттілігі туындайды.
Арнаулы-тәрбиелік бағыттағы сабақтардың үш негізгі түрі бар:
— таңдамалы тәрбиелік ықпалды сабақтар;
— жан-жақты (бірнеше дербес) әсері беру сабақтары;
— бақылау сабақтары.
Алғашқылары спорттық жаттығуда анағұрлым кеңінен таралған, екіншілері – көбінесе жалпы дене тәрбиесінде және қолданбалы дене шынықтыруда пайдаланылады. Спорттық даярлықта арнаулы тәрбиелік бағыттағы сабақтар, ал жалпы дене тәрбиесі мен қолданбалы дене шынықтыруда, таңдамалы тәрбиелік ықпалымен сабақтар таңдалынып алынуы қажет.
Бақылау сабақтары дене тәрбиесінің барлық бағыттарында орын алған, өйткені, олар жаттығушылардың даярлығын тексерумен байланысты болады.
Көбіне-көп гигиеналық бағытындағы сабақтардың негізгі екі түрі бар. біріншісіне ағзаның үйлесімді жалпы морфоқызметін дамытуға, дене мүмкіндігін жақсартуға, жақсы мүсінін қалыптастыру мен сақтауға бағытталған жалпы дамыту сабақтары жатады. Екінші түрі – орнын толтыратын және қалпына келтіретін сабақтар. Олардың жандандырушылық сипаты бар, әрі күнделікті қызмет пен тұрмыстағы қозғалыс белсенділігінің жетімсіздігін толтыруға немесе белсенді демалыс пен жұмыс қабілетін қалпына келтіру мақсатына қызмет жасайды.
Дене шынықтыру оқу орындарының практикасында, дене тәрбиесі оқытушыларының, бапкерлер мен спорт жөніндегі нұсқаушылардың біліктілігін көтеру факультеттерінде, курстада үлгілі әдістемелік сабақтар өткізіліп тұруы маңызды. Бұлар болашақ педагогтердің әдістемелік шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ, жұмыс істеп жүргендердің біліктілігін көтеру мақсаттарына қызмет етеді.
Әдістемелік сабақтардың айрықша ерекшелігі кәсіби-педагогтік даярлыққа бағыттылауы болып табылады. Бұлар әдістемеге үйретушілер тобымен сияқты, мектеп, жоғары оқу орындары студенттерінің, дене тәрбиесі ұжымдары секцияларының және т.б. топтармен жаттығуларды көрсету ретінде де өткізіледі.
Бірінші жағдайда жаттығулардың үлгілік сипаты басым, себебі үйренушілер іс жүзінде жаттығушылардың қайсыбір шынайы ұжымына айнала да алмайды, әрі айналуы тиіс те емес.
Екінші жағдайда, жаттығулар шынайы ұжыммен соған тән нақтылы бір белгілермен жүргізілген кезде, әдістемелік сабақтар анағұрлым тиімдірек.
Үлгілік әдістемелік сабақтар, әдетте, кіріспе, қосымша және қорытынды түсініктермен және нұсқаулармен жүргізіледі. Жаттығушылардың нақтылы бір ұжымындағы сабақтар егжей-тегжейлі әдістемелік түсіндірумен қорытындыланады, оның үстіне, бұған көріністі бақылап отырғандар да ат салысады. Соңғы жағдайда, әсіресе, сабақты жүргізген педагогтің немесе әдіскердің дәлелді жинақтаушы қорытындысы айрықша маңызды.
Әрбір сабақ оқу-тәрбие процесінің бір бөлшегі болып табылады. Осыған байланысты дене тәрбиесінің сабақтары күрделі де көпмәнді болып табылады. Бұл келесі жақтарымен сипатталады:
1. Дене жаттығуларының міндеттері мен құрамы (оқу материалы). Мазмұн — дене жаттығуларының мәні мен бағытына, оқытушы мен жаттығушылар қызметінің сипатына, сондай-ақ, жаттығушылардың біліміндегі, шеберліктері мен дағдыларындағы, қасиеттері мен мінез-құлқындағы ағзаның күйіндегі (күтілетін) ілгерілеушіліктерді көрсететін міндеттермен айқындалады. Әдетте, сабақтың мазмұны тек дене жаттығуларының жиынтығымен шектеледі. Алайда, олар тек сабақтың пәндік мазмұнын ғана құрайды және оның маңызды жақтарының бірі ретінде қаралуы тиіс (3-сурет).
2. Педагогтың іс-әрекеті – мазмұнның екінші сипаты. Сабақта әрқашан мұғалім мен оқушы бір-бірімен байланыс жасайды.
Педагог – оқу процесін тікелей жасаушы, көптеген нақтылы оқу және тәрбие жағдайларын құрушы, бұлар арқылы ол өзінің шәкірттерін мақсатқа қарай шебер бағыттайды. Жаттығушылардың әрекеттері тікелей немесе жанама оқытушының қызметімен айқындалады: сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау мен түсіндіру, нақтылы тапсырмалардың тұжырымдалуы және бұларды орындаудың ұйымдастырылуы, жаттығушылардың әрекеттерін бақылау, сол әрекеттердің талдануы, жинақталуы мен бағалануы, салмақтың реттелуі, жекелеген оқушылар мен бүтіндей алғанда, оқушылар ұжымының мінез-құлқын басқару, олардың өзара қарым-қатынастарын түзету және т.б. Белгілі бір шеберлік пен көбірек күш-жігерін талап ететін педагогтің осындай басшылыққызметі, дене тәрбиесі сабақтары мазмұнының айрықша, әрі маңызды сипаты болып саналады.
3. Дене жаттығуларын орындауда жаттығушылардың қызметі – сабақ мазмұнының үшінші жағы. Бұған келесі құрамдастары жатады: педагогті тыңдауы, көрсетілгенді бақылауы, қабылдағанын ұғынуы, берілген қозғалыс қимылдарын жобалауы мен орындауы, өзін-өзі бақылауы мен бағалауы, өзара бақылау мен бағалау, туындаған сауалдардың талқылануы және т.т. жатады.
4. Жаттығушылар қызметінің ішкі жағын көрсететін физиологиялық және жүйке процестері, олардың ағзаларындағы, біліміндегі, шеберліктері мен дағдыларындағы күтілген өзгерістерге қол жеткізеді.
Ағымдағы (әрбір сабақтың нәтижесіндегі) және жедел жағдайлардың көрсеткіштері, педагог пен жаттығушылардың бірлескен қимылының нәтижелілігін көрсетеді, одан әрі қарайғы әрекеттерін құруда маңызды бағдар болып табылады. Дене тәрбиесі сабақтары мазмұнының барлық қырлары өзара байланысты және өзара тәуелді.
Жаттығудың жоғарғы тиімділігіне жеткізерліктей мазмұнның түрліше жақтары арасындағы мұндай үйлесімділіктің қамтамасыз етілуі тікелей педагогке байланысты. Бұған сабақтың дұрыс құрылымымен, оның құрылымының ұйымдастырылуы арқылы қол жетеді.
Сабақтың құрылымы – бұл дене тәрбиесінің заңдылықтарын, уақыттың бар қоры мен жұмыс жағдайларын ескере отырып, сабақтың барлық сипаты мен компоненттерінің тәртіпке келтірілуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3 – Дене жаттығуларының әсерін анықтаушы факторлар

 

Әрбір сабақтың міндеттерінің өзгеруіне байланысты пәндік мазмұны, сондай-ақ, педагог пен жаттығушылардың қызметі үздіксіз қозғалыста және даму үстінде болады: кеше жақсы, қызғылықты, маңызды болған нәрсе, бүгінгі күнге сәйкес келмейді, өйткені, өсу, даму болмайды. Сондықтан әрбір жағдайда сабақтың формасы, түрі (құрылымы) мазмұнындағы өзгерістерге сәйкес келуі тиіс (4-сурет). Мазмұнының алуандылығымен және өзгермелілігімен ерекшеленетін дене тәрбиесінің сабақтары қатып қалған, қасаң құрылымдарға төзе алмайды.
Дене тәрбиесі сабақтарының құрылымы сияқты осындай күрделі құбылыстың барлық мәселелерін дұрыс та терең түсіну үшін, оны түрлі деңгейлерінде қарастыру керек.
Сабақты құрудың бірінші деңгейі (макроқұрылымы – жалпы). Қазіргі уақытта сабақ құрылымының негізінде оны үш бөлікке бөлу қабылданған: кіріспе (даярлық), негізгі және қорытынды бөлімдер. Осы бөлімдерінің болуы, олардың ретімен орналасуы кез-келген дене тәрбиесі сабақтарының сызбалық құрылымындағы ең негізгісі болып табылады. Сабақ құрылымының осындай бастапқы, анағұрлым жалпы бағдары қозғалыс қызметіндегі оқу-тәрбие барысының заңдылықтарымен айқындалады. Ең алдымен, жаттығушыларды сабақтағы оқу-тәрбие барысына біртіндеп қосу (енгізу) қажеттілігі туындайды, сөйтіп, жұмысқа қабілеттіліктің қажетті деңгейіне қол жеткізіледі. Содан соң барып қана, қол жеткізілген оңтайлы жұмысқа қабілеттіліктің аясында оқу қызметінің өрістетілуі мүмкін. Жұмысқа қабілеттілік төмендеген жағдайында, оқу-тәрбие барысын, бастапқы күйге біртіндеп келтіріп, аяқтауға тура келеді.
Сабақтың кіріспе (даярлық) бөлімі ұйымдастырушылық қызмет атқарады, өйткені, негізгі оқу-тәрбие жұмысы үшін тек алғышарттарының жасалуын ғана қамтамасыз етеді. Оның ұзақтылығы сабаққа бөлінетін уақыттың 7 –10% құрайды.
Кіріспе бөліміне тән міндеттер мыналар болып табылады:
— Оқушыларды ұйымдастыру.
— Олардың ынтасын жандандыру.
— Оқушыларды сабақтың белгіленген мазмұнымен таныстыру.
— Жағымды көңіл-күй және психологиялық көңілді эмоция туғызу.
— Оқушылардың ағзасын түсірілетін жүктемеге дайындау.
Қажетті жағдайда сабақтың бірінші бөлімінде кейбір оқу-тәрбие міндеттерін де шешуге болады. Сабақтың кіріспе бөлігінің міндеттерін шешу үшін, сан алуан дене жаттығуларын қолдануға болады, бірақ олар қарапайым немесе жақсы меңгерілген болуы керек.
Ерекшеліктері мынадай болып табылады: сапқа тұрғызу мен қайта құрулар, жалпыдаярлық және арнаулы жаттығулар, жүру, жүгіру тәсілдері, ырғақты секіру, би жаттығулары, жақсы танымал ойындар (көп күшті немесе оқушылардың қимылында ұзақ кідірістерді талап етпейтін). Заттармен (шеңберлермен, секіртпелермен, гимнастикалық таяқшалармен) дене жаттығуларын жасаудың тиімділігі мен әсері мол.
Сабақтың негізгі бөлімі басты қызметті атқарады, өйткені, мұнда дене тәрбиесі міндеттерінің барлық санаттары (оқу -тәрбиелік, дене шынықтыру)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 4 – Дене тәрбиесі сабағы формасының сипаттамасы
шешімін табады. Бұған жататындар:
— Қозғалыс қызметінің аясындағы білімдерін қалыптастыру.
— Жалпы білімдік, қолданбалы және спорттық сипаттағы қозғалыс шеберліктері мен дағдыларына үйрету.
— Тірек-қозғалыс аппаратының, жүрек-қан тамырлары және тыныс жүйелерінің жалпы және арнаулы қызметтерін дамыту; жақсы мүсінін қалыптастыру мен сақтау, ағзаны шыңдау.
— Адамгершілік, зейінділік, ерік-күш және көркемдік қасиеттерін тәрбиелеу.
Негізгі бөлімінің ұзақтығы, сабаққа бөлінетін уақыттың 80-85 пайызын құрайды.
Сабақтың қорытынды бөлімінің келесі міндеттері бар:
— Жалпы жұмыс қабілетін сақтау мақсатымен, оқу-тәрбие процесі барысының аяқталуын ұйымдастыру.
— Жаттығушылардың нәтижелерін бағалау және оларды әрі қарайғы жұмысқа бағыттау.
Сабақтың үшінші бөліміне тән міндеттер мынадай:
— жаттығушылардың ағзасы мен жүйкесін оңтайлы қызмет күйіне келтіру; дұрыс сымбатын, жетістіктерін тіркеп отыру.
— Оқу қызметінің нәтижелерін шығару.
— Жаттығушыларды кейбір жаттығуларды өз беттерімен орындауы үшін, келесі сабақтың жалпы мазмұнымен таныстыру. Оның ұзақтығы сабаққа бөлінген уақыттың 3-5% құрайды.
Қорытынды бөлімінде «тыныштандыратын» жүрістің алуан жолдарын, ынтаны күшейтетін ойындар мен жаттығуларды, сазбен билеуді, әнмен қозғалуды, босаңсуға арналған жаттығуларды және т.б. қолдану маңызды болмақ. Сабақтың қорытынды бөлігінен кейін тазалық шараларын пайдаланған дұрыс: жуыну, душ қабылдау, сылап-сипау және т.б.
Сабақтың әрбір бөлімінің мазмұны мен ұзақтығы мейлінше өзгермелі болады, өйткені сабақтың түріне, жаттығушылардың ерекшеліктері мен күйлеріне, жұмыс жағдайларына және т.б. әсерге тәуелді. Мәселен, сабақтың әрбір бөлігі үшін тән барлық міндеттерді жоспарлау міндетті де емес әрі, тіпті зиянды болуы да мүмкін. Мысалы, сабақтың басына қарай жаттығушылар ынталы әрі алдағы жұмысқа толығымен дайын болуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда тиісті міндеттерді қолдану және бұлардың шешімі үшін арнаулы құралдарды қолдану қажетсіз болып қалады. Егер де сабақтың негізгі бөлімінің барысында ынтасы мен даярлығы төмендейтін болса, кіріспе бөлігіне тән құралдарды жедел қолданған дұрыс.
Тиісті дене жаттығуларының іріктелуіне тәуелді бірнеше міндеттің қосарлы шешілуі анағұрлым мәндірек және үнемдірек болып табылады. Мысалы, жүгірудің, ойынның, бидің кейбір бөліктері ынтаны жұмылдыруға да, ағзаның қызметін жандандыруға да, көңіл-күйінің көтерілуіне де бірдей қызмет көрсетеді.
Сабақтың құрылымына дұрыс көзқарастың қамтамасыз етілуі үшін, педагог оның мазмұнының негізгі қырлары мен компоненттерін ғана емес, сонымен қатар олардың өзара байланысын жақсы білуі тиіс. Осымен бірге дене тәрбиесі сабағының негізгі құрылымдық бірлігін, негізгі «түйінін» дәлме-дәл білу қажет. Бұл оның құрылымының келесі деңгейлерін түсінуге көмектеседі.
Сабақтың ұсақ құрылымдық бірлігі ретінде дене жаттығуларын алған дұрыс. Әрбір дене жаттығуларын жасаған кезде белгілі бір оқу-тәрбиелік жағдайлар туындайды, оның негізгі элементтері мыналар болып табылады:
— жеке міндет, белгілі бір жағдайда жұмыс барысында тиісті міндетті айқындайды;
— педагог пен жаттығушылардың жүйелі іс-әрекеттерінің жиынтығы нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді.
Міндеттері бойынша оқу-тәрбиелік жағдайлар мынадай болуы мүмкін:
— салыстырмалы түрде алғанда қарапайым (мұнда әрекет бір жеке міндеттің шешіміне бағытталған);
— салыстырмалы түрде күрделі (бұларда бір дене жаттығуының орындалуы бірнеше жеке міндеттің қосарлы шешімімен қамтамасыз етілмек).
Дене тәрбиесі сабақтарындағы түрлі жағдайларға байланысты оқу-тәрбие жағдайларының түрліше үйлестірілуі ұсынылған. Дұрыс құрылған сабақ, оқыту үрдісінің біртұтастығын қамтамасыз етіп, нәтижелі сипатта жүйеде көрініс табуымен сипатталады.
Сабақ құрылымының екінші деңгейі (оның мезоқұрылымы – типтік) сабақтың әрбір бөлігіндегі нақтылы оқу-тәрбие процесіндегі ретіндегі дене жаттығулары жүйелілігінің айқындалуын талап етеді. Сонымен қоса, дене жаттығуларының өзара әсерлі бірлігін ескерген дұрыс, себебі, олардың әрбірінің тиімділігі белгілі бір мөлшерде алдыңғыларымен ықпалды бірлікте айқындалады. Сабақтың әрбір бөлімінің осындай құрылымдық реттелуінің мәні ерекше, өйткені жаттығулардың өзара әрекеті кезекті жаттығулардың тиімділігінің артуына әсерін тигізерліктей жағымды да, әрі оның тиімділігін төмендететіндей, тіпті жоққа шығаратындай да болуы ықтимал.
Дене жаттығулары жүйелілігін айқындау шығармашылықты қажет етеді, себебі нақтылы сабақтардың мазмұны мейлінше түрліше жағдайлармен: бағдарламалық талаптармен, жаттығушылардың ерекшеліктерімен, оқыту барысының кезеңдерімен, материалдық-техникалық және табиғат жағдайларымен айқындалады. Мысалы, қозғалысы күрделірек дене жаттығуларын сабақтың негізгі бөлігінде – «тың кезінде» үйрену ұсынылады. Ал, жетілдіру кезеңінде қабілеттерін дамыту мақсатында, көтеріңкі жүйке-дене жүктеме жағдайында және шаршаудан болдырған кезде, бұларды сабақтың негізгі бөлігінің соңында қолдану маңыздырақ болады.
Сабақ құрылымының үшінші деңгейі (оның микроқұрылымы – нақтылы) оқу-тәрбие үрдісін, оның құрылымын оңтайлы үйлестіру жолымен ұйымдастыруға байланысты. Педагог пен оқушылардың, әрбір жаттығудың жеке міндеттерін тиімді шешуін қамтамасыз ететіндей әрекеттерінің реттелуі мен үйлестірілуі негізгі міндет болып табылады.
Бұл үшін әдістемелік өлшемдерді, педагог пен оқушылардың жұмыс әдістері мен тәсілдерін оңтайлы ойластырған маңызды. Дене жаттығуларының, оқу жағдайларының жүйелілігін барынша сәтті де дұрыс айқындаған күннің өзінде де, егер объективті жағдай ол дұрыс қарастырылмаған болса, күтілген нәтижеге жету қиын. Мәселен, педагогтің, ең алдымен, үйретілетін қозғалысты көрсетуін, содан кейін оны орындауды ұсынуы, тек содан соң барып қана оны жаттығушыларға түсіндіруі мүлдем маңызсыз емес. Не болмаса, дене жаттығуларын суреттеуден, оның мәнісі мен тапсырманың тұжырымдамасынан бастауы, содан соң оны орындауға береді және жаттығушылардың дербес әрекеттерінің нәтижелеріне сүйене отырып, кейбір сөздік нақтылауларға көшіп, ақырында, қалай орындау керектігін көрсетеді.
Бірінші жағдайда, педагог оқушылардың үйренетін қозғалыс қимылының дап-дайын үлгісін көруін қамтамасыз етеді, оның үстіне әдетте, тек сыртқы жағынан.
Екінші жағдайда, оқу қызметі барынша мазмұнды, ал оның нәтижелері айтарлықтай болып шығады, себебі ең басынан-ақ жеткіліксіз ұғынылған.
Тапсырылатын қозғалысты сөзге қарап-ақ, көз алдына елестетуі үшін, жаттығушылар бұған арнайы назарын аударып, оның техникасының қырлары мен элементтерін ойша қамти отырып, өз бетімен қозғалыстың тұтастай бейнесін қиял күшімен құруы тиіс болады. Содан соң, үлгі көрсетілімді бақылап, өзінің орындауын көрсетілгенмен салыстыра келе, олар көбірек қажетті ақпаратты алады. Бұл жағдайда тәрбиелілік тиімділігі айрықша құнды болмақшы: оқушылардың оқу жұмысындағы саналылығы мен зейінділігі, белсенділігі, ойлауы, дербестілігі дамиды.
Бұл оқу-тәрбие жұмысының құрылуында тек екінші жағдай ғана маңызды деген сөз емес. Кейбір жағдайларда біріншісінің де мәндірек болуы әбден мүмкін. Педагог оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушы ретінде әрқашан шығармашылық ізденісте болуы және де оларды жетілдіруі қажет. Мәселен, денені жаттықтыру мақсатында жақсы зерттелген гимнастикалық жаттығуларды қолдана отырып, оларды тек атаудың өзі жеткілікті, қозғалыс қарқынын санамалап реттеуге және тек ішінара ғана оқушылармен бірге орындауға болады.
Педагогикалық жағдаяттар сабақтың сапалы көрсеткіші, оның маңызды жағы болып табылады, осыған сүйене отырып, сабақты өткізу барысында жиі жоспарланған жағдайлармен, алдын-ала ойластырылмаған тәсілдерді шығармашылықпен қолдану педагогикалық шеберлікті шыңдай түседі .
Дене жаттығулары сабақтарының құрылуы сыртқы жағдайларға белгілі бір дәрежеде тәуелді болып отырады. Гимнастикалық залдағы, спорттық алаңдағы, стадиондағы, жүзу бассейніндегі, сырғанақтағы, жергілікті жердегі жаттығуларда олар, қоршаған ортаның температурасына, құрал-жабдықтардың күйіне, аспаптардың санына, т.б. байланысты түрліше қалыптасады. Осындай шарттардың әрқайсысы жаттығушылардың дене дайындығына, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен мінез-құлқына ерекше әсерін тигізеді.
Дене тәрбиесінде ұйымдастырудың сабақтан тыс түрлері кеңінен таралып отыр:
— таңғы гимнастика;
— кіріспе гимнастика (мектептегі сабақ алдында, жұмыстан бұрын);
— дене тәрбиесіндегі үзілістер мен «минуттар»;
— спорттық ойындар (коньки тебу, велосипед тебу, т.т.);
— серуендеу, туристік саяхаттар, жарыстар және басқалары.
Мұндай жаттығулар:
— сәттік, реттік (мысалы, саяхаттар, спорттық ойындар, жарыстар);
— жүйелі (таңғы кіріспе гимнастика, дене шынықтыру минуттері мен үзілістері, тазалық серуендері және т.б.).
— Сабақтан тыс түрлері дене шынықтыру міндеттерін шешуде қосымша рөл атқарады және сабақтарды толықтыра түседі. Дегенмен, кейде олар толықтай дербес мәнге ие болып, оқушылардың дене шынықтыру қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді (мысалы, таңғы гимнастика, тазалық серуендері және тағы басқалары).
Жаттығулардың сабақтан тыс түрлері өзгермелі сипатта болады. Бұларды жекелеген оқушылар дене жаттығуларының дербес түрі ретінде, сондай-ақ түрлі мөлшердегі топтар үшін де пайдалануына болады.
Дене жаттығулары айтарлықтай жеткілікті, олар өзінің бағыттылығы, міндеттері, мазмұны мен құрылымы жөнінен, оқушылардың құрамы, өту уақыты мен жағдайы жөнінен, сондай-ақ қайсыбіреудің басшылығымен немесе өз бетімен өткізілуіне байланысты ерекшеленеді.
Көбіне-көп олар салыстырмалы түрде алғанда шектеулі мазмұнымен және қарапайым құрылымымен сипатталады (мысалы, сауықтыратын жүгіріс, тазалық гимнастикасы, дене тәрбиесінің минуттары мен үзілістері), бірақ жеке бастаманың, дербестіліктің болуын талап етеді. Міндеттері, мазмұны, сонымен қоса, жаттығудың нақтылы түрінің таңдап алынуы айтарлықтай дәрежеде оқушылардың мүдделерімен және бейімділіктерімен айқындалады. Сабақтан тыс жаттығулардың біразы белсенді демалыс, денсаулығын нығайту мен қалпына келтіру, жұмыс қабілетін сақтау, дене қабілетін дамыту, спорттық қозғалыстарын жетілдіру, т.б. мақсатта жүргізіледі. Сондай-ақ, сабақтан тыс жаттығулар мақсатты бағыты бойынша да өзгешеленеді (жалпыдайындық және арнаулы).
Жалпыдайындық бағытындағы сабақтар түрліше міндеттердің шешілуіне қызмет етеді және үш сипатты түріге бөлінеді (әрқайсысы өзіндік түрлерімен).
1. Жалпы гигеналық сипаттағы сабақтар:
— гигеналық гимнастикасы;
— серуен;
— жүгіру;
— «денсаулық» сабақтар;
— шомылу, жүзу.
Бұлардың бәрі де дене жағдайын, жақсарту, белсендіру мен сақтау мақсаттарына қызмет көрсетеді.
2. Қосымша-оқу сипатындағы сабақтардың түрлері:
— Педагогтің жалпы дене шынықтыру бойынша тапсырмаларын орындаумен байланысты дербес жаттығулар және т.т.;
— Дене тәрбиесі мерекелеріне, шерулерге даярлық жасау. Біріншілері, әдетте, жеке сипатта, екіншілері – көбінесе топтық, тіпті, бұқаралық та сипаттарда болады.
3. Аралас сипаттағы жаттығулар, бұларда қосымша-сабақ элементтері ұсынылады:
— демалыс күндеріндегі туристік серуендер;
— туристік саяхаттар, жылжымалы және спорттық ойындар;
— рекреациялық типтегі спорттық ойын-сауықтар.
Осындай жаттығулармен негізінен алғанда, сауықтыру мақсатын көздейді, сонымен қатар, білімдік және тәрбиелік бөлімдері де маңызды орын алады. Олардың бір бөлігі өз бетімен өткізілсе, кейбіреулері дегенмен де, білікті басшылықты қажет етері сөзсіз.
Басшылық түрі бойынша ұйымдасқан және дербес сабақтарды бөліп көрсетуге болады. Кейде ұйымдасқан да, дербес те сипатында болуы мүмкін (мысалы, үй жағдайында, сауықтыру лагерьінің немесе демалыс үйінің де жағдайында өте беретін таңғы тазалық гимнастикасы).
Жаттығуларға келген оқушылардың сандық мөлшеріне қарай, жеке, топтық және бұқаралық түрлері бар. Мысалы жеке жүгіру жаттығуы, жүгірушілер клубындағы – топтық, жүгірушілер күніндегі – бұқаралық жүгіру.
Өткізу мерзімділігіне қарай, жаттығулардың жүйелі: мысалы, бой сергіту немесе күнделікті шомылу мен т.б. және де мезеттік (туристік саяхаттар, жарыстар және т.т.) түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Осындай кейбір түрлері мен кейбіреулері дербес мәнге ие, олар бір-бірімен үйлеседі немесе бір-бірінің орнын баса береді. Сонымен қатар, бұлардың бәрі де дене тәрбиесінің қайсыбір бағытына бағынышты. Осылайша, дене тәрбиесінің сабақтан тыс түрлері дене шынықтыру жүйесіндегі маңызды бөліктерге айналады.
Айтарлықтай өзгешеліктеріне қарамастан, сабақтан тыс түрлерін, әдістемелік қағидаларға сәйкес ұйымдастыру қажет: талап етілетін дене жүктемесі тәртібін, негізгі мазмұнды біртіндеп жасау мен жүзеге асыру, салмақты бірте-бірте төмендете отырып, жаттығуларды тәмамдау және кей жағдайларда келесі іс-әрекетке дайындық жасау керек.
Арнаулы дене тәрбиесінде маманның жеке оқушымен сабақ өткізуі (мысалы, спорттың жеке жаттығулары, емдік гимнастикамен айналысу, т.б.). Мұндай сабақтың уақыты мен мазмұны жеке тұлғаның қажеттілігі мен мүмкіндігіне және де басқалай себептерге байланысты жиі-жиі өзгеріп отырады.
Бұлардың жағымдылығы педагог пен оқушының арасында анағұрлым тығызырақ байланыс орнайды. Бұл жетістіктер мен қиындықтарды дер кезінде айқындауға, оқушыға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ол өзіне анағұрлым қолайлырақ жолмен алға жылжи алады.
Алайда, артықшылықтарымен қоса, жеке сабақтардың да кемшіліктері де бар:
— үнемсіздігі (педагогтің уақыты мен күші тек бір ғана адаммен жұмысқа шығынданады);
— оқушының топтың мүшесі екенін сезінуіне, басқаларынан үйренуіне мүмкіндік беретін, қолдайтын, ынталандыратын жаттығушылар ұжымының жоқтығы.
Сабақ және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ұқсастықтар өте көп, өйткені дене тәрбиесінің мақсаты, көптеген міндеттер, құралдар мен әдістер ортақ болып табылады. Сондықтан сабақты ұйымдастырудың шарттарын жақсы білудің өзі сабақтан тыс жұмыстарды да айтарлықтай түрде табысты өткізуге мүмкіндік береді.
Тек дәл өз-өзін бағалаушылық қана студенттердің өз беттерімен кәсіби білімін жетілдіруге талаптануына ықпалын тигізбек. Студенттердің өз-өзін бағалау деңгейінің анықталуы, оқудың барлық кезеңінде қажетті және тұрақты болып табылады, әрі студенттердің өз беттерімен кәсіби білімін толықтырудың тиімді басқару жолдарының бірі болып табылады.
Өз-өзін сендірушілік, өз беттерімен кәсіби білімін жетілдіру құралы ретінде, студенттер тұлға есебінде практикалық сипатта өз-өзін бағалаушылық негізінде қолданылады. Сонымен қатар, студент өзін міндетті оқу қызметінің шеңберінен тыс болатын қосымша жұмыстың қажеттілігіне сендіруі тиіс. Өз-өзін сендірушіліктің тиімділігі сонда ғана, егер де студент осындай құралға өз бетімен жүгінер болса, мұнымен бірге студенттің дамыған ерік жүйесінің маңызы зор.
Өз беттерімен кәсіби білімін жетілдірудің туындауында “идеалдың” орны үлкен. Белгілі болғанындай, тек студенттердің үштен бірінің ғана бапкер идеалы болып шықты. Олардың көп бөлігі үнемі өз бетімен жұмыс жасайды, өз беттерімен кәсіби білімін жетілдіреді. Кәсіби білімін өз беттерімен жетілдіруінің маңызды шарты – жоғары оқу орындарындағы оқу кезеңінде студенттердің үздіксіз практикасының ұйымдастырылуы маңызды болып табылады. Тек студенттердің практикалық қызметінде кездесетін міндеттермен, жағдайлармен үнемі бетпе-бет келіп отыруы ғана, олардың біртіндеп өз беттерімен кәсіби білімін жетілдіруіне әсерін тигізбекші.
Өз беттерімен кәсіби білімін жетілдіру – студенттің өз бетімен жұмыс істеуінің маңызын ұғынуының және үлкен ой еңбегінің нәтижесі, бұл негізгі кәсіптік пәндерді оқығанда және күрделі жағдайларды шешу кезінде, іскерлік ойындарының оқу процесіне қосылуымен ынталандырылады (педагогика, спорт психологиясы, дене тәрбиесі мен спорттық жаттығу негіздерінің, дене шынықтыру қозғалысын ұйымдастыру мен басқарудың, спорт физиологиясының, спорттық медицинаның және мамандану теориясы).
Студенттердің өз беттерімен кәсіби білімін жетілдіруге қосылуын тежейтін негізгі жағдайлардың бірі – бұлардың еңбек қызметіне психологиялық даярлығының жоқтығы. Бүгінгі күні дене шынықтыру мамандығы бойынша студенттерінің басым көпшілігі психологиялық жағынан еңбек қызметіне әлі де дайын емес, өйткені олар үшін ең бастысы – спорттық шеберлігін жетілдіруді алдыңғы орынға қояды.
Студенттердің өз беттерімен кәсіби білімін жетілдіруінің маңыздылығы мынаған келіп саяды: жоғары орындарында оқыған кезінде олар сыни ойлауды, кәсіби міндеттерін шешудің жаңа да тың тәсілдерін табуды үйренулері керек, ғылыми ақпарат тасқынында бағыттарын анықтай білуі тиіс. Студенттердің кәсіби білімін өз беттерімен жетілдіру процесінде оқытушы студенттердің танымдық қызметіндегі ұйымдастырушысы, көмекшісі, тәлімгері болуы керек, бұл өз кезегінде оқытушыға қойылатын талапты күшейтеді. Кәсіби білімді өз беттерімен жетілдіруін басқаруға тек оқу тобы мен мамандандырудың оқытушылары ғана қатысып қоймайды. Сонымен қоса, осынау процесс студенттердің кәсіпті таңдауымен, кәсіби қызығушылығымен, педагогикалық қызметке бейімділігімен, өз бетімен білімін жетілдіруге талпынысымен, басқаша айтқанда, студент тұлғасын жан-жақты зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы маңызы. Кәсіби білімін өз бетімен жетілдіру – жас маманның тұлғасын қалыптастырудағы қозғаушы күш. Өз бетімен кәсіби білімін жетілдірудің дербестік, шығармашылық сипаты студент жеке тұлғасының қалыптасуында да маңызды роль атқарады.
Болашақ кәсіби еңбек қызметіне өзін дайындауда студенттердің тұрақты кәсіби қызығушылығының болуы, педагогикалық қызметіне бейімділігі мен кәсіби идеалының, педагогикалық еңбек қызметіне дайындығының болуы, сондай-ақ, оқу процесіндегі дербестігі, күрделі мәселелерді шешуі мен үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастыру қажетті шарттары болып табылады (5-сурет).
Дене шынықтыру – спорт жоғары мектебінің аса маңызды міндеті – маман — практикті дайындау. Студентті жалпы қозғалыс техниканың талдауын жүзеге асыруға, яғни, кез-келген жағдайға жарайтын талдау әдістемесін игеруге үйрету керек. Тек осы жағдайда ғана даярланған маман бағдарламаның құрылымы мен танымал да әрі мүлдем жаңа да кез-келген элементке үйрету әдістемесін табысты меңгере алмақшы. Мысалы, 1-ші курста – гимнастика мен жеңіл атлетиканың жалпыға ортақ негіздерін, екіншіде – бұқаралық гимнастика мен осыған байланысты мәселелерді, үшінші курста – бұқаралық гимнастика үшін дәл бөлшектелген материалы бар спорттық жаттығудың теориясы мен әдістемесін, бұл уақытта студенттің кәсіби бағдарын айқындауы, әдетте, тәмамдалады, төртінші курста – студенттердің институтты бітіргеннен кейінгі бөлінісіне байланысты айрықша және бар алуан түрімен гимнастика мен жеңіл атлетикадағы ұйымдастыру мен басқару мәселелері. Шынтуайтында, үздіксіз практика белгілі бір оқу курстарында бағдарламаның белгілі бір теориялық – практикалық тарауларының оқылуымен дәлме-дәл сәйкестендірілмеуі керек. Бұл студенттердің кәсіби мамандандырылуына сәйкес жүруі тиіс. Мәселен, мектептегі танысу практикасынан соң, біріншілері онда сабақтық және сыныптан тыс жаттықтыру жұмыстарын жүргізу үшін қалатын болса, екіншілері спорт мектебіне мамандандырылған практикаға өтетінін білдіреді. Түлектің практикасын болашақ жұмыс істейтін ұйымда өткізгені дұрыс. Жас маманның бойында «қайсыбір» немесе «жан-жақты» дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыруға тырысудың қажеті жоқ. Ақпарат неғұрлым көбірек берілген сайын, студент болашақ жұмысында қажетті нәрселерді соғұрлым азырақ білетін болады. Сондықтан да, бірінші және екінші курстарда негізі қаланатын кең мамандандырылған негізден (бірақ, қайсыбір «жалпы дамытатын» түріндегідей емес, нақты мамандандырылған) тар кәсіби дайындыққа көшкен дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5 – Дене тәрбиесі сабағын өткізуге қойылатын талаптар

Тек осы жағдайда ғана біз, тар мамандықтағының бәрін бүге-шүгесіне дейін білетін және игерген мамандарға, яғни, жоғары сападағы педагогтерге қол жеткіземіз.
Қысқа қашықтыққа жүгірушілер дайындау тәжірибесінде спортшылардың арнаулы физикалық дайындығы мәселелеріне көп көңіл бөлініп отырады. Қазіргі уақытта физикалық сапасының даму деңгейіне педагогикалық бақылаудың жасалған әдістемелері бар, кейбір жұмыстар жеңіл атлетші-қысқа қашықтыққа жүгірушілердің жарыс қызметін зерттеуге қатысты .
Алайда, арнаулы физикалық дайындығы мен жарыс қызметі көрсеткіштерінің өзара байланысының мәселелері, біздіңше, жеткіліксіз. Біздер көпөлшемді есептің көмегімен арнаулы физикалық дайындығы мен жарыс қызметі көрсеткіштерінің өзара байланысын анықтауға, сондай-ақ, бұлардың қысқа қашықтыққа жүгірудегі спорттық нәтижелердің деңгейіне әсерін зерттеуге талпыныс жасадық.
Кедергілі 400 метрге жүгіру жақында ғана жеңіл атлетикадан ірі жарыстардың бағдарламасына енгізілді. Сондықтан кедергілі қашықтыққа жүгіруші қыздардың жаттығу барысын ұйымдастыруға аз жұмыс арналған; жарияланған жұмыстар, әдетте, кедергілі қашықтыққа жүгіруші ұлдарды дайындау тәжірибесін талдауға бағытталған. Бұл жағдай кедергілі 400 метрге жүгіруші әйелдердің жаттығу барысын жоспарлау мен ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі тиімді әдістемелік көзқарастың іздестірілуін талап етеді.
Әдістемесі мен ұйымдастыру: жазғы жарыстар кезінде білікті қысқа қашықтыққа жүгірушілердің 100 және 200 м. арақашықтықтың жекелеген қималардан жүгіріп өту уақыты тіркелді, ал нақтылы айтқанда, 100 м. жүгіргенде – алғашқы 30 және 50 м., екіншіде – 50 және соңғы 20 м. 200 м. жүгіргенде – алғашқы және екінші 100 – 150 және соңғы 50 м.
Тіркеу фотокөрсеткіштердің көмегімен электронды уақыт өлшеуіш әдісімен жүзеге асырылды. Есепке нормативке сай келетін нәтижелер алынды. Кедергілі қашықтыққа жүгіруші қыздардың жаттығу салмағының мазмұнына, көлемі мен бағыттылығына қарай, даярлық және жарыс кездеріндегі арнаулы дайындығының өзгерісін зерттеу үшін, 15 апта бойы алты педагогикалық бақылау жүргізілді.
Кедергілі 400 метрге жүгіргендегі жаттығу барысын ұйымдастырудың практикалық тәжірибесінің талдауы, негізгі жаттығу құралдарының көлеміндегі және бұлардың мезо айналым бойынша бөлінісіндегі үлкен нұсқаларын айқындады. Бастапқыда мұны, ең бірінші кезекте, қаралып отырған жеңіл атлетика түріндегі микро және мезо айналымдарындағы жаттығу салмағының шағын құрылымымен, әрі өзгерісімен байланыстыруға болады.
Үйлесімділік талдауы, 200 және 400 метрге жүгіргендегі арнаулы дайындық көрсеткіштері мен спорттық нәтижелер деңгейінің бәрінің өзара байланысының шынайы дәрежесін анықтады. Спортшының берілген деңгейдегі спорттық нәтижесін көрсетуге дайындығын айқындау үшін, 200 және 400 метрге жүгіргендегі уақыттың арнаулы дене-күш дайындығының түрліше көрсеткіштерінен қызметтік тәуелділігі алынды. Негізге екінші ретті міндетті тәуелділігі алынды, коэффициенттердің белгіленуі маңыздылық деңгейінде жүргізілді. Мұндай түрдегі қызмет тәуелділігі, әрбір көрсеткіштің спорттық нәтижеге жетудегі үлесін бағалауға, сондай-ақ, дайындықтың аралық сипаттамаларын белгілі бір деңгейдегі нәтижені көрсету үшін, даярлық өлшемі есебінде қолдануға мүмкіншілік береді. Педагогикалық бақылау барысындағы 15 апта ішінде осынау мәселенің зерттелуі, алты апта бойына аэробты-анаэробты бағытындағы жүгіру салмағымен қоса, күш салмағының үлкен көлемін орындаған кезде, даярлық кезеңінің ортасында спортшы қыздардың арнаулы дайындық көрсеткіштері бастапқы деңгейінен 5-10 пайызға айқын төмендейтінін көрсетті. Одан әрі қарай, жылдамдық-күш бағытындағы жаттығу салмағының көлемі төмендеген кезде, арнаулы дайындық көрсеткіштерінің бастапқы деңгейімен салыстырғанда, 10-15 пайызға қауырт өсетіні байқалады.
Алынған мәліметтер кең ауқымдағы жаттығу салмағы тиімділігінің әдебиетте суреттелген сипаттамасымен сәйкес келеді. Кедергілі қашықтыққа жүгіргенде және негізінен, анаэробты бағыттағы тегіс жүгіргенде қарқынды жаттығу салмағының орындалуы, арнаулы дене-күш дайындығы көрсеткіштерінің одан әрі қарай өсуіне ықпалын тигізді.
Алынған деректер мен әдебиетті талдау негізінде кедергілі 400 метрге жүгіретін білікті қыздардың арнаулы дене-күш дайындығының бағдарламасы жасалады. Даярлықтың дене-күш күйінің жоспарланғанымен жүйелі түрде салыстырылып отыруы, бұлардың арасындағы айырмашылықты табуға, бұрынырақ жүргізілген жаттығулардың тиімділігін және кейінгілерінің бағытын айқындауға мүмкіндік туғызады.
Кедергілі 400 метрге жүгіруші қыздардың оқу-жаттығу барысын талдау нәтижесінде, негізгі жаттығу құралдарының көлемі және білікті спортшы қыздардың жылдық айналымдағы арнаулы дене-күш дайындығын ұйымдастыру ерекшеліктері белгілі болды, түрлі көлемдегі және бағыттағы жаттығу салмағын орындаған кездегі дайындық пен жарыс кезіндегі арнаулы дене-күш дайындығының өзгерісі зерттелді.
Кәсіби қызығушылық дегеніміз, нысанның кәсіби өзін-өзі орнықтыру барысында туындаған және нақтылы бір қызметке дәлелді субъективті қатынас түрінде білінетін күрделі жеке білім есебінде түсініледі. Кәсіби қызығушылық мазмұнына адамның таңдаған мамандығына қатынасынан көрінетін көңіл-күйі, дәлелі, парасаттылығы мен еркі кіреді. Кәсіби қызығушылықтың құрылымы және оның диагностика әдістерін біздер бұрынырақ анағұрлым егжей-тегжейлі ұсынған болатынбыз. Негізінен, мектеп оқушылары мен студенттердің кәсіби қызығушылығы зерттелді. Мамандардың кәсіби қызығушылығын зерттеуге арналған еңбектер мейлінше аз. Спорт жөніндегі бапкерлердің кәсіби қызығушылығының қалыптасу ерекшеліктері, спорт психологиясы саласында істейтін ғалымдардың зерттеу пәні болған емес. Мұны кәсіби даярлық кезеңінің кәсіби қызығушылықтың қалыптасуындағы қорытынды саты саналатынымен түсіндіруге болады.
Алайда жоғары оқу орындарында студенттердің оқының аяқталуы, бұлардың әрқайсысында тұрақты кәсіби қызығушылықтың қалыптасуын әлі де қамтамасыз етпейді, нәтижесінде дене тәрбиесі жоғары оқу орындары түлектерінің 30% кәсіби қызығушылығы қалыптасып үлгермеген. Мамандардың арасында тек 42% тұрақты кәсіби қызығушылығы бар. Демек, жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие жұмысы барлық түлектердің бірдей тұрақты кәсіби қызығушылығының қалыптасуына тиісті ықпалын тигізбейді. Кәсіби қызығушылықты жеке тұлға белсенділігінің ынталадырғышы ретінде кәсіпті меңгеруге және мамандардың кәсіби шеберлігінің қалыптасуына әсерін тигізетінін ескере отырып, істің мұндай жағдайы не жоғары оқу орындары қызметкерлерін, не түлектерді жұмысқа қабылдайтын спорттық ұйымдардың жетекшілерін қанағаттандырмауы тиіс деп есептеген жөн.
Осыған байланысты, біз дене тәрбиесі жоғары оқу орындары студенттері мен жас мамандардың кәсіби қызығушылығының қалыптасуын басқару бағдарламаларын жасау және негіздеу міндетін алға қойдық. Студенттердің кәсіби қызығушылығының қалыптасуын басқару бағдарламасы оқудың барлық кезеңіне есептелген және әрбір курс үшін нақтылы міндеттер мен құралдарды қарастырады.
Бірінші курс бағдарламасының міндеті: студенттердің таңдаған мамандығына қызығушылығын, кәсіпке оң көзқарасын қалыптастыру; студенттердің жаңа әлеуметтік жағдайларға табысты бейімделуін қамтамасыз ету. Бұл міндеттердің шешілуіне келесі іс-шаралар қызмет етеді: студентке қабылдау рәсімі, кәсіп туралы әңгімелесулер, жоғары оқу орындарының озат студенттерімен және жетекші бапкерлерімен кездесулер, “Менің сүйікті кәсібім” тақырыбына реферат дайындау, педагогика және психология курсын оқытуда іскерлік ойындар әдістерінің қолданылуы, “Мамандыққа кіріспе” пәнінің кәсіби бағытталған оқуы (берілген курста “Жаттықтырушының кәсіби қызметі”, “Жаттықтырушы – оқытушының жеке тұлғасы мен беделі”, “Педагогикалық этика”,, “Сіздің кәсібіңіз” және т.б. және сияқты тақырыптар ашылады). Осы мақсатпен дене тәрбиесі институтының студентіне – “Болашақ бапкер Жадынамасы” жасалған. Осылайша, студенттердің бағыт ұстайтын кәсіби-оқу қызметінің негізі құралады (П.Я.Гальперин бойынша), бұл оқу қызметінің жандандырушысы есебіндегі танымдық мүдденің туындауына ықпал етеді.
Екінші курста мынадай міндеттер шешіледі: студенттерді таңдағана мамандығымен нақтырақ таныстыру; бұлардың кәсіби “идеалын” қалыптастыру; кәсіби өзін-өзі оқытуға қосылуы; кәсіби құндылықтарының, кәсіби қызметке даярлығын, өзін дәл объективті бағалауына педагогикалық икемділігін қалыптастыру. Осы міндеттер келесі тәсілмен шешіледі. Біріншіден, студенттер оқытушылардың жетекшілігімен БЖСП бапкерлері есебінде жұмыс істейді. Екіншіден, спорт психологиясы курсы бойынша олармен “Спорттық команданың жарысқа психологиялық даярлығы”, “Ұжымдық монографияның жазылуы”, “Жаттықтырушы қызметінің психологиясы” тақырыптарына іскерлік ойындар өткізілді. Бұдан басқа, студенттер тиісті тақырыптар бойынша (“Бапкер тұлғасы”, “Жаттықтырушы кәсібіне қызығушылықтың қалыптасуы”, “Бапкер қызметіндегі қиындықтар”, т.б.) ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылды, олармен тақырыптық әңгімелесулер жүргізілді және бапкер еңбегінің ерекшелігі жөніндегі әдебиетті оқу мен талқылау ұсынылды.
3-ші курс студенттерімен жұмыста: олардың кәсіпке жағымды көзқарасын бекіту; кәсіби-педагогикалық бейімділіктерінің қалыптасушылық деңгейін көтеру; олардың мамандықты игерудегі ерікті белсенділігін қалыптастыру; кәсіби қызметтің ағымдағы жағына мән беру міндеттері шешіледі.
Мұндағы іс-шаралардың негізінен, мазмұны мынадай: студенттердің озық педагогикалық тәжірибемен танысуы, жаттықтырушы есебіндегі дербес жұмыстары, студенттердің оқушылармен-спортшылармен өткізетін өзара сабақтарға қатысуы, тиісті тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстары, “Кәсібі бойынша ең үздік” атағына кафедралық сайысқа қатысуы, оқушылармен кәсіби бағдарлық жұмыстарын жүргізуі.
4-ші курс үшін бағдарламада: болашақ мамандардың кәсіби міндеттерді шешудегі дербестілігі мен шығармашылығының дамуын аяқтау; олардың өз мамандықтарына саналы қатынасын тәрбиелеу; кәсіби қызметке психологиялық даярлығын және өз-өзін оқытуға қажеттілігін қалыптастыру.
Студенттер бапкер ретінде өз беттерімен жұмыс істеулерін жалғастырады және оны қорғайды, кәсіби тақырыптарға диплом жұмыстарының жазылуын тәмамдайды, “Кәсібі бойынша ең үздік” атағы үшін кафедралық және университеттік сайыстарға қатысады, өздерінің әріптестерінің өткізген сабақтарын педагогикалық тұрғыдан талдайды.
Кәсіби қызығушылықтың қалыптасуын басқару бағдарламасы студенттердің мінезіндегі ерекшеліктерді ескереді және жоғары оқу орнында оқыған кезеңінің бәрінде, саулнама мен сараптамашылық бағадан тұратын қызығушылығының зерттелуін қарастырады. Нақты курсқа арналған іс-шараларын жасауда алынған негізгі қағида – бұл студенттер белсенділігінің біртіндеп артуы (“тамашалаудан — практикаға”). Бағдарлама студенттердің жалпы, спорттық және кәсіби даярлығын, спорт түрінің даярлығы, психологиясы, теориясы мен әдістемесі және басқа пәндер бойынша білім деңгейін ескеру негізінде құрылған.
Кәсіби қызығушылықтың қалыптасуы дене тәрбиесінің жоғары оқу орнын бітірумен тәмамдайды, маманның жұмыс істеген кезеңінде жалғасын табады әрі келесімен сипатталады. Жас маманның жаңа әлеуметтік орны мен жаңа ұжымға төселуі өтетін жұмыстың алғашқы төрт жылында, кәсіби қызығушылығының белсенді қалыптасуы жүреді. Одан әрі қарай оның болымсыз әлсіреуі және сол деңгейде тұрақтануы білінеді.
Жұмыс өтілуінің ұлғаюымен және түрлі қиындықтардың туындауымен, кәсіби жоспарларының жүзеге асуы жекелеген бапкерлерде мүмкін болмайды, бұл кәсіби бейімделуін қиындатады және кәсіби мүдделілігінің қалыптасуына теріс әсерін тигізеді.

 

Қорытынды

Біздер дене тәрбиесі мамандары кәсіби қызығушылығын басқару бағдарламасын жасадық.
Бағдарламаның негізгі бағыттары келесідей:
1) белгілі бір нәтижелерге жеткен кезде және сәтсіздіктер пайда болғанда, эмоциялық жағынан нығайту психологиялық басқару ерекшеліктері;
2) кәсіби шеберліктің жетілдірілуі, оның диагностикасы мен нәтижелерін жас маманның назарына іліктіру, талдау және сараптау;
3) өз еңбегінің нәтижелеріне жауапты көзқарасты қалыптастыру;
4) кәсіби тұрғыда өзін-өзі тәрбиелеу, білімі мен біліктерін жетілдіру;
5) жас мамандарға жаттықтырушы мамандығының шынайы құндылықтарын сіңіру;
6) жас мамандардың жаңа әлеуметтік рөлі мен ортасына жемісті де уақытылы бейімделуін қамтамасыз етілуі.
Осы бағыттар бойынша жас мамандармен жұмысты өрбіту үшін, қазіргі педагогикада белгілі түрліше іс-шараларды, құралдар мен әдістерді пайдалану ұсынылады. Сонымен қоса, мамандардың жеке ерекшеліктерін де зерттеу мен ескеру маңызды.
Кәсіби қызығушылығы қалыптасуын басқару бағдарласының тиімділігі екі жылдық тәжірибе жағдайында тексерілді, оған маман бапкері қатысты. Педагогикалық тәжірибе жағдайында жас мамандардың бойынан ұстаздық қызметке бейімділігінің дамуы байқалды.
Осылайша, дене тәрбиесі жоғары оқу орындары студенттері мен жас мамандардың бойында кәсіби қызығушылығын қалыптастыру бағытындағы мақсатты жұмыстың ұйымдастырылуы, оның тұрақтылық деңгейін көтеруге мүмкіндік берді, бұл жасалған бағдарламалардың жеткілікті түрдегі жоғары тиімділігін көрсетеді, әрі бұларда жоғары оқу орындары мен спорт мектептерінің жұмысына енгізілуін ұсынуға мүмкіндік береді.
Кәсіби қызығушылығын қалыптастырудағы айтарлықтай ілгерілеушіліктер, педагогикалық қызметке бейімділігі, тиісті қызметке кәсіби дайындықтың басты детерминанты деп есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен жалпы бұл бөлімді қорытындылау мәселесі қалды. Зерттеу жұмысында мектеп мұғалімі қызметінің сапалы жүзеге асуы мақсатында педагогика, психология ғылымдарының тұжырымдамасы бойынша дене тәрбиесі мұғалімі тұлғасы қасиеттерінің жиынтығы педагогикалық қызмет құрамына толық көрініс беретіні анықталды. Мұндай мұғалім тұлғасы қасиеттерінің жиынтығы оның педагогикалық қызметке даярлығы болып табылады.
Педагогикалық қызметке даярлық – педагогикалық жоғары оқу орын түлектерінің мұғалімдік қызметке арналған шарттарға сай қалыптасу мүмкіндігін туғызады. Сонымен, мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру, болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау жүйесінде дене тәрбиесін жүзеге асыру мәселелерін шешу үшін оқушыларға дене тәрбиесін беруге даярлығын қалыптастырушы іс-шараларды ұйымдастыру қажет және ол әдістемелік принциптердің ерекшеліктерін ескеру маңызды болып табылады.
Болашақ мұғалімнің тұлғасын психологиялық тұрғыдан қалыптастырудың даярлығын айқындау үшін студент:
— кәсіби мәселелердің күрделілігін түсінуге, оларды шешуші тәсілдерін қолайлы пайдалануға, олардың жүзеге асуында қиындықтарды болжап білуге;
— педагогикалық қызметті дұрыс орындау, қажетті мүмкіндіктерді сезінуге;
— кәсіби мәселелерді шешуде өз шеберлігін пайдалана білуі қажет.
Сондықтан кәсіби даярлықты жүйелі құруда бірнеше компоненттер арқылы бөліп көрсетуге болады:
— психологиялық даярлық;
— ғылыми-теориялық даярлық;
— практикалық дарялық;
— психофизикалық даярлық;
— дене дайындығы.
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық қызметке дайындау үрдісінде мынадай мәселелерге ерекше назар аударылу қажет деп есептейміз:
— педагогикалық қызметке қажетті білім, шеберлік кешені болашақ мұғалім бойына қалыптасқанға дейін мектеп түлегінің болашақта маман болу тілегінен басталатын тұлғаның интеллектуалды қасиеті;
— нысанды шарт тәрізді тәжірибелі маман ретіндегі жас мұғалімнің кәсіби қалыптасуы; себепші бағыттаушы, операциялық, ерікті, бағалаушы кешендерден құралған күрделі психологиялық қалыптастырушы ретінде;
— кәсіби-педагогикалық қызметке бағыттаушы тұлғаның интегралдық қасиеті ретінде;
— тұлғалық және іс жүргізуші кешендердің бірлігі ретінде (тұлғалық кешенге педагогикалық қызмет мақсаттары, іс жүргізуші педагогикалық шеберлік жатады);
— дене шынықтыру, даярлық-педагогикалық мамандыққа жалпы және ерекше қатысы бар студенттің денсаулық, дене жағдайының даму талабына сай жағдайы. Ғылыми әдебиеттердегі маман дайындау мәселесін талдау негізінде, дайындық ұғымының мазмұны болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиетіне оның иетеллектаулды және педагогикалық шеберліктеріне, білім мен тәжірибе жүйесін жетілдіру сияқты бірнеше кәсіби қажеттіліктен туындайтыны анықталды. Педагогикалық қызметке қатысты жоғарыда аталынып өткен мәселелер дайындау процесінде ерекше орынға ие. Егер мұғалім мектеп оқушысының тәрбиесін өзекті мәселе ретінде қарастырса, онда оқытушыға қажетті білім мен шеберліктің қалыптасуы сапалы жүзеге асады демекпіз.
Дене тәрбиесі мұғалімінің педагогикалық шеберлігін дамытудың жолдары мынадай:
— мазмұндық тәсіл, мұнда педагогикалық шеберлік педагогтардың жеке әдіс түрлерінің мазмұны негізінде зерттеледі (балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізу, зерттеу қызметі);
— мұғалімнің мамандандырылуы – болашақ педагогқа оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруға қажетті теориялық білімнің мазмұндық жүйесімен, педагогтық шеберлік пен кәсіби біліктілігі арқылы анықталады;
— қызметтік тәсіл, мұғалімнің әлеуметтік, педагогикалық және әдістемелік қызметтерін кәсіби іске асыру қажеттілігін негіздейді.
Педагогикалық шеберлікті зерттеу мәселені бір ғана тәсілмен шектемейтіндігі анық. Педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізіне проблемалық, педагогикалық мәселелерді шешетін оқу-тәрбие процесін басқару кезеңдеріне жатқызады. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыруда ерекшеленіп көрініс алатын тәсілдер: теориялық, болжамдық, құрамалық және ұйымдастырушылық. Педагогикалық шеберлік дегеніміз, бұл психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білімдерді саналы түрде пайдалануға негізделген білім беру мен тәрбиелену әдіс-тәсілдеріне иелену.
Осы орайда ғана, болашақ мұғалімдерді педагогикалық қызметке, шеберлікке, кәсіби даярлықтарын қалыптастыру мәселесіне арналған зерттеу арқылы жұмыстары болашақ мұғалімдердің мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруге дайындығы жөнінде қорытындылауға мүмкіндік береді.
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруге даярлығын қалыптастыру үшін жоғары оқу орнының оқу тәрбие процесінде мектеп оқушыларына дене тәрбиесін берудің мақсаты мен мазмұнын нақты ұғыну қажет. Осы тұрғыда мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру мақсатында ғылыми — зерттеу жүргізілу мәселесі талап етіледі.
Мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру теориялық қана емес, сондай-ақ практикалық бағыттауда қарастырылу керек. Себебі, студенттің кәсіби тұлғалық білім мен шеберлік қасиеттерінің қалыптасуына тікелей ықпал етуі тиіс. Сондықтан оқушы жастардың дене тәрбиесі процесі педагогикалық қызмет саласындағы жасөспірім үшін болашақта жеке тұлғаның қарым-қатынас мәдениетінде көрініс алады және де жастарға дене тәрбиесін беруші оқытушылардың рухани санасы мен дене мәдениеті жоғары талапқа сай болуы тиіс деп тұжырымдаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 257б.
2 Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңы // Егемен Қазақстан, 1999. – 11 маусым.
3 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Химия мектепте, 2005. №3.
4 Берікұлы Н. Педагогика. – Ақтөбе, 2004. – 427б.
5 Оразов Ш.Б. Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда, педагогикалық пәндер мен педагогикалық практиканы пайдалану мүмкіндіктері. (ХХІ ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары және білікті мамандар дайындау сапасын арттырудың өзекті мәселелері. //Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция). -Шымкент, — 2006. –Б. 431-434.
6 Оразов Ш.Б. Практическая подготовка – фундамент воспитание специалистов в области спорта. //Достояние нации. (Ұлт тағылымы). №3. – Алматы, 2006. – С.122-123.
7 Оразов Ш.Б. Болашақ мұғалімдердің кәсіби — шығармашыл тұлғасын қалыптастыру. «Дене шынықтыру және спорттың дамуының бүгінгі мәселелері» //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Ақтөбе мемелекеттік пед институты. — Ақтөбе, 2007. –Б. 418-422.
8 Анохин П.И. Очерки физиологии функциональных систем. – М., Медгиз, 1986.
9 Солодков А.С. Физиологические основы адаптации к физическим нагрузкам. – Л., 1988. – 121с.
10 Сеченов И.М. Физиология человека. – М., 1976. – 341с.
11 Павлов И.П. Полное собрание сочинений –М., 1951. – Т. 3. Кн. 1. – 392с.
12 Положение о государственном стандарте общего образования РК. Концепция развития общеобразовательной школы РК. Концепция содержания общего среднего образования. Государственный базисный учебный план общеобразовательной школы РК. – Алматы: РНК, 1996. –75с.
13 Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. – М.; Педагогика, 1982. – 192с.
14 Рыбалкина С.В. Выбор средств физической подготовки школьников на основе учета их оздоровительной эффективности: Автореф…дис. к.п.н. – М., 1996. – 18с.
15 Алейникова Т.В. Возрастная психофизиология. – Ростов н/Д.: Изд-во 000 ЦВВР, 2000. – 204с.
16 Оразов Ш.Б. Организация самостоятельной работы учащихся при изучении педагогики. //Бастауыш мектеп. № 11. – Алматы, 2005. – С.58-60.
17. Паскалов Д. О единстве и сотрудничестве в советской культуре. – М.Мысль, 1975. 409-б, 285-296-беттер.
18. Косак Е. Ленин и культура. – М.: Знание, 1974. 69-б, 32-бет.
19. Месхи С.Соченения. Т.І.-Тбилиси, 1962. 435б, 432-бет.
20. Кун Л.Всеобщая история физической культуры и спорта – М.: Радуга, 1982. 399б, 136-бет.
21. Османалиев К., Раимбеков С. Состояние и пути дальнейшего развития национальных видов спорта в Республике Кыргызстан. // Тезисы І Международ.науч.прак.конф. – Пишпек, 1993 5-6 беттер.
22. Чубаров Л.А. Научные истоки игр. // Сб. Мир детсва… – М., 1991. 112-114-беттер.
23. Исмаилов Ф. Взаимосвязб духовной культуры с культурноым наследием прошлого. Дис: канд. – Ташкент, 1977. 24-25-беттер.
24. Вонненберг Г.Общественные функции спорта. // Спорт и образ жизни. – М.,: ФиС, 1974. 150-бет.
25. Артановский С.Н. Историческое единство человечества и взаимовления культур. Автореф.дисс.док. – Л., 1966. 48-бет.
26. Сужиков М. Некоторые педагогические аспекты изучения интернационализации общественной жизни. //Сб. Закономерности интернационализации общественной жизни. – Алма-Ата,: Казахстан, 1981. 21, 85-беттер.
27. Элашвили В.И.Грузинский народный спорт. Тбилиси, 1956. 56-б, 46-бет.
28. Столяров В.И. Исторический метод познания и современная наука. – М.: Знание, 1977. 64-б, 36-бет.
29. ЦГА ОР, ф. 7576, оп. 14, яз хр. 6, л. 1140. Оңалбеков Ж.М. Национальные спортивные интересы в системе межнациональны отношений. – Алматы, 1993. 26-б, 19-20-беттер.
30. Оңалбеков Ж.М. Физическая культура в сфере межличностных отношений. Дис:канд. – Алматы, 1996. 160-б. 86,99-беттер.
31. Таникеев Ж.М. Физическая культура и спорт и проблема воспитания культуры межнационального общения. // Теория и практика физической культуры, 1990, № 6. 32-36-беттер.
32. Оңалбеков Ж.М.Национальные спортивные интересы в системе межнациональных отношений. – Алматы, 1993, 2-16 беттер.
33. Оңалбеков Ж.М: Физическая культура в сфере межличностных отношений. Дис: канд. – Алматы, 1996. 160б, 143-бет.
34. Джунусов М.С. Национализм в различных измерениях. – Алма-Ата: Казахстан, 1990. 140-б, 36-бет.
35. Оңалбеков Ж.М. Национальные спортивные интересыв системе межнациональных отношений. Алматы, 1993. 22-23- беттер.
36. Сонда, 20-бет.
37. Сонда, 21-бет.
38. Харузин А. Киргизы Букеевской орды, вып. 1.-М., 1889. 230-263-беттер. Вульфсон Э.С. Киргизы. – М., 1870. 15,48,50,75-беттер.
39. Что такое намаз? «Наука и религия», 1965, №7,73-беттер.
40. Кааба – мусульманский храм в Мекке.
41. Құран. 18 сүре, 110 аят.
42. А.Массе. Ислам. Очерки истории. Издательство восточной литеретуры, М., 1962, стр. 109,110,111,113; Х.Янбулатов, А.Тазединов. В чем вред обрядов и праздников ислама. М., 1960, 12-бет.
43. Р.Р.Мавлютов. Ислам. Политиздат, М., 1969, 99-бет.
44. О.А.Сухарева. Ислам в Узбекистане. Издательство АН УзССР, Ташкент, 1960 23-бет.
45. Ходжа Ахмет Яссави – средневековый поэт и мистик. См. История КазССР, Т.І, издательство Ан КазССР, Алма-Ата. 1957, 126-бет.
46. Ю.Г.Петраш. «Священный обман». Издательство «Узбекистан», ташкент, 1965,23-бет.
47. Т.Изимбетов. Указанное сочинение, 93-бет. А.Артыков. Сущноысть модернизации идеологии ислама. Автореферат докторской диссертации. Ташкент, 1966, 60-бет. Г.Гильманова, Н.Гадельшина. Полезны ли для здоровья мусульманские обряды? «Наука и религия», 1970, М., №3, 65-бет.
48. М.Танекеев, Х.Мухамеджанов. Өндірістік гимнастика. Казгосиздат, Алма-Ата, 1960.